Мазмұнға өту
Home

Ләтипа лүпілі

Дәулетбек Байтұрсынұлы (Бек Сүйіндік)

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Ләтипа лүпілі

Авторы: Дәулетбек Байтұрсынұлы (Бек Сүйіндік)

Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЛӘТИПА ЛҮПІЛІ (Өлеңдер) Байтұрсынұлы Д. Б 20 «Ләтипа лүпілі». Өлеңдер. Дәулетбек Байтұрсынұлы. – Алматы, «Ан Арыс» баспасы,

  1. – 204 б. ІSBN 978-601-7130-54-1 «Ләтипа лүпілі» деп аталатын бұл өлеңдер жинағындағы жырлар бірыңғай имандылықты ту еткен, Аллаһқа мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат негізінде өрбиді. Ғасырлар қойнауынан бері жалғасып келе жатқан мінәжат жырларына еркін бері ліп, Ләтипа жүрек лүпілін сездірген ақынның жазғанда ры мұсылмандықтың құлшылық амалы деуге тұрарлық. Ой бөліктерінің арасына ақынның шығарма шылығы туралы әртүрлі басылым беттерінде жарық көрген мақалалардан үзінділер келтірілді. Кітап жалпы оқырмандарға арналады. УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 Б 20 УДК 821.512.122 ББК 84 Қаз 7-5 ІSBN 978-601-7130-54-1 © Дәулетбек

Байтұрсынұлы, 2010 © «Ан Арыс» баспасы, 2010 «Жаннат – ананың аяғының астында» «– Жақсылықты алдымен кімге істеймін? – Анаңа! – Одан кейін ше? – Анаңа! – Ал, одан кейін ше? – Анаңа! – Ал, одан кейін ше? – Әкеңе!» Пайғамбарымыз Мұхамет (с.ғ.с.) хадистерінен Аллаһтың ризалығы үшін, мен бұл еңбегімді өмірге он бала әкелген ардақты анам, бәрімізді тәрбиелеп, қатарға қосысқан шешем, бұл күнде 65 жасқа толып, немере-шөбере сүйіп отырған Шадан (Шарубай) Рахымбердіқызына ұсынамын. Автор.

АНАМА Бір тақырып көп жыл мені мазалап, Жазылмады. Жүрегіме жаза, дақ. Анасыз мен елестете алмаймын, Болғанымды бүгінгідей азамат. Бейнелеуге сөз таппадым ылайық, Бойымда көп мен өткізген күнә, айып. Назасына қалмау үшін қашанда, Қызмет етем құл секілді мұңайып. Жүрек үнін жеткізуге кез келмей, Болдым әлем әдебиетін кезгендей. Ойға түспей, не болмаса таса боп, Айтар сөзді таппадым ба көз көрмей. Борыштымын, қарыздармын мың, түмен, Тірлікпен де достастырды күлкімен. Оның сылап, сипауында сомдалдық, Ақыл таптық, арайланды кір-кір өң. Ұрпақ үшін секілді бір аспан, күн, Үміті үшін жыр дәптерін жастандым. Соның бәрі баспалдағы секілді, Анам жайлы жазылатын дастанның...

ІШКІ ШЫНДЫҚТЫ ТАНЫҒАН АҚЫН (Алғысөз орнына) Соңғы, өз замандастарымнан ішкі шындық ты жаза бастаған ақындардан жырлары (осы тақырыптағы) жырларыммен үндес, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлын атар едім. Дәулетбек, әрине, ақындықта көпке танымал емес. Оның өзіндік себептері бар. Бастысы, ол баспасөз беттерінде үнемі жарияланып жүрген жоқ. Оның ақын екенін көптер білмейді де. Бірақ ол ақын. Ақын болғанда да іштей жетілген, өнерде оң мен солын таныған, тақырыбын тапқан, Қыбыланамасын әбден анық таған, көпіртіп өтірікті емес, шырқатып шын дықты жазған ақын. «Аллаһу әкбәр, Аллаһу әкбәр – ұраным!» – дейді ол. Аллаһу әкбәр – Аллаһ шексіз ұлы деген сөз. Демек, Одан басқа ұлы жоқ! Ұлылық тек Оған тән. Мақтаулар да Оған тән. Мақтауға Ол ғана лайық. Өйткені, Ол бәрін жаратты. Бәрінің тағдырын белгіледі. Бәрінің сырын, не болғанын, енді не болатынын біледі. Оның әуелі де жоқ. Ақыры да жоқ. Мәңгілік. Ол ешқа шан қалғымайды. Он сегіз мың ғаламды жоқтан бар еткен Ол. Ақырында бардан жоқ етедін де Ол. Өзі жасап қала беретін де Ол. Ол көрнеуді де көреді. Көместі де көреді. Біледі. Ол еш нәр сеге мұқтаж емес. Еш нәрсеге мұңданбайды. Оның ұлық болатыны, ұлылық, барлық мадақтар Оған ғана тән болатыны, «Аллаһу әкбәр» болаты ны сондықтан.

Дәулетбек, міне, осы ақиқатты, осы ішкі шындықты Сол Аллаһтың Өзінің нәсіп етуімен таныды. Таныды да Оған бар иманымен бас иді. Бар сенімімен құлшылық етті, Оның «қыл» («Намаз оқы») дегенін қыла бастады. «Қылма» дегенінен бетін бұрды. Бұл оның адам ретінде рухы таныған Тәңір иесіне жанымен бері ліп, тәнімен жасаған тәуекелі еді. Кісілік міндеті еді. Құлдық парызы еді. Өзін өз еткен, жаратқан, жоқтан бар еткен жалғыз Ұлыққа жан дәрмен ұмтылуы еді. Адамға қарата айтқанда, «Танымасын сыйламайтын» пенде, жан көзі көрмеген, танымаған Аллаһы тән көзімен қалай көрсін? Қалай сыйласын? Оған қалай бас иіп, қалай құлшылық етсін? Ол мүмкін емес. Оның мүмкін емес екенін күнде көріп, біліп жүрміз. Ал Оны жан (рух) таныса, сөз басқа. Жан таныса, жанның қабы – тән Оған құлшылық етпей қоймайды. Онда да Оған құлшылық ты тән етпейді. Жан етеді. Тән болса, ол жанға ілесіп рәсімін жасайды. Біздің көретініміз тән болғандықтан, «құлшлықты тән жасап тұр» деп ойлаймыз. Тағы бір есептен, белгілі дәрежеде ол да жөн. Өйткені, ол – тән «мүлде құлшы лық жасамайды» деп ұқсақ қате болмақ. Ол жан ның жаршысы. Сондықтан, жан таныған Хақты ол да танып, жанға ілесіп қуана-қуана құлшы лық жасамақ. Мұны құлшылықтағы жан мен тән нің үндесуі деп ұқпақ керек. Дегенмен жан не гізгі рөлші екені хақ. Ал енді осы Хақты тануда жан мен тән үндессе ғана, олардың иесі саналатын пенде ішкі-сыртқы болмысымен ақиқатты танымақ. Ақиқатқа үндеспек. Ақиқатпен біреу леспек. Міне, сонда ғана ол пенденің ішкі шындыққа болған түбегейлі бетбұрысы бар лық іс-әрекетінен көрініс таппақ. Аллаһ ауызына Кәлам, қолына қалам берген Дәулетбектің сөз

басының «Аллаһу әкбәр» болып келуі сондықтан. Ол оның ішкі шындығы. Ішкі шын дықты тануы. Ішкі шындықпен үндесуі. Біреулесуі. Адамның ішкі шындықпен үндесуі қиын. Хақ жарылқап, пенде ішкі шындықпен үндесіп қалса, оның ол шындықтан ауытқуы, қол үзуі тағы мүмкін емес (Аллаһ одан қол үздірмесін). Демек, адам ішкі шындықты тани бастаған нан кейін, ішкі шындықтың мың сан көрініс тері оның ісінен де, сөзінен де көрінбей тұрмай ды. Немесе пенде ісі мен сөзін сол ішкі шын дықтың жаршысына айналдыра бастайды. Мәселен, Дәулетбектегі «Аллаһу әкбәр» сол. «Аллаһу әкбәрды» кім айтпайды? Кім білмейді? Біледі. Бар ел біледі. Бірақ шын мәнінде «Аллаһу әкбәрды» кім шын айта алды? Оның мәнісін кім шынымен-ақ білді? Оны да Аллаһ біледі. Демек, бұл ақиқатты қай пенде білді, таныды, ол дәл сол тұстан бастап тұтас болмысы мен өзгермек. Өзгермей қоймақ емес. Оның жүрісі де, тұрысы да, ісі де, әрекеті де, қаламгер болса, жазып-сызғандары да өзгереді. Тұтас өзіне тәннің бәрімен «Аллаһу әкбәрға» айнала ды. Бұл – «Аллаһу әкбәр» тағы көптерге жаңалық емес сияқты көрінеді. Бірақ іс жүзінде одан үлкен жаңалық жоқ. Оның кейбіреулер ге олай, жаңалық емес болып көрінетін себе бі ол пенделердің ішкі шындықты біл мейтіндігінен. «Қайта туғыздың қасиетті ұлы Құраным!» Немесе: «Бір Аллаһ, саған ғана сәжде қылам!» Міне, сөзіміздің дәлелі. Міне, Дәулетбектің ақиқаты. Ішкі ақиқаты. Ішкі шындығы. Сөзін «Аллаһу әкбәр» деп бастаған оның Кұран ақиқатынан қайта тумауға немесе пенделігін танымауда, анадан туғандай руха ни жаңармауға, пенделік нәпсісінен бас тарт пауға, кісілігін таппауға, шын адамдық қасиетіне

оралмауға, басын «Аллаһу әкбәр» деп сәждеге қоймауға еш хақысы жоқ болатын. Немесе олай ету оның нағыз «Адам сафилық» қарапайым әрі толыққанды міндеті болатын. Өйткені, кез келген қарапайым адам баласы өмірін солай сүруі тиіс-тұғын. Ал бірақ біздің сыртқы шындықты өмір бойына жазған қайсы бір ақынымыз өз айтқанынан шықты? Қайсысының сөзі мен ісі бір жерден табылды? Немесе жазған, айтқан сөзі мен істеген істері біреулескен кімі бар? Жоқ. Өйткені, сыртқы шындықта олай болу мүмкін емес. Тек ішкі шындықта ғана солай бола алады. Ішкі шындықты таныған біреу сөз жүзінде «Басымды сәждеге коямын» деді ме? Әмалиятында қояды. Қоя алады. Міне, бұл шын адамның, шын адамдықтың белгісі. Мұны «өтірік» деп кім айта алмақ? Ешкім де. Демек, ол мұнда жаңалық ашқан жоқ. Бар болғаны өз ақиқатын, өз адамын – өз менін таныды. Оның міндетін білді. Әрі өзін ақындығынан, ақындығын өзінен бөліп қарамады. Сөйтті де: «Құдай бір! Құран шындық! Пайғамбар хақ!» – деді. Дей алды. Қарапайым. Қарапайым болғанмен, шын шындық осы. Мұны мәніне жеткен, таныған, солай екенін жан-тәнімен мәнді болып мойындаған шын адам ғана айта алады. Адам дәл осы шын дықты айтқанда ғана, оған шүбәсі қалмағанда ғана шын адам биігіне көтерілмек. Мұны, бұл шын - дық ты, әсте өзінің сыртында жүрген немесе сырт қы шындық иелері танымақ емес. Айта ал мақ та емес. Расында, олар да айта алады. Бірақ жүрекпен емес, ауызбен. Алайда «Аллаһқа ауыз жол емес» (Абай) екенін білмейді. Өйт кені, оның бұл шындыктарды қалай, қай дәре жеде, қай мақсатта айтқаны, айтып жүргені әуелі Аллаһқа, сосын өзіне, сосын өзгенің ішін дегі

ақылдыларына екібастан түсінікті. Оның куәсі тағы да сол айтушының өзі. Оның жалған ісәрекеттері. Бұл істе (шындықта) адам тіпті өзін алдағандай пенделерді алдауына болады. Бірақ Хақты алдау мүмкін емес. «Аныққа (Аллаһ ақиқаттарына) жетпей ақылым, Артыма қанша құладым?» – деп мен пақыр да осы себепті айтқан едім. Немесе өзімді-өзім танымай адасып, өзімнің, өз шындығымның сыртында жүрген кездерім дегі халым еді бұл. Себебі, ішкі шындықты таны май тұрғаныңда шөп те өлең, шөңге де өлең. Ал оны тани бастаған соң олай емес. Өлең-өлең. Емесемес. Шын-шын. Жалған-жалған. Немесе бә рін де «Ақырын жүріп, Анық басасың» (Абай). «Жалған біліммен жазым боп кете жаздаппын». Өзін білу, ақ пен қараны анық тану, ненің ақиқат, ненің жалған екенін ұғу дегеніміз міне осы. Немесе осыларды жай сезе бастаған емес, анық білген адамның жан сөзі бұл. Өмірде сыртқы шындықты «рас» деп біліп, өмірін оған сай сүріп, жалғанды шын деп, ақсақты тың деп жүргендер каншама? Ол «Жалған білім» деді. Ендеше «Жалған білім» деген не, сонда? Біздің руханият ілімінен білуімізше «Жалған білім» – адам баласының руханиятына бұ дүниесімен қоса о дүниесіне де емес, нәпсісіне, тек жалаң, бұ дүниелік тұрмыс-тіршілігіне ғана жауап беретін, бұ дүниелік істерді да мытуға ғана бағытталған заттық ғылымдар. Одан да анығырақ айтқанда, дінді, дінге тәнді өзі нен мүлде бөліп тастаған ғылымдар. Өкініштісі, бұл мәселені де ішкі шындықтан хабарсыз қауымға түсіндіру ақырет. Қызығы, біздің «Ғылым» деп жүргендеріміздің көбі, міне, осы «Жал ған білімге» кіретінін несіне жасыралық... Міне, осы тұстан өзін ақын санайтын кез келген азаматқа өлең жазу үшін ең әуелі руха-

ни сауаттылық, жоқ, тек қана сауаттылық емес, рухани үлкен ілімділік керек екені көзге ұрады. Бізде тіпті рухани ілім түгілі, ол жайлы жәй ғана сауаттылық та жоқ. Әне, соның кесірі нен атаулардың өзін тіпті қате қолданып жата мыз. Мәселен, қызды періштеге, періге, тағ дырды тасқа теңеп деген сияқты. Негізінде, періштеде жыныс, нәпсі болмайтынын, перінің жынның ұрғашысы екенін, ал тағдыр тас сияқты емес, ол Аллаһтың қалауымен болатын, адам өмірінің көз көре алмайтын, бірақ кезегімен жарыққа шығатын Илаһи құпия сыр екенін, ол жайлы ала-құла сөйлеу Аллаһқа қарсылық болып қалатынын білмейміз. Немесе өз сөзіміз өзімізге білімсіздігіміздің кесірінен зауал әкеліп жататынын білмейміз. Біз көбінде өлеңде сыртқы жалаң, жалған суретке көп ұмтыламыз. Соны жазсақ, дұрыс әдебиет, дұрыс өнер шығарған сияқты сезінеміз. Онда да ішкі, сыртқы шындықтың иесі Аллаһ тың жаратқан нәрселерінің сыртқы көрінісін жазып жатқанымызды бір ойламаймыз. Ал ішкі, тапжылмайтын, шын шындық – Аллаһты, Оның Құрандағы, діндегі және адам ның өзіндегі, адамның Оған, Ол жаратқан ға ламға байланысындағы шындықтарды жазса өнер емес, дін сияқты сезінеміз. Дәулетбек бұдан, бұндай білместіктен ада. Мүлде емес, әрине. Бірақ адалана бастаған. «Туралықтың туы тұрды кейпімде. Аллаһ тұрды жүрегімнің сейфінде. Атақ қумай, Шатақ қумай өттім мен, Сөзім қалсын «Иман қуған» дейтіндей». Міне, бұл – нағыз арлы, шын ақынның ішкі менінің тұлғасы. Жаратылыста басқа, өмірде басқа, өнерде тағы бір басқа, екі емес, тіпті үш жүзділік мұнда атымен жоқ. Ішкі шындықты қалай сезінген, солай жазған. Әрі өмірде де

өзін жазғандарымен бірдей ұстайтыны көрі ніп тұр (солай екеніне жолдас ретінде де куәмін). Сенесің. Сенбеске хақың аз. Жалпы, ақын ғана емес, тұтас адам бала сы егер ішкі шындықты сезсе, таныса, сөзі мен өзін біреулестіреді. Ішкі, мызғымас шындықпен үндеседі. Әне, сонда ғана адам баласының сөзі басқа, өзі (іс-әрекеті) басқа және Хақ жарат қан жаратылысы бір басқа болып, үш бөлек өмір сүрмейді. Керісінше, Хақ жаратқан болмы сы, одан шыққан сөзі (ақын болса, өлеңі), өмірдегі іс-әрекеті сөзсіз бір тұлғаланады. Немесе сөзін ісі, ісін сөзі растаған негізде Хақ жаратқан болмысымен үндеседі. Міне, мұндай іші мен сырты үндескен, бір тұлғаланған ақынның өлеңі де жалған болмақ емес. Болмайды. Болмауға тиіс. Ондайда қарапайымдылық белең алуы мүмкін. Бірақ шын болатыны сөзсіз. Абайдың биіктегені де сондықтан еді. Негізінде, шындық тым қарапайым нәрселерден тұрады. Ал, пенде болса сол шындықтың ішкі шынын түсіне алмай, «күрделі ой іздейміз» деп, жалғандыққа ұрынады. Немесе қателеседі. Нағында пенденің міндеттерінің бірі – ішкі шындықты, қарапайым істерге жасырынған ақиқатты тану. Көп пенде, міне, осы қарапайым шындықты түсінбегендік тен, астамсып, ойында «тереңнен тек іздеймін» деп қалай адасқанын білмейді Өйткені, пенделік көрнеуді де дұрыстап көре алмай тын көз, жабық көңіл көместі тіпті де көрмек емес. Тапжылмайтын ақиқат – Аллаһтың Өзін тану түгілі, Оның «Аллаһ» деген атының сөзсіз Соның аты екеніне сенбеген жүрек иесі не Оның арғы жағына өтіп, ішкі сырды білу, ұлы құпияны ашу, сөйтіп жазған жырлары арқы лы өлмес расқа айналу қайдан бұйырмақ? Ендеше шын жырға, кемінде шындық ты тануға талпынған жырға көкірек құлағымыз ды тосалық.

«Мендегінің бәрін де білген Аллаһ, Періштедей пәктік бер жыр мен арға?!» Шын қалам иесіне тән өтіну бұл. «Мен Құдаймын. Мен беремін», – демейді. Өзі тіпті де бере алмайтынын біліп, бере алатын Иеден пәктік тілейді. «Құл нені өтініп сұраса, Аллаһ соны береді», – дейді. Өйткені берегендік, шүлендік, дарқандық, жомарттық, жарыл қағыштық тек қана Оған тән. «Аллаһтан сұ рағанның екі бүйірі шығады» дегенді қазақ міне, осыны білгеннен айтқан. «Аллаһ» десең, сөйту арқылы ішкі шындыққа енсең, Ол (Аллаһ) сенің қалағаныңды бе реді. Жарылқайды. Жарылқаған емей немене? Ақын Дәулетбекке Раббы көпке айтар ақыл беріпті. «Иман, Ақыл, Тәуекел – үш белгініц Тоғысынан табылып тұрсаң болды», – дейді бізге ол. Бұл – даналық. Бұл «Хақ» деп қарс айырылған меннің көкірегінен көпке қарай жіберілген жарық. Бағдар. Меңзеу. Сілтеу. Қыбыланама. Білгенге – маржан. Өйткені, иман – Аллаһтың бар екеніне, жалғыз еке ніне сену. Ақыл – сол сенімді бұлжытпай ақыретке жалғайтын нұрлы қару. Ал тәуекел болса – иман арқылы тұрақтанған сенімді ақыл мен бекемдеп, ұстап, жүрек сенген сенім иесі Аллаһқа тұтас адами болмыспен мәнді болып, біржолата берілу. Оның (Аллаһтың) бас қа салғанына, тағдыр еткеніне көну. Бұл – «адам» деп аталатын жан иесінің өмірге келгесін сөзсіз істеуге тиісті міндеті. Парызы. Бұндай ақыл Аллаһқа, ішкі ақиқатқа ашылмаған жү рек иесінен шығуы мүмкін емес. Бұған ақын үшін шүкір Аллаһқа. Шүкір дейтініміз, ол тағы: «Бақи дүние елемейді ертеңін, Пенде деген – пәниге құл, әңгүдік» деп келіп,

«Жер менен көктің, Он сегіз мың ғалам нұр – тағын, Біз білген және Білмейтін әлем ұнтағын, Жаратқан жалғыз ең ұлы құдірет,

Ол – Аллаһ! Осыны ойдан шығармай өссін ұрпағым!» – дейді, «Ғұмырдың қырық жылын қыр асырған» ол. «Қырығында ес жимаған пендеден үміт күтпе» деп келетін бір даналық бар еді шы ғыста. Ол болса, қырығында Пәни мен Бақи сынды екі дүние өмірін тең ойлап, өзіне ғана емес, тұтас болашаққа жырларымен «Сөйт» де ген тілек аралас үндеуін тастайды. Дұрыс! «Жолаушымын мен де бір, Азабы мол, адасқан» – деп, қазіргі жеткен ішкі шындық әлеміне көппен бірдей пенделіктен барып-барып, әрең жеткенін меңзеген ақын, «Пәк жолға (Исламға) енді өзімді лайықтадымы» арқылы, енді қате сарынға қайымайтынын анықтайды. Өйткені, ол «Мәңгілікке (о дүние) аттағанда, бар болса егер (менді) иман ғана табатынын» біл ген. Және оған сенген. Бұған дәлел іздеушілер болса Құранды оқысын. «Тексердім жүрегімнің ашып түбін, Сезіндім ұлы Аллаһқа ғашықтығын». Немесе: «Қаламым мен құшақтап Құранымды, Естімеске кетсем бе қойымды айдап?» Немесе: «Кетсем бе екен күнәсіз мекен іздеп?» Жалпы рухани көзімен жүрегінің түбін ашып көріп, одан өзінің ұлы Аллаһқа ғашық екенін сезген оның «Күнәсіз мекен» – Жаннат ты іздеп жолға шыққанына нұрлы жырларын оқып, сенесің. Сендіреді. Шын өлеңнің жүрекке жетуі дегеніңіз осы шығар? Оның жырлары жырдағы шындықтың, ішкі шындықтың не еке ніне

көзімізді жеткізді. «Нұр» деп аталатын ішкі шындық жырлары. Қалай десек те, бізді өлеңге рухани дайындықпен келген ақынның кітабын Хақ нұрымен нұрлап, Құран жарығымен жарықтап барып, сенімді ұсынғаны қуантты. Демек, біз ақын Дәулетбек жырларын оқып, Құранның «Шұғара» (Ақындар) сүресіндегі ақындар жайлы: «Ақындарға азғындар ілеседі (224). Олардың сай-салада қаңғып жүргенін көрмедің бе (225)? Олар істемеген істі «істедік» деп көпіреді (226)» деген аятта рына салып көріп, оның жырларын одан таппадық. Дегенмен онан әрмен қарайғы: «Бірақ иман келтіріп (Аллаһқа сеніп), ізгі іс істеген дер, Аллаһты көп зікір еткендер (еске алған дар) және зұлымдық көрсе де артынан (өлеңі мен) кек алғандар бір басқа (227)» деген ұлы аят тан оны тауып, «шүкір» дедік. Құл Керім қажы ЕЛЕМЕС, ақын («Жалын» журналы, 2007 жыл, №8). (Ықшамдалып алынды)

ЛӘТИПА ЛҮПІЛІ Ләтипа – жүрек орталық мейір мекені, Ол сені ізгі биікте нұрлы етеді. Қуаты үстем құлшынтып салар қиынға, Әсерлі сазы ғаршыға еркін жетеді. Ләтипа – сезім мың талшық тарам жіңішке, Көктемдей көркі көңілді мизам жібітсе. Періште қиял пернесін тағып әрлейді, Ән қағып қанат, аунақшып толқыр жыр іште. Домбыра – жүрек, Ләтипа оның – ішегі, Әдемі толғау шанаққа шақ боп түседі. Сырлы әуен терең ләззатқа бөлер көңілді, Рухыңның шөлі бір қанбай оны ішеді. Ләтипа – сезім тамыр жіпшесі тартылған, Өнбойы оның қанағат, қайыр, ар тұнған. Ләтипа – махаббат, Иеге деген іңкәрлік, Бағасы артық бар ғаламдағы алтыннан. Ләтипа – нәзік аялап оны үзбедім, Көбейте түссем қабаты қалың тізбегін. Ләтипа лүпілі – соғуың сондай ғаламат, Жаңылмайын деп күйіңді күнде іздедім. Ләтипа – намыс, оянар болса жанданып, Жүрек құмарын іздейді өксіп, зар қағып. Ләтипа – тілек, ырғағын тапса әуезін, Дүние гүлденіп, нұрланар түнек жап-жарық.

МЕНДЕГІ ИМАН СЕРТІМ БҰЛ! Қиялға қызықтап қалықтағанымда, Пенделік жеңіп шарықтағанымда, Рухым әлсіреп, арықтағанымда, Сеземін Бейшара екенімді алып табаныңда. Ерлікті көріп, еркіндегенімде, Жеңісті көріп желпілдегенімде, Думанды көріп, селкілдегенімде, Есімді жиямын Жүректің берген сертін көремін де. Сенсіз бәрінен тұл екенімді, Шарасыз пенденің бірі екенімді, Өзіңнің арқаңда тірі екенімді, Мойындап, Саған басымды ием, Аллаһ, Алдыңда құл екенімді!..

БҰЗЫЛҒАН МАШИНА, ҚАЙТҚАН ҚАЗ Күзгі дала, тау бөктері, қыраттар, Беті қатқан бедірейіп бұлақтар. Сұрғылт мұнар, суық ызғар, айнала, Лыпасы жоқ байыз тауып тұрақтар. Мотор сөнді шұғыл жүріс сапарда, Мұндай кезде артық екен ат арба. Тонға оранып мен жатырмын дірдектеп, Мүрде жатыр ұзынынан қатарда. Тұмшалаған айналаны қара түн, Машина да жоқ қой келіп қалатын. Бір өлі жан, бір тірі жан ап жатыр, Тар кузовтың екі бірдей қанатын. Жапан дала жалтыр жолдың үстінде, Ұқсадық-ау қалы кетіп міскінге. Арлы-берлі жүре бердім тынымсыз, Тоңбау үшін машинадан түстім де. Тағдыр бізге неткен тосын сый еткен, Ұят болды-ау кузовтағы сүйектен. Қарсы алдық біз арпалысып осылай, Таң арайын көтерілген жиектен. Күз аспанын күңірентіп жігерлі, Қаз дауысы мүңға бөлеп жіберді. Жан иесі «тіршілік» деп жар салып, Үн береді үзбесін деп күдерді. Жіпке тізіп жібергендей еппенен, Қатар-қатар қаз барады көкпенен.

Немесе ол сап құраған әскердей, Ал мен тұрмын қалың қаздан көп төмен. Ұзай алмай машинаның қасынан, Мұз байланып тамған көздің жасынан. Мен қараймын құлақ түріп қиқуға, Қаздар ұшып бара жатыр басымнан. Таң атырдық сол мүрдені қарап біз, Ұшар едім, сорым мынау қанатсыз. Қарашада қоштастырып қазбенен, Кең өлкені басып жатыр орап күз.

НӘПСІ Таразыны бұрыннан дәл басатын, Нәпсі менен қанағат арбасатын. Өшіккенмен жеңе алмай бірін-бірі, Ми ішінде күресі жалғасатын. Қанағатқа болыпты ақыл жақтас, Нәпсіңізге айтылған ақыл жақпас. Табансыздық нәпсіні қызықтырса, Сабыр тежеп барлығын отырды ақбас. Алыс болып көзіне асыл мұрат, Қимылдапты нәпсіңіз батымдырақ. Шырылдатып жұлыпты тұрмас қылып, Қанағат пен ақылдың басын бұрап. Нәпсі құрып осылай үстемдігін, Мақтан қыпты кигенін, ішкендігін. Бірақ біліп соңында сан соғыпты, Шыңыраудың түбіне түскендігін.

АДАМДАРША Мендегі бар қасиет өзіме тән, Басқалардан ауысып қонған емес. Ойлайтыным, сөздерім өзім айтқан, Басқаныкі ешқашан болмақ емес. Қимылыма нұсқаушы басқаратын, Миым. Тарта ойлайтын тереңіне, Жүгінбеймін еркіне басқа бастың, Таңдап алған жолым бар, Керегі не?! Бар өнердің қызығам түрлеріне, Берілгемін шын құлап құштарлана. Жаным тыным таппайды түнде, күнде, Ойлағанда ғұмырды қысқа ғана. Тұрғаны жоқ жүректі сорып қайғым, Серпілемін сенімнің жетегімен. Отан үшін Жауымнан қорықпаймын, Мен адамша қажымай өтем мүлдем. Өйткені мен ақылға сидырғанды, Атқарғанмын серт етіп өкінбеске. Жек көрмеймін тоңдырған,

шыжғырғанды, Жұмыр басым өмірдің отын кешсе. Ақиқаттың таңдағам жол асылын, Ғашықпын күллі әлем Иесіне. Ойлайтыным – қақтығыс жоғалсын үн, Ылаң салмай алып күн жүйесіне! Тарта берем мен алға, тартып келем, Ажал атты қорғанға қамалғанша. Ел тағдыры жолында артық көрем, Өмір сүру, өлуді – адамдарша!

СПЕКТР Өмірдің өз беру үшін бояуын, Бірте-бірте көтерілді баяу үн, Жүрек сырын спектр ғып сызайын, Пайдаланып клеткамның ояуын. Алтын күннен қалыптасқан спектр, Ұсақ бөлшек тыным таппай істеп тұр. Молекула, атом дейсің... Ядродан Спектрлер қалыптасқан күшті өткір. Жай көздерге көрінбейтіні де бар, Мен отырмын тозбас төзім, тілеп әл. Жанарыңды кескіндерге тоқтатып, Маңдайыңды алақанмен тіре дәл! Сезбегендей мелшигенмен дала түк, Оятады көкжиектен таң атып. Қатар-қатар спектрлер салайын, Жүрегімнің жыр жарығын таратып... Алла нұры – иман келіп түседі, Көктем туды, жүрегімде қыс еді. Жазғандарым жеті сәуле спектр, Күндеріме көрік берді күш-емі.

ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫР – ҚАЙҒЫ Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы, Жүрегімді тепкілейді, Тырнайды. Асаулығы сәл аңғырттау болса да, Өрлігінен, пәктігінен тынбайды. Жазылам деп, жазылмаған жыр қайғы, Жер тынысын, Көк күбірін тыңдайды. Әр соғуы әрбір жол боп жүрегім Дүрсіл-дүрсіл қағылады жыр жәйлі.

ОСЫ ЖОЛ Ақиқатты талдап алған бастапқы, Осы жолда қаншалаған бас кетті. Әз аналар арманына жетпеген, Боздақтарын жоқтап, қанша жас төкті. Мейлі-мейлі, осы жолда шұғыла, Дәл осы жол жеткізеді шыңыма. Қос жанарым осы жолға тігілген, Осы жолым – табынатын Қыбыла... Қаһарым бар найзағайдай адуын, Күн жүйесі менің жалғыз адымым. Екі қолым әділеттің сынасы, Қанды ауыздың айыратын ауызын. Шаттық күнім қайғымменен көрші өткен, Өмір қатал заңдылығын көрсеткен. Мың жығылсам, мың тұрамын қан болып, Бойда барды осы жолға енші еткем. Сырғып жатқан қайрылмайды көп кеше, Көп кешеден алынбаған кетті есе. Ұйқы дұшпан меңдетер ед ұзаққа, Күрес күндер басыма кеп теппесе. Талпынады қиылмасқа қыршын жан, Таңдар сайын ойлар туып бір тыңнан. Осы жолда мен де көшіп келемін, Бабалардың асып қонып жұртынан! Осы жолдың бар тігілі, соқпағы, Кідіруге уақытым жоқ тағы.

Мен жауымның бұза алмасам танауын, Жайрататын маған даяр тоқпағы... Ойға мұрсат, жанға тыным табылмай, Тартып барам ертеңіме адымдай. Орындасам арманымды деп келем, Тәнім – денем жер бесікке таңылмай. Осы жолмен жетемін деп келемін, Осы жолда мен Аллаға сенемін. Құлап кетсем арманымның соңында, Осы жолдың жағасына көм, елім!

...Дәулетбек бауырымның өз құрбы-құр дастарынан бір өзгешелігі – Құдайға құлшы лық, Аллаға мінәжат ету, имандылыққа ұмтылу тақырыбын қаузап жазатындығы. Құдай Тағалаға қайырыла, ол былай деп ағынан ақтарылады.: «Ойлаттырдын, сөйлеттің, сезім бердің, Махаббаттың кіршіксіз көзін бердің. Ерлік, намыс, нәзіктік, төзім бердің, Әуел бастан бәрін де өзің бердің», – деуі кімді болсын иландырады. Инабатты, риясыз берік сенімнің шынайылығы, жан-дүниенің жалтақсыз берілгендігі оқырманды баурайды-ақ! Пәктіктің, адалдықтың парызын бір сәтке де естен шығармау – өмірде өкінішсіз жасаудың өнегелі белгісі. Әлгі келтірілген шұғылалы шумақты ата-аналар әуелі өздері жаттап, сонан соң балаларына, немере, шөберелеріне үйретсе, салиқалы сауап болар еді. Қазақ отбасындағы бас тәлімгер, ол – ежел ден алдымен – әже, содан кейін – туған ана... Ға сырлардың асыл шындығы осындай!.. Ал сол сөнбес шындықты ақын жалғыз-ақ жол өлеңмен өрнектей білсе, «О, шіркін, өнершілім!» демеске әддің бар ма?! «Әжеміздің ертегін Әліппе ғып...» Дәулетбек Байтұрсынұлы осылай салыстырма табады. Әкелік махаббатпен, нәрестені жан-жүрекпен, қамқор ділмен көркем жырлауға талаптану да Дәулетбек өлеңдерінде менмұнда лап тұр ғандай. Өркен атты ұлына арналған бірнеше өлеңі қайталаулар емес, қайта әрқайсысы жаңа дүниелер. «Өркенім – күре тамыр, жұлын жүлгем, Қалдырам өзің үшін жырымды мен...

Тұрасың тұтастырып тарих жібін, Кешені, келешекті бүгінгімен». Рухани мирасқорлық, ұрпақтар сабақтастығы жақсы аңдатылған екен! Пәлсапалық пайымдарға, парасаттылық биіктерге ұмтылып, нақышты нақылдар нәрлілігіне әлі қол жеткізбей жүргендерді өрелі ақындар легіне қоса алмайсың... Бұл – аксиома! «Үлкендікке өмірде жете алмайды Білмегендер ибасын кішіліктің». Дәулетбектің ұлттық психология мен этикадағы алтындай қымбат қағиданы қаламына оралтқаны мені бір қуантып тастады: «Даналықтың дәмінен ауыз тимей, Даңғойлықтың дүміне табынады». Халықтың қолына тиісімен-ақ қанатты сөзге айналғалы тұрған айшықты егіз жол! «Міндетін ада етпейді, Мінездің мінін жоймаған». Мен мұны сәтті туған нақыл дер едім. Үш сөзден ғана ұйысқан мынау нақыл да оқырман жадында жаңғырығары күмәнсіз тәрізді: «Тірліктің имандылық тиянағы». Әуенділікке, әуезділікке автор үлкен мән беретіні байқалады. «Отан деген оранып от құшаққа» немесе «Шаттықтан шайқалғанда шара-көңіл» сияқты аллитерация мен ассананс құлаққа жағымды!.. Ұйқастамаға да Дәулетбек ұқыпты десек, шындықтан алыстамаймыз. Лексикасындағы бізге – қарашаңы рақ тағыларға тосынырақ, бірақ та керек атауларға мен өз басым қызыға қарадым (Мүсеуреу, дебейлеу, тәс қалу...). Мұзафар ӘЛІМБАЕВ, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. («Алматы ақшамы», 20 сәуір, 2006 жыл. №45)

ҮЙСІН ОБАЛАРЫ Біреудің ордасын біреу күйреткен, Асау айғырлар адам денесін сүйреткен. Дұспандық жеңіп сый кеткен, Жауызға заман – Жан иелерін билеткен. Кешегі түнек түндерді, Көрсетіп түгел үлгерді. От шашқан үшкір найзаны, Ғазиз жүрекке түйреткен. Туған жер төсін тестіріп, Қамырша жаншып, илеткен. Қарманар қауқар күй кеткен, Айрандай ағып ми кеткен. Армандай болған жарық таң, Күндерді уақыт танытқан. Береке кетіп би, бектен, Құбылып басар қыр кеткен. Дүрілдей берген дүрмекпен, Кесірлі жылды кешегі, Осынау уақыт үйреткен. Далада ызғар, азынап тұрған борасын, Жолаушы жанға бұйыртпай қойған

жол асын, Көктемге сала ақ сүйек еткен қорасын, Үйсіндер өткен кешегі заман біздерге, Тастапты сыйға, обиған өңшең моласын. Даланың төсін шаңдатқан, Мың қайғылардан әзерге туған бір мақтан. Жүрекке түсіп, қоядай қатқан мұң-дақтан, Буыным құрғыр қалтылдап зорға шыдайды, Біздерге тастап жөнелген сондай салмақтан. Білінер сынақ, білінер сұрақ одан әр, Байланған шор-шор көз жасы жердің соралар. Мен өскен мекен менсінбей мені тұрғандай, Өйткені, мені мазақтап тұр ғой обалар, Өйткені, мені азаптап тұр ғой молалар... ҚАЙДА Батырың қайда, дұшпаның келіп бағынған? Тұлпарың қайда, шаң жұқпас жүйрік сағымнан? Қайсарлық қайда,

өркештеп жатқан қаныңнан, Қарқара тұлға қарттарың қайда, табынған? Аруың қайда, айшылық жолдан аңсаған? Шақтарың қайда, кең өріс тапқан тар санаң? Жетімдік түссе көрсетпей кеткен әлсізге, Күндерің қайда, жамандық біткен жамсаған? Мұралың қайда, ұраның қайда, арлы жол? Ортаға шығар береке десе қарғып ел. Бәрі де бізде, бәрі де бізде... Бірақ та Пенделік деген түрмелеп отыр қандықол...

ҚАУІП Жан емес ем желігіп желп еткен де, Жүгінбегем кіжініп жер тепкенге. Өзімді-өзім хақ жолға түсірсем де, Жүрегімді жүреді өртеп пенде... Жұғады екен жұтаңның даты мыңға, Жаным төзбей жасқанам жат ырымға. Доллар үшін долыққа түсіп бүгін, Қыздарың жүр қорқаудың тақымында... Сыпырылып басынан кимешегі, Келіншектей әжелер күй кешеді. Бойжеткенің бойында ождан болса, Қаны басқа қатпаға тимес еді. Тықсырады тынымсыз ағыс, тебін, Көру керек еді ғой алысты елім. Пасықтықтан жидіген қуыс кеуде, Мақтан етер қыз аңдып, «ақ» ішкенін. Сол баяғы сорлатқан жүр таласың, Тарих бетін сен қайтіп жырта аласың? Аты озғанның алдынан ұра қазып, Буындырып бересің жұрт ағасын. Артық емес десек те көп білімді, Игерсе де жер-әлем, көк-күніңді. Ұмытпаған жөн еді бабалардың, Бастан кешкен тарихын деп тұруды! Барғаныңмен күніне Марсқа сан, Бәрі бекер, елдік деп алыспасаң. Ең зор қауіп рухани жұтаңдық та, Әдебиет – арыңнан алыстасаң...

АБАЙ НАР Биссмиллаһы Рахманир Рахим, Жолын қуған мен Абайдың бір ақын. Құдай, Құран, Сенім – мәңгі серігім, Арлы, иманды болу менің мұратым! Пенделер-ау, тоқсан тоғыз айлаң бар. Кешке жетпей таңертеңгі байламдар. Ырысты елді иманынан айырған, Кірмелерге асыранды тайғандар... Ақшаң жоқ па, Абайға айтпа, Білекке айт. Балтаң тесе, Тас қайраққа білеп қайт. Ездікті айтпа, түктері бар жүректі айт, Ел сүйінер, ел сүйенер білекті айт! Сөз қадірін ұқпады деп мынау жұрт, Ұқтыра алмай, ұйыта алмай, жүр-ау қырт. Әзімбайлар әлі тірі тірлікте, Талайлардың аузын жауып тұр-ау мұрт. Бөзге айналды дегеніңмен «сөз – маржан», Маржан төгер маңғаздарым кез қалған. Өзгелерге шарапаты жетпейді, Зорға өзіңді асырайды өз қалжаң. Бар кезінде бақытыңды айт, есің, «Жоқ» дегенге тартпас ешкім май төсін! Сансыз жоқты жоқтап өткен бабаның, Әз аруағын әурелеп сен қайтесің?!

Дана Абайдың дінің бар ед ойында ақ, Сенімі жоқ пенде қалай тойынбақ? Құдай жайлы, Құран жайлы айтқанын, Айтпағансың, осыған кел мойындап! Бір-ақ күнде кетер деме түзеліп, Ұлың мәңгүрт, жат құшақта – қыз-өлік. Қасиетін танымаған Абайдың, Қылмысыңа... Қайта келіп тізе бүк. Ғасыр бойы қашып келдің жоламай, Табылды да тас жүректің жолы оңай. Аристотель, Екінші ұстаз – Фараби, Мұхаммедтің жолын қуған сол – Абай! Құдай рас, шын сенімнен таймаңдар. Ғасыр бойы арқандалды, қайран нар! Абай деген – данышпаны қазақтың, Аллаһ жайлы айтып кеткен байламдар!

МОЛА БАСЫНДА Тайқы заман таятын бағы шеттен, Таймас уағыз мәңгілік табыс еткен. Үйден шығып беттедім дөң басына, Әруақтарға дұғам бар бағыш етпек. Бабаларым – бай білім кешегі өткен, Жылмен бірге жарысып көшеді еппен. Зират болып жиналып бір төбеге, Қақ бөлініп жатсыңдар не себептен? Тірлігіңде тік басқан туысқандай, Ештемеден өттіңдер қуыстанбай. Ел шетіне ілінсе сумаң сығыр, Өткен күнің жоқ еді ту ұстамай. Келін алып, қыз беріп араласқан, Күй күмбірлеп, толғайтын дала дастан. Ағайынның аласын тату етіп, Арсыздарды басқа ұрдың аран ашқан. Қайран сабаз сандаған саңлақтарым, Тең басатын безбенді салмақтарың. Жаннат болсын тұрағың, Аллаһу әкбар! Айтып қалай таусармын сарнап бәрін?! Ол кездерде көрмегем алысты мен, Бірте-бірте азайды таныс түр-өң. Не ар жағын айналмай, не бер жағын, Өттің «сызық» молалар дәл үстінен. Бүгінгі аспан бір бөлек, бұрынғы аспан, Шекара тұр тік қарап мұңымды ашқан.

Тура келген зиратты турап өтіп, Созылыпты... ары-бері бұрылмастан. Берген бізге бір кезде арнап тәлім, Жатқан мынау зиратта бар мақтаным. Төбе екіге бөлінді дегенменен, Қайтіп сені бөлеміз, аруақтарым?! Тарих – қайғы, дәу шара іркілдейді, Бетпақ күндер сазарып бір күлмейді. Тосқанымен тікен тор мал-айуанды, Менің күбір аятым іркілмейді. Айналып жүр биікте Қыран өтіп, Айтылмаған көкейде бір ән опық. Жүрегіме шекара сала алмайды, Мен отырмын күбірлеп құран оқып...

ҚЫЗ ҚҰЛАСА Құтылсақ та кешенің құрығынан, Құйтұрқылар жүр әлі құрып лаң. Шексіз аспан көрініп шектілікпен, Қамаудағы қарайды құдығынан. Қайран ұрпақ қайтейін, халы мүшкіл, Ұл-қызыңды жайратқан жарылыс бір... Қалыбынан айрылып, қазағымның, Жат мінездер билепті жанын ұшқыр. Бірі тұман, күндердің, бірі күмән, Іліп алар нең қалды, Ірі күнәң. Ұяты мен ұлтымның ұлы көшін, Байқау керек қыздардың қылығынан. Қаптап жүрген заманда құзғын аса, Кетіп бара жатырмыз мұзды баса. Қансырайды ұлтымның қасиеті, Ең әуелі азғындап қыз құласа!

АДАМДАРДЫҢ НИЕТІ Қалшылдатып, тоңдырды салқын қандар, Айтқанында тұрмайды антұрғандар. Тілі – ызғар, қабағы – қар, көзі – кекті, Емге іздесең табылмас жарқын жандар. Жамандықтың малтасын жатып ездің, Қаптап кетті жауыз бен қатігездік. Иман безіп, кеудеңнен көтерілді, Қай жеріңде, жарандар, жатыр елдік?! Босамайды жаңжалдан, ұрыстан бас, Заман болды қураған, ырыс тамбас. Иман келіп орнамай әуел бастан, Адамдардың ниеті дұрысталмас.

ЖЫЛАҒЫМ КЕЛДІ... Жаңа жылға да беттеп барамыз, Оқиғаларға көптеп қанамыз. Адам ретінде «не бітірдім?» деп, Өткен күндерге ептеп қараңыз! Қайда апармақ мына күн мені? Тамыр тебеді бір ағын легі. Асық адамдар ертеңгі күнге, Ал, менің оған жылағым келді...

ӨЗІММЕН ШАЙҚАСЫП КЕЛЕМ Ей, менің, өтіп жатқан минуттарым, Өмірдің жұқтыр бойға сый қып, нәрін. Тамаша, қызық, думан, әуестіктің, Бұл күнде жиыстырып, қидық бәрін. Күш, жігер, қуат кірді сөзіме тың, Жан болдым құдірет тілін сезінетін. Өткізіп жатқан мынау өмір, күнім, Ұсқынсыз көрінеді өзіме тым. Арман бар, дәрменім жоқ, Неге десең? Әл кетті. Аллаһ өзің демемесең! Сайысу сыртқы жаумен қиын емес, Жеңе алмай өзімді-өзім ерегесем. Тесілген қалың томға сезімменен, Түндерден не белгі бар көз ілмеген!? Жанымның жарқыратып ай балтасын, Шайқасып келем ылғи өзімменен. Етуге асықпаймын басты құрбан, Тататын ләззат та бар ашты мұңнан. Бақыттан сусындауға көзім жетті, Арылсам кеудемдегі ластығымнан.

СОЛАЙ ҒОЙ – Қазақстан, отаным ба ? – Отаным! – Мынау дала мекенім бе? – Мекенім! Күйін кештім жаңа туған ботаның, Белгісіздеу қашан белге жетерім. Бәрі бізде, тауыса алмайсың өлшетіп, Байлық та бар басыңды изеп, иланар. «Көк қағазды» көкжиектен көрсетіп, Жат жұрттықтың жетегінде бұйдалар... Не жоқ дейсің, менің мынау өлкемде, Қайрат, жігер, қулық, тағы ептілік... Айнымайтын адамдықпен өлсең де, Жетпейді тек, жетесі мен тектілік! – Қазақстан, мерейім бе? – Мерейім! – Менің мәңгі тұрағым ба? – Тұрағым! Арамызда азғындарға не дейін? Тауым құлап, тауқыметпен тынамын. Қазақстан, шүлдір-шүлдір қойыртпақ, Алшаң-алшаң азғындардың сайраны. Бұрқасында босып кетті қой ықтап, Ауылдастың аузына жоқ айраны. Қазақстан, Қазақстан... толғанам! Мұжыламын, жетілемін, жетемін. Елдігім сын, ең бірінші ол маған – Тамыр жайған, тағдыр болған мекенім!!

...Дәулетбектің лирикасында туған жерге деген сағыныш басым. Оның да өзіндік себебі бар. Айталық, туған жері Тұғылшын Қарасаздың (Мұқағалидың ауылы) арғы жағында қол созым жер. Ол өзі жырлағандай-ақ, «Мөлдір су, айна бұлақ, құрақ шалғын». Ал сол жерге көзің жеткенмен, қолың жетпей қалуы қандай азап (шекара бөліп тұр). Әсіресе, ақын үшін. Сондықтан да Дәулетбектің «Туған жерім Тұғылшын» деген өлеңінде: Қатпарлы шоқыдағы қара тастар, Мақпалдай ормандағы қарақаттар. Алыстап сағыныш боп бара жатыр, Белдерде ізі қалған бала шақтар! – деп мұң шағуы заңды. Өйткені адамға туған жерден қасиетті, қымбатты басқа бірдеңе бар дегенге өз басым сенбеймін. Жасыратыны жоқ, әліге дейін туған жерім есіме түскенде менің де еріксіз көзі ме жас үйіріледі. Атақты үнді ақыны Р.Тагордың: «Мен ақынмын. Халқым қандай жағдайға душар болса да, оның тағдыры менің өлеңдерімнің арқауы болуы керек» – деген екен. Дәулетбек өлеңінің: Алданбай мәнсапқа да, атаққа да, Отан деп жүрмін басты матап қана. Тіршілік – қары кетпес қасат дала, Күрсініп қарсы алады жатақхана, – деген шумақтарынан халқымыз бүгінгі өз бейнесін жазбай таниды. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған ақынның қашанда жұрт жадында жатталары анық. Бұл тұрғыда Р.Тагор сөзіне де жауап беріп тұрғандай... Нұрқасым ҚАЗЫБЕКҰЛЫ, жазушы. («Күнәсіз мекен», 2006 жыл, «Нұр-Принт» баспасы)

  • * Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін Жүрегім де салқындау, нарау бүгін. Көре-көре көзімнің нұры тайды, Адамдардың аңдысқан қараулығын. Қыс секілді кейде осы жазды күнім, Сарқар болдым жанымның аз жылуын. Ести-ести құлақта қақас болды, Адамдардың ғайбатпен жазғыруын. Табам таза дүние қайдан аппақ? Жүре алмадым нәжістен тайғанақтап. Арғы әлемнің ақ нұрын аңсаймын да, Кеткім келіп тұрады айдан аттап...
  • * Толқып отырмын, Түк бітірмегенімнен қорқып отырмын. Тек қана қиял мұхитын кезіп, Арман байлығына шолпып отырмын. Сескенемін көп, Наз айтар жан жоқ, «өскен елім» деп. Ақындар бүгін тайпаның туы, Кетеді...Орал, Өскеменім деп! Қуаныш қайда? Шөл қысып барады. Су алыс сайда. Өлеңмен ғана сырласайыншы, Иектеп алған мұң алыстай ма?! Мазасызданам, Болған емес қой қазасыз ғалам. Өшіре алмастай өкініш тартам, Өмір – ізімді таза сызбаған!
  • * «Ақша» деп айтты ұмыттың, Намаз да қалды барылмай. Елеусіз қалды ұлық күн, Күнәдан жүрсің арылмай. Аллаһқа бір сәт сиынбай, Ұйқыда жаттың төсекте. Құдайсыздықтан тиылмай, Шайтанға ердің, өсекке! Адал мен арам бөлінбей, Сенуден аулақ сенделдің. Тазару керек, көмілмей, Жұмақ не Тозақ – өлген күн!
  • * Тураны тұмшалап тек сөз кертілген, Ырқына бейімдеген өз еркімен. Аллаһтың сөзін бұзған адасқандар, «Тауратты» оқыдым, Тек өзгертілген. Пенденің сөзін көрдім әр бетінен, Өзгерткен қасиетін бөгде тілмен. Әуелгі Аллаһ сөзін үзіп-жұлған, «Забұрды» естідім мен Әндетілген. Құлдарын адастырып бұл күндегі, Белгілі ұлы сөзді бүлдіргені. Аллаһқа серік қосты үштік етіп, Аятты өзгертті олар «Інжілдегі». Ап-айқын Аллаһ үні құралғаны, Ол нағыз адамзаттың ұлы арманы. Бір әрпі өзгертілмей бізге жетті, Жаратқан сөзі сырлы Құрандағы. Аллаһтың жалғыз діні мұсылмандық, Білініп тұр сүренің күшінде анық. Басқаны адам жасап, айдар таққан, Алданып пәк иманды ұшырмалық! Құдай бір, Құран шындық, Пайғамбар хақ, Өзгені алдың, жұртым, ойдан қалап. Пәниде парызыңды өтемесең, Тозақпен бар тағдырың ойрандалмақ!
  • * Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем, Жаратқан, жаңылдырма шүкірліктен. Дінімді беріктей түс мұсылмандық, Шайтаннан сақтанайын, күпірліктен. Нұрландыр жүрегімді иманыңмен, Өзіңе тәуелдімін үй, жаныммен. Бір Аллаһ, саған ғана сәжде қылам, Ант етем өзің берген ми-қаныммен.
  • * Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп, Аздырып басыңды ілер көгені көп. Алданба, елес қуып, есің кетер, Исламнан басқа жолдың көмегі жоқ. Наркүмән күндер өтті әрі-сәрі, Таңдардың ата берді тағы саны. Коммунист алжастырды діннен безген, Ұқпадық жанның нұрмен табысарын. Өзінен тұрғанындай өңір ғалам, Адамның шайтан жеңді көбін надан. Аллаһты шын таныған күннен бастап, Өзгеріп сала берді өмір маған.

БЕКІМ Кім келіп бұл өмірге, кім кетпеген?! Әрине, таусылмайды міндет деген. Болжамың болмаса егер болашаққа, Болады өткізуге күнді еппенен. Ұрпаққа ертең келер не беремін? Қалмаса бір өнеге, не керегім?! Ойлап жүр адам біткен нан қайғысын, Тіршілік қайнап жатқан төңірегім. Қазынам жабық жатыр, ашылмады, Ойларым хатқа түспей басымдағы. Жазғаным үш дәптер жыр, «Күнделікпен» Осынау отыз алты жасымдағы. Қиырда қиял қуды қыршын күнім, Сұм заман тақымға сап қыл шылбырын. Жазсам деп жаным байыз таба алмай жүр, Адамзат өмірінің бір шындығын. Күн көріс үпі-тәпі, құрғақшылық, Ондайда қарайды екен құл жатсынып. Өмірден алдым, Бұйыртса, берерім бар, Аллаһтан болар маған бір жақсылық!

  • * «Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын, Түсіндім, бұл мақсатпен оза алмасын. Бақ талас, атақ қуған бөлек-бөлек, Әр ру жасағасын өз «Алласын». Қызынып, қырық түрлі ұрандайды, Әлсізге өктем, күштіге бұлаңдайды. Аузында «Мұсылманбыз» дегенімен, Сауатсыз құдіретті Құран жайлы. «Әруақтап» ат қояды бүлік десе, Абай да зар жылапты-ау біліп кеше. Бұл қазақ қасіреттен арылмайды, «Бисмилла, бір Аллаһ» – деп бірікпесе! Май құйып алды-алдына, от көсеген, Өліні босқа әурелеп, текке сенген. Өршиді алтыбақан алауыздық, Қаптаған көп «Құдаймен», көп көсемнен. Шегі жоқ қуа берсең жан құмардың, Қараңғы қалды емес пе қалғыған күн? Тек бізді қолдайтын да, қорғайтын да, Жаратқан бәрімізді жалғыз – Раббым!!
  • * Аллаһтың жасалды әлем пішімімен, Дәл мынау бүгінгідей пішінімен. Адамды Хауанамен бір жұп етіп, Сынаққа жер бетіне түсіріп ең. Адамға бердің бәрін бағындырып, Көбейіп... тайраңдады тағын құрып. Күнәкәр пенделерің азғындауда, Ібіліс әкетуде табындырып... Сәулесіз өткен күнге өкінемін, Кірлерін жүрегімнің кетіремін. Адасқан мынау әлсіз құлдарыңның, Иманмен жарқыратқын көкірегін!
  • * Басыңа неше түрлі сұрақ берер, Кедейлік – нағыз сынақ, шын-ақ төнер. Байлық та ер жігітке бір соғады, Иманын талқыға сап, сынап көрер.

Арманға жетеді, Аллаһ деп тынбаған. Қайғысыз өтеді Жүрегін тыңдаған, – деген бұл өлең жолдары меніңше, Дәулетбектің ақындық кредосы іспетті. Себебі, ол азамат ретінде өте арлы, иманды жігіт. Біздің өнер адамда рын да, әсіресе, ақындарда болуға тиісті кішіпейіл ділік, қарапайымдылық секілді қазақ азаматына тән, ер жігітке лайық тамаша қасиеттері бар. Жүре гінің үніне жүгінген иманды жанның сөзі де, ісі де, өле ңі де адал. Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері. (Қазақстан ұлттық телеарнасы, «Таңшолпан» бағдарламасынан)

  • * Аллаһ, Аллаһ! Жараттың тәртібімен, Көк орманды көктеттің әр түбінен. Неше алуанын келтірдің мал түрінен. Ал адамды бәрінен артығымен. Ойлаттырдың, сөйлеттің, сезім бердің, Махаббаттың кіршіксіз көзін бердің. Ерлік, намыс, нәзіктік, төзім бердің, Әуел бастан бәрін де өзің бердің. Қалыптасып, өссе де ой-санамыз, Кейін тартып тұрады кей шаламыз. Жер бетінде өктемсіп өтсең-дағы, Ал, Аллаһтың алдында бейшарамыз. Аллаһ, Аллаһ, Бәрін де байыптаған, Бір-біріне тірлікті лайықтаған. Аллаһ деген Нұх та аман, қайық та аман, Қара түнек Аллаһсыз айықпаған. Қандай шебер қарасаң Алла ісіне, Енші берген туралап әр кісіге. Ал, пенделер өмірде кім болады, Байланысты ол иман, ар күшіне!

БІРЛІККЕ БАСТАР БІР АЛЛА Он бес пе, өткіздік пе жиырмасын, Ғасырлар, бізден өте қиырдасың. Сарнауға тілің келмей мелшиесің, Сары құм көмейіңе құйылғасын. Ұғатын ұлдарың аз әр тіліңді, Кемің мен біле алмай тұр артығыңды. Дегенмен, сені де біз мақтан етер Күн шығып, қазақтарға таң түрілді. Күн шығып, ұлы дала есінеді, Жинады етек жауып, есін елі. Алдында бір Аллаһтың есеп берсе, Құлдарын кеш болса да кешіреді. Көз алда тұрмаса да жиған мүлік, Қалмаймыз жүрек сезсе, мидан бүгіп. Түркістан, таратылған сенен жарық, Аллаһтың сөзі – нұр боп имандылық. Тірліктің имандылық тиянағы, Баулитын балапанды ұядағы. Алласы жүрегінде болған адам, Жіберген қатесінен ұялады. Таратқан сол иманды жүректерге, Не жетсін, Түркістанды жыр еткенге? Ұрпағың тарихыңды қолына алды, Тұп-тура бір мың бес жүз жыл өткенде. Елдіктің күні көкте күлімдеді, Түркістан, түркілердің діріл-демі.

Аллаһ деп сенің сергіп, сілкінгенің, Рухыңның деп білемін тірілгені... Тірілу – түлеп ұшу баспалдағы, Қырандай қанат қағып аспандағы. Түркістан, сенің тойың ғасыр басы, Ұюдың нағыз ұлт боп басталғаны... Айғаймен топ-топ болып төбе кілең, Дәметіп, көп «құдайдың» көмегінен. Алданып қанша заман азып келдің? Су ішіп көксоққанның көнегімен. Сырларды сүйсінейік біліп тілсім, Бөлетін басымызды бүлік құрсын! Түркістан, сенің тойың бар қазақты, Басқа емес, «Бір Аллаһ» – деп біріктірсін!

  • * Жылдар жылжып өтеді, жылыстайды, Тебіренбесе жүрегің жыр ұшпайды. Бақыт та бір жолаушы қонып өтер, Дүниенің тұтқасын кім ұстайды?! Таты қалар... біреудің аты қалар, Ұлылықты аң емес атып алар. Ер жігіттің қырсығы арылмаса, Көлденеңдеп жолына жатып алар. Уақыт өтер ешқашан, тоқтамайды, Сәтін тауып асауды ноқталайды. Биіксінген біреуді тұншықтырса, Өршітеді құйдырып отқа майды. Уақыт дейміз алданып көз алдыға, Болып жатқан секілді өз алдына. Сезбейді жұрт Аллаһтың өкімдерін, Ұйғарады бәрін ол... қазаңды да!!!

МІНАЖАТ Керек бізге зор төзім, Жеткізеді күттіріп... Сүрелерін оқимын, Басымды иіп, тік тұрып. Өлу менен тірілу, Жүрегімді жықтырып. Қол жаямын Аллаһқа, Қос тіземді бүктіріп. Шебер Аллаһ, жараттың, Барлығын да жұпты қып. Жалғастырдың біздерді, Хауананы жүкті қып. Тамсанттың да таныттың, Жарық дүниені ұқтырып. Топан судан кейінгі Бабамызды Нұх қылып. Қаһарлансаң бәрін де, Жібересің ықтырып, Неткен ұлы Раббым, Сендегі бұл мықтылық!!! БАС КӨТЕРУ Бас көтеру... ол өзімді құтқарғаным сұмдықтан, Аял таппай шарқ ұрамын Азиядай құрлықтан. Жүрегімнің иран бағы, салтанатты сарайы, Қала сынды қақалуда қапияда құм жұтқан. Бас көтеру...

өзімді-өзім алып шығу шүңеттен, Тірлік – түрме, желкеледі бұғауымен тым өктем. Бас көтеру... Аллаһ нұрын аңсағаным алыстан, Шыдам бітті, шығу керек шыңыраулы түнектен. АЛЛАҺТЫ СҮЙ «Аллаһу әкпар, Аллаһу әкпар» – ұраным, Қайта туғыздың, қасиетті ұлы Құраным! Жалған біліммен

жазым боп кете жаздаппын, Өзімді-өзім өзгертіп тыңнан құрамын. Аллаһтың сөзі, сүрелер қатар тізілген, Жалғайды жібін үміттің мүлде үзілген. Жүрегің жылы шуаққа толып, әмәнда Жылылық есіп, тарайды нұрлар жүзіңнен. Бұзатын тағы ғаламның заңды жүйесін, Бәрін де Сенің, шешетін сенім – ниетің. Көкірек көзің, Аллаһты көрсе алыстан, Аллаһ жаратқан алып жерді де сүйесің... Аят айшығы миыңда тұрса ұялап, Жолдан өтесің қиындық келсе қиялап. Аллаһты сүйсең, жер менен көктің Иесі, Болмайтын еді-ау, зәредей жалғыз қиянат!

ЖҮРЕК Төбедегі жарық Күн – Қуат көзі халықтың. Ақ бетіңді бұлт басса, Бағы тайған ғарыппын. Төңкерілген көк аспан, Жұлдыздарың жол ашқан. Тұмшаласа сұр тұман, Бейшарамын адасқан. Дөңгеленіп толған Ай, Солғын сәулең сорғалай, Жартыласаң жасимын, Көңілге күй орнамай. Ашық түнде үңіліп, Жұлдыздарға бірігіп Кетемін де, Кеземін... Қойған бәрін кім іліп?! Құстан, аңнан, масадан, Жерден, көктен, тасадан. Бір сәйкестік сеземін, Қиюымен жасаған. Тым ұзаққа телмірем, Неткен ғажап теңдік ең?! Жиып жалғыз шешімін, Жүрегіме ендірем! Салтанатты тақ құрған, Мейлі бол сен аш-тырбаң.

Тұрады екен жауабы, Аллаһ деген ақ нұрдан. Алла – ұлы, бұл өктем Шығаратын түнектен. Барлығының бастауы, Басталады жүректен! ЕМДЕҢІЗ Өмір – ғажап, өмір – сырлы, өмір – таң, Тұншығасың қиялыңмен шомылсаң. Уақыт – қиқар, әміріңе көнбейді, Ми – мазасыз, жүрек – кірбең, көңіл – шаң. Біз мезеттік, Уақыт шексіз, мәңгілік. Шаужайлайды шабуылдап сан күдік. Бақи дүние елемейді ертеңін, Инсан деген – қарынға құл, әңгүдік. Мен де, сен де періште емес, пендеміз, Анамыздың шикі сүтін емгеміз. Жүрегіңде ақау болса аздырғыш, «Лә иллаһа Иллаллаһпен» емдеңіз!

АРБАСУ Қала барсам, көшелерде қоқидың, Үй алдынан тағы көріп оқимын. Бас мүсіндер, тас мүсіндер ойылған, Тітіркеніп, тыншым кетіп, шошимын. Дала барсам, қыраттардан, жолдардан, Мүсін көрем пішінделген, сомдалған. Басекеңмен, бәсекемен тас әкеп, Сағым құшып, сабылысып сорлаған. Зират барсам, мүсіндердің қаласы, Мақтанғандай ескілерге жаңасы. Қазақстан, бұтқа айналып бара ма? Қазақстан – мұсылманның даласы. Атын жазып, белгісін қой көмгенде, Бір Аллаһтан көмек тіле өлгенде! Жаратқанға жалбарынам «кешір» деп, Тасқа басын игендігін көргенде. Аллаһқа емес, бұтқа басын иеді, Адамды емес, мүсіндерді сүйеді. Тұрам қалай? Ұрандамай жаулады, Өсіп жатыр Буддизмнің сүйегі!

...жоғарыда айтқанымыздай, Дәулетбек жырларының тақырып ауқымы кең, түйген ойлары мол. Дегенмен, «Күнәсіз мекен» жинағының «Нұр» деген соңғы бөліміне бөлекше көңіліміздің ауғанын айтқымыз келеді. «Құдайдың өзі де рас, сөзі де рас» деген ұлы Абайдың қатарына ұмтылған Дәулетбекті кінәлаудың жөні жоқ. Имандылық бойын билеген ол заман көшінің барысында кездесетін не түрлі ібіліс, арамдық, парықсыздық, ақшаға табыну, эстетикалық сәндіктен аулақ жандайшаптық, азғындық жолға түскендерден аулақ жүріп, Алланың құдіретіне құлдық еткенді қалайтын сияқты. Оның түсінігінше, бәрі өтпелі, бірақ Алла хақ, сенің бақытты, жаның таза болуың да, тазалық, мейірімділіктің қонуы да Алланың нұрынан деп жыр етеді. Ендеше құлақ түр, оған сиын, тағзым ет, құдайсыздықтан арыл, күнә жасама, сонда жұмаққа барасың, тағдырың тозаққа ойрандалмайтын болады деген пікірлері кімді болса да ойлантса керек. «Бірлікке бастар бір Алла», «Мінажат», «Аллаһты сүй» деген өлеңдерінің атынан-ақ Алланы құрмет тұтатыны анық. «Күнәсіз мекен, қайдасың?» деген өлеңінде: Аллаһтың азбайтын адал бір құлы мен болып, Қалсам болғаны ақын Дәулетбек күйімде, – деп арман етуі алға артқан үміті. Тоқтар БЕЙІСҚҰЛОВ, Бейімбеттанушы ғалым. («Әдебиет айдыны», 2008 жыл, №51)

ЖҰБАНУ Ертең деген – беймәлім бір сырлы күн, Алла алдында, айта алмаймын күн бұрын. Үміт, күдік арбауында алданып, Міне, енді, қырыққа да сырғыдым... Қырық деген – таяқ тастам қыр асты, Өсуменен, өшуменен... ұласты. Кеңірдектің керегінен аса алмай, Жанталастым, жаза алмай бір құлашты. Қайсын айтып, шағынамын шарқ ұрып, Күңгірттендім тереземе шаң тұрып. Өткен өмір, өзегімді езіп сен, Кетпесең ед орта жолда қалдырып. Тудым, өстім, өмір сүрдім, бәрі шын, Өлудің де өткіземін барысын. Бақи жақта өлшенбейді байлығым, Сынға түсем имандылық – тақ үшін. Туралықтың туы тұрды кейпімде, Аллаһ тұрды жүрегімнің сейфінде. Атақ қумай, шатақ қумай өттім мен, Сөзім қалсын «Иман қуған» дейтіндей!

КҮНӘСІЗ МЕКЕН, ҚАЙДАСЫҢ? I Жазамын деп көлемді бір шығарма, Тыншымадым тірліктің тынысы барда. Жалпақ жұртқа жариялап, жарқырар ма? Не болмаса, кеудемде тұншығар ма?! Мендегінің бәрін де білген Алла, Періштедей пәктік бер жыр мен арға Көшкін, тасқын... астында қалмаса екен, Өзім қалап өнерде мінген арба. Тер төге алмай ел үшін, далам үшін, Көз жасыма батырам қалам ұшын. Ең болмаса ертеңгі ұрпағыма, Жыр қалдыра берейін, балам үшін. Балам үшін, келешек ұрпақ үшін, Басқа байлық болмай тұр, жыр – табысым. Жүрегімнің асылы кімге керек, Көк теңгесіз кеудемді кім танысын?!. Солай, балам, ес пен дес, іскерлігің – Иман, ақыл, тәуекел – үш белгінің, Тоғысынан табылып тұрсаң болды, Адамдықтың құрасың үстемдігін!

II Аяқ тұсап тастады, мойын байлап, Босқа іріп-шіри ме ойым – қаймақ?! Аңға айналған адамнан алыс кетіп, Тартсам ба екен елсізге қойымды айдап!.. Арасында алжаспай азғындардың, Сақтасам ба иманның аз күнгі әрін? Көк жайлауын, орманын бір Аллаһтың, Шиырласам қайтеді саз-құмдарын?!.. «Теңге, теңге, теңге» – деп тепеңдеген, Мазағына мас болып өтем бе мен?! Қаза болды қаншама парыздарым, Қалды қанша құлшылық өтелмеген? «Тіршілікті біз қалай етеміз» деп, Неше көктем ауысты, неше күз кеп. Қия бассам, кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен Күнәсіз Мекен іздеп... Қанжығаға қаныпезер сойыл байлап, Бассыздыққа белшеден тойынды аймақ. Қаламым мен құшақтап Құранымды, Естімеске кетсем бе қойымды айдап?!.. III Өткізген екенмін, Азған заманның айтысын. Сөйледім қазақ боп, Кейде есімде «Айт» үшін, Жазылған ғұмырдың, Қанша жылдарын жайнаттым. Кірлетіп өткіздім, Әттең, әдемі қай тұсын? Сұлбасын шалсам да, Онда білмедім шың басын.

Болам деп борбайлап, Анық шын Мұқаң, шын Қасым, Пенденің қақпанын, Көрдім кеудемнен қаққанын. Сойылын соқтым ба, Сезбей саясат шырғасын?! Бұл күнде далада, Аулада, өзімнің үйімде, Жібідім жұмсарып, Қайта шындықтың иінде. Аллаһтың азбайтын, Адал бір құлы мен болып, Қалсам болғаны, Ақын Дәулетбек күйімде! СОЛАЙ Бұдан да бұрын өмірден өткен өктемдер, Жасырды қармен, желегін жайып көктемдер. Байлық пен мансап – бәрі бір жалған, алдамшы, Жым-жылас етіп жоғалтқан ізін көк пен жер. Әзір де, бүгін азуы алты қарыстар, Гүжілдеп жүрген Арыстан, Бөрі, Барыстар. «Жер бетін жеңіп, табанға басып тұрмын» деп, Көкейін тескен жұлдыз бен

анау ғарыштар... Келешек – ертең жалғасар солай алмасып, Періште – аян, шайтани – нәпсі арбасып. Бәрінен бездім, Аллаһқа адал құл болып, Қара су болсын бойыма қуат әр қасық! Түсіндім түгел, түбіне жетпес тамамдап, Қуғандар өзін арамдап бітер, арандап. Аллаһтың айтқан ақиқатына бас иіп, Жалбарынамын, көзімнің жасы тарамдап. Жер менен көктің, он сегіз мың ғалам нұр-тағын, Біз білген алып, білмейтін әлем ұнтағын. Жаратқан жалғыз ең ірі құдірет – ол Аллаһ, Осыны ойдан шығармай өссін ұрпағым!

  • * Мазасыз минуттарым сырғанауда, Сынап – күн, бұлаң қағып шырғалауда. Жүрекке иманымды жинамасам, Жолымнан әзір тұрар бұрмалауға. Тексердім жүрегімнің ашып түбін, Сезіндім ұлы Аллаһқа ғашықтығын. Раббымның сынағынан өтсем деймін, Жер бетін жүргенімде басып бүгін.
  • * Ерім менің мойныма кете берді, Көп көріп ем көктемде көтеремді. Сүйеу көрмей сүреңсіз тіршілігім, Бір жығылып, бір тұрып өте берді. Қиындығы жоқтықтың қиындық па? Онан да үлкен тап болдым құйын, жұтқа. Сөз сүйектен өтуде қан қақсатып, Кеткен сынды айналып миым құртқа. Жат адамнан естісең жанданасың, Жақынымнан кіріп жүр қарға басым. Адамдарға жалтақтап не қылайын, Жаратушы Бір Аллаһ қарғамасын!!

АЙТАРЫМ Дауы бар, жаласы бар, Меншілдік өктемдік бар. Тыңдасаң жан ашығар, Есінде көп кемдік бар, Адамға бас игім келмейді. Ықтайтын биіктерді, Зықтайтын аласаны, Құптайтын үйіккенді, Ұқпайтын арашаны, Адамға бас игім келмейді. Жәбірлеп өзгелерді, Рахатын іздейтұғын, Жамандық көздегені, Қадайтын біздей тілін, Адамға бас игім келмейді. Кесірі бастан асқан, Санасы қап-қараңғы, Жүрек кір, ласқа батқан, Жөн дейтін мақтағанды, Адамға бас игім келмейді. Пенделер сөзіндегі, Беріктік қожыраған, Жетпейді төзімдері, Сенімнен ажыраған, Адамға бас игім келмейді. Ақырма жығамын деп, Кіріптар күн кешпеймін.

Иманда – шыдамым тек, Азғынға мінгеспеймін. Адамға бас игім келмейді. «Аллаһ» – деп сөз бастасаң, Қасыңнан табыламын. Жеңбейді өзге, ешқашан, Рәббіме табынамын, Аллаһқа басымды иемін. Ғашықпын нұрына, Сүйемін!!

  • * Жолымды қара мысық – өсек кесіп, Ызадан булығамын қос өкпе ісіп. Ауысса бір үзім нан, бір шыны шай, Қайтып біз ел боламыз есептесіп. Сәнің бар, ақшаң барда күшің де көп, Тұрады алға басып ісің, демек. Пендені сыйлар болсаң ілтипатпен, Аллаһтың ризасы үшін керек! Даналар кеңестерін айтады мың, Сонда да билік құрар сайтан ұғым. Адамнан күтпеу керек, Жақсылықтың – Аллаһтан күту керек қайтарымын. Бас алға қадамыңды бағып еппен, Бар Аллаһ бәрін білер нағыз өктем. Оң қолдың берген қайыр-садақасын, Сол қолың білмесін деп уағыз еткен. Мәңгілік, айтыңдаршы, күн кешті кім? Білінбей өте шығар бұл бес күнің. Қоздаған өсек, өтірік, күндестігің, Аллаһтың ақиқатын білместігің! Батқанша надандықтың құйына мың, Жұртыма ұрттам су боп құйыламын. Арамнан арашалап жүрегімді, Бас қойып Бір Аллаһқа сиынамын!!!
  • * Тіршілікте әр алуан іс табылар, Маған да бір жақсылықтың таңы бар. Тондылық пен қоңдылыққа мән берме, Есті болсаң ет қашқанда танып ал! Сынақ өмір сыртын беріп барады, Жеңі-жырым, сауыс-сауыс балағы. Серіңді де, еріңді де еңкейтер, Сізден де бір, бізден де бір қалады. Қалады сол... жалғандықтың тамамы, Мұз үстінен көтерілген тағаны. Мәңгілікке аттағанда, тек сені, Бар болса егер, Иман ғана табады.
  • * Қандай күн біле алмаймын бізді күткен? Жатам ба жол ортада үздігіп мен? Жоқ әлде табысымды табамын ба? Жаныма қуат жиып ізгіліктен. Қандай күн бізді өзіне шақырады? Шуақ па? Сұр тұман ба атырабы? Тамырым тіршіліктің нәрін жинап, Жанымның жайқалар ма жапырағы?! Жол тартып жер шарының доғасымен, Су кешіп, кедір-бүдір дөң асып ем. Иманды жетекші етіп жүру – менен Болары тек Аллаһтың жобасымен!

АСПАН АСТЫ Ойларым мақсат еткен тірліктегі, Қаншама қамшы бастым, бір бітпеді. Ғұмырдың қырық жылын қыр асырдым, Сонда да жұрттан асып, білдік нені?! Айдадым өгіз шана, ат арбаны, Ұстадым қаламды да қатардағы. Қай белден шығарады қиын соқпақ, Өмірдің қалтылдатып қатал заңы! Күн кештім ағайынның бірлігі деп, Әз жаным байыз таппай жүрді жүдеп. Аллаһқа ризамын, бергеніне, Кеудеме жарқыратып нұрлы жүрек! Өзгені өзімсінер жылы өңім бар, Баршаға жайып салар жүрегім бар. Баптаған көп жыл бойы, көзден таса Өсіргем өздеріңе, Жыр-егінді ор!!

...Дәулетбектің аудармашы тұрғысында ұйғыр әдебиетінен аудармалар жасап, қазақ бауырларымызға аздап болса да жеткізіп жүргенін жақсы білеміз. Ол туралы жазушылар бас қосқан жиындарда айтып жүрмін. Ал, бұл азаматтың ақындығы өзінше. Зерделі шайыр Дәулетбек қаламдасымның «Күнәсіз мекен» өлеңдер жинағындағы «Нұр» деп аталатын бөліміндегі шабытпен, үлкен ішкі тебіреніспен жазған шығармалары менің рухымды оятты. Бұл бір терең сезіммен жазылған дүниелер екен. Көтерген тақырыбы өте құнды, әдебиетіміздегі көркем суреттеуде кем ұшырайтын тақырып. Осы жағынан алғанда, ақынның қаламынан туған жаңалық деп айтуға әбден болады. Шайыр бір өлеңінде: Тексердім жүрегімнің ашып түбін, Сезіндім ұлы Аллаһқа ғашықтығын. Раббымның сынағынан өтсем деймін, Жер бетін жүргенімде басып бүгін. Бұл жолдарды ақын өзіне ғана емес, сіз бен бізге, күллі мұсылмандарға қаратып айтқан жүрек өсиеті деп түсінгеніміз жөн. Өзіне қаратып айтар болсам: құрметті інім, сіз – кейіпкер, сіз – ақын, сіз – адам ретінде «Адамдар, Аллаһтың нұры на, ра хымына Пайғамбары мыздың (с.ғ.с.) шапаға ты на бөленіңіздер, Аллаһ тың қорғауына мұқтаж сыз дар – дей келе, – Ей мұсылман пенделер, сіздер Иелеріңізді таныңыздар» деп жазғаныңызға өз басым толық келістім. Сондай хикметті, даныш пан Аллаһты тану жолында айтқан ой-пікіріңізді тат баспа с ын, бауырым! Иә, сіз айтқандай адамдарды бір-біріне жақындататын, бірін-бірі құрмет, ізет тұтатын бір лікынтымаққа ақ жол ашатын қасиетті Құранкә рім ді

оқып-үйрену керек дегеніңіз көңілге қонады. Бізді және жас ұрпақты намаз оқуға, Аллаһқа сәжде жасауға үндеуіңіз өте орынды. Жазғаныңызға жаным риза. Адамдардың байлық пен мәнсап жолында, осы пәни дүниеде арыстан адам, барыс адам, бөрі адам, түлкі адамдардың көбейіп, өзім – Құдай, өзім – Пайғамбар, өзім – Жұлдыз, Жер менің табанымның астында, Теңге менің табанымның астында дейтіндерге ескерте тіл қатады, әрі өткінші өмірге өкініш білдіреді. Бұл – ақиқат. Әділет, бақыт, дәулет, қанағат жайындағы мазмұндар – өлеңнің негізгі арқауы. Осылайша үлкен философиялық ұғымды руханият биігіне көтеріп жазуы мені өте қуантты. Ақын айтқандай, мұндай қазынаны ұстап қалу үшін әрбір мұсылман ғибадат амалдарын орын дап, бес уақыт намаз оқып, сәждеге барғанда ғана санасы сәулеленіп жарқырай түсе тіні сөзсіз. Бұл өлеңдер үлкен тебіреністің туын дысы. Осы нұрлы өлеңдермен өзінің білімге құмар, біліктілікке ұмтылғыш, ізденімпаз, ұжданды, таза, намысты ақын екенін сездірді. Осындай ақын ның ортамызда бар екеніне қуандым. Адал сөзіне, үміт әлеміне, шабыт шыңына талпынысына қуандым. Көптеген өлең жинақтар оқығаным бар. Байқасам, олар бір төбе екен де, бұл жыр шо ғыры бір төбе екен. Әрдайым рухани байлығыңыз пәк, әрі биік болсын лайым. Сіз жазған жырлар қиял емес, ол Аллаһ айтқан ақиқатты, Пайғам бар (с.ғ.с.) өсиетін жеткізу деп білемін. Бауы рым Дәулетбектің қаламын, дүниетанымын Аллаһ нұрланды ра берсін. Өлеңдерін оқи отырып, шабыт илха мы на ризалығымды білдіріп, қаламдас ініме бұл құт ты жол сізге береке берсін деп тілеймін! Ахметжан АШИРИ, жазушы-драматург, Халықаралық «Илхам» сыйлығының жеңімпазы, Құрмет орденінің иегері, ҚЖО Ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы

ТИЯНАҚ Шырағымыз, шын арымыз, Нұр – Иман, Онсыз біздің өміріміз ластанар! Шарбатымыз – Кәусар болса бұйырған, Бізге алданыш бола алмайды басқалар. Егін ектік ен далаға тың жыртып, Гүл өсірдік, орман еттік мәуелі. Қасиетті көктеп шығар бір бүршік, Барлығының басталары, әуелі. Сол бүршікті жандандырған кім еді, Сөйлеп тұрған мағыналы кең тілмен? Жаратушы жалғыз Аллаһ,Тірі еді, Күллі әлемді ретіне келтірген!

БҰЛТТАН АРШЫП Асып кеткен түйелідей құм белден, Бұлдыр-бұлдыр күдер үздім күндерден. Нарық бізді парықсыз қып жіберді, Мынау пасық дүниені кім көрген? Мүсәпір боп төмендейді хан басым, Ғұмыр кешкен дәруіштеймін сан ғасыр. Жабағыны жарға қамап тулатып, Жылқышыдай басты уақыт таңбасын. Өгіз мінген қойшыдайын тепеңдеп, Демігемін кеңірдекке жөтел кеп... Жалған дүние, қия алмаймын нұрыңды, Сенен тағы кете алмаймын «кетем» – деп. Маңайымда қалды нелер қимаған? Ескі арбалар доңғалағы қираған... Қайда шаттық жүректерге симаған? Тоңайбатты, тоналды тән ибадан. Жыртық шапан етегінен кеуле, жел, Абай келсе арамызға, беу, не дер?! Басын жерлеп баяғыда тастаған, Қозғалыста қолапайсыз кеуделер... Соңы қашан, Татар дәм мен суымның? Жүрегімді қоңырсытып қуырдым. Өткір едім, тектің едім, сөгілдім, Мезі болдым, сағым сынып, суындым. Іздер жатыр тұяқ кесті шұбырын, Бәрі мағлұм қыбырың да, жыбырың.

Жадағанда қуат берер мәңгілік, Ес жиямын естіп иман сыбырын! Айығамын арайлап нұр түскенде, Байығамын көктем тұрмақ, қыспен де. Арманымды бұлттан аршып аламын, Аллаһ берген ақ кесені ішкенде... ...ҚАЛАДЫ Қалады бәрі, қызық пен қиын – бұл жалған, Қалады тауың, ағашың көктеп бүр жарған. Сарайың, тағың, күркеше,

жүдеу лашығың... Қалады тегіс қол созған әсем түрлі арман. Қалады мақтан, алданыш, арбау аздаған, Нені де болса мәңгілік саған жазбаған. Пәниді біліп, Бақиды білмей пенделер, Қалды ма, адам баласы жерде азбаған!? Тек, қана, біздер кетеміз тәннен бөлініп, Жататын күннен құтылармыз да бөрі ұлып. Жанымыз анау, жеті қат көкке жол шегер, Тәніміз қалар топырақ – текке көміліп!

ӨМІР Өмір – шуақ, Өмір – жаңбыр, Өмір – қар, Өмір – аяз, Өмір – аптап қақтанар. Өмір – ләззат маңайыңа мақтанар, Өмір – қауіп, шыңыраудан сақтанар. Өмірің тек – жарығың мен қараңғы, Қалт-құлт етіп алып жүру қараңды. Адамдармен мынау, пәни жалғанда, Алыстату, жақындату... араңды. Пенде қолы әділетке бармаса, Өмір деген – ластық пен далбаса. Әттең, азып ұжмақтан қуылмай, Адам сонда өз өмірін жалғаса... Тозып кетті танымай өз иесін, Жұқтыруда былғаныш пен күйесін. Әзәзілдің әңгімесін жақтырып, Ібілісті, Албастыны сүйесің. Айыптымын, жүрегімнен кірледім... Құл Қожадай қылуетке кірмедім! Өмір деген – болса мынау сықпытың, Ұят болды жерді басып жүргенім!..

  • * Мен деген қырықтамын! Қай күні келер Аллаһ, құрықтағың? Арманым қол жетпеген көп болса да, Жалғаннан қайтарымды ұмытпадым. Қызыр, Иса, Ыдырыс тірі кеткен, Өзге жан жер қойнында тыным еткен. Асығып қайда барам, – алдым жақын, Көшумен көлік іздеп күнім өткен. Қырықтың қыратынан үрейленем, Мол ет деп иманымды тілей берем... Сәт сайын өзіме-өзім есеп беріп, Алысып жүрем ылғи бір ойменен... Баса алмай қиналамын салмағынан, Батпаққа батып жатыр арба – күнәм. Шын дүние жиіркенбей қарсы алса екен, Осынау Дәулетбектің аруағынан!

ОСЫЛАЙ Шығып келем тұманнан, Тұңғиығын қалдырып. Жарық түсе бастады, меңіреуді таң түріп. Азан дауысы тамылжып,

шымырлатты бойымды, Қан жүгіріп тәніме, тіршілікке тәнті қып. Жолаушымын мен де бір, азабы мол адасқан, Үрей-күдік бүйірге біліндірмей жанасқан. Бақытыма бір Аллаһ нұрын төкті төбеден, Шын дүние көрінді шымылдығын жаңа ашқан. Нық орныға бастадым үш сирақты мосыдай, Қарсы алатын халдемін елімді де шошымай. Енді менің аспаным бұлттанбайды ешқашан, Ұлы Аллаһ Ием бар, жайым міне осылай!

МЕН АҢСАҒАН ПАТШАЛЫҚ Кешегі мен бүгінгі, ертеңгінің, Мақсаты – ұстау қолына ел теңдігін. Өткізбесе болғаны күнін күпті – Қияды деп қиналып желкемді кім?! Жүрмесе тек жарар ед жәбірленіп, Билік құрса бір егей жанында ерік, Езілмесе еңсесі адамдардың, Соғып тұрса жүрегі жалын керіп. Бір-бірінен шөл басса мейірімнен, Таза тұрса пенденің ойы кірден. Ақсақалдың арманы орындалып, Кездеспесе кейуана кейіп жүрген. Байқалмаса өмірде қыңыр бары, Осы еді ғой тілегім ғұмырдағы. Болар еді аңсаған, баяғыдан, Мен ойлаған Патшалық құрылғаны. Қоғам тегіс толысса текті көпке, Айналмаса күн көзі көк түнекке. Ондай Хандық ордалы сарайда емес, Қалыптасып, орнықса ет жүректе! Оған барар жол қане, бастар сені?! Алдырмайды асуы, асқар белі. Телі менен тентектің былықтырған, Даламызды тастаған ластап селі. Бәрі, бәрі, бәрінен... болған мықты, Ғарыштағы көтерген толған жүкті.

Құдіретті Аллаһты танысақ біз, Құрып шығар едік-ау сол Хандықты. Сол Хандықтың нұры бар «Иман» деген, «Патшаң жалғыз – бір Аллаһ! Илан» дер ем. Екі әлемнің тізгінін тең ұстаған, Аллаһтың айтқанынан сый бар ма ерен?!

  • * Біреуді біреу жәбірлеп, Айнала айғай, дабыр көп. Жүгенсіз мынау жалғанда, Сабырлы ет, Аллаһ, сабырлы ет! Сабырлы ет, Аллаһ, сарқылмас, Нәжіске батты салтым лас. Жүрекке иман, пәктік бер, Тотықпас әрі шаң тұрмас. Тіліме – тізгін тұсағын, Туралық үшін күш-ағын Жұмсалсын тегіс! Ашылсын Аллаһ деп қана құшағым! Аллаһ! – Сабыр, жетемін! Жүрегім болсын мекенің. Басқаны қайтем, баянсыз, Өзіңе ғана кетемін. Исламға жүйрік қанық ет, Иманның асыл дәнін ек. Анадан туған сәбидей, Күнәсіз етіп қабыл ет!!!
  • * Пәктіктің танып білмей биіктігін, Дүміне табынады иықтының. Жіберер арсыздыққа айырбастап, Құшағын оттай болған сүйктінің. Ермек қып арзан атақ, ыржалақты, Қолымен «Қуыршақты» мылжалатты. Шығарып шың басына жыртқыштығын, Шыңырауға кісілігін сырғанатты. Мінеки, бүгінгінің адамдары, Нәпсінің билігі үстем даламдағы. Былғаныш сірә осындай болды ма екен, Жер шары тұрақ болып жаралғалы?! Барамыз зырлап жер мен күнді айналып, Ұшып жүр күн шарымыз кімді айналып? Есепсіз құбылыстың барлығы да, Алланың әмірімен тұр байланып! Алланың, адам білмей биіктігін, Келтірмей кәлимаға ұйып тілін, Ібіліс балапандар өргізгендей, Ластығын жер бетіне жиып бүгін. Мен жердің бөлшегімін әуел бастан, Аллаға күллі ғалам, тәуелді аспан. Аттаған әр қадамым қисық па деп, Именіп қаһарынан зәрем қашқан.
  • * Ұйқылының парқы не ояуменен, Өлі тәнге оны мен таяу дер ем. Көзі ашықты ақ нұрлар аймаласа, Ұйқы қоңыр қоршалар бояуменен. Уақыт солай бәрін де көшіретін, Басын қойса, Қара жер төсіне түн. Өлімменен өмірді алмастырып, Тізіп келе жатыр ғой өшіретін. Білер мынау ғаршының кім мөлшерін? Тән – топырақ. Қосады түн мен сені. Жан дегенің – рухың – ұйықтамайды, Өйткені ол – Аллаһтың бір бөлшегі. Жосып кетіп жатады жосып келіп, Бірін-бірі айыптап осып, періп. Жан Жаратқан Иеге жол тартады, Қара жерге денеңді қосып беріп.

...тазалық тектілігімен, ақ адал арынымен, солардан қанаттанған ақындық дарынымен назар аударады. Көптің қатарынан кетіп, аздың санатына жететін ақын. Бар екенін жер шарына паш еткен, Түркілердің тынысы мен демімін. Имандылық – менің жалғыз тірегім, Алла деген – айнымайтын сенімім. Қыза-қыза қияларға салатын, Айшылыққа алқынбайтын Керімін. Ана тілін ардақтайтын арлы жан, Байтұрсынның бала, дәулет, бегімін. – («Мәңгілік мекен» кітабынан). Біздіңше, осы жолдарда көп шындық бар. Елді елең еткізетін шындық. Ендеше бүгінгі күні ақын болып қалыптасып, өз сөзін айта алып тұрған Дәулетбек мына уәдесі үдесінен шықса, халықтың баласы – дәулеті мен бегі болып жатса, таңдана қоймаспыз. Бақыт САРБАЛА, Сыншы. («Сын» журналы, 2009 жыл, №3)

ИСЛАМ ҒАНА Көз алдыңнан көрінсе де қаңдай шың, Оған жетпей, жүрісіңнен танбайсың. Егер АЛЛАҺ сәтін мүлде салмаса, Өзіңді-өзің алып шыға алмайсың. Сауыт киген күн көрмеген күс денең, Жортуылмен болсаң да аттан түспеген. Жер бетіне орнатуға шараң жоқ, Туыстықты, тыныштықты күшпенен. Шындап жиып жылдар күткен, ай күткен, Дәулетіңнің дәрмені жоқ, шайлықты ел. Бейбіт өмір бере алмайсың пендеге, Шет-шегі жоқ, ертеңі жоқ байлықпен. Жер шарының құшағында тудық тең, Алуан арман бар кезінде – қудық – дем. Бере алмайсың барша жұртқа береке, Басқа кімнен, асқаныңмен қулықпен. Құдыретпен ғажап ғаршы қаланды, Аллаһ десең жарық болар қараңғы. Имандылық шұғыласына ұмтылсаң, Ислам ғана құтқарады ғаламды... Көргің келсе қой үстінен жұмыртқа, Нәпсі – шайтан арбауына құнықпа. Жүрегіңнің дарбазасын айқара аш, Ібілісті зынданға тық, құлыпта!

  • * Тамшыдан тасыған су құралады, Арымның аз емес-ау, күнә-дағы. Жалғаннан жаман зардап үйір еткен, Жанымның жазығы мен қыр алабы. Білмейді ғаламменен ғайыпты жұрт, Абайсыз азап шегер айыпты іліп, Алдыңнан кедергі өзен кездескенде Өтесің тәуекелді қайық қылып. Ал оның арғы жағы жұмбақ саған, Сағымды сары дала күн қақтаған. Ақырғы адамдығың анықталар, Аттасаң арман болған нұр қақпадан. Жүк болар мың атанға айыптарым, Кеш Аллаһ, бағдарымды байыптадым. Құтылып қыңыр-қисық соқпақтардан, Пәк жолға енді өзімді лайықтадым.
  • * Арғыменен бергіні естіп өскен, Таразылап тарихты кескілескен, Қатігездік заманның балғасына, Жүрегімді еріксіз төстік еткем. Армандарым қаншама қалды ақсаған, Жібек жібі үзіліп жалғаспаған. Тар қапаста тағдырым тәлкек болып, Жаным – жара, солқылдап қан қақсаған. Өкініштен удай боп кетер ішім, Өктемдіктің көп көріп теперішін. Әлсіздіктен әлемім түнектенер, Болмай оған қарсылық етер ісім. Ғасырларға кімдердің әні жеткен? Немененің кеудеңе дәнін еккен? Барлығын да сыбаға етіп тартар, Көктен билік ететін тәңір өктем! Тәңір өктем тәртіпке түсіреді, Шикілігің бар болса, пісіреді. Сынақ өмір сырғытып ағысымен, Ақыр түбі ақ жейдең пішіледі.
  • * Быжылдап күйді, от ұрып тәнім, Жүректен ақты жосылып қаным. Айналам арсыз тірліктен безіп, Тыныштық аңсап отырып қалдым. Ақшаның арты – қайраңды батпақ, Қошемет етер айлаңды мақтап. Санасыз үшін өмір – жеп, ішу, Сауық қуады сайранды жақтап. Үскірік аяз бораса қарып, Жығылсам түбір, томаша қағып. Өкінбес едім, Өзімше кетсем, Байыз тапсам бір оңаша барып. Көрпеге малу жанбасты қалың, Жараспайды екен алмастырамын, Жеті қат көктің нұрын сүйемін, Жүрегімменен жалғастырамьн. Үйіме келсең үйіп-төгемін, Үйлесім тауып иіп беремін. Жүректің ғана жиып керегін, Арманым – анау биікте менің!

ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНДЕГІ ІЗІМ МЕНІҢ Тордағы арыстандай аласұрдым, Қылғытты тірлігімді қара сұр күн. Жүрекке қырау қатқан секілденді, Көрмеген жақсылығын жанашырдың. Адам көп айналамда жерді басқан, Сонда да пенде тапшы елдігі асқан. Алтын күн көкжиектен көтерілмей, Түнекте қалатындай ендігі аспан. Тар үйде тағдырыммен тіл қатыстым, Әуені әлдилейді күн батыстың. Қаптаған маңайымда мыңдап малғұн, Нәпсімді өлтіре алмай күнде алыстым. Жас жаным – өзендегі бір салынды, Отынмын Жел ұшырған күл, шаңымды. Алыстым, ауыздыққа көндіре алмай, Тәніме билік құрған ынсабымды. Қайраңға түскен жандай қашып құттан, Мелшиген аумай қалдым пасық-пұттан. Қараймын Адам ата, Хауа анаға Екі жүз елу мың жыл қашықтықтан. Жеңе алмай өзімді-өзім арпалыстым, Мекендеп көлеңкесін қалтарыстың. Келгендер адамдығын сақтағысы, Байқаймын бәрі мендей алты арыстың. Жан біткен күйіттесе кісілігін, Өзгеше болар еді ісі бүгін.

Тәнінің қажетіне жалданады, Өзгерту қиын жұрттың түсінігін. Жылуын сезіне алмай ұясынан, Мен – жанмын, Бездім дене – қиясынан. Сірә да қандай адам болды десең, Танисың қаламымның сиясынан. Қағаздың бетіндегі ізім менің, Көресің шежіремнің тізімдерін. Арымның, ниетімнің бедерлері, Ұғасың ұлдарым мен қызым менің. Шаншылған бұрғыдайын құйын көкке, Миымды өзегіне үйірмекте... Жанымның ғашықтығы аруда емес, Құмарттым, бір Құдайым – қиыр көкте! Танып мен Иемді бүгін, Піскендеймін. Қанып бір кәусарыңнан ішкендеймін. Ібіліс зынданына өтті байлап, Амал не, есім кірді түстен кейін. Ойланып, тегін біліп тапсын деген, Достастым Алла сыйы – нақ шынменен. Рухымды қансыраған сүйемелдеп, Шайқастым қылыштасып нәпсіменен!

  • * Өткен күн өлім десе сескенер ем, Сияқты жанып болып өшкен емен. Денемді үрей билеп алатұғын, Артымда не қалды деп кестелеген... Тіршілік сезілуші ед тиылғандай, Қорқыныш ажал деген қиылғандай. Сөйтсем ол – надандықтың белгісі екен, Абдырап жүргендігім иім қанбай... Болмайды Алла алдында көнбейтінің, Пердесі екі дүниенің – көр дейтінің. Ал өзім кетем ғаршы мекеніме, Ол – рух. Сондықтан ғой көрмейтінің. Әуелгі тән – топырақ тегімізді, Табамыз, байлатып ап иегімізді. Адамдар алданады осы екен деп, Пәк жанға ұя болған сүйегімізді. Пенденің осы емес пе ғарыптығы, Тоқтаймыз Алла алдына барып түбі. Жинаған иманыммен өлшенеді, Жанымның семіз бе, әлде арықтығы!
  • * Жазайын десем менсіз де, Алматыда ақын көп. Жазбайын десем, елсізде, Өлеңнен басқа жақын жоқ. Дегенім «елсіз» – шындығым, Сүйреткен бәрі сүлдерін. Сезіндім өмір сұмдығын, Аязын көрдім шілденің. Ойраны шыққан секілді, Жүрегі беріш ортаның. Ар-ұят тозып, сетілді, Алдағы күннен қорқамын. Өзімше мен де өрнектеп, Суретін сала берейін. Бір күні біреу шөлдеп кеп, Өсірер ішіп мерейін…

ЦУНАМИ Цунамидың толқыны жайпап өтті жеті елді, Мол шығынмен бір тосын өз міндеті өтелді. Үнді мұхит тулап бір адамзатқа ой салды, Тұншықтырып деміне қатты-қатты жөтелді. Таудай-таудай толқындар

топан болып тоғытты, Өлген өшті, ал тірі күңіреніп қорықты. Қабат-қабат үйлердің қабырғасы қақырап, Кермек суы мұхиттың шатырларға толыпты. Құрлық бетін құрсады арнасынан аунақшып, Жан қайғы боп жасыды ашкөз біткен жауласқыш. Саясаттар салқындап, шекаралар сетілді, Көмейіне құм толды жағы семіп дауласқыш. Тасқын, дауыл, сілкініс, құмырсқа мен шегіртке – Жаратқаннан ескерту құлға берген желікпе. Он сегіз мың ғаламды бір қауызға сиғызған, Көрінеді пендеге алуан ерекшелік те… Білу керек күнәлі: Аллаһтың құлы біз едік, Келу қажет иманға мынау пенде түзеліп. Цунамидың толқыны тоздырмасын десеңдер, Айналайын ағайын, Алла алдында тізе бүк!

  • * Кешір Аллаһ! Жүрегі тас пендеңді жібітуге жоқ шара, Оның басын мен емес, сен саласың ноқтаға. Санасына сәулені түсіретін тағы өзің, Мен тоқтата алмаймын,

бара жатыр оппаға… Қасарысқан қырсығы биік еткен өз ісін, Қожасындай әлемнің ойы – «асқар»,

сөзі – «шың». Тек өзі пәк қатеден, басқалардың міні мың, Сабадағы айрандай көрсең оның божысын. Тірсегіне келмейді тірлік етіп жұп құру, Мүмкін емес, ол үшін адамдықты ұқтыру. Өз бойының қай жерге келерінде ісі жоқ, Өкірештеп әйтеуір айтқанында нық тұру… Бір жұғыстық болар ед адамдардан дарыса, Аршын төсін жабар ед иман жолын таныса. Ортамыздан осылай озып шығып жатады, Мыстан кемпір тағына

таптырмайтын «Ханыша». Пенделерді бұрады әр қиырға әр таным, Мен мойныма Аллаһтың

парыздарын артамын. Көкдолымен көргенсіз Хаһтың

жолын тапса екен, Зікір айтып күбірлеп таспиғымды тартамын. Кешір, Алла!

  • * Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе, Кетпей тұрып кездессем

бұл фәниден көз іле. Осы күні жүректің төрін саған сыйладым, Жеңіл етіп ертеде қосып келсем сөзіме. Иман тілеп нұрланған көкірекке шам сұрап, Жалынамын ұлы Аллаһ

жанардан жас тамшылап. Қанағатты Сабырым қайтып берді бойыма, Көнбей жатыр өр нәпсім

жаншылса да қансырап. Иман тілеп мол азық екі әлемде ортаймас, Қуат берер жаныма, жігер берер қартаймас. Шапағатын Расулдың,

махаббатын сұраймын, Өсиет қып қалтырған сүнна бізге – жол таймас. Иман тілеп рухыма көркемдігін аңсаймын, Өзен болып біріккен бұлағындай әр сайдың. Сыртыма емес, сынақ күн ішіме бер қазына, Дәмі қалды білмеймін, қанша күн мен қанша айдың?!

...Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлыктың лауреаты, көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев ақын кітабының алғысөзінде: «Дәулетбектің ұлттық психоло гия мен этика дағы алтындай қымбат қағиданы қаламына оралт қаны мені бір қуантып тастады», – дей келе, сөз соңында: «Жолың болсын балам! Елің болсын панаң!» – деп, ақынға ақ батасын берген. Жырларында төрт аяғын тең басқан шымыр ұйқас, тығыз үндестік, көркем тіл, ұтқыр ой болудан бөлек, мөлдіреген сезім селіне көміліп тұруы өлеңнің басты ерекшелігі емес пе? Сондық тан да поэзия «сезіммен басталып, пара сатпен аяқталады». Осы пікірлер «Күнәсіз мекен нің» авторы – Дәулетбек Байтұрсынұлына да тән деуге болады. Жанарбек ӘШІМЖАН, ақын, («Жас қазақ», 16 наурыз, 2007 жыл, №10)

ӨЗГЕНІҢ ҚОЛЫНДА ЖҮР ЕРКІНДІГІМ Бұл күнде білер дейсің сертімді кім? Іздеген жиһанкезбін жер кіндігін. Өзіме қайтаруға тиістімін, Өзгенің қолында жүр еркіндігім. Ей, менің еркіндігім шырылдаған, Талықсып, ауызда қан, мұрында қан. Өксітіп ғұмырымды өткізем бе, Тоғышар арасында ырылдаған?! Пенделер басыма әуре үйді кілең, Жөніне сала алмады миды бір ем. Өтуге борыштымын екі өмірде, Тек қана бір Алланың билігімен. Қолың тарт, қоқаңбайлар, әуре етпегін, Сәнденген қызықтырмас сәулеттерің. Жаратқан өзі ғана билеп-төстер, Жаны пәк Байтұрсынның Дәулетбегін.

ҚҰЛДАРЫ ҰМТЫЛСА ЕГЕР ШҰҒЫЛАҒА Болғанын біле алмадым осым неден, Бір кезгі алыстадым досымменен. Жолына қарап әркез отыратын, Бір үзім нанды бірге тосып жеген. Бұл күнде өрісім бар алған бөлек, Арман бөлек, өмірде талғам бөлек… Бір болып шыққанымен ана тілім, Жүрек сезер өзгеше таңнан дерек. Ал бірде кезіктіріп күтілмеген, Ортақ бір ой табасың пікірменен. Салса да әлегіне әттегендер, Түсесің қалыбыңа шүкірменен. Жолығар оңай табақ, оңай қасық, Қайда бар?! Ілгерілейсің санай басып… Алайда алғы күннен күткендерің, Келеді ниетіңе орайласып. Мүмкін ол содан шығар – бағыт басқа, Не етермін бөлек пікір қалыптасса. Құлдары ұмтылса егер шұғылаға, Аллаһтың берері мол ғарып басқа.

КҮБІРЛЕП СЫРЛАСАМ ДА... Дәулетбек арлы ақының келеді деп, Жыр жазып толғанып ем дерегі көп. Бөлінген жүрегімнің Протоны – Өмірге қосылуда өлең үдеп. Кезім жоқ айналама жәй қараған, Алдымнан қарсы алады майдан-алаң. Бұйрығын періштенің тыңдаймын да, Ойларды жұлдыз бен күн, айдан алам. Кәусар деп қос қолына у ұстаған, Санама енсе сайтан қуып салам! Жолымнан адастырып айнытпақшы, Алланың ақ нұрына жуықтасам. Ой алсам Алла айтқызған Періштеден, Атымды өрге бұрам еңістеген. Аралап бау-бақшасын тіршіліктің, Жететін ақыретке жеміс терем. Ғасырдың екпіні зор, сұсы қатты, Ызғарлы қабырғаға қысы батты. Күйдіріп аптабы да аямайды, Шүмектеп тер құйылып, пысынатты. Дәл солай көріп келем, біліп келем, Тазалық – Пырағымды мініп берен. Күбірлеп сырласам да Періштемен, Ойымды жинақтаймын бірікпеген.

АБАЙДЫ ОЙЛАП, АБАЙЛАП... Абайдан соң ақындар өлең жазып не етеді? Тыңдаушысы табылса бар қазаққа жетеді. Оны аз десең аударған адамзаттың ойшылы, Хафиз, Пушкин, Лермонтов, Бунин менен Гетені… Жазуларды доғарып оқу керек ендеше, Ақыл тауып, қолыңнан адам болу келмесе. Басқаны айтып қайтесің жетегімен шайтанның, Аллаһ – ұлы құдірет жүрегіңе енбесе… Абайдан соң шынымен қалам алу ұят-ты, Ақ қағазда баланың шимайлары сияқты. Менің ұлтым – қазақ қой, өлең десе үздігем, Үзіп алмау үшін де ақын деген тұяқты! Сондықтан мен жазамын жүрегімнің әмірін, Қаздырмауға ешқашан өлеңімнің қабірін. Деп жазамын Аллаһты –

бас қоятын ғашығым, Он сегіз мың ғаламға жалғыз ғана Тәңірім! Абайдан соң жыр жазу қандай қиын екенін, Біле тұрып, Ақындық дей алмаймын не теңім? Өзім мейлі кетейін тәннен ұшып ғарышқа, Жер бетінде қалдырам өлеңімнің мекенін!

  • * Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер, Сілкінбеген пендеге тоғышарлық –

бір мешел. Алпарысқан көп бейбақ тірлік етер тән үшін, Тек нәпсінің қажетін өтеуменен күн кешер… Рухың жүдеп, аш-арық құлатылса тағынан, Нәпсі басын көтерер Ібілістің бағынан. Тозғындауы рухыңның –

сарқылғаны намыстың, Арылмауы деген сөз – жер бетінің лаңынан. Қарап тұрсам айналам бес күндікке берілген, Жетім қалған бұзаудай бір сиырға телінген. Адамдықтың мәні де жойылады екен-ау, Айрылған соң Аллаһтан, Айрылған соң сенімнен!

...НЕ ДЕГЕН ТОЙЫМСЫЗ ЕК?! «Цунамидың толқынын» сезінбедің, Мойындамай болғанын өзіңде мін. Сәулең өшкен, санаңда қараңғылық, Жанып тұрған болса да көзіңде күн. Жаратқанның қаһары азғындарға, Цунами боп толқыды саз-құмдарда. Ібіліске ілескен құлдарына, Өз көрлерін ұқсады қаздырғанға… Ардан безді, Аллаһтың жолын аттап, Америка құрлығы соры қатты-ақ. Арашаға жарамай алтындары, Топан судың басты кеп зоры қаптап. «Катерина дауылы» қойған аты, Байыбына бармайды ой қанаты. Жүздеген жыл жасаған қалалары, Жүз минутта жоғалды айналасы. Ей, адамзат, барлашы, ойың қандай? «Табиғат» деп даурығып сойылдамай. Жатырсыңдар арандап аласұрып, Бар екенін Аллаһтың мойындамай… Ескертуі Раббының пендесіне, Шындық соты көрсеткен сенбесіне. Қайта айналып үңілсең қандай жақсы, Жүрегіңнің кір қонған пердесіне. Мен де тілеп тұрғам жоқ жойылсын деп, Білем оны, тереңде ойым шүңет.

Адам ата, Хауа ана ұрпағымыз, Нәпсі жеңген не деген тойымсыз ек! Алуаны бар ойласаң қаза жайлы, Бәрі сынақ келетін наза, қайғы. Қайсы құлы өзінен алыстаса, Екі дүниенің бірінде жазалайды. Толқын менен дауылдар Алла әмірі, Жер бетінің ескерту әр қабірі. Сілкіністер, құйындар, от қамшылар, Сіркіреген аспанның ақ жаңбыры… Жаратылған түп-түгел жүйесімен, Бәрі-бәрі ғаламның Иесінен. Шындық осы сыр аштым инсандарға, Бұлғанбаңдар шайтанның күйесімен.

  • * Айналып келіп тәніңді, Жүрегіңе құятын, Ағысы барда қаныңның, Тірліктен үлес жиясың. Түзу болса ниетің, Мақтанышың миятың. Былғаныштан қашанда, Күзетшің болар тиятын. Әу бастан болса ақылың, Басың бар елге сиятын. Қиындық келсе досыңа, Бересің, барды қиясың. Жомарт болса жаныңыз, Табылар айран құятын. Мейірлі, шуақ жаз болсаң, Баршаға ыстық ұясың. Намыс пен мақсат бар жерде, Бағынар саған қия-шың. Адамдығыңды айшықтар, Тек қана сенің ұятың.
  • * Заманға мынау қарашы! Әке мен бала жауласқан, Қатын мен байы дауласқан, Көрініп тұрған байлығы, Алдырмай ары тауды асқан. Заманға мынау қарашы! Үйіне қонбай қыз кеткен, Алаң ғып, артын іздеткен, Мазасыз күндер мандытпай, Көктемін көрмей күз жеткен. Заманға мынау қарашы! Аңдысқан туыс есеппен, Өрт шығып жанған өсектен, Көшеден іздеп көп қызық, Үріккен арсыз төсектен. Заманға мынау қарашы! Шығыс пен батыс тірескен, Бірі өшкен тағы бірі өскен, Жылуы қашып жаздың да, Бөктердің қары сірескен. Заманға мынау қарашы! Алынбай жүрген нар ұлдан, Үн шығармай дарыннан, Әкімсымақ әлдінің, Қамы жоқ басқа қарыннан. Заманға мынау қарашы! Асыр салмай тай-құнан, Қырғын тапқан бай бұғы, аң, Далам жатыр дел-сал боп, Дәстүрінен айныған...
  • * Осындай да бола ма екен тоқырау? Мені біреу «байлап» тастап отыр-ау! Қырық деген қамал алар кезім ғой, Опыратын, жапыратын осынау. Ойлаймын да ойларымнан жалтарам, Өзіме-өзім сияқтымын жарты адам. Ешкім әлі назар салып көрмеген, Іздерімді іздеп кетем Картадан… Бастап алып бұл не сұмдық айныған?! Жаратқанға ауыр болды қай күнәм… Өзімді-өзім тергеймін де соттаймын, Ойға батам, мұңға батам, қайғырам… Қиялымның жабағысын түтемін, Бастан кешіп ызғар қыстың түтегін. Туып келе жатыр менің көктемім, Сабырымды жолдас етіп күтемін.

ЖҮРЕГІҢДЕ КІР БАР ЕКЕН КҮҢГІРТТЕУ «Діннен өлең бұрын болған» – дейсіз бе? Шайтан түртіп миға түсті ой сізге. Әсершілдік қателікке жетелеп, Басыңыздың қамын ғана жейсіз бе?! Періштеге құлақ түрсең сабырмен, Адаспаған болар едің сағыммен. Жүрегіңде кір бар екен күңгірттеу, Кетірген жөн «Иман» деген – сабынмен. Аллаһ бізді хақ дін үшін сомдаған, Бірінші сөз – «Аллаһ жалғыз» жолдаған. Сөйте тұра шайтанға ерген бабамыз, Сынаққа қап, жерге түсіп сорлаған. Сізге сөйлеп сөз қадірін төкпейін, «Кешірші» деп Жаратқанға кетті ойым. – Кім бірінші? – Дін бірінші! – Алла айтқан. Өлең деген... Өлең деген көп кейін!

...Дәулетбек Байтұрсынұлының өлеңіне ден қояр болсақ: «...Айығамын арайлап нұр түскенде, Байығамын көктем тұрмақ қыспен де. Арманымды бұлттан аршып аламын, Аллаһ берген ақ кесені ішкенде...» – деп жырлайды. Мұсылман адам арайлап түскен нұрды нұрлы сезіммен қабылдайды. Ол – Аллаһқа деген құлшылық сезімі. Осы кезде мұсылманның көңілі, жүректен шыққан жан сезімі Аллаһқа деген ынтызарлығын арттыра түседі. Ақынның жүрегі Аллаһ деп соғып, Аллаһқа деген ынтызар лығын табиғат тылсымдарынан іздейді. Арман-мақ сатын Аллаһ тағала жіберген бұлттардың арасынан іздеп, «бұлт адам баласына Аллаһтың жіберген нұры» – деген ізгілік ниетін жайып салады. Бұл жерде «бұлттан аршып» дегені арманымды бұлт арасынан іздеймін, тылсым бұлттан аршып аламын» деген мағына беріп тұр. Сонан соң: «Жалған дүние, қия алмаймын нұрыңды, Сенен тағы кете алмаймын «кетем» деп...», – деп ағынан жарылады. Ақын Аллаһ сыйлаған нұрлы дүниені қиып кете алмайтынын жалпақ әлемге баян қылады. Басты қасиет – имандылық сезімі жырланады. Оның соңы ақылдылыққа ұласады. Ақын «Аспан асты» деген өлеңінде: «...Күн кештім ағайынның бірлігі деп, Әз жаным байыз таппай жүрді жүдеп.

Аллаһқа ризамын, бергеніне, Кеудеме жарқыратып нұрлы жүрек...» – деп жырлайды. Ақынның азаматтық парызы, халқына деген ынтық-ықыласы, тағдырмен арпалысы, мынау жалған дүниеге келген соң Отаны мен халқының алдындағы қасиетті борышты өтеу жолындағы еңбегі өлеңмен өріледі. Меңдібай ӘБІЛОВ, филология ғылымдарының кандидаты. (Тараз қаласы)

ҚАРАҢҒЫДАН ЖОЛ ТАУЫП Ел үмітін шығу үшін дәл ақтап, Түк мақсатсыз шаппау керек далақтап. Даласы мен ұлтын сүйе білетін, Болу керек жарқыраған жаны аппақ. … Сонсоң қадам басылса ғой байыппен, Қанатыңды қағар едің жайып кең. Жасың мыңға жалғасар ед өлімсіз, Құрдас болып Ертіс, Іле, Жайықпен. Ел үмітін ақтау үшін әуелі, Ата салтын сыйлап өткен тау елі. Нәр жинаса құнары мол өлкеден, Жеміс ағаш секілді бір мәуелі. Өзімді-өзім салып сондай баптарға, Шілде менен шынықтырам ақпанға. Жортып келем қараңғыдан жол тауып, Алдымдағы арман болған ақ таңға…

БІР ЕСІМ Алқын да жұлқын аз ғұмыр, Жайлауым сынды жазғы бір. Осыны сезіп ертерек, Жүрегім менің жазды жыр. Кім келіп кімдер кетпеді, Қуарып қанша көктеді. Раббым білер бәрін де, Болашақты да, өткенді. Сөзімнің ұқсаң төтесін, Қайсысың Абай, Гетесің? Жұрнағың қалмай әлемнен, Жұтылып бір-ақ кетесің… Жасағанымен қан қасап, Әлсізді күшті дарға аса, Борбайлап жүрген Буштың да, Демократиясы далбаса!!... Аллаһтың заңын таптаған, Ақымақ бүгін қаптаған. Бағынбай нұрға азып жүр, Лаң салып жатыр лат надан. Абайдан асып айшықтап, Бере алдың қане айтып нақ?! Мұхтар мен Мұқағалиға, Дау жасап, кімдер айтыспақ?.. Өшірер уақыт алмасып, Су шайып әлде жар басып.

«Измдердің» жабайы, Жалына жүрсің жармасып. Асыл аз, тым көп күресін, Күзетсең танып білесің. Мың мықтылардан ақыры, Қалатыны бір есім!

КӨКПАР ДЕСЕ... Көкпар жайлы айтқан сайын жетілем, Ат үстінде азамат боп бекігем. Желдей естім жарыстарда көппенен, Жүйрік міндім аса бере жетіден. Жөңкілетін ауылымның еркегі, Тартысқанмын тақымға сап серкені. Ұйлығысқан кіретінбіз додаға, Ұлы дүбір кернеуші еді өлкені… Сонан бір сәт жұлып шығып бір мықты, Тебінді де тепсең асып сырғытты. Қамшы басып қалғандары лап қойып, Сынаушы еді сәйгүлік пен жүйрікті. Жетуші едім ағамызға жандасып, Сирағынан сілкіп тартып жармасып. Қаракердің ірке ұстап тізгінін, Әкетуші ек көк серкені алмасып. Қия беттер қаншалаған қалды тік, Шұңқырлардан қамшы басып қарғытып. Мені қуып келе жатқан көп кісі, Айқайлаушы ед арт жағымнан шаң жұтып. Жүйрік беріп тақымыма төселген, Әкем мені кем еткен жоқ осы елден. Қымыз ішіп Ханжайлауда кесеммен, Кеңес тындап отырушы ем шешеннен. Арман қуып кеткенімше қалаға, Ілестірді нағашым зор нар-аға.

Ат үстінде қалыптастым Қазақ боп, Айнымастай тарттым тарих – далама… Жүйткіп жүрдім кіп-кішкентай жаста тым, Шынықтырдым кемелденер нақ сәтін. Көкпар тартып өскен ұрпақ болған соң, Алдыға озып кету – менің мақсатым. Ізім қалды көк шалғын мен қардағы, Құмар шіркін сонда да бір қанбады. Қазақтығым аяқ жетпес алыста, Алматыда жаяу жүріп қалғалы…

  • * Нәпсімменен алыстым, Келгенімше қырыққа. Қанағатым алыс тым, Қызықпа, басым құнықпа! Өзімді-өзім тәртіпті Ете алмадым неткен мұң! Қызық – құйын қалқытты, Жар басына жеткен күн. Сыртым түзу әрине, Оғаш қылық етпедім. Ұнасам да пәниге, Жүрегім кір көп менің. Бақи жақты ойласам, Дір-дір етем қалшылдап. Нәпсім, сені жоймасам, Кір жан қалай аршылмақ?! Өтсем-дағы жоламай, Жамандық пен ішімге, Дерт бар бойда, обадай, Барлық пәле ішімде… Ендігәрі болмасын, Тоқылдауық тәубесі. Сабыр болсын жолдасым, Түссін иман сәулесі!
  • * Біреу келіп жүрегімді қанжарлап, Сорғалайды сорым қайнап қан қарға ақ. Көп ит қуған киіктей боп ентігіп, Қарғитындай қал кешемін жардан нақ… Сондай сәтте сыбырлайды періште, Қайтарады кеткен ойды теріске. Аямайтын пенделер бар ешкімді, Жүректерін айналдырған берішке. Қысымында қалған кезде көкбеттің, Көз алдыма көктемімді көлбеттің. Ақ періштем, өлең болып сен келдің, Тік көтеріп рухымды өрлеттің. О, ару жыр, сен болмасаң тозамын, Тұнығыңа жудым жүрек тозаңын. Шымыр-шымыр… бойым нұрға балқыды, Дәл бабында қалықтады өз әнім.

ИМАН КҮЗЕТШІ Періштем – қатал тергеушім, Әзәзіл – алдар жақтаушым. Менмендік – құртар көрнеу сұм, Сабырым ғана – сақтаушым. Осыны білер бұл Бегің, Тізгінін үзді тілінің. Не сұмдық, көкіп – үргенім?! Жаралап жанын тірінің… Шайтанның досы – ызалық, Шатқаяқтатып жығады. Қысылдым жаман қызарып, Жүрегім сонсоң жылады. Ашқанша ізет ұйқысын, Дөкірлік құрды үстемдік. Болдым да шықтым итқұсың, Жүйкеме қайдан түскен құрт? Ақылға мүлдем қонбайтын, Пенделік дертке не дейсің?! Ібілістерден қорғайтын, Күзетшім Иман, жеберсің!

  • * Жердің құрты – пенделердің бірімін, Күндерімнің бірі кірбең, бірі мұң. Мөлдірімді сыйлайыншы дегенше, Шашады олар басыма кеп іріңін… «Айналайын», «кешіріңіз» – сөз өлген, Қыршып тілді қиналсам да төзем мен. Көздерінен өшпенділік оты ұшып, Қабағы ызғар, еріндері кезерген. Ілтипатпен сыйластығың жоқ бүгін, Құрбан шалған кебін киді тоқтының. Жан дүниені ашаршылық жайлаған, Неге керек киім, асың, тоқтығың?! Мен біреуді өкпелетіп алмасам, Деп шығамын «Тура жолға Алла сал!» Ал, біреудің көрмейін деп жәбірін, Сабырлықтың етегіне жармасам. …Бекер болып соның бәрі, тез күйреп, Шайтан болып шатастырар безбүйрек. Мөлт-мөлт еткен тұнығымды ластайды, Қисық-қыңыр, тікен-шөгір сөз билеп. Айналайын мейірім мен ізгілік, Іздеп жүрмін сар ізіңмен үздігін. Жұт жылында жан сақтаған жарлымын, Оу, шапағат, шамданбашы, бізді күт!... Жүрген жерім құм бораған шөл менің, Шеттерінен ызақорсың, шерлі елім. Күбірлеймін күнде үйден шығарда, Тұнығымның шақпайын деп шөлмегін!...

ЖАН – НӘРЕСТЕ Пенделіктің ажырғысын алып тастай алмадым, Іс бітірер ертең бар деп өзімді-өзім алдадым. Тән топырақ болғандықтан жерге тарта береді, Ұйқы арсыздың қызығына ешқашан да қанбадым. Мен келемін ұтылумен тірлік дойбы – тіресте, Қайта келу қайдан болсын адамдықтың түрі өшсе. Қолым бармай қожырасам қойған үлкен мақсатқа, Арманымнан алыстайтын арбап мені түн өтсе… Рухым әлсіз болғандықтан ұйқым арсыз болып тұр, Төзім берші, төреші Аллаһ, көкіреке толып нұр. Тән жетектеп тәлкек етті, жан нәресте есеймей, Аллаһ, мені құдіретті қуатыңа жолықтыр!

ТОЗАҚТЫҢ ЕЛЕСТЕЙДІ ҰШҚЫНДАРЫ Өліммен бітер болса қасіретің, Сүйектен сыпырылып жасық етің. Қажеті қанша дейсің қорқыныштың, Аузыңа құйылса да тасып өтің… Шаттығың қайғы-мұңың өлімменен, Тиылса, ендігәрі көрінбеген – Жөн – дейсің! Олай емес, жалғасады… Еркіңмен жата алмайсың қабірде кең. Тәңірге тәнің өліп, жан қайтады, Молаңды дөң басына жарбайтады. Күнәңды азап келіп аралайды, Рухың мәңгі бітпес зарды айтады… Тоқтамас өлімменен істің бәрі, Үскірік бойдан асар қыстың қары. Жіберген пенделікпен қатемді ойлап, Тозақтың елестейді ұшқындары… Өліммен сарқылмайды соның бәрі, Паспортым – «иман бар ма» қолымдағы. Іздедім жан ұшыра жарық әлем, Қуғыншым – мың әзәзіл соңымдағы. Ешқашан қорықпаймын өлемін деп, Тілеймін «иманы бар бер өлім» деп. Аллаһқа ұнау үшін екі әлемде, Күн кешем рухымның қорегін «жеп»…

ЖҮРЕГІҢДІ ТЫҢДА Өмір мәні – шұғыла мен түнек түн, Сынақ алаң тіршілікте түлеттің. Ғажайыпты сыйдырыпсың бір Аллаһ, Ішіне әкеп жұдырықтай жүректің. Өмір жолы жазық емес, құласын, Байқалады кімдер жасық, кім асыл? Аллаһ бізге аян етті білдіріп, Өткізбе деп Жаһилият күнәсін! Аз өмірді ермек етпе қас-қағым, Жер – алақан, шайқап отыр аспаным. Иманыңды ұясынан үркітпе, Жүрегіңді әзәзілге ашпағын! Арманға жетеді, Алла деп тынбаған. Қайғысыз өтеді, Жүрегін тыңдаған.

«Тіршілікті біз қалай етеміз» деп, Неше көктем ауысты, неше күз кеп. Қия бассам кездесем киянатқа, Кетсем бе екен күнәсіз мекен іздеп... Жүректі шымырлатар осы бір жолдар сізді көп қиялға жетелейді. Өзіміздің пенде екенімізді білгенде, пендешілігімізді сезінгенде, қитұрқы тірліктің құлы екенімізді мойындағанда есеңгіреген санадан «Күнәсіз мекен» іздейтініміз рас. Ауылдың бұрқыраған түтінінің исін аңсап, қаланың қапырығынан кенезеңіз кепкен шақта, аспан мен жер арасында ұшып жүретін алтын сәулеге бетіңізді беріп тағы нені ансайсыз? Ендеше, Дәулетбектің «Күнәсіз мекені» осы сауалдарға толық жауап береді деп сенеміз. Оған ақынның өз жыры куә екендігімен сөзімізді түйіндейміз: Жазылам деп жазылмаған жыр – қайғы, Жер тынысын, көк күбірін тыңдайды. Әр соғуы әрбір жыр боп жүрегім, Дүрс-дүрс етіп қағылады жыр жайлы. Жәди ШӘКЕН, жазушы, сыншы. («Қазақ әдебиеті», 20 сәуір, 2007 жыл, №16)

БІР ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ Өмір берген бір өзіңе жүгінем, Ақиқаттың ұстаттың сен жібінен. Ғашық болдым, асық болдым ақ нұрға, Жүрегім мас, махаббатқа жібіген. Кенелдірдің ризыққа, шуаққа, Жолықтырдың «ғылым» деген суатқа. Адамдардың үстем етіп мерейін, Қауыштырдың қажымайтын қуатқа. Алла саған бас иемін, сыйындым, «Акбар» десем жеңілдейді қиын күн. Рухымды жарқыратып, жайнатып, Көкірекке иман болып құйылдың. Аманатың – жан құсымыз, Хаһ жолында бар күшіміз. Бір өзіңе арналады, Мақтау, мадақ, алғысымыз.

ТУЫСҚАНҒА АЙТАР СӨЗ Біз кімбіз? Жетісуда желдей ескен, Заманның қыспағында өлмей өскен. Бір Аллаһ – сақтаушымыз, Аталарым – Ұрпағын жау қолына бермей көшкен. Біз кімбіз? Көшпендінің зәу – затымыз, Отыңды ошақтағы лаулатыңыз! Жетелеп ұрпағыңды ұлылыққа, Әруағын аталардың аунатыңыз. Біз кімбіз? Ұрпағымыз Үйсіндердің, Жат ниет ойлағандар исін белін. Мекенім Тәңір тауы, Жетісуым, Елдікке шек келтірген тыйсын демін! Біз кімбіз? Жолдас болдық арманменен, Жандармыз жағаласқан жалғанменен. Оқ атқан 16-ыншы жыл отаршыға, Қызыл қан Қарқараға тамған-дер ем! Біз кімбіз? Мен отырмын сұрайын деп, Бір кеңес өздеріңмен құрайын деп. Хангелді, Жанқабылмыз, Жәмеңке, Ұзақ, Абақ, Жәйнақ, Ұраным Райымбек!..

Біз кімбіз? От жалынға оранғамыз, Кездесіп өмір өтті боранға мұз. Тәуелсіз желбіреген көк Ту үшін, Асығып ата жұртқа оралғамыз. Біз кімбіз? Адам деген – шын бетіміз, Артылған парыз деген міндетіміз. Құл болу Алла алдында ақ жолымыз, Пайғамбар Мұхаммедтің үмбетіміз!..

ҚАЙРАН ЕЛІМ Көрдім бүгін тауды да тозаңды да, Өтіп жатыр мың шындық көз алдымда. Өсекшіге бір тиым жасалмады, Сойқан салған сұмдарға сөз аңдыған. Сыртын берген бұл Қазақ сыйыспайды, Шошаңдаған найзасын жиі ұстайды. Мен соғысты көргем жоқ, Ал қазірге Бейбіт күнде қосылып, ұйыспайды. Жау келгенде іргеңді сықырлатып, Іздейсің бе қайда деп шіркін бақыт. Уық сынып, шайқалса шаңырағың, Кімнен пана табарсың шырқың қашып… Мамыражай заманда мандымадың, Ағайыннан ат-шапан аңдығаның. Үй ішінен үй тігу көздегенің, Қашан қалар екен-ау қалғығаның? Жалам да емес тағатын сыным да емес, Бірікпесті білдірді бүгінгі егес. Қамшы өрімін қайтесің қанға шылап, Біріңде ерте ажал бар, біріңде кеш. Тұрмаса да сырт көзге сыйқың қашып, Ауылынан елдіктің жүрсің қашық. Оянатын шығарсың Омыраулап, Жау жағадан алғанда ұйқыңды ашып.

Қажет болмай биің де, батырың да, Жаныштайсың жақсыны жатырында. Қуанышты өзіңнен қызғанасың, Табынасың тажалдың тақымына. Өзін-өзі отырған тұсап тағы, Жүрегіне орныққан қыс, ақпаны. Кесіп-кесіп кетердей кең даласын, Үш қазақтың айқаспай құшақтары. Қыр астына қалдырып қайғы әлегін, Көрем деген көктемім қайда менің? Қаныңнан бір байқаймын қыңырлықты, Қайта түле, қайраттан қайран елім...

ШЕКСІЗДІКТІ ІЗДЕУ Аспан түбі болмаған, шектелмеген, Жетпес ешкім жол-сапар шеккенменен. Мәнін әлі білген жоқ мәңгіліктің, Бұл адамзат өзінше тексергенмен… Өткісі бар айналып шын жауаптан, Пенделіктің жемтігі шырғалатқан. Тағдыр сыйын тартқанды тани алмай, Нәпсі жеңіп, құрдымға сырғанатқан. Жаратқанын сездің бе жарықты кім? Тұйығы жоқ, шеті жоқ, анық білдім. Айдан асып, арманым орындалмай, …Емес пе екен ол менің ғарыптығым?! Шексіздікке ұқсатқан қиялымды, Мұғжиза етіп жалғаған тұяғымды. «Ием менің, қайдасың?» – дегендерге, Құпиясын Жаратқан құя білді… Өз иесін – Аллаһын іздегенге, Беріпті мол күдерін үзбегенге. «Бисмилла» – деп қолыма қалам алам, Жолықсам деп өлмейтін ізгі өлеңге. Бейшарамыз жүрген сол сенделіп бір, Бетімізде бес елі пенделік кір. Жүйесімен жүйткітіп жер мен көкті, Неткен ұлы құдірет меңгеріп тұр…

ӨКПЕ Өкпелейміз көсемге, патшамызға, Апарды деп қатерлі аспа-құзға. Өкпелейміз мол жеміс бермеді деп, Баптай алмай қуратқан бақшамызға. Өкпелейміз «қыз бердің, ұл қайда» деп, «Бел бүгіліп, жасым да ұлғайды» деп. Өкпелейміз «ұл бердің, қыз қайда?» деп, «Мініс мініп, ұстайтын пұл қайда?» деп. Өкпелеткен әйтеуір өзгелер деп, Ойламаймыз басыма сөз келер деп. Күлімізді шығарып күйбің-күйбің, Күнімізді өткіздік көздеп ермек. Өкпелейміз ханға да, қарашаға, Себебі көп… ағайын, бала-шаға. Хақсыз жүрек өкпені өндіреді, Аллаһ деген, япырм-ай, адаса ма?!

ҚОСАМЫН БӘЙГЕЛЕРГЕ ӨЗІМДІ-ӨЗІМ... Бітпейді тіршіліктің бейнеті мол, Қамшыдай жон арқамды кейде тілер. Көргенім көкірекке сәуле беріп, Біртіндеп көшеттердей ой жетілер. Табылар жолын қусам іздегенім, Қамбама дән боп толар күздегі егін. Бір ауық ойланамын оңашада, Шынымен не күтеді бізден елім?! Көп жорттым Халқым сенің көмекшің боп, Ел үшін тер төккенге не жетсін деп. Өзімді-өзім тауып әкелмесем, Келмейді маған ешкім керексің деп. Пенденің тағдыры бар дара сызған, Көнемін түскен іске шарасыздан. Құрдымға кетер болсам, құрысын деп, Табыла қояр ма екен жанашыр жан?! Аршимын тас-құмдардан сезім көзін, Осы деп отан үшін төзім, кезім… Басымнан сипамайды бармысың деп, Қосамын бәйгелерге өзімді-өзім…

КҮРСІНІС Болғандай мынау әлем, тіршілік тар, Өртеген өзегімде күрсініс бар. Көктемді көңілім жасып қарсы аламын, Құбылтып ән салмайды жыршы құстар. Арманым секілденіп түсті сағым, Баяғы басымдағы ұшты сәнім. Келеді күз кірбеңмен, жаз жабырқап, Ашпайды ақ мамықтай қыс құшағын. Сыйқы жоқ, сырт береді шимай далам, Өксимін, өз-өзіме сыймай барам... Тамызда кірпігіме мұз байланып, Қаңтарда заман болды ми қайнаған... Бұл күнде адам азып, қой шелденді, Ал менде қиял тасып, ой селдеді. Мұңым ба, қуаныш па, қайдан білем? Көзім жас, көңілім менің кемсеңдеді. Мөлдіреп түпсіз терең жыр – шүңетім, Оқимын құдіреттің Нұр Сүресін. Ұлтымның ұлы болып туғаннан соң, Кезім көп көңілім босап күрсінетін...

БӘРІ ДЕ ҚАЛАДЫ Қалады думан дүние, Білдірмей уақыт ұрлаған. Қалады сарай, тағың да, Күтіп тұр басқа бір ғалам. Қалады даңқ, мәртебең, Мәңгілік оны жазбаған. Алланың досы болады Адамдар ғана азбаған. Қалады тегіс, алданба, Сынаққа тартқан сый бәрі. Өзіңмен бірге болатын Алланың берген иманы.

  • * Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн, Естілер жер бетіне өлшемді үнім. Табиғат – бір Алланың мұғжизасы, Кеудеме қондырамын көркемдігін.

ТОЛҚЫН Дүние – толқын, бетіндей ол теңіздің, Бірінен соң бірі жатқан ұласып. Әмірімен Аллаһ деген Иеміздің Кетер бәрі көкжиек пен қыр асып...

Дөңбекшіген, аунақшыған ақжалдар, Аспандата ақ маржанын шашады. Қайда Бұхар, қайда Абай, Мағжандар, Майқы би мен қайда қазақ Асаны?! Толқындардың шым түбінде мың ғажап, Көзің жетпес көрінбейтін қараңғы. Жел соққанша былқ етпейді бұл қазақ, Бір қозғалса батырады қараңды... Дүние – толқын, жалған бәрі, қас қағым, Жалғастырған адамзаттың тізбегін. Біз барамыз жүректе үрей, баста мұң, Күнде сезіп келе жатқан күз демін...

…Қазіргі қазақ поэзиясындағы «Мінәжат» атымен аталған шығармалардың бірі шоғыры ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы қаламына тиесілі. Ақын мінәжатының өзіндік өрнегі бар. Өлеңнен ең алдымен жыраулық поэзияға тән өміршең толғау сарыны аңдалады. Тәухидтің (Алланы ұлық тау), мадақ мен мінәжаттың мазмұндық ерекше ліктері қамтылған туындыда ортағасырлық мінә жаттарға тән жаратылыс бастауынан бергі ғибрат ты оқиғаларды тізбектей айту арқылы Жарату шы - ның ұлылығын ұқтыру талпынысы да көрініс тапқан. Бірыңғай ұйқасқа құрылған жыр бір дем мен оқылып, біртұтас әсер қалдырады: Қол жаямын Аллаһқа, Қос тіземді бүктіріп. Шебер Аллаһ, жараттың Барлығын да жұпты ғып. Жалғастырдың біздерді Хауананы жүкті ғып. Тамсанттың да таныттың Жарық дүниені ұқтырып. Топан судан кейінгі Бабамызды Нұх қылып. ...Қаһарлансаң бәрін де, Жібересің ықтырып. Неткен ұлы Раббым, Сендегі бұл мықтылық!!! Аллаһ – ақиқат әлемін жарықпен, нұрмен байланыстыратын түйсікпен «Күнәсіз мекен» жинағының имани тақырыптағы жырлар бөлімін ақын «Нұр» деп атаған. «Қия бассам кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен күнәсіз мекен іздеп?»

деп шынайы шамырқанатын Дәулетбек жырлары орынсыз күрделіліктен аулақ. Қарапайым қазақы таным, орнықты ой, басалқалы сезімдер басым. Аласапыран буырқаныстарға құлшынысы кем ақын өзінің тыныш та әдемі әлемінде дүние құбылыстарын, пенделер пиғылын, адамдық болмысын ой елегінен өткізіп, байыппен бағамдап, иман таразысын тең ұстауға тырысып отыратын тәрізді. Мінәжат мәнді жырларында автордың Аллаһтан ең алдымен тілері де қасиет төресі – сабырлылық: Біреуді біреу жәбірлеп, Айнала айғай, дабыр көп. Жүгенсіз мынау жалғанда, Сабырлы ет, Аллаһ, сабырлы ет! Сабырлы ет, Аллаһ, сарқылмас, Нәжіске баттым, салтым лас. Жүрекке иман, пәктік бер, Тотықпас әрі шаң тұрмас. ...Исламға жүйрік, қанық ет, Иманның асыл дәнін ек. Анадан туған сәбидей, Күнәсіз етіп қабыл ет!!! Қазақта рухы биік, жаны таза, мақсаты айқын, аңсары терең ақындар аз емес. Солардың санатына енуге хақылы Дәулетбек ақынның өткеннен алған өнегесі көп. Өзі таныған ақиқатты өзгеге де жеткізуді Ар – Аллаһ алдындағы адамдық борышына балаған ақын мінәжаттарында насихатшылдық-ақылгөйлік сарын да айқын. Өзгеге айтқан келелі кеңесінен өзі де ғибрат ала отыратын автор жалаулаған ұраншылдықпен емес, сабырлы сарапшылдықпен ой түйіндейді:

Мәңгілік, айтыңдаршы, күн кешті кім? Білінбей өте шығар бұл бес күнің. Қоздаған өсек, өтірік, күндестігің, Аллаһтың ақиқатын білместігің! Батқанша надандықтың құйына мың, Жұртыма ұрттам су боп құйыламын. Арамнан арашалап жүрегімді, Бас қойып бір Аллаһқа сыйынамын! Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ, ақын, филология ғылымдарының кандидаты. («Қазіргі қазақ поэзиясындағы ежелгі әдебиет» атты дәстүрлі ғылыми мақалалар жинағынан. Алматы, 2009 ж.).

  • * Кідіретін, аялдайтын не қалды, Көктемімді өткен уақыт – сел алды. Бәрі өзгеріп бара жатыр біртіндеп, Өзгермеген жүрегім тек ең арлы. Сиқырларға алдырмадым арбатып, Содан келді басымдағы бар бақыт. Жүрегіме жүгінемін сәт сайын, Тұғырына хан көтерген Алла атын. Арманыма бағдар еттім Алла атын, Жасымадым, жарық па әлде алда түн Сабырымды жолдас еттім жолыма, Оза шауып шықпаса да алға атым. Көзім жетті, көңіл сенді, ми мақұл, Құп көрді де мадақтады құйма тіл. Құлы болып жаралыппын Алланың, Мендік жүрек Жаратқанды сүйді, ақыл. Сүйдім, Раббым, ғашықтығым – дидарың, Қандай рахат ақ нұрыңды құйғаның. Екі әлемде жалғыз байлық жан сақтар – Ием берген, иемденген Иманым.
  • * Адам деп менің атым қойылғасын, Тұрады жүректе иман, ойымда шын. Білемін, барлығынан биік тұрар, Есімім Аллаһ берген жойылмасын. «Басеке», «Төрағаны»... пенде қойған, Шығарып жалау еткен желден, ойдан. Әкімдік әңгімеге қазық болды, Мақрұмбыз «Керқұла атты Кендебайдан» Жүрмін-ау от ішінде жалаңдаған, Өткізбек өктемдігін заман маған. Тегімді ұмытпаймын, тергелемін, Берілген аманат жан – ол Алладан. Жан мен тән қосылады шекті күнге, Кезеді Жер шары мен көкті бірге. Соққанда соңғы сағат бөлінеміз, Мың шүкір, топыраққа тептім ірге.
  • * Аллаһқа тәубе, Шүкірлігім жүректе, Жанар шіркін қайта жанбас бір өшсе! Сынақ күнім сынап болып сырғыды, Ауыр тиді айлар аунап, жыл өтсе. Аллаһқа тәубе, Мендейлердің тәні мың, Мен естідім тамылжыған таң үнін. Сұр тұманда жол іздеген жан едім, Барар жерім, бағытымды таныдым. Аллаһқа тәубе, Құлдығымды құптадым, Оқылсын деп Бамдат пенен Құптаным. Жүрегімді, Аллаһ, өзің жарқырат, Келмес әсте өлекседей құрттағым. Аллаһқа тәубе, Кезегім кеп туылдым, Білдім соны, ұраным кім, туым кім. Күймесем деп жалынында тозақтың, Нәпсімді ұстап, тайқазанға қуырдым. Аллаһқа тәубе!
  • * Аллаһтан тілеп арманды, Жеткізе гөр деп жалындым. Өзіне бұрған арнамды, Тоғаны еттім жанымның. Басайын дедім сусаған, Қандырып қаңсу шөлімді. Жайқалтсын дедім қу-сабан, Жапырағым мен шөбімді. Келтірдің келіс, себебін, Өмірдің мәнін, өрнегін. Айрылсам сенен семемін, Сөзіңмен, Аллаһ, өрледім. Тілегін беріп шын сенген, Құлыңа қуат енші еттің. Ризық, несіп, Күлшеңмен, Адалдық жолын көрсеттің. Тәніммен тағзым етемін, Жүрегім жылап, жүгінер. Иманның қалап жетегін, Жамалға жаным жүгірер!..
  • * Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер, Америка толқын тулап, жұлқынды жел. Қар жауып, оңтүстікте үсік жүрді, Ыстықтап Қазақстан жыртылды кер... Қай жерде күпір асып өктемдесе, Жазалау басталады көктен неше. Бір өзін «Құдайы» санап жер бетінің, Ферғауын Ніл астына кеткен кеше. Пендені тәкаппарлық билеген де, Жылы сөз естілмейді үйден елге. Қалады опығына орын таппай, Қамырдай қайта әкеліп илегенде. Татар дәм алданыш боп жуындылар, Алтынның атақ көрер буын бұлар. Қай жерде азғын ұрпақ бас көтерсе, Сол жерді Қаһар келіп буындырар...
  • * Өртеніп менің өзегім, Демімнен жалын атады. Өзіме жат боп өз елім, Жүректі көздеп атады. Қазақтық қаны суалып, Бөтен бас артқан екі аяқ. Төрешім – ақша, қу – алып, Күйдірген жолын от аяқ. Жанартау тулап ішімде, Өлең боп қайнап атылған. Атажұрт – арман түсімде, Қонысқа жаңа тасынғам. Тамырым кеткен тереңге, Топырақ – мекен тұрағым. Ризығын Аллаһ терем де, Қыбылаға бетті бұрамын. Өкпелеп нетем пендеге?! Аман бол, жерім, киелім! Ұлтымның рухы көмбе де, Атыңа Қазақ иемін.

ИМАН ҒАНА Шіріген лас өмірдің ішіндемін, Адамдар – нәпсіге құл, түсінгенім. Әдепке келтірем деп ұмтылсам да, Әлсізбін, жетпейді ғой күшім, демім. Пенделер малдан асып мандырады, Арналды арамдыққа жан құмары. Іргесін тасқын орып, тасыған сел, Тіреусіз «тірлік» деген жар құлады. Жүгенсіз батыс кетті бейпілденіп, Лағнеттің түршігесің кейпін көріп. Былыққан отбасында ұят қалмай, Жетектеп құрдым еткен ойсыз желік. Таппайсың ойы бөтен мидан баға, Әзәзіл шатастырды сыйдан қаға. Ғаламды ұстап тұрған көрікті етіп, Адамды адам етер иман ғана...

  • * Кездесесің қайғыға да, күлкіге... Түскен шақта жұлдыз туып, түн түре, Өтті әлемнен дүние қуған бір бейбақ, Мәңгі иесі бола алмай бір мүлкіне. Ұшқан жаны қайта қонбас кеудеге, Көздің жасы төгіл, мейлі, сіркіре, Басын қайта көтермейді ол пенде, Босқа жұлқып, жағасынан сілкіме! Дөң басынан пайда болды бір қабір, Бабалары мекен еткен ілкіде. Қайта келу енді бола қоймайды-ау, Ойбай салып, жылап-сықта, күркіре... Ұрпақтары асыраған әкеге, Айта алмады иманды сөз бір тілеу. Бәрін тастап бақи кеткен міскінге, Қолдан келсе, Құран оқып нұр тілеу. Ол марқұмның бар болса да ұл-қызы, Абыржыды айналды да сілтіге. Өлген жанға азық болар құраннан, Опық жеді оқи алмай бір сүре. Көп жүзіне қарай алмай қор болды, Көкірегі қарс айрылып күрсіне. Өйткені оның әкесі де ешқашан, Оқымаған адам еді бір сүре.

ҚҰТҚАРШЫ Тіршіліктің әр секунды сынақ бір, Емтиханға есті жауап сұрап тұр. Жүрек төрі орын берсе Аллаһқа, Жол көрсетер болады сол шырақ нұр. Ұйтқып соққан заман желі ызғырық, Көрмей кетті үйден тыю қыз қырық. Жігіттерім жиренішке жінікті, Аздырғыш у қанын босқа қыздырып. Тіршіліктің мәні біреу – мінәжәт, Құлшылығым болсын Алла, жыр – азап. Сұр тұманға жолықтырмай құтқаршы, Жаратушы жалғыз Раббым Раззақ...

ДАУЫССЫЗ ҮН Малыңыз жарылқамас жиған сіздің, Мәнсәбің мақтан емес, тидаусыз күн. Үніне құлағың сал періштенің, Бірі боп кетпеу үшін имансыздың. Биліктің бишігімен ықтырам деп, Атасың асар ұлды мықты дәлдеп. Өзеуреп өктемдікке жүгін дейсің, Тәкәппар бұйрығыңды ұқтырам деп. Аздырып өшіре алмас миымды ешкім, Аллаһпен жүрек қалап түйіндестім. Раббыма ғибадатым бәсеңсімес, Перғауын зәу-затына иілмеспін. Ащыдан қуырылды кермек тілім, Түсіндім мақамымен жер-көк тілін. Әнінен аулақтатып әзәзілдің, Бер, Аллаһ, тақуаның сергектігін.

СИГНАЛ (Дәулетбек Байтұрсынұлына) Сөйлейтұғын осы шағым менің дәл, Бата білмес мен емеспін сері шал. Дәуке құрдас, өлеңдерің сенің дәл, Бассыз кеткен бауырларға сигнал. «Күнәсіз – бұл – мекеніңді» көргенде, Шашу шашқым келіп кетті төрге де. Елім деген нағыз сенің жүрегің, Жарық болып тұрғандайын көрге де. Ұлтың үшін сен жүректен жыладың, Шырқап жүрсің ауыл менен қыр әнін. Қарғалары бәйге алған заманда, Саңқылдадың кең аспанда қыраным. Ұлт намысын жықпай жүрген пендемін, Бірақ осы нағыз досқа кендемін. Қазақ деген ұлы атты көтеріп, Хуанхэ менен Есілге де келгенмін. Мұң кешемін үнсіз осы кейде мен, Жүрегің де көрінеді жейдеңнен. Адалдығың берсін ұлтқа күш-қуат, Алғыс жаусын бір өзіңе пендеңнен. Көп нәрседен жанарларым жабырқау, Қазағымнан алсам-дағы сан алқау. «Табанымнан» Тарбағатай күш алса, Жырларыңнан желпінсінші Тәңіртау. Қыдырхан ҚАПАШҰЛЫ, жиһангез-ақын

  • * Бүгін тірі жүргендігім тік басып, Болу емес даяр асқа тік қасық. Құлшылықпен еңбек ету Аллаһқа, Тыңдап құран, Жұма намаз құтпасын. Тусам қалай, өлем сондай шындықпен, Бақи – мәңгі басталады шын күткен. Намазхандар қатарына өтермін, Болса егер иманыма шыр біткен...
  • * Мүкамалға толы емес, Қора-қопсы, үй-малым. Жүрегім мұз-тоң емес, Бар байлығым – иманым. Бұздым орда отызда, Алға сүйреп амалым. Қарсы жүріп от-мұзға, Алынды нұр – қамалым. Тазарттым да тәнді удан, Жүрегіме жүгіндім. Мұздатқан соң даң-думан, Сүрелермен жылындым. Жасқа шылап көзімді, Толғандырды ой алдан. Таптым, Аллаһ, өзіңді, Құлым, деші оянған... Қырықтағы шағымда, Көңілде жоқ қара дақ. Мұсылманның сабында, Кеттім. Алла, өзіңе аманат!

ТІЛІМ БАРДА, ДІНІМ БАРДА АЛЫППЫН І. Ел дегенде, неге қаным қызбайды? Кейде үскірік... ірге жағым мұздайды. Мың ой келіп, мидың ішін шимайлап, Жүрек байғұс байыз таппай сыздайды. Басымызда жеткілікті білім-бай, Күніміз бен қайта туса бұрынғы ай! Қарашадан ханға дейін халқымыз, Қазақ болып сөйлеп тұрсақ бірыңғай! Көрсем, шіркін сондай күнді тірімде, Болады деп алданғым жоқ түбінде. Мемлекет сайрап тұрса мен, мен деп, Мерейі өсіп менің ана тілімде... Тілмен бірге тірілер ед салтым да, Айырбастап бере алмайтын алтынға. Әдет-ғұрып үйлесімін тапса кеп, Ұрпағына нұрлы жол боп қалпында! Тілмен бірге тірілер ед дінім де, Адасудан сақтап жарық күнім де. Шамшырақтар көңіл төрін жайнатып, Алауланып тұрар еді ділім де... Тілмен бірге намысым да, сезім де, Қайта туып қайратым мен төзім де, Батылдық пен батырлығым шоқтанып, Жанып тұрған болар еді көзім де!

ІІ. Тіл – топырақ, тамыр жаяр құнарым, Тіл – қайнарым, жасартатын бұлағым, Тіл – оттегі, тіршілігім, тынысым, Тіл – тірегім, теңдесі жоқ құралым. Тілім үшін қанша жорық басып ек? Қорымасақ қазынаның қасы көп. Байлық, мәнсап, зәулім сарай не керек, Тілсіз кеудең – тексіздігің, Қасірет!!! Келгеніңмен Марс, Юпитер, Ай барып, Дағар-дағар сары алтын мен пайда алып. Тілден безсең айрылғаның арыңнан, Қара малға кеткенің ғой айналып! Өз-өзімен білісуге құл үшін, Сөйлесуге тілі керек, дұрысы. Тілді шалып, құрбандыққа бармаймыз, Жаһандану керегі жоқ, құрысын! Шығып қалсаң шығандамай жарыстан, Дәл сол жерде кездеседі жар ұшпаң. Бес теңгеге татымайды беделің, Даңқың өшер бес жүз жылдай алысқан. Неге ердік бөгделерге бүлкілдеп? Батқан кеме секілдіміз біртіндеп. Зеңбіректен қаймықпаған қазаққа, Енді бүгін таң қаламын, күлкім кеп. Көп қараймын дөң басында молаға, Өкініштің орны шіркін тола ма? Жер иесі, ел иесі бар тұрып, Тірі жүріп өлуіне бола ма?!

ІІІ. «Жаман үйді қонақ билеп» киліккен, Тік жүрсек те, ақырет-кебін кидік пе? Екі көзім төрт болды ғой тесіліп, Бір жақсылық болады деп биліктен. Бұл күндері тепкідегі тілім – доп, Езіледі тілім, тілім, тілім боп. Бедірейген бетпағыңды бетінен Қайырсаңшы тегі таза тірің кеп!.. Жаның бар ғой, үн қатсаңшы, тірің кеп, Бірің жалшы, бірің малшы, бірің бек. Көмейімнен түсер болды қызыл тіл, Қатерлі ісік күннен-күнге іріңдеп. Тілім кетсе – ақырзаман, Жұрдаймыз! Жапырақсыз, шірік ағаш, тырдаймыз. Ажал жетпей өлмеу үшін біз байқұс, Алла берген ана тілмен жырлаймыз. Ана тілмен, ана тілмен барлығы... Ана тілсіз адамдықтың дал-дұлы... «Өз үнінен жаңылмасын өзегім!» – Осы менің жүрегімнің жарлығы! Жүрегімнің жарлығы осы – жарық күн, Тілім барда, дінім барда алыппын. Ақыныңмын, батыл үнім – тіл үшін, Ұрпағымын қазақ деген халықтың!

ТҮСІНДІМ Қарасынан алыс жүрмін көмбенің, Теңім болмай өнердегі төр менің, Мандымаған жүрісіме өнімсіз, Бойым балқып, риза боп көрмедім. Болғанымен оттегі мен қорегім, Өз бабына өткенімен өлеңім. Өзгеше бір өрнегіне түсе алмай, Көңілім толмай жеткеніме, келемін... Тастай алмай көшпендінің тағдырын, Сарқылғандай сағат сайын сабырым. Бұтағымды самсытады жемісім, Терең текке кеткендіктен тамырым. Қайран күндер жыр жазатын төкпелеп, Нәрсіздікпен өтіп кетті-ау текке көп. Қанағатым қаламыма болмады, Өзіме-өзім өтіп барам өкпелеп... Бұл тірлікте күйдім, бірде үсіндім, Құдіреттің бағалайды күшін кім? Жаратқанның жарлығына жолығып, Ақындықтың ауырлығын түсіндім.

  • * Намыс оты лапылдап өзегімнен, Өн бойымды күйдірсе жалындатып. Қайтіп қана қорлыққа төземін мен, Жарқ етпеген өлім ғой жанып жатып. Өктемдік пен төзбеймін жолсыздыққа, Оспадарлық көрсетсе, кектенемін. Есе кетіп, қор болдық онсыз қыртқа, Бейпілдерге «тоқтат сен» деп келемін. Қыңыр сөзді жек көрдім, көтермедім, Ыза басқа тебеді қаным керіп. Кім біледі мен де асып кетер ме едім? Түсіреді сабама Сабыр келіп. Күйдіргенде жүректі намыс қарып, Ұмытамын шатынап өзімді-өзім, Ымыраның ауылы алыс қалып, Найза ұшқындар ойнайды көзімде мың. Білмегендей бейсауат қала алмаймын, Жәбірленген пендеге жақтасамын. Сонсоң барып иманға алаңдаймын, Өртенгенде ұяттан ақ бас арым.
  • * Қиялым қиыр кезіп шығандайды, Кедергі – шыққан төбем, «шың» алдайды. Жаныма нәпсі билік айтқысы кеп, Қорасы қораштықтың шығармайды. Өзімнің өрісімнің шегін біліп, Құмарттым күн қасына сенімді іліп. Жүректі жүгіндірдім Сахабадай, Рухымды он бес ғасыр шегіндіріп. Қуанам өткенді ойлап шүкірлікпен, Қауышып жарық әлем бұл тірлікпен. Ертеңім қорқыныш боп елестейді, Көр алда түзелетін бүкір біткен. Шығарма жазсам деп ем нұры сөнбес, Өткізіп әттең сәтін кірісем кеш. Жүрегім – фризма нұр өткізген Өлеңім – кемпірқосақ тілі сембес! Жайым жоқ мақтан етер қиысқанын, Қалаймын қорғасындай ұйысқанын. Алайда асықтырар бір сапарым, Кетердей көтеріліп құйысқаным. Бәрін де бітірсем деп міндетімнің, Түскенін аңдамаймын күн де, түннің. Қазақтың сөзіменен жыр жазамын, Жоғалып кетпесін деп мүлде тілім. Даярлап ақ дастархан жырға жайып, Қағазға түсіремін мыңға лайық.

Ұрпаққа қызмет етер құны биік, Өлеңді өрнектесем бір ғажайып... ...Осылай қалам алам бір Алла деп, Іздесем жүгінемін Құранға кеп. Пенделер адасудан арылмай жүр, Ғаламнан жол таппадым мұнан бөлек.

МҰҚАҒАЛИҒА Абайдан соң дара шыққан данышпан, Жүрегіңнен жыр сауылдап, ән ұшқан. Сенің жаның жарқыраған нұр сипат, Сөнбес алау шақырады алыстан. Жазған, айтқан сөздеріңе тәнтімін, Тағдырыңа куә болған таң, түнің. Айналаңда ақындар көп албыртқан, «Атақтының» таба алмадым тамтығын. Өзгешелеу екі әлемге қарасың... Хан-Тәңірге тартып туған дара шың. Мұқа, сенің құлақ түрсек мұңыңа, Шөлдегенге тамшы болып тамасың. Сен іздепсің Жаратқанды жол шегіп, Саясатқа бола алмапсың жолсерік. Аллаһ құлы, Мұхамметке үмбет боп, Құран сөзін қастерлепсің зор сеніп. Жұрттан асқан даралығың осында, Мойынсұндың мұсылмандық қосынға. Ерте ашылған жүрегіңнің хақ көзін Жауың түгіл, түсінбепті досың да... Сөздеріңнің құдіреті Алладан, Ғұмырлы етіп, үзілмес қып жалғаған. Періштенің бұйрығына жүгіндің, Жырың содан жердің жүзін шарлаған. «Бір Аллаһ» деп, Абай жүрген жолдасың, Жыра да емес, биік жота, жондасың. Миллиондар саған дұға жасауда, Бақиыңда болсын иман жолдасың!

КӨКТЕМ БІЛІНДІ Көктем білінді, көктем білінді, Көрдім шуақты көктен күнімді. Қозы-лақ қуып, қоралы қой баққан, Сағындым сол бір өткен күнімді. Қырға тебіндеп көк көтерілді, Көресің қыстай төккен теріңді. Аталар шығып дөңнің басына, Өткізер көзден өскен төліңді. Адамдар сергіп, арқасы кеңіп, Көмейден көкке ән тасып өріп, Бой түзеп жігіт аруын іздейді, Көңілі көншіп, қалқашын көріп. Наурыз төрледі көңілге серпін, Қуаныш сыйлар өмірге сенсің! Адам біткеннің ашылып сарайы, Сезілер сәт бұл, жеңілдеп еркін... Наурыз – жыл басы қандай ғаламат, Тірі жан біткен таңдай қағады-ақ. Тағы бір көктем бөледі нұрға, Тамсанып тұрмын таңды аймалап...

ҚЫРЫҚТЫҢ БЕСІНДЕМІН Қырықтың бел асар жас бесіндемін, Өткізген есімде жыл, есімде күн. Көп кісі ұмытса да тірлік жеңіп, Ұлт ұлы деген жанның есіндемін. Бұл жасты көргендер көп еселеп те, Білінбей одан ары көшеді еппен. Талайды жеткізбеді қатал өмір, Қарды көрпе, көк мұзды төсек еткен. Білемін, шаранамнан сыпырды кім? Аялсыз өткен екен, шіркін ғұмыр. Мың тәубе, Жаратқанға ризық берген, Бұл күнде айтылуда шүкірлігім. Берді Аллаһ, орын болып сұрағаным, Жүректен туды жырым, сыналамын. Жан – рухым, иман – сенім, мінәжатым, Адамдық өлшемім бар Құран – арым. Қырықтың тұғырланар бесіндемін, Оң болды ойлағаным, шешімдерім. Қаншама қаза болған парызым бар, Күнәмді, о, Жаратқан, кешір менің?!

  • * Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып, Көк аспаннан көңілге шуақ тамып, Жан қалауы жамырап жақсылыққа, Шұрқырайды жылқыдай суат барып. Бірі – жайдақ, ой айтар, бірі – қабат, Шешеннен сөз, ақынның жыры қалад. Адамдықтың арасын жалғап тұрар, Жүрегіңнің пердесі – жылы қабақ. Басқасының барлығы оты біткен, Ете алмайды пейілді өсіріп кең. Шын өмірің – Иеңді таныған күн, Тұрады екен өзгесі өтіріктен. Танысқаның келесі... аруменен, Достасқаның қан тілер қаруменен. Жар басынан ұшырар жол секілді, Орындалмас онымен зәру деген. Ән ем делік, пендеге күй ем делік, Аумас жүгім – арқалы түйем делік, Бәрі бекер, Жүректе отырмаса Жаратушы сүйенген Иең келіп!

«Күнәсіз мекен» деген атпен шыққан жаңа кітапты қолыма ала бердім. Қашан барсам да жылы қарсы алатын Дәукеңнің даралығын болмысынан ғана аңғаратынмын. Оның іс-әрекеті, сөйлегені, жүріс-тұрысы барлығы да бір басынан басқаға деген құрметті, мейірімді, ілтипаттылықты танытатын. Құдай демей қурай сындырмайтын, Алла демей ашыла сөйлемейтін қасиетіне іштей сүйінетінмін де ағалық пейілін інілік салауатпен сыйлайтынмын. Ал бүгін сол ағамның жан әлемінің жаратылысына жолыққандай мын. Бейне «Өзіме-өзім болып өскемін мұғалім» деп ақын өзі айтқандай, болмысындағы даралық, өлеңіндегі даналықпен жалғастығын тапқан дай төгіліп тұнған жырмен өріліп көрініп тұр. Кітап шымылдығын ашқан беттің шырайын келтірген шымыр жырға елтіп отырып, қым-қуыт ойдың құндағында қаласың. Бүгінгідей бақсыдан басшы арақ сұраған заманда, даналарымыз даудан арылмай, балаларымыз нанға жарымай жүрген қоғамда әділет тілеп араша сұраған ақын: «Ағалар бізге жайылған желкен, бағасы биік, дара салмағы» деп алалап жатпай, жалпылай мақ тай кетеді. Бәлкім мақтамен бауыздағандай болар еді. «Тартылыс күшімін» өлеңінде өзгеше сарын мен келген ақын «Ертеңін елдің күтумен төрт боп қос көзім, жастыққа тимей тың тыңдап келді құла ғым» деп, неліктен деген сауалды бізге қалдырғаны мен, кешікпей өзі жауап береді. Тат басып қалған мылтық емеспін атылмас, Тартылыс күшімін қазақтың күнін батырмас. Тәңір тау елінен келген ақынмын, Қайта менімен қалай ел болу жайын ақылдас! Бұл – азамат ақынның айтар сөзі. Білікті адамның берер жауабы. Осы бір шумақ өлең мен

ақынның бүкіл жырының қуатын сезінуге бола ды. Бұл алты ауыз сөзімен әлде қандай болатын дарға шабылған айбалта іспетті. Бекер еместігін бекем өлеңінде: Арасында алжасқан азғындардың, Сақтасам ба иманның аз күнгі әрін. Көк жайлауын, орманын бір Алланың, Шиырласам қайтеді саз, құмдарын. «Теңге, теңге, теңге» деп тепеңдеген, Мазағында өмірдің өтем бе мен. Қаза болды қаншама парыздарым, Қалды қанша құлшылық өтелмеген, – деп тірлігін тиын билеген күс тірліктен пәк арына араша іздейді. Әрі оқырманға имандылық туралы ой салады. Расында «Алып қояйық» ұранына айналған ағайындарымыздың «Аллаһу акпарды» білмейтіні аз емес. Ақын сол сорақылықтан безінеді. Жер ұйығын іздеген Асан Қайғыша: «Қия бассам кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен күнәсіз мекен іздеп», – деп Жаратушының жарығына, иманның нұрына шөлдеген ақын: Қанжығаға қанпезер сойыл байлап, Бассыздыққа белшеден тойынды аймақ. Қаламым мен құшақтап Құранымды, Естімеске кетсем бе қойымды айдап, – деп кері кеткен қоғамның кесіріне өшіге қарайды. Қаламы мен құранын құшақтап, қойын айдап естімеске кетіп бара жатқан ақын бейнесінен көз алдыңа шындық үшін шырылдап өткен Шәкәрім атамыздың елесі келеді. Ол да осы озбыр тірліктен жерінді емес пе?!

Адам Алланы білу үшін алдымен өзін тануы керек қой. Сол себепті де ақын өз жүрегіне алды мен үңіледі. Сол арқылы Жаратушыға шүбәсіз беріліп, шешіле жырлайды. «Қалады бәрі» өлеңінде мынау жарық дүниенің жалғандығын бар ел білетіндей қарапайым ғана айта келіп, «Мәңгілікті бізге неге бермеген» деп Омар Хаям жырлаған тіршілік сұрағына: Қалады мақтан, алданыш, арбау аздаған, Нені де болса мәңгілік саған жазбаған, – деп өзінше түйін жасап, жауап іздеген ол өмірге ғашық әр пендені де бей-жәй қалдырмайды. Әрі шынайы өмірдің мәні имандылық, адамдық қасиетте екендігін ес керте отырып, қарын қамындағы көп санды адам дар сезе білмейтін о дүниедегі өмірді де ескерте кетеді. Жанымыз анау жеті қат көкке жол шегер, Тәніміз қалар топырақ текке көміліп, – деп «тіршілік соңы» көр деп есептейтін «мылқау» саналарға сәуле шашады. Ешқашан қорықпаймын өлемін деп, Тілеймін иманы бар бер өлім деп. Аллаға ұнау үшін екі әлемде, Күн кешем рухымның қорегін жеп, – деп тоқталады. Бұл ақын шығармашылығының бір үзігі ғана. Бұдан ұғынатынымыз, жалпы Дәулетбек поэзиясының ал тын арқауы – жүрекке ұяла ған имани қасиет, адами құндылық. Талапбек ТЫНЫСБЕКҰЛЫ, ақын, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері. («Қазақ елі», 2007 жыл, №14)

Өзгелердің миын шұқыр кездікпен, Ақымақтан құтылмадық, ездіктен. Жүрегімді жирендіріп қырттығы, Тікен болып қадалады сөз біткен. Өзін-өзі ұлы санап лағады, Қалықтайды жерге тимей табаны. «Сері де өзі, әнші де өзі» жар салар, Қойып алған толық балл мен бағаны. Қалжыраған ақынсымақ қарттарым, Шеттеріңнен болып жүрсің нарт бәрің. Қаратауда бір жықсаң да әкемді, Ойлатпай ма ұлы дүбір арттағы үн?! Сөздері лас, ойлары бар бықсыған, Бар пиғылын нәпсі жайлап, лықсыған. Азғындаған ағалар жүр арада, Ілесем деп менің де көп іс, күнәм. Тағдырына таба алмаған тиянақ, Сөзі шірік, «қыздар қайда, құй арақ...». Өнегесіз, берекесіз тірлікпен, Мылжың «жазғыш» – уақытқа қиянат!

САБЫР, САБЫР Сабыр, сабыр, тыныштық бер жүрекке, Лақтырылуға ілінсем де күрекке. Сойған адам тілгілейді, іреп те, Оған бола рухыңды жүдетпе. Иә, Дәуке, мадақ сөзге құлағың Үйір болып, биіктеген тұрағың. Өмір деген кейде саған безбүйрек, Маңдайыңнан сипай бермес, шырағым! «Асекеңнен аспайсың» деп мұқалтып, «Ал, Жәкеңе жетпейсің» деп жұқартып. Түңілдіріп жібереді түртпектеп, Қалмағандай көз алдымда ұтар түк. Сөзім зая, ойым өтпей осы күн, Санасына жетпей жатыр кесімім. Жат пиғылмен тыжырына қарайды, Өлеңімнің ашпай тұрып есігін... Жыр жұға ма, сөз өтер ме, дари ма ән, Мынау пенде, мендей құлды тани ма? Жазғандарым – Жаратқанға мінәжат, Көктеткенім көкіректен – ар, иман.

КӨКТЕМ Жапырақ жайып бар ағаш, Шымданып, дала түрленді. Мың түсті гүлдер аралас, Ғажайып күткен күн келді. Нұр болып жауған жаңбырдан, Жасарып кетті жер беті. Балауса майса балдырған, Қызғалдақ дала келбеті. Мөлдіреп ауа сүзілген, Бұлттарым мамық, мақтадай. Аспанда тырна тізілген, Жарқырап атқан ақ таң-ай! Көктемім ғажап биылғы, Көкірегімді кеңіткен, Жүрекке шуақ құйылды, Қалсашы сондай көрікпен...

  • * Ақыл айтып не етейін, ақылым аз, Қыз «бақытты», бұл күнде батыры «мәз». Күздің соңы айналып қыс болғандай, Қыс артынан келеді ақыры жаз. Сорлы нәпсім, салыпсың сайтан әнін, Өмір өтіп кеткенін байқамадым. Қызық біткен қыр асып, ғайып бопты, Мен жүргенде мекендеп сай табанын. Ақыл айту – жұмыстың ең жеңілі, Көп сөздінің көрінер кенделігі. Өзгертуге өзімді шамам келмей, Басы қатқан байқұстың мен де бірі. Әзәзілден өзімді қорғай жүріп, «Сорқұдыққа» кетсем де қонбай, біліп, Досым саған көрсетер жолым қайсы, Өз ақылым өзіме қонбай жүріп?

ЫСТАМБҰЛ Құс болып алысқа, Қайырылмай ұшқан жыл. Мәлім боп ғарышқа, Танылған Ыстамбұл. Тарихын тербейін, Оқыдым қыштан жыр. Мұсылман мерейін, Асырған Ыстамбұл. От қамшы жай ұрған Рум елін, Дұспан-дүр. Қанаты жайылған, Қос құрлық Ыстамбұл. Түркінің айбаты, Исламмен құшқан нұр. Ту, Жұлдыз, Ай басы, Тәуелсіз Ыстамбұл. Бастауы шын істің, Атағы ұшқан бір. Батыс пен Шығыстың, Нүктесі Ыстамбұл. Шертіліп күй болып, Ойыма түсті ән-жыр, Шариғат үйреніп, Таратты Ыстамбұл. Пәктенген жүрегі, Түркіге құт, тағдыр,

Мұсылман тірегі, Мық болған Ыстамбұл. Сермесе қылыштай, Қорғансаң қалқан бір. Дінсізден ығыспай, Нық тұрған Ыстамбұл. Сен жайлы ақпар көп, Хақ жолды ұстандыр. Аллаһу акпар деп, Жасай бер, Ыстамбұл!

АБАЙЫН ҰРПАҚ ТАНЫСА Шанағын көздің жас кептей, Биікке қадам басты ептей. Тәуелсіз елге айналды, Абайын халқы әспеттей. Ұйыған нұрға алды әппақ, Тарихты білген салмақтап. Арманын қуып келеді, Абайын елі ардақтап. Жасаған жаңа жыр, мектеп, Өнерім содан тұр көктеп. Санасын сілкіп тазартты, Абайын жұрты құрметтеп. Мінезге мін боп дөкірлік, Қаншама заман өкіндік. Аллаһты қазақ тануда, Абайын алтын көпір қып. Жылдармен жүрміз жарыса, Болашақ әлі алыс, ә?! Адаса қоймас әмәнда, Абайын ұрпақ таныса! Жүрегін тыңдап алыптың, Айтқанын тыңдап қанықтым. Мақсаты жолда қалмайды, Абайын сүйген халықтың!

ШЫДАМАС Қайда, шіркін, кесіп түсер шын алмас, Көлбақа көп көлшігінен шыға алмас. Ойы жұтаң, сөзі нәрсіз, тұрақсыз, Адамдар бар арамызда шыдамас. Бүгінгісін ертең жоққа шығарар, Бойында ұят, болған емес сынар ар. Көрсе қызар, өтірік паң, іші тар, Қызғанышпен босағадан сығалар...

БҮГІН ЖҰМА Қасиетті жұмада жан нұрланар, Көктен түскен қуантып әрбір хабар. Өткен күндер өзіме түсінікті, Белден асып белгілі алдым барар... Көппен бірге сәжде етіп бір Аллаға, Жүрегіме өтеді Құран – дана. Жұма намаз құтпасы оқылады, Имам сөзін тыңдаймын құмарлана. Бүгін – Жұма, бас иіп құбылаға, Сап түзеп жұрт, бірі қарт, бірі бала. Адам-Ата ұрпағы бәрі бірдей, Қоңыр мейлі, ақ, сары, түрі қара. Арман алыс сонау көк жиектегі, Қандай ғажап Аллаһтың сый еткені! Жерге түсер шуағы ұжымақтың, Дұрысталса пенденің ниеттері...

  • * Айтасың айналам деп озық елге, Қарайсың мойыныңды созып өрге. Ақшамен өлшене ме дәрменіміз? Кетпейік тоғытылып тозық «еңге!» ...Салынар құрылыстар қырық қабат, Өнерді өріп жүрсің сұрыптап-ақ. Мінгенің мінсіз жүйрік шетел көлік, Ал, нәпсің түршіктіріп, шіріп барат!.. Билікте озбыр, пара, тәкаппарлық, Халыққа жақсылық жоқ жасатарлық. Арасы алыстады Ел мен Әкім, Кеңселер кердең басқан бас асаулық. Шіренген сұрқай мінез ызбарланған, Жан біткен жаралғандай мұздан, қардан. Адамдар бір-біріне аңша қарап, Құлданып нәпсісіне қызған заман. Қарын – тоқ, киім – бүтін, тән – еттілік, Қайтсе де ақша табу бар ептілік. Жетеді пенделерге мақтанар зат, Сарқылған бойындағы әдептілік. Жоғалған нағыз асыл мінездегі, Көресің жүздеп ынжық, мың езбені. Адамдар ойсыз, нәрсіз, мейірімсіз, Осы ғой жүрегімді мұң езгені. Пенденің сырты сұлу, іші біткен... Ұғым жоқ ұят деген түсініктен.

Жер басып жүргенімен екі аяқпен, Жұрдай боп бара жатыр кісіліктен. Азайды адал дос пен жарасқан жар, Батыр боп жамандыққа жанасқандар, Заманды былықтырып, лаң сап жүр, Шел бітіп тура жолдан адасқандар!

ҰСТАЗ І. Жақсылыққа қанатын жайған Дарын, Екі әлемнің көрсеткен сайран бағын. Өнегесін өмірдің айшықтапты, Мұхаммет саллалаху пайғамбарым. Жер бетіне Мұстафа шырақ болған, Бақыт еді пендеге бір-ақ қонған. Тақуалық, пәктіктің шырқау шыңы, Оның жолын ұстансаң – тұрақ, қорған. Махмут дедік мақтаулы Ахметті, Түсіндірген фәни мен ахиретті. Бір Аллаһқа сыйын деп мінәжатпен Ұрпағына адамның ақыл етті... Адасқанның қор болып күйген мыңы, Алдап соққан кеңірдек күйбең күні. Түнек басқан ғаламды күн боп түрді, Сақтандырған Алланың сүйген құлы. ІІ. Адамзатты туралыққа бастаған, Аллаһ – жалғыз, ортақ бір ой тастаған. Құран сөзін құдіретті үйреткен, Саллалаху ғалейкүм уассәлләм. Жайылғанда жендеттікпен кемшілік, Қыз ұятсыз болған кезде, ер – шірік.

Инсандарға ұстаз болып сен келдің, Бір өзіңе жүктелді де елшілік. Ібіліспен жалғастырған күресін, «Хақ Мұхаммет», – қайталанбас нұр есім. Жиырма үш жыл өсиет қып қалдырды, Періштенің алып келген сүресін. Кішіпейіл жан аспаған да саспаған, Адамзатты Алла алдына бастаған. О, Мұхаммет, жүрегімде Сен тұрсың, Саллалаху ғалейкүм уассәлләм!

  • * Мейлі қыз, мейлі, жаным, ұл табыңыз, Бөлшегің, ол да сенің бір тәніңіз. Жолына адамдықтың салсаң нақтап, Нұр шашар болашаққа ұрпағыңыз.
  • * (Талаптан Ахметжанның рухына) Білінген жұртқа бір бетпен, Өмірі жайнап нұрлы өткен. Дархан даламыз сияқты, Көз алдымызда тұр көктем. Күндерін босқа оздырып, Өтпеген әсте дүрмекпен. Өзгенің жанын жаралап, Кезі жоқ көңіл кірлеткен. Ардақты болған тірлікте, Қиналмай өмір сүрмек кең. Ажалы жетсе Аллаһтан, Шығарар елі құрметпен. Болсын деп жаның жәннатта, Топырақ салар бір кетпен. Жүрекке ұйып иманы, Амалы серік бірге өткен. Өлімі де үлгі жақсының, Ерте ме, кеш пе бір жеткен...
  • * Ғасырлардың сонау бір, Тасасында қалған күн. Айтайын деп анығын, Әупірімдеп қармандым. Жырланбаса шежіре, Ұмытылар біртіндеп. Аршымаса құм басып, Қалатынын аңғардым. Парызы мен қарызы Өтелмеген күндер-ай. Сыбағасы кімге у, Беріледі кімге май? Келе жатқан ғасырлар, Тасқын сынды тас бауыр, Басатындай барлығын, Жым-жылас қып құм мен лай. Шертілмеген жүректің, Ширығады күйі мың. Шешкендеймін жанымның, Шие болған түйінін. Өткенге де шарам жоқ, Келерге де шарам жоқ. Бағындырсам болғаны, Сұм нәпсімнің биігін.
  • * Адам болып өзімше, Мен несіне шіренем? Жүрек тоқтап, көз ілсе, Жазылмайды жыр-өлең. Бар тіршілік пенденің, Есебіне құрылған. Көкте – өкініш, жерде – мұң, Бейуаз жандар қырылған. Дүр дүлейдің еркімен Өмір өксіп, налыған. Айырылып пәк көркінен, Жауыздықты таныған. Негізінде бұл ғалам, Әнге толы күй – алап. Долыдай бет тырнаған, Ашкөздік пен қиянат. Жазбас едім ойымды, Айналамды білмесем. Бастап бетпақ ойынды, Бүлдіреді бір «көсем». Содан ары сор айдап, Тоғытылып қайраңға. Тоз-тоз болар сол аймақ, Зар боп ұрттам айранға. Баптағаным жыр – егін, Дәнім – өлең, жиған көп. Көшбасының жүрегін, О, Жаратқан, иманды ет!

ӨЗІМДІ АЙЫПТАУ Шыдамсыз, төзімі жоқ, күйгелекпін, Көмейге көп сөз жетер кимелеп тым. Жадырап атқан таңдай жүре алмаймын, Тартады түнегіне сүйрелеп түн. Әрең тұр жыртылуға жүйкем жидіп, Ақылым айта алмай тұр икем, билік. Төгілген ашу – дұспан, жанармайдай, Оттық боп жақын келіп тисең күйдік. Сабырды сарқып алған сорлы басым, Жүректі босқа жаншып, қор қыласың. Адассам ақылымнан алты секунд, Айналам – шимай-шатпақ, ор-құласын. Қоймайды сүйрелеңдеп тілім бұзық, Болмай тұр күнім – күлкі, түнім – қызық. Жүрекке жүгінгеннен басқа жол жоқ, Ұятқа қалдыратын үнімді үзіп.

ЖЕР ШАРЫ Құрлықтар қалқыған қайықтай, Жер шары бетінде жүзеді. Басынан қатері айықпай, Дауыл да үмітін үзеді. Шар бетін қаптаған көк теңіз, Жасыл жағалау сәл тыныс. Байқалар әр тұстан өткел, із. Өзіне қымтаған тартылыс. Төгіліп қалмайды, шайқалып, Буланып кетпейді бұрқырап. Алыстан қарайды Ай талып, Айналар ұршықтай зырқырап. Құрлықтың су қысқан бүйірін, Толқындар ұрады қапталын. Алдыңда апан бар иірім, Зулатып барады қатты ағын. Мекен ғып адамға берді Алла, Қонақтың бір түстік асындай. Осындай сыналар жер бар ма? Ұшуда сақпанның тасындай.

ДҰРЫС ПА?! Жаңа жылдың түні ертең, Жақындады... Сайланып тұр салюттар атылғалы. Отқа оранған аспаннан тірі тұрмақ, Әруақтар шошиды ақымдағы... Тарсылдатып атады аспан жаққа, Біз баратын ғарышқа, баспалдаққа. Қытай бізді отпенен ойнатып тұр, Сенімсіз жұрт құшағын ашқан жатқа. Дәрі иісі мүңкиді тынысыңда, Күкірт сатқан күледі шығысыңда. Шайтан текті жалынмен көңіл ашып, Жоқ әдетті бастадың тумысыңда. Ертең келсе «Жаңа жыл» – ол да жәй күн, Ауысқаны кәдімгі толған Айдың. Наурызды нәумездеу өткізетін, Ұлтым үшін ұяттан қорғалаймын. Бейбіт сүйгіш ел едік қонақтаған, Ар-намысын ешкімге тонатпаған. Аспан жаққа неге біз от шашамыз? Мінез қайда, орынсыз оқ атпаған?!

ЫҚЫЛАС ПЕН ИХСАН Әр амалда болу керек ықылас, Сәулеленсін ниетің де ып-ырас. Ризасы үшін ғана Аллаһтың Тірлік етіп ізгілікке ұшырас. Рухым биік болсын десең алаңсыз, Ихсанды боп, иманыңыз қалансын. Аллаһ көріп тұрғандығын шын сезу, Жүрегіңнен қаныңызға таралсын. Ықылас пен Ихсан болса орныққан, Онда аулақсың екі әлемде қорлықтан. Мұң кешпейді, мінгеспейді шайтанға, Мүмүн болып мұсылмандық жолды ұққан.

  • * Қорланудан жүрегім, Қуырылып барады... Тез таппасам бір емін, Көкіректі жарады. Тапталудан жүрегім, Қансырады жаншылып. Түнек болды түр-өңім, Көзін жұмды қанша үміт. Найзаланып тесілді, Шоқпар тиіп езілді. Арман-тілек кесілді, Дүние тар сезілді. Құлшылықтар құлшынған, Таяз болды жадағай. Тілім қан боп қыршылған, Қан-қақсадым жарадай. Соққы келіп соқты кеп, Есеңгіреп құладым. Ауыруым кетті үдеп, Тітіркенді құлағым. О, Жаратқан, бір Алла, Бердің маған жыр айдын. Қолым жетті Құранға, Мінажат қып жылаймын. Сен риза бол, Ием, Соқыр көзім торланба!

Үнсіз тыңдап мөлием, Кеудем шерге толды, Алла... Қайтып бабын табамын, Мінезім бар ең шадыр? Жерге тимей табаным, Қызмет етуге бер сабыр...

  • * Жүректе шоқтанған қоламта қоздайды, Мың жылдық дертінің дерегін қозғайды. Жүгінді Аллаға әмірін тыңдауға, Әлемін түсініп әдептен озбайды. Күйігім басылмай, қаныма от берген, Ардың қоржынын иманға бөктергем. Көз алдым шекті аумақ, ал, көңіл ашылды, Көрсетіп ғаршыны түріліп көк пердем...

*** Аллаһқа шүкір, Күй кешіп жүрмін тамаша. Көңілдің көзін Жайнатты атқан таң аша. Арадан өрген Нараздық-өкпе осылай, Көктемгі будай Көтеріліп бір тараса... Тіліміз келіп, «Кешірші!» деген шындыққа, Ашыққа шықсақ Қалтарыстардан мың бұқпа. Өзгеріп өмір Тіршілік тербер бесіктей, Болмайтын еді Менмендік деген сұмдық та. Аллаһқа шүкір, Сен берген жолдан нұрландым, Келмейді енді Ласқа батып былғанғым. Пайғамбарымыз Көрсеткен мінез – көркіміз, Әнеки, күліп, Көтерді басын қырдан күн!

СЕНІҢ АРҚАҢ Тауы мен өрі қалқан, Жерім де елі дархан, Өмірге келгендігім, Қойнында кені бар сан, Бастырған мені балпаң, Иә, Аллаһ, сенің арқаң. Ұлы боп көшпендінің, Ұлан боп өскендігім, Бақытым бүршік жарып, Өкініш өшкен мұңым, Дегенім «сенім артам», Иә, Аллаһ, сенің арқаң. Қатені «қой!» – дегенім, Тапқаным ой кененін, Мойындап құлдығымды, Шүкір деп сөйлегенім, Рухымның шөлі қанса, Иә, Аллаһ, сенің арқаң. Орнатсам діл бекімді, Жалғасам тілге тілді, Қалыпты адам болып, Атқарсам міндетімді, Өмірді тегін алсам, Иә, Аллаһ, сенің арқаң.

Ғаламның мыңнан бірі, Жер шары тұрғандығы, Ту ұстап Қазақстан, Елдігін құрғандығы, Атқаны келіп әр таң, Иә, Аллаһ, сенің арқаң!

МАЗМҰНЫ АНАМА..............................................................................4 ІШКІ ШЫНДЫҚТЫ ТАНЫҒАН АҚЫН (Алғысөз орнына) ............................................................5 ЛӘТИПА ЛҮПІЛІ ...........................................................15 МЕНДЕГІ ИМАН СЕРТІМ БҰЛ! .................................16 БҰЗЫЛҒАН МАШИНА, ҚАЙТҚАН ҚАЗ ..................17 НӘПСІ .............................................................................19 АДАМДАРША ................................................................20 СПЕКТР ...........................................................................22 ЖАЗЫЛМАҒАН ЖЫР – ҚАЙҒЫ .............................23 ОСЫ ЖОЛ ......................................................................24 ҮЙСІН ОБАЛАРЫ .........................................................28 ҚАЙДА ............................................................................30 ҚАУІП ..............................................................................31 АБАЙ НАР .......................................................................32 МОЛА БАСЫНДА .........................................................34 ҚЫЗ ҚҰЛАСА.................................................................36 АДАМДАРДЫҢ НИЕТІ ................................................37 ЖЫЛАҒЫМ КЕЛДІ... ....................................................38 ӨЗІММЕН ШАЙҚАСЫП КЕЛЕМ ..............................39 СОЛАЙ ҒОЙ ...................................................................40 «Жаза алмадым жанымның қалаулы үнін...» ..........42 «Толқып отырмын...» ....................................................43 «Ақша» деп айтты ұмыттың...» ...................................44 «Тураны тұмшалап тек сөз кертілген...» ..................45 «Белгілі бір Аллаһқа үтір, нүктем...» .........................46 «Өзгеден күтпе жәрдем «келеді» деп...» ..................47 БЕКІМ ..............................................................................48 «Қолда – деп – аталарым!» сөз алғасын...» ...........49 «Аллаһтың жасалды әлем пішімімен...» ...................50 «Басыңа неше түрлі сұрақ берер...» ..........................51 «Аллаһ, Аллаһ!..» ............................................................53 БІРЛІККЕ БАСТАР БІР АЛЛА .....................................54 «Жылдар жылжып өтеді, жылыстайды...» ...............56

МІНАЖАТ ......................................................................57 БАС КӨТЕРУ ..................................................................58 АЛЛАҺТЫ СҮЙ ..............................................................59 ЖҮРЕК ............................................................................60 ЕМДЕҢІЗ ........................................................................62 АРБАСУ ...........................................................................63 ЖҰБАНУ .........................................................................65 КҮНӘСІЗ МЕКЕН, ҚАЙДАСЫҢ? ..............................66 СОЛАЙ ............................................................................69 «Мазасыз минуттарым сырғанауда...» .....................70 «Ерім менің мойныма кете берді...» ..........................71 АЙТАРЫМ ......................................................................72 «Жолымды қара мысық – өсек кесіп...» .................74 «Тіршілікте әр алуан іс табылар...» ...........................75 «Қандай күн біле алмаймын бізді күткен?..» ...........76 АСПАН АСТЫ................................................................77 ТИЯНАҚ ..........................................................................80 БҰЛТТАН АРШЫП ........................................................81 ...ҚАЛАДЫ ......................................................................83 ӨМІР ................................................................................84 «Мен деген қырықтамын!..» .......................................85 ОСЫЛАЙ ........................................................................86 МЕН АҢСАҒАН ПАТШАЛЫҚ ....................................87 «Біреуді біреу жәбірлеп...» .........................................89 «Пәктіктің танып білмей биіктігін...» .......................90 «Ұйқылының парқы не ояуменен...» .........................91 ИСЛАМ ҒАНА ................................................................93 «Тамшыдан тасыған су құралады...» .........................94 «Арғыменен бергіні естіп өскен...» ............................95 «Быжылдап күйді, от ұрып тәнім...» ..........................96 ҚАҒАЗДЫҢ БЕТІНДЕГІ ІЗІМ МЕНІҢ .......................97 «Өткен күн өлім десе сескенер ем...» .......................99 «Жазайын десем менсіз де...» ...................................100 ЦУНАМИ ......................................................................101 «Кешір Аллаһ!..» ..........................................................102 «Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе...»........103 ӨЗГЕНІҢ ҚОЛЫНДА ЖҮР ЕРКІНДІГІМ ...............105 ҚҰЛДАРЫ ҰМТЫЛСА ЕГЕР ШҰҒЫЛАҒА ..............106 КҮБІРЛЕП СЫРЛАСАМ ДА... ...................................107 АБАЙДЫ ОЙЛАП, АБАЙЛАП... ...............................108 «Қуаласаң ой түбін таным, түйсік күнде өсер...» ..109 ...НЕ ДЕГЕН ТОЙЫМСЫЗ ЕК?! ...............................110 «Айналып келіп тәніңді...» .........................................112

«Заманға мынау қарашы!..» ......................................113 «Осындай да бола ма екен тоқырау?..» ...................114 ЖҮРЕГІҢДЕ КІР БАР ЕКЕН КҮҢГІРТТЕУ .............115 ҚАРАҢҒЫДАН ЖОЛ ТАУЫП ..................................118 БІР ЕСІМ .......................................................................119 КӨКПАР ДЕСЕ... .........................................................121 «Нәпсімменен алыстым...» ........................................123 «Біреу келіп жүрегімді қанжарлап...» ......................124 ИМАН КҮЗЕТШІ .........................................................125 «Жердің құрты – пенделердің бірімін...» ..............126 ЖАН – НӘРЕСТЕ ......................................................127 ТОЗАҚТЫҢ ЕЛЕСТЕЙДІ ҰШҚЫНДАРЫ ..............128 ЖҮРЕГІҢДІ ТЫҢДА ...................................................129 БІР ӨЗІҢЕ АРНАЛАДЫ ..............................................131 ТУЫСҚАНҒА АЙТАР СӨЗ ........................................132 ҚАЙРАН ЕЛІМ .............................................................134 ШЕКСІЗДІКТІ ІЗДЕУ ..................................................136 ӨКПЕ .............................................................................137 ҚОСАМЫН БӘЙГЕЛЕРГЕ ӨЗІМДІ-ӨЗІМ... ..........138 КҮРСІНІС ......................................................................139 БӘРІ ДЕ ҚАЛАДЫ........................................................140 «Белгісіз болғандықтан ертеңгі күн...» ....................141 ТОЛҚЫН .......................................................................142 «Кідіретін, аялдайтын не қалды...» ...........................146 «Адам деп менің атым қойылғасын...» .....................147 «Аллаһқа тәубе...» ........................................................148 «Аллаһтан тілеп арманды...» .....................................149 «Қытайда тасыды өзен, сілкінді жер...» ..................150 «Өртеніп менің өзегім...» ..........................................151 ИМАН ҒАНА ................................................................152 «Кездесесің қайғыға да, күлкіге...» .........................153 ҚҰТҚАРШЫ .................................................................154 ДАУЫССЫЗ ҮН ...........................................................155 «Бүгін тірі жүргендігім тік басып...» .......................157 «Мүкамалға толы емес...» ..........................................158 ТІЛІМ БАРДА, ДІНІМ БАРДА АЛЫППЫН .............159 ТҮСІНДІМ .....................................................................162 «Намыс оты лапылдап өзегімнен...» ........................163 «Қиялым қиыр кезіп шығандайды...» ......................164 МҰҚАҒАЛИҒА .............................................................166 КӨКТЕМ БІЛІНДІ .......................................................167 ҚЫРЫҚТЫҢ БЕСІНДЕМІН ......................................168 «Күн нұрынан күнде ерте қуаттанып...» .................169

«Өзгелердің миын шұқыр кездікпен...» ..................173 САБЫР, САБЫР ...........................................................174 КӨКТЕМ .......................................................................175 «Ақыл айтып не етейін, ақылым аз...» .....................176 ЫСТАМБҰЛ ..................................................................177 АБАЙЫН ҰРПАҚ ТАНЫСА ......................................179 ШЫДАМАС ..................................................................180 БҮГІН ЖҰМА ...............................................................181 «Айтасың айналам деп озық елге...» ........................182 ҰСТАЗ ............................................................................184 «Мейлі қыз, мейлі, жаным, ұл табыңыз...» .............186 ТАЛАПТАН АХМЕТЖАННЫҢ РУХЫНА .............187 «Ғасырлардың сонау бір...» .......................................188 «Адам болып өзімше...» ..............................................189 ӨЗІМДІ АЙЫПТАУ .....................................................190 ЖЕР ШАРЫ ..................................................................191 ДҰРЫС ПА?!.................................................................192 ЫҚЫЛАС ПЕН ИХСАН .............................................193 «Қорланудан жүрегім...» ............................................194 «Жүректе шоқтанған қоламта қоздайды...» ...........196 «Аллаһқа шүкір...» .......................................................197 СЕНІҢ АРҚАҢ .............................................................198

Бас редактор Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ Редакторы Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫ Көркемдеуші редакторы Кенжеғазы АЙТЖҰМАНҰЛЫ Мұқаба дизайны Мәдияр САУЫТБАЕВ Компьютерде терген Әтіргүл БЕРДІ-ИЕ Қалпы 84х901/32. Қағазы офсеттi. Қарiп түрi «DS Baltica». Шартты баспа табағы 12,75 б.т. Есепті баспа табағы 7,4 б.т. Таралымы 1000 дана. Тапсырыс №14 «Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105. Тел.: 8(727) 272-51-62, 272-51-87, 261-60-67, факс: 8 (727) 261-62-13. Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ЛӘТИПА ЛҮПІЛІ (Өлеңдер)

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙