Мазмұнға өту
telegei
Проспер Мериме
Қаламгер · Әлем әдебиеті

Проспер Мериме

Проспер Мериме (фр. Prosper Mérimée; 28 қыркүйек 1803 жыл, Париж – 23 қыркүйек 1870 жыл, Канн) – француз жазушысы, Француз академиясының мүшесі. Орыс тілін жетік меңгерген. Пушкин мен Гогольдің шығармаларын сүйіп оқиды. 1849 жылы Пушкиннің «Қарғаның мәткесін», 1853 жылы Гогольдің «Ревизорын» француз тіліне аударады. Сонымен қатар Ресейдің тарихына да қызығады. «Journal des Savants» атты журналға «Ұлы Петрдің тарихы» туралы бірнеше мақала жариялайды. 1828-1829 жылы «Жакерия» (Jacquerie) және «Famille Carvajal» атты драмалар, «IX Карл» (Chronique du temps de Charles IX) атты тарихи роман және «Маттео Фальконе» (Mateo Falcone) атты новеллa жазады. Оның атақты шығармаларының бірі – «Кармен» новелласы. Онда сыған қызы Кармен жайлы және сығандардың әдет-ғұрыптары туралы баяндалады.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
0 Зерттеу мен эссе
14 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Проспер Мериме қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Проспер Мериме (фр. Prosper Mérimée; 28 қыркүйек 1803 жыл, Париж – 23 қыркүйек 1870 жыл, Канн) – француз жазушысы, Француз академиясының мүшесі.

Орыс тілін жетік меңгерген. Пушкин мен Гогольдің шығармаларын сүйіп оқиды.

1849 жылы Пушкиннің «Қарғаның мәткесін», 1853 жылы Гогольдің «Ревизорын» француз тіліне аударады. Сонымен қатар Ресейдің тарихына да қызығады. «Journal des Savants» атты журналға «Ұлы Петрдің тарихы» туралы бірнеше мақала жариялайды.

1828-1829 жылы «Жакерия» (Jacquerie) және «Famille Carvajal» атты драмалар, «IX Карл» (Chronique du temps de Charles IX) атты тарихи роман және «Маттео Фальконе» (Mateo Falcone) атты новеллa жазады.

Оның атақты шығармаларының бірі – «Кармен» новелласы. Онда сыған қызы Кармен жайлы және сығандардың әдет-ғұрыптары туралы баяндалады.

Проспер Мерименің өмірі мен шығармашылық жолы

Уикипедия / Telegei ↗

Мериме Парижде 1803 жылы 28 қыркүйекте суретшілердің отбасында дүниеге келіп, бала кезінен өнер атмосферасында тәрбиеленген. Просперді сегіз жасынан Париждегі император лицейіне оқуға берді. Мұнда Мериме латын тілін жақсы меңгергенімен, орташа оқитын оқушылардың бірі болды.

Жалпы Леонор Мериме өз баласының адвокат болуын қалаған. Оған Проспер де қарсы келмей, төрт жыл бойы Сарбоннадағы заң факультетінде оқығанымен, заңгер болған жоқ. Керісінше, бар ынта-ықыласымен сөз өнеріне, әдебиетке қызықты. Өз білімін толықтыру мақсатында философия, грек, орыс, испан тілін, ағылшын әдебиетін меңгерді. Каникул күндерінде ол Куломьеде болып, осында өзінің «Кромвель» шығармасын жазады.

1825 жылдың мамыр айында «Клара Газюльдің театры» деп аталатын алғашқы еңбегі жарық көрді. Мериме әдебиетке осы аталған жинақпен келді.

1827 жылы прозалық балладалар жинағы (29 баллада енген) «Гюзланы» шығарады. Мериме мұны славян халықтарының арасынан, яғни Далмация, Босния, Герцеговина, Хорватиядан жиналған дүниелер деп түсіндіреді. Ал шындығында Мериме оларды өзі жазған. Мұны, тіпті білгір зерттеушілердің өзі ажырата алмай, оны түпнұсқа деп таниды. Мериме балладаларының кейіпкерлері – крестьяндар, ырымшыл, сенгіш, надан, білімсіз адамдар болды.

Мерименің 20-жылдары жазған дүниелеріне ХУ ғасырдағы шаруалар көтерілісіне қатысты «Жакерия» (1828) атты тарихи романы, сонымен қатар, «Таманго», «Матео Фальконе» новеллалары жатады.

Екі тарихи романы «Жакерия» мен «ІХ Карл дәуірінің шежіресін» Мериме Вальтер Скоттың тарихи романдарын оқып, оған тамсану, таңдану барысында жазған еді. 1829 жылы ХУІ ғасырда өткен діни соғысқа байланысты «ІХ Карл дәуірінің шежіресі» атты тарихи романын жазады.

Адамзат мәселесі 30-40 жылдардағы Мериме новеллаларының ең басты тақырыбы болды. Осы жылдары автордың «Этрусстық құмырасы» (1830), «Федериго», «Қайталанған қате» (1833) атты новеллалары, «Тарихи және әдеби портреттер» (1833) деп аталатын бірнеше әдеби портреттері, «Венера Илльская» (1837) атты новелласы жазылды.

1837 жылы Мериме тарихи ескерткіштерді қорғау комиссиясының вице-президенті болып сайланады да, осы қызметті 20 жыл атқарады. Оның өнер тарихына қатысты маңызды еңбектері: «У-ХУІІ ғасырдағы сәулет өнері», «Франция ескерткіштері туралы», «Англияның әсем өнері» деп аталды. Бұл туындылар 1850 жылдары жарық көрді.

Мериме еңбектерінің ішінде орыс әдебиетіне қатыстылары ерекше назар аударады. Ол орыс әдебиетін ұзақ уақыт бойы зерттеген, оның көптеген орыс достары болған. Орыс тілін жетік білгені соншалық, 1849 жылдардан бастап орыс жазушыларының шығармаларын аударумен айналысты. Соның ішінде, Пушкиннің «Мәтке әйел», «Сығандар», «Гусар» шығармаларын, Гогольдің «Ревизорын», «Өлі жандарынан» үзінділерін, Тургеневтің «Елестер», «Ит», «Петушков», «Түсініксіз оқиға» атты әңгімелерін аударып, француз әдебиетінің игілігіне айналдырды. Проспер орыс әдебиетіне қатысты сыни еңбектер де жазды: «Николай Гоголь» (1851), «Александр Пушкин» (1869), «Иван Тургенев» (1863). Сонымен бірге, «Әкелер мен балалар» романының французша аудармасына кіріспе сөз жазды.

Мериме Пушкин поэзиясын терең түсініп, оның сұлулығын жоғары бағаласа, Пушкин де өз мүмкіндігінше Мериме шығармаларын орыс тілінде сөйлеткен. Атап айтсақ, «Патшаның елесі», «Янко Марнавич», «Ұлы Зеницадағы ұрыс», «Федор мен Елена», «Венециядағы Влах», «Гайдук Хризич», «Жоқтау өлең», «Марко Якубович», «Бонапарт пен черногорлықтар», «Қансорғыш», «Жылқы» балладаларын аударған. Мерименің бұл аталған прозаларын Пушкин өлең түрінде аударған.

Францияны орыс әдебиетімен алғаш таныстырған да Мериме болды. Ол орыс тілін өте жоғары бағалаған. Орыс тілін еуропа тілдерінің ішіндегі ең бай тіл (грек тілінен кейін) деп білді. Мериме 1862 жылы «Орыс әдеби шығармасын сүюшілер» қоғамына мүше болып қабылданды.

1853 жылы Мериме сенатор болып сайланады. Ол байлыққа қолы жеткен соң, постты өз атына қалдырып, ақшасынан бас тартады.

1870 жылы 23 қыркүйекте ХІХ ғасырдағы француз әдебиетінің сыншыл реалистерінің бірі, тамаша драматург, көркем прозаның шебері – Проспер Мериме Каннада дүниеден өтеді.

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Проспер Мериме туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

14 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қиямет түні

«Аударма» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — Проспер Мериме , орыс тілінен аударған Ә. Жұмабаев. Беттер саны — 456. Қазақстан Республикасының

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

23 қыркүйек

профессор-доцент, Нобель сыйлығы лауреаты, әнші, вокалист-пианист. 1870 — Проспер Мериме (1803), француз жазушысы. 1877 — Урбен Жан Жозеф Леверье (1811), француз

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

28 қыркүйек

(1929), француз мемлекеттік қайраткері, Франция Премьер-министрі. 1803 — Проспер Мериме (1870), француз жазушысы. 1852 — Анри Муассан (1907), француз химигі

Эссе / Талдау Қазақша Уикипедия ↗

XIX ғасырдағы Батыс Еуропа театр өнері

драматургияның басқа да өкілдері: Альфред де Виньи, Альфред де Мюссе, Проспер Мериме , Эжен Скриб, Оноре де Бальзак шығармаларын көрерменге ұсынды. Бұл шығармаларда

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Каркасон бекінісі

Жан-Пьер Кро-Майревьей және Францияның тарихи ескерткіштер инспекторы Проспер Мериме маңызды рөл атқарды. 1840 жылы Сен-Назер шіркеуі тарихи ескерткіш ретінде

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Мериме Проспер

Мериме Проспер Әдебиет порталы

30.10.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Двойная ошибка

Двойная ошибка Әдебиет порталы

14.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Этрусская ваза

Этрусская ваза Әдебиет порталы

13.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Маттео Фальконе

Маттео Фальконе Әдебиет порталы

22.05.2022
Зерттеу мақала Әдебиет порталы ↗

«ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА» ИЗДАНА ПО ИНИЦИАТИВЕ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУК

«ҒЫЛЫМИ ҚАЗЫНА» ИЗДАНА ПО ИНИЦИАТИВЕ МИНИСТЕРСТВА ОБРАЗОВАНИЯ И НАУК Әдебиет порталы

03.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Проспер Мериме — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Проспер Мериме туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Проспер Мериме — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Проспер Мериме шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Проспер Мериме — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Проспер Мериме мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Проспер Мериме — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Проспер Мериме өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз