Мазмұнға өту
telegei
Эрнест Хемингуэй
Қаламгер · Әлем әдебиеті · 1961–1954

Эрнест Хемингуэй

Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899(18990721), Ок-Парк, Иллинойс, АҚШ – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйді атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген. Жеті роман жа­зып, төрт әйелмен бас құраған, үш со­ғыс­ты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апаты­нан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез бейнесін емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, ба­тыл, жаужүрек қылып көрсете білді. Хемингуэй Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан, Испа­нияда бомбаның астында аман қалып шыққан, Германияны бомбала­ған ұшақ­тарда болған, амери­ка­­лық әскер Нормандияға ба­сып кіргенде, француз партизан­дарының тобын басқарып, Парижді азат етуге қатысқан. Талай елге саяхат жасап, Еуропада, Кубада, Африкада бірнеше жыл бейбіт өмір сүрген, содан болар, шығармадағы басты кейіп­кер­лері америкалықтар болғаны­мен, оқиғасы өзге өңір­лерде өрбігенін суреттеген.

2 Кітаптары
2 Әңгіме мен мақала
1 Зерттеу мен эссе
18 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Эрнест Хемингуэй қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

4 туынды

Әңгімелері мен шағын туындылары

2 материал
Әңгіме / Туынды

Килиманджаро - қарлы тау

Эрнест Хемингуэй — «Килиманджаро - қарлы тау» (Аударма әңгіме). , басын мәңгі қар басып жатқан тау, дәлірек айтқанда, Африканың ең биік шыңы. Масай тайпалары оның батыс шыңын "Нгайэ-Нгайэ" деп атайды екен, мұның мағынасы Тәңірдің тұрағы немесе құдайдың қонысы деген сөз. Сол шыңның құзар...

09.10.2026
Әңгіме / Туынды

Үндістер мекені

Эрнест Хемингуэй — «Үндістер мекені» (Аударма әңгіме). Көл жағаcында бөтен қайық байлаулы тұр. Қайық жанында екі үндіс күтіп тұр.

09.10.2026

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Эрнест Миллер Хемингуэй (ағылш. Ernest Miller Hemingway; 21 шілде 1899(18990721), Ок-Парк, Иллинойс, АҚШ – 2 шілде 1961, Кэтчам, Айдахо, АҚШ) — америкалық жазушы, журналист, 1954 жылғы Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты.

Әдебиет тарихында жоғалған ұрпақ деп аталып кеткен ағымның басты өкілі ретінде осы Хемингуэйді атауға болады. Бірінші дүниежүзілік соғыс салдарынан сенімдерінен айырылып, махаббаттарын жоғалтып, сенделіп, мəңгіріп қалған жазушы-ақындар шығармаларында сол заманның пессимистік келбетін бейнелеген.

Жеті роман жа­зып, төрт әйелмен бас құраған, үш со­ғыс­ты көрген, екі рет қатерлі ұшақ апаты­нан аман қалған жазушы отбасының ортаншысы еді. Майдан кешкен жан бола тұрып, соғыстың қатыгез бейнесін емес, оның салдарынан зардап шеккендердің «бейбіт өмірін» басынан өткізді. Кейіпкерлерін табанды, ба­тыл, жаужүрек қылып көрсете білді.

Хемингуэй Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарға қатысқан, Испа­нияда бомбаның астында аман қалып шыққан, Германияны бомбала­ған ұшақ­тарда болған, амери­ка­­лық әскер Нормандияға ба­сып кіргенде, француз партизан­дарының тобын басқарып, Парижді азат етуге қатысқан. Талай елге саяхат жасап, Еуропада, Кубада, Африкада бірнеше жыл бейбіт өмір сүрген, содан болар, шығармадағы басты кейіп­кер­лері америкалықтар болғаны­мен, оқиғасы өзге өңір­лерде өрбігенін суреттеген.

Балалық шағы

Уикипедия / Telegei ↗

Эрнест Хемингуэй 1899 жылы 21 шілдеде Чикаго маңындағы Ок-Парк қалашығында дүниеге келді (Иллинойс, АҚШ). Оның әкесі Кларенс Эдмонт Хемингуэй дәрігер қызметін атқарса, ал анасы Грейс Холл өмірін балаларын бағуға арнаған.

Кларенс Хемингуэй жастайынан баласының бойында табиғатқа деген махаббатты оятуға тырысады, және сондағы арманы баласының әке жолын қуып, медицина және жаратылыстану ғылымымен айналысуы еді. Эрни 3 жасқа толғанда, әкесі оған ең алғашқы қармағын тарту етіп, өзімен бірге балыққа алып шықты. Оған қоса, болашақ жазушы 8 жасқа толған шақта Орта Батыс өңіріндегі бүкіл аң-құс, балық және ағаш-өсімдіктердің атауларын жатқа білді. Сонымен қатар, Эрнест түрлі кітаптарды бас алмай оқуды өзінің үйреншікті ісіне айналдырды. Бос уақытын ол үйіндегі кішігірім кітапханада, әсіресе, Дарвин еңбектері мен тарихи қолжазбаларды меңгерумен өткізді.

Ал керісінше, миссис Хемингуэйдің баласының болашағына деген көзқарасы мүлде өзгеше болды. Анасының міндеттеуімен жазушы шіркеу хорында өлең айтып, виолончель аспабында ойнады. Көп уақыт өте келе, мосқал тарта бастаған Эрнест осы жайт туралы былай деп айтқан:

Анам бір жыл бойы мені музыка үйрету үшін мектепке жібермеді. Ол менің музыкалық қабілетім мол деп есептеген. Шынына келер болсақ, менің өнерге деген ешқандай талантым да, құлшынысым да болмады.

Оук-Парктегі қысқы үйінен басқа, жазушы отбасының Валлун көлінің жағасында орналасқан «Уиндмир» деген иелігі болды. Әрбір жаздың басталуымен Хемингуэй ата-анасымен, ағаларымен және әпкелерімен бірге сол жерге ат басын бұрып отырды. Шынайы табиғатқа тұнып тұрған бұл өлкеде жазушы өзін еркін сезініп, ерекше сезімге кенелді. Себебі виолончель аспабы мен шіркеу хорынан шалғай бұл жерде Эрнест өзінің ұнататын істерімен айналысып: балық аулап, орман ішін аралап, көршілес үндіс тайпаларының балаларымен ойнауды жақсы көретін. 1911 жылы, Эрнест 12 жасқа толған кезде, атасы оған бір оқталатын 20 калибрлы мылтықты сыйға тартты. Атасына деген сезімі өте ынтық Эрнест оның айтқан әңгімелерін сүйіп тыңдап, өмірінің соңына дейін оны ұмытпай, тіпті, кейде өзінің туындыларына арқау етіп отырды.

Мектептегі уақыты

Уикипедия / Telegei ↗

Сол уақытта Хемингуэй мектептегі кішігірім «Скрижаль» журналында жазушы ретіндегі алғашқы қадамын жасайды. Баспаға түскен ең бірінші шығармасы — солтүстік экзотикасы мен үндіс фольклорына толы «Маниту соты» еңбегі еді. Журналдың келесі нөмірінде «Бәрі де терінің түсіне байланысты болды» атты бокстың лас та әділетсіздікке толы коммерциялық бейнесі сипатталған әңгімесі жарық көрді. Кейінгі нөмірлерде, негізінен, жазушы спорт жарыстары мен концерттер жайлы репортаждар жариялап отырды. Өмірінің осы мезетінде Хемингуэй өзінің біратола жазушы болатынын нық шешті. Табиғатынан шымыр және шыныққан Хемингуэй бокс және футболмен белсене айналысты. Кейін өзі айтып кеткендей:

Бокс мені әрқашан қанша рет құласаң да түрегеліп, құдды бір бұқа секілді тез және қайта-қайта шабуылдауға дайын болуға үйретті.

Полиция тілшісі

Уикипедия / Telegei ↗

Мектепті бітірісімен Эрнест ата-анасы қалағандай жоғарғы оқу орнына тапсырмай, Канзас Сити қаласына көшіп, сол жердің жергілікті «The Kansas City Star» газетіне жұмысқа тұрады. Оның қарамағындағы қала аумағы бас аурухана, вокзал және полиция бөлімшесін қамтыды. Жас тілші қалада орын алып жатқан бүкіл оқиғаларға белсене ат салысып, әр түрлі кісілермен танысып, өзінің ойлау арнасын барынша кеңейтті. Эрнест кездестірген адамдардың іс-әрекеттерін, сөйлеу мәнерін барынша бақылап, түсініп, жаттап алуға тырысты. Санасында түйіршектеп жиналған осы деректер кейін болашақта оның еңбектерінің сюжеттеріне арқау болып, диалогтар мен деталдерін құрастыруға жәрдем етті. Дәл осы кезде Хемингуэйдің өзіндік жазу стилі және әрдайым оқиғаның ортасында болу дағдысы қалыптасты. Газет редакторлары жас жазушыны ойын дұрыс және нақты жеткізумен қоса, стильдік шұбалаңдықтардан арылу жолдарын да үйретті.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс

Уикипедия / Telegei ↗

Хемингуэй әскер қатарында болғысы келгеніне қарамастан, көзінің нашар көруі ұзақ уақыт бойы оның бұл мақсатына кедергі болып келді. Соған қарамастан, ол дегеніне жетіп, өз еркімен Қызыл Крест машинасының жүргізушісі ретінде Италия жерінде болып жатқан майдан сапына келеді. Ең бірінші күні, Миланға келмей жатып Эрнест және басқа да еріктілер бомбаланған зауыт қалдықтарын жинауға міндеттелді. Бірер жыл өткеннен кейін жазушы соғыстан алған алғашқы әсерлерін «Қош бол, майдан!» кітабында көркем сипаттады. Келесі күні жас Хемингуэй санитарлық көліктің жүргізушісі ретінде Скио қаласында орналасқан әскер топтарына жөнелтілді. Алайда, бұл жердегі әскерлердің уақытын тек ойын-сауық, карта және бейсбол ойнаумен өткізіп отырғанын көрген Эрнест шыдай алмай, өзін Пьяве өзені бойына ауыстыруын талап етті. Бұл жерде де ол тыныш отырмай, әскерлердің жер тасаларына азық-түлік әкелу арқылы майдан шебінде болып жатқан соғыстарға тікелей жанасты.

1918 жылы 8 шілдеде Хемингуэй жаралы итальяндық снайперді құтқарам деп, Аустрия шеңберінен атылған пулемет пен зеңбірек оқтарының астында қалды. Ауруханада Эрнест денесінен 26 снаряд жарқыншақтары алынып, кейін оны Миланға ары қарай емдеуге көшірді.

Үйге қайту

Уикипедия / Telegei ↗

1919 жылғы 21 қаңтарда Эрнест Отанына батыр ретінде оралды. Бүкіл газет беттерінде жазушы Италия майданында жараланған бірінші америкалық кейпінде сипатталды. Италия королі оны «Жауынгерлік айбыны үшін» және «Әскери крест» медалдарымен марапаттады. Жазушы өзі кейінірек айтып кеткендей:

Мен сол соғысқа барғанымда өте үлкен ақымақ болдым. Мен барлығын құдды бір біз және аустриялықтар бір жарысқа қатысып жатқан спорт командалары секілді қабылдадым.

Келесі бір жылдай уақыт шамасын Хемингуэй жанұя ортасында өткізіп, өзінің болашағы жайлы ойланумен болды. 1920 жылдың 20 ақпанында жазушы журналистика бағытына қайтып келу үшін Торонто қаласына көшіп барды. Оның жаңа жұмыс орны, «Торонто Стар» газеті, жазушыға шығармашылық бағытта не жазғысы келсе де толық еркіндік берді. Ең басты шарт: тек баспадан өткен материалдарға ғана ақша төленді. Эрнесттің ең алғашқы жұмыстары — «Көшпелі сурет көрмесі» және «Тегін қырынып көріңіз» — жалпы айтқанда өнер сүюшілердің көрсеқызарлықтары мен америкалықтардың ырымшылдықтарына деген келемеждеу сипатында болды. Содан кейінгі еңбектері соғыс зардаптары, үйлерінде ешкімге керексіз болып қалған соғыс ардагерлері және ақымақ шенеуніктер жайлы болды.

Дәл сол жылы жазушы мен оның анасы арасындағы өзара түсініспеушіліктер арта берді. Нәтижесінде Хемингуэй бүкіл заттарын жинап, Чикаго қаласына көшіп кетті. Бұл қалада ол «Торонто Стар» газетімен қарым-қатынасын жалғастырумен қоса, «Cooperative Commonwealth» журналында редакторлық қызметін атқарды. Ал 1921 жылғы 3 қыркүйекте жазушы Хэдли Ричардсон атты жас пианист қызға үйленіп, бұрыннан армандап жүрген Париж қаласына сапар шегеді.

Париж қаласында Хемингуэйдың отбасы Контрэскарп алаңы маңындағы Кардинал Лемуан көшесінде кішкене пәтерге орналасады. «Өзіңмен алып жүретін мереке» кітабында Эрнест осы жағдай туралы былай деп жазып кеткен:

Бұл пәтерде канализация құбыры мен ыстық су болмады. Бірақ бізге бұл кемшіліктерді терезеден қалаға деген күшті көрініс алмастырды. Еденде жатқан пружиналы матрац біздің төсек орнымыз болды. Қабырғаларда өзімізге ұнайтын картиналар ілініп тұрды, сондықтан бұл пәтер бізге өте ашық және жайлы көрінетін.

Отбасын асырау үшін және жаз айларында дүние жүзін аралау үшін Хемингуэйге көп жұмыс істеуге тура келді. Сондықтан ол апта сайын «Торонто Стар» газетіне өзінің шығармаларын жіберіп отырды. Газет редакциясы жазушыдан Еуропа өмірінің сипаттамасын, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің егжей-тегжейін талап етті. Бұл жағдай Эрнестке очерк тақырыптарын өзі таңдап, жазу стилін дамытуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде жазушы, негізінен, очерктерін келеке түрінде америкалық туристтер және жастардың сергелдеңмен өткізген өмірі жайлы жазудан бастады («Міне бұл Париж», «Париждегі америкалық богема» және т.б.).

1923 жылы Эрнест «Шекспир және компания» деген кітап дүкенінің иесі Сильвия Бичпен танысып, өте жақын достық қарым-қатынас орнатты. Дүкен ішінде жазушы көп уақытын өткізіп, кітаптар алып, түрлі көзі ашық зиялылар, ақын-жазушылар мен суретшілермен танысты. Солардың ішінде жазушыға ерекше әсер еткен Гертруда Стайн еді. Эрнест әрдайым Гертрудадан ақыл-кеңес сұрап, әдебиет жайлы әңгіме-дүкен құрғанды ұнатты. Гертруда газеттегі жұмысқа немқұрайлы қарап, Эрнесттің шығармашылықтағы басты жолы – жазушылық екенін оған иландыруға тырысты.

Әдебиет ортасында танылуы

Уикипедия / Telegei ↗

1926 жылы жазылған «Күн де шығады» — жазушыны ең алғашқы шығармашылық табысқа жеткізген еңбегі. Бұл роман оқырманға 1920 жылдары Франция мен Испанияда тұрған жастар өмірі жайлы баяндайды. 1927 жылы «Әйелдерсіз еркектер», ал 1933 жылы «Жеңімпазға ешнәрсе тимейді» атты әңгіме жинақтары шыққаннан кейін, Эрнест Хемингуэй көпшілік ортасында ерекше бір қысқа әңгімелер авторы ретінде әбден танылды. Осы әңгімелер ішінде әсіресе «Қаныпезерлер», «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты» және «Килиманджаро — қарлы тау» оқырмандар назарын аудартып, ерекше ықыласқа ие болды.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Эрнест Хемингуэй шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

1 зерттеу

Автор туралы зерттеу кітаптар мен жинақтар

1 кітап

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Эрнест Хемингуэй туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

18 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жеңілмеген (Хемингуэй)

«Жеңілмеген» (ағылш. The Undefeated) — америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй жазған әңгіме. Туынды алғаш рет 1925 жылы Der Querschnitt журналында жарияланды

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Революционер (Хемингуэй)

«Революционер» (ағылш. The Revolutionist) — америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй жазған әңгіме. Туынды алғаш рет оның 1924 жылы шыққан «Біздің уақытта» атты

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жаңбырдың астында қалған мысық

астында қалған мысық» (ағылш. Cat in the Rain) — америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй жазған әңгіме. Туынды оның 1925 жылы шыққан «Біздің уақытта» жинағында

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Таза, жарқын жер

жарқын жер» (ағылш. A clean, well-lighted place) — америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй жазған әңгіме. Туынды оның 1933 жылы шыққан «Жеңімпазға ешнәрсе тимейді»

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Өзіңмен алып жүретін мереке

«Өзіңмен алып жүретін мереке» — Эрнест Хемингуэйдың мемуарлық шығармасы. Хемингуэй өзінің Парижде өткізген күндері жайында баяндайды. 1920-шы жылдары жас

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Көктем сулары

— Эрнест Хемингуэйдың алғашқы көлемді шығармасы. 1926 жылы «Ұлы расаның өту құрметіне» жазылған Эрнест Хемингуэйдің романтикалық хикаяты. Хемингуэй жұмысын

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Күн өткенде

«Күн өткенде» (ағылш. A Day's Wait) — америкалық жазушы Эрнест Хемингуэй жазған әңгіме. Туынды оның 1933 жылы шыққан «Жеңімпазға ешнәрсе тимейді» жинағында

Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Праздник, который всегда с тобой

Праздник, который всегда с тобой Әдебиет порталы

18.08.2022
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Андре Мальро - Әдебиет порталы

Андре Мальро Әдебиет порталы

03.11.2021
Әдеби материал El.kz ↗

Названы страны с наибольшим числом лауреатов Нобелевской премии в 2025 году

Названы страны с наибольшим числом лауреатов Нобелевской премии в 2025 году El.kz

29.10.2025
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Интересные факты в картинках

Интересные факты в картинках Әдебиет порталы

23.01.2017
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

Афоризмы и цитаты о литературе

Афоризмы и цитаты о литературе Әдебиет порталы

23.02.2019
Әдеби материал Abai.kz ↗

Герольд БЕЛЬГЕР. Дидар и его рассказы

Герольд БЕЛЬГЕР. Дидар и его рассказы Abai.kz

21.06.2018
Әдеби материал Әдебиет порталы ↗

100 великих загадок природы

100 великих загадок природы Әдебиет порталы

31.10.2018
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Эрнест Хемингуэй — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Эрнест Хемингуэй туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Эрнест Хемингуэй — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Эрнест Хемингуэй шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Эрнест Хемингуэй — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Эрнест Хемингуэй мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Эрнест Хемингуэй — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Эрнест Хемингуэй өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз