TELEGEI

Home

Қарасай – Қази. Нұртуған Кенжеғұл нұсқасы

Нұртуған Кенжеғұл

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қарасай – Қази. Нұртуған Кенжеғұл нұсқасы

Нұртуған Кенжеғұл - «Қарасай – Қази. Нұртуған Кенжеғұл нұсқасы» шығармасы.

«БАБАЛАР СӨЗІ» СЕРИЯСЫНАН

ЖҮЗ ТОМДЫҚ

ҚАРАСАЙ – ҚАЗИ

(Нұртуған Кенжеғұл нұсқасы)

Уа, жыр сүйер жамағат!

Орақ батыр Азау қаласын жалғыз барып, жаулап, аман-сау олжалы оралған соң, Мамай да, әкесі Мұса ханның көзін көрген қариялар мен жан аямас достары да, тіпті, бүкіл ноғайлының хан тұқымын қадірлейтіндері де зор қуанышқа бөленді. Мамайдың айтуымен, тарап кеткен ноғайлы халқына хабаршы жіберіліп, бір ай өткен соң Бозтөбенің белінде ұлан-асыр той болып, ағайын қайта табысты. Орақ пен Мамайдың қайтадан беделі артып, еліне иелік етті. Бұлардың көзінде қалмақтар тұрмақ, орыс мемлекетінің князьдері де бата алмады. Тіпті, ноғайлылардың бірнеше дүркін шапқыншылығынан кейін Русь бұларға алым-салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Бұл кезең ноғайлы елінің дәуірлеген кезі еді. Алайда, бұл тегеурінді елдің ішінде бүлік түсті. “Дән ұшықсыз, ел бұзықсыз болмайды” дегендей, бүлік тудырған Мұса ханның тоқалынан туған Ысмайыл болатын. Баяғы әкесін бүкіл ноғайлы халқы ақ жауып арулап жерлеп жатқанда, еншісіне өзі сұрап алған Сарала атты қуалап жүріп, жердің жарығына атпен бірге түсіп кеткен Ысмайыл аман қалған-ды. Сол кездің өзінде-ақ әкесі Мұсаның бүкіл артында қалған дүние-мал мен хан тағы өзіме тиіс еді деп, өзегін өрт шалған Ысмайыл зұлымдығынан қайтпады. Ағайынның арасына сұрқиялық пен залымдық отын жағып, бірін-біріне айдап сала берген соң, халық оны «Әнжі Ысмайыл» деп атайтын. Бұрыннан да «Тобаяқ» деген лақап аты бар-тын. Бір қыстың қарлы боранында жылқымен бірге ығып кетіп, бірнеше күн далада қалған оның екі аяғының бастарын үсік шалып, башпайлары ағып кеткен еді. Содан кейін-ақ, онсыз да жексұрын көрінетін оны жұрт тобаяқ атандырған. Бұл жылдары Мұсадан қалған балалардың арасында Орақ пен Мамай және Жаңбыршының екі баласы Телағыс пен Күніке зор беделге ие болған. «Едіге тұқымында бұл төртеуіне тең келер ешкім жоқ» дейтін ноғайлы халқы. Бұлардың тұсында қалмақ жерінде Әйеуке деген әрі хан, әрі батыр адам болып еді. Бұл төртеуі осы Әйеукенің қаласын шашпаққа бел байлаған. Бес қаруын сайланып, қажетінше қол алып аттанған бұларға Ысмайыл атқосшы болып барды. Жауға мінер жарамды аты болмай, ол елдегі жирен сақал Қарағұл дегеннің Теңбілкөгін «майын беремін» деп сұрап мінген. Сол сапар Орақ, Мамай, Телағыс, Күніке Әйеукенің қамалын талқандап, өзін өлтіріп, ауыр олжамен оралған болатын. Әнжі Ысмайыл Әйеукенің Қадаубас қара деген атын «сарқыт» деп сұрап алып еді. Жорықтан келген соң, Қарағұлдың атын етінен арылтып қайтып берген. Жирен сақал: – Сенде қала берсін, екеуміз дос болайық. Сол достығымыздың арасында бір ат жүрмей ме?! – деген. Бірақ Әнжі: – Қажеті жоқ, – деп алмай қойды. Қадаубас қара тақымына тиген соң, арық атты алып кейін Қарағұлдың өтілін өткізгісі келмеді. Ысмайылдың өз есебі бар-тын . «Хан тағына таласып жүріп, қайдағы бір құлға қарыздар болып қайтемін» деп ойлады. Әнжі әнжілігін жасап, бір жағынан дәулетін шашып халықты үгіттеуін, екінші жағынан бәйбішеден туылған Орақ пен Мамайды Мұсаның ағасы Жаңбыршының балалары Телағыс пен Күнікеге айдап салуын тоқтатпады. Араларында қанды кек болатындай жағдайға апарды. Телағыс пен Күнікедей қос нар Орақ пен Мамайға өкпелеп, енді көрместей болып, Қондыкердің еліне көшіп кетті. Көп ұзамай, Әнжі амалын тауып Орақ пен Мамайдың ажалына жетіп тынады. Баяғы «дүние-малымды шашсам да, әкемнің орнына хан болмай қоймаймын» деген арманына да жетті. Мұсаның Орақ, Мамайдан басқа балаларының ішінде хан тағына лайық ешқайсысы жоқ еді. Сондықтан, ноғайлының бір арысы лемерлердің қолдауымен Әнжі таққа отырды. Бірақ оның хандық дәуірі ұзаққа бармады. Дегенмен, өзі ел билеген 111 күн ішінде халықты да, Едіге тұқымын да дүрліктіріп бітті. Хан болған күннен бастап, Әнжіні құрметпен қонаққа шақырушылар көп болды. Өзі де елді аралап, үстемдік орната бастады. Әйеукенің Қадаубас қара атынан басқа ұнамды көлік болмады. Ол ұдайы мініске жарамды. Баяғы жирен сақал Қарағұлдың аты көңіліне қайта орала берді. Сымбатты да жүрісі жайлы тұлпарды өзі шаршатқаны болмаса, таққа мінген адамын тақымына лайық еді, жануар. Енді Әнжі «сол атты берсін» деп Жирен сақалға бір жасауыл жіберді. Ол жасауылға: – Ханға айта бар, кезінде ал дегенімде менсінген жоқ еді. Енді оның неменесіне қызыға қалды?! Жалғыз атымды бере алмаймын. Дос болудан қашқан өзі» деп, оны бос қайтарды. Әнжі ашуға мінді. Өзі хан болған соң, Әнжі жасауылдарға басшы етіп баяғы әкесі Мұса «өз балам» деп асырап алған Мәтрөшкі деген құлдың баласын тағайындаған-ды. Оның аты Жаббас еді. Сол Жаббасты жұмсады. Оған: – Жирен сақалға айт, Теңбілкөкті берсін. Егер қолымен бермесе еріксіз аламын да, өзіне аяусыз жаза қолданамын! Мені ашуландырмасын! – деп қатаң тапсырды. Тегі құл болғанымен, өзін Мұса ханның немересімін деп есептейтін Жаббас Қарағұлдың үйінің сыртына келіп, атынан түспей, сес көрсете айқайлап, «Шықшы, шық!» деп тұр.

– Хабарлас деймін, бермен шық!

Жирен сақал үйде ме?!
Ысмайыл хан жіберді,
Қардар емес ол дүниеге.
Ханға керек Теңбілкөк,

Дәлел айтып сөйлеме!
Беремін деп басында,
Айтып едің сен неге?!
Хан болып еді, енді бермейсің,

10. Айт, мұныңның жөні не?!

Жалған сөйлеп, Қарағұл,
Кімді алдайсың сен неме?!
Жүрсе де, егер, хан болмай,
Бабасы оның Едіге!

Көнбесең қазір көресің,
Жеңіл тисе көңіліңе.
Хан екенін білдіріп,
Көрсетер халық көзіне!

Танисың ба, Қарағұл, 20. Жасауыл болған Жаббасты?!

Мен адам емеспін әншейін,
Дұрыстап қара, албасты!
Хан сайлады ашсын деп
Елдегі жалған-расты.

«Берем» дегенсің атыңды
Мен білемін уағдаңды.
Атты ала алмай жасауыл,
Сарайға қайтып бос барды.

Сонан соң хан жіберді 30. Мен сықылды қошқарды!

Алмай атты кетпеймін,
Бұл мен әкімнің қосқаны!
Екі сөйлеп ұялмай,
Сен болдың ханның қысқаны.

Сен бүйткенде, не қылмайды
Сыртта жүрген дұшпаны?!
Тек сенімен болады,
Қоя тұрып басқаны.

Ала ғой, – деп, – атыңды, 40. Төре кезінде жалындың.

Хан болған соң бермейсің,
Уәдеңнен жаңылдың.
Айтқаныңды ұмытып,
Түлен түртіп қағындың!

Көп кідірме, Қарағұл,
Атыңды алып жүресің!
Осы тұрғанда ізімнен
Қалмай бірге ересің!

Малың менен жаныңның 50. Еркін ханға бересің!

Шығармайсың үніңді,
Ашпайсың аузың тіл тартып!
Атыңды алып жүресің,
Жасырмайсың жалтартып!

Қалдырмаймын өзімнен,
Келмеймін екі мен қайтып!
Ау, тыңдамайсың сөзімді,
Жатқызбаймын шалқайтып!

Дәлел айтып сөйлеме, 60. Қылмысыңды зорайтып!

Кешке дейін тұрам ба
Мен сөзімді құр айтып!

Сонда жасауыл Жаббас құлдың сөзіне шыдамай, Жирен сақал Қарағұл далаға атып шығып, сөйлей жөнеледі:

– Мәтрөшкі қара құл,

Баламысың, Жаббасым?!
Бермеймін ханға атымды,
Қалай қылып аласың?!
«Қарға шақырар өз атын»

«Құл» дегенің өз басың.
Құл да болсам мықтымын,

70. Сыйлап жүрген қожасын!

Азар беріп жіберсем,
Шағынып кімге барасың?!
Сәлем де ханға, ат түгіл,
Ұстасын ондап жығасын!

Аманат жаным сау тұрса,
Жыртқызармын жағасын!
Төгермін шайқап кешікпей,
Әлі толмай жатқан сабасын!

Орақ, Мамай халқынан 80. Әлі-ақ алар «сыбағасын!»

Тайсалдырмай айтып бар
Сөздің осы расын!
Дұрысын егер айтпасаң,
Жасауыл қалай боласың?!

Рас, бермек болғанмын
Теңбілкөкті ханға да.
Менсінбей мені жіберген,
Шын ниетпен барғанда.

Шындықтың жүгі ауыр-ды, 90. «Құл» деген сөзге арланба.

Сенімен жалғыз мен емес,
Бәрі – құл – адам жалғанда!
Жаулы өскен шығар құлағың
Мұсаға құл болғанға.

Сөйтіп, жүріп текті құл,
Құлдығыңа қорланба!
Кешегі анау күндерде,
Жүретін едің сен малда.

Іс басына құл тұрып,
Келе алмас енді бұл маңға!

100. Мен айтайын, сен тыңда,

Неге ат берем дедім мен ханға?!
Түгел еді Едіге,
Төрт ағам түгел жүргенде.
Сол бабама арнағам

Мен «ат берем» дегенде.
Қайран басым, қайтейін,
Зұлымдығын білдім бе?!
Төбеден жайды түсіру

Қашаннан-ақ жүр екен 110. Ысмайылдың кеулінде.

Төртеуге қолым жете алмай,
Інісі ғой, – деп, – Ысмайыл,
Көшпек болғам жөніне.
Інісімен дос болсам,

Таныр деп ем асылзат
Бұл төртеуі мені де.
Олардың бәрін жоқ қылып,
Келді ме менің теңіме?!

Өзіммен бірдей адамға 120. Ат бермеймін бұл күнде.

Ысмайылға айта бар,
Хандығын қылсын жөніне!
Едігені алдың ауызға,
Садаға болсын сұмырай

Әруақтардың тегіне!
Туғанын күндеп айырып,
Тең болған ханның менімен!
Жолдасы ылғи құл-құтан

Жау ала ма сенімен?! 130. Екі асыл ақсұңқар

Қондыкерге хан болды,
Өкпелеп көшкен жөнімен.
Немере жерден қан төкті
Сонда да Әнжі сөзімен.

Телағыс, Күніке айтқаным,
Елден кетті екеуі
Осы иттің бүлігінен.
Артық туған Мамайға

Нақақтан ант ішкізді, 140. Болған жоқ оның өзінен.

Абайсыз өлді ер Орақ
Анасының сөзін тыңдамай,
«Жақын ғой» деген кеуілмен.
Енді айбынарлық адам жоқ,

Ел билейді қандай пейілімен?!
Хан екен деп қайбыртып,
Айрылман Теңбілкөгімнен.
Бағана бермей қалған соң,

Жіберіпті сені де. 150. Аямасын айтыпты,

Қолынан келсе мені де.
Ысмайыл ханға айта бар,
Ер саламын көгіме!
«Мал-жанның еркін бер!» деген,

Ерегісіп сөзіне.
«Хан тұтынып барма!» деп,
Хабар берем Еділдің
Төмені менен өріне.

Жасырмаймын сырымды 160. Дұшпандық еттім көріне!

Толғанбайдың күйеуімін,
Жиен едім Мүсілімге.
Сау тұрғанда Мүсекем,
Ысмайыл келмес шеніме!

Келе қойса шеніме,
Шашар мұның хандығын!
«Жасауылмын, таны!» деп,
Құлдың да қара паңдығын!

Сөзін айтып кешегі 170. Орақ, Мамай төренің,

Ашпа, сен, ашу сандығын!
Өзімдей болған сен құлдың
Ұрайын ба жандығын?!
Біреуі – тоқал, бірі – құл

Жүргізбек бұлар жарлығын.
Келтірмей қойып кеңеске,
Өңшең жақсы барлығын.
Елге барып ертерек,

Айтайын мұның қорлығын. 180. Сұлтанай мен Ахмет

Қылсын тоғыз тондығын!
Жирен сақал мұны айтып,
«Шығар, – деді қатынға, –
Теңбілкөк аттың жабдығын!»

Әйелі де тездетіп
Келтірді істі ебіне.
Жирен сақал мұны айтып,
Мініп алды көгіне.

Бермейтінін білген соң, 190. Жаббас та кетті жөніне.

«Ханға барып біржола
Мықтаймын, – деп, – сені де!»
«Хандығыңнан айырып,
Қоярмын!» – деп, бұл кетті

Ноғайлының билеріне.
Екі құл мықтап алжасты,
Шайтан кіріп кеуілдеріне.
Жаббас кетіп барады,

Түскендей қалың тұманға. 200. Жирен сақал бара жатыр

Еріксіз атты бергенше,
«Жақсы, – деп, – алған бұдан да».
Бір-біріне кеюмен
Аралары ұзады.

Жасауылдікі дұрыс қой,
Намысына қызады.
Мұныкі де мақұл ғой,
«Еріксіз алам!» деген соң,

Қалай шыдап тұрады?! 210. Екеуіне де кінә жоқ,

Әзелде жазған болады.
Бірақ жалған намыстар
Осындайдан қозады.
Болмашыдан от тастап,

Елді шайтан бұзады.
Келе жатыр бұл Жаббас
«Көрдім ғой, – деп, – қорлықты».
Ісініп барған көкірегі

Атты ала алмай торықты. 220. Зорлықпен тартып алуға

Келмеді әлі, қорықты.
Қайдағыны айтып Қарағұл
Қорлады және ұлықты.
Бұның да тегін қазбалап,

Көрсетті ғой азарды.
Атты ала алмай бос қайтып,
Төмендегі назары.
Келе жатып елдегі

Достарға берді хабарды. 230. «Ордаға қалмай келсін, – деп,

Ойлас үшін амалды!
Ертең сәске болғанда,
Жирен сақал аулына
Саламыз, – деп, – зауалды!»

Хан қасында қайымды ер:
«Тарттырам, – деп, – тәубаңды!»
Осыны ойлап Жаббасың
Бара берсін ханына.

Азарланып, қабарып 240. Жүрегі симай қабына

Бұл хабарды есітіп,
Атқа мінер адамдар
Ханға барды жабыла.
Хан да отыр буырқанып,

Қара құл тиіп шамына.
Қадірсіз жанда дос та жоқ,
Құл-құтан, ылғи шаруа.
Ендігі сөзді тыңдаңдар,

Жирен сақал Қарағұлдан – 250. Көк аттың иесі манағы.

Арғы атасы құл еді,
Қожасы ноғай табаны.
Ноғайлының бұл күні
Болған-ды ол қадірлі

Бас көтерер адамы.
Мүсілімдей мырзаның
Бар еді елде туғаны.
Бұл соның құлы еді,

Құл да болса жазалы. 260. Сақидың бірі еді ол

Қайнап тұрған қазаны.
Жақсылығы болмаса
Халыққа қалай жағады?!
Елдегі тәуір, жақсылар –

Бәрі де мұның жараны.
Ноғайлыны қозғады,
«Өтті, – деп, – Әнжі азары!
Мәтрөшкі құлдың баласы

Кетірді, – деп, – мазаны». 270. Атаның ұлы Ахметке

Әуелі мұңын шағады.
Сұлтанай деген би бар-ды,
Басында тұрған базары.
Бұл үшеуі бас қосып,

Аралап елді барады.
Жирен сақал Қарағұлдың
Оңғарылды талабы.
Қалдырмады ноғай барған

Бұхара менен Оралды. 280. Әнжің хан деп бармайтын,

Тіпті күтіп алмайтын
Бірталай халық құралды.
Жинап алып халықты,
Қолға ұстады Құранды.

Ақылдасып хан қойды
Мүсілім деген адамды.
Бірауыздан айтылды
Сары ноғай ұраны.

Хан тұтынып Әнжіні 290. Шамалы халық қалыпты.

Әкімдері, достары
Жиналып бәрі барыпты
“Жирен сақал Қарағұл
Қорлады, – деп, – хандықты.

Біреуің – тоқал, бірің – құл
Нағыласың, – деді, – жарлықты?!»
Қалай айтты бұл сөзді,
Бұл не деген сұмдық-ты?!

Жаббас мұны айтқанда, 300. Ысмайыл ханың тұншықты.

Алтын тақтың үстінде
Күңіреніп сөз қозғайды.
Ойлағанын Жаббастың
Хан мақұлдар болмайды.

Айтылған сөзбен ісі жоқ,
Әр нәрсені ойлайды.
Екі көзден жас ағып,
Бір кезде ханың толғайды:

– Білген екен Қарағұл,

310. Біткен екен жалғаным!

Қанын жүктеп туыстың,
Құрысын хан болғаным!
Таққа мініп, хан болып,
Бітті деп жүрсем арманым

Басыма бүгін тиді ме
Едіге дәстүр бұзғаным.
Жолымнан олар кеткен соң,
Қане, дүние-мүлік пен

Үйірлеп малды жиғаным?! 320. Менде айбат, қайрат жоқ,

Қорқытып елді жинадым.
Не бітірдім хан болып,
Айырылып елден сандалдым?!
Халімнің мүшкіл болғанын

Енді ғана ойға алдым.
Қарағұлдай кәріптің
Ақылына таң қалдым.
Заманым қайым екенін

Айтқанынан аңғардым. 330. Не бітірдім, кәнеки,

Құртқан соң өзім қорғаным?!
Таққа міну арман-ды,
Ес біліп, дүние қуғаннан.
Жалғыз өзім қалыппын

Мен бұл күнде Мұсадан.
Халық қайда барар еді,
Кетпесе кие ордадан?!
Қара бұлты тұрғанда

Орақ сынды торлаған?! 340. Алтын тақта отырса,

Қазынадай хан Мамай
Қару ғып ақыл сайлаған?!
Айдаһардай ысқырып,
Күніке жатса алапта

Көрінгенді шайнаған.
Телағыстай мұзбалақ
Бұғы, марал көтеріп,
Мауқын басып ойнаған.

Отырса солар ордада, 350. Бітпес пе еді арманы

Халқымның мына ойлаған?!
Олардың күндеп, көре алмай,
Қадірін ердің біле алмай,
Бармағым енді шайналған.

Елге иелік ете алмай,
Құлға жауап бере алмай,
Жалғыз басым сандалған.
Бұл халықтың ішінде

Текті тұқым мен едім 360. Туғанымды күндедім.

Көр болғыр көзді шел қаптап,
Намысты жүрдім тек таптап,
Жақсылық ойға келмедім.
Қадірін туыс білгенде,

Бұндай сөз есітер мен бе едім?!
Түнімді жарық қылатын
Айналамдағы шырақтарды
Өз қолыммен сөндірдім.

«Шамшырақ елге болам» деп, 370. Өзімді-өзім сендірдім.

Қорғаным болған қалқанды
«Керегі жоқ» деп сындырдым.
Ұйытқы болған мәйекті
Бір сөзбенен бүлдірдім.

Тоқпақ жалды тарланды
Үйірінен бездірдім.
Қолдағы қос сұңқарды
Үркітіп дүние кездірдім.

Алтын тақтың иелері – 380. Ел билеген ерлерді

Кеңестен күдер үздірдім.
Тұнығымды лайлап,
Сөйтіп, өзім хан болдым.
Хан болғаным құрысын,

Тек әйтеуір жан болдым.
Халқымның басын қоса алмай,
Қатарымнан кем болдым.
Беделім жоқ ешкімге,

Қарағұлмен тең болдым. 390. Өз бағымды мәуелі

От жіберіп, күл қылдым.
Нағыл дейсің, сен Жаббас,
Хандықты енді тұл қылдым.
«Қылған ісім пайда» деп,

Айла жасап мен жүрдім.
Залал екен ойласам,
Иттігімді бүгін білдім.
Қапыда өткен қалпал іс

Орнына келмес «аһ» ұрса. 400. Бермес пе еді құл атын

Тауда тарлан ақырса?!
Құсмұрын қара шоқыда
Ақсұңқар құс шаңқ етіп,
Жалғыз тұрып шақырса?!

Енді адыра қалған Еділде
Екі түрнек түлер ме?!
«Томағамды сыпыр» деп,
Ұшарын қолдан тілер ме?!

Сонда биялайдан бау тартып, 410. Қара лашын жем жер ме?!

Табылған ақыл – айтылған
Қарағұлдың кеңесі.
Жауап таппай ханыңның
Кетіп отыр есесі.

Нағыл дейсің, Жаббасым,
Жасауылға болған бас?!
Жүзіміз кеңес қылсақ та,
Бұған жауап табылмас.

Асқар, асқар, асқар тау 420. Бауыры болар толған тас.

Шыңы болар шаншылған
Бұдыры жоқ жым-жылас.
Сүңгідей сүйір ұшына
Таранып сұңқар қона алмас.

Қонғанменен лаждап,
Қайқайып қайта ұша алмас.
Жол тауып барған жолаушы
Одан қайтып түсе алмас.

Өрісін малдың өрт алса, 430. Ел еркіндеп көше алмас.

Тартылса суы көлдердің,
Көгілдірін ерітіп,
Қулар қонып-ұшса алмас.
Қапыда өткен дүние-ай,

Енді Әнжінің тілін кісі алмас!
Осыны айтып Ысмайыл,
“Болады, – деп, – қате сәл жерде,
Ерлерді жоқтап жылады.

Ойында тіпті болмады, 440. «Енді ноғай келмес деп,

Билікті маған бермес» деп,
Жер бауырлап құлады.
Ханы мұны айтқан соң,
Қызметтегі адамдар

Бет-бетімен тарады.
Мұнан былай халықты
Мүсілім болды сұраған.
Хан Мамайда бала жоқ,

Тұяқ қалмады тарланнан. 450. Алшағырдың баласы

Қалу да қашып, жоғалған.
Қарасай, Қази үлкені
Орақтан қалған баладан.
Шет жерде жатыр оқуда,

Хабар жоқ әлі олардан.

Орақ өлгенде, Қарасай мен Қази екеуі жас қалып еді. Орақ өлген күні, оның айы-күні жетіп отырған әйелі тағы да толғатып, ер балалы болған-ды. Атын Айдынды-Имаш қойған. Орақты жерлеп болған соң, халық әрі-бері ойласып, жиналып келіп, қатынға: – Сен осы халыққа өзің хан бол! – деген. Орақтың әйелі ақылды жан еді. Қара жамылып отырып ел басқару халықты қансыратумен бірдей болар. Оның үстіне «қатын басқарған ел оңбайды» деген, мен хан болып нағылайын. Мына мырза ағаны қойыңыздар, – деп еді. Қанша айтқанмен, халық әйелдің айтқанынан шыға алмай, Әнжі Ысмайылды хан қойған. Әнжінің көктен тілеген арманы осылайша орындалған. «Әйел ақылсыз, бақа құйрықсыз» деген осы екен ғой. Ысмайылдың әнжілігін, осылардың тұқымын құртып жүгенін біле тұрып, бұл қатынға не көрінген?! Билікті өзіне берсек, әйелдің мұны хан қойдырғаны несі?!» деп ренжіп, тарқап еді ел. Әйел басқаша ойлаған: «Егер Әнжі ауылда бос жүрсе, Қарасай мен Қазиды да жастай өлтірер. Бұл екі баланы нағашысының қолына оқуға жіберіп, елден кетірейін. Әкесінің түбіне жеткен бұл залым енді балаларының кемеліне келгенін көріп, тыныш отыра алмас. Бір күні болмаса бір күні бұлардың да түбіне жетіп тынар. Елге иелік ете алмаса, халық бір жағына шығар. Оған дейін балаларым де ержетер» деп шешкен. Қангерман деген қалада әйелдің төркіні бар еді. Әнжі хан тағына отырған соң, әйел екі баланы нағашысына апарып тастады. Бұл екеуі әр түрлі елдің тілін, ғылымды он екі жыл оқыды. Ауылда қалған Айдынды-Имаш он екіге толды. Батыр аталарына ұқсап, жастайынан қару-жараққа үйір болды. Нағыз батыр тұлғалы, қайтпас қайсар, жаужүрек боп өсіп келе жатты. Заманында арғы атасы Нұрадын қол саржаның оғын тастап өткізген қайратты туған ер еді. Он екі жасқа келген Айдынды-Имаш та тасқа оқ атып, жебесін қадалтып жүрді. Әнжі тақтан түскенмен, әкесі Мұсаның бір бөлек қараша еліне басшылық жасап, әңгімеге араласып, тыныш жүрген. Әнжінің айтқанын қылатын осы шағын ауыл адамдары баланың да айтқанын екі етпейтін. Себебі, олар: «Осы бала ағаларына аман қосыла қойса, Мүсілімнен тақты алар. Тақты алса, бізді бір мұратқа жеткізер осы болар» деп ойлайтын. Арада жылдар өткен сайын Әнжі баяғы өз маңдайына өзі төбелегенін есінен шығарып, басқаша қиялға кетіп жүретін. «Бұл бала елдің тағына отырса, менің өміріме қауіп төнер. Ел бұған мен хан болғандағы көрген азарын айтса, ажалым осы баладан болар. Сондықтан ағалары келмей тұрғанда, бір-біріне басын қоспай, осы баланы өлтірейін» деген ойдан арыла алмай жүрген Әнжі, баяғы әккілігіне тағы басты.

Сөйтіп, Айдынды-Имашты оңашаға апарып, азғырып жатыр.
Айдынды-Имаш жас бала
Ақсұңқар құстай таранған.
Он екіде жасы бар,

Қараты асқан қанадан. 460. Салмақты ауыр бәсі бар,

Тұрмысы абзал жаралған.
Тақтан түсіп Ысмайыл,
Тайдырған бағын бұл жалған.
Тек қарашасы қалып әкенің

Сопа басы қуарған.
Бір күні осы Ысмайыл
Айдынды-Имаш баланы
«Мында кел!» деп шақырған.

Оңашаға апарып, 470. Ақыл айтып балаға,

Қамқоршысы бола қалған.
Жақсылар, құлақ салыңдар,
Сонда Әнжінің сөзі толғаған:

– Не ойлап жүрсің, Имашжан?

Айтайын саған ақылды,
Салып отыр құлағың.
Орақ, Мамай өлген соң,
Айтуымен шешеңнің

Таққа міндім, қарағым. 480. Хан болғаным құрысын,

Қоса алмай басын халықтың,
Аз ғана күнге шыдадым.
Үш жарым ай хан болып,
Сандалып, басым дал болып,

Әркімнен кеңес сұрадым,
Қорғаным қолдан кеткен соң,
Болмады тақта тұрағым.
«Тоқалдан туды» деп менсінбей,

Қайрылмай кетті бір жүрген 490. Қаншама жолдас, ноғайлым.

Енді маған пайтақ жоқ,
Өзімді-өзім сынадым.
Үміт күтер бар халқың
Бұл елде жалғыз сен едің,

Шырағым, бірақ жас болдың.
Болғанменен жасың жас,
Бұл халыққа паш болдың!
Мен қарап жүрмей қағынып,

Әр түрлі атақ тағылып, 500. Халықпенен қас болдым.

Қастығымның себебі:
Құлдығына қарамай,
Жаббасты да бас қылдым.
Атамның айтқан сөзімен

Мәтрөшкінің баласының
Сөйтіп кеулін қош қылдым.
Сол ісімді жек көріп,
Сары ноғай бөлініп,

Хан сайлады Мүсілімдей – 510. Үрімнен келген қашқынын.

Қарасай, Қази екі ағаң
Қангерманда оқыған.
Алтын тақтан айрылып,
Мен ағаңмын отырған.

Бұл күндерде көз салсам,
Қайдағы жаман құтырған.
Мамайдан қалған жақсылық
Бұл халыққа ұмытылған.

Кешегі атаң ер Орақ 520. Ноғайлыны қорғаған

Болып еді тас қорған.
Үш баласың, шырағым,
Қалған перзент батырдан.
Ағаларыңа барып кел,

Жүрсе ертіп алып кел,
Ақылым айтып жатырған.
Мен барғанмен келмейді,
«Елге кел!» деп оларды

Хат жазып талай шақырғам. 530. Сенің шешең әдейі

Қангермандағы нағашыңа,
Олардың көзін асырған.
Ешнәрсені ойламай,
Балалардың бақытын

Бастарынан қашырған.
Отаннан жақсы кеткен соң,
Ықпалы тайып елімнің,
Би шықты енді қатыннан.

Ықпал таймай қайтеді, 540. Жесір қатын, жетім ұл

Дәулетті шашып сапырған.
Алдыр, – деп ем, – балаңды,
Бағылан болған бәйбіше
«Үйімнен кет!» деп ақырған.

Үшеуің қос басыңды,
Жараспайды оларға да
Жат елде босқа қаңғырған.
Ел тізгінін алыңдар

Шырағым, пайда қыласың 550. Тап осы айтылған ақылдан!

Үшеуің қос басыңды,
Осы күнде бірігіп.
Мұрасын бер, – деп, – атамның?!
Сұрасаң халықтан көрініп.

Кететұғын адам жоқ,
Бұл ноғайда бөлініп.
«Мүсілім жаман хан болды,
Тек әншейін жан болды», –

Деп Мамайды іздейді 560. Бұл күнде халық егіліп.

Ер Орақтың жоқтайды,
Дұшпанын талай қашырған
Сұр бұлттайын түнеріп.
«Ол екеуі кеткен соң,

Жер тарылып барады, – деп, –
Дұшпан алып шегеріп».
Шырағым, жылдам талап қыл,
Атадан қалған пайтағың

Тұрғанда кетпей көнеріп. 570. Қайта айналып бақ келіп,

Біреуіңе тақ беріп,
Алсаңдар елді игеріп.
Сонда арман қалмас еді
Осыны кетсем мен көріп.

Айдынды-Имаш, осы еді
Менің саған айтпағым,
Жүрген соң елім теңселіп.
Тыңдасаң жылдам алып кел

Қарасай, Қази қасқырды! 580. Жеті атадан біз едік

Ел басқарған дәстүрлі.
Тоқалдан туды деп менсінбей,
Көңілімнің содан пәстігі.
Үшеуіңді көрсем бір жерден,

Көңілімнің болар қоштығы.
Ағаларың ержетті
Болмаса тек жастығы.
Ықпал бізде тұрсын ба

Төмен етек, қысқа ақыл 590. Отанның болса бастығы?!

Керіледі тіл алмай,
Ойынан қалмай баяғы
Ер Орақтың тұсында
Сөйлеген еркін мастығы.

Үндемей сөзін көтерем,
Қам көңілді адам ғой,
Болсын, – деп, – соның қоштығы.
Жаңа талап бір ерсің,

Шырағым, өзің білерсің, 600. Түсінсең ағаң достығы.

Бұл сөзден соң Ысмайылды
Айдынды-Имаш дос көрді.
Балалықтың салдарынан
Ақылын оның қош көрді.

Аңғырттық және сәбилік
Ақылына сап ескерді.
«Барамын, – деп, – ағама!»
Әнжіге қолын үш берді.

Үйіне келіп мұнан соң, 610. «Барамын, – деп, – ағама!»

Анасына күш қылды.
«Жібермеймін» деп еді,
«Кетемін, – деп, – лағып!»
Көзінен шашты ұшқынды.

Жібермесе кетеді
Жасынан тентек жетелі,
Ананың жаны ышқынды.
Не қыларын біле алмай,

«Барма» деген тілді алмай, 620. Қапелімде іс қылды.

«Жүремін» деп ат ерлеп,
Бір қошты алып қасына
Қара нарға қос артты.
Ағайын, қоңсы, ноғайға

Бара жатып қош айтты.
Айдынды-Имаш жас бала
Кеуіліндегі мақсатын:

– Тілектес болып тұрыңдар

Мен келгенше, ағайын! 630. Талабымды оңғарса,

Жаратқан Жаппар Құдайым.
Екі ағама бас қоссам,
Кетер еді сендердің
Кеуліңдегі уайым.

Қарашасы атамның,
Үміт үзбе біздерден,
Келтірсін Алла ыңғайын!
Жақсыларың шыдаңдар,

Жамандарың ұзаңдар, 640. Келген соң көрем сыңайын.

Талабым жүрсе жөнделіп,
Ноғайлы тағын аламын.
Тақ бермейтін кім, қане,
Басына зауал саламын!

Мен арнайы сондықтан
Қангерман деген қалаға
Қос ағамды іздеп барамын.
Әуресімен ойынның

Он екі жасқа келіппін. 650. Осы азғантай ғұмырда

Жақсы-жаман көріппін.
Атадан жастай жетім қап,
Қатарымнан кеміппін.
Атам мінген алтын тақ

Басқаларға беріппін.
Жастығым шығар бұл менің,
Көрінгенге сеніппін.
Қаңғалап жүр көп ноғай,

Жетім қалған далада 660. Лағындай еліктің.

Сондықтан да, ағайын,
Ағалармен бас қосып,
Тақ алуға жерікпін!
Қош болып тұр, тумалар,

Неге керек көп сөйлеп,
Белі талды көліктің!
Осыны айтып жас бала,
Атының басын бұрды енді.

Қасындағы қос артқан 670. Қосшысына «жүр!» деді.

Жасына жетпей жас бала
Адамдықты көздеді.
Халқының қамы ойлантып,
Екі ағасын іздеді.

Жұртты құртқан сұм Әнжі
Не ойлады кім білді?!
Мақұлдап сөзін баланың,
Безеп жатыр қу тілді.

Алтын тақтан тағы ойы бар ма, 680. Салып жатыр сұңқылды.

Айдынды-Имаш жас бөрі
Қаттау киген деніне.
Тақымға қысып көк сүңгі,
Байлаған алмас беліне.

Қорамсақтағы сұр жебе
Қырықтан асар кемінде.
Он екіде жасы бар,
Жас та болса басы бар,

Қайсарлық ата-тегінде. 690. Ойына тек келгені:

«Алтын тақты алмастай,
Бір адамнан кеммін бе?!»
Күн-түн қатып жол жүрді
Қангерманның еліне.

Келгенінде бұл жолдың
Қара Еділ деген жеріне
Қосшыға қосып түсіртті,
Бір ой түсіп кеуліне.

Сол жерге қосын тіккізіп, 700. Жатсын бала үйінде.

Енді әңгіме тыңдаңдар
Ысмайыл Әнжі жөнінде.
Түсіндіріп айтайын,
Келтіріп сөзді ебіне.

Бала төрт күн жол жүріп, Қара Еділ деген теңіздің бір басатына келді. Ауылда жүргенде үлкендерден «Қара Еділдің бұл басатын Қангерман деген қала мен бұлардың ауылының дәл орта тұсы» дегенді еститін. Бұл екі орта болса, енді қалаға дейін тағы төрт күншілік жол бар. Қара Еділге келген соң, баланың кеуіліне бір ой түсіп еді. «Менің жасым кіші болғанмен, жолым үлкен. Үлкен шаңырақтың, алтын тақты орданың иесімін. Екі ағамды іздеп, сәлем берем деп ауылдан шықтым. Жолдың ортасына келдім. Осы араға қос тіккізіп алып, жалғыз өзім қалайын. Қасымдағы қосшымды екі ағама жіберейін. Мені сағынған болса, інілерін көремін десе өздері келсін. Келмесе, мен де осы жерден елге қайтайын. Егер екеуі келсе, осы жерден елге барып халыққа қамқор болармыз. Ағаларым келмесе, онда менімен де, елмен де, атадан қалған мұраға иелік етіп, халықтың қамын ойлаумен де істері болмағаны» деп ойлады Айдынды-Имаш. Сөйтіп, қасындағы қосшысын екі ағасына жіберіп, қосты тіккізіп алып, бала жалғыз өзі қалды. Енді ауылда қалған Әнжі тырнағына қарап, баланың жалғыз қалғанын біліп отыр еді. Өзі баяғы хан болғандағы достарынан елде қалғаны жалғыз Жаббас-тын. Бұл хандықтан айырылғалы, екеуі де елге жеккөрінішті болып жүрген. Неше түрлі ойдың шырмауында қалған Ысмайыл Жаббасты шақырып алды. Ананы-мынаны сөз етіп отырып, ақырында, «Кешегі бала кеткелі сен не ойлап жүрсің?» деп сұрамақ болды.

Сондағы Ысмайылдың айтқаны:

– Сені бүгін мен, Жаббас,

Көрейін деп шақырдым.
Не ойлап жүрсің бұл күнде,
Қайратты туған батырым?

710. Кеше мен хан болғанда,

Билігін бергем халқымның.
Қолыңа билік тиген соң,
Тыным таппай шарқ ұрдың.
Бетіңе жанды қаратпай,

Аюдайын ақырдың.
Әуелі Құдай, екінші
Сен едің менің жақыным.
Бұл күндерде елдегі

Біреуі болдың пақырдың. 720. Кешегі кеткен жас бала

Не ойлап кетті білдің бе,
Не айтады ақылың?
Қанеки, сөйле, Жаббасым,
Айтсайшы істің мақұлын.

Не ойлап жүрсің бұл күнде,
Не келіп жүр кеуліңе?!
Айдынды-Имаш бас қосса
Екі асыл тек бөріңе,

Не істейді үшеуі, 730. Ойландың ба, тегіңді?

Ойластыққа шақырдым
Бүгін жердің кеңінде.
Досым бар ма, Жаббасым,
Сенен басқа менің де?

Сен де мырза баласы
Қарасам байқап, тегіңе.
Қаламады халық бізді,
«Билік беріп болмас» деп,

Келтірді олар ебіне. 740. Егер келсе үшеуі,

Алтын тақты береді
Сол үшеудің біріне.
Сосын олар сенеді
Мына жатқан халықтың

Айтатұғын кебіне.
Қанеки, сөйле, Жаббасым,
Сосын мен де айтамын
Орайлап сенің сөзіңе.

Сонда Жаббас сөйледі 750. Ызасы симай қанаға:

– Қапелімде қиналдым,

Не айт дейсің, хан аға?
Ойлайтындай ел қамын
Достығым жоқ ноғайға.
Қаламап еді халық бізді,

Шыдамай қорлық, азарға.
Дұшпандық еткен адамға
Жақсылық қылып болар ма?!
Бұл халықтың ішінде

760. Сізден артық дос бар ма?!

Тілек тілеп жүрмін мен
Кешегі жас балаға.
Үмітім көп болып жүр,
Деп, сірә, тақты ала ма?!

Едіге тұқым тақ мінсе,
Санға кіріп мен дағы
Ойлаймын бағым жана ма?
Кіреукелі алтын тақ

Қарасай, Қази, Имаштың 770. Біреуі айтпай-ақ мінер деп.

Дәмелімін, хан аға,
Маған да мансап берер деп.
Ақылың болса айта бер,
Ойыма да келмейді

Кеуіліме тиер деп.
Күмәнім бар сонда да
Сіз істеген көп нәрсе
Жобасын олар білер деп.

Сонда Ысмайыл түңіліп, 780. Басын қозғап шайқады.

Бір майдан шайқап отырып,
Жаббасқа жауап қайтарды:

– Сен енді, Жаббас шырағым,

Құлақ сал менің кебіме.
Ағасымен бас қосып,
Келеді ол ноғай еліне
Кіреукелі алтын тақ

Сөз жоқ олар мінеріне.
Күмәнім жоқ тағы да,

790. Мына жатқан халықтың

Оларға не деріне.
«Сол екеуін өлтір!» дер,
Келмесін басқа қаперіңе.
Өлтіреді сонан соң

Сені менен мені де.
Кімді де болса өлтіреді,
Тигізген зәбір көріне.
Туғаннан менің жұмысым

Бәбикеш тұқым жаулаған. 800. Шығармадым мырзаны

Әңгіме, жанжал қауғадан.
Ендігі өмір қызығы –
Лаждап басты сауғалаған.
Сонда да болса бұл тақтан

Есебі келсе құр қалмаған.
Амалдап жүріп, әйтеуір,
Бұрын да солай болғам.
Реті келсе жетпегірді

Көзін жойып тезірек, 810. Ағаларына қоспаған!

Айдынды-Имаш ажалы
Сенен болады деп айтады,
Айырсам жұлдыз аспаннан.
Қанеки, Жаббас, бас тартшы,

Қисық десең бұл жобамнан!
Ысмайыл мұны айтқанда,
Шалқып отырған Жаббастың
Пәс болып қалды назары.

Айтарға сөз таба алмай, 820. Бұзылып кетті ажары.

Ысмайыл айтқан соң,
Сонау бір өткен күндерде
Бұл тұқым берген азарды.
Ойлаған ойы өзгеріп,

Таба алмай басқа амалды.
Сөзінен кейін Әнжінің
Жүрегі қайта қабарды.

– Бұндай жерде бір амал

Сіздей аға табар-ды. 830. Қандай шешім айтсаң да,

Жаббас інің құп алды, –
Деді Жаббас бүрісіп,
Жарқанаттай боп қалды.

Сонда Ысмайыл: – Егер менің сиқырлы тырнағым алдамаса, кешегі кеткен бала ерлігіне мас болып, Қара Еділде қос тіккізіп, жалғыз өзі жатқан шығар. Қасындағы қосшысын екі ағасына жіберді. Кейін олардан жермен қашсаң тұтыларсың, сумен қашсаң құтыларсың. Сондықтан мынау отырған қоңсы ауылдан қырық адам берейін. Астыңа кеме мін. Теңіздің басатынан айналмай, түнде тұсынан өтіп кет. Іждаһат қылып қатты жүрсең, бір түнде өтіп боласың. Таң білінген уақытта Қара Еділдің жарының астына қайықты байла! Осыны айтып Ысмайыл бір тоқтады да, қайтадан сөзін жалғастырды. – Күн шыққан уақытта қарасаң, басаттың өзің қайық жасырған тұсында жайылып жүрген көп ат болады. Біреуін ұстап мініп, тұсауын мойнына салып, Қара Еділдің жарының астын жағалап арқа-шығысқа қарай жүре бер. Көп ұзамай көрінеді. Сен барғанда бала жалғыз өзі саржасын қарынан өткізіп, етпетінен түсіп ұйықтап жатады. Қорықпай, жүгіріп бар да ұйықтап жатса, «екі ағаң келіп қалды!» деп қатты айқайла. Өмірінде көрмеген екі ағасы келе жатыр деген соң, баланың тұлабойы балқып кетіп: «Аға, сүйіншіге саржамды аласың ба, әлде жанымды аласың ба? Екі ағамның жолына аярым жоқ. Қалағаныңды ал!» дер. Сонда: «Шырағым, жаныңды не қылайын саржаңды бере ғой де”. Саржасын беріп, киініп әуре боп жүгенде, шапшаңдатып атып сал. Баланың ажалы сенен. Бұл айдан анық. Өзің өліп қалып жүрме. Мен білерде біздің тұқымның бойы балқып тұрғанда өзінің қаруы өтпесе, басқа басқа қару өтпейтін еді. «Бүгін бесінші күн» дегенде, мен тырнағыма қараймын. Егер осы жолы өлтіріп қайтпасаң, кейін я сенің ажалың, я менің ажалым сол баладан болады!» деп Әнжі Жаббастың зәресін алып, қоя берді. Жаббас жаңағы айтқанының бәрін істеді. Қасына берген қырық адам таң білінген уақытта Қара Еділдің жарының астынан бір-ақ шықты. Адамды ілестіріп, түнімен қырып-жойып, боқтап-балағаттап жүріп, ескекші, көмекші адамды қайықтың басына тастап, аржағындағы басатты жағалап, жайылып жүрген аттың біреуін ұстап мініп алды. Тұсауын мойнына салып, жағалап баланың қосына жақындады. Байқап қараса, бала қоста жалғыз өзі жатыр екен. Саржасын қарынан өткізіп алып, төсегінде етпетінен түсіп жатыр. Жаббас баланың ұйықтап жатқанын көрген соң, «үстіне міне түссем бе екен?» деп тұрды да, ойынан шошып кетті. «Бұған шамам келе ме, келмей ме? Тұрған соң өзімді өлтіруі де мүмкін ғой» деп, анадай жерге қайтып барып, атын тапырлатып шауып келіп: «Екі ағаң келіп қалды! Сүйінші!» деп тұрған кезі:

– Не қылғаның, шырағым,

Осыншама жатқаның?!
Келе жатқанда екі ағаң,
Мұнша неге ұйықтадың?!
Мен де келдім артыңнан,

Іле-шала шыққанмын. 840. Анығын біліп ағаңның,

Хабар бере шапқанмын.
Сүйіншіңді алмаққа,
Күзетіп жолды баққанмын.
Сүйінші, шырақ, сүйінші!

Жақсылық сөз айтқаным.
Сүйінші сұрай мен келдім,
Басыңды көтер, шырағым.
Жолын бер, – деп, – мырзаның!

Құдайдан мен де сұрадым. 850. Түнделетіп жол жүрдім,

Білген соң жердің жырағын.
Сүйінші сенен алмаққа,
Арқаңмен адам болмаққа,
Күндіз-түні жол жүрдім,

Жастыққа тимей құлағым.
Сүйінші, шырақ, сүйінші!
Сүйінші сұрап келіп тұр
Мырза-ау, мына қонағың.

Салауатпен киініп, 860. Ағаңа сырттан көрінші.

Не бересің, Иманжан,
Қарасай келеді, сүйінші!
Қазиы бар қасында,
Тағы да бер сүйінші?!

Сен – ұядағы балапан,
Сақилық қыл, өзіңше!
Адамның аты шығады
Сақилығы білінсе.

Халық мақтар, әй, мырзам, 870. Артықтығың көрінсе!

Арғы атаң Едіге –
Ноғайлының болған намысы!
Төрт тарапқа жайылған
Мырзалықтан дабысы.

Ұйықтап жатқан жас бала
Түрегелді аблыға.
«Сүйінші!» деген бір айқай,
Шыққаннан соң барлыға.

Шырт ұйқыдан тұрған соң, 880. Бір отырып, бір тұрды,

Ешнәрсеге түсінбей.
Бұл құбылыс көрінді
Өңі менен түсіндей.
«Екі ағаң келеді» деген соң,

Тұла-бойы балқыды-ай.
Алақайлап қуанады,
Ой сақтамай артына-ай.
Қойып сөзге ықылас,

Жауап айтты тартынбай: 890. – Ағеке, сізге қашаннан

Менің жайым мәлім-ді.
Елге барсам есен-сау,
Алып берем арыңды.
Ойға алғаныңды болғызып,

Жаздырамын қарыңды.
Сүйіншіге аяман
Қолымдағы барымды.
Осы тұрғанда мен сізге

Білмеймін не ұсынарымды?! 900. Әзірше, ең болмаса,

Аламысың садағымды.
Өмірімде көрмеген
Екі ағам үшін аяман
Кеудемде шыбын-жанымды!

Сонда Жаббас айтады:

– Осыныңды ұмытпа,

Атадан артық қайратты ер!
Елге барып тақ мінсең,
Ішімнен тарқат шемен-шер.

910. Он екі жасқа келгенде,

Сен болдың нағыз кемеңгер!
Өміріңді сұрап мен жүрмін,
Бірақ, ілгергіні кім білер?!
Айта көрме «жан ал» деп,

Естіген жұрт күліп жүрер.
Қарасай, Қази келгенде,
«Сүйіншіге не берді?» дер.
Бостан босқа тұрмайын,

Құр алақан болмайын, 920. Мырзалық қылсаң, саржаң бер.

Одан да олжа алармын,
Көрсетіп оған мақтармын,
Қорамсақты қоса шешіп бер!
Албыраған жас бала

Жаббас құлға сенеді.
«Олай болса, аға» деп,
Жабықтан құл Жаббасқа
Саржаны алып береді.

Киінем деп Айдынды-Имаш 930. Қалбалақтап жүргенде,

Шапшаңдатып құл Жаббас
Саржаны тартып кереді.
Қас-қағымда баланы
Атып келіп жібереді.

Жақыннан атқан сұр жебе
Жас балаға енеді.
Қос өкпеден оқ өтіп,
Төсегінің үстіне

Жүгініп бала шөгеді. 940. Сонда ғана жас мырза

Жіберген Жаббас немені
Ысмайыл екенін біледі.
«Атаңа нәлет, залым!» деп,
Қос-қолдап жерді тіреді.

Айдынды-Имаш, әйтпесе,
Нұрадындей ер еді.
Бітіріп ісін болған соң,
Алды-артына қарамай,

Атаңа лағнет бұл Жаббас 950. Теңізге қарай жөнеді.

Мініп алып кемеге,
Елге жүре береді.
Имаштан хабар барған соң,
Қарасай, Қази екеуі

Екі атқа мінеді.
Қай озғаны қарамай,
Көремін деп інісін,
Аттың басын жібереді.

Шақырым Жаббас кеткенде, 960. Қарасай бұрын келеді.

Келсе інісін бүктүскен
Қарасай сонда көреді.
Бір сұмдықтың болғанын
Айтқызбай-ақ біледі.

«Ой, бауырымдап!» інісін
Құшақтап жасын төгеді.
«Ағажан...» деп аржағын
Айта алмай бала тұншығып,

Құшағына кіреді. 970. Қос өкпеден оқ өтіп,

Бала отыр демін ала алмай.
Жаңа ғана атыпты,
Денесі тұр әзір қанамай.
“Қайдан келген бәле?!” деп,

Үйге кіріп қарады-ай.
Үш кірді де үш шықты,
Еш дерегін таба алмай.
Әнжінің ісі екенін

Қарасай іштей сезеді. 980. Оқтың түрі қолайсыз,

Бірақ бала тірі еді.
«Мұны қылған қу Әнжі
Өмірінде оңбас! деп.
Бала адам болмас» деп,

Бауырдан күдер үзеді.
Жерден таппай ешнәрсе,
Теңіз жаққа қарады.
Су бетінде көрді ол

Бір қалқыған қараны. 990. «Жау осымен келген» деп,

Жағаға таман барады.
Төрт қырлаған жебені
Қорамсақтан алады.
Ашуланып Қарасай,

Қайқайта тартып шіреніп,
Жіберіп келіп қалады.
Қайықтың қаңқа тақтайы
Екі атқанда сынады.

Басына түсіп былалай, 1000. Қырық бір кісі шулады.

Быт-шыт болып қайығы,
Суға кетіп қырылады.
Әнжі айтқан Жаббасқа
“Бесінші күн келеді деп,

Тәңірден жазған ажалы”.
Кеме екенін білген соң,
Шулап кісі өлген соң,
Қосқа мойын бұрады.

Үйге кіріп Қарасай, 1010. Інісін құшып жылады.

Бауырына жаны ашып,
Іші оттай жанады.
Еркі кетіп басынан
Жылап тұрып толғады:

– Қарағым, саған не болды

Қарауыл, сақшы қалдырмай?!
Алып шығып ауылдан,
Шыңдауыл болса салдырмай?!
Не қылғаның, бауырым,

1020. Алыстан хабар алдырып-ай?!

Әнжі қу, сен-ақ құрттың-ау,
Отымды тыныш жандырмай!
Далаға шығып қарадым,
Көз жетер жерден, шырағым,

Көре алмадым жанды да.
Жерден таппай ешнәрсе,
Суға көзім салдым да
Бір кемені уаттым

Қаңқасын тесіп жардым да. 1030. Нақақтан-нақақ сен үшін

Жаласына қалдым ба?!
Қос өкпеңнен оқ өтіп,
Сен отырсың бүгіліп.
Қайырғанда сен үшін,

Қабырғам барады сөгіліп!
Екі қолың жебеде,
Көзіңнің жасы төгіліп,
Жайнап отыр қос жанар,

Әзиз жаннан түңіліп. 1040. Сау болғанда, қарағым,

«Қарасай ағам келді» деп,
Шықпас па едің жүгіріп!
Сөйлетпеді-ау дем бөліп,
Көктей өткен қырлы оқ.

Мәні-жайын айтатын,
Тым болмаса тіл де жоқ.
Болғанмын ба, Құдай-ау,
Қызығыңды мен көріп?!

Әнжі қу өтпей жалғаннан, 1050. Бәйбішенің баласы

Талабың жүрмес жөнделіп!
Жауқазын гүлін жаңа ашқан
Бір мүшелі жасың бар.
Жапанда жалғыз қалғандай,

Кіммен болған бәсің бар?!
Абайласаң болмас па еді,
Тумадан шыққан қасың бар?!
Баулынбай жатып не еткенің,

Тұғырдан ұшып жас сұңқар?! 1060. Ұшқын атқан қос жанар

Шамшырақтай жайнаған.
Мәжелің жоқ сөйлеуге,
Қыжылдап ішің қайнаған.
Сендей бала туар ма,

Он екі жасқа келгенде,
Әр қиялды ойлаған?!
Енді білген шығарсың,
Әнжі сені алдаған.

Ары бармас басқаның, 1070. Сол шығар залым алыстан

Алдыңды орап сайраған?!
Едігенің ұрпағын
Құртпай, сірә, қоймаған.
Алдап ойын баласын,

Не қылғаны, оңбаған?!
Құртқанменен біздерді,
Басыңа рахат қонбаған!
Қолдан келер нәрсе жоқ,

Болмаса шипа Алладан! 1080. Қарасай мұны айтқанда,

Айдынды-Имаш қозғалған.
Көкірегі сырылдап,
Екі иіннен дем алған.
Түкіріп тастап қара қан,

Қаны келіп орамнан.
Қысқа болды өмірі,
Бала еді абзал жаралған.
Қос бүйірін таянып,

«Арманда қалған ағам!» деп, 1090. Бөлініп демі толғаған:

– Ағеке, көрдім жүзіңді

Дем таусылып тұрғанда,
Сен де көрдің ініңді.
Амалым бар ма Құдайға,
Тырнағына ажалдың

Шықпастай болып ілінді?!
Айта алмадым арманды,
Көріп тұрсың түрімді.
Атып кетті Жаббас құл,

1100. Сіздерге берсін жүрімді.

Алып-ұшқан шағымда,
Сыйлап кетті өлімді.
Ақылсыз, аусар білмеппін
Жау шыққанын жақыннан!

Балапан едім жас түлек,
Ұяда тұрып талпынған.
Тауда тұрып таранып,
Ұшқанда көкке шарқ ұрған!

Таудан аққан бұлақ ем, 1110. Жаббас байлап сағамды,

Су аяғы тартылған.
Құл сөзіне мас болып,
Ет-жүрегім елжіреп,
Қорғасындай балқығам.

«Келатыр ағаң!» дегенде,
Тасып кетті кеуілім
Көк теңіздей шалқыған.
Шығып едім ауылдан,

Екеуіңді көрмекке. 1120. Өмір-бақи сіздермен

Бас қосып бірге жүрмекке.
Қарамайды екен Құдайым
Қылған талап еңбекке.
Атамыздың көп дұшпан

Қарсыласып тұрғанда,
Ұрысқа бірге кірмекке.
Қиялай қиқу болғанда,
Қызмет қылып сендерге

Алдарыңда өлмекке! 1130. Ойлаған ойым көп еді,

Жазбаған екен көрмекке.
Көре алмай барам анамды,
Арманым көп Құдіретке!
Айтып еді анамыз

«Екі ағаңа барма! деп.
Қатарыңмен, теңіңмен
Ауылда жүріп ойна! деп.
Дұшпаның көп, досың аз,

Ақылыңды жина! деп. 1140. Өздері келер өлмесе,

Өйтіп тентек болма!” деп.
Жаным аға, не пайда
Ынтық болдым көрерге?!
Жаңа біліп отырмын

Өзімнен кетті қателік,
Ол күнім қайтып келер ме?!
Құл сөзіне мас боп ем,
«Келатыр ағаң» дегенде.

Қос өкпеден оқ өтіп, 1150. Жан алқымға келгенде,

Риза болдым бұған да,
Қараңды сенің көргенде.
Болмағанда сатқындық,
Асылар едім мойныңа

Құстай ұшып мен барып!
Тұрмас па едім алдыңда,
Екі бетім қызарып.
Тартылған суы айдындай,

Жүзім қалды қуарып. 1160. Жайнаған бақта қызыл гүл

Жапырағы қурады,
Раушанын күн алып.
Айтарсың сәлем анама,
Қазидайын ағама!

Қателік кетіп өзімнен,
Сәл ертерек сұм ажал
Қолын салды жағама.
Риза бол бәрің де

Мынау пәни жалғанда. 1170. Он екі жасқа келгенде,

Айдынды-Имаш мен болдым.
Айбатынан ел қорыққан
Қайраты артық ер болдым.
Қулықтан туған құлынның

Ат боларын білмедім!
Мұсадан туған баланың
Жат боларын білмедім!
Құлдан туған Жаббастың

Жау боларын білмедім! 1180. Алдап, егер, соқпаса,

Жаудан өлер ер ме едім?!
«Сүйіншілеп» келген соң,
Аша бердім қойнымды.
Қуанғаннан, жан аға,

Ұсына бердім мойнымды.
Мен көтеріп отырмын
Құдайымның салғанын.
Енді сезіп отырмын

Әнжінің ылаң қылғанын. 1190. Білейін қайдан, ағеке,

Жау боларын туманың?!
Құлдан туған Жаббастың
Артымнан шығып қуғанын.
Сезгенімде ертерек,

Шыбын жаным сау күнде
Бермес пе едім жазасын?!
Атаңа лағнет заңғардың
Жеткізбес пе едім қазасын?!

Балалықпен біле алмай, 1200. «Барма!» деген тілді алмай,

Ішімде барады арманым!
Сазайын жаудың бере алмай,
Қазиымды да көре алмай,
Тістеулі барады бармағым!

Көре алмай кетіп барамын
Анамның ақ дидарын!
Қош болып тұр, ағалар,
Қалмады енді мәдарым!

Не қылайын көп сөйлеп, 1210. Барымды айтып болғанмын.

Бала осыны айтқанда, Қарасай шыдай алмай: – Имашжанымай, болғалы тұрған бала екенсің ғой! деп, оқты суырып алды. Оқпен бірге баланың да жаны шығып кетті. Бала жан тәсілім болған кезде, атқосшысы мен Қази деген ағасы да жетіп еді. Екеуі құшақтасып көрісіп, жылап кешке дейін отырды. Кеш болған соң баланы сол араға жерледі. Елге жеткізе алмайтын болды. Баланы сол арада қойып, уәделесіп атқа мінді. Қай бұрын барғаны Әнжіні өлтіретін боп келісті. «Бұл уәдені орындамай, аттан түспейміз!» десті. Екеуі ауылға қарай шауып ала жөнелді. Екі күннен кейін Қарасайдың аты жүрмей қалып, Қази ауылға бұрын жетті. Ауылдағы Әнжі тырнағына қарап, бұлардың келе жатқанын біліп отыр еді. Қази ауылға жақындағанда, ол Қадаубас қара атқа мініп шығына қашты. Қази қуды. Құтыла алмайтын болған соң, Әнжі елдің шетіндегі бір жалғыз қыстауға келді. Қазидан қаракөрім бұрын келіп үйге кіріп кетті. Артынан Қази да жетіп, Әнжінің атының қасына атын байлады. Содан кейін қылышын суырып алып, үйге кіріп барды. Үйге кірсе Әнжі жоқ. Бір қатын тары қуырып отыр.

– Бұл үйге Әнжі келді ме? деп еді, қатын: – Көргенім жоқ, – деді. Үйді, даланы қарап ешнәрсе таба алмай, ол үйге қайтып келіп: – Жаңа ғана осы үйге еркек кіріп еді ғой! Қайда ол? Айт! Жерге кіріп кетті ме?! Шыныңды айтпасаң, шауып тастаймын! деп, қылышын көтере берді. Әнжі бұдан келіп, тары қуырып отырған қатынды қылышпен екі бөліп пешке тығып жіберіп, сол қатынның жаулығын тартып, көйлегін киіп, қолына былғауышын алып отыра қалған-ды. Қази «жаулығын тұмшалай тартқаны несі» деп сезіктенді де: – Сен Әнжі емессің бе?! – деп айқайын сала ұмтылды.

Енді шауып тастайтынын білген Әнжі Қазидан қорқып кетіп, аяғын құшақтап жылай берді:

– Аман-есен жүрсің бе,

Айналайын, Қазиым?!
Аяғыңа жығылып,
Қылайын саған тағызым.
Мойыныма қойып өлтірсейші,

Не болды менің жазығым?
Қолыммен қылған ісім жоқ,
Кінәсі не бауырдың?
Тек жаманат арқалап,

1220. Астында жүрмін ауырдың.

Не қыларым біле алмай,
Айбатыңа қарсы тұра алмай,
Шырағым, саған жалындым.
Астыңдағы Аққұс ат,

Аяғын қадам басқан-ды.
Айбатты туған түрің бар,
Содан ағаң жасқанды.
Қуанушы едім ішімнен

Келер-ау, – деп, – екі інім, 1230. Күйрететін дұшпанды.

Түріңді көріп шошынып,
Ол ойым менің бос қалды.
Кейігендей кейпің бар,
Көрген адам сасқандай.

Мұз көбеден сөгіліп,
Су кемерден асқандай.
Не жазығым бар еді,
Сен қуып, мен қашқандай?!

Айтарымды мен айттым, 1240. Шаба бер енді жасқанбай.

Не қылсаң да өзің біл,
Жазықты болған қасқаңды-ай.
Тұғырына қонған еліңнің
Екі ақсұңқар төресің.

Қаршыға боп ілмекке
Ізімнен қуып келесің.
Алмасың бар қолыңда,
Ашулансаң бөлесің.

Арғы атаң Едіге 1250. Пақырға қылған демесін.

Сол асылдан қалған сынықсың,
Ақ, қараны айырып,
Ашып бірақ көресің.
Өлтірем десең өзің біл,

Туғаныңмын сонда да,
Өз қолыңнан көмесің.
Сенің әкең ер Орақ
Қаңтарда қара бурадай

Ақырып тісін қайраған. 1260. Баласы құрысын атаға

Сендей ұқсап тумаған.
Келбетіңе қарасам,
Қазанның қара бұлтындай
Найзағайы ойнаған.

Сен тұқымсың, шырағым,
Едігедей мырзадан.
Сырымды саған айтайын
Сөйлеймін жалғаннан.

«Хан болам» деп туғалы 1270. Арылмадым арманнан.

Жазғырып бәрін жазықсыз,
Айырылып қалдым қорғаннан.
Тоз-тоз болды ноғайлы,
Қақпанға түсіп мен құрған.

Телағыс, Күніке екі нар
Асып кетті Боғдыдан.
Ант ішкізіп нақақтан,
Мамайға қастық мен қығам.

Менің салған бүлігім 1280. Орақтың басын алдырған.

Тұзаққа түспей тек қана,
Алшағырдың баласы
Қалу да қашты «құр-құрдан».
Менен болып жаласы,

Жаббастан болып жазасы,
Айдынды-Имаш жас бала
Қыршынынан қырқылған.
Бейарман кетті, не пайда

Өлгеннен соң қыңқылдан?! 1290. Бақ іздеген ар ма екен,

Ескерусіз қалғаннан?!
Хан болып, тақ мінуді
Мақсат тұттым салғаннан.
Осының бәрі болған іс,

Ойдағы жүрген арманнан.
Себебі менен болғанмен,
Мұның бәрі Алладан.
Қара басын қайттап,

Шынын айтты бұл ағаң. 1300. Қиын екен, Қазижан,

Өзіңнен кіші балаға
Қол қусырып зарлаған.
Құтылғың келсе, тез өлтір,
Мұсадан туған жаманнан.

Өлтірсең де адам жоқ
Алатұғын қолыңнан.
Хақ жазуы осылай,
Өлтірген жоқпын қолымнан.

Алдыңда келіп жылап тұр 1310. Жазықты болған сорлы ағаң.

«Қияметтік істі кешірген,
Мырза» дейді бабаңды.
Не қылсаң өзің білесің,
Істеген ісім жаман-ды.

Өз қолыңнан өлтіріп,
«Ағам өлді менің» деп,
Бересің қалай хабарды?!
Өлген келмейді орнына,

Өлтіргенмен бұл жарде 1320. Мен сықылды арамды.

Жақсылық еткен азамат
Жұмаққа ертең барар-ды.
Жан деген шіркін тәтті екен,
Қайтсем жаным қалар-ды?!

Бір Аллаға тапсырып,
Ағаң сөзін доғарды.

Әнжі осылай деп жылап-еңіреп, Қазидың аяғын құшқан күйі жалына берді. Көзінің жасы көл болды. Қази оны аяп кетті. «Қой, қанша жауыз дегенмен әкемнің ағасы ғой. Өз қолымен өлтірген жоқ. Барлық зұлымдығын мойнына алды. Ата-бабаның аруағын ортаға салды. Бұл кісіні өлтіргенмен, өлгендер қайта тірілмес. Алланың жазуы солай болған шығар. Қан орнына туыс адамның қанын алсақ, қателігін мойындаған адамды өлтіре берсек, ертеңіміз не болмақ? Өлтіре салу қиын болмас. Бірақ ертең ел бетіне қалай қараймыз. Өз ағасын өзі өлтірді демей ме? Қанын мойныма жүктемейін. Құдайдан өзі тапсын!» деген ой келді оған. Сонан соң аяғын босатып алды да: – Бір жолға арам да болса қаныңды кештім. Тұр орныңнан! Сүрт көз жасыңды! «Сіз» деп сыйлауға тұрмайтын адамсыз. Бірақ амал не?! О дүниеге барғанда тозақ отына күйерсіз, тумай туа шөккір, қақпас! Бабамның аруағынан садақа кет!» деп сыртқа атып шықты. Сол кезде Қарасай да келіп аттан түсіп жатыр екен. Бұны көрген бойдан: «Не қылдың? Өлтірдің бе Әнжіні, жоқ па? деп, дүрсе қоя берді. Қази ағасына тура қарап: – Жоқ. Бір жолға кештім. Әкемнің ағасын қалай өлтіремін? – деді. Қарасай ашудан жарыла жаздады. – Қас жаман әкесін өлтіріп шешесін зына қылған адаммен дос болады!» деген екен. Саған соның кері келіп тұрған жоқ па?» Онда өзім өлтіремін! деп үйге қарай адымдай басып келе жатты. Қылышын сығымдай ұстап жақындай бергенде, Қази екі босағаға керілген күйі: – Аға, сізге айтар бірауыз сөзім бар. Атам Едігені жұрт мырза дейді екен. Пайда болсын, өзіне залал болсын, әйтеуір, аузынан шыққан сөзін қайтып алмапты. Мен уәде беріп ем. Мені атамның жолынан тайдырмаңызшы?! – деді. Қарасай інісінің көзіне тесіле қараған бойы бір сәт ойланып тұрып қалды. «Бір көріп бауырыма басуды армандап жүрген Айдынды-Имаш өлідей айрылдым. Енді Қазидан қалай тірідей айрылам?» деп іштей күйзелді. Сонан соң: – Бердім тілегіңді, – деді де, сылқ етіп отыра кетті. Қази да сабасына түсе бастаған ағасына: – Мен Әнжіге бір-екі шарт қоямын. Соған келіссе өлтірмей-ақ қояйық, – деді. Сөйтті де, Әнжіні шақырды. Ол сыртқа шыққанда, әлі де ашуы басыла қоймаған Қарасай күліп жібере жаздап орнынан тұрып кетті де, теріс айналды. Үстінде әйелдің көйлегі, басында жаулығы, қолында былғаушы бар Әнжінің түрі, шынында, адам күлерлік еді. Қази оған қарап қабағын түйе сөйледі. – Осы жерде өлуге қайлысыз ба, әлде, осы түріңізбен ауыл-ауылды аралап, әркімнің тарысын қуырып, келісін түюге қайлысыз ба? деп сұрады. Әнжі біресе Қазиға, біресе Қарасай жаққа жалтақтаған күйі: – Осылай тары қуырып жүре берейінші, – деді, жалынышты дауыспен. – Онда алдыма түс! – деді де, Қази Қадаубас қара атты жетегіне алып, Әнжіні жаяу айдады. Қарасай алдында озыңқырап отырды. Бұлар елге келсе, Мүсілімді хан қойған ел өз шаруасымен айналысып кеткен. Әнжіні әкесі Мұсаның бір бөлек қараша еліне әкеліп: – Енді тыныш жүріп, осы ауылдың келісін түй, тарысын қуыр. Егер жөніңе жүре алмасаң, бәрібір ажалдан қашып құтыла алмайсың! – деп тастап кетті. Қарасай мен Қази өз ауылдарына келіп, анасына жылап көрісті. Он екі жылдан бері балаларын көрмеген, оның үстіне Айдынды-Имаштай кенжесінен айрылған жесір әйелдің қайғысы қабырғасын қақыратып, қан құстырды. Аңыраған ананы жұбатар амал таппай Қарасай мен Қази да, ағайын туыстар да естерінен танды. Бір сәтте анасының шашы ағарып кеткенін көрген қос жетімнің көз жасынан басқаға әлдері келмеді. Әкесі Орақтың кезіндегі дәуреннен айрылған бұларға ешкім көз қырын салмады. Үй шаруасына көмектесіп, селбесіп жүріп жатты. Әкесінің қарашасында қалған Әнжі де әйел киімін тастайын десе, Қарасай мен Қазидан қорқып, тастамайын десе, бала-шағаның мазағына ұшырап, әр үйдің келісін түйіп жүріп жатты. Бірақ уақыт өткен сайын, жаны қылыш үстінде тұрған сәтті ұмыта бастады. «Мен қашанғы қатын болып жүре беремін. Уақыт өткен соң өздері келіп, мені мына құлдық өмірден құтқарар деп едім. Олар олай жасамады. Қази мен Қарасайды құртпасам, түбінде мен олардан құтыла алмайды екенмін» деген пікірге келіп, тағы бір жауыздық ойлады. Енді Әнжіден сөйлейік.

Киімін әйелдердің Әнжі киіп,
Жүрген-ді тары қуырып, келі түйіп.
Хан қылып Мүсілімді бүкіл ноғай,

1330. Әнжінің жүрді бұған іші күйіп.

Мүсілім хан болған соң қарап жүрмей,
Мұсаның қоңсыларын кеткен бөліп.
Шеттетіп ноғайлыдан қалдырмақшы,
Әнжі де бұл жағдайды отыр біліп.

Сондықтан Әнжі ойлап бір сұмдықты,
Жайлады көкірегін жаман желік.
Кетейік түсіндіріп осы жайтты,
Әріден тарихты айтып келіп.

Қарасай Қазименен тағы айтамыз, 1340. Қайғылы еді Інісіне ажал жетіп.

Екеуі әрі жарлы, әрі жетім,
Жүр еді қол пайдамен тек күнелтіп.
Халықтың қадырменді адамдары
Кеткен-ді осылайша тентіретіп.

Орақтан қалған байлық болмаған соң,
Амал не жүрді солай тірлік етіп.
Ер Орақ хан Мамайдың ағасы еді,
Мәскеуге қас болғаны қалас еді.

Іс қылып тірісінде әділ Мамай, 1350. Сонысы өмірінше оғаш еді.

Батырхан, палуан Сұлтан Қырымдағы
Бұларға Орақ, Мамай нағашы еді.
Өлтірген осы екеуін Мамай өзі
Жала емес, сол оқиға сарас еді.

Бұл күнде Қырым халқын билеп тұрған
Жасарал палуан Сұлтан баласы еді.
Қараған Жасаралға барлық Қырым,
Патша боп алтын тақтан алған орын.

Ықпалы Жасаралдың бұл күнде зор 1360. Қырымның бар халқына артқан қолын.

Жасарал бір жасында қалып еді,
Құрғанда Мамай әкеге ажал торын.
Жоқтаусыз екі батыр кетіп еді,
Ала алмай Қырым халқы мұнан кегін.

«Қорлыққа бұл екеуін сол салар» деп,
Ойлады келтірмекке Әнжі ебін.
Әнжінің кеулі ауған хат жазбаққа
Жібермек Жасаралға Қырым жаққа.

Өзінің арманына жету үшін 1370. Қази мен Қарасайды құртқызбаққа.

«Тез жазып жіберейін бар жағдайды
Қос жетім ұшырасын аласатқа.
Бар сырын дұшпанына паш қылайын,
Зәру деп киер киім, мінер атқа.

Әкеңнің кегін алмай осынша жыл,
Ықпалың жүріп тұрғанда қалма ұятқа.
Көрсетті бұл екеуі маған азар
Жақын деп күнәмді өтіп, салмай назар.

Білмейтін бұрын-соңды хабарды естіп, 1380. Кегіне әкесінің қалай шыдар.

Қази мен Қарасай өлтірем деп,
Шыдамай, ноғайлының шырқын бұзар.
Бұл хабар тиісімен Жасаралым,
Аунақшып төсегінде қаны қызар.

Жаратқан жәрдем берсін, тездетейін
Осы ойым бір шамаға келген шығар.
Жасарал шауып алса Ноғайлыны,
Басыма сонда менің бақыт қонар.

Бұл халық бұлан-талай күйге ұшырап, 1390. Қазіргі қасіретімнің орны толар.

Жақсылық жақсылыққа қайтарылып,
Хан тағы басқаға емес маған қалар.
Отырған бұл үйдегі үлкен-кішің,
Өлеңмен айтып өттім, сөзге түсін.

Келтірер халық басына үлкен зауал,
Залымдық ойлайтұғын жалғыз кісің.
Доғарып домбыраны, әңгімемен
Айтайын түсіндіріп ендігісін.

Қырым хандығындағы Қарахан деген кісінің палуан Сұлтан және Батырхан деген балалары Мамай ханға жиен болатын. Бұрын айтылғандай, Әнжі азғырып, Мамайға сол екі жиенін өлтіртіп еді. Сол өлетін кезде біреуі он алтыда, он екі жаста болатын. Он алты жасар палуан Сұлтаннан Жасарал деген бір жасар бала қалған-ды. Қырым патшасы болып тұрған сол еді. Әнжінің Мамайды азғырғанын, сөйтіп, оның әкесін өлтірткенін және қандай залым екенін Жасарал сырттай білетін. Бірақ оның шын аты Ысмайыл екенінен хабардар емес-ті. Өйткені, Әнжінің шын есімі ел арасында айтыла бермейтін. Ал Қырымдағылар тіпті білмейтін. Сондықтан бұны жақсы білетін Әнжі хатты Ысмайыл деп жазды. Жасаралдың әкесіне қатысты оқиғаны бастан-аяқ тәптіштеп, әсіресе, Мамай мен Орақты барынша қанішер етіп көрсетіп, олардан туған балаларды да «ертең солардың жолын қуады» дей келіп, хат соңында: «Бүкіл Қырымға хан болып отырып, соған мәз болып жүріп, әкеңнің кегін алуды да ұмыттың. Намысы бар адам әлдеқашан қанға-қан алар еді. Сенің олай етпегенің не арсыз надандығыңнан, не түкке тұрғысыз жамандығыңнан! Хан болғаның кімге керек, егер қыршын кеткен әкеңнің әруағын сыйламасаң?! Мұнда жүріп жаман нағашың мен арланып, намыс отына түсіп жүрмін. Сен әскер жинап келер болсаң, мен де көмегімді аямаспын. Қарасай мен Қазидың тірі жүргенін, бұл жақтағылардың шалқақтағанын көріп жүріп, шыдар емеспін. Бұл екеуінің қанын ішпесең, мен риза болмаймын. Әкеңнің әруағына тапсырдым!» деп жазды. Әнжі хатты күнде қатынап жатқан керуеншілердің бірінен беріп жіберді. Ол бір күні Жасаралға да жетті. Қырым хандығындағылар мына жақтағы ноғайлылардай емес ауызбірлікті, әскері көп ел болатын. Хат қолына тиген соң, жас хан оқып көріп, зығырданы қайнады. «Бұрын естімесем де, ол жақта да жанашыр нағашыларым бар екен ғой» деп риза болды. Сөйтіп, жорыққа дайындалды. Бірнеше күннен соң қырық мыңдай әскермен жолға шығып та үлгірді. Жер қайысқан қолдың хабары жетпей тұра ма, Жасаралдың келе жатқаны жайлы сыпсың ноғайлы даласына да жетті. Ерсілі-қарсылы жүріп жатқан жолаушылар бұл хабарды Қарасайдың аулына да жеткізді. Енді онсыз да бөлініп-бөлініп кеткен ел арасында өсек-аяң, әр түрлі әңгімелер тарай бастады. «Қашан болсын ноғайлыны шабатын Едігеден тарағандардың жауы болады. Солардың кесапатынан-ақ құтыла алмадық-ау. Құдай осы тұқымды құртып тынбады ғой!» деген сөздер бір күні Қарасайдың құлағына шалынады. Қарасай мен Қазидың намысына тиген сөздер көп еді. Бұлар екеуі ойласып, бұл жағдайды анасына айтпақ болды. Сөйтіп, қарт анасына келіп: – Бұндай сөздерді есітіп тірі жүргенше, келе жатқан жаудың алдынан шығып, шамамыз келсе қайтарайық. Шамамыз келмесе, «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» дегендей далада өлейік. Біз үшін халық қырылмасын. Оларға керегі біз ғой. Бізге ат тауып беретін, маңдайымыздан сипап ақылын айтатын кім бар бұл елде? Ата көрген, әке көрген дос бар ма? – деп, қамығып тұрған кезі:

– От басында отырған,

1400. Көпті көрген қарт анам,

Абыржып келді алдыңа
Қарасай, Қази қос балаң.
Жасарал келеді аттанып,
Елге тиді хабар да.

Ел әңгіме айтып жүр,
Мәнісі оның мынада:
«Біз нақақтан бұл жауға
Қалдық» дейді жалаға.

Едіге тұқымы құрымай, 1410. Тыныштық жоқ ноғайға.

Құлағымнан сарсылып,
Қайғылы болдым соғанда-ай.
Ақылым айран, дал болды,
Мінуге көлік таба алмай.

Ер кеуілді аты бар
Арғы текті заты бар,
Сілте маған адамды-ай...
Ноғайлыда жақсы кім,

Қадір білер жалынса?! 1420. Екеуміз де кетеміз,

Егер көлік табылса.
Жаяу да болсам кетемін,
Еркі Хақтың не қылса!
Қанеки, ана, жөн сілте

Сен өз ақылың барынша!
Қадір білер ер бар ма,
Қанеки, сілте, ей, ана?!
Сөз есітіп жүргенше,

Өлгенім жақсы далада. 1430. Уақыты бітсе шыбын жан

Үйде отырсам қала ма?!
Егер ажал болмаса,
«Жалаңаш жауға шап!» деген,
Ажалым жетпей ала ма?!

Айтып тұрмын Қазиға
«Ие бол! – деп, – ауылда,
Қатын менен балаға».
Тұлпар ат, кәне, кімде бар

Айтшы маған, жан ана?! 1440. Жастай жетім қалыппын,

Халық танымай атадан.
Арғы атам Едіге
Елге ардақты атанған.
Бұл күнде кеміп жүдедім

Көзімді салсам қатардан.
Жұрттың сөзін есітіп,
Өртеніп ішім тұтанған.
Қанеки, ана, жөн сілте,

Дос бар ма қалған атамнан?! 1450. Сонда анасы айтады:

– Сапарыңды оң қылсын,

Жүремін десең, шырағым!
Құдайдың өзі сақтайды
Киіктің жетім лағын.
Жұрттың сөзін есітті

Менің де үйде құлағым.
Қази қалсын ауылда,
Дұрыс екен бұларың.
Аты бар адам сілтейін

1460. Келтірсе беріп орайын.

Бермесе жаяу жүре бер,
Оған не амал қылайын?!
Құдайдың өзі сақтайды,
Қайтып келме ауылға,

Қылма ешбір уайым.
Балам, несін сұрайсың,
Кеше анау күндерде
Ноғайға едік қорған біз.

Қос батыр аман тұрғанда, 1470. Мәскеуге де хандық құрғанбыз.

Күнде жиын, күнде той
Болушы еді ордамыз.
Ықпал жүріп тұрғанда,
Талаймен дос болғанбыз.

Хан, қара демей қатарға
Жақсыны талай алғанбыз.
Арқасымен атаңның
Халыққа еркін ер қылып,

Асылды талай қойғанбыз. 1480. Дос тұтынып талайды,

Бағылан сырбаз сойғанбыз.
Бастан бақыт тайған соң,
Бәрінен босқа қалғанбыз.
Баста бақыт барында,

Дос емесі бар ма еді
Бұл ноғайдың бізбенен?!
Табылушы еді ол күнде
Отбасынан іздеген.

Бастан бақыт кеткен соң, 1490. «Қуатың қалай, жеңгем?» деп,

Біреуі де келмеген.
Іс көрмей халық айналмас,
Қорықса сыйлайды ел деген.
Солай деп айта келсек те,

Адамның күні елменен.
Жас кезінен бастап-ақ,
Атаңды көрген көзбенен.
Қандай заман туса да,

Күдерін бізден үзбеген. 1500. Басына қиын іс түссе,

Бұл халықты бірлеген.
«Елде тиер кесірі» деп,
Алжасқан сөзді жөндеген.
Қолында тұлпар аты бар,

Атағы шыққан Көкдөнен.
Тәуекел етіп соған бар,
Бір адам сол көзденген.
Ел ағасы бұл күнде

Сұлтанай атты би деген. 1510. Жетім еді Сұлтанай

Сен сықылды жасында
Тарлық пен кемдік, зәбірлік
Көп келіп еді басына.
«Ақылы зерек адам» деп,

Халық билеген дана атаң
Көп ертіп еді қасына.
Барсаң, балам, басып айт!
Өтіліңді өткізе айт!

Омыраулап талап қыл, 1520. «Кеміспін» деп жасыма!

Өмірің болса көрерсің,
Не жақсылық-жамандық
Тұрмайды адам басында.
Осылай деп сөз айтты

Баласына анасы.
Ерлеп мінді астына
Бір топыршы аласы.
Бір мезгілдік жер екен

Екі ауылдың арасы. 1530. Ұлы сәске болғанда,

Ана ауыл деп сілтеді
Малшылардан сұраса-ай.
«Би ұйқыдан тұрады-ау» деп,
Жақындап үйдің сыртына,

«Хабарлас!» қылды Қарасай.

Қарасай Қараүлектей қарт анасының айтуымен, таң сарғайып келе жатқанда астына жаман тұғыр мініп ауылынан шығып, ұлы сәске кезінде жолда кездескен малшыларға жолығып, бидің үйін сілтетіп алды. Бидің үйінің сыртына жақын келіп: «Хабарлас!» деп қатты айқайлады. Үйден бір қызметкер шықты. Қарасай одан: – Би үйде ме? Би үйде болса, аттан түспеймін. Өз атым – Қарасай. Орақтың баласымын. Би жылдам шықсын далаға! Жолығатын асығыс жұмысым бар! – деді. Қызметкер үйге барып биге: – Далада бір адам аттан түспей тұр. Атым – Қарасай, Орақтың баласымын. Би жылдам шықсын дейді, – деді. Би сол уақытта орнынан атып тұрып, жалаңаяғына кеуішін сұға салып, киімін иығына жамылып, сыртқа шықты. Бір жеңін үйде киіп, бір жеңін жолшыбай келе жатып киді. Бидің соншалықты ықылас көрсетіп келе жатқаны – Едігені ол уақытта «әулие» деп тіл тигізбейтін еді. Оның үстіне көзін көрген достың баласы болған соң, сол досының әруағын құрметтегені болатын. Бидің шын ықыласпен келе жатқанын біліп, бала аттан түсіп, тізгінін ұстап тұрды. Сол асыға басқан күйінде би келіп сәлемдесіп, баланың қолынан алды. Көрісіп қол алысып болған соң, бала бидің атын сұрап толғай жөнелді:

– Ассалаума ғалейкум,

Аманбысыз, би-еке?!
Асығыс келіп мен тұрмын,
Құлағың сал кебіме.

1540. Әнжінің еріп тіліне,

Іс қылған Мамай жиеніне.
Аттанып келеді Жасарал
Әкесінің кегіне.
Есітуім, сан жетпейді

Әскерінің көбіне.
Адамның бар ма арманы
Қарсы шықса атойлап,
Келген жауға көріне.

Батыр батыр бола ма 1550. Ойына келсе өлімі?!

Бүлдірер деп қорқамын,
Құмырсқадай көп әскер
Келіп қалса еліме.
Алдынан жаудың шығуға

Кем болды көлік ініңе.
Қапаланып қайғырдым
Ат пенен тонның кеміне.
Ақылың асқан би едің,

Айтшы бұның жөні не?! 1560. Алдынан жаудың шығуға,

Көкдөнен атты маған бер,
Көмегің болсын еліңе!
Қолыңмен сүйіп бір жібер,
Сенсең, егер, би аға,

Еңкейген жетім ініңе!
Зор туады екен басыңа
Ел ішінде болсаң ер.
Қырық мың жығын жау келсе,

Бейқұт елді бүлдірер. 1570. Менің бүйтіп жүргенімді

Қайдан білсін ноғайлы,
«Қарасай, Қази жаман!» дер.
Алдынан жаудың шығуға,
Көкдөнен атты маған бер!

Жау хабарын есітіп,
Жата алмай жүрмін қысылып.
Атыңды сұрай мен келдім,
Басымды тұрмын ұсынып.

Айтатұғын не сөз бар, 1580. Біліп тұрсыз түсініп.

Мен ақсұңқардың орнында
Баулынбай қалған түлекпін,
Көрсейші құсыңды ұшырып?!
Бермесең де атыңды,

Етпеймін, аға, кішілік.
Жаяу да болсам кетемін,
Отырамын ба өлем деп,
Жесе де жау пісіріп.

Жауға мініп баруға 1590. Көкдөнен еді асығым.

Сұрай келдім атыңды,
Беремісің, асылым?!
Берер-ау деп ойладым,
Жақсы еді тек-нәсілің.

«Атым пәлен болды» деп,
Сөз айтпа маған қашырып!
Беретұғын пұлым жоқ,
Бағасын айтпа асырып!

Ойлай берсе кім білмейді 1600. Пайдасын жеке басының.

Жоқ екенін білемін
Көкдөнен аттың бәсінің.
Бәсін беріп мін десең,
Жете ме түгі шашымның.

Атыңды берсең, би аға,
Бұл жалғанның жүзінде
Болмас ед ұмыт осының.
Атыңды сұрай келіп тұр

Мынау жетім қалған жас інің. 1610. Есітуім, келе жатыр

Жасарал «елді шабам деп.
Қырық мың жыл қырғын болса да,
Әкемнің кегін алам!» деп.
Мен де жүрмін бұл күнде,

Астыма тұлпар ат мінсем,
Жаудың бабын табам деп.
Ол да өзімдей адам ғой,
Өлтіреді қалай деп?!

Келіп тұрмын, би аға, 1620. Бұрынғының жолы-ай деп.

Әкемменен шын болса,
Дос болғаның «Құдай» деп.
Келіп тұрмын, би аға,
Бұрынғының жолы-ай деп.

Әкемменен шын болса,
Дос болғаның “Құдай” деп,
Сілтеуімен анамның.
Аспан мен көктей арасы

Жақсы менен жаманның. 1630. Құлағымды тоздырды

Айтқан сөзі ноғайдың.
«Кеудесіне кірмес деп,
Анам айтты, – бір тайдың».
Келіп тұрмын сонан соң,

Бастағаны бар шығар
Жасаған Жаппар Құдайдың!
Бидің сөзі:

– Аман-есен жүрсің бе,

Құстан туған құмайым?!
Талабыңды оңғарып,

1640. Жеткергей дағы Құдайым!

Алдынан жаудың шығуға
Беліңді бусаң мұңайым
«Мінуге көлік болмас» деп,
Ойыңа алма уайым!

Неге көлік табылмасын,
Осының бәрі ағайын?!
Бар деген шығар бәйбіше
“Мен де бар деп тұлпар ат”.

Аяймын ба мен сенен 1650. Қолымда болса асылзат?

Сырымды білген кімде-кім
Көкдөнен атты демес зат.
Патша болсын, бек болсын
Сұрамай мінер жақын-жат.

Әттең, тұлпар болғанда,
Оны бермей дұшпанға
Қыламын ба сені мат.
Сендей тұқым қайда бар

Жеті атадан рабат?! 1660. Қолдағыны аяған

Сендей текдар тұқымнан –
Құдай алдында зор ұят.
Дұрыс болған бәйбішенің
«Бар, – дегені, – ағаңа».

Қолымда тұлпар ат болса,
Бермеймін қалай саған да?!
Төрт тұлпар ат бар еді
Тауарлықтың жұртында.

«Жа» таңбалы Қаракер, 1670. Алтын кұйрық Ақшұбар –

Есітуім Шорада.
Тіл жалмаған Күрең ат
Телағыстың қолында
Бұл үшеуі соларда.

Әкеңменен жау болып,
Кетіп еді олар да.
Менде бірі – Көкдөнен,
Бір мал еді жарамды.

Нағыз тұлпар сол еді 1680. Мінуге саған қолайлы.

Мінгеннің жолы болатын
Қашаннан маған сыралғы.
Сұлу туған жануар
Қайратты ерге кез келіп,

Тарқатпады құмарды.
Дос баласы сен болсаң,
Атаңды көрген мен болсам,
Не берсем де тұрар-ды.

Қолымда болса Көкдөнен 1690. Тек сендей сұңқар алар-ды.

Кетсең де мініп сұрамай,
Қолыңды кім қағар-ды?!
Ат болса неге бермейін,
Тұқымына тарланның.

Арманы бар ма жалғанда
Ізінде сендей тұқым қалғанның?!
Сұрай келген досына
Қолқасын берсе аямай,

Қызығы дағы жалғанның. 1700. Жамандатып ат өліп,

Үш күн болды, шырағым ,
Мен дәл үстінде тұрмын арманның!

«Ат өліп қалды» деген уақытта баланың назары пәс болып, жер шұқып көзіне жас келіп отыра кетті. Бала отырып қалған соң, би басын қайттап үйге кетіп қала алмады. Балаға рахымы түсіп қайта толғады:

– Ат өлді деп, асылзат,

Төмен қарап мұңайма.
Келген болсаң арнайы,
Ат табылар мінерлік
Байтақ жатқан ноғайда.

Дүнияға келсе алармын
Бедел салып сұрамай.

1710. Сатпаса қолқа салармын,

Бермейді маған ол қалай?
Сені жаяу жібермен,
Әйтеуір, төрем, қалайда.
Қолымнан баққан Көкдөнен

Керек еді маған да.
Аламын деп келген соң,
Қиын шығар саған да.
Сендей тұқым қайда бар

Жеті атадан таланды?! 1720. «Айтқанынан қайтады» деп,

Ойлама мына ағаңды.
Тарлық пенен кемдіктің
Жасымнан көрдім талайын.
Шын талпынсаң талапқа,

Жеткереді Құдайым.
Мінуге жауға жарамды
Ат болса сатып алармын.
Өзімнің дүнием жетпесе,

Тумама салық салармын. 1730. Қайғырып, төрем, мұңайма,

Мінетін көлік табармын.
Дүниеме бермесе,
«Дос болам» деп сұрармын.
Бұл сөзіме бермесе,

Басымды тауға ұрармын.
Ат өлгелі әр жерден
Мен де атты сұрадым.
Мына байтақ ноғайда

Үш кісіде үш ат бар, 1740. Есітіп тұр құлағым.

Үш кісіде үш ат бар
Жабу, жеммен баптаған.
Бірақ өзім көргем жоқ,
Көрген адам мақтаған.

Жауға мінген адам жоқ,
Бірақ жер, суменен шаппаған.
Көкдөнен қолда тұрғанда,
Назарым салып оларға

Жерім жоқ еді тоқтаған. 1750. Сүйегі тұлпар ат да емес,

Бұл күндегі жылқыдан
Шыны тұлпар шықпаған.
Жақсы шығар сонда да
Иелері сатпай, сақтаған.

«Жабу, жемнің күшімен, –
Дейді, – босқа бақпаған».
Бір сапарға жарарлық,
Сүйектері әдемі

Қосауыздай оқтаған. 1760. Жіліктері шыныққан,

Анасынан туғалы
Жері жоқ жерден оттаған.
Аттың иесі мыналар,
Сүйектерін олардың

Ойланып ағаң парықтаған:
Үшеуі де дығалдар
Артықпын деген халықтан.
Сірә, жақсыға жағдай өтеді,

Сақтасын Алла ақымақтан. 1770. Ахмет деген біреуі –

Әрі батыр, әрі бек,
Кеуілінде ерлік көп.
Осы жаудың хабарын
Үйде отырып есітіп:

«Менен батыр, кім ер?! деп,
Жақын келсе шегіме,
Сонан соң атқа мінем деп,
Елге тисе зәбірі,

Сонда-ақ оны көрем деп, 1780. Жазасын жаудың берем» деп,

Көз тігіп отыр елеңдеп.
Салторы деген аты бар,
Кішмішпенен тұр жемдеп.
Мерекеге қосқанда,

Ертеңгі шапқан шабыстан
Тыйлмайды төмендеп.
Байраққа қосса жұрт шулайды:
«Салторы жалғыз келер!» деп.

Айтқандай жалғыз келеді, 1790. Келіп тұрып және де

Ұрынады елеңдеп.
«Сат» десе Ахмет сатпайды,
Кеуілімде жоқ және де
Сұрағанға берер деп.

Мұқтар деген біреу бар –
Қатты мәзәжіп, кеулі тар.
Дәулеті асқан бай адам,
Мінезі оның тәкаппар.

Қолында баққан аты бар, 1800. Атының аты – Ақайдар.

Қайратын көзім көрген жоқ,
Көп мақтайды ноғайлар.
Сәтімен туған жануар
Көрген адам айналар.

Сүмбідей болып жараған,
Мақпалдай түгі құбылар.
Иесі қатты бір адам,
Ойламаймын мен оған

Адам деп, сірә, сөз қонар. 1810. Сұрағанмен бермейді,

«Сат» десе және сатпайды,
Оған ағаң не қылар?!
Қипатшта деген біреу бар
Ат бағып тұрған тағы да.

Өзі нағыз саудагер
Мәскеудің біледі байын да.
Қызылат деген аты бар
Қондыкердің жұртынан

Сатып алған тайында. 1820. Теңгеріп жүрген ойы бар

Бір ердің жиған малына.
Қарасаң көзің тоймайды
Маралдай екі санына.
Адамның құлқы кетеді

Ақ бөкендей таңына.
Байлауда тұрып іші пысып,
Ортекедей ойнаған.
Ұшқын шашып жан-жаққа

Шамдай көзі жайнаған. 1830. «Қандай малдан туды?» деп,

Таңырқанар ойлаған.
Бастырықты жабумен
Жазы-қысы жабылған.
Аққудай мойны иіліп,

Қаңтарылады жалынан.
Байраққа қосса, басқа ат
Көрінбей қалар шаңынан.
Бұған теңдес ат болмас

Озған жүйрік табыннан. 1840. Байлық қуған адам еді,

Сатса сатар осы, – деп,
Кетпей тұр менің ойымнан.
Осыны айтып Сұлтанай,

– Үйге кір, қане, кел! – деді.

Алдырайын атымды,
Жылдамырақ мін! – деді.
Себеппенен келген соң,
Таныс бол жеңгеңмен – деді.

Жылдамдатып ас асып, 1850. Төрені тездеп жайлады.

Бір сағаттың ішінде
Ас үлгіртіп қазанда,
Самаурыны қайнады.
Сойғызып бағылан сырбазды,

Өзі жүріп жүгіріп,
Жылдамдатып болғызды.
Ерлетіп тарлан жорғаны
Жігітіне қойғызды.

Мінгізді атқа төрені, 1860. Асығып асын болғызып.

Алдына түсті төренің,
Ол күні жолға қонғызып.
Ертең сәске болғанда,
Қипатшаның үйіне

Аттың басын бұрғызып,
«Хабарлас!» деді Сұлтанай,
Келе жатқанда күн қызып.

Сұлтанай Қарасайды ертіп Қипатшаның аулына келді. «Хабарлас!» деген айқайға үйден Қипатша шықты. Аман-есен айтысып болған соң, жұмысының түрін айтып, бидің Қипатшаға толғап тұрғаны:

– Аманбысың, Қипатша?

Жұмыста жүрмін мен қатты. 1870. Іздеп келдім өзіңдей

Жұмысым бар азаматты.
Саудагер үйден табылып,
Әзірге мені қуантты.
Ат сабылтып келгенде,

Оңғарғай Құдай талапты.
Жұмысым тұр ойымда,
Билігі оның өзіңде.
Сұрамай әзір айтпаймын,

Келген соң айтпай қайтпаймын, 1890. Есітерсің кезіңде.

Қипатша, қане, не дейсің?
Мен қарап тұрмын өзіңе.
Қипатша сонда айтады:

– Ассалаума ғалейкум,

Жүріпсің, биім, жол болсын!
Арнайы шыққан ауылдан
Талабыңыз оң болсын!
Адам айтса ғана түсінер,

Іштегіні кім білсін. 1900. Түстеніп бірақ кетерсің,

Арнайы үйге келгесін.
Жолыңыз болсын, қанеки,
Халық үстіндегі биіміз.
Түстенем десең аттан түс,

Мынау тұрған үйіміз.
Түстендіріп жайлауға,
Жоқ демейміз күйіміз.
Асығыс болса жұмысың

Онда өзіңіз біліңіз. 1910. Қанеки, онда, ей, аға,

Бола берсін жолыңыз.
Келіпсің іздеп ініңнің
Шамалаймын өз басын.
Басымнан артық затым жоқ,

Аға қолқа салғасын.
Сұрай келсең аларсың
Мал түгіл тіккен ордасын.
Қызылат қалса астымда,

Келтірер Құдай ыңғайын. 1920. Мен көрмеген қай бала

Қасыңдағы жолдасың?!
Ат үстінен сөйлесіп,
Ісіміз ұят болмасын.
Түспеймін десең өзің біл,

Би аға, көңіл қалмасын.
Түсем десең атыңнан,
Шақырайын, бала байласын.
Жаңалап салып төсекті,

Үйдің ішін жайласын. 1930. Би жүргенде қысылып,

Біз сықылды шаруа
Қалай қылады пайдасын?!
Ауырлығы қонақтың
Келгенге болад қорғасын.

Әзілменен, би аға,
Ат үстінде көп тұрдың,
Бізге де ұят болмасын!

Қипатша осылай деген соң, Сұлтанай оған жанындағы Қарасайды таныстырып және келген шаруасының асығыс екенін айтып тұрғаны:

– Танымасаң баланы,

Таныстырайын ағасы. 1940. Мұның аты Қарасай –

Ер Орақтың баласы.
Арғы атасы Едіге
Атаққа шыққан бір басы,
Болмаған ешкім наласы.

Есітіп жаудың хабарын,
Шығыпты соған бармаққа.
Келген екен бұл маған
Көкдөнен атты алмаққа.

Келген соң есітіп өлгенін, 1950. Менен де жаман мұңайды.

Мұңайған соң жас бала,
Ауызымнан шығып еді,
«Ат табам, – деп, – қалайда!»
«Ат сатып алып берем, – деп, –

Тап келсе егер талайға».
Досы үшін азамат
Қолдағы малды аяй ма?!
Аузымнан шыққан сөзімді

Екі ететін мен емес. 1960. Ат ұстаған адамдар

Олар да менен кем емес.
Ат алып берем осыған,
Келмесе де орныға.
Тәуекел етіп мен тұрмын,

Алғасын соң жұмыс мойынға.
Халықтың іс болған соң,
Малымды салып ойынға.
Не де болса, тәуекел,

Сиынып тұрмын Құдайға. 1970. Қырық мың жығын жау келсе

Байтақ жатқан ноғайға,
Бірлігі жоқ қашанда
Біздің елге оңай ма?!
Түстеніп саған жатуға

Сонан соң, інім, болар ма?!
Халқымның, елдің қамы үшін
Кірісіп жүрмін амалға.
Жайшылықта отырсың,

Жылқы жатыр Шағанда. 1980. Пұлы қымбат Қызылат

Құр ойнайды қораңда.
Жауға оны мінуге
Сені мен бізге жазбаған
Ондайды Алла таланға.

Ертең елге жау келсе,
Атың түгіл еріксіз
Қатының мен балаң да!
Одан дағы, шырағым,

Жақсыға сатып пұлын ал, 1990. Айтамын ақыл саған да.

Мінгізейік осыған,
Дұғалы ердің тұқымы еді,
Жалғыз шапқан қамалға.
Бәсін айт та, пұлын ал,

Ағаңа сатып одан да.
Орынына оның баға бер
Бір жақсы тұқым тағы ал да.
“Қысылып келген екен” деп,

Саудасын айтпа тысқары. 2000. Сат дегенде сатпаған –

Адамның осы дұшпаны.
Айтпаса бәсін малының
Қанадан адам тасқаны.
Жаманға барсаң қысылып,

Аядай болар аспаны.
Саған келдім мен арнап
Бітірер, – деп, – жұмысты,
Ағаңның емес сасқаны.

Сенен шықсам біржола, 2010. Жұмыстаймын басқаны.

Жасарал келеді бұзуға
Ноғайлының байтақ қамалын.
Қатын менен баланың
Біз тартамыз обалын.

«Халыққа қорған» деп айтпайды
Біз сықылды адамын.
Осы сөзді ойланып,
Іздеп жүрмін амалын.

Сартшыламай бәсін айт, 2020. Малға келсе аламын.

Не дейсің, кәне, шырағым,
Ат табам деп төреге
Алып едім міндетке?!
Айтарымды мен айттым,

Енді ағаңды сөйлетпе.
Көкдөнен өлді, шын тұлпар
Жаралған жанды өлмекке.
Бір биенің құлыны

Сырты түкті, іші боқ 2030. Сатпаймын, – деп, – атымды,

Ағаңның көңлін кірлетпе.
Бітір менің шаруамды,
Енді мені терлетпе.
Алдына түсіп мен жүрмін,

Аға деп келген еңбекке.
Ат іздетіп, Қипатша,
Жайықты енді өрлетпе.
Қырық аруана нарымды ал,

Кеміс десең тағы да ал. 2040. Немесе ылғи қазына ал,

Мен дайынмын төлемекке.
Жайың қалай, шырағым,
Қызылат бермекке?!
Қипатша сонда сөйледі:

– Өзіміздің төре ме еді

Қарасай деген бұл әлі?!
Қайырлы болсын қадамы,
Оңғарылсын талабы,
Ашыла берсін таланы.

2050. Жаудан неге тайынсын

Арғы атасы жүдәлі.
Өз әкесі ер Орақ
Жалғыз бұзған қаланы.
Жауға тисе жасқанбас

Едіге – ұлы ұраны!
Сізден бұрып, биеке,
Тиіп тұр жаудың хабары.
Есіткелі бұл жауды

Әркім келіп бір сұрап, 2060. Алып тұр, аға, мазаны.

Бәсін айтпай бола ма,
Келген соң арнап арнайы.
Он сан жатқан ноғайдың,
«Атыңды сат, – деп, – саудагер,

Саудаласты талайы.
Өзімнен төмен «ат сат» деп,
Өтіп тұр, аға, азары!
Қызылаттың басында

Осы күні базары. 2070. Жөн саудасын айтамын,

Қиналып келген екен деп,
Тысқары айтпаймын мен әрі.
Ат сатпасқа бола ма,
Арнайы «сат» деп келген соң

Халықтың сіздей адамы.
Өзің көрген Қызылат
Жазы-қысы бағылған.
Тоғызға келіп толып тұр,

Жері жоқ әлі арыған. 2080. Ләбліде сергіп ойнайды,

Қаңтарылады жалынан.
Тоғыз жасқа келгенше,
Бұзылған жоқ сауыры
Құлындағы формынан.

Қызылатты, би аға,
Бағып тұрмын қолымнан.
Суыққа түгі тоңған жоқ,
Бастырықты жабудан.

Күнге түгі күймеген, 2090. Масатыдай құбылған.

Сүмбідей болып жарап тұр,
Жаңа да тойға шабылған.
Қаншама шауып қинасаң,
Тер шықпайды сауырдан.

Шын сырымды айтайын,
Арнап келсең ауылдан.
«Сат» деген соң сатамын,
Қауіп қылып және дабылдан.

Ат сатпасқа бола ма 2100. Жаңа талап жас түлек

Ерген екен соңыңнан?!
Өзің көрген Қызылат
Атасы айуан, тілсіз мал,
Бәсін айт деп, биеке,

Қапелімде қылдың дал.
Сатып алған бәсімді
Әуелі сізге айтайын,
Бұл сөзіме құлақ сал.

Сатып алдым тайында 2110. Қондыкердің жұртынан.

Алты жүз санап пұл бердім
Тай тұяқ құйған алтыннан.
Тоғыз жағалы тон бердім
Сарала ылғи құлпыдан.

Тоғызға келіп толып тұр,
Бұл күнде бәсі артылған.
Қиялай қиқу болғанда,
Жылқы озған жоқ артынан.

«Шуһ!» дегеннен озады, 2120. Шапқан сайын шалқыған.

Сұрасаң жөні бір басқа
Ардақты бисің халқыңнан.
Сатпаймын деп айтуға
Сөзіңе бойым балқыған.

Ел қамы үшін жүріпсің,
Сұңқарды ертіп талпынған.
Аламын десең, би аға,
Қырық аруана нар керек

Қоспағы жоқ тартынған. 2130. Жіп шықпасын арқаудан,

Болсын және бәріне
Кілең жібек артылған.
Жау келе жатыр екен деп,
Кеміс бәске сатпаймын,

Жүрейін аулақ у-шудан.
«Атын қорқып сатты» деп,
Сөз болады сыртымнан.
Шын алсаңыз лажым жоқ,

«Аттың бәсін айт» дедің, 2140. Кемімеймін осымнан.

Бөтен айтар сөзім жоқ,
Осы бәске сатамын
Қызылды озған қиқудан!
Қипатша мұны айтқанда,

Би тұрмады тоқталып.
Күлімсіреп сөйледі,
«Сатам» дегенге шаттанып:

– Ауылға ертең ерте бар,

Мен тұрайын шақталып. 2150. Мұрындық жоқ, бұйда жоқ,

Саудагер бар ноқта алып.
Қасыңа адам ертіп бар,
Дүнияны өзің ал,
Көзіңмен көріп ақтарып.

Атыңды қымбат демеймін,
Төре кетсе болады
Арнайы келген мақтанып.
Жіберейін қонақты,

Бүгін бастан атқарып. 2160. Дәулетім саған жетеді,

Жайылсын артқа ат қалып.
Құтты болсын айтайық,
Өзің барып, Қипатша,
Қанеки, шықшы атты алып?!

Айтқан бәсін берген соң,
Тұра алмады енді кідіріп.
Айтқан бәске сатса да,
Жүр, білем, іштен күйініп.

Шарбағына барғанша , 2170. Көзі түсті бұлардың,

Екі-үш кетті сүрініп.
Қайғырғанын би біліп,

– Шырағым, жылдам әкел! – деп,

Айқайлады ол күліп.
Жетелеп шықты Қипатша
Қызылатты қорадан.
Бастырықты жабулы,

Белін құрмен ораған.
Құлағын тігіп Қырымға,

2180. Бір мал екен қараған.

Екі көздің жанары
Көрінед жарық шырадан.
Көтеріп басын қараса,
Назары түскен қиядан.

Алдын орап ойнайды,
«Тек-тек!» деп келеді Қипатша
Шылбырын ұстап сағадан.
Аттан түсіп Сұлтанай,

Жабуын көрсе сыпырып, 2190. Кіңдігінен жараған.

Сүмбідей болып қатпыты,
Ат ойына ұнаған.
Шамаға соқты бедені,
Сұлтанай іштен сынаған.

Сұлтанай сонда сөйледі:

– Атыңнан түс, Қарасай!

Еріңді сал Қызылға,
Мінуіңе жараса-ай!
Бағуы келген мал екен,

2200. Бір сапарға мойымас,

Күн-түн шауып илесе-ай,
Бірақ Көкдөнендей мал қайда?!
Жүзікше жоқ аяқта
Тасқа шапса таймайтын,

Кере қарыс тұрасы.
Туымды бұл да мал екен,
Болдыра қоймас шамасы!
Төре түсті атынан

«Мінемін де кетем, – деп, – 2210. Би, өзіңе ұнаса?!»

Ерін салды Сұлтанай
Қызылатқа төренің.
Үш жабуы бар екен,
Қанжығаға бөктерді

Жеңілірек керегін.
Қипатша алып шылаудан,
«Биисим Алла!» деп Сұлтанай,
Аттандырды төрені

Қолымен ұстап білегін. 2220. Қипатша мен Сұлтанай

Құтты болсын айтыпты:

– Жеті атадан келе жатқан

Абройлы төре едің!
Құтты болсын Қызылат,
Талабың қайтпай, шырағым,
Бола берсін дегенің!

Сапарыңды оң қылсын,
Тілектес мына көп елің!
Қипатша тағы айтады:

2230. – Құтты болсын, төрежан,

Астыңдағы Қызылат!
Иесіне барды, арман жоқ,
Шынжыратай асылзат!
Сенің атың болып тұр

Малым еді бір қымбат.
«Өзім өлмей сатпан» деп,
Келетін еді ойыма
Тұрғанда жаным аманат.

Ойлаған ойым болмады, 2240. Құдіреттің ісі шалт.

Қызылат қолға келгелі
Жүріп еді инабат.
Сапарыңды оңғарғай,
Сау болып, төрем, саламат!

Бағып едім тайында,
«Артық, – деп, – атың» би де отыр,
Көргендер айтты: «Тұлпар!» деп.
Мақтайтын еді мұны да

«Ат емес нағыз сұңқар!» деп. 2250. Неше рет қостым жиынға,

Келетін қара үзіп тек.
Сатып тұрмын атымды
Артық туған бағыңа.
Амалым жоқ еліме

Жау келе жатыр тағы да.
Қадірін білмес бір жаман
«Сат!» деп тиер арыма.
Тұрғаным жоқ, биеке,

Қызығып сенің нарыңа. 2260. Амалсыз саттым арымды,

Сіз айтқан соң базына.
Жау жоқ болса Қызылды
Сексен нарға бермес ем,
Бастырып бермең қазына!

Төре атқа мінген соң,
Қипатша менен Сұлтанай
Қарасайға қош айтты.
Жолға түсіп кеткенше,

«Құтты болсын!» үш айтты. 2270. Қош айтысып бұлармен

Төре де енді жөн тартты.
Дүниясын беріп аямай,
Би де ісін ұқсатты.
Елден аулақ шыққан соң,

Көңілі тасып Қарасай,
Жүргізіп атын сұрапты.
Тақымын қысып «шуһ!» десе,
Жылыстайды пырақтай.

Денесі сергек жануар 2280. Жарға ойнаған лақтай

Барған сайын қуанып,
Атты төре ұнатты.
Жүрген сайын Қызылдың
Өнеріне құмартты.

Кигені төре торқа еді,
Асынғаны болат-ты.
Жаңа талап жас батыр
Жауға қылды талапты.

«Тәуекел» етіп келеді, 2290. Ауызға алып бір Хақты.

Астындағы тұлпарды
Байқауменен келеді.
Сыпсыңдаған аяңы
Желістен жылдам өнеді.

Бара-бара сыпыртып,
Қарсақ жүріс жүреді.
«Бүлкілінен басқа аттың
Артық-ау” деп біледі.

Бұған кеулі шаттанып, 2300. Шын сыдыртып көреді.

Сыдырысы Қызылдың
Шабыстан жылдам дер еді.
Шоқытып еді біраз жер,
Дізгінін керіп гуледі.

Құмарланып Қарасай,
Қызылға тағы «шуһ!» деді.
«Шуһ!» дегенде атылып,
Ылди жерден қарғытып,

Басқандай, мысалы, төбені. 2310. Ойына келді бидің дөненін

«Мұнан да артық!» дегені.
Рас екен, Қипатша
«Атым тұлпар» деп еді.
Көңілі толып Қарасай,

Атқа кәміл сенеді.
Сол уақытта шамасы
Жау менен елдің арасы
Үш күншілік жер еді.

Келе жатқан батырдың 2320. Бет алысы, әйтеуір,

Жау бағыты дер еді.
Шағанның сырты сары дала,
Қысы-жазы ығысқан
Мал семіртер бел еді.

Отыз ауыл ноғайлы
Осынау сары далада
Елден шеттеп жүр еді.
Сол тұсқа жетіп Қарасай,

Ол күні дүзде түнеді. 2330. Ертең сәске болғанда,

Бір көшкен елге келеді.
Жылқысын айдап шаңдатқан,
Шұбыртып қойын маңыратқан.
Қуалап сиыр мөңіретіп,

Түйелерін боздатқан.
Кідіртпей тартып көштерін,
Жас баласын жылатқан.
Бұл үріккен көш екен

Жазылып түйе жүк артқан. 2340. Шамасы елдің түрі бар

Шағанға қарай жөн тартқан.
Қара жорға атының
Омырауынан тер аққан.
Ақ күміс болған сақалы

Кеуде түсін мол жапқан.
Кездейсоқ келіп Қарасай,
Жөн сұрады бір қарттан.
Отыз ауыл мал баққан

Ноғайлыда тама еді. 2350. Отыз ауыл дегенмен,

Үш жүз үйдей бар еді.
Бөлінген елді бастаған,
Үлгі көрген нұсқадан
Көпті көрген кәрі еді.

Бұл күндері қарт болған
Қалила деген шал еді.
Заманында тіл білген,
Талайлармен бір жүрген

Артық туған жан еді. 2360. Жау іздеген жас түлек

Осы қартқа кез келеді.
Сәлем берді дәстүрмен
Келе жатқан бұрынғыдан.
Тер шығыпты ақ көбік

Қарт астындағы жорғадан.
Омырауы ашылып,
Шалғайы кеткен шашылып.
Алтынды кемер белбеуі

Мықынын басып тұрмаған. 2370. Қартқа сәлем берген соң,

«Жол болсын, балам!» деген соң,
Қарасай қартқа толғаған:

– Қара тер болып жорғаңыз,

Ақ көбікке шомылған.
Елің көшіп жөңкіліп,
Малдарың қатты қуылған.
Жаудан үркіп көшкендей,

Жау төбеңді тескендей,
Жандарың қатты шығынған.

2380. Жоқ па еді елде ерлерің

Түңілген шыбын жанынан?!
Қанеки, ата, жөніңді айт,
Боласыз қайсы рудан?!

Жасарал елінен аттанып шығып, жобалы жердің шамасына келген соң, «Бұрынғы Мамайдың қарамағындағы жер ғой» деп, жан-жағына баршы салдырған-ды. Сол уақытта оның келген тұсы Қаройдық деген жер екен. Сол Қаройдықты жайлап, қыстап жүрген ноғайлының отыз ауылдай тама деген руы бар-тын. Бұл отыз ауылдың басшысы Қалила қарт осы кісі болатын. Жасаралдың салған баршысы Қалила қарттың аулын тауып барған екен. Сосын Жасарал Қалила қарттың ауылынан үш жүз жылқы соғым алған. «Жаулығымыздың алды осы. Еліңдегі биіңе, ханыңа, батырыңа сәлем айт!» деп көшірген екен. Сол үркіп көшіп келе жатқан Қалила қартқа Қарасай кез келіп еді.

Енді шалдың балаға қайтарған жауабы:

– Астыңда тұлпар атың бар

Мінген ерге лайық.
«Жаудан қашып жүрсің» деп,
Көріп тұрсың мұны айып.
Әуелі айтып жөнімді,

Сонан соң сенен, ау, балам, 2390. Мән-жайыңды сұрайық.

Жеті атадан мекенім –
Мына жатқан Ақжайық.
Жағалай жатқан жайланып,
Соның бірі бұл халық.

Көптің бірі – шаруа,
Шеттен жүріп мал баққан.
Едіге мырза бұл жерде
Төрт атадан ел баққан,

Бұл жерде елді орнатқан. 2400. Одан бұрын көп дұшпан

Қатын-бала шулатқан.
Мазасын елдің қашырған,
Жау келіп күнде қалмақтан.
Одан бергі хан Мамай

Шағанның бойын жайлатқан.
Батыр Орақ ағасы
Дұшпанға тұлпар ойнатқан.
Телағыс, Күніке – екі нар

Көп кәпірге оқ атқан. 2410. Бұл күнде ноғай иесіз,

Айырылып қалып пайтақтан.
Жалғыз басты Мүсілім
Таққа мінді алалықтан.
Ақылы артып, немесе,

Мінген жоқ артық қайраттан.
Мұсылманды қу Әнжі
Жауластырған нақақтан.
Ыңырсыған көп дұшпан

Жақынға келіп жасқандық 2420. Мына ноғай-қыпшақтан.

Үш жүз жылқы аулымнан
Сәскеде қуып шаңдатқан.
Көп болса соның баршысы
Шығарсың, балам, жөніңді айт

Қарауылға қаратқан?!
Тыңшылық істеп жасырын,
Жан-жақтан хабар сұратқан?!
Жаудан қашып келемін,

Айырылып ылғи саңлақтан. 2430. Қанеки, балам, жөніңді айт,

Сен келе жатырсың қай жақтан?
Қырық мың жығын жау келеді
Қырымдағы ноғайдан.
Заман азып бұл күнде,

Жау табылды оңайдан.
Біздер жүрген уақытта,
Кәпір еді дұшпандар
Іздейтін едік қияннан.

Бұл күнде кәпір жақындап, 2440. Бір-біріне мұсылман

Кеуілдері қарайған.
Біз тама деген рудан
Отыз ауыл мал жайған.
Үш жүз жылқы соғымға

Жауға бердім жанымнан.
Елге көшіп келемін
Мына Шаған құлаудан.
Жаудың басы Жасарал

Әкесі өлген жаладан. 2450. Кегін іздеп келе жатыр,

Бұл күнде өзі зорайған.
Атасының жаласы
Болып еді Мамайдан.
Оны да қылған қу Әнжі –

Көкірегі қарайған.
Ісін қате өткізді
Ақылы кәмбіл хан Мамай,
Әнжі салған ылаңнан.

Есітемін бұл күнде 2460. Қатын болып жүр дейді

Арам, залым, шұнайған.
Айбатынан айрылып,
Қара басы қуарған.
Шырағым, жөнім осылай,

Іс болды осындай.
Немесе дұшпан болар ма еді
Атасының досына-ай?!
Біздің халық оңбайды,

Әнжіні де хан қылып 2470. Қойды істің басына.

Тұқымсыз кетті хан Мамай
Атадан артық асыл да.
Орақтан қалған үш бала
Оның да бірін өлтірді

Бойға толмай жасында.
Ендігі екі жас бала
Ықпалы жүрмес бұл күнде
Ағайынға асылмай.

Есітемін жүр дейді 2480. Таландары ашылмай.

Қанеки, бала, жөніңді айт,
Қарт ағаңа жасырмай!
Елге қорған болатын,
Дұшпаннан кегін алатын,

Қысылса ақыл табатын,
Жауға қарсы шабатын
Ноғай да адам қалған жоқ.
Мырзадан басқа тұқымға

Батырлық бақыт қонған жоқ. 2490. Кешегі Мамай асылдан

Тұсында пенде озған жоқ.
Батыр Орақ барында
Дұшпан көзін салған жоқ.
Палуан, Сұлтан, Батырхан

Мамайдан болды жаласы,
Кінәсі мұнан болған жоқ.
Әнжі Ысмайыл – Тобаяқ
Арасына салған шоқ.

Жаңбыршының баласы 2500. Телағыс, Күніке – екі нар

Бұл күндері мұнда жоқ.
Қондыкерге хан болып,
Халықты сансыз жиған көп.
Саған да салып әлекті,

Жүрегіне басты шоқ.
Бүлдірген сөйтіп Тобаяқ.
Тобаяқты өлтірсек,
Болар еді арман жоқ!

Ысмайыл құтырғанда, 2510. Біздің халық тұрмас тек.

Қарасай, Қази – қос жетім
Әрі жарлы, әрі жас,
Екеуінде тұрман жоқ.
Қазмойын тұлпар астыңда,

Шырағым, түлек, жас бала,
Ел қорғайтын адам жоқ
Келеміз болып масқара!
Жасы жеткен кәрі шал

Айып көрме қашқанға. 2520. Кім шыдайды, біз түгіл,

Жасарал сынды патшаға?!
Қырық мың жиған қолы бар,
Ішінде мықты зоры бар,
Ту ұстаған ері бар,

Әрі өзі күйінді,
Әкесінің кегі бар.
Ноғайлы біздің бір тозар,
Елдің үстінен басқанда.

Қанеки, балам, жөніңді айт, 2530. Қай сапарға барасың,

Қайсысынан боласың?
Тұрмысыңа қарасам,
Әйтеуір біздің ноғайсың.
Кедергі болар кейпің бар,

Шын кейісең дұшпанға.
Шығыпсың жаңа ұядан,
Сұңқарсың ұшқан қиядан.
Қалай қарай талпындың,

Сен ұядан ұшқанда? 2540. Қарасай сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Олайынша, қарт баба,

Жамандама еліңді,
Мақтайсың өткен тегіңді.
Әкесіне Жасаралдың
Берген болса өлімді

Баласына Орақтың
Айтшы, ата, не көрінді?!
Өтінемін мен сізден,

2550. Сұрама тек жөнімді?!

Мен жөнімді айтуға
Өзіме-өзім, сірә, әлі
Болғаным жоқ сенімді.
Хан Мамайдың елі үшін,

Әкесінің кегі үшін
Келе жатса Жасарал,
Мен де будым белімді!
Байлап жүрген балаңмын

Құрбандыққа тәнімді! 2560. Осы жауды қайырсам,

Мен айтпай-ақ білерсің,
Ата, менің кімімді!
Осыны айтып Қарасай,
Жүре берді жөніне.

Қалила қарт дал болды,
Балаңның айтқан сөзі мен
Таңырқай қарап түріне.
“Қарасай, Қази – қос жетім,

Солардың мүмкін бірі ме?!” 2570. Ұқсата алмай баланы

Басқалардың біріне.
Мұндай ерлік қылатын
Басқаға жоқ сенімі.
Ойменен ойлап байқады,

“Қызыл нұрлы, айна көз
Сол тұқым, – деп, – келімі!»
Жауды анық білген соң,
Ел шапқынын көрген соң,

Қарасай жүрді ұмтылып. 2580. Жүрген сайын Қызылат

Келе жатыр құтырып.
Кеміреді сулығын,
Тілін жалмап, жұтынып.
Соныменен Қарасай

Бесінге шейін жол жүріп,
Бір белеске шығыпты,
Тұйғын құстай сыпырып.
Белеске шықса Қарасай,

Ар жағы айдың кең екен, 2590. Қаройдық деген көл екен.

Көл жағалай қараса,
Ыңырсыған қол екен.
Әр жерден шатыр тігілген,
Айбаты да зор екен.

Құмырсқадай жыбырлап,
Әскері де мол екен.
«Шамалы, шағын шығар» деп,
Қарасай бұрын жүр екен.

Дабыра шығар деп еді, 2600. Есіткені шын екен.

Атынан түсті Қарасай,
Айласыз батыр болмайды.
Бұл белесте кідіріп,
Әр нәрсені ойлайды.

Көп екен деп кейінге,
Қайтуына болмайды.
Жау қарасын көрген соң,
Жүректің қаны ойнайды

Тамырларын қозғайды. 2610. Қайтадан мінді атына,

Көп кідіріп тұрмайды.
Үзеңгісін ұзатты,
Құйысқанын қысқартты,
Қос тартпасын берік тартты,

Қайтпасына серт айтты.
Тайсалмай жауға баруға,
Жасаралдай патшаның
Аузынан жауап алуға,

Шығынға қарай жөн тартты. 2620. Көл жағалай сабатта

Ыңырсыған қол жатыр.
Әр жерінде тігулі
Жалтылдаған көп шатыр.
Тігулі тұрған туы бар,

Алтындақтан бауы бар,
Алыстан айқын көрінеді
Айрықша бір көк шатыр.
«Патша сонда шығар» деп,

Тура соған келе жатыр. 2630. Басқа жаққа Қарасай

Атының басын бұрмады.
Жалғыз атты жолаушы,
Ыңырсыған көп қолдың
Мұнымен ісі болмады.

Жығын қолды көрген соң,
Қызылаттың көзі жайнады.
Тыпыршып, тыныш тұра алмай,
Сулығын басып шайнады.

Жасаралмен тілдеспек – 2640. Қарасайдың арманы.

Шатырға жақын келген соң,
Аттан түспей жүрген соң,
«Мынау қандай атты, – деп, –
Жүрісі жылдам қатты?» деп,

Рабайда біреуі
Назарын салып аңдады.
Аңдағандар байқады:
Патшаға барып жолықпай

Тоқтамауға қамданды. 2650. Біреуге біреу көрсетіп,

«Атпенен барған патшаға
Неткен жан?!» деп таңданды.
Пікірлісі ішінде
“Дұшпан-ды” деп ойланды.

Пікірсізі әншейін
Тамашаға жиналды.
Қайратты ер қамданып
Қаруларын байланды.

Сауытын түзеп сайланды. 2660. Осылайша бұл халық

Тұра берсін жиналып.
Тұмсығын аттың тіретіп,
Ат үстінен Қарасай
Қатты айқайлап толғанды:

– Әскерін жинап ойнатқан,

Мұсылман жерін шаңдатқан,
Жақын жерден жау тапқан,
Теріс қарай келе жатқан
Шариғатқа дұрыс па

2670. Мұсылманға оқ атқан?!

Кек алатын кейпің бар,
Талап қылсаң қалмақтан!
Осы қолдың басы кім,
Бұл шатырда кім жатқан?!

Бағана түсте жолықтым
Осы әскерден қашқанға.
Қашып барады мұсылман
Шаңы шығып аспанға.

Үш жүз жылқы алыпсың 2680. Осы бүгін бастаңғыға.

Еріксіз малды алуға
Шариғат саған қосқан ба?!
Талаптансаң болмас пе еді
Атасы басқа дұшпанға?!

Қанеки, қостан шық бермен,
Батыр болсаң жасқанба!
Еріпті жұртың соңыңа,
Тізгінін беріп қолыңа.

Бітірген жұмысың – жау болмақ 2690. Мұсылманның ұлына!

Қалмаққа барсаң болмай ма еді,
Шауып тұрған жылына!
Басшысы қайда бұл қолдың,
Өз аузыңнан сөйлеші,

Бұқпай шатыр ығына?!

Бұл қырық мың қолдың патшасы Жасаралдың отырған шатыры еді. Бұған атпен бармақ түгіл, жаяу адам да алдына-ала өтініш айтып, рұқсат естілсе ғана баратын. Жалғыз атты жау келеді деген ойда жоқ. Жасауылдары «өзіміздің адам шығар?» деп, абайламай қалды. Іште отырып, Жасарал мұның жоқ екенін білсе де, жалғыз атты жолаушыға далаға шығуға әбессініп, ашуы келіп: «Қалмаққа баратын болсаң, аржағыңда жол жатыр!» деп айқайлап толғады:

– Ат үстінен айқайлайсың

Әдеп-әркін көрмеген,
Сыпайымен жүрмеген,
Сый-сыяпат білмеген,

2700. Сөйтіп тұрып және де

Шариғаттан сөйлеген,
Іздесең қалмақ алдыңда,
Жүре бер анау жолменен!
Әркім өзінікін «жөн» деген

Мен де бір кекті іздеген.
Жөніңді айтшы, жолаушы,
Сенің өзің кім деген?!
Адам отырған шатырға

Ат тұмсығын тіреттің 2710. Адамның кеулін кір еттің,

Өзіңді асыл-дүр еттің.
«Жаулайсың, – деп, – мұсылман»
Және бізге кінә еттің!
Көтеріліп сөйлейсің,

Айтқанын қылып жүректің!
Мен кек алуға келемін,
Түбін қазып деректің.
Кім боласың, жөніңді айт,

Әңгімені неге үдеттің?! 2720. Жалғыз атты жолаушы

Қалай-қалай жүрісің?!
Ұрысуға ыңғайлы
Осы тұрған тұрысың!
Жан беретін бар ма еді

Осы бүгін борышың?!
Қырық мың жығын қолым бар,
Ел шабатын ойым бар.
Осының бәрін көрмейсің,

Орынсыз маған сөйлейсің, 2730. Қалай сенің туысың?!

Азын-аулақ бар шығар
Бір аусарлық кемісің?!
Мүсілімнің елінің
Ойлап тұрсам бірісің.

Жөніңді айтып білдірші,
Сен ол ноғайдың кімісің?!
Жауға барар жас жігіт,
Ақылы кем, мас жігіт,

Қайраты елге паш жігіт, 2740. Кәуірменен қас жігіт,

Мұсылманмен дос жігіт,
Сеніп пе едің өзіңе?!
Қалмақтан басқа мұсылман
Дос көрінеді көңіліңе.

Қалмақтың бұзып қаласын,
Неше аттандың кәуірге?!
Қанша, қайда үй тіккіздің
Мұсылманның еліне?!

Белгілі бек болғандай 2750. Қарасам байқап тегінде,

Әзір маған кейіме.
Кейимін десең даярмын,
Болса менде кегің де!
Қай тұқымнан боласың,

Қай сапарға барасың,
Білдірші, жігіт, жөніңді?!
Енді аттың үстінде тұрып, Қарасай жасырмай жөнін айтты:
Қан қасаптап олжа алған,

Ағасы хан Мамайдан үлгі алған
Сұрасаң атым – Қарасай,

2760. Мен – хандарыңның баласы-ай!

Батыр батыр бола ма,
Жанын жаудан аяса-ай?!
Кек алам десең шық бермен,
Келіп тұрмын оңаша-ай!

Шатырдан шықсаң, Жасарал,
Көрсетейін тамаша-ай!
Тайсалатын жерім жоқ,
Сендей соңыма ерген елім жоқ,

Ұрыспайтын кеулім жоқ, 2770. Сөзімнің осы расы-ай!

Сұраған соң, Жасарал,
Жасырмай айттым шынымды,
Тура айтамын жөнімді.
Менің ағам хан Мамай

Әкеңе берген өлімді.
Батыр болсаң өзіңе,
Неге ерттің еліңді?!
Қаныкерің келіп тұр,

Алар болсаң кегіңді! 2780. Осынша әскер жиғандай,

Халыққа ойран салғандай,
Нең бар менің елімде?!
Қайратың болса қылып қал,
Азарың менің өзімде!

Арғы атам Едіге,
Дүрегін пері асылдан.
Әкемнің аты – қанды Орақ
Кек алған жалғыз қасынан.

Айқайымен жел тұрып, 2790. Шалқытып теңіз тасырған.

Мен сонан туған жас ұғлан,
Көп екен деп әскерің
Сескеніп одан шошыман,
Басымнан жауды асырман.

Кек алатын ер болсаң,
Өзің бір шықшы қосыңнан!
Ажалым болса өлермін,
Әскерің жапсаң осыдан!

Ажалым егер жетпесе, 2800. Көп жиналған әскеріңді

Қызығымды көр ысырған!
Жалғыздың жары бір Құдай,
Көп екен деп қысылман!
Әдейі арнап келген соң,

Қорқақ иттей мұңайып,
Сырымды айтпай жасырман!
Жауласам десең, Жасарал,
Келдім осы араға!

Сен туымды ер болсаң, 2810. Жекеге шық далаға!

Қорықсаң өзің баладай,
Әскеріңе әмір қыл,
Мені біреуге санамай!
Жалғыз өзім шақ тұрмын,

Ұрысамын адамның
Көптігіне қарамай!
Кімді Құдай қалайды,
Талапсыз адам таба ма-ай?!

Құр қоқаңнан қорықпаймын, 2820. Сынап көрмей шаманы-ай.

Басқа түрлі ой болса,
Тұрмын даяр қозғалмай.
Осы қолдың бастығы,
Қанеки, сөйле бұл қалай?!

Сенің әкең өлгенде,
Біз баламыз періште.
Ақылы асқан Мамайды,
Ешкім қоймас кеміске.

Әнжі салған қулықпен 2830. Кірісті бұзық бір іске.

Ақ жазуы осылай,
Кім шығарады теріске?
Сауғалап басым қашпаймын
Істеген атам бұл іске.

Аяйтұғын нәрсем жоқ,
Байладым басты жүріске!
Әскеріңді ертіп,
Сен де келе жатқан жақсың келіске!

Менің жөнім осылай, 2840. Шынын айттым жасырмай.

Кек алам десең мен келдім,
Отырма енді қосыңда-ай!
Жекеге шық менімен,
Сынайын десең күшіңді.

Келгенім жоқ кем ғой деп,
Жасарал, сенің туысыңды!
Жабамын десең әскерді,
Онда да даярмын.

Жүргізбеймін ілгері, 2850. Алмай сенің басыңды,

Не кескізбей басымды!
Бір шыбындай жаным бар,
Төгілер өлсем қаным бар,
Менде қысас қаның бар,

Ала алмай жүрген арың бар.
Қасыңда жинақ қолың бар,
Жалғыз да болсам мен сенен
Жасқанбайтын ойым бар!

Енді елге қайтпаймын, 2860. Мен емес қорқақ адамың

Көп екен деп шошынар!
Кем тудым, – деп, – атадан,
Кеуліме менің келмейді.
Тәуекелге бел бумай,

Таланды Құдай бермейді.
Қайратыңды көрмесе,
Халық, сірә, сенбейді!
Патшамын деп мардима,

Халықты нақақ жандырма, 2870. Ісіңді қыл қасыңа!

Бұл әкеңнің өлімі
Іс еді болған жасыңда.
Күшің болса аяма,
Бітір жылдам жұмысыңды!

Мен – хан Мамайдың інісі,
Мен де сенің туысың-ды!

Сол уақытта Жасарал ойланып қалды. Әкесін Мамайдың өлтіргенін Әнжінің айтуымен білетін. Әнжінің жаман адам екені де бұған белгілі. Бірақ бұл аттанып келе жатқанда Әнжі емес, «Ысмайылдың» хатымен келе жатыр еді. Ысмайылдың хаттағы сөзінің бекер екенін білді. «Қарасай мен Қази мал бағуға жарамайтын жаман» деп еді. «Жаман болса, қырық мың қолмен келе жатқан маған мына сөзді айта ма? Әкесінің дәулеті басына қонған адам екен. Мұнымен ұрыса қойсам, бір өзі ғана өледі. Бірақ біраз адамның ажалына да жетеді. Осыншама халықтың қанын мойныма жүктеп қайтем. Бұрынғылардың айтқан нақылы да бар еді: «Нағашысымен күрессе, жиен жығылады. Егер жиен жыға қойса, қабырғасы сығылады» деген. Қанша айтқанымен, түп нағашым ғой, қол көтергенім дұрыс болмас. Одан да танысып, дос болайын» деді.

Осыны ойлап далаға шығып, Қарасайға сәлем беріп, толғап жатыр:

– Ассалаума ғалейкум,

Шынжыр атай асыл тек!
Әскер жинап аттандым,

2880. Ойыма түсіп өткен кек.

Сөзіңді барлап қарасам,
Кеуіл босар айттың кеп.
«Кегің рас болғанмен,
Мен о күнде бала» деп.

Әділдігің көрінді,
Айтпадың оны «жала» деп.
Не болса да көнесің,
Таланыңнан көресің,

Кеуілің бар көтермек. 2890. Сен – аруана шалқұйрық

Көтересің артса жүк.
Тұрғаным жоқ жасқанып
Толыққан күнім, әскер көп.
Мен бір сөзді айтайын,

Атыңнан түсіп, Қарасай,
Қорықпасаң дізе бүк.
Сен едің арғы тағайым,
Жеңілем деп мен сенен,

Ойымда жоқ уайым. 2900. Жасымнан жетім қалсам да,

Әзір жақсы талайым.
«Жекеге шық!» деп айтасың,
Ер екенсің сынадым.
Кім жеңеді, жеңіледі,

Біледі оны Құдайым.
Өзім шығып жекеге,
Әскерді қайда қояйын?!
Ұрысатын болсам өз басым,

Әскерді мен не қылайын! 2910. Келіп тұр және бір ойым,

Қорықпасаң аттан түс,
Мен бір кеңес құрайын.
Ер екенсің, Қарасай,
Құдай біледі ажалды.

Көнеден қалған нақыл бар
«Бақ сынайды таланды!».
Өзім патша, әскер көп,
Бұл күнде басым базарлы!

«Құдайға шүкір» деп жүрмін, 2920. Жалғаншым әзір ажарлы.

Тайсалмай келіп сөйледің,
Ойыңа алмай ажалды.
Ерлігіңе қызығып,
Менің ойым тазарды.

Ұмытып тұрмын ойланып
Бұрынғы өткен азарды.
Достасайын сенімен,
Қорықпасаң аттан түс,

Мойныңа алдың жазаңды! 2930. Рас деп тұрсың әкемнің

Мамайдан анық өлгені.
Неге қиды өлімге,
Ол – өзінің жиені?
Жиенін туған өлтіріп,

Мамайдың қайда білгені?!
Және айтасың бір себеп –
Деп «Әнжінің бүлгіні».
Осы арада тоқталып,

Қиялға ой келді енді. 2940. Мұса ханның баласы

Ысмайыл деген хат жазып,
Көкірегім кірленді.
Сенің айтқан сөзіңе
Сай-сүйегім тебіренді.

Қорықпасаң аттан түс,
Сырласайын мен енді.
Өлтіргені Мамайдың
Өзінің жиен туғаны.

Мамайдың қылар ісі емес, 2950. Әнжінің рас қылғаны.

Бағана айттың, Қарасай,
Шариғатқа тураны.
Айтқан сөзің ол кезде
Ашуменен қонбады.

Сөздің шыны айтылып,
Көкірегім ойланды.
Ақымақтың бүлік бұл ісі
Мұсылманды жаулатты.

Сөйлетіп көрсем қасымда 2960. Қатым еткен молдамды

Ақыр заман белгісі –
Мұсылман өзі жау болып,
Ықпалы кәпір қаулады.
Қуанышта бұл күнде

«Мұсылман өзіне жау болды» деп,
Күншығыстың қалмағы.
Дұшпаннан қорған болатын
Едіге бидің әруағы.

Жеті атаңнан сен едің 2970. Ноғайлының қорғаны.

Ұрыса қойсам сенімен
Болар еді Құдай жазғаны.
Ойыма түсіп тоқталдым,
Жалғыз барып Орақтың

Азауды өзі бұзғаны.
Түспейсің неге атыңнан,
Жүрегім неге сыздады?!
Түсіріп аттан алдасам,

Әруақтың мені ұрғаны! 2980. Жасауыл қайда, жасқанбай

Атынан түсір мырзаны?!

Қарасай қылышын қынабынан суырып тұр екен. Жасарал мұны айтқан уақытта, ол қылышын қынабына қайта салып, аттан қарғып түсіп, шатырға қарай жүре берді. Жасауылдар жүре берді. Жасауылдар атының басын байлады. Бұл шатырдың есігінің алдына барғанда Жасарал Әнжінің жазған қар бойы қағазын алып қарсы шықты. Қарасай Әнжінің жазған хатын таныды. Екеуі сол арада құшақтасып дос болды. Қалмаққа аттанса, екеуі біріне-бірі хабарласып аттанатын және мұсылманға оқ атпайтын болып уәделесті. Сөйтіп, Жасарал Қалила қарттың үш жүз жылқысын Қарасайдың алдына салып берді. Қарасай елге қайтты. Ол Қалила қарттың жылқыларын айдап, елдің үстінен құлатып жіберді. «Енді Әнжіні өлтірмей, аттан түспеймін!» деп, ауылға шапты. Сол уақытта Әнжі басында жаулық, үстінде шұбалма көйлек, қолында былғауышы, тары қуырып жүр еді. Қарасайдың келе жатқанын біліп: «Оның ажалының себебі неден болар екен?» деп тырнағына қараса, өз бетінше жүріп өлмесе ештеңеден себебі түспейтіні білінді. «Бұдан қалай құтылам?» деп, екі көзі Қарасайда, жалтаңдап жан-жағына қарап кетіп бара жатып, аяғын бір шөп іліп кетіп, сүрініп жығылды. Өзі мес болып шайқатылып, антқа жолығып жүр екен. Жығылған жерде бір шөп кіріп, Әнжі өліп қалды. Тез басып Қарасай да келді. Келсе екі үйдің арасында Әнжі етпетінен түсіп жатыр. «Бұл өтірік істеп жатыр. Әлі де талай қулық жасар!» деген оймен шауып өлтірейін деп келсе, әлдеқашан жаны шығып кетіпті. Әнжінің өлгенін көрген соң, елі жиылып келіп: «Бұл Әнжінің әкесі Мұса деген әулие адам еді. Мұсаның бөліп берген еншісіне Әнжі қайлы болмаған. Сонда әкесі: «Менің тілімді алмаған біреудің бір себеппен жерге кіресің, өңменіңнен шөп өтіп өлесің!» деп еді. Мұның екі айтқаны да келді» деп, сонда да болса Әнжіні адамша жерледі. Қарасайға халықтың көңілі бітіп, «жамансынып жүрсек, аталарына ұқсап, ел қорғап адам болатын түрі бар екен ғой» деп, еліне салық салып сауын мал, мүлік жиып берді.

Қарасай атқа шықты мұнан былай,
Бұл бұрын жүдеу еді жетім бала-ай.
Көп дұшпан ұрыспастан жолдан қайтып,
Абырой берді бұған мырза Құдай!

Жылқысын Қалиланың әкелген соң,
Сыртынан халық мақтады улап-шулай.
Бүлдіріп өмірінше ноғайлыны,
Дүниеде Ысмайыл өтті қу, сұмырай.

2990. Ат сатып Сұлтанай би әпергенде,

Таңқалған Сұлтанайға бүкіл ноғай.
Деп айтты есіткен жұрт Сұлтанайды:
«Жан екен артық туған, нағыз құмай!
Жалданған жарлы үшін Әзірет Әли,

Бұл күнде Сұлтанай би болған сондай!»
Қарасай көп көріп еді жетімдікті,
Ер еді шынжыр атай түпкілікті.
Ықпалы Қарасайдың жүрген заман,

Іздетті Жасаралға кеткен кекті. 3000. Әнжіге қарап жүрмей хат жазғызып,

Бақ қонған Қарасайға сол себепті.
Қысылып жетім бала барғанында,
Халық үшін Сұлтанай да рахым етті.
Қипатша Қызылатты сонша бағып,

Бағына Қарасайдың кез келіпті.
Кезекпен Қарасайды халық шақырып,
Ардақты халыққа болды басы сыйлы,
Жүр еді жетімдіктен болып шерлі.

Адамдар инабатты ортаға алып, 3010. Құрметпен аралатып танытты елді.

Мінер ат, киер киім, сауар сауын
Халықтан салық салып, дүния жиды.
Осындай ойын, қызықпен ел аралап,
Сайрандап салауатпен бір жыл жүрді.

«Бастырып қырық нарға
Сұлтанай Қызыл атты алып берді.
Келмейді жатса ұйқы Қарасайға,
Қаруын қайтарам деп қайсы жерде?»

Бір күні пікір түсті кеуіліне, 3020. Хан қоймақ Сұлтанайдан артық биді.

Бұл істі бітірмек боп көп ұзатпай,
Үйіне Мүсілім ханның арнап келді.
Үйіне Мүсілімнің келгеннен соң,
Сескенді ол жүргізді деп бір кеуілді.

Енді таныстырып болған соң, үлкендер: «Атаңның мұрасы еді, тақтың еркі өзіңде» деп айтар деп еді. Онымен ешкімнің ісі жоқ. Әркім өз бас пайдасына тарап кетті. Сонан соң қаруын беліне байлап Мүсілім ханның ордасының еңсесіне келіп түсті. Мүсілім Стамбұл деген қаладан қашып келген жалғыз басты ноғай еді. Жалғыз басты болса да, хан болып отырғанының себебі: ноғайдың бел жері Мүсеке мырза деген кісі бар-ды. Мүсілім соның жиені болатын. Өзі жуас жігіт. Жуас та болса, елді ұстап хан болып отыр. Екінші жағынан, Орақ пен Мамайдың заманында Толағай байдың Қалипа деген қызы бар еді. Қалипа өзінің ақылдылығынан Ораққа өкіл қыз, Мамайға қарындас болды. Сөйтіп, екеуіне Боғда деген қонысты сұрап алған. Төркін сыбағаға сол қонысты алып, өмірінше елге салық бермей кетіп еді. Қалипа ақылды, сөзге жүйрік адам. Қалипа Мүсілімге тиіп, бұл күнде ханым болып отыр. Сол өкіл апасы Қалипа бұл жетім бала болып жүргенде, «інім» деп маңдайынан бір сипамаған екен. Оның бержағында, Қарасай бір жыл бойы ел аралап жүргенде «апама сәлем берем» деп келмеген. «Бұлар кісі өлтіруден таймайтын адамдар еді» деп, енді сол апасы Қарасайға өз алдына бөлек үй тіктірді. Сөйтіп Қарасайды жайлап болған соң, апасы киімін иығына жамылып Қарасайдың үстінен келіп, баяғы сарт еліндегі Ақташаған, Әли бидің қоластында болып, қайтадан «Мамай Мәскеуге хан болды» дегенді естіп, ауылына қайта көшіп келіп, осы Ұлы борсық, Кіші борсық құмдарын жайлап-қыстап жүріп Орақ пен Мамайдың тұтқынына түскенінен бері қарай айтып, інісіне өкпелеп, толғап жатыр:

– Шырағым, жаңа талап сен бір бала-ай,

Көп жасап заман көрдік, өтті талай.
Кеуілім ауырлады келмеген соң,
Ойланып өтіп кеткен бұрынғыны-ай.
Шырағым, құлағың сал бұл сөзіме,

3030. Ноғайда руымыз еді тама-ай.

Апаңа сәлем бере бір келмедің,
Сайрандап ел қыдырдың бір жыл ұдай.
Жерінде қызылбастың мекен етіп,
Аралас шиғаменен болған сыбай.

Хан шығып қызылбастан Ақташадай,
Тамаға салды залым көп бұлалай.
Хан болған мұсылманнан би Едіге
Баласы тентек болды Нұрадындай.

Басында сонан бүлген біздің халық, 3040. Айтылған әрбір жұртқа барша ноғай.

«Мәскеуге әділ Мамай хан болды» деп,
Есітті босқан халық хабарын-ай.
Тепкісі Ақташа хан өткен ноғай
Шиғадан қашып көшті бермен қарай.

«Бұрынғы мекеніне жетеміз» деп,
Халық көшті бермен бірі қалмай.
Таманың елатында ардақтысы,
Қолында дүния көп, төрт түлік сай,

Көше алмай тоғыз үймен сонда қалды, 3050. Мыңғырған малын айдап жүргізе алмай.

Шиғада қалған жалғыз мал қия алмай,
Бар шығар есітуің Нәрікбай бай.
Сөйлермін мен сөйлесем арғы жерден,
Көргенім ойға түсіп, оһ дариғай!

Тұқымы хан болған соң Едігенің,
Құмары жетпек болды біздің елдің.
Тырнағы бөтен елдің батқан халық
Жат жұртта Ақташа хан, Әли бидің.

Ақташа, Әли биден қашып көштік, 3060. Қадірін өтіп атамекен, өскен жердің.

Бойына екі Борсық жеткенінде,
Есіттік Әнжі залым бүлдіргенін.
Келе жатқан аңсап халық алдындағы
Ақиқат жұрт есітті бүлінгенін.

Баласы Жаңбыршының екі асыл нар
Жұртына қондыкердің бөлінгенін.
Күніке мен Телағысқа халық көп еріп,
Есіттік Мамай, Орақ кемігенін.

Сонан соң біздің тама ренжіді, 3070. Ойға алып Нұрадындей арғы тегін.

Тоқтады енді көшпей тама халық,
Бұл жерге мақұл көріп кідіргенін.
Ортасы Азияның малға жайлы,
Қос Борсық мекендедік екі шенін.

Халық отыр екі құмда тырна қатар,
Жайықтың сүрікпенен суын татар.
Кең қоныс байтақ жатқан мекендедік,
Жоқ болды еш дұшпаннан қауіп-қатер.

Адам жоқ әкім болып халық басқарған, 3080. Бұл тама бір жұрт болды бөлек отар.

Ұлы жоқ Толағайдың жалғыз қызы,
Бала едік біз сол күнде он үш жасар.
Шырағым, апаң болды көп сөйлейтін,
Көргенде жақсы тұқымды көңіл ашар.

Жақсы жоқ, осы күнде халық азығып,
Адам жоқ дуа тиген, бәрі нашар.
Бұл күнде бұл елдегі Сұлтанай би
Жақсыдан үлгі көрген соған ұқсар.

Хан болды мына жездең жуастықтан, 3090. Тек қара, әншейін-ақ орын басар.

Не пайда хан болғанмен, халық азықты,
Басында бұлты болмай дұшпан қашар.
Осындай заман болды, шырағым-ай,
Таң қалды Мамай өліп мына құмда.

Баласы бәйбішенің төртеу еді,
Жоқ болды Әнжі салған ылаңында.
Кешегі он екіде Айдынды-Имаш
Ақиқат ер болып дер шағында.

Ол күнде Қангерманда оқып жаттың, 3100. Болды ғой бұлан-талай бұяғың да.

Жаббас құл ажалына себеп болып,
Өмірін қысқа қылды Құдайым да.
Неше жыл жер астында оқып Әнжі,
Ілгергі істің білген боларын да.

Мойнына неше адамның қанын жүктеп,
Жете алмай ол да кетті-ау құмарына.
Құдайым өмір берсін абыройлы,
Ықпалың жүре берсін ұзағына!

Алдынан Әнжі көрер азабын да, 3110. Шамалы көріп кетті азарын да.

Сыртыңнан мен тілектес, Қарасайжан,
Ашылсын мұнан былай таланың да!
Жүрмісің аман-есен, Қарасайжан,
Сөйледім ойға түсіп өткен заман.

Болып еді әкем – Орақ, Мамай – ағам,
Боғданың қоныс беріп алабынан.
Балқыдым сені көріп бойым еріп,
Болған соң қалған тұқым әне сонан.

Қарасай, топырақ-жасын берсін саған, 3120. Жеткерсін жаратқан Хақ талабыңнан!

Халқыңды қаласаң ал, мін тағыңа,
Мен тақты неге аяймын шырағымнан.
Арғы атаң Едіге би әрі әулие
Тұтпаған мұсылманның шылауынан.

Әулие әрі батыр болса дағы,
Кетпеген Әмір Темір қарауынан.
Бір тізгін, екі қайыс өз қолыңда,
Жездеңді сенен бұрын қара қылған.

Тараттым іштен шерді сөйлеп сөзді, 3130. Айта бер жұмысыңды ойыңа алған. Апасы осылайша әрі өкпесін, әрі өзінің Қарасайға қандай қатысы бар екенін айта келіп: – Атаң Едіге әулие де, батыр да адам еді. Сондай болса да, Әмір Темірдің қарауынан шыққан жоқ еді, – деді. Бұл «Жездеңнен тақты алмасаң қайтеді?» деген ойын астарлап білдіргені болатын.

Енді соған Қарасай жауап берді:

– Жалғыз Алла жаратты

Он сегіз мың ғаламын.
Өзгертпейді жазудан
Не де болса қаламын.
Оның дұрыс, әй, апа,

Мойныма аламын.
Атадан жетім жас қалған,
Үлгі көрмен нұсқадан,
Қайдан іздеп табайын

3140. Атаның дос адамын.

Ықпал жүрген уақытта,
Кім дос қылады ертіп,
Халқының білгіш маманын.
Көргенім жоқ бір досты,

Мен де көзім саламын.
Бір адам арнап барған жоқ,
«Жетім» деп көзін салған жоқ,
Бізбенен ісі болған жоқ,

«Дос» дегенге қалай нанамын?! 3150. Көрмей ме екен дос болса,

Ізінде қалған досының
Біздей болған мен аялын.
Дал болып жүрмін, әй, апа-ай,
Жетімдік кетпей арқамнан.

Жақсы біледі өзіңдей,
Сырымды сырттан байқаған.
Көргенім жоқ теңдікті
Мына жатқан халқымнан.

Кеше жауға жалғыз кеткенде,
Жауда ажалым жеткенде,
Баратын жан жоқ артымнан.
Жау келе жатыр дегенде,

Неше түрлі сөз болды, 3160. Есітіп жүрдім сыртымнан.

«Осы тұқым құрымай
Бүліншілік кетпейді, – деп, –
Ноғайлының жұртынан!»
Көтере алмай бұл сөзді,

Майысып сүйек балқыған.
Мінуге көлік таба алмай,
Торықты кеулім шалқыған.
Сұлтанай болды бұл елде

3170. Маңдайымнан сипаған.

Қайыра алмай соның қарымын,
Мен безіп жүрмін ұйқымнан.
Сұлтанайдың қарызын,
Қайырмақ, апа, арманым!

Едігеден сөз қылып,
Тастадың сөздің салмағын.
Темір ханға қараса-ай,
Тентек болып баласы-ай,

Қашырған өзінің әруағын. 3180. Ықпалы жүрген уақытта

Аңғысын досын хан қылып,
Тарқатқан ол да арманын.
Көкмойынның баласы
Шапса озбай қоймайды.

Шалқұйрықтың баласы
Артқан жүкке талмайды.
Ақсұңқар құстың баласы
Қарғаны ілмей, талғайды.

Жаратылған жан болса, 3190. Тегіне тартпай тұрмайды.

Атадан жаман ұл туса,
Халық санға алмайды.
Жетесі болса сонан соң,
Көріну үшін халыққа,

Қайрат қылмай болмайды.
Қолқасына Қызылаттың
Қолымда жоқ ыңғайлы.
Керек емес дүния-мал,

Сұлтанай оны жимайды. 3200. Бір мен емес, әй, апа,

Әркім де досын сыйлайды!
Өкіл әкең ер Орақ
Саған берген Боғданы.
Бір мен емес, ноғайлы

Қайдан тапты оңайды?!
Қолқасына Қызылаттың
Таба алмай жүрмін орайды.
Орнымның еркін бермесе,

Мені атамнан кем десе, 3210. Кеулім бұған тұрмайды!

Менің қайқайдағым торлайды!
Адамдықтың белгісі –
Айтқан сөзін шындайды!
Ақылы жоқ наданға

Айтқанменен қанбайды.
Өзіңнен жақсы кез келсе,
Сөздің шынын ойлайды.
Бұл сөзімді аңғарған

Тезірек халқын жинайды.

Қарасай мұны айтқан уақытта, Қалипа Мүсілімді «бері шық» деп ордадан шығарып алды. Ордадан шығарып алып: – Бұған өкпелейтін орнымыз жоқ еді. Ашуы басылсын деп босқа өкпелеп отыр едім. Сен енді мына жасауылмен ноғайлыны жинап ал. Тақтың ықтияры менде болса мен мына Қарасайға берем. Өздеріңде болса, өздерің алыңдар де. Сосын жақсысы сыйлар, жаманы қорғалар. Сөйтіп, тақтың ықтиярын бер. Өзі кімді қойса, оны қойсын. Өз қолынан қойсын. Сен сөйтіп, бір қасық қаныңды арашалап қал, болмаса өлтіріп кетер, – деді. Мүсілім Қалипаның айтқан сөзін мақұл көріп, халқын жинайын деп жатыр.

Ендігі сөз Мүсілімнен. 3220. Қалипа мұны айтқан соң,

Мүсілім де ойланды.
Нәті әйел болғанмен,
Ақылы ойға қонған-ды.
Жасауылдарын шаптырып,

Ноғайлыны жинады.
Құрмет етіп, үй тігіп,
Қарасай ерді сыйлады.
Айтсаң да әзір хан тағы

Халық қалмай жиналды. 3230. «Ертең сәске болғанда,

Келген халық кірсін!» деп,
Тіктірді алты орданы.
Халық ішінде ардақты,
Атағы шыққан айбатты

Қарасай, Мүсілім отырған
Ордаға тыныштық орнады.
Халқы қалмай келген соң,
«Неге дейсің, патша?» деген соң,

Өткенді айтып қозғады, 3240. Мынаны айтып толғады:

– Келдіңдер ме хабармен,

Қарауымдағы елдерім,
Ел ішінде ерлерім?
Көпті көрген, билерім,
Табылып келеді бірлігің.

Мұсадан қалған алтын тақ
Бәрің маған «мін!» дедің.
Кешегі Мамай асыл тек,
Артығы еді пенденің.

3250. Батыр Орақ ағасы,

Мына тұрған Қарасай
Сол батырдың баласы.
Едігеден келе жатқан
Ноғайлы деген ел едің.

Желкеге жау келгенде,
Қорғаның болады сендердің.
Кешегі залым Ысмайыл
Істеп кетті білгендерін.

Үш жарым ай хан болып, 3260. Өзгеріп еді елдерің.

Азарына шыдамай,
Жирен сақал ұялмай,
Қаракөк атты бере алмай,
«Мына таққа мін!» дедің.

Жасарал елге келгенде,
Елге азары өткенде,
Неге хабар бермедің?!
Қарасай мынау болмаса,

Қайтпас еді менен еңбегің. 3270. Мына отырған Қарасай

Кешеден бері үйімде.
Ненің барын білмеймін,
Сұраған жоқпын кеулін де.
Жақсыдан қалған жәдігер

Көрінген соң көзіме,
Қиял түсіп өзіме,
Ат шаптырдым ардақты
Ахметтей еріме,

Сұлтанайдай биіме. 3280. “Жирен сақал, қалдырмай

Алып кел, – дедім, – сені де».
Қипатшадай саудагер,
Хабармен сен де келдің бе?
Ендігі билер жас түлек

Сендердің жүрген ізіңде.
Баршаларың аман ба?!
Бір пәтуа бірлікпен
Мінгіздің таққа мені де.

Таба алмай тұрамын сыйлықты 3290. Қарасайдай еріме.

Жасарал келсе кешегі
Қырық мың қолмен еліме
Қыратын менде қайрат жоқ,
Сене алмаймын өзіме.

Бәрің мақұл көрсеңдер,
Хан деп билік берсеңдер,
Құлақ сал менің сөзіме.
Ақсұңқар құстың баласы

Қарғаны ілмей, қаз ілед. 3300. Арғы атасы Мәулімге

Дұға берген Әзірет.
Онан туған Едіге
Батылменен іс көред.
Нұрадын артық ер болып,

Ерлігі мен елінен
Сұрамаған еш көмек.
Мұсылманды қойдай бауыздап,
Атасы сонан көрген жек.

Шарабас туған тым жүдеп. 3310. Ұшырап қанға баласы

Аппас, Ғаппас – екеуі
Адам болып туған тек.
Едігенің тұқымы
Кеткеннен соң тым жүдеп,

Сол уақытта халық азып,
“Ұшырады қанға” деп.
Халықтың сөзі қалмайды,
Хақтың ісін кім білмек.

Сол уақытта халық азып, 3320. Кетіпті елді құл билеп.

Кеткен соң елді құл билеп,
Кеткеннен соң қорғаны,
Жұрт орнынан қозғалды.
Көлікті адам озған-ды,

Көліксіз мойнын созған-ды.
Ақсақ Темір Көрген
Ықпалы жүріп үдеген.
Қытай, қалмақ, монғолдың

Қалаларын бұзған-ды, 3330. Мұсылманды жиған-ды.

Дүниядан өтіп Темір хан,
Бітпей кетті арманы.
Мұсылман сансыз тозған-ды,
Жаңбыршы, Мұса ел тұтып,

Таланды болып зорланды.
Қаланың аузын шаң қылып,
Қақпаның аузын қан қылып,
Едіге бидің ен әруақ

Мұса ханға қонған-ды. 3340. Құрастырып халық қылып,

Ортаға тіккен орданы.
Содан бері халықтың
Табаны жерден таймады.
Мамай хан билеп тұрғанда,

Төрт тарапқа даң болып,
Халық Шағанды-ай жайлады.
Батыр Орақ дұшпанға
Жауатын бұлттай торлады,

Найзағайдай ойнады. 3350. Әнжі залым туғаннан

Арамдықты ойлады.
Атадан төре жас қалып,
Мұрасынан бос қалып,
Жетімдік көріп сандалды.

Кесе тұрып дұшпанға,
Кеше жаудан арды алды.
Бізде қалды міндеті
Қылайық ырза мырзамды.

Назбедеу аттың тайына 3360. Жасынан жабу, жем керек.

Шын құмайдың баласы
Алтайы ұстайды ертерек.
Шалқұйрықтың тайлағы
Бидасын тартпас еркелеп.

Тұқымы асыл айбатты,
Айтқанын қылар ер керек.
Мінуім тақты қолайсыз,
Қолымызда бұл тұрып.

Кеңеске келген кемеңгерлер, 3370. Отырсыңдар не біліп?!

Отырып бір ордада,
Түзу кеңес құрайық.
Келе жатқан бұрыннан
Атаңның жолын құрайық.

Алайық, не қояйық,
Не ойлап отырсың, халайық?
Жеті атадан шын жүрдің,
Тақ, міне, ой ойлайық,

Қанеки, сөйле, көсемдер, 3380. Білгір туған шешендер!

Көбің мақұл көрсеңдер,
Отырмын ойға мұны алып.
Мұны айтқанда ордада
Отырған адам ойланды.

Біріне-бірі қарайлап,
“Не дейсің?” деген сөз болды.
Әңгіме енді қозғалды.
Отырған адам үлкені

Қалила деген қарт еді. 3390. Сөзді берді үлкенге,

Басқалар ләм-мин демеді.
Көпті көрген көнеден
Сөздің жөнін біледі.
Айбатты адам таба алмай,

Жұрт та жүдеп жүр еді.
Әділетті ханы жоқ,
Хансыз елдің сәні жоқ,
Тек бос отырған ел еді.

Қалила қартқа сөз келіп, 3400. Бастады сөзді ойланбай:

– Халықтың жолы болған соң,

Сөз келеді үлкенге.
Ойларыңды айтыңдар,
Жүрмейік қалып күңкілге.
Бірлікпенен іс қылсаң,

Жақсы болар ертеңге.
Қанша халық болса да,
Мырзаның тұқымы бір төбе.
Мұнан басқа бөтенге

3410. Бақ қонған жоқ ертеде.

Үлкен деп тілді алсаңдар,
Сөзге құлақ салсаңдар,
Бір кеңеске іркілме.
Кеулін сұрап көріңдер,

Не дейді екен бұл төре?!
Мына отырған Мүсілім
Әзірге халық ағасы.
Басқа отырған балалар

Бәрің де ноғай баласы.
Мүсілімнің сөзінің

3420. Табылып тұр расы.

Тегіс жауап берсеңдер,
Кеуілдің болмай аласы.
Өз ойымды айтайын,
Осы деп сөздің сарасы.

Мамай өліп қалғалы
Иесіз Мәскеу қаласы.
Сібірдегі сары орыс
Аямайды ноғайды,

Келсе егер шамасы. 3430. Жеті атадан бұл төре –

Мұсылманның қарасы,
Жел жағының панасы.
Шамасын білсе кімде-кім,
Ақылдың болар данасы.

Мүсілім жайын білдірді.
Ойларыңда не сөз бар,
Келдіңдер халық ағасы?
Қатардан артық ерің бар,

Ақылы кәмбіл биің бар, 3440. Мына отырған төренің

Кеулін ашып сұрашы?

Қалила мұны айтқанда, орданың ішіндегі адамдар алғашында тым- тырыс отырды. Бір уақытта Ахмет деген жігіт сөз бастады. Ол өзі әрі батыр, әрі Салторы деген тұлпардың иесі болатын.

Ахмет сонда сөйледі:

– Айта бер сөзді қарт аға-ай,

Ақылыңды сал ортаға-ай.
Сіздің айтқан уәжді
Ұйғарар дейсіз кім “былай”.
Үш жыл болды адасты

Бұрынғы жолдан бұл ноғай.
Адасқанның себебі:
Жақсыдан жарақ таба алмай,

3450. Ел өзгерді еріксіз,

Әнжі мініп амалға-ай.
Жирен сақал Қарақұл
Халықты жиып біріктірді
Азарына шыдамай,

Теңбілқара көк атты
Сұрағанға бере алмай.
Ақылы ауған Тобаяқ
Жаббас құлды жіберген

“Тартып ал!” деп ұялмай. 3460. Себеп болып осыдан,

Әнжі тайды тағынан,
Дұрыстықпен жүре алмай.
Мүсілім таққа орнады,
Хандық деген амалда.

Ол уақытта Қарасай
Ерлігі кеміс, далада.
Кешегі жаудың тұсында
Абыройды бұл алғанда,

Ұрысып атқа міне алмай, 3470. Бәріміз де арманда.

Жасқанғаннан жан қалмайды,
Ықтияры Құдайда.
“Алдынан жаудың шықпай-ақ
Кіреміз” деп жүр едік,

Елге болса бұлалай.
Мүсілім таққа мінбесе,
Не қыласың, қарт аға,
Төренің кеулін сұрамай?!

Қалила сонда сөйледі, 3480. Кеңес ашты сөз бастап.

Жіберген соң Ахмет
Ойын айтып бұл қостап.
Халық Құдайдың бір аты
Отыр еді ығыстап.

Сонан соң қартың сөйледі,
Тура қарап мырзаға,
Ойдағы сөзін дұрыстап:

– Уа, Қарасай, білемін

Бес атаңнан төресің! 3490. Онан арғы төрт атаң

Пақырға қылған демесін.
Шарабас, Ғаппас екі атаң
Ала алмаған көрінеді
Сыбағалы үлесін.

Кешегі Мамай, қанды Орақ
Қара жерден жүргізіп
Кетті олар кемесін.
Халық отыр қайбыртып,

Жұртың отыр айбынып. 3500. Сенен бұрын екі-үш жыл

Қалған халық мажығып,
Саңылағынан айрылып.
Кеуіліңді көрсетші,
Сөйлеші не десең де.

Қор болмассың, шырағым,
Босқа қарап жүрсең де.
Халқың еркін беріп тұр,
Тек сәлемге келсең де.

Ел тізгінін береді, 3510. Таққа өзің мінсең де,

Я, біреуге берсең де.
Қанеки, балам, ойың не
Біз тыңдайық, сен сөйле?!
Келе жатқан кекті дұшпаның

Күншығыстың қалмағы.
Діні бұзық сары орыс,
Мына Мәскеу жан-жағы.
Жасырмай айт, қарағым,

Болса ісің ойдағы. 3520. Өзі сары, көзі көк,

Тұтынып жүрген діні жоқ,
Есебі жоқ, өзі көп.
Сары орыс деген бір дұшпан,
Шайтан көпір – аржағы.

Келіп тұр бізге хабары,
Мақсаты – Мәскеу алмағы.
Жерден халық таяды,
Болмасаң елдің қорғаны.

Жар болмаса бұрынғы 3530. Едіге бидің әруағы.

Жақын жерден бір дұшпан
Жылда бізді жаулады.
Темір қақпалы Дербенттің
Қаласын бұзып қан қылмақ –

Болып еді кешегі
Хан Мамайдың арманы.
Арманына жете алмай,
Болмай кетті не пайда,

Кеуліне алған ойлары?! 3540. Тақ пен халықты қолыңа ал,

Ел болуды ойыңа ал,
Өзіңе түсті салмағы.
Қанеки, мырза, не дейсің,
Тізгінін саған беріп тұр

Мына жиылған көптің саңлағы?!
Ақсұңқар құстың баласы
Қауырсыны қатқан соң,
Шыңға қонып таранған.

Жерден тышқан қарамай, 3550. Тамағын тапқан маралдан.

Назбедеудің баласы
От жемей суды көп ішпей,
Өз-өзіне жараған.
Сен асылдан зұрият

Адамнан артық жаралған.
Кешегі дұшпан қайтқаны,
Бұл да саған таланнан.
Ахмет те кеулін білдірді,

Жоқ екен бұл да аянған. 3560. Мына отырған Сұлтанай

Ақылы кәмбіл данышпан
Бүгінгі артық ноғайдан.
Адамнан артық іс қылды,
Себебі шығар Құдайдан.

Қанеки, төрем, сөйлеші,
Ықтиярын беріп тұр
Мына халқың құралған!
Қарасай сонда сөйледі:

– Құлағың сал, қарт аға,

3570. Сөз бастадың ортада.

Ортамызда бұл күнде
Мына Мәскеу байтақта
Атадан жетім жас қалып,
Келмеген ақыл тоқтамға.

Нар көтермес ауыр жүк
Осы күнде арқамда.
Бұл жұмыстан құтылсам,
Бір тыншайып отырсам,

Салмаспын деген ойым бар
Шыбын жанды қалтама.

3580. Осылай жайым, қарт аға,

Тарта алмай жүрмін қайсаңдап,
Жүк батқанда арқама.
Арманымды айтайын,
Жиылған халқым, ортаңа.

Міндетім бар мойнымда,
Осы жұмыс ойымда.
Тарқар еді арманым,
Сұлтанай хан болса халқыма.

Арғы атам Едіге 3590. Аңғысын досын хан қойып,

Қалыпты даңқы артында.
Телағыс, Күніке – екі нар
Тіл жалмаған Күреңді
Тартынбай берген сұрағанда.

Мұса оны хан қойған
Қондыкердің жұртында.
Осылардай, Сұлтанай,
Абайласаң халқым да.

Сұлтанай таққа мінбесе,
Тарқамас арман бір ойым.

3600. Қалсын ісім артымда.

Отырсаңдар бәрің де,
Жасы үлкен кәрің де,
Ақыл асқан биің де.
Қалмай келген көрінеді

Қайраты асқан қадірлі.
Қош көрсеңдер осылай,
Сыйласаңдар ініңді.
Мұса мінген алтын тақ

Сұлтанайға лайқат, 3610. Көңліме солай көрінді.

Жақсылық пен жамандық
Әлі алдымда көп шығар.
Ұзақ берсе Құдайым
Басында жазған өмірді.

Шыбын жаным сау болса,
Байласам алмас беліме,
Қарсы тұрсам керек-ті
Мәскеудің залал қылатын

Діні бұзық кәуіріне. 3620. Жалғыз өзім жүремін

Темір қақпалы Дербенттегі
Ата дұшпан еліне.
“Сұлтанайды хан қой” деп,
Өтінемін көбіңе.

Ел азайып қалыпты,
Халық кетіп жөніне.
Азғантай елде отырып,
Мен ойланып едім бұрында

Өзім таққа мінуге. 3630. Қайратымды көруге,

Халыққа үлгі беруге
Кеткен ноғайды жинамақ.
Телағыс, Күніке екеуін
Тірі көрсем сыйламақ.

Қиын екен туыстың
Жалғаншыда сирегі.
Осындай мақсат ойда бар,
Іш құсырым бойда бар.

Алдымды қайдан білейін, 3640. Әлде залал пайда бар.

Сұлтанайды хан қойсаң,
“Халқым” деп терең айналар,
Сонда терең ойланар.
Мақсатыма жеткенше,

Өзім таққа мінбеймін.
Айтқанымды қылмасаң,
Ел ішінде жүрмеймін.
Жиналған жақсы, ардақты,

Төренің осы билігі. 3650. Ұзақ, қысқа, кім білсін

Алдында жанның тірлігі.
Тағы айтам сол ойымды
Мына отырған Сұлтанай,
Бір жеткерген қолымды.

Жиналған көп ағайын,
Айтқанымды қыласың,
Сыйласаңдар дініңді.
Өзім таққа мінбеймін,

Жинап алмай елімді. 3660. Туысқан, туған, ағайын,

Әнжінің айтқан шағымынан
Елден кетіп бөлінді.
Сұлтанай берген Қызылдың
Есен-сау жүрсем белінде,

Тарқамайды арманым,
Бір аттанбай кәуірге.
Әрі дағы құмармын,
Телағыс, Күніке дидарын

Тірісінде көруге. 3670. Енді, елім, өзің біл,

Айтып болдым сөзімді,
Көрсетіп болдым жөнімді.

Қарасай мұны айтқанда, ордадағылардың жақсысы сыйлап, жаманы қорғалап, бірақ біраз ешкім сөйлемей отырды. Біраздан соң, көпшілік Қалила қарт пен Ахметтің сөздерін мақұлдап: – Бұл тақтың атаңның мұрасы екені рас. Өзің иемденсең де, біреуді қойсаң да еркің, – деді. Сол уақытта Қарасай орнынан түрегеліп: – Тақтың ықтияры менде болса, мен онда мына Сұлтанай би ағама берем! – деді. – Сіздердің мені дұрыс түсініп, әруақты сыйлағандарыңызға рахмет! Екі арманым бар еді, бірі және ең маңыздысы оса арада орындалатын болды ол – тарап кеткен ноғайлының атажұртта басын қосу еді. Осы арманның бастауын Сұлтанай ағам бастасын. Ендігі бір арманым – Телағыс пен Күніке деген туысқандарымды тауып, дидарласу. Әнжі салған ылаңнан олар бұл күнде Қондыкердің жұртына хан болып отыр дейді. Көзінің тірісінде соларды іздеп барып, татулассам деймін. Осы екі арманым түгел орындалған соң ғана таққа отыру-отырмауды сөз қылармыз. Таққа отырып, ел басқаруда бір ғана батырлық жеткіліксіз. Ақылы кәмбіл, дана ғана халық тағдырын терең түсіне алады. Сондықтан Сұлтанай менің орныма хан болады, – деді. Отырғандар: – Қарасайжан, өз шешімің дұрыс! Ақылға қонымды сөз! – десіп, түгел мақұлдап, дәуір айтқызып, Сұлтанайды хан қойды. Сұлтанайды хан қойып, кеулін бірлеп, Қарасай ауылына келді. Бір күні үйде ағасы Мамай ханның заттарын ақтарып отырды. Мамайдан қалған көп қағаз бар еді. Солардың арасынан бір ерекше қағаз шықты. Жазуды оқып көрді. Оны Мамай өлерінде жазыпты. Сонда темір қақпалы Дербент деген қаланың жолын, жерін, шөлін, көлін, құдықтарын белгілепті. “Ендігі өмірімді қалмақтың осы қаласын алу жолына сарп етермін” депті. Енді аттанам деп жүргенде өзі өліп қалыпты. Қағазды көрген соң, Қарасай желігіп: – Мен темір қақпалы Дербентке аттанам! – деді. Ноғайлылардың кейбіреулері: – Сен аттансаң, біз де ере жүреміз! – деді. Олардың көпшілігінің ойында “көп олжаға батамыз” деген пікір болған-ды. Қарасай оларға: – Әуелі өзім барып біліп келейін. Мамайдың жазғанына көп болған екен. Одан бері қандай өзгеріс болғанын кім білсін. Мүмкін, елі бөтен жерге көшіп кетті ме? – деді. Сол сөзбен ноғайлының атқа қонбақ болғандарын тоқтатып тастап, Қызылатқа мініп, елден шықты. Біраз жүрген соң, “жалғыз болсам да шамам келсе көрермін. Шамам келмесе, ешкімнің қанын жауға төккізбей-ақ бір өзім қашып құтылармын” деп жалғыз аттанғанына қуаңды. Сөйтіп, Қарасай темір қақпалы Дербентке қарай жүріп кетті.

Алла деп мінді Қарасай
Қызылаттың беліне.
Жалғыз өзі жол шекті
Атасы кекті еліне.

Тәуекелге бел байлап,
Ерлік еніп кеуліне,
Қайраты бар жас жігіт

3680. Нан піседі деміне.

“Келмес адам, – деп ойлап, –
Бұл жүргенде шеніме!”
Желігіп кетіп жүргені
Мамайдың жазған сөзіне.

“Қырық мың жығын қол болса,
Салармын, – деп, – тезіме!”
Осыны ойлап Қарасай,
Қасында жоқ ешкімі

Елден шықты жай жүріп, 3690. Көп асықпай сол күні.

Түнде қонып, азанда
Таңсәріден намазда
Сұлы берді атының
Мұнан былай жеміне.

Кішміш жеген Қызылат
Тимеген сұлы ерніне.
Қипатшада жүргенде
Күндіз-түні бағулы.

“Кішміш” деген қазақша – 3700. Мәскеудің қара мейізі,

Сол үшін берді сұлыны.
Қарасайға мағұлым
Сұлының атқа жеңілі.
Темір қақпалы Дербентке

Шамамен жүрді жағалап
Астраханның жағасын.
Төртінші күн дегенде,
Қазаннан өтіп кеткен соң,

Қалмақты елге жеткен соң, 3710. Іздесе емге таба алмайды

Мұсылманның баласын.
Бүлік қалмақ зор болып,
Қай жұрттың да алып тұр
Ол уақытта мазасын.

Қарасай енді шын жүрді,
Сегізінші күн жүрді.
Қолынан келсе, егерде,
Қалмақтың бермек жазасын.

Күн тоғызға толғанда, 3720. Намаздігер болғанда,

Темір қақпалы Дербенттің
Алыстан көрді қарасын.
Қарасын көрді алыстан,
Көз байланбай мен барып,

Оры болса айналып,
Көрейін, – деді, – шамасын”.
Қызылатты зулатып,
Келе жатыр құйғытып,

Жүрісі бейне борасын. 3730. Шәһарға жақын келгенде,

Көп түйені айдаған,
Жанына жалаң байлаған,
Өсіріп шашын бұрымдаған
Бір адам айдап барады

Түйенің бір қарасын.
Түйені айдап барады,
Шығармай шаңын жүргізіп.
Мақсаты бар күн бата

Қамалға кетпек кіргізіп. 3740. Жолығайын бұған деп,

Артынан жетті Қарасай,
Қызылатты желгізіп.
Қасына келсе қарт кісі,
Түйе бағып жүріпті

Сақалын күнге күйгізіп.
Жас-кәріге қарамай,
Кім де болсын жоқ болса,
Қояды Құдай көнгізіп.

Жақындап келіп Қарасай, 3750. Толғады мойын бұрғызып:

– Қайрылмадың, әй, ата,

Қайда кетіп барасың,
Мінген түйең сабалап?!
Қайда қашып барасың,
Жау тұрған жоқ қамалап?!

Мал мен елдің иесі кім,
Білейін деп ем жөн сұрап?!
Әуелі сізге білдіріп
Өз жөнімді айтамын,

3760. Ханның қызын аламын,

Ат сауырына саламын,
Болмаймын құда құрмалап.
Мен ноғайлыдан боламын,
Ағамның аты – хан Мамай,

Әкемнің аты – ер Орақ!
Ханыңа дұғай сәлемде,
Сенбесін мына қорғанға!
Қаласын бұзбай қоймаймын,

Тірі жүріп жалғанда! 3770. Кешегі кеткен хан Мамай

Жауласуға бұл елден
Болып кеткен арманда!
Жалғыз басты байладым
Бұл қалмақпен жанжалға!

Қанеки, ата, атыңды айт,
Кім тұрады бұл қалада?!
Мен аттанып келемін
Темір қақпалы Дербентке.

Бұл сапарға жол шеккен 3780. Ризамын бейнетке.

Жау болмақты қалмақпен
Ноғайлыдан алдым міндетке.
Қорғаны қандай қаланың,
Қақпасы бар қай шетте?!

Мен сол қалаға жеттім бе,
Немесе өтіп кеттім бе?!
Іздеген қалама ұқсайды,
Көзімді салсам төңірекке.

Патшаңыздың аты кім, 3790. Аты шыққан батыр кім,

Халқының және заты кім?
Мен мына тауға барып жатамын,
Тез сөйле, ата, кідіртпе!
Сонда шалың толғады,

Көп кідіріп тұрмады:

– Олай болса, шырағым,

Сенің атың Қарасай,
Кездескеніңді қарашы!
Әкең сенің ер Орақ,

3800. Ер екеніне әкеңнің

Ешкімнің жоқ таласы.
Әкең ісін бітірген
Осылай жүріп оңаша.
Сұрағаныңды айтайын,

Бұл Пазыл патша қаласы.
Іздеген қалаң тап осы,
Сендей неше ерлердің
Келе алмаған шамасы.

Менменсіген талайдың 3810. Ақтарылған сабасы.

Өгіз деген ері бар,
Күнқияш деген қызы бар,
Әсіресе сол қыздан
Талайдың жеткен қазасы.

Осыдан бөтен сөзім жоқ,
Бастан өтті дүние боқ.
Күн батып кетсе түйені
Көретұғын көзім жоқ.

Қырық мың жығын әскері 3820. Халқы сансыз жүдә көп.

Сұрасаң, балам, жөн осы,
Қорықсаң қоста қаларсың,
Қаныңды босқа төкпей тек.
Ертең, егер, ер болсаң,

Темір қақпалы Дербенттің
Аузында көрерсің тамашаны.
Қаланың жайын айтайын:
Тоғыз қабат оры бар,

Тоғыз аршын қорғаны. 3830. Қақпасы бар темірден

Мыс аралас құйғаны.
Құлыптайды күн батса,
Ішкі ауызда әскер көп.
Шабамын деп келгендер

Кіре алмайды қорғанға.
Шыр айналып айқайлап:
“Сыбағасын берем!” деп.
Қорғанды көріп айналып,

“Қалай да ішке кірем!” деп. 3840. “Жекпе-жек!” деп айқайлап,

Қыз шығады жекеге
“Мен де сені көрем!” деп.
Қолындағы найзасы
Тоқтамай салса өтеді

Адам түгіл тастан да.
Көп әңгіме не керек,
Сөзімнің осы болғаны,
Ермін десең жасқанба

Шал осылай деген соң, Қарасай: “Бұл бір пісентті адам екен. Патшаға хабар беретін болды” деді де, бір таудың етегіне барып түнеді. Шал болса, түйесін қорасына апарып тастап, қайтып барып: “Бір жалғыз атты жау келді. Атым – Қарасай, Орақтың баласымын деді” деп патшаға хабар берді. Патша хабар тиген соң, мал мен жанды қаланың ішіне қалдырып, әскерін ауызға жинап, дайындыққа кірісті. Құнқияш жеке шығуға қамданды. Ертеңгісін Қарасай да атына мініп, темір қақпалы Дербентке қарай жүре берді. Қалаға жақындап келсе, майданда бір адам тұр. “Бұл кім?” қараса, қыз екен. “Құнқияш осы екен ғой” деп ойлады.

Сонда қыз Қарасайдың қарасын көргеннен-ақ сөйлеп жатыр:

– Жалғыз жүрген, жас жігіт,

3850. Қалай қарап барасың?!

Кіргізбейді бұл шәһар
Мұсылманның баласын!
Кіремін десең шәһарға,
Менімен ұрыс саласың!

Жөніңді айтып білдірші,
Қай мұсылман боласың?!
Сендей неше ерлердің
Көріп жүрмін шамасын!

Мен жөнімді айтайын, 3860. Пазылдың қызы Күнқияшпын.

Желденіп келген талайдың
Қақыратқанмын жағасын!
Темір қақпалы Дербенттің
Мен тұрғанда еш адам

Бұза алмайды қаласын!
Қарасай сонда сөйлейді:

– Таудағы тарлан шұбардың

Ізінде жүреді сендейі,
Алдында жүреді мендейі.

3870. Екі түрлі Жасаған

Жаратыпты пендені.
Әйел болып жаралған
Ақырында іздейді
Табам деп жоғын елдегі.

Ер керегіп кеткен соң,
Елден оған не пайда,
Босқа кетеді еңбегі.
Есітудің бар шығар

Ноғайлыда Едігені. 3880. Өзімнің әкем ер Орақ

Жалғыз шапқан қамалға,
Бір Құдайға сенгені.
Ағамның аты – Хан Мамай,
Қалмақтың елін шұбыртып

Шығарған қайда шөлдерге.
Менің атым – Қарасай,
Жөнімді біліп келдің бе?
Көрсетпе маған күшіңді,

Бір қыз шықса алдымнан, 3890. Қайтармын деп келдім бе?!

Жол сенікі, сөйлей бер,
Нашар деп болмас тегінде.
Күнқияш сонда айтады:

– Ер жігіт шабар ар үшін

Атаның кеткен кегіне.
Қарамайды өлімге
Тартып туса тегіне.
Сенің атың Қарасай,

Кінә жоқ ата-тегіңе. 3900. Сендейді талай өлтірдім,

Құлақ салмай сөзіне!
Өлтіргем жоқ кек үшін,
Мына қалмақ жері үшін,
Жарамады олар теңіме!

Ғашық едім жасымнан
Мұсылманның дініне.
Ойдағы мақсат, шерімді
Айтармын деп жүр едім

Мұсылманның ұлының 3910. Өзіңдей асыл бегіне.

Біз – қыл жалаулы қалмақпыз,
Талайды салған тезіне.
Және айтатын сөзім бар
Тең көрсең, мырза, өзіңе!

Қарасай айтты: – Қарағым,
Мен жалғыз жүрген дарамын.
Көп екен деп қорықпай,
Қалаңа ойран саламын.

Қарсы келген батырды 3920. Қылышпенен жарамын.

Қалай-қалай сөйлейсің,
Қай сөзіңе нанамын?!
Қыз екен деп қызбаймын,
Дініме кірсең аламын.

Мен – бір асыл гауһар тас,
Ислам дінім халыққа паш.
Ұрысамын дін үшін,
Садақа басым, кетсін бас!

Табиғатым тартпайды 3930. Қайыр дінге, алтын шаш.

Дініме кірген адамға
Достығым артық, шын жолдас.
Ойыңа келген сөзіңді,
Қанеки, ханша, айта бер,

Тыңдамаған жөн болмас!
Күнқияш сонда тіл қатты:

– Кірейін деп мен тұрмын,

Қарасай мырза, дініңе.
Қырық мың әскер артымда,

3940. Жіберіп тұр мені де.

Қарсыласып сенімен
Қайратымды сынаман,
Мақшарда кетпес дақ болар,
Балқыған күндей жүзіме.

Өтірік ұрыс салайық
Халқымның кіріп сеніміне.

Сонан соң қыз: – Мына қырық мың әскерді әкем маған сеніп жекеге шығарып тұр. Екеуміз көрініп қашсақ құтқармайды. Екеуміз найза салысқанда мен құлайын. Бөтендерінің саған шамасы келмес, қаймығар. Бұл да болса пайда. Сосын екеуміз бір қапысын тауып қосылармыз, – деді. Сөйтіп, екеуі найзаласқанда, көп ұзамай Күнқияш аттан ұшып түсті. Қыздың Қарасайға шамасы келгендей еді. Бірақ, бір көргеннен Қарасайға ғашық болған қыз өтірік құлап қалған-ды. Оның өтірік құлап қалғанын білмес еді. Ханымы мен патша бұлардан көз алмай қарап тұрған. Бұрын келген батырдың ат-тонын олжа қылып әкелетін қызы құлап түскенде, жалғызына жаны ашыған әке-шешесі де мұнарадан құлап кеткендей болды. Пазыл барабан қақтырып, ұрыстың кілтін ашты. Енді қалмақтар Қарасайға қарсы шауып келе жатыр.

Патша шығып тұр еді
Мұнараның басында.
Күнқияш аттан түскенде,

3950. Ханымы тұрған қасында.

Мұнараның басынан
Кеткендей болды ол ұшып.
Жанталасты патша ағзам,
Қызына жаны қатты ашып.

Барабан қағып "Бар!" деді,
Ұрыстың кілтін қалды ашып.
Патшадан әмір болған соң,
Қарақұрттай көп әскер

Батырға қарай қаптады-ай. 3960. Қайратты туған Қарасай

Ұрыса берді тоқтамай.
Құлақ тарса тынады,
Қалмақтар мылтық атқанда-ай.
Тозаңы басты түнеріп,

Жабыла әскер шапқанда-ай.
Жүрегі майлы, қанды көз,
Өлемін деп қорықпады.
Қаптаған қалың әскерден

Тоқырап кеулі қайтпады. 3970. Ұрыса берді бетімен,

Аттың басын тартпады.
Аты жазым болмаса,
Қуат берсе Алласы,
Күн батуды шарттады.

Едігені еске алып,
Мылтық пен найза алмады.
Қалыңшылық көп адам,
Бұлардың жолы байланды.

Найза менен мылтықты 3980. Көрмеді мырза ыңғайлы.

Алмасын белден суырып,
"Осы, – деп, – оңай" ойланды.
Қойға тиген бөрідей,
Әскерге салды ойранды.

Қалмақтар өлді алмастан,
Қыла алмай ешбір айланы.
Өлген сайын өрледі,
Артынан өніп қайнады.

Қаланың аузын шаң қылды, 3990. Қақпаның аузын қан қылды.

Қырық мың әскер қамады
Жолдасы жоқ жалғызды.
Қарсы келген адамды
Алмаспен басын жарғызды.

Қапталдап келген адамды
Мойынынан қиғызды.
Қалмақтар қатты сасып тұр,
Көптігі бірақ жұлдыздай.

Астындағы Қызылат 4000. Жалтарады қояндай,

Тізгінін қолмен бұрғызбай.
Ұрысып еді Қарасай
Түске жақын күн қыза-ай.
Кідірместен ұрысып,

Қаза болып песіні,
Намаздігер болғызды-ай.
Жау көбейіп ұрысты
Пұрсат тауып тұрғызбай.

Күн барады кешігіп, 4010. Жау көбейді өшігіп,

Астындағы Қызылат
Шапқан сайын есіріп.
Ажалы шығар талайдың
Бастары қалды кесіліп.

“Бұғалық, таста!” бұған деп,
Айқайлады бір адам,
Қарасай қалды шошынып.
Қанша ұрыс қылды ол,

Амалына түсініп. 4020. Ұмтыла шапты далаға,

Ұмтылғанын білген соң,
Қызылат шапты ұсынып.
Қолдан шықты шұбалып,
Жалғыз қыран қысылып.

Қарасай қолдан шыққан соң,
Ізінен қуып ел шықты.
Ойламайтын өлімін
Туысы артық ер шықты.

Сол уақытта және де 4030. Қызарды да күн батты.

Беті ашыққа шыққан соң,
Қызылат та құйындатты.
Көз байланып түн болып,
Қарасай қара ұзатты.

Таба алмайтын болған соң,
Қамалына ел қайтты.
Қамалға келіп бекініп,
Қауіптеніп қалмақтар

Істеп жатыр ыждаһатты. 4040. Бекіте берсін қамалын,

Істей берсін амалын.
"Көремін ертең ерте" деп,
Қызылды батыр тоқтатты.
Елден аулақ Қарасай

Бір жырада бұл жатты.
Қарасайды ел қуып
Кеткеннен соң манағы,
Ұрысқан жерде Күнқияш

Амал етіп қалады. 4050. Қамалға кіріп қалмақтар,

Өлгеніне есеп алады.
“Кім бар, кім жоқ екен?” деп,
Адамдарын қарады.
Өлгенін айтып болмайды,

Көп адамдар жаралы.
“Күнқияш қайда, келсін?! деп,
Көргенін айтып берсін?” деп,
Жіберді патша хабарды.

Әскерге келсе ханша жоқ, 4060. Қайтып барды таба алмай.

Бір даңғаза іс болды,
Патшаға қатты күш болды,
“Болды, – десті, – бұл қалай?!”
Түнде қайдан іздесін,

Күнқияш үшін қайғырып,
Халқы тегіс жылады-ай.
Ханшаның жайын айтайын,
Тыңда, халқым, құлақ түріп.

Қарасайды мана қуғанда, 4070. Кетіп еді әп-сәтте

Қас қарайып, түнеріп.
Исламға ғашық Күнқияш
Бұлтарыс кеткен жол жүріп.
Қорғанына қаланың

Болғаннан соң ел кіріп.
Жолға шықты Күнқияш,
Тірілігін білдіріп.
Ай сәскеге келгенде,

От орнындай тұяқтың 4080. Ізіне түсті бұл көріп.

Түн ортасы ауғанда,
Қарасайды әрең тауыпты,
Мінген аты болдырып.
Жатырған төре жантайып

Атын қойған қаңтарып.
Күнқияштың анадайдан
Толғаған сөзін тыңдайық:

– Қызылшұбар құмайым,

Тауысып аңды құртпаған. 4090. Небір наһан теңізде

Шабақтың бәрін жұтпаған.
Жайылып жатқан мың қойдан
Жалғыз бөрі қорықпаған.
Жалғыз көзді айдаһар

Бәрін бірдей тартпаған.
Жолдассыз жалғыз арыстан
Жарамайды тызақтаған.
Қолдан әрең құтылып,

Мұның не, төрем, ұйықтаған? 4100. Іздеп келдім ізіңнен,

Атыңа мін, асылзат!
Мен дініңе қызықтым,
Болса да елің бөтен-жат.
Кел, жүрейік, Қарасай,

Құтылдық жаудан саламат.
Болдырып келді осы жерге
Астымдағы жаман ат.
Еркімді саған бергенім,

Басым да саған аманат. 4110. Тоқтамайық бұл жерге,

Таң атқан соң ел қуад.
Мінгесейік атыңа,
Қайтып барсам қалаға,
Өлімнен жаман, сол ұят.

Асыл текдар адамзат
Айтқанынан қайтпайды.
Қайратты туған ер жігіт
Жұмысты істеп шаттайды.

Шынжыратай зүрият 4120. Айтқан сөзін ұмытпайды.

“Дініме кірсең, – деп едің, –
Бұл дініңде тұрғанда,
Қанша асыл болсаң да,
Табиғатым тартпайды!”

Іздеп келдім өзіңді,
Жылдам, батыр, жүр енді,
Таң атса халқым қайтпайды.
Жатыр еді Қарасай

Тек қисайып, ұйықтамай. 4130. Денесі дел-сал, қалжырап,

Асылып атан жыққандай.
Өзі жалғыз, дұшпан көп,
Қалай жатып ұйықтайды?!
Қыз екенін білген соң,

Көтеріп басын шаттады.
Қыз сөзіне жаңағы
Қайтарып дәлел айтпады.
Мініп алды Қызылға,

Бұрынғыдай жатпады. 4140. Мінгеннен соң атына,

Қиял түсіп кеуліне,
Ерлікті аңсап бұла күш,
Тұлабойын қаптады.
Қарасайдың сондағы

Қызға жауап қатқаны:

– Шығып едім елімнен,

Еділ деген жерімнен.
Бір өзім шықтым жұртымнан
Мен Мамайдың сөзімен.

4150. Жалғыз алып баруға,

Ұялып тұрмын сені мен.
Өзің де мана айтқансың
“Ұят жаман өлімнен”.
Таң атқан соң ұрысып,

Көрсем қалай болады
Мына қалмақ еліңмен?!
Айтқанымнан қайтпаймын,
Өзіңнен басым тартпаймын.

Ойласқаным, ей, ханша, 4160. Сөйлеші, қане, шыныңмен!

Күнқияш сонда айтады:

– Жалғыз ағаш үй болмас,

Көп рудың ішінде
Жалғыз тұқым би болмас.
Иесі жарлы жалғыз ат
Тұлпар да болса, қүй болмас.

Жалғыз қазда үн болмас,
Шақырғанмен жез болмас.
Шойыннан құйған қорған бар,

4170. Атағы шыққан зорлар бар.

Астаубасты қара нар
Омырауын осқанмен,
Мен ойлаймын, қозғалмас.
Бір кісіге бір кісі

Олжалап барса аз болмас.
Ел иесі қос табар,
Еліңді жинап келерсің
Сонда да даңқың кем болмас.

Байқап тұрмын түріңді, 4180. Қорықпайтұғын бір ерсің.

Қайратты туған ер болсаң,
Шамаңды сонда көрерсің
Мыңға беру тең болмас.
Ұрысар едім еліммен

Сенімен, батыр, бірлесіп.
Астыма мінер атым жоқ,
Қашып шықтым қарусыз,
Тек жаман атқа ілесіп.

Қалай қайрат қыламыз 4190. Жалғыз атқа мінгесіп?!

Тілімді алсаң жүресің,
Біз тұрмайық бұл жерде
Көп кідіріп сөйлесіп!
Жалғыз өзі Қарасай

Бұзамын деп тұрған жоқ
Темір қақпалы Дербенттің
Шойынан құйған қамалын.
Білейін деп тұр еді

Жауап тартып бұл қыздың 4200. Арамы мен адалын.

Білгеннен соң адалын,
Қайтармады жауабын.
Атының артын береді,
Шығарып алып аяғын,

Үзеңгісін оңтайлап.
Мінгесіп алды екеуі
Атын жайлап ыңғайлап.
Жабықпайды Қызылат,

Тұр құлындай әлі ойнап. 4210. Мінгесіп алып “шүһ!” деді,

Көрейін деді бір қинап.
Қайтуға батыр бет қойды,
Жүрмеді атты бұл жайлап.
Болжалды жерге жеткенше,

Шегінен қалмақ өткенше,
Ат шабады борбайлап.
“Шүһ!” деген соң Қызылат,
Шын созады мойынды.

Лажы жоқ мінгесті, 4220. Мінгесіп шапқан қиын-ды.

Қашқан адам қайтеді?!
“Құтқар!” деп Хаққа сиынды.
“Таң атқанша жеткіз тек,
Көкөзектің суына!

Қалмақ-қытай шегінен
Өткенше тоқтап, бұрылма!
Әйтпесе, – деді Күнқияш, –
Ұшыраймыз қуғынға”.

Алты мезгіл жер еді, 4230. Алланың шарты түн еді.

Жетемін деп Қарасай,
Қызылды алды бауырға.
Ат та шауып келе жатыр,
Қыз құрғыр да ауыр ма?

Таққа мінген ханша енді
Жабысып келеді сауырға.
Пәк жаралған перизат
“Кірем, – деп, – мұсылман қауымға”.

Таң қараңғы болғанша, 4240. Жарық жұлдыз туғанша,

Шыдап келеді Қызылат
Тізгінен төгіп шабуға.
Төрт мезгілдік жол қалды,
Үш бөлгенде бір бөлім

Алдында қалды да.
Сол уақытта сарғайып,
Алланың атты таңы да.
Жан-жағына қараса,

Сарғайды да таң атты. 4250. Мінгесіп келеді екеуі,

Аямады бұл атты.
Болдырмады Қызылат,
Тұлпар екен жануар,
Атты мырза ұнатты.

Таң рауаны атқанда,
Алмадай піскен сұлуға
Қарасай мырза тіл қатты.
Көзі түсіп мысалдап,

Сөз айтқанда, сыр айтты. 4260. Келе жатқан жері сол күні

Тепсең екен қиярлы.
Мінгестірген бір атқа
Жаратушы бұларды.
Күнқияштан Қарасай

Астарлап былай сұрар-ды:

– Көзім түсіп келе жатыр

Жерде жатқан пәлекке.
Патшазада асылзат,
Әзіл сөзді кінә етпе.

4270. Әр нәрсенің мезгілі бар,

Қыз қанаға келген соң,
Нәпісі салар әлекке.
Пәлегің тұр сарғайып,
Жерде жатқан қиярдай.

Астымдағы Қызылат
Құйрық-жалы шұбалды-ай.
Түсіп терсек қиярды
Қоржынға бұлар сияр ма-ай?

Иесі бар боп қиярдың, 4280. Артымыздан қуар ма-ай?

Жауап айтпай түнімен
Келе жатыр едім сөзіңе,
Ой шетіне шыға алмай.
Ат жоюға қолайлы

Көрінеді бұл ара-ай.
Сөйлеші, кәне, жолдасым,
Бір тыңдауға бұл қалай?!
Күнқияш сонда сөз айтты:

– Мысалдап маған айтасың

4290. Жарда жатқан қиярды-ай.

Келе жатырсың шегінен
Біздің елдің шыға алмай.
Келе жатырмын, Қарасай,
Әлі саған сіңе алмай.

Қуып жетер деп келемін,
Арттағы елге сене алмай.
Күн шыққанша, Қарасай,
Көкөзектен өтпесең,

Сонан өтіп кетпесең, 4300. Жау жағадан сығады.

Ат шаршады, жалғызсың,
Таба алмаспыз амалды.
Ұрыс қылсаң кідіріп,
Кеудеңде жаның мың болсын,

Желкеңнен Өгіз қияды.

Сонда Қарасай: “Бұл мені қорқып келе жатыр деп отыр екен ғой. Айтқанымды қылмайтын қызды ауылға апарып қайтем? Осы арада жатайын. Артымнан қуғыншы келетін болса, шамам келсе ұрысып, қызды сонан соң алып кетермін, шамам келмесе, өзім қашып құтылармын” деген ой келіп, аттан түсті. Шылбырынан аяғына байлап қойып, “ұйқым келді” деп жата кетті. Жату бойына Қарасай ұйықтап қалды да, қыз ұйықтамады. Артынан қалмақтар да қуып келе жатыр екен. Шаңын бұрқыратып қуғыншылар үстерінен түсті. Қызылат шылбырын тартқылап, батырды оятып жіберді. Қарасай атына қарғып мініп, үстіне келген жаумен ұрысқа кірді, Қыз отырып қалды.

Асығыс ер Қарасай мінді атқа,
Қарамай қасындағы асылзатқа.
Жау келіп жатқан жерде қалды басып,
Бір өзі не қылады көп қалмаққа?!

4310. Қызылат айналып мінді азар,

Шыдамай айқай, ұран, дабырыққа.
Аспанға аттың шаңы бұрқыраған,
Қараса ашық жер жоқ бұл жан-жақта.
Ұрысып бет алдымен бола берді,

Сиынып жаратушы жалғыз Хаққа!
Келе жатыр ашып жолын қайрат қылып,
Сиынып Мәулімнияз аруаққа.
Еске алып Едіге мен Мұса ханды,

Сиынды өз әкесі ер Ораққа. 4320. Ісіне өзі қылған пүшәйман жеп,

Келе жатыр көп опынып жалғыздыққа.
Қызылат екпінді емес бұрынғыдай,
Қырындап басын салып ұрынбайды-ай.
Мінгесіп түнімен шаршаған ат,

Жол жүрген он бес күндей тыным алмай.
Қыз түгіл қара басын қайттап кетті,
Барады Күнқияшқа бұрыла алмай.
Айналып ұрысуға шама келмей,

Қашуға талап қылды қойып маңдай. 4330. “Жолдассыз өзім жалғыз, атым әлсіз,

Ертерек қашайын, – деп, – сырымды алмай”.
“Құтқар!” деп бір Құдайға сиынады,
Ұмтылып беті ашыққа әзер шықты,
Жалғыздап қалмақ қуып шұбырады.

Артынан жалғыз жеткен адам болса,
Күші артық, заманасын қуырады.
Болғанша намаздыгер қалмақ қалай,
Қысылып Қарасай ер сығылады-ай.

Қызылат екпіні бар емін-еркін, 4340. Кідіріп бірте-бірте бұл ұзады-ай.

Сонымен Қарасайың елден шықты,
Қайырылып ханшаға да жолыға алмай.
Қарасай осыменен елге келді,
Қызды алып кейін қайтты қалмақ елі,

Бос кетті ханшаның да шын еңбегі.
Қолына Қарасайды түсіре алмай,
Зор қауіп қылып қалды кәпір тегі.
Салт басы Қарасайдың елге келді,

Ешкімге ұрысқанын білдірмеді. 4350. “Айында сүмбіленің аттанам!” деп,

Қырымда қырық батырға хабар берді.
Әсеттің сол күндерде ортасы еді,
Жүруге серт қылыпты бір айда енді.
Өлеңді қоя тұрып, отырғандар,

Азырақ жалғастырам әңгімемді.

Қарасай Қызылаттың күшімен зорға қашып құтылып, елге келді. Қалмақтар Күнқияшты алып қайтты. “Қарасай тірі кеткен соң ақыры бізді табады ғой. Енді әскерімен келмесе не қылсын?!” деп қалмақтар уайымдады. Қарасай қайда барғанын ешкімге білдірмей жүре берді. Бірақ ел де мұның бірдеңеден тауы шағылып келгенін сезгендей еді. Көп ұзамай Қарасай қатынаушы керуеншілер арқылы Қырым ханы, сондағы қырық батырдың басшысы – жиені Жасаралға хат жіберді. Бұған барлық шынын айтты. Бірнеше күндерден соң Жасаралдан хабар келді. Сүмбіле айында аттануға келіскен екен. Сүмбілеге он бес күндей азық-түлігін, қару-жарағын қайымдап, Жасаралдың келуін күтіп жүргенде, бір күні Қызылат жамандатып өліп қалды. Ат өліп қалған соң, қайтадан Сұлтанайға “ат сатып алып бер” деп баруға ұялды. Баяғы таз кебіне түсіп, жаяу сандалып қалды. Сол заманда ноғайлы Қара, Сары болып екі арысқа бөлінетін. Бұлар Қара ноғайлыдан. Сары ноғайдың іргесі кең, халқы көп еді. Сары ноғайда айтқаны болып, таланы жүріп тұрған Жәніке деген би бар еді. Жәнікенің Қанаттықара деген тұлпары бар-тын. “Жауға мініп баруға Қанаттықараның майын сұрайын. Бермесе, “несиелеп сат деп айтайын” деп астына бір жаман мұқыр мініп, Жәнікенің үйін іздеп шықты. Жәнікенің үйін бір жерден тауып алды. Жаман атын Жәнікенің жанына тұсап тастап, есіктен келіп, төрде отырған Жәнікеге сәлем беріп, толғап тұр:

– Ассалаума әлейкүм,

Жасы үлкен қарт аға-ай!
Ойыма алған сөзімді
Үлкенге айтам тартынбай.

4360. Темір қақпалы Дербентке

Аттанар болды халқым-ай!
Ат деген ердің қанаты,
Мінетұғын атым жоқ,
Сұңқардай інің талпынды-ай.

Қызылатты Сұлтанай
Сатып алып беріп еді,
Қырық нарға қазына
Ылғи жібек артып-ай.

Өліп қалып Қызылат, 4370. Бұрынғы тарттым салтым-ай!

Әдейі арнап, Жәніке,
Би деген соң мен келдім.
Жақсыны қайда іздедім?!
Үш ұйықтасам ойда жоқ

Себебіне кез келдім.
Жетім қалған ініңмін,
Атаны көрген ағамсың,
Сол жақсыға теңгердім.

Би Жәніке сен болсаң, 4380. Жұмысын сұра келгеннің?

Ноғайлының ары үшін,
Парқадар таппай жүргенмін.
Жүрейін деп тұр едім,
Белімді байлап талапқа.

Астыма мінер атым жоқ,
Ат деген ерге қанат та.
Атыңды бер, әй, Жәке,
Ініңді төмен қаратпа!

Беретұғын пұлым жоқ, 4390. Барым болса қолымда

Аяйтұғын кеулім жоқ.
Ықпалым жүрсе жөнделіп,
Жеткізермін мұратқа!
Сұрай келдім атыңды

Ұшқан құстай қанат-ты.
Інім десең, биеке,
Бересің маған Қара атты.
Өліп қалды, биеке,

Сұлтанай берген Қызылат. 4400. Ноғайлыда бұл жерде

Кеуілім кеткен сіздің ат.
Ахметтен сұрап болмайды,
Ол да өзімдей асылзат.
Қатты кеуіл Мұхтар бай

Сұрағанмен бермейді,
Ала-алмасам ол ұят.
Атыңды сұрап келіп тұр
Ағаңнан қалған зүрият.

Қырымдағы ерлермен 4410. Уәде қылып тұр едім,

Атым өліп, болдым мат.
Атыңды қисаң босқа бер,
Болсын десең кеуілім шат.
Қимасаң, қымбат бәсін айтып,

Несиелеп атың сат!
Қарасай мұны айтқанда,
Би Жәніке сөйледі.
Мамық көпшік шынтақтап,

Шіреніңкіреп көлбеді. 4420. Кәнеки, тыңда, ағалар,

Сөзінде би бүй деді:

– Келіп пе едің, Қарасай,

Менен атты алмаққа?!
Аттанайын деп пе едің,
Қыл жалаулы қалмаққа?!
Ахметті көресің,

Менен артық ардақты.
Абайладым сөзіңді,
Мұхтар да менен салмақты.

4430. Қайдан таптың, сен жетім,

Олардан жеңіл қаңбақты?!
Жалғыз барып қалмаққа,
Таптың ба пайда ол жақта?!
Қолыңнан келмей ешнәрсе,

Хабар бердің жан-жаққа.
“Несиелеп ат сат” деп,
Қалмақтың бұзып қамалын.
Кеуіліңді байқадым,

Жүр екенсің байымаққа! 4440. Беретұғын атым жоқ,

Олардан төмен қатын жоқ.
Іс қылатын көппенен
Бір сен емес, батыр көп!
Келіспеді жауабың

Сөзіңді айт аулаққа!
Тыңдамаймын, шырағым.
Табылмаған сөзіңді.
Бір адамнан кеммін, – деп,

Жүрген жоқпын өзімді. 4450. Жеңіл санап келіпсің,

Отырмын байқап сөзіңді.
Аруағың жоқ атандай,
Білемін, жетім, жөніңді.
Мен атымды бермеймін,

Олжала, жетім, теңіңді!
Мұнан былай абайла,
Мен Сары ноғай адамы
“Бір тай алып берді” деп,

Орныңа қойдың тамаңды. 4460. Атаң келген келімсек,

Біліп жүрсің шамаңды!
Тіл жалмаған Күреңат,
Шегіршін басты Кербедеу
Екі тұлпар ұстаған

Мүсеке менің ағам-ды.
Бере алмаймын атымды,
Білдіргенім шамамды.
Байқап едім сені мен,

Шықпайды сөзің кеуілімнен! 4470. Тіл жалмаған Күреңді

Сұраған Орақ ала алмай,
Ол да осындай сөзінен.
Қайратына қызығып,
Телағысқа берілген.

Онан артық тұлпар жоқ
Сулығын шайнап кемірген.
Ала алмайсын менен ат
Туысыңның кемінен!

“Бермегені несі?!” деген жұрт,
Жолын тапқан көзімен.

4480. Ақылы артық сыншылар

Қоя алмас кінә “бермеді” деп,
Сөзі шықса кеуілден.
Сөз табылса бас берем,
Қанаттықара тұлпарды

Туымды ерге бос берем.
Бере алмаймын атымды,
Себебі, жетім, өзіңнен!
Осылай айтып Жәніке,

Мырзаға атын бермеді. 4490. “Келімсек” деген сөзінен

Мықтап кеулі кірледі.
Өніп-өскен Сары ноғай,
Ол заманда іргелі.
Жау болуға мұнымен

Ойлайды, жөні келмеді.
Көрінгенмен жау болса,
“Қош көрмейді ел” деді.
Бірін артық, бірін кем

Жаратқан Алла пендені. 4500. Беретұғын кеулі жоқ,

Төсекте биің көлбеді.
Үйден шықты Қарасай
Төмен қарап бүгіліп.
Қайта сөйлер жан емес,

Тұратұғын кідіріп.
Ахмет, Мұхтар аты бар.
Ахметті дегенге
“Артығырақ заты бар”,

Осыған кетті Жәніке, 4510. Әсіресе, еліріп.

Атты ала алмай бос қайтты,
Өз сөзінен сүрініп.
Мінетұғын аты жоқ,
Қайтып келді аулына,

Жәнікеден түңіліп.
Аулына қайтты Қарасай,
Бір жаман жабы мінгені.
Ері кетіп мойнына,

Танауын қағып жүрмеді. 4520. Жарты жолға келгенде,

Айдалаға түстенген
Бір керуенге кез келді.
Шәйнек іліп, мосы асқан,
Кейбіреуі ет асқан,

Жайбарақат көрінеді.
Ақ киіз төсеп астына,
Бір кейқұда ақсақал
Қос алдына көлбеді.

Сонда тұрып Қарасай, 4530. Өзі жалғыз оңаша-ай,

Ат үстінен сөйледі:

– Оң болсын сапарыңыз, отағасы,

Еділдің шыққан жерің қай арасы?
Малыңды пұлдап сатып қайтатұғын,
Айтыңыз, тауарлықтың қай қаласы?
Жөнімді өзім айтып білдірейін,

Кешегі ер Орақтың мен баласы.
Тұр едім бір талапқа белім байлап,
Қалмаққа қыл жалаулы – діннің қасы.

4540. Дербентке темір қақпалы құмар едім,

Қорғаны шойын мен мыс араласы.
Қырымдағы қырық батырға хабар бердім,
Жүретін он бес күндей жол шамасы.
Мінетін астымдағы атым өліп,

Дал болып, шайқалып тұр інің басы.
Әй, аға, сататұғын затың қандай?
Еліңде аты шыққан батыр бар ма-ай?
Өтініп сұрағанда беретұғын,

Я көріп, я естіген атың бар ма-ай? 4550. Жаяулық інің есін алжастырды,

Мінетін бұл сапарға атым болмай.
Жалғыз ат жауға мінер болмаған соң,
Жігіттің кемиді екен жарым жасы-ай.
Естіген, яки, білген атың болса,

Жұмысым тишымайды ақырланбай.
Келбетің, кейпің келген аға екенсің,
Кәнеки, айтшы маған ақылыңды-ай?!
Жаяулық жарлылықпен қабаттасты,

Еріксіз ел де тыныш отырғызбай. 4560. Аты бар ер кеуілді адамды айт,

Жат барса жарқылдайтын жатырқамай?
Бұл адам жауап берді сонда былай:

– Жүрмісің аман-есен, Қарасайжан,

Атыңды естігенмен көргенім жоқ,
Белгілі ноғай болса ата-бабаң.
Шырағым, білгенімді неге айтпайын,
Тілімді аяйын ба, мырза саған.

Еділдің шыққан жерім аяқ жағы,
Еткенім сауда кәсіп бала қамы.

4570. Жасарал Қырымдағы падишамыз,

Ей, мырза, мен де ноғай, біз сол жағы.
“Қарасай қалмақ халыққа аттанады” деп,
Теп-тегіс барды елге шын хабары.
“Сүмбіле ортасында жүреміз” деп,

Ерлердің сол болып жүр ынтазары.
Қырымның қырық батыры әскер жинап,
Ат баптап жатыр еді жұрттың бәрі.
Олардың сүрігіне он бес күн бар,

Бастығы Жасарал мен Әділханы. 4580. Сүріктен үш күн бұрын саған келеді,

Сенгені Едігенің аруағы.
“Қарасай бізге қарап даяр тұр” деп,
Кеміс деп ойында жоқ ат, бұл жағы.
Ат өліп жаяу жүрсің, інім, әлі,

Деуші еді “тұлпар атта – ердің бағы”.
Бар еді жері шалғай, бір тұлпар ат,
Не пайда айтқанменен аттың бары?!
Қазанның ер Шора бар қаласында,

Мен шықтым он бес күннің шамасында.
Ақшұбар, алтын құйрық азбарында

4590. Қарагер “Жа” таңбалы және сонда.

Бермейді барғанменен Шора саған,
Ат көптік қылмайды оған расында.
Бір тұлпар сен мінерлік біреуде бар,
Қазанның ішінде емес, даласында,

Ер жігіт өзі жеке, жоқ-жұқа адам –
Сұркөк бар сиыр аяқ – Лашында.
Ешкімге ойласпайды бере қойса,
Ауылы Тереңөткел жағасында.

Аталас ағайыны Ілияс дейді, 4600. Үйі бар сол кісінің қорасында.

Бір берсе сол береді саған атын,
Ойласа сол Ілияс ағасына.
Бос қайтпас атты ала алмай, арнап барып,
Дұшпанның қаласың-ау табасына?!

Өзің біл есіткенім көргенім сол,
Қалауын енді өзің қыласың да.
Мен өзім қырымдағы Сапар деген,
Саудакерім, керуен басы, – деді сонда.

Сапар саудагер Лашынның сиыр аяқ Сұркөгін айтып: “Жомарт жоқтан шығар” деген. Берсе атын сол берер” деді. Қарасай шалға рахмет айтты да, жаман атымен төбенің басына шауып шықты. Жан-жағына қарап тұрып: “Жәнікенің атын тартып мінсем не қылады?” деп, атының басын бұрып, бір сәт ойланып тұрады. Артынан бұл ойынан өзі ыңғайсызданып, аулына қарай жол тартты. “Уақыт оздыра бергенше, ойласайын” деп үйіне келді. Атын байлап тастап үйіне кірсе, шешесі оң жақ қапталда ұйықтап жатыр екен. Бала қамығып, қарт әжесі Қараүлекке қарап толғап кетті:

– Жатырмысың ұйықтап,

4610. Басыңды көтер, ей, анам?!

Өліп қалып Қызылат,
Көкіректе бар көп жарам.
Астыма мінер атым жоқ,
Жаяу қайда сандалам?!

Берсем атқа жетпейді
Қолымдағы бар қарам.
Тумай тұрып туғаным
Әкемменен жау болған.

Бұл жерде жоқ туғаным, 4620. Кәнеки, ана ақыл айт,

Атты қайдан мен алам?!
Астымда атым жоқ болды
Жауға мініп баратын.
Атсыз болса ер жігіт,

Қырқылғаны қанатың.
Бүгін барып сұрадым
Жәніке бидің Қара атын.
Бермек түгіл ол маған,

Кеуліме салды санатын. 4630. Нағылайын қайғырып,

Бұл да Алланың ісі да –
Ол тағдырда болатын.
Пенденің бар ма лажы
Құдайға амал қылатын?!

Туысқан-туған жау болып,
Азарды көрген жұрағатың.
Көпті көрген көнесің,
Атадан қалған дос бар ма

Жасырмай мұңым шағатын?! 4640. Немесе кеулі бос бар ма,

Ақылың болса айт, ана,
Мен атын сұрап алатын?!
Есітіп келдім бір атты,
Жоқ еді бұрын хабарым.

Жолы қашық болған соң,
Болып тұр қиын барарым.
Барғанменен неғайбыл
Және де оны аларым.

Тәуекел қылып кетем бе, 4650. Пайғамбар да білген жоқ

Алдында ненің боларын.
Болар еді абырой
Алып қайтсам сол атты,
Итере қойып Құдайым.

Атым өліп астымда,
Ойма түсті уайым.
Көрсетті азар Жәніке,
Жау екен жаман ағайын.

Ақылың болса айт, ана, 4660. Атқа не амал ойлайын?!

Жазылған іске амал жоқ
Лауһідегі ғаламға.
Атым өліп, күн түсті
Өзімнен төмен адамға.

Шыға алмадым жарыққа,
Жолығып қара тұманға.
Ат таба алмай, ей, ана-ай,
Бұл сапардан қалам ба?

Қала қойсам талаптан, 4670. Тумаған артық мұнан да.

Жәнікенің азары
Батып тұр ғой маған да.
Жолы қашық бір ат бар,
Соған, анам, барам ба?!

Жабықтырды жарлылық
Маған болып сыбаға.
Қалай барып келемін
Ит арқасы қиянға?!

Ат таппай, жаяу қалғанша, 4680. Кетемін бе қаңғырып,

Сылтауменен далаға!
Ішіңнен шыққан шерліге
Ақылыңды айт, аяма!
Кәнеки, ана, не дейсің,

Тарыққан мына балаңа?
Мұны айтқанда Қарасай,
Көтерді басын анасы.
Түрегеліп сөйледі,

Азаматтар, тыңдаңдар, 4690. Айтқаны сонда, міне, осы:

– Өліп қалса Қызылат,

Садақасы басыңның!
Өлсе жалы кесілсін,
Ешнәрсесі кеткен жоқ
Саған берген досыңның.

Мінесің тағы ат тауып,
Болғаны осы деме, сен,
Елдегі жалғыз асылдың.
Ат өлді деп мұңайма,

4700. Өсіріп кеулін қасыңның!

Жақсылық пен жамандық –
Екеуін талай көресің,
Балам, ұзағын тіле жасыңның!
Болмады ма өзіңе

Ағайынның қоғамы?
Жәніке атын бермесе,
Жаман тұқым ол дағы.
Қысылса күнге жарайды,

Атасы текті жүдәлі. 4710. Ықпалың кетсе жөнделіп,

Өзі әкеледі ол әлі.
Саулығын тіле басыңның,
Жеткереді Құдайым,
Ердің болса шыдамы.

Атаңнан жүрсің кем туып,
Сыналған жоқсың сен әлі.
Туымды болсаң көрерсің,
Айтайын саған шаманы.

Атты іздеп табатын – 4720. Ерлердің ісі қашанғы.

Әкең тауып әкелген
Жаяу іздеп Құланы.
Теңізден шығып тап болған
Ер Шораның Шұбары.

Тіл жалмаған Күреңді
Мүсеке сұратпай беріп Ағысқа,
Тарқаған ердің құмары!
Батыр болсаң жолдасың

Өзіңмен бірге туады. 4730. Ат таппадым деп қайғырма,

Әзелде жақсы жаратса,
Жеткермей қоймас Құдайы!
Жасымай жүріп талап қыл,
Тастамай жүріп Құдайды.

Жамандығың – жасыған,
Тарығасың сен неге?!
Атаң өткен дуалы.
Тәуекел қылсаң бел байлап,

Келмей ме істің орайы. 4740. Жүре бер есіткен атыңа,

Кідіріп енді тоқтама!
“Жүргенге жөргем ілінеді”,
Не іздеп келеді жатқанға!
Көк бөрідей түн қатып,

Не жолықпайды жорытқанға?!
Уәдең қалса таялып,
Түнде жатып ұйықтама!
Қалып жүрме жолыңнан,

“Бермейді” деп біреу айтқанға. 4750. Сөйлесең сөзді ашып айт,

Ішіңде пікір сақтама!
Базынаңды баса түс,
Өтіліңді айтқанда!
Жауабыңа жауап айт,

Бермес деп ат ықтама!
Артық болсаң береді,
Не береді қорыққанға?!
Тілімді алсаң жылдам жүр,

Ұқсама бүйтіп ақымаққа! 4760. Анасы мұны айтқан соң,

Баланың кетті кеулі өсіп.
Түрегелді орнынан
Анасына сөйлесіп.
Белдеудегі жабының

Шылбырын алды бұл шешіп.
Еш адамға жөн айтпай,
Керуенге тартты із кесіп.
“Ат жүрмеген жер еді,

Кетейін, – деп, – ілесіп”. 4770. Шаптап тартты жабыны,

Кетер деп ері мойнына.
Анасының айтқаны
Қуат болып бойына.
“Жүрмеген жерде қалсын” деп,

Тұлпардың шықты жолына.
Қамшыменен аямай
Сабап келеді сауырына.
Керуенге келді Қарасай,

Жатыр еді жүгін қоя алмай. 4780. Қалайда болса бармаққа

Тұлпардың шықты жолына-ай.
Көп адамның ішінде
Сапардың келді қасына,
Басқаларға бұрылмай.

Келді де шалдың жанына,
Сөз айтты оған мынадай:

– Сіз сілтеген Сұркөкке

Талап қылдым жүрмекке.
Сіздерден озып кетуге

4790. Жарамайды жаман ат,

Бұға жатқан күндікке.
Жүремін деп ойладым
Сіздермен бірге дүрмекте.
Сәуір алып жүре гөр,

Сапар аға, саудагер.
Түнделетіп жүк қойсаң,
Қысқармай ма ұзақ жер?!
Уәдеге қалды он бес күн,

Тезірек жеткер, міндеткер! 4800. “Жүр” деп айтсаң, ей, аға,

Көпке сөзің жел берер.
Себепсізден атты алсам,
Тарқар еді, аға, ішкі шер!
Сапар сонда айтады:

– Бәрекелді, оң болсын,

Қарасай батыр, талабың!
Жарлылығы болмаса,
Ондай туған енді жоқ
Баратұғын адамың.

4810. Атты берсе егерде,

Ашылады таланың.
Жолы тастақ, барғанша
Түйенің қоймайды табанын.
Шөккені жолда қалады да,

Құдай біледі, шырағым,
Тап он күнінде апарамын!

Керуенге ілесіп, аты жүрмей түйеге мінгесіп, он күн дегенде Тереңөткелдегі Ілиястың қорасына жетті. Керуен түнде Лашынның үйінің тұсына келіп, оны сілтеп, өздері жөндеріне кетті. Түнде Қарасай Лашынның үйіне қонды. Ол мұның Қарасай екенін білді. Бірақ жұмысын сұраған жоқ. Өзі аңшы екен. Түнде аңның етін асқызыпты. Бұйымын сұрамаған соң, “ертеңгісін айтармын” деп Қарасай ұйықтап қалды. Лашынның тірлігі аң аулап күнін көру болатын. Күнде осы кәсібінен бір айныған емес. Аңның жеткенін ұрып, жеткізбегенін атып алады. Өзінде аттан бөтен малы да жоқ. Оның үстіне жеке жігіт алып келген аңын қазанға салып бір шағын ауылды асырап отырған жайы бар. Бәрінің қарап отырғаны осы жалғыз ат. Аң аулайтын адамның ерте кететін әдеті. Таң білінгенен Лашын орнынан тұрып, атын ерттеп болып, кетейін деп тұрды да, ойланып қалды. “Үйдегі қонағым бір дуалы елдің тұқымы еді. Бұның бұйымын сұрайын, қош айтысайын” деп, атты жетелеп келіп есіктен сығалап қараса, Қарасай көзін уқалай жүріп, асығыс киініп жатыр екен. Лашын оң тізесін басып, есігін иығына жамылып, қамшысын таянып отырып, Қарасайдың бұйымын сұрады:

– Дастарқаннан дәм таттың

Мейман болып, асылзат.
Тамағың болса үйіңде,

4820. Мейманға берсең кеулің шат.

Аң аулаған – кәсібім,
Даярладым ерлеп ат.
Жайшылық болса жұмысың,
Қызық көріп барып қайт.

Асығыс болса, жол болсын,
Ендеше, мырза жөніңді айт!
Қарасай сонда айтады:

– Әуелі Алла жаратты

Құдіретіменен жер-көкті. 4830. Құрастырып бар-жоқтан,

Үстіне бізді халық етті.
Бұл дүнияға келген жан
Туады бәрі бейнетке.
Жетім қалып жасымнан,

Талай көрдім қияметті.
Қараңғы тұман арылып,
Ашылып жаңа желдетті.
Жетім қалған бұл інің,

Толығып жаңа ержетті. 4840. Өзімнің байтақ елімнен

Таба алмадым ермекті.
Мен бұзайын деп едім
Темір қақпалы Дербентті.
Мінетұғын ат таппай,

Дұшпанға намыс, ар кетті.
Өліп қалып Қызылат,
Қорлығы аттың және өтті.
Сыртынан естіп хабарын,

Сұрай келдім, жан-аға-ау, 4850. Сиыр аяқ Сұркөкті.

Не қылсаң өзің білесің,
Алыстан еттім еңбекті.
Лашын сонда айтады:

– Бәрекелді, Қарасай,

Алыстан арнап келгенің,
Келгенменен қайтпайды
Бірақ менен еңбегің.
Алдымда өскен аға жоқ,

Ізімде ерген іні жоқ, 4860. Мініп тұрған серігім,

Мал еткенім жалғыз ат –
Астымдағы Сұркөгім.
Не қылғаның ат сұрап,
Өзіңнен төмен көргенің?!

Артығы жоқ деп мен жүрмін
Жаратқан Құдай пенденің.
Атымды беріп астымда,
Атсыз жаяу қалғандай

Ешкімге жоқ қой бермегім! 4870. Бұл сөзді айтып Лашын,

Мырзаға атын бермеді.
Төмен қарап Қарасай,
Жер шұқылып терледі.
Ойына келді сол шақта

Анасының сөздері.
“Базынаңды басып айт,
Айтсаң сөзді ашық айт!”
Анасы солай деп еді.

Айтып отыр Лашын, 4880. “Көрмеймін, – деп, – артық пендені”

Пенденің қылған істері
Есіне түсіп мырзаның,
Және екінші сөйледі:

– Жазылған болмай қалмайды,

Әзелде кетсе қаламға.
Сапарлансам қос артпан
Қамшылайтын шабанға!
Бай да болса қол артпан

Қайыры жоқ сараңға! 4890. Үлгілеп шешен сөз айтпас

Түсінбейтін наданға!
Беретұғын малы жоқ
Қарызы үшін жарлының
Жалданған Әли малайға.

Тіл жалмаған Күреңді
Мүсеке беріп Ағысқа,
Жайылды даңқы талайға!
Қипатшаның Қызылат

Қырық нарға әперді, 4900. Сұлтанай сұрап маған да.

Осындай артық ісімен
Үлгіріп кетті олар да.
Осы айтқаным, Лашын,
Бәрі өзңдей адам ба?!

Малың болса жалғыз ат,
Жеткерер Құдай саған да!
Артықпын дейсің пендеден,
Артық болсаң атты бер

Мендей тарығып келген адамға! 4910. Жарлылығы болмаса,

Лашын артық пенде еді.
Қарасайға дәлел қайырып,
Кідірмеді, сөйледі.
Тыңдап отыр ағалар,

Жасы кіші балалар.
Сонда аңшы Лашынның
Азырақ жауап бергені:

– Ер Әлиді теңгерме,

Ол – Құдайдың шерісі, 4920. Адамзаттың ірісі!

Құдайдың досы пайғамбар –
Төрт шариярдың бірісі.
Ақырзаман бұл уақыт,
Бұл күндегі адаммен

Теңгеруге болмайды,
Олардың ірі жұмысы!
Әй, Қарасай, сен дағы
Олайынша сөйлеме,

Әлиді жанға теңгеріп.
Мүсекеге де жетпейді

4930. Өлшесең адам кем келіп.

Санамадың ағаңды,
Қолындағы дәулеті
Сұлтанаймен тең болып.
Адам не ісі қылады,

Жүрмесе ықпал жөнделіп.
Жаяу ерсе аттыға,
Қара үзім жерге бармай-ақ,
Тұрып қалады сенделіп.

Ауылыңнан шығыпсың, 4940. “Атты алам!” деп желденіп.

Келіп тұрсың сен маған
Атанның басын өңгеріп.
Атымды берсем астымда,
Қалады көкірек шерленіп.

Бермей қалсам осыдан,
Қайтасың елге сен өліп.
Бұза алмасаң қаланы,
Ала алмасаң алмадай

Күнқияштай баланы. 4950. Өз обалың өзіңе

Жіберейін атты мен беріп!
Асығып тұрған батырға
“Бердім” деді атын да.
Сөз шыққан соң аузынан,

Енді батыр отыра ма?!
Шылбырын алып қолына,
Мініп алды Қарасай
Лашынның атына.

“Қош!” деді де, “шүһ!” деді, 4960. Сыдырып желіп шоқыды.

“Алла разы болсын, аға!” деп,
Айтып кеткен сөзі жоқ.
“Бердім” деген сөзіне
Лашын қатты опынды.

Далаға шықты Лашын,
Отыра алмай үйінде.
Берерін беріп қолынан,
Ісіне қылған күйінді.

Ат берді “асыл тұқым” деп, 4970. Еткен ісі лайықты –

Тұқымға емес сиымды.
Кеуілі оның бұзылды
Ізінен қуып бармаққа,
Атын алып қалмаққа.

Біле алмады бірақ та,
Қайсысы дұрыс, тиімді.
“Нұқсан келер өзіме” деп,
Бір азғантай кідірді.

Не қыларын біле алмай, 4980. Қозғалып жүрек тұра алмай,

“Ойласайын бұған” деп,
Ілиясқа жүгірді,
Тұр еді шығып далада-ай.
Бұл келгенде Ілияс

Көзі түсті Лашынға,
Жылдам жүреді баладай.
Сәлем берді қуарып,
Келді дағы анадай.

Сәлемнен соң кідірмей, 4990. Айтты сөзді мынадай:

– Сиыр аяқ Сұркөкті

Бағып едім құлыннан.
Ойласпадым не пайда,
Ілияс абзал, бұрыннан?!
Құрықтадым құланды

Қазанның қарсы шыңынан.
Бөкенді ұрдым бөкседен,
Орғытып қашқан орнынан.
Алтайы соқтым бұрғызбай

5000. Дунайдың шоқат құмынан.

Сол сықылды тұлпарды
Кем көрмеуші ем жанымнан.
Жанға өлгенше Сұркөкті
Біреуге бердім қолымнан.

Берерім және де
Ой түсіп тұр соңынан.
Бүгін түнде үйімде
Ер Орақтың баласы

Қарасай мырза ол қонған. 5010. Ат таба алмай келіпті

Еділ менен Қырымнан.
Аттанғалы жүр екен
Темір қақпалы Дербентке
Қорғаны бар шойыннан.

Уағдасы бітіпті
Еділ, Қырым ерлерінің
Баруға бірге жиылған
Жұмысы сондай тығыздан.

Айырылыпты өліп қап, 5020. Қипатша сатқан Қызылдан.

Балқып кетіп мен соған,
“Бердім” дедім атымды –
Сұркөкті түсі құбылған.
Кетер емес ойымнан.

“Жалғыз атын берді” деп,
Қазанның қалың ноғайы
Дер ме екен мені “жарымнан”
Ақылың болса айт, аға,

Не қыларын біле алмай, 5030. Ініңнің жері тарылған.

“Бердім” деген бір жауап
Шығып еді аузымнан.
Бермегенде атымды
Кім құтылады, ағеке-ау,

Халықтың сыртқы сынынан.
Абырой алып не табам
Атасы басқа рудан.
Ақылыңды жылдам айт,

“Ойласпадың бұрын” деп, 5040. Шығар, аға, ойыңнан.

Ақылсыз інің албырт қой,
Сіз білмейтін нәрсе жоқ
Менің ішкі сырымнан.
Не десең де қылайын,

Аусарлықпен бұл інің
Жалғыз аттан айрылған.
Ат деген адам қанаты,
Қанатынан қайрылған!

Ілияс сонда сөйледі, 5050. Лашын сөзін қайырып:

“Келген ерге ат үшін
Үйде отырмай қайғырып,
Несіне енді өкінеді
Қалғанына айырылып.

Шынжыратай тұқымға
Берсе берді өз атын,
Ал десін қайтып нағылып.
Сырты түкті, іші боқ,

Бір биенің құлыны 5060. Не керек сонша қайғы ғып?!

Баптамай шапса байраққа,
Қалатұғын майырылып.
Жеті атадан дуалы,
Аруақ қонған сыралы,

Ат бергені асылзат
Жүретін дұшпан айбынып.
Берсе берсін тұлпар ат,
Кеткен екен адамы

Беретұғын табылып”. 5070. Ақылы кәмбіл жан екен,

Ақылын айтты ол күліп.
“Ал!” десе қуып кететін,
Оны да тұби біліп.
Білдірмеді ішінен

Бұл да атқа қайғырды,
Қалғанына айрлып.
Лашынға сөз айтты
Кеулін былай жай қылып:

– Ер емес пе едің, Лашын,

5080. Айтқанынан қайтпайтын?!

Нар емес пе едің астау бас,
Бидасын үзіп тартпайтын?!
Ақсұңқар құстай сен едің
Қиғанына шалықтайтын.

Мұқалмайтын алмассың,
Тасқа шапса тоқтайтын.
Қайратты туған інімсің
Кемістікке жабықпайтын.

Ежелден ерге рәсім – 5090. Ел сөзінен қорықпайтын.

Ат бергенің, Қарасай,
Іздесең ешкім таппайтын.
“Дос болам” деп өтініп,
Атыңды алып кетіпті,

Бұл халыққа мағұлым
Жақсыдан жақсы қорықпайтын.
Сенің атың тұлпар-ды,
Тұлпарға бәрі іңкәр-ді,

Жаман атты шаппайтын?! 5100. Таппай келген дейсің бе

Ат бергенің дуалы
Арғы атасы Едіге,
Жау дегенде шалықтайтын.
Сиыр аяқ Сұркөкті

Сен емес жалғыз, шырағым,
Қазанның елі мақтайтын.
Жақсы болса әрқайда,
Жақсыға барып тоқтайтын.

Жақсымен қолы жетіседі, 5110. Алтындай құйған сақтайтын.

Адамын тауып ат бердің,
Кеміс жері көрінбейді
Ойласа келсең, жоқтайтын.
Құдай тағы жеткерер,

Табылмайды көлік деме, сен.
Жастайыңнан келесің
Жарлылыққа көніп сен.
Атың тұлпар мал еді,

Жақсыға жастан жеріксің. 5120. “Алам, – деме, – қайтадан”

Ол аттан да артық асылзат.
Бас кеуіліңді қайтадан
“Аламын!” деп желіксең.
Ойласа келсең сен маған,

Атыңды қума артынан.
Жанға өлшеген Сұркөктің
Иесін тауып беріпсің!
Ер опынар болар ма

Өзінің қылған ісіне, 5130. Ер едің сөзге берік сен.

“Атсыз жаяу қалдым деп,
Ақылсыз аңқау болдым” деп,
Отырсың ба тексізге
Тұлрпарыңды беріп сен?!

Төмен қарап мұңайма,
Тірі болсаң көресің,
Жүре бер, інім, көніп сен!
Бұл сөзбенен Лашын

Тоқтап қалды кідіріп. 5140. Едігі жерде айтайын

Қарасайдан білдіріп.
Лашын берген Сұркөкке
Мініп алып Қарасай,
Келе жатыр елге жол жүріп.

Сол күні шапты күнімен,
Және жүрді түнімен,
Шаршар емес жануар
Шапса да он күн болдырып.

Үстіне мініп алғанда, 5150. Батырдың кетті жүрегі

Бұрынғыдан желденіп.
Қипатша сатқан Қызылат
Жіңішке еді инелік.
Ал мынаған мінгенде,

Тақымын кетті тым керіп.
Шабысқа шабыс қосады,
Көрген емес бір бұзып.
Ертең сәске болғанда,

Аулына келді Қарасай, 5160. Келе жатқанда күн қызып.

Саудагер Сапар атты білген екен,
Лашын ат беретін ерден екен.
Мұны айтып, халық шуласып, келді дулап,
Жамандар “ат таппайды” деп күлген екен.

Еліне сәске уақытта келсе мырза,
Қырымның батрылары келген екен.
Аты өліп Қарасайдың қалғандығын
Елі айтып, келгеннен соң білген екен.

Еділдің байларына қонып-түсіп, 5170. Бұл елде үш күн бұрын жүрген екен.

Тілектес Қарасайдың және жаны,
Күндейді артықтығын бар дұшпаны.
Ағайын бір жерде қас, бір жерде дос
Құдайға артық амал жоқ қылғаны.

Қуратып “кеміссің” деп бермейтұғын
Ежелден келе жатқан елдің заңы.
“Жақсыны жат сыйлайды, жақын күндейді”,
“Шет жерге артық болады ер қадірі”.

Шуласып Еділ бойы тегіс білді, 5180. Естілді бір сағатта ер хабары.

Үйіне мырза келді дегеннен соң,
Қырымның ерлерінің келді бары.
Ерлердің әскері бар елден аулақ,
От кешкен аруақтысы мұнда қонақ.

Патшасы Жасаралдай бастығы бар,
Тәж киіп, жыға тағып, мінген пайтақ.
Сұлы жеп, су орнына саумал ішкен
Мінгені Жасаралдың Ақмоншақ ат.

Әділхан екіншісі абзал туған, 5190. Тумысы Жасаралдың ізін қуған.

Ат қойған Нартайлақ деп тарлан бозды,
“Шүһ!” десе қаңтарумен озған қолдан.
“Атыңа құтты болсын айтамыз” деп,
Үйіне Қарасайдың бұлар қонған.

Үшінші аты шыққан Көбен деген,
Ақауыз келеді бұл да дөненменен.
Талпынған талабы бар ерлер келді,
“От-басын Қарасайдың көрем” деген.

Еділден Айсаұлы Ахмет бар, 5200. Қол жинап, бұл да бірге жүрем деген.

Салдырып Салторы атпен бұл да келді,
“Сұркөкке байғазымды берем” деген.
Сұлтанай, қарт Қалила, Жәніке би,
Қипатша, шын саудагер Қален деген,

Халықта қалмай келді “пәлен” деген.
Мұхтар бай Ақайдарын абзалдаған,
Мырзаға “Құтты болсын тұлпарың!” деп,
Сұркөкті баршасы да түгел көрген.

Қалмаққа ертең ерте аттанады, 5210. Бұларды “қонып кет” деп жібермеген.

Бұрынғы саймандар бар ханнан қалған,
Шығады көрмеген зат руынан.
Бұларды қонақ етіп құрметтеді,
Көрсетіп неше түрлі қызмет қылған.

Табуға Қарасайға тұлпар қиын,
Кем емес басқа ешбір дүниядан.
Жүгіріп қызмет етті екі бала,
Көтеріп бірі табақ, бірі құмған.

“Оқ жонар ата көрген деген” десіп, 5220. Халықтың кеулі кетті тегіс бұған.

Айтайын әңгімесін мен азырақ,
Түсінсін тыңдаушылар құмарланған.

Қарасайдың үйінде қонып отырып, “Қырым мен Еділден адам қалмай, он сегізден асқандар тегіс атқа мінейік” деп бәтуа қылды. Ертеңіне Қырымнан келген қырық батырдың әскербасы Жасарал патша, екінші жарты патша Әділхан, үшіншісі Көбен болып – бұлар үш бөлек әскер өз алдына, Қарасай өз жасағымен, Айсаның ұлы Ахмет өз әскерлерімен топ-топ болып жүрді. Қази да өз жігіттерін бастады. Жалпы, Қырым мен Еділ бойындағы ноғайлылардан “мен” деген батырлардан адам қалмай, темір қақпалы Дербентке қарай шеру тартты.

Еділден ерлер шықыт “Иә Құдайлап!”
Қарасай ата туын алды байлап.
Жасарал әскерімен бөлек жүрді,
Падиша бақшадағы гүлдей жайнап.

Әділхан өз елімен оқшау жүрді,
Астында Нартайлақ ат одағайлап.
Туымды ер Көбен жүр көлбеңдеген,

5230. Ақауыз астындағы келеді ойнап.

Батырлар Қырымдағы қызғындап жүр,
Келе жатыр өз-өздерін мыңға балап.
Ішіндегі осылардың ардақтысын
Кетеді жол ұзарып айтсақ санап.

Ахмет Салторының жалын өріп,
Мың кісі жолдасы бар алған таңдап.
Мұхтар бай, Сұлтанайлар, би Жәніке –
Бұлар жүріп Қарасайды жанамалап.

Аққұсты шебі тайған үш жыл бағып, 5240. Келе жатыр күнде-күнде сылап-сипап.

Ертіп Тама халқын тайпасымен,
Аққұсқа мінді Қази жалын тарап.
Қырымда Еділменен қалмады адам,
Жасы асқан он сегізден іске жарап.

Ыңырсып ауыр әскер елден шықты,
Білмейді ешкім санын көп шамалап.
“Абыройды Алла берсе аламыз!” деп,
Дербентке темір қақпалы жүрді қарап.

Қарасай көрген жері күн-түн жүрді, 5250. “Қай жер?” деп көрмегендер келед сұрап.

Батырлар жол-жөнекей әзілдесіп,
Келе жатыр бірін-бірі сөзбен сынап.
Бастады ер Қарасай асыл текті,
Ізденіп атасынан қалған кекті.

Жасынан атасынан жетім қалып,
Ізіне жаңа ертті мұнша көпті.
Қайратын өз халқына мағұлым етіп,
Дұшпанды жеңбек кеулі төңіректе.

Дұшпанды маңайдағы жеңіп алып, 5260. Ойы бар адамға айтпас бір ниетте.

Көрінеді ойға оңбай басқа дұшпан,
Әуелі бұзып алса бұл Дербентті.
Қараған хан Мамайға халықты жинап,
Мақсаты алтын таққа бір мінбекке.

Дербентке қалың әскер қаптай жүрді,
Күн көзін ат тозаң түтіндетті.
Төрт бөліп түн ұйқысын түнде жатпай,
Жол жүріп, кейбір түні таң күзетті.

Жол қашық, жері шалғай қалмақ халқы 5270. Дегенде нақ жиырма күн азар жетті.

Күтініп қалмақ халқы қалған екен,
Қарасай тірі кетіп бұл себепті.
Қалмадың төрт тарабын ноғайлы қамап,
Аузына дарбазаның әскер төкті.

Қауіп қылып қарайды одан қалмақ халқы,
Ертерек ыждаһат етіп күтініпті.
Жасырын жасқану жоқ дұшпан ашық
Жағалай ор түбіне қол төгіпті.

“Тыңдаушы тыныс алып отрсын” деп, 5280. Айтушы ендігісін толғау етті.

Аңсаған, азаматтар, абайлаңдар,
Етейін қысқа назым – қызметті!
Ауыр әскер, ноғайлы
Бірі қалмай аттанған

Қырым менен Еділден.
Жау болуға бел байлап,
Қалмақтың дінсіз елімен.
Темір қақпалы Дербенттің

Жыңқылдады даласы 5290. Қамаған жаудың көбінен.

Ұрандасып жатпады
Келген күні-түнімен.
Қалмақ ішке қамалды,
Кірер деп түнде қаупі жоқ,

Қорғаны шойын, темірден.
Мұндай неше қамаған,
Бұза алмаған өмірден.
Ноғайлыны көріп қалмақтар,

Малдарын тығып қамалға, 5300. Бүлінген еді күнімен.

Салған бәрі ортаға
Мал тапқандар енімен.
Шырақ жағып қалаға,
Жатпады қорқып түнімен.

Таң атса ұрыс болады,
Ақиқат, рас шынымен.
Мұның да бар батыры,
Билері бар ақылды.

Ойласады барлығы, 5310. Пазыл патша, Өгізбен.

Ақыл сұрайды бұқара
Ішінде басты іріден.
Күнқияшқа сенім жоқ,
Күдерленіп ел үзген.

Астан-кестен көп халық,
Соныменен жүргенде,
Сарғайып тұрып таң атып,
Күн шашырап көрінген.

Күн шашырап шыққан соң, 5320. Патша шықты майданға.

Дарбазаның аузына
Әскерін жинап иірілген.
Ортасында қорғанның
Тік салдырған биік мұнара

Құсбегі отыр – бас уәзір,
Падиша менен сол мінген.
Жекеге шығып көруге,
Туымды ерлер бөлінген.

Қашанғы тұрсын қамалып, 5330. Ерлігі асқан елінен.

Қорықпайтын өлімнен
Қара қасқа ат мінген,
Ат құйрығын шарт түйген.
Хорен деген бір қалмақ

Ат сиярлық тесіктен
“Жекеге шық!” деп айқайлап,
“Біреуің кел!” деп көлденең.
Ноғайлыда батыр көп

Қайратын халық көрмеген. 5340. “Мың кісіге бір өзім,

Боламын, – дейтін, – мен!” деген.
Бәрі бірдей бола ма,
Жайшылықтағы жүрегі
Жау көргенде тұра ма,

Кейбіреуі үндемеген.
Қалмақтың қылған амалы –
Жасық туған жаманның
Жүрегін алып сөйлеген.

Белдемшесін беліне іліп, 5350. Құбарып түсі күрсінген.

“Кім барад?” деп тұрғанда,
Қалың ноғай халықтан
“Мен барамын!” деді де,
Жүре берді ер Көбен.

Ноғайлы қалмақ – екі жақ
Батырларын мақтады.
Жекеге бұлар кеткенде,
Дарбазасын даярлап,

Қалмақ қолын шақтады. 5360. Жазатайым іс болса,

Даяр тұрды жабыла
Қалың қалмақ шапқалы.
Ноғайлылар мұны білмеді,
Алысырақ тұрып қалды.

Тілегін тілеп Көбеннің,
Оқ жетпейтін шамада
Жыңқылдап бұлар топталды.
Жекеге шыққан желігіп

Өлім ойлап екеуі, 5370. Бір-бірінен қайтпады.

Шамаға келіп жақындап,
Ашындырып, бауырлап,
Жіберді төгіп аттарды.
Көк сүңгі қолға алып,

Шанышар жерін ойланып,
Қарсы шапты екеуі,
Қауіптеніп жатпады.
Ойынға бұлар жүрген жоқ,

Не болса да шанышады. 5380. Екеуі де қолға алды

Қоңыраулаған найзаны.
“Жоғарыға найза қағар” деп,
Екеуі де ойланды.
Мініскер болған батырлар

Көп ұрысқан айлалы.
Салысқанда найзаны,
Айнымады қолдары
Шым ете қалды қоңдары.

Қайрат қылып, тіресіп, 5390. Екеуі де шамданды.

Қайратты туған ер екен,
Күшін сынап жүр екен.
Батыр туған ер Көбен
Хоренді аттан аударды.

Шақтанған кәуір шамалап,
Жабыла шауып ат қойды,
Кәуірлер іште даяр тұрған.
Көбен жүрді шамданып,

Найза кіріп қоңынан. 5400. Хореннің салған найзасын

Қолымен басып омырған.
Аударғанмен өлмей-ақ,
Дұшпанға толды жан-жағы.
Найзасын алып сындырып,

Ұрыса берді бетімен,
Қорқып тоқтап тұрмады.
Абайсызда ноғайлылардың
Осы арасын алдырғаны.

Бірі қалмай лап қойды, 5410. Аспанға шығып шаңдағы.

Ұрыс болды бұлалай,
Кімдер өліп, кім қалады,
Құдай біледі мұны дағы.
Ұрысқанда бір майдан,

Аққан судай сарқырап,
Құйылды орға қандары.
Қаланың аузы зор майдан
Ат тұяғы бататын.

Намаздыгер кезінде, 5420. Майданды болды тоқтататын.

Күн қызарып кешкіріп,
Баяулады істері.
Нағыра тартып көп қалмақ,
Ығыса барды ішкері.

Жасарал мен Әділхан
Айқайласып ұрандап,
Қолынан туы түспеді.
Ұрысты қойып жөн тартты,

Қостарына түскелі. 5430. Ноғайлы кетті далаға,

Қалмақ кірді қалаға.
Бір-біреуін жеңісіп,
Басылмаған әлі де
Құмарлары іштегі.

Қақпасын қалмақ бекітіп,
Әр жерге отты жағады.
Сансыз жерден шам іліп,
Ғұзырына патшаның

Жиналды әскер, адамы. 5440. Мыңбасыдан түгелдеп,

Өлгендер қанша екенін
Сұрап білді шаманы.
Ұрысқа шыққан әскердің
Екісі үштен қалғаны.

Қалғанның да және де,
Жарасызы шамалы.
Ақылгөйлер қайғырып,
“Болды, – дейді, – бұл қалай?

Ұрыссақ ертең дәл солай?!” 5450. Бәрімізді қырады.

Уәзірлер айтты ханына:

– Бұған бір амал қылайық,

Қақпаның аузын ашпайық,
Қолдағы бар құралды
Малды байлап матап сап,
Ішкі ауызға жинайық.

Іште жатып тым-тырыс,
Жарым айда сынайық.
Азықтарын тауысып,

5460. Сонан соң қайтар ноғайлы,

Кеткенше шыдап тұрайық.
Ығыса қойса егерде.
Аттар арық, өздерін
Артынан қуып қырайық!

Іште жатқан қалмақтар
Осындай айла тауыпты.
Қонатұғын жеріне
Ноғайлылар да барыпты.

Ішіндегі мырзалар 5470. Қасындағы жолдасқа

Қосар атын шалыпты.
Бөктерген атқа азықты
Тауысып ноғайлы алыпты.
Бұлар да санап адамын,

Есебін біліп, қанықты.
Көбенен өлген он кісі,
Әділханнан жүз кісі,
Ахметтің адамы

Аман-есен келіпті. 5480. Қазиға ерген тамадан

Елу кісі өліпті.
Қарасай мен Жасарал
Әскерлерін санаса,
Онның бірі кеміпті.

Атақты ерлер абыройлы
Аман-есен қалыпты.
Көбеннің жүр қоңында
Хореннің салған найзасы,

Сүйекке де дарыпты. 5490. Батырлар келіп сыбанып,

Ұңғыға шылбыр тағыпты.
Суырып алып күшпенен,
Жараға дәрі жағыпты.
Атақты нағыз ерлері,

Ақылы дана билері
“Қалмақ ертең қалмайд” деп,
Қуандырады халықты.
Айласынан қалмақтың

Бұқара секем алыпты. 5500. Екпінді туған ерлерге

Ұрыс деген желік-ті.
Таң сарғайып атқанша,
Аттан түспей айналып,
Белгілі ерлер жүріпті.

Жекеге шыққан Көбенге
Құдай абырой беріпті.
Ешкімге айтпай батырлар
Қайсысы да желікті.

Осы отырған аламан, 5510. Ауызыма қараған,

“Сөйле!” деп берді ерікті.
Есітуім осылай,
Кім көзімен көріпті.
Қазақта жазған тарих жоқ,

Кім айтса, соған сеніпті.
Едіге, Орақ, хан Мамай
Ақиқат рас болыпты.
Ер Орақтың баласы

Қарасай, Қази анық-ты. 5520. Толғап сөйлеп жырауың,

Көптен бері зорықты.
Екі минут тер үгіп,
Әңгімеге аударып,
Қандырайын халықты.

Батырлар “Бүгін соғыста абыройды Көбен алды” деп, ертең біраз жекеге шықпақшы болды. Сөйтіп, қаланы айналып жүріп, күнде таңды көздермен атқызды. Қайратты ерлері қайғырып, ақылдылары: – Қой, бүйтіп жата бермейік, бүгін қамалды қоршағалы он күн болды. Азық таусылды. Не де болса ішке кіру жолын қарастырайық. Мүмкін, қорғанның қабырғасында бітелмей қалған тесігі, не жасырын есігі бар шығар. Айнала мұқият қарап шығыңдар! – деді. Сонымен ноғайлы басшылары ақылдасып Ахметті жіберуге келісті. Жігіттерін жанына ертіп қамалдың сыртын тәптіштеп тексеріп қайтқан Айсаның ұлы Ахмет ноғайлының басшыларына былай деп толғай жөнелді:

– Көп жиналған ноғайлы,

Айналып келдім қамалды.
Айналсам да қамалды,
Таппай келдім амалды.
Осы арадан түстік жер,

5530. Жаяу адам кіргендей

Бір тесік көрдім шамалы.
Әскер сыртта қалады,
Қарабасы аты жоқ
Адам қалай барады?!

Іштегі қалмақ қалың ел
Күтіп жатқан құралды.
Оған кірген жан болса,
Әлімді сатып алады.

Бара алмаймын мен оған, 5540. Көп жиналған халайық,

Білдіргенім шамамды.
Бүгін бізді не қылсын,
Амалын тауып алдырмас
Келе жатқан халық табанды.

Талай босқа қайырған
Ақылы асқан айлалы
Ықпалы мен қайраты
Халықтан асқан Мамайды.

Олар бізден таланды. 5550. Ат арыды, адам аш,

Шын сырымды айтайын,
Қайтуды көрем қолайлы.
Мынау тұрған қамалдың
Тоғыз қабат оры бар.

Түстік жерде, мен көрдім,
Шойыннан құйған жолы бар.
Жаяу адам кіргендей
Аржағында сол жолдың

Тоғыз қабат торы бар. 5560. Сиғандай адам тесігі,

Жабулы таспен есігі.
Оған кірген адамдар
Бір пәлеге ұрынар.
Бұл жалғанның жүзінде

Бұйырмай кетіп несібе,
Ажалына жолығар.
Сондықтан да, ағайын,
Ахметтей ноғайдың

Қайтпаққа елге ойы бар. 5570. Ерлігіне сенгеннің,

Тесікке жаяу кіргеннің,
Маңдайының соры бар.
Соры болмай кайтеді,
Зор соғысқа жолығар,

Көп қалмаққа молығар.
Ер болса да екпінді,
Болса да сұңқар тепкілі,
Қиналып жаны барлығар.

Кідірмеймін қайтамын, 5580. Қайт деп ақыл айтамын,

Мінген атқа қарасам,
Арықтапты жануар.
Араладым әскерді,
Ат қлмапты әскерде

Тер көтерер, жалы бар.
Кідірсек енді кейіндеп,
Аштықтан халық қырылар.
Обалына елдің қалмаймын,

Қалғысы келген қалыңдар. 5590. Іздегенім жау болса,

“Жайықтан орын алам” деп,
Жиналып жатыр сары орыс,
Соған да мені салыңдар!
Жеті атадан келе жатқан

Еділ, Жайық – ол қоныс,
Соғысайық сол үшін,
Қалмақта сонша неміз бар?!
Бізге зәбір тигізіп,

Қазаннан өтіп бармаққа 5600. Талаптанған орыстан

Жер-суды қорғап қалыңдар!
Жан сау болса жайында,
Қайтамын елге, қайтамын,
Жақыннан жау табылар!

Ахмет пен Жәніке екеуі Сары ноғайға бас болып өз алдына бөлініп тұрады. Қара ноғайлы мен тама, Қарасай мен Қазидың жолдастары бұндай болады деп күтпеген еді.

Мұның айтқан сөзіне
Біраз адам желікті енді.
Сары ноғай қайтуға
Мақұлдасып бет берді.

Қырымның халқы бұл сөзді 5610. Тегісінен жек көрді.

Қарасай, Қази екеуі
“Қайтпайын!” деп өктеді.
Қара ноғайлы тамамен
Бұларды тастап кетпеді.

Қайта алмады бұлар да,
Тек ұрыстан кеулі шеттеді.
Аңысын аңлап көрмекке
Ахмет шетке беттеді.

“Не айтып тұрсың, Ахмет?!” деп, 5620. Әділхан бұған кейіді.

Кейіп тұрып Ахметке
Сонда Әділхан бүй деді:

– “Әй, Ахмет, ерісің

Сен атақты Еділдің!
Мен сылайын жек көрдім
Айтып тұрған сөзіңнің.
Уәдеміз сенімен –

Осы жер ме еді өлімнің?!
Тірілей көріп келдің бе

5630. Орнын барып көріңнің?!

Айналып келіп қаланы,
Мұнша неге бүліндің?!
Қырылмай халқы қайтпайды,
Қысқа айтайын мен саған,

Ерген болса ықтиярымен
Мына халқы Еділдің!
Дұрыс емес-ау еліңнен
“Ұрысам” деп келген кеуілің.

Тірі болсам мен бүгін 5640. Сол тесікке кіремін!”

Деді де ертіп әскерін,
Әділхан жүрді есікке.
Қырымдағы бұл өзі –
Жасаралдың соңғы жарты хан

Жаяу түнде кірмекке,
Соңындағы әскерге
Есік ашып бермекке.
Аша алмаса осыдан,

Қалмақтан барып өлмекке. 5650. “Ертең сәске болғанда

Бұзамын, – деп, – есікті”,
Өзі мінді желікке.
Намаздыгер болғанда,
Жүре берді жалма-жан.

Әділхан бастап жүрген соң,
Өзінің бөлек әскері
Ізінен мұның қалмаған.
Әділхан кетті бөлініп,

Жәрдем тілеп Алладан. 5660. Ешбір адам болмады,

Бұған еріп қозғалған.
Іштегі жатқан көп қалмақ:
“Не қылар дейсің түнде? деп,
Күн кешкіріп кеткен соң,

Қозғала қоймас енді” деп.
Қарасай мен Жасарал:
“Бүгін сол-ақ барсын! деп,
Бұза қойса қамалды

Абыройды сол-ақ алсын!” деп. 5670. Қалмақтар да осы түн

“Талапты ері келсін деп,
Қорықпаса кірсін” деп,
Өздері ашып қойыпты
Жерасты жолдың тегісін.

Атсыз жаяу сиғандай,
Қараса түсіп есігін.
Елдің алды жатқанда,
Есікке келді Әділхан

Айтқанын қылмай кісінің. 5680. Түзу-қисық екенін

Ерлігімен Әділхан
Ойламады ісінің.
Сайлап алып жүз кісі,
Қамалдың кірді ішіне.

– Не қыламыз біз? – деді,

Ақыл айт, ханым, сіз? – деді,
Он алты жасар жас Әбді
Сол әскердің ішінде.
Сонда Әділхан сөйледі:

5690. – Кіріп тұрмын қамалға,

Жүз кісі еріп қасыма.
Таң атқанша таймай тұр,
Осы арада асыла.
Соған шейін келермін,

Түспесе зауал басыма.
Бұл шамада соқпасам,
Табылып жұмыс тоқтасам,
Онда кейін қайта бер,

Салықта қалған қосыңа. 5700. Көп ноғайға айта бар

Алыс сапар айлық жол
Пендеге келді деп осында!
Осыны айтып Әділхан
Далада қалған қолына

Шұбырып барады ішкері,
Өзі түсіп алдына.
Екі жағы тас қорған,
Жалғыз аяқ жолменен

Келеді басып қорына. 5710. Қынаптан қарап келеді

Оңы менен солына.
Бір шақырым жол жүрді
Адамдары соңында.
Әңгімемнен айтайын,

Ішкі кірген Әділхан
Жолықты жаудың зорына.

Әділхан өзінің жанына өлшеп мініп жүрген Нартайлақты Әбді деген қосшысына ұстатып кетті. Манағы Ахметтің сөзіне ерегісіп, өзінің бөлек әскерімен ешкімге қарамай жүре берген. Бұлардың жатқан жері мен жер асты жолының аралығы атты кісіге мезгілдік жер еді. Тесікке келсе, атты кісі сыймайды. Сиырма қылышты жаяу адам бірінің ізін бірі басып жүргендей ғана екен. Жүз адамға бас болып, өзі ішке түсті. Қалмақтар қулық жасап он күн бойы осы жер асты жолын ашыпты. Екі жағын тас қорған қылып, жалғыз аяқ жол қойған. Бұларды аңдып тұрған қалмақтар жүз адам кіріп болған соң, екі жақтағы ауызды бекітті. Жалғыз аяқ тастай қараңғы жолмен бұлар алдына Әділханды салып, “Аллалап!” кете берді.

Қашаннан қалмақ салған өз қамалын,
Оздырған бір бұл емес сан амалын.
Алды-арты жыңқылдаған адам болып,

5720. Әділхан білмей қалды не қыларын.

Шығуға шетке қарай түннің іші,
Қарашы жүрер жолдың тар болғанын?!
Жан-жақты қыспаққа жау алғаннан соң,
Қылышын суырып ап қысты сабын.

Әділхан: “Тәуекел, – деп, – бір Аллаға!”
Жүгіріп ілгеріге басты қадам.
Жақындап көп адамға келіп еді,
Қалмақтан сонда біреу айқайлаған.

“Ілгері енді жүрсең бірер қадам, 5730. Басыңа орнатамын ақырзаман!”

Қамалға басын байлап кірген ханың
Тұрсын ба айқайлады деп қорқып сонан.
Түн еді бұл жүргені Әділ ханның,
Қиналар кезі келді әзиз жанның.

Сөзіне Ахметтің ерегісіп,
Ішіне кіріп еді бұл қамалдың.
Болмаса Құдай жәрдем Әділханға,
Ұрыстың қалмақ біледі көп амалын.

Қараңғы жүз кісімен жер астында, 5740. Көп жауға біле алмады не қыларын.

Аты жоқ астарында, бәрі жаяу
Құр қылыш, тастап кеткен қаруларын.
Баршасы жаннан безген ерлер еді,
Бермейтін жаны шықпай қолдан арын.

Топталып жұбын жазбай жүре берді,
Алдына басшы қылып Әділханын.
Қаптаған екі жағы қалың адам,
Жүргізбейді енді ілгері басып қадам.

Бұларда айқай, дабыс, әңгіме жоқ, 5750. Білмейді басқа жолды ұрысқаннан.

Мыс құлақ бытыра оқ атып жатыр
Қалмақтар қамап алып бәрін тамам.
Бұл жүзі ыдырамай көпке кірді,
Туғаннан бірге жүрген жолдас-жаран.

Жан аяп, бас амандап кетпейтұғын
Бәрі де адамдар еді шын қаһарман.
Баршасы топқа кірді жасқанбастан,
Топталып жаяу жүріп ұрыс қылған.

Бұлардың мен сөйлейін ұрыстарын, 5760. Сілтеді жақын келсе қылыштарын.

Сілтесе атқа тиеді айнымастан,
Істеді осылайша жұмыстарын.
Шапқанда ат жығылып, адам өліп,
Дұшпанның алды сүйтіп тыныштарын.

Ұрыс қылды жүз адам
Осылайша түнімен.
Атса мылтық дарымайды,
Себебі қаттау киінген.

Жылысып жүріп барады, 5770. Бірі қалмай бірінен.

Кідірте алмай қалмақтар
Жаяуларды мүдірген.
Енді олар қорықты
Ұрыстың мынау түрінен.

Бұлар бүйтіп жүргенде,
Таң сарғайып жадырап,
Күннің көзі көрінген.
Өгіз деген бір батыр

Бұл қалмақтың елінде. 5780. Не екенін біле алмай,

Қараңғыда көре алмай,
Сол жүр екен кейінде.
Қайраты артық ер екен,
Амал ойлап жүр екен.

Әділханға ұмтылды,
Ат үстінен келді де.
Ол жаяу да, бұл атты
Туымы артық ер екен,

Қалмақтан озған қайратты. 5790. Түсі бөлек жан екен,

Жанқаратпас айбатты.
Қаттауына қаратпай,
Найзасы тиді жүректен.
Сегіз қырлы болатты

Абыройлы туған Әділхан
Қолыменен бір қақты.
Қаққанменен болмады
Қарынан шаншып орнатты.

Қылатын қару артына, 5800. Қайырып барады қанатты.

Екпінді туған ер неме
Ат үстінен төндірді.
Әділхандай асылға
Қапсыра өткізіп қаттаудан

Ырғап найза ендірді.
Ұрысар еді армансыз
Нартайлақ атқа мінгенде,
Жаяу боп күші кем келді.

Шанышқанын Өгіздің 5810. Өзінің халқы жаратты.

Шалдығып жүрген адамды
Қарынан шаншып құлатты.
Өлтірмеді онымен,
Шынжыр арқан темірмен,

Жабылып тұрып елімен,
Алты арбаға байлатты.
Әділхандай ханыңның
Байлап көзін жайнатты.

Қасындағы жүз адам 5820. Қанша ұрыс қылса да,

Ала алмапты қалмақты,
Бұған жәрдем болмапты.
Қолынан келсе жүзі де,
Адамдар еді ұятты.

Әділхан бұлай болған соң,
Жүз адамды қалмақтар
Өлтіріп бәрін жайратты.
Бұл ұрыста қалмақтан

Өгіз алды байрақты. 5830. Қанаға келіп қалмақтар,

Мінген атын ойнатты.
Өзі сеніп өзіне,
“Кім келеді, – деп, – шеніме,
Есіктің аузын бұл бақты.

Көп отырған аламан,
Салып отыр құлақты.
Баға берсін есігін
Өгіз батыр сымбатты.

Енді ноғайлыдан сөйлейін, 5840. Түсіндіріп бұл бапты.

Таң атқан соң, қалмақтың ері Өгіз Әділханды байлап алып, оның жүз адамын өлтірді. Қасындағыларын шақырып алып: – Қанша адам, ат өлді? – деп сұрады. Сөйтсе, қараңғыда бұлардан да көп шығын болыпты. Сонда ол: – Түнімен өзімізді өзіміз жайратып салған екенбіз ғой. Сендер қалаға барып ат жаңалап мініңдер, шаршаған шығарсыңдар. Басшысын байладым, қалғандарын өлтірдім. Жалғыз ауыздан кіргендерге өзімнің-ақ шамам келеді, – деп, сарбаздарын қалаға қайтарып, Өгіз жалғыз өзі жата берді. Барғанға атқосшы Әбді бала күн шыққанша тесіктің аузында тұрды. Бұлардан хабар болмаған соң, Нартайлақты жетелеп, қоста жатқан ноғайлыға қарап жүрейін десе, ат құлағы салбырап, жетекке жүрмей артына қарап кісінеп, жатып алып аунап, әуреге түсірді. Аттың әлегімен сәскеде қоста жатқан ноғайлыларға әрең жетіп, Әділханның сәлемін айтып сөйлеп тұрғаны.

Он алты жасар жас бала
Күн шыға келіп Салыққа
Мынадай деп толғапты.
Қарасай, Қази, Жасарал

Барлығы да тыңдапты:

– Жетегімде Нартайлақ,

Келемін ұрып борбайлап.
Екі көзіне жас алып,
Жүре алмайды бұлғаңдап.

5850. Өз-өзінен әлсірейді,

Сауырынан тер сорғалап.
Түн жарпында біз бардық
Ахмет көрген тесікке.
Атсыз жаяу сиғандай

Ашық тұрған есікке.
Жүз кісі алып қасына,
Өңшең батыр сығайлап.
Қарауылы жоқ екен,

Қарап көрдік сығалап. 5860. Маған айтқан бұйрығы:

“Таң атқанша тұр, – деді, –
Осы жерде қарайлап!”
Ол кеткен соң Нартайлақ
Сүт пісірім тұрған соң,

Жата қалды бауырлап.
Төрт аяғы аспанда,
Еріменен бұл аунап.
Жата береді қайтадан,

Тұрғызсам да сауырлап. 5870. Кеткен батыр келмеді,

Кідіре берді ол ұзап.
Ұшып жүрген сұңқарға
Кез болмаса болар еді
Қарулы тұрған ау-тұзақ.

Жамандатқыр осы ат
Өз денесін ауырлап,
Баса алмайды маужырап.
Ырымынан осы аттың

Қорқып тұрмын ой ойлап. 5880. “Ноғайға сәлем айт! деп ед,

Таң білінсе, қайт! деп ед.
Аман барып әскерге,
Қалдырмай бәрін айт!” деп ед,
Көргенімді баяндап.

Сәлем айтты сендерге,
Атақты батыр, ерлерге,
Ноғайлының ары үшін
Түн ұйқысын бөлгендерге!

“Сеніп Хаққа “Аллалап”!, 5890. “Біз кешіксек келе алмай,

Таң атқанша шабаңдап.
Қайтар ма екен ноғайлы
Қарабасын амандап?!
Аман болсам келермін,

Жазатайым іс болса,
Ұмтылар ма екен немесе,
Намыс үшін ұрандап.
Тастар ма екен сүйегін,

Іс қыла ма әлде, – деп еді, – 5900. Ақылгөй ерлер амалдап?!”

Кеткенінен келмеді,
Біреуі хабар бермеді.
Келмеген соң біреуі,
Қалды ма деп ойлаймын,

Қазулы орға арандап.
Ұмтылған қайтпай ақбөкен
Түбекке барып аралдап.
Емен желке ер еді

Айтқанынан қайтпайтын, 5910. Қайқаятын табандап.

Келмеген соң, ағайын,
Ойменен тұрмын шамалап.
Іштегі қалың көп әскер
Алған шығар ханымды

Амалменен қамалап.
Ұрысқан шығар түнімен
Қылыш ұрып сабалап.
Таң рауаны атқан соң,

Жабылған шығар көп қалмақ. 5920. Жаяу жүрген адамға

Жабыла қойса жабырлап,
Көп адамға жүз кісі
Қамауда жүріп не қылмақ?!
Сонан соң құрып амалы,

Жатқан шығар хандарың
Бармағын шайнап, тіс қайрап,
Алқынып, жаяу абдырап.
Астында аты болғанда,

Жан шақ келер ол ма еді, 5930. Салар еді-ау ұрысты

Екі беті албырап.
Ойлағанда осыны,
Кетеді бойым шымырлап.
Көргенім осы, көп ноғай,

Сөзімді болдым тамамдап!
Әділханның хабарын
Барып білер ер бар ма?!
Ерді тастап кетпейтін,

Ерлігі бар ер бар ма?! 5940. Болмаса ондай бір адам,

Кетемін өзім жалғыз-ақ
Жағалап орды қайтарға!
Он алты жасар бұл Әбді
Осылай деп толғады.

Есітіп жайсыз хабарды,
Бүкіл ноғайлы толғанды.
Батырлары ат ерттеп,
Ұрысуға қозғалды.

“Болған шығар солай” деп, 5950. Жұрттың бәрі ойланды.

Ұрысуға жабылып,
Қамалға амал болмады.
Тоғыз қабат ор қазған
Қамалдың және жан-жағы.

Биік қамал соншама,
Еш лажын таба алмай,
Бүкіл ноғайлы сандалды.
“Болмайды, – деп, – амалы”,

Сары ноғай қайтуға 5960. Іштерінен ойланды.

Атаңа лағнет бұл қалмақ,
Алыстан ақыл-ой ойлап,
Орды мықтап қаздырып,
Түрлі тәсіл қолданды.

Жұрт торығып тұрғанда,
Қайраты асқан ер екен,
Сыналмай әлі жүр екен
Орақтың ұлы ер Қази

Қамалға қарай жолданды. 5970. Ерлетіп алып Сұркөкті,

Ертіп жүрген бұл көпті,
Жоқтап жүрген бар кекті.
Батыр туған Қарасай
Қазиға қарсы баруға

Ордың батыс жағын айналды.
Таманы ертіп ізіне,
Қази шапты қалаға,
Аққұс атты ақтарып.

Қарасай кетіп барады 5980. Сиыр аяқ Сұркөкті

Тежеңкіреп қаңтарып.
“Жүр!” демеді өзімен
Ешкімге, сірә, сөз салып.
Күнбатыс бетін жағалап,

Кіреді деп ойлады,
Жылдамырақ жол тауып.
Қақпаның аузын бұзбаққа
Тақымына қыстырып,

Бара жатыр балта алып. 5990. Ағайынды екеуі

Екі жаққа ат қойды,
Тірі елге қайтпасқа,
Өзді-өздері серт атып.
Тесік пенен қақпаның

Мезгілдік жер арасы.
Кетіп барады тайсалмай
Ер Орақтың баласы.
Жасарал мен Сұлтанай

Бұлар да жүрді ізімен. 6000. Кеткеннен соң Қарасай,

Айрылған бұлар төзімінен.
Қайтпастан барып Қарасай
Балталады қақпаны.
Қалмақтар атты іштен оқ,

Басқа амал таппады.
Қази да кірді тесікке
Жаяу, жалғыз оңаша.
Темір қақпалы Дербентті

Айнала жау қамаса, 6010. Болмас пе екен қалмаққа

Осы бүгін тамаша?!
Бұза берсін қақпаны
Қарасай батыр балталап.
Ізіне ерген ноғайлы

Ұщқан тас пен темірді
Таси берсін арқалап.
Мен Қазиды айтайын,
Көп отырған әлеумет,

Құлағыңды сал қаумалап. 6020. Қази келді тесікке

Ұлы сәске уақта.
Есігі ашық, імкән жоқ
Кіруге атпен бірақ та.
Екі жүздей тама еді

Қазиға ерген адамы.
Қази айтты былай деп
Ізіне ерген жасаққа:

– Жалғыз жаяу кіремін,

Не болса да көремін. 6030. Айтар сөзім сендерге:

– Осы араға тұрақта,

Абдырамай асығып,
Кеш болса, егер, қонақта.
Дайындалып ұрысқа,
От пенен суды бер атқа!

Ертіп кіріп сендерді,
Жазатайым іс болса,
Қалармын, – деді, –ұятқа!
Қазиға еріп таманың,

6040. Қырылды деп адамы,

Сары ноғай – сықақ ел
Сендерді алар мазаққа!
Осыны айтып ер Қази,
Тесіктен кірді бір өзі,

Сиынып ат әруаққа.
Қолында қылыш болғаны,
“Найза, мылтық, айбалта
Арқалап жаяу қайтем” деп,

Қарамады садаққа. 6050. Тесіктен кіріп болған соң,

Көзін салды жан-жаққа.
Алыстан шаһар көрінді
Тегіс жерге орнатқан
Бір ылдилау алқапқа.

Жүре берсе жеткендей
Күн бататын уақытта.
Жыңқылдаған зор дыбыс,
Дүрсілдеген ат шабыс.

Не екенін білмеді, 6060. Қала алыс, ұзақта.

“Қалай жаяу жетем, – деп, –
Қалада қалың қалмаққа?”
Жан-жағына көз салса,
Қаңтарып қойған қарала ат

Керіледі маралдай,
Біреу жатыр шуақта.
Қайымданып, оңдалып,
Суырып қылыш қолға алып,

Бұл да жүрді сол жаққа. 6070. Ұрысты іздеп сағынған,

“Қақпаны бақ!” деп қалмақты
Өзінен басқа қайырған.
Қази душар келген-ді
Өгіз дейтін бейбаққа.

Қази жетіп қасына
Өте жақын таянған.
Ұйықтап жатыр қорылдап,
Пырыл шығып танаудан.

Әкесі оның ер Орақ, 6080. Жері жоқ қорқып айбынған.

Мінезі еді Орақтың
Дұшпанды көрсе көркейіп,
Жүрегі тасып қайнаған.
Жауатын бұлттай түнеріп,

Найзағайдай ойнаған.
Қарасай еді Ораққа
Туғаннан оған ұқсаған.
Қазидың ауыр мінезі

Мамайша ойды пайымдаған. 6090. Ұйықтап жатқан қас жауын

Оятуды ойлаған.
“Ұйқыда шапсам алмаспен,
Кетер, – деп, – бұл бейарман.
Кетсін, – деді, – армансыз,

Іс болар, мейлі, Хақ жазған.
Қалайда жетер ажалым
Өлетін болсам мен мұнан, –
Деп ойлады оятып,

Күшімді сынап көрейін 6100. Таланыма жазылған.

Өліріп кетсем оятпай,
Артыма менің ат қалар
Өлтірді деп жазымнан.
Аты шыққан ер шығар,

Бір масқара қылайын,
Келе қойса қолымнан.
Мәгәр күшім жетпесе,
Себебі шығар сорымнан!”

Осыны ойлап Қазиың, 6120. – Жылдам тұр, – деп, – орныңнан!

Қатты айқайлап ақырған.
Айқайынан бұл Өгіз,
Ұшып тұрды жалма-жан.
Жасымады жасқанып,

Жалт қарады ол бұған.
Қасында тұрған Қазиға
Мына сөзді айтып толғаған:

– Кім боласың сен өзің,

Ноғайлының бірі ме ең?! 6130. Тесіктен жалғыз кіріпсің,

Қорықпайтын кім едің?!
Қылышың бар қолыңда,
Өлім бе, әлде, керегің?
Жөнімді саған айтайын,

Өгіз деген ағаңмын,
Білетін бе едің сен өзің?!
Қаланы елім бағып тұр
Дәл аузында қақпаның.

Түнде кіріп жүз кісі, 6140. Тар жерде бізбен ұрысқан-ды.

Айрықша бір кісінің
Батырлығына таңғалдым.
Жаяу жүріп қылышпен,
Аяғын кесіп ақсатты

Талай тұлпар аттардың.
Таң атқан соң мен келіп,
Жарық болып, көз көріп,
Олардың бәрін тапқанмын.

Бастығын байлап арбаға, 6150. Жүзінің басын шапқанмын.

Кіргізбеске тірі жан,
Сонан бері бұл есікті
Міндетке алып баққанмын.
Ноғайлының кесірі

Төсексіз жерде жатқанмын.
Әдептілікке ұқсайды
Ұйықтағанды оятқаның.
Нағылып жүрген баласың

Жөніңді жылдам айт, жаным?! 6160. Қази сонда сөйледі:

– Білемін – деді, – қалмақта

Аты шыққан өгізді.
Жатсам-тұрсам тілегім –
Тап келтір деп ем өзіңізді.
Болар едім армансыз,

Өлтірсем сендей доңызды!
Менің әкем – ер Орақ,
Білдірейін жөніміді.
Ағамның аты – Қарасай,

6170. Ат үстінен аударған

Жекеге шыққан қызыңызды!
Қази дейді өзімді,
Халқым сынап көрген жоқ
Әкемнен артық-кемімді!

Қайратыңды аяма,
Батыр болсаң сенімді!
Мінемісің атыңа,
Күресемісің, немесе,

Шешіп тастап киімді! 6180. Атым жоқ менің астымда,

Сенің атың қасыңда.
Күшіңе сеніп, егерде,
Күресер болсаң жақында!
Сал қолыңды аянбай,

Келіп менің теңіме.
Ұйқыдан сені ояттым,
Кетер деп арман кеуліңде.
Ақиқат анық ер болса,

Күресер, – деп, – менімен, 6190. Келді менің кеуліме.

Не келіп отыр ойыңа,
Көшші батыр жөніңе?!
Өгіз сонда сөйледі:

– Ұйқыдан мені ояттың,

Оятып алып сөз айттың.
Осындай да бола ма,
Асыл текдар, зор айттың?!
Ерлік қылып оятып,

Түсінерлік кеп айттың. 6200. Астында неге қалайын

Атқа мініп ұяттың!
Қалауыңды қылайын,
Ұрайын ба құлағын
Үстіне мініп бұл аттың?!

“Күресем” деген сөзіңді,
Бәрекелді, жараттым!
“Атқа мініп жаяуды
Өлтірмейтін есі бар?!”

Деген қаңқу ертең-ақ 6210. Жаныма батар деп ұқтым.

Жығылсам да, жықсам да
Болмасын сөзі халықтың!
Осыны айтып Өгізің,
Беліне буды белбеуін.

Ағытып жатыр босатып
Тамаққа салған ілгегін.
Қази да жатыр қамданып,
Шешініп артық киімдерін.

Бәрекелді, ер екен, 6220. Күшін сынап жүр екен,

Күтіп жаудың келгенін.
Жаяумын деп айтқан соң,
Миясар көрмейді басына
Өзінің атқа мінгенін.

Ерлігіне сеніп тұр,
Ойлайды әдәл жеңгенін.
Заманында бұл Өгіз
Артығы екен пенденің.

Қази да тұр қуанып, 6230. Ақша жүзі құбарып.

“Жығылсам да, жықсам да
Мықтыға, – дейді, – кез келдім!”
Бұл екеуі күресті,
Мықтыға санап өздерін,

Аямайды жеңгенін.
Ұлы сәске болғанда,
Екі батыр ұстасты
Бір-бірінің белдерін.

Бұл екеуі күресті 6240. Ұлы сәске уақта.

Көретұғын адам жоқ
Күрестерін бірақ та.
Екі арыстан алысты
Айдалада шуақта.

Бекем ұстап белдерін,
Бастарын байлап байраққа.
Ерлердің еткен ісінің
Түрі басқа қай уақытта.

Жандары жүр қысылып, 6250. Мінді екеуі қайратқа.

Айналып жүріп алысып,
Ойлады тәсіл қылмаққа.
Қолданды әдіс айбынбай,
Өгіз батыр бір шақта.

Көтерейін деп еді,
Қази бұған көрінді
Қара тастан салмақты.
Сілтеп еді қозғалмады,

Тіреді екі аяқты. 6260. Әрлі-берлі жұлқыды,

Жығамын деп ұмтылды,
Мөлтілдеп қара тер ақты.
Осыменен алысып,
Зауал ауып барады,

Песін қаза болады.
Кіші песін болғанда,
Сонда барып қалмаққа
Қази қайрат қылады,

Сиынып ата-аруаққа. 6270. Шіреніп төске көтерді,

Жеңіліп Өгіз барады
Тең болып ұшқан қаңбаққа.
Қуат берді Жасаған,
Әруақ келіп атадан,

Өгізді Қази құлатты.
Төсіне мініп отырып,
Екі қарын ер Қази
Екі теуіп уатты.

Екі қары сынған соң, 6280. Күші басым болған соң,

Өзі үстінен тұрды да,
Жатыр еді қынапта.
Алмасын алды суырып,
Орақтан қалған ақ алмас

Сілтесе мұнан жан қалмас.
Заманасын қуырып,
Қолына алып алмасын,
“Көрсетейін азар” деп,

Сілтемек дінсіз ақымаққа. 6290. “Жылдам шауып таста! деп,

Іс қылма маған басқа!” деп,
Аңырап Өгіз жылапты.
Сонда Қази сөз айтты,
Сөз айтқанда мұны айтты:

– Көрсетіп азар жіберем,

Өлтірмеймін, Өгізім.
Хан, халқыңа айтарсың
Көргеніңді, доңызым!
Қақпасын ашып еркімен,

6300. Барамын ертең ерте мен.

Даярласын үлгіріп,
Қазынасын тайласын!
Қамалдан малын айдасын,
Бастың қамын ойласын!

Қызық көрсе тірлікті,
Әділханды босатсын!
Тірі жатса байлауда,
Мен барғанша келтіріп

Қанасына ханымды, 6310. Қонаққа алып жайласын!

Күнқияштай хан қызы
Бәйгеге басын байласын!
Ашпағанмен бұзамын,
Қылсам да қалай осы түн

Қарабасың қайттап
Қашып кетпе сен өзің!
Халқыңа барып баянда,
Қалмасын ұмыт бір сөзім!

Осыны айтып ер Қази, 6320. Кесті екі құлағын

Және кесті оң қарын.
Құлағын кесіп сымпитып,
Келтіреді сияғын.
Өз атына мінгізіп,

“Бар, – деді, – жылдам, дорағым!
Көргеніңді айт! – деді, –
Халқыңа жылдам хабарын!”
Атының басын жөндеді,

“Тура жолмен жүр!” деді, 6330. Осылай Қази іс қылды,

Жөнелткендей қонағын.
Құлақтан аққан қара қан
Қып-қызыл қылып бояды
Қарала аттың сирағын.

Есін танды есірек,
Біледі жолдың сорабын.
Бұратұғын қолы жоқ,
Бұрынғыдай күні жоқ.

Бастан өтті дүние боқ, 6340. Кестіріп алып құлағын.

Жолға салып жөндеді,
Артынан ұрып “шүһ” деді.
Атының өзі келе жатыр
Жем жеген жерге пырағың.

Қарасын көріп қаланың,
Танып келеді тұрағын.
Жиналып келген әлеумет,
Әңгіме қылып атайын

Азын-аулақ бұл жағын.

Қази Өгіздің оң қарын және екі құлағын кесіп масқаралап, атына мінгізіп, “ханыңа сәлем айт!” деп қайтарып қоя берді де, өзі кірген тесігінен қайта шығып, жолдастарына қосылып, таң сарғайып атқанда қақапның аузына келді. Қақпаның аузына келсе, Қарасай жүресінен отырып алып, оны балталап сындырып жатыр екен. Жасарал ту көтеріп Қарасайдың қасында тұр. Қырымның елінен келгендер де оларға жақын екен. Қарасайдың жасақтарының көпшілігі сары ноғай еді. Сары ноғайдың бастығы Ахмет пен Жәніке би: – Әділхан мен Қази екеуі де өлді. Бұл қамал бұзылмайды, – деп, сары ноғайларды ертіп қайтып кетіпті. Бұлардың қайтқаны қайтып, қалғаны қақпаны бұзбақшы болып жата берсін. Енді бағанағы Өгіз жөніне оралайық. Ол шам жаққан уақытта шаһарға келді. Хан сарайына келіп, азанғы көлеңкедей боп сүмірейіп, көрген-білгенін ханына айтып жатр: 6350. – Асыл туған ардақтым,

Отырмысың тағыңда?!
Көргенімді айтайын,
Құлақ салып сіз тыңда!
Қалаға халықты қайтардым

Күн шыға барып қорғанға.
Жүз ноғайды өлтірдім,
Қырылды қойдай шалғанда.
Бастық болған батырын

Байлаттым алты арбаға, 6360. Жасырын есік аузында

Күзетіп жалғыз қалғанда.
Қарала атты қаңтарып,
Қисайып тыным алғанда.
Қалғып кетсем басымда

Айқайлап тұр бір адам.
Айқайынан оянып,
Жөнін оның сұрағанда
“Ер Оарақтың баласы –

Қазимын!” деді маған да. 6370. “Күресейік!” деп айтты,

Сол үшін мені оятты.
Өлтіріп те кетер еді,
Не істер ем оятпағанда?!
Өзі жалғыз, һәм жаяу,

Қылыштан басқа қару жоқ
Бұл ноғайдың ерінің.
Әділетті арыстанның
Ерлігіне ерідім.

Тәуекел деп күрестім, 6380. Көрейін деп баланың

Мықтылығын белінің.
Бір адамға бір адам,
Жаяуға қарсы ат мінуді
Ар көрді, тақсыр, кеуілім.

Сәскеден бастап күрестік,
Жыға алмадым мен оны,
Қарады зауал аууға.
Кеш болғанда өрледі,

Қылмады әдіс қозғалып, 6390. Бірақ келтірмеді шалуға.

Белімді қысып сығымдап,
Жиып алды бауырға.
Көтеріп ұрды шалқамнан,
Мен сықылды еріңнің

Қаңбақтай болды ауырлығы.
Кеудеме мініп отырып,
Қинады былай жанымды:
Кесіп алды құлақты,

Ағызып судай қанымды. 6400. Кесіп алды және де

Оң жақтағы қарымды.
Мінгізіп өзі атыма
Жазаның берді ауырын.
Жолға салып жөндеді,

Артынан ұрып “шүһ!” деді.
Желе берді астымда ат,
Қамшы тіліп сауырын.
“Сәлем айт, – деді, – ханыңа,

Қақпаны ашып бермесе, 6410. Шабамын ертең қауымын.

Ойласын, – деді, – жағдайын,
Халқы мен өз қамының!”
Ол жүргенде жалғанда,
Соры бар ма деп қорқамын

Қалмақтың мына халқының.
Құртып келді батырың
“Ханыңа тағы айт, – деді, –
Қазынасы, таласын!

Менен тірі қалуды 6420. Көп кідірмей ойласын!

Әділханды байламай,
Қонақ қылып жайласын!
Күнқияштай ханшасын
Өз қолымен ұзатып,

Бәйгеге тіксін бір басын!
Дарбазасын өзі ашып,
Даярласын ордасын.
Бұл айтқанды қылмаса,

Қанын төгіп Қарасай, 6430. Қолымен өзі бұзғасын!

Ертең сәске болғанда,
Қақпадан ағам кіреді
Ертіп әскер, жолдасын!
Деп айтты маған дәл былай:

“Қырық мың жатқан қалмағың
Барабар соған салмағың,
Халық қылам десе қалғанын
Осы айтқан тілді алсын!”

Жөнін айтып білдірді 6440. Ноғайлы деген ел екен.

Арғы атасы халқына
Атағы шыққан пір екен.
Өз әкесі ер Орақ
Қайраты асқан ер екен.

Бұл баласы болса да,
Тап Орақтың өзі екен.
Қазанбасты өлтірген
Орақ өлді дегенмен,

Әлі тірі жүр екен. 6450. Әйеукені өлтіріп,

Қалмақты солар бүлдірген.
Сол Орақтың баласы –
Қарасай, Қази екеуі
Қайтпайтұғын қанды көз

Туысы артық ер екен!
Хан кеңесі құрылса,
Отырар жері төр екен.
Жау кеңесі құрылса,

Жасқанбас батыр дер екен. 6460. Көргенім жоқ Орақты,

Айтуынан байқасам ,
Әкесіндей зор екен!

Өгіз осындай болып келіп және қайғылы сөз айтқан соң, ел екі жақ болды. Біреулері: – Өгіздің айтқанын қылайық, қақпаны ашып, бітімшілік жағын сөйлесейік, – деді, Енді біреулері: – Не айтып тұрсың өзің, аштан өлейін деп жүрген ноғай қақпаны бұза алатын ба еді?! Ықтап тұрып-тұрып қайтып кетеді. Бұл ұйықтап қалып қол-аяғын кестіріп жүрген адам ғой! – деп ашу шақырып жатты. Сөйтіп жүргенде, таң атты. Зауал ауып түс те қайтты. Әділхан кешеден бері байлауда жатыр. Беденіне арқан батты. Ноғайлыдан хабар жоқ, қимылдауға мәдер жоқ. Өлер әлетке келіп жатқанда бір топ көк кептер ұшып келіп, Әділханның тарыққан кеулін дәлбеп: “Уа, дарих! Менің жайымды білер жан қайда? Жасарал мен Қарасай, Қазиға менің сәлемімді жеткізіңдерші?! Ноғайлыларға сәлем айтыңдаршы!” – деп, кептерлерге тіл қатып жатқаны:

– Көк кептер көкке ұшып қанат қаққан,

Шарық ұрып қалықтайсың сен шаттықтан.
Жатырмын жаным сүйіп қимылыңды,
Ойымның қылын шерткен көп аптыққан.
Әуелеп емін-еркін ұшып жүрсің,

Байланып мен мүсәпір жерде жатқан.
Дұшпанның қанын төгіп, қылыш ұрып,

6470. Ер едім мініп тұлпар ойнақтатқан.

Тақ мініп, тап билеген адам едім,
Төрелік айтып тура шариғаттан.
Таңдаған су тұнығын құлан едім,
Су ішкен тұнба қара тас бұлақтан.

Ақбөкен ар тұтынып кесе ортады
Ол жүйрік жер жүзінде айуанаттан.
Ерегіс екі талай болған екен,
Кездесті сүрікті күн, құрған қақпан.

Көкке ұшқан көтеріліп, көк кептерлер, 6480. Сен хабар білісң бе әскер жақтан?!

Білсең де, білмесең де дос тұтындым,
Күтпеймін еш жақсылық мен қалмақтан.
Су ішіп, дәнге тойып шалықтамай,
Сәлем айт ноғайлыға біз тараптан!

Сәлем айт Жасаралдай асылыма,
Күн қайда аман жетер қосыныма?!
Жасарал жанын жылау қылмас па еді,
Көзімен куә болса осыныма.

Ары ұшын ноғайлының аңдамадым, 6490. Білмедім өз пайдасын басымның да.

Арман жоқ арым үшін өліп кетсем,
Ит қалар қамын ойлап басының да.
Қамалдан халқым хабар ала алмады,
Жасарал қала қойса мендей болып,

Мен қамалға түспес пе едім тұрған шыңда.
Сөзіне Ахметтің ерегісіп,
Ерлік пен қатар қысып ашуым да.
Даңқ болып қалса ісім болады дағы,

Күш жетпей, жеңбесем де қасымды да. 6500. Ер Әли – Жаратқан Хақ шын шерісі,

Ажалы құлдан болған ақырында.
Көк кептер, Жасарлаға сәлемімді айт,
Жатыр деп жан жолдасың қайғы-мұңда.
Көк кептер, бұл сөзімді ал жадыңа,

Ұмытып кетіп жүрме сен жайыңа.
Қазиға Қарасаймен көп-көп сәлем,
Сүйеніш болып жатыр ойларыма.
Атасы асыл туған абзал еді,

Ноғайлының бас байлаған боларына. 6510. Бақытын Қарасайдың көркейтпекке,

Еш пайда ойламадым өз арыма.
Қалмақтан халқым қылған пайдасы жоқ,
Пайдасын Еділ көрген қашанында.
Қалмақты Орақ, Мамай қамап шөлге,

Дінсіздің басып қонған Шағанына.
“Әділхан жаудан қайтпас ер еді” деп,
Сөз қалса келешекке болады да!
Үміткер екеуінен болып едім,

Кірер деп бұзып қалмақ қамалына. 6520. Сөткіге мен кеткелі жақындады,

Барады күн кешкіріп, зауал ауа.
Ұран жоқ Едігедей егеулі ерден,
Келмейді ешбір хабар құлағыма.
Шалқамнан қалмақ халқы салды байлап,

Әлім жоқ жан-жағыма қарауыма.
Жандарын жан қалтаға сала берсін,
Тұрмайды сүрік бітсе амалына.
Олардан күдер үзер уақыт болды,

Сиынып шарықтаған шаттаныппын, 6530. Қарамай басымдағы уайымға.

Келмейді еш жақсылық құлағыма.
“Әділхан ерлігі артық ер еді” деп,
Сөз қалса келешкте болады да.
Айуан адамзатты есіркей ме,

Сүйінбе, ұшқан құстың хабарына!
Көк кептер, аунақшыған ұшып көкке,
Сүйініш сөзім дағы айтқан текке,
Айтайын ойдағыны ойыма алған,

Ықтияр, істің еркі Құдіретте! 6540. Жарар деп жастайынан қосшылыққа,

Әбдіні Әділханның ізіне ертті.
Жас бала он алтыда не қылады,
Жұмысы ат ерттеген қызыметте?!
Көк кептер, сәлем айтсаң оған да айт,

Қалдырма, Әбдіжанды аттап өтпе!
Жақында жай білетін жараным жоқ,
Айтамын қиял таулап тек ермекке.
Ұшқан құс, артықсыңдар осы күнде,

Түсесің сұңқар кезіксе қандай күйге?! 6550. Көргенде ақсұңқарды көк аспанда,

Тығылып қашпас па едің кіріп үйге.
Сонда да менен сенің ойың толық,
Ойының әсер берді кеуіліме.
Әбдіге бір аманат тапсырайын,

Айтарсың барсаң ұшып жылдам-демде.
Бұл күнде көзің көріп жүрген шығар,
Қамалған қамалыңда әскерлерді.
Әбдіге айнытпастай айтарсыңдар,

Тапсырып айырықша мына сөзді: 6560. – Сауарын Нартайлақты екі мезгіл,

Қоржыннан қос уыстап берсін жемді.
Сипасын сәске уақытта жабу алып,
Күймесін, абайласын, түгі күнге!
Басталған тап осы уақ күздің айы,

Жабуын айырмасын күндіз-түнде.
Құлыннан қолдан баққан Нартайлақты
Көксейді көкірегім бір мінерге.
Кеудеде жаным жатыр, көремін де,

Кім білед, көз жеткен бе ілгеріге?! 6570. Егерде жазатайым болып кетсем,

Беде жем кім береді ол бедеуге?!
Тұғыр мен тоқалжалды бірдей болып,
Жалаңаш жайылады-ау боз көдеге.
Айтайын олайынша уайымды,

Жатыр ғой әзірінше жан кеудеде.
Сыналар жұмыс болды біздің елге,
Бұл жұмыс сын болып тұр туымды ерге.
Әділхан, Құдайға сен, құсқа сенбе,

Уайым олай-бұлай барма сөзге! 6580. Қарасай, Қази менен Жасаралға –

Жұмысым қиын болды-ау үшеуіне!
Ахмет абыройсыз, күле қарар
Есітсе сенің жатқан бұл күйіңе.
Дұшпанға сыр бермейтін сыпайы едің,

Туғаннан туымың бар бір кеуілде.
Жақында дұшпан тыңдап тұрған шығар,
Қиялым ере берме бос сөзіңе.
Айтты деп құстан сәлем күлкі қылар,

Бір ноғай ауып есі өлерінде.

Әділхан кептерлерге кеуіліндегі мұқтажын айтып жата берсін. Енді қақпаны бұзып жатқан Қарасай мен Өгізді масқаралап жіберген Қазидан ,қаланың ішіндегі қалмақ пен сыртындағы ноғайлыдан айтайық. 6590. Қалмақ халқы қайғырды,

Өгізді көріп айбынды.
Таң сарғайып атқанда,
Күн шашырап шыққанда,
“Ашайық, – деп, – қақпаны”

Бүкіл қалмақ ой қылды.
Бұлар бүйтіп жүргенде,
Қарасай да балталап,
Бір жапсарын күл қылды.

Сияр аяқ Сұркөкті 6600. Жетелеп ішке кіргізді.

Белдемшесін белденді,
Ісін аман көрген соң,
Көкірегі желденді.
Қатуланған Қази да

Бір жапсарын бұл бұзды.
Жетелеп атын кіргенде
Бір суынып, бір қызды.
Екеуінің ізінен

Қорықпайтын ноғайлының 6610. Ішіне кірді ерлері.

Қалай қалсын далада
Жау іздеп келген бектері.
Кірген соң тұрсын несіне,
Аянар емес түрлері.

Қарасай, Қази – қос жетім
“Едігелеп!” ұрандап,
Жүре берді ілгері.
Қамалып тұрған қалмақтың

Аш бөрідей тайсалмай, 6620. Арасына кірді енді.

Ту көтеріп Жасарал,
Ілгері жүріп қас қылды-ай.
Қарасай мен Қазидың
Көзі ешнәрсе көрмеді,

Қойға тиген қасқырдай.
Атақты ері қалмақтың
Өгіз еді қошқардай.
Қази оны жіберген

Бүгін етіп масқара-ай. 6630. Ұрыса берді қалмақтар,

Бас амандап қашпады-ай.
Бесінге дейін ұрысып,
Қайрат қылды жасқанбай.
Намаздыгер болғанша,

Кіргенменен қақпадан
Көшенің жолын ашпады.
Қанша қайрат қылғанмен,
Кіре алмады көшеге.

Қази ойлап бір ақыл, 6640. Былайша ұрыс бастады:

“Едіге!” деп ұрандап,
Қази шапты айнала
Адамсыз жермен қалаға-ай.
Қарасай өтеді көшеге

Кеш болғанына қарамай,
Сияр аяқ Сұркөкті
Сауырына қамшылай.
Ұмтылады ілгері

Түн болса да Қарасай. 6650. Байлауда жатқан Әділхан

“Едіге!” деген ұранды
Есітеді құлағы.
Сол уақытта күн батып,
Сам жамырап қарады.

“Едіге!” деген ұранға
Тұла бойын тасқындап,
Шексіз күш билеп алады.
“Я Құдайлап!” бұл дағы

Қатты айқай салады. 6660. Байлауда жатып жұлқынып,

“Тұрамын!” деп ұмтылып,
Шіреніп кеп қалады.
Байлаған бұны алты арба
Тегермеші теңселіп,

Біріне-бірі соғады.
Айнала шапқан бала Қази
Айқайлаған дауысымен
Мұны тауып алады.

Әділхан мен ер Қази 6670. Ақмоншақ атқа мінгесіп,

Қақпаға қайта барады.
Ту көтерген Жасаралға
Әділханды әкеліп,
Қази былай сөйеді:

– Ту көтерген, Жасарал,

Не ойлап тұрсың, сен?! – деді.
Біздің мынау Қарасай
Кеудесінде жаны жоқ
Шын ақиқат ер! – деді.

6680. Осы жүрген бетімен

Ұрыса береді бұл! – деді.
Елден шыққан ноғайдың
Кейін қайтып көбісі,
Аз қалыпты ел, – деді.

Әділханнан артық па
Бір адамның ерлігі.
Жүз адамды өлтіріп,
Байланыпты, көр! – деді.

Мұның мұндай болғаны – 6690. Қасында адам кем! – деді.

Қарасайды қайырып,
Далаға қайта жүр! – деді.
Осы түннің ішінде
Бізге керек нәрсені

Қалмақтың өзі береді,
Шамамызды көрді енді.
Ақылы асқан патшасың,
Абыройды аласың,

Осы түннің ұрысын 6700. Сұрай келдім мен! – деді.

Ұрысуға болмайды,
Алдымыз болды түн! – деді.
Біз төртеуміз болмасақ,
Көптің жайы белгілі,

Бұл да тайпа халық қой.
Екі аяқты, бір басты,
Қанша айтқанмен бұлардың
Саны бізден артық қой.

Көшесінің ішінде 6710. Неміз бар біздің соншама,

Одан да тыңда, сен! – деді.
Ойлап тұрмын бір ойды,
Жасарал патша, мен! – деді.
Қырым менен Еділден

Аттанды қалмай ел, – деді.
Жоқтап шықтық ар-намыс
Атадан қалған бір кекті.
Сары ноғай табында

Бәрі қайтқанға ұқсайды, 6720. Ахметтей ер менен

Жәнікедей би кетті.
Ойлаған шығар қайтқандар:
“Әділхан, Қази өліп қап,
Қарасай мен Жасарал

Алды да мойнына бейнетті”
Сіз бенен бізге сәл бүгін
Құдай берді абырой,
Абыройсыз олар кетті.

Бергені емей немене, 6730. Бұздық мынау Дербентті!

Бұл бір арман болып ед,
Әділхан аман қосылды,
Көмектескен оған Құдірет-ті.
“Қалмақтың Өгіз батырын

Масқаралады” деген сөз
Қаланы бүкіл тітірентті.
Шыға алмады жекеге
Ұмытқан шығар тірлікті.

Шықпағаны ұрысқа 6740. Бірдеңеге ілікті.

Ендігі қалған Күнқияш
Келмес пе екен таң ата,
Шамам менің ретті?!
Қайырмасаң, Қарасай,

Өзі біліп қайтпайды,
Нағыз жансыз ер, – деді.
Өзі өлмей біреуден,
Не қалдырмай Сұркөкті.

Қаласында неміз бұл көпті?! 6750. Құрта алмаспыз бұл көпті?!

Өстіп жүріп біз әлі
Қозғармыз, – деді – бұл жұртты.
Мәнжүрдің елі есітсе,
Қытай, қалмақ екеуі

Бір ұстаған діңгекті.
Біз келгелі қалаға
Бірталай күн мен түн өтті.
Онан келсе көп қалмақ,

Жақтаса қойса қытайлар 6760. Да бізге сын жетті.

Ойлап қара, Жасарал,
Осы бүгін далаға
Шығумыз керек-ті.
Бүгін жатсақ далада,

Қорқа қойса бұл қалмақ,
Күнқияштай қызымен
Сөйлесер патша бір кепті.
Мал-дүние аямай,

Көрсетер ертең зейнетті. 6770. Ойыма менің бұл дұрыс,

Не ойлап тұрсың сен енді?!
Қазидың айтқан бұл сөзін
Жасарал патша “жөн” деді.

Сонымен Жасарал Қазидың бұл сөзін мақұл көріп, Қарасайды қала ішіндегі ұрыстан әрең дегенде далаға алып шықты. Күндегі қос тіккен жеріне барып, ноғайлылар жата берді. Қаланың қақпасы бұзылған соң, ноғайлылардың Дербентті алмай тынбайтынын біліп, “Өгіз болса, мынадай халде, енді Күнқияш ұрысқа шыға ма екен, шықпай ма екен?” қалмақтардың жасы үлкендер жиналып Күнқияшқа келді. Күнқияш: – Қарасайдың артынан қуып, мені жолдан алып қайтқаннан бері мен мұсылман дініне кіруге ант бергенмін. Әрі Қарасай қалайда өзі келіп алып кетер деп жүр едім. Сондықтан мен оларға қарсы шыға алмаймын! – деді. Сонан соң қалмақтар: – Қарауымыздағы дүние-малды алып бітімшілікке жүр, халқымыз аман қалса болар, – десті. Ноғайлыларға баруға келісіп, олар Күнқияшты қаладан тысқа шығарды. Енді оның қасына бір кісіні қоспақ болды. Күнқияшты қаладан тысқа шығарып қойып, кімге айтса да ешкім баруға батыл көрсетпеді. Адам шықпаған соң, “өлсе ит терісі, өлмесе қой терісі” деп Өгізді қосты. Күнқияш пен Өгіз ноғайлылардың қосынына келіп, Қазиды тауып алды.

Өгіз кідірмей, Қазиға тіл қатты:

– Жатырмысың, ер Қази,

Келді мына соғымың!
Ханға айттым қалдырмай,
Бірде-бірін сөзіңнің.
Қақпаны бұзып Қарасай,

Істеді бүгін білгенін. 6780. Шамалап айтып болмайды

Халықтың бүгін өлгенін.
Біздің халық қорықты,
Бұл да сенің жеңгенің.
Ықтияр болып байлады

Күнқияштай хан қызын,
Бұл олжаға көнесің.
Жылқы, түйе аласың,
Біз бергенмен алмайсың

Сиыр мен қойды сен өзің. 6790. Қаладан тысқа шығарады

Дүнияны тайлатып,
Аласың содан керегің.
Қоймаймын десең өзің біл
Дербенттегі қалмақтың

Бұл жалғанда дерегін.
Онымен қалмақ құрымас.
Мәнжүр деген жерімде
Хабарсыз жатыр көп елім.

Оған хабар беруге 6800. Арланып едім мен өзім.

Қайтарамыз еліңе
Тұрсаң айтқан уәдеме,
Тек таңы атсын Тәңірдің.
Айтарсың және, батырым,

Кемісі болса кебімнің.
Бәрі бітті ойлансаң,
Бұл қалмақтан керегіңнің.
Орыны толды ортаймай,

Мұсылманның кегінің. 6810. Бұл жалғанның жүзінде

Бейшара болып мен қалдым,
Орны бітпес кемімнің.
Бағана ғана кесілген
Айтары осы Өгізіңнің.

Біздің елде қалған жоқ
Қарасай, Қази арманың.
Атаң кеткен бұза алмай,
Бұл да абырой емес пе

Дербентті бүгін алғанның?! 6820. Күнқияшты және алып,

Қазына, дүния, сыйларын,
Айдап қайтсаң малдарын?!
Құрта алмассың қалмақты,
Төккенменен қандарын.

Мұсылмандыққа сай келмес,
Қырсаң енді балдарын.
Ұрысқа келген кешегі
Бір ардақты ханыңа

Көрсетем деп қорлықты 6830. Алты арбаға байладым.

Ізіне ерген жүз адам
Бәрін де өзім жайладым.
Өлтіре алмай тек оны,
Ойымда кетті арманым.

Құлақ пен қолым кесіліп,
Тек тіліменен сайрадым.
Көрсетіп қойдың азарды
Мен секілді батырға,

Тарлығын қылып жалғанның. 6840. Елді саған тастады

Тесіктен шығып қашқанда
Мәнжүрға қарай хандарым.
Аты шыққан адамдар
Еркін берді шолаққа

Осы бүгін мал-жанның.
Шұнақ пен шолақ болсам да,
Бақыт болып қонып тұр.
Қази маған қылғанын

Көрдіңдер ме, батырлар, 6850. Жасарал мен Қарасай?!

Осындай етті ер Қази,
Жолығысып оңаша-ай.
Осы айтып болғаным,
Көп ноғайлы баласы-ай.

Мұнымды қалай көресің,
Сөзімнің осы сарасы-ай.
Өгіз айтты осылай
Ноғайлыдан көргенін.

Бітім айтып араға 6860. Баяндады жүргенін.

Ноғайлы бұрын білген жоқ,
Қазидың қорлық бергенін.
Айтқанда Өгіз бұл жайды
“Қалмақты алған Қази! деп,

Қайратыңа пәли!” деп,
Паш етті оның ерлігін.
Қази сонда сөйледі:

– Жасарал мен Қарасай,

Және басқа ерлерім! 6870. Қалай дейсің, көпшілік,

Күнқияш пен Өгіздің
Бітім айтып келгенін?!
Мұны мақұл көрсеңдер,
Қабылдайық сөздерін.

Қайырайық бұлардың
Бізге келген еңбегін.
Туған жұрты болған соң,
Қырғызсын қалай елдерін?!

Менің ойым осылай, 6880. Абайласам жөндерің.

Бұған жауап беріңдер,
Қырыман келген ерлерім!

Қази мұны айтқан соң, Жасарал: – Қалмаққа бітісуге өзің бар, – деп, Қазиға рұқсат етті. Қази Өгіз бен Күнқияшты шығарып алып: – Сіздер бізге деген дүние-малды, адамдарды ертең күн шыққанша дайындаңдар! – деп, екеуін еліне қайтарды. Олар қайтып кеткен соң, Жасарал Қазидың айтқан сөзінің орынды жеріне жұмсалғанына, бүгінгі соғысты тоқтату жөніндегі кеңесіне риза болып “егер хан қойса, ағасы Мамайдан кем болмас” деген қиялға тоқтады. Сөйтіп, көпшілікті шақырып алып, Қази жайлы өз пікірін бастан-аяқ баяндап, “Кемеңгерлік сөз – балдай тәтті” деген халқымыз. Қази сондай кемеңгерлік көрсетті. Сондықтан оның атын алдағы уақытта “Бал-Қази” деп атайық деді. Барлығы бұған келісті. Өгізді көзімен көргендер Қазидың ерлігі мен еңбегін мақтаныш етті.

Енді екі жақты келісімің немен біткенін баяндайық.
Халайық, тыңда отыр құлақ салып,
Таң атып осыменен болды жарық.
Баршасы аттаныпты ноғай халқы,

“Қалмақтар ұрысар” деп қылмай қауіп.
Қалаға бір шақырым жақын келіп,
Төрт жерден ту көтеріп тұрды барып.
Қалмақтар Күнқияшқа еркін берген,

6890. Өгізді жолдастыққа жүрген алып.

Ішінен шаһарының дүние-малды
Қойдырған түніменен бұл шығарып.
Жасарал ноғайлының падишасы,
Халықта артық мұның даражасы.

Еділдің ноғайлысы елге қайтып,
Бөлініп қалған мұнда көп тамасы.
Мамайдан бері қарай қоңсы болған,
Және де Қарасайдың шын жолдасы.

Қырымнан келгендердің кеткені жоқ, 6900. Һәммесі түгел тұрған кәрі-жасы.

Көп түйе, сансыз жылқы иіріпті,
Жайнаған үюлі тұр дүниясы.
Қалмақтың бастан кетіп ықтияры,
Жеңіліп, жер таянған бұл шамасы.

Жасарал көзін салса сол олжаға,
Мал-дүния он шақырым айналасы.
Жасарал қарап тұрып жан-жағына,
Ойлады: “Қалмаған, – деп, – жылқы малы!”

Түйенің түр-түрінен айрықша көп, 6910. Тай-тай ғып буған және үюлі тұр

Көз тартқан не сан жиһаз, дүниялары.
Күлім көз, оймақ ауыз, айдай көркем
Он қыз тұр мол дүнияның дәл қасында.
Ақша бет, қиылған қас, жазық маңдай,

Күнқияш күндей балқып ортасында.
Жасаралдың көзі тойды көп олжаға,
Аз емес мұнша сыйлық ноғайлыға.
“Қызды алдық, қамал бұздық – бұл абырой,

Қосылды аман келіп Әділхан да. 6920. Болады да осы абырой бір сапарға,

Бір елді мұнан артық құртпақ бар ма?!
Шамасын дүниенің айтып болмас,
Мал саны жетіп қалар жетпіс мыңға.
“Қалмақтың мұнысына қанағат!” деп,

Ноғайға Жасарал хан айтты сонда:

– Уа, халқым, мына олжаны азсынбаңдар,

Абырой берген бізге Қадір Жаппар!
Аман-сау елге қайтсақ болар енді,
Көп шүкір Құдіретке төкпеген ар!

6930. Сүрігі, демі біткен уақытында,

Адамның ажалдысы өлген шығар.
Қыз алдық, қамал бұздық, дүния алдық,
Есесі ерегістің келген шығар.
Сөзінен Бал-Қазидың шықпағаным

Парасатты данышпаным білген шығар!
Артыңдар дүнияны нарға тайлап,
Жылқыны шығарыңдар жылдам айдап.
Он қызды бөлек алып жағдай жаса,

Жылқыдан жорға мінгіз сайлап-сайлап. 6940. “Қос табар керек кісі” деген мақал,

Тұрмайық енді мұнда көп қарайлап.
Кекті жау келе жатқан бұл қашаннан,
Кім білсін, жатқан шығар амал ойлап.
Қайратты қаһармандар халқымдағы,

Тұрыңдар сыртқа қарап, бек абайлап!
Ноғайлының Жасаралда тізгін-еркі,
Шықпайды айтқанынан Қырым жұрты.
Тұрсын ба енді әскер, айдады мал –

Қалмақтан олжа болған түйе, жылқы. 6950. Он қыздың олжабасы – ханның қызы,

Кигені бәрінің де ылғи құлпы.
Ноғайлы осыменен елге қайтты,
Қалмақтың олжа қылып дүние-мүлкін.
Азамат, бұл отырған, ей, тыңдаушым,

Келемін түсіндіріп біртін-біртін.
Ноғайлы қайтты кейін елге қарап,
Бұлардың жолы болды Құдай қалап.
Шыққалы бұлар елден екі ай өткен,

Ішінде есепшісі жүрген санап. 6960. Ауғанда жол ортадан күн бұзылып,

Қар жауып, қыс түсіпті боран борап.
Бұрынғы төте жолмен жүре алмады,
Келеді қисық жолмен ел жағалап.
Көрмеген бұрын-соңды жерді көріп,

Қол қонды бір өлкеге Құдай қалап.
Қары жоқ бұл өлкенің жатқан алап,
Көк шалғын екі жағы болған сабат.
Ашығып айдау жеген малдарының

Батырлар баршасының бабын табад. 6970. Көлік пен адам тынып алмақ үшін,

Бұл жерде жатты бұлар үш күн қабат.
Әскерлер ерлер үшін шатыр тігіп,
Бұқара қарауылдап малын бағад.
“Әйтеуір, мұсылманның шегі осы” деп,

Жорықшылар бұл арада тоқтап қалад.
Бұл жерде өткізгенде екі күнді,
Қарасай түс қайтарып атқа мінді.
Бар еді бір биік тау мұнарланған,

Шықпақ боп осы тауға жедел жүрді. 6980. Жіберіп сиыр аяқ Сұркөк атты

Басына бұл биіктің демде келді.
Қараса жан-жағына көзін салып,
Көрді ол терістікте қалың елді.
Бұл елдің кім екенін білмек үшін,

Зулатып аттың басын қоя берді.
Кездесті намазшамда бір малшыға,
Ол өзі сәлем берді жолаушыға.
Сәлемін малшы берген алып батыр:

– Шырағым, сау ма, – деді, – бала-шаға?

6990. – Әй, аға, сапарыңыз оң болсын! деп,

Кідіріп тұрды бұған ол бейшара.

– Жол болсын десең, інім, әләй болсын,

Жолықтым, – дейді, – саған оңашада.
Болады мына жатқан кім деген ел?
Шырағым, бір сен емес әрқашанда
Малшы айтқан жолаушы жөн сұраса да.

Малшының сондағы айтқан бұл жауабы:

– Қатыңқы астыңдағы ат қабағы.

Сапардан шаршағандай сыңайы бар, 7000. Көрінеді тым жатыңқы тұлпар жалы.

Жайыңды өзің айтып білдірмесең,
Малшының “кімсің?” деуге келмес әлі.
Сұраған жауабыңды қайырайын,
Айтайын білгенімді мен шамалы.

Ей, аға, мен білермін елдің жайы,
Білерсің мен айтқан соң түп шаманы.
Бұл жұрты деп айтады Қондыкердің
Бір туын тіккен жері ислам діннің.

Бұл елдің айналасы бір айлық жол, 7010. Білмейміз өзі айтпаса кімін кімнің.

Патшамыз Күніке палуан, Телағыс ер,
Тұқымы деп айтады Едігенің.
Күреңді тіл жалмаған ханға беріп,
Себебі содан болған хандық шеннің.

Өкпелеп бұл екі төре бөлінгенін,
Ертіп іздеріне еркін елін.
“Бұл құмай қолға түспейтін!” деп айтады –
Аңызы осы болады біздің елдің.

Қу шығып тумасынан Әнжі деген, 7020. Туыстан амалменен алған кегін.

Осылай елдің жөні патшасымен,
Сұрай бер келеді тағы нені білгің?
Біз – малшы, мұнан артық білері жоқ,
Ұшынан есітеміз әңгіменің.

Бұл малшы етті бұған қысқа баян,
Нағылсын енді сұрап, өзіне аян.
Атының астындағы басын бұрып,
Ізімен қосқа қарай қайта тайған.

Жіберді Сұркөк аттың басын төгіп, 7030. Қарасай мұндай сәтте жүрмейді аяң.

Білмейді Сұркөк, сірә, қиналғанды,
Қырындап ақбөкендей басын салған.
Кеткенде сам жамырап, жәшиық болып,
Қарасай қайтып келіп қосқа қонған.

Шатырға жалғыз өзі жатты барып,
Келмеді түнде ұйқысы ой ойланып.
Үстінде тумасының келгеннен соң,
Ұйқысы келсін ердің енді нағып?!

Баруға өзі оған ойланады, 7040. Арадан қан өткені елге анық.

“Солардың дидарларын бір көрсем” деп,
Ойланып ұйықтамады, кем ашарып.
“Бұл істі айтайын, – деп, – Жасаралға”
Тұрғанда ай тұтылды, таң сарғайып.

Намазын ерте тұрып оқыды да,
Атына жүріп кетті мініп алып.
Ешбір жан мұнан бөтен оянған жоқ,
Жасарал оқшау жатқан бөлек барып.

Қарасай барған кезде бұл падиша, 7050. Жатырған тұрайын деп енді оянып.

Айтайын әңгімемен түсіндіріп,
Тыңдаңдар, ал жамиғат, құлақ салып.

Сонымен қойшы: “Бұл ел – Қондыкердің елі. Ханы – Телағыс, батыры – Күніке” дегеннен кейін. Қарасай терең ойға кетті. Көзі тірісінде дидарын көруді аңсап, олардың елге қосылуын армандап жүрген ағаларының елінің үстінен түскеніне қуанды. “Әкеммен араз болып көшсе де қандас бауырларым, әке орнына әке болар ағаларым емес пе?! Себеппен Құдай айдап келген екен, бұларға сәлем беріп, өткен жұмыстарға кешірім сұрамасам болмас” деп ойлады. “Бірақ арада өткен қанды кекті кешірер ме?! Жасаралға барып ақылдасайын. Өзім барғаннан гөрі, әуелі бір сенімді адамды жіберейін. Мүмкін осы Жасаралдың өзі келісер. Өйткені, Жасарал әкесін Мамай өлтіргеннен кейін, бала кезінен осы Телағыс пен Күнікені нағашы тұтынып араласып тұрып еді ғой” деп, оның шатырына келіп, ат үстінен толғап тұр:

– Жатырмысың, Жасарал,

Ақылдаса мен келдім.
“Қиығы болмас, – деген бар, –
Қыздан туған жиеннің”.
Жаңбыршы, Мұса жау болып,

Тозып жүр бет-бетімен.
“Адасқанның алды жөн”,

7060. Арамызға бітім айт,

Елші болып жүріп сен.
Солармен татуласқанды
Өз кеуілім оң көрген.
“Қорыққаннан айтты” деп,

Есітермін өсек дұшпаннан.
Нағылайын ол сөзді,
Тұрғанымда мен аман.
Абыройсыз болмайды,

Үлкенін сыйлап, ұялған. 7070. Сен соларға барып кел,

Аузынан жауап алып кел,
Не айтар екен палуан.
Басыңды көтер төсектен,
Үстіне келдік Ағыстың.

Ізінен қуып олар жүр
Басында болған шала істің.
Қарамайды туысқа
Кесірінен шабыстың.

Жақынменен жау болып, 7080. Талайы кетті намыстың.

Сен Ағысқа барып кел,
Не дер екен Телағыс,
Келіп, тұр менің табысқым.
Құдай айдап келіппіз

Қондыкердің еліне.
Жұмыс қылып бір сапар
Келермін деп жүр едім
Бұрын өзім кеуліме.

Бұл сапарда қыс болып, 7090. Жолдың келді керіне.

Ноғайлының ішінде
Сенің тұрар сөзіне.
Жетім бала болған соң,
Мұршамыз келмеді біздің де.

Олар да хабар алмады,
Жетім қалған баланы
Ілмеді, тіпті, көзіне.
Сен барған соң олардың

Ойланбас па екен өзі де?! 7100. Жақсылығын көп ойлар,

Көрсет мені көзіне.
Жетпеген жерін жетістір,
Бұл жұмыстың өзің де.
Сәті болса қосқайсың,

Бұл ініңді егізіне.
Әр нәрсенің сәті бар,
Жақсылығы табылар,
Мезгілі біткен кезінде.

Мұны айтқанда Жасарал, 7110. Есігін түрді шатырдың.

Ойланып, өлшеп көрді ол
Айтқан сөзін батырдың.
Көп ойлайды бұл істің,
Болар деп қалай ақырын.

Жасаралдай падиша,
Абырой неге алмасын
Қосақтаса жақынын.
Жау бола қойса егерде,

Өкініші кетпес деп, 7120. Өткізермін және де

Өзім істің ғапылын.
Қарасайға мұны айтты.
Бара ма, әлде, бармай ма,
Екеуін де ұстамай,

Қайсысының мақұлын.
Азаматтар, енді мұқият
Жасаралдың сөзін тыңдаңдар,
Таразыға тартып ақылын.

Жасарал сонда сөйеді: 7130. – Барып кел деп бұйырдың

Екі қабылан төреге.
Айтып тұрсың ерлікпен,
Өткенді алмай есіңе.
Кісі өлтірген қаныкер

Сендерге олар сене ме?
Қонысын тастап келіп ед,
Әкеңнен болып себепті.
Бұл өкпесін айтқанда,

Айта алмаспын деректі. 7140. Оны тұрсын ұмытып,

Сендерді қалай көреді?!
Қаһарланып қаттанса,
Жау болам деп аттанса,
Онда адам өледі.

Мақұл көрсе болар ед,
Керек деп жақын көмегі.
Қаһары қатты төрелер,
Ерегістен ер өлер,

Осындайдан ел бөлер. 7150. Жақсылығы табылса,

Онда бәрі жөнделер
Тек осыған кідіремін.
Барғанмен жөні келе ме,
Уа, Қарасай, қайратты,

Абыройлы ер едің!
Жақыным деп оларды,
Аңсап тұрған сен едің.
Қайтпайтұғын қандыкөз,

Олардың сырын білемін. 7160. Өкпесін айтса осыдан,

Қайырам қалай дерегін?
Дерегін айтсаң сен маған,
Сонда атыма мінемін.
Айтпасаң оған дәлелін

Жұмсартқандай жүректі,
Бара алмаймын оларға,
Кідірмей елге жүремін.
Қарасай, кәне, сөйлеші,

Не ойлап келдің сен өзің? 7170. Кідірмеді Қарасай,

Жасаралға сөз айтты
Мылтықтан шапшаң тез айтты.
Татуласып кететін
Сөздің нағыз зорын айтты.

Жасаралдың сөзіне
Бұл мынадай жолын айтты.
Қысылып тұрған патшаның
Айтар ойын молайтты.

Сондағы берген жауабын 7180. Былайынша толғапты.

Мына жорғаң соны айтар,
Салып отыр құлақты.
Сөз тиегін ағытты,
Қарасай сонда шешіле:

– Атыңа мін, Жасарал,

Уһілейсің несіне.
Шешен туған жігітке
Шиенің оңай шешуі.
Ықпал берсе Құдайым,

7190. Тереңнің тайыз кешуі.

Сен барған соң олардың
Жақындық түсер есіне.
Олар кетіп қалған соң,
Мұсылман жұрты өкінді

Әнжінің қылған ісіне.
Қорқып әкем қалған жоқ,
Жан ашымай, немесе,
Алшағырдай інісіне.

Ойланбайды ол неге, 7200. Табы басқа халықтың

Болып тұр ие көшіне?!
Хан болдым деп таса ма,
Жанғанның оңай өшуі де!
Ол өкпелі кезінде

“Көрмеймін” деп неге айтсын,
Шайтанның еріп көшіне.
Әрненің бар мезгілі,
Бұйыртса Алла көрерміз,

Дидардың болса несібі. 7210. Осы бүгін қонаға

Татуластыр, хан аға,
Ұжымақтай маған болып тұр
Екеуінің есігі!

Қарасайдың мына сөздерінен кейін, Жасаралдың дәлел айтуына болмай қалды. Ол Әділханды шақыртып, атқосшылыққа Әбдіні сұрап алды. Сөйтіп, Ақмоншаққа ер салып, Әбдіні ертіп Қондыкердің еліне келді. Жасарал: “Тіпті болмаса, жиендігіме жеңдірермін. Несіне қорқа беремін” деп, хан ордасына беттеді. Орданың жанына аттарын байлап, Әбдіні қалдырып, өзі ішке енді. Телағыс тақтың үстінде түнеріп, Күніке оған жақын төр алдында көлбей түсіп жатыр екен. Екеуі де сауыт-саймандарын киініп алған. Өткені “ел сыртына әскер келді” деген қауесет естіген еді. Жасарал кірген бетте сәлем беріп, қолын кеудесіне қойып тағзым етті. Сонан соң төр жолының төрттің біріне дейін барды да, ілгері жылжымай, түрегеп тұрған бойы толғап кетті:

– Екі бердей қос сұңқар

Отыр екен оңаша.
Бұл сапарым оң болар,
Жаратқан Алла қаласа!
Ескіріп жүр өкпемен

Жаңбыршы, Мұса арасы. 7220. Сендер едің ноғайдың

Тастан соққан қаласы.
Жеті атадан сендерсің,
Ислам діннің панасы.
Бастарың жүр ыдырап,

Кеуілдің бітпей жарасы.
Мен де бір аққан өзекпін,
Дариядан шыққан сағасы.
Бітім айта мен келдім,

Қашықтаған араңа, 7230. Араша, бектер, араша!

Едігенің тұқымы
Ноғайлыда қошқар ең.
Бір қазанға сыймады
Екі қошқар бастарың.

Басында баққан таласып,
Алшығарды шауып тастадың.
Әлегінен жау болдың
Әнжі залым шошқаның.

Себеп болып осыдан, 7240. Басыңнан ұшты құстарың.

Қарасай мені жіберді,
Мақұл көріп кеуліне
Сіздермен басын қосқанын.
Мұнысын қалай көресің,

Келіп тұр соған достарың?!
Туысқа жазым ойлайтын
Мен емеспін дұшпаның.
Алалық кіріп сіздерге,

Күшейіп кетті қастарың. 7250. Кете берсе осылай,

Бірін-бірі көре алмас
Кейінгі туған жастарың!
Әкелемін ініңді,
Өзіңнен жауап есітіп,

Десеңдер “өкпе тастадым!”
Бұл сөзіме не дейсің,
Екі асыл қошқарым?!
Елші болып араға,

Бітім айта мен келдім. 7260. Кеуіліңді білмекке

Келіп тұрмын сендердің.
“Келсін” десең келеді,
Асық болған інілерің.
Өзімнің “жаман” ойымша

Қарасайдікін жөн көремін.
“Мақұл десең екен” деп,
Келіп тұр мына жиендерің.
Кәнеки, палуан, сөйлеші,

Көпті көрген көне едің. 7270. Түспеген ісі сіздерге,

Өмірінше мен едім.
Жауабыңды бересің,
Ойларыңды білемін.
Жақсылық нышан білдірсең,

Ініңді алып келемін.
Қаһарлы туған жандарсың,
Мен жөнімді білдірдім,
Мұнан артық не деймін?!

Жиендік жолды ұстандым, 7280. Рұқсатсыз кіргенім.

Кәнеки, палуан, не дейсің,
Мақұл ма айтқан бұл кебім?!

Жасарал осылай деп Күніеге қарады. Өйткені, Телағыс хан болғанмен, Күнікенің жасы үлкен, ал Күнікеге “палуан” деп отырғанында да себеп бар еді. Бұл Күнікеге жас кезінен-ақ халықтың қойған аты болатын. Күніке бала кезінде “мен палуан болсам, бір тауды бір тауға соғар едім” дейтін. Сол уақыттан бастап бәрі оны палуан атандырып еді. Енді сол палуан қабағын тарс түйіп, Жасаралға ызғарлана қарап, жауапты тез қайтарды:

– Жарамайды, Жасарал,

Сенің айтқан кеңесің,
Мен ойласам өтірік.
Асырасаң қой жейді
Елікпейді бөлтірік.

Маймылды бақсаң бір күні,
Кетеді иесін өлтіріп.

7290. Қызыл шұбар мұзбалақ

Жөн-жөніне кетеді
Ұяда баста бір тұрып.
Біз сол секілді тұқым ғой,
Келмес жөні бір жүріп.

Ұстатпайды ойнаса
Баққан тұлпар жем беріп.
Үйлеспейді ол тұқым
Өз мекенін жүрмесе,

7300. Өз бетімен меңгеріп.

Әір менің ойым жоқ
Жүретұғын жөнделіп.
Көрсете көрме, шырағым,
Көбейтпейін ортамды

Туысқанға теңгеріп!

Сонда Жасарал Күнікенің ыңғайын байқаған соң, қарсы жауап айтуға дайындалды. Оның ойына Әнжінің зымияндығымен Телағысты өлтірейін деп жатқанда, Күніке келіп ажыратып алғаны, содан соң бұлардың Орақтың Алшағыр деген інісін шауып өлтіріп осы жаққа ел асып кеткені келіп еді.

Енді “Шешінген судан тайынбас” деп, Жасарал сөзін осыдан бастады:

– Алшағырды өлтірдің

Басында баққа таласып.
Әнжі салған қулықтан
Араздығың ұласып.

7310. Бұл жаққа кеттің сонымен,

Қонысты тастап ел асып.
Іс қылмадың ол күнде де
Өз басыңа жарастық.
Кетіпсіңдер айырылып,

Үйіріңнен ажырасып.
Жүремін десе Қарасай
Жақынменен жанасып,
Көрмеймін деп қарасын

Тағы отырсың адасып! 7320. Көрмеймін десең өзің біл,

Біз сыртыңнан тұрармыз
Таласқан екі иттей-ақ
Қызығына қарасып!
Абырой іздеп жүр едім,

Айңайынға жаны ашып!
Арадағы қауғаны
Сәті болса кетпекке,
Осы бүгін мен басып.

Жақсы көрсең жүре бер, 7330. Өміріңнің ішінде

Тумаңменен дауласып!
Тыңдамасаң сөзімді,
Араздықтан жолы ашық!

Мына сөзден кейін Күніке тағы да Жасаралға жауап қайтармақ боп жатыр еді. Осы бұдан әрі шыдай алмай Телағыс хан Жасаралға емес, ағасына қарап толғап кетті:

– Келген екен Жасарал,

Сабыр қыл, палуан, мұңайтпа,
Араздықты ұлғайтпа!
Алшағырды өлтіріп,
Біз қалып едік ұятқа.

Арадан қан өткен соң, 7340. Ауып едік бұл жаққа.

Біз осында келген соң,
Жеткізді Алла мұратқа.
Құр қарасынан қорықпай,
Көрейік ісін сынап та.

Арамдық қылса және де,
Жеткізер Құдай кеулі аққа.
Ол арыстан болғанмен,
Не қылар қарақұлаққа?!

Сол кезде Күнікенің Жасарламен ісі болмай, Телағысқа былай деді:

– Ой, шырағым, адамға

7350. Қашанда опа бермейді

Туысқаны болса дұшпаны!
Жақындағы бұлардан,
Ұрандап келген жау жақсы
Атысуға тыстағы.

Сен ойламайсың ешнәрсе,
Маған мұны айтқызар
Арамдығы бастағы!
Ізіне ертіп дос көрді

Әнжі залым шошқаны! 7360. Палуан Сұлтан, Батырхан

Кім өлтірді білдің бе,
Нағылайын басқаны?!
Мамай сынды асылдың
Әнжі басын кемітті,

Мың тіллә еді мысқалы!
Ақсұңқар құстың баласы
Ұяда көрген аңды алар,
Ұмытпай тәлім жастағы.

Ықтиярың өзіңде, 7370. Жатырмын айтып ойымды

Көрсетіп әрбір нұсқаны.
Осыменен, Телағыс,
Айтар сөзім қысқарды!

Ағасы мұны айтқанда, Телағыс үндемей отырып қалды. Күніке айтып отырған палуан Сұлтан, Батырхан екеуі ағайынды және біреуі Жасаралдың әкесі болатын. Оларды Әнжінің кесірінен Мамай хан өлтіріп еді. Телағыс үндемеген соң, Жасарал өз әкесі мен ағасы жайлы сөз қозғалғанын пайдаланып, енді Күнікеге қарап толғай жөнелді:

– Назбедеу аттың баласы

Шаптан түртсең теппейді!
Атасы асыл ақсұңқар
Шамдандырсаң сөкпейді!
Текдары жаман құл бұзса,

Көрген ісін ұмытпай, 7380. Үлкеннен жеке кетпейді.

Шынжыратай асылзат
Абайласаң өтпейді!
Ауызына әркім сөз алса,
Өзінікі “жұп” дейді.

“Әнжінің айтқан тілімен,
Палуан Сұлтан, Батырхандай
Ел сыйлаған бектерді
Өлтірді Мамай” деп тұрсың,

Болған шығар жазым іс 7390. Ондай іс кімен өтпейді!

Түбі бірге болған соң,
Жарамайды ол маған
Ойға түйген өкпемді.
Іс түскенде басыңа,

Туғаның қалар қасыңда,
Түбі бірге түртпейді!
Басыңа түскен жұмысты
Тап өзіңдей түптейді.

Жылағанда бірге жыласып, 7400. Күлгенде бірге күлетін,

Ойлап қара, палуан,
Туысқанға ешкім жетпейді!
Енді Жасарал Телағысқа бұрылып, сөзін жалғастырды:

– Жүйрік деп айтып болмайды,

Байраққа озып келмесе!
Батыр деп айтып бола ма,
Ұрысқан жауын жеңбесе?!
Ақылды деп бола ма,

Өзінікін жөн десе?!
Би деп айтып бола ма,

7410. Тартынып, жетекке ермесе?!

Жақсы деп айтып бола ма,
Бір қатесіне көнбесе?!
Мұсылман деп бола ма,
Айтқан сөзге сенбесе?!

Тілге нанбай қалмайды,
Құдайлық нағыз шын десе.
Айтқаныңа сенбейді,
Қарайып кетсе кеудесі.

Мына сөздің түрінен 7420. Біреуді біреу көре алмас,

Күніке палуан өлмесе!
Жау болғам ғой олармен
Мына сөзбен ендеше!
Жарамайды жауабың

Құдайдан ұят бұларып.
Еске алып бұрын өткенді,
Тумаған кезі бұлардың.
Телағыс, Күніке екі нар

Көкірегі ақ қашаннан 7430. Қарасай, Қази балалардың.

Кетемін енді осымен,
Кеуілдеріңді аңғардым!

Жасарал осылай деп есікке қарай бұрыла бергенде, Күніке басын көтеріп алып: – Ой, Жасарал шырағым-ай, сөздің соңғы түбін, ағайыншылықтың ақырын айттың ғой. Енді балаларыды алып келе қойшы. Көзімнің тіріскенде түрлерін көріп, бауырыма басайын! – деді де, даусы дірілдеңкіреп, Телағысқа қарады. Хан мақұлдан басын изеді. Жасарал жүзіне қуаныш табы үйіріліп, сыртқа шықты да, жедел басып Әбдінің жанына келді. Өзі ордаға қобалжып кіріп, қуанып шыққан Жасарал, енді Әбді балаға былай деді:

– Атыңа мініп қосқа қайт,

Қарасайға тура тарт!
Аяңдама, шауып жүр,
Бұл жұмысты бітір шалт!
Қарасайға барғанда,

Былайынша хабар айт:
Шешілді түйін шиеленген,

7440. Жаңарды орын көнерген.

Қатты кеуіл бусады
Құйған болат темірден!
Қанша қиын болса да,
Қалмайды екен мерзімінен.

Қашықтаған екі ара
Арманың салған бүлігінен.
Телағыс, Күніке қос сұңқар,
Білдің бе, бала, бұл келген.

Басында халыққа өкпелеп, 7450. Бұл шет жұртқа білінген.

Орақпен араз адамдар
Бір-біріне шүйілген.
Қарасай менен Бал-Қази
Бұларменен немере,

Өмірінше көрмеген.
Бұл сапарда жол түсіп,
Мына қыстың себебінен
Осы жерде кез келген.

Жылдам барып хабар бер 7460. Асық болған туғанға,

Қалмасын олар бүгіннен!
Мына сөзді айтқайсың:
Айлақ атын істесін
Қолындағы төлемнен.

Ойламасын отырып,
Болмадым, – деп, – менімен.
Қалағанын істесін
Қарасай мен Әділхан

Өзінше патша кеулімен. 7470. Бұл сөзімді оңаша айт,

Есітпесін еш адам,
Абайла, бала, өзіңнен!
Балаға бақыт қонбағы
Ісі шықса кеуілден.

Осындай, сірә, сеніммен
Жасыратын да іс емес,
Өкпе үлес болған жоқ
Толық елдің көбімен.

Құй патша бол, құй бек бол, 7480. Жүру керек бұрынғы

Ата пішкен үлгімен!
Жыртар болды өйтуге,
Балаға ұқсап киімін
Тұра шапсам сенімен.

Осылай сөзім, осылай,
Жұмысты бітір тезінен!
Көп халыққа айтарсың,
“Болар хабар өзімнен!”

Қарасайға сәлем айт, 7490. Жолдас алар қасына,

Сеніменен төртеуің
Бұзбаңдар қалып басында!
Қалилаға айтарсың,
Малдың болсын басында!

Томар үйіп тексеріп,
Оңдап тіксін қосын да!
Екі жақта аңсаған
Екі арыстан қосылды.

Кідірерміз біз әлі, 7500. Шамалаймын осыны да.

Жылдам барып жылдам қайт,
Тездетіп жет қосынға!
Қалдырмасын өзінен
Ағаға қылған сыйлығын!

Патша да болса, бөтен жер ед,
Бар шығар дос пен қасы да.
Ажары болмайд ертеңнің,
Мырзалық қылған жұмыстың

Тез хабаршы шашылмай. 7510. Абырой болар Қырымға

Қоссақ екі асылды-ай!
Мұны айтты да Жасарал
Отырды кіріп ордаға,
Нағашыларының қасына-ай.

Несіне тұрсын бұл бала,
Атқа мініп алады.
Оңды-солды қамшылап,
Көсілтіп келіп шабады.

Шабуменен қосынға 7520. Ұлы сәске болғанда

Заулатып жетіп барады.
“Кетіп еді Жасарал
Таң сарғайып атқанда”, –
Деп Қарасай абдырап,

Шолып жүр оңаша маңайды.
Аттан түспей асығып,
Жасаралдың жолына
Төбеге шығып қарайды.

Осы жерде бала жеткізді, 7530. Бірде-бірін қалдырмай

Жасарал айтқан бар жайды.
Сонан соң бала тағы айтты,
Жинап тегіс ноғайды:

– Көп халайық, біліңдер,

Мен айтайын бұл істі,
Жақсылық істі, ірі істі!
Таң сарғайып атқан соң,
Жасаралдай падиша

Бір жұмысқа кірісті. 7540. Жіберді мені хабарға,

Бітіріп енді жұмысты.
Мына таудың аржағы
Қондыкердің жұрты екен,
Қазанның шығыс сырты екен,

Сендер оны білдің бе,
Қалың халық Ағысты?
Падишасы олардың –
Телағыс, Күніке палуан

Екі асыл туысты?! 7550. Қарасайдың тумасы

Зор өкпемен суысты.
Орақ, Мамай екеуі
Болған екен борышты.
Өкпелі екен бұларға

Тастап кеткен қонысты.
Қарасай, Қази тумаған,
Шамаласам ол кезде
Орақтың ісі кеміс-ті.

Содан бері қауышпай, 7560. Жаңбыршы, Мұса екі жақ

Жүр екен болып құрысты.
Сол құрысты тарқатып,
Жасаралдай падиша
Тоқтатып отыр ұрысты.

Бітім айтып араға,
Осы бүгін келісті.
Қарасай менен Бал-Қази,
Ағасына барып өткізер

Қонақ болып бұл кешті. 7570. Құр бара ма үлкенге,

Бұлар болды жұмысты.
Астында бір-бір аты бар,
Халық, оны бергізсең,
Ісіміз жатыр кеміске.

Өздері қылсын қалауын,
Мұны айтып тұрғаным,
Түскен жоқ олжа үлеске.
Осы айтқан әңгімем,

Үлкен-кіші ойлаңдар, 7580. Мақұл ма, әлде теріс пе?!

Әділ бала осыны айтып келген соң, барлығы да қуанып: “Бұл ел сүйсінерлік іс болған екен” десіп, ал үлкендер Қарасай мен Қазиды шақырып алып: – Тездетіп ағаларыңа барып, мауқын басыңдар. Олжа ортада демеңдер, туыстарыңа апарар айлаққа не жарамды десеңдер соларды таңдап алыңдар, – деді.

Енді Қарасайдың әрекетін баяндайық:
Берген соң рұқсат Қарасайға,
Ол барып емін-еркін кірді малға.
Әуелі Күнқияш алып шықты,

Үстінде сексен басты тігулі орда.
Ол күнде керегенің көзі желкөз,
Үлкен үй мұнан артық болмас сірә да.
Жылқыға мұнан кейін өзі барып,

Айдады екі жүзін, жүзі – жорға.
Бастырып ылғи жібек, асылдардан

7590. Арттырды қазына тайлап алпыс нарға.

Қасына отыз адам алды сайлап,
Жақсысы бұл халықтың бәрі сонда.
Бастығы Сұлтанай би, Әділханмен,
Жүріпті ылғи саңылақ біраз жанмен.

Бал-Қази, Қарасай мен Әбді бала
Қонаққа жүрді бұлар осы санмен.
Астында Күнқияштың сұлу жорға,
Асылзат келе жатыр артық пәммен.

“Мұсылман болсам болар” деп ойлайды, 7600. Ісі жоқ олай-бұлай әңгімемен.

“Артық қой бұлардан да шамасы” деп,
Кеулінде бір қаныш елес берген.
Осындай салауатты сән түзетіп,
Тәртіппен әсте аяңдап қатар жүрген.

Болғанда намаздыгер, күн кешкіріп,
Ордасын Телағыстың сонда көрген.
Хабарсыз жатқан халық бұл жөнінен,
Барғанша жүрді жарып қалың елмен.

Бұларды жүрген жерде айтып жатыр, 7610. “Сәлемге патшасына, – десіп, – келген”.

Халқына Қондыкердің болды әңгіме,
Есітіп, хабарланып бір-біреуден.
“Баласы ер Орақтың келді, – десіп, –
Есепсіз жесірі бар дүниямен”.

Шашылып бұл даңғаза тұра берсін,
Айтайын Қарасайдың әдебінен.
Тұқымы Едігенің асқан күшті,
Қандыкөз, аттық тұқым, өзі сұсты.

Келген соң жеті жасқа мектеп көріп, 7620. Артықша көп біледі әдепті істі.

Келе жатқан жеті атадан бұлар сұңқар,
Біледі айлақ атты әр жұмысты.
Бірі емес, бұл тұқымның қайсысы да,
Бастаған астаубас нар бәрі көшті.

Қараңдар әдебіне екеуінің,
Көрген соң патша ордасын аттан түсті.
Түскен соң Қази менен ер Қарасай,
Күнқияш ол да түсіп, белін шешті.

Қолға алып көш бұйдасын жүрді жаяу, 7630. Хан қызы артық екен, ақыл-есті.

Сонан соң отыз адам түсті бәрі,
Жүреді ат жетелеп қосшылары.
Орданың оң жағына жүк түсіріп,
Желілеп байлатады келген малды.

Жүргенде мұны жайлап жас балалар,
Күнқияш керегені өзі жайды.
Қараңдар тәртібіне сол заманның,
Ордадан біреу шығып қарсы алмайды.

Ордасын ханша тігіп алғанынша, 7640. Түн болып, қараңғылық көз байлайды.

“Алдым түн аға жүзін көруге” деп,
Сәлемге екі бала асықпайды.
Кеуілге сабыр суын сорғалатып,
Бұл түні әдеп сақтап қозғалмайды.

Үйіне Күнқияштың болды қонақ,
Қыз ханша күтіп қонақ тез жайлайды.
Көріңдер, тыңдаушылар, не болғанын,
Ол күнде қазіргідей ғұрып болмайды.

Қазір ғой зыр жүгіріп құшақтасып, 7650. Келгеннен сағынғандар жас бұлайды.

Айтайын, азаматым, әңгімесін,
Өлеңнен ой қорытылып жиналмайды.
Болмаса түсінікті әр жерде сөз,
Пікірлі тыңдаушыға ұнамайды.

Айтушы мұны пәмдеп айырмайды
Кейбіреу қара сөзді қаламайды.
Тыңдаушым, мен сөздерді айтқаным жоқ,
Есітем кейбіреулер алалайды.

Сонымен Қарасай бастаған отыз адам түнде келіп, қараңғыда баруды мақұл көрмеді. Өмір бойы көрмеген және көңілі күпті, көкірегі дықты болып жүрген туыстарымен түнде табысу жақсылықтың нышанындай көрінбеді оған. Сондықтан батыр келген бойда Әбдіні Жасаралға жіберіп: “Ағаларымның ақ жүзін жарықта көремін. Жарықта жадырасып табысуға жазсын!” деп, хабар берді. Қарасайдың бұл ісін бірге келген билер мен ақсақалдар мақұл көрді. Бұлардың сыңайын байқаған Күнқияш өзінің ақ ордасын дереу тіккізіп, бірге келгендерді қонақ етіп бәйек болды. Бұл да өзінің көргенділігін, ханшалығын танытты. Сонымен қонақтар демалып, таң алдындағы намаздарын оқып болған соң, барлығы хан ордасында беттеді. Ордаға ең алдымен Әділхан, сонан соң Сұлтанай кірді. Бұлардың екеуі де Күніке палуан мен Телағысқа сәлемдесіп қолдарын ұсына беріп еді, оған Күніке қолын созбастан иегін көтеріп, “отыра бер” дегендей ишарат білдірді. Үшінші боп Қарасай енді. Ол есіктен кірген бойда екі аттап тұра қалды да, қолын төсіне қойып “Ассалаумағаләйкүм!” деп тағзым етті. Сол кезде Күніке шыдай алмай, орнынан көтеріле берді. Қарасай оның аяғын бастырмастан, жүгіріп келіп құшақтай кетті. Қарасайдан соң Бал-Қази келіп, ол да ағасының әдебін қайталады. Күніке бұған да қарсы жүре бергенде, Бал-Қази да тез басып келіп, ағасының құшағына кірді. Олармен Телағыс та құшақтасып көрісті. Күніке бұл екеуін оң жапсардағы арнайы төсекке отырғызып, келген отыз адам сәлемдесіп, орналасып болған соң, былай деп сөз бастады:

– Аман-есен бармысың,

7660. Жақсыдан туған жәдігер.

Көреді екен пендесі
Жаратқан өмір берсе егер.
Өтті жылдар, һәм күндер,
Қайда Мамай, ер Орақ

Сәлемге келген бұл кімдер?!
Гүжімімнің бұтағы
Қорық болып жүрсіңдер!
“Қосылмайды тау тауға,

Қосылмас адам дегенге” 7670. Бұдан былай кім сенер?!

Сендер ме еңдер мұзбалақ,
Тарланнан қалған түлегім?!
Ойымда менің жоқ еді
Едіге тұқым көрермін.

Бектен қалған бір белгі
Түсірді осы себебін.
Тұлпардан қалған құлындар,
Аман-есен жүр ме едің?!

Құдайдың көрдік жазғанын, 7680. Әнжінің көрдік бөлгенін.

Жаңбыршы, Мұса ұрпағы
Өкпелеп көрмей кетіп еді
Өлгенінше бір-бірін.
Туысы артық төрелер,

Қауыштыңдар дәл бүгін!
Ақылы зерек Жасарал,
Арбаған кесел бұл дерттің
Осы бүгін тапты емін!

Алланың көрдік жазғанын, 7690. Әнжінің көрдік азарын.

Еденді туған абзалдың
Мойнына қойып жазығын.
Ақылды туған данышпан
Қайраған-ды азуын.

Үркіп қашқан тұлпарлар
Сындырып кетті қазығын.
Қауыша алмай сонан соң,
Таулардың көрмей бауырын.

Қалған кеуіл, шыққан жан 7700. Қайсысынның біле алмай,

Жүрдік әлі ауырын.
Желденген көңіл желігіп,
Жасарал басты тамырын.
Ержеттіңдер ме есен-сау,

Аталас жақын, бауырым?!
Бақытын берсін атаңның,
Қайыры болсын ағаңның.
Жасын берсін тірі отырған

Қараүлектей анаңның! 7710. Осыларды ойланып,

Ауызыма жаңа алып,
Қайта жасап жаңардым!
Жасаралдың сөзімен
Татым кетіп тазардым!

Өлгеннің осы тірілгені –
Астау басты нарымның
Артындағы перзент қалғанын.
Осы да қайтқаны еңбектің –

Ағаның көріп балалрын 7720. Түзелді жаңа заманым!

Сәлемге келген сағынып,
Талаптарың оң болсын!
Туасылы көрмеген
Үлкенге келіп отырсың,

Таландарың жөнделсін!
“Бұдан былай, шырағым,
Ұрпақтарың бір жүрсін!”
Ағам Мұса айтқан сөз,

Бірақ айлакер кім білсін. 7730. Екі сұңқар балапан

Атадан қалған сендерсің.
Үлгісін көрмей жас қалдың,
Ұстапсыңдар ұнаттым,
Атамыздың белгісін.

Ата ізінен адаспа,
Жалғаншыға келгесін.
Өткен күннің, шырағым,
Нағылам айтып кемісін.

Өткен қалсын салауат, 7740. Қосылған соң саламат,

Шаттанып ағаң сөйлесін!
Жақсыдан белгі, жарығым,
Дидарларын көргесін!
Кеткендей қабырғасы қарыс сөгіліп,

Палуанның жанарынан жас төгіліп,
Телағыс төмен қарап, сөйлей алмай,
Қамығып отырды ол да тек егіліп.
Ордада отырғандар қайсысы да,

Қалғандай ауыр жүктен бір жеңіліп. 7750. Қарасай, Қазименен екі төре

Тыңдады Күніке сөзін түрегеліп.
Палуан айтып сөзді болғанынша,
Екеуі отырмады тізе бүгіп.
Көп айтып неге керек қысқарталық,

Таусылмас айта берсек бәрін теріп.
Сұлуды Күнқияштай – ханның қызын,
Патшаға қосты енді неке қиып.
Телағыс құрметтеді туыстарын,

Бұлайша қызмет етіп, мейман қылып. 7760. Халқына бұл Телағыс хабарлапты,

Көрген соң інілерін көңлі шатты.
Жіберді шабармандар тұс-тұсқа айтып:
“Мақсатым қуанышқа той қылмақ-ты!”
“Болады енді күнде атшабар” деп,

Жүйрікті еліндегі ер жаратты.
Жүз үйдің тіктіріпті абзал сайлап,
Жорықшы көп ноғайлы алды жинап.
Һәммесін Салықта жатқан елге әкеліп,

Екі айдай жібермеді, бәрін сыйлап. 7770. Екі ел Күнқияштың үйін көріп,

Ешбіреу бәс қоя алмады оймен ойлап.
Алдында ат шапқанда қара үздіріп,
Қазидың Аққұс аты келген ойнап.
Бұл қыста жорықшылар мұнда болды,

Еліне Қондыкердің тойын тойлап.
Мереке сауықпенен жатты бұлар,
Қорыққа хан ноғайы малды айдап.
Көрмеген өмірінде ағасына,

Келген соң қалай кетсін күнді санап. 7780. Жатқанмен құр жүре ме туыста адам,

Жұмысын бітіреді әсте аяңдап.
Бұл қыста екі үлкен жұмыс бітті,
Айтайын қысқа-қысқа мен баяндап.
Біреуі – Лашындай шын асылдан,

Біреуі – ер Қарасай жүрген бойдақ.
Екеуін осы сапарда бітіріпті,
Телағыс бұл жұмысқа белін байлап.
Бұларға Терең өткел жиырма күндік

Қараса Қарасай ер бір күні сұрап. 7790. Ордада отыр Күніке, Ағыспенен,

Қасында жолдас-жаран таныспенен.
Жасарал, Әділхан мен Сұлтанайы
Сөйлесіп кеңес ашып әр іспенен.
Қарасай, Қазименен бұл да отыр,

Жұмысын замананың ірі істеген.
Сыйлығын Қарасайдың Қондыкерде,
Болған жоқ ешбір адам кеміс деген.
Қарасай сұратырып көріп еді,

Қазанның Ағыс айтты тура жолын. 7800. Лашын Қарасайдың ойын бөлді,

Батырда мұндай әдет жоқ-ты бұрын.
Бір күні паш қылады Телағысқа,
Қарасай былайынша ішкі сырын:

– Әй, аға, менің атым достан алған,

Көп көрдім кемістікті тәңірім салған.
Басымнан бұлан-талай күндер өтті,
Қолмен ақырет көріп талай жаудан.
Тұрғанда бір тарығып би Сұлатнай,

Бітірді ат әперіп ойдағы арман. 7810. Жұмысты ақырламай ажалды мал,

Аты өліп мынау інің жаяу қалған.
Сұрадым Жәнікенің мен Қаратын,
Ол бермей атын маған қайғы қылған.
Мен сұрап ат хабарын алыс жерден,

Қазанда алдым мұны бір ноғайдан.
Қорасы Тереңөткел жағасында
Ол абзал адам екен жаратылған.
Беріп еді ойланбастан маған атын,

Жоқ екен еш нәрсесі дүния-малдан. 7820. Уа, дарих, сол қауышса осы арада,

Ендігі бір жұмыс сол ойыма алған”.
Телағыс “бітірем, – деді, – олай болса,
Өзіңше ірілігіне көңлі толса.
Бұл жерден Тереңөткел жиырма күндік,

Түн қатып жолаушы адам жылдам барса,
Мен оны алдырайын жасауылмен,
Сен енді өзің кетпе балаларша.
Адамның ойында арман, қапа қалмас

Досынан бір ол емес, қолға не алса. 7830. Ел тұрса бұл күйінде өзгерілмей,

Қылармыз өмір болса оны патша.
Сен оған әзірінше дүния бер,
Ұйғарым болса қайтеді осылайша?
Дос-қасты айырамыз әлі абайлап,

Бақыты хан Мамайдың басқа қонса!
Алдырды Лашынды сонша жерден,
Белгілі бар халқына бұл зор патша.
Жіберді бір адамды көрген жолды,

Тайпаға Телағыс шын белгілі еді. 7840. Ол адам айтқаннан соң бар хабарды,

Лашын ай жарымда мұнда келді.
Ертіп Ілиясты Лашын ер,
Арада сапар шегіп көп күн жүрді.
Ат берген асыл тұқым ер баласын

Телағыс келгеннен соң сонда көрді.
Лашынды құрметпенен сыйлап жатыр,
Өткізіп қызметін күтіп ерді.
“Бас қосқан алды болсын достықтың” деп,

Қайырлы Лашын бір күндері. 7850. Қазидың Аққұс атын бұған атап,

Және де тоғыз қыздан бір қыз берді.
Айдатты түйе, жылқы бір сан қылып,
Арттырды асыл заттан көп дүниені!
“Бақ қонса Қарасайға Мамайдай” деп,

Ойға алған мақсатын да білдіреді.
Ілиястың айтқан сөзі орындалды,
Мұндайды істер, сірә, ердің ері!
Дос қылып Лашын мен Қарасайды,

Екеуін көрістіріп шешіп белді. 7860. Кір қалмай ойларында риза болып,

Ыңырсып керуендей көш жөнелді.
Көш басын қосшысына бергеннен соң,
Бұларға сонда патша сөз сөйледі.
Қайтадан атын байлап бұл екеуі,

Ордаға құрметпенен тағы кіреді.
Тыңдаңдар жалықпасаң, азаматтар,
Ордада не әңгіме сөйленеді?!
Төрде отыр палуаның, Ағыс тақта,

Жасарал отыр бұл да артық шенмен. 7870. Әділхан, Әбді бала бұл екеуі,

Сұлтанай сөйлеп кетсе дөңгеленген.
Қарасай, Қазименен кеулі тасып,
Сұңқардай таранады бір түлеген.
Жұртынан Қондыкердің Шерқұтты отыр,

Жас жігіт жаңа талап үлгі көрген.
Баласы Мұсекенің Әбділла хан
Күреңді тіл жалмаған досқа берген.
Лашын, Ілияспен Қазандағы

Ордаға он екісі бөлек кірген. 7880. Айтайын жылдам-жылдам өлеңменен,

Сондағы бұл әңгіме Күнікеден.
Ордаға бұлар кірген соң,
Әңгімеге келген соң,
Құрметтеп, сы йлап үлкенді

Төрден орын берген соң,
Сонда Күніке палуан сөйледі:

– Кірдіңдер ме ордаға,

Әр жұрттың өңшең саңлағы,
Тайпаның озған тарланы?!

7890. Атасынан жас қалып,

Қарасай, Қази қос құлын
Уызында жарымады.
Сол кемдіктің кесірінен,
Мойнында жұмыс байлаулы.

Мақұл ойлаған талаппен
Жұмсап жүр әзір олжаны.
Ағасындай басына
Әзір бақыт қонбады.

Орақ, Мамай, Едіге – 7900. Ендігі жұмыс зоры бұл –

Оларға ас болмады.
Қайраты бар жас жігіт,
Қызыққа дұшпан жаулайды.
Мен секілді қарт адам,

Осындай ғұрып ойлайды.
Елдегі өкпе кеткен соң,
Осыдан басқа әңгіме
Құлағыма қонбайды.

Бұл адамның ішінде 7910. Достаспаған адам жоқ.

Қызығыңды көрмеуге
Жас ұлғайды, шамам жоқ.
Қыстан қысым көрерміз
Бұрынғыдай заман жоқ.

Шақыртып алған мен едім,
Ойымдағы ісімді
Құлағыңа салсам деп.
Мен сендерге айтқаным,

Өмірімнің ішінде 7920. Айтқанымнен қайтпадым.

Енді, ерлер, ойлаңдар,
Келесі мамырда ас берем,
Соған шейін керегін
Өмірім болса шақтармын.

Оған өмір жетпесе,
Немесе бір кесір жұмыс кез келіп,
Бұл уақытта бітпесе,
Бір сенімге тоқтармын.

Осы отырған он біріңе 7930. Тәңір аманат сендерге,

Бас-басыңа артқаным
Теріс түс көріп қорыққаным.
Көрінеді бұлт қарасы,
Жүргізер шағы болмаса,

Сол бұлттың ықпалын.
Бізден заман өтісті,
Біледі дағы бақтарың!
Қарт палуан айтты осылай әңгімені,

Он бірі қол қусырып түрегеледі: 7940. – Палуан, бұл сөзіңнен біз шықпаймыз,

Әйтеуір, тірі жүрсек өлмей! – деді.
Батасын Күніке палуан берді сонда:

– Айтайын бір сөз, балалар, бірік енді!

Ұлағат ой, құлағыңда қалсын сөзім,
Ілгергі келешекті кім біледі?!
Жалғанда біреу болмасын біреуге үстем,
Адамның бірі артық, бірі кем келеді.

Қашанда ауыздарың бірге болса,
Жабырқасаң туыс бірге күйзеледі.

7950. Асылы айтқанымның осы абзалы –

Күн тусын үш дарақ сай жүргендегі!
Бұл үйде үлкенің болсын, жасың болсын,
Жақсылық, мұраттарың асыл болсын!
Мәскеу мен Қазан қала қолдан салған

Мамайдың бүкіл ноғай асын қылсын!
Доғарып осыны айтып қарт Күніке,
Рұқсат барлығына берді енді.
Шығады бата қылып ылғи бағылан,

Қол жайып, бата беріп Күніке палуан. 7960. Көбіне батасында сөздер айтты,

Аңғарса терең мағына алуан-алуан.

Сонымен барлығы ордадан шығып Лашын мен Ілиясты жолға шығарып салды. Лашынды жөнелткеннен кейін, Жасарал көп дүния мен үш қызды, қалған малды үшке бөліп, бір есесін Телағыс пен Күнікеге берді. Қалған екі есесін әркімнің өз лайқатына қарай Еділ мен Қырым ноғайлары болып бөлісіп алды. Осы жұмыстарды реттеу үшін және Күніке мен Телағыстың “Сендермен бірге барып жеңгеміз Қараүлекке сәлем беріп қайтамыз” деген сөзіне бола, бұлар осында қыстап қалып еді. Арада бірнеше күн өткен соң, Телағысқа тағы бір ой түсті. “Мынау Қарасай мен Қази әкесі өліп жетім қалып еді. Бұл өз қайратымен темір қақпалы Дербентті жаулап, қалмақтардың ханшасы Күнқияшты алып келді. Оны маған тарту етті. Ақырында, бізге келіп табысты. Енді мұның әкесінің орнына біз әке болып қалдық. Бұған өз ұлтымыздан дүния-жасауымен бір қыз алып беру бізге міндет қой” деп, өз елінен Мүсеке деген досының қызын айттырады. Мүсеке қызын берерде, оны өзінің туған інісі Жәніке биге қоштасуға жіберді. Қыз жүрейін деп жатқанда, Қарасай қалыңдығын оңаша шақырып алып: – Сен ағаңа бара жатырсың ғой. Маған Жәнікенің Қара атын қалайда әкеліп бер. Болмаса өзің де келмей-ай қой! – деді. Сонымен қыз қатты уайымдап, Жәнікеге бидің аулына барды. Бір күн қонған соң, Жәніке қарындасының бұйымын сұрады. Сонда қыз: – Аға, сіздің қанатты Қараны сұрай келдім. Мені жаңа бара жатқан жеріме, еліме мат қыла көрмеңіз! – деді. Сонда Жәніке би басын шайқап: – “Әттеген-ай, мына бөрінің баласы бөрілігін көрсетті-ау! Қарасайдың өзі сұрап келгенде бермей қалып едім. Енді қолымнан қазық кететін болды ғой. Бермесем қарындасым өкпелеп қайтады-ау. Қарасайға ерегісіп бұны налытқаным болмас”! деп, тұлпарды қарындасына мінгізіп жіберді. Сонымен қанатты Қара атты Қарасай алып келіп, Қазиға мінгізді. Бір күні көктем келіп, күн жылып, батырлар елге қайтуға дайындалады. Бұлармен Күніке мен Телағыс та жүретін болды. Бұлар бірнеше күн жүріп, Еділ бойындағы елінің шетіне кірді. Елдің ауқымына енген күні бір адамға жолығып амандық-саулық сұрап еді, ол: – Ел аман. Бірақ сендер қалмаққа барып қайтқан шамада еліңнің үстіне сары орыс келіп, бір бөлек елдің малын айдап кетті. Орыстар кету бойына ауылға Ахмет келіп, артынан қуып кеткен еді. Қуып жеткен Ахметті олар өлтіріпті. Қасындағы жолдастары қайтып келді, – деді. Бұны естігенен кейін, Қарасай: – Ауылға бару бойына тез аттанамын! – деп еді, Телағыс: – Болар іс болды ғой, сабыр ет. Менің келе жатқан шаруам бар, сол жұмыс біткеннен кейін, аттанамыз! – деп, әрең тоқтатты. Сонымен бұлар ауылға келді.

Қарасай мырза келе жатыр
Тұзын татып даланың.
Талай көрді бейнетін
Әнжіден болған жаланың.

Жетім қалып жасынан,
Аруақ орнап, бақ қонды,
Жаудың бұзып қамалын.
Сырттан келген жолаушы

7970. Қараүлекке төренің

Айтып жатты хабарын.
Бір жүз он үш жасаған,
Жақ сүйегі босаған,
Ол Мұсаның әйелі

Аббастың көрген заманын.
Енді Телағыстан сөйлейін
Құлақ салып тыңдаңдар,
Азын-аулақ бұл жағын.

Телағыс пен Күніке Орақтың үйіне түсіп, жеңгесі Қараүлектің қолынан алып тұрып, айтқан сөзі:

– Жатырмысың, Қараүлек,

7980. Көпті көрген жан едің,

Ұзақ өмір, жұратты.
Сіз келгенде жоқ едік,
Сонан кейін анамсыз
Екеумізді жаратты.

Біз өсіп адам болғанша,
Шайтан кіріп араға
Жан-жақа басты таратты.
Ысмайылдай әнжінің

Кім екенін біле алмай, 7990. Кінәлап көштім Орақты.

Таппадым ол қлген соң,
Құйрық пенен қанатты.
Бұл жатқан көшін кеткен соң,
Таққа міп, биледім,

Қондыкер деген елатты.
Бұзбаған бабам Дербентке
Қарасай қылған талапты.
Дербентті бұзып алған соң,

Елге қарай жүрген соң, 8000. Тұз-дәм айдап ауыр қол

Үстімізден құлапты.
“Аға!” депа маған келген соң,
Иіліп сәлем берген соң,
Өкпенің бәрін жоғалтты!”

Осыны айтып Телағыс,
Қараүлектей қартыңның
Үстіне жапты жанатты.
Телағыстың бұл сөзі

Ноғайлыны жылатты. 8010. Кеуілдің кірін шығарып,

Қараүлекті тыңайтты.
Телағыс әбден болған соң,
“Қарасай менен Қазиды
Алып кел!” деп шақыртты.

Тыңдаңдар салып назарды,
Бұл екеуін көрген соң,
Қатып қалған тас емшек
Омыраудан шығарды.

Қарасай еміп оң жағын, 8020. Қази еміп сол жағын,

Тарқатты кемпір құмарды.
Жасы кетіп қартайып,
Төсекте жатып жантайып,
Көпке шейін бауырлап,

Қайғылы кеулі жұбанды.
Олай-бұла иіскелеп,
Қапаның бәрін шығарды.
Қараүлек сонда сөйледі:

– Қарасай, Қази құлыным,

8030. Жатырмын болып дұғада!

Сендердің қайғың жатсам да
Қабырғамды сығады.
Зарланып үйде жатамын,
“Жеті әулие – жеті пір

Жар бол!” деп жылап Құдаға.
Ұйықтап жатып түс көрдім,
Қази сынды құлыным
Өгізбенен айқасты.

Күресем деп екеуі, 8040. Бір мезгілдей шайқасты.

Өгіздей болып тумаған
Екі аяқты, бір басты.
Бір уақытта қысылып,
Сағалады ата-аруақты,

Бабалары жар болып,
Жамбасқа алып құлатты.
Мұндағы жатқан анаңа
Белгілі болды бұл жағдай.

Қамалып тұрды ноғайлылар, 8050. Кіруіне жол таппай.

Жетелеп барып Сұркөкті,
Қақпаны бұзды Қарасай.
Аман-сау келіп құлыным
Ақ дидардан көрсетті.

Құдайға Алла ниетті
Бұл анаңның басына
Нелер келіп, не кетті!
Менің айтар тапсырмам –

Әкеңнің жолы сүрдек-ті. 8060. Мәскеуден бері қараған

Үш Еділдің алабын –
Жау алмасын бұл бетті!

Қарасайға осыны айтып болғаннан кейін, көп ұзамай Қараүлектің тілі күрмеліп сөйлей алмай қалды. Енді біраздан соң қарт ана дүниеден қайтты. Балалары мен қайнылары үлкен құрметпен жамбасын жерге тигізді. Қараүлекті жайғастырғаннан кейін, ноғайлының билерін шақырып алып, Телағыс: – Біз өкпелесіп жүргенде Әнжінің тілімен талай ерлерден, билерден айрылып қалып едік. “Бай бір жұттық, батыр бір оқтық” деген ғой Қолда дәулет тұрғанда, Қазиға ноғайлының белгілі жерінен қыз айттырғым келіп отыр, – деді. Сонымен ноғайлының баскөтерер азаматтары кеңесіп, Қазиға Қалила қарттың қызын айттырды. Енді біраз күнен соң, Орақ пен Мамайға ас беру жөнінде Еділ бойының ноғайлылары келісіп, жан-жаққа хабар жіберді. Қази Шораға, Қондыкердің билеріне хат жолдады. “Төңірегіңе өзің хабарла” деп, Қырымдағы Жасаралға да хат жазды. Сол хаттың соңында: “Еліңе хабар беріп болғаннан кейін, астан он күн бұрын кел, ойласамыз” деді. Сөйтіп, елден бұрын Жасарал келді. Жасарал мен Шора келгеннен кейін, асқа үйлер тігілді. Әр үйге қонағасы даярлап, екі адамнан қызметкер қойды. Уәделі күні асқа шақырылғандар келіп, қонағасы берілді. Ертеңіне бәйгеге екі жүз елу тұлпар қосылатын болды. Алдымен Шораның Ақшұбары, сонан кейін Жасаралдың Күреңі, үшінші Лашынның Аққұсы, төртінші Қарасайдың Сұркөкгі, бесінші болып Әділханның Нартайлағы, алтыншы Көбеннің Ақауызы келді. Бәрі де бәйгелерін алып тарасты. Көп ұзамай иесіз қалған елдерден: “Орыстар жау боп келіп, шауып кетті” деген хабар жетті. Бұл хабарды естіген Қарасай ашуланып: – Асты өздерің тарқата беріңдер! – деп, Қазимен екеуі жанына жасақтарын алып, жауды қуып кетті. Олар тынбастан үш күн жүріп, жауға жетіп ұрыс салды. Көп қиындық көрсе де, жауға кеткен адамдарды, мал мен дүние-мүліктерді алып қайтты. Келе жатқанда алдынан Телағыс пен Жасарал шығып, амандығын біліп, қуанысып қалысты. Елге келіп, қайтарылған олжа иелеріне табыс етілді.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙