Бүлдірген
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: Тоқтаңыз. Қашпаңыз
– Құлағым сізде, әңгімеңізді бастаңыз. – Табиғат тонаушымен әңгіме қысқа. Қылмысыңды мойында осы тұста! – Қандай қылмыс? – Сен броконьерсің! – Түсінбедім? – Түсінбесең, түсіндіремін. Аңдағы шелегіңде не? – Бүлдірген ғой, бүлдірген. – Міне, көрдің бе? – Бүлдіргенді бүлдірдің. Тыныш жүрмей көп жұлдың. Оған қоса, жеп жүрдің! – Енді, жабайы өсімдік қой бұл. – Басты қатырмай алдыма түс, жүр! Бір шелек емес, мәшінеңде 3 шелек тұр. – Енді мен… – Ал қалай ақталасың сен? – Даладағы жемістің Қызығын көрейін деп… Балалар қарық болсын жеп дегенім ғой. Басқа болған жоқ жаман ой. – Мынауың көп. Артығына ақша төлейсің, жазып берем чек.
– Шелегіне ме? – Келісіне! – Жарайды, келістім. –Келіспегенде қайда барасың, басып жүргенде жер үстін. – Мынау не тағы да? – Қызғалдақ қой. – Қызғалдақ екенін көріп тұрмын. Қайдан алдың? – Қырдан. – Броконьермін десейші, Қыр қызғалдағын жұлған. – Құдай сақтасын. Жай, әйелімді қуантайын деген түрім. Оның туған күні еді бүгін. – Қызғалдақты жұлуға болмайды. Қыр гүлін үкімет қорғайды. – Кешіріңіз, білмеп едім ондайды. Көп емес, бес-алтауын ғана жұлдым. – Жұлдым дегенше, құрыдың! Білмейсің бе, үкіметтің ұзын екенін құрығы. Штраф саламыз! – Қанша? – Қымбат емес онша. Бар болғаны бір-ақ миллион! PS:
Қырдың қызғалдағы, даланың бүлдіргені, жабайы шиесіне дейін билік иесі болып кеткен бе? Қозықұйрықты да термейтін болдық, Күз бен көктемде. Қайран қазағым-ай… Сорың бес елі. Қайда барсаң – Қорқыттың көрі. БҮГІН… – Әй, мынау ел тоңды ғой. ТЭЦ-ің мес болды ғой. – Басеке, саспаңыз. Құбырлар жарылса, Қуана бастаңыз. – Әй, не оттап кеттің, Бетіне қалай қараймыз көптің! – Біз де байбалам салайық, Жаурады деп халайық. Бәрі тозған, «ремонт» деп Тағы ақша алайық. – Әй, осы сенің басың – бас. Болсаң да жап-жас… Бірақ бере ме екен әлдекім – тас – Береді. «Шәпкісін» алды ғой, көнеді. – Онда өзің баста. Жоғарғы жаққа түсініктеме жазып таста.
– Иә, бәрін қатырамыз. – Тексеріп келсе ше? – Онда қарамызды батырамыз. – Қайда? – Шетелге. Ақша жегендердің барлығы жүр ғой шетелде! – Улап-шулаған халық ше? – Олар да көнеді. Азар болса, екі-үшеуі өледі. Жаңа вирус дей саламыз, Ақшаны опырып жей саламыз. PS: Міне, осылайша, бөлінген ақша желге ұшып жатыр. Жемқорлардың қалтасына түсіп жатыр. …Біздегі тірлік – осылай. Несін айтасың, досым-ай! Бақытжан ӘЛІМҚҰЛОВ
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру