Мазмұнға өту
telegei
Тони Моррисон
Қаламгер · Әлем әдебиеті · 2019–1993

Тони Моррисон

Тони Моррисон (ағылш. Toni Morrison; туған кезде — Хлоя Арделия Воффорд ,ағылш. Chloe Ardelia Wofford; 18 ақпан 1931 жыл, Лорейн, Огайо — 5 тамыз 2019 жыл) — американдық жазушы. 1993 жылғы «өзінің арманшыл және поэтикалық романдарында американдық шындықтың маңызды аспектісін өмірге әкелген» жазушы ретінде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері. Президенттік «Бостандық» медалінің иегері.

1 Кітаптары
1 Әңгіме мен мақала
0 Зерттеу мен эссе
14 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Тони Моррисон қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

2 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

1 материал
Әңгіме / Туынды

Өз өмірімді өзім өзгерттім…

Тони Моррисон — «Өз өмірімді өзім өзгерттім…» (Аударма әңгіме). Тони Моррисон, 1931 жылы Охайо штатының Лорэин деген жерінде дүниеге келген. Нобель әдебиет силығының иегері. Редактор, оқытушы болып жұмыс істеген қаламгер. «Сүйіспеншілік» атты романы 1988 жылы Пултзер сыйлығын иелеген. О...

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Тони Моррисон (ағылш. Toni Morrison; туған кезде — Хлоя Арделия Воффорд ,ағылш. Chloe Ardelia Wofford; 18 ақпан 1931 жыл, Лорейн, Огайо — 5 тамыз 2019 жыл) — американдық жазушы. 1993 жылғы «өзінің арманшыл және поэтикалық романдарында американдық шындықтың маңызды аспектісін өмірге әкелген» жазушы ретінде әдебиет бойынша Нобель сыйлығының иегері. Президенттік «Бостандық» медалінің иегері.

Шын есімі: Хлоя Арделия Воффорд (ағылш. Chloe Ardelia Wofford), Огайо штатының Лорейн қаласында дүниеге келген. Жұмысшы отбасындағы төрт баланың екіншісі. Бала кезінен ол кітап оқуды жақсы көрді, оның сүйікті авторларының арасында Джейн Остин мен Лев Толстой болған. Оның әкесі дәнекерлеуші болып жұмыс істеген, бос уақытында қара нәсілді американдықтардың өмірінен әңгімелер айтуды ұнататын, бұл кейінірек жазушының кітаптарында көрініс тапты.

1949 жылы Моррисон Говард университетіне ағылшын тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсті. Ол жерде ол «Тони» бүркеншік атын алып — оның екінші Энтони есімінің туындысы, оның айтуынша, ол 12 жасында католицизмді қабылдаған кезде берілген. Моррисон 1953 жылы бакалавр дәрежесімен университетті бітірді және 1955 жылы Корнелл университетінде Фолкнер мен Вирджиния Вулф романдарындағы суицид тақырыбына арналған магистрлік диссертациясының негізінде магистр дәрежесін алды. Оқуды бітіргеннен кейін ол Оңтүстік Техас университетінде, Хьюстонда, Техаста (1955—1957), содан кейін Ховардқа жұмысқа оралды.

1958 жылы ол өзінің курстасы, ямайкалық сәулетші Гарольд Моррисонға (Harold Morrison) үйленді. Тони мен Гарольдтың Гарольд пен Слейд атты екі баласы болды. Ерлі-зайыптылар 1964 жылы ажырасқан. Осыдан кейін Тони Сиракьюсқа көшіп, онда «Random House» фирмасында ғылыми редакторы болып жұмыс істеді. Бір жылдан астам уақыттан кейін ол Нью-Йорктегі Random House бас кеңсесінің редакторы қызметіне ауысты. Сонымен қатар, осы жылдары ол Йель университетінде және Бард колледжінде (Bard College) сабақ берді. Редактор ретінде Тони афроамерикалық әдебиеттің, атап айтқанда Генри Дюма (Henry Dumas) , Тони Кейд Бамбара (Toni Cade Bambara), Анджела Дэвис және Гейл Джонс (Gayl Jones) сияқты авторлардың танымал болуына үлес қосты.

Американдық жазушылардың II конгресінде Моррисон бұқаралық мәдениеттің үстемдігіне қарсы белсенді күресуге, американдық шындықты қатты сынай отырып, АҚШ әдебиетіндегі барлық демократиялық күштерді біріктіруге шақырды: «Қаһармандық үшін қозғалыс, 1981» (For the Heroic Movement).

1983 жылы Тони Моррисон баспадан кетті. 1984 жылы Олбанидегі Нью-Йорк мемлекеттік университетінде Альберт Швейтцер кафедрасының меңгерушісі болды. 1989 жылдан бастап ол Принстон университетінде Роберт Ф. Гоен кафедрасында қызмет етті. 2006 жылы зейнеткерлікке шықты.

Ол 2000 жылы АҚШ-тың ұлттық гуманитарлық медалімен марапатталды.

Американдық өнер және ғылым академиясының Эмерсон-Торо медалімен марапатталған (2016).

Фрэн Лебовицпен ұзақ жылдар дос болды.

Тони Моррисон 2019 жылы 5 тамызда Нью-Йоркте қайтыс болды.

Моррисон өзінің жазушылық мансабын бастауға Ховард университетіндегі жазушылар мен ақындардың бейресми үйірмесіне қатысу арқылы шабыттанды, оның мүшелері шығармаларын талқылау үшін жиналған болатын. Ол бір кездесуге көк көзді армандайтын қара қыз туралы әңгімемен келді. Бұл оқиға кейінірек Моррисонның бірінші «Ең көгілдір көздер» (1970) романына негіз болды.

1972 жылы «Сула» романын (ағылш. Sula), ол онда да жас негр әйелдің қиын тағдыры туралы айтады. 1973 жылы Сула АҚШ Ұлттық кітап сыйлығына ұсынылды.

1987 жылы ол 1988 жылы Пулитцер сыйлығын жеңіп алған «Сүйікті» романын жариялады.

Библиография

Уикипедия / Telegei ↗

Романдар

Құдай, баламды сақта (ағылш. God Help the Child ) (2016; ISBN 978-5-699-92111-9)

Үй (ағылш. Home) (2012; ISBN 978-0-099-55594-0)

Мейірімділік (ағылш. A Mercy ) (2008; ISBN 978-0-307-26423-7)

Махаббат (ағылш. Love ) (2003; ISBN 0-375-40944-0)

Жұмақ (ағылш. Paradise ) (1999; ISBN 0-679-43374-0)

Джаз (ағылш. Jazz ) (1992; ISBN 1-4000-7621-8 )

Сүйікті (ағылш. Beloved ) (1987; ISBN 1-4000-3341-1, Пулитцер сыйлығы) — Time журналының 1923 жылдан 2005 жылға дейін жарияланған ағылшын тіліндегі 100 үздік роман тізіміне енгізілген

Шайырлы тұлып (ағылш. Tar Baby) (1981; ISBN 1-4000-3344-6)

Сүлейменнің әні (ағылш. Song of Solomon) (1977; ISBN 1-4000-3342-X) — марапаттары: Ұлттық әдебиет сыншылары қауымдастығы; Американдық өнер және әдебиет академиясы.

Сула (ағылш. Sula ) (1973; ISBN 1-4000-3343-8)

Ең көкшіл көздер (ағылш. The Bluest Eye) (1970; ISBN 0-452-28706-5)

Балалар әдебиеті

Кімде ойын бар?: Айна ма әлде шыны ма? (2007 жылы шығады)

Кімде ойын бар?: Көкнәр немесе жылан?, (2004)

Кімде ойын бар?: Құмырсқа немесе шегіртке, (2003)

Кімде ойын бар?: Арыстан немесе тышқан?, (2003)

Зұлым жандар кітабы, (2002)

Үлкен қорап, (2002)

Әңгімелер

«Recitatif» (1983)

Қойылымдар

Армандаған Эмметт (1986 жылы қойылды)

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Тони Моррисон туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

14 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы

лауреат (88 жас). Әйелдерден: Сельма Лагерлёф (1909, алғашқы әйел), Тони Моррисон , Луиза Глюк, Ольга Токарчук, Хан Канг (2024) және т.б. Соңғы жылдар:

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

АҚШ әдебиеті

шыққан A Frolic of His Own романы да осы сыйлыққа ие болады. 1977 жылы Тони Моррисон Соломон әні романын жазады, мұнда ол мультимәдени ортадағы жас адамның

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Мо Янь

(1988) • Села (1989) • Пас (1990) • Гордимер (1991) • Уолкотт (1992) • Тони Моррисон (1993) • Оэ (1994) • Хини (1995) • Шымборска (1996) • Фо (1997) • Сарамаго

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Боб Дилан

(1988) • Села (1989) • Пас (1990) • Гордимер (1991) • Уолкотт (1992) • Тони Моррисон (1993) • Оэ (1994) • Хини (1995) • Шымборска (1996) • Фо (1997) • Сарамаго

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Эльфрида Елинек

(1988) • Села (1989) • Пас (1990) • Гордимер (1991) • Уолкотт (1992) • Тони Моррисон (1993) • Оэ (1994) • Хини (1995) • Шымборска (1996) • Фо (1997) • Сарамаго

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Кадзуо Ишигуро

(1988) • Села (1989) • Пас (1990) • Гордимер (1991) • Уолкотт (1992) • Тони Моррисон (1993) • Оэ (1994) • Хини (1995) • Шымборска (1996) • Фо (1997) • Сарамаго

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Орхан Памук

(1988) • Села (1989) • Пас (1990) • Гордимер (1991) • Уолкотт (1992) • Тони Моррисон (1993) • Оэ (1994) • Хини (1995) • Шымборска (1996) • Фо (1997) • Сарамаго

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Возлюбленная - Әдебиет порталы

Возлюбленная Әдебиет порталы

14.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Моррисон Тони

Моррисон Тони Әдебиет порталы

01.11.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Тони Моррисон Возлюбленная

Тони Моррисон Возлюбленная Әдебиет порталы

02.11.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Тони Моррисон — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Тони Моррисон туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Тони Моррисон — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Тони Моррисон шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Тони Моррисон — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Тони Моррисон мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Тони Моррисон — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Тони Моррисон өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз