Бір ауыз сөз
Нағашыбек Қапалбек
ПрозаНағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. 1950 жылы 16 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қызыләскер ауылында туған.
Нағашыбек Қапалбекұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Нағашыбек Қапалбек
ПрозаНағашыбек Қапалбекұлы
ПрозаНағашыбек Қапалбекұлы
ПрозаНағашыбек Қапалбекұлы
Проза
Нағашыбек Қапалбекұлы — «Кеуде» (Көркем әңгіме). – Ескендір, мені таныдың ба? – деді үстіне ескі спорт киімін киген қария көзілдірігінің астынан сүзіле қарап.
09.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы — «Томар» (Көркем әңгіме). Біздің үй Алатаудың әсем бөктеріндегі биіктеу жота үстінде. Оның үшінші қабатынан Алматы алақандағыдай төменде анық көрініп тұрады.
09.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы — «Аспанға ұшқан ақ періштелер» (Көркем әңгіме). Көктем ерке қыздай қылықты. Күн қызыл арайын таратып, жаңа атып келеді. Ақмұнар уыз сәт. Жота үстіне ентігіп шығып едік, бастарына ақжаулық жамылған өркешті таулардан ескен салқын самал бойымызды тез сергітті.
09.10.2026Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1950 жылы 16 наурызда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қызыләскер ауылында туған.
1971 жылдан құрылысшы, автоклуб меңгерушісі, Жамбыл аудандық “Екпінді еңбек” газетіне (қазіргі “Атамекен”) газетінде корректор, әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. Ал, 1973 жылы Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1979 жылы бітірген.
«Екпінді еңбек» газетінде тілші, жауапты хатшы, радиоұйымдастырушы, редактордың орынбасары, 1980-1987 жылдары осы газеттіңбас редакторы болды. 1986 жылдан аудандық «Отан» қоғамының төрағасы, халықаралық Жамбыл қорының бас директоры, республикалық Қарасай батыр қорының директоры,Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының директоры сияқты жұмыстар атқарып, белсенді қайраткерлік танытты. 2000 жылғы 1 қарашадан республикалық кітап музейінде директор қызметін атқарды. 2016 жылдан ЮНЕСКО-ның Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. «Бәйдібек баба» республикалық қорының президенті.
Халықаралық деңгейдегі жазушы ретінде кітаптары шетелдерде сол елдің тілдерінде – орыс, өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, түрік тілдерінде шыққан.
1980 жылы «Жалын» баспасынан «Еңлікгүл» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көріп, содан бері ондаған прозалық жинақтар шығарған. Олардың қатарында «Ерекше тапсырма» (1981), «Дос жүрегі» (1985), «Қызыл елік (1986) , «Таудан түскен тұман» (1993), «Махаббатсыз өмір жоқ» (1994), «Бойтұмар» (1995), «Жерошақтың түтіні» (2002), «Біздің ауыл тау жақта» (2007), «Құт пен жұт» (2008), «Шамшырақ» (2008), «Суықтөбенің ұлары» (2011), «Құс қанаты» (2013), «Миллионер» (2023) атты әңгімелер мен хикаяттар жинақтары бар. «Қарасай батыр» және «Кек» атты романдардың авторы.
2015 жылы үш томдық шығармалар жинағы (повестер мен әңгімелері), 2020 төрт томдық шығармалар жинағы жылы жарық көрген. Қаламгер – елу бес кітаптың авторы, көптеген ғылыми еңбек жазып, бірнеше жинақ құрастырған.
2021 жылы Жамбыл мұрасының жайлы 40 томдық жинағын құрастырып, шығарды. 2024 жылы Сүйінбай ақынның 10 томдық толық шығармалар жинағын құрастырды. Нағашыбек Қапалбекұлы тарихи тақырыптарға жиі барады. Атақты бабамыз Жамбыл және оның ақындық төңірегі жөнінде ізденіп зерттеп, ел мен жер, өткен мен бүгін жайлы сабақтастыра отырып, танымдық тағлымы мол дүниелер жазды. Оның кейіпкерлері – қазақ елінің біртуар перзенттері: Қарасай, Шапырашты Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Бекболат секілді дулығалы батырлар, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Әбдіғали, Есдәулет, Саяділ секілді дуалы ауызды ақындар, Фараби мен Абай, Төле би, Жамбылдың ақын шәкірттері, Балуан Шолақ, Сарыбай би, Андас датқа, Тезек төре, Медеу Пұсырманұлы, Мақыш балуан, Құртқа тәуіп, Түктібай қобызшы, Сәт болыс, Қырбай сал және тағы да басқа тарихи тұлғалар.
«Жамбыл әлемі» атты үш тілдегі фотоальбом, «Төле би», «Балуан Шолақ», «Сыпатай батыр», «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр», «Сарыбай би», «Ғибрат», «Ата тағлымы», «Оспанханнан қалған сөз», «Іңкәр сезім – сырлы әуен», «Кітап әлеміне саяхат», «Батаменен ел көгерер», Үмбетәлі Кәрібаевтың 2 томдығы тағы да басқа жинақтар құрастырды. Бірнеше телефильм мен видеофильмдерге сценарий, пьесалар жазды.
«Өнегелі өмір» сериясымен әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде Н.Қапалбекұлының жазушы, тарихшы-зерттеуші, қоғам қайраткерлігі жайында бір томдық кітап жарық көрді.
Ұлы Жамбылдың 150,175 жылдығын, Қарасай батырдың 400 жылдығын, Төле бидің 350 жылдығын басқа да көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойларын ұйымдастырып, кітаптарын шығарып, түрлі ғылыми конференция-кештер өткізуге белсене атсалысқан.
Н.Қапалбекұлының кітаптары мен шығармалары Ресейде, Түркияда, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда аударылып, басылды.
Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылығы туралы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов кезінде «Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының бұрын да басқа кітаптарын оқып, ерекше сүйсінген едім, бүгінгі өмірге тән шыншылдығымен оқырманын бірден баурап әкетеді» деп жазса, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов «Нағашыбек Қапалбекұлының әңгімелері мен повестері адам жанына жақын, оқырман қауымын өзіне тез тартып ала кетеді. Себебі, шығармадағы шиеленісті көркем бейне, кейіпкер тілі арқылы ғана толығымен, нақышына келтіре отырып жеткізе алады» деп баға берген.
Алған мемлекеттік наградалары:
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
«Құрмет» орденімен және оннан астам мемлекеттік медальдармен наградталған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының «20 лет содружество ООН» халықаралық ордені
Ресейдің «100 лет Вооруженных силам» ордені
Құрметті азамат атағын мына аймақтардан алды:
Алматы облысының Құрметті азаматы
Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы
Алматы облысы Қарасай ауданының құрметті азаматы
Академик атағын алған ғылыми орындар:
Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық академиясының академигі
Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
Қазақстан журналистика академиясының академигі
Халықаралық Экология академиясының академигі
Салт-дәстүр академиясының академигі
Құртқа тәуіп атындағы ғылыми академиясының академигі
Профессор атағын берген жоғары оқу орындары:
Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры
Қонаев атындағы заң гуманитарлық университетінің профессоры
Статистика және экономика академиясының профессоры
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
Алған атақтары:
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері
Чувашияның халық батыры, тархан атағы 2022ж.
Халықаралық «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Т.Сатылғанов атындағы сыйлығының лауреаты
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2 мәрте және СССР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды.
Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты
Чувашияның әдебиет жөніндегі 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Журналистикасының қайраткері.
Бірнеше мәрте аудандық кеңеске депутат болып сайланған.
Н.Қапалбекұлының әкесі Қапалбек Егізбаев (1916-1980) Ұлы Отан соғысының ардагері, үш орден 14 медальмен наградталған колхозшы. Ерлігі мен еңбегі үшін Қарғалы ауылындағы бір көшеге Қапалбек Егізбаевтың есімі берілген. Шешесі – Егізбаева Күлиман (1927-1971) бес баланың анасы.
Нағашыбек Қапалбекұлы 1968–1970 жылдары Кеңес Одағының Қиыр Шығысында әскери борышын өтеп қайтты. Ол Приморье өлкесіндегі 1969 жылы шекарада Даманск аралы соғысына қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақстан Республикасы Даманск оқиғасы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Нағашыбек Қапалбекұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар
Көрнекті қазақ қаламгері Нағашыбек Қапалбекұлы жазған «Томар» туындысы — адам жанының нәзік иірімдері мен өмірлік құндылықтарды көркем тілмен өрнектеген мазмұнды шығарма. Автор өз кейіпкерлерінің іс-әрекеті мен ой-толғаныстары арқылы дәуірдің рухани келбетін сомдайды.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Қазақ прозасындағы шағын жанрдың дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Нағашыбек Қапалбекұлы шығармашылығында «Аспанға ұшқан ақ періштелер» әңгімесі ерекше орын алады. Бұл туындыда автор өмірлік детальдар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен заман шындығын шебер ашады.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Қазақ прозасындағы шағын жанрдың дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Нағашыбек Қапалбекұлы шығармашылығында «Кеуде» әңгімесі ерекше орын алады. Бұл туындыда автор өмірлік детальдар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен заман шындығын шебер ашады.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Қазақ прозасындағы шағын жанрдың дамуына елеулі үлес қосқан қаламгер Нағашыбек Қапалбекұлы шығармашылығында «Томар» әңгімесі ерекше орын алады. Бұл туындыда автор өмірлік детальдар арқылы кейіпкердің ішкі жан дүниесі мен заман шындығын шебер ашады.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбек — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.
Нағашыбек Қапалбек · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Әзілхан Нұршайықов · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.
Нағашыбек Қапалбекұлы · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Олжас Сүлейменов · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Олжас Сүлейменов · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Олжас Сүлейменов · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Олжас Сүлейменов · 11.10.2026
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Олжас Сүлейменов · 11.10.2026Нағашыбек Қапалбекұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
«Әдебиет порталы» қорындағы Нағашыбек Қапалбекұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Нағашыбек Қапалбекұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Нағашыбек Қапалбекұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Нағашыбек Қапалбекұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз
НБ
Нұрлан Бәйімбетұлы
2 шығарма
ББ
Бекболат Бекмұратұлы
5 шығарма
ҚҒ
Қанат Ғұмаров
5 шығарма
ТЖ
Тұрсын Жұмаш
2 шығарма
ҒМ
Ғалымқайыр Мұтанов
7 шығарма
ДБ
Дулат Бабатайұлы
41 шығарма
АС
Азамат Серікұлы
4 шығарма
ГЖ
Гүлнар Жұмабайқызы
2 шығарма
СМ
Серікқали Мұқашев
5 шығарма
ЕҚ
Ермек Қаныкейұлы
4 шығарма
ҚӘ
Қасымхан Әубәкірұлы
9 шығарма