Мазмұнға өту
telegei
Джером Дэвид Сэлинджер
Қаламгер · Әлем әдебиеті · 2010–1940

Джером Дэвид Сэлинджер

Джером Дэвид "Джей Ди" Сэлинджер (ағылш. Jerome David "J. D." Salinger [ˈsælɪndʒər]; 1 қаңтар 1919, Нью-Йорк — 27 қаңтар 2010, Корниш, Нью-Гэмпшир, АҚШ) — американдық жазушы, шығармалары 1940-шы және 1950-ші жылдары «The New Yorker» журналында жарық көрді. Сэлинджер Манхэттенде өсті, әңгімелерін орта мектепте жаза бастады. Алғашқы шығармалары Екінші дүниежүзілік соғыстан дейін жарияланған. Соғыс басталған кезде, Сэлинджер өз еркімен соғысқа аттанады. Оны денсаулық жағдайы бойынша қарулы күштер қатарына алған жоқ, бірақ ол дегеніне жетті. Майданда болған кезінде, ол өз күнделігінде былай деп жазды: «Мен керек уақытта дұрыс орында жүріп жатқаның сезінемін, өйткені мұнда бүкіл адамзат болашағы үшін соғыс болып жатыр». 1940-шы жылдардың екінші жартысында Сэлинджер ең беделі және көп үміт күттіретін американдық әңгіме жанрының шеберлерінің біріне айналды. Көптеген соғыстан кейінгі әңгімелерінде, соғыстағы алған жауынгерлік іс-қимылдардың травматикалық тәжірибесі көрініс алды. 1951 жылы Сэлинджер «Жар жағалаған жалғыз» атты тәрбиелеу романың шығарады. Роман үлкен табысқа жетті және бүкіл әлем бойынша оқырмандар махаббатына ие болды. Жастардың көптеген буындары кітаптін басты кейіпкері Холден Колфилдтың балалық шақтың қиялдарынан айырылуын жанашырлықпен тамашалаған Қысқа мерзім ішінде кітаптін 60 миллион көшірмелері сатылды, және әлі күнге дейін жыл сайын шамамен 250 000 данасы сатылуда 1965 жылдан кейін Сэлинджер әңгімелер жариялауын тоқтатты және жасырын өмір салтын жүргізе бастады. 1980 жылы ол өзінің соңғы сұхбатын берді.

1 Кітаптары
1 Әңгіме мен мақала
0 Зерттеу мен эссе
9 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Джером Дэвид Сэлинджер қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

2 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

1 материал
Әңгіме / Туынды

Эддимен ДИДАРЛАС

Джером Дэвид Сэлинджер — «Эддимен ДИДАРЛАС» (Аударма әңгіме). «Жас тұлпардың» бұл бөлімі жас әдебиетшілерден құралған «Солақайлар» әдеби клубына арналады. Әлем әдебиетінде «Көл мектебі», «Имажинистер», «Футуристер» секілді әдеби үрдістер қалыптастырған іргелі топтар болған. Жас ақын-жаз...

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Джером Дэвид "Джей Ди" Сэлинджер (ағылш. Jerome David "J. D." Salinger [ˈsælɪndʒər]; 1 қаңтар 1919, Нью-Йорк — 27 қаңтар 2010, Корниш, Нью-Гэмпшир, АҚШ) — американдық жазушы, шығармалары 1940-шы және 1950-ші жылдары «The New Yorker» журналында жарық көрді.

Сэлинджер Манхэттенде өсті, әңгімелерін орта мектепте жаза бастады. Алғашқы шығармалары Екінші дүниежүзілік соғыстан дейін жарияланған. Соғыс басталған кезде, Сэлинджер өз еркімен соғысқа аттанады. Оны денсаулық жағдайы бойынша қарулы күштер қатарына алған жоқ, бірақ ол дегеніне жетті. Майданда болған кезінде, ол өз күнделігінде былай деп жазды: «Мен керек уақытта дұрыс орында жүріп жатқаның сезінемін, өйткені мұнда бүкіл адамзат болашағы үшін соғыс болып жатыр».

1940-шы жылдардың екінші жартысында Сэлинджер ең беделі және көп үміт күттіретін американдық әңгіме жанрының шеберлерінің біріне айналды. Көптеген соғыстан кейінгі әңгімелерінде, соғыстағы алған жауынгерлік іс-қимылдардың травматикалық тәжірибесі көрініс алды.

1951 жылы Сэлинджер «Жар жағалаған жалғыз» атты тәрбиелеу романың шығарады. Роман үлкен табысқа жетті және бүкіл әлем бойынша оқырмандар махаббатына ие болды. Жастардың көптеген буындары кітаптін басты кейіпкері Холден Колфилдтың балалық шақтың қиялдарынан айырылуын жанашырлықпен тамашалаған Қысқа мерзім ішінде кітаптін 60 миллион көшірмелері сатылды, және әлі күнге дейін жыл сайын шамамен 250 000 данасы сатылуда

1965 жылдан кейін Сэлинджер әңгімелер жариялауын тоқтатты және жасырын өмір салтын жүргізе бастады. 1980 жылы ол өзінің соңғы сұхбатын берді.

Сэлинджер 1919 жылы 1 қаңтарда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Оның әкесі — Соломон Сэлинджер (1887-1974), ысталған өнімдер мен ірімшік сатуымен айналысатын дәулетті еврей отбасынан шыққан саудагер, ал шешесі — Мириам Сэлинджер (үйленуге дейін аты Мэри Джиллик) — шотланд-ирландиялық отбасынан шыққан. Оның жалғыз қарындасы Дорис, одан сегіз жылға үлкен.

Әкесі ұлына жақсы білім беруге талпынды. 1936 жылы Джером Пенсильвания штатының Вэлли-Фордж қаласында орнпласқан әскери мектепті бітірген Мұнда оның әдеби дебюті өтті: Джером мектеп әнұраны үшін үш шумақ жазған, айтпақшы, олар оны осы күнге дейін орындайды. 1937 жылы жазда Джером Нью-Йорк университетінде дәріс тыңдайды, 1937-1938 жылдары Австрия және Польшаға барып қайтады (мұнда Быдгоще қаласында ол әкесінің нұсқауы бойынша шұжық өндірісін зерттейді). 1938 жылы оралып ол Урсинус-колледж (Пенсильвания) дәрістеріне барады. 1939 жылы Колумбия университетіне оқуға түседі, мұнда ол «Стори» журналының редакторы У. Бернетт оқыған қысқаша әңгімеге туралы лекция курстарын тыңдайды. Джером ешбір жоғары оқу орындарының да бітірмеді. Оқуға деген бір ерекше жетістіктерге жетпей және бірде-бір мансаптық ұмтылысын көрсетпеген ол әкесінің наразылығын тудырды, ақыр соңында олар мәңгі керісті.

1942 жылы драматург Юджин О' Нилдың қызы Уна О' Нилмен кездесе бастайды, бірақ Уна көп ұзамай Чарли Чаплинмен танысып оған тұрмысқа шығады. Сол жылдың көктемінде әскерге шақырылып, офицер-сержанттық байланыс әскерлерінің мектебін бітірген. 1943 жылы сержант шенінде қарсы барлау бөліміне ауыстырылып, Нашвиллге жіберілді.

1944 жылдың 6 маусым күні сержант Сэлинджер 4-ші жаяу әскер дивизиясының 12-ші жаяу әскер полкінің қарсы барлау бөлімінің құрамында Нормандияда десант түсіру операциясына қатысқан, содан кейін Хюртген ормандағы және Арденн операциясындағы шайқастарға қатысқан. Ол соғыс тұтқындарымен жұмыс істеді, бірнеше концлагерлерді азат етуге қатысқан (шамасы, соның ішінде Дахау болған). Майданда ол әскери тілші мен жазушы Эрнест Хемингуеймен кездесті. Хемингуэйдың жеке қасиеттері және жазу стилі Сэлинджерге үлкен әсер етті; өз кезегінде, Хемингуэй бастауыш автордың әдеби талантты жоғары бағалады. Соғыс аяқталғаннан кейін, соғыста алған жауынгерлік психикалық жарақаттан емденіп, Германияның денацификациясымен айналысты.

Сэлинджер жазушы мансабы нью-йорк журналдарында қысқа әңгімелер жарияланудан басталды. Оның бірінші әңгімесі «Жастар» (The Young Folks) 1940 жылы Уит Бернетт негізін қалаған «Story» журналында жарық көрді. 1941 жылдан бастап «The New Yorker» басылымында жариялана бастады. Бірінші елеулі танымалдылықты Сэлинджерге «Бананабалық үшін жақсы күн» («A Perfect Day for Bananafish», 1948) қысқа әңгімесі әкелді. Әңгімеде Симор Гласс атты жас жігіттің және оның әйелінің бір күндік өмір тарихы баяндалған. 1940-шы жылдардың соңында Джером дзен буддизмді зерттей бастады.

Бірінші әңгіме шыққан кезінен он бір жыл өткеннен кейін, 1951 жылдың 16 шілде күні баспадан Сэлинджердің жалғыз романы «The Catcher in the Rye» шығады. Бұл романмен Джером 1941 жылдан бері жұмыс жасаған болатын. Роман сыншылар тарапынан бірауыздан мақұлдаумен қарсы алынды. Әлі күнге дейін романның басты кейіпкері Холден Колфилдпен ұқсас көзқарастары мен мінез-құлқы бар және өз көңілдеріне жақын болатын сынып оқушылары мен студенттер арасында жоғары сұранысқа ие. Кітап тым депрессялы және қорлау тілі пайдаланғаны үшін бірнеше елдерде және АҚШ кейбір штаттарында тыйым салынған. Бірақ қазір көптеген американдық мектептерде оқу үшін ұсынылған әдебиет тізіміне кіреді.

Роман шығу уақытына дейін Сэлинджердің түрлі мерзімді басылымдарда жиырма алты шығармалары жарияланды, оның ішінде 1953 жылы шыққан «Тоғыз әңгіме» (Nine Stories) жеке кітапқа енген тоғыз новелланың жетеуі шығып үлгерді.

1960-шы жылдары «Фрэнни мен Зуи» (Franny and Zooey) және «Raise High the Roof Beam, Carpenters» атты туындылары шығады. Осы туындылардың басты кейіпкерлері, аса зиятты Гласс отбасыны — Сэлинджер өз идеяларының уағыздаушыларына айналдырады (дзен буддизм, ұстамды мистицизм және битниктер нигилизмінің синтезі).

Соңғы жылдары

Уикипедия / Telegei ↗

«Жар жағалаған жалғыз» романы үлкен танымалдыққа жеткеннен кейін ол сұхбат беруден бас тартты және жасырын өмір салтын жүргізе бастады. 1965 жылдан кейін Сэлинджер әңгімелер жариялауын тоқтатып, тек өзі үшін жазған. Сэлинджер ертеректе жазған әңгімелерді қайта басып шығаруға тыйым салды («A Perfect Day for Bananafish» әңгімесіне дейін) және оның жазған хаттарын басып шығару әрекеттерін бірнеше рет бетін қайтарды.

Соңғы жылдары, ол іс жүзінде сыртқы әлеммен ешқандай қарым-қатынас жасамаған болатын. Нью-Гэмпшир штатының Корниш қалашығындағы өзінің биік қоршаулары бар жекежайында тұрып, түрлі рухани тәжірибелермен (буддизм, индуизм, йога, макробиотика, дианетика), сондай-ақ дәстүрлі емес медицинамен, глоссолалия, гомеопатия, акупунктура және христиандық ғылыммен айналысқан.

2010 жылдың 27 қаңтар күні Сэлинджер Нью-Гэмпширдегі өзінің үйінде 91 жасында қайтыс болады.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Сэлинджер көптеген шығармаларын басты кейіпкерлері — 17 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдер. Алайда, оны "балалар" жазушысы деп атауға болмайды. Өз шығармаларында (бірінші кезекте «Жар жағалаған жалғыз» романы) Сэлинджер жасөспірім кейіпкердің өзінің идеалдары мен максималистік қатыгездік және оны қоршаған "ересек" әлемнің арамдығы арасындағы қарсыластық тақырыбын көтереді.

Оның шығармаларының кейіпкерлері өз болмысының нақты айқын шекаралары мен анықтамалар жоқ, өз-өздерінен бас тартқан сияқты.

Гласс отбасы туралы әңгімелерінде («A Perfect Day for Bananafish», «Franny and Zooey», «Raise High the Roof Beam, Carpenters», «Seymour: An Introduction» және т. б.) дарынды тұлға мен қоршаған әлемнің ымырасыз қарсыластық тақырыбы дамып тереңдейді.

Мистика, буддизм және өз рухани мәнің сақтау мақсатында жалпы қоршаған ортадан безушілік, «Тоғыз әңгіме» шығармасында анық көрінетін және Сэлинджердің кейінгі шығармаларында күшейген.

Шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

1940 — The Young Folks

1940 — Go See Eddie

1941 — The Hang of It

1941 — The Heart of a Broken Story

1942 — The Long Debut of Lois Taggett

1942 — Personal Notes of an Infantryman

1943 — The Varioni Brothers

1943 — The Inverted Forest

1944 — Both Parties Concerned

1944 — Soft Boiled Sergeant

1944 — Last Day of the Last Furlough

1944 — Once a Week Won’t Kill You

1945 — Elaine

1945 — I’m Crazy

1945 — A Boy in France

1945 — This Sandwich Has No Mayonnaise

1945 — The Stranger

1946 — Slight Rebellion off Madison

1947 — A Young Girl in 1941 with No Waist at All)

1948 — A Girl I Knew

1948 — Blue melody

1948 — A Perfect Day for Bananafish

1948 — Uncle Wiggily in Connecticut

1948 — Just Before the War with the Eskimos

1949 — The Laughing Man

1949 — Down at the Dinghy

1950 — For Esmé — with Love and Squalor

1951 — Pretty Mouth and Green My Eyes

1951 — Жар жағалаған жалғыз

1952 — De Daumier-Smith’s Blue Period

1953 — Teddy

1955 — Raise High the Roof Beam, Carpenters

1959 — Seymour: An Introduction

1961 — Franny and Zooey

1965 — Hapworth 16, 1924

Жарияланбаған

Уикипедия / Telegei ↗

1944 — The Children ' s Echelon

1944 — Two Lonely Men

1946 — Birthday Boy

1947 — The Ocean Full of Bowling Balls

Аствацатуров А. Феноменология текста: игра и репрессия. М.: Новое литературное обозрение, 2007. — 288 с.

Борисенко А. Сэлинджер начинает и выигрывает // Иностранная литература. — 2009. — № 7. — С. 241—246.

Петренко Д. И. Роман Дж. Д. Сэлинджера «Над пропастью во ржи» и его переводы на русский язык / Под ред. проф. К. Э. Штайн. — Ставрополь: Изд-во СГУ, 2009. — 240 с.

Сазанович Е. И.Наконец его оставили в покое… («Плохие» американцы) // Международный аналитический журнал «Геополитика». — 2010. — 29 янв.

Фаликов Б. З. «Ради толстой тёти». Духовные поиски Дж. Д. Сэлинджера // Иностранная литература. — 2009. — № 2. — С. 203—216.

Щербак Н. Эхо войны в творчестве Сэлинджера // Звезда. — 2015. — № 9.

Lawrence Bowden. The Ducks in Central Park, or Why You Can’t Teach The Catcher in the Rye // Americana. The Journal of American Popular Culture. Oct. 2002.

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Джером Дэвид Сэлинджер туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

9 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Джером Д. Сэлинджер

Джером Дэвид Сэлинджер (ағлш. Jerome David Salinger [ˈsælɪndʒər]; 1 қаңтар 1919, Нью-Йорк — 27 қаңтар, 2010, Корниш, Нью-Гэмпшир) - американдық жазушы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Себастьян Жапризо

атпен Франция мен АҚШ-та басылып шығады. Жазушының шығармаларын Джером Дэвид Сэлинджер аударады. Сонымен қатар жарнама саласында да жұмыс жасайды. 1962

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жар жағалаған жалғыз

жағалаған жалғыз» (ағылш. The Catcher in the Rye) — америкалық жазушы Джером Дэвид Сэлинджердің 1951 жылы жарық көрген есейю романы. Шығарма 1945–1946 жылдары

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

АҚШ әдебиеті

шығармашылықтың жаңа пішіндерін және тақырыптарын ашуға тырысты. 1951 жылы Джером Дэвид Сэлинджер Жар жағалаған жалғыз романында 16 жасар Холденнің күрделеніп бара

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Селинджер Джером Дэвид

Селинджер Джером Дэвид Әдебиет порталы

30.10.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Джером Дэвид Сэлинджер — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Джером Дэвид Сэлинджер туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Джером Дэвид Сэлинджер — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Джером Дэвид Сэлинджер шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Джером Дэвид Сэлинджер — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Джером Дэвид Сэлинджер мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Джером Дэвид Сэлинджер — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Джером Дэвид Сэлинджер өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз