Мазмұнға өту
telegei
Жұмат Шанин
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Жұмат Шанин

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 26 ақпан 1938, Алматы) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931). Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
14 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Жұмат Шанин қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 26 ақпан 1938, Алматы) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).

Арғын тайпасының Сүйіндік руының Қаржас бөлімінен шыққан.

Кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таныды. Жас кезінен өмір теперішін көп көрсе де, Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өсті. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. Әсіресе Қоянды жәрмеңкесіне барып, халық сауыққойларының думанын тамашалау оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырды. 1913 ж. Омбы қаласына келіп, біраз уақыт зауытта жұмыс істеді. Мұнда С.Сейфуллинмен, Н.Нұрмақовпен және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді.

1915 – 1916 ж. бухгалтер курсында оқып бітіріп, зауытта бухгалтердің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ, патша үкіметінің жарлығымен Шанин майдан жұмысына тартылады; одан туған ауылына 1917 ж. оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралыда, Павлодарда (1921 – 1922), Зайсанда (1922), Семейде (1923) және ҚазАКСР ОАК мүшесі болып, т.б. қоғамдық жауапты орындарда қызмет етті. Саяси-әлеуметтік және қоғамдық істерге белсене қатысу Шаниннің ой-өрісін кеңейтіп, кейінгі режиссерлік әрі жазушылық қызметіне игі ықпал жасады. 1920 ж. Семей қаласында «Ес аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С.Сейфуллинменнің «Қызыл сұңқарларын» (1922) қойды; сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның рөлін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 ж. Семейдің «Таң» журналында жарияланды.

Бұдан кейін ол қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрының директоры (1926) болумен қатар оның көркемдік жағын басқарды. Шанин Қазақстандағы тұңғыш ұлт театрының негізін салып, оны ұйымдастыруда, сондай-ақ профессионалдық тұрғыда қалыптастырып, сахналық-шығармашылық жағынан өсу жолында зор еңбек сіңірді. Алғашқы шығармашылық-ұйымдастырушылық қызметінен бастап Шанин актерлер мәдениетін көтеруге, театр жұмысын белгілі бір жоспар бойынша жүргізуге, репертуардан тәрбиелік һәм идеялық-көркемдік сапасы жоғары драм. шығармалардың орын алуына ерекше көңіл бөлді. Бұл мәселелер «Қазақтың мемлекеттік театры», «Мемлекет театрының артистері» (1927), «Қазақстан мемлекеттік театры» (1928), «Театр тарихынан» (1931), «Сахна техникасын меңгерейік», «Сахнада шындықты тану» (1935) атты әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларында жан-жақты қарастырылып қамтылды.

1927 ж. бір топ өнер шеберлерін бастап, Мәскеу қаласында өткен этнографикалық концертке қатысады, 1932 – 33 ж. қазіргі Қырғыздың мемлекеттік академиялық драма театрының (Бішкек қаласы) бас режиссері болды. 1934 ж. ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г. Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. Осы музыкалық спектакльдер Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде жоғары бағаланды.

1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Шанин алғашқы музыка театр өнерінің қалыптасып дамуына да мол үлес қосты. Шанин қаламынан туған күрделі «Арқалық батыр», «Шахта» пьесалары 20 ғ-дың 30-жылдары республикада жаңа ұйымдаса бастаған көптеген қазақ театрларының (Семей музыкалы драма театры, Қарағанды облысы драма театры, Шымкент облысы драма театры, Жамбыл облысы драма театры) репертуарынан орын алды. Ш. халық би өнеріне де көңіл аударып, «Киіз басу», «Қоян-бүркіт», «Өрмек», «Шашу», т.б. секілді билерді музыкалық спектакльдерде пайдаланды. А.В. Затаевич, Д.И. Ковалев пен Л.А. Хамиди Шаниннің орындауында бірқатар халық әндерін жазып алды; өз тұсынан да ән-күйлерді нотаға түсірді. Кезінде Ш. шығармашылығын Әуезов, Қ.И. Сәтбаев, Ғ.М. Мүсірепов, т.б. жоғары бағалады.

1972 ж. Шымкент облысы драма театрына және 1992 ж. бұрынғы «Южный» кеңшарына (Павлодар облысы) Шаниннің есімі берілді. 1973 ж. Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында «Торсықбай» және «Айдарбек» комедиясы (реж. Ә.М. Мәмбетов пен Қ.Р. Жетпісбаев), ал 1992 ж. Шымкент облысы драма театрында «Арқалық батыр» драмасы (реж. Ә.Т. Құлданов) қойылды.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Жұмат Шанин шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

14 зерттеу
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Қасымхан Әкішұлы Шанин: Рольдері

1925 жылы 15 қазанда Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылғы қуғын-сүргіннен кейін Шаниндердің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіріліп, осы қалада Қасымхан Шаниннің театрға бағышталған өмірі басталады. Ол 1940 жылы Шымкент облыстық драма театрында актер болып жұмыс істей бастайды. 1946 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография...

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Қасымхан Әкішұлы Шанин» — тарихи-әдеби талдау және деректер

1925 жылы 15 қазанда Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1937 жылғы қуғын-сүргіннен кейін Шаниндердің отбасы Алматыдан Шымкентке көшіріліп, осы қалада Қасымхан Шаниннің театрға бағышталған өмірі басталады. Ол 1940 жылы Шымкент облыстық драма театрында актер болып жұмыс істей бастайды. 1946 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография...

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали» — тарихи-әдеби талдау және деректер

} { } }} Рымғали Нұрғалиұлы Нұрғали (1 маусым 1940 жылы Абай облысы, Абай ауданы - 16 ақпан 2010 жылы Астана) — қазақтың әдебиеттанушы ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі, алаштанушы, қазақ театртанушы және театр сынының негізін қалаушы, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген...

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Өмірбаян

Жұмат Шанин — Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин: Өмірбаяны

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 26 ақпан 1938, Алматы) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Жұмат Тұрғынбайұлы Шанин (1892, Желтау маңы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 26 ақпан 1938, Алматы) – режиссер, драматург, актер, қазақтың ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам және театр қайраткері, Қазақ АКСР-інің халық артисі (1931).

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры: Режиссерлер

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры (2018 жылға дейін «Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» деп аталды) – Қазақстандағы алғашқы театрлардың бірінен саналатын өнер ордасы.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры (2018 жылға дейін «Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» деп аталды) – Қазақстандағы алғашқы театрлардың бірінен саналатын өнер ордасы.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры: Тарихы

Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театры (2018 жылға дейін «Ж. Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры» деп аталды) – Қазақстандағы алғашқы театрлардың бірінен саналатын өнер ордасы.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Баянауыл тұлғалары

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Өмірбаян

Жұмат Шанин: «Біссміллә Балабеков» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Біссміллә Балабеков (1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ақши ауылы - 1979, Алматы облысы Қарасай ауданы) – Қаныш Сәтбаев туған өңірден шыққан халық әншісі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Советтік кез

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Әдеби материал

Жұмат Шанин — Баянауыл ауданы: Ескі тарих

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Баянауыл ауданы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Ауданы 18,5 мың км². Солтүстігінде Екібастұз қаласының ауылдық аймақтарымен, солтүстік-шығысында — Ақсу қаласының ауылдық аймақтарымен, шығысында — Май ауданымен, оңтүстігі мен батысында — Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарымен шектеседі.

Жұмат Шанин · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жұмат Шанин: «Баянауыл» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Баянауыл — Павлодар облысындағы ауыл, Баянауыл ауданының (1928 жылдан) және Баянауыл ауылдық округінің орталығы.

Жұмат Шанин · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Жұмат Шанин туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жұмат Шанин ауылы

Жұмат Шанин (2017 жылға дейін – Күркелі) — Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауыл, Күркелі ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы – Баянауыл ауылынан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жұмат Шанин көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы Молодежный көшесі. Жұмат Шанин көшесі Рихард Зорге көшесімен қиылысады. Ұзындығы - 183,7 м. Жұмат Шанин (1892-1938) - қазақтың тұңғыш режиссері

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Күркелі ауылдық округі

ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Жарылғап, Жұмат Шанин , Қойтас, Шоманкөл ауылдары кіреді. Орталығы – Жұмат Шанин ауылы. 2004 жылы Ақтай ауылы, 2005 жылы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шанин көшесі (Алматы)

мен Алматы қаласы әкімдігінің 29.11.2006 № 7/1448 қаулысы) берілген. Шанин Жұмат Тұрғынбайұлы (1982-1938) қазіргі Павладар облысы Баянауыл ауданында дүниеге

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қарқаралы тасжолы (Астана)

талантты әншілер мен әртістер Мәди Бәпиұлы, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин , Қалыбек Қуанышбаев, Майра Уәлиева өз өнерлерін, ал Қажымұқан күрес бәсекесін

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қасымхан Әкішұлы Шанин

Қасымхан Әкішұлы Шанин (15 қазан 1925 — 11 наурыз 1968) — қазақ актері, Жұмат Шаниннің інісі Әкіштің ұлы. 1925 жылы 15 қазанда Баянауыл ауданында дүниеге

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Біссміллә Балабеков

Семей қазақ драма театрының алғашқы артисінің бірі болды. 1922-23 жылы Жұмат Шанин режиссерлігімен қойылған «Арқалық батыр» пьесасында Бісміллә пен Әміре

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Жұмат Шанин — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Жұмат Шанин туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Жұмат Шанин — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Жұмат Шанин шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Жұмат Шанин — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Жұмат Шанин мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Жұмат Шанин — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Жұмат Шанин өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз