Бай адамдар сен ойлағандай емес
T. Harv Eker
Жазылымсыз режим: алғашқы 20 бет ашық
20 px
1.85
0.30 px
0.95 em
Құрметті оқырман:
Ең алдымен, осы кітапты таңдағаныңыз үшін алғыс айтамын. Қаржылық еркіндікке ұмтылған жандарға шама-шарқымша көмектесу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл кітап көп жылдар бойы бестселлерлер тізімінен түспей келеді, себебі ондағы әдістер мен ақпараттар шынайы өмірде өте тиімді және ешқашан ескірмейді.
Мен жиырма бес жылдан астам уақыт бойы табысқа жету ілімін үйретіп келемін және жеке мақсаттарға жету жолында негізгі элементтер бар екенін жақсы білемін. Қызығы сол, көп жылдық ізденістерден кейін мен [бай адамдардың ойлау жүйесін] меңгеру — жеке табысқа жетудегі ең маңызды әрі бірінші кезектегі қадам екеніне көзім жетті. Бай адамның ойлау жүйесі — барлығының іргетасы.
Кітапта айтқанымдай: «Не ексең, соны орасың».
Ал себепші не? Сіз және сіздің ойлау жүйеңіз. Сіздің ойыңыз компьютердің бағдарламалық жасақтамасы сияқты, ол сізге шешім қабылдатып, әрекет етуге немесе етпеуге итермелейді. Компьютерлік бағдарлама сияқты, сіздің ойлау жүйеңіз де ерте жаста, сіз шынайы ойланып, нақты сенімдеріңізді қалыптастырмас бұрын бекітіліп қалған. Сондықтан біз жұмысты осы жерден, нәтижелерімізге әсер ететін осы элементтен, қысқаша айтқанда, сіздің ойлау жүйеңізден бастаймыз.
Көптеген адамдар үшін маңыздысы — олардың санасы ақшаға қатысты теріс түсініктермен және қаржылық еркіндікке қайшы келетін көзқарастармен шектеліп қалғанын түсіну. Не істеу керек? Компьютерді вирустан тазалағандай, сіз де ойлау жүйеңізді түзетуіңіз қажет.
Бағдарламаңыздың сәтті немесе сәтсіз жазылғанын қалай білуге болады? Өте оңай. Нәтижеге қараңыз. Егер сіз бай әрі бақытты болсаңыз, онда дұрыс жолдасыз. Бірақ егер сізде бұлардың бірі жоқ болса немесе жетіспесе, бұл сіздің ойлау жүйеңізде ақау бар екенін білдіреді.
Бұл кітап әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамға көмектесті. Олардың ақшамен және байлықпен қарым-қатынасын өзгертуден бастап, ойлары мен сенімдерін амбицияларына сай келетіндей етіп қайта құрды. Олардың және өзімнің тәжірибеме сүйене отырып, бұл кітап сіздің өміріңізге де түбегейлі өзгерістер әкелетініне сенімдімін.
Неге бұған соншалықты сенімдімін? Себебі менің іс-шараларымда адамдар маған келіп, осыны үнемі айтады. Адамдар өздерінің жетістік тарихымен бөліскенді ұнатады, мен де тыңдағанды жақсы көремін, ал ондай оқиғалар мыңдап саналады! Досым, бұл үшін миыңыздағы қаржылық еркіндікті құртатын «улы» ойларды алып тастау ғана қажет. Бар болғаны осы. Мен осы кітап арқылы ойлау кедергілерін жойып, сіздің өмірде өзіңіз лайықты биікке жетуіңізді қалаймын.
Мен шетелге саяхаттағанда, адамдар менен үнемі: «Біздің басқалардан қандай айырмашылығымыз бар?» деп сұрайды. Менің жауабым әрқашан бірдей: «Егер сіздің ниетіңіз түзу және дұрыс ойлай білсеңіз, ешқандай айырмашылық жоқ». Барлық адам бірдей. Біздің айырмашылығымыздан гөрі ұқсастығымыз көп. Әрине, адамдар ерте жаста өз мәдениетінің ықпалымен ақшаға қатысты қалыптасқан ойлау жүйесіне ие болады. Бұл көбінесе ата-анадан, қамқоршылардан, отбасы мүшелерінен, мұғалімдерден, достардан, діни жетекшілерден және тіпті бұқаралық ақпарат құралдарынан келеді. Бұл адамдардың ниеті жақсы болғанымен, олардан «сіз байсыз ба?» деп сұрап көріңізші. Егер олар бай болмаса, онда олардың сізге үйрететіні — тек өз білгендері ғана. Ал оның нәтижесі, ең жақсы жағдайда орташа қаржылық деңгей, ал жаман жағдайда кедейлік болуы мүмкін.
Менің айтқан пікірлерім кейбір адамдарды мазалауы мүмкін екенін білемін. Бәлкім, сол адамдарды ренжіткенім үшін кешірім сұрауым керек шығар, бірақ мен олай істемеймін. Себебі менің айтып тұрғаным — шындық және ол басқаларға көмектесе алады. Бұл қағида мынадай: «Егер бай болғыңыз келсе, ақшасы жоқ адамдардың ақша туралы пікірін тыңдамаңыз». Олардың сізге үйрете алатыны — тек өздері сияқты болу ғана.
Біз қазір экономикалық жүйе күрт өзгеріп жатқан заманда өмір сүріп жатырмыз, жаһандану — әлемдік даму үрдісі. Біз адамдардың санасына қорқынышты көптеп құятын жаһандық «ауруды» бастан кешірудеміз. Сізге айтарым, бұлардың ешқайсысы маңызды емес, өйткені табыс пен байлықты жасайтын — сіздің өзіңіз. Экономикалық жағдайға тым қатты мән бермеңіз, біреу сәтсіздікке ұшыраса, енді біреу табысқа жетеді.
Шын мәнінде, Forbes тізіміндегі әлемнің ең үздік 500 компаниясының 50%-ы өткен экономикалық дағдарыстар кезінде құрылған.
Сондықтан бұл экономикалық жағдайға емес, сізге байланысты. Сіздің жеке экономикалық ортаңыз бар және мен бұл кітаптың оны түсінуге әрі одан пайда табуға көмектесетініне үміттенемін.
Соңында мен мына сұрақты қойғым келеді: «Кез келген адам қаржылық табысқа жете ала ма?»
Менің дүние жүзінде төрт миллион шәкіртім бар, сондықтан мен нық сеніммен: «Иә!» деп жауап бере аламын. Әрине, табыстың деңгейлері әртүрлі болады: біреулер аса ірі байлыққа кенеледі, ал басқалары жұмысқа бармай-ақ өмір сүруге жететін қарапайым қаржылық еркіндікке қол жеткізеді. Бірақ жауап бәрібір: «Иә». Және мұның бәрі [бай адамның ойлау жүйесін] иемденуден басталады.
Болашағыңыз жарқын болсын. Кітаптан ләззат алыңыз!
Харв Экер
Харв Экер деген кім өзі?
Толық нұсқа жабық
Сіз кітаптың тек алғашқы 20 бетін оқыдыңыз. Қалған бөлімді ашу үшін жазылым қажет.
Жазылу бетіне өту
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру