Мазмұнға өту
telegei
О. Генри
Қаламгер · Әлем әдебиеті

О. Генри

О. Генри (ағылш. O. Henry) лақап атымен белгілі болған Уильям Сидни Портер (ағылш. William Sydney Porter; 1862—1910) — америкалық жазушы, новелла жанрының хас шебері. Оның хикаяттары әзілге толы және күтпеген финалмен ерекшеленеді.

2 Кітаптары
2 Әңгіме мен мақала
4 Зерттеу мен эссе
21 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

О. Генри қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

4 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

2 материал
Әңгіме / Туынды

Сыйға – сый

О. Генри — «Сыйға – сый» (Аударма әңгіме). Бір доллар сексен жеті цент. Небары осы ғана. Оның да алпысы бір центтіктен. Әрбір цент үшін ет сататын, ине-жіп сататын, көк-азық сататындармен қанша саудаласатын еді! Үнсіз наразылықтарынан құлақтары қызарып кететін.

09.10.2026
Әңгіме / Туынды

Рождество тартуы

О. Генри — «Рождество тартуы» (Аударма әңгіме). 1 доллар, 87 цент. Бар болғаны осы ғана. Ол әр күні дүкендерге барғанда бар ақшасын үнемдеп, арзан ет пен көкөністер ғана сатып алатын. Тіпті, дүкен біткеннен арзан тағам іздеп қатты қалжырап кететін. Солай болса да ыждаһатпен тиын-тебенін...

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

О. Генри (ағылш. O. Henry) лақап атымен белгілі болған Уильям Сидни Портер (ағылш. William Sydney Porter; 1862—1910) — америкалық жазушы, новелла жанрының хас шебері. Оның хикаяттары әзілге толы және күтпеген финалмен ерекшеленеді.

Уильям Сидни Портер 1862 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ–тың Солтүстік Каролина штатындағы Гринсборо қаласында дүниеге келді. Үш жасында анасы туберкүлез ауруынан қайтыс болды. Кейінрек әкесі жағынан туыс болып келетін әпкесінің қамқорлығында өседі. Мектеп бітірген соң фармацевт мамандығына оқып, дәріханада жұмыс жасайды. Үш жылдан кейін Техасқа барып, әртүрлі жұмыстар істейді. Ранчода, жер басқармасында қызмет етеді. Кейін Техас штатындағы Остин қаласында есеп жүргізетін банкте кассир қызметінде болды.

Жазушының алғашқы әдеби тәжірибелері 1880-шы жылдың бас кезінде басталды. 1894 жылы Портер Остинде Роллинг Стоун атты әзіл–оспақ апталық журналын шығара бастады. Бұл журналда жазушы өзінің әзілдерін, өлеңдері мен суреттерін енгізді. Өкінішке орай, аталмыш журнал бір жылдан соң өз жұмысын тоқтатты. Дәл осы кезеңде Портерді банктен ақша жетіспеушілігі үшін жұмыстан шығарып, сотқа берді.

Портерге тағылған айыптан кейін ол алғашында Гондурас қаласында, кейін Оңтүстік Америкада құқық қорғаушылардан тасаланып жүреді. Ол жерлерден қайтқан уақытында ұсталып, Огайо штатындағы Колумбус түрмесіне 1898—1901 жылдар аралығында үш жылға бас бостандығынан айырылады.

Түрмеде Портер шағын әскери ауруханада жұмыс жасап, шағын әңгімелер жазып, өзіне лақап ат іздеуге кірісті. Көп ойлана келе Портер өзіне О. Генри атты лақап атқа тоқталады (көбінде есім — O’Henry ирландық фамилиясы бойынша қате жазылып келеді). Бұл есімнің шығу тегі бұлыңғыр. Жазушының өзі бұл есімнің тарихы туралы: "Генри есімі ақсүйктік басылымдардың бағанынан алынды, ал О инициалы ең қарапайым таңба ретінде таңдалып алынды" деген екен. Сондай–ақ, жазушы газеттердің біріне Olivier (француз есімі — Оливье) атының қысқарған түрі деп те айтқан болатын. Шындығында, жазушы өзінің көптеген әңгімелерін Olivier Henry есімімен берген. Басқа дәлелдерге қарасақ, есім сол кездегі медициналық анықтамаларымен танымал француз фармацевті Этьен Осеан Анридің (Etienne Ocean Henry) есімімен тығыз байланысты. Есім жайындағы тағы бір болжамды ғалым әрі жазушы Гай Дэвенпорт былай дейді: «О. Генри» есімі автордың өзі отырған түрмесінің қысқарған аты — Ohio Penitentiary. Портер алғашқы 1899 жылы басылып шыққан «Рождественский подарок Дика-Свистуна» атты әңгімесін автор түрмеде отырғанда жазған.

О. Генридің жалғыз «Орамжапырақ және патшалар» романы 1904 жылы жарық көрді. Осы басылымнан кейін бірқатар әңгімелер жинағы жарық көрді: «Төрт миллион» (The four million, 1906 жылы), «Жанып тұрған шам» (The trimmed Lamp, 1907 жылы), «Батыстың жүрегі» (Heart of the West, 1907 жылы), «Қала дауысы» (The Voice of the City, 1908 жылы), «Игілікті алдамшы» (The Gentle Grafter, 1908 жылы), «Тағдыр жолдары» (Roads of Destiny, 1909 жылы), «Таңдаулар» (Options, 1909 жылы), «Нақты істер» (Strictly Business, 1910 жылы) және «Бұралымдар» (Whirligigs, 1910 жылы).

Жазушы өмірінің соңына қарай бауыр циррозы мен диабет ауруларымен көп ауырған. Жазушы Нью-Йорк қаласында 1910 жылы 5 маусымда қайтыс болады.

О. Генридің қазасынан кейін жарық көрген «Постскриптумдер» (Postscripts) жинағына жазушының Техас штатында (Хьюстон, 1895—1896 жылы) шығарылатын «Пошта» газетіне арналып жазылған фельетондары, әзіл–оспақ естеліктері енген болатын. О. Генри шығармашылығы жалпы саны 273 әңгімеден тұрады. Шығармаларының толық жинағы 18 томды құрайды.

Шығармашылығындағы ерекшеліктер

Уикипедия / Telegei ↗

О. Генри — америкалық әдебиеттегі "қысқа әңгімелер" (short-story) жанрының шебері. Өлер алдында О. Генри өзінің әлдеқайда салмақты жанр — роман жанрында қалам тартқысы келетіндігін былай білдірген: "менің қазіргі кезде жақып жүрген дүнием бір жылдан кейін жазатын еңбегімнің қасында жай ғана қаламымның сынамасы".

Алайда бұл пікір шындыққа айналған жоқ. Содан О. Генри өзінің еңбегін қалыпты юмор жанрында әңгімелер жаза берді. Осы кездерде жазушы әлеуметтік мәселелерге ден қойып, буржуазды қоғамға қарсы өзінің азаматтық ұстанымдарын ашық айтқан тұсы болды.(Дженнингс «Через тьму с О. Генри»).

О. Генридің шығармаларына арқау болған кейіпкерлер әралуан: миллионерлер, ковбойлар, алыпсатарлар, кір жуатын әйел, қарақшылар, қаржыгерлер, саясаттанушылар, жазушылар, әртістер, суретшілер, жұмысшылар, инженерлер, өрт сөндірушілер.

О. Генри қысқа әңгімелердің ең алғашқы бастамашысы емес. Ол тек Олдрич, Томас Бэйлидің кезінде қалыптасқан бар жанрды жалғастырды, дамытты. Бірақ О. Генридің сонылығы шығармаларындағы өткір сөздері мен жаргондардың керемет көрінуінде, диалогтардың ерекшелігінде.

О. Генри сыйлығы

Уикипедия / Telegei ↗

Жазушы қазасынан кейін сегіз жыл өткен соң жазушы мұрасына деген мәңгі естелік ретінде жыл сайын О. Генри сыйлығы тағайындалады.

Шығармалары

Уикипедия / Telegei ↗

Роман:

«Орамжапырақ және патшалар» — Cabbages And Kings, 1904 ж.

Әңгімелер жинағы:

«Төрт миллион» — The Four Million, 1906 ж.

«Жанған шырақ» — The Trimmed Lamp, 1907 ж.

«Батыстың жүрегі» — Heart Of The West, 1907 ж.

«Мейірбан алаяқ» — The Gentle Grafter, 1908 ж.

«Үлкен қаланың үні» — The Voice Of The City, 1908 ж.

«Тағдыр жолдары» — Roads Of Destiny, 1909 ж.

«Таңдаулар» — Options, 1909 ж.

«Бұралымдар» — Whirligigs, 1910 ж.

«Іскер адамдар» — Strictly Business, 1910 ж.

«Алтылықтар мен жетіліктер» — Sixes And Sevens, 1911 ж.

«Домалаған тастар» — Rolling Stones, 1912 ж.

«Панасыз жандар» — Waifs And Strays, 1917 ж.

Цитаталары

Уикипедия / Telegei ↗

«Мен Мэй Марту Мангэмді көріп, оның аяғына жығылдым. Ол тек он сегіз жаста еді; оның терісі жап–жаңа рояльдің ақ клавиштері сияқты болды, ол өте әдемі еді, өзіне тән қаталдық пен қызықсыз техастық жайылмаларда өмір сүруге мәжбүр болған періштенікіндей көңіл ұйытатын жарқындық бар еді.»(Қазына).

«Адамға бір ғана жалғыз дос керек. Сіздің жаныңызда айналсоқтап жүрген адам сіздің вискиіңізден дәм татып, сізді арқаға қағып, сізді қалай жақсы көретіндігі туралы айтып сіздің уақытыңызды алса, онда ол адам сізге дос емес. Тіпті сіз онымен мектеп кезінде тас ойнасаңыз да, бір көлден балық ауласаңыз да. Егер сізге шын дос керек болмаса, әзірге жаңағы дос та жарай берді. Бірақ, шынайы дос, меніңше, сіз арқа сүйейтін дос болуы керек…».

«Мен одан: — Сіз өз тағдырыңыздың сиқырын бәсеңдетуді көрмеп пе едіңіз? – деп сұрадым. Мысалы, көз тоймас ажарыңызды жабатын вуаль жабынғыңыз келмей ме? Немесе әдемі дауысыңызбен екі-үш қатты нотада сөйлегіңіз келмеді ме? Қысқасы, өзіңіз қалай да осы ханымды тастаймын деп ойламап па едіңіз?» (Достым, көмекке кел!)

«— Сіз менің тауық емес, тіпті де қармаққа іліне қоятын балық емес екенімді әлі түсінбедіңіз бе? Менің қармаққа іліне салуымды күту — арқауы кеткен іс.» (Кім биік?)

«Мәселе біз таңдаған жолда емес. Біздің ішіміздегі нәрсе бізді сол жолды таңдауға мәжбүрлейді.»

«Боливар екеуін көтере алмайды (Боливарға екеуін апару қиынға соғады).» (Біз таңдайтын жолдар)

«Оның күлкісінен түйетікен де қыстың желтоқсанында да гүлдейтін еді.»

Экрандалуы

Уикипедия / Telegei ↗

1933 жылы – кеңестік режиссёр Лев Кулешов О. Генридің өмірінен деректер мен екі новелласының негізінде, "Ұлы жұбатушы" атты фильм түсірді.

1952 жылы – О. Генри әңгімелерінің желісімен және де Мэрилин Монроның қатысуымен америкалық "Қызыл нәсілділердің көсемі және басқалар" фильмі түсірілді.

1963 жылы – кеңестік режиссёр Леонид Гайдай "Іскер адамдар" атты трилогиясын түсірді.

1978 жылы — "Патша және қырыққабат" романының желісі бойынша режиссёр Николай Рашеев "Патшалар және қырыққабат" атты фильмін түсірді.

1978 жылы — режиссёр Альгимантас Пуйпа "Қымбаттым, гангстер болмаймын" атты фильм түсірді.

1984 жылы — О. Генри новеллаларының желісі бойынша режиссёр Тынис Каск "Екі қос және жалғыздық" атты фильм түсірді.

The Complete Works of O. Henry, Nelson Doubleday, Garden City, N.-Y., 1927 жыл.

O. Henry. A Biography, by Alphonse Smith.

Э. Дженнингс өзінің «О. Генри на дне» атты кітабында жазушы тұлғасын суреттеген, Гиз (Through the Shadows with O.Henry, by Al. Jennings)

Е. О’Brien The Advance of the American short-story, N.-Y., 1923 жыл.

В. М. Фриче. «Үш американдық», «Новый мир», 1925 жылғы № 5 санында.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

О. Генри шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

4 зерттеу
Әдеби материал

Сиқыршылардың сыйлығы

Делла мен Жим — бір-бірін шексіз сүйетін кедей ерлі-зайыптылар. Рождество қарсаңында олар бір-біріне лайықты сыйлық алу үшін өздерінің ең асыл қазыналарын құрбан етеді. Бұл әңгіме — шынайы махаббат пен рухани жомарттық туралы әлемдік әдебиеттің жауһары.

O. Henry · 15.04.2026
Әдеби материал

Кактус: Мақтаншақтық пен өкініштің ащы дәмі

О. Генридің бұл классикалық әңгімесінде бос мақтан мен тілдік түсініспеушілік екі жастың тағдырын қалай талқандағаны баяндалады. Тәкаппарлықтың кесірінен жіберіп алған бақыт туралы терең ой саларлық туынды.

The Cactus · 06.03.2026
Әдеби материал

Төбе терезелі бөлме: Үміт пен жұлдыз туралы хикая

Мисс Лисон есімді жас қыздың тар бөлмедегі ауыр тағдыры мен оның жалғыз жұбанышы — төбе терезесінен көрінетін Gamma жұлдызы туралы мұңды әрі әсерлі оқиға.

The Skylight Room · 06.03.2026
Әдеби материал

Мәждердің сыйы: О. Генридің шедевр хикаясы

Рождество қарсаңындағы екі ғашықтың бір-біріне деген шынайы махаббаты мен құрбандығы туралы әсерлі оқиға. Олар ең қымбат дүниелерін қиып, мәңгілік рухани сыйлық табады.

The Gift of the Magi · 06.03.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

О. Генри туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

21 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қызыл нәсілділердің көсемі және басқалар

«Қызыл нәсілділердің көсемі және басқалар» — О . Генри новеллалары бойынша түсірілген ақ-қара түсті фильм. Бес америкалық режиссёр жазушының бес новелласын

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Төрт миллион

дұрысырақ есебіне сүйеніп, мен осы жинақты "Төрт миллион" деп атадым». Яғни О . Генри осы кітабын Нью-Йорк қаласының тұрғындарына арнағанын айтады. Кітап 25

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Іскер адамдар

«Іскер адамдар» — Леонид Гайдайдың О . Генри новеллалары бойынша түсірген ақ-қара түсті фильмі. Кинокомедия америкалық жазушының осы аттас новеллалар жинағымен

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

24 шілде

қаласына Сан-Францискодан бiрiншi континентаралық пойыз келді. 1901 — О . Генри түрмеден шықты. 1938 — Еритiн кофе ойлап шығарылды. 1987 — IBM «DOS» Version

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Генри Ирвинг

ЙРВИНГ (Irving) Генри (шып аты-жөні — Джон Генри Бродрибб; Broadribb) (6. 2. 1838, Кейнтон,— 13. 10. 1905, Лондон) — ағылшын актері, ре-жиссер, театр кайраткері

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Генри Стюарт, Дарнли лорды

Генри Стюарт, Дарнли лорды, Олбани герцогы және Росс графы (ағылш. Henry Stuart, Lord Darnley; 7 желтоқсан 1545 — 10 ақпан 1567) — Шотландия королевасы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Генри Кавилл

Генри Уильям Далглиш Кавилл (ағылш. Henry William Dalgliesh Cavill, туғ. 5 мамыр 1983, Сент-Сейвьер, Джерси, Норманд аралдары) — британдық актер. Кавилл

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

О. Генри - Әдебиет порталы

О. Генри Әдебиет порталы

01.11.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

"Дары волхвов"

"Дары волхвов" Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

О. Генри. Мишурный блеск

О. Генри. Мишурный блеск Әдебиет порталы

28.04.2019
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Жантемирова Дана

Жантемирова Дана Әдебиет порталы

01.11.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

15 книг, которые стоит прочитать до 20 лет

15 книг, которые стоит прочитать до 20 лет Әдебиет порталы

23.11.2016
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Новелла - Әдебиет порталы

Новелла Әдебиет порталы

31.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Книги | Литературный портал — казахская электронная библиотека

Книги | Литературный портал — казахская электронная библиотека Әдебиет порталы

30.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Авторы | Литературный портал — казахская электронная библиотека

Авторы | Литературный портал — казахская электронная библиотека Әдебиет порталы

30.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Небо медное. Земля железная | Блоги | Литературный портал — казахская электронная библиотека

Небо медное. Земля железная | Блоги | Литературный портал — казахская электронная библиотека Әдебиет порталы

27.11.2017
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Джейн Эйр - Әдебиет порталы

Джейн Эйр Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

О. Генри — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы О. Генри туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

О. Генри — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған О. Генри шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

О. Генри — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген О. Генри мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

О. Генри — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы О. Генри өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз