Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тағдырлар қасіреті
Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Бақторазов Сейдахан Уәлиұлы - «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі саяси қуғын-сүргін тағдырлар қасіреті» шығармасы.
1. ҚАЗАҚ АКСР-ІНДЕ 1920-1930 ЖЫЛДАРЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ЖАҒДАЙ 2.1 Кеңестік биліктің алғашқы жылдарындағы елдегі әлеуметтік қарама-қайшылықтар: жазалау органдарының күштеу шаралары XX ғасырдың алғашқы онжылдықтары Қазақстан үшін, Ресей империясы сияқты, сонымен қатар жалпы әлем жағдайында қоғамдық-саяси процестердің шұғыл жеделдетілуімен сипатталады. Санаулы жылдар аралығында, тіпті кейде бір жыл ішінде қоғам өзінің жаңа даму кезеңіне еніп, оны терең сапалық өзгерістермен өте отырып, келесі кезеңге көшті. Үш революция мен бірінші дүниежүзілік соғыс артта қалып, қазақ халқының мемлекеттігі тарихи тұрғыдан қабылдауға болатын шекарада қалпына келтірілді. Алмасып отырған әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайларға сәйкес қоғамдық, саяси және ұлттық сана формалары да өзгерді. Дәстүрлі әдет-ғұрып бүліншілікке ұшырап, жаңа түсініктер қалыптасты, ол өз кезегінде тіпті де жаңа түсініктермен ауыстырылған еді. Осындай жағдайда адам санасы өтіп жатқан өзгерістерді түйсініп үлгере алмауы себепті жылдам ауытқып отырған тұрмыс салтына ілесе алмады. 1918 жылдың көктемінде Кеңес үкіметіне өз армиясы мен қалаларда шоғырланған мемлекеттік қызметкерлерін және осындағы «пролетариаттарды» азық-түлікпен қамтамасыз ету аса үлкен маңызға ие болған еді. Большевиктерге бұл жағдайдан шығудың екі мүмкіндігі болды: не қираған экономиканы ілдебайлап қалпына келтіру үшін ептеп нарықтың қатынастарды енгізу немесе күштеу шараларын қолдану. Олардың екінші жолды таңдағаны белгілі. 1918 жылдың 29 сәуірінде БОАК-тың мәжілісінде сөйлеген сөзінде, Ленин: «Иә, майда шаруа қожалықтары, майда меншік иелері бізге, пролетарийлерге помещиктер мен капиталистерді құлатуға көмекке келуге даяр екендігі рас, бірақ біздің одан арғы жолымыз олардан бөлек. Олар ұйымдасуды, тәртіпке бағынуды ұната бермейді, олар - оның қас жауы. Дәл осы жерде біз осындай меншік иелерімен, осындай қожайын сымақтармен барынша ашық және аяусыз күресуіміз керек», - деген болатын. Осыдан бірнеше күн өткеннен кейін азық-түлік халық комиссары дәл сол аудиторияда: «Мен барлық жауапкершілікпен мәлім етемін, сөз соғыс тұрғысында болып отыр - тек қолға қару алып ғана азық-түлік мәселесін шеше аламыз, - деді. Петроградтағы мұндай кесапатты саясаттың салқыны Оңтүстік Қазақстан өңіріне тез-ақ жеткен болатын. Бүкіл елді қамтыған саяси дағдарысты экономикалық құлдырау күшейте түсті. 1917 жылғы кұрғақшылық нәтижесінде жылдың соңына қарай аштыққа ұшыраған жеке қожалықтардың саны: Әулиеата уезінде 44307, Ақмешіт уезінде 24810,
Түркістанда 12296, Шымкент уезінде-33618 еді. 1918 жылдың ортасында-ақ Түркістан Республикасында азық-түлік жағдайы мүлдем қиындап кетті. Түркістанға Солтүстік Кавказдан, Россиядан, Сібірден тасытатын астық бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында аса ауыр жағдай мен теміржол транспортының жүйесіз жұмысы кесірінен мүлдем доғарылды. Өлкенің өз ішінде астық даярлау ісін жүйелі тәртіпке келтіру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесіз аяқталды. Республиканы сұрапыл аштық жайлады, Күн көрудің барлық көзінен айырылған халық баудай түсе бастады. Көшпенділер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 пайызын қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 пайызы құрылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тура келді. Осындай жағдайда ашаршылыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған БОАК-тың 1918 жылдың 9 мамырындағы «Азық-түлік Халық Комиссариатына нанның қорын жасырып және оны саудаға салғандығы үшін деревня буржуазиясына қарсы күресте төтенше икілеттіліктер беру туралы» декретінің 7 бабында: «Қолында артық наны бар және оны станциялар мен жинау және құю (себу) орындарына жеткізбегендер халық жаулары болып табылады және барлық мүлкі кәмпескеленіп, 10 жылдан кем емес уақытқа түрмеге жабылады», - деп көрсетілген. Осыдан кейін-ақ Түркістан республикасы ОК төрағасы үшін - Солькин, Түркістан республикасы Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы -Колеев, Азық-түлік комиссары - Казаков қолдарын қойған Қаулыда нанды өз пайдасы үшін саудаға салып жүргендердің ісі революциялық соттардың трибуналарына берілетіндігі ескертіледі. Дегенмен, негізгі құрбандығы мұсылман халықтары, оның ішінде көшпелі халықтар болған сұрапыл аштықпен күресуге құрамына бірде-бір жергілікті халықтардың өкілі енгізілмеген жаңа үкімет селқостықпен қарады. Тіпті жоғарыдағы қаулыға қолы қойылған. Азық-түлік комиссары -Казаковтың кейіннен, Түркістанның ашыққан халқы үшін Бұқарадан сатып алынған шәйді 3 млн. сомға Бұқаралық саудагерлерге қайта сатып, ақшаны қымқырып кеткендігі туралы да айтылады. Жергілікті жерлердегі мұндай берекесіздіктерді мына құжаттардан да көруге болады. «Әулиеата Депутаттар Кеңесі Атқару Комитетінің 1918 жылдың 7 қазанындағы, Хмелевскийдің төрағалығымен өткен мәжілісінде Қаракөл болысының қырғыздары (қазақтары ) қырғыз (қазақ ) Депутаттар Кеңесінің мүшелері Шолпанқұлов пен Кутенеевтің арызын тыңдап, онда алыпсатарлардың малын реквизициялауға жіберілген Шевяков пен Кольчугин басқарған қызыләскерлердің малы бар барлық қырғыздардың (қазақтардың) малдарын тартып алып жатқандығы айтылады. Депутаттар сонымен қатар Айдаралы Берденовтың сол қызыләскерлермен бірге жүрген аты-жөні белгісіз сарттың (өзбектің) Қаракөл болысының кырғыздарына (қазақтарына ) егер 5000 сом ақша берсеңдер малдарыңа тимейміз дегендігін айтады». Бұл жерде іс тергеуге жіберілгенімен, большевиктер өздері қолдан ұйымдастырған аштықпен күресу барысында мұндай басбұзарларды сол кезде құртып жібермегені анық. Ары қарай... «1918 жылдың 12 қарашасында Әулиеата уезінің аштарды тамақтандыру жөніндегі эмиссары Нүршанов Ақыртөбедегі аштар орналасқан киіз үйлердегі жағдайға тоқтала келе, олардың сол күні тамақ ішпегенін анықтағандығын айтты. Осы орайда, Әулиеата қаласының тегін нан кәртішкелерін пайдаланып отырған қызметкерлер тізімінде (барлығы 34 адам) тек еуропалық нәсілдегі адамдардың аты-жөндері жазылғанына мән беруге болады. Бәлкім, осы қаладағы жоғарыдағы және басқа да тізімге кіргендерді тамақтандыру ниетінде болса керек «500 қой қабылдаған ет дайындау бөлімінің төрағасы Ярувельский мен агент Столяров бұл іске белсенділікпен кірісіп, сатып алу құнын өздері белгілей отырып, етке және салоға (ол үшін шошқа майын да іздеттірген болар) қажеттілерін бөлек реттеген. Ауылдардағы аштықтан діңкелей бастаған қазақтарды «өз аштарын» қамтамасыз ету мақсатында одан әрі діңкелеткен белсенділердің бірі, Әулиеата уезінің солдаттар, жұмысшылар, шаруалар, депутаттар комиссиясының мүшесі Мечиков Үшбұлақ станциясынан қайтып келе жатқанда 15 атты қырғыздың (қазақтың) қуып жетіп, ақша талап еткенін, одан өзінің төрт рет мылтықтан оқ атып, әрең құтылғандығын жазады. Саяси күштердің аталған өзіндік ерекшеліктері, қоғамдық санада, әсіресе азамат соғысы тәжірибесінде, кез-келген мәселе тек күш қолдану негізінде шешімін таба алады деген саяси түсініктің берік қалыптасуына алып келді. «Құқық күшін күштің құқына» айналдыру формуласы үстем болып шықты. Сол жылдары қалыптасқан осындай ахуалды мына құжаттан да көруге болады. Онда Әулие-Ата уезі Алмалы болысының бес тұрғыны - Нурманбет Шакелов, Қалмұрза Тұяқов, Махамбет Жетпісбаев, Сейдуалы Рахметов және Кемелбековтер уездік депутаттар Кеңесіне: «осы жылдың 14 июнінде біздің болыстан жылқыларды мобилизациялау кезінде оларды жылқыларының саны 100-ден асатын бақуат адамдардан емес, өздерінің соңғы жылқысын берген кедейлерден тартып алды», - деп арыз түсіреді [104]. Бұл жерде арыз берушілер мәселесінің сиырқұймышақтанып кеткені өз алдына, кедейлерге бостандық әперуші большевиктердің заңсыз әрекеті тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұр. Мұндай оқиғалар әрине, аз болған жоқ, оларды кездейсоқ болды деп те айта алмайсың. Қазақстандағы жағдай мұнымен қатар басқа да факторларға байланысты күрделене түсті. Халықтың көпұлттылық құрамы ұлт мәселесін шешуде жаңа жолдар іздестіруді айқындаған еді, алайда оның орнына, ұлыдержавалық шовинизм мен ұлтшылдық пиғылдағыларды айыптаған делдалдық саясат біртіндеп үстем бола бастады. Зерттеліп отырған кезеңдегі Қазақстанның саяси тарихы үшін сол кездегі қалыптасқан және алмасып отырған жағдайда әрекет еткен саяси күштердің ерекшеліктерін анықтаудың да маңызы зор. Әрине, алғашқы кезде қарсы жақтардың арасындағы әскери қақтығыстар бірнеше күндер мен апталарда, тек кейбір жағдайда ғана бір-екі айдың ішінде жергілікті жағдай шеңберінде шешіліп отырған еді. Алайда 1918 жылдың наурызында үш жылдан аса уақытқа созылған қантөгісті азамат соғысы басталған болатын. Зерттеу тақырыбы тұрғысынан қарағанда бұл, қарама-қарсы тұрған саяси күштердің ә дегеннен-ақ саяси күрестің шектен шыққан формасын таңдап, ешбір ымыраға жүгінбегендігін көрсетеді. Билік басындағы большевиктер партиясының тәсілді таңдауы, олардың үнемі астыртын жағдайда әрекет жасап, билікке басқа саяси партиялармен одақтаспай, өзінше, қарулы көтеріліс арқылы келуімен байланысты болса керек. Буржуазиялық-помещиктік және буржуазиялық-демократиялық, лагерьлердің де саяси икемділігінің, ептілігінің, үгіт-насихат жұмысын шебер жүргізу тәжірибесінің болмауы, олардың самодержавиенің күшімен бүркенуіне әкеліп соқтырған еді. Қазақстандағы социалистік жаңадан құру жағдайындағы маңызды фактордың бірі - Орталықтың түрлі жиналыстар өткізіп, көптеген қаулылар қабылдап және большевиктер партиясының көрнекті қайраткерлерінің республикаға әкелу арқылы ел өміріне жіті мән беруінде еді. Мұндай ынталылықты негізінен екі жағдаймен түсіндіруге болады. РК(б) П мен оның басшылары үшін Коммунистік Интернационалдың жетекші күші ретінде, бұрынғы Ресей империясының отар аймақтарындағы қарымды жаңа құруларды іс жүзінде көрсетудің маңыздылығы зор болды. Метрополия мен отарлар қарым-қатынасы мәселесінде осындай тұғырнамада тұрған, басқа да еуропалық коммунистік партиялар «ұлттардың өзін-өзі билеу құқығы туралы» ұранның коммунистік доктрина арқылы жүзеге аса алатындығына көзі жетуі керек болды. Сондықтан да тез арада жақсы жетістіктерге жету өте қажет еді. Большевиктердің осы пиғылды жүзеге асыру үшін жіберілген эмиссарларының алғашқысының бірі П.А.Кобозевке «Известия» газетінің корреспонденті, «Ел Реввоенсоветінің мүшесі және Кеңес республикасының Түркістан бойынша өкілетті өкілі қандай мәселелерді шешуге бара жатқандығын», - сұрағанда, - Кобозев: өзінің негізгі мақсаты Шығыс майданның Оңтүстік қанатындағы жауды талқандау екендігін, ол арқылы Түркістанға төте жол ашылатындығын атап айтқан болатын. Мұның Қазақстанның геостратегиялық орналасуына, яғни оның территориясы арқылы өтетін жолдардың Шынжанға, одан әрі Британ империясының отарлық иеліктеріне баратындығына байланысты болса керек. Оңтүстік батыс бағыттағы Орта және Таяу Шығыс елдері мен еуропалық аймақта «әлемдік революцияның» — біртіндеп бәсеңдеуіне байланысты, Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының маңызы арта түсті. Дегенмен билік басындағы партия мен үкімет Түркістан республикасының ұлттық өлке ретіндегі тарихи-объективті жағдайын түсінбеді, негізгі бағыт ретінде Орталық Россияда іске асырылып жатқан шараларды Түркістанда қайталау мақсатын таңдады. Түркістан коммунистік партиясының ІУ съезінде сөйлеген сезінде Т.Рысқұлов «большевиктік партия мен кеңес өкіметінің Түркістан өлкесінің жергілікті халықтарының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тұрмыстық және діни өмірінің ерекшеліктерінің ескермей, ішкі Россияда іске асырылып жатқан шараларды мұнда да күштеп іске асыру саясатын ұстанғаны басмашылар қозғалысының өршіп кетуіне әсер еткендігіне» тоқталады. Жалпы, қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптың жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу ауадай қажет болды. Жіктелу, керісінше, оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді. Бүкілресейлік құрылтай таратылғаннан кейін, сол арқылы ұлттық автономия алудан үміттенген Алашорда басшылары мен большевиктер арасындағы қайшылық та тереңдей түсті. Егер «Алаш» партиясына біріккен ұлттық интеллигенция большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені зорлап танушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін жан ұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш есебінде қарады. Егер азамат соғысы алдындағы кезеңде, қарама-қарсы жақтар, билік пен саясат мәселесін, өзінің экономикалық және саяси қуаттарынан айырылған таптар мен сословиелердің күшін пайдалану арқылы шешуге тырысса соғыс жағдайында қалыптасып келе жатқан Кеңес үкіметі, мәселені тиісінше, жаңадан құрылған мемлекеттік қорғау органдары күшіне сүйене отырып шеше бастады. Түркістан өлкесінде құрылған революциялық сот-тергеу мекемелері принципті түрде Ресейдің орталық аудандарында құрылған осындай органдарға сәйкес келді. Кеңестер билігі орнауы және уақытша үкімет институттарын жою жағдайында революцияға дұшпандықпен қараған адамдар мен қылмыскерлер тұтқындалып отырды. Соңынан 12 желтоқсанда Түркістан ХКК өлкедегі революцияға дейінгі соттарды жою және РКФСР ХКК-нің Декретіне сәйкес жаңа сайланбалы соттарды құру туралы бұйрық шығарды. 1917 ж. желтоқсанында солдаттардың, жұмысшылар және шаруалар депутаттарының Сырдария облыстық Кеңесінде «Сырдария облыстық ХКК туралы Ережесі» бекітілді. Облыстық ХКК 11 комиссардан тұрды. Олардың бірі юстииция комиссары болды. 1918 ж. көктемінде Сырдария облысында округтық соты ұрылды. Дегенмен, Перовск (Қызылорда), Верный (Алматы) қалаларының ескі сотының шенеуніктері Кеңес үкіметі декреттерінің қанқұйлылығына байланысты өз шешімдерінде оларға сүйенбеді. Осыған байланысты 1918 жылдың сәуірінде шыққан Түркістан республикасының Юстииция халық комиссариатының Қаулысында «Әрекетсіздік пен саботажға қатысты қылмысы бар сот орындарының қызметкерлері революциялық трибуналдың сотына өткізіледі»,- делінген. Сол 1918 жылы Сәмбет болысының №3 ауылынан Әулиеата уездік комиссарына рапорт жазған Сақыш Саурықов (бәлкім, сол ауылдың болысы. Еск. автордікі) болысындағы бұрынғы бидің орнына жаңа халық сотын сайлауға рұқсат сұрайды. Саурықовтың өз қолын арап әрпімен қойып, рапортты орысша сауатты жазғанына қарағанда, мұның ұйымдастырылған шара екендігіне мән беруге болады. . . Халық соттарының Сырдария облыстық Кеңесі өзінің жұмысын 1919 жылдың 15 тамызында бастады. Облыстық сот құрамындағы 10 адамның төртеуі мұсылман бөлімінде, алтауы орыс бөлімінде қызмет атқарды. Штат кестесі бойынша учаскелерде мұсылман соттары - 32, орыс соттары - 30 болғанымен, іс жүзінде солардың 58 - і ғана жұмыс істеген еді. 1918 жылдың 17 маусымында Түркістан республикасы ХКК үкім шығарып, онда: «осы жылдың 1 тамызынан бастап Түркістан республикасындағы мұсылман соттарын, қазылар мен билерді, сонымен қатар олардың съездерін де біртіндеп бірыңғай халық сотымен ауыстыру туралы, ал облыс қалалары мен оның уездерінде бұл істі ертерек бітіру» туралы айтылады. Осы орайда большевиктердің «халықтың сотының» тұрпатына мына құжат арқылы мән берсек, онда Әулие-Ата уезіндегі сот мәселесі жөніндегі ережеде былай деп жазылыпты: «Бұрынғы ескі мировой судьяның орнына үш адамдық алқалы сот құрылсын, олардың екеуі орыс болуы міндетті, біреуі жергілікті жердің қазағы бола алады. Оның өзі орыс тілін жақсы меңгеруі қажет» [109]. Міне, осылай. Қазақтардың тағдырын сол кезде кімдердің шешкенін осы құжат айқын-ақ көрсетіп тұр. Келесі қадам Ташкент Кеңесінің жылдың 16 қаңтарындағы қаулысына сәйкес революциялық трибуналдың құрылуы еді. Трибунал әрқайсысы төрт адамнан тұратын екі тергеу комиссиясынан құралды, олар өз кезегінде контрреволюция, ұрлық, алыпсатарлық пен тонаушылық істерін қарап отырды. Сырдария Облыстық Революциялык Трибуналы 1919 жылдың шілдесінде құрылды . Соңынан, 1918 жылдың 9 қыркүйегінде ТүркОАК №35 бұйрығы бойынша контрреволюция мен саботажға қарсы күресу жөніндегі төтенше тергеу комиссиясы кұрылды. Төтенше тергеу комиссиясының алғашқы төрағасы болып большевик А.С.Сидоров сайланы. Трибуналдар мен төтенше тергеу комиссиялардың жазалау функцияларының мазмұны бастапқыда төзімділік сипатта болды. Контрреволюциялық әрекеттері үшін тұтқындау, кінәлау сипатында болын, тұтқындалғандар жұмысшы-шаруа үкіметімен белсенді күресін бұдан былай доғаратынын айтып, жазған өтініші негізінде бостандық алды. Революциялық трибуналдар да өз үкімдерін жеңіл, немесе шартты түрде жазалау арқылы шығарып отырды. Әйтсе де мұның бәрі осылай жалғаса бермегені белгілі. Түркістан республикасында жарияланған №3 бұйрықтың көшірмесінде; «Ташкент қаласы, басқа да өлкенің орталықтары секілді еттен қатты ашығуда, мұның себебі: мал өсірушілердің саудагерлік сипатында. Осыған байланысты барлық малы бар азаматтар екі аптаның ішінде өздеріндегі бар мал басына мәлімет беруі керек. Кері жағдайда олардың малы кәмпескеленеді», - делінген. Ары қарай Әулиеата уезіндегі азық-түлік комитетін басқарған Гурбенконың осы бұйрыққа сәйкес уездегі малдардың тізімін беруге міндеттілігі айтылады. Құжаттың 1918 жылдың қарашасында жазылғандығын ескерсек, оның біраз мәселенің басын ашып тұрғаны айқын. Сәл қатаң шаралар мемлекеттік мекемелер қызметкерлері мен өнеркәсіп кәсіпорындары иелерінің саботажына қарсы күресте колданылды. Көтеріліске шыкқан қызметкерлер зейнеткерлікке шығарылмай жұмыстан босатылатындығы туралы ескертіліп, көтеріліс жетекшілері мен бастамашылары жұмыстан қуылды. Түркістан ХКК-нің 1917 жылдың 29 қарашадағы қаулысы өнеркәсіп кәсіпорындарын жабуға қожаларына тиым салды. Кері жағдайда кәсіпорын национализациялануы мүмкін еді. Жаңа үкімет органдары қызметінің тағы бір бағыты оның контрреволюциялық баспасөзбен күресі еді. Кеңес үкіметіне қарсы мерзімді баспасөз басылымдарының үгіт-насихат жүргізу әрекеттері баспасөз туралы Декретке орай, олар жұмысшы және шаруалар үкіметіне бағынбауға немесе оған ашық қарсыласуға шақырған жағдайда, осы әрекеттер бұрмалану факторлары арқылы бүлікке бастау пиғылын тудырады, - делініп, бұл басылымдар жабылып тасталынды. 1917 жылдың 12 желтоқсанында Түркістан ХКК «Туркестанский вестник» газетін ... бүлік пиғылын тудырушы (себуші) ретінде жауып тастады. Жалпы қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде ұлт тілінде шығып тұрған газет-журналдарға бүгінгі күн тұрғысынан талдау жасай отырып сол кездегі большевиктер қитұрқысын қырағылықпен сезіне білген деректерге назар аударасың. «Бірлік туы» газетінде Сұлтанбек Қожанұлының «Түркістандағы орыс сиездері», - атты мақаласында ұлтжанды азамат: «Өткен жылғы ноябрь басынан бері Түркістан аймағының билігін қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, миллионнан астам мұсылмандарды, оларға қоса көп крестиандарды елеусіз етіп, 5-6 большевик Түркістанды билеуге бел байлап отыр. Түркістан аймағының мұсылманы бар, басқа халықтары бар, бұларды қаңтардағы бурадай ауыздарынан көбіктерін ағызып, сақылдатып қоя ма, жоқ болмаса бір нәрсе дей ме, оны келешек көрсетер, - деп заманның жүре бара түзеліп кетуіне ниет артса, Балғынбайұлы Қайретдиннің «Тұла бойы қан сасиды», - атты мақаласында 13 қаңтар мен 10 ақпан аралығындағы Түркістандағы большевиктердің қанды қырғыны туралы баяндай келіп... Бұл сықылды масқаралыққа шыдап та мұсыман рухы қалайша бықсып жата береді? Адамзаттың ең қасиетті құқықтарын таптап кінәсіз қанын судай шашқан бұл сұмдықты не деп айтуға сөз таба алмайсың. Мен түгіл бұл масқаралықты жазбақшы болған тарихшы да оған ұнамды ат қоя алмас, -деп күйзеледі. Әрине, мұндай газеттерді большевиктер жапты. Түркістан өлкесіндегі азамат соғысы алдындағы ірі саяси процесс Уақытша үкіметтің Бас коммисарының көмекшісі граф Г.И. Дорердің үстінен болды. Сотталушыға Кеңес үкіметінің Ташкентте орнауына қарсы болып - революциялық пиғылдағы гарнизон бөлімшелерін қарусыздандырды, қарулы қарсыласына ұйымдастырмақшы болды деген айыптар тағылды. Сот талқысы 1917 жылдың 3-5 желтоқсан аралығында кінәлаушылардың, ант берген (присяжный) заседательдердің, куәгерлердің және басқа да өз еркімен сотқа келген адамдардың қатысуымен өтті. Присяжныйлар соты шығарған үкім бойынша айыпкер (3 жыл) алты айға бас бостандығынан айырылды. Келтірілген фактілер жаңа үкіметтің азамат соғысы қарсаңында қарсыластарына қолданған репрессиялық шараларының салыстырмалы түрде ұстамдылық сипатта болғандығын көрсетеді. Жеңіске жеткен Кеңес үкіметі қатаң жазалау шараларын қолданудан гөрі, кешірімділік жасауға бейім тұруы өз жақтастарын көбейту мақсатында болса керек. Азамат соғысында жағдай түбірінен дерлік өзгерген еді. Петроград ТК-сының төрағасы М.С.Урицкийдің өлтіріліп, Москвада В.И.Ленинге қастандық жасалынғаннан кейін қызыл террор туралы қаулы қабылданады. Қызыл террор соттан тыс репрессивтік әсер ету формасы ретінде саяси күштердің оппозициялық биліктегі көрнекті өкілдерін кепілдікке алуды қарастыра отырып, оларға жазалаудың ең жоғары шегі - ату жазасына дейін барған соттан тыс репрессиялық шаралар қолданды. М.С.Урицкий мен В.И.Ленинге қастандық жасаушылар Л.Канегиссер мен Ф.Каплан БТК алқасының қаулысы бойынша атылып, осы іс-шаралардың алғашқы құрбандары болды. Қызыл террордың тағы бір маңызды салдары БТК түріндегі репрессивтік органдардың бұрын ол болмаған аймақтарда құрылуы еді. Осылай РКФСР ХХК-нің «Қызыл террор туралы» Қаулысына сәйкес Түркістан республикасының ОАК-і мен ХКК-сі 1918 жылдың 5 қыркүйегінде «барынша кеңейтілген өкілеттіліктерімен Төтенше тергеу комиссиясын» құрды. Осыған сәл кейін шыққан БОАК-нің 1918 жылдың 28 қазанындағы Декретінде жергілікті Төтенше Комиссарларды «Қызыл террор» жағдайындағы үйлестіру мәселесі қаралған.
Декреттің 9 бабында: «Жергілікті ТК (ЧК) мүшелерін жергілікті атқару комитеттері, тағайындайды және кері қайтара алады.» делінсе, 10 бабында: «Жергілікті ТК (ЧК) төрағаларын жергілікті атқару комитеттері тағайындайды, және оны БТК (ВЧК) бекітеді», - делінген. Ал, 11 бапта: «ТК (ЧК)-ның жоғарғы органдары төменгі органдарға өз өкілдерін шешуші дауыс құқында жібере алады», - дей келе: Одан әрі, 12 - бапта: «Жергілікті ТК(ЧК) аулыларының жоғарғы инстанциядағы төтенше комиссиялармен тоқтатыла алатындығы», -көрсетілген. Бұл жерде Орталықтың «шаш ал десе бас алатын» өз адамдарын төтенше комиссиялардың барлық деңгейінде ұстап отыруға белсене кіріскендігі айдан-анық болса керек. Ал, жергілікті партия белсенділері бұл органда жүзеге асырылуға тиісті қитұрқы саясаттан секемденіп, ТК-да жұмыс істеуден ат-тонын ала қашқан кездері де болды. Осылай РКП(б)-ның Әулиеата уездік-қалалық мұсылман бюросының 1919 жылдың 19 қазанында өткізілген мәжілісінде ТК жанынан құрылған мұсылман жасағы мүшелерінің оларды осы жасақ құрамынан босату туралы арыздары қаралып, қорытындысында «оларды әскери іспен шұғылдануынан босатып, бюроның қарамағына беру» туралы қаулы қабылданады [115]. Керісінше, 1919 жылдың 14 кыркүйегінде Қ.Сарымолдаевтың төрағалығымен өткен РКП(б) Әулиеата ұйымының уездік комитетінің мәжілісінде уездік ТК (ЧК) Төрағасы Жылысбаевтың Меркеден Гребенников пен Прыгуновты ТК (ЧК)-ға қызметке шақыру туралы ұсынысын мақұлдайды. Сонымен қатар, осы мәжілісте ТК құрамына бірнеше комиссар барлаушылардың да кандидатуралары бекітіледі. 1919 жылдың 6 мамырында «Төтенше Комиссиялар туралы Ереже» қабылданды. ТүркТК-ның алқалық құрамына Юстиция ХалКомы мен ІІХК-ның өкілдері кірді. ТүркТК-ның алқалар кеңесі облыстарда ТК бөлімшелерін құру барысында Сырдария облыстық ТК-сын құрмай, оның уездік бөлімшелерін ғана ашумен шектелді. Тек 1920 жылдың 6 сәуірінде ғана ТүркОАК-ның бұйрығымен 5 облыста, соның ішінде Сырдария облысында ТК құрылды. 1920 жылдың 17-сәуіріндегі Сырдария облыстық революциялық комитеті мен Партияның облыстық комитетінің біріккен Мәжілісінде Сырдария облыстық төтенше комиссиясының Төрағасы болып Кудрявцев тағайындалады. Уездік ТК-лар керісінше жойылып, олардың орнына ТК-ның жоғары тұрған бөлімдерінің тапсырмаларын орындап, оларға уездегі қоғамдық-саяси ахуал туралы ақпараттар беріп отыратын саяси бюролар ұйымдастырылды. БТК-ның Түркістан территориясындағы толық өкілетті өкілі болып 1920 жылдың 19 сәуірінде Г.И.Бокий тағайындалды. 1920 жылдың тамызында осы қызметте оны Я.Петерс алмастырған еді. Осы Петерстің ұсынысы бойынша Ташкент төтенше комиссиясы құрылып, оған Сырдария облысындағы жұмыстарды қоса атқару жүктелінді. Түркістан Республикасының Азамат соғысының аяқталу кезеңіндегі ТК органдарында бұрынғы барлық ірі шенеуніктердің, патша әкімшілігі жандармдары мен полицейлерінің, ірі фабрикалар, заводтар мен сауда кәсіпорындары қожайындарының тіркелуі туралы контрреволюцияға қарсы күрес жөніндегі Төтенше комиссияның шешімі алғашқы жаппай соттан тыс іс-қимылдарының мысалы бола алады. Айтылып өткен каулының негізінде шыққан 1920 жылдың 29 маусымындағы «БК(б)П-ның Түркістандағы мәселелерінде» сондай-ақ: «...бұрынғы барлық полицияның, жандармерияның, жасырын полиция бақылаушыларының ірі шеніндегілері мен бұрынғы ірі Ресей кәсіпорындарының басқарушыларын Түркістаннан Ресей концентрациялық лагерлеріне жер аудару...» ұсынылып 1921 жылдың басына қарай Түркістан республикасы аумағынан 2 мыңнан аса Кеңес үкіметіне дұшпандық көзқарастағы элементтер жер аударылды. Азамат соғысының аяқталып, Кеңес үкіметінің жаңа экономикалық саясатқа көшуіне байланысты бір-бірімен қарама-қарсы күрестегі күштердің арасалмағы өзгерді. Егер, Азамат соғысы басталар кезінде күрес биліктің жергілікті жерде орнауы үшін болса, кейіннен ашық қарулы күрес шетелдіктердің көмегі арқасында жүргізілді. Азамат соғысындағы жеңіліс оппозициялық саяси партия өкілдерінің саяси аренадан кетуіне әкеліп соқты. Дегенмен, Түрік республикасы ТК(ЧК)-сы 1920 жылы Әулиеатадағы оңшыл-әскерлер ұйымын анықтап, олардың:
§1. Большевиктерге қарсы ұйым құрып жатқандығын;
§18. Ұйымның Англиямен байланыста екендігін;
§25. Кеңес Депутаттары мүшелерін өз ұйымдарына тартып жүргендігін;
§31.Үгіт-насихат бөлімінің шаруалардың жұмысшыларға деген өшпенділігін қоздыруды мақсат еткендігін анықтай отырып, әрине мұндай «революция дұшпандарын» талқандады. Осылай, Түркістан ТК (ЧК)-сы катаң жазаға тартқандардың қатарына 1920 жылдың қыркүйегінің соңында Врангель тарапынан Ленин мен Троцкийге қастандық жасауға жіберілген штабс-капитан Новицкий мен оның екі көмекшісі де қосылған еді. Кеңес үкіметі, әрине төтенше комиссиялардың жағдайына үнемі нығайту үстінде болды. Түркістан Республикасы ТК (ЧК)-ның орынбасары Приворотский 1921 жылдың 23 наурызындағы барлық облчекалар мен Саяси бюроларға арналған Бұйрығында: БТК (ВЧК) қызметкерлері мен әскерлеріне ерекше жағдай жасалынып, олардың саяси және кәсіби біліктілігін арттыру туралы іс-шараларды жандандыру қажеттігіне тоқталады. Тез арада ВЧК (БТК) әскерлерлері бөлімшелеріндегі (қатарларындағы) сауатсыздықты жоюды тапсырады. Сонымен қатар, елдегі жалпы ахуалды бақылауда ұстау мақсатында РКФСР ХКК-ның 1921 жылғы 10 ақпанындағы қаулысымен ІІХК-на жергілікті жерлердегі халық комиссариаттарының тыныс-тіршіліктерін жіті қадағалап, жергілікті атқару комитеттеріне түскен арыз-шағымдар туралы Кеңес үкіметіне үнемі баяндап отыру міндеттелді. Бұған елдегі әлеуметтік-саяси жағдайдың халықаралық оқшауландыру жағдайында шиеленісе түсуі себеп болған еді. Билік басындағы партия мұндай мәселелерге өзінің жауабын БК(б)П-ның XІІ Жалпыресейлік конференциясының қаулысында анық көрсетіп, онда: «...өзінің контрреволюциялық мақсатында корпоративтік мүдделерін ғана көздеген, шынайы ғылымның, техниканың педагогиканың және кооперацияның мәселелерін мансұқ ете отырып саяси бүркемеленген, партияда жоқ іспетті (мнимобеспартийный) буржуазиялық-демократиялық зиялылардың саясаткер сымақ басшыларына қарсы репрессиялар қолданудан бас тартуға болмайды»,- делінген. 1921 жылдың қаңтарында БТК ның төрағасы Ф.Э.Дзержинский: «... белсенді күрес жүргізе алатын барлық күдіктілерді ... есепте ұстап, анықтап, тексеріп отыру керек. Бұл бірінші кезекке шығуы тиіс орасан зор ақпараттық жұмыс», деген еді. Түркістан өлкесінде қарастырылып отырған кезеңде панисламизм және пантүркизм идеялары нақты таратыла бастаған еді. Мұның қызметі 1922 жылы тоқтатылған «Ұлттық бірлестік комитеті» - ұйымының құрылуынан да көрініс тапқан болатын. Әулиеата уезі қалалық төтенше комиссиясының қызметкері Хамит Расулкариевтың арандатушылығының арқасында аталған ұйым әшкереленіп, жойылды. Бұл оқиғаның мәнісіне келсек, «Ұлттық бірлестік комитетінің» жергілікті ұйымының жетекшісі бұрынғы саудагер Шүкір Мұхаммедов Хамитті осы ұйымға тартуға тырысады. Осы арқылы Расулкариев ұйымда «жұмыс істеп», оның құрылымын, жоспарлаған акцияларын анықтайды. Аталған комитеттің панисламистік және пантүріктік бағыттағы іс-әрекеттері мен ұйымның басмашылармен тығыз байланыстылығы анықталып, 1922 жылдың қыркүйегінде айыптаулар қорытындысы негізінде ұйым жетекшілерінің бірі Муэтдин мен оның жеті бірдей сыбайластары Туркістан майданының әскери революциялық трибуналының шешімімен ату жазасына кесілді. Бұл жағдай қазіргі заман тұрғысынан қарағанда түсінуге қиын да болар, бірақ жекелеп алғанда, мәселе террорды кімнің бірінші бастағанында емес, әлеуметтік қарама-қайшылықтықтың шиеленісуі мен қарама-қарсы жақтардың мәдениет деңгейі оны шешудің бір-ақ жолын -өз қарсыластарын жоюды қарастырғандығында еді. Яғни, латын тілінен аударғанда қорқыныш, үрей ұғымдарын білдіретін террор анықтамасы шын мәнінде «қорқыту», «үркіту» құралына айналды. Кеңес үкіметі панисламизм мен пантүркизм идеяларының таратылуына қатаң шектеулер қойды. Жалпы империя жағдайында-ақ тек қазақ және татар елдері арасында ғана емес, жалпы ресейлік мұсылман, түркі халықтары көлемінде көрінген бұл табиғи өзін-өзі сақтау ниетінен туындаған ынтымастыққа, үлы державалық ұстанымның идеологтары панисламизм, пантюркизм айдарын тағын, реакциялық мағына беруге тырысты. Өз ретінде бүл әдісті империялық күштер ілін алып кетіп, мемлекеттік саясаттың құралына айналдырды. Ал шын мәнінде мұсылман, түркі халықтарының метрополия алдында өздерінің табиғи талаптарын бірігіп қоюға ұмтылушылықтан басқа ешқандай да ұйымдық негізде саяси әрекетке көшпегендігі анық. Орыс миссионерлері мен шенеуніктері отарлық езгідегі елдердің өзара ынтымақтасуына түрткі болған мемлекеттік саясаттағы әділетсіздік екендігі жөнінде көп ойлап бас ауыртпады. Басқаша айтқанда, «панисламизм» мен «пантюркизм» идеясы саналы түрде ұлт азаттық қозғалысқа қарсы қойылған құйтырқы күрес әдісі болатын. Жалпы алғанда, Қазақстанның Оңтүстік өңіріндегі жаңа экономикалық саясат салыстырмалы түрде тыныш өтті. Жер-су реформасы, ұлттық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-ның құрамына Жетісу мен Сырдария облыстарының енуі жалпы жағдайдың жағымдылығымен қатар, саяси ахуалдың реттелуіне де септігін тигізді. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және этносаяси қарама-қайшылықтар әлі де сақталған еді. БК(б)П көрсетілген кезеңде саяси тәжірибедегі сенімсіз қимылдары анықтағандай қиын аморфтық (тұлғасыз, формасыз) жағдайда болды. Қазақстандық өлкелік партия ұйымының жай-күйі де осындай болатын. 1924 жылдың 8 ақпанында Әулиеата уқалкомы атқару бюросының мәжілісінде Сырдария облыстық атқару комитетінің төрағасы К, (Сарымолдаевтың «ауыл шаруашылығы салығын жинау барысында жіберген келеңсіздіктері үшін (байлардың кейбірін салық төлеуден босатып жіберген) Көшербаев пен Әділбековтердің істерін тезірек аяқтау» туралы телеграммасы талқыланып, онда: Бақылау Комиссиясы өкілдері Уқалком директиваларын орындамай отырған мемлекеттік прокурордың көмекшісі Будаевтың (партия мүшесі) әрекетсіздіктерін анықтап, өз қорытындыларын Уқалкомның атқару бюросына өткізулерін тапсырады. Халық шаруашылығында негізгі экономикалық мәселелер қалпына келтіріліп, техникалық реконструкция жасалынып, бейбіт құрылысқа көшу жағдайында мемлекеттік билікті қорғау органдарын қайта ұйымдастыру (реорганизация) жүргізілді. 1922 жылдың 6 ақпанында БТК Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) болып қайта ұйымдастырылып, ол Ішкі істер халық комиссариаты құрамына енгізілді. Революциялық трибуналдар жойылып, МСБ-ның өзі тергеу органына айналды, ол контрреволюцияға қарсы күрес істері жөніндегі алдын ала тергеу органы болды. Істерді қарау мен үкімдер шығару сот мекемелерінің компетенциясына берілді. Жалпы, бұл атаулардың өзгеруі нені білдірді? БТК төтенше комиссия болған еді, оның осы атының өзін-өзі оның өмір сүруінің уақытша мазмұнын көрсетін тұрғандай болатын. МСБ болса мемлекеттің үнемі қырағылықтағы саяси бақылау және репрессиялар жүргізу институты болып табылатын еді. Олай болса аттардың өзгертілуінің астарында террорға үздіксіз статус беру арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы кикілжіңдерді шешу мәселесі заңдастырылғаны көрініп тұр. Сонымен қатар, 1922 жылдың 19 мамырындағы Лениннің Дзержинскийге жазған хатынан кейін, сотсыз, тек МСБ-ның қаулысы бойынша «профессура, дәрігерлер, агрономдар, әдебиетшілер арасындағы белсенді контрреволюциялық элементтерді» жаппай Ресейдің Солтүстік губернияларына немесе шетелге жер аудару жүргізілді. Әкімшілік жер аудару, осы арқылы, құкықтық іс-қимылдың нормасына айналды, мұның өзі бұдан да қатал соттан тыс іс-шараларға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін еді. Осылай, Әулиеата уезі Таулы ауданының партия ұйымдастырушысы Чановтың, №2 бөлімшесінің халық соты, ТКП мүшесі Артықбаев Қадырқұлдың үстінен жазған жасырын хатында (секретное донесение) оның Қаракөл болысында рулық дүрдараздық тудыра отырып, басбұзарларды біріктіріп, қолдарына сойыл алуға, болыстың кеңсесін талқандамақ болғанын жазады.
Осыған байланысты ТКП Әулиеата уқалкомының шешімі мынадай болды: 1. Уатком фракциясына Артықбаев бастаған рулық дүрдараздықты қоздыруға қатысушардың барлығын шақырып, мәселені анықтау. 2. Бақылау Комиссиясы өкілдеріне Артықбаевты партиядан шығару мәселесін хаттау. 3. Істі тексеру аяқталғаннан кейін оны әкімшілік комиссияға беріп, мұндай қаскүнемдерді Әулиеата уезі аумағынан кетіру. Зерттеу тақырыбының тағы бір анықталар тұсы аталған мерзімде биліктің барлық деңгейінде көсемге жеке берілгендіктің, көсемділіктің (вождизм) қалыптаса бастауы еді. Бұл кезеңде партиялық пікірталаста әрбір фракциядағы немесе белгілі бір тұғырнамадағы көсемнің жеңілуі, оны жақтаушылар мен жолын қуушыларға шара қолдануға ұласатын. Мұның өзі саясатта жіберген қателіктері үшін өте аяусыз түрде жауап беретін уақыттың таяп қалғандығын білдірді. 20-жылдардың соңына қарай БК(б)П идеялық сипатта біртұтас (монолитті) қалыптасып, ішкі партиялық алауыздықтан азат етілді, партиядан бөлек оппозиция болмауы себепті, халықаралық коммунистік қозғалыста үстемдік етті. Мұндай нақтылы мүмкіндіктің болуы, қоғамдық өмірдің барлық салаларында қатал әкімшілік-командалық әдістерге көшу пиғылын тудырды. Мемлекеттік құрылыс тұрғысынан алғанда әсерлі орталықтандырылған аппарат құралып, жазалау органдары күшейтілді. Мемлекеттік саяси басқарма (МСБ) КСРО ОАК Президиумының 1923 жылдың 2 қарашасындағы қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармаға (БМСБ) кейіннен, КСРО ОАК-сының 1934 жылғы 10 шілдедегі қаулысымен ІІХК-ның Негізгі мемлекеттік Қауіпсіздік басқармасына (НМҚБ) атын ауыстырған еді. 1923 жылдан басталып 1927 жылға дейін жалғасқан кеңес үкіметі мен қоғам арасындағы қарама-қайшылықтың бәсеңдеуіне байланысты 1953 жылға дейінгі кезеңде алғаш және соңғы рет қысқартуға ұшыраған БМСБ органдарының құрамы жылына 26000 азаматтық қызметтегілерден және 63000 әскерилерден тұрды. Бұған осы органға қызмет еткен 30000 тыңшыларды қоссақ, кеңестік жасырын полицияның қызметіне нұқсан келе қоймағандығын көреміз, ол бұрынғыдай ішкі қауіптен елді қорғауда өзінің позициясын жоғалтпады. Тиісінше, Түркістан республикасы аумағында 1922 жылдың 28 наурызында МСБ-ның Түркістандық бөлімшесі, облыстарда МСБ-ның облыстық бөлімшелері құрылды. 1923 жылдың 2 қарашасындағы қаулысымен КСРО ХКК жанындағы Бірлескен мемлекеттік саяси басқармасы (БМСБ) одақтық және автономиялық республикаларда құрылып, жергілікті кеңестерде атқару комитеті жанындағы саяси бөлімдерден тұрды. Аталған органға берілген өкілеттіліктер, олардың ешбір жауапкершілікті сезінбей-ақ талай шектен тыс шешімдерді жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Осылай, БК(б)П Әулиеата укомы хатшысының (Голышкин. БК(б)П Сырдария Губкомының жауапты хатшысы Каучуковский мен Губкомның ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Есқараевқа жазған саяси хатында Әулиеата уезінде экспедициялық сапарда жүрген О.Жандосов нен В.Соколовскийдің Мерке ауданында, жергілікті нарткомға ескертпей 9 халық соты мен тергеушілерді, олардың жұмысының тығыздығына қарамай, өздерімен бірге ала кеткенін айтады. Бұған қосымша экспедицияның құрамына өз парткомдарына ескертпей өзімбілерлікпен қосылған МСБ-ның өкілі Матеев пен оның көмекшісі Субботиннің азаматтарды жауапты қызметкерлердің үстінен шағым жазуға күштеп, осы іске атсалыспаса «соттар мен тергеушілерді қамап тастаймыз»,- деп қорқытып жүргені туралы сот тергеушілері Балмұхамедов пен Түртембаевтардың аттарынан хат келгендігі жазылады. Осылай МСБ-ның өкілдері экспедиция құрамында соттар мен сот тергеушілерін жазықсыз жандарды жазалауға азғырып жүрген кезде, 47000 сомның ұрланғаны анықталады. Осыған байланысты Әулиеата укомы Сырдария губкомына Матеев пен Субботинді кері қайыру туралы ұсыныс жасайды. Бұл жерде МСБ өкілдерінің ұрланған ақшаның ізіне түсу үшін кері қайтуы да мүмкін. Әйтсе де құжатта, олардың жергілікті партия органдарымен ешбір санаспай, қалыптасып келе жатқан сот органдарын дегендеріне көндіруге тырысқандары ап-айқын көрініп тұр. Мұның өзі репрессиялау механизмінің ешбір өзгермей, «дұшпан бейнесін» анықтау. И.В. Сталин бастаған саяси билікте қалып, оларды іздеп-тауып жазалау МСБ мен БМСБ органдарының құзырында екендігінің айғағы болса керек. Қоғам болса идеологиялық алдап-арбаудың нәтижесінде атқарылып жатқан іс-шараларды қолдап отырды, немесе ол іс-шаралардың жүзеге асырылғандығын үнсіз құптауға мәжбүр болды. Саяси репрессиялар негізінен контрреволюциялық қылмыстар туралы заң арқылы жүргізіліп отырды. Большевиктер жазалау органдары қатарына негізінен азамат соғысына қатысқан, еуропалық нәсілдегілерді тартуға ұмтылды, оған РК(б) П мүшелерімен мүшелікке кандидаттарының «лениндік шақыруы» да әсер етті. Осылай, Әулиата Уқалкомы атқару бюросының мәжілісі 1924 ж. МСБ-ның №42 конвойлық командасының №9 коммунистік ұяшығының (ячейкасының) хаттамасына сәйкес партияға кандидаттыққа Горбунов пен Куприяновты қабылдайды. Сөйтіп, билеуші партия өзінің жергілікті жерлердегі жазалау аппаратындағы тірегін нығайту мақсатындағы жұмыстарын бір сәтке де тоқтатпады. Қазақстанда бұл саясаттың ұйытқысы, жүргізушісі 1925 жылы БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалған Ф.Голощекин болды. Ол бұл істе РК(б) П-ның алдымен облыстық, кейіннен өлкелік комитетінің үш жыл ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болған, КСРО ПХК-ның келешек халкомы Н. Ежовқа арқа сүйеді. Нәтижесінде «жікшіл», «ұлтшыл» деген таңба тағылып, көптеген көрнекті қайраткерлер (С.Аспандияров, М.Мырзағалиев, С.Садуақасов жәпе т.б.) республикадан тыс жерлерге қуғындалып кетті. Осы қуғын-сүргінді жүзеге асырып жүргендердің көпшілік «білімім төмен» деп өз қолымен жазып жүрген орталықтан жіберілгендер болатын. Мұның айқын мысалы ретінде 1929 жылдың 20 қыркүйегінде Сырдария округі бақылау комиссиясының БК(б)П мүшелерін тазалау және тексеру қорытындысы бойынша округтік БМСБ-ның №9 партия ұяшығындағы мынадай жайларға мән беруге болады: Тексеруден еткен БМСБ қызметкерлерінін 16-сының тек 4-і ғана мұсылман нәсіліндегілер. Оның да біреуі тексеруден өткізілмеген. Ал, тексеруден өткен қалған 12 еуропалық нәсілдегілердің мамандығына сәйкестілігі шамамен мынадай: 1. Вакорин И.П., білімі төмен, саяси дайындығы жоқ; 2. Тюрина А.Ф. 1927 жылы партиялық тәртіпті сақтамағаны үшін сөгіс алған, білімі төмен, саяси дайындығы жоқ; 3. Горюнов В.П. шала сауатты, саяси дайындығы жоқ.
Басқалары да осы тектес.
Тіпті, сол кездегі БСМБ-ның Округтік бөлімінің бастығы В.Никольскийдің де білімі төмен екендігі жазылған. Округтік ТК бастығының бұл қызметке келуіне оның 1914 жылдан бастап БК(б) П-ға мүше болып, патша үкіметі тарапынан 1 жылғы жер аударылғаны, Петроградтағы Қазан төңкерісіне қатысып, одан кейін құжатта жазылғандай әртүрлі жазалау органдарында қызметте болғандығы есепке алынса керек. Осы орайда орталық жіберген көптеген кызметкерлердің басым көпшілігінің қайтадан кері қайтуға талпынатындығына мән беруге болады. Соның да әсері болар, мәселен, Әулиеата уезінде Кеңес өкіметін орнатуға және нығайтуға белсенді қатысқан Тұрар Рысқұлов, Қабылбек Сарымолдаев, Мақсұт Жылысбаев, Сыдық Абланов. Ысқақ Әсімов, Кененбай Бармақов, Бекбосын Құлжабаев, Дәуіт Абдуллаевтар 1937-1938 жылдары «халық жауы» ретінде атылып кетті. Ал, Степан Хмелевский, Николай Чернышов, Федотов-Завадский, Данил Цыгановтар Қазақстаннан біржола кетіп қалған. Бұл топтағылардан тек Қарымбай Қошмамбетов ғана бұл зұлматқа жетпей 1930 жылы қарашада дүние салды. Жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалардың нәтижесінде қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-не қайта қосылуынан кейін КСРО Халкомкеңесінің 1927 жылғы 5 маусымдағы № 33 қаулысымен ҚазақАКСР-ы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК) ұйымдастырылды. 1929-1930 жылдары екінші құрылуынан кейін, 1937 жылдың қаңтарында КСРО ІІХК-ның №003 бұйрығымен ҚазақКСР-ы Ішкі Істер Халық Комиссариаты (ІІХК) кайта құрылған. БМСБ мен ІІХК-ның бірігуі саяси режим жүйесіндегі ішкі істер халкомының беделі мен маңыздылығын артынша арттырып, ендігі жерде олар «дұшпанды» іздестіріп табу мен берілген жазаны жүзеге асыру құқығына толықтай ие болған еді. Сондықтан да, ІІХК қызметкерлері элитаның ішіндегі ерекше маңыздағы топқа айнала отырып, осы статусын жоғалтпау үшін «жоғарыдан» келген кез-келген тапсырманы орындауға сақадай сай тұрды. Тіпті, 1928 жылдың 27 тамызындағы ҚАКСР ОАК мен ХКК-нің «Байлар шаруашылығын кәмпескелеу туралы» қаулысы шықпай жатып-ақ 1927 жылы Сырдария губерниясында 16 бай сайлау компаниясы кезіндегі контрреволюциялық әрекеттері үшін қудаланып, артынан сотталып кетті.
КСРО ОАК 1937 ж. 14 қыркүйегіндегі қаулысы бойынша: 1. «Контрреволюциялық қаскүнемдік пен диверсия жөніндегі істер бойынша айыпталушыларға айыптау қорытындысын істі сот қарағанға дейінгі бір күн ішінде беру; 2. РКФСР ҚК 58-7 (қаскүнемдік) және 58-9 (диверсия) баптарында қарастырылған және баска да одақтас республикалардың ҚК баптарына сәйкес жасалынған қылмыстарға байланысты істерді кассациациялық қайта қарауға жол берілмеуі; 3. Ең жоғарғы жазаға (ату) тарту туралы үкім; сотталушының кешірім жасау туралы өтініші қабылданбағаннан кейін бірден орындалуы» міндеттелінді. Саяси репрессияларды қолданудың шыңы 1937-1939 жылдар аралығына келгендігі белгілі. Бұл орайда «дұшпан бейнесі» барынша кеңейтіліп, ішкі партиялық дұшпандарға «оңшыл» бухариндіктер, сол кездегі халықаралық жағдайға сәйкес «шпиондар» мен «диверсанттар» «ұлтшыл фашистер» және басқалары да қосылған еді. ІІХК органдарының құзыретінің артқандығы соншалық, олар ендігі жерде қуғын-сүргін мәселесінде аймақтық партия органдарынан да басым болды. Жергілікті жерлерде қолынан келіп қонышынан басқандар обкомның, аукомның хатшылары немесе жауапты қызметкерлері емес (олар күнделікті ұсталып кетіп жатқан қызметтестерінің кебін киюден қалтырап қорқатын) керісінше республикалық, өлкелік және облыстық ІІХК басқармасының басшылары болды. Оларға қаламды сүйкей салып кез келген адамды құрдымға жіберу түкке тұрмайтын едә. 1933 жылы Қазақстанға БК(б)П Өлкелік Комитетінің хатшысы болып келген Мирзоянның мінезі Кремльде белгілі болатын, сондықтан да 1935 жылы Қазақстанға кімді жіберуді талқылай келе, Ягода «Мирзоянмен жұмыс істесе алатын» Залинге тоқтаған болатын. Бәлкім, Сталин 1935 жылдағы «мүлгігендей» уақытта партия мен чекист жетекшілерінің арасындағы дүрдараздықты қаламаған да шығар. Ал, 1938 жылғы жағдай басқаша еді. Сондықтан Қазақстанға С.Реденс келді. Ол Залинді ауыстырды да Мирзоянды тұтқындауға жағдай жасады. Әрине, жаппай қуғын-сүргін науқанында жоғарыда аттары аталған ішкі істер халкомдарының да аман қалмағаны белгілі. Олардың екеуі де тиісінше 1938-ші және 1939 жылдары тұтқындалып, 1940 жылдың қаңтарында ату жазасына кесіледі. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІХК басқармасының бастығы С.Пинталь да осы өңірдегі партия және кеңес басшыларын түгелдей дерлік қуғын-сүргінге ұшырата отырып, өзі де поляк шпионы ретінде тұтқындалып, кейіннен атылып кетті. Жалпы, жағдай мен қылмыстың нақты құрамының екі ұшты құрастырылуы тергеу органдарымен соттарға интерпретация жасауға кең бостандық берді. Нақты кемшіліктерді жай ғана сынау Кеңес құрылысын қаралау болып есептелінді. Шаруашылықта болмай тұрмайтын кемшілік фактілері, әртүрлі дәрежедегі экономика саласындағы олқылықтар экономикалық контрреволюция ретінде бағаланды. ЖӘС кезінде жеке (өнеркәсіппен жеке сауда жасауға аздаған мүмкіндіктер берілген болатын. Сол аздаған мүмкіндіктердің өзін «роволюциялық заңдылық» тұрғысынан тексеру үшін большевиктерге құқықтық нормаларды өз жағдайына қарай икемдеу керек болды. Осылай 1922 жылы Қылмыстык кодекс, Азаматтык кодекс, Қылмыстық-процессуалды кодекс және Азаматтық-процессуалды кодекстер пайда болды. Сөйтіп, 1922 жылдың 26 мамырында Адвокатура туралы Ереже, 1922 жылдың 28 мамырында Прокурорлық қадағалау туралы Ереже, кейіннен 1922 жылдың 14 қарашасында Сот ісі туралы Ереже қабылданды. Ендігі жағдайда заңдылықты қадағалау бірнеше кеңестік органдар тарапынан жүргізілмей, тек сот пен прокуратура органдарына берілді. БОАК мен ХКК-нің 1922 жылдың 16 қарашасындағы декретіне сәйкес «Ешкандай үкіметтік орган прокурорларды, олардың көмекшілерін, революциялық трибуналдың төрағалары мен оның мүшелерін, халық соттары мен тергеушілерді алдын-ала рұқсат етілмесе, немесе ерекше жағдайларда Республика Прокурорын ескерткенде ғана болмаса, тұтқындай алмайтын болды. 1922 жылдан 1938 жылға дейін, яғни КСРО-дағы ішкі істері жөніндегі заң қабылданғанға дейінгі уақытта прокуратура органдарының құрылымы, олардың міндеттері мен өкілеттіліктері негізінен сот ісі жөніндегі заңдылықтармен реттеліп отырды. Сот және прокуратура қызметкерлерінің құрамы - ұлтына, жасына және біліміне қарай ала-құла болуы себепті, осы органдардағы барлық өзгерістер сол кезде қалыптасқан саяси талапқа сай жасалынғанымен, көбінесе сол талаптардың үдесінен шыға алған жоқ. Осылай, губерния прокурорының көмекшісі Мусихиннің 1927ж. 28 желтоқсанында Әулиеата уаткомы президиумы (төрағасы Гергер ) мәжілісінде жасаған есебінде «қылмыстык істерді қараудағы жайбасарлықтың негізгі себебін халық сотындағы қызметкерлердің квалификациясының төмендегі мен тіпті осындайлардың өзінің жетіспеушілігінен», - деп есептейді. «Осыған орай УАК-і Губерниялық сот пен Прокуратураның өкілдерінен халық соттарының істерін жіті бақылап, оларды үнемі мамандығына бейімдеп отыруын және жұмыс істей алатын қызметкерлерді табуға көмектесуін сұраса» жөн болар еді дейді. Әрине, мұндай іс-шаралар жасалынып, нәтижесінде «жұмыс істей алатын» соттардың байларды кәмпескелеу науқанына қызу кірісіп кеткені мына бір құжаттан көре аламыз. Онда: БК(б)П Әулиеата аудандық комитетінің 1928 жылдың 6 тамызындағы өткізілген бюросында «Қарабақыр болысындағы бірыңғай ауылшаруашылығы салығы туралы жаңа заңды жүзеге асыру компаниясы барысында жіберілген қателіктерге тоқталғандығы және Қарабақыр және Құмарық болыстары бойынша өкілдер Уметбаев пен Тазидиновтың жекелей салық төлеуге тиісті байлардың тізімін жасау туралы Губком бюросының директивасын орындамағаны үшін, олардың істерін сотқа және бақылау комиссиясына өткізуге шешім қабылданғандығы», - айтылады. КСРО ОАК мен ХКК-нің 1936 жылдың 20 шілдесіндегі «КСРО ЮХК-ын құру туралы» Қаулысына сәйкес юстиция халық комиссарияты құрамынан одақтас және автономиялық республикалардың прокуратура және тергеу органдары бөлініліп, олар тікелей КСРО Прокурорына бағынатын болды. Қазақстанда басқа да республикалардағыдай Республика Прокуроры Әділет Халық Комиссары қызметін қоса атқарып отырды. Әйтсе де олардың осы қызметтеріндегі мерзімі ұзақ болмады. Қарастырылып отырған кезеңде тек Айтмағанбетов Боран мен Жармұхамедов Абдулладан басқалары 1 жылдан артық жұмыс істеген жоқ. Мұның өзі орталықтың жергілікті басшыларға деген сенімсіздігін көрсетсе керек. Прокурорлық қадағалау туралы Ереженің 5 бабына сәйкес, «Әрбір губерния мен облыстағы прокурорлар ды Республика Прокуроры тағайындады және соңғылары өздерінен жоғары прокурорға тікелей бағынышты болды». Губерния прокуроры көмекшілерінің бір бөлігі уездерде жұмыс істеді. Әрине кей жағдайда жергілікті басқару органдары ұсынған кандидаттар да бұл қызметке келе алатын. 1924 жылы жүргізілген әкімшілік-территориялық бөлініске байланысты Сырдария губерниясында губерниялық сот, 1928 жылы Сырдария округінде - округтік сот, 1932 жылы Сырдария облысында -облыстық соттар құрылды. Дәл осы уақыттарда тиісінше прокуратура органдары да осылай құрылған болатын. 1922-1929 жылдар аралығында бәсеңсігендей болған репрессиялар байларға қарсы іс-қимылдардың басталуымен қатая түскен еді. Осыны халыққа ұғындырудағы прокуратура органдары іс-шараларының бір парасын мына бір кұжат көрсетіп тұрғандай. Сырдария округтік прокуратурасының аға тергеушісі Лифшицтің Сайрам ауданы Ярганлық ауылының тұрғыны Наралиев Ералыға жазған айыптау қорытындысында оның сайлау құқынан айырылғандығына наразылық білдіре отырып, Кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық үгіт-насихат жүргізгенін, қанаушы бай-кулак ретінде колхоз құрылысын жамандап, 1930 жылдың 1 мамырында болған жиналыста жанжал шығарып, кедейлерді өзіне дауыс беру құқық қайтарып беруді болысуға итермелеген, кері жағдайда ертесінен бастап колхозға жұмысқа шықпайтындықтарын айтқызған. Аға тергеуші Лившиц Наралиевті осы жиналыстың алдында өз достарымен бірге кедейлерді де шақырып алып, ішімдікке тойдырып, «сендер ертең жиналыста ауыл кеңеске қарсы шыға беріндер, кедей болған соң сендерге ешкім де тиіспейді», - деп азғырғандығын айтады. Ең соңында ауылдық Кеңестің Төрағасы милиция шақыртып, Наралиевті тұтқындау керектігін айтқанда, ол оған да көнбей кеңес үкіметін барынша балағаттаған. Бұл жерде Наралиевтің әлі де ауқымы кеңейе қоймаған репрессия шырғалаңын түйсіне алмағаны көрініп тұр. Ол, әрине 58-10 бабы бойынша жауапқа тартылды. (бұл бап бойынша 6 айдан - бірнеше жылдарға дейін бас бостандығынан айыру көзделген). Прокуратура органдарының жұмысын одан әрі қатайту туралы мәселе 1932 жылдың 3 шілдесіндегі Кеңес прокуратурасының 10 жылдығына байланысты салтанатты жиналыста көтеріліп, онда сөз сөйлеген М.И.Калинин «Саяси мәселелерді пролетариат диктатурасының пайдасына шешу жолында, біз тікелей күш көрсетуден де тайынбаймыз», - деген болатын. Осының алдында ғана сол кездегі Конституцияны барынша бұза отырып БК(б)П ОК Саяси бюросының қаулысы негізінде жаппай ұжымдастырудың жүзеге асырылуына пәрмен берген прокуратура органдары, кеңестік қылмыстық құқықтың принциптілігінің сорақылықпен бұзылып, 1932 жылдың 7 тамызындағы КСРО ОАК мен ХКК-нің мемлекеттік, колхоздық және кооперативтік мүлікті қандай мөлшерде болмасын ұрлағаны үшін ату жазасын да қолдануға мүмкіндік берілуіне аянбай атсалысты. Соттардың пәрменін барынша күшейту мақсатында облыстық, өлкелік және губерниялық соттарда президиумдар құрылды. Біртіндеп ушығып келе жатқан шиеленіс жағдайында құқық қолданушы органдар, «жауларды» тауып, жазалау барысында барынша жоғары жазалау шараларын қолданып, жеңіл шаралар ауқымын қысқартуға тырысты. 1934 жылдың 10 шілдесінен БМСБ сот алқасының контрреволюционерлерге, шпиондарға, террористерге және басқа да халық жауларына қарсы қолданылатын жазалау функциялары, ендігі жерде соттарға берілген еді. Соттарда мұндай жаңа жауапты істерді жүзеге асыру үшін КСРО-ның Жоғарғы сотынан бастап жергілікті жерлердің бәрінде арнайы істер бойынша сот алқалары құрылды. Бұл сот алқалары өздеріне ІІХК-ты органдары берген істерді, үш адамдық құрамда қарап шешті. Өйтсе де заңдылықты қамтамасыз етуші орган қылмыстық процестегі заңсыздықтардың орын алуына көз жұмбайлықпен қарап, «кеңес үкіметінің қауіпсіздігі үшін», - деген желеумен КСРО ОАК-нің 1934 жылдың 8 маусымындағы Қаулысы бойынша Отанына сатқындық жасағаны үшін сотталған адамдармен бірге тұрғандығына байланысты, олардың отбасы мүшелеріне де қылмыстық іс қозғалуын барынша құптады. Осылай, 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы КСРО ОАК Президиумының Қаулысы бойынша кеңес үкіметі қылмыскерлеріне қарсы террорлық әрекеттерді қарау ісі барынша қарапайымдандырылды (тездетілді). Бұл қаулығы сәйкес, іс жақтардың қатысынсыз да тыңдалынып, кассацияциялық кешірім жасалынбайтын болды. Мұндай істерді тергеу 10 күнге дейінгі уақытта аяқталып, айыпталушының айыптау қорытындысымен танысып, сотта қорғалуға дайындалуына бір-ақ күн берілетін болды. Сот өз үкімін тергеу барысында жинақталған дәлелдеулерге сүйене отырып-ақ шығара берді, мұның өзіңде бар дәлелдеулерді бағалаудан гөрі, айыпталушының өз айыбын мойындауына басымдылық берілді. Осылай кінәсіздік презумпциясының аяққа тапталуы, құқық пен заңдылықты белден басу репрессиялардың жаппай мазмұнда болып, кеңес мемлекеті қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына әкеліп соқты. Бұл 1935 жылдың 27 мамырында КСРО ІІХК-сінің бұйрығына сәйкес «үштіктердің», кейіннен 1937 жылдың 11 тамызы мен 20 қыркүйегіндегі КСРО ІІХК-сінің жаңа бұйрықтарына сәйкес «өкіліктердің» жүргізген қанқұйлы әрекеттерінің бастамасы іспеттес еді. Жаппай саяси репрессияларды қолдану «социализмді құрудың үштікбірліктегі міндеттері» - индустрияландыру, ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және мәдени революция жасауды жарияланғаннан кейін кең етек ала бастады. Қазақстан мен бұрынғы Ресей империясының бұрынғы отарлары үшін осы бағыттың нақты жүзеге асуының негіздемесі ретінде - «социализмге-капитализмге соқпай өту» декларативті ұраны бекітілді. Қазіргі көптеген зерттеушілер, келтірілген ұран утопиялы, яғни жүзеге аса алмайтын сипатта болды, - деп есептейді. Соған қарамастан іс жүзінде, «социализмнің негіздерін құруды» жүзеге асыру КСРО-ны әлемнің алдыңғы қатарлы державаларының қатарына қосты. Жоғарыда келтірілгең утопиялық туралы көзқарас та көп жағдайда негізделген болатын. Шындығында басқа алдыңғы қатарлы капиталистік державалар бүл жолды ондаған тіпті жүздеген жылдарда өткен еді. Дәстүрлі қоғамнан индустриалды қоғамға өту жылдамдығының келесі жағы мұндай өтудің құнының қаншалықты шығында болса керек. Әрине, большевиктердің жасаған әлеуметтік әулекілігі қазақ қауымын қатты күйзелтті. Әсіресе, ауыл күйреді. Халқымыздың жартысы қырылып, жартысы босты. Ұлт тарихын жоққа шығару, ұлттың өзін жоққа шығару болып шықты. Көп уақытқа дейін көшпелілерді өз бетімен дами алмайтын, жасампаздық қасиеттен атымен ата, жөн білмес, жүген тимес, қырып-жойғыш сойқан күші ретінде көрсету бел алып келді. Ол пікір көшпелілер мен отырықшылардың өмірлік-рухани мүдделерінің ешқашан бітіспейтін ежелгі кереғарлығы бар деген қисынға сүйенді. Соған иек артып, баяғыда патша генералдары Орталық Азия кеңістіктеріне қол сұғушылықты өркениетті әлемнің қауіпсіздігіне жасалып жатқан қамқорлық деп түсіндірген еді. Ал олардың өңін айналдырып алған мұрагерлері тұтас ұлттарды қаралай жойып жіберу жолдарындағы, әсіре интернационалистік көз бояушылықтарын тағы да сол адамзат пен өркениеттің сәулетті болашағына қам жеушілік деп дәлелдеп бақты. Сөйтіп, ресми саясатқа коммуиизм деп аталатын қайдағы бір қияли елес арқау болып, қоғамның саяси-әлеуметтік және экономикалық мұраларына қабыспайтын деректер мен көзқарас тарихтан түп-түгел алынып тасталды. Ғылым тізгінін де өз қолында нықтап ұстаған билеуші партия күллі әлем тарихын барша адамзаттың баяғыдан бері социалистік және коммунистік қоғам құру жолында жүргізіп келе жатқаны саналы күресінің шежіресі деп ұғындыруға күш салды. Ал ондай таптық таяздық пен әлеуметтік бөле-жарушылыққа бой алдырмаған тұлғалардың бәрі ұлтын сатқан халық жауы саналып, қатал қуғын-сүргінге ұшырады. Кеңестер билігі біржола салтанат құрғаннан кейінгі уақытта, анығырақ айтқанда 20-жылдары тұтас Түркі елінің азаттығын қамтамасыз ету әрекеті енді кеңестік билік шеңберінде өз жалғасын тапты. Сондай-ақ бұл қозғалыстың басында тұрған жаңа саяси элита көп ұзамай-ақ, яғни ХХ -ғасырдың 20-30-жылдардың соңына қарай бұл іргелі мақсатқа жаңа кеңестік билік жағдайында қол жеткізу мүмкін еместігіне көз жеткізіп үлгерген болатын. Енді осы XX ғасырдың 20-30 жылдары үзіліссіз жүргізілген репрессиялық саясаттың себептері жөнінде, орталық басшылық оның Қазақстандағы өкілі есебінде болған большевиктер партиясының Өлкелік Комитеті осы аталған тарихи мезгілде тікелей өздерінің нұсқаулары бойынша жүргізілген экономикалық, саяси және басқа реформалық шаралардың сәтсіздікке ұшырау себептерін саяси оппозицияға, тіптен жоғарғы республикалық басшылықта жүріп-ақ қате бағытқа жігерлі де табанды қарсылық көрсеткен қызметкерлерге аударды. РК(б) П-ның ішкі партиялық күресінде осыған орай оқтың-оқтың партияның басты бағытынан ауытқушылар (ұлтшыл-ауытқушылар) мәселесі көтеріліп отырды. Әрине, негізінен, таяқ жегендер қазақ зиялылары еді. Оларға шовинизм мен ұлтшылдықка қарсы күреспедіңдер дегенімен Орталықтың ұлт зиялыларына қарсы озбырлы ойы белгілі еді. Оны 1926 жылы 12-14 қарашада Мәскеуде өткен «Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Төралқасы жанындағы Ұлттар Бөлімі және РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары Рысқұловтың бастамасы бойынша шакырылған ұлт өкілдерінің - БОАК пен КСР Одағы Орталық Атқару Комитеті мүшелері және ұлттық шет аймақтардың басқа да өкілдерінің жеке кеңесін» шақырудың өзін қажетсіз деп тапқан сол кездегі Қазақстанның партия басшысы Ф.Голощекин, 1926 жылғы 25-30 қарашада өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің 3 пленумындағы баяндамасында: «жергілікті ұлтшылдықты тек орыс шовинизмі тудырады деу тура қазіргі кезеңде дұрыс емес», - деп шықты. Жергілікті ұлтшылдықка тек қорғану ғана емес, шабуылдау да тән, ұлт саясатында артық талап қою, онда да басқа ұлттардың есебінен жөнсіз талаптар қою тән деп сипаттады. Республика партия ұйымы басшысының аузынан шыққан мұндай сипаттама өте қауіпті еді. Ф.Голощекин жергілікті ұлтшылдыққа агрессиялық сипат берді. Ол өзінен-өзі туындайды. Оның басында ұлттардың жоғарғы бөлігі тұрады. Ал олардың тәбеті тым жоғары, басқа ұлттар үшін тым қауіпті деп, Ф.Голощекин жергілікті ұлтшылдықка қарсы аяусыз күрес жүргізу, тіпті репрессияға барудың да қажет екендігін саяси жағынан толық негіздеуге тырысып бақты. Әрине, оның бұл тұжырымдамасын өзі басқарып отырған Өлкелік партия комитеті толық қолдады. Қолдамағандары ұлтшылдар ретінде қатаң саяси қуғынға ұшырады.
ерін қарусыздандырды
, қарулы қар-
2.2 Саяси репрессиялар социалистік шұғыл жүзеге асырудың негізгі тәсілі мен құралы ретінде «Репрессия» сөзі энциклопедиялық аударма баспаларында латын тілінен алғанда басып алу ұғымын білдіріп, мемлекеттік құрылымдардың жазалау шаралары ретінде түсіндіріледі. Зерттеу тақырыбы көзқарасы тұрғысынан аударманы дәл анықтап алған дұрыс - латын тілінде орыс тілінен, айырмашылығы етістік формалары бірінші жақтан басталады, сондықтан, «мен басып - жаншимын». Аударманың «жоғарғы көсемнен», биліктің төменгі эшелонындағы «микрокөсемге» дейінгі қатыстылығы да анық. «Саяси репрессиядағы» қосымшаны билік басында тұрған партияның өз үстемдік жағдайын сақтап қалу мақсатындағы жүргізген жазалау шаралары деп түсінген жөн. Тиісінше, «жаппай саяси репрессиялар» - билеуші партияның өз ықпалының барынша артуы үшін жүргізген, мемлекеттің кең көлемдегі жазалау шаралары болды. Жаппай саяси репрессияларды қолдану басқарушы биліктегі саяси құры лымдар үшін анық немесе болуы мүмкін, қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ретінде түсіндіріліп, осы тұрғыда легитимдендірілді (заңдастырылды). Азамат соғысы аяқталып, оппозицияның қалдықтары басылып тасталғаннан кейін 20-жылдардың ортасына қарай ел ішінде айтарлықтай маңыздағы қауіп-қатер болған да жоқ. Тек батыста «Кіші Антанта» немесе «Санитарлық кордон» елдері белдеуі мен Қиыр Шығыста Қытайға дейін жеткен жапон оккупациясына байланысты сыртқы қауіп-қатер барлығы анық болатын.. Нақтылы және кейіннен дәлелденген қауіп 1933 жылы Германияда фашистік диктатураның орнауы еді. Осыған байланысты зерттеліп отырған кезеңде сыртқы саяси қауіп-қатерлер ешбір қисынсыз ішкі саяси жағдайда араластырылды. Міне, сондықтан да 30-шы жылдар кезеңінде репрессияға ұшырағандарға көп жағдайда біріне-бірі ұқсас - «Жапония пайдасына жасалынған шпиондық әрекет», «фашистік ұйымның» құрамында болды, - деген және басқа да осыған ұқсас айыптар тағылды. Репрессияның тұрпаттық мазмұны, өз мемлекеттерінің азаматтарына қасақана зардап шектіруге бағытталғандығында болып табылады және соңғыларының (азаматтарының) көзін жоюға дейін барады. Ендігі бір сипаты «дұшпан бейнесі» түріндегі кескінді қалыптастырып, саяси таңдаудың мүмкіндіктерінің жұтандығынан «кім бізбен бірге болмаса, сол бізге қарсы» немесе «кім кімді» принципі бойынша іс қылу. Қолдан тудырылған «дұшпан бейнесі» нақты қауіп-қатер сезімін жасай отырып, қауіпсіздік дағдарысы туралы да ойларға жетелейді. Міне осындай әлеуметтік-психологиялық стереотип көпшілік қауымның репрессиялардың жүргізілуіне үнсіз келісуіне ықпалын тигізді. Келесі бір сипаттық белгісі - сөздер мен түсініктерді шатастырып, болып жатқан жағдай туралы шындықты, бұрмалап көрсету болып табылды. 20-30 жылдары репрессияның әртүрлі формалары - өңірдің ішіне қоныс аудару, республикадан тыс жерлерге жер аудару, саяси құқықтарын шектеу, әртүрлі мерзімге қамауға алу және т.б. қолданылды. Ұзақ мерзімге, 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қалыпты жағдайға айналды, ең жоғарғы жаза қолдану үкімдері шығарылып жатты. Саяси репрессиялар бағыты қоғамның барлық әлеуметтік топтарын - құлатылған тап өкілдерінен бастап, діндарларды, бұрынғы шенеуніктерді, кейіннен жай жұмысшылар мен шаруаларды да қамтыды. Жаппай саяси репрессиялар - еңбек жағдайы мен тұрмыстың нашарлап,өмір сүру деңгейінің төмендеуіне орай, жалпы халыққа түсініксіз шешімдерге байланысты толқуларды болдырмау құралы ретінде превентивтік (алдын алу) сипатта болды. Мемлекеттік билікке шын мәнінде қалай да бір айтарлықтай қарсы тұрып немесе белсенді қарсыласу ықтималдығы іс жүзінде жоққа тән еді. Тіпті жекелеген көзге көрініп тұрған қателіктер мен кемшіліктерге назар аудартудың қарапайым әрекеттері (талаптары) қатаң және аяусыз кесіліп тасталынды. Социалистік нұсқада индустриялық қоғам құру бағытындағы қозғалыс приоритеттік міндет ретінде елді индустрияландыруды қысқа мерзімде өткізуді мақсат етті. Алда экономиканың жаңа жағдайына көшу, қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымын өзгерту, дәстүрлі қоғамнан бөлекше түсініктер мен құндылықтар құрау міндеті тұрды. Индустриализацияның негізі капиталдың алғашқы қорлануы болып табылатындығы белгілі. Социалистік, капиталдың алғашқы қорлануы, капиталистіктен ерекшелігі, оның индустриализациялау барысында, мемлекеттік облигациялар шығару түрінде ішкі ресурстарды мобилизациялау арқылы, азаматтардың жеке салымын тартып, құрылып жатқан колхоздардың қосымша өнімін іс жүзінде иеленіп кетуінде болды. Әрине, мұндай қорлану тек күш қолданып, қорқыту нәтижесінде ғана мүмкін болды. Қазақстанда жүргізілген социалистік индустриализация мәселелері әртүрлі көзқарастарға ие екендігі мәлім. Осы орайда соның кейбіреуіне тоқталып кетсе де артық болмайтын сияқты. «Қазақ АКСР-індегі экономиканың жағдайы туралы РКФСР комиссиясының қорытындысына» сәйкес 1927 жылдың соңына қарай жалпы даму деңгейінің әлсіздігіне қарамай, елдегі өнеркәсіп өндірісінің жоғарғы потенциалдық мүмкіндіктері атап өтілді. Қазақ АКСР-і өнеркәсібінің үлес салмағы РКФСР де өндірілген барлық өнімнің 0,8%-ін кұрады Өнеркәсіп орындарының саны: өлкелік маңыздағы - 8 губерниялық - 18, барлығын қосқанда 27 завод болды Көпшілігінде заводтар құрылысы ХІХ-ғасырдың 70-90 жылдары салынып, жартылай қолөнер түрінде немесе әбден тозығы жетіп, ондағы еңбек өнімділігі өте төмен болатын. Мұндай жағдайда елді қысқа мерзімде индустриализациялау республиканың өз ішіндегі күштерді барынша зорландырумен қатар, орталықан да жан-жақты белсенді көмектің керегі анық болатын. Индустриализацияның өз ішіндегі приоритеттерін анықтауда оның тиімсіздігі мен мүмкін еместігі туралы пікірден, ауыл шаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу кәсіпорындары құрылыстарын салу мен тұтастай көппрофильді индустриалдық системалар құруға дейінгі әртүрлі көзқарастар болды. Ақыр соңында 6-шы Қазақстандық өлкелік партия конференциясында Қазақстанды индустриализациялау туралы БК(б)П ОК хатшысы А.А.Андреевтің сөзінде мазмұндалынған Орталықтың көзқарасының үстем болуы түсінікті де еді. Онда БКП (б) ОК-ның хатшысы: «Сәдуақасов жолдас біздің әрбір республика бүтіннің бөлігін кұрайды, яғни Федерация немесе біртұтас КСР Одағының құрамдас бөлігі деген партиялық позициядан ауытқып отыр... Индустриализация мәселесінде, біз, әрбір республикада өзінің ауыр индустриясын іске қосып, әрбір республиканы индустриализациялауды онда әртүрлі заводтар мен фабрикаларды қаптату арқылы жүзеге асыра алмаймыз... Мұндай көзқараста, мүмкін әлі де ұлтшылдықтан ажырай алмаған адамдар болуы мүмкін», - деп екіленеді. Анығында, бұл арада Одақ көлемінде, Голощекин басшылыққа келген соң республикада партияда жоқ интеллигенцияға қырып қарау, оларды белсенді қызметтен ығыстыру науқанының басталып кеткендігін айтуға болады. Кейіннен, жаппай саяси репрессия жылдарында, мұндай қарама-қайшылықтарға қатысы бар қайраткерлер ең жоғарғы жазалауға ұшырап, кейбір жағдайда оған еш қатысы жоқ адамдар да қатаң қудаланды. Дегенмен, жалпы концепциялық мәселелерде соңғы сөз БК(б)П ОК-де болғанымен, нақты мәселелерді де шешуде республикалық билік органдары табандылықпен өз ойларын жүзеге асыруға тырысты. Осылай, Қазақ АКСР ХКК жанындағы Түркістан-Сібір темір жолын салуға жәрдемдесу Комитеті отырысының хаттамасында, оның құрылысына байланысты іс-шаралардың біршама маңызды сәттері көрсетіледі. Атап айтқанда, жолды салу барысында Жетісу губерниясы экономикасының тездеп дамуы, оның геостратегиялық маңызы... Батыс Қытайдың шикізат қорын тарту арқылы оны КСРО өнеркәсіп өнімдері рыногіне орнықтыру», губерния «ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру»... «КСРО-ның салалық орталық органдарына темір жолды Алматы қаласы арқылы өткізуді табандылықпен сұрау...», осы қалада құрылыс басқармасын орналастырып, жолды салу маршрутын Қытайдың Шыңжан ауданы шекарасына барынша жақындату», - нақты ұсынылды. Жәрдемдесу Комитеті, сонымен қатар «Жетісуың нанын, құрылысқа қажет ағаштарын және мал өнімдерін Орта Азиядағы мақта аудандарының қажетіне ертерек пайдалану мақсатында, Орталық құрылыс комитетіне барлық жолдарды салып бітіруді үш жыл мерзімде аяқтауға барлық күшін салуға», - ұсыныс енгізді. РСФСР Халық Кеңесінің 1927 жылғы 2 наурыздағы қабылданған қаулысы бойынша сол жылы көктемде басталып кеткен Қазақстанды индустриализациялаудағы құрылыстың тұңғышы - Түрксіб 1500 км магистральда жұмыс істеген жүз мыңдаған адамдардың қатысуымен атқарылған кереметтей ірі құрылыс ретінде, саяси маңызының салмақты болғандығы белгілі. Жұмыс істеудің де, тұрмыс жағдайының да барынша ауырлығы, мардымсыз жалақы, күн ұзаққа созылған жұмыс күні - осының бәрі тек билік диктатурасының, жазалау органдарының реніш білдірушілерге күш қолдануы арқылы ғана мүмкін болды. Осыған байланысты Мұстафа Шоқай өз кітабында: «Құрылыстағы қазақ жұмысшыларының жағдайы өте нашар. Жұмыстарын таң қылаң бере бастап кешкітұрымда аяқтайды... Жалақылары тамағына да жетпейді. Осындай жалақының өзі уақытылы берілмейді», - ден қынжыла жазады. Осылай, индустриализациялаудың өте жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін қолданылған нақты репрессиялық шаралардың ішінде «1928 жылы Қызылордада ашылған құрылысшылар қастандығына» тоқталып өтуге болады, осы үшін РКФСР Жоғарғы сотының жылжымалы сессиясы бір топ талантты архитекторлар мен инженерлердің үстінен процесс өткізді. Соңынан индустриялизациялаудың ірі ұйымдастырушылары -«Қарағанды көмір» трестінің басқарушысы И.В.Горбачев, Текелі кен басқармасының басшысы - О.Жандосов, Ембімұнай және Ақтөбемұнай трестінің басшысы - В.Лаврентьевтер репрессияға ұшырап кетті. Осылай соғыс алдындағы бесжылдықтардағы жалпы алғанда табысты аяқталған индустриализациялаудың кұны өте жоғары болды. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру процесі мен осыған орай өткізілген «ауылды кеңестендіру», кулактарды тап ретінде жою, отырықшылыққа көшу, колхоздық (ұжымшарлық) құрылыс - осының бәрі, Қазақстан тарихындағы қасіретті кезең болды. Былайынша ұжымдастыру қажеттілігі болған да сияқты. Себебі, жер туралы Декрет, жер-су реформалары сияқты жаңа экономикалық саясаттың ауыл шаруашылығындағы қайтарымы мардымсыз болды. Помещиктік латифундиялар жойылғаннан кейін, тек кулактық шаруашылықтар мен өндірген ауыл шаруашылық өнімдерін базарға сата алатын тұрмысы тәуір орта шаруалардың бір бөлігі ғана тауар өндірушілер ретінде болып, ал орташалардың негізгі бөлігі мен кедейлер өздерінің аз ғана қосымша өнімін ұсына отырып қана жақсылы-жаманды күнін көре алды. Кулактар - деревня буржуазиясы ретінде ауылда Кеңес үкіметіне әлеуметтік тірек бола алмайтын еді, сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тауарлылықты көтеру үшін, аталған әлеуметтік топты оқшауландыру (бейтараптандыру) және жою арқылы, басқа жолдар іздестіру қажет болды. Сонымен, ұжымдастырудың негізгі идеясы, кедей және орташа шаруашылықтарды кооперациялау арқылы, олардың қажетті алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы өндіріс құралдарымен жабдықтау болып табылады. Жаңа экономикалық саясат әскери коммунизм кезіндегі азық-түлік салғыртына қарағанда тартымды көрінгенімен, мұнда да болашақтағы сілкіністер салқыны бар болатын. Тұрақты бағалар қойылып, натуралды салық мөлшерінің белгіленуі бір жағынан үкіметті оны көбейтуге құлшындырса, екінші жағынан шаруаларды өздерінің қосымша өнімдерін базарда баға өскенше ұстай тұруына итермеледі. Нәтижесінде әрбір 2-3 жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауда дағдарыстар болып, оны шешуде үкімет «әскери коммунизм» кезіндегі әдістерге сүйенді. Күрделі өзгерістер қажеттілігі туып, оны өте қысқа мерзімде жүзеге асыру айқындалды. Сондықтан да күштеу әдістері зерттеліп отырған кезеңде оңды нәтижеге жетудің бірден-бір құралы болып қарастырылды. Қазақстан экономикасының аграрлық секторындағы «социалистік жаңа құрулар» Қазақ АКСР-і ХКК мен ОАК-ның «Байлар шаруашылығын кәмпескелеу туралы». Қаулысы қабылданғаннан кейін бастау алды. Онда жергілікті халықтың ішінен шыққан - жартылай феодалдық, патриархалдық және рулық қатынастарды сақтай отырып, өздерінің ауқаттылығы мен қоғамдағы ықпалы арқылы ауылды кеңестендіруге қарсы ірі мал иелерін қоныс аудару қарастырылған еді. ...Мыңнан аса уәкілдер мен көмектесу комиссияның 4700 өкілдері 696 шаруашылықтың іс жүзінде кәмпескеленіп, олардың 619-ның өз тұрған жері аумағынан көшуін қамтамасыз етті. Ірі қара малға шаққандағы экспроприацияланған 145 мың бас мал - колхоздарға 26% және кедей-батрақ шаруашылықтарына - 74% болып бөлініп берілді. Бұған қосымша 633 киіз үй, 475 үй, 44 амбар (көмбе), 534 басқа да қора-қопсы, 108 соқа, 113 тырма, 248 шөп оратын тіркеме, 1367 арба экспроприацияланы. Қолда бар мәліметтер жер аударылғандарға қаншалықты мүлік қалдырылғандығын көрсетпейді, дегенмен де кәмпескелеуден қалған дүние-мүліктің репрессияға ұшырағандарды енді қайтіп ұшпаққа жеткізе алмайтындығы анық еді. Арифметакалық есептеулер арқылы жай ғана талдаудың өзі аталған қаулыны сыни тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді, себебі кедейлердің саны тағы да 619 шаруашылыққа көбейгендігі анық, орташа шаруашылықтардың көбеймегендігі және шындық. ал сол кездегі бар аздаған колхоздар осы кәмпескелеуден әжептеуір күшейіп кетті деп айтуға да негіз жоқ. Осындай формальды-валюнтаристік іс-шаралар қайта құруды жүргізудің негізгі әдісіне айналған еді. Қазіргі заман тарихнамасында және заңдық актілерінде аталған қаулыға жан-жақты баға беріліп, 1928 жылдың 13 қыркүйегіндегі «Ірі және жартылай феодал байларды, кәмпескелеуге және жер аударуға қарсы іс-қимылдары үшін, қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы», 1930 жылдың 19 ақпанындағы «жаппай ұжымдастыру аудандарындағы социалистік ауыл шаруашылығын орнатуды бекіту және кулактар мен байларға қарсы күрес туралы іс-шараларында» осы қаулылардың экономикадан тыс тұрпаты мен олардың жүздеген жылдар бойы қалыптасқан табиғи экономикалық жүйені жоюға бағытталғандығы айтылады. Орташалар мен кедейлердің экономикалық жағдайының қазақ ауылында - ірі мал иелерінің меншігін бөліп беру арқылы және переселендік деревняда - ірі жер иелерін шаруалар ұйымындағы (община) атқарып отырған өзіндік ролінен айыру арқылы түзеліп кетпегендігі көрсетіледі. «Демек, басым көпшілігі кедей және орта шаруалардан тұрған қазақ ауылында, сондай-ақ саяси билік солардың мүддесін қорғайтын советтердің қолында тұрғанда байлар мен күресті революциялық төтенше шаралар арқылы емес, экономикалық және саяси әдістер арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді. Басқаша айтқанда, сол тарихи кезеңдегі Қазақстан жағдайында байлар мен буржуазиялық элементтерге қарсы күресте революциялық зорлықты жалғыз күрес құралы деп тану жергілікгі жағдайды терең түсінбеуден туған ірі саяси қателік болатын». 1928 жылдың 27 тамызындағы қаулыға дейінгі егіндік және пішендік жерлердің 1926-1927 жылдардағы бөлінісіне орай, кедейлер пішендік жерлердің 61,6% -ін және егіндіктің 39,3%-ін бөліп алғанымен, одан күтілген нәтижелер шықпады, себебі алынған жерлерді игеруге қажет инфрақұрылымдар болмаған еді. Реформа бойынша пішендік жерлер адам санына қарай бөлінді, ал қоғамдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мұндай бөлініс мал басының санына қатысты болушы еді. Міне, осыған байланысты-ақ көп балалы кез-келген кедей отбасы, орылмалы пішендік жерлер бөлінісінде басымдылыққа ие бола отырып, байлардың «ата-бабалар жолы» деп, өзбілермендікке салуынан «моральдік террорға» ұшырады. Осыған орай ауыл мен переселендік деревняда, әлеуметтік топтар арасындағы экономикалық бәсеке, тіпті кедейлер мен орташаларды үкімет тарапынан қолдау болғанның өзінде де, мүмкін болмады. Жоғарыда қарастырылып отырған қаулыларды ретроспективалық талдау, жер-су реформалары мен жер туралы Декрет, Кеңес үкіметінің аграрлық секторындағы әлеуметтік тірегі - шаруалар мен орташалардың, өздерінің экономикалық позицияларын нығайтуына барынша баяу әсер еткендігін байқауға болады. БК(б)П-дағы пікірталастар барысында «кулактың социализмге бейбіт жолмен сіңісуі» және «рыноктағы еркін айналым» теориялары жоққа шығарылып, мұның өзі партия жетекшілерін экономикадан тыс, жазалау органдарына сүйенген және басқа тәсілдерді іздестіру мүмкіндігін терістейтін идеологияға сүйенген күштеу саясаты жолына түсуіне итермеледі. Сондықтан да, қарастырылып отырған қаулылардың мазмұны экономикалық талдау сферасынан бөлек жатыр. Ауыл мен деревнядағы экономикалық күшті топтардың өздерінің саяси өмірдегі мардымсыз маңыздылығына келісе алмауы себепті мәселе біртіндеп - «кім кімді?», -деген саяси мазмұнға ие болады. Іс жүзінде бұл «кулактардың тап ретінде», репрессияланып және жер аударылуы арқылы біртіндеп жүзеге асты. Бұл арада кедейлер мен орташалардың ауылшаруашылығы өнімдерінің тауарлы өндірісінде олардың орнын баса алмауынан, аталған топтарды барынша тезірек «социалистік ұжымдық шаруашылыққа» біріктіру керек болды. Ұжымдастыруды тездетудегі репрессивтік іс-шаралардың болуына екінші бір себеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау кампаниясы мен қатаң салық саясатына байланысты болды. Нан дайындау кампаниясы өзінің өткізілу әдістері жөнінен экспроприацияның ашық формасына айналды. РКФСР Қ.Қ. 107 статьясы «тауардың бағасын қасақана қөтергені үшін, рынокқа осыларды шығармағаны немесе жасырғаны» үшін қылмыстық жаза қарастырса», 61 статья арқылы да жалпы мемлекеттік маңызы бар міндетте борышынан бас тартқаны үшін», - жаза қолданылды. «Республика базарларында нан өнімдерін тек кедейлерге, әрбір десятинадан 4-10 пұт дән бөлінгені туралы квитанция болған кезде ғана рұқсат етілді. Нанды пайда көру үшін сатып алып, сатуға тиым салынды. ЖЭС жылдары қалыптасқан салықты заттай жинау механизмі дайындауларды жүргізу барысында барынша қатерлі мазмұнға ие болды. БОАК ұйымдастыру бөлімінің ақпараттық мәліметтері шаруалардың үкіметтің саясатынан толық көңілінің қалғандығына назар аударды. Көптеген жиылыстарда шаруалар: «ауыл шаруашылығын дамытудың қажеті жоқ, өйтсек үкімет бізді салықпен тұншықтырады», — деп ашық мәлімдеді. Сол кездегі архивтік құжаттар мынадай мазмұнда болды: «нан дайындау кампаниясы сенің соңғы 5-6 пұт астығыңды тартып алады. Соңғы пұт астықпеп бірге сенде бар 5-10 бас мал да кетеді.». Балқаш ауданындағы жағдай туралы баяндама хатта, осы көшпелі мал шаруашылығындағы ауданда нан дайындау есебіне 12 мың пұт астық, 17 мың пұт тұқымдық астық, мал өнімдерін құрту арқылы жиналып, яғни, «қойды 15 фунт нанға, сиырды 11/2 пұтқа, биені 2 пұтқа, түйені 3 пұтқа, жақсы атты 4 пұтқа айырбастаған. Осылай аудандағы қазақ малшысы, жергілікті органдардың нұсқауын орындау үшін, соңғы сиырын нанға айырбастауға мәжбүр болды». Мал дайындау кампаниясы да төтеншелігі жөнінен «әскери коммунизм» кезіндегідей сипатта болды. Дайындау көлемдерінің әрбір шаруа қожалықтарындағы ішкі жағдайды ескермей, жоспарлы тапсырмалармен анықталуы, ауылдар мен аудандарға тапсырмалардың іс жүзінде бар малдардың да санынан артық кетуіне әкеліп соқтырды. Аталынған Балқаш ауданында барлық мал санының жалпы есебі 183 мың бас бола тұрып, жоспар 300 мың бас малға құрылды. Құжаттарда: «байлар мен атқамінерлер және ақсақалдар жүргізілген саяси-шаруашылық іс-шараларының намысқа тиюіне байланысты, аудандағы орын алған жағдайды жалпы халықтың: Кеңес үкіметіне қарсы көтерілуі үшін пайдаланды. Байлар мынадай ұран тастады... «кедей кеңес үкіметінің саясатына тұншығуда»... Қорыққан, оның үстіне рубасы байлардың азғыруымен, көп халық аудан орталығына басып кірді, ауданда ешкім қалмай бәрі қашып кеткен еді, адамсыз аудан орталығы, барлық ауыл шаруашылығы машиналары, үйлер қиратылып, құртылды, тұқымдық қор мен кооперативтік ұйымдардың бұйымдары пышақ үстінен үлестіріліп алынды. Берілген құжат дайындау барысындағы негізсіз күш қолдану, жалпы халықтың жүргізіліп отырған саясатқа наразылығын тудырып, оларды ашық қарсыласу іс-қимылдарына итермелегенін көрсетеді. Тиісінше, дайындау кампаниялары барысында, Қазақстанда шаруаларға қарсы ірі масштабтағы репрессиялар жүргізілді. Әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікке 56498 ауыл тұрғыны тартылып, оның 34121 сотталып кетті. 1928 жылдың қазаны мен 1929 жылдың желтоқсаны аралығындағы дайындау барысында сот үкімімен 125 адам ату жазасына кесілсе, БМСБ осы уақыт ішінде 152 адамды атты. Бұл арқылы, саяси репрессиялар ауқымының едәуір кеңейіп мүліктік зардап шектіруден, қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейін, соның ішінде ең жоғарғы жаза қолданылғандығы көрініп тұр. Салыстырмалы түрде әлсіз, кедей және орташа шаруашылықтар, әрине заттай салық жинаудың ең аз бөлігін көтерді. Дегенмен, оларға да колхоздарға кірген уақытта ғана, олардың жағдайларының әлдеқайда дұрыс болатындығы айтылды. Шаруалар қауымына әсер етудің үшінші бағыты салық режимінің қатаюы болды. Социалистік индустриализацияны тездету барысында салық саясатының үлкен маңызға ие болғаңдығы, түсінікті еді. Кеңестік нұсқасындағы индустриализацияның ерекшелігі негізінен ауыл индустрия кәсіпорындарының салынуында болатын, олардан табыс түсіру 10-15 және одан да көп жылдардан кейін күтілгендіктен, өнеркәсіп дамуының ауыртпалығын ауыл шаруашылығындағылар барынша сезінген еді. Салықтардың негізгі салмағы ауыл мен деревняның бақуатты бөлігіне түсті. 1927-1928 шаруашылық жылы 4% бақуатты және кулактық шаруашылықтар ауылшаруашылығы салығының шаруа қожалықтарына салынған барлық сомасының 83%-ін төлеуге мәжбүр болған, Деревняда 1000 рубльден жоғары табысы бар шаруашылыққа салынатын салықтың орташа сомасы 239 рубль, ал ауылда 323 рубль болды. 0,6% ірі мал шаруашылықтары, мал шаруашьшығымен шұғылданатын аудандарғы салықтың барлық сомасының 25%-ін төледі. Келесі 1928-1929 жылдары салықтың салмағы іс жүзінде екі еселенгенмен, бүдан ірі жер және мал шаруашылықтарының ұтқаны шамалы болды. Сонымен қатар жеке қосымша салық, жалпы шаруалардың арасынан табыстарымен және олардың «еңбексіз табынуымен» ерекшеленген, ірі шаруашылықтарға да салынды. Мұндай алалауға жергілікті үкіметтің өзімбілерлігі арқасында кейбір бақуат орташа шаруашылықтар да ілігіп кетті. Салық қысымын көтере алмаған бақуат шаруашылыктардың басым бөлігі «өз еріктерімен ку- лаксызданып», қалаларға кетті немесе табыс көздерін ауыстырып, қызметтерін өзгертті. Мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар, күштеп дайындату акцияларына және салынған салықтың ауырлығына шыдай алмай республикадан тыс жерлерге және шетелдерге көшті. Ірі мал иелерінің соңын ала, қоғамдағы дәстүрлік құрылым ерекшеліктеріне сәйкес, өз ата қоныстарынан орташа және кедейлер шаруашылықтары да көтеріле бастады. Елден көшіп кетудің протесттік тұрпаты үкіметті де ойландырмай тұрмады. Себебі аймақтар территориясы мен республиканы еңбекке қабілетті халық тастап кетіп жатты, мұның өзі мемлекеттің қосымша өнімді пайдалану мүмкіндігін шектейтін еді. Бұл көшпелі мал шаруашылығындағыларға да қатты кері әсерін тигізді - сулы да нулы ата қоныстары мен, қалыптасқан сүрлеулерін тастап, көріп-білмеген жерге көшу қазақ ауылдарының жағдайын одан әрі әлсіретті. Жаңа экономикалық саясаттың аяқталуы мен «ұлы бетбұрыстың» басталуы нәтижесінде қазақ ауылы мен переселендік деревнядағы әлеуметтік топтардың жікке бөлінушілігі күшейе түсті. Қалыптасқан жаңа күштердің орналасуы екі жақты мазмұнда болды. Бір жағынан кеңес үкіметіне қарсы тұрған әлеуметтік топтардың экономикалық және саяси позицияларының едәуір деңгейде әлсіреуі, объективті түрде, қысқа мерзімде жаппай ұжымдастыру саясатына көшуге ықпалын тигізді. Екінші жағынан, іс жүзінде бұрынғы экономикалық укладтардың жаңа социалистік укладтың құрылмай тұрып талқандалуы, болашақтағы күйзелістірдің алғышарты болғандай еді. Ұжымдастыру процесі іс жүзінде жер туралы Декретті қабылдаған кезден басталынды, сол кездің өзінде-ақ орташалар мен кедейлердің шаруа қожалықтарын кооперацияға біріктіру ойластырылған болатын. Кооперация, коммуна, жер өңдеу серіктестіктестіктері (ЖӨС) және ауыл шаруашылығы артельдері түрінде біріккен ауыл шаруашылығы бірлестіктерінің қарқыны тым төмен болды. 20-жылдардың екінші жартысынан бастап, селолық майда және орта буржуазия кооперацияны дамытуға қарсы негізгі кедергі ретінде қарастырыла бастады. Осы негіздегі мемлекеттік саясат кулактар мен байларды жоюға бағытталды. Бұнымен қатар орташа және кедей шаруашылықтарды күштеу арқылы колхозға қоғамдастыру да жүріп жатты. Жер бөліктерінің, ауыл шаруашьшығы жайылымдарының, малдың, құрал-жабдықтардың, шаруашылық құрылыстарының қоғамдастырылуы ауыл шаруашылығын өркендетудің жалғыз дұрыс жолы ретінде қабылданды. БК(б)П ОК Саяси Бюросының 1930 жылдың 30 қаңтарындағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарындағы кулак шаруашылықтарын жою туралы іс-шараларында» негізгі тұжырымдар қарастырылып, нақты іс-шаралар ұсынылды [16, с.72-73]. Осының алдындағы БК(б)П ОК қаулысында... ұжымдық қозғалыс толықтай аудандарды, аймақтарды тіпті облыс пен өлкені қамти отырып алға тағы да жаңа қадам жасады... Қозғалыстың негізінде кедей және орташа шаруашылықтардың өндіріс құралдарын ұжымдастыру жатыр. ...Біздің ірі кулактық өндірісті ірі колхоз өнідірісімен алмастыруға, социалистік жер шаруашылығын құруда, күшті алға жылжу үшін қажетті материалдық базамыз бар... Бұл жағдай ... партияға, өзінің практикалық жұмысында кулактардың қанаушылық тенденцияларын тежеу саясатынан, оларды тап ретінде жою саясатына көшуіне толық негіз берді.». Дәл осы қаулыда «...ұжымдық қозғалыстың дамуы тракторлар мен күрделі машиналардың жетіспеуіне байланысты тежеудің барлық әрекеттеріне қарсы қатаң күрестің қажеттілігі» айтылады. Анығында бұл арада боладыны-болғанға таңу орын алып тұр. Себебі, іс жүзінде өндіргіш күштердің жаңа даму деңгейіне көшпей, колхоздар тек төмен өндірісті майда және орта шаруашылықтардың арифметикалық қосындысы болып қана қалды. Билеуші - саяси құрылымдардың ірі тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісіне салыстырмалы түрде тез арада өтеміз деуі, өздерін-өзі алдау болатын. Кулактарды тап ретінде жою саясатының мазмұны, ауылшаруашылығындағы жерді арендалау мен жалдамалы еңбекті қолдануды болдырмауға сайды. Кулактардан өндіріс құрал-жабдықтарын, малдарын, шаруашылық және тұрғын үй құрылыстарын, қайта өңдеумен айналысатын мекемелерін, жемдік және тұқымдық қорларын кәмпескелеу көзделді. Кулактардың өздері үш категорияға бөлініп, оларға репрессиялық шаралар мына диапазонда - концлагерге қамаудан, өлкенің алыс аудандарына, яғни губерниялар мен аймақтардың орталықтан және темір жолдардан алыс, игерілмеген, өмір сүруге қолайсыз территорияларына жер аударуға дейін. Кулактадың үшінші категориясы аудан көлеміде қала отырып, колхоз шаруашылықтарынан тыс бөлімшелерге қоныс аударылды. Кулаксыздандырудың орта пайызы жалпы шаруашылықтар санының 3-5% болып белгіленді. Тура Қазақстан бойынша концлагерлерге 5- 6 мың адамның қамалып, 10-15 мың адамның жер аударылуы қарастырылды. Бір мезетте осы арада Қазақстанның әртүрлі аймақтары мен республиканың сыртына 20-25 мың кулактардың семьяларын жер аудару көрсетілді. Қаулыға сәйкес репрессивтік-жазалау органдары да күшейтілді - БМСБ-ға... соттан тыс қаралатын мәселелердегі өз өкілетілігін облыстардағы БМСБ-ның толыққанды өкілдері мен БК(б)П өлкелік комитеті және прокуратура өкілдеріне сеніп тапсыру құқығын беру, БМСБ-ның штатын 800 адамға көбейту, ...БМСБ әскери құрамының санын 1100 штык пен қылышқа көбейту көзделді. Қазақстанда, елдің басқа да аудандарындағы сияқты, әкімшілік орталықтың нұсқаулары барынша ыждахаттылықпен орындалды. Республикадан тыс аймақтарға 6765 адам жер аударылды, ал басқа аудандардан келгендердің саны 46091 отбасын немесе 180015 адамды құрады. 1932 жылдың тамызындағы «Мемлекеттік кәсіпорындарды, колхоздарды және кооперацияларды қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» заң бойьшша 33345 адам сотталып кетті. Бес жыл ішінде, 1929 жылдан 1933 жылдарға дейінгі аралықта ҚазАКСР-інің БМСБ ТӨ үштіктері 9085 істі қарап, 29333 адамдарға қатысты шешімдер қабылдады, олардың ішінде ең жоғарғы жазаға 3386-ы ілігіп, концлагерлерде 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге 13151 адам қамалды. Негізінен, Қазақстандағы ұжымдастыруды тездетудегі екінші бір маңызды кезең, көшпелі шаруашылықтарды жоспарлы түрде отырықшылыққа көшіруді жүзеге асыру бағыты болды. Өзінің тұрпаттық маңыздылығында, отырықшылық, жаңа формаға көшу, яғни мал және жер шаруашылығындағы эволюция немесе стационарлық мал шаруашылығын өрістету ретінде қарастырылды. Дегенмен, отырықшылықты практика жүзінде іске асыру волюнтаристік әдістермен жүргізіліп, жүздеген мың адамдардың дәстүрлі өмір сүру салты бұзылды, қалыптасқан шаруашылық қарым-қатынастары үзіліп, мемлекеттің отырықшылық өмірді қалайтындай жағдай жасауға материалдық негізінің болмауы себепті, мәселе шиеленісе түсті. Жалпы отырықшылық туралы концепция, ол туралы авторлардың көзқарасынан бөлек, белгілі бір тұрғыда диалектикалық даму қорытындысы іспеттес еді. Себебі, ежелгі көшпелі шаруашылық отырықшы және жартылай отырықшы мал шаруашылығынан жылжымалы көшпелілікке көшу жағдайында пайда болған болатын. Осы арқылы б.з.д. 2 мыңыншы жылдың соңынан 1 мыңыншы жылдың басына дейінгі өмір салты, Қазақстан территориясында да, өзгеріске түскендігі анық. Егер басында дәстүрлі шаруашылықты өзгерту объективті жағдайлармен түсіндірілсе, адамдар санының көбеюі мен климаттың өзгеруі, екінші жағдайда негізгі маңызға субъективті фактор - билеуші үстем саяси құрылымдардың өздерінің идеологиялық доктринасына сүйенген (негізделген) саяси күш- жігеріне байланысты болды. Қазіргі тарихи әдебиетте седентаризация термині пайдаланылады, бәлкім жаратылыстану ғылымындағы седиментация - майда бөлікшелердің түрақтануы немесе тұрақтану үшін жиылу - деген түсінікті берсе керек. Осы тұрғыда өрбіген саяси субъективизимнің салдары әрине, қарсылық әрекеттері мен экономикалық оқшауланып шығып кетуге апарып соқты. Бұған жауап ретінде орталық және жергілікті үкімет органдары күш көрсету науқанын бастап та жіберді. Мәселе әсіресе көшпелі тұрмыстағы мал шаруашылығы аудандарында қиын болды. Мұнда отырықшыландану жаңа ғана өрістей бастаған: 1929 жылға қарай 50 мыңнан сәл астам көшпелі қожалық орналастырылды, бұл олардың жалпы санының 7,5 пайызы болатын. 1930 жылы тағы 84340 қожалықты отырықшылыққа көшіру көзделді. Ал, бұл ұжымдастырудың жоспарланған қарқыны үшін аздық етті. Голощекин мұны да, сондай-ақ патриархалдық-рулық қатынастар әлі жойылып болмаған, мешеулік пен қараңғылық жайлаған ауыл, жалпы демократиялық өзгерістер кезеңін бастап көшпей тұрып егіншілікпен айналысатын кооперативтік шаруашылықтың жоғары формасы -колхоздарға бірден көше алмайтынын да түсінді. Бірақ Голощекин Сталиннің дегенін мәймөңкелікпен орындаушы болды. Қажет болғанда ол мәселенің тонын айналдырып кигізуден де тайынбады. Отырықшыландыру ұжымдастырудың алдында жүруі міндетті емес, қайта керісінше жаппай ұжымдастыру отырықшыландырудың стимулына айналуы тиіс деген концепциясы соның көрінісі. Колхоз құрылысының бес жылдық жоспары туралы мәселе қараған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің 1929 жылғы декабрь Пленумы оның қыспағымен былай деп көрсетті: «астықты аудандарды ғана емес, сондай-ақ мал шаруашылығы және мақта шаруашылығы аудандарын қамтуды ескере отырып... мал шаруашылығы қожалықтарын астық шаруашылығындағыдай қарқынмен коллективтендіруді барынша ынталандыру қажет, сөйтіп коллективтендіру қарқыны халықты бір жылдың ішінде толық қамту есебінен белгіленсін». Мұндай әкімшілік делебе қозушылықты БК(б) П Орталық Комитеті Саяси Бюросының 1930 жылғы 5 январьдағы «Коллективтендіру қарқыны және мемлекеттің колхоз құрылысына көмек шаралары туралы» қаулысы да сабаға түсіре алмады. Мұны аталған науқан кезіндегі келесі динамика да анық көрсеткендей, 1930 жылы отырықшылыққа 87136 шаруашылық көшсе, 1931 - 77508, 1932 - 77674, 1933 - 242208. Іс жүзінде отырықшылыққа көшу белгілі бір жерлер мен пункттерді таңдау мен бұрыннан бар отырықшы қоныстардың негізінде немесе соның жанынан орын табу арқылы жүргізілді. Осы бастама бойынша КСРО-ның орталық аудандарынан жиырма бес мыңшылдықтардан 1204 адам, Қазақстан қалаларынан 8 мың жұмысшы, олардың түсінігіндегі «еуропалық типтегі поселкелерге» қоныстандырылды. Олардың киіз үйлері дұрыс квадраттармен орналасып, орыс деревньясының кейпіне келтірілді. Экономикалық мағынада шаруашылықтың жаңа формалары мен түрлерін іздестіру мынадай іс-шаралармен «тек мал шаруашылығымен шұғылданатын қазақ аудандарына дәндік дақылдарды, бақша өнімдерін егуді өндіру», бұл үшін осы аудандарды қажетті тұқымдармен, қарапайым ғана ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп, онда аздаған мелиоративтік жұмыстар жүргізілуі тиіс болатын. Өкінішке орай, көшпелі өмірге лағнет айтқан большевиктер шаруашылық түрін, топырақ-климат жағдайын ескерместен отырықшы ауыл шаруашылығын қоғамның экономикалық ұйымдасуының жоғары сатысы деп түсінді. Қазақ даласының жағдайында қысқа мерзім ішінде мал шаруашылығымен айналысудың дәстүрлі әдістерін отырықшы шаруашылыққа ауыстыру әрекеті экономикалық ессіздік еді. Әрине, осылай қазақ даласына келген ашаршылықтың жантүршігерлік көрінісін Голощекин өзі жіберген жергілікті жерлердегі уәкілдері арқылы жақсы біліп, одан толық хабардар болып отырды. Міне сондай жергілікті жағдайдан нақты да шынайы мәліметтер түсірген Ораз Жандосовтың Әулиеатаның Сарысу ауданындағы ашаршылық туралы жан түршіктірер мәлімдемесін сол қалпында келтірелік: «ауылдарды аралаған кезімде, мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім. Бұл жағынан, тірі қалған әйелдер мен жас балаларға ешкім көмек көрсетпейді. Таңданарлықтай болса да, әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден үнжырғылары түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды және жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген аң терілері де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім. Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, терісін алу үшін атылған иттердің қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. №5 ауылда тамақтанбаудан жартылай ісінген аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді. Кейбір аңшы семьялары шошқа етін жеуде және шошқа етімен тамақтанушылар өздерінің «күнәләрін» жасыруға тырысса да, мұның өзі халыққа ешқандай жағымсыз әсер ете қоймады». Әңгіме, әрине бұл жерде Ораз Жандосовтың аштықтың қасіретін айна қатесіз, қаз-қалпында беруінде емес. Ашыққан Әулиеата қазақтарының ит пен шошқа, жылан мен тасбақа тұрмақ адам етін жегені туралы фактілер де баршылық. «Қосалқы шаруашылықсыз, бұл аудандар бұдан былай да өздерінің қалған малдарын өсіре алмай, барын жеп қойып отыратындығын ескеру керек», - деп жазды өзінің Сталинге хатында Қазақ АКСР-і ХКК-нің терағасы Ораз Исаев 1932 жылдың тамызында. Дәл осында кедейленген малшылардан Каспийде, Арал теңізінде, Балқашта, Зайсанда және басқа да сулы өңірлерде балықшылар артелін ұйымдастырып, оларға балық аулауға қажетті құрал-жабдықтар алуға жеңілдетілген жағдайда кредиттер беру де ұсынылды. Қазақтардың арасында қолөнершілік өндірісті ұйымдастыру көзделінді: О.Исаев сонымен қатар «Қазақтардың поселкелкерге дұрыс орналасып, шаруашылығын түзеуіне көмектесудің» де қажеттілігіне тоқталды. Бағыты және мазмұны жөнінен бөлек хатты Сталинге 1932 жылдың 29 қыркүйегінде Тұрар Рысқұлов жазды. 1932 жылға қабылданған отырықшыландыру жоспарын қате деп есептеп, КАКСР-і Кеңхалкомы мен Өлкелік комитетінің шешімдерінің жойылғандығы туралы жариялау керектігін ұсынды. Бұл қаулы бойынша отырықшыландыруды 1933 жылдың соңына аяқтап, нәтижесінде бір массивте 500 шаруашылықтан жиналған, еуропалық түрдегі (типтегі) ірілендірілген поселкелер құрылуы керек болатын. Әрине мұндай мүмкіндіктің Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоқ болуы түсінікті де еді. Т.Рысқұлов отырықшылыққа көшу кезеңіндегі көрсеткіштерге баға бере келіп, өнімнің төмендігі мен жер шаруашылығын жүргізудің тиімсіздігін атап көрсетеді. Осы орайда отырықшыландырылған 200 мың шаруа қожалығының 30%-і қоныстанған жерлерінен көшіп кеткендігіне тоқталады. Құрылысы басталынған отырықшыландыру нүктелерінің 21%-нің орнын ауыстыру керек болса, 20%-і шаруа қожалықтары өз жағдайларына ырза емес, кейбір отырықшылық пункттерінің орны бірнеше мәрте негізсіз өзгертілген. Асығыстықтық кері салдары мал қоралар мен тұрғын үйлердің құрылыстарының бітпей қалуына, бөлінген қаржылардың дер кезінде игеріле алмауына әкеліп соқтырды. Т.Рысқұлов кейіннен, 1933 жылдың 11 наурызындағы БК(б)П ОК-і И.В.Сталиннің атына жазылған баяндама хатының БК(б) П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Мирзоянға жіберілген көшірмесінде көшпелі қазақтардың отырықшылыққа көшу мәселесіне қайтадан оралады. Ол аталған кемшіліктерге тағы да бір тоқтала отырып осы мәселе бойынша отырықшыландырылған малды аудандардағы жіберілген сорақы кемшіліктерге барынша назар аударуылын табандылықпен талап етеді. Отырықшыландыруды барынша тездетудің келесі бір келеңсіз көрінісі КАКСР-і Денсаулық ХалКомынан Семиозер аудандық денсаулық сақтау бөлімі инспекторының отырықшыландырылған халықтың денсаулығының жағдайы туралы баяндама хатын да көрсетілген. Онда, әртүрлі ауыр аурулармен ауыру деңгейі өте жоғары, отырықшыландырылған халық қажетті азық-түлікпен, киіммен, және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілмеген деп көрсетіледі. Отырықшылыққа таңдап алынған орындардың жарамсыздығы ерекше аталынады. «Поселекке арнап таңдалынған орын ... тіпті де лайық болмай шықты... №15 ауылдағы жер қырысы - құм, мұнда ешбір құрылыс нысандарын жүргізуге болмайды. Тұрғын үйлер дұрыс жоспарланбаған, күңгірт, сыз, салқын және ұсқынсыз. Терезелерінің солтүстікке қарап шығуы да орынсыз. Отырықшылыққа арналған орындарға отын жеткізілмеген, мұның өзі тұмау ауруларының асқынуына әкеліп соқтыратыны анық». Басқа да көптеген осындай кемшіліктер, соның ішінде медициналық кадрлардың жоқтығы да атап көрсетілед. Жалпы отырықшыландыру науқаны, ресми деректерге сүйенсек, 1936 жылға дейін созылған. Республика бойынша 338,7 мың шаруашылық отырықшылыққа көшкен. Отырықшылыққа көшу процесінің мәдениет және білім деңгейін көтерудегі бағыт-бағдары дұрыс та болған шығар, бәлкім тұрақты қосалқы шаруашылық жағдайында мал шаруашылығын дамытуға да мүмкіндік туған болар ма еді. Дегенмен өзін-өзі актамаған асығыстың, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан көшпелі өмір салтын небәрі 2-3 жылда өзгерте қоямыз деген далақтау (талпыныс) қатерлі қасіреттерге әкеліп, экономиканың аграрлық секторындағы онсыз да әлсіз жағдайды ушықтырып жіберді. Тіпті, билік басындағылардың өздері қиын жағдайда қалып, онсыз да жетімсіз құрылыс материалдарын, өнеркәсіп тауарларын және қаржы көздерін жаратып жіберуге мәжбүр болды. Сталинизмнің, қоғамдық қатынастар мен саяси билік системасындағы ерекшелігі ретінде, оның саяси теория мен стратегияны, ағымдағы тактикалық мәселелерді шешуге бағындыруын айтуға болады. Мұндай бағыныштылық, болып жатқан қайта құрулардың алғаш рет өткізілгендігіне, ішкі және халықаралық ареналардағы күштердің арасалмағының өзгеруіне, ауыстырылмайтын басшылықтың жеке қателіктеріне, орта және төменгі буын партия мен кеңес кадрларының идеялық және ұйымдастыру қабілеттерінің әлсіздігіне байланысты болса керек. Қарастырылып отырған ұжымдастыру мәселесі бойынша да осылай болып: кулактарды тап ретінде жою, дайындау кампаниялары, салық мөлшерінің өсуі және көшпелі халықты отырықшылық өмір салтына көшіру барысында да тек сол мезеттегі жетістіктерге жету жолы ғана қарастырылып, оның болашақтағы салдарлары есепке алынбады. Сондықтан да саяси бағыт-бағдар ұдайы өзгерістерге ұшырап, жіберілген қателіктер насихаттық түсініктемелермен жасырынып отырды. Күштеп ұжымдастыруға қарсы әрекеттердің бірі ретінде шаруалар қозғалысын айтуға болады. 1929 жылдың күзінен 1931 жылдың көктемі аралығында Қазақстанның барлық территориясы бойынша қарулы көтерілістер болды. Жеке елді мекендердегі кішігірім көтерілістер, аудандар мен округтердің бірнеше аудандарын қамтыған толқуларға ұласты. Көтерілістердің негізгі себебі билік басындағылардың тарапынан болып жатқан өзімбілерлік пен заңсыздыққа қарсы тұруға талпыну болып табылды, сонымен қатар феодал-байлар мен кулактардың белсенділері тарапынан контрреволюциялық үгіттің де орын алғандығы анық еді. Әртүрлі деректер бір жарым жыл ішінде толқуларға 80 мың адамның қатысқандығын айтады. Жергілікті халыққа қарсы соғысу үшін өзін-өзі қорғайтын немесе коммунистік деп аталатын отрядтар құрған, партиялық үгіт-насихаттан және саяси ұйымдастыру жұмыстарының, әскери қысымды және ықпалды жоғары қойған, сөйтіп Қазақстандағы халықты БМСБ ТӨ-нің қарулы, қатал шеңгелінде ұстаған, яғни ерікті ұжымдастыру процесін әскери репрессия айналдырып жіберген Голощекинді кез-келген әскери диктатормен ұялмай қатар қоюға әбден болады деп ойлаймыз. Шектен шыққан қаныпезерде жүгенсіз бұқара тарапынан қарсылыққа, наразылыққа кездесуі әбден орынды болатын. Сондықтан да Қазақстанда егер 1929 жылы жергілікті өкімет, партия басшыларыңа қарсы 143 рет қастандық жасалса, 1930 жылы бұл көрсеткіш - 139, ал 1931 жылы - 178 болды. Халықтың жаппай бас көтерулері де бұл жылдары жеке алғанда 54, 241, 77 рет болды. Колхоздардың мүлкін өртеп жіберу, малды улау тәрізді қылмыстар да орын ала бастады. Ұжымдастырудағы Голощекиннің БМСБ-ның күштеріне сүйенген әскери режиміне, зорлық-зомбылығына наразы болған қарапайым халықта көтерілістерге белсене қатысты. Осылай Созақта, Бостандықта, Сарысу мен Таластағы және т.б. үлкенді-кішілі үкіметтің коммунистік отрядтарымен болған қақтығыстар еріксіз 1916 жылды еске түсіреді. Халықтың қаһарынан қаймыққан, оған БМСБ шыдас бере алмайтындығын түсінген Голопіекин, әсіресе наразылықтар басталған жерде БМСБ-ға бағынатын арнайы әскери бөлімдерді-коммунистік отрядтарды көптеп ұйымдастыруға оң көзбен қарады. Мысалы, Созақ оқиғасының тарап кетуінен қауіптенген Қызылорданың округтік партия комитетінің бюросы А.Розыбакиевтің басқаруымен болған өзінің 1930 жылғы 3 наурыздағы мәжілісінде қабылдаған шешімінде былай деп көрсетті: «...БМСБ қарамағында болатын комотрядтар, Қызылордада, Қазалыда, Арморда, Қарсақпайда ұйымдастырылсын. Соңғылардың жауынгерлік қабілетін көтеруге арналған тұрақты әскери жатығулар өткізілсін». Бұл негізсіз де емес еді. Себебі, 1928-1930 жылдар арасында Қазалы ауданы территориясында болған Асандар көтерілісі, Қармақшы, Қазалы аудандарындағы Ақмырза көтерілісі және Қазалы, Жалағаш пен Сырдария аудандарының қазақтары қатысқан Қарақұм көтерілісі Кеңестердің едәуір соғыс техникасын пайдаланып ғана басылғаны, қазірде тарихқа белгілі болды. Сәл кейін шегініп, Созақтағы көтеріліске байланысты БМСБ қызметкері Никитенко бастаған коммунистер отрядының Созаққа шабуыл жасап, төрт сағатқа созылған қатты ұрыстан кейін 300 бандиттің (көтерілісшілерді айтып отыр С.Б) опат болып, 200-і тұтқындалып, көп ат, 70 дана дәрімен атылатын әртүрлі қару, 50 данадай суық қару қолға түсті. Біздің жақтан екі адам жараланды, үш ат өлді деген ақпарына мән берсек, онда көтерілісшілердің қауқарының қандай болғаны түсінікті болса керек. Ақпарда 300 «бандит» оққа ұшты делінсе, Қаратаудың құмына қашқан қарусыз жандарды қуып жүріп тергеусіз, сотсыз атылғандарын кім есепке алды дейсің. Сондықтан да, көтерілістер мен толқулардың бүкіл ел аумағында болып өткендігіне қарамастан олар билік органдарының ауыл мен деревнядағы саясатына үлкен әсер ете алды деп айта алмаймыз. Көтерілістерді басу жасақталған армияның тұрақты бөлімдері мен БМСБ отрядтары және партия мен кеңес активі әскерилендірілген құрамалары үшін қиынға соққан жоқ, олардың бұл шараларды қатыгездікпен атқаруы, ақыр соңында шаруалардың қалған бөліктерінің бас көтерулерін болдырмады. Ұжымдастыру кезеңіндегі көтерілістер мен олардың жеңілісі туралы қазіргі тарихнамада барынша кең түрде жазылған. Сонымен қатар назардан тыс қалып отырған анық факт те бар, ол үкіметке қарсы кез-келген қарулы көтерілістің жеңілетіндігінің алдын-ала белгілі болғандығы. Бұл орайда, егер Ырғыз ауданындағы көтерілісшілерден барлығы 17 винтовка тартып алынғандығы айтылса, мұның саны көбейген күннің өзінде де, жағдайдың біржақты болатындығы белгілі еді. Сондықтан, ауылдағы қантөгістер, тіпті үкіметтің айдап салуымен, олардың репресивтік іс-шараларына кең жол ашу үшін де керек болды ма? - деп те қарауға болатындай. «Тап күресін көпе-көрінеу, әдейі Голощекиншілердің өздері ушықтырды. Сондай-ақ Орта Азиядағы немесе Қазақстандағы осы көтерілістерді ұйымдастырушы қайдағы бір орталықтар туралы әңгімені БМСБ тыңшылары ойлап шығарған» деген нақты пікірлер де бар. Дәл осы кезеңдегі тұрғылықты қазақ халқының үдере көшуі де оларға көптеген қиыншылықтар әкелген еді. «Қонысын тастап Қазақстан мен көршілес өлкелерге көшкен қазақтардың мекен-жайларынан келіп түскен, шамамен алынған соңғы деректерге қарағанда, қазір Орта Еділде 40 мың, Қырғыстанда - 100 мың, Батыс Сібірде - 50 мың, Қарақалпақстанда - 20 мың, Орта Азияда - 30 мың қазақ бар. Қонысынан ауғандар Қалмақ жеріне, Тәжікстанға, Солтүстік өлкеге және басқа осы сияқты шалғай жерлерге көшіп кетті», - деп жазады өзінің жоғарыда көрсетілген хатында Т. Рысқұлов. Сол кездегі құжаттардың бірінде Қытайға 170 шаруа қожалығының көшкендігі туралы айтылса, олардың тек 30-ы ғана байлар болып, қалғандары орташалар мен кедейлер екендігі анықталған. Көшуге мәжбүрлеудің негізгі себептері бір жағынан саяси науқан кезеңіндегі асыра сілтеушілік болса, екінші жағынан бұрынырақ Қытай ауған байлардың рулық байланысты пайдалана отырып айдап салуы болған еді. Жалпы 1931 жылдың тамызына дейін 35597 шаруа қожалықтарының 893074 бас малмен көшіп кету фактісі орын алғандығы айтылады. Осы жағдайда көшіп кетуге тоқтау салатын ұйымдасқан қарсы тұрушылықтың болмағаны да анық. Қазақстандағы БМСБ-ның өкілдігі мен шекара күзеті басқармасының ақпараттарында, шекаралық Лепсі ауданында 1000-ға жуық кедей-орташа шаруа қожалықтары мен жүз шақты «бай дейтіндердің» шекараға таяу және одан өтетін жерлерге шоғырланғандығы туралы айтылады. Бұған қарсы шара ретінде «көшіп кетпекшілердің арасында айныту жұмыстарын жүргізу арқылы, олардың Қытай асып кетуіне жол бермеу» қарастырылған. Келесі шара «жаппай саяси жұмысты жандандырып», «партия қызметкерлеріне, көшіп кетушілерді қайтару үшін, оларды қайтқан жағдайда материалдық жағынан қамтамасыз ету арқылы қызықтыруға жұмылдыру», болды. Мұндай үгіт-насихат жұмыстары әрине, көшіп кетушілерді тоқтата алған жоқ, себебі, Қазақстанның ауыл тұрғындары ұжымдастырудың жоғары қарқынына шатасып, малдың қоғамдық болып бей-берекет болуынан қорқып, оларға түсініксіз колхоздардың құрылып, отырықшылыққа олқы жерлердің таңдалынуынан зәрәзәп болған еді. Қайткен жағдайда да көшпекшілерді аштық қасіреті күтіп тұрғаны анық болатын. Олар өзіндегі бар мал-мүліктің әзер дегенде алып қалған аз бөлігін жылы орнынан жылжып, бөтен жерге барғанда, мейлі ол КСРО-ның ішінде болсын, мейлі шет елде болсын тез тауысып қойған еді. Оның үстіне РКФСР мен Орта Азиядағы жергілікті халық қазақтарды құшақ жая қарсы алмағаны анық. Тауы шағылып, кемсітушілікке ұшырап, барынан айырылып, аштан қырылған көшіп кетушілер, амалсыз кері қайырылып, үкіметтің қолына қараудан басқа мүмкіндіктері болмады. Көшіп барғандардың негізгі бөлігі орналасқан РКФСР мен кеңестік Орта Азия аудандарының партиялық және кеңестік органдары олардың жағдайының түзелуіне бірқатар шаралар жасағанмен, оларды Қазақстанға қайтаруға бейімділік танытты. Қайтіп келген көшпелілерге өздері кеткен колхоздарға оралудан басқа жол қалмады. Ауылдық жерлерді тастап ешбір дүние-мүліксіз, ірі қалалар мен темір жол станцияларының бойына орныққан көшпелілер де, осындай жағдайға ұшырады. Жалпы, «сыртқы» және «ішкі» көшіп кетушілердің қайтып оралу процесі ұзақ уақытқа дейін іс жүзінде бетімен кеткен еді, мұның өзі қайтып келушілердің жағдайын одан әрі қиындатып жіберді. Жалпы алғанда, көшіп кету құбылысы ұжымдастыру барысындағы «ауылды кеңестендірудің орашолақтығы және кеңес үкіметінің шаруалардың негізгі бөлігі арасында әсерінің жоқтығынан пайда болған еді. Көшіп кетушілік, билік органдары тарапынан ешбір тоқтау көрмей, «жанама репрессиялар» формасына айналып, Қазақстан халқының басым бөлігінің, аштық азабында тәрбиеленіп, оларды амалының жоқтығынан, өз еркімен, ауылдың социалистік қайта құрылуына келісуіне мәжбүрледі. Дер кезінде қажетті шаралардың қабылданбауы демографиялық тоқырауға алып келді. Қазақ қауымын жаппай дерлік зобалаңға душар етіп, қынадай қырған 32-ші жыл мен 33-ші жылдың басындағы ашаршылық және осыған байланысты көшіп кетушілердің мүшкіл халін баяндап «Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне» жазылған мына хатқа мән берсек, онда былай деп жазылыпты: «...Қазақ елі өз алдына республика, үкімет құрып отырғанына 15 жылға қарай аяқ басып келеді. Енді 1933 жыл үстінде Қазақстан елінің бірқатар ауданшаларында отырған халықтар аштық апаттарына ұшырап, олардың түрлі шаруашылықтары да күйзеле бастады. Осының әсерінен қазақ халқының көбісі күштері үзіліп, өз жерлерінде аштан өле бастады. Ертерек қам қылып, күн көретін жер іздеген қазақтар сатынып-суынып міне Өзбекстан жері: Жарбұлақ, Қызылтөбе, Қаршы, Кітап, күншығыс ауған шекараларында 3-4 малдың басын қосып, қоныс таппай қашып, кім-көрінгенге жем болып жүр. Осы Өзбекстан жерлерінде мыңдаған, он мыңдаған қазақ үйлері толып жүр. Бұлардан өлгені өлді, өлмегені сандалып жұмыс таппай қыштақтан қыштаққа көшіп жүр...» Автор ары қарай «..Және де Қазақстан жеріндегі жүн-жұрқа, киіз, кілем, ескі-құсқы заттарды Қаршы, Кітап, Құзар базарларына әкеліп сатып жатыр. Әрбір адам бес-алты тең, 20-30 пұттан, 50 пұттан жүктерді желіп сатып жатыр. «Өлі зат» есепсіз көп сатылды» деп ес таппай, сансыраған жұрттың жан сауғалағанда сасқаң, бишаралық халін баяндап, жүрек сыздатар ащы шындықты ақтарып салады. Онсыз да тозған елді талау, зәбірлеу, жүгенсіздік әрекеттері қаулағанына күйзеле жазады. «...Өзім естіген хабарымды, көзбен көрген қылмысты хабарымды сіздерге жіберіп отырмын. Енді сіздерден хабар күтемін» дей келіп, «қымбатты көсемдер, бұл үшін заң арқылы партияның жолбасшылығы арқасында ел бүлдіргіш азаматтардың құлқындарына құм тығу керек болар еді... Өзбекстан жеріне ауып келген қазақтарды қоныстандырып, аш-жалаңаш жүргендеріне жәрдем, жұмыссыз жүргендеріне жұмыс тауып беріп, осылардың аштан қырылып қалмау жағын қамтамасыз етсеңіз екен». Алғашқы хат 1933 жылы 27 наурызда, екінші хат - 28 сәуірде, үшіншісі- 5-6 мамыр күндері жазылыпты. Ең соңында: «Осыларды жылдам ескерулеріңізді сұраймын. Кедей, комсомол мүшесі едім. Ермұханбетұлы.»-деп қол қойған. Бұл газеттерде 1933 жылдың 3 ақпанында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінде, Қазақстандағы жұмысынан босанғысы келген өтінішін Орталық Комитеттің қанағаттандыруына байланысты Голощекинді БК(б)П Қазөлкеком бірінші хатшысы міндетінен босату, екіншісінде осы қызметке Мирзоянды сайлау жөнінде екі қаулысының жарияланғанынан кейінгі жанайқай екендігі анық болып отыр. Осы тұрғысында сәл шегініс жасасақ, бес күннен кейін Голощекиннің Алматыдан аттанып бара жатқаны хабарланды. Бұл хабарға қоса газеттер Астанадағы бірқатар кәсіпорындар мен мекемелерде өткен жалпы партия жиналыстарының шешімдері Ф.И.Голощекин жолдастың атына кеп түскенін, онда жұмысшылар Филипп Исаевичтің «өлкені социалистік тұрғыдан қайта құруда ірі табыстарға қол жеткізген қажырлы еңбегін атай отырып, сүйікті лениншіл-большевикпен қимастықпен қоштасып жатқанын» жазды. Оның Қазақстаннан аттануы тағы бір оқиғамен орайлас келді. Торғай және ІІІу аудандары бойынша «көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына берілетін мемлекеттік азық-түлік жәрдемі мен тұқым саудасын жаппай ұрлық пен талан-таражға салғаны үшін, сондай-ақ колхоз малы мен астығын ұрлағаны үшін 7 тамыз заңымен (ішінде ауком хатшылары, ауатком төрағасы, колхоз председателі, қойма меңгерушісі бар) он шақты адамның төртеуін ату жазасына, қалғанын он жылдан бас бостандығынан айыруға кескен үкімді республика Жоғарғы соты бекітті. Бұл жердегі оқиға 1932 жылдың 7 тамызында шыққан атақты, халық арасында «үш түйір дән туралы» деп аталынып кеткен заң тұрғысында болып отыр. Осы заң бойынша «колхоз мүлкін ұрлағаны және талан-таражға түсіргені» үшін 10 жыл лагерлерге айдалып немесе өлім жазасы қолданылатын. Ертеңіне 9 ақпан күні, Мирзоян қызметіне кірісті. Оның, алдында асыра сілтеу мен бұрмалау зобалаңы тозақтың қыл көпіріне душар еткен, әбден күйзелулі елді оңалту жолына бағыттау міндеті тұрған еді. Күні кеше Алматыдан зор қошемет естіп аттанған әріптесінің соңында мал-жаны тозып қалған, сәні кетулі шала-жансар жалпақ даланы тірілту керек-тін. Л.И.Мирзоян назарға бірінші кезекте ауыл өмірін алғанымен, жоғарыда қарастырылған құжат көрсеткеніндей ел өмірін бірден жақсарту оңайға түспегені анық. Сонымен, ұжымдастыру барысында жіберілген тактикалық қателіктер солшыл немесе оңшыл бағыттағылардың «асыра сілтеуі» ретінде түсіндірілді. Әрине, осының салдарынан жедел қарқынмен құрылған мал шаруашылығы аудандарындағы колхоздарда мал өсімі барынша төмендеп кеткені де шындық еді. Жеке қолдан қоғамдастырған түсініксіз ұйымға малдарын өткізгісі келмеген бақуат шаруалар, оларды сатып, сойып немесе туысқандарына уақытша үлестіріп ту-талапайын шығарды. Осындай аласапыранда, ауыл тұрғындары едәуір бөлігінің қалаларға немесе бесжылдықтың екпінді құрылыстарына жанбағу үшін көшіп кетуі нәтижесінде, колхоздар жұмысшы қолдарынсыз қалды. Жан-жақты жүргізілген есептеулер зұлмат жылдарындағы аштық пен оның ауыр салдары іш сүзегі эпидемиясынан апат болғандардың саны 1 млн. 750мың адамға жеткендігін көрсетеді, бұл республикадағы барлық қазақ халқының 42%-ы болатын. Осы себептердің салдарынан колхоздар белгіленген уақытта тауарлы ауыл шаруашылығы өнімінің ірі өндірушілеріне айнала алмады, тек 30–шы жылдардың соңына қарай нақты алға басушылық мүмкін бола бастады. Осы уақытта репрессивтік ишаратқа сүйенген кеңес үкіметінің жалпы жағдайы түзеліп, оған қарсы тұрған күштер не жойылды, не өзінің ықпалын жоғалтып алды. 2.3 Большевиктік (коммунистік) идеология тұғырнамасына қарсы ұстанымдағылардың қасіретті тағдырлары Социализмді орнатудың лениндік жоспарының құрамдас бөлігінің үшіншісі мәдени революция болды, ол индустриализация мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүзеге асыру жоспарларымен бірдей маңызға ие еді. Оның негізгі мазмұны кең кешенді мәселелерді, сауатсыздықты жоюдан бастап, ауыл шаруашылығының және мәдениеттің әртүрлі салаларындағы шараларды жүзеге асыратын кадрлар дайындауды қамтыды. Осы және басқа да мәселелерді маркстік-лениндік дүниетаным негізінде шешу мақсатында жаңа социалистік интеллигенция мен жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру мәселесінің қойылуы түсінікті де еді. Барлық басқа идеологиялық түсініктер зерттеліп отырған кезендегі максималистік рухқа сәйкес әшкереленді немесе қоғам өмірінен шеттетілді. Жалпы идеология ұғымы қайсыбір позициядағы таптың немесе әлеуметтік топтың қоғам және адам табиғатына көзқарастарының қосындысы ретінде қарастырылады. Қарастырылып отырған кезеңдегі идеологиялық тұғырнама жұмысшы табының диктатурасына негізделді дегенмен, іс жүзінде билеуші партияның диктатурасын жүзеге асыруды мақсат еткен болатын. Сондықтан да, әу дегеннен-ақ, бұл идеология шындықты бұрмалауға негізделді, оны қисынсыздандырды және әлемнің ғылыми негізделген бейнесіне сәйкестіліктен тайды. Осы идеологияның екінші бір ерекшелігі оның қоғамның барлық рухани жақтарын, яғни, адамның моральдық, этикалық мінез-құлық нормаларын, эмоционалды-мотивациялық қызметін қамтығандығы болды. Сонымен қатар, өмір сүрудің жаңа дәстүрлерін қалыптастыру мен қоғамдық өмірдегі жаңа құндылықтар нормаларын бекіту де қарастырылды. Жеңіп келе жатқан идеологияны бекітуді тікелей бақылау идеологиялық бюрократияға талсырылды, олар билеуші партияның қолдауы арқасында өздерін ақиқаттың шегіне жеттік деп ойлады және халықтан ұсынылған әлеуметтік қайта құрулар бағдарламаларымен сөзсіз келісуді талап етті. Кеңес үкіметінің алғашқы айларында белгілі бір жағдайда идеологиялық және саяси плюрализм бар болатын. Осылай Кеңестердің Екінші съезінде большевиктер барлық солшыл бағыттағы партияларға үкімет кұрамына кіруді ұсынған еді. Бұған солшыл әсерлер партиясы ғана келіскен. Соңынан азамат соғысының басталып, оған қосымша 1918 жылдың шілдесінде солшыл әсерлердің бас көтерулері бірпартиялық системаның құрылуына әкеліп соғып, осыған орай барлық саяси партиялардың қызметі тоқтатылған болатын. Аталынған фактілер мәдени роволюцияның идеологиялық негізі - маркстік-лениндік идеологияның абсолютті басымдылығын бекітуді, басқа идеологиялық түсініктегілермен, тіпті олардың әсер ету мүмкіндіктерінің шектеулілігіне қарамай, ымырасыз күрес жүргізуді анықтады. Осы ұстанымның бұрындары Кеңес үкіметіне қарсы шыққан барлық діни ағымдарға да қатысы болды. Қоғамдық сананың бұл сферасын да, атеизмді белсенді насихаттау түріндегі большевиктік идеология басуы керек болды. Бұрынғы, буржуазиялық интеллигенцияға қатысты да ымырасыздық позициясы ұсталынды. Октябрьге дейінгі ғылыми, көркем және гуманитарлық салалардағы интеллигенция жаңа үкіметке жау деп есептелініп, осы себепті коғамның рухани өмірі аренасынан тікелей немесе жанама түрде аластатылды. Басында, бұл шетелге өз еркімен кетуге рұқсат беруден, кейіннен сол жаққа күштеп кетіруге ұласты және соңында кетушілердің, ақтар эмиграция қызметіне белсенді араласуына байланысты, оларға репрессивтік шаралар қолдануына алып келді. Осылай «Кім-кімді?» деген мәселе қоғамның рухани өмірі саласына көшкен еді. Репрессиялық шаралар, большевиктер партиясының ішкі жағдайларына, сонымен қатар жаңа биліктің ірі әлеуметтік топтарға әсер ету мүмкіндігінің ұлғаюына және жаңа интеллигенцияның қалыптасуына сәйкес біртіндеп күшейе берді. Большевизмнің жалпы алғандағы саяси ілім ретіндегі екінші бір ерекшілігі оның тарихи уақытты барынша дәл түсінуінде болатын, осылай «психологиялық уақыт» саяси оппоненттің есін жидырмау және сүбелі контрбағдарлама құрастыра алмауы үшін пайдаланылды. Большевиктер партиясы К.Маркстің - «идея, халыкты өзіне қарата алғанда ғана материалдық күшке ие бола алады», - деген белгілі формуласын ұстана отырып, кез-келген жаңа құрулардың халықтың санасына жетпесе әдіре қалатынын жақсы түсінгендіктен, бұрындары саяси тарихта болып көрмеген құлшыныспен мәдени революцияны жүзеге асыруды қолға алған еді. Олардың шын жүзіндегі және жорамал оппонентерінің жеңіліс табатыны белгілі де еді. Дегенмен, болашақ большевиктердікі екендігі олардың оны құрметпен жеңіп алғандығына ғана емес, олардың идеялық қарсыластарының өз болашақтарын өздері бордай тоздырғанына да байланысты болды. Іс жүзінде мәдени революция сауатсыздықты, мәдени артта қалушылықты жоюдан, халыққа білім беру, әдебиет және өнерді дамытудан басталды. 1928-1929 оқу жылында республикада 4397 бастауыш мектептерде 268993 бала білім алды, мұның өзі 1926 жылғы көрсеткіштен 25 пайыз жоғары еді. Сонымен қатар, 21 мектеп-коммуна, 72 шаруа жастары мектебі, 142 жетіжылдық мектеп, 29 екінші дәрежелі мектептер жұмыс істеді. Жалпы алғанда 20-шы жылдардың ІІ-жартысында сауатсыздықты жою науқаны барысында 500 мыңнан аса адам қамтылды. Мұның өзі мәдени революцияның осы кезеңінде большевиктер идеологиясының басымдылығы ретінде түсіндірілгені анық болатын. Социалистік құрылыс барысында партиядағы және елдегі билік тұтқаларына келген, салыстырмалы түрдегі жас Сталиндік топтың партия мүшелері — Киров, Куйбышов, Каганович, Орджоникидзе және басқалары керек емес, дегенмен саясатта қажетті сенімсіздікпен, бұрындары немесе сол кезде большевиктер идеологиясына қарсы болу сорына ие болғандарды, олардың 30-жылдардағы позициясының қандай екендігіне қарамай, үнемі қуғын-сүргінге ұшыратты. Осындай қатыгездіктің арқасында, тарих қойнауында тіпті де микросекунд ретінде айтуға болатын 10 жылдық уақытта, әскери-индустриалдық империя құрырылып үлгерілді, мұның өзі бірінші кезекте, социализм жағдайында тәрбиеленген жаңа интелдигенцияның күшімен жүзеге асқан тірлік еді. Бұрынғы интеллектуалдық күштер, олардың соншалықты атақ-дәрежесіне қарамай қуғын-сүргінге ұшырады, қайсібіреулері атылып та кетті. Кешенді маңызға ұлттық мәселе ие болды. Өткен ғасырдың 20 жылдарының соңы мен 30 жылдарының басындағы құжаттарда қазақтар мен орыстардың арасындағы көптеген қарама-қайшылықтар келтіріледі. Осылай қатардағы партия мүшесі Ф.И.Голощекинге хатында: «Жетісуда қазақ және орыс тұрғындары арасындағы күрес шиеленісуде. Егер жүргізіліп отырған великоростық және нағыз отаршылдық саясатты өзгертпесе, күннің күнінде ұлтаралық қарулы күрестің болуы анық екендігі», - айтылады. Әрине, бұл арада ұлтаралық соғыс бола қоюы неғайбыл екендігі де түсінікті. Билеуші партияның кез-келген қарсыласуды идеологиялық жабусыз-ақ басып тастайтын мүмкіндігі болды. Л.Д.Троцкийдің «Қазақстандағы ұлттық саясаттың кейбір сәттері» деген естеліктерінде «Ұлтшылдардың арасында топтар бар. Бұл топтардың біразы орталықтан жіберілген басшылар тарапынан қолдауға ие, тіпті мадақталынып та жатыр. Мақсат не? Біріншіден, өз билігін нығайту үшін, екіншіден, осындай ішкі қарама-қайшылықтар шатасып пайдаланып, орталықтың саясатын толық жүргізу үшін. Ары қарай Л.Д.Троцкий жаңа партиялық және кеңестік элита ішіндегі топтардың ерекшеліктерін айқындауға тырысады. Ол ешқашан ұлттық мәселені зерделеп зерттемегенімен, ішкі партиялық интригадан үлкен тәжірибесі болғандықтан жалпы алғанда туындап келе жатқан алауыздықты дұрыс түсінеді: «Ұлттық коммунистер бой кетеруде, дегенмен орталықтан жіберілген басшылар оларға жол бермеуде». Жергілікті жердегілер «бізді жетілмеген деп есептейді.» Түсінбестік неде? «Бізді кедейлерге қарсысыңдар деп сөгеді, байды қолдайсыңдар дейді, бірақ біз байдарға қарсы кез-келген рабайлы шаралар қолдануға дайынбыз, тек бізге оны нақты және дәл анықтап айтсын.» Бүл жерде орын алып отырған алауыздықтар мазмұнына қарамай, екі жағдайдың басын ашып көрсетуге болады. Алғашқы қадам, әрине партиялық және кеңестік элиталардан (бастап, барлық саяси күштерді бір идеологиялық тұғырға қондырып, осы арқылы саяси статусы бойынша әртүрлі мақсаттағы саяси күштерді тыныштандыру мақсатында жасалынған еді. Бұл тізімге енуі тиіс, социалистік қайта құрулар кезеңіндегі жаңа ұлттық жетекшілер тобын шартты түрде 1917 жылдың Қазанына дейінгі саяси қызмет тәжірибесі барлары мен саяси қызметке 20 жылдардың басында келгендер ден екі бөлікке бөлуге болады. Осылар ұлттық саяси элита еді. Партиялық-кеңестік элитаның келесі бөлігін орталықтан жіберілген басқа ұлт өкілдерінен тұратын партиялық және кеңестік қызметкерлер құрады. Екінші жағдай элита ұғымын анықтаудан туындайды. Жалпы алғанда, элита, кез-келген қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті және құрамдас элементі ерекше мәндегі топ немесе басқаруды, ғылым мен мәдениетті дамытуды жүзеге асырушы топ, сондықтан да халықтың қалған бөлігі осылардың айтқанына көніп, айдауына жүруі тиіс. Бүл орайда проф. Мажитов С. тұжырымдағандай мәселенің мәнісі жарқын болашаққа жету барысында, «ескі әлемнің» идеологиялық түйсіктерін қоғамдық санадан ығыстырып шығару тұрғысында болды. Саяси билік тұтқасы үшін күрес пен басқа да ерекше жағдайлар міндетті түрде элитаның ішінде бір-бірімен бәсекелес топтардың пайда болуына әкеліп соғады. «Ұлттық мәселенің» мазмұны батыстық социологияда «этноцентризм» түсінігімен, яғни, адамның әртүрлі құбылыстарды өзінің этникалық (ұлттық, топтық ) мәдени дәстүрі негізінде қабылдап, пайымдауға бейімділігімен, өзінің өмір сүру дағдысын басқалардан жоғары қойып, оны үлгі ретінде қарастыруымен байланыстырылады. Осылай этноцентризм түсінігі негізінде «біз - топпыз» үрдісі қалыптасып, осы этникалық топқа этноцентрлік бағыттағы адам тартыла бастайды. Сол адамның санасында кез-келген басқа этникалық топ ретінде қабылданады. «Біз - топпыз» ішіндегі қарым-қатынас жадағай алғанда келісім мен бірлік ретінде қабылданса, «біз - топ» пен «олар - топ» арасындағы қатынас жаулық пиғыл сипатында болады. Осы негізде көпұлтты немесе қосұлтты қоғамдарда этникалық топтар арасындағы жанжалдар болу мүмкіндігі терістелмейді. Жанжал жағдайы ашық та, жабық та формада болуы мүмкін. Сондықтан да «біз - топ» пен «олар — топ» арасындағы қарым-қатынасты реттеу мемлекеттің этникалық саясатындағы (ұлттық саясатындағы) маңызды мәселе екендігі анық болса керек. Осы жағдайдағы идеологияның ролі, қоғамдық санаға әртүрлі ағымдағы күштердің саяси мақсаттарына сәйкес келетіндей, ортақ көзқарастар мен дүниетаным қалыптастыруында болды. Атап өтерлік жәйт, кез-келген мақсатты саяси-идеологиялық ықпал ету әрекетінің парадигмалық мазмұнда болатындығы, яғни көздеген мақсатқа жетуі де, жетпеуі де мүмкін екендігі, жеткен күнде де оның әртүрлі жағдайда жүзеге асырылатындығы. Осылай жергілікті және республикалық элита арасындағы ұлттық негіздегі жанжал әуел бастан-ақ шым-шытырық болды. Топтардың қайсысының жеңіп, қайсысының жеңіліс табары белгісіз еді. Сыртқы түрі рушылдық, жершілдік сияқты феодалдық сипат алған бұл топаралық күрестің түптеп келгенде негізінде қызмет үшін талас жатқан болатын. Өкінішке орай, құжаттардың көрсетуіне қарағанда, топаралық күрестің өршіп отыруына ресми орындар да түрткі болған. Сол тұстағы Орталық Комитеттің Орта Азиялық Бюросының мүшесі Сұлтанбек Қожанұлы Ташкенттен 1924 жылы қазанда Сталинге жазған хатында Қазақстанда қалыптасқан саяси жағдайға талдау жасай келіп: «...Қырғызстандағы партия-совет кадрларын одан әрі ыдырауын тоқтату және тоқырау ахуалынан сауықтыру үшін ең алдымен БК(б)П Орталық комитетінің өзінің тікелей басшылық жасауымен табанды партиялық режим орнату керек» деген пікірін білдіреді. Қайсібір мәселелерге байланысты тым біржақтылығына қарамастан, қазақ басшыларының өз арақатынасына байланысты хатта айтылған пікірдің негізінде ащы шындық жатыр еді. Қазақстандағы 20-30-шы жылдардағы саяси жағдайда барлық жанжалдасушы топтардың басшыларын ығыстыру мақсаты да болды, бұл арқылы Орталық өздерін қанағаттандыратындай біртұтас, біріккен жергілікті элита қалыптастыруға мүмкіндік алған болар еді. Ұлттық саясат мәселесі бойынша ішкіпартиялық күрес іш жүзінде барлық, 1917 жылдан 30-шы жылдардың соңына дейінгі кезеңде толастаған жоқ. Бүл «ұлыдержавалық шовинизм» және «жергілікті ұлтшыл - ауытқушылық» терминдерімен аталынып, оның өзі жергілікті саяси жағдайларға сәйкес құбылып отырды. Екі бағыт та, өзі ішкі партиялық дискуссияларымен басы қатып жүрген, Орталықты ашуландырды. Социалистік қоғамды құру жолында кездеспей қоймайтын қиын да қиғаш қайта кұруларды жүзеге асыру бағытында күш біріктірудің орнына, бәсекелес топтардың арасында үнемі ішкі партиялық келіссөздер жүргізуге тура келді. Саясаттың маңызды ресурсы - саяси уақыт аяусыз өтіп кетіп жатты. Егер, В.И.Лениннің жетекшілік қызметі кезінде, тез арада бола қояды деп түсінілген әлемдік революцияға бағыт ұсталынып, ұлттық саясат мәселесі жөніндегі күрес салыстырмалы түрде демократиялық жағдайда жүргізілсе, кейінірек орталықтың ұлттар қатынастары жөніндегі позициясы түбірімен өзгеріске ұшырады. 20-шы жылдардың ортасына қарай әлемдік революцияның ауылы алыс екендігі анық болып, КСРО-ның жау қоршауында екендігі белгілі болуына байланысты, БК(б)П-дағы сталиндік топ кез-келген қарсыласын еңсеретіндей, өзін-өзі қамтамасыз ететін әскери-индустриалық империя құруды мақсат етті. Ұлттық саясат тұрғысында барлық ұлттық мәселелерді тез арада шешу үшін шұғыл және директивті бағыт ұстанымы айқындалды. Бұл жаңа бағытты түсінбеушілер мен барлық орындай алмаушылар және тыңдамаушылар орындарынан алынып, кейіннен жойылып жіберілуге дейін барды. Орталықтың ендігі жердегі позициясы барлығына күдікпен қарауға негізделді, ұлттық мәселені шешуге кедергі келтіргендер, мейлі «ұлыдержавалық» болсын, мейлі жергілікті ұлттық ауытқушы болсын, социализм ісіне болжаудағы немесе ашық қарсылас ретінде қарастырылды. Жалпы, шовинизм мен ұяттық ауытқушылық арасындағы қарама-қарсылықтың басталу мезеті ретінде 10-шы жылдардың соңы мен 20-шы жылдардың басын айтуға болады. Ресей халықтары құқықтарының декларациясы жарияланғаннан кейін іле-шала өткен 1917 жылдың 19 қарашасында өткен Кеңестердің ІІІ-Түркістандық съезінде И.О.Тоболин басқарған коммунистік фракция «дәл қазіргі мезетте мұсылмандарды өлкелік революциялық биліктің жоғары орындарына енгізу мүмкін емес, себебі түземдік халықтың кеңестер үкіметіне көз-қарасы белгісіз, түземдік халықтар арасында фракция қолдай қоятындай таптық пролетарлық ұйымдар да жоқ», - деп ашып айтты. Осындай реңктегі қимылды құрамында А.Казаков, В.Сорокин, Н.Успенский және басқалары бар «бастамашыл топтың» 1919 жылдың 12-шілдесіндегі, яғни «РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің Қырғыз Өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет туралы уақытша Ережесін» қабылдағаннан кейін небары екі күн өткізіп РК(б) П ОК-нің... түркістандық түземдік халықтың мемлекеттік қызметтерге, партияда болып болмағандығына қарамай, тек, мұсылман жұмысшы ұйымдарының ұсынуы негізінде ғана, жаппай тепе-тең өкілдіктерінің болуын талап еткен» жеделхатына қайтарған жауабынан да көруге болады. Онда... «ОК қаулысындағы тепе-тең өкілділік ... түсінбеушілік тудырып қиын жағдайда қалдырып отыр, себебі бұл принцип бойынша үкіметке барлық таптық көзқарастары қалыптаспаған элементтер кірігіп Кеңес Үкіметі жаулары билік тұтқасына ие болары анық»,-делінген. Міне, осылай шовинистік пиғылдағы жаңа топтар пайда бола бастаған еді. Дәл осындай, бірақ саяси вектор бағыты қарама-қайшы жауап Т.Рысқұлов бастаған ұлтшыл-ауытқушылар тарапынан да берілді. Онда РКФСР ХКК мен БОАК өкілдері жойылып оның орнына «Түрік Кеңес Республикасының» құрылуы, Өлкеден Қызыл Армия бөлімдері алып кетіліп оны мұсылман әскери құрылымдарымен алмастыру, сыртқы қарым-қатынас, сыртқы сауда және әскери мәселелерді шешу осы комиссияның құзырына өтуі туралы талаптар қойылған болатын. Нақтылай алғанда «ұлыдержавалық шовинизм» терминінің тұрпаттық маңызын «кіші халықтарды қанау, яғни рассизммен астастырып, азшылық ұлттарды басып-жаншу», - деп түсінуге болады. Осының бір көрінісі ретінде Т.Рысқұловтың идеяларын іске асыртпау үшін өткізілген 1920 жылдың 23 ақпанындағы Түріккомиссия мәжілісіндегі, М.В.Фрунзе бас болып, ТКП У конференциясы мен ІІІ мұсконференциясының шешімдерін - «пантүрікшілдік», «панисламшылдық» және «буржуазиялық ұлтшылдық» шешімдер ретінде барынша қараланғандығынан да көруге болады [187, 138-б.] Орталықтан Түріккомиссия деп аталатын осы топты жіберген және оны Фрунзе, Петерс тәрізді Т.Рысқұловтың идеясына ашық қарсы адамдармен күшейткен В. Ленин, Түрік республикасын құру туралы идеяны талқандауды ұйымдастырып қана қоймай, осы идеяға қатысы бар Т.Рысқұловты, Н.Ходжаевты және олардың серіктерін «ұятшылдар», «пантүрікшілдер», «басмашылар идеологтары» деп жөнсіз айыптауға жол беріп қойды. Мұның ақыры Т.Рысқұловты Түркістан Атқару Комитеті төрағасы қызметінен аластаумен аяқталды. Дегенмен, бұл анықтама зерттеліп отырған кезеңдегі Қазақстанның тарихи тағдырына толықтай келіңкіремейді. Көпшілік жағдайда орталықтың осындай қадамдары жаңа элита арасындағы күресті оңды шешу бағытында жүргізілгені де анық. Дәл осындай анықтаманы «жергілікті ұлтшыл-ауытқушылық» терминіне де беруге болады. Ұлтшыл-ауытқушылық «социализм және коммунизм идеяларын ұстана отырып, жалпы халықтың ұлттық көңіл-күйіне сүйенетін саяси ағым». Қазақстан жағдайында ерекше көзге ұратындай «ұлттық көңіл-күй» үрдісі болмады. Болғанның өзінде де, жазалаушы органдардың құрығының ұзындығынан, олар топтасқан саяси күшке айнала алмады. Сондықтан да аталған екі топтың арасындағы негізгі талас жүргізіліп отырған саяси бағытты жүзеге асыруда кеткен қателіктерді бірінен-біріне жауып, орталықтың сеніміне ие болу жағдайында өтті. Мұның өзі сайып келгенде, кадр мәселесі мен басқа да мәселелерді шешуде бақылау кімнің құзырында болғандығына да байланысты еді. Сондықтан да орталықтың аталған топтардың элитасына деген қатынасының маңыздылығы айқын болатын. Олар өздері орталықтан жіберген қызметкерлерінің мәселесін кадр ротациясы, яғни Қазақстаннан басқа жаққа ауыстыру арқылы оп-оңай шешті. Екінші топпен орталық мұндай іс қыла алмады. Жергілікті ұлттың жетекші-коммунистері орталықтың сеніміне ие бола алмады, өйткені орталықтың өзі оларға көпшілік жағдайда сенбейтін еді. Мұның мынадай себептері болған сияқты. Біріншіден, қазақ коммунистерінің көпшілігінде астыртын күрес тәжірибесі болмады, олар азамат соғысына қатысқан жоқ. Бірінші қазақ коммунисі Әліби Жанкелдин РСДЖП (б) қатарына 1915 жылы өткен еді. Қазақстан компартиясы тарихынының мәліметтері, 1917 жылға дейін 4 адамның 1920 жылға дейін 1000 шақты адамдардың партияға өткендіктерін көрсетеді. Осы жылы РК(б) П-ның Қырғыз (Қазақ) облыстың бюросы құрылған еді. Партиялық және Кеңестік басшылық жұмыстарға партиялық өтілі мардымсыз, марксизм теориясымен жағдай таныс немесе тіпті де таныс емес адамдар келіп жатты. Олардың саяси жетекшліктегі тәжірибесінің аздығы да анық болатын. Екіншіден, аталған себептерге байланысты әртүрлі ерекшеліктері бойынша құрылған топтар, марксизмнен бөлек көзқараста бола отырып, билік құрылымдарына енуге ұмтылды. Үшіншіден, РК(б)П-дағы топтар арасындағы күрес, партия ұйымдарының ауқымынан сыртқа шығып, бұл мәселені шешуге партияда жоқтардың да араласуы және олардың партия ұйымдары алдында тұрған мақсаттарын дұрыс түсінбеуі жағдайды күрделендіре түскен еді. Төртіншіден, ұлтшыл-ауытқушылықпен күрес, оның тұрпаттық мазмұнында, орталықтың өзінде әртүрлі түсінілді. В.И.Ленин ауытқушылық әлі дайын ағым емес, оны әлі де жөндеуге болады десе, кейіннен И.В.Сталин, ауытқушылық дегеніміз қателіктің бастамасы, егер біз бұл қателікті түбірінен құртпасақ, онда қауіптің сейілмегені, - деп есептеді. Бесіншіден, жетекші кадрларға резерв революцияға дейінгі аздаған қазақ интеллигенциясымен шектеліп, олардың негізін Алаш қозғалысына қатысушылар мен Алаш - Орданың ерекше жарқыраған өкілдері құрады. Жетекшілікке ауыл кедейлері мен жұмысшыларды тарту, олардың басшылық қызметке дайындығының төмендігінен, қиыншылық тудырды. Кеңес үкіметі мен Алаш орда үкіметінің арасындағы қарым-қатынас, белгілі себептерге байланысты қарама-қайшылықта болған еді. Егер «Алаш» партиясына біріккен ұлттық интеллигенция большевиктерге қазақ қоғамына мүлдем жат әлеуметтік тәжірибені зорлап таңушы, қазақ жұртына іріткі салушы күш ретінде қараса, большевиктер Алаш қозғалысына ұлттық буржуазия мен феодалдық топтардың таптық мүддесін жан ұшыра қорғайтын контрреволюциялық күш ретінде қарады. Осыған орай басталған азамат соғысында алаштықтар Кеңес үкіметі мен большевиктер партиясына қарсы лагерьде болды. Алаш Орда азамат соғысы барысында Оралдың, Оренбургтің, Сібірдің және Жетісудың казак әскерлерінің ақгвардияшыл құрылымдарымен және Колчак үкіметімен бірігіп қимыл жасады. Құрылған әскери құрылымдар Қазақстандағы азамат соғысының барлық майдандарында Қызыл Армия бөлімдеріне қарсы күрес жүргізді. 1918 жылдың қарашасы мен желтоқсаны аралығында ақ казактар мен ақ гвардияшылар талқандалғаннан кейін Қызыл Армия бөлімдері командованиесі мен Кирревком қарулы қарсылықты тоқтату туралы келіссөздер жүргізіп, онда қарулы күреске қатысушьшардың барлығына амнистия беру және Алаш Орданың болашақтағы саяси ролі туралы мәселелер қойды. Қабылданған келісімдер бойынша Алаш Орданың белсенді қайраткерлері Кеңес үкіметі жағына шығатын болса, амнистия қарастырылатын болды. Кейіннен Кирревкомның тарапынан талаптар күшейтіліп, алаштықтар Кирревком құрамына кіргізілмей, олардың мүліктері кәмпескеленді, біраз белсенді қайраткерлері Ресейдің орталық губернияларына жер аударылатын болды. Сонымен қатар, қалыптасқан саяси жағдай саяси жетекшілікке қазақ ұлтының қайраткерлерін тартуды қажет етті, оларды тек Алаш Орданың бұрынғы «қырық төресінің» ішінен табуға болатын еді. Большевиктер бағытына сәйкес келетіндей кадрлар табудың басқа жолы болмады. Жаңа қазақ интеллигентциясын большевиктік көзқарас негізінде құру алдағы күндер еншісінде еді. Сондықтан да Алаш Орданың бірнеше белсенді өкілдері Кеңес үкіметі органдары мен республиканың партия ұйымдарына басшылық қызметтерге шақырылып, жұмыс істей бастады. Бұл орайда С.Садуақасов пен С.Қожановтың 1920 жылы РК(б)П қатарына өткеннен кейінгі Кеңес үкіметінің билік баспалдақтарынан тез көтеріле алғандығы мысал бола алады. Олардың өз саяси бағдарын өзгертуі, білімдарлықтары, ұйымдастыру кабілетінің жоғарылығы тез арада Кеңес және партия органдарындағы жетекшілік қызметтерге қол жеткізді. Әйтсе де олардың жаңа позицияға көшуі тиянақты болмай, екеуі де ұзамай-ақ ұлтшыл-ауытқушылар қатарына қосылды. Осылай, 1926 жылдың қарашасындағы Қазақ өлкелік комитеті мен БК(б)П-ның Өлкелік тексеру комиссиясының біріккен Пленумы «Қожанов, Садуақасов, Мыңбаев бастаған топтың қызметін айыптаған резолюция қабылдап, онда партия мен Кеңес үкіметіне, ауылдың беделді топтарына кері әсер ететіндей идеялық ықпал жүргізді»- делінген. Бұл ықпалдың нақты мазмұны, топ мүшелерінің шын мәніндегі еңбекшілердің Кеңесін құру және ауылды социалистік құрылыс жолына көшіру, ауылдағы әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды бұзбай-ақ мүмкін деп есептегенінде болды. Қорыта айтқанда, Қожанұлы, Садуақасұлы және Мыңбаевтардың қазақ ауылын революциялық негізде қайта құруға қарсы емес, революциялық «солшылдыққа», революциялық ұрандарды жалау етіп көтеріп, түптеп келгенде дәстүрлі шаруашылықты күрт бұзуға алып баратын солақай әдістерге, асыра сілтеушілікке қарсы еді. Басқаша айтқанда, олар қазақ ауылының секірмелі емес, біркелкі, бірыңғай дамуын жақтады. Тапаралық қатынастарды да осы тұрғыдан шешуге шақырды. Мұндай көзқарастың орталық айыптаған Н.Бухариннің «кулактың бейбіт түрде социализмге кірігуі» теориясын еске түсіргендігі былай тұрсын, оның ұлтшыл-ауытқушылық бағдары большевиктердің әлеуметтік саясатына жат болатын, себебі ауылдағы феодал-байлардан тұратын билеуші топ Кеңес үкіметіне қорған болмайтыны айдан анық еді, сонымен қатар оларды жайына қалдыру болашақтағы қарама-қайшы идеялық ағымдар мен саяси қозғалыстардың туындауына жағдай жасаумен бірдей болды. Ауытқушылықтың екінші бір белгісі ретінде «мемлекеттік аппаратты жергіліктендіру мәселесі қаралып, онда партиялық және кеңестік аппаратты қазақтандыру барысы партиялық билікпен ақылдасылмаған», -делінген. Пленум, сонымен қатар, Сәдуақасов пен Мыңбаевтың топтық күрестен бас тартқандығын еске ала отырып, соның өзінде, шын мәніндегі топтанудан бас тартушылық болашақтағы жұмыс барысында қатты қадағалауда болатындығы атап көрсетілді. Бұдан кейінгі, 30-жылдардың ортасы мен соңы арасындағы кезеңде ұлт мәселесін шешуде, ұғындыру мен қоғамдық-саяси деңгейде сынау әдістерінен, «соттаушы үштіктер» деңгейінде басып-жаншу әдістеріне көшу етек алды. Осы орайда жалған құрастырылған істер бойынша, бұрындары әйтеуір бір саяси тұрғыда ұлтшыл-ауытқушылыққа қатысы болған немесе тіпті ешқандай ауытқушылыққа қатысы болмағандарды да «ұлтшыл - фашист» ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартып, аттарын былғау (навешивание ярлыков) үрдісі пайда болды. 20-шы жылдардың басында Түркістан АКСР-ін басқарған Т.Рысқұловтың тағдыры да осындай қасіретке ұшырады. 18 жылдай дерлік уақыттан кейін, 1938 жылдың 8 ақпанында оған пантүркшіл деген және баска да айыптар тағылып, осының нәтижесінде ату жазасына кесіледі. Үкім осы жылдың 10 ақпанында орындалады. Дәл сол 1938 жылдың 8 ақпанында Сұлтанбек Қожанұльш ату жазасына бұйырған Әскери коллегияның үкімі де шығарылған еді. Солай бұрынғы ұлтшыл-ауытқушыларды іс жүзінде жою, ұлт мәселесі шешілді деген алдамшы түсінік тудырды. Бұдан кейінгі жылдары ұлтаралық қарым–қатынас мәселелері жөніндегі пікірталас доғарылып, кемшіліктер нұсқалынған кеңесулер болмады. Осылай қиын идеялық–саяси қарым-қатынастар мәселесі, орталықтың бағытын бас шұлғып қолдаған идеологиялық бюрократияның қоғам өмірінің рухани саласына толық үстемдік орнатуымен тәмәмдалды. Үкіметтің орталық органдарының шешімдеріне негізделген, большевизм базасындағы идеялық бірлік мәселесіндегі бірауыздылық 30- жылдардың соңында жүзеге асып-тоталитаризмнің саяси жүйесі өзінің нақтылы кейпіне енді. Қала мен ауыл экономикасында, рухани салада, орталықтан шыққан барлық директиваларға сөзсіз бағыну туралы түсінік қалыптасты. Мүмкін бұл Ұлы Отан соғысы алдындағы қиын-қыстау кезең мен соғыстан кейінгі «қырғи қабақ соғыс» жағдайын да пайдасы да болған шығар, дегенмен КСРО-да әскери-индустриалық империя құру үшін төленген құнның бағасы жоғары болғандығы анық. ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы өзгерістер мен қайта құрулардың жоғары қарқыны, тиісінше, адамдардың сана-сезімін өзгертіп, қоғамдық өмірде жаңа уклад қалыптасты. Азамат соғысындағы большевиктердің жеңісінен кейінгі Кеңес үкіметінің жағдайының нығаюы ішкі әлеуметтік қарама-қайшылықтарды толықтай жойып жіберген жоқ. Қайта әлеуметтік жанжалдар жаңа негізде өрши түсті. Егер салыстырмалы түрде аз буржуазия мен помещиктік дворяндар, казактар мен патша армиясының офицерлер корпусы және діндар-священниктер қарсылығы қатал басылып тасталынса, керісінше, жаңа жағдайға кіріге қоймаған әлеуметтік топтар, қала мен деревняның майда буржуазиясымен, жеңілген таптардың қалдықтарымен, бұрынғы жағдайда қалыптасқан интеллигенциямен, құбылмалы позициядағы әртүрлі діни бағыт өкілдерімен жанжал жақындап қалған еді. Саяси сферада В.И.Ленин құрастырған: «Кез- келген революция, егер ол өзін қорғай алған жағдайда ғана, бірдеңеге тұрады» - деген принципі нақтылы қолданыстағы маңыздылығын сақтап келе жатты. Бұл ұстанымның сол уақыттағы актуальдылығы жаулық пиғылдағы империалистік қоршауда болып, сырттан әскери шабуыл қаупі төніп тұрған жағдайда түсінікті де болатын. Осы негізде Кеңес үкіметі жазалау органдарының нақты күші мен маңызы күшейіп, өкілеттіліктері тоқтаусыз кеңейе берді. Қазақстанда қарсыласуы мүмкін әлеуметтік негіз ретінде ақ казактар қалдықтарын, переселендік деревнядағы кулактарды және қазақ ауылындағы феодал байларды жатқызуға болатын. Алаш партиясы дәстүрлерін ұстанған қазақ ұлттық интеллигенциясының позициясы да Кеңес үкіметінің идеялық платформасымен үйлеспеді. Бұған қосымша, жұмысшы табының аздығы, Қазақстандағы Кеңес үкіметінің нақты әлеуметгік сүйеніші - БК(б)П өлкелік партия ұйымының идеялық және ұйымдастырушылық қабілетінің әлсіздігі мәселенің саяси жолмен тездетіп шешілуін талап етті. Ауыл кедейлері мен переселендік шаруалардың (крестьяндардың) кедей бөлігі беймәлім әлеуметтік позицияда болып, кез-келген әлеуметтік лагерьге қосылып кете алатын. Осылай, ерекше маңызға ие ұлттық мәселені, ұлттар теңдігінің декларативті принциптерін нақтылы мазмұнмен толтыру қажет болды. Кеңес үкіметі өзінің қаладағы ықпалын нығайту үшін елде тездетіп индустриализациялау бағытын жүзеге асыра бастады. Бұл бір жағынан (әлеуметтік негізде) жұмысшы табының тездеп өсуіне алып келсе, екінші жағынан (экономикалық мағынада) социалистік мемлекеттік меншік негізіндегі өнеркәсіптің құрылуына және осыған сәйкес еңбек және материалдық игіліктерді бөлісу қатынастарының пайда болуын мүмкін етер еді. Қазақстандағы индустриализация да негізінен осындай мәселелерді шешті. Оның ерекшеліктері ретінде бірінші кезекте темір жол құрылысын есептеуге болады. Әлсіз (жіңішке) Оренбург-Ташкент темір жолы Қазақстан мен Кеңестік Орта Азия республикалары қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сондықтан да Түрксибтің құрылысы Қазақстан үшін де, жалпы алғанда КСРО үшін де үлкен маңызға ие еді. Индустриализацияның басқа бағыттары - жергілікті пайдалы қазбаларды пайдалану және оларды алғашқы өңдеу, сонымен қатар ауылшаруашылығы өнімдерін алғашқы өңдеу кәсіпорындарын салуды ұйымдастыру Орталықтың басым мүдделеріне есептеліп негізделді. Социалистік қайта құруларды тездетіп жүргізу саяси репрессияларды социалистік құрылыстың әдістемелік кұралына айналдыруы негізінде мүмкін болған еді. Репрессиялық әсер ету кең мағынасында тек қылмыстық қудалау түрінде ғана емес, сонымен қатар төмен жалақы төленуімен, ұзақ жүмыс күні мен басқа да экономикалық қитұрқылар арқылы көрініс тапты. Материалдық қызығушылық халықтың санасына «халықтың революциялық энтузиазмы» - деген идеологиялық түсінікті сіңіру арқылы ұмыттырылды. Ірі көлемдегі репрессиялық іс-шаралар ауьш шаруашылығын ұжымдастыру барысында қолданыла бастады. Қала мен деревняның арасындағы одақты нығайту, ауылды қеңестендіру, ауылшаруашылығының социалистік тауарлы өндірісін құру жөніндегі дәйектердің негізгі төркіні индустриализация мен өсіп келе жатқан қала халқының қажеті үшін, шаруалардың қосымша өнімдерін олардың қарсылықтарынсыз алуға жағдай жасауда болатын. Қазақстанда ұжымдастыруды жүргізу өте қатты зардаптар әкелді. Жаңа экономикалық саясатты жүзеге асырудағы қиыншылықтар, дайындау кампанияларын жүргізуге ауысуға мәжбүрледі, мұның өзі әскери коммунизм саясатына қайта оралуға көбірек ұқсайтын. Іс жүзінде, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындауды жүзеге асыруға жасалынған қарсылық Кеңес үкіметінің ауыл мен переселендік деревнядағы позициясының әлсіз екендігін көрсетті, мұның өзі репрессиялық іс-шараларға көшуге берілген белгідей болды. Ауылды кеңестендіру, Кеңес үкіметіне жау элементтерден, дәлірек айтсақ ауыл мен селодағы орта және майда буржуазиядан тұратын әлеуметтік топтардан тазару деп түсініліп, «кулактарды тап ретінде» жою саясатының бірінші кезеңі ретіндегі ірі бай және кулак шаруашылықтарын кәмпескелеуден басталды. Бұған ашық түрде келіспеушілердің қарсылықтарын жою жаппай ұжымдастыруға көшуге мүмкіндік бергенімен, салыстырмалы түрде ұзақ емес, бірақ ауыл халқы үшін, зұлматты кезеңде, терең экономнкалық сілкіністердің болуы, бір жағынан ескі өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бұзылып, екінші жағынан жаңасының толық түсінбеушілік себептен әлі қалыптаспағандығында еді. Осының салдарынан ауыл халқы аштыққа ұшырап, мал басы күрт кеміп кетті, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру азайды. Қазақстан үшін жағдай бұдан да қасіретті болған еді, экономикалық қатынастардағы революциялық өзгерістер дәстүрлі қоғамдық өмір салтының өзгеруіне ұласып, көшпелі өркениеттіліктен күштеп отырықшылыққа көшіру үрдісі басталды. Жаппай халықтың көшіп кету арқылы жасаған әлсіз қарсылығынан еш қайран болмай, қайта көшпенді қазақтар аштықтан көптеп қырылып жатты. Мәденн революңия барысындағы сауатсыздықпен күрестегі сүбелі жетістіктер, ғылыми мекемелердің құрылуы, білім, мәдениет және денсаулық сақтау саласындағы атқарылған оңды іс-шаралар интеллигенцияға қарсы репрессияларға ұласып, большевизм идеологиясы негізінде қоғамдық сананы біртегістеу (нивелирлеу) процесі жүріп жатты. 3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 1920-1930 ЖЫЛДАРЫ ЖҮРГІЗІЛГЕН САЯСИ РЕПРЕССИЯЛАР 3.1 Өңірдің қоғамдық - саяси өмірі: саяси күштердің орналасуындағы өзгерістер динамикасы 1910-20 жылдардағы тарихи терминологияда Түркістан өлкесі ретінде белгілі саяси кеңістікте орналасқан Оңтүстік Қазақстан өңірі өзіндік тарихи және географиялық мазмұндағы ерекшеліктерге ие. XІX ғ. 60-жылдарының соңына дейін өлке территориясының Қоқан хандығының құрамында болуы себепті, оның қоғамдық дамуындағы экономикалық және мәдени үрдістері Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда біршама әлсіз болды. Ресей империясының құрамына кіруі өлкеге капиталистік қоғамдық қатынастардың енуіне, халық құрамының этникалық өзгерістерге ұшырауына, қарастырылып отырған өңірдің жалпыресейлік капиталистік нарық системасьша кіруіне жағдай жасады. Ресейдің сыртқы саяси жоспарларында Түркістан өлкесі империяның ағылшын отарлық экспансиясына қарсы тұратын шекаралық зонадағы форпосты ретінде және сонымен қатар Ресейдің Батыс Қытайға (Шығыс Түркістан), Ауғанстанға және Иранға экспансиясына плацдармы ретінде де қарастырылды. Сонымен қатар Түркістан генерал-губернаторлығының құрамындағы Сырдария, Жетісу және Каспий маңы облыстары территориясы арқылы Индияға өтетін геосаяси өткелдер арқылы аталған елге өту мүмкіндігі де қарастырылған еді. Ресей Түркістанға нық орнығу мақсатында, тау етектеріне шекаралас аудандарға переселендік қоныстандыру саясатын жүргізгендігін айтуға болады. Переселендіктердің (келімсектердің) отырықшылық жер шаруашылығын жүргізуі олардың оны жергілікті халықтан переселендік қор арқылы тартып алуы дау-дамайға ұшырауы мүмкін болатын. Патшалық үкіметтің құрамында құрылған қоныс аудару және жерге орналастыру жөніндегі Бас басқарманың міндеті де сол - крестьяндарды шеткері отар аймақтарға көшіріп, байырғы тұрғындардан тартып алынған жақсы жерлерге қоныстандыру, кедейлік қырсығынан құтқарып, байыту еді. Дегенмен, бұл жай бірден ушыға қоймады. Өздері әлсіз келімсек шаруашылықтар ескі агротехникасымен және өнімсіз құрал-жабдықтармен едәуір жер игеріп, тауарлы ауыл шаруашылық өнімдерін кең көлемде өндіре алмайтындығы анық еді. Сонымен қатар келімсектердің қазақ ауылдарының шұрайлы жерлеріне ие болып, көшпелі мал шаруашылығының ресурстық базасына нұқсан келтіргендігі анық болатын. Нарықтық капиталистік қатынастарға қосылу өңірдің көшпелі шаруашылықтарының қажеттіліктеріне байланысты малдарын жер шаруашылығымен шұғылданып жүргендерге және кейбір жағдайда еуропалық Ресейдегілерге сатып, пұлдауына мүмкіндік берді. Өзімен-өзі болып өз тамағын өзі тапқан көшпелі шаруашылық тауар өнімдерін өндіруге бағытталмаған еді. Тіпті, бай жартылай феодалдардың шаруашылықтарындағы мыңғыраған малы сайып келгенде базарға сатылу үшін емес, егесінің көшпелі қоғамдағы әлеуметтік статусын материалдық тұрғыдан көрсетуіне көбірек келетін. Осындай жағдайда қалыптасқан экономикалық альтернатива не нарыққа еніп шаруашылық системасын өзгертуге, не дәстүрлі экономикалық укладты төніп тұрған қауіпті езгерістерге қарамай, сақтап қалуға тырысу - саяси альтернативалардың негізі болды. Мұның өзі Кеңес үкіметі орнағаннан кейін большевиктер мен дәстүршілдер арасындағы идеялық қарама-қайшылықтарға негіз болды. Дәстүрлі өмір сүру жүйесін жақтаушылар дамудың қалыптасқан этномәдени және діни системасының бұзылмауын қалады, олардың аздаған өзгерістерге ұшырағанымен, бабалар дәстүрін бұзбай, бастапқы қалыптан ауытқымағандығын қажет деп есептеді. Большевиктер қарастырылып отырған өлкеде мұндай жағдайдың болуын тіпті де қаламады. Түркістан өлкесінің, соның ішінде Сырдария облысының геосаяси маңызы, Қазан төңкерісінен кейің еш төмендеген жоқ, қайта оның Қытайға, Индияға және Орта Шығыс елдеріне барынша жақын тұруы және соңғы аталғандардың әлемдік революциялық қозғалыстың маңызды резерві екендігі еске алына отырып, үлкен мәнге ие болды. Аталған себептерге байланысты Түркістан өлкесінің территориясы Орталықтың қырағы көзқарасы жағдайында болды. Осылай, 1918 жылдың сәуіріндегі Түркістан өлкесі Кеңесі мен Түркістан Халкомының Тәшкендік съезіне Ленин мен Сталиннің жіберген теллеграммасынада: «Жолдастар сіздер Кеңхалкомның өлкелеріңіздің автономиясын кеңестік тұрғыда қолдайтынына шүбә келтірмеулеріңізге болады, біз сіздердің бастамаларыңызды қолдаймыз және өлкенің барлық бөлігін Кеңестік тормен жабатындарыңызға үлкен сенімдеміз» делінген. Орталық, Түркістанның Кеңестердің автономиялық республикасы ретіндегі болашақтағы саяси құрылысына осындай анықтама берді. Экономикалық тұрғыда Орталық органдардың шешімдері кең маңызға ие болып, ол - өнеркәсіп кәсіпорындарын национализациялау туралы қаулыларынан бастап, өлкенің шаруашылықтарын басқару үшін жаңа ұйымдар құрғанға дейін жалғасты, осылай, Лениннің Түркістан Кеңхалкомына жіберілген теллеграммасында мақтаны дайындау мен сатып алуды орталықтандыру туралы мәселені шешуді Орталықтың құзырына тапсыру ұсынылады. Тіпті, азамат соғысының қиын-қыстау жағдайларының өзінде Түркістанда суару жүйелерін жүргізу жұмысы туралы Декрет қабылданады. Осы аталған және басқа да көптеген құжаттар көрсеткеніндей, Түркістан өлкесі большевиктердің ішкі саясатында маңызды орын альш, осы себепті большевиктердің өлкедегі ықпалына қарсы делінген кез-келген көрініс, Кеңес үкіметі тарапынан олардың қандай әлеуметтік және идеологиялық реңкте болғанына қарамай, тез арада басылып тасталынды. Азамат соғысы кезеңіндегі Түркістан айналасындағы сыртқы саяси интригаларда Англия, Германия, Түркия және тіпті Ауғаныстан да қатысып отырды. Бұл акциялардың жалпы мағынасы, белгілі деңгейде Кеңестік Орта Азия өңіріне бақылау жасап, Кеңестік Ресейге қысым көрсету мақсатында плацдарм құру болып табылатын. Осылай алдағы аласапыран уақыттағы кездесер одақтастар мен қарсыластардың сұлбасы біліне бастады. Түркістандағы қалыптасқан саяси күштердің болашақтағы қатал да қанқұйлы қарама-қайшылықтары алда еді. Түркістан өлкесінде, Кеңес үкіметі орнауы алдында, идеологиялық күштер іс-қимылда болды. Ішкі күштер санатына құлатылған патшалық отарлық режим шенеуніктерін, патша армиясы офицерлерін және провослав шіркеуі өкілдерін жатқызуға болатын еді. Бұл әлеуметтік топтар стагнациялық жағдайда болып көпшіліктің қолдауына ие бола алмағанымен, өңірлік маштабтағы саяси жетекшілік тәжірибесімен ерекшеленеді. Уақытша үкіметті және олардың Түркістанға жіберілген комиссарлары үкіметін қолдаушылар - негізінен интеллигенция өкілдері мен отарлық әкімшілік шенеуніктерінің бір бөлігі, солшыл әсерлер партиясының мүшелері, сонымен қатар переселендік кулактар мен орташалар болды. Ұлттық саяси күштер негізінен Петербургтің, Москваның және басқа да Ресейдің ірі қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында білім алған алдыңғы қатарлы білімді жастардан тұрды. Ұлттық саяси интеллигенция өзінің іс-қимылдарын жергілікті халықпен байланыстыра отырып жүргізді. Сырдария облысының қазақтары Қазақстанның басқа өңірлеріне қарағанда ислам қағидаларының ықпалын көбірек сезінді, сондықтан да, бірінші кезекте интеллигенция арасында либералдық жәдидтер қозғалысы етек алды, мұның өзі пантүркілік ұстанымдарды Түркістандық нұсқасында жүзеге асыруды, яғни Түркістан өлкесіндегі түркі халықтарының бірігуін қалау еді. 1905 жылы жәдидтер қозғалысы пайда болып, қазан төңкерісіне дейінгі уақыт аралығында аталған қозғалыс-жәдидтер және улемдіктер болып екіге бөлінді. Бұлардың арасында принципті қарама-қайшылықтар болмады. Петроградтағы Қазан төңкерісі барысындағы большевиктердің жеңісі мен осыдан кейінгі Ташкенттегі қарулы көтеріліс нәтижесінде 1917 жылдың 1 қарашасындағы Кеңес үкіметінің орнауы Сырдария облысының территориясында Уақытша үкіметтің толықтай құлатылуына алып келді. Большевиктердің жергілікті халық арасындағы әлсіз әсері елдің және өңірдің орталықтарындағы биліктің харизматикалық мазмұнда болуымен реттелінді. Тіпті қарсылық көрсетуге мүмкіншіліктері бар күштердің өзі Кеңес үкіметінің орнауын ұрыс-керіссіз мойындады. Түркістан өлкесінде билік жасауға ұмтылған үміткерлердің арасындағы күрестің келесі кезеңі қазан-қараша оқиғаларынан кейін-ақ басталып кетті. Большевиктердің коалициялық Түркістан комитетін қүруға келісім бермеулерінен кейін, жәдидтердің бастамасы бойынша Түркістан халықтарының Кеңесі құрылып онда, өңірлік автономияның өмірге келгендігі белгілі болады, ол съездің өткен жеріне, байланысты - Қоқан автономиясы деп аталынады. Оның негізін қалаушылары - М.Тынышбаев пен М.Шоқай ұлттың өзін-өзі билеу құқы принципіне негізделген, Ресей халықтарының автономиясы туралы лениндік Декретке сүйенді. Айта кету керек, автономия және өзін-өзі билеу мәселесі Ленин үшін де, большевиктер партиясы үшін де абстрактілік мағынада болған жоқ, ол нақтылы мазмұнға ие еді. Мемлекеттіліктің барлық формасы Кеңес үкіметі платформасында болып, большевиктер партиясының жетекшілік ролін мойындауы міндетті болатын. Сондықтан да Түркістандағы Кеңестерге саяси қысым жасаудың барлық әрекеттері ә дегеннен-ақ қару қолдану арқылы қатал басылып тасталынды. Қоқанға Ташкент Кеңесі құрамындағы әскери құрылымдар осы мақсатта тез жеткізілді. Осының нәтижесінде Қоқан автономиясы жақтаушыларымен болған 64 күндік ұрыстан кейін 1918 жылдың 13 ақпанында Қоқан автономиясы өзінің өмір сүруін тоқтатты. Осылай саяси қарсыласына әскери күш қолдану тәсілі алғаш рет жүзеге асты, мұның өзі саяси күрес бұдан былай еш кешірімсіз, еш келісімсіз өтетіндігін көрсетті. Большевиктердің Түркістан мемлекеттігін қалпына келтіру әрекетін кесіп тастауы, көршілес Қоқан және Хиуа хандықтарында, Бұқар әмірлігінде белсенді оппозиция - Түркістан әскери ұйымының құрылуына алып келді, оған бұрынғы патша армиясының офицерлері, отаршыл шенеуніктер, орыс және ұлттық буржуазия өкілдері кірді. 1918 жылдың сәуірінде Кеңестердің өлкелік съезі «Түркістан Кеңес Республикасы туралы Ереже» қабылдап Кеңестік социалистік республика болып жарияланды. 1918 жылдың маусымында өлкенің большевиктік ұйымдары Түркістанның Коммунистік партиясына бірікті, мұнда сырттан келген этникалық топтардың саны басым болды. Антибольшевиктік позицияда тұрған күштердің үшіншісі (келесісі) проағылшындық топтар болды, олар Англияның Орта Азия өңіріндегі позициясының нығаюын қолдады. Аталған үш жақты күштердің қарама-қайшылығы Түркістан майданындағы әскери қимылдарда және басмашылар қозғалысында анық айқындалды. Түркістандағы Кеңес Үкіметінің әлсіздігіне, азамат соғысы жылдарында оның большевиктердің орталығынан алыс екендігіне қарамай, Кеңестер мұнда өз позициясын сақтап қана қойған жоқ, оны едәуір нықтай да түсті. Қарсы лагерь өздерінің контрреволюциялық тірек базаларына бөлініп тасталынып, нақты көмек ала алмауы себепті азамат соғысы барысында жеңіліс тапқан еді. Осылай Персиядағы француз әскери миссиясының «Түркістандағы және Каспий маңындағы жағдайлар туралы баяндама» хатында «Контрреволюционерлер Түркістанда одақтастар тарапынан ешқандай көмек алған жоқ. Он мың адам большевиктерді талқандау үшін жеткілікті болатын. Әйтсе де Түркістан большевиктер тарихында диверсиялық рөлді ойнады. Мұнымен есептесу керек. Олардың шабуылы бірде Колчак армиясының сол қанатына шабуыл төндірсе, бірде Деникин армиясының оң қанатына қауіп-қатер төндіріп отыр. Түркістан-Ашхабад арқылы Каспийге шығуға үнемі төніп тұрған қауіп больш отыр. Олай болса, Түркістан майданы азамат соғысының негізгі ұрыс далаларынан алшақтығына қарамай, онда өзінің қомақты ролі болғандығын айта аламыз. Территориялық-әкімшілік қатынаста зерттеліп отырған өңір көптеген қайта кұрулардан өтті. Қазан төңкерісі кезеңінен Кеңес Республикаларын межелеу аралығына дейін ол Сырдария облысы аталынып, бұрынғы Сырдария әскери линиясы аудандары мен Қоқан хандығынан Ресейге еткен жеті уезд - Әулие- Ата, Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Жизақ және Ұры-Төбе аудандарынан тұрды. Келесі қайта аудандастыру 1924 жылы етіп, межелеу нәтижесінде облыс территориясына Ташкент уезінің 10 болысы, Мырзашөл уезінің 2 болысы, Самарқанд облысының 6 болысы қосылады. 1924 жылы облыс орталығы Шымкент қаласы болып губернияға айналады [196]. Ол өз кезегінде 1928 жылы құрамында 21 ауданы болып округ ретінде қайта құрылады. Мұнан кейінгі аудандық бөліністер (1930-1932 ж.ж.) мен облыстық бөліністер (1932-1962ж.ж.) нәтижесінде 1938 -1939 жылдары Қызылордамен Жамбыл облыстары құрылып, Оңтүстік Қазақстан облысы (1932 ж. құрылған) өз қалпында қалдырылады. Жүргізілген әкімшілік-территориялық реформалардың, соның ішінде, әсіресе Орта Азияны ұлттық-мемлекеттік тұрғыдан межелеу және қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-іне қайта қосылуы мәселесінің, Қазақстанның болашағына тигізер нақты ықпалын жанымен түсінген ұлт жақсылары осы істі тиянақтауға барын салған еді. «Еңбекшіл Қазақстанда» жарияланған Ерәліұлының «Қосылу мәселесі» деген хабарында: «Түркістан Республикасына қараған Жетісу мен Сырдария облысын Қазақстанға қосу жөніндегі мәселе Қазақстан аймақтық партия комитетінің президиумында 8 июньде қаралып шешілді. Алу жұмысына тезарада үлгеру үшін әрі Орта Азия республикаларымен шекараны ашу үшін араға елшілік жұмысты уақытша басқарып тұратын комиссия жасақталды. Оған Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Мендешұлы Сейтқали. Жер-су комиссары Әлібекұлы Әлиасқар, бұларға кандидат болып Түркістандағы Қазақстан өкілі Жүргенұлы Темірбек, Түркістанға қараған қазақтардан, өздерінің қалауы бойынша Қожанұлы Сұлтанбек, Серғазыұлы, Есқараұлы, Ізбасарұлы, Мыңбайұлы сайланды. Жұмысты басқарып тұратын ревком құрылды. Ревком төрағасы болып Мендешұлы, орынбасарлығына Әлібекұлы, Есқараұлы сайланды», деп айтылған. Осы мәселеге байланысты С.Меңдешұлының «Орта Азияның ұлт шекарасын қайта пішу мәселесі және Қазақстан Республикасы» деген көлемді мақаласында қазақтардың ұлттық шекараны қайта белгілеу мәселесінде қапы қалмауы негізделген. Аталмыш аймақтағы елдердің шекараларын бөлуге арналған келелі пікір мен кең толғамдар Смағұл Садуақасұлының «Орталық Азияның өміріндегі жаңа дәуір» деген мақаласында берілген. Жалпы, бізге дәл саны мәлім емес Амудария мен Закаспий облыстары қазақтарын қоспаған күннің өзінде, Түркістан генерал-губернаторлығы құрамында Қазан төңкерісі қарсаңында 2.665.441 қазақ өмір сүрген. Қазақ жерлерінің қайтадан бірігуі нәтижесінде республика аумағы 700 мың шаршы км-ге жуық, яғни үштің біріне ұлғайып 2,7 млн. шаршы км болды, ал халқы 1468 мың: адамға көбейіп, жалпы саны 5230 мыңға жетті. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар республика халқының - 2/3-сіне жуығы (61,3%) болды. Бұл арада Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі небары 8-9 жыл аралығындағы аласапыранда аталған өңір халқының қосқан үлес салмағы қарапайым арифметикальщ тұрғыдан қарастырғанның өзінде (1917 жылғы 2.665.441 қазақтан 1926 жылғы санақ бойынша шамамен 1.468.000 қазақ қосылған.) ойсырап-ақ қалғаны көрініп тұр. Құбылмалы, тұрақсыз саяси жағдайға қатаң қысы мен құрғақшылығы қосымша болған 1917 жыл мен азамат соғысының аумалы-төкпелі 1918 жылы Түркістан қазақтарына жеңіл тиген жоқ. Осылай 1918 жылдың 30 қыркүйегіндегі Әулиеата уездік комиссарының баяндамасында уезд жағдайы мынадай мазмұнда беріледі: «Маған сеніп тапсырылған Әулиеата уезі төрт бөлімшеден тұрады: Таулық (Горный), Аса, Шу және Меркі, онда 43 қырғыз болысы мен 75 орыс селениесі, олардың ішінде 21-і ескі 54-і жаңа». Осы селениелердің 15-і жеке және 60-ы 12 болысқа біріктірілген, 5 селение неміс-менониттік, 4 селение түземдік, 2 поселок дүнген, 1 селение татарлардікі. Барлығы жеке селениелер 87. Қазіргі уақытта шамалап есептегенде халықтың саны 200 мың адамды құрайды. Аштықтан өлген түземдіктер қазіргі уақытта, яғни 1917 және 1918 жылдың алғашқы жартысында 60 мың төңірегінде, 1917 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мәлімет бойынша халықтың саны 300 мың адам болған. Бұл арада уездің саяси кеңістіктегі параметрі айқындалып-ақ тұр. көп ұлттық құрамы, елді-мекендердің көп екендігі сол кезеңді алғанда, жалпы халықтың санының көптігі, сонымен қатар большевиктер Үкімет басына келуінің жергілікті халыққа бірден қырғын әкеліп 60 мыңдай адамдардың аштан өлгендігін де осы құжат көрсетіп тұр. Ары қарай баяндамада түземдік халықтан 1917 жылғы салықтың көлемі .... Барлығы 297, 381 р. 79к.) 2) Биылғы жылға халықтан алынатын салыққа байланысты төлем қағаздары (окладные листы) таратылып берілген жоқ. Қаланың әртүрлі мекемелеріндегі қарыз 100 мың рубль. Бұларды менің орнымдағылар қоғамдық қордан берген екен, қоғамдық қордың 4 киссасы босаған, ол әлі де бос.» Берілген құжат уездегі экономикалық жағдайдың ауырлығын көрсетеді, мұның өзі тиісінше жаңа үкіметтің нығаю мүмкіндігі оның беделге ие болуын тежеді, себебі олар өз іс-қимылдарын сүйкімсіз іс-шаралардан өткен жылы төленбеген салымдар мен осы жылғы силықтарды жиюмен бастаған еді. Жергілікті үкіметтің «халықтың төленбеген салымдарын үш жылға соза тұру әрекеті» жүзеге аспай Ташкенттен тез арада төленбеген салымдарды да, сонымен қатар осы жылғы салықтарды да тез өндіру туралы нұсқау түсті. Түземдік және орыс халқының экономикалық жағдайы, 1917 жылғы егіннің болмауына байланысты, әсіресе біріншілерінікі өте ауыр, сондықтан да олардың 1917 жылғы төленбеген салым мен осы жылғы салықты төлей ала ма оны болашақ көрсетеді. Осылай жаңа билік құрылымдарына тікелей қарама-қайшы мәселелерді, бір жағынан Патша және Уақытша Үкіметтердің бұрынғы бағытын жүргізін, салықтар мен салымдарды күштеп тартып алуға, екінші жағынан, жұмысшылар мен шаруалар жағында тұрған Үкімет ретінде жаңа биліктің артықшылықтарын дәлелдеуі керек болды. Осыған қарамай билеуші партияға саяси кеңістікті игеру үшін белсенді күрес жүргізу қажет болды соның ішінде біз қарастырып отырған Әулиеата уезінде де осындай іс-қимылдар жүріп жатты. Оларға өздерінің ықпалын елді мекендердің барлығында болмаса да көпшілігінде бекіту керек болатын. Себебі, соңғылары билеуші партия мен қалыптасып келе жатқан билік құрылымдары саясатының маңызды материалдық ресурсы болып табылатын.Осы аралықта қайсыбір идеяның саяси жетекшінің немесе топтың бір өңірдегі беделінің екіншісінде өтпейтігін де ескеру керек еді. Жоғарыда сипаттама берілген Сырдария облысының саяси кеңістігіндегі саяси күштердің ішінде Кеңестердің халықтың Үкіметіне сүйеніп, оларды бақылап та отырған, БК(б)П-ның өлкелік филиалы ретіндегі, Түркістанның Коммунистік партиясы басымдылық жағдайда болды. Жалпы, партиялық және Кеңестік органдардың билік өкілеттіліктеріндегі ерекшелігі олардың билік пен саясаттағы ресурстарының тым жұтаңдығы болатын. Бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы жылдарындағы экономикалық түралаудың салдарынан материалдық және қаржы ресурстары жетімсіз болды. Лайықты кадрлардың жетіспеуі орын алды және соңында саясаттың ерекше ресурсы ретіндегі «саяси уақыт» ресурсы күрмеуге келмеуі себепті, алға қойылған қайта құруларды жүргізуді өте қысқа тарихи мерзім ішінде жүзеге асыру қажеттілігі туды. Билік құрылымының өзі үш деңгейге бөлінеді. Ең жоғарғы деңгей «макробилік» деп аталынып, мемлекеттің негізгі ішкі саяси процестері мен сыртқы саясатын қамтиды. Ол өзіне жоғарғы орталық саяси ииституттарды, жоғарғы мемлекеттік мекемелерді, саяси партиялар мен жетекші қоғамдық ұйымдардың басшыларын кіргізеді. Макробиліктің негізгі міндеті жалпыпартиялық, жалпымемлекеттік саясатты қалыптастырып, жалпы мақсатгар мен міндеттерді декларациялау болып табылады. РКФСР және кейіннен КСРО тұрғысында қарастырар болсақ бұл, БК(б) П ОК, БОАК және ХКК арқылы жүзеге асты. Осындай арнаулы органдар Түркістанда да құрылып жатты. Олардың алғашқысы ретінде 1919 жылдың ақпанында БК(б) П ОК қаулысы негізінде құрылған «Түркістан істері жөніндегі ерекше (уақытша) комиссияны» айтуға болады. 1919 жылдың қазанында БОАК мен РКФСР ХКК-ның Түркістан істері жөніндегі комиссиясы - Түрккомиссия құрылады. БК(б) П ОК саяси бюросының, қаулысымен 1920 жылдың маусымында: «Түркістандағы мәселелер туралы», «Түркістандағы билікті ұйымдастыру жөнінде кұжаттар қабылданып», «Түрккомиссия Ережесі» бекітіледі. 1920 жылдың шілдесінде БК(б)П ОК-ның Түркістандық бюросы - Түркбюро құрылады. Осылай Түркістан өлкесіндегі жоғарғы билік эшелоны құрылған еді. Орталық, аралық, билік деңгейі «мезобилік» деп аталынып, орта звено билігі мен осы деңгейдегі бюрократиялық аппараттардан құрылады. Мезобилік өзіне жергілікті аудандық, облыстық және өңірлік маштабтагы партия және әкімшілік органдарын кіргізеді. 20-жылдардың басына қарай Түркістанда мезобиліктің мынадай құрылымы қалыптасты: партиялық тұрғыда - Түркістан Коммунистік партиясының ОК, кейіннен, зерттеліп отырған өңірге қатысты, ТКП-ның Сырдария облыстық комитеті, уездік комитеттер, мысалы, ТКП-ның Әулиеата уездік комитеті, уездік қалалық комитеттер - Әулиеата Уқалкомы, уездік болыстың (аудандық) комитеттер - болкомдар. Кеңестердің өкілеттілік билігі де осындай түрғыда құрылып, ол Түркістан ОАК-нен вертикаль бойынша уқал және уболкомдарына дейін таралды. Осы деңгейдегі биліктің ерекшелігі ретінде жалпы партиялық саясатты Түркістан өңірі үшін қажетгі формаға келтіруді айтуға болады. Орталықтың мәлімделген, декларативтік мақсат-мүдделері іс жүзінде нақты жетістіктерге жеткізе бермейтін, бұл құбылыс мынандай факторлар арқылы, мысалы, орталықтан тым алыс екендігіне, яғни үнемі бақылап және қажетті кезінде араласу мүмкіндігінің болмауына, өңірлердің бір-бірінен алшақ орналасуына және оларды жалғастыратын транспорт пен байланыс инфрақұрылымының дамымай қалғандығына байланысты болды. Сонымен қатар, зерттеліп отырған кезеңде орта буын кадрлердің, әсіресе аудандық деңгейде жетіспеушілігі білініп тұрды. Әртүрлі себептерге байланысты орта буын кадрлердің кейбір бөлігі әрқилы мәселелер төңірегінде өзіндік позицияда болды, мұның өзі 20-жылдардың соңы - 30 жылдардың басына, әлі тоталитарлық система толық құрылып біткенге дейін ғана мүмкін болды, сондықтан орталықта немесе жергілікті жерлерде көптеген жалпыпартиялық пікірталастар жүріп жатты. Дегенмен, биліктің орталық деңгейі өзінің өңірдегі ықпалын үдету үстінде болды. Түркістан Компартиясының съездері үнемі өтіп тұрды, 1919 жылдың мамырында ТКП-ның І-ші Қазалылық уездік съезі, 1920 жылдың тамызында Шымкентте Түркістан К(б) П-ның Сырдария облыстық съезі өтті. 1925 жылдың ақпанында Орта Азияда өткен ұлттық межелеудің нәтижесіңде БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті құрылып оның құрамына Сырдария облыстық партия ұйымы да кіреді. Мұнан кейінгі өлкелік партия ұйымының өсіп жетілуі және саяси позициясының нығаюы нәтижесінде 1937 жылдың сәуірінде БК (б) П ОК шешімімен Қазақстан К (б) П ретіңде қайта құрылып, сол жылдың маусымында өздерінің алғашқы съезін өткізеді, осыған орай 1936 ж. Қазақ АКСР- нің Одақтас Республика болып қайта құрылуы мен Республиканың партиялық ұйымының жаңа статус алуы орта деңгейдегі партиялық және кеңес үкіметінің құрылымдық жұмыстарын аяқтайды. Билік өлшемінің үшінші деңгейі -«микробилік», - адамдардың, кіші топтардың, жергілікті өзін-өзі билеу саласындағылардың саяси өмірге ашық араласуын білдіреді. Бұл деңгейдегі, негізінен еңбек ұжымдары мен төменгі қоғамдық бірлестіктерде, қоғамдағы саяси мәдениет, сенім, пікір және өмірлік позиция қалыптасады. Бұл деңгей бұған дейінгі макро және мезобилік деңгейлерінен құрылымы және атқаратын қызметі тұрғысынан ерекшеленеді. Тікелей БК(б)П құрылымындағы микродеңгейде бастауыш партия ұйымдары, партия ұялары, қоғамдық және басқа да әртүрлі ұйыммдардың бастауыш бөлімшелеріндегі большевиктік фракциялар іс-қимылда болды. Микродеңгейде Орталық деңгейден алынған тапсырмалар жүзеге асырылады, мұның өзі Орталық декларацияланған мақсат пен міндеттердің тағы бір өзгеріске ұшырауымен жалғасады. Мұндай өзерістерге (деформацияға) ұшыраудың жаңа өрісінің пайда болуының себебін, оны жүзеге асырушылардың білімі мен теориялық деңгейінің төмендігінен және мұндай іс-шаралар жүргізу тәжірибесінің жоқтығымен түсіндіруге болады. Осылай, Тұрар Рысқұлов, Түркістан ОАК-ның Әулиеата және Черняев уездері істері жөніндегі комиссияның төрағасы болып тұрған кезінде, 1919 жылы жазылған мақаласында: «Кеңес Үкіметі аталған уездерде тек қалаларда ғана қызмет етуде. Деревняларда, кишлактарда және болыстарда осы уақытқа дейін, тіпті Уақытша Үкімет тұсында құрылған кулактар мен байлардың атқару комитеттері жұмыс істеп келді, ал кейбір жерлерде.... тек «болыстар» немесе «селолық старшиналар» жұмыс істеп жүр. «Кедейлер үкіметінің ұйымдары не істеп жүр, кедейлердің және партия ұйымдарының атқару комитеттері не бітіріп жүр. Түк те бітіріп жүрген жоқ деп айтуға болады». Т. Рысқұлов осы сапарында, 1919 жылы 7 тамызда Әулиеата партия ұйымының жетекшілерімен бірлесіп өткізген мәжілісте, Әулиеата аткару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Олардың орнына 5 мүше кірген уездік уақытша Революциялық Комитет ұйымдастырылды. Мәжілісте сонымен қатар Т.Рыскұлов кедейлер комитеттерін (одағын) ұйымдастырудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті. Дәл осындай бағаны Түркістандағы жағдайға Г.Сафаров та берді.. «Түркістандағы күштер аз, қызметкерлер бүкіл ел бойынша және кеңестік Ресейде жетіспейді. Бірақ оларды табу керек. Қайткен күнде де табу керек.» Биліктің мезо-микро деңгейлері қалаларда өзіндік ыңғаймен бір-біріне кірігіп жатты, бұған салыстырмалы түрде ұйымдасу деңгейі жоғары уездік, қалалық комитет қызметі әсер еткен еді. Қалалық ұйымдардың мүшелерінің аз болуы кәсіподақтарда, кооперациялар мен басқа да ұйымдарда коммунистік фракция қүру мәселесін күн тәртібіне қойды. Осылай, Әулиеата уезінде, Уқалком аталған ұйымдардағы партиялық ықпалды күшейтуге тырысты. Сонымен қатар коммунист-мұсылмандар арасындағы жұмыс, олардың аздығына қарамай жекеше жүргізілді, әйел мұсылмандар арасындағы жұмыс та жолға қойылды. БК(б)П - қызметінде жергілікті халықты партия және кеңес құрылымдарының орталық деңгейіне тарту маңызды орын алды. Әулиеата уезінде «РК(б)П-ның Әулиеата уездік - қалалық мұсылман ұйымдарының бюросы» делінген қаланың өміріне белсенді араласып отырған мұсылман коммунистерінің ұйымы қызмет жасады. Осылай 1919 жылдың 20 қазанында Қошмамбетовтың төрағалық етуімен «Қазан революциясы мерекесіне арналған манифестацияға екі жауапты шешен тағайындау мәселесі тыңдалды, ...Жауапты шешендер ретінде жол. Абланов, жол. Сармолдаев тағайындалсын». Осы мәжілісте Коллегияның халық шаруашылығы бөлімі бюросына өкіл ретінде Ж.Ж.Фахрутдинов пен Бабаназаров делегат ретінде жіберілді. Бюро түйткүл мәселелерді де, дәлірек айтсақ ЧК(ТК) төрағасы Краснокутскийдің Шақпақ болысының төрт үй қырғызының 208 қойы мен 4 түйесі айдап кеткендігі туралы фактіні қарастырды. Бюро мынаны атап өтті: ТК сонымен қатар Упрдот (уездік азық-түлік бөлімшесі) төрағасы ретінде кедей малшылардың соңғы жинап-тергенін тартып ала отырып мұның ешбір заңдылыққа қиыспайтындығын айтуымыз керек, себебі малшының артық малын алу үшін оның 200 қойы мен 4 жылқысы болуы қерек... Біздіңше, бұл жерде мал қорғаушысыз қырғыздардың қолынан тартып алынып отыр, себебі бюроға уездегі шаруалардың арасында мың қой және жүздеген ірі қара малдары бар адамдардың бар екендігі белгілі, Өйтсе де ТК және Упрдот (уездік азық-түлік бөлімшесі) төрағасы ол бай шаруаларды білсе де (көрмегендей) білмегендей болған.» Кеңестік органдарды жергілікті халықтың тең өкілдігі болуы туралы мәселеге де үлкен маңыз берілді. РК (б) П-ның төртінші Түркістандық өлкелік төтенше съезінің Қарарларында өлкелік және Жергілікті Кеңестер съездерінің талаптары бойынша өкілдіктердің тепе-теңдік принципін қатаң сақтау жөнінде қадап айтылады, мұның өзі Кеңес Конституциясында көрсетілген ережелерді сақтай отырып жүзеге асу керектігі ескертіледі. Өкілділіктің бірнеше қажетті жай-жапсарлары: мұсылман бюросы мен РКП-ның жергілікті комитеттерінің бақылауындағы жұмысшылар ұйымдарына қатыстылығы, Кеңес Органдарына таптық белгісі бойынша қабылдау, жауапты қызметтерге коммунистік партияда жоқтарды, өлкелік немесе жергілікті мұсылман бюросы және РКП-ның жергілікті комитететтерінің келісімі арқылы ғана қабылдау анықталынды. Съезд, сонымен бірге, шаруалар мен дихандардың мүліктерін аяусыз талау мен кәмпескелеуді доғару керектігін,мұсылмандар арасында әртүрлі алымдар мен кәмпескелеуді жалпы негізде жүргізіп, бұл үшін әрбір осындай оқиға кезінде жергілікті мұсылман бюросының немесе Өлкелік мұсылман бюросының (өлкемусбюро) келісімін алу керек болатын. Сонымен қатар, мұсылман еңбекшілері мен кедейлерді Кеңестік құрылысты өркендетуге тарту қажеттілігі атап айтылады. Қалаларда мұсылман пролетариаттары ұйымдарын құру жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп, кишлактар мен ауылдардағы еңбекші халық пен диханшыларды таптық тәнтілігіне байланысты ұйымдарға біріктіру көзделінді. Анығында тепе-теңділік жағдайы бұрын да болған еді, онда Әулиеата Кеңестік құрамына «орыстардан» 10 адам, «Кеңес мүшесі болып түземдіктерден» - 14 адам кірген болатын. Әйтсе де Кеңестің атқару комитетінде оның 14 мүшесінің тек үшеуі ғана жергілікті халықтың өкілдері болды. Большевиктерден Рысқұлов пен Қошмамбетов, солшыл әсерлерден Жұмағұлов. РК(б) П-ТКП жалпы қоғамдағы, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі әйел-мұсылмандар мәселесін барынша белсенді түрде қолға алды. Бірінші партияда жоқ мұсылман әйелдерінің конференциясы 1921 жылдың 9 науырызында Әулие-Ата қаласында өтті. Қаланың ірі саяси белсенділері Абланов, Ахметжанов, Рахманберды және Палийлер делегаттарды конференцияның ашылуын құтықтады. «Москвадағы жалпы Ресейлік мұсылман әйелдері съезі» туралы мәселені қарап конференция съезге өзінің қызығушьшығын танытты және Кеңес үкіметін қолдайтындығын білдіртті. Облыстық конференцияға делегаттар сайланып, оларды конференцияның президиумы төрайымы Серікбаева таныстырды. Конференцияға жиналған делегаттар мұсылман әйелдер ұйымын құру мәселесін уақыт оздырмайтын қажеттілік деп қарауды өз қаулыларында атап көрсетті. Кейіннен ТКП (Сырдария облыстық комитеті (Сыробком) жанынан әйелдердің аудандар мен қалалардағы белсенді жұмысын ырғақтандырып отыратын әйелдер бөлімі (женотдел) құрылып, ол әйелдер ұйымдарының Кеңестік мекемелермен байланысын нығайтуға негізделді, себебі бұл іс «...мекемелердегі әйелдер арасында нашар жүргізілген, бірақ іс-шаралар қолданылуда... Бұл бйланыстардың жақсаруы күтілуде». Жергілікті халық арасындағы жұмысқа ерекше мән берілді. Облыстық партия мектебі жанында әйелдер секциясы жұмыс істеп, сонымен қатар «Шығыс арасындағы университеттің бөлімшесі жанынан әйел жұмысшылар үшін 3 айлық мектеп ашылып, онда 32 курсант есепте болды» Нәтижесінде, кейіннен Қызылордада 50 әйелдің кілем тоқитын артелі ашылды. Аталған саяси-демографиялық топ ішіндегі жүргізілген жұмыстың бір парасы БК(б)П Сырдария аймақтық комитетінің өңірдің орта деңгейдегі ұйымдарына жіберген хатында көрінеді, онда кеңесшіл әйелдердің «аймақтық, аудандық кеңестерін, қоғамшыл әйелдердің ауылдық мәжілістерін өткізіп олардың назарын Кеңестердің сайлау науқанына аудару туралы және бұл іске ауылдың, кишлак пен деревнялардьщ әйелдерін кеңінен тарту туралы айтылады. Сонымен қатар Қазақстанды мекендеп отырған барлық ұлттардың еңбекші әйелдерін де аталған істерде кеңінен қамту мәселесі қарастырылған. Әйтсе де 20-жылдардың басында партиялық ықпал барынша әлсіз еді. 1921 жылдың сәуірінде өткен ІҮ Әулиеатауездік-қалалық конференциясында «...Уездік партия ұйымының тым әлсіздігі, партия жұмысының уезде де, қалада да әлсіз екендігі, Уқалкомның жетекшілік ролінің жоққа тән екендігі, онсыз коммунистік ұйымдар мен басқа да партия ұйымдары күнін көре алмай кететіндігі... Уқалкомға мынадай ұсыныстар: «...қала мен уезде коммунистік бастауыш ұйымдарын кұруға барлық күш-жігерді жұмсауды, ал коммунистік фракциялардың кәсіподақтары жанынан жастарды, мұсылмандар мен орыстар одағын және әйелдерді қоса отырып сенбіліктер ұйымдастыру қажеттілігі айтылды. Дәл осындай жағдай Перовск және Черняев уездерінде де болды. Бұдан кейінгі кезеңдерде бастауыш партия ұйымдары мен партия ұяшықтары орта деңгейдегі аппараттың қырағы көзқарасымен жұмыс істеді, дегенмен мұндай бақылау орталық партия органдарының бағытынан айнымауға кепілдік бере алмайтын еді. БК(б) П қызметінің келесі маңызды бағыты Түркістан республикасы территориясында едәуір мөлшерде қалып қойған австро-венгрия армиясының әскери тұтқындарымен істелінген жұмыс болды. Олардың: біразы Кеңес үкіметі орнауы және азамат соғысында жеңу кезеңдерінде большевиктер позициясының нығаюына едәуір үлес қосты, сонымен қатар 20 - жылдардың: басында да келелі қызметтер атқарды. Әулиеата қалалық партия ұйымында 60-тан аса РК (б) П-ның шетелдік мүшесі болғандығын, олардың қала коммунистерінің жалпы санының 10%-ін құрағанын айтуымызға болады. Осы кезеңді зерттеуге арналған еңбектерде әскери тұтқындардан ірі әскери құрылымдар (1500 адамға дейін) кұрылып олардың Кеңестік Түркістан армиясындағы жетекшілік ролі айтылады. Большевизмге қарсы күштер әрқилы саяси параметрлерде еді. Жоғары дәрежеде ұйымдасқан «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы, «Алашорда» (Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында) үкіметімен, Түркістанның мұсылмандар партиясы, Қоқан автономиясы үкіметімен, большевиктер партиясымен тікелей қарама-қайшы бағыт-бағдарда болды. Большевиктер партиясы өзінің дамуында саяси партияларды құрудың дәстүрлі жолымен жүрді. Кішігірім социал-демократиялық үйірмелерден еңірлік деңгейдегі саяси клуб түріндегі ірі құрылымдарға дейін жетіп, мұның өзі оған Ресей империясының кең шеңберінде ұлттық социал-демократиялық құрылымдарды (Литва мен Польшаның социал демократтарының, еврейлердің жұмысшы одағы - Бунтты және басқаларын) қосып алып өзінің саяси қалыптасуын 1903 жылы Лондонға өткен ІІ съезінде аяқтауға мүмкіндік берді. Барлық процесс, 1883 жылы Женевадағы иммиграцияда құрылған алғашқы социал демократиялық «Еңбекті азат ету» тобының құрылуынан есептелсе 20 жылға созылыпты. Алаш қозғалысына қатысты айтар болсақ, соңғы жылдарға дейін «Қазақ» газетінде жарияланған Алаш бағдарламасы жобасының қолға түспеуіне байланысты негізінен Н.Мартьшенканың аудармасы пайдаланылып, сол бойынша тұжырымдар жасалынып келді. Бағдарламаның саяси және әлеуметтік мазмұнын мейлінше реакциялық тұрғыдан тұқыртып көрсетуді көздеген бүл аударма оқырманға Алаш партиясын жікшілдік «Қазақстан қазақтар үшін!» деген тар ұлтшылдық, ескі феодалдық тәртіптерді бұзылмаған күйінде қалдыруды кездеген саяси ұйым етіп көрсетуді мақсат етті. Әрине, еуропалық түсінік өлшем тұрғысынан алғанда Алаш саяси партия деңгейіне көтеріле алмағандай болып көрінуі әбден мүмкін. Бірақ қазақ қоғамының сол тұстағы қоғамдық даму ерекшелігін ескерсек, ол саяси партия есебінде өз міндетін белгілі дәрежеде атқара алды және бүл ретте ұлт тарихында өшпес терең із қалдырып кетті деп айтуға негіз бар. Ол күрделі 1917 жылдың күзінде мынадай үш ірі мәселенің дұрыс шешілуіне үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдар жасауда басты роль атқарды. Бүл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасына енді. Екіншіден, партияның ұйтқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен екінші жалпықазақ съезін (1917, желтоқсан) дайындап, өткізді. Осы съезде өмірге Алашорда ұлттық Кеңес өкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмаса керек. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік құрылтайға депуттаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және осы ұйымның атынан делегат болып сайланды. Әрине, объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түріп араласып кеткен саяси күшке айналуына мүмкіндіктер бере қоймады. Қым-қиғаш Азамат соғысы тұсында мұндай міндеттерді тек Алашорда атанған үкімет ғана атқара алатын еді. Бірақ, 1918 жылы көктемде басталып кеткен азамат соғысы ұлттық тұтастық мәселесін біржола келмеске жіберді. Енді ғана ұлт-азаттық күрес арнасына түскен қазақ қоғамы бүкіл Россия империясын қамтыған тап аралық соғыс орбитасына тартылды. Қазақ қоғамы болашақ мемлекеттік құрылыстың түрлі нүсқаларьш жақтап (алаштық және кеңестік) екіге бөлініп кетті. Сөйтіп, кеше ғана отарлық езгіге қарсы күресте саяси тұтастық туып көтерген қоғам мүлдем басқа сипат алып, таптық жіктелу жолына түсуге тиіс болды. Бұл іс жүзінде жаңа ғана бой көтерген ұлт-азаттық қозғалыстың өзінің қисынды шешімін таппай жатып-ақ таптық күреске ұласуы еді. Солшыл әсерлер партиясы өзіндік құрылым кұрып, орталық органдар мен бастауыш ұйымдарды біріктіруге әрекет жасады. Әйтсе де, орта деңгейдегі билік буынының болмауынан, сонымен қатар 1918 жылдың шілдесіндегі көтеріліске шығу әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауы солшыл әсерлердің саясаттағы саудасын бітіріп, большевиктер үстем болған еді. Осы орайда РК(б) П Әулиеата уездік комитетінің мына шешімі қызығушылық тудыратындай, онда Мерке ауылындағы Кеңестердің жергілікті атқару комитетінің құрамы туралы хабар берілген. «...солшыл әсерлерден түземдік халықтың байлары пролетариат идеясын жүзеге асыруға кедергі келтіріп отыр.» Уком Кеңес құрамына кірген манаптар мен байларды қамап, Кеңестің өзін қайта сайлауға шешім қабылдады. Бұл факт тіпті азамат соғысы жағдайында, протокол 1919 жылдың қазанында жазылған, большевиктердің шектен тыс саяси іс-шаралар қолдануға дейін барып, олардың саяси шабуылды одан әріге өрістетуге мықтап бет бұрғанын көрсетсе керек. Перовск және Черняев өздерінің большевиктері де осындай позицияда болды. Келесі осындай бір құрылымға біріккен оппозициялық күш басмашылар қозғалысы болды. Ұйымдастырылуы жағынан ол Түркістан АКСР-ның кейбір аудандарында белгілі дәрежедегі саяси және кей жағдайда әскери-саяси күш ретінде белгілі болды. Сырдария облысы өңірінде бұл қозғалыс Ферғана алқабы мен Каспий маңы облысындағыдай дәрежеде болған жоқ. Шет елдерде өздерін қолдаушы орталықтарға сүйене отырып басмашылар қозғалысы өңірдің ішіндегі әлеуметтік топтардан да қолдау іздеді, дегенмен әсерлерге ұқсас бұларды да қолдайтын орта буын болмаған еді. Басмашылар қозғалысының мазмұны мен олар көтерген идеялардың көпшілік халыққа ұнамдылығын әртүрлі анықтауға болады. Басмашыларға берілген бағалар диапазоны оларды кейбір жағдайда қарақшылар мен бандиттер ретінде қабылдаса, кейбір жағдайда оларды халықтың өшін алушы кекшілдер ретінде қарастырады. Кеңес үкіметінің басмашылар қозғалысына қарсы қарулы қарсылық ұйымдастыруымен шектелді, бұл үшін барлықтай дерлік коммунистер мен комсомолдар ирегулярлық өзін-өзі қорғау отрядтарына біріктіріліп, қаруландырылды. Жекелей алсақ Әулиеата атқару комитеті қалалық және уездік милицияның нығаюына ерекше назар аударып, арнайы атты бақылау тобын жарақтап отырды, олар дер кезінде қарулы басмашылардың келгендігінен хабар беріп тұрған еді. Әулиеата уезін басмасшылар жорықтары ерекше мазалай қойған жоқ. Мұндай күндерде оларға қарсы саны жағынан басым милиционерлер отрядтары мен қарулы коммунистер жіберіліп, бұл не басмашылардың талқандалуымен, не олардың қашып кетуімен аяқталады. 1919 жылдың 11 кыркүйегінде Қарымбай Қошмамбетов бастаған Әулиеата социалистік ротасымен гарнизон бөлімшелері бірігіп Байғазы басмашыларын талқандайды. Осылай 1921 жылдың 1 тамызындағы «ТКП-ның Әулиеата қалалық ұйымының шұғыл жабық жиналысының «протоколында» Қарабурада басмашылардың пайда болуына байланысты Әулиеата уезінде қалыптасқан жағдайға қарай партия өкілдерін мобилизациялау» туралы шешім қабылданып, онда: «Партия мүшелері мобилизацияланған деп есептелініп, олар ерекше қолданыстағы отрядты ұйымдастыру үшін 6-шы роталық территориялық бөлімше бастығының қарауына өтіп, гарнизон бастығына бағынылатын болады. Отрядқа қару қолдана алатын жолдастарды кіргізіп, оларға қамбаны күзету міндетін жүктеу керек. Бұған дағдыланбағандарды үйретуді тез арада бастау қажет, - делінген. Сонымен қатар уездің алыстағы селоларында да әскери құрамалар құрылды. Осы орайда уездік Кеңес атқару комитетінің Таудағы бөлімшедегі поселкесіне аттандырылған экспедициясына берілген тапсырмада «...шаруалар мен мұсылман депутаттары Кеңестері халықты қорғау мақсатында... ұйымшыл шаруа пролетариаттары арасынан қызыл рота отрядтарын құрып оларға қару беру керектігі» туралы айтылады. Бүған қосымша Дмитриевка селосы мен басқа да поселкелердегі мүлікті топ өкілдеріне атылатын және суық қаруларын өткізуге және жеке адамдарға қару алып жүруге тек Әулиеата депутаттары Кеңесінің рұқсаты ғана мүмкіндік беретіндігі ескертілді. ТКП Сырдария облыстық комитетінің 1922 жылдың сәуіріндегі Әулиеата уқалкомы бойынша ақпараттық бюллетенінде «1921 жылдың мамыр айында уезде басмашылар қозғалысының күшеюі білінді, ол тек уезде ғана емес, сонымен қатар қаланың ішінде де күшейе түсті. Басмашылармен күрес үшін бірнеше шаралар қабылданып, мысалы: милицияның еркін Үштігін ұйымдастыру немесе милиция штатын көбейту және т.с.с, сонымен қатағр, халық арасында басмашылықтың зияндылығы туралы үгіт науқаны өрістетіледі. Осы бюллетенде Ашық-дала уезіндегі жағдайға баға беріледі: «...жұмысты көп жағдайда басмашылардың шабуылдары жүргізбей тастап отырды, сондықтан да оларға қарсы күрес Уком мен Уаткомның басты назарында, басмашылармен күрес үшін құрылған ерікті Үштік милиция құру әрең дегенде басталды, ... Ұрытөбе ауданында басмашылардың шабуылы болды. Хавт болысындағы қышлақтар тонауға ұшырады. Ходжент жағынан ұйымдасқан милиция басмашыларға қарсы ұрыс салып, оларды талқандады, 12 адамды тұткынға алды. Халық басмашыларды жақсы көрмейді, мұның өзі бандитизмді жақын арада жоюға сенімділік тудырып отыр, бірақ халық әуел баста ерікті милиция ұйымдарын құрудың мақсатын және оның атқаратын ролін толық түсінбегендіктен оған сенбеген еді, сөйтіп жағдай біраз ушыққан болатын, қазір жұмыс едәуір жақсы жүруде. ТКП-ның Ташкенттік Уқалкомының жұмысына баға беріле келіп онда: «Барынша күшейіп келе жатқан басмашылар қозғалысы уезде Укомның жұмысына ерекше әсер етіп, олардың басты назарын басмашылармен күреске аударуға мәжбүрлеп отыр. ...Басмашылармен күрес үшін төтенше Үштіктер құрылып, олар өз жұмысын ферғаналық тәсілдермен жүргізуде. Ерікті милиция ұйымдастырып оларды қаруландыруға жедел шара қолданылуда. Бұған ІІХК-ның назары аударылуда, себебі милицияны мундирлеп киіндіріп, оны қарумен, ақшамен және азық-түлікпен қамтамасыз өтпеген жағдайда оның әлі ешкімге келмейтіндігі анық» делінген. Келтірілген фактілер, Сырдария облысындағы басмашылар қозғалысын жоюға едәуір күш жұмсалғаңдығын көрсетеді. Сонымен қатар, аталған қозғалыстың халықтың қайсібір бөлігінде, мүмкін өте аз бөлігінде қолдауға да ие болғандығын айтуға болады. Жоғарыда берілген Ашы-Дала уезі жөніндегі құжатта былай делінген: «Азық-түлік салығы компаниясына дайындық табысты аяқталып отыр, бұл тек басмашылар басып алынған жерлерді ғана қамтымаған. Дегенмен, нақты бағдармаларының жоқтығы мен тым аз әлеуметтік базаға сүйенуі, шет елден келіп жатқан көмектердің біртіндеп азайып, кейіннен тіптен доғарылуы, Қызыл армия отрядтарының күшті тегеуріні, азамат соғысы аяқталысымен қозғалыстың жеңіліс табуына алып келген еді. Құрылымы жағынан әлсіз, бірақ зерттеліп отырған кезеңдегі Сырдария облысындағы пәрменді күш ретінде - переселендік деревнядағы кулактар мен қазактардың отырықшы және көшпелі ауылдардағы феодал - бай элементтері болды. Оларды, 20-жылдардың соңына дейін ауылдың жерлерде алдыңғы қатарлы позицияда болды деуге негіз бар, бұған бірқатар объективті факторлар әсер еткен еді. Бірінші кезекте, олардың экономикалық жағдайының бақуаттылығына байланысты, ауыл халқының әлсіз әлеуметтік топтары оларға тәуелділікте болатын. Егер қоғамдағы экономикалық жағынан күшті топтар саяси тұрғысында да әлсіз болмайды десек, онда аталған топтың биліктің микро деңгейіндегі саяси күрес тәжірибесінің барлығын, олардың экономикалық тұрғыдан алғанда өздерінен әлсіз тұрған топтарға әсер ете алғандығын айта аламыз. Оларға кеңістіктік саяси фактор да жұмыс істеді. Егер ауылдың партия ұяшықтары сан жағынан аз болып, саяси тәжірибесі жетіспей жатса, бүл кемшіліктерді түзету үшін оларға өңір орталықтарынан әртүрлі өкілдер жіберілетін. Олардың келгенінен кеткенінің тездігі және экономикалық бақуатты топтар белсенділерінің үнемі өз орнында болуы жағдайды тез-ақ қалпына келтіретін. Сырдария облысының территориялық жағынан кең көлемділігі, осыған байланысты жекелеген уездермен қатынастың, транспорт пен басқа да коммуникацияның жоқтығынан, әлсіздігі кулактар мен феодал-бай элементтердің ықпалының сақталынып, тіпті кейбір жағдайда нығаюына да мүмкіндік берді. Олардың микро деңгейлік биліктегі саяси тактикасы кедей шаруалардың өздеріне тәуелділігін нығайтып, осы үшін жергілікті билік органдарына өз адамдарын өткізіп, саяси тұрғыда да өз ойларын жүзеге асыру болды. Осылай БК(б) П-ның 1927 жылы Әулиеата қаласында өткен XІІ уездік партия конференциясының баяндамасында «Кеңестердің сайлауын өткізу кезінде байлар сайлау кампаниясы басталмай тұрып-ақ қамданып, кедейлерді өздері жағына шығару үшін жұмыс жүргізген болатын, ол үшін байлар кедейлерге уақытша материалдық көмек көрсеткенсіді, сайлау жүріп жатқан кезде оларға сауынға малдар берді, қарызға, негізінен қойлар және т.с.с. беріп отырды. Осындай әрекеттерімен байлар кедейлердің ішінен өздерінің айтқанынан шықпайтын, өздеріне тәуелді адамдарды Кеңестер құрамына өткізе алды. Бұл ауылдық Кеңестің аты, затына сай еместігі еді». Ары қарай пайдаланып отырған құжатта: «...байдың кедейге материалдық көмек беруі арқасында Кеңесте өз адамдарын ұстап отыруы кереғар жағдай тудырып, кедей бай берген малды, неге Кеңес үкіметі бермейді деген екіұдай пікірде болды. Сонымен қатар, құжаттар «Сайлауда жеңіліс тапқан жағдайда байлар кеңестерді өз жағына қаратудың басқа түрін де пайдаланды, яғни ауылдың әкімшілік кұрамының басшыларын өз жағына қаратқысы келді. Мұндай оқиға Меркі болысының №2-ші ауылында болып, онда ауылдық Кеңестің төрағасы сол ауылдың байынан сауын сиыр алып, осы арқылы өзін байға тәуелді етіп қояды». Бұл құжаттың 1927 жылмен белгіленгенін ескерсек, онда Кеңес үкіметінің жағдайы Қазан төңкерісінен 10 жыл кейін де қалыптасып болмағандығын айтуымызға болады. Қолда бар архив құжаттары айтылып отырған сайлауға байланысты, Әулиеата сайлау комиссиясына түскен осы мазмұндағы көптеген фактілердің болғандығын көрсетеді. Осылай Аса болысының 73 адамы өз еріктерімен жиналған жиылыстарында «үкім шығарып, онда болыстық делегаттар өздерінің төрағасы П.Ақытаевтың мәселесін қарап, оның «...буржуйлар мен манаптардың жағында екендігі айтылады. Үнемі солардың мүделерін қорғап, керісінше кедейдің жалғыз атын тартып алып отырады және оны ... (бәлкім астық салғырты бойынша дайындау мекемелеріне өткізеді -автор.), байлардың жылқыларына тиіспейді де және осы үшін олардан қой алып отырады, тоқ етерін айтқанда байлармен ауыз жауласып, кедейлерді кемсітеді және оларды үнемі байларға жығып береді, осы үшін: болыс төрағасы Ақытаевты буржуазия жақтасы ретінде орнынан альш (қызметінен босатып) оның орнына бір ауыздан болыс төрағасы етіп пролетариаттьщ қорғаушысы Қалабай Басеновты сайлауға» қаулы қабылданды. Мұндай ауыл кедейлерінің қайсібір сәттердегі бас көтерулері жалпы алғанда жағдайды өзгерте алған жоқ, ауылды Кеңестендіру өте жай жүрді және кулактар мен феодал-бай элементтер өз ықпалдарынан айырылған жоқ. Феодал-бай элементтері мен кулактар ықпалының нығаюының келесі бір маңызды аспектісі діннің ықпалдылығында, оның осы мезетте идеологиялық функция атқарушыда еді. Мұсылмандар мен православ христиандары, олардың дінбасылары Кеңес үкіметіне бейтарап немесе теріс көзқараста (қатынаста) болды. Осылай үкіметтің 1921 жылы, шіркеудегі мүліктерді тартып алып, оларды ашаршылыққа ұшырағандарға жараттық-мыс деп алдауы, үкімет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынасты жақсарта алған жоқ, керісінше бұл болашақтағы мұнан да ауыр қақтығыстар мен репрессиялардың басталуына берілген белгі іспеттес еді. Негізгі діни бағыттардан бөлек облыс территориясында діни секталар да болды және олар да Кеңес үкіметі әрекеттеріне теріс пиғылда еді, қайсыбір жағдайда олар өздерінің экономикалық құрылымдарын да құрып жатты. Мәселен, баптистер, негізгі орталығы Шымкентте болып, 181 адамды біріктірді және уездердегі өз бөлімшілерімен проповедниктер (уағыздаушылар) арқылы байланысты. Олар ауыл шаруашылық артель құрып, ұста-арба (кузнечно-чричечная) шеберханасын ашты. Адвентистердің аз бөліктері Ташқазақ және Әулиеата уездерінде болды. Еговистер жеке жанұя болып 6 адамдар бірігіп өмір сүрді, бірлестіктері болмады. Қызметтері діни әдебиет таратумен шектелді. Қызьыл Армияда қызмет етуден бас тартқан екі жәйт тіркелінді, ары қарай құжатта эвангелистер мен православ шіркеуінің старообрятшыларына сипаттама берілген. Сол кездегі коммунистік басшысымақтардың исламға берген «сипаттамасы» мынадай: «Мұсылман діні жергілікті халықтың мәдениетсіздігіне және білімсіздігіне қарай өте күшті ықпалға ие. Ауыл коммунистері көпшілік жағдайда діншіл.» Жоғарыдағы құжаттар коммунистік идеологияның қай дінге қандай көзқараста екендігін көрсеткендей. Келімсектердің артель құрғанын байқамағансыған олар, мұсылман дінінен шошуы қатты. Ауыл кедейлері мен феодал-байлар арасындағы қарым-қатынаста соңғыларының тапқан басқа да қүйтырқылары жеткілікті. Көшеней болысында ашаршылыққа ұшыраған қырғыздардың (қазақтардың) өтінішінде «кіші Бурылдағы тамақтандыру пунктіндегі 311 адамның бай...» Байлар түземдік әкімшіліктің өздерін қолдайтындығын пайдалана отырып, кедейлерге мынадай іс жасады: оларға тұрып қалған (сасық) ит те жемейтін ет беріп, кейін бұл үшін тірі мал қайтаруын талап етті. Кедейлер өлмес үшін, аштықтан, лажының жоқтығынан мұндай етті алып, оны жеді, ал жазында түземдік әкімшілік байлардың мүддесі үшін кедейлерден олардың пайдасына малдарын өндіріп берді. Осылай бай түземдіктерден шыққан қызметтегілер барлық кедейлерді дуана қылып жіберді. Келтірілген фактіге 1918 жылдың ашаршылығында үлкен мән берілмегенімен, кейіннен ірі бай шаруашылықтарын кәмпескелеп (тәркілеп), кулактар мен байларды тап ретінде жою саясаты жағдайында бұл мәселе ушығып қайта көтерілді. Уездің басқа елді мекендерінде де феодал-бай элементтер осындай тұрғыда әрекет етті, кейбір жағдайда сәттік пайда табу мақсатында таң қаларлықтай қырқарылық көрсетіп жатты. Мәселен, «Ошақты болысының қырғызы Бейсенбек Тоқтыбаевтың өтінішінде пролетариат қорғаушысы қырғыз Қ.Қанқожаевты болыс төрағасы етіп сайлау оқиғасы айтылады. Жергілікті феодал-бай элементтерінің өкілдері өз адамдарын төрағалық қызметке өткізе алмағаннан кейін, Қанқожаевтан» .... Қайтарым құн ретінде (отступной) 2 мың: рубль ақшалай және бір жылқы беруін талап етті, бірақ Қанқожаев олардың сұранысын қанағаттандырмағандықтан, олар өсек-аян тарату арқылы, халықты екі партияға бөліп, оларды ары-сары етті де қойды...» Мұның өзі ауылдардағы таптық қарама-қайшылықтардың өршіп, кедейлердің саяси белсенділігі артқанын, олардың жағдайды өздерінің бақылауына алуға дайын екендігін көрсеткендей. Дегенмен, зерттеліп отырған әлеуметтік топтардың әлсіз жағы ретінде, олардың саяси позициясының дискреттілігін (бұйығылығын) айтуға болады. (Ауыл) Село буржуазиясы саяси қозғалысы үнемі ауыл шеңберінен аспай, көбіне орта деңгейдегі билік құрылымдарына кіріге алған жоқ. Шаруа козғалыстарының ғасырлық дәстүрі мұнда да қайталанды - өз деревнясында немесе ауылындағы мәселені шешуге қатыстылық оның сыртындағы кез- келген акцияларға қатысуға енжарлығымен алмасты. Келесі оппозициялық сипаттағы саяси күш ретінде ұлттық ауыл интеллигенциясы болуы мүмкін еді, бірақ Кеңес үкіметі жылдарында қалыптасқан жаңа интеллигенцияның үнемі көбеюі жағдайында, бұл жүзеге аса қоймады. Аталған 12-ші уездік партконференциясының материалдарында: «жаңа селолық интеллигенцияның, олар түгелдей дерлік селолық учительдер мен мүғалімдерден тұратындығынан, Кеңес үкіметіне төзбеушілік жағдайы туралы айтуға негіз жоқ» «халыққа молдалар мен ескі тілмаштардан тұратын ескі интеллигенцияның кейбір ықпалы сезілуде, бірақ ауыл мектептерінің жаңа учительдермен және мүғалімдермен толықтырылуына байланысты бұл жағдай шұғыл жақсы жағына өзгеруде». Ары қарай: «Орыс учительдері арасында жаңа және ескі болып екіге бөліну білінеді. Жаңалары, Кеңестік дейтін учительдер Кеңес үкіметіне төзімділігімен ғана емес, өздерінің оның пайдасына қоғамдық... белсенділігімен де ерекшеленеді.» Конференцияда «Әулиеата уезіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәселесі ойдағыдай емес» деген факті келтіріліп, онда «Қазақ және орыс тұрғындары арасында су мен жайылым үшін жанжалдардың болып жататындығы және оның саяси сарынының бәлкім жоқ та екендігі, сондықтан да мұның қайсібір саяси қарама-қайшылықтар тууына апармайтындығы» айтылған. Олай болса, БК(б) П позициясы сол кезеңдегі саяси күштердің арасында біртіндеп нығая берді деп айтуымызға болады. Орта және төменгі деңгейдегі күштердің толықсып, позицияларының нығаюымен қатар, айтарлықтай кемшіліктердің де орын алуы болашақтағы бүлдіргі тірліктерге алып келуі мүмкін еді. ТКП Перовскілік уқалкомы бойынша жіберілген кемшіліктерді анықтай отырьш, онда: «Уездегі экономикалық саясаттың негізгі бағытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлер арасында майда буржуазиялық ағым тез таралуда... Уездің кейбір болыстарында партия мүшелерінің арасында рулық текетірес барынша ушығып отыр, мұны уездік комитет тамыр-таныстық, туысқаншылдық және әртүрлі топтардың бірін-бірі түсінбеуі негізінде пайда болған құбылыс деп түсіндіреді» делінген. ТКП-ның Шымкент уқалкомының жұмысына берілген бағысында да «...жауапты қызметкерлер арасында әртүрлі топтардың болуы және уқалком мен уаткомның жұмыстарының әлсіздігі» айтылады. Осындай жағдай Әулиеата уезінен де байқалады. «Партия және кеңес жұмыстарының жағдайына бір-біріне қас топтардың әрекеті үлкен әсер етіп отыр, тіпті уездегі белсенді қызметкерлер арасындағы айтыс-тартыстың ұлғайғаны соншалықты, ол атқарылатын жұмыстарға айтарлықтай қауіпті болып отыр.» 1922 жылмен белгіленген көрсетілген құжаттан кейінгі, 1926 жылғы құжаттарда да осы фактілер кездеседі. «Топтар бар, бірақ идеологиялық мазмұнда емес, рулық мазмұнда (патриархалды құрылыс қалдығы) және билікке таласу жолында құрылған. Кеңестердің сайлауына байланысты топтар арасындағы күрес өрши түскен, олар тек «өздерінің» адамдарын өткізу мақсатында топталуда. 2-ші Сырдариялық партконференцияның қаулылары негізінде губком аталган топтармен ымырасыз күрес жүргізуде.» Осында ішкі партиялық демократияның дамуындағы екі уклон (ауытқушылық) көрсетіледі - бір жағынан норманы сақтамау (орындамау), яғни өткізілген сайлауды ауыстырып орнына жаңа сайлау белгілеу, осы арқылы аудандық деңгейдегі басшылықты одан жоғары тұрған органдардың ыңғайына сәйкестендіру. Келесі жағдайда демократияның тым кең мағынада түсініліп, партиялық мәселелерді шешуде дауыс беру құқын партияда жоқтарға да беру болып табылады. Ресей социал-демократиясының тарихында тек РСДРП-ның 1-ші съезі ғана қарама-қарсы топтарға бөлінуінсіз өтті. Бүдан ары барлық съездерде дерлік теориялық және саяси тактика мәселелері бойынша тоқтаусыз топтың күрес жүріп отырды, егер билікке ілінгенге дейінгі кезеңде бұл болмай қоймайтын қиыншылық ретінде қарастырылса, билікке келгеннен кейін жекелеген топтар олардың теориялық көзқарастары мен тактикалық қалауларына қарамастан іс жүзінде партия мен мемлекеттегі нақты билік үшін күресті. 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың алғашқы жартысында ішкі партиялық демократия ауқымындағы ішкі партиялық күрес И.В.Сталин мен Кеңес үкіметі жылдарында қатарға қосылған саяси бюроның жаңа мүшелерін қанағаттандырмады. Соңғылары партияны билеуші пікірталас клубы кейпінде қарастырмай, «семсершілер ордені» ретінде қарастырып оны темірдей берік партиялық тәртіпті сақтап, орталыққа сөзсіз бағынған жағдайда көрді. Сондықтан да кез-келген басқа пиғылдағы топ, оның себебіне жеке өмір сүру жағдайына қарамастан сөзсіз билеуші партияның қаһарына ұшырап отырды. Мұны жергілікті жердегілер айқын түсінді. ТКП-ның Әулиеата уездік 4-ші конференциясында: «Ерекше назар партиялық тәртіпке бөлінуі керек, ол үшін... уқалком ең қатаң шаралар қолданудан бас тартпауы керек, ұяшықтар мен фракциялар ішіндегі ..., әрбір партия мүшесі тәртіптілікті түсініп, өз ұйымына бағынуға міндетті, ал әрбір ұйым уқалкомның нұсқауларын қалтқысыз орындауы қажет, кері жағдайда олар барынша қатаң жауапкершілікке тартылады, тек осындай тәртіп қана толық және өміршең, кең де жоспарлы жұмыс атқара алатын партия ұйымын бере алады.» Осылай ойлау және әрекет етудегі өзімділік пен жалпы партиялық шешімдерге сөзсіз бағыну дилеммасында приоритет жоғарғы партиялық органдарының шешімдеріне сөзсіз бағынуға берілді, іс жүзінде партияның ішіндегі мұндай жағдай тек 30-жылдардың екінші жартысында ғана мүмкін болады, әзірге әртүрлі ырың-жырың тиылмаған еді. Осылай «1925 жылдың ақпанындағы БК(б)П-ның Әулиеата укомы хатшысының саяси хатында партиядағы жағдай қанағаттанарлық деп анықталып бұған тиісті фактілер келтіріледі және осыған қосымша кері жағдай туралы да айтылып өтеді». «Уездегі Кеңес жұмысы соншалықты әлсіз, бұған себеп көп, осылардың бірі және ең негізгісі - бұл УАК Презедиумы мен УАК төрағасы жол. Қошмамбетовтың жұмыс істей алмауы, ол нақты жұмыс істеудің орнына әртүрлі қитұрқылық әрекеттермен шұғылданып, керексіз қағаздар жазуда. Оған ескерту жасап, оның топтық ағымдық мінездерін тастауына ықпал ету керек. Келтірілген факт уком мен уаткомның арасындағы, сол кездегі қарама-қарсы топтарға қатыстылығы негізіндегі нақты қарама-қайшылықты көрсетіп тұр, олардың қайсысының дұрыс екендігін дәлелдеу мүмкін де шығар, бірақ шын мәнінде екі жақ та, уездегі өңірлік саяси күш ретіндегі, партияның позициясын әлсіреткені анық. Уездегі партия ұйымының беделіне оның саяси-адамгершілік жағдайының әсер еткендігі түсінікті, егер жалпы халықтың негізгі белігі тиісті билік құрылымдарының саяси бағдарламасын толық түсінбегенімен, олардың күнделікті жүріс-тұрысын, бірінші кезекте билік басындағылардың мінез-құлқын аңғаруы қиын емес еді. Осы орайда «Түрік баспасөз» қоғамы басқармасының орынбасары Е.Максаковтың Әулиеата қаласы мен партиялық басшыларына берген мінездемесі қызығушылығын тудырады. Бар кемшіліктерді ол былай түсіндіреді: «...айдаладағы қаланың мисыз (топас) мещандарының түсініксіз тірлігін есепке алмағанда...» осындай халқының саны аз, кеңестік аристократиясының саны тіпті де болмашы қалада, үш сыра және бір сыра қайнату зауыты жұмыс істейді, осының бәрін Әулиеата қаласындағылар жұтып жатыр. Күн сайын топталған жауапты қызметкерлерді және жауапты да еместерін... Көлденең табыс тауып жүргендердің арасынан көруге болады... Осының бәрі күнделікті өмірге еніп, сыналып та жатқан жоқ, тек төмендегілердің ғана күбір-күбірі партиялық және кәсіптік тізгін ұстағандардың бет-бейнесінің қандай екендігін анықтап бергендей». Автор ары қарай «...Мещандық тұрмыс жағдайы мен оның салдары, оған бүкіл болмысымен кірген басшылықтағы жауапты қызметкерлерге де әсер ететіндігін» айтады. Осы тұрғыдағы, тек бүркемеленген формадағы басқа партия құжатында да: «Ұйымда арақ құмарлық, бөлінушілік және басқа да кемшіліктер жаппай орын алып отырған жоқ, тек жеке-жарым ғана осындай оқиғалар бар.» Бұл оқиғалардың соншалықты аз болмағандығын, партияға қабылдау мен партиялық тазалау материалдары керсетеді, онда аталған кемшілік партияға қабылдау, кандидаттыққа ауыстыру, ал кандидаттықтан тілектесшілге немесе партиядан шығаруға негіз болуға жарап жатты. Жалпы алғанда большевиктердің партия ұйымдары 1918-20-шы жылдардың соңына дейінгі кезеңде өз ықпалын барынша арттырып отырды. Әрине, олар өздеріне қарсылас саяси күштерді елеусіз қалдырған жоқ. Мұны солардың шотын шапқан сол кездегі баспасөз байбаламынан да көруге болады. Осылай, «Еңбекші қазақта» жарияланған Тоғжанұлы Ғаббастың «Қазақ коммунистерінің көпшілігі партия жолында» деген мақаласында: «Смағұл, Сұлтанбектер не ұлтшыл, не коммунист бола алмай жүр», — деп оларды сынап еткен. Бір жағы бақталастыққа келіңкірейтін Ізмұқан Құрамысұлының «Ұлттар және байшыл ұлтшылдар туралы» атты көлемді мақаласында тағы да Смағұл Садуақасұлы сыналған. Бұл жерде ұлттық интеллигенция арасындағы өзара алауыздықтың Қазақстандағы саяси ахуалға Орталықтың білек сыбана араласуына жол ашып беріп тұрғаны көрініп-ақ тұр. Өз позицияларын түпкілікті нығайтып алғаннан кейінгі негізгі мәселе, өз қарсыластарына қатысты байлам жасау керектігі болатын. Бір жағынан өткен түсініспеушіліктерді ұмытуға болар еді, ал екінші жағынан макиавеллизм дәстүрлеріне сәйкес, қолданбалы саясатта, орын алған реніштер кешірілмейді. Сондықтан да саяси оппонентті бас көтермейтіндей етіп сұлатып, оның ерте ме кеш пе кек (реванш) алуына мүмкіндік бермеу қарастырылды. Екінші жолды таңдаған большевиктерге бұрынғы оппонентерімен есеп айырысуда реттілікті дұрыс таңдау қажет болды, алдымен өте қауіптілерін, кейіннен аз қауіптенетіндерін. Биліктің қолдарында болып, жазалау аппаратының нығайтылуы, социалистік қайта құруларды жүргізудегі асығыстық, большевиктерді әлеуметтік топтар мен әртүрлі халықтар арасында және ең соңында партияның өз ішінде репрессиялар жүргізуге итермеледі. 3.2 Индустриализация және ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру саясаты кезіндегі саяси қуғын-сүргін Кеңес үкіметінің барлық өмір сүру кезеңіндегі өзіне тән ерекшеліктерінің бірі ретінде мемлекеттің үнемі (Ресей империясы өмір сүруінің соңғы жылдарынан - КСРО-ның саяси және экономикалық негіздерінің іс жүзінде жойылуына дейін) қауырт (экстремалды) жағдайда болғандығын айтуға болады. Кеңес үкіметі бірінші дүние жүзілік соғыс өтіп жатқан кезеңде орнады, бұл кезде Ресей әскери уақыттағы өз экономикасының шатқаяқтануы себепті майдан да іс жүзінде жеңіліп тынған еді. Брест келісімін жасау жағдайды жеңілдеткен жоқ, керісінше оны одан әрі ушықтырды, бұдан кейінгі азамат соғысы мен оның салдарлары, ауыр және қорғаныс өндірісіне иек артып тездетілген индустриализация, соңғысына жаратылған қаржының табыс ретіндегі қайтарымын кемінде жиырма не болмаса одан да көп жылдар күту қажеттілігі. Сыртқы саяси қатынастарда барлық жағдай келесі соғыстың болатындығын көрсетуі себепті, ішкі сияси жағдай қыруар адамнан тұратын армия ұстау қажеттілігін, ол үшін әскери қару-жарақты жетілдіріп және қайта жарақтандырып, осыған сәйкес халық арасында үгіт-насихат жүргізу керек болатын. Осындай жағдайларға байланысты социалистік қоғам құру бағыты үнемі жүзеге аса бермеді, мұның өзі қалыптасқан жағдайды ескере келе, әлеуметтік таптар мен топтарға залал келтірмей жүзеге асуы мүмкін емес те еді. Тиісінше, негізделген құқықтың база да құрылып үлгермеді, қалыптасқан жағдайда көрнекті жұмыс атқара алатын кадрларды дайындауға да уақыт жетіспеді. И.В.Сталиннің белгілі - «революцияны ақ қолғапта жасамайды» деген анықтамасы бойынша және Н.Макиавелли айтты делінген - «мақсат кез-келген қолданысты ақтайды» анықтамасын Кеңес үкіметі мен Б.К.(б) П өз саяси арсеналына енгізіп, қазіргі кезеңдегі «жалпы халықтың құндылық», «кұқықтың мемлекет» туралы түсініктермен қиыспайтын, гуманизм принциптеріне кереғар әдістерге жүгінді, жағдай сонымен бірге бүгінгі күннің көзқарасымен түсінуге қиын, саясаттың жалғыз күшті құралы ретінде күш қолдануды, бастамшылықты, соғысты таңдаумен ушықтырылды. Б.К(б) П мен Кеңес үкіметінің жаппай саяси репрессиялар жүргізуді бастауыш қазіргі тарихнама көп жағдайда В.И.Лениннің есімімен және азамат соғысы жылдары басталған «қызыл террор» дейтінмен байланыстырады. Мұндай түсінік саяси публицистика тұрғысынан түсінікті болғанымен, ғылыми-тарихи мағынада дөрекілеу болып көрінеді. Лениннің өзінің 1918 жылдың тамызындағы қастандық нәтижесінде «ақ террордың» алғашқы құрбаны болып, және осы кездегі Петроград ТК сының төрағасы Урицкийге жасалынған қасталық та анықталған фактілер болатын. Алдыңғы қатарда саяси қызметкерлерге қастандық жасалған көшу фактілері, бұл болмаған жағдайда қарсы лагерь өкілдерін кепілдікке алу азамат соғысын жүргізудегі әдістерін бірі болып, теңгермелі мағынада сол кездегі бүліктер азамат соғысы даласындағы ашық айқастармен бірдей мағынада дұрыс деп есептелінді. Мұндай логикалық кереғарлықтың негізінде, саяси репрессиялардың тұрпатын, тек мемлекет тарапынан жүргізілген заңсыз қылмыстық қудалау деп түсіндіріліп жатыр. Дегенмен репрессияда, террорда кез-келген саяси күштердің тиісті мүмкіндіктері болған жағдайда қолданыла береді. Мәселен азамат соғысының басталуына білдірген ақ чехтардың бүрлігі Волгадан Тынық мұхитына дейінгі кеңес белсенділерін жаппай қырып-жоюға ұласқан еді. Осыған қарамай саяси репрессиялардың қолданылу Кеңес үкіметін сақтау мен нығайтудың құралы ретінде болды деп бекітудің дұрыстығы анық-ақ. Ерекешелігі, репрессиялардың әртүрлі жағдайда әртүрлі құбылып, экономикалық зардап келтіруден және саяси құқықтарын айырудан, нақты тарихи кезеңнің мазмұнына орай, жойып жіберуге дейін баруында болды. Тиісінше әрбір кезеңнің өзіндік себептері болып оған қазіргі күн тұрғысынан түсінілуі қиын негіздемелер беріліп отырды. Оңтүстік Қазақстан өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да, зерттеліп отырған кезеңде, оның бірінші дүниежүзілік және азамат соғысы майдандарынан қашықтығына қарамастан, өте ауыр болды. Сол кезеңнің құжаттарының бірінде «Капиталистік үкіметтердің орасан зор соғыс өртін тудырып, осыған байланысты елді зар жылатқан мобилизация, одан кейінгі кәмпескелеу, рубльдің құнының түсіп кетуі, бақытсыз 1916-1917 жылдар, сол жылдардағы құрғақшылық және малдардың жаппай қырылуы, осының бәрі өлкедегі онсыз да әлсіреген мал шаруашылығын одан бетер құртып кетті, ал көшпенділердің мал бағудан басқа өмір сүру тәсіліне бейім еместігінен, соңғы жылдары жергілікті халықтың 30-50%-ға дейін жойылып кетуіне апарды. Әулиеата уезі (көшпелі) халқының саны 332461 адамнан 131783 адамға қысқарды, яғни 200678 адам өлді немесе көшіп кетті. Ары қарай құжатта рубльдің ең төменгі шегіне дейін құнсыздануы, осыған байланысты барлық қажетті тауарларға бағаның барынша көтерілуі, жәлдептіктің күшті етек алуы, малшылар шаруашылығын әбден титықтатып, өте маңызды шаруашылық өндірісі болып саналатын мал шаруашылығын, сонымен бірге олардың иелері, яғни көшпенділердің де іс жүзінде құрып кетуіне әкелуі әбден мүмкін екендігі айтылады. Жағдайдың өте қиын болғандығы көрініп тұр, осыған байланысты шұғыл іс-шаралар қабылдау керек екендігі де айқындалып тұрғандай. «Әскери коммунизм» деген атпен белгілі экономикалық саясат Түркістан өлкесінде елдің орталық аудандарынан бөлек жағдайда жүзеге асырылды. 1918 жылдың 15 тамызындағы азық-түлік комиссариатының бұйрығына сәйкес «Республика ОАК және ХХК бекіткен, шұғыл өткізілген азық-түлік мәселесіне байланысты сьезінің қаулыларына қосымша, Өлкенің сауда жасау еркіндігіне тағы да айтарлықтай тиым салынды. Нанмен сауда жасауға тек міндетті түрде, кедейлердің пайдасына әрбір десятина жерден 4-10 пұт астық еткізген квитанциясы бар, өндірушілер ғана жіберілді. Нан өнімдері тек жергілікті азық-түлік ұйымдарының рұқсатымен ғана сатылатын болды, оны сататындардың тізімі де осы ұйымдарда бекітілді. Оның орындалуын бақылау «ақсақалдар мен милицияға» тапсырылды. Әр «нан жеушінің» бір жылдағы 10 пұт нормасы есепке алынып, осыдан бір айлық қажеттілігі өткерілді. Сонымен қатар, «жаппай нан сатып алу мен тауар айналым мәселесі тек қана Өлкелік Азық-түлік директориясы агенттерінің кұзырында болып, солар ғана өндірушілерге жергілікті жерлердегі жағдайға байланысты, бағаны белгілеп берді. Бұл қаулылардың әлеуметтік әділеттілігін ескере отырып, дегенмен, оның құкықтық мазмұнда болмағандығын айтуымыз қажет, әйтсе де мұның өзі бағаның өсуін, жәлдептікті уақытша жойып, халықтың біраз бөлігін аштықтан құтқарып қалды. Қаулыда: «Республиканың бірде-бір ұйымына нан өнімдерін оны өндірушілерден күштеп сатып алуына (реквизициялауға), оны пайда көру немесе жәлдептік мақсатта сатып алуға тиым салынды, бұйрық орындалмаған жағдайда революциялық трибуналдың сотына тарту қарастырылды. Әулиеата уезі қалалық Кеңесі атқару комитеті президиумның 1919 жылдың ақпанындағы қаулысына сәйкес аштарға көмек ретінде бірнеше іс-шаралар белгіледі. Әулиеата уезі капиталистерінің тізімі бекітіліп, оларға «227000 рубль, 650 копеек ақшалай, 2350 қой, 340 ірі қара мал» мөлшерінде контрибуция салынып, осыны Уезашкомға өткізу тапсырылды. Салынған контрибуцияны 3 күннің ішінде төлемеген жағдайда капиталистің мүлкі түгелдей есепке алынып, мемлекет қарамағына өткізілуге жатты. 1918 жылдың 31 қазанында Әулиеата уезінің атқару комитеті ашаршылыққа ұшырағандар туралы мәселені қарастырьш, Таулы бөлімшедегі алыпсатарлардан қабылданған қойлардың 10%-н кәмпескелеп, оны аштарға көмектесу қорына өткізу, Мерке бөлімшесіндегі 900 қойды және Черняев уезімен шекарада реквизицияланған қойлардың 10%-н де осы қорға өткізу жөнінде қаулы қабылдады. Қаулының екінші парграфы «300 ірі қара малды қырғыздардың (қазақтардың) бақуат бөлігінен» кәмпескелеуді де көздеген еді. Атқару комитетінен комиссия тағайындалды «Қожабергенов және Яцук жолдастар іс уездің болыстарының мән-жайын анық білетін, қырғыз қазақ конференциясының өкілі Жанұзақов...» Сонымен қатар, «Таулы бөлімшедегі қойларды дұрыс реквизицияламағаны» туралы да мәселе қаралды. Малдарды-саудаға түсетін және малда қалдырып өсімін алатындар деп екіге бөліп, атқару комитеті «сатылатын қойларды белгіленген бағамен өткізіп», кедейлер үшін қалада ет сататын лавка ашу», туралы қаулы қабылдады. «Өсім үшін» қалдырылған қойларды егелеріне қайтару көзделінді, бірақ олардан аштар қорына көмек ретінде 10 %-дық төлем алынып тұру қарастырылды. Азық-түлік салғыртының барлық қимылдары, әскери коммунизм саясаты ауқымындағы маңызды міндет ретінде қарастырылды «9-шы Кеңес және 5-ші Түрк Республикасының партия съездері қаулыларына кереғар, жергілікті атқару комитеттері мен партия ұйымдары азық-түлік органдарында лайықсыз жағдайлар жасап жатқандағы туралы мәліметтер тусуде... Салғырттың кулактардың күшті ықпалымен өтіп жатқандығы туралы мәліметтер бар... Азық-түлік мәселесі қазіргі кезде Түрк республикасының өмірлік маңызы бар мәселесі және осыған ерекше назар аудару қажет. Көрсетілген құжат ТКП ұйымдарына, армия мен темір жолдың саяси бөлімшелеріне арналып, оған Түркістан КП ОК хатшысы Н.Рахымбаевтың қолы қойылған, ол кейіннен Түркістан ОАК-ның 1920 жылдың 9-шы қарашасындағы қаулысымен толықтырылып, онда Сырдария обкомына партиялық және кеңестік белсенділерді азық-түлік органдары қызметіне мобилизациялау ұйғарылады. Бұл арада жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне аз қалғандығына қарамай, азық-түлік салғыртын жүргізудегі күштеу шараларының екпінінің қаттылығына мән беруге болады. Кеңес үкіметінің белсенділері мен функционерлеріне жергілікті жерлерде күшті іс-шаралар жүргізу ұсынылды. Осылай Ақмешіт уқалаткомының президи уымына аштықтың салдарымен күресу жөніндегі уездік комитеттің (укомпосследголод) төрағасынан түскен талап-тапсырыста (требование) «Аштардың салығын» жинаушы өкілге жағдай жасаудан бас тартқаны және басқа болыстық атқару комитеттеріне сабақ болу үшін» Жүлек болыстық атқару комитетінің төрағасы Сүлейменовты әкімшілік негізде жазалап «5-7 күнге күзетпен қамауға алып және сөгіс жариялау» туралы айтылған. Осындай шаралар қатардағы жұмысшыларға да қолданылды, мәселен 16 үймек жоңышқа жетіспегендігі үшін оны тасушы С.Өтемов мемлекет мүлкін ұрлады делініп «Перовск қаласындағы қамау үйге күзетпен қамалынды». Соттан тыс экономикалық репрессияларды жүргізудегі ең бір ірі акциялар өңірдегі ірі байлар шаруашылығы мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу мен жер аудару туралы каулыны жүзеге асыруы болды. Осы мәселе бойынша декреттің жобасы 6-шы шақырылған Қазақ орталық атқару комитеті мен Қазақ халық комисарлар Кеңесінің 1928 жылдың 27 тамызындағы біріккен мәжілісінде Нұрмақовтың баяндамасы бойынша қарастырылған еді. Өңірге байланысты аталған Декреттің «бұрынғы Сырдария губерниясының мақта егетін аудандарына» таратылмайтындығы ескертілді. Мұндай ерекше көзқарас, бәлкім мақтаның тоқыма және тамақ өнеркәсібіне шикізат ретіндегі экономикалық және ерекше әскери-стратегиялық маңыздылығына байланысты болса керек. Осы аудандардағы жағдайды ушықтырмау мақсатында байлар мен жартылай-феодалдардың малдарының санын ірі қараға салып есептегендегі қойылған нормалары сақталына отырып, басқа факторлар - жалдамалы еңбекті қолдану, жақсы жер үлестері, мал жайылымдары, шөп оратын жерлері және т.с.с. анықталмады. Декрет ауыл шаруашылығына байланысты барлық мүліктерді кәмпескелеуді қарастырды «...неге байланысты болмасын және қай жерде болмасын ... еңбек етуге қажетті ғана аздаған мал мен ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарынан басқасы түгел кәмпескеленді» 1928 жылдың 5 қыркүйегінде Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық комиссарлары кеңесінің «Ірі байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу туралы қаулысы және Қазақстандағы барлық батырақ, кедей, орташаларға ақсүйек байлардың мал-мүлкін алып, өздерін жер аударуға белсене кірісуге шақырған хаты жарияланды. Кәмпескеленген мүліктерді «батрактар мен кедейлерге теленетін төлем ақы ретінде, жергілікті халықтың кедейлеріне беру, осы негізде экономикалық жағдай көтерсе колхоздар құру, немесе қазірге дейін құрылған колхоздар мен совхоздарды нығайту» қарастырылды. Кәмпескелеуді жүргізу жөніндегі директиваларда оның өзіндік маңызы атап көрсетілді - «бір уақыттағы іс-шара ретінде жүргізіліп, қысқа мерзімде ауылдық жартылай-феодал байларының ықпалын болдырмай тастау... Кулактар мен байларға шабуыл ұзақ уақытты іс-шара болып табылады ол ЖЭС- ке негізделіп, батрак-кедейлер мен орташалардың кулактар мен байларға қарсы аянбас күресуі арқылы жүргізілуі тиіс. Декреттегі көрсетілген цифр - 700 ірі шаруашылықты кәмпескелеу әрине «ықпалын болдырмай тастау» мәселесін шеше алмайтын еді тіпті, Қазақ АКСР халқының аздығын есепке алғанның өзінде осы шаруашылықтардың кәмпескеленуі ауыл мен селодағы үлкен ауқымдағы жаппай экспроприациялаудың алғы шарты болды десек қателеспейміз. Директиваға сәйкес «кәмпескелеу жалпы байларға қарсы емес, ауылда өзінің ықпалы арқылы патриархалды жартылай феодализм қалдықтары мен рулық қатынастарды қолдайтын байларға қарсы қолданылады», - делініп кәмпескелеу тәртібін біршама тежеу қарастырылды. Мәселен, кәмпескелеуге ауыл шаруашылығына қатысы жоқ үй бұйымдары, сонымен қатар күнделікті ішіп-жем тағамдары кірмеді. Акцияны, «дәстүрдегідей», қысқа мерзімде бірінші қыркүйекте, Декрет жарияланған күні бастап, 1-ші қарашада барлық процесті жер аудару мәселесін қоса отырып бітіру көзделінді. Сырдария округіне өлкелік өкілі етінде сол кездегі Қазақ АКСР ХКК төрағасы Ораз Исаев жіберілді. Округ бойынша кәмпескеленетін шаруашылықтардың жалпы саны 1-ші категория бойынша 80-ге жетті, бұлар «ірі бай-жартылай феодалдар еді», және 2-ші категория бойынша 9 шаруашылық - бұрындары ерекше лауазымды топтарға жататын, антикеңестік қызметтерге байланысы барлар болатын. Сол кезде Сырдария губерниясы құрамынан бөлініп шыққан Қызылорда округы бойынша кәмпескелеу тиісінше 35 және 5 шаруашылықтарда қарастырылды. Мән берерлік жәйт, Сырдария округіндегі кәмпескеленетін 80 шаруашылық республиканың, басқа округтерімен салыстырғанда өте ірі топты құрады, ал Қызылорда округін қосқанда тиісінше 115 және 14 шаруашылық болып, республиканың 12 округіне бөлінген шаруашылықтардың жалпы санының 18,4% құрады. Кәмпескелеуді барынша қысқа мерзімде өткізу және шаруа қожалықтары тарапынан болатын қарсы әрекеттерді болғызбау мақсатында, тізімдерді құруды тікелей жергілікті жерлерде өткізу міндеттелді. Қорытынды тізім БК(б)П Өлкелік комитетінде бекітіліп, оған дейін округтік және аудандық комиссиялардың, кедейлер мен батрактардың жалпы жиналысында сайланатын көмектесу комиссиясында (комиссия содействия) талқыланатын. Кәмпескеленген малдарды бөлу «...аты жоқты атпен қамтамасыз етіп, сиыры жоққа сиыр беріп (түйесі жоққа да солай), ал ұсақ малға келсек жеке шаруашылыққа 10 қойдан үлестіру дұрыс (ірі қара мал аямағандарға) деп есептелінді. Кәмпескеленген мүліктердің байдың, туысқандары мен достарына берілмеуі атап айтылды, сонымен қатар «Кеңес немесе партия аппаратында жұмыс істетіндердің мал алуына» жол берілмеді, «партия мүшелеріне», батрактар мен кедейлерге бұл тек жалпы негізде ғана мүмкін болды. Округтік комитеттер партиядағыларға қатысты ешқандай артықшылықтың болмауын қадағалауға тиіс» болды. Қызылорда округі аудандарындағы кәмпескелеуді жүргізу іс жүзінде әу бастан-ақ БК(б)П-ның Қазақстан өлкелік комитеті директиваларымен қарама-қайшылықта болды. «Ауылда жартылай феодалдық, патриархалдық рулық қатынастарды сақтап отырған ірі байлардың мүлкін кәмпескелеу және жер аудару» комиссиясының отырысында округтің Арал ауданында кәмпескеленетін шаруашылықтардың тізімі дер кезінде құрылмағандығы атап өтілді. Комиссия «аудандағы кәмпескелеу жұмысы барысындағы қиын жағдайларға - мекендердің бір-бірінен алыстығын, байлар тұратын жерлердің жақын емес екендігін байдың мүлкін бөлуді заң тұрғысында рәсімдеудің жоқтығын, бұл мәселенің шиеленісіп кеткендігін» айта келе, ары қарай бай шаруашылықтарын бөлу мәселесінде нақты шешімнің жоқтығы байдың туысқандарының малдарын дұрыс кәмпескемелеуге апарып отыр» делінген. Сонымен қатар, «...өкілдер беріп отырған мәліметтер мен байлардың қолдарында бар малдарының арасында үлкен айырмашылықтың бар екендігі де анықталды. Мұның өзі малдардың санын есептеу кезеңінде байдың көптеген туысқандарының бір шаруашылыққа бірігуінің нәтижесінде болған еді... Тіпті кәмпескелеу жүрген аудандарда тұрмайтын адамдардың да аталған тізімге еніп кету жағдайлары болды, байдың туысқандарының кейбірі кәмпескеленбей олардың малдары өздеріне қайтарылып берілді. Қазалы ауданында комиссия мәжілісі ауылдарда кедейлердің арасына жанашырлар комиссиясын (комиссия содействия) құрып, оларға «байлардың,атқамінерлердің және әлеуметтік жағынан зиянкес элементтердің ..., жасырынған малдарын және байдың басқа да мүліктерін анықтау... жер мен шабындық жерлерді айқындау міндеттелінді.» Шиелі ауданында, ауыл кедейлерінің белсенділік танытуымен «кедейлер мен ауылды кеңестендіруге зиянды» байлар мен атқамінерлер кәмпескелеуге ұшырады, бұл арада кәмпескелеу жөніндегі ереженің өзімбілерлікпен бұзылғандығын айта кетуге болады. Барлығы ауданда кәмпескелеуге 3 адам ұшырады, оның ішінде біреуі «атқамінер және ауылды топқа бөлуші ретінде», 2-топпен жазаланды. Айта кетерлік жәйт, байлардың малдарының саны үнемі қажетті цифрларды бергенімен, мұның нақтылықтан ауылы әжептәуір алыс болатын. Келтіріліп отырған кәмпескеленген мүліктер тізімінде киіз үй, кілем, текеметтер бар, осы орайда аталған мүліктердің декрет және директивалар арқылы рәсімделмегенін (рұқсат етілмегенін) айту керек. Ары қарай құжатта «Байлардың кәмпескеленген малдары мынадай жолмен бөлініп берілді: байлардың өзіне ірі қара малға шаққанда 16 бастан, 4 артелдерге, ірі қара малға шаққанда 181 бас, оның ішінде 450 қой мен 150 ешкі, ал қалғандары ірі малдар, яғни түйелер, жылқылар және сиыр малдары ... осының бәрі артелдерге теңдей үлестіріліп берілді. Кәмпескеленген малдың қалған бөлігі 105 батрак нен кедейлерге ... әрқайсысына ірі қара малға шаққанда 5 немесе 6 бастан бөліп берілді. Бұл жерде кәмпескеленген малдардың ауылдан 100-деген және тіпті 1000-даған шаршы қашықтықта болуына қарамай тездетін есепке алынуы осы мәселедегі шалағайлықты көрсетін тұрғандай. БК(б)П-ның Қызылорда округтік комитеті секретариятының құпия мәжілісінде кәмпескелеу кампаниясын жүргізу барысында жіберілген жетімсіздіктер мен қателіктер тұрғысында «...ірі байларды дер кезінде жер аудармау, кәмпескеленген малдарды бөлу кезіндегі жайбасарлық, сонымен қатар қарастырылып отырған Қармақшы ауданында «кәмпескеленген ірібайлардың белсенділік танытуына ешқандай кедергінің болмауы, олардың приговорларға кедей шаруаларын қосып жіберуін (яғни оларды кәмпескеленетін шаруашылықтар тізіміне кіргізу) осы нәтижесінде тек бір ауылдан басқасы өтірік болып шықты (приговорларда 6 жасар бала, ауылдан тыс жерлердегі ауру-сырқаулар қатыстырылған, сонымен қатар халықтың психолологиясына кері әсерін тигізетін үгіт-насихат жүргізіліп отырған» Осыған орай жазалау шаралары мынадай болды: «Аудандық атқару комитетінің ОАК төрағасы жолдас Қарақожаевқа және басқа да партия мүшелеріне байланысты барлық материалдар және осы және басқа да шалағайлықтарды жіберіп көзге түскендердің ісін партиялық жауапкершілікке тарту үшін Округтік Бақылау Комитетіне өткізу – Облыстық прокуратураға тез арада өтірік құжаттар құрап, елден қол жинауға түрткі болғандар мен бастамашыларға қатысты қылмыстық істі бастау керек. Бұл арада осы маселелерге қатысты, кәмпескелеу барысындағы прокуратура өкілдеріне аудандық комиссия мен әсер ету комиссияларының арасында тек қосымша дауыс құқы ғана берілгендігін айтуымыз керек. Партиялық жауапкершілікке тартудың оперативтілігі таңқалдырады осылай аумақтық тексеру комиссиясы байлардың мүлкін кәмпескелеу барысындағы немқұрайлық пен партия бағытын дұрыс жүргізбегендігі үшін «ОАК төрағасы Қарақожаев туралы барлық материалдарды Секретариат мәжілісінен кейін 10 күннің ішінде талап еткен.» Байлардың шаруашылығын кәмпескелеу науқаны барысын барынша бақылауда ұстап отырған Қызылорда аймақтық партия комитеті жергілікті жерлерге өзінің 24 өкілін жіберді. Өңірде түсіндіру жұмысының нашарлығы атап өтіліп, мұның өзі ауылдардың астаң-кестеңін шығарды» -«...базарларға мал толып кетті, еңбекші халық негізінен орташа шаруалар (заңға) кәмпескелеуге ілініп кетеміз бе деп қорықты». Осы орайда мынадай факт қызығушылық туғызады, онда «...арбакештер артелі Жусалы станциясынан Қарсақбайға жүктерін жеткізбей, кәмпескелеуғе ұрынып қалудан қорқып ауыл-ауылдарына қашып кеткен. Келтірілген мысалдар, орта шаруалардың азық-түлік салғырты мен ауыр салық кезеңінен аузы күйіп қалғандығын керсеткендей, сондықтан да олар бұл Декреттің теқ белгіленген және тізімі берілген шаруашылықтарды ғана қамтып, барлықтарына жаппай қатысты емес екендігіне сенбеді. Аймақтық комитет Арал аудандық комитетінің жұмысын ескере келе Декретті жүзеге асыру барысында, оны басқа да мәселелерді шешумен байланыстырылуын нұсқады. «Батрактар мен кедейлерді кәмпескеленген малмен қамтып отырып олардың көңіл-күйін ... колхоздар мен совхоздар ұйымдастыруға бұрған жөн. Кедейлер мен батрактарды малдарын жасырып жүргендерді анықтауға пайдалану керек.» Сонымен қатар Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылу мәселесі, сұраныстар және арыздармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, индустриализациялаудың екінші Займының облигацияларын сатып алудың маңыздылығын түсіндіру қарастырылды. Сондай-ақ, баспасөз бетінде берілген кәмпеске науқанына байланысты «Ошақ бай, кедейлерді дүрліктіріп жүр» (Сырдария окр.), «Ауылнайдың көмбесі», Сарсенбай Малайдың өлеңі (Тереңөзек), «Байлар баратын жеріне жіберілді» (Қызылорда), «Дүйсенбі ауылында үн жоқ» (Арал ауд.), «Байлардан құтылдық» (Жаңақорған) деген топтамаларда «түсіндіру» жұмыстары әрине, өте ыждаһаттылықпен жүргізілді. Үгітшілік жұмысының белсенді атқарылуының мысалы Тереңөзек ауданынан көруге болады. «...Халық толқулы, олардың қазіргі назары толығымен кәмпескелеу туралы заң мен осыған байланысты атқарылып жатқан істер төңірегінде. Кедейлер қауымы үкімет тарапынан жүргізілген іс-шараларға барынша ықыласты. Барлық дерлік кедейлер жиналыстарында байлар мен атқамінерлер туралы мәселелер қарастырылып, оларды кәмпескелеуге және жер аударуға жататындардың тізіміне қосу туралы бірауыздан шешімдер қабылдануда. Басқа аудандар мен жалпы аймақ бойынша да осындай талаптар қойылуда: «Кәмпескелеуге тек ірі байларды ғана емес, сонымен қатар барлық атқамінерлер мен бұрынғы басқарушылардың писарьларын да іліктіру». Батрактар мен кедейлердің белсенділігі басқа да қырынан көрінген жайлар болды. №3 ауылдың кедейлері өздеріне қажетінен едәуір көп шөп жинап кәмпескелеуден түскен малдан дәметіп, берілмеген малға қысқа дайындық жасады. (Қармақшы ауданында). Қазақ ауылы мен переселендік деревнядағы кедейлердің мұндай белсенділігі тек «түсіндіру жұмыстарының қайтарымы деп ұғылмаса керек. Оның түбірі тіпті де тереңде жатқан сияқты, бірнеше ғасырлар бойы өмір сүріп келген шаруалар қауымдастығында, анығында, барлығы тани білген жеке меншік институтты құралған жоқ болатын. Керісінше озбыр кулактың шаруашылығын жағып жіберу немесе шылқыған байдың малын айдап әкету тез қабылданатын. Орташалар болса жоғарыда айтылған кәмпескелеуге түсіп қалуға корқынышынан бөлек «барынша күтушілік» позициясында болып үнсіз қалды, дегенмен де кедейлердің жиналысында қатысуда, белгілі бір жағдайда оларды қолдаған (жаны ашыған) сыңай білдіреді. Қайсібір жағдайда орташалар кедейлердің жиналыстарында сөз сөйлеп онда: «байлар оорташылардың шаруашылығына аз нұқсан келтіріп жатқан жоқ, олар барлық күшті жайылымдар мен егіс алқаптарын тартып алуда және өздерінің аталастары арасындағы ықпалдарын пайдалана отырып, орташаларды жеке мақсаттары жүзеге асуы үшін пайдалануда. Осылай №2 және №4 ауылдардын екі орташасы өз еріктерімен ықпал ету комиссиясына кіріп, кедейлермен бірге түйелерге мініп Қостанай аймағындағы кәмпескелеуге жататын шаруашылықтарға жеткізуге ат салысты . Орташалардың «күтушілігі» мен «үнсіздігі» олардың меншікке деген салмақты саналы көзқарасымен, оны кұрау мен жинақтау үшін толықтай бір ұрпақтардың еңбегі қажет екендігін ұғынуымен түсіндірілсе керек.Ал кедейлер мен батрактар болса, өз қарсыластарының әлсіздігін пайдаланып оларды тіптен құртып жіберу үшін осы науқанға білек сыбана кірісті. Басқа да себептер ретінде «орташалардың науқанга (кампанияға) нашар ат салысуына олардың көпшілігінің әлі де жайлаудан көшіп келе алмағандығы, сонымен қатар кампанияның егін жинау мен шөп, пішен дайындау жұмыстарының қызған шағымен дәлме-дәл келуі айтылады. Әрине, өз шаруашылығымен әлек, жұмыс басты орта шаруаның әр түрлі жиналыстарға қатысуға мүмкіндігі болмайтын еді. Тиісінше «бос уақыты мол», яғни өз шаруашылығы жоқ кедейлер мен батрактар кәмпескелеу жұмыстарына қызу ат салысты. Ықпал ету комиссиясына мүше 10 батрак уәкілдермен бірге Қызыл Құмнан екі байдың малын айдап келу үшін қиян даламен 1 мың 600 км. (верст) жер жүріп өткен. Тереңөзек ауданындағы ықпал ету комиссиясының мүшелері байлардың малын алып келу үшін 200-300 км қашықтықтағы жайлауға барып келген. №20 ауылдың да комиссия мүшелері байлардың малын алып келу үшін 300-400км қашықтықтағы жайлауға осы мақсатта барған. Көрсетілген жәйттер кәмпескелеу кезеңінде нақтылы мал санын анықтаудың мүмкін болмағандығын керсетеді. Себебі, осыншама үлкен қашықтықтан, дұрыс бағыт-бағдарды, құдықтардың қайда екендігін нақты білмей, сонымен қатар экспедицияның ішіп-жемінің жетіспеуі салдарынан, малдарды аудан орталықтарына айдап келудің оңай болмағандығын көрсетеді. Өз кезегінде, шаруашылығы кәмпескелеуге жататын байлар малдарын толық немесе жартылай болса да сақтап қалуды көздеп, бар малдарын жасырудың бір айласы ретінде өз шаруашылықтарын бірнеше бөлікке бөліп, оны туыстарына таратып берді. (Қарсақбай, Тереңөзек, Қармақшы аудандарында). «Бай Қонтаев Рахметтің 1700 ірі қара және 1190 ұсақ малы бар. Оның баласы малдарының біразын жасырып, Қаракұмға 14 жылқы, 38 түйе және 165 қой айдап бара жатқан жерінен ұсталды.» Қызылорда округі бойынша тәркілеу жұмыстарының қорытындысы БК(б) П–ның округтік ұйымы тарапынан әртүрлі тұрғыда талқыланды. «Жергілікті жерлердегі партия ұйымдары батрактар мен кедейлерді саяси жағынан жұмылдыруды жүзеге асыра алды және оларды өздерінің соңынан ертті..., «мұның өзі олардың жаппай партияға өтуіне... (VІ еріктерімен көмектесу комиссияларына қатысуына, байларға барынша күшті шабуыл жасауына ұласып отыр, осы арқылы рулық карым-қатынас әлсірей түсуде.» Тәркіленген малды бөліп берудің «... едәуір экономикалық қайтарымы болды, партияның ауылды орташаландыру ұраны жүзеге асты», мұның өзі кедейлер мен орташаларды жартылай феодал байларға жопомикалық және саяси кіріптарлықтан құтқарды және ауылда өндіргіш күштердің дамуына ықпал етті, осының бәрі өз кезегінде ауылда социалистік қайта құру процесін жүргізуді жеңілдеткен еді.» Әрине, бұл жерде берілген баға мен қорытулардың бәржақтылығы және тым көтеріңкіліті көзге ұрып-ақ тұр. Байыбына барып анықтасақ, байлардың малын тәркілеудің шу дегеннен-ақ заңсыздыққа негізделіп, ұр да жық әдістерге сүйенгені, сонымен катар жекеменшікті жоюда. Оның түп негізіне тереңдемегені білінеді. Соңғысының тамырына балта шабу оны үш негізінен айырған еді: иелік етуден, пайдалану құқынан және жеке билігінен. Сонымен, жекеменшіктің алғашқы функциясы - иелік етуден айыру тіпті де оңай шешілді, байлардың мыңғырған малдары батрактар мен кедейлерге және ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру тәжірибесі жоқ колхоздарға, ауыл шаруашылығы артельдеріне бөлініп берілді. Екінші функциясы пайдалану десек оның көзі табылмай, тартып алынған малдың едәуір бөлігі бірден сойысқа кетті, олардың санын көбейтуді ешкім ойламады да. Осы үшін қажетті қора-қопсы салу, жем-шөп, құрал-сайман дайындау, сөйтіп жекеше немесе ұжымдық шаруашылық жүргізуге машықтануға талпыныстар жасалынбады. Пайдаланудағы тағы бір келеңсіздік-кедейлер мен артельдердің малдарды жергілікті партия және кеңес органдарының шешімдері негізінде алуына байланысты болды. Сол арқылы соңғылары шаруашылықты жүргізуде заңды белінен басып, өз білгендерін істеді. Осылай малды бөліп бере салысымен, мейлі байлардың болсын, мейлі басқа да әлеуметтік таптардың болсын, ауылшаруашылығы салығы қарыздарын өткеруі үшін, қойларды қырқу туралы өкімдер берілді. Күздің соңғы күндерінде атқарылған мұндай іс-шара кедейлердің болсын, артельдердің болсын отарларын, қыстың көзі қырауда қырып салары анық еді.» Жеке билік функциясының тіпті де болмауы - малды сатуға, келісім-шарт арқылы жалға беруге және т.б. әрекеттер жасауға тосқауыл болды. Сондықтан да «ауылды орташаландыру» 1928 жылдың қыркүйегі — қарашасы аралығындағы малды байлардан басқаларға айдап апарумен бітпеді. Мұндай қысқа уақытта әлеуметтік-экономикалық өзгерістер бірден жүзеге аса қоймайтын. Ол үшін жаңа тұрпаттағы меншік иелерінің әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы дайындығы қажет еді, бұл әрине ұзаққа созылатын процесс болатын. Құжатта әрі қарай: Окружком, кампания жүргізудегі кемшіліктер ретінде «...байлардың шаруашылықтарын бөлу кезіндегі көзбояушылықтың көп болғандығын, тәркіленуге жататындардың рәсімделінбей, округтен алыс жаққа кешіп кетуін, сонымен қатар байлардың батрактар мен кедейлерді өз жағына тарту үшін жасаған қаскүнемдіктерін», атап көрсетеді. Байлардың бұл әрекеттері қайсібір жағдайда жүзеге асып, батрактар мен кедейлер тәркіленген малдарды алудан бас тартып, бай жағына шықты, осы арқылы оның малын жасыруға септігін тигізді.» Ары қарай орташалардың заманның аңдысын аңдуы (күтушілігі) күстаналанады, Арал, Қазалы, Шиелі аудандарындағы жұмыстың нашарлығы, тіпті «бей-берекеттілігі» атап өтіледі, жұмыстың бар ауыртпалығы ... негізінен Окружком мен аудандық партактивке, жеке ұяшықтар мен жекелеген партия және комсомол мүшелеріне түсіп отырғандығы айтылады. Кампания жүргізудегі кешенді кемшіліктер ретінде ... «мал бөлу барысында оны тым мардымсыз немесе біріне тең бөліп берілуі (Қарсақпайда), мұның өзі тәркілеу арқылы экономикалық пәрменділікке жетуге кері әсерін тигізген еді. Сонымен қатар мал бөлу кезіндегі жемқорлық.» Көрсетілген кемшіліктердің кәмпескелеу барысында болмай қалуы мүмкін емес еді, тіпті олар одан да қомақты болар еді, дегенмен сол кездегі билік тұтқасындағылардың темірдей қатал тәртібі аталған мәселеде шешуші роль атқарған болатын. Зерттеліп отырған мәселеге байланысты кабылданған резолюцияда, кампания жүргізілу аукымынан асып түсетіндей қорытындылар жасалды. Осыған сәйкес бірінші пунктінде: «ауылдық, партиялық және комсомолдың бастауыш ұйымдарын, байлардан және байлармен бірігіп өзі азғындаған, өзінің және партияның абыройын түсірген элементтерден тазарту. Партия ұйымын жұмысшылар мен батрактар және кәмпескелеу кезінде кезге түскен кедейлер белсенділерімен күшейту» туралы айтылады. Бұл арада саяси тактиканың маңызды элементінің қолданысқа енгендігі көрініп тұр, яғни «сәйкес келмейтіндерді» кұрту, уақытша атып-асусыз, тек жағдайы төмен әлеуметтік топтарға сүйеніп орташаларға «қарсы» аңдысын аңду позициясында болу, оларды жағдайға байланысты не көтермелеу, не қуғын-сүргінге ұшырату. Резолюцияның келесі пункті жаңа колхоздар ұйымдастырудағы жұмысты күшейтуді көздеді.» ...Колхоздардың ұйымдастыру және экономикалық нығаю жағдайына мән бере отырып, ауылдағы ұйымдаспаған бөлек-салақ шаруашылықтарды ірі колхоздарға біріктіру арқылы колхоздардың тез арада көтеріліп кетуіне мүмкіндік жасау. Сонымен қатар «Кәмпескелеу кезінде мал бөлініп берілген жеке және ұжымдық шаруашылықтарды ерекше есепке алып, олардың малды қалай пайдаланьш жүргендіктерін назарда ұстау, оларға барынша көмектесіп... кредиттер беру ... басқа да жеңілдіктер жасау». Ары қарай «... ұжымдастыруды барынша нығайту, ауылдағы ауыл шаруашылығының тауарлылығын арттыру және оны біртіндеп қоғамдастыру бағытына бұру» мәселелері көтерілді. Беріліп отырған Резолюцияның соңында әдеттегідей «Окружком мен ОКК-ге кәмпескелеу кезінде партияның бағытын бұрмалаған коммунистерге тиісті жазасын беру» тапсырылады. Ұсынылып отырған іс-шаралар тізбесі мен кемшіліктерді жою әдістері, жүргізіліп отырған кампанияның бұдан да кең ауқымды қайта құруларға ұласатынын көрсеткендей. Окружкомның резолюциясында кәмпескелеу кампаниясы жүргізіліп жатқан іс-шаралардың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды: «...бұрындары жүргізілген революциялық іс-шаралармен бірге, шабындық жерлерді бөлу, жергілікті мұқтаждықтарға жұмсау үшін халықтың өз еркімен қаражат жинауы...». Әсіресе мына бір пунктке мән беруге болады: Кампанияны қиыншылықтарды жеңе отырып өткізу фактісі... оның дәл мезетінде жүргізіліп және саяси мақсатқа сәйкес екендігін дәлелдеді, мұның өзі кәмпескелеуге сенімсіздікпен қараған кейбір коммунистердің мұндай іс-шара ауылдың шаруашылық жағдайын төмендетіп жібереді деген ойын жоққа шығарды. Кәмпескелеуге мұндай көзқарас, партияның ауылдағы саясатымен келіспейтін кәмпескелеуге ашық қарсы шығып отырған ұлтшыл элементтердің позициясына жақын. Өлкекомның 3-ші Пленумы атап көрсеткеніндей «кейбір коммунистердің кәмпескелеуге енжарлық көзқарасы, байлармен ашық күрестен қорқуы партияға идеологиялық тұрғыда жат, олардың мұнысы ауылдағы социалистік құрылыс жолын түсінбеушілік, бұл ауылдағы таптық күресті жоюға алып барады және оңшыл ауытқушылық болып табылады, олармен үздіксіз және үзілді-кесілді күрес жүргізу қажет. Резолюцияның бұл фрагментінде ішкіпартиялық өмір ағымы анық көрініп түр, тіпті партия органдарының шешімдерімен әлсіз түрде қарсылық жасап келіспеу «бөтен ойдағы» партия мүшесіне таяқ болып тиіп, оның ұлтшыл немесе оңшыл ауытқушы ретінде кінәлануына апарып, мұның өзі соңғыларының тағдырын тәлкекке ұшыратып отырды. Осыған өз «үлесін» едәуір қосып отырған баспасөз де қарап қалмай сыни мақалалардың санын көбейткен еді. Соның бірі Ө.Мұсаұлының «Төңкеріс дұшпаны ұлтшылдықтың сыры жеріне жеткізіле ашылсын» деген мақаласында смағұлшылдықпен және «Алаш», «Жас азамат» партияларымен күресуді одан әрі күшейту керектігі туралы әңгіме қозғалған. Резолюцияның мына бір пункті де ерекше қызығушылық туғызса керек: «Кеңестердің алдағы сайлауында (қайта сайлауында) ауылдық кеңестердің, ревкоммисиялардың ААК-ның құрамын толықтай жаңартуға қол жеткізіп, жағыну арқылы арамызға еніп алған элементтерді (байлармен байланысқандарды, пара алушыларды, ысырапшыларды, бюрократтар мен сол сияқты басқаларын) қуып шығу керек.» Бұл жерде Кеңес үкіметінің өз төменгі органдары мен олардың жергілікті жердегі белсенділеріне деген көзқарасы анық көрініп тұр, жіберілген кемшіліктер мен қателіктер кешірілмеді, ол үшін белсенділер бірден қызметтерінен кетіріліп, олар жаңа өкілдермен алмастырылды. 20-жылдың екінші жартысы мен 30-жылдардың ортасындағы қатардағы партия мүшелеріне деген көзқарас осындай болды. Партия қатарын тазалау үздіксіз жүріп жатты, дегенмен олар салыстырмалы түрде жеңілдеу болып, соттық және репрессивтік іс-шараларға ұласа қоймады. Тарихи тұрғыдан алғанда большевиктер партиясына мүшелік әркез-ақ негізгі мәселенің бірі болатын. Сонау РСДЖП-нің ІІ-съезінде лениндік ядро партия жарғысына резолюция енгізіп, онда «демократиялық централизм» дейтін принциптің жүзеге асуы қарастырылған еді, яғни мүшелерінің санаулылығы, мүшелік жарна төлеу, партиялық тәртіпті сақтау ж. т.б. Аталған съезде бұл резолюция қабылданбай, партияның негізгі құжаттарына кейіннен енген болатын. Астыртын жағдайда қызмет жасап, үнемі тұтқынға түсу және жер айдалу қаупінде болған партия үшін мұндай принциптер мен талап қажет те болған еді. РСДЖП(б) мүшелерінің саны артып, дворяндардан, зиялылардан және басқа да сословиелерден құралған марксистердің аз ғана тобы партия қатарына енген жаңа мүшелерінің қалың шоғырына сіңісе бастағанда, Ленин өзінің «Бөгде ту астында» деген мақаласында бірінші болып толыққанды марксистік тұғырнамалар мен ұстанымдардың «жаңадан келгендер мен жаны ашитындар» дейтіндердің арасында жойылып кету қаупінің барлығын айтты. Мақала өзінің атымен-ақ, марксизм мен большевизм туының астына оның идеологиясынан түсінігі аз немесе оны тіптен түсінбейтіндердің келгендігін білдіріп тұр. Әрине, партияның билік басына келуіне байланысты «бөгде ту астына тұрушылардың» саны үздіксіз өсті. Бүған партия қатарына үнемі тартылып отырған жұмысшылар мен шаруалар арасынан шыққан жаңа мүшелерінің де әсері болды. Тіпті партияға бірнеше сатылы қабылдау системасын есепке алғанның өзінде де оның қатарына шала сауатты және тіпті сауатсыз мүшелерінің қаптап кіруін тоқтату мүмкін емес еді, олардың артықшылығы тек «былғанбаған таптық тегі» мен өздері толық түсінбейтін партияның жолымен жүруге дайын екендігіне сендіруі болатын. Осылай архив құжаттары материалдары Сырдария окружкомының Шымкент ұйымы бойынша БК(б)П қатарына кандидаттар мен толық мүшелерін қабылдау барыссында он сегіз қаралған істен партия қатарына 15 адам «жұмысшы ретінде», «батрак ретінде» қабылданады. Олардың 5-і шала сауатты ретінде айтылса, 3-нің сауатсыз екендігі анықталған. Дәл осындай жағдай Қарсақбай ұйымында да болған. Әулиеата ұйымы бойынша 15 адамның, 6-ы партияға қабылданбай оларға: «колхозға кіргенге дейін кідірте түру», «әлеуметтік жағдайын анықтағанға дейін тоқтата тұру» тұжырымдары берілген. Дегенмен, партия ұйымдары жұмысының ауқымды істердегі пәрменділігі мардымсыз болды. Әулиеата уқалкомының №6 бастауыш ұйымын (ұлшығын) зерттеу актісінде: «...Партиялық тәртіп бетімен кеткен..., партияда жоқ көпшіліктің арасында ешқандай жұмыс жүргізілмейді..., жаппай саяси сауатсыздық.» Әрине, мұндай ұйымдар бірден тазалануға тиіс болатын, әйтсе де бұған дайындық жасап оны жүргізудің көзі табылмады. Осылай Қазалы ауданы бойынша «БК(б) П мүшелерін дайындау және олардың қатарын тазалау» туралы Баяндама хатта аудандық ұйымда есепте тұратын 132 коммунистің 90 %-ның «партиялық өтілінің аздығы және саяси деңгейінің төмен екендігі» айтылады. Ауыл коммунистерінің, әсіресе ауыл кеңестері мен колхоз төрағаларының саяси сауаттылығын жою мақсатында қысқа мерзімдік саяси сауаттылық курстары ашылды... Жарғыны, партияның тарихы мен бағдарламасын оқып-үйрену үшін де саяси сауаттылық үйірмелері ұйымдастырылды. Құжаттың 1935 жылмен белгіленгеніне мән бере отырып, курстар мен үйірмелердің құрылуының кешігіңкірегенін байқаймыз, сондықтан да оны алдағы болатын тазалауға дайындық әрекеті ретінде қабылдаған жөн. Дәл осындай көріністі Келес ауданынан да көруге болады, онда да тазалаудың алдында ғана партиялық кабинет құрылып, «коммунистердің сауатсыздығын жою жөніндегі ликбездер құрыла бастаған, осындайлардың саны 28 адам болып, бірақ олардың бір бөлігі сауатсыздығын жоюдан бастартқан.» Тазалауды жүргізудің барысында, мәселе көбіне жеке адам тұрғысында өрбіді, елдің жалпы даму жағдайы мен оны түсініп-түйсіну деңгейі көп жағдайда қаперге алына бермеді. Партия қатары, негізінен шала сауатты және теориялық дайындығы таяз немесе тіптен жоқ, басқалардан ерекшеленіп көзге түсе қоймайтын, осыдан да орта және жоғары деңгейдегі билік тарапынан келген кез-келген тапсырмаларды бас шұлғып орындай беретін мүшелері есебінен өсіп отырды. Аздаған оқымыстылар шоғыры нақты болып жатқан саяси сүреңді сынауға жағдайы бола қойған жоқ, оны жергілікті жағдайға жақындастыру да қолдарынан келмеді. 1934 жылдың 2-жартысындағы «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүргізілген партколлегияның өкілетті партиялық бақылау комитетінің жұмысы туралы» көпбетті архив құжатында 148 коммунистің ісі қарастырылған. Жергілікті жерге жіберілген «партиялық тергеушілер» тазалауды әдеттегідей сауатсыздық фактілерін анықтаудан бастады, әліпбиді біледі немесе тіпті қараңғы дегендей, сонымен қатар кейбір түсініксіз жәйттерді арызын жоғалтып қойғанын, кейбір коммунистерге өтірік жала жапқанын, партиялық құжаттарының - партбилеттерінің және жеке есеп кәртішкелерінің жоқтығын және т.с.с. «Қазіргі уақытта біздің тексеруіміз арқылы жергілікті жерлерде біраз келеңсіз жайлардың беті ашылып отыр... Осылай Әулиеата ұйымы бойынша комиссия ұйғарымымен тазалауға жататын жолдастардың жартысы ауданнан кетіп қалған, АК қалғандарымен де мандыртып жұмыс істемей отыр.» Пайдаланып отырған құжаттың келесі бөлімі «Партколлегияның партия қатарындағы бірлік пен партиялық қырағылықты күшейту үшін және ұйымдағы келеңсіз құбылыстарды жою жолындағы жұмысына арналып, БК(б)П ОК-ның... Кировты зұлымдықпен өлтіргендігі... туралы жабық хатына байланысты болып, онда ... облыс партия ұйымдарында қырағылықтың әлсірегендігі туралы фактілердің анықталғандығы айтылады. Мұндай фактілер қатарына «... Кировтың өлімі жөнінде коитрреволюциялық пікірлер айту (партколлегия арқылы партиядан қуылған)... БК(б) П мүшесі Покровский парткабинетке айдаудағы троцкистерді кіргізген ... (партколлегия ескерту арқылы қатаң сөгіс беріп, жұмыстан қуған) «Трактор» колхозының парторгі Ысмайловтың аудандық партия комитетіндегілердің көзінше колхозшыларға тиісуі ... (партиядан шығарылды) Ащысай комбинатының директоры А.К.Кельмансон өз жұмысында троцкистермен байланыста болып, оларға материалдық көмек көрсеткені үшін және т.с.с. ... партиядан шығарылды. Осындай кінәләулармен партиядан шығарылу, немесе қатаң сөгіс алу біртіндеп қалыпты жағдайға айнала бастады.
3.3 Оңтүстік өңірде жаппай саяси репрессиялардың күшеюі КСРО-да жаппай саяси қуғын-сүргінге көшу бағыты оның ішкі және сыртқы саяси жағдайларының ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше факторлардың салдары негізінде жүзеге асқан еді. Осы орайда, барлық болған фактілерді тыңғылықты қарастыру, жаппай саяси куғын-сүргін себептерін түсінуге жақындатады, осы бағыттағы жүргізілген процестер мүмкіндігінше айқындалып, тиісінше КСРО азаматтарының едәуір бөлігін қоғамдық өмірден аластатудың мемлекеттік-саяси механизмінің тіршілігі түйсініледі, сонымен қатар репрессияға ұшырағандардың сандық және сапалық құрамы анықталып, ел ішіндегі қарсылықтың қаншалықты дәрежеде болғандығы тұжырымдалады. Хронологиялық тұрғыда жаппай қуғын-сүргінге көшу ішкі саяси жағдайлардың мынадай реттілігімен берілуге болатындай. 1934 жылы Ленинградта С.М.Кировқа жасалған қастандық, оның кім ұйымдастырып, кім арқылы жүзеге асқанына қарамай, қоғам назарын естен шығып кеткендей болған ішкі саяси күрестегі террор қолдану фактісіне аударды. Партия мен мемлекеттің көрнекті қайраткерлерінің бірінің қаза болуы митинг, жиналыс және т.д.б. түрдегі ұйымдасқан қоғамдық резонансқа ұласты. Қоғамдық санада, күрес жалғасып күшейе түсетіні, онда ең жоғарғы жаза қолданудан жалтару жоқ екендігі қашып құтыла алмайтын факт ретінде қалыптастырылды. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы оқиғаларды, 1917 жылдың екі революциясы мен азамат соғысындағы дүрбелеңді және одан кейінгі 20-жылдардағы таптар мен саяси күштердің қарама-қайшылықтарын көріп өскен кеңес азаматтарына қатал репрессивтік шаралар қолдану ісі таныс та болатын. Осылай, Кировтың өлімін кейін ОАК Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізу туралы қаулы қабылдайды. Кейіннен 1.12.1934 жылдың Заңы аталынып кеткен осы заң бойынша: 1.Істі тексеру 10 күннің ішінде аяқталуы тиіс болды; 2.Айыпталушыға айыпталу қорытындысы сотқа 1 тәулік қалғанда берілді; 3.Істі тексеру кезінде қорғаушылар қатыстырылмайтын болды: 4.Айыпталушыдан рақымшылдық туралы және басқа да өтініштер қабылданбады; 5. Ату туралы үкім бірден жүзеге асырыланатын болды. 1936 жылдың 29 шілдесіндегі БК (б) П-ның барлық партия ұйымдарына жіберілген жабық хатында «қырағылық мәселесі мен дұшпанды тани білуде» жіберілген кемшіліктерді жою өте қатқыл түрде талап етілді. 1936 жылдың 5 тамызындағы осы мәселені талқылауға арналған Қазақ өлкелік комитетінің бюросы, өз партия ұйымдарын және әсіресе жетекші кадрларды ерекше қырағылық танытуға және дұшпанды тануда «мейлі ол жақсы қызметкермін деп мәймөңкелесе де, мейлі өзін партияның белсенді және шын берілген мүшесі ретінде көрсетуге әрекеттенсе де, -қателеспеуге міндеттеді. Орталық лақтырған «тастың» алғашқы «дүрсілі» ретінде «қырағылықты күшейтудің арқасында әшкереленіп және соңынан партиядан қуылған 43 контрреволюционер троцкист-зиновьевшілдер мен олардың сыбайластары» туралы оқиғаны айтуға болады. Республикалық партия ұйымының 100 мыңнан аса мүшелерінің ішінде аталған ағымның бұдан да көп жанашырлары (жақтаушылары) болуы әбден мүмкін еді. Дегенмен, жазаланғандардың шын мәнінде аталған топтарға қатыстылығы анық айқындалған жоқ. Осылай Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша Шымкентте ұлтшылдар Әлмұхамедов пен Дәуірбаев өз пәтерлерінде жиналыс өткізіп, оған басқа да коммунистерді тартып, контрреволюциялық, ұлтшылдық және троцкистік үгіттер жүргізді. Мирзоян қызылша совхозында троцкист В.Нестеров троцкистік-алашордалық топ құрып, оған ұлтшылдар, Қазыбаев пен Төленов кірді. Мақтаарал ауданында партия қатарынан шығарылған ұлтшыл Өшіров... троцкист-зиновьевшілердің атылғандығы туралы ренішті екендігін айтып, партия көсемдеріне қарсы террористік пиғылдар білдірді», -делінген. Бұл арқылы белгіленілген немесе жасырын дұшпандар нақты таңбаланған - «ұлтшыл», «алашордашыл», «троцкист-зиновьевшіл»,-деген саяси атқа ие болды. Кейіннен «дұшпандар» тобына «фашистер», шпиондар», «барлаушылар мен диверсанттар», сонымен қатар «бүлікшілдер» де косылды. Осымен бірге «жайбарақат элементтердің», «ашық ауыздардың» және шіріген либералистердің өмірін өксіту әдістері де анықталды. Бұдан кейінгі «дұшпандар» шеңберінің кеңеюі ішкі және сыртқы саяси факторлардың әсеріне байланыстырылып, 1937 жылдың өн бойында «троцкистер мен басқа да екіжүзділер», «троцкистік-зиновьевтік фашист бандиттер», «ақгвардияшылар» болып кете берді. Сол жылдың тамызында «Социалды Қазақстан» газетінде басылған «ұлтшыл-фашистерге өмір сұрқия дейміз деген бас мақалада: «ұлтшыл-фашистердің басшылары - Рысқұлов, Қожанов, Нұрмақов, Күлымбетов және олардың артынан ерген сұрқия жүліктер партия билетіп тек өздерінің екі жүзділік бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланып жүрді. Бұл ұлтшыл-фашистер Германия мен Жапонияның: разведка орындарының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстанда кулак байлардың көтерілісін ұйымдастырды. 1929-1932 жылдар арасындағы перегибтерді, көшпенділерді осылар ұйымдастырғаны қазір айқындалып отыр. 1928-1929 жылдардағы Қызылқұмда, Созақта, Қарқаралыда болған бай-кулактардың ұйымдастырушысы Құлымбетов пен Жүргеновтер. Бұл ұлтшыл-фашистер өндіріс орындарында зиянкестік жүргізіп, шахталарды құлатып, жұмысшыларды уландырып, талай жанның қанын төкті» деген жантүршігерлік ғайбаттаулар бар. Осы сарындағы яғни «Сұмырай ұлтшылдарға қарсы және соған қарай ауа жайылған уклондарға қарсы күресті барынша күшейту керек» деген тұрғыдағы байбалам сөздер аталған жылы көп жазылатын. Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша БК(б)П Өлкелік комитетінің УІІ Пленумы «бірқатар ұйымдарда (Қызылорда облысы, ОҚО-ның Шаян және Қазалы аудандары) қазақ ұлтшылдығы мен соған бейім тұрғандарға қарсы күресті ешқандай әлсіретпеуді» атап көрсетті. Сонымен қатар, үнемі қайталанып отырған кінәлаулардың қатарына «жапон империализмінің агенті» деген атау да енді. Жоғарыда аталынған және кейін де жалғастырылған дұшпан образдары қоғамдық санада ерекше қарсылыққа душар болмады, мұның өзі репрессиялық іс-шараларды қолдануды негіздеп, заңдастыруға жағдай жасағандай еді. Репрессиялық қимылдардың үдей түсуі - ауыл шаруашылығындағы, ұн тарту өнеркәсібіндегі, темір жол транспортындағы контрреволюциялық топтардың» үстінен «көрнекілік процестер» жүргізу арқылы көрінді. Ашығында, «көрнекілік», аталған салалардағы жағдайды алдын-ала тексеру арқылы анықталған нақты адамдардың кінәсін мойнына сөзсіз қою арқылы, олардың халық алдында сағын сындыру үшін керек болды. Сонымен қатар, процестердің жүргізілуі баспасөзде барынша кең баяндалып, бұл арқылы халықтың санасында дұшпан образы стереотипі қалыптасуы керек болды, мұның өзі «соттар құрамы мен мемлекеттік айыптаушыларды тыңғылықты дайындаған» жағдайда, бұдан кейінгі репрессиялық шаралардың жүзеге асуын жеңілдетті. Осылай Қазақ АКСР-і ХКК мен К (б)П ОК бюросының «Қазақстандағы ұн тарту өнеркәсібіндегі зиянкестік әрекеттердің зардаптарын жою жөніндегі» құпия қаулысында үн тарту өнеркәсібі саласындағы жағдайдың барынша қанағаттанарлықсыз екендігі айтылып, ондағы «троцкист -оңшыл және ұлтшыл халық жауларының дұшпандық әрекеттеріне» қарсы көзге көрінерлік күрес жүргізілмей отырғандығы атап көрсетілді. Зерттеліп отырған өңірге қатысты айтсақ, Мирзояндағы үн тарту зауыты мен Шымкенттегі ұн тарту комбинаты «едәуір мөлшердегі құрал -жабдықтарды қасақана іске қоспағандығы» үшін жабылып қалған. Бұл арада аталған фактілердің орын алғандығында күмән болмаса керек. Гәп басқада сыңайлы. Себебі, орталықтандырылған, жоспарлы экономика жағдайындағы халық шаруашылығын басқару, кемшіліктерсіз болмағандығы белгілі, тек жіберілген қателіктерге саяси реңк берілуі жоғарыда аталған саланың қатардағы қызметкерлерінің қатаң репрессиялық жазалауға ұшырауына ұласқан еді. Сонымен қатар, Түрксібтің аймақтық бөлімшесіндегі «дұшпандық әрекеттер» фактілерін ашу туралы бірнеше архивтік құжаттарды сөйлетсек, онда «оңшыл-троцкистік контрреволюциялық ұйым филиалын» «әшкерелеу» - «...5. Мирзоян наравоз депосы. Мұндағы ұйымды басқарған паравоз бөлімшесінің бұрынғы бастығы Шитов. Барлығы Мирзоян депосы бойынша 11 адам тұтқындалған. Шымкент депосы бойынша 4 адам. Ары қарай қарастырылып отырған іс құжатта тағы да 13 адамның қамалғандығы айтылады. «Шу, Мирзоян, Шымкент, Луговая станцияларындағы шпиондық-диверсиялық топтарды әшкерлегеннен» кейін тағы да 19 адамды қамауға «негіз» табылған еді. Жалпы Түрксиб бойынша 1937 жылдың өзінде оңшыл-троцкист ұйымдарының 182 мүшесі мен 142 жапон және поляк шпиондары тұтқынға алынды. Соңғысын, сол кездегілерге Польшаның КСРО-ға қатысты ашық дұшпандық саясаты мен аталған елдің Кіші Антанта елдерінен құралған «санитарлық кордон» құрамында болғандығымен түсіндіруге болатын. Жапонияның Қытайдағы агрессиясынан кейін КСРО-ның Қиыр Шығыстағы шекараларына өз әскерлерін жақындатуы «Жапония пайдасына шпиондық жасады» деген мәселені де көтерген еді. «Салалар» бойынша репрессиялар жүргізудің тосын өзгешелігіне орта мектеп басшылары мен қатардағы педагогикалық құрамына қатысты мына бір мысалды жатқызуға болады. Орталықтан жауды іздеуді қысқарту туралы бұйрық келгеннен кейін қарама-қарсы мағынадағы құжаттар пайда бола бастайды. Осылай 1939ж. 1 наурызымен белгіленген ҚазКСР Білім Халкомының «Мұғалімдерді, меңгерушілерді және мектеп директорларын жұмыстан кетірудегі жіберген қателіктерді түзеу барысы туралы» баяндама хатында былай делінген: «...мұғалімдерді жұмыстан шығару мәселесіндегі қылмысты немқұрайлық.... мұғалімдерді жаппай жұмыстан қууға жол берілген. Сондағы негізгі себептері олардың әшкереленген халық жауларымен байланыста болғандығы және туыс екендігі» сонымен қатар жат әлеуметтік топтан шыққандармен жақындасқандығы.» Тікелей Оңтүстік Қазақстан бойынша білім саласының 182 қызметкерлерінің жұмыстан кетірілген фактісі айтылады. Мынадайда фактілер келтіріледі: Пахтарал совхозының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі ... 52 мұғалімнің халық алдында халық алдында 20-ын халық жауы деп атап, 5-ін жұмыстан қуған. Жекелеген районо (аудандық халыққа білім беру бөлімі) басшылары халық жаулары бола тұрып, өздерінің қаскөйлік жұмыстарын бүркемелеу үшін, мұғалімдерді оңды-солды қуған. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы халыққа білім беру бөлімінің (районо) бұрынғы меңгерушісі бір бұйрығымен 8 мұғалімді бірден босатып, оларға кеңес үкіметіне қарсы дұшпандық әрекеттер таңған». Ары қарай құжатта «...Оңтүстік Қазақстан облысы Жанақорған ауданық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Мақұлбеков (құжатта Мильгильбеков еск. автордікі) жұмыстан бірнеше мұғалімдерді шығару талабына келісім бермегені үшін.... комсомолдан шығарылды». Жаңақорған орта мектебінің директоры.... Темірбаев бұрынғы заврайоно, әшкереленген халық жауы Жайлыбаевпен байланысы үшін жұмыстан қуылды. 1937 жылдың қыркүйегі мен қазан аралығында ұлтшылдық туралы мәселе қайта көтеріледі. Элитаның жергілікті ұлт өкілдерінен құрылуы Қазақстан К(б) П-да ұлтшыл ауытқушылықтың болуын жоққа шығармайтын еді. Себебі, әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық қызмет ететін мемлекеттік құрылыс арқылы іске аспақ. Мемлекеттік басқару алдымен сол халықтың ғасырлар қойнауынан тамыр алатын тарихи ерекшелігіне, өзіндік табиғи болмысына, сондай-ақ басқа да халықтардың, адамзаттың прогресшіл өмір тәжірибесіне негізделуі керек. Сонда ғана үдемелі дамуға жол ашылмақ. Басқа жол — тұйыққа тірейтін жол. Ал осы биік мақсаттарды өмірлік шындыққа айналдыратын - нақты қайраткер адамдар, солардың мыңдаған кедергілерді жеңген жігері, көзге бірде көрінсе, бірде көрінбейтін мыңдаған түрлі қиындықтарға мұқалмаған қайсар рухы. Бұл туралы жергілікті ұлтшыл қайраткерлер ешқашан ұмытпағанымен, орталықтың бұл жөніндегі есебі басқалай болатын. Орталық баспасөз органы «Правда» газетінің дәстүрлі маңыздылығы барлық төменгі партия комитеттерін жарияланған мақалаларға жауап қайтарып, тіпті ұйымдастыру және кадр мәселесіндегі өзгерістерге дейін айтып отыруға міндеттеді. Осылай 1937 жылдың 29 қыркүйегіндегі ҚК(б)П ОК Бюросы «Правда» газетіндегі 1937 жылдың 22 қыркүйегіндегі «Буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде кеткендер» деген мақаласы бойынша шешім қабылдады. Шешімде, контрреволюциялық буржуазиялық ұлтшылдардың бірқатар ұяларының мәлім болғандығы, соның ішінде Шымкентте де, ашылғандығы, атап көрсетіледі. Сонымен қатар: «Халық жауларын әшкерелей және қуа отырып, партия ұйымдарының тексеруден өткен, партияға, кеңес құрылысына және сталиндік БК(б)П ОК сенетін жаңа жас қазақ кадрларын ұсыну жұмыстарын дұрыс жолға қоюы керектігі» де айтылады. Бұл жерде түрлі себептерге байланысты орталықка жақпаған әртүрлі деңгейдегі партия органдарындағы басшылықты, төменнен жоғарыға дейін ерте ме, кеш пе, әйтеуір ауыстыру мәселесі төтесінен қойылып отыр. Тиісінше, орталық партиялық баспасөздің шағымдары республикалық деңгейде қайталанып отырды, ондағы мақсат кезекті репрессиялық іс-шаралар толқынып лықсыту болатын. Осылай 1937 жылдың 24 қазанында ҚК(б)П Оңтүстік Қазақстан обкомының бюросы 1937 жылдың 18 қазанындағы «Казахстанская правда» газетіндегі мақала туралы шешім қабылдайды. Онда: «Тағы да Казахстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан обкомының шіріген позициясы» туралы айтылып, «Казправданың» сыны дұрыс деп мойындалады, обком бюросының және обком хатшысы жол. Досовтың троцкистік-бухариндік бандиттер мен буржуазиялық ұлтшылдарды әшкерелеп, түбіне жетудегі жіберген қателіктерінің кешірімсіз екендігіне тоқталады. Ары қарай «...Случак пен Бекейханов бастаған троцкистерді және ұлтшыл фашистерді әшкерелеудегі жайбасарлық та» мойындалады. Қаулыларда нақты фамилиялардың аталуы олардың тағдырын шешіп жатты. Бұл үшін көптеп шығып жатқан газет мақаларының біріне ілігу жеткілікті болатын, оның соңын ала партиялық органның қаулысы дайын тұратын еді, Мұндай сынға ілігіп, аты аталмағандарға өз басын аман алып қалу үшін өздерінің бұрынғы партиялық үзеңгілес жолдасын сатып кетуден басқа жол қалмайтын. Біраз уақыт өткеннен кейін, сол жылдың 29 қазанында обкомның бюросы бұл мәселеге қайта оралып, жоғарыда аталған қаулыларды «Казправдада» жариялауды ұсынады. Оңтүстік Қазақстан облысының партия белсенділері мен функционерлері фамилияларының республикалық газетке шығуы олардың онсыз да оның тұрмаған жағдайын қиындатып, оларға қарсы ең жоғарғы репрессиялық шаралар қолдануға апарған еді. Бюро мүшелерінің күші бірінші хатшы Досовты шама-шарқынша қорғауға ғана жетті. Жолдас Досовтың жіберілген бірнеше саяси қателіктеріне қарамастан, Оңтүстік Қазақстан обкомы мен оның хатшысы туралы «Казправда» газеті өзінің мінберінен обком хатшысың орнынан алу туралы мәселені бүйірінен қойып, дұрыс істеп отырған жоқ. ОК Бюросы жол. Досовтың қазіргі жұмысына тікелей қатысы жоқ, бұрындары болған кейбір фактілерді жариялаудың қисыны жоқ». ҚК(б) П ОК Бюросының Л.Мирзоян қол қойған аталған каулысы Ә.Ы.Досовты іс жүзінде біраз уақытқа тікелей соққыдан аман алып қалғанымен ОҚО обкомының бюросының қаулысында аты аталған 10 адамды кінәлілер қатарында қалдырған еді. 1937 жылдың 21 қыркүйегіндегі «Правдадағы» мақаланың маңыздылығы мен атқарған ролі туралы осы газеттің Қазақстандағы тілшісі К.Пухов, өзінің бас редакторы Л.Мехлиске жазған хатында былай дейді «...Қазақстанның партия ұйымын өте қатты сілкілеп алды». Ары қарай: «соңғы жарты айда Қазақстан коммунистері өз қатарынан әртүрлі қызметтегі жүздеген халық жауларын тауып әшкереледі. Мақала жарияланғаннан кейін ІІХК органдары партияның барынша қолдауымен Қазақстанның бірнеше халкомдарын тұтқынға алды. (Жер шаруашылығы, қаржы, ауыл шаруашылығы және басқаларьш) Комсомолдың өлкелік комитетінің бұрынғы бірінші хатшысын, обкомның бірінші және екінші хатшыларын (Ақтебе, Шығыс Қазақстан) бірнеше облаткомдардың төрағаларын, партияның аудандық комитетінің хатшыларын, аудандық атқару комитетінің төрағаларын». Бұл жерде мақаланың «буржуазиялық ұлтшылдар жетегінде» деп аталғанымен «буржуазиялық ұлтшылдық» туралы ерекше әңгіме жоқтығын айта кету керек, ал хатта негізінен атқарылған жұмыстар айтылып, онда көрнекті партия және кеңес қызметкерлерінің қаншасының тұтқындалғаны баяндалады. Бұл арадағы негізгі міндет - халық жауларын көбірек жариялап, өзінің осы іске қатыстылығын көрсету болып табылатын сыңайлы. Мақаланың бүлдіргілік бағыты анық көрініп тұр, оның жаппай саяси репрессиялардьщ көрігін барынша қыздыру әрекеті де ап-айқын. Мақалада Қазақстан К(б)П басшылығына шабуылдаумен қатар Оңтүстік Қазақстан өңіріне де ерекше мән беріледі. К.Пухов өңірдің партия басшылары мен ҚК (б) П ОК басшылығын дәйектілікпен дискредитациялауға (күстаналауға) тырысады. «Қазақ халқының жауларын әшкерелеу әркез республика басшылығының басынан асып кетіп жатады. Бұған мысал ретінде, білім халкомы Жүргенов буржуазиялық ұлтшыл ретінде әшкереленгеннен кейін де, Мирзоян ауданында (Оңтүстік Қазақстан) бірнеше апта бойы оның сенімді серігі аудандық партия комитетінің хатшысы болып қызметін жалғастыра бергендігін айтуға болады. Бұл хатшыны коммунистердің өзі, оларда республика басшылығында бар барлық материалдар болмағанның өзінде, ауданның партия белсенділерінің жиналысында әшкереледі. Көрініп тұрғандай «бірнеше апта» авторға ұзақ мерзім сияқты, және істі қарастыруда дәлелдеулер жинаудың да қажеті жоқ, халық жауымен таныстығы жөнінде факті болса болғаны. Анық логикалық қарама-қайшылықта терістеліп тұр, әйтпесе ҚК(б)П ОК номенклатурасындағы аудандық партия комитетінің хатшысы қалай кеңестік қызметкердің өз адамы болмақ. Сонымен қатар, тиісінше партия конференциясында сайланған хатшы мәселесін неге қажетті партиялық өкілеттіліктері жоқ партия белсенділерінің жиналысы қарайды. КК(б)П ОК бірінші хатшысы Мирзоянға тікелей шабуыл жасай отырып мақала авторы: Мирзоянның өз ауданын талан-таражға түсірген Сайрам аудандық партия комитетінің хатшысы - буржуазиялық ұлтшыл Саибовты қамқорлығына алуы айқын бола түсті. Саибовтың дұшпандық жұмысы жөніндегі сигналдар (дабылдар) өте көп, бірак ҚК(б)П ОК және, Мирзоянның тікелей өзі, ұзақ уақыт Саибовқа «әкесіндей» қамқорлық жасап келеді. Саибовтың партбилеті Мирзоянның қарсы болуына қарамай басылған «Казахстанская правда» газетіндегі қатқыл мақаладан кейін ғана алынды. Бұл жердегі фрагментте де автордың тек қараниеттілігі ғана емес, сонымен қатар білімсіздігі немесе істі толық түсінбеушілігі көрініп тұр. Ал түптеп келгенде Саибов Ташмухаммед Өзбекстаннан келген өзбек. Олай болса ол ешқандай «қазақ буржуазиялық ұлтшылы» бола алмайды, ал «өзбек буржуазиялық ұлтшылы болуы тіпті де мүмкін емес». Хаттағы қудалаудың келесі бір объектісі Арыс аукомының хатшысы А.Ералин болды, бұл арқылы Л.Мирзоянды да күстаналау (дискредитациялау) көзделген еді. Қазанның соңында өткен «ҚК(б)П ОК Бюросының мәжілісінде Мирзоян, Оңтүстік Қазакстан жер басқармасының меңгерушісі қызметіне жаңадан ұсынылған Ералинді реабилитациялап (ақтап) шыққан болатын. Бұл республикалық баспасөзде Ералинді буржуазиялық ұлтшыл ретінде айна-қатесіз әшкерелегеннен кейін, жауап ретінде істелініп отыр. Ал, осы шешім шыққан бірнеше күннен кейін... ол Оңтүстік Қазақстандағы мал шаруашылығындағы зиянкестер процесінде, Арыстағы зиянкестер бөлімшесін ұйымдастырушы ретінде әшкереленді. Қазір Ералин тұтқында отыр, әйтсе де Мирзоян, шьшдықтан ауытқи отырып, «Казахстанская правданы» Ералинге байланысты түзетулер жасауға күштеген еді ғой». Бүл жерде орталық баспасөз арқылы арандатушылықтың бірнеше мақсаты болғаны анық, яғни республика басшьшығының, орта буын басшылардың және тиісінше солармен байланысты басқа да адамдардың іс- қимылдарына күмәнмен қарау, немесе оларды тікелей айыптау. «Правда» газетінде жарияланып республикада қоғамдық, ал дұрысында репрессивтік резонанс тудырған: «Принципсіз бас тарту» («Беспринципный отвод»), «Алматыда өзара сын «схема бойынша» қарастырылмаған»..., («В Алма-Ата самокритика «схемой» не предусмотрена») «Алилуйщиналық большевиктік сын орнына». («Алилуйщина вместо большевитской критики») мақалаларын атап өтуге болады. ҚК(б)П ОК Бюросының тиісті қаулысында орталық орган «Правдадағы» мақалаларды қалалық, аудандық конференцияларда, бастауыш партия ұйымдары жиналыстарында, кеңінен талқылау арқылы, бет-жүзге қарамай барынша батыл сынаудың арқасында, кейбір жерлерде бұғып және партия билетімен бүркемеленген екі жүзділер анықталып әшкереленуде» деп атап көрсетілді. Сонымен қатар халық жауларымен байланысу арқылы, аудандық, қалалық, облыстық және республикалық ұйымдардағы басшылық қызметке жол тапқан жеке элементтер де әшкереленуде. ҚК(б)П ОК обкомдарды, қалкомдарды, аукомдарды және бастауьпп партия ұйымдарын «Правда» ОО-дағы мақалаларды кеңінен талқылауға үндеп... «Сын және өзара сынды күшейтуге, контрреволюцияльщ оңшылтроцкист және ұлтшыл-фашист бандиттердің құйыршықтарын түбірімен әшкерелеуге» міндеттейді... 1938 жылдың 27 мамырьшда Л.Мирзоянды ауыстырған бірінші хатшы Н.А.Скворцов қол қойған бұл қаулы да репрессиялар жүргізу бағытының жалғасқандығын көрсетеді. Ерекшелігі, қаулыны талқылау барысында бөлектеу, тіпті қарсы дерліктей пікірлердің де қылаң беруі болды: «Жекелеген ұйымдардьщ партия жиналыстарында коммунистер мен басшы қызметкерлердің саяси беріктілігі туралы жеке коммунистердің сөздері мен мәлімдемелері негізінде ұйғарым жасалып, айыптаулардың дұрыстығы нақты тексерілмей, оларды сырттай партиядан шығарып жатыр». Салыстырмалы түрде бұл қатаң репрессиялық іс-шаралардың аздап бәсеңдегенін білдіргендей. 1937 жылдары репрессияны күшейтуге сылтау ретінде КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау да пайдаланылды. Осылай республика прокуратурасының ерекше бөлімінің ақпаратында: «Кейбір жерлерде тап жауларының қалдықтары сталиндік конституцияға карсы контрреволюцияльщ үгіт жүргізуге тырысуда, олар сонымен қатар сайлау комиссиясының мүшелеріне қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастыруда. «Кейбір жерлерде сайлау комиссияларының құрамына репрессияланған байлар, молдалар және басқа да қашқан-пысқандардан тұратын қылмыскер элементтерді кіргізуге талпьшулар болып, аты- жөндерін өзгерту арқылы сайлаушылардың тізімін шатастыру және бұл тізімге жүздеген сайлаушыларды қоспау жағдайлары орын алды». Соңғы айтылған, сайлаушылардың тізіміндегі сәйкессіздік орын алуы да мүмкін, тек оның қаскөйлікпен істелмей, техникалық қателікке байланысты екендігі, әрине қаперге алынбады. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «контрреволюциялық үгіт» пен «террорлық әрекеттер» бойынша ақпаратта мынадай мысалдар келтірілген. «Шымкент ауданының Көкбұлақ колхозында сайлау заңын үйрену туралы сабақты жүргізіп отырған екі мұғалімнің үстіне кіріп келген Еркебеков Мақан оларға айқайлап, боқтан «керексіз жұмыспен» шұғылданып жүргендерін айтып, қатындарды жиналысқа жинайтындығын сөгін... төбелесе кетеді және кетпенмен мұғалімнің біреуін ұрын жығып, оның қолынан «КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау туралы Ережені» жұлып алып пәршек-першегін шығарады және партия мен үкімет басшыларының сыбағасын сылап береді. Әрине, Еркебеков тұтқындалады. Істі Шымкент қалалық прокуроры тексеріп, ол Қ.Қ. 58- 10 ст. (контрреволюциялық үгіт) бойынша сотқа беріледі. Мұндай оқиғаның болуы әбден мүмкін. Тек жан қинайтын жағдай басқада - көрсетілген статья бойынша 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Сөйтіп қатардағы деп айтуға болатын кішігірім бұзақылығы үшін (М.Еркебековтың осы оқиғадан кейінгі тағдыры бізге мәлімсіз) оған зәдінде үш ұйықтаса түсіне кірмеген қатал жаза қолданылғаны анық. Тағы бір мысал: Оңтүстік Қазақстан облысының, Түлкібас ауданында үш бай біріге отырып, аталған ауданның колхоздарында сайлау заңына қарсы үгіт жүргізіп, колхозшыларды бюллетендерден қоғамдық ұйымдар ұсынған кандидаттарды сызып, орнына байлардың, фамилияларын жазуға үндеген. Айыптылар тұтқындалды, іс Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасында тексеріліп, арнайы коллегияға өткізілді. Опда ҚК 58-10 ст. (контреволюциялық үгіт) бойынша жазаланып кете барады. Бұл жерде байлардың құжатта көрсетілгендей үгіт жүргізгені анық та болса керек, дегенмен үш адамның үгіті сайлау кампаниясының тыныс-тіршілігіне айтарлықтай әсер ете алды деу де абестік болар еді. Мұндай оқиғалардың ілмектеліп тізбеленуі репрессиялық іс-шаралардың әуел бастан өз құрбандарына қарсы бағытталғандығында болса керек. Оңтүстік Қазақстан облпартколлегиясының хатшысы міндетін атқарушы Г.Кузнецовтың пікірінше бастауыш партия ұйымдарында өткен есеп беру - сайлау жиналыстары «кемшіліктерсіз» болмаған. Ол осылай, облыстық соттың бастауыш партия ұйымьшда өткен жиналысты «отбасылық-келісімділік» (посемейному-делячески) жағдайында болды, онда «жеке коммунистер мен жалпы облсот жұмысындағы адам төзгісіз берекесіздіктер» айтылмай... олардың жұмысында орын алған көргенсіздіктер (жүгенсіздіктер) туралы ауызға да алынған жоқ, - деп баға береді. Дәл осындай баға облпрокуратурадғы жиналысқа да берілді. «...Коммунистер облыстың прокуратуралық тергеу аппаратындағы дұшпандардың контрреволюциялық әрекеттеріне түбірімен тексеріп, қопара алмаған, өзінің күнделікті жұмысында революциялық заңдылықты жүгенсіздікпен бұзған адамдардың аттары аталмайды». Облыстық сауда мекемесінде өткен бастауыш ұйым жиналысына байланысты Кузнецов «қаскөйлікпен тікелей астасып жаткан облыстық сауда мекемесінің бастығы Казновскийдің берекесіздіктері (безобразия) туралы» бір ауыз сөз айтылмағандығына қынжылады. Кузнецовтың күштеп айтуы бойынша баяндаманы талқылау келесі күнге қалдырылып, тек сонда ғана, осы жүргізілген ұр-тоқпақтың әсерінен болса керек «...коммунистер кемшіліктер туралы ашып айтып, өз сөздерінде нақты адамдардың аттарын атай бастады.» Шымкент қалалық партия комитетінің атына сын айтылмауы да кемшілік ретінде қарастырылды». Көрсетілген фактілер репрессияның жүргізілуі мен оның ауқымының кеңеюінің жоғарғы және орта деңгейдегі биліктің бастамашылығына байланысты болғандығын көрсетеді, ал бастауыш ұйымдардың мұны қолдамағаны, тіпті кейбір төтенше тірліктер бола қалғанның өзінде, оның жоғарыдағы партия органдарының қысымымен жүзеге асқандығын айтуымызға болады. Осылай 1-ші Қызылордалық партия конференциясының жұмысы туралы стенографиялық есеп сол уақыттың идеологиялық және саяси айыптауларына барынша тоғытылған. Онда сын да, өзара сын да жетерлік. Обком хатшысының алғы сөзінде: «Біздің міндетіміз, облыстық партия конференциясының міндеті бұдан әрі де большевиктік сын мен өзара сынды барынша өрістетіп... шынайы халық жауларын түбірінен талқандап әшкерелеу, қаскүнемдіктің салдарын жою... Бұл орайда делегаттар БК(б)П ОК ақпан-наурыз және қаңтардағы пленумдарының шешімдерін басшылыққа алуы тиіс. Көрініп тұрғандай 1938 ж. шілдесінің басында өткен облыстық партконференция партия мүшелерін бұрынғы курсты ұстануға бағыттады. Есепті баяндамада қатардан шығарылған республиканың бұрынғы партия және мемлекет басшылары -Л.Мирзоянның, О.Исавтың, С.Нүрпейісовтың және тағы да бірқатарларының атына анайылықпен сын айтылады, баяндамашының пікірінше олар «сынды барынша тұқыртып, ...қаскөйлік жұмыстар жүргізген. Олар біздің барлық облыстарымыздың партия және шаруашылық ұйымдарына - халық жауларын отырғызған. Сталин жолдас ОК ақпан-наурыз пленумында мирзояндық «артельді шұқып көрсеткен еді». Бұл тек артель ғана болмай, баскесерлердің, халық жауларының, диверсанттар мен шпиондардың армиясы болып шықты». Тиісінше баяндамада облыстық масштабтағы «дұшпандар әшкереленді». Олардың қатарына бірінші кезекте Қызылорда обкомының репрессияланған бұрынғы бірінші хатшысы Қ.Әміров кірді. Сонымен қатар, облыстық білім беру басқармасының меңгерушісі Әбеновтың, Әміровтың көмекшісі Құрымбаевтың ұйымдастыру комитеті төрағасының бірінші орынбасары Қайырбековтың да аттары аталынды. Тікелей Қ.Әміровтың қызметіндегі «дұшпандылық» баяндамада «...дұшпандық бағыт ұстанды... кадрларды іріктеу ісінде...обкомның инструкторларын өзіне жұмыс істетуді мақсат етті» фактілері ретінде көрсетіледі. Әміровтың өзі туралы, оның мұнда «контрреволюциялық ұйымның мүшесі екендігін әшкерелейтін материалдар жеткілікті болып тұрған кезде» жіберілгендігі айтылады. Соңғы дәйек туралы айтсақ, шындығында Қ.Әміровтың, Л.Мирзоян қойған соңғы адамдарының бірі екендігі тура, ол бірінші хатшы қызметінде 1938 жылдың ақпаны мен мамыры аралығында ғана болды. 1938 жылдың мамырында репрессияға ұшырады, бұл Л.Мирзоян тұтқындалғаннан сәл кейін болған еді. ҚК(б) 11 ОК жіберген Қ.Нұрмахаммедов туралы жағдай да дәл осындай: «...Нұрмахаммедов Мирзоянның ұсынуымен кеңеңстік сауда бөліміне жұмысқа жіберіледі. Ескі басшылық орнынан алынғаннан кейін, жаңа басшылық Нұрмахаммедовқа қатысты материалдар жіберіп, ол бойынша оны партиядан шығарып, түрмеге (абақтыға) жабу керек болды. Ол алашордашылардың контрреволюциялық ұйымының белсенді мүшесі болып шықты. Біз оны партиядан шығардық». Есепті баяндамада: Партия ұйымдарының бүгінгі күнгі міндеті большевиктік қырағылықты нығайтып, большевикті қаскүнемдер мен дұшпандарды тани білуге үйретуде және олар салған лаңды тезірек жоюда болып отыр делінген. Сонымен қатар, обком мен облыстық партия ұйымдарының алдында партия ұйымдарындағы большевиктік сын мен өзара сынды барынша өрістетіп, осы арқылы қаскүнемдіктің салдарларын тез арада жою, сонымен бірге қалың көпшілікті жұмылдыра отырып барлық жіберілген қателіктердің бетін ашу және осы арқылы нағыз халық жауларын анықтап, оларды түбірімен қопару міндеті тұр. Жоғарыда цитата ретінде келтірілген фрагментке тән ерекшелік ондағы «халық жауы» «қаскүнем» сөздерінің баяндамада жиі қайталанатындығында. Бұдан, тек аталған облыстың партия ұйымын мысалға келтіріп-ақ сол кездегі үгіт-насихат жұмысының негізгі бағыт-бағдарының жаппай саяси қуғын-сүргін жүргізуді ақтауға негізделгенін, көруге болады. Халықтың санасында зерттеліп отырған кезеңде қолданылып жатқан репрессиялық іс-шаралардың заңдылық тұрғысында (легитимтілігін) екендігін қалыптастырудың тағы бір жолы әртүрлі аудиторияларда митингтер өткізілуі болды, онда жан түршігерліктей резолюциялар қабылданып жатты. Осылай, 1938 жылдың 3 наурызында «барлық студенттер, оқытушылар және техникалық қызметкерлердің қатысуымен Мирзоян педагогикалық училищесіндегі митингіге 325 адам қатысты. Қатысушыларға «оңшыл троцкистік блок» деген атпен белгілі бүлікшіл топ, бізге жау мемлекеттерден тапсырма алып, шпиондық, қаскөйлік, диверсиялық және террорлық әрекеттер арқылы КСРО-ның әскери күшін әлсіретіп оны бөлектеуге тырысқан еді, КСРО прокуратурасының дер кезінде әшкерелеуімен, ол пиғылдары жүзеге аспай қалды, - деп түсіндірілді. «Оңшылтроцкистік блокқа» сонымен қатар «В.Куйбышевті, Менжинскийді және А.М.Горькийді зұлымдықпен өлтірді» біздің партия мен үкімет көсемдерін өлтіруге қатысты, КСРО-да капитализмді қайта жаңғыртқысы келді, - деген айыптар тағылды. Мұндай алдап-арбаудың әсерімен митингке қатысушылар «заман талабына» сай резолюция қибылдады. Митингке қатысушылар КСРО Жоғарғы сотынан барлық сатқын-жауыздар - Бухаринді, Рыковты, Ягоданы, Крестинскийді және солардың итаршы сатқындарын ең жоғарғы жаза - атуға кесуді сұрайды. Митингке қатысушылар сталиндік халком Николай Иванович Ежовқа халық жауларының көзін жойғаны үшін алғыс айтады және ІІХК органдарына дұшпан қандай да бір қуысқа тығылса да, халық жауларын әшкерелеуге күнделікті көмектесуге уәде береді». Мұндай қоғамдық сананы алдап-арбаудың мысалдары жеткілікті еді. Оларды қолдану технологиясы бүге-шігесіне дейін мұқият әзірленген болатын. Қарапайым халықтың жай-жапсарына қанық сол кездің идеологиялық бюрократиясы әрқайсысына түсінікті саяси лексиконды пайдалана отырып, өзіне қажет нәтижелерге оп-оңай жете алды. Жалпылама халықтың санасында болып жатқан оқиғалардың нақты мазмұнына сыни көзқарас қалыптаса алмады. Тіпті «кірпікшешен қолғабына» (ежевые руковицы) алғыс айту сияқты ашық заңсыз стереотиптің өзі де адамдардың ішкі қарсылығын тудыра алған жоқ. 4. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАППАЙ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІНДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БАРЫСЫНДАҒЫ ЖЕКЕ ТАҒДЫРЛАР ҚАСІРЕТІ 4.1 Республиканың және Оңтүстік Қазақстан облысының партия және кеңес басшылығын дискредитаңиялау кампаниясының ұйымдастырылуы Жаппай саяси репессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Қоғамдық өмірде болып өткен ірі ауқымдағы өзгерістер жеке адамдардың өміріне, олардың сол дәуірдегі саяси окиғаларға әйтеуір бір қатыстылығына байланысты, әсер етпей қалған жоқ. Қарастырылып отырған құбылыс түптеп келгенде БК(б)П-дағы жоғарғы билік үшін жүргізілген ішкі саяси күрестен бастау алған еді. Билеуші партиядағы әу бастан қалыптасқан жағдайдың өзіндік ерекшелігі, ондағы кез-келген шешімнің, ешкімнің беделіне қарамай, қызу пікірталас негізінде қабылданатындығында болатын. Тіпті, В.И.Лениннің өзіне саяси тактикасындағы барлық өзгерістері үшін күресуіне тура келді, осылай Қазан қарулы көтерілісінің күнін белгілеуде (Зиновьев пен Каменев қарсы болды), Брест бітім шартын бекітуде («солшыл коммунистердің» қарсылығы) және жаңа экономикалық саясатқа көшуде де (орта деңгейдегі, елдегі жағдайды түсінбеген партия функционерлерінің қарсылығы) кедергілер аз болған жоқ. 20-шы жылдардың ортасы мен соңында да ішкіпартиялық пікірталас еш толастамады. Дегенмен, пікірталасшыларды көтерілген мәселелер көп толғандырмайтын. Олар үшін қайсібір ірі партия лидерінің жағына шығып, өз позицияларын нығайту немесе партиялық иерархияда тағы да бір сатыға көтерілу маңыздырақ болатын. Ішкіпартиялық күрес, билік басына келушілердің тез арада қабылдаған шешімдеріне және ол шешімдердің сөзсіз өмірге енуіне байланысты біртіндеп ушыға бастады. Билік басында болудың тарихи мезгілі әрқашан шектеулі және сондықтан да оның сылбырлықты (жайбасарлықты) көтермейтіндігі белгілі. Алғашында барлықтай дерлік пікірталастар бейбіт аяқталып отырды. Кейіннен, Л.Д.Троцкийден бастап ол үрдіс бұзылды. Теоретик ретінде үлкен беделі бар, Ленинге жақын больш, революция және азамат соғысы жылдары өзінің маңызды (ерекше) ролін көрсете білген Л.Д.Троцкий өз жағына біраз адамдарды тарта алды. Оған қарсы тұрған И.Сталин негізінен өзі басқарған партиялық аппаратқа, кадрлер мәселесін шеше алатындығына және ОК пен Саясибюроның, революциядан кейін қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы жақты басқару жұмыстарында болған мүшелеріне сүйенді. Троцкийді Қазақстанға жер аударып, кейіннен шетелге қуу мәселені шешпеді. Жер аударылғандар да және олардың жақтастары да жеңіліске мойынұсынбай, ерте ме кеш пе қарымтаның (реванштың) болатынына сенді. Мұнан кейінгі ірі саяси тұлғаларды жою әдісі сондықтан да «басынан бақайшығына» дейін («снежного кома») заңдылығымен жүріп, ірі тұлғаның соңынан кішірек оншақтысы, олардың соңынан одан да кішілері, осылай ең төменгі буынға дейін жетіп, қатардағы партия мүшелерін де майқандап кетті. Олай болса басқарушы элитаның ішіндегі бақталастықтың (тақталастықтың) ауқымы кеңейіп, ол өз құрдымына бұл күреске ешқандай қатысы жоқ көптеген адамдарды тарта берді. Репрессияға ұшырағандардың хаттары мен хабарларында бірінші кезекте олардың өздеріне тағынған айыптарды шьш мәнінде түсінбейтіндігі, олардың айыптылығына нақты дәлелдердің жоқ екендігі айтылады. Әрине, дәлел жоқ болатын, болуы да мүмкін емес еді. Сондықтан қолдануға өте оңай, сонымен қатар өзінің жүгенсіздігі жөнінен өте қанқұйлы айыптылық презумпциясы таңдалынды. Онда әркім әрқашан айыпты, тек мойындауы керек, мойындаушының жазасы әрине заңды. Міне, осылай. 20-30 жылдар кезеңіндегі репрессиялық шараларға өңірдің өз ішінде және республикадан тысқары аудандарға жер аудару, саяси құқықтарын шектеу, мүліктерін кәмпескелеу және әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыру мен ең жоғарғы жазаға тарту жатты. Жаппай және кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған №00447 бұйрықты айтуға болады, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға үшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінді. Аталған цифрлар тиісінше КСРО аймақтары бойынша «бөлініп», күтілгеніндей, жергілікті жердегілердің «жоспарды қолдауына» («қарсы жо- спарларына») ұласты. Осылай Қазақстан К(б) П ОК бюросы 1937 жылдың 19 қарашасында репрессияланатын антикеңестік элементтердің санын ұлғайту жөніндегі шешімін қабылдады. Репрессияланатындар екі категорияға бөлінді. Біріншісіне, билік басындағылардың пікірі бойынша, «барынша дұшпандық» көзқарастағы антикеңестік элементтер жатқызыльш, оларға ату жазасы қолданылса, екінші категориядағы осындай элементтер бәлкім қауіпсіздеу деп есептелінгендіктен болар, лагерьлер мен түрмелерде 8-ден 10 жылға дейін, кей жағдайда 24 жылға бас бостандығынан айырылды. ОК бюросьшың шешімімен республика бойынша бірінші категориядағы «бекітілген жоспар» 200 адам болып белгіленді, мұның өзі Орталық бұдан бұрын белгілеген 1925 адамдық «нормадан» асып түсті. Тиісінше 275 және 350 адамнан «қосымша резерв» те қарастырылып қойды. ОҚО бойынша бірінші категориядағы 150 адамның саны өзгертілмей, екінші категориядағылардың саны «жоспардағыдан» жүзге кемітіліп, 300 адам болып белгілеңді. Соңынан, Республика бойынша репрессияға ұшырағандардың саны бірінші категориядағылар 600 адамға, екіншісіндегілер 1000 адамға асып кетті. Осы және басқа да берілген барлық архивтік материалдарды қарастыруды социологияда қолданылатын контент - анализ және латентті-құрылымдық анализ әдістерін негізге ала отырып қарастыру маңызды. Саяси айыптаулардың қайталану жиілігінің есебіне негізделген бірінші әдіс, елдегі жалпы саяси-психологиялық жағдайдың іс жүзінде қалыптасқан белгілері мен халықаралық қатынастардың жанама әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Латентті-қүрылымдық анализ әдісі бойынша анықталған эмпирикалық белгілер негізінде жасырын латентті себептерді (белгілерді), заңдылықтарды, репрессиялық іс-шаралар қолдану тәжірибесі барысындағы себептік-салдарлық байланыстарды анықтауға болады. Репрессиялық іс-шараларды тікелей қолдану құқы бірқатар сот және соттан тыс органдарына берілді. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясы Оңтүстік Қазақстан аймағының ірі-ірі партия және кеңес қызметкерлерінің ісін қарады. Жылжымалы коллегия шешімдеріндегі үкімдердің басым көпшілігінің ең жоғарғы жаза болғандығы, бір жағынан аймақтағы партиялық-кеңестік элитаның бір бөлігін жоюды көздегендігі болса, екінші жағынан қалғандарын қорқытып, Орталыққа қандай бір түрде болмасын оппозицияда болу мүмкіндігін болдырмауға ескерту ретінде болды, яғни биліктің барлық тетіктерін өз қолдарында ұстап отырған БК(б)П ОК-нің сталиндік тобына қарсы шығу әрекеттеріне үзілді-кесілді тиым салынды. Облыстық соттың шешімдерінің мазмұны да осыған ұқсас болып, РКФСР ҚҚ 58 ст. негізінде әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырудан, ату жазасына дейінгі жазалар қолданылды. Облыстық соттың шешімімен сотталғандардың құрамы әлеуметтік статусы бойынша әр тақылеттес болып, түрлі деңгейдегі партиялық-шаруашылық қызметкерлерін, қатардады партия мүшелерін және жәй азаматтарды да қамтыды. Соттан тыс орган ретіндегі «үштіктер» құрамына партияның облыстық комитетінің бірінші хатшысы, облыс прокуроры және НКВД облыстық басқармасыны бастығы кірді. «Үштіктердің» сот тыс үкім шығарудағы және халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының істерін қараудағы шексіз өкілеттіліктері, өз кезегінде оралдың мүшелерінің жеке қауіпсіздігіне кепіл бола алған жоқ. Осылай КСРО Жоғарғы Сотының Жылжымалы коллегиясының үкімімен ОҚ Қ(б) П ОК бірінші хатшылары Ә.Ы.Досов пен Б.Манкин, Қызылорда Қ(б)П ОК бірінші хатшысы Қ.А.Әміровтар репрессияға ұшырап кетті . Зерттеліп отырған кезеңдегі ІІХК-ның облыстық басқармасының бастығы С.Д.Пинталь, бәлкім «үштіктің» төрағасы да шығар репрессияға ұшырап, басқа бір соттан тыс орган КСРО ІІХК-ның ерекше кеңесінің 1937 жылғы желтоқсандағы үкімімен ату жазасына кесілді. Жалпы алғанда республика бойынша «үштіктің» 24 мүшесінің 15-і репрессияға ұшырады. Соның өзінде аз уақыт ғана жүмыс істей отырып «үштіктер» репрессиялық үкімдердің басым көпшілігін шығарып үлгерген еді. Республика партия басшылығының орталық органдардың шешімдерін орындауға, тіпті «асыра орындауға» дайын болуы, бір қарағанда, ҚК(б) П Ок бюро мүшелерінің және тиісінше облыстық деңгейдегі басшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз өтуі қажет те сияқты. Бірақ қуғын-сүргін технологиясы «екі жағы да өткір» «обоюдоострый») болып келген еді. Қайсібір адамды соттаудың нақты бір фактілері анықтаулардың негізділігіне немесе негізсіз екендігіне қарамай орьшдаушының өзін заңсыз өрекеттері үшін қарсы анықтауға алып келді, мәселен, «партиядан коммунистерді басы-көзіне қарамай жаппай қуғандығы үшін». Жағдайдың парадокстылығы соншалық, кез-келген айыптаушы заңсыз әрекет жасаушы ретінде, дәл осындай заңсыз түрдегі айыптауға ұшырап отырды. Қоғамдағы қалыптасқан жаппай күдіктенушілік атмосферасында (жағдайында) орталықтағы аз ғана басшылар тобын есептемегенде, ешкім де өзін қауіпсіздіктемін деп есептей алған жоқ. Ол үшін кез-келген жеке адамның қызметін тексеру туралы ұсыныс түсіру жеткілікті болатын, содан кейін-ақ не дәлелденілмейтін, немесе дәлелдеуді керек те етпейтін айыптау сумаң ете қалатын мәселен, «халық жауымен байланысты», - деген. Заңдық нормалардың барынша босаңсып, саяси негізде, жеке адамға қарсы жасалынған қылмысқа, адамгершілік-этикалық тұрғыдағы тосқауылдың алынып тасталуы, республиканың партия және кеңес басшыларын қиын-қыстау жағдайда қалдырды. Едәуір жеткілікті дәрежедегі билікке ие бола тұра, олар Орталықтың партиялық баспасөз арқылы жасаған тегеуіріні мен КСРО ІІХК-сының орталық аппаратының қысымына төтеп бере алмады. Республикадағы «бастаушылық және жол көрсетушілік» ролін формальді түрде (ілдебайлап) сақтай алғанымен, Қазөлкеком және кейіннен ҚК(б) П ОК халыққа идеологиялық жұмыс жүргізу құралы ғана болып қалды. олардың республика территориясында ІІХК органдарының қызметін тексеруге шамасы келген жоқ, сондықтан тек БК(б)П ОК келген директиваларды орындаумен ғана шұғылданды. Республикадағы жазалаушы органдардың іс-жүзіндегі еркіндігі оларға Н.Ежовтың бағытын республика басшылығына еш алаңдамай-ақ жүргізуге мүмкіндік берді. Мұндай жағдайда Қазақстандағы жоғарғы партия және кеңес басшыларының саяси және жеке тағдырының тәлкекке ұшырайтындығы анық еді. Соның бір мысалын, 1933 жылдың қаңтарынан 1938 жылдың мамырына дейін БК(б)П-ҚК(б) П ОК Қазақөлекомының бірінші хатшысы болған Л.И.Мирзоянның өмірбаянынан (қызметінен) көруге болады. 36 жасында ірі партия ұйымының (1933 жылы өлкелік партия ұйымының есебінде 1001486 коммунист болды) жетекшісі болған Л.Мирзоян БК(б)П ОК бағытын жүргізуші, орталықтың адамы болғандығына қарамай, республиканың саяси элитасымен де қоян-қолтық араласып, өз жақтастарын таба білді және көпшілігімен тіл табыса алды. Ұлттық кадрларды жүйелі түрде ылғи да саяси қудалауға алып тазалап отыру, әсіресе, 1937-1938-жылдардағы оның ең белсенді және кемел бөлігін репрессиялау саясаты саяси элитаның азып-тозуына алып келген еді. Міне, осындай құйындатып келген саяси репрессиялардың күйіп тұрған жылдары ол шама-шарқынша бұл зұлматты бәсеңдетуге тырысты. Аталынып кеткен «Правданың» «Буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде» атты мақаласында тікелей ҚазОАК төрағасы Ұ.Д.Құлымбетов, Д.Садуақасов - ҚК(б)П Алматы ОК мен ҚК хатшысы, сонымен бірге ҚазКСР ХКК төрағасының орынбасары С.Есқараев буржуазиялық ұлтшылдар ретінде күстаналанған болатын. Осы орайдағы Л.Мирзоянның кінәсі «...Қазақстанның партия жетекшісі ретінде көзге көрінерлік бірде-бір буржуазиялық ұлтшылды әшкерелемегені»... Бұл жерде мақаланың нені меңзеп түрғаны анық болып тұр — Л.Мирзоян мен ҚК(б)П ОК екінші хатшысы С.Н.Нүрпейісов «буржуазиялық ұлтшылдардың жетегінде кеткен», себебі Қазақстанның белгілі партия және мемлекет қайраткерлеріне қатысты негізсіз іс-шаралар қолданбайды. Орталықтың баспасөз арқылы қысымы, оның одақтық ұлттық республикадағы өздері қойған адамдарының, болмаған күнде «буржуазиялық ұлтшыл» деген сылтаумен ішкі қарама-қайшылық тудырмауына ызаланғандығын көрсеткендей еді. Құжаттарда әлденеше рет айтылып жүрген «большевиктік қырағылық» көрсету ұрандары саяси мазмұнда болатын, яғни саяси билік мәселелерін шешу құралына айналған еді, ал түптей келгенде осының бәрі этикалық категориялар болып табылатын. Сонымен, «большевиктік» немесе революциялық қырағылық «дер кезінде, реакция мен капиталистік құрылысқа шын мәнінде қызмет ететін (арнайы мақсатта немесе онынсыз) барлық іс-қимылдарды көре білу және қиын түсу» ретінде қарастырылды. Қырағылықтың маңыздылығы «социализм жағдайында да капитализмнің өніп кетуіне мүмкіндік сақталып отырғандығымен» түсіндірілді. Басқаларымен қатар бұл категория «...социализмнің таптық жауларын әшкерелеуге үйренуді», «...саяси перспективаны жоғалтып алмауды» да қамтыды. Бұл түсініктер өз кезегінде кең және керекті мағынада таратылып негізсіз саяси айыптаулар тағылуын мүмкін етті. «Сын және өзара сын» категориясы да осы тақылеттес болды. Оның мазмұны мынадай еді: «...қоғамдық пікір білдірудің бір түрі және қоғамдық өмірдегі, ұйымдар мен ұжымдар қызметіндегі, мекемелердегі және жеке адамдардағы кемшіліктерді ашу тәсілі. Сын мен өзара сын мынаны белгіледі: «мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, жеке басшылардың кемшіліктері тұрғысында еңбекші халықтың өз ойларын ашық айта алуы және осы кемшіліктерді жою жөніндегі ұжымдық талқылауға белсенді қатысу. Тиісінше қарсы бағыттағы «жоғарыдағылардың төмендегілерді» сынауы «жоғарғы ұйымдар мен басшылардың төмен тұрған ұйымдарды, ұжымдарды және жеке адамдарды бағалауын ... олардың қызметін түзеу немесе жақсарту мақсатын қарастырды. Өзіне сыни қөзбен қарау мәселесі «...қоғамның алдында жіберілген қателіктерін ашық мойындау» арқылы шешілді. Адамгершілік - этикалық талап ретінде қабылдауға қолайлы категориялар мазмұны саяси қарым-қатынастар сферасына ауыстырылғаннан кейін, оның үстіне құқықтық тұрғыдағы кемшін тұстары тағы бар, осының бәрі косыла келе жаппай репрессиялық іс- шаралар қолдануға ұйтқы болған еді. Л.И.Мирзоян тұрғысында «жоғарыдан сынау «Правдадағы» атышулы мақалаға байланысты болды, онда «ол ОК Бюросы мәжілісінде, Садуақасовты негізсіз ғайбаттағаны үшін, республикалык «Казахстанская правда» газеті редакторының орынбасарын, ашықтан-ашық сөгіп салғандығы және бұрын партиядан шығарылып, кейінннен қайтадан қабылданған Д.Құлымбетовке партия билетін қайтарып беруді талап еткені үшін айыпталады. «Төменнен сынау» да осы мақаланы талқылауға байланысты туындайды. Алматы қаласының Фрунзе аудандық партия ұйымындағы аталған мақаланы талқылаушылар «...Мирзоянның «Правданың редакциясын ғайбаттағаны анық болып тұр, БК(б)П ОК органы сын мақала жазады ал Қазакстанның ОК өзінің шешімдерінде оған пысқырмайды да».... Мирзоян мен Нүрпейісов неге жазаланбай қалды? Ары қарай «ОК Мирзоян мен Нүрпейісов істері жөнінде не айтты, шешімдердегі өзара сын өте мардымсыз». Берілген-архивтік мәліметтерде Л.Мирзоянның позициясы сырт қарағанда қарама-қайшылықтағыдай көрінеді. Өзінің Батыс Қазақстанға шыққан өкілі, ҚК(б) П ОК басшы партия органдары бөлімі бастығының орынбасары П.Н.Гуляевқа ол: «...Теңіз, Казталов, Шыңғырлау, Жәнібек және басқа да аукомдардағы хатшыларды партиядан шығару жөніндегі мәселені қайта қарап... облыстағы осы хатшыларға байланысты материалдарды толық тексеріп шығуды» тапсырды. Мұндағы мақсаты аталған партия қызметкерлерін репрессиялық іс-шаралардан аман алып қалу болса керек. Бұл 1937 жылдың 2 қарашасы болатын. Осыған дейін аталған жылдың 26 қазанында Мирзоян ОК пленумындағы баяндамасында Бюроның ҚК(б) П ОК құрамынан Д.Садуақасовты (Алматы ОК мен ҚК-нің бірінші хатшысы, ату жазасына кесілген) К.Тәштитовты (БКЛЖО Қазөлкекомының бірінші хатшысы, ату жазасына кесілген) І.Құрамысовты (ҚазКСР Мемжоспары төрағасының орынбасары, ату жазасына келген) халық жаулары ретінде шығарып, олардың ісін ІІХК органдарына беру туралы ұсынысын мақұлдайтындығын білдіреді. Ары қарай ОК-тің он бір мүшесінің аты аталады, олардың қатарында обком мен аукомның бірінші хатшылары, облаткомның төрағалары, ОК бөлім меңгерушілері және обкомның жауапты қызметкерлері болды. Олардың бәрі репрессияға ұшырап кетті,ондай зұлматтан Л.Мирзоян қорғауға тырысқан Батыс Қазақстан облысының аталған хатшылары да аман қалмады. Көрсетілген фактілер, тіпті республиканың жоғарғы партия басшылығының өзі де «жоғарыдан және төменнен сынауға» қарсы тұра алмағандығын көрсетеді. «Қолынан келіп қонышынан басу» өз қалауы бойынша жұмыс істеп, ешкімге бағынбаған ІІХК органдарының ғана қолынан келе алды. Соның өзінде де аталған билік секторындағы іс-қимыл оңа қоймаған еді. Қазақ КСР-і ішкі істер Халкомы болып 1935-1938 жылдары жұмыс істеген Л.Б.Залин 1938 жылы репрессияға ұшырап, 1940 жылы атылды. Оны 1938 жылдың ақпанында ауыстырған С.Ф.Реденс республиканың жоғарғы партия және кеңес басшылығы мен обком, қалком мен ауком хатшыларын және облатком мен ауатком төрағаларын жоюды аятағанымен, сол жылдың сонына қарай өзі де репрессияға ұшырап тынды. Қазақстанның көптеген облыстары ІІХК басшыларының тағдыры да осындай болған еді. Соңында Л.Мирзоян Москваға шақырылын, артынан тұтқынға алынады және кейіннен ату жазасына кесіледі. Мирзоян 16 мамырда шақырылған болатын, артынша 1936 жылдың 23 мамырында «Казахстанская правдада» «Мирзояндық артельді» күстаналайтын кезекті мақалада - оны шпиондар, диверсанттар мен баскесерлер бандасы ретінде көрсетіп, мұның өзі мирзояндық артельге катысты бұрынғы ҚК(б)П ОК басшы қызметкерлері мен обком хатшыларын халық жаулары ретінде әшкерлегеннен кейін белгілі болып отыр», - делінген. Қорытынды сәт ретінде ОК Бюросының шешімімен БК(б)П ОК-нен «Мирзоян каласын Жамбыл атына ауыстыру және ОҚО-ның Мирзоян ауданын Жамбыл ауданы етіп» қайта атау ұсынылады. (сұранылады). Бюроның бұл шешіміне ОК жаңа хатшысы Н.А.Скворцов қол қояды. Республиканың жоғарғы эшелонындағы биліктің басқа да өкілдері -С.Н.Нүрпейісов, ҚК(б)П ОК - Қазөлкекомның екінші хатшысы ҚазОАК-нің төрағасы Ұ.Д. Құлымбетов, 1929 жылдың ҚазКСР ХКК-нің төрагасы О.Ж.Исаевтар да ату жазасына кесілді. Оңтүстік Қазақстандағы облыс және аудан деңгейіндегі жетекші кадрларға қарсы репрессиялар да дәл осылай жүрді. 1938 жылдың 5 қаңтарында Қызылорда облысы құрылып, тиісінше облыстық партия ұйымы да құрылған еді. Ондагы жағдай да осыған ұқсас болды. Айырмашылығы осы дүрбелеңге тартылған адамдар тобының облыстық және аудандық деңгейге сәйкестілігінде болса керек. Осылай Қызылорда облысының бірінші партия конференциясындағы сын тезіне қысқа уақытта облыстық партия ұйымын құрып үлгерген, енді бұрынғы болып қалған, обкомның бірінші хатшысы Қ.Ә.Әміров ілінді. Оның партиялық карьерасы айтарлықтай болып, алғашында 1935 жылдан ҚК(б)П Алматы обкомының ұйымдастыру - партия бөлімінің меңгерушілігінен бастаса, 1937 жылдың қыркүйегінен 1938 жылдың ақпанына дейін ол Қостанай обкомының хатшысы қызметінде болды, кейіннен аталған Қызылорда облысына бірінші хатшылыққа жіберілді, дегенмен мұнда да көп жұмыс істей қойған жоқ. Байқап қарасақ Қазақстанның түрлі түпкірлеріне қызмет бабымен қайта-қайта орын ауыстыруы белгілі мақсатта жүзеге асырылған сияқты. 34 жасында обком хатшысы болғанымен, оның ірі-ірі партия ұйымын басқаратындай шыңдалып бітпегені түсінікті. Сондықтан, республиканың партия басшылығы үнемі орнын ауыстыра отырып, оны ІІХК тарапынан болуы мүмкін соққылардан сақтауға тырысты ма деп те ойлайсың. Мәселенің мәнісі, оның Алматы ОК облыстық конференциясының есепті баяндамасында «саяси жағынан күдіктілердің, халық жауларымен байланыстағы адамдардың қатарына» жатқызылғандығы: Әміров, ... ары қарай: «1937 жылғы аудандық конференцияларда обком хатшылары Садуақасов пен Юсуповтың бұйрықтары бойынша Әміров, Дәулетқалиев және басқа да осылардың адамдары конференция делегаттарының белсенді қарсылықтарына қарамай, обкомның беделін пайдаланып, ауком хатшылығына халық жаулары ретінде анықталған (белгілі) Қарамановты, Құрамысовты, Сұлтанғалиевті және басқаларын өткізеді». Олай болса Қ.Әміров Қызылордаға келмей тұрып-ақ «халық жауының қойған адамы» жағдайында болып, өзі де басқа «халық жауларының» қызметінің өсуіне жағдай жасаған болып шықты. Бұл айыптауларға қосымша партконференцияда мынадай да сөздер болды, онда облыста «...Әміров большевиктік жұмыс жүргізбей, оның орнына дұшпандық әрекеттер жасаумен болды». Баяндамашы Әбдрахманов «өзара сын» тұрғысында былай деп мәлімдейді: «Мен большевик ретінде осының бәріне біз жауаптымыз деп есептеймін. Біріншіден, біз осының бәрін болдырмай, кадр таңдау мәселесінде большевиктік қырағылық көрсетуіміз керек еді... Біз Әміровпен келіскеніміз жоқ, бірақ бізді мынадай жағдайға қойды: біз жоқта Әміров кадрлар таңдап, біз келгенде осы қызметкерлердің қайсібір ұйымдарға қызметке бекітілгенін растайтын Мирзоянның телеграммасын көрсетіп отырды. Әміров Қызылордада бірталай лаң жасап үлгерді, өзінің дұшпандық әрекеттерін жасаудан таймады. Оның «қаскүнемдіктерінің» нақты фактілері ретінде мыналар келтіріледі: Жаңа-Қорған ауданы. ... Әміров егін егу науқанының қызып тұрған кезінде келіп партияның АК мен оның бұрынғы хатшысы Ізбасаровқа каналды ашып колхозшыларға су беруін ұсынады, түсініксізі, колхоз егісіне ме әлде колхозшылардың үй маңыныдағы телімдеріне ме, қандай болғанда да колхозшылар бұл суды қабылдауға дайын болмай шықты... нәтижесінде «дамба (бөгет) бұзылып кетіп 10-12 күндей су бейберекет ағын даланы суғарды, егістіктер сусыз қалды...барлығы 120 га дәнді дақыл күйіп кетті. Келесі мысал ретінде жергілікті МТС басшылығының тракторларды орынсыз пайдаланғандығы айтылады. Қазір әшкереленіп отырған механиктің тапсырмасы бойынша, Әміровтың рұқсатымен 54 трактор, олар тіпті де керексіз жерге жіберіледі. Бұл тракторлар онда бірнеше тәулік бойы босқа қаңтарылып тұрды, есесіне осы уақытта басқа жерлердегі егін егу уақыты өтіп кеткен еді.» Барынша ыждаһаттылықпен берілген архив құжаттарындағы бұл цитаталар бірқатар сәттерді көрсетіп түрғандай. Бірінші хатшының қандай бір болмасын қызметкерді тағайындауында тұрған ешқандай «дұшпандық» жоқ және болуы да мүмкін емес, бұл оның тікелей құзырындағы тірлік, оған өзі жауапты. Ал, «бөгеттің бұзылып» және «тракторлардың тоқтап қалуына» келсек, бұл ауыл шаруашылығы өндіріс циклының жауапты сәттерінде - бұл жерде егін егу науқанында, болмай қоймайтын күнделікті (дағдылы) шаруашылықтағы келеңсіздіктерге көбірек келетін сияқты. Мәселе басқада болып тұрғандай, яғни мұнда «басынан бақайшығына дейін» («принцип снежного кома») принципі нақты көрініс тауып «халық жаулары» бір арқанға көгенделген - Мирзоян, одан кейін Әміров, ары қарай Ізбасаров және ары қарай бұл жердегі бізге мәлімсіз МТС- тің механигі және мүмкін сол сәтте тракторы бұзылған қатардағы трактористердің біреуі. Осылай репрессияның «доңғалағына» Әміров тағайындаған барлық ауком хатшылары, МТС директорлары және тағы да басқа адамдар ілігін, олардың саны біртіндеп көбейе берді. Жекелей алғанда Қ.Әміровтың тағдыры басқаларына қарағанда «дұрысырақ» болды. Репрессияланып, яғни 1938 жылдың мамырында тұтқындалып одан 1946 жылы арнайы қонысқа (спецпоселение) көшіріледі, онда 1954 жылға дейін болып, сол жылдың қарашасында ақталып шығады (реабилитацияланды). Осы тұрғыда, жоғарыда аттары аталып өткен, репрессияға ұшыраған оңтүстік өңірдің бірінші партиялық басшылары Ә.І.Досов, Б.Манкин (ОҚО обкомының бірінші хатшылары) және Қ. Ә. Әміровтердің (Қызылорда обкомының бірінші хатшысы) тағдырларының ұқсас болғандығына мән беруге болады. Әбілқайыр Досов (1899-1938) Ақмола облысында туып өскен, кеңестік қызметке араласқаннаң кейін, 1936 жылдың қазанында ОҚ ОК-не хатшылыққа жіберіледі. Көп ұзамай-ақ, 1937 жылдың мамырында ол партияның ОК мен Шымкент ҚК-ның бірінші хатшысы қызметіне жоғарылайды. 1937 жылдың 28 қарашасында тұтқындалып, келесі жылдың наурызын да ату жазасына кесіледі. Қарап тұрсақ оның өңірдегі басшылық қызметі бір ғана жылдың аумағы. Оның саяси карьерасының үзілуіне, бұған дейін ол Семей және Ақтөбе обкомдарының хатшысы болып жұмыс істеген еді, партиялық баспасөз «үлесін» аямай-ақ қосты. Осылай «Правданың» меншікті тілшісі К.Пухов деген бас редактор Мехлиске хат жазып, онда «Досовтың барып тұрған буржуазиялық ұлтшыл екендігі анық... Досов өзінің маңына Саибов сияқты (Сайрам Аупарткомының бірінші хатшысы. еск.авт.) ұлтшылдарды жинап алған, сөйтіп оларды қорғап, қызметтерін өсіреді, ал партияға шын берілген адал қызметкерледі қудалап, күн көрсетпейді. Досовтың дұшпандық іс-әрекетін тек соқыр ғана көрмеуі мүмкін,-делінген. Орталықтан жіберілген тілшінің саяси сөз тасуға көбірек ұқсайтын бұл хаты Ә.Досовты тұтқындаудан екі апта бұрын жіберілген еді. Досов пен Қ.Әміровтың биографиялары көп жағынан ұқсас болды. Екеуі жас шағынан шамалас, республиканың билік тұтқаларына қолдары тез жетіп, түрлі қызметтер атқарды. Әміров бірінші хатшының қызметте жылға жетпейтін уақыт қана болды. Оған да халық жауларын басшылық қызметке тартқандығына байланысты кінә тағылды. Б.Манкиннің тағдыры да осы іспеттес болды. Облыстың бірінші басшыларына қарсы репрессиялар, ойластырылғандай, төменгі деңгейдегі кадрларға да қолданылуға ұласты. Осылай басқарушы партия органдары бөлімінің меңгерушісі П.Т.Бидуля мен осы қызметте оны ауыстырған А.Т.Жолдыбаевтың да қызметтегі өмір жолы тым қысқа болды. Алғашқысы аталған жұмыста небары 1,5 жылдай қызмет атқарып, Оңтүстік Қазақстан сотының арнайы коллегиясының шешімен 25 жылға сотталып, мерзімі аяқталмай дүние салса, соңғысы осы жұмысқа 1937 жылдың мамырында кірісіп, сол жылдың 15 қыркүйегінде тұтқындалады және кейіннен ең жоғарғы жазаға кесіледі. Олай болса басқарушы партия органдары бөлімін де «репрессиялық қауіпті» болды деп есептеуге негіз бар. Дәл осындай қауіпті қызметтердің бірі ретінде облыстық жер басқармасы бастығының орнын айтуға болады - ол жоғарыда аталған Ғ.Х.Бөкейхановтың 1937 жылдың тамызына дейінгі соңғы жұмыс орны болса, оны ауыстырған А.Ералин бұл қызметте бір ай ғана болып 30.10.1937 жылы репрессияға ұшырап кетті. Облыстық маштабтағы қызметкерлердің қайғылы тізімінде облыстық жер басқармасының бастығы А.Ералин, (30.10.37 тұтқындалған.) обкомның ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі А.Р.Грушицын, ОҚО облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі Е.Әбділахатов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің редакторы Р.Жаманқұлов және т.б. бар еді . Жоғарыда аталған және басқа да обком және қалком хатшыларының қызметтерінде ұзақ уақыт болмауы, олардың ұйымдастырушылық қабілетінің ашылуына және өз облыстары мен қалаларындағы партия белсенділерімен жақын танысуына мүмкіндік бермеді. Бұдан шығатыны оларға өзінің қызметінің өскені үшін борышты аудандық деңгейдегі белсенділер мен басқа да қолдаушылардың болмайтындығы еді. Сондықтан да обкомның пленумы мен бюросында бірінші хатшыны орнынан алу оңай шаруа болатын. 1937-1938 жылдар жалпы алғанда экономикалық дамудың маңызды мәселелерін шешу қезеңі болатын – қорғанысты күшейту, елдің әлеуметтік инфрақұрылымын құру, осының бәрі аяқталып келе жатқан екінші бесжылдық пен басталып келе жатқан үшінші бесжылдықтың еншісінде еді. Ауылшаруашылығында қүрделі мәселелер шешіліп жатты. Мұндай жағдайда әртүрлі деңгейдегі партия кадрларын дамылсыз ауыстыру бір ғана нәрсені білдірді - оларға өзіндік «саяси локомотив» ролі беріліп, келуінен кетуінің тез болуы, аймақтардағы партия және шаруашылық активтерін үнемі үріктіріп қойды, сондықтан да соңғылары өз қызмет салаларында жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін барын салатын. Осылай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жауапқа тартылған 560 коммунистің ішінде 58-і облыстық мекемелердің басшылары мен жауапты қызметкерлері болды. Оның 36-сы ату жазасына кесілді. Олардың ішінде жоғарыда аттары аталынған А.Ы.Досов, В.Е.Случак, Б.С.Ержанов, А.Ф.Грушицын, П.И.Грехнев, Р.Жаманқұлов және т.б бар еді. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды мұқият шолу, мынадай жағдайлардың бетін ашатындай. Біріншіден, облыстық деңгейдегі партия және кеңес кадрларының репрессияға үшырауы аудандық деңгейдегі осындай кадрлардың келісімінсіз жүзеге аспаған еді, бұл әртүрлі әдістермен, мәселен «сын және қатал түрде талап етілген өзара сын» арқылы жүзеге асырылды, мұның өзі барынша бейбастақ, заңдылыққа пысқырмаған іс-шараларды легитимдендірудің (заңдастырудың) бір түрі болатын. Екіншіден, бұған қарсы тұру да мүмкін емес еді, себебі билік тұтқасындағылар өз дегендерін болдыру үшін ештеңеден аянған жоқ, ар алдында жауап беру, адамгершіліктен аттамау, имандылық мәселелері, қаскүнемдік жолына түскеңдердің ойына да кіріп шықпады. Үшіншіден, қолданылған әдістер қанқұйллыығымен ерекшеленіп, жазалаушы органдардың қолына түскен бейбақтар бір кеткеннен мол кетіп, не атылды, немесе ұзақ уақытқа қамалып, көбінесе түрмелерде жан тапсырды. Сондықтан да олардан еш сыбыс болмай, былайғы жұрт онда не болып, не қойғанынан бейхабар болды. Төртіншіден, айыптауларға көбінесе мал шаруашылығындағылардың, мақташылардың, егін шаруашылығындағылардың және аздап жандана бастаған дін адамдарының ұрынатынына мән беруге болады. Мұның себебін, соңғыларын есепке алмағанда, қалған салалардың ауыл шаруашылығындағы маңыздылығына байланысты түсіндіруге болады. Сондықтан да ондағы көптеген объективтік факторларға байланысты болмай тұрмайтын келеңсіздіктердің орын алуы әбден мүмкін еді, міне осы қателіктер тырп өткізбей айыптау үшін жетіп жатты. Әрине, репрессия қылбұрауының аталған топтан басқаларды да жайпағаны белгілі. Тағы бір айта кетерлік жәйт, тек қана «қылмыс» Істегендер ғана сотталған жоқ. Олардың от басы мүшелері де айыпты деп есептеяіп, лагерлерден орын алды. «Отанын сатқандардың» от басы мүшелері отағаларымен бірге қасірет тартты. 4.2 Қазақстанның Оңтүстік өңірлеріндегі қалалар мен аудандар деңгейінде жүзеге асырылған саяси репрессиялар Осыншама қатал түрде жүргізіліп жатқан іс-шаралар БК(б)П ОК-гі сталиндік топқа бәрібір мардымсыз болып көрінді, сондықтан өңірлердегі партия және кеңес басшыларын саяси дискредитациялау, өз кезегінде ортаңғы және төменгі деңгейдегі билік басындағыларды жаппай жазалауға ұласқан еді. Саяси репрессияларды жүргізу механизмін теңселмелі маятник түрінде болды десек, оның бір шетінде республикалық орталық, траекториялық қозғалыстың орта бөлігінде облыс орталығы, ал келесі шеткі нүктесінде қалалар мен аудандар болғандығы анық. Республика территориясында жаңа облыстар кұрылып, жаңа аудандардың саны өскен кезде, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамында 19, ал Қызылорда облысының құрамыңда 8 аудан болған еді. Соғыс алдындағы бесжылдықтарда жаңа өнеркәсіп орындары, колхоздар, МТС-тер мен совхоздар құрылып жатты. Осыған сәйкес әлеуметтік және өнеркәсіптік инфрақұрылымның да жетіле түсуі облыс экономикасындағы қалалар мен аудандардың маңызын арттыра түсті. Қалалық және аудандық деңгейдегі партия және кеңес кадрлары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы мекемелерінің басшылары, өздерінің республиканың саяси өміріндегі маңызын біртіндеп арттыра түскен еді, оларды қалыптасқан тәртіпке байланысты Қазақстан К(б) П ОК ғана қызметке қоятын немесе бекітетін. Оның үстіне, теңселмелі маятник ұғымына сәйкес, саяси қудалаулар орталықтың бастамашылығымен аудандар мен мекемелерде жүргізілсе, оның орталыққа байланысты да қайтарылымы болып, кейбір репрессиялық акциялар аудандарда туындап, одан облыс орталығына жетіп, тіпті соңында орталықтағы саяси күштердің орналасуына да өз әсерін тигізе алатын. Партия иерархиясы баспалдақтарымен көтерілу дәстүріне сәйкес, партия басшылары өз карьераларында партиялық биліктің аудандық деңгейін аттап кете алған жоқ, сондықтан да осы аудандарда өз жақтастарын, өздері қызметке қойған адамдарын, сонымен қатар қарсыластарын да қалдырып кеткен еді. Аукомдар мен ауаткомдардың партия және кеңес билігі органдарындағы ерекше маңыздылығы - ол ардың халықпен қоян-қолтық араласып, қажетті жағдайда оларға нақты әсер ете алатындағында болатьш. Олар орталықта қалыптасқан саясатты жүзеге асыруда соңғы буынның ролін атқарды. Репрессиялық саясатты жүргізу барысындағы партия және кеңес номенклатурасын жаппай тазалау науқанында, барлық дерліктей ауком хатшылары мен ауатком төрағаларының көпшілігі ІІХК органдарының құрығына түсті. Осылай, 1938 жылдың 31 наурызындағы, яғни жаппай репрессиялар әлі жалғасып жатқан кездегі «ҚК(б)П аукомдары мен қалкомдарының коммунистерге берген партия қүжаттарына халық жаулары болып кеткен адамдардың қолдары қойылғандығы» туралы архив материалында 70-тен астам ауком хатшыларының фамилиялары бар. Олардың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысынан 14 фамилия кездеседі. Жалпы аудандар санына қатысты алсақ (19 аудан) репрессияланғандардың пайыздық үлесі 73,2% -ды құрайды. Аудандық деңгейдегі кадрлерге қарсы репрессиялар «стандартты» -«буржуазиялық ұлтшыл», «қаскүнемдікпен шұғылданды», «сын мен өзара сынды тұқыртты» деген айыптауларға қосымша «бүгінде әшкереленген халық жауымен байланыста болды» немесе «халық жауының қойған адамы» деу негізінде қылмыстық іс қозғауға ұласты. Соңғы айыптаулар сол уақыттағы кейбір құжаттарда жетекші партия органдарына «өз» адамдарын тартудың дұшпандық әрекеттері» ретінде көрсетілді. Тиісінше, егер обком хатшыларына олардың жаңа ауком хатшыларына ұсынуына байланысты айыптаулар табылып жатса, соңғылары дәл осындай кепті ауатком төрағалары мен өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы басшыларын тағайындағаны үшін кешті. Сондықтан да аудандық деңгейдегілерге «халық жауы ретінде» әшкерелену қаупі «жоғарыдан» да, сол сияқты «төменнен» де төніп тұрған еді. Жоғарыда келтірілген Алматы обкомы облыстық конференциясьшдағы есепті баяндамадан келтірілген цитатада, осы мәселедегі республика бойынша жағдай былай сипатталады: «Обкомға әбден кірігіп алған халық жаулары, ауком хатшылығы мен аудандағы басшылық жұмыстарға халық жаулары мен кез-келген күдікті, тексерілмеген адамдарды қоюмен келді. Әсіресе қатты былғанғаны аукомның бірінші хатшысының орны болды. Л.И.Мирзоян ОҚО Қ(б)П-ның Қарсақбай АК-не жеделхатында «ұлтшылдығы үшін» айыптау- лар фактілерімен мұқият танысып, тексеріп шығуды тапсырды. Осындай аудандық деңгейдегі кадрлерді мұқият «тексерудің» нәтижесі 1937 жылдың 3-10 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қабылданған «ҚК(б)П ОК бюросының партия және кеңес органдарының басшы қызметкерлерін жұмыстан шығару жөніндегі шешімінде» анық көрінген еді. «... 12 п. Қожахметовты Ұлттар Кеңесіне сайлау жөніндегі Түркістан аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы қызметінен және А.Избановты аймақтың сайлау комиссиясынның орынбасарлығы қызметінен босату. 22п. Байшораевты Қазалы МТС-інің директорлығы жұмысынан босату. 23п. Бекмұратовты Оңтүстік Қазақстан облысының Шарнақ МТС-і директорының саяси бөлімі жөніндегі орынбасарлығынан алу. 31 п. Әбдіразақовты Оңтүстік Қазақстан облысы №49 ат зауыты директорлығынан босату. 36 п. Оңтүстік Қазақстан обкомы К(б) П-ның А.Избановты Түркістан К(б) П-ның хатшылығы қызметінен алу туралы ұсынысын қабылдау. 37 п. Оңтүстік Қазақстан обкомы К(б) П-ның П.Данияровты Сарысу аукомының хатшылығы қызметінен алу туралы ұсынысын қабылдау... 38п. Оңтүстік Қазақстан обкомының... С.Баймахановты Мирзоян аукомы ҚК(б)П хатшылығынан алу туралы ұсынысы қабылдансын. Осылай, аудандық комитет хатшылары мен аудандық шаруашылық қызметкерлеріне қарсы қолданылған репрессиялардың, ОК Бюросының қаулысы негізінде жүзеге асырылуы кездесіп тұратын. Әйтсе де бастамашылардың басқа да түрдегілері бар болатын. КазТАГ-тың облыстық бөлімшесі, күні қойылмаған, бірақ аталған ОК Бюросы шешімінен бұрын болса керек, «Комсомолдар халық жауларын әшкереледі» деген хабарламасында «Сарысу ауданының комсомол ұйымы өз қатарларын халық жаулары - ұлтшыл-фашистер мен троцкистік-бухариндік сатқындардан» тазарту үшін күресуде, - дей келе ары қарай ауаткомның бұрынғы хатшысы Дүйсенбековтың және аудандық «Астық дайындау» («Заготзерно») мекемесінің (кеңсесінің) меңгерушісі Оралбековтың «әшкереленгендігі» туралы айтады. Аталған адамдар - комсомолдар, ал оларды ауаткомның бастауыш комсомол ұйымының жиналысында әшкерелеп отыр. Оларды осы уақытқа дейін «әшкереленіп қойған» Сәдуақасовпен байланыста болғансыңдар деп кінәлайды. Бұл арада «...ҚК(б) П Сарысу аукомының хатшысы Данияровтың осы халық жауларының Сәдуақасовпен байланысты екендігін біле тұра үндемегендігі» айтылады. Алматыға барған кезінде Данияров Садуақасовпен кездесіп, оған Дүйсенбековтың жазған хатын көрсетеді. Комсомолдар өз сөздерінде ауком хатшысы Данияровтың таптық қырағылық танытпай ұлтшыл-фашистік элементтерді әшкерелеуге күш салмағандығын атап өткен. Әлі күнге дейін Сарысу ауаткомы торағасының орынбасары болып халық жауы Сапарбековтың баласы (ҚК(б) П БҚО обкомының 1937 жылдың қазанына дейінгі бірінші хат-шысы - еск.авт.) жұмыс істеп келеді. Данияровтың өзі ... Дүйсенбековтың көмегіне сүйенген. Дүйсенбековтың Сәдуақасовтан сұрануы бойынша Данияров Шаян ауданына жұмысқа жіберіліп тұрған жерінен, Сарысу аукомының хатшысы қызметінде қалдырылды». Осылай АК хатшысы Данияровқа «қырағылықты жойғаны», «халық жауларымен байланыста болғаны» және, «халық жаулары қойған адаммен» байланыстылығы үшін айыптар тағылады. Бұл саяси айыптаулардың кез-келгені оңай қауіп емес еді, ал басы біріге келе көздегенін құрдымға жіберетіндігі анық болатын. Қорытындысында, Нұрыш Данияров (1899-1938 ж.ж.) Солтүстік Қазақстан облысының қазағы, 1934- 1937 ж.ж. ОҚО ҚК(б) П Сарысу АК хатшысы болған, 19.02.1938 жылы КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімімен ату жазасына кесіледі. ОК Бюросының Қаулысында Красноводскіде (Түркменстан) туып өскен, 1936 жылдан Түркістан АК хатшысы болған Избанов Аққозы (1905-1938 ж.ж.) туралы екі мәрте айтылады. Түркістан АК 1937 ж. 2 қарашасындағы бюро мәжілісінде оны ІІХК органдарының тұтқындағаны туралы хабарланады. Қабылданған қаулыда А.Избановты бюро құрамынан шығарып, «халық жауы және ұлтшыл-фашист» ретінде партиядан да қуады. Бұған дейін-ақ ОҚО облыстық партия комитеті бюросы 1936 ж. 29 қазанында ҚК(б) П Түркістан аукомының «бірінші хатшысы Избановты ҚК(б)П қатарынан партия және халық жауы ретінде шығару және жұмысынан босату» туралы қаулысын шығарып қойған болатын. Осылай, 29 қазан мен 3 қарашаның аралығында, нәйеті 6 күннің ішінде партияның барлық инстанциясы 32 жасар партия функционерінің жұмысын жапа-тармағай қорытындылайды. Ол 30 қазан күні тұтқындалып, 1938 жылдың 19 ақпанында ату жазасына кесіледі. Кейіннен, республика Компартиясының 2-съезіндегі есепті баяндама материалдарында Избанов тағы да жамандалады: Түркістан партия ұйымында бұрынғы ауком хатшысы, халық жауы Избанов өзіне коммунистерді шақырып алып, оларға адал коммунистерді партиядан шығару мақсатында, олардың үстінен жала жабуды тапсырады. Осылай халықтық тергеуші Қорысбаевқа ол Балтабаевтың үстінен материалдар жинап, оны соттатып жіберуді ұсынады. Қорысбаев мұндай дұшпандық тапсырманы орындаудан бас тартқаннан кейін, Избанов Қорысбаевтың өзіне жала жабады, сөйтіп оны партиядан шығарып, сотқа жауапкершілікке тарттырады. Тек БК(б)П ОК қаңтар пленумынан кейін ғана облсот Қорысбаевты ақтап шығады, ал Түркістан аукомы оны партияға қайта қабылдайды». Осылай, имансыздықтың бел алғаны соншалық, сол уақыттың талабына сәйкес, қайтыс болған адамды да қаралау болып жатты. Сонымен қатар орталық көздеген кез-келген бағытты қос қолдап қолдаған жергілікті жандайшаптардың да қатары көбеймесе, азая қойған жоқ. Басқа аудандардағы осындай жағдайлардың өзіндік ерекшеліктері болғанымен, жалпы алғанда бәрі де ортақ сценарий бойынша жүріп жатты. Жоғарыда аталып өткен Келес ауданының ауатком төрағасы Б.Ержановтың тағдырына байланысты мәліметтер осы аудандағы біраз мэселенің бетін ашып бергендей. Ержановтың жауаптары негізінде ОҚО туып-өскен, 1935 жылдан ҚК(б)П Келес АК бірінші хатшысы болған Оспанов Садуақас (1898-1938 ж.ж) та репрессияға ұшырап кетеді. Оның партияның бағытын қатаң ұстанғаны, айта кетер болсақ, контрреволюционер, ұлтшыл-алашордалық Жылқайдаровпен үнемі тығыз байланыста болып, саяси сөзбұйдалар өрбіткені үшін, Келес ауданының прокуроры С.Ысмайловты БК(б)П қатарынан шығартқандығы, обкомнан аудандық прокурорды орнынан алу туралы өтініші және осы сияқты басқа да еңбектері, әрине әдірем қалды. Оспанов 1937 жылы тамызда тұтқынға алынып, 1938 жылы ақпанда атылып кетті. Ержановты күштеу арқылы алынған жауапқа байланысты Келес ауданы бойынша репрессияға ұшыраған тағы бір мұңдар Келес МТС-інің директоры А.Қарлыбаев (1900-1938ж.) болды. Ол КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясының шешімімен 1938 жылы ақпанында ату жазасына кесілді. Аталған МТС, ауданда алдыңғы қатардан көріне қоймаса керек, себебі Қарлыбаевтың алдында 1935 жылдан директор болып жұмыс істеген Д.М.Бесединге де бұл соңғы жұмыс орны болған еді; ол да 1938 ж. ақпанында ең жоғарғы жазаға тартылған болатын. Ержановтың ісі бойынша жүрген Келес МТС-і саяси бөлімі бастығының орынбасары И.Палманов (1900-1938 ж.ж.) та 1937 жылдың қазанында тұтқындалып, 20.02.1938ж. КСРО Жоғарғы Сотының жылжымалы сессиясының шешімімен ату жазасына кесілді. Репрессиялық шараларды жүзеге асыру барысында қойқаптағы істер де қозғалынып, мұның өзі қатал үкімдер шығаруға негіз болды. 1937 ж. 3-4 қарашасында ҚК(б)П Бостандық АК бюро мәжілісінде аудан ауаткомының төрағасы Қаюповтың мәселесі қаралды. Бюрода қабылданған қаулыда былай делінген: «Ауком бюросы Е.Қаюповтың үстінен келіп түскен материалдарды карастыра отырып, оның 1930 ж. 28 наурызында Қандайлық ауылындағы көтерілістің ұйымдастырушысы болғандығын толық дәлелді деп есептейді.... Ауком бюросы Ешболат Қаюповтың Қандайлықта өкіл болып жүрген кезінде колхозшылардың сұрағына антикеңестік жауаптар беріп сөз сөйлегенін, жекелей алғанда, колхозшылардың қолдағы бар дәнді астық себуге тұқым ретінде алып қойса нан мәселесі не болады деген сұрақтарына Қаюпов: «Мемлекетте ештеңе жоқ, жоңышқа мен шөп жейсіңдер, не десеңдер де сендердегі барды аламыз» деп жауап берген. Ары қарай «Мұндай контрреволюциялық сөзден кейін, дұшпандар-кулактар мен ұлтшыл бай элементтер Қаюповпен байланысын және ұйымдаса отырып көтеріліске шығады және ауылкеңес төрағасы Насыров Тұрдыбайды, ауылкеңес хатшысы Төлебаев Мұратты және ауыл белсендісі Та- шовтарды өлтіреді. Көтеріліске дейін Қаюпов бірнеше күндей ауыл белсенділерін қырып салған топтың басшысы Мырхадиев Миршадидің үйінде тұрған. Көтеріліс кезінде және одан кейін Қаюпов Қандайлықтағы кулактардың үйінде жасырынған». Әрине, ұжымдастырудың алғашқы кезеңі жағдайында осыған ұқсас мазмұндағы көтерілістер мен ауыл белсенділерін жазалау фактілері болуы түсінікті. Әйтсе де мұндай мәселелер аукомның бюросында шешілмеу керек болатын - дәлелдеу, куәлар тарту және басқа да осыған ұқсас тірліктер партия органы айналысатын іс емес еді. Қаулының қорытынды бөлімі 1937 жылдың ызғарына сәйкес реттеліп онда: Ауком бюросы Қаюпов Ешбо- латты Қандайлықтағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде, Абдыразақовтың (Қожановшылдық) ұйымындағы бұрынғы контрреволюциялық ұлтшыл топтың белсенді мүшесі ретінде партиядан шығарып, АК пленумының құрамынан алып тастауды және жұмысынан кетіруді қажет деп есептейді,- делінген. ОҚО обкомы бюросының 25.12.1937 жылғы осыған байланысты қаулысы Бостандық аукомының Е.Қаюповты Бостандық ауаткомы төрағасы қызметініен босату және ҚК(б) П қатарынан шығару туралы шешімін бекітеді. Мұның өзі Е.Қаюповтың талқаны таусылар күннің жақын екендігінің белгісі болатын. Аталған оқиғалармен қатар аудандарда «ауыл шаруашылығы» мен өнеркәсіптегі салалық тәнтілігіне» байланысты сот процестері жүріп жатты. Осылай Қазақстан Компартиясының ОК Бюросы екі рет - 1937 жылдың 10 қыркүйегі мен сол жылдың 3 қазанында мал шаруашылығы саласында көрсетілімді процестер өткізілуін ұсынды. ІІХК органдары мен республика прокуратурасына және партияның облыстық комитеттеріне «...мал шаруашылығы саласында, әсіресе ветеринария мен зоотехника жағынан қаскүнемдердің үстінен көрсетілімді процес үшін кем дегенде әр облыстан бір іс дайындау» тапсырылды. Партияның облыстық комитеттері мен облаткомдарға сот құрамы мен мемлекеттік айыптауларды тыңғылықты дайындап, көрсетілімді процестердің тез ұйымдастырылуын қамтамасыз ету ұсынылсын. Процеске колхозшылар көптеп қатыстырылсын. Облыстық және аудандық газеттерге осы көрсетілімді процестерді кең түрде жариялап... осы процестер бойынша шығарылған үкімдерді және ол үкімдердің кейіннен қалай орындалғаны туралы толық көрсету тапсырылсын. Бұл қаулылардың репрессиялық бағыт-бағдарлары анық-ақ көрініп тұр. Сонымен қатар республикадағы негізгі сала ретінде ауыл шаруашылығының таңдап алынуы осы саладағы істің оңбай тұрғандығын көрсеткендей. Бұрындары болып, әлі де жалғасып келе жатқан малдардың жаппай қырылуы, олардың әр түрлі аурулардан дер кезінде емделмеуі, міне осының бәрі ветеринарлық және зоотехникалық қызметтерді жаңа деңгейге көтеруді міндеттеді. Тек осындай игі мақсатқа жетудің жолының қанқұйлы болғандығы, әрине, жан түршіктіреді. Облыстық жер басқармасының ветеринарлық бөліміндегі мал шаруашылығына зиянкестік жасап келген контрреволюциялық троцкистік ұлтшыл-фашистік ұйымының ісі облыстық қазақ театрындағы ашық көрсетілімді процесте қаралған еді. Сотталғандар 9 адам болды -Есенгелдин, аға ветеринар Чабанов, ветқойма бастығының орынбасары Данилов, облтұқымдайындау кеңсесінің бастығы Сағындықов, Шымкент ветбаклабараториясының меңгерушісі - Сверидов, Арыс аудандық жер басқармасының ветдәрігері - Данильченко, Қостанай облмал өнімдерін дайындау кеңсесінің ветдәрігері Зверев және Арыс аудандық жер басқармасының ветфельшері Косяков. Барлығы 9 адам, әрине бәрі де жұмысынан кетірілгендер. Берілген құжатта «КСРО Жоғарғы сотының арнайы коллегиясының» жылжымалы сессиясының құрамы, айыптаушылар мен қорғаушылардың аттары көрсетілген. Ары қарай ОблКазТАГ-тың хабарламасында барлық айыпталушылардың өз кінәларын мойындағандығы айтылады, яғни: «Конттреволюциялық қаскүнемдік іс-әрекеттер жасап, осы арқылы жаппай жұқпалы ауруларды -сібір жарасы, бруцеллез, оба,топалаң және басқаларын ауыздықтай аямағандығын, сонымен қатар ветсанитарлық тазалауды қаскүнемдікпен дұрыс жолға қоймағандарын, малдары жұқпалы аурумен ауырған аудандарды биопрепараттар мен дезоқұралдармен нашар қамтамасыз еткендіктерін, эпизоотия (мал ауруы) ошақтарының пайда болғандығы туралы дабылды жасырғандығын және т.б.». Барлық келтірілген айыптаулардың, тек «контрревклюциялық қаскүнемдік» пен әдейі ауру тарату дегені болмаса, күнделікті тіршілікте орын алуы мүмкін, ондай мал ауруларының ошақтары бүгінгі күндері де орын алып жатады емес пе? Процестің қорытынды бөлігі туралы ОблКазТАГ-тың хабарламасында: «Енді, алты күндік процестен кейін, айыптаулардың үдей түскені», - айтылады «...КСРО-да қалыптасқан құрылысты құлату, помещиктердің, капиталистердің және байлардың билігін қалпына келтіру, Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетіп оны империалистік мемлекеттердің отары ету». Бұған қосымша «колхоздардың, совхоздардың және колхозшылардың сау малын құртқандығы» туралы дәлелдер келтіріліп, аталған халық жауларының 17 мыңнан аса малдың басын құртқандығы айтылады. Айыптауларда сонымен қатар Бөкейхановтың да аты аталып, ол облыстағы контрреволюциялық троцкистік ұлтшыл-фашистік орталықтың басшысы ретінде, айыптаушыларға жетекшілік етті-мыс,-делінген. Соңында 8 айыпталушы -Есенгелдин, Чебаков, Данилов, Сағындықов, Свиридов, Рогозин және Данильченко ең жоғарғы жазаға кесіледі. Косяковты 10 жылға бас бостандығынан айырып, қалған 5 жылын қадағалауда өткізу ұйғарылады. Осындай «әшкерелеу процестері» Шымкент қаласының басқа да мекемелерінде жүргізілген еді. Атап айтар болсақ: Шымкент қорғасын зауытындағы 1937 ж. 25-26 маусымында өткізілген ашық партия жиналысында «ІІХК органдары 22 маусымда тұтқындаған зауыттың бұрынғы директоры Шахмұратовтың қаскүнемдік істері «бітіспес дұшпандық» ретінде қаралып, оның «энергетикалық базаны, техника қауіпсіздігін сақтамағандығы, жұмысшыларға еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мен мәдени-тұрмыстык қызмет көрсетудегі бүлдіргі әрекеттері қарастырылады. Айыптылардың катарында зауыттың партком хатшысы Насибуллин мен директордың орынбасары Леснов, бұрынғы зауыт металлургы Казнин, бұрынғы цех бастығы Рыжовтар аталынып, сонымен қатар осылардың халық жаулары Шахмұратовпен (бұрынғы зауыт директоры), Таганскиймен (бұрынғы ҚК(б)П обком хатшысы) Пинхасикпен (ҚК(б)П Қазөлкекомының бұрынғы өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі) тығыз байланыста болғандығы күстаналады. Берілген фрагмент бір жағынан зауыт жұмысшыларына қарсы қолданылған репрессиялық іс-шаралардың ауқымдылығын көрсетсе, екінші жағынан аталған адамдарды контрреволюциялық ұйым ретінде көрсетуге жол ашып беретін еді. Шымкент қорғасын зауыты партия ұйымының шешімі негізінде қабылданған, ҚК (б) П Шымкент қалкомының шешіміне сәйкес жоғарыда аты аталған халық жауларының ісі ІІХК органдарына тапсырылады. . ОблҚазТАГ-тың «Облөнеркәсіподағын бөтендер мен бұзықтар басқаруда» деген атпен берген тағы бір материалында халық жаулары ретінде Шымкент қаласының «Трудхимик», «Пищевик» және басқа да артель басшылары мен қызметкерлері әшкереленеді. Дозоров басқарған «Облөнеркәсіподағы» «қаскүнемдік басшылықтың» арқасында ештеңеден қаймықпай, өздеріне тапсырылған шаруашылықтарды талан-таражға салған. Соңғысы және оған жеті адам қосылып РКФСР ҚҚ 58-7 статьясы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл статья бойынша мемлекеттік мүлікті талан-таражға түсіріп, сауда және кредиттік системадағы алаяқтығы үшін ату жазасына дейінгі қылмыстық іс қаралатын. ОблҚазТАГ-тың тағы бір материалы «облхалықтың есеп мекемесін халық жаулары мекен етіпті» деген тақырыпта беріліп, онда бұл мекемеде «...ұзақ уақыт халық жауы Лаумуллиннің жетекшілік еткені, оның ұлтшылдар тобында белсенді мүше болып, ұлтшыл-фашист Т.Рысқұловпен тығыз байланыста болғандығы» айтылады. Тағы басқа айыптауларда оның «...халық жауларының тапсырмасы бойынша өтірік статистикалық мәліметтер беріп», «...аппаратты бөтендермен былғағаны айыпталған. Оның ұйғарымы бойынша ұлтшыл Қожаевтың қайнағасы Сейдаллиннің, бұрынғы ақ офицер Кудрявцевтің жұмысқа алынғандығы анықталған. Соңында Лаумулиннің партиядан шығарылғандығы хабарланады. Мирзоян қаласында Қазақстандық алғашқы журналист-коммунист Сабыр Айтқожиннің де қызметі доғарылды. 1936 жылы ол Мирзоян аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі қызметіне келіп, 1937 жылдың 2 қазанында тұтқындалады, оған контрреволюциялық буржуазиялық-ұлтшыл ұйымға қатысқансың және мектеп құрылыстарын салу мен сауатсыздықты жоюға бағытталған іс-шараларды қаскөйлікпен бұздың,-деген айыптар тағылды. КСРО Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясы С.Айтқожинді ату жазасына кесті. Репрессияға ұшырағандардың бірі 1919 ж. партия мүшесі Шымкент қалаткомының төрағасы С.Кембаев (1897-1938) болды. Оған: «Қожанов пен Рысқұловтың ішкіартиялық тобында» болдың, контрреволюциялық іс-қимылдар жасадың деген айыптар тағылды. Аудандық деңгейдегі басшыларға қарсы репрессиялар Мирзоян ауданында да орын алды. ҚК(б) П АК бірінші хатшысы С.Баймаханов (1903-1938) ол кезде репрессияға ұшырап кеткен бұрынғы ҚазКСР-інің білім халкомы Т.Жүргеновтың «қойған адамы» ретінде тұтқындалады, ол шындығында 1933-37 ж.ж, білім халкомының орынбасары болып Жүргеновпен бірге жұмыс істеген еді. Жоғарғы соттың әскери коллегиясы 1938 жылдың ақпан-наурызында оны ату жазасына кесті. ОблҚазТАГ-тың хабарламасында «халық жауларын жасырушы Янсонның ҚК(б)П қатарынан шығарылғандығы» айтылып, ары қарай «... Янсонның партияның облыстық комитетінде Баймахановтың халық жауы Жүргеновпен байланысы туралы сөздерді ести тұра, оған тиісті дәрежеде мән бермеуі, ол туралы аукомның бюросына есеп бермегені... Янсонның Баймахановтың ірі байдың баласы екендігін, оның туысқандары банданың белсенді мүшелері болғандығын біле тұра, оған бұл туралы насихатшы Сейітов Баймахановтың мәселесі қаралған бюроға дейін айтса да, Янсон тіс жарып ештеңе демеген. Соңғы уақытқа дейін Янсон халық жаулары Айтқожин, Коломейцев, Савлук және басқаларын әшкерелемей, жасырып келген. ҚК(б)П ОК Бюросының қаулысында аты аталып өткен Мирзоян ауданы №49 ат зауытының директоры Ә.Абдыразақов та репрессияға ұшырап, оны ЖСӘК (жоғ. сот әске.колл.) 1938ж. 25 наурызында ату жазасына кеседі. Оңтүстік Қазақстан облаткомы президиуымының 1937ж. 4 қазанындағы қаулысына сәйкес, Мирзоян ауаткомының бұрынғы төрағасы Досымбаев халық жауы ретінде облатком пленумының құрамынан шығарылады. Осылай 1937 жылдың күзіне дейін Мирзоян ауданының бірінші басшылары түгел репрессия құрығына ілініп біткен болатын. Қысқа уақыттың ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының түлегі (1902-1938). 1919 жылдан партия мүшесі, Шәуілдір ауданы ауаткомының төрағасы Б.Елеукеновтың да тағдыры шешілген еді. Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының қаулысы бойынша ол 1937 жылдың 3 тамызында тұтқынға алынады. Оған «қаскөйлік жасады, мемлекет мүліктерін ұрлады, сонымен қатар Кеңес үкіметін құлатып Жапонияның басқаруындағы қазақтың буржуазиялық мемлекетін құру мақсатында контрреволюциялық, буржуазиялық-ұлтшыл, оңшылтроцкистік, террористік ұйымға мүше болды, яғни 58-7, 8, 11 ст. көрсетілген қылмыстар» жасады деген айыптар тағылды. 1937ж. 28 ақпанында Әскери коллегия оны «ату жазасына кесіп жоғарыда аталған статьялар бойынша оған тиісті дүние-мүлікті толық кәмпескеледі. Үкім дәл шығарылған күні орындалды. Арыс ауданы бойынша репрессияға ұшырағандар ішінде аудан және мекеме басшыларынан бөлек басқа да кішігірім жұмыс атқарғандар да аз болмаған еді. Солардың бірі Дауылов Қауыл, 1883 жылғы, ұлты өзбек, шала сауатты, 1918 жылдың наурызынан БК(б) П мүшесі, 1924-29 ж.ж. қатардағы дихан, 1929-1932 жылдары колхоз төрағасы, кейіннен басқа бір колхозда басқарма мүшесі болған. Тұтқындалған кезде Ерназаров атындағы колхозда қатардағы колхозшы болfтын. 1937 ж. 25 желтоқсанында ол Шымкент қалалық партия комитетінің шешімімен, партияның облыстық комитетінің ол шешімді мақұлдауымен колхоздағы қаскүнемдік жұмысы үшін партиядан шығарылған болатын. ОҚО бойын ІІХК басқармасы «үштігінің» шешімімен ол он жылға еңбекпен түзеу лагеріне айдалады. Оның бұрындары партиядағы мінсіз қызметі РК(б)П X съезінің делегаты (1921 жылы - Кронштадта әскери коммунизм саясатына карсы матростардың бас көтерген, «Коммунистерсіз Кеңестер үшін» қозғалысының кезі еді) Дауылов Қ съезд делегаты ретінде бүлікті басуға қатысуы әбден мүмкін, себебі съезд делегаттары толық құрамда Кронштадқа аттанған болатын. Бұған қосымша оның В.И.Ленинмен кездесіп, әңгімелескені белгілі. Сонымен қатар, Сырдария облыстық партия ұйымының атынан Түркістан Компартиясының ІУ және УІІІ съездерінің делегаты да болған еді. Дауылов Қ «Қазақстанда Кеңестік үкіметті құлатып, КСРО-дан Қазақстанды қарулы күрес арқылы бөліп алып, Жапония протекторатымен, қазақтың буржуазиялық мемлекетін құруды мақсат еткен террористік көтерілісшіл және шпиондық-диверсиялық ұйымның филиалы болып табылатын контрреволюциялық ұйымның» мүшесі ретінде тұтқындалған 15 адамның бірі болды. Бірінші және соңғы рет болған сұрауда (допрос), өзінің кінәсін мойындамаса да, басқа айыпталушылардың берген жауабы негізінде сотталып кете барды. Бұл іс бойынша өткен 15 адамның ішінде - үшеуі ату жазасына кесілді (Мырзаев Мақамба - Ерназаров ат. колхоздың төрағасы, Жорабеков Жақын-Киров ат. колхоздың төрағасы, Ходжаев Юлдаш-бұрынғы бай және молда) қалғандары 10 жылдан еңбекпен түзеу лагерлеріне айдалды. Арыс ауданындағы тағы бір мысал - Арыс су системалары басқармасының бастығы Иногомовтың ісі. Оған «...ұлтшылдармен байланысқандығы, тантық жау алашордалық Кенесаринді қорғағаны, партияда жоқтардың жиналысында партияға қарсы сөйлегені... ұлтшыл қаскөйлер Тасымбековпен, Мұқашевпен, Кенбаевпен байланыста болғаны» үшін айынтар тағылды. Қалкомның қабылдаған қаулысында «Иногомовты Арыс су басқармасы бастығы қызметінен алу және ҚК(б)П құрамынан партия және халық жауы ретінде шығару», ол туралы материалдарды ІІХК органдарына беру» туралы айтылған. Тиісінше қалкомның шешімі обкомда да қайталанады. Тек осы орган ғана халық жауы деген атты беріп, айыпталушыны ІІХК органдарына тапсыра алды. Берілген фактідегі мән берерлік тағы бір жәйт, ондағы тек «ұлтшыл қаскөй» сөзі болмаса, басқа «қорқынышты сөз тіркестерінің» жоқтығы. Екі қаулының аралығындағы уақыт бір жарым айдан астам. Мұның бәрі, тағылған айыптардың тайғақтығынан, қатаң үкім шығару мақсатында, басқа да қорқынышты фактілер іздеу үшін керек болды ма деп те ойлайсың. Екінші жағынан ұлты өзбек Иногамовтың не себепті «қазақ ұлшылдарына» бүйрегі бұрғандығы да түсініксіз. Сайрам ауданы бойынша қаскүнемдікке байланысты тағы бір іс «Дәндайындау» («Загот- зерно») ұйымында болып, ол бойынша бірнеше қызметкерлердің мәселелері қаралған болатын. Олардың ішінде аса зардап шеккені 1910 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Талас ауданында туған Сайрам ауданының Манкенттегі «Дәндайындау» пунктінің («Заготзерно») меңгерушісі болған Байдуанов Заманбек еді. Оны Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының коллегиясы 5.11.1937 ж. 15 жылға еркінен айырды, яғни еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберді. С.Байдуановтың тағдырының соншалықты тәлкекке ұшырауына «Ұнтарту өнеркәсібіндегі қаскүнемдікті жою жөніндегі іс-шаралардың» бел ортасынан табылғандығы әсер етсе керек, ол туралы ҚК(б)П ОК хатшысына ҚазКСР прокурорының орынбасары Покровский баяндаған болатын. Онда: «Сайрам ауданының Манкент пунктіндегі «Дәндайындау» мекемесінен Қ.К.58-7ст. бойынша меңгеруші Байдуанов, техножетекші Әбдрайымов, қойма меңгерушісі Марценко және ХКК-нің аудандарда жем дайындау ісі бойынша өкілі Челышевтер қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оларға 1155 тонна дәнге кенеден ауру жұқтырып, 418 тонна бидайды тазаланбаған бидаймен араластырып жібергендігі айып болып тағылды. Барлық айыпталушылар тұтқындалған, тергеуді облпрокуратураның аға тергеушісі жүргізуде, ол бір-екі күнде бітіп, іс сотқа өткізіледі»,-делінген. Төрт айыпталушылардан, Байдуановтан басқа, ҚазКСР ХХК жем-шөп дайындау комитетінің өкілі, 1898 ж. Калинин облысында туған В.Г.Челышев туралы ғана дерек бар. Ол да Оңтүстік Қазақстан облсотының арнайы коллегиясының үкімімен 1937 жылдың 5 қарашасында 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Сәл кейінірек сол жылдың 28 желтоқсанында ҚазақКСР Жоғарғы Сотының арнайы коллегиясы ол мерзімді екі жылға дейін азайтады. Осы фактілер туралы сөз қозғасақ, айыптаулардың мазмұнына мән бере келіп айтарымыз, көп астықты сақтаудың қашан да оңай емес екендігі, технологиялық білім мен тәжірибенің аздығына байланысты кенеден ауру жұқтырылып, ал оны болдырмау үшін алдын-ала қажетті дезинфекциялық тазалау да дұрыс жүргізілмеген шығар. Әйтсе де 1937-1938ж.ж. жағдайындағы кез-келген білместік мемлекеттік меншікке қарсы бағытталған қаскүнемдік болып шыға келуші еді. Облыс орталығынан жырақ жатқан аудандардың бірі Қазалы ауданы болатын, онда да жан түршігерлік оқиғалар болып жатты. Құдайбергенов Патса (1902-1938 ж.ж.), ОҚО Арыс ауданының түлегі, қазақ, 1936 ж. наурызынан КД(б) П Қазалы АК бірінші хатшысы болған, 1937 ж. қазанында тұтқындалып, келесі жылдың ақпанында ату жазасына кесіледі. Бұл кісі жаңадан құрылған Қызылорда облысының аудандағы ең алғашқы бірінші хатшысы болған. Басқа да репрессияға ұшыраған басшылардың қатарында Шляпников болды, ол туралы Оңтүстік Қазақстан облаткомының 1937 ж. 4 қазанындағы №429 қаулысында: облатком пленумы құрамынан ... бүрынғы ауатком төрағасы Шляпниковты... халық жауы ретінде шығарылсын»,-деп айтыпты. ҚК (б) П-ның «проскрипциялық» («өлім жазасына кесілгендердің») тізіміндегі тағы бір тұлға, Қазалы қаласының түлегі, қазақ, Қазалы МТС-інің директоры Қазы Байшораев (1909-1938 ж.ж.) болды. Ол 20.02.1938 жылы ату жазасына кесілген еді. Жоғарыда жазылғандарды қарай отырып, МТС басшыларының ауыл шаруашылығы басшыларының төменгі деңгейіндегі ең бір «репрессиялық қауіпті» категорияға жатқандығын байқаймыз. Мәселенің мәнісі мынада болса керек, МТС жауапты ауыл шаруашылығы науқандарында (егін себу, жекелеу, жинау т.с.с.) көптеген колхоздарды машиналар және тракторлармен дер кезінде қамтамасыз етуі тиіс болды, бұлай етілмеген жағдайда, ол саяс қылмыс ретіңде қарастырылып, кеңес үкіметінің саясатымен келіспеушілік деп есептелінді. Тағы бір алыс аудан Қызылқұмда аталған ауданның бірінші хатшысы Сатыбалдиев Ысмайылдың (1904- 1938 ж.ж.) да өмір жолы оңай болмады. Ол 1919 ж. БКЛЖО мүшесі, 1925ж. партия мүшесі болып коғамдық-саяси жұмыстың бірнеше сатыларынан өткен болатын. Оған берілген қызметтік мінездемеде, оны «партиялық жұмыста аукомның екінші хатшысы немесе нұсқаушысы ретінде пайдалануға болатындығы» айтылады. Одан кейін ол партияның Шымкент ҚК екінші хатшысы, ал кейіннен Қызылқұм АК бірінші хатшысы болады. 1937 жылы 24 тамызында оны ІІХК органдары тұтқынға алады. Репрессияға ұшыраған басқа да бірінші хатшылардың қатарында Петропавл округі Бостандық ауданының түлегі, ұлты қазақ, С.Айсарин де бар. Оның да өмір сүрген жылдары, басқа да репрессияға ұшыраған партия белсенділері сияқты ғасырдың басынан 1938 жылға дейін ғана болды. (1907-1938 ж.ж.). 1934- 1937 жылдар аралығында ҚК(б)П Оңтүстік Қазақстан ОК өнеркәсіп бөлімінде нұсқаушы, кейінннен Созақ аукомының бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. 1937 жылдың 9 желтоқсанында Созақ АК оны партиядан шығарады. КСРО ЖС Әскери коллегиясының шешімімен РКФСР ҚК 58- 7.8.11. статьялары бойынша айыпталып, 1937 ж. 7 желтоқсанында тұтқындалады, 5.03.38 ж. ату жазасына кесіледі. Биографиялық берілулері көрсетіп тұрғандай, ол ауком хатшыларының ішіндегі ең жасы болатын. Партиядан шығарылған кезде, партөтілі де аз еді (8 жыл), ол небәрі 30 жаста болатын. Осылардың ішінде, Петербург губерниясының түлегі, Түркістан АК екінші хатшысы болған М.О.Храбровтың (1902-?) партиялық карьерасы өзгеше. Ол бірінші хатшы А.Избанов тұтқындалғаннан кейін, басқалар сияқты оның көбін кимей, 1937 ж. маусымында Түлкібас аукомының бірінші хатшысының орнына жайғасады. Ал, 1938 ж. қаңтарынан Оңтүстік Қазақстан облыстық жер басқармасының бастығы болады. Бұл «репрессиялық қауіпті» пост әлі де сондай болғандықтан, 1938 ж. 4 маусымында оны ІІХК басқармасы тұтқынға алады. Әйтсе де, таң қаралық жағдай, 15 қыркүйекте-ақ оның ісі қылмыстық құрамның болмауы себепті тоқтатылады. Бәлкім, бұлай болуына сол кезде ІІХК басқармасының бастығы болып Кальнингтің келуі себеп болған шығар, ол екеуі 1937 ж. 29 қарашасында партияның облыстық комитетінің ІУ Пленумында Ә.Досовты «партия мен халық сатқыны» ретінде бірге әшкерелеген болатын. Дегенмен сол пленумда сөз сөйлегендердің көпшілігі кейіннен тұтқындалып, әртүрлі деңгейдегі жазаға ұшырап кеткен еді. Репрессияға ұшыраған аудандық деңгейдегі белсенділердің қатарына 1938 ж. 14 ақпанында 58-б, 10, 11 статьялары бойынша ату жазасына кесілген Түркістан аукеңесінің төрағасы Ә. Абдрахманов пен сол жылдың 19 ақпанында дәл осындай жазалауға ұшыраған қалалық жер бөлімінің меңгерушісі Бағызбаев Мәмбеталыны жатқызамыз. 21 ақпанда мұндай қасірет Созақ аукомының насихатшысы Ә.Әлімбаевтың да басына түсті. 1938 жылдың 21 ақпанында КСРО ЖС ӘК қаулысы бойынша Шаян аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі М.Әскенов он жылға бас бостандығынан айырылады. ОҚО облыстық соты 58-7, 11 статьялары бойынша дәл осындай мерзімге облыстық халықа білім беру бөлімінің меңгерушісі С.Әмірхановты (құжатта С.Амиханов еск. автордікі) да соттайды, 1939 ж. 9 маусымында, бәлкім 1938 жылдың екінші жартысынан бастап жаппай репрессиялау қарқының төмендеуінен болар ісі қайта қаралып, 1941ж. 4 қаңтарында доғарылады. Жалпы алғанда аудандық деңгейдегі кеңестік билік ауыр зардап шекті. 1938 ж. 1 сәуіріне дейінгі облатком пленумының 22 мүшесінің 16-сы халық жауы ретінде оның кұрамынан шығарылды . Енді аудандық деңгейдегі кадрлардың биографиялық берілімдеріне мән берсек, олардың Кеңес үкіметі қалыптасып және көп жағдайда нығая бастаған кезеңінде ғана белсенді қоғамдық және саяси өмірге атсалыса бастаған аумақтық элитаға жататындығын байқаймыз. Олардың тікелей саясатқа араласуы да XX ғасырдағы 20-жылдардың соңы мен 30-шы жылдардың ортасына сәйкес келеді. Осы кезеңде әртүрлі деңгейдегі кадрлерге қарсы жаппай репрессиялық іс-шаралардың толықтай жүзеге асырыла бастауының нәтижесінде, олардың ерекше көзге түсуі түсінікті де болатын. Оның да өзіндік себептері бар еді. Айтар болсақ, олар лениннен кейінгі кезеңдегі жалпы партиялық пікірталастарды және ондағы есімдері құрметпен аталынған, бірақ кейіннен БК(б) П ОК мен Саяси бюродағы сталиндік топқа бітіспес жауға айналған, адамдарды әлі де есінде сақтаған болатын. Олар сонымен қатар аумақтық, республикалық және жалпыодақтық саяси элитаның үлкен бір бөлігін құрап, жергілікті жерлерде нақты билікке ие бола отырып, аудандар, қалалар және ірі еңбек ұжымдары деңгейінде саяси мәселелерді шешуге құқы болған еді. Олардың, Орталықтағы Сталинге және оның маңындағыларға қарсы кезекті «блоктар» жойылғаннан кейінгі позициялары қандай екендігінің немесе болашақта қандай болатындығының ішкі саясаттағы ахуалға әсері айтарлықтай болатын. Осыған орай, саяси және билік қатынастарында болмай тұрмайтын күдіктенушілік нәтижесінде, аудандық деңгейдегі кадрлердің көпшілігі репрессияларға ұшыраған еді. Соның өзінде кеңестік репрессиялық аппарат өздерінің бар тактикалық мүмкіндіктерін пайдаланылып, көпшіліктің пікірін партиялық баспасөз арқылы сұрыптап, қалыптастыра алды. Сол кезеңде қалыптасқан саяси сөздік қоры - жалпы халыққа барынша түсінікті түрде жеткізіліп, мұның өзі Кеңестердің саяси беделден жұрдай болмауына мүмкіндік берді. Ал, ІІХК органдарының АК хатшыларына бағынбауы, олардың ойына келген ойранды жүзеге асыруына жағдай жасады. Осылардың бәрі біріге келе аудандық деңгейдегі кадрлердің тағдырын қасіретке ұшыратқан еді. 4.3 1938-1939 жылдар белесіндегі жаппай саяси репрессиялар ауқымының азаюы. Бұл процестің Оңтүстік Қазақстан аумағына әсері Саяси репрессиялар, XX ғасырдың 30-шы жылдарының екінші жартысындағы кеңес қоғамының саяси өмірінде, саясат пен биліктің құралы ретінде барынша күрделі және жан-жақты құбылысқа айналып, БК(б)П ОК мен Саяси бюроның сталиндік тобына, партияның өз ішінде және жалпы елде шын мәнінде немесе солай болуы мүмкін деп есептелінген қарсыластарына қарсы, саяси күрес арсеналының маңызды бөлігі болып есептелінді. Кеңестік репрессиялық аппарат, бәрінен бұрын қарсыластары ретіндегі топтың адамдарын анықтады, аталған топтың ойы бойынша олар басқа идеологиялық түсініктерді тасушы және осы саяси тұғырнамалардың жақтаушысы бола отырып, партия мен мемлекеттің мүддесіне қарама-қайшы келетін еді. Бұл адамдар туралы мәліметтер, оларға қарсы айыптаулар өзіндік саяси тілде жеткізіліп, оларға қарсы нақты іс-қимылдар жаңа саяси идеялар негізінде өрбіді (мыс: «таптық күрестің шиеленісуі», «үдей түскен сыртқы қауіп»). Бұл орайда күнделікті болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат елдің санасына жаңадан қалыптасқан қажетті сөз тіркестері арқылы, қайсібір сәттерде үрей туғыза отырып та жеткізілді. Келесі кезеңде сот және соттан тыс органдар, негізінен НКВД органдарының күшіне, яғни олардың қызметкерлері мен осы халкоматтың қарамағындағы арнайы әскери құрамаларға сүйене отырып өз шешімдерін шығарып жатты. Аталған органдар репрессиялық іс-шараларды жүзеге асырудың құралына айналып - адамдарды атты, асты немесе бас бостандығынан айырды. Партия мен қоғамның орта және төменгі деңгейлеріне тез арада дұшпандық пиғылдағы адамдарды іздеп тауып, анықтау және жазалауға беру тікелей айтылды немесе жанамалап жеткізілді. Бұл орайда олардың бар-жоғы есепке алынбай, нұсқау тек бір бағытта ғана берілді - ондайлар болуы керек. Қатардағы партия мүшелері мен кеңес азаматтарына арналған саяси ақпарат көзі арнайы сөздіктерден тұрды, ол оқиғаларды біржақты бағалау мазмұнында болып, терең дағдарыс түсінігін (иллюзиясын) тудырды, тіпті әскери жағдайдың болу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Осы арқылы партиялық және қоғамдық өмірдің аталған деңгейлерінде репрессиялық бағытты қолдаушы күштер біртіндеп қалыптасып жатты. Дегенмен, саяси репрессиялар да барлық басқа құбылыстар сияқты белгілі бір жағдайда пайда болып, белгілі бір тәсілмен дамыды және белгілі бір уақытта өзінің жойылу кезеңіне өтуі тиіс болатын. Бұл құбылысқа барынша көп адамдардың тартылуы оның ары қарай дамуында бір тоқтамға келуін меңзеген еді, не қойылған мақсатқа жетіп, бұрынғы бағытты өзгерту, не бұл процесті бақылаудан шығарып алу. Сонымен қатар, ІІХК органдары ролінің соншалықты асқақтатылуы билік басындағылардың күштерінің арасалмағын барынша бұзды, мұны бұлай бетімен жіберуге, әрине, болмайтын. 1938 ж. 11-нен 20-сы аралығында өткен БК(б) П ОК қаңтар пленумында «Партия ұйымдарының коммунистерді партиядан шығару кезіндегі қателіктері мен БК(б) П қатарынан шыққандардың аппеляцияларына формальды - бюрократтық көзқарасы және осы кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар туралы» мәселе қаралды. Пленумда қабылданған қаулыда, партияның өткен кезеңінде жағдайдың бақылаудан шыға бастағанын көрсететін фактілер көп келтіріледі. Партиядан шығару жаппай етек ала бастаған кезеңдегі Әзірбайжан К(б)П ОК бір отырысында (мәжілісінде) 279 адамның партиядан шығарылуы мемкеттілікпен расталына салған. Жаппай партиядан шығару көп жағдайда негізсіз болған. Осылай Куйбышев облысының бір аудандық ұйымындағы коммунистердің саны 210 болса, соның 50-і партиядан шығарылған, олардың 43-іне ІІХК органдары тұтқындау үшін ешқандай негіз таба алмаған». Жағдайды түзеу үшін партия органдары мен ұйымдарына бірнеше талап-тілектер қойылды. «Жаппай, бас-көз жоқ партиядан шығаруды тоқтатып, іс жүзінде партиядан шығару мәселесін жеке қарастыру» тапсырылды. («УК(б)П Киев обкомының бұрынғы хатшысы, халық жауы Кудрявцев партия жиналыстарында сөз сөйлеген коммунистерге үнемі «сіз, болмағанда бір адамның сыртынан арыз жаздыңыз ба?,-деп сұрақ қоятын. Мұндай арандатудың нәтижесінде Киевте қалалық партия ұйымының жартысына дерлік мүшелерін қаралайтын арыздар түскен еді, олардың көпшілігі дұрыс болмай, негізсіз жазылғандығы кейіннен анықталды»). Келесі бір мән берерлік сәт, партиядан шығарылғандардың аппеляциясының қарастырылмауы еді. Осылай, бірнеше обкомдарда, бірнеше мың қарастырылмаған аппеляциялардың жинақталып қалғандығына мысалдар келтіріледі. Осы тұрғысында обкомдар, өлкекомдар мен ұлттық компартия ОК-і «шығарылғандардың аппеляциясын қараудан бас тарта отырып, аукомдар мен қалкомдардың осы мәселедегі шешімдерін... аппеляцияға жатпайтын және түпкілікті шешімге айналдырды»,-деп айыпталды. Сонымен қатар, олардың «коммунистерге қарсы ойына келгенін істеген партия басшыларын да жазалаусыз қалдыратыны» атап өтілді. Осыған байланысты нақты шаралар ретінде, үш ай ішінде партиядан шыққандардың аппеляциясын қарап бітіру және партиядан шығарылғандарды бірден жұмыстан қууға тиым салынғаны туралы айтылады. Партия мүшелеріне жала жапқаны анықталған адамдарды партиялық жауапкершілікке тарту ұсынылды. Осылай, пленум шешімдері бойынша репрессиядан ең көп зардап шеккен негізгі категория-партия мүшелері негізсіз қудалаудан біртіндеп құтыла бастады. Сәл кейін шегініп 1937 жылдың екінші жартысын «тұтқынға алу жартыжылдығы» ретінде, ал 1938 ж. бірінші жартысын «үкім шығару жартыжылдығы» немесе атып, асу жартыжылдығы ретінде қарастырсақ, онда соңғы ірі процесс ретінде 1938 ж. 2-13 наурызы аралығындағы «антикеңестік оңшыл троцкистік блок» дейтіндердің ісін айта аламыз. Онда Н.Бухарин мен А.Рыковпен бірге сотталушылар қатарында әртүрлі саяси позициядағы 21 адам болды бұрынғы троцкистер және ешқашан және ешқандай оппозициялық топтар мен ағымдарға қатыспаған, бұрынғы одақтас республика компартиялары басшылары. Процесте лениндік және Лениннен кейінгі кезеңдердегі ірі партия лидерлерінің сотталуы билік үшін күрестің тәмәмдалғанын білдірді. Сталиндік топ өзінің партиядағы шексіз билігін орнатты. Ал топтың өз ішінде И.Сталиннің жеке билігіне ешқандай шек қойылған жоқ. Елде ары қарай репрессиялық іс-шаралар жүргізе берудің, енді бұрынғыдай қажеттілігі болмады. Жаппай репрессияларды доғару ісі ІІХК басшылығын ауыстырып, оның барлық бөлімшілерін партия аппараты бақылауына беруден басталды. Н.Ежов су транспорты халкомы орнына жылжытылды. 1938 жылдың тамызынан бастап ішкі істер халкомы болып Л.Берия жұмыс істей бастады. Тиісінше ішкі істер органдарында «тазалау» жүргізіліп, осы саланың ірі басшылары орнынан алынып, істері сотқа берілді. Шығарылған үкімдердің көпшілігі ең жоғарғы жаза болып, мұның өзі «уақыт талабына сай» іс-шара ретінде түсінілді. Осы орайда көп жағдайда Н.Ежовтың орнынан кетірілуі, сотталып ату жазасына кесілуі, сонымен бірге ІІХК-ның облыстық және аудандық деңгейден бастап, басқа да ірі басшыларының осындай тағдырға ұшырауы жаппай қылмыстың ізін жасыру ретінде қарастырылып келді. Әйтсе де гәп басқада еді. Тез арада ІІХК органдарындағы төтенше өкілеттіліктердің күшін жоймаған жағдайда, олар өз қарамағындағы құрылымдарға сүйене отырып жеке саяси күшке айналуы және бақылаудан толықтай шығып кетуі әбден мүмкін болатын. ІІХК органдарына қатысты іс оларды орнынан ауыстырумен шектелген жоқ. И.Сталин қол қойған телеграмманың (мәтіні бойьшша хат деуге келетін, нақты жіберілген күні белгіленбеген,) бірінші пунктінде БК(б)П ОК қабылдаған қаулы туралы айтыла келіп, ол бойынша тез арада барлық деңгейдегі ішкі істер органдары қызметкерлерінің жеке істері жүргізіліп, бекітіліп оны тексеру тиісті деңгейдегі партия органдарына - ұлттық компартиялар ОК-не, өлкекомдар мен обкомдарға тапсырылып, аталған жеке істер осы партия органдарында сақталынатын болды. Хатта, мұндай тексерудің нәтижесінде «ІІХК органдарын, саяси сенімге лайықсыз, алдау арқылы кірген, барлық дұшпан адамдардан тазарту керектігі» атап көрсетіледі. Беріліп отырған кешенді іс-шаралар, ендігі жерде ІІХК қызметкерлерінің тиісті деңгейдегі партия органдары номенклатурасында болып, олардың алдында саяси тұрғыда тікелей жауапты екендігін білдірді. Хаттағы барлық пунктер 1.01.1939 жылға дейін орындалу керек болды. 1938 жылы басталған ішкі партиялық және қоғамдық өмірдегі сауығу процесі екіжақты мазмұнда болды, бір жағынан репрессиялық іс-шаралар ауқымы қысқартылып, ІІХК органдарына бақылау қойылса, екінші бір жағынан әлі де өз тағдырының не боларын білмей түрме түнегінде жатқандар жеткілікті болатын. Олардың қылмыстық істерін қысқартып, қамаудан босатуға әлі де ешкім асыға қойған жоқ. БК(б)П ОК Саяси бюросының 1938 жылғы 15 қыркүйегіндегі шешімімен ерекше үштіктер бұрынғы құрамында қайта құрылды. Бұл жолы олардың қарауына «...тек 1938 жылдың, 1 тамызына дейінгі істер беріліп, оны екі айда аяқтау тапсырылды». Аталған уақыттан кейін тұтқындалған барлық адамдардың ісі сотталғандығына байланысты тиісті сот органдарына беріліп..., сонымен қатар егер істерінде сотталатындай жеткілікті материалдар болмаса, ол істерді қайта тергеу арқылы айыпталушыны қамаудан босату керектігі ескертілді. Олай болса 1937-1938 жылдардағы сот істеріндегі жиыльш қалған «үйіндіні» («завал») ақтару, шешім шығаруы шапшаң үштіктерге берілді, олар болса өз жұмыстарына, әлі де. желдің қайдан тұрып тұрғанын білмей кірісіп кеткен болатын. Байқап қарасақ, жоғарыда келтірілген орталықтың қаулысы жаппай саяси репрессиялардың барлық эволюциялық процесін, яғни оның қалай пайда болып, қалай шырқау шегіне жеткеніне дейін және одан кейінгі бәсеңдеу жағдайын, қамтып тұрғандай. Ендігі мәселе осы саясаттың, осы жаңа бағыттың жергілікті жерлерде қалай қабылданатындығында және кең байтақ елде оның қалай жүзеге асырылатындығында болды. Бұрынғы барлық тапсырмалар қысқа уақыт ішінде орындалатын, әрине ол үшін қатты бас қатырудың керегі болған жоқ, ал мұндағы мәселе тіптен басқа, қиынырақ былайша бәрін өз қалпында қалдыру керек сияқты, бірақ солай болғанда да бәрін басқаша жасап, бұрын ескерілмеген факторларды есептеу керек болды. Республика партия ұйымында қаңтар пленумы қойған міндеттер бірден түсінілмеді және бірден өмірге де еніп кете алған жоқ. Осылай, құжаттардың бірінде - 1938 ж. 5 наурызында өткен совхоз жұмысшылары митингісінде оңшылтроцкистік блоктың үстінен жүргізілген процеске байланысты резолюциясы беріліп, онда: «ІІХК органдары мен сталиндік халком Ежовтың бандиттер мен баскесерлердің, шпиондар мен сатқындардың қылмысын ашқан жанқиярлық жұмысын қолдаймыз... Жоғарғы Соттың Әскери коллегиясынан олардың бәрін итше атып тастауды талап етеміз», - делінген. Кейініректегі құжаттарда жағдайдың түзеле бастағаны білінеді. Оны Алматы облысы Қастек қой совхозына байланысты мына бір құжат көрсетіп тұр, онда партиядан шығарудың, және жұмыстан негізсіз босатудың заңсыздығы мойындалған фактілер көрсетілген. Біртіндеп сәуір-мамыр айларында осы тақілеттес құжаттар партияның облыстық комитеті деңгейінде және ең соңында Қазақстан К(б)П деңгейінде де пайда бола бастайды. БК(б)П ОК қаңтар пленумының негізгі мәселелерінің бірі коммунистердің партиядан шығарылғандығына байланысты аппеляциясын қарау болып табылды. Пленумның алғашқы талаптарының бірі партиядан шығарылғандардың кінәсін ашық және нақты дәлелдеп беру болды. БК(б)П ОК жанындағы Қазақстан бойынша ПБКӨ (УКПК) - ның партколлегиясының мәліметтерінде былай көрсетілген: Коммунистерді партиядан шығару үшін 29 қылмыс түрі көрсетілген, ал оларды қайта қабылдау үшін 4 дәлел келтіріледі айыптаулардың дәлелденбеуі, жала арқылы шығарылуы, негізсіз айыптаулар арқылы шығару және коммунисті тәрбиелеп оған жіберілген қатесін жоюға мүмкіндік берілмеуі. 1938 жылдың 20 қаңтарынан 20 сәуірі аралығында ПБКӨ жанындағы партколлегия 239 істі қарады. Олар тиісінше: 1-қайтадан қабылдау, 71 айыптаулар дәлелденген жоқ; 2-жала жабу материалдарына байланысты; 16-сы дәлелденбеді. 3 - негіз болмауы себепті; 60-ы негізсіз, 4-тәрбиелеу және қателіктерін түзеуге мүмкіндік беру; 92 коммунист осы орайда ақтальш шықты. Яғни барлық қарастырылған істер бойынша шығарылғандар партия катарына қосылды. Әрине, бәрі бірдей түзеліп кетті деуге әлі ерте еді. Жалпы Қазақстан бойынша 1938 жылдың 20 қаңтары мен 15 сәуірі аралығында республикалық және облыстық партколлегияларға 1264 партиядан шығарылғандар аппеляция жасады. Олардың ішінен 703 коммунист партияға қайта қабылданып, 58 адам партияға кандидаттыққа ауыстырылды. Республика Компартиясы ОК деңгейіндегі саясат соншалықты өзгере қоймады. ҚК(б)П ОК республикалық ұйымның 2-ші съезіндегі есепті баяндамасындағы бөлімдердің бірі «Капиталистік агентураның талқандалуы және Кеңес мемлекетінің нығая түсуі» деп аталды. Бұл бөлімде бұрынғы саяси ұстанымдар сақталынып, бұрын әшкерленіп қойған, енді еске алудың да қажеті шамалы «халық жауларына» қарсы шабуыл жалғаса түскен. Осылай Н.Бухарин мен А.Рыков процестерінің жаңғырығындай әртүрлі сөздер айтылды – троцкистік бухариндік агентурамен бірге әртүрлі республикаларда буржуазиялық ұлтшылдар да жұмыс істеді, одан Қазак республикасы да тыс қалған жоқ. Мирзоян, Исаев, Құлымбетов, Есқараев, Садуақасов және басқалар бастаған контрреволюциялық оңшыл троцкистік және буржуазиялық ұлтшыл ұйымдар герман-жапон фашизмнің агентурасы бола отырып Қазақстанды КСРО-дан бөліп әкетуге және оны жапон империализмінің отарына айналдыруға тырысты». Ары қарай троцкистік-бухариндік-рыковтық және ұлтшыл-фашистік бандалар қанқұйлы фашизмнің қатарында болып, жапон-герман империалистері өзінің КСРО-ға шабуылының жоспарында қарастырған «бесінші колонна» құрғысы келген еді,-дей келе, сонымен қатар, олардың «Кеңес одағының әскери және экономикалық қуатын әлсірету мақсатында өнеркәсіпте, транс портта және ауыл шаруашылығында қаскүнемдік әдістерді кеңінен қолданып, диверсиялық әрекеттер жасағандығы» айтылады. ОК есепті баяндамасында келтірілген басқа да осы сарындағы фрагменттер біраз мәселені аңғартатындай. Мұнда сол уақыттың саяси лексиконы (сөз қоры) сол қалпында қалған десе де болады. Саяси тактикадағы өзгерістер нәтижесінде репрессиялық іс-шаралар қолдану ауқымы азайғанымен, жеңіп алынған позициядан ауытқушылық болған жоқ, мұны жалғасын тауып жатқан қылмыстық істерді қозғау да көрсетіп берді, тіпті ҚК 58 статьясының «жеңілдеу» статьяға ауыстырылуы да жағдайды жақсартып әкете алған жоқ. Партия қатарындағы және мемлекеттегі, репрессияларды барынша қатал қолдану кезіндегі қорқынышқа негізделіп қалыптасқан тәртіп, әлі де мызғымастай болатын. 10-21 наурыз аралығында өткен БК(б)П-ның ХVІІІ съезінде партияның жаңа Жарғысы қабылданды. Оның ХІІ-ші бөліміндегі «партиялық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылатьш шаралар», бірнеше міндеттер жүктеді. Осылай «партияның бірлігін сақтай отырып, екіжүзділікке, фракциялық күреске және бөлінуге ұмтылған титтей болсын әрекеттерге қарсы ымырасыз күрес... барлық партия мүшелері мен партия ұйымдарының бірінші кезектегі міндеті болуға тиіс», - деп атап көрсетіледі. Жарғының 73 пунктінде - «партиялық және кеңестік орталықтардың қаулысы тез және дәлме-дәл орындалуы» керектігі атап көрсетілді. Кері жағдайда ашық талқылаудан бастап, жауапты партия және кеңес жұмыстарынан уақытша шығарып тастау, одан кейін партиядан шығару, ең соңында партиядан шығарып қылмысына байланысты әкімшілік және сот талқысына тапсыру қарастырылды». Келесі пунктте шамамен осындай шаралардьщ ОК мүшелеріне қолдану жолы реттелді. Партия жарғысынан келтірілген фрагмент И.Сталиннің партияны пікірталас клубы ретінде емес «семсершілдер ордені» ретінде кергісі келетін арманының жүзеге асқандығын білдіретіндей. Оңтүстік Қазақстан аймағында қаңтар пленумының тактикалық және идеологиялық нұсқауларын жүзеге асыру, бәрінен бұрын партиядан шығарылғандардың аппеляциясын қараудан басталған еді. Облпартколлегияның 1938 жылдың 1 қазанындағы есебінде жағдайдың іс жүзінде қандай екендігі көрсетіледі. «1938 жылдың 20 қаңтары мен 1 қазаны аралығында 559 аппеляция реттелген. Оларды шығарылған кезеңдеріне сәйкес бөліп, мынадай деректер алынды: 1. 1932-34 ж.ж. шығарылғандар - 110 адам... 24 партияға қайта қабылданды, немесе 22%... шығарылғандардың 61-кі дәлелденді немесе 55%. 2. 1935-1936 ж.ж. шығарылғандар - 287 адам, қайта қабылданғаны - 140, немесе 48 %, 91-нің шығарылғандығы дәлелденді немесе 32%» ...1937 жылы шығарылғандар, қаралғаны 104 аппеляция, қайта қабылданғаны - 57 немесе 55%» ... 36-ның шығарылғандығы дәлелденді немесе 34,6 %. 4. 1938 ж. 9 айында, яғни БК(б)П ОК қаңтар пленумы қаулысынан кейінгі уақыгта, 3- 4 категория бойынша аукомдар шығарылғандардың 58 аппеляциясын қараған, олардың ішінде ҚК(б)П мүшелері 43, кандидаттар 15. Партия мүшелерінің қайта қабылданғаны 8 немесе 14%, кандидаттыққа ауыстырылғаны және шығарылғаны дәлелденгендері - 37. Кандидаттардың қайта қабылданғаны - 3 және шығарылғаны дәлелденгені 12». ҚКСР бойынша ПБКӨ жанындағы Оңтүстік Қазақстан облпартия коллегиясының мүшесі, есеп беруді құрастырушы Шихалиев жоғарыдағы цифрларға мынадай баға береді көрнекілікпен көрініп тұрғандай, 1938 жылдың басына дейінгі, облыс пен бірнеше аудандардың басындағы партия жетекшілері - троцкистік-бухариндік, ұлтшыл-фашист бандиттер, репрессия арқылы біздің большевик кадрларды құртып, партияның қатарына өздеріне ұқсаған адамгершіліктен ада бөтен элементтерді жинағысы келді. Осы 1938 жылы партия қатарынан шығарылған ҚК(б)П-ның 49 мүшесі мен кандидаттарының ішінде халық жауларымен байланыста болып, оларды қорғағаны үшін шығарылғандары - 40 адам, қалған 9-ы әлеуметтік бөтен элементтер. Бұл Оңтүстік коммунистерінің арасында большевиктік қырағылықтың едәуір көтерілгенін және БК(б)П ОК қаңтар пленумының қаулысы партия ұйымдарын дұшпандық, таптық-бөтен элеметтерден тазартудағы ымырасыз күресте өткір қару болып табылатындығын көрсетеді, пленум партия мүшелері мен кандидаттарын партия мүшелерінің тағдырына қылмыстың -жеңілтектікпен қарағандарды үзілді - кесілді жойып жіберу үшін осылай қаруландырып отыр». Облпартколлегиялар мен партияның облыстық комитетінен бөлек, шығарылғандардың аппеляциясы туралы істі қалкомдар мен аукомдар да қарады. Шымкент қалкомы хабарламасында: «БК(б)П ОК қаңтар пленумы шешімі шыққан күннен 1938 жылдың 10 қыркүйегі аралығында партияның Шымкент қалкомы бастауыш партия ұйымдарында шығарылған 94 істі қарап, оның 23-і қайта қабылданды, сонымен бірге партколлегия мен обком қала партия ұйымынан 8 адамды қайта қабылдады, бұл бастауыш партия ұйымдары шешімдерінің 33%-ға өзгертілгені. Сонымен қатар, тағылған айыптардың дәлелденбегені туралы мысалдар да бар. Осылай ҚК(б) П аукомы пленумында Мәуленов партиядан шығарылған болатын, «колхозшылар арасында антикеңестік әңгіме жүргізгені, дұшпандармен байланысы және әлеуметтік бөтендігі үшін». Аппеляцияны талқылау кезінде айыптаулар дәлелденген жоқ. Партколлегия осыған аукомның назарын аударьш, бірінші хатшы Ж.Беласаровқа ескерту жасалынып, оған коммунистерді партиядан шығаруда жеңілтектікке жол бермеу тапсырылып, ондай іс қайталанған жағдайда жауап беретіндігі ескертілді». Қаңтар пленумы қаулыларының пункттерінің бірі жала жапқандығы үшін партиялық жауапкершілік тарту тұрғысында болды. Осы жөнінде берілген құжатта былай делінген - Партколлегияның жалақорлар мен көлеңкесінен қорқатындарды жауапқа тарту ісінің әлсіз екендігін мойындау керек, қазірге дейін бір де бір ауком хатшысьша коммунистердің партиядан негізсіз қуылғандығы үшін партиялық жаза қолданылмаған, мұның өзі аппеляцияны талқылау кезінде бірнеше ерекше қаулылар қабылданып, бірқатар аукомдарға жалақор коммунистерді жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілгеннің езінде жүзеге аспай отыр». Мәтіннің осы үзіндісінде мынадай факті де келтіріледі: 23/У - 1938 жылы партияның Меркі АК-і ҚК(б) П мүшесі Қожабеков Рахманқұлды 15 коммуниске жала жапқаны үшін партиядан шығарады, 1/УІІ - 1938 ж. Партколлегияның қаулысымен шығарылу мақұлданған. Келесі бір маңызды сәт ретінде партияға қайта қабылданғандардың партиялық құжаттарын беру мәселесін айтуға болады: «...бұл пункттің орындалуы нашар, бұған аукомның бірқатар хатшыларының салақтығынан немесе олақтығынан партияға қайта кабылданғандардың жылдап партқұжаттарын ала алмаған бірнеше фактілерін келтіруге болады.... Партколлегия мен партияның облыстық комитеті қабылдаған бірқатар іс-шараларға қарамай осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін партқұжаттарын ала алмаған ҚК(б) П-ның 96 мүшесі мен кандидаты әлі де сандалуда жүр». Осылай Сайрам ауданында партияға қайта қабылданған 7 коммуниске, Келес ауданы бойынша 5 коммуниске партқұжаттары берілмеген. Партбилеттерін бермей, есеп кәртішкелерін жүргізбеу іс жүзінде партия қатарына қайта қабылдамау болып табылар еді. Мұндай келеңсіздік, оның себебіне қарамай шығарылғандарға әжептеуір қауіп келтірер еді. Келесі маңызды сәт ретінде «партияға қайта қабылданғандарды большевиктік тәрбиелеу» деген болды. Осыған байланысты: «Бастауыш партия ұйымдары мен ауком хатшылары партияға қайта қабылданған коммунистерді большевиктік тәрбиелеуге жауапкершіліктерін сезінбейді. Аукомдар көп жағдайда, қайта партияға қабылданғандарды есепке алып, оларды қайсібір партия ұйымына тіркеп, жұмыс берумен шектеледі, бірақ олардың жұмысы қалай жүріп, өмірі қалай өтіп жатқанында шаруасы болмайды. Партколлегия өз есебінде шығарылғандардың тағы бір мәселесін жұмыстан бірден кетіруді сөз етеді, бұл да қаңтар пленумы қаулысында сынға ұшыраған болатын. Мұндай фактілер, яғни тек бастауыш партия ұйымынан шығарылғандарды, бұған ешқандай қажеттілік болмаса да, жұмысынан кетіру кездесіп отырған. Түрксіб бөлімшесінің Жамбыл совхозының бастауыш ұйымы 1938 жылдың маусымында жалпы партия жиналысында 2 коммунисті қатарынан шығарады, олардың бірі 1918 жылдан ҚК(б)П мүшесі - Семенова, шаруашылық меңгерушісі (завхоз) және екінші қоймашы болып жұмыс істеген ... осы жолдастар жұмыстарынан алынды... шығарылғанына 3 ай толмай жатып... жиналыстың шешімі партияның аукомына бекітілуге де берілмеген... жолдастар 3 ай бойы жұмыссыз жүр, олардың партияда қалу мәселесі де шешілмеген». Бұл жерде «жоғарыдағылардың» мүмкіндік бергеніне қарамастан «төмендегілердің» немкеттілік көзқарасы анық көрініп тұр. Аймақ бойынша қорытынды статистикалық мәліметтер мынадай. 1.09.38 жылға дейінгі қарастырылмаған аппеляциялардың саны - 724, олардың ішінде партияның аудандық комитетері шешімдерінің қайта қаралғаны - 631, партияға қайта қабылданған коммунистер саны - 292, кандидаттыққа ауыстырылғаны - 10, тілектестер (сочуствующих) қатарына - 14, шығарылғандығы мақұлданғаны - 310, қарастырылмай қалғаны - 93... ... БК(б) П қаңтар пленумының қаулысы баспасөзде жарияланған кезден бастап партия ұйымы облыстық комитетінің тіркеу бөліміне 26.01.38 ж. дейін 179 аппеляция 5.0938 ж. дейін 623 аппеляция, барлығы 802 аппеляция түссе, әткен 7 ай ішінде оның тек 88 аппеляциясы немесе 11 %-ы қарастырылған, қайтадан партия қатарына және кандидаттыққа 68 адам қабылданып, облыстық партколлегияға 438 және партияның аудандық комитеттеріне 200 аппеляция талсырылған. Осы және осыған дейінгі цифрларды және бұдан кейінгілерін де, саяси тарих тіліне аудару тіпті де оңай емес. Алдымен «марксизмнің бөтен туының» астында, кейіннен одан да бөтен большевиктердің туы астында, одан кейін тіпті де бөлек сталинизм туының астында болған аймақтың саяси элита өзінің барынша дәрменсіз екендігін көрсетіп «ағыс аққан жаққа қарай» жүзуге дайын болып, болып жатқан оқиғалардың мән-мағынасын түсінуге тырыспай, Орталықтан келер нақты бүйрықтарды бұлжытпай орындауға дағдыланды. Тіпті, ол бұйрықтарды қабылдай отырып, онда аздаған қауіптің барлығын сезсе, онда оны аяғына дейін орындауға да дәрмені жетпеді. Осындай және осыған ұқсас іс-әрекеттердің нәтижесінде Қазақстан Коммунистік (б) партиясы мүшелері санының 1933-1940 жылдарғы динамикасы (өсу деңгейі) мынадай болды. 1933 жылы, жаппай партиялық тазалау басталмай тұрып оның қатарында 101 мың 486 большевик болды. Олардың 48594 партия мүшелері 52892 мүшелікке кандидаттар еді. Жалпай партиялық тазалау мен алғашқы саяси процестерден кейінгі 1936 жылы 47988 адам қалды, тиісінше 29474 партия мүшелері және 18514 кандидаттар. Көбірек кеткені партия мүшелігіне кандидаттар болды. 1937 жылы саны көбейіп 51881 адамға жетті - 32629 мүшелері мен 19252 кандидаттар. 1938 жылы ол қайтадан 48322- ге төмендейді - 30120 және 18202. 1937 жыл мен 1938 жылдар арасындағы цифрлар айырмасын репрессияға ұшырағандардың саны ретінде қарастыруға болады барлығы 3559 адам, олардың коммунистері 2509, кандидаттары - 1050. Партия қатарының ұлғаюы 1939 жылы басталады жалпы саны 65465 және 1933 жылғы деңгейге 1940 жылы жетеді - 108705 партия мүшелері мен кандидаттары, яғни 1933 жылғы деңгейден сәл асып тұр. Партиядан шығару фактісінің өзі, ол тіпті салыстырмалы түрде тыныш жылдары - 1934 ж. 31885-ке, 1935 ж. тағы да 8765-ке, 1936 ж. 12224-ке жетіп, яғни 1938 жылға дейін жалпы алғанда 53164 коммунист, репрессияға ұшырау каупінде болды. Сондықтан да, жиналып қалған аппеляцияларды тезірек қарау туралы ұсыныс жағдайдың түзеле бастағанын көрсеткенімен, аукомнан обкомға дейінгі аймақтық деңгейдегі партия органдарының аппеляция істерін қарап, партқұжаттарды берудегі сылбырлығы қорқыныштың, күдік пен сенімсіздіктің сейіле қоймауына әсер еткен еді. Ал, бұл жағдайдың тек республика партия ұйымында ғана емес, оның барлық аймақтық бөлімшелерінде, соның ішінде Оңтүстік Қазақстанда да түзелуіне кедергі жасады. Бірнеше аппеляциялық істерді жекелеп қарастыру шығарылғандар туралы біршама түсінік беретіндей. Осылай ҚК (б)П ОҚО обкомы бюросының 1938 жылдың қарашасындағы мәжілісінде 1906 жылы туған, 1928 жылдан партия мүшесі Жамбыл аудандық мемлекеттік типографиясының директоры Е.Шығанбаевты (құжатта И.Чигимбаев еск. автордікі) партиядан шығару мәселесі қаралды. Ол ҚК (б)П Жамбыл АК шешімімен халық жауларымен байланыста болғаны, мемлекеттік қаржыны талан-таражға салғаны, сынды тұқыртқаны және саяси сенімділік тудырмайтындығы үшін партиядан шығарылған. Шығанбаев Жантаевқа парторг ретінде 350 сом ақшалай көмек бергізген, онымен жақын қарым-қатынаста болған. Обком бюросының шешімі мынадай болды: Мемлекеттік қаржыны талан-таражға салу, сынды тұқырту және халық жауы Жантаевпен идеялық байланысы анықталмады». Е.Шығамбаев партияға қайта қабылдансын, сонымен бірге оған «қырағылықты жоғалтқаны» үшін есеп кәртішкесіне жазылып, қатаң сөгіс берілсін». Мұндай айыптаулар 1937 жылдың екінші жартысында қаралса, міндетті түрде партиядан шығарылып, ісі ерекше үштіктерге берілетіні әбден мүмін еді. Қызылорда обкомының бюро мәжілісі 1938 жылдың 28 тамызында, 1900 жылы туылған, 1921 жылдан партия мүшесі, облыс прокурорының көмекшісі А.Таласовты партиядан шығару туралы мәселені қарады. А.Таласов бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры, бүгінде әшкереленген халық жауы Мұхамеджановтың контрреволюциялық әрекеттерін жасырғандығы үшін айыпталады, Мұхамеджанов өз кабинетінде В.И.Лениннің бюстін, телефон аппаратын, терезелерді және тағы басқа дүниелерді қиратқан болатын. Таласов облпрокуратурада парторгтың орынбасары ретінде, бұл кезде парторгтың орнында қалған болатын және халық жауының осы контрреволюциялық әрекеттерін көре тұра, партия үйымынан бұл фактіні жасырған... Таласов 1931 жылы Қарақалпақ АКСР-інде жұмыста болғанда аванстық есептер бойынша өтірік құжат жасағаны, сынды тұқыртқаны, арақкештігі және қызмет бабын пайдаланғандығы үшін партиядан шығарылып, кейіннен қайта қабылданған болатын. Таласов 1935 жылы партбилетін жоғалтуына байланысты екінші рет партиядан шығарылған болатын. Партияның Оңтүстік Қазақстан облыстық комитеті оны қайта қабылдаған еді. Қорытындысында обкомның бюросы «Қызылорда қалкомының шешімін мақұлдап... А.Таласовты халық жауының контрреволюциялық әрекеттерін жасырғандығы үшін партия қатарынан шығарады. Бұл жерде бұрынғы сарынның әлі де қалып отырғанын байқау қиын емес. Сонымен қатар, екеуінің де қылмыстарының айтарлықтай емес екендігіне қарамай, партия жағынан қатаң жаза қолданылуы, тіпті істің кейіннен жазалаушы органдарға берілу мүмкіндігі, ішкі аймақтық элитаның бұрынғы ерекше үштіктің мүшесі Мұхамеджановпен есеп айырысуы деп те түсінуге болады. «Қазақстан бойынша» партиялық бақылау комиссиясы партколлегиясының жылжымалы партүштігінің (құжатта осылай - еск. авт.) 1938ж. 8-10 қазанында өткен мәжілісінің хаттамасында Қызылорда қаласы бойынша бірқатар аппеляциялар мен олардың нәтижелері мазмұндалады. Осылай 1905 ж. туған, 1932 жылдан 1937 жылға дейін партияға кандидат Ш.Талпақовтың ісі бойынша, оны «...1937 жылы партияның Қызылқұм аукомы, өзінің жерлесі - қылмыскер, Ахметовты кооперативке жұмысқа кіргізгендігі және тағы бір жерлесі НКВД органдары тұтқындаған Жанысбаевты кепілдікке босатып алуға тырысқандығы және онымен байланыста болғандығы үшін партиядан шығарған болатын. Ары қарай «...Қойылған айыптар дәлелденді. Дегенмен Талпақов өз кінәсін мойындай отырып, оның өңін айналдырмақшы, сөйтіп Қызылқұм аукомының бұрынғы хатшысы, бүгіндері әшкереленген халық жауы Сатыбалдиевтің, бұл оны әшкерелегені үшін, болмаған істі болды деп, өзін партиядан шығарғандығын айтады. Өзінің партиядан шығарылуының шын себебін жасыра отырып Талпақов ҚК(б)П Тереңөзек АК арқылы, ҚК(б)П-ға кандидаттыққа, кейіннен мүшелікке өтіп алған. Обком оны әлі бекітпеген... Істің қорытындысы мынадай: Оңтүстік Қазақстан облысы ПБК ПК-ның 1937 ж. 25 мамырындағы Талпақов Шәмшіні партия қатарынан шығару туралы шешімі мақұлдансын». . Бұл тарихи факт, өз заманының ерекшеліктерін көрсете отырып, сонымен қатар сол кезде көбінесе нақтылы саяси жағдаймен астаспай жататын, өзара ырың-жырыңның да аз болмағандығынан хабар береді. Мьшадай да аппеляция қаралған: 1903 ж. туылған, 1930 жылдан партия мүшесі Қ.Әлменов «...Парақорлығы, маскүнемдікке салынғандығы, адамдарды заңсыз тұтқынға алғандығы және мемлекеттік құпияны ашқандығы үшін партия қатарынан шығарылған». Келтірілген айыптаулар «бумасы» ойдан шығарылды дегенге келіңкіремейді, партүштіктің шығарылуды тездетіп мақұлдауы да сондықтан болса керек. 1902 жылы туылған, 1930 жылдан партия мүшесі 1938 ж. 2 маусымында шығарылған Есіркеп Төлебаевтың ісі бойынша, оның «...партия қатарынан қазақтарды кәрістерге қарсы ұйымдастырып топ құруға әрекет жасағаны және колхоздың сүт-тауарлы фермасында қаскүнемдік әрекет жасауға тырысқандығы үшін партиядан шығарылғандығы» айтылады. Құжатта: «Дәлелденді: Төлебаевтың кәрістерге қарсы топ ұйымдастырғаны анықталған жоқ.» Ары қарай: «Қаулы қабылданады, Сырдария аукомының шешімін өзгерту», «...оны партияға қайтадан қабылдау, СТФ-да нашар жұмыс істегендігі үшін есеп кәртішкесіне жазылған қатаң сөгіс берілсін». Ал, кәрістермен шекісу шындығында орын алған болуы керек, ол туралы қаулыға қосымшада айтылады: «Ерекше: «Әуелбаевқа (бәлкім колхоз төрағасы - еск.авт.) қазақ колхозшыларына, егер олар оқымаса онда кәрістердің оларды ауыр жұмысқа сала беретінін, және оларға оқу туралы өздерінен басқа ешкім түсіндірмейтіндігін ұғындыру тапсырылды». Зерттеліп отырған кезеңдегі саяси өмір мен күнделікті тіршіліктің араласып кетуі, оларды қарастыруда жан-жақты және объективті жол табу қажеттілігін нұсқайды. Жалпы, Қазақстанға салыстырмалы түрде әжептеуір этникалық кәрістердің қоныс аударуы Оңтүстік Қазақстан аймағына өз әсерін тигізбей қойған жоқ. 1937 ж. 27 тамызындағы БК(б)П ОК мен ХКК-ның қаулысында: 1. БК(б)П ОК Қиыр Шығыс өлкекомына, өлкеаткомына және Қиыр Шығыс өлкесі ІІХК басқармасына Қиыр Шығыс өлкесінің шекара аймақтарынан барлық кәріс тұрғындарын көшіру ұсынылсын;
2.Көшіру бірден қолға алынып, 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталсын; Көшуге тиісті кәрістерге көшу барысында өзімен бірге мал-мүліктері мен шаруашылық құрал-жабдықтарын бірге алуына рұқсат етілсін; Көшетіндерге қалдырып бара жатқан жылжымалы және жылжымайтын мүліктері мен егістері үшін төлемақы қарастырылсын; Көшетін кәрістердің шетелге кету ниеті болса кедергі жасамай шекарадан жеңілдетілген тәртіппен өткізілсін; Қазақ және Өзбек КСР-і ХКК-не көшіп келетіндер орналасатын аудандар мен пункттерді тез анықтап және көшіп келушілердің жаңа орындарын игеріп кететіндей іс-шаралар ұйымдастырып, қажетті жағдайлар жасау міндеттелсін; ...11.Кәрістер көшетін аудандардағы шекараны нығайту үшін шекара әскерлерінің саны 3000 адамға көбейтілсін» Берілген құжаттың ақпараттық жағы, оның құқықтық негізділігін қарастырмағанның өзінде, ешбір талап-тілек немесе айыптауларсыз толық бір этникалық топты депортациялауды, мемлекеттік қажеттілік деп қарастырады. Дегенмен, Қазақстанға 1944-1945 жылдары көшірілген басқа этникалық топтарға қарағанда, кәрістерді көшіру біршама құқықтық тұрғыда жүргізілгені көрініп түр. Негізгі себеп, айтылып өткен жапондардың жаппай шпиондық системасы мен Оңтүстік-Шығыс Азия тұрғындарын сырт халық, оның ішінде еуропалықтар, ажырата алмайтындай антропологиялық ұқсастығында болса керек. Орыс-жапон соғысында барлаудың үлкен роль атқарғаны, оған қосымша жапон армиясының 1931 жылдан бастаған Оңтүстік Азиядан Австралияға дейінгі жеңісті қадамдары, КСРО-ның Қиыр Шығыс аймағына айтарлықтай қауіп төндірген болатын. Оның алғашқы белгісі жапон әскерлерінің 1931 жылдың қыркүйегінде басталған Маньчжурияны оккупациялауы болды, бұл КСРО үшін жапон армиясының тікелей кеңес шекарасына шығуын білдірер еді, онда Қытайдың Цин династиясының соңғы императоры Пу-И-дің марионеттік Маньчжоу-Го мемлекетінің құрылуы жағдайды өзгертпеген еді. Келесі конфликт 1938 жылдың 29 шілдесі мен 11 тамызы аралығында, яғни жоғарыда берілген қаулыдан бір жыл кейін болып өтті. Хасан өзені маңында жапон әскерлерінің тез және есте қаларлықтай болып талқандалуы, Приморское өлкесінің Посьет ауданында жүзеге асырылған болатын, көрсетілген қаулыдағы кешіру де дәл осы жерден басталу керек болатын. Бұл жердегі тыңғылықты дайындықты жапон командованиесі білмеген болып шықты. Әрине, түптеп келгенде мемлекеттік тұрғыда қажет болып табылған мұндай шаралар, үйренген елкесін тастап шыққандарды жұбата алмасы анық. КСРО ХКК 1937 ж. 5 кыркүйегіндегі қаулысы көшіп-қонған кәріс тұрғындарымен есеп айырысудың жолын реттеді. Мұнда барлығы болмаса да, барлықтай дерлік колхоздың және жекешенің мүліктері ескерілді, атап айтар болсақ «көшетіндердің барлық малын «мал дайындау» кеңселері қабылдап оны көшіп барған жерінде сол қалпында қайтару керектігі» нақтыланды. 21.08.1937 ж. қаулыда көшіп-қону «Оңтүстік Қазақстан облысында, Арал теңізі ауданы мен Балқаш маңында» жүргізілсін деп тіктеп айтылады. Республиканың және өңірдің партия және кеңес органдары, тиісінше, көшіп келгендерге көмек көрсетіп, жұмысқа орналасуын және бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін, өз бақылауларына алады. Партияның Қызылорда облыстық комитеті мен Қызылорда облысы бойынша ҚКСР Жоғарғы Кеңесі ұйымдастыру комитетінің 1938 ж. 1 қыркүйегіндегі «облыстағы көшіп келушілер колхоздары мен көшіп келушілерге тұрғын үй салу және қосымша қоныстандыратын колхоздардағы құрылыс барысы туралы» қаулысының преамбуласында көшіп келушілер поселкілері мен қосымша қоныстандырылатын колхоздардағы құрылыс қарқынының төмендігі атап көрсетіледі. Облыстағы нақты аты аталған аудандар бойынша құрылыс жүргізудегі сылбырлық, жұмыс күшінің жетіспеуі айтылады. Құрылыс жұмысын жүргізушілердің жеткілікті дәрежеде техникамен және жанар-жағар маймен қамтамасыз етілмегендігіне мән беріледі. Ауком хатшылары мен ауатком төрағаларына аталған кемшіліктерді түзеу үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырып, көшін келушілерге арналған тұрғын үйлер құрылысын осы жылдың 1 қазанына дейін аяқтау тапсырылады. Осылай, республикадағы және өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай онсыз да оңып тұрмаған кезде, орталықтың нұсқауымен, келімсектердің көңілін табуға барынша жағдай жасалынған еді. Айтар болсақ, тек Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында қайтып келген қазақтар үшін 1400 үй және 600 мал қорасы салынуы керек еді. 1937 жылдың 15 қарашасындағы мәлімет бойынша аталған 1400 үйдің тек 551-і ғана тұрғызылып, 620-сының құрылысы аяқталмаған, ал 229-ының тасы да қаланбаған болса керек. Сөйтіп, қысқа мерзім ішінде көшіп келген кәрістер Оңтүстік өңірдің әлеуметтік-экономикалық өміріне кірісіп те кетті. Көшіп келген кәрістер, Оңтүстік Қазақстандағы басқа да этникалық топтар сияқты саяси репрессиялардың қатал кұрсауына іліккен болатын. Келгендеріне бір жыл да толып үлгермей, олар да үздіксіз әшкереленіп, өздеріне қатысты қатал да негізсіз үкімдерді естіп-біліп жатты. Олардың басым көпшілігі Жапония пайдасына шпиондық жасау деген айыптаулар болды. Қызылорда облысы бойынша репрессияланғандардың тізімінен, әу дегеннен партиядан шығарылғандардың ішінен таңдалыньш алынға корей фамилиялары мынадай көріністі береді. Цой-Бон-Гак, 1907 ж. туған, «кулак отбасынан шыққандығы, күдікті өткені болғаны үшін» партиядан шығарылды. Ары қарай қатарынан үш фамилия кездеседі, 23. Бон-Ен-Ден, 1892ж. туған; 24. Ша-Пей-Юн, 1893 ж. туған; 25. Ли-Су-Хек, 1895 ж. туған - үшеуінің де үкімдері барынша қысқа берілген «шпион ретінде шығарылсын». Хван-Син-Мон - «Партия қатарынан шпиондық жасағаны үшін шығарылсын. Көрініп тұрғандай, «шпиондардың» қай елдің пайдасына жұмыс істегені айтылмайды. Тереңөзек ауданы бойынша шығарылғандар тұрғысындағы тұжырымдар кеңірек берілген. 265. Теге-Бон, партия мүшесі Партия қатарынан халық жауы, фашистік ұлттың мүшесі, (мәтінде солай - еск.авт.) Жапония шпионы ретінде шығарылсын. Тен. Александр, партиядан халық жауы, троцкист, фашист ұлтының мүшесі, Жапонияның шпиондық жасаушы агенті ретінде шығарылсын. №21 хаттама. Партия аукомының бюро мәжілісі 2 шілде 1938 жыл». Келтірілген тұжырымдар олардың авторларына әсерлі болып та көрінуі мүмкін, дегенмен аталған адамдардың кінәсін дөп басып көрсете алмай тұрғаны анық. Кез-келген адамның Жапонияның барлау қызметіне қатыстылығы болуы мүмкін, оның ішінде кәрістердің де, әсіресе олардың әскери стратегиялық маңызы бар негізгі транспорт магистралі бойында тұрғанын есепке алсақ. Дегенмен, кәрістерді Оңтүстік өңірге көшіп келгеннен кейінгі аз уақытта, бұрынғы тұрған жерлерінен жырақта жүріп, жергілікті халықтың көз алдында шпиондыққа бара қойды деу де нанымсыз сияқты болып көрінеді. Жаппай репрессиялық іс-шараларды жүзеге асыру жағдайындағы жеке адамдардың тағдырын тыңғылықты қарастыру арқылы олардың бәріне ортақ, маңызды белгілерді анықтауға болатын сияқты. Саяси процестерге көбірек қамтылуы жөнінен өңірлік және аудандық саяси элита алдыңғы қатарда болса, одан кейінгі орында ОҚО өңіріндегі маңызды салалардың облыстық және аудандық деңгейдегі басшылары, басқа да саяси билік тұтқасын ұстағандар тұр. Бұлардың қатарына маңызды деген халықшаруашылығы кәсіпорындарының басшылары да кіреді. Демографиялық ахуалға байланысты мыналарды атап көрсетуге болады. Бар мәліметтерге қарағанда, іс жүзінде репрессияға ұшырағандардың басым көпшілігі 30-бен 40 жас арасындағылар, яғни барлық жағынан белсенділік көрсете білген демографиялық топ болып табылады. Туған жерлері және этникалық қатыстылығы бойынша мынадай ерекшеліктер білінеді. Қасіретке ұшыраған қазақтар қатарында тек Оңтүстік өңірдің өз ішінен шыққандар ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңірлерінің түлектері де көптеп кездеседі. Соңғыларының аталған өңірде байланыстарының, таныстықтарының, әртүрлі дәрежедегі достық қарым-қатынастарының, тіпті рулық жақындықтарының да болмауы себепті, осындай «бөтендерге» қарсы ашық түрдегі (партиядан шығару, әртүрлі деңгейдегі жиналыстарда айыптау) репрессиялық іс-шараларды қолдану оңайға соқты. Орталық жіберген әртүрлі ұлт өкілдерінің де жергілікті жердегі жағдайы осыған ұқсас болды. Олар бір жағынан көмек күтіп ешкімге арқа сүйей алмаса, екінші жағынан қызмет бабында өз әріптестерімен күнделікті бақталаста болған еді. Сондықтан да, оларды жойып жіберу де қиынға түспеді. Репрессияға ұшырағандарды атқарған қызметіне қарай бөлу, олардың негізінен шаруашылықты басқарудың маңызды салаларында, соның ішінде тікелей қауіп-қатермен байланысты бөлімдерінде жұмыс атқарғанына байланысты болды, мұның өзі оларды әрқашан қиын жағдайда қалдырып және сонымен қатар ауыл саяси айыптар тағуға негіз болған еді. Бұл топқа алғашқылардың бірі ретінде МТС-терді жатқызуға болады, онда кез-келген уақытта техниканың сынып, жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін еді, немесе темір жол транспорты мекемелерінде болмай қалмайтын авариялық (апаттық) жағдайлар, сондай-ақ дәнді сақтау және қайта өңдеу мекемелеріндегі, колхоздар мен совхоздардағы қажетті технологиялардың сақталмауынан егіндердің немесе түскен өнімдердің біразының құрып кетуі және т.с.с. Келесі бір мән берерлік жәйт, репрессияға ұшырағандардың бұрынғы қызмет бабында, ендігі жерде «халық жауы» болғандармен байланыста болғанғандығының айыпталуы, мұндай айыптаулар бұрынғы жұмыс орнына байланысты немесе бұрынғы яки қазіргі қызметтестерінің куәға жүруі арқылы тағыла берді. Қатардағы партия мүшелері немесе қатардағы жай жұмысшылар да өтірік сөз тасып және өтірік куәға жүргендердің бәлеқорлығынан өз басшыларының «сыбайласы» болып шыға келді. Мұндай жағдайлар кей кезде олардың абайламай істеген тірліктеріне де байланысты болды мәселен, сайлауға байланысты плакатты жұлып тастау, ашық түрде кеңестік саяси режимге қатысты сыни сөздер айту және т.с.с. Мұның бәрі, Орталықтың қанқұйлы саясатының не істеп, не қоярын білмеген қарапайым халықты баудай түсіруінің әртүрлі қырлары болса керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда Қазақ АКСР-і мен жекелей алғанда Түркістан өлкесіндегі Кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі қоғамдық саяси ахуал бітіспейтін таптық қарама-қайшылық түрінде болған еді. Мүндай жағдайда қарама-қарсы жақтар - бір жағынан жеңіске жеткен большевиктер, екінші жағынан құлатылған таптар, ұлттық интеллигенция, қаладағы және ауылдағы ұлттық буржуазия шамамен тең жағдайда болып, билікке жету жолындағы бақталастық күресте блоктарға бірігуге, одақтастар табуға тіпті шет елден көмек сұрау жолын таңдауына мүмкіндіктері болды. Дегенмен қарама-қарсы лагерлердін екеулерінің де бітісіп кетуге және келісімге келуге құлықтары болған жоқ, олар оның орнына азамат соғысы алаңдарындағы қантөгісті қалады. Түркістан өлкесіндегі қарама-қарсы лагерлердің алғашқы қақтығысы азамат соғысына дейін-ақ болған еді. Қоқан автономиясының құрылуы мен 1918 жылы Қызыл Армия отрядтарының оны талқандауы және бұған жауап ретінде 1919 жылдың қаңтарындағы Ташкенттегі антикеңестік бүлік барысында 14 түркістан комиссарының атылуы қарама-қарсы жақтардың арасын барынша ушықтырып жіберген болатын. Азамат соғысы жылдарындағы кескілескен қантөгіс большевиктердің жеңісімен аяқталғаны белгілі. Ал, соғыс біткеннен кейін де кез-келген мәселе күш қолдану арқылы шешіліп, шын мәніндегі және жорамал дұшпандар қатігездікпен басылып тасталынып отырды. Кеңес үкіметінің нығаюы кезеңіндегі қарама-қайшылық Кеңес үкіметінің жазалаушы органдары арқылы реттеліп, большевиктік орталықтың көзқарасын қандай бір деңгейде болмасын қолдамағандарға қарсы қолданылатын қатаң жазалардың заңды екендігі жалпы халықтың саяси санасына қалыптастырыла бастады. Қоғамдық-саяси сананы қалыптастырудың тағы бір маңызды жағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуларды өте қысқа тарихи уақытта жүзеге асыру қажеттілігін қабылдату, болып табылды. Большевиктер идеологиясында декларацияланған әділетті социалистік қоғам құру мәселесі кешіге бермейтін еді, оны, керісінше тездетіп жүзеге асыру керек болатын. Мұндай асығыстықта, әсіресе, орталықтандырылған жоспарлы шаруашылық жағдайында болмай қоймайтын қателіктер Кеңес үкіметі қарсыластарының әдейі істеген «қаскүнемдік әрекеттері» ретінде қарастырылды. Алға қойылған мақсаттардың кең ауқымдылығы мен саясат пен билік ресурстарының барлық түрінің жартымсыздығынан кеңес қоғамы өмірінің барлық салаларында шиеленіскен жағдай қалыптасқан еді. 20 жылға жетпейтін қысқа тарихи кезең ішінде яғни «социализм негіздерін құруды аяқтаймыз» деген 1936 жылға дейін көптеген саяси бағыттар бірін-бірі алмастырған болатын «әскери коммунизмнен» бастап, «жаңа экономикалық саясатқа» дейін, ары қарай «халық шаруашылығын қалпына келтіру», одан кейін «өнеркәсіптегі социалистік қайта жаңартулар», «индустриализация», «ауыл шаруашылығын ұжымдастыру», «мәдени революция». Мұның бәрі И.В.Сталиннің таптық күрестің шиеленісуі туралы және «екі жүзділермен», сонымен қатар әртекті ауытқушылармен күрестің қажеттілігі туралы тезисімен аяқталған болатын. Анығында, бұл ұрандар қатардағы партия мүшелерінен бастап, партия және кеңес белсенділерінің басым бөлігіне, жалпы елдегі басым көпшілікке түсініксіз болды. Егер жалпы статегиялық мақсаттарды анықтау салыстырмалы түрде оңай болды десек, нақты саяси тактиканы жүзеге асыруға келгенде шала сауатты белсенділер мен қатардағы партия мүшелері, оларды айтқандарындай етіп орындауға тырысып, қиын істің қиюын қашырды. Бұл орайда ішкісаяси күрестің қамымен болып, қайсымыздың шыққан төбеміз биік болар екен деген ойда жүрген Орталықтың өзі де нақты және мақсатты тактикалық қимылдарды дұрыс түйсіне алмады, немесе тапсырмаларды әдейі түсінікті етін бермей, мұның өзі кейіннен жауапкершілікті «табыстан басы айналғандығы», «тым қатты кеткені» және «қателіктері» үшін өңірлік және жергілікті билік органдары мен басқармаларына аудара салу үшін де қажет еді. Бұл, әсіресе, ауыл шаруашылығын ұжымдастыруды жүргізу бағытына көбірек қатысты болды, ондағы тактикалық іс-қимылдардың дұрыс ойластырылмауы кері нәтижелер берген еді. Ірі тауарлы ауыл шаруашылық өндірістік бірлестіктерін құрудың орнына кішігірім, ештеңеге дәрмені жоқ колхоздардың пайда болуы себепті, тамақ және жеңіл өнеркәсібіне қажетті ауылшаруашылығы өнімдерін өндірудің құлдырап кетуі, трагедиялық жағдайларға жеткізгені белгілі. И.Сталиннің - «Бәрін кадрлар шешеді» деген белгілі максимасы, түкке тұрмай қалды. Осындай қиын жағдайда,Орталықтағы ішкі саяси және әртекті «халық жауларымен» күрес, әдейі өңірлер мен жергілікті жерлерге, тіпті бастауыш еңбек ұжымдарына дейін көшіріліп отырды, ондағылардың Л.Троцкий, Н.Бухарин және басқалар туралы түсініктері терең болмағанымен, қабылдаған шешімдері қатігездігі жөнінен орталықтан асып кетіп жатты. Ел ішінде осылай қалыптасқан қауырт жағдай әлемдегі сыртқы-саяси жағдайлардың шиеленісуімен одан әрі қиындай түсті. Қайта-қайта болып жатқан Батыс және Шығыс елдеріндегі қақтығыстар елдегі ішкі саяси жағдайға әсер етпей қоймады, оның өзі елде біртіндеп қоғамдық сананың милитаризациялануын қалыптастыра бастады. Субъективтік жағдайлар санатына қатал да қатыгез саяси соққы беруге қабілетті жазалау органдарының біртіндеп партия және кеңес органдары бақылауынан шығып кетуін айтуға болады. Алғашында кез-келген мемлекетте болуы керек органдар ретінде пайда болған сот, милиция, ТК - МСБ - БМСБ біртіндеп атқарушы және сот тармақтары билігінің бақылаусыз бөлігіне айнала бастады, мұндай жағдайдың әдейі істелінгендігі немесе бақылаусыз даму барысында осылай болғандығы әлі де беймәлім. БК(б)П ОК-гі сталиндік топтың оларды бетімен жіберуге келісуі, ойластырылған кадрлық орын ауыстырулар мен олардың қызметінің заңды екендігін идеологиялық жағынан қамтамасыз ету. Осының бәрі аталған органдарды жалпай саяси репрессиялар жүргізудегі алдыңғы қатарлы күшке айналдырды. Келесі бір субъективті фактор ретінде Орталық пен баспасөз ақпарат құралдары ұйымдастырған қорқыныш пен күдіктенушілік нәтижесінде, халықтың оған үндемей келісіп ғана қоймай, ашық жиналыстардағы белсенді атсалысуын айтуға болады. Казақ КСР-і саяси тарихян, зерттеу тақырыбының көзқарасы бойынша қарастыру арқылы, өңірлік және саяси элитаның Ақпан және Қазан төңкерістері аралығында большевиктік Орталықтың мүдделеріне сәйкес келетіндей қалыптаспағандығын аңғаруға болады. Бұрынғы Қоқан автономиясы мен «Алаш» қозғалысындағы қайраткерлерден тұратын ұлттық элита, кезінде большевиктерге қарсы шығуы себепті олардың билік құрылымдарындағы жұмыстардан дәметкен жоқ. Сондықтан да, жетекшілік және басқару жұмыстарына, төңкеріске дейін және азамат соғысы жылдары большевиктер партиясы қатарында болған саяси белсенділердің азғантай тобы ғана кірген еді. Бастапқы кезде кең байтақ Қазақстанньщ геосаяси маңыздылығы ескеріле отырьш, республикалық, округтік жэне уездік масштабтардағы басшылыққа, негізінен Орталықтан жіберілген адамдар тартылды. Дегенмен, мүндай жағдайдың ұзақ сақталуы мүмкін емес еді, сондықтан да әртүрлі деңгейдегі элитаның құрамы, партиялық және мемлекеттік аппаратқа қазақтарды қөбірек тарту арқылы теңестірілуі керек болатын. Бұл жағдайда, алғашқысында, бұрындары басқа саяси бірлестіктерде болып БК(б)П қатарына тек азамат соғысынан кейін ғана кіргендерге онша көңіл бөлінген жоқ. Сонымен қатар, аталған жағдай, қызметтік көтерілуге, саяси карьера жасауға кедергі келтірмеді. Әйтсе де, кейіннен дәл осы аталған әлеуметтік топтың жаппай саяси репрессиялар қуғынына бірінші болып ілігіп, ең көп зардап шеккендігі белгілі. 20-жылдары сезімтал қазақ зиялыларын қатты ойландырып іштей наразылығын тудырған мәселенің бірі - Орталықтың Қазақстанның жергілікті ерекшеліктерімен және ұлттық мүддесімен көп жағдайда санаса бермеу саясаты еді. Батылы жетіп, өз қара басының қамын ойламаған Т.Рыскұлов, С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлер бұған барынша қарсы тұруға тырысты. Бірақ, сол үшін де кейіннен күйіп кетті Қазақстанның КСРО экономикасындағы ұлғайып келе жатқан үлес салмағына байланысты Орталықтың да оған деген көзқарасы тиісінше өзгеріп отырды. Республикалық барлық деңгейдегі элитаға қатысты Орталық ерекше саяси ойын жүргізген еді, сырттай мінсіз көрінетін саяси қатынастар іс-жүзінде неше түрлі қулық-сұмдыққа, шырғалаңдарға және түпкі ойларын жүзеге асыру үшін керек айла-әрекеттерге негізделген болатын. Мұндай ойынның, негізгі мақсаты республикалық элитаның ауызбірлігін болдырмау еді. Ол үшін ішкі бақталастық өршітіліп, республикаға сырттан келгендерге жергілікті ұлт өкілдері қарсы қойылды, республиканың өз кадрлары егер ол Солтүстіктен болса, онда Оңтүстікке, ал Оңтүстіктің өкілі республиканың Солтүстігіне жіберілді және т.б. Осы арқылы бірқатар негізгі мәселелер шешілген еді. Біріншіден, Орталық республиканың өз ішіндегі, саяси топтардың (клан) пайда болуы тенжей алды, өйтпеген жағдайда бұлар басқарушы саяси топтың ішінде бола тұрып, өздерінше берік бірлестік құрушылар ретінде әрекет жасауға тырысар еді. Сонымен қатар туысқандық, жерлестік, рулық, тіпті пікірлестер мен бір діндегілердің де саяси топтарға бірігуіне мүмкіндік берілмеді. Бұл, саяси бірлестіктер тіпті де болмады деген сөз емес еді, тек ендігі жерде саяси лидердің маңына ондаған немесе жүздеген жеке индивидтер ғана топтаса алды. Мұндай бірлестіктер мәселен, С.Қожановтың, Т.Рысқұловтың, С.Сәдуақасовтың айналасына біріккен болатын. «Мирзояндық артель» де осындай топқа жатқызылды. Тиісінше, алғашқы репрессиялық іс-әрекеттер де осы топтарға қарсы бағытталды. Орталық бұл талаққа салған келесі жағдай, олардың өз директиваларын түсіндірудегі түлкі бұлаңы еді. Осылай партиялық және мемлекеттік аппаратты жергіліктендіру мен қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту қажеттілігіне байланыста біреулер қатысында ол Орталықтың позициясын дұрыс түсінді деп есептелінсе, екіншілері қатысында дәл осының өзі «буржуазиялық ұлтшылдықтың немесе «ұлтшыл- фашистіктің» көрінісі болып шыға келді. Орталықтың республикалық ІІХК органдарына қатынасы да қызығушылық тудыратыны даусыз. Бұлар сырт көзге дербес және ешкімге есеп бермейтіндей көрінгенімен, Мәскеу тағайындаған екі ішкі істер халкомы өздерінің негізгі міндеттерін орындағаннан кейін - олар іс жүзінде республикалық және облыстық деңгейдегі барлық басшыларды кетіріп тынған еді, бірінен кейін бірі кетіп, ақырында өздері де репрессиялауға ұшыраған еді. Облыс деңгейіндегі ІІХК басшыларының да тағдыры дәл осындай болды. Орталықтың осындай саяси ойындарыны тәсілдерін республика басшылығы облыстық және аудандық деңгейдегі партиялық-кеңес аппараттарына қатысты толық көлемде қайталап (көшір іп) қолданғанын атап көрсету қажет. Оңтүстік Қазақстан өңірі зерттеліп отырған, сонымен қатар оған дейінгі тарихи кезеңде - артта қалған феодалдық Қоқан хандығы құрамында болған кезінен бастап, жарты ғасырдан сәл асар уақытта «мүлгіген феодализмнен» социалистік қоғам негіздерін құру жағдайына дейінгі тарихи жолды жүріп өтті. Әркезде Қоқан хаңдығының, Түркістан генерал- губернаторлығының, Түркістан АКСР-інің құрамында болып, кейіннен Сырдария облысы әкімшілік бірлігі есебінде Қазақ АКСР-інің құрамына кірген, одан кейін осы аттас округ болып, одан әрі Оңтүстік Қазақстан облысы аталынған өлкедегі қоғамдық-саяси даму процестерінің жеделдетілуі өңірдің ролінің маңыздылығының арта түскенін көрсетеді. Мұндағы негізгі қоғамдық-саяси қайта құрулар, ұзақ уақытқа созылмаған ауқымы қысқа басмашылар қозғалысын есепке алмағанда, басым жағдайда бейбіт жолмен жүргізілді. Арыс станциясынан Пішпек қаласына дейін созылған темір жол магистралі құрылысының бітуі, сонымен қатар Түркістан - Сібір темір жолының Луговая станциясынан бастап ары қарай Оңтүстік - Шығыс, Шығыс және Солтүстік Қазақстан аудандары арқылы Танссібір магистраліне шығуы, өңір экономикасының республикалық және жалпыодақтық экономикалық қатынастарға енуіне мүмкіндік берді. Сонымен қатар, республикалық және жалпыодақтық деңгейлердегі билік орталықтарымен қатынас жолға қойылып, өлкенің шаруашылық потенциалын игеруге мүмкіндіктер қарастырылды, мәдениет дамыды. Құрамы жөнінен күрделі және салдары жөнінен қиындыққа ұшыратқан социалистік қайта құрулар кезеңі жалпы алғанда республикамен бірге өтілді. Халықты баудай түсірген нәубет 1936-1938 жылдары болған еді. Орталықтың бастауымен және БК(б) П Қазөлкекомының (кейіннен ҚК(б)П) қолдауымен жүзеге асырылған «халықжауларымен» күрестегі негізгі соққы облыстық және аудандық деңгейлердегі партия және кеңес басшыларына тиген болатын. Қазақстанның басқа өңірлерінен келіп, қызметтерінде аз уақыт ғана болуы олардың «репрессиялық шеңберді» тез өтуіне, яғни баспасөздегі ашық және негізсіз айыптаулардан бастап, партия-шаруашылық белсенділері мән бастауыш партия ұйымдары жиналыстарындағы талқы, одан кейінгі сотқа беру мен ондағы негізделмеген қатаң үкімдердің шығарылуы. Ең соңында осы үкімдердің орындалуы ұзаққа созылмайтын. Жалпы, елде қальштасқан қоғамдық-саяси жағдайға наразылылық көрсеткендердің бәрі де жау және контрреволюцияшыл элементтер ретінде айыпталуы себепті, еңбек ұжымдары мен қоғамдық ұйымдарда мемлекет саясатын «қолдаған» іс-шаралар үнемі болып тұратын. Өте қысқа уақыт аралығында - 1937 жылдың екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы қалалар мән аудандардың барлықтай дерлік партия және кеңес басшылығына саяси және басқа да айыптар тағылып, оларды партиядан шығару жүргізілді, қамауға алынып, істері сотқа берілді. Халық шаруашылығы, өнеркәсіп және транспорт мекемелерінің, ауыл шаруашылығының және басқа да әртүрлі органдар мен барлық деңгейдегі басқарма басшылары да осылай репрессияға ұшырады. Репрессиядан қатардағы партия мүшелері мен партияда жоқ еңбекшілер де тыс қалған жоқ, оларға да облыс «үштігі» қаталдығы жөнінен кем түспейтін үкімдер шығарып жатты. Реабилитация процестері, яғни әділдіктің орнауы, барынша кешіктіріліп, тек 20 жылдан кейін ғана басталған еді.
ҚОСЫМШАЛАР
І. Анкеталық белгілер 1. Оңтүстік Қазақстан өңірі бойынша 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтардың ашық баспасөз және мұрағат материалдары ақпараттары бойынша түзілген анкеталық анықтамасы №
Аты-жөндері
Түрлі деректік белгілері
коды
І
2
3
4
1
Тегі
2
Аты
3
Әкесінің аты
4
Жынысы
еркек
1
әйел
2
5
Туған жылы
белгісіз
0
1880 дейін
1
1880-1885
2
1885-1890
3
1890-1895
4
1895-1900
5
1900-1905
6
1905-1910
7
1910-1915
8
1915-1920
9
1920 кейін
10
6
Туған жері
Оңтүстік Қазақстан өңірі
0
ҚАКСР аумағында
1
КСРО аумағында
2
КСРО дан тыс жерде
3
7
Ұлты
белгісіз
0
Қазақ
1
Орыс
2
Өзбек
3
Кәріс
4
Украин
5
Еврей
6
Татар
7
Неміс
8
Поляк
9
Белорус
10
Армян
11
Ирандық(парсы)
12
Латыш
13
Болгар
14
Қарашай
15
Азербайжан
16
Чех
17
Тәжік
18
Мордва
19
8
Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері
Шымкент қ.
1
Қызылорда қ.
2
Мирзоян қ.
3
Бостандық ауд.
4
ОҚО-ның басқа аудандары
5
9
Тұткындалған кездегі партиялылығы
Белгісіз
0
БКЛЖО мүшесі
1
БК(б)П мүшелігіне кандидат
2
БК(б)П мүшесі
3
10
Тұтқындалған кездегі әлеуметтік жағдайы
Белгісіз
0
Жұмысшылар
1
Колхозшылар
2
Жекеменшік шаруалар
3
Жеке кәсіпкерлер
4
Мемлекеттік қызметкерлер
5
Ғылыми-техникалық интеллигенция
6
Гуманитарлық интеллигенция
7
Студенттер
8
Әскери қызметкерлер
9
Діни қызметкерлер
10
Жұмыссыздар
11
Зейнеткерлер
12
Қызмет көрсету саласы жұмысшылары
13
Шығармашылық
интеллигенция
14
11
Тұтқындалған жылы
1926-1933
1
1934-1936
2
1937
3
1938
4
1939
5
12
Тұтқындалуының алдында БК(б)П қатарынан шығарылуына байланысты тағылған айып мазмұны
Халық жауы
1
Халықжауымен байланысы
2
Буржуазиялық ұлтшылдығы
3
Троцкист
4
Троцкистік-зиновьевтік блокка қатыстьшыгы
5
Оңшылдарға қатыстылығы
6
Екіжүзділігі
7
Топтарға қатыстылығы
8
13
РКФСР КҚ 58 статиясы бойынша қолданылған қылмыстық айыптаулар мазмұны
Антикеңестік үгіт
1
Контрреволюциялық іс-әрекет
2
Қаскүнемдік
3
Шпионаж
4
Диверсиялық іс-әрекет
5
Террорлык әрекеттер дайындау және жүзеге асыру
6
Саботаж
7
Бандитзм
8
Көтерілістерге қатысуы
9
Шетел азаматтарымен байланыста болуы
10
КСРО-ны бөлшектеуге шақыру
11
КСРО-ның экономикалық жүйесін бұзу
12
Антикеңестік 2 дебиеттерді сақтау
13
14
Айыптау үкімін шығарған ұйымның аты
КСРО Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясы
1
Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық соты
2
ОҚО облыстық «үштігі»
3
КСРО ІІ ХК нің Ерекше кеңесі
4
15
Осы органның шығарған жазалау шарасы
Анықталмаған
0
Ату жазасы
1
Еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу
2
Арнайы қоныстарға жіберу
3
Істің тоқтауы, тұтқыннан босатылуы
4
Ақтау үкімінің шығарылуы
5
16
1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың ақталған жылдары
1954-1964
1
1965-1985
2
1986-1989
3
1990-1992
4
17
Ақтау туралы шешім кабылдаған органның аты
КСРО Жоғарғы Соты
1
Жоғарғы Соттың Әскери коллегиясы
2
ҚазақКСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы
3
Түркістан әскери округінің Әскери трибуналы
4
18
ОҚО партия-кеңес және шаруашылық номенклатурасы туралы қосымша мәліметтер
ҚК(б)П ОК Бірінші хатшылары
1
ҚК(б)П ОК хатшыларымен бөлім меңгерушілері
2
ОҚО облаткомының төрағалары
3
Облыстық органдардың атқару билігіндегі жауапты қызметкерлер
4
ҚК(б)П ҚК және Ак бірінші хатшылары
5
Кәріс 4 Украин 5 Еврей 6 Татар 7 Неміс 8 Поляк 9 Белорус 10 Армян 11 Ирандық(парсы) 12 Латыш 13 Болгар 14 Қарашай 15 Азербайжан 16 Чех 17 Тәжік 18 Мордва 19 8 Тұтқындалған кездегі тұрғылықты жері Шымкент қ. 1 Қызылорда қ. 2 Мирзоян қ. 3 Бостандық ауд. 4 ОҚО-ның басқа аудандары 5 9 Тұткындалған кездегі партиялылығы Белгісіз 0 БКЛЖО мүшесі 1 БК(б)П мүшелігіне кандидат 2 БК(б)П мүшесі 3 10 Тұтқындалған кездегі әлеуметтік жағдайы Белгісіз 0 Жұмысшылар 1 Колхозшылар 2 Жекеменшік шаруалар 3 Жеке кәсіпкерлер 4 Мемлекеттік қызметкерлер 5 Ғылыми-техникалық интеллигенция 6 Гуманитарлық интеллигенция 7 Студенттер 8 Әскери қызметкерлер 9 Діни қызметкерлер 10 Жұмыссыздар 11 Зейнеткерлер 12 Қызмет көрсету саласы жұмысшылары 13 Шығармашылық интеллигенция 14 11 Тұтқындалған жылы 1926-1933 1 1934-1936 2 1937 3 1938 4 1939 5 12 Тұтқындалуын ың алдында БК(б)П қатарынан шығарылуына байланысты тағылған айып Халық жауы 1 мазмұны Халықжауымен байланысы 2 Буржуазиялық ұлтшылдығы 3 Троцкист 4 Троцкистік-зиновьевтік блокка қатыстьшыгы 5 Оңшылдарға қатыстылығы 6 Екіжүзділігі 7 Топтарға қатыстылығы 8 13 РКФСР КҚ 58 статиясы бойынша қолданылған қылмыстық айыптаулар мазмұны Антикеңестік үгіт 1 Контрреволюциялық іс-әрекет 2 Қаскүнемдік 3 Шпионаж 4 Диверсиялық іс-әрекет 5 Террорлык әрекеттер дайындау және жүзеге асыру 6 Саботаж 7 Бандитзм 8 Көтерілістерге қатысуы 9 Шетел азаматтарымен байланыста болуы 10 КСРО-ны бөлшектеуге шақыру 11 КСРО-ның экономикалық 12 жүйесін бұзу Антикеңестік 2 дебиеттерді сақтау 13 14 Айыптау үкімін шығарған ұйымның аты КСРО Жоғарғы Сотының Әскери коллегиясы 1 Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық соты 2 ОҚО облыстық «үштігі» 3 КСРО ІІ ХК нің Ерекше кеңесі 4 15 Осы органның шығарған жазалау шарасы Анықталмаған 0 Ату жазасы 1 Еңбекпен түзеу лагерлеріне жіберу 2 Арнайы қоныстарға жіберу 3 Істің тоқтауы, тұтқыннан босатылуы 4 Ақтау үкімінің шығарылуы 5 16 1937-1938 жылдары қуғын-сүргінге ұшырағандардың ақталған жылдары 1954-1964 1 1965-1985 2 1986-1989 3 1990-1992 4 17 Ақтау туралы шешім кабылдаған органның аты КСРО Жоғарғы Соты 1 Жоғарғы Соттың Әскери коллегиясы 2 ҚазақКСР Жоғарғы Сотының 3 қылмыстық істер жөніндегі сот коллегиясы Түркістан әскери округінің Әскери трибуналы 4 18 ОҚО партия-кеңес және шаруашылық номенклатурасы туралы қосымша мәліметтер ҚК(б)П ОК Бірінші хатшылары 1 ҚК(б)П ОК хатшыларымен бөлім меңгерушілері 2 ОҚО облаткомының төрағалары 3 Облыстық органдардың атқару билігіндегі жауапты қызметкерлер 4 ҚК(б)П ҚК және Ак бірінші хатшылары 5 жағдайды тексере келе, олардың сол күні тамақ ішпегендігін анықтағандығын айтты.
50 қор. 1 тізім. 9 іс. 58 парақ. Түпнұсқа
Хаттама
Әулие-ата уезінің «Солдаттар, жұмысшылар, шаруалар және депутаттар» комиссиясының мүшесі Мечиков Үшбұлақ станциясының жанынан өтіп бара жатқан кезде 15 атты қырғыздың (қазақтың) қуып жетіп ақша талап еткенін, кері жағдайда өлтіретіндігін айтып қорқытқанын, өзінің 4 рет мылтықтан оқ атып әрең құтылғандығын жазады. 50 қор. 1 тізім. 4 іс. 34 парақ. Түпнұсқа Сырдария облыстық Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы А.П.Кудрявцев мүшелері: В.К.Толкачев, П.Пушкеев және секретары Н.Н.Чичейко. Түркістан өлкесінің Халық комиссарлар кеңесінің Әулие-ата уезі солдаттар, жұмысшылар Кеңесіне: 1 - пункт - барлық «Солдаттар, жұмысшылар және депутаттар Кеңестеріне» жергілікті жерлердегі шаруалар және мұсылмандар ұйымдарына кіріктірілген, болыстық жергілікті комитеттер құру мақсатында жұмыс істеу міндеттеледі.
50 қор. 1 тізім. 3 іс. 12 парақ. Түпнұсқа
1918 жылға 16-августе (Советский Туркестан) газетінің көшірмесі.
1918 жылдың 18-тамызындағы Азық-түлік комиссариатының №2 бұйрығы.
1) Республика базарларында нан өнімдерін тек кедейлерге сату саудагерлерге әрбір десятинадан 4-10 пұт дән алынғаны туралы квитанциясы болған кезде ғана рұқсат етілсін.
Ескерту: бақылау ақсақалдар мен милиционерлерге жүктелсін. 2) Наңды пайда көру үшін сатып алып-сатуға тиым салынады.
50 қор. 1 тізім. 9 іс. 25 парақ. Түпнұсқа Әулие-ата Сов - дені атқару комитеті Алмалы болысының 5-ші ауылының тұрғыны Нурманбет Шакеловтан
Сұраным.
16.06.1919 жыл.
Жылқыларды мобилизациялау. Осы жылдың 14-июнінде біздің болыстан жылқыларды мобилизациялау кезінде, оларды жылқыларының саны 100-ден асатын бақуат адамдардан емес, соңғы жылқысын кедейлерден тартып алды. Соның бірі менмін. Мұндай арыздар Қалмұрза Тұяқовтан, Н.Кемелбековтан, Махамбет Жетпісбаевтан, Сейдуалы Рахметов және тағы да басқалардан түсті.
50 қор. 1 тізім. 17 іс. 46 парақ. Түпнұсқа
Заседание Аулие-Атинской Уездной избирательной комисси 2-го апреля 1927 г.
Присутствуют: от УИК/а - т.Куликов, Союза «Кошчи» - т.Кульджабаев, Укома ВЛКСМ- т.Ибрагимов, Горсовета - т.Ишмухамедов, Отв.секретарь УИК/а - т.Сингарев, Помгор. Прокуратура - Буров и технический секретарь Уизбиркома - Мартынов. Угоркома ВКП(б)- т.Ибрагимов.
Председатель – Куликов.
Секретарь – Мартынов.
1. Слушали: Заявление гр. №13 аула Асинской волости – Умирбека Илибаева о несправдливом выборе на должность предаулсовета гр. Кемельбека Карлыбаева, выборы место проведение под давлением Предаулизбиркома Джафарова. — Постановили: по разъяснению Упономоченного Ибрагимова, заявление Илибаева не основательно, т.к. Карлыбаев является председателем бедноты и из рода, противного роду Илибаева, что и послужило поводом к подаче заявления и клевете на Карлыбаева, а потому в просьбе Илибаева о назначении перевыборов -отказать. 2. Слушали: Заявление гр №13 аула Асинской вол. На незаконное действия предаулизбиркома Юсупа Тойчибекова, вырвавшихся в незаконных поборах и группировании населения. - Постановили: Заявления передать на усмотрение пом.гор прокурора. 3. Слушали: Заявление гр. №9 аула Карабакирской вол. Темирбека Султанбекова о восстановлении его в правах гражданства. — Постановили: Гр.Темирбека Султанбекова, как члена Союза «Кошчи» и бедняка в правах восстановить, согласно постановления Волиз- биркома от 19/І-о/г, №2-/2. 4. Слушали: Заявление гр.гор. Аулие-Ата Латышева Григория восстановлении его в правах гражданство, которым он, как бывш. Городовой, пользоваться не мо- жет. - Постановили: Из представленных документов ни начто гр. Латышев в течении 7-ми лет состоял на службе в совучреждениях и проявил полную лояльность к советской власти, войдти с ходотайством перед Губизбиркомом о восстановлении гр.Латышева в правах, на основании телеграммы ВЦИК РСФСР от 16/11 - 27г №131 21. Слушали: Заявление предаулсовета аула Карабакирской вол. Джанузакова Дайырбека о незаконной снятии его с должности предаулсовета. -Постановили: Избрание Джанузакова на должность предаулсовета общим собранием членов Совета считать законным- просить президиум Рика об отмене постановление рика от №45 /2 и предложить рику восстановить Джанузакова на должность предаулсовета. 22. Слушали: Заявление гр.гор. Аулие-Ата - Каюмова Акбара о восстановлении его в правах гражданства. - Постановили: Гр. Каюмов Акбар лишен права постановлением Горизбирком от 14/11 - 27 г №9 - /2 как имам. Представленную Каюмовым справку от появления «Мухта- Сибат» считать ложной, т.к. по имеющимся сведениям Каюмов вышел из имамов лишь накануне выборов, почему постановление Горизбиркома считать в силе. 23. Слушали: Заявление гр.гор. Аулие-Ата Мулла Юсупова 0 восстановлении его в правах гражданства. - Постановили: Мулла Юсупов, согласно постановления Горизбиркома от 14/11-27г №9 -/2, лишен права как живущего на нетрудовые доходы и кулак. На ходатайстве отказать. 24. Слушали: Заявление гр. №3 аула Нижне- Таласской вол. Байболова Данияра о восстановлении его в правах гражданства. - Постановили: Протоколом аульной Избирательной комиссии от 20 /1-27 г №2. Байболов восстановлен в правах как бедняк-декханин и член Союза «Кошчи» -постановление аулизбиркома утвердить и гр.Байболова считать в правах восстановления. 25. Слушали: Выписку из протокола №3/7 от 16 ІІІ - 27 г. Заседания Президиума
Горсовета о восстановлении в правах гр.гр.гор. Аулие-Ата:
1)Рузымухамедова;
2) Рахманбердиева; 3) Капылбаева; 4) Исламходжаева;
5)Турдыюлдашева; 6) Таджинизарова; 7) Байназарова; 8) Исмаилджанова Хакимджана.
-Постановили: Утвердить. 26. Слушали: Заявление Предаулсовета№ 10 аула Карабакирской вол. Чалданбаева Суранчи о смещении его с должности председателя, по настоянию гр.Масатова, действующего путем подкупа. - Постановили: Чалдамбаева Суранчи как законно и единогласно избранного на образовании членов Совета, оставить на должность председателя. Просить Уика отменить постановления от 17/ІІІ -27 г.
Ф 50, оп 1, д 72. Л 1-3. Подлинник Қызылорда өңіріндегі кәмпескелеу науқанындағы дүрбелеңге қатысты мұрағат материалдары
Хаттама
1928 жылдың 20-сентябрінде округтік комиссиясының мәжілісі болды.
Қатысқандар: Буқарбай улы, Коболоб, Қара кожа улы, Кубатсыб, Сары улы, Жана Жантуар улы. (құжат берілімде осылай жазылған)
Төрағасы: Букарбай улы
Хатшысы: Қара кожа улы
Тыңдалды: осы жылдың 16 сентябріндегі округтік комиссиясының 7-санды хаттамасының 1-бөлімін өзгерту туралы. 1. Қаулы: Округтегі Қармақшы, Қазалы, Тереңөзек, Қарсақбай және Арал аудандарындағы төменде аттары көрсетілген ықпалды байларды көрсетілген мінездемелер бойынша, 2 - группамен тізімге кіргізіліп, малы, мүліктері кәмпескеленіп, қоныстары аударылсын. 1. Қармақшы ауданынан 1-группамен: 1-2: Баймақан Жиенбайулы, жасы ,60-та, малы: 300 - түйе, 300 -жылқы, 2000 - қой; Дүние мүлкі: 3000 сом. Төлеген салығы 3892 сом 5 тиын. 7 - ауылдан бай Нажимадин Бекенулы жасы 30 - да, дәулеті арылмай келе жатқан бай, малы: 156-түйе, 25- жылқы, 700 - қой, және дүние мүлкі 1000 сом. Тартқан салығы 2500 сом 45 тиын. 6 - ауылдың бай Бесжат Абдулла улы, жасы - 40-та зор атаның баласы болумен қатар арылмай келе жатқан бай, малы: 300 - түйе, 50 - жылқы, 300 - қой, және дүние мүлік 100 сом. Тартқан салығы 1937 сом 25 тиын. 2. Группамен 5 ауылдың азаматы Қазақбай Байдар улы, жасы -35- те. Атақты жуан Жұдырықтың баласы, әкесі Қабылан Кеңес уақытында 2 жыл ұрлық істеген, зорлықшы, кісінің малын алушы: малы: 60 - түйе, жылқы - 70, қой - 2009 және дүние мүлкі 1000 сом. Тартқан салығы 36 сом 80 тиын.
- Қызылорда ауданына 1 группамен.
Түгелімен нақтылансын: Жүргенбай Нұржанұлы алдымыздағы октябрьдің 5-нен қалмай көшірілсін. Орындалуы Тереңөзек аудандық комиссиясына жүктелсін.
Нұржанұлының қыстауы ауылындағы балалар оқытатын мектепке берілсін.
Мәжіліс хатшысы: (Буқарбай улы)
Хатшы: (Қарақожа улы)
Негізі: 2 қор. 2 тізім. 6 іс. 21 парақ. Түпнұсқа
Протокол саны - 8.
Осы жылдың 20-сентябрьнде округтік комиссияның мәжілісі болды.
Қатысқандар: Букарбай улы, Кабалоб, Қаракожаулы, Кабансоб, Сары улы, Жанажантуар улы.
Мәжіліс хатшысы: Букарбай улы.
Хатшысы: Каракожа улы.
І. Тыңдалды: Қармақшы ауданы комиссиясының осы жылдың 17-сентябрьіндегі (7) - санды қатынасын қарау. І. Қаулы: Қармақшы ауданында конфескеге іліккен байлар малдарын сатып, сауап туысқандарына бөліп беріп бытыратып жатқандықтан, жаңакооператив орындары, солар арқылы Каттыр Акесия мені жан жарыққа шайқы затын жинатуға кірісіп, етке шығарылатын маларының ішіне осылардың малдарын қоса сату жұмысын кіріскендіктен барлық материалдарды заң бақылау орнына жіберіп тергеушілер арқылы төменгі зерттеу жүргізіп жауапқа тартуы үшін тартылсын. 1. Сұлу - Төбе ауданында бірнеше байлар малдарын көзін жоғалтып, бытырату әрекетіне кіріскендіктен тездеп ретгеу жұмыстарын жүргізу үшін Сұлу-Төбеге тергеушіні жіберу үшін прокурорға тапсырылсын. Бұнда реттеуде байлардың білінсін, тездеп жауапқа тарту барлық аудандық аткомдер мен комиссияға тапсырылсын. 2. Тыңдалды: Малы конфескеленетін байлардың қолындағы мемлекет жаңа кооперативі орындарының қарыздарын қай ретпен өндіру туралы. 23. Қаулы: Кооператив жаңа сауда орындарының конфескеге іліккен байлардағы қарызын конфескеленген малынан төленбей өзінің сыбағасына тиген малына ұлының:
Мәжіліс хатшысы: Букарбай улы.
Хатшысы: Қаракожа улы.
Негізі: 2-қор, 2-тізбе, 6-іс, 19 парақ. Түпнұсқа
Нұрмұрат уәкілді куәландыру керек.
(Қызылорда округі) Қармақшы ауданынан кәмпескеленетін шетте жатқан байларды көшіріп келу үшін ауданнан уікіл болып Алтынбайұлы, Нұрмұрат деген шығады. Нұрекең байларға беделді. Сұрағанын алатын жақсы кісі. Бұл Қашақұлы Нұрымдікіне барып: «Мен өзім комиссиямын, сені құтқаруға шамамнан келеді. Маған 500 сом ақша бер, түйе керек еді» - дейді. Жан алқымға келгенде байлар берекен келеді ғой, Нұрыш бай Нұрмұраттың дегенін істейді. Нұрмұрат уәкіл Нұрыштан шығып, Досым деген байдың қойын санайды. Мұның қойы 5500 екен. Нұрекең 300 қойды жасырып, «5200 қой» деп қағазға жазады. Мұнысы іске аспай басқа уәкілдер санағанда 5500 қой болып шығады. Екінші байлардың қойын қырықтырғанда күзетіп тұру үшін Нұрмұрат белгіленеді. Нұрекең тағы да 4 қап жүн тығады. Біраз, мұнысы да жөнге келмей, округтен барған уәкіл Айдыханұлы жолдас тауып алып, протокол істеп тиісті жеріне тапсырыпты. Нұрмұрат «уәкілдің» бұл қылығын комиссиялар қырына алып, тиісті шара істеулері керек.
Негізі: 2 қор, 2 тізімдеме, 4-іс, 89 парақ. Түпнұсқа.
Исабайұлы Есенгелді пайдасын ен жақтап шығарды.
(Қызылорда округі)
Қызылорда ауданындағы Әбдіхалық кәмпескеленіп, малдары кедейлерге үлестірілді. Бірақ, мал үлестіру жолы дұрыс болмады. Қолында бірталай малы барларда кедей тонын жамылып мал алды. Мысалы: Исабайұлы Есенгелді Әбдіхалықтың малынан 3-9 қара алды. Мұның өзінің 3 жылқы, 2 өгіз, 3 бұзаулы сиыр, 2 қой қашар, бір өгізі бар. Мұның үстіне көктемде тары сатып алған. 10 шақты баспақ бар. Бұл аз болса өзінің ағасы Есенбай дегенге пайда ортаққа беріп қалған ақшасы бар. Есенбай татент алмай алғанда да ретсіз алып отырған жоқ. Маза мен үйі, бір қазаны, бір қатын баласы жоқ. Кенесары дегеннің атына жаздырып алып отыр. Сөйтіп, бір үйдің ішінен «батырақ» шығарып отыр. Екінші: Исабайұлы байларға жүргізіліп кәмпескеден де пайдаланып 34-інші ауылдағы ауқатты шаруа Шармантайұлы Жүніс дегеннен «Сенің де малың кәмпескеленеді» деп қорқытып, 5 қой алды. Мұның бірсыпырасын сойып, басқасын жоқ қылды. Айдарбекұлы Бермағамбет дегеннен де 2 есек, бір ешкі алды. Сөйтіп Исабайұлы Есенгелді кәмпескелеу науқаны тұсында екі жақтап соңғы пайдасын шығарып отыр. Тиісті орындар Есенгелдікің «пайдасын» тексерсе дұрыс болар еді.
Негізі: 2 қор, 2 тізімдеме, 4-іс, 89 парақ. Түпнұсқа.
Сырдария округтік сотының және Біріккен мемлекеттік саяси басқармасының (БМСБ - ОГПУ) құжаттары.
О мере пересечения, соединенной с лишением свободы.
Постановление
Гор. Чимкент, декабря 3-го дня 1928 года.
Я, уполномоченный Сыр-Дарьинского Окротдела ОГПУ Маслов Петр, рассмотрев дело по обвинению гр-н Сапиева Истамкуда, 39 лет, урожденного 1 аула Бадамского района, Сыр-Дарьинского Округа происходящего из «датха», женатого, по имущественному положению бая, содержащего в хозяйстве 2-х батраков,- несудившегося, грамотного по-казакски, по национальности казака, Дауримбекова Турсуна, 29 лет, урожденного 1-го аула Бадамского района, Сыр-Дарьинского Округа, происходящего из «датха», женатого, грамотного по казакски, быв. члена ВКП (б), исключенного, как бая, несудившегося по имущественному положению - бая, содержащего в хозяйстве одного батрака и Баубекова Байсембая, 38 лет, урожденного 1 аула Бадамского района, Сыр-Дарьинского Округа, женатого, неграмотного и несудившегося, в преступлении, предусмотрен- ном 58/8 ст.УК и принимая во внимание, что Сапиев, Дауримбеков и Баубеков, будичи на свободе, уклонятся от суда и следствия, руководствуясь 5 п.143 ст. 144 и 158 ст. ст. УПК,
Постоновил:
Мерою пресечения в отношении обвиняемых Дауримбекова Турсуна, Сапиева Истамкула и Баубекова Байсембая избрать - содержание их под старажей при Окротделе ОГПУ, о чем, на основании 146 ст. УГПС, объявить обвиняемым и согласно 160 ст. УПК, уведомить прокурора.
Уполномоченный: (Маслов)
«Утверждаю» нач.с/д ОООГПУ (Журавлев)
Постановление нам объявлено « » декабря 1928 г.
Подписи обвиняемых
Ф. 230. Оп. 1. Д. 102. Л. 3. Подлинник
Выписка
Из протокола общего собрания ячейки ВКП(б) №11 Аулиеатинского Госкомзавода.
Председатель собрания т.Карпов. Секретарь т. Сапельченко, члены президиума т. Белоглазов
8/ХІ- 1929г. 2. Чистка членов и кандидатов партии ВКПУБ/ ячейки ВКП/б/№11. 3.Чистится Т. Джамбулов. Кандидат в члены ВКП(б) с 1928 года. Сьш бедного декханина Аулиеатинского района Сыр-Дарьинского Округа, родился в 1903 году. Казак. До революции жил у баев пас скот за кусок хлеба и также продолжал жить у баев вплоть до поступления на работу в Госкомзавод и только в 1928 году поступил служить на Завод и его в скорости принял в кандидаты партии и сейчас работает в должности конюха. Вот его краткая биография.
4.Вопрос: Когда вы торговали зеленью на базаре совместно с баем? 5.Ответ: В 1919, 20и21 годах, не я был торговцем, а продовал на базаре лук и прочую зелень собственного посева и посев я производил с баем, потому что у меня лично не было своего скота и сохи и я ортачил с баем.
6.В: Вы религию признаете и верите в бога?
7.О: Нет.
8.В: Занимались ли вы и ваш отец до революции коно- крадством?
9.О: Это лож, неправда, я представлю справку от того сельсовета, где я проживал и где меня принимали в кандидаты партии, вам там скажут, что это сплетни и я категорический отрицаю такую кляузу на меня. 10. В: Были ли случаи когда вы во время уборки сена гонялись за рабочими вилами? 11. 0:Нет неправда. 12. В: Кажется ваш отец и сейчас спекулирует на базаре гАулиеата? 13. Он уже бросил, и собственно говоря я его ни разу не видел, чтобы он спекулировал и я с ним никакой связи не имею.
В: Сколько лет Вашей жене, когда вы ее воровали в то время?
О: 18 лет было.
В: На чьей лошади Вы ездили воровать жену и в каком состоянии вы привели лошадь на конюшню?
О: Я ездил на казенной лошади и привел лошадь на конюшню вполне здоровой.
В: А кто вам разрешил брать лошадь?
О: Все брали, ну и я взял.
В: Сколько раз вы проспали вверенный вам табун во время пастьбы, за что вы получали выговора как за прогул и спанье на посту?
О: Два выговора и два раза спал. Но я бьш болен и поэтому спал.
В: К партвзысканию подвергались?
О: Нет
В: Партшколу посещали или нет?
О: Нет и не знаю ибо я казак и неграмотный.
Вопросов нет.
Прения по кандидатуре т.Джамбулова.
1.Т. Чокамбаев Махат указывает, что т.Джамбулов и его отец Джамбул до революции бьши профессиональными конокрадами и их боялся весь Аулиеатин- ский уезд, конокрадами они служили у крупных Аулиеатинских баев, почему их и боялись все. И только т.Джамбулов бросил воровство когда укрепилась власть советов в Казакстане. Отец же его и по настоящее время занимается спекуляцией на базаре с чем тоже т.Джамбулов знает и имеет связь со своим отцом, но Джамбулов не хочет правды сказать партии, и я как безпартийный считаю, что не место в партии конокрадам которые последних лошадок воровали у бедноты и отправляли крупным баям в пески. Я это докажу не только на словах но и на бумаге, что Джамбулов вор и конокрад, об этом вам скажут тысячи казаков которые много слез пролили, но не знаю почему т. Джамбулов пролез в партию и кто его принял, наверное свои. Кроме этого т.Джамбулов и сейчас посещает мечеть и справляет и вьшолняет все мусульманские религиозные обычаи, но он не хочет сознаться партии и не хочет сказать правду партии. Кроме всего этого Джамбулов лодырь симулянт и прогульщик и деорганизатор трудовой дисциплины и куда бы его не посылали на работу то Джамбулов всегда отказываеться от этой работы и подымает всегда дебош, что представляет из себя Джамбулов. 2.Т.Наумкин сказал, что Джамбулов лодырь и семулянт, то нет сомнения и когда его Легкая Кавалерия застала окола табуна спящим и за это ему дали выговор, то он заявил, что я покажу вам мол где раки зимуют. 3.Т.Лихушин сказал, что Джамбулов всегда деорганизировал работу то это да, и однажды во время полевых работ был перебой в хлебе, так как хлебопекарния города отпустила хлеб для Турксиба и нашему заводу не хватило хлеба, то Джамбулов как кандидат партии первый бросил работать и поднял дебош, чтобы все рабочие бросили работать, так как хлеба нет, кроме этого Джамбулов всегда навязывался драться с рабочими завода если его заставляли работать и по моему не место в партии Джамбулову. 4.Т.Лозовский. Я хочу несколько слов сказать о Джамбулове и подтвердить слова тех товарищей которые сказали, что т.Джамбулов лодырь и срывщик вообще работы и дисциплины в нашем производстве. Джамбулов вообще никогда не хотел работать так как это нужно и всегда подымал дебош и скандал и прогулы делал. Кроме того я даю справку насчет той лошади, на которой он ездил брать себе жену в горы - эта лошадь еле жива осталось и была в лазарете три недели, вот как он спокойно и тихо ездил.
Заключительные слово Т.Джамбулову для справок.
Товарищи, то что на меня говорил т.Чокамбаев, что я вор профессионал, это наглая и выдуманная ложь не начем не обоснованная и я привезу справку от Сельсовета того аула где я жил до Революции, где вам подтвердят, что я никогда не занимался воровством. Теперь по вопросу того, что я лодырь и прогульщик, это тоже неверно, меня просто возненавидели на Заводе за то, что я требую законно и когда я требовал про одежды, то мне грозили, что тебя уволим, и все поэтому администрация завода ненавидит, но товарищи нужно принять во внимание, что я получаю жалованье и мне со своим семейством трудно, даже невозможно жить и у меня иногда бывает такое настроение, что мол как кормят, так я и работаю, больше я сказать ничего не могу, но я вас уверяю, что Чокамбаев имеет со мной личные счета и поэтому он просто кляузничает.
Ф 11. Оп 1. Д 30. Л 78-79. Подлинник.
Әулиеата аудандық 8-ші учаскелік халық соты
1932-ші жылғы аштықтың немесе басқа да себептерге байланысты болар, кеңестік репрессиялық аппарат 1932-ші жылдың «7 тамыз Заңын» күшіне енгізді. Халық арасында «бір түйір дәнді алғаны үшін сотталу» ретінде белгілі осы «7 тамыз Заңы» бойынша мемлекет мүлкіне қандай бір мөлшерде болмасын қол сұққандығы үшін 10 жылға немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыратын. Қорда осындай «ұр да жық» саясаттың құрбандарының қалай «сотталғандықтары» туралы мәліметтер көп. Соның біріне мән берсек, қыр қазағы Бекболатов Хамит Ақыртөбедегі интернатқа шаруашылық жөніндегі меңгеруші болып (завхоз) жұмысқа кіреді. Хамит жұмысқа кіре салысымен жүргізілген тексеру интернаттағы көп былықтың басын ашады. Әйтсе де, осыған дейін интернаттың май мен шайын ішіп-жеп, көйлек-көншегін керегіне жаратып, тіпті қазақ балаларына сойып бердік деп, шошқаларды сатып мұрттарын майлаған интернаттың директоры Дуванов пен оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Хусаинов (сірә еврей мен сарт болар) аман қалып, Бекболатов Хамит 10 жылға бас бостандығынан айырылып, мал-мүлкі кәмпескеленеді. Бұл жерде санкцияны аудан прокуроры Сенников берсе, үкімді аудандық сот Аверкиев шығарғандығын айта кетуге болады. Дегенмен кеңестік «халық сотының» Михаил Гриневич сияқты қылмыскерлерге құлқы бөлек сияқты. Оны Полюкович есімді жанашырының кепілдікке босатып алуы өз алдына, тіпті кейін кассациялық өтініш арқылы қаралған Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының 1-ші сот алқасы (төрағасы Мұхамеджанов мүшелері Есенов пен Владимиров) Гриневичтің жазасын 3 жылға дейін төмендетеді. Қордағы құжаттарда аталған азаматтардан басқа, 1932-ші жылдың «7 тамызы Заңы» (указы, бұйрығы) бойынша сотталған:
- Бабикова Мария
- Ысқақов Оспан
- Көшеров Дәулет
- Байбеков Аязбек
- Мырзақұлова Алуа
- Моторино Филипп
- Саймұратов
- Сивашов
- Ситинов
- Толстуков
- Тілегенов
- Тихонов
- Исмайлов
- Көшенов
- Райсов
- Шубашев
- Досжаев
- Қамұрзақов
- Есдаулетов
- Терновой
- Дәрменкұлов
Хасенова Салима және басқалары туралы мәліметтер де бар.
Негізі: 85 қор, 1 тізімдеме, 1-4 бумалар, 4-52 істер. Түпнұсқа.
Протокол № 35.
Заседания Партколлегии Южно-Казахстанской области ири Уполномоченном Комиссии Партийного Контроля но Казакстану.
Гор. Чимкент 14 мая 1935 года.
Присутствует: т.т. Бидерман, Камалов, н/следов. - Женко.
Председательствует тов. Бидерман.
Слушали: Апнеляционное дело Кошакова.
Кошаков Абраим, рождения - 1892 года, национальность-узбек, малограмотный, член ВКП(б) с 1923 года, п/б №1863176, в других партиях не состоял, в армиях не служил, партвзысканий не имеет. В момент возникновение дела работал секретарем партячейки колхоза. «Интернационал» Меркенского района. Обвиняется: В создании группировки и вследствии 9/ІІ-ЗЗ года Меркенской РКК и РК Кошаков из партии исключен-аппелирует.
Камалов, Кошаков, Бидерман.
Постановили: Учитывая, что Кошаковым борьба была организована против классово- чуждого элемента, пробравшегося в колхоз, что является - положительной стороной работы, а также положительные отзывы от первичной парторганизации и отдельных коммунистов-решение Меркенского РК и РКК от 9/ІІ-33 года отменить, Кошакова в партии восстановить.
Вьшиски: Меркенскому РК ВКП(б), т. Кошакову, в дело.
Слу.щали: Аппеляционное дело Халикулова.
Халикулов А. рождения - 1891 года, соц.положение
- батрак, малограмотный, национальность - узбек, член ВКП(б) с 1932 года, п/б №1605180, в других партиях не состоял, в армиях не служил, партвзысканий не имеет. Работал председателем колхоза «Сталинкент».
Обвиняется: В систематическом пьянстве и невыполнении плана сена, на 510 га посеял 466 га. На куставое партийное собрание пришел пьяным, где собранием был исключен из партии. 6/У - 35 года Сайрамский РК ВКП(б) исключение Халикулова из партии подтверждено-аппелирует. (При выборе дела присутствует -секретарь РК Саибов).
Камалов, Халикулов, Бидерман, Саибов.
Постановили: Принимая во внимание, что Халикулов признал свою вину, а также то, что МТС обязанная произвести 60 га посева хлопка колхозу, этого обязательства не выпонила, вследствии чего колхоз не выполнил плана решения Сайрамского РК ВКП(б) отменить, Халикулова в партии восстановить, за пьянство объевить строгий выговор и предупредить, что при повторении им подобных проступков, он поставит себя вне рядов партии.
Выписки: Сайрамскому РК ВКП(б), т.Халимкулову, в дело.
Слушали: Аппеляционное дело Москоленко.
Москоленко Леонид Куприянович, рождения - 1905 г. соцположение — рабочий, слесарь, образование - н/ среднее, русский, член ВКП(б) с 1930 года, п/б № 1748385, состоял в комсомоле с 1923 г. в других партиях не состоял, в армиях не служил. В 1933 году поставлено на вид за недостаточную работу по чистке сов.аппарата Заготзерно. В момент возникновения делаработал Уполком Заг. СНК по Сайрамскому району. Обвиняется: В том, что получив от РК задание сделать доклад о закрытом письме ЦК ВКП(б) на кустовом партийном собрании 27/ІІ - 35 года, к докладу пришел не подготовленным, на собрание пришел выпивший, где создал шутливое не серьезное настроение. Звопя по телефону (до собрания) в Союзплодовощь, у центральной телефонной стапции просил соединить его с «Союзплодо-сволочью». Когда Москоленко делал доклад, сообщая о смерти тов. Кирова свел к несуществующему «товарищескому» террору приводя примеры, говорил что т. Киров убит своим товарищем по классу и партии - Николаевым. После оканчапие доклада чл. ВКП(б) - Дрогунов внес предложение «призпать оцепку событий, сделанную в закрытом письме ЦК ВКП(б) и принятом решением о лидерах этой контрреволюциопной группировки целиком и полпостью правильным». По этому предложению Москоленко внес мнение припять предложение тов. Дрогунова в основном правильным, чем оп по существу сомневался в правиль ности решения ЦК и оценки сделанной им в закрытом письме. 26/ІУ решением Сайрамского РК ВКП(б) Москоленко из партии исключен- Аппелирует. При разборе дела присутствуют: Секретарь ОК ВКП(б) т.Лазарев: Зав. ОРПО ОК т.Кузнецов, Секретари Сайрамского РК т.Саибов и т. Никитин, Упол. Зав. СПК Южно-Казакстанской области тов. Чураков, т.Москоленко, члены и кандидаты ВКП(б) присутствовавшие на собрании 27/ІІ: Богатырев, Брижакин, Утегенов, Матюков, Драчупов, Ухалкин, Тарасов, Кавригин, чл. ВЛКСМ - Данияров. Выступления: Москоленко, Кавригин, Ухалкин, Дрогунов, Саибов, Никитин, Матюков, Данияров, Кузнецов, Бидерман, Лазарев. Постоновили: Считать установленным, что Москолепко придя на собрание в нетрезвом виде, не серьез по относся к поручепному ему делу, создал шутливое настроение у собравшихся, назвав Союзплодоовощь «Союззплодо-сволочью» (до собрании). Делая доклад, неправильно комментировал письмо, где говорится об индивидуальном терроре, вследствии чего у некоторых товарищей сложилось попятие о наличии какого то товарищесткого террора.
Допустил оговорку, назвав тов. Кирова - предателем Зиповьевым. Говоря 0 злодейском убийстве тов.Кирова, Москоленко заявил, что «от руки злодеев пал любимый вождь партии Зиповьев». Расценивая поведение Москоленко как грубое антипартийное-недостойное чл.партии. Партколлегия считает решение Сайрамского РК об исключении его из партии вполне правильным. Учитывая, что Москолепко в прошлом не был замечен в антипартийных группировках, ограничиться объявлением ему строгого выговора с предупреждением и предупредить, что при повторепии анологичных проступков, он поставит себя вне рядов партии. Поставить вопрос перед Крайкомом партии о снятии Москоленко с должности Уполком Заг СНК, запретив ему ответ. Работу в течении 2-х лет, использовав его на низовой работе. Указать Бюро Сайрамского РК ВКП(б) и персопально тов. Никитину, что опи рассмотрев это дело 23/ІП с.г, не вскрыв полностью ошибок Москоленко, не смогли дать правильной политической оценки его ошибок и по ошибках Москоленко воспитать парторганизацию. Обязать бюро РК ВКП(б) проработать данное решение на закрытых парт собраниях в парторганизации. Выписки: Упол КПК по КАССР, Казкрайкому ВКП(б), Юж.Каз.ОК ВКП(б). Сайрамскому РК ВКП(б), УполкомЗаг. СНК т.Чуракову, Москоленко, в дело.
Ф 16, оп 1. Д 73. Л 199-200. Подлинник.
Закрытое письме ЦК ВКП (б) об ошибках ири рассмотрении апелляций исключенных из партии во время проверки в обмена партдокументов.
(в материалах государственного архива Южно- Казахстанской области)
Приложение к протоколу
Заседания бюро Крайкому ВКП(б)
От 4.07.1936г., пункт 10.
О закрытом письме ЦК ВКП (б) об ошибках при рассмотрении аппелляций исключенных из партии во время проверки и обмена партдокументов. 1. Поручить секретарям обкомов ознокомить о письмом ЦК секретарей РК и ГК и принять необходимые меры строжайщего выполнения директив ЦК ВКП(б), перечисленные в этом письме. 2. Крайком требует от всех руководителей районных, городских, окружных и областных парторганизаций «исправить допущенные во время проверки и обмена партийных документов перегибы в отношении исключенных из партии по мотивам пассивности и в дальнейшем не позволять партийным организациям относить всех членов партии, которых они не знают, или которые не крепки в теории - к пассивным» В дальнейшем строго руководствоваться указанием ЦК ВКП(б) 0 том, что решение декабрьского Пленума ЦК ВКП(б) 1935 го пассивных имело ввиду только таких членов партии, которые не оправдывают высокого звания коммунистов, случайно попали в ряды ВКП(б) во время массовых огульных групповых вербовок в партию, тяготятся своим пребыванием в рядах ВКП(б), часто не платят членские взносы и отказываюстся вести какие бы то ни было партийные обязанности, возлагаемые на них партийными комитетами.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру