Мазмұнға өту
telegei
Петр Чаадаев
Қаламгер · Саясат

Петр Чаадаев

Петр Яковлевич Чаадаев (1794-1856) - орыс жазушысы, философы, қоғам кайраткері. Орыс діни философияның негізін қалаушы. Чаадаевтың ғылыми-творчествалық кызметін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: бірінші 1828 жылға дейінгі декабристік, екінші «Философиялық хаттар» циклін аяқтау (1836), үшіншісі өмірінің ақырына дейінгі кезеңдер. = Өмірбаяны = Ежелгі, Чаадаевтердің дворяндық отбасында дүниеге келген, нағашылары жағынан академик, тарихшы, 7 томдық «Ресей тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» еңбегінің авторы М. М. Щербатовтың немересі. Тым ерте жетім қалды – әкелі ол туғаннан соң бір жылдан соң, анасы 1797 жылы қайтыс болды. Оны және оның үлкен ағасы Михаилды, кішкентай кездерінде, Нижегород губерниясынан Мәскеуге княжна Анна Михайловна Щербатова алып кетті. Чаадаевтердің күтушісі болып олардың ағасы - — князь Д. М. Щербатов болды, Чаадаев оның үйнде өзінің алғашқы білімін алды. 1807—1811 жылдары Мәскеу университетінде оқыды, А. С. Грибоедов және болашақ декабристтер Н. И. Тургенев, И. Д. Якушкин, А. С. Пушкин сияқты тұлғалармен дос болған. = Жеке тұлғасының мінездемесі = Чаадаев «Философиялық хаттарын» жариялағанға дейін де қоғамда танымал тұлға болды. 1829—1831 жылдары өзінің басты шығармасын жазады— «Философиялық хаттар». Олардың бірі «Телескоп» журналында 1836 жылы басылып шықты. бұл шығармадан соң басшылық бірден қанағаттанбайды, себебі ол Ресейдің «әлемдік адам тәрбиесінен алшақтатылғандығы» туралы жазады. Журнал жабылып, Надеждин баспагері айдауға жіберіліп, Чаадаевты — «алжыған» деп жариялады. Н. Н. Раевского-үлкеннің қызы Екатерина оны (шамамен1817 жылы), ең әйгілі, шүбәсіз, талассыз, Петербургтегі барлық жастардың арасындағы ең жарқын тұлға болды деп сипаттайды. Білімділігімен қатар ол өте тәрбиелі, жағымды мінезді болатын (М.Жихарев сөзері бойынша). Оның достығын іздеп, достығымен мақтанатын. 1819 жылы Пушкин олмен Евгений Онегинді салыстырады, себебі өзінің батырын сол сияқты сипаттағысы келеді: «Екінші Чадаев, менің Евгенийім…». Оның дұшпаны болған Вигель оны «генийлікке таласқан жасөспірімдердің алғашқысы» деп сипаттаған. = Шығармашылығы = Чаадаевтің шығармашылығын түсіну үшін оның жеке тұлғасының басынан өткен дағдарыстарын есепке алу керек. «1823-ші жылдарға дейін Чаадаевте ең алғашқы рухани дағдарыс кезең болды - діни жағына қарай. Чаадаев, бұған дейін онсыз да көп оқыған мистикалық әдебиетке қызығып кетеді. Оған Юнг-Штиллинг шығармалары қатты ықпал етті. Оның денсаулығы тым қатты рухани қысымдылықтан қозғалып кетіп, оған денсаулығын қалпына келтіру үшін шетелге кетуге тура келді. Ол жақта1826-шы жылға дейін болды. (бұл оны өлімнен құтқарып қалды, себебі ол әйгілі декабристтермен жақындасты). Шетелден оралған кезінде Чаадаев тұтқындалып кетті, бірақ аз уақытта бостандыққа шығып, Мәскеуге қайтып келді. Бұл жерде ол өзінің екінші дағдарысын басынан өткізді. = Дереккөздер = • Бердяев Н. А. Русская идея. — СПб.: Азбука-классика, 2008. ISBN 978-5-91181-819-7 (Особенно Глава II). • Гершенсон М. О. Грибоедовская Москва. Чаадаев. Очерки прошлого. — М.: Изд-во МГУ, 1989. • Лазарев В. В. Чаадаев. — М.: Юридическая литература, 1986. — 112 с. — (Из истории политической и правовой мысли). — 25 000 экз.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
0 Зерттеу мен эссе
6 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Петр Чаадаев қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Петр Яковлевич Чаадаев (1794-1856) - орыс жазушысы, философы, қоғам кайраткері. Орыс діни философияның негізін қалаушы. Чаадаевтың ғылыми-творчествалық кызметін негізінен үш кезеңге бөлуге болады: бірінші 1828 жылға дейінгі декабристік, екінші «Философиялық хаттар» циклін аяқтау (1836), үшіншісі өмірінің ақырына дейінгі кезеңдер.

= Өмірбаяны =

Ежелгі, Чаадаевтердің дворяндық отбасында дүниеге келген, нағашылары жағынан академик, тарихшы, 7 томдық «Ресей тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» еңбегінің авторы М. М. Щербатовтың немересі. Тым ерте жетім қалды – әкелі ол туғаннан соң бір жылдан соң, анасы 1797 жылы қайтыс болды. Оны және оның үлкен ағасы Михаилды, кішкентай кездерінде, Нижегород губерниясынан Мәскеуге княжна Анна Михайловна Щербатова алып кетті. Чаадаевтердің күтушісі болып олардың ағасы - — князь Д. М. Щербатов болды, Чаадаев оның үйнде өзінің алғашқы білімін алды.

1807—1811 жылдары Мәскеу университетінде оқыды, А. С. Грибоедов және болашақ декабристтер Н. И. Тургенев, И. Д. Якушкин, А. С. Пушкин сияқты тұлғалармен дос болған.

= Жеке тұлғасының мінездемесі =

Чаадаев «Философиялық хаттарын» жариялағанға дейін де қоғамда танымал тұлға болды.

1829—1831 жылдары өзінің басты шығармасын жазады— «Философиялық хаттар». Олардың бірі «Телескоп» журналында 1836 жылы басылып шықты. бұл шығармадан соң басшылық бірден қанағаттанбайды, себебі ол Ресейдің «әлемдік адам тәрбиесінен алшақтатылғандығы» туралы жазады. Журнал жабылып, Надеждин баспагері айдауға жіберіліп, Чаадаевты — «алжыған» деп жариялады.

Н. Н. Раевского-үлкеннің қызы Екатерина оны (шамамен1817 жылы), ең әйгілі, шүбәсіз, талассыз, Петербургтегі барлық жастардың арасындағы ең жарқын тұлға болды деп сипаттайды. Білімділігімен қатар ол өте тәрбиелі, жағымды мінезді болатын (М.Жихарев сөзері бойынша). Оның достығын іздеп, достығымен мақтанатын. 1819 жылы Пушкин олмен Евгений Онегинді салыстырады, себебі өзінің батырын сол сияқты сипаттағысы келеді: «Екінші Чадаев, менің Евгенийім…». Оның дұшпаны болған Вигель оны «генийлікке таласқан жасөспірімдердің алғашқысы» деп сипаттаған.

= Шығармашылығы =

Чаадаевтің шығармашылығын түсіну үшін оның жеке тұлғасының басынан өткен дағдарыстарын есепке алу керек. «1823-ші жылдарға дейін Чаадаевте ең алғашқы рухани дағдарыс кезең болды - діни жағына қарай. Чаадаев, бұған дейін онсыз да көп оқыған мистикалық әдебиетке қызығып кетеді. Оған Юнг-Штиллинг шығармалары қатты ықпал етті. Оның денсаулығы тым қатты рухани қысымдылықтан қозғалып кетіп, оған денсаулығын қалпына келтіру үшін шетелге кетуге тура келді. Ол жақта1826-шы жылға дейін болды. (бұл оны өлімнен құтқарып қалды, себебі ол әйгілі декабристтермен жақындасты). Шетелден оралған кезінде Чаадаев тұтқындалып кетті, бірақ аз уақытта бостандыққа шығып, Мәскеуге қайтып келді. Бұл жерде ол өзінің екінші дағдарысын басынан өткізді.

= Дереккөздер =

• Бердяев Н. А. Русская идея. — СПб.: Азбука-классика, 2008. ISBN 978-5-91181-819-7 (Особенно Глава II).

• Гершенсон М. О. Грибоедовская Москва. Чаадаев. Очерки прошлого. — М.: Изд-во МГУ, 1989.

• Лазарев В. В. Чаадаев. — М.: Юридическая литература, 1986. — 112 с. — (Из истории политической и правовой мысли). — 25 000 экз.

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Петр Чаадаев туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

6 дереккөз
Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Ежелгі Русь мәдениеті

) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев , Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

Ресей мәдениеті

) белең алған емес. XIX ғасыр — Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев , Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Петр Чаадаев — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Петр Чаадаев туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Петр Чаадаев — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Петр Чаадаев шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Петр Чаадаев — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Петр Чаадаев мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Петр Чаадаев — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Петр Чаадаев өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз