Қысқаша мәлімет
Уикипедия / Telegei ↗«The New York Times» (немесе NYT, қаз. Нью-Йорк таймс – Нью-Йорк шақтары) — күнделікті АҚШ басылымы. Танымалдығы жөнінен Америкада үшінші орында тұр («The Wall Street Journal» мен «USA Today-ден» кейінгі). Нью-Йорк қаласында 1851 жылдың 18 қыркүйегінде негізі қаланып, сол уақыттан бері үзіліссіз басылып келеді. 112 рет Пулецеровский премиясын ұтып алды.
Оның вебсайты Америкадағы ең таңымал сайттардың бірі, ал ұлттық газеттердің арасында бірінші орынды алып отыр - ай сайынғы келермендер саны 30 миллионнан асады.
Газет басылымының нұсқасы ең үлкен жергілікті астаналық басылым, ал көлемі жағынан Құрама Штаттардағы The Wall Street Journal мен USA Today-ден кейінгі үшінші орынды алады. The Times газетінің лақап аты "сұр ханым" ұзақ уақыт "есептеме газеті" болып саналып келді. Ол International Herald Tribune мен басқа да 18 газет сияқты Нью-Йорк компаниясына тиесілі. Компанияның төрағасы Артур Окс Сульцбергер, оның отбасы газетті 1896 жылдан бері басқарып келеді.
Газеттің ұраны - "Жаңалықтың барлығы да басылып шығарылуға лайықты" - алғашқы беттің үстінгі сол жақ бұрышында басылады. Вебсайты "Жаңалықтың барлығы да шертуге арналған" деп дағдыландырылған. Ол бірнеше бөлімдерге бөлінген: жаңалықтар, пікірлер, бизнес, өнер, ғылым, спорт, стиль, үй іші және ерекшеліктер. The New York Times көптеген газеттер алты бағанаға көшкеннен кейін де бірнеше жыл газеттің сегіз бағанасын сақтады, және ең соңғылардың бірі болып түрлі-түсті фотосуреттерді қолданды.