TELEGEI

Home

Әлқисса

Дәурен Қуат

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әлқисса

Жазушы Дәурен Қуаттың «Әлқисса» атты кітабына мерзімді басылымдар мен интернет-басылымдарда жарияланып, оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған. Шығармалары өзіндік жазу мәнерімен ерекшеленетін қаламгер ауыз әдебиетіндегі «Әлқисса» жанрын пайдалана отырып адам ұғымындағы өмірдің қилы шындығын мифпен, мистикамен шебер астастырып, тосын байламдар жасайды. К

Дәурен ҚУАТ

Хикаяттар мен әңгімелер.
Публицистикалық ой-толғамдар

АЛМАТЫ

«ДӘСТҮР»

УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) Қ71 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Әлқисса: Хикаяттар мен әңгімелер. Публицистикалық ой-толғамдар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр», 2015. 288б. ІSBN 978-601-7204-28-0 Жазушы Дәурен Қуаттың «Әлқисса» атты кітабына мерзімді басылымдар мен интернет-басылымдарда жарияланып, оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған. Шығармалары өзіндік жазу мәнерімен ерекше­ ленетін қаламгер ауыз әдебиетіндегі «Әлқисса» жанрын пайдалана отырып адам ұғымындағы өмірдің қилы шындығын мифпен, мис­ тикамен шебер астастырып, тосын байламдар жасайды. Кітаптың екінші бөлімі автордың уақыт, заман, қоғам жайлы дер кезінде сергек үн қатқан, өз көзқарасын білдіретін ой-тол­ ғамдарынан тұрады. Кітап әдебиетті құрмет тұтатын оқырманға арналған. УДК 821.512.122 ББК 84 (5 Қаз) ІSBN 978-601-7204-28-0 © Қуат Д., 2015. © «Дәстүр», 2015. © «Каратау КБ» ЖШС, 2015.

Қ71 Қуат Д.

І бөлім
Хикаяттар мен әңгімелер

ОН СОМ

(әңгіме)

... Естімейді емес қой. Естіп жүрген. Бірақ, жалын төгіп жайылмаса, қартасы майланбайтын қалың жыл­ қының қамы әлгі сыпсың сөзді елең қылуға мұршасын келтіріп пе екен? Әне, тағы, иегін алқымына тығып алып, ала аяқ торы айғыр құла қасқаның үйіріндегі бір­ неше қулық бие мен байталдарды бөле жарып, қуа жө­ нелді. «Япыр-ай, сонда шынымен солай болғаны ма?». Тік қабақ сұрша әйел. Бар пәле көзінде. Сүзіліп қарай­ тын... Сүзіліп қарайды... Беліне ораған шылбырды оқыс тартып орнынан тұр­ ды. Кер жорға құлағын қайшылап әнтек тыпыршыған. Жылқышы Ай астында есінеген тауға еңсеріле бұрыл­ ды. Естімейді емес қой... *** Төңірегін құба жондар қоршаған қолаттың қолтығы­ на тығылып, ұйқышыл ауыл жатыр. Бақша бауды жаға­ лай өскен тал-терек, қора-қопсы тегіс түн тыныштығы­ на елітіп, қалғып кеткендей. Сол ауылдың шетіндегі үйге атын ілби бастырып жылқышы тақай берген. «Қазір үстерінен түссем, екеуін де пәршелеп тастаймын». Қолы икемге бағын­ бай, жорға кердің шылбырын шарбаққа зорға байлады. Міне, есіктің тұтқасы. Оң аяғын босағаға тіреп, сер­ пи жұлқыған. Емен есік міз бақпады. Енді кеп әйнек терезені сындырардай қағып-қағып жіберді. Көршінің қанден иті шәу етті де, іштен «бұл кім?» деген үрейлі сұлба көрінді. «Мен» деді. Деді ме? Деген сияқты. Құ­ лағы тарс бітеліпті.... Кеудесін толассыз ұрған жүрегінің дүрсілі бүкіл ауылды шошытып оятардай аламан тасырға ұласқан.

Рабайсыз адымдап табалдырықтан аттады. Жып-жылы. Қарсы алдында жұқа шыт көйлекпен бірге есіліп, толқи тербеліп сұрша әйел тұр. Қос құрсақ көтерсе де, құлын мүшесі қылаусыз. – Зәремізді ұшырдың ғой, әбден. Балалардың құты тіп­ тен қашты. Бұның не? Бірдеңе ұрттап алғаннан саумысың? Жылқың қайда? Түн жарымындағы жүрісің тегін бе, әй­ теуір? Сұрша әйел сөйлеп жүріп шам жақты. Электр шәугімді отқа қосты. Дастарқан жайды. Бала­ лары бауырына тығылған. Бауыры еріп барады. Үйдің іші самаладай жап-жарық. Әй, өмір-ай?.. Қай-қайдағы қаңқу сөзге еріп. Қарашы. Дүниені қара түнек басқан­ дай, қанына қарайып келгені. Мынау келбет, мынау көз. Кептер төс. Білек қабар қос мықын. Жанды ерітпей қоя ма? Кенет, жылқышы, о, тоба, тұңғыш рет әйел сұлулы­ ғына еркек біткеннің бәрі сұғын қадап, сұқтануға ерікті екенін ойлады. Сол түні ол жар төсегінде жатып, ала аяқ торының құла қасқа үйірінен боз биені бөле жара қуып шыққа­ нын, қуып шығып айдалада шағылысқанын түсінде көріпті. *** «Содан,– деп, алқа қотан отырған жиынды жіті шо­ лып өткен жігіт, әңгімесін әрі қарай әкетті. – Содан, күн тұсау бойы көтеріле атқа қонып, қос басына жеттім. Жылқылар дін аман көрінді. Ала аяқ әдеттегідей бүлік салып жүр. Күндерді күндер күбірткедей кеміріп, жаз өтті. Қоңыр күз түсті. Сиыр сәскеде мал дәрігері Оспан келді. Біреулер оны «сұйық жігіт» деседі. Өзім ондайын байқамаппын. Орнықты секілді. Қашанда кішілігі, құр­ меті әзір. Қобдишасынан екі бөтелке суырды. «Жыл он екі ай құрық сүйреткеннен қажыған шығарсыз. Дема­ лыңыз. Сауық етелік» деді. Екеуден екеу бір-бірімізге тілек айтып, мәре-сәре болдық. Ех, жігіттер, сондай сәттерде «осыған өзі не жетсін?!» деп пайымдаппын. Өкпе, реніш, қызғаныш атаулыны түгел ащы су тұздай ерітіп жіберіпті. Бойым балқып, кер жорғамен құйқыл­

жытқандай күй кешіппін. Өй, сонда Оспанды елжіреп, жақсы көргенім-ай! – Аға, – деді Оспан менің көңіл-күйімді тап басқан­ дай, соңғы бөтелкедегіні сарқып отырып, – балаларды, жеңгейді сағынған шығарсыз. Барып, аунап-қунап ора­ лыңыз. Ертеңге дейін жылқыға мен қарайын. – Ой, жаным-ау, иә, сүйтші. Таң рауанымен қайтамын.. жылдам қайтамын, – деп кер жорғаны ағызып, ауылға тарт­ тым. *** Жылқышыны шығарып салып тұрған Оспанның миығында мыстан күлкі қалды. *** ... «Байғұс тізесі бір жылынбай ертелі-кеш жылқының соңында салпақтайды. Қатынының қылығынан «хабар­ сыз-ау»...» «Мал дәрігері Оспан мен мектеп директорының құшағында кезек аунайды. Неткен тойымсыз сайқал еді?!». «Кейінгі айларда Оспанды менсінбей Директорға біржола ауыпты дейді ғой...». «Осылай да осылай» деп ауыл өсегінің өрттей лаула­ ғаны қа-ш-шан. Жылқышы ат басын дарбазаға тіреді. Емен есіктің ілгешегі салынбапты. Ауызғы бөлменің қабырғасын сипалап қара түймені бас­ ты. Қарауытқан бұйымдар айқындалып, электр лампы­ сынан шашыраған өткір сәулелер жанарын қарықтыр­ ды. Сұрша әйел ышқынып оянды. Босағада, біз өкше туфлидің жанында қисық бас қара бәтеңке жатты. *** Директор кәдімгі директор болатын. Дір-дір етеді. Реңі қашып, иегінің, жағының қыл-қы­ быры ұзара түскендей. Көзінің қарашығы батып кетіпті. Жылқышы дыбыс шығармады. Сұрша әйелдің ашық омырауына ақтарылған шашы да сіресіп қатып қалған­ дай. Қыбырсыз. Сұлық түсіп созылған өлі тыныштық.

Сыртта байғыз жылады. Жылқышы жымиды. – Қонағымның сақал-мұрты ұсқынына, сірә, келіс­ пейді. Қарашы. Көңілдесінің қойнына жігіт үстіп келе ме екен? Қатын, су жылыт. Асықпай, қалтасына қолын сұғып, түйіншек алып шықты. Түйіншекті тарқатып еді, ортасынан сабы ими­ ген ұстара табылды. Жүзін жазып, керзі етігінің қоны­ шына ұзақ жаныды. Сұрша әйел құмғанмен су кіргізіпті. – Бері жақында, сері жігіт. Директордың шашын асықпай баппен ұзақ сыпырды. Директор бейшарада «Тамағымнан орып жібермес пе екен?!» деп зәре жоқ. Бір уақыттта сұрша әйелдің кү­ йеуі директорды итеріп тастады. Тәлтіректеп түрегелген. Жүрмек еді, алдын керіп жа­ йылған бесті айғырдың терісіндей алақан бөгеді. Қан са­ сиды. – Қызметімді өтемейсіз бе, мырза? «Ә-ә, өтеу керек қой. Өтеймін. Алыңыз. Қызыл ақша. Ақшадағы бас – менің басым. Өзіңіз тазалап, жалапжұқтап қайтарған басым ғой. Ха-ха-ха!». *** Директор қап-қара қою шашын Жылқышының төрі­ не тастап, көк тұқылына дейін ағарған басын иығына қондырып далаға шықты. Түк білмейді. *** Он сом. Басын құйқалатқан директордың «қызметі­ не» орай саусағына қыстырған он сомы. Шайын ішіп, кесесін төңкергеннен кейін, әйеліне рахмет айтып үс­ телдің шетіне тастап кеткен. *** Тағы да он сом... Кешкі астың дастарқанын жинамақ­ қа ұмтылған әйелінің жеңіне сүңгітті: «Етті жақсы асыпсың. Еңбегің үшін». Он сом. Он сом. Он сомдар. Он сомдар бетіндегі қы­ зыл бас оңашада сұрша әйелге иек қағып, көз қысып самбырлап сөйлейтінді шығарды.

*** Ауылда, елдің үрейін ұшырып екі жынды: ақ бас ди­ ректор мен сұрша әйел бірде сұңқылдап зар айтып, бір­ де күліп көше кезетін. *** – Сөйтіп «екі адамның өмірі мен денсаулығына қа­ сақана зиян жасады» деген айып тағылып темір торға қамалдым. Жігіт әңгімесін тиянақтап, әдеттегідей бұ­ рынғы Кеңес Одағының ақшасы 10 сомдық банкнотты төс қалтасынан суырды: – Жігіттер, осы жаман қағазбен де кісіні жазым ету түк емес. Бәрінен бұрын адамға сабыр қажет. Әгәрәки, ашумен қос салдақыны бауыздап өлтірсем ғой, мойны­ ма 25 жыл жүктелер еді. Ха-ха-ха! Алматы, 2001 жыл.

БАЙҒЫЗ ӘЙЕЛ

(әңгіме)
Пәтер иесі тік қабақ сұрша әйелдің бұл қалада ешкімі
жоқ болатын.
Мені, әсіресе, оның осы бір хәлі аса қайран қалдыру­

шы еді. Әнеукүнгі аз-кем сұхбатымызда ол өзінің қалада
дүниеге келгенін, түпкілікті қалалық екенін білдірген.
Қаршадайынан көпшіл, бауырмашыл әрі кісіге жұғымды
болып өскен аңқылдақ басым пәтер иесі әйелдің томаға

тұйықтығын, жалғыздығын түсіне алмай-ақ қойды.
Қызмет істеген шығар? Қызмет істесе, қалайша сырлас,
мұңдастан ада, жалқы жан? Тіпті, шаңырақ көтеріп, тұр­
мыс құрмаса да, кім-кімнің де алыстан туысатын ағайыны

болмай ма екен? Қайғысы мен қуанышы қат-қабат өмірде
адамның күні адаммен емес пе?
Алайда, үміт пен күдік көңілде кезек толқыған күн­
дердің күрмеуі сәл босаған соң ба, әлде, қаланың қатқыл

тірлігіне бой алдыра бастадым ба, бірте-бірте жаңағы сұ­
рақтарға жауап іздеуден мүлде арылдым. Иә, жалғыздық­
тың несі айып? Сырлас-мұңдасты былай қойыңыз, кейбір
кіді пенденің пейіл-ниеті өз ұрпағынан да суынып, ата-

анасынан да айниды ғой. Адам – серік, адам – адал... тек
өзіне ғана.
Пәтер иесі (оны сыртынан кемпір деуші едім) күнұзақ
не істейді, нені күйкі тірлігіне күйбең етеді білмеймін, мен

жұмыстан оралғанда ол жататын бөлменің есігі үнемі жа­
бық тұратын.
Бір күні кемпір менен:

– Ішесің бе? Таныстарың бар ма? – деп сұрады.

Ішімдікке әуелден үйір емеспін, ал, төлемақысы аз, та­
лабы күшті қара жұмыс маған әлдебіреумен шүйркелесуге
мұрша бермей келеді.

– Ішпесең – ішесің, жөндемді таныс таппасаң – таба­

сың, – деді кемпір менің жауабымды күтпестен бұрыла
бере. Үнінде қатты тарынғандай кейістік бар. Ептеп еңкіш

тартқан бойы таныстықтан, артық ауыз сөзден тыжырына
қашқандай бейдауа күй аңғартады. Бұл, тапқан-таянғаны
жамбасақысы мен жан бағысына әрең жететін бозбалаға
үлкен кісінің ескертуі болар деп, біз әдеттегі қалпымыздан

аумадық. Қарекетімізден таймадық...
Жұмысқа ерте кетіп, көз байланғанда келемін. Жа­
рықты көп жақпаймын. Суды ысырап етпеймін. Еденді,
есік-терезені сүртіп, кейде, кемпірдің қолына ауыр сырт

киімдерін де жуып беріп жүрдім. Байқаймын, менің осы
елгезектігім, сыпайы-сынық мінезім қатыбас пәтер иесіне
ұнайтын сыңайлы. Біз әредік келте жауаптасып, содан соң
екеуара әңгімеге икемделе бастадық.

Күн арқан бойы ұзарып, жазғытұрым мезгіл зәулім үй­
лердің көлеңкесінде қатқан тоңды ашыған қамырдай көм­
питіп, көктемнің алғашқы жаңбыры жауатын шақ таяп
қалған. Қаланың қым-қуыт, айқай-шуынан биік аспан тұң­

ғиықтанып, тізіліп құстар керуені өтеді.
Жұмыстан ерте босап, көңілді қайтқанмын. Ауладан
көрші тұратын кетік тіс кісі ұшырасты.

– Пәтерші баласың ба? – деді ол тісінің бос орнынан

тілін жылмаңдатып. – Анау үйде ме?
Шамасы, «анауы» – пәтер иесі. Мен басымды изедім.

– Ә-ә...

Көршім бәріне дән риза жан немесе әзілкеш, қуақы
біреу болса керек , үнемі жүзіне күлкі үйіріп, ширақ жү­
ретін. Әдетінше, күлімдеп: «Ә-ә», – деді де. Кенет селк
етіп: «Тым жас екенсің-ау?» – деп басын шайқады. Мен

бесінші қабаттағы пәтерімнің терезесіне қарағанмын. Те­
резе пердесі толқып жабылғандай көрінді.

– Нағыз алапес, оңбаған, ысқаяқ. Қасына жолап кетсең,

қайдағыны айтып миыңды шайқайды.
Кешкі асымыз ортақ кемпірдің көршіміз туралы пікіріне
мен де елп етіп сөз қоса қойдым. Себебі, маған оны сөйле­
ту қажет. Сөйлессең – ұғысасың. Ал, пәтер иесімен ұғыс­

саң, жамбаспұлдың көлемі азаюы мүмкін.

– Оңбаған, ысқаяқ, – дейсіз бе? – Бәсе, өзі сумаңдап ау­

ланы жалғыз кезеді ғой. Немерелерін ертіп шықпай ма?

– Келіні мен баласына сүйкімсіз сорлыға немере ере ме?

– Хм-м... Солай ма? Өз ұрпағына сүйкімсіз сорлылық­

тан, жылап өткен жалғыз ғұмыр баянды болар.

Жүрегім шым ете түсті. Ып-ыстық ине-тасқын өн бо­ йымды дуылдатып барады. Қап, бекер айттым-ау. ...Сол түні кемпір ахілеп-ухілеп көп күрсінді. *** Біз бұрынғы үнсіз, жым-жырт мылқау қалпымызға қай­ та оралдық. Үй ішіндегі заттардың бәрі сұрықсызданып, суық зәй тартады. Төргі бөлмеден әлсіз, бірақ, шер-мұңы­ на тірі адамның жаны төзбейтін кемпірдің күрсінісі есті­ леді. Жұмыстан қалжырап, ыстығым көтеріліп, әрең жет­ кем. Жайсыз жатыппын. Түсініксіз, келте, қорқынышты түстен шошынып басымды жастықтан жұлып алсам, тақ төбемнен төніп тұр: ақ кебінге оранған Ажал! «Тым жас екенсің-ау!» Кетік тіс көршімнің дауысы самбырлап дәл құлағымның түбінен естілді. Ары қарай көк пен жердің шексіз өзегі. Сүңгіп барамын, сүңгіп барамын. Оянсам, қасымда кемпір отыр. Кәдімгі қамқор, мейірімді аналардың үнімен: – Түні бойы алағызып, ұйықтай алмадың, балам, – дейді. Іңір үйіріліп, қас-қарайған бір кеште кемпір әлдекімнен құпияланғандай баяу сөйлеп, сыр ақтарып еді. – Менің барша қасіретім театрдан басталды. Әңгіме тыңдауға ынталы екенімді байқатып басымды изедім. Оның ақсұр жүзіндегі тақыс тағдырдың жазуы іс­ петті әжімдері де күбірлеп қоса сөйлейтіндей сайланып шыға келіпті. ...Қасіретім театрдан басталды, – деді ол. – Кезекті мау­ сымның шымылдығы ашылар тұста беделді бір ақсақал жазушының туындысы қойылмақ-ты. Сол кезде бізді, әртістерді, «бас кейіпкер – әйел рөліне көкеміз кімді лайық көреді екен?» – деген сұрақ сұмдық толғантатын. Азалы әйел. Керемет еді. Жалқы сәт кейде жадыңдағыны тұтас жаңғыртып өт­ кенде, дәл қазіргі хәліңді танып тұрғандай күй кешесің: мен кемпірдің әңгімесін бұрын, өзіме беймәлім уақыттың кеңістігінде өмір сүріп жүріп естіп алғандаймын. Көңілім құлазыды. Тірлікте береке кем. Мұң мағынасыздыққа ұла­ сыпты. Кімге керекпін? Кімге керексің, сен мұңлық?

– Саған бәлкім, түсіну қиын шығар? – Кемпір маған

үңіліп қарап қойды. – Сонда да айтайын. Талантты әртіс
сахнадан өзі сомдайтын тұлғаны таныса бітті – жанын са­
лады. Ауырады. Азалы әйел – менің рөлім болатын.

– Ақсақал әйел рөліне сені лайық көріпті, – деді бірде

мені оңаша алып шыққан көркемдік жетекшіміз ақсия
күліп. – Әншейін сыпайы тілегі бар секілді, соны орында­
саң жетеді.
Мен әйел рөлінен бас тарттым. Алайда, ана шалдың

сыпайы тілегі былайғы жұртқа сыпсың сөз болып тара­
ды да, күйеуім ішіп кетті. Көңілі лайланса, жан азасына
берілетін дәрменсіз байқұс екен, араққа салынып ақыры
қаңғып өлді. Оның өлімі де маған пәле болып жабысты.

Рөл тимеді. Жалақы аз. Маңыма ешкім жуымады. Қос
жетімегімді қолтығыма қысып театрдың суық бөлмелері­
не қонып қалып жүрсем де жанашыр жақын табылмады.
Сөйтіп, бедірейген безбүйрек ортадан безіп, қара жұмыс­

қа жегілдім. Кеудем шерге толып, тіл байланды. Мылқау,
мүсәпір хал кешіп ұлдарымды енді жеткіздім-ау дегенде
екеуі бірдей суға кетіп, мен сорлы жалғыз қалдым.
Кемпір ағыл-тегіл егілді. Балаша солқылдап, тоқтамай

жылады. Шыдай алмай мен де еңіреппін. Сосын жұдыры­
ғымды түйіп:

– Әлсіздікке, әйелдің әлсіз жанына араша бар ма? – деп

айқайлап жібердім.

– Әлсіздікті арашалау – қате. Әлсіздікпен күресу керек,

– деді жаңа ғана жер таянып отырған жетім кәрі бойын тез

жиып.
Кемпірдің түннен түнек жамылған күрсінісі осы әңгіме­
ден кейін ашық зарға ұласты. Таң сарғайып атқанша оның
сұңқылдаған дауысы дамыл таппайтын. Әредік шашын

иығына шашып қаракөлеңке бөлмені кезіп, пышақ қайрап
кіжінеді: «Бауыздап тастаймын!», «Өлтіремін!». Сонан
соң шырпы тұтатып менің қасымда ыржиып тұратынды
шығарды.

Кету керек. Шағын жүк сөмкемді көтеріп бірінші қабат­
қа түсе бергенмін, кетік тіс көршімен маңдай түйістіріп
қалдым.

– Ә-ә, қашып барасың ба? – деді ол әдеттегідей «ә-ә»-сін

созып. – Бұл кемпірден бәрі қашқан. – Туған-туысының

бірі жоламайды. Екі ұлы жетімдер үйінде өскен. Ат ізін сал­
ғанын көрмедік. Сенің алдыңда зіңгіттей бір жігіт жамбас
пұлын төлеп тұрған еді. Ақыры сол байқұс еліріп ауыратын
дертке шалдығып шықты ғой осының үйінен. Мынаның бар

ма, мынаның пәлесі бар. Жалмауыз, әлде жәдігөй. Талай рет
доқтыр шақырып, сыртынан нұсқап жібердік. Нәтиже жоқ.
Түгелінің жауабы жалғыз: «Дені сау, дерті жоқ», – дейді. Де­
генмен, шырағым, басың аман құтылғаның жөн болды. Өңің

боп-боз, қорыққансың-ау әбден. Келші, таңдайыңды көте­
рейін. Баланың бойында үрей қалмасын. Үрей жаман. Ал,
сау бол. Аман жүр, әкесі.
Әлгі үрей, мен кейін жастар газетінде қызмет істеген

жылдары құрбы достарымының ортасында қызығушылық
тудырып, ептеп театр жағалауыма тура келді.

– Сіз осындай әртісті танисыз ба? – деп сұрадым баяғы

көркемдік жетекшіні тауып алып.

– Ақлима, Ақлима Сыпатаева талантты актриса еді. Же­

текші жеңіл күрсінді де, қабырғадағы фотосуреттерді көзі­
мен шолып өтті.

– От еді ғой. Кез келген кейіпкердің бойынан драматург

дарытып, режиссер дамыта алмаған күрделілікті тауып
алатын да, асқақтатып жіберетін. Ақсақалдың туынды­
сындағы әйелдің рөліне Ақлима қатты қызықты. Бұл, рас,
театрға келген жұрттың көз жасын бұлаудай ететін-ақ дү­

ние еді. Әйелдер, неге екенін білмеймін, трагедияға әуес
қой. Қойылымның шырқау тұсында қаһарман әйел дұш­
пандар екі баласын тірідей бауыздап жатқанда туған бауы­
рын бауырына басып аман алып қалады. Ерлік пе осы?

Мүмкін, бұл әйелдің еркінен тыс әрекеті шығар? Бәлки,
баладан да жан тәтті: әйелдің тапқан тәсілі болар? Жауы­
ның өзі бекзат, беу дүние, бізден озған заманда қатынға
дейін қайсар, ер екен десек те, қайран Ақлимаштың тағ­

дыры бүлінбесе керек-ті.

– Сіз кінәлі емессіз бе? – дедім мен көркемдік же­

текшінің жалыны қайтқан жүзіне тура қарап.

– Қарияның билеп-төстеп қалған бір жаман мінезі бол­

ды. «Ақлиманы шақыр. Сөйлесейін» деген соң құп көргем.
Жеңгетайлыққа жүрсем, жаным шықсын. Ақыры күбір-сы­
быр сөз тарады. Ақлиманың күйеуі, болашағы кемел актер
еді, ішкілікке салынды. Ақлима оған қараған жоқ, екі ұлын

жетектеп келіп жаныға түсті. Шал қырсықты. Рөлді бермей
қойды. Ақлима шаңқылдап сөйлейтінді шығарды. Бәсеке­
лестері бел ала түсті. Ақлима театрдан кетті. Оны өнердің
шалығы соғыпты. Ол өнердің қасіретіне ғашық екен. Ал,

шырағым, өнердің қасіреті өмірдің азабымен қабаттасса,
адам байғызға ұқсап түнде сұңқылдайды. Түнге шағынады.
Түнге жылайды.
Ілгеріде, жан-дүнием ешкіммен жарастық таппай, Ақ­

лиманың қолына кіріп алған едім. – Көркемдік жетекші
иығын қусырып жүдеп сала берді. – Төзбедім. Тіпті, жын­
ды болып кете жаздадым. Бәріміз де әртіспіз ғой. Бірақ,
Ақлимадай азалы әйел кейпіне енген ұлы актрисаны көр­

ген жоқпын...
Құрмет тақтасына ілінген фотосуреттердің орта тұсы­
нан мен Ақлиманың бейнесіне көз тоқтаттым. Жас, сұлу
әйел маған уылжи қарайды.

Алматы, 2003 жыл.

ЖАЛБЫЗЫМ МЕНІҢ —ЖАЛҒЫЗЫМ

(Гротеск-әңгіме)
Қаусаған шағында ардакүрең асауға мінгені не қыл­
ғаны...
Құсайынов кабинетінің құлпын бұрап ашып тұрып,

екі тәулік бойы тілсіз жатқан науқас жайлы ойланған
болды. Іле аурухана ішінде сапырылысқан шаруаға
селт етпейтін сақа дәрігердің күйіне беріліп, терезенің
тұсына барып іркілген. Мизам. Жаздың жыбырлап

өтіп болмайтын күндерінен жалыққандай сағым ау­
наған дала сұлқ жатыр. Шағын қалашықтың іргесінен
түрілген қара жолды шаңдатып жүк машинасы Баян­
жүректің қолтығына тұмсығын сұғып барады. Кезекті

еңбек демалысын күтіп жүрген Құсайынов дөңгелен­
ген дүниедегі домаланған пенделігінен қажығандай
тұнжыр күйге енді. Сосын самарқау ғана ой сауып,
«Ажалына көрінген ғой» дей салды ішінен. Ал ажал

адамның әлпештеген жанын бірде ардакүрең асаудың
жалынан аударып әкетсе, бірде қандауырдың қылпыған
жүзінен айнытып алады. Жұмсақ орынтақтың арқалы­
ғына шалқалай жайғасқан Құсайыновтың көз жанары

кілегейленіп, кірпіктері айқаса бергенде әлдебірдеңе
ағараң еткендей болған. Байқаса, соған бағанадан қа­
далып қалыпты. Аңылжыған кеңістікке барып-қайтып,
барып-қайтып ес таппаған санасында, міне, бірте-бірте

ағараңдаған болмыстың адами кейпі айқындала баста­
ды. Кемпір екен. Астыңғы ерні қызыл иегінен әрмен
қарай дамылсыз құлап, сөйлеп отырғанына да едәуір
уақыт болған сияқты. Сонысын ұқтырғандай орнынан

көтерілді де, сәтке іркіліп, қалың ақ шүберектен сырып
тігілген дорбаның ішіндегіні нұсқады. Желгөзектен са­
мал жүгіріп өтсе керек: Құсайыновтың нашатыр басқан
бөлмесінде жалбыз исі аңқып қоя берді...

Бұл кезде жансақтау бөлімінің төсегінде екі тәулік­
тен бері тілсіз жатқан бейдауа науқастың жаны ақсау­

мал нұрдың бойымен тұңғиық көкке зырқырап шық­
қан болатын. Кенет ақсаумал нұр дүлей қараңғылыққа
жұтылды да Жан заһары зәндемнен суық ағынға ілініп
кете барды. Ағын тоқтар емес. Таусылар емес. Жан ыш­

қынды. Тұңғиық. Ағын. Жалғыздық. Мәңгілік азап осы
шығар деп ойлады Жан. Әйткенмен де қуанып кетті.
Ойлай алады екен! Бақида да өмір бар деуші еді ғой.
Түпсіздікте оянған түйсігіне мерейленген Жан жап-

жарық жаратылыста тұрғанын сезінді. Аспан да жоқ,
жер де жоқ: әлдебір құдіреттің қолына қонғандай уыз
тіршілік. Сол кезде көрді: тап қасында ықшам әскери
киім киген шенді офицер мен кенеп плащ жамылған

қарасұр кісі состия қалыпты. Офицер бұған жылы шы­
рай танытып, сия көк жанарынан ұшқын ата қарайды.
«Кел, жақында» дегендей ым қағады. Жанның жылағы­
сы келді. «Мен сені шырамытатындаймын. Мен сенен

адасып қалғанға ұқсаймын». Құс мамығындай елбіреп,
ақманар боп ұйыған уыз тіршілікке енді кескінді әйел
пішіні бітті. Ашық, сәнді терезесі жарқыраған үйдің
ішінде әлгі әйел үрпекбас сары баланы алдына алып

әндетеді. Сызылған сазды әуенге еліткендей сәби ана­
сының мықынына басын сүйеп, бауырына тығылады.
Үйге офицер енді. Жүзінде сұлу жарға деген ынтықтық
пен сүйкімді ұлға деген әкелік мерейдің жүрек лүпіл­

деткен шаттығы ойнайды. Ыстық құшақ, бақытты тұр­
мыс шаттығы. Үрпекбас баланы анасының алдынан
алып төбесінен иіскеген офицер оны әуелете көтеріп,
әткеншек ойынына кірісті. Офицердің қолы жоғары кө­

терілгенде үрпекбастың дөңгелете қиған шаштары лап
беріп құйындай көтеріледі де, кері қайтқанда желп етіп
басылады. Жан әкесінің алақанында әлпеншек теуіп
сықылықтаған сәбидің Өзі екенін таныды. Осы сәт

жалғаса түссе екен, мәңгілікке үзілмесе екен. Жан енді
аңғарды: жаңағы қарасұр кісі жамылған ұзын кенеп
плащтың жік-жігінен баданадай ірі тамшылар атқылап,
етегіне қарай сүйретіле құлады да, сырғи ақты. Мөлді­

реп аққан көз жасындай. Жан кенеп плащтың бойында
дамылсыз сырғыған тамшыларға қызыға қарап қалған
еді. Бір уақытта үрленген көбіктей ірі бір тамшының
ішінде үрпекбас сары баланың ағып бара жатқанын

көріп шырқырай ұмтылған. Бірақ, кешігіпті. Үрпекбас
бала баданадай ірі тамшының ішінде қолын жалғыз-ақ
рет бұлғады да, аспанға ұмтылып аласұрған жер бетін­
дегі аждаһаның аузына топ ете түсті.

*** «Азат етуші армия» неміс фашистерінің табандасқан қарсылығына ұшырап, Т. қаласына баса-көктеп кіре ал­ май көп іркілген. Екі жақ та қисапсыз шығынға ұшыра­ ды. Аспанды күкірт қауып, айналаны күлімсі иіс – са­ сық еттің исі тұмшалап тастаған. Орыс жерінің аязды қысы от бүркіп, жалын құсқан шынжыр табан танктер­ ден тұра қашқандай төңіректің қары жидіп, еріп жатыр. Кейбір сіре боп қатқан қардың күртігінен өлген жауын­ гердің құрт кемірген сүйегі аршылып қалса, күкірт ара­ ласқан қоламса қолқаңды суырады. Артынан қалың қол, ауыр артиллерия келіп сақай­ ған «азат етуші армия» Т. қаласын қара ала етіп үйітіп, бәрібір басып алды. Жеңімпаз әскер шаһарға әндетіп кіргенде мұндағы жұрт көрден жаңа тұрғандай ербиіп, терісіне ілінген төзімнің ұясындай кеуделерін иген сы­ ңай танытқан. Қала – мекені жер саналатын мүгедек­ тердің отаны секілді – сау адам емге жолықпады. Тас қамалға айналып, берілмеген қалаға жау шебі емес, қыз-қырқынның ләззат сыйлар төсегі деп қарап тоят ті­ леген қырғын еркек ермек қылар ұрғашы табылмаған соң қырылуға таяғанда көшедегі қаңғыбас балалар ны­ санаға ілікті. Арасынан бәлиғатқа жасы толмаған жа­ ратылысы әйел заты ұшырасса, ішімдікке мелдектеп тойған мас солдаттар құтырып кете жаздайтын. Сондай бір құтырынған топ жартылай қираған үйдің жертө­ лесінде үрпекбас сары баланы бауырына басып тығыл­ ған салпақ шашты Сашаның үстінен түскенде шибөрі­ дей шулады. Үсті-басы қара балшыққа әбден міленген Александраның иегіндегі балғын нәзіктікті алдымен аңғарған жалпақ сары, тіпті, сақылдап күліп те жібер­ ген. Зеңбіректердің оғынан міз бақпаған қиранды үйдің жертөлесіндегі зәй тартқан тас қабырғаларға Сашаның шар еткен үні соғылды да тынды.

Орыс қызы Александра мынау үрпекбастың әскери шені биік әкесі мен ерекше сәнмен киінетін шешесін сырттай білетін. Олар осында тұрақтап қалатын жан­ дардай алыстан үйелменімен қоныс аударып келіпті. Офицер мырза өзгелердей орыстарға суық қабақ таныт­ пайтын. Ал фрау Рерих жиегі кең шляпасының астынан төңірегіне жәудірей қараушы еді. Совет әскерлері қалаға басып кіргелі бері жетімдіктің зар күйіне түскен неміс офицерінің ерке ұлы мен байқұс Саша осылайша тағдырлас болып табысып, солдаттар төккен жуындыны тығылып жеп күнелтетін. Құлағында қалғаны сол: үрейден ұшынып шар ете түскен жалқы үн. Еміс-еміс есіне оралатыны – ұзын ке­ неп плащ жамылған түсі суық қарасұр адам. Төңірегін түгел жасқап, саяқ жүретін әлгі адам бұған быртиған бармағының үстіне салып ботқа беретін. Содан кейін тақ-тұқ, тақ-тұқ, тарс-тұрс, тарс-тұрс етіп талықсыған бір сарын. Анда-санда айдалаға маңып кеткендей үзіліп тоқтағанымен қайта жалғасады. Таңдайына ашқылтым дәм келеді. Ашқылтым дәм тынысын тарылтып ты­ пырлағанда басын қылтитып шығарып қоятын. Сонда әлдеқайдан жайқалып таңсық иіс аңқып жететін. Кей­ де... таңдайын жаратын ашқылтым дәм мен таңсық иіс қарасұр адамның жалаңаш қойнынан қатар бұрқыраған кезде үрпек бас бала оның бауырына тығыла түсіп, кеу­ десіндегі сүт ағарын сілемейлеп тастайтын... *** Көне-көне заманның шежіресіндей кәрі Жоңғардың мұзарт шыңдарында алабас атан бұлттар аунайды. Әредік зау биіктен жарқ етіп көрініп, ғасырлардың ғаза­ лын сөйлердей бауырындағы тіршілікке ентелеп төніп қайтатын байтақ Жоңғар бүгін тағы бір сырдың куәгері болғалы тұр. Қарасайдың аузындағы қараша ауылдың кәрі-құр­ таңы Тұқымбектің Керман соғысынан қойнына тығып әкелген баласына азан шақырып ат қоймақ. Дүниеде қазақтан басқаны танымайтын шал-шауқан милығынан жалбыратып тұлым жіберген ортадағы шикіл сары ба­ лаға тамашалай қарайды. Сәби де қаумалаған халайық­

ты таң көретін секілді. Әркімге бір жапақтап, текеметтің
үстіне төге салған ірімшікті теріп жеп, шөпең-шөпең
етеді. Аздан кейін дабырлаған жұрт тиылып, иегіндегі
ақ күміс сақалы әуелеп қайтатын қарттың аузын бағып,

мүлгіп қалыпты. Қарт алақанын жайып тоқтағанда да­
ғарадай кимешектің астында шөкелеген кемпір орны­
нан кирелеңдей көтеріліп, тұлымды ұлдың қолына кәрі
жілік ұстатты да, басынан аттап өтті. Үйдегі жұрт қоға­

дай жапырылған. Артынша тұлымды ұлдың құлағына
алқам-салқам адырлардан атойлап шықандай алапат үн
естілді.

– Сенің атың – Тәңірберген!

– Әкеңнің аты – Тұқымбек!

– Тапқан анаң – Асылхан!

– Сенің атың – Тәңірберген!

– Сенің атың – Тәңірберген!

...Тәңірберген тәтті бала болып өсті. Төрт жасында
жалаң аяқ ауылдың борпылдақ топырағын кешті. Бес
жасында бұзауға мініп алатынды шығарды. Алтысын­
да асау үйретемін деп көкесіне қиғылық салды. «Қой

сана, шырақ, қой сана, қабырғаң әлі қатқан жоқ, бұға­
наң бекіп біткен жоқ» деген үлкендерге алты жасында
байшұбар атқа ер артқан Алпамыс батырды айтып жа­
лынатын. Жеті жасында көкесі жетектеп апарып мек­

тепке берді.
Ақсары жүзі тотығып қырдың нарт қызыл бозбасы­
на айналған Тәңірберген он алтыға толғанда Жоңғар
Алатауының теріскейіндегі қоянжондар тотияйынға

малынғандай толықсып, барқыт белдерді шұғынық
гүл жапты. Көрші үйдегі Жамал қыз да бұлықсып бой
жетіпті. Өзіне мүлдем ұғынықсыз халмен Тәңірберген
іңір үйіріле Жамалдың пердесі жұқа терезесіне телмі­

реді. Әуелі бозбаланың ғазиз жүрегін жандырып, бар­
лық бөлменің шамы самаладай жарқырайтын да, сон­
шалықты ыстық бейне шарайнаның алдында бұлаңдап
тұрып алатын.

Түннің бір уағына дейін шал мен кемпір күбірлеседі.

– Көкесі-оу, жалғызды аяқтандырмаймыз ба? – дейді

кемпір.

– Менің балам оқиды, нәшәндік болады, – дейді шал.

– Ата-баба, зәу-затыңда оқумен ағарған пенде жоқ. Қойшы, – деп тыржыңдайды кемпір. – Болмаса – болады, – деп егеседі шандыр шал. – Мына Жамалдай әйбәт боп өскен бала жоқ осы ауылда, – деп тамсанады кемпір. Сонда... күнұзақ шоқтан түспейтін үлкен жез шәугім­ дей ысылдап лезде ұйқыға бас қоятын шал қайта оянып, көңіліне алаң кіріп, кірпігі қамыспай жатқан зіңгіттей ұлын еркелеткендегі үнімен: «Жарығе-е-ем, жарығе-еем», – деп дөй далаға лағатын. Аспан асты сайрауық құстардың әнімен тербеліп, ал­ қынған күндер зымырап өте шықты. Ауылдағы оқу аяқ­ талды. Тәңірбергеннің көкесі қашаннан бір сөзді адам: жалғыз ұлын нәшәндік қылмақшы. Жамал да, мектепті үздік тауысқан тағы бірнеше талапкер Алматыға сапар шегіп барады. – Кеткенің ғой, қу жалғыз. Енді қайтып ақ маңдайың­ нан иіскер күн туар ма екен, тумас па екен? – деп кем­ сеңдеді анасы. Сырға берік, мінезге мәрт қариялар мен кейуаналар зар-мұңлықты ананың мына сөзіне қайы­ сып: «Зекетің боп өтейік. Жаман ырым бастама. Ұлың әлі-ақ арсалаңдап кеп мойныңа асылады», – десіп жа­ мырай тіл қатқанымен, айбоздағының талайын соғыс­ тың жұтқыр көмейіне беріп, қайғы шеккен жылаулы елдің ішінен кәрі шешелер аңырап дауыс сала бастады. Көптің шуылына селт етпей Тұқымбек қана Жоңғардың апай төсіне шаншылып қалыпты. Медет тілегендей. Матай стансасынан Алматыға баратын жүрдек поез­ дың жүретіні хабарланды. Осы кезде ғана анасының құ­ шағынан босаған Тәңірберген көкесін бас салған. Әке баласының самай шашын қайырып, жұпар жұтқандай теңселді. Бала әкесінің майда әжімдер торлаған мой­ нын тістелеп тұрып алды. Көзінен ыршыған ыстық жас көкесінің алқымын шимайлаған әжімдерді селдей қап­ тап, сырғанап ағады. Кәрі кеуде жусанға шомылғандай бұрқырайды. Таңдайды ашқылтым дәм соқты. *** Тәңірберген қаладан тез түңіліп, жатақханада бірге орналасқан Жамалды да «ауылға қайталық та қайта­

лық» деп азғырып жүріп, ақыры соңғы сынақтан құла­ ған қызды жетектеп поезға мінген. Ата-анасын, ауылаймағын, Жоңғар Алатауының бауырына бас қойып балбыраған қырдағы тыныштықты аңсаған жастардың көңіл-күйімен жарысып жүрдек поезд жүйткиді. Таныс өлкеге жақындаған сайын «Келіп қалдыңдар ма?!» деп қуанған құрбыларға ұқсап, алаңқайлардан тал қайың ойнап шыққанда Жамал аялы көзін төңкеріп Тәңірбер­ генге қарап қоятын. Дірілсіз көкте қалқыған мамық бұлттар жан шуағы дархан аналардың жаулығындай ағараңдап өтеді. Матай стансасынан түскен қос жолаушы ештеңеге қарайламай, Баянжүректі бетке алып шықты да, көк теңіздей толқыған қалың жалбызға көміліп, аунай кет­ кен. Сол жылы күзде Тұқымбек қарттың шаңырағына келін түсті. Келер жылы күзде Қарасайдың аузындағы қараша ауыл Тұқымбек қарттың түңілігін желпілдеткен қуа­ нышқа – шілдехана тойына жиналды. *** Жасынан асауды албастыдай басып үйренген Тәңір­ берген шалдың ардакүреңнен жығылып, ауыр халде ау­ руханаға жеткізілгенін көрген сақа дәрігер Құсайынов «адам болмайды» деп бір-ақ кескен. Шалдың арты қара орман – немере-шөбере деген жетеді өзінде. Енді өлсе де арманы жоқ шығар. Сөйтіп, самарқау халде сарқы­ лып отырған Құсайынов Жамал әженің кіріп-шыққаны­ на да аса мән бермеген-ді. Есіктен ентігіп жас медбике Айғаным кіргенде ғана шала түс көріп оянғандай басын әнтек көтеріп алды. – Ана жақта, – деді жас медбике екі иінінен дем алып, – өледіге есеп қылған шалыңыз шашалып бірдеңелерді айтып жатыр. – Құсайынов лып көтерілді. Екі аттап есікке жетті де, алақтап артына бұрылды. Қалың ақ шү­ беректен сырып тіккен дорба. Аузын бұрап, бауымен мұқият байлапты. Жылдам шешіп ішін ақтарған: бір уыс жалбыз! Нашатыр шашылған бөлмеде желгөзектен жүгіріп өткен даланың саумал исіндей аңқиды. Құса­ йынов жалбыздың майда жапырақтарын сауып-сауып

алды да, жебей басып жансақтау бөлімінің төсегіне та­
ңылған науқастың танауына тосқан.

– Чудо! – деп айқайлап жіберді жас медбике. Қос

тәулік бойы ЭКГ аппаратының бетінен әредік секіріп
өтетін науқастың жүрегіндегі қан айналымы тулай жө­
нелді.

– Кәрәмәт, – деді Құсайынов та өз көзіне өзі нанбай.

– Осы шалды баяғыда соноу Еуропадан жалбыз исі же­

телеп келді деуші еді. Рас екен. Кәрәмәт.
ЭКГ-ның бетіндегі қауырт қозғалыс талықсыған бір
сарынға ұласты: тақ-тұқ, тақ-тұқ, тарс-тұрс, тарс-тұрс.
Таңдайын ашқылтым дәм үйірді. Ашқылтым дәм ты­

нысын тарылтып тыпырлағанда басын қылтитып шы­
ғарып қоятын. Сонда әлдеқайдан жайқалып таңсық иіс
аңқып жететін. Ұлы дала мұздай жаңбырымен жуынды­
рып, аптабымен болаттай балқытып шыңдаған тәннен

шырқап шыққан Жан Ғайып ерен Қырық шілтен жебеп,
ұзын кенеп плащ жамылған көкесімен қауышқан соң,
үрпекбас сәби қалпында мына фәни дүниеге қайта ора­
лып келе жатты...

Алматы, 2008 жыл.

МҮЙІЗ ТАРАҚ

(хикаят)
Алдымен айнала, алқа қотан отыруға ыңғайлы дөң­
гелек үстелдің бетіндегі дастарханның шетін қайырып,
алақанын жайды: «Асқа адалдық, басқа амандық бере

гөр, Алла!». Бауырын көтеріп апыл-тапыл басқан бала­
ның бойындай ғана терезенің ендігінен екінтінің күні
еңкейіп, сығалап тұр. Кешкі іңір мен түннің суық түсін
ұзағырақ ұстап қалатын жұқа әйнектердің ар жағынан

алып теректердің діңі қарауытады. Бір кезде бұл терек­
тер балғын шыбықтар еді. «Қазір тіпті үйдің төбесіне
шығып алып шулайтын болды», – дейтін кемпір осы
ауылдағы бәрінен биік шынарлардың өз бағында бой

салып өскеніне мақтанғандай. Шалының шымнан түй­
ген үйі аласарып бара ма, әлде теректер аспандап кетті
ме, қазір кемпір сыртқа көз салса, көретіні: бұтақ біт­
пей шемен қатқан түйнектер мен адырайған тамырлар

ғана. Осыдан бес, алты жыл... жоқ, одан әріде-ау, ша­
масы, Тойшаным еккен талдардың жапырағын көрші
көлеңнің ешкі-лағы жалмап қоймасын деп қорып жү­
ретін. Енді, міне, қатты жел тұрып, шайқалғанда ұшар

басы үрей шақырып, ту биіктен төнеді.
Кемпір шоқаңдай сырғып, ошақтың аузына барып
отырды. Ас үйдің бір қабырғасына қапталдаса мінген
пештің ішіне от тұтатты. Астына құрғақ тамыздық

басып қаланған қи сия көк жалынға оранды да, жана
бастады. Кемпір мүлгіп кеткен. Аузы-мұрнынан әдепкі­
дегідей ыс теуіп алған мосқал пеш іңір қараңғысы ұйы­
ған бөлмеге жылылық шашып, жылт қызыл сәуле ойна­

тып қояды.
Кенет, тамсана түсіп, тәтті мүлгіп отырған кемпір
төңірегіне бағжия қараған күйі оянып кетті. Сол бағжи­
ған қалпында есіней беріп еді, пештің көмейі гүрілдеп,

төргі бөлмедегі қашанғы кәрі сағаттың тілі сарт-сұрт
соғып сарнай жөнелді. «Ойбүй-ууу, қара басым-ай, қа­
тып ұйықтап қалыппын ғой. Тойшаным келетін уақыт

болды емес пе? Жұмыстан өзегі талып жететін баланың
ас суын қамдамай қара басқаны-ай мені әбден!».
Кемпір тағы да шоқаңдай сырғып, есіктің аузына іркілді
де, бес бүктелген белін зордың күшімен жазып, электр

сымының түймесін ағытқан. Бөлмедегі бұлың-пұшпақ­
тың қалтарысына жабысқан қараңғылық қаша жөнелді.
Тіпті, жабындысы солбырайған ағаш кереуеттің іргесінде
күндіздің өзінде кеппей жататын түннің дымқыл бояуы да

іріп сала беріпті.
Кемпір шоқаңдаған қалпы тошалаға сүңгіп кетті де,
қазан сүйреп қайтты. Қазанының түбінде қарайған бі­
рер сүйек пен бір кеспелік ет бар сияқты. «Қарғам да

қазір кеп қалар» деп, шеті қайрылған дастарханның
бүктеуін жаза бергенде, сыртқы есік сықыр етіп ашыл­
ғандай болды.

– Сүрдің иісі-ай! – деді ұлы.

– Кәрі шешеңнің етті күн мен желге қақтамай асқан

кезін көрдің бе? Жас ет – жасық ет. Осы күнгі қатындар
етті сүрлеу дегенді білмейді, білсе де ерінеді. Терісінен
жаңа арылған малдың етін сорғалатқан күйі апарады
да, тоңазытқышқа тоғыта салады. Тоңазытқышта то­

ңып, үсіген етте дәм бола ма, тәйірі. Бүгінгінің кербақ­
қан кесір қатындары, несін айтасың, кеселді салып-ақ
жүр ғой. Соның бірі біздің күлбет келін еді.

– Апа, атын атамаңызшы кәпірдің.

– «Құтырғаннан – құтылған», кетіп тынғанын кейін

құп көрді өз басым.

– Қойыңызшы, «қатын жіберген не сұмдық?» деп,

бетімді талай қайырған өзіңіз емес пе едіңіз?

– Е-е, біз қайдан білейік. «Келінге келін болсаң жа­

ғасыңның» керімен соның жағында болып, сойылын
соққандағым сол: жүре түзелер, ойланар деген дәме еді.
Олай шықпады. Ол ойым әдірам қалды.
Кемпірдің келін-кепшікке, қатын-қалашқа кейісі ас

ішіліп, дастархан жиылғанша біткен жоқ. Кейіген күйі
ол асадал мен тайпақ үстелдің арасында шоқаңдап
жүріп алды. Бір қолында добалдап жасалған кішкентай
орындыққа ұқсас сүйеніші, бір қолында шәйнек – аса­

далдың аузына әрең жеткен. Енді қайта оралып, құм­
шекер салынған ыдысты іліп әкетті. Сосын шоқаңдай

жылжып барып тоқ шәугімді бауынан босатқан. Орын­
дық сүйенішке батқан саусақтарын тарқатып, қары тал­
ған білегін уқалап, уһіледі. Орындыққа қайыра жабыс­
ты да, төрттағандап дәлізге беттеді. Дәлізге бара жатып

қара шелекті қаңғырлатып ерте шықты. Қи әкеліп,
пешке қалап қою керек, әйтпесе азанға дейін жыртық
жамаулы үй азынап кетеді.
Қара шелектегі қиды пештің көмейіне жытырып бол­

ған соң жаулығын шешті де, тұқылдана бітіп, тұтамға
айналған бұрымын тарқатып, жан қалтасынан мүйіз та­
рағын суырды. Самай шашы тұтас ағарып, төбесі шала
бурыл тартқан құйқаға мүйіз тарақтың тісі сіңгенде

кемпірдің жүдеу басы дуылдай жөнелді. Мүйіз тарақ­
ты сағынып қалыпты. Мүйіз тарақ... кемпірдің көне көз
серігі. Бұлықсып бойжеткен шағында ағасы Тұрсынах­
меттің сыйға тартқан күміс тарағын ұстап жүретін. Е-е,

ол да бір заман екен ғой. Тұрсынахмет ағасы жігіттің
марқасқасы еді. Жұрт жаппай «ашылып-сайрап» саясат­
қа ұрынған. Аш-арық. Алдыңдағы малды адалдап сойып
жей алмайсың. Арғы бетке (Советтік Қазақстан жақ­

қа. – авт) өткен ағайыны туралы аузын ашқан адам «қос
жүрек» атанып, түрмеде шіритін. Сонда да ағасы бұны
шекара асырудың амалын тапты. Сондағысы – бәлиғатқа
жаңа толған қарындасын қырыққа таяған қырма сақалды

жігітке ұзату екен. Қырмасақал – біртоға, өкіметке бере­
шегі жоқ, қылмыс өткермеген жан. Сонысына орай сә­
бетке өтуіне Мао жолдас қарсылық танытпапты. Ол өзі­
мен бірге жар етіп жас қызды да ала кетуге қақылы екен.

– Ақботам-ау, – деген сонда ағасы бұны бауырына басып

тұрып, – ата-анаңа қарайлап, мұнда қалғанда күнің не бола­
ды? Қайдағы бір мәжусидің қолаңса сасыған қолтығында
қорлыққа көнгенше, өз нәсілің, осы ердің етігінен ұста да
айрылма.

Осыны айтқан аға зор тұлғасын түгел сілкінте, сол­
қылдап жылап жіберген. Кейін... көп жылдар өткен соң
жанашыр бір ағайынның аузынан естіді: ағасы «қос жү­
рек» атанып, қытайдың түнек басқан түрмесінде «Ақ­

ботамның арда басын қорлыққа бергенім жоқ. Ах, да­
риға, дүние-ай, әйтсе де, ақша жүзін бір көрсем-ау» деп
жатып, дүниеден озыпты. Ал, ағасы аманаттаған ер қы­

тай ішінде бойын жасырып қана жүрген жігіттің сұлта­
ны болып шықты. Атажұрт, баба қонысқа оралған соң
түлеп сала берді. Өзі әнші, өзі сері. Аз жылда айнала­
сына жора-жолдас үйіріп, жігіттің бозтайлағы атанды.

Бұлардың үйінен қонақ арылмайтын. «Келіннің асы
дәмді, қолы ашық» дегенді сылтау етіп, ауылдың бас­
шы-қосшылары жоғарыдан ұлық атаулы келе қалса,
ұлардай шулатып тобымен осында әкелетін.

Бір күні ақ жағалы дөкейлер қауымын кезекті рет
күтуге тура келді. Бұл дөкейлер бұрынғы дөкейлерден
әлдеқайда әлеуетті көрінеді. «Дастарханның басынан
ауылдың шолақ басшылары былай тұрсын, аудандағы

әкім-қаралардың қарасы көрінбеуі керек, олармен тек
облыстағы сот, прокурор ғана табақтаса алады» деген
сөз Салқынбелдің жазығында жылқы бағып, бие байлап
отырған бұларға дақпырт-даңғазасын алдына салып,

ақыраңдап жеткен. Бұның бәрі ештеңе емес, ерлі-зайып­
тының зәресін қашырған сөз: «дөкейлердің бірі құлын
етіне жерік» деген сөз болды.
Ері екеуі құлындарды аса жақсы көруші еді. Отасқан­

дарына бес-алты жылдың жүзі ауса да бір шақалақтың
жұпар иісіне зар болып жүргендіктен екі мұңлық бие
құлындаса, құрақ ұшып жанынан шықпайтын. Биыл
бір ақ жал сары бие қадаға оңбай жығылып, іштегі құ­

лынын жылқышылар жарып алған. Жетім құлын содан
бері қолдан сүт ішіп, қолдан жем жеп әбден жетілген
еді. Жұныттай. Құйрығын тігіп, құлдыраңдай шапқан­
да Құдайдың бір қызығы, бір кереметі осы ма дерсің.

Кейде сол кереметін кереметке ұластырып, алтын түкті
аймаңдай құлын бұның алкеудесіне тұмсығын сұ­
ғып, ұмсынатыны бар. Анасындай көреді. Сонда, жас
әйелдің алпыс екі тамыры иіп, әлдебір таңсық күйге ел­

титін. Енді, міне, құлын жейтін қонақ келе жатыр. Ақ
жағалы үлкен ұлық.
Ұлықтар күн шапағы Жоңғардың алқаракөк шыңда­
рына түйреліп, Алтыншаңырақ тауының иығына қона

бергенде жінігіп жетіп келді. Шетінен қызу. Шала мас.
Арасанның шипажайында таң атқанша араққа бөгіп, әб­
ден-ақ сілеленіпті. Сілекейлерін жұтып әрең сөйлейді.
-Тамақ дайын ба?

-Дайын, нәшәндік жолдас.

– Не бар?

– Үйітілген қойдың еті. Қазы-қарта, жал-жая.

– Құлын еті ше?

– Оның мәнісін білмедік, нәшәндік жолдас.

Нәшәндік жолдас барқырап, таңғы тыныштықта та­
мылжыған тау арасын азан-қазан етті. Әлдекімдерді
боқтап жүр, боралап жүр. Орысша боқтайды. Орысша
боқтықты түсінбеген де жақсы екен, бірақ кәпірдің түрі

жаман, екпіні қатты. Орысша боқтықты қайтсін, осы
кезде үйірден суырыла шығып, ақ жал сары құлынның
құлдыраңдай шауып, анасына жақындай бергені...

– Ұста мынаны! Жық, бауызда!

Жас әйел аузы түкті жалмауыз бауырындағы бала­
сын тартып жейтіндей шар ете түскен. Одан арғысына
дәрмені жетпеді. Жанарын ала қашқанда құлынның ай
маңдайы Жоңғардың жондарында шашылған күннің

қан қызыл шапағына шаншылып қалды.
Ұлықтар үйітілген қойдың етінен қомағайлана асап,
былқып піскен құлын етін тауыса төңкеріп, Салқынбелдің
тас бұлағы төгілген аңғарында мырғамға батты. Екі-үш

күн тойлады. Ең бастысы, нәшәндік жолдас риза. Тізесін
қапқан қарынын іркілдетіп, қарқ-қарқ күледі. Нәшәндіктің
құлын етіне таңсықтығы – әйелқұмарлығынан екен. Жа­
нында бір майысқақ, жылмаңтөс қазақ бар. Ұлығын құ­

лын етінің құдіретіне дәніктірген сол екенін білетіндер
кейін айтып та жүрді.
Әлгі неме аулақта, қазан-ошақтың маңынан ұзамаған
жас әйелдің қасына, қонақтар бір тыныс тапқан кезде

ыржалақтап жетіп келді. Ыржиғанда бет терісі құлақ
шекесіне қарай түріліп, ылжыраған ауызға айналып ке­
теді екен.

– Жүр, – деді ол келе сала, – жүр. Сәбет әйелі ошақ­

тан озған заман бұл. Біз сізді бұлай күтуші етіп қойып,
қарап отыра алмаймыз.
Әйелі еріне қараған. Ері «бар» дегендей басын изе­
ген соң, амалсыз шай құйып беруге көнді. Ыңғай еркек,

оның үстіне жартылай жалаңаштанып тастап, қызара
бөрткен «бөріктілердің» маңына әдепті қазақ әйелі аяқ
баспайды. Келіншек «ошақтан озған заманның» сал­

тына амалсыз бағып, ұлықтардың алдына тізе бүкті.
Басында қызыл шәлі. Үстіне кең, молдау етіп пішкені­
мен тоқ мықынын, аршын төсін солқылдай кеп соғатын
батсайы көйлек киген. Бояусыз, опа-далапсыз әйелдің

жүзі әлде ұялып қысылғаннан, әлде намысқа булыққан
ызадан алаулай албырап, «айғыр жалды» топ еркектің
көзін арбай түскен. Шай құйысы қандай сәнді. Бір қы­
рындап қонақтарға кесе ұсынған кезінің өзінде мөлт

қара көздерін кірпігімен жасыра қояды. Ай астында ау­
нап аққан түнгі өзеннің сыбдырындай бойынан елеусіз
діріл байқалады. Нәшәндік орысшалап былдырға бас­
ты. Майысқақ қазақ ынсапсыз ыржиды. Сосын:

– Жолдас, – деді, – сіздің қызметіңізге, дәміңізге мына

үлкен кісі рахметін жаудырып жатыр. Сіз де қысылмай
еркін отырыңыз. Сәбет әйелдері еркін, ашық болуы ке­
рек. Сол үшін алдымен мына басыңыздағы жаулықты
сыпыра салыңызшы. Қытайдағы іріп-шіріген әйелдер

болмаса, біздің қазақ-сәбет әйелдері бұндайды қазір
бұйым көрмейді. Қане, жұлып тастаңыз, құрысын!
Әйел кірерге жерден тесік таппай қысылды. Бірақ
жаулығы басынан сусып түсе берген. Жылмаң қазақ

жаулыққа жармасып үлгеріпті. Бұрымы да арқасына
суси құлады.

– Охо! – деді осы сәтте төрдегі салқар орынды жал­

ғыз өзі иемденген құлын жегіш құрдым, – анау не?
Құлын етіне құмар құлқыны терең ұлыққа бұлғаңдап
отырғанның бәрі ентелей қалысты. Бұл – келіншектің
ағасы сыйға тартқан күміс тарақ еді. Таңертең бұрымын

бос өріп, алас-қапаста асыға жүріп шашының ұшын та­
рағына орай салған. Мыналардың мастықтан кілкіген
жанарларын жарқ еткізген сол күміс тарақ алдымен
нәшәндік жолдастың қолына тиді. Ол тараққа сүзіле қа­

рап, еш қымсынбастан тістеп те көрді. «Күміс». Сосын
осындайдағы әдетіне көшіп ұзақ былдырлады. Арты­
нан майысқақ қазақ сөйледі. Ол да қайдағы пәлені жау­
дырып, біраз бұрқылдады. Ұққаны: мынандай тарақты

ұстау қате екен. Түбірімен саяси қате. Бұның түбін тер­
геп-тексеру қажет. Қайдан шыққанын анықтау ләзім.
Әйтпесе қиын, өте қиын. Жә, нәшәндік жолдас бір жол­
ға кешірім етеді. Нәшәндік жолдас мейірімді, өте кең

адам ғой. Сондықтан ескінің сарқыншағы саналатын тарақтың көзін құртқан абзал. Сорлы келіншек «ағамның сыйы еді» дей алмады, көз жасын бұлап, үнсіз егіліп қала берді. Құлын етіне мел­ дектей тойып, күміс тарақты олжалаған ұлық белінде тасыған қанның қызуымен құтырып, құмасы жырты­ лып-айрылатын қаласына қайтты. Содан кейін... күміс тарағын ойлап күрсінетін әйелге сәбет дүкенінен екіжүзді: бір жағының тісі сирек, ке­ лесі жүзінің тісі тығыз, мүйіз тарақ жолыққан. Тісі ты­ ғыз жүзімен битті, сірке мен қайызғақты сүзуге болады екен. Бұған да рахмет. Көп жылғы серігі. Көптен бері жан қалтасында. *** Мүйіз тарақ кемпірдің жұдырықтай семіп, жұқарып солған жүдеу басының айызын қандыра тырналады. Тісін төбе құйқасына батырып, самайына сырғығанда бір уыс шаш болып бұрқырап шығады. Әйелдің шашы шашылмау керек. Әйелдің шашы жерде шашылып жат­ са, бұ фәни жалғанды ерте тастап кеткен ұрпағы әр та­ лын жинап, қиналып жүретін көрінеді. «Астапыралла, алжыған басым не сандырақтап отырмын? Балам аман, бауырым бүтін. Тойшаным. Томпиып алып ұйқыны со­ ғуын-ай өзінің? Алаңсыз. Алаңсыз ұйықта, аймаңдай құлыным менің. Сен оянғанша анаң ошақтың отын үз­ бейді». Кемпір мүйіз тарағының тісіне байланып, құй­ қасынан сыпырылған бір уыс шашын шөкемдеп алды да, шоғы күлгін тартқан пештің аузын аша берді. *** Мектеп қабырғасындағы кезіміз. Ауылымызда Рым­ кеш есімді кейуана тұратын. Жалғызілікті жан болған­ дықтан үйіне жиі бас сұғып, мектеп оқушылары ұсақтүйек шаруасына қолғабысымызды тигізетінбіз. Ұлдар отынын жарып, суын тасысақ, қыздар кемпірдің кір қо­ ңын жуып, ас-ауқатын әзірлейтін. Шалының жылқы баққанын білемін. Түнде жылқы­ ларын айдың жарығымен айдап, біздің үйдің жанынан дүбірлете өтіп бара жататын. Тойшан есімді ұлы бар

еді. Әскерден босаған бетінде қала жақтың тырна си­
рақ қызын қолтықтай қайтқан. Кейін сонысы бұзылды.
Жеңіл жүрісі қойының құмалағы санаулы біздің ауыл­
да тез білініп, ақырында қарасын батырып тынған. Қа­

тыны жаман атын шығарып кеткен соң, Тойшан ағам­
ды ауылдағы шарап сататын дүкеннің маңайынан жиі
көріп жүрдім. Өзі бір ақ жүрек жан еді. Амал не, ат құ­
лағы көрінбейтін соқыр тұманда бағытынан жаңылып,

тракторымен Ақсудың құлама тік жарынан ұшып өлді.
Шал жалғыз ұлдың күйігіне шыдамады. Екеуінен соң
кемпір байқұс шалықтап қалды. Ертеректе бізді «Той­
шаным еккен теректердің жапырағын жұласыңдар»

деп бажылдай қуатын. Кейін сол теректердің түбінде
отырып Тойшанымен өзінше күбірлесіп сөйлесетінді
шығарды. Тойшанына баяғы тырна сирақ қатынын ай­
тып ұрсады. Іле онысын жуып-шайғансиды. Тойшанын

тыңдаған болады. Содан соң ақ жал сары құлын туралы
айтып егіледі. Жылай-жылай тарамыстана қатып, бүк­
теліп қалған. Кішкентай орындыққа жабысып төртта­
ғандап қана жылжитын. Бірақ ол Тойшанының бұ дү­

ние жалғанды баяғыда тастап кеткеніне сенген жоқ. Біз
отын суын тасып жүргенде: «Тойшанымның жұмыстан
келетін уақыты таяп қалды», «Ой, Тойшанымның тойы
алда», – деп мәз болып отыратын.

...Бір күні естідік, кемпір мүйіздеп бітірген тағды­
рына мәңгілік мойын ұсынып, мүйіз тарақтан суырған
шашын шөкемдей ұстаған күйі ошағының аузында көз
жұмыпты.

Алматы, 2013 жыл.

КҮҢГІРТ КЕП...

(әңгіме-элегия)
Атасын ауылға шығарып салып тұрып көрген екен.
Ақырғы рет. Қарашығы тозған қой көздері жасаурап,
еңкіш тартқан жауырыны құнысып, жүрдек көліктің ішіне

кіріп бара жатқан болатын. Әжесінің ухілеп көп күрсінгені
есінде. Күтіп отыр. Қазір келеді. Алдымен темір табалды­
рығы қажалған есікті екілене жұлқып ашып, шақұр-шұқыр
шайнасқан топса мен жақтаудың жанын шығарып алады да

ауыр бәтеңкесін босағаға тастай салып, төрге озады. Бөл­
менің ішінде бөккен қаракөлеңкеге ілініп аз тұрған соң сұ­
лай кетеді. Содан, үрей шақырған үнсіздікті бауырына ба­
сып жатқан бойы қыбырсыз қалады. Құлазыған тыныштық

қана бала жанын безек қақтыра қуалап, таң бозы бозамық
сәулесін себезгілеп шашқанша, шырқыратады-ай келіп.
Жо-жоқ, олай емес. Атасы қасында. Әжесі әне отыр. Ақнұр
дүниенің жарығы саулаған кең бөлменің іші жып-жинақы;

қаздың балапанын қарақанаттандырып өсірердей жып-жылы.
Атасы құс жастықты шынтақтап теледидардан соңғы жаңа­
лықтарға құлақ түре қалыпты. Әжесі әлденеге мейірленіп
шүкіршілік айтып қояды. Қазір келеді. Байыпты. Байсалды.

Маңғаз. «Нағашыларына тартқан». Әжесі солай дейді. Жүріс-
тұрысының өзінде бек сенім, берік байлам бар. Сонысыменде
біртүрлі бөгде адам. Бойын енді үйрете бергенде көзінің қиы­
ғында салмай ызбарланып қасынан өте шығады. Бітті. Бұның

жан тартып, жақын көрген талабынан түкте қалмайды.
Анасы бәріне мәз, аяғының ұшынан басып қашанда қал­
қып жүргені. Бірақ, ол да бөтен сияқты. Бала ата-әже деген
әлемде ғана өмір сүре алатынын іштей сезеді. Осы екеуінің

көзі тая қалса, тәтті түс көріп оянғандай хал кешетінін,
өкініп, өкситінін жақсы біледі.
Ұйқыдағы қалаға абажадай болып төнген Алатауды бетке
алып жалғыз-жаяу аттаныпты. Кетіп барады, кетіп барады

екен. Алдынан аңқылдап адырлар шықты. Аттап өтті. Белін
бүктеп белдер көтерілді. Басып өтті. Қараса, атасының қыс­
тауына келіп қалыпты. Төбесінің шатыры омырылып орта­
сына батқан көне қора, сылағы түсіп күңсіген тоқал там

уақыттың бір пұшпағынан елбіреп шыға берді . Мамаағаш­

қа иегін артып шыбындаған торшолақ аттың көлеңкесінде тілі салақтап, бүйірін соғып маңғасқа төбет жатыр. «Келдің бе? – деді. – Мен сені осы жерде ұзақ күттім ғой». Таны­ ды. Әкесі екен. Қоңыр жүзі қоңыр таулардың төбесінде шашылған ойынпаз күннің шапағымен шарпысып мейірім төгеді. Қой қораның іргесінен өрген көне сүрлеу жиде тал­ дардың түбіне оралып, түтіле созылып, көк барқыт жазық­ тың балағына барып сіңіпті. Тастан тасқа секіріп ақтарыл­ ған ақбалтыр тау бұлағының шолақ иірімі ақезулініп асыға ағады. Бейне бұның асыр сала шапқылаған аусар кезіндей. Өзі өскен, өзіне ыстық дүние еді бұл! Жүрегі жанып, көңілі шаттанған бала: «Әке, – деді күбірлеп, – мен саған келдім». *** ... – Әкемді жек көруші едім, – деді ол бағанадан әңгі­ месін ұйып тыңдаған досына қамырықты жүзін бұрып, бі­ рақ, оны үлгі тұттым. Жолсыздыққа бас имейтін қайсар адам еді. Біздің әкеміздің тұсындағы заман – сол уақыт­ тың тілімен айтқанда, «екі қойың бес тиын» – арзан за­ ман болған ғой. Сол арзан заманда ол азған жоқ: қорлық пен мазаққа тілсіз көніп, тілсіз егесіп өмірден өтті. Мен әкемді таудың жақпар тасына ұқсаттым. Жақпар тастың өзін жаңбырлар мен ғасырлар қашап отырып мүсіндеген емес пе. Менің әкем де тас мүсін адам еді. Мейірімсіз еді. Маған мейрімсіз еді. Әкемнің мейірмсіздігінен мен алдағы өмірімді қорқынышпен елестетіп, қиялмен болжайтын бала болдым. Қиялымда атам мен әжем өліп қалып жетімдіктің зарын кешетінмін. Ал, әкем үйге үрей әкелетіндей көрі­ нетін. Бірақ ол бір мен үшін таусылмайтын қамқор тірлігін қанжығасынан тастаған емес. Ішінде шер мен сағыныш та кеткен сияқты. Сол сағыныш пен шер маған көшіпті. – Түсінбедім, – деді досы тұнжырап, – түкке түсінбедім. Осындай сөздер талай айтылған шығар. Кімді кім түсінген? Сені қойшы, ақын-жазушылар да біреудің әкесі туралы жаз­ ған бола отырып өз әкесінен, әке болған өзінен айналып өте алмайды. Міне, өткеннің ізін өкшелей қуып өзің де өлшеулі ғана өмірдің жартысын өткеріп тастапсың. Бала-шағаң бар. Бәлкім, сен де оларға жұмбақсың. Бәлкім, сен марқұм әкең ту­ ралы емес, өзің және ұлың жайындағы күңгірт бір кепті ай­ тып отырған боларсың. Қайдан білейін? Мен қайдан білейін... Бала да: «Солайы солай-ау», – деп басын изеді. Алматы, 2013 жыл

ӘЛІМБЕКТІҢ ӘУЛЕТІ

(хикаят)
Жоңғардың бауырындағы барқыт бел бұралаң соқпақ­
тарға жеткенше осы енді: айналаңды аптап қамап ал­
қымдайды да отырады. Апалақтап асығыс самал жүгіріп

өткенде жетім шуда тарқатып барып құлайтын қара
жолдың шаңытқан бетінен жер дүниенің ыстығы шалқи
көтеріліп Жоңғар Алатауының ақсауытты шыңдарымен
шарпысқандай болады. Сол кезде танауыңды ерменнің

өткір демі қуырып Тілеукенің қылт етпесіне қарап жұ­
тынасың: шіркін, бір саптаяқ қымызды төбеңе бір-ақ
көтеріп сарық басар ма еді. Тілеуке, Тілеуке, Тілеуке.
«Тілеуіңді бергір, Тілеуке, қашан жеткізесің?» Қақпан­

дай қаппа тастары ат беліндегі адамның бүйірін соғатын
жылан жон Тілеукенің тігінен талай қой жамыратып,
жылқы айдап түскенбіз. Сонда Тілеуке деген бізге жай­
лау мен қыстаудың жолында жатқан белдеудей сезілетін.

Кейін жорналшылық қызметке іліккен соң «бұл асу
неге Тілеуке аталды» деп түртінуді шығардым. Сипы­
рына дейін сыпырып-сиырып өзі жазып беретін бел­
сенді басшы-қосшылар тұрғанда аудандық газеттің

тілшісіне жұмыс қала ма, осылай қоныс пен өрістің, жер
мен судың атын тергеп әуіреге түсуді әдет қылып ала­
ды екенсің. Біздің жақта «Қыземшек» деген де тау бар
мысалы. Аумайды. Бірақ, сонда да сұрайсың. «Ұқсайды,

– дейді, – артық-ауысқа сөз шығындағысы келмейтін

ауыл адамы. – Ұқсайды». Бітті әңгіме. «Ал, сонда Ті­
леуке неге ұқсайды?»
«Тілеуке Тілеукеге ұқсайды, – деді Тоқан қарт бірде
жолаушылап келе жатқанымызда. – Етегіндегі қоңыр

төбелердің төбесінен төнбей бойын жасырып, жел­
кесіндегі айбарлы таулардан жасымай тікке өрлеген
Тілеуке туған жұртымыздың әр тал, әр бұтасына тілеу­
лестігін аңғартып тұрғандай емес пе? Қарашы».

«Е-е, тыңдай білсең туған жұртың туралы мынандай
әңгіме де бар...»

*** Әлде жоқ қараған, әлде жер шолған бір жолаушы түксиген түлей түзді күн-түн кешіп келе жатты. Сона­ дайдан сопаң етіп көрініп, сопақ көлеңкесімен бірге ұзарып, содан соң бірте-бірте алыстап сағымға сіңіп кете баратын сар даланың бір жұмбақ жаны еді бұл да. Ол туралы жалбыз жамырап, жусан жусаған мынау маң төбелер де, анау адырайған шыңдар да ештеңе айт­ пайды. Жолаушының өзі де жетер жерінің ұшпағында қарайған бір ноқатқа айналып, тау мен тастан мәңгілік тыныс табардай сырт дүниеге сәт салар емес. Әй, сар даланың адамдары-ай, сендерді, сірә, кім ұқ­ қан?.. Жолаушы алдындағы тебінгі бетті тепсеңге көтері­ ле бергенде оң жақ бүйірден дабырласып шыға келген салт аттыларға ұшырасты. Ақсақалдары алқымдарына төгілген қария кісілер екен. Жолаушы әдеппен іркіліп, оң қолын жүрек тұсына қойды да: «Жол болсын, жақ­ сылар»,-деді. «Әлей болсын». Әлей болсынан кейінгі әңгіме түз жүргіншілерінде жөн сұрасуымен жалға­ сады. Жалғыз жолаушы жөнін айтты. Бүркүттінің бөк­ теріндегі Баянжүректен шығыпты. Өткен қыстың ақсұр бұлты Жөңкенің жотасында жеті күн желпілдеп тұрып­ та да ақырында Жоңғарға қарай ауып алып адырлар­ дың аузында бүктеле беріпті. Бүктеле-бүктеле буыны қатып, бурадай шабынып, жын атып Балқашқа дейінгі бұлың-пұшпақтың бәрін жауыпты. Содан кейін әуе­ ден жапалақтай жыртылып түсе беріпті, түсе беріпті. Ой мен қырды арқар ойнаған ақ иық шыңдарға дейін көтеріп, артынан жым-жылас жоғалғанда Бүркүттінің бөктерінен сызылып шығар сынық түтін қалмапты. Тек қостағы жылқымен бірге ығып кете барған жолау­ шы ғана Құданың құдыретімен жарқыраған жазға жа­ нын жалдап жеткен көрінеді. Ендігі беталысы Алакөл екен. Алакөлде түп нағашысының жұрты бар. «Е-е, жа­ рығым-ай, елінен айрылған ердің беліндегі бір тамшы қанда елу ошақтың жалыны шалқиды, – деп қалды осы кезде қариялардың бірі, – мына бір тұрған молаға ат ба­ сын бұрып, бүгін осында түнейік».

Жалғыз жортқан жолаушы қарияларға есімінің Әлім­
бек, сүйегі Емелелі Тінібек екендігін білдірген. Әлімбек
лып етіп атынан түсіп, қарияларды қолтықтап әкеліп,
қу моланың қасындағы шалғынға көміп тастады. Шал­

ғынға көмілген шалдар аяқ-қолдарын жазғанша, бұл
буы бұрқыраған күліктерді қаңтарыпта үлгерді. Қор­
жынындағы азығын ортаға жайып салып үлкендерді
дәмге шақырған. Бірақ қариялар бірінен кейін бірі алқа­

лап бата бергені болмаса, құлын терісінен иленген жар­
ты құлаш жарғаққа қол созбай отырып алды. Әлімбек
сонда ғана ғайыптан қосылған қариялардың жүзіне зер
сала қараған-ды. Жеті шал. Бір ананың құрсағына бітіп,

бір атаның бауырынан өргендей бітімдерімен бір-бірін
қапысыз қайталай қалыпты. Қыран қабақ, жал мұрын,
айғыр иек жетеуіне де айна қатесіз дарыған. Жетеуі де
суық жанарының сұғын Әлімбектің жарқылдаған жүзі­

не жылытқандай мейіріммен қарайды. Әйткенмен де...
Әлімбектің жон терісі тітіреніп кетті: жеті шал бар мен
жоқтың арасындағы әлдебір құпия кепті аңғартқандай
мүлгіп, боз селеулі даланың көгіне әне-міне көтеріліп

кететіндей шалғын үстіне мықын малмай қалқып қана
отыр. Әлімбек қарияларды тағы да дәмге қолқалады.
Сонда ғана шалдардың бірі ортада үйілген елік етінен
ерін қимылдатар жалғыз түйірді іліп алды да аузына

апара бере иегінің астына тастай салды. Өзгелері де
соны істеп қаужаңдаған бола қалыпты. Әлімбек білді.
Білді, бірақ, білгенін білдірмеді.
Таң қылаң бере оянып жан-жағына қараса, жалғыз

жатыр екен. Қариялар сол қалықтап отырған қалыпта­
рында ғайыпқа сіңіп кетсе керек. Атына мініп бір бел
асқанда күміс баулы ноқта көрді. Иіліп алды да ерқа­
сына байлады. Арықарай жүріп кетті. Алдынан кешегі

кісілер дабырласып шыға келді. «Ағарып көптің алды­
на түспесең де қарайып жұртта қалмайсың. Аузыңның
дуасы жетпіс жеті ұрпағыңа жетеді. Ғұмырыңда көрер
азабың да, ғажабың да аз емес» деді қариялар жамырай

үн қатып. Бұл – Тәңірі жаратқан пенденің таңдаулысы­
на ғана жолығатын Қызыр әулие мен Ғайып ерен пірлер
еді...

Күміс баулы ноқтадан күлдір-күлдір кісінеп жалын
төгіп жылқы өрді. Әлімбек нағашы жұртынан бас құ­
рап, баяғы баба қонысына қайтып оралды. Қара ор­
мандай жайылған Қаракерейдей елден келген қыздың

құрсағы құрғамай айналдырған алты-жеті жылда Әлім­
бекті алты-жеті ұлдың атасы етті. Айналасына ағайын
үйірілді.
Адамша қуанып, адамша жұбанатын сайын даланың

самбырлап сөйлеп кететін кездері де болады. Сол кез­
де байтақ елдің байыбын тапқан баябан тірлігін Ақсу
өзені жағасына ақ маржан төгіп жырлап жатыпты. Тә­
каппар Жоңғар да аққырау басы буланып елжірей қа­

лыпты дейді, әлқисса.
...Тегінде тау мен тастың талассыз таң атырып,
күңкілдеспей күн батыратын жұртына бүйірден тиіп,
бүйідей шағатынның бірі жасанған жау да, бірі дауа­

сыз дерт-тұғын. Қайтседе бірақ, жаудың жазасы – жа­
лаң қылыш, ал, дерттің жазасы – сары жұртқа шала
тастап көшу. Соның солай екендігін дәлелдеп сол за­
манда Әлімбектің елін жау емес, шиттей сәбилерге

шешек егіп, шеңгелін жазған дерт алды. Шала шарпып
ыстанған, түтін түтеп тұншыққан дала ақырет кебінін
жамылғандай бар жамалынан айрылды. Мәңгілік көк
аспанның аясынан дем тартып шалқалай тыныстаған

қарт Жоңғар күйік жұтты.
Үдере ауған көштің шоғыры үнссіз шөккен белдер­
ден асып, бетеге беті сарғайған күні Әлімбек те ең кіші
ұлының уыз жүзіне араны суық қабір басынан ақырғы

рет көз салып тұрған еді. Дауасыз дерт естанды етіп,
қайғы қапқан қос бейбақ – Әлімбек пен кемпірі бұл
кезде қасіреттің ғана тілінде сөйлейтін. Жеті бірдей сә­
бидің тұлымын желпілдеткен күйі әкеткен шешек ерлі-

зайыпты мұңлықтың екеуара күбір-сыбырын да шолақ
қайырытып, шошындырып қойған-ды.

– Мынау да албырап, күйіп-жанып барады.

– Ұзаққа жетпейді. Таң ата үзілер. Қамданайық.

Бұдан кейін кейуана мен кепкен шал бір-бірінің бұ
жалғанда бар-жоғын ұмытып кезек сұңқылдастын болып
алған.

– Шешек, өсіп зертең бол.

– Ажал, келсең аймағыңмен, бота-тайлағыңмен кел.

– Алапес қылып адырға таста.

– Қу басымды қу даланың қурайына қадап қой.

– Сүйегімді қаңғыған ит, өлексе тінтіген өлекшін

мүжісін.

– Әй, Әзірейіл, қайдасың? Апшымды қуыр да ал жа­

нымды!

– Шыққыр, жаным, неге ғана шығып кетпейсің?

– А, саңырау, Құдай, а, көрсоқыр, Құдай, жасының­

ды түсіріп жай таптырар күнің бола ма екен мені?
Осылай жарыса сұңқылдасып, зар құса жүріп Әлім­
бек қотанындағы азын-аулақ малын өріске айдап кетеді.
Сорлы кемпір кирелеңдей басып әрнеге жамау салып,

жыртық астаудың түбін қырғыштайды. Жетім кәрі­
лердің жанын күбірткедей кеміріп, күнделеп тастаған
күндердің өзегінде өзгермеген бір ғана көрініс осы:
шал мал соңынан өріп, кемпір таусылып бітпес қайғы­

сын қайта шақырғандай көзіне түскен дүниеге жамау
жапсыра береді.
Ай аунап, жылдар жылжыды. Сарыжұртта қайғы жұ­
тып қалған қаралы жандардың тілегіне Құдай, бірақ,

құлақ аспай қойды. «Күн орнында, ай мен жұлдыз ор­
нында. Тау мен тас та ықылым замандағы мекенінен
тапжылған жоқ. Ау, сонда Құдай қайда?» – дейтін шал
күңіреніп. Күңіреніп кеп күпісін жамылып жамбас суы­

татын ол Шолпан туа түс көрді. Түсінде баяғы айғыр
иек, жал мұрынды қариялардың бірі: «Балам, бүгін қо­
йыңды Баласазға дейін жайып қайт», – деді де ғайыпқа
сіңді.

«Жайсам жайып қайтайын».
Шал ертеңгісін ерте бөктермесін қомпитып ат беліне
қонды да, малының тұяғын Баласазға баратын аңғарға
іліктірді. Аңғар танауды жаратын таңқурайдың иісіне

тұнып, аңқып тұр екен. Тау мен тас қайта түлепті. Ба­
бына енген балқаймақ дүние балбырап жатыр. Зау биік­
тен құйылған Күн нұрына жонын төсеп жылынған зау­
за қоңызға дейін мәз-мәйрам тіршіліктің күйіне елітіп,

өзінше гүж-гүж етеді. Бидайық мол біткен алқоңыр
алаңқай үлп еткен самалды уыстап шашып асыр сала
алқынады.

Алды тояттап, арты ілби ілескен отарды қайырмалап,
кебеже қарын күдіс жалды торының белінен түскен шал
құлақшынын түрген. Сол мезетте айнала гулеп қоя бер­
гендей болды. Әуесі бар болғыр суылдай ма, қайтеді-

ау? Бұлағы бар болғыр былдырлай ма, тәйір-ау? Әнебір
жотаның ар жағынан әупілдеген не екен? Шалдың тарс
бітелген құлағы саңлауынан сыртқа дымқыл тепті. Сын­
ған шөптей сыртылдап ашылып, әнтек шаншып аққан

дымқыл шалдың сырғалығына құлағанда, бір тәтті үн
естілді. Сәби! О, тоба, сәби үні! Іңгәлайды! Шал шалқа­
лап кеткен. Шалқалап барып жел көтерген балдырған­
ның жапырағындай орынан жалбырай көтерілгенін бі­

леді. Аяғы аяғына тимей жүгіре жөнелгенін біледі. Ірің
кеулеп ішінен жарылған ісіктің көзіндей белгісі ғана
қалған қуыстан ытқып-ытқып жас саулағанын біледі.
Есін жиса, киізбен құндақталған шақалақтың бетіне

үңіліп сәңірейіп отыр екен. Жерошақты көрді. Қазан­
ды көрді. Баланы киізге орап, жерошаққа тығып үстін
қазанмен жауып кетіпті. Шал соны білді, басқаға басын
қатырған жоқ. Тәңірім берді, Қызыр әулие қолдады деді

де сәбиді құндақтаулы күйінде әкеліп кемпірінің бауы­
рына салды. Сонда кемпірі айтты: үш күн, үш түн ма­
ңыма жолама, қараңды көрсетпей аулақ жүр деді.
Шал үш күн үш түн алыстан тың тыңдап қана жат­

ты. Бірінші күні баланың жағы талмай жылады. Екінші
күні емшек сұрағандай ауық-ауық іңгәлады. Үшінші
күні ықылық атып, ішегін тартып күлді. Үшінші күні
кемпірдің тас емшегі жібіп, омырауы бұла кезіндегідей

бұлқына теуіп сәбиді емшек сүтіне әбден қандырған
еді.
Шал мен кемпір сәбиді тымаққа салып керегенің
көзіне іліп қойды да Тымақбай атады. Тымақбай жарты

жасқа жеткенде кемпір жамау жыртық көйлегін сыпы­
рып, жадау күйінен арылып баяғы Үммүгүлсім қалпы­
на оралды да тоғыз ай он күн дегенде ұл туды. Есіміз
кіргенде сүйген ұлымыз ғой деп Әлімбек пен Үммү­

гүлсім балаға Есім деген ат берді. Есімнен кейінгі ұлды
«Құдай тілегімізді әбден-ақ қабыл етті ғой» десті де
Тілеуке атады. Төртінші ұл ағаларының қойын бақсын
деген ырыммен Қойбағар есімін иеленді.

– Сөйтіп Әлімбек бабамыз барша мұратына жеткен

екен ғой? – деп әңгіменің аяғына қанбай қалағанымды
аңғартып Тоқан қартқа самарқау тіл қаттым.

– Ұмытып барады екенмін, – деді Тоқан. – Барша мұ­

ратына жетіп байырқалаған Әлімбек әбден қартайған
шағында балаларын сынға алады. Байқса, Тымақбайы
тым пысық, Есімі ептеп өзімшіл, Тілеукесі тұңғиық,
Қойбағары ағаларының ығынан шықпайтын ырық бақ­

қан жас болып өсіпті. «Әй, осылар түбі бір бүлініп жүр­
месін» дейді де шал балаларын жинап алып басынан
кешкенінін қаз-қалпында баян етеді. Сөзінің соңында,
бірақ: «Тымақбайды ортаңнан бөлектеме. Тымақбай­

ды ортаңнан бөлектесең, екі дүниеде жүздеріңді көр­
меймін», – деп жағынан жаңылады. Бұл сөзді естіп:
«Ә-ә, мен атадан тумаған екенмін. Тумағанымды мына
шал өлерінің алдында бетіме басты», – деп Тымақбай

мүкәмал-мүлкін теңдей қашады. Сонда Тымақбайдың
байлығы мен зеректігін сыртынан күндейтін Есім үнсіз
қалып, Қойбағар Есімнің ығына жығылады. Тек Тілеу­
ке ғана «көкелеп» Тымақбай көшінің соңынан ереді.

Тымақбай көшіне күн-түн ілесіп жүріп, ағасын тәтті
тілімен баурап бетін бері бұрады. Тымақбай көшінің
сауға бергенін естіп Әлімбек қарт осы Тілеукенің басы­
на балаларын жиыпты дейді кәріқұлақ.

– Ай, ұрпағым, – депті сонда Әлімбек күркіреп. –

Мен сендерді Жаратушы хақтан зарлай жүріп сұрап ал­
ған едім. Алдымен Қызыр әулие мен ерен ғайып пірлер­
ге жолықтым. Зәузатым, Қызыр жортқан даладан енді
сендерге қоныс сайлайын. Әулие маған «аузыңның

дуасы жетпіс жеті ұрпағыңа жетеді» деп еді. Сендердің
есімдерің тау мен тастың бейнесінде біз білмейтін за­
маналарға ес болып тұрсын.

– Тымақбай балам, анау Баянжүректен бергі шоқы­

лар мен Бүркүттінің қабағына дейінгі иен жазықты сен
жайла. Ұрпағың көп болады. Өз жұртынан сая таппаған
ел де сені арқа тұтады, – дейді.
«Расында, тымақбайлар көп және қай-қай заманда­

ғы үркіншіліктің халқы осы иен жазықтан пана тауып,
өсіп-өнуде», – деп бір қайырды Тоқан қарт әңгімесін.

– Есім, сен Қаракүнгейдің терістік бетін мекенде.

Бауырларыңды ылғи сағынып жүр.
«Әлімбектің дуалы ауыздығының бір белгісі сол

– есімдер тым бауырмашыл. Елжіреп тұрады. Бақ қо­

нып, байлық дарыған әулет», – деп жолсергім және бір
түсінік беріп өтті.

– Қойбағарым, малсағым, сенің қыс-қыстауың мына

Қарасайдың аузы мен Аршалының шатқалы болсын.
Төрт түлігіңді ағаларыңа түгендетіп тұруды ұмытпа.
«Айтқандай-ақ, қойбағарлар малды-жанды тұқым.
Шетінен мырза. Әлікүнге ағаларының алдына түспейді.

Ойнап сұрағанын ойдай етіп береді», – деп шалқыды
әңгімешім.

– Тілеуке ше, Тілеукеге түк бұйырмағаны ма? – деп

қалдым мен.

– Неге бұйырмасын? – деді Тоқаң, – мына асудың Ті­

леуке аталғанын әңгіменің басында-ақ айтқан жоқпын
ба? Өзге балаларынан Тілеукенің өзгешелігін тап ба­
сып таныған әулие әке:

– Тілеукешім, осынау мекеннің тауы мен тасын, аңы

мен құсын, адамы мен мал-жанын саған тапсырдым, –
депті.
«Тілеуке тұқымы аса көп емес. Бірақ шетінен өр,
шетінен тілді, шешен. Еңкейгенге – еңкеюдің, шалқай­

ғанға – шалқаюдың үлгісін тілеукелер көрсетумен ке­
леді. Маңдайы жарылған батыр да, таңдайы жарылған
ақын да осы Тілеуке тұқыманан. Біздің Үш Матайдың
мінезін тілеукелерден таниды былайғы жұрт», – деген

Тоқан ақсақал әңгімесін тиянақтай берді.
Түс әлеті. Біз де Тілеукенің жалына ілінген екенбіз.
Алдымызда Жоңғар Алатауы асқақтап, ақнұр дүние
жарқырап тұр. Мен соңыма қайырылдым: Тілеукенің

белінен Әлімбек бөлген өріс көкжиекпен қымтанып,
айнала үйіріліп тұтас көрінеді. Боз селеулі даланы бе­
луарынан кешіп бара жатқан жалғыз қараны көзім ша­
лып қалды.

P.S.

«Әнсекең қария «Жезқазған» дейтін қалада
«жер қазғанның» оқуын әне-міне тәмамдауға

таяған жалғыз ұлынан айрылыпты. Кемпірі
байқұс ақпанның ақсөңке боп қатқан қарына
бауырын төсеп, ыңырсып жатыр екен» деген
суық сөз сумаң-сумаң етіп аяз қарыған ауылды

аралап кетті. Ақсақал біздің үйдің іргесіндегі
қозы көк жайылымға ат арқандап жүретін.
Тіп-тік, қапсағай бойын жапқан қара шек­
пеніне қасірет шөккендей қорқынышты адам

еді жарықтық. Алагеуімде күңгірт тартқан
аспалы шамның жарығымен асты енді алды­
мызға ала бергенде «Құсайын байдың, бәйбі­
шесі, бармысың?» – деп кіріп кілетін. Дәмнен

ауыз тиген соң, әрқайсысы сабаудай саусақ­
тарын салалай созып бата беретін де іргеге
қолын созып: «Әпкел бері» деуші еді. Құсайын
байдың бәйбішесі – менің әжем, қарттың қо­

лына балкөмей қоңыр домбыраны ұсана түсіп,
маған: «Нағашың күй шертеді, оқудан айран
ботқаға айналған миңды тазалап ал. Құдая
тоба, осы күнгінің оқуы оқу ма?», – дейтін.

Әнсекең қарттың ұлы – Көшербайды жал­
қы рет көргенім бар. Тілеукенің тігінен мал
айдап түсіп, ауылдың шетіне іліне бергеніміз­
де, Көшербай нағашым қолын көлегейлей күн­

салып бізге қарап тұрды. Иығына төгілген
қап-қара шашы, бүркіт қабағы, тұнжыр
көзі, сия көк көйлегі, біз тұмсық туфлиі... бәрі
есімде... және сол қалпы жадымда сақталып

қалыпты. Енді жоқ. Жоқ енді ол.
Ұлының қазасын естіген күні қамшысының
қанқызыл түсті сабын азу тісіне салып шай­
нап отырады да Әнсекем: «Жезқазған» деген

Арқа ма? Арқаға Матайдың ауғаны рас па?»,

– деп айналасындағыларға адырая қарайды.

«Онысын білмеппіз», – депті сонда жұрт.
Ендігісін қысқадан қайырайын. Менің есті­
ген әңгімем былай:
Әнісбек ақсақал Жезқазған барады. Мәйіт­

ханадан ұлының сүйегін тауып өбектеп енді
шыққалы тұрған кезінде ақсақалға бір топ

кісі келіп сәлем береді, қайғыға ортақтас­
тығын айтады. «Көшкентай, – дейді әлгі
бейтаныс жандар, – ініміз еді». «Сендерге ол
қайдан іні болып жүр?» «Ой, ақсақал, сонау

бір замандарда аталарымыз ауып осы Арқа­
ны қоныс сайлапты. Біздің түп қазығымыз

– Жетісуда. Осында біреуден біреу елбесіп-

селбесіп жүріп Көшербаймен ұшырастық.
Жігіттің ақтаңкері еді, амал нешік? Айры­
лып қалдық. Бәрі бір Алланың қолындағы ша­
руа». «Садағаларың кетейін-ай, сендерге мен

не дейін? Ғұмырымның бесіні ауған сәтінде
бесігін тербеттірген құлыным еді, сірі жа­
нымды сүйреткен шағымда сүлдеріме таңған
тағдырым – бұны да көрдім, жарқындарым,

енді көмектеріңді аямаңдар, ұлымды туған
топырағына апарып бөлейін». «Қария, – де­
седі сонда әлгі адамдар, – құлыныңыздың құ­
лынын жетелей қайтыңыз Жетісуға!».

... Ақманар сұлудың өзі еді. Әйбат еді ғой ол
сондай. Ну қара бұрымының ұшын алқымыма
тығып қытықтап-қытықтап алып жайқала
қашатын да: «Қызғаншақсың, – дейтін, – қы­

тықшыл адам – қызғаншақ. Тура Көшербай
сияқтысың. Ол да сен сияқты қытықшыл». Бұл
кезде Әнісбек нағашым Жетісуға жетелеп кел­
ген Өсербай аяғын апыл-тапыл басып қалған-ды.

«Таяу күндерде елге бірге барамыз» деп
серттескен екі жас ертерек жұптасып қой­
са керек. Сертінен таймаған Жамал жеңе­
шем Көшербайдың тұяғын Әнісбек қартқа

тапсырды да өзі сол шаңырақтың қызындай
болып ұзатылып, Баянжүректің бауырын­
дағы Баласаз деген ауылдың Әлімбек есімді
жігітімен бас құрады.

Алматы, 2013 жыл.

МЫСЫҚ ПЕН МАРУСЯ

(әңгіме)
«Жоқ болды жоқтауың асқыр. Мүләйімсіп, тәлімсіп
қасымнан шықпаушы еді, қайда ғана құрыды екен, а?
О, Құдай Ана, құрсағыма біткеннің мойнын теріс бұр­

ғызып қойып едің, енді мынауың не? Не қылғаның
тағы да? Апыр-ай, осынша қатыгез, осынша мейірімсіз,
осынша аяр деп кім ойлаған оны? Оңбаған, нағыз най­
саптың өзі екен барып тұрған!»

Маруся Агафьевна қабырғаға ілінген Полковниктің
суретіне қарап отырып бұлқан-талқан болған. Полков­
ник, бірақ, міз бақпады. Жақсақалы ұртына құлаған
тұстан будырай көтеріліп, мұртының қылышы сынбай,

қашанғы әдетінше сәнденіп, ымырт үйірілген кештің
қоңыр бояулары тараған бөлме ішінен бұған тесірейе
қарайды. Байқұс Маруся дерт меңдеп, ажал алқымынан
қыса бастаған күндерде де осы бір тесірейген суық жа­

нардан жанын ала қашып, қайда тығарын білмеген еді.
Сол мезетте суреттегі Полковниктің кеудесін жапқан
сөлкебайлардан жап-жасыл ағындар төгіле түсіп, әл
үстіндегі бұны жағалай қамап алғанын да сезіп жатты.

*** Маруся Агафьевна үйінен қолшатыр ұстап шығатын. Содан кейін күн қаппаған аппақ, әжімсіз омырауын паңдана көтеріп, жырық етек юбкасын жыртып жібе­ рердей сыртқа тепкен қос бөксесін кезек толқытып, шымқай қара «Волганың» ішіне сүңгіп кетуші еді. Ау­ ладағы сандал сүйреткен әйелдер сол кезде әдеттегідей сүйреңдесіп қалатын. – Осы қатын-ақ ашық аспанның астында қолшатыр жамылып жүргенін қоймады ғой. – Байың былқылдатып ауланың қақ ортасында маши­ насын көлденең тосып, басыңнан құс ұшырмай тұрса, сен де сөйтер едің.

– Бұл қатын біз сияқты қара жұмыс істеп қақталып

көрмеген жан ғой, күйеуі әскери адам. Полковник. Өзі
статупарвлениенің шынылы кеңсесінде керіліп отыр.
Бұл кердеңдемегенде енді кім кердеңдесін?

– Кердеңдесе, кердеңдесін. Сонда да пенде баласына

көз салып амандасуды білмейді. Амандаспай-ақ қой­
сын, тіпті сәлеміңді алмайды. Сонысы батады жаныма.

– Перестань, Клавдия, угодничать, довольно! – Қой­

шы, Клавдия, жалпаңдауыңды қойшы, осы!

– Жалпаңдағаным емес, ізет қой менікі. Бір аулада,

көрші тұрамыз. Пәтеріміздің қабырғасы жапсарлас. Қа­
қымыз тең қатындармыз. Әуелдесең кереуетіміздің сы­
қыры естіліп жатады. Соның бірін ескермейді кейкиіп.
Мегежін!

Қатындардың сөзшеңі де, тілдісі де, алқынған ашу­
шаңы да, сосын жылдам қайтып, жылай салатыны да
Клавдия болатын. Өзі жақтырмайтын мекерлеу әйелді
«мегежін» деп салған да сол.

Бірінен бірі аумайтын сұрқап үйлердің ауласынан
күндер көшіп, жылдар жылжи берді. Маруся Агафьев­
на қолшатырының астынан со күйі көрінбей, қатындар
оны күндеуден жалықпай, жамырай сөйлеп, жақта­

рын жаман сөздермен ауыртып жүре түсер ме еді, кім
білсін... Иә, кім білсін, Полковник қазаға ұшырады да,
олар аз уақыттың ішінде Марусяның мұңдастары бо­
лып шыға келді. Бұл кезде ілкідегі қымбат көйлек-көн­

шегі олпы-солпы тартқан Маруся да шүйкедей кемпір
бейнесіне еніп үлгерген-ді. Әйтсе де, әредік барын
киіп, барына малынып аулада отыратын. Қатындар енді
соны сөз ете бастады. Ақырында Маруся байқұс көнді.

Көнтерлі тағдырына да мойынұсынды. Мойынұсынбай
қайтеді: жасы ұлғайды. Шалы шалқайып о дүниеге ат­
танды. Қазақстанды, Алматыны қойып Мәскеуде, Ле­
нинградта оқытқан ұлы мен қызы қазалы рәсім үстінде

әкелерінен қалған дәулетке таласып, жүз шайысты да
қараларын батырды.

– Әкем ақымақ жан еді. Ақымақтығынан танбай өл­

ген екен ғой, – деді ұлы. – Анау тау бөктеріндегі кот­
теджді біреуіміздің атымызға жазып кетпеді ме екен,
сонда дау да, дамай да болмас еді.

– Ал, папамның жұмыстан қолы босамады делік. Уа­

қытпен жүріп-тұрды. Сен қайда қарадың, мама? – деді
қызы долданып. – Банктегі миллиондарды кім қол қо­
йып алады? Екеуміздің бірімізді соған мұрагер еткен­
деріңде бұлайша ырылдаспас едік.

Қыз бен ұлды қайырсыз қылып өсіріпті. Қазір бірі
Канадада, бірі Австралияда. Бұның бұ жалғанда бар-
жоғын білу үшін ғана әредік қоңырау шалатындары
бар. Сонда құса мен қападан көкірегі қарс айырыла

жаздайтын Маруся: «Қап, – дейтін, – қап, әттеген-ай!..»
Бір күні қалтылдап аулаға шыққан ол Клавдия
кемпірді көрді. Жылады. Мұңын шақты. Жанашыры
жоқ жалғыздығын айтып шағынды.

– Жылама, – деп жұбатты оны Клавдия. – Жылама.

Жылағаннан не пайда? Бәріміз өлеміз. Бәріміз де сүл­
дерін сүйреткен тірі аруақтармыз. Мен де жалғызбын.
Жалғыздық – біздей мұңлықтар үшін жапа емес. Бай
өлген, бала... болып па еді сол менде? Білмеймін.

Маруся егіліп кетті.

– Сен ғой, Клавдия, қайғы-зар кешу үшін жаралған

жан сияқтысың. Сондықтан бәрін көтересің. Сорлаған­
да мына мен сорладым ғой. Өмірде қиындық бар, өлім
бар, жоқшылық бар, ауру, дерт бар деп еш ойламаппын.

– Енді қайтесің, сорлы-ау, – деді Клавдия да кемсең­

деп. – «Көресіні көрмей көрге түспейсің» деген – осы.
Кемсеңдескен кемпірлер сол күннің ертеңінде керісіп,
оның ертеңінде өткен-кеткендерінен сыр бөлісіп, та­
мырласып алды. Клавдия Марусяны ауладағы кемпір­

лермен тегіс таныстырып шыққан. «Бұрын, сайтан ал­
ғыр, қалай байқамағанмын, бәрі де жандары жайсаң
қатындар екен ғой» дейтін Маруся құрбылары туралы
мысығына қарап әңгіме айтқанда.

Мысық – Клавдияның сыйы. «Жалғызбын», «жал­
ғызбын» деп көз жасыңды көлдеткенше, мә, мынаны
бауырыңа бас, жалықтырмайды» деген еді ол жонынан
жолақ құлаған бала мысықты бұның қолына ұстатып.

Содан бері мысық пен Маруся бірге. Бірге ішіп-жейді.
Төсекке бірге құлайды. Кемпір шоқпытын жамылып
қисая қалса, мысық бырылдап келіп бүйірін, суық со­
рып тұратын аяғын жылытып, маужырап жатады. Өзі

бет-аузын сулап жуынғандай ырым жасаған соң кемпір
мысығын шомылдырады. Басында тарғыл неме жылы
судан қашып, кемпірдің терісі үлдіреген тарамыс сау­
сақтарын, кең көйлегінің астарында көшіп жүрген

омырауын тырнап, айғыздап тастаған. Кемпір қатты
ашуланды. «Жуынуды, тазалықты білмейсің, – деп
ұрысты. – Тамаққа қарының тойса бітті, ұйқыны соға­
сың. Кәрі шешеңді алдандырып, асыр салып ойнауды

да білмейсің».
Мысық, бірақ, жылы суға шомылудың, шомылған
соң жұмсақ сүлгіге оранып мүлгудің рахатын әбден
ұғып алды. Сабалақ жүндері сорғып, құрғаған соң

кемпірдің алдына көлденеңінен сұлай кетіп, денесіне
тиген тарақ тісінің діттеген жерін қасып, бойынан күйі
тарқайтын сәттің тәттілігін жиі тілейтін хәлге де жетті.
Жалғызілікті кемпірдің күбірі мен күңкілі де оған қатты

ұнайтын.
«Әкең, – деуші еді кемпір, – оның жаны көктен жай
тапсын, мені еркелетіп бақты ғой. Қандай еркелігіме
де шыдайтын. Бірде, әй, жындымын-ау, жындымын,

қақаған қыста бетін мұз құрсаған көлдің суына оттай
жанған тәнімді малып, құмардан шыққым келді. Әкең
басын шайқап отырды да, «Жүр» деді. Сөйтті де, казар­
мадан төрт-бес солдатты бұйырып шығарып, сүймен­

мен мұзды ойғызды! Қаршылдатып олар мұзды ойып
жатыр. Мына жақта мен тұрмын қысыр қыңсылап. «Бо­
лыңдар!», «Болыңдар!» дейді әкең. Солдаттар жантала­
са кірісуде. Кенет түймедей ойық қарс-қарс айырылды

да, әлгі немелердің бірі суға күмп етті. Өзгелері оған
жанұшыра ұмтылған, құтқару қолдарынан келмеді.
Солдат суға кетті. Сонда сілейіп көп тұрып қалсам ке­
рек, ертеңінде ұшып түстім. Ыстығым көтеріліп жаман

ауырдым. Дәрі ішіп, укол салдырып, система қойдырып
әрең айықтым. Әкең бар ма, әкең мені еркелетіп бағу­
шы еді».
«Аға-әпкең мектеп бітірісімен Москва мен Ленинг­

радта оқыды. Әкеңнің таныстары көп еді. Мына жақтан
қоңырау соқты да, балаларды оқуға түсірді. Әкеңнің сол
еңбегін екеуі де ескермеді, қайтейін. Бірі ел көзінен та­
сада ұстап отырған, қамалы биік коттеджімізді қыруар

ақшаға сатып, бірі банктегі миллиондарды жымқырып
тайып тұрды. Мен еркелікпен ескермеппін, әкеңнің
тыққан дүниесінде қисап жоқ екен. Марқұм, жаны көк­
тен жай тапсын, ұра қазып, қару-жараққа дейін сықап­

ты. Соның бәрін тұз-түгелімен екі жетпегір үптеп кетті
ғой, үптеп кетті».
Мысық Марусяға жалғыздығын ұмыттырды. Әредік
азық-түлікке аяқ шаршатып қайтатыны болмаса,

кемпірдің қазір сыртқа есік ашқысы жоқ. Көршілері
де мазаламайды. Рахат. Анда-санда әлгі екеуінің келіп,
бөлмелерді жиыстырып, перделерді ысырып, еденді
жалап-жұқтап, кір-қоңын жуып кететіні бар. Сол оңба­

ғандар ғой мысығын жаман үйреткен. Әйтпесе, сүтке
езген нан мен жұмсақ шұжықтан өзгені тамақ деп біл­
мейтін мысығы бұлайша бұзыла қоймас еді.
Бірде екеуі арсалаңдап кіріп келді. Еркегі мәз. «Бабу­

ля, – дейді жампаңдап, – бабуля, сәбіременний мысық­
тар қазір сүтке езген нанның қиқымын ауызға алмайды.
Міне, мысықтың асы!» Мына кеңкелестің мырзалығы­
на кемпір тыжырынғанымен мысығы мияулап жіберіп,

жеңсік асын көргендей жетіп барды да, бас салды. Со­
дан бері шұжық пен сүтке бұқтырылған нанның ке­
сегіне қараудан ада-күде бас тартты Ол. «Мияу-мияу».
Кемпір «кис-кистеп» шақырса, мысығы «вискистеп»*

мияулайды.

– Әй, оңбағандар-ай, оңбағандар!

Кемпір өзі талғажау ететін тамағына қоса енді те­
ледидардан жарнамасы жиі қайталанатын мысықтың
қымбат азығын тасып, аяғынан таусылды.

– Әй, оңбағандар-ай, оңбағандар! Ниеттерің қарау

сендердің!

– Ниеттерінің қараулығы несі? – деді бір күні мысық

кемпірге тіл қатып.
Кемпір абдырап аз тұрды да, бұрқырап сөйлей жө­
нелді:

– Мышым, сен білмейсің оларды. Олар мені өлсе екен

деп тілейді. Мен өлсем мына пәтерді, мүкәмәл мүлікті
басып қалмақ, білдің бе?

– Олай бола қоймас, мамасы.

– Саған сол екеуі ұнай ма?

– Ұнамайды! Әсіресе, әйелі.

– Неге?

– Ты не заметила, мама, его жена беременна! – Сен

байқамағансың ба, мамасы, оның әйелі жүкті!

– Е-е, бәсе, неге көзінің алды көлкілдеп, кіндік тұсы

шеңбірек ата айналып жүр десем. Жүкті де.

– Иә, жүкті. Ол әйел мені жек көреді. Өткенде боса­

ғадан аттай бере дәліздегі қаракөлеңкеде жатқан мені
аяғымен ысырып жіберді.

– Байқұс балапаным-ай, сені аяғымен тепті ме ол сал­

дақы?!.

– Тепкенде қандай, қабырғаларым қақырап кетті!

– Енді аттап бастырмаймын табалдырықтан.

– Мама, сен бұларды қайдан тапқансың?

– Мышым, әкеңнің қала сыртында құжырасы, он со­

тық жері болған. Әбден қараусыз, иен қалған еді. Өткен
жылдары өртеніп кеткір құжыра есіме түсіп барсам,
әлгі екеуі телмеңдеп баспана іздеп жүр екен. Содан,
Клавдия кемпірдің ақылымен, пәтерші қылып алған­

мын. Жамбаспұлын ай сайын төлеп тұрады. Кәрі ше­
шеңнің қартайғанда тапқан амалы, әйтеуір өлместің
қамы. Ақша сен екеумізге ауадай қажет қой, күнім.
Кемпір көп күбірлеп, күңірене күңкілдеп көзін әрең

іліндірген, мысығының ащы мияуынан оянып кетті.
Мысық бөлмелерді аралап безіп жүр екен. Қайта-қайта
шығар есікті тырналап безек қағады.

– Мышым, саған не болды?

Мысық мүләйім кейіппен басын шайқап бырылдады:

– Білмеймін, мама, өне бойым өртеніп барады.

– Ауырып қалғаннан саусың ба өзі?

– Білмеймін, – дедім ғой, – мама, білмеймін!

Мысық құмыға мияулады да, тіл қатпады. Сөйтіп,
үш-төрт күн бөлмелерді аралап әптер-тәптерін шығар­
ған. Жанарлары жасылданып, кемпірге жат көзбен қа­
райды. Кемпір қорқайын деді.

– Дәрігер шақырсам қайтеді, а, мышым?

– Керек емес, мама, есікті ашыңызшы, сырттағы дү­

ниені бір көріп келейін.
Кемпір есікті ашып үлгергенше, мысық зып берген.
Міне, бір аптадан асты – жоқ!

Маруся тағы да ауладағы кемпірлерді тапты. Тағы да зар-мұңын төкті. «Сендер бұрыннан жоқшылыққа, жалғыздыққа, кемдікке бой алдырған жансыңдар ғой. Сендерге жылап-сықтау сөз емес. Мына мені айтсаң­ даршы, қартайған шағымда сорладым сорлағанда» деп сорғалады кеп, сорғалады. Кемпірлер Марусяның қай­ ғысына төзе алмай қайқаң-қайқаң етісті. – Милиция шақырайық, – деді бір кемпір. – Жөн сөз, шақырсақ шақырайық. Іздесін, тапсын мысығымызды. Зарлатып қоямыз ба мына байқұсты? – «Байы өлген орыс маржасының миы жартылай іс­ тен шығады, мысығы жоғалса, мүлдем кәдеге жарамай­ ды» деуші еді біздің мұжықтар. Милиция мысығыңды қайтеді? Менде басқасы бар, соны ал. Әйтпесе, анау пәтерші балаларың тым жақсы-ақ қой, соларды қолыңа кіргізіп алсаң болмай ма? – Клавдия, сен алжыған қақпассың! Пәтершілер бей­ шара Марусямызды бір күнде мылжалап өлтіріп, пә­ терін иленіп кетсе қайтеміз?.. Былай да осының үйіне жиі келгіштеп жүр. Кірін жуады, тазалайды, дүкеннен азығын сатып әпереді. Тамағын істейді жәдігөйленіп. Маруся, байқа, тамағыңа у қосып, тастай қатырмасын сен байқұсты. Ал, сен, Клавдия, айтпа әлгіндей сөзді, тісіңнен шығарма! Кемпірлер шуласып-шұрқырасып аудандық полиция басқармасына қоңырау шалды. – Мысық жоғалды дейсіздер ме? – Телефон тұтқасын жарқын дауысты жас жігіт көтерді. – Иә-иә, мысық жоғалды. Бір апта өтті, көз жазып қал­ дық. – Мысығыңыз ұры болды ғой, шамасы? Қашып кетті ме? – Былайынша, иә... қашып кетті десе де болады. Бірақ ұры емес, кәдімгі мысық, үй мысығы. Қаңғыбастардың сортына жатпайды. Ақылды, бекзат мысық. – Ақылды, бекзат мысық ұрлық жасамайды деп кім айтты сізге? Біздің елде ақылды бекзаттар жетіп арты­ лады. Сосын да ұрлық жасайды. Ұрлық жасайды да, елден тайып тұрады. Қашады. Халықаралық деңгейдегі қашқын атанып, алыс қиянда жаймашуақ тыныш өмір

сүріп, мырғамға батады. Сіздің мысығыңыз да, сөйтіп,
бір жерде бөгіп жатыр, бәс тігемін.
Полиция қызметкерінің жауабын естіген кемпірлер
жінігіп кетті. «Мынау мазақтау ғой, қорлау ғой бізді,

– десті олар. – Қақымызды аяққа таптап, ашық келеке

қылды. «Осылай да осылай» деп газетке жазу керек».
Кемпірлер мысықтың жоғалу хикаясы мен Марусяның
аянышты халін тірнектей тізіп, кезекші милицияның
жауабымен атышулы «Ка-451 градус» газетіне жолдап

кеп жіберді. Кемпірлердің арызы газеттің әбжіл қи­
мылдайтын қызметкерінің қолына тисе керек, бірінші
бетке «Орыс әйелінің жан төзгісіз тағдыры» деген та­
қырыппен жарқ ете қалды. Расында, Марусяның, Ма­

русяның ғана емес, сұрқапталды сұрқай үйлердегі
кемпірлердің күйі мүшкіл еді. Клавдияның байы жаза­
тайым пойыздың астына түсіп өлген, баласы Сібірде.
Антонинаның шалы елірме дертке ұшырап көз жұмған.

Александра Ивановна әуелден жалғызбасты. Баб Зи­
наны құрт ауруы кеміріп бітті. Бәрі де үйлерінде мы­
сық, ал қосымша бөлек пәтерлерінде жалдап тұратын
жас отбасыларды, саудагерлерді ұстайды. Осы кейуана

қарттар мекендейтін зәулім үйлердің ауласы мен өзге
де аулаларда қазір ешкімнен именбейтін, ізет-құрметі
кем жастар, бұзақылар, нашақорлар қаптап, өріп жүр.
Қауіпті. Өте қауіпті. Газет тілшісі өз тарапынан жаз­

ған түсініктемеге аталған жайттардың бәрін қосыпты.
Мақала оқырман қауым мен қоғамдық ұйымдарды дүр
сілкіндірді. «Үміт аралы» дейтін қор жоғалған мысық­
қа іздеу жариялап, «Соңғы толқын» қозғалысы кезекші

милицияның соңына шам алып түсті де, қызметінен
қуып тынды. «Соңғы толқынның» күрескерлері мұ­
нымен де шектелмей, «Нашақорлардан, бұзақылардан
қаламызды азат етейік!» деген ұран тастап, әлеуметтік,

ұлттық маңызы зор ұран өзге де ірі қалаларда жалға­
сын тауып, қуаңға тиген өрттей шалқыды. Белсенділігі­
мен, сөзуарлығымен әріптестерінің алдын орап кете
беретін бір депутат әйел Парламент мінберінде тұрып,

мемлекетіміздің ұзақ жылдарға арналған стратегиялық
бағдарламаларында үйінде ит пен мысық асырайтын
жандардың жайы қамтылмай қалып жатқанын айтып

ашынды. «Ит пен мысық – кәрі әке-шешелеріміздің серігі. Қарттарымызға қашан да қуаныш сыйлайық» деді депутат ханым сөз соңында. *** «Орыс әйелінің жан төзгісіз тағдыры» Қазақстан­ ның шекарасынан асып, Ашық хат түрінде көрші мем­ лекет басшысының құзырына жол тартқан күндердің бірінде Маруся Агафьевна қашып жоғалған мысығын қарғап-сілеп, Құдай Анаға жалбарынып, Полковниктің қабырғадағы суретіне қарап отырған. «Мияу». Ауызғы бөлменің есігін біреу тырналап, жалынғандай дыбыс шығарды. «Мияу». Кемпір емпеңдей жөнелген. Ашса, мысығы! Жалым-жұлым, жалбыр-жұлбыр. Жолақта­ ры құлайтын жон терісі сыпырылып бауырына түскен. Кемпір бажылдап қоя берді. Байқұс Марусяның бажы­ лын естіп Клавдия бастаған көршілер мысықтың айна­ ласына үйіріле қалыпты. Мысықтың көзі тарс жұмулы. Түймедақ танауынан дем тартқан тынысы да білінбейді. Кемпірлер әл үстіндегі бейшараны көріп ерін ұшымен жыбырласты. – Өледі. – Өлмегенде қайтеді? – Әбден сорлаған екен, сорлы-ай! – Ит талаған ба өзін? – Ит пе, әлде мына аулаларды кезіп жүрген қаңғыбас бұзақылар ма, кім біледі? – Болса болар, солар осы ит жейді, мысық жейді дейді ғой білетіндер. – Амал кем, – деді кемпірлер Марусяны аяп, – таң атқанша күт, таң ата жантәсілім қылар. Сосын мынау балабақшаның бағына апарып жерлейміз. Кемпірлер кетісімен құлыптанбаған есік қайта ашыл­ ды. Пәтершілер екен. «Бабуля, – дейді еркегі баяғы­ сынша жампаңдап, – не, мысығыңыз ауырып қалған ба? Ойбууу, сау тамтығын қалдырмапты-ау, ит талаған ғой?». Әйелі қабағының қыртысын жазбай, жиіркене бас шайқап, ас бөлмеге өткен. Еркегі дабырлап, дал ұрып жүр. «Маруся апа, мен білемін, ит пен мысықтың қаламызда емханасы бар. Мен қазір ұшып отырып мы­

сығыңызды соған апарып келейін. Көресіз, жазылады
мысығыңыз. Құлан-таза айығады, апа!» Марусяның
мәу дегеніне қарамастан, ерлі-зайыпты пәтершілер
мысықты орап алып сыртқа атылған. Түн жарымында

жарасы таңылған, үстінен құмсабынның иісі аңқыған
мысықты қайың қабығынан тоқып өрген себетке салып
бір-ақ оралды.
Қайғылы, жүдеубас Марусяның үйіндегі электр

шамдары өлеусіреген жарығын айналасына себезгілеп
қана тұратын. Пәтершілер дабырласып кіріп келгенде
ол да жарқ ете қалғандай болды. «Мысығыңыз міне,
апа!» Марусяның қолына тиген мысық жіпсітіп көзін

ашты. «О, Құдайым, О, Жарылқаушым, О, Құдайдың
ұлы, мені ұмытпаған екенсің ғой! Мышым, мышым
менің! Сүт ішесің бе? Нанды сүтке быламықтап бе­
рейін бе? Шұжық жеші, мә!» Маруся ұзақ толғанды,

мысығына үздіксіз мейірімін төкті. Бәйек қағып жанын
қоярға жер таппады. Түннің бір шамасында анасының
аялы алақанында жатып аяулы мысық бір шыны сүт­
ке тұмсығын батырды. Осы кезде-ау, шамасы, Маруся

дәлізден әлдекімдердің сұлбасын аңдаған. Қараңғыда
бой тасалап, ұрымтал сәтті баққандай сыбырласқанда­
рын да анық естіді. «Ұрылар, – деп ойлады ол жүрегі
атқақтап, – ұрылар, қазір мені тұншықтырып өлтіреді

де, үйімді тонайды. Сорлы мысығымның да жанын жә­
һаннамға аттандырудан тайынбас». Сосын сыбдырсыз
сақ қимылмен телефон тұтқасын көтерген. Сүт пісірім
уақыт аралығында сақшы машинасының қиқуы аулаға

келіп жетті. Сарт-сұрт, тарс-тұрс. Мұздай қаруланып,
бастарына темір телпек киген полиция қызметкерлері
Маруся Агафьевнаның пәтеріне жылдам көтерілді де,
қараңғы дәлізде отырғандарды бүктеп басты.

– Біз – Маруся апайдың дачасында тұратын пәтерші­

лерміз. Баратын жеріміз тым алыста болған соң осында
түнеп қалып едік.
«Е-е, әлгі екеуі екен ғой». Маруся ойын жиғанша,
алдына серейген ұзын бойлы, ат жақты подполковник

шеніндегі офицер тіктеліп тұра қалды:

– Рахмет, сізге, Маруся Агафьевна. Көптен бері ізін

жасырып, дәт дегізіп жүрген аса қанқұйлы қарақшы­

ларды ұстауға көмектестіңіз. Сол үшін сізге бөлімше атынан алғыс айтамын. Сергектігіңізді, батылдығыңыз­ ды ертең газетке де жазып, өзге қарттарға үлгі етеміз. Сібірлеп атқан таңның ақ тозаңы алакеуімдеген аула­ дан пәтерші еркектің шырылдаған дауысы естілді: – Ішке теппеңізші ағай, ішке теппеңіз, әйелім ғой, жүкті еді. Ішке теппеңіз! *** Тарғыл мысықтың бауыры жер сызады. Маруся мәз. Күледі. «Өй, сайқал, мен сені іздеп жер-көкті шарқ ұрып жүрсем, сайранды салған екенсің-ау сен әбден. Бәсе, өне-бойы неге өртене қалды десем. Мауығың басылды ма? Твоей старой матери теперь придется няньчиться с твоими детьми. – Кәрі шешең сенің балаларыңды баға­ тын болды ғой енді!» *** ... Ерте көктемнің көкөзек шағында «Ка-451 градус» газеті А. қаласындағы М. аудандық полиция басқар­ масының мәліметіне сүйеніп, адам баласының жанын түршіктіретін хабар таратты. «Ауырып өлген жал­ ғызілікті кемпірді аш мысықтар талап, жеп қойыпты» деп жазыпты газет. • «Whіskas» – американдық Mars компаниясы өнідіретін мысықтың асы. Талдықорған-Алматы, 2014 жыл.

ӘЛҚИССА.

ШАХМАРАННЫҢ

КІТАБЫ

(хикаят)
«Осы хикаятты маған арнаға­
ныңды көрсетіп
жазшы», – дейтін ол.

– Иә, бұл шығарма саған арнал­

ған. Саған арнадым, құрметтім!
Аяулы досым Әмірхан Балқы­
бекттің рухына тағзым.
Автор.

Аяғынан алжыған Солтанбай шалды сақалынан алты
тарам жасын ағызып баласы қалаға сүйреп әкеткен күні
бұл жалғыз қалды. Әуелде жалғыздығын күмәнінің
жетегіне байлап аңыраған ауылдың ішін аралап көп

сенделетін. Қара ағаштардың басына қалбаңдай кеп қо­
натын қарғалардан өзге қараң етер жан жоқ. Құлазы­
ған тыныштық. Әредік Солтанбай қарттың нәлі тайған
керзі етігінен түскен ізді көзі шалады. Өкшесі қисайып,

добалбастанып жатыр. Жамау жүрелей отырып сол ізді
сипап қояды. Жарықтық жасы ұлғайып, мәлкілдеген ша­
ғында аяғынан алжыды ғой; әйтпесе санасы сайрап тұ­
ратын. Тек бар айыбы күнді күн демей, түнді түн демей,

үйінен шығатын да жүре беретін. Ақырында тау мен
тасты кезіп, арқа еті арша, борбай еті борша болып бір-
ақ оралушы еді. Сүрлеулер әжімдеген сүлей даланың
ең соңғы иесіндей еді ол. Кейбіреулер одан «елес ертіп,

аруақ айдап жүрген адам» деп шошитын. Ал, Солте­
кең болса, бір кезде өзі сайран салған өлкенің бедеріне
табаны жанып, құшыры қанып қайтқанына шалқитын.
«Сарытауымның ойы мен қырын армансыз шарладым,

– дейтін қалаға қаптай көшіп, жарыса қол бұлғап бара

жатқан жақын-жұрағатына қарап шал байқұс, – Сары­

тауды көріп саңлағым бір көтерілді». Шалдың сөзін
шалық ұрғанның сандырағына балап сол Сарытаудың
бөктерінен қалаға бет түзеген ауыл көшінің ақыры Жа­
маудың жұрт бағып қалуымен аяқталды.

Алдымен қалаға ауылдың жастары аттанған. «Ке­
ремет қалада екен. Ақша аяқтың астында ыбырсып,
шашылып жатады екен. Тек ерінбей еңкей де етегіңе
толтыра бер». Сонысы рас-ау шамасы, қалаға тұрақ

тепкеннің алды ала көбік ауызданып ауылға соққан
сайын елді естанды етіп бітірді. Содан кейін-ақ ауыл
қалаға қарап жұтынатынды шығарды. Сөйтті де жылы
орынынан жылыстап көше бастады. «Көшпеймін, көше

алмаймын» деген бұл ауылдағы жұмыр басты пенде
жалғыз Жамау болды. Тегінде, терісін сүйегіне қаптай
салғандай қапсағай бойлы тыржау жігіт еңіреген ере­
гестің адамы еді. Қалаға түп қотарылған ағайын туысы­

на жон арқасын көрсетіп, міне, енді, жалқы күн кешіп
ауылда жүр.
Жамаудың күндегі әдеті осы: албарындағы азын-
аулақ ірі-қарасы мен ұсақ малын айдап апарып Қара­

сайдың аузындағы аңғарға қаптатып жібереді де, са­
мал жүгіріп тұратын өлеңді өзектің салқын сабатына
көміліп отырады да қояды. Ғайыптан бір жолаушы тап
бола кетсе, Жамаудың мына кейіпін бейдауа дүниеден

іргесін аулаққа салып әр күнін мінәжат үстінде мүлгіп
қана өткізетін мүмінге ұқсатар еді.
Іш жидітер тыныштық ішегін тартып сыңсыған бір
уілге ілініп қалған. Жамау анық естиді. Уіл үздіге со­

ғып үзіле боздайды. «Е-ей, Алла-ай, – дейді ол содан
соң күбірлеп, – тыныштық екеш тыныштық та жалғыз­
сырап жылайды екен ғой».
Құнысқан жауырынын жазып төңірегіне көз тастаған.

Аңғарларда ұйыған алып көлеңкелер кемерінен асып
иен жұрттағы ауылға қарай жайылып барады. Ымырт
үйірілуге бет алыпты. Ұясына енбес бұрын Баянжүрек
тауының басына қонып алып күмбезкөк аспандағы се­

руен жолын тамашалайтын батар Күн иесіз үйлердің
шатырына шапағын шашып, шолақ көшелердің бойына
құба қызыл алаша төсеп тастапты. Ілкіде сол шолақ кө­
шелердің қойын-қонышынан таяқ ұстаған, сырық сүй­

реткен кәрі-құртаң, бала-шаға ақтарыла шығып өрістен
қайтқан малдың алдын тосып тұратын. Кешке дейін бұ­
ғынбақ ойнап, қызыл іңірде бір-бірін тауып ала қойған­
дай шұрқырасқан бір дәурен еді ол кезде.

Анау қолтықтағы дөңнің жалпақ төбесіне қариялар
жайғасатын. Дөңнің шилеуіттеу тұсына кәрі шешелер
мен жаулықтары ағараңдап жас әйелдер жиналатын.
Әнебір күміс бастау иінағашты қыз-келіншектерге то­

лып кетуші еді-ау. Тай-құнандарын жүгірткен бозбала,
жігіт-желең әлгі күміс бастаудың аяғынан шөл басар­
дай ентелеп кеп іркілетін. Соқасын көтеріп, темір тұяқ
«тұлпарларын» қаңтарған ағалар да өріс баққан жұрт­

тың өресінен табылар еді. «Соның бәрін қала жұтты, –
дейді Жамау күрсініп, – қала жұтты». Дөң басына дөң­
гелене малдас құрған шалдар жарыса жер томпайтып,
бақиға аттанысымен, бір тоқтыны қандап бітіретін

ағайын арасындағы кілт еткен кикілжің атаулының кірі
қалыңдап, әркім өз ұяты мен намысының шылауына
байланып, қабағын теріс салды. Содан кейін-ақ:

– Сырты түкті, іші боқ бірер хайуан із-түзссіз жоға­

лып, бір-екі азамат сотталып кетті;

– Қазан теуіп қағынған тентектер көбейіп, қас жары­

лып, тіс сынды;

– Келін-кепшіктің сұйық жүрісі білініп, оң босағада­

ғы қыздың ойпаң белі шеңбірек атып шаңырақ астында
төлдеді;

– Ала жіп көрсе, асылып өлетіндер көбейді;

– Сөз жарыстырғаннан бөз жарыстырған озып, бәке­

не бойлы бәсеке күшейді.
Осының бәрін Жамаудың ауылы өз ішінде қозда­
тып, өсіріп, уышықтырып, балалатып алды да, арты­
нан шошығандай түршігіп тұра қашты. Қалаға. Біреуді

біреу біліп болмайтын қалаға. «Бұл ауылдың адамын
ғана емес, ұяты мен намысын да аузын арандай аш­
қан қала қылғыта салды». Жамау тауларға қарайды: бой
таластырып шалқи көтерілген құз жартасты көк сеңгір

таулар аспанға барар жолдың баспалдақтары сияқты –
бір-біріне мінгесіп, ұштасып алыстан айбар төгеді. Ая­
ғының астындағы қара жолға телміреді: қара жол даң­
ғылға біткен даналықтың тілінде сөйлеп кетердей ым

қағады. Бұлаққа құлақ тосады: бұлақтар бетін басып
ұяла қашқан бұла бойжеткендей сылаң қағып бір тын­
байды. «Бұл ауылдың адамдарына, – дейді сонда Жамау,

– мына таулардың тәкаппар мінезі, мына жолдардың

көнені көгендеген көпбілгіштігі мен көнтерілі төзімі,
мына бұлақтың мөлдірлігі мен балаңдығы дарымап­
ты». «Тегінде солардың қалаға ауып қара батырғандары
да дұрыс болды, – дейді содан соң, – өмір – алыс-жұлыс

бәсекенің шегінде жалығу үшін берілген уақыттың өл­
шемі ғой. Мен білмейтін қалада қалай қырбайласса да
өздері білсін».
Жамау мен Жамауды жалғыздыққа көндірген өлке

жер-жаһаннан бөлініп уақыттың әлдебір мекенсіз,
мезгілсіз ұшпағында қалып қойған сияқты. Таң қалай
атса, кеш солай батады.
Жамау жетім ауылдың сыртындағы балуан жоталы

белге көтерілетін. Сосын әбден үйренген көзі түнге
сіңіп кеткен түлей түздің түкпірінен жіптей сызық тар­
тылып өтерін қапысыз аңғарады. Жіптей сызық сәлден
кейін жұлдыздардың сәулесіне ілініп, маңдай тұста

ағараңдап жүріп алады да, жарты еліге өсіп білезіктене
бітіп тоқтайды. Әлгі білезіктің үстіне тағы бір ақкүміс
білезік киіледі. Ақкүміс білезіктер қалыңдап, бүктеуін
жазған сайын бықып жатып алған түймедақ жұлдыздар

өлермендене аспан төсіне өрлеп, бадана көзді басбар­
мақтай жұлдыздардың жарығы жайыла түседі. Шығыс­
тан білезіктеніп таң білінді, таң атты деген осы.
Бояуы солған бозамықтан Жоңғардың аппақ жүзі

қылаң береді, дөңкиіп Аршалы түрегеледі, ұйқышыл
Сарытаудың шошақ төбелері қарауытады. Ерте оянған
Жоңғар абыз тау, ақсақал тау – Аршалыға алдымен сә­
лем жасап, Аршалы алды-артына абажадай төніп оты­

рады да, айналасындағы бала тауларды аса таяғымен
түртіп оята бастайды.
«Таулар тәртіпті, – дейді Жамау, – тауларда тәртіп
бар».

«Таулар тәртіпті, тауларда тәртіп бар». Жамау жалғыз
өзі бір жылды өткерді.

«Таулар тәртіпті, тауларда тәртіп бар». Жамаудың
жан баласына жақ ашпағанына және бір жылдың жүзі
ауды.
«Таулар тәртіпті... «иә, тауларда тәртіп бар» деп

дауыстады біреу тап қасынан. Қара кісі. Таң алагеуімі­
нен таңғажайып түс аулағандай айналасына тамсана қа­
рап тұрды да жол бастады. Ауылға. Иен ауылдың шетіне
екеуі іліне бергенде ағараңдаған әлденелерді Жамаудың

жанары іліп түсті. Бір – біріне үнсіз мұң шаққан мұржа­
сыз тамдардың іргесінен түн түтіліп барады екен. Сол
кезде анық байқады: кебіндер керуені керімсал лепке
ілесіп қасынан суылдап өтіп жатты. Ауылдан дым сің­

ген шикі топырақтың иісі аңқиды.
... Қара кісі Жамаудың жанын жайлап алды. Екеуі күн
батырып, таң атыруға келіскендей көкке телмірген тыл­
сым күй тауып әбден бітісті. Айнала төңірек елбек қаға­

ды. Таулар тулап, төбелер шырқ үйріледі. Кейде, тіпті,
найзакөк шыңдар тікке атылып, әуе қақ жарылады да
жұмсақ тыныс тапқан ақнұр дүниеде Жамау жалғыз
қалады. Міне, тағы да жалғыз қалыпты. Аңылжыған

ұшы-қиырсыз мекенді кешіп келеді екен. Алдынан есігі
түрулі ақ отау тап бола кетті. Кіріп келсе, іші толған хор
қызы жайраңдай күліп Жамауды төрге шығарды. Бірі
ақша жүзін тосып, бірі тілінен бал жұтқызды. Күлкісі­

нен күміс төгіліп тағы бірі дастархан жайды. Сосын бәрі
жабылып бұны шымылдық ішіне енгізді де басына құс
жастық тастаған. Оянса, маңайында жан баласы жоқ
жалғыз өзі бұлт жамылып жапан түзде жатыр. «Оуууу,

ауууу, қайдасыңдар?!» Алыстан тұяқ дүбірі естілді.
Жер апшысын қуырып төпеп келеді. Маңдайында жал­
ғыз көзі бар сияқты. Таптап өте шығатынға ұқсайды.
«Айбөкееен! – деп айқайлады Жамау, – Айбөкен, бұл

сенбісің?!» Жамау тап сол кезде өз айқайының алапат
зор үнге, самбырлаған дауысқа ұласқанын аңдап таң­
дана құлақ тосқан. Дауыс Жамауды жапырақтай қалты­
ратты. Ояна кетсе, тағы да түсі екен. Қасында қара кісі

отыр. «Көресің, – деді Қара кісі, – сен енді оларды кө­
ресің». Жамау айнала аспан таулардың алып көр түбіне
шөгіп, шөкелей түскенін көрді. Иен ауылдың иесіз үй­
лерімен бірге Жамау да көр қойнына жұтылған, кенет­

тен... көзі шырадай ашылды. Жан қалтасынан суырып
алып қараса, сағат тілі таңғы алты жарымды қайырып­
ты. Күміс білезіктенген көкжиекке қадалған бетінде
қалғып кеткенге ұқсайды. Бидайық басын тербелткен

таңғы серпінді ауа Жамаудың бойын сергітіп, етектегі
ауылға жетелей жөнелген. Ауылға таяғанда белбеуіне
жүген қыстырған Байғазы шалды кездестірді. «Астапы­
ралла, бұл шал баяғыда бақилық болмап па еді?» Жа­

мау Байғазы шалға қос қолын созып сонда да тұра ұм­
тылған. Шал, бірақ түсін салқын ұстап бұған бұрылып
та қарамады. Алабұрта адымдап үйіне жеткен. Төрде
малдас құрып отырған Солтанбай қартты көріп сілейіп

қалды. Сосын егіліп жылап жіберді: Солтеке-ау, мен
сорладым ғой. Сорлы болдым ғой әбден. Жалғыз өзім
жұрттан аумаймын деп жүріп, ес-ақылынан айрылған
бір бейшара болдым ғой мен. Біресе, шалықтап көкте

жүземін, біресе, көрге кіремін. Жаңа ғана белбеуіне жү­
ген қыстырған Байғазы марқұммен жолықтым. Мені
жын иектеп, сайтан қуаламаса, өлі аруақты тірі адам
сияқты көремін бе? Ататай-ау, құтқаршы мені, садағаң

кетейін бойыма дем салып санамды сауықтыра көрші...
Жамау солықтай келіп Солтанбайдың алдына жы­
ғылған. Қарт күлімсіреді. Қабағын жазып баудай са­
қалын уыстаған күйі иегін қақты. Жамау жас парлаған

жанарын сүрте алмай жатып буалдырланған қарт бей­
несінен Қара кісіге ұқсастықты аңғарды. Қара кісінің...
жо-жоқ, Солтанбайдың кәрі сойдақ тістеріне бағынбай
ерінін жалап, жылмаң қағатын күзгі жалбыздың піс­

кен жапырағындай қанқызыл тілі Жамауға қайтадан
ес бітірді. Шал әдеттегідей езуіне түкірігін іліп алып,
ұртын қомпаңдатып ұрып отыр. Әредік алақанын жа­
зып әлденеге таңданады, әредік сұқ саусағымен көкті

нұсқап екілене сөйлейді. Иығын қусыра түсіп, бүктел­
ген белін бүгжіиген кеудесімен басып еңкеңдей ентелеп
әлденені ежіктеп түсіндіреді. Жамау қартқа риза болды.
«Жарықтық-ай, ата мекен, баба қонысына жеткен екен-

ау жер түбінен күңіреніп. Бәсе, атты кісі тақымға салып
тартса да жұлынбайтын шидің сабағындай тамырын
туған жерден үзіп кете алмайтын бір пенде менің қа­
сымнан табылса керек-ті».

Ауыл қалаға ақтарылғанда Жамауды таңғалдырған
бір керемет – кәдімгі шилер еді. Бірде Жамау ерігіп
жүріп ат үстінде шидің бір сабағын тамырымен жұлып
алмақ болған. Қозғалмады. Содан кейін тақымына ба­

сып тартып байқаған. Мыңқ етпеді. Қайта сабығынан
сынып Жамаудың алақанын тіліп-тіліп түскен. Қыста
қар астынан қылтиған үрпек басы үлпілдеп, аязға тұн­
шыққан түрі аяныш шақырып, көктемде балғын тартып

бойлай өскен көркі дүниеге бір ыстық әр беретін ши­
лердің, шилі өлкенің өскіні Жамау үздіге соғып үзіле
боздаған уілді қайыра естіді. «Бұл не уіл? Оты сөніп,
ошағының аузы талқандалған жетім үйлер ілкідегі

тіршілікті жоқтап зарлай ма? Әлде, түтін аңсаған мұр­
жалардың өзегін кернеген өкісік пе?»

– Жылауық Жамау.

– Мен бе жылаған?

– Адамның шын досы – көз жасы.

– Мен оны білемін. Мен жыласам рахаттанамын.

– Жылаған адамның жанын періштелер әлдилейді.

– Сен кімсің?

– Танымадың ба? Дұрыстап қарасаңшы.

– Мәулііім? Сен осыдан...

– Иә, мен осыдан он жыл бұрын бақиға аттанғанмын.

Түн – рухтың мекені. Біз түнді кеземіз.

– Ал біз түннен қорқамыз.

– Уақыт та түннен қорқады. Түн мәңгілікке жалғаса

берсе, уақыт есептен қалар еді.

– Сендер бізді көріп тұрасыңдар ма?

– Міне, сен де бізді көріп тұрсың. Мен өзгеріппін бе?

– Жоқ, бәз-баяғы қалпың. Тіпті, оң жақ көзіңінің

астындағы тыртық та орнында. Осы тыртық ашушаң
әкеңнің қатты сермеген қамшысының ізі емес пе еді?
Әкеңе әлі өкпелі шығарсың?

– Менде әке болған емес. Мен ол адамнан бұрын ту­

ғанмын. Оның мені көрген бетте қалшылдап, құтырып,
айқайлап кететін себебі сол еді.

– Сен соны білдің бе? Білсең айтпадың ба?

– Фәниден бақиға баратыны әр пендеге ақиқат. Бақи­

дан фәниге оралғанын сезетін жанның екі дүние ара­

сындағы халі өзіне де жұмбақ: түйсіктің түкпіріндегі әлемге жету тірлікте неғайбыл. *** – Кеше жалаң-аяқ, жалаң-бас далада ұйықтап қалып­ сың, – деді ертеңінде Солтанбай қарт Жамауға қарап, – көтеріп әкеліп төсегіңе жатқыздым. *** Жамау кештің батуын асыға күтті. Алыстан талығып жеткен уілді жетім ауылдың қора – қопсысында жамы­ ратып тағы да түн келді. Жамау төсегінен ұрлына ұм­ тылып сыртқа асыққан. Төңірек тұтаса ағарып, сүттей жарық шашқан таң өң мен түстің арасын жалғап қа­ лыпты. Албарда ысқырып аппақ жылан тұр. Қос желбе­ зегі қанаттанып, қайқаңдай жорғалаған жылан Жамау­ ды жанап өтіп зау биікке ширатыла бір-ақ шапшыды. – Көрдің бе? – деді Қара кісі Жамаудың құлағына сы­ бырлап, – сені ауылдан ұзатпай арбап алып қалған осы әбжылан еді. *** Ертеңінде Солтанбай қарт Жамауға бағзы бір заман­ ның хикаясын баян қылды. – «Ертеректе болса керек, – деп бастады қарт әңгі­ месін. – Біздің мына Аршалы тауының терең шатқалда­ рын жайлаған жыландардың ордасында бір адам өмір сүріпті. Әлгі адам түнде жыланға айналып, күндіз кісі кейпіне енетін көрінеді. Жылан-адам сауытын шешіп тастап, кейде алыс қиырларға сапар шегеді екен. Сөйтіп, елден елді, жер­ ден жерді аралап келе жатса, шақырайған күннің ас­ тында ешкі сауып отырған бір кедейге ұшырасыпты. Осы кедейді бір сынап көрейініші дейді де, жігіт жы­ лан кейпіне еніп кедейдің лашыған кіріп барса, байқұс кедей орнынан ұшып тұрып ернеуі маймиған қалайы легенге сауған сүтінің жартысын құйып беріпті. Жылан сүттен тойғанынша ішіп, алтын ділда тастап шығып кетеді.

Осыдан кейін жылан күнде сүт ішуге келіп тұрады,
кедей сорлы да күніне алтын тілләлі бола түседі. Күн­
дерден күндер өтеді. Төрткүл дүниге аты кеткен бір
патша түс көреді. Ол түсін ешкімге айтпай «түс көрдім,

түс көрдім, түсімде не көрдім?» деп айта береді. Уәзір­
лері, ғұлама молдалары жиылып патшаның қандай түс
көргендігін таппайды. Қарақұрым халқы жиналып кеп
айта алмайды. Сонда патша: «Менің дәрегейіме бас ұр­

ған пенде баласы қалмасын. Бәрің жиылып келгенде не
түс көргенімді білмесеңдер тегіс басыңды аламын», –
дейді. Мұны естіген қараша халықта ес қалмайды. Пат­
шаның жарлығын кедей де естиді. Кедейге де жан тәтті,

қайтерін білмей, кіріп кетерге қара жердің қыртысын
таппай отырса, оған жылан кеп тіл қатады.

– Сен патшаңа бар. Патшаңа жолыққанша менің

сөзімді тісіңнен шығарма. Патшаң түсінде түлкі көрді.
Осыны айтсаң, патша қуанып саған сый-сыяпат жа­
сайды. Бірақ, сен патшаның бергенін менімен бөлісуге
тиіссің – дейді.

Кедей қуанып, құнжың қағып жүгіре жөнеледі. Ша­
һарға барса, құжынаған халық дейді. Күңіреніп жатыр
екен дейді. Кедей патшаға кіруге мұрсат сұрайды. Бей­
шара ажалына асыққан біреу ғой деп, күзетшілер оны

патша сарайына кіргізіп қоя береді. Кедей патшаның
алдына бара жығылып:

– Түсіңізде не көргеніңізді мен айтайын, тақсыр, –

дейді.

– Айт! – дейді хан ақырып.

– Тақсыр, – дейді көзін жұмып мүлгіген жарлы, –

көріпкел-әулие пірлерімнің сездіруіне қарағанда, сіз
түсіңізде түлкі көрдіңіз.
Мына сөзді естіп патша қуанып:

– Менің жұртымның ішінде де ақылды, әулие адам

бар екен ғой. Әулиеге көтергенінше алтын тіллә тарту
етіңдер!, – деп әмір етеді. Әулие түсін жорып, көңілін
тыныштандырған соң, патша да мейірленіп халқына
хұрсан жариялайды.

Аяқ астынан әулие атанған кедей жарты қап алтын
ділдәні көтеріп келе жатып «Әй, осыны жылан біледі

ғой дейсің бе?» деп алтын ділләларын жарты жолға
көміп, тығып тастайды.
Арада неше жылдар өтеді. Жарлының лашығына
кіріп жылан күнде сүт ішеді, күнде бір ділда қалдыра­

ды. Кедей оны жамбасына басып жата береді. Патша бір
күні баяғысынша түс көреді. «Түс көрдім, түс көрдім,
түсімде не көрдім?» деп айқайлайды патша. Ел іші тағы
дүрлігеді. Уәзірлер кедейді іздейді. Ат шаптырып кісі

жіберсе, кедей шалқасынан түсіп шалжиып жатыр екен.
Шабармандар алқынып: «Әулие жарықтық, халқыңды
құтқара гөр, қатігез патшамыз түс көріпті. Бізбен жүр.
Түсінде көргенін айтып бер», – дейді. Кедей: «Сендер

жолдарыңнан қалмаңдар, мен соңдарыңнан барамын»,

– дейді де өзі емпеңдеп жыланға жетеді:

– Басыңды көтер, Мар ата, патшамыз түс көріпті.

– Қу тұяқ кедейім, келдің бе? Патшаң түсінде қасқыр

көрді. Бар да айт. Бірақ, олжаны бөлісуді ұмытпа!
Кедейді патша жылыұшырай қарсы алады. «Әулием,
айта ғой, түсімде не көрдім?» «Түсіңізде, – дейді кедей,

– түсіңізде тақсыр хан, қасқыр көріпсіз».

– Ойбоой! – деп шалқиды патша. – Менің қарашы

жұртымның ішінде нағыз әулие бар екен ғой. Мынау
нағыз әулие. Әулиеме көтергенінше алтын ділда берің­
дер!
Қап толы алтынды арқалап келе жатқан кедейдің іші­

не арамдық кіріп: «Осыны жылан біледі ғой дейсің бе?»

– деп әдеттегідей қапшығын жарты жолға жасырып кө­

меді де, жыланды таспен ұрып жарадар етіп маңынан
қуып жібереді.
Арада жылдар өтеді. Түс көргіш патша ел ішін бұ­
рынғысынша азан-қазан қылады. «Түс көрдім, түс

көрдім, түсімде не көрдім?» Уәзірлер кедей байқұсты
естеріне түсіріп шапқылатып шабарман аттандырады.
Шабармандар барса, кедей сол баяғы шыр бітпеген қал­
пы ешкісін сауып ішіп отыр екен дейді. Шабармандар

ат белінен түспей мән-жайды баян етеді. «Сендер бара
беріңдер, – дейді кедей. – Мен де жетемін». Сөйтіп, ол
тарынып жылап, енді ғазиз жаннан баз кешкен шығар­
мын деп зарлай бастағанда жылан қасынан табылады.

– Ә, сығыр кедей, сораңды ағызып неге зарлай қал­

дың?

– Мар ата, жаздым-жаңылдым. Өзің бірдеңе қылып

ептемесең өлетін шығармын. Түстен өзге ісі жоқ пат­
шамыз ұйықтап жатып тағы да ит-құсқа жолықса керек.

– Патшаң бұл жолы түлкі де, қасқыр да емес, қой

көрді, – дейді жылан.
Патша әулиесін көргеніне қуанып: «Өзіңізден сұ­
райтын соңғы мәуітім бар еді», – деп бастағанда кедей
жұлып алғандай: «Тақсыр ием, түсіңізде қой көрдіңіз

ғой», – дейді бек сенімді түрде.
Патша есі шыға қуанады. Кедейді сый-сияпатқа ке­
нелтіп жолға салады. Кедей жолда келе жатып «осы бай
адам мендей-ақ болар, екі қап алтын ділдам бар. Жылан

досымнан жиған ділдаларым бір төбе. Енді ынсап қы­
лайын. Мына арба толы алтынды Мар атама берейін»
деп қанағатқа кенеледі. Мұны білген жылан кедейді
жолынан тосып алып былай дейді:

– Маған сенің алтын көмбең керек емес. Мен сені

сынға алып ем. Әуелі патшаң түсінде түлкі көрді. Өйт­
кені, халқы түлкі сияқты еді. Бірін-бірі алдап өмір сү­
ретін. Сен де түлкілік жасап, жарты қап ділдәні тығып
тастадың. Одан соң патшаң түсінде қасқыр көрді. Хал­

қы да қасқыр еді ол кезде. Сен де қасқырлық жасап,
алдыңды болжаған достығыма қастық қылдың. Енді ел
тойынды. Жуасыды. Патшаң да түсінде қой көрді. Оны
сен мен арқылы жорып баян еттің. Патшаңның көңілі

тынды. Енді сен мені тыңда. Қазына мүлкің жетеді. Үй­
лен. Қатының ұл туса, атын Мәулім ғой. Мәулім мені
іздесін. Мен – жыландар патшасы Шахмаранмын.
Осыны айтады да жылан көзден ғайып болады. Ке­

дей үйленеді. Қатыны тоғыз ай, он күн дегенде толға­
тып ұл туады. Ұлдың атын Мәулім деседі. Мәулім бала
кезінен садақ тартып, аң атып әке-шешесін асырайды.
Бір күні Мәулімнің көз алдынан бір елік тұра қашады.

Мәулім қуа жөнеледі. Елік қаша-қаша бір үңгірге кіріп
кетеді. Мәулім де үңгірдің ішіне енеді. Үңгір тас қараң­
ғы екен. Анда – санда еліктің көзі жалт етіп шалынып
тереңге бастай береді. Мәулім еліктің соңнан еріп келе

жатып үңгірдің ішіндегі бір түпсіз шыңырауға түсіп ке­

теді. Шыңыраудың ішінде жатып Мәулім жан-жағын
жебесінің ұшымен қазса, жылт еткен жарық көрінеді.
Не болғанда да осы шыңыраудың түбінде қалдым ғой,
одан да қаза берейін деп қаза берсе, ар жағынан ысыл­

дап ордалы жылан шыға келеді. «Сені біздің патшамыз
Шахмаранның күткеніне көп болды» дейді жыландар.
Мәулім жыландардың ордасына келсе, Шахмаран ал­
тын табақтың үстінде жатыр екен. «Қорықпа, мен де

жартылай адаммын. Жер бетіне шықсам кісі кейпіне
енемін. Жер астында жыланмын. Жыландар патша­
сымын. Мен саған бір құпиямды ашамын, Мәулім ба­
лам. Сен ол үшін менің қасымда ұзақ тұруға тиіссің»,

– дейді. Мәулім Шахмаранның әлемінде ай өмір сү­

реді, жыл өмір сүреді. Тіпті, көп жылдар өтеді. Бір күні
Мәулім кәрі ата-анасын есіне алып жылайды. Шахма­
раннан жер бетіне шығуға рұқсат сұрайды. Шахмаран
келіседі. Мәулімді жер бетіне шығатын жолға салып тұ­

рып жыландар патшасы ұртына жасырған гаухар тасты
байқатпай ұстата қояды да:

– Мына гаухар тас жер бетіне шыққан кезіңде кітапқа

айналар. Мұнда неше ықылым заманның сыры бар. Бұл
кітаптың сенде кеткенін білсе, жыландар мені өлтіреді.
Мені көргеніңді пенде баласына сен де сездірме. Олар
білсе саған да, маған да қастық қылады, – деп қошта­

сып қала береді.
Мәулім шыңыраудан көзді ашып жұмғанша көтеріліп,
жарық дүниеге оралады. Арып-ашып жүріп ауылын та­
бады. Барса, әкесі бақиға аттаныпты. Анасы жалғызын

жоқтай-жоқтай басыр болып қалыпты. Мәулім сонда
Шахмаранның кітабын есіне алып, бірер бетін ашып
оқып, анасының көзіне дем салса, кейуананың шырағы
қайтадан жанып шыға келіпті.

Әлқисса. Мәулім кітабын оқи берсін. Біз енді жазыл­
мас дертке шалдығып, ғаламның оқымысты молдала­
ры мен дәруіш-құшынаштарын жиып алған патшаға
келейік. Патша жан адам білмейтін науқасқа ұрынып

Жаратқаннан жанына сауға сұрап жатыр екен. Сол
кезде жын-перінің тіліне жетік бір молда Ніл дария­
сын кешіп, Мысырды басып, Шам шахарынан жетіпті
дейді. Келе патшаның тамырын ұстап көрген сұңғы­

ла: «Тақсыр, сіздің еміңіз – жыландар патшалығының
патшасы Шахмаранның еті. Шахмаранның басын алып
миын қайнатып ішіңіз, жон терісін сыпырып жамылып
жатыңыз, сонда бар дертіңізден құлан таза айығарсыз»,

– дейді. Мына сөзді естіген патша уәзірлеріне бұйрып:

«Қайтсеңдер де Шахмаранды табыңдар», – дейді. Мол­
да айтады: «Тақсыр, уәзірлерді бекерге әуре етесіз.
Мен сіздің шахараңызға кірген бойда байқадым, бір
қараша үйдің түндігінен алтын бу шығып тұрды. Сол

үйде Шахмаранды көрген бала бар. Маған нанбасаңыз
баланы шешіндіріп қараңыз. Баланың денесі кеудесі­
нен төмен қарай көкала. Шахмаранды көрген жанның
тәнінде сондай белгі болады», – дейді. Дегенше, уәзір­

лер Мәулімді байлап-матап алып келеді. Шешіндіріп
жіберіп қараса, расында денесі көкала екен. Патша көзі
жайнап Шахмаранды сұрайды. Бала айтпайды. Патша
қахарына мініп, ызбарлана сұрайды. Бала тіл қатпайды.

«Мынаны апарып зынданға салыңдар», – дейді. Пат­
шаның жаналғыштары баланы ұрып-соғып күнде сұ­
райды. Мәулімнен дыбыс шықпайды. Амалы құрыған
патша баланы дарға асуға бұйырады. Бұл кезде шахар­

ға қауесет тарап, пәрмені зор патшамыз бала кейпіндегі
айдахарды өлтіреді екен деседі. Патша жарлығы жа­
рия етілген күні жұрт дар ағашы тұрған алаңға ағыла­
ды. Қараса, көркіне көз тоятындай түбіт мұрт бозбала

екен. Апыр-ай, мынау бір бейкүнә бала ғой деп жұрт
гулей бастайды. Қала жұртының осылай қауырт жи­
налғанын күткен Мәулім жендеттердің жетегінде келе
жатып пырр етіп торғайға айналып зау биікке көтері­

леді де: «Қап-қап, Шахмаранның кітабын тауысып оқи
алмадым» деп, бұлдырап кете барады. Торғайды кенет
қырғи бола қойған молда қуа жөнеледі. Сол кеткеннен
Мәулім де, молда да оралмапты. Ауру патша дүние са­

лыпты. Ал, Шахмаранның кітабын көрген жан бұ дү­
ниеде жоқ екен».
Солтанбай қарт Жамауды таң-тамаша еткен әңгімесін
тиянақтай бере сөзін былай деп қорытты:

– Со заманның куәгерлерінен қалған сөз екен, балам.

Кітапты Шахмаран Мәулім арқылы жер бетіне шыға­

рып, адамзат баласына тарту етпек болған. Ол кітапты
жаны ізгі, жаманшылық ойламайтын бекзат кісі ұстаса
деп армандапты. Кейін адамдардың арасына оқымыс­
ты-ғұламалардың кейпіне еніп кіріп кеткен ібілістерді

сезіп, кітапты Аршалы тауының бір құз-жартасына ты­
ғып тастапты. Осылайша Шахмаран күндіз кісі, түнде
жылан болып әлгі кітапты әлі күнге дейін бағып жүр
екен.

Ертеңінде Жамау Аршалыға апарар бұралаң соқпақ­
қа түсті. Тау етегі қоянжонданып бел-белеске ұласқан
сайын баяғы уілдің сарыны төңіректі сапыра көшіріп
Жамаудың екі аяғын жерге тигізбеді. Төменде иен ауыл

қой тастардай үйіліп қораш көрінеді. Сарытау табан
астында тапталып, басында алабас атан бұлттар ауна­
ған Баянжүрек белден төмен қалды. Жамау демін ба­
сып, жан шақырып қараса, аспанды алқымдаған алып

бір құзар шыңының ұшпа биігінде дамылдапты. Дәр­
мені таусыла, буындары құрсауланып бүктеле құлаған.
Кенет бойын жазды да созылып сала берді. Сөйтті де,
жақпар тастан желбезегін шығарып, ысқыра арбап тұр­

ған әбжыланға қарай басын оқтай шаншып ирелеңдей
жөнелді.

Атырау-Алматы, 2005-2014 жылдар.

ҚЫЗЫР ӘУЛИЕ МЕН МҰСА

ҒАЛАЙАССАЛАМ

(Хикаят)

«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»
Абай.
Ысырайыл жұртымен ол үш мың жылдан соң жүз­
десті. Бәни Ысырайыл... Көне де емес, жаңа да емес.

Көнесі жаңасымен, жаңасы көнесімен жарасым тауып,
жалғасып жатыр. «Ескілігін есте ұстайды, ескермейтіні
және жоқ» -деді ішінен күбірлеп. Себебі, Бәни Ысы­
райылдың жадын бұл жақсы білетін. Иә, Перғауынның

билігі мен көпіттерден түңіліп, осында елін бастап
әкелген Мұса қаламолланы да көрген. Пайғамбарлық
қонып, Жаратқаннан аян алып, басынан небір хикмет­
терді өткерген Мұсадан біреу: мына жарық дүниеде се­

нен асқан білімді жан иесі бар ма деп сұрапты. Сонда
Мұса Хақтың бірлігін, Жаратқанның Бәни Ысырайыл
жұртын шапағатына кенелткенін, өзіне ерекше дарын
сыйлағанын, теңізден жол ашылғанын, Перғауынның

теңіз түбіне кетіп ажал құшқанын, сиқырлы қолы мен
асатаяғының киесін айта отырып, мен – мұрсал пай­
ғамбармын, Алладан қысылғанда мұғжиза көремін,
осыдан асқан абырой, атақ бола ма? Соған қарағанда,

жер бетіндегі кемел білімнің иесі мен шығармын дейді.
Сөйткенде, Жаратушыдан уәхи жетіп: «Әй, Мұса, сенің
әлгі сөзің не? Саған өлшеусіз білім мен қисапсыз қабі­
лет дарытқанда менің мүмкіндігіме күмән соғатындай

ойға беріл деп пе едім? Бұ дүниеде білімі сенен асқан,
хайыр-шапағатыма бөленген тағы біреу бар» дейді
құдіретін кезекті рет әйгілеп. «Раббым, сондай ғұлама
жан иесімен мені жолықтыршы» дейді Мұса ғалайас­

салам жалынып. «Кездесесің, – дейді Раббы, – уағдалы
күні кездесесің».

Әлқисса, бұл әңгімемізді осымен ірке тұрайық та, ілкі уақыттан беріге өтейік. *** ... Қария көпке жұғымсыз көрінгенімен қадірлі еді. Былайынша оның жұғымсыздығы – түр-түсінің өзге­ шелігі мен жүріс-тұрысының ортаға ұқсай қоймаған­ дығынан аңғарылатын. Әйтпесе, бау-бақша баптап, мал өсіретін, қолынан ақ таяғын тастамайтын ауылымызда­ ғы ақсақалдардың бірі болды. Жаназадан, топ-жиыннан да қалмайтын. Дөңгеленген жиегі баланың құшағынан үлкен дағарадай қара қалпағын киіп алып үлкендер бас қоса қалған үйге қарай аяңдап бара жатқанын та­ лай көрдім. Біздің қарттар да оны іш тартып тұратын сияқты: жолығыса қалса, қауқылдасып, арқадан қағып, амандық-саулық сұраса жөнелетін. Тек, Есімбек молда ғана оның тегін тергеп, қабағын теріске салып, өзіне бейім ете бермейтін. Біз естігелі бұл кісінің есімі – Әбірем. «Ұлты басқа. Қапқаз-ноғай ма екен, әйтеуір, орыс емес. Ал «пәми­ лесі» – Найман» деуші еді атам. Қараторы. Жоқ, қарасұр кісі. Көзінің қарашығы көкшілдеу. Әйтсе де, орысқа ұқсамайды. Ал, қажет кезінде орысшаға судай. Қазақ­ ша,тіпті, қамшы салдырмайды. «Тірлігі құдды мұсыл­ манның тірлігі. Алақан жаяды. Мінәжат етеді. Бірақ, пайғамбары бөтен көрінеді», – дейтін ауыл адамдары. Осындай әңгімелердің бірінші себебі – Әбірем ақсақал біздің ауылға Арқа жақтан қоныс аударған. Қоныс ауда­ рып, біржола орныққан соң, өзін көпке дейін тұйық ұс­ тап, кеңшардың көлденең жұмысына жегіп жүре берген. Кейін Құдайға құлшылық етіп, мүбәрак пайғамбары­ мыздың атын айтуға ептеп кеңдік жасалғанда, Әбірем өзгеше бір тақуалыққа көшсе керек. Осыдан кейін Әбе­ кеңнің Құдай жолына тас бекіп түскен тақуалығы ала­ қандай ауылда әртүрлі әңгіменің арқауына айналыпты. Жаз айы. Алматыдағы оқуынан нағашы ағам дема­ лысқа келген. Оқуға бас қойғаны, қаланың ауасын жұ­ тып, ағарғаны әбден-ақ байқалады. Жөншемді адамда шаруасы жоқ, өзімен-өзі тау сағалап кетеді, қалың кі­ таптардың бетін ақтарады. Бір күні ол бәріміз дастар­ хан басына жиналғанда: «Мына көршіміз «жөйт» екен.

Бұлар Совет өкіметі құлағанша, арғы түбін жасырып
жүріпті. Аты Әбірем емес, Абрам», – деп жаңалық
ашты. Оқымысты ағамның сөзінен ұққаным: Әбірем
ақсақалдың ауылынан пайғамбарлар көп шыққан көрі­

неді. Тілдері де көне тілдердің бірінен-мыс. Бұлар әр-
әркезде қуғынға ұшырап, Құдай Тағаланың қаһарына
іліге беріпті. Өйткені, Құдай Тағала өзінің сүйген құл­
дарын кейде қырына алып сынайды екен. Өздері шеті­

нен ақылды деседі. Ақылы мен білім-парасаты жер
бетіндегі билеуші-әмірлерге де жақпай зәбір-запаны да
көп шеккен. Совет өкіметі кезінде де абрамдар ашық
бой көрсетпепті. Алайда, олар бір-бірін жақсы таниды,

қамқор. Қашан бабақоныстарына жеткенше, осылай
жан баға тұралық деп уағдаласыпты. Бұлар пайғамбар­
лар жайында небір аңыздармен бірге жасаған халық
дейді. Тілдерін де ұмытпапты.

Ағамның әңгімесі құлағымның құрышын қандырған
күні-ақ мен Әбіремнің ауласына енді өзгеше көзбен қа­
райтынымды сездім. Өйткені ол – «Ащыбұлақ» аталатын
алаңғасар, ақкөңіл ауылды сағалап жүрген жат, құпия

адам. Әбірем бала сүймеген, кемпірі екеуі ғана тұра­
тын. Ал, кемпірі – «Ащыбұлақтағы» өзімен жасы қатар
қарт аналармен шүйіркелесері кем, суықтау жан. Үнемі
әлдекімнен үркіп-қорықып, жер таянытқан кәртамыс

тағдырынан тарынғандай жабыраңқы, жалғызілікті өмір
сүретін. Тіпті, осы кемпірдің шалымен дабырласып сөй­
лескенін көрші отырып естімеппіз. Жым-жырт. Кемпірінің
жаңағы мінезі мені Әбірем қарттың үйіне жетелей түскен­

дей. Несі керемет, зерттеу керек? Нені жұрттан жасырып,
жария етпей келеді? Әлбетте білу керек. Кімнен қорқып,
кімнен құпияланады бұлар? Қарасам, Әбірем ауласында,
қара қалпағының астында отыр екен. Бар тұрпатын қара

қалпақтың ішіне бүктеп тыққандай – өзі көрінбейді. Жа­
рықтық шөгіпті ғой әбден.
Жаз таусылып, күз түскен. Алдағы көктемде мек­
тептің оқуы тәмам. Аңсарым – Алматы. Ғұлама оқы­

мысты, әйгілі жазушы атанып ауылға анда-санда соғып
жүрмекпін. Ауылыма ризамын. Көне ертегілер мен қи­
са-дастандарға қандым. Қарттарым, сендерге рахмет!
Енді Әбіреммен әңгімелесуім қажет.

Әбіреммен әңгімелесу үшін сылтау іздеймін. «Ақса­ қал, ассалаумағалейкүм!» «А, шалаумелейкум!». «Кә­ рия, сиырларыңыз бен ешкіңізді өріске беттетіп берейін бе?», «Әуре болма, қартайсам да қалқайып мал соңы­ нан өруге жарайтындай хәлдемін». «Ата, қыстан хабар­ дарсыз ба? Отын-суыңыз аз ба деймін. Ағаш аралап, бұтап тастайын, қане балтаңыз?», «Қой, шырағым, са­ бағыңды оқы. Әзірге кісіге сідетімді артпаймын. Балта шабатын бағымнан таяғаным жоқ». «Әңгіме айтыңыз­ шы?», «Өй, балам-ай, бізде не әңгіме болсын?». «Ар­ қадан мұнда қай Құдай айдап келді сізді? Тым құрыса, соны білдіріңізші?», «Қай Құдайы несі? О тоба, Құдай – бір Құдай емес пе? Құдай пендесін қайда бастаймын десе де өзі біледі. Бізден сұрамайды. Сен де сұрағыңды көбейтіп, басты қатырма!» Шалдың ашылып сөйлеуі қиын сияқты. Үйде атамды қажаймын. – Құдайы көршіміз Әбірем қарт сөзге сараң кісі ме деп қалдым. – Ие, ол сөзге кіді адам. – Ой, осы баяғыда қауқылдасып тұратын едіңіздер ғой? – Әй, біздікі әншейінгі қысыр әңгіме еді. Малдың төлі, Салқынбелдің шөбі дегендей. Шаруаның адамы бұдан өзге нені сөз етсін? Әбіреммен әңгіме бітті ендеше. Әйткенмен, аты қы­ зық, ә? Әбірем. Бәлкім, Әбдірейім шығар?.. Пайғамбар­ лардың хикіметінен де жұрдай біреу-ау... Білсе, айтпай ма? Ар жағы қапқаз бен ноғайдың ел естімеген бір со­ йынан болар. Сотталып Арқадағы көп абақтылардың бірінде жазасын өтеген де, үйленіп, аяғына тұрған соң «Ащыбұлақты» тапқан. Дұрыс тапқан, әрине. Орта­ лықтан алыс, оңаша ауыл. Қақ-соқта шаруасы шамалы. Өкімет адамының алдына жеткізбей анау-мынау даушарын өз ішінде тындыратын тыныш мекен. *** Сонымен, оқымысты ағамның әңгімесі ұмытылып, Әбірем «әдірем» қалған.

Бірде өрістен малын қайтарып, қорасына таяи берген
Әбірем мықшыңдап қап арқалап келе жатты. Қызыл
іңір. «Шал не, тезек теріп жүр ме?» Бұрынғы әдетімше
жұмбақ қарттың ауласына көз тіктім. Шал қабын кілет

үйінің аузына әкелді де, дүрс еткізіп тастай салды. Со­
сын төкті. Төккені – аузы шешілген қаптан салдыр-сал­
дыр ақтарылды. Тас па? Тас қой. Тезек бұлай салдырла­
маса керекті. Жедел басып жетіп барайын.

– Оу, кәрия, мынауыңыз тас па?

– Тас.

– Тезек орынына тас тергенсіз бе?

– Мен ылғи тас теремін.

– Жанатын тас па?

– Тас жанбайды, жарығым.

– Жанбаса, неге керек?

– Керек. Мұның сыры саған беймәлім.

– Сізге ғана мәлім бе?

– Маған да мәлім емес. Құпиясы құлыптаулы.

Мен шалдың шаршап-шалдығып, бүгжеңдеп әрең
жеткізген тастарына үңілдім. Біртүрлі қызық тастар.
Мысалы, мына біреуін ұршықтың тасы дерсің. Енді бірі
найзаның ұшына келеді. Сүйір. Қайсібір қаймақ тастың

бетіне таңба-бедер түскендей.

– Ата, сіздің тастарыңыз көне, тым көне заманның

адамдары пайдаланған тастарға ұқсайтын сияқты.
Мұны ол заманның адамдары құрал-жабдық, аңға шық­
са, қару ретінде кәдесіне жаратқан.
Қария маған аңтарыла қарады.

– Кір кілет үйге.

Біздің ауыл «кілет үй» деп атайтын күди-сөди, артық-
ауыстың құжырасы, кәдімгі жаппа там – тошалаға бас
сұқтым. Мұнда да толған тас.

– Пәлі, ата, тасты үйіп тастапсыз ғой?

Қария демін басты да сөйледі:

– Айналайын, бұл – осы даланы мекен еткен сенің

ата-бабаларыңның көзі. Бірі – мүлік, бірі – қару, бірі

– тіл. Мүлкі де, қаруы да, тілі де үн қатуға бейіл. Бірақ

соны еш ескермейсіңдер!

– «Сенің ата-бабаларыңның көзі» дегеніңіз қалай?

Сізге бұ дүниелер жат па?

– Шырағым, білмекке ұмтылып, ішіңді тесіп жүр­

ген жайды жасырмайын сененен. Мен – ебіреймін.
Оқымысты нағашы ағаң айтпақшы, «жөйіт» десең де
болады. Ебірей екендігімді ілгеріде жұртқа жария қыл­
мадым. Жария қылғаныммен ебірейіңді «Ащыбұлақ­

тың» адамдары не қылсын? Арқадан келдім бе? Келдім.
Арғы жағын ағайын-жұрт үңгімеді, қазбалап сұрамады.
Онысына құмбылмын. Қазақ деген ғажап халық қой.
Қазақтың бір ғазиз ақсақалының арқасында көрер жа­

рығым мен су ішерлігіме селбесіп, адам қатарына қо­
сылып едім кезінде.
Абрам ақсақал көк жүзіне шалқып шығып алған Айға
қарап қойып, терең тыныстады да, сөйлей түсті. Ауыл

тыншыған сәт. Күндіз салқы төсін самалға өптіріп, ал­
қам-салқам боп жататын Аршалы тауын салбырап бас­
қан түн жұтып барады. Күз етегін сарыала етіп түруге
кіріскен күреңсал жазғы бақтардан бақалардың құрғақ

құрылы естіледі. Абрам қарттың әңгімесі Арқаға ауған.

– Арқада мұндай аспан таулар жоқ. Бір өңкей сәуке­

лелі сұлу шоқылар деп қояды.
Қарағанды жеріндегі «Қарлаг» дейтін аждаһа апанына
27 жасында түсіпті. Болашағы кемел ғалым атала бас­
таған шағы екен. Тарихшы. Азия мен Африканы тануға

аңсары ауған. Перғауындар заманын шарлап, Мұса пай­
ғамбардың соқпағымен жүріп өтпекке талпынған. Ұлы
даланың сарыны да кеудесін күмбірлетіпті. Мәңгі көк
аспан елін көктей өтіп, Құңфызымен тілдесудің тәуе­

келіне бел буған. Бел буғаны құрысын, ақырында саяси
қауіпті адам, ресми тарихты мойындамайтын делқұлы,
дертті жан ретінде танылып, «Қарлагтағы» тұтқындар­
дың қатарын толықтырады.

– Небір ғажап білімдар адамдармен «Қарлагта» ұшы­

растым. «Қарлаг» мен үшін абақты емес, Академияға
айналды, – деді де Абрам қарт күрсініп өксігендей,
үнсіз күйге көшті. Сосын:«Абай қандай азапты ғұмыр
сүрген. Даналық пен пайғамбарлықтың азапты ғұмы­

рын», – деп аяғын жазып, бойын тіктеген.

*** Әбірем қартпен әңгімеміз жарасты. Қарт қазына екен. Әуелі, абақтыдағы азапты күндерінен естеліктер тиегін ағытты. – «Қарлаг» деген – Қарағандыдағы көп түрменің жиынтық атауы, – деп бастап, жұмбақ жанының қалта­ рысын ақтара шешілген. Әбірәм қарттың әңгімесінен түйгенім: ойшылдар, өнер тапқыштар, ғұлама ғалымдар, суретшілер, музы­ канттар, ақын-жазушылар, қысқасы – адамзаттың ерек­ ше жаралған дегдар қауымы, асыл ұрқы «Қарлагта» тұрыпты. – Совет Одағының бар жақсысы мен жайсаңын Ста­ лин сонда тоғытты ғой, – деуші еді Әбекең. – Аты әйгілі 500 пианист сол «Қарлагта» саусақтары­ нан қан сорғалап жүріп сұмдық жұмыс істеді. Бір сәттік үзілісте әлгі байқұстар ауаны қармалап, елес-күйсан­ дықтың тілінде егілетін еді, – дейтін Әбекең. – Азап пен Арқаның аязы бірдей сойған тәнім әлсі­ реп, рухым сынып айықпас ауруға шалдықтым. Құрт ауруы. Мені емдемей, өледіге есеп қылып, «Қарлагтан» лақтырып тастады. Айналам ақсөңке. Марқұмдардың сүйегі. Шашылған шашы мұзға байланған әйелдер. Сәби, балғын жүздерін ажал қапқан құбыжық бейнелі балалар. Әйел, еркек екендігі айырғысыз қаңқалар. Көз аялары көрдей қазылып, жақ сүйектері жайылып, Алла­ ға әлденені ымдап жатқан қалпында үзіліп кеткен мүрде­ лер үйіндісі. Ыңырсуға ғана әл-дәрменім төзгендей еді. Көзімді ашсам, бір құрым үйде жатырмын. Қарт кісі ба­ сымды ептеп көтеріп аузыма ақ құяды. Қайтадан талық­ сып кетемін. Есімді жисам – жаңағы көрініс. Қанша ай, қанша күн төсектен тұрмағаным белгісіз, бірде бойым­ нан қалт-құлт еткен қуат таптым. Нұр жарық дүниеге тәй басып қайта оралғанымды ішім сезді. Мені тірлікке талпындарған әлгі қарт – әкемдей болып кеткен қайран Қадыр ақсақал еді. Бойымнан сыртқа ақтарылған нәжіс пен құрттың өкпемді жыртып түскен қақырық-құсығы­ на дейін өзі сүртіп алып отырыпты. Кейін үйдегі апаң­ мен, апаң да абақтының азабынан өліп құтылған бейбақ

екен, табыстырып қосқан да әкем Қадыр болды, – деп кетуші еді тағы бір әңгімесінде ебірей Абрам. – Әй, сен бала, «Қарлаг» туралы жан адамға әзірге білдірме. Менің абақты көргенімді естіп жұрт түңіліп кетпесін, – деген ескертуді де ұмытпайтын құпиясы мол «құрдым» шал. *** Менің балаң түсінігіме «Қарлаг» өмірін шақтап қана жеткізген қарт: «Ал, әкесі, білгің келіп бара жатса, пай­ ғамбарлар туралы хикаяларға көшейін», – деді қараша таусылып, өлкені аппақ қар басқан қыстың бір ұзақ түнінде. Адам ата... Бәріміз сол – алғашқы пайғамбар Адам ата – Сәпиолланың ұрпағымыз. Тәңірі өзі жаратқан Жер мен Көкті алдына келтіреді. – Ерікті, ия, еріксіз болсаңдар да әмірімді тыңдаңдар! Жер мен Көк: – Ықтиярымызбен келдік, – деді. Жердің теңселіп, Көктің еңсеріліп әлдебір құдіреттің дәрегейіне қол қусырып тұратынын қиялымда ұшып жүріп сезетін едім. – Ата, сонда Көк аспан мен қара Жер Алланың алды­ на барған ба? – Бармағанда ше? – дейді қиссашыл қартым, – бар­ май көрсін, Көкті тіліп, Жерді қақ жарып жіберер. Алла қаһарланбасын де. Періштелерін де шақырады. «Өзімнің мұрагерім – Адамды жаратамын», – деп ескертеді оларға. Періште­ лер қанаттарын қағып, байыз таппай гуілдеп: «Жарату­ шының мейірі түскен жан біздер едік қой. Әлде неден жаздық па?» , – деседі. – Өзіңізді мадақтап, ұлықтайтын біз тұрғанда жержүзіне кімді ие қылмақсыз? – Сендердің мұны білмейтіндерің мәлім еді, – дейді Алла. Сөйтіп балшықтан Адамды жаратып, оған он сегіз мың ғаламның атын үйретеді. Періштелер – Алланың сүйген құлдары. Алланың құдіретіне шәк келтірмейді. Әйтсе де сұрайды: «Ол бізден несімен артық?» Алла айтады: «Қане, он сегіз

мың ғаламның атын атап, түсін түстеп шығыңдар».
Періштелер Аллаға бас иіп, Адам атаның білгірлігіне
мойынұсынады.
Алланың Адамға ықыласы ерекше ауған-ау, әйтпе­

се, періштелеріне білдірсе, олар он сегіз мың ғаламды
шарлап кетер еді. Әлде, шарлап жүр ме екен?.. Со­
лай шығар, өйткені періштелер – жұмақта. Адам ата
Хауа ана Ібілістің азғыруымен Алланың «жеме» деген

жемісін жеп, уағданы бұзып, келісімнен айнып жер
бетіне қуылды. Ібіліс сайтандығын істемегенде, Адам
ата мен Хауа анамыз жұмақта алаңсыз ғұмыр кешер
еді. Онда мына біздер жарық дүниеге келер ме едік, жоқ

па? Періштелер куә, Алла Адам атаны сүйіп жаратқан.
Ібіліс те өзінікі. Оған қиямет-қайымға дейін кеңшілік
жасапты. Адам атаны да кешіріп, жұмағында қалдыр­
мады ма екен? Әлде, Ібілісті қиямет күні жеткенше,

адаммен арбастырып қою үшін қарғыс қамытын мой­
нына кигізіп, «құрт көзіңді, қараңды батыр, нақұрыс!»
деді ме? Адам ата мен Хауа ана жұмақтың маужыраған
құшағында, жан қинамай, бұйырған дайын астан ауыз

тиіп, бәле-батырға бас ауыртпай, құлшына құлшылық
етуді ғана біліп жүре бергендерінде Алланың пәрменін
он сегіз мың ғаламның бір нүктесі – мынау қара жердің
бетіндегі тіршілік иесі қалай ұғар еді?.. Бәлкім, Құді­

реті күшті Құдай әуел баста Адам ата ұрпағы жер бетін­
де өмір сүрсін деп жоспарлаған болар. Сондықтан, бай­
қап жүру керек, кез-келген уақытта қасыңнан сап етіп
сайтан табылуы мүмкін.

Абрам шалдың шаңырағынан шыққан бетте ойы­
ма осылар оралады. Үй әне, жап-жақын. Бірақ, сонда
да айналам тым үрейлі. Қарайғанның бәрі құбыжық
секілді. Бас салатындай. Жылы қораларда күйіс қайы­

рып ыңыранған сиырлардың тоқ үні, анда-санда әуп
еткен сақ иттердің дауысы: «Ойбай, тез, қаш, ізіңнен
өкшелеп Ібіліс келе жатыр!» дейтіндей. Тұла бойым
тітіреп, денем мұздайды. Бірақ, қорықпаймын. Менің

періштем бар емес пе?

*** Адам ата, Нұх ғалайассалам, Һұд, Салих, Ыбыра­ йым пайғамбар, Сымайыл, Жақып, Жүсіп, Шұғайып, Мұса, Талұт, Дәуіт, Сүлеймен, Айып, Жүніс, Зәкария, Лауы, Ғайса пайғамбар, Мұхамед салалаху уассалам пайғамбар... бірінен соң бірі Абрам ақсақалдың қиссабаяндарымен ойға сіңіп, көкейге байлана берген. Адттар, самуттар, яхудей елі, көне Бабыл жұрты, құ­ райыш тайпасы пайғамбарлар тұсында да Жаратқан­ ның жалғыздығына күмән келтіріп, пұтқа табынады, тоқшылықтағы өмірлерін харам тірлікпен, нәпсіқұмар­ лықпен былғайды. Соның зауалын тартып Жаратқан Хақтың назасына қалады. Оларды пайғамбарлардың Аллаға жалбарынып, құлшылық еткен тілегі ғана құт­ қарады. Хақ Тағала өзінің нәби пайғамбарларын әр­ қилы замандарда елшілікке жібере отырып қиямет-қа­ йымды ескертеді. Әбірем қарттың әңгімелері осы сарында жалғасақан­ да мен қилы-қызық оқиғалардың әсеріне еліте түсіп «Батырлар жырын» еске алатынмын. «Шапса қылыш, атса оқ өтпеген, әй, менің баһадүр бабаларым-ай!» – Абрам ақсақал, – деймін сондай сәттерде қаным қызып, – қазақта неге батыр көп, пайғамбар жоқ? Ебірей шал жүзіме барлай қараған. Сосын қарасұр өңі ерекше жылынып, қазір айтпақ сөзінен даналық ой тапқандай мейірлене: – Өйткені қазақ – бұзылмаған, бүлінбеген, зерек, ақыл-парасаттан жол тапқан, ата-баба аруағын жат көрмеген, Тәңіріне ғана қол жайған халық еді, – деді. Осыны айтты да миыңа тоқып ал дегендей ыммен белгі білдіріп, сұхбатымыздан бөлек бір сөз бастады. Бұл – Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам туралы ұзақ қис­ са екен. *** Пайғамбарлық қонып, Жаратқаннан аян алып, басы­ нан небір хикметтерді өткерген Мұсадан біреу: мына жарық дүниеде сенен асқан білімді жан иесі бар ма деп сұрапты. Сонда Мұса Хақтың бірлігін, Жаратқанның Бәни Ысырайыл жұртын шапағатына кенелткенін, өзіне

ерекше дарын сыйлағанын, теңізден жол ашылғанын,
Перғауынның теңіз түбіне кетіп ажал құшқанын, си­
қырлы қолы мен асатаяғының киесін айта отырып, мен

– мұрсал пайғамбармын, Алладан қысылғанда мұғжи­

за көремін, осыдан асқан абырой, атақ бола ма? Соған
қарағанда, жер бетіндегі кемел білімнің иесі мен шы­
ғармын дейді. Сөйткенде, Жаратушыдан уәхи жетіп:
«Әй, Мұса, сенің әлгі сөзің не? Саған өлшеусіз білім

мен қисапсыз қабілет дарытқанда менің мүмкіндігіме
күмән соғатындай ойға беріл деп пе едім? Бұ дүниеде
білімі сенен асқан, хайыр-шапағатыма бөленген тағы
біреу бар» дейді құдіретін кезекті рет әйгілеп. «Раббым,

сондай ғұлама жан иесімен мені жолықтыршы» дейді
Мұса ғалайассалам жалынып. «Кездесесің, – дейді Раб­
бы, – уағдалы күні кездесесің».
Раббы Мұса пайғамбарға күндердің бір күнінде аян

білдірді:

– Анапа ағашының қабығынан себет тоқып, ішіне ба­

лық сал да, өзің бұрын-соңды көрмеген, білмеген өл­
кеге сапар шек. Ол өлке – сайын дала, сардар таулар
өлкесі. Аяңыңнан жазбай сол мекенді бетке алып жүре
берерсің. Жүріп келе жатып екі теңіздің қосылған ара­

лына жетерсің. Себеттегі балығың түсіп қалар. Сен
сонда оны көрересің.
Мұса ғалайассалам баласының қолына балық са­
лынған себетті ұстатып, жолға шығады. Айлар, жыл­

дар өтеді. Аянда білдірілген екі теңіз бір арнаға құйған
атырауды жағалап, арып-ашып келе жатып бір жерге
дамылдайды. Сөйтіп, отырғанда қалғып кетеді. Бала­
ның қолындағы себеттен балық шоршып түседі. Бала

оны аңғармайды. Әкесі оянған соң әріқарай жылжиды.
Бір уақытта Мұса: «Балам, себетіңе қарап қой» дейді.
Баласы себетті ашып қараса, балық жоқ. «Балықтан
қашан, қай тұста айрылдық?». Ойланып тұрғанда бала

санын соғып: «Әлгінде аялдаған жақпар тастың түбінде
түсіп қалса керек», – дейді. Мұса қуанады. Шаршаға­
нын ұмытып желе жөнеледі. Келсе, екі теңіздің қосыл­
ған тұсындағы биік қара тастың қасында дана келбетті,

ойлы пішінді бір момын жан тұр екен. Мұса келіп сә­
лем береді. Қайдан шыққанын айтады.

– А-а, сен Бәни Ысырайылдың нәби пайғамбары

Мұса боларсың? – дейді әлгі адам. Мұса ғалайассалам
шарқ ұрып іздеген кісісін жолықтырғанын біліп барын­
ша ізетпен, ғұламалардың уәзипасында мүләйім тіл қа­
тады:

– Өзіңізді таусыла іздеп келген пендеге ықылас етіп,

оны дәрежеңізіге сай көрер ме екенсіз? Әгәрәки, сіз
сондай ықылас танытсаңыз – ол сіздің жаныңызға еріп,
сізден ғылым үйреніп, білімге кенелер еді де, білгенін
жұртпен бөлісіп, Хақ Тағалаға құлшылығын жалғасты­

рып, жан рахатына бөленер еді.
Мұсаның осылай бек құрметтеп, ынтызарлықпен үн
қатып тұрған адамы – Қызыр Ілияс еді. Қызыр әулие
сонда айтады:

– Ей, Мұса, мен сені ілестіріп жүрер едім, бірақ, сенің

көргеніңе орай сөйлемеуге, білмегеніңді тықақтап сұ­
рамауға тағатың жетпейді ғой.
Мұса айтады:

– Жоқ, мен дәтіме берік болайын. Көргеніме де, біл­

мегеніме де мақұлмын. Тек ілестіре көріңіз, әулием.
Сонда тағы да Қызыр әулие айтады:

– Ай, Алланың ерекше жаратқан нәби пайғамбары,

қайтсек екен? Егер тағатыңыз таусылғандықтан сөй­
леп, сұрана берсеңіз мен сізге ренжіп, содан соң арамыз
бүлінбей ме?
Мұса пайғамбар уәдесін және қайталайды.

Екеуі мүсәпірлік кебіне еніп теңізге қарай тартады.
Барса, теңізден бір кеме жүргелі тұр екен. Жолаушы­
лардың ұсынақты, момын қалпын таныған кеме бас­
шысы екеуін қалдырмай ала жүреді. Кеме ыңыранып,

зәкірін көтеріп қозғала бергенде Қызыр әулие оның
табан тақтайларын жұлып алып, сындырып тастайды.
Сөйтіп, кеме қайраңдап қала береді.
Былай шыға бергенде Мұса кейіп:

– Апыр-ай, Алланың қарызға берген әр күнін еңбек­

пен өтеп жүрген жақсы адамдардың қайырын шайыр
еттіңіз-ау! Мұныңыз не қылғаныңыз?, – дейді.
Қызыр әулие де іле тіл қатып:

– Осылай сөйлеріңізді ескертіп едім ғой, неге ердіңіз

маған?!, – деп серігіне қарайды. Пайғамбар уәдесі есіне
түсіп, ғапыл кеткеніне қынжылады.
Әулие мен пайғамбар сапарларын жалғастыра берсін.
Алдарынан ойнап топ бала шығады. Араларында нұр

жүзді, өзгелерден ерекше сүйкімді бір балақай көрі­
неді. Әлгі баланы әулие алдап оңаша алып шығады да,
сиқырлап ұйықтатып, өлтіріп тастайды.
Мұны көріп Мұса пайғамбар, тіпті, ашынады.

– Оу, сенің Қызырлығың қай жеріңде? Өзің бір

мүттәйім екенсің. Біреудің әлпештеген сәбиін не қыл­
дың? Мынауың енді сұмдық!, – деп айқайлайды.

– Айттым ғой сізге, – дейді Қызыр әулие, – менімен

еріп жүре алмайсыз!
Мұса пайғамбар ұмытшақтығына налып, әрі өзінің Раб­
бы сүйетін істердің жер бетіндегі насихатшысы екенін есі­
не алып, әулие мен өзінің бітіміндегі қайшылықтарға бас

шайқап, Қызырдан кезекті рет кешірім сұрап, соңынан ере
береді.
Ұшы-қиыры белгісіз сары даланың көл-көсір сағымы
екеуін қалтаң қақтырып сүйреп әкетіп барады. Бітіп

болмас, бітіп те болмас бір дүние әйтеуір. Жалпайған
жазықтың жиегін құм жұтып, құм етегін құбақан төбе­
лер қымтап, құбақан төбелердің шалғайын алып таулар
аспанға көтерген құрсауы қырық қабат біртүрлі тыл­

сым өлке. Жолаушылар діңкелеп бітті, әлдәрмендері
құрыды, әбден тарықты. Ғазиз жаннан енді түңілгенде
қарауытқан қыстақтың шетіне кеп жығылды. Бұл қыс­
тақтың тұрғындары қарау екен. Мүсәпірлерге қара су

татырмады. Маңайына жуытпады. Бірақ, қыстақтан
шыға бергенде қисайып құлағалы тұрған құжыра кез­
десті. Әлгі құжыраны көрген әулие тіреу қойып, қам­
қорлық жасады.

– Бұныңыз қайткеніңіз? – деді Мұса қайран қалмасқа

амалы түгесіліп. Алдында екі мәрте жаңылысқанын да,
әубастағы уағдасын да мүлдем ұмытса керек.

– Сіздің уағдаңыздан тайып осылай сұрарыңызды

бірден білген едім. Сірә, сіздің нәби пайғамбарлық пар­
қыңыздың да жөні білуге, түсінуге ұмтылуыңыздан-
ау... Енді түсіндірейін, – деді Қызыр әулие.

– Алыс жердің түбінде залым патша жау шақырып, қалың ләшкер қол жиып, суда жүзген кемелерді басып алып жатыр екен. Нәпақасын адал еңбектен тауып қана күнелтетін ізгілікті жандарды сорлатпас үшін кемені қайраңда қалдырдым. Әйтпесе, залым патша оны тар­ тып алар еді. Қалай ойлайсыз, қайсысы дұрыс: кеменің теңізде жүріп залым патшаның қолына түскені ме, әлде, қайраңда қалып адамдарының аман-сау қайырлы тірлік кешкені ме? – Ал, әлгі баланың ата-анасы Тәңіріне ғана сиынған мүміндер екен. Соданда олар балаға ерекше мейірім­ дерін төгеді. Шексіз еркелетеді. Бала – сол еркелікке тойынып, астамсыған, ойыны ой бұзар тірлікке бастап бара жатқан болашақтың бір бұзық адам еді. Сол неме ертең ер жетсе, әлеуметке әлек салары бек мүмкін-ді. Алдап апарып ұйықтатып өлтірген себебім – сол. Атаанасы Жаппар иесіне жалбарынып жақсылықтан ау­ майтын жандар болғандықтан, Тәңірімнен ол екеуіне әлгі баладан да көркем, одан да сүйкімді, мейірлі, ақыл­ ды, текті екі ұл сұрадым. Тәңірім тілегімді қабыл етті. – Құлағалы тұрған құжыраның ішінде екі жетімек отыр. Ол екеуіне ағайын-туғаны қарамайды. Жандары ашымайды. Екі жетім ертең ер жетер. Сонда олар құ­ жыраның астындағы алтын көмбені табар. Ләкин, со­ дан кейін тұрғындары қайырсыз қыстақты түзетіп жөн­ ге салар. – Міне, – деді Қызыр әулие Мұса пайғамбармен қош­ тасып тұрып, – мен осының бәріне ақыл-парасаттың арқасында жеттім. Ақыл-парасатты Раббыңыз бәріміз­ ге сыйлаған. Ақыл-парасатпен не нәрсенің де ақырына ден қойып, іс жасауда ғана кемдік қыламыз. *** Әбірем қартпен әңгімеміз Қызыр әулие мен Мұса пай­ ғамбардың хиккаясы аяқтала басқа ауанға көшті. Шал ма­ ған «кілет үйіндегі» тастарын тамшалатып, қайдағы бір ықылым заманалар жайынан сыр аңғартып жүрді. Мен бұл шамада мектептегі оқуымды тәмамдап Алматыға асығулы едім.

Таң тамылжып ататын. Айналам өзгеше бір шаттықтың шабытты күйіне еліткен. Дүрия дүние құстардың әні үшін жаралғандай. Бұлаңдап сырғитын бұлақтардың сылқылы мен арынды Ақсудың күркірі кезек өріліп, мынау ақнұр әлемнің әуезіне айналған. Қаракөз қалқатайлар қандай әдемі. Ұрымтал тұстан табылып, ұмтылып бір құшар ма еді өздерін. Сүйер ме еді шөлпілдетіп. Ақтамақ қарлығаш­ тардың қанатында сусып алқынған беу, жүрегім, қайда әкетіп барасың сен мені? Түс әлеті. Оқу біткен. Ертең соңғы қоңырау. Соңғы қоңыраудан кейінгі күн – Алматы. Үйге сыймай кәриядосыма соқтым. Шал «кілет үйінде» тастарын аударыс­ тырып отыр екен. Әйдік әңгімеге құлқым жоғын аңғар­ тып, жолсапарымның жайын мәлім еттім. – Сен Алматыға кетесің. Мен қашан Ерусалимге же­ темін? – деді қарт. Таң қалдым. Абрам «Ащыбұлақтан» ұзап қайда бармақ? «Оу, бұ байқұстың осындай да ар­ маны бар ма еді?» – Иә, – деді «жөйтім», – менің ғұмыр бойғы арманым – Бәни Ысырайыл топырағына бауырымды төсеу. «Қар­ лагтың» қараңғы түнегі де мені бұл арманымнан әсте айныта алған емес. Ол заман тамұқ еді. Қазір еркіндік. Әттең, бар екенімді, тірі екенімді білдірсем бітті, көне шежіреден хабардар яхудей баласы мені самғатып алып кетер еді. Менің ішім боздап қоя берді. «Қайран қартым, бұл сенің ең соңғы сөзің, ах ұрған ақтық тілегің ғана шы­ ғар?..» – Менің аманатым мыналар, – деді шал, – мен мұның бәрін арқалап Ерусалимге алып бара алмаймын. *** Алматы да, Әбіл нағашым да мені құшақ жая қар­ сы алды. Нағашымның жетелеуімен ойдағы оқуыма да топ ете түстім. Студенттік күндер басталды. Абрамның дәрісін тыңдаған пәле емеспін бе, бірден атаққа шығып, ауызға іліндім. Үздік студентпін. Нағашым ғылыми иниститутта қызметкер. Өзімен өзі тұйық жүреді. Жү­ деу. Қалтасы жұқа. Маған суырып берер тиыны әмия­ нынан табылмай қынжылатын. «Өрекпелеусің бе, қа­

лай өзі? Оқы, талмай, қажымай оқы», – дейтін сондайда жұпынылығын үлкендігімен жасырып. Көктем шыға жатақханама іздеп келіпті. Өңі балбұл жанады. Кітабым шықты дейді. Мұқабасында айға басын сүйеп, ұлып тұрған қасқырдың бейнесі таңба­ ланған қайыстай қалың қара кітап. Екеуміз атап өттік. Мен кәуап жеп, тәтті сусынға қандым. Ол сыра сімірді. Әңгіме шертті. Әріден. Абрам айтқысы келген ықылым заманалардан. Мен баяғы кәрия-досымды оның есіне салдым. – Тірі ме ол шал? – Былтыр тірі болған. – Ебірей екенін айтты ма ақыры? – Білдірді. – Сөйтсе керек. Олар шежіреге мықты халық қой. – Шежіре демекші, сол шал «көне шежіреден хабар­ дар яхудей баласы тірі екенімді естісе, Ерусалимге сам­ ғатып алып кетер еді» деп отырған. – Қой, ей! Ерусалимге көшпек пе екен? – Өзі сөй деген. – А, оның жарасы жеңіл. Мен «жөйіт» достарымды құлағдар етейін. Самғатып алып кетсін. – Ол шал біздің таулардан ылғи тас жинап әкеледі. «Айналайын, бұл тастар – осы даланы мекен еткен сенің ата-бабаларыңның көзі. Бірі – мүлік, бірі – қару, бірі – тіл. Заты да, қаруы да, тілі де үн қатуға бейіл. Бі­ рақ соны еш ескермейсіңдер!» деген. – Тап осылай деді ме? – Тап осылай деді. Нағашым түйіліп отырып қалды. – Онда былай болсын, – деді ол екеуара бас қосуы­ мызды қортындылап, – мен Абрам Нойманның тілегін орындауға шындап кірісейін, сен менің кітабымды ақ­ сақалдың қолына тигіз. – Келістік. *** Жаз. Ауылдамын. Сағыныш мауық басылған соң, үй­ дегілерден көрішілер жайын сұрадым. Шал, Құдайға шүкір, малын өргізіп, бақшасын баптап, тақуа тірілігі­

мен екен. Кемпірі боқырауда қайтыпты. – Қазір Әбірем
мүлде жалғыз. Есімбек молдамен ғана тәжікелесіп қа­
латыны болмаса, былайынша, ауыл қарттарымен аман
сәлемі түзу. Пейнетқор өзі бейшара. Қабын арқалап әлі

тезек теріп жүр.
Әжемнің қысқа хабарын ести сала Әбіремнің үйіне
тартқам.
Қарттың жүдеубастылығын бірден аңғардым. Бұрын­

ғы жинақылық пен ұсынықтылықтың көбесі сөгіліп, шеті
сетінегендей. Мосқал пештің үстіндегі шәугімнің шүмегі
мен түбін күйе шалыпты. Әдетте басы тіктеліп, босағада
сүйеулі тұратын сыпыртқы ошақ аузында жатыр. Төбесі

аласа бөлмелерді бүгілген қарттық меңдеген: суық, қасі­
ретті.
Шал жазбай таныды мені. Сампылдап оқу-жайым­
ды айттым. Үнсіз, сұлқ тыңдады. Әңгімеге құлқы жоқ

сияқты. Әбіл нағашымның кітабын кереуетінің басына
тастадым да сытылып шықтым.
Ертеңінде Әбірем екеуміз оның албарында ұшырас­
тық. Кешегіндей емес, қарт көңілді. Қунақ. Шатыраш

ойнап шаршатқан тағдырынан құтылып, серпілгендей
сергек.

– Түні бойы көз ілмей оқып тастадым. Бұл қай бала

еді, әлгі алыстан сендердің үйлеріңе кеп қайтатын наға­
шы ағаң ба? Бала болғалы тұрған бала екен. Жорыққа
шығыпты. Қорықпайтын, тайсалмайтын көрінеді. Қи­
сыны, байламы тастай. Еріксіз иландырады. Тәңірін

бек таныған бекзат ұлдың өзі ме дедім.
Осыны айтып дабырлаған шал: «Есіңде ме, Мұса пай­
ғамбарды Перғауын әскерімен қуғанда Раббы теңізден
жол ашып, Бәни Ысырайлды құтақартын сәті», – деді.

– Иә, есімде.

– Ендеше міне, мынаны тыңда.

Шал кітап бетіне жүгінді.
«...Енді иудей Құдайының бастапқы есімі неліктен
«Ау» болатындығына аз-маз тоқтала кетейік. Ол үшін
жебірей халқының Мұса ғалайссаламның басшылы­

ғымен Мысыр құлдығынан қашқан кезде жер бетінде
көрініс берген оқиғаларға, олардың себептеріне үңі­
лу керек. Бұл табиғи апаттар Жер-Ана бетінде бірінен

кейін бірі қайталанған қасіретті уақыттар еді Жерге
төніп келіп қалғандай болған аспанды әлдебір құді­
реттің күшімен пайда болған дыбыстың кері лақты­
рып жібергені де рас. Әлденеше тәулік бойы қарасын

көрсетпей қойғандай болған Күн де содан кейін қайта
жарқырап шыға келген. Табиғаттағы мұндай құбылыс­
ты бүгінгі ғылым тілімен былайша дәйектеп түсіндіруге
болады: шамасы, тым жақын келген әлдебір құйрықты

жұлдыз кесірінен немесе көрші планеталармен өріс
күшін таластырудан соң, бәлкім, ғарышта қаңғып жүр­
ген шойын тастардың бірі құлағаннан кейін орбитасы­
нан шығып кете жаздаған Жер шары ыңыранып барып,

Күн жүйесіндегі бүгінгі орнына сәтімен түскен болса
керек. Апат зардабы бірнеше апта немесе айларға со­
зылғандығы да анық Осы бірнеше ондаған тәулік ішін­
де адам санасына ұялап қалған үрей-қорқыныш жаңағы

құтқарушыдай болып естілген дыбысты Жаратқанның
өзінің үні деп қабылдауға молынан жетіп-артылатын.
Екі жарты шардағы адамдар қиялын тербеп, құдайлар
мен құтқарушы қаһармандар жайлы әфсаналар тудыр­

ған ол дыбыс бізге қасқыр мифінен белгілі «Ау-у-у» не­
месе қысқаша «Ау» еді.
Дыбыс немесе сөз иесі де белгілі. Кеңістікте тербеліп
барып, бүгінгі белдеуіне қайта түскен Жер-Ана бола­

тын. Ол кезді ескі кітаптар «Өзендер арнасынан ауыт­
қып, тік көтерілген теңіздер құрлықты шайып кете жаз­
даған заман еді» деп суреттейді.
Күн жүйесінде орын алуы әбден мүмкін болған ке­

зекті алапат апаттан Жер-Ана аман һәм жеңімпаз болып
шықты. Одан естелік ретінде әр құрлық, әр халықтарда
өздеріне тән реңк-бояумен баяндалатын аңыз әңгімелер
қалды. Ежелгі элладалықтар анадан туған алып ұлда­

ры Геркулеске аспанды көтерткізсе, қытайлықтар сол
кездегі әміршісіне Яо немесе Яу деген есім берді. Үнді
буддашыларының бабалары «АУМ» деп дыбысталатын
қасиетті мантраны ұрпақтарына мұра етіп қалдырды.

Жебірей қауымы болса, Жаратқан он негізгі қағида­
ны Мұса ғалайссаламға осы жолы түсірді деп санады.
Бағзы түркілер болса, Жер-Ана мен Қасқыр-Ананы ас­
тастыра ізет тұтты. Түркі қауымы қолдан Құдай жаса­

мады, қолынан келмес істі мойындарына артып пенде баласын да мазалаған жоқ. Иә, солай, қасқыр мифі мен тотемінің кемі үш мың жылдан асатын тарихы бар, ол адамзат баласында Ұлы Ана жалғыз-ақ екендігінен, оның есімі Жер-Ана деп аталатындығынан сыр шертеді»* – Міне, жұмыр жердің баласын тұтастыратын осы түйін. Міне, қазақ ойының он сегіз мың ғаламды еркін шарлауы! Не деген кеңдік, не деген дархандық! Шал шалқып ұзақ сөйледі. *** Нағашым мықты екен. Уәдесінде тұрды. Абрам Нойманды көне шежірені жатқа соғатын яхудей жігіт­ тері Ерусалимге самғатып алып кетті. «Ащыбұлақ» ауылы кешегі мыжырайған шалдың мұншама құрметті екендігіне айран асыр болып қала берген. Айтпақшы, Әбірем ақсақал «кілет үйіндегі» үйіл­ ген тастарды «оқудағы балаларыңа беріңдер» депті де, Әбіл нағашымның қолтаңбасы жазылған кітапаты ғана қолтығына қысып кете барыпты.

*** Жазымыш-ау... Абрам Нойман Ерусалимге ұшқан күні Әбіл нағашым кенеттен дүние салды. *** Соңы... • Бұл жерде ақын, мәдениеттанушы Әмірхан Балқыбектің «Қасқыр Құдай болған кез» атты кіта­ бынан үзінді алынып отыр. Алматы, 2015 жыл.

БӨРІ СОҚПАҚ

(Әңгіме)

– Жазушы боламыз.

– Ақын боламыз.

– «Боламызың» не? Болып қойғанбыз.

– Мен – жазушымын. Қазақтың қасқа маңдайына біт­

кен жазушымын.

– Ал, мен – ақынмын. Ақынмын-ей, мен осы!

– Міне, енді сілтеп тастау керек.

– Түбіне дейін.

– Әрине, түбіне дейін.

– Жоқ, сен дұрыс алмай отырсың. Сімірген соң – сі­

лекейлеп берекесін қашырмай сіміру керек.

– Вот, дұрыс айтады.

– Осыны ішсем, есім ауып, адам танымай, қасқыр

сияқтанып кетемін.

– Арқаң бар ғой сенің. Иең бар.

– Иә, менің арқам бар. Арқалы ақынмын ғой мен де­

генің.

– Қасқыр туралы айтайықшы.

– «Қасқыр түсті қақпанға, жортып келе жатқанда».

– Баяғыда, бала кезімізде жаттаған бір тақпағымыз

осылай басталушы еді ғой. Хи-хи-хи.

– Е-е, жігіттер, қасқырға күлмеңдер. Күлмеңдер

деймін қасқырға.

– Неге? Күлейік те. Күліп үйренейік те. Не ол сонша?

Білемін, қасқыр – киелі. Қасиетті аң. Қасиеттіні қас­
терлеу үшін де күлу керек. Мысалы, күле білу де – адам
бойындағы қасиетті мінездің бірі.

– Тауып айтасың. Сен осы ылғи да тауып айтасың.

– Тағы да төңкеріп тастаудың реті табылды ма, қа­

лай?

– Табылды. Ал, қанекей...

– Мен жұтып жібердім. Жұтқыншағымнан өтіп, қы­

зыл өңешімнің айналасын жылытып, құлдилап барады.

– Сен біздің жазушы досымыздың кейіпкерлері сияқ­

ты сөйледің.

– О, Данияр ма? Ол да қасқыр. Нағыз бөрі.

– Қасқыр... біз ғой мына жерде, қасекеңнің аяулы

есімін қалай болса, солай атап, құрдасымыздай қыл­
жақтап отырмыз. Түлей түзде ол өзінің аты-жөнін жал­
пылдаған ауыздарға айтқыза бермейді. «Ит-құс» дейді
оны қырдағы жұрт, «Абалақ» дейді.

– Данышпандарым, біраз дабырластық-ау, шамасы.

Қайтсақ қайтеді? Тарқайық.

– Өй, әлі ерте.

– Иә, ерте. Асықпа. Сен білесің бе? Ықылым заманда

аспан жерге төніп кеп, жамбастап жатып алған көрінеді.
Адамдар зіл батпан аспанның астында бүгіле-бүгіле
бүкірейіп қалыпты. Тіпті, еңбектеп, жер бауырлап жыл­
житындай халге жетеді. Алп-алп басқан адамдар ғана

емес, шаңырақ мүйіз бұғылар былай тұрыпты, «бұлды­
рық» дейтін құсқа дейін қанатын жазып ұша алмайтын
кепке ұшырапты. Бұлдырығың не, қыбырлаған құрт-
құмырсқаның өзі аспанның езіп, жаншып басқан сал­

мағын сезініп, жеті қат жердің астын кеулей қашыпты.
Осы сәтте жалғыз қасқыр ғана мұз сауыттай құрсанған
аспанның бауырына тұмсығын сұғып ұлыған екен. Қас­
қыр және көп ұлыпты. Қасқырдың мына ерлігін еп көр­

ген адамдар тегіс жиналып, бір сәтте: «Ауп» деп аспан­
ды көтеріп тастапты. Содан бері бұл қасқырыңыз киелі,
қасиетті аң есебінде.

– Бізде, қазақтарда. Түп нәсілі түркілерде деңіз.

– Иә, әйтпесе, өзге жұрттың қасқырда жұмысы жоқ.

– Қасқыр – анамыз.

– Атамыз.

– Қасқыр емгенбіз.

– Қазір енді бөтелке емеміз.

– Ха-ха-ха!!!

Қатты қызып, қаңғырлай сөйлеген үшеуге даяшы дәм­
хананың жабылатынын ескерткен. Әйткенмен де, әйгілі
ақын-жазушы атанғалы жүрген үшеуді даяшының ес­
кертуі елең еткізген жоқ. Керісінше, «сіздерге тағы не

керек?» деп, мүләйім түрде, сыпайы сұрақ қойып тұр­
ғандай оған қарап: «Ақысын төлейміз, тағы әкел, әкеле

бер», – десті кеу-кеулеп. Үшеуінің де жүзі әлемтапырақ.
Көздері әңкі-тәңкі. Ақшия қарайды. Даяшы басын шай­
қады. Сосын ызбарланып: «Шығыңыздар», – деді. Әлгі
үшеудің біріне даяшының дауысы алыстан ыңыранып

жеткендей естілді. Ыңыранған дауысқа ырыл аралас­
қан сияқты. Олар мас еді. Тұтас шаһар жұрты мас еді.

*** ...Ертеңінде Т. қаласының тұрғындары тегіс қасқырға айналып кетті. Бөлтіріктерін ерткен үйірлі көкжалдар жалаң қағып, әсем шаһардың көшелерін кезіп жүрді. Топталып, шұбырындысымен келіп тұмсық түйістір­ генде, арландары желке жүндерін күжірейтіп, ұшы келте, шұнақ құлақтарын қайырып тастап, жанарлары­ нан жасыл ұшқын атып, шайнасудан да тайынған жоқ. Сондай сойқанды қызу таласта талай арланның ішекқарыны ақтарылып көшелерде, алаңқайларда, биік үй­ лердің аулаларында қансырап жатты. Жеңген, жеңімпаз арландардың үйірі молайып, қарасы қалыңдай түсті. Әлгіндей үйірдің бөлтіріктері ойнақ салып, кәңкиіп тұ­ рып қалған автокөліктердің төбесіне шығып, шоңқиып отырып та алды. Адамдардан арылып, алқам-салқамы шыққан, есік-терезесі ашық, көп пәтерлердің дәліздерін қасқырлар үйірі жортты. Қайсібір тұстан арс еткен ар­ лан дауысы қыңсылап үйік тілеген қаншық қасқырдың үнімен қатар естіліп, қала алып апанның, жынысты таулы мекеннің тұрпатына енді. Бірте-бірте үйірлердің өрісі де айқындалып, апан-қала өзінше тәртіп түзе бас­ тады. Осылайша, қасқыр-қала сапырылысқан тірлікпен ай жарымын өткерген. Сөйткенде, қалада азық таусылды. Базарларда, дүкендерде, қоймаларда қызарған ет, қан жұққан зат түгелімен түгесілді. Қасқырлар тәтті кәм­ пит, тәбет ашар жеміс-жидекке зауықсыз болып шықты. Қасқырлар үйірі әбден ашықты. Кеше ғана тоқ қарын­ дары бұлтыңдап, түгі жылтыраған бөлтіріктердің үстін өлі, жасық жүн басып, ластанған қала тыныс тарылт­ ты. Аш, ашулы қаншықтар қабаған өлекшіннің мінезін тауып, арландарды құлақ шекеден ала түсетінді шығар­ ды. Қаланы улыған-шулыған, қыңсылаған, жарыса үн

созып, дауыс салған зар кернеді. Міне, дәл осы кезде, түн жарымында, ақбурыл, кең кеудесін шалқайта тас­ тап, жуан, жалдас мойнына біткен үлкен, қаһарлы ба­ сын тік көтерген кәрі, көсем арлан тұмсығын көкке со­ зып ұлыды-ай келіп. Ол күңіреніп ұзақ ұлыды. Бұрынғы өткен бабалар ұранымен ұлыды. Түлейді күн-түн кез­ ген абадандардың жорығын жоқтап ұлыды. Мынау тар, қапас қалада ұйлыққан үйірінің дәрменсіздігіне налып, күйіне ұлыды. Ұли алмайтын ұрпағының, зәу-затының қорқаулығынан қорқып та, қорынып та ұлыды. Көсем жалғыз ұлыды. Ертеңінде көсемнің қасына жас арлан қасқырлар жиылды. – Кеше түнде мазасыз күй кештіңіз-ау, неге жылады­ ңыз? – деді арландардың бірі арсалаңдап. – Талғажу етер бірдеңе іздедіңіз бе? – деді тағы бірі аш бүйірін жалап, аунап жатқан бетінде. – Кәрия, не тілейсіз? – деді қызыл іңірде қаланың бір бұралқысын бүктеп басып, өзек жалғаған көкжалдауы. – Жорық тілеймін, – деді кәрі көсем. – Қаланы тастап тау асайық, тас басайық. – Онда не бар? – Аң бар. Толған аң. Ерінбесең ешкі же, елік қу. Ар­ қар аула. Бұғып бар да, бұғы бас. Домалантып доңыз қақ. Аңшылық – біздің ата кәсібіміз. – Апыр-ай, мұныңыз керемет екен, – десті арландар арс-арс етіп, – бірақ, сол аңшылық біздің қолдан келе қояр ма екен? – Келеді. Неге келмесін? Негізіңде жыртқыштық, аң­ шылық жатқан жоқ па? – Ендеше бастаңыз. – Мақұл, – деді көсем дүр сілкініп, – мақұл, еріңдер соңымнан. *** Көсем бастаған арландар қалаға мол олжамен орал­ ды. Бәрінің аузы қан. Бәрінің аузында: алқымдалған, таңы айрылған, қабырғасы сөгілген – ешкі, лақ, елік. Кейбір кеуделі, жоталы арландар доңыздың айғырын сүйреп әкеліпті. Қала қанға бөкті. Бөлтіріктердің ай

бойғы аш қыңсылы тоқ ырылға, болашақ арландықтың айбарын сездіретін қуатты ырылға ұласып, ұрғашы қас­ қырлардың арландар айналасындағы мәслихаты мәнді, келелі кеңеске ұқсап жатты. – Отағасы, ертең де жорыққа аттанасыз ба? – Енді мен күнде жортамын. – Үйіңізге, үйіріңізге соғып тұрасыз ғой, әйтеуір? – Үйбай-оу, о не дегенің? Менің жортуылдарымның бәрі үйірімнің қамы емес пе? – Бүгін мелдектете тойындырдыңыз. – Күнде тойындырамын, қалқам. – Осы түн сіздің еркіңіздемін, арланым. Бұл түні көсем тағы ұлыды. Кешегіндей озандап, күңі­ ренбей рух шақырып, ерлікті мадақтап ұлыды. Тағы да жал­ ғыз өзі ұлыды. Ертеңінде үйірін ертіп жорыққа аттанған. *** Көсемнің басшылығына бағынған арландар үйірі тау мен дала аңын қынадай қырды. Олар үшін тау мен дала деген олжаның отаны екендігін қапысыз ұғар уақыт та болған. Қаланы қан жапты. Қан жұтқан қала қаңқалар­ дың үйіндісіне толып түнде түнеріп, күндіз күңси берді. Бұл кезде қаланың қаншық қасқырлары үйікке тоймай арлан көрсе, асылып ойнайтын өнер тапқан. Бұлаң құй­ рықты бір-екеуі қаланың сыртындағы дөңде, оңаша, тұмсығын соноу алыс таудан есіліп соғатын ерке, жұ­ пар самалға төсеп жататын кәрі көсемге де келіп қайт­ қан. Үйкеленіп, иіскелеп, тәлімсіп тіл қатқан: – Аға, қалаға кірмейсіз бе? Айдалада мұныңыз не? – Шырақтарым, мені мазаламаңдар. Мен – түздің та­ ғысымын. Көсем оларға осындай жайын білдіріп, тағылығын танытып бой тартатын. Сосын ойлайтын еді: «иттің ылыққан бұралқылары сияқты әпігі басылмайтын не деген пәлелер еді түге?» – деп. Күндер өте берді. Апан-қала ақсөңке сүйекке толды. Таудың, даланың бар аңын арландар үйірі мына шаһар­ ға қуып тығып, алапат апатқа ұшыратқан сияқты: анда арбиған бұғы мүйізі, мында маңғаз сұлу маралдың қаң­ қасы. Суыр мен борсықтың жидіген терісі. Сол лас, са­

сық апанда майланған табандарымен тайғанақтап, бөрі
бүлкегінен айныған бұның зәу-заты жатыр. Тоқ, марғау.
Самсоз. Аң қағудан ерінетіндері де екпеттеп апан ма­
ңында аунайды.

Бір күні көсем аң аулайтын түзді жалғыз кезді. Қасы­
на ерерге қара табылмады.

– Тоқпыз, тойындық, өзіңіз жорта берсеңізші, – деген

олар ықылық ата ыңыранып.
Көсемнің жалғыз жортқаны – жортқаны болды.
Үйірінен жанына жан ілеспеді. Шетінен семіз. Ырс-
ырс етеді. Ыңқылдап әрең қозғалады. Бөлтіріктерінің

сирақтары сыртқа теуіп, домаланып зорға жүр. Жорық
көрмеген, аламан шабысқа түспеген аяқтар қысқа, кел­
те, доңыз аяқтанып қалған. Сіңірлі, серпінді, жүгірген­
де балақ жүні түтеп кететін қасқыр аяқтар апан-қала

тұрғындарының біріне бітпепті. Доңыз сирақтанған до­
ңыз бейнелі бірдеңелер шетінен. Көсем қан құсты.
Бұл шақта көсемнің көсемдігін, жортарлығын жаман­
дап мәубас арландар тобы азу тістерін ақситып кеңес

құратын. «Дала», «түз», «аң», «жорық» деуден тыйыл­
маса, осы ақсақалға жол болсын айтқанымыз жөн шы­
ғар тегі. «Қаланы тастап қыр жайлайық, ну тоғай, қия
шатқалдан апан сайлайық» дейді. Бұрынғы бабалары­

мыз солай етіпті. Ну и что, олар үңгірде тұрды екен деп,
біз де үңгірге оралуымыз керек пе? Қала дегенді біл­
меген бабаларымыз. Біз – міне, қала қасқырларымыз.
Бұрын соңды болмаған жайлы тұрмыс. Жан рахаты.

Мынау қабат-қабат зәулім үйлер тұрғанда айдаладан
апан қазып, алас ұрғанымыз кімге дәрі? О не сорым?
Ашықсақ көсемсіз де бірдеңе қылармыз. Білеміз ғой не
істеу керек екендігін».

Сөйтіп, осы сөзге тоқтам жасаған арландар ауыр де­
нелерін марғау қозғалтып, сылбыр қимылмен, бірінің
ізін бірі шайқақтай басып, кәрі көсемнің алдына келді.
Байлам қылған сөздерін айтысты. «Шал, қалада тұра

алмасаң, жұртты азғырмай, далаңа өзің тарта бер. Мұн­
дағы балаларды қайтесің, тау асып, тас басып жүре ал­
майды». «Ы-ы, солай ма? Соны өзім де біліп ем». Кө­
сем жанары жалт қызыл жалын төгіп, үйірлі арланның

ортасында ойран салғысы кеп ырылдағанда, көмейінен

лықсып алапат үн ақтарылды. Абадан азған ұрпағымен дөң басында соңғы рет ұлып қоштасты. Күңіреніп зар төкпеді, лағнет айтты. Ыза құспады, ыршып, ырыққа көнбей соққан жүрегінің аз ғана наласын білдірді. Өйт­ кені, ол азған апан-қаланың қасында ұлығанды ғазиз басына қор санады. Сөйтті де, бөрі бүлкекпен жөней берді. Көсемнің бет алысы – Жоңғар Алатауының «Қартай­ ған» деп аталатын бір айлапат асуы еді. Екі жағы жала­ ма құз-жартас, найза тұмсық асуда бұның бабасының ізі қалған. Көсем сол ізді басып өтпек. *** – Он төрт жасымда айдауға түстім, – деп бастаушы еді атам әңгімесін. –Жалаң қылыш, істікті мылтық асынған айдауылдардың алдында Бішпек-Тоқпаққа қа­ рай кетіп барамыз. Жаяумыз. Ағайын -жұртпен іштей «қош-қош» айтысып, ұзап шыққанымызға көп болған. Солдаттардың түсі сұмдық. Қапысын тауып қашпақ­ қа әрекеттенген бірер адамды көз алдымызда сұлатып салған. Жаннан түңілдік. Енді ел бетін көретін күн бар ма, жоқ па, білмейміз. Осылай келе жатып бір бұлақтың басына құлағанбыз. Кенезем кеуіп, шөл қысқан. Бұлақ­ тан еңкейіп бір жұтым суға алақан тоса бергенімде, ай­ дауылдардың басшысы қылыштың қырымен жалғыз-ақ ұрып отыз екі тісімді қаусатып қағып алды. Міне, содан бері қызыл иекпін. Сөйтіп, қандала болып абақтыға жабылдық. Күндіз шөп шабамыз. Мая шөмелейміз. Түн – абақты. Бізді қайтпек, қайда апармақ? Қашан атып, асып тауыспақ? Бұл сұрақтардың біріне жауап жоқ. Сондай суық, бұл­ дыр күндердің бірінде түнде жатып түс көрдім. Түсі­ ме ақ сақалды, атан кеуделі қария кіріп: «Балам, қаш. Ертеңнен қалмай қаш!» – деді де, ғайып болды. Маған қамқорлық танытып жүретін үлкен кісі бар еді, көрген түсімді сол кісіге баян еттім. Әлгі кісі: «Бұл жай түс емес, аян түс екен. Бұны ешкімге айтпа. Амалын өзім табамын», – деді. Содан кеш түсіп абақтыдағы орны­ мызға жайғасқанбыз. Ұйқы-дұшпан қарадай басып ба­ рады екен, түсімді жорыған адам кеп түртіп оятты да:

«Абақтының аузы құлыпсыз. Күзетшілер байқалмайды. Дыбысыңды білдірмей тұр, қашайық» деген сөздерді сыбырлап естіртті. Қашып шықтық. Қараң-құраң біраз топ екенбіз. Бәріміз қазақ сияқтымыз. Сөйтіп, жан сауғалап, бас бағып, ел шетіне де іліктік-ау... «Әй, енді туған жердің тасына табанымыз тиді ғой, бой тасаламай жүрейік» десіп, бейтаныс ауылдың үстінен шықтық. Ауылдың ортасында үлкен қоңыр үй тұр екен. Қоңыр үйде қоңыр­ қай кісі отыр екен. Үндемейді. Біздің мүсәпір халімізді тез танып, әйеліне ыммен дастархан жасатып, дәм ауыз тигізді. Өстіп отырғанымызда үстімізге бір әйел кіріп келді. Кіріп келді де, бас-ағымызды тінте шолып қара­ ған ол жүзі құбылып шығып кетті. Сонда барып отаға­ сы баяу тіл қатқан: – Ел іші қазір бұзылған. Белсенді, шолақ басшы көп. Жаңағы әйел солардың жансызы. Жандарым, аялдамай тез тұрып, қашыңдар. Әйтпесе, ұсталасыңдар. Біз безе жөнелдік. Ауылдан сырт айналып, көзден та­ саланған соң жолбасшымыз: – Бұдан былай топталып жүре алмайды екенбіз. Әркім өзінің жолын тапсын. Межелі мекеніңе жеткен­ ше, күндіз төбе көрсетпе. Тек түн сағала. Ал, қоштаса­ лық. Бұ дүниеде жолықпасақ, о дүниеде ұшырасармыз. Хош-хош, – деді. Түсімді жорыған, жөн сілтеген, есімі қазір жадымнан шыққан сол адамның айтқанымен түн жамылып, Бала­ сазға да тұяқ іліктірдім-ау. *** Атамыз – ол уақыттағы 13-14 жастағы бозбала, баба­ қонысы – Баласазға Баянжүректің басынан шолу жасап, бірер күн айналады. Әкесі Қуаттың жусанды далада жөңкілген үйір-үйір жылқысы, мүкәмал-мүлкі кәмпес­ кенің талауына түскен. Кешегі малшы мен жалшы, қой сауып, құрт қайнатқанның бәрі – бұ күнде жат, бөтен жандар. Момын бай Қуаттың бейопа дүниедегі мынау халін табалағандай кіжініп, тап бере сөйлейді: – Бай. Шіріген «бай-құлақ». Малын бақтырды. Отын жақтырды. Қанады. Талады.

– Айдату керек! – Итжеккенге жіберу керек! «Тәңір жарылқағырлар-оу, – деуші еді сонда жұғым­ ды, майда бітімді, қоңырқай өңді тақуа қарт таусылып. – Мен сендерге не істедім, сонша итжеккенге айдатып сорлататындай?..». Әке момын, иі жұмсақ жан болғанымен төрт ұлдың үлкен екеуі – Нұрмұхамбет пен Ғұсыман өзгеше сұлу келбетті, өрт жігіттер еді. Сол екі жігіт ағайынмен ас­ тыртын хабар алысып жүріп, бір-ақ түнде Дәуітбай, Шақайлардың көшімен арғы бетке ауады. Ауған көштің алдынан солдат шығып қырғын атыс, қан майдан бола­ ды. Осы соғыста әкелі-балалы үшеуі бірдей оққа ұшады. Қызыл әскердің командирі Курносов деген казак-орыс шекарашылар отрядына бөрідей тиген қос сұлтанның қасына келіп: «Пай, мына екеуі қазақ арасында ерек­ ше жаралған жандар екен. Өлгенде де өңдерін бермей, маржалар қызығып қарайтындай болып жатқандарын қарашы», – депті. *** Жалғыз жаяу түн ортасы ауғанда баяғы Күрең жыл­ қышының қосына кеп кірді. – Аға, бұл мен ғой – Кенжеахмет. Күрең бұны күтіп жатқандай тез басын көтерді де: «Кенжеахметпісің? Білгенмін келеріңді», – деді. Күрең жылқышы Кенженің әйтеуір бір соғарынан кү­ дер үзбесе керек, қостың сыртында отырып, аз ғана кеңес айтты. – Сен ауылға аялдама. Қараңды көрсетпе. Осыдан жүріп отырып Сарнауаға жет. Сарнауаның сайында боз дөненің саяқ жүр. Ұстап мін де, арғы бетке тарт. Әкең, екі ағаң шәйт кеткен. Тек Құсекең ғана аман деп ес­ тиіміз. Мына Арасанның бекетінде жеңгең Жамал мен Нұрмұхамбеттің ұлы қалып барады. Амалын тапсаң соларды алып өт. Таппасаң амал кем. Ақиретте жүзде­ серсіңдер, – деді. Кенжеахмет бала кезінен таныс сүрлеу соқпақтан та­ бан аудармай жүріп отырып, таң қылаңында Сарнауа­ ның шатқалына құлдилады. Қараса, ақбоз суатқа құлап

барады екен. Айнала төңірек тез ашылып, түннің бояуы
солғын тартқан шақ. Құлынынан қолға үйретіліп, Кен­
жеахметке бауыр басқан боз дөнен әуелі құлағын қай­
шылап, құйрығын тігіп, құйын-перен жоғалуға ыңғай­

ланды да, таныс дауысты естіген бетте шұрқырап жетіп
келді. Кенжахмет ақбозымен «бауырымдап» жылап
көрісті. Боз дөнен де иесінің қолтығына тұмсығын ты­
ғып, бүгінгі мынау саяқ жүрісіне, жүдеу күйіне мұң

шаққандай солқ еткен дыбыс шығарып, содан соң жер
тарпып оқыранып жіберді. Жел қанат ақбоз айдалып
кетпесе де, аямастың азабын тартқан сияқты: арқасын
ер қажап, аяғын тұсау қиыпты.

Бала жігіт ымырт үйіріле Арасан бекетіне жеткен.
Ілгеріде, іргесі шағын қалашыққа ұқсап өрілген Ара­
санның шипалы суына орыстың оқымыстылары, қазақ­
тың қаратаяқтары, Қапалдың саудагер-татарлары үйір

еді. Қысы-жазы Арасан өзгеше сән-салтанатымен көзді
арбап, жасанып тұратын. Ендігі Арасан барқыраған мас
дауыстарға толы, күкірт кеулеген, ыс тұмшалаған бекет
болыпты. Соноу бір үлкен көк үйдің алдында орыс-ка­

зактар ортаға от жағып қойып, арақ ішуде. Бірлі-жарымы
бос сенделіп жүр. Тағы бір шоғыры көк үйдің алдында
мылтық майлап отыр. Оттың айналасындағылар әлдене
деп барқырады. Балдыр-балдыр сөйледі. Қабырғасын

Қарағайлының самырсын-шыршасымен қатарлап қалап,
бояуды сіңіре сырлаған көк үйден екі әйел шықты. Ал­
дыңғысы орыстың маржасына ұқсайды: екі жағына ке­
зек ырғалып, кеудесін жайқай тастап, соңындағы әйелге

әлденелерді көтерткізіп әкеле жатыр. Жамал! О, тоба!
Жазбай таныды. Мынау – ақманар сұлу ақ жеңешесі
ғой! Жұрттың қолы тиген майлық-сулықты ұстамайтын
қайран жеңге қорлыққа көніп қалса керек: аяқ-табаққа

орыстың арағын салып алыпты. Осының бәрін көк үйге
жақын тасадан баққан бозбала қыстығып жылап жібер­
ген. Жағасын, жеңін тістелеп үнсіз егілген. Кенет, көк
үйден басына үкілі тақия киген кішкентай Жанасыл жы­

лап шықты. Шырқырап, құлдыраңдап келеді. Апасын із­
деп қалған-ау... Әлденеден шошынып, қорықты ма екен?
Әлде, мына қорқаулардың бірі шапалақпен осып салды
ма? Әйтеуір, сәбидің емес, зәбір көріп, запа шеккен үл­

кеннің зарын салып шырылдайды. Сәби үнді, бала бей­ нелі үлкен кісі ме дерсің. Үнінде қорқып, шошынғаннан гөрі айналасындағы сұмдықты нәресте жүрегімен сезін­ ген қорғансыздықтың, қайғының, қорлықтың ащы зары бар. Тақиясындағы үкісі де ебіл-дебіл: қорқаулар орта­ сында ұшып жүрген сәбидің періште жанындай желпжелп етеді. Сол кезде... тап сол кезде, мылтығының ұң­ ғысына май жұтқызып отырған мұжықтың бірі тақияның төбесінде үлпілдеген үкіні көздей бере шүріппені басып салған. Қорғасын оқ қас-қағымдық зуылмен түн бауы­ рын қып-қызыл шоқ болып сызған күйі ысқырып барды да, сәбидің бас сүйегін қақырата тіліп өтті. *** Ақбоз ат бауырымен бұлт кешіп келеді. Аспан тау­ лар ат тұяғының астында тас бұлттарға айналып, күтіркүтір етеді. Кейде меңіреу тас бұлттардың түпсіз терең қойнауы жаңғыра шулап, жамырай жөнеледі. Сені де жұтып әкететіндей шыңырау түбінен самбырлайды. Бір сәт адасып, тоқырағандай айналшықтаған ақбоз мойнын төмен сала берді де, шөкелей түсіп дем тартты. «Біткен жерім осы екен, – деп ойлады бала жігіт, – біт­ кен жерім осы болды». Кенет, ақбоз жылқы баласының әдетінде жоқ еппен еңбектей берген. Еңбектей бере дем тартады. «Бұ не?» Кенжеахмет ерден сырғып түсіп, ақбоздың иіскелеген жеріне үңілген. Көзі үйренгенше үңіліп қарай берген. О, Тәңірім, міне, қара! Ақбоз ар­ лан қасқырдың ізінен түскен соқпақты тауыпты. Бөрі соқпақ. Соны иіскеп жан шақырып, бағыт түзегендей. «Иә, Алла, жар бола гөр! Я, аруақ!» Кенжеахмет ақбоз­ дың жалына жармасқан. Боз дөнен бұлтты сүзіп, мұзарт шыңдардың қылыш жүзді қырлауыт жондарына тұяғын жебедей қадады. Тұман сейіліп, маңай жазылғанда бала жігіттің алды­ нан «Елмісің, жаумысың?!» деп ақырған жарақты топ шыға келді. Бұл – топ «банды» аталған Жөкей батыр­ дың жігіттері еді. Жөкей – арғы-бергі елге тең пайда­ сын тигізіп, бекет-қамалдарда бекінген орыс-казактарға ойран салып тұратын тау тағысы, жырынды ердің өзі еді.

Бала жігіт батырдың алдында бастан кешкен жайы­ ның барын ақтарды. Жөкей де бәрінен құлағдар екен. «Ағаң Құсайын Ойманбұлақ жақта. Немере бауырла­ рың да – сонда. Алдың ашық, заулай бер. Бірақ, мына ақбозыңды тастап кет», – деді. – Батыр аға, – деді бала жігіт, – ақбозды сізге тарту етейін, сіз маған Күрнесті қандап беріңіз. – Болады. *** Біздің жақта ел айтушы еді: Жөкей батыр ақбоз ат мініп Жоңғар Алатауынан түсіпті. Ақбоз ат тегінде жай жылқы емес, бұлттан жаралса керек. Шауып келе жатып көрінеу көзге жоқ болып кетеді екен. Соңында түтіліп ақ шуда ғана қалады дейді. Сонысына қараған­ да, расында, бұлттан жаралған-ау... деп. Әлқисса. Сонымен, Жөкей батыр ақбоз ат мініп Жоң­ ғар Алатауынан түседі. Түседі де, Арасан бекетіне ке­ леді. Бөрідей тиіп, қамалдағыларды қасқырдай талайды. Бірақ, жалғыз екен. Жігіттерін ертпепті. Күрнестен алар жеке кегі болғанға ұқсайды. Жалғыздың аты жалғыз емес пе, әлде, ішкі есебі солай ма екен, батыр шығанға шығып ақбоздың басын қоя береді. Курносов әскерімен «жау қаштылап» қуып береді. Сонда, Жөкей ақбоздың басын кері бұрып, жұлдыздай аққан күйі Күрнестің кеу­ десіне қорғасын оқтың бірін қадап кете барыпты. *** Апан-қаладан ауған абадан бөрі соқпағын тапты. *** Әйгілі ақын-жазушы атанғалы жүрген үшеуді дая­ шының ескертуі елең еткізген жоқ. Олар мас еді. Шаһар жұрты тегіс мас болатын. Бір қызығы, бәрі де сол күні білгендерін көйітіп, қасқыр туралы әңгіме айтыпты. Өйткені: сол түні бөрі соқпағын тапқан абадан қасқыр аспан астын күңірентіп ұзақ-ұзақ ұлыған еді. Ай то­ лыпты. Алматы, 2015 жыл.

ҚАСҚА АЙҒЫР ҚАЙТЫП СОҒАР МА? (Толғау-эссе) Көбесін көк тікендей буған кісенді қарш шайнап, үзіп тастап көсілген қасқа айғыр қара жердің жонын қасып келеді. Бауырын арбақ тіс соқа тілгілеген дала да рахаттанып жосыла берген. Жайылып жатқан жазық пен тәкәппар паң тауларды құйрығына «орап» алып, Атажұртына азынай тартқан қасқа айғыр қанжыға тұс­ қа қайырылып бір, қамшылар жағына екі қарады. Ұма­ сына орай тиген қамшы жүзі улы еді. Ұмытқан жоқ. Оң қапталдан доғалана түскен жылан шылбыр кеңсірігін ысып, орып жібере жаздады. Жазымнан Құдай сақтаған соң көк перісін жалына қондырған көк тұяқ қара түннің шабын қара кездіктей тілгілеп келе жатқан беті осы. *** Сүйекке сіңген қасиетті қайың аршығандай қылған саясат па, әлде, тасбақа түстес Уазик мініп жүретін Бе­ делтұт па еді?.. Бүгін, міне, соны ойлаймын. Әлдеқашанның қойнына сіңген уақыт емес – біздің балалығымыздың төбесі иек астында қылтияды. Жады­ мызда бәрі сайрап тұр. Сол бір жылдары ауылымызда жылқы көрсе жынын көргендей құтырынып соғатын шолақ белсенділік үстемдік құрып алған. Сабы тұқыл, қазан-ошақтың маңында тоқалдықта жүретін қара пы­ шақ жағы түкті хайуанның алқымында ойнады, тұлпар шығар талабы тайынан танылған түлік қойшының та­ қымында изеңдеумен тозды. Ауыл үйдің айналасы тұнған егін еді. Жұрт жыл­ қысын тұсап, арқандап ұстайтын. Төңірек түгелімен темір-терсекке толды. Ал, Қамбар ата тұяғы машинаға тиеліп етке айдалып бара жататын. Со заманда жылқының жанарына үңілсе, қазақ өзін көрер-ді. Басы сопайып, көзі алайған қазақтың келбетін

жылқы туысқандай дәл танытатын біреу бар ма? Кісісі­ не кезіксе, кіндігін тартып кісінеп жіберетін күліктей сезімталды кім біледі? Қазақ білетін. Білген. Қазір та­ пырақтап шапқанның бәрі атбегі атаныпты. *** Құлағының түбін қасып тұрып қасқа айғырдың жа­ сына «шомылатынмын». Жануарды арбаға жегуші ек. Соған ішқұса бола ма, қайран қасқа маған іштей егіл­ гендей, еңкілдеп жылағандай мұң шағатын. Қарашағы­ на қарасам, қара аспан төңкеріліп, жердің беті жыбыр­ лап, кілкіп сала береді. Қараң қалған дүниені, сонан соң білігінің майы таусылаған ырдуан арбаны тас-талқан етіп тастай қашпаққа қасекең талай мәрте ұмтылды. Мен оны біліп жүрдім. Бір күні ана жаққа аттанудың кезегі біздің мұңдастың да басына келіп жетіпті. Бауы­ рынан бұзау өтсе де мыңқ етпейтін қасқа батыр сөйтіп жүк мәшинесінің қорабына тиеліп кете барды. *** Дала қазақ пен жылқыны қатар туған. Бірінің тұяғы сетінесе, бірінің тегі сұйылады. Түптің түбінде екеуі де анасына боздап қайтары анық. Анасы – боз даласы. Қасқа айғырдың сол сапардан соқтыртып оралуы со­ ның мысалы. Мысал көп қой. Көп мысалдың бірі еді ол, көне мысалдың жаңғырығы еді ол. Жершілдік. Қас­ қа айғыр тым жершіл боп шықты. Баяғыдаа, – үлкендер жағы сыбырлап қана айтатын, – Шұбар құсап айдауға кеткен көк пері қайырылып бір соқты-ау… *** Ертесіне қарасақ, қасқа айғыр мамаағашқа манда­ йын сүйеп, екі бүйірін соғып, солықтап тұр екен. – Шалып жіберу керек!– Ту сыртымнан біреу шаңқ ете қалды. – Жамандатқыр кәрі неме қашып келіпті. Жігіттерді жина. Буып берсін аяғын. Алқымынан орыпақ жіберейін! Қасқа айғыр құлағын тігіп, құйрығын көтерді. Жана­ ры шоқтай жайнайды.

– Жынданған ба, немене? Ұста, қаумалап, ұстаңдар,

қане!
Қасқаның қаны басына шапса керек. Дөй далаға құ­
йын-перен ұра кеп жөнелді. Соңынан тасбақа түстес
Уазик түсті. Екеуі де алыстап барады, егесіп барады.

Қасқа айғыр, қырға шығып көз салдым, сағымға сіңіп
жоғалған сияқты көрінді.
Қасқа айғырдың бұлай шығындап шабатынын бұ­
рын-сонды ешкім білген емес.

Жер жыртып жүрген тракторлар тоқтап қалды. Трак­
торшылар мына кереметтен құр қалуды өздеріне күнә
санаса керек. Сол күні кеште қасқа айғырдың ерлігін
дүрілдетіп отырып әй бір «жуды» ғой.

Келесі күні басы ауырып әншейіндегі озат Асанбай
жұмысқа шықпай жатып алды. Іздеп барған бригадирді
үйінен боқтап қуып шығыпты деп, өсекке кенезесі әб­
ден кепкен ағайын тағы бір дүрлікті.

Бұның бәрі әншейінгі әңгіме. Бірақ «айдың күннің
аманында» қасқа айғыр салған бүлік қаршадай бала
біздердің жүрегімізді бүлкілдетіп…бүлкілдетіп кеткені
рас. Кейін түйдім:

Есі ауған Ел ерлікті танымайды екен, бағасына жет­
пейді екен. Қасқа айғырдың жалына жармасып сол күні
ауылға кәрі аруақ келген еді ғой.
...десем бұл қазақ күледі-ау, әлі.

Алматы, 1998 жыл

ҚАРАТАУДЫҢ

ҚАБЫЛАН ҰЛЫ

(әңгіме-эссе)
Шаршы алаңды еңсере басып тұрған үнсіздікті шы­
мыр қазақтың екпіні қақырата тіліп өтті. Оның қазір мы­
нау шірей тартылған ала арқандарды домбыра шегіндей

бебеулететінін жерлес – жанкүйер іштей сезіп отырған.
Бәсекелесі – Рачков. Төрешілермен «төркіндігін» пай­
даланып Кәрібекті сан рет сан соқтырып кеткен Вале­
рий Рачков дейтін осы болады. Туралап сілтесе – тас

уатардай соққысы бар қарсыласынан қаймығатын жү­
рек Бөкеновке бітпеген соң қайтесің, Рачковтың реңі
алғашқы раундта-ақ рабайсызданып үлгерген. Десе де,
дес беруді өзіне ар санайтын КСРО чемпионы қаршы­

ғадай қазақты қағып жіберуге құшырлана құлаш тас­
тайды.
Кенет Кәрібек оң иыққа бұлт ете түсті.
Сол қолы Рачковтың дәл иегі астынан қадалған. Басы

қайқаң ете көтеріліп ашық қалған чемпионның шықшы­
ты келесі соққының нысанасына айналды. Көрермен
дүркірей көтерілген. Көрерменнің дүркірей көтерілгені
қазылар тарапынан жасалынған әділетсіздікті көргенде

ашулы, шерлі дүбірге ұласты. Заман қазаққа зәрін төк­
кен кез еді ғой, ұлы дүбір бірақ іште бұлқынып, іште
өлді. Есеп: 3:2.Жуан күшке баққан жалғыз ұпай жанкү­
йер жұртты қоғадай жапырды.

Сөйтіп, Алматыда өткен әлем чемпионаты қарса­
ңындағы шешуші сында Валерий Рачков сытылып алға
шығып кетті. Тап осы сайыстың алдында ай бұрын
Тбилисиде болған КСРО чемпионатында да жүлдені

төрешілер Кәрібектен жұлып алып, Рачковтың қанжы­
ғасына бөктеріп берген-ді.
Қиянат көзге үстемдік көрсеткенімен, жүрекке әмір
жүргізбес болар. Кәрібек жеңілген жоқ.Бәлкім, ол

Гүржі жерінің түнерген тауларына қарап, кең жази­

ра сахарасын есіне түсіріп, еңсесін тіктеді ме екен?..
Етектеп келіп еміне көкке ұмсынған Қаратауға қарай
жүгіріп бара жатқан бозбала шағындағы ұмтылыс бо­
йына жігер тасқыны болып құйылды ма... Әлде қалай?

Әйтеуір ішінен «біз әлі кездесерміз» деп күбір етті.
Кәрібек жеңілген жоқ. Тұйғын тұрпатты қазақты өр
мінезді Гүржі елі (грузиндер) ұсақтыққа қия алмаған.
Қайтіп қисын. Бөкенов Рачковке дейін мәскеулік мен­

мен, тәкәппар жігіт Родзоняктың кеудесін басты. Еу­
ропа чемпионы Лаптевті шаршы алаңның ішінде безек
қақтырды. Былғары қолғап бәсекесінде басын бәйгеге
тіккен талай мықтыдан мерейі үстем туған КСРО мен

Еуропа чемпионы Лимасов та Кәрібектің кәріне шыдай
алмаған соң – төрешілер арасындағы «ойын» өңін өз­
гертіп шыға келді. «Қалай да Бөкеновті Рачковтың ма­
ңына жақындатпай жолда қалдыру керек». Және солай

болды да. Спорт аренасының жұлдызды есімі тәлейіне
бұйырмаған біздің боксшымыз жартылай финалды әл­
дебір украин баласынан ұпай санымен ұтылды.Ұтыл­
мады деп даурықсақ, бүгінімізге ұят. Ия, адам ғұмы­

рында жеңістерге бергісіз жеңілістер де болады ғой.
Бұл – 1978 жылғы Тбилиси қаласының тарихына із қал­
дырған КСРО чемпионаты еді. Кәрібек әлгі сайыстан
қола жүлдемен оралды.

«Біз әлі кездесерміз» деп еді ішкі дауыс. Олар ра­
сында да Алматыда қолғап түйістірген. Кездесудің
мән-жайын жоғарыда баян қылдық қой. Енді оны қай­
талағанмен,құмарымыз тарқамайды. Жуан күшке бақ­

қан жалғыз ұпай жанкүйер жұртты ғана жапырған жоқ.
Бокс өнеріне өзіндік қырымен келіп қосылған талант­
тың, әсіресе, сағын сындырды.
Сағы сынды ма?

Басқаның бәрін ысырып қойып, мен кейде Кеңес ода­
ғының боксшылар сапында иық теңестірген Кәрібек
Бөкеновтің соңынан қарап соны ойланамын.
Сағы сынды ма?

Неге бұлай?
Таза жеңіс неге талапайға түседі?
Осы сауалдардың талқысынан шыға алмай ой парақ­
тарын ақтарсаң, әділетсіздіктің әлімжеттігіне қасарыса

қыр танытқан соқталы тағдырлар ұқсастығын аңғара­
сың.
«– Риверс, жеңіле сал!»
Басқа-басқа, бапкерінің бұлайша бұйырғаны несі?

Оның көз алдынан аш-жалаңаш туған елі – мекси­
ка халқы тізбектеліп өтіп жатты. «Жоқ, жеңілуге бол­
майды». Гонг өз бұрышында аузы мұрынынан кеткен
қанын да сүрте алмай есеңгіреген жас боксшыны селт

еткізе сілкінтіп жіберді.
Қарсы жұдырық жұмсары – Дэнни. Қаһарлы Дэнни.
Тұтас денесі шақпақтанып билеп босады. Риверстің
иіні салбырап түсіп кеткен.

– Аяма оны, Дэнни!

– Өлтір, күшікті!

Шешуші сайыстың сиқы бұзылды. Бір сәтте мекси­
калық жас боксшының жанары жасын атып шыға келді.

– Абайла, Дэнни, ол екі қолымен бірдей соғады.

Төрешілердің бәрі бокс королінің атақ-даңқына қы­
лау түсіргісі келмей, өбек қағуда.
Кенет Латын Америкасының жұлдызы Дэнни, қаһар­
лы Дэнни, бокс королі атанған Дэнни сол жағына қарай

қисая құлады».
Джек Лондон. «Мексика ұлы». Іштей ыза мен кек­
ке булыққан Мексика ұлы жеңіс тұғырына көтерілді.
Бүтін бір халықтың рухын шағын әңгіме желісінде сон­

шалықты асқақтатқан жазушы Дж.Лондон ерлік даң­
қын ерекше әйгіледі.
Қазақ ұлы! Сен де талай қамал бұздың. Қазір ойлап
қарашы. Қаратаудың қойнауындағы қараша үйлердің

іргесінен ұзап, алысқа, тым шалғай елдерге бойдағы
өнерді паш етіп сапарлап қайтудың өзі неге тұрады?
Жалғыз жарым ұпай саны әлдекімдерге бұйырса, ол
сенің жеңілісің емес. Сондықтан сағың сынбасын.

Бөкенов пен Рачков жаттығу барысында оңаша жұ­
дырықтасып қоятын. Валерий айла-тәсілге бай, білегі
тастай жігіт. Оның жұрт, әсіресе, соңғы мәреге дейін
алқынбай жететін аламандығына риза болушы еді. Аяқ

пен иық пропорциясын бұзбайтын, қимылы тас-түйін
боксшы. Қазақстан құрамасының үкілі үміткері – Рач­
ков алайда, Кәрібектің алдынан ығыса беретін. Кәрібек

қолма-қол ұрыстың қарадүрсін мінезін талқандап, бокс
өнеріне әдемі эстетика әкелді. Қарсыласының соққы­
сын денесіне дарытпай аяқпен билеуді, денені болат
серіппедей ұстап игеруді, рингте рокировка жасауды

көп жеткіншек кезінде Кәрібектен үйренген.
Ірі, үлкен ойындарда қазылар жағы қадамын аштыр­
мағаннан кейін боксшы Бөкенов былғары қолғабының
бауын шешті. Қарымта қайтарудың жолы көп қой өмір­

де. Ол енді өзі шәкірт тәрбиелеу мақсатымен Жамбыл
облыстық ішкі істер басқармасының «Динамо» қоғамы­
на ауысты.Қоғамда 1993 жылғы дейін қызмет істеп таза
іскерлік мәселесіне, яғни, бизнес әлеміне бет бұрған.

Бұл күндері Кәрібек кім?
Боксшы ма, әлде бизнесмен бе?
Осы сауалдың жауабы Бөкеновтің жансарайында
күнде жаңғырып жатса керек. Кей-кейде естиміз, Кәрі­

бек әлем чемпионы Рачковқа жақсы таныс баяғы был­
ғары қолғабын киіп алып жас перілермен жұдырықта­
сып қояды деп. Демек, шын боксшы болып туғаны ғой.
Рачков демекші, сонау бір жылдары Валерий Рачков:

«1978 жылғы әлем чемпионатына Кәрібек баруы керек
еді. Чемпиондыққа лайық адам Кәрібек еді» деп бокс
қолғабының ішінде бүккен бармағын жазыпты.
Таланттар бір-бірін осылай танып, бағалауға тиіс.

Сенің азаматтығың, ат-атағың, құрмет-лауазымың
өмірдегі, я өнердегі шынайы бәсекелесіңнің көкейінде
орын тебеді екен.
Ия, солай, аға!

Алматы, 1998 жыл

БАРЛЫҚ ЖОЛ ДАҢҒЫЛҒА

БАСТАП БАРАДЫ

(әңгіме-эссе)
Қанатты Қарағандыға ертіп кетемін. Қаладағы спорт
интернатына орналастырамын. Оқу – білім мен өнерді
тел игеріп, шыңдалып өссін.

Үйдің үлкені болған соң ба, кейде Еркіннің осылай­
ша ойындағысын түйіп бір-ақ айтатыны бар.

– Үйбай-ау, Қанат дегенің қаршадай бала емес пе?

Қабырғасы қатқан жоқ. Оң-солын әлі танып-білмейді.
Қой, қарағым, Қанатты қой. Көзін бақырайтып қалай
қиямын алысқа?..
Анасы шыр-пыр. Ал, әке салмақты қалпынан айны­

май басын изеді. Майданның түн-түнегін көрген ер ғой,
ұлдарының болашағына бек сенетін сияқты.
Ертесіне ағасы Еркінге еріп Қанат қара жолдың бо­
йына шығып тұрды.

Алғашқы сапар алыстан басталды. Рига.. Латвия Рес­
публикасының астанасы.
Айдарын Сарыарқаның самалы сипаған қазақ ұлы
көзді ашып-жұмғанша Балтық бойынан шыға келді.

Ел қайда? Ауыл мынау жалпақ жер планетасының қай
тұсында қалды? Айыру мүмкін емес. Айқай-шудан құ­
лақ тұнады.Төңірек тұмшаланып, қусырыла түскендей.
Кенеттен қарсы бұрыштан өзіне қарай гүрзідей жұды­

рығын ала ұмтылған біреуді Қанаттың көзі шалды. Сол
сәтте жаңағы аласапыран айқай-шу сап тиылған.Әлем
демін ішіне алып тынғандай. Ұрыс алаңына шақырая
түскен электр жарығы Қанатты өртеп барады. Мың-сан

садақ көде-инелер миына құйыла қадалып жатыр. Тө­
реші ортаға шақырды. Өң-түсі боп-боз. Жұлынына мұз
қатқандай сіресіп Қанат ортаға қарай ілбіді. Көз алды
қарауытып, басы айналған. Қараса, қолғап түйістіріп

тұр екен. Селт ете түсті. Әуеде найзағай сызық ойнап,

сауырына сарт тиер қамшыдан ыршыған асаудай жұл­
қынды.Тарс бітелген тығынның бәрі ашылды. Төреші
ысқырып жіберіпті.
Қарағанды педагогикалық институтының студенті

Қанат Ғалымтаев чемпион атанды. Бұл – «Еңбек ре­
зевтері» ерікті спорт қоғамы Орталық кеңесінің 1983
жылы Ригада өткен біріншілігі еді.
«Кімдермен жұдырықтасқаным ойыма оралмай, осы

күндері дал боламын, -дейді Қанат ағам езу тартып. –
Сол жолы бәрінен басым түссем керек. Ал, шынымды
айтсам, Ригадағы менің ең үлкен жеңісім – ол өз бо­
йымдағы күдік пен үрейді игеруім еді».

Енді оқушы, сен ойланатын шығарсың: «Сонда қа­
лай?» деп. Сонда қалай, білегі болат серіппедей, жұды­
рыққа әбден төселген, жаттығып шыңдалған жігіт те
үрейге бой алдырып, күдіктен жеңіле ме?

Бәрі де мүмкін. Әсіресе, спорт өнерінің қыр-сырын
нәзік қабылдайтын жігіт кеудесі – елік-үрей мекені. Ел
сүйінер ерлік пен қыз сүйсінер сымбат ақкөз тасыраң­
байлардың қатарынан табылмасына кепілміз. Сонда

кеп айтарымыз мынау:
Үмітті ердің жетегінде үрей жүреді. Күдікті қорқау
ғана білмейді…
Бұл сөздің байламын былғары қолғап бәсіне түсе

бастаған балғын жастардың бағамына қалдырамыз.
Ал, Қанаттың үлкен спорттағы өмір жорығы былай­
ша жалғаса береді.
1984 жыл. Ташкент. «Еңбек резервтерінің» кезекті

жарысы. Бұл жолғы жеңіс тағы да Ғалымтаевтың қан­
жығасына бөктірілді.
Дүние кіндігінен бір айналыпты. Артта аунап жыл
қалған. Анасы «қаршадай ғой» деп алыс жолға қимаған

Қанат Арменияға аттанды. Ол КСРО чемпионатында 57
кг. салмақта күш сынамақ.
Бірінші жекпе-жек. Қарсыласы КСРО-ның екі дүркін
чемпионы Бекмұхамедов. Бекмұхамедовтың беделі 57

килограмда дәуірлеп тұрған кезі. Ешкімге дес бермес
көкдауылдың нақ өзі.

Қазылар Қанатқа самарқау ғана көз тастайды. Атыжөні беймәлім боксшыға көрерменнің де жаны көп күй­ месі анық. Білемдей тартылған ала арқандардың ортасында Қа­ нат қабыландай шиыршық атты. Баяғы үрей мен күдік оны болаттай шыңдап шығарған. Гонг. Бұл жолы төрешінің ысқырығын Қанат тағат­ сыздана тосып тұр еді. «Келсең – кел» деп қардай бораған дүлей соққылар­ дың серпінінен ә дегенде-ақ тегеурінді білектің иесі аңғарылып үлгерді. Қанаттың алғашқы раундтағы са­ йысы 57 кг. салмақтағы сабаздарды түгелімен састы­ рып тастады. Оның үстіне келесі раундқа шықпайты­ нын білдіріп Бекмұхамедов басын шайқай берді. Жұрт назары жұдырықтай қазаққа ауған. Қазылардың күдігі қоюланды. Алда Казарян бар. Армяндардың аяулысы Казарян өз жерінің топырағын басып тұрып ешкімнен ұтылмауға тиіс. Ал, мына қара қазақтың қарқыны тым қатты. Қорғанысы – тас қамал. Екі иығы еркін ойнай­ ды. Сұңғыла қазы нағыз боксшының қары талса да, жауырыны қусырылмасын жақсы біледі. Әсіресе, тө­ менгі қабырғадан көтере сүріп, баурдан орап соғатыны қиын екен. Кез-келген боксшы жүректің талма тұсы мен кіндіктен жоғары, шықшыт пен иек астын қорғаштап бағады. Шынтақпен-ақ қағып жіберуге болатын маң­ нан ауыр соққы дарытам деп кім ойлайды?... Іс насырға шаппаса игі еді. Казарян қаша ұрыс салды. Қанаттың құлашын осын­ дай әдіске бағып, жазып алмақшы. Сөйтіп, ол сайыс­ ты бұлтақтап қашумен тәмамдады. «Қашқын», бірақ, жеңіске жетті. – Казарян тегінде қарсыласының жадысын оқып ал­ ғандай қарсы әдіс-айла қолдана қоятын керемет бокс­ шы болды, – дейді Қанат бұл күндері баяғы армяндық бәсекелесін есіне алып. – Ойлануға мұрша бермейтін. Әр шабуылыңа жауабы әзір. Техникасы мен тактикасы керемет ұштасқан боксшы Казарян маған Ресейдің Ива­ ново қаласында өткен КСРО-ның кубогін де бұйыртпа­ ды.

Пендеміз ғой. Пенделіктен кім асқан? Cаған қара
басымен қарсылас, бәсекелес боп тұған жанның бойы­
нан ізгілік, мейірім көре білу, шынайы шеберлігін тану

– мәрттік. Мәрттің аяғын, бірақ, бұ дүние жаралғалы

нәмәрт шалумен келеді. Соның бір мысалы – талант­
ты боксшы Қанат Ғалымтаевтың үлкен спортты тастап
шығуына дәлел.
1987 жыл. Каунаста КСРО чемпионаты өтіп жатты.

Шаршы алаңда бокстан әлем чемпионы Айрат Хаматов
пен қазақстандық Қанат Ғалымтаев.
Талай дөйдің әуселесін көрген Хаматов Қанатты қо­
рашсынғандай, ойқастап оңаша жүр. Ішкі есептегі ұпай

және бар: мынандай дүбірлі бәсекеде әлем чемпионы­
ның атағы анау-мынаудың мысын басып жіберуі керек.
Жоқ. Қазақтың қайтар түрі, қаймығар сыңайы байқал­
майды. Айратты ашу буды. Құлашын білемдей сілтеп,

қабағымен ықтырып алатындай Қанатқа ызбарлана қа­
раған. Кенет ми «тостағы» лайланып кетті. Жер тоғыз
баллға сілкініп, теңселгендей болды. «Бұл қалай?» Осы
сәтте төреші бірінші раундтың аяқталғанын хабарлап

үлгерді.
Екінші, үшінші раундты Хаматов қорғаныспен
өткізді. Қорғана жүріп, бұғып қалып тастаған жұдыры­
ғы, бірақ, қазылар алқасына әбден ұнап қалса керек –

Айрат абыройын олжа тұтты.
Әйгілі чемпионның әптер-тәптер болғанын әжуәлап
кейін беделді бапкерлер былай дейтін еді:

– Каунастағы КСРО чемпионатының жүлдесінен гөрі

Хаматов Ғалымтаевтан құтылғанына қуанды.
Айтары бар ма?... Қазылардың қиянаты қаршадайы­
нан «боксшы боламын» деп ағасының соңына еріп қара
жолға шыққан баланың бақ тәлейін қиып түсті. Жыл­

жып-жылжып жыл өте есейген біздің қайсар жігітіміз
былғары қолғабын бауырына басып, сол жолы бір
солқылдады дерсің. Тұла-бойы қыстығып, жанарынан
төгілген жасты тыя алмады. Жұлынына мұз қатып, сі­

ресе біткенін сезді. Енді бұндай сәттің екі айланып соқ­
пасын ет-жүрегімен ұғынған ол екі иіні салбырап, ринг­
тен ілби басып шығып бара жатты. Соңына қайрылып,

соңғы рет қараған. Табанын шоқтай қарыған шаршы алаңда ізі қалып барады екен. Қанат Ғалымтаевтың үлкен спорттағы жеңістерін әйгілейтін атақтары: Қазақстанның үш дүркін чем­ пиондығы және КСРО чемпионатындағы үшінші орын. *** – Көңілге үлкен демеу тұтқаным Саматым еді, дейді Қанат. – Спорт өнерінің жұлдызды биігіне көтеріліп келе жатқанында кісі қолынан қаза тапты. Өте талант­ ты боксшы еді. Ғалымтаевтар әулеті одан үлкен үміт күтті. Қайтейін, бауырыма аз ғана ғұмыр бұйырыпты, 1986 жылы Алматыда 57 кг. салмақта ол жастар ара­ сынан КСРО чемпионы атағын жеңіп алды. Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеке-дара шық­ ты. Менен үлкен ағам Қайрат та тәп-тәуір ойын көрсет­ кен боксшы ғой. Махачкалада өткен мектеп-интернат оқушыларының Одақтық чемпионатында Қайрат чем­ пион болды. Бұл оның алғашқы жеңісі еді. 1983 жылы КСРО халықтараның спартакиадасында Тәжікстан Рес­ публикасының атынан қатысып, бәйге алды. Тәжікстан Республикасының чемпионы. – Бірде қызық болды, – деп жалғай түсті әңгімесін Ғалымтаев. – Қарағанды облысының чемпионатын­ да менің екі бауырым рингте кездесті. Шаршы алаңда – Ғалымтаевтар. Екеуінің де қыр-сыры маған мәлім. Қайрат шебер, бірақ әлсіз. Самат күшті, бірақ ұзаққа шыдамайды. Мен оған соңғы раундқа дейін алқынбай жету үшін «жүгір, көп-көп жүгір» дейтінмін. Сайыстың ақырын Қайрат айқын басымдықпен аяқтады. Бәлкім, Самат ағасына жол берген шығар. Үлкен спорт өнеріне бірін-бірі жетектеп келіп қосыл­ ған Ғалымтаевтар әулетінің жолы қоңырқай ғана Жам­ был ауылының ( Ақмола облысы, Астрахань ауданы) іргесінен басталыпты. Сенің ауылыңнан да сондай бір жіңішке жол шығып жатыр, бауырым. Ұмытпа, барлық жол даңғылға бастап барады. Алматы, 1998 жыл.

Данилл Хармс

ОҚИҒАЛАР

(1) СИЯ КӨК ДӘПТЕР, №10

Тумысында көз бен құлақ бітпеген бір шикіл сары
адам өмір сүрді. Төбесіне қылтанақ өспегендіктен, біз
оны шикіл сары деп шартты түрде атаймыз.
Сөйлей де алмайтын ол, себебі, ауыздан ада еді. Мұ­

рын да бұйырмаған оған.
Қол-аяғы жоқ. Мықыны, жотасы, қабырғасы, іші,
ішегі, ештеңесі болған емес. Бәрінен таза. Демек, әңгі­
менің кім жөнінде екені белгісіз. Сондықтан енді қайтіп

біз оны сөз етпегеніміз жөн шығар.

(2) КӨЛБЕЙ ҰШҚАН КЕМПІРЛЕР

Бір кемпір өзінің шектен шыққан құмарпаздығынан
жазып, терезеден көлбей сыпырылған күйі құлап түсті
де, шашылып қалды. Тағы бір кемпір ұмсынып келіп
төменде қирап жатқан қаріпке қарап тұрды да, құмар­

паздығынан жазып ол да терезеден көлбей ұшқан беті
жермен-жексен болды.
Содан кейін терезеден үшінші, төртінші, ізінше
бесінші кемпір топылып түсе бастады.

Алтыншы кемпір аспан жақтан асығып келе жатқан­
да мен оларды қызықтаудан жалығып, «бір соқырға
түбіт шәлі сыйлапты» деп сөз тараған Мальцевский ба­
зарына тартып кеттім.

(3) СОНЕТ

Қара басым бір күні күтпеген кепке ұшырап, табан ас­
тында ұмытып қалғаным : қайсысы еді, бірінші 7 ме, әлде
8 бе?
Бұл жөнінде не ойлайды екен деп, көршілеріме бас

сұққам.
Менің хәлім оларды бір сәтке таңдандырып тастаға­
нымен өздері де рет санын білмейтін болып шықты. 1,
2, 3, 4, 5, 6 естерінде, әрі қарай дым жоқ. Біз сонымен

шулап-шұрқырап Знаменский мен Бассейн көшесінің
қиылысындағы коммерциялық «Гастроном» дүкеніне
кіріп кассиршіден сұрадық. Кассирші қинала күлімсі­
реп отырып, сілекейін шұбырта есінеп, мұрнын жұқа­

лап сипап қойды да айтты. «Меніңше, 8-дің 7-ден кейін
келетін сияқты 7 саны 8-ден кейін болады».
Біз кассиршіге рахметімізді жаудырып, дүкеннен мәз
қалпымызда шықтық. Ал қайырымды кассиршінің сөзін

қайтадан есімізге алғанда, оның әлгі айтқаны бізді ой­
дан жаңылдырып, алжастырғандай көрінді. Содан соң
бізге не істеу керек болды дерсіз? Біз жазғы баққа бар­
дық та, ағаштарды санай бастадық. Бірақ есебіміз 6-ға

жетісімен желкемізді қасып тоқтай қаламыз да, даула­
самыз: біреу 6-дан соң 7 дейді, біреу 8 деп даурығады.
Біз ұзақ айтыстық, алайда, бәріміздің бағымызға орай,
орындықта отырған бала құлап қалып екі жағын бірдей

сындырып алды. Сөйтіп, біз өзара тәжікемізді тоқта­
тып, үйімізге қайттық.

(6) КӨЗІЛДІРІКТІҢ КӨЛГІРЛІГІ

Семен Семеныш көзілдірігін киіп қарап еді, көрді:
қарағайдың басында жұдырығын түйіп біреу отыр.
Семен Семеныш көзілдірігін алып қарап еді, көрді:
қарағайдың басында ешкім жоқ.

Семен Семеныш көзілдірігін киіп қарап еді, көрді:
қарағайдың басында жұдырығын түйіп біреу отыр.
Семен Семеныш бұл құбылысқа ешқашан сен­
бейді, сол себепті оны көзілдіріктің әйнегінде болатын

көлгірлік деп есептейді.

(9) САНДЫҚ

Қумойын кісі сандықтың ішіне түсіп, қақпағын жап­
ты да, тұншыға бастады.

– Мінекей, – деді тұншыққан қумойын, – сандық­

тың ішінде мен демала алмай жатырмын, себебі, менің
кеңірдегім қылдай, кеңсірігім тұтамдай. Мен тұншы­
ға берермін, бірақ, сандықтың қақпағын бәрібір аш­
паймын. Сәл баяулап барып өлермін. Мен оған дейін

өмір мен өлімнің айқасын тамашаламақпын. Айқас
тең мүмкіндіктердің тартысында, әдепкі жағдайдан

тыс өтеді, себебі, әдетте ажал жеңеді емес пе, ал өлімге
телінген өмір бейқайыр үміттен күдерін үзе алмай жа­
ғаласып тынатын. Бірақ қазір басталатын бұл күресте
өмір өз жеңісінің жолын табатын болады: ол үшін өмір

сандықтың аузын аштыруға менің қолымды мәжбүрле­
се жетеді. Көрерміз: кім кімді? Тек мынау нафталиннің
иісі жайылып барады. Әгәрәки, өмір жеңсе, мен әлі ма­
хорка араласқан киімдермен бірге жатармын сандықта...

Міне, басталды: мен ауа жұта алар емеспін. Өлдім,
анық. Мені құтқару мүмкін емес. Тұншықтым. Өй!
Тағы да бірдеңе болды ғой. Құдайым-ай! Демім таусыл­
ды. Мен шамасы өлген шығармын...

Ал мынауы несі? Әндете бастағаным қалай? Ше­
кем солқылдайды-ау деймін... Сандық қайда? Бөлмем­
дегінің бәрін көріп тұрмын, мұның себебі не? Пәлі,
еденге екпеттей жатыппын ғой. Сандық қайда сонда?

Қумойын орнынан түрегеліп, айналасын түгел шол­
ды. Сандық табылмады. Сандықтың ішінен шыққан
заттар үстелдің бетінде, кереуеттің үстінде жатыр, ал
сандық болса жоқ.

Сонда қумойын тұрып былай деді:

–Өмір маған беймәлім жолмен өлімді жеңген екен

ғой.
30 қаңтар, 1937 жыл.

(14) КҮЗЕТШІНІ ҚАЙРАН ҚЫЛҒАН ЖАС ЖІГІТ

– Ишь ты, – деді қара шыбынға төне қарап тұрған кү­

зетші. – Үстіне ағаш шеберінің желімін жаға салса ғой,
бұл үшін жарқ дүние жалп ете қалар еді. Міне, оқиға!
Жәй ғана желімнің құдыреті қандай, ә?

– Әй, желімші! – деп айқай салды күзетшіге сары

биялай киген бір жас жігіт.
Күзетші бірақ әлгі озаңдаған дауысқа назар аудармас­
тан шыбынға қарап тұра берді.

– Саған айттым емес пе? – деп айқайлады жігіт тағы

да. – Малғұн! Күзетші шыбынды қағып жіберді де, бұ­
рылып сәт салмастан:

– Неге айқайлайсың, боқмұрын! Айқайламасаң да

естідік. Айқайдың қажеті не? – деді.

Жігіт сары биялай киген қолдарымен шалбарын сән­ деп қойды да, мырза мақаммен: – Қария, осы арадан аспанға қалай өтуге болады? – деп сұрады. Күзетші жігітке қарап алдымен бір көзін, содан соң екінші көзін жыпық еткізді, содан соң сақалын талда­ ды, содан соң тағы да жігітке зер сала қарады да айтты. – Бұл жерде іркілудің қажеті жоқ, өте бер. – Ғафу етіңіз, – деді жас адам. – Шұғыл шаруамен жүрмін. Ол жақта маған арнайы бөлме әзірлеп қойған. – Жарайды, – деді күзетші, – билетіңді көрсет. – Билетсізбін, олар менің әншейін-ақ өтетінімді айт­ қан, – деп жігіт күзетшінің жүзіне үңілді. – Ишь ты! – деді күзетші. – Бұныңыз не? – деп сұрады жігіт. – Жібере салыңыз­ шы. – Жарайды, жарайды, – деді күзетші. – Жүре бер. – Қайда? – деп сұрады жігіт. – Барар жерім бағдарсыз ғой. – Қайда бармақ едің? – деді күзетші әлпетіне жорта ашу жиып. – Аспанға! Күзетші бойын тіктеді, нығызданып, оң аяғын ішіне тартты, бажбиып жігітті бағып біраз тұрды да салқын ғана тіл қатты: – Сен не, басты қатырмақсың ба? Жігіт жымиып күлді де сары биялай киген қолдарын бұлғап кенеттен ғайып болды. Күзетші ауаға тұмсығын сұқты. Әуені күйген қауыр­ сынның исі қапты. – Ишь ты! – деді күзетші, күртесін сілкіді, жігіт тұрған жерге түкірді, сөйтті де күзет орны­ на қарай аяңдады. (5) АҚТАЛУ Мақтанбай-ақ айта аламын, құлағымнан бұрап, беті­ ме түкірген Володяны қайтіп ұмытпастай етіп бүктеп бастым да біраз таяқтадым, ал оны үтікпен кешке қарай ұрып жыққан болатынмын. Көріп отырсыздар, ол бірден ты­ рапай асқан жоқ. Аяғын күндіз кесіп тастағаным есеп емес. Өйткені, тірі болатын. Андрюшаны жай әшейін екпіндеп барып өлтіріп алғаным үшін, өзімді кінәлі са­

наудан аулақпын. Андрюша мен Елизавета Антоновна
қалай ғана менің қолыма түсе қалды екен?
Мені қанқұмар деп кіналайды, қан ішкен дейді, бұл
шындық емес, мен тамған қанды, жұққан қанды ғана

жаладым, мұны түкке тұрмайтын қылмыс десек те,
ізін жасыру үшін адам не істемейді? Ал мен Елизаве­
та Антоновнаны зорлаған жоқпын. Біріншіден, ол етегі
түрілмеген қыз емес-ті, екіншіден, менің айналдырға­

ным мүрде ғана ғой, оның енді шағымданар жайы жоқ.
Оған және айы-күні жетіп, аузы-мұрнынан шығып жүр­
генін қосыңыз. Мен рас, нәрестені жұлып алдым. Бірақ
ол бұ пәнидікі емес еді, сол үшін мені кінәлау жөн бе?

Шақалақтың мойнын үзген мен емеспін, өйткені, мой­
ны тым бос екен. Олардың үйіндегі итті өлтіріп тас­
тағаным шындыққа саяды. Бірақ... нәрестені санаққа
қоспаймын, дардай үш адамның ғұмыры қиылған жер­

де мені иттің өліміне бола кінәлау – бұл дегеніңіз енді
нағыз цинизм. Жарайды, жақсы, осының бәріне (келі­
суім мүмкін) қатысты менің тарапымнан қандай да бір
қатыгездік болған шығар. Бірақ, шалған құрбандығым­

ның жолына мені еріксіз қылмысты деп тану, кешіріңіз,
бұл – абсурд. Мәжбүрлеу – шартты қажеттілік, демек,
қылмыс жоқ. Сол тұрғыдан келгенде менің қорғаушы­
ма қауіп төнерін түсінемін, бірақ ақталып шығарыма

толық сенімдімін.
Орыс тілінен аударған
Дәурен ҚУАТ.
Атырау қаласы, 2006 жыл.

ӘМІРХАНТАНУ

ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Исатайдай ақберен ағасынан айрылған Махамбет құла­
зыған қу медиен далада көп жүріп қалады. Сөйтіп жүрген
күндерінің бірінде Хиуаға жол тартып бара жатқан ке­
руенге жолығып, түлейді түнде тінткен жолбарыстай сұ­

сынан сескенген керуенбасына: «Сіз менен күдік етпеңіз.
Мен зиянсыз адаммын. Бір кезде қолда ойнаған қылыш
ем, қайрауын таппай кетілдім», – деп күрсінеді. Әмірхан
туралы жаманат хабарды естіп, Шардараға шыққан бетте

менің ойыма осы бір хикаят орала берді. Жаңылыспасам,
әлгі хикаяны Әбіш ағаның (Кекілбаев) «Шандоз» атты кі­
табынан оқығанмын.
«Дәуке, осы мен ақынмын ба?» – деп қоңырау шалатын

Әмірхан Балқыбекпен арықарайғы әңгімеміз әдебиетке,
оқыған, оқып жатқан кітаптарымыздың мазмұнына ұла­
сатын еді. Өткенде өз халіне шағынғандай «ұсақ-түйекті»
сөз қылды: «Жұмыссыз отырғаннан шаршадым. Марқа­

дан ұят болды. Барлық есік мен үшін жабылып қалған
сияқты». «Олай деме, Әбеке, энциклопедияда жұмысың
бар. Көсіліп жазамын десең «Абайдың» аламан майданы­
на кел». «Әй, Дәуке, мен сендердің темптарыңа шыдай

алмаймын ғой. Күнде бірдеңе тауып жазу қолымнан кел­
мейді. Маған оймен, асықпай жұмыс істейтін жер керек».
«Ендеше өзің алғаш қызмет істеген «Парасатты» көр. Ол
жерде адам танитын, өзі де талантты әм талантты бағалай

білетін Серік Әбікен отыр емес пе?». «О, мынауың идея!»
«Серікке хабарласайын ба?». «Жоқ, Секеңді өзім де бі­
лемін ғой, өзім хабарласайын». Содан бірер күн өткізіп,
сәуірдің 4-інде Әбең әдеттегідей біздің редакцияға соқты.

Амандық-саулықтан кейін әңгімеміз қалпынша жалға­
сын тапты. «Кімді оқып жатырсың, Дәуке?» «Мені түркі
әлемінің аңыз-әфсаналары (мифі) қызықтырып жүр».
«Мен Артюр Рембоның өмірбаяны туралы оқып бітірдім.

Айдос еліктіріп айтқан соң қолға алып едім, расында ке­
ремет екен». Содан жаңа ғана тұқылына дейін құмарла­

на шеккен шылымын тастай бере қорабынан және бірін
суырды. Күрсінді. «Осы біздің оқығанымыздан не пайда?
Кімге керек? Кімге керекпіз?» «Оқу алдымен адамның өзі­
не керек қой, Әбеке? Қой, мен жұмысқа кірісейін». Күн­

делікті жарияланымы жаңаланып тұруға тиіс ақпараттық
порталға мақала жазу, электронды поштаға келіп түскен
материалдарды оқу, өңдеу – түс ауғанша сіңбіруге мұрша
бермейді. Мен компьютерге қадалып отырып қалдым. Әбе­

кең кең адымдап шығып бара жатты. «Түстен кейін жолы­
ғармыз». «Осындамыз ғой, Әбе». Жолықпадық. Соңғы рет
жолығысқан сәтіміз сол екен. Қимас жақынын ақырғы рет
көріп тұрмын деп тірлікте, сірә, кім ойлар? Кім түйсінер?..

Мен тап қазіргі күндері Әмір досым, «шәй» десіп жүз
шайыспаған жан бауырым жайында кең толғап айтуға,
жазуға дайын емеспін. Себебі: Әмірханның бақиға атта­
нуымен бірге ішімдегі жігердің жасып, қайраттың жалы­

ны қайтып, сенімнің сетінегенін сездім.
Тоқсаныншы жылдар еді... нақтысы – 1995-тің күзі.
Бізді Әлібек Шегебай таныстырды. Алматының іргесінен
орын тепкен Қалқаман кентіндегі менің жалдап алған пә­

терімде төрт-бес жігіт таң сібірлеп атқанша әжүк-гүжік
әңгіме соқтық. «Ертегі білесіңдер ме?» – деді Әбекең. Үл­
кеен ақын-жазушыларды оқып, өздері де үлкееен ақын-
жазушы атанғысы кеп жүрген жігіттерге бұл тосындау

сұрақ еді. Әйтсе де, бәріміз ертекші болып шықтық. Эпос­
тық, лиро-эпостық жырлар да кетті. «Гілгамеш! – деп қал­
ды бәрін білетін Балқыбек, – Гілгамешті оқыңдар, жігіт­
тер!»

Сол тоқсаныншы жылдардың басы... Философиялық
эсселері елді «естанды етіп бітірген» Дидар Амантаймен,
«Қазақстан Замандағы» мақалалары жұртты жалт қарат­
қан Талғат Ешенұлымен, жазудағы әдемі тіліне мысқыл

араластырып отырып талайдың мысын басып, оқырман­
ның ықыласына бөленген Сәкен Сыбанбаймен, қазақ
поэзиясына дауыл тұрғызып келген Маралтаймен, сын­
шы Амангелді Кеңшілікпен, ақындығын айқайламай-ақ

әйгілеген шайырлар: Жарас Сәрсекпен, Бауыржан Баба­
жанұлымен, Ақеділ Тойшанұылмен, оқу-тоқуы көп Жа­
рас Сейтнұрұлымен, жарқылдап, аңқылдаған Жанарбек
Әшімжанмен таныстығымыз басталдыда кетті. Көппіз.

Көңілдіміз. Аяқты алшаң тастаушы едік. Әрине, әдебиет
әлемінің есігін қаққан әр буын өкілінің буы мен дуы біз­
дерді де шарпымай өткен жоқ. «Шын, азат ойлы, көр­
кемдік талғамы биік, нағыз қазақ әдебиеті бізден баста­

лады», – деп даурыққан кездерді де бастан өткердік. Сол
өрекпіген шақтардың сәулелі сәттері, бірақ, аса ұзаққа со­
зылмаған сияқты. Тез байсал тарттық па? Әлде, романтика­
лық қиял-ғажайыптар баураған күндерді кешіп жүре беруді

артық көрдік пе? Әлде, әу бастағы буырқанған, жолдағы­
ның бәрін жапырып тастай салатындай тастүлек сеніміміз­
ге орай өз бойымыздан күш-қуат, қабілет-қарым таппай
шалдықтық па?.. Әмірхан осы сауалдардың жауабын із­

деп таусылатын. Іздеп шарқ ұратын. Оны ажалға жетелеп
әкеткен себеп те осы бір сұмпайы сұрақтардың жауабы ма
екен?..
«Біз әдебиетке адалмыз», – деуші еді ол. Әдебиетке –

поэзияға адал ұлдар туралы Темірхан аға соноу бір жыл­
дары «алтынкөпірліктер» деп ағалық ыстық лебіз білдірді.
Ізашар туындыларын Мейірхан ағамыздың тап басып
танып берген бағасы қандай еді? Сондай буынның басы

неге бұ дүниеден ғапыл аттанды? Сондай буын неге жа­
сық тартты? Өйткені... Өйткені бұл буынның дарынды
ұлы мен қызы ақын-жазушы болып өмір сүрудің қазақ
қоғамында мүмкін еместігін алдымен мойындады. Бұл,

бірақ, әдебиет майданынан қол көтеріп шықтыға есеп
емес, алайда олар өздерінің ащы тағдырын, өлара шақтың,
тұяққапты тірліктің құрбаны болып туғандарын түсінді.
Отбасының ғана қуанышына жылынбаса, былайғы жұрт­

қа керексіздігін, алымдылығы мен адамдығының құны
қара бақырға татымайтынын іштей егіле отырып ұғынды.
Ақынсың ба, жазушысың ба? Ал, жаз. Алайда, сені ешкім
оқымайды. Оқуы ықтимал. Пікір айтпайды. Қазақ әде­

биетіндегі осы бір мүлгіген мүттайым ахуал арғы-бергіні
ақтарып, есейіп, тіпті, түрлі эксперименттер мен ағымдар­
ды пайдаланып болса да шығармалар жазып, қазақ әде­
биетін тағы бір баянды белге шығаруға ұмтылған буын­

ды сындырды. Олардың алды қазір, Әмірхан бек жақсы
көрген Акутагаваның жасынан озып үлгерді. Рембоның
жолына түскендердің қолынан сауда да келмей, жаза да
алмай жүр.

Әдебиетте буын үндестігі деген болады. Сол буын
үндестігінің бізге дейін буыны босап, буы шығып кетсе
керек. Ағаларымыз бар. Сенің, оның, олардың шығарма­
лары жайында жақ ашпайды. Қолына ұстатқан дүниеңе

қомсына қарап қояды. Бітті. Одан кейін нені әңгіме қы­
ласың? Қысыр сөз, пендауи тіршілік. Көзінен көріп оты­
расың: «Мақтаса екен мені, дәріптесе екен» дейді. Мақ­
талған, дәріптелген, мақталып, дәріптеліп келе жатқан

адамдар. Сонда да соны күтеді. Қайтесің, ағалар ғой. Қал­
қайып, қарайып алдымызда аман жүрсінші.
«Бір өзі бір академияның жұмысын атқарды», – деп
Әмірхан бағалаған мифолог Серікбол Қондыбай озды

өмірден. «Апырай, мына буында Серікбол есімді сұмдық
интеллектуал болған екен ғой» деп қамыққан, алаңдаған
жанды бүгінгі қазақ арасынан аз кездестірдік. Міне, енді
Әмірхан кетті. «Жақсы ма еді?». «Жақсы еді ғой». «Жақ­

сы еді ғой, жақсы еді ғой» деп бәрі жақсы адамды көміп
жатты жабылып» (Жұмекен).
Өмірді өкпемен өткізуге болмайды. Әмірханға салса­
ңыз «ақын төбелесе білуі керек. Қажет жерде өз шығарма­

шылығын жұдырықпен де қорғай білуі керек». Сондық­
тан бүгінгі қазақ әдебиетінің төрінен Ғабит Мүсіреповтей
абызды, батагөйді көрмедік деп ол ешкімге өкпе артқан
жоқ. Ол бес құрлықтың әдебиетін бүтін әдебиет, бір дің­

нен бұтақ жайған әдебиет деп білді. Әбең үшін Жұматай
жайлы айтып отырып Есенинге, Жүмекен туралы әңгіме
бастап Рубцовқа бара салу еш қиындық тудырған емес.
Қадыр Мырза Әлидің «Иірімі» мен Мағауиннің «Менін»

оқып біткен күні хабарласып: «Біз Батыс қаламгерлерін
жақсы танимыз. Өзімізді білмейміз. Өйткені, өлсек те
пенделігімізді, кем-кетігімізді мойындағымыз келмейді»,

– деп еді-ау... Рас, ізденген жасқа Анре Моруаның кітабын

қолға тигізсе бітті, Батыс әдебиетін жасаған ірі тұлғалар­
дың тағдыры күбірлеп, сөйлей жөнеледі. Ал, бізде ше?
Бізде қазақ қаламгерлерін танудың әдеби институты қа­
лыптасты ма? Жоқ. Біз әлі Абайтанудың шегінде жүрміз.

Оның өзінде де М. Әуезов бастаған абайтанушылардың
дәстүрлі, классикалық нұсқасының қамалында отырмыз.
Осы жайт Әмірмен арамыздағы әңгімеге жиі өзек бола
береуші еді. Ендеше біздің буын, Әмірханның қағанатын­

да қанаты қатайған кейінгі толқын қазақ әдебиетінде бар
екенін Әмірхантанудан бастауы керек шығар. Өйткені,
Әмірхан ауыл-үйдің, айнала төңіректің абың-гүбің әңгі­
месінен озып, аз ғұмырында әлемді емін еркін шарлау­

дың үлгісін көрсетіп үлгерді. Уақыт пен кеңістікті көктей
өтіп, көне эллиндер дәуірін көтеріп әкеліп ұлы даладағы
ескі сарынмен ұластырудың ұтымды жолын, суреттен сөз,
сөзден сурет көре білудің тәсілін (Әмірханның Модилья­

ниге, Сезаннға ғашық болғанын еске түсіріңіз) алдымен
сол көрсетті. Ол жазған дүниесіне тегеурінді текст дары­
тып, ойдың астарын қарама-қарсы ағыстарға салмағаны­
мен құдды Асқар Сүлейменов еді. Бізге Асағамен жүздесу

бақыты бұйырмапты. Бірақ дегдарлықтың дара болмысы
Сүлейменов деп қабылдаппыз. Және қапысыз, қателеспей
қабылдаппыз. Демек, келешекте рухани кемел биікке же­
тетін ұрпақ Сүлейменов пен Балқыбекті қатар атап, қазақ

ойының күймесіне «парлап жегіп» жатса, осы жолдардың
авторы оған еш таңданбайды.
Әмірханның қағанаты деп қалдық. Әмірхан өзінен мү­
шел жас, тіпті, кішкентай Қасиеттен (Әбеңнен қалған

жалғыз тұяқ) 4-5-ақ жас үлкен балалардың ортасында
қайнап-жайнап отыра беретін. Бірер рет орталарында мен
де болдым. Байқағаным: әлгі жеткіншектер Әмір ағала­
рын тыңдай біледі екен. «Жақсы прозашы болу үшін кімді

оқу керек?», «Ақын болу үшін ше?» деген құлағы қалқай­
ған сауалдарды да өздеріне тән балғындықпен қойып қа­
лып жатты. Ондай сұрақтарға Әбекем ыждахатпен жауап
береді екен. Тіпті, қайсыбіріне «Қойын дәптеріңе жазып

ал. Аты-жөні, міне, былай жазылады» деп отырды. Әде­
биетке құмар жастар үшін Әмірхан қаған, ал оның «әмірі
жүрген» төңірек түгел қағанатқа айналды.
Сол қағанаттың нояндарын қаралы жиыннан көргенде

қабырғам сөгілді. Өңдерінен өң мен түстің белгісін айы­
рып болмайсың. Мүмкін еместің мүмкіндігіне сене алма­
ғандары ғана ептеп аңғарлады. Жас нояндар ғана емес,
Әбекеңмен құлын тайдай тебісіп бірге өскен Амангелді

Кеңшіліктердің өзі өксігін жұтып тұрды. Әлібектің жана­
рынан ытқып-ытқып ақтарылған ыстық жас ішіне құлап
түскен құса-шердің шідерін шеше алмай ышқынды. Қа­
ралы жиынды жүргізген Жанарбек Әшімжан аламанда

аяғынан алдырып күрсінген жүйріктей жүдеп кетті. Ас­
танадан аңырап Ауыт қоңырау шалды. Ақтөбеден «бай-
байлаған» Бауыржанның зарлы үні естілді.
Есіл дос, есеңгіретіп кеттің сен бізді. Сен бірақ, езіл­

генді, жасықтықты, жылаңқылықты жақтырмаушы едің
ғой. Ендеше біз де еңсемізді тіктейік. Жә, бауырлар,
жидіп, жылбысқылана берсек, Әмірханның өр рухы бізге
ренжитін болады. Қаламға серт! Әмірхан Балқыбек бізді

шақыра берген майданда, әдебиет майданында тізе қоса­
йық. Былай деп қолтаңба қалдырыпты ол маған:
«Дәурен баһадүрге! Майдандарға бірге кіре берейік де­
ген тілекпен» Ә. Балқыбек. 24.11. 2008 жыл.

Осы аманат тілекті ұмытуға бола ма?!.
Abaі.kz
2014.04.19

ЗАМАНДАС. МҰҢДАС. ҚАЛАМГЕР

Бәкеңмен – Валерий Михайлов ағамызбен Жазу­
шылар Одағының дәлізінде бірер рет кездесіп, қол
алысқанымыз болмаса, жеке басымыздың танысты­
ғы жоқ екен. Бәкең – сыпайы адам. Біртоға жан. Орыс

ағайынның бұрқырап жүретін әдеті бұл кісіге жұқпа­
ған. Өзінің де кісіге жұғымы кемдеу көрінгенімен, іші
толы әңгіме мен шежіре сияқты сезілетін. Солай бо­
лып шықты. «Ғаламат жұт шежіресі». Ақын Ғұсыман

Жандыбаев аударған. «Хроника великого джута». Кітап
авторы – Голощекин деген құбыжық пен әлгі құбы­
жықтың замандастарының адамзат баласына жасаған
жауыздықтарын әшкерелей отырып, қазақ даласында

аранын ашқан алапат аштықты байланыстыра баяндай­
ды. Бұлтартпас, нақты деректермен сөйлейді. Кітаптың
алғашқы беті бүй дейді:

– «Ең бірінші есімде қалғаны – Ай. Күздің суық

күнінде біз әлдебір жаққа көшіп барамыз. Мен шайқа­
лақтаған арбаның үстінде көрпеге ораулы жатырмын.
Кенет арба солқ етіп тоқтай қалды. Менің көзім қап-
қара болып түнерген аспан төріндегі Айға түсті. Мен

шалқамнан жатып, одан көзімді алмай ұзақ қарадым.
Жолдың екі шеті толған адам мүрделері. Олардың со­
зылған қолдары бұратылып тырбиған ағаш бұтақтары­
на ұқсайды. Өлі-тірісі белгісіз, жерге жабысып қатып

қалған. Маған айтпасада бәрі белгілі еді. Үлкендер
бәрібір сұрағанымен жауап бермейді, олардың маған
қарайлауға мұршасы да жоқ. Осы бір серейіп қатып
қалған адамдарды әлдебір тылсым үрей қоршап тұрған­

дай... Кейін естияр болған кезімде сұрағанмын, сонда
бәрін айтып берді. Олар адамның мәйіттері еді...»
Оңаша бір отырыста «өзінің қашанғы күмбірлеген
майда қоңыр дауысымен ерекше бір толқу үстінде»

ақын Ғафу Қайырбековтың Валерий бауырын құлағ­
дар еткен әңгімесі екен бұл. Ғафаң осы әңгіме үстінде
әжесінің қайрат көрсеткенінің арқасында Торғай қала­

сына жетіп, сондағы нағашы жұртымен селбесіп аман
қалғандары туралы сыр шертеді. Тағы бір әңгімесінде
ақын «Ғабеңнен – Ғабит Мүсіреповтен естіген едік»
деп тағы бір сұмдық көріністі оқиғаны жайып салады:

– «... 1932 жылы Қазақстан сұмдық аштықтың құр­

сауында қалды. Мүсірепов төрт жолдасымен бірге өл­
келік комитетке хат жазды. Онда ұжымдастырудағы
асыра сілтеушілік туралы айтылды. Бірақ, олардың
бәрін «ұлтшылсыңдар» деп айыптады. «Біз, – деді

Ғабең, – біткен жеріміз осы деп ойладық. Олар үшін,
қолына қанды қылыш ұстаған баскесер үшін, біздің
өміріміз не тұрады...»
Сол жылы қыс ерте түскен болатын, Алматыны қазан

айының өзінде-ақ қар басып қалған. Мүсіреповті өл­
келік комитетке шақырды.
«Несі бар, егер сен өзіңнің халқың үшін осынша
алаңдайтын болсаң, Торғайға барып қайт, – деп оған

Голощекин мысқылдай қарады. – Онда ешқандай аш­
тықтың жоқ екенін өз көзіңмен көресің».
Мүсірепов жолға шықты. Қостанайға жетті. Онда
ақырған қыс екен. Атқару комитетіне келді. Оның төра­

ғасы Қазақстанға өз еркінен тыс келген адам екен. «Е-е,

– дейді ол, – сіздер де мен сияқты жер аударылғандар

екенсіздер ғой. Сіздерді мұнда қай Құдай айдап келген?
Елсіз дала, толассыз боран, ал Батпаққараға дейін мың
жарым шақырым, үсіп қаласыздар. Не сіздерді жеп қоя­
ды». Осы сөздердің бәрін ол еш қалжыңсыз, байыппен

айтқаны көрініп тұрды.
... Әулиекөл ауданынан өткеннен кейін боран бас­
талды. Ұйтқып соққан қар ұшқындары күннің көзін
жауып, жолды бітеп тастады. Жүргіншілер жолдың

жүлгесінен адасып, аттар тұрып қалады. Кенет Мүсі­
реповтің көзіне әлдене шалынғандай болады: анандай
жердегі күртік қардың арасынан бірдеңе қараңдайды,
бейнебір сексеуілдің қисық бұтағы секілді. Ол шанадан

ырғып түсіп әлгінің қасына барады. Қар астында адам
өліктері жатты.
... Олар күртік қардан шығып, өлілер салған жолмен
жүріп отырды. Алда – қаңырап бос қалған ауылдар.

Жергілікті жол бастаушы бұл қоныстардың нөмірлерін

айтып келеді. Олар бір-бірінен тек нөмірімен ғана ажы­
ратылады: ешбірінде жан баласы қалмаған. Жолаушы­
лар қазақтың көзіне тосын көрінетін киіз үй қалашығы­
на ат басын тіреді.

... Мүсіреповті, әсіресе, іші-сыртының сән-салта­
наты келіскен алты қанатты киіз үй таңғалдырды. Үй
жасаулары – ашық түсті жібек көрпелере мен атылас
жастықтар, бетін әсем өрнектермен әшекейлеген түкті

кілемдер көздің жауын алады. Орта тұсында тең болып
жиналған жүк тұр. Бейнебір үй иелері әлгінде ғана сәл
уақытқа шығып кеткендей, әне-міне қайтадан кіріп ке­
летін секілді.

... Бәрі жан-жақтан қарап жүр – ал, мына бір тұстағы
киімдер жиналған жүк өзгеше бір күркеге ұқсайды. Ор­
тасында кішкене тесік бар... Әлдебір бейтаныс та үрейлі
әлемге ашылған қараңғы терезеге ұқсайды. Кенеттен

араларындағы екеуі қаруланған төрт еркек бір мезет­
те әлденеден секем алып селт етті. Денелері түршігіп,
үрке қарап сәл тұрды да, есікке қарай ентелей беттеді.
Тұра беруге дәттері шыдамай, далаға атып-атып шық­

ты. Ғабит Мүсірепов ең соңында қалды. Табалдырықта
сәл кідіріп, арт жағына қарады: үстіне киімдерді үйіп
тастаған шағын жүк теңнің ішінде біреу бар секілді.
... Аяқтарын күртік қардан әрең-әрең суырып, олар

шанаға беттеді. Кенет көкейін түрткілеген беймәлім
түйсікпен қарсыласуға бойынан күш таппаған Мүсі­
репов өздері әлгінде ғана кіріп шыққан, ақ киізбен жа­
былған еңселі үлкен үйге қарай бұрылды. Жолдастары

да соңынан ерді.
«Ойбай, мұнда біреудің ізі жатыр!» – деп ышқына
дауыстады біреуі.
Олар қар бетіндегі беймәлім ізге үңіліп, үймелесіп

қалды. Із мүлде жаңа еді.
«Бұл не? Қарасақ па? Түлкі ме?»
«Жоқ, ұқсамайды! Сірә... Әй, бірақ болуы мүмкін
емес!..»

Жігіттер із қуалап жүріп отырып киіз үйден бір-ақ
шықты. Есікті айқара ашты.
Күтпеген жерден иесіз үйдің ішінен ыңырсыған ащы
дыбыс естілді. Бәрінің жотасы мұздап қоя берді. Әлде

иттің қыңсылы ма немесе мысықтың зарлағаны ма –
айырып болмайды және осының бәрі қандай бір қор­
сылмен қатар естіледі.
Жүк жиналған теңнің қуықтай ғана тесігінен әлдебір

кіп-кішкене тірі жан атып шықты да, адамдарға тұра
ұмтылды. Ол қанға малшынған еді. Қансүңгі болып қа­
тып қалған ұзын шаштары мүйізге ұқсап, жан-жағына
сорая шығып тұр, аяқтары бейнебір қарғаның сирақта­

ры сияқты қап-қара, шидей. Көздері ойсыз, бетіне қа­
тып қалған қанның үсті жаңадан аққан қан тамшыла­
рымен әлеміштенген. Тістері ақсиып, аузынан қызыл
көпіршік ағып тұр.

Төртеуі бірдей қорыққаннан естері шығып, есікке
қарай секіре қашты. Сыртқа шығып, артқа бұрылған­
да әлгі құбыжықтың қарасы да көрінбеді, ғайып болса
керек.

«Бұл сонда не болды?» – деді Ғабит қырылдай сөй­
леп, жолдастарына қарап. Қорқыныштан әлі де селкіл­
деп тұрған олар үндемеді. Тек кейін, Қостанайға барған
соң жолсеріктерінің бірі Ғабекеңе мынаны айтты:

– Сіз, бәлкім, оны жын деп ойлап қалған шығарсыз?

Жоқ, жын емес. Мен байқап қалдым, анық байқадым.
Ол – адам. Сәби. Қазақтың жеті-сегіз жасар қызы...

– Жоқ! Жоқ! – Мүсірепов ышқына айғай салды. Оның

үнінен жан дүниесінің алапат жарылысындай, айтып
жеткізгісіз долы, сонымен бір уақытта шарасыздықтың
дәрменсіз ашуы бұрқ етті. – Ол – аштық! Ол аштықтың
көзі болатын! Қарғыс атқыр аштықтың дәл өзінің...»

(«Ғаламат жұт шежіресі», 9-14 беттер)
Қазақ даласына осы алапат аштықты алып келген, қа­
зақтың жеті-сегіз жасар қызын аштықтың тірі бейнесі­
не айналдырған, Мүсіреповті мысқылдап Торғай дала­

сына жіберіп, көзін құртпақ болған Голощекин кім еді?
Әрине, ол туралы жазылып та, айтылып жатыр. Шын
есімі – Шая, төңкерістік жанама ныспысы Филипп бол­
ған қуаяқ құрдымның істеген ісін, салған лаңын жария

етпей советтік цензура қатаң бақылап отырды. Онысы

– қазақтың марғасқа ұлдарын тізімдеп аттырудың алғы

шартын жасап, қалың елді аштық дейтін қолдан егіл­
ген апатпен қырып салған революционердің шынайы

бет-бейнесін жасыру, рухын бодандық қамыты бордай
езген елдің есіне қайдағы-жайдағыны салмаудың ама­
лы болса керек. Оның үстіне, «жылымық жылдары»
Шая Ицкович – Филипп Исаевич Голощекиннің сұмпа­

йы жүзін танытуға қазақ тарихшыларының ерік-жігері
жетпеген де сияқты. Иә, ол кездегі ахуал түсінікті бола­
тын. Бертін, оның өзінде де 1980 жылдардың аяғын ала,
аталарымыз «қу жақ» атаған зұлымның іс-әрекетінен

ептеп хабардар бола бастадық. Алайда, Голощекиннің
әуелбаста бұзылған адамдық келбетінің түп-тамырын
қозғап, жандүниесіндегі кемтарлықты әйгілеген кітап

– «Ғаламат жұт шежіресі» дер едік. Автордың нақты

дерегі бойынша, Голощекин өзінің қан қасап жолында­
ғы досы Свердловпен Туруханский өлкесінің орталығы
Монастырь селосына жер аударлып барып, бірге тұра­
ды. Сол селода Свердлов әйелі Клавдия Новгородцева-

Свердловаға жазған хаттарының бірінде Голощкинді
«Мизонторп» дейді (мизонтроп – адам баласын жек
көретін ауруға шалдыққан міскін). Ал, патшаның тақ­
тан құлағанын естіп Монастырьдан Мәскеуге жеткен

Яков Свердлов қарындасының үйіне түсіп, далаға Го­
лощекинді қалдырып кетеді. Сонысына ыңғайсыздан­
ғаннан бұрын қатты қорыққан ол қарындасын жұмсап:
«Жорж, ой, Жорж! Ол мені өлтіреді. Сен бар, сен барып

ертіп келмесең, мен құрыдым», – дегенді айтады. Ми­
зонтропқа адам өлтіру деген рахат емес пе, ол расында
сенімді серігі Свердловты енді сәл кешіккенінде сеспей
қатыруы мүмкін еді ғой. Әйтсе де, мизонтроп револю­

ция ісі үшін өзінің шексіз пайдасын тигізіп қалады: ол
бір-ақ түннің ішінде Ресейді 300 жыл билеген романов­
тар әулетінің тұқым-тұяғын, қызметшілерімен қосып
о дүниеге шіміркпестен аттандырды. Романовтарды

Тобылдағы губернатор үйінің жертөлесіне қамап алып
атқан Голощекиннің жендеттері – Войков, Юровский,
Партин, т.б. дегендер болса керек. Бірақ, Екатеринбург
қаласына таяп қалған ақ гвардияшылардан сескенген

Голощекин патша отбасының мәйітін тегіс өртетеді.
Кейін оның Мәскеуге үш үлкен ағаш жәшікпен кетіп
бара жатқанын көгендер: «Мынауыңыздың ішінде не
бар?» деп сұрағанда: «Путилов зауыты үшін дайындал­

ған снарядтардың үлгісі» десе керек. Ал, шындығында
арқанмен шандып буылған әлгі жәшіктердің ішінде ро­
мановтардың спиртке малынған бассүйектері мен өр­
тенбей қалған тістері жатқан еді.

... Даламызға оралайық. Валерий Михайлов Голоще­
киннің қияпат істерін осы және өзге де сұмдық дерек­
термен шегендеп алған соң қазақ даласында басталған
жұттың себеп-салдарын, оған қатысты оқиғалар мен

төтенше жайттардың хронологиясын жасайды. Асық­
пайды, бұра тартпайды. Қазақтар туралы жазып отыр
екенмін деп сол замандағы қазақ басшыларының қа­
теліктерге жол бергенін, өтірік айтуға мәжүбір болған

тұстарын, бір-бірімен саяси тартысқа түскенін, бір-
бірінің үстінен арыз айдағанын жасырып қалмайды.
Бір кереметі: Бәкең соның бәрін ашық айта отырып,
тарихи тұлғаларды бүгінгі замананың бетімен біржақ­

ты сынап-мінемейді, бәрін уақыттың безбеніне са­
лып, салмақты пікір айтады. Біз әредік алашорда кө­
семдерінің өмірін, еңбегін, күрес жолын зерттеушілер
мен рысқұловтанушылар арасындағы полемикаға куә

болып қалып жүрміз. Мұндағы басты мәселе – Тұрар
Рысқұловтың 1930 жылы Халком кеңесінің төрағасы­
ның орынбасары кезінде ұжымдастыруды жетелдету
туралы қаулыға (қаулының жобасына) түзету енгізгені

турасынан өрбиді. Қаулы жөнінде Рысқұловтың Саяси
бюроға жолдаған хаты 1950 жылдары «Вопросы исто­
рии КПСС» журналында жарияланған екен. Рас, Рысқұ­
лов коллективтендірудің тездетуін жақтайды. Алай­

да, айналдырған бірер жылдан соң Тұраннан шыққан
Тұрардың елінде алапат аштық аранын ашады. Сонда
Рысқұлов өз халқына жамандық шақырғаны ма, билік
үшін солай жасады ма? Бұл сұраққа «иә» деп жауап

қайыру қиын сияқты. Өйткені, қазақ тарихшылары
өнбес даудың өзегіне айналдырып алған осы сұраққа
Мәскеудің сұрқия саясатын ет-жүрегімен сезетін гума­
нист-жазушы Валерий Михайлов: «... Бәлкім, ол Ста­

линнің қысымынан тысқары қалмаған шығар. Айтпақ­
шы, Рысқұловтың тікелей бастығы – РСФСР Халком
кеңесінің төрағасы С.И. Сырцов та (1919 жылғы дон
казактары геноцидін басты орындаушылардың бірі)

мал шаруашылығы аудандарында «колхоз қозғалысын
күшейтуді» талап етті. Көсемнің нұсқауын орындай
отырып, Сырцовтың Рысқұловты Саяси бюроға хат жа­
зуға мәжбүрлеуі де әбден мүмкін ғой. Тарихта болып

көрмеген күштеу мен зорлық-зомбылыққа жол ашқан
ұжымдастыру туралы қаулының екі күннен кейін қа­
таң сталиндік редакциямен қабылдануын кездейсоқтық
деуге болмайды» деп жазады («Ғаламат жұт шежіресі»,

282-283 бб).
Мәскеудің осылайша түртіп, ымдап, нұсқап ойнай­
тын әдеті бүгінде қалған жоқ, оны көріп те біліп те
жүрміз. Өзінің ығына көніп, ықтап сөйлейтіндерден

Мәскеу әзірге іргесін аулақ сала да қоймас.
Сонымен, кітабымызға келейік. Ұжымдастыру мен
ортақтастыруға құлшына кіріскен есалаң әрі мизонт­
роп Голощекиннің науқаны ұлы далада құйын-перен

қарқын алады. Тіпті, амалсыз езуіңе күлкі де үйреді
екен.
«Кантемировкада (Сырдария округы. – ред) киімді,
үй-ыдысаяқтарын ортақтасыра бастаған, ал жергілікті

агроном Фросов ит пен мысықты да ортақтасыруды
қолға алды.
... Еңбекшіқазақ ауданында киізүйді ортақтастырған,
Сырдария округы Иріжар ауданында аңшы мылтығы

мен іс тігетін машина, басқа аудандарда үйрек пен қаз­
ды...
Кейбір ауылдарда бақытты болашақтың «жоспарын»
жасаған – «ортақ отбасылық-тұрмыстық өмірге өту қа­

жеттілігі» туралы мәселе қойылған. Демек, «колхозда
әйелдер мен балаларды да ортақтастырады» деген бай­
лардың өсегі де негізсіз болмағаны ғой», – дейді атал­
ған еңбегінде қаламгер.

1929 жылы елдің қолында 40 миллион бас мал болған
екен, «1933 жылы сол 40 миллионнан 4 миллион ғана
бас мал қалды. Оның өзінің шындығына сену қиын.
Қазақстан Одақты етпен, жүнмен, терімен қамтамсыз

ететін ең ірі аймақтан өзін-өзі асырай алмайтын өлкеге
айналды. Голощекин кез келген болмашы сынның өзін
қысымға алып, сөзіне құлақ аспайтын саусақпен қана
санарлық адамдарды аяусыз жазалады» (сонда, 264 бет)

Ал, әлемнің жарты халқын аш-жалаңаш жасағандардың
бірі, ұжымдастырудың бұрынғы үйлестірушісі Лазарь
Моисеевич Каганович ұзақ жасап, жүзге жетіп, көше­
де масайрап отырып қайтыс болыпты. Өлерінің алдын­

да оған «ауылшаруашылығын дамытудағы табыстары
үшін» Ленин ордені берілген-ді.
Валерий Михайлов «Ғаламат жұт шежіресінде» де­
ректерді ғана тізбектеп қоймай аштық пен қуғын сүргін

тақырыбын қамтыған қаламгерлердің шығармала­
ры мен ғалымдардың зерттеулерінен (мысалы, Зейтін
Ақышовтың «Зауал» , Роберт Коквестің Лондонда жа­
рық көрген «Қайғы қасірет қырманы. Кеңестік ұжым­

дастыру және аштық терроры» кітабынан, Н. Михайлов
пен Н Тепцовтің еңбектерінен т.б.) үзінділер келтіріп
отырады. Әйгілі бесеудің хатына қол қойғандардың бірі
М. Ғатауллиннің сотталушылардың ортасында оты­

рып: «Халық жаулары бұлар емес. Жау – менімін. Мені
соттаңыздар. Жалғыз өзімді ғана. Бірақ, мен де халық
жауы емеспін. Мен халық жауларының жауымын. Ал,
мен мұндай жауға 1932 жылы іссапармен Кентке кел­

генде айналдым» деген сөзін бірінші болып тасқа түсі­
реді (сонда, 262-263 беттер), Голощекиннің уағында
табу қойылып, тиым салынған сөздерге дейін тірнек­
теп тауып нақты мысал келтіреді. Голощекин адамды

адам деп атауды тиып «өндіргіш күштердің негізгі эле­
менті» деп айтқызыпты. «Өндіргіш күштердің негізгі
элементі» адам екенін, сол адамның бірі қазақ екенін,
қазақтың 80 мыңға жуық баласы қараусыз қалып бара

жатқанын Голощекиннің есіне салған қайран ер сол за­
манда Мемлекеттік жоспарлау басқарамысында істеген
Нұрмұхамедов болады (бұл да аталған кітапта, 209 бет).
Нұрмұхамедовке Голощекин не деп жауап берді дерсіз

сол кезде? «Нұрмұхамедовше, бастысы сол: оның ай­
туынша, Қазақстанда 80 мың қараусыз қалғандар бар,
олардың түрлері адам шошырлық, тіпті, бет-жүздеріне
тіктеп қараудың өзі қиын. Менің ойымша, мұндай ме­

дициналық көзқараспен пленум келісе алмайды. Біздер
саясаткерлерміз және бұл секілді буржуазиялық фи­
лонтропиялық (мейірбандық – ауд) дүниетанымда тұра
алмаймыз» (201 бет).

Алапат аштықтың шындығы аштық кернеген заман­
да сөз болды ма? Әрине, болған. Оны жарияға жар са­
лып жазған қазақ газеттері еді дейді орыс В. Михайлов
Ғаббас Тоғжановтың 1922 жылы 21 ақпанда «Еңбекші

қазақ» газетінде жарық көрген мақаласына сілтеме жа­
сай отырып.
«Ғаламат жұт шежіресінде» әкесімен бірге жер ауып,
қазақ ортасын паналаған орыс қызы Татьяна Нева­

довскаяның естілік-дәптерінің де беттері парақталады.
Татьяна Гавриловна Іле Алатауының баурайындағы
Шымдәулет ауылында тұрған. «Қазақстандағы қасі­
ретті» өкісіп тұрып өлең жолдарымен өрген Невадовс­

каяның
«Боянып әлем – келіп те қалды көктем де...
Ұмытылған бәрі – оралам, бірақ өткенге...
Қыстағы қатқан есіме дене түседі,

Көгеріп шығып қалса да алау көк белде» – деп бас­
талатын толғауын ақын Аманхан Әлім ағамыз тебірене
тәржімалапты.
1980 жылдары Невадовская Орталық мемлекеттік

мұрағатқа отызыншы жылдардың фотоальбомын тап­
сырады. Сол фотоальбомдағы «бір шағын әуесқойлық
фотосурет бәрінен де көп әсер тударды» дейді кітап ав­
торы. Альбомдағы естеліктен оқығанымыздың қысқа­

ша баяны: кезекті аштық құрбаны. Жас қыз (Татьяна
Невадовская) үйінен талғажу ететін дәм алып келген­
ше, қырда қол жайып отырған қазақ бақиға аттанып
кеткен...

Миллиондаған тағдырларды аштық пен ажалдың
аранына салып ойнаған, сахарада сайтанның «салтана­
тын» құрған Голощекин 1941 жылы 28 қазанда Берия­
ның нұсқауымен Барбыш кентінде атылды. «Ғаламат

жұт шежіресі» деректі хикаятында баяндалған жайт­
тардың ұзын-ырғасы, міне, осы.
Ел іші біле жүргені дұрыс-ау: Бәкең – Валерий Ми­
хайлов – қазақтың үлкен досы. Шын зиялы адам. За­

мандас. Мұңдас. Қаламгер. Осы Бәкеңді 1993 жылдары
«Хроника великого джута» кітабы үшін Мемлекеттік
сыйлыққа ұсынғандар болыпты. Бірақ, комиссия мү­
шелері қабылдамаған. Жарамсыз деп таныған. Сені,

сенің байтақ әлеміңді әлемтапырақ жасап, рухыңды
жасытқан, құл қылған, сорлатқан қоғамның қоясын ақ­
тарып, бар болмысын әшкерлеген, адамзаттың әділ со­
тына салған кітап пен кітап авторын менсінбесең, мем­

сыйлықтан кем көрсең саған не дейік, қазақтың әдеби
билігі. Әйтсе де, Бәкеңнің қаламгер қауым мен оқыр­
ман ортасындағы беделі зор. Соның бір куәсі Ғұсман
ағамыздың аудармасы болса керек. Авторға деген зор

құрметпен тәржімаланған кітап – ХХ ғасырда жазыл­
ған ең ұлы туындылардың біріне есеп. Өйткені, «Ғала­
мат жұт шежіресі» осынау аласапыран сұмдықтың ар
жағындағы құбыжықты танып, жер-жаһанды кезекті

лаңнан сақтандырады. Бұл кітап – жұт пен аштықтың
жұмырына тұтасымен жұтылып кете жаздаған жұрттың
басынан өткен тағдырды жырлаған эпопеялық жинақ.
«Қазан төңкерісінен кейін құлдандыру кезеңі бастал­

ды», «Большевиктер халықтың қолындағы қазына бай­
лықты тонап алып әлемдік революция жасағысы келді».
Валерий Михайловтың кітабында мұндай тезистер жиі
кездеседі. Ол окятбрь төңкерісінің атасы Ленинді, оның

жолын жалғастырушыларды жек көретіндігін ашық
жазады. Әрине, деректі хикаяттағының бәрін ақтарып
шығуға бір мақала жетпейді. Мен кітапқа сараптама
пікір айтып та отырған жоқпын. Тек қысқаша шолу жа­

садым. Сондықтан «Ғаламат жұт шежіресіне» алдағы
уақыттарда оралып отыратын боламыз.
Abaі.kz
2014.05.28

ІІ бөлім
Публицистикалық ой-толғамдар

1.КЕЙІПКЕРЛЕР КАТАЛОГЫ

«НИ» ҚАЙДА, «НИ?!.»

Совет өкіметінің тұсында баспасөз біткенде «өкір­
ген» тақырыптың бәрі «коммунистік» деп бастала­
тын еді. Шерағаң – Шерхан Мұртаза «Қазақ әдебиеті»
газетінде бас редактор қызметін атқарған соноу бір

жылдары әлгі құрдымға кеткір «Коммунистік» деген
«қаһарлы» сөздің ішіндегі «ни» түсіп қалып редакция
ұжымының басына қара бұлт үйіріледі. Алдымен Ше­
рағамызды Орталық комитеттің дәлізін кешіп жүріп

идеологияны бағатын иісшілдер шақырып алып біраз
«илесе» керек. Бірақ, бопсаға иіле қоятын Шерағаң ба,
тақырыптан қате тауып танаурағандармен тартысып,
шаршап редакцияға келген соң қол астындағылардың

апшысын қуырып «ни қайдалап» ақырады. Былайда
сұсты адам «ни қайда?!» деп ызбарланған сайын журна­
листердің жүні жығылып жерге қарай береді. Сол кез­
де жиын үстіне апалақтап фототілші Сайлау Пернебай

кіріп келеді. Шерағаң оған да қарап: «Әй, Сайлау, «ни
қайда, ни?» деп зілденеді. Сонда ойын іркпей сөйлейтін
Сайлау марқұм әріптестерінің халіне жаны ашып: «Ой,
Шераға, сіз де қызықсыз, бір кәріс үшін бәрімізді қыра­

сыз ба?» – деген екен. Шерағаң мына жауапқа шыдай
алмай мырс етіп күліп жібереді.
Әңгімеге әзіл қыстырып отырғанымызды оқырман
бек түсінер дейміз. Міне, төрт бес күннің жүзіне айнал­

ды, Қазақстанның саяси элитасы «Ни қайдалап?» «қы­
рылып» жатыр. Бұл жолғы «ни» қайдағы бір партияның
атынан абайсызда түсіп қалған «ни» емес, о дүниеге
болып, толып аттанған – Ни. Елімізде «Еуразиягруп»

атанған алпауыттардың кіндік әкесі, кәріс диаспорасы­
ның көсемі Владимир Ни деген қария. Қазақстандағы
кәрістерді бүгінгідей жағдайға жеткізген зор тұлға. Ни
жарықтықтың өз ұлтын өзгеше сүйгеніне сүйсінген

Елбасымыз осылай депті («...Ол өз сөзінде Владимир
Нидің отбасына көңіл айтқан президент Нұрсұлтан На­
зарбаевтың елдегі кәріс диаспорасына қарата: «Егер
Владимир Васильевич болмағанда, Қазақстан кәріс­

тері Қазақстанда бұлайша өмір сүрмес еді» деген сөзін
келтіре кетті». Владимир Кимнің қаралы жиында айт­
қан сөзі. – «Азаттық» радиосының сайтынан алынды.)
78 жыл ғұмыр кешкен Владимир Ни деген пенде

Владивостокта дүниеге келіп, жоғары білімге Советтік
«ұлттар лабороториясы» – Қазақстанда қол жеткізеді.
Марқұмның жария өмірі өле өлгенінше жұртқа жұмбақ
болып кетті. Сондықтан біз де ол туралы ресми дерек­

тен басқа мандытып ештеңе айта алмаймыз; марқұм­
ның атқарған қызметі, лауазымы жайында интернеттің
«тіліне» жетік жан өзі-ақ іздеп, оқи жатар. Дегенмен,
жұқалап білетінімізді ортаға сала кетелік: Владимир

Василийұлы Нұрсұлтан Әбішұлына ертерек кезден жұ­
ғысып атқосшысы, көмекшісі, керек уағында кеңесшісі
болды. Рымғали Нұрғалиұлының саяси науқандар ба­
рысындағы «Егеменде» жарияланған естелігінде Нидің

Назарбаевқа әу бастан ықпалды жанның бірі болғаны
жөнінде жіңішке ғана айтылып кетеді. Қазақ Ни дейтін
алпауыттың тасада асып тасып өмір сүргені жайында
кеш естіді, кеш білді. Онда да там-тұмдап. Ұзынқұ­

лақтан жеткен сөзден. Сол «ұзынқұлақтың» айтуында,
Ниекең Нұрекеңе «қазақ сізді ұнатпайды» деп сылқ-
сылқ күліп, жиі сыбыр шығарып отырыпты-мыс. Ал
енді, ұзынқұлақсыз әйгіленген бір шындық: Ниекең –

Қазақстанда басталған жаңа тұрмысқа кәріс диаспора­
сының тез бейімделіп, табысы толағай істермен шұғыл­
дануына қайқы мүйіз ақ серкедей алшаңдап жол бастап,
жөн нұсқаған көсем. Бұл жайтты «Қазақмыс» корпора­

циясының президенті, «Форбс» журналының кезекті
жарияланымына есімі еніп, әлем жұртына миллиардер
ретінде даңқы кеткен Владимир Ким қаралы жиында
көзіне жас алып тұрып мәлім етті.

Қазақстанда, жалғанды жалпағынан басып жүрген­
дердің арасында қазір кім көп? Ким көп. Нан дейтін­
дер және бар. Соларды жетектеп жеткізіп, ел санатына
қосып ақиретке аттанған Ни ақсақалда арман жоқ шы­

ғар, сірә... Оларды былай қойғанда, көретініміз бүгін­ де кәрістің көп сериялы көркем филімі. Қыздарымыз­ дың қиялында – кинодағы келбеті келіскен кәріс жігіті. Тұтынатынымыз – кәріс өндіретін өнім. Қара базарға барсақ та, иректеліп иреоглиф түскен заттың бүйіріне қарап қойып, «қытайский емес, кәрейский керек, мы­ науың кәрейдікі ме?» деп шалқалаймыз. Жоғары оқу орындарында жастарымыз кәріс тілін үйренуге кәдімгі­ дей ден қойып жүр. Осының бәріне қарасаң Қазақстан­ ның ішінде «Кәрісстан» деген мемлекет құрылып келе жатқанға ұқсайды. Осының бәріне қарап отырып, қа­ зақтығымыздан жазып ызаланамыз, әйтпесе кәріс бол­ сақ Нилер мен Кимдердің атына алғыс жаудырар едік қой. Әйткенмен де, Нидің ер екендігіне қол қойғаны­ мыз абзал. Отанынан мүлде тамыр үзген адам бөтен ор­ тада жүріп қалыптасты, замана әлпетін ерте аңғарып, қамал соғып қайрат көрсетті. Қазақтың қағынан жері­ ген байқұс шенеуніксымақтарының ортасына ойран салып, бірін біріне соқты. Алдады. Арбады. Ашса ала­ қанында, жұмса жұдырығында ұстады. Қазаққа күлді. Ен байлықты есепсіз егеленді. Енді ер емей немене?! Қазақтың осы күні Ни сияқты бір шалы бар ма? Бар шығар. Бірақ жоққа есеп. Біздің шалдардың шапқан­ да шамасы жүздің, рудың әңгімесін қоздырып, соны биліктегі ауыс-түйістің көзірі етуге ғана жетеді. Салық Зиманов сияқты кешегі Алаш зиялыларының жолын ұстанған текті аталарымыздың аузындағы сөзіне дейін тәркілеп, биліктегі қулар ауыл үйдің айналасында ұстап отыр. Шерхан Мұртазаның дауысы Астанадағы алқы­ зыл алаңнан ғана естілетін болды («ни қайдалап» емес, әрине). Мұхтар Мағауин шекара асып кетті. Әбіш аға­ мыздың биліктегі миссиясы «Еңбек ері» атанумен тә­ мамдалған сықылды. Ұлт мәселесін ұран етіп, ұрымтал тұстан қимылдайтын Мұхтар Шахановты Ақорданың айналасындағылар жау көріп, шетелге қашқан қуаяқ­ тардың (Әбіләзов, Әлиевтердің) елдегі жансызы санай­ ды. Енді сөздің қысқасына келейік. Ғайыптан тайып Ни марқұм о дүниеден бұрын Сол­ түстік Кореяға барып өмір сүрсе... бұ дүниеде (Қа­

зақстанда) бұйырған бағы басында тұрақтап қалар ма
еді, әлде бұлбұл ұшар ма еді? Қазақстандағыдай бар
болмысын жарқыратып көрсете алар ма еді, жоқ па?
Күмәндіміз. Өйткені, коммунистер билігіндегі Корей

елінде Ни сияқты жартылысынан жайлы тұрмысқа
бейімді жанның жайқап өмір сүруі неғайбыл. Нарық­
тық қатынасқа көшкен Қазақстан Владимир Ни дейтін
бір кәріс баласының бар мүмкіндігін ашты. Иә, Қазақс­

тан мүмкіндіктерге жол ашқан мемлекет. Бірақ ондай
мүмкіндікке ұлт қамын ойлап, ұлт мәртебесін ақ қанат
арманына балаған қазақтың жасының да, кәрісінің де
қолы жетпей келеді. Сөйтіп, еліңді бұл заманда орыс

пен кәріс сұрап тұр. Енді «Ни қайда, ойбай, Ни қай­
да?!» демеске амалымыз кем...
Abaі.kz
2010.09.14

«ПЕРҒАУЫН» ҚҰЛАДЫ

1981 жылдан бергі Египет Ислам Республикасының
президенті Хосни Мүбарак биліктен бас тартатынын
мәлімдеді. Ақпанның 2-сі күні АҚШ президенті Барак
Обама Египет елін «ежелден» билеп келе жатқан әріптесі

Маха́ммад Хо́сни Сайи́д Мүба́ракка жағдайды ушықтыр­
май «Сфинкс тағын» босатудың жолын ұсынған болатын.
83 жастағы Мүбарак өзінің мүлт кеткенін мойындап,
кеше египеттіктер сарыла күткен «жаңалығын» жария

етті. Сонымен, алдағы күз мезгілінде Египетте прези­
дент сайлауы өтпек. Ал, күз келгенше Мүбарак бүгінге
дейін жан баласымен бөліспеген биліктің биік шыңын­
да отыра бермекші. Алайда, көне Мысыр шаһарындағы

толқулардың нышанына қарай отырып Мүбарактың мүр­
дем кетпесіне сену қиын болып тұр. Өйткені, халқы өте
тығыз орналасқан Египеттегі ереуілдердің тегеуріні күн
өткен сайын күшейіп барады. Катардың «Әл-Жазира»

арнасы Қайыр қаласындағы Тахрир алаңына 2 миллион­
нан астам халық жиналып, Мүбарак билігіне наразылық
танытты деп хабарлады. Тап сол Тахрир алаңында қала
тұрғындарынша қарапайым киінген полиция жасағымен

ереуілшілдер қақтығысып та үлгерді. Египеттің денсау­
лық сақтау министрі Ахмед Самех Фаридтің баспасөз
өкілдеріне айтқан дерегіне қарағанда, 639 адам қақты­
ғыстардың салдарынан қатты жарақат алған көрінеді.

Мысыр шәрісі, көне мысырлықтар... Ніл дариясы.
Біздің бабаларымызға парсы жырлары мен араб әфса­
налары арқылы жетіп, қиял ғажайып ертегілерге елітіп
өскен жас ұрпақтың жадындағы таныс та бейтаныс

өлке. Мысырмен бізді сабақтастыратын тек қана әфса­
на, жырлар ғана емес, баһадүр бабалар рухы. Қайыр қа­
ласында қыпшақ беріш Бейбарыс сұлтан салған мешіт
бар. Перғауындар еліне мамүлік болып барған қыпшақ­

тар Мысырды 300 жыл билепті. Бейбарыс билігі өзінен
кейінгі ізбасарларына дәстүрлі түрде беріліп отырған.

Бейбарыс бабамыз сияқты ерлігі асып, даңққа бөленген
қыпшақ Қайтпай сұлтан соққан қорғанды осы жол­
дардың авторы Египетке барған сапарында көрген еді.
Бүгінгі египеттіктер жүресінен отырған адамға «Қайт­

пайға ұқсап отырма» дейді. Бұндағы сөз: Қайтпайды
жаулары дарға асқанда кеудесінен жаны шықпаған ба­
тыр сұлтан жүрелей отырып жан тапсырыпты. Содан
бері Мысыр жұртында жүрелеген адамды көргендер

әлгіндей деседі екен.
Бұл жайттар мүбада сөз болған соң айтылып қалды,
біз қайтып Мүбарагімізге оралайық. Махааммад Хоосни
Сайиид Мүбарак 1928 жылдың 4-ші мамырында дүниеге

келіпті. Әкесі шағын ғана жерге иелігі бар заң қызмет­
кері болады. Хосни ер жете келе әке жолын емес, әскери
өмірді таңдайды. 1950 жылы Билбейс қаласындағы әске­
ри әуе күштері Академиясына түседі. 1956 жылы Суэц

майданына қатысады. В 1959-1960 жылдары КСРО-да
оқып, қазіргі Бішкек (бұрынғы Фрунзе) қаласындағы
авиациялық полкте кәсіби білігін жетілдіреді. Мүбарак­
тың ресми өмірбаянында жазылмаған сияқты, Египетте

болған сапарымызда оның Отар қалашығындағы әске­
ри бөлімде «қызмет еткенін» естіп таң қалдық (Алматы
облысының аумағындағы Отар қалашығы КСРО кезінде
жабық қалалардың бірі болған). Жаратқанның жалпақ

әлемін жартысынан кешіп билеуді көксеген Кремль кө­
семдері әскери адамдарды тәрбиелеп, оларға ықпал етіп
отыруды әсте ұмытпаған ғой. Жас Мүбарак та Кремльдің
жобасындағы адамдардың бірі болуы мүмкін. Өйткені,

ол қызмет бабымен тез көтеріліп, әйгілі Әнаур Саадаттың
қасынан бір-ақ табылады. Әнауар Саадат – өз заманында
Кеңес өкіметімен татулықты қалаған тұлға. Саадаттың
құрметіне қазақ та сараңдық танытпай балаларына Саа­

дат, тіпті, Әнуарсаадат деп азан шақырып ат та қойған
еді.
1975 жылы Әнаур Саадат Хосни Мүбаракты вице-
президент етіп тағайындайды. Сол жылы Мүбарак ел­

дегі ұлттық-демократиялық партияға жетекшілік етіп,
1981 жылы 6 қазанда Саадатқа қастандық жасалған соң
партияның бас хатшысы болады. Қастандықтан қаза
тапқан Саадаттың орынын иеленісмен Мүбарак Египет­

те төтенше жағдайдың қалыптасқанын қатаң ескертіп,
билікті билеп төстегеннің бәрін түрмеге тоғытады. Саа­
даттың уағындағы оппозициялық күштерге рахым жа­
сап, еркіндікке шығарады. Содан кейін-ақ, Мүбарактың

шексіз билігі қалыптасып, ол 1987, 1993, 1999 жылдар­
дың бәрінде референдум арқылы өз билігін нығайта
береді. 2005 жылдың күзінде ғана Мүбарак алғаш рет
өз кандидатурасын сайлауға ұсынып саяси бәсекелесін

«шаң қаптырды». Мүбарактың жеңсін Батыс саясат­
керлері «Египетте перғауындар заманынан Мүбарак­
ка дейін халық осылайша таңдау жасап келеді» деген
мысқылмен мойындаған-ды. Енді міне, Египет «Пер­

ғауыны» халық атты Құдайдың қаһарына ұшырап жаза
басуда. Египетті еркін ел етуге талпынып, халықаралық
туризмге жол ашқан «Перғауын», бірақ, жер асты бай­
лығын базарлы ете алмаған сияқты. Әлемдегі мұнайға

бай елдердің бірі – Египет жұрты өте нашар өмір сүреді.
Жан саны әлеуетінің дамуы тұрғысынан Египет 117
мемлекеттің ішінде 111-ші орынды иеленеді екен. Мы­
сыр халқы жұмыссыз, жоғары жақты коррупция жай­

лаған. Өздерін «египеттіктерміз» деп атайтын Мысыр
жұртындағы бүгінгі көпшілік копт тілін (афроазиялық
тілдер санатындағы копт тілінде ежелгі Еипет халқы
сөйлеген) мүлдем ұмытып, арабша сөйлейді. Араптан­

ған египеттіктер пирамидалар мен жер астында қалған
төл өркениетін дәріптеуден гөрі қара базардағы бүгінгі
бақалшылығын (ұсақ-түйек саудагерлігін) мақтан кө­
реді. Қазіргі Мысыр лаңкестікпен байланысы бар

хизб-ут-тахрир ағымы ошақ құрған мекенге айналған.
Ғалым, массондар тарихымен шұғылданушы Мақсат
Тәж-Мұраттың жазуында, хизб-ут-тахрир ағымы Батыс
массондарының еврейлер арқылы Мысырдың мыс та­

бағына салған улы жемісі көрінеді.
Жылына 1 миллионға өсіп отыратын, жан саны 70
миллионға жуықтап қалған Египеттің адам ресурсын
да Мүбарак тиімді пайдалана алмағанға ұқсайды. Хал­

қы 1 млрдтан асқан Қытай мен Үндістанның экономи­
калық қарқынына қарап Мүбарактың мүлт кеткен ісіне
байланысты осындай байлам жасауға болатындай.

Египеттегі толқудың салдарынан кешелі бері мұнайдың
халықаралық нарықтағы бағасы 2008 жылдағы деңгейіне кө­
теріліп, 1 баррель 100 долларға жетті. Тәулігіне 2,4 миллион
баррель мұнай тасымалданатын Мысырдың атақты Суэц ка­

налы қызметін тоқтатты.
Мұнай бағасының аспанға шапшуы тағы бір мұ­
найлы ел Қазақстанның қазанын қайната түсуі ықти­
мал. Референдум мәселесін «іреп» тастап Президент

сайлауына білек түре кірісіп кеткен еліміздің «алтын
бесігі» – Алматыда Хосни Мүбарак салып берген Нұр-
Мүбарак Египет Ислам мәдениеті атты университет
бар. Египеттің әл-Асқар университетінде де қазақ жас­

тары діни әм заманауи білім алуда Мүбарак – Елба­
сымыз Нұрсұлтан Әбішұлының сыралғы достарының
бірі. Сөйткен сыралғы дос отыз жыл орныққан орда­
сын тастап, сексеннен асқан жасында биліктің сеңгірі­

нен түсіп барады... халқының қаһарына ұшырап.
Abaі.kz
2011.02.03

«АРҒЫ БЕТ» ПЕН «БЕРГІ БЕТ»

(Жолсапар очерк)

Ала бағананың ар жағында қалған Шығыс Түркіс­
танды бұрынғылар «арғы бет» дейтін. «Арғы бет»
қазақ жерінің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында –
Алматы облысымен, шығысында – Семей, Өскеменнің

ауылдарымен шектесіп жатыр. «Шектесіп жатыр»
дегеніміз – мемлекетаралық шекара мәселесінде қол­
данған сөзіміз, әйтпесе, мысалы «Қорғас» кеден бе­
кетінен өткеніңізбен өзгере салатын ештеңе жоқ:

сол жер, сол тау, сол шөп. Атыңнан айналайын «арғы
бет» «бергі бетке» жете алмай жаутаңдап жүрген
жәудіркөз қазақтың дәл өзі сияқты: Еренқабырғаның
бауырындағы момақан қоңыр төбелер Алатау дейтін

ағасына жаутаң-жаутаң қарап тұр.

АЛМАТЫ МА? ҚҰЛЖА МА? АЙЫРЫМ ЖОҚ

2005 жылы «арғы бетке» жалқы рет барып қайтқан­
мын. Ол кезде Қорғас маңы жалаңаш-ты. Жолаушы­
ларды күткен алыпсатарлар, таксистер, тағы басқа­
лар жүретін жалақтап. Тек қытайдың жолы ғана тәуір

сияқты көрінген. Содан бері арадағы уақытқа тоғыз
жыл толыпты. Керемет. «Керемет» демеске әддім кем,
«Қорғас» кеден бекетінен таяқ тастам жерден қызыл
шырайлы бір қала бой көтеріп үлгеріпті. «Қорғас» қа­

ласы. Қытайдың қаласы. Қазірдің өзінде аталған қала­
дағы жансаны 200 мыңнан асып кетіпті. Алқынып тұр.
Бері қарай адымдап аттап кеткелі тұр. Көпқабатты биік
үйлер. Салтанатты ғимараттар. Қайшыласқан қарақұ­

рым халық.
Өкіметтік такси бізді Құлжаға қарай алып жүрді.
Жүргізуші ұйғыр азаматы екен, біздің Үрімжіге бүгін
бара беретінімізді біліп «өзім жеткізіп қояйын» деп жа­

быса кетті. Біз Құлжа қаласында аялдайтынымызды ес­
керттік. «Тым кеш шықпаңдар. Күн суық. Жол тайғақ.
Ұзын жолдан екі үлкен машина шығып кетіп сақшылар

көліктерді жүргізбей қойды. Абайлаңдар», - дей берді ол. ... Әйтсе де біз Құлжадан кеш аттандық. Құлжа қа­ ласында бізді ақын Білісбек Әбдіразақ бастаған бауыр­ лар күтіп отырған. Білісбек екеуміз жерлеспіз. Жерлес болатын себебіміз – Бітай достың туыс-тумасы осы күні Қапалда (Алматы облысы, Ақсу ауданы) тұрады. Білісбектің «Сұрасаң менің ауылым Қапалыда» деген өрнекті өлеңі де бар. Менің Қапалымды, Шоқан Уәли­ ханов шығармаларында ерекше аталатын, Шоқанның Санкпетерборы болған Қапалды жырлаған ақынды қайтіп қиып тастап кетесің; оның үстіне ақын, сазгер Думан Бәзілжанмен, «Іле кеші» газетінің редакторы, ақын Нұрболат Әбдіқадырмен, Мұрат Әуес дейтін Құл­ жа қаласындағы телеарнада жеке бағдарлама жүргізетін талантты азаматпен, Есбол дейтін жас ақын бауырым­ мен танысудың сәті түсіп, емініп елжірескен, сағыныс­ қан көл-көсір әңгімеге кенелдік. Ондағылар мұндағы­ лар туралы бізден артық білетінге ұқсайды. Ақын десең ақыныңды, жазушы десең жазушыңды айтып сайрай жөнеледі. Саясткерлерімізді де, сайқымазақтарымызды да беске біліп алыпты. «Қазақ қарға тамырлы» деген, міне, осы. Қазақтың қай қиырда да біртұтас қазақ екендігінің келбеті де – осы. Мені Білсбектердің ортасындағы тазалық, арда­ лық, Алматыға, өлең-жырға деген іңкәрлік сезімдері, сағыныштары ерекше толқытты. Анау Ақтау мен анау Алтайда да тап осындай жігіттер Алматыдағы ақын-жа­ зушы ағалары мен атағы алысқа кеткен құрбы-достары туралы аңқылдап әңгіме айтып жүр ғой. Жандүниесіне жамандық пен аярлықтың жапырақтай жамауын түсір­ меген қайран, жұрт-ай, сен аман болшы. Құлжадан жеті жүз шақырым қашықтықта жатқан Үрімжіге әбден көз байланып, қас қарайғанда маңдай түзедік. Қаладан ұзап шыққан соң біз қалың тұманның құшағына ендік...

ҚҰМШАҒЫЛ... ҚҰДАЙ САҚТАДЫ

Қытай – көне Жібек жолын жаңғыртуға барын салып
бастаған ел. Ол әрекеті, әсіресе, күрежолдарынан ерек­

ше байқалады. Қытайдың автокөлік жолдары – түгел­
дей дерлік бетонбеттенген автобан жолдар. Көлігіңіздің
жүргені білінбейді. Тек сырғи бересіз. Содан адамды
маужыраған ұйқы басады екен. Пәлі, оданда өзіміздің

жолдар жақсы: мәшинеңді шоқалақтатып қойып айна­
лаңды шолып отырасың . Ұйықтау тұрыпты, қалғуға
қам ету қиын. Ойдым жолдың және бір дұрысы: авто­
көлік иелері үнемі тежегішті басып отырады (әзіл). Ал,

автобанда ақырын жүру – азап. Арттағылар қиқулатып
кеп қуғанда қалай аңырата жөнелгеніңді білмей қала­
тынға ұқсайсың. Біздің шопыр да соқыр тұманда алды-
артына қарамай аңыратып ұрған, кенет сарт ете түсті...

Әйтеуір тез ес жиып машинаның есігін ашып шыға ал­
дық. Біздің соңымыздағы ұлы дүрмек те жылдам тоқтап
жатты. Биік шағылдың үстінде тұрмыз. Жаңа ғана авто­
банда ағып келе жатқан едік қой, бұл қалай болғаны?

Сөйтсек, бұл – Үріміжіге ұдыл (төте) тартатын жаңа
жол екен. Әлі толық аяқталмаған. Аяқталмағандықтан
жолдың ортасына бетондардан қоршау жасап құм үйіп
қойған. Құм бетондарды жауып өзінше құмшағыл сияқ­

таныпты. Машинамыз аққан күйі сол шағылдың үстіне
шығып кеткен. «Су ішерлігіміз бар екен. Құдай сақта­
ды» десіп бас шайқастық.
Бұны неге жазып отырмыз? Әрине, бәрі бірдей бол­

маса да, алыс сапар шыққан жолуашының бірлі-жары­
мы осындай кездейсоқ кепке ұшырап қалады. Соны
білдіргеніміз. Соны білдіре келіп айтпағымыз: Қытайға
сапарлай қалсаңыз өкіметтік таксиге мініңіз. Былайғы­

ны жұрт «қара такси» дейді. «Қара таксидің» сұрауы
жоққа пар. Мысалы, біз жалдаған «қара таксиге» ша­
қыртумен келген сақшылар қарап та қойған жоқ. Жо­
лаушылар жарақат алды ма, адам шығыны болды ма

– онда шаруалары аз көрінеді. Келді, жүргіузшіге «жол­

дағы белгіні неге көрмейсің?» - деп кіжінді. Болды, со­
дан соң қолды бір-ақ сілтеді де тайып тұрды. Жолға еш
белгінің қойылмағандығын жүргузішілер ұлардай шу­
лап айтқанымен оған құлақ аспады. Бізді әлгі «құмтөбе­

ге» байқаусызда келіп қалған Қайрат есімді бауырымыз
Үрімжіге алып барды. Тегін. Ал, ханзулар, жә, оларды
қойшы, өзіміздің ұйғыр бауырлар да дірілдеп-қалтырап

тұрғанымызға қарамай қасымыздан сырғып өте берді.
Қайрат болса, жол бойы ыстық тамақ әперіп, қас-қаба­
ғымызға қарап өбек қақты. Жігерлендіріп, қайрат берді.
Міне, сенің қазағың. Міне, сенің жүрегі ыстық бауы­

рың. Қош-аман жүр, Қайрат.

ТАБЫСКЕР ТАЛҒАТ

Үрімжіде Талғат Дүйсенбі есімді кәсіпкер азаматпен
таныстық. Ресми деректерге сүйенсек, 4 миллионнан
астам халқы бар Үрімжідегі істің көзін тауып, «қолы
жүріп тұрған» жігіт осы жігіт көрінеді. Тәкең «ішкі Қы­

тай» мен Үрімжідегі кафель шығаратын зауыттармен
серіктес кәсіпорынның иесі. Зауыттарға тапсырыс бе­
реді. Біз сұрақты үйіп жатырмыз.

– Бұл кәсіпті қалай меңгердіңіз?

– Кафельдердің бетіне қазақы ою-өрнек салу идеясы

басыңызға қашан қонды?

– Қанша адамға жұмыс беріп отырсыз?

– Сіздер шығаратын өнімге сұраныс жоғары ма?

– Кафельдеріңізді негізінен кімдер алады?

– Қазақстанда осы кәсіпті дамыту ойыңызда жоқ па?

Талғат Дүйсенбінің оқып алған мамандығы дәрігер
екен. Ауру-сырқауды емдей жүріп епті жігіт жеке кәсіп­
пен шұғылдануды да ойлайды. Әрқандай шаруамен ай­
налысады. Айтпақшы, Жүңго мемлекетінде жеке кәсіп

көзін ашып, жұмыс істеймін деп жұлқынған адамға жол
ашық. Біздегідей көлденең кедергілер аяқтан шала бер­
мейді. Қытай компартиясының қазіргі төрағасы Жаң
Зыпың жолдас билікке келгелі үкімет пен партия бас­

шылығы «төртке бой ұсынып», «халықтың ризашы­
лығы үшін жұмыс жасап», «жуастар жағына шыққан»
(ҚХР-дағы ресми ақпарат тілі). Талғат Дүйсенбі «осы
мүмкіндікті пайдаланып қана жүрген көптің бірімін»

дейді өзін.
Талғатқа ең алдымен бір ауданның басшысынан ұсы­
ныс түседі. Қытай компаниялары осы күндері елдің ба­
тыс аймағында екі түрлі тұрғын үй құрылысын жүргі­

зуде. Біріншісі сейсмологиялық апаттарға төтеп беретін
көпқабатты үйлер де, екіншісі тұрғылықты халықтың
жеріне салынатын үйлер. Осылайша қытай үкіметі бай­

тақ жердің байырғы тұрғындарын жарылқау арқылы
жұмсақ саясат ұстанып, оларды баспанамен қамтама­
сыз ете отырып батыс өлкеге батпандап кіре түсуде.
Жаңағы сөз болған екі үйдің іші-сыртын қалай әрлеп,

қалай өңдесең де еріктісің. Соны жақсы білетін аудан
басшысы үкімет салып берген үйлердің бәрін қазақы­
ландырып жіберудің қамына кіріседі.

– Басшыдан ұсыныс түскен соң әжелерім ғасырлар

бойы көзмайын тауысып ойған ою мен өрнекті неге осы
заманға лайықтамасқа, неге бүгінгі тұрмыстың сән-сал­
танатына айналдырмасқа деген ой келді менің басыма,

- дейді кафелші Талғат.

Сөйтіп Талғат ою-өрнегін, эскиздерін алып қытай­
дың кафель шығаратын зауыттарына барады, жобасын
көрсетеді. Бизнес-жоспарын дәлелдей біледі. Дегендей-
ақ, зауыт басшылары Талағаттың ұсынысын мақұлдап,

өндіріске жібереді.
Талғат қазір қытай зауыттарына үлкен көлемде тап­
сырыс беруші әріптес. Шыңжаң аймағында Талағаттың
кафель сататын 35 сауда үйі бар. Тұтынушыларының

басым бөлігі қазақтар мен ұйғырлар, моңғолдар.

– Қазақстанның іскер азаматтарының тарапынан

кафельдің дизайніне ұсыныс түссе, қуана қабылдап,
серіктес болар едім, – дейді Талғат. Бірақ кәсіпкердің
Қазақстанға келіп, осы істі қолға алуға құлқы кем екені
байқалды. Неге?

– Неге? – деп сұрадық біз Талғаттан.

– Сіздерде адамға жұмыс істеткізбейді ғой.

Әйтсе де біз Талағатты елге шақырып, үгіттеп бақ­
тық. Қиындықтың, кедергілердің бар екендігін де жа­
сырмадық. Алайда, Қазақстанға өткеннің бәрі қарап
жүрмегенін, қайсібірінің тіпті дәулеті артып байып

жатқанын барынша қадап айттық. Қазақстанды ертелі-
кеш жамандай беретіндердің сөзі біржақты екендігін
де ескерттік. «Сен қорқып қала бер, мен бара берейін»
дейтін іші тар қулардың сөзі өтімді келетіндігін де қа­

періне салдық.

– Мен Атажұртқа жетсем, ойымдағыдай іспен айна­

лыссам, кемінде 400-500 адамды жұмыспен қаматамсыз
етер едім, - дейді Талғат.

ТҮЙЕШІ АСАЙ

Төрт миллионнан астам тұрғыны бар Үрімжі қаласы­
ның оңтүстік батыс бөлігінде тек қана қазақтар тұратын
«қазақ қыстақ» орналасқан. «Қазақ қыстақ» Үрімжідегі
қайнаған өмірден жырақ өзінше бір бұйығы тірлік кешу­

де. «Қазақ қыстақтың» жадау тұрмысы мен жабыраңқы
жүзін сырт көзден жасырғысы келсе керек, жергілікті
билік оның айналысын биік қорғанмен қоршап таста­
ған. Бейнелеп айтсақ, «қазақ қыстауы» «қытай қорға­

нының» ішінде қалыпты. Сол қорғанның ішінде түйеші
Асай жүр. Кәдімгі түйеші. Он тоғызыншы ғасырдағы
қазақ тұрмысын сәбеттік идеология тұрғысынан сурет­
теген қазақ жазушыларының кейіпкерлерінен аумайды.

Мосқал кісі. Тарамыс. Өңі күнге әбден тотыққан. Біз
барғанда ол келесін қорасына қамап, әйеліне шұбаттың
қалған-құтқанын сатқызып тұр екен. Есіктің алдында
домалаңдап ойнаған бір ұл, бір қыз бала көрінді.

Асайдың жалғыз ауыз тамына (бұндай үйді өз басым
Құлжа қаласының жанындағы Шайлаңзы ауылынан
кездестіргенмін. Шатырсыз тоқал там. Бір ауыз. Кірген
бетте табалдырыққа аяқ киіміңді тастайсың. Төрге биік­

теу етіп сәкі қондырған. Сәкінің үстінде отырасың, та­
мақ ішесің, төсек те сол сәкінің үстіне салынады. Сәкі­
ге таяу жерде мұржалы пеш тұрады. Әлгіндей үйлерді
негізінен қазақтар паналайды) кіріп төрге озған соң

майлы қою шұбатты сіміре отырып әңгімеге кірістік.

– Ай, ағасы, неше түйеңіз бар?

–Жиырмаға жуық бар енді...

– Күнде сауасыз ба?

– Күнде сауамыз.

– Өтіп тұр ғой, әйтеуір.

– Қысы-жазы өтеді.

– Алушы кім?

– Топтап әкететін сарттарымыз бар.

– Е-е, мейлі. Табыс қанша?

– Айына 3-4 мың ұйан шығарамыз.

– Бай екенсіздер ғой. Атажұртқа жету ойларыңызда

жоқ па?

– Ол жақта қарындасым тұрады.

– Қайда?

– Талдықорғанда.

– Қаланың өзінде ме?

– Солай болса керек.

– Өзіңіз көшпейсіз бе?

– Көшер едім ол жақта жағдай қиын дейді ғой.

– Не қиын дейді?

– Баспана жоқ, жұмыс жоқ. Заң орысша. Орыс орыс­

ша білмесең көтенге теуіп қуады екен.
Асаймен бұдан әрі әңгімелесе алмадық. Шаруа бақ­
қан адамның не естісе соған тастай қатып жабысып
алатын мінезі болады. Оны бір нәрсеге иландырып,

бір нәрсеге сендіре алмайсың. Алайда осы Асай арып-
ашып, түйе сауып, үйінде, басқа жерде емес, дәл өзінің
жалғыз ауыз тамында, қытайша сөйлеп, қытайша ойла­
натын қытайдың болашақ екі азаматын бағып жүргенін

біле ме екен? Оданда Асай отағасы былай істесе қай­
тер еді? Асайдың айына табатын 3-4 мың юані біздің
теңгемен 100-200 мың теңгені құрайды. Долларға шақ­
сақ, мың доллардың ар-жақ бер жағы. Сонда Асайдың

жыл он екі айдағы табысы бізше 10-12 мың долларға
жетіп жығылады. Ал, 10-12 мың долларға Қазақстан­
ның кез-келген ауылынан, тіпті қалаларға таяу елді-ме­
кендерден 6-7 сотық жерімен қоса тәп-тәуір үй сатып

алуға болады ғой. Осыны қайткенде Асайларға ұқты­
ру лазым. Көшіп келуге ниетті қазақтарды осындай
мүмкін жайттармен қайткенде ақпараттандыру керек.
Мысалы, Германияда мемлекеттік қолдауға ие болған

алман отбасы көшіп келгісі келсе, оның қолына қажетті
мәліметтің бәрі тиеді. Израйльде де солай. Еврейлер­
ге арналған орыстілді сайттар керек десеңіз қалай жар
таңдау қажет, әдет-ғұрыпты қалай ұстанған абзал, тілді

меңгеру үшін қайтпек жөн деген сауалдарға да жауап
беріп отырады. Бізге де солай жасау қиындық тудыр­
майды. Алайда, ол үшін мәселенің мәнісін нақты ақпа­
рат арқылы айыратын ел ішінде мәдениет қалыптасуы

керек. Сондықтан «арғы беттегі» оқыған әр қазақтың
баласы қазақ көшін ақпараттандыруға, сауаттандыруға,
ағартуға білек түре кірісуі керек. Оларға мына жақтан
біз де болысуға, жәрдем етуге тиіспіз. Қазақ көшіне қа­

жетті мәліметтерді, мәселенки, үйдің бағасы қанша, бұл

жақта жеке кәсіппен шұғылдану үшін не істеу керек де­
ген сияқты сауалдардың жауабын тауып беріп отырсақ,
осының өзі көмекке есеп.

«ҰРЫ» РУЫНАН ҰСТАЛАДЫ

ҚХР-да 1 млн. 430 мың, кей деректерде 1 млн. 700
мың қазақ өмір сүруде. Анығы 1 миллионнан артық. Үл­
кен күш. Қалың ел. Қабырғалы жұрт. Халқының қара­
сына алаңдаулы Қазақстан үшін асып-төгілген байлық.

Өйткені, Қазақстан араға жиырма екі жыл салып 1990
жылдардағы халық санына әрең жетті. Бұл деген «Қа­
зақстанның елі 22 жылдың ширегінде қара шыбындай
қырылып қалыпты» дегенді білдірмейді. Сталиннің ай­

дауымен қазақ жерін паналаған біраз жұрт туған отаны­
на көшті. Дұрыс қой олардікі. Біздің ағайынның алды
келіп бастады. Өсімді солар берді. Үш-төрт жылдан
бері тоқыраған көші қайтадан қозғалып кетсе, өсімінің

еселей түсуі анық. Иншалла. Біз «арғы бетте» бес жүз
отыз мың қазақтың қолына ҚХР төлқұжаты тигенін
естідік. Естігенімізді келеген бетте әлеуметтік желілер
арқылы сүйіншілеп те жібердік. Сонда біреулер «сол

бес жүз мыңның жартысы ұйғыр болып жүрмесін» деп
күмән білдіріп жатты. Бұны толықтай теріске шығару
қиын. Себебі төлқұжаттарына «қазақ» деп жаздырып
алып Үрімжідегі Қазақстанға виза ашатын орталықтың

алдында көстеңдеп жүргендер туралы алдымен біз жаз­
ған едік. Жалпы қытайда өз ұлтыңды жасырып, басқа
ұлттың атынан төлқұжат алуға еріктісің. Мәселен кез-
келген ханзу Қазақстанда тұрғысы келсе, төлқұжаты­

на «қазақ» деп жаздырып алып жүре беруіне болады.
Осыны ескерген Қазақстан жағы ешқандай ескертусіз
қытай азаматтарына виза бермеу тәртібін енгізіпті.

– Бізге тілі жақын ұйғыр кісісі «қазақпын» деп келіп

тұрса қайтесіздер? – дегенді сұрадық Үрімжідегі Қа­
зақстанға виза беру орталығының қызметкерінен. Аты-
жөнін атамауды өтінген ол:

– Біз ол адамға ешқандай себепсіз виза ашпауға қақы­

лымыз, – деді.

– Оны ол адамның анық басқа ұлттан екендігін біл­

ген кезде қолданатын боларсыздар? Ал, қазақша сайрап
тұрғандарды қайтесіздер?

– Қазақтың тарихын, батырлары мен ақындарын сұ­

раймыз. Қала берді руын сұраймыз.
Біз риясыз күліп жібердік.

– Шынымен солай сұрайсыздар ма?

– Иә, кез-келген «ұры» руын тергей жөнелгенімізде

ұсталады. Содан соң оған виза жабық.
Қазір ҚХР жағынан елімізге жыл сайын 100 мың
адам келіп кетеді екен. Соның дені қазақ. 100 мыңның
30 пайызы Қазақстанда қалып қойып жатыр.

Үрімжідегі виза беру орталығы алда қабылда­
нуы мүмкін көші-қон заңына орай Сыртқы істер ми­
нистрлігіне Қазақстанның азаматы болуға сұранатын
этникалық қазақтардан қылмыс жасамағаны туралы

анықтама талап етудің қажеті жоқ екендігін айтып
ұсыныс та жолдапты. – Себебі, - дейді аты-жөнін жа­
рия етпеуді қызмет бабы бойынша өтінген дипломат, -
ҚХР-да қылымыс жасаған, заң бұзған адамға төлқұжат

берілмейді.
Қытайдағы қазақтардан қылмыс өткермегені туралы
талап етілетін анықтама көші-қонға кедергі келтіріп
келе жатыр еді, біз «арғы бетте» жүргенде Мырзатай

Жолдасбеков дейтін ақсақалымыз талапты тіпті кү­
шейтіп жіберіпті. «Түгел көшіп келуді доғарыңдар»
деп бұйырыпты Мырзекең. М. Жолдасбеков жолдастың
уәжіне сүйенсек, жалғыз ауыз үйде тұрып, сауыс-сауыс

болып түйе сауып жүрген Асай мен Асайдың әйелі най­
мандар билеген «Сегіз Оғыз» ұлысының бүгінгі иесі
бізбіз деп қыстағында қи жағып отыра беруі керек екен.
Уа, Тәңір-ай, келемін деп тұрған елін кеудесінен кері

итеретін үлкендер бізде ғана ма, әлде өзге елдерде де бар
ма? Бар шығар. Мысалы, орыстың кейбір қутұяқ шал­
дары орыстардың Қазақ жеріне қандаладай қадалып
жүргенін қалайды. Себебі қазіргі Қазақстанды орыстілі

сұрап тұр. Бұның сыртында қайткенде империялық ық­
пал ету пәрменінен айрылмауды діттеген байлам бар.
Орыс шалының шатпағы түсінікті. Ал, сонда біздің қа­
риянікі не? Қыстағынан қия басып шығуға қорынатын

Асайлар бір күні солқылдатып Үрімжінің билігін қолға
алады деп қиялдай ма? Осылай қиялданса, біздің қа­
риямыздың қиялы тым қыртыстанып кеткен екен.
Қытайдағы қазақтарды мүмкіндіктің шегінде көшіріп

алмасақ айрыламыз. Бір жарым миллион қазақтан ай­
дың күннің аманында көз жазып қаламыз. «Арғы бет­
тегі» аға буын қазір дәрменсіз. Олардың бойындағы
ұлттық гендік қор сарқылып барады. Орта буын енді­

ге қытайлана бастаған. Үрімжіде біз көрген орта буын
өкілдері өзара қытайша сорғалай жөнеледі. Қазақш­
дана гөрі бір-бірімен қытайша қауқылдасқанды жеңіл
санайды. Жас ұрпақ қытай тілінде сабақ алып, қытай

ділінде тәрбиеленуде.
«Арғы бет» дегеніміз міне осындай алақұла
тіршіліктің ортасы. «Қазағым» деп қайнап-жайнап
жүргендері де бар. «Қазақстанға барсам қақайып-се­

рейіп қатып қалмаймын ба?» деп қауіп ойлайтында­
ры да табылады. Бірақ ұрпақ қамын ойлаған жалпы
көпшіліктің Атажұртына жетуді аңсайтыны анық аңға­
рылады. «Арғы беттегі» қазақтың осынау ішкі қуатын

«бергі бет» өзіне толық аударып алмаса, кешіккен қи­
мыл бекерге шығады.
Алматы-Құлжа-Үрімжі.
Үрімжі-Құлжа-Алматы.

Abaі.kz , 10.17.2014 жыл

АРМАНДАЙ БОЛЫП ОРАЛҒАН

АЛЫСТАҒЫ БАУЫРЛАР

Журналист Тоқтар Жақаш Facebook-тегі жеке па­
рақшасында Қырғызстаннан қоныс аударған ұлты
дүңген жігіттің 2 мың АҚШ долларымен-ақ домала­
нып Қазақстан азаматы атанып шыға келгендігін жа­

зып отыр.

– «Азаматтықты оп-оңай қалай алып жүрсің?», – де­

ген журналистің сұрағына дүңген жігіт:

– Қордайдан екі мың доллар беріп алдым. Ақшаңыз

болса, Қордайда таныс адамдар көп. Күттірмейді. Бір­
ден көк паспортты қолыңызға береді, – деп жазады.
«Әңгіме барысында әлгі жігіт қызды-қыздымен Қыр­
ғыздағы дүңгендердің осылай Алматы маңы, Қордай

айналасына кіріп, сіңіп жатқанын айтып қалды» дейді
әлеуметтік желідегі жазбасында әріптесіміз.
Әрине, Жақаш мырзаның әлеуметтік желідегі жаз­
басын ел ішіндегі әртүрлі әңгімеге құлағы түрік жур­

налист атты жазарман ағайынның «ойдан шығарып,
ойдай мәселе тудыруға тырысқан кезекті бір дүниесі
ғой» дейтін нәумез түсініктің шеңберінде қабылдай
салуға болады. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай «қаңқу

сөздердің» ұшы-қиырына жету мүмкін емес. Мүмкін
еместігіне себеп: Қазақстанның азаматтығы азын-аулақ
ақшаға сатылатыны туралы шындықты бүктеп басып,
бүріп ұстау осы күндері Ішкі істер министрлігінің құзы­

рынан да кетіп барады. Естеріңізде шығар, өткен жылы
ҚР азаматтығын сарт-сауанның саудасына салған Көші-
қон полициясы комитетінің бірнеше қызметкері сот­
талып кетті. Бізде өзі мемлекеттік қауіпсіздікке қатер

төндіретін іс-шаралар ісініп-қабынып, індет екендігі
ескерілгенше, былыққа бата береді ғой. Демек, азамат­
тықтың қара базар нарқындағы күйге жеткен күйінішті
халі жоғары жақтағы әлдекімдердің қауашағын қаң­

ғырлатып өтсе керек. Әйтсе де, қызық: қазақ көшіне,
ақын Ауыт Мұқибек айтпақшы, «тіс-тырнағымен қар­
сы күштер», біздің тақырыбымызға орайластырып
айтсақ, Көші-қон полициясы комитеті мемлекетімізге

қауіпті адамдар – оралмандар деген ойдан айныр емес.

Abaі.kz ақпараттық порталының тұрақты авторы Бей­
сен Ахметұлы ұйымдастырған ашық хатқа аталған құзі­
ретті орган өкілі: «...Қазақстан Республикасы азамат­
тығына қабылдау кезінде мемлекеттік және қоғамдық

қауіпсіздікті қаматамасыз ету мақсатында азаматтығы
тиесілілігі және (немесе) тұрақты тұратын мемлекетте
соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат­
тың болуы көзделеді»дейді. Ал, әлгіндей құжаттар қа­

сарысып қанша жерден талап етілсе де, 1 млн. 700 мың
қазақ тұрып, өмір сүріп жатқан Қытай Халық Респуб­
ликасында берілмейтіндігі жөнінде сан қайталана жа­
зылды һәм айтылды. Әйтсе де, «Жазған құлда шаршау

жоқ», қайыра қаперімізге оралтайық. Қытайда мына
төмендегі жайттар бойынша төлқұжат рәсімделмейді,
шетелге шығуға тыйым салынады. Егер ол:
ҚХР азаматы болмаса;

Өзінің кім екендігін дәлелдей алмаса;
Құжат алу барысында жалған документ жасап, алаяқ­
тық істесе;
Сотталып, жазасын өтеуде жүрсе;

Соттың толық шешімі шықпаған істі адамдар болса;
Қылмысты іске қатысы бар деп жауапқа тартылса;
Мемлекеттік құзырлы мекемелерде қызмет атқар­
ған, шетелге шыққан соң мемлекет қауіпсіздігіне қатер

төндіріп, зиянын тигізеді деп есептелсе.
Жоғарыдағы тәртіп пен талапты түзіп және оның қа­
таң сақталуын бақылауында ұстап тұрған елден келіп
жатқан қазақтардың барлығы - ҚХР-дың заңын бұзба­

ған, сотталмаған адамдар. Осыны біздің «мемлекет пен
қоғамның қауіпсіздігін» қамтамасыз еткіш Үкіметіміз
ескерген емес. «Осы қалай?» деп ойланған емес. Есесі­
не, «мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігі» "жанына

бататындықтан" сырттағы 5 миллионға таяу қазақты
Қазақстанға жуытпауда. Сонда қайсысын құптаймыз:
«патриот» құжаттың талаптарын ба, әлде қазақтың жан
санының артып, өз қауіпсіздігін өзі толық қорғай ала­

тындай әлеуетті қамтитын ұлттық тұтастығын ба? Сөз
жоқ, біз бір сөйлемдегі екі сұрақтың екіншісіне жауап
болатын нақты мәселенің жағындамыз.

Хоош, сонымен замананың текпісі мен тарихи жағ­
дайлардың әрқилы сипатта қалыптасуына байланысты
қиыр-жайлап, шет қонған қазақ баласына «жер бетіндегі
жалғыз отаны – Тәуелсіз Қазақстанда» (Президент На­

зарбаевтың сөзі) азаматтық алу оңайға соқпайды екен.
Бәріне солай ма? Бәрі деп отырғанымыз – этникалық қа­
зақтардан өзге жұртты меңзегеніміз. Жоғарыда Тоқтар
Жақаштың дүңген жігітімен әңгімесінен үзінді келтірдік,

оларға (былайғы жұртқа) ҚР азаматы атану – дүниеден
түңіліп кетсеңіз де шындығы сол: түкке тұрмайды.
Қазір азаматтықты шүлен үлестіргендей оңды-солды
таратып жатқан саланың бірі – спорт саласы. Өз ұланда­

рын болаттай шыңдап, тер төгуге ерінетін, бірақ Қазақс­
таннның көк туын дүбірлі додаларда желбірете көтеріп,
есіп-бөсіп қайтуды білетін, әсіре мақтан мен мадақты
жаны сүйетін спорт билігіндегі алпауыттар өзгенің да­

йын «өнімін» (спортта жетістіктерге жетуге мүмкіндігі
зор үміткерді) үпілеп-сүпілеп сатып әкеле салады. Бұлар
да - өздерінше патриот. Қазақстанда этникалық қазақты
Атажұртына жолатпай діңкелетудің түрлі амал-айласын

қарастырған Үкімет қаулылары мен қазақ баласын үл­
кен спорт ойындарынан қағып тастайтын ешбір елде
жоқ осындай ерекше патротизм бар.
«Қазақ баласын үлкен спорт ойындарынан қағып тас­

тайтын» деген сөзден шығады, еліміздегі футбол клуб­
тарындағы ойыншылар қатарында қазақ баласының
қарасы шамалы. Есесіне, славян нәсілді ұлттар жетіп-
артылады. Оны айтасыз, Игорь Зенкович («Ақтөбе»),

Заурбек Плиев пен Михаил Бакаев («Қайрат»), Алдан
Джиджич («Шахтер»), т.б. айналдырған бір жылдың
шегінде бірі Хорватиядан, енді бірі Қапқаздан келген
бетте Қазақстанның азаматтығын төлқұжатымен бірге

қалталарына басып үлгерді. ҚР азаматтығын алу тәртібі
осы ретте бұзылды ма? Әбден бұзылды. Бірақ, азамат­
тығы арзымайтын бағаға сатылатын бұл елде тәртіп пен
заңның бұзылғандығы әншейінгі әңгімеге де татымайды.

Жә, Игорь Зенкович, Алдан Джиджичтер доп тебетін
көрінеді. Қазақстанда футбол ойынының дамуына, бәл­
ки, азды-көпті үлес қосатын болар. Ал, гастарбайтер­
лер ше... олар не істемек? «Дүниежүзілік Банктің есебі

бойынша Қазақстан – әлемдегі мигранттар көп ұмты­
латын тоғызыншы ел екен. Бұл дегеніңіз еліміздің мил­
лиондаған қаржысы шет ел асып жатыр деген сөз. Жа­
райды, «бізден басқа елдер де осындай жағдайда ғой»

деп жылы жауып қоя салуға болар еді. Алайда, өзгесін
айтпағанда, 150 млн астам халқы бар Ресеймен өзімізді
салыстыра алмасымыз белгілі. Біз небары 17 млн­
ға жаңа ғана толып отырмыз. Солай бола тұра біздің

елімізге жыл сайын 700 мыңнан астам «жұмысшы-қо­
нақтар» келіп-кетеді, дейді ақпарат көздері». (Серікжан
Қажи, «Гастарбайтер келе жатыр». (http://abaі.kz). Сол
«жұмысшы-қонақтардың» дені Қазақстанға мүлде «қо­

нақтап» қалуда. Қотарыла қоныс аударуда. Азаматтық­
ты, әрине, Қордайдан, т.б. сатып ала салады.
Өткен жылы (2014 ж, қазан айы) бірер күнге ҚХР-
ға сапарлап барғанбыз. Сонда 700 мың қазақтың қытай

төлқұжатын иеленіп, сыртқа шығуға, анығы Атажұр­
тына ақтарыла көшуге дайын отырғаны жайында жаз­
ғанбыз. 700 мың қазақ! Қандай жұмысыңа болса да
мақұл. Тапқан табысы өзінде, яғни Қазақстанда қала­

ды. 700 мың гастарбайтер. Тапқан табысын еліне әке­
теді. Сөздің турасына көшсек, билік Қазақстанды қара­
дай тонатып қойып қарап отыр. Сөйте тұра этникалық
қазақты кеудесінен итеріп, «мемлекет пен қоғамның

қауіпсіздігі үшін» олардан сотталмағаны жөнінде анық­
тама талап ететін бапты Парламентте әне-міне қаралуға
тиіс Заңның жобасына енгізіп қасарысуда. (Заң жобасы:
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық акті­

леріне Көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» деп аталады).
Гастарбайтерлердің ішінара Қазақстан азаматтығын
иелене бастағанына қайтып оралайық. Тегінде, қандай

елде болсын, азаматтықты ақшаға сатып алған соң, оны
емін-еркін пайдаланудың өзіндік тәртібі түзіледі. Аза­
маттықты ақшаға алған адам енді жергілікті билікпен
жең ұшынан жалғасып, басқа құндылықтарға да қол

созады. Мысалы, жергілікті билікті билеп-төстеп отыр­
ған сатымсақ адамның тілін тауып жерге қожайындық
етеді, заңсыз әрекеттерге барады. Айналасына үстемдік
жасауға құлшынады. Алда-жалда біреу бірдеңе дей

қалса, «мені бөтен ұлт деп шетқақпайлауда» дегенді
бар дауысымен бақырып, байбалам салады. Билікпен
қорқытады. Сотқа жүгінеді. Құқыққорғау органдарын
паралап, қулығын асырады. Әйтеуір білгенін жасайды.

Тіпті, адам өлтіріп, күнаға да батады. Меніңше, біздің
елімізде ұлтаралық қақтығыстарға ұласа жаздаған оқи­
ғалардың астырында осындай осқырынған мәселелер
бар. Соның бірі кешегі – Сарыағаш жанжалы. Күдікті

ретінде қолға түскен Нарметов, шамасы, аудандағы ал­
пауыттармен ауыз жаласып, айналасындағы ағайынға
тізе батырған біреу. Әбден асқан. Тасынған. Оның әзір­
ге күдікті саналатын қылмысы жергілікті жұрттың дүр

сілкінуіне әкеп соқтыруы әлгіндей себепке есеп. Әйт­
песе, қазақ-өзбегі аралас Сарыағашта бір-біріне қоқи­
ланып қоятындар аз ба? Жазатайым кісі өлімі де болып
жатқан шығар... Бірақ, соның бәрі ұлтаралық жанжал­

ға ұласып кете жаздаған оқиғаларды ойға салмайды
ғой. Ал, Маловодное-Шеңгелді – шешен дисапорасы­
ның, Маятас- Бесағаш – күрд диаспорасының, Шелек-
Шонжы – ұйғыр диаспорасының кейбір өкілдері тым

өктемсіп кеткендігін, оларды құтыртып, өбектеп отыр­
ған өзге емес, өзіміздің билік басындағы жеке тұлғалар
екендігін екпін түсіре айтуға тиіспіз. Заң мен ұлт ал­
дында алдымен солар жауап беруі керек. Оларды қоғам

арандатушылар деп айыптауы қажет.
Гастарбайтерлер негізінен дисапораларды жан тар­
тып жақындайды. Мысалы, тәжік Қазақстандағы
тәжіктерді жағалайды. Орыс орыстың ығынан пана

іздейді. Содан кейін тапқан панасы мен саясын пайда­
ланып келімсектігін ұмытып, келген ортасына тасадан
тас атады. Қылмыс жасайды. Мәселенки, 14 жастағы
қазақ қызын зорлап, бейнетаспаға тартып, соңынан

аяуандықпен азаптап өлтірген Сергей Наумцев Мәс­
кеуден Ақтөбеге танысын іздеп келген қанішер қаң­
ғыбастың бірі екен. 2013 жылы жаз айында оралман
отбасын өзбек гастарбайтерлердің қырып салғаны қо­

ғамның зәре-құтын қашырды. Міне, гастарбайтерлер
мен келімсектерді бетімен жібергеннің сыбағасы. Міне,
диаспорлардың еркінсіп кеткен ерке ұлдарын тыймай
ұстаудың салдары.

Қытай ойшылы Лао Цзы кезінде: «Көп білетін халық­
ты басқару қиын» деген екен. Біздің билік үшін ең ал­
дымен – қазағы қалың мемлекетті басқару қиынға соға­
тын сияқты. Әйтеуір, қазақ десе, оның ішінде сырттан

қоныс аударып, Атажұртына оралған этникалық қазақ
десе, қарадай жыны ұстап, жінігіп шыға келеді. Жаңаө­
зен оқиғасын еске алайықшы. Оқиға барысын сол кез­
де бәз-біреулер Атажұртына оралған бауырларымызға

жауып еді ғой. Ақырында тапсырысты тап-тұйнақтай
орындаған соттың шешімі бойынша айыпталған отызға
жуық адамның бір-екеуі ғана оралман екендігін жарыса
жаздық. Қайда кетті сонда, көзіне қан толған, айрандай

ұйыған Қазақстанды алатайдай бүлдіруден басқаны ой­
ламайтын "оңбаған" оралман?!. Ал, шын мәнінде орал­
ман дегеніміз – законопослушный гражданин, толе­
рантный человек (заңға бой ұрған азамат, төзімді адам).

Оралман законопослушныйлығының нәтижесінде Қа­
зақстанның «соқыр, мылқау» үкіметінің талап ете бе­
ретін құжаттарын шарқ ұрып іздеумен жүр. Толерант­
тылығының арқасында мұқым қиындыққа төзіп жүр.

Е-е, айта берсек әңгіме көп. Қазақстанның азаматты­
ғы қазір кімге, неге бұйырмай жатыр? Ағылшындық ат,
айғыр, биелерге де, түркпеннің алабай төбеттеріне де,
Асылжан Мамытбековтың аусыл шыққан ала бас сиыр­

ларына да бұйырды (өйткені, осылардың барлығы - тір­
келіп, құжатталған жануарлар мен тіршілік иесі). Таяу
күндері АҚШ-тың Гуантанамо базасындағы әскери
түрмесінен босаған үш йемендік пен екі тунистік те Қа­

зақстан азаматтығын қабылдайтын шығар. Украина-Ре­
сей қақтығысынан болған үркіншіліктегі елдің алды Қа­
зақстанға келіп, босқындар мәртебесін иеленіп үлгерді.
Олар үшін де алда азаматтықтың ауылы алыс емес. Тек

қазақ қана Қазақстан үкіметі мен заңдарының алдында
өзінің сотталмағандығын дәлелдей алмай айыпты бо­
лып жүр. Сол «айыптары» дәлелденбей - этникалық қа­
зақтардың азаматтықтан дәметпей-ақ қойғаны жөн.

... Армандай болып оралған алыстан келген бауыр­
лар!
Abaі.kz 09.02.2015
Abaі.kz

НҰРТӨРЕ ЖӘНЕ

БІЗ ЕДІК

Кеш естіп, кем мән беріп, кешігіп жүретін әдетіммен
еңсегей бойлы ер жасы – елуге келген аға-дос, әріптес-
ұстаз, білікті бас редактор, белгілі публицист Нұртөре
Жүсіп жайлы айтпақпын. Нұрекең елуге былтыр келіп

қойыпты. Мейлі ғой, елубірге дейінгі елу – Нұртөренікі.
Қала берді қадірлі сөзімізді біз неге адамның мерейто­
йында ғана айтуымыз керек? Мәртебелі адам – мерей­
тойсыз да мәртебелі. Оның үстіне «осындай жасқа келіп

едім, мен туралы бірдеме демейсіңдермеге?» біз білетін
Нұртөре мырза да зәру емес. Хош, сонымен негізгі әңгі­
мемізге көшейік.
1996 жылы мен сыншы-әдебиетші Бақыт Сарбалаев­

тың еларалық «Қазақ елі» газетінде тілшілік қызметте
едім. Редакциямызға күн аралатып әртүрлі басылымдар
келіп тұрады. Арасында «Жас Алаш» газеті де бар. Жал­
пы «Жас Алашқа» творчество адамының мінез-құлқы,

табиғаты тән. Кейде жасып, жүдеп, ұнжырғасы түсіп жү­
реді. Кейде көкке шапшиды. Сол кез – «Жас Алаштың»
жүдеулеу кезі. Екі бетінде екпеттеп екі мақала жатады.
Етек-жеңі болса да олпы-солпы. Бала жастан серік тұт­

қан аяулы газетіміз еді – амал жоқ, ашамыз да жабамыз.
Сөйтіп жүрген күндердің бірінде «Жас Алаштың» беті
жыбырлай бастады. Қиып түсетін қысқа материалдардың
қарасы жиірек көзге шалынып, тақырыбы бұрынғы тар

кезеңнен біртіндеп асып жатты. «Жас Алаш» – журналис­
тердің жаңа легімен бірге оқырман қауымның жаңа буы­
нын жасап отыратын газет. Байқаймын, газеттің саркідір
сақа оқырмандарының қатары жастармен, жас болғанда

уайымшыл, ойлы, сергек жастармен көбеюге бет алыпты.
Ниеттес, пікірлес жігіттер қайда барсақ та қолымызда
шиыршықтала бүктелген «Жас Алашты» ұстап баратын
болыппыз. Талқылап, таласатынымыз да – «Жас Алаш­

тың» тақырыбы. «Қазақ еліндегі» қаламгер ағаларым да:
«Ой, несін айтасың, «Жас Алаштың» бағы қайта жан­
ды! Екі тізгін бір шылбыры мықты редактордың қолына

тиді», – деп отыратын-ды. Содан бір күні «бұл не керемет
екен» деп салып ұрып «Жас Алашқа» барайын. Таниты­
ным – «Әдебиет және мәдениет» бөлімінің меңгерушісі
Роза Қараева. Жанарының оты рентген сәулесі сияқты ет

пен теріңді қойып сүйегіңді сүзіп өтетін Роза көзіме көзін
қадап аз отырды да мені жетелеген күйі бас редактордың
кабинетіне сүңгітіп жіберді. Төрдегі қаракер жігіттің Нұр­
төре екенін бірден таныдым. Бірден таныстық. Бірден тіл

табысып, бірден қызмет жөнінде келісіп, «Әдебиет және
мәдениет» бөлімінің тілшісі болып, Қараеваның қарауы­
на жіберілдім. Сөйтсем, Нұртөренің кадр таңдау саяса­
ты осылай екен. Аз сөйлеседі, азын-аулақ сұрақ қояды.

Бітті шаруа. Сен – «Жас Алаштың» тілшісісің. Өйткені,
сұңғыла редактор сенің қайткенде «Жас Алаштың» есігін
қағатыныңды алдын ала біліп, жазу-сызуыңмен сырттай
танысып, есіміңе ен тағып қоятын көрінеді. Сол «айла­

сымен» Нұрекең бар-жоғы екі үш айдың ширегінде «Жас
Алаш» газетінде жаңа команда жасақтап үлгерді. Біздің
алдымыздағы буын да шетінен сақпанын салмақтап ата­
тын сайыпқырандар еді. Бірақ, заман жаңа төлежіген жас

талапты қажет етіп тұрған шақ. Ішкі цензурадан аман,
Совет өкіметінің колхоз, совхозы мен партия тұрмысын
жазып, қаламын қара сияға батырып малтықпаған тол­
қын қазақ баспасөзінің бетіне тулап шығуы керек-тұғын.

Қазақ журналистикасында сондай тың толқынның То­
лағайдай ағасы Нұртөре Жүсіп болды. Бүгінде есімдері
азды-көпті танылып, интеллектуалдық орта мойындаған,
қазақтың саяси-әлеуметтік, рухани-әдеби ойларының

көшбасына іліккен Талғат Ешенұлы, Әмірхан Балқыбек,
Дидар Амантай, Сәкен Сыбанбай, Роза Қараева, Айгүл
Аханбайқызы сияқты жастар 1997 жылдары Нұртөре
Жүсіп басқарған «Жас Алашта» топтасты. Баспасөзден

қол үзбегенінде журналистиканың жұлдызына айнала­
тын Абылай Сабдалин бауырымыз да әлгі дүбірлі топтың
алысқа дүрбі салған оғыландарының бірі еді.
...«Көкте – Күн, жерде – «Жас Алаш!» Осындай ұран­

мен біз, жастар, жалаң қағып жұмысқа кірістік. «Жас
Алаштың» әр нөмірі шыққан күн – мереке. Әр нөмірде –
қоғамның буырқанған өмірі. Жаңа нөмір жария көрместен
бұрын Нұртөренің кабинетіне жиналамыз. Жиналысымыз

редакция ұжымының кезекті лездемесі емес, жалпы ұлт­
тың сиязы сияқты. Айтпайтын, ақтармайтын мәселеміз
аз. Бізді сөйлетіп қойып бас редактор бақылаумен ғана
отырады. Орнықты ой, ұтымды ұсынысқа келгенде бас

редактордың басы изеңдеп кетеді. Кейіннен аңдасам: бұл
да бір тәсіл екен. Сонда Нұрекең жастар сөйлесін, сөйлеп
үйренсін, азат ойға ұмтылсын, ешкімнен, ешнәрседен қы­
сылмасын деп кеңдік жасап бағыпты. Себебі, саяси қы­

сымдардың салдарынан қымтанып қалған қазақ ойы алғыр
жастардың аузындағы пікірмен ашық алаңға шығуы қажет
еді. Соны қапысыз ұққан бас редактор өндірдей жас ұл мен
қыздың өзегін тырмалаған жайттың жарық көруіне мейлін­

ше мүмкіндік беріпті. Нұртөре Жүсіптің «Жас Алаштағы»
басшылығы қысқаша қайырғанда мынандай еді:
-Жазған мақалаңды албаты күзеп-түземейді. Жазу
стиліңді өзгертпейді.

Бас редактордың бұнысы бізді еркін жазуға жетеледі. Жазу
өнеріндегі қолтаңбамыздың қалыптасуына септігі тиді.
-Редакциядағы бөлімдердің іс-жоспарына жөнді-
жөнсіз сұғынбайды. Басекең «қамшыны бас» деген соң

әр бөлім өзін дербес редакция секілді сезінді. Бөлімдер
арасында шынайы бәсекелестік пайда болды.
-Экономика бөлімінің тілшісі әдебиет жөнінде жазып,
әдебиет бөліміндегі «жас бөрі» саясат тақырыбында әл­

денені қозғаса, «қой» деген жоқ. Ақырында бөлімдерде
адасып жүргендер арналы ағысын тапты.
-Редакциямыздағы авантюристер жасайтын «трюк­
тердің» бәріне түсіністікпен қарады. Газеттің соңғы бетін­

дегі мақалалар (тегі, біздің оқырман қолына тиген газеттің
ең соңғы бетінен бастап оқиды ғой) алдыңғы, алдыңғы
беттегі сірескен дүниелер аяққы бетке көшті. Кейде олар­
ды бас редактордың келісімінсіз нөмірден қағып та тас­

тайтынбыз. Жиналыстарда жорта білмегенсіп Нұрекең:
«Әлгі бір материалдар қайда кеткен?» – деп сұрап қояды.
Біз жамырап «жарамады» дейміз. Сөйтіп, тұтас ұжым бо­
лып жарамсыз дүниелерді жау шапқандай қылдық. Ұжым

жаман, жарамсыз, талғамсыз дүние жазбауға үйренді.
-Қазір ғой, журналистер үшін кез келген шенеунікті
шенеп тастау – шекілдеуік шаққанмен бірдей. Тоқсанын­
шы жылдары атқарушы билік дегеніңіз жалына қол тигіз­

бейтін арда күрең асаудың өзі еді. Соларды қазақ баспа­
сөзінің тарихында алғаш ауыздықтағандардың бірі «Жас
Алаш» болды. «Жас Алаш» саясат пен биліктегілерді қа­
зақы пікірмен есептестіріп, сынға иліктірді. Көшеде көп

қолданылатын тілмен айтқанда – «сындырды».
-Редакцияның айналасын «күл-қоқыстан», аспандағы
ай мен күнді күнде көріп, күнде жазатын авторлардан
тазартты. «Жас Алашты» жаз жайлап, жыл қыстаған

жазармандар айқай-сүреңмен аттанып, ауа алмасты, бо­
дандықтың тұсында бойын көрсете алмаған қаламгер­
лер бас редактордың кабинетіне жиі бас сұғып, бізбен де
емен-жарқын араласып кетті. Нұрекең «Жас Алаштың»

жап-жас ұжымын қазақтың оқымысты, парасатты, зиялы
қауымының қатарына іліктірді.
Бас редактордың бағыланы бағбанға ұқсайды: газеттің
әр қызметкерінің жандүниесін түлетіп, көңілін өсіріп,

рухын көтеріп, еркелетіп, ақылдасып, ширықтырып, шы­
нықтырып отырады. «Жас Алаштағы» Нұрекеңде осы
қасиеттің бәрі де болды. Ұранымыз: «Көкте – Күн, жер­
де – «Жас Алаш» болса, сол ұранды ту еткен бір кездері

Нұртөре және біз едік.
Уақытты уыста ұстап тұру мүмкін емес. Уақытпен
бірге бәрі де өзгереді. Ұмытылады. Нұртөренің тұсын­
да «Жас Алаштың» жүзін жайнатып, алапатын асырған

журналистер шоғыры да ұмытыла бастаған сияқты. Еш­
теңе етпейді. Мен ол «Жас Алаштың» ұлттық мазмұнын
киелі сахнада бір-ақ рет қойылған құдіретті шығармаға
ұқсатамын. Ол өз кезеңінің драмасын: трагедиясы мен

комедиясын, трагикомедиясын әйгілеп берді. Енді біз –
«Жас Алаштың» оқырманымыз. Кезінде өзіміз атой сал­
ған беттерді сағынышпен парақтап шығамыз. Нұрекеңді
ойлап қоямыз. Елуге келіпті. Жоғарыдағы жолдарды, бі­

рақ, елуге келген ердің құрметі үшін ғана емес, білікті бас
редактордың өнегесі кейінгі ұрпаққа тәлім болар деген
ниетпен жаздық. Қалағанын жұрт қабыл тұтар, қаламаса

– сөз өзіміздікі. Жадымызға түйгеніміз бен білгенімізді

айттық, жаздық, осымен тәмам әңгіме.
Abaі.kz
2012.01.10

ЕР ҚАБЫС ЖӘНЕ

БАСҚАЛАР...

Дулат Исабековтың үздік әңгімелерінің бірінде жүн
түтіп, ұршық иіріп отырған кемпір феодализмнен со­
циолизмге қалай өтіп кеткендігін білмей қалады. Біздің
бастағы кеп те соған ұқсас: социализмнің қойын бағып

жүріп капитализмнің қара базарынан қалай табылғаны­
мызды білмей қалыппыз.
Есімізде шығар, Тәуелсіздігіміздің алғашқы 7-8
жылы «өтпелі кезең» аталды. «Өтпелі кезең», яғни, уа­

қытша қиындықтар артта қалады, әне-міне, таршылық
заманды «зар илетіп», дамудың даңғыл жолына түсеміз
деп жүрдік. Сол кездің есебінен алғанда сондай тәтті
қиялға беріліп өмір сүрудің өзіндік себептері де бол­

ғанға ұқсайды: жаңа қоғамдық қатынасқа көшеміз; осы
уақытқа дейінгіміздің бәрі бекер екен, дүниенің раха­
ты өзін-өзі реттеп, тәртіпке келтіріп отыратын нарық­
тық экономикада, сондықтан сәл-пәл шыдайық дестік.

Шыдамасақ, төзбесек болмайды дестік және: Тәуелсіз
мемлекетіміздің іргесі шайқалып кетуі мүмкін, тұтас­
тығымызға сына қағылуы ықтимал. Ойбой-оу, әлемнің
мойыны озық елдері баяғыда бейімделген нарықтан біз

неге бас тартамыз?!
Өстіп жүріп «өтпелі кезеңнен» өтіп, ХХІ ғасырға
қадам бастық. Біз ХХІ ғасырға «өтпелі кезеңнен» өтіп
қана келмеппіз, «Жүз жылға бергісіз тарихи он жылды»

көтеріп келіппіз. Рас, 1991 мен 2001 жылдар аралығын­
да Қазақстан геосаяси ауқымда аршынды қадамдар жа­
сады: БҰҰ-ға толық мүше болды, көрші елдермен мем­
лекеттік шекара келісімдерін бекітті. Ішкі жағдайды

тұрақтылықпен қамтамасыз ете алды. Ұлттық армия
жасақталды. Заң шығарушы орган, атқарушы билік, сот
жүйесі қалыптасты. Төл валютамыз айналымға енді.
Арқа төсінен «тұңғыш рет» қазақ елінің астанасы бой

көтерді, т.б. Осындай елдік, ұлттық мазмұны терең іс­
терге ілгеріде кәдімгідей мән беретін бұқара жұрт мұ­
ның бәрін біледі, бағалайды, қадір тұтады. Бірақ, «жүз

жылға бергісіз тарихи он жылды» артқа тастаған соң
биліктің де, мемлекетшіл бұқараның да бұрандасы бо­
сап қоя берген сияқты. Өйткені, қазір билігіміз мақтан­
шақ, бұқарамыз бұйығы қауымға айналған. Биліктің

бет-аузы болып алған мемлекеттік телеарналарға көз
тігіп, ресми газет-жорналдарды парақтасаңыз – қазір
дүниеде Қазақстаннан асқан кемел ел кем, дамудың
даңғыл жолына түскен бірден бір ел де – бізбіз! Құдай-

ау, біз болмасақ мына дүниені қараңғылық қаптап, қа­
пас басқандай екен... нұр шұғыламызды төкпей қайда
жүргенбіз осы уақытқа дейін? Бәлкім, жері кең, дала­
сы дархан жұртқа осындай рух, асқақ амбиция керек

те шығар. Былайша айтқанда, Имам Шәмілдің еліне

– алмас қылыш, бізге – аспанмен астасқан амбиция...

Тегінде мына заманда кеудемзорлықты жоққа шығара
беруге де болмайды, бірақ, көрпең көсіліп жатуыңа ла­
йық болсын. Бұл сөздің жалғасына сәлден кейін орала­
мыз. Енді мынаны айтайық.

Қазақстан билігі қазір таңғы шай үстінде түсін
кемпіріне жортып отыратын қарияға ұқсап барады.
Денін дерт жайлаған қарт кемпіріне: «Бүгінгі көрген
түсім тәуір секілді, жақсылыққа жорышы» деп жүгі­

нетін еді ғой. Сол секілді Ақ Ордадағы ақ жағалы
ұлықтарымыз да «бүгініміз керемет, ертеңіміз, тіпті,
ертегідей болады» деуден, елді сол ертегіге ұқсас ер­
теңіне еріксіз сендіретін стратегиялық бағдарламалар

қабылдаудан шаршайтын емес. Білуімізше, әйтеуір ер­
теңіміз – ғажап, бүгініміз – керемет. Тоқсаныншы жыл­
дары өмірді жап-жас болып бастаған буынның қазір
ата сақалы аузына түсті, қажып-қартайды, алды зейнет

жасына ілініп мәлкілдеп жүр, ал, тәуелсіздіктің құр­
дастары дардай жігіт болды, осының бәрі түк көрмеді
деп түкірігімізді жұтпай-ақ қоялық, бірақ , Қазақстан
шиырлап кешіп келе жатқан жолды бір кездері басып

өткен мемлекеттердің адамдарымен өзін салыстырса,
өкпелейтіндей халде. Неге өкпелемесін? Мысал келті­
рейік.
1970-80 жылдарға дейін Оман сұлтандығы деген

елдің атын біреу естіп, біреу естімепті. Елдің со за­

мандағы билеушісі Сайд бен-Таймұр Оманға сырттан
пенде баласын кіргізбей құзырындағы «құжырасын»
қызғыштай қорғап бағыпты. Оманнан да сыртқа ешкім
шыға алмапты. Алда-жалда біреу Оманнан алысқа аяқа

баса қалса, оның аман оралуы неғайбыл болыпты. Се­
бебі: Сайд әмірші «әр пенденің ырыздығы туған, өскен
жұртында, одан тыс кету оңбағанның ісі» деп мемле­
кеттік дәрежеде байлам жасапты. Әміршінің қол астын­

дағы жұрттың «ырыздығын баққаны» соншалық, қыс­
тақтардың арасындағы қара жолдардың өзіне қарауыл
қойыпты. Қала халқының шаһар аумағынан тыс әлем­
мен байланысы, тіпті, үзіліпті. Сөйтіп, «ырыздыққа ке­

неліп, риза-хош» болып Оман жұрты өмір сүре беріпті.
«Ел астанасы Масқар қаласында, – дейді куәлар,

– 12 төсектік жалғыз аурухана бар еді. Ғұлама Сайд

бен-Таймұр дүниенің сырын өзгеше ұғып, жастарды
оқып-тоқудан да қақты». Оқу-тоқудан, жазу-сызудан
шеттелген, жер жаһанның жұртынан іргесін аулақтап,
алапестердей дөйдалаға кеткен халық, әйтседе, өздерін

бақытты сезінді. Өйткені, сақалынан даналық саулаған
Сайд баба бар еді. Алайда, Сайдтың сақалына Қабыс­
тай ер қарамады. Әкем екенсің демеді. Сайд салған сара
жолдың дәстүрлі ізбасары әм тақ мұрагері болуға тиіс

Қабыс Еуропада оқып, сауат ашқан-ды. «Болашақ» ба­
ғадарламасымен (көрдіңіз бе, бұл да бағадарлама) оқып
келген біздің боркемік балалардан Қабыстың басты
ерекшелігі – Еуорпада оқыса да елін шексіз сүйетін.

Елін сүйген Қабыстың омандық бауырларын ойлаған­
да қабырғасы қайысып кетуші еді.
Сахараны күн күйдіріп, күп-күрең өлі мекен еткен.
Сағым аунаған салқар шөл. Сол шөл кернеген сахара­

да арып-ашыған, азып-тозған қорғансыз бейбақ ел өмір
сүруде. Мұның бірі миына кіріп шықпайтын ақымақ
шал шалжиып тақта жатыр. Қайтпек керек? Оқуы біт­
кен соң сұлтандығына оралған айлалы жігіт аз уақыт­

тың ішінде ел ішінен жақтастарын тапты да шалдың
алтынмен апталған сарайына алшаң басып кіріп барды.
Барды да айтты: «Әке, елді осы уақытқа дейін билеп-
төстеп, еркін тұл, рухын құл етіп қорлағаның жетер,

енді мен оқыған Еуропадан сен де біраз дәріс ал», – деді

де қолынан жетелеп сарайдан сыртқа шығарып салды. Сөйтіп, 1970 жылы ың-шыңсыз, қантөгіссіз ел билігін өз қолына, өзінің дана да дара билігіне алды. Қабыс бен-Сайд. 1940 жылы 18 қарашада сұлтан шаңырағында дүниеге келген жалғыз ұл. Ұлыбрита­ нияда Әкімішілік басқару академиясын тауысқан. Аз жылдар әскери дайындық лагерлерінде болып шың­ далған. Әкесі Сайд бен-Таймұрды тақтан тайдырған күні (марқұм Таймұр өзінің соңғы жылдарын Еуропада аяқтап, дүниеден озды) ол Оманның есігі мен терезесін шалқайтып ашып тастады. Сырттан инвестиция тарт­ ты. Тақтайдай етіп тас жолдар салды. Оқу орындарын көбейтті. Қабыс билікке келген алғашқы 7-8 жылдың ширегінде омандықтар радиодан жаңалық-хабарлар тыңдап, газет оқитын жағдайға жетті. Бәріне мән бе­ ретін Қабыс ұлттық телеарнаның қызметіне де қолқа­ басын тигізді. Қабылет-қарымы ерекше жастар ірік­ теулерден өтіп, шет мемелекеттерде оқып келіп жатты. «Болашақтан» оқығаны қулық сұмдықты еселеу болып шыққан, өз тілінде сөйлеуді қорлық санайтын біздің дүмшелермен оларды осы арада салыстырудың қажеті жоқ деп ойлаймын, өйткені, омандық оғыландар жан аямай «жабайы жұртының» ел қатарына қосылуына, бақытты, шаттықты ғұмыр кешуіне көрген түйгендерін жұмсап бақты. Оман экономикасының да арқа тірегі – мұнай. Саудараб жеріндегідей мол қоры болмаса да Оман сұлтан­ дығы бар мұнайының қызығын көріп, байлыққа батып отырған ел. Егер омандықтар біз сияқты «балығы тай­ дай тулаған, бақасы қойдай шулаған», «түгін тартсаң май таматын», қара алтыннан өзге де кенішке кеңірдек­ теген, малды-жанды, жазиралы далада өмір сүрсе қай­ тер еді... олар мәңгі шөл буған сахараны жайлайды. Су Оман сұлтандығында жанармайдан екі есе қымбат. Со­ ның өзінде де елді-мекендер жап-жасыл, саялы сабатқа оранған. Себебі Оман теңіз суын тұшыту кәсібін жолға қойған. Тұзынан айырған тұщы суды алдымен ел ауыз су ретінде, содан соң бау-бақшаны суаруға пайдалана­ ды.

Бұл заманда, бар-жоғы 20-30 жылдың ар жақ бер жа­
ғында, омандықттар мүлде өзгерді. Өзгермегені – бұ­
рынғы салт дәстүрі, діні. Сыртқы келбеті, киімі. Ал,
тұрмысы... тұрмысы Сайд бен-Таймұрдың тұсында

«ырыздыққа кенеліп өмір сүрген» кездерінде мүлде
түстеріне де кірмеген болар.
Қабыстың жасы қазір жетпістен асты. Дәлірек айтсақ

– 72-іде. «Әлі тың, ширақ» дейді білетіндер. Ол жылы­

на бір рет ел ішін жаяу аралап шығатын көрінеді. Жаяу
болғанда енді, «сәлдесін сүйретіп» қыстақ-қыстақтар­
дың арысын кезіп жүрмейді ғой, бірақ Харон Рашидтің
замануи тұлғасына енген Қабыс қыстақтардағы жұр­

тына уәзірлерін ертіп барып елдің сөзіне құлақ түріп,
қарапайым Оман әйелі пісірген қалаштан ауыз тиіп,
от басы ошақ қасының тірлігін көзімен көріп қайтады
екен.

Әйел демекші, Оман сұлтандығы әйел затына да
ерекеше құрметпен қарайды. Қыздардың оқуына, ер-
азаматтармен иық тірестіріп ел ісіне араласуына тиым
жасамайды. Оманда үш әйел министр лауазымында.

Хиджап кию, пәренже жамылу – қыз-қырқынның өз
еркінде.
Қабыс– қарапайымдылықты ұнататын адам. Оман
сұлтандығындағы үйлер 12 қабаттан аспайды. Бай да,

бағылан да ел қатарлы өмір сүруге міндетті.
Тегінде, тәубашыл, қанағатшыл, тақуа Шығыс жұрты
иманға жүгініп, ішкі сабырын қатаң сақтайды. Жерінің
байлығын өзімен тең бөліскен әміршісін сүйеді. Содан

да болар, кейбір араб елдерін алатайдай бүлдіріп, дүр
сілкіндірген Таяу Шығыс оқиғасы Оман сұлтандығы­
ның іргесін шайқап, түңілігін желпілдете алған жоқ.
Сондай елдің бірі – Біріккен Араба Әмірліктері.

Ілгеріде Ержан, Сәкен деген достардың тобына ілесіп
әйгілі әмірлік елінде болғаным бар. Ол сапарымыз ту­
расында публицист-мәдениеттанушы досым Сәкен Сы­
банбай «Жас Алаш» газетінің бетінде жұрт сүйсініп

оқыған сапарнамалық очерктер жазды. Мен қысқа қа­
йырайын.
Ақпан айы. Алатаудың бөктерінде айқай боран.
Өзіміз «Халықаралық» деп әспеттегенімізбен бес ешкі,

он тоқтының өрісіне татымайтын Алматыдағы әуежай­
дан ұша алмай 4-5 сағат іркілдік. Дубайға ұшатын ұшақ
та, Шымкентке қатынайтын автобус сияқты ма қайдам,
кейбір жолаушылар кешігіп келіп, соларды күтіп діңке­

леп, көк жүзіне әрең көтерілдік. Дубай әуежайына жа­
қындағанымызда айналамыздағы серіктеріміз шоқпыт-
шоқпыт кимідерін сыпырып тастап, жеңіл әрі сәнді
киініп жатты. Біз де боқашамыздағы барымызды суы­

рып алып үсітімізге жапсырған болдық.
Ұшақтан түссек, дүние ғажап! Жып-жылы. Кешкі сам
жамыраған уақыт. Адамдардың бәрі мәдениетті, ілти­
патты. Біздегідей алақ-жұлақ етіп алқын-жұлқын асы­

ғып жүрген жан жоқ. Әсілі, мемлекеттің байлығы, тұр­
мыс-тіршілігінің жайлылығы адам бойына әлдеқандай
сырбаздық, байыптылық сыйлайтын болса керек, біз де
маң-маң баса қалдық. Содан қонақ үйге барайық. Қонақ

үйдің қызметшісі алыстан сағынысқан бауырлары келе
қалғандай жұмсақ жымиып қарсы алды. Сөмкемізді қо­
лымыздан лып еткізіп қағып әкетіп тиісті бөлмемізге
орналастыра қойды. Таң атты. Қызыққа кенелдік. Жол­

басшымыз аузын ашса, әмірліктің тарихын төге жөне­
летін сөзшең әйел екен, әңгімені соғып келеді. Содан
ұққанымыз. Қазір аты-жөнін ұмытып қалдым, бірде­
ңе Шейх, бірдеңе Ибн деген әмірші 1970-80 жылдар­

ға дейін әмірлікті билеп төстепті. Оның заманындағы
араб жартылай жалаңаш, әйтеуір, басын тықса, балық
тістеп шығатын кең құрсақ теңіздің арқасында өмір
сүріп жатыпты. Мінгендері түйе, бет-ауыздары күйе

дегендей (енді, балық ыстап жеп, шақырайға күн ас­
тында күнелтетін адам күйелештенбей қалай жүрсін?).
Әлгі бірдеңе Шейх, бірдеңе Ибн бірдеңенің тұсында
әмірлік даласынан мұнай атқылайды. Қара майдың исі­

не танауын төсеп отырған Еуропа мұндай батпан құй­
рықты қалайша айдалаға тастай қойсын, қауғаларын
қаңғырлата сүйреп жетіп келеді. Жетіп келеді де бірде­
ңе Шейх, бірдеңе Ибн бірдеңге долларды уыстатып

асатады. Шейх шіркін қағаз ақшаны қашанғы жалмай
берсін, күндердің күнінде темір сарай салдырып соған
апарып долларларын тығып тастайды. «Сараңның сақ­
тағаны өзіне бұйырмайды» деген осы емес пе, сөйтсе,

әміршінің тыққан-пыққанын өзінен де өткен жалмауыз,
араны сұмдық атжалмандар жалмап тастапты. Осындай
масқараны көрген соң арықарай төзе берудің мүмкін
еместігіне көзі жеткен Шейх Зайд ибн Сұлтан әл-Наха­

йян билікті ағасының қолынан тартып алады.
Шейх Зайдта Батыс елдерімен тығыз байланыс орна­
тады. Бірақ, арабтың аузынан жырып әкеткенге үйрен­
ген еуропалықтарды өзімен санастыра біледі. Жұмыс

істеткізеді. Елге пайдасын тигізеді. Біз ғой өзімізді көзі
ашық, қара танитыны бар сауатты елміз деп жүрміз.
Ал, Зайдттың заманындағы арабтар жазу-сызудан мүл­
де мақұрым еді. Зайд халқын ағартты. Оқытты. Табыс­

ты еңбек етуге үйретті. Күн күйдірген сахараны кешіп
жүріп құмнан құнарлы топырақ жасап әмірлік даласы­
на Үндістаннан әкеліп пальмалар екті. Көйлек-дамба­
лынан басқа күнқағары жоқ арабтарды пальмалардың

көлеңкесінде саялатты. Біз айта беретін 20 жылдың
шегінде түйе мінген арабтарды жүйткіген автокөлік­
терге отырғызып, жасыл бақты шаһар тұрғындары етті.
Іргелі оқу орындарын ашты. Шет елдерден ғұлама ға­

лымдарды шақырып араб баласына дәріс оқытты. Ба­
лық аулап, ешкі сауудан басқаны білмейтін араб бала­
сы мемлекеттік кәсіпорындарда, ұлттық компанияларда
жаппай лауазымды қызмет иеленіп шыға келді. Жеті

әмірлік желкілдеп бой түзеді. БАӘ – бұл заманда ала­
паты асып, байлығы тасыған ел. Сән-салатантын әлем­
ге паш етіп, шалқып өмір сүруде. Жоғарыда «көрпең
көсіліп жатуыңа лайық болсын» деп қалдық қой. Сол

сөзімізге енді келдік. Себебі «көрпесі көсіліп жатуына
лайық» ел – Біріккен Араба Әмірліктері елі. БАӘ-де бәрі
ертегідей. Аспанға ұмсынған зәулім отеллдер, Шығыс
мәнеріндегі өзгеде айшықты құрылыстар әмірлік жұр­

тының салтанатты тұрмысына әбден лайық. БАӘ-де бұ­
дан басқаша болуы мүмкін емес сияқты. Әмірлер бай­
лығын әлемге қалай көрсетемін десе де елінің тұрмыс
күйімен үндесіп, жарасым тауып тұр. Оған қысқы Азия

ойындарын өткізсе де, ЕХРО көрмесін жасаса да жара­
сады. Баспанасыз шұбырып жүрген арабаты әмірліктен
итпен іздесең де таппайсың. Жемқорлық, ел байлығын
тонап қашу, ұрлау, коррупция атымен жоқ.

Мұның бәрі айналасы өздеріндей араб, сондықтан да,
алаңсыз дамуға мүмкіндігі бар елдің әңгімесі ғой деп
отырған шығарсыздар қайсыбіреулеріңіз. Ендеше, қан­
дай мадақтауға лайық Малайзия туралы бірер сөз.

Малайлардың хәлі XX ғасырдың орта шенінен ау­
ғанда, тіпті, мүшкіл еді. Өйткені, малайлар жерінен де,
мемелекетінен де, туған тілінен де айрылудың аз-ақ ал­
дында еді. Малайлардың маңдайына біткен ұл Махат­

хир Мохамад малай халқын құрдымнан құтқарып қал­
ды. Бұл турасында маған аталған елде елшілік қызметте
болған марқұм Болатхан аға Тайжан әңгімелеп берген
еді бір кезде. Кейін Малай мен Сингапур ғажайыптары

жайында асыл аға кітап етіп те жазды.
Махатхир Мохамад қайткен дейсіз ғой, жерінде мұ­
найы да, басқасы да жоқ аралдағы елді арашалап қала­
тын құдірет – тіл деп білген. Сөйткен де, «алыстағымен

арбаласып, жақындағымен дорбаласып» жүріп қытай
тілінің құрсауындағы малай тілін тірілткен. Малай
тілінде сөйлей алатын әр ұлын басшылыққа әкелген.
Малай тілінде – ана тілінде сөйлей алатын ұлдардан

«Шығыс жолбарыстарын» түлетіп шығарған. Сондық­
тан да ол – ұлы Махатхир Мохамад . Оңтүстік Шығыс
Азия ғажайыптарының авторы.
... Әңгімені көп созып қайтеміз, осы елдер даңғаза

дақпыртсыз-ақ жер бетінде шат-шадыман тірлік кешу­
де. Төрт құбыласы түгел. Иә, кем-кетігі, әлі де бітпей
жатқан шаруасы шаш етектен шығар. Бірақ, олар 20-
30 жылдың ширегінде күрделіліктің ақ жал толқынын

кешіп, қиындықтан шыға білді. Олар және ертең болуы
неғайбіл кереметтердің емес, бүгінгі мүмкіндіктердің
шегінде тәп тәуір тірлік кешіп жатыр. Даму жолы, өр­
кениет жолы бізді айналып кете қоймас. Бірақ, соған

жиын-терін болып жеткен елдің арманы не?! Соған жет­
кенше, даңғаз мен дақпырт кімге керек? Керек пе сол?

«Abaі.kz»
2012.12.11

ҚАЗАҚ ЕМЕС,

КАЗАШКА!

«Я ему сказала, что я – казашка». Бұл – Ассоль Мир­
манованың сөзі. Ормандай көп орыстілді сайттардың
біріне берген сұхбатында ол осылай депті. Казашка,
яғни – қазақ қызы.

Таяу күндердің бірінде Ассоль қоғамдық көлікте келе
жатады. Айналасы толы ығы-жығы адам. Кондуктор
аялдамаларды әдеттегідей орыстілінде хабарлап тұра­
ды. Осы кезде бір қазақ үн шығарып, әлгі кондуктордан

аялдамалардың атын мемлекеттік тілде жария етуін сұ­
райды. Ассольдің айтуына қарағанда, кондуктор қатты
қысылып қалған, сосын жолаушылардың жәрдеміне
сүйенген. Жолың болғыр жолаушылар көше мен аял­

даманың ресми түрде бекітілген «аты-жөнін» айтып
береді. Ал, «нацпат» (Қазақстандағы орыстілінің бел­
сенді жақтаушылары халық өкілдерін осылай атайды)
болса, кондукторға діңкілдеп, оның қазақша сөйлеуін

талап ете берсе керек. Осы кезде айқайға Ассоль арала­
сады. «Мен оған алдымен қазақша айтып түсіндірдім»,

– дейді ол. Ассольдің өз сөзіне сүйенсек былай депті:

«Кария адам неге тисеныз?» (Ескерту: бұл Ассольдің
емес, сайт журналисінің қате жазуы да болуы мүмкін).
Сөйтіп, кәрия адамға жақтасқан Ассоль мен «нацпат­
тың» арасындағы сөз қақтығысы енді екеуара дау-жан­

жалға ұласады. «Сенің есімің кәрісше» деген көрінеді
біздің жігітіміз. «Есімімнің кәрісше екендігін біледі
өзі» деп «қара қазақтың» білгіштігіне таңқалады қы­
зымыз. «Сен дұрыс тәрбие алмағансың. Әке-шешеңнен

жөндемді тәрбие алсаң сен мен сияқты қазақша сөй­
лейтін едің» деп «бөскен» көрінеді кондуктордан қа­
зақтілін талап еткен қазақ. «Ол талабы бойынша өзін
қанағаттандыратын жауабын естіді. Жалпы біздің елде

әркім өзі қалаған тілде ақпарат алуға, қызмет талап ету­
ге қақылы» деп сұхбат барысында Ассоль қарындасы­
мыз заң-зәкөн соғып қояды.

– Кондуктор қайтті? Оған содан соң не болды? – деп

сұрайды әңгімені қыздыра түсу үшін тілші.

– Үлкен кісіге обал болды. Қан қысымы артып, аурып

қалды, – дейді Ассоль. Содан кейін: «Бердіжаров тілді
жасы ұлғайған адамнан талап етпесін, алдымен орыс­
ша сөйлейтін шенеуніктерден талап етсін, ана тілін біл­
мейтін жастардан талап етсін, қала берді мына менен

талап етсін», – деп ақтарылады.
Тоқтай қалыңыз, бұл өзі көптен бері айтылып келе
жатқан әңгіме және кім көрінген желеу ете беретін
әңгіме. Біз сондықтан нақтысына көшейік. Жаңағы жү­

регі ұстап, басы айналып құлап қала жаздаған байқұс
кондуктор сірі жанын сүйретіп не істеп жүр қоғамдық
көлікте? Қызмет етіп жүр. Нан жеп, нәпақасын тауып
жүр. Демек, зейнет жасына әлі шыға қоймаған адам.

Ал, сол адам Қазақстан Тәуелсіздігін жария еткен тұста
неше жаста болды екен? Шамамен 34-35 жастың жа­
сыл жағалауында болды. 34-35 – есірік соққан біреу
болмасаң ес жиып, етек жабатын, пайдалы нәрсеге бой

ұратын, біздің жағдайымызда төрт-бес ауыз қазақша
сөз үйренетін жас. Орыс халқының шын жанашыры,
орыстілінің Қазақстанда жасай беруіне аса мүдделі адам

– Президент Назарбаев сонау тоқсаныншы жылдар­

дың басында: «Қазақ тілін жасы ұлғайған адамдардан
сұрамауымыз керек. Олар тілді қартайған шақтарын­
да қайтіп үйренбек? Қазақ тілін жастар білсін, жастар
үйренсін», – деген еді. Міне, содан бері 22 жыл өтіпті.

Кешегі қырмызы келіншек (әлде асығын күткен сақа
қыз) – бүгінгі кондуктор кәрілік жасына жетіпті. Кәрта­
йыпты. Иә, оның ендігі хәлі «Қазақ тілін жасы ұлғайған
адамдардан сұрамауымыз керек» деген ахлаққа тура ке­

леді. Енді оған бірдеңе деу қате. Тіпті, обал. Ассольдің
тілімен айтсақ: «Кария адам неге тисеныз?»болып шы­
ғады. Міне, осылайша біз Қазақстан Тәуелсіздігін жа­
рия еткен тұстағы тарихи сәттерге бірге куә болған,

сол кездегі 30-35 жастардағы тепсе темір үзетін отан­
дастарымыздың саудасын бітірдік. Жарамсыз қылдық.
Шаршаттық. Қарттайтық. Шаршаған, қуаты кеміген,
қартайған адамнан, рас, «қазақтілінен неге мақұрым

қалдың, байқұс-ау?» – деп сұрау бүгінде қиянатқа па­
ра-пар. Алда қанша ұрпақты сорлатар екенбіз, оны бір
Құдайым біледі... Алайда арамызда Ассольдар бар. «Ә»

десең «мә» деуге дайын Ассольдар өсіп келеді. Бұлар
да тәуелсіздік жылдарының төлі. Ар-ожданы, ұлттық
намысы тапталумен келе жатқан қазақтың есесінен ер
жеткен бала. Қазақты үнемі толеранттылыққа шақырып,

тұқыртып ұстайтын билігіміздің жемісі. Шекеті нәтиже.
Қазір олар саяси қаруланған. Билікпен бірігіп алып қа­
зақты мазақ етудің мың түрлі әдісін де әбден меңгерген.
Тірлігінің жетіскені шамалы қазақтың тіл мәселесіндегі

титықтаған күйін былайғы жұртқа жексұрын етіп көр­
сетудің жолын да жақсы біледі. Мысалы, Ассоль былай
дейді: «Нацики так увлечены ненавистью, что не заме­
тили основную проблему». «Ұлтшылдардың өзгелерді

жеккөрумен әуейіленгені сондай, негізгі мәселеге мән
бермейді». Ал, сонда негізі мәселеміз не екен? Негізгі
мәселеміз – қазақтың қараңғылығында екен. Тіл мәсе­
лесін айқайлап, ұрсып ұқтыруға болмайды екен. Әйтпе­

се қазақ тілін тілді үйренгісі келетіндерге қарсы қояды
екен. Мұның ақыры тұрақсыздыққа әкеліп соқтыруы
мүмкін екен. Қазақтар әдепті, сыпайы болмаса, іс на­
сырға шабады екен. Қазақстанның күштік құрылымда­

ры мен құқыққорғау органдары, тұтас сот жүйесі, әкім-
қаралар қазақты басқа ұрып отырып күнде ескертіп
қоятын басты жайттың бірі бұл. Соны Ассоль да айта­
ды. Былай деп: «Если казахи будут спокойными, уве­

ренными и вежливыми – то стабильность у нас будет».
Көрдіңіз бе, бар мәселе қазаққа ғана байланысты: Если
казахи будут спокойными... Сонда тұрақтылық өзге ұлт
өкілдеріне керек емес пе? Сонда толеранттылық таны­

ту отандастарымыздың ойына кіріп-шықпайтын болға­
ны ма? Қазақтың жағдайын түсіну Ассольдерге сонша
қиын ба? Әңгімемізге оралсақ, кәртамыш кондукторге
аялдамалар мен көшелердің қағаз жүзінде бекіген атын

жаттап алып айта салу да қиын ба? Қиын емес. Ең бас­
тысы қажет емес. Алайда, оны Ассаольдардың айтқысы
да, мойындағысы да келмейді. Сөйтеді де, «қазақ тілін
алдымен шенеуніктерден талап етсін, жастардан талап

етсін, қала берді мына менен талап етсін» деп талтая­
ды. Дұрыс, қазақ тілін бәрінен талап ету керек. Соның
ішінде ұлтараздығын қоздырған әлгі кәртамыш кон­
дуктордан да талап ету керек. Талап еткенде жақсылап

талап ету керек. Алматыны тәртіпсіз, бей-берекет, лас
қалаға айналдырған, мемлекеттік құндылықтарды аяқ
асты етіп отырған Алматы қаласының ақ жағалы үлкен
ұлығы Ахметжан Есімовтен талап ету керек. Ата Заңы­

мызда мемлекеттік мәртебесі айшықталып көрсетілген
қазақ тілін мойындамайтын автопарктің басшысынан
талап ету керек. Осындай талап етулер қазақ мемле­
кетінің ауқымында тұтас күшеюі керек. Ақыры ресми

билік, Үкімет, Парламент, т.б. тіл мәселесін шешіп бере
алмайды екен, онда іске жекелеген тұлғалар араласып,
белсенділік танытуы керек. Бұны түсінбегендерге жол
ашық. Бара берсін. «Қымтай-қымтай қызымыздың іші

білініп болды» демекші, қымтана-қымтана қазақтың да
төзімі түгесіліп болды.
Қоғамдық көліктегі жолаушыларға қызмет көрсе­
ту жайын қозғаған (тіл мәселесін емес!) Бауыржан

Бердіжаров деген бауырымыз Қазақ Ұлттық аграрлық
университетінде тәрбие ісімен айналысатын көрінеді.
Жаңағы «бара берсіннен» шығады, қазақ ұлтшылдары
қысым жасауын қоймаса, біз Қазақстаннан кетіп қа­

ламыз дегендей сөздің сыңайын танытады әлеуметтік
желілерді шулатып жатқан қарындасымыз.«Я пыталась
выяснить их платформу, программу, что именно они
планируют делать, если все не говорящие казакша от­

сюда уедут. Каков их путь развития, когда они останут­
ся маленькой и агрессивной кучкой?»
Байқайсыз ба, Мирманова бикеш қалай-қалай сай­
райды?.. Әңгіме былай. Бауыржан мырзаны бастапқы

сөзден бұрып әкетіп тілдің ахуалына тірген соң біздің
кейіпкеріміз оны суретке түсіре бастайды. Аты-жөнін
шұқшиып жазып алады. Сөйтеді де әлеуметтік желілер­
ге жазып жібереді. Ал әлеуметтік желілерде желдей ес­

кен сөздер Бауыржанның іні-қарындастарының құлағы­
на тимейді ме? Тиеді. Тиген соң, көздерімен көрген соң
олар текке қарап отыра ма, пікір білдіреді, ойларын ай­
тады, қайсібірі кіжінген де шығар. Онда тұрған не бар?

Қарсы сөзге төзімсіз екенсің,қоғамдық пікірдің қара қа­
заны – әлеуметтік желілерге жазба, жолама, жыртыңдап
шықпа. Әлде Ассольдар ғана сөйлеп, Ассольдар ғана
айқайлап отыруы керек пе? Бүгінгі күнге дейін бұқара­

лық ақпарат құралдарының дені аузына келгенін құса
салатын, ойы пасық, ниеті қарау орыстілділердікі бо­
лып келді. Қоғамдық пікірдің мінбері солардікі болды.
Сөйтіп жүргенде ғаламтордың арқасында, қазақ сайт­

тарының қарқынды түрде дүниеге келуі мен әлеуметтік
желілердің пайда болуының нәтижесінде қазаққа да есе
тиді. Қазақ та сөйлейтін, ойын ірікпей ақтаратын, «ақы­
рып теңдік сұрайтын» (Махамбет) мүмкіндікке жетті.

Міне, Мирмановалардың қитығына қатты тиетін жайт –
осы. Өйткені, үйреніп қалған ауыз – тек өзі сөйлегісі ке­
леді. Қашанғы дағды – өзінікі ғана жөн. Алайда, кейінгі
екі үш жылдың шегінде дүние мүлде өзгеріп кетті. Қа­

зақ қоғамындағы қалыптасқан ахуалды түбірімен өз­
гертуге көшкен құбылыс ол – ғаламтор. Демек, қазақты
кез келген жерде кемсітіп кете беретіндер ғаламторға,
әлеуметтік желілерге жінігіп жетіп бармастан бұрын

ойланғандары абзал. Қайдағы жоқты қиялдан тудырып
көкіместен бұрын көкейге қонатын сөз айтудың мәде­
ниетіне жеткендері жөн. Бауыржан сияқты азаматтарды
арандатып, бекерге күйдіріп, оқу орнына бүлікші, на­

цик етіп көрсетіп, артынан зәбір-жапа шегуші міскіннің
халін кешкенсіп, алыс-жақын жұртқа, әсіресе, қазаққа
қаны қатып қалған орыс билігіне жағаймсудың да қа­
жеті шамалы. Демек, толеранттылықты қазақтан ғана

емес, әркім өзінен де талап ете білуі керек. Сыпайлық
пен сыйластықты да әркім өз бойынан іздеуі керек. Сол
кезде ғана «маленькой и агрессивной кучкодан» шығып
Қазақстандағы барлық ұлттың өкілі қазақ дейтін дар­

хан халықтың құшағынан орын табатын болады. Ал,
Ассоль қарындасыма айтарым: қартайып қалған адам­
ға неге тисеміз? Тиіспейміз. Тиіскен де емеспіз.
Abaі.kz

2013.12.06

2. ДӘСТҮРЛІ БАҚ ПЕН

ЖАҢА МЕДИА

АПАРИН ҚАЗАҚ

БАСПАСӨЗІНЕН

АЛАПЕС ЖАСАП ОТЫР...

«Новое Поколение» газетінің бас редакторы Сер­
гей Апарин деген әріптесіміз Латвияда жарық көретін
«Вести сегодня» газетінің тілшісіне сұхбат беріп Қа­
зақстан туралы, еліміздің ішкі-сыртқы саясаты туралы

пікір білдіріп біраз көсіліпті. «Қазақстан Ресейден ір­
гесін аулақ салып Өзбекстанның қателігін қайталағысы
келмейді» деп иегін әуелете сөйлеген ол әлгі сұхбатын­
да латыштарға былайша доқ көрсетіп қояды:

– Сендерге (латыштарды айтады. – ред) біз жақтан

(Қазақстанды айтады. – ред) «Путинмен дұрыс болың­
дар. Путинмен дұрыс болсаңдар бізбен де әңгімелерің
жарасады» деген ым жасалды. Соны ұқтыңдар ма?
Апариннің аузынан шыққан сөздің бәрін тізуге біз

соншалықты құлықсызбыз. Өйткені ол – Қазақстан мен
Ресей қарым-қатынасына байланысты әңгіме айтатын са­
рапшы немесе кәнігі саясаткер емес, қазақтың байлығы­
на газет басып, кекірігінен азып жүрген еліміздегі ниеті

айнымалы орыстілді бас редакторлардың бірі ғана. Әйт­
кенмен де, оның мына бір сөзін оқырман назарына ұсын­
ғанды жөн көрдік. Латыш газетінің тілшісімен әңгімесін­
де «жаңа буыншыл» бас редактор «Қазақстанда ақпарат

алдымен орыс тілінде тарайды» дей келіп: «Қазақ баспа­
сөзі өзінің ақымақтығынан жазып ел ішіне іріткі салудан
өзгені білмейді», – депті. Сенбесеңіз, оқып қараңыз:
«25-30 процентов рынка занимает периодика на го­

сязыке. Но серьезного влияния она не имеет. Во-пер­
вых, из-за своей очевидной глупости, которая не идет
дальше призывов к межэтнической вражде и шариковс­
ких "все отнять и поделить". Во-вторых, несмотря на

вкачивание госдотаций, они бедны, менее упакованы и
малопрофессиональны... Тираж у бизнес-изданий неве­
лик. Малограмотный у нас народ, как ни крути»
Апариннің айтуынша, біздің елдің сауаты да кем көрі­

неді. Сонда ол әр бетінен қазақ мұнайының исі аңқи­
тын газетін кімдерге әм кімдер үшін шығарып келген?
«Новое Поколениенің» аспанға түкіріп асқақтаған
бас редакторына бізден бұрын «Караван» газетіндегі

әріптесіміз Жанар Қанафина хабарласып, «қазақ бас­
пасөзінің өкілдерін ренжітіп алған жоқсыз ба?» деп сұ­
рақ қойып үлгеріпті. Сөйтсе, Апарин жолдас апиынның
кәйіпінен айыққандай: «Мен ондай сөз айтқан емеспін»,

– дейді айран асыр болып. Қанафина ханым «Ендеше,

сөзіңізді бұрмалап жеткізген «Вести сегодня» газетін
сотқа бересіз бе?» деген сауал қойған екен, ол сұрақтан
Апарин жолдас «Жер шалғай ғой» деп сырғытпа жауап
беріп құтылыпты. Апариннің жауабына қанағаттанба­

ған Қанафина ханым Апаринмен сұхбаттасқан Марь­
яна Иванова-Евсеева дейтін «Вести сегодня» газетінің
тілшісіне хабраласады. Хабарласып жөнді білген екен,
аталған газеттің тілшісі Апариннің айтқанын айна-қа­

тесіз көшіріп алып жария еткенін мәлімдепті. Ал, енді
Апарин қарап қалсын ба, ақпарат кеңістігіндегі дауды
бір жақты етпек ниетпен «...артымен сүңгіп» «Новое
Поколениеге» салақұлаш мақала жазып ақталып бағып­

ты. Ақталып баққандағы сөздеріне сенсек, бұл жігітіміз
бұрынғы «Өркен-Горизонт» газетінен қарақанаттанып
ұшыпты. Екі тілге де жүйрік көрінеді. Қазақшадан мақа­
лалар аударған кезде қазақ журналистерінің біліктілігі­

не тәнті болыпты. Осылайша ұзынан шұбатылып кете
береді. Ақырында қазаққа Апариннен адал жанды табу
қиынға соғады. Бірақ, «Құдайсыз қурайдың басы сын­
байды». Апарин аузынан қағынбаса, айдаладағы «Вести

сегодня» газетінің тілшісі қазақ баспасөзін әлгіндей етіп
даттамас еді ғой?.. Сыртқа аттап басса, сырт пиғылын
жасыра алмайтын адамның әйдік газетті басқарып отыр­
ғанына осы жайттан кейін құрылтайшылары қалай қарар

екен? «Шетел баспасөзін бетімен жіберген» (Н. Назар­
баевтың сөзі) құзырлы орындар не дер екен? Көреміз...
Abaі.kz

2010.02.08

КҮНТЕКТІ АЛАШ

Abaі.kz ақпараттық порталы ғаламтор әлемінің есігін
ашқан күннен бастап Алашорда ардагерлерінің соңын­
да қалған мұраларын ыждағатпен жинастырып, алаш­
танушылардың зерттеу еңбектерін үзбей беріп келеді

екен. Қазір порталымыздың мұрағаттар қорында Тұр­
сын Жұртбай, Дихан Қамзабекұлындай алаштанушы
әйдік авторлардың еңбектері қазынабасы жауһар дү­
ниелердің сорты ретінде қалыптасып та үлгерді. Қазақ

басылымдарында жарық көріп жатқан Алашқа қатысты
дүниелерді де сілтемесін көрсете отырып, «Абай» қопа­
сына қоныстандыра бастаппыз. Бұл әрекетімізді тұяқ­
қапты тірліктің күңкілінен биік сөйлей алатын ағайын

іштей ұғып, «азымыздың» өзін алтынға балап жүргені­
не кәміл сенімдіміз. Әйткенмен де, Алаш мұрағатын
қалыптастыру жұмысы бізден басталды деген астам
пікірден аулақпыз. Көпке мәлім, Алаштану идеясының

көші 1980 жылдардың ортасынан ауа қозғалды. Ендігі
мақсат – осы бағытты жетілдіре түсу, іргелендіру, ке­
шенді мемлекеттік саяси институт деңгейіне жеткізу.
Сондықтан алаштану ғылымы бүгінгі қазақ қоғамында

тиянақталды, нүктесі қойылды дей алмаймыз. Ендеше,
екі қадам ілгері басса, ешкікөздене еліретін туысқан­
дарға ескертпе: «Алғашқы Әлихантанушы мен едім»,
«Әлекеңнің жазғандарын Орынбор, Петербор архиві­

нен тауып, жариялаған қасқаң біз боламыз» деп кеу­
дені дүңк-дүңк соғу, сыпайы қайырсақ, ақымақтықтың
асқынған түрімен аяқталады. Ал, Әлихан Бөкейхан,
Ахмет Байтұрсынов бастаған саңлақтар ізін саралау –

«Күн сөнгенше сөнбейді!» Осы ақиқатты алдымен сол
ғазиз ағалардың өздері айтып кеткен. «Күн сөнгенше
сөнбейміз! – деді олар. – Алаш туының астында!»
Күн және Алаш. Көкте – Күн, Жерде – Алаш. Апыр-

ау, қазақтың кешегі халін көре тұра алашордашылар
«сөнбейміз», «өлмейміз» деген сөзді қалай айтқан?

Қандай күш ол сөзді Алаш оғыландарының аузына са­
лып тұрған? Біз бүгін тап солай айта аламыз ба? Иә,
айтамыз, ауызекі әжүк-гүжік әңгіменің арасында айтып
та жүрміз. Бірақ, рухсызбыз. Рухсыз айтамыз. Сөздің

рухын түсінбеген соң амал кем. Ендеше қайтпек ке­
рек? Қалам кемірген қағазбасты ағайын қабылдар, қа­
былдамас, біз алашордашылардың рухын түсіну үшін
алдымен Алаш сөзінің мағынасына жетіп алу керек

шығар дейміз.
Алаш сөзінің сырын ұғуға алдымен алашордашы­
лардың өздері ұмтылыпты. Еліміздің батыс аймағын­
дағы алашордашылардың іздену нәтижесіне сүйенсек,

«алаш» қалмақтан шыққан сөз екен. Еділ бойының
қалмақтары қайта-қайта шауып, дүркін-дүркін дүбір
салатын қазақты шапқыншы, яғни «алашшы», «ала­
шы» деп атаса керек. Ежелгі жау қалмақтың есін алып,

үрейін ұшырған қазақ атының алаш атты вариантын
алашордашылар бәлкім, сес көрсету үшін, жігер жану
үшін әдейі иеленген шығар. Алайда, алаш этимология­
сының тарихы тым әріде емес пе? Алаш оқымыстыла­

рының ол жайттан хабарсыз болуы неғайбыл. Жаңағы
«алашшы», «алашы» сөзінің қазақпен қатар көшіп қон­
ған қалмақтың аузынан табылуында да терең мән бар.
Қазақ тарихының білгірі Мұхтар Мағауин бұрынғы

қазақ хандағы «алты алаш, яғни алты ұлыстың бірлігі
еді» деп жазады . Тұрсын ханның қазақ ордасына опа­
сыздық істеуінен қырылып кеткен қатағандар мен өз­
бек ішіне сіңген құрамаларды есепке алса, алаш алтау

емес, сегіз болады екен (бұл да Мағауиннің байламы).
Демек, алаш қазақтан да әріде болып тұр ғой. Солай
сияқты. Ендеше, алаш атауын ықылымнан іздесек қай­
теді. Сөйтіп көрелік. Ол үшін Шоқан Уәлиханов жа­

зып қалдырған мына бір естелік-ертекке көз жүгіртіп
шығалық:
«Ерте, ерте, ертеде, Тұранда Абдулла есімді хан бо­
лыпты, басқа бір аңыздарда оны Абдул-Әзиз хан де­

седі, осы ханның алапес ауруына шалдыққан Алаша
есімді ұлы болыпты. Осы жұқпалы аурумен ауырған­
дардың барлығын елден аластайтын көнеден келе жат­
қан салтты орындай отырып, әкесі алапес баласын

елден аластайды. Сол заманда, Абдулла ханның асқан
қаталдығына төзбеген ашыққан адамдар Сыр өзенінің
солтүстігіндегі далаға, Қарақұм мен Борсық құмдары­
на кетіп қазақылық жасай бастады. Олардан шыққан

батыл да ержүрек батырлардың саны үш жүзге жетіп,
тез арада күш қуатымен және байлығымен танымал
болады. Бірнеше жылдар өтіп, күйзеліс басталады:
қазақтардың қонысы көршілермен ұдайы болған со­

ғыстарда жеңіліс табады. Даланың еркін елі аштықты
сезініп, ағайын арасындағы бассыздық пен алауыздық
оларды ыдыратып, өзара соғысқа алып келеді. Ыңғай­
лы уақытты пайдаланып Абдулланың өзі бейбақтықты

соңына жеткізудің жолын қарастырады, оларды біржо­
ла құрып кетуден көрегендіктің күші ғана құтқарады.
Осындай қиын-қыстау жағдайда екіжүздіктің ішінен
Алаш (жат жұрт) деген дана қарт шығып, соншалық

ақылға қонымды сөз айтқаны сондай, қазақтар оны өз­
дерінің рубасы, қазысы етіп сайлайды және оның ақыл
кеңесімен Абдулла ханның елден аластатылған алапес
ұлы Алашты шақырып хан сайлайды. Осылайша, да­

ланың кезбе қазақтары енді салауатты қоғам мен ұлт­
қа айналады. Өздерінің жеке тәуелсіздігінің құрметіне
өздерінің ханы Алаш пен рубасы әрі қазысы Алаштың
есімдеріне естелік үшін Алаш немесе жүздіктің санына

(үш жүз) қарай Үш Алаш атанады. Осылайша Алаш ел
болды, Алаша хан болды» (Ш. Уәлиханов, Көптомдық
шығармалар жинағы, 2 т, 173 б).
Бұл, әрине, аңыз-ертегі. Аңыздағы Алаш хан алапес

дертіне шалдығып, бала кезде хан ордасынан, әкесінің
қасынан аласталыпты. Аңыз көңіліңе олқы соғады.
Оның үстіне, алашқа атын берген ханымыз алапес екен.
Аңыздың астарына бармай сөзді тура қабылдайтын адам

үшін бұдан әрі айтармыз шамалы. Ал, «содан кейін не
болыпты?» дейтін қызығушылықпен әңгіменің аяғын
күтетін оқырманның тосын бір жайтқа көз жеткізері
даусыз. Оқырманымызды ғажайыпқа кенелту үшін біз

осы арада қазақ мифологиясының тылсым қатпарларын
ашқан, ғұлама ғалым Серікбол Қондыбайға жүгінеміз.

«Алаш – прототүркілердің ортаазиялық тобының ми­
фологиясындағы күн және шарт пен келісім тәңірінің
есемі».
«Алаша – мифттік алғашқы адам, алғашқы қоғам құ­

рушы, билеуші, батыр»(С. Қондыбай. Толық шығарма­
лар жинағы, 1том, 86 бет).
Міне, көріп отырсыздар Алаш Күнтекті тәңір ие екен.
Үндіевропалық, үндіирандық елдердің қай-қайсысы

болсын алғашқы адамды өздерінен бастайды. Мысалы,
скандинав елдерінің мифологиясында адам пішінді ал­
ғашқы пенде – Имир. Тәңірлер оны өлтіріп денесінен
ғалам жасайды.

Ийма – ежелгі иран мифолгиясындағы алғашқы адам.
Ол жер бетіндегі жасампаздықтың бастауындағы тұлға.
Яма – үнді мифологиясындағы бірінші адам.
Скифтерден қалған аңыздарда жер бетінің алғашқы

тұрғыны – Папай. Грек мифологиясында да Тәңіртек­
тес адамдар жер бетіне бірінші болып «түрен» сала­
ды. Үнділерде олар қайырымды Ашвиндер бейнесінде
көрінеді.

Серікбол Қондыбай әлем елдерінің мифіндегі Тәңі­
рие тұлғаларды Алашпен туыстырады. Сөйте келіп біз
тіксіне қабылдаған «алапестің» құпиясын ашады.
«Егер зерттеушілер Алашаның алапестігін «мынау

шынында да ауру алапес болған екен» деп қабылдай
қойғанның өзінде, тағы бір түп ата – Қалшаның да де­
несінде қалы бар екен деп тіке түсіну ұят болар еді.
Өйткені, ата-бабасын қайта-қайта ауру қыла беретіндей

өткен бабаларымыздың басынан ат теуіп пе, тек олар
ежелгі мифтік Күн мен оның күнтекті інісін осындай
жолымен астарлап түсіндірген» (С. Қондыбай. Толық
шығармалар жинағы, 1том, 109 бет).

Сонымен, қал, ала, ала-шұбар Күн әлеміндегі белгі­
лер немесе таңбалар болды. Аңыздағы Алаштың (Ала­
ша ханның) ала болып туылуында да әлгіндей Күн
тектілік жатыр. Сонда алашордашылардың Алаш атын

ұрандап шығуында осындай тылсым сыр болғаны ғой.
Алашшылар өздерінің күн текті ұрпақ екендерін бек
түсінген. Олардың «Күннен туғанбыз», «Гүннен туған­
быз» (Мағжан) деп күркірей сөйлеулерінде Күнтекті

сөнбес сәуленің рухы жатыр. Сол себептен де олар
жын бүркіп, жын атқан қасап заманның қанды езуінде
кетіп бара жатып жасып-жабырқаған жоқ. «Алаш туы
астында Күн сөнгенше сөнбейміз!» деді. Күн сөне ме?

Оған пенденің ақыл-ойы жетпейді. Сен де Күнтекті
алаш ұлдарындай бол, қазақ ұланы! Ұлт мүддесі жеңіліс
тапқан сәтсіздіктердің ешбіріне мойыма. Сәтсіздіктің,
жеңілістің, бүгінгі бүтінделмеген тірлігіңінің бәрі де

уақытша, сенің азаттықтың қадірін танып, қасқайып
өмір сүруге деген ұмтылысың ғана мәңгілік. Алашшыл
бол, алашшыл болайық, ағайын!
Abaі.kz

2011.09.14

«АБАЙШЫЛ БОЛЫП,

АРАША ТҮСЕЙІК»

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына жиырма
жылдан асты. Осы уақыт аралығында қазақ бас­
пасөзінде қаншалықты бетбұрыс байқалды? Қазақ
басылымдары бүгінгі күн талаптарына жауап бере

ме? «Айқын» газетінің тілшісі қойған осы және өз­
геде сауалдарға «аbaі.kz» ақпараттық порталының
бас редакторы Дәурен Қуат жауап береді.

– Иә, қазақ үшін аяулы, қастерлі ұғым болғандықтан,

екеуара әңгімемізді тәуелсіздіктен бастап отырмыз.
Қандай көлемдегі, нендей мазмұндағы мақала жазсын,
қазақ зиялысы, журналисі сөздің басын тәуелсіздіктен
бастайды. Бірақ, қазақстандық баспасөздің бәрі осындай

ма?! Бәрі біз сияқты ма? – дейді Дәурен Қуат. – «Осы уа­
қыт аралығында қазақ баспасөзі қаншалықты өзгерді?»
деп сұрап жатырсың. Көп өзгерді. Тәуелсіздікпен бірге
өзгерді. Алайда біздің орыстілді әріптестеріміз өзгере

алды ма? Өзгерсе, газет-журналының дизайны, бояуы,
материалдарының берілу формасы, студиясы, декора­
циясы, әуе толқынында сөйлеу мәнері өзгерген шығар.
Бірақ пиғыл-ниеттері өзгерген жоқ».

– Мұнымен не айтқыңыз келеді?

– Біз қазақ баспасөзінің қаншалықты өзгергенін,

мазмұн, тақырып тұрғысынан қаншалықты байығанын,
мемлекетшілдігін, мемлекетін, халқын, ел билігіндегі
азаматтарын жақсы көретіндігін дәлелдей алмай ке­
леміз. Былай қарасаң абсурд, әйтсе де, шындық – осы.

Өйткені, билік пен оқырманымыздың орыстілді бас­
пасөзге байланғаны сондай, солардың айтқан сөзін

– сөз, пікірін – пікір деп қабылдайды. Әсіресе, билік.

Биліктегі ақжағалы ұлықтарымыз. Сондықтан өзіміз
жақсы білетін сұрақтың жауабын қайталап, «жауырды

жаба тоқығанша», нақты мәселеге көшкеніміз абзал:
билік қазақ баспасөзіне деген көзқарасын өзгертсін.
Орыстілді баспасөз бірдеңе дей қалса, «ойбайлап» ұш­
пай, қазақ баспасөзінде айтылып жатқан құнды пікір­

лерге құлақ ассын. Сынына төзімділік танытсын. Сұ­
рағына жауап берсін. Орыстілді баспасөздің байлығын
еселеуден ерінбейтін ірі жарнама көздерінің қызметін
бақылауға алып, «Жарнама туралы» заңды қайтадан қа­

расын. «БАҚ-тың бағы – тіл» деп баяғыда бір жазғаны­
мыз бар еді...Қысқа қайырып айтқанда, жоғарыдағы біз
келтірген азын-аулақ талапқа билік жауап берсін, сол
кезде ғана қазақтілді БАҚ заман талабына толыққанды

жауап беретін болады.

– Өзің айтып отырғандай, қазақ және орыстілді

баспасөзге деген қоғамдағы тең емес көзқарас қа­
лай қалыптасты, оған қайтіп жол бердік?

– Тәуелсіздігімізді жариялаған күннің ертеңінде (бұл

жайтты жасырып-жабудың қажеті жоқ) Қазақстан қоға­
мы қазақтілді және орыстілді орта болып екіге бөлінді.
Қазақтілді ортаның талабы – тәуелсіздік талаптарынан
басталған тарихи заңды талаптар болатын. Бірақ 70

жыл кеңес өкіметінің алақанында әлпештелген, дегені
болып, десі қайтпаған орыстілді орта барынан бір күн­
де айырылып қалудан қатты қорықты. Сөйтті де, қо­
ғамдық пікірге ықпал етудің қуатты қаруы – баспасөзге

жабысты. Баспасөз арқылы бастапқыда қазақ билігінің
өзін кекетіп-мұқатып, қазақ мемлекетінің болашағы­
на күмәнді пайымдаулар айтып жатты, ақырында бұл
ойларының қате екендігін түсініп, қазақ тілінің «қабі­

летсіздігін», қазақ мектептеріндегі «білімнің таязды­
ғын», қазақ баспасөзінің «сауатсыздығын» дәлелдеу­
ге тырысты. Және осы әрекеттері ә дегеннен нәтиже
беріп, олар қазір қоғамдық пікірді билеп-төстеп отыр.

Біздің есер шенеунік пен дүниені ойсыз, күмәнсіз қа­
былдай салатын оқырман әлі сол орыстілді баспасөздің
айтқанына сеніп, айдағанына көнуде.
Мемлекет – идеологиясыз мемлекет емес. Ал, идео­

логия әрине, БАҚ арқылы, әдебиет пен кино арқылы
жүргізіледі. Демек идеологиямен БАҚ-тың арасында
белгілі бір тәртіп, құрмет, тең дәрежедегі қарым-қа­

тынас пен өзара түсіністік болуы керек. Бұл – әлемдік
саясатқа ықпалды елдердің баспасөзі мен идеология­
сында бұрыннан бар дәстүр. Тек сырт көзге ғана көр­
сете бермейді. Мысалы, қазіргі Ресейді біз Ресейдегі

БАҚ арқылы танимыз. Ресейлік БАҚ бір мақсатқа – Ре­
сейдің үлкен саясаттағы орнын сақтап қалуға жұмыла
жұмыс істеуде. Идеология ма? Идеология. АҚШ баспа­
сөзін жедел әрі сенсациялық ақпаратпен кейде АҚШ-

тың барлау қызметі қамтамасыз ететінін де бүгін ептеп
біліп, естіп жатқан жайымыз бар. Өзін-өзі сыйлайтын
мемлекеттердің бәрінде осылай. Сөздің турасына көш­
сек, еліміздегі орыстілді БАҚ қазақстандық идеология­

ға жұмыс жасамайды. Бигелді Ғабдуллиннің газетінен
өзге орыстілді баспасөздің қайсысы қазақтың шынайы
тарихын, мәдениетін, тілін, әдебиетін жазып, насихат­
тап жатыр?! Серік Мәлеевтен өзге орыстілді қай қазақ

қазақтың тілі үшін шыр-пыр болып, өзіне азапты жұ­
мыс тауып, қазақ баспасөзінде жиі жарық көретін өткір
мақалаларды орыстіліне аударып отыр?! Ендеше, билік
қазақ баспасөзінде айтылып жатқан құнды пікірлерге

құлақ ассын. Сынына төзімділік танытсын. Сұрағы­
на жауап берсін деген талабымыз орынды шығар деп
ойлаймын. Осылар шетінен орындала бастаса, біз де
өзімізге қойылатын кәсіби талапты күшейте түсер едік.

– Қазақ оқырманы ше? Олардың ақпараттық

өнімге қатысты талғамы мен сұранысы қаншалық­
ты ауысты? Олар қазір нені қалайды?

– Қазақ оқырманы бәрін қалайды. Қазақтың жаны

сүйіп оқитыны – поэзия немесе проза, тек қана таным­
дық шығармалар десек қателесеміз. Оқырманның руха­
ни сұранысын арттырып, деңгейін көтеру үшін, әрине,
интеллектуалдық дүниелер керек. Бірақ «қазақ та адам

баласы» (Абай), оған да базардың нарқы, банктің қыз­
меті, балабақшаның тәрбиесі, киім-киіп, ас ішудің, үй
сәндеудің қыр-сырын білдіретін мәлімет керек. Сондай
ақпараттық өнімге қатысты сұраныс өте зор. Қазақ бас­

пасөзі оқырманның әлгіндей сұранысына ден қойып
жүруі керек. Өзіміз білетін Ресейде қазір газет-журнал­
дың қандай түрі жоқ десеңізші?! Қажет десеңіз, көр­
ген түсіңізді жорып беретін журналдар да бар. Жалпы,

оқырман сұранысын, әсіресе, оқырманның сапалануын
ойлап, бұрынғы «Қазақ», «Айқап» басылымдарының
жолымен шыққан, шығып жатқан газеттер мен телебағ­
дарламалар бізде аз емес. «Халық Кеңесі» деген газет

болды. Белгілі журналист-публицист Жұмабек Кенжа­
лин басқарған. Салмақты, мазмұнды мақалаларымен
мемлекеттік ой-сананы қалыптастыруға болатынын ал­
дымен дәлелдеген басылымның бірі – осы газет болды.

Шерхан Мұртазаның тұсындағы «Егемен Қазақстан»,
Жарылқап Бейсенбайұлы «бесігінде тербеткен» «Ана
тілі», Нұртөре Жүсіп туын жайқалтқан «Жас Алаш»,
Мейірхан Ақдәулетұлы орталықтан жырақта жатып

шығарған әйгілі «Алтын Орда», Талғат Ешенұлының
«Жас Қазағы», Қазыбек Исаның «Жас қазақ үні», Ермұ­
рат Бапидің «Дат» жобасымен жарық көріп жатқан га­
зеттері оқырманның талғамын да, таңдауын да өсірді.

Ойлы оқырманның бәрін ұлт қамы үшін толғанатын,
жаны ауыратын азамат етіп қалыптастырды.

– Әлемдік журналистикадағы басты тенденция –

интернет журналистика көшіне қазақ журналистері
ілесе алып отыр ма? Қазақ сайттары қай жағынан
ұтып, қай жағынан олқы шығуда?

– Интернет журналистика көшіне қазақ журналис­

тері де бірден ілесе жөнелгенін бәріміз көріп отырмыз.
Интернет журналистика еліміздегі ресми, бейресми
БАҚ-тың бәріне балама әрі бәсекелестік әлеуеті күшті
ақпарат көзіне айналып үлгерді. Мен қазір қазақ сайт­

тарының және тездетіп ашылып жатқан қазақтілді сайт­
тардың бәрі ұтысқа шығып отыр деп есептеймін. Себебі
біздегі газет-журнал, телеарналардың форматына ла­
йықталып жасалған ақпараттар мен мәтіндерден жұрт,

әсіресе, жастар жалықты. Сондықтан да олар ғаламтор
арқылы тарайтын ақпараттарды тұтынатын қауымға ай­
налып шыға келді. Тұтынушы ғана емес, олар азамат­
тық журналистиканың дамуына да үлес қосуда.

– «Келешекте газеттердің тиражы кеміп, оның ор­

нын интернет басылымдар басады» дегенге қалай
қарайсың? Оқырмандардың газеттен интернет ба­
сылымдарға ойысу тенденциясы қазір байқала ма?

– Келешекте газеттердің тиражы сөз жоқ кемиді. Күн­

делікті тұрмысымызға еніп жатқан технологиялардың
бәрінде үнем мен пайда алдыңғы орынға шығуда. Де­
мек, көп шығынды қажет ететін газеттер енді аз жыл­
дардан соң БАҚ-тағы орнын интернетке бере бастайды.

Интернет тек газеттің ғана емес, телевизияның, радио­
ның да қызметін пәрменді түрде бір арнаға біріктіреді.
Былайша айтқанда, аталған БАҚ түрлері жаңа медиа –
интернетте топтасып, бұрынғысынан да зор қуатқа ие

болады. Интернет дәстүрлі БАҚ-ты жоққа шығармай­
ды, дамытады.

– «Аbaі.kz» сайтында бастапқыдағы мақсат пен

бүгінгі нәтиже арасында сәйкестік бар ма?

– Ұлық бір жиында аузы уәлі ағаларымыздың бірі:

«Аbaі.kz» ақпараттық порталы азат ойдың алаңына,
ұлттық пікірлердің трибунасына айналды», – деді. Ға­
ламторға қазақша контент енгізіп, өз әлінше күнін көріп
жатқан «Аbaі.kz» туралы ешкімнен ешқандай пікір сұ­

рап көрмеген едім. Ел іші, зиялы орта солай деп жатса,
солай шығар. Біздің мақсат – Дэн Сяопин ақсақал айт­
пақшы – «бәріне іспен жауап беру» ғана.

– Қандай жаңа жобаларды қолға алу ойларыңда

бар? Ғаламтордағы қазақтілді контентті байыту
үшін тағы не істеуге болады?

– «Абайдың» аясында «Араша» (www.arasha.abaі.

kz) атты ақпараттық-құқықтық сайтты шығарып бердік.
Ілгеріде алашордашылар ағартушылық саясатты қалай
дәріптесе, біз бүгін құқықтық сауатты солай дәріп­
теуіміз керек. Бізде расы керек, «қандай қажетіме жа­

ратам» десең, сол қажетіңді өтейтін заң бар. Бірақ заңға
деген сұраныс пен талап жоқ. Заңға деген сұраныс бол­
мағандықтан, елімізді заңсыздық, коррупция, қылмыс
жайлап барады.

Ал бұл жоба арқылы біз біріншіден, заң мен құқық
саласындағы елеулі жаңалықтарды тұрақты жариялап
отырамыз. Екіншіден, оқырман сайттан өзіне керекті
заңдарды тез тауып ала қоятындай жағдай жасаймыз.

Үшіншіден, оқырмандардың өздері қоғамдағы заңсыз­
дықтар мен құқық бұзушылыққа куә болса, соны осы
сайтта жариялап, талқылай алады. Бұл мақсатта «Ара­

ша сұраймын» деген арнайы айдар ашылған. Яғни, әр
оқырманға өзі түсірген видео мен фотоға түсінік жа­
зып, оны дереу сайтқа жолдау мүмкіндігі берілген. Осы
арқылы қоғамдық құқықтық бақылау орнатсақ деген

ойдамыз. Төртіншіден, кез келген азаматтың, әсіресе,
қолы әр нәрсеге еркін жете бермейтін адамдардың тегін
заңгер кеңесін алу мүмкіндігін қамтамасыз етпекпіз.
Осыны ескеріп, сайтта «Заңгер кеңесі» деген айдар

аштық. Оған қоса бұл сайтты мультимедиалық сайт
етіп әзірледік. «Арашада» суреттер, видео көріністер
мейлінше көп топтастырылмақ. Бір кездері АҚШ-тағы
афроамерикалық, яғни, қара нәсілділердің азаматтық

қақы үшін Мартин Лютер Кингтің азапты тағдыр кеше
отырып күрескенін, күресінің түпкілікті нәтижесінде
жеңіске жеткенін жақсы білеміз ғой. Сол сияқты біз­
де де мықты заңгерлер қазақтың қақын заңнан талап

етіп, қоғамымыздың ділін түзер деген ойдамыз. Абай­
шыл болып, әділетсіздікке ұшыраған жандарға араша
түсейік.
Сұхбаттасқан – Айжан КӨШКЕНОВА

Abaі.kz
2012.02.14

ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ:

ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН

ТАБУЫ КЕРЕК?

Ақпанның 28-і күні «Аманат» интеллектуалды пікір­
сайыс клубының жетекшісі Берік Уәли мырзаның ша­
қыруымен «Жаңа ақпараттық саясат» атты тақы­
рып бойынша өткен дөңгелек үстелге қатысып сөз

сөйлеген едік. Сол жиын үстінде айтқан ойларымды
Abaі.kz порталының оқырмандарына ұсынуды жөн
көрдім. Сонымен...

1. ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІ: НЕ ҰТТЫҚ? НЕДЕН ҰТЫЛ­

ДЫҚ?

Елбасымыз бар, Мемлекеттік хатшымыз бар – бәріміз
ақпараттандыру саясатына назар аударып, көңіл бөліп
жатырмыз. Бұнымыз өте дұрыс. Меніңше болғанда
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің тұжырымдамала­

ры билік пен баспасөздің бұдан былайғы қарым-қатына­
сы қалай болуы керектігін, қандай форматта қалыптасуы
керектігін аңғартса керек. Хатшы «БАҚ үгіт насихат құ­
ралы болып қалмауы керек» деді. «Ура-ураны азайту ке­

рек» деді. Мемхатшының бұл байламдары баспасөздің
өз миссиясын өзіне қайтарып беру қажет дегенді аңғар­
тады. Осы жайтты басқа емес, алдымен, журналисттер
қауымы, біз өзіміз түсініп алуымыз қажет сияқты.

Баспасөз бетіндегі «ураларды» айтсақ, ойымызға бір­
ден қазақ газеттері түсетін шығар. Алайда, қазақ газет-
журналдарының өткен жиырма жылдағы бар тарихы
«уралардан» ғана тұрмайды. Олай дейтін болсақ қала­

мына адал, мынау заманның бар қиын-қыспағына үнсіз
төзіп келе жатқан журналистердің еңбегіне қиянат жа­
сағанымыз. Маңдай терге, төзімге, сенімге, сарқылып

жұмсалған қажыр-қайратқа қиянат жасағанымыз. Қысқа
қайырып айтсам кейінгі жиырма жылдың шегінде:
-Қазақ газет-журналдарының қарасы көбейді. Жұрт­
тың қолы салыстырып оқитын баспасөзге еркін жете

бастады;
-Жабық тақырыптардың бәріне түрен салынды: тарихи ақ­
таңдақтар, ұлтымызға жасалған зорлық-зомбылық, сынақ
алаңдары, экология, көші-қон мәселесі, әйгілі адамдар өмірінің

құпия беттері, ұлттық-этнографиялық танымдық дүниелер...
Құдай-ау, толып жатыр;
-Алаштанушылардың институты да осы қазақ баспа­
сөзінің бетінде қалыптасты.

Ал, енді осының бәрін жоққа шығарып, аузымызды қу
шөппен сүртіп, қарап отырайық па? Жоқ. Тегінде, өткенді
бағаламай, оның жақсы жағын, мазмұнын түсініп алмай
ілгері жылжу мүмкін емес. Осыны алдымен ойымызға

бекітіп алайық. Әйтпесе, бәрін ысырып тастап өмеңде­
генімізден ештеңе өнбейді. Кезекті бір науқан болады да
қояды. Қысқасынан қайырсақ, мазмұн жағынан қазақ бас­
пасөзі ұтты, баянды белге көтерілді.

Ұтылған жағымыз да бар:
-Ақпараттық технологиялардың дамуынан үнемі
кейін қалып келеміз;
-Жарнама нарығында шет қақпай көрудеміз;

-Оқырман сұранысын зерттеп, соған орай «өнім»
ұсынудың тәсіліне аса мән бермейміз, менеджмент жоқ;
-Өзара кәсіби бәсекелестік дегенді бақталастық дең­
гейінен жоғары көтере алмаудамыз;

-Ақпараттық кеңістігімізді беріп қойдық,т.б.
Қалғанын күнде айтып жүрміз, оны өздеріңде жақ­
сы білесіңдер. Ең бастысы біз осы уақытқа дейін билік
ұлттық ақпараттық қауіпсіздікке мән берсе екен деп

зарлаумен келдік. Соны, сол мәселені –

2. ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕ­

ЛЕСІ

– дегенге кезекті рет көңіл бөлейікші. Сендер Ресей

телеарналарының біздің елде қалай тарап жатқандығы­
нан толық хабардарсыңдар. Ресей билігі сол телеарна­
лардың Қазақстанда таралуына қаншалықты мүдделі

деп ойлайсыңдар? Әрине, олар өздері ықпал ететін ақ­
параттық кеңістікте қазақ билігі тұтас қоғамымен өмір
сүргенін қалайтын шығар. Оның үстіне бұл заманда
кім кімге ақпарат кеңістігінде ықпал еткісі келмейді

дейсіз. Мен сіздерге айтайын, бір қызығы орыс газет­
тері мен телебағдарламаларының, радиохабарларының
таралуына алдымен біз өзіміз құлшыныс танытудамыз.
Алма-ТВ, Айкон-ТВ дегендерді білесіңдер. Кабельді

сигнал арқылы телеарналардың таралуын қамтамасыз
ететін құрылымдар. Осы Алма-ТВ, Айкон-ТВ дегеннің
екі тізгін бір шылбырын қолына ұстағандар «әке-көке­
леп» Ресейге барып телеарнабасшыларымен келіссөз­

дер жүргізеді. Сөйтеді де, НТВ, РенТВ,т.б арналардың
Қазақстандағы қалаларда кабельдік жүйе арқылы та­
ралуын қамтамасыз етеді. Аталған арна қожайындары
эфирді тегінге бермейді, қып-қызыл ақшаға береді. Сол

ақшаны қайтарып және оның үстіне пайда табу үшін
жаңағы Алма-ТВ қайтеді дейсіз ғой, жарнама тартады.
Қазақстандағы барлық жарнама берушілерді Ресейдің
телеарналары арқылы ұстап отырады. Осылайша Ал­

ма-ТВ ақша үшін ақпараттық экспанцияға жол ашып,
әрі орыс телеарналарын байытып жатыр. Демек, Қазақ­
телеком басшылығымен бірлесе отырып бетімен кет­
кен Алма-ТВ, Айкон-ТВ сияқтылармен Мемлекеттік

хатшы немесе Мәдениет және ақпарат министрінің
бірі дұрыстап сөйлесуі керек. Орыс телеарналарының
таралымына тыйым жасау өз қолымызда, бірақ соған
мойнымыз жар беремей, жар берсе де, «жағдайымыз»

келмей-ақ жүр.
Ресей газет-журналдарының таралымы да осындай
кепте. Қазпресс, Ернұрпресс... осындай пресстерді бі­
лесіңдер. Сол пресстер орыс газеттерін Ресейден «прес­

теп» әкеліп таратудан ерінбейді. Нарықты, нарықтағы
сұранысты әбден меңгеріп алған. Ресейден әкеледі де
үйіп тастайды. Қазақстандық биліктің үгіт-насихатынан
шаршаған жұрт оны пышақ үстінде бөлісіп алады. Соң­

ғы кездері орыстілді газет-журналдар Қазақстанда бұ­
рынғыдай көп таралады деп айта алмаймын. Бірақ, жа­
ңағы «престер» үйреніп қалған жүрістерінен танар емес.
Ресейдің 140-130 миллион халқы бар. Оқырман қауымы

бізден әлдеқайда көп. Сондықтан орыс басылымдары
Қазақстанға нарық таппай келіп жатыр дегенге мен өз
басым сенбеймін. Олар Қазақстаннан ақпарат саясатын
жүргізетін алаң таппаса, пәлендей табыс тауып жатқан

жоқ шығар. Алайда, бұны сараптау керек. Есеп жүргізу
керек. Ең оңайы әлгі Қазпресс, Ернұрпресс дегендердің
жарғысын қарап, қайта тіркеуге алу керек немесе қыз­
меттеріне тиым салу керек. Сол кезде барып біз аттап

бассаң алдыңнан шығатын саржағал орыс журналдары
мен газеттерінен құтыламыз. Әйтпесе, осылай жүре
береміз. Орыссыз өмір сүретін уақыт болды емес пе?!
Осыны біздің жігіттер неге ұқпайды? Түсінбеймін.

Бөтен тілде ақпарат тарататын, бөтен елдің баспасөзі
бізге дос болмайды. Ал үлкен саясатта үлкен достық,
тіпті, жоқ. Болмаған да. Сондықтан бұл ұсақ-түйек мә­
селе емес, Марат Тәжиндер, Мұхтар Құл-Мұхамедтер

ойланатын мәселелер.

3. АЙМАҚТЫҚ БАСПАСӨЗ. БАЛАМА БАР МА?

Ұлттық ақпараттық қауіпсіздік туралы ойлағанда біз
аймақтардағы қазақ журналистикасының жай-күйін де
тұрақты сөз етіп, білгенімізді ортаға салып жүруіміз ке­
рек.

Қазір облыстық, аудандық газеттер ескірді, қартай­
ды. Аталған газет басшыларының да жасы ұлғайып
кетті. Олар өздері басқарып жүрген газеттерден де әр­
мен қартайды. Неге десеңіз, газет әйтеуір жаңа заман­

ның жаңалықтарын айтып, соны хабарлап жатады ғой.
Мына заманда облыстық, аудандық газеттерге жастар
бармайды. Қайтіп барады? Екі жастың біріне келмей
қартайып, қаусап отырайық деп бара ма? Өйткені об­

лыстық газеттердегі патриархтар, ақсақалдар дейікші,
сені өзінен асырғысы келмейді. «Бала, қайда барасың,
тоқта, – дейді. – Біз сендей кезімізде үлкендерге дүкен­
нен отты су мен темекі таситынбыз. Сен де әйда, шап,

мәгәзінге!» Бұл бір жағынан қызық, өзінше тәтті өмір.
Бұзғың келмейді. Бірақ, бүгінгі ақпараттағы аламан
бұндай өмірге қарамайды. Сондықтан облыс орталық­
тарынан қазақ сайттарын ашу керек. Әрине, менің бұл

пікіріме оппоненттер көп табылатын шығар. Мен олар­

ды түсінемін. Рас, интернетке шекара жоқ. Аймақтың
мәселесін Алматыда, не Астанада отырып алып қаузай
беруге болады. Алайда, сен аса бір елеулі оқиға болма­
са, ұзына кеш өз сайтыңды аймақ мәселесімен ұстап

отыра алмайсың ғой. Солай ма? Ал, облыс жұртшы­
лығын алдымен облыс аумағындағы ауыс-түйіс, гу-гу
әңгіме, ұсақ-түйек оқиға, шетін мәселе қызықтырады.
Солар толғандырады. Ендеше облыстық, аудандық га­

зеттерге балама ретінде аймақтағы ақпараттарды толас­
сыз жариялайтын қазақ сайттарын неге ашпаймыз? Бұл
біріншіден, аймақтардағы қазақ журналистикасының
дамуына әсер етеді. Екіншіден, аймақтардың мәсе­

лесін республика жұртшылығының назарында ұстауға
мүмкіндік тудырады. Үшіншіден, ақпараттық тұтас­
тықты қамтамасыз етеді. Төртіншіден, жергілікті билік
органдарын ақпарат саласымен жаңа үлгіде жұмыс жа­

сауға жетелейді. Бесіншіден, аймақ тұрғындарының
азаматтық белсенділігін арттырады. Осылай тізе беруге
болады. Егер, облыс орталықтарындағы жалынды жас­
тардың ойында сайт ашу мәселесі жүрген болса, Abaі.

kz ұжымы ақыл-кеңес беріп, тәжірибе бөлісуге дайын.
Менің білумше, кейінгі кездері облыстық газеттердің
қағаздық нұсқасынан гөрі веб-парақшалары көп қарала
бастайтын болды. Кейбір газеттер, мысалы, Ақтөбе об­

лыстық «Ақтөбе» газетінің электронды нұсқасы барлық
талапқа сай жария көріп тұр, altaynews.kz сайтының
жаңалықтарына орталықтағы телеарналар сілтеме жа­
сайтындай жағдайға жетті.

Ел ішінде интернет жаңалықтарын тұтынуға деген сұ­
раныс та жоғары. Осыны ескере отырып Мәдениет және
ақпарат министрлігі Қазателеком АҚ-мен ортақ мәмлеге
қол қойып алыс ауылдарға дейін интернет желісін тар­

тып беруі керек. Біз қағаз өндірмейтін елміз. Жеріміз
ұлан-байтақ. Газеттер уақытында жетпейді. Ал, интер­
нет «алты айшылық жерлерден көзіңді ашып-жұмған­
ша жылдам хабар» беріп отырады. Осы бір шаруаны

тездетіп қолға алып жіберсек, ақпараттандыру саясаты
өзінің алғашқы нәтижесін беріп үлгерер еді.

4. ИНТЕРНЕТ ЖУРНАЛИСТИКА

Аймақтық баспасөз туралы айтып отырып біз аяңдап
Интернет журналистикаға да келіп қалыппыз. Қазір
осы Жаңа медиа жайында айтып жатырмыз, күнде ай­
татын болдық. Мен соның ішінде мына бір жайтқа тоқ­

талсам деймін.
Интернет журналистика азаматтық журналистиканың
белсенділігін тудыруда. Бұл дұрыс. Бірақ қазақ интер­
нет журналистикасын ойлағанда біз қазақ баспасөзінде

қалыптасқан мектепті, қалыптасқан кәсіби біліктілікті
ұмытпауымыз керек. Турасына көшсек, қазір біз қазақ
баспасөзіндегі дәстүрлі мектептің тәжірибесін интернет
журналистиканың жаңашылдығымен үйлестіре білуіміз

керек. Қазақ баспасөзі туралы бір сұхбатында Ерлан Қа­
рин мырза «Қазақ баспасөзі ұлттық партияның қызметін
атқарып келе жатыр» деп еді. Қазақ баспасөзінің сол
позициясы, сол ұстанымы, сол мазмұны енді интернет

журналистикадан көрініс табуы қажет. Содан кейін оны
ішінен жаңарт, өзгерт, түлет, дамыт. Ең бастысы – біз қа­
зықты мықтап қағып алуға тиіспіз. Интернет журналис­
тиканы азаматтық журналистика деп қана түсініп, аза­

маттық журналистикаға ерікті беріп қойсақ, онда біздің
«Жаңа медиа» деп жүргеніміз балабазар болып кетеді.
«Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі
Есенгүл Кәпқызы өткенде бір қызық мысалдар келтіріп

еді, қазір ұмытып отырмын... қысқасы, азаматтық журна­
листиканың өкілдері, блогерлер, жазу мәдениетімен жете
танысып, жазуды үйреніп алса, қуанар едім. Түбі солай
болатын шығар. Әйтпесе, ойын толық жеткізе алмайтын

блогердің белсенділігі өз басының соры не мазағы ғана
болып қала береді. Азаматтық журналистиканың өкіл­
дері – ақпараттық технологияларды қалауынша пайдала­
на алатын жастар. Енді осы қабілеттеріне жазу өнері мен

байқампаздықты, алғырлықты, білімдарлықты қосып да­
мытса, дәстүрлі БАҚ-қа теңдессіз әріптес әрі бәсекелес
болар еді. Қазірдің өзінде сол нышан байқалады. Аза­
маттық журналистика азаматтық қоғамның қалыптасуын

жылдамдататын күшке айнала ма деп үміттенемін. Аза­
маттардың белсенділігін арттырады ма деген ойдамын.
Азаматтық қоғамда журналистерге тақырыпты орта­
ның өзі дайындап береді. Тарата айтсақ, бір ұйым бір

жерде наразылық акциясын ұйымдастырып жатады, бір
ұйым жаңа бастама көтеріп жатады, тағы бір ұйым тағы
бір іске мұрындық болып жатады. Содан журналистер
тыным таппайды. Бізде керісінше. Қоғамға тақырыпты

журналист тауып береді. Қоғам оған содан кейін барып
мән береді. Міне, сол тақырыпты тауып беру мәселесі­
мен қазір интернет журналистика айналысуда. Дәстүрлі
БАҚ-тан оның озықтығы да осыдан байқалады. Әйтсе де,

қайталап айтамын, қазақ баспасөзінің мазмұны енді Жаңа
медиадан жалғасын табуы керек. Ол үшін ғалымдар, та­
рихшылар, бәрі-бәрі, интернетке көңіл бөліп, онымен тіл
табысуы қажет. «Мен интернетті білмеймін, сайтты біл­

меймін» деген сөз «мен – наданмын» деген сөз.

5. КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ. ҚАЙТА ДАЙЫНДАУ

Қара тани алатын қазақ – интернеттің тұтынушысы
бола алады. Оған тек ықылас қойса болды. Ал, Жаңа
медиада – интернет журналистикада, қызмет ету аз­
даған еңбек етуді талап етеді. Мемлекеттік хатшының

жиынында кадрларды дайындау мәселесі айтылып қал­
ды. Күте беріңіздер, біздің науқаншыл қоғамда таяуда
бір қарбалас басталады. Қандай дейсіз ғой? Мемхат­
шы көтерген мәселеге орай Жоғары оқу орындарының

оқытушылары шетелдерге тәжіриебе алмасуға аттана­
ды. Газеттерде сала-құлаш мақалалар көбейеді. Бір екі
белсенді студенттің шимайы, тіпті, «Егемен Қазақстан»
газетінің бетінде де жарық көруі мүмкін. Жарайды, бұ­

лай болмайды делік. «Урадан» қашып отырған Тәжин
мырзаның өзі ондай жылтырақтарды тыйып тастауы
мүмкін. Алайда, Еуразия мен Әл-Фарабидің (еліміздегі
іргелі оқу орындары) журналист кадрларын дайындап

жатқан оқытушылары бастарын сығымдап алып шап­
қылайтыны сөзсіз. Мырзалар, басты қатырудың қажеті
шамалы, біздіңше болғанда кадр дайындаудың тамаша
бір мүмкіндігі бар! Ол мүмкіндік – бүгінгі ақпараттық

технологияның өз мүмкіндігі. Әсілінде, шәкірттің тео­
риялық дайындығы кемел болғаны жөн, бірақ, прак­
тиканың аты – практика. Оқытушы күнұзақ шәкірттің
миын теориямен «шіріткенше» қолына айфон ұстатып

көшеге жібергені дұрыс. Аудиторияда оқытушының

өзі ғана қалып, оқиға ортасында жүрген шәкірттерінің
жұмысын «whatsApp» арқылы қабылдап алып және
тапсырма беріп отыруды оқудың іс-тәжірибесіне енгі­
зе алса болды, жарты жылда «жалмаңдаған» рептортер

дайын деген сөз. Осы орайда белгілі тұлғалармен он­
лайн-лекциялар өтікізіп, ықпалды басылымдармен бір­
лесе отырып онлайн-практикалар ұйымдастырудың да
басы артық болмас еді.

Мемхатшымыз студенттердің іс-тәжірибе сынағынан
өте алмайтындығын да біледі екен. Расында солай және
шынына жүгінсек, тәжіриебе жұмысына жүрдім-бардым,
ілдебаймен келетін шәкірттің редакция басшыларының

бірінен тапсырма алып тындыра қоятын жұмысы да аз.
Сондықтан тәжіриебеден өтудің бағдарламасын ЖОО өз­
дері дайындауы керек. Бағдарламада шәкірттің таңдаған
редакциясы (газеті, радиосы, телеарансы, сайты), редак­

ция тарапынан белгілеген жетекшісі, алған тапсырмасы,
шәкірттің өзі ұсынған тақырып, шәкірттің ақпараттық
технологиялардың мүмкіндігін пайдаланып жасаған жұ­
мысының нәтижелері, т.б. тегіс қамтылуы керек. Тәжіри­

бе жұмысы және бір ай, жарты аймен шектелмей, жыл
бойына жалғасуы тиіс. Тәжіриебеден жалқы сәт мойыны
босамаған шәкірт ЖОО оқу бағдарламасынан тыс дербес
ойлай алатын, өз бетімен ізденетін, бойындағы қабілет-

қарымымен тиісінше жұмыс жасай білетін тұлғаға ай­
налады. Сондай талапкер баланың жазған сызғаны газет
беттерінде көрініс тауып, эфирлерден шығып жатса, оған
еш таң қалмаймыз.

Кадрларды қайта дайындау мәселесі радио мен те­
левизияның журналистеріне, әсіресе, қатысты мәселе.
Оны осы саланың мамандарымен кең отырып сөз етсек,
құба-құп болады деп ойлаймын.

6.КӘСІБИ БӘСКЕЛЕСТІК БАҚТАЛАСТЫҚ ПА?

Менің ұғымымда бәсекелестік дегеніміз – алдымен
бірлік. Бірлік бар жерде, түсіністік пен жарастық орын
алған ортада шынайы кәсіби бәсекелестік қалыптасады.
Қазақ журналистері бір-біріне жанашыр болуы керек.

Бір-бірімен көрген білгенін бөлісіп жүрудің де артық­
тығы жоқ (әрине, әр редакцияның коммерциялық,т.б.

құпиялары болады. Оны қызметтік этикаға байланыс­
ты жария етудің қажеті жоқ). Мемлекеттік, ұлттық
мазмұны терең мәселелерде қазақ журналистері, тіпті,
тұтасып кетуі керек. Өкінішке қарай, қазақ журналис­

терінің арасында кәсіби бәсекелестікті бақталастық деп
түсінетін бір қортық түсінік бар. Кәсіби бәсекелестік
бақталастық емес. Алайда, бізде кәсіби бәсекелестікті
жолға қоятын тетік те табылмай тұр. Мысалы, 300-350

мың жалақы алатын телеарна тілшісімен 40-50 мың жа­
лақымен күнелтіп жүрген апталық газеттің қызметкері
қандай бәсеке нарығында қатар тұра алады? Бұл мүмкін
бе? Былай қарасаң екеуінің де мұрыны қанап жұмыс жа­

сап жатқаны шамалы. Телетілші оқиға ортасына бара­
ды, сюжет түсіреді. Стендап жасайды. Студияға келеді.
Текстін жазып, оқиды. Бейнематериалды монтаждайды.
Бітті. Осылай тынбай бір айда 20-22 сюжет жасаса же­

теді. Кемінде 200-250 мың теңге қалтада. Телетілші әлгі
бір ай бойы жазғандарын жиып алып қараса, «Түркіс­
тан» апталығының жарты беті, асса бір беті. Ал апта­
лық тілшісі редакцияда отырып алады да аннан-мыннан

оқығанын, ойына түйгенін жапсырып жазып шығады.
200-300 жол. Жаны аса қинала қойған жоқ. Апталыққа
бір, белсене кіріскенде екі мақала жазсаң, жетіп артыла­
ды. Газеттің қалған беттерін редактордың сүйікті автор­

лары-ақ толтыра салады. Бірақ, құрығыр ақшасы аз. 40-
50-ақ мың теңге. Зейнеткер сияқтысың. Мен бұл сөзімде
басқаны емес, таза әлеуметтік мәселелерді айтып отыр­
мын. Енді не істеу керек? Не істеу керек дейсіз бе? Ап­

талық газеттерді журналдарға айналдыру керек. Қазір
әлемде апталық газет деген атымен жоқ. Аптасына бір
рет шығып тұратын журналдар бар. Күнделікті жарық
көретін газеттің тілшісі күнде жазады. Демек, оның осы

еңбегіне орай жалақысы мен қаламақысы да жоғары бо­
луы қажет. Ең дұрысы қаламақы. Қаламақы белгілеу
тәртібі редакция қызметкерлерінің ішкі бәсекелестігін
қамтамасыз етуі керек. Бір шындықты айтайын. Қала­

мақыны біздің редакция әкімшілігі дұрыс қоймайды.
Журналистің еңбегін еңбегіне қарап емес, пысықтығы­
на, өзіне жақындығына қарап бағалайды. Сол себептен
де бұндай қаламақы жүйесін Батыс баспасөзінде қол­

данылатын «Таймшит» бағдарламасына өзгерту қажет.
Аталған бағдарлама бойынша әр журналист өзіне өзі қа­
ламақы қоя алады. Артық қаламақы талап ете алмайды,
кем алдым деп ренжімейді. Әгәрәки, билік баспасөзбен

жұмыс істеудің мемхатшы айтқандай жаңа форматына
тәуекел етіп көше алса, қаламақы белгілеудің «Тайм­
шит» бағдарламасы қазақ баспасөзінде (ТВ, радио, га­
зет, сайт) көрініс табары даусыз. Қоғамды ақпараттан­

дырудың жаңа саясаты, қаржы, еркіндік, бәсеке, кәсіби
біліктілік толықтай бір арнадан үйлесім тапса, қазақ
баспасөзінің бағы ашылар деген ойдамын.
Қазақ газеттері қазір қандай да бір «ЖШС»-лердің

құзырында өмір сүріп келеді. Әйткенмен де сол «жшс­
лердің» қазақ газеттерін жарылқап жатқандары шамалы.
Қазақ газеттері мемлекеттік сатып алу конкурстарының
арқасында күн көріп келеді. Мемлекеттің арқасында күн

көріп келеді. Әрбір салық төлеушінің арқасында күн көріп
келеді. Бірақ, қазақ газеттері салық төлеушіге емес, билік­
ке қызмет етеді. Жүйе солай етіп қойған. Жүйе деген қа­
зақ баспасөзін жүйкелетіп бітірді. «Ананы жазба, мынаны

жаз!». «Ана мәселені неге жазғансың?! Неге жазғансың
деймін оны?!» деп Елорда жақтан қоңыраулар соғылған
кезде бас редакторлардың бүрсең қақпайтыны кем. Со­
дан кейін «аш құлақтан тыныш құлақ, қойшы осы, текке

жүрейінші» деген ұстанымға кім де болса бой алдырары
сөзсіз ғой.
Мемлекеттік сатып алу конкурстарынада «лот» деген
пәле бар. Лот дегеніміз – тақырып. Кім қандай лотты,

яғни, тақырыпты ұтты, соны сол жыл бойы жырлап
шығуға міндетті. Жырыңнан айныма. Тапсырма сол.
Тапсырыс беруші тараптың да түсінігі – осы, орындау­
шының да түсінігі – осы. Сонда бұл не? Бұл түк те емес.

Мемлекеттік хатшының тілімен айтсақ, «ақшаны отқа
лақтыру», қазақшаласақ, «ақшаны желге шашу». Қо­
ғамды ақпараттандырудың жаңа жағдайына, жаңа мәде­
ниетіне біржола көшпесек, бұл ахуалдың өзгере қоюы

да қиын. Өте қиын. Қазақ баспасөзіндегі творчество­
лық дамуды тежеп тұрған да, қазақ журналистерін ма­
сылдық психологияға душар еткен де осы мәселе.

Қазақ газеттерін мемлекеттік тапсырысқа ғана қаратып
қоймаудың тағы бір жолы бар. Ол жол газеттердің акция­
ларын ұлттық компанияларға сату дер едім. Мәселенки,
елімізде орыс тілінде шығатын газеттердің аржағында ірі

коммерциялық құрылымдар, қаржылы топтар тұр. Солай
екен, ендеше, коммерциялық құрылымдар қазақ газет­
терінің акцияларына да иелік етсін. Директорлар кеңесі
газет редакторын бекітсін. Газет редакторы директорлар

кеңесінің шешімі бойынша үш жылға тағайындалуы ке­
рек. Үш жыл ішінде бас редактор өзіне жүктелеген мін­
деттемелерді толық орындай алса, келісім шартты одан
әрі ұзартуға болады. Орындамаса, тағайындау шартын

мерзімінен бұрын тоқтатып тастаған жөн. Бұл талап сөз
жоқ бас редакторлардың арасындағы кәсіби бәсекелестік­
ке серпін әкеледі деген ойдамын. Және бұл талапты газет
редакторларына ғана емес, барлық БАҚ басшыларына

қойған абзал.
Қазақтілді БАҚ жарнама нарығынан шет қалуда. Ол
үшін Жарнама туралы заң қайтадан қаралуы керек.

7.САРАПШЫЛАР БАР. САРАПТАМАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ­

ТАР ЖОҚ

Мен орыстілінде сараптамалық мақалалар жазатын
жазғыштарды білемін. Ресейдің ықпалды басылымда­
рындағы ойларды алады да, қазақ қоғамына ыңғайлап
жасай салады. Қала берді философиядағы, социоло­

гиядағы авторитеттерден келсін-келмесін цитат алады
да, сілемейлеп бірдеңе жазған болады . Оның айтқаны
біздің жағдайға келе ме, жоқ па оған, тіпті, мән бер­
мейді. Біздегі шынайы жағдаймен орыстіліндегі са­

раптамалық материалдарды салыстырып қараңыз, кү­
лесіз. Қоғамымыз өз шындығынан аса алмай жатады,
ал, оған қатысты айтылған ойлар мен идеялардың бәрі
ақ дамбалға қара жамау салған сияқты бірдеңе: космо­

политтік идеялар мен ойлар. Бір қызығы тап сол кезде
қазақ тілінде де белгілі бір жағдайға тиісінше сарапта­
малық мақалалар жазылып жарық көріп жатады. Әлгі
мақаладан мол мағлұмат аласың, ситуацияны түсінесің,

ой түйесің. Бірақ, оны билік құлағына ілмейді. Неге?
Себебі: осы уақытқа дейін билік қазақ тілінде айтыл­

ған қоғамдық ойлармен есептесудің мәдениетін меңге­
ре алмай келеді. Қазақ сайттарында, қазақ баспасөзінде
қаншама құнды дүниелер жазылды? Әлі де жазылаты­
ны даусыз. Соның бәрі есепке алынуы керек. Қит етсе,

билік орыстілді зерттеу орталықтарының, сараптама­
лық орталықтардың өтірік-шыны аралас, өтірігі басым
мәліметтеріне сүйеніп сөйлейді. Тап соны қазақтілді
жігіттер жасай алмайды ма? Жасайды. Жасағанда қан­

дай! 2000 жылдары Мұхтар Сеңгірбай мен Ержан Әбді­
раманның күнделікті мақалаларының өзі бір институт­
тың мамандары отырып алып жасайтын сараптамалық
материалдардан кем түспейтін. Қазір осы екі жігіт бас­

пасөзден көрінбей жүр. Көңілдері қалған болар. Әйтсе
де, қажудың, қолды сілтеп кетіп қалудың қажеті жоқ.
Қазір қазақ баспасөзімен қойынқолтық жұмыс жасай­
тын сараптамалық орталықтар аса қажет. Ол орталық­

тардың қоғамдық қызметін мемхатшы өзі белгілеп
беріп отырса да қарсылығымыз жоқ, қайткенде зерттеу,
сараптау орталықтары енді қазақ тілінде жұмыс істеуі
керек. Саяси оқиғаларға маман ретінде де қазақтілді

жастар мен ұйым өкілдері көптіп тартылсын. Өйткені
біз өз мемлекетіміздің өркендеуіне мүдделіміз. Қазақ
қоғамында космополиттік емес, ұлттық ойлау жүйесі
қалыптасып қанат жаятын уақыт жетті.

Астана. «Аманат» интеллектуалды
пікірсайыс клубы, 28 ақпан
Abaі.kz
2013.03.04

ИНТЕРНЕТ-

КОНФЕРЕНЦИЯ: Дәурен ҚУАТ

– Абай.кз порталын дүниеге әкелу идеясы қайдан

пайда болды? Алғашқы күндерден есіңізде қалған
қандай жайтты қадап айтар едіңіз? «Абайдың» ая­
ғынан тұрып кетуіне кімдердің жәрдемі тиді?

– Бұл сауал маған интернет-конференция барысында

келіп түскен сұрақтар мен пікірлердің соңын ала жол­
даныпты. Әйтсе де, мен әңгімені осы сұрақтан баста­
ғанды жөн көрдім. Өйткені, арада дөңгеленіп төрт жыл­
дың айы мен күні өтіп үлгергенімен, оның да өзіндік

ыстық-суығы, қимас сәттері, қиналтқан шақтары болды
емес пе? Оның үстіне, қандай да бір игілікті істің бас­
тауы бар, ол іске түрткі болатын жайттар және табыла­
ды дегендей...

Сонымен, «Абай» қалай басталды?
2008 жылы сәуір айында мен республикалық «Жас
қазақ» газетіне бас редактор болып тағайындалдым. Га­
зеттің әкімшілік басқару ісіне де сол кезде ағайынды бір

жігіттер келіп жатты. Әлгілер келген бетте-ақ жөн сөзді
ұға бермейтін орыстілді ноқалай жігіттер екендігін бір­
ден байқатты. Шығармашылық ұжым оларды қабыл­
дамады. Ал «әкім-қараларым» болса, мені «бір коман­

дамыз» деп түсінсе керек, «журналистердің айлығын
қысқартайық», «қаламақыдан қағайық», «жұмысқа
кешігіп келсе, біркүндік еңбекақысын жазбай таста­
йық» дегендей ұсыныс айта бастады. Ұсыныс айтып

қана қойған жоқ, соның солай болуы керектігін менен
талап етті. Мен ондай дөкірлікке төзіп отыра алмадым,
басында, рас, талантты ұжым мен жап-жақсы газетті
сақтап қалу үшін бар дипломатиямды жұмсадым да,

болмаған соң бір ай, бір жарым айдың жүзінде табан­
ды түрде шығармашылық ұжымның жағына шықтым.

Менің бұл шындығыма күмән келтіретіндер болса, сол
кездегі ұжымнан: Әмірхандар мен Сәкендерден, өзге
де қыз-жігіттерден сұрасын. Онымен қоймай менің
«Жас қазақтың» төріне барып «жайғасқаным» әлдебір

ағайындарға да жайсыз тиіпті. Олар текке қарап жүр­
мей, жоғары жаққа, дұрысы – газет құрылтайшыла­
рына домалақ арыз жүгіртті. Әлгілердің салақұлаш
«арыз-армандарын» бір реті келгенде өзім де оқыдым.

Ұят-ай... Сөздің қысқасы, «Жас қазақтан» кететінімді
түсіндім. Әрине, бас редакторлық дегенді ұлық қызмет
көріп, битімді салып отырып алсам болатын еді, бірақ,
мен еркімше жұмыс істеп, азат ойлайтын орта болма­

са, мүләйім хал кешіп жүре алмайды екенмін. Асқан
сорлы, ынжық немесе қолынан түк келмейтін біреу
болмасаң, мына заманда ептеп өз бетіңше күнелтуге,
өз қалауыңдағы ортаны қалыптастырып, отбасыңа,

Отаныңа қызмет етуге азды-көпті мүмкіндік бар. Ол
мүмкіндік – жаңа медиа кеңістігіне бару деп түсіндім.
Осы идея ішіме түсіп алып, шықпай қойды. Бірде жұ­
мыстан кешқұрым бірге қайтып келе жатып ойымды

Айдосқа – Айдос Сарымға айттым. Айдос «Жас қазақ­
тағы» шенеуніксымақтардың зорлығын жақсы білетін.
Сол үшін де газет редакциясына соғып жігерлендіріп,
әзіл әңгімелердің шетін шығарып, мені сергітіп кетіп

жүретін. Сайт ашу туралы ұсынысымды білдіріп едім,
Айекең: «Тап осы мәселе менің де ойымда көптен бері
жүр еді. Кеттік, ат басын бұралық мына бір дәмханаға»,

– деп күліп жіберді. Елбасымыздың «Мен Астананың

сәулетті құрылыстарын салфеткаға сызып түсіргенмін»
дейтін сөзі бар ғой, сол кісі сияқты біз Айдос екеуміз
де «Аbaі.kz» ақпараттық порталының дизайнын «Дос»
деген дәмханада отырып, салфеткаға сызғанбыз. Сосын

оны қойын дәптерлерімізге түртіп алдық та, барлық ай­
дарларын тізіп шықтық. Бұл, ұмытпасам, 2009 жылы
ақпан айы болатын. Содан «Тәуекел, Алла!» деп іске
кірістік. Алдымен сайтқа салмақты ат қою керек болды.

Бұған біраз бас қатырдық. Сөйтіп жүргенде қатарымыз­
ға Ақберен Елгезек қосылды да, «Абай» доменін тір­
кетіп қойғанын айтты. Қысқасы, ақпараттық порталға
Ақбереннің, өзімше айтсам, Акоштың арқасында хакім

атамыздың аты берілді. Сондықтан мен «Абайдың»
асуы, алған биігі Ақберен Елгезекті әрқашан қуанышқа
бөлейді деп білемін. Бір мақаласында Ақберен «Абай.
кз» тарихқа еніп кетті» деп жазыпты. Анау-мынау­

ға селт етіп мақтана қоймайтын, асып-таси бермейтін
мені бұл сөз қатты толқытты.
«Абайдың» аяғынан тұруына біздің жақын доста­
рымыз, мүдделес, ниеттес, қанаттас бауырларымыз да

жәрдемін тигізді. 2009 жылдары Берік Әбдіғали Пре­
зиденттің Мемлекеттік тіл қорын басқаратын. Берік
басқарған қордың бір байқауына қатысып, жеңімпаз
болдық. Бауырын енді жазып келе жатқан сайттың жұ­

мысына Берік Әбдіғали мырза бөлген 300 мың теңге
кәдімігідей жәрдемін тигізді. Қазағын, туған елін әл­
декімдер сияқты «сүйемін, жолына жаным құрбан»
деп айқайламай-ақ жақсы көретін азаматтар: Дархан

Қалетаев пен Ерлан Қарин бағдарламашы балаларға
қажет тиын-тебенді таба алды. Саясат және өнерта­
ну институтын басқарған Ерлан Саиров құрақ ұшып,
бір бөлмесін аз күнге босатып берді. Мұхтар Тайжан

досымыз да қолынан келетін көмегін аяп қалған жоқ.
Оқыған-тоқығаны көп менің сыралғы достарым Талғат
Ешенұлы, Дидар Амантай, Сәкен Сыбанбайлар сайт­
тың контетін байытуға үлес қосты. Өркен Кенжебек,

Ерлан Әбдірұлы сияқты іні-достарым да «Жас қазақта»
жүрген кезіміздегідей менен тапсырма алып, кейде өз­
дері жазып, «Абайдың» «ауылынан» табылды. Тек осы
азаматтар ғана емес, қазақ тілді газет-журналдар мен те­

леарнадағы әріптестерімнің бәрі тілеулестігін білдірді,
«әйт, шу!» деген атқа сеп» дейді қазақ, тілеулес әріп­
тестерімнің бірі жарқылдап, жылы лебізін жеткізсе,
бірі өздерінде жарық көре алмай жатқан мақалаларды

жолдады. «Хабар» арнасындағы қыздар, тіпті, екі-үш
ай маған жанқалталарынан шығарып «жалақы» төлеп
тұрды. Сол шақтарда осындай жантебірентерлік жа­
қындығын көрсеткен жандармен қазір ет-жақын туыс

болып кеттік. «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең істің
бәрі бостың» ғажабына өз басым осылайша тәнті бо­
лумен келемін. Сол кезде де тісін-тісіне басып: «Мына
пәле енді мына жақтан шыға келді ме?» – деп сыздан­

ғандар да болды. Олар да, Құдайға тәуба, баршылық,
соның қайсыбірін осы конференциядағы сұрақтарынан
байқап отырмын. Аман болсын, өз қазағым, өз жұртым.
Жан баласына жамандық тілете көрмесін Жаратқан.

Алматыдағы Абай мен Бауыржан Момышұлы кө­
шесінің қиылысында 40-45 шаршы метрлі шағын пә­
терім бар-ды. Соның асүйіне кіріп алып таң атқанша
сайтқа материал теріп отырған кездерім болды. Айдос

пен Ақберен жазады. «Азаттықтағы» жұмысынан қолы
қалт етсе, Өміржан қосылады. Дизайнер-бағдарламашы
Әсет бар, бәріміз тәуліктер бойы көз ілмей жұмыс істе­
ген күндерді бастан кештік. Сондай жанкештілігіміздің

арқасында (құрметті оқырман, айыпқа бұйырмаңыз,
солай деуге қақым бар шығар деп ойлаймын осы күні)
Abaі.kz ақпараттық порталы жаңа медиа кеңістігінде
қалыптасты. Дәстүрлі БАҚ-қа балама ретінде елге та­

нылды.

– 4 жылдық құтты болсын! 4 ғасырлығын ұрпақ­

тар тойлата берсін! Дәурен Қуат, Айдос Сарымдарға
алғысымызды білдіреміз. (Құрметпен қазақ оқыр­
маны).

– «4 ғасырлығын» деген тілегіңіз қабыл болсын! Жа­

сампаз істердің мәңгілік екендігіне сеніп өмір сүретін,
сол сенім жолында алған бетінен қайтпайтын адамдар­
ды біздің қоғам құрметтеп үйренсе екен деймін. Біздікі
сондай игілікті істің бірі болып қалса, жетеді.

1909 жылы Қазан қаласында Абайдың алғашқы кі­
табы басылып шыққан. 2009 жылы ойшыл ақын есімі
ғаламторға «байланды». Осыдан-ақ ғасырдан ғасырға
жалғасатынымызды білуге болатын шығар.

– Дәурен мырза, порталдарыңыз керемет! Ендігі

жерде порталдың мазмұндық, дизайндік дамуы қа­
лай болады? Қандай жаңа дүниелер көре аламыз?

– Сайттың дизайнын ептеп жаңалап жатырмыз. Жа­

ңалай да береміз. Бірақ алғашқы нұсқасын өзгерту
әзірге жоспарымызда жоқ. Сайт бетін әрлеудің шеті
мен шегі жоқ екендігін көре тұра алғашқы нұсқадан
аулақ кеткіміздің келмейтін себебі – жұрттың көзі үй­

реніп қалды. Бұны – бір деңіз. Екіншіден, жаңа дизайн
«Абайдың» мазмұнына нұқсан келтірмеуі керек. Неге

десеңіз, әлем-жәлем дүние «Абайға» тән емес. Мыса­
лы, «Masa.kz» сайтының жаңа дизайны сайттың «бетін
бұзып» жіберді. Соған «әттеген-ай» деп отырмыз бүгін.
«Қателескеннен қорықпау қажет. Алайда бір қателікті

қайталай беру – ақымақтық» (Ошо) болып шығады.
Ақпараттар тасқыны адамзат қоғамын асықтырған
заманда жаңа бір дүниелерді жоспарлау, тек жоспармен
жүріп-тұру қиын. Алдағы күндерден үміт етуге болады,

әлдебір мүмкіндікті меже тұтуға болады, бірақ, соның
бәрін қатаң жоспарға енгізу және сол жоспардағыны
жария етемін деу мүмкін емес. Бас редактор – соғыс
қимылдары жүріп жатқан майдан даласындағы әскери

басшы сияқты: сондықтан оған тосын шешім қабыл­
дап, батыл әрекетке барып отыру қажет. Біздің баспа­
сөздегі басшыларға, әсіресе, керек мінез – осы. «Өгізді
де өлтірмей, арбаны да сындырмайтын» митыңмен де

біраз жерге баруға болады. Бірақ, оқырманға обал ғой.
Ал «Абайға» келер болсақ, айтарымыз қысқа: жаңа
дүниелерге, жаңалыққа әркез құштармыз. Жаңалық­
тармен, ақпарат кеңістігіндегі жаңа дүниелермен тату

ұжым «Абайдың» оқырманын жалықтыра қоймас. Мен
тек («арық сөйлеп, семіз шығудың» салтымен ) жалық­
тырмауға ғана уәде ете аламын.

– Abaі.kz қаржыны қайдан алады осы?

– Бұл сұрақ құрылтайшыларының «құдіретті»

екендігі, демеушілерінің «жебеушіден» кем түс­
пейтіндігі байқалып тұратын баспаөздің біріне қойылса
жөн болар еді. Біздің хәл «осы қыстан аман шықсақ»
дегеннің кері. Күніне пәленбай мақала беріп жатамыз,

авторларымыз да баршылық, интернет-конференциялар
ұйымдастырамыз, кездесулер мен басқосулардың да
ұйытқысы болып жүреміз, сонымызды көріп, кейбіреу­
лер ойлайтын болса керек, «мыналар ақшаларын қайда

шашарын білмей жүр ғой» деп. Жоқ, олай емес, басқа-
басқа, бізді алдымен баспасөздегі ағайын түсінсе керек
еді, қазақтың газетіне, қазақтілді бағдарламаға осы уа­
қытқа дейін қай мырза ақша салыпты? Қазақтың ісіне

жәрдем етудің шегі айтысқа демеуші болу деп түсінетін
байшыкештеріміз ендеше қазақтілді сайтқа қайдан қа­
ражат құя қойсын? Бізде сұмдық байлар бар. Бірақ олар

ұлттық буржазиялық санаға жеткен жоқ. Олар үшін ме­
ценаттық мәдениеттің де ауылы алыс. Солай екен деп
қарап отыруға болмайды. Қандай мүмкіндік бар, соны
кәдемізге жаратуымыз керек. Біз дәстүрлі БАҚ сияқты

мемлекеттік тапсырыстың байқауына қатысамыз. Бір-
екі рет конкурстан ұтылдық, ұттық. Әйтеуір өзек жал­
ғайтын тиын-тебенді тауып отырмыз. Ал осыны бізге
артық көретіндер болса, айта берсін, күндей берсін.

Мен және менің ұжымым үкіметтің өзі көңіл бөліп,
жәрдем етіп жатқан азын-аулақ мүмкіндікті пайдала­
нуға қақылы. Пәленбай жылдық тарихы бар, дәстүрлі
мектебі бар, мұрағаттық мол қоры бар дәстүрлі БАҚ-қа

жалғыз өзі балама болып, қазақтың сөзін жаңа кеңістік­
ке алып шыққан «Abaі.kz» ақпараттық порталы былай
тұрыпты, жылына бір мәрте өтетін мемлекеттік бай­
қауға көшедегі тіленші, қаңғыбастарды суретке түсіріп

алып «Қазақстан билігі қарттарын қаңғытып жіберді»
деп сыртқа сөз таситын Савостинаның «Поколение»
сияқты қоры да қатысып, ұтысқа ие болып жүр. Айт­
пақшы, осы сұрақты сол савостиналарға қою керек. Бұл

сұрақ соларға лайық.

– Аbaі.kz неге діни және тарихи мәселелерде бір-

біріне қайшы топтарды өршітіп, бірінен кейін бірін
бере береді? Бұл өзі қоғамды ұйыстырудың орнына,
іріткі салуға итермелемей ме?

– Дінге, тарихқа, т. б. қатысты мәселелер күн тәртібі­

нен түскен болса, немесе біржақты шешімін тап­
қан болса, біздің бір тақырыпты шиырлап неміз бар?
Керісінше, дін мен сенім-наным мәселесі бізде қабын­
дап тұр емес пе? Қоғамдық пікір майданы қазақ дала­

сында бұрын-соңды күрделі мәселе екендігі байқала
қоймаған діни ағымдардың өзара қайшылықты ала­
ңына айналған кезде, қалайша үнсіз қалуымыз керек?
Біз әңгіменің ашығын айтсақ, Атакемнің аузының дуа­

сы кетіп қала ма екен?!. Төрткүл дүниені шарлап, су­
маң қаққан суаяқтың абыройына нұқсан келеді екен
деп, қазақтың іші содан алатайдай бүлінеді екен деп,
менің үнсіз қалуым түптеп келгенде сатқындық болып

шығар еді. Біз Сталин заманын сарнап айтқанға бап­
пыз, батылмыз. Сөйте тұра, қазақ ұлты бүгін басынан

сын сағатын кешіп жатқанда үнсіздік танытамыз. Ол
қулығымызды өзімізше «ұлт тұтастығына, ел ішінің
бірлігіне нұқсан келтірмеу үшін үндемедік, әнебір
сенсацияшыл газет немесе сайт сияқты алаөкпелен­

ген жоқпыз» деп жасырып бағамыз. Өтірік. Осы күнгі
жұртты өтірікпен өлтірсең де алдай алмайсың. Сондық­
тан әңгіменің ашығына жүгінуіміз керек. Ашық пікір
алаңы – алауыздықтың майданы емес. Алауыздықтың

майданы болса, ашығын жазып, азат ойлайтын Еуропа
неге осы күнге дейін азып-тозып, атысып-шабысып,
қырылып қалмай, аман келе жатыр? «Бабаларымыз ті­
лерсегін тілсе де тізесін бүкпеген, сөзге тоқтай білген»

деп бөскенде кереметпіз, демек, тура сөйлеп, тура жүру
біздің де қанымызда бар. Ендеше неге демократияны
Батысқа теліп, өзіміздің бүгінгі халімізден түңілеміз?
Біз осындай немкеттілігіміздің «нәтижесінде» бүгінгі

жүйеге жабыла қызмет етіп жатырмыз. Саяси еркімізді
билік жаулап алса, ұлттық тақырыпты авторитеттердің
көлеңкесіне тығып және бұйығылана түсудеміз. «Та­
рих ұмытылу үшін жазылады» (Х.Л.Борхес). Бұл сөзді

тура мағынасында «тарих ұмытылады» деп түсіну қате.
Тарихқа ұрпақ үнемі шолу жасап, көктей өтіп тұрады.
Оның кей беттері дауға айналады, қайсыбір бетінің қа­
жеті болмай шығады. Мысалы, кәсіби тарихшы Талас

Омарбековке салсақ, әйгілі хан Абылай Төлебидің інісі
Қарабайдың аяқ салған күңдерінің бірінен туған бала
екен. Осыны Талас Омарбеков жазып отыр. Сонда не,
тарихшы жазды екен деп оған қарсы пікір, қарсы дәлел

айтуға болмай ма? Бізде бір тақырыпқа қарсы екінші
тарап өз дәлелі мен дәйегін көтерсе, «міне, «Абай» сай­
ты біреуді-біреуге айдап салуда» дейтін доғал түсінік
бар. Неге бұлай? Себебі, қазақ газеттерінде ашық пікір

алысу мәдениеті кем. Біреу мақаласын бас редакторды
жағалап жүріп жариялатқан соң қарсы әңгімеге жол жа­
былады. Бас редактор да, тұтас ұжым да әлгі адамның
меншігі сияқты – билеп-төстеп, баса-көктеп білгенін

жасайды.
«Аbaі.kz» біреудің аузындағы сөзге, көкейіндегі пи­
ғылына қызмет етпейді, әлдекімдердің талағы тарс ай­

рылса да қазаққа, әсіресе, қауіпті жайттар мен құбы­
лыстарды құмбыл айта береді, жаза береді.

– Сайттарыңыздың саяси ұстанатын бағыты қан­

дай?

– Ұстанған бағытын «Аbaі.kz» порталы осы уақытқа

дейін әйгілей алды ғой деп ойлаймын. Біз бұл сайтты әл­
декімдерден кек алу үшін, әлдебіреулерге қызмет қылу
үшін ашпағанымызды күнде дәлелдеумен келеміз. Рас,
кейбір өткір мақалалар мен пікірлер алаңында айтылып

қалатын иесі беймәлім пікірлер үшін бізді жек көруге
болады, немесе, ұлтқа қажет дүниеге сергек қарайды
деп, жақсы көруге де болады, ең бастысы, «Абайда» не
жазылса да, не шықса да жұрт үнсіз қалған емес. Ап­

тасына жалғыз мәрте шығатын қайсыбір газеттердің
толайым бір нөмірінде ештеңе айтпай-ақ жүргендер
бар, соны мысал ете отырып, күнде жаңаратын «Абай­
дың» әр күнгі жарияланымынан жалт қарататын дүние

ұсынудың оңай еместігін әңгіме етіп кетсем, өзім ті­
леп алған саланың қиындығынан жалтарғандай болар­
мын: сөздің қысқасы, сайт жұмысы дегеніміз – күн­
делікті «бірдеңе ойлап табу», өзіңнің шығармашылық

қабілетіңді күнделікті паш ету. Кейде, әсіресе, қауырт
қимылдар саябыр табатын жаз мезгілінде «жаңалық»
ұсына алмай қалып жатсақ, сөге жамандамаңыздар. Біз
де жағдайға бағыныштымыз. Алайда қандай жағдай

болса да, бізді бағытымыздан айнытып, бағдарымыздан
жаңылта алмайды.

– Дәурен мырза, менің ойымша, сіздерге «Абай»

сайтының дизайнын жаңарту керек. Осыған қалай
қарайсыз? Біраз ақша бөліп. Қылшығын шығара­
мын деп былшығын шығарып алмай. Ана БАҚ.кз,
Тенгринюс сиякты деңгейде сайт жасауға мүмкіндік

бар ма? Қоғамдық-саяси бағыттағы қазақ сайтта­
рының ішінде бетке ұстар сайттың бірегейісіздер.
Сайттарыңызды үнемі қарап, оқып отырамын.
Жүріп жатқан мылтықсыз майданда Алла жар бол­

сын! Рахмет.

– Сізге де рахмет! Алла жар болсын. Егер қанағат

тұтсаңыз, «Абайдың» дизайніне байланысты жоғарыда
өзімнің ойымды айттым. Байқауымша, сіз екеуміз бұл

мәселеде пікірлес сияқтымыз. Дизайн сайттың кон­
тентіне қызмет етуі керек. Сайттың бетін тотықұстай
түрлентіп қойып қарап отыруға болады. Ондай сайттар­
ды көріп те жүрміз. Мәселе мазмұнда ғой. Сол мазмұн­

ды ашатын дизайннан бас тартпаймын, ал ақпараттық
технологияның даму мүмкіндігі «Абайға» ешқашан да
жат боламайды.

– Порталдың өз орны қалыптасқаны рас. Іздеп

оқып отырамыз. Менің адал ниетім мынау: қазір
кез келген жұрттың қолында ұялы телефон. Тех­
никаның дамыған заманы. Оның жақсы, әрі тиімді
тұстары да бар. Мысалға ұялы телефондарға тән

"приложения" деген ұғым бар. Сондай мүмкіндікті
сіздер ашсаңыздар да жақсы болар еді. Мәселен, сол
арқылы "Тенгринюстің" де жаңалықтарын оқып
отырамыз телефондағы интернет арқылы. Дәл осы­

лай сіздерді де оқи алсақ жақсы болар еді. Мұндай
идея келді ме сіздерге бұған дейін? Сосын сайттағы
материалдарда орфографиялық қателер көп. Тым
көп. Корректорға мұқтажсыздар ма? Болса, неге

олар өз ісіне салғырт қарайды? Жауапты біреу бо­
луы керек қой?! Не айтасыз? Ол қателер неден, қан­
дай себептен кетеді?

– Көп нәрсе ойымызда бар. Алдағы уақытта оны көре

жатарсыз. Мысалы, әлгі қолыңыздағы ұялы телефон­
мен-ақ сіз алдағы күндері «Абайда» жарияланатын ма­
териалдарды оқи алатын боласыз.
Ал қате жағына келсек... бұл былай. «Абайдың»

«Соңғы мақалаларында» күнделікті 5-6 материал (сұх­
бат, сараптама, шұғыл ақапарат, т. б.) жарияланады. Әр
мақала 500-600 жолдан болғанда (одан азы да, көбі де
бар) күніне 3 мың, 3 жарым мың жол материал жария­

лайды екенбіз. Оңай емес. Оның үстіне материалды
монитордан оқимыз. Көзің талады, шаршайды. Бұл бі­
рақ ақталуға есеп емес. Әріптік қателер кетіп жатыр.
Корректорға аса зәруміз. Кәсіби сауатты корректорлар

газет жұмыстарынан артылмайды. Қазақша мәтіннің
қатесін қағып тастайын бағдарлама болса да, таба ал­
май жүрміз.

Бізде тақырыпты дұрыс талдайтын сарапшылар бар,
деректер мен дәйектерді де молынан қамтиды, алайда,
жазу жағынан алдырады. Көбі жөні түзу сөйлем де құра
алмайды. Сондай көзге ұрып тұрған қателерді түзейміз

де, асығыс сайт материалдарын жаңалауға кірісеміз.
Мен өзім авторлардың мақаласын газеттерде қызмет
жасаған кезден бері өңдеумен келемін. Кейде содан
жалығып та кетемін. Қашанғы біреудің «ит батпақтап,

күшік сүрінетін» сөз-сөйлемін түзетіп, түгесіле шар­
шап, үйіңе сүлдеріңді сүйретіп қайтуға болады? Жазу­
дың осындай азабы да бар, ағайын. Сондықтан баспа­
сөзге мақала жіберетін жазарман алдымен өзін-өзі сын

көзбен оқып, ойын жұртқа ұғынықты тілде жеткізіп үй­
ренсінші. Мың болғырлар, сөйтіңдерші.

– Жаңаөзен таргедиясына қатысты жеке пікіріңіз

қандай?

– Болары болып, бояуы сіңгеннен кейін барып біздің

билік «мұндай әлеуметтік толқулар дамыған Батыс
елдерінде жиі көрініс тауып жатады» деп жуып-шай­
ғансыды. Келіспеске амал кем, Батыста ереуілдер,
қарсылық акциялары, наразылықтың әр түрі күнде бо­

лып жатады. Бірақ солай екен деп өз халқына оқ атып,
ақыры әлімжеттік жасап, темір торға тоғытатын билік
бүгінгі Батыста жоққа тән.
Жаңаөзен мен Шетпеде мұнайшылар еңбекақының

заңды өтемін талап етіп, наразылық білдіріп бастаған­
да қазақ қоғамы Конституция бойынша орыс тіліне
берілген ресми тіл мәртебесінің заңсыздығын дәлел­
деуге тырысып дүрілдеп тұрған-ды. Бұл бүгін-ертең

нақты нәтижесін бермесе де, билікті кәдімгідей қысым­
ға алған қимылға айналған-ды. Тап сол кезде орыстілді
баспасөз елдің назарын Жаңаөзендегі мұнайшылардың
ахуалына аударуға күш жұмылдырды. Мен орыстілді

баспасөздің Жаңаөзен мен Шетпеге бұрыла бастағаны­
нан сол кезде қатты секем алып қалып едім. Әйткен­
мен де, 1990 жылдардың тоқырауы мен толқуларында
бұндай мәселелердің талайымен бетпе-бет келген қазақ

Үкіметі жағдайды ушықтырмайтын шығар деген үмітте
болдым. Дегендей-ақ, Жаңаөзен мұнайшыларымен қы­
тайлық компания арасында келіссөздер басталып, мемо­

рандумдарға қол қойылып жатты. Бірақ осы кезде Жа­
ңаөзендегі жұмысшылар арасына ептеп оппозицияның
адамдары еніп үлгерген де сияқты. Бірақ, бұнда тұрған
ештеңе жоқ еді, тегінде, елдің көңіл-күйін пайдаланып,

билікке қарсы әрекет етпесе, ол оппозияция бола ма?
Жармахан Тұяқбайдың «оппозициясын» көрдік қой,
ұлтшылдар «ресми тілге» қарсы шығып, Жаңаөзен мен
Шетпедегі шетін оқиғалардың шеті көрінгенде Петр

Своикпен ауыз жаласып, Алматыда отырды.
Жоғарыда «әлеуметтік толқулар дамыған Батыс
елдерінде жиі көрініс тауып жатады» деп Жаңаөзен
қырғынын биліктің жуып-шайғанын айттық. Тегінде

әлеуметтік толқулар мен наразылықтар шеруінің жиі
болуы қоғам дамуының тұрақсыздығын, я болмаса,
кедейшілігін танытпайды. Билік осыны түсінуі қажет,
мойындауы қажет. Содан кейін әлеуметтік талаптарды

шешудің жаңа форматына өтуі тиіс.
Жаңаөзен біздің биліктің халықтан мейлінше алыс­
тап кеткендігін көрсетті. Ел ішінде кенеуіне жеткен
қандай да бір әлеуметтік ахуалды шеше алмайтын дәр­

менсіздігін, біліксіздігін жария қылды. Оппозицияның
кішкентай қарсылығынан қалтырап қатты қорқатынды­
ғын білдіріп қойды. Сондықтан ол ешнәрседен тайын­
бады. Оқ атты, саяси шантаждар жасады, наразы топ­

тың арасына жансыздарын жіберіп, мұнайшылардың
әлеуметтік талабын аяққа таптады. Сот, прокуратура,
тергеу, тіпті, адвокаттардың өзі саяси тапсырыстар­
ды ғана орындап шықты. Ең сорақысы, Жаңаөзен мен

Шетпе оқиғасына билік сырттан қоныс аударып келген
ағайынды жауапты қылды. Сөйтіп, Елбасымыз Нұрсұл­
тан Әбішұлының өзі бұйдасын қолына ұстаған қазақ
көшін тоқтатты, қазақтың көбейгеніне ашықтан ашық

қарсы шықты. Қазақ қазақ болғалы тағдырдың талай
тәлкегіне түсіп, талай сыннан өтіп келеді. Бұл да бір
сын шығар. «Қазақ билігі қазақтың көзінен жас ағызып
жылатқан заман болған» деп күндердің күнінде айтып

отыратын шығармыз. Біз аталарымыз кешіп өткен небір
сұмдықтарды қазір ашық айта беретін болдық қой, Жа­
ңаөзен мен Шетпе де қазақ көрген қилы тағдырдың бірі
ретінде әңгіме болады әлі.

– Құрметті Дәурен Қасенұлы! Ұлы хакімнің атын

алған сайттың аз ғана уақыт аясында қазақ оқыр­
мандарының, қазақ аудиториясының қоғамдық,
саяси ой-өрісінің, интеллектуалдық деңгейінің өсуі­
не тигізген ықпалы орасан. Өзіңіздің, Айекеңнің,

өзге де тілеулес бауырлардың арқасында «Абай»
сайты әлеуметтік желідегі соны публицистикалық
ағымның түренін салды, жаңа диалог пен дискус­
сияның мәдениетін қалыптастырды. Әйткенмен,біз

сайт бетінен, ұстанымынан Ұлы данышпанның
аманатымен, ақиқат өсиетімен үйлесетін, билікке,
қоғамға, адамға қатысты мейлінше өткір, обьек­
тивті,өрелі материалдарды көбірек көргіміз келеді.

Сайттың алғашқы аяқ алысынан алаш жұрты осы
бір құбылысты, өзгерісті аңғарғандай, сезінгендей
еді. Біздің тілек: сол ерекшелікті, сол ұстаным мен
сол мақсат-мұратты жоғалтып алмасаңыздар екен.

Лайым, өздеріңіздің соқтықпалы, соқпақсыз жолда

– елді есейтіп, қоғамды оятатын өзгерістер жолында

жүргендеріңізді естен шығармаңыздар!..

– «Құл болған халықтан туып, құлдықтың қорлық,

зорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері
қаламын ұлтының ауырын жеңілдету, ауруын азай­
ту жолына жұмсамасқа мүмкін емес. Олай болмаған
болса, онда табиғат заңынан тысқары адамнан шош­

қа, шошқадан күшік туған сияқты болып шығады. Қа­
лам қайраткерлері жолын тастап, көрінген жолаушыға
еріп кете беретін бұралқы ит емес» деп жазады Ахмет
Байтұрсынұлы. Бүгінгі қазақ құл емес, тіпті, бодандық

дегеннің не екендігін түсіне алмайтын ұрпақ өсіп ке­
леді. Алайда, мына заманда сол ұрпақтың өзін азды­
ратын, аздырып әкеліп өз мәдениетіне, өз тарихына,
өз діліне қарсы шабатын Ұлтанқұл жасап шығаратын

түрлі амал-айлалар толып жатыр. Сондықтан «көрінген
жолаушыға еріп кетіп» елдік мұраттарды ұмытсақ бізді
қара басқаны.
Бізді үнемі ойландырып, қамшылап, жігерлендіріп

тұратын сөз айтыпсыз. Рахмет. Жаратқан сізге жар бол­
сын!

– Cіздерді төте жазу қосады деп естіп ем. Әлі жоқ.

Жалпы қосылады ма төте жазу парақшасы?

– Соншалықты көп өзгеріс жасамасақ та, «Абайдың»

етек-жеңін жинақтап, дизайнын сәл жаңартқан болып
жатырмыз. Ендігі бір тиянақтайтын жұмысымыз – сіз
айтып отырған төте жазу мен латын қаріпі болмақ.
«Әріп аударатын бағдарлама қолымда бар, соны сайт­

тарыңызға қосып берейін» дейтін ағайын араңыздан
табылып жатса, құба-құп, редакцияның телефонын,
электронды адресін білесіздер, хабарласыңыздар.

– Ассаламуғалейкүм, «Абайшылдар», мерей күн

құтты болсын! Талмас қанат, жігер күш, қуатты қа­
лам тіледім, әрқашан оң қадмға жетелесін Жасаған.

– Бұл тілекті бізге тіркеліп пікір білдіретін Жаушы

есімді азамат жазып отыр екен. Байқауымша Жаушы –
өте сергек адам. Барлық тақырыпты қадағалап оқып,
пікір білдіріп отырады.
Жаңа-медиа жаңа оқырман ортасын қалыптастыра

білуі керек. Біз Жаушыны жаңашылдыққа жаны құмар,
өзіндік пікірі бар, ойын ірікпей ортаға салатын жаңа
оқырман, сапалы оқырман деп білеміз. Интернет-кон­
ференцияны пайдалана отырып мен осы Жаушы сияқты

ішкі мазмұны терең қыз-жігіттерге, оқырман қауымға
рахмет айтып қойғым келеді. Бірге болайық, бауырлар!

– Дәуке, Талғат Атабаев туралы жазу ойыңыз­

да жоқ па, сіздің ауылдан деп естіген едік? Жалпы,
90-жылдардағы Талғат секілді мықты жігіттердің
қызметі, өмірі жайлы әділ баға берілді ме?

– Талғат жігіттің нағыз көкжалы, сырттаны еді. Ауы­

лымыздағы мектеп сегіз жылдықпен тәмамдалатын да,
біз тоғыз бен онды совхоз орталығынан оқитынбыз.
Мен сол тоғыз бен онды Талғат туып-өскен үйде –
Ғалымжан аға мен Шәкәтай тәтемнің қолында тұрып

оқыдым. Талғат марқұм ол кезде Алматыда институтта
білім алып жүрді. Каникул сайын келіп тұратын.
Мен білетін Талғат ұлтшыл жігіт болатын. Студент
кезінде-ақ қаладағы такси біткенді мініп алып тайраң­

дап жүрген, қазақты адам баласы деп білмейтін келім­
сектердің тізесін дірілдетіп, қабырғасын қақырата сөгіп
жөнге салды. Тоқсаныншы жылдары Талғаттар мем­

лекет араласып шеше алмайтын ұлттық мәселелерге
тәртіп енгізді. Басқаны білмеймін, Талғат бауырымды
мен арыстан жүректі ел азаматы, ел айбары, ұлт қайрат­
кері деп түсінемін. Оның өліміне қолында шексіз билік

болған біреудің қатысы бар екендігін де ішім сезеді.
Атасының аты рухын көтеріп «Атаба» атанып кеткен,
еркін күрестен спорт шебері, жастар мен жасөспірім­
дер арасындағы халықаралық ірі жарыстардың жүлде­

гері – Талғат Атабаев туралы жазу ойымда бар. Біздің
әдебиетте Атабалардың бейнесі жоқ. Бұл жайтты мен
ғана емес, жалпы қаламгерлер қауымы ескеруі керек.
Джек Лондонның, Майн Ридтің, Дюманың, Марио

Пьюзоның шығармалары оқырманның қолынан еш түс­
кен емес қой. Демек, қылмыс әлеміндегі біздің әділетті
жігіттер де әдебиет пен кинодан, қоғамнан лайықты ба­
ғасын алуы керек.

– «Абай» сайтының дизайны жаман емес, қарапа­

йым. Ал, төте жазуды қосқандарыңыз дұрыс, себебі
қытайдағы 2 милионға жақын бауырларымыздың
жарты милионы сайттарды қарайды, біздегі сияқ­
ты екі қолға бір күрек таба алмай жүрген жастар

жоқ. Бастысы – олар қазақ қоғамына бей-жай қарай
алмайды, сол үшін төте жазу керек болар.

– Арғы беттегі қазақ Ахмет Байтұрсынұлы жасаған

төте жазумен енді қанша жыл «қара танып» отырады
екен, белгісіз. Бірақ, ақпарат кеңістігіндегі ұлттық тұ­
тастық үшін тап қазір төте жазу керек. Өте керек. Оның
керектігін күнде ойлаймын. Қазіргі ҚХР территория­

сында қалып бара жатқан бауырларымның сергектігін,
ақпараттық технология жетістігін тез меңгеріп жатқа­
нын да жақсы білемін. Бізге тек серіктесу, өзара жақын
қарым-қатынаста болу мүмкіндігі ғана жетпей тұр.

– Дәурен, осы біздің Елбасы неге өз ұлтын тежеп

ұстайды? Жүйе өзгерсе, жемқорлық тыйылмаса да
азаяды деп ойлайсыз ба? Осы сайтты Елбасы біле
ме екен? Неге сендердің бүйректерің исматуллашы­
ларға бұрып тұрады? Қазаққа жаны ашығансып

сөйлейтін бекболатшылар мен исматуллашылар­
дың жолы теріс деген ҚМДБ пәтуасы туралы не ай­
тасыз? Олардың сөзі бөлек, ісі бөлек екені белгілі

емес пе? Абайды, Шәкәрімді, ақын-жырауларды
бетперде қылады, жүрген жерлері – фитна.

– Менің білуімше, Президент қазақ ағайынның жағым­

пазданып сөйлегенін жақтырмайды. Онысы өте дұрыс.
Туған халқын жақсы көрсе де, сезімін сыртқа білдір­
меу – Назарбаев сияқты саясаткерлердің мінезі болса
керек. Мен бұл кісі қазағын соншалықты жек көреді

деп ойламаймын. Дәстүрлі әндер шырқалғанда, Құр­
манғазының Сарарқасы төгілгенде Елбасының жа­
нарын жас жуып өтеді. Соны бірнеше рет байқадым.
Қазаққа кейігеннің бәрін қазақты жек көреді деп ойла­

сақ, Абайды қайда қоямыз? Жалпы, Назарбаев туралы
ең әділ сөз Назарбаев дәуірінен кейін айтылады. Оған
дейінгіміздің дені көңіл-күй ауанындағы әңгіме болып
шығуы мүмкін.

Жемқорлықпен күрес демокартиясы дамыған, аза­
маттық қоғамы белсенді Батыс елдерінде де тоқтаусыз
жүріп келеді. Жемқорлық – жегіқұрт. Біздегісі – соның
ең сұмдық түрі. Мемлекетіміздің өзіне кейде қаупін

төндіріп кететін тажал. Коррупционерлерді шетінен
ұстап қамау – коррупцияны жеңе алмайды. Қазақстан­
дағы коррупцяға қарсы күрес коррупциялық күштердің
өзара қырқысына айналып барады. Ендеше, жүйе өзге­

руі керек. Өзгерісті жүйеден ғана күтіп отырмай, бұқа­
ра халық біздің өзіміз де өзгеруіміз керек. Қазір Қазақс­
танда жемқор емес, ұры емес адам кемде-кем. Бәріміз
де – ұрымыз. Пиғылымыз жаман. Бір-бірімізге жақсы­

лық ойлағымыз келмейді. Қолынан келгені қорғансыз
бейшараға әлімжеттік жасап қалады. Еңбек етіп тер тө­
гуден қашатын болдық. Алды – артымыз толы былық.
Толған кедергі. Астанадағы ақжағалы алаяқтардың кө­

леңкесі – бізбіз. Қазаққа осының бәрін сырттан таңып
отырған ешкім жоқ, жамандықты біз өзімізге өзіміз қы­
лып жүрміз. Осыдан келіп Асан қайғы болып жылай­
мыз, Абай болып күңіренеміз. Абайдың заманы басқа

еді. Ол заманда қазақтың еркі өзінен кетіп жатқан. Ал,
қазір ше? Өзіңмен өзіңсің. Қандай ел боламын, қайда
бет бұрамын десең де еркің. Бірақ, міне, көріп отырмыз:
саясатта – Ресейшіл, экономикада (тұрмыста) – Батыс­

шылмыз. Бұл екеуі қазіргі қалыпында үйлеспейтін екі

әлем. Осы екі әлемді біріктірмек болып әуресарсаңға
түсіп жүрміз.

– Осы сайтты Елбасы біле ме екен?

– Білмеймін.

– Неге сендердің бүйректерің исматуллашыларға

бұрып тұрады?

– Бұрған емес. Ислам дініндегі екі партия: сопылар

мен уахаббшылар былтыр, алдыңғы жылы қатты ті­
ресті. Біз екі жаққа да сөз беріп отырдық. Өтірік де­
сеңіз, сайтымыздың мұрағат қорын ашып қараңыз.

– Қазаққа жаны ашығансып сөйлейтін бекболат­

шылар мен исматуллашылардың жолы теріс деген
ҚМДБ пәтуасы туралы не айтасыз?

– «Бекболташылар» деген ҚМДБ-ның пәтуәсын есті­

меппін. Сондықтан ол пәтуаға қатысты ештеңе айта ал­
маймын.

– Олардың сөзі бөлек, ісі бөлек екені белгілі емес

пе?Абайды, Шәкәрімді, ақын-жырауларды бетперде
қылады, жүрген жерлері фитна.

– Мына сөзіңіз терең әңгіме. Дәл осы мәселе төңі­

регінде «Абайда» сараптамалық мақалалар жиі жарық
көріп тұрады. Оқып жүрген боларсыз.

– Дәуке, «Абай» порталының ең үздік авторы

ретінде кімді ерекше атап айтуға болады? Атын
атап, түсін түстеп беруге бола ма?

– Жапырақтай қағазға жазған шындығын жарық дү­

ниеге жеткізуге жанұшырған Қажығұмар Шабданұлы­
нан бастап «Абайда» маңдайы жарқырап көрінген ав­
торлардың бәрін құрметтейміз. Жасы ұлғайған кісілерге
сөзім жүрмейді, сондықтан оларға ғаламтор дегеннің

не екендігін түсіндіру қиын, әйтсе де, бірақ, Ғабас аға
(Қабышов) сияқты әділ, «бетің бар, жүзің бар» демей,
турасын айтатын қарттардың өзі қазақ сайттарына ат
салысып жатқанда жайбарақат жүре беретін құрдаста­

рымды көріп қынжыламын.
Жалпы, жазу-сызуға қатысы бар адамның үнсіз жү­
руі мүмкін емес. Үнсіз жүрсе, не ол адам ештеңеге
жан ауыртпайды, немесе жалтақтығымен жан бағып

жүрген біреу. Мен солай ойлаймын. «Абайдың» ашық
пікір, еркін кеңістік екендігін қапысыз ұққан қазақ ой­

шылдары бізбен бірге. Рас, әуелде сайтқа автор тарту
қиын болған, алайда біз оларға ғаламтордың ұлттық,
қоғамдық пікірге қызмет ететін мүмкіндігін дәлелдей
алдық. Содан кейін «Абай» «ауылына» жұрт жинала

бастады. Шығармашылық қуаты кемел публицистер,
журналистер, жазушылар, саясаттанушылар, т.б. – қазір
тұтасымен «Абайдың» тұрақты авторлары. Яғни, Abaі.
kz ақпараттық порталына материал жазып тұратын тұл­

ғалар. Мен оларды бөліп-жармаймын. Солай десем де
жазған дүниесін көп жариялай бермейтін Төлен Әбдік,
Тұрсын Жұртбай бастаған аға буынға, дін мәселесі, қа­
зақ көші сияқты тақырыптарды талдап жазатын Мұқан

Исахан, Ауыт Мұқибекұлы, т.б. сияқты бауырларыма
ризамын.

– Дәурен мырза, 4 жылдарың 40-қа жетсін, арғы

жағын көре жатарсыңдар! Қай сайт болсын, оқыр­
манын мәдениеттілікке тәрбиелеуге тиіс. Кім қан­
дай тақырыпта әңгіме қозғаса, жалпы пікір соның
аясында өзара сыйластықпен айтылуы керек, ұсы­

ныс нақты жасалуы тиіс, бөгде сөз мейлінше аз,
дөрекі сөз мүлде болмауы қажет. Солайша бірте-
бірте бүркеншік ат пайдаланудан шығып қалуы қа­
жет. Ел, халық, қоғам үшін әңгіме жасау – бірінші

парыздарың екен, онда сол парыздың таза атқа­
рылуына міндеттісіңдер. Олай болмаса, сайттың
қажеті қанша? Өсек-аяң, біреуді біреудің тілдеуі,
ит-шошқалауы үшін бе? Жалпы кімге болсын тіл

тигізу сияқты надандыққа жол бермеу жөн болады.
Ешқайсысымыз пікір жазғанымыз үшін сендерге
ақша төлемейміз ғой. Ендеше: "Мен ақшамды тө­
ледім, айтқанымды сайтқа шығармай қойды!" деп

дау көтеруге құқымыз жоқ, сондықтан "Бейәдеп сөз
жазбаңыздар!" дей салмай (оны дөрекілер бәрібір
тыңдап жүрген жоқ) оның лас сөздерін сайтқа жо­
латпау дұрыс болады. Ортақ мүддеге орай оң пікір­

лер сонда ғана тоғысып, әсіресе, жас оқырмандары­
ңа сайт сонда ғана мәдениет мектебі болады. Дұрыс
па? Ескеруге тұратын ой ма, әлде көп сөздің бірі ме?

– Әбден ескеретін сөз. Дұрыс айтып отырсыз. Пікір

жазатындардың артық-ауыс сөзіне редакцияда отырып

менің бетім қызарады. Сосын модераторға звондап
«алып таста мынаны» деп айқайды саламын. Дейтұр­
ғанмен айтайын, алғашқы жылдарға қарағанда мақала­
ға орай пікір жазып қалдыратын жұрттың беті түзеліп

келеді. Сауатты жазатын бола бастады. Айдалаға ла­
ғып, мақала авторының жеке басына соқтығатындарды
тезге салып отыратын болды. Бірақ, бұл үрдіс ортамыз­
да әлі қалып алмай тұр. Алайда, үміттімін, бірте-бірте

біз бәріміз пікір айтудың мәдениетіне жететін боламыз.
Оған дейінгі өкпе-реніштеріңізді мен көтере тұрайын,
айыпқа бұйыра көрме, ағайын.

– «Abaі.kz» порталының дизайнында тұрған түк

те жоқ, сайт ешкімнен кем емес, әсіре қызыл әлем-
жәлемге құмар, басқаның қаңсығына кенезесі кеп­
кен кепиеттен арылуымыз керек. Рахмет жігіттерге,
ой алаңы, өре деңгейі, пікір додасы, ит жығыстың

қызығы – тек осы сайтта ғана кезігеді. Ендігі тілек:
тарихи-танымдық, діни-танымдық (уағыз емес) ма­
териалдарды молынан берсеңіздер екен. Адамзатқа
аян барлық нанымның (діннің) бар жақсысының

басында тұрған және түрік тегіміз сол наным арқы­
лы ғажайып империалар құрған, Тәңірлік наным
туралы неге аз жазасыздар?

– Қазір Тәңірлік наным туралы жазу, я болмаса, айту

– Жаратқанға серік қосумен бірдей есепке жетті. Өйт­

кені, бұл заманда бізде (зайырлы мемлекет болсақ та)
діннің цензурасы бар. Тәңірге (Жаратқан хаққа) қарсы
шығатындардың сөзіне бақсақ, бізде кітап жоқ екен. Кі­
тап дегеніміз не ол? Жаратқанның жазуы ма? Кешіріңіз,

Алла адам баласына кітап жазып берген жоқ. Құранды
да, Библияны да адам жазды. Адам өзінің санасында­
ғы Құдайдың сөзін кітапқа түсірді. Қазақ, арғы қазақ,
баба қазақ – Бір Жаратқанды таныды, Соның құдіретіне

бағынды. Кәпір болған жоқ. Тәңір баба қазақты қолда­
ды. Енді бүгін бәрін жоққа шығарып Тәңірімізге қарсы
шабудамыз. Сөйтіп, қазақы ырымдар мен тыйымдарды,
салт-жоралғыларды, дәстүрді, мәдениетті, ділді тәрк

етіп сапсиған сақал қойып не мұсылман емес, не басқа
емес, таза мәңгүрт болып жүрміз.

Тәңірлік наным туралы жазып жатырмыз. Ақеділ
Тойшанұлының «Тәңір» атты дүниесі жарық көрген.
Әмірхан Балқыбектің «Қасқыр Құдай болған кез» кі­
табынан үзінділер берген болатынбыз. Енді Серікбол

Қондыбайдың әфсаналар әлемін кезген ғажап эсселерін
жариялауды ойлап отырмыз.

– Ассалаумағалейкум, Дәке!

Ұлы Абайдың атымен сайт ашып елге еңбек ет­
келі төрт жыл болыпты. Жұмыстарыңызға жеміс,
ниеттеріңізге алғыс болсын!
сұрақ: 1) 4 жылда не істегендеріңіз туралы қысқа­

ша статистикалық мәлімет бере аласыздар ма? 2) «Ауғанстан кендірмен күн көреді, Қазақстан

тендермен күн көреді» ғой. Осы тендерден құты­
лып, біреудің қабағына қарамайтын мүмкіндіктер­
ге жете алдыңыздар ма?

3) Неге өздеріңіздің тұрақты мақалаларыңыз жа­

рық көрмейді? 4) Сайттарыңыздағы материалдармен билік қан­

шалықты санасады?

– Ауғанстандағы кендірмен біздегі тендерді ұйқасты­

рып айтқаныңызға күліп отырмын. Екеуі де елді еселаң
қылып улайды дейсіз ғой. Бірақ, тендерді пайдалы іске
жаратып, жап-жақсы тірлік жасауға болады. Мемлекет­
тен ақша алып жан бағатын тек қазақ баспасөзі емес,

Ресейде де – осы, АҚШ-та да – осы. Мысалы, «Азат Еу­
ропа», «Азаттық» радиосын кім қаржыландырып отыр?
Сіздің ойыңызша аталған радио таза жарнамадан түс­
кен қаражатқа күн көріп келе ме? Жоқ, олай емес. Оның

аржағында үлкен қаржылық, АҚШ-тық, батыстық мүд­
де бар. Осыны бек түсініп алуымыз керек. Осыны және
біздің билік те жақсы түсінуі керек. Қазір қазақ билігі
кез-келген уақытта өзіне қарсы шығатын орыстілді

баспасөзді, айналып келгенде Ресейдің баспасөзін ба­
ғып, семіртіп отыр. Бөтен елдің баспасөзін бағу – бөтен
елдің әскерін бағу деген сөз.

– 4 жылда не істегендеріңіз туралы қысқаша ста­

тистикалық мәлімет бере аласыздар ма?

– Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романын

толық жарияладық. Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным –

Алашын» да бізден таба аласыздар. Өзім бек қадір тұта­
тын Төлен ағамның (Әбдік) ғажап әңгімелері «Абайда»
жарық көрді. Қысқасын айтқанда, авторларымыздың
өзі саусақпен санайтын қазақы статистикаға сыймайды.

Оның сыртында, Елордамызда қоқысқа тасталған Жәні­
бек пен Керей ескерткішінен бастап көтерген мәселеміз
қаншама?.. Қытай дихандарына жерді жалға беруіге
қарсы дауыс көтерген қазақтың ащы айқайын айтайын

ба, «Ел бірлігі» деген аты «әп-әдемі» доктринаны тауып
алып бірінші болып қоғамдық пікірге қозғау салғаны­
мызды сөз етейін бе, әлде авторларымыз көтерген мәсе­
лелерді тізіп шығайын ба,. көп қой, соның бәрі жинала

келіп «Абай» деген сайтты әйгілі етті. Жалпы тұтыну­
шыларымыздың саны 10 миллионнан асып кетіпті. Қа­
зақтың баласы, қазақ тілін тұтынушы (осындай сөз бар
қазір) жүрген дүниенің түкпір-түкпірін тегіс алып бол­

дық. Қанағат етсеңіз, әзірге статистикамыз – осы. Енді
келесі сұраққа көшейік.

– Неге өздеріңіздің тұрақты мақалаларыңыз жа­

рық көрмейді?

– Жарық көріп жатыр. Алайда, біздің ойымыздағы та­

қырыпты қаламдас әріптестеріміз жазып редакциямыз­
ға күн құрғатпай жолдап тұрады, сол себептен де кейде
өзіміз «қалам суытып» қаламыз. Сөзімізді біреу сөйле­
се, аузымызды қышытып не қыламыз, оның үстіне, ай­

тары бар, жазары бар адамдарға мүмкіндік берудің өзі
біздің жарық көрмей қалатын мақалаларымыздың ор­
нын толтырады емес пе? Демек, біз текке қарап жүрген
жоқпыз. Елдің ойын қозғап, сөйлетудің өзі үлкен өнер.

– Сайттарыңыздағы материалдармен билік қан­

шалықты санасады?

– Қаншалықты санасатынын білмеймін, бірақ, сана­

сады. Өйткені біз қоғамдық, ұлттық көзқарастарды жа­
рия ету арқылы билікке ықпалдымыз. Егер шатты-бұт­
ты бірдеңелерді айтып отырсақ, бізді билік не қылады?
Баспасөздегі, жаңа медиа әлеміндегі өз орнымызды

білеміз, сондықтан да алған бетіміздің тура екендігіне
кәміл сенімдіміз.

– Дәурен, таптаурын болған тақырыптардан қа­

шып, жөні түзу мәселе көтерсеңші, әлде қаламы ұш­

қыр, тақырыпты тауып қоятын адам жоқ па? Іш
пыстырады бәрі...

– Баспасөз – қоғам мінезі мен болмысының айна­

сы. Ұлттық ойдың, ұлттың интеллектаулық ойлау
мүмкіндігінің жария нұсқасы. Біз де халқымыздан асып
кете алмаймыз. Ел намысын сілкіндіретін қаншама ма­
қала «Абайда» жария көріп жатыр, соның бәрі ішіңізді

пыстырыса, онда қоя қойыңыз. Менің анам айтып еді
«сендер жазуын жазып жатырсыңдар ғой, соны оқитын
жұрт жоқ осы күні» деп. Рас екен...

– Ассалаумағалейкүм! Дәурен мырза, Қазақ үшін

тер төгіп жүргеніңізге алғыстан басқа айтарымыз
жоқ. Еңбектеріңізге Алла разы болсын. Қоятын бір
сұрағым бар еді. Сайттарыңызда Ата мекеніне ора­
ла алмай жүрген қандастарыңыз туралы көп мәселе

көтердіңіздер. Ол ғой дұрыс. Өзіңіздің де Ата жұр­
тына орала алмай жүрген туыстарыңыз бар сияқ­
ты. Қазақтың маңдай алды азаматтарының бірі
бола тұра сол кісілердің көшіп келуіне көмектесе

алдыңыз ба? Алда не істеу ойыңыз бар? Жеке ба­
сыңыздан көмек бола ма? Алда оралман мәселесін
және жалғасты көтересіздер ме? Рахмет!

– Қазір қытайша қалай аталса да, өз басым қазақ

жерінің бір ұлан өлкесі деп білетін байырғы қонысы­
мызда менің туған нағашыларым тұрады. 1847 жылы
орыс пен қытай ерігіп отырып бөліске сала салған қа­
зақтың жерінде анам дүниеге келіпті. Әкем – «арғы бет­

тегі» қазақтың тілімен айтқанда – «сәбеттің қазағы».
Қуат бабам дәулетті кісі болыпты. Ондай адамның ба­
ласы, баласының баласы сарқыла қоймайды ғой, кедей-
кепшік құтырып, «байсың, «құлақсың» деп балтырдан

қапқанда амал жоқ атам Құсайын Шығыс Түркістанға
ауады. Сол жақта Қанабек, Әнісбек, Шәріпбек деген
өзімен деңгейлес адамдармен дос болып, қызын (менің
анамды) ұлына (менің әкеме) айттырып, жол-жоралғы­

сымен құда түсіп алады. Иә, шешемнің туған бауырла­
ры Құсайын сайының аузында отыр. Арада байланы­
сымыз үзіліп қалған жылдардан соң шарқ ұрып жүріп
іздеп таптым. Менің жазған хаттарымды жеткізіп, наға­

шыларымды тауып берген әйгілі жазушы Жанат Ахма­
ди мен қаламгер Серік Нұғманға мың алғыс.
Ал, енді сұраққа берілетін жауабыма тікелей көшсек,
менің жеке басымнан не көмек бола қойсын, қолыманан

келетіні – қоғамдық пікір туғызу, қазақ көшінің тоқта­
мауына ықпал ететін мақалаларды топтастырып, ұлтшыл
азаматтардың басын қосу. Күллі дүниедегі бар қазақтың
баба жұртынан қоныс табуына тілектестігімді білдіру.

Өзін «қазақпын, сұмдықпын, халқым үшін жаным пида»
деп жүргендердің көбі сырттағы қазақ туралы әңгіме
бола қалса, сәбеттің (кәпір коммунистер билеген совет
өкіметінің), сәбетке құл болған заманның сөзін сөйлеп,

сойылын суырып шыға келеді. Олармен салыстырғанда
менің азды-көпті тірлігім мен алыстағы бауырларыма
деген алғаусыз тілегім Алхам шүкір шығар.

1. Бүгінгі уақыт айтылуындай айтылды, жазы­

луындай жазылды. Ертеңгі қазақ қоғамы қандай
болады? Ертеңгі журналистика, ертеңгі қазақ әде­
биеті қандай бағытта қалам тербейді?

2. Аманхан Әлім көкеміздің "Өткірдің жүзі" атты

публицистикалық мақалалар жинағы болушы еді...
Алдағы күнде Сіздің жазбаларыңызды да сондай кі­
тап бетінен көре аламыз ба?

3. Оқырманыңыз ретінде Сізден бүгінгі күннің

бет-пердесін сылып тастайтын, әдемі әзілмен, ащы
сықақпен жазылған әңгімеңізді күтеміз...

4. Қажығұмарды қазаққа танытуда бір кісідей

қызмет жасадыңыздар. Ұлттың ұжданына, қазақ­
тың қайсар рухына баланған Қажекеңді насихаттау­
ға алдағы күнде қандай жоба-жоспарларыңыз бар?
Үлкен құрметпен, Бауыржан

– Тәуелсіздік алдық, мемлекеттілігімізді әлем мо­

йындады, енді осы әлемнің бір мүшесі болып өмір сү­
реміз, осы әлеммен бірге өзгереміз, өсеміз, жаңарамыз,
жаңғырамыз. Қазақ қоғамының ендігі дамуы әлем жұр­
тымен бірге болады.

Қазақ әдебиеті мен журналистикасы туралы да осы­
ны айтамын. Әдебиетте де, журналистикада да талай
эксперименттердің, жаңалықтардың болуы мүмкін,
бірақ өз басым қазақ әдебиетінде эпиканың, дәстүрдің

сақталғанын, дамығанын қалаймын. Журналистика ақ­
параттық технологияның, прогрестердің көшінен қал­
мауы керек.

- Баспасөзде жарияланған, қоғамдық пікірге қозғау

салған таңдаулы дүниелерімді жинақтап, кітап етіп шы­
ғару ойымда бар. Осы сауалды қойып отырған оқырман
хабарлассын, кітабымды қолына тигізуге уәде етемін.
-Әр шығарма бұйырған күні жазылады, бірақ шы­

ғарманың жазылатын күнін күтіп жүрудің қажеті жоқ
екендігін түсіндім, оған еңбек ету керек екен.
-Қазақ әдебиетінде енді қажығұмартану дәстүрі бас­
талуы керек. Біз осы идеяға, Қажығұмар әлемін игеруге

бар мүмкіндігімізді сарп етуге дайынбыз және осы ба­
ғытта біраз жұмыстар да жасап жатырмыз, оның нәти­
жесін алдағы күндері көресіздер.

– Дәуке, қазақ жұртының санасын отарсызданды­

ру, шын мәнінде азат ету үшін қандай шаралар ке­
шенін жүзеге асыру керек?

– Бұл – ұзақ, үлкен әңгіме. Азаттықтың түпкілікті

мәніне, мағынасына жету үшін әр қазақ өзінің қазақ
екенін сезініп, өмір сүруі керек деп ойлаймын. Бүгінгі
қазақ өзін әрнеден қорсынып, жалтақтап жүргені бол­
маса, қазақ кімнен кем? Жалқау, арсыз, бұзақы – жал­

пы осындай кісілік мазмұны кем пенделер қай ұлтта
жоқ? Қазақ өзінен жамандықты көре бермеуі керек, жа­
сампаздықты көре білуі керек. Мұны термелеп айтып
отырған себебіміз біздің мемлекетімізде деколониза­

ция, сізше айтқанда, қазақ жұртының санасын отарсыз­
дандыру саясаты жүргізіліп жатқан жоқ. Біздің бүгінгі
сорлап отырған халіміз – соның көрінісі.

– Сіздің сайтта өте жоғары деңгейдегі потенциал­

ды комментшілер бар. Мысалы, Серікжан, Қабыл,
Доғалаң, Алтайшы, Ақтай Шерушин, т.с.с. Солар­
дың кім екендіктерін жұрт білмесе де сыйлайтындар
көп. Тіпті, осы комментшілер бұрынғының би-ше­

шендері секілді өте абыройлы. Осы комментшілер­
ге заказ беріп неге мақала жаздырмайсыздар?

– Сіз айтып отырған комментшілер – «Абайдың» оқыр­

мандарын тәрбиелеп, ішкі мазмұнын байытып отырған
жігіттер. Мен оларды танымаймын. Бірақ, ел ішінде, жа­

зармандар ортасынан алыс Серікжан, Қабыл сияқты ин­
теллектуалдардың жүргеніне таң қаламын. Қабыл, бір
нәрсеге ренжіп қалды ма, соңғы кездері пікір жазбайтын
боп жүр. Ал, Серікжанның ойларын өз басым үнемі қа­

дағалап, ескеріп жүремін. Тіпті, оның латын қарпіне кө­
шуге байланысты бүгінгі күні көтеріліп жатқан әңгімеге
орай жазған пікірін мақала етіп те жарияладық. Қысқа­
сы, Алтайшы, Ақтай, Доғалаңдар – бүгінгі біз білетін

дәстүрлі журналистиканың өкілдерін жолда қалдыратын
мықты азаматтар. Осындай жігіттердің ойын ашық айтуға
мүмкіндік беріп отырған «Abaі.kz», сірә, жаман сайт бол­
маса керек.

– Дәуренжан, құтты болсын! Менің сұрағым: Abaі.

kz сайты көтерген мәселелер жөнінде жоғарғы жақ­
тың алаңдап, қысым жасаған кезі болды ма? Болса,
кімнің қай мақаласы туралы?

– Өтірік айта алмаймын, мұндай мәселе бізде бол­

ған емес. Қазақстанның қайткенде жаман атын шыға­
руға тырысатын менің орыстілді әріптестерім көшеде
сүрініп кетсе, ертеңгісін сол жағдайын жалпақ жұртқа
жариялап жатады. Соның көбі өтірік. Біздегі өткір ма­

қалаларға қарап оқырман әр түрлі ойға берілуі мүмкін,
алайда, қайталап айтайын, қазақтың Ата Заңы мен ар-
ожданын қорламайтын дүниелерді барынша сақтап бе­
ретін газетте, сайтта биліктің несі бар?

– Жүрегіңіз ауырып, ішіңіз күйіп ойлайтын нәрсе

бар ма?

– Егер бұл менің жеке басыма қатысты сұрақ болса,

жүрегім ауырып, ішім күйіп ойлайтын емес, сағына­
тын адамдарым бар... Бала кезімде Бердібек Соқпақ­
баевтың кейіпкері сияқты «Мен осы соғыс кезінде неге
тумадым екем? Соғыс кезінде тусам, ерлікпен көз жұ­

матын ерлердің бірі болар едім» деп армандайтынмын.
Жаратқан мені «арманыма» жеткізді. Мен қазір ақпарат
майданының алаңында жүрмін. Бұл майдан – мәңгілік
майдан. Осы майданның қатардағы жауынгері бола

жүріп, айтарымды айтып, жазарымды жазбасам, менің
кім болғаным? Сондықтан жүрегім ауырып, ішім кү­
йетін мәселенің бәрін жазып-айтып келе жатырмын деп
ойлаймын.

– Қазақтілді журналистикада ең мықты журна­

лист, ең мықты публицист деп кімді айтар едіңіз?
Прозаларыңызды жинақтап, кітап шығару ойы­
ңызда бар ма?

– Өз мамандығына адал, кәсіби білігін арттыруға ұм­

тылатын, жаңалыққа жаны құмар, қазақ журналисти­
касының тарихына жетік, ақпараттық технологияның
даму мүмкіндігін өзіне жат көрмейтін әріптестерімнің
бәрін мықты публицист, мықты журналист деп тани­

мын. Өз басым Жанболат аға Ауыпбаевты, Жарылқап
Бейсенбайұлын, Марат Қабанбайды, Сапарбай Пар­
манқұлды, т.б. құрмет тұтамын. Мұхтар Мағауиннің кең
толғап жазған мақалаларын іздеп жүріп оқимын.

Әңгімелерімді жинақтап, кітап етіп шығару ойымда
бар. Жазған дүниесінің газет бетінде, журналда ғана қа­
лып қоюымен шектелетін адам жоқ шығар.

– «Аbaі.kz» қазір өткен ғасырдағы «Қазақ» га­

зетінің орнын басты, Алаш баспасөзінің ауыр жүгін
көтерді. Құрылтайшысы кім сайттың?

– Әр баспасөз өз заманының сөзін айтып, жүгін арқа­

лау керек. Ол міндеттен бойын аулақ салған газет – га­
зет емес, журнал – журнал емес. «Баспасөз дегеніміз –
халықтың көзі, құлағы һәм тілі» (А. Байтұрсынов), ал,
бүгінгі заманда мемлекеттің мүддесі, ұлттың айнасы деп

ойлаймын. Баспасөз өзіне жүктелген осындай миссия­
дан қашпау керек. Сіздің лебізіңізге рахмет, біз өз мін­
детімізді адал атқаруға тырысудамыз. Ал сұрағыңызға
келсек, сайттың құрылтайшысы – «Абай-ақпарат» қазақ

интернет кеңістігін дамыту қоры. Құрылтайшылыққа
құрығы ұзын бөгде біреулердің ешқандай қатысы жоқ.

– Лақап аттары Атаба, Рыжий Алмас, Черный Ал­

мас, Баха фестиваль, Композитор Баха, Киса, және
тағы басқа ер жігіттер сол 90 жылдардағы көрін­
бейтін, еленбейтін, абырой әпермейтін, бірақ елдікті
сақтауда маңызы өте жоғары соғыстың жаужүрек

жауынгерлері болды ғой. Олардың кінәсізге, әлсіз­
ге, жазықсызға тиіспегені, қазақ пен өзге ұлттың
арасында кездесіп қалатын ұлтаралық мәселе бола
қалса, кез-келген уақытта сол арадан табылып, мә­

селені шешкендері рас. Сол жігіттер туралы шын­
дық айтылса екен.

– Қарулы, мықты спортшы жігіттеріміздің кейінгі

жылдары «шибөрілікпен» айналысып кеткенін естимін.
«Бүркіт қартайса, тышқан аулайды» дегеннің кері осы
шығар, сірә. Қытайдың «Триадасы», Италияның сици­
лиялық мафиясы сияқты күштер мемлекет болған соң,

бізде де болуы керек. Өткенде бір жігіттерден Қазақс­
танда екі «вор в законе» бар деп естідім. Болуы керек,
неге болмасқа? Қадыр Мырза Әлидің сөзімен айтқанда,
«ұлттың ұрысына дейін болуы керек».

– Қазақ саясатының ең үлкен басым бағыты "Қа­

зақ көшіне" арнаулы керек еді... Бірақ мұны сіз
білесіз, біз білеміз. Билік білмей отырған сияқты.
Қалай ойлайсыз? Бірнеше жылда Қазақстанның,
оның ішінде қазақтың санын миллионға арттырған

көш тағдыры ендігі жерде не болмақ? Көші-қонның
осылай тоқырап қалуына қазақ зиялылары қол қу­
сырып қарап отыра ма? Иә, хат жазар, мақала жа­
зар. Бірақ нақты талап етудің жолдары қандай? Сіз

не дейсіз?

– Тағдырдың тәлкегімен сыртқа қоныс аударуға мәж­

бүр болған қазақтың Атажұртына оралуына мүмкіндік
туған заманның заңғар тұлғасы, қазақ көшінің бүгінгі ав­
торы – Назарбаев. Ол кісі саясаткер ретінде 90-жылдар­
дағы қиын-қыстау уақытта бет алған бағытынан таймауы

керек. Шетке ауып кеткен шерменде қазақтың Еуропа
елдерінде тұрып, өмір сүріп жатқан бөлігінің жағдайы
жақсы шығар, бірақ өзгелері ше? Біз солардың тағдыры­
на ұлан-байтақ жеріміз, әйгілі мемлекетіміз бола тұрып

қарап отыра беруіміз керек пе? Көші-қон менше болған­
да, тоқырап қалмайды, ол әзірге іркіліп қана тұр. Қазақ­
тың Ата қонысына көшуі ХХІ ғасырда Кәрім Мәсімов,
Тимур Құлыбаевтардың көңіліне қарамайды. Әлем ха­

лықтарының ықпалдасу үрдісі мені осы ойға жетелейді.

– Билік қорықса, ана "Время" секілді газеттерден

қорқады. Сондықтан ғой, ол газетке қанша сына­
са да оған жыл сайын госзаказдан 25 миллион теңге
беріп отырады. Сіз неге осындай құлдық психоло­
гия жайлы айтпайсыз?

– «Время» газетін бетіне жіберіп, бетбақ қылған –

қазақтың бүгінгі сорлы билігі. «Время» дегеніміз – қа­
зақтың бүгінгі билігі үшін кіндігін жылтыратып көр­
сетуден ұялмайтын шорты киген шолжаң қыз. Осы
«шолжаң қыздардың» қылығына бетіміз күйіп отыр

емес пе? Бөтен елдің, бөтен тілде ақпарат беретін бас­
пасөздің қазаққа дос болмайтындығын қашанғы зар­
лап-қақсап айта береміз? Бөтен елдің баспасөзін асы­
рау – жаулап алған жатжұрттықтың әскерін асыраумен

тең. Орыстілді баспасөздің ойраны туралы үнемі жазып
келеміз. Ал, «Время» туралы айтарымыз әзірге – осы.

– Қазақстанда таралымы көп, айтары жұмсақ екі

газет бар. Ол – "Алаш айнасы" мен "Айқын". Осы
екі басылым биліктің көңілін бұзбас үшін, арнайы
шығарылған жоқ па осы?

– Бұл екі газет – баспахана саласындағы жетістік­

тердің мүмкіндігін пайдаланып, жақсы шығып жатқан
газеттер деп ойлаймын. Бірақ газеттерде формат деген
пәле бар, сол формат, яғни, жоғарғы жақтың саясаты
бүкіл баспасөзге ортақ. Барлық БАҚ сол форматтың

шегінде жұмыс жасайды, жасап келе жатыр. Өткенде
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин еліміздегі баспасөз
атаулының осы халін түсініп, жаңа концепция ұсынды.
Қазақстандық БАҚ осы концепцияны дамытып, ашық,

еркін сипатқа көшуі керек. Баспасөз сөз бостандығы
мен азаттыққа өзі ұмтылмаса, ондай мүмкіндікті ешкім
жасап бермейді. Қоғамның тұрақтылығы дегеніміз –
баспасөздегі еркін пікір, ашық ойдан да көрініп тұрады,

оны бүркемелеу – қоғамның ішкі саяси тұрақсыздығын,
биліктің әлсіздігін әйгілейтін құбылыс. Осы жайтты бек
ұғынса, билік ешнәрсеге алаңдамай өмір сүре алады.

– «Абай» порталының бүгінде қоғамдық пікірге

және билікке ықпал етуде өз орны бар ма? «Abaі.kz»
сайты жеке меншік пе, жоқ билікке тәуелді сайт па?

– «Abaі.kz» ақпараттық порталы қоғамдық-пікірге

азды-көпті ықпал ететін күшке айналғанын біз емес, ел
ішінің өзі айтып жүр. Ұлттық, мемлекеттік мәселелер
тұтқиылдан шыға келгенде, зиялы қауымның «Abaі.kz»
сайтын бетке алып, «Абайдың» айналасына шоғырла­

нуы соны білдірсе керек. Осындай сайт билікке қанша­

лықты тәуелді бола қойсын? Алайда ашығын айтайық:
бүгінгі билікке түптеп келгенде бәріміз тәуелді шығар­
мыз, әйтсе де, тәуелділік деген тәу етіп отыру емес. Біз
билікті баспасөзбен қарым-қатынаста болудың жаңа

форматына көшуге де ептеп ықпал етіп келеміз. Осы
бағытта жұмысымыз жалғаса түспек.

– Латын әліпбиіне өтуге көзқарасыңыз қалай?

– Латын әліпбиіне өту жайлы сөз қозғалған екен,

енді оны тоқтатпайық. Зиялы қауым мүмкін болса, ла­
тын қаріпіне көшудің ұлтымызға пайдалы жағын көбі­
рек қозғап, соны әңгіме өзегіне айналдыра беруге тиіс.
Көне руна, түркі жазуына бару туралы идеяларды да

«Абайда» бірнеше рет жария еттік. Бұл жазудың өлі
жазу болып қаларына сенбеймін. Әйткенмен де, оған
дейін біздің басымыз әбден пісуі керек.

– Мәртебелі оқырман, осымен интернет-конферен­

циямыз бір жақты болып, тиянақ тапқан сияқты. Қа­
дари-халімізше барлық сауалдарға жауап беруге жа­
нымызды салдық. Кейбір сұрақтар – мысалы, «Abaі.
kz» сайты пікірлерді өзі ұйымдастырып отырмай

ма?» немесе «Abaі.kz» порталының қызметкерлеріне
кім айлық береді?» деген сияқты сұрақтар қайталан­
ған екен, енді оған қайыра жауап жазып отырудың
қажет жоқ шығар деп білдім. Көші-қон туралы сұрақ

жолдаған қонақ өзі пікір айтып, ойын шашыратың­
қырап алыпты. Уақа емес. Мен ол бауырымның негізгі
айтпағын түсінген сияқтымын, сондықтан қысқаша
пікірімді білдіре кетейін.

Біріншіден, қазақ көшінің қазіргі үзілісіне қарап то­
қыраудың, іштей егілудің қажеті жоқ. Біз ел емеспіз
бе, ендеше, билікке ұлы көштің – нұрлы көштің мән-
мағынасын, мемлекеттік мазмұнын дәлеледеп ықпал

ете беруіміз керек.
Екіншіден, көшіп келуге ұмтылған, келуге жағдайы
бар қазаққа қарсы шықпауымыз керек. Зиялысы көшіп
кетсе, сырттағы қазақ зиян шегіп қалады деп қорқудың

қажеті жоқ. Өйткені алыстағы ағайынның бәрі есті,
бәрі ұлтшыл. Оқыған-тоқығаны артық қазақ қай елге
болса да керек. Ал қазақтың қарасын молайтатын қазақ

– жалпы Қазаққа керек!

Үшіншіден, «Abaі.kz» көшіп келген қазаққа іші елжі­
реп, келе алмай жүрген қазаққа қырын қарайтын сая­
сат ұстанбайды. Ұстанған да емес. «Abaі.kz» сайты

– ғаламторда Хакім атамыздың атын иеленгелі қа­

зақ көшінің сөзін сөйлеп, жырын-жырлаудан айныған
емес.
Осымен интернет-конференциямыздың жиыны тә­
мам, құрметті оқырман. Сауал қойып, ашық пікір ай­

тып, белсенділік танытқандарыңыз үшін бәріңізге ри­
зашылығымды білдіремін.
Құрметпен, Аbaі.kz ақпараттық порталының бас
редакторы – Дәурен Қуат

(Соңы)
Abaі.kz
2013 жыл, сәуір айы

АЛТЫ ҚАРАҒАЙДЫҢ АРАСЫНДА

АДАСЫП ЖҮРМІЗ

«Алаш айнасы» газеті кәсіби мерекеміздің қараса­
ңында бізге «Қазіргі қазақ журналистикасы бәсеке­
ге қабілетті ме?» деген сұрақ қойған болатын. Әлгі
сұраққа қайтарған жауабымыз газет белгілеген кө­

лемнен асыңқырап кетсе керек. Ықшамдалып ба­
сылыпты. Сол себепті «Алаш айнасының» тілшісі,
әріптесіміз Мәриям Әбсаттарға ауызша айтып бер­
ген ойымызды «хатқа түсіріп» қайта жариялауды

жөн көрдік.
Шыны керек, қазақ журналистері ақпарат майданын­
дағы бәсекеге қабілеттілік деңгейіне толық қол жеткізе
алған жоқ әлі. Мұндай жайттың көп себебінің бірін мен

қазақ баспасөзінде қызмет етіп жүрген әріптестерімінің
ішкі бірлігінің, өзара үндестігінің, бір-біріне деген ті­
леулестігінің, бір-бірін шығармашылық тұрғыдан қол­
дай алмайтындығының кесірінен көрер едім. Мәселен,

тележурналисттен газеттегі әріптесінің не жазып жүр­
генін, болмаса газет тілшісінен радиодағы журналистер
қандай мәселе көтеріп жүргенін сұрап, әңгімеге тарта
қалсаң, мұрнын тыржитып, иығын қушитады. Онысы

«солар не бітіріп жүр ғой дейсің?» деп өзінше білгішсін­
гені болса керек. Бізде, тіпті, бір-бірін сырттай болса
да танымайтын журналистер жетіп артылады. Бәсекеге
қабілеттілік бірлік пен ынтымақтан қалыптасады. Біз

Ресей не Қытай секілді қалың ел емеспіз ғой. Соған сай
бұқаралық ақпарат құралдарымыздың да саны аз. Енде­
ше, бірімізді біріміз сырттан күндеп, ала бақа, аш жылан
болмай, алдымен еліміздегі ақпарат кеңістігін тұтасты­

рып тұрудың қамын ойлауға тиіспіз. Өкінішке қарай,
біз әлі күнге бірауыздылық танытып, қоғамдық пікір
тудырудың орнына алты қарағайдың арасында адасып
жүрміз. Ал, мұндай жағдайда ақпараттық бәсекеге

қабілеттілік туралы айтудың өзі қиын емес пе?. Бұл бір
десек, екінші мәселе – қазақ баспасөзінің материалдық

тұрғыдан жадау тұрмыс кешіп келе жатқандығы. Мем­
лекеттік бюджетке қарайтын газеттегі талантты, дарын­
ды жігіттер 20-30 мың теңгенің айналасында еңбекақы
алады. Тапқаны табан астында таусылатын журналисте

осыдан кейін қалайша творчестволық ізденіс, өз ісіне
деген құштарлық болуы мүмкін? Қазақстан экономика­
сы нарықтық қатынасқа өткен күннен бастап орыстілді
басылымдар ыңғайлы, жайлы тұрмысқа қол артып

алды. Бүгін, ХХІ ғасырда, қазақ баспасөзі енді ғана еп­
теп игілігін көре бастаған журналистердің күнделікті
жұмысына ауадай қажет қарапайым компьютер, факс,
ұялы телефон деген құралдарға орыстілді басылымдар

90-жылдардың басында-ақ ие болып қойған. Олардың
ақпаратты тез, шұғыл таратуының негізгі себебі осы
болса, екінші себебі биліктің оларға бүйрегі бұрып, со­
лардың тілінде сөйлеп, солардың тілінде алдымен ақ­

парат беріп жалпаң қағуынан деп түсінемін. Алайда,
орыстілді журналистердің алып бара жатқан ештеңесі
жоқ. Бірақ, оларға берілген мүмкіндік қазақ баспасөзі­
не де берілсінші, сонда көрер едік әуселелерін. «Орыс­

тың тілін біл» деген Абай орыстың законы болмаса, қа­
зақ оның алдында именбес еді дейді. Орыстың законы
бүгін де күшті болып тұр ғой. Ақиқатын айтар болсақ,
қазіргі билік қазақ баспасөзіне қабырға газеті деңгейін­

де ғана қарайды. Қоғамды толерантты болуға шақырып
бағатын билік қазақ баспасөзінің сынына төзімділік
таныта алмайды. Қазақ баспасөзінің сынына төзе ал­
майтын билік қазақ халқының әлеуметтік талаптары­

на да төзе алмайтындығын көрсетіп келеді. «Келгенде
Жиенқұлға шықпайды үнімнің» кебін киіп отырған
қазақ баспасөзін сондықтан қорлайтындар көп қазір.
«Қазақ баспасөзі жаза алмайды, айта алмайды» дейтін

пікірлер де осыдан шығады. Дейтұрғанмен, егер қазақ
баспасөзінде жарияланып жатқан материалдарды орыс­
шаға аударып берер болса, немесе қазақ журналистері
жазып жатқан қадау-қадау сыни мәселелер орыс тілінде

көтерілер болса, онда баспасөздің ұлттық, мемлекеттік
маңызы да арта түсер еді. Мұны неге айтып отырмыз?
Өйткені, орыс тілді басылымдар ақпарат кеңістігін қар­
жылық топтар мен сыртқы күштердің мүддесіне қарай

бөлісіп алды. Осыған бір мысал келтірейін, былтырғы
8 тамыздан басталып бес күнге жалғасқан Ресей қару­
лы күштерінің Оңтүстік Осетиядағы әскери іс-қимыл­
дары есте шығар, осыған байланысты біздің еліміздегі

бір ресми орын халық арасында құпия сұрау жүргізіпті.
Сонда нәтиже қандай болған дейсіз ғой? Қазақстандағы
орыстар мен орыс тілділер Ресейдің Грузияға жасаған
қысымын бір ауыздан қолдап шыққан. Ал, қазекемнің

пікірі ала-құла болған. Сауалнамаға қатысқан қазақтар­
дың бірқаншасы Ресейдің ісін қолдаған, бірқаншасы
қолдамаған, Ресей мен Гүржістанның арасында не бол­
ғанын білмейтіндер де табылған. Бұл нені білдіреді?

Бұл біздегі ақпараттық саясаттың Қазақстанның мем­
лекеттік ішкі һәм сыртқы саясатынан тыс өмір сүріп
жатқанын, орыс тілді баспасөздің қоғамдық пікірге
ықпалды екендігін білдіреді. Бұл және орыс тілді бас­

пасөз Қазақстанды ақпарттық кеңістікте Ресейге отар
етіп ұстап отырғандығын білдіреді Ал, енді осыдан қо­
рытып не айтпақпыз? Айтарымыз мынау: қазақ журна­
листері ақпараттық бәсекеге қабілетті болуы үшін қазақ

баспасөзіне мемлекеттік деңгейде қолдау керек. Мем­
лекеттік қолдау жаңағы өзіміз айтып отырған Ресейдің
де, АҚШ-тың да, Батыстың да тәжірибесінде бар нәрсе.
Осыны біздің ресми орындар түсінбей-ақ келеді.

Тағы бір шындық: қазақ баспасөзінің халықтың тара­
пынан да қолдау көріп отырғаны шамалы. Бізде бәсеке­
лестікке қабілетті журналистік орта қалыптасуы үшін
халқымыз да сондай сергек болуы керек. Газеттерде,

теледидар мен радиоларда тарап жатқан ақпараттар
мен ұлттық мазмұны терең мәселелерге ілесе үн қоса
алатын азаматтық қоғам болуы шарт. Өкініштісі сол,
біздің оқырманның деңгейі қазір «сары басылымдар­

дың» деңгейіне түсіп кетті. Бір кездері қазақ оқымыс­
ты-ақ халық болған. 80-жылдары қазақ газеттерінің та­
ралымы 200-300 мыңға жетуі соның айғағы. Халықтың
мұндай құлшынысы, әрине, өз кезегінде баспасөздің

күш-қуатына, беделіне де әсер етеді. Қорыта келгенде
айтарым, бәсекеге қабілетті бола алмай тұрғандығы­
мыздың бірінші себебі – бір-бірімізді шығармашылық

тұрғыдан қолдау жоқ, екінші – билік орындары қазақ
баспасөзінің қажеттілігін жете бағаламай келеді, ту­
расына көшсек, қазақ баспасөзіне қысым жасап бағу­
да, сондай қысымды көре тұра қазақ журналистерінің

арасында пікір еркіндігі үшін күресу, өзінің беделін
көтеру үшін шаралар ұйымдастырып, замана талабы­
на сай жаңа мүмкіндіктердің жолын қарастыру деген
әрекеттер атымен жоқ. Осындай бейқамдығымыздың

салдарынан біз ақпараттық агрессияға жол беріп қо­
йып отырмыз, ақпараттық кеңістігімізге ықпал ету мис­
сиясын да өз міндетімізге жүктеуден тайсақтаймыз.
Мұның сыртында басқа тағы да көп әңгіме бар. Оның

бәрін тізіп жылында бір келетін кәсіби мерекемізде
көңілімізді жүдете бермейік.
Abaі.kz
2009 жыл, маусым айы

3.ҚОҒАМНЫҢ ЖАТЫРЫ

ҮРІМШІГЕ ҮЛКЕН

САЯСАТ КЕЛДІ

Қытайдың Шыңжаң өлкесінің орталығы Үрімші қа­
ласына таяуда Цзян Цзэминь жолдас келіп кетті. Сыртқа
ақпарат таратуға сараң ҚХР өкіметінің бақылауындағы
бұқаралық ақпарат құралдары экс-төрағаға жергілікті ұй­

ғыр халқының өкілдері шапан жауып, қашқар тақиясын
кигізіп мәре-сәре болғанын көрсетіп, жазумен ғана шек­
телді. Түймедейден түйедей зат жасай қоятын Батыс бас­
пасөзі де әлгі зерлі шапан мен оймақтай тақияны «киіп»

тымпия қалған қытай саясатына дендеп ене алмай діңке­
леп отыр. Шапан жабу – ұйғыр халқының дәстүрлі дип­
ломатиясында аса зор құрмет белгісі. Қысқасы, ұйғырлар
Цзян Цзэминь жолдасқа риясыз ықылас танытып аттан­

дырып салды деуге болады.
ҚХР өкіметінің бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь
есімін біздің ел, сірә, ұмыта қоймаған шығар. Ол адамды
Шыңжаңдағы қандастарымыз қазақ тілінің табиғатына

сай Жаң Зымын деп атайды.
Жаң Зымын – өз тұсында қазақ-қытай қарым-қатына­
сына оң ықпалын тигізген тұлға. Қазақ пен қытай шека­
расы дәл осы Жаң Зымын жолдас ресми Пекиннің атынан

сөйлеп тұрған кезде шешімін тапты. Сонау он сегізінші
ғасырдан бері, Цин әулетінің патшалық құрған кезінен
бастап әркез сойыл сұрап, сұрапыл қақтығыстарға май­
дан беріп тұрған шекара мәселесінің шешімін табуына

пәрмен білдіріп, айдаһар мінез танытқан қытай саясат­
керлерін ауыздықтай алған Жаң Зымын жолдас туралы
кезінде қазақ баспасөзінде кем айтылған емес. КСРО мен
ҚХР арасында 33 мың шаршы шақырымға жуық шека­

ралық даулы белдеулердің бар екендігіне 1960 жылдар­
дың аяғын ала Кремльді басқарған селеу бастар зорға
мән берген еді. Ал бұл кезде қытайдың үлкен картасы­
на Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағы Балқаш көліне

дейін тұтас еніп үлгергені кейін жарияға шықты. «Шека­

ра бөлінісінің 99 пайызы эмоциядан тұрады» деп дипло­
маттардың бірі айтқандай, жаңағы айлапат жерге қытай
жағы тістей қатып қалса, жағдай қандай сипат алар еді?
Оған дәл жауап беру қиын, әрине. Сондай терісазу, қи­

сық саясатқа жол бермеген Жаң Зымын Қазақстан Пре­
зидентінің құрметті досы ретінде «Алтын қыран» ордені­
мен мараптталды.
Жаң Зымын жолдас жас кезінде Ресейдің Горький

атындағы қаласында автомобиль шығаратын зауытта
жұмыс істеген. Орыс тілінде тәп-тәуір сөйлейді. Оның
сыбызғының үніндей сызылып естілетін орысшасы Ель­
циннің танауынан шулап шығатын орысшадан жағым­

ды естілетінін ілгеріде Ресей журналистері де қынжыла
мойындап жүретін. Билікке Дэн Сяопиннің қолдауымен
келген бұл адам қытайды күллі әлемге паш етті. Қы­
тайдың әлем туралы түсінігі мен әлемнің қытай туралы

түсінігінің түңілігін ашып, аспан астын кеңейткен кесек
тұлға. Ол ҚХР өкіметінің төрағасы ретінде тұңғыш рет
АҚШ-қа, Латын Америкасы мен Ресейге, Орталық Азия
елдеріне ұзақ сапарларға шықты. Тайвань аралын қытай

мемлекетінің иелігіне қайтарды. Экономикалық рефор­
малардың басында тұрды. Экономиканы басқарудың
мемлекет пен меншікке негізделген қытайлық нұсқасын
жасай алды. Коррупцияменде аяусыз күресті.

Көне ханьсулардың аңызында Сун Укунь дейтін май­
мыл тар шатқалда кездескен екі жолбарыстың айқасын
бас бағып бақылайтын еді. Сун Укунь маймылдың халін
кешкен қытайды ол былайғы жұрт ығатындай елге айнал­

дырды.
Міне, осындай заңғар тұлғаның, Дэн Сяопин айтпақшы
«қытай өкіметін көлеңкеде жатып басқаратын» тегеурінді
саясаткердің, Үрімшіге келуі көп нәрсені аңғартса керек.

ҚХР мен КСРО-ның арасындағы томаға тұйық жыл­
дарды артқа тастап қарым-қатынастың нышаны сезіле
бастаған заманда Үрімшіге барған дипломаттардың бірі

– Эдуард Шеверднадзе болатын. Горбачевтың бұйрығы­

мен КСРО-ның Сыртқы істер министрлігін басқарған
Шеверднадзе Батыс елдеріне жасаған сапарының соңын
Үрімішіде қортындылайды. Үрімші ол кезде шалғай­
дағы жалаңаш қалалардың біріне жататын. КСРО-дай

державаның атынан аяқ басқан Шеверднадзе Үрімшіні

қомсыныңқырап «бұл қала несімен ерекеше?» деп өзін
қарсы алған қытай өкіметінің өкілдерінен сұраған көрі­
неді. Сонда олар сәл абдырап барып «Үрімші көп ұлтты
қала» деген жауап қайтарады. «Мұнда грузин бар ма?»

деп сұрайды саясатта «ақ түлкі» атанған Шеверднадзе өз
ұлтын мақтаныш көретін тау халықтарына тән мінезбен.
Қытайлар, әрине, «жоқ» дейді ғой. Сонда Эдуард Амв­
росиевич «Мені ендеше Үрімші азаматы деп есептеңіз­

дер» дейді. Үрімшіде гүржі халқының сыңар тұяғы да
тұрмайтын болар. Алайда, Үрімші, Құлжа маңында қазақ
көп. Ұйғырлардың да қарасы мол. Дүңгендердің де саны
арта түсуде. Сібе-солаң дейтін қытайға жақын ұлттар да

Үрімшіге «үйірімен» көшіп келіп жатқан көрінеді. Қазақ­
тармен жақын араласатын құба қалмақтар да Іле бойында
өмір сүреді. Тоқсаныншы жылдардың алғашқы ширегін­
де этникалық ханьсулардың үлесі Үрімшіде 11 пайыздан

аспайтыны туралы деректер айтылатын. Қазір Үрімші
толықтай қытайға қараған, қытай тәртібіне, қытай архи­
тектурасына көшкен қала. Кісі бойындай қытай иерог­
лифтерімен берілген жарнамалардың өзі Үрімшінің бет-

бейнесін жұтып үлгерген. Осы өзгерістерге төзбейтін ұлт,
жаңағы «көп ұлттың» ішінде ұйғыр болып отыр. Ұйғыр­
лар мен ханьсулардың өткен шілде айында қақтығысып
қалуына әлдеқандай «бұзақылықтың» сылтау ретінде та­

была кетуі көп себептің бірі ғана. Әлгі оқиғаның жай ғана
«бұзақылық» еместігін ресми Пекин де мойындап, оған
АҚШ-та тұратын дүниежүзілік ұйғырлар конгресінің
басшысы Рәбия Қадырды кінәлады. Мұның артында Қа­

дырды қадір тұтып саяси баспана берген АҚШ-ты айып­
ты санаудың да салқын райы байқалады.
Иә, бұдан былай Үрімші үлкен саясаттың орталығына
айналатын сияқты. Ендеше сол саясатқа сай Қазақстан­

ның да ұстанымы болуға тиіс. Әңгіменің бастысы арғы
бетте тұратын қазақтардың қамы екендігі оқырманға
түсінікті ғой деп ойлаймыз. 1993 жылғы қазан айындағы
сапарында Нұрсұлтан Назарбаев Цзян Цзэминмен қазақ­

тарды көшіріп алудың жайы туралы сөйлескені есімізде.
Көші-қон мәселесіне ҚХР-дың сол кездегі төрағасы қар­
сы еместігін аңғартқан. Алайда, біздің орысқолды саясат­
керлер «қазақтар Алтай, Іле аймағын байырғы қонысы

санайды. Олардың көшіп келе қоюы екіталай» деп жа­

қауратқан еді. Жағдай, әйткенмен де, керісінше сипат ие­
ленді. Қазақ көшінің беті бері бұрылды. Қазір Қытайдағы
қазақтар «жер бетіндегі жалғыз отаным – Қазақстан» де­
ген ойға нық бекіген. Демек, Үрімшідегі үлкен саясаттың

талқысына түсіп кетпей тұрғанда қандастарымызды жал­
ғыз түтін қалдырмай көшіріп алуға батыл кірісу қажет.
Астана Қытаймен арадағы көш мәселесіне немқұрайлы
қараған сайын ахуал күрделі сипат иелене беруі ықтимал.

Ондай жағдайда Қытаймен бүгінге дейінгі қол жеткен
байланыстан айрылып қалуымыз да кәдік. Жадыңызды
жаңғыртып өтейін, Қазақстан мен ҚХР басшылары мем­
лекеттік біріккен декларацияға қол қойып, өзара сенім

шараларын бекіткен еді. Трансшекаралық өзендерді
бірігіп пайдаланудың да екі жаққа тиімді жолдары қарас­
тырылуда. Қытай – Қазақстандағы ірі ивесторлардың бірі.
Атасу-Алашанқай құбыр жолы салынды. Соның «өтеуі»

сияқты қазір Қазақстанда 300 000 қытай азаматы тұрақ­
ты тұрып, еңбек етуде. Бұл деректі Қытайдың Синьхуа
агенттігі жай статистика үшін жария етпегендігін де есте
мықты ұстаған абзал. Бұл – Қазақстанда қытай халқы­

ның диаспорасы қалыптаса бастады дегенді аңғартатын
мәлімет. Әйтпесе, Синьхуаның әлгіндей деректі ашықтан
ашық жария етуі неғайбыл.
Сонымен, Үрімшіге үлкен саясат келді. Ол саясатты

ертең біз Жаң Зымын жолдастың Үрімшіге жасаған са­
парымен байланыстырып ұзақ жылдар бойы айтып жү­
руіміз мүмкін.
Abaі.kz

2009.09.02

«КЕР ЖАҚТАРДЫ» БЕР ЖАҚҚА

ТАРТУ МҮМКІН БЕ?

Еліміздің шығар күнін иығына қондырған алып Алтай
тауының бөктеріндегі Өскемен қаласында қазақ балала­
рына арналған үш-ақ мектеп бар. Әлгі үш мектеп толы
қазақтың ұлы мен қызы. Үш ауысыммен оқиды. Сынып

бөлмелері жетпегендіктен мектеп ұжымдары амалдап,
барды жамап-жасқап, тіпті, дәретханалар мен жертө­
лелерде оқушыларға дәріс беруде. Аbaі.kz ақпараттық
порталында жарияланған «Қаладағы қазақ балалары дә­

ретханада оқып жатыр» атты мақалаға қарап отырып, Өс­
кемендегі жас ұрпақтың жаутаңкөз халіне, балаларының
сондай күйі кеткен білім шаңырағына барып жүрсе де ана
тілінде оқып, тәлім-тәрбие алып шығуына мүдделі ата-ана­

лардың төзімділігі мен көнбістігіне қайран қалғанбыз. Бұл
жайт –этәуелсіз Қазақстанның өнеркәсіп орындары шо­
ғырланған, старатегиялық маңызы ерекше бір қаласында
емес, аштық пен жалаңаштықтан азат етілмеген, болашағы

күмәнді елдерде ғана болатын ұсқынсыз тірлікке ұқсайды.
Бірақ, қазақ балаларының басындағы осындай бейшара
жағдайға отандастарымыздың ортақтасып, жанашырлық
танытуға азаматтықтары жетпейтін болып шықты. Қазақ­

тың қабырғасын қайыстыратын іс – қазақтыкі ғана екен.
Олардың паңкөректенген пайымдарына сүйенсек, қазақ
тіпті өз жайын айтып жергілікті билікке мұңын шақпауы
керек екен. Қазақтың басындағы тағдыр ашық талқылана

қалса, ол дегеніңіз ұлтаралық қарым-қатынасқа сызат түсі­
реді екен. Сөзіміз дәлелді болсын. Мынаны оқыңыз:
В отношении статьи «Дети казахской национальнос­
ти города обучаются в туалетах»

В областной газеты «Дидар» № 82-83 от 3 июня 2009
года опубликована статья «Дети казахской националь­
ности города обучаются в туалетах», корреспондента
газеты «Дидар» Алибека Кантарбаева, который проти­

вопоставляет условия обучения детей в школах г. Усть-
Каменогорска с казахским языком обучения и смешанных
школах (статья прилагается).
Данная статья вызвала нездоровую реакцию среди эт­

ноориентированных общественных объединений г. Усть-
Каменогорска.

В частности, активисты ВКФ РСД ЛАД при обсужде­
нии статьи высказали мнение о том, что её содержание
не соответствует действительности и способствует воз­
буждению межэтнической розни. При этом считают, что

публикация статьи в государственной газете, отражает
мнение местных органов власти по данному вопросу, что
противоречит проводимой Правительством РК политики
в сфере межнационального согласия.

АКТИВ ВКФ РСД ЛАД намерен: 1. О факте публикации статьи направить информа­

цию в центральный комитет РСД ЛАД г. Кокшетау. 2. Обратиться к Акиму ВКО с просьбой разобрать­

ся с лицами допустившими её выпуск. По результатам
дать опровержение и информацию о действительном
положении дел в сфере образования.

3. В случае не исполнения подготовить по данному

факту обращения в Совет «Соотечественников» РФ и
Президенту РК.
Міне, біз өбектеп жолында өліп кете жаздайтын ұлт
өкілдерінің ниеті. Газеттегі мақаланы дейді, ЛАД-тың Өс­

кемендегі белсенділері, Көкшетаудағы орталық комитетке
жолдау керек. Содан кейінгі талаптары ШҚО-ның әкімі
әлгіндей мақала жазып жүрген газет басшылығымен жақ­
сылап сөйлесіп, қателіктерін бетіне бассын. Газет кешірім

сұрасын дегенге саяды. Бұл талап – жүрегі еттен жара­
тылған жан баласының ойына кірмейтін талап. Бұл талап

– жаны ашымастың ғана емес, шектен шығып маңайына

шекелеп қарап үйренгеннің талабы. Сонда қазақ балала­
ры қаусап біткен мектептерде бір партаға төрт бестен мін­
гесіп отырып оқуы керек пе? «Қазақ та адам баласы ғой»
(Абай). Қазақтың жас өскін жауқазын талап ұл қызы кең

де жарық сарайларда оқып, заманауи білім алуға толық
қақылы емес пе? Әлде ЛАД белсенділері қазақты адам
санатына қоспай ма? Қала тұрғындарының әлеуметтік
тұрмысынан алынып жазылғаннан өзге астары жоқ мақа­

ланы алаулатып, жалаулатып, бұрмалап, дау көтеріп жат­
қан ЛАД мүшелерінің әрекеті этносаралық жікке себеп
болмаса, басқа себепті басы істейтін адамның (көрсоқыр,
надан, тоңмойын ұлтшылдықтан биік тұратын адам деп

түсініңіз) көре аламасы анық. Байыпты жазылған мақала­
дан құбыжық көріп байбаламға басып жүрген ЛАД «қай­

раткерелерінің» тірлігі қойдан жуас қазақ «қордасында»
міленіп жата берсін, жарық дүниенің бетін көрмесін, озық
білім алмасын дейтін қарау ниеттерін жайып салып тұр­
ған жоқ па? Соның бәріне «әй, қойшы» деп қол сілтей са­

луға болатын еді. Алайда, жергілікті биліктің осы уақытқа
дейін құр сөзбен құрық жонып түк бітірмегендеріне қарап
қынжылмасқа амалың қаламайды екен.
Шығыс Қазақстан облысына осы күнге дейін Қажымұ­

рат Нағымановтан басқа, қайратқа мініп, намысқа шабатын
әкім бара қойған жоқ. Аспан асты, жер үсті алаяқатары­
ның бәйгесін шаппай алатын Храпунов, шау тартқан ша­
ғында Қытайдағы елшіліктен оралып, ат басын шалдырған

Кәрібжанов, олақ әйел пішкен тұлыптай тұрқының өзінен
көңіл айнитын Бергенов дегендер ЛАД пен жаттың аузын
бағып жайына кеткен сияқты. Қара көз қазақ баласына ке­
ңес өкіметі кезінен салқын Өскеменде әлеуметтік-инфра

құрылымдар бүгінге дейін бүгілген белін жаза алмаған
соң облыстарды біріктіріп оңтайландыру саясаты пәлен­
дей шешімін таппаған сияқты. Нақтысына жүгінсек, хал­
қының саны басым Семей Өскеменге қарай көшіп, ішкі

қоныстанудың нәтижесінде ұлттар арасындағы сан айыр­
машылығы теңесіп қалады деген дәме жаңағындай көлең­
кесінен шошыған, дарынсыз, істің мән жайын білмейтін
кездейсоқ басшылардың қауқарсыздығынан еш жөнін тап­

паған секілді. «Бұға берсең, әрине, сұға береді». ЛАД пен
жат шулайды екен деп қазақ балаларын осы уақытқа дейін
дәретханаға қамап оқыту деген не сұмдық! Бұл керек де­
сеңіз, Конституцияға қарсы әрекет қой. ЛАД арызын Мәс­

кеуге жазады екен деп қалаға тұрғын үйлер салмау керек
пе? Мысығы мен күшігіне дейін жеке бөлмесі бар орыстар­
дың айналасына қазақ жастары келіп қоныстана бастаса,
оның несі қиянат? Орыс ұлтының сөзін сөйлеген болып,

күні өткен, зиянынан басқа пайдасы кем идеяларды тықпа­
лап бағатын ЛАД мүшелеріне бәлкім, қазақтың қалқайып
қатарға қосылғанын көрудің өзі қиын болар. Олар мұн­
дай қиындықтың қылша шатқалынан қалай өтерін өздері

білсін. Ал, елдегі әлеуметтік мәселелерді шешу жергілікті
биліктің міндеті. Өйткені, керауыз кер жақтарды бер жаққа
тартып, жалпаңдаудың уақыты өтіп барады.
Abaі.kz

2009.10. 13

БАНДЫ ЖАЙЛАҒАН

БІШКЕК

Бүгін Қырғызстанда болып өткен Президент сайлауы­
ның қортындысы жарияланады. Алдын ала белгілі болған
мәліметтерге сүйенсек, қырғыз елінің қазіргі президенті
Құрманбек Бакиев 82,62 пайыз дауыс жинап бәсекелес­

терін шаң қаптырып кеткен көрінеді. Оппозициялық
күштердің үміткері Алмаз Атамбаев сайлаушылар дауы­
сының 7,95 пайызын иеленіпті. Тағы бір талапкер Темір
Сариевке сайлаушылар дауысының 3,09 пайызы бұйыр­

ғанға ұқсайды. Қалған үш үміткер электораттың бір па­
йызға жетпеген дауысын қанағат тұтыпты. Кешеге дейін
2282 участоктен сайлау нәтижесінің жалпы жиынтығы
жетіп үлгерді.

Өзінің қайта сайланғанына бек сенімді Құрманбек
Бакиев баспасөз өкілдерімен кездесулерінің барысында
елде білім реформасын жүргізетінін жария етті. Сондай-
ақ, ол облыстарды ірілендіріп, аудандардың санын көбей­

тетін, бір – бірінің қызметін қайталап жататын биліктегі
лауазымды орындарды біріктіріп, оңтайландыратынын
да айтты.
Бакиев

Президент
сайлауында
жеңіске
жеткеніне

күмәнсіздігін аңғартып, алдағы шаруаның қамына кірісіп
кеткенімен, оның табанды қарсыласы Алмаз Атамбаев «сай­
лауды қайта өткізу керек» деп мәселе көтеруде. Халықаралық
«Азаттық» радиосының Қырғызстандағы тілшілеріне сұхбат

берген ол, бүгін, яғни, 27 шілде күні, Мәскеуге ұшып шы­
ғатынын мәлімдеді. Атамбаев Мәскеуге барып Ресей прези­
денті Медведевпен, премьер-министр Путинмен жолықпақ.
Жолығып оларды Қырғызстандағы Президент сайлауының

нәтижесін мойындамауға үгіттемек.

– Бакиевтың осынша мол дауыс алуы мүмкін емес. Ал­

дын ала жасалған болжамдар бойынша мен 60 пайыздан
астам дауыс алуға тиіс едім. Сайлаудан соңда маған қо­
ңырау шалып, «біз дауысымызды сізге бергенбіз» деуші­
лер көп болды. Мен осы уақытқа дейін халықтың наразы­

лығын басып, сайлаудың әділ өтетіндігін айтап келген едім.
Халықты бұдан әрі ұстап тұру қиын. Сондықтан, 29 шілде

күні сағат оннан бастап бейбіт митинг өткізбекпіз. Мәскеу­
де Медведепен, Путинмен сөйлесіп сайлаудың заңсыздығын
дәлелдеген соң елге оралып митингтің басқы шебінде өзім
тұрамын, – дейді Атамбаев.

Өз елінде өткен сайлаудың заңсыздығын өзге елдің бас­
шыларына барып дәлелдеу Атамбаевқа не үшін қажет бол­
ды екен? Бұл сұраққа тап басып жауап беру қиын. Алайда,
ТМД елдерінің ішкі саясатына Мәскеудің әркез араласып,

«ақыл айтып», «жол нұсқап», «үлкендік танытып» отыра­
тынын ескерсек, Атамбаевтың алып ұшып Мәскуге атта­
нуының сыры айқындала түседі. Оның үстіне қысқа күнде
қырық құбылатын Бакиевке толық сенім артпағандықтан

да Мәскеу сайлау алдында Алмаз мырзаны алқап, құлағына
керек сөзін құйып қоюы да мүмкін.
Ел билігіне төңкеріс жолымен келген Бакиевке ресми
Мәскеудің әуелден-ақ іш жия қарағанын білеміз. Себебі,

2004 жылдан бастап Мәскеудің ығытына көнбей, «ырық­
тан» шыққан саясаткерлер саясат алаңын алқызыл реңк­
терге толтырып билік басына келе бастаған еді. Расында,
Құрманбек Бакиев те – Саакашвили, Ющенколар сияқты

ТМД басшыларына беймағұлым тұлғалардың бірі. Бірақ,
соңғы екеуіне қарағанда Бакиев Мәскеуге біртабан жақын
адам болып шықты. Әйелі – орыс. Сонысымен бірге ол
ТМД-ның ішкі тәртібін қадағалап, ойын ережесін белгілеп

отыратын Назарбаев секілді азулы саясаткерлердің ығына
тез көне қалды. ТМД президенттері әредік кездесіп тұ­
ратын саммиттерге де тұрақты қатысып, белсенділік та­
ныта білді. ТМД елдерінің ішінара құрылған ұйымдарға

да мүше болудан бас тартқан жоқ. Ағымдағы жылдың ақ­
пан айында Манас әуежайынан АҚШ-тың әскери базасын
кетіріп Мәскеуге, тіпті, жаға түсті. Бұл шешімін Бакиев
басқа жерде емес, тура Мәскеуде жария етті. Сөйтіп, ре­

сейшілдік бағыт ұстанғанын байқатқан Бакиев аяқастынан
бұлт етіп «Манас» әуежайын АҚШ-қа азық-түлік және
әскери жабдықтар тасымалдайтын нысан ретінде қайта­
дан жалға беріп кеп жіберді. Ел парламентімен ымырала­

сып осындай қадам жасағаны үшін ол маусымның 11 күні
АҚШ президенті Барак Обамадан ризашылыққа толы хат
алды. «Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыруға үлес қосу
ниетін танытып, «Манас» әуежайын жүк тасымалдайтын

нысан ретінде жалға бергеніңізді зор ықыласпен құптай­

мын» деп жазады Обама Бакиевке арнаған хатында. Хат­
тың мазмұнын баспасөз өкілдеріне Қырғызстан Республи­
касының Сыртқы істер министрі Қадырбек Сарыбаевтың
мағлұм еткені есімізде. Ақаевтың тұсында АҚШ әскери

базаның жалдық ақысы есебінде 14 миллион доллар тө­
лесе, Бакиев оны 60 миллионға жеткізді. Бакиев Парла­
мент депутаттарының келісімін аларда жалдық соманың
көлемін бұдан да өсіріп айтса керек, өйткені, Қуанышбек

Қадыров, Бейшенбек Акунов бастаған халық қалаулылары
дау шығарып базаның жалдық құны бір жылға 200 мил­
лион болуға тиіс еді дейді.
Мәскеуге барып тұрып «Манастан» АҚШ әскерилерін

шығаратынын жария еткен Бакиев Ресейден 300 миллион
доллар көлемінде несие, 150 миллион грант және Қам­
бар-Ата ГЭС-інің құрылысына 1 миллиард 700 миллион
доллар инвестиция тартуға уағдаласып оралған. Таяуда

«Манас» әуежайын жалға алып Ресейдің әскери күштері
де беки бастады. Шамасы Бакиев бұдан былайда «Манас»
әуежайын АҚШ пен Ресейдің арасындағы ойынның көзірі
етіп ұстап отыратын болар. Себебі, «Манастың» халықара­

лық саясаттағы маңызы артып барады.
Шілде айының 31-інде Шолпан Атада ТМД басшыла­
рының кезекті жиыны өтеді деп күтілуде. Ал, тамыздың 1
күні Бакиев алпыс жасқа толады. Демек, саммитың соңы

мерейтой мен бейресми инаугурацияға айналары даусыз.
Неге десеңіз, Қырғызстандағы сайлаудың қортындысы
шықпай жатып Орта Азия мемлекеттерінің президенттері
Бакиевты жеңісімен құттықтап жіберді.

– Өздеріңізге мәлім, перзиденттік қызметімнің алғаш­

қы мерзімі күреспен өтті. Бәрін басынан бастауыма тура
келді, – дейді Құрманбек Бакиев жеңісіне кәміл сенген
көңілмен желпініп тұрып. Бакиевтың көңілі өсіп, көл-да­
рия болып жүргенін Қырғызстандағы «Азаттық» радио­

сының тілшілері еш әсерлеусіз жеткізіп жатыр.
Алғашқы мерзімін күреспен өткізген президент Ба­
киевтың елінде соңғы жылдары қуғын-сүргіннің көбейіп,
кісі өлімінің жилеп кеткені жөнінде халықаралық ұйым­

дар дабыл қағуда. Деректерге тоқталып өтейік.
Жақында Қырғызстан Президенті әкімшілігінің бұ­
рынғы жеткешісі, елдегі аса беделді тұлғалардың бірі,
көзінің тірісінде «сұр кардинал» атанған Медет Садырқұ­

лов жол-көлік апатынан қаза тапты. Апатқа Бакиевтың
туысқан інілерінің қатысы бар деп жазған журналист
шетелге бас сауғалап кетті.
Бұрынғы премьер-министр Алмаз Атамбаев кабинетін­

де отырып уланып қалды.
Бұрынғы Бас прокуор Әзімбек Бекназаров оппозициямен
байланысы бар деген күдікке ұшырап қызметінен қуылды.
2005 жылы қазан айында айыбын қатаң жазалау абақ­

тысында өтеп жүрген бұрынғы депутат Тынышбек Ақ­
тамбаев қаза тапты.
2006 жылы 10 мамырда қылмыс әлемінің жырындысы,
кейіннен ықпалды оппозиционерге айналған Тынышбектің

бауыры Рыспек Ақтамбаев кісі қолынан қаза тапты.
Қарасу базарының директоры Абдәлім Жүнісовты ар­
найы жасақталған қарулы топ атып кетті.
Халық төңкерісінің белсендісі, депутат Баямен Еркін­

баев пен Жырғалбек Сұрапалдиев қасақана өлтірілді.
2006 жылы қараша айындағы бір кеште Ош қалалық ке­
ңесінің депутаты Айбек Әлімжанов көкжелкесінен тиген оқ­
тан көз жұмды.

Ішкі істер министрлігінің полковнигі Уран Әлиев қыз­
мет бабымен жүріп оққа ұшты.
2007 жылы сәуір айында Нарын ауданының жерінен
саяси жүйеге наразылығын аштық жариялап білдірген

Бектемір Акуновтың мүрдесі табылды.
Ош қаласында белгілі журналист Әлішер Сайыпов
ажал құшты.
Міне, осындай келеңсіз жайттардың тізбегене көз тіге

қарасаң, бүгінгі қырғыз жұртын, Астанаға ең жақын көрші
елдің ресми орталығы Бішкекті банды жайлап бара жатқан­
ға ұқсайды. Айыр қалпақты ағайынның арасындағы билік­
ке деген берексіз талас пен әлеуметтік ахуалдың ушығуы

бізді де толғандырса керек. Абай болайық.
Abaі.kz
2010.04.11

МЫҢ ЖАСЫҢМЕН МӘҢГІЛІКТЕР­

ДЕН ОРАЛҒАН, АЛМАТЫ!

Қазақстанға шекесінен қарап Швейцарияға бір күнде тайы­
Қазақстанға шекесінен қарап Швейцарияға бір күнде тайып
тұрған Храпунов дейтін қутұяқтың Алматыға әкім болып тұр­
ған кезінде орыстілді басылымдар жұртты қарадай басынып

«Верный бекінісінің іргетасы қаланғанына 150 жыл толды»
деп жамыраған еді. Онымен қоймай, Алматыны «Алма-Ата»
атау қажет деген мәселе көтеріп және дүрлікті. Әлгі дүрмекке
Ермек Серкебаев сияқты табанды пікірі жоқ «тарландарымыз­

дың» да ілесе шапқаны есімізде. Тіпті, «Казахская правда» га­
зетінің бас редакторы, марқұм Алдан Айымбетовтей арда туған
ағамыз да жаңсақ кетіп, «Алмата – алманың атасы деген мағы­
наны білдіреді, сондықтан, «Алма-Ата» дұрыс» деп бұрысқа

тартқан болатын. Сол кезде, билік тапсырмаса тұрған орнынан
тапжылмайтын тарихшыларымыз аяулы Алматыдай ірі шаһар­
дың тамыры тереңде жатқанын дәлелдеуге тырысқан қазақ бас­
пасөзін жерге қаратып, «Алмааташаларға» дәйкеті жауап бер­

меген еді. Әйткенмен де, қашан да «ештен кеш жақсы». Міне,
кешелі бермен Алматының жасы мың жылдан асып жығылға­
ны туралы жағымды жаңалық тарай бастады. Бұл жаңалықты
жария етуге ғалымдарымыз жан-жақты даярлықпен келіпті.

«Қазақстан» қонақүйіне жиналған кенттанушылар «Еура­
зияның ежелгі және орта ғасырлық кенттенуі: Алматы қала­
сының қалыптасуы, дамуы және жасы» атты халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, әлемдік мәдениет

пен тарихтың олқы бір тұсын жан сүйсінерлік жаңалықпен
толтырды. Конференцияға Англия, Германия, Италия, Бель­
гия, Албания, Түрік, Жапон, Корей, Ресей, Өзбекстан және
Қырғызстан мемлекеттерінің ортағасырлық кенттену мәсе­

лесін зерттеуші ғалымдары қатысыпты. Кең отырып кеңескен
келелі жиынның қорытындысында бүгінгі Алматы қаласы­
ның қабырғасы бұдан мың жыл бұрын қаланғаны анықталды.
Осымен сөз тәмам. Енді «Алма-Ата» деп ауыз ашатындар мен

«Верный» деп бедірейтіндерді бет қаратпауға әбден болады.
Алдағы күндердің шаруасы – Шығыс шайырлары тамсана
жырлаған Тараз бен киелі Түркістанның мың жылдықтарын

атап өткеніміздей алыс-жақынға сауын айтып Алматының да алыста қалған даңқты күндерін дүнияға паш ету. «Қазақстан» қонақүйінде өткен конференция енді Қа­ зақстанның өзге де қалаларында жалғасын табуы керек. Мысалы, Қызылжарда. Сосын Керекуде, т.б. Тарихты тараншасына салып, сүйретіп әкелген ешкім жоқ. Дүние, заман ауыспалы шығар, бірақ, заманалар көшін кеудесі­ нен өргізген қазақтың қасиетті қара жері ықылымнан бері орнында. Ендеше, елді мекен, ескі жұрттың бәрі де – қа­ зақтікі. Мың жасыңмен, мәңгіліктерден оралған Алматы! P.S. Алматының жасы мыңға келді деген қоры­ тынды жасалғанымен, мынандай да қызықты дерек­ тер бар. Болашақта оны да қаперге алған жөн болар. «Қазақ Совет энциклопедиясында» «Алматыны адам ерте заманнан бері мекендеген. Біздің эрамыз­ дан бұрын VІІ-ІІІ ғасырларда Сақ тайпалары қоныс­ танған. Сақтардан кейін саяси басшылыққа ие болған Үйсін тайпалары. Орта ғасырда Алматы қазіргі өзінің атымен белгілі болған. Ал, Жетісу аймағы Россияға бағынған кезде мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстағы болды. Тек 1854 жылдан бастап, «Верное» деген атпен мәлім болған орыс бекінісі орнықты. Кейін ол Верный қаласы болып аталды» деп жазылған. *** 1990 жылы «Бұл дирхем Алматуда басылған» де­ ген арабша жазуы бар XІІІ ғасырдың көне теңгесі табылды. *** X ғасырда қазіргі Алматы қаласының аумағында жер үйлерден тұратын елді мекендер болған. *** ІX-XІІІ ғасырлардағы саздан жасалған заттар, XІ-XІІ ға­ сырдағы ұсталардың шеберханасының қалдықтары да Алма­ тының маңындағы қазба жұмыстары барысында табылған. *** Алматыға жақын жерлердің бірінде ақсүйек сақтар мен үйсін көсемдерінің 47 қорғаны сақталған. Ең үлкен қорғанның көлемі – 100, ал, биіктігі 15 метрге жетеді. Бұл қорғандар 2,500 – 3 000 жыл бұрын салынған көрінеді. Abaі.kz 2010.11.19

МӨЛДІР КЕТТІ МӨЛДІРЕП, ШОҚ

ҮКІСІ ЖЕЛБІРЕП...

Үкілі бөрік киіп, талдап өрген қос бұрымын алкеу­
десінен асыра төгіп жеңіне желбір салған желең көйлек­
пен тұрған қыз – қазақ қызы. Есімі Мөлдір екен. Мөлдір
«Болашақ» бағдарламасымен оқып жүріп пе, әлде басқа

бір себеппен бе Ханбалық елінің (қазіргі ҚХР) азама­
тымен бас құрапты. Ортадағы кірпі шаш, қалқан құлақ,
бет сүйегі шығыңқы, ортаға жетер жетпес қана бойы бар
жігіт – біздің Мөлдіріміздің «Құдай қосқан» қосағы. Қы­

тай азаматы. Ал, үшінші жігіт, ол да қытай, тележүргі­
зуші көрінеді. «Осы күндері, деп жазады қытайдағы қа­
зақ тілінде ақпарат тарататын баспасөздің бірі, қытай
телеарналарынада қазақ қызын жар еткен жергілікті ұлт

өкілдерін дәріптеу басталды. Турасына көшсек, қытай
азаматтарын қазақ қыздарымен үйленуге үгіттейтін наси­
хат белең алды».
Суреттен байқағанымыздай, тележүргізуші мөлдіретіп

Мөлдірді бауырына басқан қандасына марапат қағазын
ба, жоқ кәделі сыйлық па, әйтеуір, бірдеңені салтанатты
түрде тапсырып тұрғанға ұқсайды.
Ал, бұл нені аңғартады? Бұл – хань әулетінің ұрпағы,

яғни, жұңго-қытай баласы, тап іргеңде ашық-шашық қа­
зақ деген ел жатыр, қыздары сұлу екен, жат жұртқа сұрау­
сыз ұзатыла береді екен, қарап жүрме, қамдан, «қатын ал­
саң – қазақтан алдың» ашық саясатын аңғартады, әрине!

Махаббат жас, кәріні ғана емес, шекара, шет халық де­
генді де таңдамайды. Сондықтан оған шектеу жоқ. Әсіре­
се, аралас неке дегенге аса мән бермейтін, қызы түрікке,
кәріске, орысқа, оймауытқа шықса, құнжыңдап қуанатын

бүгінгі қазақ жұмриятында, тіпті, шектеу дегеннің болуы
мүмкін емес. Ендеше, қазақ қызын қағып түскен жігітінің
жігерлі ісін мың жылдықтар саясатын ілгерлеп ойлайтын
қытай басшылығы неге насихаттамасын?!.

Қытай рас, бізге ежелден құдандалы ел деседі білетін
жұрт. Бірақ, ол заманда, мысалы, Ханбалықпен тығыз
қарым-қатынаста болған Үйсін мемелекетінің тұсында,

көзі жіпсиген қытайдың кез келген мырзасымағы ұлы
даланың аруына аяқ сала алмаған. Құдаласса, текті әу­
лет, мемлекеттік қызмет дәрежесіндегі бекзат лауазым
иесі, әміршілер ғана бір бірінен қыз алып, қыз беріскен.

Сөз жоқ, тең дәрежеде, екі мемлекеттің бейбіт, тыныш
өмірінің сауғасы үшін. Ал, қазір не?.. Қазіргісін, бір ғана
суреттің (мақала Abaі.kz сайтында суретімен жариялан­
ғанын ескертеміз) астарынан өріп шығатын мәселелерге

орай пікір білдіретін сергек ойлы жастар, зиялы қауым
айтсын.
Естеріңізге сала кетейік, қытайдың алпауыт компания­
лары Қазақстандағы ірі шикізат көздерін игеріп отыр.

Ақтөбемұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз сияқты кәсіпорын­
дардың акцияларына да иелік етеді.
Қазақстанда орыс және қытай тілінде «Хасакэсытань
хуацяо бао» атты газет жарық көруде. Аталған газет Қа­

зақстандағы қытай жұмысышыларына өз тілінде ақпарат
алып тұруға арналған.
Қытайдың Синьхуа агаенттігі Қазақстанда 300 мың
қытай азаматы тұрып өмір сүріп жатыр деген мәлімет та­

ратқан болатын осыдан екі жыл бұрын.
Сонымен, қазақтың тығы бір қара көз қалқасы –
Мөлдір кетті мөлдіреп, шоқ үкісі желбіреп. Арғы бетке,
қарға адым жерге қала салып, құмырысқаның илеуіндей

құжынаған Ханбалық еліне...
Abaі.kz
2011.01.21

АЛМАТЫ ДЕСЕ ӘН

САЛҒЫҢ КЕЛЕДІ...

Ин ша Алла, ертең – астанамыз Астананың туған күні!
«Астана» деп ат қойған Елордамыздың туған күні Ел­
басымыздың туған күнімен орайлас келеді. Елордамыз
жас... Ал, Мырзатай Жолдасбековтің тіліне жүгіне сөй­

лесек, «Елбасымыз кемел шағында». Әндетпеске әддіңіз
бар ма енді? Ән дегеннен шығады, біздің әңгімеміз де тап
сол ән туралы болғалы тұр.
Әнсүйер қауым жақсы біледі, соңғы 30-40 жылдың ши­

регінде қазақ даласында шалқыған сұлу әндердің негізгі
тақырыбы – Алматы! Ән авторлары да қазақтың музыка
өнеріндегі хас таланттар шоғыры болып есептеледі: Сы­
дық Мұхаметжанов, Әсет Бейсеуов,Нұрғиса Тілендиев,

Мансұр Сағатов, Ілия Жақанов, Шәмші Қалдыаяқов,
Сейдолла Бәйтереков, , Алтынбек Қоразбаев, Ескендір
Хасанғалиев, Мұрат Құсайынов, Досым Сүлеев, т.б.
Алматы туралы әндердің сөздері қандай, шіркін... Қа­

раңыз:
«Алматының бозғұлт тұман түнінде,
Көп тұрып-ек жасыл терек түбінде
Сүйемін деп асылып ең мойныма,

Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде.
Айтшы, қалқам, қайда, қайда сол уақыт,
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.
Маңдайыңды сүйеп, сәулем төсіме,

Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып.
Айтшы жаным, қайда, қайда сол бір кез,
Қайда таныс, қайда мөлдір қара көз.
Терек те жоқ, сен де жоқсың, бұл күнде,

Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз».
(«Есімде», әні С.Мұхаметжановтікі, сөзі Қ.Шаңғыт­
баевтікі)
«Сам жамырап, жарқырады самала

Кел, қалқатай, кел қаланы арала
Бақыттылар байқамайды уақытты
Сағатыңа әлсін-әлсін қарама

Желпіді самал жай ғана
Хош иіс гүлдер айнала
Маужырап тұрған қалада,
Арала, сәулем, арала.

Серуен қалар есіңде,
Алматы рахат кешінде».
(«Алматы кеші», Әні І. Жақановтікі, сөзі М. Әлім­
баевтікі)

«Алматымда тұр алаулап,
Алтын нұры айдың.
Жүрдің бе сен тамашалап,
Көшесінде Абайдың?»

(«Алматым менің», әні М.Сағатовтікі, сөзі Н.Әлімқұ­
ловтікі)
Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып оралды Алматыма.

Ән толды аспанға,
Құс қонды жас талға
Бақыт кеп қол алғандай...
(«Құстар қайтып келе жатыр», әні Н. Тілендиевтікі,

сөзі Т. Молдағалиевтікі)
Жұлдыздар жерге жақындап
Байланып қалған секілді
Қаз қатар өскен тату бақ

Ойланып қалған секілді
Самалға кешкі шомылып
Арманның оты жанады
Менің де жастық өмірім

Көшеде кетіп барады.
(«Алматы түні» ә. Д.Сүлеевтікі, с.Т.Молдағалиевтікі )
Бұның бәрі біздің қапелімде жадымызға оралып, жаны­
мызды жадыратқан бірер әннің қайырмасы. Ал, Алматы­

ға арналып жазылған әндерді тізіп шығу кәдімігідей жұ­
мыс. Үлкен концерттің тақырыбы. Алматы әндері сияқты
Астана жайындағы әндерден концерт жасауға бола ма?
Болады. Бірақ, қырылдаған, сырылдаған, ыңырсыған,

тәлімсіген, алқынған-жұлқынған әндердің концерті бо­
лар еді ол. Астананың абат келбетін әйгілеуге әлектенген
әндердің сөздері қандай таяз, қандай сұйық десеңізші?..
Әлгі әндердің сөзін ақындар емес, әкімқаралар, әншейін

шенеуніктер жазған сияқты. Әлде байқұс ақындарымыз

Саудабаев сияқты саясаткерсымақтарға түсінікті болу
үшін қазақтың қайран тілін бар көркімен бояуынан арыл­
тып пайдалануға мәжбүр болып қалды ма екен? Солай
сияқты. Неге десеңіз, Астана туралы әннің бәрі байқау

шарттарымен дүниеге келеді. Турасына көшсек, «Аста­
на-Астана» деп аттандап басталатын әндердің дені – кон­
курстық әндер. Авторы, ақыны, орындаушысы түгел ат
қосып, Алматымен арада ары-бері шабылыстардан соң

дүниеге жасанды жолмен ышқынып келген әндер. Ма­
хаббаттан, шын шабыттан, ыстық сезімнен, жүрек тол­
қынысынан туған әндер құлақты жыртып, көңілді бұ­
лайша айнытпайды. Өз басым (әрине, менің пікіріммен

келіспеуге еріктісіз) сөзін қырғыз ақыны Акбар Рысқұ­
лов, әнін композитор Ілия Жақанов жазған «Есіл бойы»
әні мен «МұзАРТ» тобының орындауындағы «Есіл аға­
ды» әнін Астанаға қатысты әндердің басы деп білемін.

«Ән деген былай жазылуы керек, әннің төресі – мы­
нау» деп үзілді-кесілді сөз айтудан аулақпын, бірақ, әннің
бойды шымырлатып, жүректі ысытар, «көңілге түрлі ой
салар» (Абай) құдыретті музыка биігіне жеткені дұрыс.

Әннің сөзі құр даңғаза ұранға ұрынбай сырлы, астарлы
болса құныға, құмарта, құшарлана тыңдайсың. Солай
емес пе? Қазіргі әніміз – тақырыбы Астана болғанымен,
шетінен масқара! Масқара емей немене, «Елордам-ай»

деп егілген әннің қайсысы болмасын Астанадағы ақ жа­
ғалы ұлықтардың аузындағы сөздерді қағып алып паро­
диялау сияқты. Астана жөніндегі әндердің жалпы мазмұ­
ны шамамен былай болып келеді:

Сарыарқаның төсінде бой көтерген әсем Астана, жер
бетінде сенен асқан қала бар ма? Айтшы, маған, Аста­
на? Жоқ. Жер бетінде сенен асқан қала жоқ. Сен Күнге
мойныңды созып мәуелеп өсіп келесің. Есілдің екі жаға­

лауындағы жұрт мәз. Қазақстан ояна салып саған қарай­
ды! Сен елімнің жүрегісің, Астана! Сен елімнің тілегісің,
Астана!
Рас, Астана – қазіргі сәулет өнерімен сәнденіп бой

түзей бастаған қала. Алайда, сәулет өнерінің бүгінгі за­
манауи түрін Шығыс Азия елдері бастап тұр. Әйтсе де,
«Жер бетінде сенен асқан қала жоқ, Куала Лумпур» деген
ән біздің құлаққа тие қоймапты. Сол жақта оқыған бала­

лардан да қадалып сұрағаным бар. «Естімеппіз» дейді
олар да. Бұл арада қала жайында ән шықпауы керек екен,
автор соны меңзеп отыр ма дейтін байлам мүлде болуға
тиіс емес. Ән айтылсын, жыр жырласын. Әйткенмен де,

қазақтай әнші халықтың кеудесінен жарып шыққан әндер
шырқалсын. Жасанды, жылтыр, биліктің көңіліне ғана
жағатын ән – ән болып ғұмыр сүре алмайды. Сосын, Аста­
на туралы әннің ішінде адамдардың, әсіресе, бір-бірімен

табысып, қол ұстасып, арман-тілектері жалғасып жатқан
жастардың болғаны дұрыс. Әйтпесе, Астана жөніндегі
әндерден тек сағым буған сары даланың төсінен салбы­
рап тұра салған суық шаһарды ғана көріп келеміз. Сондай

суық шаһарға алып-ұшып кім бара қояды? Әлем қалала­
рының керуеніне қосылып, Астана ретінде мойындала­
ған Елордамызға қазақтың жатсына қарауының бір себебі
де осы шығар...

Жоғарыдағы ән мәтіндеріне тағы бір көз жүгіртіңізші,
Алматыға оралғың, ән салғың келеді,ә?..
Abaі.kz
2011.07.05

АЛАЯҚТЫҚҚА АЛДАНЫП, ӨТІРІККЕ

ТОЙЫП БІТПЕЙТІН ЖҰРТ

Еліміздегі тұрғыны көп, келіп-кетіп жататыны жетіп
артылатын ірі қала Алматы болғандықтан ба, адамдар
арасындағы ала-құланың бәрі осы бір ауданды шаһар­
да жосылып жүреді. Содан кейін тағы бір шындық: бәрі

әуелі Алматыдан басталып, Алматыдан тарайды. Оқыр­
манның іші сезіп отырған шығар, біз бұл жолы Алматы
туралы сөзімізді «адамдар арасындағы ала-құладан» бас­
тадық, демек әңгімеміз алаяқтық туралы болмақ.

Алматының кісі көп шоғырланатын жерінде жылтың
көз ысқаяқтарды байқау қазір аса қиын емес. Баяғы «ша­
рик-марик», қамқор болғансып қалта қаққыштар, алдап
апарып арандататындар атжалмандай қаптап барады. Бы­

лай қарсаң, уақыт кіндігінен кері айналып тура 1980-90
жылдардағы тоқырау заманына зырлап барып қалғандай.
Сол кездер есімізде ғой, не көрсек – сол таңсық: анаған
да, мынаған да аузымызды ашып, таңдайымызды қаға­

тынбыз. Қытайдың арзанқол, сапасыз, сасық спорт киімін
киген де, машинасының терезесін күңгірттеп алған да,
көлкілдетіп көк арақты сатқан да керемет болып көрі­
нуші еді ғой. Бірақ, ол заманның аты «тоқырау заманы»

еді, «өтпелі кезең» еді. Ел іші тұрмақ, ел ағаларының өзі
не істерін білмей есеңгіреген шақ еді. Сондықтан ашық
қоғамның ағысына енді бойлаған жұрттың әрнеге таңқа­
луы, алаяққа алдануы заңды болатын. Ал, енді ше? Жұрт

неге тосын табысқа кенеле қалудың жолына кенеттен
мойын бұруда? Не себептен «шари-мариктің» шалығы­
на ұшырап, оймақтың астынан «олжа» іздеуде? Неліктен
«қаржы пирамидаларына» қалтасындағысын қағып беріп

артынан зар қақсауда? Бұ не деген алаяқтыққа алданып,
өтірікке тойып бітпейтін жұрт? Батыс әлеуметтанушыла­
рының зерттеулеріне сүйенсек, бұл сұрақтардың жауабы
былай екен: халық биліктің «жарылқауынан» жалыққан

кезде өз бетінше қармана бастайды. Қарманғанда сол –
қаржы ойындарының алғашқы салымшысы болып ұтыс­
қа шығуды, өзіндей сорлыны сорлатып, соның есебінен

пайда табуды кәсіп етуге ұмтылады екен. Бұның бәрін
көзіміз көріп, кейбіріне куәлік етіп те жүрміз. Қалаға бұ­
рын орныққан қуаяқ қырдан кеше ғана түскен қандасына
Алматының іргесінен заңды құжаты жоқ жерді сатып, ақ­

шасын алған да тайып тұрған. Банктің ауласын торыған
арамза несиге зәру байқұсты боққа батырып жоғалған.
Тағысын-тағы, толып жатыр. Міне, тап осындай кер ба­
ғып, кетеуі кеткен заманда алаяқтар әлемінің сұңғылала­

ры атқа қонады. Соның қатесіз мысалындай болып Алма­
тыға әйгілі АО «МММ» «қаржы пирамидасының» «ұлы
сәулетшісі», Ресейде Ельцин өкіметінің іргесін шайқап
жібере жаздаған, өзінің бейнесін таңбалап «құнды қағаз»

шығарған Мавроди келе жатыр. Иә-иә, кәдімгі Сергей
Мавроди. Біздің жұрт көбігі көпіршіп таусылмайтын са­
бын сериалдармен алғаш танысып, теледидардың алдын­
да телміргенде «Просто Мария» деген мексикалық па,

бразилиялық па кино болған. Сол кинодағы басты кейіп­
кер Мария Лопесті де АО «МММ»-нің жарнамасына тар­
та қойған, қатырма нан, қант шайдың құны артқан тұста
тұтас Ресей, қала берді Қазақстанды да «жұмаққа жеткізе

жаздаған» Мавроди 2008 жылы абақтыдан босаған еді.
Қазір ес жиып, ентік басып, айналасын торауылдауға
шыққанға ұқсайды: оның жарнама парақшалары Алма­
тының көшелерінде, лифтілерде, тіпті, автобустардың

әйнектерінде жапсырулы тұр. Алыстан болжайтын, ақы­
лы мен айласы тең, расында сұңғыла, ресми қаржы әлемі­
мен бәсекелес «қаржы пирамидасы» дейтін құрылыстың
«сәулетшісі» Мавроди Алматы мен жалпы Қазақстандағы

ахуалды қапысыз аңдып отырса керек. Қазақстан – шикі­
заттың саудасынан түскен қаражатты шірітіп алудың аз-
ақ алдында тұрған ел. Билік байлықты ешкіммен бөліскісі
келмейді. Ел игілігіне де жарата алмай дал болуда. Мол

қаржы бөліп бір үлкен жоба бастаса, жең ұшынан жалғас­
қан жемеңгерлер кіріп кетеді де ту-талапайын шығарады.
Оның арты ойбай мен аттан. «Коррупционерді тап, ұста,
қама!» деп жер текпілейді Елбасымыз. Құзырлы орын­

дар құрығын ала ұшады. Тапқан болады, тапқансиды.
Апарып абақтыға жабады. Бір жемқордың желкесі темір
тордың ар жағынан көрініп қала бергенде екінші жемқор
жемсауын қамдап отырады. Біздегі жағдай – осы: Дон

Кихоттың желдиірменімен шайқасы сияқты. Бұл шайқас­

ты Мавроди білмейді емес, біледі, білмек былай тұрсын
күліп те жүрген болар. Ресейдің «Совершенно секретно»
газетіне берген сұхбатында ол: ««Концентрация денежной
массы в одних руках вообще не выгодна государству, ина­

че какие остаются рычаги для управления народом? Когда
некоторое количество денежной массы остается невост­
ребованным (основы экономики), происходит настоящая
война за обладание этими средствами», – деген еді.

Қысқа қайырып қазақшаласақ, Мавроди қаржының бір
қолға шоғырлануы мемлекет үшін пайдассыз деп біледі
екен. Қаржы көлемінің бір бөлігі айналымға түспей, сұ­
раусыз жатса, оны басып қалуға қарекет ететін күштер

арасында нағыз майдан басталатын көрінеді, т.б.
Шындығында солай ғой. Бүгінде биліктің бүйрін түсі­
ре жаздап, бүлік шығарып жүргендер айналымнан тыс
жатқан мол қаржыны көріп бүлінгендердің бір парасы

емес пе? Мавродидің қазақша нұсқасы Мұхтар Әбләзов­
тар ұрлайтынын ұрлап, жырлайтынын жырлап Батысқа
баяғы да көшіп барып алған. Әйткенмен де ұрлық-қар­
лық әбіләзовтермен әл-әзірге тыйыла қоймасы анық.

Енді міне, «Хопер-инвест», РДС, «Властилин» сияқты
«қаржы пирамидаларынан» халықтың есесін қайтара­
мын деп Алматыға Сергей Мавроди келмек. Ол әрине,
биліктің «жарылқауынан» жалыққан жұртты жалаңаяқ

қалдырып тайып тұратынын іштей жақсы біледі. Ал, ал­
данып қалатынын халық біле ме? Біздің мақсат көпке осы
жайтты ескерту. Ескертпеске амал кем, өйткені, Ресейдің
Федеральді қызметі алаяқтық деп таныған Мавродидің

«МММ» парақшалары мен жергілікті «шарик-мариктер­
ге» Алматы билігі тыйым салып жатқан жоқ. Сондықтан,
ммм, алаяқтар тағы да тайраңдай бастады деп тынудан
басқа амалымыз қалмай отыр.

Abaі.kz
2012.02.21

ОРДАНЫ ОЙРАНДАУ

Андрей Прошкин деген орыстың дарынсыз бір режис­
серсымағы «Орда» атты фильм түсіріпті. Онысы кино
туынды емес, өзінің сасық пиғылын әшкерелеп, туа сала
торайы мегежініне артылатын «талпақ танаудың» қорсы­

лы болып шыққан. Әлгі идиот «Орданы» тарихи факті­
лерге бой ұрмай аңыздың желісімен түсіргенін айтып
көкитін көрінеді. «Сыншыларым мені сынағанда осы
жағын ескерсін» деп және дөң айбат көрсетіп қойыпты

өзінше. Бұл – жалпы сынайтын да фильмге ұқсамайды,
тіпті, сөз шығындаудың өзі күнә. Әйткенмен де, қайтеміз,
таспаға түсіпті, анда-мында көрсетіліп жатыр. Астана
мен Алматының кинотеатрларынан жұрттың алды көре

де бастады. Ұзамай «Ұлттық» арнадан, «Хабардан», ол
екеуі болмаса, өзге де бықи-тықи арналардың бірінен
шыға келуі мүмкін. Сондықтан үндемей қала алмайды
екенбіз. Неге? Өйткені, фильм мынандай сорақылықпен

басталады.
«Фильм басталмай жатып, Римнің елшілерімен сөйлесіп
тұрған хан-ағасын Жәнібек деген бір месқарын, тақырбас
біреу әй-шәй жоқ, мойынына арқан салып, буындырып

өлтіріп тастайды. Артынша, жаңа ғана өлген байғұстың
саусағынан (құрығанда ортасында бір асыл тасы болсай­
шы!) қаңылтырдан да жұқа күміс жүзігін шешіп алып,
астауда суып қалған етті қомағайлана асай бастайды. «Ас­

тапыралла!» – дедік. Ал, мына қылмысқа куә болған хан әу­
леті үн-түнсіз туысының өлімін қызықтап отырады да, ар­
тынша бәрі Жәнібектің алдына тізе бүгіп, оны билеушіміз
деп мойындауға көшеді» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе

жағылған күн» http://www.ult.kz).
«Бір кезде, кинокартинада басты кейіпкерлердің бірі –
Жәнібектің анасы Тайдулла ханым сахнаға шығады. Беті­
не аппақ опа далап жағып алған тірі аруақтай кемпір әлгі

қылмыс болған жерге келе қалады. Мән-жайды ұғынған
соң, Жәнібекті қылышымен бетінен тіліп (о заман да бұ
заман!), хан қылып сайлап та тастайды. Кенет Жәнібек
хан өз анасын еркелете таққа отырғызады да, екі бұтының

арасына басын салып тұрып: «Әттең, анам болмағаныңда
ғой, өзіңді дәл қазір қатын қылып алар едім» – деп мә­
селені төтесінен қояды. Оған кәрі анасы кәдімгідей қыл­
мыңдап, топас баласы ыржалаңдап, мәз болып, қарқыл­

дап тұрып күледі дерсің. Жағамызды ұстадық. Жүректің
айнығаны былай тұрсын, бұлай ешқашан қорланбаған
шығармын» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе жағылған
күн» http://www.ult.kz).

«Анасын қатын қылып алмаққа аңсары ауған» құрдым
(Ұлы баһадүр бабаларымызға аруақты есім болған Хан
Жәнібек атынан садаға кетсін! ) Прошкиннің «Ордасын­
да» тұмсығына түтік тығып тағылықпен көз жұмады. Қа­

раңыз:
«Әз Жәнібек хан ордасына ойын-сауық қойып жатқан
бір сайқымазақтың теріден жасалған сыбызғы секілді
бердеңесіне мұрынын тығып алып, елді күлдірем деп

тұншығып өледі. Ауа жетпей, жерде жанталасып жатқан
ханға ешкім көмекке келмей, билеушіні қоршаған қауым
ханның мына қылығын ойын деп ұғынып, дарақылана
күле береді. Хан өлгенін көрген Бердібек атты жас бала

«енді менің кезегім» – дегендей жан-жағына жанарынан
от шаша қарайды. Мұнымен, демек, фильм авторлары
тарих толқынына жаңа ханның шығуы деп «өте парасат­
ты» астар аңғартса керек... Жас Бердібек Тайдулла хатун­

ға маған бата бер деп сұрайды. Тайдулла болса, қап-қа­
ра атқа қарғып мініп, борап тұрған далаға «мен ештеңе
білмеймін!» – деп жанұшыра шаба жөнеледі. Неге екенін
ұқсам, бұйырмасын» (Ақберен Елгезек. «Алтынға күйе

жағылған күн» http://www.ult.kz).
Айтпақшы, фильмнің шарықтау бір тұсында «баласы­
на қылмаңдаған» -Тайдулла хатун зағип болып қалады.
Тайдулланы таласа емдемекке ұмтылған бақсы-балгер,

құшынаш-диуана атаулының басы Орданың іргесінде до­
малап, ақырында жанары суалған міскінді Мәскеуге елші
жіберіп келтірген митрополит Алексей жазады.
Ммм, деп қойыңыз. Тайдулла сорлының митрополит

Алексейдің шипалы қолы тиген соң жарық дүниені қайта
көретіндей жөні бар сияқты. Өйткені, «Орданы» ойран­
дап баққан кинокартинаға тапсырыс берген Орыс правос­
лавиялық Шіркеуі мен христиан әулиелерін дәріптеуге

арналған көркем дүниелерді қаржыландыратын «Правос­

лавная энциклопедия» ұйымы екен. Фильмге Ресей ме­
мелекеті 12 миллион АҚШ долларын бөліпті. Христиан
әулиелерін дәріптеуге арналған фильмнің жөні осы десе
керек, режиссер Мәскеу княздігін жаудан қорғаған Алтын

Орда тұсындағы әулие әкей Алексей дейтінді әспеттеп
бағады.
Хош, делік... Ал, осы шынымен кинотуынды ма? Бол­
са, киноның қай жанрына жатады? Комедия ма, фанта­

зия ма? Прошкинге салсақ, фантазия көрінеді. Солай-
ақ болсын. Алайда, кинодағы фантазиялық картиналар
адам қиялының шексіздігін әйгілеп, тосын жайттарды
табан астында таба білетіндігімен еліктіріп, тылсым ға­

жайыптардың өзін шынайлыққа жеткізіп, көрерменді
баурап алатын көркемдігімен қызықты дүние емес пе?
Сонда мынау не? Бұл ештеңе де емес. Бұл – түркі хал­
қын мазақ етудің, қорлаудың кезекті сценарийі. Баяғы

әдет. Баяғы аяғын жимайтын астамшылықтың бүгінде
асқынған, жаңа мінез тапқан сорақы түрі. Әйтпесе, аңыз
бен тарихқа қатысты түсірлген фильмнің сол аңыз бен
тарихқа қатысы бар ұрпақтың жүрегін жараламасын ре­

жиссер білмеді дейсіз бе? Енді шалық ұрып, жын соққан
біреу болмаса, білуі керек. Әбден біледі. Біле тұра осылай
істейді. Өйткені, бұрынғы Алтын Орда мемлекетін құр­
ған елдердің бүгінде бас көтерері кем. Татар-башқұрт –

боданда. Моңғол сыртта бейхабар жатыр. Өзбек өзімен
өзі. «Ортақ өгізден оңаша бұзауын артық» көреді. Қыр­
ғыздың Манасты қайта қолға алуға уақыты жоқ. Күнде
ереуіл. Ноғайлы ұлысы бытырап, тарап кеткен.Бірақ, қа­

зақ бар! Даңқты Алтын Орданың астаналары ірге тепкен
ұлы далада қазақ дейтін пәле халық қайтадан бой түзеп
келеді. «Бүгін бетін қайтарып, санасын улап ұстамасақ,
ертең кеш қалуымыз кәдік». Осыны ойлай салысымен

етек-жеңі далақтап орыс саясаткерлері Еуразиялық ортақ
парламент, Кедендік одақ, т.б. дегенге ауыз салса, Михал­
ков, Бодров сияқты Ресейдің қазіргі киноиндустриясында
қызмет етіп жүргендер түркі тарихын кинокартиналар­

мен келемеждеуге кіріскен. Олардың қатарына тағы бір
кемдарын, шовинистік пиғылы шиқанның аузындай алау­
лаған Прошкин деген біреу қосылыпты. Апыр-ай, ә дейміз
осындайда, Голливудтың фантазерлары Алтын Орда за­

манындағы орыс княздіктері туралы осындай бір масқа­

ра фильм түсірсе, орыстар қайтер еді. Қырылып қалмаса
да, қылғынып айқайлар еді. БҰҰ-ның сарайында бұзаубас
бәтеңкесімен еденді тоқпақтаған Хрущев аталарынының
салтына салынып шуаш сасыған керзі етіктерімен жер

тепкілеп, жінігіп кетер еді. Көз алдыңызға елестетіңізші,
көзі шүңірейіп, жағы сорайған Михалков самогонның
бөшкесіне қамалып ойбайлап жатыр. Бодров асылып
өлерге арқан таппай алақтап жүр, удай мас. Қыз-қатыны

өлген иттің басындай емшектерін салақтатып мұжықтар­
дың бұтын сауып мәз. Қой, бұдан әріге бармайық. Прош­
киндерде жоқ тек бізде бар. Қала берді бүтін бір ұлтты, ол
ұлттың тарихын, мәдениетін, дәстүрін мансұқтап, мазақ

ету, бұра тартып бұрмалау – түркі баласына жат нәрсе.
Оның үстіне біз жақсыны жақсы деп, асылды жасықтан
айыра білетін ұлттың ұрпағымыз. Сондықтан да шығар,
орыс әдебиетіне, орыс киносына құрметіміз ерекше.

«Орданы» Прошкин фантазиялық кинокартина атапты.
Оттайды. Оттайды деуімізге себеп – фантазия мен коме­
дияның озық үлгісі орыс киносында жетіп-артылады. Бі­
рақ, Ресейдегі әйгілі режиссерлерден қалған ізгі дәстүр

Прошкин байқұстың бойына дарымапты. Қайтеміз. Жа­
нымыз ашиды. Әлгі бейбақтың дарынсыздығына емес,
орыс киносының осыншалықты деңгейге құлдырағаны­
на, құрдымға бет алғанына. «Иван Васильевич меняет

профессию» фильмін таспалап, фантазия мен комедияны
қатар өрген Леонид Гайдай сияқты ақсақалы бар орыс ки­
носы Прошкин секілді сілімітікпен ауыз жаласқан «Пра­
вославная энциклопедия» ұйымының ұйығына батып ба­

рады. Обал-ақ.
Прошкин қу «Орданы» тарихи деректердің ізіне түспей
экранға алып шықтым» деп жақауратқанымен бір сұм­
дықты тап басқан. Ол сұмдық – «Ордада» жанарымен

жан-жағына от шаша қарайтын Бердібек.
Бердібек – 1357 жылы ұлы хан Жәнібек өлгеннен соң
мұрагерлікпен таққа отырған хан. Жәнібек ханның ұлы.
«Нар мойыны кесіліп, Бердібек хан өлген жер» дейтін ма­

қалдың кейіпкері осы – Бердібек. Бердібек іші тар, залым
адам болған дейді көне күндердің кәуәсі ескі тарих. За­
лым хан тақты төңірегіндегі туыстарынан қызғанып бәрін
баудай түсіреді. Ол туралы «Қазақ тарихының әліппесі»

атты деректі толғамында Мұхтар Мағуин: «Бердібектен

соң шынында да нар мойыны кесіледі, яғни, Алтын Орда­
ның негізін салған Бату ханның тұқымы құриды» деп жа­
зады (М. Мағауин. 11 том, 14 бет). «Орданы» басынып
ойнақтаған Прошкин Алтын Орданың іргесін шайқаған

қорқау хан арқылы не айтқысы келгенін түсінетін шығар­
мыз. Бірақ, дәл осы фильмге қатысты біз түсінбеген бір
сөз бар. Ол сөз – Мемлекет тарихы институтының дирек­
торы, профессор Бүркіт Аяғанның сөзі. Прошкин аруағын

қорлаған Жәнібекті қаралаудан Аяғанымыз да аянып қал­
мапты. "Апта.kz" сараптамалық бағдарламасына берген
сұхбатында Мемлекет тарихы институтының директоры
Бүркіт Аяған беті бүлк етпестен: «Мен «Орда» фильмі­

нен қатты бір тарихи ауытқу көріп отырған жоқпын. Ол
кезде адамдардың мәдениеті төмен болғаны рас. Жәнібек
ханның образы дұрыс ашылған. Ол бір өзі әлсіз, даңқ­
қой адам болған сияқты!» – деп лағееееп отыр. Меніңше,

ой-санасы бүкір «бүркіттер» мен іркіттірге 1991 жылдан
бері қарайғы тарихқа ешкім тимесе, жетеді. Басқасына
бас қатырмайды. Сондықтан сайқымазақ Саша Коэннің
«Боратынан» өзге ол үшін намысқа шабатын дүние жоқ.

«Мемлекет тарихына» жауапты адам «Бораттың» «бора­
нына» ғана қалтырамай, қазақ елінің тамыр бастаулары­
на құрметпен қарай алса, «Прошкиннің бұл фильмі Қа­
зақстанда көрсетілмеу керек!» деп мәселені тік көтерер

еді. Өйтпейді. Өйте алмайды. Ендеше, соны біз айтайық.
Мемелекеттік хатшымыз бар, Мәдениет және ақпарат
министріміз бар еліміздегі кинотеатрлардың басшыла­
рына пәрмен етіп Прошкиннің көзін (өзін емес, әрине,

фильмін) құрту керек. Осылай қарсылық танытпасақ
орыс ойына келгенін істеп, ойранын сала береді.
Abaі.kz
2012.10.18

ҚАЗАҚТЫ КӨРКЕЙТЕТІН ДЕ,

КӨБЕЙТЕТІН ДЕ  КӨК ҮЙЛЕР

Ілкіде жолым түсіп бірер мәрте шетелдерде болғаным
бар. Құрама штатты Америкада, Біріккен Араб әмірлік­
терінде дегендей. Түркияның Анкара қаласына да аз ғана
уақытқа аялдағаным есімде. Сонда әлгі елдердің тұрмысы,

салтанаты біз пақырды кәдімгідей тамсандырған еді. Мен
ғана емес, совет өкіметінің темір шымылдығы тасалаған
мемлекеттерге қазір жиі қатынап тұратын ағайындардың
өзі таңғала таңдай қағып тамсанумен жүр. «Анаусы қан­

дай, мынаусы қандай», – деп аузының суы құрып тамыл­
жытқанда дүниеден түңіліп кетесің. Бірақ, кереметтің
бәрі Оңтүстік Азияда, Жапонияда, Батыста екен деп туған
жеріңді, әз-ұяңды, отаныңды тастап кете алмайсың. Бір-ақ

күнде мүкәмал мүлкін алып әуе кемесіне мелдектете тиеп
тайып тұратын Храпунов емеспіз, басқа емеспіз, біздің
тағдыр бабамекенімізге байлаулы. Сондықтан, өз зама­
нымыздың зарын жұтып, запыранын құсамыз. Жаманына

жанымыз күйеді, соны жазамыз. Жақсы болса екен деп
жазамыз. Әйтпесе, мемлекеттік қызмет лауазымындағы
азаматтарда жеке басымыздың араздығы жоқ. Тіпті, бізді
жек көретін ағайынға да өкпе назымыз кем. Қайткенде өз

қазағың, өз қаның. Осыны ойлағанда бұ дүниенің жарық
жағын, нұрлы келбетін көбірек насихат еткің келеді. Қазір
Батыстың милы бастары баспасөзге тоқтау салып жатыр.
Тоқтау салғанда біздегідей жауып тастап, қудалап, соттап,

боқтап, боралап емес, «қаныпезерлік, қатыгездік көп жа­
зылып кетті, енді жасампаздықты, жақсылықты, қайырым­
ды айтайық, әйтпесе, мына әлемді құртып тынамыз, адам­
дар адам болудан қалып барады» деп ұсыныс білдіруде.

Сонымен, негізгі әңгімемізге оралайық. Иә, ғажайып­
тардың бәрі сыртта: бізден алыс– қиыр жайлап, шет қон­
ған. Ол рас. Әйткенмен де, сол ғажайыптар елі үшін
Қазақстанымызды қарадай қиып кете алмайды екенбіз:

айналамыздағы келеңсіздіктерге қынжылсақта, жылт етер
сәуле, жалқы үміт қалмай бара жатқан сияқты болса да...
Жоқ, шындығына жүгінсек, қазақ қоғамы соншалықты

сорлы емес. Мәселе игілікті істі көре білуде, тани білуде,
бағалай білуде. Меніңше, біздің бір олқы соғар тұсымыз –
осы. Біз деп отырғаным – журналистер қауымы. Біреу тауық
кепе салса, тау тұрғызғандай дабырлата жөнелеміз. Біреу

тайып құласа, тарпа бас салып таптап тастаймыз. Елімізді
кедейшілікпен, замананың зауалы соққан бар сорақылық­
пен шендестіріп сынағанда жерге тығып жібере жаздаймыз.
Турасына көшсек, Қазақстанды қара пиармен ластап құр­

дымға жіберуді қалайтын қараниеттілердің жағында жар­
баңдап жүргенге ұқсаймыз. Ендеше, қазақ баспасөзінің
барды «бар» деп бағалауында, жоқты «жоқ» деп сынауында
ұлттық, мемлекеттік айқын ұстаным болуы керек.

Мысалы, Шымкент қаласы. Оңтүстіктің жұрты «шы­
райлы Шымқала» деп ерекше леппен атайтын еліміздің
іргелі қаласы – әйгілі Шымкент соңғы бес-алты жылдың
ширегінде қаншалықты түлеп, жаңарған десеңізші. Сәні­

мен бой түзеген биік үйлер, саябақтар, демалыс орында­
ры, жасыл алаңдар, зәулім ескерткіштер. Қазақстанда қа­
бындап тұратын қымбатшылықтың Шымкент «шәйләсін
тігіп» жіберген сияқты: алам деген нәрсе әмияныңа аса

ауыр тие бермейді. Әріптестерімнің тілімен айтқанда,
бәрі «қол жетімді» бағада. Әрине, қала тұрғындары тегіс
«қол жетімдіге» қол жеткізіп жатпаған шығар, себебі рес­
ми түрде 650 мыңнан астам адамы бар шахардың аума­

ғын 40 мың гектардан 117 мың гектарға дейін ұлғайту
бас жоспарға еніпті. Неге? Өйткені, қаланың 30 пайызын
ғана әзірге көп қабатты үйлер құрайды. Қалған 70 пайыз
жекеменшік секторлардың үлесінде. Әлі жеткен тырба­

нып басына баспана соғуда. Сондықтан да бүгінгі Шым­
қала шынында да шымнан соғылған үйлері көп қала болып
тұр. Сол үйлерден сәні де, салтанаты да бөлек Шымкентте
көк үйлер бар. Қалаға жолым түсіп барған сайын көк үй­

лерге көзім сүрініп қайтамын. «Не шықса да Шымкенттен
шығады» демекші, Шымкенттің байлары өздерінше оқ­
шауланып тұру үшін самсатып салған коттеджді қалашық
шығар бұл деп, өзімше байлам да жасап қойған едім. Сөйт­

сем мұнда репатриант мәртебесімен Атажұртына оралған
қандастарымыз тұрады екен! Мына кереметті көріп ертегі­
лер әлеміне еніп кеткендей болдық. Артық әсірелеуден ау­
лақпыз, расында солай. Екі қабатты көк үйлер. Қатарласа

қанат жайып, жайнап тұр. Әр үйдің алдында жылыжай.

Үш сотықтан. Бұл – «Асар» ауылы. Жұрт аузында ауыл
атанғанымен Шымкент қаласының көрнекті ықшам ауда­
нына айналған «Асарда» 2750 үй бар екен. Әр шаңырақта
орта есеппен төрт адам тұрады деп есептесек, – 110 000

тұрғын. Біз беріден қайтып отырмыз, ал, шындығында
одан әлдеқайда көп. Міне, қалың елің, қара орман жұртың

– қазағың. Бақ қуатты, барға мәз. Жұмыс іздеп сандалмай­

ды. Аттап басса, есігінің алдында «мені күт, бапта, өсір,
апар да сат» деп жылыжайдағы көкөніс жайқалады.

– Бұл жылыжайдың басында пайдасын білмеппін. Біз де­

ген күн астында күңісіп, кетпен сүйреп қалған елміз ғой.
«Жылыжайы несі, бұдан қалай егін алады?» деп таң қалу­
мен болдым, – дейді бізбен әңгімесінде Жанәділ аға Ілиясов.
Жанәділ аға көршілес Өзбекстан Республикасының

Сырдария облысы, Сейхунабад ауданынан келіпті. Ол
жақта үй-жайы, қора-қопсысы болған. Біреуден ілгері, бі­
реуден кейін тірлік кешкен. Ол үшін маңдай тері сіңген әр
дүние қымбат еді, ыстық еді. Алайда, ұрпағының болаша­

ғы ақылды әкеге тіпті қымбатқа түсті.

– Өзбекстанда мектептің тілі түгелімен өзбек тіліне

көшіп жатыр. Латын жазуы кірді. Тойғанымызға том­
пиып жүре берсек ұл-қызымыз бір күні қазақ екенін ұмы­
тып қалуы әбден мүмкін екенін ойладым, – дейді Жәкең.
Содан Жәкең «көшемінде көшемін» деп қиғылықты

салады. Марқұм зайыбы қарсылық танытқан екен, қара­
мапты. Бар шаруасын 2 мың долларға пұлдап «Қазақста­
ным, қайдасың?» деп тартып отырған.

– Көшіп келген бетте мына Түлкібас стансасында тұр­

дық. Ел-жұртқа ризамын. Қанатының астына алды. Бала­
ларым қазақ мектебіне барды. Мұғалімдер жақсы білім
берді, – дейді Жәкең ағынан жарылып.
Сөйтіп жүргенде Жанәділ аға Шымкент қаласының

іргесінен «Асар» атты ықшам аудан бой көтеретінін, ол
аудан Атажұртына оралған бауырларға арналып салына­
тынын, құрылысты «Ақ Ордасы» дейтін құрылыс компа­
ниясы қолға алғанын құлағы шалады.

– «Асарға» жан-жақтан құйылып бердік, – деп жалғады

ағамыз әңгімесін. – Біреу машина жүргізді, біреу лай езді,
біреу шеге қақты – қысқасы кімнің қолынан не келді, соны
қадеге жаратып жұмылдық.
Міне, бек құрметті оқырман, асар осылай болады. Қан

қызыл кеудеше киіп алып саяси партия құрғандар ешқа­

шан дәл мұндай асар жасай алмайды. Жасай алған да жоқ.
Асар дегеніміз – ортақ іске, елдік мұратқа жұмылып, күш
біріктіру. Демек, Шымкенттегі «Асар» ауылының тарихын
барша қазаққа үлгі етуіміз қажет. Қазақтың санын «көк

көрпені бүлкілдет» дейтін біртүрлі ұран емес, көк үйлер
көбейтеді. Көк үйлер көркейтеді. Осы ойымызда жүрсін.
«Асарға» ат салысқан Жанәділ Ілиясов қазір 166 шаршы
метрлі, екі қабатты коттеджде бала-шағасымен тұрып жа­

тыр. 5 жыл тегін, 5 жылдан соң 10 миллион теңгеге бағалан­
ған баспанасының құнын өкіметке жайлап қайтара бастайды.
Өткен көктемде жылыжайынан 3 тонна қияр алған екен, дел­
далдар бір талын қалдырмай сатып әкетіпті. Әй, байқаймын,

оған 10 миллион дегенің түк емес сияқты. Өзі қазір мектептегі
ата-аналар комитетінің төрағасы екен. Мектепте жолығысып
әңгімелестік. Жылыжайын айтып мақтай түседі. Аталған құ­
рылыс компаниясы «Асар» ауылындағы жылыжайдың бар­

лығына газ бен тамшылатып суаратын құбыр тартып беріпті.
«Жыл он екі ай жылыжай жылыжай қалпында жұмыс істейді,
тек ерінбесек болғаны», – деп қояды Жәкең.
Жылыжайды әр үйдің албарынан ғана емес, мектептің

ауласынан да көрдік.
№89 жалпы орта мектепте 900-ден астам бала оқитын
көрінеді. 2011 жылы берілген мектепті спортшылар мек­
тебі десе болғандай екен. Аталған білім ұясының оқушы­

лары өткен оқу жылында спорттың әр түрінен 240 медаль
алып үлгеріпті. Біз мектеп директоры Қасымбай Өмір­
бекұлымен мектепті аралап жүргенде бір өңкей домалақ
бас қара балалар спорт залдарында жұдырықтасып, алы­

сып-жұлысып жатты. Айтпақшы, бұл мектепте 3 спорт
залы бар екен. Бір әжеміздің: «Төбеме жүн шыққалы бұн­
дайды естімеппін», – дегеніндей, үш спорт залы бар орта
мектепті мен де бұрын соңды көре қоймаппын.

Жә, аттың басын осы арадан іркейік те бастапқы
сөзімізді қортындылайық.
Көп дүние меніңше пиғылға байланысты. Тіпті, мем­
лекеттің тағдыры да ұлттың пиғылына орай қалыптасуы

мүмкін. Біз тоқсаныншы жылдардағы тоқырау мен құлдырау­
ды, үмітсіздікті, күдікті ғана серік етіп өмір сүре бермеуіміз
керек. Бұндай көңіл-күй ұлттың дамуын тежейді. Осыны жа­
зарман қауым, әсіресе, мықтап ескерсек жөн болар еді.

Abaі.kz
2012.10.01

«ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ДӘУІРІ

БАСТАЛДЫ»

Өткен жылдың желтоқсан айының аяғын ала Еуразия
жазуӨткен жылдың желтоқсан айының аяғын ала Еура­
зия жазушылар одағының шақыруымен Түркияға жолы­
мыз түсті. Анадолы жеріне осы күні кім аяқ баспай жатыр

дерсіз, тәйірі. Ала қап арқалаған сәудегер бақалшы да, екі
елдің арасын жақындата түскісі келетін «мақалшы» да,
Гүленге, Пәлен-Түгенге ергендер де барып жатыр. Сон­
дықтан біздің сапарымыз мына жалпақ жердің бетіндегі

сапырылысты кешіп үйренген жұртқа пәлендей жаңалық
болмауы әбден мүмкін. Әйткенменде, төрт теңізге шомы­
лып, Еуропа мен Азия құрлығын жалғастырған Түркия ту­
ралы әңгіме көргендердің аузымен түрлене түседі. Соған

қарағанда осы бір ғажайып мекенді тұрақ еткен елдің қал­
тарыс-қатпары әлі ашылып бітпесе керек. Түкпірлеп түбі­
не үңілген адам үшін Түркия дегеніміз – өрекпи шалқып
барып өз ошағында шалаға айналған Османлы имперясы­

ның отаны ғана емес, түркі жұртына Гильгамеш жырын
жеткізген хеттердің, қала берді әйгілі Трояның бесігі бол­
ған өңір. Діндер мен мәдениеттерді, Шығыс пен Батыс­
тың бояуына қанық архитектураларды тоғыстара алған

алып мегаполисте осы бүгінгі – Түркия. Дертіне шипа,
деніне саулық тілейтіндердің де ағылатын жері – Түркия.
Сауда саттық пен ду-думанның хан базары да – Түркия.
Ал біз үшін Түркия алдымен түркі әлеміндегі бірден-бір

мықты мемлекет. Ешкімнің бетіне қарап жаутаңдап, бода­
ны болып босағасында жатқан жоқ. Жылдар бойы жалғыз
өзі ер түрік жұртының намысын ойлап егеске түскендей
еңсесін тік алып келеді. Түркшілердің Түркияға қарап көз

тігіп отыратыны да содан шығар. Бірақ бүгінгі Түркия
жөнінде айтқанда «бұл мемлекет түгел түркшілердің жұ­
мырияты» деген ойдан аулағырақ болған абзал. Өйткені,
Түркияда Басбақан Тайып Ердоғанның әсіре еуропашыл­

дығының салдарынан ұлттық ерекшелік, ұлттық дәстүр
дегендерді ұрып қойған қауымның қарасы көбейіп кет­
кенге ұқсайды. Тағы да сол Тайып Ердоғанның Сауд Араб

елімен аса қымбат қарым-қатынасының нәтижесінде елде
тақуа діндарлар, адам ұғып болмайтын діни ағымдар, со­
пылар мен сақалдар, шолақ балақтар мен жалақтар қап­
тап кеткен көрінеді. Бұлардың сыртында «түркпін» деп

кеудесін дүңк-дүңк ұратын ұрдажық ұлтшылдар да жетіп-
артылады-мыс. Осының бәрін және Тайып билігімен ғана
байланыста қару қате. Себебі, бұның бәрі Тайыпқа дейін
қанатын жайып, қаулап өсіп болған жайттар. Алайда, Түр­

кияда (тек Түркияда ғана емес, жалпы түркі елдерінің
ішінде), түркі жұртының түгел болғанын іші-бауыры езіле
ойлайтын ағайын да табылады. Әзірге олар аз. Сондықтан
түркі бірлігі мәселесіндегі ойлар мен идеяларға қарсылар,

жалаңаш скептиктер көп заманда «Түркі әлемінің дәуірі
басталды» деп отырған бізді біреулер удай утопистің өзі
екен деріне әддім жоқ. Оның үстіне, расы керек, осындай
батыл болжамды айтқан қазақ мен емес, Ресейдің құр­

сауындағы Алтай Республикасы парламентінің экс-төра­
ғасы Иван Беликов. Иванымыздың аты – Иван, сойы Бе­
ликов болғанымен затым алтайлық деп атойлап тұр. Сұлы
көз, қап-қара қайратты қатты шашы қайыруға көне бер­

мейтінін байқатады. Сондай келбеті мен мінезіне бағып
ол Анкарадағы Түрксойдың үлкен жиынында осылай деді.
Оқырманға ұғынықты болудың ретімен айта кетейін,
Түркия астанасы Анкара қаласында 2012 жылы желтоқ­

сан айының 21-і күні Лев Николайұлы Гумилевтің 100
жылдығына орай «Лев Гумилев және оның түркология­
лық ғылыми мұрасы» атты конферция болды. Иә-иә, адам
санасына түрлі эксперименттер жасап жатқан заманның

ақпарат көздеріндегі алып-қашпа сөзге илана қалатын
қауым «қиямет-қайымды» күтіп отырған күн еді бұл күн.
Коференция барысында сөз алған алтайлық бауырымыз
Беликов: «Бүгін Мая күнтізбесі бойынша тұтас бір ке­

зең аяқталып, түркі жұртының дәуірі басталды!» – деді
салған жерден. Жалпы, ХХІ ғасыр Түркі мәдениетінің ға­
сыры болатыны туралы қазір көп айтылуда. Бұның және
алғашқы белгілері де қылаң беруде. Қазір Орта Азиядағы

түркі мемелекеттері археологиялық қазба жұмыстарына
ашық, археологтар мен антропологтардың назарын өзіне
шұғыл бұрған елге айналды. Мәдениеті мен тарихының
тылысымы да парасатты адамдарды тарта түсуде. Оны

аз десеңіз, түркі жұрты Еуразия кеңістігін игеріп кететін

қабілетке де ие екендігін аңғартып келеді. Ал осы Еура­
зия кеңістігінің тұтастығын заманында бек түсінген айту­
лы тұлға, түрколог – Лев Николайұлы Гумилев еді.
«Сонау орта ғасырдан бастап-ақ Еуразия құрлығының

ұлан-ғайыр даласын мекен еткен түбі бір түркі жұрты­
ның терең тарихын зерттеуші Батыс, Шығыс ғалымда­
ры көп болған. Солардың ішінде Гумилев зерттеулерінің
ерекшелігі – оның кешенділігі мен ауқымдылығында.

Кеңестік кезеңнің үнемі бақылауы мен қуғынында жүрсе
де алған мақсатынан бас тартпай, кеңес ғалымдарының
түркі тарихына қатысты қасаң қағидаларын түбегейлі
теріске шығаруында. Бүгінгі ұрпақ оның еңбектері ар­

қылы түркілер тарихының ең ежелгі кезеңінен бастап,
қәзіргі дәуірімізге дейінгі дереккөздерін саралай алады...
Оның ұлыстардың пассионарлығы туралы тұжырымы
мен Еуразия халықтарының тағдырлас тарихы туралы

тұжырымдары бүгінгі еуразияшылдық қозғалысқа негіз
болды» деді аталған конференцияны ұйымдастырушы­
лардың бірі ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының төраға­
сы Дүйсен Қасейінов.

«Енді осы Еуразиялық кеңістікті толтыра беруіміз ке­
рек. Түрктің бойындағы пассионралық қасиет қайта оя­
нуда. Түркі мәдениетінсіз, түркілік санасыз, түркі тари­
хынсыз Еуразия кеңістігін елестету мүмкін емес. Ежелгі

түркілер, сақтар мен скифтер, ғұндар мен қыпшақтар Еу­
разияның ен даласын еркін қоныстанған. Бүгінгі түсінік­
пен алғанда, Алтын Орданы да Еуразиялық мемлекет
деп атауға болады. Біздіңше, Шыңғысхан идеялық тұр­

ғыда ұлы түркілік идеяны көтеріп, қос мұхиттың арасын
мекендеген халықтың жадындағы тарихи сананы қайта
жаңғыртқан» дейді Түркі кеңесі Бас хатшысының орын­
басары, профессор Дархан Қыдырәлі.

Шығыстану, түркітану мәселесі заманында Батысты
қатты қызықтырды әлі де қызықтырып келеді. Бұндай
қызығушылықтың бәсінен Ресей ғалымдары да құрала­
қан қалған жоқ. Бір қызығы біз бүгінгі күнге дейін сол

еңбектермен жете таныс емеспіз. Аталған конференция
барысында осы мәселеге екпін түсіре сөйлеген Дүйсен
Қорабайұылының сөзінен кейін Түрік тарихы қоғамының
төрағасы Мехмет Құлағұл Гумилев зерттеулерін түрік

тіліне аударуға және деректі фильм түсіруге уәде берді.

БІЗГЕ ҚАРСЫ... БІЗДІҢ ӨЗІМІЗ

Жоғарыда түркі жұртының бірлігін түптеп ойлайтын
жандардың бар екендігін, әзірге олардың аздығын айт­
тық. Әйтседе, бірліктің алғашқы қадамдары нақты тірлік­
пен де көрініс табуда. Мысалы, 2012 жылдың ширегінде

Түркі елдерінің кеңесі құрылды, Астана түркі елдерінің
мәдени астанасы мәртебесін иеленді (2013 жылы бұл
мәртебе Түркияның Ескішаһар қаласына берілді. Осы­
лайша мәдени астаналар ауысып тұрады).

Түркі Кеңесі түркі елдері үшін ортақ әліпби жасақтау­
ды ұсынды.
Түркі академиясының басылымдары: «Асыл мұра» ан­
тологиясы мен «Түркі дүниесі» альманағы жарық көрді.

ЫстамбұлдаТүркі кеңесі жанындағы терминологиялық
комитеттің алғашқы отырысы болып, түркітілді елдерге
ортақ терминдерді түзу мен енгізу мәселесі қаралды.
Осылай тізе берсек, біраз жиын мен келелі кеңестердің

басын шаларымыз анық. Алайда, осыдан кейін түркі
бірлігінің оп-оңай орнай қалмайтынын да іштей түсі­
неміз. Өйткені, біз... бізге қарсымыз. Турасына көшсек,
біздің бір-бірімізден жылдар бойы алшақ өмір сүруіміз,

бір-бірімізге бөтенси қарайтынымыз, жазудың, қаріп,
таңбалардың ала-құлалығы, «сенен мен мықтымын» де­
генге саятын паңкөкіректігіміз, арамызға жік салған арам
пиғылдардың алабүлігінен туған алауыздықтың жағын­

да болатынымыз, қала берді бүгінгі ел басшыларының
саяси амбициялары мен пантүркизм үрейінен арыла ал­
мауымыз бізді бір қолдың саласындай етіп біріктіруге де,
кіріктіруге де қарсылық факторы болып табылады.

«Саясат дертті нәрсе, – дейді замана ойшылы Ошо,

– оны емдеу керек. Саясаттың емі – мәдениет». Мәде­

ниеттің ел мен елді жақындастыра алатын құбылыс
екендігі сан мәрте дәлелденгенімен үнді философның
аузынан оның кезекті рет қайталануы ХХІ ғасырда тағы
да мәдениетсіз өмір сүре алмасымызға дәлел болса керек.

Демек, Әлемнің Әуезові мен Адамзаттың Айтыматовына
табынып отыра бермей, мәселен қазақ-қырғыз жазушы­
лары баяғы емен-жарқын жүздесулерді қайта жаңғыр­
тып, табысуы ләзім іс. Осындай қалам бірлігі саны 20-дан

асып жығылатын түркі елдерін тұтас қамтуы керек. Ол
үшін «кітабыңды поштамен салып жібер» деп салбөксе­

ленбей бүгінгі ғаламтор игілігін пайдалануға ден қою қа­
жет. Қаламбірлігі ғана емес, киногерлер мен композитор­
лар, баспасөз өкілдері мен ғалымдар, т.б. бірлігі де қазіргі
түркі жұртын жақындастыра түсер еді. Зиялы қауым өз

ішінен бірлік, ұғыныстық тауып қимылдаса, оған кім қой
деп жатыр. Оған кім қарсы? Сөз жоқ, бәріміздің ішікі
«меніміз» бен кертартпалығымыз, жатып ішер жалқаулы­
ғымыз, өз қотанымыздан әріге өріп бара алмайтын қор­

тықсанамыз қарсы.
Мына бір жайды айтайын. ТҮРКІСОЙ мен Еуразия жа­
зушылар одағының жиынында қойқаңдап бір әзірбайжан
бауырым жүрді. Сонымен әжүк-гүжік әңгімелесіп отырдық.

«Сендер, қазақтар, қаншасыңдар?» деп сұрады ол. Мен ел­
дегі қазақтың 11 миллионнан асып кеткендігін айттым.

–Азсыңдар,– деді әзірім.

–Өздерің қаншасыңдар? Білуімше, 8 жарым 9 мил­

лионсыңдар.

–Бұл Азырбайжандағы азырбайжандар, – деді таулық

бауырым шалқайып, – сырттағы азырбайжандарды қос­
қанда 50 миллионның желкесіндеміз!

–Біз де 50 миллионға жетіп қалар ма едік, кемінде 20

миллион боларымыз анық еді, 1920-30-шы жылдары ха­
лықтың тең жартысынан астамы қырылып қалды, асы­
лып-айдалып кетті.

–Даааа, – деді әзірім шоң мұрынын көтеріп, – сендер

мекен ететін жердің табиғаты тым қатал ғой.

– Осыны айтып отырған сенің Құдай тас төбеңнен ұр­

сын! – дедім мен оған, – Табиғаттың қаталдығынан қы­
рылып қалатындай қазақ саған тышқан ба? Сталин деген
дәдәң туралы естіп пе едің? Естіген болсаң қазақтың жағ­
дайын сол дәдәңнан барып сұра.

Бұл нені білдіреді? Меніңше бұл жаңағы әзірбайжан
бауырымның біз туралы азды-көпті мағлұматтардан
мақұрымсыздығымен бірге жанашымастығын, біздің
Ахмет Байтұрсыновтай даналармен қатар жүрген өз ұл­

тының әзіз ұлдарынан, ағалар салтынан қол үзіп қалған­
дығын білдіреді. Менің де бүгінгі Әзірбайжан туралы ақ­
паратым аз, түсінгім кем. Қарабақ оны қалай зарлатты?
Қаншама бейкүнә тағдыр қыршынынан қиылды? Қанша­

ма сұлу саз, қаншама арман өшті? Білмеймін. Ептеп біл­
геніммен қабырғам аса қайыса қоймайтын сияқты.

Еждер Ол. Жаңағы менімен әңгімелескен әзірбайжан.
Жазушы екен. Бастабында әлгіндей әжік-гүжік әңгімеміз
болғанымен ақырында біз бір-бірімізді елдерімізге шақы­
рысып, төс түйістіріп қоштастық. Ол маған Қарабақ тура­

лы материалдар, мен оған большевиктер қолдан жасаған
алапат сұмдықтардың бетін ашатын деректер беретін бо­
лып тарастық. Жеңуге болады деп ойлаймын мен: біз...
өзімізге қатысты қарсылықтардың бәрін түбі жеңеміз.

АНКАРАДАҒЫ «АРҒЫН» ҚЫЗ

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ғылыми конфе­
ренциясы мен Еуразия жазушылар одағының Махмұт
Қашқари атындағы түркі әлемі жазушыларының бәйгесі­
не олжа салған қаламгерлерді марапттау салтанатының

соңы жанарларға алау жағып, жанды тербеген концерт­
ке ұласты. Ерфан Гүрдал жетекшілік ететін мемлекеттік
Түркі әлемі музыкалық ансамблінің репертуарында түркі
елдерінің 800-ден астам әні мен жыры бар екен. Өзімізге

таныс татар сазы дейсіз бе, тыңдаған адамды ұйытып әке­
тетін ұйғыр мақамы дейсіз бе, сыңсып сыр айтатын са­
лар (қытайдың ішкі жағында тұрып жатқан түркі ұлысы)
әні дейсіз бе, қаныңды қыздыратын қашқар-малқар әуені

дейсіз бе, бірінен соң бірі төгіліп жатыр. Осындай бір
рахман сәтте ансамбльдің жетекшісі Ерфан бей: «Нарту­
ған. «Кәнекей тілім, сөйлеші». Орындайтын Фериял Тү­
зүн» деп хабарлады. Сахнаға сәмбі талдай солқылдаған

ашаң жүзді, ақмаңдай қыз батыл басып шықты да, «Нар­
туғанды» шалқытып қоя берді. Миллизм, дыбыс, тыныс

– түгел қазақтікі. Қазақ Нартуғанның жырын айтып тұр­

ғанына жан-жүрегімен толқиды ма, Фериял біздің әнші­
лер ағып өте беретін қайырманы ерекше құбылтады екен.
Жыр аяқталды. Көрермен бір сәтке тып-тыныш отырып
қалды да артынша дүркіретіп қол соғып жіберді. Фериял

сахнаның сыртына басын иіп кетіп қалса, айқай-дүр­
мекпен қайта шақырып алады. Қияр емес. Аялы көздері
жарқ-жұрқ етіп әншінің өзі де шаттыққа бөленді. Оның
да мынандай ықыласты жұрттың алдында тұра бергісі

бар. «Қайран бабам, Нартуған!», «Қайран бабам, Нарту­
ған!»... көкейге бұдан өзге сөз оралар емес. Ансамбльдің
репертуарындағы барлық дүниелер осыдан кейін менің
кеудемде Нартуған жырымен үндесіп, күмбір қақты.

Фериялмен концерттің соңынан ғана ұшырасып тілде­
су мүмкін болды.

– Қазақстанға мен жиі барып тұрамын, – дейді Фериял

таза қазақ тілінде.

– Қазақстанда оқып па едің?

– Жоқ. Менің қазақша тілімді жетілдірген Нартуған

ғой. «Кәнекей тілім, сөйлеші».
...Бағана, ансамбльдің құрамында прима-қобыз тартып
отырған бір әйелді байқағанмын. Қарлығашқанаттанып
біткен көзінің қиығына қарап: «Не қазақ, не қырғыздың

қызы шығарсың» деп ойлағанымын ішімнен. Қазақ қызы
екен. Қазақ қызы болғанда менің Қапалыма (бұрынғы
Талдықорған облысының іргелі ауданы еді) барар жол­
дағы Ешкіөлмес тауының етегіндегі «Абай» атындағы

ауылдың қызы болып шықты! Жамырастық та қалдық.
Түрік жігітінің етегінен ұстапты. Ләззат Мұлазымоғылы.
Ләззат маған Фериял жайында айтып жатыр.

– Бұл Фериял өткенде Қарағандыға барып «Керей» бо­

лып келген, таяуда Павлодарға барып «Арғын» болып келді.

– Иә, мен – Арғынмын, – дейді Фериял. – Ләззат

екеуміз осында «АН-2» болып жүрміз!
Ал, керек болса!

ТҮРКИЯДА ТҮРІК ТІЛІН ОҚЫП ЖҮР...

Анкарадағы аз күндік сапарымызда студент іні-қарын­
дастарымызды да жолықтырдық. Сұрап қоямын: «Не
оқып жүрсіңдер?» «Түрік тілін». «Жөн екен». «Сонда
қандай маман иесі боласыңдар?». «Түрік тілінің мама­

ны боламыз». «Қазақстанда елдің бәрі жаппай түрік тілін
оқи бермейді ғой, ал, бұнда түрік тілінің маманы болып
қалуларың екіталай. Оны ойладыңдар ма?». «Енді кө­
реміз, дипломатиялық қызметтерге тұратын шығармыз».

Бұл менің Түркиядағы барлық қазақ жастарымен жа­
саған сұхбатым және содан түйген ойым емес, сонда да
ашығын айтайын: мынандай оқу – «пәленбайдың баласы,
ойбай, шетелде оқиды» дегенді ғана әйгілейтін әншейін

оқу. Әрине, қазақ жастарының туысқан түрік тілін білгені,
білгенде терең білгені өте дұрыс! Түрік тілі арқылы қазақ
ұланы ғылым мен техниканың тілін меңгерсе,тіпті, кере­
мет. Өйткені, Түркия – өндірісті ел. Құрылыс саласы, әсі­

ресе, дамыған. Жастарымыз түрік тілі арқылы түріктерге

тән отаншылдықты, ұлтын сүюді бойына сіңіріп оралса,
бөркімізді аспанға атып қуанар едік. Ал, түрік тілінің ма­
маны болуды қалайтын жастарымыз мүйізі қарағайдай
түркологтарға айналып жатса ше? Міне, бізге Құдай та­

ғаланың бергені осы емес пе?! Басқа елдерді қоспаған­
да бір ғана Ресейдің өзінен атақты Аристов, Астахов, В.
Зерновтар бастаған екі жүзден астам түркітанушы ғалым
шыққан. Олардың еңбектерінің бәрі құнды. Бірақ, орыс

патшасының пиғылы, сәбет коммунистерінің ниеті олар­
дың түркі әлеміне деген көзқарастарын да бұғаулап бақ­
ты. Ал, бүгін алтайлық бауырымыз Беликов айтпақшы,
«Түркі дәуірі басталып жатыр». Бұл деген түркіні әлемге,

әлемнен бұрын өзіне өзін танытудың арайлы таңы атты
дегенді меңзейтін мезгілдің туған шағы.
Ойыма түріктер «Гүлнәр ханым» деп құрметтеген Ольга
Сергейқызы Лебедеваның ерлігі түсіп отыр. Түрік, араб тілін

тәп-тәуір біліп алған ол 1881 жылы Константинопльге жол
тартады. Сондағы мақсаты – Пушкинді түріктерге жеткізу
екен. Сол кездегі түрік пашасы Лебедеваның әрекетін тың­
шылыққа, дін таратушы миссионерлікке балап, өзін қатаң ба­

қылауға алады. Сөйтіп, күндердің бір күнінде Ольга ханым
түріктің мықты жазушысы, әдебиетшісі Ахмет Мидхатпен
жолығады да ойындағы бар сырын ақтарып салады. Ақырын­
да мұратына жетеді. Ол түрік тіліне Пушкинді, Лермонтовты,

Толстойды аударды. Орыс әдебиетін Кіші Азияның кіндігіне
байлады. Кейін оны түріктер жақсы көріп кетті. Түрік сұлта­
ны оны «Шапағат» орденімен марапаттады.
Сонда деймін ғой, біздің «түрік тілін оқып жүрміз»

дейтін жастарымыз қазақтың ақындары мен жазушыла­
рын Гүлнәр ханым сияқты түрік тілінде насихаттай алса,
қалай болар еді. Түрік тілі арқылы қазақ әдебиеті Кіші
Азияға, Қапқазға, Иранға кетер еді. ТҮРКСОЙ, Түркі ел­

дері кеңесі, жалпы түркі бірлігіне қатысы бар ұйымдар
мен жекелеген тұлғалар осына да бір ойға алса дейміз.
Біз, түркі әлемі вербальді мәдениеттің аясындамыз:
ашықтықты, еркін қарым-қатынасқа түсуді қалаймыз.

Еуразия кеңістігін толтырып, құлаш ұруға мүмкіндік ту­
дыратын да біздің осы қасиетіміз болса керек.
Abaі.kz
2013.01.10

ҚАРАШАЙ ДЕГЕН

ЕЛІМ БАР

Жақып Өмерұлы басқаратын Еуразия жазушылар
одағының шақыруымен Түркияда болғанымызды, Түр­
кия астанасы Анкарада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйы­
мы өткізген «Лев Гумилев және оның түркологиялық

ғылыми мұрасы» атты халықаралық конференцияға
қатысқанымыз туралы осыдан бірер күн бұрын баян
еткен болатынбыз. Енді ұғып білгенімізді, көңілге
түйгенімізді әріқарай тағыда әңгіме етіп көрейік.

«НҰРСҰЛТАН АҒА», «НҰРСҰЛТАН АҒА»

Анкарадағы еңселі биік үйлерді көріп Алматы мен
Астананы аралап жүргендей болдым. Өйткені, біздегі
тұрғынжайлардың дені түрік бауырлардың қолынан өт­
кен. Басқа-басқа, түріктер құрылыс саласын әбден-ақ

меңгеріп алған сияқты. Басбақан Тайып Ердоған «жасы»
елуге жеткен көпқабатты үйлерді бұзғызып, орнына жа­
ңасын салдырып жатыр екен. Түріктер бұны маған мақта­
нышпен айтты. Сыртта жүрген адам өз елінен де жетістік

тауып сөйлеуге шебер ғой, мен де біздегі ескі үйлердің
«сноскіге» кетіп бастағанын білдірдім. «Соның бәрінің
бастамашысы Нұрсұлтан аға шығар» дейді түріктер.
Түрік ағайын қазақ басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Ке­

мал Ататүрікпен тең көреді (бұл жерде барлық түріктің
байламы осы екен деп пікір түюге бола қоймас, бірақ,
менің қасымдағы қардаштардың сөзіне қарағанда солай).
«Нұрсұлтан аға», «Нұрсұлтан аға» деседі олар. Менің

түркішіл түрік ағайындарымның Назарбаевты жақсы кө­
ретін себебін ілгерідегі мақаламызда ептеп аңғартқандай
болғанбыз: қазіргі Түркияны діни ағымдар жайлаған,
діни ағымдар өкімет тарапынан да барынша қолдауға ие.

Олар әлемнің қай түкпіріне барып діни уағыз жүргізсе
де, мектеп ашса да, қаржыдан қиналмайды. Қаражатты
Басбақан Сауд Араб елінен алып бере береді. «Түркия
сыртқы қарызды қайтаруды бастағанымен, Сауд Арабия­

ның алдындағы борышқа белшесінен батуда. Киім-кешек

нарығын қытай жаулап алды. Түріктер өнім шығарудан
қалды», – дейді менің жолбасшым Уфук Тузман.
Түрік жерінде мұнайдың мол қоры да бар көрінеді.
Алайда, түріктер ол қазынаны игеруге асықпайды. Се­

бебі: Еуропамен мұнайды кейінірек игеру туралы келісім
жасалған. «Батыс бәтуа бермесе, егін егуден де қалармыз
түбі. Егін жердің астындағы минералды жердің бетіне тар­
тады екен ғой. Егініміз күндердің бір күні «мұнайды сора

бастаса», Еуорпа бізге егінді ектірмейді», – дейді Уфук.
Түркия – Премьер-министрдің басқаруындағы ел.
Премьерді «Басбақан» атайды. Қазіргі Басбақан Тайып
Ердоған елде Президенттік билік институтын қалып­

тастырғысы келеді. Сөйтіп, алдағы жылдары сайлауға
түспекші. Ердоғанның ертерек әрекетке көшуіне орай
оппозиция да қимылға кіріскенге ұқсайды. Көше толған
ереуіл. Полициямен қақтығыс. Ердоған болса полицияға

ерікті беріп қойған. Пәрменін Парламент арқылы заң­
дастырып алған Ердоғанның полициясы күш жұмсауға,
қажет жерінде қару қолдануға дайын. Түрік телеарана­
лары полицияның халыққа оқ атқанын да біз барған екі

үш күндікте көрсетіп қалды. Міне, осындай халді бас­
тан кешіп жатқан түркішіл түріктер Назарбаевты түркі
әлемінің көшбасшысы, ақсақалы, еліне жақсы қарайтын
бейбіт адам деп біледі. Байқауымша, түріктер Нұрсұлтан

ағаның артында қалың қазақтың тұрғанын да үлкен есеп­
ке алатын секілді. Неге? Өйткені, түркі әлемінде Түркия
жалғыз емес. Түркия бойындағы өз қуатын жақсы сезі­
неді, Қазақтың да қуатын қапысыз аңғарады. Алдыңғы

жазуымызда әзірбайжан жазушысы Еждер Ол «біз елу
миллионбыз!» деп кеудесін көтергенімен, Иранға сіңіп
кеткен 40-45 миллион әзірбайжанды енді әзірбайжан жа­
сау да, Қапқазға оралту да мүмкін емес. Ал, Бакудегі әзір­

байжандар тілінің ұқсастығына қарай түріктердің бауы­
рына кіре түсуде. Ендеше алдағы замандарда түрік тілі
әзірбайжан тілін «жұтып» қойса, оған таңқалмаймыз. Өз­
бек өзімен өзі отыр. Түркі тілінің қыпшақ тобына кіретін

елдер қазақ тілінің аясына бірігуі мүмкін. Демек, түркі­
лер арасында екі тіл, екі ел: қазақ пен түрік жетекшілік
тізгінін ұстайды. Әрине, бұл болжам. Менің болжамым
ғана емес, түркілердің бүгіні мен ертеңіне сергек қарай­

тын азаматтардың ортақ көзқарасы.

Біз, әрине, Қазақстанның ішкі ахуалы, сөз бостандығы,
әлеуметтік жағдайы жөнінде Батысқа барып баяндама жасап
қайтатындардың қатарынан емеспіз. Түркияға баруымыз­
дың себебі де мүлде басқа. Сондықтан Қазақстан жөнінде,

Қазақ Президенті Назарбаев турасында мақтау марапат ай­
тып, ақжарылып сөйлеген ағайынның аузына қарап қойып
қана отырдық. Әдеп солай. Оның үстіне өз еліңдегі адами
құндылықты, гуманизмді, ұлт пен ұлыс өкілдеріне деген

құрметті бағалаудың қисыны да осындайда туып жатады.
«Нұрсұлтан аға барша түркі баласына қамқор ғой», – дейді
түрік бауырларым. «Жалпы қазақ сондай. Бауырмал, дархан,
кең. Қазақ қытымыр болса, қазақ өзімшіл болса, жалғыз

адам не істей алады? Нұрсұлтан ағаларыңыз да қазақтың
бір баласы. Сондықтан басқаша бола алмайды», – деп сәл
түсінік беруіме тура келді осы арада. Расында, жабыққанға
жаны ашымайтын, мұқтажбен мұңдас бола қоймайтын қазақ

баласы кем. Алыстағы қарашайлардың басындағы кепті ой­
лағанда біздің де сол жанашырлық сезіміміз лап берді.

ҚАРАШАЙ ДЕГЕН ЕЛІМ БАР

Анкараның шығыс жақ бетінде, қаладан 20-30 шақы­
рымдай жерде, қарашайлардың ауылы бар. Ауыл түрік­
ше – Яғлыпынар, қарашай тілінде – Жаулы аталады.
Қарашайлармен Анкараның шетіндегі бір дәмханада

ұшырастым. Түріктерге қарағанда көздері сәл қысықтау.
Қайсібірінікі дөңгелек. Сондай рең сипаттарымен де, тіл­
дерімен де қарашайдың қазағыма жақындығын бек ұқ­
қандаймын. Аудармашысыз аңқылдап сөйлесіп отырмыз.

Есімдері де қазаққа келеді: Ақын, Әділхан, Сәлім. Ақын
бұрын әкімдік қызмет атқарыпты. Әділхан тәржімашы
ақын екен. Қарашай-малқар тілінен түрік тіліне өлеңдер
аударып танылыпты. Сәлім – құрылысшы. Сәлім Итез.

Астанадағы Ақ Орданың жобасын сызып, құрылысын
жүргізген осы азамат болып шықты. Өзі тым қарапайым.
«Құрылыстың басы-қасында болдық қой», – деп сыпайы
ғана тіл қатты. Одан әрісін мен де қазбалап сұрамадым.

Өйткені бұл жігіттер ас үстінде әлденеге алаңдап, асы­
ғып отырғандай болды. Жаулыға барған кезде Әділхан,
Сәлімдердің алаң көңілдерінің сырына жеттім.
Сүрия. Түріктер Шам – Сирия елін осылай атайды. Сү­

рияда мыңнан астам қарашай тұрады екен. «Біздің қо­
лымыз жеткен есеп бойынша, 1200 қарашай», – деп нақ­

тылай түсті жолбасшым Уфук. Сол Сүрияда басталған
сүргіннен қарашайларды қалай аман алып шығамыз десіп
Түркияның қарашайлары бір қараша үйде бас қосты.
Түркия қарашайлары 2006 жылы алыс-жақыннан сұ­

растыра жүріп қарашайлардың жалпы саны 400 мың
екендігін анықтапты. Түркияда 20 000 қарашай, АҚШ-та
5500 қарашай, т.б. тұрады деп келетін мәліметтері және
бар. Қарашайлар Түркияға 1886-1889 жылдар аралығын­

да ауып барған. Одесса арқылы қара теңізді кешіп өткен
қарашайлардың дінді берік ұстанған тақуалары кезінде
Сүрияға өтіп кеткен көрінеді.

– Біз азбыз, – дейді Түркия қарашайлары қамығып, –

жер бетінен жойылып кету қауіпі төніп тұр бізге. Сон­
дықтан бірімізді-біріміз көзіміздің қарашығындай сақ­
тауымыз керек. Мекен-тұрағына көзіміз жетіп, біле тұра
бір қарашай баласын жоғалтып алсақ, о дүниеге күнәһар

болып аттанамыз. Із-түссіз жоғалған бір қарашай баласы
үшін фәниге барғанда жауап береміз.
Қапқаздағы қарашай-малқарлардың не қам-тірлік жа­
сап жатқандығынан хабарсызбын, ал, Түркия қарашай­

лары қор құрып, барын ортаға салып Сүриядағы қара­
шайларды «сатып» алуда. Сүрия азаматтарына шетке
шығатын төлқұжат бере бермейді. Сондықтан Түркия
қарашайлары Сүрия қарашайларын алдымен төлқұжат­

пен қамтамасыз етуі керек. Ол үшін Сүриядағы берекесі
кеткен әкімшілік орындарына астыртын пәре береді.
Сөйтіп, қолдарына төлқұжат ұстаған қарашайларды бос­
қын ретінде Түркияға әкеліп қоныстандырмақ. Осы күн­

дері Сүрия мен Түркияның арасындағы Һатай қаласында
босқындардың алды орналасып та үлгеріпті.
Мен қатысқан жиында Сәлімдер АҚШ-тағы қарашай­
лармен байланысқа шығатындығын, олардың күйі жақсы

екендігін айтып отырды. Осылайша олар елбесіп-сел­
бесіп Сүрия сүргінінен қандастарын құтқарып қалмақ.
Сыртқа шықтық. Шағын ауыл абажадай қаланың жа­
рығынан жасқанғандай бұйығып шамын тегіс сөндірген.

Алашабыр бұлттардың арасында жүдеу ай жүзіп барады.
Қарашайлар мені кезек-кезек құшағына алып қоштасып
жатыр. «Келіп тұр, осында бір елің бар» дейді. Қарашай­
лар ауылды «ел» депте айтады. «Иә, – дедім мен, – қар­

шай деген елім бар!»

Қарашай – қазаққа, қазақтың тіліне етене жақын түркінің
бір бұтағы. Ономостикалық атаулар, жер-су аттары, жан-
жануар, құс атаулары, тұрмыс жабдықтары қазақ тілінде
қалай аталса, қарашай тілінде де солай аталады. Мысалы,

біз сияқты олар да жұлдызды -жұлдыз, жолды – жол, пы­
шақты – пышақ, қылышты – қылыч, құсты – құш деседі.
Қарашайлар өздерін «қара қыпшақ», қазақты «сары
қыпшақ» дейді. Қарашайлардың түсіндіруінше, қазақтың

«сары қыпшақ» аталуы далада, ойда өмір сүретіндігіне
байланысты екен.
Жауылға барғанымда білдім, менің жолбасшым – Уфук
мырза қарашай болып шықты. Түркістанда біздің әйгілі

айтыскеріміз Бекарыс Шойбековпен бірге оқыпты. «Бе­
карыстың үйіне талай барғанымын, тіпті айтысқанмын»,

– дейді. Уфук қазақ тіл әдебиетінің арадгерлері – Рах­

манқұл Бердібай, Мырзахмет Мекемтас, Алма Қыраубае­
валардың дәрісін тыңдап, сабақ алыпты. Қазақша ағып
тұр. Мақалдап-мәтелдеп сөйлейді. Жары қазақ қызы
екен. Нарынқол жақтан.

– Қазақстанның шекарасы ашылғанда оқуға баратын

талапкерлердің тізіміне жазылып, сынақ тапсырып қойға­
нымен картадан Түркістан қаласын таппай дал болғаным
бар, – дейді Уфук. Түркістанды бастапқыда картадан
таба алмаған Уфуктің талабына ата-анасы да қарсы шы­

ғып: «Қазақстан деген не ел? Онда барғанда не табасың?
Қазақтың тілін үйреніп қайда бармақсың?» деп қарсы да
болыпты. Бірақ алған бетінен қайтпаған Уфук Түркістан­
да оқып қазақ арасынан достар табады. Қазақты өз елін­

дей көріп кетеді. Назарбаевтың бір реткі сапарында, тіпті,
тілмәштық қызмет те атқарады.
Уфук Түзманның арғы тегі де Қапқаздан 1900 жыл­
дары Түркияға ауып келіпті. «Ұлы атам заманында еті

тірі, өжет кісі болса керек. Қарашайлардың көшін ұйым­
дастырып жүріп елге қайтып бір барғанында басқыншы
орыстардың қолына түсіп итжеккенге айдалып кетеді.
Әжемнің сіңілісі Жұлдызхан жөргектегі күйінде шы­

рылдап қала береді. Оны біреулер асырап алып титтей
Жұлдызхан ақырында қазақ жерінен бір-ақ шығады.
Қазіргі Жамбыл облысының Кемер деген ауылында қа­
зақ отбасында тәрбиеленіп қазақ жігітімен бас құрайды.

Әжем 107 жасқа келіп қайтты. Жарықтық өле-өлгенінше
сіңілісін іздеп, ах ұрып отыратын. Түркістанда оқып жүр­

ген кезімде мен сол Жұлдызханды таптым. Жұлдызхан
өмірден озған екен. Алайда ұрпағымен табыстым. Қазір
хат-хабар алысып, барып-келіп тұрамыз, – дейді Уфук.
«Қазақ болып кеткен» (өз сөзі) Уфуктың балалары да

қазақ топырағында дүниеге келіпті. Үлкені Юнұс Еміре
2003 жылы Түркістанда туса, қызы Анисат 2008 жылы
Тараз қаласында іңгәлапты.
Уфук қазір Түркияның Мемлекеттік телерадио компа­

ниясында қазақ редакциясында қызмет етеді. Қазақ тілін­
де интернет парақшасын жүргізеді.
Түркиядағы сапарымызда қарашай-малқар жазушы­
сы Мүтәліп Бекппаевпен танысып, аға-іні болып кеттік.

Мүтәліп аға да біздің Жамбылда туып өсіпті. Қазақ десеңіз
елжіреп тұр. «Олжас аға бір кітабына «Мүтәліп туысқаны­
ма» деп қолтаңба жазып берді» дегенді қайта-қайта айтады.
Қарашайлар туралы сөзімді осы Мүтәліп ағаның «Қас­

қыр-адам» әңгімесімен тиянақтамақпын.
Еуразия жазушылар одағы жариялаған Махмұт Қаш­
қари атындағы байқаудың жүлдесін иеленген шығарма­
сында Мүтәліп аға Совет өкіметінен қашып, қырық жыл

Қапқаз тауларын паналаған адамның ерлігін әйгілепті.
Елсіз-жансыз аспан тауларды мекен еткен адам өзіне тек
қасқырды ғана серік тұтып, бірге өмір сүреді.
Күндердің күнінде әлгі адам әбден қартайып таудан ел

ішіне оралады. Қасқыр-адамды көргендер сұрайды: «Қы­
рық жыл қашып жүргенде не таптың? Оданда сотталып кет­
кенің дұрыс еді ғой. Сотталсаң 10-15 жылда жазаңды өтеп
аман-есен шығар едің. Енді мынандай болып келіп тұрсың.

Осы тірлігіңді қалай түсіндіресің?» деп. Сонда қасқыр-адам:

– Мен қырық жыл қашқын болып өмір сүрген жоқпын.

Азат ғұмыр кештім. Тәнім ғана емес, жаным мен рухым
да азаттықтың ауасымен тыныстады. Енді таяуда мәңгілік
азат әлемге аттанамын, соның алдында басын сорға байла­
ған елдің жайын бір рет көріп кетуді жөн көрдім, – дейді.

Қасқыры да, адамы да, қаламгері де қазақтың табиға­
тымен үндесетін қарашай деген елдің ендігі тағдыры не
болар екен? Нұрсұлтан ағаның құзырындағы қазақты,
сырттағы жаутаңкөз бауырларымды, көші-қонның бұй­

дасын бұра тартып жүрген сұмпайыларды ойлай отырып
осы сауалдың жауабына да алаңдап Алматыма оралдым
Abaі.kz
2013.01.14

ҚАЗАҚЫЛАНҒАН

СӨЗДЕРГЕ ҚАРСЫЛЫҚ ПА,

ӘЛДЕ ҚАЗАҚҚА ҚАРСЫЛЫҚ ПА?

Тіл – жаңарып, түрленіп, дамып, күрделеніп тұратын құ­
былыс. Бірақ, осының бәрі тілге тән екен деп, тілді «тілім-
тілім» етуге әсте болмайды. Әсте болмайдымыз аз, мүлде
болмайды. Әңгімеміз ана тіліміз – қазақ тіліне қатысты өр­

битіндіктен турасына көшейін, қазір «әліпті таяқ» деп біл­
мейтіндер әдебиетке әлекедей жаланып келіп әлек салып жа­
тыр. Әйткенмен де, Жүсіпбек Қорғасбек ағамның тәмсіліне
салып қайырсам, айтайын дегенім бұл емес. Оның үстіне қазақ

тілінің бар мүмкіндігіне көркем әдебиет тілі өлшем бола ал­
майды. Қазақ тілінің қорында кәсіптік, салалық сөздер жетіп
артылады. Мал шаруашылығына, аңшылыққа, диханшылық­
қа, балық шаруашылығына, медицинаға, тұрмыстық заттарға,

астрономияға, т.б. қатысты сөздер қаншама! Марқұм, жаны
жәннатта болсын, Жағда Бабалық ақсақал көзінің тірісінде
қазақ тіліндегі түбір сөздердің өзі бір миллионға жетеді деп
жүретін. Міне, керемет! Ал, қазір осы кереметіміз қазақ тілі­

нен баламасын тапқан, жас ұрпақтың күнделікті қолданыста­
ғы тіліне айналған жаңа ғылыми техника тілімен, саясат тілі­
мен, мәдениет, философия тілімен ілгерлеп барады. Бүгінгі
жас буын үлкендер сияқты «самолет» деп «самбырламайды»,

«ұшақ» деп «ұшып-қонып» кете береді. «Класс» деп тыраш­
танбай-ақ «сынып» деп сырғи салады. Осы «ұшақ», «класс»
дегеннен шығады. Менің бір жақын досымның баласы ілгері­
де, ұмытпасам, 2004-2005 жылдар-ау деймін, мектеп табалды­

рығын аттайтын болып апасы (досымның жұбайы) баласын
жетектеп дәрігерлердің тексеруіне барады. Барса, бәрі дұрыс!
Баланың денсаулығы, оқуға қабілеті толығымен жетеді. Ақ
халатты абзал жандар кітапшаға оң бағаларын беріп, жазып

жатады. Тек... көз дәрігері ғана «балаңыздың көзі нашар кө­
ретін сияқты» деп тұжырым жасай жаздайды.
Сөйтсе, әңгіме былай болған екен. Дәрігер баламызды ар­
қалығы бар орындыққа отырғызып қояды да, бір көзін дөң­

гелек табақшамен жапқызып, қабырғада ілінген суреттерді
сұрай басатайды. «Мынау не?» дейді ол күшікті көрсетіп.
Күшік көріп өскен бала күліп жіберіп, «күшік» дейді. «Мы­

нау не дейді?» баланың көзінен көзін алмай қарап тұрған
медбикеміз тағы бір мақұлқаттың әлде бір заттың суретін
сұқ саусағымен меңзеп. Баламыз жаңылмайды. Бірақ, мед­
бикеміз «ал, мынау не?» деп «қанатты құсты» көрсеткенде

«ұшақ» дейді біздің мемлекеттік тіл мәселесімен ерте шұ­
ғылданып қойған «қағынды келгір» қара сирағымыз. «Не
дейсің?» деп қайталап сұрайды қайран ақ халатты абзал
жан әлдебір «ақауды» баланың бойынан байқап қалғандай.

«Ұшақ» дейді ұлымыз ұмтылып. Осы кезде медбике байқұс
күрсініп жіберіп: «Татеша, айыпқа айып етпеңіз, баланыз
дұрыс көрмейді» дейді досымның жұбайына қарап. «Неге
көрмейді? Көреді», – дейді асықпай сөйлейтін біздің құр­

дас. «Көрмейді, – дейді медбике қыз қызынып кетіп. – Көр­
се, самолетті «пышақ» деп ножикпен шатастырмас еді ғой».
«Ол «пышақ» деген жоқ, «ұшақ» деді. Өйткені, бұ бала «са­
молет» дегенді естімеген. Самолеттің аудармасын – ұшақты

біледі», – дейді мән-жайды бабымен баяндайтын құрдаса­
мыз. Сол кезде барып медбике шіркін, «е-е» десе керек.
Ал, біз «е-е», десек те, «не» десек те, кейінгі бірер жыл­
дың жүзінде әлгі «ұшаққа» қарсы «құшақ-құшақ» пікірлерді

қаулатып жүрміз. Неге десеңіз, «ұшақ» деген түріктің сөзі
екен. Сол түріктің түкке тұрмайтын сөзіне байланбай са­
молетімізге қайта мінгеніміз дұрыс екен. Тілшілер сөй деп
жатыр. Ғалымдар сөй деп жатыр. Тілші-ғалымдар былай тұ­

рыпты, ойбай-оу, ақжағалы ұлықтардың өзі сөй деп жатыр
емес пе? Құдай-ау, бізде ұлықтар айтқан соң жан қала ма,
бәріміз жарбаңдап, жабыла ұрандап ұшақты расында пы­
шақтап тастауға бел буып, түнеріп алғанбыз. «Ұшақ» деген

«ұшынып өлсін» дегендей жағдайдамыз. Сонда деймін ғой,
ұршығы айналғыр «ұшақ» деген сөздің қазаққа не қастығы
болып еді бұрын соңды? Не істеп қойды ол қазаққа?! «Кәрі-
құртаң, шал-шауқан, аға буын енді қазақ тілін үйренбейді,

үйренсе, жастар үйренеді» деді билігіміз бір кезде. Келісе
кеттік, әдетімізше көне қойдық. «Жас буын бірер жылда қа­
зақша сайрап шыға келетін шығар» дестік. Қайдам. Қазақ
тілінен айну, қағынан жеру қазақ ортасында сәбет өкіметі

кезіндегісінен әрі қарқын алып кетті. Қазақ жастарының
«тілін сындырған» бірер сөздің бірегейі айналайын «ұшақ»
еді, соның өзін көп көріп ұшырып әкетпекпіз осы күндері.
Қазақ билігі қит етсе, «халықаралық термин сөздерді

қазақшалай берудің қажеті жоқ» деп ежірейіп, қасқыр көр­

ген ешкі көзденіп шыға келеді. Онысын бір реттен дұрыс
та делік. Бірақ, кейде қатты кетіп қалады. Мысалы, само­
летті әлем халықтары бірауыздан «самолет» деп атамайды.
Бүгінгі жер шары тұрғындарына ортақ тіл – ағылшын тілі

десек ұшақты, кешіріңіздер, самолетті ағылшын тілін бі­
летіндер – «плэйн» (plane) дейді. Солай екен, ендеше әлгі
халықаралықшылдығымыз қайда қалды? Сірә, бұл біздің
«халықаралық термин сөздерді сақтайық» дейтін сақты­

ғымыздан емес, ұшақ деген пәлені айтып, түркішілдіктің
ұшығына шалдықпай, самолетімізбен салып ұрып сол бая­
ғы «қонысымызға», ормандай қалың орысымызға орала­
йықтың ашық беті болса керек. Әйтпесе, қазақ тілді ортаға

әбден сіңісіп, тіпті, оңай айтылатын ұшақта неміз бар? Оны
аз десеңіз, «ұшақ» сөзі қазақтың тәуелсіздігімен бірге жаса­
сып, бірге өмір сүріп келеді. Сондықтан бір қатал заң шы­
ғарып, қатаң бақылап, «ұшақ» дегендерді қарақшы, қаны­

пезерлермен теңдей етіп қамап тастамасақ, халықтың аузы
үйреніп қалды, әй, енді тыйлмайды-ау...
Ұшақ сорлының күйін кешіп бастаған тағы бір сөз бізде –
мұражай. Мұражай, рас музей. Ағылшын тілінде – museum.

Мұражай, бірақ, музейдің қазақ тілінде әп-әдемі баламасы
болып қалыптасып үлгерді. «Жай» деп қазақ тұрақ-мекенді,
шаңырақты, т.б. атайды. Сонда мұражайымыз мұраға қал­
ған заттардың – жәдігерлердің жайы, баспанасы, үйі деген

ұғымды білдіреді емес пе? Музейді мұражай десек, еліміздің
өткен-кеткенін экспонаттар арқылы танығысы келетіндер
маңдайшадағы «мұражайды» көріп, мұрнын шүйіріп кетіп
қала ма? Түсінбедім. Бұл да сол «сұмдық-ай, қазақшаланып

бітіппіз ғой, бүйтуге болмайды» деген қасарыспа мінезден
туған қырыс бірдеңе. «Зертхана», «мұрағат» деген сөздердің
де қазақылығына билігіміз бишік үйіріп бастады қазір. Ен­
деше ешбір сөзді, әсіресе, орыстан келген кірме сөздерді

аудармай, қазақша баламасын іздемей, түртінбей, шұқын­
бай тыныш жүрейік. Сол дұрыс. Сол дұрыс десек те, тілдің
жаңарып, түрленіп, жаңа қуат алып, жаңалыққа бейімделіп
өмір сүретін мәдени құбылыс екендігін ойласақ, қайран

қазақ тіліне жаның ашиды. Биліктің жаңағындай сөздерге
жармасуы – қазақ тілі ғылымға, заманға икемделмей «қо­
йын құрттап, айранын ұрттап», «жер тырмалап», «аң қағып»
далада қалсын деген күмәнді пиғылын аңғартады біздіңше.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы бастаған алаш ардагерлері

бөтен тілден еніп жатқан сөздерді аударғанда оның қазақша
баламасын дәл табайық, қазақтан табылмаса, түбі бір түркі
жұртымыздан іздейік, олардан да табылмаса, сол сөзді қа­
зақ тілінің табиғи заңдылығына орай пайдалана берейік

десіп бәтуаласқан екен. Соны бүгінгі тілші ғалымдарымыз
да пайдаланып отыр. Тілшілерімізді «түк білмейтін топас»
деуге өз басым әсте келіспеймін. Өйткені, тілші ғалымдар­
дың саясат бақпай алаңсыз жұмыс істеуіне биліктегі бұтты-

шаттымен жүрген шолақ белсенділер мүмкіндік бермей ке­
леді. Соның салдарынан болып қазір кәсіби білігі кем, қазақ
тілінен мақұрым біреулер адам ұялатын аудармалар жасап,
былай да қағажу көріп жасып қалған қазақ тілін мазақ тіл­

ге айналдырып бітті. Қазақтың мазаққа айналған тілі қазір
қайда жоқ дейсіз. Әуе компанияларының ұшақтарында, по­
йызда, халыққа қызмет көрсететін орталықтарда, банктер
мен салық органдарында, биліктің дәліздері мен бөлме­

лерінде, компьютерде, ұялы телефондарда, т.б. Бір қызығы
қазақ тілінің төл сөздеріне айналып үлгерген «мұражайлар»
мен «мұрағаттарды» «мұрнынан тесіп жетекке алған» билік
әлгіндей масқараның біріне міз бақпайды, селт етпейді.

Әйтпесе, соны қазақ баспасөзі саңырау естіп, меңіреу ұға­
тындай дәрежеде айтып, жазып болды емес пе? Байқұс қа­
зақ жорналшысына сондай сорақы сөздер мен сөйлемдердің
алдында өртеніп өлу ғана қалды. Басқасының бәрі тынды.

Біздің ептеп білуімізше, «ұшақ» пен «мұражайға» байла­
нысты пікір алдымен Елбасымыздың аузынан естілді. Сол
сол-ақ екен, қазаққа, қазақ тіліне, қазақтың ұлттық намы­
сына қарсы ойланбастан тұра шабатын белсенділер жінігіп

кетті. Жә, Елбасымыз да адам баласы. Ана тілінде сөйлеп,
ән салғанымен тіл маманы емес. Жаңылысуы бек мүмкін.
Соны маңындағы жауапты адамдар жігін жатқызып жеткіз­
се, түсінетін шығар. Әншейінде «Елбасымыздың тапсырма­

сы» дегенде ауыздарынан жалын төгіп, ақырында істің со­
ңын бұлдыратып жіберетін шенеуніктеріміз неге осы тілге
қатысты мәселеде Елбасының «тапсырмасын» артығымен
орындауға құлшынып тұрады? Түсіне алмай-ақ қойдым.

Жо-жоқ, сіздер түсінетінді мен де түсінемін. Білемін әбден.
Бірақ, сіздер мына жайтты да біле жүріңіздер: басқа жағдай­
да басқа, біздің орыс тілді жігіттердің өзі қазақ мәселесіне
келгенде Ғабит Мүсіреповтің «Этнографиялық әңгімесінің»

кейіпкерлері сияқты «атекем айтсынның» алдына түсе қоя­

ды. Қанша дегенімен қазақ қой, өйткені. Әңгіме есіңізде ме?
Заманнан іргесін аулақ салған, тозған, сол сорлы халіне қара­
май өзінше мықтымсыған ауылдың бейбақтары қимылдауға
ерініп «атакем айтсын» деп мүлгіп отырады ғой. Біздің ше­

неуніктер де сондай – Елбасы айтпай ерін қимылдатпайды.
Олар осы күндері екі иықтарының ортасындағы мойынға
мінген домалақтың не екендігін де ұмытып қалғанға ұқсай­
ды. Әйтпесе, қазақыланған сөздерге қарсылық – қазақтыққа

қарсылық екендігін ұғатын жағдайға жетті емес пе?
Abaі.kz
2013.02.07

БҰЛ ҚАЙДАН ШЫҚҚАН

60 ПАЙЫЗ?

Тәуелсіздік алған жылдардың алғашқы айларында-ақ
қазақ тілінде сөйлеп кетуге саяси ерік-жігері мен сауаты
жетпеген қазақ билігі қырық сылтау тауып баққанын жақ­
сы білеміз. Сол қырық сылтаудың бірі «қазақтың тең жар­

тысы ана тілінде сөйлей алмайды» дегенге саятын. «Тең
жартысы» деген текенің мүйізіндей теңеуден кейін ұялды
ма, әлде, қандайда бір статистикалық мәліметтер ықпал
етті ме, биліктегілер кейін қазақтың қырық пайызының

қазақша тіл сындыра алмағанына «көзімізді жеткізді».
«Көзімізді жеткізіп» қана қоймай, әлгі «шындықты» күн­
делікті дәлелдеумен келеді: ресми жиындардан бастап,
ұсақ-түйек бас қосулардың бәрі бәз-баяғы қалыпында,

орыс тілінде өтеді. Мемлекеттік деңгейдегі шешімдер
мен мәстек мекемелерде қабылданатын бұйрықтар мен
тапсырмалар да қып-қызыл сәбеттік кезеңдегі «келбеті­
нен» өзгерген емес. Бірақ, соның өзінде қырық пайызға

«қырымыз сынбай» жүр еді, біздің ұлтшыл ақсақалдары­
мыз алпыс пайызға ауыз салыпты. Турасына көшсек, қа­
зақтың 60 пайызы қазақ тілінен мақұрым көрінеді. Осы
«60 пайызға» аса нана қоймайтынымызды ілгеріде, 2008

жылы «Жас қазақ» газетінде жазған едік. Ол кезде халық
санағына бір жыл бар-тұғын. Сонда да еліміздегі демог­
рафиялық деректерге сүйене отырып, «60 пайыздың» тым
артыққа сілтенгенін аңғартқанбыз. Алайда, атаң қоқи «60

пайыз» алдымыздан шыға беретін болды. Ендеше, мына
деректерге бір рет көз жүгіртіп алып, әңгімемізді әріқа­
рай жалғайық:
2013 жылдың 1 ақпанына дейін елімізде жалпы жан

саны 16 миллион 911 мың 911 болыпты. Соның 9 мил­
лион 264 мың 946-сы қалада, 7 миллион 646 мың 965-сі
ауылды жерлерде өмір сүреді екен. Қыр қазағы тұтас зәу­
затымен ана тілінен айнымағанын есепке алсақ, жаңағы

«60 пайыздың» адымы дәл осы жерде тұсалады. Әрине,
7 миллион 646 мың 965-тің бәрі түгел қазақ емес делік.
Ауылды жерлерде дүңген, ұйғыр, кәріс, орыс диаспорасы
да қара көрсетеді. Алайда, аталған диаспорлар тілі (оның

ішінде орыс тілі) ауылдағы қазақ тілімен бәсекелесетін
қабілетінен толықтай айрылуға жақындады. Жастары қа­
лаларға, көбі Ресейге біржола қоныс аударды. Мәселенки,
орысқолды қала саналатын Қарағандыдан 2010 жылы 29

971 адам, Павлодардан 15 758 адам, Солтүстік Қазақстан
облысынан 17 058 адам, Шығыс қазақстан облысынан
38 402 адам көшіп кетіпті. Есесіне, Қарағандыға дәл осы
жылы 27 597, Павлодарға 13 529, Солтүстік Қазақстан

облысына 12 992, Шығыс Қазақстан облысына 31 946 қа­
зақ қоныстанған. Қоныстанып, қоңыр тірлік бастап жат­
қанның бәрі Атажұртына оралған қазақтар екені анық.
Ал, олардың орыс тілінде сөйлеу былай тұрыпты, ләм деп

түсінбейтіні бесенеден белгілі.
Баспасөзге оқырман жинау науқаны кезінде қазақ га­
зеттерін басқарып жүрген мырзалардың оңтүстігімізге
ат басын жиі бұратыны бар. Ондағысы – қалың отырған

қазақ арасына сүйенгені, «газетіме жазылса, осылар жа­
зылады-ау» деп дәме еткені. Одан қала берді, аяғы жет­
кені батысқа шабады. Орталықты шолып, оңтүстік шы­
ғысымыздағы жұрт ішіне де сұғынып қайтады. Өйткені,

бұл өңірлерде қазақ басым. Қазақтың тілі басым. Ендеше,
қазағы мен қазақ тілі қасқайып тұрған сол өңірлердегі ха­
лық санына қарайықшы, міне, бір ғана Оңтүстік Қазақс­
тан облысы 2 678 335 тұрғынға ие. Оңтүстіктің өзбегі де,

өзгесі де қазақша ағып тұр. Жуырда Алматы облысының
халықы да 1 миллион 700 мыңнан асты. Маңғыстау мен
Қызылордада табиғи өсім жоғары. Оңтайландыру ісінің
бір оңдысы Семей мен Торғай қазағының есебінен Өс­

кемен мен Қостанайдың көшелері қазаққа толып қалды.
Елордамыз Арқа төсінен ірге тепкен күннің ертеңінде
қаптаған қазақты көріп сол кездегі Целиноградтың бір
орысы: «Мынанша қазақ осы күнге дейін қайда жүрген?»

– деп таңқалыпты. Әлгі айтқандай, Арқаның арда қазағы

қазір алшаң басып Астанада жүр. Солардың арасынан
қадірлі «отандастарымыздың» бірлі-жарымын көре қал­
саң, аң көргендей аңтарыласың. Қықасы, 60 пайыз деген
асыра сілтенген артық статистика. Дұрысы статистика

емес, эмоция. Президент Назарбаев бір сөзінде еліміздегі
жан саны бойынша қазақты «65 пайыз» деді. Қазақ 65 па­
йыз болса, 35 пайызымыз өзге ұлт өкілдерінен құралады
ғой. Ол 35 пайыздың қазақша білмейтіндігіне кім кепіл.

Мейлі, тіпті білмесін. Енді солардың қатарына қазақтың
«ана тілін білмейтін» 60 пайызын алып барып қоссақ не
болды? Қазақ пен қазақ тілі қайда қалды? Бұндай есептің
шешуі кімді болсада «қазақ тілі азшылықтың тілі, мем­

лекет жұмысына қажеті жоқ тіл» деген байламға жеткіз­
бей ме? Былайда қазақ тілін қақпайлап жүретін биліктің
мынандай «статистикадан» кейін Құдайы бермейді ме?
Оны неге ескермейміз? Менің бір Бакуде тұратын әзер­

байжан танысым: «Біз, азербайжандар, 80 миллионбыз»
деп соққан еді. Онысымен қоймай «21 декабрь дүниежүзі
азырбайжандарының тілі» деп шіренді. Не десе де дұрыс
оныкі. Сырттағы әзербайжандардың тілі иранға сіңіп пар­

сыланып кетсе де бәрібір еңсесін тік алып тұр. Рухы биік.
Ал, біз алдымыздан шүлдірлеп шыққан бірер желөкпеге
ренжіп, қазақ жастарын ана тілінен мақұрым ете саламыз.
Рас, бізде орыстілділер көп сияқты көрінеді. Себебі – бел­

сенді. Белсенді әм Қазақстанда «көрпесі ашық» көпшілік
мәдениетін қалыптастырушы ортаға айналғандықтан да
олар көзге жиі түседі. Телеарналар мен саржағал басылым
беттерін бермейді. Ақжағалы ұлықтарымыз қатысатын

ұланасыр жиындарда да сапылдап сөйлеп, саңқылдап пәле
қылады. Өйткені, біз сөз етіп отырған белсенді буынның
бойынан әлі комсомолдық рухтың буы кете қойған жоқ. Кө­
шедегілерінің түрі анау. Қай қиырдан шалынса да, әйтеуір,

қалың қол, қара орман секілді қапатап көрінеді. Бірақ, бұл
шындық емес. Алайда, қазақ тілі мен мәдениеті салтанат
құрып үлгерген қоғамды қазақ билігі де, өздерін элита са­
найтын қауым да көргісі келмейді. Әйткенмен де, «таң ат­

паймын десе де күн қоймайды». Қазақтың қуысырып келе
жатқанын бүгін бәрі біліп отыр. Тек соған өзіміз кедергі
болмасақ игі еді. Әне, қырғыздар орыс тілін «ресми мәрте­
бесінен» оп-оңай түсіре салды. Қырғызға сол үшін орыс не

істей алады? Шулайды-шұрқырайды, жылайды, жер тепкі­
лейді, кіжінеді, қояды. Өйткен,і қырғыздың шаруасы – ол
алдымен қырғыздың шаруасы. «Сыртқы саясаттан себеп
іздеудің қажеті жоқ, бұл елдің ішкі мұқтаждығынан туған

қалыпты шара. Қазір орыс тілін білмейтін ауыл тұрғында­
рының арасында оппозицияның беделі өсіп барады. Сон­
дықтан олар ұлттық мүддені батыл көтере бастады. Қайда
қарасаңыз да «Қазір қырғызды орыстілділер мен «жаттілде

сөйлейтін» саясаткерлер басқарып отыр» деген пікірді ес­

тисіз. Билік үшін бұл қауіпті құбылыс. Сондықтан үкімет
оппозициядан бұл бастаманы тартып алып, бірінші болып
электораттың көңілін табуға талпынуда» – дейді саясатта­
нушы қырғыз азаматы Марс Сариев.

Алатаудың ар жағындағы айырқалпақты ағайынымыз
осындай жігерлі қадам жасап жатқанда біз «Қазақтың 60
пайызы қазақша білмейді» деп күмәнді әңгіме айтқаннан
гөрі көптігімізді, алапат күшке айналғанымызды, ұлттық

мұрат тілектеріміздің жаңарып, өсе түскенін жоғары жақ­
қа ескертіп жүргеніміз жөн. «Көп қорқытады, терең баты­
рады» дегеннің ақиқатына сонда жететін боламыз.
Abaі.kz

2013.03.19

ӨЗ ЕРЛІГІН ЖОҚТАМАЙТЫН

ЕЛ БАР МА?

(Арнайы жазылған мақала емес, әріптестер сұраған
соң айтып берген пікірім еді. Оқырманның ой-талқы­
сына жеткізуді құп көрдім).
Президент Назарбаев «қазақ халқының тарихы – бірі­

гу тарихы» деп келеді. Рас сөз. Қазақ қашан да бірлігін
бекем ұстап, елдігін ерлігімен сақтап қалудың қамында
келе жатқан ел. Бұның көнедегі көрінісі – қазақ хандығы­
ның тұсындағы дүбірлі кезең екені даусыз. Қазақ Орда­

сы – Алтын Орда империясына мұрагерлік етуге ұмтыл­
ған бахадүр хандар мен батыр бабаларымыздың заманын
әйгілейді. Бұл жайт оқулыққа еніп, жалпы көпке мәлім
болмағанымен үркердей топтың ортасында белгілі сөз.

Елбасымыздың «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Ер­
мек Аманшаев мырзамен жүздесе отырып, хандар тура­
лы, хандар өмір сүрген дәуір туралы көркем фильмдер
түсіруге кеңес бергенін естіп «е, міне, әңгіме» деп елең

еткеннің бірі мен болған шығармын. Жөн-ақ. Алайда,
біздің режиссерлар бар, «Қазафильм» бар Елбасының
тапсырмасын күтіп отырмай-ақ, осыған баяғыда кірісіп
кететін жөндері бар еді. Амал кем, тапсырма түспейін­

ше, осылай тапжылмай отыра беруді әдетке айналдырып
алғанбыз ғой... Дегенмен де, ештен кеш жақсы. Прези­
дент Назарбаев бұның алдында да отандық экраннан ел
тарихын көргісі келіп, «Көшпенділердің» түсірілуіне пәр­

мен еткен. Ол фильмге шетелдерден режиссерлар мен ак­
терлар шақырылып (аталған фильмнің сәтсіздігін Талғат
Теменовке жаба беруге болмайды), ақыры су аяғы құр­
дымға кетті. Оның есесіне телеарналарымызды кәрістің

батырлары жаулап алды. Бірақ, осы арада Ақан Сатаевтың
ерлігін ерекше атап өтпесек болмайды. Ол өзінің жеке
студиясының шекті мүмкіндігіне барын сала отырып,
«Жаужүрек мың бала» атты фильм түсірді. Азды-көпті

кемшілігі болғанымен Сатаевтың «Мың баласы» ел ішін­
де өте жылы қабылданды. Жастар дуылдата қол соқты. Өз
тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімі серпіліп бас
көтерді. Көрдіңіз бе, қазақтың тарих пен бабалар ерлігін

паш ететін қисса дастандарға рухани сұранысы тым жо­
ғары екен. Өз тарихын, өз ерлігін жоқтамайтын ел бола
ма? Қазақ та жоқтайды, өзгелердің кереметіне бас шайқай
отырып өзінікін іздейді. Ендігі сөздің қысқасы, хандар

мен батырлар туралы фильмдер жарық көруі керек. Алай­
да, оған бүгінгі заманның көзқарасын таңып, бүгінгі уа­
қыттың талабын қоюдың қажеті жоқ. Жәнібек пен Керей­
ден бастап, Қасым хан, Бұрындық хан, Есім хан, Тәуекел

хан, т.б. түгелімен «қайта тіріліп» Кенесары хан, Сыздық
сұлтанға дейінгі уақытты тегіс қамти алса, «Қазақфильм»
тарихта мәңгі қалар іс тындырғанға есеп дер едік. Бұлар­
мен ілесе қазақтың азаттығын аңсаған алашордашылар

мен коммунист атанған, бірақ, шын мағынасында ұлтын
сүйген ұлы тұлғалар – ғазиз ағалар жайында, ғаламат аш­
тық, Қарлаг пен Алжир қасіреті, шетелдерге ауып, жер
бетінің тозағын кешіп өткен еңіреулі ел тағдыры тас­

паға тартылып жатса, және соның бәрі кәсіби деңгейде
түсіріліп, кино туындыға айналса, бек қуанар едік.

Abaі.kz
2014.08.25.

МАЗМҰНЫ: І БӨЛІМ. Әңгімелер Он сом (әңгіме)..........................................................................4 Байғыз әйел (әңгіме).................................................................9 Жалбызым менің – жалғызым (гротеск-әңгіме)...................15 Мүйіз тарақ (хикаят)................................................................23 Күңгірт кеп (әңгіме-элегия).....................................................31 Әлімбектің әулеті (хикаят)......................................................33 Мысық пен Маруся (әңгіме)...................................................43 Әлқисса. Шахмаранның кітабы (хикаят)...............................54 Қызыр әулие мен Мұса ғалайассалам (хикаят).....................68 Бөрі соқпақ (әңгіме).................................................................87 Қасқа айғыр қайтып соғар ма? (толғау).................................99 Қаратаудың қабылан ұлы (әңгіме-эссе)...............................102 Барлық жол даңғылға бастайды (әңгіме-эссе)....................106 Д: Хармс Оқиғалар (аударма)................................................111 Әмірхантану әлеміне саяхат (эссе-толғау)...........................116 Замандас. Мұңдас. Қаламгер (эссе).....................................122 ІІ БӨЛІМ. Abaі.kz-тің кітабы 1.Кейіпкерлер каталогы.........................................................133 2.Дәстүрлі БАҚ және Жаңа медиа........................................174 3.Қоғамның жатыры...............................................................232

Дәурен ҚУАТ

(Қазақ тілінде)
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры –
Қасымхан БЕГМАНОВ
Редакторы: Асан Қарамырза

Техникалық редакторы: Талғат Әлімжанұлы
Безендірген: Мейрамбек Еңсепбай
Басуға 06.04.2015ж.қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.

Пішімі 84х108 1\32. Шартты баспа табағы 15
Таралымы 2000+150дана.
Тапсырыс №
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Эл.пошта: dastur_09@maіl.ru

Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙