Мазмұнға өту
telegei
Нұрғали Нүсіпжанов
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Поэзия

Нұрғали Нүсіпжанов

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937, Доланалы, Гвардия ауданы, Талдықорған облысы) — әнші, Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
11 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Нұрғали Нүсіпжанов қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Нұрғали Нүсіпжанұлы Нүсіпжанов (5 қаңтар, 1937, Доланалы, Гвардия ауданы, Талдықорған облысы) — әнші, Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.

Жалпы мәліметтер

Уикипедия / Telegei ↗

Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы, қазіргі Жетісу облысы, Кербұлақ ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгей-теріскейін мекендеген.

Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Көркемөнер ұйымының құрамында үшінші сыныпта жүрген шағында сайлау алдындағы ата-аналарға арналған концерттердің бірінде «Қызыл бидай», «Қыздар-ай» әндерін орындағаны үшін мақтау қағазын алды. Нұрғали студенттер мен жастар арасында Мәскеуде өтетін фестивальге жолдама алу үшін ауылдық, облыстық конкурстардан өтеді. Ақыры Алматыдағы қорытынды байқауға қатысты. Әділқазылар алқасы Нұрғалидың ән салушылық қабілетін көріп, консерваторияға қабылдауға ұсынды.

Он тоғыз жасқа келген Нұрғалиды ән өнерін кәсіби, жан-жақты білім алу мақсаты алға тартты. Ол 1956 жылы музыка өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына оқуға қабылданды. Мұнда ол белгілі ұстаз – Қазақстанның халық әртісі Надежда Николаевна Самышинаның класында жеті жыл оқыды. Ұстазға Нұрғалидың кең тынысты, сазды дауысы ұнады. Нұрғали консерваторияны бітірген соң Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына қызметке жіберілді. Осы кезде Нұрғали Қазақстанның кейбір аймақтарында концерттер бере бастаған. Мұнда ол екі жылдай әншілік қызмет атқарды. Ол жеке әнші болуды аңсады. Қызмет жолы оны Қазақ телевизиясы мен радио хабарларын тарататын мемлекеттік комитетіне әкелді. Бұл ұжымда Нұрғали музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісіне дейін көтерілді. Осы ұжымда Нұрғали Нүсіпжанов (1966 – 1976) он жыл қызмет етті. Қызмет бабы Нұрғалиға әншілікті кең атқаруға бағыштады, ол концерттерге тікелей қатысуды қалады. Оның бұл талабы 1976 жылы орындалды. Нұрғали Нүсіпжанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестріне жетекші әншілікке қабылданды. Осы сәттен бастап оның ән шырқауына даңғыл жол ашылды, ол әншілік шеберлігімен көрермен қауым алдында құлашын жайды.

1956 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Ұстазы – Қазақ КСР халық артисі Надежда Николаевна Самышина.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Қазақтың әйгілі композиторы, халық қаһарманы, КСРО халық әртісі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан.

Әнші Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы АХА оркестрінде 20 жыл жетекші әнші болып қызмет атқарған соң, «Қазақконцерт» бірлестігі жанынан «Жазира» атты аспаптық ансамблін ашты. Енді Нұрғали жастарды таңдауға, ансамбльге тартуға белін бекем буып кірісті. Әрі қарай ансамбль еліміздің түпкір-түпкіріде концерттер бере бастады. Алжирде де өнерлерін көрсетіп, сол елдегі Кеңес елшілігі қабылдауында болған-ды, сонда, ұжым Құрмет мақтау қағазымен марапатталды.

Жанұясы, туған-туыстары Нұрғалидың 70 жылдық мерейтойы қңында «Өз елім» (мақалалар, сұхбаттар жинағы) кітабын жарыққа шығарды.

Қазақ халқының толағай көңіл ықыласымен сүйетін әншісі Нұрғали Нүсіпжанов бұл күндері қазақ халқына аянбай, барлық табиғат берген дарынын арнауда. Оның алдағы жылдары сүйсіндірер шығармашылығы үдей түсер.

Гастролдік сапары

Уикипедия / Telegei ↗

Нұрғали Нүсіпжанұлының концерттік бай бағдарламасымен бүкіл Қазақстанды шарлап, ең алыс деген елді мекендерде өнерін көрсетіп, республикамыздың алыс-жақын аудандары мен облыстарында, шалғай елді мекендерде шағын фольклорлық, эстрадалық ансамбльдердің көптеп дүниеге келуіне ықпал етті. Ақиық әнші Қазақстанның орындаушылық өнерін Швеция, Финляндия, Моңғолия, Ауғанстан, Йемен, Ангола, Кипр, Португалия, Сирия, Грекия, Югославия, Алжир, Германия, Түркия, Польша, Қытай сияқты және басқа да көптеген шет елдерде абыроймен таныта білді.

Еңбек жолы

Уикипедия / Telegei ↗

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында әнші;

1966 – 1976 жылдары Қазақ телевизиясы мен радио хабарын тарататын мемлекеттік комитетінде музыкалық хабарлар редакторлығынан редакция меңгерушісі;

1976 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрінің жетекші әншісі болған (20жыл);

Қазіргі таңда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Н. Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің солисі болып жұмыс істейді.

Марапаттары

Уикипедия / Telegei ↗

Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты;

Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (құрметті атағы);

Қазақстанның халық әртісі (құрметті атағы);

Өзбекстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері (құрметті атағы);

Қырғыздың Абылас Молдабаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты;

Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

«Құрмет ордені»;

2011 жылы президент жарлығымен «Парасат ордені» мен марапатталған.

2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальі;

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Нұрғали Нүсіпжанов шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу
Өмірбаян

Нұрғали Нүсіпжанов: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Нұрғали Нүсіпжанов — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Нұрғали Нүсіпжанов · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Нұрғали Нүсіпжанов туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

11 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Армандастар (ән)

халық әртісі Сара Тыныштығұлова орындаған. Кейін «Армандастар» әні Нұрғали Нүсіпжанов , Сұлушаш Нұрмағамбетова, Мақпал Жүнісова т.б. әншілердің әнқоржынына

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова

марапатталған. Әкесі: әнші, Қазақ КСР халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғали Нүсіпжанов Анасы: Айгүл Бауырлары: Алма, Дариға, Нұргүл, Нұрзар.

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Ернар Айдар

орай Ернар Айдар Қазақстан халық әртістері Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов , Алтынбек Қоразбаев, Мирамбек Беспаев, Тоқтар Серіков, Мұхасан Шахзадаев

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Қазақтың 100 әні

көктем» (Әсет Бейсеуов) - Роза Рымбаева «Өз елім» (Нұрғиса Тілендиев) - Нұрғали Нүсіпжанов «Ғашықтар жыры» (Мұрат Құсайынов) - «Дос-Мұқасан» ансамблі «Ойжайлау»

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақ мемлекеттік филармониясы

Жамал Омарова, Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов , Нұрғиса Тілендиев, Ахмет Жұбанов сынды өнер адамдары үлес қосқан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Люция Қажығалиқызы Төлешова

Қойшыбаева, Гүлвира Разиева, Венера Қармысова, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғали Нүсіпжанов сынды халық қалаулыларымен бірлесіп қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосты

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Бейбіт Құсанбек

Кәукен Кенжетаев, Бекен Жылысбаев, Нұржұман Ықтымбаев, Сахи Роман, Нұрғали Нүсіпжанов , Қаршыға Ахмедияров, Біләл Ысқақ, Қажыбек Бекбосынов, Тілектес Мейрамов

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Нұрғали Нүсіпжанов — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Нұрғали Нүсіпжанов туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Нұрғали Нүсіпжанов — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Нұрғали Нүсіпжанов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Нұрғали Нүсіпжанов — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Нұрғали Нүсіпжанов мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Нұрғали Нүсіпжанов — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Нұрғали Нүсіпжанов өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз