TELEGEI

Home

Адам ақыл-парасаты туралы тәжірибе

Джон Локк

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Адам ақыл-парасаты туралы тәжірибе

Бұл шығарманың негізі – адам тағдыры. Оның парасатқа жету жолындағы қиындықтары мен тәжірибелері айтылады. Философиялық ой-толғамдарға негізделген шығарма автор көзқарасынан да хабардар етеді.

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРА

АДАМ АҚЫЛ - ПАРАСАТЫ ТУРАЛЫ ТӘЖІРИБЕ

ДЖОН ЛОКК

1-тарау

КІРІСПЕ

1. Ақыл-ой туралы ізденіс, жағымдылық пен пайдалылық.(І) Ақыл-ой адамды басқа сезімтал нәрселерден жоғары (қоятындықтан) және оған өзгелерге үстірт қарайтын артықшылық пен үстемдікті орнатқандықтан, осы бекзаттығының арқасында ол, сөзсіз, арнайы зерттеуге лайықты. Ақыл-ой сығырайған көз сияқты өзін өзі байқамай, қалған барлық заттарды көруге және қабылдауға мүмкіндік ашады. Ақыл-ойды әйтеуір жоғарылату және зерттеудің өзіндік объектісі ету үшін өнер мен еңбек қажет. Осы зерттеу барысында қандай қиыншылықтар болмасын, өзімізді нендей мағлұматсыздықта ұстамайық, біз өзімізге жібермек ақыл күштің нұр сәулесі, өз зердемізбен таныспақ әрбір әрекет жанға өте жайлы ғана емес, сондай-ақ ойымызды басқа заттарды зерттеуге демеулік етуге пайдалы екеніне де бәрібір сенемін. 2. Мақсат. Адамдық танымның шығу тегін, растылығы мен көлемін наным-сенім, пікірлер және көз жетушілік негіздермен, тіпті дәрежелерімен бірге зерттеу менің мақсатым болғандықтан, енді мен жанды физикалық тұрғыдан қарастырудан қалыс қалып, онымен шұғылданбаймын. Мен жанның мән-жайы туралы, дененің қандай өзгерістерінің барысында біз сезім органдары арқылы қандай сезімдерді немесе ақыл-ойдағы қайсыбір идеяларды алатынымыз немесе өзіңнің қалыптасуында кейбір немесе бүкіл осы идеялар материядан тәуелді ме, әлде тәуелсіз бе деген мәселелер туралы ізденістерге арнайы тоқталғым келмейді. Бұл мәселелер қаншалықты тартымды және қызықты болмасын, олар менің міндетімнен тыс болғандықтан, оларды мен қарастырғым келмейді. Адамның танымдық қабілеттерін, олардың күнделікті объектілермен шендесуін іздестіру менің мақсатыма жатады. Егерде біздің ақыл-ойымыз тарихи анық тәсілдер арқылы заттар туралы ұғымдарға жеткізетін жолдарды айқындап беретін немесе негіздері әртүрлі, әртекті және қайшылыққа толы адамдар арасында кезігетін сенімдердің растығын байыптайтын өлшемдерді өрбітсе, онда мен айтайын деп отырған ойларымды түгелдей пайдасыз дей алмаймын. Оның үстіне, бұл сенушілік адамдардың пікірлеріне құлақ түргізіп, оларды қабылдаудағы қайшылықтың әрі сүйіспеншілік пен тілектестіктің толы екенін бірсыдырғы аңғартса, онда затқа лайық шындықтың немесе адамзаттың оны танып білетін лайықты тәсілдері жетіспес деген күдікті сейілтеді. 3. Метод. Заттар туралы нақты білім жетіспегенде, біз анау-мынау ұсыныстармен өзіміздің келісімізді басқара білуіміз және сенімімізді ырықтауымыз керек. Осыдан пікір мен білімнің арақатынасын талдаудың, шегін іздестірудің қажеті артуда. Сол үшін мына методтарды пайдаланбақшымын. Біріншіден, мен адам жан-тәнінде айқын сезінетін және түсінетін идеялардың немесе ұғымдардың (оларды тіпті қалай деп атасаңыз да еркіңізде) шығу тегін, соңына оларды үйіретін ақыл-ойдың жолдарын зерттеймін. Екіншіден, Мен ақыл-ой арқылы осы идеялар қандай танымға жететінін, сондай-ақ осы танымның растылығын, айқындылығын және көлемін көрсетіп беруге тырысамын. Үшіншіден, Мен сенімнің немесе пікірдің табиғаты мен негіздеулерін зерттеймін. Мұны мен қайсыбір дұрыс сөйлеммен, бірақ оның дұрыстығы туралы дәйекті түсінік болмаса да онымен келісу (келістіру) деп ұғамын, осыған орай біз бітер келісімнің дәрежесі мен негіздерін зерттеу ыңғайына ораламыз. 4. Біздің тану қабілетіміздің қалай кең көсілетінін білу пайдалы. Егер осы зерттеу барысында ақыл-ойдың күш-қуатын, қалай көсілетінін, оның қандай заттарға қалай сәйкес келетінін және қайтіп өзгеретінін көрсете білсем, менімше, ол адамның әрекетшіл рухын сақтыққа пайымшылдау еткізсе, ал қабілетіміз заттардың ықпал етер күшінен асып түспей, әрі өзіміз білмейтін заттарға ілтипатты төзімділікпен қарат-қызыл, танымның шебінде шектелінсе, онымыз пайдалы болмақ. Сонда жалпы білімге еліктеп талпынудан гөрі біз, мүмкін, заттарға біздің танымдық қабілетіміз бейімделмесе де, ол туралы мәселелерді асығыс көтермей, өзімізді және өзгелерді пікірталастық тұйыққа ұрындырмай-ақ, ақыл-ойда оған қатысты анық және айқын ұғымдардың, тіпті (онсыз да жиі кезігетін) ешбір де ұғымның болмауы ықтимал. Егер біз ақыл-ойдың қаншалықты таралатынын және оның қаншалықты дәлдікке жете алатынын түсіндіруге дайын екенін, әрі ол қандай жағдайларда пікірлер мен болжамдарды құрастыратынын білсек, онда біз осы жағдайда қол жеткізетін нәрсемен қанағаттануды үйренеміз. 5. Біздің қабілеттеріміз біздің жағдайымыз бен мүддемізге сәйкес келеді. Сонымен, біздің ақыл-ойымыздың танымдық күш-қуаты барлық заттардың аумағын қамығуға анау айтарлықтай жеткілікті болмаса да, біз өз ортамызда жасампаз күштің басқалардан артық танымдық дәрежесі мен үлесін марапаттауға жеткілікті негіздерді өмірден таба аламыз. Адамдар Құдайдың өздеріне лайықты мейірімділігіне қанағаттанар негіз табады, өйткені апостол Петрдің айтуынша, ол адамдарға (өмірдің ықшамды болуы және игілікке жету үшін қажетті), тіпті олардың танымдық қабілеттерінің шеңберіне нағыз лайықты тәсілдерді және жаңа өмірге жеткізетін жолды енгізді. Адамның білімі бар нәрселерді жалпы өрі жетік түсінуден анағүрлым алшақ болса да, ол бәрібір адамның ең мәнді мүдделерін қамығуға жеткілікті. Содан адамның өзінен жасампазды тануға және өз міндеттерін түсінуге жетерлік нұр табылады. Егер адамдар өзінің ұйымдасуына ашық қарсы шықпай, әрі қол бәрін ұстауға қауқары жетеді демесе де, қасындағы бар игілікті шашпаса, онда олар өздерінің басы мен қолдарын әртүрлі, өте жағымды және қанағаттанарлық жұмыспен шұғылдандыруға лайықты материал тапқан болар еді. Егер біз ақыл-ойымызды пайда әкеледі ғой деп, оны қабілетіне орай пайдалансақ, онда өзіміздің жеткілікті күш-қуатымыздың кемтарлығына шағынатын себептер болмас еді; егер де біз ақыл-ойдың жетер шебінен тыс заттар бар деп танымдық қабілеттердің артықшылығын бағаламасақ және олардың мақсатқа лайықты жетістіктерін ескермесек, онымыз кешірімсіз. әрі балалық еркелікке ұқсамақ. Күн сәулесі жетіспейді деп, шамшырақ жарығында жұмыс істегісі келмейтін жалқауды, асау қызметшіні кешіруге болмайды. Біздің ықыласымызда жалындаған жарық барлық мақсатымызға бірдей нұрын төгеді. Сол нұр сәуледе істелінетін жаңалықтар бөрімізді де қанағаттандыруы тиіс. Егер біз қабілеттерімізге лайықты тәсілдермен барлық заттармен бір бағытта, әрі бізге ұсынатын негізде шұғылданатын болсақ, онда біз өз ісімізді орнықтыру үшін біржақты дәлел мен нақтылықты талап етпей-ақ, жорамалмен жету мүмкіндігін де іздестіреміз. Егер біз нақты нәрсені біле алмаймыз деген сылтаумен ешнәрсеге сенбейтін болсақ, онда біз аяқтарымен жүрмей қимылсыз қалатын, ұшуға қанатым жоқ, содан апатқа ұшырармын деп аңырап қалатын ақылды адамға ұқсаймыз. 6. Өзіңнің танымдық қабілеттеріңді білу скептицизм мен ойлану әрекетсіздігінен сақтандырады. Біз өз күш-қуатымызды білген сайын, өзіміздің табысқа жетпек ниетіміздің әрекетін бұрынғыдан да дұрысырақ ұғамыз. Егер біз өз ақыл-ойымыздың қуатын жақсырақ зерттеп, одан не күтерміз дегенді бағалай алсақ, онда, бір жағынан, әрекетсіздікке деген ыңғай және жалпы бір нәрсені білсем деп талпынбайтын ынжықтық күш алмайды, бір жағы, біз бәрінде зерттей бермейміз және кейбір заттар ақылға қонымсыз деп кез келген білімді текке шығармаймыз. Теңізшіге өз лотасының ұзындығын білу тіптен пайдалы, бірақ онымен мұхиттың түрлі тереңдігін өлшей алмайды. Ол үшін жүзу бағытын білдірткізетін және таяздыққа отырғызбайтын линнің ұзындығын білудің өзі жеткілікті. Мұндағы басты мақсат — бәрін білу емес, біздің мінез-құлқымызға маңыздыны білу. Егер адамның бұл өмірдегі күйін білдіретін, ондағы пікірлер мен олардан туындайтын қимыл-әрекеттерді басқаруға болатын және тиісті жайды ақылға салатын өлшемді таба алсақ, онда кейбір заттар біздің танымнан тыс қалып қояды деп қымсынуға болмайды. 7. Осы Тәжірибені жазуға септілік. Алдымен мына толғаныстар ақыл-ой туралы осы Тәжірибені жазуға септігін тигізді. Сонымен, өзіміздің ақыл-ойымызды зерттеу, оның өзіндік күш-қуатын қарастыру және оны қалай пайдалануды ескеру, мұның бәрі, меніңше, адам жаны баурайтын түрлі мәселелерді іріктеудің алғашқы қадамы болмақ. Меніңше, ізденістің осы шартын орындамайынша, өзімізге ең маңызды деген шындықты бірқалыпты және тыңғылықты игеруден қанағат табу үшін болмыстың шексіз мұхитына ойымыз әр саққа тектен-текке ағытылады да, біз шексіз кеңістіктің бәрін де ақыл-ойымыздың табиғи да даусыз меншігі ретінде қарастырып, оның анықтауы мен түсінігінен ешнәрсе тыс қалмайтындай көрінеді. Егерде адамдар ізденістерін осылайша өз қабілетінен шеткері тысқа бағыттай отырып, ойларын негізі жетіспейтін тереңдікке кездіріп жіберсе, онда олардың ешқашанда ашық шешімге келтірмейтін тек олардың күдігін қолдайтын және көбейтетін, сүйтіп оларды ақыры абсолюттік скептицизммен нығайтатыны жөне айтыс-тартысты көбейтетіні таңғаларлық жай емес. Оның үстіне, біздің ақыл-ойымыздың қабілеттері мұқият талқыланып, танымның шебі, тіпті біз түсінетін не түсінбейтін заттардың айқын және күңгірт жақтары анықталынса, онда адамдар ашық білмейтін жақтарымен келісіп, әрі өз ойлары мен пайымдауын пайдасы мен қанағаты басым оның басқа жағына жұмылдырған болар еді. 8. "Идея "деген сөз нені білдіреді.(2) Адамның ақыл-ойына қатысты ізденістер жайлы мына нәрсені баса айтқанды жөн көрдім. Осы зат туралы өз ойыма көшерден бұрын, кейінгі кіріспедегі мәліметте "идея" сөзін жиі қолданатындығыма оқырманнан кешірім сұрағаным орынды болар. Өйткені бұл термин, меніңше, басқа терминдермен салыстырғанда адамның ойлану объектісін дұрыс жеткізеді, содан бұл терминді "еліктету", "ұғым", "түр" сияқты сөздерді немесе ойлану кезінде жанның немен шұғылданатынын білдіру үшін қолданамын. Сондықтан оны жиі қолданудан тартынбадым. Меніңше, мұндай идеялардың адам жанында болатынын қолдаушылар аз болмас. Әркім оларды өзінше түсінеді, ал басқалардың сөздері мен қимыл-әрекеттері идеялардың өзгелерде де болатынын растайды. Біздің бірінші зерттеулеріміз идеялардың жанға қалай оралатын мәселеге арналмақ.

ІІ-тарау

ЖАНДА ТУМА ПРИНЦИПТЕР ЖОҚ (2)

Қай білімге болмасын, оған қай жолмен келгенді көрсетудің өзі оның туа бітпейтінін дәлелдеумен бірдей. Кейбіреулер ақыл-ойда туа біткен қайсыбір принциптердің бар екендігі қалыптасқан көзқарас деп ұйғарса, ал қайсы біреулер алғашқы ұғымдарды, бастан-ақ санаға таңбаланған белгілер деп қабылдап, жан болмысы оларды өзімен бірге жарыққа әкеледі дегенді меңзейді. Мұндай болжамдардың жалған екендігіне қарапайым оқырмандардың көзін жеткізу үшін, адамдар өзінің табиғи қасиеттері арқылы қалайша туа біткен пайымдардың сыртқы араласусыз-ақ өзінің тұтас біліміне жете алатынына және бастапқы ұғымсыз немесе принциптерсіз дәйектілікке келе алатынын көрсетсе болғаны. Олай дейтінім, құдай көз берген және көз арқылы сыртқы заттардан түр түсті қабылдай алатын қабілетін заттағы түр-түстер идеясын туа біткен деп болжау тым батылдық екенін ешкім жоққа шығармас. Кейбір ақиқатты табиғи таңбалар жөне туа біткен белгілер деу ешқандай икемге келмейтін жай, өйткені біз заттардың жанымыздағы алғашқы таңбаларынсыз-ақ оларды жеңіл және нақты танитын қабілеттеріміздің бар екенін байқаймыз (оны бұл шығарманың келесі бөлімінде көрсетермін деген ниеттемін). Әйтсе де, адам ақиқатты іздеу барысында, күдікке берілмей өз ойының желісіне ілесе алмайтындықтан, ізденістер қалыптасқан жолдан азды-көпті бұрмаласа, онда мен жоғарыдағы пікірдің ақиқаттан қателестіретін негіздерін атап беремін, егер мен қателесіп бара жатсам, оларды қателесуімді ақтайтындай етіп жеткізермін. Кім ақиқатты мен сияқты қайдан таппасын, оны қабылдайтындарға ұқсайтынымды ескертуге тырысармын. 2. Жалпы келісім — басты дәлел. Адам біткен келісетін ойдағы және практикалық кейбір принциптерден артық (олардың екеуі туралы әңгімелер жиі айтылады) көңілді баулайтын ештеңе жоқ. Осыдан жоғарыдағы көзқарастарды жақтаушылар ойын былай қайырады: бұл принциптер өз болмысын бастаған адамдар жанының тұрақты таңбалары болуы керек және оларды өзінің басқа да қабілеттері сияқты қажеттілікпен нақты түрде жарыққа өзімен бірге әкеледі. 3. Жалпы келісім тіпті туа біткендікті дәлелдемейді. Жалпылама келісімге жүгіндіретін дәлелдің мына кемшіліктері айқын: бүкіл адамзат қабылдайтын бірнеше ақиқаттар бар деу, бәлкім, дұрыста шығар, әйтседе мұндай пікірлер ақиқаттардың туа біткендігін дәлелдемейді, бірақта заттар туралы адамдарды жалпылама келісімге келтіретін басқа жолдың бар екендігі көрсетілсе, онда басқа жолдың бар екендігі көрсетілсе, онда пікірлердің тоғысуына, меніңше, қол жеткізу мүмкін. 4. Қағидалар: "Не болса, сол болсын " және "Бір заттың бірден болуы және болмауы мүмкін емес "— жалпылама қолдау таппайды. — Жалпылама келісімге сілтеме жасап, туа біткен бастаулар бар дегенге дәлел келтірмекшілер, қайта, керісінше, ондай болмайтынын дәлелдеп беретіндей; өйткені бүкіл адамзат қабылдап қолданатын принциптер жоқ. Мен ойды пайымдайтын бастауларды ескеріп, мысал ретінде әйгілі принциптерді дәлелдеуді келтіремін: "Не бар — сол бар" және бір заттың бірден болуы және болмауы мүмкін емес". Бұл принциптерді басқалармен салыстырғанда, абзалы, туа біткен деп атауға лайықты. Осы қағидалардың өзінше жалпылама даңққа бөленуі, әрине оған күдіктенетіндерді таңқаларлық жайға ұрындырады. Әйтсе де, бұл пайымдар оларды жалпылама мойындаудан алшақ, басым көпшіліктің түсінігінен тіптен мәліметсіз деген батыл ойды айтуға мәжбүр етеді. 5. Мұндай қағидалар балаларға, есуастарға және тағы басқа адамдарға белгісіз болғандықтан, олардың жан күйінде табиғи тұрғыдан таңбаланған емес. Олай дейтініміз, біріншіден, олар туралы балалар мен есуастар да ешқандай ұғым немесе ниет қоюшылық жоқ дерлік. Меніңше, жан сезінбейді немесе түсінбейді дейтін бұл кемшіліктің өзі бүкіл туа біткен ақиқатқа ықпал етуге тиісті жалпылама келісімді бұзуға жеткілікті, десек те онда таңбаланған ақиқаттар бар деу қайшылықтан арылмаған ойды бекіту іспеттес, ал егер таңбалау бір нәрсеге лайықтанып, кейбір дәйекті түсініктің болуына ықпал етсе, оны қолдауға тұрарлық жай. Өйткені, түсінбеген бір нәрсенің жанда таңбалануы маған түсініксіздеу көрінеді. Егер де балалар мен есуастарда таңбаланған жан болса, онда олар бұл таңбаларды міндетті түрде сезінер еді, әрі бұл ақиқатты қажетті түрде біліп жөне мойындаған болар еді. Олар мұндай әрекетті істемегендіктен, мұндай таңба жоқ деу орынды. Оның үстіне олар табиғатында таңбаланған ұғымдар болмаса, онда олар қалайша туа біткен болуы мүмкін? Егерде олар есте сақталған ұғымдар болса, онда олар қалайша мәліметсіз қалып қояды? Ұғым жанда сақталады деп ұйғарып, сондай-ақ жан ол туралы білмейді деп ұйғару, оған ешқандай назар аудармауы бұл таңбаны ештеңеге айналдырмаумен бара-бар. Егер жан осы уақытқа дейін пайымдаудың бар екенін білмесе және сезінбесе, онда оны жанда таралған деп жұмған ауызды ашуға болмас. Егерде мұның бәрі де мүмкін болса, онда дұрыс пайымдаумен келісе алатын негіздерге сүйеніп, оны жанда бар жөне онда сақталынады деуге тұрарлық. Расында, қайсыбір пайымды жан біле қоймаса да, оны жанда бар дерлік, тек ол пайымды білетін қабілетті сақтаса болғаны; ал жан ақиқаттарды қабылдауға қабілетті келсе, онда ол оларды әйтеуір білетін болады. Ол ол ма, егер жанды осылай бұрмалайтын ақиқаттар болса, онда соны білмеген және білмейтін нағыз ақиқаттардың бөрі сақталуы әбден мүмкін, демек ұзақ өмір сүрген адамның жаны түрлі шындықты қабылдауға қабілетті болса да, оны білмей-ақ өліп кетуі ықтимал, мұны сенімділікпен айтуға болады. Егер табиғи таңбаны білу қабілетіне жатқызсақ, онда бұрын-соңды таныған ақиқат адамға туа біткендей көрінеді. Осы маңызды мәселенің бәрі де көріністің сәтсіз тәсіліне телінеді: қарама-қарсы бір нәрсені айтпақшы болып ниеттенсе де, шынтуайтқа келгенде, ол туа біткен принциптерді терістейтін ойды өзінше қайталайды. Үйткені, менің пайымдауымша, әлі ешкімде жан кейбір ақиқатты тани алатындығын жоққа шығарған емес. Олардың айтуынша, қабілет туа біткен; білім беріледі. Мұндай жағдайда кейбір қағидалардың туа біткендігі туралы айтыс-тартыстың қажеті неде? Егер ақиқаттарды ақыл-оймен алдын-ала болжай алмасақ та, оларды сақтай алсақ, онда мен кезкелген ақиқаттың арасындағы олардың шығу тегі туралы ешқандай айырмашылықты көрмеймін; олардың бәрі не туа біткен, не ендірілген; оларды айырмақ әрекеттер бекер-ақ. Осыдан егер біреу ұғымдарды ақыл-ойда туа біткен ақиқаттың белгілі бір түрі деп ескеріп айтса, онда оларды ақыл-ойдағы ақиқатпен теңестіру ретсіз, ақыл-ой ешқашан түсінбеген және білмейтін ақиқаттарды айырмақ әрекеттер бекер-ақ. Егерде "ақыл-ойда табылатын" сөздердің қандай да бір мағынасы бар десек, онда оларды "ұғынуға боларлықтай". Егер ақыл-ойда бір нәрсе болып, ұғынусыз қалса, жанда болып, ешқашан түсініксіз қалса, онда онымыз жанда немесе ақыл-ойда сол нәрсе бар немесе бар емес деген ұйғарыммен бірдей. Олай болса, екі сөйлем: "Не бар — сол бар" және "Бір заттың бір мезетте бар болуы және болмауы мүмкін емес" о бастан табиғатынан таңбаланса, оны балалардың білмеуі мүмкін емес, нәрестелер мен жаны бардың бәрі де оларды ақыл-ойда ұстауы, олардың дұрыстығын және олармен келісетіндігін білу қажет. 6. Кім де кім ақиқатты талқылай бастағанда, оны таниды деушілерге қарсылық. Әшейінде, бүкіл адамдар осы ақиқатты танығаннан кейін, оны талқылай бастағаннан кейін онымен келіседі деп жатады; осының өзі олардың туа біткендігін дәлелдеуге жеткілікті сияқты. Бұған мен былайша жауап беремін: 7. Мағынасы анау айтарлықтай айқын емес, түсініксіз сөз тіркестерін өздерінің не айтып қоятынын ойлануға дес бермейтін адамдар айқын дәлелге біржақты жатқызады. Шынтуайтқа келсек, егер талданбақ қарсылыққа біздің мақсатқа жақын келер әйтеуір магына енгізсек, ол екі нәрсенің бірін білдіреді: жобаланған туа біткен белгілер немесе адамдарға әйгіленіп сөйлеушілер ой жүгірткен сайын, әрі олардың назарын аударады немесе ақыл-оймен пайдалану және оны жаттықтыру адамдарға осы принциптерді ашуға және олар туралы нақты мәлімет алуға көмектеседі. 8. Егерде осы принциптерді пайымдау ашса, бұл олардың туа біткендігін білдіре бермейді. Егер адамдар ақыл-ойды пайдалану барысында осы принциптерді аша алатындығына жөне олардың туа біткендігін дәлелдеуге жеткілікті екендігіне күмән келтірсе, онда дәлелдеу тәсілі мынандай болмақ: ақиқаттың бәрі де ойлануда біздер үшін айқын ашылатын жөне олармен толық келісуге мәжбүр етеді де, ол о бастан-ақ жанда сақталынады. Жалпылама келісімді туа біткен ақиқаттың белгісі ретінде қабылдағанда, біз осы ақиқаттың кейбірін ақыл-оймен тануға және олармен келісуге қабілет білдіреміз, содан математикалық аксиомалар мен олардан туындайтын теоремалардың айырмашылығын тіптен жоққа шығаруға бейімбіз, осыдан ақиқат түгелімен туа біткен деп қабылдануы шарт, өйткені олар ақыл-ойды пайдалану арқылы ашылған және ақиқатқа жатқызылады, тірі жан өзінің ойлануын ақыл-парасатпен дұрыс қолданса, оңда ол ақиқаттарды дұрыс тани алады. 9. Осы ақиқаттарды ақыл-ой ғана ашады деушілік жалған пікір. Байыбына барсақ, адамдар туа біткен принциптерді ашуға ақыл-ойды пайдалануды қалайша лайықты қажеттілікке жатқыза алады, оның үстіне ақыл-ойды (егер қарсыластарының дегеніне көнсек) белгісіз ақиқаттарды тек принциптерден немесе қалыптасқан пайымдардан ғана шығару қабілеті деп түсінсе ше? Егер біз (дәл қазір мен түсіндіргендей) нақты ақиқаттардың бәрін де ақылға салып туа біткен деп жатсақ, онда, әрине, өзін ақыл-ойда айқындауға мұқтаж болғанның ешқайсысында туа біткенге жатқызуға болмайды. Егер ақыл-ойды немесе оның қимыл-әрекетін онда бұрын сақталынып қала бермейтін, әрі оны түсінуге ырықталмайтын нәрсені танымдық күшпен көруге мұқтаж етсе, онда біздің көреген көзіміздің айқын заттарды осындай ырықпен ажырату үшін ақыл-ойға жүгінуі соншалықты қажет деп есептеуге болады. Есте сақталынған осы ақиқаттарды ақыл-ой арқылы қайта жаңғыртуға мәжбүр етсек, онда адам пайымдау арқылы бұрынғы білетінін айқындап береді дегенді бекітпекпіз. Әйтседе, адамдар осы туа біткен таңбаланған ақиқаттарды о бастан-ақ ақыл-ойды пайдаланбай тұрғанда-ақ біледі, сүйте тура адамдар пайымдамай тұрып оларды біле бермейді деу, адамдар бір уақытта ақиқатты білуі де, білмеуі де ықтимал деген ой-пікірді қатар орнықтырмақ. 10. Мұнда, мысалы математикалық дәлелдер мен басқа да туа бітпеген ақиқаттарды есіте салып, олардың бастапқы айтылған аксиомалар мен басқа туа біткен ақиқаттардан айырмашылығына бірден келісе қоймас дегендей қарсылықтың болуы ықтимал. Алда ақиқаттарды бірден мойындау туралы толығырақ сөз айтуға мүмкіндік болар. Мен мұнда біздің түсінігіміз бен келісімге жету үшін дәлелдеумен алынған математикалық нақты ақиқаттар мен тұжырымдар олардың ақыл-ойының мәжбүрлігіне орай жіктелінеді деген ойды еркін ырықпен кәміл айта аламын, ал алғашқылар болса, олар түсінікті болысымен ой жалғастырарлық пайымдаусыз-ақ бірден қабылданады және мойындалады. Әйтсе де, ескерткім келеді, осы жалпылама ақиқатты ашу үшін ақыл-ойды қолданбақ талаптан бұл ескертпенің әлсіздігі байқалынады, өйткені оларды ашып беруге пайымдаудың тіптен араласпайтынын мойындау керек. Менің пайымдауымша, кім де кім "бір зат әр мезетте болады да, болмайды да" деген ой-толғамның ақиқаттығына әйтеуір қарсылық білдірсе де, ондай білім біздің ақыл-ойымыздың желісінен туындаған тұжырым деп ешкім кесіп айта алмас. Мұнымыз адамның өздері ұнататын табиғат берекесін талан-таражға ұшыратумен, осы принциптер туралы білімді біздің ойлану қабілетімізден тәуелді етумен бірдей дерлік, әйтсе де, әрбір пайымдау ізденіс пен толғаныс жалғасы, әрі ынта-ықыласты талап ету екенін ескеру. Онда біздің ақыл-ойдың негізі мен қозғаушы күшін ашу үшін деп ақылдың табиғатынан сақталынған болжамның мағынасына оның тигізер көмегі қандай болмақ? 11. Кім де кім ақыл-ой қызметінің күшін ұғынуға көңіл бөліп, арнайы ізденсе, ақыл-ойдың кейбір ақиқатпен тез келісуі туа біткен есте сақтаудан да және пайымдаудан да тәуелді емес екендігін, қайта сол екеуінен де (1) тіптен бөлек оның қабілетінен екендігіне кейін көзіміз жетер. Не десек те, пайымдаудың біздің осы принциптермен келісуімізге ешқандай қатысы жоқ. Егерде: "адамдар пайымдағанда бұл ақиқаттарды біледі және түсінеді" деген созбен осы қағидаларды түсінуге бізге жәрдемдеседі деп айтқысы келсе, онда мұнысы толық жалған, тіпті бұл сөз дұрыс болса да, ол мұндай қағидалардың туа біткенін айғақтай алмайды. 12. Пайымдаудың бастамасы, сірә, айғақ ақиқатқа жеткізетін кез емес. Егерде "пайымдау бастауын" айғақ ақиқаттарды білу және мойындауды көрсету үшін пайымдаудың бастауы — уақыт деп айтқысы келсе, оның үстіне, ақыл-ой олармен табысқысы келсе, тағы да балалар пайымдай бастағандай-ақ, олар осы жағдаяттарды білуге жөне мойындауға бірден ұрынады деу, жеңіл де жалған түсінік. Біріншіден, ол жалған, өйткені бұл ақиқаттар пайымдау сияқты жанда ерте көрініс таппайтыны айғақ, сондықтан пайымдаудың бастауын ақиқаттарды ашу уақыты деп жалған есептелінеді. Балаларға тән пайымдау қызметінің көптеген көріністері, "Бір заттың әр сәтте болуы да, болмауы да мүмкін емес" деген принципті анау айтарлық білгенге дейін болатынын, біз олардан жиі байқаймыз. Сауатсыз және бастапқы адамдардың басым көпшілігі ұзақ жылдар бойы осындай, әрі оған ұқсас жалпылама пайымдардың бар екеніне күдіктенбей-ақ өздерінше парасатты өмір сүрді. Менімше, адамдар пайымдауға кіріспей туа біткен қағидаға жататын жалпы және жалаң ақиқаттарды білуге анау айтарлықтай талпына қоймайды деп ойлаймын; оған қосарым, олар әу бастан-ақ туа біткеннің бар екендігін ұқпайды да. Бұл дұрыс та. Адамдар қашан пайымдай бастағанда, олардың жан дүниесінде туа біткен жалпылама принциптерді білместен балайтын жалпы да жалаң идеялар құрыла қоймайды: шындығында, бұл принциптерді ақыл-ойға сол жолдармен, кейде басқа пайымдаулар ашқан қимыл-әрекеттермен бірге ендірілген жаңалықтар, ақиқаттар деп те жатады, оларды туа біткен деу ешкімнің ойына келмеген. Мен мұны келесі ретте түсіндірермін деген үміттемін. Бірақ мен де адамдар жалпылама ақиқаттарды танып білуден бұрын пайымдай бастады дегенді қолдаймын, әйтсе де, пайымдаудың бастауы ақиқатты ашудың көзі дегенге қарсымын. 13. Бұл тәсілмен көрсетілген жалпы шындықты танитын басқа да ақиқаттардан ажырату мүмкін емес. Сондықтан мына сөзді ескерген жон: "Адамдар пайымдай бастағанда, қайтіп осы принциптерді біледі және қабылдайды" деген қағиданың мәнісі мынада: "Бұл жағдайлар мәліметсіз және оларды пайымдағанға дейін аңғармайды, бірақ олар әйтеуір кейінірек адам өмірінің жалғасында қолдау табуы мүмкін, тек қашан екені белгісіз". Танымалы ақиқаттардың түгелімен осылай болуы әбден ықтимал. Әйтседе, әйгілену басталады деген сынақты пайымдалу басталғанда, сол талдап жатқан шындықтар басқа қағидалармен салыстырғанда ешқандай артықшылық әкелмейді және олардан ажыратылмайды, осыдан (шардың туа біткендігі дәлелденбейді, тіптен керісінше болады. 14. Егерде пайымдаудың бастауы осы ақиқаттарды ашуын өзі болса, мұның өзі олардың туа біткендігін дәлелдейді. ('онымен, екіншіден, бұл ақиқаттарды пайымдау басталғанда олар танылады және мойындалады деу олардың туа біткендігін дәлелдемейтіндігі айқын. Мұндай болжам қаншалықты қалған болса, оны дәлелдеудің тәсілі де соншалықты жеңіл-желпілікке ұқсайтыны күмәнсіз... 15. Ақыл-ойдың түрлі ақиқатқа жеткізетін ізденіс қадамдары. Түйсіктер алдымен жеке идеяларды ендіреді де, олармен бос орынды толтырады (1); ақыл-ой олардың кейбіреуін біртіндеп игерген сайын, түйсіктер естелікте атауларымен иірге орналасады. Соңына, ақыл-ой ілгерілеген сайын, түйсіктер түйсіктерден бөлінеді де, біртіндеп жалпы атауларды жинақтауға үйретеді. Осылайша, ақыл-ой өзінің пайымдау қабілетіне қажетті материалдарды — идеялар мен сөздерді іріктейді. Ақыл-ойдың ықпалына тартылған материалдар көбейген сайын, оларды қолданудың қажеті бұрынғыдан да күн өткен сайын арта түседі. Бірақ әншейінде жалпы идеялардың қоры жалпы атауларды және пайымдау қызметін қолданумен бірге өссе де, мен мұны олардың туа біткендігіне дәлел деп таппаймын. Кейбір ақиқаттарды білу жанда ерте көрініс тапқызатынын мен мойындаймын; десек те, оның қалыптасу жолы ақиқаттың туа біткендігін көрсетпейді. Өйткені бақылау мұндай білімнің туа біткен идеяға емес, қабылдаған идеяға қатысты екенін бізге әрқашан аңғартады, олай дейтініміз, бақылау алдымен сыртқы заттарды сақтайтын идеялармен індес келеді. Бұл заттар нәрестелердің сезімдеріне жиі әсер ететіндіктен, нәрестелер олармен жиі әрі ертерек араласады. Осылайша қалыптасқан идеялардан ақыл-ой біреулердің өзара келісімін, ал басқалардың наразылығын ашады, сүйтіп, есіндегіні қазіргідей пайдалана бастағанда, қайсыбір нақты идеяларды сақтайтын және қабылдайтын қабілетке жетуі де ықтимал. Қалай десек те, бұл сөздерді қолданғанға дейін немесе әншейінде "ақыл-ойды қолданатын" кезеңге дейін болатыны айғақ. Байыбына барсақ, бала сөйлемей тұрып-ақ ащы мен тұщы идеяларының айырмашылығын, (яғни дәмдінің ащы емес екендігін) біледі, сол сияқты кейін сөйлей бастағанда жусан мен мұздақ кәмпиттің бір нәрсе емес екендігін ажырататын күйге жетеді. 16. Бала жетіге дейін санай алмаса, ақыл-ойда атаулар мен идеялардың тендігін ұқпаса, үшке төртті қосса, жеті болатынын білмейді. Ол қашан осы сөздердің мәнісін түсінсе, сол кезден-ақ әлгі шартқа келіседі немесе, дәлірек айтсақ, осы пайымның растығын күдіктенбей қабылдайды. Бірақ ол онда да бұл пайымдау туа біткен ақиқат деп емес, тек оған дейін пайымдай алмағасын келісті деуге болады. Баланың жанында "үш", "төрт" деген және т.б. сөздермен белгіленген анық идеялар бекітілгенде ғана сөйлемнің ақиқаттығы ол үшін түсінікті бола бермек. Бала "үшті төртке қосқанда жеті болады" деген сөйлемнің ақиқаттығын бұрынғы негізде ғана, яғни шыбық пен шие бір нәрсе емес екендігін білдіретін тәсіл арқылы ғана таниды; сол негізге жүгініп, "бір заттың бір сәтте болуы және болмауы мүмкін емес екендігін" кейін біледі, оны алда толығырақ көрсетерміз. Сонымен, кім де кім осындай бұлтартпайтын ақиқатқа жататын жалпылама идеяны кейінірек ұққан сайын немесе оларды белгілейтін жалпылама терминдердің мағынасын білгенде, немесе өзінің жанында оны білдіретін идеяларды жалғастырса, онда ол біртіндеп осы даусыз ақиқаттармен күдіксіз келіседі, сонымен, оның сөздері және созбен белгілейтін идеялары, әйтеуір, мысықтың немесе ақ сусардың идеяларынан бұрын тумағандықтан, уақыт пен бақылау сол идеялармен таныстырғанша оны күту керек. Егер қабылданған идеяларды адамның жанымен үйлестіретін ыңғай және олардың өзара үйлестігін немесе сөйлемдердің мазмұнына үйлеспейтінін аңғаратын жай бола қалса ғана, ол алғашында осы қағидалардың дұрыс-бұрыстығын білетін күйге ұшырайды. Олай болса, ересек адам он сегіз бен он тоғыздың қосындысы отыз жеті болатындығына, сондай-ақ бір мен екінің қосындысы онсыз да үшке тең екендігіне күдіктенбейді. Бірақ бала бастапқы ақиқатты кейінгілердей тез, жылдам қабылдамайды. Оның себебі пайымдаудың кемшілігінен емес, керісінше, "он сегіз", "он тоғыз", "отыз жеті" сөздерімен белгілейтін идеяларды "бір", "екі" және "үш" сөздері белгілейтін идеялардан баяу, біртіндеп қабылдайды. 17. Ақиқаттарды айтып және ұққаннан кейін, олармен бірден келісе салу — олардың туа біткендігін әлі де дәлелдеу емес. Пайымдаудың бастауында көрсетілген жалпылама келісім туралы жалтартпақ дәйексіз, өйткені туа біткен ақиқаттар мен кейіннен қабылданған әрі жатталған ақиқаттардың айырмашылығы жойылады, содан сөзсіз ақиқат деген қағида жалпылама келісім туралы түсінікті сөздермен көне айтылар пікірмен әркез қолдау тапқан сайын, бұл тезисті бірден ақтарлық тұжырымдар ықпалы басылмайды. Әрбір идам, тіпті бала да, осы пайымдарды есіткенде және оларға енген терминдерді түсінгенде бірден олармен келісіп қоймай, олардың туа біткеніне жеткілікті дәлел деп есептейді. Осы баппен адамдар сөздерді түсініп, осы сөйлемдерді әрдайым нақты ақиқат ретінде қабылдаса, олар ендігі ақыл-ой міндетті түрде о бастан жан арнайы дайындықсыз келісетін және ешқандай күдіктенбейтін пайымдармен іріктеледі деп ұйғарады. 18. Егерде мұндай келісімді туа біткеннің белгісі десек, онда туа біткен қағидалар мынандай болмақ: "Бір және екі үшті құрайды", "Дәмді — ащы емес" дегендей мыңдаған мысалдар келтіруге болады. Менің бұған жауап орнына айтарым мынау: принциптің туа біткен дұрыс белгісі ретінде пайымдаудың сөздерін есіте және түсіне салысымен, онымен келіскен жай туа біткен принциптің белгісі бола алады ма? Егер бола алмаса, онда жалпы келісім туа біткеннің дәлелі ретінде бекер келтіріледі. Егерде мұны туа біткеннің белгісі деп есептесе, онда туа біткен принциптерді жақтаушылар күнделікті келісетін пайымдаулардың барлығын да есіте салысымен туа біткен деп қабылдауы керек, оның үстіне, туа біткен принциптердің молдығын байқайды. Осы негізге орай (атап айтқанда, пайымдауды есіте және түсіне салып, бірден келісімін жариялау) кейбір принциптердің туа біткендікке жататындығын ұйғарғысы келсе, онда олар сандар туралы көптеген ой-пікірлердің туа біткендігін мойындауға мәжбүр болады... Мен сөздер есітіліп және түсінгеннен кейін, бірден жалпы келісімді мақұлдаудың өзіндік айқын белгісі деп есептеймін; бірақ өзіндік айқындық туа біткен әсерден емес, одан басқаға (оны біз кейінірек көрсетерміз) тәуелді десек, мұндай өзіндік айқындылық туа біткен принциптерге жатқыза бермейтін көптеген пайымдауға да қатысты. 19. Осындай жалпылама емес ой-тұжырымдар бұрынғы жалпы принциптерге әйгілі... Кім де кім ақыл-ойда не болып жатқанын білуге талпынып жатса, ол, әрине, мұндай және жалпы емес ой-тоқтамдардың анау айтарлық айқын екендігін аңғарады және олармен одан да жалпы шүбәсіз қағидалардың бар екендігін білмейтіндер толық келіседі, сондықтан олар ақыл-ойда бірінші принциптер (деп аталатындардан) бұрынырақ пайда болады, содан оларды есіте салысымен соңғымен келісе салу міндетті шарт емес. 20. "Бір және бір екі болады " деген тоқтамға және т.б. қарсы жауап жалпы емес және мұндай жауап пайдасыз. Егерде "екі жердегі екі төрт", "қызыл — көк емес" және т.б. бекітулер жалпы да және ерекше пайдалы да қағидалар емес деп айтса, онда мен бұл сілтемелер есіткен және түсініскен пайымдаулардан бірден туындайтын жалпы келісімге ешқандай қатысы жоқ деп жауап қайтарамын... Соңғы принциптің үлкен ұқсастығынан тұратын осы пайымдардың айырмашылығына келсек, ол оның туа біткендігін бұрынғыдан да алшақтата түседі, өйткені мұндай жалпылама және дерексіз идеялар жеке өзіндік айқын пайымдаулардың идеяларымен салыстырғанда біздің алғашқы қабылдауымыздан анағүрлым жат келеді; сондықтан дамитын ақыл-ой оларды білгенше және солармен келіскенше ұзақ уақыт өтеді. Ал осы мақтан тұтатын принциптердің пайдасына келсек, оны жөнді толығырақ зерттемей, әншейінде ойлайтындай көп болмауы әбден мүмкін. 21. Кейде бұл принциптер туралы мәліметтер болмай, оларды білмесе, мұның өзі олардың туа біткендігін дәлелдеп бермейді. Біз ой-пікірді есіте және түсіне салысымен, онымен бірден және біржақты келіседі деген бекітумен әлі толық қосылған жоқпыз. Алдымен мына жайды ескерген абзал. Мұндай келісім қағидалардың туа біткен белгілерін толықтырудың орнына кереғарлықты көрсетеді, өйткені ол көптеген адамдар басқа заттарды біліп жөне түсініп тұрса да, мына принциптер туралы оларға арнайы айтпаса, сол ақиқаттарды біле бермейді, тіпті олар туралы біреулерден есіткенше соңғылармен таныс болмауы да ықтимал. Олар ақыл-ойда табиғи және алғашқы таңбалар ретінде (егерде осындайлар болса) туа біткен-ақ болсын, онда олармен әркез келісу үшін соны мәлімдеудің қажеті неде, онсыз олар о бастан әйгілі болуы мүмкін бе еді? Адамдардың мәліметі олардың жанын табиғаттың өзі жасағаннан гөрі анығырақ таңба қалдырады ма? Егер осылай болса, онда адам үйренгенін бұрынғыдан да артық білген болар еді, сүйтіп, басқалардың осы принциптерді бізге үйреткені табиғаттағы олардың таңбасынан айқынырақ болмақ. Мұнымыз туа біткен принциптер туралы пікірмен нашар үйлеседі және оның мән-жайын төмендетеді де, керісінше, оларды біздің білімімізге үйлеспейтін негізге айналдырады. Адамдар онсыз да айқын ақиқаттарды өзгелерден есіткеннен кейін ғана олармен алғаш танысатынын тіптен жасыруға болмайды, бірақ тағы бір нәрсе анық, әркім бұрын білмеген ой жүгіртумен танысу керектігін түсінеді және осы кезден бастап оған ешқандай күмәнданбау пайымдаудың туа біткендігінен емес, қайта заттардың табиғатын қарастыру туралы осы пайымдаудағы сөздер бұрын ол туралы қалай және не айтқызбаса да, енді адамды басқаша ойландыра бергізбейді. Ал егерде туа біткен принципке сөздерді есіте және түсінісе салысымен-ақ, олармен келісе қойғанның бәрін жатқыза берсек, онда жеке фактілерге сүйенетін және ортақ ережеге көтерілетін дұрыс негізделген бақылауды түгелдей туа біткен деп есептеуіміз керек. Оның үстіне, бәрі бірдей әйгілі емес, тек зерек ақылдылар ғана алдымен осындай бақылауларға келеді және олардан ортақ пайымдауды шығарады. Ортақ пайымдаулар туа біткен емес, нақты құбылыстар туралы бастапқы білімдерден және жеке жағдайлар туралы толғаныстардан шығады. Пайымдаушы адамдар осындай тоқтамдарға келгенде және оларды пайымы таяз адамдарға айтқанда, соңғылар өзінің келісімін жасыра алмайды. 22. Бұл принциптер туралы жасырын білімді біреу бізге мәлімдегенше, жан оларды не түсінуге қабілетті немесе түкке тұрмайды. Егер "ақыл-ойда бұл принциптер туралы арнайы мәліметтер болғанша, жасырын да айқын емес білім болады" десек (онда ақыл-ойдың қатерінде жасырын қалған принциптер туралы не деуге болады?), егер мұндай пайымдауды түсінетін және онымен нық келісетін қабілетке мұқтаж деуші жандар бұл принцип туралы нені ұғатынын айту қиын-ақ. Онда барлық математикалық дәлелдерді тура бастапқы принциптер сияқты жандағы табиғи таңба ретінде қабылдау керек; бірақта мұны, менімше, пайымдауды дәлелдеу, дәлелденген қағидамен келісуден анағұрлым күрделі деушілер, сірә, қабылдай қоймас. Математиктердің көпшілігі олардың сызықтары жанында табиғат қалдырған туа біткен қасиеттердің тек көшірмесі дегенді бірден қабылдауға дайын да емес. 23. Мәліметті алысымен келісімге сілтеме жасаушылық жалған пайымдауға негізделген және мұндай келісім ештеңемен дайындалмаған. Алдыңғы сілтеме, қаншама тістеніп тұрсам да, әлсіздеу, өйткені ол адамдардың есіткен принциптермен келіскеннің бәрін де туа біткен деп есептеткізбек, бұрын оқымаса да, оларды дәлел немесе дәлелдеу ретінде қабылдамай, бізді олардың терминдерін жай түсіндіру және түсіну деген келісімге көндірмек. Меніңше, мұнда: адамдар ешнәрсеге үйретпейді жөне de novo (жаңаға) үйренбейді де (4) деген астарлы амал ұсынылған, солай десек те, олар іс жүзінде бұрын білмегенге үйренеді және бір нәрсеге үйретеді де. Өйткені, біріншіден, олардың онысы мен мұнысы бірге туындамайтын сөздерді және олардың мағынасын жаттап алғаны айқын. Бұның бәрі де нақты жағдайда алынған әлі білім емес: пайымдауда әңгіме болып отырған идеялардың өздері бертін келе қабылданған және олар адамдардың атауынан бұрын туындаған емес. Егер ой жүгіртетін қайсыбір пайымдауды мәлімдегеннен кейін, онымен бірден келіскенімен, пайымдаудың кейбір идеяларын белгілейтін сөздері де, айқын көрсетілген идеялары да туа біткен емес, олай болса, бұл пайымдауда туа біткенге не қалатынын білгім келеді. Егерде сөздері немесе идеялары туа біткен пайымдауды маған тізіп берсе, онда мен ойланар ем: біз біртіндеп идеялар мен атауларды қабылдаймыз да, олардың өзара байланысын қарастырамыз, содан кейін сөздерден тұратын пайымдаудың мағынасын біліп аламыз, сол идеяда олардың ұқсастығы немесе ұқсас еместігі көрсетілсе, онда біз оларды салыстырамыз да, бірден келісеміз; сондай-ақ басқа пайымдаулар өзінше дәлелді де айқын болса да, бірден немесе жеңіл-желпі қабылдамаған идеяларға жатса, біз олармен ешқашан қосыла алмаймыз. Егер бала түрлі заттардың идеяларын жан дүниесіне жақын тұтып, әрі сол идеялардың мән-жайын құрайтын "алма" жөне "от" сөздерін есінде сақтаса, онда ол "алма — от емес" деген пайымдауға бірден ойланбай келіседі. Әйтсе де, сол бала "жалқы зат бір сәтте болмауы және болуы мүмкін емес" сөйлемін түсінуге, мүмкін, бірнеше жылдар өтер. Соңғы сөйлемнің сөздерін жаттап алу жеңіл де болар, бірақта олардың мағынасы бала сезінетін заттардың атауларымен салыстырғанда ауқымды да кең, жалпылама болғандықтан, бала олардың нақты мағынасын бірден ұқпайды, ал оларды белгілейтін жалпылама идея бала жанында құралу үшін, әрине, ұзақ уақыт өтеді. Мұндай жағдай болмайынша, жалпы сөздерден тұратын пайымды балаға қабылдатқызу әрдайым қиындыққа ұшырайды. Әйтсе де, ол қалай бұл идеяларды қабылдап және оларды атап үйренсе, ол-солғұрлым жоғарыда айтылған қос пайымдауды бір ортақ негізде қабылдауға бейімдік танытады, өйткені оның ақылында идеялар бір-бірімен сәйкес келетінін немесе сәйкес келмейтінін қалай байқаса, солай сөйлемде оларды белгілейтін сөздер бірін бірі бекітеді немесе теріске шығарады. Егерде ақыл-ойда тиянақталынбаған сөйлемдегі сөздер идеяларды белгілесе, онда мұндай сөйлемдердің дұрыстығы мен бұрыстығына қарамастан, бала олардың мағынасын білмегендіктен, өздігінен бұған келісе де, келіспей де тұра алмайды. Біздің идеялардың белгісі емес сөздер бос дыбыстар сияқты біз білетін идеялармен сәйкес келгенде, тек сондай жағдайда ғана олармен келісе аламыз. Біздің ақыл-ойымызға білім қандай сәтпен және жолмен келетінін, тіпті онымен келісудің әртүрлі дәрежесіне ыңғайлы негіздерді көрсету — кейінгі ізденістердің міндеті. Ал мұнда бұл нәрсені жеңіл-желпі қарастыруымыз туа біткен принциптер туралы күдікті қоздырудың бір жөні болмақ. 24. Олар туа бітпеген, өйткені жалпылама келісімге жеткен жоқ. Жалпылама келісімге сілтеме жасайтын дәлелді біржақты ету үшін, мен туа біткен принциптерді қорғаушылармен бірге, егер олар туа бітсе, сөзсіз жалпылама келісімді қолдана білуі керек. Не демейік, ақиқат туа бітсе де, танылмауы мүмкін, әйтпесе, адам бір мезгілде ақиқатты білуі де, білмеуі де мүмкін деу мен үшін түсініксіз. Бірақ қорғаушылардың өз пікірінше, дәл осы ақиқаттар туа бітпейді. Мұндай пайымдармен осы сөзді түсінбейтіндер де, түсінсе де, оларды есітпегендер мен ойламағандардың басым көпшілігі келіспейді; ал меніңше, ондайларға адамзаттың кем дегенде жартысы жатады. Егерде ондай адамдардың саны тіпті аз болса да, мұның өзі жалпы келісімді бұзуға жеткілікті, әйтпесе, балалардың өзі ғана осы пайымдарды білмесе, соның өзі соңғылардың туа бітпегендігіне дәлел бола алады. 25. Бұл принциптер ең алғаш танитын қағидалардың қатарына жатпайды... Балалардың ойлай бастайтын уақытын дәл таба аламыз ба, таба алмаймыз ба, мәселе онда емес, мұндай уақыттың болатыны даусыз; балалардың сөздері мен қимыл-әрекеттері олардың ойлайтынын анық білдіреді. Сонымен, егерде балалар ойлануға, тануға, келісуге қабілетті болса, онда олар ұғымның табиғатынан туындайтын таңбаларды біле алмайды деу, тіпті мұндай жай рас болса да, солайша болжау дұрыс па? Балалар сыртқы заттардан көңіл-күйді қабылдаса да, одан табиғаттың өзі таңбалаған белгілерді білмейді дегізетін пайымдауда қандай мән-мағына болмақ? Балалар өз өмірінің төлтумасына айналып, онда өшпес із қалдырған ұғымдарды білмей-ақ, пайымға енетін ұғымдарды дұрыс қабылдай және олармен келісе алады ма, оларды қабылдайтын білім мен болашақ толғаныстардың негізі мен жон сілтеушісіне айналдыруға болады ма? Мұның өзі, егерде табиғаттың белгісін басқа заттарды жақсы көретін көз айыра алмаса, онда табиғат мақсатсыз ықпал етеді немесе нашар таңба қалдырады деген ой тудырмақ. Бірден білінбейтін және онсыз көптеген басқа заттар туралы дәлелді білім мүмкін болса, онда біздің танымның негізі мен ақиқаттың нағыз айқын құрамдасы мүлдем дәйексіз қалмақ. Бала тәрбиелеушісін өзін ойнайтын мысықпен, өзіні қорқытатын арабпен шатыстырмайды, өзі бас тартатын дермене тұқымы немесе қыша қол соза шырылдап сұрайтын алма және қант емес екендігін жалтақсыз ажыратады; мұның бәрін нақты және күмәнсіз біледі. Бірақта осы және басқа да өздерінің білімдері "жеке зат бір мезетте болуы да, болмауы да мүмкін" принциптері нәтижесінде немесе бала ол туралы түсінік пен пайымды басқа да көптеген шындықты білетін жаста ғана құрастырады деп кім батыл айта алады? Кім де кім "балалар жалпы да жалаң ой-тұжырымдарды өздерінің кеудесімен және ойыншықтарымен жалғастырады" деп айтса, ондай адамды ашықтығы мен айқындылығы сылбыр балалармен салыстырғанда, өз сенімі үшін қызбалықты біржақты және әділетті ұстайтын адамның қатарына жатқызады. 26. Сондықтан да бұл принцип туа бітпеген. Кейбір жалпылама пайымдардың мәліметтеріне әрдайым көнетін ересек адамдар жалпылама да жалаң идеяларды және осы идеялар сөзсіз қамтитын атауларды ойланбай пайдалануға келіседі. Бірақта мұндай ымсыз мақұлдау басқа нәрселерді білсе де, адамның жас кезінде табыла бермейді, өйткені мұндай пайымдар парасатты адамдардың арасында жалпылама келісімге жете бермейді де, оларды туа біткен деу тіпті болмайды. Өйткені қайсыбір туа біткен шындық (егер олай бола қалса да) бір нәрсе білетін біреуге белгісіз болып қалуы мүмкін емес. Олар туа біткен ақиқатқа жата қалса, онда туа біткен ойларға да жатуы тиіс, өйткені оның ақылы ақиқат туралы ешқашан ойланбауы мүмкін емес. Осыдан түсінікті, егер ақылда туа біткен ақиқаттар болса, онда олар міндетті түрде алдымен ақылда туындайтын және олар туралы ойланатын шындық болуы керек. 27. Олар туа бітпеген, өйткені олар туа біткен деген аяда аз көрінеді, онысы бұрынғыдан айқынырақ білінеді. 28. Ықшамды тұжырымдар. Менің сөздерімнің дәлелге жүгінетін шеберлерге қаншалықты дөрекі көрінетінін мен білмеймін, менің айтқандарымды естісімен, мүмкін, кейбіреулер оларды ақылға қонымды деуге қиналып қалар. Мен аз уақытқа болса да алдын ала кінәлаудан қалыс қалғанды өтініп, наным-сеніммен келісуге мәжбүр боламын. Менің кейінгі баяндауымды тыңдағанша кейбіреулер алдын ала кінәлауға (соқыр сенімге) бармау үшін, мен аз уақытқа болса да қысқа мерзімдік келісімге шақырамын, сонда ғана анау-мынауға ұрынбай, мен дұрыс ой-пікірді уәждеуге тырыса беремін. Мен ақиқатты тайсалмай іздейдіндіктен, егерде мені өзімнің ой-толғаныстарыма біржақты беріле еліктейтінімді дәлелдеп берсе, басымызды шыр айналдыратын мұндай әуесқойлық әр қайсымызда болатынын мойындай отырып, оған өкінбеймін. Не де болса, ойдағы осы әйгілі екі принципті туа біткен деуге мен негіз таба алмай отырмын, өйткені олар жалпылама қолдану таппайды, әншейінде олардың туа біткендігін білдіретін келісім туа біткенді қабылдамайтын басқа да ой-тоқтамдарды бірдей жақтайды; басқа ой-тоқтаммен табысатын келісімнің жолы өзгеше еместігі және оның ақылдың табиғатынан жаралғандығы келесі әңгімеде айқын болатындығына күмәнданбаймын. Егерде, әйтеуір, таным мен ғылымның осы бас принциптері туа біткен деп қабылданбай жатса, онда, менімше, пайымдаудың ешқандай басқа қағидалары туа біткен деуге артық тетік таппас.

ІІІ-тарау

ТУА БІТКЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР ЖОҚ

1. Жоғарыда аталынған пайымдау жағдайынан айқын да жалпылама өнегелі принциптер жоқ. Егерде жалаң ойдағы қағидаттармен адамзаттың бәрі бірдей шындығында келісе бермейтінін жоғарыдағы тарауда қарастырдық, сондықтан да олардың жалпылама қабылдайтын және практикалық принциптердің болмайтыны онсыз да айқын. Мен ойлаймын, "не болса — сол бар" немесе "жеке заттың бар болуы да, болмауы да мүмкін" деген ақиқатқа үйлес келетін бір де бір адамгершілік тәртібін мысал ретінде келтіру қиын. Осыдан практикалық принциптерді туа біткен деуге хұзыр одан да бетер шектелінеді, ал адамгершілік принциптері жан табиғатының таңбасы дейтін күдік ой-пайымдаудағы принциптердің туа біткендігі туралы күмәнді о бастан бетер күшейте түседі. Бірақ бұдан олардың ақиқаттығы жалпы күдікке ұшырамайды деушілік туындамайды... Бірақта көптеген адамдардың өнегелі ережелерді білмеушілігі де, олардың мұны мойындауға асықпаушылығы да олардың туа біткендігін және зерттемей оларды қарауға бола бермейтіндігін анық көрсетеді. 2. Сенімділік пен әділеттілікті әркім моральдық принциптерге жатқыза бермейді. Адамдардың бәрі бірдей қосылатын адамгершіл принциптер бар ма,— бұл мәселе бойынша адамзат тарихымен шұғылданған және өз үйінің түтінінен арығырақты көретін кез келген куәгерді шақырар едім. Егерде практикалық ақиқат туа біткен болса, онда ешқандай күдіксіз және қобалжымай, өзіне лайықты тұрғыдан қабылдайтын ондай ақиқат қайда? Әділеттілік пен келісімді сақтау — көптеген адамдар құптайтын принциптердің мән-жайы. Соңғы принциптің ұрылар тобырына да, ірі пайдакүнемдердің қауымдастығына да бірдей тарайтынын мойындау керек. Анау адамдық келбетінен айрылғандардың өздері бір-бірімен қарым-қатынастарында сенімділік пен әділеттілік ережелерін сақтайды. Қала берсе тіпті өлтірушілер де өзара қарым-қатынаста осы принциптерді мойындаса, оларды табиғаттың туа біткен заңдары ретінде қолдамайтынына кәміл сенемін. Олар өз қауымдастығында принциптерді мақсатқа орынды ереже ретінде ғана құптайды. Әділеттілік пен сенімділік — қоғамдағы күнделікті байланыстардың мәнісі; сондықтан басқа дүниеден күдер үзген өлтірушілер мен ұрылар да өзара қарым-қатынаста сенімділік пен әділеттілік ережесін сақтайды, онсыз бірге өмір сүре алмайтынын сезінеді. Бірақ осыдан пайдакүнемдікпен және ұрлықпен өмір сүретіндердің өздері сенімділік пен әділеттілікті туа біткен принциптер ретінде қабылдап, сонымен келіседі деп кім батыл айта алады?

ІІ КІТАП

І-тарау

ЖАЛПЫ ИДЕЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ ТУРАЛЫ

1. Идея — ойлану объектісі. Әрбір адам өзінің ойланатынын және идеяларды ойлану кезінде ақылдың шұғылданатын әрекеттері деп түсінетіндіктен, онда адамдар сөзсіз өз ақыл-ойында, мысалы "ақ, қатты, дәмді, ойлану, қозғалыс, адам, піл, әскер, мас болу" және басқа да сөздер арқылы адамның ақылындағы түрлі идеяларды білдіреді. Сонымен, ендеше, адам алдымен идеяға қалай келетінін зерттеу керек. Адамдар өмір сүрген о бастан олардың ақылында туа біткен идеялар мен бастапқы белгілер таңбаланар деген жалпылама ілім екендігін мен білемін. Мен бұл пікірді толығырақ талдадым да. Әйтсе де, меніңше, алдыңғы кітапта айтылған пікірлермен бірден келісе отырып, мен ақыл-ой өзінің барлық идеяларын қайдан, қандай жолдармен табатынын және олар қалай біртіндеп жанға оралатынын көрсетемін, оның үстіне, мен әркімнің бақылауы мен тәжірибесін куәгерлікке тартамын. 2. Барлық идеялар түйсіктерден немесе рефлексиядан құралады. - Жанды, мысалы, ешқандай белгілері мен идеялары жоқ ақ парақ қағаз деп болжарлық. Онда жан оларды қандай жолмен табады? Ол құбылмалықты шексіз үйіп-төгетін тынымсыз да белсенді адамдық қиялдың кең байтақ жерін қайдан іріктеп алады? Тынымсыз да шексіз өрнектейтін адам қиялының таусылмас материалын ол қайтіп тауып алады? Ол пайымдау мен білімнің күллі материалдарын қайдан алады? Мұның бәріне мен бір сөзбен — тәжірибеден деп жауап берем. Біздің бар біліміміз тәжірибеге негізделген, ақыры содан тарайды (5). Біздің бақылауымыз өзіміз қабылдайтын және рефлекске ұшырататын сыртқы заттарға немесе жанымыздың ішкі қимыл-әрекеттеріне бағытталған, содан ақыл-парасатымызды ойландыратын толық материал жеткізіледі. Бұл біз білетін немесе табиғи түрде тарайтын күллі идеяларға қол жеткізетін білімнің екі бірдей қайнар көзі. 3. Түйсік объектісі — идеяның бір қайнар көзі. Біріншіден, біздің сезімдеріміз жеке сезіммен қабылданатын заттарға бағытталғандықтан, сол заттардың оларға ықпал ететін алуан жолдарына орай, ақылға бір-біріне ұқсамайтын заттардың әртүрлі бейнелерін жеткізеді. Сонымен біз сезімдік сапалар деп аталатын сары, ақ, ыстық, суық, жұмсақ, ащы, тәтті жөне басқа да ұқсас идеяларды қабылдаймыз. Сезімдер ақылға қабылдағанды жеткізеді дегенде, сыртқы заттарда не нәрсе сезімдерді қабылдауға тітіркендірсе, соны мен ақылға жеткізеді демекпін. Біздің көптеген идеяларымыз сезімдерге түгелдей тәуелді болатын және солар арқылы ақыл-парасатқа ендіретін қайнар көзді мен "түйсік" деп атаймын. 4. Ақылымыздың қимыл-әрекеттері — идеялардың басқа қайнар сөзі. Екіншіден, ақыл-парасатты идеямен қамтамасыз ететін тәжірибенің басқа бір бастауы — біздің ақылдың өзі қабылдаған идеялармен шұғылданатын іштей қызметі. Егерде ақыл бұл қызметті қарастыратын, болса әрі толғандырып жатса, олар біздің ақыл-парасатқа сыртқы заттардан тікелей ала алмайтын идеялардың басқа түрлерін жеткізеді. Қабылдау, ойлану, күдіктену, сену, пайымдау, таным, ниеттену — міне, бұның бәрі де ақылымыздың түрлі қызметіне жатады. Біз осы идеяларды қай уақытта өзімізде сезініп әрі байқасақ, онда біз ақыл-парасатымызда бір-бірінен тыс және біздің сөзімізге әсер ететін денелерден бөлек идеяларды аламыз. Идеяның бүл бастауын әрбір адам өзінде толық сақтайды, бірақ бүл бастаудың сыртқы заттарға ешқандай қатысы жоқ болғандықтан, оны сезім демейміз. Әйтсе де, ол сезімге әбден ұқсас та, оның "ішкі сезім" деп дәл айтылуы тегін емес. "Түйсікті" бірінші бастау десек те, мен "рефлексияны" екінші қайнар көз демекпін, өйткені ол рефлексия арқылы ақылдың ішінде оның өзіндік қызметін білдіретін идеяларды ғана жеткізеді. Сонымен, рефлексия дегеніміз ақыл бақылаудың көрініс тәсілдерін өз қызметімен саралап, осы қимыл-әрекет барысында ақыл-парасатқа идеяларды қалыптастыратын бақылаудың салдары екенін кейінгі әңгімеден айқын түсінсе екен деймін. Ойды қайталап байыптасам, осы екі қайнардан — түйсік объектісі ретінде сыртқы материалдық заттардан және рефлексия объектісі — ақылымыздың ішкі қызметінен, меніңше, осы бірден-бір қайнардан идеялардың бәрі бірдей бастау табады. Мен "қызмет" терминін кең мағынада, яғни ақылдың өз идеяларына қатысты қимыл-әрекеті деп қана емес, сондай-ақ қайсыбір ойдан туындайтын, мысалы қанағаттану немесе қанағаттанбау сияқты құмарлықты қоздыратын кейбір идеялар ретінде де қолданамын. 5. Біздің барлық идеяларымыз не бір бүтін, не басқа қайнар көзден таралады. Ақыл-ой аталынған әлгі екі қайнар көзден басқа, меніңше, ешқайдан да идеялардың жылтыл сәулесін ұстай алмайды. Сезімдік сапалар сыртқы заттарды қабылдаудың әртүрлі мән-жайын қалыптастыратын идеяларды ақылға жеткізеді, ал ақыл өз қызметінің идеясымен зердені қамтамасыз етеді. Егер біз осы екі қайнар көзді, олардың әртүрлі формаларын, байланыстары мен қатынастарын толығырақ зерттесек, онда біз идеялардың бүкіл қоры соларда сақталатынын жөне біздің жанымызда осы жолдардың біреуімен алынатын нәрселерден басқа ештеңенің жоқ екендігін байқаймыз. Әркім өзінің ойлану ерекшелігін зерттеп және өзінің ақыл-ойын мұқият пайымдасын да, соңынан оның алғашқы идеяларының не екенін, оның сезімдер объектісінің идеялары немесе рефлексия объектісі ретінде қарастырылатын ақыл қызметінің идеялары емес екендігін маған айта қойсын. Оның ойынша, ақыл-парасаттағы білімнің көлемі қаншалықты шексіз үлкен болмасын, оны мұқият қарастырғаннан кейін, ақылда осы екі бастаудан алынған идеялардан басқа, мүмкін, ақыл-парасатпен алуан түрде жалғастырылған және шексіз кеңейтілген идеялардан басқа дәнеңенің болмайтынын кейінірек көре жатармыз. 6. Мұны балалардан табамыз. Нәресте дүниеге келгесін, кім оны мұқият бақыласа, ол болашақ туралы білімнің заты бола алатын идеялармен толық жабдықталған деуге негіз таба алмайды. Бала олармен біртіндеп нәрленеді. Баланың жадында уақыт пен тәртіпті жазып алардан бұрын айқын да үйреншікті қасиеттердің идеялары басылса да, олардың әдеттен тыс кейбір сапалары тіптен кейінірек көрініс алады, содан олармен таныстықты есіне түсіре алатын адамдар шамалы-ақ... Десек те, егерде баланы кәмелетке жеткенше ақ пен қараны ғана көретін мекенжайда ұстаса, онда оның алқызыл және жасыл көк туралы идеялары соншалықты күңгірт болатынын, сондай-ақ устрица мен ананасты өмірінде жемеген балада олар туралы ерекше идеяның көмескі де әлсіз болатынына, меніңше, күмәнданушы болмас. 7. Адамдар кезігетін объектілердің айырмашылығына орай түрлі идеялармен жабдықталады. Адамдар сырттай кезігетін әртүрлі объектілердің көп немесе аз санына қарай өздерін азды-көпті қарапайым сыртқы идеялармен жабдықтайды, ал өз ақылының ішкі қызметіне сүйеніп, ол идея туралы жиі немесе кемірек ойланады. Әйтсе де, өз ақылының қызметін пайымдаушы әрбір жан қарапайым да айқын идеяларды құрастырмауы мүмкін емес, бірақта кім өз ойларын осы жолға арнамаса және оларды мұқият талдамаса, ол өз ақылы қызметін түгел байқай алмай, оның бір-бірінен ерекше айқын идеяларына қол жеткізе бермейді, содан кім де кім көріністің немесе бөлшектердің және сағаттар қозғалысының жеке идеяларына арнайы назар аударып, мұқият қарастырмаса, ол соңғыларды азырақ игереді. Суретті немесе сағатты күнде көз алдында тұратындай қоюға болады; бірақ олардың әрбір құрамдас бөлшектерін оның өзі ықыласпен қарап шықпай, олар туралы тек бұлыңғыр идеяны есінде қалдырады. 8. Рефлексия идеялары ерекше ықыласты қажет етеді де, содан кейінірек (пайда болады). Осыдан біз балалардың басым көпшілігінің не себептен өз жаны қызметінің идеясын өте кеш игеретінін байқаймыз, ал кейбіреулері өмір бойы осы қызметтің өте айқын да жетілген идеяларының көбісін білмей-ақ өтеді. Бұл қызмет әйтеуір, тұрақты болса да, ол бірақ жарқ еткен елестей терең ықпал етпей өте шығады, дегенмен, ақыл-ой өз қызметін толықтырмай, өзінің қуат-күшін ішкі қызметіне аудармай және оны өзіндік пайымның объектісіне айналдырмай, ақылда айқын, бір-бірінен бөлек, тұрақты идеяны қалыптастыру екіталай. Нәрестелер жаңа заттар ортасында дүниеге келгендіктен, оның сезімін олар үнемі оятады да, оған құлаған ақылдың ынты-шынтысын жаңа нәрсеге аударытқызады, өзгермелі объектілердің әр түрлілігінен қанағат табуға ыңғайлайды. Сонымен, олар алғашқы жылдары ортаны қызыға және тамсана қараумен өткізеді. Бұл жаста сыртқы ортамен танысуға баса көңіл бөледі. Сыртқы түйсікке үнемі назар аударумен оның деңгейінен шықса да, бірақта адамдар кәмелеттік жасқа жеткенше сезімталдықтың ішінде не болып жатқанына үйірілмей, сирек ойланады, ал кейбіреулері тіптен ешқашан ойланып-толғанбайды да. 9. Ақыл идеяларды қабылдағанда ғана игереді. Адамда қашан алғашқы идеялар болады деп сұрау ол қашан қабылдай бастады деумен барабар. Өйткені идеялардың болуы және оларды қабылдау дегеніміз бірдей. Ақыл үнемі ойланады, оның идеяны даяр күйінде қабылдауы толассыз іштей жүріп жататынын мойындау, сондай-ақ денеден бөлінбейтін нақты ұзындық сияқты нақты ойлану да жаннан дейтін пікірлердің бар екенін мен де есітіп жүрмін (1). Егерде мұны рас дейтін болсақ, онда адам идеяларының бастауын сұрау адам жанының бастауын сұраумен бірдей болатынын еске салмақпын. Егер бұл пікірге жүгінсек, онда жан мен оның идеялары дене мен оның ұзындығы сияқты бір мезгілде өмір сүре бастайды. 10. Жан әруақытта ойланбайды, өйткені керағар тоқтамға дәлелдер жоқ. Жан денедегі өмірдің бастауынан немесе оны ұйымдастырудың алғашқы нышанынан бұрын, бірден немесе көп кейінірек қалыптасты ма дейтін мәселені мен жақсы түсінетіннің үлесіне қалдыруды жөн көрдім. Мен идеяны жасық жанның әрқашан пайымдай бермейтін сарқыншағында сақталатынын мойындаймын және жанның үнемі ойлануы не себептен дененің үнемі қозғалуынан гөрі қажеттірек екенін ұғына алмаймын. Менің пайымдауымша, жанның идеяны қабылдауы дене үшін қозғалумен бірдей, бұл жанның мәнісі емес, оның қызметтерінің бір түріне жатады. Сондықтан ойлану жанға тән қызметке жатады деп біржақты батыл болжасақ та, жан үнемі ойланады, үнемі қызмет бабында табылады деп кесіп айтудың қажеттілігі шамалы. Меніңше, мұның өзі ешқашанда "мызғымайтын және қалғымайтын" (1) шексіз Жаратушы, тән әрі бәрі де жарылқаушының құдіретінде, сондықтан ол шектеулі затқа, қала берсе, адамның жанына тән нәрсе емес. Біз кейде ойласақ, одан ойлану қабілеті, әйтеуір, бізде бар деген дұрыс ой-тұжырымды жасайтынымызды тәжірибеден айқын байқаймыз. Бірақта бұл субстанция тұрақты ойлана ма, жоқ па, ол туралы тәжірибе үйреткеннен артықты біз күні бұрын сенімділікпен айта алмаймыз. Нағыз ойлану жанға маңызды жөне одан бөлінбейді деп айта салсақ, онда күдікті нәрсені парасаттың дәйегімен дәлелдемей, соқыр сеніммен қабылдай саламыз, ал мұндай пайымдау өзінше айқын болмаса, оны сондай ету қажет. Мен бүкіл адамзатты өзінше айқын, бәрі бірдей "жан үнемі ойланады" деген қағиданы есітісімен, осы мәліметті пайымға айналдыратын куәгерлікке тартамын. Мен түні бойы ойландым ба, жоқ па, оны білмеймін. Өйткені әңгіме факт туралы айтыс-тартыстың заты, яғни фактіні көз жұмбай қабылдайтын пайымдау туралы болуда. Бұл жолмен не болса, соны дәлелдеуге болады. Сағат тілі қозғалғанда, бар сағаттар ойланады деп болжай қойсақ, онда менің сағатым өткен түн бойы ойланды дегенге күмән тумайды. Бірақта кім де кім өзін алдағысы келмесе, ол өзінің болжамдарына сүйеніп фактілердің қандай болатынын кесіп айтпай, яғни осылай болуы керек деп ұйғармай, өзінің болжамдарын фактіге сүйеніп айтуы және оларды сезімдік тәжірибемен дәлелдеуі керек. Мұндай дәлелдеу тәсілі, басқалар ұйғарғандай, мен әрдайым ойланамын, онымды өзім білмесем де, мен өткен түн бойы ойлануыма әкеп тірейді. Біз сыртқы заттарды емес, тек өз ойымызды түсінуіміз қажет; біз ойланатын күйді ұқпасақ та, осы мезетті әрдайым ұққан сайын, оның қажеттілігін түсіне береміз. Адамдар өз пікіріне төселген сайын, күдікпен қарайтынды ұйғарып қана қоймай, дұрыс фактілерге сілтеме жасауды дағдыға айналдырады. Онсыз менің сөздерімнен "заттарды түсімде көрмесем, олар жоқ" деген тоқтамды қалай шығаруға болады? Мен жанды түсімде көрмегендіктен, оны жоқ деп айта алмаймын; бірақ мен адам түсінде немесе өңінде ме, бәрібір, мұны байқамай, әркезде ойлана бермейді деп айтамын. Біз басқа заттарды емес, тек өз ойларымызды түсінуіміз керек; біз ойлайтын күйге жетпесек те, оның қажеттілігін мұны ұқпай-ақ әрдайым түсінеміз. 11. Жан әрдайым өзін ойланатын күйді сезіне бермейді. Мен көңілі сергек адамның жаны ешқашанда ойсыз болмайтынына келісемін, өйткені бұл сергектіктің бір шарты; сондай-ақ, бір жағы, сергек адамның түс көрмей ұйықтауы бүтін адамның, оның жаны мен тәнінің ортақ күйі емес пе екен деп ойға батасың, өйткені бір нәрсе туралы ойланып, оны ұқпасаң, оған жету қиын-ақ. Егерде ұйықтап жатқан адамның жаны, өзі бұл күйді сезбей-ақ ойланса, онда ол осындай ойлану кезінде қанағаттану немесе күйзелуді, бақыттылықты немесе бақытсыздықты бастан кешіреді ме? Ол жататын дәл төсек немесе жердей бола алмайтынына сенемін. Өйткені бақытты немесе бақытсыз болуды сезінбесе, ол мен үшін тіпті үйлеспейтін және мүмкін емес жәйт. Егер дене ұйықтап жатқан кезде, жанның өзінде оңаша ойлар, қуаныштар және ынталар, тіпті сүйіспеншілік немесе азаптануы бола қалса, оларды адам сезбесе және қабылдамаса, онда ұйықтап жатқан Сократ пен сергек Сократ, әлбетте, бір адам болмайды; ұйықтағандағы оның жаны және ұйықтамаған Сократтың жаны мен тәнінің ширақ күйі адамның екі түрлі жағдайы болып шықпақ. Ояу Сократ болса, өз жанының бақыты немесе бақытсыздығы туралы ештеңе біле бермейді және жеке сезінетін бұл күйге ешқандай қатынасы болмайды, сондай-ақ ол ұйықтап жатқанда, мұны ұқпай-ақ, дәл сондай өзіне мәлімсіз Индияның белгісіз тұрғынының бақыты немесе бақытсыздығы туралы ештеңені білмейді. Егерде біз өз қимыл-әрекеттеріміз бен түйсіктерімізді, әсіресе қанағаттану мен азаптануды, сондай-ақ оларды жақтайтын ынтаны сезіндіретін кез келген шартты толығымен жойсақ, онда кісінің ұқсастығы неде екенін ажырату қиындамақ. 12. Егер адам тусінде ойлағанын білмесе, онда ол тусінде және ояу кезінде екі келбет болмақ. Мұндай көзқарасты жақтаушылар: "Жан тәтті ұйқыда да ойлайды" дейді. Ол ойланған және қабылдайтын кезде, әрине, рахат пен қайғыны қабылдауға бейім және кез келген басқа да қабылдаулардан ол өз қабылдауын түсінуі қажет. Жан мұның бәрін бөлек орындайды... Сонымен, келбеттің ұқсастығын жанның материалдық бөлшектердің санымен бірдей жалғасуы деп, меніңше, ешкім де айтпайды. Егерде мұның бәрі үйлестік үшін қажет десек, онда біздің денеміздегі бөлшектердің үздіксіз қозғалысында қайсыбіреудің өзіндік келбеті екі күн бойы немесе тіпті екі мезетте бұрынғы баз қалпында қалуы мүмкін емес. 13. Түс көрмей ұйықтап жатқан адамдарды ойланып жатырсың деп нандыру мүмкін емес. Сонымен, ұйқыға батқан жан әруақытта үнемі ойлайды деушілердің ілімін, меніңше, түбірінен әлсіретеді. Кім әрқашан түс көрмей ұйықтаса, кейде ондайлардың ойы сағаттар бойы жұмыс істесе де, оны адамдардың өзі ешқашан біле бермейді екен деп көндіре алмайсың. Егерде оларды қатты ұйқыдан оятсаң, олар ұйықтап жатқанда не істегені туралы өзіне есеп бере алмайды. 14. Адамдардың есінде қалмаған түстерге сілтеме жасау бекер-ақ. Мүмкін, жан қатты ұйқыда да ойланады, тек ол есте қала бермейді деп айтушылар болар. Ұйықтап жатқан адамның жаны бір мезетте ойланудан босанбайды, ал басқа мезетте, ояу кезде оны ұмытып қалады, тіпті ештеңені есіне түсіре алмайды дегенді көзге елестету өте қиын-ақ, оған сену үшін қарапайым жалаң сөз емес, нағыз дәлел керек. Шындығында, кім өмір бойы күніге бірнеше сағат бір нәрсе туралы ойланып-толғанып жүргенді шырт ұйқысынан оятып, оған көпшілік осылай айтты деп ойланбай-ақ, одан бір нәрсе сұрағанда, ол ешнәрсені есіне түсіре алмайды дегенге кім сенеді? Менің байқауымша, көптеген адамдар ұзақ уақытын ұйқысыз өткізеді. Менің есі дұрыс бір ғалым адаммен таныс болған жайым бар. Оның айтуынша, ол жақында өмірінің жиырма бес немесе жиырма алты жасында безгекке ұшыраған, әйтеуір, жазылғанға дейін ешқашанда өмір бойы түс көрмеген. Мұндай мысалдар тағы да табылар деп ойлаймын, қала берсе әркім өздерінің көптеген түндерін ұйқысыз, түс көрмей-ақ өткізгеніне айғақ болар өмір тәжірибесінен жеткілікті мысалдарды есіне түсіре алады. 15. Бұл болжам бойынша, ұйықтап жатқан адамның ойлары алдымен зерделі болуы керек. Жиі ойланып, бір мезетте өз ойымды тоқтатып тастаймын десең, онда өте болымсыз ойланумен шұғылданғаның. Мұндай жалқы ойлануда түрлі көптеген бейнелер мен идеяларды үнемі қабылдап, бірақ оларды таңбалап іріктей алмайтын айнадан айырмашылығы (тіптен айырмашылығы болса да) шамалы болмақ; олар айнада жойылады, жоқ болады да, ешқандай із қалдырмайды; алдыңғы ойлардан жан жайғаспайтындай, мұндай идеялардан айна жөнделмейді. Мүмкін: "Ояу адам ойланғанда дененің затын пайдаланады,— деп айтып та қалар; — ойлар туралы естелік мида ойланудан кейін қалатын ізтаңбалар, бейнелер арқылы сақталынады, әйтсе де, ұйықтап жатқан адам жаны ойлауды қабылдай бермейді, жан өзінше ойланады да, дененің мүшелеріне жүгінбейді, денеде таңбаны, содан осы ойлар туралы естелікті қалдырмайды". Осы пайымнан туындайтын екі түрлі келбет туралы қисынсыздықты айыптағанның өзінде, мен тағы мынаған назар аудармақпын: ақыл дененің көмегінсіз қабылдайтын және пайымдайтын идеялар қандай болмасын, оларды дененің тікелей әсерінсіз-ақ сақтайды десек, мұнымыз дұрыс шешім болмақ; онсыз жанның кез келген дараланған рухтай ойланудан алар пайдасы шамалы. Егерде жан өзінің ерекше ойларын толық ұмытса, оларды тіпті өз пайдасына сақтай және қажет дегенде шақыра алмаса, егер өткені туралы ойланып-толғанбаса және өзінің бұрынғы тәжірибелері мен пайымдарына ой жүгіртіп пайдалана алмаса, онда ол қандай мақсатпен ойланбақ? Кім де кім жаннан ойланатын зат жасаса, олар басқалардан гөрі, жан материяның өте нәзік бөлігі деп мойындаушыларды сынаушылардан гөрі жаннан, әрине, сөзсіз мейірімділеу запы жасайды. Топыраққа жазылған белгілер жел тұрысымен шаңға айналса да, олар сондай-ақ атомдар төсіне немесе өмірлік рухтарға қалдырған іздердей бәрі бірдей пайдалы және жай ойлану кезінде жоғалып, тіпті өзі туралы есіне алатын ешнәрсе қалдырмай, көзден таса болатын кездің өзінде де субъектіні өте мейірімді, игі етеді. Табиғат басым заттарды ешқашанда азғана пайдалы немесе пайдасыз етіп жасамайды. Біздің шексіз дана жасампазымыз заттардың таңқаларлық ойлану қабілеттерін, заттардың жетістігіне жақын ойлану қуатын, өзінің ақылы жетпейтін қабілеттілігін жасауы ақылға сия бермейді, ойларды еске алмайтын үнемі ойлану ізгілікті іс-әрекетсіз адамның өзіне де, өзгеге де пайдасыз, жер бетіндегі өмірінің кем дегенде төрттен бірін қамтитын мұндай нәтижесіз және пайдасыз қолдануды түсіну де қиын. Мұны зерттеу барысында, тұтас дүниенің бір бөлшегінде дөрекі де сезімсіз материяның қайсыбір қозғалысын тұтасымен пайдасыз және толық босқа жойылады деген дәлелді біз таба алмаспыз деген пікірдемін. 16. Бұл болжам бойынша, жан түйсік немесе рефлексиядан туындамайтын идеяны іріктеуі керек, бірақ ондай идеялар табылмайды. Рас, кейде біз ұйықтап жатқанда қабылдайтын жайлар болады жөне бұл ойлар есте қалады. Бірақта олар көбінесе түсініксіз, бір-біріне қатысы жоқтай келеді де, парасатты жанның жетістігі мен бірқалыпты күйіне үйлесе бермейді. Бұл жәйтті түс көретіндірге айтып жатудың қажеті шамалы. Әйтсе де, менің білгім келетін жай мынау: жанның дүниеден тыс, бөлек күйінде өзінше ойлануында, сондай мезетте ол денемен бір болғаннан гөрі есуастау күйде болады ма, жоқ па? Егер оның жеке ойлары зерделі бола бермесе, онда бұл адамдар жанның зерделі ойлануы дененің жетістігіне қатысты екенін мойындауы керек, егер мұндай болмаса, онда біздің ұйқымыздағы бос нәрсе мен қисынсыздықта жанның байыпты әңгімелерді және толғаныстарды, көбінесе, өзінше сақтап қалады деу таңқаларлық жай. 17. Егер мен ойлансам және білмесем, онда басқа ешкім мұны біле алмайды. Расында, жан тұрақты ойланады деп сеніммен айтушылар бізге тағы да мынаны айтып берсе, баланың жанынан бұрын немесе оның денесімен үйлесер мезетінде, әйтеуір, қайсыбір идеяларды түйсікпен алғанға дейін идеялардың не екенін түсіндіріп берсе деймін. Ұйықтап жатқан адамның түстері көбінде ояу адамның идеяларынан толық жинақталып, меніңше, таңқаларлық жағдайда құрастырылмақ. Егер жанда түйсіктен немесе рефлексиядан туындамайтын ғажайып өзіндік ерекше идеялар болса (егер идея денеден эсер алғаннан бұрын ойланса, бұл қажет), онда олар өзінің дараланған ойлануында (дараланғаны соншалықты, оны адамның өзі де байқамайды) сезімнің ояну мезетін олардан ешқашанда сақтап қалмайды және адамды жаңа жаңалықтармен қуантпайды. Ұйқы кезінде оқшауланған жан қанша ұзақ уақыт ойланса да, әйтеуір, түйсіктерден немесе рефлексиядан алынған бір де бір идеямен тоғыспайды, тек денеден туындаған идеяларды ғана жадында ұстайды дегенді кім ақтап жатса, олардың бұл ойлары рухқа тіптен жанаспайды емес пе? Жанның өмір бойы таза, туа біткен ойларының және денеден қабылдаған идеялардан бұрынғысының бір де біреуін еске алмауы таң қаларлық жай; сондай-ақ сергек адам назарына денемен үйлесуін айқын білдіретін идеялардан басқа ешнәрсені, тіпті жанның тамыр татым дәмін де көрсетпеуі оның денемен байланысынан туындағанын көрсетеді. Егер жан үнемі ойланса, сүйтіп денемен байланысқанша немесе одан қайсыбір идеяны алғанша, әйтеуір, идеяны шоғырласа, онда ол ұйқы кезінде өзінің туа біткен идеяларын елестетеді, ал денеден бөлек кезде жан өзінше ойланады да, оның денедегі табиғи және тамырлы идеялары одан туындамайды немесе жанның оларға (идеяларға) деген өзіндік іс-әрекеттің мәнісін икемдейді деп болжауға болатындай. Сергек адам оларды ешқашан еске алмайтындықтан, біз бұл болжамнан мынадай тоқтам жасауға тиіспіз: бір нәрсе немесе жан адам есіне алмайтынды еске салады, немесе денеден туындаған идеяларды, немесе оған деген жанның қимыл-әрекеттерін жадында сақтайды. 18. Жанның үнемі ойланатынын қалай білуге болады ? Егерде бұл дәйексіз пайым болса, ол дәлдікті керек. етеді. Адамның жаны немесе бәрі бір адам үнемі ойланады деп сеніммен айтушылардан, мен олардың мұны қалай білетінін, тіпті олар өздерінің ойлайтынын білмесе де, жалпы оны қалай пайымдай алатынын түсіндіріп берсе, соны ынты-шынтыммен тыңдар едім. Бұл тілегім, әрине, олар үшін дәлелсіз және онсыз да мәлім болып көрінеді ғой деп жасқанамын. Меніңше, бұл болжамды қолдамақ күңгірт ұғым ақиқаттағы айқындық, олардың айғақтығын мойындауға бізді онсыз да мәжбүр еткізетін немесе оларды күнделікті тәжірибе теріске шығара алмайтын ақиқат емес. Бұл пайымдау туралы көп дегенде мынаны айтуға болады: жан, мүмкін, үнемі ойлайтын шығар, бірақ ойлайтын нәрсені жадында тұрақты сақтай бермейді. Тағы да жан тұрақты ойлай бермеуі де мүмкін деп ойлаймын; одан гөрі жан жиі емес, кейде ойламайды, ал ұзақ ойласа, қалай ойлайтынын бірден түсіне бермеуі де ықтимал. 19. Ойланып жүрген адам келесі мезетте ол туралы есінде сақтамайды деу шындыққа үйлеспейді. Жан ойлайды, ал адам мұны байқамайды деп пайымдау, бұрын айтылғандай, бір адамнан екі кісіні жасау деген сөз, кім де кім бұл адамдардың сөздеріне құлақ салып тыңдаса, олардың дәл осылай ойлайтынына күмәнданады да. Менің еске салатыным, жан үнемі ойлайды деп айтушылар ешуақытта адам тұрақты ойлайды деп айтпайды. Адам ойланбай, жанның ойлануы мүмкін бе? Немесе адам ойланып, мұны түсіне алмауы мүмкін бе? Бұл мағынасыз жай боп көрінеді. Егерде олар "адам тұрақты ойлайды, бірақта мұны әрдайым түсіне бермейді" деп айтса, онда олар "адамдардың денесі ұзын, бірақ бөлшектерден тұрмайды" деп те айтуы ықтимал. Қайсыбіреу жан түсінбей-ақ жөне байқамай-ақ ойланады дегенді бекітсе, ондайлар дене бөлшексіз ұзындық құрады дегенге нана салмақ. Кім осылай десе, ол өзінің болжамын негіздеу үшін, адам әрдайым аш болса да, онысын әрқашан сезіне бермейді деп айтуға да бейім тұруы мүмкін. Ойлану нені ойлайтынын түсінуден туындайтынындай, аштық та оны сезінуден құралады. Егер олар адам өзін әрқашан ойлаушымын деп түсінеді десе, мен олардан мұны қайдан біледі деп сұрар едім. Сана адамның ақылында болатынды ғана қабылдайды. Басқа адам менің нені түсінетінімді, оның үстіне, оны өзім де аңғармасам, ондайды қабылдай алады ма? Бейтарап білім мұнда адамның өз тәжірибесінен арыға таралмайды. Терең ұйқыдағы адамды оятып, оның сол мезетте не ойлағанын сұраңызшы. Егерде ол өзінің не ойлағанын сол мезетте білмесе, онда анау керемет балгер ретінде оның не ойлағанын өзінше нандыруға тырысады. Мұндай адам оны тіпті ұйықтаған жоқсың деп барынша нандырудан тартына қоймас. Бұл енді философиядан Тыс нәрсе. Мұның өзі менің өз жанымнан таппаған ойларды кем дегенде бар деп басқаға сырды ашып бергенмен бірдей. Шындығында, өзім байқамаған жөне айтпағанды менің ойым екенін болжап бермекшілер нағыз өткір көзқарасқа ие болуы керек, тіпті иттер мен пілдер бізге ойлаудың әр түрлі мәліметтерін жеткізсе де, тек ойлаймыз деп бізге айтпаса да, бұл жануарларды осыған орай кім ұға алады деп сұрар едім. Кейбіреулерге бұл қимыл-әрекет розенкрейцтерден артығырақ көрінетіндей, өйткені өзін біреулердің көлеңкесі ету біреулердің өзі білмейтін ойларын өзіне жақын тұтудан гөрі оңай сияқты. Байыбына барсақ, ел үшін жанды мәңгі ойланатын субстанция деп анықтай қойса болды, бәрінің реті келетіндей көрінеді. Мұндай анықтама егерде бір дәлдікке әйтеуір есептелінсе, онда ол көп адамдардың өздерін жалпы жан бар ма, жоқ па деп күдіктенуге мәжбүр етер деп ойлаймын, өйткені олар өзі өмірінің көбісін ойланусыз өткізетінін сезінеді. Сонымен, маған мәлім анықтамалардың қайсыбірінің мағына-мән болжамдары сенімді тәжірибені терістеуге жеткіліксіз. Мүмкін, біздің қабылдауымыздан тыс білімге деген талпыныс дүниеде осындай пайдасыз айтыс-тартысты және айқай-шуды тудырар. 20. Балаларды бақылау түйсік немесе рефлексиядан алынатын идеялардан басқа идеялардың болмайтындығын айқын көрсетеді. Сондықтан мен сезім жанның ойлануына керекті идеяларды жеткізбей, жан ойлана береді дейтін сенімге негіз таба алмадым. Идеялар көбейіп жиналған сайын, жан жаттығу арқылы өзінің ойлану қабілетін әртүрлі бағытта дамытады, дәл солай өз қызметі туралы рефлексияға қатысты, осы идеяларды топтастыру барысында ол идеялардың өз қорын көбейтеді, сондай-ақ естің, қиялдаудың, пайымдаудың және басқа формаларының күш-қуатын арттырады. 21. Кім де кім бақылау мен тәжірибе жолы арқылы өзін оқытуға дес қойып, өз болжамдарынан табиғаттың заңдарын іздестірмесе, онда ол нәрестенің жанын көбірек мазалап, азырақ ойландыратын белгілерді, ал жалпы пайымдаудың қандай да болмасын белгілерін одан да кем табады. Сонымен, зейінді жан коп ойланса да, пайымдамай алмайды дегенді көзге елестету тіптен қиын. Кім жаңа туған нәрестелер ұзақ уақыт ұйқыда, ал сергектік күйде сирек болатынына назар аударса, тек қарны ашып, емшек емгісі келгенде немесе қайсыбір ауру-сырқатқа (барлық түйсіктердің ең ауыры) ұшырағанда, немесе қайсыбір қатты қимыл-әрекет денесіне батып, жанды оларды қабылдауға және олармен шұғылдануға мәжбүр етсе, тағы да қайталамайтын, кім соған назар аударса, мүмкін, ананың жатырындағы нәрестенің күйі өсімдіктің өмірінен анау айтарлық бөлек деп негізсіз ойлап қалмас; нәресте ұзақ уақытын қабылдаусыз және ойланусыз өткізеді, сол жайлы орында тамақты іздеуге мұқтаж болмай ұйықтап жатқандай көрінеді; онда ол әрқашан құрамы бірдей және бірдей жағымды сұйықтармен қоршалғандықтан, көздерінде нұр болмайды, ал құлақтарының жабулығы соншалықты, дыбыстарды нашар есітеді, содан сезімдерді қозғалысқа келтіретін объектілердің әртүрлі мен алмасуы онда өте нашар немесе тіптен жоқ. 23. Егерде адам идеяларды қашан икемдей бастайды деп сұраса, меніңше, дұрыс жауап мынау: "Ол түйсікті алғаш рет қашан қабылдайды". Олай дейтінім, сезімдер идеяны жеткізбей, жанда идеялардың белгісі болмайды, мұны мен ақыл-ойда идеялар түйсікпен, яғни денеміздің қайсыбір мүшесінде ақыл-ой кейбір қабылдауды өндіретін қозғалыспен немесе пайымдаумен бірдей деп ұғынамын. Біздің сезімімізде сыртқы объектілер өндіретін бұл әсерлермен алғаш жанның қабылдау, еске түсіру, ойлану, ой талдау және т.б. деп аталынатын қызметі шұғылданады. 24. Біздің бар біліміміздің қайнар көзі. Уақыт өте жан түйсіктен жинақтаған идеяларға қатысты өзінің қызметі туралы толғаныста болады, сүйтіп, өзін мен "рефлексияның идеялары" деп атаған идеялардың жаңа қатарымен толықтырады. Сыртқы объектілер біздің сезімдерге ықпал етер жаннан тыс әсерлер арқылы өндірілетін және жанның өзіне тән ішкі күштен туындайтын өзіндік қызметі мен толғануы оның түйсіктейтін объектісіне айналады да, біздің бар біліміміздің қайнар көзін құрайды. Осылайша адамның ақыл-ойының алғашқы қабілеті сезімдер арқылы қабылданған сыртқы объектілердің әсерінен немесе жанның өзіндік қызметі арқылы өңделетін әсерлер толғанысының барысында құралмақ. Бұл — қай нәрсені ашудағы алғашқы қадам жөне адамның бұл жарық дүниеде қашанда түйін түзер бүкіл ұғымдарының негізі. Мұндай жоғары ойлар бұлтпен қосақталып, сонау аспанға жететін барлық шарықтауда өзінің бастауы мен негізін табады. Жасанды спекуляция ақылда қалай қалықтамасын, оны түйсінушілік сезім немесе рефлексия ұсынатын идеяларсыз бір қадам да ілгері жылжымайды. 25. Қарапайым идеяларды қабылдауда ақыл-ой көбісінде енжар келеді. Бұл салада ақыл-ой тіптен енжар: білім материалдары бастамасының болуы немесе болмауы оның хұзырында емес. Өйткені біздің сезімнің объектілері бізге ұнайды ма, ұнамайды ма, жанға өзінің ерекше идеяларын телиді, ал жанымыздың қызметі олар туралы кейбір көмескі түсініктерді қалыптастырмай қоймайды. Адам ойлағанда, оның не істеп жатқанын ешкім толық біле бермейді. Бұл қарапайым идеялар жанда екшеліп таңбаланғасын, оларды ақыл-ойдың қабылдамау, өзгертпеу еркі тіптен шамалы, әсіресе, оған қатысты өшіру және жаңаша жасау тағы да алдындағы заттар бейнелері мен идеяларын қабылдамау, өзгерту немесе өшіру айнаға қатысты еместей еріксіз. Қоршаған орта біздің мүшелерімізге әрқалай ықпал еткенде, ақыл әсер ететін және оларға қатысты идеяларды қабылдаудан бас тарта алмайды.

ІІ-тарау

ҚАРАПАЙЫМ ИДЕЯЛАР ТУРАЛЫ

1. Күрделі емес түсініктер. Біздің біліміміздің табиғатын, сипатын және қолдану аясын жақсы ұғыну үшін, біздің идеяларымызға қатысты бір жағдайға — олардың санының бір тобындағы — қарапайым, басқасындағы күрделі идеяларға ерекше назар аудару керек. Біздің сезімімізге ықпал ететін заттардың өзіндегі сапалар тығыз байланыста және аралас болса да, олар бір-бірінен бөлек емес және олардың арасында ешқандай қашықтық жоқ, бірақ жанда сезім арқылы өндіретін идеялар міндетті түрде қарапайым және араласпайтын түрде болады. Өйткені көру мен сипай сезіну бір объектіден бір мезетте түрлі идеяларды жиі қабылдаса да, мысалы, адам бірден қозғалыс пен гүлді көреді, қол балауыздың бір бөлшегіндегі жұмсақтық пен жылуды сезінеді, бірақта осылайша бір субъектіде топтастырылған қарапайым идеялар әртүрлі сезімдермен жеткізілген түйсіктердей бір-бірінен тіптен бөлек. Адам мұздың бір түйірінен суықтық пен қаттыны қалай қатар сезінсе де, бірақ оның ақылында лалагүлдің иісі мен ағы немесе қанттың дәмі мен раушанның иісі сияқты бір-бірінен бөлек идеялар үйіріледі. Адам үшін мұндай қарапайым идеяларды қабылдау онсыз да айқын және басқалардан бөлек. Әрбір мұндай идея өзінше күрделі болмаса да, біртекті түсініктерден немесе ақылдағы әртүрлі идеяға бөлінбейтін қабылдаудан тұрады...

ҮШІНШІ КІТАП

І-тарау

СӨЗДЕР НЕМЕСЕ ЖАЛПЫ ТІЛ ТУРАЛЫ

1. Адамдар анық, айқын дыбыс шығаруға қабілетті. Құдай адамды өзіне ұқсас жаңдармен сөйлесуге ыңғайластырып қана қоймай, сөйлесуді өзіне қажет еткізді, сүйтіп, оған үлкен құрал жөне қоғаммен жалпы байланыста болатын тілді сыйлау арқылы адамды қоғамдық зат етіп жасады. Сондықтан адамның мүшелері табиғатында анық дыбыстарды, біз сөздер деп атайтынды айқын шығаруға бейімделінген. Бірақта мұның өзі тілдің қалыптасуына жеткіліксіз, өйткені дыбыстарды анық та айқын шығаруға тоты құс сияқты басқа да құстарды үйретуге болады, дегенмен, олар сөйлесу қабілетінен біржақты жұрдай (1). 2. Сонымен, адамдар айқын дыбыстардан басқа, осы дыбыстарды ішкі түсініктердің белгілері ретінде пайдалануына және олармен өз ақылындағы идеяларды белгілеуге, сол арқылы бұл идеяларды басқаларға мәлімдемек және адамдардың өз ойларын бір-біріне жеткізбек қажеттілігі де артуда. 3. Адамдар бұл дыбыстарды идеялардың белгілеріне айналдыруға қабілетті. Бірақта мұның өзі сөздердің пайдасын лайықты ендіруге жеткіліксіз. Егер дыбыстар көптеген жеке заттарды қамтитын тұрғыдан пайдаланылмаса, онда олар идеяларға белгі бола алса да, тілді жетілдіру үшін жеткіліксіз; егерде әрбір жеке заттың өзіндік атауын ерекше белгілеуге мәжбүрлік туындамаса, онда көптеген сөздерді қолдану қиындай берер еді. Осындай ыңғайсыздықты болдырмау үшін, тіл жалпы терминді пайдалануды жетілдіру барысында бір сөзбен көптеген жеке заттарды белгілей алды. Идеялардың айырмашылығы, олардың белгісі болып табылатын дыбыстар арқылы ғана осы дыбыстарды ұтымды пайдаланудың мүмкіндігі ашылды; жалпы идеялар белгіленген нәрселер жалпы атауды иемденді, ал жеке идеялар қолданылған нәрселерге жеке атаулар берілді. 4. Идеяларды белгілейтін атаулардан басқа, әйтеуір идеяларды емес, қарапайым немесе күрделі идеялардың немесе біртұтас барлық идеялардың кейбір жоғы мен кемістігін білдіруге қолданатын басқа сөздер бар; мысалы, латын сөзі nіhіl осылай, біздің тілде "түсінбеуді" немесе "тұқымсыздықты" білдіреді. Осындай барлық жағымсыз немесе теріс сөздер туралы, олар оң идеяларға жатады және оларды белгілемейді деп кесіп айтуға болмайды, ондай жағдайда олар түкке тұрмайтын дыбыстарға жатар еді; олар жағымды идеяларға қатысты және олардың жоғын белгілейді. 5. Сөздер, түптеп келгенде, сезімдік идеяларды білдіретін сөздерден құралады. Егер біз сөздеріміздің қарапайым сезімдік идеяларға тәуелділігі зор екенін аңғарсақ, оларды сезімнен алшақ іс-әрекеттер мен ұғымдарды белгілейтін сөздер ретінде пайдалансақ, онда осы сөздермен біздің күллі ұғымдардың жөне бір тұтас танымның қайнар көзіне азды-көпті жақындаймыз да, сол қайнардан шығатын сезім айқындылығы идеяларға түсініксіздеу мағыналарға ауысады, біздің сезімдер аясына енбейтін идеяларды белгілейді. Сонымен, "қиялдау", "түсіну", "жету", "келісу", "өзіне елестету", "көндіру", "жиіркену", "үрей", "тыныштық" — бұл сөздердің бәрі де сезімдік заттардың қимыл-әрекеттерінен және ойланудың белгілі бір формаларын қолданудан алынған. "Рух" өзінің алғашқы мағынасында "тыныс", "пері", "хабаршы" дегенді білдірген. Егерде біз сөздердің түп негізіне үңіле алсақ, онда біздің сезімдердің аясына жатпайтын, тек заттарды белгілейтін атаулар барлық тілдерде өзінің алғашқы бастауын сезімдік идеялардан табатынына мен күмәнданбаймын. Осыдан біз табиғат заттардың атауымен танымның қайнар көзі мен бастауын адамдарда бейтараптық жайда сезіндіретінін, тіпті тілді алғаш жасаушылардың ақылын ұғымдардың қандай түрі мен қандай шығу тегі толықтырғанын болжай алар едік... Адамдар атаулар қойғанда, сезім аясына енбейтін кез келген ішкі қимыл-әрекеттер мен кез келген идеяларды басқаларға әйгілі ету үшін, бұрыннан үйреншікті жолмен түйсіктің идеяларынан сөзді алып пайдалануға және солар арқылы іштей сыналса да, сырттай біліне бермейтін әрекетпен басқалардың түсінуін жеңілдетуге мәжбүр болған. Адамдар өз ақылының қимыл-әрекеттерін белгілеу үшін жалпы келісіммен берілген атауларды білгенде және қалыптастырғанда, оларды сөздер арқылы өздерінің басқа идеяларынан әйгілі етерлік тәсіл-амалдары жеткілікті болды, өйткені идеялар сыртқы сезімдік қабылдаулардан немесе осы қабылдауларға қатысты ақылдың ішкі қимыл-әрекеттерінен құралуы ықтимал еді; жоғарыда дәйектелінгендей, бізде не сыртқы сезімдік заттардан, не рухымыздың қимыл-әрекеттерін іштей сезінуден, сүйтіп, оларды өзімізше түсінетін алғашқы идеялардан басқа дәнеңе жоқ.(6) 6. Қарастыру тәртібі. Тілдің оқуға және танымға пайдасын дұрысырақ түсіну үшін мынаны қарастыру қолайлы: 1) Тілдегі атаулар неге тікелей үйретеді. 2) Сонымен, барлық атаулар (тек өз атыңнан басқасы) жалпы болғандықтан, олар анау-мынау жеке заттарды емес, заттардың түрлері мен топтарын әйтеуір белгілейтіндіктен, содан кейін заттардың түрлері мен топтары дегеніміз не, әйтпесе, сіздерге латын атаулары ұнап қалса, specіes мен genera дегеніміз не, олар неден тұрады және қалай қалыптасады дегенді қарастырудың қажеттілігі болады. Осы мәселелерді рет-ретімен зерттегеннен кейін, біз сөздердің нағыз пайдасын дұрысырақ білеміз, тілдің табиғи жетістіктері мен кемшіліктері және сөздердің мағынасындағы түсініксіздік пен айқынсыздықтан, қиындығынан құтылудың тәсілдерін дұрысырақ білеміз. Онсыз таным туралы қандай да анық та жүйелі пайымдау мүмкін емес: ой жүгіртуді және көбінесе жалпылама пайымдарды талдауда, таным ол туралы оймен емес, сөздермен тікелей байланыста болады. Сондықтан да бұл мәселелер келесі тарауларда қарастырылады.

ІІ-тарау

СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫ ТУРАЛЫ

1. Сөздер — қатынасқа қажетті сезімдік белгілер. Адамда әртүрлі ойлардың сан алуан түрлері, соның ішінде өзі сияқты өзгелердің де пайда және қанағат табатын, бірақта олар адамның жанында жасырын білінбейтін және өзінше айқындай алмайтын күйде болады. Қоғамдық өмірдің ыңғайлылығы мен пайдалылығын ойымыздың мәліметтерінсіз біле бермейміз, сондықтан адам біреулерге көрінбейтін идеяларды, олардан тұратын ойларды өзгелерге жеткізу және әйгілі ету үшін кейбір сыртқы сезімдік белгілерді ойлап табуға мәжбүр болды. Осы Мақсатта ағыл-төгіл және жылдамдығы басым айтылған сөздер ыңғайлы болды да, адам оны жеңіл, әрі алцан түрде өндіруге өзін қабілеттімін деп сезінеді. Өзінің табиғаты бойынша осы мақсатқа бейім сөздер қалайша адамдардың жеке айқын сөздері мен қайсыбір идеяларының арасындағы қайсыбір табиғи байланыстар ретінде емес (онда барлық адамдарда бір-ақ тіл болар еді), еркін жалғастыру бабында мына бір сөз ырықты түрде ана бір идеяның белгісіне айналғанын осылайша түсіне аламыз (7). Олай болса, сөздердің пайдасы олар идеялардың сезімдік белгілері болғанда, ал олар белгілеген идеялар сөздердің әзіргі және нақты мағынасын жеткізгенде білінеді. 2. Сөздер — идеяларды пайдаланатын адамның сезімдік белгілері. - Адамдар өз ойларын еске алып, жадын жаңартуға жәрдемдесейін дегенде немесе өз идеяларын көрсетіп, оларды өзгелерге жеткізу үшін осы сезімдік белгілерді пайдаланады; сондықтан сөздер өзінің алғашқы және нақты мағынасында осы сөздерді қолданып отырған адамның ақылындағы идеяларды, тіпті бұл идеялар заттар бойынша қалай болса, солай жеткіліксіз немесе тиянақсыз жасалынбасын, соларды ғана білдіреді. Адам біреумен сөйлескенде өзін түсіне қойса екен дейді; оның сөйлеудегі ниет-мақсаты — дыбыстарды белгілер ретінде қолданғанда идеяларды тыңдаушыға әйгілі ету. Сондықтан сөйлеушінің идеялары оның сөздерінің белгісі болып табылады, бірақта адам сөздердің белгілерін жеткізбек ниетте, өз идеяларынан басқаға ешкімде тікелей қолдана алмайды. Онсыз адам сөздерді өз ұғымдарының белгілеріне айналдырар еді де, басқа идеялардың орнына пайдаланар еді, содан сөздер бір мезетте оның идеяларының объектілері болады да, болмайды да, содан олардың ешқандай мағынасы болмайды. Егерде адам сөздерді өзіне белгісіз заттарға қолданса, онда қалай болса солай белгіге айналған сөздер қайтіп сондай бола алмайды. Мұнымыз сөзді дәнеңеге де қажетсіз белгілерге, мағынасыз дыбыстарға айналдыру болып табылады. Адам өз сездерін заттардағы қасиеттердің белгісіне немесе өз ақылында жоқ, басқалардың ақылындағы ұғымдардың белгілеріне айналдыра алмайды. Адамда кейбір өзіндік идеялар болмай, оларды басқа адамның ұғымдарына әйтеуір сәйкес келеді деп болжай алмайды және соңғы ұғымдарға ешқандай белгілер қолдана да алмайды, өйткені мұндай белгілер адамның өзі білмейтін, яғни шын мәнісінде ешнәрсенің белгісі болмайтындығын білдіреді. Егер ол өзінің кейбір идеяларына сүйене отырып басқа адамдардың идеяларын көрсетсе басқа адамдардай өзінде жоқ емес, бар идеяларға атаулар беруге келіседі. 3. Мұның өзі сөздерін (белгілі бір мағынада) қолдануды білетіндер мен надандарға, ғалымдар мен ғалымдар емеске, әсіресе, олар өз тілін пайдаланғанда өте қажет-ақ. Әрбір адамның аузынан шыққан сөздер оның өзінде бар идеяларды жөне өз сөздерімен жеткізкісі келетіндерді ғана білдіреді. Бала біреулерден металдағы жарқырап тұрған түсті "алтын" деп есітіп, ашық сары түске назар аударады да, "алтын" сөзін басқаны емес, осы түсті өз идеясын ғана жеткізуге қолданады да, осы түсті тауыстың құйрығын да ол алтын деп атайды. Оны байыппен бақылаған басқа біреу осы ашық сары түске ерекше мән береді; онда ол айтқан "алтын" деген дыбыс ашық сары түстің күрделі идеясын және өте ауыр затты білдіреді. Үшіншісі бұл сапаларға балқығыштықты қосады; ол үшін "алтын" деген сөз жарық, сары, балқығыш және өте ауыр затты білдіреді. Төртіншісі созымдылықты қосты. Егерде олар осы сөзді идеяны жеткізуге пайдаланса, онда "алтын" сөзін бәрі бірдей қолданады, бірақта әркім сөзді, әрине, өз идеясы үшін қолдана алады да, өзінде жоқ күрделі идеяның белгісі ете алмайды. 4. Адамдар басқа адамның ақылындағы сөзді жасырын түрде идеяға жиі жатқызады. Адамдар сөзді өзінше және тікелей қолданғанда, сөйлеушінің ақылындағы идеяларды белгілей алады, бірақ өздерінің ойларында жасырын түрде оларды басқа екі затқа жатқызады. Біріншіден, басқа адамдардың ақылындағы идеяларға жатқызады. Адамдар өздерінің сөздерін кіммен сөйлессе, солардың ақылындағы идеялардың белгісі деп болжайды; егер адамдардың бір идея үшін қолданатын дыбыстарды тыңдаушылар басқа мағынада қолданса, онда олар текке сөйлегендей, әрі түсініксіз болып қалар еді, содан екі тілде сөйлегендей, көрінеді. Бірақта адамдар олардың ақылындағы идеялар біреу-ақ па, жоқ па жөне кіммен сөйлескендер де бірдей ме,— әншейінде оларды зерттеуге ықылас танытпайды; олар өз тіліндегі сөздердің күнделікті қолданып жүрген үйреншікті мағынасын жеткілікті деп есептейді де, идеяның белгісіне жатқызатын сөзді тіптен осы елдің түсінетін сауаттылары берген атаулармен біртұтас деп ойланбай ұғынады. 5. Екіншіден, нақты заттарға қатысты. Екінші, адамдар тек қиялдар туралы әйтеуір айтып қояды демей, нақты өмір сүретін заттарды талқылайды деген ниет білдіріп, адамдар тағы да олардың сөздері нақты заттарды білдіреді деп жиі пайымдайды. Мұның өзі алдымен субстанцияларға және олардың атауларына қатысты болғандықтан, мүмкін, бұрынғылар қарапайым идеялар мен модустарға қалай қатысты болуына орай, қолданудың осы екі түрлі тәсілдері және аралас модустар мен субстанциялардың атаулары туралы арнайы ой-тоқтамды толығырақ айтармыз.(8) Әйтсе де, бірден еске салғым келеді, біздің ақыл-ойымыздағы идеядан басқасын сөздермен белгілей отырып, біз олардағы сөздердің бәрін, керісінше, пайдаланамыз да, олардың мағынасына тоқтаусыз айқынсыздық пен жаңылушылықты енгіземіз. 6. Жиі қолданылатын сөздер идеяларды жиі тудырады. Сөздер туралы тағы да мынаны ескерген жөн. Біріншіден, сөздер сонымен адамдар идеясының тікелей белгілері болып табылады, содан адамдар бір-біріне өздерінің ұғымдарын жеткізеді және өз жанының ойлары мен пайымдарын білдіретін құрал-саймандар ретінде қолданады, олай болса, оларды белгілейтін арнайы бір дыбыстар мен идеяларды үнемі пайдаланудан тығыз байланыс құрылады, осы идеяларды тудыратын заттардың өздері, расында, сезімдерге ықпал етеді де, олардың атауларын есіткенде лезде әйгілі идеяларды еске түсіреді. Бізге жақын әрі жиі кезігетін сезімдік сапалар мен субстанциялардың бәрінде де осындай болуы тіптен мүмкін. 7. Сөздер жиі мағынасыз қолданылады. Екіншіден, сөйлеушінің ақылындағы идеяларды, яғни сөздердің қазіргі және тікелей мағыналарын бесік жырынан бері үйреншікті қалыпта қолданып жүргендіктен, біз тек кейбір айқын дыбыстарды ғана біржақты игереміз де, оларды үнемі жадымызда сақтап, тіліміздің ұшында дайын күйінде ұстаймыз. Бірақта біз олардың мағынасын әрқашан мұқият іздестіре немесе анықтай бермейміз, сондықтан да адамдар ой-толғанысқа беріле тереңдегеннің өзінде, ойларын заттардан гөрі сөзге басымырақ бағыттайды. Оның үстін,е көптеген сөздер, олар белгілейтін идеялардан бұрын мәлім болғандықтан, кейбіреулер, тек балалар ғана емес, тіпті үлкендер де, осы дыбыстарды жаттап алғандықтан және оған үйренгендіктен, әртүрлі сөздерді тоты құстай мүлдем қайталап айтады (1). Десек те, ие болған сайын, дыбыс пен идеяның арасында тұрақты байланыс орнығады және дыбыс идеяны белгілеуге бағытталады; мұндай қолданусыз сөздер мәні түкке тұрмайтын айқай-шумен бірдей болар еді. 8. Сөздердің мағынасы тіптен еріксіз. Жоғарыда айтылғандай, сөздерді ұзақ және үйреншікті қолдану барысында адамдарда белгілі бір идеяларды адамдардың есіне үнемі және жеңіл-желпі салатындықтан, олар идеялар арасында табиғи байланыстар бар деп ұйғарады. Бірақта сөздер жеке адамдардың тек өзіндік идеяларын, онда да (сөздерді идеяларға) еріксіз жалғастырудың барысыңда белгілейді, содан да болар, сөздер басқа адамдарда (тіпті бір тілде сөйлейтіндер арасында) белгі деп қабылдайтын идеяларды да тудыра бермейді. Әрбір адам сөздер арқылы қандай да бір кез келген идеяларды белгілеуге шексіз еркіндігі болғандықтан, олармен бірдей сөздерді қолданғанның өзінде, ешкімді басқалардың идеяларына күшпен ендіре алмайды. Сондықтан ұлы Августің өзі, әлемдегі билігі шексіз болса да, өзінің әлсіздігін мойындаған, яғни өз қарамағындағылардың аузыңда және күнделікті тілінде анау-мынау дыбыстың қай идеяның белгісі болуын өз еркімен, өз дегенімен ендіре алмағанын мойындаған еді. Әйтседе, үнсіз келісімнің барысында белгілі бір дыбыстардың кейбір идеяларға икемделуі барлық тілдерде жалпылама қолданылды; бірақта адам бұл дыбысты айтпаса да, оны бір идея шеңберінде қолданбайды және, турасын айтсақ, оның мағынасын солғұрлым тарылтып жібереді. Оған тағы қосарым: егер адамның сөздері тыңдаушыда өзінің ойымен сөйлемдегі идеяларды жеткізе алмаса, онда адам түсінігінде көсіле алмайды. Бірақта сөздерді қолданудың қандай да салдары болмасын, олардың үйреншікті күнделікті мағынасынан немесе біреуге арналған кісінің түсінігінен ерекше бір нәрсе айқын, адам қолданатын сөздердің мағынасы оның идеясымен шектеулі және сөздер одан басқа нәрсенің белгісі бола алмайды.

ІІІ-тарау

ЖАЛПЫ ТЕРМИНДЕР ТУРАЛЫ

1. Сөздер көп жағдайда жалпы сипатта болады. Не керек, күллі заттардың бәрі де жеке болғандықтан, сөздердің заттарға сәйкес келуі де және дәл сондай болуы да қажет (олардың мағынасын ескеріп отырмын), сонда бұл ақылға қонымды болар еді; бірақта біз тіпті басқа нәрсені көрудеміз. Барлық тілдердің құрамындағы сөздердің басым көпшілігі жалпы терминдерге жатады; мұның өзі немкетерліктің немесе кездейсоқтың емес, дұрыс мағына мен қажеттіліктің нәтижесі. 2. Әрбір жеке заттың өз атауы болмайды. Біріншіден, әрбір жеке заттың ерекше атауы болуы мүмкін емес. Сөздердің мағынасы мен қолданылуы идеялар мен олардың белгісі болып табылатын дыбыстардың арасындағы ақыл жасайтын байланысқа қатысты; сонымен ақыл заттарға атау бергенде, оның бір-біріне ұқсамайтын заттар туралы идеялар болуы, сондай-ақ әрбір идеяға қатысты ерекше атауларды, осы идеяға орай қолдануды жадында сақтай білу қажет. Түптей берсек, біз тікелей араласатын барлық жеке заттардың бір-біріне ұқсай бермейтін идеяларын есте құрастыру және сақтай білу бұл адам күш-қуатының жоғарысы....

ХХ-тарау

СӨЗДЕРДІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ

1. Сөздерді теріс пайдалану. Тілдің қалыптасуындағы табиғи олқылықтар мен сөздерді пайдаланудағы көмескілік пен шатысушылықтан арылудың қиыншылығымен қатар, мұндай қарым-қатынас іркілісінде адамдар әртүрлі қасақана істелінген қателіктер мен кемшіліктерге кінәлі болады, соның салдарынан белгілер көмескіленеді және олар мағынасы жағынан табиғатындай емес бір-бірінен бөлініңкірейді. 2. Біріншіден, сөздер ешқандай немесе айқын емес идеялардай. — Біріншіден, сөздерді теріс пайдаланудың бастапқы және көп таралған түрі айқын емес жөне бір-бірінен бөлек идеяларды немесе, одан да бетер, белгілерді арнайы мағынасыз қолданғанда таралмақ. Мұндай сөздердің екі түрі болады. 1. Барлық тілдерді қарастырған кезде ешқандай айқын және бір-бірінен бөлек идеяларды білдірмейтін, оларды пайдаланғанда бастапқы және оларға сай келмейтін кейбір сөздерді табуға болады. Олар көп жағдайда әртүрлі философиялық және діни секталар арқылы енгізілген. Соңғыларды жасаушылар мен қорғаушылар дағдылы ұғымдардың шеңберінен шығатын ерекше бір нәрсені жеткізу үшін, немесе әйтеуір түсініксіз пікірлерді қолдау үшін немесе өз болжамының әлсіз жақтарын жасыру үшін, әйтеуір жаңа сөздерді және, расына келсек, "мағынасыз терминдер" деуге тұрарлық сөздерді ойлап табудан тартынбады. Олар алғаш ойлап табылғанда белгілі бір идеялардың жиынтығымен байланыстырылмады немесе, дұрыс деп жөндеп қарастырғанда, негізсіз жасалған идеялардың жиынтығымен ұштастырылды, содан осындай секталардың үйреншікті қолданысында мұндай сөздердің мағынасы бар немесе мағынасыз тұрғыдан бос дыбыстар болып қалуы, әйтеуір, таңқаларлық емес, өйткені олардың қолдануын мұқияттап сараласақ, терминдер шіркеудің немесе мектептің ерекше өзіндік белгісі ретінде жиі айтылады да, белгілемек нақты идеялардың мағынасы қандай деген мәселелерге басын қатырмауы таңқаларлық емес. Мұнда мен мысалдарды үйіп-төгуді жөн көрмедім: әркім оқудан және әңгімелерден оларды керегінше таба алады. Егер кім де кім олармен артық жабдықталғысы келсе, онда терминдерді өрнектеудің ұлы шеберлері — мен білетін схоластар мен метафизиктер (оларға, меніңше, барлық айтысушыларды — соңғы ғасырлардағы натурфилософтарды және моралистерді жатқызуға болады) осы ниетті артығымен қанағаттандырады. ІІ. Сөздерді теріс пайдалануда бәрінен де асып түсетін басқалар да бар. Олар бір-бірінен бөлек те айқын идеялармен анау айтарлық байланыста болмаған сөздердің бастапқы мағынасынан тіпті бас тартқысы келмеді де, сөздерді қалай болса, солай мағынасыз, тілдің қасиетін маңызды идеялармен байланыстыра бермейтін кешірілмес ұқыпсыздықта жиі қолданды. "Даналық — даңқ-атақ, мейірбандық" және т.б. сөздер әркімнің аузынан түспейтін болды. Егерде осы сөздерді айтып жүргендердің көбісінен олар туралы не біледі деп сұрай қалсаң, олар қиналып, не жауап берерін білмей қалар еді; мұның өзі олар тілінің ұшында үнемі жыбырлап тұратын бұл дыбыстарды жаттап алса да, әйтсе де, олардың ақылында осы дыбыстар арқылы басқа біреулерге бере алатын белгілі бір айқын идеялардың жоқтығын білдіреді. 4. Себеп — атаулар олардың түбірін қурайтын идеялардан бұрын жатталынады. Адамдар бесік жырынан бастап қабылдап және еске алып үйренген сездерді заттармен байланысты немесе олармен белгіленетін күрделі идеялардан бұрын табылады деп ойлайды да, олар өмір бойы сол үйреншікті қалыпта, жеңіл-желпі істей береді; олар белгілі бір идеяларды қалыптастыруға ақыл-ойдағы тиісті ынта-ықыласты жұмсамай-ақ, өздерінің сөздерін тиянақсыз және жаңылысқан ұғымдарды таңбалауға пайдаланады, оның үстіне, олар басқалар сияқты бірдей сөздерді қолданудамын, әрі дыбыстың бәрі бірдей тұрақты мағынаны ұстайды дегенсіп, өзін өзі жұбатады. Адамдар әншейінде осы үйреншікке қанағаттанса да, бірақта олар өздерін дұрыс түсінсін деп ниеттенгенде, оны түсінбей, жаңа белгілер жасайды, ақыры, өздерінің наным-сенімдерін немесе мүдде мұқтаждарын қалай болса, солай талдай бастағанда, олардың сөзіндегі мәнсіздік, мағынаның жоқтығы ой жүгіртуді жаппай бос, түсініксіз айқай-шумен және қысыр сөздермен толықтыруға ұрындырады, бұл әсіресе мораль мәселесіне қатысты, онда сөздер көбінесе еріксіз жөне әртүрлі идеялардың өмірдегі үнемі және тұрақты байланыста емес жиынтығын білдіреді, сондықтан да онда бос дыбыстар туралы жиі ойлайды немесе әрі дегенде олармен анық та айқын емес ұғымдарды байланыстырады. Адамдар ортада қолданылып жүрген сөздерді алады да, бұл сөздер нені белгілейтінін білмесе де, білмегенін жуып-шайып, бұл сөздерде белгілі бір мағына бар ма, жоқ па, оған басын қатырмай, әйтеуір, батыл пайдаланады, оның үстіне, бұл ыңғайсыздыққа қарамастан, олар басқа жетістікке жетеді: егерде олардың пікірлерінің мұндағы дұрыстығы сирек болса, онда олардың өтірігін әшкерелеу де сирек болмақ. Өйткені тиянақты ұғымы жоқ адамды қателесуден құтқармақ ұмтылыс тұрақты мекен-жайы жоқ тентіреуіктің үй-жайын тартып алғанмен бірдей. Меніңше, бұл дәл осылай. Мұның бәрі осылай ма, әлде жоқ па, оны әркім өзін және басқаларды бақылаудан біледі. 5. Екіншіден, сөздерді тиянақсыз қолдану. Екіншіден, сөздерді жүйесіз пайдалану — бұл оларды анағұрлым теріс қолдануға ұйытқы. Қайсыбір мәселені, әсіресе айтыс-тартысқа толы мәселе төңірегіндегі әңгімені мұқият тыңдағанда, бірегей сөздер (әдетте, ой жүгіртудің өзегіне айналған ең маңыздылары) бірде анау қарапайым идеялардың жиынтығын, бірде мынаны білдіру үшін қолданылғанын аңғару қиын емес, ал мұның өзі тілді тұтас бұрмалаудың нақ өзі. Сөздер менің идеяларымның белгілері болуы керек, оларды басқаларға еркін тағайындау арқылы болмаса, табиғи мағынаның ықпалымен түсіндіру екіталай. Сондықтан да мен олармен не ананы, не мынаны белгілесем, мұным нағыз алдау әрі теріс пайдалану болмақ. Егерде бұл әдейі істелінсе, онда ол тек үлкен ақымақтыққа жатады немесе одан да бетер арсыздық болмақ. Әңгімелерде немесе толғаныстарда бір сөздермен жай идеялардың әртүрлі жиынтығын белгілеудің өзі бірегей сандармен не ана бірлестіктің жиынтығын, не мына бөлшектің жиынтығын (мысалы, 3 санымен не үшті, не төртті, не сегізді) көрсеткендей басқалармен есептесу бірдей дұрыс болмақ. Өздерінің есебін осылай жүргізе алатындармен кім қатынаста болмақшы, мен сол кісілерді білгім келеді. Егерде сауда-саттықта біреулер сегізді, пайдаға ыңғайлатып не жеті, не тоғыз десе, оның аты-жөнін жек көрушілердің екісінің бірі үнемі қарғыс айтар еді. Ал ой-талас пен ғалымдардың айтыс-тартысында дәл осындай әрекеттер бейнесі әншейін тапқырлық не білімпаздық деп есептелінсе, бірақта бұл, меніңше, қарызды өтердегі есептерді бұрмалаудан анағұрлым арсыздық жөне алдау, өйткені шындық ақшадан да маңызды және құнды. 6. Үшіншіден, біле тура дұрыс қолданбаушылықтан туындайтын көмескілік. Тілді теріс қолданудың тағы бір түрі — ескі көне сөздерді жаңа және үйреншікті емес мағынада қолданғанда немесе жаңа және екіұшты терминдерді анықтамай енгізгенде, немесе сөздердің дағдылы мағынасын жаңылдыратын сыңайда оларды әдейі жалғастырғанда көмескілік анағұрлым үдейеді. Бұл бағытта перипатетикалық философия ерекше көзге түсті, десек те, басқа мектептер де бұл сыңаржақтылықтан cay емес. Олардың арасынан қиыншылықтармен ұшырасқанда (адамдық танымның жетілмеуі де содан), терминдердің түсініксіздігіне және сөздердің мағынасын шатыстыруға бұра салушылыққа бармайтын, сүйтіп, көзге шөп салудан тартынса да, олардың әлсіз жақтарын көрсетуге кедергі жасаушылық өсте табыла қояр ма екен. Үйреншікті қолданыста "дене" және "ұзақтық" сөздері екі түрлі идеяларды белгілейтіні азды-көпті ойланатын адамның әрқайсысына айқын. Егерде осы сөздердің мағынасы, шындығында, бірдей болса, онда "дене ұзындығы" және "ұзын дене" сөз тіркестері бірдей нақты және түсінікті болар еді. Дегенмен, кейбір адамдар олардың мағынасын шатыстырмауды қажет деп табуда (1). Мектептерге ендірілген логика және еркін ғылымдар осы теріс пайдалану мен сөздердің мағынасын қалай болса, солай орын алмастырушылардың атын шығарды. Пікір таластыру өнері көп жағдайда тілдердің табиғи кемшіліктерін әрқалай корсетті, өйткені ол заттар туралы білім алу үшін және олар туралы шындықты айқындау үшін қолданылудан гөрі, сөздердің мағынасындағы үйлеспеушілікті шешуге бейімделінді. Осы саладағы ғалымдардың шығармаларымен танысқан сайын, ондағы сөздердің мағынасы күнделікті әңгімелесудегіден бетер түсініксіз, дәйексіз және айқын еместігіне көз жетті. 7. Логика және ой жарыстар мұны анағұрлым тездетті. — Адамның қабілеті мен оқымыстылығы қайдағы айтыс-тартыста болмасын, оның тапқырлығымен бағаланса, міндетті түрде осылай болады. Егерде сөздердің тазалығы мен сыпайылығына қатысты мұндай жеңістерге даңқ пен марапат ықпал етсе, онда адамдардың қолданатын тапқырлығы дыбыстардың мән-жайын шатыстырып күңгірттейтіні және жұқалайтыны соншалықты, әйтеуір, бірдеме қарсылық білдіретін немесе мәселенің қайсыбірін (шешуде) ақтарлық сөз табылмайтыны таңқаларлық жай емес, өйткені жеңіс шындықты қолдайтындар жағында емес, пікірталаста кім соңына, сөйлесе, соның үлесіне тиеді. 8. Мұны "талғағыштық" дейміз. — Бұл өнер, меніңше, тіптен пайдасыз жөне білімнің нағыз жолына қарама-қарсы, осы уақытқа дейін көрегендік және "талғағыштық" деген мақтаулы және құрметті атаулармен қолданылды; оны мектептер жақтады, оны әлем ғалымдарының бір бөлігі қолдады. Ежелгі философтар (мен Лукиан өткір жөне орнымен айыптаған айтыс-тартысқа берілген философтарды айтамын), содан кейін схоластар өздері нақты ұқпаса да, жеңіл-желпі жебейтін аумақты да жалпылама танымды даңқ пен атаққа ұмтылып, өздерінің надандығын шатысқан сөздердің әуестікке және түсініксіз тұтасқан мағынасын жасыруды өте ыңғайлы көрді және түсініксіз, түсінуге болмайтын терминдер арқылы басқалардың өздеріне деген таңырқаушылығын тудырудың жеңіл болғаны соншалықты, оларды түсіну мүмкін емес. Оны тарих көрсеткендей(9), бұл пікірталасқа жұмылған ғалымдардың өздері қоршаған адамдардан ақылды да, пайдалы да бола бермеді, адам өміріне және езі өмір сүрген қоғамға анау айтарлық пайда әкелмеді, егер жаңа заттарсыз жаңа сөздерді ойлап табуды (тек) адамдарға лайық мақтау мен марапаттауға тұрарлық іс демесек, ескі сөздердің мағынасын шатыстыру мен көмескілеу, сөйтіп кез келген күдіктер мен айтыс-тартысты тудыруға оларды қолдануы мүмкін. 9. Мұндай оқымыстылық қоғамға өте шамалы пайда әкеледі. Шындығында, бүкіл осы ғалымдар — айтыскерлерге, бәріне қанық докторларға қарамастан, бейбіт өмірдің, қауіпсіздіктің және еркіндіктің болуы мемлекеттік қызметтердегі білімпаздарға емес, сауатты еместілер мен жек көрінішті (масқара жалған ат) қолөнершілердің табыстарына толық қарыз. Дегенмен, мұндай жасанды білімсіздік, оқымыстылардың сандырағы соңғы ғасырларда билік пен ықпалға жетудің жеңіл жолына талпынған адамдардың қанағатсыздығы мен ептілігіне орай анағүрлым басым болуда, содан олар іскер және сауатсыз адамдардың көңілін ақылдысымақ сөздермен аулауға дағдыланып, тапқыр да сәнқой адамдарды түсініксіз терминдер арқылы шатысқан тартыстарға және осы шексіз шырғалаңға үнемі тартуды үдетті. Оның үстіне, мойынға алудың ең жеңіл жолдары немесе ақылға қонбайтын және қисынсыз ілімдерді жақтау — оларды сансыз көп түсініксіз, екіұшты және белгісіз сөздермен қатпарлау демекпіз, сондай шырмауда бұл баспана адал жауынгерлерді нығайтудың орнынан гөрі, қарақшылар қоры жиналатын мекенге немесе түлкілер ініне ұқсайды. Егерде мұндай адамдарды қорғаныстан шығару қиын десек, ол соңғылардың мекемдігінен емес, өздерін қоршаған шомырт пен тікенек, қараңғы тостағанның салдарынан дерлік. Сонымен, адам ақылына жалғандық жарамсыз да, қисынсыздықты қорғау тек көмескіліктің үдесінен шығады. 10. Бірақ ол таным мен қатынас тәсілдерін бұзады. Сонымен, сауатсыз білімпаздық пен нақты шындыққа әуесқой адамдарды одан аулақ ұстамақ өнердің әлемде таралғаны соншалықты, олар көп нәрсені шатыстырды, әйтсе де, ақыл-ойды таныммен толықтыруға талпынды. Біздің пайымдауымызша, басқа ізгі ниетті ойлаушылар мен ақылды адамдар, олардың ақылын тәрбие де, табиғи қабілеттер де анау айтарлықтай ұштамаса да, бір-бірімен дұрыс түсіністі және тілдің байлығын жасанды емес түрде пайдалана алды. Шала оқыған деген адамдардың өзі "ақ", "қара" және т.б. жақсы сөздерді айқын түсініп, оларды жеткізетін идеялар туралы нақты ұғымдарды ұстаса, философтар арасында қап-қара, яғни ақты қара деп дәлелдемекші білімдарлығы мен талғағыштығына жүгінушілік жетіп артылуда. Олардың ұсқынсыздығы сол, олар көбінесе пайымдаудың, әңгіменің, оқытудың және қатынастың тәсілдері мен құралдарын әрдайым бұрмалады да, тоқтамсыз ықыласпен және талғағыштықпен сөздердің мағынасын шатыстырудан және араластырудан тайынбады, содан сауатсыз адамдардың қабілеті жете алмайтын тілдің өз кемшіліктерін бұрынғыдан да пайдасыздау етті. 11. Ол әріптерге сәйкес келетін шатысқан дыбыстар сияқты пайдалы. Бұл ғалымдар адамдардың ақыл-ойын жаңартып, өмірін жетілдіргені соншалықты, олар жалпыға мәлім әріптердің мағынасын өзгертуде сауатсыз, ақымақ, қарапайым адамдардың қабілеттерінен нәзік білімдар, тапқырлығымен анағұрлым асып түсті де, өзінің хат жазу тәсілінде Б-ның орнына А, Е-ң орнына Д қойып, өз оқырмандарын таңдандырды және оны пайдалы деп көндіруді бетке ұстады. "Қара" сөзі арқылы келісілген белгілі бір сезімдік идеяны белгілеудің орнына, одан бөлек немесе оған қарсы идеяны, яғни қарды "қара" дегізетін пікір, сөйлеу мүшелерінің белгілі бір қозғалысынан шығатын дыбысты А әрпінің белгісімен теңестіруі де, сүйтіп, сөйлеу мүшелерінің басқа бір қозғалысынан шығатын дыбысты Б әрпімен белгілеу шарты да тіптен мағынасыз еді. 12. Мұндай өнер дінге де, әділ сотқа да шатыстыру әкелді. Ой-тоқтамның мұндай бос логикалық қитұрқылығы зұлымдық әлсіздікпен шектелінбейді. Ол адамдар өмірі мен қоғамның маңызды жақтарына енеді, құқық пен Құдай туралы ілімнің маңызды ақиқаттарын бұрмалады және шатыстырды, адамдардың ісіне былықпаны, тәртіпсіздікті және сенімсіздікті ендірді, басшылыққа алынатын екі ұлы принципті — дін мен әділет жолын толық жоймаса да, анау айтарлықтай пайдасыз етті. Құдайшылдық пен адамдық заңдарды осылайша түсіндіру мен пікірталастың басым көпшілігі, олардың мазмұнын күдікті, ал мағынасын шатыстырғаннан басқа неге әкеп соқты? Расында, сөздердің бұрынғыдан да түсініксіз болуы және оқушыны бұрынғыдан да үлкен қиыншылыққа ұшырату осы әртүрлі қитұрқы дистинкцияның және дәрменсіз айла нәтижесінің айқынсыздығы мен күңгірттігінен емес пе? Немесе патшалар езінің қызметкерлеріне бұйрықтар жазып, (ресми) айтқан кезде, оларды тез түсінеді де, ал өзінің халқына заңдармен арнайы үн таратқанда, оны түсіне бермеуін қалай демекпіз? Бұрынырақ ескерткендей, орта қабілетті адам мәтінді немесе заңды езі оқығанда кебінде оны ете жақсы түсінетіндей сезінеді, ал түсіндірушімен байланысса немесе адвокатқа барса, оның түсіндірмесінде сездер белгілейтін ешқандай мағына қалмайтыны немесе оның өзіне тиімділікті жиі белгілейтіні неліктен? 13. Ол білімдарлықпен есептеспеуі керек. Мен мұнда осындайда нақты кәсіптердің жеке мүдделерінің себептері болды ма дегенді қарастырмаймын. Бірақ мен талқылауға мына мәселені қоямын: жеке заттар туралы лақаптар таратып, сөздерді босқа жұмсап қоятын өмірден гөрі, шындықты бұрмалаудан және халық құқығын тітіретуден гөрі. бұлыңғырлық таратып, адамгершілік пен діннің нормаларын түсініксіз еткеннен гөрі, пайдалы тілді адамзат үшін маңызды білімдерді жетілдіруге және қоғамда байланысты нығайтуға, заттардың қандай екенін білмек және соған лайықты әрекеттену артық емес пе, ал егер мұндай сыңар жақтылық бола қалса, онда мұндай іс-әрекеттің бейнесі білімдарлық пен білімде мойындалмағаны абзал. 14. Төртіншіден, сөздер заттар орнына қабылданады. Төртіншіден, Сөздерді заттардың орнына қабылдау көбінесе басқаша теріс пайдалануға итермелейді. Бұл кейбір жағдайда барлық атаулыларға, баз бір негізінде — субстанциялардың атауларына қатысты. Өз ойларын қайсыбір жүйемен шектейтін әрі өзі қабылдаған болжамды әбден жетілген деп біржақты сеніммен қарайтын адамдар осы қиянатқа жиі барады; өздерінің секта терминдері заттардың табиғатына дәл сәйкес келеді деп қабылдауы соншалықты, олар заттардың нағыз табиғатына үйлес деген тоқтамға келеді. Перипатетикалық философияның қайсы өспірімі заттардың табиғатына дәл үйлесетін он категорияны белгілейтін он сөзді санай алмайды. Осы мектептің жолын ұстаушы қай өкілі "субстанциалдық формалардың", "өсімдік жандарының", "қуыстан үрейлікті", "интенционалдық түрлердің" бар екендігіне күмәнданады? Адамдар білім саласына енгеннен осы сөздерге жүйелеуді білді; олар өздерінің ұстаздары мен жүйелердің бұл сөздерге қандай үлкен мән беретінін аңғарды; сондықтан олар бұл сөздер табиғатқа үйлес және нақты өмір сүретін бір нәрсені білдіреді деген пікірден бас тарта алмайды. Платоникетр өздерінше "әлемдік жан", эпикурейстер де өздерінше "тыныштықтағы атомдардың" "қозғалысқа ұмтылысы" деді. Басқалар түсіне бермесе де, белгісіздеу қат-қабатты білдірмейтін философиялық ағым, әсте, болмас. Мұндай былықпайлар бір ұрпақтың тілінде ең маңызды бөлім ретінде үнемі қолданыла бергесін, ақыл-ойы жетілмеген адамдардың надандығын ақтауға және олардың қателігін жасыруға өте айқын қызмет етеді. Егерде осы доктринаның үстемдігінен бір ортада ауадай үлпілдек арба жалпы қолдау тапса, онда мұндай терминдердің адам ақылында орнығатынын және сондай осы уақытқа дейін перипатетиктердің формасы мен интенционалды түрлері көрсеткендей заттардың сондай айқын болатынын нандырушылық қаншалықты күшейе бермек. 15. Мысалы материя. Философиялық жазушыларды ұқыпты оқыған кезде атауды заттың орнына қабылдауда ақыл-ойдың мүмкін шатылуын, тіпті сөздің былығуын, ондайдың болатынын ойламасақ та, айқын аңғарамыз. Мен қарапайым бір мысал келтірейін. Материя туралы қаншама шатысқан айтыс-тартыстар болды, айтыс-тартыстардың шатысқаны соншалықты, егерде осыған ұқсас нәрсе табиғаттағы денеден тыс болса, онда "материя" сөзі дененің идеясынан айқын, бөлек идеяны анық көрсетеді. Егерде осы екі терминмен белгілейтін идеялар өзара ұқсас болса, онда ойланбай-ақ, бір терминді әр кезде басқамен қалай болса, солай алмастыруға болады. Дегенмен, "барлық денелер бірдей материядан тұрады" деген ой-пікір дұрыс болса да, біз материяның бәрі де бір денеден тұрады" деп айтуға болмайтынын қуаттаймыз. Әншейінде біз "бір дене басқадан үлкенірек" деп жатамыз"; бірақта "бір материя басқадан үлкен" деу тіптен үйлеспейді (және, меніңше, ешқашан айтылмайды да). Бұл не себептен? Өйткені материя мен дене болмысы бір-бірінен айырғысыз, бірі болған жерде екіншісі болса да, бірақта "материя" және "дене" сөздері екі түрлі ұғымды, яғни толық емес бір ұғымнан басқаның бөлімін құрайтындығын білдіреді. Шынтуайтқа келсек, "дене" белгілі бір формадағы тығыз да ұзарған субстанцияны айшықтайды; "материя" субстанция ұғымының бөлімі және көмескілеу ұғымы, өйткені меніңше, ол субстанцияны және формасыз, ұзындықсыз дененің тығыздығын көрсетуге қолданылады. Міне, сондықтан біз материя деп айтқанда, біз оны бір нәрсе ретінде айтамыз: ол шындығында барлық жерде біреу және бірдей тығыз субстанцияны өзінің ішіне алады. Біздің материя туралы идеямыз осындай болса, біз дүниеміздегі әртүрлі материялар алуан тығыздық ретінде тартына елестетін немесе айтатын, немесе ойланатын күйде боламыз, оған қарамастан, біз әртүрлі денелерді өзімізге елестете де, өзімізше айта да аламыз, өйткені ұзақтық пен форма өзгере алады. Бірақта тығыздық ұзақтықсыз және формасыз өмір сүре алмайды; "материя" әйтеуір бар нәрсенің анықтамасын атау ретінде алатындықтан (философтардың бастары мен кітаптарын толтырып жіберген), "бастапқы материя" туралы түсініксіз де дәйексіз айтыс-тартыстар мен пайымдар даусыз туды және олар философтардың басында және кітаптарында толастамады (қаптап кетті). Мұндай жетіспеушілік пен қиянат етушілік басқа да көптеген жалпы терминдерге қатысты болуы ықтимал, оны басқалардың талқысына қалдырамын. Бірақ мен мынаны айта аламын: егерде сөздер бар нәрсенің орнына, яғни заттардың өзіне емес, біздің идеялардың белгісі ретінде қабылданса, онда біздің әлемде айтыс-тартыс аз болар еді. Біз "материя" немесе басқа осындай термин туралы пайымдаған кезде, біз шын мәнінде нақты идея табиғат өмір сүретін бір нәрсеге, яғни біз шығаратын дыбысқа сәйкес келеді ме, жоқ па дегенді іс жүзіңде талқылаймыз. Егерде адамдар өздері қолданатын сөздер қандай идеяны белгілейтінін көрсетсе, онда шындықты зерттегенде жөне қорғағанда, ендігі қозып жатқан көмескілік пен айтыс-тартыстың жартысы да болмас еді. 16. Бұл адасуды үдетеді. Бірақта сөздердегі қателіктерді қандай да ыңғайсыздық болмасын, оларды әрдайым және үйреншікті дағдымен қолданудан адамдар заттардың шындығынан алшақ ұғымдарға үйір болатынына кәміл сенемін. Кімді болмасын біреуді, әсіресе оның әкесі, мектептегі мұғалімі, шіркеудегі поп немесе басқа құрметті тәрбиешінің айтып жүрген сөздері табиғаттың нақты нәрсесін жеткізе бермейтіндігіне көндіру, көз жеткізу күрделі іске жатады. Осы себептен де шығар, адамдарға өз қателіктерінен бас тарту, тіпті олар ақиқат іздейтін таза философиялық мәселелерде де (өте қиын) жеңіл соқпайтын қиын жай. Өйткені олар ұзақ уақыт бойы қолданған сөздер олардың ақылына терең сіңеді де, сол түсінікпен байланысты жалған ұғымдардан арылудың қиындауы таңқаларлық емес. 17. Бесіншіден, сөздермен олар жеткізе алмайтын нәрселер белгіленеді. Бесіншіден, тағы да бір сөздерге қиянат етушілік олардың көрсетпейтін немесе көрсете алмайтын заттарды белгілеуде сөздерге тағы бір қиянат етушілікті тудырады. Оны біз (атаулы мәні бізге мәлім) субстанциялардың жалпы атауларынан байқай аламыз. Номиналдың мәні бізге мәлім субстанцияларды пайымдағанымызда біз бір нәрсені растаймыз немесе терістейміз, атаулар белгілі бір сустанцияның нақты мәнісін белгілейді деген сенімде біз көбінесе оны үнсіз қабылдаймыз. Егерде біреу "алтын созымды" десе, ол мен айтып отырған "алтын соғымды" деген жеке тоқтамды ғана ескеріп, соны ғана иландырғысы (басты тоқтамның мәнісі осыған тіреледі) келмей, одан да артық атап айтсақ, созымды алтын, яғни алтынның нағыз мәнісін білдіруге тырысады. Ал мұндай тоқтам созымдылық алтынның нақты мәнісіне тәуелді жөне одан бөлінбейді дегенге тіреледі. Бірақта адам нақты мәннің не екенін біле бермегендіктен, іс жүзінде оның ақылында созымдылық өзі біле бермейтін мәнмен емес, қайта "алтын" деген дыбыспен, оны белгілейтін атаумен байланысады. Егерде біз "парасатты жан" — адамның дұрыс анықтамасы, ал қауырсыны жоқ "екі аяқты, жалпақ табанды" деген — жағымсыздыққа балаймыз да, "адам" сөзі бұл жағдайда қайсыбір түрдің нақты мәнін білдіреді және "парасатты жан" сөзі нақты мәнді (екі аяқты, табаны жалпақ, қауырсыны жоқ зат" деген сөзден) артығырақ сипаттайтынын көрсеткіміз келеді. Платон неге өзінің кейбір дененің идеясынан құралған күрделі идеясын басқалардан қайсыбір формасымен және басқа да сыртқы белгілермен бөлінетін, бірақ кейбір дененің идеясынан құралған өзінің күрделі идеясын "адам" деген сөзбен нақты жеткізе алмады, Аристотель болса бұл күрделі идеяны дене мен пайымдау қабілетін қосудан қалыптасқан "адам" атауымен ұштастырғанда немесе "адам" деген сөз көрсететін нәрсені емес, қайта идеядан бөлек, ол ескерткендей, адамның өзі білдірмекті жеткізуді ұйғармады ма екен... 18. Мысалы, сөздерді субстанциялардың нақты мәндерін жеткізуге қолданады. Егерде субстанциялардың нақты мәндері осы сөздермен жеткізілетін біздің ақылымыздағы идеяларды құраса, онда, расында, субстанциялардың атаулары бұрынғыдан да пайдалы, оларға қатысты ұсыныстар бұрынғыдан да дәлелді болар еді.Біздің сөздер мұндай нақты мәндердің болмауынан олар туралы біздің білімнің немесе пайымдауымыздағы растылықтың аздығына ұшыратты; бұл жетіспеушілікті мүмкіншілігінше, болдырмау үшін біз заттардың осы нақты мәнісін жасырын ұйғарым негізінде сөздермен белгілейміз, сүйтіп, оған азды-көпті жақындай түскендей боламыз. Байыбына барсақ, "адам", "алтын" субстанциялардың белгілі бір түріне жинақталынған қасиеттердің күрделі идеясын ғана белгілейді; бірақта бұл сөздерді қолданғанда, олардың әрқайсысы заттың нақты мәндік және одан тәуелді осы қасиеттерді белгілейді деп болжамайтын (ұйғармайтын) адамдар әсте табылады ма екен? Егер біз сөздермен күрделі идеяға қатысы жоқ бір нәрсені белгілемек болсақ, онда бұл біздің сөздердің күңгірттігін азайтып қана қоймай, теріс пайдаланушылық барысында оны тіпті арттырады да. 19. Сондықтан біздің идеядағы кез келген өзгеріс субстанциялардың түрін өзгерте алмайды демекпіз. Бұдан күрделі идеяның құрамына енетін қайсыбір идеяны алып тастағанда немесе өзгерткенде аралас модуста не себептен оны басқаша қабылдайтынын, яғни идеяның басқа түрі ретінде абайсыздағы өлім, әдейі емес өлім, әдейі өлтіру, әкені өлтіру сияқты идеяларды түсінуімізге болады. Мұндағы себеп мынада: осы атаумен көрсетілген күрделі идея бір уақытта нақты да, номиналды да мән болып табылады, тағы да бүл атау, тіпті астыртын түрде, ешқандай басқа мәнді қоспайды. Субстанциямен ондай емес. Сонымен, бір адам "алтын" дейтін өзінің күрделі идеясына басқалар шығарғанды ескерсе және керісінше істесе, онда адамдар бұдан жүре өзгереді деп әсте есептемейді, өйткені олар өздерінің жадында бұл атауда (жасырын) білдірмей, әйтеуір бір заттың нақты өзгермейтін мәнісіне (одан тәуелді мына қасиеттерге) жатқызады және оларды онымен байланысты деп есептейді... Кім өзінің алтын деген күрделі идеясына бұрын отқа берікті немесе патша арағындағы ерігіштік идеясын қосса, ол бұдан түр өзгереді деп санамайды, тек онда басқа жай идеямен жалғасу арқылы іс жүзінде бұрынғы идеяда тұратын басқалармен әрдайым байланыстағы жетілген идея деп таниды. Бірақта идеясы бізде жоқ атауларды заттарға теңеу ешқандай көмек көрсетпейді, қайта үлкен ауыртпалықтарды кайта қоздыра түседі. Расында, "алтын" деген сөзді осы түрдегі заттардың нақты мәнісіне үнсіз жатқызу, сайып келгенде, тұтас мағынасын жоғалтады, өйткені ол тіптен бізде идеясы жоқ нәрсені белгілейді де, ал зат жоқ болса, дәнемені де көрсете алмайды (күнделікті әңгімелерде азды-көпті жай идеялардың жиынтығын белгілеумен заттардың осы түрін көрсетеді). Бұл біреу-ақ деп, қаншама санамалық, қадалып қарағанда атау бойынша "алтын" деп, пайымдау және сол дененің бөлшектері, мысалы, алдымызда жатқан жапырақ алтынның сынығы туралы айту әңгімеде біз затты атаумен алмастыруға мәжбүр болсақ та, бұл тіптен түрлі заттар... 20. Табиғат әрқашанда бірегей әрекетте болады деп ұйғару — теріс қолданудың бір себебі. Меніңше, жоғарыда айтылған ұйғарым адамдарды түрлердің нақты мән-жайын атаулармен алмастыруға өте айқын итермелейді, табиғат заттарды ереже бойынша жаратады және әр жекені жалпы бір атаумен түрге жатқызатын түрлерін тіптен бірдей нақты құрылым бере отырып, осы түрлердің әрқайсысының шебін шектейді. Әйтсе де, олардың әртүрлі сапаларын бақылайтын кім болмасын анау айтарлық күмәнданбас, біртекті атау берген көптеген жеке-дара түрлері өздерінің ішкі құрылымы жағынан, түрдің алуан атауларындай сияқты бір-бірінен анық айырмашылығы болады. Қалай демелік, бірегей түр-тұқымдас атаулар әрқашан іштей құрылымды түгелімен бірыңғай жеткізеді деген ұйғарымнан, адамдар бұл атауларды ойланбай, осы реалды шендердің? өкілеттілігіне қабылдайды десек те, шын мәнінде кім идеяларды қолданса, атаулар соның басындағы күрделі идеяларды ғана көрсетеді. Сонымен, әйтеуір, айта берсек, адамдар бір затты белгілейді, бірақта оны басқа бір нәрсеге балайды немесе оны басқа нәрсенің орнына қояды; мұндай тұрғыдан (қолда) ауызда қалатын атаулар әсіресе субстанционалды формалар туралы ілімді қапыда сіңірген адамдардың пайымдауында үлкен шатысқандық тудырмай қоймайды, өйткені олардың сенімінше, субстанциалдық формалар арқылы заттардың алуан түрлері анықталынады және ажыратылады. 21. Бұл қитұрқылық екіжақты ұстанымға жүгінеді. Біздің атаулармен берілмейтін бізде жоқ немесе (бәрі бір) мәнісін біле бермейтін белгілеу қаншалықты жөнсіз және қисынсыз болмасын, сонымен іс жүзінде біз сөздерімізді ешқандай да заттың белгісіне айналдыру дегендік, бұл сөздерді қолдану туралы, әйтеуір, кез келген ойланушыға айқын, дағдылы құбылыстан басқа дәнеңе жоқ. Егерде біреу анадан немесе мынадан көрінетін затты, мысалы, маймылды немесе кемтарды адам ба, әлде жоқ па деп сұраса, мәселе осы жеке зат "адам" сөзімен жеткізілетін оның күрделі идеясына сәйкес келеді ме дегенде емес, шындығында жеке нәрселердің түр-түстің нақты мәнісін, оның пікірінше, езіне жинақтаған "адам сөзімен" белгіленеді. Субстанциялардың осы атауларын қолданудан мынадай жалған ұйғарым туындайды. Біріншіден, табиғат жеке заттарды жасайды және соларды түр-түске бөлетін кейбір айқын мәндер бар деушілік. Әрбір заттың құрылымы болатыны сол құрылым оның бар болмысын құрайтыны және оған заттың сезіммен қабылдайтын сапалары тәуелді екені — бұл даусыз жәйт. Бірақта бұл, меніңше, жоғарыда көрсетілгендей, түр-түсті ажырату мен бөлуді де, олардың атауларының шектеулігін де анықтамайды. Екіншіден, мұнда осы ұйғарылмақ мәндердің идеялары да бар шығар деген үнсіз тұспалдаушылық та бар. Расында, анау-мынау заттан адам түрінің нақты мәні бар ма деп сұраудың керегі не, оның үстіне, мұндай түрлік мән әйгілі деп жатпасақ, сондықтан бізде жоқ идеяларды атаулармен белгілеу, әлбетте, біздің олар туралы әңгімелеріміз бен пайымдауларымызда көптеген жаңсақтық тудырады жөне сөздерді қолданғанда әрқалай ыңғайсыздыққа ұшырата береді. 22. Алтыншыдан, сөздердің айқын да анық мағынасы бар деген ұйғарым. Алтыншыдан, сөздерді қолдануда басқа да кең таралған, бәлкім, өзіне азырақ назар аударған қиянаттылық бар. Ол дегеніміз: қайсыбір идеяларды сөздермен ұзақ уақыт әрі табиғи дағдымен жалпы ұштастыру арқылы адамдар сөздерді өздері қолданар мағынаның тығыз да қажетті байланысын есептеуге бейімделді. Олардың мән-жайын түсінуге болмайды, сондықтан мұра етіп қалдырған сөздерге қанағаттану абзал (жөн), тек айтушы мен тыңдаушы жалпы ұқсас дыбыстарды қолданғанда идеяларды бірдей ескереді ме екен деген күдік тумаса болғаны. Олар бір терминді әңгімеде, әйтеуір, бір қолданғанда басқаларға өздері айтып отырған затты ұсынғандай болады жөне дәл солайша есептеп, не үшін басқалардың сөздерін өздері қолданып үйренгендей белгілейді де, олар ешқашанда өз сөздерінің мағынасын талдауға немесе басқалардың сөздер мағынасын айқын түсінуге тырыспайды. Осыдан әншейінде табысқа жеткізбейтін, ешкімге де пайдасы жоқ сыбыстар мен айтыс-тартыстар таралады. Ал адамдар болса, өз идеяларын іс жүзінде сөздердің тұрақты, үнемі функционалдық белгілері ретінде еріксіз және тұрақсыз белгілейтін айқын ұғымдарды қабылдайды. Егерде біреу әңгімелер мен пікірталаста қолданылған терминдердің мағынасын кейде сұраса, бұған адамдар (бұл міндетті түрде жиі болады), күніге әңгімеден бақылауға болатын мұны адамдар оғаштыққа балайды. Мұнда әрбір сөздің өзі мысалға жарарлық. "Өмір" сөзінен кең қолданылатын термин жоқ. Кім де кім болмасын, одан өмірді қалай түсінесің деп сұрай қалсаң, мұны көңілге алады. Әйтсе де, ұрықта өніп келе жатқан өсімдікте өмір бар ма, жұмыртқаны жарып шықпаған ұрық немесе сезімсіз, қимылсыз есінен таныған адам тірі ме деген сұрақ туындай қалса, онда "өмір" деген белгілі сөзді әр сақта қолданғанда, оған айқын, анық қалыптасқан идея әрқашан жалғаспайды. Не демелік, адамдар өз тілінің әдеттегі сөздерін қолданғанда, кейбір дөрекі де бұлыңғыр түсініктерге үйір болып алады және сол адамдардың сөздерінде белгісіздікті осылайша қолдану кәдімгі әңгімелері мен істеріне кең дәрежеде қызмет етеді. Бірақта белгісіз қолдануда философиялық ізденістер жеткіліксіз. Таным мен ой-пікір айқын да анық идеяларды қажет етеді. Адамдар басқалардың айтқанына түсінбесе де, олардан терминдерді түсіндіруді сұрамаса да, олар соншалықты орынсыз қолданған сөздерді естісе де, оны жөндеуге мазасыз міншіл емес, бірақ әңгіме шындық және таным туралы болғанда, мағынасы күдікті сөздер туралы түсінік алуда, мен білмеймін, қандай кінә кәрлік бар (төзгісіз, ақымақ емес, олар басқалардан күнделікті екіұшты). Мүмкін, басқа өз сөздерін қай мағынада қолданатынын білмесе, оны мойындаудың несі ұят, оның үстіне, басқадан мәлімет алудан басқа мұны білудің өзге жолы жоқ. Сөздерді наным-сеніммен қабылдау оқымыстылар арасында басқа да мұншалықты кең таралмаған және соншалық жарамсыз салдарға ұшыратуда — бұл қиянатшылдық. Интеллектуалды дүниені мұндай ойрандаушылыққа ұшыратқан осындай айтыс-тартыстың көптігі мен бітіспестігі, байыбына барсақ, сөздерді нашар қолданудың салдарынан. Әншейінде кітаптағы пікірлердің үлкен айырмашылығы мен дүниені дүрліктіретін айтыс-тартыстың көптігіне сенетіндер, меніңше, түрлі мектептердің ғалымдары өзара айтыста және өздерінің пайымдауында әртүрлі тілдерде сөйлеседі. Меніңше, олар терминге назар аударудан қалғанда және заттар туралы ойланғанда, олардың не ойланатынын біледі деп ұйғарамын. Сонда олардың бәрі де бір нәрсені ойлайды, бірақ олардың ниеті әртүрлі болуы ықтимал. 23. Тілдің мақсаттары. Біріншіден, біздің идеяларды жеткізу. — Тілдің жеткіліксіздігі мен оны бұрмалауды қарастыруды аяқтаймыз. Біз басқалармен әңгімелесуде тілдің басты үш мақсатына тоқталмақпыз: біріншіден, бір адамның ойларын немесе идеяларын басқаларға хабарлау. Екіншіден, бұл мақсатқа барынша оңай және тезірек жету. Үшіншіден, заттар туралы білімдерді жеткізу. Егерде осы үш мақсаттардың біреуі орындалмай қалса, онда сөйлеуді теріс пайдаланады немесе оның олқылықтары бар. Біріншіден, басқаны түсінуде бір адамның идеясы емес сөздер осы мақсаттардың біріншісіне жете алмайды: біріншіден, егер сөздер адамдардың ақылында айқын белгілер ретінде, олардың идеяларынсыз қолданылғанда; екіншіден, егер қайсыбір тілде жалпы қабылданған атаулар идеяларға, әншейінде қолданыла бермейтін идеяларға телінгенде; үшіншіден, егер сөздер не ана, не мына идеяны белгілей отырып, тым белгісіз жайда қолданылғанда сол мақсатқа жете алмайды. 24. Екіншіден, бұған тезірек жету. Егер адамдарда ерекше атаусыз өздеріне лайықты идеялар болса, онда олар (бар мүмкіншілігінше) өздерінің ойларын тезірек және оңай жеткізбейді. Кейде бұл кемшілік осы мағынаға үйлес келетін сөзі жоқ тілдің өзінде туындамақ; кейде бұған идеяның атауларын ұқпаған, әйтсе де, біреуге түсіндіргісі келмек адамның өзі кінәлі. 25. Үшіншіден, заттар туралы білімді беру. Үшіншіден, егерде адамдардың идеялары заттардың шындығына сәйкес келмесе, онда сөздер туралы ешқандай білімді бермейді, әйтсе де, бұл кемшілік заттардың табиғатына сәйкес келе бермейтін назар, зерттеу және ықылас жететін сәйкестік болмаса да, сәйкес келмесе де, бірақта ол біздің сөздерге де таралады. Егерде біз сөздерді нақты заттардың ешқашанда өмірде болмаған белгісі ретінде қолдансақ, онда мұндай кемістік біздің сөздерге де таралады. 26. Адамдардың сөздері осы барлық мақсатқа неге жете бермейді? Біріншіден біреуде қайсыбір тілдің сөздері болып, бірақ оның ақылында осы сөздерді жатқызуға болса да, бір-бірінен айырмашылығы жоқ идеялар болмаса, онда осы сөздерді анау әңгімеде қолданғанда мән-мағынасыз айқай-шуға ұрынады. Кім де кім дана сөздер мен ғылыми терминдерді қолданудан ғылымға ұқсағысы келгенімен, ол таным процесінде өзінің сабағында бір тарауын ғана оқып, оның мазмұнын түсінбеген жаннан озып кете алмайды. Өйткені мұндайда сөйлегенде грамматикалық ережелерге сүйеніп, сәтті кезеңдер үйлестірілгеннің өзінде, сөздер бос дыбыстардан өзгеге татымайды. 27. Екіншіден, кімде күрделі идеялар болып, оларда жеке атаулары дұрыс қойылмаса, о да кітап сатушыдан артық емес, оның қоймасында мұқабасыз және таратусыз кітаптар жатса, сол шашылып жатқан кітаптарды өзгелерге түсіндіру үшін жеке парақтарды көрсетіп қана қоймай, ұзақ уақыт түсіндіруге мәжбүр болады. Мұндай адам өзінің күрделі идеяларын жеткізуде сөз тапшылығын сезінеді де, олардың қарапайым құрамдас идеяларын атап өтуге мәжбүр болады, сүйтіп, өзгенің тобықтай ойын жеткізу үшін тоқсан ауыз сөзді жиі айтып қайталауға мәжбүр болады. 28. Үшіншіден, кім де кім бірегей сөздерді анау-мынау мағынада қолданатын болса, кім де кім бірыңғай идея үшін әруақытта біртекті белгіні қолданбай, бірегей сөздерді анау-мынау мағынада қолданса, оны (философиялық) мектептер мен күнделікті қатынастарда базар мен баржада бір атаумен әртүрлі заттарды сататын адамдай адал деуге болады. 29. Төртіншіден, егер біреу қайсыбір тілдің сөздерін сол елдің үйреншікті (қолдауынан) қос тіркеуінен бөлек идеяларға қолданса, онда ол өз терминдерін анықтамай тұрып, оның өз ақыл-ойы бұл ақиқат пен шуақтан қалай да толастамасын мұндай сөздер басқаға шындық пен жарықтың мол шуағын жеткізе алмайды. Өйткені дыбыстар қаншалықты жалпы мәлім болмасын, оларға құлағы үйреншікті адамдар оларды қаншалықты жеңіл қабылдамасын, бірақта әншейінде олармен байланысты идеяларды айқын көрсетпей, оларды тыңдаушылардың есінде жаңғыртпай, олар идеяларда осылайша қолданатын адамның ойларын жеткізе алмайды. 30. Бесіншіден, кім өзіне бұрын-соңды өмір сүрмеген субстанцияны ойлап тапса, кім өз басын заттардың нақты табиғатына ешқандай үйлеспейтін идеялармен шатыстырмаса, бірақта ол оларға қалыптасқан және айқын атаулар берсе, ол өз сөздерін де, мүмкін, басқаның басын өз ақылының фантастикалық қиялдарымен толықтырады, бірақ одан шындық пен нақты танымға бір қадам жақындауға мұршасы жетпейді. 31. Кімде идеясыз атау болса, оның сөздерінде мағына болмайды да, ол бос дыбыстарды айтады. Кімде күрделі идея болса да, оған атаулар бере алмаса, оның сөйлеу мәнеріне еркіндік пен жылдамдық жетіспейді, ол астарлап айтуға мәжбүр болады. Кім өздерінің сөздерін еріксіз және бұлыңғыр қолданса, оны не тыңдамайды, немесе түсінбейді. Кім идеяларға деген сөздерін олардың үйреншікті емес мағынасында қолданса, оның сөзіне тілдегі нақтылық жетіспейді. Ал кімде субстанциялар идеялары заттардың нақты өмір сүруімен үйлеспесе, оның ақыл-ойында нағыз таным деген материал жоқ, оның орнына (ол) орындалмас, негізсіз қиялға ұрынады.

2-том

MEMЛEKETTІK БАСҚАРУ ТУРАЛЫ

VІІІ-тарау

САЯСИ ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЬІПТАСУЫ ТУРАЛЫ

95. Алдында айтылғандай, адамдар туа бітісінде емін-еркін, тең және тәуелсіз болатындықтан, осы күйден ешкім де шығарылмайды және өзінің келісімінсіз басқаның саяси билігіне бағындырыла алмайды. Кез келген адамның өзіндік табиғи бостандықтан бас тартатын және өзіне азаматтық қоғамның дәнекерін жалғастыратын жол біреу-ақ — ол өз меншігін еркін иелене отырып, қоғамның мүшесі емес адамдарға қарағанда анағұрлым қауіпсіздікте жайлы, сәтті және бейбіт қатар өмір сүру үшін басқа адамдармен қоғамдастыққа бірігуге келісу. Мұнда еркіндіктің табиғи күйінде қала беретіндердің басқа адамдардың бостандығына зияны жоқ болғандықтан, ондай адымды адамдардың кез келген тобы істей алады. Адамдардың қайсыбір саны осылайша қоғамдастықты немесе мемлекетті орнатуға келіскен кезде, олар сол кезден біріге бастайды әрі басқалар үшін көпшілік әрекет ететін жөне шешім қабылдай алатын құқыққа ие біртұтас саяси организмді құрайды. 96. Әйтеуір, адамдардың қайсыбір тобы әрбір адамның ырқына келісті қауымдастықты орнатқанда, олар осы қоғамдастықты көпшіліктің еркімен және шешімімен біртұтас организм етті, сондай біртұтас организм бола алатын құқықты иемденді. Зады, қайсыбір қоғамдастық істейтін нәрсе оның құрамдас мүшелерінің келісімінен басталады, ал біртұтас деп отырғанымыз бір бағытқа қозғалуы тиісті болғандықтан, сол тұтастық көпшіліктің келісімінен құралатын бағытта өзгеруі де шарт еді: басқа жағдайда ол біртұтас нышанды көрсете алмайды немесе оған енген күллі жеке адамдардың келісіміндей біріккен бірыңғай тұтастықты, бірыңғай қоғамдастықты жалғастыра алмайды; сонымен әркім осы келісім бойынша көпшілікке бағынуы міндетті. Міне, содан біз заң шығаратын мәжілістерден, әсіресе онды заңдардың қуатымен билік-беделге бөленген сан алуан жағдайларда көпшіліктің шешімі тұтас әрекеттің шешімі ретінде қабылданды; содан табиғат пен парасаттың заңы бойынша ол тұтастың ықпалды күшін иемденді. 97. Демек, бір үкімет қарамағында басқалармен қатар біртұтас саяси организмді құруға келісім берген әрбір адам осы қоғамның әрбір мүшесі сияқты көпшіліктің шешіміне бағынатын және оны соңғы шешім деп есептеуге өзінше міндеттеме алады; басқа жағдайда қоғамға басқалармен бірге ендірген осы алғашқы келісімнің оған анау айтарлық маңызы болмайды, егер осы адам емін-еркіндікте қала берсе және табиғи күйде ешқандай басқа торапқа бейімделе алмаса, онда ол ештеңені білмейді және келісім шартқа жатпайды. Ал онда кез келген келісім шарт қандай болмақ? Егер адам қоғамның кез келген қаулыларымен оларды жайлы деп есептегеннен және сол үшін өз келісімін бергендіктен ғана байланысса, онда бұл қандай жаңа міндеттеме болмақ? Десек те, ол осы келісімді шартқа дейін пайдаланған немесе табиғи күйде өзіне ыңғайлы деген кез келген іс-әрекеттерге көндігетін және келісетін адамдай пайдаланса, онда ол әлі де сондай бостандықты қолдана береді. 98. Егер көпшіліктің келісімі бүтіннің қимылы ретінде байыбымен қабылданбаса және ол әрбір жеке адам үшін міндетті болмаса, онда, әрбір индивидуумнің келісімін ескермегенде, бірдеңені ештеңе де бүтіннің қимылына айналдыра алмайды әрі мұндай келісімге қол жеткізудің реті де келе бермейді, оның үстіне, бірқатар адамдар денсаулығы мен іскерлік жағдайларына орай, осындай адамдардың саны қоғам мүшелерінің тіпті аз бөлшегін құраса да, өздерінің қажеттілікпен жалпы жиналысқа қатыспақ мүмкіндігін тежейтінін ескерелік. Қала берсе, оған адамдардың бірге жиналған кезінде, міндетті түрде пікірлердің әралуан және мүдделердің қарама-қарсы болатынын ескерсек, мұндай жағдайларда қоғамды орнату Катонның тек кетер алдында театрға кіріп шығатынына ұқсап тұрғандай. Мұндай құрылым ең әлсіз тіршілік иелерінен гөрі алып левиафанды (10) мәңгі болмыстан арылтты және ол өз туған күнінен артық өмір сүре алмайды, ал мұндай болжам тек саналы тіршілік иелері қоғамды ыдырату үшін орнатқанды қалайды деген ойға жол берілетін жағдайда ғана жасалынбақ; оның үстіне, көпшілік барлығы үшін шешім қабылдай алмаса, онда мұндай қоғамдар біртұтас ретінде көріне алмайды да, содан олар қайтадан тез ыдырайды. 99. Осыдан, егер олар көптің қарапайым қосындысынан асып түсетін қайсыбір сан туралы нақ тыңғылықты келіспесе, онда табиғи қалыптан қоғамға бірігіп жатқандардың бәрі осы мақсаттарды жүзеге асыруда қоғамдастықтағы көпшіліктің пайдасы үшін қандай да болмасын биліктен бас тартады деп түсініледі. Осының бәрі тек біртүтас саяси қоғамға біріктіретін келісім арқылы ғана жүзеге аспақ, мұның өзі мемлекетке еніп немесе оны орнатып жатқан тұлғалардың арасында болып жатқан немесе болуға тиісті жеткілікті келісім шарт болып табылады. Сонымен, кез келген саяси қоғамның бастамасы жөне соны іс жүзінде құрайтын нәрсе, мұның өзі көпшіліктің осындай қоғамға бірігуі мен кіруін ұйымдастыра алуға қабілетті, тек еркін адамдардың кез келген санының келісімі ғана. Тек осы ғана, тек осы әлемдегі заңды үкіметтің бастамасын берді немесе бере алады. 100. Осыған орай маған екі қарсы пікір білдіреді. Біріншісі, "тәуелсіз және бір-біріне тең адамдардың қайсыбір топтарының келісіп және осылайша үкіметті орнатқандарының тарихта мысалы жоқ". Екіншісі, "барлық адамдар қайсыбір үкімет билігінің қоластында туылғандықтан, олар оған бағынуы тиіс және жаңаны орнықтыруға ерікті емес, сондықтан адамдардың құқықтық тұрғыдан мұндай әрекетке баруы мүмкін емес". 101. Бірінші мәселе бойынша мен адамдардың табиғи жаратылысындағы өмірі туралы тарихта аз мәлімет қалғанына таңғаларлық ештеңе жоқ деп жауап берем. Осындай жағдайлардың жайсыздығынан, сондай-ақ адамдардың қоғамға деген сүйіспеншілігінен және оны тілеуінен қайсыбір адамдар тобының кездесуіне мәжбүр етті, олар бірігуді тіпті қалап шешкенде, бірден топтасты және келісімге келетін ықыласты күшейтті. Егер біз адамдардың ертедегі табиғи жаратылысы туралы тым аз білгендіктен, олар туралы ештеңе болжай алмаймыз десек, онда солғұрлым біз Салманассар немесе Ксеркс армиялары солдаттарының қалай ер жеткені және әскер құрғаны туралы есіткеніміздің мардымсыздығынан, олар ешқашанда балалар болмады дер едік. Мемлекеттік құрылыс әрқашан жазбаша мұралардың алдында келді жөне азаматтық қоғамның ұзақ өмір сүруінде аса қажет басқа да өнерлердің көмегімен халық үшін қауіпсіздікті, жайлылық пен молшылықты қамтамасыз етпейінше, әдебиет сол халықта сирек пайда болды; тек содан кейін адамдар өз мемлекетінің негізін салушылардың тарихына үңіле бастайды және ол туралы естеліктер олардың жадында қашан өшкенде ғана оның бұлыңғыр бейнесін іздеді; мемлекеттерде де жеке адамдардың қылығы тәріздес жәйттер болып жатады. Олар, әдетте, өздерінің туылуы мен нәрестелігі туралы ешқандай түсінікті жадында сақтамайды; ал егер оларға өз мемлекетінің бұрынғы бейнесі туралы бірдеңе белгілі бола қалса, мұның өзі басқалар кездейсоқ жүргізген жазбалардың арқасында еді. Әлемдегі қандай да бір мемлекеттің пайда болуы туралы өзіміздегі жазба мұраларына келетін болсақ, тек еврейлердің мемлекеті туралы айтылғаннан басқа, өйткені онда Құдайдың өзі тікелей араласқан, оның үстіне, бұл жазбаларда әкелік билік құпталмайды, мұнда жазбалардың барлығы, мен ол туралы айтқандай, бастапқы сипатымен көзге түседі немесе, ең болмағанда, оларға анық ықпал етеді... Мемлекеттің құрылуына қарсы келетін келесі пікір, мен көрсеткендей, мына тәсілге негізделеді: 113. "Барлық адамдар белгілі бір мемлекетте дүниеге келетіндіктен, олардың қайсыбірі өз бетінше еркінсініп әрі басқалармен бірігіп, қашан болмасын әйтеуір жаңа мемлекеттің бастауын қалыптастырар немесе заңды үкімет орнатарлық жағдайы бола бермейді, ондай мүмкін де емес". Егер осы дәйек дұрыс болса, онда дүниеде осыншама заңды монархиялар қалай пайда болды деп сұрағым келеді?(11) Егер кім де кім осы ұйғарымды негізге ала отырып, заңды монархияның бастамасын еркін қалыптастыратын кез келген дәуірдің қандай да бір адамын көрсете алатын болса, онда мен сондай уақытта өздерінше бірігуге және монархияға ұқсас немесе тағы басқа формадағы жаңа мемлекеттің бастауын салуға әйтеуір мүмкіндігі бар басқа ерікті ондаған адамдарды оған көрсетуіме тура келеді; осылайша, егер басқаның үстемдік қысымында туылған кім де кімнің жаңа дербес империяда адамдарға әмір жүргізу құқығына ие боларлық мүмкіндігі соншалықты мол, еркін болса, онда басқаның билік қысымында туылған кез келген адам дәл сондай еркін әрі жеке тәуелсіз мемлекетте билеп-төстеуші немесе оның берілген азаматы бола алатындығы көрсетіледі. Демек, олардың принциптеріне орай, барлық адамдар өздерінің туылған ортасына қарамастан, не еркін келеді, не дүниеде тек бір заңды билеуші, бір заңды үкімет ғана болмақ. Онда оларға оның қандай екендігін бізге жай көрсете салудан басқа ештеңе қалмайды; егерде олар мұны істей қалса, онда барлық адамзаттың оған ризалықпен бағынуға келісетіндігіне мен күмәнданбаймын. 114. Бұл олардың қарсылығына дәйекті жауап болса да, сондай-ақ соларға қарсы шыққан адамдарды қиын жағдайға қалдыратындығын көрсететіндіктен, мен осы дәйектеменің әлсіздігін тағыла ашып көрсетпекпін. "Барлық адамдар,— дейді олар,— қайсыбір үкімет билігінің қарамағында өмірге келеді, сондықтан да олар жаңаны еркін орната алмайды. Әркім өз әкесінің немесе өз билеуші тақсырының қоластында туатындықтан, сондықтан да ол бағыну мен берілгендіктің мәңгі шырмауына байланған". Адамзат туысымен ешқандай өзінің келісімінсіз билеуші тақсырларға және олардың мұрагерлеріне бағынуға міндеттейтін табиғи мойынсұнумен байланысты болмағаны жөне оған ешқашан келіспегені онсыз да мәлім. 115. Әйтсе де, тарихтың қасиетті де азаматтық кезеңінде, адамдар көп ретте ырықтан шыққандығы туралы, тіпті өздері отбасы немесе қоғамдастықта туып, өніп-өссе де, соның заң құзыретіне бағынудан бас тартқандығы туралы мысалдары жиі кездеседі, сүйтіп, басқа жерлерде жаңа мемлекеттерді орнатқан; осыдан алғашқы дәуірде қалыптасқан және олардың саны мекен-жай жеткілікті болған сайын үнемі көбейді, ондайда ең күшті және жолы болғыш мемлекеттер өзінен әлсіздерін жұта бастады, ал ұлы державалар қайтадан бөліктерге бөлініп, шағын иеліктерге айналды. Осының барлығы әкелік билікке қарсы көптеген дәлелдерді келтіреді және әкеліктің ұрпақтарына өтетін табиғи құқығы бастапқыда мемлекетті орнатпағандығын анық дәлелдейді, өйткені мұндай себепте көптеген осындай шағын патшалықтарды орнату мүмкін емес еді; егер адамдардың өз отбасыларынан және өз мемлекеттерінен, мейлі олар қандай болмасын, бөлінуге және бөлінгесін өздеріне лайықты деп есептейтін жеке мемлекеттерді немесе басқа қоғамдастықтарды орнатуға еркіндіктері болмаса, олардың барлығы біртұтас жалғыз монархияға ұқсар еді. 116. Оның бастауы әлемде күні бүгінге дейін осылай болып келеді. Қазіргі кезде ұйымдасқан және көне мемлекеттерде туып-өскен адамдардың еркіндігіне, ондағы орныққан заңдар мен тұрақты басқару түрлерінің тигізер кедергісі баяғы ормандарда туып-өсіп, сонда қаңғып жүріп, ештеңемен шектелмеген мекендеушілер арасындағыдан дәнеңе де тарылған емес. Өйткені "біз қандай да бір үкіметтің қоластында туылғандықтан, әрине, оның бодандары болып табыламыз", сондықтан жаратылысымызда бостандықтың ешқандай құқығын немесе негіздерін иеленбейміз деп бізді сендіргісі келетіндер әкелеріміз бен ата-бабаларымыз өздерінің табиғи бостандықтарынан бас тартқан, өздерін және өз ұрпақтарын басып-жаншып бағындырған үкіметке мәңгі жегілген дегенге (әкелік билік туралы толғамды оған жауап ретінде бергенімізді айтпағанда), дәнеңе қосар дәйегі жоқ. Не демелік, кім де кім өз атынан қандай міндеттеме немесе уәде бермесін, оның соны орындауы міндетті екені рас, алайда ол өз балаларын немесе өз ұрпағын ешқандай келісім шартқа борышты ете алмайды; өйткені кәмелетке жеткен ұл әкесіндей өзін еркін сезінеді, әкесінің кез келген әрекеті оның еркіндігін басқа адамның бостандығынан артық дәрежеде шектей алмайды. Расында, әкесі осындай міндеттемелермен қандай да бір мемлекеттің қол астындағыны өз жерін иелену құқығын пайдалануға себепкер бола алады, оның үстіне, осы шарттар оның ұлын аталмыш қоғамдастыққа қатысты етуге, егер ол әкесіне тиесілі жерлерге ие болғысы келсе, міндеттей алады; бұл жер оның әкесінің меншігі болғандықтан, ол оған өзінше иелік ете де немесе кез келген шартты қалауынша қоя да алады. 117. Міне осы, әдетте, аталмыш мәселедегі қателіктің себебі болатын; мемлекет өз иелігінің қандай да болмасын бір бөлігінің кесілуіне немесе оның қандай бір бөлігін осы қоғамдастыққа жат басқа біреулердің пайдалануына рұқсат бермейтіндіктен, ұлы әкесінің иелігін, әдетте, өз әкесі пайдаланғандай жағдайда, яғни қоғамның мүшесі болғанда ғана пайдалана алады; ол осымен осы мемлекеттің қоластындағы басқалар тәрізді, өзін дәл сондай дәрежеде сондағы үкіметтің бағыныштылығына мойынсұнады. Демек, қандай да бір үкімет билігінің қоластында туылған еркін адамдардың келісімі ғана оларды осы мемлекеттің мүшесі етеді және бұл келісім әркімнің кәмелеттік жасқа жеткендігіне қарай бәріне бірдей емес, кезекпен жеке-жеке беріледі; адамдар мұны елемейді және ол тіпті болып жатқан жоқ немесе ол міндетті емес деп санайды да, өздерін жаратылысынан қалай адам деп есептесе, солай қоластындамын деп тұжырымдайды...

ІХ-тарау

САЯСИ ҚОҒАМ МЕН ҮКІМЕТТІҢ МАҚСАТТАРЫ ТУРАЛЫ

123. Бұл туралы айтылғандай, егер адам жаратылысында сондай еркін болса, егер ол ұлы адамдармен сайма-сай және ешкімге бағынбайтын өз тұлғалық қасиеттері мен иелігінің абсолютті қожайыны болса, онда ол неге өз еркіндігінен айрылады, неге осы империядан бас тартады және өзін қаңдай да бір күштің билігі мен басқаруына бағынышты қылады? Ал осындай құқыққа ол жаратылысында ие болғанымен, бәрібір оны пайдалану тым сенімсіз және оған басқалардың тиісуі үнемі қатер төндіреді деген әдеттегі күдік итермелейді. Өйткені барлығы да өзіне әр дәрежеде патша болатындықтан және әрбір адам оған тең болғысы келетіндіктен, қала берсе, адамдардың көп бөлігі тендік пен әділдікті онша қатаң ұстамайтындықтан, оның осы жағдайдағы өзі иеленетін меншікті пайдалануы тым қауіпті, тым сенімсіз. Мұның өзі үрейге және толастамайтын қатерлерге толы болғандықтан, мейлі ол еркін болса да, оны осындай жағдайдан дайындықпен бас тартуға итермелейді; асылы, ол өз өмірлерін, бостандықтары мен иеліктерін сақтап қалу үшін біріккен немесе бірігуге жиналып жатқан адамдарды себепсіз текке іздемей және олардың қоғамына қосылуға ықыласын танытпақ ниетте, мұны ортақ атаумен "меншік" деп атаған. 124. Сондықтан да адамдардың мемлекетке бірігулері мен өздерін сол үкіметтің билігінің қоластына берулерінің ұлы да басты мақсаты өз меншіктерін сақтап қалу еді. Ал бұған табиғи жайымыздың көп нәрсесі жетіспейді. Біріншіден, әділдік пен әділетсіздік нормасы ретінде мойындалып, ортақ келісім бойынша ізгілік пен зұлымдықтың өлшемі ретінде мақұлданған және оның көмегімен егестердің шешімін табуға ортақ мөлшерлік қызметті бекітетін анық та танымал заң жетіспейді. Табиғат заңы барлық саналы тіршілік иелеріне анық және түсінікті десек те, бірақ адамдар өз мүдделерін басшылыққа алады, оның үстіне, олар оны оқымағандықтан, заңды біле бермейді, сондықтан оны өздерінің жеке істерінде қолдануға міндетті заң ретінде мойындағысы келмейді. 125. Екіншіден, жаратылыста қабылданған заңға сәйкес, барлық қиындықтардың шешімін табуға білімдар де әділ, билікке қажетті мәртебесі бар төреші жетіспейді. Өйткені әрбір адам осындай жайдың әр мезгілінде табиғат заңының бір уақыттағы төрешісі де, орындаушысы да болып табылады, ал адамдар өздеріне де біржақты болуға, әсіресе құмарлық пен кекшілдік оларды тым алысқа алып кетуі ықтимал және өздеріне қатысты жағдайларда тым артық қызуқандық көрсетуге бейім тұрады; ұқыпсыздық пен елемеушілік дәл солай оларды басқа адамдардың істеріне тым назар аудартқыза бермейді. 126. Үшіншіден, табиғи жағдайда, көбінесе, әділ үкімді орнықтыратын әрі қолдайтын және оны орындауға икемдейтін күш жетіспейді. Кім де кім бір әділетсіз әрекеттерге барып жатса, ондай адамдар өзінің діттегеніне ыңғайлы жағдай болғанда, оны күшпен істетуден, сірә, тартына қоймас; осындай қарсылық жазалауды қауіпті етіп, тіпті заңды жүзеге асырмақшыларды көбінесе өлімге де душар қылады. 127. Демек, жаратылған жайдың күллі артықшылықтарына қарамастан, адамзат өмір сүрген жайсыздықта сол жаман жағдайларға ұшырайды да, қоғамды тезірек жасауға мәжбүр болады. Осы жайда адамдардың қайсыбір тобының ұзақ уақыттар бойы бірге өмір сүргендігіне сирек назар аударғаны, міне содан болар. Осы ретте, басқа адамдардың қылықтарын жазалау үшін билікті ретсіз және сенімсіз қолданудың нәтижесінен туындайтын қолайсыздық, соған ұшырайтын жайсыздықтар әрбір адамды үкіметпен бекітілген заңдардың ығынан пана іздеуге мәжбүр етеді, сүйтіп, өз меншіктерін сақтап қалуға ұмтылады. Тек осы жай оларды әркімнің қолында бар жазалаудың жеке-дара құқығынан бас тартуға итермеледі, мұның өзі арнайы тағайындалған, оған өкілеттілігімен келіскен адамдар және қоғамдастық арқылы қылмысты жазалауды заңдармен ұштастырып, заңды ықыласпен жүзеге асыруды тездетті. Міне, осының өзі заң шығарушы да, атқарушы да биліктің, сондай-ақ үкіметтер мен қоғамдар әрекеттерінің бастапқы құқығы және қайнар көзі болып табылады. 128. Әйтсе де, адам жаратылысында ешкімге зиянсыз көңіл көтерткізетін бостандықты айтпағанның өзінде, биліктің екі түрін иемденді.(12) Біріншіден, бұл — оның өзін және басқаларды сақтау үшін қажет деп санайтын билікті табиғат заңы шеңберінде жасай алуы. Бәріне ортақ осы заң бойынша, ол және бүкіл адамзат бір қоғамдастық ретінде басқа тіршілік иелерінен бөлек біртұтас қоғам құрайды. Егер азғындаған адамдардың ыдырауы мен зиянкестігі болмағанда, басқа ешкімге сұраныс туындамас еді; адам осы ұлы да табиғи қоғамдастықтан бөлінетін және онды уағдаластықтар арқылы бірқатар кішігірім жеке бірлестіктерді орнататын қажеттілік болмас еді. Адамның жаратылысында иеленетін тағы бір билік — аталмыш заңға қарсы жасалған қылмыс үшін жазалау билігі. Ол жеке немесе дербес саяси қоғамға қосылғанда, егер мен осылай айта алатын болсам, адамзаттың қалғанынан бөлектеніп, қандай да бір мемлекетке енгенде, биліктің осы екі түрінен де бас тартады. 129. Бірінші биліктен, яғни өзін және адамзаттың қалған бөлігін сақтау үшін қажет деп есептейтін, өзін және осы қоғамның қалған бөлігін сақтауды талап ететін мөлшерде қоғамның жасаған заңдарын реттеу үшін бәрін істеуден бас тартады; ал қоғамның осы заңдары көптеген қатынастарда оның табиғат заңы бойынша иеленген бостандығын шектейді. 130. Екіншіден, ол жазалау билігінен толығынан бас тартады және өз бойындағы табиғи күшті (ол табиғат заңын орындауды қашан қажет деп тапқанда, оны осыған дейін өзінің жеке шешімімен пайдалана алатын) қоғамның атқарушы билігіне көмектесу үшін оны заң талап ететін шамада лайықтап қолданады. Өйткені енді ол сол қоғамдастықтың басқа мүшелерінің еңбегі, көмегі мен қоғамының арқасында оның көптеген игіліктерін пайдалануын барлық күшімен қорғамақшы жаңа жағдайда бола отырып, сол тұрғыдан қоғамның игілігі, гүлденуі мен қауіпсіздігі талап ететін дәл осындай шаманы қамтамасыз ету үшін, өзінің табиғи бостандығынан қол үзуі тиіс; бұл әрекет қажет ғана емес, сондай-ақ әділ де, өйткені қоғамның басқа мүшелері де дәл осыны істейді. 131. Адамдар қоғамға кіріп жатқанда өздерінің жаратылысындағы тендіктен, еркіндіктен және атқарушы биліктен бас тартады, бұдан кейін қоғам игілігінің сұранысына орай, оны заң шығарушы билікке аудару үшін, оларды қоғамның қолына беретін болса, мұның бәрі әркім өзін, өз еркіндігі мен меншігін мүмкіндігінше жақсы сақтап қалу ниетімен жасалынады (өйткені тіршіліктің қандай да бір ақылды иесі өз жағдайын саналы түрде жаман жаққа қарай өзгертеді деуге тіл бұрылмайды). Қоғамның немесе адамдардың құрған заң шығарушы органның билігі ешқашан ортақ игілік қажетінен артыққа созыла алмайды; осы билік, олар жаратылыстағы соншама қауіпті және сенімсіз етер жоғарыда айтып өткен үш жайсыздыққа жол бермей, әркімнің меншігін қорғауға міндетті. Әйтсе де, кез келген мемлекеттегі заң шығарушы немесе жоғары билікке кім ие болмасын, ол озбыр бұйрықтардың жолымен емес, халық жариялаған және халыққа танымал, тұрақты орнықтырылған заңдарға сәйкес басқаруы тиіс; мұндай басқару таза да әділ соттардың көмегімен жүргізілуі, олар егестерді осы заңдар арқылы шешуі тиіс және отанындағы қоғамдастықтың күшін осы заңдарды орындауға жұмылдыру үшін, ал шет елде — зиянкестікті жою үшін немесе оның есесін қайтару үшін, тіпті қоғамдастықты басып кіріп, жаулап алудан қорғау үшін қолданылады. Мұның бәрі де басқа мақсаттар үшін емес, тек халықтың тыныштығы, қауіпсіздігі мен қоғам игілігі мүдделері тұрғысынан ғана жүзеге асырылуы тиіс.

Х-тарау

МEMЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАРЫ ТУРАЛЫ

132. Көрсетіліп кеткендей, адамдардың қоғамға біріккен кезінен бастап көпшілік қоғамдастықтың тұтас билігіне ие болғандықтан, ол осы барлық билікті қоғамдастық үшін анда-санда заңдарды жасауға және осы заңдарды оған тағайындалған лауазымды өкілдерімен жүзеге асыру мүмкін болды; мұндай жағдайдағы басқару түрі жетілген демократияға жатады; немесе ол заң шығару билігін бірнеше іріктеулі өкілдердің және олардың мұрагерлерінің немесе ізбасарларының қолына бере алады, онда бұл олигархияны құрайды; немесе жеке өкілдің қолына берілсе, бұл монархияны орнатады; егер оған және оның мұрагерлеріне берілетін болса, онда бұл мұрагерлік монархияға жатады; егер де билік оның өмірінің ақырына дейін берілсе, ал ол өлгеннен кейін ізбасарды тағайындау көпшілікке қайта оралатын болса, мұны сайланбалы монархия дейміз. Десек те, қоғамдастық осыған сай биліктің қай қалпын қаншалықты жақсы деп санауына байланысты оның күрделі де аралас түрлерін орната алады. Ал егер көпшілік бастапқыда заң шығарушы билікті бір немесе бірнеше өкілдерге өмір бойы немесе қандай да бір шектеулі уақытқа берген болса, ал кейіннен жоғары билікті көпшілікке қайтадан қайыруға мәжбүр етілсе, онда мұндай жағдай болғанда, қоғамдастық оны қайтадан кез келген тағы бір қолға беріп, осылай биліктің жаңа қалпын жасай алар еді. Сонымен, заң шығарушы болып табылатын жоғары билік кімнің қолында болса, билік түрі соған тәуелді (төменгі биліктің жоғары билікке жөн көрсетуі немесе жоғары биліктен басқа кім болмасын оның заңдарды шығаруын ойға алу мүмкін емес); осыған орай, заң шығарушы билік кімнің қолында болса, мемлекет түрі содан анықталады. 133. Мен мемлекет деп әр уақытта демократичны немесе билеудің қандай да басқа формасын емес, оны латындықтар cіvіtas сөзімен атаған кез келген тәуелсіз қоғамдастықты (communіty) түсінемін: біздің тілімізде осы сөзге "мемлекет" (commonwealth) сөзі өте жақсы сәйкес келеді, ол адамдардың осындай қоғамын көрсететін ұғымды нақты білдіреді, ал ағылшынның "қауым" (communіty) немесе "қала" сөздері оны білдірмейді, өйткені мемлекетте бағынышты қауымдар болады, ал "қала" сөзі бізде "мемлекеттен" гөрі мүлдем басқа мағынаны білдіреді; мен осындай екіұштылықтан қашу үшін "мемлекет" сөзін, оны өзім тапқандай, король Иаков І пайдаланған мағынада қолдануға тырыстым, менің пайымдауымша, бұл осы сөздің шынайы мағынасын көрсетеді; егер бұл қайсыбіреуге ұнамай, ол оны бұдан да келісті сөзбен алмастырса, мен онымен келісуге дайынмын.(1З)

ХІ-тарау

ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ БИЛІКТІҢ АУҚЫМЫ ТУРАЛЫ

134. Адамдардың қоғамға топтасуының негізгі мақсаты өз меншіктерін бейбіт әрі қауіпсіз пайдалануға ұмтылуы болып табылады, ал мұның негізгі құралы мен тәсілінің қызметін сол қоғамда орнатылған заң атқарады; заң шығарушы билікті орнату барлық мемлекеттердің алғашқы және негізгі онды заңы болып табылады; дәл осылай заң шығарушы биліктің алғашқы және негізгі жаратылыстың заңына бағынуы қоғамды (бұл қаншалықты қоғамдық игілікке сәйкес келетін шамада) және қоғамның әрбір мүшесін сақтау болып табылады. Осы заң шығарушы билік мемлекеттегі жоғары билік ғана емес, сонымен қатар оны бір кезде қоғамдастық сеніп тапсырған адамдардың қолындағы қасиетті де бұлжымас қару болып табылады. Егер ол халықпен сайланған және тағайындалған заң шығарушы органның айыптауына ұшырамаса, онда кімнің болмасын және қандай нысанды ойға алмасын, тіпті оған қандай билік қолданбасын, бір де бір бұйрық күшіне және заң міндеттілігіне енбейді, онсыз аталмыш, заң шынында да, қоғамның келісіміне лайықты нағыз заң бола алмайды; осы қоғамның келісімінен және соның мүшелері жолдаған билік негізінен басқа қоғам үшін заңды міндетті шығаруға ешкімнің құқығы бола бермейді. Десек те, ең салтанатты анттың міндеттемелеріне тиісті кез келген адамның бүкіл мойынсынуы, ақыры, осы жоғары билікте аяқталады және оның шығаратын заңдарымен бағытталады. Яғни көрсету арқылы алатын сол мойынсұнулардың барлығы қоғамның сенімі бойынша жұмыс атқарып отырған заң шығару органына қоғамның кез келген мүшесінің бағынуын, бір кез келген шетелдік державаға берген қандай да ант болмасын және ешқандай отандық бағынышты билік қоғамның кез келген мүшесін оның атынан әрекеттегі заң шығару органының міндеттеріне бағынудан босата алмайды; сондай-ақ осы тұрғыдан шығарылған заңдарға қарсы тұруды бір де бір қоғам мүшесіне күштеп таңуға болмайды немесе өздері оны мүмкін деп санайтыннан артық дәрежеде бағынуды міндеттеуге болмайды; қоғамдағы жоғары емес қандай да бір билікке біреуді шексіз бағындыруға міндеттеудің өзін ойға алу күлкілі. 135. Заң шығару билігі тәуелсіз бір адамның қолында немесе бірнеше адамның қолында жинақталынғанына, оның үздіксіз немесе қандай да бір нақты аралықта жүзеге асатындығына қарамастан, ол кез келген мемлекетте жоғары билік болып табылса да, дегенмен, біріншіден, ол халықтың өмірі мен қазынасына қатынаста абсолютті озбырлық билік емес және, мүмкін, бола да алмас; өйткені ол заң шығарушы өкілетке немесе жиналысқа берілген, қоғамның барлық мүшелерінің құрама билігі ғана болып табылады; осы адамдардың қоғамға кіргенге және билікті қоғамдастыққа бергенге дейінгі заң шығаратын өкілеттілігі олардың табиғи жаратылысы кезінде иеленген биліктен артық бола алмайды. Өйткені ешкім өзі иеленген биліктен артықты басқа адамға бере алмайды және ешкім өзіне немесе басқа біреудің үстінен абсолютті билік жүргізе алмайды, тіпті өз өмірін қиятын немесе басқа адамның өмірі мен мүлкін айыратын құқығы да жоқ. Осының алдында дәлелденгендей, адам өзін басқа адамның деспоттық билігіне бағындыра алмайды; ол жаратылысынан басқаның өміріне, еркіндігіне немесе меншігінің үстінен жүргізетін озбыр билікті иеленбеді, әйтсе де, оның қолында өзін және адамзаттың қалған бөлігін сақтау үшін табиғат заңы берген билік ғана болды, бұл мемлекетке, тіпті осы ретте заң шығарушы билікке беретін немесе бере алатынның бәрі осында, демек, заң шығарушы билік бұдан артықты иеленбеді. Осы билік өзінің тым шеткері шектерінде қоғамдық игілікпен шектелген. Оның (қоғамды) сақтаудан басқа мақсаты жоқ, яғни ол қоластындағыларды өлтіруге, құл етуге немесе саналы түрде кемсіту құқығына ешқашан да ие бола алмайды. Табиғат заңының міндеттемелері қоғамдағы өмірде талабын тоқтатпайды, олар көп жағдайларда нақты анықталынған және оларды адамдық заңдарға сәйкес ұстанымды орындауға мәжбүр ететін нақты жазалаулар қосылады. Демек, табиғат заңы барлық адамдар үшін де, сондай-ақ заң шығарушылар сияқты басқалар үшін де бірдей дәрежеде мәңгі жетекшілік ретінде көрініс тапты. Басқа адамдардың әрекеттерін бағыттау үшін олардың жасайтын заңдары, өздерінің әрекеті және басқа да адамдардың әрекеттері тәрізді табиғат заңына, яғни Құдай еркіне сәйкес келетін оның көрінісі болып қалуы тиіс; ал адамзатты сақтау табиғаттың негізгі заңы болып табылатындықтан, егер адам соған қайшы келсе, онда ешқандай адамдық айыптау әділ немесе дәйекті бола бермейді. 136. Екіншіден, заң шығарушы немесе жоғары билік әлімжеттік озбыр бұйрықтар арқылы өзіне әмір жүргізу құқығын ала алмайды; керісінше, ол сотты әділ жүргізуге және жарияланған тұрақты заңдар мен оған тағайындалған сот төрешілері арқылы қоластындағы азаматтардың құқығын анықтауға міндетті. Табиғат заңы жазулы заң болмағандықтан және оны адамдардың ойынан басқа жерден табу мүмкін еместіктен, ынтықтықты немесе жеке мүдделерді бұрмалайтын, немесе бұрыс қолданатын адамдарды өздерінің қателіктеріне сендіру, егер сол үшін қойылған төреші болмаса, оңай бола қоймайды. Осы жағдайда адамдардың құқықтарын анықтауға және меншіктерін қорғауға арналған әрекетті, әсіресе әркім өз ісінде оның төрешісі, түсіндірушісі және атқарушысы болған жерде өзіне тиісті қызметті заң атқармайды; ал құқық ана біреудің жағында болса да, ол адам, әдетте өз күшіне ғана еркі болады, яғни өзін әлімжеттіктен қорғау немесе қылмыскерлерді жазалау үшін жеткілікті күшке ие емес. Адам меншігінің бұзылуына жаратылысында алып келетін осындай жайсыздықтардан құтылу үшін, адамдар өз мүмкіншіктерін сақтау мен қорғау үшін жөне олардың арқасында әркім өзіне не тиесілі екендігін анықтайтын тұрақты заңдары болу үшін, тұтас қоғамның біріккен күшіне ие болу мақсатында қоғамға бірігеді. Ал бұл үшін адамдар өздерінің күллі табиғи билігін өздері араласып жатқан қоғамға береді, ал қоғамдастық заң шығару билігін осыған лайық деп тапқан адамдардың қолына ұстатады; осы ретте, адамдар өздерін жарияланған заңдар арқылы басқаратын болады деп үміттенеді; ал басқаша болған жағдайда, олардың бейбіт өмірі, тыныштығы мен меншіктері бұрынғы жаратылысындағыдай белгісіз күйде қала бермек. 137. Абсолютті озбыр билік немесе тұрақты орныққан заңдары жоқ басқару ешуақытта да қоғам мен биліктің мақсаттарына сәйкес келмейді; адамдар өз өмірін, бостандығы мен мүліктерін сақтау үшін және құқық пен меншік туралы орнатылған заң ережелерінің көмегімен өздерінің бейбіт өмірі мен тыныштығын қамтамасыз ету үшін жаратылысындағы еркіндіктен бас тартып, сол байламға тоқталды. Олар сондай әрекеттерге баратын ниетте болса да, абсолютті озбыр биліктің қандай да бір өкіліне немесе бірнеше өкілдеріне өз басы мен дәулетін шексіз басып-жаншитын үстемдікті бере қояды деп және лауазымды адамның қолына өздерін озбыр биліктің бұғауымен езетін басқаруды ұстатады деп болжаудың қисыны келмес. Егер олар өздерінің құқығын өзгелердің қол сұғуынан қорғайтын ерікті иемденсе және бір немесе бірнеше адамдардың бірден шабуылына төтеп берерлік күшке жүгініп оларды сақтай алса, мұның өзі оны жаратылысындағы күйден де нашар жағдайға ұшыратқан болар еді. Егер біз олардың өздерін абсолютті озбыр билікке және бір заң шығарушының еркіне бағындырды деп жорамалдайтын болсақ, онда олар өздерін қарусыздандырып, оны қаруландырғаны, сүйтіп, ол кез келген сәтте оларды оз жемтігі ете алады; өйткені жекелеген адамдардың озбыр билігіне бағынатын 100 000 адамнан гөрі, өз қолының астында 100 000 боданы бар бір адамның озбыр билігіне тәуелді адам анау айтарлықтай жаман жағдайға ұшырайды; зады, мұндай билікке ие адамның еркі, тіпті оның күші 100 000 есе артық болғанымен, басқа адамдардың еркіне қарағанда жақсы дегенге ешкімнің кепілдігі болмайды. Демек, мемлекет түрі қандай болмасын, басқаруды билікті жасанды бұйрықтар мен белгісіз шешімдердің шырмауында емес, жарияланған және орнықтырылған заңдардың көмегімен басқаруы тиіс, себебі егер бір адамды немесе біраз адамдарды көптің біріккен күшімен қаруландырар болса, онда адамзат жаратылысындағынан бетер аяқ астынан келетін жаман жағдайға ұшырар еді, мұның өзі билеп-төстеушілердің әрекеттерін жақтайтын да ақтайтын рәсіммен көптеген адамдарды күтпеген жүгенсіз бұйрықтарға немесе осы мезетке дейін қандай да бір мөлшері жоқ ештеңеден шектелінбеген әрі белгісіз ерікке бағынуға мәжбүр етеді. Не керек, үкіметтің барлық билігі тек қоғам игілігі үшін жүргізілуі әрі ол озбырлық жасап, және өз бетінше кетпеу үшін орнатылған және жарияланған заңдардың көмегімен жүзеге асуы тиіс, ол үшін халық өз міндеттерін білуі және заң шеңберіндегі қауіпсіздікте болуы абзал, ал билеушілер өз шектерінен шықпай, өз қолдарында тұрған билікті ашық мәлімдеуге батылдары жетпейтін мақсаттарға жұмсамаса және сондай шараларды күштеп қолданудың арбауына түсе бермесе, ол озбырлық пен сорақылыққа бармайды. 138. Үшіншіден, жоғары билік қандай да бір адамды оның келісімінсіз өз меншігінің бөлігінен айыра алмайды: өйткені меншікті сақтау үкіметтің мақсаты болып табылады және адамдар сол үшін қоғам құрамына енеді; демек, адамдардың меншікке ие болулары қажеттілік бойынша жорамалданады және талап етіледі, өйткені олар мұнсыз қоғамға қосылған кезде оған не үшін енген мақсатын жоғалтады деп айтуға болады; бұл тым үлкен ақымақтық, сірә, онымен ешкім де келісе қоймас. Сонымен, адамдар қоғамда болған кезде меншікке ие болады; олар мүлікке деген құқықты қоғамдастықтың заңы бойынша меншік тетігіне айналдырады да, өздерінің келісімінсіз ешкім олардың дәулетттерін немесе оның бөлігін алып қоюға құқығы жоқ; олар мұнсыз ешқандай мүлікке мүлдем ие болмайды. Егер басқа біреу ойына келген кезде, менің келісімімсіз оны алып қойса, шынында да, мен ешқандай меншікке ие болмағаным ғой. Демек, кез келген мемлекеттің жоғары немесе заң шығарушы билігі діттегенінің бәрін істей алады және қарамағындағыларының мүліктерін озбырлық тұрғыдан иелік ете алады немесе осы мүліктердің бөлігін басып-жаншып тартып ала алады деп ойлау қате. Осындай заң шығарушы органның құрамы толығымен немесе тұтастай өзгеріп отырар жиналыстан тұратын үкіметтерде, ал ол тарқағаннан соң, оның мүшелері басқалармен бірдей өз елдерінің ортақ заңдарына бағынатын басқару жүйелерінде болса, бұдан тым қауіптену ретсіз. Алайда заң шығарушы орган үнемі бірыңғай жұмыс атқаратын жиналысқа айналса немесе бүкіл заң шығарушы билік абсолютті монархиялар кезіндегідей бір адамның қолына шоғырланса, онда олардың мұндай өкілдері немесе қызметшісі өздерін қоғамдастықтың басқа мүшелерінің мүддесінен бөлек ерекше сұранысқа иеміз деп санайтын қауіп бәрібір болады, сондықтан да олар халықтан ойына келгеннің бәрін алып, өз байлықтары мен биліктерін ұлғайтатын құлықтан арылмауға бейімделеді. Егер осы азаматтарға әмір жүргізіп отырған адам өз дегені бойынша кез келген жеке адамның меншігінің бөлігін тартып алатын және ойына не келсе, оған солай иелік етерлік билікке ие болса, ондайда оның меншігін басқа отандастарының меншігінен бөліп тұратын жақсы да әділ заңдар болғанның өзінде, адамның меншігі тіпті қауіпсіздікте бола бермейді. 139. Алайда үкімет кімнің қолында болсын, мен айтып кеткендей, ол адамдардың өз меншігін қалыптастырар әрі оны қамтамасыз етер шартымен және сол мақсатқа жету үшін ғана билікті орнықтырады; тақсыр немесе сенат қандай билікті иеленбесін, қоластындағылардың арасындағы меншікті реттейтін заңдарды шығару үшін, олардың өз келісімінсіз қарамағындағы меншікті түгел немесе қандай да бір бөлігін алып қою билігіне ешқашан ие бола алмайды. Ал абсолютті биліктің өзі, оны қажет деп тапқанның өзінде, абсолютті бола тұрса да, озбыр еместігіне, дегенмен, олар осы биліктің кейбір жағдайларда абсолютті болуын талап ететін сол жағдайлармен шектелгендігіне және сол мақсаттармен анықталатындығына көз жеткізу үшін, бізге кәдуілгі әскери тәртіп практикасын қарастырсақ жеткілікті. Армияны, сондай-ақ бүкіл мемлекетті сақтау үшін әрбір мәртебелі офицердің бұйрығына абсолютті бағынуды талап етеді, содан ең қауіпті және ақылға сыймайтын бұйрықтарға мойынсұнбағанға немесе терістегенге тіпті өлім жазасының қолданылуы өте дұрыс; сонда да болса, сержант солдатқа зеңбірек ұңғысына баруына немесе ол онда өліп кетуі мүмкін қабырға қуысында тұруына бұйрық бере алса да, біз оның осы солдатқа өзінің ақшасынан бір тиын беруін бұйыра алмайтындығын көреміз; дәл осылай, генералдың өмір мен өлімнің үстінен абсолютті билігі болғанның өзінде, күзет орнын өз бетімен тастап кеткен! немесе ең ақылсыз бұйрыққа мойынсұнбағаны үшін солдатқа өлім жазасына үкім шығарса да, ол осы солдат меншігінің бір фартигіне иелік ете алмайды немесе оның меншігінің кішкентай бөлігін өзіне алып қоя алмайды; дегенмен, ол осы солдатқа не қаласа, соны бұйыра алады және болмашы мойынсұнбағандығы үшін дарға аса алады; өйткені командирдің қатаң бұйрығынан туындайтын мұндай соқыр бағыныш басқаларды сақтап қалудағы мақсатқа қол жеткізу үшін қажет; алайда оның мүлкіне иелік ету құқығының бұған еш қатысы жоқ. 140. Үкіметтің үлкен шығындарсыз күн көре алмайтындығы және өз үлесін қорғауды пайдаланбақ әрбір адам өз мүлкінен оны ұстап тұратын тиесілі үлесті төлеуі тиіс екендігі орынды. Алайда бұл оның өз келісімімен істелінуі керек, яғни оны не өзі беретін, не өздері сайлаған өкілдері арқылы берілетін көпшіліктің келісімімен істелуі тиіс. Егер кім де кім өзінің жеке билігімен және халық тарапынан болатын осындай келісімсіз халыққа салық салу мен алым алу құқығына ұмтылатын болса, онда ол осы әрекетімен меншіктің негізгі заңына қол сұғады және үкімет мақсатының жүзеге асырылуына бөгет болады; әйтеуір, басқа адам құқық бойынша оны өзіне ойына келгенде алғысы келсе, сол кезде ала алатын затқа мен меншіктің қандай құқығымен ие бола аламын? 141. Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығару құқығын ешқандай басқалардың қолдарына бере алмайды; өйткені бұл халықтың сеніп берген құқығы болғандықтан, кім оны иемденсе де басқаларға бере алмайды. Тек заң шығарушы билікті орнататын және оның кімнің қолында болатынын тағайындайтын халық қана сол арқылы мемлекет түрін де орнықтыра алады. Сондай кезде халық: біз бұйрыққа бағынамыз және осындай адамдармен біз үшін жасалған заңдардың, әйтеуір, бір тәртібімен басқарыламыз деп мәлімдегенде, ешкім де заңды халық үшін басқа адамдар жасайтын болады деп айта алмайды; сондай-ақ халық та, өз кезегінде, халықпен сайланған және сол үшін заңдарды жасауға өкілеттілігі бар депутаттардың шығарғанынан басқа қандай да бір өзге заңдармен байланыса алмайды. Заң шығарушы билік халықтың оң ерікті сыйы мен мекемелерінен шығатындықтан, ол заңгерлерді емес, тек заңдарды жасау үшін қажетті онды сыймен берілетін деңгейден басқа ештеңе бола алмайды, ал заң шығарушы орган өзінің заң шығарушы билігін қайта сеніп тапсыруына және басқа қолдарға бере салуына құқығы жоқ. 142. Биліктің бүкіл түрлеріндегі кез келген мемлекеттің заң шығару билігі үшін қоғам өкілеттілігі берген және Құдай мен табиғат заңы орнатқан шектеуліктер, міне, осындай. Біріншіден, олар әрбір жеке жағдайда өзгеріле бермейтін жария заңдар арқылы басқаруы тиіс, керісінше, бай мен кедей үшін де, сарайдағы кездейсоқ пен соқаның артындағы шаруа үшін де бір заң болуы тиіс. Екіншіден, осы заңдар халық игілігіне лайықты тек түбегейлі мақсатқа арналуы тиіс. Үшіншіден, олар халықтың өзі немесе өкілдері арқылы берген келісімінсіз меншікке салықты көбейтуге тиіс емес. Түптей келсек, мұның өзі тек заң шығаратын орган үздіксіз жұмыс атқаратын немесе ең болмағанда халық өздері уақыт өткізе сайлайтын депутаттарда қайсыбір заң шығару билігін әйтеуір сақтай алатын мемлекетке қана қатысты. Төртіншіден, заң шығарушы орган заң шығарушы билікті басқа біреуге қайта сеніп беруге тиісті де, мүмкін де емес, немесе оны халық сеніп тапсырған өкілетті адамдардан басқа ешкімге де бере алмайды.

ХІІ-тарау
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ, АТҚАРУШЫ ЖӘНЕ ФЕДЕРАТИВТІ БИЛІК ТУРАЛЫ

143. Заң шығарушы билік дегеніміз — қоғамдастық пен оның мүшелерін сақтау үшін мемлекет күшін қалай қолдану құқығын көрсететін биліктің түрі. Алайда егер заңдар тұрақты сақталынатын және олардың ықпалы қысқа мерзім ішінде үнемі жасалынатын болса, онда заң шығарушы органның өр уақытта және атқаратын қызметі тіпті жоқ кезде оған деген қажеттілік әрдайым әлсірейді. Оның үстіне, билікке ұмтылатын көрсеқызарлық адам табиғатының әлсіздігінде тым үлкен болуы ықтимал, онда заңдарды шығару билігіне ие адамдар өздері жасаған заңдарға бағынғысы келмей, оны жасау барысында да, орындау барысында да, заңды өз пайдасына жарату мақсатында өздерін заңнан жоғары қою үшін, оларды атқару құқығын да өз қолдарына алғысы келуі мүмкін; осылай қоғам мен биліктің мақсаттарына қайшы келетін олардың мүддесі барлық қоғамдастықтың мүддесінен алшақтана түседі. Міне, тұтастықтың игілігін ойлай отырып, әлбетте, солай болуға тиісті де, жақсы құрылған мемлекеттерде заң шығарушы билік лайықты түрде жиналып, өздері немесе басқалардың билігімен бірлесіп заңдарды жасайтын әртүрлі қызметкерлердің қолдарына беріледі; егер олар, қайтадан бөліне отырып, мұны атқарғанда, өздері жасаған заңдарға бағынышты болып қалады; бұл жаңа да тығыз дәнекер олар үшін қоғамның игілігін жасайтын заңдарды бақылап отыруға итермелейді. 144. Алайда бір рет және қысқа мерзім ішінде жасалатын заңдар үнемі және тұрақты күшке ие болатындықтан әрі осы бақылау жұмыстарын үздіксіз атқаруды немесе осы атқаратын бақылауды қажет ететіндіктен, сол жасалған жөне күшіне енген заңдарды әрқашан бақылап отыратын биліктің болуы қажет. Сонымен, не керек, заң шығарушы және атқарушы биліктер жиі бөлінеді. 145. Әрбір мемлекетте оны табиғи деп атауға болатын тағы бір билік өмір сүреді, өйткені ол әрбір адам қоғамға енгенге дейін оның жаратылысына берілген билікке сәйкес келеді; дегенмен мемлекетте оның мүшелері бір-бірімен салыстырғанда ерекше тұлғалар болып және осы тұрғыда қоғам заңдарымен басқарылса, онда олар қалған адамзатқа біртүтас болып қалады да, оның әрбір мүшесі адамзаттың басқа бөлігіне жаратылысындағы бұрынғы қатынаста қалады. Осыдан, қоғамда өмір сүретін адамдар мен қоғамнан тыс қалған адамдардың арасында туындайтын күллі егестер халықпен жүргізіледі; зады, оның бір мүшесіне келтірілген зардап және осы зардаптың орнын толтыру туралы мәселе халыққа бірдей ықпал етеді. Демек, осыны назарға ала отырып, барлық қоғамдастықтар басқа мемлекеттерге немесе осы қоғамдастыққа жатпайтын тұлғалармен қатынаста табиғи тұрғыдағы біртұтастықты құрайды. 146. Сонымен, бұл тұтастық соғыс және бейбітшілік құқығын, каолициялар мен одақтарға қатысу құқығын әрі осы мемлекеттен тыс барлық адамдармен және қоғамдастықтармен кез келген дерлік істерді жүргізе алу құқығын қамтиды; бұл билікті, егер оны қаласаңыздар, федеративті деп атауға болады. Тек мәні түсінікті болса жарайды, ал атауына келсек, мен үшін оның маңызының бәрі бірдей. 147. Осы атқарушы және федеративті екі билік, расында, бір-бірінен ерекшелінетін болғанымен, олардың біреуі езіне, өз ішіндегі, яғни езінің бөліктері болып табылатын күллі қатынаста қоғамның муниципалдық заңдарын орындауды қамтитын болса, ал екіншісі - өзіне содан табыс алатындардың немесе зардап шегетіндердің барлығымен түгел қатынаста қоғамның сыртқы кауіпсіздігі мен мүдделеріне жетекшілік етуді қамтиды; десек те, биліктің осы екі түрі әрқашан бірлікке топтасқан. Бұл федеративті билікті жақсы немесе жаман жүзеге асырылу барысында, ол мемлекет үшін үлкен мәнге ие болғанымен, атқару билігіне қарағанда өз алдындағы онды заңдарға тұрақты жетекшілік етуде қабілетсіздеу; осыдан да федеративті билікті қоғам игілігіне бағыттау үшін, оның, мүмкіндігінше, саналылық пен даналылық кімде үстемдік етсе, соларға берілуі тиіс. Өйткені заңдар қарамағындағы азаматтардың өзара қатынастарын қамтып, олардың әрекетіне жетекшілік етуге бағытталады және олардың алдынан шығады. Алайда шетелдіктерге қатысты талап-тәртіптер көбінесе олардың әрекеттері мен әртүрлі ойларына және мүдделеріне байланысты, сондықтан бұл билікті мемлекеттің пайдасына арналған әрекеттерін кім әрдайым өнегелі басшылыққа алса, сондай саналыларға бергені дұрыс. 148. Мен атап өткендей, әрбір қоғамдастықтағы атқарушы және федеративті билік шындығында бір-бірінен ерекшелінгенімен, оларды бір мезгілде бөле-жарып және әртүрлі тұлғалардың қолдарына бере салудың керегі бола қоймас: биліктің осы екі бірдей түрі өздерін жүзеге асыру үшін қоғамның күшін талап етеді, ал мемлекеттің күшін жинақтауды әртүрлі және бір-біріне бағынбайтын тұлғалардың қолдарына беріп орындату немесе атқарушы және федеративті билікті сол тұлғалардың тәуелсіз әрекетіне сеніп тапсырылатын жағдайды туындату мүмкін емес, соның салдарынан қоғамның күші әртүрлі бұйрықтардың қысымында қалады, ал бұл ертелі-кеш берекетсіздіктер мен өлімге алып келуі ықтимал.

ХІІІ-тарау
МЕМЛЕКЕТТЕГІ БИЛІКТЕРДІҢ ӨЗАРА БАҒЫНЫШТЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

149. Өз тұғырығына сүйенетін және өз табиғатына сәйкес әрекет ететін, яғни қоғамдастықты сақтап қалу үшін әрекет етіп отырған конституциялық мемлекетте бір ғана жоғары билік, яғни оған қалған биліктердің бәрі бағынатын және бағынуы тиіс тек заң шығарушы билік болғанымен, осы заң шығарушы биліктің өзі нақты мақсаттар үшін әрекет етуге сеніп тапсырылған билік болып табылады, сондықтан да, егер заң шығарушы билік өзіне білдірілген сенімге қарсы әрекет етіп отырғандығын халық көретін болса, халықтың қолында заң шығарушы органды бұрынғысынша жоятын немесе алмастыратын жоғары билік қала береді. Өйткені сенім негізінде берілген күллі билік бір мақсатқа қол жеткізуге арналады және сол мақсатпен шектеледі; егер осы мақсат мүлдем еленбеген немесе оған қарсылық еткен кезде, қажеттілікке орай көрсетілген сенім алынып қойылады және билік оны бергендердің қолына қайта оралтады, сүйтіп, олар оны қайтадан өз қауіпсіздіктері мен игіліктері үшін қалай жақсы деп шешсе, солай орналастыра алады. Сонымен, қоғамдастық өзін қастандық жасаушылардан құтқару үшін жоғары билікті үнемі өзінде сақтайды, ал егер олар бостандыққа және қарамағындағы азаматтардың меншігіне қарсы қастандық жасауды жүзеге асыратындай соншалықты ақымақ немесе зымиян болса, ондай жағдайларда қоғамдастық кімнен болса да, тіпті өзінің заң шығарушыларынан да сақтануды көздейді. Өйткені бір де бір адам немесе адамдардың бір де бір қоғамы өзін сақтайтын немесе басқаның абсолютті еркі мен озбырлық үстемдігін орнықтыратын құралдарды бере салатын билікке ие емес; егер бөтен біреу олардың осындай құлдық күйге ұшыратуға ұмтылса, онда олар айрылуға болмайтын құқықтарын әрдайым сақтауға, сонымен қатар өзін өзі сақтау үшін қоғамды қалыптастыратын қасиетті де бұлжымас негізгі заңға қол сұғатын адамдардан өздерін құтқаратын құқыққа барлық кезде жүгінуге тырысады. Сонымен, не керек, қоғамдастықтың өзі осы қатынаста әрқашан жоғары билік ретінде көрінеді деп айтуға болады, алайда биліктің қандай да бір түрі бар болғанда оны осылай деп санауға болмайды, өйткені халықтың осы билігі үкімет тарқатылғанға дейін толық жүзеге асырыла бермейді. 150. Үкімет өмір сүріп тұрған барлық жағдайда, заң шығарушы билік жоғары болып табылады: өйткені басқалар үшін заңдарды жасайтындар, мүмкіндігінше, олардан жоғары болуы тиіс; десек те, заң шығарушының қоғамның заң шығарушы билігін иемденуі, ол қоғамның барлық бөліктері мен әрбір мүшесі жүріс-тұрыс тәртібімен оларды бұза қалса, оларға жазалау күшін беру үшін заң шығарушы билік қажеттілік бойынша жоғары болуы тиіс және қоғамның қандай да бір тұлғаларынан немесе бөліктерінен тұратын барлық биліктер содан туындайды және соған бағынады. 151. Кейбір мемлекеттерде заң шығарушы орган сирек жұмыс атқарады, ал атқарушы билік бір тұлғаға, онда да заң шығарушы органның ісіне бір мезгілде қатысатынға сеніп тапсырылады, мұндай тұлғаның билігін әрең дегенде жоғары деп атауға болады. Оның жоғары үстемдігі заң шығарушы билікті өзіне алғандығынан емес, қайта биліктің барлық төменгі әр түрлерін немесе, ең болмағанда, лауазымы төменгі күллі тұлғалардың басым бөлігі жоғары атқарушылық құқықты өзінде алып жүргендіктен орнығады; оның үстіне, заң шығарушы органнан жоғары тұрған билік жоқтығы себепті, оның келісімінсіз жасалатын заң болмағандықтан — оны қай уақытта да заң шығарушы органның қалған бөлігіне бағындыратын заңның дүниеге келуін күтудің керегі де болмас,— сонда оны осы тұрғыдан жоғары деп атау расында дұрыс. Алайда пайымдайтын жай, оған адал болуға ант және серт берілгенімен, мұны жоғары заң шығарушы ретінде қабылдап істемейді, өзінің және басқалардың бірлескен биліктерімен орнатылған заңның жоғары атқарушысы ретінде берілетіндігін айта кету қажет; ал серт беру тек заңға сәйкес бойсұнуды білдіреді; егер ол осы заңды бұзған кезде, онда ол заң билігімен мәртебеге ие қоғамдық қайраткерсіз бағындыру құқығына ие бола алмайды немесе оны басқаша талап ете алмайды; сонымен, оны қоғам заңдарында мәлімденген ерікпен жүретін образ, фантом немесе мемлекеттің өкілі ретінде санау керек; олай болса, оның заңда иекемделінген басқа не еркі, не билігі жоқ. Егер ол осы өкілеттілікті, осы қоғамдық ерікті жоғалтып, өз бетінше әрекет етсе, өзін төмендетеді және билігі мен еркі жоқ бағындыру құқығынан арылған жеке адамға айналады; қоғам мүшелері тек қоғам еркіне бағынуға міндетті. 152. Егер атқарушы билік кез келген басқа қолда емес, заң шығарушы органға қатысушы тұлғада болса, онда оның заң шығарушы билікке бағыныштылығы мен есеп беретіндігі қалау бойынша өзгертіліп, алмастырыла алады; бұл дегеніміз — жоғары атқарушы билік субординациядан тыс болмайды деген сөз. Бірақ заң шығаратын органға қатысатын адамға сеніммен берілген жоғары атқарушы биліктің тағы да жоғары заң шығарушы органы болады, оған осы тұлға қалай араласса және келісім берсе, солғұрлым бұл жоғары атқарушы билік соған өзінше бағынады және есеп береді; осыдан, ол өзі санағаннан артық дәрежеде бағынышты емес, ал оның тым болмашы дәрежеде ғана бағынатындығын сенімді түрде тұжырымдауға болады. Мемлекеттегі басқа да министрлік пен бағынышты биліктер туралы айтудың қажеті жоқ, өйткені олар тым көп болғандықтан және шексіз әртүрлілікте жекелеген мемлекеттердің әдет-ғүрыптары мен конституцияларында өмір сүретіндіктен, олар жайлы толығырақ айтуға мүмкіндік болмайды. Біз тек өз мақсатымызға қажеттіні ғана қарастырамыз және оларға нақты қабілет пен тапсырыс арқылы берілгеннен басқа, олардың бір Де біреуі де биліктің қандай да бір түріне не еместігін жөне олардың барлығы мемлекеттегі басқа билікке қалай да есеп беретіндігін ескертеміз.

ХІV-тарау
БІРГЕ ҚАРАСТЫРЫП ОТЫРҒАН ӘКЕЛІК, САЯСИ ЖЭНЕ ОЗБЫР БИЛІКТЕР ТУРАЛЫ

169. Мен олар туралы осыған дейін жеке-жеке айтқанмын, алайда басқару туралы өткен кездің орасан зор қателіктері, меніңше, биліктің осы алуан түрлерін бір-бірімен шатыстырудың арқасында пайда болғандықтан, оларды енді бірге қарастырған артық болмас. 170. Сонымен, біріншіден, әкелік немесе ата-аналық билік дегеніміз балалардың өз ақыл-ойын пайдалануды үйренгенше немесе заңның не екенін басшылыққа алуды, мейлі ол табиғат заңы немесе өз отанының мунициалды заңдары болсын, соларды түсініп басшылыққа алатын танымның осындай дәрежесіне, яғни осы заңның ықпалымен еркін өмір сүріп отырған басқа адамдар тәрізді оны түсіне алатын жағдайға қол жеткізбейінше, балалардың игілігі үшін оларды басқара отырып, ата-ананың өз балаларының үстінен жүргізетін билігінен басқа ештеңе де емес. Ата-аналардың жүрегіне Құдай салған өз балаларына деген бауырмашылдығы мен мейірімділігі бүл басқарудың қатал әрі озбыр болмауын, қайта оларға тек көмектесуге, үйретуге және ұрпақтарының сақталуына бағытталуы тиістігін анық көрсетеді. Алайда ол қалай болмасын, мен оны дәлелдегендей, оның басқа біреуге қатынаста орын алатындығынан гөрі, көп дәрежеде, бұл билік қайсыбір уақытта ата-аналарға өз балаларының өмірі мен өлім құқығын шешуде өзгелерден артық дәрежелі еркіндік береді деп есептеуге ешқандай негіз жоқ; дәл осылай, ата-аналық биліктің сәби ер жеткен кезінде оны ата-ана еркінде баса-көктеп ұстауына ешқандай негіз жоқ; сонымен қатар бала өмір мен білімді өз ата-анасынан алатындығын еске алсақ, онда ол өмір бойы әкесіне де, шешесіне де сый-құрмет, алғыс білдіріп, көмек пен қолдау көрсетуге борыштар болып қалады. Сонымен, ата-аналық басқарудың табиғи басқару екендігі анық, алайда ол саяси басқарудың мақсаттары мен заң құзіретіне ешқандай таралмайды. Әке билігі балаларының өздері ғана иелік ете алатын меншігіне тіптен таралмайды. 171. Екіншіден, саяси билік — әрбір адам жаратылысында ие бола отырып, қоғам мүшелерінің игілігіне және олардың меншігінің сақталуына пайдаланылады деп қоғамдық күштердің қолына, сүйтіп басқарушыларға берген, ал қоғам оны өз ырқымен айқын немесе үнсіз ұстайтын билік. Сонымен, әрбір адам жаратылысында иеленетін және қоғам өзін қорғай алатын барлық жағдайларда оны қоғамға беретін бүл билік, алдымен оның меншігін қорғау үшін дұрыс деген есеппен, табиғатта кезігетін құрал-саймандарды қолдану, сондай-ақ табиғат заңын бұзатын басқаларды жазалау барысында өзін және қалған адамзатты сақтауға септігін тигізетіндей дәрежеде (оны қалай болса, сол мүмкіндікте бағалай алатындай) болуы тиіс. Демек, жаратылысында әрбір адамның қолында болатын осы биліктің мақсаты мен өлшемі оның қоғамға, яғни күллі адамзатқа тиесіліні тұтас сақтауға негізделеді, осыған орай лауазымды тұлғаның қолында болатын билік те осы қоғамның мүшелерін сақтаудан, яғни олардың өмірін, еркіндіктерін және мүліктерін сақтаудан басқа мақсатқа да, басқа өлшемге де ие бола алмайды. Сонымен, бұл билік сақталынуы тиіс, олардың өмірі мен меншігіне таралатын озбыр және абсолютті бола алмайды, олар мүмкіндігінше сақталынуы тиіс; керісінше, ол заңдарды жасайтын және оларды бұзғаны үшін, оның тұтастыққа және өміріне қатер төндіретін тым бұзылған бөліктерін, тек осындай бөліктерін шеттетіп, тұтастық пен саулықтың сақталуына септігін тигізетін жазалауды белгілейтін билік болуы тиіс, ал онсыз ешқандай қаталдық заңды бола алмайды. Ал мұндай билік тек келісім шарт пен уағдаластықтан және қоғамдастықты құрайтын адамдардың өзара келісімінен келіп шығады. 172. Үшіншіден, озбыр билік дегеніміз — бір адамның екінші адамның үстінен абсолютті, шектеусіз жүргізетін, өзінің ойына келгенде оның өмірін қия алатын мүмкіндігі бар билік. Мұндай билікті табиғат бермейді, өйткені ол бір адам мен екінші адамның арасында мұндай бөлінуді жүргізе қоймайды; оны келісімшарт та бере алмайды; адам өз өміріне осындай шексіз билікті жүргізе алмайтындықтан, ол басқа адамға да сондай билікті орната алмайды; бұл билік адамның өзін басқа біреумен соғыс жағдайына ұшыратқан кезде, шапқыншы басқа біреуді шиеленіске айдап салып, өз өмірін жоғалтатын қауіптің салдары ғана болып табылады. Әйтсе де, ол адам мен адамның арасында заң болатын және сол арқылы адамзат тегін бір серіктестік пен қоғамға біріктіретін ортақ байланысты бұздырмайтын, Құдай берген ақыл-ойдан айрылады да, ол (ақыл-ой) соған үйрететін бейбіт өмірден бас тартып және өзінің әділетсіз талаптарын басқаға телу үшін әскери күшті қолдануға құқығы болмаса да, соған жүгінеді; сүйтіп оларға тән күшті өз заңы мен құқығына айналдыра отырып, өз тегінен бас тартады және жануарлар деңгейіне төмендететін жабайылыққа ұрынады; шапқыншы өзін кез келген жабайы хайуандар немесе зиянды жануар тәрізді адамзаттың қоғамда өмір сүруіне және қауіпсіздікті пайдалануға мүмкіндік бермегенде, ол өзін жапа шеккен және әділ сот жүргізуге қосылатын адамзаттың басқа бөліктері жойып жіберетін қаһарына көлденең қояды. Не демейік, әділ де заңды соғыста және тек осындай соғыста, қолға түскен тұтқындар ғана озбыр билікке бағынуы тиіс; ал бұл билік келісімшарттан туындамаса да және оның аясына енбесе де, қырғи-қабақ соғыстың жалғасы болып қала береді. Өз өміріне иелік ете алмайтын адаммен қандай келісім-шарт орнатуға болады? Ал егер оған ең болмаса бір ретте өз өміріне иелік етуге рұқсат берілсе, онда оның қожайынының озбыр да шексіз билігі тоқтатылады. Кімде-кім өзіне және өз өміріне қожайын бола алса, ондай адам оны сақтайтын тәсілдерді иемдейтін құқыққа қол жеткізеді; сүйтіп, келісім-шарт бекітіле қалғанда, құлдық тоқтатылады және осы ретте өз тұтқынымен келісімдік қатынасқа түскен адам өзінің абсолютті билігінен бас тартады және соғыс жағдайын тоқтатады. 173. Табиғат осы билік түрлерінің біріншісін, яғни әкелік билікті құрайды, ата-аналарға өз баласының сәби кезіндегі игілігі үшін өз меншігіне иелік етудегі олардың түсінігі мен оз меншігін иемдену қабілетіндегі кемшілігін толықтыруды қамтиды (мен меншікті, басқа жердегі тәрізді, адамдардың өздеріне және өз мүліктеріне иелік ететін қабілеттің түрі деп түсінемін). Ерікті уағдаластық биліктің екінші түрін, яғни басқарушыларға жер иеліктерімен қамтамасыз ету және ондағы меншіктерді пайдалану үшін өз қарамағындағы азаматтардың игілігіне үстемдік еткізетін саяси-билікті құрайды. Ал лордтардың басып алуы биліктің үшінші түрін, яғни олардың жеке бастарының игілігі үшін меншігінен айрылған адамдардың үстінен өздерінің озбыр билігін орнатқызады. 174. Кім де кім биліктің осы түрлерінің әртүрлі тегі мен мөлшерін жөне түрлі мақсаттарын қарастыратын болсақ, озбыр билік әкелік биліктен қаншалықты асып кетсе, соңғының лауазымды тұлғаның билігінен соншалықты аз екендігін анық байқайды. Сондай-ақ абсолюттік билік кімнің қолында да азаматтық қоғамның түрі болудан тым алыс екендігі анық; меншік құлдықпен қаншалықты үйлеспесе, ол да азаматтық қоғаммен тіптен жұғыспайды. Әкелік билік нәрестенің өз меншігіне иелік жасауға қабілетсіз балаға ғана қатысты; саяси билік адамдардың өз меншігіне иелік ете алатын кезде ғана болады; ал озбыр билік ешқандай меншігі жоқ адамдарға ғана таралады.

XV-тарау

БАСҚЫНШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ

175. Үкімет әуел баста, жоғарыда көрсетіліп кеткендей, басқаша пайда болуы мүмкін емес десек, дәл солай қоғамдар да халықтың келісімінсіз басқа ештеңеге негізделе алмайды, дегенмен мансапқұмарлықтың әлемді берекетсіздіктермен толтырғаны соншалық, адамзат тарихының айтарлықтай кезеңін құрайтын соғыстың айқай-шуында бұл келісімге назар аударылмады десе де болады. Міне, содан көптеген ұрпақтар қару күшін халықтың келісімінен деп қате қабылдады және басқыншылықты үкіметті қалыптастырудың басты бір себебіне жатқызды. Алайда қираған үй дәл сол орынға салынған жаңа үйге қаншалықты ұқсамаса, басқыншылық та қандай да бір үкіметті орнатудан соншалықты алшақ. Шынында да, жаңа мемлекеттік құрылыстың жолы көбінесе бұрынғы мемлекетті құртудың арқасында ашылады; бірақта халықтың келісімінсіз жаңа қоғамдық құрылысты орнату ешқашан мүмкін емес. 177. Алайда жеңіс дұрыс тарапқа ықпал етеді деп ойлап көрелік те, заңды соғыстағы жеңімпаздың қандай билікті және кімнің үстінен алатындығын білу үшін оның жағдайын қарастырайық. Біріншіден, ол билікті өзімен бірге соғысқан адамдардан баса көктеп алмайтындығы айдан анық. Оның жағында соғысқан адамдар басқыншылық барысында шығын шекпейді, бірақта, ең болмағанда, бұрынғы адамдардың дәрежесіндей еркін болуы тиіс. Олар көбінесе белгілі бір шарттармен қызмет етеді, оның үстіне, олар қолға түскен пайданы өз басшыларымен бірге бөлісуге қатысуы тиіс те, олардың үлесіне жеңімпаз қылышты қолдайтын басқа да түрлі артықшылық тиеді немесе, ең болмағанда, жаулап алынған елдің қандай да бір бөлігін алады деген үміт күшейеді. Жаулаушы халық басқыншылық барысында құл бола алмайды және көсемдерінің атақ-даңқтары үшін өз табыстарын өсіріп, оларды, халықты құрбандыққа шалып жүрмейтін болар деп үміттенемін. Абсолютті монархияны қылыш күшімен орнатқан оның осындай негізін салушылар өз батырларын ұстаусыз батылдыққа айналдырады және өздерінің жеңіске жеткен шайқастарында, олардың жағында басқа да офицерлер мен солдаттардың соғысқандығын немесе жеңілген тарапты бағындыруға көмектескендігін, немесе жаулап алынған елді олармен бірге иеленгендігін ұмыт қалдырады.... Егер де мен немесе басқа біреу олардың ұрпақтары ретінде еркіндікті талап етер болсақ, онда қарсы бірдемені дәлелдеу тым қиын болады; тағы да біреу мен басқаның арасында ешқандай ерекшелікті жүргізбейтін заң екеуінің арасындағы еркіндік пен артықшылықтардың қандай болмасын айырмашылығын білдірмейді. 179. Екіншіден, жеңімпаз жеке тарапынан өзіне қарсы әділетсіз күшті қолдануға көмектескен, қатысқан немесе қолдау көрсеткен адамдардан басқа ешқандай билікті ала алмайды деп тұжырымдаймын. Сонымен, халық өз билеушілеріне әділетсіз соғыс жүргізетін заңсыздықтарды жасауға өкілеттілік бермегендіктен (өйткені халық ешқашан да мұндай билікке ие болған жоқ), әділетсіз соғыста орын алған зорлық пен әділетсіздіктер үшін оны соған қатысқан дәрежесінен артыққа айыптауға болмайды, сондай-ақ халықты өзіне немесе оның бауырлас-азаматтарының қайсыбір бөлігіне қарсы қолданған билеушілердің зорлық-зомбылығы мен қанауы үшін кінәлауға болмайды, өйткені халық олардың бастапқы да, соңғы әрекеттеріне өкілеттілік берген жоқ. Әлбетте, жеңіске жеткендер өздерін мұндай айырмашылықтармен сирек мазалайды, олар соғыс аласапыранынан туындаған жөнсіздіктің бәрін араластырып жіберуге дайын тұрады; десек те, бұл құқықты алмастырмайды. Өйткені, жеңімпаздың жеңіліп қалғандардың үстінен жүргізген билігі соңғылардың күш қолданғанына немесе әділетсіздікті қолдағанына қатысты болды, сондықтан оның билігі осындай күш қолдануға қатысқандардың үстінен ғана жүргізіледі; қалғандардың бәрі кінәсіз; сонымен оның (жеңімпаздың. — Ж.М.) бұл елдің оған ешқандай зардап тигізбеген халықтарының үстінен және де онымен қандай да арандатусыз, әрі тиісусіз достықта өмір сүріп, өз өмірін қатер астына қоймаған басқа біреудің үстінен артық дәрежеде билік жүргізуге құқығы болмады. 180. Үшіншіден, жеңімпаздың әділ соғыста жеңілген тараптың үстінен алатын билігі толығынан озбыр билік болып табылады; ол өзін соғыс жағдайына қойып, өз өмірін қатерге тіккен адамдардың өмірлерінің үстінен абсолютті билікті жүргізгенімен, ол олардың мүліктерін иемдейтін құқық пен билікті ала алмайды. Оның осы өмірдегі қабылдаған доктринасы мүлдем бөлек болғандығынан, бір қарағаннан оның тым оғаш болып көрінетіндігіне мен күмәнданбаймын; егер бір ел басқа елдерді бағындырғандықтан оларды иеленді және басқыншылық қиыншылықсыз иеленуге құқық берді десек, онда белгілі бір елдің оны басып алғандығын еске салудан басқа кәдуілгі ештеңе қалмайды. Бірақта біз күштілер мен құдіреттілердің практикалық іс-әрекеттері қалай да жалпылама болмасын, олар әділетті билікті өте сирек орнататынын ескеруіміз керек. Жеңімпаздың қылышымен жазылған шарттарды жеңілген тараптың еш егессіз қабылдауы — соңғының көнгіштігінің бір айғағы.

Джон. Локк. Избранные филлософские сочинения.
2-х том. T.l, М., Соц.-экон. лит. 1960.

С. 71-92, 128-141, 402-408, 482-497, 514-517, 526-537 Т.2, М., Соц.-экон. лит. 1960.

С. 56-58, 67-68, 72-87, 95-101, 115-117, 123-152
Түсініктеме
Джон Локк

1632 жылы Рингтон қаласында бақуатты адвокат отбасында туған. Әкесі Кромвелдің парламент армиясы отрядының командирі де болады. Оксфорд университетінде жаратылыстану мен медицина пәндерін беріле оқиды. Бэкон, Гассенди, Декарт, химик Бойльдің еңбектерімен қызыға танысады. 1664—1665 жылдары сол университетте грек тілі мен риторикадан дәріс оқиды, Бранденбург сарайында дипломатиялық қызметте секретарь болып істейді. Лорд Эшлимен, граф Шефтсберимен жақын араласады. Негізгі еңбектері: "Адам ақыл-парасаты туралы тәжірибе" (1690) "Төзімділік туралы хаттар" (1690—1693), "Үкімет туралы екі трактат", "Түсінікті пайдалану туралы" (аяқталмаған), "Сенім төзімділігі туралы хаттар" (1685—1692), "Христианның парасаттылығы" (1695), негізгі еңбегі —"Мемлекеттік басқару туралы екі трактат" (1690) және... Локтің жиырма жылдық ізденісінің нәтижесі — "Адам түсінігі туралы тәжірибе" кітабы 1690 жылы Лондонда ағылшын тілінде, одан кейін көзі тірісінде латын және француз тілдерінде жарық көрген қомақты да басты еңбегі. Локк схоластардың "бәрін білу" қағидасын теріске шығарып, "ешкім бәрін білу шарт емес", "тек біздің мінез-құлқымызға қажеттіні білу", "білімге жету жолын көрсету" керек деді. 1 ."Ойлану" терминін Локк әр мағынада қолданады. Ойланудың мазмұны түйсік арқылы, ақылдың өзіндік операциясы арқылы құралатынын көрсетеді. Ойлану — жанның мәнісі емес, қимыл-әрекеті, жандағы түрлі танымдық және эмоционалдық процестердің жиынтығы, рухтың субстанциясы, ақылдың идеямен жүргізетін күрделі операциясы. 2. "Идея " ұғымын Локк түрлі мағынада қолданады. Ол үшін идея — ақыл арқылы тәжірибеде анықталатын танымның кез келген объектісі; сезімтал әсерді жанмен қабылдау деңгейі; қиялдың ерікті нәтижесі; біздің түйсігімізді тудыратын заттардың қабылданарлық сапасы; адамның санасындағы сапа; адам тәжірибесі мен заттық танымның элементі. Ақыл-ой идеяларды, оның әлгі белгілерін құрастыру арқылы күрделі идея қалыптасады. Локк " идеялардың ассоциясы деген терминді алғаш философияға енгізген және оны сананың ерекше құбылысы деген мағынада түсіндіреді. Жалпы ұғымдар мен идеялар туралы концептуалдық бағдарды енгізді. Концептуалды көзқарас бойынша, жалпы ұғымдар, идеялар белгілі бір топтағы заттардың бәріне бірдей ортақ белгілерді ажыратудан жөне оларды ұғымда ескеруден құралады. 3. Танымның түрлі жолдарын — интуитивті, демонстративті және жормалды дәрежелерін айқындауға, талдауға Локк айрықша мән береді. Танымның түрлері — ақиқатқа жету, ақиқатты ашу жолдары. Танымның әр түріне лайықты дәлелдеу тәсілдерін саралайды, оларды таңдаудағы еркіндіктің мол екенін ескертеді. Таным — Локк үшін табиғи туа біткен қабілет емес, өмірлік жағдай мен тәрбиеге орай өрбитін жетістік. Танымның нәтижесі — білім, жетістігі — тылым қанағаты мен бос уақыты барлардың үлесі, қалған халықтың үлесіне кәсіби ісі мен дін тиеді. 4. Рефлексия — Локтің пайымдауынша, танымды ғана емес, еріктік және эмоционалды процестерді өзіне ендіретін "ішкі тәжірибе". 5. Тәжірибе — Локк үшін "туа біткен идеяны" жоққа шығаратын негіз, жеке фактіден тоқтамға келетін тәсіл. "Біздің бар біліміміз тәжірибеге негізделеді, содан басталады". Ол бүл мәселеде Ф. Бэконның ойын жалғастырады. Тәжірибе — сыртқы заттардың өмір сүретінін және адамның индивидуалды организмінің дамуын дәлелдейтін бастама. Ішкі сезімді немесе түсінікті ішкі тәжірибе немесе сенсуализм деп атайды. 6. Локк заттардың бірінші және екінші сапаларға бөлінуін, бір жағы, табиғаттың көпжақтылығы туралы қарапайым теологиялық-схоластикалық түсінікке қарсы қолданса, бір жағы, объектілердегі түрлі механикалық қасиеттер мен қатынастардың негізі мен себептерін табуға арнайды. Тіпті сапалар немесе күштердің "үшінші" түрі болатындығы туралы болжамы оның көзқарасын субъективті идеализм тұрғысынан біржақты түсіндіруден сақтағандай. 7. Схоластикалық метафизиканы Локк теріс мағынада қабылдайды. 8. Субстанцияны Локк екі түрге бөледі. Материалды субстанция - заттардың денелік қасиеттерінің жиынтығы (мысалы, ұзақтылық, өтімділік, қалындық, т.б.), ал рухани субстанция — жан қызметінің, әсіресе ойлану мен еріктің атқаруы, ойлану қабілеті. Материя пассивті субстанция болғандықтан, түрлі жеке субстанцияны өндіреді. Ойланатын нәрсені материалды емес субстанция дей отырып, Локк Құдайдың табиғатында материалды емес, рухани субстанцияның басымдығына назар аударады. Рух субстанциясына "интенциональды" қызмет, яғни сыртқы заттар мен қабылдайтын ақылдың аралығында танымдық бейнелерді жалғастыратын қабілет тон. Локк рух идеясын сақтықпен, нақты мәтін шеңберінде қолданатынын ескеру керек. 9. Тарихты Локк кең мағынада, яғни факті мен нақты мәліметтерді қоғамдық өмірдің деңгейіне және табиғат өресіне сүйене отырып түсіндіру дейді. "Мемлекеттік басқару туралы" еңбегі Англияда 1690 жылы бүркеншік атпен шығады. Локк өзінің бұл еңбегін Голландияда "Мемлекетті басқару туралы екі трактат" деген атпен 1689 жазып бітіргендей. Оны мемлекет туралы ізденістің бастамасы және соңы деп есептейді. 10. Библиядан алынған "левиафан" терминін Локк та Гоббс құсап мемлекет деген мағынада қолданады. 11. Монархия jure dіvіno (лат.) — Құдай құқығына негізделген монархия. 12. Локк табиғаттың заңы туралы мәселеге, оның мораль мен мемлекет құрылымы мәселесін шешуге тигізер маңызына үлкен мән береді. Бұл мәселеге "Адам ақыл-парасаты туралы тәжірибе" еңбегінде жиі оралады. 13. Қоғам мен мемлекетті құру жөніндегі тұжырымдарына Локк Құдайдың еркіне жүгінуден гөрі, алдымен табиғаттың заңдарына сүйенеді. Заң арқылы табиғаттағы нәрсенің бәрі өзінің өмір сүруін жалғастырады және сақтай алады. Заң — мәңгі, жалпылама, өзгермейтін принцип, сондықтан халықтарға міндетті, мәңгі талап, адамның құқығы мен еркіндігін реттейтін жалпылама келісім. 1. Мұнда сөз картезиандықтар туралы 2. Лукиан (шамасы 125-190 жж) ежелгі дүниенің атақты сатиригі және ойшылы. Өзінің кейбір шығармаларында ("Балықшы", "Өмірді сату", "Той", Жалақыдағы философтар туралы" және басқа да) түрлі классикалық философиялық мектептердің өкілдерін ашық келемеждейді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙