Мазмұнға өту
telegei
Ги де Мопассан
Қаламгер · Әлем әдебиеті · 1870–1870

Ги де Мопассан

Үлгі:Infobox writer Мопассан Ги, Де Анри Рене Альбер Ги (5.8. 1850, Трувиль-сюр-Арк, Миромениль қамалы – 6.7.1893, Париж) — француз жазушысы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетінің реалист жазушылардың бірі. Ақсүйектер отбасында туып, балалық шағы Нормандияда өткен. Иветодағы діни колледжде, Руандағы лицейде оқыған (1870). Франция–Пруссия соғысына қатысқан (1870 – 71). Мопассан әдебиетте новеллист ретінде танылды, 16 новелла жазды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. “Тельеннің үй-жайы” (1881), “Мадемуазель Фифи” (1882), “Вальдшнеп әңгімелері” (1883), “Апалы-сіңлілі Рондоли” (1884), “Мисс Гар-риет” (1884), “Иветта” (1885), “Орля” (1887), т.б. новеллалары бар. Мопассанның 6 романы, 18 әңгіме, мақалалар жинағы шықты. “Өмір” романы негізінде “психологиялық прозаның шебері” атанып (1883), кейін “Сүйіктім” (1885), “Монт-Ориоль”, “Пьер және Жан” (1887), “Өлімдей күшті” (1889), “Біздің жүрек” (1890) романдарын жазды. Жазушы шығармаларында қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділік (“Асыл бұйымдар”, “Марапатталған”), махаббат суреттеліп (“Ай нұры”, “Бақыт”), шынайы сезімнің құлдырауын, сауда-саттыққа, желөкпе ермекке айналуын (“Иветта”, “Шыншыл тарих”) әшкереледі. Әңгімелерінде шаруаның қараңғылығын ғана емес (“Бочонок”, “Шайтан”), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын да (“Қаңғыбас”, “Шкаф”, “Қайыршы”) жазды. Мопассан адамгершілікті (“Симона әкей”, “Мартенның қызы”), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты (“Пышка”, “Мадемуазель Фифи”, “Милон атай”) дәріптеді. Мопассанның (“Пышка” (1935), “Бес әңгіме” (1937), “Әңгімелер” (1961), “Пьер мен Жан” (1967), “Өмір” (1970) атты шығармалары қазақ тіліне аударылған.

4 Кітаптары
1 Әңгіме мен мақала
0 Зерттеу мен эссе
21 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Ги де Мопассан қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

5 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

1 материал
Әңгіме / Туынды

Жалған жақұт

Ги Де Мопассан — «Жалған жақұт» (Аударма әңгіме). Лантин мырза орынбасар бөлім бастығының кешкі отырысында осы уылжыған бөйжеткенмен кезіккен сәттен бастап, жүрегінде алғаш рет сезімнің оты тұтанған болатын. Қыздың әкесі бір сырт өлкенің салық қызметкері екен. Көп жылдың алдында дүние с...

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Үлгі:Infobox writer

Мопассан Ги, Де Анри Рене Альбер Ги (5.8. 1850, Трувиль-сюр-Арк, Миромениль қамалы – 6.7.1893, Париж) — француз жазушысы, ХІХ ғасырдың соңғы ширегіндегі француз әдебиетінің реалист жазушылардың бірі.

Ақсүйектер отбасында туып, балалық шағы Нормандияда өткен. Иветодағы діни колледжде, Руандағы лицейде оқыған (1870). Франция–Пруссия соғысына қатысқан (1870 – 71). Мопассан әдебиетте новеллист ретінде танылды, 16 новелла жазды. Ол өмір сүрген қоғамның кескін-келбетін бейнелеп, биліктің боямасыз көрінісін, саясаттың жалғандығын, демократия мен милитаризмді, отаршылдық өктемдікті шебер суреттеді. “Тельеннің үй-жайы” (1881), “Мадемуазель Фифи” (1882), “Вальдшнеп әңгімелері” (1883), “Апалы-сіңлілі Рондоли” (1884), “Мисс Гар-риет” (1884), “Иветта” (1885), “Орля” (1887), т.б. новеллалары бар. Мопассанның 6 романы, 18 әңгіме, мақалалар жинағы шықты. “Өмір” романы негізінде “психологиялық прозаның шебері” атанып (1883), кейін “Сүйіктім” (1885), “Монт-Ориоль”, “Пьер және Жан” (1887), “Өлімдей күшті” (1889), “Біздің жүрек” (1890) романдарын жазды. Жазушы шығармаларында қоғамдағы рухани құлдырау мен екіжүзділік (“Асыл бұйымдар”, “Марапатталған”), махаббат суреттеліп (“Ай нұры”, “Бақыт”), шынайы сезімнің құлдырауын, сауда-саттыққа, желөкпе ермекке айналуын (“Иветта”, “Шыншыл тарих”) әшкереледі. Әңгімелерінде шаруаның қараңғылығын ғана емес (“Бочонок”, “Шайтан”), өмір тұңғиығына тасталған адамдардың аянышты тағдырын да (“Қаңғыбас”, “Шкаф”, “Қайыршы”) жазды. Мопассан адамгершілікті (“Симона әкей”, “Мартенның қызы”), отаншылдық пен ерлікті, қайсарлықты (“Пышка”, “Мадемуазель Фифи”, “Милон атай”) дәріптеді. Мопассанның (“Пышка” (1935), “Бес әңгіме” (1937), “Әңгімелер” (1961), “Пьер мен Жан” (1967), “Өмір” (1970) атты шығармалары қазақ тіліне аударылған.

Анри Рене Альбер Ги де Мопассан 1850 жылдың 5 тамызында Нормандияда кедейленген дворян отбасында дүниеге келді.

1869 жылы Ги руандық лицейді бакалавр атағымен бітіріп, Канн университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Бірақ 1870 жылдың жазында басталған француз-прусс соғысының кесірінен оқуын жалғастыра ламайды.

1870-1871 жылдардағы соғыс Гидің жан-дүниесінің толыққанды қалыптасып, патриоттық сезімінің оянуына өз әсерін тигізді.

1873-1878 жылдары теңіз министрлігінде жұмыс істейді. Бұл жылдары жағдайы жақсы болғанымен, басшылық тарапынан әдебиетке деген қызығушылығына қолдау таппайды. Министрліктегі қызметінде жазушы ел көрді, жер көрді. Оның «Париждік буржуаның жексенбілік серуендері», «Отбасы аясында», «Мұра» т.б. новеллалары осы теңіз министрлігіндегі қызметінен алған әсерінен туындаған болатын. Аталмыш новеллаларында Мопассан қаскүнемдерді, сыбайлас жемқорларды, мансапқорларды сынға алды.

Көптеген еңбектерінің арқасында 1878 жылдың аяғында білім беру министрлігіне ауысып, онда 1880 жылдың аяғына дейін жұмыс істейді.

1879 жылы золялықтар француз-прусс соғысы туралы шындықты, француз әскерлері туралы ақиқатты жариялау мақсатында әңгімелер жинағын басып шығаруды ұйғарды. 1880 жылы бұл жинақ «Медан кештері» деген атпен жарық көрді. Осы жинақтың соңғы беттеріне Мопассанның «Томпыш» новелласы да енді. «Томпыш» новелласы бұрын ешкімге беймәлім Мопассанның атақ-даңқын шығарды. Бұдан соң Мопассанның Флоберге арналған «Өлеңдер» кітабы жарыққа шықты.

Флобер Мопассанның пірі болды. Мопассан ұстазының талабы бойынша күнде таңғы сағат жетіден түнгі он екіге дейін жұмыс істеді. Соның нәтижесінде ол 11 жыл ішінде: 6 роман, 300-ден астам әңгімелер, пьесалар, том-том өлеңдер, очерктер мен мақалалар жазып қалдырды.

Мопассан 300-ден астам новелла жазды. Оларды әдеби жанрына қарай бөлу өте қиын. Бірақ, Мопассан өзінің лирико-психологиялық новеллаларын 16 жинаққа біріктірді: «Тельенің мекемесі», «Мадемуазель Фифи», «Ай жарығы», «Мисс Гарриет», «Иветта» т.б.

Тек қана соғыс тақырыбына арнап Мопассан 20 новелла жазды: «Томпыш», «Милон әкетай», «Тұтқындалғандар», «Соваж кемпір», «Екі дос», «Есі ауысқан әйел», «Дуэль» т.б. Бұл туындыларында автор француз халқының патриотизмін, соғыстың ел өміріне тигізген ылаңы мен зардабын, жаулап алушыларға деген ашу-ызасын жазды.

Мопассан қажырлы еңбектің ерекше үлгісін көрсетті. Күнде таңғы сағат 7-ден 12-ге дейін жұмыс істеп, кей күндері 6 бет жазуға ғана үлгеретін. 1885 жылы биографтар Мопассанның 1500 бет жазғанын есептеп шығарды. Жазушы өзіне жылына бір рет қана демалыс беретін. Ол қыркүйек айында саятшылық құру еді. Бұл кезде Мопассан Нормандияға баратын. Онда өзінің туыстарымен, таныстарымен кездесетін. Саятшылықтан алған әсерінен оның «Махаббат», «Әтеш ән салды», «Вальдшнеп» новеллалары туды.

Реалист жазушы әдебиетте үлкен жетістікке жетті. 1882 жылы «Мадемуазель Фифи» новеллалар жинағын, 1883 жылы «Вальдшнептің әңгімелері» жинағын, 1884 жылы «Ай сәулесі», «Әпкелі-сіңлілі Рандоли», «Мисс Гарнет» жинақтарын және «Күн астында» кітабын, 1885 жылы «Иветта», «Күн және Түн ертегісі», «Туан» жинақтары жарық көрді. 1886 жылы «Монт-Ориоль», «Кішкене Рок», «Паран мырза» жинағы; «Орля» (1887), «Гюссан ханымның таңдауы» (1888), «Сол қолдан» (1899), «Пайдасыз әдемілік» (1890) жинақтары жарық көрді.

Новеллаларын кітап түрінде басудан бұрын Мопассан бірінші газет бетінде («Жиль Блас», «Голуа») Мофриньез атымен шығарып отырды.

Тынымсыз еңбек оның денсаулығының нашарлауына әкеп соқты. Жазушы «Сүйкімді дос» кемесімен саяхат жасап, Италия, Англия, Алжир, Оңтүстік Франция, Бельгия және Жерорта теңіздерінде болып, түрлі курорттарда емделді. Бірақ оңтүстіктің жылы да жайлы климаты оның денсаулығын жақсарта алмады. Өлім қорқынышы мен жұмысқа жарамау секілді пессимистік ойлар Мопассанның жүйкесін жұқартты. Ол Париж қаласында 1893 жылы 6 шілдеде қайтыс болды. Оны Монпарнас бейітіне жерледі.

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Ги де Мопассан туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

21 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

5 тамыз

норвегиялық әдеби тiлдiң негіздеушісі. 1850 — Ги де Мопассан (шын аты Анри Рене Альбер Ги де Мопассан ) (1893), Франция жазушысы. 1868 — Борис Александрович

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары

(Шубха) Фердинанд Дюшен, Дәмелі (Тамилла) Гюго, Бейшаралар (Отверженные) Ги де Мопассан , Су жүзінде (На реке) Конрад Беркович, Әкесі мен баласы, Заң білместің

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Дафна Дюморье

Оскар Уайльд. Сонымен қатар Дафнаның шығармашылығына Кэтрин Мэнсфилд, Ги де Мопассан және Сомерсет Моэм туындылары да айтарлықтай ықпалын тигізген. Дафны

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Ги де Мопассан

Ги де Мопассан Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Милый друг - Әдебиет порталы

Милый друг Әдебиет порталы

30.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Ожерелье - Әдебиет порталы

Ожерелье Әдебиет порталы

14.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Жизнь - Әдебиет порталы

Жизнь Әдебиет порталы

14.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Золя Эмиль - Әдебиет порталы

Золя Эмиль Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Новелла - Әдебиет порталы

Новелла Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Саукетай Турысбек

Саукетай Турысбек Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Мастер художественной мысли

Мастер художественной мысли Әдебиет порталы

25.09.2017
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Дафна Дюморье

Дафна Дюморье Әдебиет порталы

01.11.2018
Әдеби материал El.kz ↗

Эйфелева башня

Эйфелева башня El.kz

22.10.2013
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Исмаилов Музаффар: в Узбекистане интересуются творчеством Абая

Исмаилов Музаффар: в Узбекистане интересуются творчеством Абая Әдебиет порталы

28.05.2018
Әдеби материал Abai.kz ↗

Герольд БЕЛЬГЕР. Дидар и его рассказы

Герольд БЕЛЬГЕР. Дидар и его рассказы Abai.kz

21.06.2018
Әдеби материал Abai.kz ↗

«Геростратова слава» Зауре Батаевой

«Геростратова слава» Зауре Батаевой Abai.kz

30.11.2020
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

2 часть Абдрахманов.pmd

2 часть Абдрахманов.pmd Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Ги де Мопассан — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Ги де Мопассан туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Ги де Мопассан — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Ги де Мопассан шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Ги де Мопассан — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Ги де Мопассан мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Ги де Мопассан — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Ги де Мопассан өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз