Мазмұнға өту
telegei
Кәкімбек Салықов
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Проза

Кәкімбек Салықов

Кәкімбек Салықов (22 қаңтар 1932, Еңбек ауылы, қазіргі Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы – 27 қараша 2013) — кеңестік және қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
10 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Кәкімбек Салықов қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Кәкімбек Салықов (22 қаңтар 1932, Еңбек ауылы, қазіргі Шал ақын ауданы, Солтүстік Қазақстан облысы – 27 қараша 2013) — кеңестік және қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Салықов 1932 жылғы 22 қаңтарда Көкшетау облысында дүниеге келген.

Арғын тайпасының Қарауыл руынан шыққан. 1947 жылы Көкшетау қаласындағы N21 мектепте орташа білім алып, 1950 жылы Сырымбет тауы бөктерінде Казгородок қазақ орта мектебін бітірді.

1955 жылы Мәскеудің түсті металлургия және алтын институтын бітіргеннен кейін Жезқазған кенішінде кен мастері, участке бастығы, К.И.Сәтбаев атындағы кен-металлургия комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП қалалық комитетінің бірінші хатшысы, Жезқазған комитетінің екінші хатшысы қызметін атқарды. 1975 жылдан КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспек-тор болып қызмет істейді. 1984 жылы Өзбекстан КП ОК-нің бюро мүшесі, Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан кейін Кеңестер Одағы Жоғарғы кеңесінің экология комитетінің төрағасы, Жоғарғы кеңестің Президиум мүшесі қызметтерін атқарды.

Алғашқы өлеңдер жинағы «Сыр» 1977 жылы жарық көрді. Сол жылы «Жезкиік» атты жыр жинағы орыс тіліне аударылып жарияланды. 1981 жылы «Қырғызстан» баспасы оның «Нұрлы күндер» кітабын қырғыз тілінде, 1983 жылы Ғафур Ғүлам баспасы «Жезкиік» жинағын өзбек тілінде шығарды. «Букетовке реквием», «Эдельвейс», «Ғасырға тең бір мезет», «Че Гевара» атты поэмалары орыс тіліне аударылды.

К.Салықов — «Дала», «Қыран-дар», «Гәкку», «Жезкиік», «Еңлікғүл», «Тәттімбет», «Домбыра», «Қарақалпақ», «Кенесарының соңғы сөзі» секілді көптеген поэмалардың авторы. Ақын жемісті еңбегін бүгінгі күнге дейін талмай жалғастырып келеді. Соңғы жылдары оның «Ойтолғақ» (2001), «Сырғалы сонеттер» (2001), «Күзгі шуақ» (2004), «Күзгі сарын» (2005), «Сенсің ел данасы» (2006), «Әлемнің сегізінші ғаламаты» (2006), «Мағжанға тағзым» (2008) кітаптары жарық көрді. В.В.Маяковскийдің «В.И.Ленин» поэмасын, А.С.Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романын, М.Ю.Лермонтовтың, Ю. П. Полонскийдің, Р. Ғамзатовтың, Алдан-Семеновтың, С.Норовчатов-тың, В.Савельевтің, Я.Коластың, М.Львовтың, моңғол және өзбек ақындарының өлеңдерін қазақ тілі-не аударды. Б.Жүманиязов, Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев сияқты композиторлар ақынның көптеген өлеңдеріне ән шығарды. «Жезкиік», «Сағыныш», «Аққу әні», «Үш арыс», «Бір ауыз сөз», «Оқжетпес», «Көкшетау», «Жамбыл ата» сынды туындылары халық әніне айналып кетті.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңе-сінің депутаты. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2001), Халықаралық Қ.Сәтбаев қорының президенті, Қазақстан Республикасы «Экология» академиясының академигі.

Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, Парасат және Халықтар Достығы ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

Сыр. А., «Жазушы», 1970;

Жезкиік. А., «Жазушы», 1973;

Нұрлы күндер. А., «Жазушы», 1976;

Добрые дни. А., «Советский писатель», 1981;

Медная лань. (Орыс тілінде). А., «Жазушы», 1977;

Жұлдызды жылдар тын ысы. А., «Жазушы», 1978;

Мәңгі шырақ. А., «Жазушы», 1979;

Қүтманды күндер. (Қырғыз тілінде). Бішкек. «Қырғызстан», 1981;

Парасат сыры. А., «Жалын», 1980;

Шын жүректен. А., «Жазушы», 1981;

Жезкиік. Ташкент. (Өзбек тілінде). «Ғафур Гүл ам», 1984;

Реквием. А., «Жібек жолы», 1995;

Аққу жеткен. А., «Қайнар», 1995;

Көкжиекке тартқан көш. А., «Жазушы», 1997;

Тәттімбет. А., «Дәуір», 2002;

Тәттімбет. Астана. «Фолиант», 2005;

Қаныш жұлдыз жарқылы. А., «Баспагер», 1999;

Түркістанға тағзым. Түркістан. «Түркістан университет'!», 2000;

Сәбит аға. А., «Жібекжолы», 2000;

Ойтолғақ. А., «Жібек жолы», 2001;

Сырғалы сонеттер. А., «Жалын», 2001;

Под звуки домбры. Москва. «Художественная литература», 2001;

Ұстазымның баласы. А., «Жібек жолы», 2001;

Жанымның жақсы көрген адамдары. А., «АЭСИ», 2004;

Бәйкен аға. А., «Үш қиян», 2002;

Бәй кен жолы. Астана. «Фолиант», 2007;

Отырар сазы. А., «Өнер», 2002;

Отырар сазы. Астана. «Фолиант», 2005;

Аққу жеткен. (әндері ноталарымен) А., «Үш қиян», 2002;

Таңдамалы. А., «Өлке», 2002;

Тарихтың тарланбозы. А., «Гауһар», 2003;

Тарих-тың тарланбозы. Астана. «Фолиант», 2005;

Нар жігіт. А., «Үш қиян», 2003;

Күзгі шуақ. Астана. «Фолиант», 2004;

Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы. А., «Үш қиян», 2004;

Ақын Тайжан. А., «Үш қиян», 2004;

Ақсүңқар қанатында. А., «Үш қиян», 2004;

Күзгі сарын. Астана. «Ел орда», 2005;

Жез ки ік (таңдамалы). А., «Үш қиян», 2003;

Бақыт жұлдызы. Астана. «Фолиант», 2005;

Жезкиік (әндер). Астана. «Фолиант». 2007;

Сенсің ел данасы. Астана. «Фолиант», 2006;

Әлемнің сегізінші ғаламаты. Астана. «Фолиант», 2007;

Мәңгі шырақ алауы (таңдамалы). А., «Жазушы», 2007;

Көңіл назы. Өлеңдер жинағы. А., «Жазушы», 2008;

Мағжанға тағзым. Өлеңдер мен поэма. Астана. «Фолиант», 2008;

Аудармалары

Уикипедия / Telegei ↗

Даладағы алау. (В.Савельев). А., «Жалын», 1981;

Вла-димир Ильич Ленин. (В.Маяковский). А., «Жалын», 1988;

Жайлау жыры. Гэн-дэнгийнДавааджиден. А., «Қазақпарат», 2001;

А.С.Пушкин. Қанатты сөздері мен нақылдары. Астана. «Фолиант», 2006;

А.С. Пушкин. Евгений Онегин. Астана. «Фолиант», 2006;

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Кәкімбек Салықов шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу
Өмірбаян

Кәкімбек Салықов: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Кәкімбек Салықов — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Кәкімбек Салықов · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Кәкімбек Салықов туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

10 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Дүлдүлдердің дүбірі

«Қазығұрт» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Кәкімбек Салықов . Беттер саны — 328. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Молдахмет Тырбиев

термелер", 1965) жинақтарда жарияланған. Молдахмет Тырбиевтың шәкірті - Кәкімбек Салықов , ол да Солтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Сергеев ауданы Еңбек ауылының

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қарауыл руы

Нұрикамал Сейітжанқызы Сейітжанова Тоқтауыл Шахмет Құсайынұлы Құсайынов Кәкімбек Салықов Қожым Үкілі Ыбырай Есенбай Мәлік Ғабдуллин Қараша Батыр Қосағалы Төлекұлы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Шегір би

жаратқанмен, бөлуiн Шегiр бөлген» – деген сөз қалған. Алаштың аяулы ақыны Кәкімбек Салықов бір өлеңінде: «Сандыбай мен Кәдір, Шегір, Бабырды, Еске салып тау қарайды

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Мағжан Бекенұлы Жұмабаев

образ: әдеби-сын мақалалар. Шығармалар жинағы. – Алматы, 2010. – 416 б. Кәкімбек Салықов . «Мағжанға тағзым», 2008. "Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде"

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қапаш Қабыкенқызы Құлыш

патшайымы Ұжымдары Гүлдер (ансамбль) Қызметтес болған Роза Бағланова, Кәкімбек Салықов Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова , Сара Тыныштығұлова Қайрат Байбосынов

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Кәкімбек Салықов — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Кәкімбек Салықов туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Кәкімбек Салықов — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Кәкімбек Салықов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Кәкімбек Салықов — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Кәкімбек Салықов мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Кәкімбек Салықов — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Кәкімбек Салықов өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз