Ақыт Үлімжіұлының «Жиырма тоғыз қаріп» өлеңіндегі иман мәселелері
Нұр-Мүбарак университеті
ДінНұр-Мүбарак университеті қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер
Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Қазақстан мен Египет Араб республикасы арасындағы ортақ келісіммен іргетасы 1993 жылы қаланған жоғары білім ордасы. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1993 жылы Мысыр еліне сапарында Египет Араб Республикасының Президетімен кездесуінде Қазақстанда ислами жоғары оқу орнын ашуға байланысты шешім қабылдады. Алматыда ислами ЖОО-ның кешенін салу үшін арнайы жер қарастырылып, 6 гектар жер бөлінді. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңіндегі бұл батыл шешім ел бірлігі мен болашағына жасалған нақты қадам болды. 1993 жылы 16 маусымда ҚР Президенті Н.Назарбаев пен ЕАР Уақыфтар министрі Мұхамед әл-Махжубтың университет қалашығының алғашқы тасын қалау рәсімі өтті.
Іргетасы қаланған бастама 2000 жылы, сол кездегі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі мырзаның Египетке сапары барысында мемлекеттің ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізу нәтижесінде қолға алынып, алғашқы студенттерді қабылдау шаралары жүргізіліп, бір жылдан кейін 1 қыркүйекте алғашқы дәріс беріле бастады.
Қос мемлекет басшыларының келісімі ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарғысымен күшіне енді.
Қамқорлар алқасымен университет жарғысы бекітіліп, ЖОО-ның басшылығын тағайындау бойынша ректор ЕАР-ның азаматы, проректор ҚР-ның азаматы болуы шарт етілді. Алқа келісімінің шешімімен университеттің алғашқы ректоры болып академик, профессор Махмұд Фахми Хижази, проректоры филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім тағайындалды.
ҚР-ның заңдары мен екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жарғысы негізінде жұмыс атқара бастаған университетке басшылық жасау мен оның екі жақты қызметін үйлестіруші Қамқорлар кеңесі құрылды.
Қамқорлар кеңесінің 2014 жылғы кезекті басқосуы шешімімен Нұр-Мүбарак университетінің ректорлығына Әл-Азһар университетінің профессоры, доктор Жуда Абдулғани Басюни тағайындалды. Докторлық диссертацияны Ханафи фиқһы бойынша қорғаған Ж.А.Басюни Әл-Азһардың "Шариғат және заң" факультетіндегі Фиқһ кафедрасының меңгерушісі және факультет деканы қызметтерін атқарған. Шариғат саласы ғалымының есімі өз елінде ғана емес, халықаралық деңгейдегі ислами ғылым орталарына танымал.
Қамқорлар кеңесі Университеттің алғашқы құрылған сәтінен бастап, оқу орнының базасының күшейіп мемлекеттік лицензия алуы, исламтану мамандығының «5В050600–Исламтану» шифрымен мемлекеттік классификатор тізіміне еніп, грант бөліне бастауы, бакалавриатпен қатар магистратура, докторантура бөлімдерінің ашылып, мемлекеттік грант белгіленуі, ғылыми-зерттеу орталығын ұйымдастырудағы доктор, профессор Шәмшәдин Тұрсынұлы Керім мырзаның біліктілігін бағалай отырып, проректорлық қызметке үшінші мәрте қайта тағайындады.
Қамқорлар кеңесі – екі елдің лауазымды тұлғаларынан құрылған университеттің ең жоғарғы басқару органы.
ҚР тарапынан:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі – тең төраға;
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі – мүше;
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти – мүше;
Алматы қаласының әкімі – мүше;
ҚР Сыртқы істер Вице-министрі – мүше;
ҚР-ның ЕАР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше;
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы – мүше;
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры – мүше;
Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің ректоры – мүше;
ЕАР тарапынан:
ЕАР-дың Уақыфтар министрі – тең төраға;
ЕАР-дың мүфтиі – мүше;
Әл-Әзһар университетінің ректоры – мүше;
Әл-Әзһар университетінің өкілі – мүше;
Каир университетінің ректоры – мүше;
ЕАР- дың ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі – мүше;
ЕАР Уақыфтар министрінің қарауына орай үш көрнекті қоғам қайраткерлері – мүшелер.
Аты-жөні: Ахмед Хусейн Мухаммад Ибрахим
Лауазымы мен жұмысы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, Алматы, Қазақстан.
Тәжірибесі мен қызметі:
1988 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының қызметкері;
1994 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының ассистенті;
1998 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының оқытушысы;
2003 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының доценті;
2011 ж. Дағуат факультеті Діндер және мәзһабтар кафедрасының профессоры;
2001-2009 жж. Сауд Арабия патшалығы Малик Халид университеті, Шариғат және дін негіздері факультетінің доценті;
2018-2022 жж. Әл-Әзһар университеті, Дағуат факультеті деканы;
Әл-Азһар университетінің қауымдастырылған профессорлары мен профессорларының қызметін жоғарылату жөніндегі тұрақты ғылыми комитеттің мүшесі;
Замалек қаласындағы Жоғары Ислам зерттеулері институтының комиссия мүшесі;
Мысыр Уақыфтар министрлігі жанындағы мешіттердің сапасын бағалау комитетінің мүшесі;
Бүкіл ислам әлеміндегі имамдар мен уағызшыларды дайындайтын Әл-Азһар академиясының лекторы;
Халықаралық Ауқоф академиясының лекторы;
Каирдегі әл-Азһар түлектерінің халықаралық ұйымының оқытушысы;
Жаңа имамдарды даярлау және біліктілігін арттырудың негізгі бағдарламалары бойынша оқытушы;
Мысыр Уақыфтар министрлігіне қарасты Ислам мәдениеті орталығының деканы (Байн әл-Сарайет);
Уақыптар министрлігінің мәдени орталықтарында оқытушы;
Әз-Әзһар мешіті дәрісханасының лекторы.
18-ге жуық ғылыми еңбектер авторы, 91-ге жуық докторлық және магистрлік диссертацияларға жетекшілік етіп, қорғауға қатысқан.
Аты-жөні: Оңғар Ершат Ағыбайұлы
Лауазымы мен жұмысы: Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, Алматы, Қазақстан.
Тәжірибесі мен қызметі:
• 2007-2009 жж – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында маман, бөлім бастығы;
• 2009-2011 жж. – Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы;
• 2011-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі, Алматы Дін істері департаментінің директоры (м.а.), Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығында Исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы;
• 2015-2017 жж. – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде доцент;
• 2013-2019 жж. ҚМДБ Уағыз-насихат, халықаралық байланыс және хаттама бөлімдерінің меңгерушісі;
• 2019-2024 жж. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти;
• 2024 жж. Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, Бас мүфти кеңесшісі.
• Жарияланған ғылыми еңбектерінің саны - 30.
• Жарық көрген кітаптар тізімі - 27.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің миссиясы – жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындау, гуманитарлық және педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, қоғамның ғылыми және діни-рухани әлеуетін көтеру
Осы орайда университет ұлттық және халықаралық еңбек нарықтарында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие дін және тіл мамандарын қалыптастыру, білім беру және ғылымды дамыту арқылы елімізде және Орта Азияда діни тұрақтылық пен діннің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу және қоғамның дамуында сапалы жаңа нәтижеге қол жеткізу секілді ұлық мақсатты алдына қояды.
Жалпы білім беру пәндері кафедрасы
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы
Исламтану кафедрасы Ислам ілімдері факультетінің негізінде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ашылған 2001 жылы құрылды. Оқытушылар саны – 64. Оның ішінде: ғылым докторы – 1,қауымдастырылған профессор доцент - 1, PhD доктор – 29 (оның ішінде қауымдастырылған профессор – 6); магистр аға оқытушы – 12; магистр оқытушы – 13, штаттан тыс – 8 оқытушы.
Исламтану кафедрасы 2001 жылдан бері жоғары білімді исламтанушыларды дайындап келеді.
2001-2012 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болып шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Ато ас-Сынбати,
2013-2014 жылдары Шариғат ғылымдарының докторы (PhD) Атыия Фатхи Мұхаммед Əли əл-Фиқи қызмет етті.
2014-2017 жылдары кафедра меңгерушісі қызметін негізгі ислам білімдері ғылымының докторы (PhD), қауымдастырылған профессор Шамшат Амангелдіқызы Əділбаева атқарды.
2017 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD Нұрлан Сайлауұлы Анарбаев атқарып келеді.
Алғашқы курстан араб тілі оқытылып, екінші курстан бастап араб тілінде Мысырдың əл-Əзһар университетінің ақида, фиқһ, хадис жəне тəпсір салаларының доктор, профессорлары дəріс береді. Сондай-ақ, отандық доктор, профессорлар:
• Исламдағы отбасы құқығы
• Матуриди ақидасы
• Тасауф ілімі
• Хадис әдіснамасы
• Исламдағы мирас мәселелері
• Құран ілімдеріне кіріспе
• Ислам ғибадаты
• Хадистану
• Ислам тарихы т.б. пəндер бойынша дəріс береді.
Нұр-Мүбарак университеті туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар
қыркүйегіне дейін Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры; 2018-2024 жылдар аралығында Нұр - Мүбарак университеті жанындағы Әбу Ханифа
2008-2014жж. Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті , Дінтану кафедрасының доценті. Қауымдастырылған профессор (доцент); 2014ж.-2020ж. Нұр - Мүбарак Египет
қазіргі Қазақ ұлттық университеті ) және аспирантурасын (1993), докторантурасын (2000), Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті )н (2006) бітірген
оқу орындары: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті « Нұр - Мүбарак » Египет ислам мәдениеті университеті . Әл-Фараби даңғылы - бұл Алматыдағы ең көп жаңа
аралығында ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти. 2024 жылдан бастап Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры, Бас мүфти кеңесшісі
және интернет, Әйелдер-қыздар бөлімі Іс басқармасы. Нұр - Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институты
қазақстандық жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті » деген атаумен құрылған. 1930 жылы ол Қазақ мемлекеттік педагогикалық
«Әдебиет порталы» қорындағы Нұр-Мүбарак университеті туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.
Abai.kz сайтында жарияланған Нұр-Мүбарак университеті шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.
«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Нұр-Мүбарак университеті мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.
Қазақша Уикипедиядағы Нұр-Мүбарак университеті өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.
Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз