Мазмұнға өту
telegei
Әйтеке би
Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы · Балалар әдебиеті

Әйтеке би

Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

1 Кітаптары
0 Әңгіме мен мақала
3 Зерттеу мен эссе
13 Ғаламтор дерегі

Шығармалары

Әйтеке би қаламынан туған кітаптар, повестер мен әңгімелер

1 туынды

Өмірбаяны және шығармашылық жолы

Энциклопедиялық деректер, өмір кезеңдері мен әдеби мұрасы

Толық энциклопедия ↗

Қысқаша мәлімет

Уикипедия / Telegei ↗

Әйтеке Би Байбекұлы (1644–1700) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Алшын тайпасының Әлімұлы рулар бірлестігінің Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім мен Жәңгір хандардың тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Балалық шағы

Уикипедия / Telegei ↗

Шешендік қасиетінің ашылуына әкесі мен Қосуақ бидің ықпалдары тиеді. Жеті жасынан бастап Әйтеке Жалаңтөс батыр мен атасы Ақша ханның тәрбиесінде болады. Ол алғаш Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс салдырған әйгілі "Тіллә-кари"(Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде білім алады. Нәтитжесінде дін, құқық, аспан әлемі, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шыққан.Әйтеке бидің шын есімі Айтық.

Ел басқарушы би

Уикипедия / Telegei ↗

Ақша бабасынан елшілік, ел басқару жолдарын үйренеді. Ал Жалаңтөс әскери қолбасшылық дағдыларына үйреткен.

Медресені тамамдаған Әйтеке туған ауылына оралып, әкесімен ел басқару істеріне араласа бастайды. 21 жасында Бұқара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақтардың бас биі болады. Ал жиырма бес жасында Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлайды. 1680 жылы Салқам Жәңгірдің ұлы Тәукені хан етіп сайлауға айрықша ат салысады. Кейін Тәуке хан құқықты "Хан кеңесін" сайлап, Әйтеке Кіші жүз атынан осы кеңестің мүшесі болып сайланған. Осы тұста елге жаңа заң үлгілерін жасау керек болды. Тәуке хан, Әнет баба, Соқыр Абыз, Майлы, Төле, Қазыбек т.б. билердің қатысуымен 1684 жылы "Жеті жарғы" қабылданды. Бұл заңдар жинағы қазақ қоғамындағы феодализмді нығайту бағытында маңызды рөл атқарды.

Әйтеке ресми түрде хан кеңесшісі болды. Ол орталықтандырылған біртұтас қазақ хандығын құру жолында белсене ат салысты. Төле және Қазыбек билермен бірге Тәуке ханнан Абылайға дейін қазақ мемлекеттігінің эстафетасын алып өткен секілді. Қазақ елінің үш жүзінің бірлікте, тату өмір сүруінің қамын ойлаған қамқоршы болды. Өзін дана, әділ би, аузы дуалы шешен, ішкі жөне халықаралық күрделі мәселелерді шешуде төреші, жоңғар басқыншыларына табанды қарсылық көрсетуді ұйымдастыру жолында үлкен үлес қосқан озық ойлы қайраткер ретінде таныта білді.

Кіші жүз биі

Уикипедия / Telegei ↗

Әйтеке би 25 жасынан бастап Кіші жүздің бас биі ретінде алғашында Ордабасыда, сонан кейін Күлтөбе мен Ұлытауда жыл сайын өткізілетін үш жүздің басшылары мен беделді адамдары бас қосқан жиындарға тұрақты қатысып тұрады. Тәуке ханнан бастап дәстүр тапқан бұл жиындарда ұлт бірлігін нығайту мәселелері талқыланып, жүздер мен рулардың арасындағы өзара келіспеушіліктен туындайтын даулар шешілетін болған. Қызу айтыс-тартыстар ушығып кетер тұста тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні іспетті жұрт тоқтасар бәтуаны Әйтеке би айтады екен.

Жеті жарғы

Уикипедия / Telegei ↗

"Жеті жарғыда" Әйтеке ұсынған баптардың ішінде — "сүйек құны", "өнер құны" белгілі. 1685 жылы Әлі сұлтан мен қарапайым халық арасындағы үлкен жанжал дауға айналып кете жаздайды. Әлі сұлтанның тентек ұлы бір кедейдің сұлу, ақын, әнші-домбырашы қызына дегеніме көнбедің деп өшігіп, бір күні қыз қызыл орамал тартып, үйден ұзай бергенде, бүркітін шүйітіп, қастандық жасайды. Бүркіт қыздың басын мылжалап өлтіреді. Ашынған ағайындары төреден құн сұрайды.

Әлі сұлтан оларды маңына жолатпай, барған билерді ит қосып қуып жібереді. Ақыры ел арасы екіге жарыла бастайды.Ең соңында құн сұраушылар жағы Әйтеке биге келіп өтініш жасайды. Ол қасына сіргелі батыры Қазыбекұлы Жабайды, байбақты батыры Шоланды ілестіріп Әлі сүлтанға барады. Әйтекенің айбарынан ығысатын Әлі сұлтан амалсыз құн төлеуге келіседі. Әйтеке қыз құнына қосымша оның өнерлі екенін айтып, "өнер құнын" және қыздың жоқтаушыларын келеке қылып, сүйек сындырғаны үшін "сүйек құнын" төлеуді талап етеді. Бұл екі құнның әрқайсысы негізгі құнның жартысына тең екен. Сөйтіп, Әйтекенің қаһарынан қаймыққан Әлі сұлтан толық екі құн төлеуге мәжбүр болады. Бүл оның ата дәстүр-салтына жетіктігімен бірге, өнерлі адамға айрықша құрметін көрсетеді.

Ел аузында Әйтеке айтқан билік, шешендік сөздер, толғаулар, баталар көп сақталған. Биді халық "айыр тілді Әйтеке" деп атаған.

Әйтеке қайтыс болғаннан кейін Нұрата тауларын мекендеген Алшын-Төртқара ауылдарының көпшілігі Сыр бойына көшіп кеткен. Одан тараған алтыншы-жетінші ұрпақтары мен аталастары Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, бірқатарлары Өзбекстандағы Нұрата ауданында тұрады. Ақтөбе облысының бұрынғы Қарабұтақ және Комсомол аудандары біріктіріліп, қазір Әйтеке би ауданы аталады. Қазақстанның ірі қалаларында Әйтеке би аты көшелерге берілген.

Әйтеке би Байбекұлы Навои облысы, Нұрата ауданында жерленген.

Ел аузынан

Уикипедия / Telegei ↗

Әйтеке би Байбекұлы - Алшыннан шыққан қазақтың атақты шешен биі. Шежіреде Алшын Алау әмірден Қыдуар/Құдияр тентек, одан Қадырқожа тарайды. Қадырқожаның Қайырбай атты баласы кедей болып, Қаракесек атанады. Қаракесектен Әлім тарайды. Әлімнен Шекті, Төртқара, Шөмекей, Кете, Қаракесек пен Қарасақал рулары тарайды. Төртқараның бабасы Қарамашақтан Ораз, Оразгелді, Жаншұқыр, Қараш. Ораз Меккеге үш рет барып Қажы атанған, Әмір-Темірдің бас кеңесшісі болған кісі. Сол Ораздың бауыры Қараштан - Ақпан, Тоқпан. Тоқпаннан Сейітқұл туған. Сейітқұлдан сегіз ұл болған. Соның бірі кезінде Самарқан шаһарын 40 жылдай билеген атақғы Жалаңтөс баһадүр еді. Жалаңтөс батыр және оның ерлігі, ел билеудегі беделі жөнінде жазба деректер аз емес.

Сейітқүл әулиенің енді бір баласы Ақша. Одан - Шан, Байбек, Қонысбек, Жоламан, Бекбембет, Бөкенші үрпақтары өсіп-өнген. Байбектен Кешубай, Кашқын, Әйтеке туған. Әйтекеден Қонысбай, Жалтыр деген екі ұл қалған. Бұлардан тараған ұрпақтар ұзақ жылдар Самарқан, Нұрата тауының төңірегін мекен еткен.

Әйтеке жеті жасынан атасы Ақша ханның тәрбиесінде болған. Ел басқару ісіне, басқа елдерден келген қонақтарды қабылдау, халық арасындағы дау-дамай, келісім, бітім істеріне қатыстырып отырған.

Екінші жағынан ауыл молдаларына оқытқан. Он жасынан бастап атасы оны Жалантөс батырдың балаларымен бірге Бұқардағы медресеге оқуға береді. Ол оқуды үздік тамамдайды. Араб, парсы тілдерін үйреніп шығады. "Әйтеке жиырма бес жасында Төртқара еліне би болады. Ал отыз жасында 24 рудан құралған бүкіл Кіші жүздің, яғни, 18 рулы Алшын (Әлімұлы және Байұлы) мен 7 рудан құралған - Жетірудың Төбе биі болып сайланады". содан бұл дүниеден өткенше ел билігімде жүреді.

Ел арасында Әйтекенің ең алғаш рет билік, тапқырлығымен көзге түсуін жұрт былай аңыздайды:

Әйтеке би жайлы ел аңызы(Балалық шақ)

Уикипедия / Telegei ↗

Әйтеке бала кезінде үш жолаушыға кездеседі. Сонда ол:

- Ассалаумағалейкум, ақалар! - деп, үлкендерге ізетпен сәлем береді.

- Жолаушының жасы үлкені:

- Сәлемет бол балам, мынау қай ауыл?

- Сейітқұл ауылы.

- Өзің кімнің баласысың?

- Байбектің баласымын.

- Есімің кім?

- Есімім Айтық.

- Қосуақ бидің үйі қайда?

- Анау астында, онда не шаруаларыңыз бар еді? - деп, сұрайды бала.

- Даулы болып келеміз, - дейді әлгі қарт жолаушы. - Ойнап жүрген баламызды сол ауылдың бір жолаушысының аты теуіп өлтірді. Соның құнын даулап келеміз. Әйтеке болса, сәл ойланып тұрып:

- Балаңызды ат босағада тепсе - бүтін күн, жабықта тепсе - жарты күн, түзде тепсе - төрттің бірін аласыздар. Қосуақ би де осыны айтар, осыны айтпаса қосып айтар. Жолдарыңыз болсын - дейді.

Үш жолаушы қырдан асып, Қосуақ бидің үйіне барады. Үйлерінің дауларын баян етеді. Қосуақ би, далада ойнап жүрген Әйтеке баланың кесімін айтып, балаңызды ат түзде тепсе - төрттің бірін шыдар - деп, әлгі күн даулап барғандарды риза етіпті.

Сонда әлген баланың әкесі:

- Япырмай, осы билікті бізге ең әуелі далада ойнап жүрген бала айтып еді, түбі сол бала әділ би болар - деген екен.

Зерттеу мақалалары, эсселер мен монографиялар

Әйтеке би шығармашылығы мен тұлғасы хақында жазылған ғылыми еңбектер, эсселер мен талдаулар

3 зерттеу
Өмірбаян

Әйтеке би: шығармашылық өмірбаяны мен таңдаулы туындылары

Әйтеке би — қазақ әдебиеті мен рухани мәдениетінің дамуына өзіндік қолтаңбасымен үлес қосқан көрнекті қаламгер. Автордың әдеби мұрасы ұлттық сөз өнерінің дәстүрлі арналарын жаңа заманның көркемдік ізденістерімен ұштастыра білуімен ерекшеленеді.

Әйтеке би · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Сабыр Адай: «Төле би» — тарихи-әдеби талдау

Төле Әлібекұлы (1663–1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Әйтеке билердің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім...

Сабыр Адай · 11.10.2026
Зерттеу мақала

Жантас Еркін: «Төле би» — тарихи-әдеби талдау

Төле Әлібекұлы (1663–1756) — қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Әйтеке билердің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім...

Жантас Еркін · 11.10.2026

Ғаламтордағы жарамды материалдар

Әйтеке би туралы ашық дереккөздердегі, әдеби порталдар мен басылымдардағы материалдар

13 дереккөз
Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әйтеке би кенттік әкімдігі

Әйтеке би кенттік әкімдігі – Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы әкімшілік бөлік. Құрамына Әйтеке би кенті кіреді. Орталығы – Әйтеке би кенті. 2021 жылғы

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әйтеке би кенті

Әйтеке би (2000 жылға дейін — Жаңа Қазалы) — Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы қала типтес кент, аудан және Әйтеке би кенттік әкімдігі орталығы. Облыс

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әйтеке би ауданы

Әйтеке би ауданы — Ақтөбе облысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Темірбек Жүргенов ауылы. Аудан Ақтөбе облысынан 320

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Қарасу (Әйтеке би ауданы)

Қарасу — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Жабасақ ауылдық округі құрамында болған ауыл, 2019 жылы таратылған. Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Ақкөл (Әйтеке би ауданы)

Ақкөл — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Ақкөл ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Темірбек Жүргенов ауылынан оңтүстікке қарай 55 км-дей

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Әйтеке би ауылы (Түркістан облысы)

Әйтеке би ауылы — Түркістан облысы Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы – Ақсукент ауылынан батысқа қарай 5 км-дей жерде

Әдеби материал Қазақша Уикипедия ↗

Жамбыл (Әйтеке би ауданы)

Басқа мағыналар үшін Жамбыл деген бетті қараңыз. Жамбыл — Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы ауыл, Жамбыл ауылдық округі орталығы. Аудан орталығы - Темірбек

Әдеби материал El.kz ↗

Аныракайское сражение

Аныракайское сражение El.kz

03.11.2016
Әдеби материал El.kz ↗

Тәуке хан и “Жеті жарғы”: как степь удерживала порядок

Тәуке хан и “Жеті жарғы”: как степь удерживала порядок El.kz

01.07.2026
Зерттеу мақала Әдебиет порталы (Adebiportal.kz) ↗

Әйтеке би — Әдебиет порталындағы шығармалары, өмірбаяны және зерттеулер

«Әдебиет порталы» қорындағы Әйтеке би туралы әдеби-зерттеу мақалалар, сын-пікірлер және мұрағаттық деректер.

Эссе / Талдау Abai.kz порталы ↗

Әйтеке би — Abai.kz ақпараттық-танымдық порталындағы мақалалар мен эсселер

Abai.kz сайтында жарияланған Әйтеке би шығармашылығы мен тұлғасы хақындағы эсселер, зерттеулер мен танымдық жазбалар.

Эссе / Талдау Қазақ әдебиеті газеті ↗

Әйтеке би — «Қазақ әдебиеті» газетіндегі әдеби сын мен эсселер

«Қазақ әдебиеті» басылымында жарық көрген Әйтеке би мұрасы туралы зерттеулер, естеліктер мен әдеби талдаулар.

Өмірбаян Қазақша Уикипедия ↗

Әйтеке би — Қазақша Уикипедия энциклопедиялық деректері

Қазақша Уикипедиядағы Әйтеке би өмірбаяны, шығармалар тізімі және энциклопедиялық мақалалар.

Басқа танымал авторлар

Есімін басып, келесі автордың шығармалары мен зерттеулеріне өтіңіз