Мазмұнға өту
telegei
Ермек Балташұлы
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Ермек Балташұлы

Ермек Балташұлы (8 маусым 1958, Едірей аулы Мәди ауылдық округі, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы) — журналист, жазушы, драматург. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1990). Қазақстан Республикасы Журналистер конгресі (2003) және Қазақстан журналистер одағы (2008) сыйлықтарының лауреаты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2005).

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
4 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Ермек Балташұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Ермек Балташұлы (8 маусым 1958, Едірей аулы Мәди ауылдық округі, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы) — журналист, жазушы, драматург. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген (1990). Қазақстан Республикасы Журналистер конгресі (2003) және Қазақстан журналистер одағы (2008) сыйлықтарының лауреаты. Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері (2005).

1975 ж. – Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауылындағы №1 қазақ орта мектебін бітірген;

1975-76 жж. – Қарағанды облысы Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінің тілшісі;

1976-78 жж. – Кеңес әскері қатарында қызмет етті;

1978-82 жж. – Қарағанды облысы Талды аудандық «Шұғыла»-«Восход» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі;

1982-83 жж. – Егіндібұлақ ауданы Айрық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі;

1983-88 жж. – Талды аудандық «Шұғыла»-«Восход» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы;

1988-91 жж. – Ульянов (қазіргі Бұқар жырау) аудандық «Знамя Ильича»-«Ильич туы» газеттері редакторының орынбасары, «Сарыарқа» газетінің редакторы;

1992-93 жж. – Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газеті жауапты хатшысының орынбасары, бөлім меңгерушісі;

1993-98 жж. – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ әдебиеті кафедрасының оқытушысы, журналистика кафедрасының аға оқытушысы;

1998-2013 жж. – «Орталық Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары;

2013 ж. бері – еркін шығармашылық жұмыста.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Е.Балташұлының баспасөз бетіне шыққан тұңғыш туындысы «Найзакөк» поэмасы 1973 ж. Егіндібұлақ аудандық «Ленин туы» газетінде жарияланды. Публицистикалық шығармалары «Тәуелсіздік жылнамасы» (2001), «Сарыарқа саңлақтары» (2002), «Ақпарат айдынында» (2006), т.б. ұжымдық жинақтарда басылды. Көркем очерктері мен әдеби-публицистикалық шығармалары «Мәди», «Көз» (екеуі де 2008 ж.) деген атаулармен жарық көрді.

2008 ж. «Мәди» атты әдеби-көркем, танымдық-публицистикалық журналдың негізін қалады.

Е.Балташұлының «Сұрасаң, Мәди еді менің атым» (С.Жұмағалимен бірге) деген тарихи драмасы 2005 ж. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойылды. Ол осы жылы түсірілген «Қайғысы тарқамаған адам» деректі-көркем телефильмнің әдеби кеңесшісі болды.

Е.Балташұлы «Қаз дауысты Қазыбек би» тұлғалық энциклопедиясын (2011) әзірлеген шығармашылық топтың құрамында болды, ақын Б.Ысқақовтың «Бұл – менің көз жасым ғой қан аралас» жинағын құрастырып (2014), алғысөз жазды. Ол «Арыс» көркемсуретті тарихи-танымдық кітабы авторларының бірі.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Ермек Балташұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу
Өмірбаян

Ермек Балташұлы: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Ермек Балташұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Ермек Балташұлы · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Ермек Балташұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

4 дереккөз
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Ермек Балташұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Ермек Балташұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Ермек Балташұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Ермек Балташұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Ермек Балташұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Ермек Балташұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Ермек Балташұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Ермек Балташұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз