Мазмұнға өту
telegei
Сұлтанбек Қожанов
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Сұлтанбек Қожанов

Үлгі:Infobox Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
8 Зерттеу мен эссе
13 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Сұлтанбек Қожанов қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Үлгі:Infobox

Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. Мәскеуде БК(б)П ОК Марксизм-ленинизм курсын (1927) бітірген.

Қоңырат тайпасының Божбан руынан шыққан

Сұлтанбек Қожанов елдің саяси-әлеуметтік жұмысына 1915-ші жылдан бастап белсене кірісті. Сол жылдары Ташкент қаласында семинария оқушыларынан құралған “Кеңес” атты астыртын жастар ұйымын құрады. 1917 жылы көктемде Ташкентте Мұстафа Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге “Бірлік туы” газетін шығарды. Түркістан (Қоқан) автономиясына қызу қолдаушылық танытып, оны кеңес өкіметінің әскер күшімен құлатуын жергілікті халықтың өзін-өзі билеу құқығын аяқ асты етушілік деп бағалады.

Ашаршылық кезеңі

Уикипедия / Telegei ↗

Өлкеде кеңестік билік тұсында орын алған ашаршылыққа қарсы күресте белсенділік танытты. Аштықпен күресетін орт. комиссияның мүшесі ретінде 1918 ж. қарашадан бастап Түркістан, Созақ, Жаңақорған, Қызылқұм, Шиелі өңірлерінде ашыққан адамдарды тамақтандыратын арнайы орындар ашуды ұйымдастырды. 1919 – 20 жылы Сырдария уезі төрағасының орынбасары, Түркістан уездік-қалалық атқару комитетінің, Сырдария облыстық революциялық кенттің төрағасы болды.

Түркістандағы қызметі

Уикипедия / Telegei ↗

1920 жылдың соңына қарай Түркістан республикасының Ішкі істер халық комиссары, 1921 жылы қазанда Халық ағарту халық комиссары болып тағайындалды. Ол осы қызметтерді атқару барысында БОАК пен РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Түркістан ісі бойынша құрған комиссиясы – Түріккомиссияның Ресейде іске асырылып жатқан коммунистік шараларды Түркістан өміріне күштеп енгізуге, таптық күресті шиеленістіре түсуге, сөйтіп ұлттық мәселені кейінге ығыстырып тастауға бағытталған әрекетіне қарсы тұрды. Оқу-ағарту саласында білім беруді жергілікті халықтар тілінде жүргізу мәселесін көтеріп, оны жүзеге асыруды талап етті.

Мәскеу, Петроград секілді ірі қалаларда жоғары оқу орындарында білім алып жатқан түркістандық жастарға материалдық көмек көрсетуде бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды. Түркістанда баспасөздің және ұлттық театрдың өркендеуіне елеулі үлес қосты. “Ақ жол” газетін шығаруды ұйымдастырып, оның алғашқы редакторы болды. 1922 жылы Түркістан республикасының Жер шаруашылығы халық комиссары болып тағайындалысымен, ауыл ахуалына ерекше көңіл бөліп, өлкедегі жер-су реформасына тек таптық қана емес, сонымен бірге ұлттық сипат беру бағытын да ұстанды.

1922 – 1924 жылы Түркістан КП комитетінің хатшысы, атқару кенті төрағасының орынбасары, РК(б)П ОК Орта Азия бюросының мүшесі болды. Қ. мемл. қайраткер ретінде Орта Азиядағы ұлттық-аумақтық межелеу кезінде (1924) айрықша танылды. 1924 жылы қарашада РК(б)П Қазақ обкомының (1925 жылы ақпаннан – Қазақ өлкекомының) екінші хатшысы қызметіне жіберілді. Қ-тың тікелей ұсынысымен Кеңестердің І съезі қазақ халқы тарихи атауын (патшалық тұсынан бұрмаланып қалыптасқан “киргиз” деген атты төл атауына – “қазаққа” түзетіп) қайтарып, астаналық қала атын Қызылорда деп өзгертті.

БК(б)П орталық комитетіндегі қызметі

Уикипедия / Telegei ↗

1925 жылы қарашада БК(б)П орталық комитетіне шақырылып, ұлт республикалары бойынша жауапты нұсқаушы лауазымымен Кавказға, 1928 жылы Ташкентке, Орта Азия Бюросына қызметке жіберілді. Мұнда ол үгіт-насихат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, хатшы болды. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылым академиясының (ВАСХНИЛ) Ташкент бөлімшесін ұйымдастырды. 1929 жылы Орта Азия мақта-ирригациялық политехника институтын (САХИПИ) құрып, алғашқы директоры болды, сонымен қатар 1929 – 31 жылы Орта Азия мақта кентінің директоры қызметін атқарды. 1931 – 32 жылы БК(б)П ОК аппаратында істеді.

Шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Қожанов негізгі міндеттерін қоғамдық, ғылыми-шығармашылық жұмыстармен ұштастырып отырды. Мектепке арналған “Есептану құралы” атты оқулығы (1924), “Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына” атты орыс тіліндегі зерттеуі (1928) жеке кітап болып шыққан. «Есеп тану құралы» атты оқулығы көпшілікке арналған қазақ мектебінің математикадан бірінші оқулығы болатын. Кітап өте түсінікті, қызықты жазылған. Арифметиканың негізгі тәсілдерінен басқа да қыр-сырларын аша түседі.

Соңғы жылдары

Уикипедия / Telegei ↗

РК(б)П ОК ұлт қызметкерлерімен өткізген Төртінші кеңесінде (1923), РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Тұрар Рысқұловтың басқаруымен өткен жеке кеңесте (1926) сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ И.В. Сталинге 1927 жылы жазған екі хатында Қожановтың саяси көзқарастары мейлінше айқын тұжырымдалған. Ол 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, саяси қуғын-сүргін құрбаны болды. 1957 жылы Қожанов ақталғаннан кейін сіңірген еңбегін мойындап, тек қана 1994 жылы еңбектері шығарыла бастады. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Сұлтанбек Қожанов шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

8 зерттеу
Зерттеу мақала

Сұлтанбек Қожанов: «Оңтүстік Қазақстан (газет)» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Түркістан Республикасы Орталық партия комитетініңің органы ретінде «Ақ жол» атауымен 1924 ж. 26 қарашада жарық көрді. Алғашқы кезде газет облысқа және Сырдария, Жетісу губернияларына, Қарақалпақстанға тарады. 1925 ж. республика астанасы Қызылорда қаласына көшірілгенде газет сол қалада шыға бастаған «Еңбекші қазақ» газетімен біріктірілді. Ал 1929 ж....

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанбек Қожанов — Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов: Түркістандағы қызметі

Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанбек Қожанов: «Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (10.9.1894, Түркістан облысы Созақ ауданы Ақсүмбе ауылы – 10.2.1938, Мәскеу) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Орта жүздің алты арысының бірі Қоңырат тайпасы, Көтенше тармағының Божбан руынан.Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін (1910), 3 сыныптық қалалық мектепті (1913), Ташкент...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанбек Қожанов — Кентау: Қала экономикасы

Кентау — Қазақстанның бірегей қалаларының бірі.Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Шымкенттен солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде орналасқан.Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар.1955 жылы...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Әдеби материал

Сұлтанбек Қожанов — Кентау: Халқы

Кентау — Қазақстанның бірегей қалаларының бірі.Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Шымкенттен солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде орналасқан.Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар.1955 жылы...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанбек Қожанов: «Алаш қозғалысы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сұлтанбек Қожанов: «Кентау» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Кентау — Қазақстанның бірегей қалаларының бірі.Облыс орталығы Түркістан қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Шымкенттен солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде орналасқан.Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Кентау қаласы “Қаратау тәжі” және “Қазақстанның жасыл-желекті қаласы” деген аттарға ие. Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы бар.1955 жылы...

Сұлтанбек Қожанов · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Сұлтанбек Қожанов туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

13 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Сұлтанбек Қожанов ауылы

Сұлтанбек Қожанов ауылы (2007 жылға дейін – Спецхозобъединение) — Түркістан облысы Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Үшқайық ауылдық округі

облысы Сауран ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Жалаңтөс, Нұртас, Сұлтанбек Қожанов , Теке ауылдары кіреді. Орталығы – Теке ауылы. Кестеде кішірек жазумен

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Божбан

Ұраны — Алатау, таңбасы — босаға. Бекзат Сейілханұлы Саттарханов Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов Балтабай Тебейұлы Саттар Асқарұлы Ерубаев “Қазақ Энциклопедиясы”

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Оңтүстік Қазақстан (газет)

газет қазіргі атауына ие болды. Газеттің негізін қалаған Т.Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов , О.Жандосов, О.Исаевтар қатысты. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қожанов атындағы көше (Алматы)

қайраткері, әдебиеттанушы Сұлтанбек Қожановтың есімі (Алматы қаласы әкімінің 25.08.1995 № 184 шешімі) берілген. Қожанов Сұлтанбек (1894-1938) Шымкент облысында

Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Жүсіпбек Басығараұлы

жинақта жарияланған. Төреқұлов, Х.Досмұхамедов, А.Байтұрсынов, М.Шоқай, Сұлтанбек Қожанов , Ғ.Мұратбаев, т.б. қоғам қайраткерлері Жүсіпбек Басығараұлының шығармашылық

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Кентау

атындағы Мәдениет сарайы, орталық кітапхана, үш саябақ ("Кеншілер", " Сұлтанбек Қожанов атындағы", "Жастар"), «Кентау шұғыласы», «Кентау» атты қалалық газеттері

Әдеби материал Abai.kz ↗

Ұшқан ұя - Abai.kz

Ұшқан ұя Abai.kz

13.09.2019
Әдеби материал Abai.kz ↗

АҒАЙЫНДЫ ӘДІЛОВТЕР ТАҒДЫРЫ

АҒАЙЫНДЫ ӘДІЛОВТЕР ТАҒДЫРЫ Abai.kz

21.06.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Сұлтанбек Қожанов — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Сұлтанбек Қожанов туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Сұлтанбек Қожанов — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Сұлтанбек Қожанов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Сұлтанбек Қожанов — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Сұлтанбек Қожанов мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Сұлтанбек Қожанов — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Сұлтанбек Қожанов өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз