Мазмұнға өту
telegei
Тұрар Рысқұлов
Автор парақшасы · Шығармалары мен зерттеулер

Тұрар Рысқұлов

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894 жыл, Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938 жыл, Мәскеу) — Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас Түркістан идеясы үшін күрес жүргізген біртуар тұлға.Моңғолияның тәуелсіз ел болу ісінде ерең еңбек сіңірген елші.

0 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
20 Зерттеу мен эссе
12 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Тұрар Рысқұлов қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

0 туынды

Каталогта бұл автордың тікелей өз атымен сақталған жеке кітабы табылмады. Төменнен өмірбаяны мен зерттеу материалдарын оқи аласыз.

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894 жыл, Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938 жыл, Мәскеу) — Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас Түркістан идеясы үшін күрес жүргізген біртуар тұлға.Моңғолияның тәуелсіз ел болу ісінде ерең еңбек сіңірген елші.

Төңкеріске дейін

Уикипедия / Telegei ↗

Дулат тайпасының Шымыр руынан. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады.

1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», - деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді.

1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.

Төңкерістен кейін

Уикипедия / Telegei ↗

1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады.

1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді.

1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты.

1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 – 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняев уездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды.

1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады.

1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын.

1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді.

Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1933 жылы Алматы облысының, қазіргі Өжет ауылының шетінде кетіп бара жатып, бір топ еңбекшіні көріп, сонау қиын-қыстау ашаршылық кезіңде, Мойынтұрық ауылының атын, Өжет етіп өзгертуді ұсынған.

Соңғы күндері

Уикипедия / Telegei ↗

1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғарғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған. Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы – А. Рыспаев, мүсіншісі – Ю. Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (1-2 том кітабы), «Жұлдызды көпір», «Қыл көпір», «Тамұқ» атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.

Тұрар Рысқұлов есімі берілген нысандар:

Уикипедия / Telegei ↗

Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданы

Тұрар Рысқұлов ауылы

Алматыдағы ең ұзын көшелердің бірі – Рысқұлов даңғылы

Астанадағы Тұрар Рысқұлов көшесі

Түлкібас ауданындағы (Түркістан облысы) Тұрар Рысқұлов атындағы аудандық тарихи-өлкетану музейі

Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Тұрар Рысқұлов орта мектебі

Алматыдағы Тұрар Рысқұлов университеті (2016 жылға дейін)

Ескерткіштер

Уикипедия / Telegei ↗

Шымкенттегі Жібек жолы көшесінде

Түлкібас ауд. 90 жылдық мерейтойына орай станциядағы теміржол вокзалының алдында М.Тынышбайұлы ескерткішімен бірге орнатылды.

Мәскеуде 30жж. Т.Рысқұлов тұрған үйде мемореалды тақта орнатылды.

Қызы Сәуле Тұрарқызының айтуынша, жетімдік пен кедейлік қамытын ерте киіп, әділетсіздік көрген әкесі әдейі жасын 2 жылға үлкейтіп алғанын айтады. Яғни Тұрар 1896 жылы туған.

Шыңғыс Айтматовтың әкесі Төреқұлды Тұрар Рысқұлов қолынан жетектеп жүріп, Ташкентке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көрнекті қоғам қайраткері болған, 1938 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұловтың тікелей тәрбиесін көрген шәкірті болған.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Тұрар Рысқұлов шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

20 зерттеу
Зерттеу мақала

Марат Қабанбай: «Түлкібас ауданы» — тарихи-әдеби талдау

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Марат Қабанбай · 11.10.2026
Өмірбаян

Иран-Ғайып: «Тынышгүл Берікбайқызы Сұлтанбердиева» — тарихи-әдеби талдау және деректер

} }} Тынышгүл Берікбайқызы Сұлтанбердиева (4 ақпан, 1955 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы (1993 жылдан).

Иран-Ғайып · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов ескерткіші

Тұрар Рысқұлов ескерткіші – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші.

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов — Тұрар Рысқұлов ауылы (Түркістан облысы): Тарихы

Тұрар Рысқұлов ауылы (Көкірек , 1993 ж. дейін – Ванновка ) — Түркістан облысы Түлкібас ауданы мен Майлыкент ауылдық округі орталығы .

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов ауылы (Түркістан облысы)

Тұрар Рысқұлов ауылы (Көкірек , 1993 ж. дейін – Ванновка ) — Түркістан облысы Түлкібас ауданы мен Майлыкент ауылдық округі орталығы .

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов ауданы

Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов — Тұрар Рысқұлов ауданы: Экономикасы

Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 10,5 мың км². Аудан орталығы – Құлан ауылы.

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Өмірбаян

Тұрар Рысқұлов: өмірбаяны, шығармашылық жолы және әдеби мұрасы

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894 жыл, Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938 жыл, Мәскеу) — Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас...

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов — Тұрар Рысқұлов: Төңкеріске дейін

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894 жыл, Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938 жыл, Мәскеу) — Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас...

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Әдеби материал

Тұрар Рысқұлов — Тұрар Рысқұлов: Төңкерістен кейін

Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894 жыл, Жетісу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938 жыл, Мәскеу) — Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және Түркістан Кеңестік Федеративтік Республикасының мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас...

Тұрар Рысқұлов · 11.10.2026
Өмірбаян

Мұқағали Мақатаев: «Азамат Сатыбалды» — тарихи-әдеби талдау және деректер

} }} Азамат Сатыбалды (1977 жылы 2 қарашада Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында туған) — тележүргізуші, кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2014). Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері (2002). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық...

Мұқағали Мақатаев · 11.10.2026
Өмірбаян

Баубек Бұлқышев: «Басқарбек Битанов» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Басқарбек Әлтайұлы Битанов (01.01.1959 ж. Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылында туған. Журналист, жазушы, сатирик.

Баубек Бұлқышев · 11.10.2026
Әдеби материал

Мархабат Байғұт — Түлкібас ауданы: Тарихы

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Мархабат Байғұт · 11.10.2026
Әдеби материал

Мархабат Байғұт — Түлкібас ауданы: Этимологиясы

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Мархабат Байғұт · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Мархабат Байғұт: «Түлкібас ауданы» — тарихи-әдеби талдау және деректер

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Мархабат Байғұт · 11.10.2026
Әдеби материал

Мархабат Байғұт — Түлкібас ауданы: Табиғаты

Түлкібас ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. Жер аумағы 2,3 мың км². Аудан орталығы – Тұрар Рысқұлов ауылы.

Мархабат Байғұт · 11.10.2026

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

4 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Тұрар Рысқұлов туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

12 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Тұрар Рысқұлов ескерткіші

Тұрар Рысқұлов ескерткіші – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген монументтік өнер ескерткіші. Тараз

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Тұрар Рысқұлов ауылы (Түркістан облысы)

Басқа мағыналар үшін Тұрар Рысқұлов ауылы (айрық) деген бетті қараңыз. Тұрар Рысқұлов ауылы (Көкірек, 1993 ж. дейін – Ванновка) — Түркістан облысы Түлкібас

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Тұрар Рысқұлов ауылы (Жамбыл облысы)

Басқа мағыналар үшін Тұрар Рысқұлов ауылы (айрық) деген бетті қараңыз. Тұрар Рысқұлов — Жамбыл облысы Меркі ауданындағы ауыл, Рысқұлов ауылдық округі құрамында

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Еңбекші (Тұрар Рысқұлов ауданы)

мағыналар үшін Еңбекші деген бетті қараңыз. Еңбекші — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы ауыл, Абай ауылдық округінің орталығы. Аудан орталығы –

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Аққайнар (Тұрар Рысқұлов ауданы)

мағыналар үшін Аққайнар деген бетті қараңыз. Аққайнар — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Қорағаты ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы – Құланнан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қаракемер (Тұрар Рысқұлов ауданы)

мағыналар үшін Қаракемер деген бетті қараңыз. Қаракемер — Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы – Құлан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Тұрар Рысқұлов ауданы

Тұрар Рысқұлов ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі

Әдеби материал Abai.kz ↗

АҒАЙЫНДЫ ӘДІЛОВТЕР ТАҒДЫРЫ

АҒАЙЫНДЫ ӘДІЛОВТЕР ТАҒДЫРЫ Abai.kz

21.06.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Тұрар Рысқұлов — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Тұрар Рысқұлов туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Тұрар Рысқұлов — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Тұрар Рысқұлов шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Тұрар Рысқұлов — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Тұрар Рысқұлов мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Тұрар Рысқұлов — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Тұрар Рысқұлов өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз