Мазмұнға өту
telegei
Бұқар жырау
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Поэзия · Балалар әдебиеті

Бұқар жырау

Үлгі:Infobox Бұқар жырау Қалқаман батыр ұлы (1668—1781) — Қазақ хандығының ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы, XVIII ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын арысының Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бухарадағы, Қарнақтағы медреселерде оқыған.

3 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
19 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Бұқар жырау қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

3 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Үлгі:Infobox

Бұқар жырау Қалқаман батыр ұлы (1668—1781) — Қазақ хандығының ірі мемлекет қайраткері, қазақтың ұлы жырауы, XVIII ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы.

Шыққан тегі Арғын арысының Сүйіндік тайпасының қаржас руынан шыққан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Бухарадағы, Қарнақтағы медреселерде оқыған.

Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеуметтік мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:

“Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай.

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!”.

Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың “Абылай ханның қасында”, “Ал, тілімді алмасаң”, “Ай, Абылай, Абылай”, “Қазақтың ханы Абылай”, “Ханға жауап айтпасам”, “Басыңа біткен күніңіз”, “Ай, Абылай, сен он бір жасыңда”, “Ал, айтамын, айтамын” атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, “Садыр, қайда барасың?”, “Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға” деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды “әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай” деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын “қырық мың атан тарта алмас” деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:

“Қырық жасқа келгенде,

Алтынды тонның жеңі едің.

Қырық беске келгенде,

Жақсы-жаман демедің.

Елу жасқа келгенде,

Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!”.

Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:

“Отыз жасқа келгенде,

Дүниедей кең едің.

Отыз бес жасқа келгенде,

Қара судың бетінде,

Сығылып аққан сең едің.

Қырық жасқа келгенде,

Алтынды тонның жеңі едің…

Елу бес жасқа келіпсің,

Елу бес жасқа келгенде,

Жақсы болсаң толарсың,

Жаман болсаң,

маужырап барып соларсың”…

Бұқар Жырау Абылай ханның “бәйгелі жерде бақ болған” әйгілі батырларын “өзіңе тұғыр болған төрт тірек” деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.

Толғаулары

Уикипедия / Telegei ↗

Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады.

Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

“Күнбатыстан бір дұшпан,

Ақырында шығар сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Діндарының аты боп,

Күншығысқа қарайды.

Шашын алмай, тарайды,

Құдайды білмес, діні жоқ,

Жамандықта міні жоқ, Затсыз,

тексіз бір кәпір,

Аузы-басы жүн кәпір,

Жемқорларға жем беріп,

Азды көпке теңгеріп,

Ел қамын айтқан жақсыны,

Сөйлетпей ұрар ұртына.

Бауыздамай ішер қаныңды,

Өлтірмей алар жаныңды,

Қағазға жазар малыңды.

Есен алар пұлыңмен,

Солдат алар ұлыңнан,

Күндердің күні, Абылай,

Жаяулап келер жұртыңа,

Жағалы шекпен кигізіп,

Балды май жағар мұртыңа,

Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан.”

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды:

“Өзің қонған Көкшетау,

Кәпір қала салды, ойла!

Жарқайың деген жерлерге,

Шашылып шеті барды, ойла!

Атбасар мен Қалқұтан,

Балығы тәтті су еді.

Өзен бойын шаңдып ап,

Сүзекісін салды, ойла!

Нұрада бар Ақмола,

Есілде бар Қараөткел,

Екі өткелдің аузынан,

Қараөткелді салды, ойла!

Баянауыл, Қызылтау,

Оны да кәпір алды, ойла! ….

Кетпейін десе жері тар,

Кетейін десе алды-артын,

Қарқаралы деген тауларға,

Қарқарасын шанышты, ойла!

Ұлытау, шеті Созақтан,

Берекелі жерлерден,

Көкорай шалғын көре алмай,

Шұбырып қазақ кетті, ойла!

Қоршап алған кәпір бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Бүйірден шаншу, қадалып,

Сорлы қазақ қалды, ойла!”.

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған:

“Әлемді түгел көрсе де,

Алтын үйге кірсе де,

Аспанда жұлдыз аралап,

Ай нұрын ұстап мінсе де,

— Қызыққа тоймас адамзат!”

Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді:

“Айналасын жер тұтқан,

Айды батпас демеңіз.

Айнала ішсе таусылмас,

Көл суалмас демеңіз”.

Я болмаса:

“Құландар ойнар қу тақыр,

Қурай бітпес демеңіз.

Қурай бітпес құба жон,

Құлан жортпас демеңіз”.

Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс.,

Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов, М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс.

Мирас толғаулар

Уикипедия / Telegei ↗

«Бірінші толғау»

«Күллі әлемді жаратқан»

«Құбылып тұрған бәйшешек»

«Он сегіз мың ғаламды жаратқан»

«Керей, қайда барасың»

«Әлемді түгел көрсе де»

«Ай, заман-ай, заман-ай»

«Абылай ханның қасында»

«Айналасын жер тұтқан»

«Ай не болар күннен соң»

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Бұқар жырау шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

19 зерттеу
Өмірбаян

Бұқар жырау: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Бұқар жырау — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Бұқар жырау · 11.10.2026
Өмірбаян

Бұқар жырау: шығармашылық өмірбаяны, көркемдік ізденістері және таңдаулы туындылары

Бұқар жырау — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Бұқар жырау · 11.10.2026
Өмірбаян

Асқар Тоқпанов: «Тілектес Уахитұлы Мейрамов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

} }} Тілектес Уахитұлы Мейрамов (1948 жылы 5 мамырда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында туған) — актер, театр педагогы, профессор. Қазақстанның халық әртісі (1996). Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1982). Құрмет орденінің иегері.

Асқар Тоқпанов · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Баянауыл тұлғалары

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Советтік кез

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Ескі тарих

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Баянауыл ауданы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Зейін Шашкин — Баянауыл ауданы: Советтік кез

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Зейін Шашкин · 11.10.2026
Әдеби материал

Зейін Шашкин — Баянауыл ауданы: Ескі тарих

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Зейін Шашкин · 11.10.2026
Әдеби материал

Зейін Шашкин — Баянауыл ауданы: Баянауыл тұлғалары

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Зейін Шашкин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Зейін Шашкин: «Баянауыл ауданы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Зейін Шашкин · 11.10.2026
Әдеби материал

Ғабиден Мұстафин — Ғабиден Мұстафин: Мұстафин Ғабиден және Абай шығармашылығы

Ғабиден Мұстафин (29 қараша 1902, Жауыр тауы, қазіргі Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы – 20 қаңтар 1985, Алматы) — кеңестік қазақ жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.

Ғабиден Мұстафин · 11.10.2026
Өмірбаян

Ғабиден Мұстафин: өмірбаяны, шығармашылық жолы және әдеби мұрасы

Ғабиден Мұстафин (29 қараша 1902, Жауыр тауы, қазіргі Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы – 20 қаңтар 1985, Алматы) — кеңестік қазақ жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.

Ғабиден Мұстафин · 11.10.2026
Әдеби материал

Ғабиден Мұстафин — Ғабиден Мұстафин: Шығармалары

Ғабиден Мұстафин (29 қараша 1902, Жауыр тауы, қазіргі Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы – 20 қаңтар 1985, Алматы) — кеңестік қазақ жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1984), қоғам қайраткері.

Ғабиден Мұстафин · 11.10.2026
Эссе / Талдау

Дулат Бабатайұлы — XV-XVIII ғасырлардағы қазақ ауыз әдебиеті: Бұқар жырау

Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді: Жыраулар кезеңі (XV ғасыр — XVIII ғасырдың бірінші жартысы. Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы — XIX ғасырдың бірінші жартысы). Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).

Дулат Бабатайұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Әлихан Бөкейхан: «Айтбай Жұмағұлов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов (1975 жылы, Қарақұдық ауылы, Бұқар жырау ауданы, Қарағанды облысы) - айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент .

Әлихан Бөкейхан · 11.10.2026
Эссе / Талдау

Эзоптың ескі әліппесі және жаңа әлемнің қайшылығы: Көне мысалдардың қазіргі зияткерлік кеңістіктегі ренессансы

Жиырма бес ғасыр өтсе де, фригиялық құл Эзоптың сөздері неге әлі күнге дейін санамызды сілкіп келеді? Бұл мақала көне мысалдардың қазіргі заман ағымындағы ерекше орнын екіжақты перспективада талдайды. Бір жағынан — 1848 жылғы сирек қолжазбалардың шаңы, екінші жағынан — «Aesop’s Queer Library» сияқты заманауи мәдени толқындар. Біз технология өзгерсе де, адам табиғатының өзгермейтін тұрақтылығын, сыни ойлау мен риториканың Эзоп салған соқпағын зерттейміз.

Aesop · 11.05.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

2 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Бұқар жырау туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау ауылы

Бұқар жырау (1993 ж. дейін — Озёрное) — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Бұқар жырау ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Ботақара кентінен

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау ауылдық округі

Бұқар жырау ауылдық округі – Бұқар жырау ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Бұқар жырау , Семізбұғы, Шалқар ауылдары кіреді. Орталығы – Бұқар жырау

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау ауданы

Басқа мағыналар үшін Бұқар жырау (айрық) деген бетті қараңыз. Бұқар жырау ауданы — Қарағанды облысының солтүстік шығысындағы әкімшілік бірлік. Аудан 1938

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау даңғылы (Қарағанды)

Басқа мағыналар үшін Бұқар жырау (айрық) деген бетті қараңыз. Бұқар жырау даңғылы, Қазыбек би ауданында орналасқан. Темір жол вокзалынан солтүстік-батысқа

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау (айрық)

Бұқар жырау — қазақтың ұлы жырауы. Бұқар жырау ауданы — Қарағанды облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Бұқар жырау ауылдық округі — Бұқар жырау ауданындағы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Садовое (Бұқар жырау ауданы)

мағыналар үшін Садовое деген бетті қараңыз. Садовое — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Гагарин ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы – Ботақара

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Трудовое (Бұқар жырау ауданы)

мағыналар үшін Трудовое деген бетті қараңыз. Трудовое — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы – Ботақара

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Бұқар жырау — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Бұқар жырау туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Бұқар жырау — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Бұқар жырау шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Бұқар жырау — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Бұқар жырау мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Бұқар жырау — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Бұқар жырау өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз