Мазмұнға өту
telegei
Смағұл Сәдуақасұлы
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Смағұл Сәдуақасұлы

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған. Керей тайпасының Ашамайлы руының Малай-Бақтыбай бөлімінен шыққан. Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдiгiне арнады. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне арнады. Тiрлiгiнде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтiнде жүрдi, ұлт азаттығы үшiн отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдiгi үшiн ғұмырын сарп еттi.Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлi көп едi. Бiрақ Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елiнен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесi 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртеледi. Содан берi рухы мықты қайсар азаматтың күлi 78 жыл бойы Мәскеудiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде сақталып келген едi.Қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі. 1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді. 1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады. Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды. 1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті. Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде­ниет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды. Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады. С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі. Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді. С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту. Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
7 Зерттеу мен эссе
10 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Смағұл Сәдуақасұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер].

Бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған.

Керей тайпасының Ашамайлы руының Малай-Бақтыбай бөлімінен шыққан.

Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдiгiне арнады. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне арнады. Тiрлiгiнде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтiнде жүрдi, ұлт азаттығы үшiн отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдiгi үшiн ғұмырын сарп еттi.Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлi көп едi. Бiрақ Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елiнен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесi 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртеледi. Содан берi рухы мықты қайсар азаматтың күлi 78 жыл бойы Мәскеудiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде сақталып келген едi.Қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді

Он жасына дейін «Ғалия медресесін» бітірген өз әкесі Сәдуақас хазіреттен тәлім-тәрбие алып, одан кейін Әбіл молда мектебінде білімін жалғастырады. 1912-1915 жылдары Павлодардағы екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіріп, бір жыл мұғалім болады да, Омбыдағы ауылшаруашылық мектебіне түседі.

1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.

1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.

Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.

1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.

Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде­ниет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.

Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.

С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.

Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.

С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.

Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Смағұл Сәдуақасұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

7 зерттеу
Өмірбаян

Смағұл Сәдуақасұлы: «Смағұл Сәдуақасов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Смағұл Сәдуақасұлы — Дихан Қамзабекұлы: Еңбек жолы

Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966, Жиынбай, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, саясаткер, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Әдеби материал

Смағұл Сәдуақасұлы — Дихан Қамзабекұлы: Шығармашылығы

Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966, Жиынбай, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, саясаткер, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Смағұл Сәдуақасұлы — Дихан Қамзабекұлы: Өмірбаяны

Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966, Жиынбай, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, саясаткер, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Смағұл Сәдуақасұлы: «Батырхан Ерғалиұлы Дәрімбет» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Батырхан Ерғалиұлы Дәрімбет (5 қаңтар 1951 жыл, Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбай ауылы – 7 маусым 2005 жыл, Алматы) — қазақ ғалым, филология ғылымдарының қандидаты.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Смағұл Сәдуақасұлы: «Дихан Қамзабекұлы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Дихан Қамзабекұлы (19 маусым 1966, Жиынбай, Түлкібас ауданы, Түркістан облысы) — қазақстандық филолог, әдебиет тарихшысы, алаштанушы, саясаткер, филология ғылымдарының докторы (2003), профессор (2004), ҚР ҰҒА академигі, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, 2026 жылдан бергі Әділет партиялық тізімімен сайланған 1-шақырылған Қазақстан Құрылтайының депутаты.

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Смағұл Сәдуақасұлы: «6 ақпан» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Халықаралық саамдар күні. 1917 жылы Норвегияның Тронхейм қаласында осы күні саамдардың жиналысы өтті. Оның мақсаты барлық солтүстік елдердегі осы халық өкілдерінің басын біріктіру болды. Жаңа Зеландияның Ұлттық мейрамы - Вайтанга күні. 1840 жылы Вайтанга өзенінде маорий басшысы ел егемендігінің барлық құқықтары мен өкілеттігін ағылшын королевасына беру...

Смағұл Сәдуақасұлы · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Смағұл Сәдуақасұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

10 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Батырхан Ерғалиұлы Дәрімбет

жылдан "Жас Түркістан" журналының бас редакторы. Тазару, А., 1991; Смағұл Сәдуақасұлы . Тандамалы (құрастырып, баспаға дайындаған, алғы сөзін жазған). А

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Дихан Қамзабекұлы

комиссиясының мүшесі; Қазақстан халқы Кіші ассамблеясының мүшесі. « Смағұл Сәдуақасұлы » (1996), «Руханият» (1997), «Алаш және әдебиет» (2002), «Пайым» (2004)

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

6 ақпан

киносценарист, актер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі Қарпықов Абай Сәдуақасұлы дүниеге келді. 1960 жылы - ресей продюсері, композитор, Ресей өнеріне

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақстан ғалымдары

Қадыр Баспақұлы Тайшықов (1900-1937) Бұқарбай Тәшімов (19ғ.) Ғаббас Сәдуақасұлы Тоғжанов (1900–1937) Иса Тоқтыбаев (1894–1967) Сұлтанмахмұт Торайғыров

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 5-сайланым депутаттары

2007—2012 Әбілдаев Азамат Рахатұлы Ақ жол Ақ жол 2012— Әшім Нұрғали Сәдуақасұлы Нұр Отан Нұр Отан 2012— Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы Нұр Отан Нұр Отан

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Астана қаласы мектептерінің тізімі

21/1; Күлтегін көшесі, 9, 10, 11, 11/1, 11а, 13; Сығанақ көшесі, 1, Смағұл Сәдуақасұлы атындағы № 78 мектеп-гимназия Мұрағатталған 22 сәуірдің 2026 жылы

Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Смағұл Сәдуақасұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Смағұл Сәдуақасұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Смағұл Сәдуақасұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Смағұл Сәдуақасұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Смағұл Сәдуақасұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Смағұл Сәдуақасұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Смағұл Сәдуақасұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Смағұл Сәдуақасұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз