Мазмұнға өту
telegei
Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Тыныштықбек Әбдікәкімов (Тыныштықбек Әбдікәкімұлы) – 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы Абай ауданы жерінде, Шыбынды өзенінің бойында дүниеге келген. 1970 жылы Абай ауданының орталығы – Қарауылда орта мектепті бітірген соң, Кеңес әскерінде радистік қызмет атқарған 1-ші санатты маман. 1973-1989 жылдар аралығында қилы кәсіби мамандықтар (электрик, фрезеровщик, токарь, шофер, киномеханик) оқуын оқып, ауылда жұмыс істеген. 1989-1995 жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып, тәмәмдаған. 1989-1990 жылдары Семей облыстық мәдениет басқармасының ғылыми методикалық орталығында редак…

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
4 Зерттеу мен эссе
7 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Өмірбаяны мен шығармашылығы

Уикипедия / Telegei ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімов (Тыныштықбек Әбдікәкімұлы) – 1953 жылы 20 шілдеде бұрынғы Семей облысы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы құрамындағы Абай ауданы жерінде, Шыбынды өзенінің бойында дүниеге келген.

1970 жылы Абай ауданының орталығы – Қарауылда орта мектепті бітірген соң, Кеңес әскерінде радистік қызмет атқарған 1-ші санатты маман.

1973-1989 жылдар аралығында қилы кәсіби мамандықтар (электрик, фрезеровщик, токарь, шофер, киномеханик) оқуын оқып, ауылда жұмыс істеген.

1989-1995 жылдары Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде оқып, тәмәмдаған.

1989-1990 жылдары Семей облыстық мәдениет басқармасының ғылыми методикалық орталығында редактор.

1990-1993 жылдары Абай атындағы республикалық тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық мұражайында ғылыми қызметкер, 2007-2008 жылдары республикалық «Алаш үні» газетінде кеңесші қызметін атқарған.

Өлеңді 14 жасынан бастап жаза бастаған.

1968-1969 жылдары Семейдің №16 мектебінде оқып жүргенде, ұстазы Рәбиға Ахунованың жетекшілігімен алғаш жыр кеші өтіп, педагогикалық институты студенттерімен кездесу өткізген.

1993 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

1993-1998 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы Семей облыстық бөлімшесінде жауапты хатшы. «Ақшам хаттары» («Жалын», 1993, Алматы), «Ырауан» («Атамұра», 2000, Алматы), «Алқоңыр дүние» («Фолиант», 2014, Астана), «Бесінші маусым жұпары» («Атамұра», 2017, Алматы) атты жыр жинақтарының авторы. Қаламгердің әлем халықтарына ортақ ежелгі ғарышнамалық қағидалары мен қасиетті ұғымдарды қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап, сараптауға тырысқан. «Қас Сақ аңқымасы» (1-кітап, «Елорда», Астана), «Қас Сақ аңқымасы» 2-кітап, «Қазығұрт», 2003) атты еңбектері жарық көрген. Бүгінгі таңда аталған еңбектің жалғасын жазуда. Өлеңдері мен өзекті мәселелерге жазылған мақалалары республикалық баспасөзде ұдайы жарияланып тұрады.

1990 жылы жазба ақындардың тұңғыш республикалық мүшайрасының бас жүлдегері. Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, 2001 жылғы Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты болды.

2007 жылғы республикалық «Абай әлемі» байқауының «Поэзия номинациясы» бойынша лауреаты.

2010 жылы өткен Халықаралық «Шығыс шынары» атты мүшайрада 1-орынды иеленген. Абай Құнанбайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған республикалық жыр мүшайрасының Грант При иегері.

Сондай-ақ республикалық деңгейдегі 2006, 2008 жылдардағы екі мүшәйрада үздік атанған.

2003 жылдан бастап Республика Президентінің степендианты.

Оның шығармалары бойынша елімізде кандидаттық, докторлық, бірқанша еңбектер қорғалған. Ақынның шығармашылығы 5-11 сынып оқушыларына және жоғарғы оқу орынан түсушілерге арналған «Қазақ әдебиеті. Оқушы анықтамасы» оқу құралының (С.Т.Елікбаев ф.ғ.к.доцент, «Арман - ПВ» баспасы, 2005 ж.) «Тәуелсіз қазақ әдебиеті» бөліміне енгізілген.

Өлеңдері испан, қытай, қырғыз тілдеріне аударылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы желтоқсанның 5-дегі Жарлығы бойынша, Қазақстан Рсепубликасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мемлекеттік Абай қорық мұражайының «Абай» медалімен марапатталған.

Тыныштықбек Әбдікәкімов – Ә. Кекілбайұлы, Т. Әбдік, М. Мағауин, Ф. Оңғарсынова, Т. Медетбек, Н.Оразалин бастатқан қазақ әдебиетінің классиктері тарапынан «Қазақ әдебиетіне өзгеше мәнермен ерекше сипат ала келген тағдырлы құбылыс» ретінде бағаланған.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

4 зерттеу
Зерттеу мақала

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — Таласбек Әсемқұлов: Жүлделер мен марапаттары

Таласбек Әсемқұлов (1 тамыз 1955, Таңсық (теміржол станциясы), Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы-23 қыркүйек 2014, Алматы ) — қазақ жазушысы, кинодраматург, күйші, әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі, домбыра шебері, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне тәржіме жасаған аудармашы .

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы · 11.10.2026
Өмірбаян

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — Таласбек Әсемқұлов: Өмірбаяны

Таласбек Әсемқұлов (1 тамыз 1955, Таңсық (теміржол станциясы), Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы-23 қыркүйек 2014, Алматы ) — қазақ жазушысы, кинодраматург, күйші, әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі, домбыра шебері, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне тәржіме жасаған аудармашы .

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: «Таласбек Әсемқұлов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Таласбек Әсемқұлов (1 тамыз 1955, Таңсық (теміржол станциясы), Аягөз ауданы, Шығыс Қазақстан облысы-23 қыркүйек 2014, Алматы ) — қазақ жазушысы, кинодраматург, күйші, әдебиет және музыка сыншысы, мифология, тарих және этнография зерттеушісі, домбыра шебері, қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне тәржіме жасаған аудармашы .

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: «Сүндет Мұратбекұлы Сейітов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Сүндет Мұратбекұлы Сейітов (3 қазан 1998 жыл, Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Өзбекстан Республикасы) — қазақстандық ақын, жазушы, аудармашы. Қазақстан Жазушылар одағының және АҚШ Авторлар гильдиясының мүшесі ( ) .

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

7 дереккөз
Зерттеу мақала Қазақша Уикипедия ↗

Сүндет Мұратбекұлы Сейітов

Есенғали Раушанов, Исраил Сапарбай, Мархабат Байғұт, Аманхан Әлімұлы, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы , Бақытжан Алдияр, Әлібек Шегебай, Қалқаман Сарин, Зылиха Жантасова

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Таласбек Әсемқұлов

Бағдәулетқызы. Қазақты өзіне таныту миссиясы (“Біржан сал” фильмі туралы) Тыныштықбек Әбдікәкімұлы . Таласбек Мейірхан Ақдәулетұлы. Сен – жұмақтықсың! Әбубәкір Қайран

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Әдебиет порталы

02.06.2016
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Тыныштықбек Әбдікәкімұлы туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Тыныштықбек Әбдікәкімұлы шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Тыныштықбек Әбдікәкімұлы мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Тыныштықбек Әбдікәкімұлы өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз