TELEGEI

Home

Алтын жұлдыз

Мәлік Ғабдуллин

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Алтын жұлдыз

Кеңес Одағының Батыры, көрнекті фольклоранушы, білімпаз ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің бұл кітібына соғыстың сұралып күндерінде бастап кешіп, көзбен көрген отты жылдардың қаһармандары жайлы жазылған очерктері мен майдандағы жазылған күнделігі, сондай –ақ өзі жақсы танып білген жандарға жазған хаттары беріліп отыр. Дерегі мол, ғибраттық тағлымы да толымды батыр жазбалардың оқырман көңілін баурайтынына кә

Мәлік ҒАБДУЛЛИН

Алтын жұлдыз

очерктер,
хаттар және
күнделік

«Ана тілі» Алматы 2005

ББК 84 Қаз 7 – 44

Ғ 13

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт
министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитетінің бағдарламасы бойынша
шығарылды

Құрастырып, алғыс сөзін, түсініктемесін жазған
Философия ғылымының докторы, профессор
Серік Негимов
Ғабдуллин М.

Ғ 13

Алтын жұлдыз. Отчерктер, хаттар және күнделік. Алматы: “Ана тілі”
баспасы ЖШС, 205. – 299 бет.

ІSBN 9965 – 670 – 24 – 2

Кеңес Одағының Батыры, көрнекті фольклоранушы, білімпаз ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің бұл кітібына соғыстың сұралып күндерінде бастап кешіп, көзбен көрген отты жылдардың қаһармандары жайлы жазылған очерктері мен майдандағы жазылған күнделігі, сондай –ақ өзі жақсы танып білген жандарға жазған хаттары беріліп отыр. Дерегі мол, ғибраттық тағлымы да толымды батыр жазбалардың оқырман көңілін баурайтынына кәміл сенеміз. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

Ғ 415 (05)− 05 −05

ІSBN 9965 -670-24-2 ББК 84 Қаз 7 – 44

© Ғабдуллин М., 2005
© “Ана тілі” баспасы ЖШС, 2005

ҚАҺАРМАН - ҒАЛЫМНЫҢ

ӘСКЕРИ ПРОЗАСЫ

Қаһарман-ғалым Мәлік Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысы жылдарында жазған шығармалары тарихылық және көркемдік мәнімен де өзгешеленеді. Сөз өнерін ардақдап кие тұтқан, қазақ баласына деген өлшеусіз құштарлықтың, ізгілілік-адамгершілік қасиеттің, рух-жігері асқақ қайраттың иесі Ер Мәлік лапылдаған оттың, «көкала түтіні бұрқырып» гүрсілдеген оқтың ішінде жүріп, өнімді, өнікті еңбектеніп телегей шығармалар туындатқанына қайран қалмасқа болмайды. Ол 1942 жылдың 12 мамырында Ғабит Мүсіреповке жазған хатында былай дейді: « Менің шатаспаған жерім аз деймін. Соғысқа енісімен күнделік жазуға кіріскем. Оның барлығы былтыр бір соғыста оққа ұшып кетті. Соңынан «Қазақ баласы» деген атпен көп нәрсе жаздым. Көлемі 750 беттен артық, дәптер бетімен санағанда, мұнда Бауыржан Момышұлы, Мұқан Сламқұлов (сіз оны білесіз ғой), Балтабек Жетпісбаев, Жалмұқанбет Бозжанов, Қазтай Садуақасов, Жұмажан Батталовтардың ісі, ерлігі және көптеген эпизодтар жиналды». М. Ғабдуллиннің Бауыржанның қолбасшылық өнері, үлгі-өнегесі, шешендік қабілеті, терең дүниетанымы, батырлық болмысы «Бауыржан Момышұлы» дейтін мемуарлық повесі (1941-1942) мен «Қазақ мақалының күші» деген эссесінде (1943) әдемі сипатталады. «Дивизия командирі генерал-майор Панфиловтың бұйрығы бойынша – деп әңгімелейді гвардия майоры Мәлік Ғабдуллин,- бұрынғы артиллерист, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Н. полкының бірінші батальонына командир болып тағайындалды». Міне, осыдан бастап командирлік тізгінін қолына алған соң, айбынды міндеттерді абыройлы орындау мақсатында жауынгерлерді небір қиын да күрделі сынақтардан өткізді. 50 шақырымға марш жасау, оның ерекшеліктері, маршта тәртіп сақтау және қорғаныс құрылыстарын салу секілді. Әрі осы ұзақ жорықта жауынгерлердің ептілігі, тұрмысқа икемділігі де (мысалы, тамақ пісіру) сыналатыны да аян. Қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңу үшін шыдам да, көнтерлілік те, төзім де, икемді икемді қабілет те қажет.

Б. Момышұлы бір топ қазақ командирлері мен саяси жетекшілерге арнап жалынды сөз сөйлейді.

«Әй, жігіттер, - деді Бауыржан. – Қазақ – қазақ болғалы талай-талай тар қамаудан өткен. Талай шабуыл жортуылдарды басынан кешіріп, халық өз ойлаған мақсатына да жеткен. Сонау кездегі Исатай, Абай мен Шоқандар халыққа қызмет етумен есімдерін мәңгі қалдырды. Олар тарихи адамдар. Халық басына күн туғанда қалың қауымды бастайтын ері болмаса ел не болмақ? Ерделі ел қолдамаса, ер не болмақ? Халқамыз бізді мұнда қонаққа жіберген жоқ, майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Соғыстың аты соғыс қой, өлі иә жарадар болатыным да бар шығар. Бірақ жігіттер істеріңе адал болыңдар, өлсек шәйітпіз, халық үшін қазамыз. Ал, біріміз осалдық істесек, опасыздық, қорқақтық жасасақ – халық алдында абыройымыз жоқ, халықтың ар-намысына қара күйе жағушы боламыз. Мұндай жағдайдан аулақ болайық, жігіттер. Жасасақ та, өлсек те өмір үшін, ел намысы дегенді ұмытпалық».

- Бауыржан, дұрыс айтасың. Міндет те, кім екеніміз де, бұл жерге не үшін келгеніміз де түсінікті. Тірескеннің тізесін, белдескеннің белін сындырайық. Халқымызға, ел-жұртымызға, қазақ баласы деген атымызға қате таңба салмайық, - деді Мұхамбетқұл. - Айтқаның – айбарлы батырдың сөзі. « Төртеу түгел болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауыздағы кетер» деген бар емес пе? «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген халықтың данышпандық сөзін естен шығармайық. Халқымыз бізді мақтан етсін, «сенгенім сен болсаң, күйсеген аузыңды ұ...» деп жүрмесін, - деп Бауыржан ақыл айтты. Бұл әңгімелерге зер сала тыңдап, ақылмен ойлаған Бозжанов: - Ақсақал, «ел намысы-ер намысы деп дұрыс айттыңыз. Біз еркіңдегі адамдармыз, қауіп етпеңіз, бастаңыз майданға, біз ердік, - деді.

Олар «Қазақ баласы ар мен намыс иесі» деген атақты абыроймен ақтауға анттасқандай болып тарасты.

Мінеки, жігерді жанитын, жаныңды толқытатын, көңілі ойлы жанға даритын, миға тоқитын даналық мәйегіне ие қасиетті сөз. Мәлік батыр өмір мен өлімнің шекарасында қар жастанып, мұз төсеніп жүргендеБауыржанның жауынгерлердің жан дүниесін тебіренткен асыл ойларын, сезімді селт еткізерлік сәулетті сөздерін, « окопты – кабинет, жерді – орындық ,тізесін – үстел» етіп, жаны мұрнының ұшында жүрсе де, соғыс сәттерін суымай тұрғанда, қазқалпында, ізінше қойындәптеріне түсіріп отырған.

Әрбір қанатты, нақыл сөздің тарихы, оқиғасы, себебі болары анық. Бұл орайда Мәлік Ғабдуллин мына бір өнегелі сөздің тарихына былайша сөйлетеді:

«Күн кешкіріп барады. Бауыржан бір төмпешіктің үстіне шықты да, көз алдына шегінуге беттеген батальонын өткізіп тұр. Оның алдынан өткенде жұрт үндемей, тәртіп сақтап, өтіп барады. Ол осы қалпымен бүкіл батальонды өткізіп болды да, саптың артынан өзі жүрді. Оның қасына саптың соңында келе жатқан Бозжанов келді де:

- Ақсақал, неге жалгыз келесіз, жазым болсаңыз қайтеді, - деп ақыл сала айтты.

- Е, мен өлсем, сендер басқаруға жарамайсыңдар ма?

- Ойбой-ой, комбат қай жерде болса, батальон да сол жерде. Сіз жоқ болсаңыз, батальонда не сән, не күш қалар дейсіз...

Бауыржан бұл сөзге ызалынып кетті: «Біреу батыр болғанша, мың батыр болсын» деп айтып салды».

Бұл орайда Мәлік батырдың қанды жорықтың ішінде жүрсе де соғыс суреттерін суреткерлік – зердемен қабылдап, мөлдірете шеберлікпен сипаттағанын атап өту ләзім.

Мәлік Ғабдуллин «Қазақ мақалының күші» эссесінде («Социалистік Қазақстан» газеті, 1943 жыл, 27 ақпан) Бауыржан Момышұлының бірсыпыра төлтума ғибратты сөздеріне назар аударып, дәптеріне сақтап, олардың туу тарихын, нақты себептерін шебер баяндайды.

«Жауынгер майданда жеткен табысына қуанады, кейде қолайсыз жағдайға түсіп қалғанына қынжылатын кездері де болады. Осындай қынжылысты сейілту үшін, жауынгерлерді жігерлендіріп, қиыншылықты жеңуге аттандыру үшін

берілетін айбынды бұйрықтың әсерімен бірге, халықтың қара тасты қақ жаратын өткір поэзиясының, данышпандық мақал-мәтелдерінің әсері, ықпалы өте күшті болды. Мұны қазіргі соғыс жағдайы әбден анықтады» - әділ көрсетеді Мәлік батыр.

Қолбасшы командир Бауыржанның теңіздей толқыған, көкірегінде күмістей жарқыраған сөздері жатыр.

Бұлардың тек-төркіні – соғыс жағдайын терең бақылағандықтан, оқиғаларды нәзік таразылап, дұрыс қорытындылар шығарғандықтан, ақыл мен ойдың тізгінін тең ұстағандықтан, тәрбие мен тәжірбиенің сырларын мінсіз меңгергендіктен.

Мәселен: 1. Намысты нанға сатпа. 2. Қырағының көзі де батыр, өзі де батыр. 3. Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. 4. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, тіке тұрып, өлген артық.

5. Ана үшін аянба – ант ұрады,

Бала үшін аянба – бетің күйеді,

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

6. Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе.

7. «Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр».

Біз қас жауды қарумен де, халықтың қаһарлы сөзімен де қиратудамыз. Халық сөзі, оның данышпандық мақалдары, бізге зеңбірек, танк, винтовка, автомат қандай қызмет етсе, олар да сондай қызмет етуде деп аяқтайды «Қазақ мақалының күші» эссесін Кеңес Одағының Батыры, гвардия майоры Мәлік Ғабдуллин.

Баукең сөздерін жедел хатқа түсірген М. Ғабдуллиннің ұқыптылығын, кісілігін, екі ірі тарихи тұлғаның арасындағы шығармашылық байланысты атамауға болмайды.

«Егер жазушы, не ақын болсам, көк күмбезді қағаз етіп, көкала дарияны сия етіп «Батыр Бауыржан» деген хикая да жазған болар ем» - деген Ер Мәліктің лала лебізінде телегей сыр бар-ау! (1942 жылдың 15 қырқүйек күні жазылған хатынан).

Совет Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің деректілік жағынан болсын, көркемдік сапасы жағынан болсын мейлінше құнды «Сол бір күндерде» , «Жас қазақ» , «Төлеген Тоқтараов» дейтін әскери повестерінде жас барыстай жалынды Төлеген Тоқтаровтың, саяси жетекші В. Клочковтың, майталман командир, ұлт тілінің қамқоры, терең білімді В.Н Шуттің, жанартаудай жігерлі, алып тұлғалы Балтабек Жетпісбаевтың, жауынгер-композитор Рамазан Елебаевтың батырлық – ерлік іс – қимылдары келісті өрнектелді. Сонымен бірге солдат әзілдері, жаратылыс суреттері көркемдік қуатымен, шеберлік қырларымен өзгешеленеді.

Әскери мемуарист М. Ғабдуллиннің «Досыма хат» , «Ерлікке баулу – тәрбиеден» , «Майдан дәптерінен» , «Тапқырлық» , «Қайтқан кек», «Біздің Сашок» деген новеллаларында, эпистолярлық мұрасы мен күнделіктерінде жақұттай жарқыраған сөз меруерттері, адам жанының тұңғиық терең иірімсырлары, кестелі кемеңгерлік толғамдар, сыр мен сезім сұлулығынан туған нақысты сөйлемдер жеткілікті. Мысалы, «Досым хат» дейтін жазбаларындағы мына бір ой-толғамын миға жүгіртейікші:

«...Ай артынан ай туып, жыл соңынан жыл да келер. Бүгінгі ауырлық, сұрапыл соғыстың дәуірі ертең-ақ шаттық, алтын нұрын шашқан сәулет күніне жеткізер. Сол кездерде өткен уақыттың оқиғаларына көз салармыз. Адам тарихынан белестерді, мақтаныш етерліктей болып жасалынған мазмұнды істерімізді, халқымыздың абырой-атағы, даңқы, намысы үшін жас өмірін қаза еткен батыр бауырларымызды еске түсірерміз. Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз» (1941 жыл, 31 қазан. Майдан).

Задында, баһадүр, блімпаз, ұстаз Мәлік Ғабдуллиннің әскери прозасы – сұрапыл жылдардың шежіресі іспетті. Қан кешуде ғажайып ерліктер жасаған, тұйғындай түлеген сайыпқыран көкжал ерлердің рухына орнатылған көркем ескерткіш деу лайық. Сондықтан да заманнан заманға ауысып-озған сайын деректі һәм көркем прозасының танымдық, көркемдік, тағылымдық, мәні зорая бермекші.

Серік Негимов
филология ғылымының докторы,
профессор

Бірінші тарау
Майдангер көзімен
Бауыржан Момышұлы

Дивизия командирі генерал-майор Панфиловтың бұйрығы бойынша,бұрынғы артилист, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Н. полкының бірінші батальонына командир болып тағайындалды. Бұл дивизияның жаңадан ғана құрылып жатқан кезі болатын. Бауыржан батальонға келіп, командирлік қызметіне кіріскенде іскер тәртібінің шеңберіне сыймайтын біраз жағдайлар көзге түсті. « Бұл жағджайларға жол бермеу керек, қатал болу керек. Олай етпесе, ертеңгі күні майданға енгенде батальон айбынды бұйрықтарды мүлтіксіз орындай алмайды, - деп ойлады Бауыржан. Бауыржан істің ең алдымен батальондағы кемшіліктерді, тәртіпсіздіктерді жоюдан бастады.

Бауыржанның бұлай іске кірісуін кейбір командирлер жақтырған жоқ. Олар: «Мынау қайтеді! Өзінің жаяу әскердің ісінен хабары жоқ екен» деп күңкіл шығарды. Мұны бауыржан жақсы түсінді, аңғарды. Сондықтан «балық басынан шіриді» болмасын деп, өзіне бағынатын командирлерді тәртіпке шақыру, сөйлесу керек болды.

Осы мақсатпен ол батальон штабының бастығына бұйрық беріп, рота, взвод командирлерін шақырып алды да: «Мыналарды сапқа тұрғызыңыз», - деп бұйрық берді.

Бауыржан сапқа жақындағанда, штаб бастығының өзі сапқа тұрмай, айналшықтап жүрген еді. - Сен неге сапқа тұрмайсың? Сап – әскерде ардақты орын. Бар, тұр сапқа! – деп бұйырды Бауыржан. Бауыржан сапқа тұрған командирлерді көзімен шолып өтті де, оларға алда тұрған міндеттер жайында сөйлей бастады. Бауыржан қатал сөйледі, әскерде темірдей тәртіп болмайынша, жауынгерлік рух болмайтынын, өз бұйрығын орындата алмайтын командир сорлы адам екенін баса айтты. «Сен офицерсің, бұйырушысың, сонымен қатар қамқоршысың, олай болса, әрбір бұйрығың әділ болсын», - деді. Бұл сөздерінен соң, ол сапты солға бұрды да строевое занятие өткізді. Строевое занятие аяқталды, командирлер өз бөлімдеріне тарады. Командирлер тарағаннан кейін «Ерлігі үшін» медалі бар политрук Бауыржанға жақындап келді. Ол – Жалмұхамбет Бозжанов еді. - Мен сізді қайдан көрдім? – деді Бозжанов. - Осы Алматыда көрген боларсыз, - деді Бауыржан. Бозжанов күлімсіреп Бауыржанға қарады да: - Ақсақал, өте қатал адам екенсіз, - деді.

- Е, мен жұмсартып неменеге жаратпақ едіңіз? Жалмұхамбет қызараңдап, не айтарын білмей тосылып қалды. - Қатал болмайынша болмайды. Бір-екі айдың ішінде екі жылда өтетін әскер қызметін білу, соғыс өнерін үйреніп шығу міндеті қойылып отыр. Бұл зор тәртіптілікті, дайындықты керек етеді. Бауыржан мен Жалмұхамбеттің алғашқы рет кездескенде айтысқан сөздері осы еді.

* * * - Жолдас майор, мен батальоныммен 50 километрдей жерге жол шығып, марш жасап қайтқым келеді. Соған рұхсат берсеңіз екен, - деп Бауыржан екі-үш күннен соң полк командирі – майор Елинге барды. - Сізге не болған, осындай күн ыстықта және үйреніп жетілмеген, ысылмаған жауынгерлермен 50 километр жерге марш жасауға бола ма екен? – деді Елин. - Осы бастан көндігіп үйрене берсін, ыстыққ пен ауырлыққа шыдауды үйренсін деген мақсатым бар, - деді Бауыржан. - Жарайды. Өтінішіңіз орындалсын. Бірақ жақсылап дайындалыңыз, - деді полк командирі. Батальон марш жасау жолына шықты. Күн ыстық еді. Бауыржан командирлерді жинап алып, марштың ерекшеліктерін, маршта тәртіп сақтау, қатардан қалмау жағын батыл ескертті. Батальон марш жасап келеді. Марштың алдыңғы қатарында – бірінгі рота, соңында – шаруашылық взводы. Колоннаның алды-арты көш көрінім жер. Бауыржан батальонның біресе алдына, біресе артына шығады, марш тәртібінің бұзылмауын қадағалайды. Ол кейде штаб бастығын, кейде адъютантын жіберіп марштың жайын біліп отырады.

Батальон жүріп келеді. Олар жолға шыққалы біраз уақыт мұндай жол жүріп үйренбеген кейбіреулер мына жүріске ішінен ыза болып келе жатыр. Колоннаның соңынан орылған адъютант: - Жолдас батальон командирі, 3-рота мапрш тәртібін бұзып келеді, іштерінде саптан шығып кейін қалушылар да бар, - деді. - 3-ротаның командирі кіші лейтенант Попов тез жүгіріп маған келсін! Екі иығынан демін ала, тері көпіршіп кіші лейтенант Попов колоннаның алдында келе жатқан Бауыржанға да жетті. - Сен не, қандай өнер шығарып жүрсің? Ротаңды марш тәртібі неге жоқ? Менің адъютантым тәртіп сақта, маршты бұзба десе, сен оған: «Осы сендер-ақ басты ауыртып, болдыңдыр-ау» - депсің. Бұл не? Бар, тез жүгіріп, отырып, ротаңа жет, марш тәртібі бұзылмасын. Егер марш тәртібі бұзылғанын көрсем, маған өкпелеме. Бар! Попов жүгіріп кетті. Оны не себеппен батальон командирі шақырғанын көрген командирлер, маршт тәртібігн ұстауға кірісті. 40 километрдей жер жүрген соң, батальон тынығуға кірісті. Бауыржан шаруашылық взводының командирін шақырып алды да: - Бүгін кухня ас пісірмесін. Азықты шикі күйінде жігіттерге таратып бер. Командирлерге де жауынгерлердің азығынан бөлінсін. Жұрт тамақты бақырашқа пісіріп жейтін болсын. - Жолдас комбат, қызыл әскерлердің жол азығынан командирлерге беру, оларды тамақтандыру заңсыз ғой,- ддей бастады шаруашылқ взводының командирі. - Бар, бұған жауапты сен емессің, менмін. Берілген бұйрықты орындауды біл! – деді. Жігіттер котолектеріне тамақ пісіре бастады. Бұрын мұндай жағдайға душар болмағандар іштерінен Бауыржанды сыйлаған жоқ. Әсіресе, командирлер наразы. Бұрын тамақты котолекке пісіру түгіл, тамақ пісіруді көрмеген кейбіреулер ыза болып жүр. Ертеңіне батальон 10 шықырымдай жүріп келе, ағып жатқан бір өзеннің жағасына тоқтады. Бауыржан тағы да бұйрық беріп, ертеңгі тамақты да котолекке пісіріп, әркім өзіне-өзі тамақ дайындап ішсін деп бұйырды. Ертеңгі тамақтан кейін батальон 15-20 километрдей жол жүрді де, түскі тамақ ішуге тоқтады. Батальон командирі тамақты котолекке пісіру жайында тағы да бұйрық берді. Күндізгі ыстыққа шаңытылған кейбір жігіттер суға шомылып салқындағысы келіп еді, оған рұхсат етілмеді. Осы жағдайларға бұрын көндікпеген көпшілік Бауыржанның бұл тәртіптеріне аса наразы еді, жек көрушілер де болды. Бұл жайдың бәрін Бауыржан әбден түсінді. Сондықтан да жігіттермен сөйлесу керек деген қорытынды жасады. Түскі тамақты болғаннан кейін, Бауыржан батальонды сапқа тұрғызуға бұйрық берді. Бірнеше минуттан соң батальон сапқа тұрды. Бауыржан батальон сабының алдына келді де, батальонды көзімен шолып шықты. Шаршыған, ыстыққа соғылған адамдардың өңін көрді. - Біз бір-екі айдың ішінде соғыс өнерін, жаумен соғысу әдісін үйреніп алуымыз керек, - деп бастады Бауыржан жігіттеріне арнаған сөзін. – Майданда

неше түрлі ауыр жағдайлар болады, оған көнбіс болу үшін осы бастан сол қиыншылықтарға шыдай білу керке. Біз соғыс өнерін үйренуде көп шаршап, көп терлесек, майданда қанды аз тогеміз, шығынымыз аз болады. Сондықтан, кухня бола тұрса да, тамақты бақырашқа пісірттім. Ертең майданға барғанда, кухня үнемі тамақ әзірлеп бере алмас, қарша бораған оқтың, астында кухня отын жағып, ас пісіріп отырмас. Олай болса, тамақты өзің пісіруге тура келеді. Бұл үшін де үйрену керек. Кеше кешкі тамақты пісіре алмадыңдар, оттарың да бықсып жанбады. Ал, бүгін түскі тамақты дұрыс пісіріңдер. Бұл - үйренгендік деген сөз... - Мен аң емеспін, адаммын, деді Бауыржан, - соғыс біткеннен кейін сендердің үй іштеріңмен аман-сау қосылуларыңды, біреу – мың үшін, мың – біреу үшін қызмет істеулеріңді тілеймін. Осында кейбір жолдастар «командирлер қызыл әскерлердің жол азығына ортақ болды» деп қынжылыс, реніш білдірді. Бұл қате. Соғыс кезінде командирлерді тамақтандыру үшін военторгтың дүкені мен асханасы келмейді. Сондықтан командирлер жігіттерімен бірге тамақтанатын болсын, котолекке асып тамақ пісіруді үйренсін. - Біз осы маршты жасаумен көп нәрсені үйрендік. Мұның пайдасын алдағы күн көрсетер... Батальон қайтадан жолға шықты. Бұлар қайтып келе жатып, темекі еккен сайға кездесті. Күн ыстық, ауа тымық еді. Темекі еккен жерден өте бергенде, батальонның қақ жартысынан көбі елтіп құлап қалды. Біреулер сұрланып, біреулер құсып жатты. Темекіге елтігендерді сайдан тез алып шығу шарасы қолданылды. Қолда бар көлік жегілді. Кейбіреулердің бетіне су бүркіліп те жатыр. Елтіп қалғандарға жәрдем көрсетерде ерлік жасаған Жалмұхамбет болды. Оның ерлігіне Бауыржан өте разы еді, бірақ сыр білдірген жоқ. Темекі еккен сайдан өтіп шыққаннан кейін бірсыпыра жігіттер шаршаса керек, артта қала бастады. Бір-екі жігіт тіпті жүруден қалды, аяқтарын етік қажаған сияқты. - Ақсақал, менің ротама екі жігіт жүруге жарай алатын емес, арбаға мінгізуге рұхсат берсеңіз қайтеді? – деп өтінді Бозжанов Бауыржаннан. - Жоқ, болмайды. - Тіпті жэүре алатын емес. - Түсінсейші, ол екеуін арбаға отырғызыды екенсің, ал басқалары да сол дәрежеде келе жатыр. Біреудің арбаға отырғанын басқалар көрсе, мені де арбаға сал деушілір көбейеді: - Жоқ, оларды арбаға білдірмей отырғызайын. - Айтқаның болсын, бірақ мұны еппен істе, басқалар біліп жүрмесін. Олар өздері ептеп жүре берсін, оған дейін үндеме. Әбден отырып қалатындай халге ұшыпаса ғана арбаға отырғызасың. - Мақұл. Жаңағы әлсіреп шаршады дегендер де ақырын басып жүріп келеді. Бір уқытта батальон тұрған село да көрінді. Шаршағандарың қайсысы болса да арбаға мінбестен. Казармаға жетті. Ертеңіне олар жақсылап демалды.

Неміс фашистері бүкіл күшін майданның жіңішке бір учаскісіне жинады да, бір жұманың ішінде совет халқының қызыл астанасы – Москваны басып алмақ болып, күшті шабуылға аттанды. Болат темір құрсанған танкілерін, самолеттерін, мың-мыңдаған әскерін Москваға қарай жөнелтіп жатты. Отанға, оның жүрегі қызыл астана – Москваға қауіп төнді. Осы кезде қызыл армия жоғарғы ставкасының ұйғаруы бойынша Солтүстік батыс майданы жақта, екінші эшелонда тұрған 316-дивизия Батыс майданына жөнелтілді. Бұл 1941 жылғы октябрьдің бас кезі болатын. Дивизия Волоколамскі станциясына келіп түсті.Полктары белгілі бұйрық бойынша, сол маңнан бекініс, қорғаныс құрылыстарын жасауға кірісті. Полктың батальондары, роталары өздеріне берілген қорғану аудандарына орналасқаннан кейін, пол командирі майор Елин жолдас полктағы барлық командирлерді жинап алып мәжіліс өткізді. Онда ол жалпы жағдайды, алда тұрған міндеттерді көрсетті, командирлердің алдына міндеттер қойды. Бұл мәжіліске 20 шақты қазақ командирлер мен политруктар Бауыржанның қасына келді. Бауыржан қолындағы шылымын қатты тартып-тартып жіберді, шылымның қою көкшіл түтінін шығарды да, айналасында тұрған командирлерге көз салды. - Әй, жігіттер, - деді Бауыржан. – Қазақ – қазақ болғалы талай-талай тар қамаудан өткен. Талай шабуыл-жортуылдарды басынан кешіріп, халық өз ойлаған мақсатына да жеткен. Сонау кездегі Исатай, Абай мен Шоқандар халыққа қызмет етумен есімдерін мәңгі қалдырды. Олар – тарихи адамдар. Халық басына күн туғанда қалың қауымды бастайтын ері болмаса ел не болмақ? Ерді ел қолдамаса, ер не болмақ? Халқамыз бізді мұнда қонаққа жіберген жоқ, майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Соғыстың аты соғыс қой, өлі я жарадар болатынымыз да бар шығар. Бірақ, жігіттер, істеріңе адал болыңдар. Өлсек шәйітпіз, халық үшін қазамыз. Ал,біріміз осалдық істесек, опасыздық, қорқақтық жасасақ – халық алдында абыройымыз жоқ, халықтың ар намысына қара күйе жағушы боламыз. Мұндай жағдайдан аулақ болайық, жігіттер. Жасасақ та өлсек те өмір үшін, халық үшін, ел намысы дегенді ұмытпалық. - Бауыржан дұрыс айтасың. Міндет те, кім екеніміз де бұл жерге не үшін келгеніміз де түсінікті. Халқымызға, елжұртымызға, қазақ баласы деген атымызға қара таңба салмайық, - деді Мұхамбетқұл. - Айтқаның – айбарлы батырдың сөзі. «Төртеу түгел болса, төбедегіні алар, алтау ала болса, ауыздағы кетер» деген бар емес пе? «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген халықтың данышпандық сөзін естен шағармайық. Халқымыз бізді мақтан етсін, «сенгенім сен болсаң, күйсеген аузыңды ұ...» деп жүрмесін, - деп Бауыржан ақыл айтты. Бұл әңгімелерге зер сала тыңдап, ақылмен ойлаған Бозжанов: - Ақсақал, «ел намысы-ер намысы» деп дұрыс айттыңыз. Біз еркіңдегі адамдармыз, қауіп етпеңіз, бастаңыз майданға, біз ердік, - деді. Олар «қазақ баласы-ар мен намыс иесі» деген атақты абыроймен ақтауға анттасқандай болып тарасты. Бауыржан бастаған бірінші батальон өзіне берілген ауданда қорғаныс, бекініс жұмыстарын жүргізіп жатыр, жігіттер окоп қазып, дзоттар жасауда.

Бұл жұмысқа кірісуден бұрын Бауыржан рота командирлері мен политруктарды жинап алып, батальонның қорғанысы қандай болатынын, міндеттер жайында, оқ ату секторлары, роталардың бір-біріне оқпен жәрдем беруі жайында айтқан. Ол осы бұйрығында әрбір дзотта ең кемінде үш-үштен жоғарғы нақат төсем болу керек деп баса ескерткен еді. Өз бұйрықтарының орындалуын тексеру үшін Бауыржан роталарды араламақ болды да, штабынан шықты. Ол ең алдымен үшінші ротаның қорғаныс жұмыстарын қарап, көп ескертпелер жасады. Кейбір окоп, дзоттарды қайта жасауға бұйырды. Бауыржан пулеметчиктерге қарай жүрді. Олар дзоттарды, окоптарын жасап болғанына анадайдан көзі түсті. Бірнеше пулеметші, қастарында политрук Бозжанов бар, қызу сөйлесіп тұр. Өздерінде мақтану белгісі бар. Бұларға Бауыржан жақындағанда Бозжанов пулеметчиктеріне команда берді де: - Жолдас батальон командирі, бұйрығыңыз орындалды! Пулеметчиктер қорғану шебін жасап болды, - деді. Бауыржан пулеметчиктермен дзотына жөнелді. Дзотты көрді, бәрі дұрыс, үш накаты бар. Бұйрық бойынша істелген сияқты. - Ақсақал, қараңызшы дзотыма айтарлықтай емес пе? Бүкіл батальон көлемінде бірінші орынды алатын боламыз, - деп бастады Бозжанов. Осы кезде Бауыржан кобурынан наганын алды да, жаңағы «айтарлықтай» деген дзотты атып-атып жіберді. - Е, ақсақал-ау, мұныңыз не? - Бар, қара оқ өтіп пе екен? «Қап, дзоттың маңайына жіңішке бөрене салғанымыз қате болған текен» деп өкінді Бозжанов ішінен, қызарды да. Осы оймен ол дзотқа барып қарап еді, үш накаттың үшеуінен де оқ өтіп кетіпті. - Қалай екен? – деді Бауыржан Бозжановқа. - Өтіп кетіпті, - деді ол, айыпты адамның даусымен. Бауыржан рота командирі Қарабаевты шақырып алды, пулемет расчетын сапқа қойды да, ұрысты. «Бұйрық үстірт орындалған, көзбояушылыққа салынғансыңдар. Үш накаттарыңнан менің наганымның оғы өткенде, немістің бомбасы, снаряды, минасы өте алмайды дейсіңдер ме?! Мына дзоттарың мен ұшін керек емес, өздерің үшін керек. Аман болуларың үшін, жаудың оғынан сақтану үшін, бұл дзотта отырып алып жауды қыруларың үшін керек. Мұны неге ойламайсыңдар? Істі ақылмен, оймен істеу деген қайда? Бұл дзот емес, мола. Менің басқа айтарым жоқ, не істеймін десеңдер де ерік өздеріңде, сендерге ешнәрсе де бұйырмаймын», - деп Бауыржан атына мінді де жүріп кетті. Арада үш – төрт күн өтіп кетті, төртінші күні Бозжанов Бауыржанды кездестіріп қалды да: - Ақсақал, бірінші рота жаққа бармайсыз ба? – деп сұрады. - Барсам барармын,- дей салды Бауыржан. Бозжанов Бауыржанды «І рота жағына бармайсың ба?» деп сұраған мәнісі мынау еді: Бауыржан пулеметчиктерге ашулы сөз айтып жүріп кеткеннен соң, олар дзоттарын бұзып қайта жасады, үш накат емес, жуан-жуан бөрене әкеп, бес накаттан жасады. Окоптарын, атыс

секторларын да әдемілеп жөндеген еді. Бауыржанға ол осының бәрін айтпақшы, көрсетпекші еді. Бауыржан пулеметчиктерге келіп дзоттарын көрді, разы болды. Сонан соң пулеметчиктерді жинап алып: - Міне, енді қараңдаршы, кәдімгі берік дзот жасапсыңдар. Шынын айтқанда, әркім әр жағдайда өледі, ақымақ та, ақылды да өледі. Бірақ қалай өлу – басқаша. Ал, анадағы дзоттарыңды ондамасаңдар, сонда жау сендерді таяқпен ұрып жығатын еді, - деді. Бауыржан кетуге айналғанда, қасына Бозжанов келді де: - Ақсақал, тым қаталсыз-ау. Анада «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» дегендей етіп мені де боқтадыңыз-ау, ә? - Оқасы жоқ. Ұрыс-керіс, бірақ іс болсын. - Ол дұрыс қой. Бізге сол жолы көп сабақ бердіңіз.

Руза өзенінің солтүстік шығыс жақ беті. Осы арадан Бауыржанның батальоны қорғану бекіністерін, окоп дзоттарын жасап алып, жаудың шабылуын күтіп отырысты. Алыста атылған зеңбірек даусы, бомба снаряд және минаның тың жерге гүрсілдеп жарылған дауыстары естіліп те жатты. Бауыржан батальонның қорғану шебін аралап шықты да, осы арада жауға бір мықты соққы беруге болады деп ойлады. Ол батальон бекінісінің алдыңғы Руза өзенінің үстінен салынған көпірді бұздырған да жоқ. Мына көпірді бұзу керек, ертеңгі күні де жау келе қалса, бұл көпірді пайдалануы мүмкін деп ойлаған Бауыржанға ақыл айтушылар да болды. Бірақ, оны есепке алған Бауыржан жоқ. Бауыржанның ойынша: батальонның алдында бірнеше киломерт жерде жаумен қатты соғысып шегініп келе жатқан Қызыл армия бөлімдері бар. Олар жаудың күшін матап, шегіне соғысып келеді. Оларды мына көпірден өткізіп жіберу керек те, сонан соң көпірді бұзған жөн. Сөйтіп, шабуылдан келе жатқан жауды осы өзеннің оңтүстік-батыс жағынан тосып алу керек, соғыс салу, жауға қатты соққы беру керек. Егер батальон соғыста шығынша ұшырап, хал қиындай бастаса, бұйрық бойынша кейін шегінуге болады. Ол уақытта өздері өткізген Қызыл армия бөлімдері Бауыржан батальонының арт жағында қорғану шебін құрған болуға тиіс. Бұлар шегінгенде екінші линиядағылар бұларды кейін өткізеді де жаумен айқаса түседі. Олар сөйтіп жатқанда, Бауыржандар кейінгі жақтан тағы бекініс жасап, соғысқа кіретін болады. Сол кезде Бауыржанның ойлаған ойлары осы еді. Іс жүзінде әңгіме Бауыржанның ойлағанындай болып шықпады. Бұған бірнеше жағдайлар бар еді. Біріншіден, Бауыржан батальонының алдынан кейін шегінген Қызыл Армия бөлімдері болмады, екіншіден, Бауыржанның батальоны тұрған жерге қарай немістер шабуыл жасамады. Бұл жағдайлар Бауыржанды таң қалдырды. Сондықтан да, алдыңғы жаққа барлаушы жіберу керек, не бар, не жоғын біле керек деп ойлады Бауыржан. Ол осы ойын іске асыруға кірісерде де екі көзі алдыңғы жаққа қараумен болды. Бір

уақытта алдыңғы жақта көз ұшында он шақты адам көрінді. Жұрттың бәрі зейін сала соларға қарай қалысты. Кейбір жігіттер мылтықтарын оқтап дайындала бастады. - Оқ атушы болмасын, кім де болса келсін, жау болса он адам бір батальонға не істер дейсің, қоршап алайық. Мүмкін жеңіл ғана жаралы болған, кейінде емделуге кетіп бара жатқан қызыл әскерлер шығар, - деді Бауыржан қасында қарауыл пунктте тұрған жігіттерге. Жаңағы он шақты адам батальонның қорғану шебіне де жетті.иҚызыл әскерлер киімін киген жігіттер, қару-жарақтан дым жоқ. Олардың алдынан біргнеше қызыл әскер шықты да, қарсы алып, тосып алды. Оларды ертіп Бауыржандар тұрған қарауыл пунктқа алып келді. - Кімсіңдер? – деп сұрады Бауыржан. - Қызыл әскерміз... - Қайдан келес... - Қайдан келесіңдер? Жаралы адамсыңдар ма? - Жаралы емспіз, алдыңғы Майданнан келеміз. - Майданнан!.. Е, полктарың, әскер бөлімдерің, командирлерің қайда? - Олардың қайда екенін бідмейміз. Біз жаудың қоршауында қалып ек, содан шығып келеміз. Кімнің қай жақта екенін білу қиын... - Жау қай жерде тұр, көп пе? - Тіпті көп. Алдыңғы жақ қаптап келе жатқан неміс, танкі, самолеттер көп... Бауыржан тағы біраз нәрселер жайында сұрап еді: «Неміс дегенің жойқын» дегеннен басқа жаратымды жауап ала алмады. Бұл «қоршаудан» шыққандардың көзіне құбыжық жойқын боп көріне бергені байқалды. Бұларды Бауыржан полк штабына жөнелтті. Бұлар кетісімен тағы бір топ «қоршаудан» шыққандар өтті. Бәрі де неміс туралы үрей айтады. Бұл жағдайдан Бауыржан қорытынды жасады: «мына антұрған қорқақтар, қоршауда болдық» деп батальонның жігіттеріне үрей салуы мүмкін. Енді мұндай «қоршаудан» шыққан қорқақтар көрінсе, олардың қаружарағын алып, өздеріне тіл қатпастан полк штабына жіберу керек» деп ойлады. Бауыржан алдыңғы жаққа барлаушы жіберу туралы қорытынды жасады да іске кірісті. Он шақырымдай жерге ілгері қарай барлаушы жіберіп еді, олар барған жерде «неміс жоқ» деп қайтты. Келесі жолы он бес шақырымдық жерге барлаушы жіберіп еді, олар да еш ақпарсыз, «неміс жоқ» деумен қайтты. Батальон бекінісінің алдыңғы жағында, батысқа қарай 25 шақырым жерде Середа деген село болатын. «Соған барлаушы жіберу керек» деп ойлады Бауыржан. Оған барлауышыға барғандар «Середада неміс бар, көптеген автомашина, танкілері, әскерлері бар екен, көрдік» деп қайтты. Барлаудың бұл ақпарын тыңдағаннан кейін Бауыржан мынадай қорытында жасады: «Середаға жүз шақты адам жіберіп, бір түнде шабуыл жасау керек. Қайткен күнде «тіл» әкелетін болсын. Середадан бізге қарай шығатын жолдың әр жеріне мина қойылсын және сол жолдың үстіндегі көпір бұзылсын» деді. Осы ойын іске асыру үшін ол штаб бастығы Рахимов Хабибулла (ол жақында ғана штаб бастығы болып тағайындалған) мен Жалмұхамбет Бозжановты шақырып алып, жоспарын айтты. Олар мұны мақұлдады.

- Рахимов, сен командирсің, Бозжанов, сен осы отрядтың командирісің, - деді Бауыржан. Сонан кейін жүз кісіден отряд құрылды, отрядқа әр бөлімшіден екі-үш жігіттен алынды. Отряд жолға шығарда Бауыржан олардың алдына қойылған міндетті нақтылап түсіндірді де: - «Тіл» алып келубасты шарт. Кешегі қоршаудан шыққан қорқақтар» немісті бір мықты неме етті ғой. Олай емес екенін, немісті де ұрып жығуға болатынын дәлелдеңдер. Өлгендерің я жаралыларың болса, оеы тасымаңдар. Отряд Середаға жақындады. Середаның солтүстік-батыс жағында ағаш болатын еді. Сол ағаштың жағалауына отряд тоқтады. Рахимов отрядты үш топқа бөлді, бірін өзі, екіншісін Бозжанов, үшіншісін бөлімше командирі Масяж бастамақ болды. Бұл үш топ селоның үш жағынан шабуыл жасау жоспарын, шабуылға шығар алдында екі рет қызыл ракета атып сигнал беретінін белгілесті. Олар барлық жоспарын жасап алды да, жаудың жүріс-тұрысын бақылады. Бақылау қорытындысы мынаны айқындады: жаудың автомашинаға отырған әскерлері, танкілері Середаға жиналып алып, оңтүстік-шығысқа және солтүстікбатысқа қарай екі айырылып жөнеліп жатыр. Ал, Бауыржандар тұрған жаққа қарай тартанын жолмен жүрмейді. Бұл Бауыржандар қорғап жатқан жерді айналып кету деген сөз ғой. Түн ортасынан ауып барады. Айнала жым-жырт. Әлгінде ғана немістер бақылдасып жатыр еді, әр жерде мотор дауысы да естіліп еді, қазір оның бәрі тынған сияқты. Отряд командирі лейтенант Рахимов жігіттерін жинады, үш топты селоның үш бүйіріне бөлді де, қайтарда жиналатын жерді белгіледі және жолға мина қоюшылар мен көпірді бұзушыларға қарап: - Сендер жолдың әр жеріне мина қойыңдар. Көпірді қазір бұзбай, дайын тұрыңдар. Операция аяқталғанда жиналу үшін бірақ ракета атам. Сол кезде көпір бұзылсын, онан соң өздерің осы жиналуға белгіленген жерге келіңдер,- деді. Отряд үш топқа бөлініп жүріп кетті. Түнгі сағат екіден асып барады (бұл 1941 жыл октябрь айының 13 күнгі түн). Қараңғыда екі қызыл рулета сигнал беріп «атака» дегенді айтқандай болды. Селоның үш жағына тиген үш топ пулеметтен де, винтовкадан да, автоматтан да оқты жаудырып жіберді. Кейбір жігіттер терезенің сыртынан келіп, үйдің ішіне граната тастап жатыр. Қараңғы түн іші тарсыл-гүрсілге үн қосты. Түнгі дауыс қандай ащы. Мұндай ойламаған жерден бола қалған шабуылды сезгене немістер далаға жүгіре шығысты. Бірақ олардың көбін ержүрек жауынгерлердің оғы ұшырып түсіріп жатты. Бозжанов гранатасымен бір машинасын қиратты. Тағы бірнеше жігіттер гранатамен бірнеше машина, екі танкті қиратты. Бұлар соғысып жатқанда Рахимов екі-үш жігітті жанына ертіп алып, немістердің штабы тұрған үйге еніп барды. Үй ішінде немістер бұлардың қалай келгеніне түсінбей үрпиісіп қарай қалды. Бір жігіт штаб документтерін жинап ала бастап еді, оған бір неміс: - Русь! – деп зекіре қарады. - Ой, әкеңнің аузын! Мә, саған русь! – деді де немісті ұрып жығып, атып тастады.

Бұлар неміс штабының документін, бір мотоциклды және бір неміс ефрейторын алып шыққанда жақындап қалған мотор даусын естіді. Бұл немістердің Середадағы достарына көмекке жіберген танкісі, әскері болу керек деп ойлаған Рахимов бір қызыл ракетамен сигнал берді. Бұл «қайту керек, міндет орындалды» деген еді. Отряд өздері белгіленген жерге жиналды. Середа өртеніп жатыр. Немістердің автомашинасы, оқ-дәрісі, өлген адамдары отқа күйіп жатыр. Отряд жиналып болды. Екі адам жаралы. Ержүрек командир Масяж қаза болды, бірақ оның денесін жігіттер тастамай алып шықты. Рахимов операцияның қорытындысын жасағанда – екі танкі, бес автомашина қиратылды, 50 шақты солдат және офицер жойылды, неміс штабының документі, бір мотоцикл қолға түсті, бір неміс ефрейторы тұтқынға алынды, көпір бұзылды, жолға бірнеше жерден мина қойылды деді. Операцияны ойдағыдай орындап, бұлар батальонына қайтты. Бұлар келе жатқанда алдарынан Бауыржанның өзі шығып қарсы алды. Оған отряд командирі Рахимов жолдас: «Жолдас батальон командирі, сіз берген жауынгерлік бұйрық орындалды!» - деп баяндады. Бауыржан бұған разылық білдірді де, тез батальонды жинап, сапқа тұрғызу керек деп байланысы арқылы рота командиріне бұйрық берді. Бауыржанның бұйрығы бойынша батальон сапқа тұрды. Батальон сапының қарама-қарсысына операциядан қайтқан отряд та сапқа тұрды. Бауыржан екі саптың ортасына шықты да жалынды сөз сөйледі: - Кеше ғой «қоршаудан» шыққан қорқақтарды көрдіңдер. Олар неміс туралы не айтпады, олар немісті жеңілмейтін, өлмейтін бір жойқын нәрсе етіп көрсетіп еді. Міне қараңдаршы, немістің бір гарнизонын қиратып қайтты, 50 шақты адамын жойды, танкісін, автомасшинасын қиратты, көп документ әкелді. Біздің жігіттердің шығыны: екі адам жаралы; бір адам қайтыс болды. Бірақ айбынды бұйрық орындалды. Солары ушін мына батырларға алғыс айтам деп, - отрядқа қарады. Бұл алғысты мақұлдағандай боп батальон сабында жігіттер қол шапалақтап жіберді. - «Өлмеймін», өмір бойы жасаймын, үстемдік етем, басқа халықты құл етем» деп келген немістің түрін қарашы, еөе сона сияқты, - деді Бауыржан. - Жоқ, немістер мықты деген бекер сөз. Оларды қыруға да, атуға да болады. Тек қорықпау керек. Егер немістен бұға берсең, оның жалы шыға береді. Қорықпай қайсарлана қарсы тұру керек. Бұл жөнінде біз алғаш айқасудың нәтижесін көрдік. Біз жеңеміз, жолдастар! – деді Бауыржан. Бауыржан сөйлеп бола бергенде, отряд сапынан Древе деген қызыл әскер шықты да, Бауыржанның қолына алтын сағатын ұстата берді. - Мұның не? - Мен түнде бір офицерді атып өлтірдім, соның белгісі үшін мына сағатын алып ем, соны сізге сыйлаймын. - Көп рахмет. Ал, Древе батырым, сен бұл сағатты маған сыйладың, енді мен осы сағатты саған сыйлаймын. Ескерткіш етіп тақ, бір уақыттарда сағатына неше неміс өлтіргеніңді білу үшін керегі болар, - деп сағатты Древенің қолына тағып, арқасынан қақты.

Бауыржан неміс ефрейторын, қолға түскен жаудың документтерін, трофейлік автомат, винтовка, мотоциклды полк штабына жөнелтті. Бұл кезде Масяждың қабірі де қазылып даяр болды. Масяждың денесі табытқа салынып, қабір басына әкелінді. Бауыржан батальонға арнап сөз сөйледі: «Соғыс шығынсыз болмайды, елі, Отаны үшін мына кісі командир Масяж жолдас жау оғынан қаза болды. Ол бір топ қызыл әскерді бастап жаудың Середа селосындағы мына отрядпен гарнизонын құртуға барды. Тамаша ерлік жасап, жаудан кегін ала қаза болды. Біз Масяж үшін жаудан кек аламыз». - Қымбатты қаһарман, ержүрек Масяж! Мен сенің қабіріңнің жанында тұрмын. Сен ер едің, батырлық өліммен елің үшін қаза болдың. Атыңды халқың, тарих ұмытпайды. Сен өлген жоқсың, денең өлсе де ісің өлмес, есімің өлме, сен өзіңе тарихтан лайық орын алдың. Сен үшін жаудан кек аламыз деп қабіріңнің жанында ант етеміз! Бұдан соң, батальон өзінің сүйікті кіші командирі Масяжбен қоштасып, үш рет мылтық атты. Атылған мылтық тымық ауаны жаңғыртқандай болды. Сол күні кешке батальон жігіттерінін әңгімесі өткен түнде Рахимов пен Бозжанов бастаған операцияның жайында болды. Операцияға әрбір бөлімшеден екі-үш жігіт қатысқан еді ғой, солар барлық оқиғаны, қалай барғандарын, қандай әдіспен шабуыл жасағандарын жігіттерге баяндаумен болды. Олардың әңгімесі кейбіреулерге неміс алып болып көрінген ойды сейілтіп, «мықты» немісті де қыруға болатынына көздеріне жеткізді. Әрбір бөлімшеден екі-үш жігіт алып отряд құру жайындағы Бауыржанның көздеген бір мақсаты: көрген-білгендерін операцияға қатысқандар өз сөздерімен жолдастарына айтатын болсын деген ой еді. Батальонның шеп құрып, бекініс жасаған жері Руза өзенінің солтүстікшығыс жағы. Екінші рота Новлянское дейтін селоның солтүстік-батысында өзен жақ бетінде, үшінші рота Васильева, Сазарева дейтін деревнялардың өзен жақ бетінен қорғаныс жасауда. Ал, бірінші рота екінші және үшінші ротаның аралығында. Батальонның бүкіл бекінісі алты-жеті километрге созылған. Новоселенское деген оңтүстік батысқа қарай шығатын жол бар. Ол жол көпір арқылы Руза өзенін өтіп Житаха деген деревняға апарады. Васильевадан шығатын жол да көпірден өтіп оңтүстік батысқа қарай, Чернова, Кусакино деген деревняларға тартады. Осы айтылған екі жол өзеннен шыққаннан соң, қалың ағаштың ішімен жүреді. Бауыржанның бұйрығы бойынша екінші ротаның командирі өзен мен Житаха деревнясының екі аралығына барып жауынгерлік қарауылын қойды. Рота Кусакинода еді, Бауыржан алдағы ұрыстардың жағдайын ойлай келе, екінші ротаның жауынгерлік қарауыл алдынан, Житахаға алты адам барлаушы қою керек деп тапты да, алты адамды соған жіберді. Житахадан Новлянскоеге баратын жол жаудың автомашинасы, танкісі болсын, әскер колонносының жүруі үшін де қолайлы еді. Бауыржанның Житахадан шығатын жол жаудың жүруіне қолайлы деуі дұрыс болып шықты. 1941 жылы октябрьдің 21 күні жау Житахаға келіп қалды. Жаудың көптігіне қарамастан, бағанағы бақылау жұмысын атқаруға жіберілген алты адам жаумен соғыс салды. Олар жауды бастырмай үш сағат ұдайымен

алысты. «Бұл не пәле?» деген оймен жау әскери сап құрып, шебін жаза бастады. Алты адамның қарсыласуын сындырып, жау бірінші ротаға беттеді. Бірақ жауды бірінші ротаның жігіттері оқ жаудыруменқарсы алды да көп шығынға ұшыратты. Алдында қарсыласуға жарайтын мына сияқты мықты күш барын және өзен бөгет болатынын көрген жау шабылуын қойп, кейін шегінді. Октябрьдің 23 күні жаудың бір ротасы емес, бір полкы Бауыржанның батальонына қарай шабуылға әзірленді. Мұны көрген Бауыржан артиллерияның жауға қарсы оқ атуын сұранып еді, ол болмады. Жағдай қиындай бастады. Бауыржан артиллеристерге қайтадан жауап берді. Біздің артиллеристер жаудың жиналған жеріне қарай гүрсілдетіп снарядты жаудырып берді. Бірақ бұған жау жауап қайырмады. Етеңіне таңертеңгі сағат сегіз шамасында жау барлық артиллериясын, минометтерін Бауыржанның батальонына қарай бағыттап оқ жаудырды. Артиллериясының қалай атқанын бақылып, жаудың корректировчик бақылаушы самолеті ұшып жүрді. Руза өзенімен Житаханың аралығына қойылған екінші ротаның жауынгерлік қарауылына жау келіп қалды. Бірақ ондағылар жауды оқпен қарсы алды. Соғысқа кірісті. Олар жаудың шабылуын тойтарып отырды. Олардың ұрысы екі-үш сағатқа созылды. Бұлар немістің бір ротаға жуық солдаттары мен офицерін қырып салды. Бұлардың өзінен алты адам өліп, жеті адам жаралы болды. Бұл соғыста жауынгер Донских 9 рет жараланды, кіші командир Волков 7 рет жараланды. Сонысына қарамастан олар соғыса берді, бұйрықты орындауды білді. Бұлай соғысудан нәтиже таппаған немістер қайтадан артиллериядан гүрсілдете бастады. Сол күні Кусакинодағы жауынгерлік қарауыл соғысқа кірген еді. Жау Кусакино арқылы Васильеваға қарай шабуылға шыққан еді. Бірақ, ұрыстың үлкені Новолянское бағытында болды. Сондықтан Бауыржан үшінші ротада аз болды да, соғыстың қызып жатқан жері екінше ротаға жөнелді. Бауыржан Новолянскоеге келгенде қатты атыс болып жатыр еді. Көше бойын бойлай зуылдап өтіп жатқан оқ. Бұған асықты (осындай жағдайда адам оқ тиеді-ау, өлемін я жараланам-ау деп ойламайды ғой). Бауыржан жүгіріп келе жатып артдивизияның командирі Кухаренконы жолықтырды. - Хал қалай, жігіттерге көмектесіп жатырсыңдар ма?- деп сұрады Бауыржан. - Атып жатырмыз... – деп айта салды ол. Бұған Бауыржан түсіне қалды да. - Ер маған! – деді де, селоның орта шенінде тұрған шіркеуге алып келді. Екеуі жүгіріп отырып, шіркеудің төбесіне шықты. Бауыржан қолына бинокльды алып қарап еді, жаумен екінші ротаның қатты атысып жатқанын және жауыдың артиллериясы үздіксіз атып тұрғанын көрді. Жауға қарсы біздің артиллерия да атып жатыр, бірақ снарядтарының жарылуы жаудың тұрған жерінен әжептәуір жер артта жатыр, снарядтың дәл түспегеніне ызаланып кетті де: - Кухаренко, ананы көрдің бе, неге бұлай атасыңдар? – деп Бауыржан ашулана қарады. - Қайдан білейін. Бұдан бұрын біздің дайындаған артиллериялық мәліметтеріміз дәл сол жер еді. Ал жау одан бертінде. Қайтадын мәліметтер дайындайық, - дей беріп еді, оның сөзін Бауыржан бөліп жіберді де:

- Бар, тез төменге түс. Батареялардың бәріне радио арқылы хабарла, команданы өзім берем, соны орындауды біліңдер. Ұқтың ба? Кухаренко төмен түсіп кетті. Бауыржан бұрын артиллерияда істеп үйренген өнерін осы арада көрсетті. Артиллерияны атуы үшін мәліметтерді бірнеше сағат дайындап, қағазға жазу керек қой, Бауыржан олай етпеді (оған уақыт қайда?) Қолыңа бинокльды алды да: - Левее 40°, прицель! – деп команда берді. Бұл комнада бойынша артиллеристеріміз гүрсілдетіп еді, дәл тигізді. - Жаудың тап төбесінен түсті. Тағы да бір 20 снаряд атылсын! – деп Бауыржан команда берді де, жерге түсті. Ол жерге түскеннен кейін Кухаренкоға: - Әрбір бес минуттан соң он снарядтан атылып тұрсын! – деп бұйырды да ротасына қарай жүріп кетті. Бауыржан кетісімен-ақ жау бұлардың команда беріп тұрған жері шіркеу екенін сезіп қалды да, шіркеуді атқылады. Шіркеу қирады, сонымен бірге радио қирады. Бірақ, артиллеристер атуын доғарған жоқ. Бауыржан көшемен жүріп келеді. Ол екінші ротаның командирлік пунктына барып еді, ешкімді кездестіре алмады. Көше бойында оқ зуылдап, қарша болып тұр. «Апыр-ау, бұл екінші ротаның командирі Щербаков қайда кеткен?» - деп ойлады ол. «Қой не де болса ротаның оң жақ шетіне барайын» деп жүгіре жөнелді. Оң жақ шеткі окопка келіп еді, окопта көздері бақырайып отырған жігіттерін көрді. Жігіттер комбаттың мынадай жағдайда окопқа келгеніне әрі разы, әрі қуанып қалды. - Халдерің қалай? - Хал жаман емес. Атысып жатырмыз. Әлгі кезде қатты атысып ек, қаз ір саябырси бастады, - дейді жігіттер. Бұлардың жайын білгеннен соң келесі окопқа баруға ыңғайланса да, отырған орнынан тұра салсайшы. Екі етегінен біреу тартып жібермей тұрған сияқты болды да тұрды. «Апырмау, маған не болды» деп секіріп тұрайын деп еді, тұра алмады. Бұл кезде оны өзін-өзі сақтау (самохранение) деп аталатын инстинкт билеген еді. Бауыржан «ауп!» деп орнынан тұрды да, жүгіре отырып, жүз метрдей жерде тұрған келесі окопка барды. Ондағы жігіттермен әңгімелесті, хал-жайын айтты. «Немісті мықтап ұрыңдар» деді. Сонан соң ол тағы бірнеше окоптарға барды. Бұл уақытта, алғашқы окопта оның етегінен тартқан белгісіз қауіп күші артта қалған еді. Бірнеше окоптарда болып келе жатқан Бауыржанның алдынан Бозжанов шыға келді де: -Ақсақал, мұнда неғып жүрсіз? – деді. – Өзің ше? - Мен осындағы пулемет расчетыма келіп ем. Жаңа екінші ротаның командирі Серебряков жаралы болды. Қазір мен оның орнына командир болып қалдым. - Ә, мұның дұрыс болған екен. Бекінісіңді мықтап ұстағын, - деді де Бауыржан басқа ротасына қарай жүріп кетті.

Сол күні барлық окоптағы жігіттер Бауыржан туралы: «Біздің комбат тамаша адам-ау, өте қатал, бірақ батыр жігіт, көрмейсің бе, бұрқырап жауған оққа қарамастан окопқа келгенін. Бұл батырлық емес пе» десті. Бауыржанның бекінісіне бірнеше рет жау шабуыл жасап көріп еді, бірақ одан түк шығара алмады. Сонан кейін бұл батальонды айналып өту тактикасын қолданды да, Бауыржанның батальонының оң жағындағы екінші батальонға қарай беттеді. Бұл арада жау онша қатты қарсылық көрмей, қорғанушылардың тылына шыға келді. Сол арада жау қанатын жайып, соққыны Бауыржанның батальонының тылынан жасауға кірісті. Бұл кешкілік кез еді. Жағдайдың ауырлағанын Бауыржан көрді де, рота командирлерін кешкі қараңғы түсе берген мезгілде өзіне шақырып алды. Командирлердің мәжілісінде Бауыржан бар жағдайды, аса сергек болуды айтып таратты. Бауыржан батальонның сол жақ флангасында 76 миллиметрлік 4 зеңбірек, 45 миллиметрлік екі зеңбіренк болатын. Бұл басқа бір полктың қалдырған зеңбіректері еді. Бұларды жауға тастамай алып шығу міндетін Бозжановқа жүктеді, оның қасына 25 адам қосып берді. Бозжанов он бес адам апарып жаңағы зеңбіректерді 400 снарядпен, түн ішінде алып келді. Ертеңіне таң қараңғысында полк штабынан Бауыржанға арналған пакет келді. Ашып оқып көрсе «кейін шегініңдер» депті. Сол арада Бауыржан командирді жинап жіберіп, бұйрықты оқыды. Бұған қосымша өзі бұйрық берді. - Біз кейін қарай шегінгелі отырмыз. Соғыста тұтқынға бір де неміс алынбасын. Бірде-бір қызыл әскер тұтқынға берілмесін. Оқ-дәрі үнемделсін. Үрейленіп паника жасаушылар болса, табанында құртылсын. Ең соңғысы оқ өзі үшін қалдырылсын. Бұйрықсыз ешкім де өз бетімен кейін шегінуге болмайды. Батальон шегінуге дайындала бастады. Батальонның шегінуін қамтамасыз ету үшін Бозжановтың қарамағына бір взвод және бем зеңбірек қалдырылмақ болды. Батальон түн ішінде шегіну керек, бірақ әлі шаңқай түс. Мұндай кезде уақыттың өтпейтіні қандай. Айнала гүрсілдеп жатыр. Бір уақытта немістің бір ротасы шабуыл жасап еді, оны біздің жігіттер қайырып тастады. Бұл соғыста қолға пулемет, бірнеше автомат түсті, бірнеше неміс тұтқынға алынды. Күн кешкіре бастады. Бауыржан батальонды жинап алды, барлық қаружарақты, көлік-сайманды, жігіттерді тексеріп қарап шықты. Қас қарая бастағанда Бауыржан батальонын бастап, бір саймен кейін қарай шегіне жүрді. Батальонның шегінуін Бозжанов бастаған топ соңынан қорғап келеді. Бұлар жүріп келеді. Бір уақытта үлкен қара жолға жақындап еді, жол бойы өтіп жатқан неміс әскерін, танкілерін көрді. Бұлардың арасынан немістің бір ротаға жуық әскері шыға келді. Оған Бауыржандар оқ жаудырта ығыстырып жіберіп, өздері аман-есен жолдың ар жақ бетіне өте шықты. Бұлар жолдың екінші бетіндегі ағашқа сіңіп те үлгерді. Бір уақытта бұларды немістің тоғыз танкісі көріп қалып оқ жаудыртып еді, одан келген зиян болған жоқ. Бауыржан ағаштың ішінде батальонды тоқтатты. Қалай қарай жүру керек? Полк бұйрығы бойынша баратын жер неміс қолында. Оған барудан пайда аз. Оның бер жағында полк штабымен де қатынас, байланыс жоқ. Олай болса бір ғана жол бар. Ол – Волоколамск қаласына бару.

Бұлар Волоколамск қаласына қарай жүрді. Жолда екі күн жүріп отырып, октябрьдің 26 күні Волоколамскіге жетті. Волоколамскіде Бауыржан генерал-майор Панфиловты жолықтырды. Генерал Бауыржанды көргеннен-ақ: - Уа, батырмын, аман-саусың ба? Сені бүкіл батальоныңмен қоршауда қалып қырылып бітіпті деп еді. Бәрекелді аман-сау болсаңдар жақсы, - деді. - Аман-саумыз. Күшіміз жеткенше жаумен соғысып бақтық, бұйрығыңызды орындауға күш салдық. - Жарайды. Соғыстың, тартыстың мықтысы әлі алды. Соған дайын бол! -Мақұл. Дайынбыз! – деді Бауыржан. Генерал-майор Панфилов Бауыржанды шақырып алды да: - Сенің батальоның менің операцияшы тобым болады. Бүгіннен бастап сен өз полкыңның қарамағынан шығып менің қарамағыма енесің, - деді. Сонан соң генерал Панфилов Бауыржанның алдына айбынды міндет қойды. Генерал қолына картасын алды да: - Мына жерді біздің 1077 поле қорғауда, ал оның оң жағында көршілес 690атқыштар полкы қорғап жатыр. Осы екі полктың арасында біраз ашық жері бар, сол жерге барып, сенің батальоның бекініс жасау керек. Түсіндің бе? – деді. - Толық түсіндім. Бауыржан батальонын бастап, генерал Панфилов көрсеткен жерге келіп, бекініс жасауға кірісті. Немістер шабуылдап келеді. Хал сағат сайын қиындауда. Бауыржанның қарамағында артиллерия жоқ. Бұдан бұрын соғыста болған зеңбіректер полкта кетке. Батальонның екі жағындағы полктарға немістер қатты шабуыл жасауда, олардың халдері қандай, алдағы жағдай не болмақ? Мұның бәрінен Баукыржан хабарсыз отыр. Ешқандай қатынас, байланыс жоқ. Бұл қалай? – деген оймен Бауыржан көрші полктың біріне барып қайтқысы келді. Көршілес 1077-полкқа қарай беттеп еді, оны немістің снайпері атқылай бастады. Тіпті жүруіне жол бермей, жатқызды да қойды, басын көтере берсе-ақ болғаны үстінен оқ зу етіп өте шығады. Осындай арпалысудың астында Бауыржан жарты сағаттай уақыт өткізді. Бір уақытта еңбектей отырып ілгері жүрді. Келсе көрші полкы жоқ. Ешкімге айтпастан кейін шегініп кетіпті. Бұл кезде немістер бірнеше күнге созылған қатты соғыстардан кейін Волоколамск қаласын алған. Осы арада ол Москаваға қарай шабуыл жасамақ. Бұл жоспарын немістер орындауға кіріскен. Сондықтан да олар 1077-полкты шегіндірген. Бауыржан оң жақ көршісі 690-атқыштар полкының халін біліп еді, олардың да шегініп бара жатқанын көрді. Бірнеше қызыл әскер зенит зеңбіректі тастап кетіп барады екен, мұны Бауыржан көріп алды да: - Зеңбіректі тастауға болмайды, - деп бұйырды. Бауыржан батальонының айналасы немістер. Бір уқытта немістер шабуылдап, Бауыржанның батальонын қоршап алуға ұмтылды. Бірақ, одан ешнәрсе шықпады, жаудың шабуылын біздің жігіттер қиратып тастады. Бұл соғыста жаңағы зенит зеңбірек көп қызмет атқарды. Соңынан, ол зеңбіректі немістер құртып жіберді.

Бауыржан бастаған батальонның айналасына немістер салған темір қоршау сағат сайын қыса бастады. Батальонның Волоколамск жағы да толған немістер. Тек өту үшін кішкене ғана коридор қалған сияқты. Бауыржан бұл жағдайдың бәрін көрді, түсінді. Көршілерінің ескертусіз кетіп қалғанына қатты ыза болды. Әрі көрші жоқ, әрі штабпен байланыс жоқ. Осы жағдайда не істеу керек? Бауыржан жағдайды қарастырып ойлай-ойлай келді де: «шегіну керек» деген қорытынды жасады. Ол бұл қорытындысын командирлерге де айтты, кешке таман жүретіндіктерін білдірді. Күн кешкіріп барады. Бауыржан бір төмпешіктің үстіне шықты да, көз алдынан шегінуге беттеген батальонын өткізіп тұр. Оның алдынан өткенде жұрт үндемей, тәртіп сақтап өтіп барады. Ол осы қалпымен бүкіл батальонды өткізіп болды да, саптың артынан өзі жүрді. Оның қасына саптың соңында келе жатқан Бозжанов келді де: - Ақсақал, неге жалғыз қаласыз, жазым болсаңыз қайтеді, - деп ақыл сала айтты. - Е, мен өлсем, сендер бар емессіңдер ме? Батальонды сендер басқаруға жарамайсыңдар ма? - Ойбой-ой, комбат қай жерде болса, батальон сол жерде. Сіз жоқ болсаңыз, батальонда не сән, не күш қалар дейсіз... Бауыржан бұл сөзге ызаланып кетті: «біреу батыр болғанша, мың батыр болсын» деп айтып салды. Батальон жүріп келеді. Араларында жаралы болған жігіттер де бар. Кейбір жаралыларды төрт жігіт палаткаға салып көтеріп келе жатыр. Бұлар жүріп отырып, Калистова деген селоға жетті. Мұнда 1077-полк тұр екен. Бауыржан полктың штабына барды. Мұнан дивизия штабының «Бауыржан бастаған батальон Горький деревнясы маңынан бекініс жасасын» деген бұйрығын алды. Бауыржан дивизия штабының бұйрығы бойынша көрсетілген Горький деревнясына барып, бекініс жасауға кірісті. Бірнеше күннен бері тынықпаған, шаршаған және төрт күн бойына нәр татпаған жауынгерлер үндеместен берілген бұйрықты орындап, окоптар қаза берді. Қорғаныс линиясын жасап жатыр. Бауыржан батальонының екі жақ қанаты-басқа әскер бөлімдері. Оны Бакуыржан білетін, бірақ байланыс жоқ еді. Бауыржанның көршілеріне жау шабуыл жасап қыса бастады. Күн түс ауған мезгіл. Аңдаған адамға Бауыржандар жартылай қоршауда қалған сияқты көрінер еді. Әлден уқытта жаудың автоматчиктері Бауыржан батальонының оң жақ артқы бүйірінен оқ жаудыртып жатты. Бірақ, олар Бауыржанның оң жақ көршісін атқылап жатқан болатын. Пулемет ротасының командирі станокты пулеметті алып, батальон бекінісінің сол жағын қамтамасыз етуі керек болатын. Оған Бауыржанның берген бұйрығы осындай деді. Бірақ, ол оң бүйірден келіп қалған немістің автоматчигінен қорықты ма әлде қалай, екі пулеметті расчетымен алып кейінгі жаққа қарай жалт бере жөнелді. Оған Бауыржан бұйрық бергенде, Бауыржанның атқосшысы қызыл әскер Синченко қасында еді, ол осы бұйрықты естіген. Синченко Қарабаевтың бұйрықты орындамай, кейін қарай тартып бара жатқанын көрді де, тұра сала Бауыржанның ақбоз атына міне салды да,

Қарабаевты қуып берді. Қуып жетіп оны қайтарып әкелу, оны Бауыржанға айтып, айбынсын бұйрықты орындайын деген ой еді. Бірақ соғыс сахнасын қадағалап бақылаумен болып, жағдайдың ауыр болып бара жатқанына ойланумен тұрған Бауыржан Қарабаевтың кейін кеткенін, оның соңынан Синченконың қуып бара жатқанын байқамай қалып еді. Ол сол жағына айналып қарай беріп еді, сол жақтағылардың асып-сасып кетіп бара жатқанын және ақбозбен Синченконың шауып бара жатқанын көріп қалды. Бауыржан не болғанын түсінбей, ашумен бар даусын сала: - Қайда кетіп барасыңдар, тоқта! – деп айғайлайды. Бауыржанның дауысын естіген жұрт тоқтай қалды да, кейін, Бауыржанға қарай бұрылып келді. Бауыржан қашудан тоқтағандарды қараса, үшінші ротаның жігіттері екен, олардың алдында ротаның старшинасы тұр. - Сендер қайда қашып барасыңдар? Шегін деп бұйрық берген кім? Неміске қарсы бүкіл совет халқы, Қызыл Армия соғысып жатқанда, сендер шегіне қашасыңдар. Басқа роталар орнынан қозғалмастан соғысып жатқанда, мына тұрған отыз шақты адам кейін қашуларыңмен басқаға іріткі саласыңдар. Мен сендердің барлықтарыңды да атамын! – деді Бауыржан ашуланып. - Бозжанов қайдасың? Әкел ана қол пулеметті, оқта тез! Бозжанов қол пулеметті оқтады да, жаңағы отыз адамға қарсы жата қалды. Бұл жайды көрген жаңағы жігіттер: - Қателіқ жасадық. Ақбоз атпен кетіп бара жатқан сіз екен, шегінуге ұлықсат берген шығар деп ойладық. Сіз қайда болсаңыз, біз де сондамыз. Айыбымызды кешіңіз, -деп жалынды. Майданда, әсіресе, соғыстың өте қауіпті кезінде бір адам кейін шегіне жөнелсе оған басқалар еретінін жақсы түсінетін Бауыржан сәл ойланып тұрды да: - Кімнің неміспен соғысқысы келеді? Неміспен соғысамыз, мұнда маған ереміз дегендер сапқа тұрыңдар! – деп Бауыржан команда берді. Жаңағы шегіне қашқандардың бәрі де сапқа тұрды. Бауыржан оларды орындарына жіберді, сөйтіп батальон жағдайын қалпына түсірді. Түс ауып барады. Жаудың шабылуы күшеюде. Калистова деревнясын жау алып қойды. Бауыржанның көршілері жаудың қысымына шыдамай кейін шегінді, бірақ мұны Бауыржан білген жоқты. Горький Калистованың жау жақ алдында болатын еді. Калистованы жаудың алуы және көршілердің шегінуі Бауыржанды әкеп толық қоршауда қалдырды. Жау Бауыржанның сырт жағында соғысып жатыр. Ол шегінген Қызыл Армия бөлімдерінің соңына түсіп алғандықтан да, Бауыржанға қарай оқты өте көп төккен жоқ. Тек автоматчиктері мен жаяу әскерлерін ғана Бауыржанға қарсы салды. Бұлар Бауыржанның бір бүйірінен, алды-артынан қысым жасай бастады. Бауыржанның халі онша бапты емес. Тұрған жерлері жазық, далаңқы жер. Бауыржандар алақанға салған бидайдың дәні сияқты. Халінің ауыр екенін Бауыржан түсініп отыр. Мына жаудың жаяу әскерлері мен автоматчиктеріне қарсы оқ ашатын күшті екі пулеметті Қарабаев алып кетті. Егер, ол екі пулемет болса, онда Бауыржанның мұртын балта кеспес те еді. Екі пулемет жоқ болғанына Бауыржан өте ренжіді. Бірақ шегіну дегенді білер емес, күндіз мынадай

қоршаудан шегініп шығуы бүкіл батальонды қырып алу болатынын Бауыржан жақсы біледі. Сондықтан қалайда күн батқанша жаумен алыса беру керек деп қорытынды шығарды. Мұндай жағдайда күн батпайтыны қандай! Кешке таман жаудың бір топ жаяу әскері Бауыржанның оң жақ бүйірінен келе шабуыл жасады. Оған Бауыржандар қатты соққы берді. Немістің бір взводный солдаттарын қырып салды. Жаудың 6 автоматы, бір қол пулеметі тағы біраз қаруы қолға түсті. Күн де батты. Бауыржан барлық жағдайға қорытынды жасай келіп, шегінуді мақұл көрді. Байланысшыларына бұйрық беріп, бүкіл батальонды бір жерге жинап алды. Командирлер мен политруктарды жинап, оларға жағдайды айтты. Батальон шегіну жолына шықты. Олар шегініп, бекінісінен әжептеуір жүре бергенде немістер бұлардың орнына артиллериядан оқ жаудыра бастады. Бұлар бекініс жасаған жерде үйілген шөп маясы бар еді. Немістер ол маяны өртеді. Айнала жарық болып кетті. Бауыржандар жер бауырлай еңбектеп жүріп келеді. Бұлар ел қайда, Қызыл Армия қайда деп жүріп келеді. Олар Қызыл Армияны оңтүстік шығыстан кездестіреміз деген оймен жүріп еді таба алмады. Қайда барса да немістер кездесе берді. Сонан соң, беттерін солтүстік шығысқа қарай бұрды. Батальон солтүстік шығысқа қарай жүріп келеді. Шаршаған, шалдыққан адамдар да бар. Бұлардың нәр татпағанына алтыншы күн болып барады. Араларында жаралы адамдар да бар. «Оларды қалдырып кетейік» деушілер болып еді, бірақ, оған Бауыржан ұлықсат етпеді. Жаралыларды аш адамдар өйткені, - деп ойлады Бауыржан, -бірншіден – жаралы адамдарды тастап кету, адамның адамшылық арына сыймайды. Олар да адам, совет адамы. Бір семьяның қадірлісі. Екіншіден, менің де жаралы болып, осындай жағдайға түспеуіме кімнің көзі жетеді. Мені жаралы күйімде айдалаға жолдастарым тастап кетсе қандай болар еді. Жоқ, олай етуге болмайды!» Бұлар алайда, ағаш ішінде, жолсыз жерлермен жүріп келеді. Шаршаған, ашыққан адамның аяғы ұтымды бола ма? Кейде бес-алты сағатта бір-екі шақырым ғана жүреді. Ашыққан адамда не көңіл күйі түседі, мұндай жағдайда өмірдегі барлық нәрсені ұмыттырып, бар ойды бір сындырым нанға теңеп жібермей ме? Осы халді Бауыржан көріп, сезіп келеді. Қолданар амал, айла аз. Бұлар жолшыбай бір-екі селоны көріп, онда немістер екенін білді. Ашығу, «қарным ашты» деген ойды ұмыттыру үшін, тамақ үшін неміспен соғысу керек, сөйтіп, немістен тамақ тартып алып жеу керек. Бұл бір болса, соғыс кезінде адам ашығуды ұмытады, осыларды ойлаған Бауыржан жолшыбай неміспен кездесуді мақұл деп тапты. Бұлар бір жолдың жанына тоқтады. Немістің келе жатқан колоннасын көрді. Шабуыл жасады. Бірнеше машинасын қиратты, біраз адамын қырды. Бірақ, жейтін азық болмай, кілен, қару-жарақ, оқ-дәрі болып шықты. Бұлар жолшыбай немістер мен үш рет кездесіп соғысса да, еш нәрсе болмады, азық табылмады. Батльон жүріп келеді. Сегізінші күн дегенде бір дереваняға келіп жетті. Бірақ, деревняда ешкім жоқ. Бұлар жай тынығуға кірісті. Батальонның шаруашылық взводы, кухнялардың қайда екенін ешкім білмейді. Бауыржан отырған үйге бір қызыл әскер еніп келді. Үсті-басы алқам-салқам, сақал-мұрты өсіп кеткен. Беті ісіңкіреген сияқты. Ол комбатқа бірдеме айтқалы келе жатыр еді.

- Бар, дұрысталып кел! – деп Бауыржан зекіп жіберді. Ол жігіт үйден шықты да, үсті-басын түзеп, үйге қайтадын енді де, әскер тәртібі бойынша Бауыржаннан сөйлесуге рұқсат сұрады. - Айтыңыз. - Қарным ашты! – болды жаңағының бар айтқаны. Сегіз күн нәр татпай аш жүру оңай хал емес. Кейбіреулер ызалы, «мұндай өмірді көргенше неміске тұтқынға берілген артық екен» деген сыбыс естілуде. Командирлердің де көңілі онша емес. Қысқасы, батальонның халі ауыр еді. Бұл жайды Бауыржан біледі. Бірақ не істеу керек. Ол барлық командирлерді жинап алды. Оның алдында әскери фельдшер Красненко екі-үш ауыр жараланы алып жүргізбей кейінге қалдырып кеткенін Бауыржан жаңа ғана білді. Командирлер жиналып отыр. Бауыржан оларға қарап: - Қызыл Армияны қашан қуып жетеміз, оны айта алмаймын. Халіміз өте ауыр. Ауыр қиыншылықты бастан кешіріп келеміз. Сегіз күннен бері нәр татқанымыз жоқ. Бұл жағдай бүкіл батальонға әскерін тигізуде. Мұны көріп келесіңдер. Сендер офицер бастарыңмен жауынгерлерге қиыншылықты жеңу жөнінде үлгі көрсетудің орнына өздерің қынжылып жүресіңдер. Бұл сұмдық! Әскери фельдшер Красненко үш жаралыны тастап кетіпті. Лейтенант Біралин жауынгерлерге үлгі болудың орнына іріткі салып келеді. Бұған көне алмаймын. Сен екуің, - деді Бауыржан Біралин мен Красненкоға қарап, - офицер емессіңдер. Командалық орындарыңнан алам, үстеріңдегі командалық белбеу мен знактарды алып тастаңдар, - деп бұйырды. Бауыржан Біралин мен Красненконы орнынан алып, қатардағы жауынгер етіп жіберді. Батальон қайтадан жолға шықты. Жүріп келеді. Бозжановтың қолында қол пулемет. Келе жатқандарың алды-артына шығып, бақылап қояды. Біреулер шаршап жығылып қалмасын деумен келеді. Бұлар бес-алты километр жүргеннен соң, алдарынан бір джеревня көрінді. Бұлар тәуекел деп дереваняға кірді. Деревняда немістер жоқ екен. Сол арада Бауыржан деревнядағы колхоз председателін шақырып алды да: - Колхоздың қандай малы бар? - Бір-екі сиыр бар еді. - Сол екі сиырды алып кел де сой және аздап ұн тауып беріңіз. - Жақсы, бәрі де табылады, - деп колхоз председателі кетіп қалды. Сиыр сойылып, әр үйде ет асылып, түскі тамақ дайындалып жатыр. Колхозшы әйелдер нан илеп жатыр, картоп тазартып жатыр. Бәрі жауынгерлердің түрін көріп сұрамай-ақ жағдайды білді. Сондықтан жақсылап күту жабдығына кірісті. Бауыржан рота командирін шақырып алды да: - Осы деревняның айналасынан бекініс жасаймыз. Түскі тамаққа дейін окоптар қазылып болсын, - деп қысқа бұйрық берді де, бекініс жайын көрсетті. - Жұрттың шаршағанын білесіз. Бүгін тамақ ішпей...- дей беріп еді бір командир, оны Бауыржан тоқтатып тастады: - Окоп қазылып болмайынша темақ берілмейді. Осыны жігіттерге айтып түсіндіріңдер.

Жігіттер шаршағанына қарамастан окоптарын қазып болды. Әрбір ротаның жігіттеріне бөлімше-бөлімшелермен үй берді. Олар толғызыншы күн дегенде тамақтана бастады. Бұл деревняда бір тәулік жатып демалмақ болды. Бірақ сол күні кешке жігіттер арасында іш аурі, іш өту пайда болды. Бұл қалпында ілгері қарай жүру тағы мүмкін емес. Санитарлық пуектқа барып Бауыржан іш ауру тигендерді емдетті. Батальоньбұл деревняда тәулік жатып тағы жолға шықты. Батальон Ефрейтова деген селоға келіп жетті. Бұлар мұнда Қызыл Армияға келіп қосылды. Осы селода Бауыржан 1077-полктың командирі Шехманды жолықтырып, онымен сөзге келіп қалды. - Сен бізді айдалаға тастап кеттің. Хабар берместен шегініп кеттің, - деп өкпе айтты. Шехман Бауыржанды батальонмен қоса өлді деп есептеп, батальонның барлық шаруашылық взводын және екі зеңбірегін полкына есептеп қойыпты. Бұл нәрселерді қайырып беруін Бауыржан сұрап көріп еді: - Зеңбіректер менде болады, өйткені олардан сен айырылып қаласың, - деді Шехман. Бауыржан бұл сөздерге ашуланып шығып кетті де, бір командирге бұйрық беріп, екі зеңбіректі алып келуді тапсырды. Ол бұл бұйрықты орындады. Сол күні екі станокты пулеметті және оның расчеттарын алып Бауыржанға Қарабаев келді. Қарабаев есіктен енгенде, оған Бауыржан сұрланып қарай қалды. - Сен бүгіннен бастап командир емессің. Шеш үстіндегі командирлік белбеуді, мына командирлік белгілерді сыпыр – деп бұйырды. Қарабаевта үн жоқ. Бауыржанның бұйрығын орындады. - Пулемет ротасы қазір не істеп жатыр. - Тамақтанып болған соң бүкіл пулемет ротасын осында жинап алып кел. Бұл азғындарды сап алдында атамын! – деп Бауыржан Қарабаевқа қарады. Қарабаевтың көзінен жасы ыршып кетті де: - Жолдас комбат? – дей беріп еді. - Тоқтат сөзді! Не қылған мен саған жолдаспын? Мен саған жолдас емеспін! - Мен айыбымды ісіммен ақтамаймын, - деп Қарабаев жылап қоя берді. - Доғар сөзді. Көрсетпе маған көз жасыңды, сен көз жасың үшін біз қан төктік. - Мені өлімнен құтқарыңыз. Қатын-балам бар еді. Мені совет оғы өлтіргенше неміс өлтірсін, мені сынаңыз, тірі шықпайтын жерге жіберіңіз. Бұл сөзді Бозжанов пен Рахимов та естіп отыр. Екеуі де Қарабаевты аяйды. Бозжанов Қарабаевқа жақындық білдіріп, оған көз қысады. Мұны Бауыржан байқап қалды да: - Не сөйлесіп отырғаның! – деп зекіріп тастады. Рахимов пен Бозжанов пулемет ротасын жинап әкелдірмеді. Анау-мынау сылтауды айтып істі соза берді. Олар шынында Қарабаевты жақсы көретін еді. Бозжанов өз ротасының командирі Қарабаевтың атылуын жақтырмады, ол екеуі тату, жақсы дос еді. Бауыржан бұл жайды көрді, ойланды: «Қой мұны атпайын. Сотқа берейін деп ойлады. Сотқа

беру керек деген қорытындыға келді де, Бауыржан екі автоматчикті шақырып алды. Қарабаев жайында сотқа қағаз жазды. Екі автоматчик те келді. - Мына жігітті Струкова деревнясына апарасыңдар, онда сот бар, соған тапсырасыңдар, жолда қашатын болса атып тастаңдар, - деп Бауыржан екі автоматчик пен Қарабаевты шығарып салды. - Ақсақал, қандай мейрімсіз ең, - деді Бозжанов. - Не былшылдап отырсың. Қысылшаң кезде сытылып беріп сені қиын жағдайда тастағанын, екі пулеметті алып кеткенін ұмыттың ба? Ой, мыжырайған бойыңды ұ..., кет, сен мені үйретпейсің!. Ертеңіне Бауыржан дивизия штабына бара жатып, жолда сот зерттеушісіне кірді. Одан Қарабаевтың ісі туралы білді. Зерттеуші Бауыржаннан жауап алды, оны қағазға жазды. Оған Бауыржан қолын қойды. - Бұл істі тез зерттеп, екі күннің ішінде шаруасын бітіріңдер. Қарабаевты соттап, батальонның алдында әкеп атыңдар, - деді Бауыржан. - Неше күнде дейсіз? – деп сұрады зерттеуші. - Екі күнде деймін. - Оныңыз тым жылдам екен. - Енді неше күнде боласыңдар? - Екі жұмадан соң. Бауыржан ашуланып кетті де, жаңағы өзі берген жауабын, Қарабаев жайында жазылған документтерді зерттеушілерден жұлып алды да, жыртыпжыртып тастады. - Е, мұныңыз не? Бұл заңсыздық, бұзақылық, заңды басынғандық. - Сендер тек қағаз былғауды білесіңдер, - деп Бауыржан шығып кетті. Ол үйден шыға келгенде, көрші үйдің терезесінен қарап тұрған Қарабаевқа көзі түсіп кетті. Қарабаев кінәлә адамның, аянышты кескінін білдірді. - Мұнда кел, - деді оған Бауыржан. Қарабаев терезеден қарғып түсті де, Бауыржанға келді. - Кештім кінәңді. Бар, Ефрейтова селосына. Екінші ротаға командир боласың. Қарабаев не дерін білмеді. Жас баладай қуанышы қойнына сыймай батальонға қарай жүгіре жөнелді. Қарабаев батальонның штабына келгенде, оны Рахимов пен Бозжанов құшақтап қарсы алды. Бауыржан дивизия штабына келіп, генерал Панфиловқа енді өз жайын баяндады. - Қош келдің, - деп генерал Бауыржанды қуанышпен қарсы алды. – Жарайсың батырым, сені үш рет өлді деп айтып еді маған. Мен сенің ақыл-ойыңа, батырлығыңа сеніп, «өлді» деген хабарға сенбеуші ем. Мен Шехтман жаққа барғалы отырмын. Жүр, солай барайық. Бұлар аттарына мініп, Шехтман басмқарған полк штабына келді. Оларды Шехтман қарсы алды. - Сізге кім керек? – деді Шехтман Бауыржанға жек көрген кескінмен. - Мен генералға келдім. - Жолдас Шехтман, Момышұлы маған келді. Ол кімге келгенін айтып, сізден рұқсат сұрауға міндетті емес. Сіз қандай правода болсаңыз. Момышұлы да

сондай правомен пайдалануда, - деді генерал сырт киімін шешіп жатып, - жоғары шығыңыз, отырыңыз, - деп генерал Бауыржанға орын нұсқады. Өзі диванға қисайды. - Ал, Момышұлы, әңгімеңізді, қоршаудан қалай шыққаныңызды айтыңыз, - деді генерал. - Әңгіме ұзақ, бір бес-он минутта айтып тауысу қиын. - Айтыңыз мен сізді тыңдауға міндеттімін. Бауыржан барлық жағдайды толық айтты: Ол Біралин мен Красненконы орнынан алғанын айтқанда: - Дұрыс істегенсіз, рапорт жазыңыз, бекітемін, -деді генерал Панфилов. Генерал Бауыржанның әңгімесін зор ықыласпен тыңдады. Әңгіменің кей жерін қайта айтқызды, сұраулар қойып отырды. Бауыржан әңгімесін аяқтады. Генерал Шехтманға қарап оған қатты сөздер айтып салды. « Сен жаумен қатты соғысқан жоқсың, жақсы ерлік көрсеткен емессің. Ал мына Момышұлын қарашы, бұл батальон, командирі, бірақ сенің полкыңнан, сеннен артық етіп міндетті орындады. Бұлар жақсы соғысыты» , - деді. Шехтман не дерін білмей, қызараңдай берді. Генерал Бауыржан бастаған батальонның ерлігіне өте сүйсінді де, менің атымнан құтты болсын айт, тағы да табысқа жетуіне тілектес екенімді айт. Бүгін наградқа ұсынылатын адамдарының тізімін бер. Оны мына адъюьантым алып қайтады деп генерал Бауыржанға адъютантын қосып берді. - Батыр атағына ұсынатын адамдарың болса, оны да жаз. Жігіттердің еңбегін бағалау керек. Айтпақшы, жаңағы әңгіменің қызық екен, соны маған жазып берсен қайтеді, - деді генерал. - Мақұл, жазып берейін. - Бұл үшін неше күн керек? - Үш күн. - Жоқ, ол аз уақыт. Мен саған жеті күн уақыт берейін, жазарсың. Бауыржан генералмен қоштасты да, қасына генералдың адъютанты ертіп алып жүріп кетті. Келісімен ерлік көрсеткен, соғыста батырлық жасаған 35 адамға айбында мінездеме жазып, үкімет наградасына ұсынды. Бұл материалды адъютант алып дивизия штабына жөнелді. 1941 жылғы ноябрь айының алтысы. Бұл күні дивизияға Алматыдағы Түрксиб жұмысшыларынан біраз сыйлықтар келген еді. Сол сыйлықтардан генерал өзі бөліп, қос пар атпен Бауыржанға жөнелтті. Бауыржан сыйлықтарды (алма, күріш, ет, қант, шай, арақ, т.б) алды. Ертең – ұлы мейрам. Бұл күнді қарсы алу жоспарын жасады. Ол 20 шақты адам-жауынгерлерді, командирлерді қонаққа шақырды. Панфилов Бауыржанды телефонға шақырды: - Барлық жігіттерге қызметі үшін алғыс айтам, соны жеткізіңіз. Мейрамыңызбен құттықтаймын! - Рахмет. Сізді де ұлы мейраммен құттықтаймын! - Сізді де құттықтаймын! – Рахмет. - Білесіз бе, біз сізді Ленин орденіне ұсындық. Құтты болсын айтам, Егоров жолдас та құтты болсын айт деп отыр.

- Рахмет, сеніміңізді ақтаймын! Бұған сеніңіз. Бауыржанның қонақтары қонақасы ішті, ән салу, өлең айту, билеу басталды. Осы кезде батальондық кезекші кіріп келді: - Жолдас комбат, немістер минометтен атқылап жатыр, - деді. - Қанша мина тастады? - 30 шамалы. - Жауап ретінде 90 мина атыңдар. Оны немістер қонақасы, мейрамыңызбен құттықтағанымызға деп арнап атыңдар, - деді Бауыржан. Бауыржанның батальонының 4 минометі «ә» дегенше 90 мина атты. Одан кейін немістер жауап берген жоқ, «тыныштық» тапқан болу керек. Ноябрьдің 15. Генерал Панфилов Бауыржанды шақырып алды. Бауыржанның батальоны дивизия көлеміндегі өте мықты, талай сынды соғыстардан мүдірмеген, ерлік қасиеті бар батальон екенін Панфилов жақсы біледі. Ол Бауыржанды осы жолы да шақырып алумен батальонға тағы ауыр міндет жүктеді. Ол міндетті генерал былай айтты: - Горюня деревнясынан бекініс жасайсың. Бір ротаң Матренино станциясының маңында, темір жолды қорғайды. Екінші ротаң Волоколамск шоссесін қорғау үшін Горюняда болады, үшінші ротаңды 231,5 қыратына орналастырасың, оның міндеті шоссе мен қыратты басып өтетін жолды қорғау. Түсіндіңіз бе? - Түсіндім. Бірақ бекініс үлкен екен?.. - Я, оның үлкен екенін білем, бірақ саған сенем. Осы айдың 20-на дейін осы бекіністі ұстауға міндеттісің. Ұқтың ба? - Ұқтым! – деп Бауыржан шығып бара жатыр еді, оны генерал тоқтатты да Бауыржанның бетіне бажырая қарады. - Міндет сол: осы айдың жиырмасына дейін жауды тоқтатып ұстап тұруыңыз керек. Түсінікті ме? – деп, генерал қайыра айтты. - Толық түсінікті. - Ендеше қайтуыңызға болады. Бауыржан генералдан шығысымен батальонына тартты. Жолшыбай келе жатып генералдың жаңағы міндетін ойлаумен болды. «Рас, -деді ол өз-өзіне, - генералдың бұл қойған міндеті маған берген бұйрығы, менің батальоныма сенгендігі, менімен санасқандығы, басқаны көрсе көзі бар емес пе? Мені оңаша бөліп алды...Генерал бұйрығы-халық бұйрығы, орындау керек». Бауыржан батальонына келді. Генерал берген бұйрық әрі жауапты, әрі аймақты. Бір батальон 12 километрлік полктың алуы да сирек болады. Бауыржан рота командирлерін жинап алды. Жағдайды және генералдан алған бұйрықты, міндетті айтты. Лейтенант Филимонов басқарған бірінші рота Матренино станциясынан, лейтенант Танков басқарған үшінші рота Горюнядан бекініс жасамақ болып тиісті міндеттерін алып тарасты. Роталар бекініс жасауға кірісті. Бекініс жасау үшін керекті құралсаймын жоқ, жер болса тоң болып қатып қалған. Бірақ, жігіттер қынжылмастан кішкене күректерімен тоң жерді қазып, бекініс жасай бастады. Ноябрьдің 16. Жаудың ұсақ-түйек үш топ барлаушылары Бауыржан батальонының үш жағынан келіп шолу жұмыстарын жасады. Бірақ, оларды

батальон жігіттері атқылай кейін қайырып тастады. Сол күні батальон роталары тұрған жерді немістер бомбаның астына алды, самолеттері бомба тастады, алыстан артиллериясы атқылап тұрды. Ноябрьдің 17. Жау Матиренино станциясы мен 231,5 қыратын артиллерияның қатты атуы астына алды. Артиллериядан атып бола берген кезде жаудың жаяу әскерлері мен танкілері осы екі бағытқа қарай шабуылға шықты. Матренино станциясындағы ротаға қарсы немістің бір батальоны шабуылға шықты. Матренино станциясындағы ротаға қарсы немістің бір батальоны шабуылға шықты, ал 231,5 қатарына қарай жаудың 400-ге жуық жаяу әскерімен 8 танкісі аттанды. 8 танкінің бесеуі ағаш ішінде қалды да, үшеуі жолдың үстіндегі көпірге келді де тоқтады. Шамасы көпірге мина қойылған деп ойлаған болу керек. 231,5 қыратын қорғап жатқан жігіттер оқ атпастан жата берді. Матренино қорғап жатқан ротаны жау артиллериядан да, танкіден да қатты атқылады. Окобы алыс жерде жатқан біздің жігіттердің халі қиындай берді, шығын да көп. Бірнеше адам жаралы болып кейін кетті де, біразы өліп қалды. Әрбір 5-10 минут сайын Филимонов Бауыржанға телефон соғып, халінің қиындағанын айтуда. Филимонов ротасының халі қиындағанын білген Бауыржан: - Матрениноны тастап шығыңдар да, 500 метрдей жерге шегініңдер. Шегінгенде жоспарсыз, қалай болса солай шегінбеңдер! – деп Бауыржан телефон арқылы бұйрық берді. Бұлай етуінің үлкен тактикалық мәні бар еді. Оны кейінірек айтамыз. Бауыржанның бұйрығы бойынша Филимоновтың ротасы Матрениноны тастап, бес жүз метрдей кейінге, ағаш ішіне шегініп шықты. Бұл жағдайды көрген немістер Матренино станциясында жұбын жазбастан кіріп жатты. Олар станцияның үйлеріне тарап, талан-тараж жасау, талау жұмыстарын жүргізе бастады, ешқандай хауіптену дегенді білер емес. - Жағдайың қандай? – деп сұрады генерал телефон арқылы Бауыржаннан. - Әзірге жаман емес, мүмкін болғанша соғысып жатырмыз, - деді. Бірақ, Матрениноны тастап кеткендерін айтпады. Бауыржан телефонға Филимоновты шақырып алып: - Ротаны үш топқа бөл. Әрбір топқа 40 адам бар. Соннан соң Матрениноға үш жақ бүйірінен шабуыл жасап немісті айдап қуып шық, - деп бұйрық берді. Қарабаев басқарған екінші ротаның да жайы қиын еді, жаудың жаяу іскерлері танкілерінің қолдауымен Қарабаевтарды қоршауға ала бастады. Рота атысып жатыр, хал минут сайын қиындап келеді. Мұның бәрін Қарабаев Бауыржанға телефон арқылы айтты. - Жаудың шабылуына қарсы шабуыл жаса, қоршауды жазып, (разжимать) жібер, қатты соғыс! – деп Бауыржан қысқа ғана бұйрық берді. Бірнеше минуттан соң Филимонов пен Қарабаев телефон арқылы: - Жауға қарсы шабуылға шықтық! – деп хабарлады. Филимонов бастаған бірінші рота үш топқа бөлінді де, «Ура» - лап Матренино станциясының үш жағынан кіріп барды. Бұл жайды күтпеген, жұрттың нәрсесін талаумен болған немістер станциядан тұра қашты, біздің жігіттер оларды тұра қуып берді. Қару-

жарағын тастай, қалай болса солай қашқан жауды қуу қандай тамаша! Неміс батальонының командирі штабын тастай қашты. Бір неміс офицері темір жолды бойлай қашып бара жатыр еді, оның соңынан Курботов деген қызыл әскер қуып жетіп жармаса кетті. Курбатов немістің жағасынан алды. Екеуі де бір-біріне қару жұмсаған жоқ, күш жұмсады. Неміс офицері еңгезердей, бұқа сияқты дәу неме, ал Курбатов талдырмаш қана жігіт. Екеуі алысып жүр, неміс офицері Курбатовты бетке ұруда. Сөйтіп алысып жүргендер офицер Курбатовты алып ұрып астына басты. Бірақ, Курбатов тырмысып жатыр. Офицерді тістелеп, көзінен шұқуда. Сөйтіп жатқанда екеуі де темір жолдың жанына омақата құлады. Осы құлауда Курбатов офицердің кеудесіне шыға келді де, бар пәрменімен офицердің кеңсірігінен қойып-қойып жіберді, оның мұрнынан қара қаны атып қоя берді. Офицер есеңгіреп қалды. Осыны пайдаланып Курбатов офицерді найзамен түйреп өлтірді. Өлтіргенін күәландыру үшін офицердің барлық документтерін алды. Курбатов ілгері қарай кетіп бара жатыр еді, алдынан жеңіл жаралы болған бір қызыл әскер кездесті. Өлімсіреген дауыспен ыңқ-ыңқ етеді, жыламсырайды. - Қайда барасың? Жеңіл жаралы болып, кейін шегінуден ұялсайшы! Жүр менімен бірге, жүр ілгері деп Курбатоз оған бұйрық беріп, ала жөнелді. Олар алдыңғы жақта атысып жатқандарға барып қосылды. Филимонов бастаған рота жауды Матренинодан қуып шағып, бір жарым километрдей жерге қуып салды.Жаудың 300-дей солдаты мен офицерін қырды. Бауыржан батальонының жайын генерал әрбір жарты сағат сайын телефон арқылы сұрап білумен болды. - Халің қалай? – деді генерал Бауыржанға. - Хал қиын. Матрениноны тастап шықты, жау бізді ығыстырып келеді, соғысып жатырмыз, - деді Бауыржан. Бұл бұдан жарты сағат бұрынғы уақиға еді. Сонан бері хал қайтадан жақсарған болса да, оны Бауыржан айтпады. Бұдан жарты сағат бұрынғы әңгімені айтты. Батальонның бұл жағдайын естіген генерал әрбір 5-10 минут сайын телефон соғып, тыпыршумен болды. -Роталармен телефон қатынасы үзілді. Қазір қалпына келеді, жағдайды сонан соң айтамын, - деді Бауыржан. Сәлден соң генерал тағы да телефон арқылы осы жайды сұрады. Оған Бауыржан шынын айтты, Матренионы тактикалық оймен қалдырып кетіп, одан немістерді қайтадан қуып шыққанын, жауды көп шығынғы ұшыратқандарын айтты. Генерал бұған разы болып алғыс айтып жатыр. Генерал Бауыржанға жиі телефон соға берді. Бауыржанның оған бере қоярлық жауабы да аз сияқты. Бірақ, ол генералға кейде болған істі болғалы тұр немес былай етсем деп ойлаймын деп арбап ұстады, әңгіме жауап берудің шеберлігін көрсетті. Қарабаев бастаған екінші ротаны жаудың жаяу әскері, танкілері қыса берді. Біздің жігіттер жауға оқ атпастан жата берді. Қарабаев Бауыржаннан « жаудың шабылуына қарсы шабуыл жасау керек» деп берген бұйрығын алғаннан кейін «ураға» басып, жаудың күтпеген жерінен шабуылға шыға келді. Жау қашып берді, мұны көрген қызыл әскерлер жаудың 150 шақты солдаты мен офицерін

қырып салды. 4 станокты пулемет, бір зеңбірек, бір трактор және жаудың үш танкісін қиратып жіберді. Филимонов бастаған бірінші рота жау батальонының штабын, жеңіл машинасымен, штаб документтерін, 2 радио станциясын, үш станокты пулеметін және тағы көп нәрселерін тартып алды. Осы соғыста Бозжанов бір взводты атакаға апарып, көптеген жауды қырды, ерлік көрсетті. Осы алынған нәрселерді, қару-жарақтарды және тұтқынға алынған бірнеше солдат пен бір офицерді Бауыржан дивизияның штабына тез түрде жіберді. Бұларды көрген генерал телефон арқылы Бауыржанға: - Қызметтерің үшін рахмет! Мықтап күресіңдер!- деді. Бағанағы Курбатов өлтіретін офицер Матренино станциясына шабуыл жасаған неміс батальонының командирі болып шықты. Ол офицердің штабы қолға түсті, штабтық машинада жаңағы офицердің чемоданы бар екен. Ол чемодан түрлі нәрсеге толы, онды әйелдің іш киімі мен жас баланың аяқ киіміне дейін бар. Бұл неміс офицерінің талағыш, қарақшылық бетін көрсетеді. Бауыржан бастаған батальонның жағдайы осындай еді. Осындай жағдай болып тұрған кезде Бауыржанның командалық пунктіне қасында 20 шақты жігіті бар Сламқұлов Мұхаметқұл келді. Ол 2-батальон командирінің орынбасары болатын. - Сен мұнда неғып жүрсің? –деді оған Бауыржан. - Ойбай, Бауке-ай, неғып жүрсің дерің бар ма? Жау біздің тылымызға еніп, батальонның командалық пунктін қоршауы бар емес пе? Комбатымыз Вехов қайда кеткенін білмей қалдым. Қашып бара жатқан жұрт...Сол арада қасыма 20 шақты қызыл әскерді, адъютант Огуповты алдым да жауға қарсы аттандым. Пулеметтен жауды жапыра қырдық, жау кейін шегіне қашты. Сөйтіп қоршаудан құтылдық. Батальонның қайда екенін айту қиын. Міне, осындай халмен өзіңе келіп тұрған жай бар. Жау Бауыржан батальонын қайтадан қыса бастады. Тағы соғыс күшейді. Осы соғыста Филимонов ротасы тағы да көп олжаға ие болды. Тұтқынға бірнеше солдат пен офицерді алды. Мұнымен қатар төрт қапқа толған документтер алды. Мұның бәрін Бауыржан генералға жіберді. - Жібергендеріңді алдым. Қызметің үшін көп рахмет! – деді генерал телефон арқылы. Бауыржанның батальонына жау бірнеше рет шабуыл жасап көріп еді, бірақ қатты соққы алғаннан кейін беттей соғудан бас тартты да артиллериядан ата берді. Бірақ, Бауыржанның батальоны бұған елеңдей қойған жоқ. Ертеңіне немістер шабылуын қайтадан бастады, бірақ барлық шабылуы тойтарылды. Батальонда азық-түлік мәселесі қиындау екенін Бауыржан генералға телефон арқылы айтты. - Жолда азық-түлікпен кетіп бара жатқан машина болса тоқтатып, азығын ал, менің атымнан бұйрық беріп істе, - деді генерал. Бауыржан, генералдың айтуынша, жолшыбай азықпен кетіп бара жатқан машиналарды тоқтатып, азық алып отырды. Бір машинамен дивизияның азықтүлік бөлімінің бастығы келе жатыр екен, ол Бауыржанның бұйрығына бойсұнбады.

- Телефон деген, міне, сөйлес генералмен. Мен азық артқан машинаны жібере алмаймын. Маған тамақ керек, - деді Бауыржан. Мұны естіген бастық үндемей, Бауыржанға бойсұнды. Сол күні қара сақалды бір капитан Бауыржанға келіп: - Мен миндивизион командирімін, не бұйырасыз, -деді. Бауыржан бұған қуанып қалды да, керекті заявкаларын берді. Жаудың топталған жерлеріне қарай – катюшалар ойнап жатты, бұл қарасақалдың қызметі еді. Күн кешкіріп қалған. Бауыржанның көршісіндегі полктар кейін шегініп барады, бірақ Бауыржан орнынан тырп етер емес. Кешке таман дивизия штабынан Бауыржанға пакет келді. Онда «қызметіңе барлығымыз разымыз, жақсы жұмысыңа тілектеспіз» деп жазылған еді. Ноябрьдің 19. Бауыржан батальонның оң жағынан қатты атыс болып жатқан жай білінді. Дивизияның штабымен де байланыс жоқ. Осындай жағдайға қарағанда көршілердің бәрі де шегініп кеткен сияқты. Расында да солай еді. Мұны Бауыржан білсе де, бұйрықсыз шегінер жай жоқ деген ойға келіп жаумен соғыса берді. Күндізгі сағат 11 шамасында жаудың бірнеше танкісі шоссеге қарай келіп қалған. Бір танк Бауыржанның командалық пункті тұрған үйге жақындап келді. Неміс танкисі танкісінен шығап «Русь, здавайсь!» деп айғайлайды. Командалық пунктте тұрған Бауыржан көрді де: «Мә, саған, русь здавайсь!» деп атып салды, неміс танкисі ұшып түсті. Селоны басып өтетін шоссе жолы, селоның шығыс жақ шетінен өтетін темір жолды кесіп өтеді. Бағанағы әзірде Бауыржан өзінің командалық пунктін деревняда келтірген болатын. Мұның мәнісі немістерге шоссе де, темір жол да керек, олар үшін неміс соғысады. Олар болса, бұл соғысты қарсы алып басқару керек деп ойлаған Бауыржан. Сондықтан ол өзінің екінші, үшінші роталарын осы маңға қарай тартып, қарамағындағы зеңбіректі де осылай қарай орналастырған еді. Ал, бірінші рота бұрынғы маңда, одан хабар жоқ. Бірінші рота жақтан ағылып келіп, жатқан жау бар, бұған қарағанда бірінші рота қоршауда қалып қойған секілді. Жаудың екінші бір тобы Бауыржандардың тылынан шыға келді, Хал қиынға айналғанын көрген Бауыржан уайым жеп сасқан жоқ. Қоршауға алған жауға қарсы аянбастан соғыс ашты. Бұл соғыс ұдайымен алты сағатқа созылды. Осы алты сағаттың ішінде жау небары екі жүз қадамдай ғана ілгері жүрді. Қарсы шабуылдаған жауға қарсы ерлік көрсеткен Бозжанов пен Блоха деген пулеметчик болды. Ол екеуі көше бойымен, жол үстінде келе жатқан немістерді пулеметпен атқылап қырып салып отырды. Күн кешкірген кез. Жағдайды бағалап қорытынды шығарған Бауыржан екі ротасын жинап, көріп шықты. Бұл кез бағанағыдай түтеп тұрған шабуылдан саябырлау кезі еді. Ротада жаралылар да, өлген адамдар да бар. Ал, бірінші ротадан ешкім жоқ, ол қоршауда қалған еді. Сол арада Бауыржан бірнеше ер жігіттерін бөлді, оған бастық етіп Бозжановты белгіледі де: «Қоршауда қалған бірінші ротаны алып шығыңдар» деп бұйрық берді. Бозжанов қалың ағаштың ішімен жүріп отырып бірінші рота тұрған жерге келді, айнала неміс. Келсе, рота жоқ, кеткен ізі бар. Із бойынша жүріп барса, қалың ағаштың ішінде тұрған ротаны

көрді. Араларында жаралылары да, шаршаған жігіттер де бар. Қуанышпен алып кеп қосты. Күндізгі сағат 10 шамасы. Бауыржан батальонын ертеңгі тұрған жерінен алып шықты да, бір жылғаны өрлей жолға қарай шықты. Жол бойымен өтіп жатқан немістер, жаудың автомашина, танкілері бар. Жаудан өту қылкөпірден өтумен бір сияқты. Бұлар көп тұрды. Бір жағынан келе жатқан әскер әжептәуір қашық екенін байқаған Бауыржан: - Мына жеңіл машинаны құрту керек, - деп қорытынды шығарды. Бірнеше жігіттерді жолдың жанына жатқызып қойды. Олар машина жақындай бергенде гранаталар лақтырып, машинаны жоқ қылды. Машинада үш офицер бар екен, олар өлді. Барлық документтерді қолға алынды. Осымен пайдаланып, Бауыржан батальоны жолдан өте шықты. Олар жолдан өткенде екі зеңбіректерін қолға көтеріп алып, жолдан өткен еді (соңынан анықталды, жаңағы жеңіл машинада отырған офицердің біреу неміс корпусының байланысшы офицері екен. Оның жанында өте бағалы документтер, әскер саны, полк, дивизиялардың номерлері, олардың командирлерінің фамилиялары т.б бар екен). Бауыржандар жолдан өте шықты. Екі зеңбіректі көтеріп әкеле жатыр. Бұлар қалың ағаштың ішіне келіп тоқтады. Рахимов қасына бір-екі жігіт алып Покровка деревнясына қарай барлау жасауға кетті. Айналада өтіп жатқан немістер. Қызыл Армия бөлімінен Бауыржандар тағы қалып қойды. Бұлар тұрған ағаштың ішіне қарай бұлардың ізін қуа жаудың бір бронемашинасы және 20 шақты аватоматчигі қуып берді. Мұны көрген батальон жігіттері әлденеден қаша жөнелді. Бауыржан тұрған орнынан мызғымастан қалды да қойды. Оған жетім, иесіз қалған, тасталанып кеткен екі зеңбірек аянышты болып көрінді. Кім білсін, бірын артиллерист болғандығынан ба, әйтеуір осы зеңбіректер Бауыржанға бір түрлі ыстық көрініп кетті. Бауыржанның жаңағы жерде жалғыз қалғанына көз салған Бозжанов пен Толстунов (полк комиссарының орынбасары, үгіт және насихат жайындағы нұсқаушы): - Комбат жалғыз өзі артта қалды, сендер қайда қашып барасыңдар? Қайт кейін!- деп айғай салды. Бұл дауысты естісімен батальон кейін шегініп, Бауыржанның қасына келді. Сол арада олар жаңағы бронемашина мен жаудың 20 автоматшысына қарсы оқ атты. Бронемашина талқан болды. 20 автоматчиктің 12-сі өлді, қалғандары кейін қашып кетті. Бауыржанда үн жоқ. Жаңағы жерде тастап кеткені үшін батальонына наразы еді. Рахимовтардан да хабар жоқ. Не істеу керек? Бұлар қалың ағаштың ішімен шығысқа қарай жол тартты. Бірақ, жолсыз жермен тура жүруді Бауыржан өзі бастады. Бұлар біраз жүріп отырып, бір ағаштын шетіне шықты. Жан-жағына көз салды. Сол жағындағы Гусенова деген деревня өртеніп жатыр. Батальон осы ағаштың жиегіне тоқтады. Бауыржан Рахимовты іздеуге екіүш кісі жіберді. Және өртеніп жатқан Гусеново деревенясында кім барын біліп келсін деп екі жігітін жұмсады. Жан-жағына жауынгерлік қарауыл қойды. Оған баратын бөлімшенің командирі өз жігіттерін әр жерге постқа қоюдың орнына бәрі

жиналып бір жуан қарағайдың түбінде отыр. Мұны Бауыржан көріп қалды да, жүгіріп барды. Оларды сапқа тұрғызды да: - Сендерді қазір атамын, сендер бұйрықты орындамадыңдар, - деп ақырып жіберді. - Жолдас комбат, бәрімізді атпаңыз! – деген дауыстар шықты. Бауыржан ешкімді де атқан жоқ. Жауынгерлік қарауылға барғандар бұйрық бойынша постыға тұрды. Бауыржан бұлардан бойынша постыға тұрды. Бауыржан бұлардан қайтып келе жатса, жаңағы Гусеноваға жіберген екі жігіті орнында тұрғанын көрді Олардың қасына барды да наганымен олардың басынан асыра атып-атып жіберді. Оларға Бауыржанның бар айтқан сөзі осы болды. Ол екеуі үндеместен жүгіріп кетті. Әлден уқытта қайтып келді де: - Жолдас комбат, Гусенованы өртеп жатқан немістер, деревняда немістер бар, - деп баян етті. Бұл хабарды енстігенен соң Бауыржан батальонын бастады да, ілгері қарай тағы жүріп кетті. Кешке таман бұлар шоссе жолына жақындады. Оның үсті ағылтегіл немістер, жаудың зеңбіректері, танкілері, машиналары, қалың әскері Москваға қарай кетіп барады... Олардың арасынан жарып өтерлік жер жоқ... Бұл парадқа Бауыржандар қараумен болды. Қас қарая берген кезде немістердің бір ротадай жаяу әскері барқылдай сөйлесіп келе жатты. Оның артынан 400-500 метр жерде танкілері келе жатыр. - Не де болса, мына неміс ротасының соңынан жүрелік, - деп Бауыржан батальонын бастай үн-түн жоқ, у-шусыз жаңағы немістердің соңынан жүрді. Аралары 75-100 метрдей ғана жер. Осы жүріспен 4-5 шақырым жер жүрді. Бір уақытта немістер тоқтап, демалуға кірісе берді. Осы мезгілді пайдаланды да Бауыржан батальонын жолдың сол жағына, ағаш ішіне қарай бұрып әкетті. Мұны немістер соңынан байқап қалды да, ракета атып, айналаны жап-жарық қып жіберді. Бұлардың соңынан немістің бақылаушылары қуып берді, олар орысша «жолдастар, қайда барасыңдар, кейін қайырылыңдар» деп айғай салды. Бұған Бауыржандар оқ жаудырумен жауап берді де, ілгері жүріп кетті. Ертеңінен таң ата Бауыржандар қоршаудан құтылды. Алдарынан бір село кездесті. Оған жақындай бергенде Бауыржан батальон ағаш жиегіне қалдырып, өзі қасына бір-екі жігіт алды да селоға келді. Бұл кезде бұлардың соңынан Рахимовтар да қуып жеткен еді. Бауыржан селоға келсе, мұнда дивизияның штабы бар екен, қуанысып көрісті. Дивизия штабының бастығы полковник Серебряков жолдас дивизияның 8 гвардия дивизиясы атанғанын және Қызыл ту орденін наградқа алғанын естіртіп құтты болсын айтты. Сонан кейін ол қайғылы хабарды генерал Панфиловатың ерлік өліммен қайтыс болғанын естіртті. Дивизияның жаңа командирі Бауыржанмен сөйлесті де: «Полкыңызға барып қосылыңыз» деді. Бауыржан ағаш жиегінде тұрған батальонына қайтып келді де, оларды сапқа тұрғызып жалынды сөз сөйледі. Гвардеец атанғандарын, наград алғандарын, Панфиловтың және өз батальонындағы жауынгерлердің ерлігін айтты. Сол күні Рахимов пен Филимоновқа лейтенант атағы берілген екен, оларды құттықтады.

Батальон дивизия командиринің бұйрығы бойынша, өз полкына барып қосылуға жол шекті. Батальонын бастап, Бауыржан жөнеліп бара жатты... Ноябрьдің 25. Бұл күні Бауыржан полк командирінің қарамағына келіп қосылған. Бауыржанның ұсынышы бойынша Бозжанов политрук қызметінен босатлып, батальон командирінің орынбасары етіп тағайындалды. Сол кезде политруктен батальон командиріне орьтябасалыққа жалпы әскери командалық қызметке жоғарылатылған адам дивизия көлемінде осы Бозжанов қана болар. Полктың екіншгі батальоны Истра маңындағы Лопатова дейтін селода қорғаныс шебін жасады. Ал, Бауыржан батальоны сол селоның батыс жағында жатқан еді. Бұл кезде Бауыржанда 250-ден аспайтын ғана жігіт бар. Екінші батальон жаудың қысымына шыдамай Лопатованы тастап кейін шегініп кетті, жау Бауыржанның батальонын тағы да қоршауға қалдырмақ ойы бар. Бұл жайды Бауыржан алдын алы сезді де қарсы шара қодануға кірісті. Жау Лопатова селосында. Оған қарсы оңтүстік батыс жақ тылынан келіп шабуыл жасау үшін Бауыржан жоспар жасады. Қасына екі зеңбірек және бірнеше жігіттерді алды да селоға жақын келді. Түн, ешнәрсе көрінбейді. Бауыржан команда беріп селоға қарай екі зеңбіректен оқ атқызды. Зеңбірекшілер сауыт тескіш, өртейтін снарядпен гүрсілдете соғып берді. Мұндағы мақсат селода отырған немістерді түн ішінде далаға қуып шығу еді. Зеңбірекшілер 400-денаса снаряд атқаннан кейін Бауыржан минометчиктер мен пулеметчиктерге команда беріп оқпен минаны қардай боратты. Бұлар қанша атса да, деревня өртене бастаса да, немістер ракета атпайды. Ал, немістердің бұл селода бар екені рас. Бауыржан тағы да зеңбірек пен минометтерді оқ жаудыртты да, кейін шегініп кетті. Орнына қайтып келе Бауыржан барлаушыларын қолға алды: - Сендер мына селода неміс бар деп өтірік ақпар әкелдіңдер. Сендердің ақпарларың бойынша деревняны аттық, неміс жоқ, селода бірлі-жарым тұрғылықты үй бар еді, солар өлетін болды-ау, - деп ызаланды. Сөйтті де барлаушыларды Лопатова селосына қайтадын жіберді. Осы екі арада немістер жаңағы Бауыржандар барып зеңбірек, минометтерден оқ атқан жерді атқылай бастады. Сол күні түнде Бауыржанды дивизия командирі шақырып алды да: «Сіз полк командирі болып тағайындалдыңыз» деді. Бауыржан дивизия штабынан келе жатып, түнде өзі жіберген барлаушыларын кездестірді. - Түндегі берілген концерт жақсы өтіпті, немістің 100-ден аса адамы қырылыпты, міне бірнеше қаруын, документін алдық, - десті барлаушылар. *** Бауыржан полкка командир болып тағайындалғанда, полк штабы Соколова селосына жақындап келген еді. Бауыржан полк командирі болып жағдайдың өте бір ауыр кезінде тағайындалды. Полкта қанша адам бар, командирлері қандай, оны біліп болмаған, қызу соғыстың куәсі еді. Бауыржан Соколова деревнясын қорғауға зер салды. Осы арада неміске қарсы қатты соққы беру керек деп ойлады. Және сол күні 26 ноябрьде

қорғанысшы полқа 400-ге жуық жаңа адамдар келіп қосылды. Соның бәрін роталарға Соколованың маңынан орын беріп қорғаныс жасатты. Кейбіреулер Бауыржанды полк командирі деп танығысы да келмейді. Көше бойымен Бауыржан келе жатыр еді, алдынан бір лейтенант шыға келді. Оны Бауыржан көрді де: - Мына жігіттеріңмен ана бір жерден қорғаныс шебін жаса, - деді. Бұған лейтенант үндемей жігіттерімен шегіне берді. Бұған Бауыржан ашуланып кетті де, өзінің полк командирі екенін айтты. Лейтенант үн-түн жоқ. Шығын да көп. Жаңа келген, бұрын соғыста болмаған жігіттер үрейленуде. Бауыржан осы жағдайдың бәрін көрді де, қатал шара қолданумен Соколованың маңынан қорғаныс шебін жасатты. Жұмыстары біраз қалпына келген соң, ол штабына оралды. Штабқа келе жатып, өз батальонының қатынас взводынан алты адамды алды да, оларды кейін жіберді: - Сендер заградотрядсындар. Кімде-кім кейін қашса күшпен тоқтатып кейін қайтарыңдар, - деді. Бауыржан штабқа келсе жан жоқ. Бәрі де үрейлене тайып тұрыпты. Түнгі сағат 12 шамасында штаб қызметкерлері өте қатты, еттерінен өтіп, сүйегіне жететін сөздерді айтты. Сол күні Бауыржан екінші батальоннан Сламқұловты шақырып алды да: - Сен бірінші батальонның командирі етіп тағайындаймын, бар да, батальонды қабылдап ал, - деді. Смақұлов аң-таң. Бауыржанның айтқанына түсінбей тұр, ойыны ма, шыны ма, деген пішінде еді. - Е, өзің қайтесің? – деді әлден соң Сламқұлов. Бауыржан оған жайды айтты, полк командирлігіне тағайындалғандығын білдірді. - Жарайды. Батальон атағы шыққан батальон еді. Оның командирі болуды маған сеніп тапсырды ғой, ә? Олай болса сеніміңді ақтауғы даярмын, - деп екі дос қол алысты. Бауыржан жауға қарсы қулық жасау керек деп ойлады. Ол үшін бірнешен пулемет және миномет алып, оны бір ағаш ішіне орналастыру керек. Сол арадан жауға көптеген қызылды-жасылды ракета атылсын, сол кезде жаңағы пулеметтер мен минометтен ататын болсын деп қорытынды жасады. Ол осы ойын іске асырды. Жаңағы минометтер мен пулеметтер ракетаны пайдаланып жауды бір орнынан атқылайды да, ол арадан көшіп, екінші жерден атады. Олардың алғашқы жеріне немістер оқ жаудырды, бірақ онысы бірнеше сағатқа созылды, немістерді қауіптің астына алып отырды. Ертеңінге немістер Бауыржанның полкына қарай ұрыс жасады. Әрдайым немістер барлаушыларына танкі, зеңбірек қосып береді. Олар полктың күшін байқаумен болды. Немістер мұндай барлауды қатарынан төрт жасады. Бірақ қатты тойтарыс көріп, ешнәрсе болдыра алмай кейін шегініп отырды. Арада төрт күн өткеннен кейін немістер Бауыржанның полкына қарсы, Соколоваға қарсы 30 самолетін жіберді. Бұл 30 самолет Соколованы бес рет бомба астына алды. Сонан соң немістің екі жаяу әскер полкы 28 танкінің қолдауымен Соколованы қоршау әдісін жасады. Штаб Соколова еді. Полк штабының қиын жағдайда қалғанын көрген Сламқұлов қасына 15 кісі ертіп полк

штабын қоршаудан алып шықты, бұл жерде ол тамаша ерлік жасады. Полк кейін шегіне бастады. Бұл шегінуді бір станокты пулемет алып Бозжанов қамтамасыз етті. Ол полктың ең артында қалып шабуылдап келе жатқан жауды қырумен болды. Крюкова станциясы Москваның маңында. Бұл жерге панфиловшылар келіп қорғаныс шебін жасауда, станция немістің қолында. Бұл арадан ары Москваға қарай жауды жіберуге еш жол, право жоқ. Осы арада я өлу керек, я жауды соққылап кейін қайтару керек. Мақсат та, ниет те осы еді. Крюкова маңына келгеннен кейін Бауыржанды дивизия командирі шақырып алып: «Полкың қайда?» - деп сұрады. Крюкова маңында, қорғанып жатыр, - деді Бауыржан. Бауыржан дивизия командирінен қайтып келе өзінің шаруашылық жөніндегі орынбасары Кравчукты, дәрігер Грипичкинді, тағы басқаларын шақырып алды да бұйрық берді: - Ертеңгі сағат алтыға дейін алда жатқан жауынгерлерге, командирлерге оқдәрі, жылы киім, жақсы тамақ жеткізілсін! Ол кезде Бауыржага жаралы болатын. Жарасын танып алып жүрді. Дәрігерлердің «кейін емделуге кет» дегеніне қарамастан постысында қала берді. Ол төсек үстінде отыр, қасында телефон. Жағдайды өз көзімен көруге дәрмені жоқ, тек телефон арқылы басқарып отыр. Крюкова станциясына атақты шабуыл басталғанда, Мұхаметқұл полктың үш батальонының командирі болып, атакаға бастады. Крюкова алынды, жау қашты, Крюкова үшін қатты соғыста Қарабаев пен Бозжанов ерлік өліммен қаза болды. Ол былай еді: Бозжанов бір взводты бастап бір кірпіш үйді бекініп алған немістерге шабуылға шықты. Бұларды немістер атқылап қарсы алды. Бозжановтар оған қарамай ілгерілей берді. Үйге де жақындады. Бозжанов гранатаны үйдің терезесінен тастады. Үй быт-шыт болды, немістердің қашқаны қашты, басқасы қырылды, осы кезде жаңағы үйді немістер артиллериядан ата бастады. Артиллерияның снаряды Бозжановтың қасына кеп жарылды, Бозжанов қайтыс болды. Жау Крюковадан қаша берді, Қызыл Армия оны қуып берді. Бауыржан талай ерлерді орденға ұсында. Жоғарғы командованиенің бұйрығы бойынша Сламқұлов, Бозжанов, Қарабаев Қызыл ту орденімен наградталды. Панфиловшылар жауды Крюковадан Истра қаласына дейін қуып барды. Бұл кезде біздерді Қызыл Армияның басқа бөлімдері кеп ауыстырды. Біз демалысқа шықтық. Бұл 41-жылғы декабрьдің 15-і еді. Бауыржан жарасын емдеу үшін медсанбатқа кетті. Ал Сламқұлов батальонын бастап демалысқа шықты. Бауыржан медсанбатта екі-үш ғана күн болды да, дивизия командованиесінің ұйғаруы бойынша полковник Капров басқарған полкқа полк командирінің орынбасары болып келді. Ол өз полкында полкка уақытша ғана командир болған-ды.

Қазақ мақалының күші Соғыста, майданға жауға қарсы қолданылатын қарулы күштің бірі – халықтың данышпандық қаһарлы сөзі, поэзиясы. Өткен соғыстарды, батырлар жорығында да поэзияның, тапқыр дана сөздің орынды жерінде қолданылғаны көпшілікке мәлім емес пе? Махамбет батыр: «Ел шетіне жау келсе, Азамат ердің даласы Намысына шыдай ма? Жаттан көмек сұрай ма? Арғымақ жалсыз, ер малсыз, Жолдастарым, мұңайма?» - деп жауынгер жолдастарының жүрегіне намыс отын тұтатқанын кім білмейді? Соғыс дегеніміз белгілі бір сарынмен жүріп отыратын нәрсе емес, ол әраулуан жағдайлы болады. Осы жағдайларды басынан кешіруші – жауынгер.

Жауынгер майданда жеткен табысына қуанады, кейде қолайсыз жағдайға түсіп қалғанына қынжылатын кездері де болады. Осындай қынжылысты сейілту үшін жауынгерлерді жігерлендіріп, қиыншылықты жеңуге аттандыру үшін берілетін айбынды бұйрықтың әсерімен бірге, халықтың қара тасты қақ жаратын өткір өткір поэзиясының, данышпандық мақал-мәтелдерінің әсері, ықпалы өте күшті болады. Мұны қазіргі соғыс жағдайы әбден анықтады. Бір мысал келтірейін. К. Станциясы үшін басталған сұрапыл ұрыс үшінші күнге созылып барады. Жоғары командованиенің бұйрығы бойынша К. Станциясын қайткен күнде де жауға бермеу керек, жаудың шабылуын тоқтатып, оны қуып шығу керек. Осы бұйрықты орындау ұшін аттанған полктің бірі Бауыржан Момышұлы бастаған атқыштар полкі болатын. Бауыржан полктің командалық пунктінде отыр. Бұдан 4 күн бұрын ол бір батальонды жауға қарсы шабуылға өзі бастап апарғанда жаралы болған еді. Дәрігерлер жарасын таңып, емделуге жібереміз дегенде Бауыржан одан бас тартқан, тыңдамаған. Полкке командир болып тағайындалғанына алты-жеті ақ күн болды, сондықтан ол полкін тастап кеткісі келмеді. Бас жарылса, бөрік ішінде, ал мынадай жарамен кейін кету, полкті қалдырып кету арнамысыма, адамгершілігіме, жігітшілігіме сыймайды, өлсем осы арада полкпен бірге өлемін деп тоқтам жасаған Бауыржан. Міне, қазір ол жарасын таңдырып алып, полктің командалық пунктінде отыр, үйдің төр жағында кровать, оның үстінде Бауыржан, қасында бірнеше телефон. Ол осы телефон арқылы ғана бүкіл полкіне команда беріде, хал жайды телефон арқылы білуді. Майдан санасында не болып жатқанын ол өз көзімен көргісі-ақ келеді, бірақ жарасы оған мүскіншілік бермей, төсекке жатқызып еді. Бауыржан әрбір 5-10 минут сайын, кейде одан да жиі, батальондарға телефон соғып жағдай қалай болып жатқанын біліп отырды, не істеу керек екендіктерін айтып қысқа-қысқа бұйрық берумен отыр. Тенлефон арқылы батальон командирлері Бауыржанға хал жағдайларын баяндауды. Олар жаудың шабылуы өте күшті екенін. Өздері біраз шығынға

ұшырағанын айтуда. Соңғы бір жарты сағаттың екінші және үшінші батальонның командирлері Беков пен Жуков «халіміз қиындап барады, жаудың қысымы күшеюде, шығынымыз молырақ бола бастады» дей берді. Бұған Бауыржан қорғау шептеріңді мықтап ұстаңдар, қасықтай қан қлғанша соғысыңдар деп бұйрық берді. Беков пен Жуковтың Бауыржаннан күткені мынау еді: полк командирі шегінуге рұқсат берсе екен деп ойлаған еді, бірақ ол ойлары болмады. Сондықтан олар бірінші батальонның командирі Сламқұлов Мұхамбетқұлға телефон шалды. «Полк командиріне таныссың ғой, жағдайды айтсайшы» десті. Әрі-беріден соң, күнімен үндемеген Сламқұлов телефон трубкасын алды да Бауыржанға жағдайды баян етті. Бауыржан оған да Бековтарға берген жауабын айтты. Біраздан кейін Сламқұлов тағы да хал-жайын баяндады. Оны Бауыржан жақсылап тыңдады. - Әй, Мұқан, - деді Бауыржан, - қазақтың «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деген мақалын білмеуші ме едің? - Я, білуші ем. - Білсең, менің бұйрығым сол. Жағдайыңды айта беріп не қыласың. Оны мен білмей отыр дейсің бе? Бұдан әрі не істеймін десең де ерік өзіңде... - Айналайын, Баукеш-ай, тұрдым орнымда. Орындаймын бұйрығыңды, - деді Мұхамбетқұл, - Аздап толқып тұрмын, бірдеңе жіберші. Бауыржан Мұқанның тілегін орындады. Күн қатты аяз болатын. Мұқан телефон трубкасын алып: - Ау, Баукеш, қалқам, тыңдап тұрсың ба? (Мұқанның жасы Бауыржаннан үлкен болатын). Кеттім атакаға. Не жауды өлтіріп келем, не өлемін! Қалқам-ай, данышпансың-ау, сенің бұйрығың қазақтың мақалымен бірдей ғой маған. Бұл маған не істесең, соны істе дегенің ғой. Барлық жағдайды адамгершілік арнамысыма тапсырғаның ғой. Орандаймын бұйрығыңды, қазақ баласы деген атағымызға шәк келтірмеймін. Түс ауа біздің артиллеристеріміз К. Станциясының оңтүстік батыс жағын қатты дүрсілдің астына алды. Осыны пайдаланып полктер шабуылға шықты. Шабуылдың алдыңғы қатарында Мұхамбетқұл Сламқұлов бастаған бірінші батальон кетіп бара жатты. К. Станциясын мықтап қорғау керек деген командованиенің бұйрығы осылай орындалған еді. Оны тек қорғап қана қойған жоқ, осы арадан жауға қарсы қатты шабуыл басталған еді. Бұл 1941 жылдың декабрь айының бас кезі болатын. Міне, майданда қазақ мақалының күші осылай көрінген еді. Қазақ халқының тамаша-тамаша мақалдары жауынгерлерді жігерлендіруде өте керек құралдардың бірі. Осы құралды молынан пайдаланушылардың бірі – гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы болды. Бауыржан қазақ әдебиетін жоғары бағалап, тамаша пікірлер айтады. Кей уақыттарда, кезі келіп оған бара қалсам, айтар әңгімеміз әдебиет турала болады. Тылдағы кейбір жолдастар Бауыржанды долбарлы қара күштің, қолма -қол ұрыс, айғайдың иесі деп бағалайтын сияқты. Бұл қате. Бауыржанға берілген теріс баға. Ең алдымен, Бауыржан –ақыл мен ойдың иесі, барлық қасиеті бойына жиналған, адамгершілігі, ерлігі, жігітшілігі күшті, шын мағынасындағы

қолбасшы, командир. Егер М. Горький «Адам деген – ардақты ат» деп шын мәнісіндегі тұлғалы адамды айтса, сол адамның бірі осы Бауыржан. Бұл – ең бастысы. Екіншіден, ол өжет пен өткірліктің, қайраттың иесі, өте батыл адам. Бауыржан қазақ мақалын жақсы көріп, оны орынды, дұрыс пайдаланумен ғана шектелген жоқ. Ол өмірді, жалпы жағдайды, бағалай келіп, соған қорытынды жасап, талай талай мақалдар шығарды. Мәселен: «Намысты нанға сатпа. Қырағының көзі де батыр, өзі де батыр. Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек. Тізе бүгіп, тірі жүргеннен тіке тұрып, өлген артық». Ана үшін аянба – ант ұрады, Бала үшін аянба – бетің күйеді, Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын. Ел дегенде – езіліп, жұрт дегенде – жұмылып істе. «Батыр – батыр емес, батырларды бастаған батыр» деген әлденеше ондаған мақалдары бар. Бұл мақалдардың қайсысының болса да белгілі оқиғасы бар. Соларға берген Бауыржанның қорытындысы осылар. Қазақ мақалы, оның данышпандық сөздері жауынгер үшін өте керек. Махамбет ақын әрі батыр болып қалың қолды бастағанда, күшті құрал етіп халық қазынасы – асыл сөзді, поэзияны жолдас етті. Осы дәстүрді мықтап ұстаған қазіргі адамның бірі – Бауыржан. Біз қас жауды қарумен де, халықтың қаһарлы сөзімен де қиратудамыз. Халық сөзі, оның данышпандық мақалдары, бізге зеңбірек, танк, винтовка, автомат қандай қызмет етсе, олар да сондай қызмет етуде. Майдандағы армия, 1943 ж.

Сол бір күндерде

1941 жылғы июль айының он бірі еді. Бұл күні кешке Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтында (ҚазПИ)-партия жиналысы болды. Онда фашистік басқыншыларға қарсы күрес жүргізіліп жатқан Ұлы Отан соғысының жайы, майдан хабарлары және әрбір коммунистін міндеті айтылды. Жиналыстың соңында бастауыш партия ұйымының секратары Қайнекей Жармағамбетов бірнеше коммунистің тізімін оқыды да, «Осы аталған коммунистер бүгін кешкі сағат онда облыстық соғыс комиссариатына баруы керек» , - деді. Аталғандардың ішінде мен де бар екенмін. Кешкі сағат онда соғыс комиссариатына келсем, бірсыпыра адам жиналып қалған екен. Біздің қасымызға бір офицер келіп, бәрімізді ертіп алды да үлкен бөлмеге енгізді. Жайласып отыра бергенімізде жағасына ромбы таққан екі жеңіне қызыл жұлдыз жапсырған ұзын бойлы командир кіріп келді. Бәріміз орнымыздан тұрып, құрмет көрсеттік. - Бұл кім болды екен? – дедім қасымда отырған Мусин Манапқа. - Әскери белгілеріне қарағанда, бригадалық комиссар көрінеді, мықтының өзі. Бригадалық комиссар бізбен амандасып болғаннан кейін, бірден-ақ алдағы қызмет жайын баяндады. Сөзінің соңында.

- Қазір документтеріңізді толтырып бересіздер, содан кейін бәріңізбен жекелеп сөйлесеміз, - деді. Кезегім жеткен кезде, жаңағы комиссардың кабинетіне кіріп келдім. Ол жылы шыраймен қарсы алды да, документтерімен танысып шықты. Біраз әңгімелескеннен кейін: - Аспирант екенсіз ғой. Жағдайды көріп, біліп отырсыз. Сондықтан аспиранттық оқуды қоя тұруға тура келеді. Енді қолыңызға қару алып, жауға күреске барасыз. Аспирантураға және ғылыми жұмыстарыңызға соғыстан кейін оралатын боласыз, - деді. - Жақсы, құп болады. Сонда мен қайда барамын? – дедім. - Жоғарғы командованиенің ұйғаруы бойынша Алматыда атқыштар дивизиясы құрылады. Оған Қазақстан мен Қырғыстан жігіттері алынады. Бұл дивизияны генерал-майор Панфилов басқарады, сол кісі қазір ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатыр. Ал сіз осы дивизияның бір полкына барып, ротаға политрук (саяси жетекші) боласыз, - деді. - Партия қайда жіберсе, сонда баруға міндеттімін ғой. Бірақ та мен политрук болған адам емеспін, тіпті әскери атағым да жоқ, бұл қалай болар екен? - Әңгіме әскери атақта емес, қызмет істей білуде. Жауынгерлер арасында партиялық жұмыс жүргізу қолыңыздан келеді деп сенеміз және сізді осы қызметке аудандық партия комитеті ұсынып отыр. Әрине, қиыншылықтар кездеседі, көмектесеміз, үйретеміз. Әскери атағым жоқ-деп қынжылмаңыз, ертеңақ ондай атақ беріледі, - деді. Ертең дивизияның штабына барасыз, комиссиядан өтесіз, қай полкқа белгіленгеніңізді сонда айтамыз. Ертеңігне дивизияның штабына барып, комиссиядан өттім. Командирі болып полковник Капров, комиссары болып аға политрук Мұхамедияров тағайындалған атқыштар полкына қызметке белгілендім. Бұл полкқа таныс жолдастардан Қасым Шәріпов, Манап Мусин, Балтабек Жетпісбаев, Алексей Кузнецов, Андрей Ветков тағы басқалары алынған екен. Бәрі де командир, политрук қызметіне тағайындалыпты. Дивизияның штабы N19 мектепке орналасқан екен. Сол жерден біздерді Мұхамедияров ертіп алды да, полкқа әкелді. Полкқа келген күні кімнің қай ротады қызмет істейтіндігі анықталды. Мен 45 миллиметрлі зеңбірекшілер батареясына бөліндім. Зеңбірекшілер батареясы полктағы шағын ғана бөлімше екен. Батареяның командирі Заболотный дейтін лейтенант бұрын әскер болған, Халхнн-Гол маңында жапон басқыншыларына және ақ финдерге қарсы жүргізілген соғысқа қатысқан, соғыс өнерін білетін жігіт болып шықты. Жауынгерлердің де көпшілігі бұрфн әскери қызмет атқырған зеңбірекшілер екен. Алғашқы кезде бұл батароеяда политрук болып қызмет атқару оңайға соққан жоқ, көптеген қиыншылықтарға кездестім. Ең бастысы қиыншылық – менің зеңбірек тетігін білмеуімнен туды. Соғысқа дейін міндетті іскер қызметі атты әскер бөлімінде атқарған едім; бірақ онды зеңбірек дегенді көргеніміз болмаса,

ату техникасын, жалпы тетігін үйренген емес едіе. Міне осы жағдай алдымнан шыға келді. Қарамағымдағы жауынгерлер зеңбіректі зыр айналдырып жатқанда политируктың оларға араласпай сырттан қарап тұруы қандай қолайсыз. Кейбір жігіттер мені сынайын дегендей: - Жолдас политрук, зеңбіректі осылай орнатқанымыз дұрыс па? – дейді. Немесе: - Мына бір винты қай жерінде тұратып еді? – деп қояды. Бұл сұраулардың жауабын бере алмағаныма ұялам. Сондықтан жауынгерлермен бірге отырып, зеңбіректің техникасын оқи бастадым. Аз күн ішінде біраз нәрсені аңғарып, түсінген сияқтымын. Бұл жөнінде кіші командирлердің көмегі өте көп болды. Соғыс құралдарының техникасын білетін, соғыс ғылымынан хабары бар политрук қана қарамағындағы жауынгерлердің алдында абыройлы болатынына көзім жетті. Батареяда қызмет атқара бастаған алғашқы күндерде кездескен екінші бір үлкен қиыншылық – Заболотныймен қарым – қатынасымыздан туды. Ол қызық жігіт еді. Кейде ақжарқын, бала көңілді болыр отырса, енді бір сәтте жоқ нәрсеге ашулана қалатын. Ашу үстінде жынын шақыроған бақсыдай қалшылдап, кісінің бет-жүзіне қарамай боқт ай жөнелетін. Әсіресе, оның қаһар тігетіні взвод командирлері. Ертеңгісін взвод командирлерін жинап алып, бүгінгі күннің міндеті, қандай сабақтар өтуін айтады да, сөзін ұрсу, сөгумен аяқтайтын. Батарея командирінің бұл мінезіне взвод командирлері сырттай көніп тұрса да, іштей наразы еді. Бір күні кешке Заболотный екеуміз ұзақ әңгімелесіп, қалдық. Бір-бірімізбен таныса отырып, ашық сөйлестік. - Макар Семенович, - дедім мен оған, - қазақта «дос жылата айтады, дұшпан күлдіре айтады» деген мақала бар. Мен сені өзіме жақын дос санаймын. Сондықтан сенің жағымсыз мінездеріңді бетіңе айтқым келеді. - Жарайды, айта ғой, тыңдайын. - Сен осы соғыстан бұрын да жақсы, тәжірбиелі командир болыпсың. Бір-екі соғысқа қатысқаның да бар екен. Олай болса біздің сеннен күтетініміз көп. Бірақ сен өз міндетіңді дұрыс түсінбей келенсің. Болмашы нәрсеге ашу шақырып, қарамағыңдағы адамдарды балағаттайсың. Сеннен жұрттың күткені осы ма? - Мен командирмін. Не істеймін десем де ерік өзімде. Сенің жұмысыма араласпауды сұраймын. - Ғафу ет. Сен командир болсаң, мен политрукпын. Екеуміздің правомыз да, жауапкершілігіміз де бірдей. - Олай емес. Барлығына мен ғана жауапкермін. Политрук міндеті – жауынгерлермен әңгіме өткізу, газет оқып беру. Одан басқа жұмыстарға қатысың болмасың – деп ашуланып, денесі дірілдеп кетті. - Жоқ, сен ашуланба, отыр да айтқанды тыңда. Сен командирсің, оныңа талааспаймын. Бірақ политрукты менсінбеуге, елемеуге, онымен санаспауға ешқандай хақың жоқ. Бәлкім, сен мені жақтырмайтын боларсың, ол өз жұмысың. Политрук мен болайын, мейлі басқа біреу болсын, бәрібір – сен политрукпен санасуға міндеттісің. Политрук ойыншық емес, ол партияның өкілі. Осыны ұғынып ал, - деймін. - Ал, ұғындық. Тыңдадық партияның өкілін. Не айтпақ едің?

- Айтсам мынадай: сен командир бола тұрып өз қызметіңе селсоқ, жауапсыз қарап жүрсің. Мысалға күнделікті оқу жұмысын алайықшы. Таңертең взвод командирлерін жинап алғанда, сен оларға жұмысты қалай істеуді үйретпейсің, қайта ұрсу, зекірумен боласың. Ал, күндіз взводтарға бара қалғаның да істейтінің осы. Кешкілікте командирлердің басын қосып, күндізгі сабақтардың қорытындысын шығару дегенді білмейсің. Тіпті, кешкілікте сен орныңда болмайсың, қайда жүретініңді білу қиын. Батарея командирі осылай бола ма екен? - Айта бер. Мен оқыған адам емеспін. Үш кластық қана білімім бар, - деп Заболотный өз кемшіліктерін мойындай бастады. Әлсін-әлсін шылымын тарта берді. - Міне, өзің де сезіп отырсың – кемшілігің өте көп. Бұларыңды саған дос адам ғана айтады. Ендеше командирдің бірнші досы политрук деп біл. Бірбірімізге ақыл беріп, жәрдемдесіп отыралық. «Мен командирмін, мен, мен» дей беруден ешнәрсе шықпайды. Менің білмегенімді сен үйрет, жәрдемдес. Шынын айтайын – мен сен секілді көп уақыт әскерде болған, соғысқа қатысқан адам емеспін, бұл ретте тәжірбием де білерім де аз. Ендеше сен осы жөнде көмек бер. Ао оқу, білім жағынан, саяси мәселелерден мен саған жәрдемдесіп отырайын. Байқаймын: Заболотный бұл сөздерді түсініп отырған секілді. Бұдан әрі қарай әңгімені созбайық деді ме, әлде айтылғандарды қабыл алды ма, - ол «дұрыс, дұрыс» дей берді. - Айтқандарыңның бәрі дұрыс. Бұдан былай бірлесіп жұмыс істелік. Менің ашушаң болуымның себебі де бар. Финдермен соғыста қатты жараланып, бір рет контузия да алған едім. Содан жүйкем жұқара керек, тез ашуланам, бірақ кекшіл емеспін. Екіншіден: командирлерге қатал қарауым, ұрсып-зекіруім – талапкер болайын дегендіктен еді. - Ашусыз, ұрсып-зекірусіз-ақ талапкер болуға болуға болады ғой. Қатал болу деген сөз үнемі ұрсып, боқтау емес, әр нәрсенің орнын таба білген жөн. Қаталдық пен қамқорлықты бірдей ұста.. Сол күннен былай батарея командирімен түсінісе бастадық. Бірлесіп істеу, ақылдасу – күнделікті әдетімізге айналды... Алматыда бір айдай болып, алдағы ұрыстарға даярлық жасадық та, 1941 жылғы август айының аяғында майданға аттандық. Новгород облысына қарасты Крестцы деген қаланың маңына келіп орналастық. Сентябрь айының 23 күні мені полк комиссары Мқхамедияров шақырып алды да: - Жолдас политрук, батареямен қоштасуыңызға тұра келіп от ыр. Сіз үшінші ротаға олитрук болып тағайындалодыңыз, батареяға басқа кісі барады. - Мұны қалай түсінук керек? - Капитан Лысенко бастаған батальонды генерал өз қарамағына алып отыр. Бұл батальонға айрықша міндет берілетін көрінеді. Осыған байланысты кейбір рота командирлері мен политруктері ауыстыру туралы бұйрық алдық. - Сонда бұл батальон полктан бөлініп кете ме? - Жоқ, полктың құрамында болады. Бірақ, жағдайға қарай, керек болып қалса оны генерал өз қармағында ұстау мүмкін.

Сол күні кешкісін полк комиссарына еріп үшінші ротаға келдім. Рота командирі лейтенант Андриевкий деген жігіт ед. Онымен Алматыда танысқам. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін, комиссар Мұхамедияров менің осы ротаға политрук болып тағайындалғанымды айтты. ...Аз уақыт ішінде әскер өмірінен алған тәжірбием бойынша, ротаға келген қызметімді ондағы взвод және бөлімше командирлері, коммунистер мен комсомолецтер, жауынгерлермен танысуды бастадым. Бәрі де тепсе темір үзетін жігіттер, көп ұлтты совет халқының өкілдері, бір тілектес, бір ұрандас адамдар еді. Әскер қатарына келгендеріне көп уақыт өтпесе де, олардың соғыс өнеріне жаттығып қалғандары көрініп тұр. Арада екі-үш күн өткенде Андриевскийдің орнына кіші лейтенант Шуть келді. Ол дивизияның штабында істеген, штаб бастығының көмекшісі болған. Шутьтің келуін ротаны басқару жағынан нығайтуға және ротаның алдағы күнде атқаратын қызметіне айрықша мән бергендік деп түсіндім. Василий Николаевич Шутьпен алғашқы күннен-ақ ет бауыр болып достасып кетті. Ол 1940 жылдын жазында Киев университетінің физика-математика факультетін бітірген екен. Оқуда үздік болырпты, қоғам ижұмыстарына белсене араласыпты; университетте жүріп партия қатарына өткен және факультеттік партия ұйымына секретарь да болған екен. Партия қызметінен тәжірбиесі бар Шуть тек рота командирі болып қана қойған жоқ, ротада үгіт-насихат, саяси-тәрбие жұмыстарын жүргізуге қолғабыс тигізіп отырды. Жауынгерлермен әңгіме өткізу, баяндама жасау, газет шығару секілді жұмыстарға да ол белсене қатыса бастады. Бұл ретте ол политрук көмекші емес, ақылшы, басшы болды. Шуть әскер қатарына соғыс басталғаннан кейін алынған екен. Содан кейін екі айдай әскерлік курста болады да, Крестцы түбінде біздің дивизияға қызметке келеді. Соғыс өнерінен білімі бар бұл командир қызметке өте ұқыпты болды. Қандайда жағдайда қалай соғыс соғысу керек, қорғаныс шебін қалай жасаған жөн, іскери құралдарды қалай пайдалану керек деген сияқты мәселелерді әңгімелегенде ротадағы командирлер де, қатардағы жауынгерлер де оның сөзін қызыға тындайтын еді. - Осының бәрін қайдан біле бересің? Өзің екі-ақ ай курста болыпсың, - дей қалсақ: - Университетте оқып жүрген кезімде бірнеше рет әскери лагерьде болғанбыз. Содан уйренгеніміз бар. Ал қазіргі университетіміз одан мықтырақ. Жауды жеңем десең: оқы, үйрен! – дейтін ол. Кейде мен оған қалжың айтып: - Осы ротаға несіне келдің? Дивизияның штабында отыра берсең болмады ма? Бәлкім, онда жүріп үлкен командирлік қызметке жоғарылар едің, - дейтінмін. - Жолдас политрук, бұл сөзің қате. Әскери қызметтің әрі қызықты, әрі жауапты жері рота ғой. Нағыз қайнаған өмір осында. Ротадан бастаған қызмет нәтижелі болады. Даңқты командирлердің бәрі де әскери қызметті солдаттан бастаған. Бұдан, әрине, «үлкен командир болуды көздеген екнсіз ғой» деген ұғым тумайды. Мен қайнаған өмір – ротаға келуді арман еттім. Осы батальонды біздің генералдың айрықша бөлімше ету туралы ұйғарымын естіп:

- Жолдас генерал, мені сол батальонға жіберіңізші, - деп өтіндім. - Неге? - Алдыңғы шепте болып, қолма-қол ұрысқа қатысқым келеді. - Е, дивизияның штабы алдыңғы шепте болмай ма екен? - Әрине, болады ғой. Бірақ ұрысқа алдымен кіретін батальон деп түсінем. - Сонда кім болып барғың келеді? - Оны өзіңіз біліңіз. Бөлімше немесе взвод командирі етіп жіберсеңіз де ризамын. - Жарайды, бұл тілегіңе ойланайын, - деді генерал, Ертеңіне мені шақырып алды да осы ротаға жіберді, - деді Шуть. Шуть дамылдауды білмейтін командир болды. Ротада ол араласпайтын жұмыс болмайтын, бәріне өзі қатысып, жүреді. Оның аса бір жақсы қасиеті – жауынгерлерді құрметтеуінде еді. Жауынгерлерге қамқорлық жасау, ақылын айту, көмектесу дегендерді Шутьт ең ардақты жұмыс білетін. - Солдат сезімтал халық. Ол өзінің міндетін саналы түрде ақылмен істейтін болатын. Бұл үшін солдатты оқыту, үйрету шарт. Оның білмегенін айтып түсіндер, бірақ орынсыз ұрсып, боқтаушы болма. Олай етсең – солдат жасқаншақ, қорқақ болады. Солдатты саналы тәртіпке, белсенді болуға үйрет, берген бұйрығыңды ақыл-оймен орындайтын болсың – дейтін еді Шуть командирлерге. Күн сайын жатар алдында бөлімше және взвод командирлерінің қысқаша кеңес өтетін еді. Онда күндізгі қызметтің қорытындысы талқыланатын, кемшіліктер баса айтылатын және ертеңгі күннің міндеті көрсетілетін. Содан кейін взвод командирлерін Шуть алып қалып, әрқайсысына айрықша міндеттер қоятын. Осы ретпен жүргізілген жұмыстың нәтижесі күн сайын көрініп отырды. Командирлердің жиналысынан кейін Шуть жатып тынығудың орнына жұмыс істейді, кітап оқиды, газеттерді қарап шығады. Ертеңгі жұмысының жоспарын жасайды, соған даярланады. Оның қызметі осылай істеуі бәрімізге үлгі болды. Кейде ол жұмыстарын бітігеннен кейін ұзақ әңгімелер бастайтын. Әңгімені өзі ғана айтпай, оған мені де қатыстыратын. Қазақстан туралы, қазақ халқы жайында айттыратын және оны қызыға тындайтын. Өзі математик бола тұрып, әдебиет, тарих, искусствоны да жақсы білетін еді. Бұл тақырыптарды да аса қызықты түрде әңгімелейтін. - Қазіргі күнде біздің совет халқы достығы жарасқан бауырмал ел болды. Ал осы достықтыңғ тамыры ертеден басталады, - деп ол тарихи әңгімелерді қозғайтын. Әсіресе, Тарас Шевченконы сүйсіне сөз ететін. Тарастың қазақтармен дос болуымен айтып, бұған ұлы ақынның өлеңдерінен мысалдар келтіретін. – Мен, - дейтін ол, - Қазақстанда болған емеспін. Болуға құмар-ақпын. Соғысты жеңіспен аяқтап қайтар күн болса, сенің еліңе баруды міндетім деп санаймын. Осы сияқты әңгімелерді айта келіп, ол ротадағы жауынгерлерді достық рухта тәрбиелеу керетігін көрсететін. Бір күні ол: - Осы сияқты әңгімелерді айта келіп, ол ротадағы жауынгерлерді достық рухта тәрбиелеу керектігін көрсететін. Бір күні ол:

- Осы біз қазақ, қырғыз жігіттерімен олардың ана тілінде неге әңгіме өткізбейміз? – деді. - Өткізіп жүрмыз ғой. Оныңсыз жеткіліксіз. Әскери сабақтарды да олардың өз тілінде өткізген қандай жақсы болар еді. Жауынгерлер тез түсініп, ұғынып алар еді. Бұл үшін қазақ, қырғыз жігіттерінен рота көлемінде кіші командирлер даярлауымыз қажет. Кіші лейтенант Василий Шуть дегеніміз осындай тамаша адам, нағыз коммунист-командир еді... ... Октябрь айының оны. Аспан әлемән күзгі қара бұлттар қоршап алған. Анда-санда сіркіреп қояды, кейде қиыршық жауады. Бірақ ротадағы жігіттердің ауа райымен жұмысы жоқ еді, күнделікті қызметтерін атқара беретін: Түс ауа полк штабынан байланысшы келіп, рота командиріне пакет тапсырды. Конвертті ашып жіберіп оқысақ рота командирі мен политрук кешкі сағат алтыға полк штабына келсін депті. Полк штабына келсек, бөлім командирлері жиналып қалған екн. Полковник Капров командирлер мен политруктердің жиналысын ашты да: - Бүгін кешкі сағат тоғызда аттанамыз, - деді де, қай батальон қай кезде поезға отыратынын және осыған байланысты алда тұрған міндеттерді айтып берді. - Қалай қарай қозғалады екенбіз? – деген сұрауға: - Майданға! – деп бір ғана сөзбен жауап қайырды. Шуть екеуміз штабтан шығысымен ротамызға қарай келе жатқан секілді. Мен оның ойын бөліп: - Майданның қай бағытына барар екенбіз? – дедім. - Кім білсін. Үш-төрт айдай даярлануымызға қарағанда, біздің дивизияға ең ауыр міндет берілетін болар. Қазір соғыс қаупі Москваға қарай төніп келе жатыр ғой. Бәлкім, Москваны қорғау күресіне қатысармыз, - деді. - Москваны қорғауға қатыссақ жақсы-ақ болар еді... Айтылған мезгілде вокзалға да келдік, айғай-шусыз вагондарымызға отырып жатырмыз. Әрі-беріден соң поезымыз ақырын жылжып қозғала берді. Түн көзге түртсе көргісіз қараңғы. Тоқтаусыз жүріп келеміз. Талай разъездер мен станциялар артта қалып барады. Олардың бірде-біріне тоқтамастан тартып барамыз. Бірақ қалай қарай бара жатқанымыздың аңғару қиын. Вагондағы командирлер де, жауынгерлер де «күрес сағаты» соққаның ұлы міндеттерді орындауға аттанғандарын түсініп отырған секілді. Олардың тұла бойларын жауға деген ызалы кек кернегені сезіледі. «Қас жауға қарсы күреске тез жетсек екен, фашистердің желкесін қисақ екен» деген сияқты сөздер де естіледі. Әр жерде ақырын ғана күбірлескен дыбыстар шығады, жігіттердің бәрі де алдағы айқас жайын әңгімелеп отырғандығы байқалады. Таң да атып қалды, вагонымызға ақ сәуле түсе бастады. Вагонның есігін ашып жібергенде, қалың ағаштың ішімен буалдыр тұмамды қақ жара жүріп келе жатқанымызда көрдік. Енді бір сәтте таусылды, біз үлкен бір қалаға жақындап қалдық. Алдыңғы жаққа көз жібердік. Буалдыр тұман да сейіле бастаған секілді. - Өй, мынау Москва ғой. - Москва! - Молскваға келіп қалдық!

Бәріміз мойынымызда соза айналаға көз саламыз. Қатар-қатар салынған көп этажды үйлер, фабрикалар мен заводтар көрінеді. - Е, жарықтық мыңқ етпей тұр екен ғой. - Нені айтасың? - Москваны айтам, Москваны. Жау қаншама бомба тастаса да, демесіне оқ дарытпағанын қарашы! – деп дабырлаған дауыстар естіледі. Мұның өзі жауынгерлерге жігер бергендей, қайратты шатыққа бөлегендей әсер етеді... Москаваға келіп қалдық. Бұл арада көп аялдамай, поезымыз тағы қозғала берді. Ендігі беталысымыз батысқа қарай бұрылғанын көрдік. Бәрі де түсінікті болды: Москваға төніп келе жатқан жауға қарсы күреске тартып барамыз. Сол күні түс ауа поезымыз Волоколамск станциясынаа келіп тоқтады. Біз поездан түсе бастадық. Күн ызғарлы, суық, аспан бұлт еді. Бірде сіркіреп жаңбыр, бірде қиыршықтана қар жауып тұр. Октябрьдің он бірі күні кешке батальон командирі капитан Лысенко барлық рота командирлері мен политруктерді жинап алып, жауынгерлік бұйрық алғанын айтты. «Біздің батальонға, - деді ол, - Осташево қаласын қорғау міндеті берілді. Бұл міндетті орындауға бүгін түнде кірісеміз. Барлық жағдайды барған жерден анықтаймыз. Қазір бөлімдеріңе барып, жүруге дайындалыңыздар!» Түнімен жүріп, Осташево қаласына да жеттік. Біздің ротаға қаланың күншығыс жағынан қорғаныс шебін жасау, ол арадан жауды өткізбеу міндеті берілді. Москваның батысына қарай жүз елу километрдей жерде тұратын Осташево қаласы Руза өзенінің бойында екен. Қаланы Руза өзені екіге бөледі, қатынасу үшін салынған үлкен тас көпір бар. Біздің ротаға берілген міндетте осы көпірді қорғау, одан жауды өткізбеу айрықша көрсетілген. Рота командирі Шуть екеуміз взвод командирлерін жинап алып, берілген бұйрықты орындау жайын түсіндірдік. Қорғаныс жасайтын жерді көріп шықтық, кімнің қай жерге орналасатыны, міндеті қандай екендігі белгіленді. Ротаның оң қанатында бірінші взвод, ортада екінші, ал сол қанатында үшінші взвод орналасты. Және әрбір взводтың алдағы ұрыс жоспрары, бір-бірімен байланыс жасаіу, көмек көрсету реттері қандай болатындығы айтылды. Содан кейін жауынгерлер жер қыртысын қопара қорғаныс шебін жасау, окоп қазу, атыс ұяларын және әртүрлі бекіністер тұрғызу ісіне кірісті. Кейде қар, кейде жаңбыр жауып, жер бетін лай батпаққа айналдырып жіберді. Әлгінде ғана қазып алған окоптарымыз да, атыс ұялары да суға толып шыға келеді. Бұған қарамастан жігерлене қимылдаған жігіттер қорғаныс шебін ойдағыдай етіп жасап та тастаған еді. Күні бойы қорғаныс шебіндегі жігіттер арасында болып, кешке қарай Шуть екеуміз Осташевоны аралап шықттық. Аудан орталығы болған және соғыстан бұрын он мыңдай халқы бар бұл қала, қазір майдан өңіріне арналған. Қала халқының көпшілігі кейінгі тылға қарай көшіп кеткен. Ал көше алмай қалғандары Қызыл Армия бөлімдеріне көмек көрсетіп, бекініс жасап жатыр. Қала іші толған біздің әскерлер. Күн батқан соң Шуть екеуміз ротамыздың командалық пунктына келдік. Шутьтің айтуы бойынша, командалық пункт үш взводтың орталығына

орналастырылған еді. Ондағы жігіттер командалық пунктты мықты бекігніс етіп жасапты, батальонмен телефон қатынасын да құрып қойыпты. Келесі күннің таңы да атты. Өзен бойын басқан тұман ыдырап, ауа райы ашыла бастады. Аспан әлемі қоңырқай бұлт болғанымен, күн жауын-шашынсыз... Рота жігіттері тағы да жұмысқа кірісіп, мықты бекініс жасап жатыр. Ротаның командалық пунктында взвод командирлерімен бас қосқан қысқаша кеңесіміз болды, онда кешегі күннің жұмысына қорытында жасалды, бүгінгі күннің міндеті айтылды. Жиналыстан кейін Шутьқа мынадай ақыл айттым. - Екеуміз бірдей командалық пунктта болудың және взводтарға бірге барудың қажеті болмас. Сен осында бол да, ротаны басқар; анда-санда взводтарға да барыпжүрерсің. Ал мен үшінші взводта болайын. Өйткаені оның командирі лейтенант Евстратов жас жігіт, көмектесуді, ақыл-кеңес беріп отыруды керек етеді. Бірінші взводқа политруктің орынбасары Худаколвты жіберейік. Екінші взводта парторгтың орынбасары Ғинаят Абдылханов бар ғой. Осылай етсек взводтарға басшылық көмегін дұрыс ұйымдастырған боламыз. Бұл ұсынысты Шуть қабыл алып, разылық білдірді. Ол екеуміз взводтарда болып, жігіттермен әңгімелестік, алдағы міндеттерді түсіндірдік. Енді үшінші взводқа қарай бет алғанымда, көпірдің ар жағынан келе жатқан бір топ адам көрінді. Бұлар кім екен? – деп қарап тұрмыз. Әрі-беріден соң қасымызға келген оларды екінші взводтың жігіттері қоршап алды. Бәрінің сақал, мұрты өсіп кеткен. Кейбіреулерінің арқасында кішкене қапшықтары да бар. - Уа, ағайындар, жол болсың кім боласыздар? – дестік. - Біз қызыл әскерлерміз... - Жоқ сөзді айтып не қыласыздар. Сіздердің қызыл-әскерге ұқсап тұрған жерлеріңіз жоқ. Қару-жарақтарың көрінбейді, түрлерің адам қорқалық. Осындай да қызыл әскер бола ма екен? - Әскери адамға ұқсамай тұрғанымыз болмаса, біз шынында қызыл әскерміз. Қоршаудан шығып келеміз. - Командирлерің қайда? - Қайда деріңіз бар ма, қоршауға түсіп бір-бірімізден айырылып қалдық, - деді ұзын бойлы сары жігіт. - Өздеріңіз соғыста болдыңыздар ма, жау қай жерде келе жатыр? Ол жерде, оны сұрамаңыздар, күші – керемет, жойқын... – деп жаңағы сары жігіт үрей тудыра бастады. «Қоршаудан шыққандар» жаудың күшін асыра сөйлейді. Олардың сөзін тыңдап тұрған Ғинаят Абдылханов: - Жігіттер, жөндеріңді табыңдар, осы арадан тайып тұрғандарың жақсы болар. «Қоршау,қоршау» деп кімді қорқытқыларың келеді. Сендер жау қарасын көрмей қара суға малынған адам екенсіңдер. Қолдарыңдағы қаруды тастап қаша жөнелгенсіңдер ғой. Өңкей қорқақ немелер, кетіңдер маңымыздан! – деп ызғарлана сөйлеп кетті. Ғинаяттың бұл сөзін оның жолдастары да қостай, «кетіңдер, көрінбеңдер» дегенді үдетьіп жіберді. «Қоршаудан шыққандар» үндеместен шығысқа қарай жөнеле берді... Үшінші взводқа келгенімде, күн еңкейіп қалған мезгіл еді. Взвод командирі Евстратов взводтың қорғаныс шебін, атыс ұяларын, бекіністерін аралап шықтық; жігіттермен әңгімелестік. Бәрі де өздеріне берілген міндетті ойдағыдай орындап,

кісі бойнан асатын окоптар қазып алған, әрбір окоптың арасына орлар қызылып, қатынас жолдары жасалған. Жоғарыда айттық ротаның сол жақ қанаты осы үшінші взвод болатын. Ол қаланың шығысына қарай, Руза өзенін бойлай қорғаныс шебін жасағанды. Взводтың алдына қойылған міндет жауды өзеннен өткізбей, тойтарыс беру. Бұл міндетті орындау үшін взводқа батальондағы пулемет ротасынан бір бөлімше берілген болатын. Взводты қолдауға келген пулеметчиктердің командирі, бұрын Қазақстанның жоғарға сотында жауапты қызметте істеген коммунист Жұмажан Бұлышов деген жігіт еді. Олардың қасына келгенімізде: - Жолдас политрук, пулеметчиктер жақсылап орналасты. Атыс ұяларын да мықтап жасап алдық. Осы арадан қай жерге ататынымызды да белгілеп қойдық, біз тек үшінші взвод қана емес, оң және сол жақтағы көршілерге де көмек бере аламыз. - Сол жақтағы көршімен байланыс жасадыңдар ма? - Жасадық. Сол жағымызда екінші рота екен ғой. Оның политругі Манап Мусин жолдас әлгінде ғана келіп кетті. - Сен Манапты қашаннан бері білесің? – дедім Жұмажанға. - Оны көптен білем. Соғыстан бұрын онымен әскерде, кейіннен комсомол қызметінде бірге болғанымыз бар. Манаппен екі жолдаспыз... Күн де батты. Мен ротаның командалық пунктына қайтпай, взводта қалып қойдым. Айнала жым-жырт, ауа райы салқындай бастады. Анда-санда алыстагн атылған зеңбірек даусы естіледі. Бұған қарағанда, ұрыс майданы бізге қарай жақындап келе жатқан секілді... Түн ортасы ауа берген кезде, қасында екі жігіті бар Шуть келді. Евстратов пен ротаның парторгі Василий Шашконы ертіп, бәріміз взводтың қорғаныс шебін аралауға шықтық. - Жолдас парторг, ертеңгі ұрыстарға жігіттерің мықтап дайындалды ма? – дейді Шуть. - Дайындығымыз жаман емес. Оны өз көзіңізбен көресіз, -дейді Шашко. Взводтың қорғаныс шебін аралап келеміз. Жігіттердің бәрі де сергек. Қараңғы түн іші болса да, олар майдан жағына көз тігуде. Манағы әзірде жігіттердің кезектесіп демалу жай айтылған еді. Әрбір бөлімше бойынша екі жігіт күзетте тұрады, қалғандары демалады, осы тәртіппен барлығы тынығатын болсын делінген еді. Бірақ жауынгерлердің демалып жатқандары аз көрінді, бәрі де окоптың ернеуіне сүйеніп күзетте тұр. - Жігіттер, неге демалмайсыңдар? – дегенімізде: - Төрт ай бойына тынықтық қой, шаршағанымыз жоқ. Қазір ұйықтайтын кез емес, күзетті күшейтетін шақ.. Немісі құрғырдың қай жағымыздан келіп қаларын бәрімәз бақыламасақ болмайды, - деседі. - Кезектесіп демалғандарың жөн. Аз да болса тыныққан жақсы, - деп оларға Шуть ақыл айтты. Рота командирі біздің арамызда біраз болғаннан кейін командалық пунктқа қайтпақ болды. Кетер алдында взводтағы кіші командирлерге тағы да ақылын айтып: ертеңдер ұрыс майданы осы араларда болып қалуы мүмкін, сақ болыңдар, - деді.

Взвод командирі лейтенант Евстратовты жатып демалуға жібердік те, аға сержант Шашко екеуміз күзетке шықтық; окоптағы жігіттермен әңгімелесіп жүрміз. Айтар әңгімеміздің көпшілігі алдағы айқастары жайында болады. - Ертеңгі ұрыстарда күн тәртібіндегі бірінші мәселе туралы баяндаманы парторг жасайтын болар, - дейді коммунист Хасенов. - Несі бар, жасаймын. Парторгты қостаушы өзің бол, - дейді оған Шашко. Бұлардың қалжың сөздерінде астарлап айтылған әзіл бар еді. Осы бөлімге келерге дейін Василий Шашко мен Жомарт Хасенов Қырғыстанның Түп ауданында істеген. Шашко райкомының нұсқаушысы болған. Сонда ол бастауыш партия ұйымдарында, колхоздарда бола жүріп талай жиналыстар өткізеді және онда бірінші – мәселе жайында баяндаманы үнемі өзі жасайды екен. Ал әскерге алынғаннан кейін ол ротаға парторг болып сайланады. Ротадағы коммунистердің жиналысында қаралатын бірінші мәселен туралы көбінесе оның өзі сөйлейді. Егерн баяндамашы рота командирі немесе политрук бола қалса, онды Шашко қаралғалы отырған бірінші мәселе туралы кіріспе айтады екен. Сонысы үшін оны комунистер «бірінші мәселенің авторы» деп атап кеткен көрінеді. Жаңағы Хасеновтың қалжыңы осы жайды еске түсірумен қатар, алдағы айқастарға алдымен Шашко кірісетін болар дегенді аңғартқан еді. Василийь Шашко сөзімен ғана емес, ісімен де көзге түскен жігіт. Партиялық жұмыс тәсілін жақсы білетін ол, аса тәртәптә, турашыл адам болды. Ротадағы жігіттерді он саусағындай танитын, кімнің қандай сыры, ерекше мінезі барлығына жетік еді. Адаммен сөйлесуге келгенде бүкіл рота көлемінде Шашкодан шеберіміз жоқ. Бір жігіттермен айғаласа сөйлессе, енді біреулермен шүйіркелесе қалады, өзіне тартып алады, әркімнің бабын тауып жүреді. Сондықтан да оны жігіттердің үлкені де, кішісі де аса қадірлейтін. Сол Шашкомен қызметтес болғангымызға жиырма шақты күн болып қалды. Осы уақыттың ішінде ол жаңа келген командирге ден, политрукке де көп жәрдемін тигәізді. Ротаның жауынгерлік дайындығын және ұйымшылдықты күшейту, жігіттерді патриоттық рухта тәрбиелеу жөнінде Василий Шашко айтарлықтай еңбек сіңірді. Бұл ретте ол сөзден гөрі іспен көрінді. Ол қол пулеметі деп аталатын бөлімшенің командирі еді. Оның бөлімшесі өзіне берілген міндетті орындауда болсын, тәртіптілігі ұйымшылдығы жағынан болсын рота көлемінде ең алдыңғы қатарға шықты. Сондықтан да оның бөлімшесін басқаларға үлгі етіп отыратын едік. - Біздің пулеметчиктерге баралық, - деді Шашко. Пулеметчиктерге келсек, екі жігіт күзетте тұр екен, өзгелері демалып жатыр. Біздің келгенімізді сезіп, тыныстанып жатқан жігіттер қасымызға келді. - Пулеметшілер, хал қалай? - Хал жақсы. Фашистерге сыйлығымызды дайындап қойдық. - Ол қандай сыйлық? - Мынау, - деп оққа толтырылған және қатар-қатар текшеленген дискаларды осылай етіп бірінің үстіне бірін үйіп қой деп пе едім? Әр жерге қою керек. Жаудың бір минасы түсе қалса, барлық оғымыз жоқ болады, - деп Шашко пулеметчиктерге ақылын айта бастады.

... Таң ағарып келеді. Шашко екеуміз взводтың сол қанатында болып, енді Евстратов жатқан жерге қарай келе жатырмыз. Терең қазылған окоп ішінде әр жерде күзетте тұрған жігіттер көрінеді, олардың өзара тіл қатысып, әлденені әңгімелескені, әзіл-күлкісі естіледі. - Бұзаубек, сорая бермей орныңды тереңдете қаза түссейші. - Маған осы да жарайды. - Немене, фашистерге нысана болғың келе ме? Сенің сорайғаның бәрімізге қырсығын тигізер. - Қорықпай-ақ қой, фашистерді бәріңнен бұрын өзім көріп, өзім атқым келеді. - Жылдан құр қалған түйе секілді болып жүрме... - Ей, Бұзаубек, айналаңа көз салшы. Старшина көрінбей ме? - Қайран тамақсауым-ай, старшинаны не қылайын деп ең? Ішіңді жылан жайлап бара ма? Тамақ ішкенің әлгі әзірде ғана еді ғой. - Мынаның тоқпейіл болуын қөарашы. Үлкен жұмысқа кірер алдында, тамаққа тойып алғанға не жетсін... – Дабырлап сөйлемеңдер. Жау естіп қалады... - Мұны айтқаң Кәрібай, сенбісің? Сен-ақ сабырлап сөйлей ғой. Күзетте, тұрған жігіттердің бұл сөздерін естіп, Шашко екеуміз күлісіп алдық... - Бұл сөйлесіп тұрғандар сержант Коваленконың жігіттері. Өздері бір алтын адамдар, - деді Шашко, - көрдіңіз бе, өмір деген қандай тамаша? Өмір мен өлім белдескелі тұрғанда, мына жігіттер соған әзіл-оспағы, күлкісімен де араласпақ. Шіркін, өмір қандай қызғылықты. Әлденелер есіне түсті ме, болмаса мені сынағысы келді ме, Шашко маған жалт қарап: - Жолдас политрук, сіз қорқасыз ба? – деді. - Не нәрседен? - Неден болса да? Мәселең ертеңгі соғыстан... - Өмірде қорықпайтын адам болмайды ғой. Адамда қуаныш сезімі болса, қорқу сезімі де болады. Ондай сезімдер сізде де, менде де бар. Соғысқа енбей, оның қыспағына түспей жатып қорқу – алдын ала жеңілгенмен бірдей. Қорқу сезімі минуттық нәрсе. Бұған тенк үрей қосылмасын. Адамды үрей билеп кетсе, үрпите береді. Мұның аты жеңілу деген сөз. Үрей күйреуге әкеп соғады, тек үрей болмасын. - Иә, үрей болмасын. Дұрыс сөз. Алдағы айқастар қорқуды да, үрейді де тудырар. Бірақ соның бәрін жеңуде жігіттерге үлгі көрсететін коммунистер, командирлер. Өзіміз берік болсақ, жауынгерлердің табан алдырмайтыны сөзсіз... Таң атты, алтын нұрын шаша күн де шықты. 1941 жылғы октябрь айының он алтысы да келді. Күн найза бойы көтерілген шақты, алыстан атылған зеңбірек даусы да естілді. Бәріміз алдыңғы жаққа көз сала қарай қалдық. Қас қаққанша болған жоқ, біздің оң жағымыздағы Осташево қаласына жаудың зеңбірек оқтары, миналары түсіп жарыла бастады. Аспан әлеміне қарай қара қошқыл түтін көтеріле жөнелді, қала үсті көк ала тұманға айналып барады; орталық жақтан кейбір үйлердің өртене бастағаны да көрінеді. Енді бір сәтте қала үстінен жаудың самолеттері

ұшып өтті. Олар айфнала бұрылып, біздің әскерлердің қорғаныс шебін бомбылай бастады. Тоң жерге түсіп гүрсілдей жарылған бомбылар, снарядтар мен миналар айналаны жаңғыртып барады. Жауға қарсы біздің артиллериясы ұзық атысып, айқасты үдете түсуде... Күн сәске болған кезде алдыңғы жақтан гүрілдеп шыққан мотор даусы естілді; құлақ түре қарай қалдық. Қара жол үстінде екі-үш қатардан тізілген жау танкілері көпірге қарай тартып келеді. Олар жүріп келе жатып зеңбірегінен, пулеметінен оқ атып барады. Алдыңғы танкілерін тасалай, бұқпанталай бастап жасыл шинельді фашистер келе жатқаны көрінеді. - Қап, мына фашистердің баса-көктеуін қарашы... - Біздің артиллеристер ай қарап тұр ма екен, неге айтпайды? – деген жігіттердің ашулы дауыстары шығады. Фашистердің алдыңғы бір үлкен танкісі көпірдің аузына жете бергенде, біздің артиллеристер оқты жаудырып жіберді. Жер солқылдата снарядьар жарылып жатыр. Сол арада жаудың екі үлкен танкісі өртеніп кетті. Бірінің соңынан бірі келіп қалған жау танкілері тоқтай қалды да, кейін қарай жалт бұрылмақ боп жанталасты. Бірақ жау танкілерінің бұл шоғырын біздің артиллеристер қатты атқылап соққыға ұшыратты. Бұл күні Осташево қаласының маңындағы совет әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып өтуді көздеген жау ойлаған мақсатына жете алмады. Қас қарайған мезгілде үшінші взводқа Шуть келіп, күндізгі жағдаймен таныстырды. Оның айтуына қарағанда, жау іскерлері бүгін Осташевоны алып, шабуылды одан әрі қарай үдете беруді көздеген. Бірақ, онысынан ешнәрсе өнбеді, - деді Шуть, - біздің артиллеристер тамаша ерлік көрсетіп, басқыншыларды тойтарып отырды. Жаудың жаяу әскерлері біздің қорғаныс шебімізге жақындай алған жоқ. - Жігіттерден шығын болғаны бар ма? - Таңертеңгі бомбылау кезінде төрт адам жаралы болды, оларды кейінгі медсанбатқа жөнелткенбіз. Ал өздеріңнің халдерің қалай? - Бір қалыптамыз. Біздің шебімізді жау атқылаған да, мазалаған да емес. Тек мана түс кезінде жаудың бір самолеті сырт жағымызға төрт-бес бомба тастап кеткен, одан келген зиян жоқ. Ал жігіттер ызалы, қашан ұрысқа кірісер екенбіз деседі. - Ұрыстың үлкені ертең болатын шығар. Ертең жау қайтсе де Осташевоны алуға күшін төгеді. Мұны біздің командование де ескеріп отырған көрінеді. Әлгінде батальон командирінде болып едім, ол осыны айтты. Егер ертең жау тұтқиыл шабуылдап Осташевоны ала алмайтын болса. Біздің осал жерімізді іздейді, бәлкім көпірді қойып, өзенді кешіп өту жайын қарастырар. Сондықтан сақ болғандарың, күзетті күшейткендерің жақсы. Шуть взводтағы жігіттермен біраз болып, оларға жағдайды айтты. Сонан кейін ол екеуміз басқа взводтарды аралап шықтық. Таң ата мен үшінші взводқа қайтып келдім... Ертеңінде күн көтеріле үлкен айқас басталып кетті. Кешегі сәтсіздігіне ызаланған фашистер, Осташеводағы совет әскерлерінің қорғаныс шебін ауықауық самолеттер жіберіп бомбылатты, алыстан ататын зеңбіректері күркілдеп

жатты. Осындай даярлықтар жасағаннан кейін жаудың танкілері шабуылға шықты. Екі жақтан да жанталасқан атыстар көпір үшін болып жатқаны байқалады. «Өтемін» деп фашистер ұмтыладыц, «өткізбеймін!» деп совет жауынгерлері қимылдайды... Түс мезгілінде біздің взводтың қарсы алдына, шамасы, елу-алпыс шақты фашистер келіп орналаса бастады. Олар окоп қазып, кішкене минометтерін құрып жатыр. «Бұлар тиелген тағы бір топ жау әскерлері келді де, жаңағылардың қасынан орын алды. Олар машинадан әртүрлі нәпселерді шығарып жатыр. Алдыңғы машинадан төрт қайық түсірілді. Бұл жайды жіті байқап тұрған Шашко: - Мына фашистер осы арадан өткел жасауға кірісе бастады-ау...Әне қараңыз, қайыққа пулеметтерін салып жатыр... - Жолдас политрук, не істейміз? – дейді Евстратов. Сол арада өзіміздің пулеметчиктерге «дайындал!» деп команда бердім. Бұл командасыз-ақ дайын. Тұрған жігіттер «дайынбыз!» деп дауыстады. - По фашистам огонь! Пулеметтерге қосыла взводтағы қырық жігіттің винтовкасынан атылған оқ бұршақтай борап, фашистерді жайпап өтті. Оқты нөсерлете жаудырып жатырмыз. Фашистер мұрттай ұшып, тірі қалғандары өлісі мен жаралысына қарамай, жер бауырлай шегіне бастады. Өздері құрып қойған минометтерінен атуға шамасы келмей қалды. Жұмажан Бұлышовтың бір пулеметі өртегіш оқпен атып, жаудың жаңағы екі машинасын өртеп жіберді. Бұл уқытта жау біздің шебімізді артиллериядан атқылап берді, қорғаныс шебінің алды-артына снаряд пен миналар түсіп жарылып жатыр. Айналамыз қара қошқыл түтін, дәрі иісі мұрыңды жарып барады. Бес-алды адамымыз жаралы да болып қалды, соның ішінде взвод командирі лейтенант Евстратов та бар еді. Атыс саябырлаған кезде жаралы жолдастарды кейінгі жаққа шығарып салдық. Кешке қарай жау біздің тұсымыздан өзенді кешіп өту әрекетін жасаған жоқ, тек алыстан атқылап тұрды. Бір топ фашисті қырып салу, екі машинасын өртеп жіберу біздің жігіттерді біраз рухтандырып тастады. - Бірлесе келіп, бекіне ұрса фашистерді де талқандауға болады екен ғой... - Бүгінгі еңбек күніміздің бастамасы оңды, ақыры жауды жеңу меренкесіне жеткізсің – дегендей қуанышты сөздер окоптағы жігіттерді жігерлендіре түсуде еді. Күндізгі ұрыстар басылып, айнала тыныштталған кезде бүгінгі жағдайды айтып Шутьқа қағаз жазып жібердім. Евстратовтың орнына взвод командирі болғанымды да айттым. Бұл хатты алған Шуть жауап қайырып, взвод жігіттерін алғашқы айқастағы жеңістермен құттықтапты. Содан кейін ол бүгін Осташево үшін қатты соғыс болғанын, ауыр салмақ көпірді қорғаушыларға түскенін жіне бірнеше жігіттің асқан ерлік көрсеткенін жазыпты. - Жағдайдың ауыр кездері де болды. Бірақ жігіттер үмітті ақтады, қас жаумен қайсарлана соғысты. Жалғыз біздің рота емес, көрші бөлімдер де жаумен жағаласа соғысқан көрінеді. Соғыс шығынсыз болмайды ғой, жараланғандарымыз да бар. Үш жігітіміз ерлікпен қаза болды. Олардың қызметін жолдастары атқаруда, қазір бір жауынгер екі адамның жұмысын істеуде. Сақ болыңдар, жаудың жанталасып жармасар кезі әлі алда, - депті Шуть.

...Таң ата аздаған жаңбыр аралас қар жауып өтті де, айналаны қара бұлт қаптап кетті. Күн де суыта бастады. Окоптағы жігіттер күндегідей жауынгерлік даярлық жасап, алдағы ұрыстардың басталуын күтуде отыр. Бірақ неге екенін айту қиын, күндізгі сағат он екіге дейін фашистер шабуыл жасаған жоқ. Сағат он екіден аса берген кезде қатты атыс басталып жүре берді, найзағай сатырлағандай болады, алыстан атылған зеңбіректің гүрчілдеуі, жарылған мина мен снарядтар жер дүниені солқылдатып барады. Енді бір сәтте жаудың самолеттері лек-легімен келе Осташевоны, көпір жанындағы қорғаныс шептерін бомбылап өтті. Біздің артиллеристер мен минометчиктер де атысты үдетумен жауап қайырып жатқаны сезіледі. Екі дүние қыр-қыса соғысып, ұрыс майданын қыздыра түсуде. Осылайша басталған қатты шайқас екі-үш сағаттан соң саябырлай берді. Анда-санда атылған зеңбірек даусы, бірен-сарандап жарылған снаряд, миналар болмаса, Осташево маңы тағы да тынышталғандай болды. Тек қана өртенген үйлер көрінеді, әлдекімдердің айғайлағаны, гүрілдеген мотор үні естіледі. Күзгі күн қандай қысқа! Күн де кешкіріп барады. - Танкы! – деген дауысқа жалт бұрылсам, сырт жағымыздан үш үлкен танк келе жатыр екен. Бздің танкілер ма деген оймен жіті қарасам, фашистердің танкісі болып шықты. Қақ маңдайларына фашистердің ақ крест белгісі бар үш танк бізге қарай айдап келеді. - Танк атқыш гранаттарды, өртегіш бутылкаларды дайындаңдар! – деп айғайладым жігіттерге. Бірінің соңынан бірі ерген үш танкі біздің қорғаныс шебіміздің оң жағынан бастап, окоптардың үстін баса сол жағымызға қарай жылжып барады. Әрқайсысы қазылған ор бойына пулеметтерінен оқ төгіп келеді. Окоптың ішіне бұға қалдық. Бір мезгілде алдыңғы танкі Шашконың бөлімшесі тұрған жерді езгілей бастады, шыркөбелек айнала езгілейді, окоптың ернеулері ішіне қарай құлап та жатыр. Осы кезде Шашко окоптан бойын көтеріп алды да, екі үлен гранатаны жаңағы танкінің мотор жағына тастап кеп жіберді. Гүрс етіп жарылған гранаталар танкінің астыңғы есігінен шығып, қаша беріп еді, үлгермеді; оларды біздің жігіттер жайратып салды. Қалған екі танкі келген ізімен шегіне берді. Бірақ оның біреуін Бұзаубек қуып жетті де, оған өртегіш бутылкаларды лақтырды, танкі қиратқыш гранатаны шынжыр табанына тастай салды, жаңағы танкі де гүрс ете түсіп, орнында тұрып қалды. Үшінші танкі Осташево жағына қарай зытып кетті. Күн батып, қас қарайды. Күнімен болған атыстар басылып, айнала тағы да жым-жырт бола қалды. Анда-санда жылт-жылт еткен от көрінеді. Ол – өртеніп жатқан үйлер болу керек. Кешке таман бұзыла бастаған ауа райы, күн батқан соң өзгеріп жүрке берді. Қар аралас жаңбыр жауып тұр. Өзен үсті тұманға айналып барады. Айнала дым көргісіз қараңғы. Взводтағы жігіттерді аралап, хал-жайды байқап шықтым. Бірнеше жігіт жаралы екен, оларға көмек көрсеттік. Шашко басынан жаралы болыпты, қаза болғандар да бар. Біз оларды жерлеп «жауынгер жолдастар, сендер үшін де жаудан кек аламыз» десіп ант берістік. Взвод жігіттерін жинастыра келгенде, саукымыз жиырма алты адам екен. Біраз уақыт өтіп кетті. Күндегі әдеті бойынша осы кещде Шутьтің өзі келетін немесе байланысшы арқылы хабарласатын. Ал қазір одан хабар жоқ. Мен бұған

таңқалдым да, екі жігітті Шутьқа жібердім. «Халдері қалай екен, біліп келіңдер», - дедім. Рота командиріне кеткен жігіттерден хабар күтіп біз отырмыз. Олардың қайтар кезі де болып қалды. Брақ, еш хабар білінбейді. Айдалаға құлақ түреміз. Әлдеқайда мотор даусы естіледі, тіпті Осташевоның өзінде де жүріп жатқан машиналар барлығы байқалады. Енді бір кезде сол жағымыздағы селоға да танкі, машина енгендігі сезіледі. - Біздің әскерлер Осташевоны тастап, шегініп кетпесе не қылсын, - деді Шашко. - Олай болуы да мүмкін. Бірақ шегіну туралы бұйрық болса, оны бізге де хабарлар еді ғой. - Хабарлауға мұршалары келмей жүрмесе... - Ол мүмкін емес. Не де болса жаңағы жігіттердің келуін күтелік. Бірақ рота командиріне жіберген жігіттеріміз қайтпады. Оларды бір кәдікке ұшырады деп ойладым да, Шашкомен ақылдасып тағы екі адам жіберуді ұйғардық. Бұл жолы сержант Коваленко мен Хасеновты жібердік. - Рота командирімен байланыс жасап, одан бір хабар әкелудіөзіңе жүктелген коммунистік міндет деп біл, - дедім Коваленкоға. – Аса сақтық жасаңдар, бірақ тез оралыңдар. Коваленко мен Хасенов кетіп қалды. Олар екі сағаттай уақыт өте қайтып келді. Қастарында ауыр жаралы бір жігіт бар. Өздері шаршаған, үстібастары балшық. - Қане не хабар әкелдіңдер? - Хал мынадай,- деді Коваленко ауыр күрсініп. – біз қаланың шетіне жете бергенде бағанағы жігіттердің өліп жатқанын көрдік, атып кетіпті. Кім атқанын білмейміз, бойында документтері жоқ. Біз оларды бір орға жерледік те, ақырын жылжи отырып ротаның командалық пунктына қарай жөнелдік. Командалық пункт бақшаның ішінде еді ғой. Еңбектей басып келсек, ішінде ешнәрсе жоқ, бәрі қирап жатыр. Сонан соң шеткі үйге бардық. Барсақ – толып жатқан танкі, машина, қасында күзетшілер жүр. Анықтап қарасақ – немістер. Қала фашистердің қолында, біздің адамдар көрінбейді. Келген ізімізбен қайта бастадық. Келе жатсақ, бір шұқырда мына жаралы жігіт жатыр екен. Мұны арқалап алып келгеніміз осы болды. - Бұл жігіт кім? - Өзінен кім екендігін сұрағанымыз жоқ, біщдің әскердің біреу болар. Сөйлеуге тілі келмейді, ауыр жаралы. Сол арада жаралы жігітке көмек көрсеттік. Сол қолына оқ тиген, оң жақ аяғын тобықтан қиратып кеткен екен. Жарасы таңылып, біраз демалғаннан кейін жігіт сөзге келді. - Мен батальоннан бөлінген байланысшы Гуровпын. - Ал сөйле, Гуров. - Бүгін хал қиын болды ғой. Мана түс ауа немістер қатты щшабуыл жасады. Қалаға оң жағынан кірсе керек. Осы кезде шегіну туралы рота командиріне бұйрық әкелдім. Бұл байланысшыларды жіберіп, шегіну туралы хабар айтты. Взводтар шегіне бастады, олардың ілгері қарай өтуін Шуть байқап тұр еді. Қайдан

екенін білмеймін, бір топ неміс оның қасынга жетіп келгені ғой. Шуть автомаитын оңтайланып жата қалды. - Русь, сдавайся! – дейді фашистер. - Мә, сдавайся! –деп Шуть екі-үш гранатаны тастап кеп жіберді. Бес неміс ұшып түсті. Тірі қалғандары атыса бастады. Шутьке кеудесінен ауыр жаралы болды да, көз жұмды. Ендігі оғын жаумаған аударды. Мен оң жақ аяғымнан, сол жақ қолымнан жараландым. Қолымнан мылтығым түсіп кетті, атысуға әлім келмей қалды. Немістер мені де өлді деп ойласа керек, қасыма келмеды. Қараңғы түскенге дейін сол арада жата бердім. Көшеде жүріс басылған кезде, бар күшімді жинап Шутьтің денесін командалық пункттың қасындағы орға жерледім. Содан соң өзім шығысқа қарай жылжыған едім. Менің бағыма қарай мына екі жігіт кездесті. - Рота командирінің документтері қайда? - Міне, - деп Гуров төс қалтасынан Шутьтің документтерін алып берді. Кішкене қол фонарын жарық етіп қарасасқ, Шутьтің партиялық билеті қанға боялған екен. Өзгелері де сондпай. - Шіркін, нағыз коммунист еді. - Тамаша командир еді... – деген сөздерді айнала тұрған жігіттер айтып жатты. - Шуть үшін де жаудан кек алайық, жолдастар. Айтар антымыз осы болсын! – дейді Коваленко. - Антымыз да, сертіміз де осы! – дейді жігіттер. Қазіргі халіміздің қандай екендігін әрбір жауынгер айтпай-ақ аңғарып тұрған секілді. Батальон да, өзіміздің екі взвод та шегініп кеткені сөзсіз. Бірақ олардың қалай қарай бет алғаны бізге мәлім емес. Өз бөлімімізге қай жерде, қашан қосыламыз. Мұны да айту қиын. Енді не істеу керек? Айнала қоршап тұрған жолдастардың да политруктен күтетіні осы сұраудың жауабы сияқты. - Сержант Коваленко, взводты жинап әкеліңіз! – дедім. Взвод та жинала қалды. Бұл кезде таң қылаңдап атып келеді екен. Қасымда тұрған жігіттерге көз тастасам, бәрі де шаршаған секілді. Бірақ, солай бола тұрса да « не істеу керек?» деген шыраймен маған қарайды. Мен оларға жағдайды айттым да: - Қазір кейін қарай шегінгелі отырмыз. Полкымызды тауып алуға міндеттіміз. Бұл жолда бізге асқан ұйымшылдық, беріктік керек. Полкты қашан және қай жерде тауып аламыз, оны айта алмаймын. Бірақ полкымызға қосылатынызға сенімім зор. Бірде-бір тәртіп бұзышу болмасын, бірде-бір қаруды тастаушы болмасын. Жаралы жолдастарды өзімізбен бірге алып жүреміз. Арамызда ауыр жаралы Гуров бар, оны кезектесіп көтеріп әкетеміз. Міндет түсінікті ме? - Түсінікті. Кешегі ұрыстарда қаза болып осы окоптар ішінде көмілген жауынгер жолдастармен тағы бір рет қоштастық та, кейін қарай шегіне бастадық. Взводтың сол қанатына дейін қазылған ормен жүріп келдік тен, одан әрі қарай қалың ағаштың ішіне сүңгіп кеттік. Беталысымыз-Волоколамск қаласы.

Қалың орман ішімен жүріп келеміз. Біресе жаңбыр сіркіреп өтеді, біресе қар жауады. Жер саз, балшық. Мұның өзі жүрісті ауырлата түсуде. Біраз уақыт жүргенен кейін демалуға отырдық. - Бұл арада қанша боламыз? – деді Коваленко. - Көп болмаймыз. Аздап жүрек жалғаймыз да, жолға шығамыз. - Жігіттерге жарты күндей болса да демалдырған жақсы болар еді. Окопта болған үш-төрт күн оларды шаршатыңқырап тастады. Ауыздарына ыстық ас алмағандарына да екі-үш күн болып қалды ғой, - дейді Шашко. - Оның бәрін де көріп, біліп отырмын. Бірақ қазіргі жағдайымыз тынығудан гөрі, ілгері жүруді керенк етудпе. Бәлкім, кешке қарай демалармыз, - дедім. Жарты сағаттай демалдық та, сапқа тұрып қайтадан жолға шықтық. Жүрер алдында адамдарымызды, қару-жарақты түгендедік. Жаралыларды қоспағанда, қару ұстап тағы да соғысқа жарайтынымыз жиырма төрт екен. Ортамызда винтовкаларды есептемегшенде екі қол пулеметі, бір станокты пулемет бар. Бұл бір взвод үшін осы жағдайда аз қару емес еді. Ағаш іші батпақ, әрбір ілгері аттаған адымың ауыр жүк секілді. Күн де жаууын үдетіп барады. Мұның үстіне жаралыларға жәрдем беру, олардың нәрсесін, қару-жарағын қалдырмай ала жүру, пулеметтерді арқалау оңайға соғып келе жатқан жоқ. Сағатқа қарасам жүріп келе жатқанымызға біраз уақыт өтпті; қолдағы картаға қарасақ – көп ұзап кетпеген сияқтымыз. Осыдан-ақ жүрісіміздің қандай болғандығы көрініп тұрғандай... Күн кешкіріп барады. Ағаш іші қара көлеңкелене бастады. Саз балшықты балшақтата жүріп келеміз. Жүріп келе жатқанымыз жоқ, ілбіп келеміз. Аяқтан өткен суға баттасқан балшық жабысып, барлық денеңді ауырлаты түседі. Оның үстіне қар араласа жауған жаңбыр да мазаны кетіруде. Осы жағдайда шаршаған жігіттердің арасынан ренжіген күңкіл де шығады: - Тоқтап, демалатын мезгіл болды ғой... - Екі табаным солқылдап барады. - Мұндай жүрісті құдай итке берсін... Бұл сөздерді естімеген адам болып келем. Кейбір жігіттер «политрук естімеген адам болып келем» дегендей жаңағы сөздерін қайталай, естірте айтады. Бәрі де шаршағандықтан белгі береді. Бір аттап, екі тоқтайтындар көріне бастады... Жуан қарағай өскен жерге келіп тоқтай қалдық.Шаршаған жігіттер отыра кетті.Мен кіші командирлерді шақырып алдым да,басқаларға естірте : «осы арада ұзақ демаламыз!»-дедім.Бұл сөз жігіттерге күш бергендей әсер етті. Олар қаружарақтарын ,арқалап келе жатқан нәрселерін ретке келтіріп,жинастырып жатыр.Коваленко мен Бұлышовқа екі үлкен шалаш жасатуды тапсырдым. Енді бір жігіттер шырпы жинауға кірісті. Шалаш та дайын болды.Осы айнала отырған жігіттерге қарасам :біреулері қалғи бастаған,енді біреулері шылым тартып отыр.Әркім өзінше демалысқа кіріскені көрінеді. -Жігіттер, біз осы арада таң атқанша демаламыз.Қазір от жағып, тамақ істейміз; киімімізді құрғатамыз,-дедім.

Шалаштарда от та жағылды.Маздап жанған оттың қызуына жігіттер кептірініп жатыр.Котелоктарға асқан ас та пісті.Үш-төрт күн бойына аузына ыстық алмаған жігіттер тамақтана бастады. Бойларына ас тарап жылына бастаған жігіттер жадырап сала берді.Шаршап қалжырағандары да естерінен шыққандай.Қалжың араласқан әзіл сөздер де айтылып жатыр. - Қалай Бұзаубек,ішіңе ауыл –үй қонды ма? - Мен тамақсау емеспін ғой. Ана Қайырбектен сұра... - Оны қайтесің. Бір котелок түгіл,бір қазан асқа тоймайтын Қайрекең «тойдым» деп айтар ма? - Сендер Қайрекеңді сөз қылып жатырсыңдар.Ол асын ішті де,қорылға басты. - Е,оған ұйқы мен тамақ болса болды,дүниенің төрт бұрышы түгел есептейді.Қайраң,Қайрекем-ай.... Ас ішіп демалған жігіттер, ұйықтауға кірісті. Шалаштың құрғақ жерінен жаралыларға орын берілді. Кіші командирлерді жинап алып,күзет қою керектігін айттым.Бұл сөзді естіген Шашко жаралы екендігіне қарамастан: - Біраз уақыт күзетке мен тұрайын,-деді. - Оның болмайды,сен жат та демал.Жігіттер де тынықсын.Күзетке Коваленко, Бұлышов,Хасенов төртеуміз тұрамыз,-дедім. ....Таң атып,күн де шықты.Демалып тыныққан жігеттер тамақтанғаннан кейін сақал-мұрттарын қырып бір жасарып қалды;қару-жарақтарын ретке келтірді.Тағы да жолға шықтық. Қалың ағаш ішімен жүріп келеміз.Кешегіге қарағанда бүгінгі жүрісіміз ширақ.Жердің батпағы да,көтерген жүгімізідің ауырлығы да білінбейтін секілді. Біраз жүргеннен кейін алдымыздан бір топ қызыл әскер шыға келді.Қуанып кеттік, «полкқа да қосылдық» деп ойладық.Жақындап келіп,түстеріне қарасақ ,біздің полктың адамдарына ұқсамайды.Бірақ кім екендерін білейік деп хал-жай сұрастық. - Кімсіңдер?Қайдан жүрсіңдер? - Көріп тұрсыңдар ғой:қызыл әскерлеріміз.Қоршаудан шығып келеміз. - Қайдағы қоршау? Кімнің қоршауы? Не қылған қоршау?-деп біздің жігіттер шу ете қалды.Бұрын «қоршау» деген сөзді естімеген ,қоршаудан шыққандарды көрмеген үшінші взводтың жігіттері жаңағылардың сөзіне таңырқана қарады. -Несіне таңырқанасыңдар?Сонау шекарадан бері қарай келе жатырмыз. -Е, «қоршау,қоршау» дегенше,немістерден таяқ жеп,қашып келеміз десеңдерші. -Қашқанымыз жоқ.Немістер қорғанысымызды бұзып өтті де бізді қоршауына алды.Ол иттердің қолына түспейік,кейіндегі совет әскерлеріне қосылайық деп келеміз ,немістермен соғыспай ағаш-ағаштың бұтасын паналап келеміз десеңдерші. -Олай демеңдер.Өздеріңнің де халдерің белгілі болып тұр ғой. -Біз сендер секілді қоршаудан келе жатқанымыз жоқ.Кейінгіге шегінген полкымызды іздеп келеміз. - Жарайды,жігіттер ,қысыр сөзді қойыңдар.Командирлерің кім?-дедім. - Командиріміз жоқ.

- Е,осынша топ өз бетімен келе ме,әлде араларыңнан сайлап алған бастықтарың бар ма? - Бастық менмін!-деп ұзын бойлы,сары жігіт алға шықты. - Аты-жөнің кім? - Сахнов Василий Николаевич . Біз әуелде сегіз адам едік,жолшыбай қатарымыз өсе берді.Қазір отыз жеті адамбыз.-Қандай қаруларың бар? -Көріп тұрсыздар ғой,он екі винтовкамыз бар.Олардың да өзі көп емес,басқа қаруымыз жоқ. -Енді не істемексіздер? - Әуелі өздеріңіз кім боласыздар? Сонан кейінгі жауапты біз айталық. Мен оларға өзіміздің кім екенімізді, қайда бара жатқанымызды айтып бердім. Содан кейін Сахнов жолдастарына бұрылып қарада да: - Біздің арманымыз Совет Армиясына қосылу еді. Оған жеткен секілдіміз. Өз бөліміміздің қайда екенін білмейміз. Сондықтан біздерді қатарыңызға алыңыздар. Басқасын кейін көре жатармыз. Осыным дұрыс емес пе, жігіттер? - Өте дұрыс! – деп оның жолдастары разылық білдірді. - Олай болса, әңгіме мынадай: біз сіздерді қатарымызға қосып алайық. Бірақ, бір жайды ескертуге тиістімін. Біздіғң міндетіміз: кейінге шегінген полкты тауып алу. Бұл оңай міндет емес. Алдымызда қиыншылығы мен ауырлығы көп жол тұр. Осыған шыдасаңдар ғана бізге қосыласыңдар, әйтпесе жолдарың болсын. - Оған шыдаймыз... - Жоқ, өз бетімізбен жүре берейік,-деген секілді сөздер де «қоршаудан» шыққандардың арасынан естіле бастады. Бұл жайды байқадым да, бір топ шыбықтың басын қосып сыпырғыш жасадым. Оны «өз бетімізбен жүре берейік» дедім. Ол қаншама күш салса да сындыра алмады. Екінші, үшінші жігіттің де оған әлі келмеді. Сонан кейін сыпырғыштың бір талын бере қойып ем, оңай-ақ сындыра салды. - Міне, қараңдаршы бір бау шыбық пен бір тал шыбықтың қайсысы мықты? - Әрине, бір бау шыбық мықты. - Ендеше, біз де сондаймыз. Жалғыз адам жаңағы бір тал шыбық секілді. Жалғыз адам жаудың қамалын бұзбақ түгіл, жүрер жолын тауып алуы да екіталай. Мынадай соғыс жаңғдайында жалғыз адам жау қарасын көргенде жанын қоярға жер таба алмай сасатыны да, тіпті ит пен құсқа жем болатыны да сөзсіз. Ал көпшілік ше? Көпшілік қандай қиые-қыстаудан болса да ақылмен жол табады: бір-біріне көмек көрсете қиынешылықтан құтылады. Көпшілікке аштық та, шаршап шалдығу да, азап шегу де бөгет бола алмайды, көпшілік мұнің бәрін жеңеді де мұратына жетеді. Олай болса, осы топтан бөліне-жарылу деген ойды тастаңдар, бәрің бізге қосылып, шегініп кеткен полкты тауып алайық, дер едім. Бұған қалай қарайсыңдар? - Дұрыс, бірге боламыз... - Жігітім, бұған сен не айтасың? – дедім «өз бетімізбен жүре берейік» деген жауынгерге. - Мен де сіздермен біргемін. Білместік жасағаным үшін кешірім етіңіз. - Сіздер полктарыңызды тпауып алып, оған қосылады екенсіздер, сонда біздің жайымыз не болмақ? – деді Сахнов.

- Біздің полк сіздерді өз қарамағына алуға қарсы болмас деп ойлаймын. Бәріміздің міндетіміз – жаудың шабылуын тоқтатып оған тойтарыс беру, жеңу ғой. Бұл міндетті біздің полкта жүріп орында, басқа полкта орында – бәрібір Совет Армиясының қатарында болып, азаматтық борышыңды өтесең болғаны... Қоршаудан шыққандармен осылай келісіп алғаннан кейін тағы да жолға шықтық. Кейде орман іші, кейде далаңқы жермен жүріп келеміз. Анда-санда алыста атылған зеңбірек даусы естіледі. Соғыстың дәл қай тұста болып жатқанын аңдау қиын. Бір мезгіл сол дауысқа қарай бұрыламыз, біресе солтүстік-шығысқа қарай тартамыз. Осылай жүріп отырып бір қалың ағаштың қойнауына келіп тоқтадық. Демалып отырмыз. Бір уақытта әлкімдердің дыбысы естілді. Қарай қалдық. Бізге қарай жеті-сегіз адам келе жатыр. Қару-жарағы көрінбейді, сақалмұрттары өсіп кеткен. - Мыналар кім екен? - Партизандар болар. Сақал-мұрты соларға ұқсайды. - Олар емес. Партизандар қарусыз жүрмейді. - Партизанды көрген кісіше соғатының-ай!.. - Мен оларды кинода көргем... – десіп жатыр жігіттер. Жаңағы адамдар қасымызға жақындап келді де, әлденені барлағандай тұрып қалды. - Ей, кімсіңдер? Бері келіңдер. - Өздерің кім боласыңдар? - Кім екенімізді бері келіп көріңдер. Неміс емеспіз... Олар қасымызға келді. Үн қатпай тұрып алды. - Танымай тұрсыңдар ма? - Түрлеріңе қарасақ, жарты тобың қызыл әскер сияқты, қалғандарың мына біздерге ұқсайды. - Өздерің кім едіңдер? - Бір кезде біз де қызыл әскер едіке, қазір ол атақтан айрылған адамдармыз. Қоршаудан шығып келеміз. - Түрегеп тұрмай, мына жерге отырыңдар. Өзіміздің ағайындар екенсіңдер ғой. Командирлерің қайда? Өздерің қанша адамсыңдар? - Біз көп адамбыз, елуден асамыз. Бәрімізді Рубцов деген кіші лейтенант бастап әкеле жатыр. Олар ана бір жерде тынығып отыр. Ол бізді сіздердің кім екендеріңізді біліп келуге жібірді. Біз жаңағы жігіттер айтқан топқа келдік. Шынында да олар бірсыпыра адам екен. Бәрінің де өңдері жүдеу, сақалшашы өсіп кеткен, кейбіреулері жалаң аяқ. Бір-екі винтовка болмаса, басқа қару-жарақтары көрінбейді. Алқа қотан отырған бұл жігіттердің арасынан аласа бойлы қоңқақ мұрын бір жігіт орнынан тұрды да, менің қасыма келіп: - Кіші лейтенант Рубцов,- деп өзін таныстырды . Оның командир екендігі сөзінен болмаса, үстіндегі киімінен аңғарылған жоқ. Мен оларға өзіміздің кім екенімізді қысқаша баян еттім. Содан кейін ол өзінің отрядымен таныстырды. Оның айтуына қарағанда, Рубцов қызмет еткен полк осыдан екі ай бұрын жаумен қатты соғысқан. Бірақ жаудың күші басым болып оларды басып өткен. Сол қоршау кезінде Рубцов өз бөлімінен айырылып

қалады да, қасына он шақты жауынгерді ертіп кейін қарай шегінген. Бұл топ жолшыбай өздері сияқтыларды қосып алып отырған. Қазір оның тобында елу төрт адам бар екен. Мұның ішінде алты адам ауыр жаралы, оларды осы араға дейін көтеріпа әкелген. Жолшыбай көп қиыншылықтар көрген, ашағап-шалдығуға ұшыраған. Рубцов екеуміз осылай әңгілесіп тұрғанда, басқа жігіттер де шүйіркелесе қалды. Бастан кешкенджерін айтысып жатыр. - Ағайындар, бір тартым темекілерің бар ма? Нәр татпағалы бірсыпыра болып қалды, жейтін бірдемелерің жоқ па? – дейді Рубцовтың жігіттері. - Ендігі ойың қандай? – дедім Рубцовқа. - Қолымызға қару ұстай алатындарымыз кейіндегі Совет Армиясына қосылу, жаралыларды госпитальға табыс ету. - Өз беттеріңмен жүре бермексіңдер ме? - Соны білмей тұрмын. Бұл жөнде жігіттермен де сөйлескем жоқ. Байқауымша майданға жақындап қалған сияқтымыз. Жаудың тылымен жүргенде онша қорқынышты емес еді. Ал қазір жағдай басқаша. Қару-жарағымыз жоқ, онсыз жау шебін жарып өту қиын ғой. - Олай болса біздің қатарымызға қосылып, бірге болайық. Осынша қол біріксе нәтижесі жаман юолмас, - дедім. Бұл ұсынысты Рубцов қабыл алды. Бірақ «жігіттермен де сөйлессеңіз екен» деп өтінді. Сол арада оның жігіттеріммен де әңгімелесіп, оларға да бағана Сахновтың жолдастарына айтқан сөзімді қайталап шықтым. Жігіттер тез келісті. Бәріміздің үлкен бір топ болғанымыз разылық білдіріп жатыр. - Сіздерде тамақ жағы қалай? Бізде ешнәрсе жоқ Күнімен бірде-бір селоға бұрыла алмадық, жолдың бәрін жау алып қойған. Ерсілі-қарсылы ағылып жатқан немістер, - деді Рубцов. Рубцовтың бұл сөзін естіп тұрған Коваленко мен Бұлышов жігіттерінің қапшықтарында аздағаназық барлығын. Бірақ ол осы тұрған жауынгерлерге жетпейтіндігін айтты. Сол арада үшінші взвод жігіттерінің қапшықтары қағылды да, ондағы аздаған азық жиналды. От жағылып, тамақ пісіру қамы істеліп жатыр. Әрі-беріден соң тамақ та дайын болды. «Өле жегенше, бөле же» дегендей бір қасықтан болса да піскен ас жігіттерге тең бөлінді. Ең алдымен жаралы жолдастарды тамақтандырдық... Аз да болса жалғаған жігіттер біраз отырып демалағаннан кейін тағы да жолға шықты. Жігіттердің алдында Коваленко екеуміз, ең соңында Рубцов пен Бұлышов келе жатыр. Күн бата қар жауып өтіп еді, артынша-ақ жаңбыр сіркірей бастады. Жүріс ауырлап барады. Жаралыларды көтеріп әкеле жатқан жігіттерді әлсін-әлсін ауыстырып келеміз. Қалың ағаш ішінен келіп едік, алдымызда тас жол жатыр екен. Ағаш арасының батпағы мен сазын белшеден баса жүргеннене де, аз да болса тас жолмен тартайық деген ойға келдім. Жолға қарай шыға бергенде, арт жағымыздан гүрілдеген машина даусы шықты, жата қалдық. Алдыңғы шамдарын жарқырата бірнеше машина өтіп кетті, үсті толған фашистер. - Мыналарды тайраңдатып қойғанымыз ба, неге айтпаймыз? – деді Коваленко күтейік бірақ жаралылар мен шаршаған жігіттерді ағаш ішіне қарай

жіберейік, - дедім. Оларды Рубцов бастап кейін алып кетті. Біз жиырма адам фашистерді тосып, жол бойында қалып қойдық. Күтіп жатырмыз, бірақ келе қойған машина болмады. -Мотор даусы шығады,дайындалыңдар,-деді Бұлышов. Айтқандай-ақ,шамы жарқыраған бірнеше машина көрінді.Коваленко қолына танк қиратқыш екі гранатаны алды да,жолдың жағалауына жасырына қалды.Басқаларымыз пулемет ,мылтығымызды оқтап дайындап тұрмыз.Алдыңғы машина жақындап қатарласа бергенде,Коваленко гранатаның біреуін машинаның моторына ,екіншісін фашистердің отырған ортасына тастап-тастап жіберді.Гранаталар гүрс ете жарылды да, машинаны барлық адамымен аспанға ұшырды.Оның үстіне арт жақтан ызғытып келіп қалған машиналар тұра-тұра қалысты,айғай-шу шығып жатыр.Біз де барлық винтовка,пулеметтен оқты бұрқыратып жібердік.Қаперсізде соғылған фашистер жолдың сол жағына ойыса бастады.Оларды да атқылап жатырмыз,фашистер де есін жинап атысуға кірісті.Біз ағаш ішіне қарай шегіне бердік.Бірақ фашистер бізді қуған жоқ.(Ол кезде фашистер ағаш арасынан ,әсіресе түнде қатты қорқатын еді).Жаудың қанша адамы жойылғанын білмеймін,әйтеуір сол кеште ісіміз сәтті болғаны мәлім. Жолдастарымызды қуып жетсек,олар бізді тосып отыр екен.Біз енді тас жолды жанамалай ,ағаш ішімен тағы да жүріп кеттік.Жердегі сазды көктегі жауын мибатпаққа айналдырып жібергендіктен жүрісіміз ауырлап барады.Мұндай жағдайды жаралылар көтере алмай келе жатқаны байқалады. -Мені несіне сүйретіп әкеле жатырсыңдар.Бастарыңа бейнет болғаннан басқа пайдам жоқ.Осы арада қалдырып кетіңдер,немесе атып тастаңдар ,уйіме «өлді» деп хабарлаңдар,-дейді бір ауыр жаралы. -Осының сөзі дұрыс-ау ....-дейді енді бір жігіттер.Бұл сөздерді естігенде тұла бойым шымырлап кетті.Тағы да біраз жүре түсейік деген ойдан қайттым да,жігіттерді сол арада тоқтатып демалыс жарияладым. Мен жанағы жаралы жігіттің қасына келіп хал-жайын сұрадым.Осыдан бес күн бұрын оның өкпесіне оқ тиген екен,денесі оттай жалындайды,сөйлеуге әлі келмейді.Оны жолдастары жайғастырып жатқызды да,үстін палаткамен жылы ғып жауып тастады.Басқа жаралылар да осылай реттеледі. Таң ата орнымыздан тұрып от жақтық та,ыстық су қайнатып іштік.Жүрер алдында жігіттерді қатарға тұрғызып қойып ,біраз хал-жайды баяндап өттім.Жағдайымыздың ауырлығын ,оған шыдамдылық керектігін айтып жатырмын.Тәртіп бұзушы болса «атып тастаймын» деп қорқытып да қойдым.содан кейін жаралы жолдастар жайын ескерттім. -Кеше ауыр жаралы бір жігіт «мені несіне әкеле жатырсыңдар ,атып кетіңдер»,- деді. Бұл сөзді қостаушылар да болды.Осы дұрыс па?Жоқ,бұл қате.Бәріміздің өмір сүргіміз келеді.Жаралы жолдастарымызды басымызға бейнет болады деп атып тастай берсек ,онымыз нағыз тағылық,оңбағандық болады.Бүгін мен саумын ,ертең жаралы болмасыма кім кепіл?Сонда мені жаралысың,бейнетсің деп жолдастарым атып тастаса,бұған не демекпін?Мұндай хал бәріміздің де басымызға келуі мүмкін.Сондықтан жаралы жолдастарды тастамай алып жүруадамгершілік міндетіміз.Бұл міндетті орындауда бас тартушылар болса,менен

жақсылық күтпесін.Ондайларға арамыздан орын жоқ.Бұдан былай жаралыларды алып жүру ісіне коммунист Бұлышов жауапты!-дедім. ...Ілби басып,ара-тұра демала жүріп келеміз.Қарға адым жер мұң болғандай халдеміз...Сағатқа қарасам ,күндізгі бірден асып барады екен.Сол мезгілде ағаш арасы селдірей бастады,алдымызда жазық алаң көрінеді.Орманның шетіне шығып,айналаға көз салдым.Екі-үш шақырым жерде бір село көрінеді.Сол арада отрядты тоқтатып ,демалыс жарияладым да ,барлық командирлер мен коммунистерді жинап алдым: -Ана тұрған селоны барлап қайту үшін он кісі жіберуді ұйғарып отырмын.Оған Коволенко мен Сахновты басшы етсек деймін. Командирлер мен коммунистер бұл ұсынысты қарсы алды.Селоны барлап қайтуға бөлінген жігіттердің міндетін түсіндірдім де ,Коваленкоға айрықша тапсырып.-Селода кім бар екендігін ,Совет Армиясынан не хабар барлығын анықта!Мүмкіндігі болғанша тез оралыңдар,-дедім. Барлаушылар кетіп қалды,олардың тез қайтуына тілектес болып жігіттер отыр.Күн салқын еді,түнде жауған ақша қар аздап еріп жатыр.Әрі тамақтың жоқтығы,әрі күннің салқын болуы жігіттерге әсер етуде.Жаураған адамдар жаудырай қарасады.Кейбіреулері наразылықпен күңкілдеп : «Мына политруктың соңына ереміз деп сорладық-ау.Өз бетімізбен кете бергенде тамақ тауып ішетін едік»,-дейді.Енді біреулер : «Қап,бұл топқа несіне қосылдық екен. Аштық күйге ұшырадық қой»деседі. Бұл сөздерді «политрук естісін» дегендей қаттырақ айтады. Темекі тағы сондай тамақтар толып тұр екн. Сол жерде жігіттерді он-он бестеп бөліп, азық қоймасына алып келдім. - Мына тамақтардан қапшықтарыңа, қойын-қоныштарыңа сыйғанша алыңдар,-деймін. Жігіттерге керенк азығын алып, болып, қоймадан да шығып жатыр. Содан кейін оларды қару-жарақ қоймасына алып келдік. Одан алғанымыз немістің автоматтары, оғы болды. Қоршаудан шығып, қару-жарақсыз келе жатқан жігіттер құралданып қалды. - Өзіміздің винтовканы тастап, автоматты алсақ қайтеді? – деді бір жігіттер. - Ол юолмайды. Өзіміздің винтовканы тастауға правомыз жоқ. Сол винтовкаға қоса автоматты да алыңдар, - деймін. Біз шаруамызды бітіріп бола берген кезде, бірен-сарандаған село адамдарды қасымызға келді. Оларға да азықтан үлес беріп жатырмыз. Мұны көріп басқа да кемпір-шалдыр, бала-шағалар келіп, керектерін алып жатыр... Жігіттерді қайтадан қатарға тұрғызып, жүруге ыңғайлағанда: - Бірер сағат осы селода демалсақ, тамақтансақ қайтеді? –деген сұраулар болды. - Жоқ, оған рұхсат етілмейді. Бұл село тас жолдың үстінде, біздер үшін қауіпті жер. Енді бір он-он бес минуттан соң жау әсерлері келіп қалса, не істемекшіміз. Бәріміз қырылып қалуымыз мүмкін. Сондықтан үш-төрт шақырым ілгері жүреміз де, қалың ағаштың ішіне барып демаламыз. - Бұл дұрыс ақыл екен. Солай-ақ болсын... - Мына қолға түскен фашистерді қайтеміз? Өзімізбен бірген ала кетеміз бе?

- Оларды Коваленко мен Сахновқа тапсырдық. Ретіне келтірер... Жігіттерді Рубцовқа бастаттым да, ағаш ішіне қарай жөнелтіп жібердім. Рубцовқа бастаттым да, ағаш ішіне қарай жөнелтіп жібердім. Өзім қасыма жеті адам алып қалдым да, жаудың екі қоймасын өртеп жіберу туралы бұйрық бердім. Олар бұл бұйрықты тез орындады. Жау қоймалары өртене жанып, сатыр-күтір етті... Селодан біраз жер ұзап шыққанда, гүрілдеген мотор даусы да естілді. Оның жаңағы селоға келе жатқан жау адамдары екендігі байқалады. Біз артымызға бұрылмастан ілгері қарай, қалың ағашты бойлап кете бердік. Жүріп келеміз. Алғаш түскен ағаш ішін жарық қылып тұрғандай...Біраз жүргеннен кейін демалуға тоқтадық. Сол жерде ағып жатқан су да бар екен су да бар екен. От жағып, тіршілік қамына кірістік. Қатар-қатар мосыға котелоктарді іліп, тамақ пісіріп жатырмыз. Мен кіші командирлерді жинап алдым да: - Жігіттердің тамақтануына мұқият болыңдар, бірден көп жеп қоймасын. Әуелі май жағып тақыл-тұқыл нан жесін. Қатты режим сақтаңдар. Әтпесе аш қарын көтере алмай жүрер, - деп ақыл беріп жатырмын. Сол жерде таң атқанша демалдық. Жігіттер де тынығыпқалған секілді. Ертеңгі тамақтан кейін кірімізді жуып, сақал-мұртымызды алып жатырмых, қаружарағымызды да ретке келтірдік. Күндізгі сағат он кезінде тағы жолға шықтық. Жүріп келеміз. Аяқ басымыз пысық, көңіл көтеріңкі. Әлдеқайда болып жатқан атыс даусы естіледі. Тіпті жақын тұста атысып жатқан сияқты. Зеңбіректі былай қойғанда, тыр-тыр еткен пулемет дауыс да шығады... - Ұрыс қарай және жан-жағымызға барлаушылар жіберсек қайтеді, - деді Рубцов. Бұл ұсынысты мақұл көрдік те, алға қарай және оң мен солымызға барлау жібердік. Олар екі сағатқа жуық жүрді де қайтып келді. Алдыңғы жаққа барған Коваленко мен сол жақты шолып қайтқан сержант Шмелев аса бағалы хабар әкелді. Шмелевтің айтуынша: біздің сол жағымызда бір километрдей жерде қара жол бар, осы жолмен ілгері қарай жау бір деревня барлығын және ұрыс сол маңда болып жатқандай да жау көрмедік, осы арадан екі километр жерде қалың ағаш ішінде орианшының үйі барлығын және ол маң батпақты жер екендігін хабарлады. - Орманшының үйінде болдыңдар ма? - Болдық. Бір шалдан басқа ешкімді кездестірмедік. Одан жөн сұрап едік, мардымды сөз айтпады. Қолымыздағы неміс автоматтарын көргендіктен бе, әйтеуір бізге ол сенімсіздікпен қарады. «Мен ешнәрсе білмеймін» деумен болыд. Біздің: «бұл арада қандай жол бар?» дегенімзге, «Жол жоқ, бұл жерден өту қиын», - дей салды. Барлаушылар әкелген хабарды қорыта келіп, орманшының үйіне қарай тартайық деген қорытынды жасадық. Жүріп кеттік. Біраздан соң алдымызда ашық алаң көрінді. - Орманшыеың үйіне де келіп қалдық та, қасыма бірнешге адам алып орманшының үйіне келдім. Орманшы шал біздерді өз кісіссіндей қарсы алды. Амандасып жөн сұрасқаннан кейін:

- Сендердің қызыл әскерлер екендіктеріңе енді ғана көзім жеткендей. Бұған қолдарындағы орыс винтовкасы айғақ. Бағана мына жігіттер келгенде, - деп, ол Қасымбековке қарады, - мен бұларды басқаға санап қалдым. Бәрінің қолында неміс автоматы. Қызыл әскершне киінген жау ма деп күдіктеніп ем... - Сақтанғаныңыз жөн болған. - Дұрыс айтасыз...Уақыт болса мынадай, сақтықта қорлық жоқ деген ғой... - Күмәніңіз болмасын,- деп орманшы шалға Коваленко екеуміз документімізді көрсете бастадық. - Керегі жоқ, керегі жоқ. Өз адамдарымыз екендігтеріңе енді ешқандай да шүбәм жоқ... Иван Никифорович деп аталатын бұл орманшы көп мәлімет берді. Оның айтуынша, Қызыл Армия бөлімдері жаумен Спасс-Рюховское тұсында соғысып жатқан көрінедң, ұрыс басталғалы екі-үш күн болған. Орманшының үйінен СпассРюховское селосына дейін алты шақырым көрігнеді. - Осы тұрған жерге жаяу адам болмаса, машина келе алмайды. Айнала саз, батпақ, үлкен жол жоқ, - дейді Иван Никфорович. Және ол біздерді Қызыл Армия бөлімдеріне қарай ағаш ішінің жолымен апарып салуға әзір екендігін айтты. Кейінде қалған жігіттер де келді. Орман ішінің жіңішке жолымен солтүстікшығысқа қарай бет алдық. Бәрімізді Иван Никифорович бастап келе жатыр. Әрібері жүрген соң жазық алаңға да шығып қалдық. Бір уақытта сол жағымыздан пар ет жеккен арбалы адамдар көрінеді. Олар қасымызға келіп тоқтай қалысты. Арба үстінде бес-алты жаралы жауынгер отыр. Жөн сұраса келсек, бұлар көрші полктың адамдары екен. Қуанғаннан «Ура» деп ағайлап жібердік. - Полк қайда? Штаб қайда? – деген сияқты сұрауларды жаудыртып жатырмыз. - Ана бір ағаштың арғы бетінде полктарыңның шаруашылық бөлімі тұр, штабың қай жерде екенін білмеймін, - деді ат айдаушы жігіт. Сол арада Иван Никифоровичке көп рахмет айтып қоштастық та, полкқа қарай тарта жөнелдік. Қуанғаннан ба, әлдеқалай, боймызға ерекше қуат пайда болған секілді. Ширақ баса, адымдай жүріп келеміз. Атшы жігіт айтқан жігіттері шыға келді. Шаруашылық бөлімінің политругі Наум Григорьевич Исаков жүгіріп келіп, құшақтап жатыр. Амандық-саулық сұрасудамыз... Жаңағы жерде қатарымызда келе жатқан жаралы жолдастарымызды полкттың санротасына табыс еттік. Оларға дәрігерлер көмек көрсетіп жатыр. - Жолдас политрук, қайтып көріскенше қош-сау болыңыз, - деп Шашко көзіне жас алды. Даусы қалтырап шықты. Бір-бірімізді қимай тұрған сияқтымыз. - Василий Кондратьевич, жараңуның жазылып, қатарға қосылуына шын тілектеспін. Аз уақыттың ішінде етбауыр жолдас болдық. Адал қызметіңе, жолдастық көмегіңе көп рахмет. Адрес өзіңе белгілі, хат салып тұр. Бәлкім, тағы да сүйісіп айырлдық. (Сөз арасында айта кетейін, Василий Шашконы содан кейін өзім жүрген майдандарда кещдестіре алмадым. Онымен тек 1952 жылы ғана жолықтық. Бұл кезде ол Қырғыстаннын Түп райкомында істейтін еді. Қазіргі күнде де ол сол ауданда жауапты қызметте жүр. Алғашқы рет жараланып жазылғаннан кейін де майданда болып, соғыс жеңіспенбіткеннен кейін де

майданда болып, соғыс жеңіспен біткеннен соң ғана әскер қызметінен босанған екен.) - Полктың штабы қай жерде? – дедім Исаковқа. - Мына алдымызда көрініп тұрған Спасс-Рюховское дейтін село. Полк штабы сонда, бер жақтағы шеткі үйде, - деді ол. Қарамағымдағы барлық жігіттерді ертіп алып, полктың штабына тарттық. Екі жақтың артиллериясы гүрсілдетіп атысмып жатыр, алдыңғы жақтан тыр-тырлаған пулемет даусы естіледі. Спасс-Рюховское жете бергенде, жігіттерді Коваленкоға тапсырып ағаш ішіне қалдырдым да. Өзім полк штабына тарттым. Қасыма Дубцов пен Бұлышовты ертіп алдым. Полк штабы орналасқан шеткі үйді де оңай тауып алдық. Үйге ене берген кезде, алдымыздан генерал-майор Панфилов пен полковник Капров шыға келді. Мен генералға әскери тәртіп бойынша өзімнің кім екенімді, қазір қайдан келіп тұрғанымды қысқаша баян еттім. Генерал қолымды алып амандасты да: - Жүріңіз, үйге кірейік,- деді. Үйге кіргеннен кейін мен генерал мен полковникке бастан. Кешкен барлық жағдайды толығынан айтып берідм. Қазір өзіміздің үшінші взвод жігіттерін қосқанда, үш адам бар, дедім. - Бәрекелді, қызметтеріңе көп рахмет. Міне, көрдіңіз бе, - деді генерал Капровқа қарап, - біздің жігіттер қалай соғысады. Саналы совет азаматтары осылай болуға тиіс,- деп біраз ойланып отырды да: - Жолдас политрук, осы айтқандарыңызды кейінде қағазға түсіріп жазып беріңіз. Бұл дивизияның тарихы үшін керекті матириал, - деді. Сонан кейін: - Тамақ іштіңіздер ме? – деп сұрады. Бірақ ол жаңағы сұрауының жауабын күттірмей: - Жолдас полковник, бұл жігіттерді мықтап тамақтандырыңыз, - деді. - Жолдас генерал, сізден бір сұрауым бар еді. Соны айтуға рұқсат па? - Рұхсат, айтыңыз. - Жаңағы 143 жігіттіңғ ішінде өзіміздің үшінші взводтан тек 24 адам бар. Қалғандары қоршаудан шығып қосылғандар. Оларды қайтеміз? - Сенікі, менікі дейтін кез емес. Ол жігіттердің бәрі де совет азаматтары. Қолына қару алып, жаумен соғысуға міндетті. Үшінші взводтың жігіттерімен келгендерді полктың есебіне алу керек. Оларды киіндіру, қаруландыру және қай ротаға бөлу мәселесән, жолдас полковник, өзіңіз шешіңіз, - деп Капровқа тапсырды. Біраз әңгімелескеннен кейін генерал қош айтысып, кетіп қалды. Полковник Капров шаруашылық бөлімінің адамдарын шақырып алды да, менімен келгеен жігіттерді киіндіру, қаруландыру, алды да, менімен келген жігіттерді киіндіру, қаруландыру, тамақтандыру туралы бұйрық берді. Мені өз қасына алып қалды. Осы кезде алдыңғы жақтан Мұхамедияров та келді; амандасып, көрісіп жатырмыз. Полковник Капров полктың алғашқы айқасын, жігіттердің қалай соғысқанын, қандай ерліктер жасағанын айтып берді. Үшінші ротаға Шутьтің орнына командир болып лейтенант Горшковтың тағайындалғанын естіртті.

- Біз өзіңді де қаза болғандардың қатарына қосып едік, - деді Мұхамедияров, - орныңа басқа бір политрукты тағайындағанбыз. Енді ротаңа қайта барасың да, міндетті қызметіңді атқара бересің. Қазір өзіңмен жігіттерге баралық. Үйден шыға келсек, күн ұясына барып қалған екен. Полковник Капров пен Мұхамедияровтың соңына ере, жігіттерге келдік. Ауа ғажап! Мен жігіттерімді танымай қалдым. Бәрі жаңа киім киген, қаруланған. Өңдері көз қуантып тұр. Рубцов команда беріп, жігіттерді полковник шолып өтті де, олардың бәрі де де полктың тізіміне алынғандығын және осы сағаттан бастап роталарға жіберілетіндігін айтты. - Бір сұрау беруге бола ма? – деді оң жақта тұрған жігіт. - Айтыңыз. - Біздің тілегіміз: қасыңызда тұрған политруктыңб ротасына жіберсеңіз екен. Аз күн болса да танысып қалып едік... - Бұл тілектеріңіз дұрыс, бірақ қазіргі жағдайда оны қабылдай алмаймын. Сіздер полктың бір ротасына емес, басқа роталарына да керексіздер. Мен өзімнің үшінші взводымды және оған қоса Сахновты алып, күн бата ротама келдім. Күні бойына келгенде ротадағы жігіттер қорғаныс шебінде екен. Күні бойына жаумен арпалысқан жігіттер кеш түсе дамылдауға кірісті. (Ол кезде күн батысымен-ақ соғыс та саябырлайтын.) Бәріміз көрісіп жатырмыз. Лейтенант Горшков екеуміз жас баладан құшақтаса кеттік. Ол осы ротаның бірінші взводында командир болаитын, ақжарқын, кішіпейіл,ашық мінезді, бірақ әрбір сөзін салмақпен ойлана айтатын жігіт еді. Түн ортасынан ауып барады. Күнімен соғыста болып, біраз демалған жігіттер, өздері отырған қорғаныс шебін жау өтпейтін бекініске айналдыру үшін тағы да жұмысқа шебін жау өтпейтін бекініске айналдыру үшін тағы да жұмысқа кірісті. Ертеңгі ұрыстарға даярлық қамын жасауда...

1941 жыл. Ноябрь айының он бірі. Кейіннене дүние жүзіне атағы шыққан панфиловшы 28 батыр қорғаған Дубосеково разъезінің солтүстік-батыс жағынан біздің ротамыз қорғаныс шебін жасап жатқан кез еді, түс қайда полк штабынан хабаршы келді, мені полк командирі шақыратындығын айтты. Полк штабы темір жол бойындағы бір будкаға орналасқан еді. Айналасы қалың қарағай болатын. Штабқа келсем,полковник Капров жоқ, комиссар Мұхамедияров отыр екен. Онымен амандасып, шақыру бойынша келгенімді айттым. - Сіз білмейсіз бе, полковник мені неге шақырды екен? - Білем. Полковник үшінші батальон жағына кетіп еді, қазір келіп те қалар. Бірақ, оның келуін тосып отыра алмассың. Сондықтан істің жайын айтайын.

Жоғарғы командованиенің бұйрығы бойыншы әрбір полктан автоматчиктер ротасы құрылмақ. Ә, міне полковник те келді. Полковник Капров кіріп келгенде, мен орнымнан тұрып сәлем бердім. Ол қолдасып амандасты да, отыруымды сұрады. - Мұнда сізді неге шақыртқанымсыз туралы комиссар айтқан болар, - деді полковник. - Жаңа ғана айта бастап ем... - Оның дұрыс екен. Одан арғы әңгіме мынадай. Біз сізді сол жаңа құрылатын автоматчиктер ротасына политрук етіп тағайындап отырмыз. Бұған қалай қарасыз? - Қалай дейтіні бар? Партиялық тапсырманы қолдан келгенше орындауға міндеттімін. - Жарайды, бұған келістік. Енді автоматчиктер ротасының міндетін айтайын. Автоматчик дегеннің кім екенін білесіз. Ол жаудың ойламаған жерінен ойран салатын айбынды күш. Автоматчиктер ротасы полк командирінің қарамағында болады; қай жерден қауіп туса, сол жерге жіберіледі , - деп полковник алдағы міндетті айтып берді. - Ротаның командирі кім? Ротаға керекті жігіттер қайдан келеді? - Ротаның командирі әзірге жоқ. Оны кейінрек тағайындаймыз. Соған дейін командир де , политрук өзіңсің. Ротаға керекті жігіттер батальондардан алынады. Бұл жөнде бұйрық берілді, - деді полковник. - Автоматчиктер алғыр, жылпос, шаршауды білмейтін төзімді адамдар болуға тиіс. Батальондардан осындай жігіттерді таңдап алуың қажет, - деді Мұхамедияров. - Ондай жігіттерін батальондар бермей жүрмесе... - Неге бермейді, береді. Олар бұл жөніндегі бұйрықты біледі, оны орындауға міндетті, - деді Капров. - Басқа жайды соңыра таман тағы сөйлесерміз. Қазір ротаңа бар да қызметіңді тапсыр. Сенің ротаңа аға политрук Сырицкий тағайындалған. Ол ендігі ротаңда болар, - деді комисар. Ротама келсем, аға политрук Сырицкий мені күтіп отыр екен. Танысып амандасқаннан кейін іске кірісті. Ротамен таныстырып шықтым. Біраз бірге болған майдандас жолдастар менің басқа бөлімге ауысатыныма қынжылғандай болды. - Алысқа кетіп жатқаным жоқ, әлі де талай рет бірге боламыз ғой... - Бізді де өз ротаңызға ала кетіңіз, - деп сыбырлап қалды Коваленко мен Сахнов. - Жалғыз екеуіңді емес, басқа да жігіттерді қатарыма аламын. Оны ертеңдер білесіңдңр, - дедім оларға. ...Қас қарая полк штабына келіп, комиссарға жолықтым да, қызметімді тапсырғанымды айттым. Бұл сөзді естіген Капров: - Автоматчиктер ротасын құру ісіне ертең ертемен кірісіңіз. Бүгін жатып демалыңыз, - деді де, тағы да ол туралы сөйлеп кетті. Содан кейін комиссарға бұрылды да: - автоматчиктер ротасын құрысуға полктың комсоргы политрук Жетпісбаев көмектессе қайтеді? – деді

Қарсылық жоқ, - деп комиссар штаб маңкында жүрген политрук Балтабек Жетпісбаевты шақырып алды. Оған автоматчиктер ротасының құрылатынын және іске көмектесуді тапсыратынын айтты. Полк штабы орналасқан будқа кішкентай ғана үй еді. Кешке қарай алдыңғы батальондарын штаб командирлері қайтып келіп жатты да, кішкене бөлменің өзін тарылтып жіберді. Бөлменің ауасы көк ала түтінге араласа ауырлай бастады. Балтабек екеуміз далаға шығып кеттік. Далаға шықсақ, түн маужырап тұр екен. Жерге қар түскен. Қалың қарағай ішінің таза ауасы адамның тынысын кеңейте жадыратып жіберді. - Көріспегелі көп уақыт болды, сағынып қалдық қой, - деді Балтабек. Расында да Балтабекпен көріспегелі біраз уақыт болғанды. Жақсы көретін жауынгер жолдасыңмен айтып жеткізе алмайтын жан сезімнің жалт еткен бір көрігніс секілді еді. Балтабекті жалғыз мен ғана емес, полктағы барлық командирлер де қатардағы жауынгерлер де қатты құрметтеп, бірі аға, бірі іні есебінде бағалайтын. Олай еті себебі де бар. Соны қысқаша еске ала кетелік. Жоғарғы командованиенің ұйғаруы бойынша Алматыда атқыштар дивизиясы құрылған кезде әскер қатарына шақырылған запастағы политруктің бірі осы Балтабек Жетпісбаев болатын. Ұзын бойлы, алып денелі жігітпен қабылдау комиссиясында ғана танысқанбыз, одан бұрын көрмеген, білмеген адамым еді. Бәріміз бір полкқа келіп, басқа политруктер секретары болып тағайындалған. Әскер қызметіне алынған политруктер әскери киім киіп шыға келгенде, бірбірімізге аң-т аң бола қарасқан едік. Әскери киім бойымызға қонбай, олпы-солпы секілді болып көрінген. Тек Балтабекке ғана сол киімдер жараса кетіп еді. Осы қалпында оны ең үлкен командир, өмір бойы әскер қызметінде келе жатқан адам деп қалғанбыз. - Біздің бойымызға мына киімдер үлеспей-ақ тұр. Ал сізге оның қона кеткені былай тұрсын, жарасып-ақ тұр, деп – деп Балтабекке қалжың айтып жатырмыз. - Ол рас, дейді Балтабек, - бұл киімдер мені сағынып қалған секілді. Өйткені бұлармен қоштасқалы көп жыл болған жоқ. - Қалайша? - Мен жасымда тұрмыстың ауыртпалығын көп көрген қазақпын, кісі есігінде де болдым. Содан әскерге алынып қана көзім ашылған. Қазақатың ұлттық атты әскер бөлімі құрылған кезде мен әскерге алындым. Атты әскер полкында қатардағы жауынгерден бастап, командирлік қызметке дейін көтерілдім; партия қатарына өттім. Менің біраз өмірім осы полкпен байланысты. Полқа да, оның командирлеріне де көп рахмет: адал тәрбие берді, оқытып білім берді, шынықтырып өсірді. - Бәсе, мына киімдердің сізге жараса қалуында сондай бір мән бар екен ғой... - Болса болар, - деп Балтабек жымыңдап қояды. Полктағы комсомол бюросына секретарь болған Балтабек өз қызметіне асқан ұқыптылықпен кірісті. Полктың барлық бөлімдерінде комсомол ұйымдарын құру, оларға көмек беру, жұмысты қалай істеу, не нәрсеге көңіл аудару керектігі жөнінде көп еңбек сіңірді. Ол күні-түні роталарда болып, ондағы командирлер мен политруктерге жәрдемдесіп жүрді. Жастар арасында үлгі-нәсихат, әңгіме жүргізумен ғана болмай, соғыс өнерін, қару-жарақтардың тетігін үйрету ісіне де белсене араласты.

Көп жылдар бойына атты әскер полкынан алған біліміг басқаларға беріп отырды. Осынысы үшін де оны жауынгерлер болсын, командирлер болсын қатты сыйлайтын еді. Балтабек -көпшіл адам. Бір ғажабы – жұртты ұйымдастырғыштығында. Жауынгерлердің шаршағанын көре қалсақ болғангы, оларды сергітіп, қуаттандырып жіберетін амал табатын. Онысы – қызық-күлдіргілер, өлең айту. Бұған ол өте шебер-ақ. Әншілік даусы болмаса да, қасына бірнеше жігітті жинап алып өлеңдете жөнеледі, әнді бастаушы да, керекті жинап алып өлеңдете жөнеледі, әнді бастаушы да, керекті жерінде көтермелеп айғайлаушы да өзі болады. - Шіркін, жақсы ән жанға таныс қой. Шаршағаныңды тез жазатын ем де – осы ән, - дейді Балтабек. Ол – кішіпейіл, ақжарқын, қақ-соғы жоқ, бала мінезді жігіт. Жолдастарының бәріне жаны ашитын, командирлерге де, қатардағы жауынгерлерге де сүйіспеншілікпен қарайтын. Оның бұл мінезіне разы болған жолдастары «жолдас политрук» , немесе «жолдас Жетпісбаев» демей, «Дәуқара» дейтін Балтабектің алып тұлғалы келбетін әсірелеп айтудан туған бұл атақ, оған үйлесіп те, жарасып та тұратын. Жаратылысындағы дене мүшесі қандай ірі болса, оған жайдары жарқын мінезі қосыла келіп, Балтабекті одан сайын өскелеңдетіп жіберетін. Жолдастарының сүіспеншілікпен үлкейте атауын Балтабек жақсы түсінетін., бірақ ол бұған дардайып үлкендік мінез көрсетпейтін, бір қалпында болатын. Біреуді ағадай, біреуді інідей сыйлай білетін ол, жақын көретін жігіттерге «сіз,біз» деп отырмайтын, «сен,мен» деп анайы түрде сөйлесетін. Осы бір «сен,мен» деуінің өзі-ақ жақсы жолдастықтың белгісін көрсететін. Ол менен он шақты жас үлкен еді. Сондықтан алғашқы кезде «сіз,біз» десіп жүрдік. Бертін келе, әбден танысып алған шақта: - Осы «сіз,біз» деуді қоялықшы, - деді. Содан былай етбауыр сырлас болып едік. Алматыдан майданға аттанғанда Балтабек бәріміз бір эшлонда болғанбыз. Одан кейін Волоколамск маңына келгенге дейін де ол талай рет біздің ротада болғаны бар еді. Ал алғашқы ұрысқа кірер алдында, Осташево түбінде екі рет кездескенбіз. Жағдай тығыз-таяң болғандықтан ұзақ отырып сөйлесе алмағанбыз. Сонда ол: - Мен комиссардың бұйрығы бойынша екнші ротаға бара жатырмын. Ұрыс кезінде сонда болам, - деген еді. Содан бері біраз уақыт өткен. Бұл кезде Балтабектің қайда және қандай жағдайда екендігінен еш хабарым болмаған еді. Міне енді онымен жүзбе-жүз көрісіп отырмыз. Түнгі таза ауада ұзақ жүріп, соңғы күндері бастан кешіргендерімізді бір-бірімізге әңгімелеп келеміз. Балтабек алғашқы ұрыстардан алған әсерін, кімдердің қалай соғысқанын, қандай ерліктер жасағанын сөйлеп кетті. - Өздеріңмен соңғы рет Осташево түбінде кездескеніміз есіңде болар. Содан мен екінші ротаға бардым. Ротаның командирі Прохоров та, оның политругі Манап Мусин де өжет, пысық жігіттер еді ғой. Ротаның қорғаныс шебімен танысып, жігіттермен әңгімелестім. Бәрі де сақадай сайланған, фашистермен

қырқыса соғысуға әзір отыр екен...Ертеңіне жау екінші ротаға шабуыл жасады, артиллериясынан атқылап жатыр. Танкілерінің қолдауымен жаудың жаяу әскерлері тікелей шабуылға шықты. Күн шатырлап, найзағай жылтылдағандай болады. Жер-дүние солқ-солқ етеді... Фашистік басқыншылар қаншама әрекет жасаса да, екінші ротаның қорғаныс шебін бұзып өте алмады. Жігіттерге көп рахмет, жаудың шабылуына тойтарыс бере қайсарлана соғысты, фашистерді қорғаныс шебіне жеткізбей ұрып берді. Бұл күні бірде-бір фашист ілгері аттап, ротаның қамалына жақындай алмады. Күштің айқас ертеңіне қайтадан басталып кетті. Екі жақтың зеңбірекшелері бәсекелескендей атысып жатыр. Бір мезгілде жаудың снаряды түсіп, ротадағы станокты пулеметтің расчетын қатардан шығарып тастады, сол арада пулеметке жүгіріп бардым да, жұмысқа кірісіп кеттім...Өзіме таныс станокты пулеметтен фашистерді атқылап бердім. Алдыңғы жаққа көз салсам, шамасы, бір взводқа жуық немістер жер бауырлап келе жатыр екен. Пулеметтің тиегін ағыта, оқты бұрқыратып жібердім. Жаудың алдыңғы қатары қардай бораған оққа қарсы келе алмай, жан сауғалап кейін шегіне бастады, кейбіреулері өліп те жатыр. Пулеметке екінші лентаны салдым да, тағы зырылдаттым...Не еткен өлермен екенін білмеймін, жаңағы немістер өлгендеріне қарамай тағы да жер бауырлай жылып келеді. Мен де оқты төккен үстіне төгудемін. Енді қарасам, әлгі немістер кейін шегініп барады. Сол кезде, - деп Балтабек ауыр күрсініп қойды. – Сол кезде Манап Мусин қолындағы найзалы винтовкасын ұстап окоптан атып тұрды да: - Алға! Еріңдер соңымнан! – деп айғайлады да жаңағы немістерге қарай ұмтыла қарай жөнелді. Политругінің соңынан бірнеше жігіт жүгіріп барады. Олар жауға найзамен тиісе, қолма-қол ұрысқа еніп кетті. Немістердің найзаласуға граната лақтырып, оқ атып қырып салды да, кейін-ақ қайта берген кезде үлкен бір снаряд түсіп жарылды, оның соңынан тағы бірнешесі гүрсілдеп жатыр. Айнала қара топырақ болып кетті. «Апырай, жігіттер жазым болмаса игі еді», деп орнымнан атып тұрсам, ілгері қарай Прохоров пен бірнеше жігіт кетіп барады екен. Солай қарай мен де жүгірдім. Келсем біраз жігітіміз жаралы. Бір жерде, бет ажарында өң жоқ, Манап жатыр. Біз оларды арқалап алдық та, окопқа әкелдік. Мнаптың оң аяғын снаряд қиып кеткен екен. Жалма-жан үстімдегі көйлегімді шешіп алдым да, құтымдағы спиртке малып, Манаптың ауыр жарасын тандым... Манап сұлқ жатыр, ауыр дем алады, тіл қатуға шамасы жоқ. Сол жерде басқа жаралыларды кейінге қарай жөнелттік те, Манапты төрт жігіт көтеріп алып шықтық. Ротаның қорғаныс шебінің сыртында санротаның пар аты тұр екен. Оған Манапты отырғыздым да, дереу санбатқа тарттым. Заматта-ақ дивизияның санбаты тұрған жерге де келдік. Дәрігерлер Манапты операция столына жатқызды да, емдеу ісіне кірісті. - Қан көп кетіп есңгіреп қалған екен, қан құю керек, - деді хирург. - Мына менің қанымды алыңыз да құйыңыз, - дедім. Сол жерде Манапқа қан құйылды. Манаптың есі кіргендей болды, көзін ашып жан-жағына бір қарады да: - Уһ, Паграна! – деген бір ауыз сөзге ғана тілі келді. Бар айтқаны осы-ақ болды. Одан әрі тілге келмей көз жұмды. Марқұмның денесі Горюня дейтін село

маңындағы зиратқа қойылды...Шіркін, несін айтасың, алтын жігіт еді ғой ол, - деп Балтабек ауыр күрсіне дем алды. Манаптың соғыста ерлік жасап қазща болғаны маған да қатты тиді. Көз көрген жақсы жолдасымның ауыр қазасын естігінде екі көзімнің жасқа толап кеткенін сезбей де қалдым. - Отаны, халқы үшін қаза болған жолдастардыңғ бірі Манп үшін жаудан кек қайыру азаматтық ар-ұятымызға серт! – деген сөзді Балтабек айтып қалды. Бұл жиналыстарда, жауынгерлердің шабуыл алдындағы митингісінде айтылатын сөз емес; шын көңілден шығып, адал ниетпен айтылған сөз еді. Біраз уақытқа дейін Балтабек екеуміз үндемей тұрып қалыппыз. Әрқайсымыздың көз алдымыздан соғыс суреттері өтіп жатқандай...Осы бір жағдайда: - Манаптың Пагранасы кім болды екен? – дедім. - Тұңғыш баласы ғой. Соғыстан бірнеше жыл бұрын ол шекара бөлімінде қызметте болған, сонда осы баласы туған. Шекарада туған тұқңғышының атын пограничник деген сөзден шығарып қойған екен. (Соғыстан кейін Алматыға келгенде Пагрананы көрген едім. Ол рота мектепті бітіргеннен кейін, Қазақтың Абай атындағы педагогтік институтын бітіріп шыққан, қазір Балқаш қаласында мұғалім болып істейді...) - Таза ауада жүріп біраз әңгімен соқтық қой, енді штабқа барайық, -деді Балтабек. Біз штабқа келсек, бағанағы командирлердің көбі тарап кеткен екен. Тек Капров, Мұхамедияров және полк штабының бастығы капитан Мамонов отыр. Алдарында үлкен карта, бәрі соған үңіле түсіп алдыңғы қорғаныс отырған секілді. Жау енді қай тұстан шабуыл жасар екен, қай батальонға қандай көмек көрсету керек, - деген мәселені ақылдасып отырғандары байқалады. Үстеріне біздің келгенімізді көрген полковник: - Демалмай отырғандарың қалай? Әлде жататын жер жоқ па? – деді. -Даладан жаңа ғана келіп тұрмыз. Демалатын жер енді іздемекпіз. - Түн ішінде ешқайда да бармайсыңдар. Мына пештің үстіне жатыңдар да ұйықтаңдар, - деді комиссар. Әлде үй ыстық па, әлде пештің үсті ыстық па, әйтеуір көпке дейін көзім ілінбеді. Әлденелер еслестегендей болады. Біресе қасымдағы Балтабектің тәтті ұйқыға кірісікеніне, біресе полк басшыларының жұмыс істеп отырғанына қарамаймын. Олардың ойына демалып тыныстау кірер емес, алдындағы карталарына үңіле қарап, әр нәрсені сөйлесіп отыр. - Меніңше, - дейді полковник, - жау барлық күшін сала Дубосековоға шабуыл жасайды. Осы арадан жолға шығуды көздейді. - Онысы белгілі ғой. Москваға апаратын тас жолды тартып алу жаудың бірінші ойы екендігі сөзсіз, - деп Мамонов полковниктің сөзін қостап қояды. - Иә, жаудың жоспары көп. Гитлердің Москваны қай айда, қай күні тартып алатынына дейін жоспарлағаны белгілі ғой. Тіпті ол ноябрьдің жетісі күні Қызыл алаңда парад жасаймын деп лепірді емес пе? Оның бұл жоспарларынан ешнәрсе шыққан жоқ. Енді ең мықты деген екінші шабылуын бастайтыны сөзсіз, - дейді комиссар.

Бұлар осылай сөйлесіп отырғанда бір адам үйге кірді. Үй іші ала көлеңкелеу болса да, келген адамды бірден тани кеттім. Ол полктағы барлау взводының командирі лейтенант Дубинин екен. - Жолдас полковник баяндауға рұхсат етіңіз. Бұйрығыңыз орындалды, екі тіл әкелінді, - деді Дубинин. - Олардың қайда? Кіргізіңіздер осында! – деп полковник орнынан ұшып тұрды. Басымды көтеріп алдым да, шырт ұйқыда жатқан Балтабекті ояттым. Ол көзін ұқалай «не боп қалды» деген пішінмен түрегелді. Екеуміз аяғымызды салбырата пеш үстінде отырмыз. Барлаушылар әкелген «тілдерін» үйге енгізді. Жасыл шинельді екі фашист бөлменің ортасына келіп тұра қалды. Біреуі орта бойлы, толықтау келген сары да, екіншісі ат жақты, сидиған неме екен. Түртұрпатына, киімдеріне қарағанда алғашқысы офицер, соңғысы жай солдат көрінеді. Оларға полковник «отырыңдар» деп орындық нұсқады. - Несіне «отыр» деп орындық ұсынады? – деп Балтабек сыбыр етті маған. - Толық мәлімет алайынг дейтін шығар... Немісше тіл білетін Мамонов пен Дубинин арқылы полковник жаңағыларға сұрауын қоя бастады. Олардың аты,жөнін, қай бөлімнен және қандай қызметте екендігін біліп алды. Орта бойлы сары неміс полк штабының офицері болып шықты. Барлық сұрауға жауап беріп жатқан да сол. Бір мезгілде өзіне сұрау қойғызбастан неміс солдаты сөйлеп қоя берді: - Гитлер капут! Русь! – дей береді. - Солай соқ, « қырам,жоям» дейтін аузыңнан «капут» деген сөздіңғ шыққаны жақсылыөтың белгісі емес, - деп Балтабек күліп жіберді. Дубинин бастаған барлаушылар әкелген бұл «тілдер» көп мәлімет берді. Неміс офицерінің айтуына қарағанада Москваны бірден тартып алу мақсатымен жасаған алғашқы шабуылы жүзеге асғаннан кейін Гиитлер ең мықты, ең күшті екінші шабылуын даырлап жатқан көрінеді. Бұл шабуылдың нақ қай күні басталарын жаңағы офицер білмеді, бірақ қатты дайындық жүргізіліп жатқанын, кейіннен жаңа күштер, соғыс құралдары келтірілгенін, әсіресе танкі мен артиллерияның, авиацияның көп екендігін мәлімдеді. Және өзі де осы араға жуыр арада ішкі полкі, жаяу әскерлері тұрғанын айтты. Барлаушылар әкелген бұл «тілдерді» дивизияның штабына жөнелтті де, полковник қызмет орнына қайта отырды. Бұлар тағы да картаға үңіле түсті. Қолына түрлі түсті қарындаш ұстаған полковник алдындағы картаның әр жеріне белгілер қойып жатты. - Айттым ғой, немістер үлкен шабуылға даярланып жатыр деп. Соңғы күндері бұл миайданда қатты ұрыстардың болмауы кездейсоқ нәрсе емес. Мұның аты дауыл алдындағы тыныштық деген сөз, - дейді полковник. - Иә, ол солай. Арпалыса айқасатын шақ енді ғана басталатын болар. Оған біз де мықтап даярланайық, - дейді комиссар. ...Ертеңіне автоматчиктер ротасын құру ісіне кірістім. Полк штабының бастығы капитан Мамоновқа барып, полк командирінің бұйрығы батальон командирлерінің мүлтіксіз орындауын қадағалауды өтіндім. Менің бұл тілегімді қарсы алған Мамонов, сол сәтігнден әрбір батальонмен телефон арқылы байланыс

жасай бастады. Ол автоматчиктер ротасын құруға керекті жігіттерді сағат төрттен қалдырмай полк штабына жіберуді арнайы талап етіп жатыр. Телефон трубкасынан «құп болады» деген дауыстар естіледі. - Жаңадан рота құрғанда ең бірінші керекті адамның старшина болады, - деді Мамонов. – Сондықтан мен саған Тевченко деген жігітті старшина етіп бөлдім. Ол полктың шаруашылық бөлімінде істейді, аса епті, қандай жұмыс болса да қолынан келетін адам. - Оныңызға көп рахмет. Ал ротаның командирі қашан болады? - Сен ротаңды құрастырғанша командир де келіп қалар... Түс қайта Тевченко да келді. Онымен танысып алғаннан кейін, полк штабы тұрған маңдағы бір үлкен қарағайдың түбіне келіп, болашақ рота үшін орын алдық. Сол арадан жер үй қазуға кірістік. - Е, мұнымыз болмайды екен. Екеуміз жарытып ешқандай да жер ротаға керекті шаруашылық жайын, қару-жарақ алуды ұйымдастыра бер, - дедім Тевченкоға. Айтылған мезгілде әрбір батальоннан автоматчиктер ротасына жіберілген жігіттер де келе бастады. Айналасы бір сағаттың ішінде елу төрт адам болып қалдық. Осы кезде полк штабынан Балтабек те келді. Жігіттермен танысып жатырмыз, оларға автоматчиктер дегеннің кім екендігін, қандай міндеті барлығын түсіндірудеміз. Айтқанымызды жігіттер ықыластана тыңдап отыр, бірақ байқаймын: шын көңілмен автоматчик болғысы келетіндер аз секілді. Түсінік сөз аяқталғаннан кейін, орта жасқа келіп қалаған бір жауынгер орнынан тұрды да: - Автоматчиктер туралы айтқаныңызды ұқтым. Бірақ мен өз қарабасым автоматчик болуға ыңғайым келмейді... - Олай деуге правоң жоқ, әскердегі адамсың, бұйрыққа бағынасың, - деп оны қасындағы бір жігіт тежеп тастады. - Айтсын. Көңілдеріңіздегі ойды бүкпей, ашып айтқандарыңыз жақсы, - дедім де, автоматчик болғысы келмеген жауынгерге бұрыла қарадым, - сіздің олай деуіңізге себеп не? - Бөтен себебім жоқ. Автоматчик етіп жас жігіттерді алу керек. Ал менің жасым одан асып кеткен... - Менде де осындай ой бар еді, - деп екінші бір жауынгер орнынан түрегелді. – Әскер қатарында екеім рас, бұйрықты сөзсіз орындау керектігін де білем. Бірақ жодас политрук пікірімізді сұрап отырған соң, шынымды айтып жатырмын. Батальондардан келген елу төрт адамның көпшілігі автоматчик болуға ықыласы жоқтығын аңғартты. Неге? – деген сұрауға біреулері жасының келіп қалғандығын дәлел етеді, екіншілері жүгіруге жарамаймыз дейді. Енді біреулері қорғаныс шебінде отыра бергенді жақсы көретіндігін неге айтпадыңдар, сіздерді ешкім мұнда зорлап жіберген жоқ қой, - десек. - Қайдан білейік. Полк штабына барасыңдар деген соң келіп қалдық, - дейді. Сонымен, жаңағы елу төрт адамның ішінен тоғызын таңдап алдым да, басқаларын батальондарына қайырдым. Автоматчик болғысы келмегендерді қыстаудың қажеті жоқтығын, олай еткен күнде де, олардың бәрі жақсы автоматчик болып шықпайдындығын түсіндім.

Автоматчик ротасына алынған тоғыз жігітті Тевченконың қасына қосып бердім де, баспана болатын жер үй қазуға кірістік. Кешке таман старшина жігіттерді ертіп барып жаңа автоматтар алып келді. Іңір түскеннен кейін полктың штабына бардым. Мұхамедияров пен Мамонов отыр екен. Барлық жағдайды комиссарға баян еттім, батальондардың таңдаулы жігіттерін бермей отырғанын, автоматчиктер ротасын құру ісіне көмектеспей жатқанын айттым. - Қай командир өзінің сенімді, таңдаулы жігіттерін басқаға бергісі келеді дейсің. Әйтеуір бұйрықты орындаған болып көріну үшіг шетке шыққанын жібереді ғой, - деді Мамонов. - Иә, солай, - деп комиссар сәл ойланып отырды да, - автоматчик болуға икемі келмейтіндерді батальондарына қайырғаның дұрыс, мұныңды қолдаймын. Біз қайткен күнде автоматчиктер ротасын құруға тиістіміз, оған мүмкінгдік те бар.Бүкіл полктан таңдап отырып ең кем дегенде елу дам алуға болады. Енді былай етелік: ертең мен үшінші батальонда болам. Балтабекті екіншіге жіберейік, өзің бірінші батальонға бар да, таңдаған адамыңды алып қайт. Бұған ешкім бөгет жасай алмайды, бұл жөнде полк командирінің бұйрығын орындау әрбір батальон командиріне айрықша тапсырылған. Тағы да ескертейін автоматчиктер ротасына ең таңдаулы жігіттер алынады, осыны есіңе мықтап ұста. Келесі күні ертемен бірінші батальонның іс жүргізушісі (писарь) отыр екен. Олардан батальонныңғ командирі мен комиссары қайда екендігін сұрағанымда, «роталарға кетті» деген жауап алдым. Бұл екеуінің біреуін кездестірермін деген оймен бұрын өзім қызмет істеген, көзіме ыстық көрінетін үшінші ротаға тарттым. Келсем, батальонның комиссары политрук Трофимов осында екен. Амандықсаулық сұрвасқаннан кейін мен оған келген шаруамды айттым. - Біздің берген адамдарымызды қайырып жіберіпсің. Басқа кісіміз жоқ, - деді Трофимов. - Кісің бар ма, жоқ па, ол арасын маған айтпай-ақ қой. Осы батальоннан бүгін он бес адам алуға тиістімін. Бұл жөнде полк командирінің бұйрығы да бар, оны орындауға міндеттісіңдер. - Шынын айтайын – бұл бір қиын жұмыс. Өзімізге де кісі жетпей жатыр, роталарымыз селдіреп қалды. Он бес адамды беру оңай соқпас . Бұл жөнде батальон командирі полковниктің өзімен сөйлесемін деген. Оған бірде-бір адам бөле алмаймыз. - Оның болмайды. Полк командирінің бұйрығын саудаға салмайық. Он бес адамды батальонның әрбір бөлімшесінен алып бересің. Сонда ешқайсына да олқылық келмейді. Бұған көнбесең осы рот адан сол он бес адамды таңдаймын да әкетем. - Өзіңе таныс жігіттердің бәрін алып кеткелі келген екнсің ғой. Мұны батальон командирінің рұхсатынсыз ешкім де орындай алмайды. - Жарайды, бұл ротадан он адам емес, үшеуін ғана алайын. Қалғандарын басқа бөлімдеріңнен іздестірейін. - Сонда кімдерді алғың келдеді? – деп Трофимов көне бастады. - Коваленконы, Сахновты, Әбдікәрімовты аламын.

- Соңғы екеуін берейін. Ал Коваленко қазір қатарда жоқ, ауырып қалды, санвзводта жатыр. - Коваленконы ауырмақ түгіл, жаралы болса да алып кетес. Сол арада САхнов пен Әбдікәрімовты шақыртып алдым. Сұрастырып қарасам, Коваленконың ауырғаны бекер екен. Оны Трофимов бергісі келмей, қулық жасапты. Артынша-ақ Коваленко да келді. Аталған үш жігіт полк штабына жөнелттім. -Ал енді басқа жігіттерді қашан бересің? -Батальон командирімен сөйлесейін, қалған жігіттерді кешке қарай жіберейік, - деді Трофимов. - Жақсы, бұған да келістік. Бірақ, кешегідей жігіттер болмасын. Ұятқа қалып жүрмелік, - деп сөзімді шегелей айтып жатырмын. Трофимовпен қош айтыстым да, екінші батальонға қарай бет алдым. Москвадан батысқа тартатын темір жол бойымен жүріп келем. Қай жағына қараса да, қазылған окоптар, жасалған бекіністер. Екінші батальонның оң жақ қанаты төртінші рота екен. Ондағы жауынгерлер қорғаныс шебін мықты қамалға айналдыра жұмыс істеп жатыр. Олармен сөйлескеннен кейін ротаның командирі мен политругі қайда екенін сұрадым. - Рота командирі алдыңғы жаққа кеткен, ал политрук ана бір шошақьшөптің түбінде газет шығарып отырған, - десті жігіттер. Жігіттердің сілтеуімен үюлі тұрған шошақтың қасына келсем, политрук Клочков отыр. Қасында екі жігіті бар, газет шығарғалы жатыр екен. Олармен амандасып қол алыстық. Клочков қасындағы жігіттеріне тапсырмасын айтып, қоя берді. Содан кейін екеуміз әңгімеге кірістік. Көрген-білгенімізді, қандай жағдайларда болғанымызды: еске түсірдік. - Ротама тағы да бір үлкен жауапты жұмыс жүктеліп отыр. Мына Дубосеково разъезін қорғау, осы арадан жауды өткізбеу міндетін алдық, - деп ол барлық жағдайымен таныстырды. Содан кейін ол: - Сені мұнда қандай жел әкелді? – деп күліп алды. Мен келген шаруамды айттым. - Автоматчиктер ротасын құру өте қажет. Өткен ұрыстарда көресіні фашистердің автоматчиктерінен көріп едік. Енді өзіміздің автоматчиктер болса, көп жұмыс атқарар еді. Бірақ жаңадан құрылатын бұл ротаға мен бірде-бір адам бермеймін, өзіме де жетпей жатыр, - деді Клочков. - Оныңда жұмысым жоқ. Маған бұйрықтың орындалғаны керек. - Маған да керегі сол. Дубосековоны қорғау оңай жұмыс емес, бауырым. Кеше батальон командирі менің ротамнан екі адам бөлініп, полк штабына жіберілсін деген бұйрығын хабарлады. Онысына көнбей, аздап айтысып та қалдық. Бүгін ертемен полковник келіп еді, оған жайымызды айттық, алда тұрған міндеттің жауаптылығын түсіндірдік. Көп жасағыр полковник біздің тілегімізді қабыл алғаны ғой. Енді бұл ротадан бір де адам берілмейді. Және де айтайын: қазіргі жағдайда командирлердің қайсысы болса да адам бермеуге тырысады. Жаумен соғысу үшін бәрімізге де мықты адамдар керек. Командирлер ондай адамдарынан айырылып қалмай амалын жасайды. - Сонда мен не істеуім керек?

- Не істеу керек дейсің ғой, ә? Қазір өзіңнің қанша адамың бар? - Өзіммен он үш. - Оһо, бұл үлкен күш. Он үш автоматчик бір ротаның қызметін атқара алады. Әңгіме санда емес қой. Әрине, сен ең кем дегенде, елу адамым болса екен дейтін шығарсың...Бірақ мұншама адамды ең жауапты участоктардан ала алмайсың. Ана екінші эшелонда тұрған бөлімдерден қарастырмасаң . Тіпті полк штабының маңында да біраз бөлімдер бар ғой, солардан неге алмасқа? Мұны комиссармен ақылдасып көрсейші. Клочковтың бұл ақылы көкейіме қонып барады. О.ны тезірек барып комиссарға айтуға асықтым да, орнымнан тұрдым. Менің кетуге ыңғайлағанымды көрген Клочков; - Барасың ғой, отыра тұр. Әңгімелесе түсейік, - деді де маған тікелей қарап: - Сен осы соғысқа қалай қарайсың? Біз неге шегіне береміз? Осы сұрауларды мен өз-өзіме талай рет қойсам да, жауабын таба алмаймын. Тіпті неге шегіне беретінімізге түсінбеймін. Адам саны болсын, еліміздің байлығы жағынан болсын, біз Германиядан әлдеқайда көппіз, артықпыз. Солай бола тұрып шегіне береміз, шегіне береміз. Бұл қалай? Шегіне, шегіне халықтан да ұят болды. Елге өзіміздің әскерлерді салыстырып қараймын. Жау әскерінің бірде-бір артықшылығы жоқ болып көрінеді. Ендеше, неге шегінеміз? Осының мәнін білесің бе, бауырым? - Вася, бұл сұрауды жалғыз сен емес, бәрімәз де қоямыз. Тегінде, бізде табан тіресе соғысудан гөрі, үрей басым ғой деймін. Табан тіресе, жауды соққыға жыға соғыссақ бұл күйге түспеген де болар едік. - Дұрыс айтасың. Біз табан тіресе соғыса алмай жүрміңз. Осы арада жаумен табан тіресе соғысудың үлгісін көрсетсем деймін. Бұл ойымды жігіттеріме де айттым. Бұдан әрі шегінер жайым жоқ, не өлемін, не жеңемін! Сертім осы! – деп ол орнынан ұшып тұрды. – Иә, антым да, сертім де осы! Мен де, сен де, басқалар да осылай соғыссақ, ашына арпалыссақ, бізді ала қоятын жау жоқ. Жауды жеңуден бастамасы осы ара болсын! Бұған сен қалай қарайсың? - Мен де айтқаныңды құптаймын. Жаңа ғана өзің айтқан сөздер біздің елге бере антымыз бен сертіміз болсын! Сол күні, ұлы ұрыстар алдында Василий Клочков екеуміздің қолалысып, құшақтаса сұйісу үстінде беріскен сертіміз осындай еді. ... Күн бата ротама қайтып келсенм, жігіттер жер үйді дайындап қойған екен. Шаруашылық жұмысқа ебі бар Тевченко жігіттердің демалуына жағдай жасап тастапты. Бағаны үш жігіт автоматчиктердің қатарына қосылыпты. Ертеңіне полк штабына барсам, командир де, комиссар да жоқ екен. Олар дивизияның штабына кетіп қалыпты. Қайтып келдім де жұмысымызға кірістік. Он үш адам өздеріне берілген автоматтың тетігін ату әдісін үйренуге жұмылды. Кешке дейін батальондардан келген жігіттер болмады. Комиссарға барып, автоматчиктер ротасына кісі алу туралы кеше Клочков айтқан ұсыныс жайында ақылдасайын деген оймен тағы да полк штабына келдім. Бірақ, комиссар әлі қайтпаған екен...

Кешкі сағат тоғыздан аса берген кезде полк штабынан байланысшы келіп, мені полковниктің шақырып жатқанын айтты. Бұл 1941 жылғы ноябрь айының он бесі күні еді. Штабқа келсем адам көп екен. Батальондардың және арнаулы бөлімдердің командирлері мен комиссарлары, тағы басқа да бастықтыр жиналыпты. Олармен бір үлкен мәжіліс өткізіліп, әрқайсысы өздеріне тиісті міндеттерін түсінікті, сақ болыңдар деген сөздер айтылып жатыр. Штабқа жиналғандар бөлімдеріне тарап кеткен кезде, мен полк командиріне шақырту бойынша келіп тұрғанымды баяндадым. - Жақсы келдің. Әңгіме мынадай, - деді полковник, - алынған мәліметтерге қарағанда, немістердің ертең үлкен шабуылға шығатын түрі бар. Мұны олар Москваны тартып алуға арналған екінші жойқын шабуыл деп атапты. Жау Волоколамскіден Москваға тартатын тас жолды қолына түсіру, осы бағыттағы совет әскерлерін жойып жіберу мақсатын көздейтін сияқты. Біздің полктың алдында жаудың ең мықты дивизиялары, танк және артиллерия бөлімдері тұрғаны мәлім болды. Бұлардың шабуылды Дубосеково тұсынан бастайтыны айқындалып отыр. Сонымен қатар, жау бұл ойын жүзеге асырып, табысты етү үшін Дубосековоның шығыс және солтүстік жақтарына да шабуыл жасамақ көрінеді. - Осы жағдайларды еске ала, - деді полковник біз де даярлық жасаудамыз. Негізгі күш Дубосокево бағытында болады. Аз күшпен екі жақ қанатымызды қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Өзіңді шақырған себебім – полктың сол жақ қанатындағы Ширяво қорғау міндетін жүктеу еді. Бұл селода бірінші ротамыз бар, бірақ күші аз. Сен өз ротаңмен бірінші ротаға көмек бересің. Күштеріңді қалай орналастыру мәселесін бірінші ротаның командирі ленйтенант Аникинмен сол жерде шешетін боласың. Бұдан кейін ол картасын алды да, Ширяево маңындағы қорғаныс шебімене таныстырды, жаудың шабуыл жасауы ықтимал деген жерлерді көрсетті. - Міндет түсінікті ме? – деді ол. - Түсінікті. Бірақ бізді рота деп атаудың реті келер ма екен, - дедім. - Келгенде қандай. Бір автоматчик минутына екі жүз оқ ата алады. Сонда ол бір бөлімшенің қызметін атқарады. Ал сендер он үш адамсыңдар, демек бір ротаға барабар боласыңдар. Екіншіден: осы он үш адам полктағы автоматчиктер ротасының алғашқы кірпіш есебінде саналасыңдар, өздеріңді рота деп атасақ, онымыз шындық емес пе?.. Жігіттеріме келдім де, полк командирінен алған міндетті айттым. Содан кейін жүруге ждайындала бастадық. Әрбір автоматчикке керекті оқ, гранаталар, жол азығы берілді. Старшинаны қалдырдық та, басқамыз жолға шықтық. Полк штабынан Ширяево селосына дейін бес километрдей болатын. Біз оған қарай қалың ағаш ішімен жалғыз аяқ жолға түсіп жүріп келеміз. Жүрген адамға бес километр деген немене, Ширяевоға тез келіп қалдық. Бірінші ротаның штабы селоның батыс жағындағы бір үйде екен. Оған кіріп келсем, бірнеше адам тамақтанып отыр, ішінде Балтабек бар. Олар амандасқаннан кейін: - Жоғары шық, асқа кел, - деді. - Рахмет, жаңа ғана тамақтанған едім.

- Ендеше, қызмет жайыңа кірісейік, - деп Аникин орнынан тұрды. – Жүр, далаға шығайық, ротамның қорғаныс шебімен танысайық. - Мен де сіздермен бірге барайын – деп Балтабек те ере шықты. Тыста тұрған жігіттеріме Сахновты бастық етіп қалдырдым да, Коваленконы ертіп алдым. Және жігіттерді көрші үйдің біріне апарып орналастыру туралы Сахновқа нұсқау бердім де, Аникинге еріп жүріп кеттім. - Дәуқарам-ау, автоматчиктер ротасын құрысуға тигізнген көмегің қайда? - Реті болмай қалды ғой. Екінші батальонға барған жерімнен комиссар шақырып алды да, асығыс бір жұмыс тапсырды. Содан бүгін түс ауа осында жіберді, тіпті полк штабына соғуға да мұршам келмеді. - Бүгін осында болатын шығарсың? - Егер комиссар шақыртып қалмаса, осында болмақпын..., Аникин алда, басқаларымыз оның соңынан еріп келеміз. Ротаның қорғаныс шебін аралап, ондағы жігіттермен сөйлесудеміз. Бәрінің де алдағы ұрыстарға дайындалып отырғаны байқалады. Әрі-беріден соң ай да туды. Ақ қарға түскен ай сәулесі айналаны жарық етіп тұр. Біз ротаның қорғаныс шебін аралап та шықтық. - Міне, біздің қорғаныс жасап отырған жеріміз осы. Ана бір қарайып көрінген Морозово селосы. Ол қазір немістердің қолында, олар селоның айналасына ор қазып қорғаныс жасаған. Бірақ жаудың қатарынан созылып, сонау Волоколамскіге дейін жасалған шептері жоқ. Тек әр тарапқа апаратын үлкендікішілі жол бойларында жаудың бекіністері бар, - деді Аникин. - Мына жол қайда апарады? – дедім Ширяеводан шығатын жолды көрсетіп. - Бұл жол Морозоваға апарады. Бірақ ол Морозоваға жетпрей екіге айырылды: бірі оңға, бірі тура кетеді. Таң ата Аникин Балтабек үшеуміз ротаның қорғаныс шебін қайта араладық. Жер жағдайына көз салып тұрмыз. Жан-жағымыз қалың ағаш, әр жерде ойдымойдым алаң көрінеді. Осы тұрған Ширяевоның өзі де кішкене алаңда екен. Бұл алаң Морозовоға дейін созылған. Және Морозоваға апаратын жолдың күншығысында кішкене сай бар, оның ішіне қызыл шілік өскен. Осы шіліктің ішіне кіріп Морозоваға қарай көз жіберсең, жолдың екі жағы да ашық алаң екендігін көресің. Оның ар жағы қалың ағаш. - Автоматчиктердің орналасуына осы қызыл шіліктен қолайлы жер болмас, - деді Балтабек. - Айтпақшы, бұл пікірді кеше полковник те айтып еді, - дедім мең – ол былай деген: Ширяеводан Морозоваға қарай шыға берістегі қызыл шілік арасынан орын алып, сонда жасырыныңдар. Жау әскерлері шабуыл бастай қалса, атакаға алдымен танкісін салады. Сендер танкілерді өткізіп жіберіңдер де, артынан келе жатқан әскеріне тиісіңдер. Танкілермен бірінші ротаның өзі-ақ күреседі. - Жер ыңғайына қарағанда, сендерге қолайлысы осы қызыл шілік, - деп қостады Аникин. – Полковник бұл арада бірнеше рет болып кеткен. Оның жанағы айтқан пікірі миға қонады. Тегінде осылай еткеніміз жөн болар. Осы пікірге келістік те, ротаның қорғаныс шебін аралай шШиряевоға қайттық. Мен жігіттеріме келсем, олар демалып жатыр екен. Тек Коваленко ғана зерігіп отыр. Мен оған көрген-білгендерімді айтып бердім.

- Оғымыз аз болып жүрмесе жарар еді. Әрқайсымызда запасқа алған дискамыз бесеуден ғана. - Бұл жайды жаңа мен Аникинге айтқам. Ол ертеңгі сағат сегізге дейін оқ та, граната мен өртегіш бутылкаларды да жеткізіп бермек болды. Таңғы сағат бестен аса бергенде жігіттерді оятып, қызыл шілікке қарай бет алдық. Жолшыбай Аникинге кіріп ұрыс кезінде қалай байланысуды келістік. Және жаудын танкісімен Аникин алысады, жаяу әскерлерімен автоматчиктер күреседі, бір-бірімізге жәрдем берісіп отырамыз деп уәделестік. - Дәуқара, мен қайда боласың?- дедім. - Мен осында болам. Бағанағы әзірде комиссар телефон соғып, осы ротаның политругін штабқа шықырып алды. Оның орнына уақытша мені қалдырды. Қазір ротаның жігіттеріне барғалы отырмын, содан кейін саған келемін, - деді Балтабек. Қызыл шілікке келдік. Әрбір автоматчик өздеріне белгіленген жерден таң атқанша қорғаныс ұясын жасауға кірісті. Ынтымағы жарасқан бір семьяның адамындай болып жұмысқа кіріскен бұл жігіттер осыдан төрт ай бұрын Алматындан аттанған еді. Онда бәрі де бір полқа алынғанымен әр батальонда болғанды. Ал бұлардың жақын танысуы да, сырласып білісуі де автоматчиктер ротасына келген күндері ғана басталды. Олар осы екі-үш күннің ішінде бір-бірімен жете танысып, аға мен інідей, жасы бірге құрдастай, әзіл-оспағы жарасқан достай болып кетті. Солай болса да бұл жігіттер дене құрлысы және міне-құлығы жағынан әртүрлі еді. Максим Коваленко, Василий Сахнов, Қасым Әбдікәрімовтар ұзын ойлы, алып денелі келсе, Мансұр Рүстемов. Николай Зыков, Петр Гаевой аласа бойлы талдырмаш жігіттер. Алексей Попов пен Құсайын Сейітов асқан күлдіргіштер, әзіл мен қалжың сөздің шеберлері. Бұл екеуінің білмейтін күлдіргі әңгімесі жоқ та секілді. Әңгімелері мен әзіл сөздеріне әр түрлі дене қимылдарын араластырғанда қырғын күлкі тудыратын. Міне сол жігіттер қызір қызыл шіліктің арасынан қорғаныс жасап, окоп қазып жатыр. Олар алғашқы қарқындарында бір-біріне тіл қатпай қимылдаса, жұмыстарын деп-деп тастаған кезде үн қата бастады. Кейбіреулері шылым тартады, екіншілері жайша демалып отыр. Осы кезде: - Па, шірікін, Біздің Поповты-ай, окоптың біреуін емес, екеуін қазып тастапты-ау. Міне, алып деп осыны айт, - дейді Құсайын. - Костя ( Құсайынды жігіттер Костя деп атап кеткен еді), әй, Костя, сен мені қайтесің. Маған бір окоп та жетеді. Ана Сахновты қарасайшы, әлі қазып жатыр, - дейді Попов. - Өзіңді Сахновпен салыстырайын деген екенсің, Сахнов кім, сен кім? Сахнов орыстың батырлар жырындағы нағыз Илья Муромецтің өзі емес пе? Әй, Вася, окобыңды тереңірек қаз, бойыңды жасыратындай окоп жасап ал. Әйтпесе, немістер сені көріп қалар да, бәріміз ұзын бойының жазасын тартармыз, - деп Құсайын енді Сахновқа тиісті. - Көп сөзді қойып, алдарыңдағы жұмыстарыңды бітірсеңдерші. Осы екеуініңақ ойындарың келе береді екен, - деп Сахнов ренжіп қалды. - Құдай ойын-күлкіден айырмасын. Костя екеумізге бір окоп та жетеді. Тенк саған жанымыз ашиды, - деп Попов әзілін жуып-шая бастады. Содан кейін ол

қарауылда тұрған Әбдікәрімовты әжуаға алды. – Ей, Әбдікәрімов, жан-жақты жақсылап бақыла. Жау қарасы бастаса, хабарды алдымен Сахновқа бер, аласа бойын жасыра алмай қапы қалып жүрер, - деп әзілдейді. Окоптарымыз да дайын болды. Одан шығарылған топырақтың үстіне қар төгіп, жасырынып жатырмыз... Сағат тоғыз да болып қалды. Айналамыз күнделікті қалпында тым-тырыс... Бір мезгілде оңтүстік-батыс жағымыздан күркіреп атылған зеңбірек дауыс естілді. Минут сайын бұл атыс үдеп барады. Шамалаймың атыс Дубосековоның солтүстік-батысы тұсында болып жатқан секілді. Енді бір сәтте зеңбірек даусы жақын жерден шықты. - Мотор даусы! – деп Әбдікәрімов айқайлап жіберді. Бәріміз қарай қалдық. Айтқандай-ақ Морозово жағынан гүрілдеген мотор даусы естілді. Артынша-ақ бізге қарай келе жатқан үлкен танкі көрінді. Оның соңынан зеңбіректерінің келе жатьқан үлкен танкі көрінді. Оның соңынан зеңбіректерінің мойнын сорайтып тағы төртеуші шықты. Бәрі де Ширяевоға қарай жылжып жатыр... - Келіп қалды... Танкілердің соңынан ере қатар-қатар жасыл шинельді немістердің келе жатқанын өзім де еөріп тұрмын. Бәрінің мойындарына асқан автоматтары бар. Парадқа бара жатқан секілді. Танкілер біздің тұрмысымыздан өте шықты. Қызыл шіліктің арасында отырған бізді байқаған да жоқ. Жаяу немістер қарсы алдымызға келіп те қалды. Жақындай түссін деп біз тұрмыз. - По фашистам огонь! – деген бұйрықты күтіп тұрған жігіттерім, автоматтарының тиегін ағытып қоя берді. Ешқандай да қауіпті күтпей, қатарқатар келе жатқан фашистерді совет автоматчиктерінің бұршақтай бораған оғы қарсы алды. Жаудың алдыңғы қатары шабылған шөптей қырқылып түсті. Біз атысты үдеткен үстіне үдетіп жібердік. Мұндай жағдайға дұшар болған фашистер кейін қарай дүркірей жөнелді. Енді олардың алдын орай атқылай бердік. Немістер жата қалды да, бізге қарай еңбектеп келеді. Еңбектей отырып атып келеді. Айналамызға шып-шып етіп неміс автоматтарының оғы тиіп жатыр, одан келер зиян жоқ. Бір мезгілде неміс офицері біз қорғаныс жасаған қыщыл шілікке қарай екі рет жасыл ракета атты. Сол сәтте айналамыз сатыр-күтір ете қалды, зеңбіректің снаряды мен миналар жарылып жатыр. Қар жамылған қара жердің тоңы мен топырағы аспанға ұшып, жан-жағымызды қара қошқылдандырып жіберді. Немістер тап осы арада советтің он үш автоматчигі емес, ең кемінде бір рота жатыр деп ойлады ма, әйтеуір артиллерия оғының астына алды. Жер солқылдап барады. Біздің алдымыздағы жолдың жиегінде жатқан жаңағы фашистер осы атысты пайдаланып, ілгері қарай еңбектей жөнелді. Оларды жақындата түсеміз де, оқты төгіп-төгіп жібереміз, немістер тағы да кейін серпіледі. Жаудың басын көтертпей, бұқтырып ұстаудамыз. Жау жағынан бізге қарай тағы бір ракета атылды. Соны көрді ме, немесе кейіндегі әскерлерінің неліктен қалып қойғанын байқайын деді ме, әлгі әзірде Ширяевоға өткен бес танкінің екеуі бізге қарай бұрылды. Екеуі де жүре атқылап

келеді. Қасымдағы жолдастардың төртеуі жараланды, Бірақ олар жарасына қарамастан атысып жатыр. Танкілер жақындай бергенде, Коваленко екеуміз бірбірімізте тіл қатпастан дайындала бастадық. Ол да, мен де танк қиратқыш гранатаға ортегіш бутылкаларды қоса байладық та, жаудың келуін күте окобымызға бүға қалдық. Алдыңғы танкі қасымнан өте бергенде мотор жағына граната мсн бутылкаларды тастап жібердім. Гүрс еткен дауыс шықты, қарасам танкінің будақтаған қара қошқыл жалыны шығып түр екен. Екінші танкі ілгерілей алмай бүрыла бергенде, Коваленко екеуміз оның табан астына қарай қолымыздағы гранаталар мен бутылкаларды лақтыра тастап жібердік. Бүл танкі да шоңқиып қалды. Ішіндегі адамдары қашып үлгірмеді, қалпақтай үшырдық. Жаудың екі танкісін жайратып салып, жігіттеріме оралсам атысып жатыр екен. Алдымыздағы немістер де жақындап қалыпты. Соған орай жаудың қысымы да күшейіп барады. Кейбір жігіттердің бетаузы қан, енді біреулері окопқа сүйеніп қана атысып түр, мүнысынан олардың жаралы екендігі байқалады. — Жолдас политрук, оғымыз таусылып қалды, нс істейміз? — деген дауыстар шығады. Оғымыз таусылып қалғаны да рас еді. Ату ісіне жаттыққан автоматчик бір минутта екі жүздей оқ шығара алады екен. Ал, менің жігітгерім ол дәрежеге жетпесе де, үнемдеп атқанның озінде әрбір минутта он бесжиырма оқтан атқаны сөзсіз. Әрқайсымызда бесбестен запас дискамыз болатын. Қазір соның соңғысын атып жатырмыз. Оның үстіне осы айқастың басталғанына да жарты сағаттай болып қалған. Бұл жағдайда “оғымыз таусылды” деген ақиқат сөз еді. Әрі атуға оғың таусылса, әрі жаудың қысымы үдеп бара жатса, — бүл жағдайдың ауырлай бастағанын көрсетеді. Ендеше, не істеу керек? Иә, не істеу керек? Осы арада қырылу керек пе, әлде тірідей жаудың қолына түсу керек пе? Болмаса, осындай ауыр халден қүтылар жол бар ма? Бүл сүраулардың жауабын іздеп жан-жағыма қараймын, жігіттерім маған қарайды. Кейін шегінейін десем, Ширяевоның қандай күйде екенін, онда біздің адамдардың баржоғын білмеймін. Және Ширяево жақта жаудың үш танкісі жүргені де белгілі. Солға қарай ойыстауға тағы болмайды, ашықжер. Жау бірден қырып салады. Алдымызда немістер жатыр. Енді не істеу керек? Ойлана келіп, жігіттеріме естірте айтқаным бір ғана сөз болды: “Менің соңымнан еріңдер!” Осыны айттым да қызыл шіліктің арасындағы арық секілді жырамен Морозовоға қарай еңбектей жонелдім. Соңыма ерген жігіттер арқылы Сахнов пен Коваленкоға “жаралылар қалып қоймасын” деген созді жолдадым. Біріміздің соңымыздан біріміз сңбектеп келеміз. Түрған орнымыздан жетпіссексен метрдей үзағанда, соңымнан келе жатқандарды ілгері откізіп жіберіп, озім тоқтай қалдым. Жігіттерімді түгендедім, бәрі де еріп келеді екен. Тағы да еңбектей бастадық, беталысымыз Морозово. Немістер біздің артта қалған орнымызды әлі атқылап жатыр. — Ганстар, қаттырақ атыңдар, тогіңдер оқты, — дейді Коваленко, — бос жерді бүрқылдата бсріндер. — Алданып соғылғандарынды артынан білерсіңдер, — деп оны Попов қостайды.

Морозово селосына да жстіп қалдық. Біз еңбектей жүріп келген жыра, Морозовоның күншығысына қарай кететін сайға кеп қосылды. Бөріміз түрегслдік. Белден бел, тізеден тізе қалмаған секілді. — Ананы қараңдар, — деген дауысқа жалт қарасақ, Морозовоның орталығындағы бір үйдің тасасында түрған екі-үш машинаны кордік. Байқасақ, немістің минометтері мен минометчиктері сол үйдің шарбағы ішінде екен. — Мана бізді атқылаған миномсттср осылар болды. Өздері жүргелі жатыр ма, қалай? — деп Әбдікәрімов бойын соза коз салды. — Иә, солай. Кеткелі жатыр, — деді Сахнов. — Қане, оқтарың бар ма, қарандаршы. Қалтамызды, қапшығымызды ақтарып ек, аздаған оқ табылды. Осы соңғы оқтарымызбен жаңағы миномстчиктерді атқылап жібердік. Бірнешеуі үшып түсті, енді біреулері үйдің ығына қарай жүгіре жонелді. — Қап, оқтың аз болғанын қарашы. Ана фашистердің барлығын қыратын, — деп Құсайын өкініш айтады. ... Сайды орлеп қалың орманның ішіне де еніп кеттік. Морозово да козден таса болды. Орманның қалындығы сондай, алыста күркірей атылып жатқан зеңбіректің даусы да, жарылған бомба да естілмейді. Айналамыз мүлгіп тұрған табиғат... - Осы арада тоқтап, демалсақ қайтеді, - дейді Коваленко. - Болады. Бірақ суы бар жерге тоқтағанымыз дұрыс еді. Тағы да аздап жүрдік те, қалың қарағайдың арасына кеп тоқтадық. Жаралы жолдастарға көмек көрсетіп, жарасын таныстық. Сол жерде жігіттер отын жинап жіберді де, тамақ пісіруге кірісті. - Пай-пай, осы Поповтың кішкентай болып алып тамақсуын-ай. Котелокке түсіп кетер ме екенсің, оттан кейін тұршы, күйіп қаларсың, - деп Құсайын досын әжуалай бастады. - Құдай соққыр Костя, сен-ақ сөзден шаршамиайды екенсің. Онан да тамағыңды дұрыстап пісірсейші. - Онша баптап-балбырататын дәнемесі де жоқ. Біздің Костяның асы бір қайнаса да піседі, шала болса ішіне барған соң піседі. Сзімен самауыр қайнататын жігіт қой бұл, - деп күнімен үндемей отырған Николай Зыков сөзге қосылды. Оның бұл сөзіне басқа жігіттер мәз бола күлісіп қалды. - Е, е, сенің де бір атарың бар екен ғой. Сөз базарын Попов пен Сейітов қана құратын шығар десек, Зыковтың да оған орайы бар екен, жігіттер, - деп қалды Петр Гаевой. Тамақ ішіп, біраз демалған соң тағы да жолға шықтық. Қалың орманның ішімен келе жатырмыз. - Ширяевоға соға кетелік, қандай халде екенін көрелік, - деген ұсынысыма жігіттер разылық білдірді. Жүріп отырып, Ширяевоның солтүстік-шығысы жағынан шыға келдік. Көріп тұрмыз: селоның бірнеше үйі өртеніп жатыр, көше бойында жаудың танктері тұр. Ерсілі-қарсылы жүгіріп жүрген немістер. Кейбіреулерінің қолтығына қысқан нәрселері көрінеді. Бұған қарағанда олар селоны талаған сияқты.

Ширяевоның жау қолында қалғанын және бұл арада біздің әскерлер жоқтығын анықтадық та, полк штабы тұрған жерге бет алдық. Күн кешкіріп, ағаш іші қара көлеңке тартып барады. Кеше ғана полк штабы болған будкаға жақындай бергенде, мотор даусы естілді. Тоқтай қалып көрдік. Өз көзімізге өзіміз сенбей, жабыла қараймыз. Бірақ, біздің адамдар көрінбейді. - Полк бұл арадан шегінген екен, енді қайтеміз? – десті жігіттер. - Шығысқа қарай тартайық, қуып жетерміз, ұзақ кетпеген болар, - дедік те, тағы жүріп кеттік. Біз көп жүрдік. Жолшыбай ұшырасқан әскер бөлімдері болмады. Тек таң біліне берген мезгілде бір топ арбалыларды кездестірдік, ішінде командирлері де бар екен. Олардан жөн сұрасам, көрші бір полктың кейін қарай шегініп бврв жатқан шаруашылық бөлімі екенін айтты. - Бұйрық бойынша шегініп барамыз. Сіздің полк Шишкино, Гусенова селоларының маңынан қорғаныс жасамақ, солай қарай жүрсеңіздер табасыздар, - деді. Бұл хабарды естігеннен кейін Шишкиноға апаратын жолды тауып алдық та, солай қарай тарттық. Жолда бір қалың ағаштың ішіне келсек, жаңа ғана көшіп жатқан қару-жарақ қоймасы мен госпитальға кездестік. Сол жерде өзімізге керекті оқ, гранаталар алдық. Жаралы жолдастарымыздан тек төртенуі ғана госпитальмен бірге кетті де, жеңіл жаралы екі автоматчик «ешқандай госпитальға бармаймыз, өздеріңмен бірге боламыз» деп қатарда қалды. Таң да атты, күн де шықты. Шишкиноға қарай келе жатырмыз. Әлдеқайда таяу жерден атыс естілді. Зеңбіректер күркілдейді, пулеметтердің тыр-тырлағаны ағаш ішін жаңғырықтырып барады. Осы кезде анадай жерде өртене бастаған деревня көрінді, жаңағы атыс сол тұста болып жатқаны байқалды. Біз солай қарай жүрдік. Алдымыздан бір майор шыға келді де: - Тез жүріңдер, ана деревняның батысына қарай тартыңдар, жау сол жақтан шабуылдап келеді, - деді. - Біз сіздің полктың адамы емеспіз, басқа полктанбыз, - деп келе жатқан Сахновтың сөзін бөліп жібердім де: - Басқа полк дейтін уақыт емес бұл, соғысып жатқан Қызыл Армия, әйда, кеттік, солай қарай, - деп жігіттерді бастай жөнелдім. Деревняның батыс жағына жете бергенде қазылған окоптар кездесе кетті, әр жерде жаумен атысып жатқан қызыл әскерлер. Олардың кім екендерін, қай полктан екенін сұрамастан қатарларынан орын алып, біз де айқасқа кірістік. Бұл айқас көпке созылды. Екі жақтың артиллериясы, минометтері қызу қимылдап жатты. Жаудың бірнеше атакасын тойтардық. Білек сыбана, белдесе алысып жатырмыз... Кешке таман жаңағы әскер бөлімі шегіну туралы бұйрық алды да, біртіндеп орындарынан кете бастады. Оларға ере біз де жөнелдік. Жолшыбай сұрастырсам, бұлар бізге көрші бір полктың ротасы екен. Біраз жүргеннен кейін олардан бөлініп өзіміздің полкты іздеуге шықтық, «Полк штабы Гусеновада тұр» дегенді естіп, соған келдік. Гусенова кішкентай ғана село екен. Көшесі толған әскер; біреулері келіп, енді біреулері кетіп жатыр. Кімнің қайда екенін адам біліп болар емес. Сұрастыра отырып, полкымыздың штабын да тауып алдым.

Полк штабына кіріп келсем, бестік шамның жарығымен картаға үңіле қарап тұрған Капров, Мұхамедияров және Мамоновты көрдім. Олар менің есіктен қалай кіргенімді байқамай да қалды. Менің сәлем берген даусыма үшеуі бірден жалт бұрылды. - Өй, сен өзіңсің бе? – деді Капров. - Өзіммін. - Міне, ғажап. Тірі екенсіңдер ғой... - Тамаша болды, - десіп жатыр. Аң-таң болып мен тұрмын. Менің ешнәрсеге түсінбей тұрғанымды байқаған Мұхамедияров, төс қалтасынан бір парақ қағазды алды, қолыма ұстата берді. – Мә, оқыңыз. Сонда барлығы түсінікті болады, - деді. Мен оқи бастадым. Онда мынадай сөздер жазылған екен:

«Пол командирі полковник Капровқа,
Полк комиссары Мұхамедияровқа»

М ә л і м д е у

Кеше, ноябрьдің он алтысы күні Ширяево селосының тұсында қатты соғыс болды. Жау бес танкі және бір батальонға жуың әскерімен шабуыл жасады. Фашистердің – бұл шабылуын тойтаруға біріншгі ротамен бірге политрук Ғабдуллин бастаған автоматчиктьер қатысты. Автоматчиктер асқан ерлік жасады. Олар немістің екі танкісін жойды, жүз елудей адамын қырды. Ақырында өздері қоршауда қалды да, одан шыға алмай, тегісінен ерлік өліммен қаза болды. Біз сіздерге осы қайғылы жайды мәлімдеп отырмыз. Бірінші ротаның командирі кіші лейтенант Аникин. Полктың комсомол бюросының секретары политрук Жетпісбаев, 17 ноябрь, 1941 жыл».

Екі командир қол қойып жазған бұл мәлімдемені оқып шықтым да, комиссарға қайырып бердім. - Бұл мәлімдеме сізге ұнай ма, жігітім? – деп комиссар күлімсіреп қоя берді. - Ұнайды, бәрі дұрыс. Бірақ, бізді ерте өлтіргені өкінішті екен. Оқасы жоқ, бәріміз де аманбыз. Төрт жолдасым жаралы болып еді, оларды кеше госпитальға тапсырдым. Қалған тоғызымыз осында келіп тұрмыз,- дедім. - Адъютант, - деп Капров адъютантын шақырып алды да, - мына автоматчиктерді бір үйге орналастыр, тамақ ұйымдастыр... - Маған кетуге бола ма? - Жігіттеріңді орналастыр да, осында қайтып кел, -деді комиссар. ... Штабқы қайтып келсем командир мен комиссар ғана отыр екен. Екеуіңнің де сақал-мұрты өскен, өздерінен шаршағандық білінеді. - Ал, әңгіме сенікі, - деді Капров. Мен бастан кешіргендерімді баяндап бердім. Олар ықылас қоя тыңдап отыр. Сөзіміз аяқтала бергенде: - Бәріңе көп рахмет. Осы еңбектерің үшін автоматчиктеріңді наградаға ұсын, материалдарын жазып бер, - деді Капров.

- Жарайды, - дедім де, автоматчиктер ротасының бұдан былайғы жайы қандай болатындығын сұрадым. Осыған байланысты анада Клочков бергшен ақылды да айттым. - Автоматчиктер мықты күш екендігін көріп отырмыз. Біз оны бұдан былай да нығайтуға тиістіміз, - деп Капров комиссарға қарады. – Меніңше, осы полк штабының маңындағы бөлімшелерде, шаруашылық бөлімінде лайықты жігіттер бар. Соларды іріктеп алып, автоматчиктер ротасына жіберген жөн болар еді. Қазір батальондар бірде-бір адам бере алмайды, өздеріне жетпей жатыр. Кейіннен жаңа жігіттер келгенде, автоматчиктер ротасын қайта құрамыз ғой. Бұған комиссар қалай қарайды? Полк командирінің ұсынысын комиссар екеуміз полк маңындағы бөлімшелерден шаруашылық бөлімінен бірнеше жігітте іріктеп алдық. Автоматчиктердің қатары жиырмаға жетті. Біз енді алдағы ацйқастарға даярлана бастадық...

1941 жыл

Генерал Панфиловпен
кездесу

Дивизиямыздың командирі генерал-майор Иван Васильевич Панфилов екенін білеміз. Бірақ соғысқа дейін бұл генералдың есімін естіген де, өзін көрген де емеспіз. Сондықтан да болу керек, июль айының аяқ кезінде «Генерал-майор Панфилов» депе тасқа басылған листовка алдық. Онда генералдың өмірбаяны жазылып, суреті түсірілген екен. Оны дивизияның политотделі шығарыпты. Және политотделдегі жолдастарға «Дивизия командирінің өмірбаянын әрбір жауынгерге оқып, таныстыру керек» дегенді айтыпты. Генералдың өмірбаянын жауынгерлерден бұрын взвод командирлеріне таныстыру керек болды. Сол үшін оларды жинап алып, политотделден келген листовканы оқып отырмыз. Листовкадағы жазуларға қарағанда, Иван Васильевич Панфилов 1893 жылы Саратов губерниясының Петровскі қаласында, ұсақ контор қызметкерінің семьясында туған. Болашақ совет генералының балалық шағы ауыр да жоқшылық тұрмыста өтіпті. 1915 жылы ол армия қатарына шақырылады, дүнгиедүзілік бірінші соғысқа қатардағы жауынгер болып қатысады. 1917 жылы Ұлы Октябрь революциясын зор қуанышпен қарсы алады. 1918 жылы Иван Васильевич Панффилов өз еркімен Қызыл Армия қатарына түседі. Чапаев дивизиясының Саратов полкында взвод командирі болып қызметке кіріседі. Азамат командирі болып қызметке кіріседі. Азамат соғысына қатысады. 1921 жылы Коммунистік партияның мүшелігіне алынады. 1924 жылдың декабрінде Орта Азияға жіберіледі, совет халқының жауы басмашыларға қарсы күреседі. 1924 жылдан бастап Иван Васильевич Орта Азия Соғыс округінде рота, батальон полк командирі болып істейді. Ол 1938 жылы Қырғыз ССР Соғыс комиссары болып тағайындалады да, бұл қызметті 1941 жылдың июль айына

дейін атқарады. 1940 жылғы апрель айының төртінде оған гшенерал – майор атағы беріледі. Ұлы Отан соғысына дейін Совет өкіметі үшін күрестерде көрсеткен ерліктері үшін Иван Васильевич екі рет «Қызыл Ту» орденімен наградталады. 1938 жылы Қырғыз ССР Жоғарғы Советіне депутат және Қырғызстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетіне мүше болып сайланады. Партиямыздың Орталық Комитеті Ұлы Отан соғысты басталған кезде 1941 жылы июль айында Алматыда жасақтала бастаған 316-атқыштар дивизиясына генерал-майор Иван ВАсильевич Панфиловты командир етіп тағайындайды. - Генералымыздың өмірбаяны тамаша екен, - дедім взвод командирлеріне. – Ерлігі де, Советтік Отан үшін жасаған еңбегі де айтарлықтай және әскеритәжірибесі де көп екен. - Иә, мұндай жауынгер генералдың қол астында қызмет ету үлкен абырой ғой, - деді екінші взводтың командирі кіші лейтенант Караваев, - менің түсінуімше, генералымыз майданға дейінг бізге соғыс өнерін, ұрыс әдістерін үйретіп, бәрімізді ерлік іске дайындауға күш салатын болса керек. - Солай болатыны сөзсіз. Осы дивизияға Қазақстан мен Қырғыстанның ең таңдаулы деген жігіттері келді. Оларды басқаратын командир де таңдаулы деген жігіттері келді. Оларды басқаратын командир де таңдаулы, тәжірбиелі болуға тиіс. Орталық Комитеттің бізге Панфиловты жіберуін сондықтан деп түсінуіміз керек. - Бастаушымыз бақырауық болмай, ақылға сала іс істейтін және ұйымдастырғыштық қабілеті мол білгір адам болса бәрімізге бақыт қой. Солай емес пе, жолдас политрук? - Әрине, солай. Біз дивизиямыздың командирімен алғаш рет осылай, сырттай танысып едік. Ал Алматыдан майданға аттанғанға дейін онымен бетпе-бет келіп сөйлескен кезіміз болған жоқ. Мұндай кездесудің реті сентябрь айында түсе қалды. Ол былай. 1941 жылғы сентябрь айының бас кезінде біздің дивизиямыз Новгород облысындағы Крестцы қаласының маңында алдағы ұрыстарға даярланып жатты. Бұл арадағы ең негізгі оқуымыз: қорғаныс шептерін жасау, атыс өнеріне жаттығу, оқуымыз: қорғаныс шептерін жасау, атыс өнеріне жаттығу, жауға қарсы ұрыс жүргізу әдістерін үйрену. Батальонымыздың командирі капитан Лысенко күн сайын түнгі сағат он бірде рота командирлері мен политруктерді жинап алып мәжіліс өткізеді. Онда күнделікті оқу-жаттығу жұмысының барысы туралы рота командирлерінің қысқаша мәлімдемесін тыңдап, ертеңгі күннің міндетін көрсетеді. Осындай мәжілістің бірінде капитан Лысенко мынадай бір жаңалық айтты: - Біздің батальонды генерал Панфилов өзінің резервіне алды. - Мұны қалай түсіну керек? Сонда біз полктан мүлде қол үзіп кетеміз бе? – дестік. - Ертең фашистермен қолма – қол ұрысқа кіріскен кезде, дивизияның асақауіпті жағдайға ұшыраған бөлімі болса, соған жедел көмек беру үшін генерал өзінің қарамағындағы резерв етіп біздің батальонды таңдап алып отыр. Сондықтан да біз бүгіннен бастап генералдың резервіндеміз, бірақ полктың

есебінен мүлде шығып кетпейміз. Ертеңдері батальонмен танысу үшін генералдың өзі де келіп қалар. Генералдың резервіне көшуді бізге көрсетілген зор сенім деп есептеңіздер. Күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарымызды бұрынғыдан да күшейтіп жүргізе беруге тиістіміз. Және бұл хабарды жігіттерге жақсылап түсіндіріңіздер. Айта кетелік, генералдың резервіне көшісімен-ақ біздің батальондағы кейбір рота, взводтардың командирлері ауысты. Олпрдың орнына жаңа адамдар тағайындаладжы. Мәселең кіші лейтенант ВАсилий Шуть екеуміз үшінші ротаға жіберілдік. Ол бұған дейін дивизияның штабында істеген екен, өзінің сұрануы бойынша рота командирі болып келді. Ал мен болсам политрукпын, осы полктың өзіненмін. Күнделікті әскери оқу-жаттығу жұмыстарымыз қызу жүріп жатыр. Бүгін ертеден бері ротадағы жауынгерлер жер қазып, қорғаныс шебін, ор жолдар мен бекіністер жасауда. Мұндайда жігіттердің пайдаланатын негізгі еңбек құралы – темір күрек. Олар жер қыртысын қопарып, топырлата сыртқа тастауда. Түс мезгілінде күн ысып кетті дже, жігіттер тенрлей бастады. Рота командирі жігіттерге сырт көцйлектерін шешуге рұқсат етті. Тері басылып, ет қызуы сақындай бастаған жауынгерлердің қолы-қолына жұқпайды, күректі құлаштай сілтеуде. Еңбек қарқыны үдеп барады. Міне, осы кезде рота штабының маңына «эмка» деп аталатын жеңіл қара машина келіп тоқтады. Оған жалт қарай қалдық. Машинадан генерал Панфилов пен капитан Лысенко түсті де, бізге қарай беттеді. - Құдай оңдап, масқара болдық-ау, - дедім Шутьқа. - Не істеу керек? Генерал келе жатыр. Оны көрген және жалаңаштана жұмыс істеп жүрген жігіттер бой түзеп әрқайсысы өз орнында тұрып қалыпты. Байқаймын, генерал ызғарлы емес сияқты. Ол біздің қасымызға тоқтады да, жігіттерге қарап: - Амансыздар ма? – деді. - Здравия желаем, товарищ генерал, - деп жігіттер жауап берді. - Міне, батырлар, - деп генерал жымиып қойды. - Жұмысты жалаңаштанып істеу туралы бұйрық берген қайсыңыз? - Мен, жолдас генерал, - деп Шуть қызараңдап кетті. - Кінә менде, айыптымын. - Айыбыңызды мойындағаныңыз жақсы, - деді генерал. - Бұйрық беріңіз, жігіттер киінсін. Ал оған дейін, жолдас рота командирі,. Жұмыстарыңызбен танысайын. Не істеп жатқандарыңызды көрсетіңіз. Генерал ротамыздың қорғаныс шебін аралай бастады. Оған рота командирі түсінік беріп, осы арада жүргізіліп жатқан құрылыстарды, қай жерде атыс ұясы тұрғанын, жауынгерлердің жататын үйі қайсы екенін баян етуде. Терең қазылған орды бойлай жүре отырып, генерал жаңа Шуть айтқан бекіністермен танысып келеді, әрбір атыс ұясына, жігіттер жататын жер үйлерге тоқтап, олардың қандай кемшілігі барын да көрсетіп келеді. - Мына біреуіңіз атыс ұясына ұқсағанымен , - деді генерал пулеметчиктердің позициясына келгенде, - түкке тұрмайды екен. Қалай қарай ататындарыңыз анық көрінбейді. Әрбір пулеметчик атыс секторын айқын көріп отыруға тиісті.

Қорғаныс шебімізді аралап шыққаннан кейін генерал взвод командирлерін жинап алды да, бәрімізге ақылын айтты. Қай жерде не істеу керектігін көрсетіп берді. Содан кейін: - Кәне, жігіттерге барып, әңгімелесейік, - деді. Ротаның жауынгерлері генералдың рұқсаты бойынша алқа-қотан болып отырыса қалды. Ортада генерал т ұр. Ол жігіттерді көзімен шолып өтті де сөзіне кірісті. -Жасап жатқан қорғаныс бекіністеріңізбен танысып шықтым, - деп бастады генерал сөзін. - Көп жұмыс жүргізген екенс - Көп жұмыс жүргізген екенсіздер. Бірақ жетпей жатқан жерлеріңіз де бар екен. Олардың бәрін командирлеріңізген айттым. Сіздерге де айтайын: өздеріңіз қорғаныс жасаған жерде жаудыңғ бірде-бір солдаты өте алмайтын болсын, сіздер қорғаған жер алынбас қамалға айналсын. Бұл үшін аянбай еңбек етелік. Жауға қарсы қолма-қол ұрысқа кірер күн де алыс емес. Оған дейін бар мүмкіндікті пайдаланып соғыс өнерін үйрене берелік, алдағы айқастарды қалай күресу керектігін осы бастан біліп алайық. Генерал біраз сөйледі. Ол әңгімесін шәкірттеріне сабақ үйреткен мұғалім сияқты айтып тұр, Алдағы күнде жаумен табан тіресе күресу үшін алдын-ала не істеу қажеттігін түсіндіріп берді. - Сіздерге бір ескерту жасайын, - деп жалғастырды генерал бұдан кейінгі әңгімесін. - Сіздер аңқау, бейқам екенсіздер. Майданға жақын жерге келіп алып, жұмысқа жалаңаш кіріскендеріңіз маған ұнаған жоқ. Жалаңаштана жұмыс істеп жатқан сіздердің үстеріңғізге жаудың бір топ автоматчигі келе қалса қайтер едіңіздер? Жауға қарсылық көрсетпек түгіл, бір рет оқ атуға да жарамай қырылып қалар едіңіздер. Қайран, жалаңаш батырларым-ай, - дей бергенде жігіттер ду күліп жіберді. - Міне, өздеріңіз де сол бейқамдықтарыңызды түсініп, оған енді күліп отырсыздар. Бір ағаттық жасап алғандықтарыңызды мойындап тұрсыздар. Қазір сіздерге айтарым: алдағы күнде жалаңаш жүрмеңіздер, үнемі жауынгерлік жинақылықта және әрқашанда, әр жағдайда жаумен соғыса кетуге дайын болыңыздар. - Сіздердің жұмысты жалаңаштанга істеп жатқандарыңғыздф көргенде, - деді генерал, - есіме осыдан көп жыл бұырн болған бір оқиға түсе кетті. Азамат соғысының кезі еді. Мезгіл июль айының іші. Біздіңк күшімізге шыдамай қашқан жауды біраз жер қуып тастадық та, демалайық деп бір кішкене көлдің жағасына тоқтадық. Күн ыстық, жер үсті күйіп тұр. Сол арада жауынгерлер жалаңаштанып алдлы да, аттарының ертоқымын сыпырып тастап көлге қойып кеп ктті. Бәрі де рахаттанып шомылып жүр. Бұл жағдайды жау байқап қалса керек, қиқулап шабуыл жасағаны бар емес пе? Көлде жүзіп жүрген жігіттер де жағаға тартты. Әр жалаңаш, әрі қаруы жоқ бұл жігіттер жауға қарсы бұрынғыдай ерлік көрсете алмады, қайта өздері қырылып жаздады. Олардың аман қалуына станокты екі пулеметсіз себепші болды.

Күшті қаруымыз станокты пулемет болатын. Бізде оның екеуі бар еді. Жаудың шабуылдап келе жатқанын көріп қалған пулеметчиктер (олар көлге түспей, жағалауда тұрған) пулеметтерін атқылап, дұшпанның алғашқы қатарын баудай түұсірді. Бұған қарамастан ілгері ұмтыла берген жауды пулеметчиктер беттетпеді, тікелей шабуылдан бас тартқызды. Сөйтіп тұрғанда көлдегі жігіттеріміз қатарға қосылды, қолдарына қаруларын алып ұрысқа кірісіп кетті. Жау келген жағына қарай қаша жөнелді. - Азамат соғысы жылдарында болған осы бір оқиғаны, - деді генерал, - еске алған себебім және сіздерге әдейілеп айтайын дегенім: қырағылықты күшейтейік, бейқам болмайық, аңғырт отырмайық. Қырағылық біздің қаруымыз бейқамдық жауымыз екенін ұмытпаңыздар. Біз майдан шебінен, ұрыс жүріп жатқан жерден алыста тұрған жоқпыз, жақындамыз. Сондықтан аңғырт, аңғал болмалық, жалаңаш жүрмелік, жауынгерлік міндетті орындауға әр уақытта дайын тұралық. Бұған қалай қарайсыздар? - Әрқашанда дайынбыз! – деп жауынгерлер генералға пионерлерше жауап қайырды. - Бұларыңызға көп рахмет, - деді генерал. – Жұмыстарыңыз табысты болуын тілеймін. Жолыққанша сау болыңыздар. Арада бір жұмадай уақыт өтті. Бұл мерзімнің ішінде ротаның қорғаныс шебін нығайту жөнінде көп жұмыс жүргіздік, генералдың кемшілік деп көрсеткендерін жөндедік. Жауынгерлердің соғыс өнерін, ату әдістерін үйренуінде де біраз жетістіктер бар еді. 26 сентябрь. Бұл күні де әскери оқу, жаттығу сабақтарын жүргізіп жатқанбыз. Соған сәйкес бүгін әрбір взводта «бөлімше шабуылда» деген тақырып өткізілуде. Оны бөлімше командирлерінің өздері жүргізуде. Ал рота, взвод командирлері сабақтың барысын байқаумен қатар қажет болған кезде бөлімше командирлеріне көмек беріп тұр. Сағат он. Бізге қарай төрт салт атты жатыр. Олардың кім екеніне мән беріп жатқан біз жоқпыз. - Генерал ғой. - Басқа біреу. Генерал машинамен ғана жүреді. - Керек болса, мына келе жатқан генералдың өзі. Жауынгерлердің дабырласа сөйлескен бұл сөздері расқа шықты. Келе жатқан генерал Панфилов екен. Қасында Лысенко және біреулер бар. Бұл жолы қапы қалмайын дегендей Шуть команда берді, ротаның жауынгерлері генералға құрмет көрсете тұра қалысты. Содан кейін ол ротаның бүгін не жүргізіп жатқанын баян етт. Генерал Шутьтің рапортын қабылдады, жауынгерлермен амандасыт. - Сіздер сабақтарыңызды жүргізе беріңіздер, - деді генерал взвод командирлеріне. – Біз ротаның қорғаныс шебін қарап шығалық. Ротаның қорғаныс шебі, бекіністер мен жер үйлер, атыс ұялары мен ор жолдар. Оларды генерал аралап келеді, әр жерге бір тоқтап сынай қарап келеді.

- Қорғаныс шебіңіз, - деді генерал Шутьқа, - өткен жолғыдан әлдеқайда жақсарған екен. Көп жұмыс жүргізгендеріңізді көріп тұрмын. Әрқашанда осылай болыңыздар. Ал енді жігіттеріңізге барайық. - Ротаны жинайын ба? - Кішкене тоқтай тұрыңыз. Әуелі жауынгерлердің сабақты қалай оқып жатқандарын көрейін. Генерал үшінші взводқа келді. Бұл кезде бірінші бөлімшенің командирі Олейников сабақ жүргізіп жатыр еді. Ол Панфиловты көре сала, жігіттеріне қарап « смирно!» - деді де жүгіріп келіп, генералға рапорт берді, « Бөлімше шабуылда» деген тақырыпты өтіп жатқанын баяндады. - Сабағыңызды жүргізе беріңіз. Бөлімше командирі Олейников екі метрге жуық бойы бар, алып денелі жігіт еді. Алматыда әскерге алынып, осы ротаға келгенде бір жұмадай казмарда отырып қалады. Өйткені киіп шығатын киімі болмайды. Оған әскерге даярлаған стандартты размері бар киімдер сыймайды. Ең денелі деген жігіттің аяғына киетіні 44-размерлі етік болса, Олейниковке оның 47-размері керек болады. Ең зор деген жігіттерге шинель мен іш киімнің, сырт көйлек пен шалбардың 56размері жарап жатса, Олейниковке 60-размерлісі керек болады. Ал мұндай үлкен размерлі киімдер складта жоқ болып шығады. Сондықтан ол үстінде әскер киімі болмиағандықтан казмарда отырып қалада. - Енді не істеу керек? – дейді старшина Мочалкин рота командирі Андриевскийге. Ол полк командиріне айтады. Ақыры Олейников дивизиялық ательге жіберіледі де, бойына шақ киісмдери тігіледі. Тек бір жұмада дегенде ғана оның әскери киімдері дайын болады. - Олейников деген жауынгеріңіз, - дейді ательенің тігіншісі Северский ротаның старшинасына, - нағыз алыптың өзі екен. Екі кісінің киіміне жетерлік былғарыдан оған әзер дегенде бір етік тіктік. Орта бойлы адамның шинеліне 2 метр 80 сантиметрдей мата кетеді. Ал Олейниковке үш жарым метр шығардық. Басқалармен салыстырғанда оның шалбары мен сырт көйлегіне, іш киісміне кеткен материалдар бір жарым есе көп болып отырды. - Оған запас киімдер де керек екен ғой, - дейді старшина. - Ал оны қайдан алуға болады? - Олейников сияқты алып адамдар өмірде аз емес қой. Бірақ оларға керекті киімдер үнемі болып тұрмайды, - дейді Северский. – Оларға шақ келетін әскери киімдер көбінесе арнаулы заказбен тігіледі. Сондықтан заказ беріңіз. Амал нешік дегендей, Андриевский мен Мочалкин полк командиріне рапор, жазады, Олейниковке запас киімдер керектігін айтады, ательеге заказ беруін сұрайды. Арада жарты ай өткенде старшина Мочалкин дивизиялық ательеден Олейниковке запас киімдер алып келеді. Ол киімдер старшинаның арбасында сақтаулы екен деседі. Міне, сөйткен Олейниковымыз генерал Панфиловтың алдында тұр. «Сабағыңызды жүргізе беріңіз» , - деді оған генерал. Бірақ Олейников «құп» деп жүгіріп кетпеді, орнында тұрып қалды. Шамасы, генералдан именген сияқты. Оның бұл күйін байқап қалған генерал:

-Жолдас бөлімше командирі,сабағыңызды жүргізе беріңіз ,жігіттеріңіз күтіп тұр ғой,-деп қайталап айтты. Олейников жігіттеріне барды,сабақты жүргізе бастады.Бірақ бұрынғыдай емес,жүрексінуі бар секілді.Оны генерал да,жігіттер де сезіп тұр. -Жолдас,Олейников,бері келіңіз.-деді генерал.-Екеуміз орын ауыстыралық.Сіз генералсыз ,ал мен бөлімше командирімін.Бүгінгі сабағымыз бөлімшенің шабуыл кезінде қандай әрекет жасайтыны,не істейтіні туралы екен.Бұл сабақты мен қалай өткізер екемін,сіз қарап тұрыңыз.Генерал сабақ беруге кірісті.Ол ең алдымен Олейниковтың қарамағындағы жігіттердің аты-жөнін сұрап алды.Содан соң жауынгерлерге осы бөлімшенің алдына қойылған міндетті түсіндірді. -Бәріңіз алға қараңыздар,-деді генерал ілгері жақта,шамасы 150 метрдей жерде өсіп тұрған бір топ шілікті көрсетіп.-Алдымыздан көрінген шіліктің түбінде жаудың атыс ұясы орналасқан ,ол оқ атып бізді ілгері бастырмай тұр.Бөлімшенің міндеті :сол атыс ұясына шабуыл жасап,оны құртып жіберу. Генерал бұл міндетті орындау әдісін де жауынгерлерге түсіндіріп берді.Оның айтуынша ,әуелі бөлімшенің бір жігіті еңбектеп ,жер бауырлай ілгері ұмтылады,оны басқалар оқпен қолдайды,жау жағын атқылап дұшпанның басын көтертпейді екен.Бірінші жауынгер өзіне көрсетілген жерге барысымен шұңқыр қазып бекінеді.Бірінші жігітке ілі-шала екінші жігіт еңбектеп жүгіре жөнелді,оған да жолдастары оқпен көмек береді.Міне,осылай,бірінен соң бірі көтеріліп,бөлімшедегі жауынгерлер шабуыл жасайды,сөйтіп міндетті орындайды екен. Сабақ аяқталды.Генерал бөлімшедегі жауынгерлерді және командирлерді жинап алып,жаңа ғана өзі өткізген сабаққа талдау жасады,алға қойылған міндетті кімнің қалай орындағанын айтты,бағасын берді.Жігіттердің ынта –жігеріне ризалық білдірді. -Берілген міндетті орындаудың әдісі,-деді ол,-қалыпқа құйғандай бір-біріне ұқсас бола бермейді.Әр түрлі болады.Сонда жалпы жағдайды,әсіресе жер жағдайын ескеріп отыру қажет.Екіншіден ,берілген міндетті орындауда бөлімшедегі жауынгерлер бір-біріне көмектесіп отыруы шарт.Мұндай көмек ,қолдау болмаса міндет орындалмайды. -Ал ,бөлімшенің жігіттері ,-деп ол күле сөйледі.-Бұдан былай да табысқа жете берулеріңізге тілектеспін .Бөлімшеге берілген бұйрықты ойдағыдай орындағандарыңыз үшін алғыс жариялаймын. -Совет халқына қызмет етуге дайынбыз!-деп жауынгерлер жауап қайырды. -Жолдас кіші лейтенат ,-деді генерал ,қасында тұрған Шутьқа ,-енді он минуттан кейін осы араға ротаңызды жинауды сұраймын.Жігіттеріңіз келгенше асхана жағын көріп қайтайын. Ротаның асханасы ағаш ішінде болатын.Генерал келгенде түскі ас қазанда пісіп тұр екен.Аспазымыз Хлебников деген жігіт еді.Ол генералға әскери тәртіппен сәлем беріп,жауынгерлерді қалай тамақтандырып жүргенін баяндады. -Жігіттердің сізге деген арыз ,өкпесі жоқ па?-деді генерал .Ет пен май жеткілікті.Овощ жағы кемістеу ,-деді аспазшы. -Ертеңнен бастап овощты үзбей алып тұратын боласыздар.

Бұдан кейін генерал жауынгерлерге даярлаған түскі тамақтан ауыз тиді.Аспазшыға «асыңыз дәмді екен,көп рахмет» деді. Ротаның жауынгерлері ағаш шетінде жиналып тұр.Оларға қарай келе жатқан генерал кіші лейтенат Шутьтің рапортын қабылдады да жігіттермен амандасты. -Отырыңыздар,шылым тартуға да рұхсат,- деді генерал жауынгерлерге.-Өткен жолғы бас қосуымызда мен сіздерге барлық жағдайды,алда тұрған міндеттерді айтып бергем.Бүгін енді сіздердің әңгімелеріңізді тыңдағалы келдім.Қандай сұрауларыңыз бар,не туралы айтқыңыз ,иә білгіңіз келеді?ашығынан сөйлеселік.Адьютант,-деді қасында тұрған аға лейтенантқа,-жауынгерлердің сұрақтарын,көтерген мәселелерін жащып отырыңыз.Иә,кәне.кімде қандай сұрақ бар? -Менің бір өтінішім бар,-деп жауынгер Лагутин орнынан тұрды.-Үйімде кәрі шешем қалды.Қыс болса жақындап келеді. Сол шешеме көмектесу жайы қалай болар еді? - Ондай жағдайда қалған жалғыз сенің шешең бе? Бәріміз де сен секілдіміз. Болмасты сөз қылғанша, отыр орныңа, - деп Лагутиннің қонышынан бір жігіт тартқылай бастады. - Елді қалған кемпір-шалдарға көңіл бөл депи генералдың мазасын алмайық. - Аты-жөніңіз кім еді? – деді генерал Лагутиннің қонышынан тартқан жігітке. - Садуақасов. - Жолдас Садуақасов, сіз қате айтасыз. Елде қалған кемпір-шалдардың қамын ойлау, оларға көмек беру туралы жергілікті жерге хат жазу, өтініш жасау дегендер де менің азаматтық міндетіме кіреді. Кімде-кім осы мәселедеь менің көмегімді керек етсе, жиналыстан соң адресін берсін, жәрдемдесейін. - Менің сұрауым бар, - деп бөлімше командирі Сарбасов орнынан тұрды. - Біз күн сайын мылтық атамыз. Бірақ мишень ілетін не тақтай, не фанера жоқ. Осыған комектессеңіз екен. - Жолдас рота командирі, бүгін кешкі жетіге старшинаңызды атарбасымен менің штабыма жіберіңіз, фанера бергіземіз, - деді генерал. - Ал сіздерге қоятын менің бірнеше сұрауым бар: тамақ жай қандай? Темекілеріңіз бар ма? Киімдеріңіз тозып қалған жоқ па? Елден хат-хабар алып тұрасыздап ма? - Бұл сұрауыңызға жауапты мен берейін, - деп екінші взводтың жауынгері, ротадағы комсомол бюросының мүшесі Сальников сөз алды. - Тамағымыз тоқ, бірақ кешкілікте шай да ішкіміз келеді, оттық жетіспейді. Киіміміз таза, жылы. Бұл жөнінде арызымыз жоқ. Ал почтамыз дұрыс жұмыс істемейді, көптен бері ел жақтан хабар ала алмай жүрмыз. - Айтқан тілектеріңіз ертеңнен бастап толық орындалады. Шай да, сіріңке де болады. Почта да дұрыс жұмыс істейді. - Менің бір тілегім бар,- деп бөлімше командирі Олейников түрегелді. - Сөйлеңіз, жолдас Олейников. Екеуміз ескі таныстардың қатарындамыз. Ойыңызды ашық айтыңыз. - Рота көлемінде немесе батальон көлемінде бөлімше командирлерінің жиынын өткізу қажет. Онда бізге соғыс өнерінен, жауынгерлерді тәрбиелеу, күреске үйрету тәжірбиесінен сабақ берілсе екен.

- Міне, бұл ұсыныңыз, - деді генерал, өте орынды. Бөлімше командирлерімен арнайы сабақ өткізуге ертең кірісеміз. Бұған екі күн бөліп отырмын. - Басқа сұрау жоқ. Бос сөзімізбен генералдың уақытын алмайық, - деді жауынгер Красильников. - Бұл сөзіңізге келісуге болмайды, -деді генерал. - Сіздерсіз мен командир емеспін. Командир қарамағындағы жауынгерлерін, олардың жағдайын жақсы білуге міндетті. Командирдің жауынгерлермен әңгімелесуге бөлген уақытын босқа кеткен уақыт демеуіміз керек. Егер мүмкіндігім болса, мен сіздерге бұдан былай келіп тұрам. - Жолдас генерал, - деп ротадағы парторгіміз Василий Шашко сөз алды, - Жұмысыңыздың көптігіне қарамай, біздерге келіп сабақ бергеніңізге, әңгіме өткізгеніңізге жауынгерлік жүректен мың да мың алғыс айтамыз. Сіздің сеніміңізді ертеңгі ұрыстарда ерлік ісімізбен ақтаймыз, жауға қарсы аянбай күресеміз, ақтық деміміз біткенше алысамыз. Бұл біздің сізге берген, сіз арқылы халқымыз бен партиямызға берген антымыз. - Бәріміздің де сертіміз бен антымыз осы, - деп жігіттер ду қол соқты. Генерал жауынгерлерге рахметін айтып қоштасыт да жүріп кетті. Ол күнгі кеште ротамыздағы жауынгерлердің бар әңгімесі Панфилов туралы болып жатты. Оның әрі дивизия командирі, әрі генерал бола тұрып қатардағы жауынгерлермен шүйіркелесе әңгімелесуін, олардың тілектері мен мұқтаждарын қамқоршы әке сияқты қарауын, көптеген мәселеден ақыл-кеңес, түсінік беруін ротаның жігіттері нағыз адамгершлік, коммунист басшыға біткен зор қасиет десіп жатыр. Олар генералға бірген бұл бағасын шын жүректен, сүйіспеншілікпен айтуда. Төлеген Тоқтаров СССР Жоғарғы Советі Президиумның 1943 жылғы январь айының 30 күні қабылданған Указы бойынша: Ұлы Отан соғысы майдандарында неміс-фашист басқыншыларға қарсы жүргізілген ұрыстарда асқан ерліктер жасап, Командованиенің бұйрықтарын бұлжытпай орындағаны үшін қатардағы жауынгер Төлеген Тоқтаровқа Совет Одағының Батыры деген ардақты атақ берілді. Советтік Отан үшін ақтық демі біткенше арпалысқан, ерлігіне ел сүйсінген Төлеген мен майданда бірге болған едім. Сондықтан да ол жөнінде білетіндерімді естенлік ретінде жас ұрпаққа айтып беруді өзімнің борышым деп түсіндім. Төлегеннің майданда жасаған ерліктерін әңгімелесуден бұрын оның өмірбаянын қысқа түрде айта кетелік. Төлеген 1921 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданына қарасты Қарақұдық деген ауылда (қазіргі «Таврия» совхозының Победа бөлімшесі), кедей шаруаның семьясында туған. Оның әкесі Тоқтар, шешесі Жамал өз еңбектерімен күн көрген адамдар болыпты. 1929 жылы Тоқтар, 1933 Жылы Жамал дүние салады. Кәрі әже Мүслимәнді (Тоқтардың шешесі), інісі Төлегенді және одан кейін туған Латипа, Хакима, Ханипа деген қарындастарын үлкен аға Ғабділғұмар және оның әйелі Күләш осы бір үлкен семьяны асырап-сақтап қана қоймайды, ондағы балалардың оқып, білім алуына да көп көңіл бөледі.

Жамал өлгеннен кейін Ғабділғұмар қарамағындағы үлкен семьяны алып, Шемонайхаға көшіп келеді, жұмысқа орналасады. Төлеген осындағы қазақ мектебінде оқып жүреді. 1937 жылдың апрель айында Тоқтаровтың семьясы Ленингорскіге көшіп келеді. Төлеген мұндағы № 10қазақ орта мектебінің жеті класын бітіреді. (Бұл қазір Т.Тоқтаров атындағы № 2 жұмысшы-жастар мектебі деп аталады.) 1938 жылдың басында Төлеген оқуды қояды да, Ғабділғұмар мен Күләшің және кәрі әжесінің қарсы болуна қарамастан қорғаныс заводына жұмысқа орналасады. Онда Төлеген мастер Вдовин басқаратын сменада алғашында краншының шәкірті, біраз уақыт өткеннен кейін краншы болып істейді. Ол өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты, сапалы етіп орындап отырады. Осы сменада жүріп Төлеген комсомол қатарына кіреді. Оны аға жұмысшылары да, жастар да қатты құрметтейді. Цехтың комсомолецтері Төлегенді цехтағы комсомол бюросының секретары етіп сайлайды. Бұл жұмысты өзіне көрсетілген зор сенім деп түсінген ол, жан аямай іске кіріседі, цехтағы жастардың еңбекте алдыңғы қатарда болып, жоспарды артығымен орындап отыруы, тәртіпті болуы үшін күреседі, жұмыста үлгі-өнегені өзі көрсетеді. Елімізге неміс-фашист басқыншылардың тұтқиылдан соғыс ашқанын естіген сағатта Төлеген заводтың комсомол ұйымына арыз береді, «әскер қатарына алдыруын» өтінеді. Оның өтініші қабылданады да, Төлеген және заводтың басқа да көптеген жастары қас қарсы күресу үшін әскери сапқа тұрады. ... 1941 жылдың октябрь-ноябрь айларында Москва түбінде болған ұрыстарға қолмақол қатысып, совет елінің қасиетті астанасын қорғауда асқан ерлік көрсеткені үшін «Гвардия» атағын алған әскери құрамалардың қатарында генерал-майор Иван Васильевич Панфилов басқарған атқыштар дивизиясы да бар еді. (Кейіннен бұл әскери құраманы халқымыз панфиловшылар деп атап кетті..) Москва түбіндегі жойқын соғыстардан кейні, декабрь айының орта шенінде Жоғарғы Командованиенің ұйғаруы бойынша, панфиловшылар дивизиясы аз күндік демалысқа шықты. Москваның батыс жағы, шамасы, қырық шақырым жерде тұратын Нахабино станциясы мен сол маңды айнала орнаған екі-үш селоға біздің полкымыздың бөлімшелері келіп орналасты. Демалыстың алғашқы күндерін шаруашылық жұмысына арнаған жауынгерлер қару-жарағын, киім-кешегін ретке келтіру, моншаға түсумен шұғылданып жатты. Күндіз осындай шаруашылық жұмыстармызбен болсақ. Кешкісін ойын-сауық, кино керу, астана театрларын келген артистердің концертін және де Москва партия ұйымдары жіберген лектордың баяндамалары мен лекцияларын тыңдаумен болдық. Кей күндері Москва жұмысшыларына барып, панфиловшылардың жаумен қалай соғысқанын әңгімелеп отырдық. Осындай қарым-қатынастар кезінде майдандағы жауынгерлер мен тылдағы халықтың ой-арманы, тілегі бір екендігі айқан көрінетін еді. «Басқыншы жауды жапыра соқ;ойран салған олар болса, жеңісті тойлаушы біз боламыз! Қолдан келген көмегімізді сендерге арнаймыз, барлығы жеңіс үшін!» дейді халық. «Алдымыздағы азаматтық борышымызды

барлық ар-ұятымызбен ақтаймыз деп ант етеміз» дейтін жауынгерлер. Бұл сөздер қаһарлы халық пен айбынды Армияның айнымас анты, сенімді серті еді... ...Уақыт зымырап өте берді. Аз күнде демалған жауынгерлер алдағы ұрыс күндеріне даярлық жасай бастады. Ұрыс амалдарын үйрену, атыс өнеріне жаттығу, өткен айларда бастан кешірген соғыс тәжірбиелеріне қорытынды жасау, саяси сабақтар өткізу секілді жұмыстар жүріп жатты. Осындай жағдайда 1942 жаңа қарсы алдық... Январьдың бесі күні кешке полк комиссары Ахметжан Мұхамедияров мені шақырып алды. Полктың командирі мен комиссары бір үйде тұратын еді. Мен келсем, комиссар біреулермен әңгімелесіп отыр екен. Әскери тәртіп бойынша сәлем беріп, келгенімді білдірдім. - Шешін де, бері кел, жоғары шық, - деді комиссар. Мен шешініп келдім де, комиссармен қатарласа отыра кеттім. Ахметжандардың қасында отырғандардың бәрі де таныс, батальондағы комиссарлар екен. - Сіз, жолдас Бауыржан Момышұлын танисыз ба? – деді комиссар. - Танимын. Өйткені декабрьдың бас кезінде дивизияның штабында кездескеніміз, бір түн бірге болғанымыз да бар еді, - дедім. - Онда жақсы. Бауыржан біздің полқа қызметке келіп отыр. Полк командиріне орынбасар болып тағайындалды, - деді Ахметжан. - Уақытша ма, әлде түпкілікті болып тағайындалды ма? – деген сұрауыма: - Оны болашақ көрсетер, - дей салды комиссар. Біраз отырып әңгімелескеннен кейін комиссардың айтқан сөзі мынау болды: - Таяу арада полкымызға жаңа жігіттер келіп қосылады. Келетіндер қазақстандық жастар көрінеді. Соларды жақсылап қабылдау үшін комиссия құрдық, оның бір мүшесі етіп өзіңді де енгіздік. Автоматчик болуға жарайтын жігіттерді ротаның командирі Соловьев екеуің ұқыпты таңдап алыңдар... Полкқа жаңадан келген жігіттерді қабылдайтын комиссия жұмысына кіріскелі екі күндей болып қалған. Комиссия жұмысына кіріскелі екі акүндец болып қалған. Комиссия отырған үйге кіріскелі екі күндей болып қалған. Комиссия отырған үйге топ-тобымен келіп жатқан жастар, бәрінің де жүздері жарқын Ұлы Отанды қорғау жолында азаматтық борыштарын асқан жігермен өтеу үшін келгендері көрініп-ақ тұр. Олар әлемге ерлік атағы шыққан панфиловшылардың қатарына қосылғанына қуанышты секілді. Таң қылаң берген шақта комиссия отырған бөлмеге келесі бір топ жас жігіттер келіп кірді. Бұлар Лениногорскіден келгендер екен. Бәрі де сақадай сайланған, тепсе тенмір үзетін келгендер жастар. Мен манадан бері осындай жігіттердің тізімге алып, «автоматчик боласыңдар» дееп жатырмыз. Қатарда тұрған жігіттердің сол жағындағы екеуіңе жақындай бергенімізде, олар бізге қадала қарады. Екеуінің жас шамасы да, бойлары да бірдей. Біреуі ашаң жүзді, өткір көзді қара торы жігіт те, екіншісі дембелшелеу келген ақ сары жігітке. Соловьев жақындап келді де, аты-жөнін сұрады. - Батталов Жұмажан! – деп ол жауап қайырды. - Тоқтаров Төлеген! – деді екіншісі. Оның аты-жөнін сұратқызбастан жауап беруі, қадала қарауы, әрбір сөзін нығыта айтуы Соловьевті де, мені де іштей қуантты.

Осы келген топтан өзімізге керекті жігіттерді таңдап алғаннан кейін, оларды екінші бір бөлімге апардық. Онда Соловьев жігіттердің автоматчиктер бөліміне баратынын айтты, оларға өзін рота командирі деп, ал мені политругі деп таныстырды. - Ал басқа жайларды ротаға барған соң сөз етерміз, сонда толық таныстырамыз, - деді. Солай болса да, бәрінен бұрынырақ біліп алайын дегендей: - Автоматчик деген не? – деп сұрады Тоқтаров. - Оның кім екенін ротаға барған соң білерсің. - Мейлі, әйтеуір мылтық атуға мүмкіндік берсе болғаны... - Мылтықты атқанда автоматчиктер атсын. Олар оқты бұршақтай боратып, жаңбырдай нөсерлетеді. ...Арада екі-үш күн өткен. Бұл күндері ротамызды взводқа, взводтарды кішкене бөлімшелерге бөлгенбіз. Батталов пен Тоқтаровты өздерінің өтініші бойынша бір бөлімшеге жібердік. - Сен екуің бір бөлімшеге жібер деп өтініш жасадыңдар, оның мәнісі бар. Бұл екеуімсіз құрдаспыз, бір мектепте оқыдық, бір партада отырдық. Соңғы жылы бір заводта, бір цехта істедік. Әскерге де бірге алындық, майданға да бірге келдік. Айырмаған, айныспаған доспыз, - деді Төлеген. Демалыста болғанымызбен де күнделікті әскери оқу, жаттығу, үйрену жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Алдағы айқастарға, қас жаумен қаһарлана ұрысатын күндерге дайындалудамыз. Кешкілік уақыттарда жиналыстар өткізіп тұрамыз. Онда соғысқа қатысып ысылған, тәжірбие алған жігіттер жаңа келгендерге әңгіме айтады. Жаумен қалай соғысып, қалай ұрудың тәсілін үйретеді. Олардың әңгімесін жаңа келген жастар қызыға, құмарлана тыңдайды. - Фашистермен қашан айқасар екенбіз? - Осылай отыра береміз бе? Тезірек майданға кіріспейміз бе? – деген секілді сұраулар да көбейе бастады. Бұған қарағанда жігіттердің жауға қарсы тезірек аттануды, ұрыс майданына тезірек жетуді аңсағандықтарды аңғарылады. - Бәрі де болады. Басқыншы жауды жапыра жеңу үшін оқи, үйрене түсуіміз керек. Соғыс тәсілін жақсылап білуге тиістіміз, - дейміз жігіттерге... Күн сайын взводтарда болу, командирлер мен жауынгерлерге барып әңгімелесі, оқыту, үйрету Соловьев екеуміздің күнделікті дәстүрімізге айналған еді. Ротаның жауынгерлік жұмыстарын жақсарта беру үшін, кездескен кемшіліктерді уақытында жойып отыру үшігн Соловьев екеуміз ақылдасып, түсінісіп едік. Осындай мақсатпен бір сәтте бірінші взводқа келдім. Бұл күні взвод жігіттері автоматтан атып, жаттығу жұмысын жүргізіп жатқан ьболатыг. - Халің қалай? – дедім взвод командирі Гадькоға. - Хал оңды. Мына жаңа келген жігіттер көңілді қуантып тұр. Автоматтан алғаш атулары ғой, нәтижелері жақсы. Осы кезде оңашарақ, тұрған екің жігіттің қызу сөйлескен дауыстары естілді. Олардың қасына келсем Төлеген мен Жұмажан екен. - Ой, өзің ата білмейді екенсің, ә, Жұмажан? - Жарайды, ол өз алдына. Сен мылтықты да стаханов ша атып көрсет. Менімен жарыстың, отыздын 22 ғана бердің менен 4 очко кейін қалдың...

Екеуін келістіру үшін автоматтан қайта рұхсат еттім. - Ал, екеуің де қайта атасыңдар. Саспай, асықпай көздеңдер. Міне, былай, - деп оларға ақыл айтып жатырмыз. Мишеньді керіп келген кезде, Төлеген әлдеқандай қуанышқа бөлегендей еді. - Менікі 27 ұпай. Жұмажандікі 24 ұпай. Жаңа күліп еді, көрдің бе, кімнің стахановшы екенін... - Екеуің де тамаша атады екенсіңдер. Сендер бүгін соғыс өнерінің стахановшысы болып отырсыңдар. Осындай мергендікпен фашистерді атсаңдар ерлегендерің... - Сол фашистерді қашан кездестірер екенбіз. Қалай көздегенді сонда көрсетермін, - деді Төлеген. - Қызбалану керек емес. Күрес, атыс күні алды. Соған дайындала беру керек. Өзіңнің жақсы атуың жеткіліксіз, атыс өнерін жолдастарыңа да үйрет, мергендікке баулы, - дедім. Бұдан арғы әңгімеміз Төлеген мен Жұмажан істеген завод жайында болып кетті. Олар заводтағы тұрмысын айтты. - Заводта стахановшы болып жүрдік, жақсы тұрмыста болдық. Айына 2 мың сомға дейін алатын ек, - дейді Төлеген. - Жолдас политрук, сіз Төлегеннің мына бір мінезін білмейсіз. Айлық алған күні Төлеген қасына бірінеше жолдасын ертіп қонақ ететін. Ол ол ма, қасына екі-үш қызды алып киноларға апарып жүруші еді... - Әй, Жұмажан, қыз туралы айтқаның өтірк... - Қызараңдамай-ақ қой, мен ана кім туралы не істегеніңді айтып қоярмын... Төлеген үндемей қалды да: «айтушы болма» дегендей Жұмажанға көзін қысты. Бұл әңгімеде бір жастық сыры барына түсіне қалдым да, екі жасты ұялтпайын деп ешнәрсе дегем жоқ. Сол күннен бастап Төлеген, Жұмажан екеуі сыр жасырмайтын болды. Сол күні кешке үшінші взводқа барып жігіттермен әңгімелесіп қайттым. Ол взводта бөлімше командирі Ахметов деген еді. Оның үстінен бірнеше шағым арыздар да түскен. Ол арыздарда айтылар сөз: Ахметов айғайлап, боқтай береді делінген. Тексере келгенде жаңағы арыздарда айтылған сөздер рас болып шықты. Ахметовтың оңаша шақырып алдым да: - Бауырым, сен әлі өмір қазанында қайнап піспеген жассың, тәжірбиең де аз болар. Сондықтан сен ретімен, де ретсіз де жігіттеріңе ұрсып, зекіре беретін көрінесід. Бұл жарамайды. Айғаймен бақыру, ұрысумен абыройлы болмайсың, қайта жеккөрініштіті халге жетесің. Ұрысумен абыройлы болмайсың, қайта жеккөрінішті халге жетесің. Әрине, ұрсу керек. Орынды талабың орынсыз ұрысумен араласып кетпесің. Бірде қатты бол, бірде тәтті бол. Тәулік 24 сағат қой. Осы уақыттың ішінде ақырған күйгелек те, жұмсақ момын да болма. Тым жұмсақ болу да жарамайды, жұмсақ бола берсең, жұрт сені басынып, сөзіңе құлақ аспайды. Сондықтан, делбенің екі ұшын бірдей ұста. Боқтау дегенді таста. Мен сені үнемі боқтай берсем, жақсы көресің бе? Боқтау, адамның арына тию – кейде кісіні ашындырады. Бұл ашынудың аяғы әкеп тию – кейде кісіні ашындырады. Бұл ашынудың аяғы әкеп жаман нәрсеге соғуы мүмкін. Осы ақылды есіңе ал, - дедім.

- Айтқандарыңыз дұрыс қой. Мені кейбір жігіттерім әдейі ызаландырады. - Әрине, сөйтеді. Олар сырыңды білген соң сені әдейі ашуландырады. Сондықтан білген соң сені әдейі ашуландырады. Сондықтан жаңағы айтқандарды есіңе ал. Сен мәдениетті, үлгілі, турашыл командир бол, жігіттеріңе қамқор бол, сонымен қатар қатаң да бол. Сол уақытта ғана сен беделді, абыройлы боласың, айтқаныңды орындата аласың. Ахметовпен әңгімені бітіріп, үйден шыға келсем, ай» жарық екен. Есік алдында бірнеше жігіт шылым тартып тұр. Олардың жанынан өте бергенімде Төлеген келе қалды. - Күн аяз ғой, жеңілтек шыққаның қалай? – дедім оған. - Өй, тәйірі-ай, осы да қыс па екен? Қыс деп біздің Алтайдың қысын айтсаңызшы... Осы кезде қасымызға үшінші взводтың жауынгері Шайкенов келе қалды. О да Төлегендермен бірге келген жаңа жігіт болатны. Ол асығуды, сасуды білмейтін, іске сылбырлау жігіт көрінген еді. «Осының өзі ұрыста қандай жігіт болып шығар екн» деп ойланған да кезім болған. Сол ойымды анықтайын деп, қалжың араластыра: - Шайкенов, осы сен қорқан емессің бе? – дедім. - О не дегеніңіз, қорқу дегенді білмеймін. Оны атай көрмеңіз. Ертең соғысқа енген кезде қандай ерліктер жасайтынымды білерсіз. - Ойнап айтам, жас жігіт қорықпас болар. Сенің батыл жігіт болатыныңа да сенем... - Е, біздің Шайкенов таусоғардың нағыз өзі. Тек сылбырлығы болмаса, сыр бермейтін, сыбағасын ешкімге жібермейтін жігітіміз осы, - деп Төлеген оны мақтай жөнелді. Қасындағы жолдасына қалжың айтып қадірін көтергеніне қарағанда, Төлегеннің көпшілік қамын ойлайтын жігіт екендігі тағы бір көрінгендей болды. «... Майданға аттанар күн алыс емес, шамасы екі-үш күнде қозғалатын шығармыз» деген сөзді полк штабында Бауыржаннан естіген едім. Осыған орай майданға жүру жабдығына кірісіп, әрбір взвод командиріне тиісті міндеттер де айтылған болатын. Бірақ мұны олардан басқа ешкім білген емес-ті. Январьдың он алтысы күні батальондар мен арнаулы роталардың командирері және политруктері қатысқан мәжіліс болды. Онда Бауыржан сөйлеп, қысқа түрде жағдайды айтты да: - Бүгін кешке аттанамыз. Біздің полк дивизияның бірінші эшелоны болып отыр. Ал полктың бірінші эшелоны капитан Гундилович басқарған батальон және автоматчиктердің бірінші ротасы болады. Қазір дайындық жұмысына кірісіңіздер, түнгі сағат 22-де вокзалдан табысамыз,- деді. Түнгі сағат 22-де бірінші эшелон вокзалға ккеліп поезға отырысты. Әрберіден соң қоңырау қағылды. Поезымызға майданға қарай қозғала берді... Жолшыбай, майданға жеткенше де оқу, үйрену істері жүріп жатты. Әсіресе қаружарақ техникасын үйренуге көп уақыт берілді. Вагон ортасында темір пеш бар, вагон жылы. Бірақ шам жетісмпейді, тек күндіз ғана жұмыс істеуге болады. Ротады гармонь, гитара, балалайка, шахмат, домино болатын. Олар взводтарға бөлініп берілген еді.

- Қап, домбырамды ала шықпағаным-ай! Майданда домбыра керек болар деп кім ойлаған. Оным қате болған екен, - дейді Төлеген жолдастарына. Төлегеннің сүйетін ойынының бірі домино болатын. Домино десе жанын салады. Ол, әсіресе, 12 цифры шыққанда «әкел, соқ Гитлерді» деп айғайлап та жіберетін. ...Келесі бір станцияда екінші батальонның штабына бардым. Капитан Гундиловичқа бір шаруамен келдім. Сіз 4-ротада командир болдыңыз. Атақты 28 батырды тәрбиеледіңіз. Сол туралы біздің автоматчиктерге бір әңгіме өткізуіңізді сұраймын – дедім. - Өте жақсы, ендігі станцияда барайын. Есіңде болсын, сенің ротаң менімен бұдан былай үгемі бірге болады. Бір жүріп соғысамыз. Қалай, жігіттерің мықты ма? - Жігіттердің қанда екенін өзіңіз көріп бағаларсыз. Мен баға бере білмеймін. Айтқанындай, келесі станцияда біздерге капитан Гундилович келді. Ол кеп әңгіме айтты. Әлемге ерлік атағы шыққан 28 батыр туралы өте түсінікті, ұғымды сөйлейді. Оның бұл сөзі жігіттерге қатты әсер етті. - Өлімнен қорықпасаң, жауға жауша тиіссең, соғысты бар ар-намысынмен жасасаң, сен жауды жеңесің, батырсың. Соғыста ең басты нәрсе – ұйымшылдық, дос үшін жанқиярлық, осыған жеті керек, - деді. Бұл сөздерді естіген Төлеген «мына капитан дос жайында дұрыс айтты-ау» деген пішінімен қасындағы Жұмажанға қарады. Ол мұны қуаттағандай сезім білдірді. Январьдың 22. Түн. Поезд Дворцы станциясына келіп тоқтады. Біздің эшелон осы станцияға түсті. Автоматчиктер шаңғыларын иығына салып, жолға шықтық. Біз эшелонның басындамыз, соңымыздан батальон келе жатыр. Қысқы сары аяз сақылдап тұр. Бірақ жігіттерджің киімдері қалың, жылы. Біраз жүргеннен кейін капитан Гундилович Соловьев екеумізді шақырып алды. Баратын маршрутты айтып картадан көрсетті де: - Автоматчиктер, сендер, полкты былай қойғанда, бүкіл дивизияның алдыңғы отрядысыңдар. Жолды сендер бастайсыңдар. Полк сондарыңда,- деді. Маршрут белгілі. Сол бойынша батальонның алдына түсіп батысқа қарай беттедік, қалың ағаш, жолсыз жермен жүріп келеміз. Екі каүндей тынбастан жүріп, үшінші күні бір деревняларға жеттік. Сол арада үш күн демалдық. Әбден тыныққаннан кейін полк тағы да ілгері аттанды. Бұл жолы да полк штабында командирлердің жиыны болды. Міндет айтылды. «Жаудың қорғану шебі жақын қалды, сақ болыңдар» деген сөз бұл жолы ерекше екпінмен баса айтылды. Полктың алдыңғы айбынды отряды болып автоматчиктер ротасы келе жатыр. Жолсыз, күртік қар, қалың ағаштың ішімен (карта және компас бойынша) жүріп келеміз. Бұйрық солай, жолмен жүруге болмайды. Жолмен келе жатқан қалың әскерді жаудың барлаушы самолеттері көрсе, бомбалауы, шығынға ұшыратуы мүмкін. Жүрістің ауырлығына қарамастан автоматчиктер бүкіл дивизияға жол салып келеді. Жігіттер шаршаған сияқты, бірақ сыр білдірмейді. Күні-түні демалыстан, тамақты әрі суық, әрі шала ішіп жол жүру, табиғаттың мылқау дауылын, боранын

елеместен алға, батысқа қарай тартып бара жатқан бұларды нағыз батыр десе болмас па? Осындай жүріспен бір ағаштың ішінен шыға келгенде, анадайдан деревня көрінді. Ол деревняны барлап қайту үшін Соловьев бөлімше командирі Тимоним мен Төлегенді аттандырды. Ол екеуі кетіп қалды. Өзгелеріміз демалуға кірістік. Шаршаған адам тыңдай ма, күртік қарды қазып жібнріп қор-қор ете қалысты. Жаурап қалмасын деген оймен командирлер оларды бақылап, кейбіреулерін оятып жүрді. Біраз уақыттан соң Тимони оралып келді де. - Деревняда неміс жоқ екен, - деді. Автоматчиктер сол деревняға барып бірер сағат тынығуды, сол жерде полкты, артқы эшелондарды тосуды мақұл көріп аттанды. Деревняға жақындай бергенден қарсы алдымыздан Төлеген шықты. - Әрбір взводқа үй бөліп қойдым, үй іштері шай қайнатып, тамақ әзірлеп жатыр. Келгендерімізге өте қуанулы, - деді. Автоматчиктер деревняға келді. Төлегеннің көрсеткен үйлеріне орналастық. Соловьев екеуміз 1-взводпен бірге болдық. Басқа взводтарды аралап қайтып келсем, 1взводтың жігіттері ұйықтап жатыр екен. Тек Төлеген отыр. - Сен неғып жатпай отырсың? - Старшинаны көрген жоқсыз ба? – болды Төлегеннің жауабы. Басқа сөз айтпастан ол кетіп қалды. «Апырау, мынау не істегелі жүр», - деген оймен далаға шықтым. Қарасам старшина Пупилько мен Төлеген келе жатыр екен. - Жолдас политрук, ротаға азық әкеп ем, соны қалай бөлеміз? - Қандай ас? Ыстығы ма суығы ма? - Суығы. Құрғақ азық күйінше алдым. - Әрбәр взводтың коимандирлеріне улестіріп бер. Бірінші взводтікін мына Төлеген алып үлестірер, - дедім. Әрі-беріден соң Төлеген нан (сухари), консерві, концентрат, қант, май алып келді. Оны взводтағы адамдарға бірдей ғып бөлді. Сонан соң жолдастарын тұрғызды, үлесін берді. Олар өздеріне тамақ дайындап ішісті де, «біз үшін» қамқорлық жасаған Тоқтаровқа көп рахмет», - деп ұйықтап қалды. Төлеген көпшіл адам еді. Ол ең алдымен жолдастарының жүгін көтеретін. Жолда демалыс минуттарында ол жолдастарының қамын ойлайтын. Командирлеріне жәрдемдесетін. Оны жігіттер де ерекше іш тарта сыйлайтын. «Сен серік болуға жарайтын адамсың», - дегенді барлығы да оған достық сезімдерін білдіретін.

Майдан шебіне де жетіп қалдық. Бұл күні қалың әскердің келе жатқанын жаудың барлаушы самолеттері байқап қалса керек, бір уақытта фашистердің 15 самолеті ұшып келді. Бұл кезде автоматчиктер ағаш арасына сүңгіп те кеткен еді. Жаңағы самолеттер тоғайды тінте бомбалады, пулеметтен атқылады. Бірақ адам шығыны болған жоқ. «Қай орманға бомба тастап қиратар дейсің, қай ағашты атқылап құртар дейсің. Атса, ата берсін. Неміске Россияның ағашы да жау. Ол ағаш бізге пана» - дейді Төлеген.

Тағы да жолға шықтық. Командирлер жігіттердің біресе алдында, біресе соңында болады. Шаршағандар болса, оған көмек көрсетеді, әңгімелеседі. Бағанағы ұшып келген самолеттер жайында Соловьев бір демалыста жігіттерге әңгіме айтты. - Сендер бүгін майдан хабарын алдыңдар. Одан келген зиян болған жоқ. Қорықпасаң ешнәрсе де қауіп емес. Егер зиян болған жоқ. Қорықпасаң ешнәрсе де қауіп емес. Егер ол самолеттер ұшып келгенде қорқып, кім қалай болса солай қаша жөнелсе, әрине, шығын болар еді. Біз олай етпедік, жасырына қалдық, бұл жақсы болды, - деді. Автоматчиктер Гундилович та келіп-кетіп, әңгімелесіп жүрді. - Жігіттер, мықты екенсіңдер, жол салып келесіңдер. Тым ұзап кете бермеңдер, жау жақын – деп ескертті Гундилович. Осындай жүрістен кейін болған бір демалыс кезінде қасымызға Мұхамедияров пен Момышұлы келді. Олар біраз әңгімелескеннен кейін: - Автоматчик деген көңілді, өнерпаз халық болатын. Ән неге салмайсыңдар, - десті. Солақ екен, жігіттер шаршағанына қарамастан ән салып, билеп кетті. Бұл ретте көзге түскен Төлеген болды. Ол қазақша да, орысмша да ән салып, би билеп, көңіл көтертті. - Әннің оңды екен. Бірақ немістер естіп қалып жүрмесін, - деді бір жолдасты Төлегенге. - Естісе ести бнрсин, неміс қазақтың әнін естімеген болар. Мен бұл әнді автоматтың үніне қоссам, немістің үрейін ала, есінен тандырам, - деді Төлеген. - Молодец, Тоқтаров, - деп Мұхамедияров қостап қойды.

3 февраль, 1942 жыл. Таң атып келе жатқанда бізге дивизияның жана командирі генерал-майор Иван Михайлович Чистяков пен комиссары Егоров келді. Олар жауынгерлермен әңгімелесті. - Жау жақын сақтаныңдар. Алынған хабарға қарағанда, Ново-Свинюха селосында жаудың бір гарнизоны тұрған көрінеді. Оған жақындағанда жауды қоршап алып жойып жіберуге тырысыңдар, арттарыңгнан полктарың да жетеді, - десті, ақылдарын айтып, міндетімізді тағы да түсіндірді. ... Февральдың үшінен төртіне қараған түн. Аздап аяз білінеді, ай жарық. Ағаш ішінде болғандықтан жігіттер онша көп тоңа қойған жоқ. Қалың ағаштың шетіне шыға келгенімізде, анадай жерде қарайып бір деревня көрінді. Картаға қарасақ, ол кеше генерал айтқан Ново-Свинюхова болып шақты. Деревняда не бар, не жоғын білу барлаушылар жіберілді, оны үшінші взводтың командирі кіші лейтенант Михайлин бастап әкетті. Барлаушылар тез оралды да: - Деревняда неміс бар. Көптеген автомашинасын және постыда тұрған солдатарын көрдік, - десті. Бұл хабарды алғаннан соң Соловьев: - Қане, не істейміз, батальонды күтеміз бе, әлде өзіміз бір әрекет жасаймыз ба? – деді.

- Бұл гарнизонның сыры бізге толық мәлім емес. Гарнизонды алу үшін батальонның келуін тосқан да жөн болар еді. Бірақ, олар көп кейін қалды. Бізге жеткенше бірер сағат уақыт керек. Не де болса уақытты ұттырмайық. Қазір таң мезгілі, немістер жусап жатқан болар. Не де болса тәуекелге бел байлап, ұрыс жусап жатқан болар. Не де болса тәуекелге бел байлап, ұрыс берейік. Я бұл ұрыста ұтармыз, я қалың қол келгенше соғыс салармыз, - дедім. Бұл сөзді Соловьев та мақұлдады. Взвод командирлерін шақыроып алып соңғы қорытындыны айттық. - Бұл міндетті орындау үшін күшіміз аз болып жүрмесе? – деп Михайлин хауіп білдірді. - Я, күш аздау. Батальон келгенше көп уақыт бар. Олар келгенше жігіттерді жауратып алсақ, онда аз күштің өзі ешнәрсеге жарай алмай қалатынын түсіну керек, қазір жүріспен қызап келдік. Олай болса, темірді қызған кезде соққан жөн емес пе? – дестік. Ново-Свинюхованы қоршау жоспары жасалды. Рота үшке бөлінді. Бірінші взвод оңтүстіктен, үшінші взвод солтүстік-батыстан ұрады. Ал, екінші взвод күншығыс жақтан тиіседі. Соловьев үшінші взводты, мен бірінші взводты бастамақ болдық. Жаңа ғана өзіміз қабылдаған жоспарды орындауға кірістік. Жігіттер тамақтанғаннан кейін басы артық нәрселерімізді старшинаға тапсырдық та жеңілденіп алдық, үстімізге ақ халат кидік. Содан кейін Соловьевтың командасы бойынша рота үн-түнсіз деревняға аттанды. Біз деревняға жете бергенде, Соловьев қызыл ракетамен сигнал берді. Солақ екен, оқты қарша боратып деревняға кіріп бардық. Бұл сияқты қаннен-қаперсіз шабуыл болады деп ойламаған немістер сасып қалды да, бірі онда, бірі мұнда жүгірді. Кейбіреулері жатқан жерінен көшеге көйлекшең жүгірісті. Оларды автоматчиктердің оғы қаңбақтай ұшырып жатыр. «Сасқан үйрек артымен жүзеді» - дегендей, немістер сасқаны ма, әлде әдейі ме, автомашиналаын, үйлерді өртеуге кірісті. Бірақ, оған біз ырық берген жоқпыз. Бұл ұрыс 20 минуттан артыққа созылады. Деревняны жаудан тартып алдық. Көп неміс қолын көтеріп тұтқынға түсті. Бұл жайды айтып полк штабына хабар жібердік. Осы кезде біздің соңымыздан батальон да келіп жетті. Жігіттерді түгендеп ек, бірнеше адам жаралы болған екен. Соның бірі Гадько. Оның басына оқ тиген, сонысына қарамай, қызулықпен немістерді қырып жүрды. Жаралыларға көмек көрсетіліп, кейін жіберілді. Қызықтың әкесі таң ағарған соң көрінді. Таңғы қара көлеңкеде аңғармаппыз ғой, сол ұрысмта жаудың 74 автомашинасы, 2 склады (бірі-азық-түлік, киім, екіншіс қару-жарақ), екі зеңбірегі қолға түсіпті және жаудың жүзден аса адамы қырылыпты. Бір үйде жаудың 53 адамы орналасқан екен, олар жатқан жерінде жинала бастады. Жауынгерлер топталып жинала бастады. Бірақ, Төлеген көрінбейді. - Төлеген қайда? – дедім Жұмажанға. - Білмеймін. Алғашқы атыста қаланың батыс жағына қарай жүгіре басып кетіп еді. Мен соны ғана байқап қалдым, - деді Жұмажан.

Бір уақытта алдына 7 немісті салып алып, Төлеген келді. «Мынау иттер сарайда жасырынып жатыр екен, неміс дегендер осы шығар» - деп ол жаңағыларды бізге тапсырды да, өзі кетіп қалды. Ол әлден уақытта немістің бір офицерін алып келді. - Жаңағы жетеуді әкеле жатқанда мына бір неміс жүгіріп барып бір блиндажға жасырына қалғанын көріп қалып ем, - деді Төлеген. Осы кезде біздерге келген полк командирі Капров пен Бауыржан жаңағы офицерден керекті мәліметерді алып бола бергенде, олардың қасына Төлеген келді де: - Жолдас полковник, сіз мына неміспен сөйлесіп болдыңыз ба? – деді. - Мен мұндамын! - Бар, ана пулеметті құртып кел. Шайкенов еңбектей жөнелді. Оны көріп қалған жау пулеметті Шайкеновты атқылай бастады. Оқ оның үстінен зуылдап өтпі жатыр. Соғысқа алғаш кіргендіктен болар, Шайкенов кейін шегіне бастады. - Бұйрықты неге орындамай келе жатырсың? – деп ақырдым. - Жараланып қалдым. - Ой қорқақ неме. Мен саған әлдеқашан қорқақ деп айтпап едім. Иығынды оқ сызып кеткенге қорқып зәрең ұшты ғой... - Қорыққам жоқ, жаралы... - Тоқтат сөзді! - Гриша, ана пулеметтің сырт жағынан тиіс. Мен қақ алдынан барам, қане, қорқағым, ер менің соңымнан. Өлсек бірге өлеміз, менен қалушы болма! Қалсаң атам, - деп Шайкеновты ертіп ілгері қарай қарды құша еңбектей жөнелдік. Гриша бір кішкене саймен жүріп кетті, оны немістер көрмей де қалды. Ал, Шайкенов екеумізді жау атқылап жатыр, оқ зу-зу етеді. Біз де оғымыз тисін-тимесін, әйтеуір жаудың үрейін алсақ болды дегендей автоматтан оқ жаудырудамыз. Біз еңбектеп келеміз. Бір уақытта өзімізге таныс автоматтың даусы да естілді, сол-ақ екен неміс пулеметтің үні де өшті. Мұны көргеннен кейін біз орындарымыздан тұра селоға жүгіріп ендік. - Жолдас политрук, бұйрығыңыз орындалды, - деп алдымыздан Бахолдин шыға келді. Беті-аузы қан, аяғын ақсаңдап басады. Сол арада қалтамнан пакет алып Гришаның жарасын таңдым. Оқ оның басына, аяғына тиген екен. - Енді тұрма, жөнел санчастыға, - дедім. - Жолдас политрук, мен тағы да жеңіл жаралы болдым ешқайда бармаймын. - Гриша! – деген бір ғана сөзді зілмен айтып салдым. Бахолдин бұған түсінді де, қимастық сезіммен мені құшақтай алды. Көзіне жас та келіп қалды. Бірақ жылаған жоқ, қолымды қысып тұрды да: «жолыққанша күн жақсы болсын» деді де, кейін қарай кетті. Бахолдин қиратқан жау жерде тағы бірнешеуі – барлығы 14 неміс өліп жатыр. - Бұл Гришаның еңбек күні. Әй, қорқағым, қара мынаны, көрдің бе, батыр адамның не істегенін... - Ағай, бұдан былай мен де қорықпаймын, оны болашақ көрсетер, соғысқа жаңа етім үйреніп келеді, - деді Шайкенов.

- Етің жаңа үйрене бастаса, енді бірер соғыста әбден шымыр болып піседі, - дедім. Кеше түс ауа болған соғыста жұрттың көзіне Жұмажан түсті. Ол былай. Автоматчиктар бір тоғайдың шетінде тұр еді, батальондар соғысып жатқан. Сол кезде біздің қасымызда болып ұрыс барысын бақылап тұрған Бауыржан: - Ана бір сарайдың жанында жаудың бір танкісі тұр, соны құртуға бұйрық бердім. Жұмажан танкі құртатын бірнеше гранаталарды алды да, ілгері жүріп кетті. Басқалар оған қарап тұр. Бірақ басуы баяу, оққа қарсы бара жатыр. Кімнің өлгісі келеді дейсің? Ол әлденені ойлап жатқан болар. Бірақ, нені ойлады, оны кім білмек? Әлден уақытта Жұмажан ілгері жүгірді де, тез кейін қайтты. Міндетті орындаған жоқ. Бұл жағдайды көрген Бауыржан: - Ана неме қорқып кейін қайтып барады, жазаға тарту керек, - деді қатуланып. Жұмажан жүгіріп келіп: - Ана бір арада бір топ неміс келе жатыр екен. Әлгі «стой» дегенді немісше не дейтін еді, соны білгелі кейін оралып ем, - деді. - Сол ма еді? Қорықтың ғой. Тоқта дегенді «хальт» дейді. Бар! Жұмажан жүгіріп кетті. Ол еңбектей, жасырына жер бауырлай бұқпантайлап сарайға да барып жетті... Немістер оны атқылап жатыр.. Бір уақытта сарай маңы гүрс ете қалды, қою қара түтін аспанға бұрқ ете түсті. - Ой, анауың жігіт екен, танкіні құртты, - деді комиссар жұлып алғандай. Біз Жұмажанның қайтуын күте қарап тұрдық. Әлден уақытта сарайдың сол жақ сыртынан «уралаған» қатты уыс шықты. Ол ілгері қарай шабуылға үшінші батальон еді. Үш немісті алдына салып айдап Жұмажан келді. Ол: - Жолдас капитан, бұйрығыңыз орындалды, - деді. - Жарайды ер жігітсің! – деп Бауыржан Жұмажанның арқасынан қағып, қолын қысты. - Жаудың такісін қираттым, маған қарсы ұмтылған жеті неміс еді, төртеуін оққа ұшырдым, үшеуін қолдарыңызға әкелдім, бағанағы «хальт» іске асты, - деді Жұмажан. Кешегі ұрыста автоматчиктердің бірінші взводы үшінші батальонмен қолдасып шабуыл жасаған еді. Сол соғыста көзге түскен Төлеген болыпты. Ол қай түрде, қандай ерлік жасады, оны жолдастары айтты. Олар Төлегенді нағыз батыр десті. «Қарсы алдынан бір неміс келіп қалды, оған Төлеген автоматып кезей қалды. Сонда неміс өз тілінде мен жұмысшымын, - деді... Өй, әкеңнің...Сен не қылған жұмысшысың, фашиссің деп Төлеген автоматымен періп кеп жіберді, немістің басы жарылып құлап түсті» десті көргендер. Төлеген жайында үшінші батальонның комиссары Чернов сол күні бізге мынадай қағаз жазып жіберді: «Тоқтаров тамаша автоматчик екен. Ол селоға жұрттан бұрын енді де, бір үйдің шатырына шығып алып кешеде қаша бастаған немістерді қырды. Оның мерген оғынан құтылған неміс болған жоқ. Ол 23 немісті бір көшеде қырып салды. Бұл ерлігі жайында және Тоқтаровты наградқа ұсынып полк командованиесіне жазып жібердік»

Февральдың 6. Бүгін жау онша көп қарсылық қимыл көрсеткен жоқ. «Мықтысыңған» немістер қашып барады. Бұл сапарында біздің әскерлеріміздің қолына сан жүздеген автомашина, қару-жарақ, азық-түлік, танкілер, зеңбірек, пулеметтер тағы басқалары түсуде. Бәрінен қымбаттысы – фашистердің улы тырнағынан совет азаматтарын, жергілікті халық қуанышты, Қызыл Армияға алғыс айтуда. Сол күні кешке, сағат 8 шамасында Бауыржан Соловьев екеумізді шақырып алды. Ол біраз жағдайды айта келіп былай деді: - Біз немістің қоршау шебін бұзып, екі үлкен қалада жаудың ірі құрамасын қоршауда қалдырдық. Жау кейін шегінгенімен қарсылық көрсететін жерлері көп. Сонымен қатар, Демьянскіде жаудың әскері бізді ішке қарай өткізісімен өзінің Старая Руссадағы бөлімдеріне қосылуды, сөйтіп, бізді қоршауға алып жойып жіберуді көздеуі сөзсіз. Бұл немістердің ең сүйетін тактикасы. Әрине, бұған қарсы жоғарғы командование шара қолдануда. Ал, біздің міндетіміз осы шабуыл жасаған бағытымзбен ілгері Холм қаласына қарай шабуылдап жүре беру. Бірақ біздің бұл жолымызда, осы арадан 7-8 шақырым жерде жаудың үлкен бекініс бар. Ол Боролино селосы. Осында алынған ақпарға қарағанда, онда жаудың «СС» және «Кубас! Деп аталатын гарнизоны тұрған көрінеді. Мен осы гарнизонды жою туралы қортындыға келіп отырмын. Бородтно арқылы Старая Руссаға қарай бірнеше тас жолдар өтеді. Біз Бородинодағы гарнизондарды жоюмен жаңағы жолдарды қолға алсақ, жауға күшті қысым жасаймыз. Жау бұл жолдарды пайдалана алмайды, бұл жолдар арқылы қоршауда қалған бөлімдеріне азық-түлік, қару-жарақ, әскер жібере алмайтын болады. Міне, жағдай осындай. Осы Бородинодағы гарнизонды жою міндетін екінші батальонға және сендерге тапсырып отырмын. Селоны бүгін сағат түнгі екіде алуымыз керек. Түсінікті ме? - Бәрі де түсінікті. - Қазір орындарыңа барыңдар, жігіттеріңді тамақтандырып, демалыс беріңдер, қару-жарақтарыңды қамтамасыз етіп алыңдар. Гундиловичпен байланыс жасаңдар, - деді. Полк штабынан шыққан соң Гундиловичке соға кетуді мақұл көрдік те екінші батальонның штабына бұрылдық. - Қалай, Саша, бүгінгі түн қызық болайын деп тұр екен, міндет те жауапты, ә? – деймін. - Я, солай. Бұл шабуылдың алдына автоматчиктер түсетіні сөзсіз ғой. Эх, адам да аз қалды-ау, - дейді Соловьев. - «Тәуекел ет те тас жұт» деген қазақ мақалы. Не де болса, көрдік. Бірақ, өте тез, жылдам қимыл, тұтқиыл ұрыс керек. Осылай етсек, аз күш көпке тең емес пе? - Ол дұрыс қой. Солай қимылдап көрерміз. Не де болса өзіміз бастайық. Гундилович бізді жылы шыраймен қарсы алды. - Халдерің қалай? Полк штабында болдыңдар ма? – деді капитан Гундилович. - Болдық, тапсырма алдық. Онда сіз де болған көрінесіз. Бар әңгіме түсінікті ғой. Осыдан кейін Гундилович біздерді ертіп, алдағы ұрыс жерімен таныстырды. Батльонның штабына қайтып келген соң:

- Жауды ойламаған жерінен ойрандау керек. Барлаушылардың әелген хабары бойынша, мына күншығыс жақтағы үйлер жаудың дзоты көрінеді, ал, шамасы батыс-солтүстіктен тиіскен жөн болар. Міне мына бір үйлер шамасынан... – деп Гундилович қатарға үңілді, міндетті қайталап айтты. - Ол рас қой. Қай жер қолайлы болса, біз сол жерден ұрып берейік. Я, біз автоматчиктер, сіздің батльонды қолдау үшін берілген күшпіз, мықты сыбаға сіздікі, біздерге бір жіліншігін берсеңіз болғаны... – еді Соловьев. - Оның рас. Бірақ, автоматчиктің бір бөлімшесі менің бір взводыма тең екенін ұмытпа. Сондықтан, сыбаға сенікі боп жүрмесін...Я, бұл әңгімені жерр жағдайы, жаудың бекініс жағдайы көрсетер, - деді капитан Гундилович. - Артиллерия бол ма, олар біздің қимылымызды қолдай ма? - Жоқ, артиллерия болмайды. Барлық операция тұтқиылдан шабуыл жасауда болып отыр. Сонан соң естеріңде болсын: Бородино гарнизонын, үш тас жолды алуға армияның командованиесі зер салып отырған көрінеді. Бұның бәрі Бородиноның маңызы күшті екенін көрсетеді, - деп Гундилович қайталап айтты. - Біз ротамызға қайтайық. Полк командирінің бұйрығында көрсетілген жерге түнгі сағат 24-те топтанатын болдық қой, - дестік. Ротамызға қайтып клсек, жігіттер тамақ ішіп, демалып жатыр екен. Бәрі де күртіктен қалқан жасап, біріне-бірі басын қоя ұйықтаған. Шаршаған адамдар қысқы аязды білер емес. Демалмай жүрген тек Төлеген екен. Мен одан: - Қандай тамақ іштіңдер коммунистер мен комсомолецтерді, командирлерді орындарынан тұрғыздық та, жиналыс өткіздік. Алда тұрған міндетті айтып түсіндірдік. Сағат 23 болып қалған еді. Соловьев ротаны оятты. Бұл кезде ротада 64 адам ғана қалған еді. Соловьев ротаның жігіттеріне алда тұрған операцияның бәрін түсіндіре келіп: - Талай тас қорғанды бұзған, сан жауды жойған гвардеецтеріміз, ер жігіттеріміз. Білек түре күш сынасатын жерге келдік. Ар-намыстың, азаматтық, борышымыздың байқалатын өткелінен өткелі тұрмыз, - деп бар жайды айтты. Жұрт түсінді. Түнгі сағат 24 болғанда рота полк командирі айтқая жерге келіп жетті. Бірақ батальон әлі келмеген екен. Күн аяз, ызғырық жел де білінеді. «Батыр-ау, батальон қайда?» - деп ойладым. Сол арада Тиммонинді шақырып алдым да: «Шаңғыңа мін де, Гундиловичке жет, не жайлары бар екенін біліп кел, тез орал!» дедім. Шаңғымен жүрудің шебері атанған Тимонин жарты сағатта оралып келді. - Батальон қазір тамақ ішкелі жатыр. Капитан Гундиловиті полк штабына генерал-майор Чистяков шақыртыпты, ол сонды кеткен көрінеді. Ал, батальонның комиссары Трофимов жодас «батальон кешікпей келеді» дегенді айтты. – деді Тимонин. Бұл хабар Соловьев екеумізді ойға қалдырды. - Батльон тамақ ішіп жатыр екен, бұған жарты сағат уақыт керек, тамақ ішіп жатыр екен, бұған жарты сағат уақыт керек, ал біз батальоннан 4-5 километр озып кеттік. Мынау күртік қармен малти отырып бізге жеткенше бір сағаттан асады. Сонымен екі сағат уақыт керек. Бұл көп уақыт. Мына күннің суығына екі сағат

жігіттерді тондырғанымыз келіспес, не де болса өзіміз тиісіп көрсек қалай болады? – дедім Соловьевқа. - Бұл дұрыс әңгіме ғой. Бірақ күш аз екенін ұмытпа. Жаудың гарнизонын құрту күшке байланысты, сондықтан батальонды тосайық, - деді ол. - Жоқ, Саша, мұныңа қарсымын. Сенің бабаң Суворов: «Жауды білекпен емес, біліммен, тапқырлықпен жеңеді», - деген емес пе? Жау қаннен-қаперсіз жатқанда соқтығайық, бұл кезде батлаьон да келер. Ал, батальонның келуін тоссақ, жұртты жауратып аламыз. Жаураған адам жаралыға тең, мардымды іс бітіре алмайды, сондықтан мен шабуылды өзіміз жасауды қолайлы көріп отырмын. Тәуекел ет те, тас жұрт деген ғой. - Бұл дұрыс ақыл екен. Бірақ, өз беттеріңмен кеттіңдер деп полк командирі мұнымызды қостамаса ұрыспайтынына мен кепілмін. Ол ақылмен іс істеуді ұнататын адам. - Жақсы, ал жоспарың қандай? - Жоспарым мынау. Сен Ненаховтың взводын ал да, Бородиноның күншығыс жағынан тиіскейсің. Выставка деревнясындағы немістер мына гарнизонына көмек бере алмайтын болсын. Мен басқа жігіттерді алып, жаудың ту сыртынан тиісем, ең алдымен у-шусыз ғана соғысам. Егер, бізді жау біліп қалса, соғыс басталса, сен де кіріс, күншығыс жақтан үлкен күш келе жатқандай әсер ет, жаудың үрейін ал. «Выставка деревнясын Совет Армиясы алып қойған екн ғой», - деп ойлайтын жау. Міне, менің ойым осы. Сол арады ротадағы командирлерді жинап алдық та, осы жағдайды айттық, түсіндірдік. - Әрқайсың орындарыңды болыңдар, тез қимылдаңдыр, қысылшаң кезде бірбірімзге көмек көрсету, жәрдем беру басты міндет екенін ұмытпаңдар. Біз күшті жауды қулықпен, күтпеген жерден шабуыл жасап алайық деп отырмыз, мұны естеріңе ұстаңдар, - деді Соловьев. Командирлер орындарына кетті. Соловьев Ненаховтың взводын алып, жоға шықты. Ал, басқа жігіттерді соңыма ертіп, мен жөнелдім. Біз Бородиноның батыс жағындағы саймен келе жатырмыз. - Біз ұрысты қанжар жұмсаумен бастаймыз. Оқ атып жауды үркітуші болмаңдар, жаудың дыбысы шықпайтын болсың – дедім жігіттерге. - Апырай, адамды пышақпен өлтіру қалай болар екен, - деді Жұмажан. - Е, қандай адам? Адам фашисті айтасың ба? Ол адам ба екен? Ол аң, айуан ғой. Айуанды пышақпен өлтіруге болар, - дейді Төлеген. Біз Бородиноның солтүстік-батыс жағын ала, саймен жүріп келеміз. Әріберіден соң Бородиноға да жеттік. Жай шолып қарап едік, жаудың бекініс күншығыс және оңтүстік жаққа қарай жасалғанын, жаудың тылы онша мықты емес екенгідігін байқадық. Түн іші жым-жырт. Біз Бородиноға да еніп қалдық. Жаудың әскері землянкаларда екенін айқандадық. Әрбір үйдіңғ алдында аяғына саломнан жасалаған пима киіп фрицтер қарауылдап тұр. Ақ халатты автоматчиктерді олар байқамай да қалды. Жігіттер қоларына сапысын алып іске кірісті. Бородиноның батыс жағында жаудың зеңбіректері тұр екен, оны автоматчиктер тартып алды. Батареяны қорғап тұрған фашистерден тірі қалғаны жоқ.

Жау қаннен-қаперсіз жағдайда жатқанда басталған бұл соғыс көпке созылған жлқ. Біз ендігі күшіміщді әрбір үйге бекінген жауға қарсы жұмсадық. Бірақ жау бізді біліп қойды. Немістер де қоянқолтық айқасқа кірді. Осы кезде Соловьев бастаған бөлімше де келіп қалды. Біз жүгіре басып деревняның солтүстік шетіне шыға беріп едік, алдымыздан немістің екі танкісі көрінді. Бұл танкілер гранатамен, өртегіш бөтелкелермен құртып жіберді. Ұрыс үдеп барада. Оқ қардай борауда. Жау дзоттарындағы барлық пулемет, автомат, винтовкасын толық пайдалануда. Бірақ біздің жігіттер дзоттың ауыз жағынан бармай, оның сырт жағынан гранатамен ұруда. Осы кезде баталььн да келіп жетті. Батальонның үлесіне екі ғана дзот қалған еді. Оны бронебойщиктер талқандап берді. Сөйтіп, жаудың ең мықты деген гарнизондарының бірі Бородиноны да алдық. Бородино үшін немістер екі танкі, 22 автомашина, көптеген зеңбірек, қаружарақ, үш складынан (азық, киім-кешек, оқ-дәрі) айырылды. Жіне өлгені бар, қолға түскені бар, жаудың жүзден аса солдат, офицерлері жойылды. - Бородиноны жаудан тартып алғаннан кейін, оны қорғауға тиістіміз, - деді Гундилович, - жау бұл деревня үшін, оны бізден қайырып алу үшін әлі де айқасады. Гундиловичтің бұл сөзі расқа шықты. Жау Бородиноны бергісі келмеді. Ертеңіне таң атысымен Бородтнодағы совет гвардеецтерін артиллериядан атқылай бастады. Бірақ мықты жасалған дзот көздеусіз атылған артиллерияның снарядына бола қойған жоқ. Немістердің артиллериясына қарсы біздің артиллеристер мен минометчиктер де жауап қайырып жатты. Жауынгерлердің сөзімен айтқанда «қонақасы» жіберуде. Жау Бородиноны артиллериядан атқылады, өртенбеген үй қалмады. Жаудың артиллериядан атуы барған сайын күшейе берді. Бұл атыс жаяу әскерді қолдау үшін де жасалатынын білетін біздің командирлер немістің жаяу әскерлерінің шабылуын күтумен болды. Айтқанындай-ақ, жау сол күні бес рет шабуыл жасады. Әсіресе, Бородиноға сотүстік-шығыс, батыс жақтарынан көп қысым көрсету әдісін-қолданды. Бірақ, олардың бұл шабуылдары табысты болмады. Бородиноны қорғаушылар жауды алға ұмтылған сайын жақын жерге жіберіп алып, қирата тойтарыс берді. Жау жаяу солдаттарыеың алғашқы үш шабуылы табыссыз болғаннан кейін соңғы екі шабуылына үш-үштен алты танк көмекке жіберді. Бірақ, ол танкілері Бородиноға жету үшін қырқадан асу керек еді. Ол қырқа біздің артиллеристердің көтерілген кезде, артиллеристер оның төртеуін жойып жіберді. ... Сол күні соғыста автоматчиктерден де біраз адам жаралы, төрт адам қайтыс болды. Орта және кіші командирлерден де шығын бар. Олардың орнына қатардағы пысық жауынгерлерді тағайындап жатырмыз. Біз сол жердің өзінде «Кадрлардағы жоғарлату мәселесін» қолма-қол шешуде едік. Келесі күні таң ата немістер тағы да шабуылға шықты. Алғашқы шабуылы тағы тойтарылып тасталды.

Түс кезінде капитан Гундилович бізге өзінің байланысшысын жіберіп, мынадай бұйрық берді: - Жаудың 40 шақты автоматчині селоның солтүстік жағындағы өрден төмен қарай шабуыл жасауға келе жатыр. Соны тойтаруға бір бөлімше автоматчикті қарсы аттандыр, - депті. Бұл бұйрықты алғанда біздің қасымызда Төлеген тұрған еді. Ол жаңағы бұйрықты естісімен жүгіре басып кетіп қалды. Мен бір бөлімше автоматчик алып, Бородиноның солтүстік шетіне қарай жөнелдім. Сол жақ шетте тек аман қалған бір сарай бар екен. Сол сарайға жақындай бергенде, сарай ішінен өзіміздің автоматтың сартылдаған даусы естілді. - Ананы қара, ананы қара! – деген Жұмажанның даусына жалт қарасам, қыраттың Бородиноға қарай құламасында қырылып жатқан немістер. Кейбіреулері құрбақаша тырбаңдап кейін кетіп барады. Бұл жағдайды көрген біздің жігіттер автоматтарының тиегін ағытып жіберді. Бірақ, олардың үлесігне аз ғана неміс қалған еді. Өйткені, әлгінде ғана Гундиловичтың бұйрығын естіген Төлеген жалғыз өзі 40 неміске аттанған екен. Ол сол сағатта 40-тың 36-сын жайратып салыпты. Жаңағы немістердің қару-жарақтарың документтерін алып, кейін қайтып келе жаттық. Жолшыбай Төлегенге: - Осы сен, Төлеш, немісті өлтіруге құмарсың, рас, жауды қыру керек. Жаумен жауша соғысқан жөн. Бірақ кейбіреулерінен мәлімет алу керек еді, - дедім. - Сонда ырымға деп, базарлық деп бір-екі немісті тірі қалдыру керек дейсіз ғой. - Я, солай деймін. - Менің кәсібім, қазір, жауды қыру. Бұдан басқа мақсатым да, мамандығым да жоқ. Мүмкін сол неміс, я басқасы ертеңгі күні мені жаралы етер, я өлтірер. Сонда менің кегімді кім алады? - Біз аламыз. - Жоқ, оны көріп жатқан мен жоқ. Сондықтан өшімді өзім алуға тиіспін, сонды ғана жаным разы, армансыз болам. Мен үшін біреудің кек алуы менің онша айызымды қандырмайды... Күн кешкірген кезде Бородиноға генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Олардың келе жатқанын көрген Гундилович алдарынан қарсы шығып, генералға жағдайды баяндады. - Автоматчиктер қайда? Мені соларға алып жүр, - дейді генерал Чистяков. Генералдың келе жатқанын көрдім де, «апыр-ау, бұған не деп рапорт берсем екен», - деп ойланып қалдым. - Жолдас генерал, бұйрығыңызды орындап жатырмыз, - дедім. - Е, орындап жатырмыз. Орындадық деп неге айтпайсың? - Орындадық деп айтуға әлі ерте. Жау біздің жерімізден толық қуылмайынша, бұл сөзді айтуға батылым бармайды. - Істеріңе қанықпын, ризамын. Бүгін сендерге арнап, дивизиялық газетті шығару туралы бұйрық бердім. Жақсы қызмет істетіңдер, ерсіңдер. Ерлік еңбектерің толық бағаланады. Жақсы. Тоқтаров қайсың? - Мен Тоқтаров.

- Өзің кішкентай ғана жігіт екенсің ғой. Мен сені үлкен, дәу екен десем.. - Жолдас генерал, бұл автоматчиктердің бәрі де бой жағынан біркелкі кіші болғанымен, нағыз мықты батырларымыз, осылар, - деді Капров. Генерал қайтарында Гундиловичқа бұйрық беріп: - Автоматчиктерді бір жерге ұста, олар сенің мықты күшің деп тапсырды. Күн де батты. Бородиноның үйлері өртеніп болған, кей жерде ғана шоқ жылтырайды. Бородиноның оңтүстік шетінде бір кішкене үй болатын, оның бір жағын снаряд жұлып әкеткен. Кешкісін біз сол үйге жиналып тамақ іштік. Жігіттер кезекпен постыларына кетісті. Капитан Гундиловичтің бұйрығы бойынша, біз сол үйге жиналып тамақ іштік. Жігіттер кезекпен постыларына кетісіт. Капитан Гундиловичтің бұйрығы бойынша, біз сол үйге орналастық. Жаңағы үйдің снаряд жұлып әкеткен жапсарын саломен, пааткамен қалқалап көріп едік, онша мардымды саломмен, палаткамен қалқалап көріп едік, онша мардымды жылулық болған жоқ. Дегенмен жел жібермейтін пана болды. Күзетке баратын жігіттер ұйықтап қалды. Соның бірі Жұмажан, ол шаршаса керек, қор ете түсті. Мен май шам жағып, соғыста ерлік көрсеткендерге жауынгерлік мінездеме жазып отырмын. Комиссардыңбұйрығыбойынша, бұл документтерді ертеңнен қалдырмай тапсыруым керек. Күзеттен түн ішінде Төлеген келді. Ол өзіне қойылған тамақты ысытып ішті. Сонан соң автоматын тазалап болды да: - Шіркін-ай, көңілді қалдырмайтын, ойлаған жерден шығатын қарусың-ау, - деп өзіне-өзі сөйлеп отыр. Аздап ыңыылдап өлеңдете бастады. - Қоя тұрсаң қалай болар еді. - Ғафу етіңіз, ағай, жазуыңызға бөгет жасадым-ау... Содан кейін біраз томсарыңқырап отырды да: - Ағай, не жазып отырсыз? Үйге хат жазып отырған жоқсыз ба? Мен де шешеңе хат жазсам жақсы болар еді. - Мен наградаға ұсыналатын жігіттерге материыл жазып отырмын. Ал, сен де отыр, шешеңе хат жаз. Мә, қағаз, конверт. - Е, бұл жақсы болды. Кәрі шешеме хат жазып, аманшылық білдірген қандай жақсы, - деп ол маған жақын келіп отырды. - Айтпақшы Гришаны – Бахолдинді де наградағы ұсыныңыз. Мықты жігіт, тамаша ерлік көрсетті. Иманбеков та көп батырлық жасады. Оны да жазыңыз. Ал, мына жаман Жұмажанды өзіңіз білесіз. - Сені де ұсынсақ қайтеді? - Жоқ, мен майданның соғысында небәрі төрт-ақ күн болып отырмын. Көрсеткен ерлік жоқ. Мені қоя-ақ қойыңыз... - Жарайды, отыр да, шешеңе хат жаз. Төлеген шешесіне қысқаша ғана хат жазды да, оны маған оқыды. Ол былай деп жазыпты: «Апа. Мен аман-саумын. Майданда жүрмін. Денім сау, көңіл шат, іс оңды. Заводта нормамды орындап стахановшы болсам, бұл жеде де сондай болуға тырысамын. Тағы хат жазамын. Сізге менің жолдастарымнан сәлем. Хош, сау болыңыз. Балаң Төлеген. 8/ІІ-42 ж.». - Бар жазғаның осы ма? - Е, осыдан артық не керек?

- Жаумен қалай соғысқаныңды, неше немісті қырғаныңды, майданның батыры атанғаныңды неге жазбадың? Орденге ұсынылғаныңды неге айтпадың? - Оның бәрін айтып қайтем... Тірі болсам айтармын... - Сен олай деп жалқаулансаң, шешеңе хатты өзім жазамын. - Жазыңыз. Біраз уақыт үндемей отырды да: - Ағай, мен партияға кіргім келеді. Осының реті қалай болады? – деді Төлеген. - Бұл жақсы талап... Арызыңды жаз. Өзге документтерді мен өзім реттермін. Төлеген қуанып кетті де арыз жазды. Арызыңда былай деген: «Мен өзім жұмысшымын. Шыққан тегім кедей шаруа. Фашистерді коммунисше қырғым келеді. Сондықтан мені партияға алыңыз». Бұл арызды оқып шықтым да, «дұрыс» дей салдым. - Е, дұрыс болғаны жақсы. Мен енді партия мүшесі болдым ғой, - деді. Бұған не деп жауап беруді білмей қысылып қалдым. «Партия мүшесінің кандитаты болдың» деп ашып айту қиын, дакументтері, анкете, рекомендация, характеристика жоқ. Бұ да қиын емес. Ал, партбюро мен дивизиялық парткомиссиядан өткен жоқ, сондықтан қалай «партия мүшесінің кандидаты болдың» деп айтуға болады? Төлегеннің сырын толық біле тұра, оның көңілін қалдырмайын дедім де: - Бүгіннен бастап партия мүшесінің кандитаты болдың. Енді сен коммунист Тоқтаровсың. Бұл сияқты ардақты атақты абыроймен ақтауға тырыс. - Бұған шүбәңіз болмасын. Ертең со,ыс бола қалса, немістермен қалай күрескенімді, коммунисше соғысқанымды көрсетермін. - Жақсы, енді сен жатып дем ал, бар, уақытты пайдалан. - Ұйқым келмей отыр. Осы менің байқауымша сізде ұйқы жоқ-ау. - Мені не қыласың. Сөзді қой, демал. 1942 жылдың сағат 23-тен асып барады. Кішкене үйдің ішінде жауынгер жолдастардың арасында отырмыз. Осы минутта бәрімізде үлкен қайғы бар еді. Соловьев екеумізді қоршап отырған автоматчиктер ауыр күрсінеді. - Шіркін, тамаша ер еді-ау, - дейді Іңкәрбала. - Қыз мінезді, ақ көңіл, сыпайы жігіт еді... - Несін айтасың, жанып тұрған от еді ғой... – Әй, ондай ұл аз шығар... - Шаршау дегенді білмейтін еді ғой. Қайта, саған көмектесетін, қамқоршы, жәрдемші еді... - Баяғының батырлары да ондай ерлік көрсетпеген шығар... Бұл сөздерді Бұл сөздердің бәрі де Төлеген туралы айтылып отыр. Автоматчиктердің жақсы досы, майдандас бауыры Төлеген мезгілсіз қайтыс болды. Ол ерлік өліммен қаза болды. Оның өліміне бүкіл жолдастары күйінішті,ғ жылап отырғандар да бар. Бағанағы кезде Соловьев екеуміз де жылап отырғандар да бар. Бірақ, «Бұл жақсылық ырым емес, өлген адам жалауды керек етпейді, оның өлімі үшін жаудан кек алуды, бекінуді, қайрат жинап, жауға қарсы аттануды керек етеді» дедім жігіттерге. Осы отырған майдандас достардың көз алдына Төлегеннің ерлік өлім картинасы тұрған секілді. Оның өлімі былай болып еді. Таң атысымен немістер

қатты шабуыл жасады. Ең алдымен артиллериядан ұрып берді, содан соң жаяу әскерін аттандырды. Бірақ бұдан ешнәрсе шықпады. Жаудың жаяу әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Осы кешде жау үш самолет жіберді. Ол үш құзғын Бородиноның үстіне ұшып келіп шүйіле бергенде, Соловьев көк ракета атып, жауды алдады. Жаудың самолеттері көк ракетаны «өзіміздің кісілер» деп ойлап, бомба тастамай ұшып кетті. Екінші рет келгенде, жаудың жаяу әскерлері жатқан жаққа қарай екі ақ, бір көк ракета атты. Сол-ақ мұң екен, жаудың самолеттері өз әскерін бомбалады. Бұған біздің жігіттер риза болды. Жау алданып соғылды. Автоматчиктердің бір тобы жертөреде еді. Оның ішінде Төлеген бар болатын. Жаңағы жертөлені анадайдан байқауға болатын еді. Сондықтан жау оны атқылай бастады. Оның жанындағы кеше түнеген үйіміз өртеніп жатыр, оның түтіні блиндажға енуде. Осы жайды пайдаланып, жау жақындап қоршай бастады. - Төлеген, сен тысқа шық, жолдастарды хабарла, жау бізді айналып барады, дегенді жеткіз. Мен осында болам, - дедім. - Жоқ, ағай, бұл болмайды. Мұнда мен қалайын. Сіздер аман болыңыздар. Төлеген автомат және қол пулемет алып блиндажда қалды. Ол кеудені тұмшықтырған түтінге қарамастан соғыса берді. Бұл кезде біщдерге көмекке баталбоннан үш станокты екі пулемет және бір взвод жігіттер келді. Бұл күш жауды көп шығынға ұшыратып, шегінуге мәжбүр етті. Осы ұрыста Төлеген тағы да ерекше ерлік көрсетті. Түс кезінде немістер басым күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы немістердің шабуылына бүкіл батальон, автоматчиктер болып қарсы аттанды. Нағыз күшті соғыс басталды. Қорғану шебінің ішінде менің оң жағымда Жұмажан, одан әрірек жерде Төлеген жатыр. Жаумен арамыз 250-300 метрдей жер. Екі жақтан да қарай борап тұрған оқ. Төлегеннің әдегені жұрттан басқа. Егер басқа автоматчиктерде оқталған запас 2-3 диск болса, Төлегенде оның 5-6-сы болатын. Осы сұрапыл атыста Төлегеннің дискасы бірінен соң бірі босап жатыр. Немістердің шабуылы күшті-ақ. Олар батальонның шебін бұзуды мақсат етеді Сонымен қатар, реті келсе айналып қоршауды да ойлайды. Бұған батальон алаң бола бергенде алдыңғы жақтағы немістер жақын келіпжақын келіп қалды. ...Төлеген атыстың қызуына түсіп кетті. Ол өзінің сол жағынан 20 метрдей жерде абайсыз келіп қалған неміс офицерін көріп қалды. Төлеген бұқпантайлап келген офицерді атып салды. Ол оның соңғы оғы еді. Офицер екі аяғынан жаралы болып кейін қарай жылжи берді. - Жұмажан, менде оқ бітті. Әкел оқ, - дейді Төлеген. Бірақ Жқмажанда артық оқ жоқ, оның соңғы оғын атып жатқан. Төлеген оғы біткен соң, жанындағы гранатасын лақтыруға ыңғайланып арнынан тұра бергенде, жаудың үлкен калибрі пулеметінен атылған оқ Төлегеннің ішінен келіп тиді. Оқ оның ішін жарып, шегін шұбалтып кетті. Ақ қар қызыл қанға боялды. Жұмажан Төлегеннің жанына барып, оның жарасын таңуға көмектесейін деп еді. - Оқ керек. Ана жауды мен жараладым, ол кетіп барады, өлтіру керек оны, деп айғай салды Төлеген. - Жаралы болдың, кейін қайт...

Төлеген үндеместен «әуп!» деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы шегін қарнына қысып, автомиатын қолына ала жүгірген бетімен, жаңағы офицерді қақа басынан періп кеп жіберді. Офицердің миы аспанға ұшты, автомат екіге бөлініп қақ айырылды. Офицерді жайратып салыпы қайта орала бергенде, жаудың қайт атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді... Есіл ер Төлеген омындай ерлік өліммен қаза болды... - Төлеген үшін, жолдастар! – деп айғай салып жібергенімді білмей де қалдым. Барлық автоматчиктер, батальон жігіттер орындарынан атып тұрып, автоматтан да, пулеметтен де сатырлата оқ жаудырды. Уралаған қатты дауыстар шығып кетті. Мұны артиллеристер мен минометчиктер де қолдады... Сол-ақ екен жау кейін шегіне жөнелді. Төлеген үшін әлденеше ондаған неміс қырылды. Жаудың шабуылы тойтарылған соң Төлегеннің сүйегі Бородиноның күншығыс жақ шетіндегі төбеге жерленді. Оны жерлерде Капров, Бауыржан болды. Бәрі де ызалы, жалынды сөз сөйледі. «Тау қыраны, жас түлек Төлеген! Айбатты арыстан, қайратты батырым! Елің үшін ана сүтін адал ақтадың. Сен үшін біз жаудан сен рет кек аламыз» , - деп ант еттік. Міне, жаңағы үйде автоматчиктердің жиналып келіп қайғыру себебі де осы еді. Олар Төлегенді жерлегеннен соң-ақ осында келген. Айнала жым-жырт, ешнәрсе болмағандай...Анда-санда артиллерияның зіркілі естіледі. Неміс-фашист басқыншылары қарсы қолма-қол ұрыстарға Төлеген аз ғана күн қатысса да, ол өзінің батырлық, ерлік істерімен совет халқының тарихында мәңгі өшпестей атаққа ие болды. Ол халқың социалистік Отаның Коммунистік партияны шын сүйген, оған жан-тәнімен берілген, өмірінің ақтық минутына дейін адал қызмет еткен жас қыршын нағыз батыр еді. Соғыстың саябырлап, аздаған тыныс алған кездерімізде «мен өлмеймін, мен көп жасаймын» дейтін еді ол. «Менің тіпті де өлгім келмейлі. Өлмеу үшін өршіл бол, үоейленіп үрікпе, қорқыцп қысылма. Өлімге тік қадала қара, сонда өлім сенен қашада, сен өлімді жеңесің, мұратқа жетесің» деген де Төлегеннің сөзі болатын. Төлегеннің батырлық, ерлік істері халқымыздық есінен мәңгі кетпейді, көп жасайды.

Жас Қазақ

Абай айтқандай «құлақтан кіріп бойды алатын» әуенді де ақақ,тжақсы іннің бірі «Жас қазақ» екенін білеміз. Осы әнді соғыс кезінде, ұрыс майданында жас композитор кезінде, ұрыс майданында жас композитор Рамазан Елебаев шығарыпты деген сөзді де, жұрт естіген. Бірақ «Жас қазақтың» қашан, қалай және қандай оқиғаға байланысты туғанын білушілер аз. Сондықтан осы әннің шығу жайын айту қажет сияқты. Ең алдымен, композитор Рамазан Елебаевтың өзі туралы бір-екі сөз. Соғысқа дейін мен Рамазанды Алматыда сырттай көріп жүрдім. Бірақ бірбірімізбен танысып, сырлас болған адамдар емеспіз. Онымен алғаш рет Москва түбінде, Ново-Никольский деп аталатын селода, мата тоқу фабрикасының клубында таныстық. Ол былай болып еді.

Москва түбінде фашистік басқыншыларға қарсы жүргізілген сұрапыл соғыстарға екі айдай үздіксіз қатысқан біздің дивизия 1941 жылғы декабрь айының 16-да демалысқа шықты. Біздің полкымыз демалу үшін Нахабино селосына орналасқан еді. Бұл арада біраз күн тұрдық та кейіннен НовоНикольский селосына көштік. Демалыс деген аты болмаса, жігіттермен күн сайын әскери сабақ жүргізіп, оларға соғыс өнерін, қолдағы қару-жарақтан ату техникасын үйретудеміз. Сөйтіп жүрген кезде біздің полкымызға жаңа жігіттер келіп, қатарымызға қосыла бастады. Полк бойынша оларды қабылдайтын комиссия құрылған еді. Комиссия мата тоқу фабрикасының клубына орналасып, өзіне жүктелген міндетін атқарып жатқан-ды. 1942 жылғы январь айының жетіс. Таң жаңа ғана біліне бастаған мезгіл еді. Комиссия мүшелерінен Балтабек жаңа ғана біліне бастаған мезгіл еді. Комиссия мүшелерінен Балтабек Жетпісбаев (полктағы комсомол бюросыеың секретары), Александр Данилов үшеуміз кезекші болып отырмыз, жаңадан келетін жігіттерді күтудеміз. - Екі күннен бері ұйқы көрмедіңдер ғой, - деді Балтабек Данилов екеумізге, - келесі эшелон келгенше көз шырымын алыңдар, мен отыра тұрайын. - Көп рахмет. Мұндай туысқандық қамқорлығына басқалар қарсы болуы мүмкін, ал мен қарсы емеспін, - деді де, полк штабы бастығының көмекшісі аға лейтенант Данилов бұрышта тұрған диванға құлай кетті. - Сен неге отырсың? – деді Балтабек маған, - мына Даниловтың қасына жат та, демал. Жаңа жігіттер келгенде екеуіңді де оятып алам. - Мақұл. Қанша ұйықтағанымды білмеймін. Балтабектің «тұр,тұр» деген даусын естіп орнымнан атып тұрсам, комиссия отырған бөлмеге біраз жаңа жігіттер келген екен. Олармен Данилов және комиссияның басқа да мүшелері әңгімелесе бастапты. Бұларға Балтабек екеуміз қосыла кеттік. - Уа, бауырым, амнасың ба? – деп ұзын бойлы, танауының астына ғана қойған мұрты бар, ашаңдау келег ақсұр жігіт маған қол берді. Бірден тани кеттім. Рамазан Елебаев екн. Құшақтаса көріісп жатырмыз. Сол жерде мен оны Балтабек пен Даниловқа таныстырдым. - Бұл жігіт белгілі композитор, - деп жатырмын. Және Рамазанға қарап: - композиторлық қару-жарағыңыздың қайсысын ала келдіңіз? – дедім. - Алты тілді гармоным бар. Жігіттердің ішінде домбырасын келгендер де кездеселі. - Сізді полктың қай батальонына бөлді? - Әзір комиссиядан өткен жоқпын, - деді Рамазан. - Бұл композитор жолдасты полктың қай бөліміне жіберу мәселесін комиссияның председателі шешер, - деді Данилов, - оған дейін, Елебаев жолдас, демала тұрыңыз. Жаңа келген жігіттерді комиссия қабылдап, батальондарға жіберіп жатыр. Ал Рамазан екеуміз бір бұрышта әңгіме соғып отырмыз. - Міне, сіздердің қатарларыңызға мен де келіп қалдым, - деп бастады Рамазан әңгімесіг, - панфиловшылардың даңқы бүкіл жер жүзіне жайылды ғой. Сіздердің

соғыстағы ерліктеріңізге бүкіл ел, халық разы, мақтаныш етіп отыр. Тылдағы жастардың бәрі сіздерге келіп қосылуды арман етуде. Сондай армандаушының бірі өзім болдым. Соғыс комиссаритына арыз беріп, осы дивизияға жіберуді сұрандым. - Сіз әскер қызметіне шақырылудан босатылғандардың қатарындасыз, - деді военкаматта істейтін бір капитан. - Сондықтан алаң болмай жүре беріңіз. - Маған ондай жеңілдіктің қажет іжоқ. Денім сау, жас жігітпін. Өз қатарымнан қалғым келмейді, мені әскерге шақырып майданға, панфиловшылар дивизиясына жіберуіңізді өтінем, - дедім. - Осы бәріңнің сұрайтындардың, жібер дейтіндерің панфиловшылар дивизиясы, - деп капитан күле қарады. - Одан басқа дивизияға барғыңыз келмей ме? Маған совет әскерінің бәрі бірдей. Жаумен қлдма-қол соғысып, фашистерді қырғым келеді, - дей салдым. Бірақ арманым-панфиловшыларға қосылу екенін қайталап айтпадым. Айтсам капитан ашуланып қалар да тілегім орындамай қояр деп ойладым. - Жақсы, өтінішіңізді военкомға айтайын. Ертең келіңіз, - деді капитан. Ертеңіне военкаматқа қайта келдім. Кеше өзім сөйлемкен капитанға жолықтым. Ол мені военкомға алып барды. Военком орта жастан асқан майор екен, жылы шырай білдіре әңгімелесті, тілегімді тыңдады. - Жарайды, бүгін комиссияға түсесіз, - деді ол. Сонымен не керек, комиссиядан өттім. Басқа жігіттермен бірге әскер оқуын оқыдық. Содан міне өздеріңізге келіп қалдық, - деп Рамазан осы кезде қасымызға келген Балтабекке қарады. - Дұрыс. Айтпақшы, әскери атағыңыз бар ма? - Менде ешқандай да әскери атақ жоқ, болған да емес, қатардағы жауынгермін. Шынымды айтсам, сіздерге қосылғаныма өте қуаныштымын. Рамазанмен әңгімелесіп отырғанда комиссияның бөлмесіне Бауыржан Момышұлы келіп кірді. Ол өткен айда біздің полқа полк командирінің орынбасары болып келген. Қазір ол жаңа келгендерді қабылдайтын комиссияның председателі еді. Біз оны әскери тәртіппен қарсы алдық. Мен оған Рамазанды таныстырдым. - Жолдас капитан, - дедім Бәукеңе, - мына Рамазан Елебаев жолдасты білетін боларсыз. Талантты жас композитор, былтыр Москвадағы Театр өнері институтының композиторлар даярлайтын бөлімін бітірген, шығарған әндері бар... - «Жолдастар» , «Қазақстан» , «Қуаныш» , дейтін әндердің авторы емессіз бе? – деді Бауыржан. - Иә, солай. - Сізді бұрын көрмесем де әндеріңізді білем. «Жолдастар» былай айтылатын еді ғой, - деп Бәукең, ән әуенін ыңылдап айта бастады. - Жақсы ән. Жарайды, жаумен соғысу үшін майданға келгеніңіз құптарлық іс. Енді әдемі әндеріңізді автомат пен пулемет арқылы да орындайтын болыңыз, - деп күліп қойды.

-Е, онда сөз бар дейсіз бе? – деп Балтабек қостап жатыр. - Партияда барсыз ба? - Жоқпын. Комсомолда болған едім, қазір одан жасым асып кетті ғой. - Жолдас капитан, Елебаевты қай батальонға жіберуіміз керек, - деді Данилов. - Тоқтай тұрыңыз. Бізге жаумен соғысатын жауынгер де, композитор да керек. Қазір осында полк комиссары Мұхамедияров келеді, сонымен ақылдасайық. Бәлкім, композитор жолдасты өз мамандығы бойынша пайдаланармыз. Ертеңгі сағат он шамасында комиссия отырған бөлмеге полк комиссары Мұхамедияров келді. Біз оған Рамазан жайын баяндадық. Комиссар Рамазанмен біраз әңгімелесті. Содан соң: «Елебаев жолдасты менің қарамағыма қалдырыңыз», -деді ол Даниловқа. Сол күннен бастап Рамазан полк комиссарның секретары болып жұмысқа кірісті. Анда-санда онымен кездесіп қалғанда: - Қалай, Рамазан, осында келгелі қанша ән шығардыңыз? – деп қалжыңдаймыз. - Бір де ән шығарған жоқпын, - дейде ол. - Ән дегеніміз халықтың таихында, жеке адамдардың өмірінде болған елеулі оқиғалардан туады. Және адамның жан-жүйесін, ой-сезімін тебіренткен оқиғаларды әнге айналдыру үшін көп ізденіп, көп толғану керек. «Әу» дегеннің бәрі әдемі ән болып шықпайды. - Бұл айтқандарыңызды бәрі де дұыс шығар. Бірақ қазір бізге керегі жақсы ән, - дейміз. - Олай болса бүкіл совет елі мақтаныш етіп отырған панфиловшылар туралы бір ән шығарып беріңіз. Ол әніңіз әдемі де асқақ болсын. Халқымыздың ерлік рухын, гвардеецтердің батырлық бейнесін беретіндей болсын. - Осы тілектеріңізге мен де қол қоям, - дейді Рамазан. - Жақсы ән бола ма, әлде нашарлауы бола ма, оны болашақ көрсетер. Әуелі жауынгерлердің ерлігін өз көзімізбен көрейік те сезінейік, содан кейін бірдеме туар... Бірақ Рамазанның осы айтқан «бірдемесі» Ново-Никольскийде тұрған кезімізде туа қойған жоқ. Өйткені жаңа да жақсы ән шығару үшін композиторға уақыт керек, жағдай керек екен. Ал мұндай мүмкіндік онда болмады, уақытының көбі күнделікті жұмыспен өтіп жатты. Бір күні Рамазан біздің ротаға келді. Бұл кезде біз жігіттерді мылтық ату өнеріне үйретіп жатыр едік. Ол автоматтан шапшандата атып жатқан жігіттерге сүйсіне қарай қалыпты. - Қалай, Рақа, ұнай ма? – дедім. - Ұнағанда қандай, ғажап екен! Қалай, қалай зырылдатады! – деп автоматчиктерге таңданып тұрды. - Сіз де атып көріңіз. - Оқты нысанға тигізе алмай, жігіттердің ұятқа қалармын. - Оқасы жоқ, бірден мерген болған жауынгер аз. Сіз де үйреніп кетесіз. Мә автомат, оқтаңыз да атыңыз. - Келесі жолы болсын. Қазір асығыспын, үшінші батальонға бара жатыр едім. Егер уақытым болса, кешке келермін, әңгімелесерміз.

- Келіңіз, күтеміз. Күн батты, күндізгі қызмет аяқталды. Ротадағы жігіттер кешкі тамақтан кейін клубқа кино көруге кетті. Рота командирі Соловьев екеуміз взвод командирлерімен мәжіліс өткізіп, күндізгі оқудың қорытындысын шығардық, ертеңгі жұмыс жайын ақылдастық. - Политрук, клуб жағына барып қайтайық, киносын көрейік, - деді Соловьев. - Сен бара бер. Менің комиссарға жазып беретін бір қағаздарым бар еді. - Желаю тебе успеха, - деді де Соловьев үйден шығып кетті. Комиссарға деген қағаздарымды жазып бола бергенімде есік ашылды, үйге бірнеше адам кіріп келді. Жалт қарасам Балтабек екен. Қасында екінші батальондағы санвзводтың командирі Ермеков Ербатыр, полктағы жаяу барлаушылардың бөлімше командирі Мендіғазин Бахтияр және Рамазан бар. - Жақсы келдіңдер , төрлетіңдер. - Қалай, қонақтарды күтіп аларлық жағдайың бар ма? – деп Балтабек қалжыңдай бастады. - Қойымыз өрістен қайтқан жоқ еді, барыма разы боласыңдар. - Бізге сол барың да жетеді. Құр ауыз кетпесек болғаны, - деп ЕРбатыр жымың етті. - Ербатыр мен Бахтияр үшеуміз бұл ротаның дәмін талай таттық қой. Мына Рамазанның сыбағасын берсең болады, - деп Балтабек әзілдей жөнелді. - Бәріңе де сыбаға табылады, - дедім де шай қойып, дастархан жайдым. Сөйтіп отырғанда Соловьев пен взвод командирі Гадько келді. Балтабек жайдары әзіліне сала Соловьевты қағыта бастады. - Қазақта: «Қонақ жаман болса үй иесі қыдырады, үй иесі жаман болса қонағы қыдырады» деген мақал бар. Соловьев жолдас, сенің біз келерде қыдырып кетіңді не деп түсіну керек? - Сен сияқты қонақтың жаман болғаны ғой. Келетіндерді алдын ала ескертіп қоймайсың ба?- деп Соловьев қарсы дау соғып жатыр. - Жеңілдім. Дастарханға кел, әлі ешнәрседен құр қалған жоқсызлар, тамаққа жаңа кірісіп жатырмыз, - деді Балтабек. Астан кейін әдемі әңгіме басталып кетті. Мұндайда Балтабек сөзге шебер-ақ. Ол Рамазанды таныстырып, үлкен композитор деп жатыр. «Әй мен күйдің құдайы осы жігіт. Өзінің шығарған әндері өте көп. Ертең, Соловьев, сен туралы да ән шығарады, оны әуелі екеуміз қосылып айтатын боламыз» деп те қойды. Балтабектің бұл сөзін есітігенде Рамазан қатты ұялғандай болып, екі беті қызарып кетті. Жаратылысында аса кішіпейіл, қыз мінезді, ұялшақ, «мен» деп айтуға батылы бармайтын Рамазан, қазір үндемей төмен қарап қысылып отыр. - Елебаев жолдас әнін қазақша шығаратын болар. Оны басқа ұлттың адамдары орындай ала ма? – дейді Гадько. - Әдемі ән адамның ұлтын таңдамайды, - деп Ербатыр сөзге кірісті. - Орыстың әндерін қазақ та қырғыз да айтады. Жақсы ән барлық халыққа ортақ, тумасы болып кетеді. - Ол рас, - деді Соловьев.

Осыдан былайғы әңгімеміз ән, музыка жайына аусып кетті. Әр қайсымыз жақсы әннің барлық ұлтқа ортақ екендігін дәлелдемек болып, орысша, қазақша өзіміз білетін әндерді айта бастадық. - Қап, музыкалық аспабымыздың жоғын-ай, - деп өкінді Бахтияр. - Гармоныңды осында бекер ала келмеген екенсің, - деп Балтабек Рамазанға қарады. - Ән мен өлеңді біріміз бастап, басқаларымызға қостап дегендей, өзіміз отырған кішкене бөлмені басымызға көтеріп жатырмыз. Даусымыздың қалай шығып ән ырғағын қалай келтіріп жатқанымызда жұмысымыз жоқ. - Шіркін, әдемі ән жанға рахат қой, - дейді Балтабек. - Көңіл көтеріліп, жақсы тынығып қаласың. Солай емес пе, Рамазан? - Солай. Оныңыз дұрыс сөз. - Айтпақшы, сізден бір нәрсе сұрағым келеді, - деп Соловьев Рамазанға қарады. - Мен композитор да, әнші де емеспін. Солай болсам да әнді жаным жақсы көреді. Бірақ, сол жаным сүйетін әндердің қалай туатынын білмеймін. Сіз композитор екенсіз, әнді қалай шығарасыздар? Күнімен ән салып, өлең айтқаны болмаса, басқа әңгімеде үндемей тек тыңдаумен отырған Рамазан, Соловьевтың сұрауына жауап қайыра бастады. Оның сөзін бәріміз ықылас сала тыңдай қалды. Рамазан әуелі ән дегеніміз не екенін, содан соң оның қалай туатынын аса қызықты етіп әңгімелеп кетті. Ән шығару қалай туатынын аса қызықты етіп әңгімелеп кетті. Ән шығару көңіл күйіне, көп ізденуге, тебіреніп, толғануға байланысты екендігін де айтты. Осы ретте ол атақты орыс, қазақ композиторларының әндері қалай, қандай жағдай, қандай оқиғаға байланысты туғандығынан мысалдар келтірді. Ал өзінің композиторлық еңбектері, әндері жайында бір ауыз сөз айпады. Неге айтпайсың біз де сұрамадық. - Бәрекелді, көп рахмет, ән туралыбжақсы әңгіме айттыңыз, - деді Балтабек Рамазанға. - Ал бұдан бұрын біздің сізге жасаған өтінішіміз сол күйінде. Сіз алдағы күнде гвардеецтер туралы бір әдемі ән шығарып беруді басты міндетім деп біліңіз, оны ұмытпаңыз. - Мақұл, - деп Рамазан бәрімізге қолын ұсынды. Бұл оның жауынгер жолдастарына берген уәдесі сияқты болып көрінді. Сол күннен бастап Рамазан біздің автоматчиктерге жиі келіп тұратын болды. Оған екі-үш себеп бар еді. Біріншіден, автоматчиктердің көпшілігі Рамазанға таныс, бәрі әскерге бірге алынған, осыдан бірге келген. Екіншіден, автоматчиктердің ішінде әнші, домбырашылар бар. Қабиев, Жұмажанов, Еркінбаев, Сұлтанов сияқты жігіттер майданға домбырасын да ала келіпті. Үшіншіден, автоматчиктер біркелкі жастар, құрдастар. Жастық кездің жарасқан әзіл-күлкісі де, ойын-сауық та, қайрат пен жігер де осында. Рамазан кей уақытта біздің ротаға күндіз де келіп жүрді. Бұл кезде автоматчиктер далада болады, шаңғы тебеді, мылтық атады, «қызыл» мен «көкке» бөлініп бір-біріне шабуыл жасайды, қамал бұзады. Мұның бәріне Рамазан қызыға қарап, жолдастарының жігері мен өнеріне жас балаша қуаныш білдіреді.

- Нағыз батыр автоматчиктер екен ғой, - дейді Рамазан. - Оныңыз рас, - дедім мен. - Жауды жусатып салатын, жайпап жіберетін, жапырып тастайтын жойқын күшіміз осы автоматчиктер. Бұлардың ерліктерін ертең фашистермен қолма-қол ұрысқа енген шақта көрерсіз. Ал жігіттердің күнделікті оқу-жаттығу, соғысқа дайындалу жұмыстарындағы қимылдары бәріміздіьсүйсіндіріп жүр. Соған қарап олар жаумен батырларша соғысады деп сенеміз. - Солай болсын деп тілейік, - деді Рамазан. Соны айтып ол автоматчик жолдастарына көз салды, қадала қарады. Әлдекімдерді іздегендей болады. - Рақа, автоматчиктерге үңіле қарай қалыпсыз. Болашақ шығармаңыздың кейіпкерін іздеп тұрған жоқсыз ба? - Солай болуы да мүмкін... Біздің автоматчиктер ротасы полк командирінің қарамағында болатын. Әр түрлі бұйрық, нұсқауларды полк штабынан тікелей алып тұратынбыз. Полк штабы қай жерде болса, сол маңнан табылатынбыз. Осыған байланысты кейбір жаңалық хабарды батальондардан бұрын біз еститінбіз. Соңғы күндері естіген жаңалық хабарымыздың бірі: жақын арада майданға аттанатынымыз туралы болды. Бірақ қашан, қайда, - деген сұрауға ешкім жауап бере алмады. Таңертең полк командирі полковник Капров батальондар мен арнаулы бөлімдердің командирлерін, комиссарлары мен политруктарын жинап мәжіліс өткізген еді. Онда қай майданға және қашан аттанарымыз жайы нақтылы сөз болмады. Бір айтқаны: «демалыс мерзімі енді ұзаққа созылмас. Сондықтан жүріс дайындығы да естеріңізде болсын». Мәжіліс аяқталды, командирлер тарай бастады. Бізбен бірге Балтабек те тысқа шықты. Әр нәрсені сөз етіп, біраз уақыт далада жүріп қалдық. - Осы маған, - деп бастады Балтабек сөзін, - бір ой келіп жүр. Майданға аттанғанда біраз күн жолда болатынымыз сөзсіз. Жолшыбай жігіттерге ойынсауық көрсетіп тұрған жақсы-ақ болар еді. Ол үшін, ең алдымен, өнерпаздар және музыкалық құралдар керек қой. Олардың бәрі табылад. Мәселен, батальондарда және осы штаб манындағы бөлімдерде баян, гармонь, аккордеон, домбыра дегендердің толып жатыр. Жігіттердің арасында биші де, әнші де, басқа өнершілер де бар. Әңгіме солардың бәрін бір жерге жинап, концерт бригадасын құруда. - Бұл пікіріңді комиссарға айтпадың ба? - Бұған дейін айтқан жоқ едім. Қазір екеуміз оған барсақ қайтеді? Балтабек екеуміз комиссарға келсек, полк басшылары әңгімелесіп отыр екен. Не шаруамен келгенімізді Балтабек баяндап берді. - Міне бұларыңыз орынды ұсыныс, - деп Балтабекті полк басшылары бір ауыздан қолдап жатыр. - Сонда концерт бригадасын кім басқармақ? Осыны ойладыңыздар ма? – деді полк командирі Капров. - Илья Васильвич, - деп полк командирінің жаңағы сұрауына жауапты комиссар қайырды, - мен сізге осыдан біраз күн бұрын полкымызға талантты бір жас композитордың келгенін, оны өзіме секретарьлыққа тағайындағанымды

айтқан едім. Есіңізде болар, фамилиясы: Елебаев. Менің сол жігітті өнерпаздар бригадасына жетекші етіп бекітейік. Бригадаға керекті адамдар мен музыкалық аспаптарды тауып алу ісіне политрук Жетпісбаев көмектессін. Және де Елебаевты бүгіннен бастап полктың саеротасына санинструкторлық қызметке ауыстырайық. - Комиссарға секретарь керек емес пе? – деп қалды Капров. - Бір секретарь бар ғой, сол жетеді. Полк басшылары өнерпаздар бригадасын ұйымдастыру туралы ұсынысты толық мақұлдады. Соол күні бұл жөнде арнаулы бұйрық та шықты. Рамазан Елебаев өнерпаздар бригадасына жетекші болып тағайындалды. Рамазан өзіне тапсырылған қызметке зор қуанышпен кірісті. Оған Балтабек те, басқаларымыз да көмектесіп жатырмыз. Полкта әнші де, биші де, гармоншы мен баянист те, домбырашы мен аккордеонист те, өлеңші мен тақпақшы да көп екен. Солардың ішінен жиырма жігіт өнерпаздар бригадасына алынды. Бұлар күндіз өздерінің бөлімдерінде болып, міндетті қызметін атқара берді. Ал кещкілік кезде олар клубқа жиналып, Рамазанның басқаруымен репитиция жасап жүрді. Музыкалық аспаптардың да әр түрлі (үш баян, екі аккордеон, алты гармонь төрт домбыра, бес балалайка) өзімізден табылды. Майданға аттанғанға дейінгі бір жұманың ішінде Рамазан бастаған өнерпаздар бригадасы өздеріне жүктелген міндетті орындауда біраз жұмыс жүргізді. Таныс істің таңсықтығы жоқ дегендей, өнерпаздар бригадасының жұмысын ұйымдастыруда, концерт программасын, репертуарын дайындауда Рамазан асқан іскерлік көрсетті, аз күнде зор табысқа ие болды. Бір күні кешкісін клубта өнерпаздардың концерті болды. Оған әр батальоннан командирлер мен жауынгерлер келді. Екі сағатқа созылған бұл концертке көрушілер қатты разы болып тарасты. Концерттен кейін клубта өнерпаздардың концерті болды. Оған әр батальоннан командирлер мен жауынгерлер келді. Екі сағатқа созылған бұл концертке көрушілер қатты разы болып тарасты. Концерттен кейін өнерпаздардың алғашқы табысына құтты болсын айтайық деп сахнаның сырт жағына барып едік, жігіттер кетіп қалған екен. Тек Рамазан ғана отыр. Өңінен бір нәрсеге қуанышты екені, разы болып тұрғаны байқалады. - Рақа, концертіңіз жақсы өткеніне құтты болсын айтамыз, - дедік. - Рахмет, рахмет. Алғашқы концертіміз ғой, кемшілігі де болар. Қос жүре түзеледі деген ғой. Өзімнің байқауымша да бірінші сыннан жаман өтпеген сияқтымыз. Осылай кете берсек, алдағы күнде ұятқа қалмаспыз деп ойлаймын. Тек бір ғана жетіспей тұрған жеріміз бар. - Ол не? - Өнерпаздардың ішінде ақынымыз жоқ. Әр түрлі тақырыпқа өлең, күлдіргі әңгіме, сықақ-мысалдар шығаратын, тіпті ән тексеретін жазып беретін ақынның болғаны аса қажет-ақ. - Ақын табылады, - деді Ербатыр. - Сізге өлең шығарып беретін ақын осы дивиөияда көп. Мысалы Павел Кузнецов, Леонид Макеев, Дмитрий Снегин. - Жоқ, бұл атаған ақындардың, - деді Балтабек, - мұнда келмейді, олар басқа бөлімде. Ақынды өз полкымыздан іздеу керек. «Жазушылар одағының мүшесі»

деген документі жоқ, бірақ ақандық қабілеті бар таланттар өз арамызда да жүр. Екінші батальонның комсоргы Алексей Самсонов, тоғызыншы ротадағы пулеметчик Борис Герасимов, автоматчиктер ротасындағы Николай Ненахов пен Жұмажан Батталовты алыңыз, бәрі де ағып тұрғана ақындар. Олар жігіттердің алдында өздерінің өлеңдерін, күлдіргі әңгімелерін айтып, тыңдаушыларын мәзмейрам еткендерін талай рет көрдім. Сондықтан ақынды алыстан іздемейік, өз арамыздан қарастырайық. Бұл жөнде сіз, Рақа, қам жемеңіз сізге керекті ақынды өзім тауып берем. - Бұл көмегіңізге көп рахмет. - Мен тағы бір ақынды, өзімізбен күнде көрісіп жүрген ақынды білем, - деді Ербатыр. - Ол өзіміздің Бахтияр Меңдіғазин. - Тауып айттың, - дедім Ербатырға. - Бахтияр ақын. Ол осмында келгенге дейін « Социалистік Қазақстанда», әдебиет баспасында істеді, қабілеті бар адам. Оның газет-журналдарға жариялаған. Көптеген шығармалары да бар. Ендеше өнерпаздар бригадасына Бахтиярды да тарту қажет. - Бұл айтқандарыңызды бәрі де орынды да дұрыс, - деді Рамазан. – Бізге қазіргі сағатта ақын керек. - Табамыз ақынды... Осылай әңгімелесе отырып, клубтан шықтық. Күн шаңытқан әңгімелесе отырып, клубтан шықтық. Күн шаңытқан аяз екен. Кейбір үйлерден ән мен музыка дауысы естіледі. Онда жігіттер өздерінше сауық кешін жасап жатқан сияқты. - Менің тағы бір өтінішім бар, - деді Рамазан,- осы уақытқа дейін бір-бірімізге «сіз» , «біз» деп келдік. Қазір біз аға мен інідей, етбауыр туыс болып кеттік. Олай болса бұдан былай «сен» , «мен» - ге көшейікші. - Мақұл болсын, - деді Балтабек. ... Демалысымыз бітті, майданға аттанар күн де жетті. 1942 жылғы январь айының он алтысы күні кешкі сағат он шамасында вокзалға келдік. Ұзыннантұзақ созылған эшелонгнан автоматчиктер ротасына үш қызыл вагон бөлінген екен, соған орналасып жатырмыз. Қалған вагондарға капитан Гундилович бастаған екінші батальонның жігіттері жайғаыспты. Бір мезгілде Рамазан ұшыраса кетті. Арқалап алған қапшығы тіпті үлкен, екі-үш адамның жүгі бар сияқты. - Ал, Рақа, сапар оң болсын, - дедім. - Айтқаның келсін. - Осынша жүкті қалай арқалап келдің, қапшығыңа не толтырып алғансың? - Керек дүние ғой. Мұның ішінде – деді ол қапшығын иығынан алып, - қаруым – гармоным бар... - Бригадаңның мүшелері қайда? - Олар өздеріңнің бөлімінде. Жеті жігітім осы составта, өзім де сендермен біргемін, он төртінші вагондамын. - Жақсы. Жолда концерт бересің ғой? - Міндетті түрде. Жолшыбай вагондарды аралаймыз, сауық-сайран саламыз.

Есікті ашып, далаға көз жіберсем, қалың ағаштың ішімен жүріп келеді екеміз. Түнімен қанша жер жүрдік, қай станциялардан өттік – оны біле алмадық. Әйтеуір жүріп келеміз. Түс кезінде поезымыздың жүруінен де тоқтауы көбейіп кетті. Көрінген разъезде сағаттап тоқтайтын болдық. Келесі бір разъезде осы эшелонның бастығы капитан Гундилович келіп, хал-жайымызды біліп кетті. - Жолдас капитан, неге тоқтай береміз, - дедік Гундиловичқа. - Соны білмедім, - болды оның жауабы. Күн бата бергенде біз отырған вагонға Рамазан келіп кірді. Оған жігіттер қатарларынан орын беріп қарсы алды. - Ал, Рақа, қайдан келесің? - Өздеріңе кіріп, амандықтарыңды білейін деп келгенім ғой. Күнімен бесінші ротаның жігіттеріне концерт бердік. - Концертті бүкіл бригадаңмен бердің бе? - Жоқ, өзімді қосқанда сегіз-ақ адам болдық. Басқаларымыз өз бөлімдерінде ғой. Осы азғана адаммен де ойынсауық көрсетуге болады екен, әрқайсымыз төртбес номерден бердік, өлең айттық, би биледік, ән салдық. Концертіміз екі сағаттай уақыт алды. - Жақсы. Ал концертіңді біздің ротаға қашан бересің? - Осы айдың 20 күні. Одан бері батальондарда болам. Алдағы разъезге поездан түсем де келесі эшелонды күтем, ондағы жігіттерімді тауып алып концерт береміз. Комиссардың бұйрығы осындай. - Тоқтай қал, сен бізге енді үш күннен кейін келеді екенсің, ал оған дейін аоезд үстінде боламыз ба? - Оған дейін қайда болатындарыңды білмеймін. Менің білетінім: сендерге үш күннен соң келетінім. Поезда кездесеміз бе, әлде далада жолығысамыз ба – ол арасын айта алмаймын. - Мейлің, қашан келсең де құшағымыз жаюлы, әйтеуір автоматчиктерді ұмытып кетпесең болғаны. - Өзімді ұмытып қалуым мүмкін, ал автоматчиктерді ұмытуым мүмкін емес. Осыған келістік пе? - Келістік Рамазан екеуміздің бұдан былайғы әңгімеміз сырласу, жөн сұрасу түрінді болып кетті. Мен оны осы уақытқа дейін сөзге сараң адам шығар деп ойлаушы ем. Оным қате екн. Ол алдымен өзінің өмірбаянын, әскерге келгенге дейін қайда, қандай жұмыстарда болғанын айтты. - Жол қысқартайық, - деп Рамазан әңгімесіне кірісті. Біз тыңдай қалдық. - Мен 1908 жылы қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданына қарасты Өтей ауылы деген жерде кедей шаруаның семьясында туыппын. Үлкен атам Өтей деген кісі екен. Оның Ержан, Еркебай есімді екі баласы болыпты. Менің әкем Ержан жас кезінде кәсіп іздеп, Қазан, Самара жақтарынан келген татар саудагерінің қазақ ауылдарынан жинаған тері-терсек, жүн-жұрқасын тасуға жалданады. Ал 1896 жылдан 1910 жылдарға дейін жаз айларында әкем өзінің ағасы Еркебайды, інісі Жолдасбек пен оның әйелі Рәнді қасына алып, Самара маңындағы татарлардың малын бағады, бие сауады, қалаға апарып қымыз сатып жүреді.

Осындай кәсіппен айналысқан әкем 1906 жыл шамасында бір татар қызына үйленеді. Бұл менің анам Сабира еді. Одан туған мен үшке қараған кезімде, әкем ел жаққа көшу керектігін айтады, бірақ шешем оған көнбейді. Әкем де, оның туыстары да «туған елге қайтайық» дегенді шешейге өтініп те, жалынып та айтады. Шешей «бармаймын» және «өзімнің туған жерімді тастап ешқайда кетпеймін» деп отырып алады. Арада тағы біраз уақыт өтеді. Әкемнің шешейге «елге қайтайық» дегенінен ешнәрсе шықпайды. Ақыры әкем мен шешем айырылысады, шешей өз еркімен мені әкеме береді. (Кейін, ержеткен соң мен шешеме талай рет барып, қонақтап жүрдім.) 1919 жылдың күзінде әкем мені Ахметжан дейтін молдаға берді. (Бұл кезде біздің ауыл түгіл сол маңда мектеп болмайтын.) Одан оқып, еш нәрсе жарыта алмай жүргенімізде, 1920 жылдың сентябрінде ауылдан мектеп ашылды. Қуанышымыз қойнымызға сыймай, отыз шақты бала бірінші класқа түсіп оқи бастадық. Жасым он екіге келіп қалса да бірінші кластамын, тіпті арамызда он беске келгендер де бар еді. - Он екідегі бала бесінші класта оқуы керек қой, - деді бір жауынгер. - Оныңыз дұрыс. Бірақ қазақ ауылдарында мектеп дегеніміз 20-жылдардың бас кезінде ғана ашыла бастағанын, ал одан бұрын біздің маңда мектеп болмағанын еске алсақ, 12-15 жасар балалардың бірінші класта оқуы таңқаларлық нәрсе емес еді. - Сөзді бөлмеңдер, айта беріңіз, Рақа, - деді автоматчик Жұмажанов. - Сонымен ауылдық мектепте оқи бердім. Бізге Бабаұлы Андықожа, Азнабаев Рамазан дейтін мұғалімдер сабақ берді. 1924 жылы Шортан қаласына келіп, Тоқсанов Қайырбек дейтін бала екеуміз орыс мектебіне түстік. Орыс тілін үйрене бастадық. Бұл жөнде бізге көп көмек көрсеткен ағаш күзетшісі Петр Алексеевич Иванов пен оның қызы Анастасия Петровна болды. Біз сол Ивановтың үйінде пәтерде тұрдық, үй иесі де және оның балалары да қазақшаға судай. Осы адамдар орыс тілін үйреніп, орысша білім алуыма себепкер болды. Жәнеде Иванов шебер гармонист еді, ол әсіресе жексенбі күндері серуендеп көшеге шыққан қала жарастарының, ойын-сауығын басқарып, дуылдатып жүретін. Оған еріп біз де ойынға баратынбыз. Олардың ойынсауығы бізге қызық көрінетін. Сөйтіп жүріп мег гармонь үйренуді арман еттім. Бұл армангыма жетуіме көмектескен де Петр Алексеевич болды. Ол маған өзі тартатын Саратов гармонын үйретті. Содан бала кезімде үйренген домбыраға енді гармонь келіп қосылды. Шортан қаласындағы орыс мектебінен табаны күректей төрт жыл қалай болар екен деп жүргенімде «Әбілқайыр Досов Бурабайға демалысқа келіпті» деген хабар дүңк ете қалды. Қазақастанда Совет өкіметін орнату жолында көп еңбек сіңірген және сол кезде Москвада жауапты қызметтен жүрген Әбілқайырдың мұнда келе қалғанына қатты қуандым. Одан ақыл, көмек сұрайын деп Бурабайға бардым. Әбілқайыр мені інісіндей, ең жақын тумасындай қарсы алды. Орыс тілін білетінімді құптап: - Тағы да оқуың керек қой, - деді. - Өзім де сізге сол оқу туралы келіп тұрмын. Оқуға жібертіңіз, оқығым келеді. - Жарайды, көмектесейін. Осы айдың 20-күні осында кел, оқуға ала кетем.

Әбілқайыр ағайдың бұл сөзіне басқа жауап таба алмаған басым, «рахмет,рахмет, айтқан күніңізде келем» дей беріппін. Сонымен, август айының 20 күні ағайға келсем, мен секілді тағы үш бала отыр екен. Ол бәрімізді оқуға белгіледі, мені Орынбор рабфагына орналастырды. Бұл 1927 жыл еді. Орынбор рабфагында оқып жүрген кезім. Күнделікті сабақпен қатар, менде сурет салуға әуестенушілік пайда болды. Кей кезде сабақ үстінде отырып та сурет сала беретінді шығардым. Жанымдағы жолдастардың, кейде мұғалімдердің бейнесін альбомыма түсіре бердім. Мұның үстіне пианино, гитара, балалайка сияқты музыкалық аспаптарды үйренудемін. 20-жылдардың аяғында Орынбор үлкен қала, мәдениетті қала еді. Мұнда мектептер, әртүрлі оқу орындары, газет, журнал, баспа мекемелері, кино, театрлар, мәдениет ошақтары көп болатын. Мен осы кезде театрға барғыш, музыка тыңдағыш болып алдым. Татр мен музыкасыз өмір мен үшін бос өмір сияқты еді. Осындай сезінудің әсерінен бе, музыкаға берілгендіктен бе, әлде басқа себебі бар ма, ол арасын қазір айта алмаймын, әйтеуір Орынборда оқып жүрген кезімде өз жанымнан ән шығаруға талпындым. Кей күндері гармонымды не домбырамды алып қала сыртына, ағаш арасына кетіп қалып жүрдім. Далада жападан-жалғыз, жынды кісідей гармонь не домбыра тартам, ыңылдап ән салам. Жаңа да тың ән іздеймін, бірақ оны бірден таба алмай сілемді қатыратын ем. Сонымен, 1930 жылдың жазында Орынбордан Алматыға келдім. Арманым: қазақ тетрына орналасу, сонда қызмет атқару. Театрға да келдім, бірақ мені артистік қызметке алмады. Сөйтіп жүргенде мен осындағы қазақ атты әскер полкына шақырылып, екі жылдай қызмет атқардым. «Жолдастар» дейтін әнім осы полкта шығарылған және оның жауынгерлеріне арналған еді. Әскер қызметінен босанысымен қазақ театрына қайта келдім. Театрдыңоркестріне музыкант болып алындым және театр қасынан ашылып артистік қызметке даярлайтын студияға тыңдаушы ретінде түстім. Студияда музыканың, өнердің тарихы, теориясы мен тәжірбиесі жайында лекциялар, сабақтар өткізіледі. Бәрі де пайдалы. Мен нота жазуын осында үйрендім де, өзімнің «Жолдастарымды» нотаға түсірдім. Студияның кейбір тыңдаушыларын театр басшылары қосалқы рольді атқаруға тарта бастады. Соның бірі мен болдым. Мен Қазақстанның бүгінгі халық артисі Жүсіпбек Елебековке серік болып «Сүңгуір қайықтағы» радист матростың ролін ойнадым. Және осы постановканың сахналық –декорациялық кейбір картиналарын салысуға қатыстым. Суретдемекші, Алматыға келіп қазақтың драма театрында, одан соң филармонияда істеп жүрген кезімде де оны тастаған жоқпын. Осы кезде Сәкен мен Ілиястың, Мұхтар мен Бейімбеттің, Күләш пен Жамбылдың портреттерін жазғаным бар еді. - Сонда немен жазатын едің? - Қарындашпен, көмірмен, кейде майлы бояумен. - Сол жазған картиналарың қайда? - Оның кейбіреуі Алматыдағы жолдастарымда қалды. Шынын айтаын, менде суретші болайын деген ой болған жоқ, әшейін әуесқойлық қой. Айтпақшы, әндерімнің нотасын да құнттап сақтаған адам емеспін. Әр жерде қалып қойдың ғой.

- Сонан соң не болды? Тетрға алдыңыз ба? – десті Рамазанның әңгімесін тыңдап отырған жігіттердің біреуі. - Жоқ, жаңағы студияда тыңдаушымын, театрдың оркестрінде музыкантпын, каейде қосалқы рольдерді орындауға қатысам, бірақ артист емеспін. Менің артист болғым болғым-ақ келеді, амал не, орын жоқ. Сөйтіп жүрген кезде менің біраз жолдастарым: «дәрігерлік институтка түсіп оқы, саусақтарың ұзын, жақсы хирург боласың» деп әзіл-шыны аралас үгіттей бастады. Бұ да ақыл екен дедім де, 1934 жылы Алматыдағы дәрігерлер дайындайтын институтқа түсіп кеттім, оның екі курсын бітіріп те тастадым. Байқаймын, менен дәрігер шығатын түрі жоқ сияқты. Қой, шатаспайын, жасымнан жақсы көретінім өнер менен музыка еді ғой, енді олардан айырмайын дедім де, дәрігерлік институтпен қош айтыстым. 1936 жылдың бас кезінде Қазақ филармониясына қызметке алындым. Мұнда жүріп ән де шығардым, сурет те салдым. «Қазақстан» , «Қуаныш жолы» дейтін әндерім осы кезде туған еді. Филармонияда істееп жүрмін, ән мен күйдің ортасындасмын. Құлашты кеңінен сілтейін кез келген сияқты. Бірақ ол үшін білім керек. Сол сәтте осы ойымды Ахмет Жұбановқа айттым. - Оқимын, музыкалық, білім дегенің өте орынды, мен мұныңды қатты қолдаймын, - деді Ахмет. - Москваға А.В Луначарский атында театр өнері иснтитуты бар, соның композиторлар даярлайтын бөліміне түсіп оқы. Ахаңның, бұл ақылы көңілге қона кетті, мен Москваға тарттым. Театр өнері институтының композиторлар даярлайтын бөліміне түсу үшін емтихан тапсырады екен және жазылған бір шығарма болу керек екен, Мен «Біржан-Сара» дейтін музыкалық пьеса жазып бердім.

Институтты да бітірдік. Бүгін-ертең диплом аламыз деп тұрғанымызда соғыс басталып кетті. Әрқайсымыз келген жерімізге аттандық. «Дипломды арттарыңнан жібереміз» деп институт басшылары қалды. Тартып отырып Алматыға келдім, филармонияда қызмет істей бастадым. Бірақ жұрттың бәрі қолдарына қару алып жауынгерлік сапқа тұрып жатыр. Сол кезде мен де военкаматқа арыз беріп, әскерге алуды өтіндім. Бұл өтінішім қабыл болып, осында келіп қалдық қой... – деп Рамазан әңгімесін аяқтады. - Уә, бәрекелді көп жаса, інім, - деп автоматчиктердің ағасы, Москва үшін жүргізілген ұрыстардың батыры, жасы қырыққа келіп қалған жауынгер Іңкәрбала Иманбеков Рамазанның қолын алды. - Әңгімең әдемі екен. Өзіңшамасы, ән шығаратынжігітсің-ау, ә. Олай болса, осы отырған гвардеецтер туралы бір әдемі ән шығарып беруді ұмытпа, бәріміз жүрелік. - Іңкәр аға, миұндай тілекті Рақаңа айтқанымызға біраз уақыт болды, - дедім, - уәдесін берген. Айтулы ерлік болса, әдемі ән де шығатыны сөзсіз ғой. - Рақа, өмірбаяныңыз қызық екен, - деді жауынгер Жарқынбаев. - Қазір туған-туыстарыңыз қайда? - Біздің ауыл колхоздастыру кезінде «Сәуле» колхозы деп аталған екен. Әкей сонда 31-жылы дүние орнату ғана болды. Екінші шешем Зейнеп деген кісі еді.

Одан Шамшия, Ақантай, Қанипа есімді бауырларым бар. Ақантай майданда жүр, ал басқалары елде. Манадан бері Рамазанның әңгімесін зейін сала тыңдап отырғандардың бірі автоматчик Төлеген Тоқтаров орнынан тұрды да менің қасыма келді. Бір сұрауы барын айтты. Сондағы сұрағаны: - Әдемі ән ерліктен туа ма, әлде әдемі әннен ерлік туа ма? – деді. - Өзің қалай деп ойлайсың? - Менің түсінуімше, - деді Төлеген, - әдемі әннің шығуына әйгілі ерлік себепкер болуы керек. Ерлік болса ән туады, ал ән қанша әдемі болғанымен де айтулы ерлікті тудыра бермеуі мүмкін. - Төлегеннің бұл айтқаны дұрыстыққа келеді, - деді Рамазан. - Әдемі ән үлкен оқиғадан туады. Сондай әнді шығару міндетін мен алайын, бірақ оның тууына себеп болатын ерлікті сіздер алыңыздар. - Болсын, бұған біз де келістік, - деп Төлеген күліп қойды. Осындай әңгімемен отырғанда түн ортасы ауып кетіпті. Жігіттер демалуға кірісе бастады. Әлден уақытта бір кішкентай разьезге келіп жеттік. Сол жерде Рамазан вагоннан түсіп қалды да:

- Мен кейінгі эшелонды күтем, ал өздеріңе 20-күні келеміз, - деді.

- Жақсы күтеміз.

Рамазан уәдесінене шықты. Ол январьдың 20-күні қасына алты «артисін» ертіп біздің вагонымызға келді. Қолдарына домбыра, гармонь, аккардеон оларды біз қуана қарсы алдық. Концертімізді бастаймыз, -деп Рамазан құлақтандыруын айтып, жігіттердің тыныштық сақтауын сұрады.

Концерт басталып кетті. Әр тілде өлең де, тақпақ та, күлдіргі әңгімелер де айтылып жатыр, әдемі әндер мен билер орындалуда. «Артистердің» бір номерінен екіншісі асып түсуде. Олардың бір жарым сағаттық конгцерті аяқтала бергенде біздің жігіттер өнер көрсетуге кірісті. «Үйдің үш ауызы», «ауылдың алты ауызы» дегенді Иманбеков пен Ненахов айтып шықты. Ал орысша, қазақша, татарша, ұйғырша, украинша ән салушылар да табылды. Бұл ретте Тоқтаров, Бахолдин, Изюмов, Гатченко сияқты автоматчиктер жолдастарының құрметі мен алғысына ие болды.

Майданға аттанған жолдастарына концерт беріп мәз-мейрам еткен Рамазандарға шын көңілден алғысымызды айтып жатырмыз. «Тағы да келіңдер, еңбектерін жемісті бола берсін» дегенді де айтудамыз. Біздің эшелонымыз январь айының 22-күні кешке қарай Дворцы деп аталатын кішкене станцияға келіп тоқтады. Эшелон бастығының бұйрығы бойынша қаружарақ, нәрселерімізді алып вагондардан түсе бастадық. Осы эшелонмен келген роталардың командирлері мен политруктарын полк командирінің орынбасары капитан Момышұлы жинап алды да, қысқаша мәжіліс өткізді. Ол осы арадан майдан шебіне жақын қалғанымызды және осыған орай алда тұрған міндетімізді айтып берді. Қалың ағаш іші. Күртік қар, жолсыз жер. Күн аяз. Полк командирінің бұйрығында көрсетілген маршрутпен батысқа қарай тартып барамыз. Кейде күндіз, кейде түнделете жүріп келеміз.

Келесі бір күні Быки деген селоның маңындағы қалың ағаштың ішіне келіп тоқтадық. Осы арада демалмақпыз. Ротадағы жігіттер шалаштар жасап, от жағып жатыр. Бәрі де тынығу, демалу қамын істеуде. Шіркін, жастың аты жас қой. Олар бірнеше күнге жаяу жүріске бой алдырмағанг сияқты. Кейбір шалаштардан әдемі әзіл, күлкі де естіледі. Соловьев екеуміздің де шалашымыз дайын болды. Оның ішіне от жағып жайғаса бергенімізде қолында жаңа автоматы, иығына асып алған санитарлық сумксы бар Рамазан келіп кірді. Уа, Рақа, жоғары шық, төрлет, - деп оны қарсы алдық. Композитор жолдас, көрінбей кеттің ғой, - деді Соловьев. Көрінбегенім рас, оның себебін айтайын, - деп Рамазан жауап қайыра бастады. Осыдан екі бұрын мені комиссар шақырып алды да, жақын арада жаумен айқасқа кірісетінімізді айтты. Бұл ұрыс кезінде концерт беруге мүмкіндігіміздің болмайтындығын және оған қолымыздың тимейтіндігін ескертті. Содан кейін комиссар: концертке қатысатын жігіттердің бәрі де өз бөлімдерінде болып, жауынгерлік міндетін атқаруға кіріссін деді. Мен санротама барып, кешеден бері санинструктордың міндеті мен қызметін үйрене бастадым. Бүгін қолыма міндеті мен қызметін үйрене бастадым. Бүгін қолыма автомат және санитарлық сумка алдым. Ұрыс уақытында қай батальонда боларымды әзірге білмедім. - Полктың санротаның санинструкторлары ұрыс кезінде батальондарға бөлінеді ғой, - деді Соловьев, - сіз, жолдас композитор, біздің ротаға сұранып келіңіз. - Бұл айтқаныңыз маған қатты ұнайды. Бірақ сіздерге келу, келмеуім менің қолымда емес қой. - Жақсы, сізді автоматчиктер ротасына бөлуді өзім сұрап алайын, - деді Соловьев. Ертеңіне Соловьев полктағы санротаның командирі Валентин Александрович Кириловқа барып, Рамазанды Елебаев автоматчиктер ротасында санинструкторлық қызмет атқара бастады. Жауға қарсы қолма-қол ұрысқа кіріскен кезде санинструктордың қызметі өте қиын да жауапты болады. Оның негізгі міндеті: жаралыларға жәрдем беру, өз бетімен жүруге жарай алмайтындарды кейінгі жаққа шығару, ұрыс майданында жаралы жатқан жауынгерлерді жаудың нөсерлейц төггілген оғына қарамастан өлімнен құтқару, қандай жағдай болса да ұрыс алаңында жаралыны қалдырмау. Бұл сияқты міндеттерді орындау үшін санинструктордың өзі ержүрек, батыл да өжет болуы керек. Міне осындай батыр санинструктордың бірі Рамазан болды. Бұған бір-екі мысал келтірейік. Февральдың екісінен үшіне қараған түн. Полктың алдыңғы отряды болып келе жатқан автоматчиктер Новосвинюхово деп аталатын деревняға кіріп келді. Бұл деревняда бекінген жау бізді біліп қалды, оның сыртта тұрған күзетшілері мылтық атып, дабыл қақты. Сол жерде атыс басталып, жүре берді. Жас автоматчиктер қолма-қол соғысқа бірінші рет кіріп отырғанына және ұрыс салу тәжірбиеленрінің жоқтығына қарайтын емес. Олар жауға өрттей тиісе отырып, таң

ата Новосвиинюховоны дұшпаннан тартып алды, жаудың көптеген адамы, техникасы, қоймалары қолға түсті. Біздің жігіттер жауға қарсы түнде бастаған шабуылын күн көтеріле үдетіп жіберді. Осындай жойқын ұрыстар жүргізіп бара жатқан автоматчиктердің қатарында Рамазан кетіп барады. Ол жаралы болған жолдастарына жәрдем көрсетіп, кейінде тұрған дәрігерлік пунктқа жөнелтіп келеді. Күн бата шабуыл бәсеңдеді, күнімен күркіреген атыстар да басылды. Біз қалың ағаш ішіне жиналдық, жігіттер тамақтануға, демалуға кірісті. Бұдан бұрынғы ұрыстардан алған тәжірбиеміз бойынша жауынгерлерді түгендей бастадық. Әр жерде жігіттердің әзіл-күлкісі естіледі. Күндізгі ұрыстарда кімнің ерлік жасағанын, жауды қалай қуғандарын айтып жатыр. - Нағыз батыр деп сержант Тимонинді айту керек. Бір өзі емес бес фашисті ұшырып түсірді ғой. - Ер деп мына Қысыраубаевты айтсайшы. Өзі кіп-кішкентай бола тұрып, жаудың бір дөкейін тұтқындап әкелді. - Есінен айырылған жау алды-артына қарамай қашады екен. - Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді деген бар емес пе?.. - Бәлемдерге сол керек. Жаудың зымырай қашқанын ертең де көрерміз, тек қуып үлгер. - Жауды осылай дүркірете қусақ, соғыс ертең-ақ бітетініне сенем. Бұл сөздер басқыншы жаумен қолма-қол соғысқа бірінші рет қатысып отырған жас автоматчиктердің бүгінгі ұрыстан алған алғашқы әсері еді. Соның өзінен олардың сенімі, жауды жеңетіндегі байқалады.

Шеткірірек тұрған бір топқа келсем, ротаның старшинасы Шупилько мен Рамазан және бірнеше жігіт отыр. Орталарында кішкене қол шана. Бір жігіт шанаға арқаннан жетек тағып жатыр.

- Бұларың не? – дедім амандасқаннан кейін.

- Қол шана ғой, - дейді Рамазан. – Ауыр жаралыларға керек екен.

- Бүгін қанша адамымыз жаралы болыпты?

- Сегіз жігіт жаралы, оның бесеуін кейінге жібердік, өзгелері осында, - деп Рамазан жағдайын айтты. – Апырай, шабуыл дегенің қызық болады екен ғой.

- Несі қызық екен?

- Бәрі қызық. Ең қызығы жас автоматчиктердің тайсалмай алға ұмтылуы, жаудың есін тандыра сүмеңдеткені.

- Бұл тек бастамамыз ғой. Ұрыстың үлкені де, қызығы да алды.

- Тағы бір байқаған ғажабым, - деді Рамазан, - жастардың өткірлігі. Тіпті жаралы болған жігіттердің жарасына қарамай ұрысқа ұмтылуына қайран қалдым. Бірінші взводта өзіммен бірге Алматыдан келген Воробьев деген автоматчик бар еді. Түс кезінде ол басынан жаралы болды, көмек көрсеттім де жарасын таңып беріп, «енді кейін қайт» дедім. Ол сөзімді тыңдамай, ұрыс жүріп жатқан жаққа қарай жүгіре жөнелді. Ал аяғынан жараланған Каримов дейтін ұйғыр жігіт «жарамды тезірек байлап берші,қатардан қалмайын, фрицтерден кегімді алайын» дейді. Міне, өжет деп осыларды айт. Соларды көріп өзің де өжеттеніп кетеді екнсің.

- Иә, мұндай өжет те батыр жігіттер бәріміздің мақтанышымыз ғой.

Айтпақшы, өзің ұрысқа кіріскен жоқсың ба?

-Жоқ, мен бүгін жігіттердің ерлігін бақылаушы ғана болдым. Жаралыларға көмек көрсеттім. Соғыс дегеннің не екеніне енді-енді түсіне бастаған сияқтымын.

- Мұның жақсы екен. Бірақ сақ болғайсың.

Жауға қарсы жүргізілген шабуыл келесі күні мейлінше үдеп кетті. Жау әрбір қолайлы жағдайды пайдаланып, шегіне соғысу әдісіне салып барады. Бүгін полк командирі біздің ротамыздың екінші взводын резервіне қалдырды да, басқа екеуін шабуылдап кетіп бара жатқан батальондарды қолдауға шығарды. Бірінші взводты алып Соловьев үшінші батальонға тартты. Және ол өзімен бірге Рамазанды да ала кетті.

- Жолдас композитор, - деді Соловьев Рамазагнға өзінің әдеттегі әзіліне салып, - кеттік.

- Қол шанамды алайын ба?

- Әрине, алғаның жөн,керегі болады.

Бүгінгі шабуыл да сәтті болды. Жаудан көптеген селоларды тартып алдық және кеш ілгері барып қалдық. Күн бвиқвн соң, әдеттегідей, қайта жиналдық, жігіттердің ха-жайын біліп, бүгінгі ұрыстың қорытындысын шығарудамыз.

- Композиторымыз ер жігіт екен, - деді Соловьев.

- Оныңбір ерлігіне бүгін өзім күә болдым.

- Қандай?

- Бері кел, картадан көрсетейін, - деп Соловьев планшетінен картаны алды. – Мына Трошки селосына жете бергенде жау қатты қарсылық көрсетті, бізді ілгері бастырмай атқылап берді. Батальон командирінің бұйрығы бойынша, қасыма бір топ автоматчик алып селоның солтүстігіне қарай ұмтылдым. Алғарақ кеткен бір автоматчигім аяғынан жараланды, ол не ілгері, не кейін кете алмай оқтың астында қалды. Сол кезде қасымда тұрған композитор қол шанасын сүйрете ілгері еңбектей жөнелді. Жолдасына көмекке бара жатыр. «Тоқта!» дегеніме қарар емес. Ол еңбектей отырып жаралы жолдасына да жетті, оны шанасына салып ала бергенде оң жағынан екі неміс келіп қалды, композиторды және жаралы автоматчикті «тіл» ретінде алып кетпек. Композитор жаңағы екі немісті екеуі де домалап түсті. Енді не істер екен деп бақылап тұрмын. Ол жаралы жолдасын шанасына салды да, сүйретіп алып келді. Міне, композитордың осы ерлігін көзіммен көрдім.

-Жаралы кім екен?

-Автоматчик Бейісов. Екі аяғынан жаралы екен. Оған композитор көмек көрсетті де, кейінде тұрған санитарларға табыс етті. Осы ерлігі үшін композиторды наградаға тапсыруымыз керек. Шынымды айтсам, мен оны интеллигент адам ғой, соғыста ерлік жасай алар ма кен деп ойлайтын едім. Оным теріс екен.

-Иә, бұл жақсы ерлік екен. Мұны композитордан күткен әдемі әніміздің алғашқы әуені, бірніші жолы делік.

Панфиловшылардың жауға қарсы 1942 жылдың февраль айында бастаған жойқын шабуылы күннен-күнге удеп барады. Жаудың мықты деген қорғаныстарын бұзып өтудеміз. Осы ұрыстар кезінде біздің автоматчиктер де

айтарлықтай ерлік жасауда. Олардың тамаша ерліктері фашистерден, әсіресе, Бородино селосын тартып алған кезде көрінгенді. Алдын ала күшті бекініске айналдырған бұл селоны біз жаудан февральдың алтысынан қараған түні тартып алғанбыз.

Жау Бородиноны тастап кеткісі келмей және оны бізден қайырып алмақ болып үш күн бойына қарсы шабуыл жасады. Бірақ жаудың онысынан ешнәсре шықпады. Өйткені бұл селоны фашистерден босатысымен-ақ капитан Гундиловичтің батальоны қорғаныс жасап лған болатынды. Полк командирінің бұйрығы бойынша біздің автоматчиктер ротасы Гундиловичтің қарамағына берілгенді. Біз батальонға қосылып және оны қолдай үш күн бойна жаумен қатты айқасқа түстік. Осындай айқастың алғашқы күні Рамазан аяғынан жаралы болып жүре алмай қалды. Оны батальбонның санвзводына Ербатыр Ермековтың өзі алып келіп, жарасын байлап берді.

-Фашистер саған да куәлік берген екен, - деді Ербатыр Рамазанға. Бұл сөзге түсінбей қалған Рамазан:

- Куәлігің не? – деді.

-Немістің ефрейторы ма, солдаты ма, әйтеуір біреуі «Қазақ композиторы Елебаев соғысқа қатысып аяғынан жаралы болды. Соны куләндырам» деп аяғына оқпен мөр басқан екен. Мен соны айтам, - деп Ербатыр жаралы болып жатса, сен оны күлкіге айналдырасың.

-Құдай әзіл-күлкіден айырмасын. Ал сенің жараң түкке де тұрмайды, сүйегің аман, тек сол аяғыңның тарамысы жыртылыпты. Келесі шанамен санротаңа жөнелтем, бір жұмадай сонда жатып емделесің. Содан соң қайтадан қатарға қосыласың. Күн бата Рамазан полктың санротасына жөнелтілді. Сол кеткеннен ол біздің ротамызға қайтып оралмады, бірінші батальонға санинструктор болып кетіпті. Осыған байланысты ол автоматчиктердің Бородиноны қорғауда және одан кейін де жасаған ерліктерін өз көзімен көре алмады.

Февральдың 23-і Қызыл Армияның 24-жасқа толған ұлы мейрам күні.

Түс кезі. Қалың ағаш ішіндегі бір алаңға әрбір баталбондардан топ-топ жігіттер келе бастады. Бұлар өткен шабуылдарда тамаша ерліктер жасағаны үшін үкімет наградасынпа ұсынылған командирлер мен жауынгерлер еді. Бүгін оларға ордендер мен медальдар тапсырылмақ. Сол үшін жиналып тұрмыз.

Жиналған жігіттерге Капров, Мұхамедияров, Момышұлы, полк штабының бастығы капитан Мамонов, партия ұйымының секретары Александр Астахов тағы бірнеше командир келді. Полковник Капров жауынгерлерді Қызыл Армия күнімен құттықтады. Содан кейін фашистерге қарсы ұрыстарда айтарлықтай ерліктер жасап, айбынды міндеттерді ойдағыдай орындағы үшін наградталған командирлер мен жауынгерлерге ордендер мен медальдар тапсырды, Рамазан Елебаев, Александр Соловьев, Балтабек Жетпісбаев, Павел Гундилович, ал автоматчиктерден Николай Ненахов, Василий Тимонин, Іңкәрбала Иманбеков, Насыр Изимов, Жұмажан Батталов, тағы бірнеше адам Қызыл Ту орденін алды. Ербатыр Ермековке Қызыл Жұлдыз тағылды. Ал автоматчик Төлеген Тоқтаров пен осы жолдардың авторы Совет Одағының Батыры атағына ұсынылғаны жарияланды.

Үкімет наградасын алған жауынгер жолдастар бір-бірін құшақтап, құттықтасып жатыр. Бәрі де қуанышты. Олар полк командирінің дастархан үстіндегі қабылдауында болғаннан кейін өздерінің бөлімдеріне тарай бастады. Біразымыз Рамазанды ортаға алып, құтты болсын айтып жатырмыз. Неге екенін айту қиын, Рамазан ұялып тұр, екі беті қызарып кеткен.

Біразымыз Рамазанды ортаға алып, құтты болсын айтып жатырмыз. Неге екенін айту қиын, Рамазан ұялып тұр, екі беті қызарып кеткен.

- Осы награданы маған не үшін бергенін түсінбеймін, - деді Рамазан

- Қолма-қол ұрысқа қатысқан жоқпын.

- Саған награда орынды берілген, - деді Соловьев.

- Сен жаудың қардай борап тұрған оғына қарамай, алпысқа жуық жаралы жауынгерді ұрыс даласынан алып шығып өлімнен құтқарыпсың, көмек көрсетіпсің. Мұның нағыз батырлық. Сол үшін кеудеңе Қызыл Ту тағып отырсың. Ал Трошки маңында жасаған ерлігіңді өзім көргем және сол ерлігіңді бағалап наградаға тапсыру жөнінде полк командиріне ұсыеныс жасағам.

- Е-е, Рақаңа екінші награданың құлағы көрініп тұр екен ғой. Оны да осы бастан тойлай бергеніміз жөн емес пе, - деп Ербатыр жымың ете түсті.

- Әуелі алғашқысын жусын.

- Бәрі де болады.

- Қашан? Соғыс бітіп, елге қайтқаннан кейін бе?

- Айттым ғой, болады деген соң болады. Хабар өзімнен, - дейді Рамазан.

- Мақұл. Оныңа да көңдік, келістік.

- Композитор жолдас, бүгін концерт беретін-ақ күн екен, деді Соловьев.

- Артистерің қайда? - Концерт кейінрек болады артистеріміз алдыңғы қатарда. Олар қазір фрицтерге концерт беруде, деді Рамазан. - Артистеріңмен байланысың бар ма? Көріп тұрасың ба? - Бәрі шабуылда жүр ғой, тек кейбіреуін ғана көрем. Бүгін награда алғандардың ішінде әнші Батталов, баянист Смирнов пен Андрейчук бар. Олар өнер мен ерліктің егіз екенін көрсетуде. - Молодец! Ротама қарай бара жатыр едім, соңымнан Рамазан қуып жетті. Екеуміз әр нәрсені айтып, сөйлесіп келеміз. -Мені, - деді ол, - соңғы кезде Төлегеннің Өмірі мен ерлігі қызықтырып жүр. Онымен Алматыда бірге болдық, майданға бірге келдік, аз күн болса да соғыс дәмін бірге татыстық қой. Содан болу керек, оның қылық-мінезі, жүрістұрысы, адамгершілігі, бауырмалдығы ойымнан да, көз алдымнан да кетпейді. Кішкентай кеудесіне үлкен жүрек қалай сыйып тұрған деп те қоям. Батырлығы мен ерлігіне бас иемін де таң қаламын. Ғажап қой. -Бұл айтуларыңа қарағанда бірдеме шығармақсың-ау, елестеттіндей бірдеме жазғым келеді. Онда бір Төлеген емес, Төлеген сияқты ерлік жасаған талай жастардың батырлық тұлғасын көрсетсем деп ойлаймын. -Ойың да, талабың да өте жақсы екен, құптарлық іс. Айтпақшы, сен Төлегеннің қандай ерліктер жасағанын, қандай жағдайда қаза болғанын білесің бе?

-Аздап мағлұматым бар. Төлегеннің жауынгер жолдастарымен, әсіресе, оның қазасын өз көзімен көрген Жұмажан Батталов, Василий Тимонин, Іңкәрбала Иманбековпен әңгімелестім. Бұлардың айтқанына өзің не қосар едің? -Олардың саған не айтқанын естігем жоқ қой, ендеше не қоспақсын? -Олай болса сен маған Төлеген туралы, оның ерлігі жайында білетіндеріңді толығынан айтып бер. Мұны мың адам айтса да мен үшін керек, қымбат материал, көптік етпейді. Сол күні кеште мен Рамазанға Төлеген туралы білетінімді, көргенімді айтып бердім. Әңгімені ол өте зейін сала тыңдады. Көптеген сұраулар беріп, болмашы бір жайларды анықтай түседі. Төлеген ұрысқа енер алдынды, ұрыс үстінде, ұрыстан кейін қандай күйде болушы еді? – деп психологтарша сұрау қойды. -Мұның бәрін қайтесің? -Өте қажет. Ән дегеніміз адамның ішкі сезімін де білдіруі керек. Олай болса, мен Төлегеннің қай жағдайда қандай күйде болатынын білкге тиістімін. Оны білмесем батырдың ерліктерін, қуанышы мен күйіінішін айтып жеткізе алмаймын. Түсінікті ме? -Түсінікті. Ал Төлеген туралы шығармаңа қашан кірісесің, қай кезде дайын болады? -Мен қазір ой үстіндемін, ойланып жүрмін. Төлеген туралы болашақ әнімгің кейбір әуені ғана бар сияқты. Бірақ тұтас күйінде дүниеге келер мезгілін, қай кезде дайын боларын айта алмаймын. Мұның үстіне әнмен отыратын уақыт та жоқ қой. -Қатарымызға қосылған күніңнен бастап, «әдемі ән шығарып бер» деген тілекті саған сан рет айтқан едік қой. Төлеген туралы шығаратын әнің сол тілегіміздің жауабы болар? -Жоқ, олай емес. Ол тілектердің есімде, амандық болса рек деген ойға февральдың оны күні келдім. Сол күні мен қасыма үш жолдас алып Бородиноға бардым, Төлегеннің жас қабірінің басында болдым. Бір кішкентай төмпешіктің астында жас арыстан, батыр інім Төлеген жатыр дегенге сенгім келмей, сол жерде көп тұрып қалыппын. Қасымдағы жолдастарым «кеттік демесе, Төлегеннің қабірі басында ұзақ тұрып қалады екем. Жас қабір мені қатты тебірентті, «батыр інім, деп ант еттім. Осы әнім ойдағыдай болып шыға қалса, «Жас қабір» деп ант еттім. Осы әнім ойдағыдай болып шыға қалса, «Жас қабір» деп атаймын. -Әуелі әдемі ән келсін деп тілейік, ал оны қалай атауың қиын болмас. Бірақ «Жас қабір» деген ат маған ұнамайды. Әнің қабір туралы еме, батыр туралы ғой. Ендеше, әнің адамға байланысты аталуы керек. -Жарайды, бұ да есте болатын ақыл екен. Шынымды айтайын: жатсам да, тұрсам да, жүрсем де ойымнан Төлеген кетпейді, ол мені толғандырып жүр... -Батыр туралы әніңнің әдемі де әйгілі болуына тілектеспін. -Рахмет Уақыт зымырап өтіп жатыр. Панфиловшылардың басқыншыларға қарсы 1942 жылдың февралында бастаған қысқы шабуылы Холм қаласының түбінде аяқталды. Осы уақыттың ішінде гвардеецтер жаумен соғыса отырып батысқа қарай километрдей жер алға басты, жаудан елді-мекенді (қала,село,деревня) босатып алды, мыңдаған адамын құлдықтан құтқарды,

фашистердің он мыңнан астам әскерін жойып жіберді. Панфиловшылардың осы ерлігі аса жоғары бағаланды да, СССР Жоғарғы Советінің Президиуымы 1942 жылы март айының 16-да қабылдаған Указы бойынша 8-гвардия дивизиясы Ленин орденімен наградталды. Ал апрель айының аяқ кезінде Жоғары Командованиенің ұйғаруына сәйкес панфиловшылар Холм қаласының түбінде қорғаныс жасауға кірісті. Ловать өзенінің шығыс жақ жағалауын бойлай бекіністер жасап алдық. Мұндай қорғаныс жағдайында қанша уақыт боларымызды білмейміз. -Бұл жерде көп тұрамыз ба? – дейміз полк басшыларына. Бұған олар да нақты жауап бермейді. Бар айтары: қорғаныс шебің мықты болсын, жау өтпейтіндей болсын. Күн сайын шебің мықты болсын, жау өтпейтіндей болсын. Күн сайын жауынгерлік даярлықты жоспарлы түрде жүргізе отырып, алдағы ұрыстарға дайындала беріңдер, қысқы шабуылдардың тәжірбиесін оқып үйреніңдер. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін полкымыздың барлық бөлімдерінде көптеген жұмыстар жүргізіліп жатты. Жауынгерлерді алдағы ұрыстарға дайындау, оларға соғыс өнері мен қолда бар әскери құралдардың техникасы мен ату әдісін үйрету, жігіттерге саяси тәрбие беру сияқты жұмыстарға айрықша көңіл аударымыз. Бұлар күнделікті өміріміздің көрсеткіші секілді. Айтылған кезде, полктың басқа бөлімдері сияқты, Рамазан істейтін санрота да өзіне тапсырылған міндетті орындаумен болды. Дәрігерлер мен санинструкторлар қысқы шабуылдар кезінде жүргізген жұмыстарына талдау жасауда және алдағы ұрыстарға дайындалудың жолдарын, әдіс-амалдарын қарастыруда. Осы ретте айта кету керек: басқаларға қарағанда санротадағы жігіттердің оқуына, жазуына уақытты мол болатын. Мұндай мол уақытты босқа жібермей, ол өзінің творчестволық жұмысына пайдалана бастады. Ловать бойында қорғанысқа көшкен күннен бастап, Рамазанның қолынан алты тілді кішкене қара гармонь түспейтін болды. Санрота жағына күндіз барсаң да, кешке барсаң да бір жуан қарағайдың түбіне орындық қойып алып гармонь тартып отырған Рамазанды көресің. -Рақа-ау, қашан келсем де ылғи гармонь тартып отырасың, бұдан басқа жұмысың жоқ па? – деймін. Қатардағы санинструкторды басып жатқан жұмыс жоқ қой, - дейді Рамазан. -Сондықтан уақытымның көбін осы гармоньға беріп жүрмін. Сенен несін жасырайың, Төлеген туралы шығармақ болған әнімді іздеп сандалудамын. Бұл сырымды рота командирі де, жолдастарым да біледі. Олар маған сәттілік тілейді де басқа жұмыс тапсырмайды, «жаңа әніңді тезірек еститін болайық» дейді. -Бұл жақсы жұмыс екен. Ал әнің қай күйде? -Әзірге қаңқасы ғана бар деуіме болады. Күн-түн толғанудамын. -Асықпа, әніңнің әдемі болып шығуына бәріміз тілектеспіз ғой, - дедім. -Бізден қандай көмек күтесің, нендей жәрдем берейік? -Балтабек екеуіңнен ешқандай да көмек сұрамаймын. Ал Ербатырдың қолғабысы керек сияқты, ол домбырашы ғой. Мұны мен әнім дайын болғанда білдірермін. Арада біраз уақыт өтті.

Кешкілік кез еді. Балтабек, Бахтияр үшеуіміз барлаушылар взводына қарай бара жатыр едік, Рамазан мен Ербатыр кездесе кетті.

-Сүйінші, - деді Ербатыр.

-Аузыңа май, қалағаныңды ал, - дестік.

-Иә, нендей жаңалық әкелдіңдер?

-Жаңалығымыз: ән әкелдік, - деді Ербатыр.

-Мына Рақаңның көптен бері толғанып жүретінін білуші едіңдер ғой, бүгін о ұл тапты. Төлеген туралы ән дүниеге келді.

-Уа, қайырлы болсын, құтты болсын, - деп жатырмыз.

-Кәне, бұл әнді тыңдауымыз керек қой. Барлаушылардың «кең сарайына» барайық.

Бахтияр бастаған барлаушылардың жер үйі әрі кең, әрі биік болатын және кешкісін электр жарығы үзілмейтін. Сондықтан да бұл уйді жігіттер «кең сарай» деп атайтын. Бәріміз сонда бардық. Рамазан гармонын, Ербатыр домбырасын ала келген.

-Ал, ағайындар, жаңа Ербатыр бәріңді қуантып сүйінші сұрады ғой, сол дүниемді алдарыңа алып келдім. Тыңдаңдар, - деп Рамазан гармонын қолына алды.

Біз тыңдай қалдық. Ән баяу үнмен басталып, қоңыржай да салмақты түрде өрбіп барады. Келесі сәтте алғашқы әуен байсалды қалпынан кенет өзгеріп биікке көтеріледі, самғай жөнеледі. Осылай шарықтаған ән бара-бара жан жүйеңді шымырлата бастайды, тұла бойыңа мұң мен қайғы сезімі енгендей болады. Содан өмір өлім таласқандай, кең тынысын тарылып басыңа қатерлі қауіп төнгендей халге жеткізеді, көз алдыңда өмір үшін ақтық демі біткенше алысқан алыптың асқақ тұлғасы, қаһарлы күші елестейді.

Рамазан аса бір шабытқа келіп, гармонын аңырата тартып отыр. Екі самайынан аққан теріне де қарар емес. Ал біз болсақ, ұйып қалыппыз. Әрқайсымыз терең ойға кеткендейміз.

-Апырау, мынауың ғаламат ән ғой, - деді Балтабек, Рамазан гармонын тоқтатқан кезде.

-Иә, керемет екен, - деп Рамазанға құтты болсын айтп, қуанышымызды білдіріп жатырмыз.

-Берген бағаларыңа көп рахмет. Мақтанғаным емес, - деді Рамазан, - бұл әнім өзіме ұнайды, ойдағыдай шыққан сияқты. Рас, қайырмасының жетпей тұрған жері бар, әлі де өндеймін, түзеймін ғой. Гармонь мен домбыраға, баян мен аккордеонға да салып көрдім, бәріне де келетін секілді.

-Бұл әннің сөзі бар ма?

-Сөзі әзірге жоқ, тек үні бар. Бірер күнде сөзін жазам.

-Рақа, осы әніңді шығаруыңа қаншауақыт кетті?

-Екі айдан аса қиналдым ғой. Әннің алғашқы жолдары Төлегеннің жас қабірін көргенде-ақ туып еді. Бірақ сол жолдардың жалғасын көп іздедім, күнітүні ыңылдаумен жүрген кездерім де болды.

-Әнің әдемі екен, - деді Бахтияр.

-Батырдың ерлік тұлғасын беріпсің.

-Ал бұл әннің атын не дейміз? – деді Балтабек.

-Рақаң осыдан біраз уақыт бұрын Төлегенге арнаған әнімді «Жас қабір» деп айтамын деген еді, - дедім.

-Сонда да айиқам, қазір де айтайын: «Жас қабір» деген келісті атау емес. Сондықтан бұл әнді майданда ерлік жасап, халқының даңқын шығарған ескерткіш етіп «Жас қазақ» деп атағанымыз жөн.

Бұл атауға Рамазан да, басқалар да қарсы болмай, құптау айтты. Совет Одағының Батыры Тоқтаров Төлегенге арнап композитор Рамазан Елебаев шығарған ән сол күннен бастап «Жас қазақ» атанып кетті.

-Бұл әннің сөзі қайда? Оны кім жазады?

-Айтайын деген ойымды, - деді Рамазан, - әніммен білдірдім. Енді мұның өлеңін де өзім жазып көрейін. Бұған дейін шығарған кейбір әндерімнің өлең сөзін жазғаным бар еді.

Бір-екі күннен кейін «Жас қазақтың» өлеңі де дайын болды. Авторы Рамазанның өзі. Өлеңді оқып шықтық, қазақтың он бір буынды қара өлеңі үлгісінде жазылған екен. Өлеңдік қасиеті, адам сезіміне әсер ету жағы жетіспейді екен.

-Рақа-ау әдемі де әсерлі әніңе жазған әніңе мына өлеңің әлсіз ғой, адамға әніңдей әсер етпейді екен, - дестік.

-Қолдан келгені сол болды.

-Ендеше, бұл өлеңді жөндеп редакциялау керек. Бұған Бахтияр көмектессін, бәлкім, жаңа текст жазар.

Бахтияр жаңа текст жазуға келісім білдірді. Ал Ербатыр екеуіміз Рамазан жазған тексті өңдеп, редакциялаған болдық. (Өкінішті бір бір жай «Жас қазақтың» Рамазан жазып, басқамыз өңдеген өлеңін ұмытып қалыппын, қазір ол есімде жақ.) Біраз уақытқа дейін «Жас қазақ» сол текст бойынша айтылып жүрді.

1942 жылғы июнь айы. Өткен қыста ұйымдастырылған концерт бригадасы қайта жұмысқа кірісті. Оның жетекшісі, дирижері, композиторы болып Рамазан тағайындалды. Бұл кезде бұрынғы «артистердің» біразы қатарымызда жоқ еді, олардың орнына басқалар келді. Полкымызда әнші мен биші, тақпақшы мен әңгімеші, баянист пен домбырашы, гармонист пен комузшы әлі де көп екен. Солардың ең таңдаулары полктағы өнерпаздар бригадасына алынды, бірақ негізгі қызметін олар өз бөлімдерінде атқара берді, тек концертке даярланғңанда ғана бір жерге жиналып отырды. Олар батальоннан батальонға барып, алдыңғы шептегі жігіттерге концерт беріп жүрді. Сол конгцерттерде хормен айтылатын әннің бірі «Жас қазақ» болды. Бұл ән тек қазақтардың емес, басқа ұлт жігіттердің де жанжүйесін босатып, көздерінен жас шығарғанын талай реткөргеніміз бар.

Рамазан бастаған өнерпаздар бригадасын полк жауынгерлері «филармония» деп атады. Оның жұмысына қатардағы жауынгерлермен қатар командирлер де қатысты. Миномет батальонының комиссары Тайыр Сафаев, лейтенант Ербатыр Ермеков, лейтенант Александр Сафонов, капитан Михаил Булатов, аға лейтенант Николай Трофименко тағы басқалары әрі әнші, әрі биші болып өнер көрсетті. Ал осы бригаданың мүшесі болмаса да, бірақ концерт қойылған жерде жігіттердің шақыруымен Балтабек те сахнаға шығатын. Ол қазақша, орысша, татарша ән салатын, әсіресе орыстың «Сергей поп, Сергей поп» дейтін әзіл өлеңін айтып тыңдаушыларды қыран күлкіге батыратын.

Полктағы өнерпаздар бригадасы күн санап нығая берді, программасы мен репертуары да жаңарып отырды. Олар дивизияның құрылғанына бір жыл толуын полк көлемінде де мейрамдауға концерттер беріп жүрді.

Сөйтіп жүрген кезде аса бір қуанышты оқиға бола қалды. СССР Жоғарғы Советінің Президиумы 1942 жылғы итюль айының 21 күні арнаулы Указ қабылдап, Москваны қорғауда тамаша ерлік көрсеткен 28гвардеецке Совет Одағының Батыры атағын берді. Қуанышты бұл хабар көзді ашып-жұмғанша барлық жауынгерлерге жетті. Дивизияның полктары мен батальндарында осы оқиғаға арналған салтанатты митьингілер өткізіліп жатты.

Келесі күні осындай бір митингі дивизия көлемінде өткізілді. Оған барлық полктар мен арнаулы бөлімдерден көптеген жауынгерлер, командирлер қатысты. Митингінің ресми бөлімі аяқталған соң, «концерт болады» деген хабар таралды.

-Қуаныш бәрімізге ортақ болса да, той иесі 1075 – (кейіннен 23-гвардия полкы деп аталды) полк қой. 28 батыры бар бұл полктың өнерпаздары бүгін аянбайтын болар. Және бұлардың көркемөнерпаздары мақталып жүр ғой, - деген сияқты сөздер де естіледі. Айтқандай-ақ полктың Рамазан бастаған өнерпаздары сол митингіге жиналғандарға әдемі концерт берді. Концертке жұрттың бәрі разы. Дивизия командирі полковник Серебряковтың өзі өнерпаздарға алғыс айтты. Арада біраз күн өтті. Дивизия бойынша көркемөнерпаздар бригадасы құрылып, оған әрі дирижер, әрі жетекші болып Рамазан Елебаев тағайындалды. Бұл бригадаға дивизияның барлық бөлімдерінен талантты өнерпаздар алынды. Соның ішінде Қазақ ССР өнеріне еңбегі сіңген артист Темірбек Кекебаев, тағы бірнеше өнерпаздар бар еді. Дивизияның көркемөнершілері жаз бойына полктан полкқа барып концерт беріп жүрді. Және осы кезде Рамазан аса бір творчестволық шабытқа келіп, «28 батыр», «ПАнфиловшылар маршы», «23-полк маршы», «Талғар полкның маршы» дейтін ән-марштарын шығарды. Оның «Жас қазағы» мен аталған марштары көркемөнершілердің хормен айтатын басты номерлеріне айналған еді. Уақыт өте берді. 1943 жылдың айында дивизияға Қазақстанна бір топ артист, мәдениет қайраткерлері келді. Олардың ішінде белгілі жазушымыз Ғабиден Мұстафин, Қазақстанның халық артисі Жүсіпбек Елебеков бар екен. Ғабиден мен Жүсіпбек Рамазанның майданда шығарған ән-марштарын тыңдайды. «Жас қазаққа» жоғары баға береді. Сол жерде олар «Жас қазақты» Рамазанның өз орындауынан жазып алады. Оны майдандағы жігіттердің сәлемдемесі ретінде туған елге алып қайтады. Әннің жаңа текстін Ғабиден жазып береді. 1943 жылдың февраль айында жоғары бастықтардың бұйрығы бойынша мен панфиловшылар дивизиясынан басқа бөлімге ауысып кеттім. Мұндайда майдан өмірін бірге өткізіскен жолдастармен қоштасу қандай қиын. Жолға шығар сағатта Рамазан маған сәт сапар тілей отырып: -Қош бол демеймін, кездесіп көрісер күн алда деймін, жеңіс күні қуанышпен құшақтасатын болайық. Сол күні бәріміз шалқыта салатын жаңа бір әнді ала келу менің міндетім болсын,-деген еді.

Содан кейінгі уақытта Рамазанмен хат алысып тұрдық. Ол өзінің және дивизиядағы жолдастардың не істеп жүргенін жазып тұрды. Бір хатында: «жақында (бұл 1943 жылғы декабрь айының іші болса керек) дивизиялық өнерпаздар бригадасы таратылды, мен өз полкыма, бұрынғы санинструкторлық қызметіме қайтып келдім» депті. 1944 жылдың көктемінде панфиловшылар дивизиясы тағы да шабуылға аттанады. Ново-Сокольники деген қаланың тұсында қатты шайқастар болады, оған Рамазан да қатысады. Ұрыстың аса бір ауыр кезінде алдыңғы шепте жауға қарсы атой салушылардың қатарында бара жатқан Рамазанның қасын.а жаудың минасы түсіп жарылады. Сол жерде Рамазан ерлікпен қаза болады. Бұл 1944 жылғы апрель айының 10 күні еді. ...Рамазан Елебаев. Бұл есім – Отан соғысы жылдарында басқыншы жауға сан рет қолма-қол ұрыстарға қатысып, тамаша ерліктер жасаған ардагерлердің қатарында тұр. Біздің халқымыз Рамазанды Отанның солдаты, екі рет Қызыл Ту орденімен наградталған жауынгер деп қана еске алмайды. Оны майданның әр қилы жағдайында, от пен оқтың арасында жүріп совет адамдарының ерлік тұлғасын бейнелеген ән-марштардың, әсіресе «Жас қазақтың» авторы деп еске алады. Біз «Жас қазақтың» Совет Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровпен қатар Советтік Отан үшін құрбан болған жастарға, соның ішінде композитордың өзіне орнатылды, өмір бойына ұмытылмайды, еске түсірген сайын жаңарып, жарқырай береді.

Екінші тарау
Хаттар және күнделік
Досыма хат

Мен майданда жүріп елдегі және майдандағы таныс жолдастар мен достарыма хат жазып, хат алып тұрдым. Бірсыпыра хаттарымда, өзімше, мәндімаңызды пікірлер де бар еді. Бірақ, олардың көпшілігінің көшірмесін өзіме сақтай алмадым. Ал, сақтаған хаттарымның көбі жойылып, жоғалып кетті.

Сол секілді жолдастардың маған жазған тамаша-тамаша хаттары, алтыннан қымбат пікірлері болатын. Оларды да, майдан жайына байланысты, құнттап сақтай алмай, көпшілігінен айырылып қалдым. Дегенмен, олардың біразы өзімде жүр. Жолдастардың хатына жазған кейбір жауаптармының көшірмесі өзімде болатын. Солардың төменде келтіріп отырмын. Бұл хаттар майданда, бір қолыңда қаруыңды ала отырып жазылған еді.

...Осы күнде, майдандағы жігіттермен сөйлескенде, мынадай бір кемшілігіміз көрініп жүр. Мәселен, жігіттердің көбі Абай, Махамбет, Шоқан және солар секілді халық сүйген кісілердің атын біледі. Бірақ, олардың кім болғанын, өскен, туған жерлерін айта алмайды. Тегінде «Қазақ халқының сүйікті адамдары» деген жалпы атпен сериялы бірнеше кітапшалар шығару керек секілді. Онда халыққа қызмет еткен, басқаға үлгі болған адамдардың ісі, өмірі айтылсын. Бұл кітапшаларды біз үгіт жұмысына толық пайдаланып, майданға енгелі тұрған жігіттерге: «осылардай іс істеңдер, халқыңа қызмет етуді өткендегі балаларыңнан үйреніңдер, халқыңды солардай сүй, сонда сенің балаларыңнан үйреніңдер, халқыңды солардай сүй, сонда сенің балаларыңнан үйреніңдер, халқыңды солардай сүй сенің де атың мәңгі болады, ұмтылмайды» дер едік. 9/ІХ-41 жыл. Майдан. Қадірлі Н.

Әлі ұрысқа енгеніміз жоқ. Екі-үш күннен бері жер қазып, бекініс шебін жасап жатырмыз. Күн-түн демей опырып жатқанымыз осы қара жер. Траншея дей ме, окоп дей ме, әйтеуір, дүние пәлені жасаудамыз.

-Бұлардың не керегі бар? Осынша жерді несіне қаза береміз? – дейді кейбір жігіттер.

-Керегі болмаса қазбас едік қой. Мұның керегі болғанын ертең соғысқа енгенде көрерсің, - деймін ондайларға. Бұл сөзді мен оларға бірдеменің мәнін білетін кісіше, бұрын соғысқа қатысып үйренген адамша айтамын; сондай пішін көрсетемін айта салсаң, оныңды жігіттер байқап қалып: «Е, мынаның өзі дым білмейтін политрук екен ғой. Біздің қара терімізді шығаруға құмар екен» деп ренжуі, әрі сенімсіздік білдіруі де мүмкін. Сондықтан, өзің де, ісің де табанды болсын, деймін мен өзіме.

Біз алдағы ұрысқа даярланып жатырмыз. Алыста атылған зеңбірек дауысы да естіліп тұр. Кәдімгі жүн сабағандай дауыс шығады. Шамасы, қатты айқастар болып жатса керек. Ондай айқасқа, жақында біз енетін болармыз.

Соғыс шығынсыз болмайды ғой. Өліп кетсек те, тірі болсақ та халық қосқан аманатты адал атқай алсақ жақсы болар еді. Оны «ақтаймыз» деген сенім күштіақ. Алдын ала тон пішу қиын, оны болашақ көрсетер. Бірақө «атаусыз арам өлді, қорықты, үрікті» деген атаққа ие болмайтындай етіп іс істерміз.

12/Х-1941 жыл. Майдан

* * * ...Ай артынан ай туар, жыл соңынан жыл да келер. Бүгінгі ауыр, сұрапыл соғыстың жыл да келер. Бүгінгі ауыр, сұрапыл соғыстың дәуірі ертең-ақ шаттық, алтын нұрын шашқан сәулет күніне жеткізер. Сол кездерде өткен уақыттың уақиғаларына көз салармыз. Адам тарихынан ғасырлар бойы өшпес орын алған талай-талай белестерді, мақтаныш етерліктей болып жасалынған мазмұнды

істерімізді, халқымыздың абырой-атағы, даңқы, намысы үшін жас өмірін қаза еткен батыр бауырларымызды еске түсірерміз. Олардың ерлік істерін, олардың бізге қосқан аманатын «қасықтай қаның қалғанша халқыңа қызмет ет» деген тапсырмаларын еске алармыз. Иә, оларды еске алумен іс бітпейді. Халқыңды сүйсең, сол бауырларыңдай еңбек ет, жігерлене істе, ынжық, алқы-салқы болып жүре берме. Бұлай етуді сол ерлердің аруағы кешірмес болар.

Сен осы айтылған нәрселерді ойлайсың ба? Ойлану керек, достым. Кәрі қартаяды, жас өседі деген ғой. Егер, бүгін біз халық тілегіне сай істей алмасақ, онда болашақ жас ұрпақ, халқымыздың тарихы бізге не айтады? Осыны сен ойлайсың ба? Бүгін біз жақсы істесек те, жаман істесек те ертеңгі күннің адамдарына, олардың алдында жауаптымыз. «Ол кезде кімдер болды екен?» демей ме олар. Я, солай дейді. «Сол болған адамдардың істегендендері қайсы?» - дейді ғой олар. Сөйтіп тарихты атқарар, жақсы ісімізді мақтар, жанымызға лағнет айтар...ренжір. Осыны сен ойлайсың ба, достым?

Дұрыс па, бұрыс па, оған төреші өзің бол. Бірақ мен жоғарыда айтылғандарды көп ойлаймын. Күнделікті жұмыстармен бола бермей, ертеңгі күнге де көз салған жөн-ақ, ау! Алдағы күнді ойламай, өзіңнің қара басының қамын көп ойлайтын адамдар да бар. Олардың болашақ ұрпаққа не деп жауап берерін кім білсін. «Мен қара басымның қауіпсіздігін, қарным тоқ, киімім ккөк болуын ойладым, күнделікті жоспар орындауды, мал қашырып төл алуды ғана ескеріп едім, сөйтіп жүргенде халықтың болашақтағы ісі есімнен шығып кетіпті» дей ме олар. Бұлай десе, оған кім рахмет айтар дейсің.

-Мұның бәрін сен маған несіне айтасың! Мен басшы қызметте жүрген адам емеспін ғой деп ат-тоныңды ала қашуың да мүмкін. Сенің басшы қызметкерден де халық алдында сенің абырой-атағың үлкен, зор деп түсінем. Басшы қызметкер бір төбе болса, сен екінші таусың, халық алдында сенің салмағың басым.

Осы айтылған сөздерге құлақ саларсың, оларды есіңе аларсың деп
ойлаймын.
31/Х-1941 ж. Майдан.

* * * Мен-қазақпын. Солай бола тұрып, кімде-кім соғыстың (немесе жұмыстың) қиыншылықтарына шыдай алмай байбаламға салынса, қорқақтық қылса, үрейленуге түссе, сөйтіп ол, осындай жаман мінезімен ұлтына, халық намысына, өзінің ар-ұятына, қоғамда алатын орнына, ата-бабасының аруағына тіл тигізсе,- ондай адамға рахымшылық жасамаған болар едім. Етке біткен арам мерез деп кесіп тастар едім. 14/ХІ-1941ж. Майдан. * * *

Бүгінгі сұрапыл соғыстардың үстінде, елге қауіп-қатер оғы төніп тұрған шақта, немістерге қарсы күресте қазақ жігіттері қатардан қалып жүрген жоқ. Күшқуатының, айла-амалының, ақыл-ойының жеткенінше халық алдындағы борыштарын абыроймен орындап жүр. Әлем жүзіне аты жайылған 28 батырдың ішінде қазақ жігіттері де бар екеніне қалай қуанбассың. Олар шын мағынасында ерлік, батырлық жасап кетті.

10/ХІІ-1941 ж. Майдан.

Қадірлі С. ...Сіздерді аз уақыттан соң майданға аттанады екен деген хабарды естіп жатырмын. Майданда жақсылап ерлік жасап, абыройлы болуларыңызға шын көңілден тілектеспін.

Айтайын деген бір әңгімем мынау еді. Қазір неміс басқыншыларын түре қуып бара жатқандар совет хақының ұлдары, Қызыл Армияның айьынды күші ғой. Бойға біткен қайратты халық қаһарына жанып алып совет жауынгерлері жаудың тас-талқанын шығара алға басып барады.

Ертеңгі күні сіздер де майданға енерсіздер. Талай-талай жігіттеріңіз неше алуан батырлық, ерліктер де жасар. Әңгіме сол ерлердің ісін дұрыс бағалай білуде болуы керек. Халақ үшін пайдалы етіп бір жігіт он тиындық жұмыс жасаса, сіздер оны бір сом деп бағалаңыздар, он сомдық істі мың сомдық деп есептеңіздер. Кімде-кім ашық майданда, жаумен қолма-қол ұрыста қан төксе, оның ерлік ісі ескерусіз қалмасын. Ондай адамдар ордендер мен медальдар алып отырсын. Олар аман сау болып, соғыс біткен соң, еліне бара қалғанда жаумен қалай соғысқанын мақтана айтуына дәлелдік белгісі болу керек.

-Папа, сен мына орденді (не медальді) майданда батырлық істерің үшін алдың ба?-деп баласы мақтанатын болсын.

Қысқасы, кімде-кім майданда ерлік жасаса, ол сол табанда көзге көрісін. Оның ерлігі көпшілікке тарап, басқаларды жақсылап тәрбиелеу ісіне беретін болсын деймін. 10/І-1942 ж. Майдан.

Майдан дегенді бұрын өз көзіммен көрмей, соғыстың не екенін білмей жүрген кездерде соғыс жайында жазылған көптеген кітаптарды, әдебиеттік деп аталатын шығармаларды оқығаным бар еді. «Осының бәрін болмаса да, біраз фактілерін авторлар не көріп, не өте терең зерттеп жазатын шығар» деуші едім. Ол солай да болар.

Мен сондай кітаптарды қызыға оқитын едім. Қазіргі Отан соғысын суреттеп жазамын деген адам болса, қолымнан келгенімше көмектесіп жәрдем беруге даярмын. Осы мақсатпен мен майданға келген күннен бастап «күнделік дәптер» жасадым. Оған күн сайын көрген, білген уақиғаларды, жігіттер жайында, Оған күн сайын көрген, білген уақиғаларды, жігіттер жайында, олардың істеген ерліктері туралы жазып жүрдім. Аз уақыттың ішінде көп нәрсе жинап едім.

Сол дәптерлерді сары майдай сақтап жүруші едім. Амал не, оларымнан айырылып қалдым. Онан айырылу жайы былай болды. Біз Новосвинюхово деген деревняны шабуылдап алмақ болдық. Нәрсе-қараның бәрін шанаға қалдырдым, қолыма тек автомат, граната, оқ қана алдым. Таң ата ұрысқа еніп кеттік. Күндіз немістің бірнеше самолеті келіп біздерді бомбылады. Осы бомбаның бірі біздің ротаның шанасына түсіп барлық нәрсемізді жоқ етіп жіберді. Соның ішінде менің «күнделік дәптерлерім» де кетті.

Сөйтіп, көп уақыттан бері жазып келген, жинаған материалдарымнан, «күнделік дәптерлерімнен» айырылып қалдым. Соған ішім удай ашып отыр. Неміс иттерден жаңағы дәптерлерім үшін де кек алмаса болмас.

5/ІІ-42 ж. Майдан
* * *

...Сен соңғы бір хатыңда «Қазақ халқының тарихы» деген кітап жазылып жатыр деген едің. Бұл өте бір жақсы қуаныш болып отыр. Ертеде халық сүйген адамдарға дұрыс баға берілуіне зер салу керек...

Апрель, 1942 ж. Майдан.

* * * Жақын арада маған бір жазушы жолдас хат жазған екен. Онда ол майданшылар жайында бірдеме жазайын деген ойым бар еді, бірақ майданды көрмей жазуға батылым бармайды депті. Мен оған хат жазып өз пікірімді айттым. Ол пікірлер мыналар еді. Майданға және соғысқа қатысып жүрген азаматтар жайында шығарма жазбақ болсаңда – ең бір керекті нәрсе бар. Ол материалды толық білу, жақсылап меңгеріп алу. Сен бір адам туралы жазбақ болсаң, ол кісінің кім екенін, не істегенін, ішкі ой-пікірі қандайлығын әбден түсініп алған жөн. Онсыз жақсы шығарма жазу мүмкін де емес. Сондай-ақ, майдан өмірінен алып шығарма жазу ісі екі-үш нәрсені керек ететін секілді. Біріншісі. Мүмкіндігі болса, майданды барып көру керек. Кешегі колхозшы – бүгін қолына қару алып жауынгер болып соғыста жүр. Колхозшы кездегі оның ойы, өмірге көзқарасы-бір тау болса, майданға келгеннен кейінгі өмірге көзқарасы, ойы – екінші тау. Демек, соғысқа қатысып жүрген адамның психологиясын білген жөн. Айталық, адамның ойы ұрысқа енер алдында бір түрде, атака, шабуыл жөнінде екінші түрде, ұрыс саябырлаған кезде үшінші түрде болады. Осыларды білмейінше, олар жайында жақсы шығарма жазам деу өте қиын. Сол секілді қару-жарақтың, жер-үйлердіол секілді қару-жарақтың, жерүйлердің, окоптардың қандай-қандай түрлері болатынын, соғыс сахнасының картиналарын толық түсінген жақсы. Ал, бұларды өз көзіңмен көріп білмей, біреудің ақылы, айтуы, консультация бойынша шығарма жазу қиын болар. Қысқасы, майдан туралы жазу – майданның жағдайын толық білуді керек етеді. Оны білмейінше, пулемет ататын кезде зеңбірек аттырып қою мүмкін. КЕйбір тілшілердің газетке жазғандарын оқығанда күлетін кездеріміз болады. Өйткені, олар бөсіп-бөсіп жібереді де, бүйренктен сирақ шығарып та жатады. Мұндай жай болмасын дегенім ғой. Жазғаныңды жауынгерлер оқығанда: «Мынаның өзі не айтып, не туралы жазып отыр. Біз бұл секілді нәрсені майданда көрмеп едік» деп жүрмесін деймін. Жазғаның өмір шындығына жанасуы керек. Екінші. Майдан өмірін өз көзіңмен көру бір әңгіме болса, одан кейінгісі тарихи фактілерді документ материалдарды толық зерттеуге байланысты. Әрине, майданға бару мүмкін болмаса, майдан жайын басқа да жолдармен толық білу қажет. Л. Толстой «Соғыс және бейбітшілікті» жазды. Өте тамаша шығарма.

Оның тамаша болуы Толстой алған тақырыбына керекті материалды көп зертеген көрінеді және ол өзінің шығармасын шын көңілімен сүйе жазған. (Біздің кейбір жазушы жігіттеріміз жазғандарын жеңіл қарайды, айтатын уақиғасын аз зерттейді, тез жазып қаламақы алғысы келеді ғой. Бұл жайда оңған шығарма бола ма?).

4/VІ-1942ж. Майдан. * * * Қадірлі Қ. Соғысқа дейін сіздің бір, меніңше, қате жазған жеріңіз болды. Сіз адамды ісінен емес, сөзінен, уәдесінен, киген киімінен тануы көп қолдайын едіңіз. Адамды әр түрлі мінез болады ғой. Біреу ашық, ақкөңіл келеді, екіншілері қулық сұмдықтарын білдіртпей цен алып, шекпен киюге тырысады, үшіншілері өзімен өзі ғана болып, кемшіліктің ішінде жүре береді. Сіз, кімде кім көп сөйлеп, жұрт алдында жарқырап шыға келсе, сол адам ең тамаша қайраткер деп есептеуші едіңіз. Әрине, адамды тану үшін мұндай әдіс аздық етеді. Адамның адамшылығын, іскерлігін, жалпы кім екенің сынайтын жер қиыншылық жағдайлар деп ойлаймын. Мұндада кімнің қолынан қандай іс келетіні көрініп ак тұрады. Мен сіз мақтаған адамдарыңыздың біразын майданда көрдім, кездестірдім. Солардың кейбіреулері соғысқа дейін көпірме сөздер айтатын, ал соғыста сол мақтауда ақтай алмай жатады. Тегінде, адамның қасиетін оның сөзінен, түр тұрпатынан іздемей, ісінен, ой ынтасынан табу керек деп ойлаймын. Совет өкіметіне кімнің қалай қарайтынын адамның істері көрсетеді. Осы жайды есіңізге аларсыз деп ойлаймын. 7/VІ-1942 ж.Майдан * * *

Қымбатты Н. Соңғы бір хатыңда: «М. Үйленгелі жүр, біз оған үйлен деп ақыл бердік» деген екенсің. Әрине, үйлену, әйел алу, семья құру табиғи нәрсе. М-ның «үйленем» деуі айып та емес. Жасы жеткен адам тұрмыс құруды ойлайды. Менің бұл жөнінде мынадай ойым бар. Соны саған жазайын. Кейбір ерлі-зайыпты адамдар тату-тәтті болып жақсы тұрады. Көңілдері жарасып қосылғандықтарын көрсетеді. Олар бір-бірін ұғысқан, түсініскен, бірбіріне жәрдемші, көмекші кісілер екендігін білдіреді. Көңілдері жарасып махаббаты келіскен адамдар тұрмыстың ауырлығына, қиыншылығына бірдей көнеді, шыдайды, әр алуан ауыртпалықтарды бірлесе отырып жеңіп, мақсаттарына жетіп жатады. Ал, кейбір ерлі-зайыпты адамдарда мұндай қасиеттер болмайды. Мұндайлардың жеке тұрмыстарында, үй іштерініде ұрысжанжал, ренжісу дегендер де кезденсіп тұрады. Бұлардың себебі неден? Махаббат деген не және оның қандай түрлері болады? Міне, осы сұрауларға мен әлім жеткенше жауап берейін. Әрине, бұлардың дәйектемесі есебінде бірнеше мысалдарды, ақын-жазушылардың, оқымыстылардың кітаптарынан, жазғандарынан цитаталар алып дәлелдеу керек

еді. Бірақ, ондай шығармалар менде жоқ. Сондықтан, майданшы адам саған ойын ғана жазып отыр. Үйлену дегенге адам жеңіл қарауға тиісті емес. Керек болса, әйел алу адамның жеке басының ісі де емес, ол мемлекеттік, әлеуметтік мәні бар міселе. Біз – совет адамдарымыз, халық мүддесі үшін күресуге, халыққа қызмет етуге міндеттіміз. Олай болса, біздің жеке тұрмысымыз да, тіршілік етуіміз де мемлекет мүддесіне сай келіп отыру керек. Адамның жеке тұрмысы көпшілік ісінен тәуелді болады. Бұларыма мен екі мысал келтірейін. Сонда сен менің жоғарыда айтқандарыма түсінетін боласың. Менің үйленем деген жігіттерге берер кеңесім: алам деп жүрген адамыңды жақсылап түсін, оның ақыл-ойыңа, мінезіне көз сал. «Ажар-көркі дұрыс» деп бір шүйкебасқа ұрынып қалма. Ондай біреуге ұрынып қалсаң, ақырында онымен жақсы тұрмыс құра алмай айырысатын болсаң, ол жағдай сенің ісіңе де, жеке тұрмысыңа да жақсы әсер бермейді. Шынында да «ұрыс тұрған жерде ырыс тұрмайды» деп халық мақалы бекер айтпаған. Мұны да еске алу керек деймін. Қысқасы, жақсы, жарасқан, тату-тәтті семья құру екі адамның бір-бірін қадірлеп, сүйемелдеп, жәрдемдесіп отырса ғана олардың үй тұрмысы да, қызметі де дұрыс болады. Үйлену дегенді адамның жеке басының жұмысы деп қарудың реті де жоқ екенін жоғарыда айттым. Сол секілді үйленудің бала тәрбиесінде әсері күшті. Егер ерлі-зайыпты адамдар бір-бірін түсініскен адамдар болса, олардың балалары да жақсы тәрбиелі болып өседі. Ал ерлі-зайыпты адамдар бірін-бірі түсініспеген, ұрыс жан-жал болып тұратын кісілер болса, онда бұлардың балалары дұрыс тәрбие алып өспейді. Баланы жасынан тәрбиелеу, оны халық қызметін атқаратын адам етіп өсіру де мемлекеттік маңызы бар мәселе екенін айтпай-ақ қояйын... Махаббат, сүю дегендер не және олардың қандай түрлері болады? Соған келейік. Екі адамның арасындағы махаббат, меніңше, адамды түсіну, адамды жақсы көріп, сүю деген сөз. Екінші сөзбен айтқанда, махаббат дегеніміз түсіну, ұғысу деген сөз. Махаббат адам мен адамның арасында ғана болмайджы. Ол адам мен затың арасында да болуы мүмкін. -Адам мен адамның арасында болатын махаббат дегенге түсінем. Ал, адам мен заттың арасында қандай махаббат болмақ деп сұрарсың? Оған берер жауабым мынадай. Айталық, сен оқушы екенсің. Сабақты жақсы үлгеріп оқып жүрсің делік. Мұның себебі – сенің оқуды жақсы көргеніңде, сабақты жақсылап оқып, халыққа айта қаларлықтай қызмет ететін адам болып шығам деп талпынуыңда. Сол талапты іске асыруға ынта-жігеріңді, күшіңді салуыңда. Демек, сенің оқуға махаббатың түскендігіңде, сабақты сүйе оқығандағыңда деймін. Егер, сен оқу оқуды сүймесең, оған махаббатыңды салмасаң, оқудың және білім алып адам болудың мәніне түсінбесең, ұқпасаң, онда сен сабақты жақсы оқымаған да, жақсы үлгермеген де болар едің. Болмаса, мынадай бір мысал келтірелік. Біздің ақындарымыздың ішінде өте тамаша жақсы, көркем поэма жазған адамдар бар. Мәселен, Сәбиттің «Сұлушашы», Жақанның

«Әлі қарттың әңгімесі» өте сұлу, мазмұнды жазылған шығармалар емес пе? Бұл айтқан екі шығарманың өте құнды болуы, алдымен, Сәбит пен Жақанның алған темаларының материалдарын ұғынып, түсінгендігінде, уақиғаларын шын сүйіп жырлағандығында. Екінші сөзбен айтқанда, ол ақындардың жаңағы шығармаларынын, уақиғасына махаббаты түскендігінде деймін. Егер олар сол шығармаларының уақиғасын сүймей жазса, онда не болар еді? Онда, олқы-солқы бірдеме болып шығар еді. Демек, жақсы шығарма жазу үшін сол алған уақиғаңды сүю, оған махаббатың болуы керек. Бұларсыз, қанша күшті ақын болсаң да, жақсы көркем шығарма жаза алмайсың. Енді, адам мен адам арасында болатын махаббаттың қандай түрлері болады? Соған тоқтайын. Мен махаббаттың бұл түрін екіге бөлемін. Біріншісі: ең таза, ең асыл, ең адал, ең шын ниетті, жарасып, ұғынысқан, жүрекпен түсініскен, кіршіксіз шынайы махаббат. Бұларды дәлелдейтін мысалдар көп-ақ. Бірақ, уақыт болмай жатыр. Керек етсең, кейін бір оралармын, сонда жазармын. Екіншісі-тамаша көру махаббаты (созерцательная любовь). Мұнда махаббат жүрек сезіміне байланыстьы болмай, көзбен көру сырт бейнесін қарап ұнату дегендер басым жатады. Бұл тамаша көру махаббатының: а) ішкі және б) сыртқы түрі деген екі саласы бар секілді. Қайталап айтамын, бұл екеуі де шын жүрек сезіммен шыққан емес. Тамаша көру махаббатының ішкі түрі дейтініміз адамның нәпсісінен туады. Мұнда адам бір минуттық ләззат алсам екен деп ойлайды. Сондықтан ол осы мақсатын орындау үшін неше түрлі қулықтар жасайды, ол өтірік айтатын да, жылап-сықтайтын да болады. «Өлдім-талдым» деп әдемі-әдемі сөздерді де қолданады. Қысқасы, адам сол бір минуттық нәпсі үшін ар-ұятының, айла-амалының бірсыпырасын жұмсайды. Әрине, махаббат дегенді осылай етіп түсінушілер жақсы семья құрып өмір сүре алмайды. Мұны өмір шындығы көрсетіп жүр. Тамаша көру махаббатының екінші біреуі сыртқы түріу дедік қой. Бұ да жаңағы ішкі түрі секілді махаббат. Мұндай адам кісінің ақыл-ойына, мінез мен біліміне (бұл арадағы білім оқу мағынасында емес, оны адамгершілік деп түсіну керек) қарамайды. Мұндай адам кісінің кескініне, пішініне, түр-тұрпатына, киген киіміне жүріс-тұрысына, сырт бейнесіне, қызмет орнына құмартады, соларға ғашық болады. «Осындай адамға үйленсем екен» деп арман етеді. Бұл әңгімелердің бәрі де «М. Үйленгелі жүр» деген сөзден туып кетті ғой. Әтпесе, мен майданда қызметсіз жүргендіктен сандырақ сөздерімді жазып отырғам жоқ. М.-ның үйленуіне мен қарсы болатын адам емеспін. Бірақ, үйленем деп сырын білмеген біреуге ұрынып қалмасын, менің жоғарыда айтқандарымды оның есіне сал дегім келіп отыр. Шынында да М.-ның үйленем деуі дұрыс. Егер, ол бұл сөзді бұдан төрт-бес жыл бұрын айтса, онда мен оған қарсы болған болар едім. Өйткені, үйлену, семья болу ойыншық емес, ол өмір мәселесі. Өмірмен ойнауға, әзілдесуге болмайды. Көп адам жас кезінде (25 жасына дейін) өмір дегеннің не екеніне толық түсіне бермейді, бағаламайды, жеңілтектік жасайды. Жігіттің ақыл-ой тоқтатып, дүние, өмір, тұрмыс, халық, мақсаты дегендерді тануы 25 жастан асқаннан кейін болатын секілді. Сондықтан М.-ның (ол биыл 27ге келді ғой) үйленем деуі семья мәселесін түсінгендігінен деп ойлаймын. Оның

алам деп жүрген адамы кім екенін мен білмеймін. Бірақ, ол жолынан адампас деп үміттенем. Сен оған менің мына бір сөздерімнің мән-жайын түсіндірерсің. (Бұл сөздердің шығу тарихын өткенде өзің айттым ғой; 1. Сүю болмаса, сүйемелдеу жоқ. 2. Жарың жақсы болса – ырысың, Жолдасың жауынгер болса-тынысың. Бұл екеуі нақұрыс болса, Азаматтығың құрысын. 3. Теңің тезек болса, тектілінің тебіндіге тең. 4. Сумаңдаған сұлудан сақтан, Қылмыңдаған қыздан без. 5. Сыпайылық, сабырлылық – асыл адам белгісі. 6. Бейнет көрмеген берекесіздік жасайды. 7. Жүрекке жолдың алыстығы жоқ, бәрі де жақын.

Бұларды айтумен М.-ға лекция оқы, мораль жайын түсіндір дегелі отырғаным жоқ. Ол мұны өзі де түсінетін, білетін адам. Дегенмен, оған ақыл беру, жетпеген жеріне көмектесу міндетіміз ғой деймін.

Сөз соңында айта кететін бір сөзім мынау. Осы біздің жазушыларымыз семья мәселесі жөнінде ешбір шығарма жазбай келеді. Бұл өте ардақты, абыройлы тема емес пе? Мұны жазушы жолдастардың «құлағына алтын сырға» дегендей етіп айта саларсың.

14/VІІІ-1942 ж. Майдан. * * * Менің өзіме разы болмай отырған бір жерім бар. Ол домбыра тартуды білмеймін. Домбыра тарта білу мәдениетінің, өнердің бір түрі ғой. Мынадай шет жерде. Майдан даласында, окопта, жер үйде (блындажда) отырғаныңда домбыра сағае серік емес пе? Домбыраға қосып ән салсаң, әрі тынығар едің, әрі көңіл көтерер едің. Қазақтық халық әндерін шалқыта, ретіне келтіре айтып ән салсаң, сонау алыстағы, ұлан байтақ жеріңе, Қазақстаныңа, барып сайрандап қайтқандай бола едің деймін. Ия, досым, домбыра үйрену керек. Егер аман болсам, соғыс біткен соң, домбыра үйренемін ау деп ойлаймын. 23/VІІІ-42ж.Майдан

Кешеден бері Бахтияр Меңдіғазин екеуміздің бас алмастан отырып оқып шыққанымыз «Абай» романы болды. Тамаша шығарма жазып берген Мұхтарға көп рахмет.

Романда өте бір күшті көрсетілген нәрсе Ана мен баланың махаббаты екен. Бұл арасы өте жақсы жазылған. Жалпы «Абай» романы туралы пікірімізді тірі болсақ кейінде бір жазармыз. Әзір олай етуге жағдай көнбей отыр.

4/ХІ-42ж. Майдан.

* * * Қадірлі И. Хатыңды алдым. Майдандық газетке редактор болғаныңа құтты болсын айтып, абыройлы қызмет істеуіңе тіектес екендігімді білдіремін. Сен хатыңда: “Газетке қандай мәселелер туралы жазсақ екен? Нендей әңгімелерді көтеруіміз керек?” деп ақыл сұрапсың. Мұның бәрі дұрыс қой. Сенің менен ақыл сұрап, мені елеп көңіл белгеніңе көп рахмет. Біз күн сайын тарсылдақтың астына жүрген адамбыз. Әр нәрсені ақылға салып, аңдып, мөлшерлеп ойлап жатуға да мумкіндік болмай қалады. Мұндай жағдайда толық айтылуға тиісті ой шолағынан қайтарыла салынады. Мұны есіңе бір алып қоярсың. Ал енді, сенің сұрауларыңа келейік. Майдандағы қазақ жігіттерінің копшілігі ақ халық үмітін адал ақтап жүр. Бізде бұрын өз алдымызға соғыс өнері, офицер кадрларымыз олмағанына қарамастан, жігіттер жақсы соғысып келеді. Олар ата бабаның, халқымыздың намысын жоғары ұстап, “қазақ деген батыр ел болады” екен дегізіп жүр. Мен талай талай генералдарды, үлкен командирлерді көрдім, сөйлестім. Олардың бәрі дерлік қазақ жігіттеріне разы, мақтасып отырады. “Қазақстаннан келген пополнениені менің дивизияма бер” деп жоғарғы орынның алдында өтініш жасаған командирлерді де көрдім. Мұның бәрі мақтанарлық, қуанарлық нәрсе. Сондықтан газет бетінде: жақсы жақсы ерлік жасаған қазақ жігіттері тіралы көп жазып, олардың қалың көпшілікке таныстыру, көрсету керек. Жазудың аты сызу демей және жалғыз ғана қазақ жігіттерін көрсетіп қоймай, халықтар достығы деген мәселені молынан алып көрсеткен жөн. Достық деген сөздің шоқырайып көрініп тұрмасын, ол орынды жеріне іткен тамыр секілді сіңісіп жатсын. Достық мәселесін қолдан жасамай, оның өзі заңды екенін, өсіп өнген жолдары барлығын айту қажет. Майданда ерлік жасап жүрген жалғыз қазақ жігіттері нмнс, басқалар да бар. Міне, солардың арасында қазақтардың алған орны , ісі, ерлігі қандай? Осыны толық дәлелдеген, салмақтап, салыстырған жөн. Сонан кейін біз не үшін соғысып жүрміз деген мәселені күшің жеткенінше түсіндіріп айтқандарын жөн. Жоғарыда айтылған халықтар достығының әңгімесін осы мәселеде де көтерген жөн ақ. Егер сенің саяси үгіт сөздерің сауатсыз адамдарға жеткілікті түрде әсер ете қоймаса, онда мәселені қазақтың қара сөздерімен ұғынады айту керек. Қандай адам болса да намыс деген болады Сол намысына тие сөйлеу керек. “Егер, сен жақсы соғыссаң, оныңа үй ішің, бала шағаң, демек, халқың мақсатына, қуанады Ал, жаман соғыссаң, сенен безбейтін, сені жек көрмейтін адам олмайды. Әрине, сен ондай масқара болуды ойламайсың. Олай болса, жақсылап соғыс” деп айту керек. Майданда жақсы ерлік жасап жүрген жігіттердің ісін көірек үлгі етіп жазу басты міндет. Әңгіме, ір жігіт немістің бес танкісін қиратып, ол солдатын қырып салды деп айтуда емес. Бұл жазудың өте жеңіл түрі. Ең бастысы қалай деген сұрауға жауап беруде жатыр. Ол жігіт жаудың танкілерін қалай қиратты, нендей әдіс

қолданды? дегендерді толық дәлелдеп көрсету керек. Сонда, мұның ұғымды, әрі басқаға үлгі болады. Керек болса, мұндай түрде жазумен сен жігіттерге соғыс өнерін үйрету ісіне көп көмек ересің. Қазақтың батырлық ерлік салттары жөнінде де жазып отырыңдар. Өткендегі Қоыланды, Тарғын, Исатай, Амангелділер не үшін ардақты, олар халқы үшін не істеді? Бұл жөнінде де жазу керек. Газеттің кейбір сандарына өлең, әңгімелер беріп отырған жаман болмас. Майданда жазып жүрген ақындардың шығармаларында орын беріп отырыңдар, оларды тәрбиелеп өсіріңдер.Ертен соғыс біткен күні ондайлар соғыс жайында жазатын болады. Мұны да еске алған жөн ғой деймін. 5/XІ-1942ж. Майдан * * *

Абайдың атақты адам атануына себеп не? Оны сендер – Абай классик ақын болғандығынан деп жүрсіңдер. Ал, Абайдың классик қатарына қосылуына не себеп? Міне, бұған беретін жауаптарың толық емес. Меніңше, Абайдың атақты болуы – оның халық қамын ойлағандығында деп қарау керек. Абайдың қандай шығармасын оқысаң да, онан Адам көрінеді, халық көрінеді. Абай шығармаларының негізінде халық мұңы жатады, халықтың тағдыры айтылады. Міне, Абайдың ірілігі осыларды жақсылап көрсете білуінде – деймін.

Неліктен екенін кім білсін, әйтеуір, соңғы кезде мен елді сағынып жүрмін. Елді ойлап көксеп-көксеп жібересің. Әйелің, балаң, әке-шешең, туған-туысың ел секілді ерекше әсер бермейді екен. Мүмкін мен қателесермін. Бірақ, бәрінен де қадірлісі елің көрінеді. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деп неге айтты дейсің. Мына неміс иттерді құртпай елге бару жоқ екенін білем. Елге барғың келсе, елді сағынасың жауды тез құрту керек дейміз. Қазіргі міндет осы болып тұр. 14/ХШ-42 ж. Майдан. * * * Еңіреген ерім, сүйікті досым Нұрмаш. Жазған хатыңнан партия қатарына алынғаныңды білдім. Ол мен үшін де өте жан сүйсінерлік қуанышты хабар. Сен партия қатарына азаматтық ар намыстың сынға түсіп тұрған кезінде ендің, сонымен қатар жаңа жаңа міндеттер, борыштар алып отырсың. Олардың бәрін абыроймен орындап шығаратыныңа сенемін. Істеген істерің сәтті болуына тілектеспін. Иә, Нұрмаш, сен де, мен де қан майданда жүрміз. Мен сені сағынудамын. Екеуміз балапан секілді едік қой, ә? 1931 -1935 жылдары КазПИде оқыған кезде есіңде ме? Одан 1938-1941 жылдары сол КазПИдің аспирантурасында бірге оқыған, бірге өткізген уақыттыр да есіңде олар. Ол бір қызық дәурен екен ғой.

Жан аяспас дос, сыр жасырмас жолдас едік қой.Бір біріміздің арамызда шын мағынасындағы достық, жолдастық бар еді. Ол күндер менің есімнен мәңгі кетер емес. Сенің сабырлы, кішіпейіл мінезің, істің мәнін ақыл мен аңдайтындығың, асықпай саспай іс істейтінің, кітапты көп оқитындығың маған көп үлгі болып еді. Соларың үшін мен бүгін саған мың рахмет айтудамын. Мен сені үгіттейтін адам емеспін. Сен Нұржан Наушабаевтың жиенісің. Егер, Нұрекең халқына қандай жақсы істер істесе, сен одан кем қалмассың деп ойлаймын. Халқымыз көп қаражат жұмсап бізді оқытты. “Оқымысты адам бол,сонан кейін жақсылап қызмет ет” деген еді. Халықтың сол міндетін орындайтын кез келіп отыр. Оны біз майданда көрсетуіміз керек. Ал, халыққа арналған ғылыми істерімізді, тірі болсақ, соғыс біткен соң қолға алармыз. Ақыл ой білім, қалам күшімен жазатын диссертациямыз астамасын қанмен, оқпен жазалық. Есіңе алатын бір мәселең мынау болсын. Сен тарих ғылымының адамысын. Соғыстан соң “Ұлы Отан туралы” көп нәрселер жазарсың. Соларыңның материалын осы бастанжинай бер. Майданда ерлік жасап жүрген жігіттердің істерін дәптеріңе жаза бергенің жөн. Өз көзіңмен көрген нәрселерді жазып отырмасаң, түбінде ұмытып кетуің мүмкін. Мұндай жинаған материалдар тарих үшін де, халық және болашақ ұрпақ үшін де керек ақ. ІІ.1943 жыл. Майдан

Маған, «Совет Одағынын, Батыры» деген атақты беруге байланысты таныстардан, жолдастардан, кейбір мекемелерден, майдандағы жауынгер достардан көптеген хаттар, телеграммалар алдым. Бәрі де мені құттықтап жатыр. Хаттарды жазушылар әр түрлі адамдар. Олардың ішінде қолына қару алып жаумен соғысып жүрген жігіттер, ғылым адамдарды, оқытушылар, комсомолдар мен пионерлер, кемпір-шалдар, қыз-келіншектер, колхозшы мен жұмысшылар, ақын-жазушылар т.б бар. Бәріне де жауап беріп шын көңілден алғыс айтудамын. Батыр атағына ие болған мен емеспін. Ол – қазақ халқына берілген атақ. Неге десең, менің аты-жөнімді біліп жатқаг адам аз, ал қазақ деген халық барлығын білетіндер көп. Майданда бір жауынгер ерлік жасай қалса, онысы көпке тарай бастаса, жұрттың ең алдымен сұрап білгісі келетіні: «сол адамның ұлты кім екен?» деген болады. Сондай-ақ, майданда жүрген қазақ жігіттері жаумен жақсылап соғысса, ол өз қара басының ғана емес, халқының атағын шығарады ғой. Мен де Батыр атағын аламын, ордендер алайын деген ой болған емес. Бар ойлағаным: мені еркек кіндік азамат деп халқым қолыма қару беріп майданға аттандырды, жақсылап соғыс, мұны сенің ар-намысыңа тапсырамыз деген еді. Мен сол міндетті орындауға күш салдым. Бұл міндеттерді толық орындадым деп айтуға болмайды. Әлі де істелетін істер көп. Қасықтай қаның қалғанша халқың үшін қызмет етуден артық нәрсе дүниеде жоқ деп білемін. 7/ІІІ-1943 ж. Майдан.

Жуырда мен ір адамнан хат алдым. Ол кісі хатында былай дейді: “Мәлік ау, осы сенде не арман бар екен? Арманың жоқ та шығар. Оқу оқып, ілім алдың. Майдандға арып ең, атағың шықты. Сені халқың мақтан етіп отыр.Жаңа туған жас балаларына көп адамдар сенің атынды қойып жатыр. Сенің атыңмен колхоздар, мектептер аталуда. Мұндай дәрежеге жеткен адамның арманы болмасқа тиісті” депті. Осы сөзге сен не айтар едің, досым? Бұл жөнде менің өз пікірімді ілгің келетін болар. Онда мен мынаны айтар едім. “Сенің арманын, жоқ” деушілік қара бастың қамын көздегендіктен туған сөз. Ол: “Мен бәрін істеп олдым, енді мен ешнәрсе де істемеймін. Мен үшін басқалар істесін, олар мені киіндерсін, тамақтандырсын, мен шалқайып жатамын ” деген сөз. Анадан туып ,өмірге жарық дүниеге келгеннен кейін, тәрбие алып, ес білгеннен соң, адамда арман дегеннен көп нәрсе болмайды. (Осы “арман” деген сөздің орысшасы қалай болатынын білмей отырмын. Ол : мечта, стремление,желание, чаяние,фантазия, надежда деген мағына бере ме, әлде қалай? Дұрысын сен айтарсың.) Адамның арманы әулеметтік (общественный) және жекелік (собственный)болып екіге белінеді. Ананың құрсағында жатқан кезіңде немесе қара жерге енген кезіңде ғана арман болмайды. Одан басқа уақыттың ішінде арманнан көп нәрсең жоқ. Біреу оқу оқып, білім алсам екен, сөйтіп халқыма пайдалы іс жасасам екен дейді. Екіншілері мал малданып байысам екен, жан жанданып молайсам екен дейді. Бұлар да арман. Адамның арманы көп және әр түрлі болады. Менің де арманым көп еді. Рас, олардың біразын іске асырдым, орындадым. Бір арманым орындала бергенде, сап етір екінші туады. Ол іске асысымен мен мұндалап үшінші шыға келеді. Мұның бәрі адамның қара басының, адамның ойынан емес, олар өмір тілегінен, әулеметтік салт сананың өсу өркендеуінен туады. Осы күнде менде арманнан көп нәрсе жоқ. Майданға қатысып жүрген басқа жаынгерлер секілді, менің де арман ететінім: “соғысты жеңіспен аяқтап, елге аман сау қайтсақ екен” деймін. Сонан кейін, қолдан келгенінше халыққа пайдалы қызмет істесемекен деп арман етем. Бұларға байланысты армандарым мыңнан асады, өте көп. Демек, менде арман жоқ емес , қайта көбейіп кетті деп айтуыма болады...

Қадірлі Н. Жазған хаттарыңды алып жатырмын. Көп мәселелерге екеуміздің көзқарасымыз, ойымыз бар секілді. Рас, сен ел жақтағы адам болғаннан кейін бе әлде қалай, әйтеуір менің кеәбір пікірлеріме жете түсінбеген көрінесің. Оларды ауызекі сөйлескенде айтысып түұсінерміз. Соғыс әділетті болуды үйретті. Абзалында біз әділдік, шындық үшін соғысып жатырмыз. Әрқашан әділдік жеңіп отырғанын мен саған айтпасам да түсінесің. Адалдық, әділеттік үшін қандай қиыншылық, қандай жазаға болсма да азаматтық арымды, басымды тігуге бармын, мен соған даярмын. Кемшілік, жетіспей жатқан

нәрсені ашып айтпаушылық, оларды бүркеуге тырысушылық – бұл әділдік емес, ол әділсіздік, осалдық, қорқақтық болып табылады. Қорқақтық жасау қара басының қамын ойлаушылардың ісі. Кімде-кім өз падасын, өзінің жеке күш-қуатыболуын ойласа, ондай адам әділ болмайды. Мұндай адам, осы мақсатны орындау үшін намысты, адамшылық арды құнсыз нәрсеге айырбастап жібереді, сол жөнінде өтірік айту, алдау дегендерді кәсіп етіп алады. Әрине, мұндай адамдар халық қамын ойлаушы, көпшілік ісі үшін құрбан болушы деп атанбайды. Халық ісі үшін күресу адамнан өжет, өткір болуды, бұл жолда көптеген қиыншылық, қысымдарды көруді керек етеді. Халық ісі адамнан қорықпай, тпайсалмай ерлік жасауды, бұл жолда өзінің жеке қара басының қамын ойламауды тілейді. Осының бәріне шыдаған жөн. Сонда ғана мақсаты – халық ісін орындау арманын, адал ниет, шын көңіл, әділ жүрекпен орындайсың. Ал, бұлай етпесеі, халық ісі үшін күресушімін деп айтуға ешқандай правоң жоқ. Соғысқа дейін біздің көптеген кемшіліктеріміз болғанын, оны сол кезде ашып айтпай жасрып, бүркеп келгеніміз барлығын-бізге майдан өмірі анық көрсетіп берді. Тіпті, мына бір мәселені алайықшы, соғысқа дейін біздің кейбір басшы қызметте жүрген жігіттеріміз газеттерге мақала жазып, табыстарын айтып жүрді. Сондай мақаланың бірінде қазақ халқының сауаттылығы тоқсан процент болды делінген екен. Ал, майданда бұл санның қате екені көрініп қалды. Ендеше, өтірік мақтанудың, әділдікті айтпаудың не қажеті бар еді? Барды барша, жоқты жоқша айту басты шарт. Кемшіліктерді айтумен соны түзеуге көмектесеміз. Егер, өтірік айтылып жатса, онда іс оңбайды. Осындай нәрселерді көргенде, шыдамай кетесің де көңілдегі ойды айтып өлшеп-екшеп айту керек деген сенің пікіріңді қостаймын. Бірақ, ол үшін жақсы дипломат болу керек қой. Менде ондай қасиет жоқ екенін білесің. Сондықтан, әңгімені әділ түрде, қысқасынан айтқым келеді. Мен осы прішципті қолдаймын. Әділдікті, шындықты айтумен кемшілігімізді көрсеттің деп мені айыптаушылар болса, оларға менің сөзім мынадай: «Мен майданда әділдік, шындық ақиқат үшін соғысып, қан төгіп жүрмін. Жағымпаздық жасаймын деп өтірік айтар жайым жоқ. Әділдік үшін бәйгеге басымды тігемін».

5/V-1943 ж. Майдан.

* * * Біреу енесін, біреу анасын жақсы көреді ғой. Не әкеңе, не анаңа балалық мейірімің, махаббаттың түсіп тұрады. Шынын айтайын, мен анамды жақсы көрем. Анамды ойлағанда екі көзден жас мөлтірдейді. Шіркін, ананың алар орны да, жолы да бөлек қой. Анасына құрмет көрсетпеген бала адам емес. Мен адамды жақсы көрем де , оған құрмет көрсетіп, қызмет ете алмағаныма өкінемін, өзімді өзім кінәлаймын. Неге? Менің анам Әлия деген кісі еді. Ұзын бойлы, әдемі ақсұр адам еді. Одан жеті ұл, үш қыз тудық. Солардан қалғаны мен ғана, өзгелері жасында өлген. Мен өзімнің ұлы шешем Мадиянның қойнында өтсім. Бірақ, оның маған өз анам ды сүюіме бөгеті болған жоқ. Анам да маған мерейлі еді. Кейде ақылын айтса да, кейде

ақылмен ұрсып қателерімді көрсететін. Сөйткен анадан мен он алтымда айрылдым. Анам аурып өліп кетті. Мен анамның алдында екі үлкен нәрсеге орыштымын. Ол орыштымды өтей алмаңаныма армандамын. Оның біріншісі мынау. 1929 жылдың август айы еді. Біздің ауыл жазғы жайлауы Қоскелден көшіп қыстауға жақын Көкше деген жерге келіп қонды. (Көкшенің жерін, ағашын, тауын, көлін ылтыр өзің ғой). Бір күні түс ауа, қатты дауыл болды, көп үйлер , соның ішінде біздің үй де жығылды. Дауылдың желіне қосыла жалаған дауыстар шығып жатты, менің анам да жылап отыр. Мен оның қасына келіп жұбата бастадым. -Әя, (мен анамды Әлия демей Әя дейтін ем) сен неге жылайсың. Жылама. Мен тірі болсам төрт түлігің түгел болады. Жығылған біздің үй ғана емес қой, дедім. Әям көз жасын сүртті де: “Ой , құлыным, жалғызым! Айтқан ақылыңнан айналайын” деп мені құшақтап бетімнен сүйді, бауырына басты. Сентябрь болды. Мен Көкшетау қаласына оқуға бардым. Қысы жазы қалада оқумен болдым. Содан і» жылы апрель айында Алматыға ауыл шаруашылық институтының рабфагына оқуға жүріп кеттім. Оқуға кетерімде ауылдан әкем ғана келді. Ал, анаммен көрісіп амандаса алмай кеткен едім. Екінші. Алматыла оқып жүрген кезім. 1932 жылдың май айында үйден хат алдым. Онда Әямның ауырып қайтыс болғанын хаарлапты. Осы хабар менің жас жүрегіме жалын салғандай болды. Мен күнде жылаумен жүдеп жүрдім. Адамды өз қолымнан көме алмадым. Міне, досым, менің анама борыштымын дейтінім осы. Анам марқұм маған өкпелеп кетті ме – ол арасын айта алман. Анамды есіме алсам, осы күнде де жылағым келеді. Анаға берген сөзімді орындай алмадым, ол менің қызығымды көре алмай кетті. Кейде , “Әя, алдыңда борышым көп еді, өзің барда оларды өтей алмадым, кешірім ет” деп қоям. 20//11-1943 ж. Майдан.

… Сен соңғы бір хатыңда “елдегі әңгімеге несіне араласасың” депсің. Алда бауырым-ай, өзің қызық екенсің ғой. Сөз саптауыңа қарағанда, “сен соғыста жүрген әскерсің. Сол ісіңді білсейші, басқа мәселеге араласпа...” дегің келеді білем. Қой, баурым, олай етуге болмайды. Менің әскер адамы екенім рас. Ал, әскер адамы әдебиет, мәдениет мәселесіне араласпасын, өз ісімен болсын деген жаман пікірді есі дұрыс адам баласы айта қоймас. 20//11-1943 ж.Майдан.

... «Көп тұрған су сасиды, ойламаған ми сасиды» дейтін еді Бауыржан. Осы бір алтын сөз-ау. Мен саған бір қызық нәрсе айтайын. Жақын арада біздің майданға делегат болып келген сенің бір нарқомсымақ қазағыңмен жолығып сөйлестім. Алыстағы майданда жүрген адам жас бала секілді әр нәрсені аңсағыш келеді ғой. Мен үш жылдай майданда жүргендіктен елді сағынып қалсам керек. Сондықтан жаңағы нарқомсымақтан ел әңгімелерін сұрай бастадым. Ол ел жайын, шаруашылық жөнін, әңгімелерін сұрай бастадым.

Ол ел жайын, шаруашылық жөнін, күнделікті жоспарлардың қалай орындалып жатқанын көп күнделікті жоспарлардың қалай орындалып жатқанын көп сөзбен айтып берді. Онысына разы болдым. Сонан кейін мен: -Әдебиет, искусство жақтарында қандай жаңалықтар бар? Жазушылар нендей шығармалар жазып берді? – дедім. Ол менің сұрауыма жауапты мүдірп айтты: -Соңғы жылдары, - деді ол, театрларда «Абай» пьесасы қойылып жүр. «Ақан сері – Ақтоқты» деген пьеса сахнаға шықты. Бұлар осы соңғы жылдары, соғыс кезінде жазылған нәрселер. Ал, Сәбит «Абай» туралы роман жазды, Мұхтар «Балуан Шолақ» деген поэма жазды... Міне, осындай шығармалар басылып шықты дегені ғой. -Бұл өте үлкен табыс екен. Мұхтардың, жаңағы өзіңіз айтқан поэмасында не нәрсе айтылады екен? – дедім. -Қарағым Мәлік, мен саған шынымды айтамын. Мен оларды оқыған емеспін, тіпті қол тимейді. Ал, жұрттың айтуына қарағанда, Мұхтардың поэмасы осы өздерің туралы болу керек... Бұдан әрі мен онан еш нәрсе сұрамадым. Бұл әңгімелер нені көрсетеді? Одан көрінетін әңгіме мынау: біздің кейбір бастық болып жүрген адамдарымыз қазақ әдебиетін оқымайды, білмейді. Ондайлар халықтың тарихын, әдет ғұрпын, салтын біледі деп айту да қиын. Ондайлардың білетініжоспарды орындау. Тегінде, мұндай адамдар үшін “мынадай кітаптар оқысын” деп тағы бір жоспар берген жөн ау деймін. Міне, мұндай адамдар халыққа толығынан қызмет етеді, оның мәдениеті мен әдебиетінің өркендеуіне ат салысады, бұл жөнінде белсене іс істейді деп айтуға қиын. Халықтың тарихында жасалған істер әдебиет пен мәдениеттен орын алады емес пе? Мұндайлар кейін алды артына көз сала іс істеуді ұмытады. Ондайлар күнделікті нәрсемен болады. Шынында, халық ісі үшін еңбек сіңірем десең өткендегі жүз жылғы көз жібер, сол кезде не істелді екен, соларды қарап шық. Сонан кейін алдағы елу жылға көз жібер, сол кезге нендей нәрселермен келуіміз керектігін , не істеуіміз тиісті екенімізді ойла. Міне, бұлай етсең, халық үшін істелуге тиісті нәрселердің бойы көрініп қалады. Бұлай ету тарих алдындағы, халық алдындағы азаматтық ар намыссың мен борышыңды түсінбесеңжақсы адам болмайсың. Қандай адам болса да, ең алдымен, өз ақылы, ойымен іс істеу керек дейміз: “Кісі ақылымен бай болғанша, аз ақылыңмен жарлы бол” деген бар ғой. Бірақ, бұл кісі ақылын алма деген сөз емес. Егер, біреу жақсы, ақылды ақылберіп тұрса, оны тастама. Ал, ақылдың аты ақыл екен деп аптығып кетпе. Ақылдың да ақылы бар, аталысы бар, ақымақтығы бар. Олай болса, кісі ақылын аларда оның дұрыс-бұрыс жағын ойлап, өз ақылыңа салып барып алу керек деймін. Өнебойы кісі ақылымен, біреудің айтқанымен бола беру жарамайды. Ең бастысы, өз ақылың , өз ойың болса, басқаның жақсы ақылы оныңа, өз ақылыңа, ойыңа қосымша материал деп қарау керек. Тағы да айтайын, осы жайды кейбір басшы жігіттер түсінбейтін көрінеді. Ондайлар газетке мақала жазғыш, баяндама жасағыш келеді. Ал, соларын олардың өздері жазбайды, оларға басқа біреулер дайындап береді. Бұл бір жаман ауру. Мен мынадай бір мысал келтірейін.

Соңыстан бұрын, Алматыда оқып жүрген кезім еді. Менімен бірге бір институтта Қ. оқитын. Бір күні ол бірдеме жазып отырғаның байқадым да: “Не жазып отырсың?” дедім. - Жаппай сауаттандыру туралы бірдеме жазып жатқаным ғой. - Е, оның саған қандай қатысы бар? - Осыны жазуды маған тапсырып еді. Арада екі үш күн өтті. Жанағы Қ. жазған мақала екінші бір кісінің атымен газетке басылып шыға келді. Міне, досым, мұндай мысалдар көп... 16/ІV-1944ж.Майдан.

Соңғы бір хатыңда Ахмет Жұбанов пен Хамиди бірлесіп «Абай» атты опера жазып жатыр деген едің. Бұл өте қуанарлық нәрсе екен. Абай тек ақын, халық ағартушысы ғана емес. Абай – ой, сананың иесі. Оның халқына істеген ерлік еңбек істері көп-ақ. Бұлардың бәріне белгілі мән беріліп тиісті дәрежеде бағасын алуы керек. Осы туралы, Абай туралы жақсы роман, мазмұнды пьеса жазылды. Абайдың ақындығы туралы жақсы роман, мазмұнды пьеса жазылды. Абайдың ақындығы туралы және Абай өміріне арналған ғылымизерттеу мақалалар да жазылып келеді. Сонан кейін, Абай туралы киносценариі жазылып жатыр деп естимін. Мұның бәрі де өте қуанарылқ нәрселер. Бұларға Абайдың тұлғасы молынан сияды, көтереді. Ал енді, «Абай» операсы жөнінде менің бір күдігім бар. Ол мынау: Абай туралы ән нәрсе жазамыз деп халқымыздың мақтаны, ақыл мен ойдың саналы иесі болған ардагер Абайды көрінген жерге сүйреп апара беру жақсылық бола қояр ма екен? Операда Абай образы толығымен беріле ала ма, жоқ па, онысын болашақ көрсетер. Мен өзім ардақты Абайды операға қимаймын, оның қолына домбыра ұстатып сахнаға шығарып баарылдатуға, «ха-ха»-ға бастыруға қарсымын. Мұным, әрине, композиторо жолдастардың талантына шек келтіргендігім емес. Ол Абайды операға қимағандықтан туады. Операның аумағы, көлемі тар нәрсе ғой. Сондықтан оған Абай сыя қоймас деймін. Бұл жайда, операда Абай образын беру мүмкін емес секілді. Тегінде, Абайға арнап симфония жазған қалай болар еді. Тегінде, Абайға арнап симфония жазған қалай болар еді? Сол секілді, біздің Абай сонау Пушкин, Лермонтов, Байрон, Гетелермен қатарлас тұратын адам екенін ұмытуға болмайды. Пушкин не Байрон туралы жазылған операны әлі естігеніміз жоқ. Олар жөнінде опера жазуға не орыстың, не ағылшынның композиторларының күші келмеді деуге болмас. Олар, мүмкін Пушкин мен Байронның тұлғалары операға сыймайды, оған қолайлы емес деген болу керек. Абай жөнінде бүгін опера жазылса, ертең біреу оны балет жасайиын деп, ол кезде сақалын сапситып, данышпан Абай сахнада секеңдемек пе? Қой, досым, бұлай ету жарамас. Байбалам салғалы отырған мен жоқ. Әйтеуір, халқымыз ұлы адамына обал жасалынбағанын көздеймін. Роман жаз, опера жаз, пьеса жаз – бәрінде де қасиетті Абай көрінетін юолсын. Тілек осы ғой.

6/-1944 ж. Майдан.

Қазақтың ән-күйлерін жинап, халыққа, мәдени қауымға таратуда Затаевич бағалы істер жасады. Ол қазақтың ән-күйлерін жинап, кітап етіп бастырып шығарды. Оның қуанарлық жұмыстар жасағанына құрмет (должное) көрсетуіміз керек-ақ. Қазақтың өз әнші-күйшілері, композиторлары еш нәрсе істемегенде, Затаевичтің біздер үшін, қазақ халқы және оның тарихы үшін, болашақ ұрпақ үшін көп еңбектер еткенін шын адамгершілік адалдықпен бағауымыз керек. Қазақ елі үш жүзге бөлінед екен. Ал, сол үш жүздің адамдары халықтың елт арасында тараған ән-күйлерін толық біле бермейді. Кіші жүздің кейбір тамаша әнкүйлерін толық біле бермейді. Кіші жүздің кейбір тамаша ән-күйлерін ұлы жүз жағы білмейді десем қателескен болмаспын. Тегінде, ел арасында осы күнге дейін жиналмай, жұртқа таныс болмай жатқан ән-күйлерді жинап алып көпшілікке таратқан жөн-ақ. Ән-күйлерді жинаумен қатар, оны кім шығарған, қай дәуірде және қандай уақиғаға байланысты шығарылғанын толық зерттеп жазған жөн. Солай еткен күнде «мынау ән (күй) менікі» дейтін, аяқ астынан пайда болатын композиторларға жол бермейміз. Қазақтың ән-күйлерін жинаумен қатар, оларды дұрыс айту, орындау дегендерді ескерту керек. Халықтың тамаша әдемә әндеріне соңғы кезде түрлі жамаулар қосып, «ха-ха, ехе-хе» - ге айналдырып жүрушілер де бар. Бұл жайды да еске ал деп айтам, досым. Халық әндерін дұрыстап, нашына келтіріп айтушыларға бәйге жариялау қажет. «Түйенің танығаны-жапырақ» дегендей етіп тек Күләш, Жүсіпбектерді танып қоймай, басқа да әншілерді көре білген жақсы. Бұл өте керек нәрсе.

22/ VІІ-44. Майдан. Майданда жүріп әр ұлттық азаматтарын кездестірдім, сөйлестім. Бәрі де өзіміз секілді, бір ой, бір мақсатпен жауға қарсы аттандырған халқымыз ғой. Майданшылар халық тапсырмасын міндетті адал түрде орындап жүр деп айта аламыз. Соның бірібіздің қазақ жігіттері. Соғыс майданды көп ұлтты совет халқының жігіттерінің бастарын қосты. Бұрын естіп білмеген, көрмеген халықтардың да жігіттерін көріп, танысып жүрміз. Барлығы да қолдарынан келгенінше жаумен соғысып, ерліктер жасап жатыр. Майдандағы әр ұлттық жігіттері бір кісінің баласындай болып қызмет ету де. Расында да олар Совет өкіметінің мәпелеп өсірген балалары ғой. Осы әр ұлтты жігіттер кездесе қалғанда бір-бірінен әр нәрсені сұрап біліп жатады. Курд деген халықтың бір жігітімен жақында жолықтым. Екеуіміз бәрімізше ортақ, түсінікті тіл, орыс тілінде сөйлестік. Ол маған: - Айып болмаса, сіздің ұлтыңызды білуге болар ма екен, деді. - Оның ешқандай да айыбы жоқ. Мен қазақпын, дедім.

- Қазақ деген халық барын естусем де, оның адамын бірінші рет кездестіріп тұрмын, -деді ол. - Сондай –ақ Сіз де курд деген халықтың өкілін алғыш рет көріп тұрған боларсыз... Рас , сенің қазақпын дегеніңе шала түсінетін, қазақ деген халық барын онша жетік білмейтін адамдар кезедсе береді. Әрине, олардың қазақты білмеуі кінә да, айып та емес. Оған өзіміз кінәлі секілдіміз. Өйткені, біз қазақ халқын дүниеге тарататындай еңбектерді көп істей алмадық. Мұны жаңада ғана қолға алып келеміз. Бұл жөнінде, Қаныш Сәтбаев бастаған оқымыстыларымыз көп еңбектер жазып қазақты мәдени әлемге таныстырар деп ойлаймын. Ал, мен өзім “Қазақты білмейміз” деген адамдарңа жылпы қазақ халқы, ол қандай халық, оның байлығы, ел-жері , әдет-ғұрып, тарихи, әдебиеті мен мәдениеті жөнінен түсінік беріп жүрем. Кейде бір топ адам жиналса, мен оларға қазақ халқы туралы баяндама да жасаймын. Мұның бәрі, қазақ деген халықтың кім екенін басқалар біліп таныса берсін дегендіктен туады. Әңгіме “қазақпын” дегеннен басталды ғой. Соған оралайын. Басында миы, ақылы бар, өмір мен дүниенің, халық пен тарихтың не екеніне түсіне білетін адам, қоғамда алатын орны қандай екеніне көз салатын адам өзінің ұлтын мақтаныш, намыс етуге, белгілі бір ұлттын, ұлы атанғанына қуануы керек. (Ұлтын жасыратын, басқа бір ұлттың адамы болып көрінгісі келетін кейбір қулар бар.Бұл нағыз антұрғандық. Ұлтын жасырушылық , өз ұлтын, халқын сүймеушілік дүниеде ең барып тұрған тексіздік. “Қазақпын ” деген сөзді мен: ұлтын сүю; халқын, елін, туын-өскен жерін сүю; өз ұлтына адал қызмет ету; өз ұлтының басқалардан артта қалмай солармен қатарлас(кейде олардан асып түсуін) болуын көксеушілік; соған ұмтылушылық; халықтар достығын қадірлеп, қорғап отырушылық; досқа досша көмектесіп, достың жауымен өз жауыңша күресушілік деп түсінемін. Мен “қазақпын” десем, оным қазақты асыра мақтап “басқалардан ерекше артық жаратылған ұлт” дегендік емес. Менің “қазақпын” дейтінім – менің сол ұлттың ұлы екендігіме дәлел; өз ұлтымның, оның намысын аса қадірлеп бағалайтындығыма және оған жан-тәніммен қызмет істеуге тырысатындығыма, ұлтымды демек халқымды шын сүйетіндігіме , ұлтымның ілгері өніп өсіп, өрлеуіне жаным ашитындығына куә. Сөздің шыны мынай ғой. Енер, мен ұлтымды сүймесем, онда мен сол ұлтыма, демек халқыма қызмет ете алмас едім. Мен майданға келдім, онда ерлік жасаған қазақ жігіттерін көрдім. Олар ерліктерімен қазақ халқының абырой атағын көтерді. Егер, олар жаумен жаман соғысса, онда қазақ халқының, демек қазақ ұлттың, абыройын түсірген, намысына жаман сөз келтірген болар еді. Мен мақтануды жек көретін, жақтырмайтын адаммын. Бірақ, мына бір жайда мен саған сыр етіп айтайын. Мен майданда, немістермен қолма қол соғысқан адаммын. Көптеген немісті атып өлтірдім. Жаудың он шақты танкісін гранаталармен қираттым. Бұл айтқандар мақтануым емес, шындығым. Ал енді, осыларды істеген кім? деп сұралық.Осы істеген Ғабдуллин деген қазақ баласы, қазақ деген ұлттың ұлы дейді жұрт. Демек , мұны қазақ баласы, қазақ деген ұлттан туған ұл жасапты. Олай болса, ондай ұл өздің ұлтын мақтап етіп “қазақпын” деп айтуға правосы бар ма? Әрине, бар!...

Майданға әр халық өзінің ұландарын жаумен соғысуға аттандырды. “Майданға кеткен ерлерім не істеп жүр екен” дейді. Оған әр халық құлақ салады. Олар жақсы ерлік жасаған ұлдарын мақтаныш етеді. Бұл өте заңды нәрсе. Осы жайды кейбіреулер теріс түсінеді, бұрмалайды. Халық мақтанышы, ұлт мақтанышы деген мәселелерді дұрыс түсінбестен күдіктене беретіндері болады. Ондайларға қарсы шындықты айтуымыз керек. 12/ІX-44ж.Майдан. *** Бұл хатты мен саған Мәскеуден жазып отырмын. Осында қызметке аламыздеген оймен шақырған екен. Әзірге менімен сөйлесіп, танысып жатыр. Мәскеуге келе жатып жолда екі үлкен қалада болдым. Ол қалалар: Вильнюс пен Минск еді. Екеуін де аралап көрдім. Бұл екі қаланың екеуі де одақтық республикалардың астанасы ғой. Менің көзіме ерекше түскен нәрсе мынау болды: Вильнус пен Минскінің үлкенүлкен көшелері, қоғамдық үйлердің ішкі және сыртқы қабырғалары неше түрлі ұландармен безеніпті. Ол ұрандар орыс, юелорус, литва халықтарының орнаменттерімен әшекейленген екен. Тіпі жарасып – ақ тұр. Мұны көргеннен кейін, біздің Қазақстан қалалары да осындай шығар; оларда да қазақтың ұлттық орнаменттері қадірлі, тиісті дәрежеде пайдаланылатын болар деп ойладым. Бұл ойымның қандай екенің құдай білсін. Осы өзің айтарсың. Егер ұлт орнаметтері пайдаланылмай жатса, оны іске асыру керек деп жолдастарыңа пікіріңді білдірерсің. 24/ІX-44ж. Майдан.

Майдан дәптерінен

Ол туралы көп жазу керек еді. Амал не, ондай жазу қолдан келмей отыр. Оның ісі бір үлкен шығармаға материал. Ол шығарманы «Белгісіз солдаттың ерлігі» деп атаса қандай жақсы. Өткен дүние жүзілік бірінші соғыста қаза тапқан белгісіз адамдар жайында әр елде көп шығармалар жазылыпты. Мәселен: Францияда белгісіз солдаттың моласын дұрыстау, оған гүл қою дегендер халық арасына көп таратылыпты, олай ету дәстірге айналыпты деседі. Белгісіз солдаттың ерлігі былай болып еді. Өткен 1941 жылдың октябрі. Руза өзенін бойлай бекініс жасап жатқанбыз. Ол кезде «қоршаудан» дейтіндер көп болатын. «Сол қоршаудан шыққандардын» біразында қару-жарақ, документ деген де жоқ болушы еді. Бір күні кешке (ұмытпасам, октябрь айының 16-күні түнде болу керек) қоршаудан шығып келе жатқан бірнеше жігітті тоқтатып, әңгімелестік. Сонан кейін, жаңағылардың біразы біздің ротада қалып, неміске қаосы соғысқысы келді. Ондайларды алып қалдық та, взвод-взводқа бөлдік.

Жаңағы жігіттердің үшеуін қасыма ертіп үшінші взводқа алып бардым. Олардың тілектері бойынша екеуі пулеиет бөлімшесінде қалды, біреуін басқа бір бөлімшеге бердік. Үшінші взвод ротаның сол жақ қанатында болатын. Жігіттер, окоптарын қазып алып, алдағы айқасты күтуде еді. Бұған дейін өз жігіттеріммен әңгімелесіп, алды тұрған міндетті талай рет түсіндіріп айтқанмын. Ал, әлгі жігіттің аты-жөндері кім, қай жердікі екенін бір жағдай болып, сол күні сұрай алмадым. Олармен рота командирі әңгімелесіп, ротаның тізіміне алған соң, мен олармен екінші рет сөйлесермін деп ойлап едім. Ол үшеуін екі бөлімшеге бөлгенде бөлімше командирлеріне мына жолдастарды тобыңа ал, «таныс» дегем. Бұл сөздер түн ішінде айтылған болатын. Бөлімше командирлері бұл түнде жаңа келген жігіттердің түстерін де толық айыра алмаған болуы керек. Таң да атты. Әлем ағараңдады. Сол кезде немістер зеңбіректерінен әлсін-әлсін атып қояды. Ертеңгі сағат он шамасында немістер біздің батальонға қарсы шабуыл жасады. Қатты ұрыс басталды. Жау бізді артиллериямен атқылай бастады. Бір кезде он шақты самолет ұшып келіп бомбалады... Бірақ біздің жігіттер қайсарлана соғысып, жауға төтеп беріп жатыр. Қорқу, үрку деген болған жоқ. Жау біздің батальонның оң жағын бұзып-жарып өтем деп ойласа да еш нәрсе шығара алмады. Сонан соң ол шабуылды біздің сол жағымыздағы көрші батальонға жасады. Тағы да айқас үдей түсті. Бір уақытта жаудың төрт танкісі сайдың жағасын өрлей біздің үшінші взводтың сол жағына келе жатыр екен. Взводтың сол жағында пулемет бөлімшесі (онда екі әлгі жігіт) бар еді. Жаудың танкілерін взводтың жігіттері жандырғыш оқты атумен қаосы алды. Танк ілгерілеп келеді. Окопқа да жетіп қалды. Сол кезде танкіге қарсы жұмсалатын гранат даусы естілді. Бір танк пулеметтердің окобының алдына келді де тоқтап қалды. Байқасақ, жаңағы гранат сол танкіге тиіп гусеницасы қиратылған екен. Жаудың басқа үш танкісі біздің взводтың окоптарының үстіне шығып езгілеп жүр, әрі пулеметтерінен атады. Бір уақытта мен отырған окоптың үстіне бір танк келіп үстімізден жапырып жатыр. Окобымыз терең еді, сол жанды алып қалды. Окоптың, ішіне балшықтар опырылып түсіп жатыр. «Орыстарды опырып, өздері қазған окоптарына көміп кеттік» деп ойлады білем немістің танкілері. Олар біздің үстімізден біраз уақыт езгілегеннен кейін тағы дща ілгері, біздің тылымызға қарай жөнелді. Танктердің кейін бара жатқан даусын есітп окоптан басымызды көтердік. Осы кезде пулемет бөлімшесінің балшыққа былғанғал бір жігіті қолына екі гранатты алып неміс танкісінің соңынан жүгіріп барды да, қос гранатты танктің моторына тастап-тастап жіберді. Сонан кейін жаңағы жігіт еңбектеп окобына жөнелді. Танк гүрс етіп жарылды. Бұл жайды немістің екінші бір танкісі байқап қалған екен, танкісін дереу бұрып алып жаңағы еңбектеп бара жаьқан жігіттің үстінен басып өтті. Есіл ердің денесі мылжаланып қалды. «Жаңағы танк біздің окоптарымызға келіп үстімізден қол диірменше айналды. Біраздан соң танк ілгері кетіп қалды.

Окоптан басымды көтерсем, немістің төрт такісінің екеуі қирап қалған, екеуі біздің тылымызға кетіп бара жатып кетіп бара жатқаның көрдім. Басым мең зең. Сол кезде айғайлап жігіттерді шақырдым. Көпшілігі “тіріміз” дегендей окоптан бастарын көтерді. Екі жігітті балшық басып қалған екен, оларды қазып алдық. Алты жігіт қайтыс болыпты. Оның біреуі түнде келген пулеметчик еді. Ол соңғы және бастапқы танкті құртқан түнде келген наңа пулеметчик болып шықты. Оның аты жөні кім екенін білетін жан болмады, бөлімше командирі Максимов деген жігіт еді, опат болыпты. Немістің соңғы танкісін құртып барып қаза болған пулеметчик белгісіз жігіттің паршаланып езілген денесің плащ палаткаға жақсылап орадық. Сол жерге окоп жанынан мола қазып, соғыста ерлік өліммен қаза тапқан жігіттермен бірге жерлеп көмдік. Әрқайсысның басына аты жөндерін жаздық. Ал жаңағы белгісіз ердің басына кім деп жазуды білмедік те : «1941жыл, 17 октябрьде немістің екі танкісін гранатамен ұрып қиратқан батыр» деп қана жаздық. Міне, белгісіз солдаттың ерлігі осылай еді. Оның моласының басына барған адамдар, ол белгісіз батырға топырағың торқа болсын, деп гүл қойдындар, естеріңе алындар. Декабрь, 1941 жыл.

Менің алдымда немістің І-дәрежелі темір крест жатыр. Крестің айналасын қарамен әдіптеген қызыл лентасы бар. Осы кресте өмір мен өлімнің, жеңу мен жеңілістің белгісі бар. Кресті қолыма алсам, мен үшін маңызды үлкен бір уақиға есіме түседі. Ол былай болып еді. 1942 жыл, феврал айының сегізі. Бұдан бірер күн бұрын біз Бородино деревнясын жаудан тартып алғанбыз. Бородинодан әр тарауға жолдар кетеді. Бұл жолдарды жау өзінің керегіне мейлінше көп пайдаланды. Бородиноны жаудан тартып алудың соғыс үшін маңызы күшті еді. Бородиноны қайтадын өзіне тартып алу мақсатымен немістер бізге қарсы шабуыл жасаумен болды. Оның барлық шабуылын қайтарып тастаумен отырдық. Жаудың да, біздің де шығынымыз мол. Осы кезде біздің автоматчиктер ротасында жігіттер де аз қалғагн еді. Сондықтан әрбір автоматшы бір атқыштар бөлімшесінің қызметін істеуге тиісті деп білдім. Күн түс кезі. Ауа райы онша онды емес, әрі тұман, әрі ұшқындап, қар жауып тұрған. Осы кезде немістер бізге қарсы ротадай солдатын атакаға шығарды. Біз олармен айқаса бастадық. Жау көптігін білдірді де, Бородиноның солтүстік күншығыс жағына еніп келді. Біз кейін шегінуге дұшар болдық. Бородиноны айнала белдеулеп қардан жасаған жаудың бекінісі, окоптары, траншеялары болатын. Біз соларды пайдалана кейін шегіндік. Тіпті Бородиноның оңтүстік жағына шығып та қалдық. Неліктен екенін кім білсін, жау бізді өкшелей қумады, ол жаңа өздері тартып алған Бородиноның үйлеріне бекіне бастады...

Осы кезде біздің жайымызды полк басшылары білді де, алғашқы жағдайды қайтадан қалпына келтіру, Бородинодан немістерді қуып шығу шарасын қолданды. Бұны міндетке көріп қуанып, қайраттанып кеттік.и Тағы да жаумен айқас басталды. Бұл жолы жау біздің күшімізге шыдау алмай, Бородиноны қалдырып, кейін өздері келген жағына қарай қаша жөнелді. Мұны біздер-автоматшылар пайдаланып, қашқан жауды қууға кірістік. Бородиноның солтүстік-шығыс жағында терең сай болатын. Сол сайдың жағасында тұрған үйге қарай жүгірдім. (Ол үйге қарай немістер кетіп бара жатқанын көріп қалған едім). Жаңағы үйдің жанына келгенімде, қарсы алдымнан немістің бір офицері шыға келді. Оның да, менің де қолымда автоматымыз бар. Жаңағы немістің жақын келуі соншы, мылтығымды атуға реті болмай қалды. Ол неміс маған бажырая қарады. Мен оған төне қарадым. Ол неміс маған бірдеме дегендей болды. Мен оған түсінбедім. Екеуміз қол созым жерде, бір-бірімізге тіресе қарап тұрмыз. Өзі еңгезердей бір сары неміс екен. Маған жақын келді де, оң қолымен иығымнан жұлқып-жұлқып жіберді. Сол арада жаңағы неміс екеуіміз алыса түстік. Иттің қолы күшті екен, батырып жіберді. Қару жұмсауға дәрмен қалмай қалды. Ол маған, мен оған, мылтық атуға мұрша бермей алысып жатырмыз. Мен оны қазақша шалып қалам дегенімде өзім ұшып түстім.Жанағы неміс менің үстіма жалп ете құлап мені енгізуге кірісті . Екі қолымды бір қолымен матай бастады. Мені буындырып барады. Дауыс шығар емес. Жан беру оңай ма, бұлқынабұлқына оң қолымды босатып алдым. Ол екеуміз тырмысып, тартысып жатырмыз. Оның да, менің де автоматым анадай жерде қалды. Солай тартысумен келіп екеуміз де жаңағы сайдан төмен қарай құладық. Бұл құлауымыз мен үшін жақсы болды, қол босады. Сайдың ішінде қайтадан алыстық. Маңдайдан аққан тердің буы бұрқырады. Сол кезде менің есіме қонышымда жүретін сапы түсе кетті. Жалма-жан қонышымнан жүретін сапы түсе кетті. Жалма-жан қонышымнан жүретін сапымды суырып алып немісті құлағының түбінен періп кеп жібердім. Еңгезердей болған неме қалпақтай түсті. Төс қалтасын қарайын деп өңірін аша бергенімде, оның кеудесінде қап-қара болып 1-дәрежелі темір крест ордені тұр екен. Онысын алдым. Сонан кейін документтерін қарадым. Бір документінде Генрих Байер деп жазылыпты, өзгесіне түсінген жоқпын. Міне, жаңағы қолымда тұрған қара крестің тарихы осынедай еді.

Февраль, 1942 жыл.

* * * Мен соғысқа дейін адамның қалай өлетінін көрген емеспін. Өлген адамға жақындауға әлім жетпейтін. Тіпті өлік шыққан үйге бірнеше күнге дейін бармайтын едмі, қорқатынмын. Ал, соғысқа келгеннен кейін өлімге денең үйренеді екен. Мен өліп жатқан немісті де, өзіміздің адамдардың қаза болғанын да көрдім. Бірақ мынадай өлімді мен соғыста жүріп өз көзіммен бір рет қана көрдім.

1944 жылдың 22 август күні. Мен бұл күні гвардия дивизиясының бір полкында болдым. (Бұларға мен командировкамен келгем). Полктың партогы капитан Федоров екеуміз қасымызда Морозов деген автоматчикті ертіп бірінші батальонға бардық. Бұл кезде полк қорғаныста еді. Батальонның алдыңғы шебінде болдық, жігіттермен әңгімелестік. Содан түс ауа полкқа қарай келе жаттық. Жолшыбай әр нәрсені айтып келеміз. Мен Морозовпен қатарласып, оның кеудесіндегі үш орденге (Қызыл Ту, «Отан соғысы» орденінің бірінші дәрежесі және Даңқ орденінің 3-ші дәрежесі) көзім түсті. Бұл жігіт көп ерліктер жасаған екен, соларды сұрайыншы деген оймен: «Жігіт-ақ екенсіз, Морозов жолдас. Мына ордендерді қандай ерліктерің үшін алғаныңды айтшы» - дедім. -Е, бұл ордендердің әрқайсысының тарихы бар. Оны соңыра, полк штабына барған соң айтайын, - деді ол. Сөйтіп келе жатқанда жау артналет жасады. Біз жата қалыстық. Ысылдапзуылдап снарядтар төбемізден өтіп жатыр. Жау біздің кейінде тұрған артиллерия аозициясын атқылаған екен. Артналет басыла бергенде орнымыздан тұрыпқайцта жүре бастадық. Осы кезде бір рет жаудың зеңбірегі атылғандай болды. Ә дегенше болмай зуылдап келе жатқан үлкен снарядтың дауысы шықты. Жата қалдық. Ол снаряд қасымызға келіп гүрс ете жарылды. Менің құлағым шу-шу етеді. Балыпты және бетін жарықшақ жырып кеткен екен. Оның жанына жүгіріп барып жарасын таңдым. - Әлгі Морозов қадйа? – дедім. Морозов жоқ. Айңайлап «Морозов» деп жатырмыз, ол үн бермейді. - Әне, - деп Федоров бір тал шырпының басына ілінген бір жапырақ қызылды көрсетті. Оның жанына бардық жас адам еті екен. Әбден аңғарып қарасақ, жаңағы снаряд Морозовтың тап төбесінен келіп түскен екен. Сол жерде осыдан бір бес-он минут бұрын тірі, өзіңмен тілдескен ер морозовтан не болғаны бір жапырақ қана қалыпты. -Иә, тамаша ер жігіт еді. Талай ұрыстарда болған батыр еді. Міне, енді көрдің бе, өлім дегеннің қандай екенін? Қан майдандарда аман болған Морозов болмашы жерде қаза болды. Ажал деген осы-ау, - деді Федоров. Біз жаңағы қызыл етті қол орамалға орап, полк штабына алып келдік. Сол күні кешке үлкен табыт істетіп Морозовты көмдік. (Табыттың ішіне, әлгі бір жапырақ ет қана салынған). Морозовты көмер кезде полктың маңындағы артиллеристер жауға қарай бірнеше снарядтар атып салют берді.

1944жыл,август. Майдан.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовке

N 1 21 желтоқсан...Қымбатты Мұха!

Сізге бұдан бұрын бірер хат жазып , соңғы кезде үндемей қалғаныма айыптымын. Майдан жағдайы онша көп жаймен санаса бермейтінін айтпасам да түсінерсіз. Аман-саумын. Көп күнге созылған ұрыстардан кейін дем алып, соғыстық. Талай-талай тас қамауды бұзып шыққан күндер болды. Майданда қалай соғысқанымызды мынадан-ақ көруге болады. Дивизиямызды наградқа Қызыл Ту орденін алды және гвардия дивизиясы деп атанды. Біздер – гвардеецтер жайында Алматыда митингі болып, газеттерде көп әңгімелер жазылды деп естимін... Өзің қандай ерлік көрсеттің деп сұрапсыз. Бұған жауап беруге батылым бармай отыр. Өйткені мақтанғандық болуы мүмкін. Орденге ұсынуда біраз сыр барына түсінерсіз. Аманшылық болып барғанда айтармын... Әзірше қош сау болыңыз. Хатыңызды күттім. Інілік сәлеммен Мәлік.

21. ХІІ. 41 ж.

N 2

5 наурыз…Қымбатты Мұха! 13.01. де хат алдым. Аманшылығыңызға қуаныштымын. Мен де аман-саумын. Талай тас қамауды талқандап бұзып, жауды қуып барамыз. Сақылдаған аязда, сартылдаған соғыс сахнасында қолдан келген күшті жұмсап жатырмыз. Мен наградқа «Қызыл Жұлдыз» орденін алдым. Жақында бір тамаша операция жасап, немістің «Мертвая голова» деп аталатын дивизиясының штабын талқандап шықтық. Осы операцияда тамаша ерлер шықты. Біздің полктан үш адамды Советтер Союзының Геройы атағына ұсынды: 1. Политрук Клочков, ол Щербаков жолдастың баяндамасында айтылған 28 геройдың қолбасшысы еді. 2. Тоқтаров Төлеген деген қызыл әскер, Риддер қорғасын заводынан келген жас . 21-дегі жұмысшы. Үшінші мен. Таяу кезде указ болап қалар... Тағы да хат жазамын. Хош сау болыңыз. Еңбек-творчество майданында жақсыжақсы шығармалар жазуыңызға тілектеспін.

Ініңіз Мәлік

N 3

17 наурыз. «Құрметті Жәке, Мұха, Сәке, Әбділда, Ғабит, Ғали, Тайыр, Жақан, Асқар, Дихан, Есмағамбет, Шахмет, Ғабиден, Әлжаппар т.б ақын-жазушы жолдастарға, қарулы қалам күшінің қайраткерлеріне сәлем. «С.Қ.» арқылы өлеңдете жазған дұғай хаттарыңызды оқыдым. Көп рамет.

Алғашқы кезде ротаға политрук едім. Қазір батальонға комиссар етіп жоғарылатты. Жұмыс көп. Жолдастардың бәріне сәлем. Хат жазыңыздар. Сәлеммен мәлік».

N 4 28 қыркүйек. «Постовая карточкаға» жазылған хат.

...Қадірлі МҰХА!

Аман-сау боларсыз. Мен де аман саумын. Осынша жүріп қалған жай бар. «Абайды» өзім оқып шыққаннан кейін, жолдастарға беріп оқытып жатырмын. Жұрттың бәрі де романды зор табыс деп қуанышпен қалсы алды. Роман жайында «Социалистік Қазақстан» үшін біз ұйымдастырып жіберсек қайтеді деген ойымыз бар...Шамасы жолдастардың пікірін жаздырып өзіңізге жіберерміз-ау деймін. Біз жаңа адрес алдық. Ол хаттың сыртында. Басқа жаңалық жоқ. Хат жазып тұрыңыз. Хош.

28. ІХ. 42 ж. Мәлік

N 5 9 қыркүйек, 1943 жыл.

Ардақты МҰХА!

...Дүние шіркін көз жіберсеңіз – өмірде бар нәрселердің бәрі де қостасудан, жұптап құралғанын көресіз. Серіксіз дара жоқ сияқты: ай мен күн, жер мен көк, байлық пен кедейлік, махаббат пен зұлымдық, қуаныш пен қорқыныш, тағы басқалары. Осылардың бірінсіз бірі өмір сүре алмайды, бірі бастамасы болса, екіншісі оның дәйектемесі секілді болады да тұрады. Бұлар өз алдына бір сәрі ғой. Мұнымен айтайын дегендерім мыналар еді, елге бару ертеден келе жатқан арман, бір түрлі қуаныш, қызық көрінген болатын. Елге де, барлық жұртқа, жолдастарға көп рахмет-сыйлады, сүйді дегендей құрмет көрсетті, оларына көп рахмет. Бұл қуанышым. Осы сапарыма ренжіген жерім де болды. Ол – мынау өте официальщинаға душар болдым да көп жолдастармен сырласып сөйлесе алмадым. Сізбен сөйлесетін сөздер бар еді, ол айтылусыз қалды. Жағдайды ұғып етерсіз деп өтінем. Бұдан былай хат арқылы сөйлесіп тұралық...

Інілік сәлеммен Мәлік

N 6 МЕЙІРІМДІ МҰХА! Туысқандық жүректен Сізге мың сан сәлем жолдап, халқыңыз үшін, атқарған адал еңбектеріңіз үшін үкіметтен алған мәртебелі наградаңыз – «Еңбек Қызыл туы» ордені қайырлы, құтты болсын айтам. Бұдан былай да мерейіңіз үстем, мәртебеңіз жоғары, өміріңіз жайдары-жарқын, абырой-атақты бола беруіңізге шын ниетіммен тілектеспін.

Әр нәрсенің өз кезінде алатын айрықша орны бар. Сіздің алған наградаңыз ерекше сыйлық, зор қуаныш, аса мақтаныштың белгісін корсетеді. Өйткені, биыл жау жайратылып, жеңіс күні туған жыл! Биылғы жыл – шаттық пен қуаныштың жылы. Осы жеңіс жылында алынған жүлде деп ойлаймын. Жеңіс жылынды жарқыратып таққан наградаңыз қайырлы-құтты бола берсін. Елдің атын ері шығарады деген ғой. Сіздің алған наградаңыз қазақ халқының алған бағасы. Сіз секілді атақты адамды тапқан анаға, тәрбиелеп өсірген халыққа мың рахмет! Қарт ананың ақ сүтін адал ақтап, әлемге өз елінің атағын шығарған ардақтымыз Мұхаңа мыңда-мың рахмет! Қазақ деген бай-дәулетті, оқымысты-білгір, мәдениетті, батыр ел барын бүгін барлық әлем біліп, қол қусырып сәлем беретін болды. Мұндай абыройлы атаққа жету жолында сіздің жасаған еңбектеріңіз ерекше орын алуда. Біз бұған қуанамыз, шаттанамыз, мақтанамыз! Хат арқылы болса да қолыңызды қысып, алған мәртебелі наградаңызға тағы да қайырлы-құтты болсын айтам, алдағы күнде де халқыңыз үшін абыройлы істер жасауыңызға туысқандық тілек білдірем. Амандықпен жолыққанша хош сау болыңыз.

11. VІ. 45ж. Мәлік

Жұмабай Шаяхметовке

Жұмабай жолдас!

«Жаңылмас жақ, сүрінбес тұяқ жоқ» деген ғой. Мен қателеспейтін қара тас емеспін, адаммын. Өзім байқамай жүрген қате-кемшіліктерім де көп болар. Менің бұларымды сыртымнан өсектемей, өз бетіме айтқан, батрыа-батыра сынаған, кейде ақылмен, кейде ұрсумен қателерімді түзету үшін маған көмек еткен адам болса, мен ондай кісіге мың да бір рахмет айтар едім. Елдегі кейбір жігіттердің, менің қате-кемшіліктерімді түзеп жоюыма көмектесудің орнына, мен жайында қатын-қалаштың өсегін таратуына ренжимін, қынжыламын, ол әңгімелер жанға батып жүр. Бұл айтқандарымды есіңізге алыңыз, ақыл-көмегіңізді беріңіз. Енді сізден тілегім мынау: 1. Партияның және ұлы көсеміміз Сталин жолдастың дұрыс басшылығы арқасында, совет өкіметі тұсында, қазақ халқы көп табыстарға жетті. Отан соғысы кезінде қазақ халқының ұлы мен қызы тылда болсын, майданда болсын нәтижелі істер істеп отыр. Неміс басқыншыларын талқандай ісіне қазақ халқы да белсене кірісіп, мақтанарлықтай жұмыстар жасады. Ендеше, бүкіл қазақ халқының, әсіресе, майдандағы қазақ жігіттерінің батырлық-ерлік істерін мақтныш етіп жазуға, айтуыма правом бар ма? Ұлы орыс халқына сенімді серік болып отырғандардың бірі қазақ халқы деп мақтанышпен айтуға бола ма? Алдағы күнде Қазақстанның 25 жылдық мерекесі болады екен. Сол мерекеге майдандағы қазаұ жігіттері мына секілді абырой әперген істерімен келді, - деп айтуға, жазуға бола ма?

2. Мен жайында өтірік-өсек таратушыларға тыйым салдырыңыз. Егер онда йадамдар шын ниетті азаматтар болса, менің қате-кемшілігімді өсек қатты-қатты, батыра-батыра сынасын, бетіме айтсын.

Сізден тілегім осы.

Сәлеммен Мәлік Ғабдулин

16. 11. 1945 ж.

Сәбит Мұқановқа

N 1

“Өткен айдың 26 күні Ленинград майданындағы Воровичи деген станциядан түстік те, Новгородқа қарай бет алып жөнелдік. Қазір Новгородқа қарай бет алып жөнелдік. Қазір Новгородытың батыс жағындамыз. Майдандамыз. Соғыс қызу түрде болып жатыр. Жау қашып барады, біз қуып барамыз. Мың бұралып, тоқсан толқып тартылған музыканың ісем әнін тыңдап отырып ішкен тамақ бойға сіңімді келеді емес пе? Біз де сондай музыканың үнін естумен тамақтанудамыз. Ол музыка – бомбаның, снарядтың гүрсілі. Алғашқы кезе бұл музыканы есту қорқынышты еді, қазір үйреніп алдық. Майдан эпизодтарын күнделік етіп жазып жүрмін. Егер жоғалтып алмасам, сізге берем. Мүмкін бір кәдеге асар».

МӘЛІК

1.Х.41 ж.

N 2

«Мына антұрған мықты неме екен» деген сөз сізден таралып еді. «Мықты» деген сөзгер ерекше екпін бере айтушы едіңіз. Міне сол мықтыңыз мына біздер болып отырмыз. Мықтылығымыз сол – гвардиялық дивизия деген атақ алдық, талай сұрапыл соғыстарды, жойқын жорықтарда жаудың жан алқымынан алып, мытып-мытып жіберген кезіміз де болды. Сол үшін де дивизиямыз үкіметтен Қызыл Ту орденін алды және 8гвардия дивизиясы аталды. Осының өзі –ақ майдандағы мықтылығымызға берілген анықтама емес пе?

«Мықты» деген сөзден басталды ғой хатым. Сол мықты осы қазақ-ау деймін...Бір қатты соғыста атакаға шықтық. Сонда Батырбеков Құрман деген қазақ найзасымен 73 немісті шаншып өлтіргенін өз көзіммен көрдім. Мұндай мысалдар өте көп.

МӘЛІК

22 қараша 1941 жыл.

Жақсыбай Жантөбетовке

Жақсыеке! «Адам баласы сөйлескенше...» дегн бар ғой. Мен сізбен сырт таныс болсам да, сыр алысып сыпайылық көрсеткен адам емеспін. Тіршілік болып жолыға қалсақ, сәлемдесетін де, сөйлесетін де уақыт болар. Бұл хатты жазып отырған кім еді деп таңданып жүрмеңіз. Бұл хатты сізге Мәлік қазақ майданынан жазып отыр. Атымды айтумен алдыңызға бас иіп, інілік сәлем беремін, қабыл алыңыз. Майданда жүрсек те елде шығатын қазақ газеттерін алдырып оқып тұрамыз. Жуырда «Социалистік Қазақстанда» Сіздің «Мәлік батыр» атты хикая-жарыңыз басылды. Оқып шықтым. -Осы жазғаным ұнай ма?- дейді ғой ақындар. Бұл сұрауды сіз де маған қойып, менің пікірімді іомек болғыңыз келетін шығар. Мен мынаны айтар едім: «Мәлік батыр» деген дастанды жүрегіңізбен жырладыңыз. Ондағы оқиғаның аз да болса тиянағы менекенмін. Демек, бұл дастан сізге де, маған да ортақ. Олай болса өзің-өзің қалайша баға бере аласың. Тіпті мүмкін емес секілді. Сондықтан мен бұл дастанға ешқандай баға ьере алмаймын, оны жұртшылық айтар. Алайда менің айтарым мынау:

Қазақпыз, батыр елдің баласымыз,

(Бұл сөзге жоқ та шығар таласыңыз) Халқы үшін қан төккен бағлаандары Маржандай жырға қосып аласыңыз. Тегін айтылмаған болар. Міне, бүгінгі майдандарда да қазақтан неше алуан батырар шықты. Бұлар да батыр бабаларының үлгісінде жауға қарсы күресіп, ерлік жасап жүр. Меніңше, біздің ақындарымыз осы күнгі батырларды әлі жырлап бере алмай келеді. Сондықтан Қобыланды, Ер Тарғын секілді жырлар жазылса, қандай жақсы болар еді. Бұл жөніндегі тырнақ алды еңбек сіздікі секілді. Мұныңыз өте жақсы. Жағдайыңыз болса, осы бағытта тағы да бірнеше жырлар жазуыңызға тілектеспін. Ұлы дүбір, зор майдан қан кешуде,

Айқасқан жауға қарсы белдесуде.

Ел намысын бермеген батырлардың –

Ісін айту – міндеті ақындардың! – дегім келіп отыр. Кешегі жағалай шабыс, құба қалмақ атанған заманда ел ырысының шырайына ойран салмақ болған басқыншы жауға қарсы талай қазақ батырлары аттанған емес пе еді. Бұл батырларп ер намысын нанға сатқан жоқ, олар қаһарлы ашу мен намысқа жанып алды да, қас жауына қарсы шапты, жауының тас-талқанын шығарды. Еліне бақыт, еркіндік әперді, олар мұны мықты қорғады. Асылы, ел қорғаны ері ғой.

Өз жайым – майдандамын, аман саумын,

Шебін бұзып барамыз сұмырай жаудың.

Інілік сәлем жолдап хат күтемін,
Сайраған бұлбұлына Алатаудың.

Сізді құрметтеуші
Ініңіз Мәлік Ғабдоллаұлы деп білерсіз
27 сәуір, 1944 жыл

Қасым Шәріповке

Қымбатты Қасым! Өткен айда жазған хатыңды алдым. Жолдастардан хат алу, амандық жайды білісу көп қуаныш қой. Майдандағы жауынгерлер үшін қандай хат болса да көңілді бір желпіндіріп тастайды. Кейде бала көңілдісің, кейде ашуланшақ, қытымырсың, мұның бәрінің адамның психологиясына әсерін тигізетінін айтпасам да жақсы түсінесің ғой. Өткен хатымда “келесі жолы біраз жайды айтамын” деп уәде берген сияқты ем. Оларға тоқтайын. Өзің білетін жолдастардан барымыз-Тоқтар, Балтабек, мен, Мұхамедияров дивизияға комиссар еді, енді орынбасар. Капров – басқа бір құрамада командир, басқамыз жаңа адамдар. Алексей жақында дивидендант болып тағайындалды. Сонда ңстеп жатвр. Балтабек екі рет, “Қызыл Жұлдыз” орденін алды, Бақтияр батыстағы қызметі үшін “Жауынгерлік ерлігі үшін” медалін алған, ал “Қызыл Ту” орденіне майданда ұсынылған еді, Хабары белгісіз. Өзіңмен қоштасқаннан кейін мені автоматшыларға политрук еткен, талай қиындықтарды бастан кешірдік. Политрук болып ақпанның жиырмасына дейін істедім. С 20.11 по 1 мая работал военкомом 2 батальона, а с мая работаю агитатором полка. «Қызыл Ту», “Қызыл Жұлдыз” ордендерім алғам. Менің шимайсыз жүрген күнім бар ма? Қол тиген мезгілде «Социалистік Қазақстанға» ол-пұл жіберіп қоям. Жуырда «Менің майдандаас достарым» дегенді жариялады. Үшінші санындағысын оқыдым. Қол тимейді, әтпесе жазатын нәрсе көп қой. Көп материал бомбаның асытнад қалды да, өртеніп кетті. Тірі болсам восстановить етем. Мен жазушы болмасам да, ол-пұлың тарих үшін керек сияқты. Шұғаевқа көз болмасам да, ол-пұлың тарих үшін керек сияқты. Шұғаевқа көз қырыңды сал. Ол өте сабырлы, сыпайы, оқымысты. Қазақ халқы үшін қажет адам. Мүмкін штаб айналасына орналастыр. Жаңа Указ бойынша аттестация жүріп жатыр. Мені майорлыққа жіберіпті. Қасым-ау, осы өзің көргенде мен томпиып отырып, тостаған босататын адам сияқты ем. Қазір мінез де, характер де тугел өзгергенге ұқсайды. Ашу-ыза т.б. маған үйір болып алды. Қызып кеткенде, екі көзге қан толғанда жауды жайрату қызық болады да тұрады. Бірқыдыру әңгіме осы. Тағы хат жазамын. Амандықпен жолыққанша, хош-сау бол. Сақтағанға, жолдастарға көп сәлем.

МӘЛІК

1942 жыл, 16 қазан

Сәрсен Аманжоловқа

Сәке! Сырт хабарға қарағанда жаңа орынға, Мәскеуге келген секілдісіз. Орныңыз құтты болсын. Мен сізден хат күтуші едім, бірақ үндемей жатырсыз. Мұның мәні қалай? Мәскеуге келген адам майданда жүрген жаман-жаман інілерін ұмытып кетер болмас. Мен аман-саумын. Қызмет те, тұрмыс та бір жағдайда. Елеулі өзгерісім жоқ, айдап жүріп жатқан жай бар. Жаңа наркоматтар құрылып жатқан щығар. Бізде кімдер бастық болады екен? Қазақстанның НКО-сында политуправление, газет, соғыс баспасы болу керек шығар. Оларға адамды майданнан алдыра ма, әлде тылдың өзінен қоя ма? Меніңше, майданда болып, соғысқа қолма-қол енген адамдарды наркоматқа апарып қойса, қандай жақсы болар еді. Бұлар соғысқа қандай адам керек екенін біледі, соғысқа сай кадр даярлауға күш салар еді. Бұлар соғысқа қандай адам керек екенін біледі, соғысқа сай кадр даярлауға күш салар еді. Және де майданнан барғандар қазақ халқына соғыс өнерін жаюға кірісер еді. Ал наркоматқа тылда жүрген тыраштардан қойса, олар не жарылқар дейсіз? Сонан соң саясат қызметіне политработаға майданнан алған жөнақ армия майдан көлемінде. Соларды шақыртып алса жақсы немесе солардың орнына тылдан кісі жіберіп , ауыстырып алса да оңды болған болар еді. Барлық жаңалықты сендерден күтем. Қазақпыз ғой, сонан кейін де сөзіміз көп бола береді. Айып етпессіз. Өзіңіз диссертацияңызды не істеп жатырсыз? Таныстарға сәлем.

Сағынған ініңіз МӘЛІК. 23. ІІІ. 1944 жыл.

Қадірлі СӘКЕ!

Бұдан бір-екі бұрын мен сізге бір ашық хат жазып жіберген едім. Онымды алған боларсыз. Біздің жұмысымыз сізге белгілі ғой, уақыттың көбі командировкада жүрумен өтеді. Бүгін тағы да 20 күндік командировкаға жүріп барамын. Бұл уақыт аз десе 5-10 күн қосып ұзарта салатын әдет көп қой. Менің сізден сұрайын дегенім диссертацияңыз не халде? Соны жазып жіберңіз. Болашағын ойламайтын адам болмайтын шығар? Диссертация жазу қандай жақсы. Осыны мен де ойлаймын. “Күш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ” деген ғой. Тірі болсам жақсы бір диссертация жазуды ойлаймын. Соңғы жолы командировкада болғанымда көп материал жинадым. Байқауымша, адамға ана тілі, поэзиясы көп әсер етеді екен. Атакаға аттанар алдында өлеңмен жолдастарын ұрысқа шақырған жігіттерді көрдім. Кецбіреулерінің өлеңдерін жазып та алдым. Әрине, көркемдік жағы оларда кем болса да, мазмұны, идеясы күшті-ақ.

Өзіңіз үйден хат алып тұратын шығарсыз. Жағдайлары қандай екен. Менен сәлем айтыңыз. Саян биыл сабаққа баратын болар? Басқа айтар сөз жоқ. Егер білсеңіз Мұсабаев Ғайнетденнің адресін жіберіңіз. Аманшылықпен көріселік. Інілік сәлеммен МӘЛІК.

2. ІХ. 1944жыл.

Құмаш Нұрғалиевке Құрметті Құмаш! Ел үшін, халық үшін жасаған еңбегің аса жоғары бағаланды. Үкімет саған «Еңбек Қызыл Ту» орденін тақты. Осы үлкен награда, зор қуанышынды құттықтап, шын көңілден ағалық қайырлы болсынымды айтамын. Көп жаса! Бақыт пен абырой басыңнан кетпесін! Бұл орденнің өзіңнің ғана емес, келін мен балаларыңның, халқыңның мақтанышы бола берсін! Сенің үлкен наградаңа шын қуанып отырмын. Кеше майдан ері едің, бүгін еңбек ері болғаныңа мақтанамын. Өзімнен, үй-ішімнен саған, келінге көп сәлем! Өзім 1963 жылғы ақпаннан бері Қазақ ССР Ғылым академиясындамын, мұнда М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі міндетін атқарып жүрген жай бар. Ден сау, тұрмыс жақсы, жұмыс көңілді. Құшақтап қолыңды қыстыс.

Ағалық сәлеммен
Мәлік Ғабдуллин.
1966 жыл, 13 қазан

Сәуірбек Бақбергеновке

Құрметті Сәуірбек!

«Қарға тамған қан» атты романының қысқартылған түрін «Жұлдыздан» (N 2, 1967) оқып шықтым. Енді ол туралы өзіңе арнайы хаь жазып, ойға келген кейбір ақыл-кеңесімді білдіруді жолдастық борыш санадым. Артық кетсем, айып етпе, кешірім ет. Менің мақсатым – романның сәтті шығуына жәрдемдесі, көмектесу. Осы ретте айтқалы отырған пікірімді (әрине, өзіңе ұнағандарын) романыңды баспаға берер алдында, қайта қарап өңдегенде есіңе алсаң, мен жолдастық борышымды орындар едім. Және де алдын ала ескерте кетейін. Мен романыңның толық түрін оқыған жоқпын. Сондықтан айтқалы отырған кейбір ақыл кеңесім романыңның толық түрінде іске асқан да болар. Оның зияны болмас. Ең алдымен, бүкіл дүние жүзіне ерлік даңқы шыққан панфиловшылар туралы роман жазғаның, қияға қол сермегенің аса қата қуантты. Тәуекел еткен бұл талабыңа шын көңілден құтты болсын айтам, сапарыңның сәтті болуын тілеймін. Сен осы шығармаңдды «Роман» деп атауың арқылы өзіңе жауапты да ауыр жүк алып отырсың. Бұл бір. Екіншіден: романыңды панфиловшылар өмірін көрсетпек болуыңмен жақсы жауапкершілік пен жүгіңді тіпті үлкейтіп жібердің.

Демек жүк ауырын нар көтерер дегендей , осындай үлкен роман жазуға дайындығы, қабілеті бар жазушы екендігіңді аңғартып, соған белді бекем байлап отырсың. Міне, бұларың маған қатты ұнайды. Молодец! Енді саған қояр тілектерімді айтайын. Олар мынадай: 1. Романыңда жауынгерлік, ерлік дәстүр (боевая традиция) дегенді кеңінен көрсетсең екен. Панфиловшылардың Мәскеу түбінде жасаған ерліктері кеңінен қалай дамығандығын суреттеп бергенің жөн. Ол үшін панфиловшылардың соңғы шабуылдарда жасаған ерліктерінен эпизодтар берілуі шарт. Бұл міндетті екі-үш мерген арқылы бейнелеу жеткіліксіз. Жау қамалын қиратқан, қиыннан жол салған, тағы осындай көп ерліктер жасаған жауынгерлер мен командирлер романда айқын көрінуге тиіс. 2. Соғыс өміріне жетілген, ақылға сара іс істеген айбынды, бұйрықты орындауды (қалай, қайтып, қандай әдіспен) ұйымдастырған, жауынгерлерді ерлікке үйреткен, соған бастағн командирлердің образын бер. Осы ретте бөлімше, взвод, рота, батальон командирлері дараланып көсетілуі қажет. Бұларды обобщение түрінде, типтік дәрежеге көтере жаз. Сондай-ақ жеке жауынгерлердің ерліктерін есіңнен шығарма. 3. Командирлердің, әсіресе ұрыс жоспарын жасайтын штабистердің пікір таласы, ой-өрісі айқан көрініп отырсын. Айбынды бұйрықты орындау және оны жүзеге асыру жолын, әдіс-айласын ақыл-ойға сала белгілеу-бұл творчестволық іс. Осы ретте бастық командир мен бағынушының (бұйрықты орындаушының) арасында талас та болуы мүмкін, әрбір командирдің өзіндік беті, ойы, инициативасы болады ғой. Бұған сәйкес командирлерлдің арасында бір-бірімен келіспеушілік, сәтті шығатын жайлар болады. Мұны есіңе ал. 4. Партия, комсомол ұйымының, жеке коммунистер мен комсомолецтердің ісін, ұйымдастырғыш көрсет. Оларсыз ешбір ұрыс нәтижелі болған емес (Романыңда бұлар жоқ па деймін). 5. Тыл мен майданның байланысы дегенді байланысы дегенді ойлан. Бірақ мұны басқа жазушылар секілді оңайлатпа. Типичное обстоятельствода ал. 6. Солдат ойы, оның махаббаты, сағынышы, алдағы күнді ойлауы дегендербасты тақырып, ән-күй, өлең туралы айтылуы керек. 8. Жау (фашист) адамдарының образы берілсін. Жаудың қандай ойда екенін аш (Мұны жаудан алынған штабтық документтер, «тілднр» арқылы деуге болады ғой). Осы ретте екі жақтың ой таласын суреттеген ұтымды болар еді. Мұны идеологиялық тартыс-күреске әкеп тіресең және содан шығарсаң дұрыс болар еді. 9. Халықтар достығы, жауынгерлер достығы дегендер романда айрықша орын алсын. 10. Досовтың Бугеевпен қақтығысуы, сондай-ақ Досовтың мергендерге үйретуші болуы түсініксіз.

Хатымды осымен аяқтаймын. Жоғарыда шын көңілден айтылған тілегімнен басқа да айтарым бар еді, оны ауызша айтармын. Деніңіз сау болуына, романыңның сәтті шығуына шын жүректен тілектеспін.

Зор құрметпен
Мәлік ҒАБДУЛЛИН.
16.ІІІ. 1967 жыл.

Сәдуақас Серкебаевқа

Құрметті Сәдуақас!

Көптен бері хат жазбаған айып менде, жұмыс көп болды. Соңғы хатыңды алдым. Өзіңе айтарым мынадай: өзің туралы бір кішкене очерк жаздым. Жаман шықпаған сияқты. Ертең машинисткаға бергелі отырмын, бір данасы өзіңе жіберермін. Өзіңнен алған материалдың біразын пайдаландым. «Очеркім қалай шықты?» дегенді өзіңнен сұрармын. Майдандағы ерліктеріңді түгелдей қамту мүмкін болмады, тек елеулі дегендерін алдым. Қысқасы, очеркті жақында аласың. Оны оқы да пікіріңді айт, өзгерту керек деген жерлерін көрсетерсің. Бір нәрсе есіңде болсын: менің жазғаным тарихи документ емес, очерк қой. Сондықтан деген де болды, әңгімелеу керек болды. Очерктің қолжазбасын өзіңе жақында жіберем. Пікіріңді кешеуілдетпессің. Өзім үй-ішімізбен аманбыз. Назия жеңгең де, балалар да өздеріңе сәлем жолдап отыр. Ұлыма енші беріп, жеке үй етіп шығардым, пәтер әпердім, үйлері жақсы. Кеше жер қозғалды ғой, одан амансыңдар ма, біз аманбыз.

Апаңа, Нұрекеңе, балаларыңа көптен-көп сәлем
Зор құрметпен МӘЛІК.

6. VІ. 1970 ж.

Шерхан Мұртазаға

Құрметті Шерхан!

«Бұлтсыз күнгі найзағайың» туралы талай жолдастарың пікір айтып, ойларын алдыңа тартқан да болар. Сондай аздаған ой-пікірімді мен де саған осы хат арқылы өзіңе білдіргелі келіп отырмын. Ағалық адал көңілмен, ақ ниетпен білдіргім келеді ойымды. Сондықтан ащы айтылған, қатты естілетін сөздерім болса, оларды ағаңның қамқорлығы дегейсің. Мен өмірімде біреуді жамандаған жан емеспін. Мүмкіндігіне қарай әділ де турашыл болуды өзімнің азаматтық борышым деп білемін. Бұл бір. Екіншіден, қамқоршыл аға еш уақытта інісіне обыл, қиянат жасамайды, адалынан жаралады ғой.

Менің саған жазып отырған ой-пікірімді де осы айтылған тұрғыдан түсінуіңді сұраймын. Ал кейбір түсінбегендіктен туған басы артық сөздер болса, оныма алдын-ала кешірім сұраймын. Енді негізгі сөзіме көшейін. 1. Алған тақырыбың, алдыңа қойған мақсатың, бүгінгі жастар өмірін суреттеуді нысана етуің – тек құттықтауды ғана керек етеді. Бұл жөнініде саған «Жігітсің! Молодец!» деймін. 2. Тілдің әдемі, тартымды, көркем. Бұған 5 деп баға қоюға әбден болады. 3. Осы повесің маған аяқталмаған, бітпеген, әлі де көп өңделетін, жаңадан жазылатын, толықтырылатын жерлері бар сияқты болып көрінеді. Менің осы түсінгім дұрыс болса, повесіңді қайта қарастыратын болсаң, онда бір жайларды еске алуыңды керек дер едім: а) Басты кейіпкерлеріңді өмірдегі адамдары секілді етіп кейіптейсің. Мына қалпыңда Нариман, Захар, Таң-Шолпан, Наташа, Үсен т.б образ ретінде шықпай жатыр. (А штрих пен Сәлиманы жақсы көрсеткен екенсің). б) Нариман жасаған проектінің мәні, экономикалық маңызы көрінбейді. Осы проект оған оңайға түскен жоқ, талай түндер, күндер толғанумен болды емес пе? («Далеко от Москвы» -дағы проектіні еске алшы). Бұл проектыға Захарды ортақтастыра салуыңа қосылмаймын. Захардың бастығының мектеп көлеміндей ғана білімі бар екен, ал оған мынадай үлкен техникалық білімді керек ететін проект жасау қиын болар. 1. Ойда қалатын. Көз алдыңда тұратын, ұмтылмайтын картиналар, эпизодтарды беру керек. Ондайларың жоқтың қасы. 2. Сембайдың осындай халге жеьуіне себеп не? Әйтеуір, жағымсыз етіп біреуді көрсету керек қой дейтін болсаң, оныңа мол дәлел келтір. Жағымсыз қылығы, ісі дәлелденсе бұл табысың болар еді. 3. Хамзинді мансапқор, реакционер, консерватор, басқаны көре алмауы, қызғаншақ етіп көрсету үшін біраз штрихтар керек екен. Проект мәселесінде Нариман (Захар) Хамзинге қарсы ашық пікір таластырса, білім таластырса, сөйтіп, оны жеңсе... –ұтымды болар еді. 4. «Меня» деген цитата-өлең бес рет қайталанады. Неге олай? Қайталау дейді, шығарманы әлсіретіп жібереді. 5. 77-бет. Жоғарыдан санағанда 4-абзац «Жалғыз шыбын» деп басталады. Соның екінші сөйлемі өте дөкір. Саған, тіл шеберіне, мұндай сөйлемді жазу жақсы емес. 6. Қара төбеттің ұлуы, мысықтың жасыл көзі көп айтылады екен. «Қой енді, жаным» (54-55), «Көтер басыңды, еңсеңді түсірме» (70) дейтіндер адамның сезімінен туатын болсын. Бұл жерде жаңағы сөздер көңіл айту орнында жүр. 7. Нариманның анасы, інісі қайда? Олармен байланыс жасау керек. 8. Карьерді әдемілеп суретте. Көз алдымызда тұрсын. Повесіңді оқып шыққанда ойға келгендер осылар еді (Басқасын ауызша айтармын). Бұлардың өзіңе керектілері болса, есіңе аларсың. Ағалық құрметпен Мәлік ҒАБДУЛЛИН. 30. VІІІ. 1965 ж.

Медеу Сәрсекеевке

«Құрметті Медеу! Біз бір-бірімізді сырттай болмаса жақын жуысып білмейтін болуымыз керек. Оның оқасы жоқ. Мен бүгін Сізбен танысып алдым, сондықтан да осы хатты жазып отырғаным ғой. Сізбен танысуыма себеп болған...»Жұлдыз» журналында...шыққан әңгімехикаяңыз болды. Ғажап дүние екен. Шын көңілден құттықтаймын, Сізге бұдан былай да жемісті еңбек тілеймін. Сюжет құруыңыз, тіліңіз әдемі екен. Менің сізге берер кеңесім: ...шығармаңызды осы күйінде әңгіме түрінде қалдырмаңыз. «Жизнь замечательных людей» дәрежесіне көтеріңіз. Қаныштың өмірін ең кем дегенде үлкен-үлкен екі том етіп жазыңыз (І-кітапта: Қаныштың өмірін балалық шағы, оқудағы кезі, студьялық қызметі, студенттік өмірі т.б. ІІкітап: Қаныш – Жезқазғанда, Қаныш – инженер, Қаныш – Қазақстанның кен байлығын зерттеуді ұйымдастырушы және бұл іске тікелей қатысушы. Қаныш – ғалым, академик, президент, мемлекет қайраткері, нағыз Азамат). Қысқасы, Қаныш жайында бір әдемі көлемді шығарма күтеміз сізден. Хат жазып мазаңызды алғаным үшін кешірім етіңіз.

Зор құрметпен
Мәлік ҒАБДУЛЛИН.
5 сәуір, 1972 жыл.

* * * N 1

Айтпақшы, журналдағы әңгімеңізді «сосын» деген сөзді көп қолданады екенсіз. Бұл бір нәрсіз сөз ғой. Оны қайталай бермеңіз дер едім. Өзім Қазақ ССР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институнда бөлім меңгерушісімін. Қызмет телефоным: 9-11-39. Сіздің адресіңізді Балташтан алдым» .

Әрине, Батыр ағаға іле шала жауап хат жолдадым. Онда өзімнің біраз жылдан бергі ізденісімді, жиған терен деректердің көлемі мен жай жапсарын айта келіп, соларды ғұмырнама кітап етіп жазып шығуға бөгет болып жүрген кейбір кедергілерді де бүккем жок ты. Бір аптадан соң Мәлік ағадан тағы да хат алдым.

Медеу Сәрсекеев

N 2 «Құрметті Медеу!

Әуелі келісіп алайық: мен сенен жиырма жас үлкен екенмін. Сондықтан өзіңдң «Сіз» , «біз» демей, «Сен» , «мен» деп атасам, солай жазсам-оным тәкәппарлық емес, жақын тартқаным, бауырға санағаным болмақ. Мұны осылай түсінуді сұраймын. Бұған келістік пе? Хатыңды алдым. Қанекең туралы жазатының, жазып жүргенің сәтті шығуына тілектеспін. Кейінде қолжазбаңмен таныстырарсың, оны оқып, қолдан келген көмек-кеңесімді беруге мен даярмын. Осы еңбегіңе байланысты екі ұсыныс айтайын: 1. Қанекеңмен қызметтес, жолдас болғандар да азайып барады. Қазірде барлары: Әлкей (Марғұлан), Әбікен (Бектұров), Шафик (Чокин), Саид Сейфуллин (Жезқазғанда Қанекеңмен бірге істескен), Нәйлә (Базанова), Сақтаған Баишов, Арап Ғаббасов, Мұхамеджан Қаратаев, Ақжан Машанов, Лұқпан Қылышев, Ғайнедден Мұсабаев, Өмірбек Оспанов сияқты ғалымдар. Бұлармен жолығып (мүмкіндігіне қарай) материал алғаның жөн. Ал Михаил Иванович Горяев пен Илларион Григорьевич Галузо есіңде ерекше болсын. 2. Қанекең – ғалым, мемлекет қайраткері ғой. Осы ретте мына бір фактіге айрықша мән бере жаз. Ол мынадай: а) Қанекең академияға президент болып тұрғанда шетел адамдарын көп қабылдап, оларға патриоттық мақтанышпен Қазақстан туралы әңгімелеп беретін еді; б) 1947 жылы Қанекең КСРО Жоғарғы Советінің депутаттарынан құралған делегацияның мүшесі болып Лондонға барды. Міне осы арада сен қиял қанатына мініп, Қанышты Англияның кейбір кәрі лордтарымен кездестір. Сол лордтың біреуі қазақты, қазақ жерін білетін болсын, тіпті Риддер мен Жезқазғанның кең байлығын иемденген Уквардтың тұқымына советтік заманда алға басқанын, табысын білсін, Қанышты көріп таңдансын. Бір кзде хат танымайтын надан қазақтың советтік дәуірде академик болып, бүкіл дүние жүзіне танылғанына күйінсін де таңырқасын. Меніңше, осы бір қызық сюжет. Ойланып көр, бұған керекті материалдар өте көп. Тағы да айтайын: Қанекеңе арнаған еңбегіңнің жемісті шығуына шын көңілден тілектеспін. Бұдан кейін таңы да бір тақырыптың құлағын шағарып кояйын. Оны жазуға да Медеудің қолынан келеді деген сеніммен айтайын. Ол тақырып : Мұхтар Әуезов. Ұлы ақын, жазушылар жайында жазылған шығармалар дүниежүзілік әдебиетте, орыста, көршілерде көп қой. Бізде де бар. Ол - “Абай”, Диханның “Ақын арманы”. Бұларды революцияға дейінгі ардақтыларымыз суреттеді ғой. Ал Медеу Мухаңды , советтік заманда бүкіл әлемге әйгілі болған Мұхаңды жазуы керек. Бұған Медеудің күші келеді деп білем. Әрине, бұл тақырыпқа бүгіннен бастап кіріс демеймін, ойыңда жүрсін, жоспарлай бер, материалдарын жинастыра бер деймін. Бұл болашақта бүкіл халықты қуанышқа бқлейтін туындың болсын. Хатымды ұзартып алдым-ау деймін. Оның айыбы болмас. Келе жатқан 1майың құтты болсын! Үй-ішіңе сәлем.

Ағалық ақ көңілден
Мәлік ҒАБДУЛЛИН,
17 сәуір, 1972 ж.

Қосымша, мен бұрын сенің еңбектеріңді жөнді оқымаған, артта қалып қойған қазақ екенмін. Соңғы жұмада төрт кітабыңды (ішінде фантастикасы да бар)оқып шықтым. Соларды оқып, “Мына қазақтың талағының биті бар екен, таланттың тұлпары болғалы тұр екен. Иллаhи солай болғай! Дай бердім”.

Сол 1972 жылдың күзінде Алматыға сапар сәті түстіә де, академияға іздеп барып, Мәлік ағайға сәлем бердім. -О, Медеу інім, келіп қалған екенсің ғой! Хош оның, деп, Мәкең мені қолтықтап алып, кабинетінің төріне әкеп отырғызды да, өзі қатарлас тұрған креслоға жайғасты. – ал, әңгіме айт, кімдерге жолықтың, кімді іздеп жүрсің? Кітабыңның неше тарауын бітірдің? Жзғаның қанша бет болды?... Құдды кеше ғана кездесіп айырылысқандай, көп жылдан бері жүздесіп жүргендей-ақ бірден бауырына тартып, соншама үлкен кісінің жатсынбай сөйлеуі менің де бетімді ашып, сірә, оған жақыендастарына түсті. Кеңседе отырып бір сағат шамасы әңгімелестік-ак деймін. Сондағы сұхбаттың ұзын-ырғасы бүгінде де көкейімде сайрап тұр: әлбетте, басыт әңгіме Қанекең туралы, ол кісінің қоршаған ғылыми орта хақында болған-ды: мені тежеп түрлі кедергілер жайында да пікір алыстық...

Бекежан Тілегеновке Құрметті Бекежан! Бұл хатымды арнайы түрде, өзіңе «сен» дей отырып жаздым. «Сен» дегенім: біріншіден, жасың кіші, інімсің, екіншіден, бұл сөз жақындықты білдіреді, көңілдің ақтығын білдіреді. Олай болса, «сен» дегеніме өкпелеме, «мәдениетсіз» деп сөкпе. Осыған келістік пе? Арнайы хат жазғанда, өзіңе айтайын дегенім мынадай еді. «Жұлдыз» журналының ғ 11 (1966) санында «Жанама жағасында» атты повесің басылған екен. Оқып шықтым. Екі нәрсеге көңілім толғанын айтаын: 1. Тілің әдем. Молодецсің, қазақ тілін, оның сөздік байлығын мол игеріпсің. Мақалмәтелдерді де көп біледі екенсің, оның да жақсы. Өзіңнің кейбір сөйлемдерің әдемі мақал болып шығыпты. Мұндай қаруы (тілі) бар жазушының жақсы шығармалар бермеске правосы жоқ. 2. Кейіпкерлерің даралана бастаған екен. Әсіресе, Серғазы мен Шегебай есте қалады. Нешауаны орынды айтатын Түгелбайың да нешауа екен. Сен повесіңді баспаға әзір ұсынба, біраз өңде, жақсарт. Сонда: а) Рахым образын күшейт. Оны іс үстінде көрелік... Қоғамға пайдалы жұмысқа араластыр. б) Қайырға байланысты эпизодты басқаша баяндап көрші. Оны былай етсе қалай болады: Қайырдың бір жолдасы (мейлі кім болса, ол болсын) Серғазыны көп жылдан кейін әдейі іздеп келеді, жазған хатты береді. Бұл келген кісі Қайырдың майдандас жолдасы, досы екен, ол Қайырдың ерлігін көрген, өз қолынан көмген. Кейіннен бұл кісі жаралы болады. Содан бері көп жылдар өтті. Жаңағы жігіт өзінің борышын өтеп, Қайырдың әкесіне баласының аманатын тапсырды, көп нәрсені айтып берді.

в) Гүлшатты да қоғамдық қызметке араластыр. Айталық, оны детяслиге не мектеп-интернатқа тәрбиеші етсе, болмаса басқа бір жұмысқа қатыстыр, үйде отырғызба. Нәзікенге де еңбек адамының сыйпатын бер, оны бір-екі штрихпен көрсетуге болады ғой. г) Шегебайларды баяғы қалпында дегендей боласың. Олардың характеріне өзгерістер енбеді ме? Және олардың бәрін жағымсыз алыпсың. Осыны ойланшы. Бәлкім, олардың бәрі бірдей емес (Түгелбай), араларында ескілекке қарсы бойкөрсете бастағаны (Түгелбай) бар болар. Бұл қарсылық сезімі советтік құрылыстың нәтижесі десең қайтер еді. д) Жанама бойын мекендеген (колхоз, совхоз) елдің қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін айтқан жөн. Саған бұл хатты жазбай тұрып, «Лениншіл жастағы» жігіттерден адресіңді көрінсе, кешірім ет.

Ағалық құрметпен
Мәлік ҒАБДУЛЛИН

5. ХІІ. 1966 ж.

Рамазан Тоқтаров Бауырым Рамазан! Жаңа жылың құтты болсын! Жаңа жылда творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе тілектеспін! Мен саған бұдан бұрын хат жазған қазақ емеспін. Ал осы хатты жазуыма өзіңнің «Тундра дәптерің» («Жалын» , 1971, N 6) себеп болды. «Дәптерің» ғаламат жақсы дүние екен. Осы еңбегің үшін ағалық ақ көңіліммен құтты болсын айтам. Мың да мың рахмет за чудесное произведение! Шынымды айтайын, «Жалынды» қолыма алғанда: - Рамазанның осы сапарнамасында не бар дейсің? – деп ойладым. «Дәптеріңді» оқып шыққан соң жаңағы ойымның қате, теріс екенін түсіндім. Бұл «Дәптерің» жеке кітап болып шығатын болар. Сонда смына бір нәрселерді есіңе ал дер едім. 1. Тундраның не екенін айтыңқыра (Ол үшін өзіңнің сол арада бір жұма болғаныңды айтпай-ақ қой). 2. Ненец халқы туралы айтыңқыра, историко-этнографические әңгімерлерді айтыңқыра (тұрмысы, салты, тархы, әдет-ғұрпы т.б) молырақ келтір. 3. Ақ құр (93-бет) жайы ғылыми-фантастика негізінде баяндалса, қандай жақсы болар еді. 4. Чумды молырақ суреттеп бер. 5. Вануйто Инзуды біраз көтерсең дұрыс болар еді. Сен оны майданда қазақтармен кездестір, дос етіп жібер. Инзу секілді бір мерген бізде болған. 6. «Автор өзі суреттеп отырған нәрседен мүлде қалыс тұруы қажет» (80-бет) дейсің. Және «Иә, нені болсын алыстан, мәңгілік алыстан тұрып бақылай білу керек» (82-бет) дейсің.

7. «Ақ қарға шағылысқан күннің сәулесі көзді ауыртады» (82-бет) дейің. Ауыртады ма, әлде қариды ма? 8. Қыс күні «қара боран» (84-бет) соқпаса керек. Бұл айтылғандарды ескерерсің деймін. Тағы да таудай жаңа туындылар күтеміз.

Зор құрметпен
Мәлік ҒАБДУЛЛИН.

31. ХІІ. 1971 ж.

Мұхтар Мағауинге

Мұхтаржан!

Сақалың мен мұртыңды

Жыл бойына өсірдің.

Таң қалдырып жұртыңды,

Сұлуланып көсілдің.

Әдемі бұл жігіт деп

«Старшийға» өткіздік.

«Нағыз ғалым жігіт» деп,

Мақсатыңа жеткіздік.

Жаңа Жылда, бауырым,

Алып таста сақалды.

Разы болсын ауылың.

Шығартпа сен миақалды.

Жаңа жылдық тілегім,

Шарықта ғылым өріне!

Еңбегіңмен әлемге,

Көріне бер көріне.

Мәлік – «халық ақыны
Жартыбайдың шәкірті».

30. ХІІ. 1971 ж.

Ақселеу Сейдімбековке

N 1

Қымбатты Ақселеу! Біз бір-бірімізді танымаймыз, көріспеген де болармыз. Солай болса да ағалық ретімен өзіңе осы хатты жазып отырмын. Айтайын дегенім мынау еді. Мен сенің жазғандарыңды үзбей оқып отырам, сүйсініп отырам. Мақтанғаным емес, шыным сол: мен сені «Комс. Правданың» Пешковы секілді көрем, сондай болуыңа шын көңілден тілектеспін, сәт тілеймін. Ал қазақ жеріне мекендейтін құс, аң, жәндіктер дүниесі де қызық қой.

Бұлардың бәрін айтып жатқаным – солар жөнінде жаз деу. Осы ретте қазақстандық орыс жазушысы М.Зверевтің еңбегі неліктен бағалы екенін есіңе алғайсың. Өзім Қазақ Академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында істеймін. Хабарласқың келсе, сөйлесуге мен дайын. Артық кеткен жерім болса айып етпе. Өзіңе творчестволық көп жеңіс тілеймін. Ағалық құрметпен Мәлік ҒАБДУЛЛИН. 14. І. 1972 ж. N 2

Бауырым Ақселеу! 30. І. 72 ж. жазған хатыңды алдым. Жауап бергшеніңе көп рахмет. Ал хатыңа жауабымды кеш қайырып отырмын, «жұмысбастылық, қол тимей қалды» деген сияқты сылтаулар болады ғой мұндайда. Менде де сол сылтау болуы ықтимал, ол үшін кешірім еткейсің. Мен – өзіңді жүзбе – жүз көрмедім-ау деймін, қалай болса да ескі таныстар секілдіміз. Оған бір мысал: Біздің институтта кіші ғылыми қызметкер юолып Рақымжанов Теңізбай (Тышқымбай – шын аты болса керек) істейді. Ол екеуің қатарлас оқып университетті бітірген екенсіңдер. Сенен хат алғанымды, алдыңда саған хат жазғанымлы, сөйтіп талантты жас журналистпен танысқанымды айттым мен оған. Мен «Лениншіл жас» газетінде істеп жүрген кезімде, - деді Теңізбай,- Сіз Ақселеуге хат жазған болатынсыз, онда құс салу жайындағы очерктерін құптап мақтаған едіңіз (Мен мұны ұмытып қалыппын). Қысқасы, екеуміз ескі таныстар болып шықтық. Аға ініні, іні ағаны сыйлап отырса – адамгершілік ұпайы түгел ғой. Иллаһи, солай бола берсін делік. Өтірік мақтады деме (менде ондай мінез жоқ), шыны сол: сенің жазғандарың маған (маған ғана емес болар) қатты ұнады. Жазғандарыңнан ғажап та қызық өмірдің бір бөлшектерін елестеткендей болам. Олардың әдемі бояуларымен көз тартқызды. Тілің қандай тәтті. Үлкен жазушы (журналист ғана емес) болатын жас жігіттің талантын байқатып келесің. Соныңа қуанам. Жаза бер, «Ұра берсе құдай да өледі» деп жазба, нағыз талантыңды көрсете жаз. Енді мен сеннен бір әдемі очерк күтетінімді (егер бұл тақырыпқа жазып қойған болсаң, қайдан оқу керектігін көрсметерсің) айтайын. Орталық Қазақстанда (Қарағанды, Қызылордаға дейін) ақ бөкен (соны жайран дей ме, әлде қалай) көп болады ғой. Осы жануардың тіршілігі ғаламат қой. Соңғы кезде кей жерде «ақ бөкен көбейіп кетті» деп төлін өргізу мағынасында) жаз болмас» деген сөз де бар. Сәуір-мамыр кезінде сол ақ бөкенмен (егер мүмкіндігің болса) танысқаның, ал қыс айларында оның тіршілігін білушілерден сұрап білгенің жөн болар еді. Содан кейін бір әдемі очерк әңгіменің құлағы көрініп қалар еді-ау. Мұны мен саған міндетті түрде жазуың керек демеймін. Ыңғайыңа қарай көрерсің. Екінші, 1930-1935 жылдары ҚазПИ-дің студенттері Қарағандыда практикада болатын (онда мен де болдым). Негізгі жұмысымыз жұмысшылардың

сауатсыздығын жою (т.е. оларды оқытып хат таныту), мәдени ағарту істерін жүргізу. Біз ғ 1, 18 шахталарда болдық. Онада қазақ жұмысшылары революциялық істерге араласқан шахтерлер болды, ақын еді (оның өлеңдері аукадемияда сақтаулы, ол жайында марқұм Ысмайылов Есмағамбет көп мақалалар жазып еді). Бұлардың еске ала айтайын дегенім: ескі Қарағанды мен жаңа Қарағандыны (әрине, алдымен адамдарын) бейнелейтін серия очерк әңгімелер (рассказов дегенім ғой)жазуды алдағы жылдардың жоспарыа енгізіп қойғаның да дұрыс болар еді. Суретті фото болуы шарт. Айналайын Ақселеу! Жаман ағаң хатын мылжыңдатып жіберді. Ол үшін сөкпе. Осымен тоқтайын. Әміренің домбырасын жасаған кісі және сол домбыра туралы материалды «Ленинщіл жас» газетінен күнде күтем. Болып қалар. Келінге, балаларыңа, басқа да ағайларға көп сәлем.

Ағалық құрметпен
Мәлік ҒАБДУЛЛИН.
9.11.1922 жыл.

N 3

Бауырым Ақселеу! Бірінші хатыңа жауап бергеніме бір айдан асты. Оны алдың ба, жоқ па білмеймін. Сонда біраз ақыл-кеңесімді айтқан едім. Ал осы хатымды бұдан бір жұма бұрын жазбақ едім, қол тимей қалды. Айтаын дегенім: «Тұмақ киген түлкің» туралы еді. Бұл халық арасынан көп тараған күлдіргі сөз ғой, соның біреуін Бейсембай Кенжебаев пен Нысанбек Төреқұлов құрастырған бір жинақтан (атын ұмытып қалдым) оқығанбыз. Мұнымен сен неге оны қайталадың, жаңалық емес қой дегелі отырған жоқпын. Бір әңгіменің, бір сөздің толып жатқан варианты болады. Соның бәрі қымбат, соларды жинап баспа жүзіне шығара бергенің игілікті іс болмақ. Өткендегі хатымда Қарағандының N 1 шыхтасы және ақ бөкен туралы ойлан, материал жина да жаз дегенді айтып едім. Енді бүгін өзің білетін шаншарлар туралы, олардың күлдіргі, әзіл-оспақ, қырған қызыққа батыратын қулықтары жайында жаз, солар есіңде жүрсін дегім келіп отыр. Бұлай деуіме «Тымағың» себеп болды. Хат салып тұр. Үй-ішіңе сәлем. Келінді келе жатқан 8 наурызымен құттықтаймын. Ағалық құрметпен МӘЛІК. 5. ІІІ. 1972 ж.

Қадыр Мырза Әлиге

Құрметті Қадыр!

Бауырым, мен сенімен сырттай таныс болғаныммен сырласың емеспін. Сондықтан саған арнап жазып отырған бұл хатымды егде ағаның ежіктемесі деп қарайсың ба. Әлде қамқор көңілді қанағаттанғандық белгісі екен деп қарайсың ба – ол арасын өзің біл. Иә, біз сырлас емеспіз, жақсы таныспыз. Мені сенімен таныстырған өзіңнің жырларың, жинақтарың, кітаптырың. Мен сенің оқушыңмын, оқырманыңмын. Жазңғаныңды жібермей оқитын қазақтың бірімін. Жүрегіңді жарып шыққан жарларыңды оқығаным жайында және одан алған әсерлерімді бұдан бұрын еш жерде айтқан да, жазған да жан емеспін. Бұл жөнінде енді бүгін ғана өзіңе хат арқылы көңілдегі ағалық ойымды акйтқалы отрмын. Бұлай етуіме себепкер болған да өзіңсің. Атап айтқанда, «Лениншіл жаста» (14.2.69.) жарияланған өлеңдерің осы хатты жаздырып отыр. Сонда айтайын дегенім – қуанышымды білдіру еді. Шынымды айтайын: газетке жарияланған бұл өлеңдерің мені қатты қуантты, шаттық сезімге бөлегендей болды. Өлеңдеріңді оқып шыққан бойда: «Әй-да, молодец! Міне, ақын! Міне, жігіт!» деген сөздер ғана ойыма орала берді. Осы өлеңдеріңнен сенің тағы бір шыңға көтерілгеніңді көргендей болдым, ойың өсіп, ақындық өнеріңнің мұнаралап кеткенін байқадым. Тағы бір шындығымды айтайын. Сен бір қленіңнен екіншісіне дейін, бір жинағыңнан екіншісіне дейін үдете өсу үстіндесің. Бір қалыпта қалмай құйындата самғаудасың, биіктен биікке, асқардан асқарға көтеріліп барасың. Осының қуанам, риза болам. Қуана отырып Тіл көзден сақ боласа екен, өскен үстіне өсе берсе екен деп тілек тілеймін.Оқушы қауымды сонын ішінде мен де бармын ойлылығымен қуантып жүрсің. Сенің әрбір өленіңде басқа құрдастарыңда аз кездесетін үлке ой, тұжырымды түйін жатады. Сол ой мен түйінді балдай тәтті тіліңмен аындық асқар өнеріңмен оқушыңа әдемілеп жеткізе білесің. Мұндай дәрежеге ие болу тек ғаламат ақындардың ғана қолынан келетін білеміз. Сен сол дәрежеге ие болдың. Осыныңа қуанам да мақтанам. Әрине, жоғарыда айтқандарым сен сияқты заңғарлана бастаған ақынды мақтауым ғана емес, мақтанғандығым. Мен сенің бұдан былай да творчестволық жаңа табыстарға жете беруіңе, белестен белеске көтеріле беруіңе шын көңілден тілектеспін. Тек қана айтарым, өтінерім: табысыңа мастанып кетпе. Оқушың (оқырманың) ретінде бір ұсыныс жасағым да келеді. Алдағы күнде жазатын өлеңдеріңе: Адам, Азамат деген тақыроыптарды енгізші. Осы екі ұғымның аумағы кең, салмағы мықты (ауыр деу жеңіл секілді) ғой. Жанға рахат беретін жақсы өлеңдерді жазатын қолыңды қыстым.

Ағалық зор құрметпен
Мәлік Ғабдуллин.

P.S. Саған осы хатты жазып болған бойда мына бір жеңіл әңгіме есіме түсе қалғаны. Соны да қоса салайыншы. Онымды шалдың шатпағы демессің. Менің бала кезім еді. Ауылдамын. Біздің үйдің қасында бір жуан ақ қайың өсіп тұратын. Оны каім орнатты, қашан орнатты – ешкім білмейтін. Жапырақты, бұтағы көп ағаш еді. Әкем марқұм осы ағашқа қоршау жасады, онысы ағашқа мал сүйкенбесін, жұрт көлік байламасын дегені болса керек. Жаздың ыстық күндерінде сол ағаштың көлеңкесінде жұрт жиналып дем алатын, әңгіме соғытын. Ал, нөсерлеген жауын кезінде ол қолшатыр сияқты еді, жаңбыр өткізбейтін. Соғыстан кейінгі бір жылда елге бардым. Үйімізің қасындағы ақ қайың жайқалып өсіп тұр екен. Жуан болыпты. Жалғыз тұр екен. Мен бірнеше ақ қайың шыығын отырғыздық. Ауылға келесі бір барғанымда, осыдан бірнеше жыл бұрын отырғызған шыбықтарымыздың да өсіп қалғанын көрдім. Кейбір шыбығымыз өспей қалыпты, ал көбі тамыр алыпты, өсіп тұр. КЕйбіреулері тіпті бойлап кетіпті. Бір кезде жалғыз ақ қайың болса, енді оның қатарында өсіп келе жатқан жас қайыңдарды көріп қуанып қалған едім. Осы бір әңгімеден мен бүгінгі қазақ әдебиетін көргендеймін. Жалғыз ақ қайың бейнесінде Абай елестейді. Жас қайыңдар бейнесінде Қадырлар көрінеді. Жас қайыңдардың жапырағы жайқалып, жуандана, өсе беретіні сөзсіз. Олардың өсуіне, өсе беруіне қамқорлық жасап, күтімдеп отырғанымыз керек бюолар. Күтімсіз еш нәрсе өспек емес. 14. 02. 69 жыл

Күнделік беттерінен

31. 12. 44. Бауыржан екеуміз Қаныш Сәтпаевта (Москва, гост. N 404) күнімен болып, әңгімелестік. Көп нәрселерді түсінісіп алдық деп ойлаймын. Көп нәрселерді түсінісіп алдық деп ойлаймын.

1.01. 45 Жоғарғы партия мектебінде оқитын жігіттермен бірге Жаңа жылды қарсы алдық. 20шақты адам болды. Қазақатың ән-күйлері айтылды. Жігіттерде скрипка, мандолина бар екен. Бас қосу өте жақсы өтті. Мен Қазақстанға барып келгендей әсер алдым.

2.01.45. Бүгін кешке тағы да Қаныш ағайда болдым. Докторанттармен таныстым. Қаныш екеуміз бір сағаттан аса көшеде жүріп, көп мәселелер жөнінде сөйлестік. Атқандарымыз халық қамы, халық тілегіне сай іс істеу болды.

3. 01. 45. Бүгіннен бастап «Досыма хат» дегенді жөнге жөнге келтіріп отырмын. Бірсыпыра жақсылы-жаманды пікірлерім де бар екен.

4.01.45. 1. Қайнекейден Жаңа жылмен құттықтаған телеграмма алдым. Оған көп рахмет. 2. Майданнан Құрманбек келді. Станциядан қарсы алдым. Сүйісіп, құшақтастық. Ол менімен бірге істемек.

5.01.45. «Кетпейсің күндіз ойдан, түнде түстен, басымды не сиқырмен әуреледің?» ...

6.01.45. Бүгін біз Бауыржанды поезға шығарып салдық. Ол майданға жүріп кетті. - Ойбай, Бауке-ай, одан машина сұра дегенше осы арада өл дегенің жақсы еді ғой. Қой мен оған бара алман...

7.01.45. Жүрекке жолдың алыстығы жоқ, бәрі де жақын.
Жоқ жерден жолдас болдық ұшырасып,
Жасырмадық, айттық бәрін көңіл ашып...

8.01.45. Адамның ойы да, ісі де, білім мен ақылы да өз халқының мүддесін орындауңға арналуы керек. Қарабастың қамын ойлау, өз жөнімен халық ісін ұмыту – адамның тексіздіген көрсетеді.

9.01.45. Бүгін Казанский вокзалға барып, Алматыдан келген Қайнекейді поездан қарсы алдым. Оны көрмегелі үш жарым жыл болған еді. Құшақтасып, сүйісіп амандастық.

10. 01. 45. Жаңа жылда жаңа жыр жазар екен қай ақын?

Мұны болашақ көрсетер.

11.01.45. Бүгін қызметтен келсем. Үйде маған хат келіп жатыр екен. Алдым да, оқыдым. Оны Н. Жазыпты. Хаттың жазылған күні 4. 01. 45 екен. Н. Хат жазуға шебер адам көрінді. Сөз құрасы, ой кестесі бай секілді.

12.01.45. «Ер мойында қыл арқан шірімес» деген мақал бар. Осыны сен түсінуің керек, досым. «Ердің екі сөйлегені – өлгені» дейді мақал. Бұған да түсін. Мұның бәрін саған айтам.

14.01.45. Сегодня я пережил радость, счастьте, сладость, наслаждение, что известно мне и... Адамда арман және өзіне разылық көңіл деген болады. Ол менде де бар. Бірақ мен олардың жүзеге асқан кезінде де үндемей жүре беруші едім, оны ешкімге сыр етіп айтпаушы едім. Ал бүгін мен рахат пен қуанышқа, бақыт пен шатыққа бөленген секілдімін. Мен мұнымды тек қағазға жазып қалдыруды мақұл көрдім. Оны, менің бүгінгі қуаныш сырымды,...екеуміз ғана білеміз. Бұл сыр, бұл қуаныш...екеумізге бірдей ортақ сыр болып қала бермек...

16.01.45. Ысқақ Дүйсенбаевқа хат жазып, газетінің кемшілігін айттым. 1. Қазақ тілін бұзып жүрсіңдер 2. Қазақ жігіттерінің ерлігін көрсете алмай келесіңдер;

3. Қазақтың батырлық салты. Қазақ бұрын шет елде болмады, біз жеңімпаз ретінде оған келдік. Бнерлинде де боламыз, әлемге қазақты танытамыз дегенді жазу керек.

17.01.45. 1942 ж. август айында мен махаббат және семья туралы бір хаь жаздым.

Бүгін маған Қонақбаев Жұмаш телефон соғып «сіз-біз» деп амандасты. О, дариға, тарихи нәрселер адам өмірінде бола береді екен-ау...

18.01.45. ...подарила мне свое фото. Теперь она всегда со мной.

25.01.45. «Артиллерист Дүйсенбеков Омарбек» деген эпизодты түзетіп, аяқтап шықтым. Ол жігіттің суретін үлкейттіріп, түсіріп алу керек екен.

26.01.45. ...телефон соқты. Әзіл сөздер айтты. Бұған көңіл бір көтеріліп қалды.

«Менің інім» деген эпизодты реттеп жаздым. «Кішкентай Кентай» деген эпизодты бастап, түзетіп жазып отырмын.

27.01.45. Ғабиттен үлкен хат (4.01.) алдым. Жауап жаздым.

1. Бірлік керек дедім.

2. Оның «зиянды» болғаны жайында жазғанымды қоса жібердім.

«Кішкене Кентайды» аяқтап шықтым. Өзіме онша ұнамайды.

28.01.45. Есепке іліне бастасаң, өсек саған үйір болады. Өсекке іліндің екен – қайраттана, намысты жіберместей іс істе. Өсектен ұялып, ар-намысты аяққа басуға болмайды.

29.01.45. «Хаттар» машинкаға берілді. 2. «Менің көргендерім» машинкаға берілді. 3. З.Федулин арқылы Қайнекейге хат жібердім, сурет де кетті және Ғабитке де хат бар еді.

31. 01. 45. Бүгін ертеңгі сағат 8 ден 10-ға дейін Орманшы болды. Ол менің суретімді салмақ. Екі эскиз жасады. Ол күн сайын ертеңгі 8-10 да келіп жұмыс істемек.

«Біздің елдің жігіттері» дегенді реттедім. Оған бес материал енді.

1.02.45. Ашу айбарлы адамда болатын секілді. Ашулану күш көрсету деген сөз. Ашу – адамның қайрат, жігері қандай екенін көрсетеді. Тек ынжық адамдар ашуланбай көндігіп, момынсып жүре береді.

2.02.45 «Скажи мне, кто твой друг, а я скажу тогда, кто ты». «Жолдасың кім екенін айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтайын» дейді орыс мақалы. Тебе понятно это?

3. 02.45. Бүгін Ильяс Шаймерденовпен жолығып сөйлестім. Ол маған Сәбиттен әкелген хатын табыс етті. Өте қызық нәрселер жазылған екен.

4.02.45. Чеховтың бір әңгімесінде бір чиновниктің жамандалып бір газетке жазылғаны айтылады. Бұған жаңағы чиновник мақтанып бір газетке жазылғаны айтылады. Бұған жаңағы чиновник мақтанып, қуанған екен. Сол секілді елдегі кейбір жігіттер мені «ұлтшыл» дейтін көрінеді. Мен сол атаққа қуанып отырмын.

5.02.45 «Хаттар» мен «Мен майданда не көрдім» дегендер машинкадан басылып келді. Олардың емле қателерін түзетіп оқи бастадым. Осы нәрселерді жазба дейді ғой кейбіреулер. Черт с ними, а я буду писать и писать.

6.02.45. Написал большое письмо тов. Шаяхметову Жумабаеву. Рассказал ему как я понимаю вопрос о национальной гордости.

7.02.45. «Қарадан хан койсаң, қарға-құзғынға жем боларсың»,-деген мақалдың қайдан есіме түсе қалғанын білмей отырмын. Елдегі әңгімелерді естігенде төбе шашым тік тұрады. Өтірік-өсек, жала көбейіп кеткен-ау деймін.

8.02.45. Бүгін Қанышқа бір суретімді бермек болып, оның сыртына былай деп жаздым: «Қазақстанда ғылым туын жоғары ұстап үшін елеулі еңбектер істеп отырған ғалым ағамыз Қанышықа – көк сүңгіні көлденең ұстаған жаман інісімен ескуерткіш».

9.02.45. Майданда болып, ондағы ерлік жасаған қазақ жігіттерінің батырлық істерін жазу, көпке таныстыру, айту керек-ақ. Осы істі қолға алып ем, онымды кейбір (тылдағы) адамдар жек көріп, маған «ұлтшыл» атағын тағатын көрінеді. Не десе о десін, мен жазам, айтам. Түбінде тарих өзі аршып алар.

10.02.45. Мен қателеспейтін қара тас емеспін, адаммын. Менің қатекемшіліктерімді қатты-қаты, батыра-батыра сынап бетіме басқан адамды шын досым дер едім. Ондай адам табылу қайда? Қысаң кезде шын, адал ниетімен «мен де сенімен біргемін» дейтін адам қандай екен?

11.02.45. Бүгіннен бастап начал читать произведения классиков русской литературы. Читаю не с целью исследования, с целью наверстать упущенное на фронте. Нужно знать содержания того или иного произведения классиков. Это обязательно!

12.02.45. Өзінің ұлтын, халқын сүйе білмеген адам, басқа ұлты, халықты жасау қылмыс. Мұны, әсіресе, көпшілік үшін, халық игілігіне керекті істе жасауға болмайды.

13.02.45. Кімде-кім белгілі бір халықтың тарихын зерттеп, білгісі келсе, ең алдымен сол халықтың ән-күй, музыка байлықтарын жақсылап біліп алуға тиісті. Халықтың тарихи – оның ән-күй мен музыка байлығында деп айтуға да болады.

14.02.45. «Что может писать о справедливости человек, который ее не знает?» (Л. Толстой. «Анна Каренина», 1913, т. ІХ, стр. 93) «Было бы здоровье, да совесть чиста» (Л. Толстой, стр. 101).

15.02.45. Өз қолыңнан іс келмейтін, бірақ біреудің табысына, игілікті ісіне іші күйіп қызғаншақтық жасайтын адамдардың екі қасиеті болады: 1) өтірік-өсек тарату; 2) тыңшылық жасау, жамандап шағыстыру. Бұл екеуі ондай адамның қолынан келеді-ақ.

16.02.45. Шаячхметовке жазған хатты Ильяс Шаймерденов арқылы беріп жібердім. Және Ғабит пен Сәбитке де хаттар жолдадым. Бүгін Орманшы менің портретімді в основном, жазып бітірді. Подарил ему свое фото.

18.02.45. Ты не должен быть восклицательным знаком или вопрасительным знаком, ты обязан быть точкой.

19.02.45. Сегодня был на автозаводе им. Сталина и сделал для рабочих сборочного цеха два доклада о 27 годовщине Красной Армии. И здесь встретил двух казахов (Дуйснебеков из Чапаевского р-на, к-з «Социализм»). Дүйсенбеков спросил меня «Үлкен ауылда болған жоқсың ба?». «Оның не?», - дедім мен. «Майданды айтам», - деп жауап берді ол.

21.02.45. Күніне, ең кем дегенде, 40 бет кітап оқымаған адамды, үзбней кітап оқып отыру ең басты міндетім деп ойлаймын.

22. 02.45 «Какое им дело? Почему всякий считает своим долгом заботиться обо мне? И отчего они пристают ко мне?» (Толстой, «Анна Каренина», стр. 188) «...скрыться куда-нибудь одним со своею оюбовью» (там же, стр. 189)

23.02.45. Қатар-қатар қағылған қададан да өзі өскен, тамырын жая өскен қайың артық. Қолдан жасаған қалқан пана болмас.

24.02.45. Жаратылыстың көркем суретін кестелеп, мәнерлеп жазу үшін көркем тіл керек. Көктем...Осында қанша табиғат бояуы бар! Соны дәл түсіре суреттеу үшін көркем тіл, вдохновенье, тонкое чувство, лирика керек. Онсыз жазу мүмкін емес.

25.02.45. Біздің кейбір тарихшылар «Қазақ» деген сөздің шығуы 14-15 ғасыр шамасы дейді. Осы дұрыс емес-ау деймін. Сонау Алтайдан Оралға дейін, Қызылжардан Сырға дейінгі жалпақ даланы жайлаған Қазақ халқы ерте заманда да болған. Рулардың салт, әдет-ғұрпы, күн көрістері бір-біріне ұқсап жатады. Осы жайды зерттеп жазатын кім болар екен?

26.02.45. Получил от Шакира Джексембаева большое письмо и его фото.

27.02.45. Бақыт пен бақытсыздық деген не? Бақытты болғанында да бақытсыздық элемент жата ма, әлде қалай? Абырой, атағың болса – өсекке іліктім дей бер. Бірақ, оған шыдау, шыдау тағы шыдау керек. Әттең, ақын емеспін, әтпесе осы жайдағы адамның ішкі күйін жазар едім.

28.02.45. «Мысль справедливая не может быть плодотворна» ...(351)

1.ІІІ.45. Түйілген қара бұлт ия жауынмен, ия дауылмен тарқар болар.

2.ІІІ.45. Составил характеристику на товарищей, работающих в моей
группе, для присвоения им очередных воинских званий.

3.ІІІ.45. Сегодня днем начал читать 2-том «Анны Карениной». Какой чудесный труд! Эх, и наши казахские писатели...да стоит ли об этом говориить.

4.ІІІ.45. Выходной день. До обеда читал «Анну Каренину! (2-том). Вечером сходил к Конусбаевым, где встретил Нурбапы Умурзакова, Ибрагима Тажаева, которые были в хорошем расположении духа. Хорошо им живется.

5. ІІІ.45. Состоялось отчетно-перевыборное партийное собрание Управления агитации и пропаганды. Меня избрали делегатом на партконференцию глав ПУРККА.

6. ІІІ.45 «Непоследовательность мысли Левина вытекала из недостатка дисциплины его ума» (Л. Толстой, (Анна Каренина», 1937, 2 том, стр. 254)

7. ІІІ. 45. 5 марта зищитила свою диссертацию Хадича Айдарова. Но в этот день унас состоялось партийное собрание и мы не могли прийти на Совет института, где защит. Свою диссер. Хадича. Сегодня я поздравил ее.

8.ІІІ.45. Тылдағы кейбір адамдардың біз туралы өтірік-өсек айтуы, біздің абырой-атағымызды түсіруге тырысушылықтары – қара бастарының қамын бастарының қамын ойлағандықтан туған нәрсе. Және «соғыс біткен соң, олар келіп орнымызды алып қояды» дегендік. Сондықтан олар енді елді бізден үркітіп ұстағысы келеді.

9. ІІІ,45 Написал большое письмо Бауыржану, где я ему сообщил

содержание своего письма тов, Шаяхметову.

10. ІІІ,45, Начал читать «Воскресенье» Толстого.

Қателерімнің көпшілігіне таң қаламын. Көбі түзетіліп те жатыр. Бірақ бірі түзелсе, екіншісі шыға келеді. Что делать?

11.ІІІ.45. Встретил Мухтара в гостинице «Москва». После беседы с ним, ходили к Байсеитовым.

Взятие Берлина.

1.V.45. Приступил к работе. Разбираю почты. Получил первомайские телеграммы от Аяпа и Искакова, Кайнекая. Ответил на некоторые письма друзей. Вечером встретил Халижана, у Халижана был Ерден.

4.ІV.45. Проважал на поезд Мухтара, Султана, Митрофана Семеновича
едущих в Алма-Ату.

* * *
Встретился с 3., а с Викой Петровым говорил по телефону.

5.45. День печати. В этот день в Концертном зале Чайковского выступила Күләш, но я туда не мог попасть, была работа. Приехал домой вместе с тов.

6.45. Съездила к семье Искаха в Сетунь и отдал письма и посылки. Оттуда вернулся на работу, а вечером был у Н. И К. Затем поехал к себе.

7.45. Бүгін күнімен елдің аузындағы әңгіме: - Бүгін соғыс бітіпті, сағат 3-те, 4-те радио арқылы тарайды екен деген лақап болды. 8.45. «Соғыс бітті, союзниктер кешегі күнді «День победы» етіп өткізіпті» деген сөздер көбейді. Бүгінде осы лақап көбеюде.

9.45. День всенародного торжества, День Победы. Победа! Кончилась война! У нас был митинг, посвященный Дню Победы. В 9 ч. Вечера выступил по радио тв. Сталин. В 10 ч. Вечера салют победы и 30 залпов. Вечер ликования в Москве.

12.45. Отдельные товарищи упрекают меня в том, что я много пишу. О нет! Я писем не пишу, а отвечаю на письма товарищей. Поскольку мои друзья пишут мне, как человеку, почему же не отвечать им.

Далее отдельные люди советуют мне воздержаться от таких ответов на письма или вообще не отвечать. Я просто не понимаю, как же можно так поступить, и молчать. Это значит – отчуждаться от людей, держать себя в стороне, быть замкнутым. Я этого не хочу. Я этого не хочу. Я родился и рос среди народа. Хочу быть его слугой. Следовательно, я не имею права отчуждаться от него, народа.

18.454. Счастье не знает счета.

19.45. Көңіл кілті – әйелде.

22.45. Ст. Лейтенант Ломидзе Георгий Осипович вчера получил 1 пару сапог (из АХУ), а сегодня говорит, что в сапогах ему тесно и спрашивает в чем дело? Я ответил: - Ты работаешь в большом учреждении 3 ½ года и за это время видимо, вырос. Товарищи рассмеялись.

25.45. Сегодня весь день в Москве шел снег и дождь.

26.45. Жоодастық, достық сырыңды,

Түсінетін ер қайда?

Жақын көңіл бұрынғы,

Алыстап барады не пайда?..
(Есет пен Бекке жазған хаттан)

27.45. Едет один офицер в метро и вслух читает книгу.
Тогда одна гражданка говорит ему:

- Читайте про себя.

- Про меня тут не написано.

- У вас меня тут нет мыслей.

- Их у меня и не было.

- Вы идиот после этого.

- А вы до этого, - отвечает он.

29.Х.45. Сегодня ко мне пришли Курмаш и Зина. Мы с ним ходили в ресторвн, пришли ко мне и я им подал казахский чай, что называется, за столом разговор о Малеке. К. Наятойчиво утверждает, что в данную минуту он сидит и пьянствует в одном из кабаков Лондона. Я настаиваю на том, что в данное время он с мисс Джим или мисс Мэри чуть с ног не ее танцует фо или кружит ее голову вальсом....................... Одним словом, мы решили спросить у него после приезда. «... и разговор весело затрещал, как разгоревшийся костер». «... Разговор, перебитый приездом, опять замотался, как огонь задуваемой лампы». (Толстой, «Анна Каренина», 1913 г., том ІХ, стр. 138 и 141).

Толстой. «Анна Каренина». «НО чем громче говорил он (Вронский Анне), тем ниже она опускала свою, когда-то гордую, веселую, теперь же постыдную голову, и она вся сгибалась и падала с дивана, на котором сидкла, на пол, к его ногам, она упала бы на ковер, если бы он не держал ее» (стр. 153).

Весна: «На утро поднявшееся яркое солнце быстро съело тонкий ледок, повернувший воды, и весь теплый воздух задрожал от наполнивших его испарений ожившей земли. Зазеленела старая и вылезающая иглами молодая трава, надулись почки калины, смородины и липкой спиртовой березы, и на обсыпаннорй золотым цветом лозинге загудела выставленная, облетевшаяся пчела. Залились невидимые жаворонки над бархатом зеленей и обледневшим жнивьем, заплакали чибисы над налившимися бурою неубравшеюся водой низами и богуси. Заревела на выгонах облезшая только местами, еще не перелинявшая скотина, заиграла кривоногие ягната вокруг теряющих волну блеющих матерей, побежали быстроногие ребята по просыхающим с отпечатками босых ног тропинкам, затрещали на пруду веселые голоса баба с холостами, и застучали по дворам топоры мужиков, налаживающих сохи и бороны. Пришла настоящая весна» (стр.157). Я к тебе точно с парохода после шума и тяски на тихий берег вышел Никакая деятельность не может быть прочна если она не имеет основы в личном интересе.

21/ІІ күні Қазпостпредствоға бардым, Шәріповке жолығайын деп ем, жоқ екен. Айтқұловты кездестіріп мынаны айттым:

- Қызыл Армияның 27 жылдық имерекесі жақындап келеді... Осында оқып жүрген бірнеше қазақ офицерлер бар, соларға мереке күні жеке-жеке посылка жасап

тарту ету керек. Посылкаға сағат, портсигар, темекі, арақ, т.б. салыңдар. Бұдан келетін жақсылық көп. Ондай посылка берген үшін қазақ елі кедейленбейді... Осы айтқандарымның аяқсыз қалуы сөзсіз ғой депе тағы ойлап отырмын. О, тауба!

25.ІІ.45. День был выходной. (Накануне аозвонил Сергалию, который пригласил меня пойти смотреть оперетту «Маркиза»). Мы с большим наслаждением смотрели « Маркизу», смеялись, отдохнули. Я подарил Сергалию свое фото с надписью: «Дорогому Сергалию, человеку большого таланта и ума, старшему товарищу и брату - в знак моего глубокого уважения и признательности». После театра были в гостинице, в номере Сергали и вышли.

«Я разорву его пау...» (Толстой, «Анна Каренина» стр 299). Как – то я заходил в Казахстанское постпредство и встретил там одного наркома. Я раньше его знал и он меня тоже знал. Поговорили. Он вызвал во мне отвращение и ненависть к нему. Во время беседы он спросил меня: - Когда кончится война? - А что? Разве вам надоело война? Он смутился, нахмурился и прищурив глаза произнес «да». - Я нисколько не думаю, чтобы Вам надоело Война. - Кое-кому война выгодна, она принесла и принесет ему выгоды, пользы и карьеру... - Да какой у тебя язык. С таким языком далеко не уедешь, -сказал он. - Вы правы. Я далеко не хожу.Мне всего десять минут хотя бы, так что я не нуждаюсь ни в автомашине, ни в других средствах передвижения, а полагаюсь на свои ноги. Вы приехали издалека и Вам придется ехать тоже далеко, но на чем... Это Вам известно... Он хотел было возразить мне, но не находил нужного ответа. Главное он не понял смысл моего ответа. Да , разве он и подпбные ему люди могут понимать... После некоторой паузы он снова задал свой вопрос : «Когда кончится война?» - Я не знаю когда кончится война . Об окончании войны Вам скажет Левитан... - Далее наш разговор не состоялся...

Ерлікке баулу – тәрбиеден

1. Достық хақында

Советтік Шығыс халықтарынан шыққан жауынгерлерде достық, сыйластық, әдептілік өте күшті дамыған. «Досым үшін өмірімді қиямын, жақсы дос ағамнан да аяулы», - деп грузиндер айтады. Орта Азия халықтарының ауыз әдебиетінде мынандай тамаша аңыз бар. Бірде бір топ жігіттер душар болады. Соның арасынан бір жас жайнақ қайратына мініп, гүрілдеп «Мен осы ұрыста жекпе-жек шығып, жалғыз дара соғысамын», - деп сөйлепті. Сонда кәнігі, тәжірбиелі батыр әлгі жас қыранға бір бау шыбық беріп: «Сындыр»,- деп бұйырады. Бірақ сындырып тастауға әлі жетпейді. Сонан соң бір тал шыбықты ұсынады. Ол шыбықтың быт-шытын шығарып қиратады. Батыр айтады: «Міне, біздер де осындаймыз. Жекпе-жекке шықсақ, жау біздіьжайратып жеңеді, ал біріксек, күш қосақ, мыңға татимыз, жеңіске жетеміз». Бар күшпен, бар қуат-құдіретпен, батыл әрі шапшаң қимыл жасап, дұшпанды талқандау, біріне-бірі көмегін көрсету, қарулас достарды құрметтеу әрі сыйлап сүю, сын үстінде, жортылуда досты сақтау, хауіп-қатерлерге тәуекелдеп қарсы бару ерге тән ептілік пен ерлік жасау – әр жауынгердің қасиетті борышы, басты мақсаты. Бір ұрыста взвод командирі кіші лейтенант Иосиф Гадько ауыр жараланды. Оған жедел жәрдем көрсетіп әрі майдан даласынан алып шығу қажет болды.Жау оғы қарша борап тұр еді. Үш жауынгер жаралы офицерге еңбектеп алға ұмтылып еді, бірақ жете алмады. Иманбеков жолдас Гадькоға жетіп, оған көмек корсетті, түтеген от ішінен арқалап алып келе жатқанда, оған үш рет оқ тиді. Намысты жігіттің нар күші бар емес пе. Офицерді бақытсыздықтан құтқарып, өмірін сақтап қалды.

2. Халық аңыздары

Орта Азия халықтарының майдандағы жауынгерлері туған елінің көне көркем мұраларын, ән-өлеңдері мен деректі аңыздарын жан-тәнімен сүйіп, ардақ тұтады. Халық ақындары ауыз әдебиетінің қалыптасқан дәстүрін мықтап ұстанды. Олардың өлең-жырлары сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, ауызша тарады. Олар басқыншы жаулардан ел-жұртын қорғаған айбатты, қаһарман батырларын, халықтың еркіндігі мен бақытын сақтаған халық қазанын тыңдап, жатқа айтты. Ақ жаулықты жырлады. Байтақ дала тыңдап, жатқа айтты. Ақ жаулықты әжелер ақ бесіктегі немересін тербетіп, қарағай найза қолға алып, елі үшін күйетін, елін еміріне сүйетін нағыз қас батыр болар ма екенсің деп тіледі... Бір күні үгітші сержант Аралбаев бауырлас ұлттардың жауынгерлері арасында жау бекінген станцияға жауынгерлер мен командирлер батыл шабуыл жасап, қиратып жеңуінің бір жылдығына байланысты әңгіме өткізді. Аралбаев жолдас мәнді әңгіме өткізу үшін рота командирі лейтенант Поповтан ақыл кеңес алып, құнарлы ойға бай, қызықты, тағлымы мол деректерді сұрыптап, мұқият дайындалды. Осы бір ерлікке толы шайқастың куәгері болған Аралбаев жарқын

мысалдары моншақтай тізіп, жауынгерлердің батылдығы мен ерлігін, жүректілігі мен ересен қилымын мәнерлеп баяндады. Аралбаев жолдасқа көптеген сұрақтар қойылды. Жауынгерлер штурмның ерлік қимылдарына қанықты. Әңгіме соңында үгітші Жамбылдың «Майданға хат» өлеңін оқып болған соң: «Көріп отырсыздар, батырлар туралы халық толғау шығарады. Батыр жайлы дастанды сендердің іштеріңде кім біледі?»,- деп жауынгерлерге қарады. Аралбаев неміс жендеттерімен батырларша соғысуға шақырды. Жарақты жауды жапырақтай отау үшін тек қана қырағылық емес, соғыс өнерін жетік меңгеру, қаруларды жақсы білуге ұмтылу қажет. Сонда ғана табысқа жетіп, атыңды елге жаясың. Бауырлас ұлттардың майдангерлері арасында үгіт жұмысын жүргізудке жауынгерлерді халық батырларының ерлік рухындатәрбиелеп өсіру міндет, туған елінің өлең-жырларын, аңыздарын, мақалдарын мықтап пайдаланған дұрыс. Демек, жауынгерлерге халық сүйген батырлардың ерлігін үлгі етіп айтудан ешуақытта жалықпау жөн. Егер біз әңгімемізде, баяндамалар мен лекцияларда халық шығармашылығын шебер пайдаланатын болсақ, онда біздің үгітнасихатымыз дасоғұрлым жарқын, нәтижелі, жемісті.

3. Жауынгер қабірі басында

Орта Азия халықтарының дүние салған адамға құрмет көрсетіп, жерлеу дәстүрі бар. Егер бір ауыл мен қыстақта адам қайтыс болса, алыс-жақынға, қалың елге естіртеді. Оны соңғы сапарға дұрыстап аттандыру керек. Үйден сүйегін алып шыққанша ағайын-туыстары марқұмның өмірі, ісі, халыққа істеген қызметі туралы марқұмның өмірі, ісі халыққа істеген қызметі туралы әңгімелейді. Егер ол жау қолынан қаза тапса, онда ел дұшпаннан кек алуға ант етіседі. Аталмыш әдетғұрыптармен майданда да есептеспеске болмайды. Мәселен, ұрыста бөлімше батыры, атақты жауынгер ерлікпен қаза тапты. Онда оған Н. Бөлімінде істелгеніндей, құрмет көрсетіп жерлеуге тиіспіз. Өзбек жауынгері Рахманқұлов қаза тапқан ағасы Кашматты ұлттық дәстүр бойынша жерлеуге рұқсат алды. Жерлеуге өзбектер, түркмендер және тәжіктер жиналды. Қабірге топырақ салып жатқанда, Рахманқұлов дұшпаннан өш алуға мынандай ант берді: - Ағам үшін тұтанған кек оты кеудемді күйдіріп барады, аяқ астында қара жер отқа шыжғырылып жатыр, жаным жай табар емес. Атқан оғым дұшпанды құртпайынша өзім де, жерім де тынышытық таппайды. Жиналғандар антты мақұлдап, мылтықтарын жоғары көтерді. Бұлар соңғы бір қиян-кескі шайқаста асқан табандылықпен, жанқиярлықпен соғысып, көптеген фашистердің көзін жойды.

4.Үлкенді сыйлау немесе ізеттілік

Советтік Шығыс елдерінде – меймандостық, қонақжайлылық күшті өріс алған, әсіресе, үлкенде қабылдау, күту. Айталық, жауынгерлердің блиндажына жолдасы келсе, оның жасы не дәрежесі үлкен болса, үй иесі аяғының ұшымен жүріп қызмет етеді. Мұндай жауынгерді барлығы сыйлайды, айтқан сөзін ұйып тыңдайды. Ұлттық ерекшеліктерді нәзік түсінетін командир бауырлас ұлттардың арасында үгіт жұмысын жүргізгенде жасы үлкенін тыңдап алып, үгітші етеді. Ұлты қырғыз, жасы ұлғайған қатардағы Байжақовтың жұмыс тәжірбиесі үлгі аларлық. Ол былай деп әңгімелейді: Егер мен жауынгерлерге барсам, олар мені ұлттық дәстүр бойынша, жылы қабақ, кең көрсетіп қабылдайды. Әңгімемді байппен, зейін қоя тыңдайды. Мен олармен қарапайым, жеңіл солдат тілімен сөйлесемін. Олардың көңіл-күйлері маған белгілі. Нақты айтсам, бауырлас ұлттардан шыққан көптеген жауынгерлер сыр-сезімін командирлеріне ақтарып айтпайды, ұялшақ, тұйық, сыпайыгершілік басым, сондықтан олар уайымшылдыққа салынып та жүреді. Бір күні қазақ ымшылдыққа салынып та жүреді. Бір күні қазақ жауынгері Ибраевпен кездестім. Көңіл сынық, жабырқау екен. – «Ауырсың ба?», - деп сұрадым. «Денім сау» - деп айтты. «Не қайғырып жүргенің» - дедім. Сөйтсем үйінен хат алған, онда ең кіші сүйікті інісінің ұрыста қаза тапқаны туралы хабарланған. Халықтың әдет-ғұрпы бойынша жұқмсақ, жылы, мейрімді сөздермен көңіл айттым. Ибраев ынтамен тыңдады. «Өз командиріңе айттың ба?» «Жоқ!. «Енді не ойлайсың?» Ибраев ештеңе деп тіс жарған жоқ. Сонда былай деп айттым: - Інің үшін жаудан өш алу керек. - Мен де солай ойлаймын. Қалай істеуім қажет? Майданға жақында ғана келдім. Ұрысқа кіргенім жоқ. Әскер қатарында болған емеспін. Мен оған срғыс өнеріне ден қоюды, үщдік мерген болуды, інісінің өлімі үшін ондаған фашистерді құдтуды мақсат деп кеңес бердім. Ол маған осылай істеймін деп уәде берді. Бұдан соң взвод командирі лейтенант Костенкомен әңгімелескенімде ортақ пікірге келдік. Ибраевқа соғыс ісін меңгеру үшін үлгілі жауынгер Асқаровты бекіттік. Біраз уақыттан соң Ибраев тәжірбиелі жауынгер болып шықты. Бірде біз ұрысқа енгенде, Ибраев бір күнде екі фашист жер жастандырып, тағы біреуін тұтқынға алды. «Бұл, - дейді ол, інімнің өлімі үшін».

-Мен есептеймін, - деп жалғастырады Байжақов, - жауынгерлердің жансезімін, көңіл-күйін көтермелеп, қанаттандырудың бірден-бір жолы өзімен жеке жұмсақ, сұлу, сыпайы әңгімелесу. Мұндай қорытынды, сөзсіз, дұрыс.

5. Жауынгер намысы

Татар мен башқұрт, қазақ пен өзбек, қырғыз бен түркмен және тәжік халықтарында әдет-ғұрып бойынша ұзын шаш пен ұзын тырнақ өсіруге болмайды. Ал толысқан жігіттіктің белгісі ретінде мұрт қояды. Бір взводтың командирі ұлттық ерекшелікті ескеримей, қарақалпақ жауынгерлерінің мұртын алғызып тастайды. Ол өкпелейді, енді командир әскери атағымен айырады деп ойлайды батыр жігіт. Немесе тағы бір мысал. Ұрыс алдында бір жауынгер винтовканың құндағы мен қайысын жақсылап майлады. Мұны көрген командир таң тамаша қалды. Жас ұлан командирдің ескертпесіне әрі өзінің істеген ісін баяндап беруге тілі жетпейді де бір сөзбен жақсы деп жауап береді. Командир жауынгердің қаруын тексерсе жақсы күйде, бабында екен. Иә, жас түлек мылтығының құндағы мен азиялық аңшылар мылтығының сыртқы бөлігін қалың етіп майлау әдеті бар екен. Дәстүр бойынша бұл аңшыға «ірі олжа» әкеледі екен. Орта Азия жауынгерлерінің ұлттық ерекшелігінің бірі айтқан сөзінен, уәдесінен айнымайтындығы, тастай қатып қалатындығы. Өзгеге де қояр талабы осы. Мысалы, Н. Құрамасының гвардия қазақтары туған халқына жазған хатында былай деді: «Біздер жауды тас-талқан етіп жеңеміз, совет жерін басқыншылардың қанды шеңгелінен құұтқарамыз, қасиетті Отанымыздың еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғаймыз деп ант етеміз. Қазақ елі, сеніңіз біздерге! Қазақ жауынгерлері өз антымызды бұзбаймыз. Ұлы шайқаста біздер қалтырағанша, одан да Ертіс кері ақсын. Антымыздан айнығанша, одан да тезірек күн сөніп, жер бетін қараңғылық жапсын. Ал егер біздің арамыздан қорқақ табылар болса, онда біздің қолымыз қалтырамайды, жексұрынды аяусыз жаншып тастаймыз». Асылы, қазақ жауынгерлері өз антын ар-ожданымен қалтықсыз орындайды.

Көркемөнерпаздар үйірмесі

Көркемөнерпаздар үйірмесі коллективінің жетекшісі гвардия старшинасы Рамазан Елебаев айтады:

-Біз жауынгерлер мен офицерлер алдында талай ойын көрсеттік. Бір күні түркі тілдес ұлттар жауынгерлерінің бір тобы концерт аяқталған соң, жаныма жақындап: «Неге біздің ана тілімізде концерт қойылмайды?», - деп сұрады.

Шынында олардікі дұрыс. Бұл мәселені дивизия саяси бөлімінің басытығына жеткіздім. Біздің үйірменің колективіне өте жақсы дутаршылар, домбырашылар мен әншілер іріктеліп алынсын деген бұйрық шықты.

Мен бұл бұйрықты орындадым. Алайды біздің аспаптар жасау, өлең жазу. Осы міндеттерді атқару үшін жауынгерлердің өздеріне өтініш жасадым. Домбыра, қобыз,дутар, чаң секілді халық аспаптарын жасайтын қолөнершілер де табылды. Алғашқы кезде өлеңдерді орыс тілінен аудардық.

Бағдарламаға Орта Азия халықтарының өнерін енгіздік. Түркі тілдес ұлттардың жауынгерлері ана тілінде ән шырқады, ұлттық саздар мен халық билері орындалды. Көрермендер қатты ұнатты.

Саяси бөлімнің тапсырмасы бойынша жауынгерлер блиндажына барып, төлтума өнерімізді көрсетіп, бөлімше мен құрама батырына арнаған әндерді орындадық. Демек, ән мен музыка – үгіт-насихаттың ұтымды түрі екендігіне көзімізді жеткіздік.

Менің мақаламда қарастырылған тәжірбиелер түркі тілдес ұлттардың жауынгерлерімен жұмыс жүргізудің барлық түрлерін қамти алмайды. Бірақ та әрбір саяси қызметкер, коммунист және үгітші бұл жауынгерлердің әдет-ғұрпы мен ұлттық дәстүріне ден қойып, ақылмен пайдаланса, өз жұмысында жақсы нәтижеге жететіндігіне бұл тәжірбиелер сөзсіз сендіреді.

Орысшадан аударған
С. Негимов

Түсініктеме

«Бауыржан Момышұлы». Мәлік Ғабдуллин бұл шығарманы 1941 – 1942 жылдары жазған. Оның 1947 жылы шыққан «Менің майдандас достарым» атты кітабына енген болатын. М.Ғабдуллин өмір мен өлім шекарасында қар жастанып, мұз төсеніп жүргенде жан дүниесін тебіренткен ойларын, табандылық, төзімділік көрсеткен ерлердің өнегелі, батырлық ісқимылдарын, жауынгерлердің сезімді селт еткізерлік сөздерін, «окопты – кабинет, жердіорындық, тізесін – стол» етіп, мүмкіндігінше, қаз-қалпында, суыма тұрғанда, ізінше қойын дәптеріне түсіріп отырған. «Қазақ мақалының күші». М. Ғабдуллиннің бұл шығармасы 1943 жылғы 27 ақпанда «Социалистік Қазақстан» газетінде басылған. Автор Бауыржан Момышұлының бірсыпыра төлтума қанатты, өрнекті афористік сөздеріне көңіл аударып, дәптеріне қондырып, оның туу тарихын шебер баяндайды. Бұл ретте Баукең сөздерін жедел хатқа түсірген М. Ғабдуллиннің ұқыптылығымен, кісілігімен бірге екі ірі тұлғаның арасындағы шығармашылық байланысты ерекше атап өтуге тұрарлық. «Сол бір күндерде». Мәлік Ғабдуллиннің 1941 жылы майдан өмірінен жазғандары. «Майдан очерктері» (Алматы, 1959). «Сұрапыл жылдар» (Алматы, 1972) кітаптарында шыққан болатын. «Генерал Тоқтаров». 1942 жылы жазылған. Т. Тоқтаров ерлікпен қаза тапқанда оның батырлық істері толық, жарқын түрде М. Ғабдуллиннің дәптерінде сипатталып сақталған. «Төлеген Тоқтаров». 1942 жылы жазылған. Т. Тоқтаров ерлікпен қаза тапқанда оның батырлық істері толық, жарқын түрде М. Ғабдуллиннің дәптерінде сипатталып, сақталған. «Жас қазақ». Бұл шығарма Қызыл Туорденінің кавалері, қазақтың жауынгер композиторы Рамазан Елебаевқа арналған. Бірінші рет «Жұлдұз» журналының 1971 жылғы 2санында және «Көкшетау правдасы» газетінде (1973, 24, 28, 30 сәуір, 1 , 7, 8 мамыр) жарияланды. «Досыма хат». Бұл жазбалар 1941-1945 жылдарда туған «Жұлдұз» журналының 1983 жылғы 6-санында басылып шықты (құрастырып, әзірлеген С. Негимов). Сондай-ақ «Жетісу» газетінің 1982 жылғы 27 июльдегі санында «Досыма хаттың» үзіндісі жарық көһрді. М. Ғабдуллин жазған хаттарында Отан, Халық, Адам тағдыры турасында тебірене толғанды, өткір де нәрлі ойлар өрбітеді.

«Майдан дәптерінен». Бұл жазбаны М. Ғабдуллин» (Алматы, «Санат», 2001) атты кітабынан алынды. «Күнделік». С. Негимовтың жеке архивінен алынды. «Ерлікке баулу – тәрбиеден». «Вперед на врага» газетінің 1944 жылғы N 2, 4, 6, 9 сандарна «Воспитание джигита» деген атпен жарияланған (аударған – С. Негимов).

С.Негимов, прфессор

МАЗМҰНЫ

СЕРІК НЕГИМОВ. ҚАҺАРМАН-ҒАЛЫМНЫҢ ӘСКЕРИ ПРОЗАСЫ ....................................................................... 3

МАЙДАНГЕР КӨЗІМЕН

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ ............................................. 6 ҚАЗАҚ МАҚАЛЫНЫҢ КҮШІ............................................38 СОЛ БІР КҮНДЕРДЕ ...........................................................40 ГЕНЕРАЛ ПАНФИЛОВПЕН КЕЗДЕСУ............................86 ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ.........................................................94 ЖАС ҚАЗАҚ .........................................................................114

ХАТТАР ЖӘНЕ КҮНДЕЛІК

ДОСЫМА ХАТ ....................................................................138 МАЙДАН ДӘПТЕРІНЕН ....................................................157 МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВКЕ............................162 ЖҰМАБАЙ ШАЯХМЕТОВКЕ .......................................... 164 СӘБИТ МҰҚАНОВҚА ........................................................165 ЖАҚСЫБАЙ ЖАНТӨБЕТОВКЕ .......................................166 ҚАСЫМ ШӘРІПОВКЕ ........................................................167 СӘРСЕН АМАНЖОЛОВҚА ...............................................168 ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВКЕ ..................................................169 СӘУІРБЕК БАҚБЕРГЕНОВКЕ .......................................... 169 СӘДУАҚАС СЕРКЕБАЕВҚА ............................................ 171 ШЕРХАН МҰРТАЗАҒА ..................................................... 171 МЕДЕУ СӘРСЕКЕЕВКЕ .....................................................173 БЕКЕЖАН ТІЛЕГЕНОВКЕ .................................................175 РАМАЗАН ТОҚТАРОВҚА ................................................. 176 МҰХТАР МАҒАУИНГЕ ......................................................177 АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕКОВКЕ ............................................177 ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИГЕ ..................................................... 180 КҮНДЕЛІК БЕТТЕРІНЕН ....................................................181

ЕРЛІККЕ БАУЛУ - ТӘРБИЕДЕН

ДОСТЫҚ ХАҚЫНДА............................................................191 ХАЛЫҚ АҢЫЗДАРЫ............................................................191 ЖАУЫНГЕР ҚАБІРІ БАСЫНДА.........................................192 ҮЛКЕНДІ СЫЙЛАУ НЕМЕСЕ ІЗЕТТІЛІК.........................193 ЖАУЫНГЕР НАМЫСЫ.......................................................194 КӨРКЕМӨНЕРПАЗДАР ҮЙІРМЕСІ...................................194 ТҮСІНІКТЕМЕ.......................................................................195

Мәлік Ғабдуллин
Алтын жұлдыз

(очерктер, хаттар және күнделік)

Редакторы Құралай пионер
Техникалық редакторы Әлия Құсайынова
Суретшісі Марат Сапа
Түпнұсқаны қалыпқа түсірген – Анар Мұстафина

Басуға 01. 02. 2005 қол қойылды. Пішімі 84х108 1/32 Офсеттік басылыс. Көлемі 18, 0 б.т. Шартты баспа табағы 15,12 б.т. Есептік баспа табағы 18,0 б.т Таралымы 2000 дана. Тапсырыс 10645.

«Ана тілі» баспасы ЖШС, 480009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143-үй.

ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қаласы, Гагарина даңғылы, 93. Тел: 69-40-35, 42-07-90, Е-maіl: rpіk-dauіr2_81@maіl7ru, rpіk-dauіr2@maіl7ru

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙