Тіршілік ету қауіпсіздігі мен апаттар медицинасы
Н.М. Киршин
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Оқулық «Денсаулық сақтау және медицина ғылымдары» ірілендірілген топтың барлық мамандықтары үшін орта кәсіптік білім берудің Федералдық мемлекеттік білім беру ОП.10 «Тіршілік ету қауіпсіздігі» стандартына сәйкес жасалған. Кітапта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратп...
КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ТІРШІЛІК ЕТУ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН АПАТТАР МЕДИЦИНАСЫ Н.М.КИРШИННЫҢ редакциясымен ОҚУЛЫҚ Дайындық бағыты «Денсаулық сақтау», «Тіршілік қауіпсіздігі» оқу пәні,«Шұғыл және экстремалды жағдайларда дәрігерге дейінгі көмек көрсету» кәсіби модулі, «Апаттар медицинасы» МДК 03.02 болатын барлық мамандықтарбойынша ОКБ ФМБС жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне оқулық ретінде «Білім беруді дамытуФедералды институты» Федералды мемлекеттік автономдық мекемесі тарапынан ҰСЫНЫЛҒАН.Рецензияның тіркеулік нөмірі 355 28 маусым 2012 ж. 9-шы басылым, стереотиптік Мәскеу«Академия» Баспа орталығы2015ӘОЖ 61(075.32) КБЖ 51.1(2)2і723 Б40 Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі жəне«Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес «ТжКБ жүйесі үшін шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды. Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім беру үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесіндегі білім беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде мазмұнды бөлімді (технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы қажет.Аударманы «Delta Consultіng Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы: Астана қ., Иманов көш., 19, «Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. поштасы: іnfo@dcg.kz Пікір берушілер:А. И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің тіршілік ету қауіпсіздігі факультетінің деканыпед. ғылымдарының докторы, профессор Л.А. Михайлов;Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Үздіксіз медициналық және фармацевтикалық білім беру бойынша Бүкілресейлік оқу-ғылыми-әдістемелік Орталықтың медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидатыО. Н. ИващенкоБ40Тіршілік ету қауіпсіздігі мен апаттар медицинасы: орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған Б40 оқулығы / [С.Б. Варющенко, В.С.Гостев, Н.М.Киршин және т.б.] ; Н.М.Киршинаның редакциялауымен. – 9-шы басылым, стер. – М. : «Академия» Баспа орталығы, 2015. – 320 б.ІSBN978-5-4468-2641-4Оқулық «Денсаулық сақтау және медицина ғылымдары» ірілендірілген топтың барлық мамандықтары үшін орта кәсіптік білім берудің Федералдық мемлекеттік білім беру ОП.10«Тіршілік ету қауіпсіздігі» стандартына сәйкес жасалған. Кітапта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратпен апаттардың жіктелуі келтірілген. Төтенше жағдайлардағы адамдардың қауіпсіздігінің негіздері, жазатайым оқиғалар кезінде жағдайды бағалау`дың тәсілдері, халықты және аумақтарды қорғау шаралары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мәселелері қарастырылады. Бүкілресейлік апаттар медицинасының қызметінің негізгі міндеттері мен ұйымдық құрылымы көрсетілген. Радиациялық және химиялық зақымдануларға шұғыл көмек көрсету, улы заттармен улану шаралары қарастырылған. Әсіресе қауіпті инфекциялар, эпидемиялық процестің даму механизмдері және биологиялық зақымдану орталықтарының таратылу шаралары сипатталған. Террорлық қатерлер мен қауіптердің сипаттамасы келтірілген. Орта кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. © Авторлардың ұжымы, 2005ӘОЖ 61(075.32) КБЖ 51.1(2)2і723 ІSBN978-5-4468-2641-4© «Академия» Білім беру-баспа орталығы, 2005© Рәсімдеу. «Академия» Басп орталығы, 2005КІРІСПЕ Адамзат дамуының тарихы тек қауіпсіз және жайлы әлемді іздестіру мен салуды ғана емес, сонымен қатар осы жолда жаңа қауіптер мен қа- уіп-қатерлерге ие болуы.Жиырмасыншы ғасыр техносфераның жылдам дамуы, табиғи про- цестердің өсіп келе жатқан қызметі, жаһандық экологиялық қауіптердің пайда болуы және қуатты теріс әлеуметтік шиеленістер байқалды. Бұл адами - биосфералық, техносфера жүйелерде, адам-әлеуметтік ортада өнімдермен, энергиямен алмасу үдерістерінде бұрын-соңды болмаған өсуге әкелді.Биологиялық, физикалық, химиялық және ақпараттық факторлардың әлеуметтік, табиғи, техногендік ортасына адам әсеріне қарқындылығы мен масштабының ұлғаюының тікелей салдары болып, тіпті өте дамыған елдерде де төтенше жағдайлар жиынтығынан шығындардың тұрақты өсуі байқаланады.Әлем қазіргі уақытта қауіп-қатерлер мен доңайбаттарды интеграция- лау және жаһандандыруы «адамның тәуелділігіне» әлдеқайда көп бола- тын жаңа жүйелік қасиеттерге ие болды.XXІ ғасыр аралығында, тұлғалық, қоғам, мемлекет қауіпсіздігіне қа- уіп-қатерлердің спектрі мен сипаты өзгерді. Адамның тіршілік ету негізгі салаларындағы тәуекелділіктерді бағалаудың жаңа тәсілдері белгіленді. Табиғи, техногендік, биологиялық-әлеуметтік, экологиялық, лаңкестік сипаттағы төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теория- сы мен тәжірибесіндегі елеулі прогресі белгіленді.Көрсетілген жайттар «Тіршілік ету қауіпсіздігі» пәнін зерттеу тәсіл- деріндегі, сонымен қатар пән мазмұнының өзінде терең өзгерістердің се- бепшісі болды.Қазіргі заманғы әлемнің қауіп-қатерін білетін, адамның биосфера-тех- нологиялық-носфералық жүйесінің элементтерінің өзара түсіністігі мен өзара терең байланысын, жаңа заңдарды және ажырамас бірлігін бейне- лейтін ағартушы адам ғана болып саналады. Адам өз қызметінің барлық салаларында қоғамның және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті.Бұл заңға, білімге, ғылыми қорытындыға және жалпыға ортақ құн- дылықтарға негізделген, адамгершілік шығармашылық қағидалары мен әмбебап құндылықтарымен үйлесетін жаңартылған дүниетаным әлемнің қауіпсіз және тұрақты дамуының жеткілікті шарттары мен кепілдіктерін қамтамасыз етеді.Мемлекеттік білім беру стандарттары кез-келген саладағы сарапшы қазіргі әлемнің ықтимал қатерлерінің маңыздылығын түсінуімен біргеоған қауіп-қатерді алдын-ала бағалауға, бағалауға және анықтауға мүм- кіндік беретін білім, дағдылар мен қабілеттерге ие болуы және қоршаған ортаға қауіпсіз өзара әрекеттесуі өнеркәсіптік, тұрмыстық, қалалық, та- биғи) және нақты қауіп болған жағдайда ықтимал зиянды азайтады.Жүздеген және мыңдаған адамдардың жаппай құрбандарына, азаптар мен трагедияларға, денсаулыққа ауыр зиянның келтірілуіне, ауқымды материалдық шығындарға жетелеген төтенше жағдайлардың үлкен са- нының дереккөзі техника немесе табиғи апаттар мен адамның өзі болып табылатыны белгілі. Заманауи әлемнің қауіптердің, тәуекелділіктердің басым бөлігі мен оларды іске асырудың «қосқыш механизмі» біздерге жүктелген. Адамның кінәсі бойынша төтенше жағдайлардың туындауы- на жол бермеу немесе олардың санын бірден төмендету қоғамның қолын- да. Осы тапсырманы шешуге медицина қызметкерлерінің, заңгерлердің, әлеуметтанушылардың, психологтар мен қауіпсіздіктің салаларындағы әртүрлі мамандардың күштері бағытталған. Бұнымен қоса, кез келген жерде және әрдайым, адамның көпқырлы қызметімен байланысқан кез келген қауіптілік үшін алғашқы және ең сенімді бөгеті бір тараптан, тәжірибе және тәжірибелік дағдылар болса, екінші тараптан – құқық нор- малары, заң талаптары болып табылады.Осы білімдерді жеткізу және халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау, төтенше жағдайларды болжамдау және болдыр- мау, экстремалды жағдайларда дұрыс шешімдерді қабылдау, тіршілік ету әртүрлі салаларында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдасты- рушылық және экономикалық-құқықтық аспектілеріне талдау жүргізу және құқықтық нормаларды, қорғаныстың әртүрлі құралдары мен тәсіл- дерін қолдануы бойынша қажетті икемдерді дағдыландыруға, 1990 жыл- дан бастап жоғарғы және орта кәсіптік білім берудің барлық мамандары үшін Ресей Федерациясында енгізілген «Тіршілік ету қауіпсіздігі» пәні арналған.Пәнді зерттеудің құқықтық негізі ретінде келесі заңдар: 21.12.1994 жылғы № 68-ФЗ «Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау туралы»; 25.12.1992 жылғы № 4235-1 «Қауіпсіздік туралы»; 12.02.1998 жылғы № 28-ФЗ «Азаматтық қорғаныс туралы» және техногендік, биологиялық-әлеуметтік, эколо- гиялық, ақпараттық, қоғамдық, экономикалық, әскери қауіпсіздікті, та- биғи төтенше жағдайлардан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін басқа да заңдар; РФ Үкіметінің: 05.11.1995 жылғы № 1113«Бірыңғай мемлекеттік төтенше жағдайларды болдырмау және жою жүйесі туралы»; 04.09.2003 № 547 «Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау саласында дайындау туралы»; 02.11.2000 жылғы № 841 «Азаматтық қорғаныс саласында халықты оқытуды ұйымдастыру туралы Қағидаларын бекіту туралы»; 10.06.1999жылғы № 620 «Азаматтық қорғаныстың азаматтық ұйымдары тура- лы» қаулылары; РФ Президентінің: 01.04.1996 жылғы № 440 «Ресей Федерациясының тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы»; 10.01.2000 жылғы № 24 «Ресей Федерациясының ұлттық қауіпсіздік тұжырымда- масы»; 21.09.2002 жылғы № 1011 «ҚР ТЖМ мәселелері» жарлықтары мен бірқатар басқа да маңызды нормативтік құжаттар қызмет етеді.«Тіршілік ету қауіпсіздігі» - адамның тіршілік ортасымен (өндірістік, тұрмыстық, табиғи, техногендік) қауіпсіз өзара әрекеттесу тақырыбы және халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мәселелері біріктірілген міндетті жалпы кәсіптік пән. Пәнді зерттеу мамандарда тиімді кәсіптік қызметті адамдар- дың, қоршаған ортаның, материалдық және мәдени құндылықтардың қауіпсіздігі мен қорғалғандығын қамтамасыз ету талаптарымен ажы- рамас бірлігі туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осы талаптарды іске асыру адамның денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін, қоршаған ортаның бүгінгі және болашақ ұрпақтың өмірін қолдау қа- білеттілігін сақтауды, экономикалық және материалдық шығындардың деңгейін төмендетуді қамтамасыз етеді.Тіршілік қызметінің қауіпсіздігі қолданбалы ұйымдасты- рушылық-техникалық және басқарушылық бағытымен қатар, барлық бейінді мамандарды дайындау кезінде тікелей жалпы гуманитарлық білімдердің, сонымен қатар жалпы гуманитарлық білімдер спектрін кеңейтуге бағдарланған және әлеуметтік-экономикалық, жаратылыста- ну-ғылыми және жалпы кәсіби пәндер блогын зерттеу кезінде алынған білімдерге негізденеді.Апаттар, өндірістік қирау және табиғи апаттар салдарынан елеулі медициналық зардаптар болуы мүмкін. Ең бастысына келесілер жата- ды:өте қысқа уақытта пайда болатын әртүрлі түрлері мен дәрежедегі зақымдаулары бар зардап шеккендердің үлкен саны;энерго-сумен жабдықтау, кәріз жүйелерінің істен шығуы, адамдар- дың үлкен санының жиналуымен туындаған күрделі санитарлық-гигие- налық және эпидемияға қарсы ахуал;төтенше жағдайлар аймағында денсаулық сақтауды басқарудың бұ- зылуы, осы аймақта талап етілетін медициналық қамтамасыз етуді рет- ке келтіруге мүмкіндік бермейтін материалдық және адам шығыны.Осы жағдайларда, қысқа уақытта халықты медициналық қамтама- сыз ету бойынша кең ауқымды іс-шараларды жүргізудің аса қажеттілігі туындайды. Осы мақсатта Ресейдің денсаулық сақтау жүйесінде арнайы ғылыми-тәжірибелік бағыты – апаттар медицинасы құрылды. Ұйымда- стырылған түрде бұл жаңа бағыт өзінің өңірлік және аумақтық бөлім- шелерімен апаттар медицинасының қызметі түрінде рәсімделген.Бірінші бөлімТІРШІЛІК ЕТУ ҚАУІПСІЗДІГІІ-бөлімТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР1- тарауТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ДЕРЕККӨЗДЕРІ 1.1. Өмір үшін қауіптің эволюциясыТіршілік әрекеті – адамның қызметі мен тұрмысының күнделікті түрлері, яғни оны іске асыру тәсілі. Өмірдің әртүрлі аспектілерін еске- ре отырып, олардың қауіпті болуы мүмкін деп айтуға болады: адамның барлық қызметі және оның тіршілік ету ортасының барлық компонент- тері оған жағымсыз факторлар тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда кез кел- ген жаңа оң әрекет немесе сөзсіз жаңа жағымсыз факторлардың пайда болуының нәтижесімен бірге жүреді. Бұл орайда кез келген жаңа по- зитивті әрекет немесе нәтиже жаңа жағымсыз факторлардың туында- уымен сөзсіз сүйемелденеді. Осы ахуалдың әділдігін адам – тіршілік ортасы жүйесі дамуының әртүрлі кезеңдерінде бақылауға болады.Тіршілік ортасы – адамның қызметіне, оның денсаулығы мен ұр- пағына тікелей немесе жанама түрде, тез арада немесе жекелей әсер етуге қабілетті факторлардың (биологиялық, физикалық, химиялық, әлеуметтік) барлық жиынтығымен адамды қоршайтын ортасы.XІX ғасырда биологиялық ғылым негізінен биосферадағы әсерді зерттеді, осы процестердегі адамның рөлі болмашы деп есептелді. XІX ғасырдың соңында және ХХ ғасырдың басында тіршілік ортасында еле- улі өзгерістер орын алды. Биосфера өзінің басым жағдайын біртіндеп жоғалтты және адамдар қоныстанған өңірлерде техносфераға айнала бастады.Биосфера – бұл атмосфераның төменгі қабатын, гидросфера мен литосфераның жоғарғы қабатын қамтитын Жердегі өмірдің таралу ай- мағы. Биосфера адамның табиғи тіршілік ету ортасы болып табылады.Техносфера – бұл, адамдармен өзінің қажеттіліктеріне жақсы сәй- кестілік мақсатында техникалық құралдардың тікелей немесе жанама әсерінің көмегімен түрлендірілген ертедегі биосфера өңірі.Адамды қоршайтын әлемде, биосфераның адамға және адамның биосфераға дәстүрлі әсерінен бөлек, жаңа өзара әрекеттестіктер туын- дады: адам – техносфера, техносфера – биосфера және т.б.Жаңа техносфералық жағдайларда, биологиялық өзара әрекетте- стігі физикалық және химиялық өзара әрекеттестік процестерімен алмастырыла бастады, бұл орайда ХХ ғасырдағы физикалық және химиялық әсердің деңгейі жиі түрде адамға және қоршаған табиғи ортасына жағымсыз әсер ете отырып үзіліссіз өсіп келді. Қоғамда адамды және табиғатты техносфераның жағымсыз әсерінен қорғау қажеттілігі туындады.Осылайша, адамның тіршілік ортасының эволюциясы процесінің болмысы – бұл, биосферадан техносфераға көшуі және соңғысының жетілмегендігімен шартталған жаңа теріс факторлардың пайда бо- луы.Адам – тіршілік ортасы жүйесінде әрекет ете отырып, адам өзінің өмірлік кезеңінің процесінде аз дегенде екі тапсырмасын шешеді: өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді;теріс экологиялық әсерден қорғанысын жасап, және оны пайда- ланады.Бұл теріс әсерлер адамның тіршілік ету шамасы бойынша бар бо- лады.Көптеген ғасырлар ішінде тіршілік ортасы өзінің келбетін баяу өзгертіп келді және салдары ретінде жағымсыз әсерлердің түрлері мен деңгейлері де аз өзгерді. Адамның тіршілік ортасына әсер етуінің белсенді өсуінің басталуы XІX ғасырдың ортасына жатқызылады. ХХ ғасырда Жерде адамның биосфераға жоғары әсер ету аймақтары туындады, оған көп жағдайда мыналар себепті болды:Жердегі халық саны өсімінің жоғары қарқындары (демографи- ялық күрт өсу) және оның урбанизациялануы;энергетикалық ресурстарды тұтынудың өсімі мен концентрация- сы;өнеркәсіп, көлік және ауыл шаруашылықтың қарқынды дамуы; әскери белсенділіктің күшейтілуі.Медицинадағы жетістіктер, қызмет және тұрмыстың қолай- лылығын арттыру, ауыл шаруашылық өнімділігінің қарқындылығы мен өсімі адам өмірінің орташа ұзақтылығының ұлғаюына және сал- дары ретінде халық өсіміне себептес болды. Мысалы, XІX ғасырдың басында, адам өмірінің орташа ұзақтылығы 35 – 40 жасты құрады, ал ХХ ғасырдың соңында – 60 жас.Жердегі халық санының күрт өсуі ХХ ғасырда орын алды. ХХ ға- сырдың басында ғаламшарда шамамен 1,6 млрд адам өмір сүрді, ХХ ғасырдың соңында – 6 млрд. адамнан аса.Урбанизациялау процесі демографиялық күрт өсумен бір уақытта жүруде. Егер 1950 жылдарда қалаларда Жердегі барлық халықтың 13% мекендеген болса, 2000 жылдары – 80%. 1990 жылға қарай АҚШ-та халықтың шамамен 70% урбанизацияланды, 1995 жылға қарай Ресей Федерациясында – 76%. 2000 жылы қалаларда Ла- тын Америка елдеріндегі халықтың 75%, Африка – 42%, Азия – 37%.Ірі қалалар қарқынды өсуде: 1959 жылы КСРО аумағында тек үш «миллио- нер» қала болды, 1984 жылы – 22. Он әлемдің урбанистік көшбасшылар 1.1-ке- стеде келтірілген.9,2 мл. адам халқы бар Мәскеу әлемнің ірі қалалары арасында тек қана 21-ші орынды иеленіп отыр.Көз жетерлік болашақта, әлемде 25 – 30 млн. адам халық саны бар мега- полистер пайда болады.Урбанизация өңірде, ол жердегі табиғи ортасын жоя отырып және тір- шілік ортасын ластаудың жоғары деңгейін туғыза отырып, өмір сүру жағдай- ын сөзсіз нашарлатады.Жердің халық санының ұлғаюы энергетика, көлік, шикізатты және азық- түлік ресурстарын тұтынудың өсімімен ынталандырылады. Осы ресурстар- ды тұтыну өсім қарқыны бойынша халықтың өсімінен озып отыр, өйткені өмір сапасының арттырылуы халықтың жан басына шаққандағы орташа тұтынудың ұлғайтылуымен байланысқан.Энергетика дамуының жағымсыз салдарын бағалай отырып, көптеген елдерде бұл басымдылықты түрде көмірді, мазутты немесе табиғи газды жағатын жылу электр станцияларды (ЖЭС) пайдалану есебінен қолжетімді болатынын назарға алу керек. Ресейде электроэнергия өндірісіндегі ЖЭС үлесі 1998 жылы 68,5%-ды құрады. ЖЭС тастаулары биосфера үшін анағұр- лым жойғыш, олар оның негізгі ластаушысы болып табылады. Отын-энерге- тикалық кешені барлық техногендік апаттардың шамамен 40% береді.Ауыл шаруашылықтың қарқындатылуы, ең алдымен қуатты химиялық өндірістердің құрылуын шарттаған, қолдан жасалған тыңайтқыштар мен өсімдіктерді зиянкестерден қорғау үшін пестицидтерді кеңінен пайдалану- мен байланысқан. Техносфераның пайда болуы және дамуы, ғаламшардың көптеген өңірлеріндегі биосфераның белсенді түрде техносферамен алмасты- рылуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде, ғаламшарда бұзылмаған биосфе- расы бар аз аумақтар қалды (1.2-кесте).Осылайша, техносфера – биосфераның орнына келетін, ХХ ғасыр- дың қол тумасы.ХХ ғасырдың ортасына дейін адам табиғи апаттармен өлшемдес өңір- лік немесе жаһандық деңгейдегі техносфераның ірі ауқымды жағымсыз әсерлерін бастамалау қабілеттілігіне ие болған жоқ. Шаруашылық ай- налымға көптеген табиғи ресурстарды, энергияны (сонымен қоса ядро- лық) жұмылдырумен, анағұрлым күрделі технологиялық жүйелерін пайдаланумен байланысқан ғылыми-техникалық прогресс, техногендік қауіптіліктер рөлінің өсуіне әкеп соқтырды, табиғи және техногендік қа- уіптіліктер арасындағы қатынасты соңғысының пайдасына өзгертті.Техносфераның дамуымен, бір тараптан, адамның табиғи қауіптілік- терден қорғалғандығы арттырылады, ал екінші тараптан – техногендік қауіптілік өседі. Адамның техногендік қызметі неғұрлым қарқынды және кең болса, техногендік қауіптіліктердің саны мен деңгейі соғұрлым жоғары. Өткен ғасыр үшін, барлық ірі апаттардың 50% соңғы 20 – 30 жылда орын алды. 1997 – 2000 жылдардағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың статистикасы көрсетіп отырғандай, Ресей халқының тіршілік әрекеті үшін қауіптіліктегі басым факторы дәл осы техногендік қауіптілік болып табылады. Төтенше жағдайлар дереккөздерінің жалпы сипаттамасыТөтенше жағдай (ТЖ) – бұл белгілі бір аумақта ТЖ дереккөзінің туындауы нәтижесінде адамдардың тіршілік ету қалыпты жағдайла- ры бұзылатын, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатердің туын- дайтын, материалдық шығыны мен қоршаған табиғи ортасына шығынкелтірілетін жағдай. Осылайша, өзінің болмысы бойынша ТЖ – бұл, адамдардың тіршілік әрекеті мен қоршаған ортаға елеулі жағымсыз әсерін тигізетін ағылатын процестер мен құбылыстардың нормадан күрт ауытқуы.Анықтауды айтылып отырған аумақ ретінде, жер, су немесе әуе кеңістігі, өндірістік немесе әлеуметтік мақсаттағы объектілер, сонымен қатар қоршаған орта түсініледі.ТЖ туындаының себептері олардың дереккөздері болып табылады.Төтенше жағдай дереккөзі (ТЖК) – бұл, нәтижесінде ТЖ туынға- на немесе туындай алатын қауіпті табиғи құбылыс, техногендік оқиға, адамдар мен жануарлардың инфекциялық ауруы, сонымен қатар зақымдаудың заманауи құралдарын қолдану.ТЖК басты қасиеті оның қауіптілігі болып табылады. Осы себептен ТЖК жиі қауіптілік деп атайды.Қауіптілік (сөздің жалпы мәнінде) – бұл, тірі немесе өлі табиғаттың, оның адамдарға, экономика объектілеріне және қоршаған табиғи ортаға шығынын келтіруге қабілетті жағымсыз қасиеті. ТЖК қолданылмалы қауіптілік – бұл дереккөздің зақымдаушы факторлары туындайтын не- месе туындай алатын ахуал.Зақымдаушы фактор (ЗФ) – бұл ТЖК әсерінің нәтижесінде туын- дайтын, физикалық, химиялық немесе биологиялық зақымдаушы әре- кетімен сипатталатын құбылыс (немесе процесс). ТЖК зақымдаушы әсері адамдарға, объектілерге немесе қоршаған ортаға бір немесе бірне- ше ЗФ жағымсыз әсері болып табылады.Қандайда бір аумақта ТЖК болуы сондай-ақ осы аумақта қауіптілік қасиетін (қауіпті аумақ мәртебесін) береді. Жоғары қауіптіліктегі ау- мақтарға қоршаған ортасы ластанған және мүмкін болатын ТЖ аудан- дары, сонымен қатар әскери іс-қимылдар немесе белсенді лаңкестік қызмет аудандары жатқызылады.Қауіптіліктің тасымалдаушысы бола отырып, ТЖК оны адамдарға, объектілерге және қоршаған ортаға зақымдаушы әсерінің қауіп-қатерін туғызатын зақымдаушы факторлардың алаңдарын генерациялау жо- лымен белгілі бір жағдайларда іске асырады.Бұл орайда, нақты ТЖК оны қоршайтын ортада әртүрлі табиғаттағы және қарқындылықтағы бірнеше ЗФ туғыза алады (мысалы, жарылу қауіпті объектідегі апат кезінде соққы толқыны, жылулық импульс, жарқыншақ алаңы туындайды).Қандайда бір ЗФ генерациясы және олардың қарқындылығы то- лықтай ТЖК қасиеттері мен ЗФ таратылу ортасының жиынтығымен анықталады.Қауіптілік (ТЖК) тек қана, егер олар нақты объектілерге оларға әсер етуі кезінде зақым келтіре алатын жағдайда қауіп-қатерлі болып табылады.Зақымның туындау қауіптілігі ең алдымен географиялық (геометри- ялық) фактордан, яғни, ТЖК және объектілердің (адамдардың) өзара орналасуынан, объектілердің төзімділік дәрежесінен, қорғаныстың бо- луынан тәуелді.Зақым – бұл адамдар мен объектілер күйінің, олардың қалыпты функциялауының тоқтатылуы немесе бұзылуы ретінде көрінетін өзгері- стер нәтижесі немесе басқа сөздермен ТЖК әсері нәтижесінде туын- дайтын барлық нақты немесе мүмкін материалдық және әлеуметтік жоғалтымдары. Зақым (тікелей, жанама) әрдайым заттай немесе құндық көріністе бағаланады және нақты алғанда бағаланған салдары болып та- былады.Тікелей зақым – ЗФ әрекет ету аймағына түскен әлеуметті сала, ха- лық экономиканың барлық құрылымдары қоршаған табиғи ортасының барлық шығындары мен жоғалтымдары. Олар негізгі қорлардың қайта- рылмайтын жоғалтымдар, табиғи ресурстардың бағаланған шығындары мен осы жоғалтымдармен туындаған шығындардан (мысалы, кәсіпорын- дармен пайдасын, мемлекетпен салықтарды жеткілікті алмауы және т.б.) адамдардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зақымнан жинақталады. Жанама зақым – бұл, ЗФ және ТЖ әрекет ету аймақтарына түспе- ген экономика объектілері, әлеуметтік сала, халықтың ие болатын жоғал- тымдары, шығындары мен қосымша шығындары, сонымен қатар өзара байланыс құрылымында қалыптасқан бұзушылықтар мен өзгерістерден туындаған әлеуметтік бағдарламаларға, салдары жоюға және ахуалдытұрақтандыруға арналған қосымша шығындар.Толық шығын, тікелей және жанама шығындардың сомасы болып табылады. Нақтылай алғанда ол ТЖ салдарының ауқымын анықтайды.Осылайша ТЖК туындауы кезінде, оның қауіптілігі қоршаған ор- тада генерациялайтын ЗФ түрінде іске асырылады, олардың әрекетінің қарқындылығынан, ауқымдарынан және ұзақтылығынан ТЖ ауқымдары мен салдары тәуелді.Адамдар үшін салдарын бағалау кезінде, зақым материалдық жоғал- тымдарға, сол сияқты әлеуметтік жоғалтымдарға жетелейді (өлім, жа- рақаттану, сырқаттану және т.б. нәтижесінде өмірдің орташа күтілетін ұзақтылығының төмендеуі).Кез келген ТЖК қандай да бір бірліктерде көрсетілетін қуаттылығы мен оның туындайтын орны мен уақыты сипатталады (баллдылық, жер сілкінісі, жел және теңіз толқындары, су тасқыны кезінде судың көтерілу биіктігі, жарылыс энергиясы және т.б.). ЗФ арқылы дереккөздің әсері, объектіге әсер ететін ЗФ зақымдау механизмімен, әрекет ету ұзақтылығы мен қарқындылығымен сипатталады.Осы сипаттамалардың жиынтығы төтенше жағдайлардың туындауы- на жалғасатын зақымды анықтайды.Төтенше жағдайлар дереккөздерінің жіктелуіТЖК негізгі жіктелу белгісі олардың туындау себептері болып табылады. Туындау себебі бойынша, барлық ТЖК үш топқа бөлінеді: табиғи (та- биғи жаралу дереккөздері), антропогенді және араласқан (табиғи-антро-погенді).Табиғи ТЖК. Қоршаған ортадағы әртүрлі тектегі ауытқулар нәти- жесінде туындайды (табиғи тіршілік ортасы). Өз кезегінде табиғи дерек- көздер олардың қандай ортада туындайтынына байланысты төрт негізгі топқа бөлінеді: геологиялық-геофизикалық, гидрометеорологиялық, аэро- метеорологиялық, биологиялық.Геологиялық-геофизикалық. ТЖК жер қыртысының ішінде және бетіндегі ауытқулар нәтижесінде туындайды. Оларға жер сілкіністері, жанартаулардың атқылауы, көшкіндер, опырылып құлау, сел, қар көшкіндері, шаңды дауылдар жатқызылады.Гидрометеорологиялық ТЖК Жердің су қабығында (гидросферада) пайда болады. Бұл ең алдымен циклондар, цунами, су тасқындары, су басу, дауылды құбылыс және т.б.Аэрометеорологиялық ТЖК жер бетіне жақын атмосферадағы ауытқу- лардың салдарынан туындайды. Оларға дауылдар, борандар, құйындар, нөсерлер, бұршақтар, қар басу, аяздар, құрғақшылық, табиғи өрттер және т.б. жатқызылады.Биологиялық ТЖК биосферада орын алатын жағымсыз процестердің салдары болып табылады. Бұл инфекциялық аурулар мен адамдардың жаппай улануы, ауыл шаруашылық жануарларымен өсімдіктердің инфек- циялық ауруы, зиянкестердің жаппай таралуы.Антропогендік ТЖК. Адаммен қолдан жасалған тіршілік ортасында туындайды және сәйкесінше, оның қызмет өнімі болып табылады. Олар екі топқа бөлінеді: техногендік және әлеуметтік.Техногендік ТЖК – техносфераның адаммен өзінің материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін қолдан жасаған тір- шілік ортасы қызметінің нәтижесі.Осындай көптеген дереккөздер арасында жазатайым апаттар бар. Көптеген осындай дереккөздердің арасында:радиациялық және химиялық қауіпті объектілердегі (РХҚО); өрт- тік-жарылу қауіпті; көлік; тіршілікті қамтамасыз ету желілері мен объек- тілердегі апаттар бөліп көрсетіледі.Әлеуметтік ТЖК адамзат қоғамдастығының өмір сүруімен шарт- талған, олар өздеріне мыналарды қамтиды:мемлекетаралық, ұлтаралық, дінаралық қақтығыстар салдарынан қа- рулы қақтығыстар;әлеуметік қайшылықтар (төңкерістер, ереуілдер, шерулер және т.б.);лаңкестік және қылмыстың өсуі, нашақорлық, инфекциялық әлеумет- тік аурулар, халық санының қысқаруы.Әдейі емес және қақтығыссыз болып табылатын табиғи және техно- гендік ТЖК қарағанда, әлеуметтік дереккөздер әдейі және қақтығысты- ларға жатқызылады.Араласқан ТЖК. Қоршаған ортаға белсенді антропогендік әсерімен шартталған, олардың ықпалымен баяу ағатын жағымсыз процестері жаңа- дан туындайды және бұрынғылары күшейіп дамитын болады.Осы дереккөздерге пайдаланылатын әлеуетті қауіпті объектілерге жағымсыз табиғи құбылыстардың әсерімен құрлықта, атмосферада, ги- дросферадағы өзгерістермен, сонымен қатар ағылатын әлеуметтік проце- стердің (соғыс, аштық, бала туудың төмендеуі, инфекциялық аурулардың өсімі) жағымсыз салдарымен байланысқан ТЖК жатқызылады.Мұндай дереккөздер қарқынды шаруашылық игеру немесе ірі қала- лардың аумақтарында, ірі әлеуметтік толғанысқа ұшыраған елдерде, та- биғи катаклизмдердің пайда болуының жоғары қауіптілігі бар өңірлерде туындайды. Пайда болу себебі бойынша олар антропогендік сипатына (техногендік немесе әлеуметтік – соғыстар), ал бұдан кейінгі көрінісі бой- ынша – табиғи сипатына ие.Осындай қауіптіліктердің қатарына: бағытталған сейсмикалық, ау- мақтардың түсуі, опырылған жерлердің және бірқатар басқа жағдайларды жатқызуға болады.Бағытталған сейсмикалық антропогендік араласу литосферадағы ішкі кернеулердің бөліп таратылуына немесе осылайша жер сілкінісінің туындау мүмкіндігін ұлғайта отырып, жаңалардың қалыптасуына әкеп соқтыруы мүмкіндігінен туындайды. Осы процестердегі негізгі рөл ірі су қоймаларына тиесілі. Судың ірі массаларының жиналуы, бір тараптан жер қыртысына қосымша жүктемесіне әкеп соқтырады, екінші тараптан – су қоймасынан тыс гидростатикалық қысымды өзгертеді.Олар жерасты суларын тарту және су режимінің бұзылуы, еріген жы- ныстардың: гипс, әктас, шаймаапан деп аталатын бордың шайылуымен туындайды. Соңғы 25 жыл ішінде, Мәскеудің солтүстік-батыс бөлігінде 40 м дейінгі диаметрі мен 1,5 м-ден 5 м-ге дейінгі тереңдігімен осындай 42 опырылу пайда болды. Олардың қалыптасу нәтижесінде бірнеше ғима- рат зардап шекті.ТЖК өзара байланысқан, ал олардың әрекеттері бірлескен бола алаты- ны күмән келтірмейді. Мысалы, терең әлеуметтік толқыныстар мен олар- дың салдары: халықтың шынайы табысының азаюы, өмірлік деңгейдің күрт түсуі, әлеуметтік сала мен денсаулық сақтауды қаржыландырудың төмендеуі – халық өлімінің елеулі өсіміне және жаппай инфекциялық ау- рулардың белгілі өсіміне әкеп соқтыруы мүмкін (гепатит АИТВ және т.б.). Осы жіктеушілік сызбасының шарттылығы айдан анық. Дегенмен, кезкелген жіктеу қарастырылып отырған құбылыстар мен объектілерді ретке келтіруге және жіктеуіштік ішкі топтарын зертету үшін талдау және син- тездің жалпы қағидаттарын пайдалануға мүмкіндік беретінімен пайдалы. Төтенше жағдайлардың жалпы сипаттамасы мен жіктелуіБұдан бұрын аталып өткендей, ТЖ – бұл қандайда бір ТЖ дереккөз- дерінің пайда болуымен шартталған және адамдардың өмірі мен денсау- лығы үшін қауіп-қатерлердің туындауымен, материалдық зақымды және қоршаған ортаға зақым келтірумен байланысқан жағдай.Туындау себептері (немесе дереккөздері) бойынша, ТЖ табиғи, техногендік, әлеуметтік және экологиялыққа бөлінеді. Соңғылары та- биғи-антропогендік дереккөздердің әсерімен шартталған және атмос- фера, литосфера, гидросфера қасиеттерінің және (немесе) құрамының өзгеруімен және осы өзгерістердің бұдан әрі тірі ағзаларға жағымсыз әсерімен байланысқан.Кез келген ТЖ ең алдымен ауқымдары және салдарымен сипатталады. Кеңістікті ауқым ТЖ аймақтарының көлемдерімен шартталған.Төтенше жағдай аймағы – бұл ТЖК пайда болуы немесе басқа ау- дандардан оның салдарының таратылуы нәтижесінде ТЖ туындаған ау- мақ немесе айдын. ТЖ олармен қамтылатын аумақтардың ауқымдары бойынша жіктелуі 1.3 кестеде келтірілген. ТЖ уақыттық ауқымы жоғалтымдарды қалпына келтіру мерзім- дерімен, жағдайды тұрақтандырумен және қалпына келтірудің то- лықтығымен сипатталады (1.4-кесте).ТЖ салдары тікелей және жанама шығындардың сомасы болып табы- латын толық шығындалғандығымен сипатталады.Зақым ауқымы федералдық бюджеттің шығыстық бөлігімен қамтылған кезде (ондаған – жүздеген миллион рубль), макроэкономика- лық ТЖ салдары туралы айтады.Егер шығын бірнеше миллион рубльмен есептелетін және тек қана РФ субъектісінің бюджетінде көрсетілетін болса, онда ол өңірлік деңгей- дегі макроэкономикалық салдарға жатқызылады.Таратылу ауқымдарын ескерумен салдарының ауырлығына байланы- сты (1.5-кесте) ТЖ бес сыныпқа бөлінеді. Әрбір сынып, шығын шамасына байланысты үш параметрмен: ТЖ туындау күніндегі зардап шеккен адамдар санымен, тіршілік ету бұ- зылған, жағдайлары бар адамдар санымен; еңбекті төлеудің минималды көлемінің (ЕТМК) бірліктерінде көрсетілген материалдық шығынмен си- патталады.Салдары РФ-нан тыс шығатын, немесе шетелде орын алған және Ре- сей Федерациясының аумағын қозғайтын ТЖ трансшекаралық деп ата- лады.Анағұрлым ауырлары елеулі салдарымен сүйемелденетін ауқымды ТЖ болып табылады (аумақтық, өңірлік, федералдық). Егер шектеулі, жергілікті, аумақтық ТЖ жеткілікті түрде жиі орын алатын болса, онда өңірлік, федералдық ТЖ салыстырмалы түрде сирек туындайды (1.5-ке- стені қараңыз). Дегенмен, олардың жоқтығы тіпті жеткілікті түрде ұзақ кезең үшін олардың болашақта пайда болуын жоққа шығармайды. Осын- дай ТЖ үшін, таза экономикалық салдарларын қоспағанда, сондай-ақ саяси, әлеуметтік және психологиялық салдары маңызды, бұны 1986 жылғы Чернобыль апаты анық көрсетіп отыр.Соңғы онжылдық бойынша РФ-ғы табиғи сипаттағы ТЖ-дан орта- шаландырылған жиынтық шығын шамамен жылына 200 млрд.рубльді құраған. – т а р а уТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТАБИҒИ ДЕРЕККӨЗДЕРІ Жалпы сипаттамаТабиғи ТЖК (қауіптері) ретінде әдетте адамдар мен техносфера объ- ектілеріне қауіп төндіретін литосфераның, гидросфераның, атмосфера- ның белгілі бір бөліктерінің процесі, қасиеті немесе жағдайы түсініледі яғни табиғи орта жай-күйін адамдардың тіршілік әрекеті үшін оңтай- лыдан ауытқытатын табиғи процестер мен құбылыстар. Олардың ең қа- уіптісі табиғи апаттар деп аталады.Табиғи апат – нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қа- уіп туғызатын, қоршаған ортаға материалдық зиян және зиян туғызатын айтарлықтай масштабтағы қиратушы табиғи құбылыс немесе процесс, яғни төтенше жағдайлар аумақтық масштабтан төмен емес.Қауіпті табиғи құбылыстарды саны, бір жағынан, оларға табиғат- ты пайдалану технологияларын бейімдеу, қолайсыз факторлар әре- кетінен адамдардың қорғалғандығын арттыру бойынша төмендейді, екінші жағынан, кедергілерге осал болып табылатын индустриялық тех- нологиялардың пайда болуы бойынша артады. Мысалы, көліктің, көліктораптарының пайда болуымен, көлік құралдары қозғалысының жыл- дамдығының артуымен қауіптілер тобына көктайғақ, қатты қар жауулар, боран, тұман сияқты табиғи құбылыстар көшті.Табиғи ТЖК – нің негізгі сипаттамалары олардың пайда болу орны мен уақыты, әрекетінің ұзақтығы, қарқындылығы болып табылады.Табиғи ТЖК үшін Жер аумағында олардың пайда болу ауданын белгілі бір (анықталған) кеңістікті бөлу және нақты дереккөздің пайда болуының кездейсоқ (алдын ала анықталмаған) орны мен уақыты тән бо- лып табылады.ТЖК әрекетінің уақыттағы сипатына байланысты олар тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді.Тұрақты, немесе мерзімді әрекет ететін, ТЖК бір мерзімде дерлік пайда болады, ал олардың қарқындылығы мен масштабы алдын-ала бол- жануы мүмкін (мысалы, су тасқыны).Тұрақсыз ТЖК уақыттың кездейсоқ сәттерінде туындайды. Мұндай құбылыстардың пайда болу уақыты, әдетте, алдын ала нақты болжала алмайды (мысалы, жер сілкіністері, табиғи өрттер, індет және т.б.), сон- дықтан олар өте қауіпті болып табылады.Көптеген ТЖК белгілі бір мезгілде орын алады (мысалы, тропикалық циклондар - жазда), бірақ маусымның шегінде олардың пайда болу уақы- тын болжап айту мүмкін бола бермейді.ТЖК әсерлері объектісі, ұзақтылығы мен қарқындылығы бойынша ерекшеленеді.Әсер ету объектісі (механизмі) бойынша ТЖК қиратушы (технос- фера объектілерінің бұзылуына әкелетін: жер сілкіністері, циклондар, теңіз дауылдары және т.б.), парализациялайтын (мысалы, көлік қозға- лысының бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ету желілер жұмысының бұ- зылуы: қар жауу, дауыл, тұман, қатты аяздар және т.б.) және аздыртатын (өнімділікті, топырақтың құнарлылығын, орман ресурстары қорын азай- татын: құрғақшылық, шаңдыдауыл, өрт, індет және т.б.). Жиі әсер ету объектілері әртүрлі болады. Мысалы, зор су тасқыны қала үшін қира- тушы, көлік желісі үшін парализациялайтын және су басқан ауыл шару- ашылығы егістігі үшін аздыртатын болуы мүмкін.ТЖК әсерінің ұзақтылығы бойынша қысқа мерзімді және ұзақ уақытты әрекет етуші болып бөлінеді. Қысқа мерзімді әрекет ететін ТЖК-нің әрекетінің әдетте ұзақтығы бірнеше секундтан бастап бірнеше сағаттарға дейін жетеді. Оларға жер сілкіністері, дауылдар, циклондар, құйындар, серпілісті тасқын толқындары, сел, көшкін және т.б. жатады. Қағида бойынша, олар әсер ету объектілеріне көбінесе қиратушы әрекет көрсетеді. Ұзақ уақыт әрекет ететін ТЖК (бірнеше тәуліктен бірнеше апта және айға дейін) негізінде парализациялайтын немесе аздыртатын болып келеді. Ол су тасқындары, құрғақшылықтар, қатты аяздар және т.б.Қарқындылығы бойынша ТЖК дереккөздердің әсер ету деңгейі- не байланысты бөлінеді және әдетте физикалық шамалармен сипаттала- ды: жер сілкінісі кезіндегі топырақтың тербеліс амплитудасымен, дауыл кезіндегі жел жылдамдығымен, су тасқыны кезіндегі судың көтерілу биіктігімен және т.б. Бірқатар ТЖК (жер сілкіністерінің, қатты желдердің, құйынның, цунамидің) қарқындылығы баллмен бағаланады.Табиғи апаттар санының өсуі мен Жердегі техносфера тығыздығының артуы табиғи ТЖК әрекет ету аймағында атом электр станциялары, хими- ялық кәсіпорындар, мұнай және газ құбырлары, бөгеттер және т.б. пайда болу ықтималдығын айтарлықтай арттырады. Өнеркәсіптік объектілер мен инфрақұрылымның жоғары шоғырлануы салдарынан кенттенген ау- мақта іс жүзінде кез келген табиғи апат техногенді апаттар топтамасын туғызуға қабілетті: өрттер, жарылыстар, қоршаған ортаға химиялық зат- тар шығарылымы.Осылайша, табиғи ТЖК-нен адамдарға қауіп екі жағдайда туындайды: ТЖК алғашқы зақымдаушы факторларынан (табиғи ТЖ); техносфера объектілерін бұзған кезде қалыптасатын ТЖК екінші рет-тік зақымдаушы факторларынан.ТЖК әрекеттеріне адам қоғамының осалдығы жоғары болып қала бе- реді: 1965 – 2000 жж. табиғи апаттан әлемде 4 млн астам адам қаза болды, 3 млрд астам адам зардап шекті, жалпы экономикалық зиян шамамен 500 млрд долл. құрады.Ең көп экономикалық зиянды мыналар келтіреді: су тасқындары – табиғи апаттың жалпы санынан 32 %, тропикалық циклондар - 30 %, құрғақшылықтар – 22 %, жер сілкіністері – 10 %.Зардап шеккендердің саны бойынша ең қауіптілері: құрғақшылықтар (33%), су тасқындары (32%), тропикалық циклондар (30%); қаза тапқан- дардың саны бойынша: су тасқындары (26 %), циклондар (19 %), індет- тер (17 %), жер сілкіністері (13 %).Геологиялық, климаттық және ландшафттық жағдайлардың кең ауқы- мы бар Ресей аумағында қауіпті табиғи құбылыстардың 30-дан астам түрі кездеседі. Олардың ең көп тарағандары: су тасқыны мен су деңгейінің көтерілуі, жер сілкіністері, сел, қар көшкіні, дауыл, дауылды жел мен тор- надо, қатты аяз. Бір жыл ішінде елде табиғи сипаттағы 350-400 қауіпті құбылыстар болады.Ресейде соңғы 15 жылда туындаған табиғи ТЖ саны бойынша қауіпті табиғи құбылыстар келесі түрде бөлінді: су тасқыны - 36%, қуалама жел- дер мен құйындар - 20%, күшті және ұзақ жаңбыр - 15%, жер сілкіністері8%, қар жауу және борандар - 8%. Көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сәйкес негізгі залалды келесілер туғызады: су тасқыны - ша- мамен 30%; көшкін, опырылу және қар көшкіні - 21%, дауылдар мен құй- ындар - 14%.Табиғи ТЖК-нен келетін зияндар мен тәуекелдердің елеулі өсуінің негізгі себептері келесілер:аумақтың жоғары кенттенуі, әлеуетті табиғи қауіпті аймақтарда шару- ашылық қызмет объектілерінің және елді мекендердің орналасуы және осымен байланысты табиғи ортаға техногендік әсердің артуы;қауіпті табиғат құбылыстарын болжау нақтылығының төмендігі, қоршаған ортаның жай-күйін бақылау жүйелерінің болмауы немесе әлсіз дамуы;қорғаныш құрылыстарының болмауы немесе нашар жағдайы (гидротех- никалық, селге қарсы, көшкінге қарсы және т.б.);сейсмикалық төзімді құрылыс көлемі мен бұрын салынған сейсмикалық күшейту көлемінің жеткіліксіздігі;кейбір қауіпті құбылыстарды ескертетін шараларды қысқарту (бұршақ соғу, ескертетін көшкін құлаулары, селдік көлдерді іске қосу, орманда өрт сөн- діру және т.б.).Әрі қарай Ресей аумағындағы кең таралған табиғи ТЖК ішіндегі ең қа- уіптілері қарастырылады. Жер сілкіністерінің сипаттамасыЖер сілкіністері құрбандардың саны, материалдың зиян мөлшері мен Жердегі қамтитын аумақтың үлкендігі бойынша ең қауіпті табиғи апат болып табылады. Адамзаттың тең жартысы қиратушы жер сілкіністері болуы мүмкін сейсмикалық белсенді өңірлерде тұрады.Жер сілкіністері – ол жер асты дүмпулері мен жер тербелістері. Олардың 99 % көбі тау жыныстарының сол немесе басқа геологиялық процестер әсері- нен секундына бірнеше километр жылдамдықпен таралатын жарылу (алып жарықшақтың түзілуі) болғанда туындайтын тектоникалық деп аталатын- дарға жатады.Дүмпулер жер сілкінісі ошағы деп аталатын бірнеше он шақтыдан бір- неше жүз шақты километрге дейінгі тереңдікте кейбір көлемде туындайды. Осы көлемнің орталығы фокус, ал оның Жер бетіндегі проекциясы – жер сіл- кінісінің эпицентрі деп аталады.Сейсмикалық толқындар – жер сілкінісінің негізгі зақымдаушы факто- ры – оның ошағынан топырақта дыбыстан ұшқыр жылдамдықпен таралатын қысу толқындары (ауадағы соққы толқынының аналогы). Олар кейбір жыл- дамдықпен және тездетумен топырақтың жылжуын, сондай-ақ оның дефор- мациясын (сығылу, иілу) туғызады. Жер бетіне жете отырып, сейсмикалық толқындар ғимараттар мен имараттарға қиратушылық әсерін тигізеді.Жер сілкінісінің қуатын екі өзара байланысқан көрсеткіштермен бағалай- ды: магнитудамен және Жер бетіндегі қарқындылықпен.Магнитуда жер сілкінісі ошағында бөлінген энергия шамасын сипаттайды(мысалы, ядролық жарылыс қуатымен ұқсастық бойынша); оны М әріпімен белгілейді және шартты бірліктер жүйесінде 0-ден 8,5 дейін – Рихтер шкаласы бойынша өлшейді (2.1-кесте). Магнитуда энергия сәулеленуінің ондық лога- рифміне пропорционал.Рихтер шкаласына сәйкес М = 7 басталатын жер сілкіністері күшті болып саналады. Кейбір зиянды 6 баллға дейінгі жер сілкіністері тигізуі мүмкін.Жер сілкінісінің қиратушы қабілетін магнитудамен байланысқан Жер бетіндегі қарқындылықтың шартты баллдарымен сипаттайды. Қарқын- дылықты бағалау үшін қарқындылық шкалалары әзірленген, олардың әлемде бірнеше он шақтысы бар.Жер сілкінісінің қарқындылығы жоғары болған сайын, ол соғұрлым аз бо- лады. Әлсіз жер сілкіністері жылына 5000-7000 дейін, қиратушылар – шама- мен 100, апаттық – біреуден артық емес бақыланады. Әдеттегідей, әсер ету механизмі бойынша барлық жер сілкіністері қи- ратушы ТЖК-не жатады. Жер сілкіністерінің әсер ету аймағындағы (эпи- центріндегі) қирату ерекшелігі мыналар болып табылады:техносфера объектілерінің бұзылуы нәтижесінде екінші реттік ЗФ ретінде туындайтын жаппай өрттер;жер үсті және жер асты объектілерінің, соның ішінде электрмен, жылумен және сумен жабдықтаудың жер асты тораптарының бұзылуы;үйінділер жергілікті сипатқа ие, ғимараттың негізгі массасы орнында қалады (ғимарат жарылыс кезіндегідей жан-жаққа шашылмайды, «шөгіп қалады»), сондықтан үйінділер көлемі аз, ал биіктігі көп; торап көшелері, үйлер арасындағы өтетін жерлер үйінділерден бос болады.Ресейде аумақтың шамамен 20%-ын сейсмикалық жоғары белсенділік аймағы алады, соның ішінде 5% - өте қауіпті сегіз баллдық аймақтар. Бұл аймақтарда елдің шамамен 14% халқы (20 млн адам) тұрады. Ең қауіпті аудандар дәстүрлі түрде Теңіз бойындағы өлкелер, Камчатка, Сахалин, Батыс Сібір, Солтүстік Кавказ, онда жер сілкіністері жылына бірнеше рет болып тұрады. Курил аралдары мен Камчатка аудандарына Ресей ау- мағында бөлінетін бүкіл сейсмикалық энергияның шамамен 90% келеді. Бұл аудандарды қиратушы жер сілкіністері орташа алғанда 15-20 жылда бір рет, ал 6-7 баллдық күшпен – 7-10 жылда бір рет болады. Басқа аудан- дарда 7 баллдық және одан жоғары күші бар жер сілкіністері сирек – 30 және одан көп жылда бір рет кездеседі. Ресейдің Еуропалық аумағында күші 5 баллға дейінгі жер сілкіністері мүмкін.Ауық-ауық әлсіз дүмпулер елдің осы бөлігінің орталығында (Мәскеу, Иваново) болады. Солтүстік-Батыс өңірде (Архангель облысы, Карелия, Кольск түбегі) күші 6 баллға дейін баратын дүмпулер ықтимал.Ресейдің қазіргі аумағында соңғы он жылдықта 200-ге жуық жер сіл- кіністері болды, айта кететіні оның екеуі төтенше жағдайда туғызған апаттық болды: Курилде 1994 ж. 4 қазанда және Нефтегорск (Сахалин) ауылында 1995 ж. 27 мамырда. Екі жер сілкінісі де адам құрбандары- на, техносфераның қатты бұзылуына және жер бетінің деформациясына әкелді. Төтенше жағдайлардың аэрометеорологиялық дереккөздеріАэрометеорологиялық (метеорологиялық) ТЖК халық пен объектіге әсер ету механизмі бойынша тіптен әртүрлі. Тіршілігін қамтамасыз ету көлік, энергетикалық және ақпараттық коммуникациялар жай-күйіне айтарлықтай тәуелді болатын заманауи қалалар үшін қауіпті болып та- былатын жел атмосфералық құбылыстарды ғана қарастырамыз. Мұндайқұбылыстарға күшті желдер жатады: жергілікті дауылдар (найзағайлы дауыл), құйындар, циклондар. Олар үшін құйын тәрізді түзілу табиғаты ортақ болып келеді.Жел – ол жер бетіне қатысты ауа массасының көлденең қозғалысы, атмосфералық қысымның біркелкі бөлінбеуі нәтижесінде туындайды. Қозғалыс ол әрқашан жоғарғы қысым облысынан төмен облысқа бағыт- талады.Жел әсерін анықтайтын негізгі сипаттама оның жылдамдығы бо- лып табылады. Қозғалатын ауа массасының кез келген кедергілі желмен соқтығысқандағы кинетикалық энергиясы жел қысымының жүктемесіне (ақырында қозғалатын күш әрекетіне) көшеді, ол адамдар мен объектілер үшін негізгі зақымдаушы фактор болып табылады. Бұл ретте кедергімен қақтығысатын көлем неғұрлым көп болса, желдің бір жылдамдығында жүктеме соғұрлым жоғары болады. Желдің қиратушы күші Ф. Бофор¬т шкаласымен сипатталады (2.2-кесте).Қысқы уақытта адамдарға күшті жел мен теріс температуралардың үйлесімі жағымсыз әсер етеді. Күшті жел – жылдамдығы 14 м/с (50 км/ сағ) жоғары. Қалада төтенше жағдайда туғызу үшін желдің сындарлы жылдамдығы 25 – 30 м/с.Дауыл (шквал) – желдің бағытының өзгеруімен жүретін, 20-30 м/с дейін және одан жоғары кенет қысқа уақытта желдің күшеюі.Орасан дауыл (ураган) – құрылыстың және коммуникацияның бұ- зылуын туғызатын қиратушы күші бар және айтарлықтай ұзақ 35 м/с ар- тық жылдамдықты жел.Мәскеудегі және Петербургтегі дауылды боран маусымы – сәуір ай- ынан қыркүйек айына дейін. Осы уақытта қуалама желдер де жиі кезде- седі.Құйын (Солтүстік Америкада – торнадо – «айналғыш») – ол най- зағайлы бұлттарда пайда болатын және жер бетімен таралатын біршама аз масштабты атмосфералық құйын. Толық даму сәтінде будақ-жаңбы- рлы бұлттардан түсетін жоғарғы және төменгі негізінде шұңғысы бар иілгіш ауа «түтігін» көрсетеді. Бағана диаметрі оннан жүз шақты метрге дейін, биіктігі – бұлттың төменгі жиегіне дейін (1-2 км және одан артық).«Түтіктегі» ауа массалары үлкен жылдамдықпен сағат тіліне қарсы айналады және төменнен шаң, ауа және әртүрлі заттарды тартып, оларды үлкен қашықтыққа тасымалдай отырып шиыршық бойынша жоғары кө- теріледі. Ортадан тепкіш күш салдарынан «түтік» жайылуға әрекет етеді, ол онда төмен қысымды туғызады (қалыпты 0,2-0,5).Құйынның тіршілігінің ұзақтығы – бірнеше минуттан бірнеше сағат- тарға дейін. Бұл уақытта ол 30-60 км/сағ орташа қозғалыс жылдам- дығымен 100-200 км дейін өте алады. Бұл ретте қамтылатын жолақ ені бірнеше жүздеген метрден 1 км дейін құрайды. Құйынның басты «қаруы» - оның «қабырғаларының» үлкен айналу жылдамдығы. Құйынның айналатын қабырғасының соққысы күрделі құрылыстарды бұзуға қабілетті. Құйынның тағы да бір зақымдаушы фак- торы – қысымның қабырғаның сыртқы жағынан қалыптыдан құйын ішін-дегі төменге дейінгі деңгей айырмасы, ол құйынның әсер ету аймағына түсетін ғимараттардың бұзылуының қопарғыш сипатын туғызады.Қирату ауырлығы құйындағы жел жылдамдығына тәуелді және 60 м/c(216 км/сағ артық) жоғары жылдамдықта олар айтарлықтай жойқынға дейін барады (100-130 м/с немесе 360 – 470 км/сағ).Құйын салмағы он шақты тоннаға дейін жететін адамдарды, жану- арларды, тастарды, ағаштарды, автокөліктерді және басқа да заттарды үлкен қашықтыққа көтеруге және тасымалдауға қабілетті. Көтерілген заттармен «бомбалау» өте берік ғимараттар үшін де қауіпті.Төменде құйынның кейбір сипаттамаларының максималды және ми- нималды мәндері келтірілген:СипаттамаМинималдымәнМаксималдымәнКөрінетін бөлік биіктігі, м10 – 1001500 – 2000Жердегі диаметрі, м1 – 101500 – 2000Бұлттағы диаметрі, км11,5 – 2,0Қабырғалардың сызықтық жылдамдығы , м/с20 – 30100 – 300Қабырғалардың қалыңдығы, м3–Тіршілік ұзақтығы, мин...1 – 10300Жолдың ұзындығы, м10 – 1005 • 105Қирату ауданы, м2 Көтерілген заттардың10 – 1004 • 108максималды салмағы, т–300Орын ауыстыру жылдамдығы, км/сағ0150Құйын ішіндегі қысым, атм0,2 – 0,5– Ресей аумағында құйындар ең көп таралған құйынды желдерге жата- ды. Олар тек Солтүстікте және таулы аудандарда байқалмайды: найзағай мен күшті жаңбырлар болатын жерлерде көбірек ықтимал. Құйындардың ықтимал қауіпті әсеріне Ресей қалалары санының 80%-ға жуығы ұшы- раған, соның ішінде Мәскеу мен Санкт-Петербург; тек XX ғ. құйындар Ре- сей қалалары бойынша кем дегенде 50 рет «өтетін».Құйындардан қорғау айтарлықтай толық шешілмеген: олар кенеттен туындайды, жолда бағытын бірнеше рет өзгертеді және олардың қозғалыс траекториясын болжап айту іс жүзінде мүмкін емес. Құйындардан ең жақ- сы және жалғыз қорғау түрі – баспанаға, жертөлеге немесе берік ғимаратқа жасырыну.Туу орны бойынша циклондар орта ендікті және тропикалық болып бөлінеді. Желінің жылдамдығы 35 м/с артық болатын циклондар Еуропада сұрапыл дауыл, Қытай мен Жапонияда – тайфун деп аталады.Циклон (тайфун, сұрапыл дауыл) – ол орталығындағы қысым төменжәне қозғалыс жылдамдығы 100-ден 200 км/сағ дейін жететін үлкен ат- мосфералық құйын.Орта ендікті циклондардың диаметрі 1000 км жуық, 3-4 аптаға дейін бола- ды, сол уақытта құрғақ жерде 30-40 км/сағ жылдамдықпен 5-7 мың км дейін өтеді. Әдетте олар мол жаңбырмен, қар жауумен, боранмен көрініп, ауа райы- ның өзгеруіне жауапты болады.Жағадағы аудандарға негізгі қиратушы әсерді мұхит астында дүниеге ке- летін тропикалық циклондар көрсетеді. Олар кіші өлшемге, бірақ, қағида бой- ынша, желдің аса үлкен жылдамдығына ие, 75% жағдайда дауылдыдан (30 м/с немесе 110 км/сағ бастап) сұрапыл дауылдыға дейін. Тропикалық циклондар 400-700 км/тәулік жылдамдықпен қозғалады, олар әдетте 5-тен 15 тәулікке дейін болып, сол уақытта 2-2,5 мың км дейінгі қашықтықты жүріп өтеді.Жыл сайын орта есеппен алғанда сұрапыл дауыл күшімен 50-ге жуық тро- пикалық циклондар туындайды, соның ішінде 20-ға жуығы – Тынық мұхиттың батыс бөлігінде, олар сол жерден Азия жағалауларына, Теңіз жағалауына, Кам- чатка, Курил, Сахалинге дейін қозғалады.Тропикалық циклондардың зақымдаушы факторлары келесілер болып та- былады:ауа құйындарымен бірге жүретін және су тасқындары мен су басуларды туғызатын күшті әрі ұзақ жауын;жел қысымы;теңіздегі теңіз толқыны (10 м биіктікке дейін).Үлкен қалаларда парализациялайтын типті ТЖ туғызуға қабілетті басқа аэ- рометеорологиялық құбылыстарға күшті ұзақ қар жауулар мен аяздар жатады. Біріншілері көлік қозғалысына, арнайы қызмет жұмысына, тіршілікті қамтамасыз ету жұмысына қатты кедергілер туғызады (қалада қар жамылғы- сының қалыңдығы 10-нан 20 см дейін болған кезде көлік қозғалысында айтар- лықтай кедергілер бақыланады, ал қар жамылғысының қалыңдығы 30 см жәнеодан артық болғанда көлік қозғалысы парализацияланады).Ауа температурасы -30-дан -35-ке дейін төмендегенде көлікте, электрмен және жылумен жабдықтау жүйелерінде апат саны өседі, ол халықтың тіршілі- гін қамтамасыз етуде елеулі бүлінулерге әкеледі. Гидрометеорологиялық қауіптерКөбірек таралған гидрометеорологиялық ТЖК су тасқыны болып та- былады.Су тасқыны – ол әдетте суы жоқ өзен алқабының төменгі бөліктерін, су қоймасының жағалық аймағын немесе жергілікті жерді су басуы, өзен- дер мен су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілу салдарынан болады. Әдетте бұл көтерілу табиғи себептермен туындайды. Қайталанушылығы- на байланысты су көтерілулері 5-10 жылда бір рет болатын төменге, 10-15 жылда бір рет болатын жоғарыға, 50-100 жылда бір рет болатын ұлыға және 100 жылда сирек бір рет болатын апаттық болып бөлінеді.Су тасқындары туындайды: қардың көктемгі еруімен, күшті жаң- бырлармен және нөсерлермен (тасқын), өзен арнасындағы мұздың кептелуімен, қума желдермен – теңіз жағалауларында және ірі өзен саға- ларында.Ресейде күшті су тасқындарын шамамен 150 қала бастан кешірді, тағыда 680-ге жуығы жеңіл су тасқыны қаупіне ұшыраған, барлығы 70% жуық ресей қалаларына су тасқынының қаупі төніп тұр. Орташа әр жылы 20 дейін қаланы су басады, бұл ретте осы немесе басқа дәрежеде 1 млн дейінгі тұрғындардың тіршілік әрекетінің қалыпты шарттары бұзылады. Ерекше жылдары (мысалы, 1926 ж., 1966 ж.) су басудың ауданы 2 – 2,5%, орташа жылдары – ел көлемінің 0,3% жетеді. Су тасқынының мен- шікті (аудан бірлігіне) материалдық зияны бойынша тек жер сілкінісінен төмен болады. Ресейдегі су тасқынынан орташа көпжылдық зиян жылы- на шамамен 1 млрд долларды құрайды, олардың 35% коммуналдық, 27%ауыл шарушылығына, 14% - өнеркәсіпке, 8% - жолдарға кетеді. 3 - т а р а уТЕХНОГЕНДІК ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕРЕККӨЗДЕРІ Жалпы сипаттамаТехносфераның халық пен қоршаған ортаға қауіптілігі өнеркәсіпте, энергетикада, коммуналдық шаруашылықта, әскери инфрақұрылымда ықтимал қауіпті объектілердің көп болуымен шартталады.Ықтимал қауіпті объект (ЫҚО) – ол айтарлықтай энергия қамдалған (мысалы, судың аса зор массасы бар гидротехникалық құрылыс) және (немесе) радиоактивті, өртенуге және жарылуға қаупі бар, қауіпті хими- ялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, сақтайтын немесе тасымалдайтын объект.ЫҚО-дегі апат нәтижесінде туындайтын ықтимал ТЖ сипаты бой- ынша әдетте осындай объектілердің алты тобын бөліп көрсетеді: ради- ациялық қауіпті объектілер (РҚО); химиялық қауіпті объектілер (ХҚО); өрт-жарылыс қауіпті объектілер (ӨЖҚО); биологиялық қауіпті объек- тілер (БҚО); гидродинамикалық қауіпті объектілер (ГДҚО); тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен көлік.Ресейде 45 мыңға жуық ұқсас объектілер есептеледі. Техногенді ТЖ ықтимал қауіп аймағында еліміздің 55% халқы немесе 80 млн жуық адам тұрады деп есептеледі. Ресей Федерациясында табиғи ТЖ қарағандатехногенді қауіпті дереккөздерден айтарлықтай адамдар саны қаза бола- ды және жарақат алады, ал орташа жылдық зиян 400 млрд рубльге дейін жетеді.ЫҚО қауіптілігі – белгілі бір жағдайларда пайдалану процесінде адам мен қоршаған ортаға зиян келтіруге әлеуетті қабілетінен тұратын объект қасиеті. Осы мағынада әрбір ЫҚО ТЖ туындауына әкелуі мүмкін қауіптілік дереккөзі. Техносфера объектісімен тигізілетін зиян мөлшері объектіні қалыпты пайдалану жағдайы үшін және ондағы оқыс жағдай үшін ажыратылатын ықтимал қауіп деп аталады.Объект қауіптілігінің ықтималдылығы – қауіп ықтималының жоғарғы шегі.Оқыс жағдайлар ЫҚО-дағы апаттар кезінде туындайды.Апат (авария) – объектіде немесе белгілі бір аумақта адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп туғызатын, материалдық зиян және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін қауіпті техногендік оқиға.Алапат апат (Катастрофа) – елеулі мөлшерде адам құрбанына, материалдық шығын мен қоршаған орта шығынына апарып соққан ірі апат.Апаттар үшін бастамашыл немесе алғашқы себептер сыртқы да, ішкі де (ЫҚО-ға қатысты) оқиғалар бола алады.Ішкі оқиғаларға техникалық құрылғылардың істен шығуы, қызмет- кердік қате әрекеттері (адами фактор), сапасыз құрастыру мен құрылыс, ал сыртқыға қауіпті табиғат құбылыстары, диверсиялар, заманауи зақымдау құралдарының әсері (2000 ж. Югославияда НАТО авиациялық соққыларына мұнай қоймалары, мұнай өңдеу зауыттары, химиялық және басқа да қауіпті өндірістер ұшырады).Техникалық құрылғылардың істен шығуы ескірудің табиғи проце- стерінен, тозудан, реттеулік босаудан, климаттық және басқа пайдалану факторлары салдарынан олардың 100% сенімділікке жетуінің мүмкін еместігі себебі бойынша туындайды. Техникалық жүйелерде апаттардың туындау ықтималдығы негізгі өндірістік құралдардың тозуының елеулі дәрежесі есебінен артады. 2000 ж. қарай Ресейде өнеркәсіп саласының көпшілігінде, көлікте және тіршілікті қамтамасыз ету саласының объек- тілерінде жабдықтың тозуы 70% жетті, мұнай құбырлары мен газ құбы- рларының тозуы 63%-дан асты.Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы, теңіз көліктеріндегі әуе апаты мен апаттар бойынша статистикалық деректерді талдау техникалық себеп- тердің барлық техногендік оқиғалардың 20 – 30% жауапты екенін көр- сетті.ЫҚО-дегі апаттық жағдайларға адам факторларының үлесі 70 – 80% құрайды. Бұл фактор Чернобыль апатының туындауында да қауіпті рөл атқарды.Қызметкерге қарай апаттың туындауында негізгі рөлге екі себеп ие: техникалық жүйелерді пайдалану қағидалары мен нормаларының бұ-зылуы, жөндеу, регламенттік және профилактикалық жұмыстың орындал- мауы, технологиялық тәртіптің бұзылуы (бүкіл ТЖ 64%);техносфера объектілерінің сапасыз құрылысы және (немесе) құрылым- ның жетілмегендігі (технологиялық процестердің).Бірқатар жағдайларда техногендік ТЖ қызметкердің біліктілігінің жет- кіліксіздігімен, жұмыс тәжірибесінің жоқтығымен, оқыс жағдайларда жұ- мысқа психологиялық дайын еместігімен тікелей байланысты.Техногендік (басқалары да сияқты) ТЖК орнымен, көріну уақытымен және қуатымен сипатталады.Кеңістікте бытырап орналасу дәрежесі бойынша техногендік ТЖК жи- нақталған (жеке жинақы орналасқан объект) және кеңістікте таратылған (темір жолдар, магистральды құбыр желісі) деп бөлінеді. Жинақталған объектілерді орналастыру орны (координаттары) белгілі, сәйкесінше, ықти- мал ТЖК координаттары да белгілі. ТЖК координаттарының белгісіздігі таралған объектілерге де (мысалы, құбыр желісінің мүмкін жарылу орны), жылжымалы жинақы объектілерге де тән (көлік апаттарының барлық түр- лері).Техногендік ТЖК барлық түрлері үшін уақытты апаттың туындауы – кездейсоқ процесс, яғни барлық жағдайларда апаттың (алапат апаттың) туындау уақыты алдын ала белгісіз.Қауіптілік ықтималдығы – техногендік ТЖК қуатын сипаттайды және осы нақты ТЖК табиғатына тән зақымдаушы факторлардың жиынтығы- ның қалыптасуы ретінде, мысалы, радиациялық (сәулелену өрістері), ме- ханикалық (соққы жүктемелері, жарқыншақты өрістер), термиялық (жылу өрістері), химимялық (улы заттардың шамадан тыс шоғырлануы), апат кезінде жүзеге асады. Осы факторлардың қоршаған ортаға, адамдарға, объ- ектілерге әсері зиянның туындауына әкеледі, шамасы ЫҚО қауіптілігінің жинақталған ықтималдылығына тікелей байланысты.Кез келген апат алғашқы оқиғалармен, өту жолдарымен және салда- рымен сипатталады.Апат дамуының негізгі фазалары:техникалық жүйелерде қалыпты жағдайдан немесе процестен ауытқулардың жинақталуы (механикалық зақымданулар, тозу, пайдалану- дың берілген режимдерінен ауытқу, бақылау жүйесінің қателіктері және т.б.);нәтижесінде объект немесе оның бөлігі тұрақсыз жағдайға өтетін, яғни апаттық жағдай туындайтын төтенше жағдайға бастамашылық ету (апат, алапат апат): ТЖ әлі болған жоқ, бірақ оның алғышарттары айқын; бұл рет- те қалыпты қызмет жасау шарттарынан ауытқу қайтымсыз сипатқа ие;қызметкер және автоматтық жүйелер объектіде болып жатқан проце-стерді бақылаудан шығарып алғанда апаттың дамуы және объект қызмет- кері үшін қауіп төндіретін ЗФ қалыптасатын энергияның, қауіпті заттардың басқарылмайтын босатылу басталады;Халық пен табиғи орта үшін қауіп туғызатын ЗФ объектіден тысқары шығуы, екінші ретті ЗФ әсері.Техногендік ТЖК зақымдалушы объектілерге әсері әсер ету меха- низмімен, оның ұзақтылығымен және қарқындылығымен сипатталады. Әсер ету механизмі (ЗФ түрлері) ЫҚО типіне және ЗФ қалыптасатын орта қасиеттеріне байланысты. Нақты ТЖК табиғатына байланысты негізгі ЗФ иондармен қанықтыратын сәулеленулер; радиоактивті ластанулар, табиғи ортаның химиялық, биологиялық зақымданулары; механикалық және жылу әсерлері болуы мүмкін. Осы факторлардың қарқындылығы, атап өтілген- дей, қауіптіліктің жинақталған ықтималдылығына байланысты (ТЖК қу- аты) және апат кезінде оның зақымдаушы әсерлерінің аймақ масштабын анықтайды.Әсер етуінің, теріс зардаптардың жүзеге асу мүмкіндігі мен уақытының деңгейі бойынша апат факторларын зақымдаушы және зиянды деп екіге бөлуге болады. Зиянды факторлар болғанда тіршілік әрекетінің шарттары қауіпті, зақымдаушы факторлар болғанда – өте қауіпті деп саналады.Зиянды факторлар әсерінің зардаптары әдетте біршама ықтималдықпен көрінеді, әрекет еткен ЗФ деңгейіне айтарлықтай тәуелді болады. Мыса- лы, қоршаған ортаны радиоактивті және химиялық ластау шарттары үшін адамдарға иондаушы сәулеленулер мен химиялық улы заттардың әсері апат- тан кейін біршама уақыттан соң ластанған жерде ұзақ уақыт болғандықтан зиянды фактор деп қарастырылады.Ресейде жылына орташа алғанда 1000-нан 1500 дейін төтенше жағдай- лар туындайды, негізінде оның дереккөздері (1996-2004 жж. деректер бой- ынша) тұрғын және әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттардағы (28 – 32%); өнеркәсіптік объектілердегі (24 – 25%); ірі көлік апаттары (15 – 18%);тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі (7 – 8%); химиялық (5 – 7%); магистральды құбыр желілеріндегі (5 – 7%) апаттар болып табылды.1995-2000 жж. техногендік сипаттағы барлық болған ТЖ-дан 74,2% жергіліктілер (объекттілер), 21,2% жергіліктілер (аудан, қала) құрайды. 70% жуық қаза болғандар көлік апатына келеді. Өртенуге және жарылуға қауіпті объектілердегіапаттарӨртенуге және жарылуға қауіпті объектілердегі апаттарды дербес түрге белгілеу айтарлықтай шартты, себебі бүкіл ЫҚО-дегі апаттар іс жүзінде өртпен және жарылыспен бірге жүреді (басталады). Мысалы, жоғары қысымды жүйе (магистральды құбыр жүйелері, баллондар жәнесығылған, кемітілген газдарды сақтау немесе тасымалдауға арналған ыдыстар және т.б.) тұтастығының бұзылуы немесе ашылуы жарылысқа және өртке әкелуі мүмкін (химиялық объектілер, тұрғын ғимараттар және тіршілікті қамтамасыз ету объектілері үшін типтік). Ол да көлік апаттарының барлық түрлеріне жатады.Сондықтан ЫҚО үшін тән, құрамында жарылғыш заттар бар және соларды пайдаланатын және заттың тұтануының жоғары дәрежесіне ие апаттарды сипаттаумен шектелеміз.Өртенуге жарылуға қауіпті объект (ӨЖҚО) – ол техногендік ТЖ туындауының шынайы қаупін туғызатын, оңай тұтанатын және өрт-жарылуға қауіпті заттарды өндіретін, пайдаланатын, сақтайтын немесе тасымалдайтын объект. Сол немесе басқа сыртқы және ішкі себептердің әсерімен осы заттар тұтануға және жарылуға қабілетті. ӨЖҚО-ге жатады:оңай тұтанатын заттары бар объектілер (мұнай, мұнай-химиялық, мұнай өңдеуші және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары);жарылғыш заттарды өндіретін, сақтайтын, тасымалдайтын және пай- даланатын объектілер;теміржол және құбыр желісінің көлігі өртенуге және жарылуға қа- уіпті жүктерді жеткізу кезінде негізгі жүктемені көтеруші ретінде.Ресейде 8000 жоғары ұқсас объектілер бар. Барлық ӨЖҚО қауіптілік дәрежесі бойынша алты санатқа бөлінеді (А, Б, В, Г, Д, Е). Бірінші санат объектілері көбірек қауіпке ие. А санаты – ол мұнай өңдеуші зауыттар, химиялық кәсіпорындар, құбыр желілері, мұнай өнімдері қоймалары және т.б. Б санаты – көмір тозаңын, ағаш жоңқасын, қант ұнтағын және т.б. дайындау және тасымалдау бойынша цехтар.Құрылыстарда өрттердің туындауы өртке төзімділік дәрежесіне бай- ланысты. Пайдаланылатын құрылыс материалдарына байланысты жан- байтын, әлсіз жанатын және жанатын құрылыстар болып ажыратылады. Жанбайтын объектілер оттың және жоғары температураның әсерімен 30 минуттан бірнеше сағатқа дейін тұтанбайды, бықсымайды, күйдірілмей- ді (темір бетон, металл, кірпіш және т.б.). Әлсіз жанатын құрылыстар оттың және доғары температураның әсерімен нашар тұтанады, әлсіз бықсиды немесе күйдіріледі және тек қана жалын дереккөзінің болуы кезінде жануын, бықсуын немесе күйдірілуін жалғастырады. Жанатын материалдар оттың немесе жоғары температуралардың әсерінен тұта- нады және от дереккөзінің болмауы кезінде жануын (бықсуын) жалға- стырады (өртке төзімді арзан қол материалдармен өңделмеген ағаш, полимерлік материалдар және т.б.).Жарылу қауіпті объектілер үшін өрт кезінде ЖҚ жарылуына жол бермейтін объектінің қасиеті түсінілетін өрттік және жарылу қауіпсіздік ұғымы пайдаланылады. Объектінің өрттік қауіпсіздік критерийі ЖҚ жа-нуының жоқтығы, ала өрттік жарылу қауіпсіздігі – оның жарылуының жоқтығы болып табылады.Кез келген объектінің сандық өрттік қауіптілігі (сонымен қоса жа- рылу қауіпті) материалдың (ЖҚ) тұтануына дейінгі уақытпен сипатта- лады. Оны бағалау үшін өрттің дамуының теориялық-эксперименттік үлгісі және жану уақытына байланысты объектінің кез келген нүктесін- дегі температурасын есептеуге мүмкіндік беретін объектінің жылу физи- калық үлгісі пайдаланылады.Объектінің жарылу қауіптілік көрсеткіші сыртқы әсерлер кезіндегі жарылудың жоқтығы болыптабылады (атыс қаруы оқтарының немесе белгілі бір массадағы жарқыншақтардың тиюі және т.б.), бұл, әдетте оқ- дәрілер мен ЖҚ қамтитын объектілер үшін бағаланады (қоймалар, арсе- налдар мен т.б.).Қатты жарылыстар мен өрттермен байланысқан ӨЖҚО-ті апаттар, ауыр әлеуметтік және экономикалық салдарына әкеп соқтыруы мүмкін. 1992-2000 жылдар ішінде Ресейдегі осындай объектілерде 3000 жуық апаттар болды, 200 мыңнан аса адам зардап шекті, шамамен 2000 адам қаза тапты.Апаттардың негізгі себептері: қысым астындағы ыдыстардың (қазандық қондырғылар, сығымдалғангазы бар баллондар) және жеңіл тұтанатын және жарылғыш қауіпті сұй- ықтықтар мен газдары бар құбыр желілерінің жарылуы;электромагниттік факторлардың әсері (электр сымдарының қысқа тұйықталуы, статикалық электр, найзағай разрядтары);кейбір заттардың – ағаш, көмір, шымтезек, алюминийлі, ұн, қант то- заңының, сонымен қатар кейбір газдардың – аммиак және т.б. өздігінен жануы және жарылуы;персоналмен технологиялық тәртіпті, қауіпсіздік қағидалары мен ша- раларын бұзуы, ӨЖҚО-ке әдейілеп әсер ету.Өрттердің туындауы ең алдымен құрылыс материалдары мен құрылы- стардың өртке төзімділік және материалдардың жанғыштық шектерімен анықталатын ғимараттар мен құрылыстардың өртке төзімділігінен тәу- елді.Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрттер жанудың өте үлкен тем- ператураларымен ерекшеленеді, оның нәтижесінде элементтердің жануы, бұзылуы немесе деформациясы орын алады. Жоғары темпе- ратуралардың әрекеті металлды фермалар, арқалықтардың, жабындар мен басқа да салмақ түсетін құрылыстардың күйдірілуін, деформаци- ясын және қиратылуын туғызады. Кірпіш қабырғалар мен бағаналар (әсіресе ішкі) 500 – 600 °С температураға дейін ұзақ қыздыру кезін- де қиратылады, ал 400 °С температураға дейін беріктілігінің 30-50% жоғалтады.Әкімшілік ғимарттардағы өрттер өте қауіпті. Жиі түрде ғимараттар ішкі жағынан жанғыш, көп жағдайда синтетикалық, жануы кезінде улы түтіндер мен газдарды бөлетін материалдармен (поролон, пластик және т.б.) әрлендіріледі.Өнеркәсіптік кәсіпорындарда өрттер жеке және жаппай өрттерге бөлінеді.Жеке өрт бір ғимараттар мен құрылыста орын алады; жаппай деп ғи- мараттың және құрылыстың 25%-на артық аумағын қамтитын өрт есеп- теледі. Өрт дауылы – бұл үлкен аумақтағы төзімді өрт, оның орын алуы кезінде оның шекараларынан орталыққа қарай өте қатты қыздырылған ауаның жоғары қарай бағытталған ағысы болып табылады және түтіндік- тердегі әдепкі тартылыстан әлдеқайда өте үлкен күшімен ерекшеленетін жанатын аудан үстіндегі ауаның тартылысы нәтижесінде туындайтын күшті жел бағытталады (жылдамдығы сағаты – 50 – 60 шақырым).ӨЖҚО-гі апаттар кезінде келесі процестер орын алуы мүмкін: шектелген кеңістіктегі уақыттың қысқа аралығында энергияныңбақыланбайтын бөлінуі (жарылу процестері);қыздырылған сұйықтығы бар (ең алдымен сығылған газдарымен) ре- зервуарлардың, ыдыстардың, құбыр желілерінің жарылуы және жарқын- шақтардың қалыптасуы;отын-әуе қоспасы бұлтының қалыптасуы, оның жылдам жарылғышқа айналуы және салдарынан жаппай өрттің туындауы;ғимараттар мен құрылыстардың, инфрақұрылым элементтерінің қи- рауы;технологиялық процестерге қатысатын немесе жану процесінде туындайтын уытты заттар бұлтының қалыптасуы;өнеркәсіптік электр тізбектеріндегі штаттық емес электромагниттік эффектілер;Зақымдаушы факторлардың негізгі параметрлері:соққылы толқынфронтындаңы артық қысым және жылдамдық екпінінің қысымы;жылулық импульс, жалын температурасы; жарқыншақтардың шашырау тығыздығы мен радуысы; уытты заттардың концентрациясы.Апат процесінде ЗФ қандайда бір жиынтылығының өалыптасуы ЫҚО типіне байланысты. ЗФ барлық жиынтылығы химиялық, мұнай-хи- миялық, мұнай өңдеу өнеркәсіптерінің кәсіпорындарындағы жарылы- стар мен өрттері бар апаттар кезінде анағұрлым жиі байқалады. Тек қана жылулық әсерімен сүйемелденетін өрттерге олардың жалпы санына 85% дейін тиесілі. Көп жағдайда олар тауарлық-материалдық құндылықтар қоймаларында, сауда және қызмет саласындағы кәсіпорындарда пайда болады.Оқ дәріні, ракеталық қатты отынды, жарылғыш және пиротехника- лық заттарды өндіретін кәсіпорындарда, кәсіпорын персоналының және жақын орналасқан елді мекендердегі халықтың жаппай зақымдалуын ауқымды оқиғалары болуы мүмкін. Өндіріс қауіпсіздігі мен осындай кәсіпорындардағы өнімді сақтау құрылысқа, пайдалануға, пайдаланы- латын технологиялар мен персоналдың арнайы тәртіп ережелеріне қой- ылатын талаптарды қатаң орындаумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан, осындай кәсіпорындардағы апаттылық өте төмен. Дегенмен, коммунал- дық шаруашылық объектілеріндегі жарылу және өрттермен байланысқан апаттар сирек емес (тұрғын үйлерде негізгі себеп – газдық жарылуы).Қалыптасатын ЗФ барлық жиынтығынан, анағұрлым қауіптісі әуе толқыны және жарқыншақтардың ұщуы. Өртпен байланысқан жылулы әсері, әдетте жергілікті сипатына ие, көп жағдайда объектінің шеңбері- нен тыс шықпайды және тек қана өрт сөндірушілер мен объект персона- лына қауіпті болады.Кез келген жарылыстың қуаттылығы әдетте тротил эквивалентімен – анағұрлым таратылған ЖЗ, тротил көлемімен салыстырылады (граммен, килограммен, тоннамен), оның жарылуы кезінде, қарастырылып оты- рған жарылыс кезіндегідей энергиясы бөлінеді.Адамдарға және объектілерге тротилдің жарылу әсері жақсы зерт- телгендіктен (қашықтығымен соққылы толқынның қысымының өзгеру сипаты, бұл орайда байқалатын зақымдаулар мен бұзушылықтардың си- паты белгілі), жеткілікті дәлділікпен оның тротил эквивалентін анықта- уға болады. Техногендік тектес химиялық қауіптілік дереккөздеріӘртүрлі объектілерден химиялық қауіптілігі қалыптыпайдалану жағдайларында, сол сияқты апаттар жағдайында пайда болады. ХҚО жұмыс істеуінің кәдімгі жағдайларында адамдар мен қоршаған табиғи ортасы үшін қауіптілігі технологиялық тастаулар, қауіпті заттардың (зи- янды) тасталуы мен ағылуымен байланысқан. Қоршаған ортаның техногендік ласталуыБиосфераның барлық бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера) әртүрлі заттармен және олардың қосындыларымен белсенді ластануға ұшыратылады.Атмосфера. Бұл, кәдімгі табиғи жағдайларда өзара әрекеттесуге түспейтін газдардың қоспасы. Жер бетінде атмосфераның құрамы (шама- мен 50 км биіктікке дейін) тұрақты болып қалады: азот – 78,08%, оттегі– 20,95%, аргон – 0,9, пайыздың азғантай үлестерінде – көмірқышқыл газ, гелий және басқа газдар. Кіші қоспалар арасындағы ерекше орынды озон иеленіп отыр (2...7)10-6%. Ол Күннің үлкен биологиялық белсен- ділігіне ие және үлкен қарқындылықтары кезінде жалпылай органика- лық өмірге зиянды әсер ететін ультракүлгін сәулелерін жұтады. Озонның негізгі массасы 20 – 25 шақырым биіктіктердегі концентрацияның мак- симумымен 15 – 55 шақырым атмосфераның қабатында жинақталған.Атмосфераның стандартты химиялық құрамына әрдайым табиғи тектес қоспалардың кейбір көлемі қосылады. Табиғи дереккөздермен бөлінетін қоспалардың қатарына мыналар жатқызылады:шаң (топырақтың және тау жыныстарының желденуі кезінде пайда бола- тын жанартау, өсімдік, ғарыш тектес; теңіз және мұхиттардың толқындары кезінде ауа массасына түсетін теңіз тұзының бөлшектері). Мысалы тұнбалық және атқылаған жыныстардың желдетілуі кезінде жыл сайын атмосфераға 3,5 мың тонна сынап шығарылады;орман және дала өрттерінен шығатын түтін және газдар, жарантаудан шығатын газдар;өсімдік және жануарлар тегті өнімдер.Барлық осы дереккөздер жаппай қысқа мерзімдік сипатына ие және кеңістікті түрде жергілікті бөліп таратылған.Атмосфераның табиғи қоспалармен ластану деңгейі ол үшін аялық («хи- миялық фоны») болып табылады және уақыт өте аз өзгереді.Атмосфераның құрамы мен ахуалы көп жағдайда Жер бетіндегі күн ра- диациясының қарқындылығын анықтайды. Атмосфераның экрандаушы рөлі Күннен Жерге және Жерден Ғарышқа жылулық энергиясын беру процесінде шамамен +15 °С құрайтын биосфераның орташа температурасына әсер етеді. Күн радиациясының негізгі үлесі Жер бетіне көрінетін сәулелеу түрінде беріледі және жер бетінде инфрақызыл (жылулық) сәулелер түрінде шағылы- сады. Сондықтан, атмосферамен жұтылатын шағылысқан сәулелік энергия- ның үлесі оның газды құрамынан және ондағы шаңнан тәуелді. Неғұрлым газдар мен шаңдар қоспасының концентрациясы көп болса, соғұрлым аз күн радиациясы ғарыштық кеңістікке кетеді және атмосферада жылулық энерги-ясы көп қалатын болады (жылыжай әсері).Есептеулер мен өлшеулер көрсетіп отырғандай, атмосферадағы көмірқышқыл газдың Жердегі концентрациясының өсімі оның бетіндегі тем- ператураның кішігірім өсіміне әкеп соқтырады: + 0,05, + 0,17 және + 0,46 °С сәйкесінше 1978, 2000 және 2025 жылдары, бұл климаттың өзгеруіне елеулі әсер етеді.Атмосфераның негізгі ластаушылары – автокөлік, металлургия, жылу энергетика, химиялық өнеркәсіп, құрылыс материалдарының өндірісі кәсіпо- рындары, олардың үлесіне тастаулардың сәйкесінше 30, 26, 25, 8 және 6% тиесілі.Мысалы, көмірсутек отындарын жағу кезінде ғаламшар атмосфе- расына жыл сайын шамамен 400 млн.тонна күкірт газы мен азот окси- ді тасталады (немесе Жердің әрбір тұрғынына 70 кг-нан). Бұл орайда, адамзаттың энергияны тасымалдаушыларына мұқтаждықтары жылына 3 – 4% жылдамдықпен өсіп келеді, әрбір 20 – 30 жылда еселенеді.Ірі қалалардың әуе бассейнінің өсіп келетін химиялық ластануы эко- логиялық ТЖ ретінде қарастырыла алады. Мысалы, жеңіл автомобильдің шамамен 15 000 шақырым орташа жылдық жүрісі кезінде, ол шамамен 4350 кг оттегіні тұтынады және атмосфераға 3250 кг көмірқышқыл га- зын, 530кг көміртектің монооксидін және шамамен 1 кг қорғасынды та- стайды.Атмосфераны ластайтын ең таралған заттарды атап өтеміз: күкірт ди- оксиді (SO2) – 17,5%, көміртегі оксиді (CO, CO2) – 15%, азот оксиді (NO, NO2) – 14,5%, қатты қоспалар (шаң, күйе) – 14,5%.Атмосфераға жыл сайын млн.тонналар шаңгың түсетіні анықталды:тас көмірді жағу кезінде – 93,6, цемент өндірісі кезінде – 53,4, металлур- гиялық кәсіпорындармен – 26,7.Қалалардағы атмосфералық ауа қоспаларының көпшілігі тұрғылықты және басқа да жайларға енеді. Жаз уақытында (ашық терезелер кезінде) жайдағы ауаның құрамы атмосфералыққа 90%-ға, ал қысқы уақытта – 50%-ға сәйкес келеді.Озон қабатына елеулі әсерін фреондар – құрамында фтор және хлор- ды қамтитын газдар немесе ұшпалы заттар көрсетеді. Олардың атмос- ферадағы «өмірінің» ұзақтығы шамамен 100 жылды құрайды, оның салдарынан озон қабатындағы қоспалардың жиналуы орын алады. Фре- ондардыңтүсу дереккөздері: жылулық контурының герметикалығының бұзылуы кезіндегі тоңазытқыш қондырғылары, әртүрлі заттарды то- заңдатуға арналған тұрмыстық шағын баллондар және т.б.Атмосфераға техногендік әсерінің нәтижесінде:қалалар мен елді мекендердегі зиянды қоспалардың рұқсат етілген концентрациясының асырылуы;тұмша және қышқылды жаңбырлардың қалыптасу;Жер бетінде орташа температураның көтерілуіне себептес болатын жылыжай эффектісінің пайда болуы.Гидросфера. Жер шамамен үштен бір бөлігіне сумен толтырылған. Тұздардың концентрациясына байланысты табиғи сулар тұщы (тұздар- дың концентрациясы 1 г/лартық емес) және теңіздікке бөлінеді. Тұщы судың үлесіне судың жалпы массасынан шамамен 3% тиесілі, бұл орай- да 2% аз қолжетімді мұздарда.Пайдаланылуы үшін анағұрлым ыңғайлысы көл және өзен сулары. Әдетте, олар негізінен оларда кальций, магний және т.б. тұздарының еруі есебінен қандайда бір дәрежесінде минералданған.Теңіз суы химиялық құрамы бойынша Дүниежүзілік мұхит шеңберін- де бірдей. Ондағы тұздардың орташа концентрациясы 3,5%-ды құрайды және тұщы судан қарағанда негізінен хлоридтермен ұсынылған.Қоршаған табиғи ортасының техногендік ластануының тән ерек- шелігі – оған техносферада оған тән емес газ тәрізді, аэрозольдік, қатты және сұйық ластаушылардың түсуі.Гидросфераның негізгі ластаушылары: коммуналдық-тұрмыстық объектілердің, тағам, медицина, целлюлозалық-қағаз өнеркәсібінің объ- ектілерінің тұрмыстық және өнеркәсіптік ағындары; ауыл шаруашылық(шамамен топыраққа 1⁄ сіңетін тыңайтқыштардың өзендер мен көлдер-ге жуылады); теңіз көлігі (ең алдымен, танкерлерден ағатын мұнай – мұнайдың жылдық тасымалдауларының шамамен 0,1% теңізге түседі).Жыл сайын әлемдік ағысынан гидросфераға 26,5 млн.тонна мұнай өнімдері (бұл шамамен олардың өндірісінен 1% құрайды), 0,46 млн.тон- на фенол, синтетикалық талшықтар өндірісінің 5,5 млн.тонна қалдықта- ры, 0,17 млн. тонна өсімдік органикалық қалдықтары түседі.Техносфераның гидросфераға әсері келесі жағымсыз салдарға әкеп соқтырады:қоспалардың рұқсат етілген құрамдылығымен ауыз суының қоры төмендейді;теңіз, мұхиттар, өзендер мен көлдердің флорасы және фаунасының күйі мен дамуы өзгереді;био¬сферадағы көптеген заттардың табиғи айналуы бұзылады.Жерлердің ластануы ең алдымен ауыл шаруашылық өндірісімен шартталған (тыңайтқыштар мен пестицидтер). Олар:өсімдіктердің зиянды заттармен қанығуына әкеп соқтырады, бұл азық-түліктердің сөзсіз ластануына жетелейді (қазіргі уақытта адамға зиянды әсерінің 70% тағам өнімдеріне тиесілі);жәндіктердің, құстардың, жануарлардың, өсімдіктердің кейбір түр- лерінің өлуі салдарынан экожүйесіндегі тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады.Нақты мекенде, атмосфераның, оның ізінен судың және топырақтың ластануы келесі үш құрамдаушының есебінен қалыптастырылады:Жердегі өнеркәсіптік ластаудың көптеген дереккөздерінің болуымен және олардың үлкен қашықтықтарға трансшекаралық көшірілуімен шартталған жаһандық;аталған өнеркәсіптік өңірдегі тастаулармен байланысқан өңірлік; аталған мекендегі нақты объектінің тастауларымен шартталған жер-гілікті.Алыс жерге көшірілу кезінде әуе массаларының таратылу жылдам- дығы әдетте тәулігіне жүздеген шақырымды құрайды. Сондықтан, үлкен қашықтықтарға атмосферадағы өмір сүру уақыты 12 сағаттан асатын хи-миялық заттар ғана таратылады. Жердегі және судағы зиянды заттардың көрнекті жиналуы үшін (атмосферадан келіп түсетін) олардың осы ор- талардағы өмір сүру уақыты бір жылдан кем болмауы керек. Ұзақ өмір сүретін қоспаларға СО2, фреондар және бірқатар басқалары жатқызы- лады. Он тәулік және одан да аз өмір сүру уақытына күкірт және азот оксидтері ие.Ұзақ өмір сүретін қоспалардың құрамдылығы тек өмірлік қана емес, сол сияқты жаһандық ауқымдағы тастаулар дереккөздерінің бөліп тара- тылуынан тәуелді. Олардың ғаламшар бойынша орташа концентрация- сы шамамен бірдей.Қысқа өмір сүретін қоспалардың құрамдылығы тастаулар дереккөз- дерінің саны мен метеожағдайларынан тәуелді. Мысалы, өнеркәсіптік аудандарда күкірт оксидтерінің концентрациясы ауылдық мекеннен қа- рағанда бірнеше есе жоғары және мұхит үстінен 10 – 100 есе жоғары.Экологиялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаға түсетін химиялық заттардың барлық номенклатурасы қатаң ре- гламенттеледі. Осы мақсаттар үшін екі негізгі сандық көрсеткіші пайда- ланылады:шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК); шекті рұқсат етілген тастау (ШРТ).Шекті рұқсат етілген концентрация – адамға, оның ұрпағына және өмірдің санитарлық жағдайларына тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейтін максималды концентрациясы (ауа, су немесе топырақ мас- сасы (кг) көлемінің (л) бірлігіндегі қоспа массасы (г). Қазіргі уақытта, кәсіпорынның ауа ортасы, қалалардың және басқа да елді мекендердің атмосферасы үшін, ашық су қоймаларының сулары үшін орташа адамға шаққандағы ШРК белгіленген. Пестицидтер, ауыр металлдар, орга- никалық қосындылардың құрамдылығы бойынша топырақтағы ШРК белгіленген. Орташа тәуліктік ШРК тіпті жылға дейін уақыттың ұзақ аралығы үшін орташаландырылады. Көрсетілген ШРК техногендік хи- миялық фонының жаһандық және өңірлік құрамдаушыларын ескерумен есептеледі.ШРК нормаларынан тәуелді су қайнар көздері екі санатқа бөлінеді: шаруашылық-ішетін мақсаттағы, сонымен қоса тағам өнеркәсібін сумен жабдықтауға арналған қайнар көздер және елді мекендердің жанындағы су қоймалары, сонымен қатар шомылу, спорт, демалу үшін.Шаруашылық-ішетін, балық шаруашылығы су қайнар көздеріне қой- ылатын гигиеналық талаптар, сонымен қатар ауыз суына қойылатын та- лаптар тиісті стандарттар мен санитарлық нормалармен регламенттеледі. Қоршаған табиғи ортаға тастаулар қайнар көздерінен зиянды заттар- дың түсуін тәжірибелік бақылау мақсатында, ол үшін белгіленген ШРК негізінде зиянды заттардың ШРТ есептеледі. ШРТ тиісті нормативтікқұжаттармен әрбір стационарлық және жылжымалы дереккөздер үшін белгіленеді (мысалы, СН-245-71 «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды жоспар- лаудың санитарлық нормалары»). Апатты химиялық қауіпті заттарБүгінгі таңда химиялық заттар мен қосылыстардың бірнеше (бұдан әрі – заттар) миллионы белгілі, олардың ішінен бірнеше ондаған мыңы техногенді салада қолданыс табады. Жыл сайын бұл сан 200 – 1000 ата- уға артады. Бұл заттардың көпшілігі адам үшін уытты (улы); ол ағзаға түскен кезде адамның қаза болуына дейін, әртүрлі физиоло¬гиялық бұзушылықтар туғызуы мүмкін. Өндірістік жағдайларда уытты заттарды зиянды деп атайды.Зиянды заттар – бұл адам ағзасына түскен кезде жарақаттар, ауру- лар және олармен контактіге түскен кезде, сол сияқты өмір сүрудің ал- шақтағы мерзімінде денсаулық жағдайында ауытқулар туғызуы мүмкін химиялық қосылыстар. 60 мыңға жуық заттар зиянды болып табылады.Улы қасиеттерды барлық заттар, тіпті үлкен дозалардағы ас тұзы не- месе үлкен мөлшерде оттегі көрсетуі мүмкін. Алайда улыларға әрекетін әдеттегі жағдайларда және салыстырмалы кішігірім мөлшерлерде көрсе- тетіндерін жатқызу қабылданған.Өнеркәсіптік уларға шикізат, аралық немесе дайын өнімдер түрінде өндірісте кездесетін химиялық заттардың үлкен тобы жатады. Зиянды заттардың уытты әсері сандық көрсеткіштермен сипатталады, оларға сәйкес заттар аса уатты және жоғары уыттыға (мысалы, мышьяк, сынап, қорғасын, мырыш, фосфор, фтор қосылыстары, сондай-ақ хлор, бром), қатты уыттыға (мысалы, күкірт, азот және басқа қышқылдар, аммиак, күкірт қосылыстары), орташа және аз уыттыға жіктеледі.Жоғарыда аталған заттардың, оның ішінде әлсіз уытты және уытты емес дерлік заттардың көпшілігі адамның ауыр зақымдалуының себебі болуы мүмкін. Алайда ХҚО-де апат кезінде бұл заттардың қоршаған ор- таға шығарылуы (ағылуы) нәтижесінде жаппай жоғалтуларға (адамдар- дың зақымдалуларына) аса уытты және жоғары уытты қосылыстарды қосқанда, барлық зиянды заттар әкелуі мүмкін емес.Белгілі бір жағдайлар кезінде апатты жағдайларда негізгі зақымдаушы күйге (бу немесе аэрозоль) жеңіл өтуге қабілетті химиялық қосылыстар- дың бір бөлігі ғана адамдардың жаппай зақымдалуының себебі болуы мүмкін. Бұл заттар неғұрлым қауіптілер тобына жатады және апатты- хи- миялық қауіптілер деп аталады.Апатты-химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ) – бұл апаттар кезінде ат- мосфераға жеңіл өтуге және адамдардың жаппай зақымдалуын туғызуғақабілетті, ХҚО- де үлкен мөлшерде айналатын заттар.Жаппай зақымдалу деп ол кезінде АХҚЗ шығарылуы қауіптілікті туғызатын жағдайды түсінеді:объектіде – өндірістік учаске персоналы үшін; қалада – орам халқы үшін және одан артық;қала шетіндегі аймақта – кенттің немесе ауылдық елді жердің халқы үшін.Басқа заттармен салыстырғанда АХҚЗ номенклатурасы азғантай ғана40 затқа жуық, олардың ішінен шамамен 25%-ы бұрын табельдік улан- дыратын заттар (хлор, фосген, көгерткіш қышқыл, цианийлі сутегі және т.б.) болып табылған. Өндірісте қолдану кеңдігі мен қолданылатын зат- тардың көлемі бойынша аммиак (более 50%), хлор (35%), тұз қышқылы (5%) бірінші орында тұр.Уыттылық – АХҚЗ негізгі сипаттамасы, ал оның сандық өлшеміуытты доза, оның астарында сау адамның ағзасында белгілі бір уытты әсерді туғызатын заттың мөлшері түсініледі. АХҚЗ-ң ағзаға түсуінің не- гізгі жолы – тыныс алу органдары (ингаляциялық зақымдалу).Бұл жағдайда Ди уытты дозасы ауадағы заттың кон¬центрациясының С (мг/л, мг/м3) оның ағзаға әсер ету уақытына t (с, мин) көбейтіндісіне тең, яғни Ди = Ct.Бірқатар жағдайда АХҚЗ-ң теріге немесе асқазан- ішек жолы (теріарқысы әсер ету кезінде тері- резорбтивтік зақымдалу) арқылы адамдар- дың зақымдалу мүмкіндігі жооға шығарылмаған. Сол кезде уытты доза Дк адам массасының бірлігіне келетін заттың мөлшерімен өлшенеді (мг/кг).Уыттылық деңгейі бойынша АХҚЗ басым саны аса уыттыларға (ішінара өлтіретін концентрацияС<1 мг/л, ішінара өлтіретін доза Дк<1 мг/ кг – көгерткіш қышқыл және оның туындылары, фосфор қосылыстары);жоғары уыттыларға (С = 1...5 мг/л, Дк = 1 – 50 мг/кг – хлор, бром және басқ.); қатты уыттыларға (С = 6...20 мг/л, Дк = 51…500 мг/кг – аммиак және басқ.) жатады.Салыстыру үшін абсолютты этил спирті үшін уытты дозаларды кел- тіреміз: 2,5 – 3,5 г/кг – қатты мастану, 4 – 5 г/кг – ауыр мастану, 6 г/кг бастап және одан артық – өлтіретін уытты доза.Көбірек таралған АХҚЗ екі түрін қарастырайық: аммиак және хлор.Аммиак (NH3) – күрт иісі бар түссіз газ, ауадан анағұрлым жеңіл. Суда жақсы ериді; су ерітіндісі медицинада кеңінен таралған мүсәтір спирті деп аталады.Азот тыңайтқыштарының, полимерлі материалдардың, пластикалық жарылғыштың өндірісі кезінде қолданылады. Кеңінен таралған суық агент тамақ және өңдеуші өнеркәсіпте қолданылады. Қысыммен сұйыл- тылған күйде тасымалданады және сақталады.Жанғыш газ оттың тұрақты дереккөзі болған кезде жанады. Оның булары ауамен жарылыс қауіпті қоспаларды құрайды. Ыды- стары қыздырған кезде жарылуы мүмкін. Газдың нашарлататын және нейротроптық әсері бар, қатты уытты заттарға жатады. Уыт- ты әсері негізінен жүйке жүйесіне (кураре ұқсас әсер) әсер етуімен шарттасқан. Салдарлары есінен тануымен зияткерлік деңгейінің төмендеуі, ауырлық сезімінің төмендеуі, бас айналуы және т.б. бо- лып табылады.Зақымдану белгілері:шағын концентрациялар кезінде – дереккөз мен жоғары тыныс алу жолдарының кішігірім тітіркенуі;орташа концентрациялар кезінде – дереккөз бен жұтқыншақта қатты тітіркену, жиі түкіру және қатты түкірік бөліну, беттің қыза- руы және тер бөлінуі;жоғары концентрациялар кезінде – бірнеше минуттан кейін аса жоғары жүйке қозушылығымен бұлшықет әлсіздігі, елірме санды- рақ, тұруға қабілетсіздігі туындайды. Кісі өлімі жүрек әлсіздігінен немсе тыныс алудың тоқтауынан туындауы мүмкін.Хлор(Cl2) – өзіне тән күрт тұншықтыратын иісімен жасылда- у-сары газ, ауауадан ауырлау, сондықтан жертөлелерде, төмен жер-лерде жинақталады. Суда нашар ериді. Өте күшті тотықтырғыш. Қысыммен сұйылтылған күйде тасымалданады және сақталады. Сутегімен қоспада жарылыс қауіпті. Жанбайды, бірақ жарылыс қауіпті. Көптеген органикалық заттардың жануын қолдайды. Ыды- стары қыздыру кезінде жарылуы мүмкін.Мақта- қағаз және целлюлоза- қағаз өнеркәсіьбінде маталар мен қағаздың ағартқышы ретінде қолданылады, сумен жабдықтау объ- ектілерінде – зарарсыздандыру, тұз қышқылын және басқа хлор мөлшері бар заттарды өндіру үшін.Тұншықтыратын әсері бар жоғары уытты газдарға жатады. 1914 пен 1935 жж. арасында әлемнің көптеген әскерлерін қаруландыруда әскер уландырушы зат ретінде тұрған. Адамзат тарихында алғаш рет хлорды қару ретінде 1915 ж. 22 сәуірінде неміс әскері Бельги- яда Батыс майданда ағылшын- француз әскерлеріне қарсы пайда- ланған. Неміс әскерлері ұзындығы 6 км майданда 5 – 8 мин ішінде 5730 баллоннан шамамен 180 т хлор шығарған. Газдық шабуыл нәтижесінде санаулы минуттар ішінде 15 000 артық адам уланған, олардың ішінен 5000-ы тура ұрыста қаза тапқан, тірі қалғандары- ның жартысы мүгедек болып қалған.Хлордың уыттылығын барлық қалған АХҚЗ онымен са- лыстыру үшін үлгілік ретінде қабылдайды. Оған Кт=1 уыт- тылық коэффициенті берілген, ал азырақ уытты заттардаКт>1, неғұрлым уыттыларда К,. < 1. Мысалы, аммиакта К = 10, яғни 1 т хлор уыттылығы бойынша 10 т аммиакқа баламалы.Химиялық қауіпті объектілердің жалпы сипаттамасыХимиялық қауіпті объект – бұл АХҚЗ айналатын (сақталатын, қайта өңделетін, пайдаланылатын немесе тасымалданатын) объект. Мұндай объектілерге химия өнеркәсібі объектілерінің көьісі, сон- дай-ақ химиялық технологиясымен басқа да объектілер жатады. Ресейде 3500-ге жуық ХҚО жұмыс істейді, 2000 ж. оларда 38 апат болса, бұл ретте 25 адам қаза болған. Ықтимал химиялық қауіптілік аймақтарында әрқайсысында халқының саны 100 мың адам 146 қала (оның ішінде Санкт-Петербург) орнласқан. Химиялық жұқты- рылу туындауы мүмкін аумақтың жалпы ауданы 60 млн адам халық санымен 300 мың км2 жуықты құрайды. Жалпы ұзындығы 1252 км және сыйымдылығы 125 мың т., бес облыстың (Самара, Саратов, Тамбов, Воронеж және Белгород) аумағы бойынша өтетін «Тольят- ти – Одесса» бір трансаммиак құбыры неге тұрады.Әдетте, АХҚЗ қолданатын кәсіпорындардың технологиялық желілерінде, бір уақытта қауіпті заттардың азғантай мөлшері бола- ды. АХҚЗ негізгі массасы қоймаларда орналасқан. Бұл қоймалар- дың сыйымдылығы кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ететін қажетті қорға байланысты анықталады. Орташа алғанда кәсіпорындарда химиялық заттардың минималды (төмендемейтін) қорлары үш тәулікке жасалады, ал минералды тыңайтқыштар өн- дірісі кезінде – 10 – 15 тәул дейін. Нәтижесінде жекелеген объ- ектілерде, сондай-ақ кейбір порттарда бір уақытта бірнеше жүзден бірнеше мың тонна АХҚЗ дейін болуы мүмкін.Химия өнеркәсібі объектілері және тыңайтқыштар өндіру объ- ектілерінің 2000 т астамы хлордың қорлары болады. Су дайындау станцияларындағы хлордың қорлары 300 – 400 т құрайды, тамақ өнеркәсібі объектілеріндегі аммиак мөлшері 100 – 200 т жетеді.Қоймалар мен көлік құралдарында АХҚЗ, әдетте, стандартты ыдыстарда сақталады: алюминий, темір бетон, болат. Цилиндрі және шаруашылық резервуарлар көбірек таралған. Олардың сый- ымдылығы әртүрлі болады. Мысалы, хлор 1 - ден 1000 т дейін- гі ыдыстарда сақталады, аммиак – 5 - тен 30 мың т. дейін. Жер үстіндегі резервуарлар әдетте топтармен орналасады. Әрбір топ үшін периметрі бойынша жанбайтын және коррозиялық- тұрақты материалдардан қоршайтын қабырға жабдықталады. Қабырғаның биіктігі 1 м кем емес болуы тиіс. Көлемі 8000 м2 артық АХҚЗ қой- маларынан елді мекендерге (санитарлық- қорғаныс аймағы) дейінгіқашықтық 1 км кем емес болуы тиіс, ал адамдар жаппай жиналатын жерлерге (саябақтар, базарлар, стадиондар) дейін – 2 км.АХҚЗ сақтау үшін келесідей негізгі тәсілдер қолданылады, апат- тар кезіндегі заттардың сипаты оларға байланысты:жоғары қысыммен резервуарларда; атмосфералыққа жақын қысым кезінде қоймаларда; қоршаған орта температурасы кезінде.ХҚО қауіптілік деңгейі хлор бойынша АХҚЗ мөлшерімен сипат- талады:деңгейлі ХҚО – 250 т артық хлор (2500 т аммиак);деңгейлі ХҚО – хлор бойынша 50 - ден 250 т дейін; ІІІ деңгейлі ХҚО – хлор бойынша 1 – 50 т.Халық үшін жасалатын химиялық қауіптілік деңгейіне байланы- сты ХҚО төрт топқа бөлінеді. Химиялық қауіптіліктің 1-ші тобына олардағы апаттар кезінде мүмкін химиялық жұқтырылу аймағын- да 75 мыңнан артық адам болуы мүмкін объектілер жатады; хи- миялық қауіптіліктің 2-ші тобына – 40- тан 75 мың адамға дейін; химиялық қауіптіліктің 3-ші тобына – 40 мы адамға дейін; хими- ялық қауіптіліктің 4-ші тобына – оларда болатын апаттар кезінде жұқтырылу аймағы санитарлық- қорғаныс аймағының шектерінен шықпайтын объектілер.Өз кезегінде ХҚО жасалатын мүмкін химиялық қауіптілік деңгейі бойынша, Ресей аумағы сондай-ақ үш топқа бөлінеді. Хи- миялық қауіптіліктің І деңгейіне мүмкін химиялық жұқтырылу аймақтарында халықтың 50%-ы тұратын қалалар мен аудандар жа- тады; химиялық қауіптіліктің ІІ деңгейіне - 30 - дан 50%-ға дейін; химиялық қауіптіліктің ІІІ деңгейіне 10-нан 30%-ға дейін.ХҚО-ң Ресейдің Орталық және Солтүстік- Батыс өңірлері бой- ынша бөлінуі 3.1- кестеде көрсетілген. Санкт-Петербург химиялық қауіптіліктің І деңгейлі қалаларына жатады. Химиялық қауіпті объектілерде апаттың дамуы Химиялық апаттар қаупінің артуы келесідей факторлармен шартта- сқан:химия өндірісі көлемінің өсуі, тасымалдар және сақтау көлемінің ар- туы;өнеркәсіптің негізгі қорлары мен көліктің ескіруі; технологиялық және өндірістің тәртіптің төмендеуі; ХҚО-де лаңкестіктің өсуіне дүниежүзілік үрдіс.ХҚО-дегі апат – бұл технологиялық процестің кезкелген бұзушылықта- ры, АХҚЗ-ң қоршаған ортаға адамдар мен жануарлар үшін қауіпті мөл- шерде шығарылуына (төгілуіне) әкелетін ыдыстардың құбырлар мен көлік құралдарының зақымдалулары. ХҚО цехтерінде апаттар, әдетте, жергілікті (объектілік) сипатта, олардың салдарлары өндірістің учаскенің (цехтің) шегінен шықпайды. Қоймалардағы немесе көлік құралдарын- дағы апаттар, сәйкесінше өндірістік және көліктік апаттар халық үшін қа- уіптілік туғызады. ХҚО-да апаттардың салдары ауқымдары бойынша бөлінеді: жергілікті, олардың салдарлары ХҚО бір цехімен (құрылысмен) шек-теледі;жергілікті, олардың салдарлары ХҚО санитарлық- қорғаныс ай- мағымен шектеледі;жалпы, олардың салдарлары санитарлық санитарлық- қорғаныс ай- мағының шегінен тыс жерлерге таралады.Жалпы апаттар жергілікті деңгейлі-ТЖ (елді жер, аудан, қала) немесе сирек жағдайда аумақтық деңгейлі ТЖ туындауына әкелуі мүмкін.Ең жалпы жағдайда ХҚО –дегі ТЖ кезіндегі қауіптілік деңгейі мен мүмкін зақым байланысты:ХҚО өзінің сипаттамаларына (АХҚЗ түріне, оның массасына, сақтау тәсілі мен басқа параметрлеріне);ХҚО ауданында метеожағдайларға (атмосфераның жер бетіне жақын қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, температура және т.б.);ХҚО ауданындағы физикалық-географиялық жағдайларға (жер бедері, өсімдік түрі, тұрғын аудандардың салыну сипаты және т.б.);ХҚО-де ТЖ туындау уақытына.Басқа бірдей жағдайлар кезінде ТЖ ауқымдары мен оның даму дина- микасы ХҚО-гі нақты АХҚЗ қасиеттеріне және оның сақталу (тасымал- дау) жағдайларына көбірек байланысты. Хлор және аммиак сияқты төмен қайнайтын АХҚЗ (қысыммен сақталатын) болатын, ХҚО-гі апат неғұр- лым қолайсыз.Қысыммен АХҚЗ болатын ыдыстың қабықшасы бұзылған және АХҚЗедәуір мөлшері тұғырыққа (үймеге) кейіннен төгілген жағдайда, АХҚЗ –ң атмосфераға түсу (булану) процесін шартты түрде үш кезеңге бөлуге бо- лады.Бірінші кезең – қарқынды, оның қаныққан булары мен ауадағы парци- алды қысымның беріктігінің айырмасы есебінен АХҚЗ-ң бір сәтте дерлік булануы. Бұл процесс ТЖК-ң туындау сәтінде атмосфераға түсетін АХҚЗ буларының негізгі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, АХҚЗ бөлігі қоршаған орта мен күн жылуы темпертурасының әсер етуімен АХҚЗ сұй- ық фракциясының жылу мөлшерінің өзгеруі есебінен бу тәріздес күйге өтеді. Нәтижесінде АХҚЗ сұйық фракциясының температурасы қайнау температурасына дейін төмендейді.Екінші кезең – сұйықтықтың жылу мөлшерінің, тұғырық (үйме) жылуының, қоршаған ортадан жылу ағынының өзгеруі есебінен АХҚЗ тұрақсыз булануы. Бұл кезең, әдетте, АХҚЗ сұйық қабаты темпе-ратура- сының қайнау температурасынан төмен бір уақытта төмендеуімен апаттан кейінгі бірінші минуттарда булану қарқындылығының күрт түсуімен си- патталады. Бірінші және екінші кезеңдер барысында атмосфераға бу- газ қоспасы түрінде АХҚЗ бүкіл массасынан 5-тен 20%-ға дейін тасталуы мүмкін, ал ХҚО ауданындағы атмосфералық ауадағы АХҚЗ концентра¬- циялары адам мен барлық жанды үшін өлімге әкелетін концентра¬ция- дан едәуір асып кетуі мүмкін. Осылайша орта желдің бағыты бойынша атмосфераның жерге жақын қабатында таралатын, АХҚЗ бірінші бұлты қалыптасады. Бірінші бұлт салыстырмалы тез (бірнеше минут ішінде) құралады, оның шекаралары нақты белгіленген, ал оның айналу бағыты мен бұл жылжу жылдамдығы айтарлықтай дәл болжанылуы мүмкін.Үшінші кезең – қоршаған орта жылуының есебінен АХҚЗ стацио- нарлық булануы. Бұл жағдайда булану процесі бірінші және екінші ке- зеңдердегідей соншалықты қарқынды болмайды, және едәуір түрде ауа температурасына, жел жылдамдығына, жауын- шашынның болуына және АХҚЗ өзінің жылу физикалық қасиеттеріне байланысты. АХҚЗ екінші бұлты осылай пайда болады. Буланудың стационарлық кезеңінің ұзақтығы сағаттарды, тәуліктерді және одан артықты құрауы мүмкін, бұл екінші бұлттың таралу болжамын азырақ дәл етеді, оның шекаралары бірінші бұлт жағдайына қарағанда көбірек бұлыңғыр, көлемінің ықшамдылығы азырақ.Аммиакпен заттай тәжірибелер бірінші бұлттың бір сәтте шамамен 2040 м көтерілетінін көрсетеді, сосын жеке ауырлық күшінің әсерімен то- пыраққа түсіріледі. Бірінші кезеңдегі бұлт шекаралары өте айқын, себебі олардың үлкен оптикалық тығыздығы бар және тек 3 – 4 минуттан кейін ғана мөлдір болады.Жоғары қайнап тұрған АХҚЗ-мен ХҚО-де ыдыстарды (апатты) ашқан кезде бірінші бұлттың пайда болулары жүрмейді.ХҚО-де әдетте әртүрлі жеңіл тұтанатын заттардың едәуір мөлшері шоғырланғанын айта кету керек, оларға АХҚЗ бөлігі де мысалы, аммиак, көгерткіш қышқыл, көміртегі монооксиді, этилен оксиді) жатады. Көпте- ген АХҚЗ жарылыс қауіпті (мысалы, азот оксидтері, гидразин), ал кей- біреуі, жанбайтын болса да, өрт тұрғысынан қауіпті болып келеді (хлор, фосген, күкірт диоксиді, азот оксидтері). Сондықтан ХҚО-де апаттардың көпшілігі жарылыстармен және өрттермен ілесе жүреді. Өрт әртүрлі улы газдардың бөлінуіне ықпалдасуы мүмкін. Мысалы, полиуретан мен басқа пластмассалардың жануы фосгеннің, көгерткіш қышқылдың және басқа да улы заттардың бөлінуіне әкеледі. ХҚО-дегі өрттер кең түтін аймақта- рының пайда болуымен ілесе жүреді.Осылайша, ХҚО-де апаттың қызған кезінде, әдетте, бірнеше зақымда- ушы фактор әсер етуі мүмкін: объектінің өзінде – өрт, жарылыстар, жер- гілікті жер мен ауаның химиялық жұқтырылуы, ал объектінің шегінен тыс жерлерде – химиялық жұқтырылу аймақтарының қалыптасуы нәтижесін- де қоршаған ортаның ластануы.Жұқтырылу аймақтарының сыртқы шекаралары орташа шектікке сәй- кес келетін ингаляци¬ялық токсикалық доза бойынша анықталады, ол кезінде зақымдалуның бастапқы белгілері АХҚЗ әсерінде қалған адамдар- дың 50%-да пайда болуы мүмкін.ХҚО-дегі жалпы апат кезінде туындаған ТЖ ауқымдары апатты объ- ектінің шегінен тыс жерлерде химиялық жұқтырылу ауданына және жұқтырылған аймақта АХҚЗ зақымдаушы әсерінің сақталу ұзақтығына байланысты.Жұқтырылу (зақымдалу) аудандары едәуір деңгейде метеорологиялық жағдайларға байланысты. Химиялық факторлардың әрекет ету ауқымдары бірінші және екінші бұлттардың таралу аймақтарының тереңдіктерімен сипатталады, олардың астарында апатты объектінің шегінен тыс жел- дің бағыты бойынша жұқтырылудың сәйкес аймақтарының максималды ұзындықтары түсініледі. Атмо¬сфераға түскен АХҚЗ массасы мен метео- дағдайларға байланысты, жазық жердегі аммиак бұлттарының таралу те- реңдігі құрауы мүмкін: бастапқы-1,5 – 30 км, екінші қайта 0,5 – км; хлор бұлттарының: бастапқы 0,5 – 2,5 км, екінші қайта 0,5 – км.Химиялық жұқтырылу ұзақтылығы ауа мен ХҚО- ден әртүрлі қашықтықтарда судың ашық дереккөздерінде АХҚЗ зиянды концентра- цияларының сақталу уақытымен сипатталады. Бұл уақыт АХҚЗ сақталу (шығарылу) көлеміне, ауаның температурасына байланысты және аммиак үшін 1 сағ- тан 30 тәулікке дейін және одан артықты құрауы мүмкін, ал хлор үшін 5- тен 15 сағатқа дейін. Бұл ретте көбірек уақыт қысқы ауа- райы жағдайларына жатады.Қала жағдайларында жұқтырылу ауқымдары мен ұзақтығы жазық жағдайлардан ерекшеленеді және қаланың климатына байланысты. Қалажағдайларында әдетте ауа- райы мен жауын- шашынның көптеген жер- гілікті өзгерістері бар, әсіресе, желдің жылдамдығы аз және аспан бұлт- сыз. Қала температуралық контрасттарға көбірек әсер етеді: әдетте, қалада АХҚЗ таралу аймақтарының тереңдіктері едәуір азырақ, жертөлелер мен төмен жерлерде ағудың есебінен көбірек концентрациялар пайда болуы мүмкін; түнгі уақытта шеттерден қозғалатын ауаның суық массаларымен қаланың ортасына АХҚЗ ағып келуі мүмкін.Әрине, жұқтырылудың келтірілген кеңістіктік және уақыттық ауқымдары жағдайды қалыпқа келтіру бойынша әрекеттердің толық бол- мауы кезінде ғана сақталады. Уақытында қабылданған шаралар ХҚО-де ТЖ ауқымдары мен салдарларын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Радиациялық қауіптілік және оның дереккөздеріРадиация сәулелендіруді білдіреді. Бәріне күн радиа¬циясы белгілі, радиатор – жылыту батареясы және автомобильдің радиаторы. Алайда әдетте бұл сөз тек радиоактивті сәулелендірумен орайластырылады.Сонымен қатар радиацияның қасиеттерін пайдалану біздің өміріміздің ажыратылмас бөлігіне айналды. Рентгенограммаларды қолданумен диа- гностикадан сәулелік терапия ем- шараларына дейін (қатерлі ісікті емдеу)радиацияны медициналық қолдану спектрі осындай. Кейінгі онжыл- дықтарда ядролық реакторларсыз электр энергияның жеткілікті мөлшерін қалай өндіру керек екенін елестету қиын. Радиацияны қолдану қоғамға пайда әкеледі, және бұл туралы өте көп адамдар біледі. Бірақ шамадан тыс сәулелендіру адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін де біледі. Радиация ауруларды емдеп қана қоймау, оларды туғызуы да мүм- кін. Иондаушы сәулелендірулердің негізгі қасиеттері«Радиация» терминінің неғұрлым нақты мәні бар: иондаушы сәуле- лендіру (ИС). Радиация егер электрлік нейтралды атомдарды зарядталған бөлшектер- иондарға айналдыруға қабілетті болса, ол иондаушы болып табылады. Радиоактивтілік – бұл оның радиоактивті таралуы нәтижесінде қандай да бір дереккөздің ИС шығару қабілеті. Барлығына белгілі ради- ация дереккөзі – көрінетін, ультракүлгін инфрақызыл сәуле шығаратын күн радиоактивті болып табылмайды, себебі оның радиациясы (сәулесі) иондау жүргізуге қабілетті емес.ИС физикалық табиғаты, олардың жекелеген түрлерінің қасиеттері сияқты әртүрлі. ИС-ге жатады: зарядталған бөлшектер, электр магнит-тік гамма және ренттгендік сәулелендіру, нейтрондар және басқ.ИС шығаратын кез келген дереккөз екі физикалық шамамен сипатта-лады: жартылай ыдырау белсенділігімен және кезеңімен.Белсенділік – дереккөз қуатының сипаттамасы. Ол уақыт бірлігінде радиоактивті ядролардың қандай мөлшері ыдырайтынын, және иондаушы бөлшектердің қандай мөлшері бір секундта дереккөзбен шығарылатынын көрсетеді.Белсенділікті өлшеу бірліктері кюри мен беккерель болып табылады. Бір кюри (Ки) секундына 3,7 • 1010 ыдырауға тең. Кюри радиоактивтіліктің салыстырмалы ірі бірлігі, сондықтан милликюри (кюридің мыңдық бірлі- гі) және микрокюри (кюридің милли¬ондық бірлігі) жиірек қолданылады. Белсенділіктің жаңа бірлігі – беккерель (Бк) радиоактивтілік құбылысы- ның алғаш ашушысы фи¬зик А.Беккерельдің құрметіне аталған, 1 Бк = 1 расп/с.Суда, азық- түлік пен ауада радиоактивті заттардың көлемдік концен- трациясын анықтайды – олардың мөлшері көлем бірлігінде – куб метрмен немесе литрмен (Ки/м3, Ки/л), ал азық- түлікте – меншікті концентрациянымөлшері масса бірлігімен (Ки/кг). Адам ағзасының әртүрлі органдары үшін оларда әрбір радиоактивті элементтің мүмкін мөлшерін анықтайтын нормативтер әзірленген. Осы деректердің негізінде атмосфералық ауада, ішетін суда, азық- түлік өнімдерінде радиоактивті заттардың мүмкін кон- центрациялары анықталған.Жартылай ыдырау кезеңі – И С дереккөзінің басқа маңызды сипатта- масы. Жартылай ыдырау кезеңі – шығу дереккөзі ядроларының жартысы ыдырайтын уақыт. Әрбір радиоактивті элементтің жеке жартылай ыдырау кезеңі болады, ол бірнеше секундтан бірнеше миллион жылдарға дейін құрауы мүмкін. Мысалы, табиғи уран 4470 мың жылда жартылай ыдырай- ды, ал радиоактивті йод – небәрі 8 тәулік ішінде.Жартылай ыдырау кезеңі радиоактивті заттардың салыстырмалы қа- уіптілік көрсеткіші болып табылады: екі заттардың бірдей белсенділігі кезінде жартылай ыдыраудың көбірек кезеңі бар зат азырақ қауіпті болып саналуы мүмкін (уақыт бірлігінде азырақ ядро ыдырайды, ал ізінше, ион- даушы бөлшектер азырақ бөлінеді). Иондаушы сәулелердің биологиялық әрекетіБиологиялық әрекет механизмі. Иондаушы сәулелер кез келген затпен (сонымен қоса биологиялық тінмен) өзара әрекеттеседі, өзінің энергиясын жоғалта отырып оның атомдарының иондалауын тудырады. ИС энергия- сын жоғалтудың бұл процесі сәулелердің жұтылуы деп аталады (энергия заттың құрылымдарында қалады). ИС сәулелердің энергиясы жұтылатын затпен өзара әрекеттесуі сәулелендіру деп аталады.Сәулелендірудің нәтижесінде, жұтылған энергия адамның барлық ағ- засы бойынша бірқалыпты емес, әртүрлі органдар мен жүйелердің шал-дыққыштығынан тәуелді бөліп таратылады. ИС энергиясының елеулі көлемі жасуша құрылымдарының қандайда бір жергілікті аймақтарына жылдам беріледі, сол уақытта басқа жасушалармен ИС мүлдем жұтыл- майды.ИС әрекетінің қосқыш механизмі жасуша құрамына кіретін молеку- лалардың иондалуы болып табылады. ИС әрекеті су молекулаларының иондалуы мен жасушадағы биохимиялық процестердің (регенерация, зат алмасу, бөліну) қалыпты барысының өзгеруіне әкеп соқтыра отырып, органикалық молекулалардың бұзылуын аяқтайтын оттегінің химиялық белсенді түрлерінің қалыптасуына жетелейді, бұл оның толық өлуіне де әкеп соқтыруы мүмкін. Бұдан әрі оқиға мына сызба бойынша өрбитін бо- лады: жасушалардың өлуі – органның зақымдалуы (жасушалардың едәуір көлемінің өлуі кезінде) – органдар тобының зақымдалуы – жалпылай ағза- ның зақымдалуы. Жасуша деңгейіндегі алғашқы әсерлер секундтар ішінде және бірліктерінде, ал бұдан кейінгі процестер – минуттар, сағаттар ішін- де және бірнеше жылдарға дейін орын алады, бұл, ағза жасушаларындағы сәулеленудің қандай жалпы энергиясын қалдыратынына байланысты.Жалпы жұтылған ИС энергия кішігірім бола алады, бірақ оның бөліп таратылуының бірқалыпты еместігі мен лездік сипаты салдарынан, жа- сушалардың барлық санының бір бөлігі көбірек зақымдалуы мүмкін. ИС сәулелендірудің ауыр салдарын туғызатын жұтылған энергия көлемінің таяздығын келесі мысалдармен көрсетуге болады. Мысалы, барлық ағза- ның жалпы сәулелендірілуі кезінде адам үшін өлімге әкеп соқтыра ала- тын гамма, рентген сәулелері энергиясының көлемін адамның ыстық кофе кесесімен жұтылған оның жылулық энергиясымен немесе адаммен еден деңгейінен 40 см биіктікке шамамен 70 кг салмақты көтеруі кезінде жұм- сайтын энергиясымен, эквивалентті салыстыруға болады.Жылулық және механикалық энергия биологиялық тіндерде бірқалып- ты және ұзақ уақыт бойынша жұтылады (беріледі). Сондықтан, тірі ағзада зақымдауларын туғызуы үшін, осындай типтегі энергияның лезде жұты- латын ИС энергиясына қарағанда анағұрлым көп қажет болады.Радиация дозаларын өлшеу. Сандық түрде, ИС әсер ету нәтижелері дозамен бағаланады (грек тілінен dosіs – үлес; бір нәрсенің белгілі бір көлемі). Дозалардың өлшемі ретінде жұтылған энергияның толықтай қа- былдауға болады, сондықтан, сәулелендірілетін затта жұтылған ИС энер- гиясының көлемі жұтылған доза деп аталады.Жұтылған доза – сәулелендірілетін зат массасының бірлігінде жұты- латын ИС энергиясының көлемі.Жұтылған дозаның өлшеу бірлігі:рад (ағылшын тілінде radіatіonabsorbeddose) – 1 рад = 0,01 Дж/кг; грей (ағылшындық физик А. Грейдің құрметіне – 1 Гр = 1 Дж/кг; 1 Гр= = 100 рад болып табылады.Жиі түрде анағұрлым ұсақ бірліктер пайдаланылады: миллирад, мил- лигрей; микрорад немесе микрогрей.Жұтылған доза – кез келген ИС-мен тірі немесе өлі табиғаттың барлық заттарды сәулелендіру кезінде қолданылатын әмбебап ұғым. Жұтылған доза және сәулелендіру нәтижесі арасында тікелей тәуелділік бар: неғұр- лым доза көп болса, соғұрлым әсер ететін радиациялық әсер көп болады. Дегенмен анықталып отырғандай, ИС әртүрлі түрлерінің бірдей дозалары бір ғана биологиялық объектіні сәулелендіру кезінде әртүрлі биологиялық салдарын туғызады. Гамма-сәулелермен бірдей нейтрондық сәуленің жұтылған дозасы анағұрлым ауыр салдарын туғызады.Эквивалентті доза (бірдей дозалардың әрекеті кезінде радиациялық салдарды салыстыру үшін енгізілген) – нақты ИС әрекетінің тиімділі- гін бейнелейтін, сапа коэффицентіне (СК) көбейтілген жұтылған дозаның мөлшері (греймен немесе радпен). Егер жұтылған доза радтармен өлшен- ген болса, онда эквиваленттісі бэрлерде болуы керек (бэр – радтың биоло- гиялық эквиваленті). Грейлердегі дозаға зиверттердегі эквивалентті доза сәйкес келеді (Зв – швециялық физик Р. Зиверттің есімі бойынша).Рентгендік және гамма-сәулелер эталондық деп есептеледі және олар үшін СК бірлікке тең, сәйкесінше, гаммарентгендік сәулелердің жұтылған 1 Гр (100 рад) дозасы олардың 1 Зв (100 бэр) эквивалентті дозасына тең. Нейтрондар шамамен 10 есе анағұрлым тиімді, сәйкесінше, олардың сапа коэффиценті онға тең, ал жұтылған 1 Гр (100 рад) дозасы 10 Зв (1000 бэр) эквивалентті дозасына тең.Дозаның қуаттылығы – (Р=D/t) уақытқа бөлінген жұтылған немесе эквивалентті дозаның мөлшері, дозаның өзгеру жылдамдығын сипаттай- ды, сонымен қатар маңызды тәжірибелік мәніне ие. Дозаның қуаттылығы және сәулелендірілу астында болу ұзақтылығын біле отырып, сәуле- лендірудің күтілетін дозасын болжамдауға және қажеттілік кезінде оны төмендету бойынша шараларын қабылдауға болады.Сәулелендірудің салдары. ИС биологиялық әсері тәуелді болатын факторлардың үлкен саны арасында, негізгілерін бөліп көрсетуге болады:сәулелендірудің ұзақтылығы; сәулелендірудің сипаты;жалпы алынған дозаның мөлшері.ИС әсерінің ұзақтылығын зақымдау ауырлығы анықтайды. Ағза неғұрлым көп уақыт бойы бір дозаны қабылдайтын болса, соғұрлым сәу- лелендірудің эффектілері аз сезініледі. Адамның ағзасы сәулелік зақымда- удың салдарын ішінара өтеудің жеткілікті тиімді табиғи механизмдеріне ие екендігі белгілі, соның арқасында ондағы қалпына келтіру процестері айқын біліне бастайды және көп реттік (уақытқа жинақталған) сәулелен- діруге қарсылық білдіру қабілеттілігі арттырылады, оның сомалық дозасы бір реттік (бір еселік) әсері кезінде өлімге әкеліп соқтырар еді.Егер қалпына келтіру процестерінің қарқындылығы зақымдаушы әсердің қарқындылығына тең немесе одан асатын болса, онда сәулелен- діру зиянды салдарын туғызбайды. Бірақ өкінішке орай бұл олай емес, және шындығында, орнын толтыру ешқашан толық болмайды, бұл мез- гіл-мезгілімен ағзада кері қайтарылмайтын зақымдаулардың жиналуына жетелейді.Сәулелендірудің сипаты мен жалпы дозасы сәуле дереккөзінің ағзаға қатысты орналасуына тәуелді.Егер ИС дереккөзі ағзадан тыс орналасқан болса, онда сәулелендіру сыртқы деп аталады, кері жағдайда – ішкі.Радиоактивті заттардың бір ғана көлемі (бірдей белсенділік) кезінде, ішкі сәулелендіру сыртқы сәулелендіруден қарағанда әлдеқайда қауіпті. Біріншіден, сәулелендірудің ұзақтылығы бірден ұлғайтылады, өйткені ол ағзадағы радиоактивті заттың болу уақытымен сәйкес келеді. Екіншіден, ішкі сәулелендіру дозасы радиоактивті заттың тікелей сәулелендірілетін тінмен тікелей жанасуынан өседі: қашықтықпен немесе экрандармен қорғау мүмкін емес. Үшіншіден, радиоактивті заттар әдетте органдар бой- ынша бірқалыпты бөліп таратылмайды, олар жеке органдарда, олардың шектелген сәулелендірілуін күшейте отырып таңдаулы түрде шоғырлан- дырылады (мысалы, радиоактивті йод – қалқанша безде, стронций, калий, радий – сүйектерде, плутоний – өкпеде және т.б.).Адамның денесіндегі радиоактивті заттардың шекті рұқсат етілген құрамдылығы белгіленген дозалық шектердің қандайда бір дене (орган) учаскесінің сәулеленуін асырмау талабына сүйене отырып анықталады. Осы шектердің сандық мәндері Ресейде әрекет ететін радиациялық қа- уіпсіздік нормаларында (НРБ-99) келтірілген. Жердегі жағдайлардағы радиациялық аясыРадиациялық ая деп-биосферадағы тірі ағзалардың тіршілік ету және дамуының радиациялық жағдайларын атайды. Ол табиғи (табиғи) және қолдан жасалған (техногендік) туындаудың әртүрлі дереккөздерінен ИС әрекетімен пайда болады.Табиғи қайнар көздері. Олар адамға және Жердегі өмірдің пайда болу сәтінен бастап барлық биосфераға әсер ететін табиғи радиациялық аясын туғызады. Табиғи қайнар көздер сәулесінің ерекшеліктері оның кеңістік- тегі және уақыттағы жаһандық сипаты (кез келген жерде және әрдайым барлығына бірдей әрекет етеді) және уақыттағы тұрақтылығы (осы нақты өңірде дозаның туғызылатын қуаттылығы ұзақ уақыт ішінде мүлдем өз- гермейді) болып табылады.Табиғи радиацияны ғарыш сәулелері және қоршаған ортада, биосфера- да, жер топырағында қамтылған радиоактивті элементтерді қалыптасты-рады. Ғарыштан жаралған ИС дереккөздері адамның сыртқы сәулеленуіне әкеп соқтырады. Жер қыртысындағы және құрылым материалдарындағы радиоактивті элементтер, сондай-ақ тірі материяның сыртқы сәулеленуіне әкеп соқтырады.Ауа, су, азық-түлік ағзаның ішіне түсетін және ішкі сәулеленудің тұрақты дереккөзін қалыптастыратын радиоактивті элементтердің кейбір көлемін қамтиды.Жиынтықта радиацияның табиғи қайнар көздері жер шарының орташа статистикалық тұрғынының 180-нен 220 миллибэрге дейін дозаларында жыл сайынғы сәулеленуіне әкеп соқтырады. Бұл орайда ішкі сәулеленудің дозасы сыртқы сәулеленуден екі есе көп.Табиғи қайнар көздердің 1%-дан аспайтын дозасы тұтынушылық тау- арлардан сәулелендірілуге тиесілі болып отыр.Техногендік дереккөздер. Адамның техногендік қызметімен туын- дайтын радиацияның қолдан жасалған дереккөздері айрықша алуан-түрлі. Тұрмыстық жағдайларда адам кеңінен тұтынылатын тауарларда қамтыла- тын радиоизотоптардың сәулеленуіне ұшырай алады. Өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтың әртүрлі салаларында, ғылыми зерттеулерде ИС дереккөз- дерімен қондырғылары кеңінен пайдаланылады. Адамдарға радиациялық әсерін атом отыны айналымының және атом қаруын сынау кәсіпорында- рының жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаға таратылған радиоизотоптар тигізеді. Адамды сәулелендіру дереккөзі кейбір ауруларды диагностика- лау және емдеу үшін медицинада кеңінен пайдаланылатын радиоактивті препараттар мен радиациялық қондырғылар болып табылады.Техногендік дереккөздердің табиғидан қарағанда негізгі ерекшелігі олармен туғызылатын сәулелендірудің кең диапазоны болып табылады. Көптеген жағдайларда осы деңгейлер үлкен емес, бірақ кей жағдайларда, әсіресе апатты жағдайларда, олар мыңдаған еселеп табиғи дереккөздер- ден сәулелендіру дозасынан асырыла алады.Атом энергетикасы мен өткен кезеңдерде жүргізілген ядролық жа- рылыстардың ИС дереккөздерінен Жер шарының орташа статистикалық тұрғынының жылдық сәулелену дозасына үлесі қазіргі уақытта аз-кем және табиғи радиация дозасынан 1-ден 2%-ға дейін құрайды. Бұл орай- да, барлық АЭС және басқа ядролық қондырғылардың қалыпты жұмысы болжамдалуда.Медицина мақсаттарындағы сәулелендіру. Медициналық сәуле- лендіру бір адамға есептегенде халықтың сәулелендірудің ең жоғарғы мөлшерлерін туғызады. Көптеген елдерде бұл сәулелер көзі радиация- ның техногендік дереккөздерінен алынатын барлық дозаны анықтайды. Егер апаттық сәулелендіруді есептемегенде, ол адам денесінің жекелей органдарына ең жоғарғы жеке дозаларын «қамтамасыз етеді». Медицина- лық сәулелендіру үшін дозалардың ең үлкен қуаттылықтары тән болған-дықтан, сәулелендіру дозасы қысқа уақыт ішінде жиналады.Медициналық сәулелендірудің тағы да бір ерекшелігі, оның кеңістікте шектелгендігі болып табылады, яғни, жеке органдар мен дене бөліктеріне әсер етеді.Медициналық сәулелендіру диагностикалық мақсаттарда, сол сияқты емдеу үшін пайдаланылады. Дамыған елдердегі орташа жылдық дозасы бір тұрғынға 100 миллибэрді құрайды. Радиациялық қауіпті объектілерРадиациялық қауіпті объектілер (РҚО) көп көлемдердегі радиоактивті заттар сақталатын, өңделетін, пайдаланылатын немесе тасымалданатын объектілерді атайды. Олардың қауіптілігі, апаттар кезінде адамдардың (персоналдың) сәулелендірілуі және мекеннің, құрылыстардың, су қой- маларының, ауаның жер бетіне жақын қабатының радиоактивті ластануы орын алуы мүмкіндігімен шартталған.Радиациялық қауіпті объектілерге:атом отыны айналымының кәсіпорындары (АОА) – атом электр стан- циялары (АЭС), ядролық реакторлар, пайдаланылған ядролық отын және радиоактивті қалдықтардың қоймалары;ядролық отын және ядролық зарядтарды дайындау бойынша кәсіпо- рындар – уран кеніштері, уранды байыту, отындық кассеталарды дайын- дау бойынша зауыттар;пайдаланылған ядролық отынды өңдеу және радиоактивті қалдықтар- ды көму бойынша кәсіпорындар;ғылыми-зерттеу және жобалық ұйымдар, реакторлар, сынау стендтері; кемелер, суасты кемелердегі, ғарыш аппараттарындағы көлік ядро-лық-энергетикалық қондырғылар;радиоактивті жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары. Ресейде 2000 жылғы ахуал бойынша шамамен 115 ірі РҚО болды,олардың арасында 30 энергоблоктары бар 10 атом электр станциялары, 113 зерттеу ядролық қондырғылар, 12 АТЦ өнеркәсіптік кәсіпорындары, тоғыз атом кемелері оларды қамтамасыз ету объектілерімен, 250-ден аса ядролық энергетикалық қондырғылары бар кемелер, сонымен қатар шама- мен 13 000 радиоактивті заттарды пайдаланатын анағұрлым ұсақ кәсіпо- рындар мен ұйымдары бар.Радиациялық қауіптіліктің негізгі проблемалары АТЦ кәсіпорындары (яғни АЭС) пайдаланумен байланысқан. Ресейлік АЭС көбісі елдің халық тығыз орналасқан еуропалық бөлігіне орналасқан, ал олардың 30-шақы- рымдық радиациялық ахуалды тұрақты бақылау аймақтарында, шамамен 4 млн. адам мекендейді. АЭС әлеуетті қауіптілігі неде?Атом энергетикасында Жердің кейбір табиғи элементтерінің атомядроларында (уран, торий) қамтылған энергия пайдаланылады. Егер уранның аса ауыр стомының ядросы екі жекелей және массасы бойынша кіші ядроға айналатын болса (бөліну сынықтары), артық энергия жылу түрінде бөлінеді. Бұл процесс барлық ядролық реакторлардың (ЯР) әре- кеті негізінде жатыр, олардың жұмыс процесінде бөлінудің радиоактивті сынықтары жиналады. Ол әлеуетті қауіпті болып табылады, өйткені жоға- ры белсенділігіне ие.АЭС қалыпты жұмысы кезінде қоршаған ортаға радиоактивті заттар- дың шығуына мыналар кедергі жасайды: ЯР құрылысы, АЭС технологи- ялық жүйелері, апатқа қарсы сипаттағы жүйелер. АЭС қалыпты жұмысы кезінде қалыптасатын сұйық және газ тәрізді радиоактивті қалдықтар көп сатылық тазарту және ұсталымнан өтеді, ал олардың қоршаған ортаға тү- суі қатаң регламенттелген.Есептеулер дәлелдеп отырғандай, АЭС жанында мекендейтін адам үшін жекелей дозасы, максималды жылдық тастау кезінде АЭС радио- активті өнімдерінің қоршаған ортаға түсуі есебінен табиғи радиациялық аясымен шартталған 1% дозадан аспайды. АЭС аймағындағы ауыл шару- ашылық өсімдіктеріндегі радионуклидтердің сомалық белсенділігі аялық мәнінен мүлдем айырмашыл емес. АЭС-ғы апаттар кезіндегі радиациялық факторларРадиациялық апат рұқсат етілген шектерінен асатын деңгейлерімен адамға және қоршаған ортаға тікелей немесе жанама радиациялық әсерімен сүйемелденеді.Ядролық реакторлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ең қатаң құрастырушылық және ұйымдастырушылық-техникалық шаралар- дың қабылданғандығына қарамастан, олар үлкен күрделіліктегі техника- лық кешен бола отырып, халық және қоршаған орта үшін қауіпті апаттың туындау тәуекелділігінің белгілі бір дәрежесін туғызады. Чернобыль тәжірибесі көрсетіп отырғандай, АЭС-ғы ауыр апат мүмкіндігі нөлге дей- ін ешқашан төмендетіле алмайды. Оның құны айрықша түрде жоғары.Кез келген елдегі кез келген АЭС-ғы апаттар қауіптілігін біркелкі баға- лау үшін, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) сарапшыларымен АЭС-ғы оқиғалардың халықаралық шкала ұсынылды. Осы шкаланың негізгі мақсаты – барлық елдердің жұртшылығы үшін түсінікті түрдегі радиациялық қауіпті оқиғалар туралы ақпаратын беру. 1990 жылдан бастап, бұл халықаралық шәкіл Ресейде енгізіле бастады.Атап өтейік, АЭС-ғы апаттар кезінде, тек қана жылулық жарылыс бо- луы мүмкін; ядролық типтегі жарылыс физика заңдарына сәйкес мүмкін емес.АЭС-ғы ірі радиациялық апаттың дамуы үш сатыға бөлінеді.Бірінші саты – реактордың белсенді аймағындағы жылулық жарылыс, реактордан газды-аэрозольдік радиоактивті өнімдер қоспасының тасталуы мен олардың бұдан әрі ағуы. Бұл орайда қалыптасатын бұлтта және оның етегінде радиоактивті асыл газдар (РАГ) – криптон және ксенон изотопта- ры басым болады. Йодтың радиоизотоптары (негізінен йод-131), сонымен қатар бөлінудің тікелей өнімдері қамтылады: цезий-137, стронций-89, -90. Бұлт қысқа өмір сүретін изотоптардың есебінен қуатты гамма-сәулелегіш болып табылады және кішігірім биіктікте таратылатындықтан (1 км-ден төмен), онда осы кезеңде АЭС-нан R= 30...50 км қашықтықтағы негізгі радиациялық факторы бұлттан және оның етегінен гамма-сәулелегішпен сыртқы сәулелендіру болып табылады. Сәулелендіруге адамдар, жануар- лар және өсімдіктер әлемі ұшыратылады. Радиоактивті бұлт Жер бетінен 600 – 800 м биіктікте қалыптасады.Бұлттық өтуі кезінде одан шығатын дозаның қуаттылығы жер бетінен 1 м биіктікте бірнеше жүзден (АЭС-нан R= 1.3 км кезінде) сағатына рад бірліктеріне дейін құрауы мүмкін (R= 30 – 50 км кезде).Екінші саты – радиоактивті заттардың біртіндеп тұндырылуы және мекеннің және атомосфераның жер бетіне жақын қабатының ластануы. Радиоактивті бұлтта өте ұсақ (1 мкм төмен) бөлшектер мен аэрозольдер қамтылған, олардың тұндырылу жылдамдығы өте аз; ауа ағындарымен олар апат орнынан жүздеген және мыңдаған шақырымға таратылады (ЧАЭС-ғы апат нәтижесінде, Балтық теңізінен Германия және Италия ау- мақтарының радиактивті ластануы орын алды). Тұндырылу бірнеше күн- дер мен апталар ішінде жалғасуы мүмкін.Радиоактивті өнімдердің атмосфераға ұзақ ағылуы кезінде 1 км-ге дейінгі биіктіктегі жел өзінің бағытын бірнеше рет өзгерте алады. Сон- дықтан, аумақтың ластануы апат дереккөзінен барлық ел бойынша орын алады және үлкен қашықтықтардағы әртүрлі бағыттарда бұлттан жа- уын-шашынмен радиоактивті заттардың жуылуы есебінен радиацияның жоғары деңгейі бар «дақтарына» ие болмақ.Тұндырылу сатысындағы радиациялық тәуекілділіктің басты факторы дем алу кезінде ағзаға және азық тізбегі бойынша шөп – мал – сүт (ет) – қалқанша безіне радиоактивті йодтың (йод-131, жартылай ыдырау кезеңі Т1/2 = 8 күн) түсуі болып табылады. Йод таңдаулы түрде қатерлі ісік ауру-ларын туғыза отырып қалқанша безінде жиналады. Балаларда қалқаншабезі ересектерден қарағанда 4-5 есе кіші массасына ие болғандықтан, бұл процесс балалар үшін аса қауіпті. Йод-131 апаттық дереккөзінен тасталға- нынан кейін 3 – 4 айдан кейін тіршілігін толықтай тоқтатады.Үшінші (соңғы) саты, түсуі аяқталған және мекеннің радиоактивті ластануының (МРЛ) қалыптасуы кезінде, топырақ, су және ауыл шару- ашылық өнімдерінің ядролық жарылыстан қарағанда анағұрлым ұзақ болып табылатын, ұзақ өмір сүретін цезий-137 (Т1/2 = 30,2 жыл) жәнестронций-90 (Т1/2 = 28,5 жыл) радиоактивті изотоптарымен радиоактивті ластануының максималды әлеуетті қауіптілігімен сипатталады.Үлкен аумақтардағы ластанудың көлемдің сипаттамасы ластанудың тығыздығы болып табылады, яғни, аумақ бірлігіне түскен радиоактивті заттардың көлемі, көп жағдайда шаршы шақырымға кюри бірлігі пайда- ланылады, Ки/км2. (Жер бетінен 1м биіктіктегі дозаның қуаттылығы бар цезий бойынша ластану тығыздығының байланысы 1 Ки/км2 ~10 мкрад/ч қатынасының көмегімен анықталады, бұл, шамамен 10 мрад. жылдық до- заға сәйкес келеді)Бейбіт уақыттағы жағдайлар үшін ластанудың қауіпсіз нормасы ретін- де 15 Ки/км2 қабылданады. Егер ластанудың тығыздығы 15 Ки/км2 көп болса, онда аумақта тұрақты радиациялық бақылау және халықты медици- налық қарауы жүргізіледі. Ластанған азық- түлік өнімдерін пайдалануға тыйым салынады. 40 Ки/км2 жоғары ластану тығыздығы кезінде, адамдар- дың эвакуациялануы мүмкін. Цезий-137-мен ластану тығыздығынан тәу- елді, заңнамалық түрде Чернобыль АЭС апатты тастауларының ізіне келесі аймақтарды бөлу қарастырылған: шеттету-40 Ки/км2 артық, көшіру-15 – 40 Ки/км2, көшіру құқығымен мекендеу-5 – 15 Ки/км2, жеңілдік мәрте- бесімен мекендеу-1 – 5 Ки/км2.Шеттетілген аймақта халықтың мекендеуіне тыйым салынған; көшіру аймағында адамдар, егер сәулелендірудің орташа жылдық дозасы рұқ- сат етілген мәнінен 0,5 радқа асырылатын болса міндетті эвакуациялауға жатқызылады.Ластанған мекеннен сыртқы сәулелендірілу дозасы әдетте тіпті оол жерде ұзақ уақыт бойы болу кезінде рұқсат етілген мәнінен асырылмайды. Мысалы, 15 Ки/км2 ластану тығыздығы бар аумақтарда, 1991 жыл үшін сыртқы сәулелендірілудің орташа жылдық дозасы жылына шамамен 0,15 радты құрады.Сәулелендірудің толық дозасы сыртқы және ішкіден құралады. Сы- ртқы сәулелендіру дозасы ластану тығыздығы мен үйлерде және олардан тыс құрылыстардың сипатын (тастан, ағаштан) ескерумен, болудың орта- ша уақытына сүйене отырып сенімді түрде анықталады. Ішкі сәулелен- діру дозасы 70-80%-ға тұтынылуға болжамдалатын сүттік ластануымен анықталады; сондықтан сүттік ластану дәрежесін өлшей отырып, ол бой- ынша сынға алады. Эпидемиологиялық қауіптілікЭпидемиология (грек тілінен epі – «на» сөз алды қосымшасы; demosхалық; logos – ілім) эпидемиялар туралы ғылым ретінде медицина- ның өркендей бастаған кезінде туындады. Ғылымға Гипократтың енгізген«Эпидемия» терминімен аурудың ерекше өсімін немесе аталған аумақта бұдан бұрын кездеспеген аурулардың пайда болуын анықтаған.Эпидемиологиямен жалпылай медицинаның даму процесінде, эпиде- мияның инфекциялық табиғаты анықталды. Осы негізде көптеген ауру- лар эпидемиясын алдын алудың тиімді дәрі-дәрмектері әзірленді. Осыған қол жеткізіп, эпидемиологтар инфекциялық ауруды оның кез келген көлеміндегі көрінісінде зерттей бастады. Инфекциялық патологияларды зерттеудегі сәттіліктердің арқасында, адамдар арасында инфекциялық ау- рулардың туындауы мен таратылу процесі ретінде эпидемиялық процесі туралы ұғымы қалыптастырылды. Осыған сәйкес, заманауи эпидемиоло- гия эпидемиялар туралы іліммен шектелмейді.Эпидемиология – адамдар арасында инфекциялық аурулардың туын- дау себептері, таратылу механизмдері мен таратылу ерекшеліктері тура- лы, сонымен қатар оларды алдын алу, олармен күресу және оларды жою тәсілдері туралы ғылым.Эпидемиология мәні мен әдісі. Эпидемиологияның объектісі инфек- циялық аурулар болып табылады. Инфекциялық ауруларды зерттеумен көптеген ғылымдар шұғылданады. Эпидемиологиялық аспект – халық арасында инфекциялық аурулардың туындау себептерін, таратылу меха- низмдерін және таратылу ерекшеліктерін зерттеу. Сәйкесінше, эпидемио- логияның мәні – эпидемиялық процесс, оның даму заңдылығы, алдын алу және жою әдістері.Эпидемиологиялық әдіс – аурудың кеңістікте және уақытта таратылу ерекшеліктерін талдау негізінде аурудың туындауының нақты себептері мен жағдайларын, сонымен қатар аурулардың алдын алу іс-шараларын негіздеу және олардың тиімділігін бағалау мақсатырда олардың әрекет ету механизмдерін ашуға мүмкіндік беретін эпидемия және эпидемиялық процесті зерттеу амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы.Ұзақ уақыт ішінде, эпидемиялық процесті зерттеу үшін сыртқы фак- торлардың әсерімен эпидемиянының туындауын, таратылуын және бай- ланысын тікелей бақылау, салыстыру және ерекшеліктерін салыстыру әдістерімен ғана қолданылды.XІX ғасырдың соңында, медицинаның әртүрлі бөлімдерінде пайда- ланылатын ғылыми зерттеулердің әдістері, эпидемиологияда қолданыла бастады. Маңызды мәндеріне зерттеудің зертханалық әдістері ие болды. Мүмкіндікті-статистикалық әдістері, сонымен қатар эпидемиологиялық эксперимент және эпидемиялық процесті үлгілеу дами бастады.Ғылыми-техникалық прогресс дәуіріндегі эпидемиялық процесс.Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адаммен табиғат ортасына енгізілетін өзгерістер, экологиялық эффектілерді туғызады, олардың сал- дары қиын болжамдалады, өйткені олар жанама сипатын енгізеді. Қазіргі уақытта инфекциялық аурулар эволюциясының, осы эволюция қарқын-дылығының ондаған жылдармен өлшенетіндей жеделдетілуі байқалуда. Экономикалық дамыған елдердегі эпидемиологиялық ахуалдың заманауи өзгерістерінің интегралдық көрсеткіші инфекциялық патология құрылы- мының өзгеруі болып табылады.Бірқатар инфекциялық аурулармен күресте (іш сүзек, дифтерия, қы- зылша, полиомиелит, көкжөтел, сіреспе, бөртпе сүзек, туберкулез, туляре- мия, оба, тырысқақ және т.б.) маңызды сәттіліктерге қол жеткізілді. Басқа аурулар елеулі эпидемиологиялық маңыздылығын сақтауды жалғастырып келеді (вирустық гепатиттер, тұмау және басқа да ЖРВИ, қызамық, без- гек, желшешек, эпидемиялық паротит, дизентерия және т.б.). Аурулардың толық тобы (аденовирустық инфекциялар, герпестік инфекция, геммора- гиялық безгек, АИТВ инфекциясы, микоплазмозалар, менингококкты ин- фекция, шартты патогендік микроағзалармен туғызылатын инфекциялар) бұл күндері елеулі эпидемиологиялық маңыздылығына ие болды.Көптеген зерттеушілермен инфекциялық аурулардың клиникалық суретінің өзгеруі аталып отыр. Анықтаушы факторлары вакциналардың кең пайдаланылуы, антибиотиктердің жүйелі қолданылуы, экологиялық ахуалдың өзгеруі, демографиялық процестер (халықтың қартаюы) және басқалары болып табылады.Осылайша, халықтың инфекциялық ауруға шалдығуы әлемдегі әлеу- меттік және технологиялық процестерін бейнелейді және олардың өзіне тән индикаторы ретінде қарастырыла алады.Эпидемиялық процестің даму механизмі. Аурулардың әрбір тобы үшін ол елеулі ерекшеліктеріне ие. Антропоноздар кезінде, эпидемиялық процесс – қоздырғышты биологиялық түр ретінде сақтау, яғни, жұғуымен байланысқан адамдардың инфекциялық ахуалдарының тізбегі.Зооноздардың қоздырғыштары табиғатта жануарлар арасындағы тұрақты пассажының есебінен сақталады. Эпидемиялық процесс қоз- дырғыштардың адам ағзасына түсуі кезінде туындайды. Осыған сәйкес, зооноздар кезінде эпидемиялық процесс – тізбек емес, ол жануарлардан адамдардың жұқтырылуының желпуіші.Инфекция дереккөзі. Эпидемиялық процес туралы ілімде, инфекция деп ағзадағы қоздырғыштың көбеюімен, сонымен қатар оның енгізілуіне ағзаның реакцияларымен сүйемелденетін микро және макроағзаның өза- ра әрекеттесу процесі аталады.Инфекцияның дереккөзі қоздырғыш-паразиттің табиғи өмір сүру ор- тасы болып табылатын жұқтырылған ағза (адамның немесе жануардың) болып табылады.Аурулардың (тасымалдаушылардың) жұқтырғыштығы – олардың ағ- заларынан қоздырғыштардың бөлінуі және басқа ағзаға бұдан әрі енгізілу мүмкіндігі. Ол ағзадағы қоздырғыштың оқшаулануы мен оның патогендік агентті енгізуге реакцияларымен анықталады.Антропоноздардың көптеген қоздырғыштары инфекциялық процестің әртүрлі кезеңдерінде ағзаның әртүрлі тіндері мен жүйелерінде көбеюге қа- білетті. Дегенмен, ағзадағы қоздырғыштың негізгі оқшаулануы есебінен ғана, дереккөздердің жұқтырғыштығы мен қоздырғышты биологиялық түр ретінде сақталуы анықталады. Антропоноздар кезінде эпидемиялық қоздырғыштар тыныс алу жолдарында, ішектерде, қанда, тері қабаттары мен сілекейлі қабыршақтарында оқшауланады.Бір инфекциялар кезінде, қоздырғыш ағзадан инкубациялау кезеңінде бөлінеді (А вирустық гепатиті), басқалары кезінде – аурудың басталуымен (дизентерия), ал үшіншілері кезінде – оның өршуі кезінде (іш сүзегі).Зооноздар кезінде, эпидемиологиялық мақсаттарда адамның байланы- сатын жануарлардың тобынан тәуелді (үй, синантроптық, жабайы) инфек- ция дереккөзінің санаттарын бөліп көрсету мақсатты.Негізгі дереккөзі жабайы жануарлар болып табылатын аурулар табиғи ошақтық деп аталады. Негізгі дереккөзі үй жануарлары немесе синантроп- тық кеміргіштер болып табылатын аурулардың ошақтары антропургиялық деп аталады. Көп жағдайда зооноздардың қоздырғыштары жануарлардың қанында оқшауланады. Сондай-ақ шарана сұйықтығы мен ұрғашылардың сүтімен қоздырғыштардың бөлінуі мүмкін, ішекте және сыртқы жабын- дардағы оқшаулануы кездеседі.Қоздырғыштың берілу механизмі. Берілу механизмі туралы ілімі инфекциялық аурулар қоздырғыштарының паразитизмінің, олардың эпи- демиологиясын анықтайтын екінші фазасының мәнін ашады. Берілу ме- ханизмі – бұл, қоздырғыштың, оны биологиялық түр ретінде қолдауын қамтамасыз ететін бір ағзадан екіншісіне көшірудің шығарылған тәсілдері. Қоздырғыштардың берілу жолдары деп сыртқы ортаның белгілі бір элементтерін (берілу факторлары) немесе инфекция дереккөздерінен қоз- дырғыштың нақты эпидемиологиялық жағдайларда қоршаған адамдарғакөшірілуін қамтамасыз ететін олардың үйлесімділігін түсіну керек.Берілудің бір ғана механизмі әртүрлі жолдармен іске асырыла алады. Мысалы, дизентерия кезінде ақырғы берілу факторлары тағам және су бо- лып табылады, ал аралықтар – ластанған қолдар мен шыбындар.Берілу механизмі туралы ілімнің негізіне қоздырғыштың негізгі оқ- шаулауының иесінің ағзасына берілу механизмінің сәйкестілік заңы қой- ылған. Осыған сәйкес, антропоноздар кезінде ағзадағы қоздырғыштың оқшаулауының төрт типіне сәйкес келетін төрт берілу механизмін бөліп көрсетуге болады.Тыныс алу жолдарындағы қоздырғыштың оқшаулануына аэрозольді (ауа-тамшылы) берілу механизмі сәйкес келеді. Қоздырғыштың ішекті оқшаулануына алиментарлық (нәжісті-ауыздық) берілу механизмі сәйкес келеді. Қандағы оқшаулануы кезінде қоздырғыш ағзадан шығу жолына ие болмайды. Сондықтан, осындай оқшаулануға қан сорғыш бунақ аяқты-лардың қатысуымен тарнсмиссивті берілу механизмі сәйкес келеді. Қоз- дырғыштың оқшаулануының төртінші типіне – тері жабындары немесе сілекейлі қабыршақтарында – қоздырғыштың байланыстық және байла- нысты-тұрмыстық берілу механизмі сәйкес келеді.Зооноздар кезінде, берілу механизмін тек қана, қоздырғышты биоло- гиялық түрі ретінде сақтауды қамтамасыз ететін эпизоотикалық процес барысында анықтауға болады.Эпидемиялық процестің көрінуі. Эпидемиялық процесс инфекци- ялық аурумен көрінеді. Бұл орайда, аурулардың таралуы, олардың таралу ерекшеліктері эпидемиялық процестің биологиялық, әлеуметтік және та- биғи факторларының өзара әрекеттесуімен анықталады.Эпидемиялық ошақ. Бұл, уақыттың және кеңістіктің белгілі бір ше- караларында инфекциялық аурулардың қоздырғыштарымен адамдардың жұқтырылуы орын алуы мүмкін аумақ.Жуырда ғана ошақ науқасты оқшаулау және соңғы дезинфекцияны жүргізуден кейін аурудың максималды инкубациялық кезеңі ішінде әре- кет етуші деп саналған болатын. Егер ауру туындамайтын болса, ошақ жойылған деп есептелді. Проблеманың заманауи түсінігінде осы деректер жеткіліксіз. Төменгі манифесттілігі бар антропоноздар кезінде екінші ауру қоздырғыштың инфекцияның симптомсыз нысанында жүрген тұлғаларға берілуі есебінен екі-үш инкубациялық кезеңнен кейін туындай алады.Ошақтың кеңістікті шекаралары, әдетте науқастық тікелей қоршаған ортасымен шектеледі.Инфекциялық аурудың қарқындылығы. Эпидемиялық процестің көп ғасырлық дамуы барысында, эпидемиялық процестің көрінісін бейнелей- тін терминология қалыптасып келді. Осы ұғымдардың дифференцияла- нуының нақты сандық критерийлері жоқ.Эпидемиялық ауру немесе эндемия – қоздырғыш резервуарының бо- луына байланысты осы мекенге тән белгілі бір аумақта тұрақты тіркелетін. Экзотикалық – осы мекенге тән емес, сырттан қоздырғышты әкелу нәти- жесінде туындайды. Эндемия анда-санда кездесетін (жалғыз, жекеленген) немесе эпидемиялық аурумен пайда болады. Эпидемиялық ауруды оның көріністері бойынша эпидемиялық күрт өсу, эпидемияға (сөздің тар мәнін- де) және пандемияға дифференциялайды. Терминдердің мағыналық мәні- не байланысты, эпидемиялық күрт өсу – аурудың қысқа уақытта көтерілуі. Эпидемия ұғымы уақыт және кеңістікте аурудың прогресстеуші өсуін болжамдайды. Пандемия – жеткілікті жоғары деңгейде аурудың ерекшекеңінен (құрлықтық немесе жаһандық) таратылуы.Аумақ бойынша эпидемиялық процестің туындауы. Аурудың таратылу аумағы нозоареал деп аталады. Шарттылықтың белгілі үлесімен инфек- циялық аурулардың ареалдарын бөліп көрсетуге болады: жаһандық және өңірлік.Жаһандық таратылу көптеген антропоноздық инфекциялар үшін (тұ- мау, қызылша, көкжөтел, дизентерия, вирустық гепатиттер және басқала- ры) және үй жануарларының кейбір зооноздары (күйдіргі) үшін тән. Осы инфекциялармен ауыру деңгейі әртүрлі орындарда бірдей емес, бұл эпи- демиялық процестің дамуына әлеуметтік және табиғи әсерінің ерекшелік- терімен түсіндіріледі.Өңірлік нозоареалдар – аурудың таратылуын шектелген аумақтары. Бұл, әлеуметтік және табиғи жағдайлары қоздырғыштың берілуіне қо- лайлы болатын аудандар. Мұндай таратылулар кейбір антропоноздық ин- фекциялар мен көптеген зооноздарға ие. Ол ең алдымен табиғи ошақтық инфекцияларға тән.Көп жылдық және жылдық динамикадағы инфекциялық ауру. Уақыт- тағы бірқалыпты еместігі – кезеңділігімен, маусымдылығымен сипатта- лады.Кезеңділік – бұл, анағұрлым немесе төмен бірқалыпты аралықта- рымен тұрақты қайталанатын көп жылдық динамикадағы эпидемиялық процесс қарқындылығының ауытқулары. Кезеңділік, барлық инфекци- ялық ауруларға тән екендігі айдан анық. Кезеңнің ұзақтылығы әртүрлі ау- рулар кезінде бірдей емес. Көтерілуі мен түсуі арасындағы аралықтар 25, 7 – 15 және 20 жылға дейін және одан да артық ауытқиды.Маусымдылық – бұл, жылдардың белгілі бір кезеңдерінде аурудың тұрақты түрде қайталанатын көтерілуі немесе аурудың пайда болуы. Ішек инфекциялары үшін жазғы маусымдылық анағұрлым тән, тыныс алу жолдарының инфекциялары үшін – қысқы. Инфекциялық аурулардың маусымдылығы жылдың бір ғана кезеңдерінде ритмикалық түрде қайта- ланатын, қоздырғышты беру механизмінің белсенділігін өзгертетін табиғи немесе әлеуметтік құбылыстардың салдары болып табылады. Жиі түрде бұл органикалық қоздырғыштар вируленттілігінің өзгеруімен, сонымен қатар адам ағзасының шалдыққыштығымен байланысқан.Эпидемияға қарсы іс-шаралар. Бұл, ғылымның осы даму кезеңін- де негізделген, инфекциялық ауруларды алдын алуды, халықтың науқа- стылығын төмендету және жеке инфекцияларды жоюды қамтамасыз ететін ұсынымдардың жиынтығы. Эпидемиялық процесс дамуының жалпы сызбасына қолданылмалы инфекция дереккөзіне, қоздырғыштың берілу механизміне және ағзаның шалдыққыштығына бағытталған негізін қалаушы эпидемияға қарсы іс-шаралары бөліп көрсетіледі.Эпидемияға қарсы іс-шаралардың бірі ұйымдастырушылық сипатына ие. Басқаларын жүргізу үшіндератизация, залалсыздандыру, дәрілеу, им- мунды профилактика, жедел профилактика – эпидемияға қарсы дәрі-дәр- мектер қажет: арнайы препараттар мен қажетті жабдықтар. Эпидемияға қарсы іс-шаралар профилактикалық және эпидемиялық ошақтарда жүр- гізілетіндерге бөлінеді.Инфекция дереккөзін анықтау және оны оқшаулау үшін клиника- лық-диагностикалық, изоляциялық, емдік және режимді шектеу (обсер- вациялық бақылау, карантин) іс-шаралары жүргізіледі. Инфекциялық аурулардың берілу механизмін үзу үшін санитарлық-гигиеналық, залал- сыздандыру және дәрілеу іс-шаралары жүргізіледі; адам ағзасының ин- фекциялық ауруларға шалдыққыштығын төмендету және оны төзімділігін арттыру үшін – иммундық профилактика және иммундық түзету, сонымен қатар жедел профилактика жүргізіледі.Жеке инфекциялық аурулардың ерекшеліктерінен тәуелді, аталған ауруды алдын алу бойынша қандайда бір нақты іс-шаралар көрсетілген. Иммунды профилактика дәрі-дәрмектерімен басқарылатын инфекциялар кезінде осындай іс-шара вакцинация болып табылады. Барлық инфекци- ялар кезінде аурудың пайда болуына кедергісі берілу механизмін үзу бой- ынша іс-шаралары болып табылады, өйткені олар шалдыққыш ағзалар арқылы қоздырғыш пассажының мүмкіндігін төмендетеді.Эпидемиялық процесті басқару. Эпидемиологияда басқарылатын және басқарылмайтын инфекциялар ұғымы қалыптасты. Басқарылмай- тын инфекциялар – инфекциялық аурулар тобы, олармен күресу үшін әзір- ше тиімді іс-шаралар әзірленген жоқ. Нақты ауруды төмендету үрдісінің жоқтығы, тәжірибенің ғылыми негізделген, әлеуетті тиімділігіне ие эпиде- мияға қарсы іс-шараларын іске асырмауымен байланысты болуы мүмкін.Басқарылатын инфекциялар – бұл, ғылыми негізделген іс-шаралары әзірленген және олардың тиімділігі көрсетілген инфекциялық аурулар.Осы инфекциялардың екі негізгі топтары бөлініп отыр: иммунды про- филактика дәрі-дәрмектерімен және санитарлық-гигиеналық іс-шаралар- мен басқарылатын.Адамдардың үй жануарларының зооноздарымен ауыруын алдын алу табиғи ошақты инфекциялардың санитарлық-ветеринарлық іс-шарала- рымен және екпелермен – режимді шектеу және екпе іс-шараларымен қамтамасыз етіледі.Иммунды профилактикалау дәрі-дәрмектерімен басқарылатын инфек- цияларға аэрозольді антропоноздар жатқызылады. Күресу үшін вакцина- лары әзірленгендер, басқарылатындарға жатқызылады, ал вакциналары әзірленбегендер басқарылмайтын болып табылады. Санитарлық-гигиена- лық іс-шаралармен басқарылатын инфекцияларға берілудің нәжістік-ауы- здық механизмі бар антропоноздар жатқызылады. Дегенмен, берілудің аса белсенді нәжістік-ауыздық механизмі бар инфекциялар кезінде (полиоме- лит, А вирустық гепатиті, Зонне дизентериясы) санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың әлеуетті тиімділігі төмен болды. Полиомелитті басқару тек қана вакцинаны әзірлеуден кейін мүмкін болды.Инфекцияны жою. Инфекция, нозологиялық нысаны ретінде жаһан- дық ауқымдағы биологиялық түрі ретінде қоздырғышты жоюмен анықта-лады. Инфекцияны жаһандық жою әкімшілік аумақтардың шеңберінде және ол жерлерде қоздырғыштың, оның әкелінуі кезінде жеделдеуіне ке- дергі болатын жағдайларды туғызумен қоздырғышты жоюдың өңірлік ке- зеңдерінен өтеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшылығымен әртүрлі елдердің біріктірілген күшінің көрнекті жетістігі табиғи шешек- ті жаһандық жою болып табылады. ДДСҰ-мен әзірленген жаһандық ауқымдағы безгекті жою бағдарламасы қоздырғыштың жойылуына әкеп соқтырған жоқ. Қазіргі уақытта кең тропикалық және субтропикалық бел- деулерінде безгекті тежеу бағдарламасы әзірленуде.Ресей Федерациясы сияқты осындай үлкен елдер үшін, тиісті инфек- цияларды өңірлік жою міндеті жеке республикалар мен облыстар аясында науқастылықты бірізді төмендету жолымен мүмкін болып табылады.Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау жүйесі. Ин- фекциялармен күрес жолында қолжеткізілген сәттіліктер, инфекциялық аурулар эпидемиологиясының, оның алдында тұрған негізгі міндеттерді анағұрлым шамасында шешкендей болып көрінетініне әкеп соқтырды.Бұл орайда, инфекциялық аурулармен күресу проблемасы шын- дығында төтенше өзектілігін сақтап отыр. Мысалы, ДДСҰ деректері бойынша, 1990 жылдары жер шарында алапеске шалдыққан 10 млн на- уқас, жұқпалы дереккөз ауруымен ауыратындар – 400 млн., безгекпен150 млн науқас болған. Ауыр ішек инфекцияларынан жыл сайын ша- мамен 500 млн адам зардап шегеді. Ауыр респираторлық ауруларда жыл сайын шамамен 2 млн. адам қаза тапқан, ал барлықы жұқпалы ауруларға 1,5 млрд.адам шалдыққан, яғни адамзаттың төрттен бір бөлігі.Инфекциялық аурулар адамдардың денсаулығы мен біздің елдің эко- номикасына үлкен шығынын келтіруде жалғастыруда. Балалар өлімінің жиілеуіне себепшісі және халықтың мүгедектілік факторлары ретінде инфекциялардың үлесі елеулі. Инфекциялармен шартталған экономика- лық жоғалтулар да елеулі болып келеді. Бұдан бөлек, адамзатқа бұрын соңды белгілі болмаған инфекциялық аурулардың жаңа нысандары тұрақты анықталып келеді (легионеллез, микоплазмозалар, ротави- рус¬тық инфекция, АИТВ-инфекция). Олармен шынайы науқастылық белгісіз, өйткені олар кездейсоқ анықталады.Осылайша, инфекциялық аурулардың эпидемиологиясы өзінің та- рихи мақсатына қол жеткізіп ғана қоймай, керісінше, оның алдында тұрған міндеттердің шеңбері тұрақты кеңейіп келеді. Бұл, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүйесін тұрақты жетілдіруді талап етеді.Эпидемияға қарсы жұмыстың негізгі заманауи ұйымы – профилак- тикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру және оңтайландыру мақсатында белгілі бір аумақтағы нақты аурудың эпидемиялық процесін динамикалық және кешенді бақылаудың эпиде-миологиялық қадағалау жүйесі болып табылады.Эпидемиялық процесті бақылау эпидемиологиялық маңызды ақпа- ратты үзіліссіз жинау, тапсыру және талдауды, эпидемиялық ахуалды тұрақты диагностикалық бағалау және оны дамытудың үрдісін, осы не- гізде басқарушылық шешімдерін әзірлеуді білдіреді.1965 жылы ДДСҰ жаһандық қауіпті ауруларды зерттеу және олар- ды қадағалау әдістерін әзірлеумен шұғылданатын эпидемиологиялық қадағалау бөлімін ұйымдастырды. Осы уақытта инфекциялық аурулар- дың бүтіндей тобын жаһандық эпидемиологиялық қадағалау жүйесі құрылған және белсенді жұмыс істейді. Лаңкестік сипаттағы қауіп-қатерлер мен қауіптіліктерЛаңкестік, қауіпті әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде қоғамның тініне көптеп енуде, өкінішке орай қазіргі әлемнің жүйелік қасиеті болып келеді. Тек соңғы 10 жылдың ішінде (1995 – 2005 жж) әлемде халықаралық лаңкестіктің 6500-ге жуық актілері жасалды, олардың салдарынан 5000 адам қаза тапты және 11 000 аса адам зардап шекті. Мемлекет ішіндегі лаңкестік қауіп-қатерлердің ауқымдары елеулі – әлемде олардың санысоңғы 20 жыл ішінде 40 000-ға жетіп отыр.Тек Ресей Федерациясының өзінде 2000 – 2005 жылдардағы лаңкестік сипаттағы төтенше жағдайлар 2000 адамның өмірін қиды.Лаңкестік актілер көп жағдайда жер шарының барлық бұрышта- рында адамдардың жаппай өліміне, материалдық және мәдени құн- дылықтарды бұзылуы мен жоғалуына әкеп соқтырады, мемлекеттер арасында алауыздықты туғызады, он жылдар бойынша игеріле алмай- тын әлеуметтік және ұлттық топтар арасында соғыстарды және өшпен- діліктерді қоздырады.Лаңкестік себептерін, түп тамырын, нысандарын, идеологиялық және экономикалық негіздерін, олардың таралу географиясын түгелдеп айтпай, қысқаша түрде проблеманың екі аспектілеріне тоқталамыз: қорқыту ак- тілерін өткізу үшін пайдаланыла алатын құралдар мен лаңкестік сипаттағы ТЖ-да зардап шеккендердің (тұтқындардың) мінезіндегі жалпы ережелер. Лаңкестік қауіп-қатерлер топтарға нақты бөлінеді, олардың жікте-лу белгілері теракт кезінде пайдаланылатын құралдардың табиғаты мен шығынды келтіру тәсілі болып табылады. Осындай топтарға мыналар жатқызылады: ядролық, радиациялық, химиялық, биологиялық жарылы- стық, ақпараттық және қылмыстық-күштеп басып алу терроризмі.Лаңкестермен таңдап алынған қорқыту құралынан тәуелді (ядролық қару-жарақтар, радиоактивті материалдар, улаушы заттар, улар,уыттар, биологиялық заттар, қару-жарақтар, от қоспалары) адамдардың зақымда-луы кеңістікте және уақытта зақымдаушы факторлардың қалыптасуы есебінен қолжетімді бола алады:физикалық (иондаушы сәулелердің ағыны, соққы толқыны, жарқын- шақ тиетін алаң, от шары, жылу ағыны және т.б.);химиялық (ауада, суда, тағамдағы улаушы заттардың зақымдаушы кон- центрациясы);биологиялық (әртүрлі ортада және заттардағы қауіпті биологиялық заттардың концентрациясы, олардың төзімділігі, тығыздығы, таратылу және берілу тәсілі және т.б.).Тарихта, лаңкестердің ірі қалада ядролық зарядты жарып жіберу, объ- ектілер мен аумақтарды ластау үшін радиоактивті заттарды пайдаланудың іске асырылмаған қауіп-қатерлері белгілі. Сол уақытта адамзат химиялық және биологиялық лаңкестік құрбандарына тап болды.Бүгінгі күні құрбандар саны бойынша, сонымен қатар экономикалық және әлеуметтік шығындардың ауқымы бойынша ең таратылғаны жа- рылыс және қылмыстық-күштеп (тұтқынға алу) лаңкестік қауіп-қатерлері болып табылады. Олардың үлесіне лаңкестіктің барлық актілерінің 95%- дан аса тиесілі болып отыр.Жару лаңкестігі іске асыру тәсілдері бойынша алуан жүзді, бірақ, бол- мысы бойынша ол екі қағидатты пысықтауға келтіріліп отыр:пайдаланылатын жарылғыш заттардың шектелген көлемі кезінде мак- сималды мүмкін болатын шығынды келтіру;жару әлеуетін жойылатын объектінің инфрақұрылымына қойылған қа- уіптілік әлеуетімен үйлестіру (көліктің барлық түрлері, ғимараттар мен құрылыстар, отын-энергетикалық кешен объектілері, гидроқұрылыс және т.б.).Әлемде, 50%-дан аса жару лаңкестігінің актілері жарылғыш заттармен оқталған автомобильдерді жарумен жасалды.Бұл мәнмәтінде, әртүрлі құрылғылар мен объектілердің жарылу қа- уіп-қатерлігі кезінде эвакуациялау (қоршап алу) аймақтарының минимал- ды қауіпсіз радиустарын білу маңызды болып табылады. Мысалы, РГД-5 және Ф-1 гранаталарының жарылуы кезінде қауіпсіз қашықтық сәйкесін- ше 50 және 200 м (жарқыншақ алаңы бойынша), массасы 200 және 400 г тротил құтысы – 50 және 70 м, ал миналардың (МОН-5) жарылуы кезінде100 м-ден аса.Сөмкелерде немесе чемодандарда қалдырылған құрылғылармен мина- лау туралы күдік кезінде, қауіпсіз қашықтық 400 метрді құрайды. Мина- ланған жеңіл автомобильдер, шағын автобустар және жүк машиналарына дейінгі қашықтық сәйкесінше 500, 900 және 1300 метрден кем болмауы керек.Жарылу қауіп-қатерлігі кезіндегі тәртіп ережесі келесі:бір жерде қалдырылған пакеттерді, сөмкелерді, түйіншектерді алуға, қозғауға, ашуға болмайды;қауіптілік аймағынан тез арада кету және анықталған зат туралы құқық қорғау органының қызметкеріне хабарлау қажет;қоршағандарды мүмкін қауіп-қатер туралы ескерту;жарылудың тікелей қауіп-қатерлігі кезінде, соққы толқынымен және жарқыншақтармен зақымдалу мүмкіндігін азайту мақсатында, жерге жату немесе еңбектеп кету және сенімді бөгет артына түру керек;автокөлікті күдікті, тасталған автомобильдердің, әкімшілік ғимарат- тардың алдында және т.б. тұраққа қоймау.Лаңкестіктің кең ауқымды актілері, әдетте, жарылғыш типтегі затты пайдалану және суық және атыс қаруын қолданумен адамдарды тұтқынға алуды үйлестіреді. Әрине, осындай жағдайларда тұтқынға алынғандар- дың мінез-құлқы бойынша дәл ұсынымдарын беру мүмкін емес, бірақ, өмірді сақтаудың анағұрлым мүмкін болатын жалпы ережелері келесі:бөлме ішінде бола отырып, ғимараттардың күрделі қабырғалардың жанына, терезелерге немесе шығыс есіктерге жақын орналасып алуға ты- рысыңыз;өзіңізді психологиялық түрде өзіңізді құтқарыла алатыныңызға бап- таңыз, ал көмек болса міндетті түрде келетін болады;өзіңіздің мінез-құлқыңызбен және сыртқы келбетіңізбен ерекшелен- беңіз: айқайламаңыз, лаңкестерден еш нәрсені талап етпеңіз, оқыс қимыл- дарды жасамаңыз;лаңкестердің барлық талаптарын орындаңыз, оларға тік қарамаңыз, олармен рұқсат етілген әрекеттерді ғана жасаңыз;кез келген қарсы іс-қимыл жасайтын тараптың белсенді іс-әрекет- терінің басталуы кезінде (ғимараттың, вагонның, ұшақтың шабуылы) ба- сыңызды қолдарыңызбен жауып еденге жату керек;орын алуы даусыз өлімнің анық қауіп-қатерлігі жағдайында, құтқа- рылу үшін барлық мүмкін әрекеттерді жасау керек (қашу, терезеден секіру, лаңкеске зақымдаушы соққы жасау, оның қаруын иеленіп алу және т.б.).Бақылау сұрақтарыТөтенше жағдайлардың жалпы жіктелуін атаңыз.Адамның тіршілік етуі үшін қауіптіліктер мен қауіп-қатерлердің эволюциясы неден құралған?Жер сілкінісі, су тасқыны, қатты жел (дауыл) кезінде зақымдаушы факторлар- дың сипаты қандай?Техногендік тегтегі төтенше жағдайдың жіктелуі мен жалпы сипаттамасын беріңіз.Жарылыс, өрт, радиациялық және химиялық қауіпті объектілердің қиратылуы кезінде адам ағзасына әсер ететін зақымдаушы факторлар қандай?Қоршаған ортаның техногендік ластануының көрінісі неде?Иондағыш сәулелердің адам ағзасына биологиялық әсер ету механизмі неден құралған?Лаңкестік қауіптіліктерге жалпы сипаттамасын беріңіз. Жарылғыш затты анықтау кезінде мінез-құлық ережесі туралы айтып беріңіз.Лаңкестермен адамдарды тұтқынға алу кезінде мінез-құлықтың жалпы ереже- сі қандай?ІІ-бөлімТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ АУМАҚТАРДЫ ҚОРҒАУ- т а р а уТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ Тұрақты даму және қауіпсіздікРесей Федерациясының 25.12.1992 жылғы № 4235-1 «Қауіпсіздік туралы» Заңы, қауіпсіздікті сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден тұлға- ның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің қорға- лу күйі ретінде анықтайды. Басқа сөздермен айтқанда, қауіпсіздік жүйенің қоршаған орта тарапынан барлық мүмкін болатын жағымсыз әсерлерінің жиынтығына қатысты төзімділік сипаттамасы болып табы- лады.Өмірлік маңызды мүдделер – қанағаттандырылуы тұлғаның, қоғам- ның және мемлекеттің прогрессивті даму мүмкіндігі мен тіршілік етуін берік қамтамасыз ететін қажеттіліктердің жиынтығы. Басымдылық тәртіпте қауіпсіздік объектілеріне: адам – оның өмірі, денсаулығы мен құқықтары; қоғам – оның материалдық және рухани қазынасы; мемле- кет – оның конституциялық құрылыс, егемендігі мен аумақтық тұта- стығы жатқызылады.Қауіпсіздік рухани және материалдық қажеттіліктер сияқты адам- ның қажеттілігі болып табылады. Дамудың барлық кезеңдерінде, адам тұрақты түрде жайлылықты, жеке қауіпсіздікті және денсаулықтың сақталуын қамтамасыз етуге ұмтылуда. Бұл ұмтылыс адамдардың көп- теген әрекеттері мен істерінің уәждемесі болып қызмет етеді.Адамның био және техносферамен өзара әрекеттестігінде қауіпсіздік адам, қоғам және табиғи ортаның табиғи және техногендік факторлар- дың жағымсыз әсерлерінен қорғалу күйі ретінде анықталады.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіздіктің негізгі объектілерінің өмірлік маңызы бар мүдделерінің қауіп-қатерлеріне саналы эконо- микалық, ұйымдастырушылық және басқа сипаттағы жүйесі ретінде бірыңғай мемлекеттік саясатын жүргізумен қолжетімді болады. Адам- ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде негізгі мақсат оны технос- ферада табиғи және техногендік жағымсыз әсерлерден қорғау болып табылады. Осы мақсат екі негізгі жолдармен қол жеткізіледі:қауіпсіздік дереккөзін, қандайда бір сілкіністер, катаклизмдер, дүлей апат, зілзала мен апаттардың туындау мүмкіндігінің өзін жою;қауіптіліктерден қорғалғандықты және оларға сенімді қарсыласу қа- білеттілігін арттыру.Осы кезеңдегі табиғи және техногендік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат келесі бағыттар бойынша құрылуда:қауіптіліктің туындау дереккөздері мен себептерін превентивтік тал- дау, олардың кеңістік және уақыттағы әсерін болжамдау және бағалау;халықтың және аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұр- лым тиімді әдістері мен жүйелерін әзірлеу және іске асыру;қауіптіліктердің көрініс салдарын жұмсарту бағытындағы мемлекет- тік реттеу.Қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасын шешу мүмкін қауіптілік- тердің сандық сипаттамаларын сәйкестендіру және анықтауды ғана емес, сол сияқты қауіпсіздік мақсаттар мен оларға сәйкес келетін кри- терийлерді және сандық көрсеткіштерді қалыптастыруды талап етеді.Бүгінгі және болашақ ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаһандық тұжырымдамасы БҰҰ екі негізгі құжаттарында әрекеттер бағдарламасы ретінде тұжырымдалған тұрақты даму тұжырымдамасы болып табылады: «Біздің жалпы болашақ» (1987 ж) және «XXІ ғасырға арналған күн тәртібі» (Рио-де-Жанейродағы Дүниежүзілік форум ма- териалдары, 1992 ж). Соңғы құжат адамзат қоғамдастығының тіршілік етудің ең әртүрлі салаларында 100-ден аса бағдарламаларын қамтиды және болмысы бойынша тұрақты дамуға қол жеткізуге бағытталған бірінші жаһандық әрекеттер жоспары болып табылады.Осы құжаттарға сәйкес, тұрақты даму деп «қоршаған ортаның бо- лашақта тіршілікті қолдау қасиетін тәуекелділікке ұшыратпай, бү- гінгі күннің қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жағдайларды жасау», яғни болашақ ұрпақтың олардың қажеттіліктерін қанағаттандырудағы мүмкіндіктеріне қауіп төндірмеу түсініледі. Көр- сетіліп отырғандай, қауіпсіздік болашақты қамтамасыз етудің жалғыз тәсілі – техносфераның даму, халықтың қауіпсіздігі мен қоршаған та- биғи ортаны сақтаудың проблемаларын кешенді шешу. Қорғаудың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттарыТЖ қауіпсіздігі қауіпсіздіктің негізгі объектілерінің (халық, технос- фера және қоршаған табиғи орта объектілері) төтенше жағдайлардағы қауіптіліктерден қорғалуының күйі ретінде анықталады. ТЖ-ғы қорғалуТЖ туындауына жетелейтін ТЖК әрекеттерінің жағымсыз салдарын болдырмайтын немесе шекті төмендететін күй. Қауіпсіздік объек- тілерінің қорғалуы аумақтар мен халықты қорғауды ұйымдастыру және өткізумен қолжетімді болады.ТЖ-да халықты және аумақтарды қорғау – ТЖК ЗФ-дан өмір мен денсаулыққа қауіп-қатердерін максималды төмендету, халықтың жоғал- тымдарын болдырмау немесе шекті төмендетуге бағытталған, орны, оларды өткізу уақыты мен ресурстары бойынша өзара байланысқан іс-шаралардың кешені.Қорғаудың негізгі мақсаты – ТЖ нәтижесінде туындай алатын шығынды болдырмау немесе минимумдау. Қорғаныс объектілері қа- уіпсіздік объектілерімен сәйкес келеді: адам, қоғам, биосфера, технос- фера, мемлекет. Шынайы бұрыннан бар және перспективалы қауіпсіздік жүйелері қорғаныс объектілері мен олар үшін қауіп-қатерді тудыратын қауіптіліктер жиынтығының ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Тарихи басымды адамның оның тіршілік ету процесіндегі жеке және қоғамдық қауіпсіздігінің жүйесі болып табылады. Қорғау мақсаты бірқатар қорғаудың өзара байланысқан тапсырмаларын шешу жолымен қолжетімді болады.Бірінші міндет – қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету – күтілетін немесе орын алған ТЖ және оның дереккөзі туралы ақпаратты алумен байланысқан. Ол қорғаудың ақпараттық іс-шараларын орындаумен шешіледі, оларға мыналар жатқызылады:мүмкін ТЖ және олардың салдарын болжамдау; қоршаған орта мен техносфераның объектілерінің күйін мониторингтеу;жағдайдың радиациялық, химиялық, эпидемиологиялық, өрттік және басқа да түрлерін анықтау және бағалау;халықты мүмкін ТЖ және мүмкін (жасалған) салдарының қауіп-қа- терлері туралы хабарлау.Екінші міндет – тікелей қорғау – ТЖ туындауы мен оның туын- дауының шынайы қауіптілігі жағдайында жағымсыз салдардың кері әсерін болдырмау немесе деңгейін тікелей төмендету. Оны шешу бой- ынша іс-шаралар:халықты және аумақты инженерлік қорғау; халықты радиациялық, химиялық, медициналық қорғау; халықты эвакуациялау;аумақтарды немесе өмірлік әрекетінің қалыпты жағдайлары бұ- зылған аумақтарды ластанудан қорғау режимдерін қолдану.Үшінші міндет – ТЖ салдарын жою және ахуалды қалыпқа келтіру. оны шешу бойынша іс-шаралар: апаттық-құтқару жұмыстарын жүргі- зу; мекенді және объектілерді зарарсыздандыру; ТЖ аймақтарында ха- лықтың тіршілігін қамтамасыз ету.Бейбіт және соғыс уақытында халықты және аумақтарды ТЖ-дан қорғау келесілердің жатқызылатын қағидаттар жүйесіне сәйкес ұй- ымдастырылады.Жауапкершілік қағидаты, қорғаудың мемлекеттік билік және басқа- ру органдарының, сонымен қатар барлық деңгейлердегі жергілікті өзінөзі басқару органдарының, барлық меншік түрлеріндегі кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басшыларының маңызды міндеті болып табылады. Қорғау саласындағы өкілдік және атқарушы органдары- ның күштерін, сонымен қатар тиісті күштерін оның барлық сатылық құрылымында біріктіру үшін, 1995 жылы Ресейде Бірыңғай мемлекет- тік төтенше жағдайлардың зардаптарын болдырмау және жою жүйесі (РТЖЖ) құрылды.Жауапкершілік қағидаты ТЖ туындаған аймақтарда, РФ атқарушы билік органдарының, ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару орган- дарының күштері мен құралдарымен ТЖ жою бойынша іс-шараларын іске асыру жауапкершілігін анықтайды. Осы күштер мен құралдардың жеткіліксіздігі кезінде, федералдық атқарушы органдардың күштері меен құралдары жұмылдырылады.Кешенділік қағидаты оған сәйкес қорғау табиғи және техногендік ТЖК бір уақытта іске асырылады, бұл орайда қорғауға Ресей Федера- циясының барлық халқы, сонымен қатар Ресей аумағындағы шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар жатқызылады (басқа сөздермен айтқанда «барлығы барлығынан» қағидаты).Үзіліссіздік қағидаты («барлық жерде және әрқашан»), оған сәйкес қорғау іс-шаралары елдің барлық аумағында өндірістік-аумақтық қағи- даты бойынша («барлық жерде» - кеңістіктегі үзіліссіздік), ал уақыт бойынша – алдын-ала, ТЖ туындауына дейін іске асырылады, оны іске асыру процесінде және жағдайды қалыпқа келтіру («әрдайым») бары- сында ТЖ ескертудің превентивті шараларына ТЖ кешенділік қағи- датынан туындайды. Кешенділік және үзіліссіздік қорғауға қорғаудың барлық объектілеріне қорғалғандық қасиетін қамтамасыз етуді кепілдей отырып жалпылама сипатын береді.Дифференцтілік қағидаты («әрбіріне өзінікі») – аумақтарды және олардың әлеуеттіқауіптілігініңәскери-экономикалық жәнеәкімшілік-са- яси мәнін ескерумен қорғаудың шараларын жоспарлау және іске асы- рудың негізі. Аумақтардың әлеуетті қауіптілігі оларда мүмкін ТЖК, олардың қуаттылығын, дәрежесін және туындайтын ТЖ ұзақтылығын орналастырумен шартталған.Өңірлердің қауіптілік көрсеткіштері ретінде мыналар қабылдана- ды: жылына кез келген түрдегі мүмкін ТЖ саны; жылына зардап шек- кендердің (қаза тапқандардың) саны; жылына ТЖ-дан материалдық шығын; өңірдегі ПОО саны;ЗФ ТЖК әрекеті болуы мүмкін аймақтардың аумағы.Мысал үшін 4.1-кестеде Ресей өңірлері қауіптілігінің орташаланды- рылған кейбір көрсеткіштері келтірілген.Өңірлерде әрбір аймақ үшін бұдан кейінгі, анағұрлым ұсақ, аймақтау, төмендегілерді ескеретін қорғаудың типтік нұсқалары әзірленеді: қала құрылысы және аумақтарды халықты қорғау мүдделерін ескерумен қоныстандыру;ПОО, қалалық және ауыл қонысын саналы орналастыру; халықты ТЖ- дан қорғау саласындағы қадағалауды іске асыру және т.б. Саналы жеткілік- тілік қағидаты – қорғаушы іс-шараларды өткізудің, оларды іске асырудың экономикалық мүмкіндіктеріне, әлеуетті қауіптілік дәрежесіне сүйене оты- рып көлемдерін, мазмұнын және мерзімдерін анықтаудың негізі. Ештеңе қа- жеттісінен көп болмауы керек («шектен шықпау»). Аталған қағидатты іске асыру екі мақсат бойынша бұрыннан бар ресурстарды (ғимараттар, құрылы- стар, техникалық құралдар, материалдық мүлік) максималды пайдалануды болжамдайды: өндірістік мақсаттарда және халықты қорғау үшін. Халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыруҚорғауды ұйымдастыру оны іске асыруға бағытталған өзара байланысқан әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Қорғауды ұйымдастыру өзіне: қорғаудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау; халықты қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау; міндеттерді орындаушыларға дейін жеткізу және оларды дайындау; қойылған міндеттерді орындауды бақылау және тексеру; ТЖ-жа қорғаудың іс-шараларын тікелей орындауды басқаруды қамтиды.Барлық Ұйымдастырушылық жұмыс – РТЖЖ жұмыс істеуі аясында іске асырылады.РТЖЖ мақсаты мен міндеттері Федералдық «Халықты және аумақтар- ды табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дан қорғау туралы» заңмен анықталған.Осы жүйені құрудың негізгі мақсаты – федералдық атқарушы биліктің орталық органдарының, РФ субъектілерінің, қалалар мен өңірлердің өкілдік билік органдарының, ТЖ болдырмау және жою саласындағы ұйымдар, ме- кемелер мен кәсіпорындардың күштерін біріктіру.РТЖЖ негізгі міндеттері.ТЖ болдырмауға және ТЖ жағдайларында кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру (осы міндеттің маңыздылығы, ТЖ санының ұлғаюы және олардан келтірілетін шығынның өсу шамасы бойынша олардың салдарын жою бойынша күштері қаражат- тардың жеткіліксіздігі кесірінен анағұрлым тиімсіз болуда; халықаралық сарапшылардың есебі ойынша ТЖ болжамдауға және оларға дайындықты қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындар анағұрлым төмен).Басқару органдарының әрекеттеріне, ТЖ-дан қорғауға арналған күштер мен қаражаттардың дайындылығын қамтамасыз ету.Мәліметтерді қорғау саласындағы жария, ашық, шынайы және же- дел ақпаратты жинау, өңдеу және беру:болжамдалатын және туындаған ТЖ және олардың салдары туралы; аумақтағы радиациялық, химиялық, медициналық-биологиялық, өрттікжәне экологиялық жағдайлар.Халықты ТЖ-ғы әрекеттерге дайындау.Төтенше жағдайларды жою.Халықты, ТЖ-дан зардап шеккенді әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды іске асыру.РТЖЖ құрылымы күрделі ұйымдастырушылық жүйелері үшін қарапай- ым көп деңгейлі сатылық құрылымы болып табылады. Ол елдің әкімшілік құрылысына жауапты бес деңгейіне ие: федералдық, өңірлік, аумақтық (РФ субъектісі аумағының шеңберінде), жергілікті (РФ субъектісінің әкімшілік бөлінуіне сәйкес: облыс, қала, аудан), объектілік (кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер).Әрбір деңгейде тиісті ішкі жүйелерін қалыптастыратын аумақтық және функционалдық органдары бар.Аумақтық ішкі жүйелер ТЖ-ды олардың аумақтары шеңберінде болды- рмау және жою үшін РФ субъектілерінде құрылады және осы аумақтардың әкімшілік-аумақтық бөлінуіне сәйкес келетін буындардан құралған.Функционалдық ішкі жүйелер атқарушы биліктің федералдық органда- рымен олардың қызмет саласында және оларға тапсырылған экономика са- лаларында халықты және аумақтарды ТЖ-дан қорғау бойынша міндеттерді шешу үшін құрылады. Осындай ішкі жүйелердің саны 30-дан асып отыр. Оларға мыналар жатқызылады:табиғи гидрометеорологиялық және геофизикалық құбылыстарды және қоршаған ортаның ахуалын Ресей Федералдық гидрометеорология жәнеқоршаған ортаны мониторингтеу қызметінің базасында (Росгидромет) қа- дағалау және бақылау ішкі жүйесі;РФ Федералдық орман шаруашылығы қызметінің базасында ормандар- ды өрттерден қорғау ішкі жүйесі;Ресейдің Мемлекеттік техникалық қадағалау және Мемлекеттік атомды қадағалау базасындаңы тікелей қауіпті объектілердің ахуалын бақылау ішкі жүйесі;Ресей ғылым академиясы, Ресей Федерациясының Қорғаныс министр- лігі базасында жер сілкіністерін болжамдау және сейсмологиялық бақылау ішкі жүйесі және т.б.РТЖЖ әрбір деңгейі төтенше жағдайлар бойынша тұрақты әрекет етуші комиссиялары (ТЖК) түріндегі өзінің үйлестіруші органдарына, күштері мен құралдарына, қаржылық және материалдық резервтеріне және т.б. ие.РТЖЖ үйлестіруші органдары:федералдық деңгейде – ТЖ болдырмау және жою бойнша ведомсвто- аралық комиссиялар (ВАК) және атқарушы биліктің федералдық орган- дарындағы (министрліктер, ведомстволар) ТЖ бойынша ведомсвтолық комиссиялар – ТЖК;барлық қалған деңгейлерде – тиісті ТЖК (РФ өңірі, РФ субъектісі, аудан, қала, қаладағы аудан, объектілік комиссиялар).РТЖЖ жұмыс істеу режимдері. Нақты аумақтың шеңберіндегі күтілетін немесе туындаған ТЖ ауқымы, ахуалына байланысты, атқарушы жилік органдарының немесе жергілікті өзін өзі басқару органының шешімімен РТЖЖ жұмыс істеуінің келесі режимдерінің бірі орнатылады:күнделікті қызмет – қалыпты өндірістік-өнеркәсіптік, радиациялық, хи- миялық, биологиялық, сейсмикалық және гидрометеорологиялық жағдай- лар кезінде;жоғары дайындылық – жағдайды нашарлауы (қалыптыдан ауытқуы), ТЖ мүмкін туындауы туралы болжамды алу кезінде;төтенше ахуал – ТЖ туындауы кезінде және жою уақытында.Осы режимдердің әрбірінде қорғауды ұйымдастырумен байланысқан қандайда бір іс-шаралары іске асырылады.Күнделікті қызмет режимінде келесі негізгі (және анық) іс-шараларды өткізу ұйымдастырылады: ТЖ жағдайларындағы әрекеттерге халықты дай- ындау (оқыту), жоспарлау, бақылау.Жоғары дайындық режимінде ТЖ-дан қорғау және жоюдың барлық күштері мен құралдары Әрекеттер жоспарына сәйкес мақсаты бойынша тез арада қолданылуы үшін дайын болады. Үзіліссіз әрекет режиміне басқару, бақылау және қадағалау органдарының күштері мен құралдары көшіріледі; салдарды жоюдың күштері мен құралдары қажеттілік кезінде болжамдық ТЖ аудандарына шығарылады. Аумақтық және функционалдық ішкі жүй- елеріне басшылығын өзіне ТЖ бойынша тиісті комиссиялары қабылдайды.Төтенше ахуал режимінде барлық күштер мен құралдарды олардың мақсаты бойынша тез арада қолдану іске асырылады және халықты ТЖ-дан тікелей қорғау бойынша шаралары іске асырылады.Бірінші кезеңде өзіне төмендегілерді қамтитын қорғау бойынша жедел шаралары қабылданады:халықты қауіптілік туралы құлақтандыру;халықты қорғау және ТЖ дереккөздерін оқшаулау үшін қолдағы құрал- дарды пайдалану;ластану аймақтарындағы мінез-құлық режимдерін сақтау, ал қажеттілік кезінде – эвакуациялау.Екінші кезеңде апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыста- ры, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жүргізіледі.На третьем этапе решаются задачи по первоочередному жизне-обеспе- чению населения в районах, пострадавших в результате действия ИЧС. С этой целью выполняются: Үшінші кезеңде ТЖК әрекеті нәтижесінде зардап шеккен аудандарда халықтың бірінші кезектегі тіршілігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалары шешіледі. Осы мақсатпен:халықты ластанбаған азық-түлікпен, сумен және алғашқы қажеттілік зат- тарымен қамтамасыз ету; материалдық көмекті бөліп тарату және т.б. орын- далады.Осы кезеңнің негізгі іс-шаралары жергілікті билік органдарымен жүр- гізіледі. Халықты (зардап шеккен және эвакуацияланған) азық-түлікпен, алғашқы қажеттілік заттарымен, материалдық-техникалық мүлікпен қамта- масыз ету нормалары РФ әрбір субъектісімен белгіленеді. Материалдық-тех- никалық мүлікке құрылыс материалдары (цемент, шифер, рубероид, орман, шыны және т.б.) жатқызылады, оларға арналған нормалар анықталмаған, тек қана олардың номенклатурасы белгіленген. - т а р а уҚОРҒАУДЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 5.1 Қауіпті табиғи және техногендік процестер мен құбылыстарды мониторингтеуХалықты және аумақтарды қорғауды уақтылы қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, бейнелеу және түсіндіруге ар- налған қорғаудың ақпараттық іс-шараларының тобы (радиациялық, хими- ялық, биологиялық және басқа да ахуалдарды мониторингтеу, болжамдау, анықтау және бағалау) қорғаудың ақпараттық қамтамасыз етуін құрайды. Бұл тарауда осы іс-шаралардың негізгілері қарастырылады.Қауіпті процестер мен құбылыстарды мониторингтеу (латын тілінен monіtor – қадағалаушы) (бұдан әрі – мониторингтеу) – қауіпті процестер мен құбылыстар, сонымен қатар олардың қалыптасу мен дамуын шарттай- тын факторлар туралы ақпаратты тұрақты қадағалау, бақылау және жинау. Әртүрлі ақпараттық жүйелерден қарағанда (автоматты басқару, автоматты реттеу және т.б.) мониторингтеу жүйелерінің міндеттері тек қана ақпарат- ты алумен шектеледі және әдетте басқару мәселелерін қозғамайды.Мониторингтеу өзіне қызметтің келесі негізгі бағыттарын қамтиды: әсер етуші фаткорларды бақылау;объектілер мен табиғи ортаның нақты күйін бағалау; табиғи ортаның және объектілердің күйін болжамдау.Осылайша, мониторингтеу – бұл, табиғи ортаның және объек- тілердің күйін бақылау, бағалау және болжамдау жүйесі. Негізгі мақса- тына байланысты, мониторингтеу табиғи және техногендікке бөлінеді. Қос жағдайларда да оның мақсаты – ТЖ туындауын болдырмау бойын- ша іс-шараларды уақтылы әзірлеу және өткізу үшін ақпаратты алу. ТЖ туындауы жағдайында, мониторингтеу осы мақсаттарда жүргізілетін бар- лаумен қатар уақытта жағдайдың дамуын бақылау үшін пайдаланылады (оның күштері мен құралдары).Табиғи мониторинг – бұл, қауіпті табиғи процестер мен құбылыстар- ды мониторингтеу. Қазіргі уақытта анағұрлым дамығандары гидрометео- рологиялық және сейсмикалық мониторингтеу жүйелері болып табылады. Гидрологиялық және метеорологиялық сипаттағы оқиғаларды бақы- лау ел аумағы бойынша жинақталған Ресгидромет ұйымдарымен (Фе- дералдық гидрометеорология және қоршаған ортаны мониторингтеу жөніндегі қызмет) іске асырылады. Мониторингтеу жүйесі өзіне 1500 гидрологиялық және метеорологиялық станцияларды, шамамен 2000 қа-дағалау посттарын қамтиды.Құралдардың айтылып отырған жүйесі атмосфера, топырақ, теңіз ортасы, көлдер мен өзендердің, ауыл шаруашылық егістерін, ластаушы заттардың трансшекаралық көшірілуінің ахуалын қадағалау және баға- лауды іске асырады. Оның міндеттері гидрометеорологиялық және аэро- метеорологиялық сипаттағы қауіпті табиғи құбылыстар, табиғи ортаның экстремалдық ласталуы, климаттың өзгеруі туралы, Жер бетіндегі және жер айналасындағы ғарыштық кеңістіктегі радиациялық ахуал туралы мәліметтерді ұсыну кіреді.Біздің елдегі сейсмикалық мониторингтеу федералдық сейсмикалық қадағалау жүйесімен іске асырылады.Анағұрлым қуатты сейсможүйелеріне АҚШ, Жапония және Қытай ие. АШҚ аумағында қазіргі уақытта бірнеше мың стационарлық сейсмостан- циялары жұмыс істейді. Әлеуетті қауіпті аудандарда (мысалы, Калифор- ния) станциялар арасындағы орташа қашықтық небәрі 10 шақырымдықұрайды. Сейсможелілердің анағұрлым сейсмикалық қауіпті аудандар үшін басымдылығымен үлкен аумақтарды бақылау керек екендігі анық. Осы мақсатпен құрылыс ережелелері мен нормаларында ескерілетін сейсмикалық аудандаудың карталары әзірленуде және тұрақты жетіл- діріліп келеді.Техногендік мониторингтеу өзіне объектідегі технологиялық процесс параметрлерін, зиянды заттардың тастауларын, объектіге жанасатын ау- мақтардағы, ал апаттар жағдайында – олардан тыс қоршаған ортаның күй- ін өлшеу рәсімдерін қамтиды.Мониторингтеу, әдетте, нақты әлеуетті қауіпті объектілерде және олардың санитарлық-қорғалған аймақтарының шеңберінде ұйымдасты- рылады. АЭС үшін міндетті мониторингтеуге қадағалау және бақылаудың 30-шақырымдық аймағы жатқызылады (апатсыз жағдайларда).Радиактивтік және химиялық ластауды кешенді мониторингтеу қор- шаған ортаның күйін радиациялық және химиялық бақылау жүйелерінің логикалық түрде дамуы болып табылады. Оның негізгі тағайындалуы – қоршаған ортадағы радиоактивті және химиялық заттардың пайда болуын қадағалау және бақылау. Жүйе, қоршаған ортаның радиациялық және химиялық ластануы жағдайларында қорғау және оңалту іс-шараларын өткізуге шешімдерін қабылдауға арналған ақпаратты алу мақсатында қа- лыптастырылған.Мониторингтеу деректері мен нәтижесінде алынған қауіпті процестер мен құбылыстар туралы жүйелі ақпарат төтенше жағдайларды болжамдау және туындағанынан кейін олардың өзгерістерін бақылау үшін негіз бо- лып қызмет етеді.Қадағалау мүмкін әсер ету дереккөздеріне (табиғи процестер, ПОО), әсер ету факторларына (қалыпты жағдайларда және ТЖ туындауы кезін- де), әсер ету нәтижелеріне (адамға, объектіге, қоршаған ортаға) іске асы- рылады. Алынған ақпарат тек күйін бейнелеп қана қоймай, сол сияқты жағдайды және оның дамуын болжамдауға мүмкіндік береді. Болжамда- латын жағдайды бағалау күтілетін шығынды анықтауға келтіріледі. Басқа- ру органы ТЖ болдырмау, оның ауқымдарын шектеу, қорғау шараларын қабылдау үшін барлық келіп түсетін ақпаратты пайдаланады.5.2. Төтенше жағдайларды болжамдау Төтенше жағдайларды болжамдау негіздеріБолжамдау – бұл, процестің немесе құбылыстың болашақ күйі туралы сапалық және сандық сипаттамаларын алу.Болжамдау кезіндегі анағұрлым маңызды элемент – өткен шақтағыжәне қазіргі уақыттағы оның мінез-құлқын, осы мінез-құлықтың заң- дылықтарын ашатын болжамдау объектісі туралы ақпарат. Ол қандайда бір әдістерді пайдаланумен болашақтағы объектінің ахуалын анықтауға мүмкіндік береді.Болжамдау әдістері үш топқа бөлінеді: эвристикалық, статистикалық, математикалық үлгілеу.Эвристикалық әдістер сарапшы мамандардың пікірлерін пайдалану- дан құралады және формулаландырылуы мүмкін болмайтын (формула- лар, теңеулер түрінде ұсыну) болжамдау процестері үшін пайдаланылады. Сарапшылардың жұмысы үшін бастысы – болжамдалатын процесс тура- лы объективті бастапқы ақпаратты алу.Эвристикалық болжамдау әлеуметтік және тарихи процестерді даму үрдісін, ғылым және техниканың даму үрдісін анықтау үшін кеңінен қол- данылады (сапалық болжамдау, мысалы, ғылымдар, әлеуметтанушылар, саясаткерлер, жазушы-футурологтардың бағалауларына негізделген және т.б.).Болжамдаудың статистикалық әдістері қызығушылық туғызып оты- рған құбылыстар мен процестер туралы статистикалық материалды өңдеу және алынған сипаттамаларды уақытпен байланыстыратын математика- лық тәуелділіктерді алу негізінде құрылады.Математикалық үлгілеу бастапқы болып табылатын статистикалық материал (қадағалаулар нәтижесінде) негізінде орындалады.Барлық баяндалғанды ТЖ болжамдауға да жатқызуға болады.Төтенше жағдайларды болжамдау – өткен шақта және қазіргі уақыт- та ТЖ туындау себептері мен дереккөздерін талдау негізінде болашақтағы ТЖ туындауы мен даму процесі туралы сандық сипаттамаларын алу.Мақсаты бойынша ТЖ болжамдау процесі логикалық түрде екі кезең- ге бөлінеді:ТЖ туындауын болжамдау;ТЖ дамуы мен салдарының сценарийлерін болжамдау.Бастапқы ақпараттың әртүрлі мақсаттары, көлемдері, оның мазмұны мен алу тәсілдері, бір жағынан осы кезеңдерді жекелей қарастыруға мүм- кіндік береді; екінші жағынан, екі кезең бір процестің – ТЖ туындауы мен дамуын болжамдаудың сатылары бола отырып, үзіліссіз бір бірімен байланысқан. Төтенше жағдайлардың туындауының болжамыТуындауды болжамдау әдістері табиғи сипаттағы ТЖ-ға, дәлірек айт- сақ оларды туғызатын ТЖК-не қолданылмалы түрде анағұрлым дамыған. ТЖ туындауын уақтылы болжамдау үшін ең алдымен, табиғи апаттар мен техногендік оқиғалардың жаршыларын – Жердің магниттік, электрлі,гравитациялық алаңдарындағы, табиғи ортада немесе қауіпті оқиғаның басталуына дейін бірнеше уақыт ішінде пайда болатын, бірақ осы оқиға- мен шартталған ПОО технологиялық процестеріндегі өзгерістерді мемле- кеттік мониторингтеудің жақсы ретке келтірілген жүйесі қажет.Техногендік ТЖ болжамдау міндеті табиғидан қарағанда, анағұрлым оңай шешіледі, өйткені техногендік ТЖК үшін көптеген жағдайлардың басым бөлігінде оның координаттарымен максималды қуаттылығы (қа- уіптілік әлеуеті) алдын ала белгілі.Табиғи қауіпті құбылыстардың тәуекелділігі бар аудандарда, әдетте техногендік сипаттағы екінші деңгейлі қауіптіліктері туындай алады. Осы жерде орналасқан объектілерді мониторингтеу және бақылау, сонымен қатар олардағы ТЖ-дың туындауын болжамдау, жағымсыз табиғи проце- стердің мүмкін болатын зақымдаушы әрекеттерін ескерумен іске асыры- лады.ТЖ туындауын ескерту уақыты бойынша ұзақ мерзімдік, орта – және қысқа мерзімдік болжамы бөліп көрсетіледі. Халықтың және аумақтың қауіпсіздігін басқару үшін, ең алдымен халықты қорғау, стратегиялық шешімдерді (қорғаудың превентивті шараларын) қабылдау саласын- дағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мақсатында өткізілетін ұзақ мерзімдік болжамдауы (бірнеше жылға дейін) қажет. Қысқа мерзімдік болжамдау (сағаттар, күндер) халықты қорғау бойынша (мысалы, жер сіл- кінісі кезінде эвакуациялау) жедел тактикалық шараларды қабылдау үшін аса қажет.280 мың адамның өліміне әкеп соқтырған 2004 жылғы 26 желтоқсанда орын алған қайғылы жағдай көрсеткендей (Үнді мұхитындағы цунами) адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің төтенше маңызды элементі мүмкін қауіптілікті болжамдау ғана емес, сол сияқты маңызды болып та- былатын халықты осы қауіптілік туралы уақтылы құлақтандыру болып табылады. Төтенше жағдайлардың зардаптарын болжамыЗардаптарды болжау әдістері табиғи ТЖ, сол сияқты техногенділерге қатысты жақсы дамыған. Бұл болжаудың негізгі мақсаты ТЖ- дан мүмкін болатын зақымды анықтаудан және халық пен аумақтарды қорғау бойын- ша шаралар жасаудан тұрады.Әдетте зардаптарын болжауды екі кезеңде жүргізеді. Бірінші кезең – күні бұрын болжау, екіншісі – жедел. Бұл кезеңдер үшін ортағы болжау әдісі мен мазмұны болып табылады: есептеу жолымен ТЖ негізгі сипат- тамаларын анықтау. Кезеңдер мақсаттарымен, көлемімен және бастапқы ақпаратты алу тәсілдерімен, болжау нәтижелерін қолданумен ерекшеле- неді.Күні бұрын болжау автоматтандырылған жүйелердің, бағдарламалық кешендердің көмегімен, арнайы кестелер мен РТЖЖ басқару пункттерін- дегі анықтамалықтар бойынша жүргізіледі. Залал объектілердің жалпы саны, қандай да бір ЗФ әрекет ету аймағында болатын халықтың үлесі бойынша анықталады. Алаңдық және желілік объектілер (жолдар, маги- стральдар) үшін залал ТЖ аймағына түскен объектінің ауданының (ұзын- дығының) салыстырмалы үлесі ретінде есептеледі. Ақырында күні бұрын болжау кезінде берілген өңір үшін зардаптардың жалпыланған сипатта- маларын алады, алайда, олар нақты объектідегі жағдай туралы ақпарат бермейді.Оперативті болжау қауіптілік дереккөзінің сипаттамалары туралы, нақты қалыптасқан жағдай және ТЖ аймағында әрекет етуші факторлар туралы нақты деректердің негізінде бірден орындалады. Нақты жағдайды бағалауБұл бағалаудың негізгі тағайындалуы – оперативті болжау нәтиже- лерін кезең- кезең нақтылау және халықты қорғау мен ТЖ зардаптарын жою үшін қандай да бір шешімдер қабылдау үшін нақты жағдай туралы ақпаратты алу. Бұл ақпаратты алу дереккөздері ТЖ аймақтарынан баянда- малар мен хабарламалар, ТЖ туындау қаупі аудандарында барлау нәтиже- лері, мониторинг деректері.Жерлерден, яғни тікелей объектіден немесе ТЖК әрекет ету ауданынан баяндамалар нақты ақпаратты алудың неғұрлым оперативті құралы болып табылады, бірақ бұл туындаған жағдайға байланысты әркез мүмкін бола бермейді. Сондықтан ТЖ туындауынан кейін нақты жағдайды бағалаудың неғұрлым тиімді тәсілі барлау болып табылады.ТЖ зардаптарының алдын алу және жою мүдделерінде барлау – бұл қоршаған ортаның күйі туралы және ТЖ аймағындағы, сондай-ақ апатты- құтқару жұмыстары объектілері мен учаскелеріндегі жағдай туралы де- ректерді өндіру, жинау, жалпылау және талдау бойынша шаралар кешені. Жалпы барлау қалыптасқан жағдай туралы ақпаратты алу мақсатында жүргізіледі; арнайы- арнайы техникалық құралдардың көмегімен жағдай- дың жекелеген сипаттамаларын нақтылау мақсатында (радиациялық, хи-миялық және басқа да барлау түрлері).ТЖ ауданындағы жағдай туралы ақпарат үздіксіз және тәулік бойы түсіп тұруы тиіс. Бұл ретте жағдай туралы алғашқы мәліметтерді арнайы барлау құрамалары алады, кейінгілерін – апатты- құтқару құрамалары. Барлау тәсілін таңдау жағдайдың шарттарына және шешілетін тапсырма- лардың сипатына байланысты.Әуе барлауы оны үлкен алаңдарда, қиын қолжетімді аудандарда жүргі- зу кезінде, сондай-ақ уақыт тапшылығы кезінде тиімді. Ол төмен ұшатынұшақтарда (500 м дейін) және тікұшақтарда жүргізіледі. Барлау құралда- рының кешені көп функционалды: инфрақызыл, фототелевизиялық аппа- ратура, радиациялық және химиялық бақылау аппарату¬расы және т.б.Жерүсті барлауы әуе барлауы деректерін нақтылау үшін және апатты- құтқару жұмыстары жүргізілуі тиіс нақты объектілердегі жағдайды баға- лау үшін жүргізіледі. Бір уақытта ТЖ аймақтарында қоршаған ортаның күйін мониторингтеу мен жағдайдың дамуын бақылаулар жүргізіледі.Кеңістік пен уақытта барлау жүргізу үздіксіздігі жағдайдың өзгері- стерін үнемі бақылап отыруды және бұл өзгерістерге сәйкес қабылдана- тын басқарушы шешімдерді түзетуді қамтамасыз етеді. Радиациялық жағдайды анықтау және бағалауРадиациялық жағдай (РЖ) – қоршаған ортаның радиоактивтік ласта- нуы кезінде туындайтын және халықтың өмір сүруіне кері әсер ететін жағдайлар мен факторлар. Ортаның радиоактивтік ластануы (бұдан әрі – жердің радиоактивтік ластануы, ЖРЛ) келесі жағдайларда пайда болуы мүмкін:АЭС қалыпты пайдалану кезінде қоршаған ортаға газды-аэрозольді және сұйық радиоактивтік қалдықтардың шығарындылары нәтижесінде;атомдық отын циклындағы кәсіпорындарда (ең алдымен АЭС) реак- тордың белсенді аймағының бұзылуымен болған авариялар;әскери әрекеттерді жүргізу жағдайында ядролық соққыларды жасау. Екінші жағдайда ЖРЛ-дің ерекшеліктері: ластанудың елеулі көлемі (он- даған және жүздеген мың шаршы шақырымға дейін);олардың сақталу уақытының ұзақтығы (айлар, жылдар);ЖРЛ-ды тек қана арнайы аспаптармен анықтау мүмкіндігі (ластану- дың не түсі, не иісі, не дәмі жоқ).ЖРЛ қаупі екі радиациялық фактордың әрекетімен шартталған: адамдардың топырақ бетіне, өсімдік жамылғысына, заттарға түскенрадиоактивтік бөліну өнімдерінің гамма-сәулелендіруімен сырттай сәуле- лену дозасымен;радиоактивтік заттар ластанған ауамен тыныс алған кезде, сондай-ақ сумен және тағам өнімдерімен бірге ас қорыту жолы арқылы ағзаның іші- не түскен кезде туындайтын ішкі сәуелелену дозасымен.Р дозасының қуаты сыртқы сәулелену қаупіне байланысты ЖРЛ-дың негізгі сандық сипаттамасы болып табылады, өйткені сыртқы сәулеле- ну дозасы D= Pt тең, мұнда t – сәулелену ұзақтығы. Р-ні біле отырып, күтілетін дозаны болжауға және қажет болған кезде оны азайту бойынша шараларды әзірлеуге болады.ЖРЛ-дың халықтың өмір сүруіне әсер ету дәрежесін анықтау және қорғау шараларын қабылдау үшін РЖ-ны анықтау мен бағалауды жүргізеді.РЖ анықтау ЖРЛ ауқымын, яғни оның залалдану аймағының өле- шемдерін және жерде орналасуын, доза қуатының мәндерін және олардың уақытта өзгеруін анықтауды қамтиды.РЖ бағалау ЖРЛ салдарын анықтауды қамтиды, мұнда радиациялық факторлардың халыққа, қоршаған ортаға әсердің барлық нәтижелері және ТЖ-дан кейін салдарды жою күштері: радиациялық шығындар; ластанған материалдық-техникалық ресурстардың, азық-түліктің, судың көлемі; нақты ауданда ластану ауданы деп түсініледі. Радиациялық барлау мен бақылаудың техникалық құралдарыЛастанған жерде үш радиациялық шама туралы өлшеу ақпаратын алу қажет:сыртқы сәулелену дозасы D (сіңірілген немесе баламалы, бұл ЖРЛ- дың гамма-сәулелендірудің әсері кезінде тең);дозаның тиісті қуаты Р;беткі, көлемдік және салыстырмалы белсенділік А (радиоактивтік зат- тардың аудан бірлігіндегі, ауаның немесе судың көлем бірлігіндегі және азық-түлік массасының бірлігіндегі мөлшері).Осы мақсатпен өлшеу құралдары – үш түрлі аспаптар қолданылады: дозаны өлшеуіштер (ДӨ, ескі атауы – дозиметрлер);дозаның қуатын өлшеуіштері (ДҚӨ, кей кезде рентге¬нометрлер деп атайды);белсенділік өлшеуіштер (радиометрлер).Осы үш типтік қолданыстағы аспаптардың алуан түрлеріне қара- мастан, олардың барлығында құрылу мен әрекет етудің бірыңғай қағида- лары бар. Аспаптардың басым бөлігінің негізінде ионизациялау әрекет ету қағидасы жатыр.Біз ионизациялау сәулелендірудің әсерінен кез келген тірі мен өлі та- биғаттың затында атомдардан электрондар шығып кетіп, оң зарядталған иондар қалыптасқанын анықтадық. Иондауға жұмсалатын энергия, бір жағынан ИИ биологиялық әсерінің шарасы болып қызмет етеді, ал басқа тараптан – кейбір заттарда (ауа, газдар, бір қатар қатты денелер) өлшеуге оңай электрлік сигналға айналдырылуы мүмкін. Бұл қағида көптеген ар- найы, тұрмыстық, әскери аспаптарда іске асырылады. Радиациялық жағдайда бағалау. ДозиметрияАтом өнеркәсібінінің кәсіпорындарында авария кезінде радиоактивтік зақымға ауа, жергілікті жер және оның үстінде орналасқан құрылыстар, техника, мүлік шалдығады.Радиациялық жағдай – жергілікті жердің радиоактивтік зақымданунәтижесіндегі жағдай – экономика объектілерінің өндірістік қызметіне, әскери емес құрылымдарының іс-әрекеттеріне, халықтың өмір сүруі- не елеулі әсер етуі мүмкін. Адамдардың, ауылшаруашылық малдардың, өсімдіктердің зақымдану қаупі радиациялық жағдайды тез анықтау мен бағалауды, оның құтқару жұмыстарын жүргізуге әсерін есепке алуды та- лап етеді.Объектілерде (қалалық және ауылдық аудандарда) нақты радиациялық пен химиялық жағдайды радиациялық пен химиялық бақылау бекеттері (РХББ), радиациялық пен химиялық барлау бөлімдері мен топтары, аза- маттық қорғаныс (АҚ) құрылымдарының дозиметристтер-химиктер бел- гілеп отырады.Дозиметрияның азаматтық қорғаныстағы негізгі міндеті – радиаци- ялық жағдайдың әртүрлі жағдайларында жөнді әрекеттерді қамтамасыз ету мақсатында, халық пен АҚ әскери емес құрылымдары үшін иондаушы сәулелену қаупінің дәрежесін анықтау және бағалау.Дозиметрия көмегімен халықтың тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және зақымдану ошақтарында құтқару мен шұғыл авариялық-қалпына келтіру жұмыстарды сәтті жүргізу бойынша мәселелерді шешу үшін ради- оактивтік сәулеленуді (радиация деңгейін) анықтау және өлшеу; белсен- сіздендіру мен санитариялық өңдеуді жүргізу қажеттілігі мен толықтығын анықтау, сондай-ақ зақымдалған өнімдердің, судың және азықтардың тұтынуға жарамдылығын анықтау үшін объктілердің зақымдану дәре- жесін өлшеу; халықтың және жеке адамдардың асыра сәулеленуіне жол бермеу мақсатында сәулелену дозаларын өлшеу; азық-түліктің, судың, азықтардың радиоактивтік заттармен ластану дәрежесін зертханалық өл- шеу іске асырылады. РФ ТЖМ бөлімшелерінде қолданылатын дозиметриялық аспаптарАҚ құрылымдарының жабдықтауына радиациялық барлаудың, сәуле- лену мен зақымдануды бақылаудың, доза қуатының (радиация деңгейі мен радиоактивтік зақымдану дәрежесінің) өлшеуіштері болып табылатын ДП-5В (ДП-5А, ДП-5Б); сәулелену дозаларын анықтау (бақылау) үшін ар- налған жеке дозиметрлердиің жинағы болып келетін ДП-22В, ДП-24, ИД- 1, ИД-11 табельдік аспаптары кіреді.Олар жеткіліксіз болған кезде немесе істен шығып кеткен кезде объ- ектілерде сақталып қалған ескірген ДП-63, ДП-63А, ДП-64 (индикатор- лар), ДП-2 (рентгенметр), ДП-12 (радиометр) аспаптарын, сонымен қатар экономиканың мұқтаждықтары үшін шығарылатын аспаптарды, мысалы, атом өнеркәсібінде, геологияда және экономиканың басқа салаларын- да қолданылатын СРП-68-01, РКБ4-1еМ аспаптарын қолдануға болады.Нақты айтқанда, СРП-68-01 сцинтилляциялық іздеу радиометрі Черно- быль АЭС-дағы аварияның салдарын жою кезінде радиациялық барлауды жүргізу, жануарлардың, өсімдік пен жануарлар тектес өнімдердің, азықтар мен судың залалсыздану дәрежесін анықтау үшін қолданылған.Түгелге жуық заманауи дозиметриялық аспаптар иондау әдісінің не- гізінде жұмыс істейді. Оның мәні ядролық сәулеленудің әсерінен оқшау- ланған көлемде газдың иондануы - атомдардың (молекулалардың) оң және теріс иондарға бөлінуі болатынында. Егер бұл көлемге тұрақты кернеу қосылған екі электродты орналастырса, онда электродтардың арасында электр өрісі құрылады. Нәтижесінде иондалған газда зарядталған бөлшек- тердің бағытталған қозғалысы, яғни иондаушы деп аталатын электр тоғы пайда болады. Тоқтың иондау шамасын өлшеп, радиоактивтік сәулелен- діру қарқындылығы туралы айтуға болады.Иондаушы әдістің негізінде жұмыс істейтін аспаптар қабылдауыш (иондаушы камераны), күшейткіш, өлшеуіш (газоразрядтық есептеуіш) құрылғыларды, қуат беру блогын қамтиды.Қазіргі уақытта АҚ әскери емес құрылымдардың жабдықтауына түсетін радиациялық барлаудың негізгі аспабы – ДП-5В доза қуатының өлшеуіші (рентгенметр). Аспап гамма-радиацияның деңгейлерін және заттардың радиоактивтік залалын өлшеуге арналған.Гамма-сәулеленудің экспозициялық дозаның қуаты өлшеу кезінде аспапты детекторлау блогы орналасқан нүктесі үшін сағатына милли- рентгенмен (мР/сағ) немесе сағатына рентгенмен (Р/сағ) өлшенеді. Одан басқа, бета-сәулелеуді байқау мүмкіндігі бар. Техникалық сипаттама мен пайдалану бойынша нұсқаулық, сонымен қатар принципиалдық схема әр аспапқа қоса салынған.Сұйық пен сусымалы заттардың зақымдалғандығын өлшеу үшін дат- чикті радиоактивтік заттармен ластанудан қорғау үшін зондқа полиэтилен пленкадан жасалған тыс кигізіледі.Радиоактивтік зақымдану аймақтарда судың, азық-түліктің және азықтың зақымданудың шекті рұқсат етілген дозаларын анықтау іс жүзін- де мүмкін емес. Сондықтан барлаушылар қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес судың, азық-түліктің және фураждың сынамаларын іріктеуі және өлшеу тікелей зақымдалған аумақта жүргізілсе, деректерді (өсу жағына) бұрмалайтын гамма-фонды елеулі төмендететін қорғау құрылыстарда за- лалдылықты өлшеуі тиіс.Объектілердің залалдылығын өлшеген кезде жұмыс істеу ыңғай- лылығы үшін ұзартқыш штанга қолданылады. Сонымен қатар ол қа- жет болған кезде дозиметристтен бастап бақыланатын объектіге дейін арақашықтықты ұзартуға мүмкіндік береді.ДП-5 (ДП-5А, ДП-5Б, ДП-5В) доза қуатын өлшеуішінің (рентгенме- трдің) барлық модификацияларының әрекет ету қағидасы мен тағайында-луы бірдей, олардың арасындағы айырмашылық негізінен конструктивтік орындауда және жартылай электрлік схемада. Сәулелеуді бақылау аспаптарыДП-22В жеке дозиметрлер жинағы 0,5-тен 200 Р/сағ дейін дозаның қуатын өлшеген кезде 2-ден 50 Р дейін диапазонда гамма-сәулелендірудің жеке дозаларын өлшеуге арналған. Өлшеулердің қателігі ±10 %. ДП-22В жинағына 50 тура көрсететін ДКП-50-А дозиметрлері, ЗД-5 қуаттандыру құрылғылары, қаптама, техникалық құжаттама кіреді.Жеке құрам ошақтан қайтып келгеннен кейін дозиметрдің көрсетілімін шешіп, сәулелеуді есепке алу журналына жазады (барлық дозимет¬рлер нөмірленген және құрылымдардың жеке мүшелеріне бекітілуі мүмкін).ДП-24 дозиметрлер жинағы ЗД-5 қуаттандыру құрылғысынан және бес ДКП-50-А дозиметрден тұрады, АҚ-ның шағын құрылымдар мен ме- кемелеріне арналған. Аспапты дайындау мен қолдануы ұқсас. Пайдалану ережелері қоса салынған нұсқаулықта баяндалған.ИД-1 доза өлшеуішінің жинағы температураның -50-ден +50 °С дейін диапазонда және салыстырмалы ылғалдылығы 98 %-ға дейін гамма-ней- трондық сәулелеудің сіңірілген дозаларын өлшеуге арналған. До¬зиметр 20-дан 500 рад дейін диапазонда гамма-нейтрондық сәулелеудің сіңіріл- ген дозаларын өлшеуді қамтамасыз етеді.Өлшенетін дозаларды есептеу дозиметрдің ішінде орналасқан және окуляр арқылы жарыққа бақыланатын шкала бойынша жүргізіледі. До- зиметрлерді қуаттандыру ЗД-6 қуаттандыру құрылғысынан жүргізіледі. Жинаққа қуаттандыру құрылғысынан басқа 10 дозиметр және қапқа са- лынған нұсқаулықтар кіреді.Дозиметрді жұмыс уақытында иондаушы сәулелеудің әрекет ету өрісінде киімнің қалтасында алып жүреді. Дозиметрдің окулярына жүйелі түрде бақылап отырып, дозиметрдің шкаласындағы жіп бейнесінің орна- ласуы бойынша жұмыс уақытында алған гамма-нейтрондық сәулеленудің дозасын анықтайды.ИД-11 жеке дозаны өлшеуіш радиациялық зақымдарды алғашқы ди- агностикалау мақсатында адамдардың сәулеленуінің жеке бақылаға ар- налған. Жинаққа ИД-11 жеке доза өлшеуіштердің бес жәшікке салынған 500 данасы, жәшікке салынған өлшеу құрылғысы ӨҚ, екі қоректену ка- белі, техникалық құжаттама, ЗИП, градусталған және жүкті ауыстырып тиетін детекторлар кіреді. Жинақтың салмағы 36 кг. ИД жеке доза өлше- уіші 10-нан 1500 рад дейін диапазонда гамма- және аралас гамма-нейтрон- дық сәулелеудің сіңірілген дозасын өлшеуді қамтамасыз етеді. Сәулелену дозасы жүйелі сәулеленген кезде қосылады және 12 ай бойы дозиметрде сақталады.Радиациялық жағдайды бағалау аспаптары (топтық дозиметриялық бақылау және сәулелендіру дереккөздерін іздеу)Пайдалануда әлі де 1990 ж. дейін әзірленген экспозициялық доза өлше- уіштері және оның қуаттары бар. Олар РФ СҚ Мемтізілімінде қолдануға рұқсат етілген сияқты тұруды жалғастыруда. 1990-шы жж. ортасында экспо- зициялық доза бірліктерінде градусталған эквидозиметриялық шамалар өл- шеуіштерінің жаңа буынын шығару игерілген.ДРГ-01Т1 дозиметрі – газ разрядтық есептеуіштері бар гамма-сәулелен- дірудің экспозициялық дозасының кәсіби дозиметрлердің ең әйгілісі. Оның жұмыс температурасының диапазоны -10-нан +40 °С дейін, энергетикалық диапазоны 50 кэВ-дан 3 МэВ дейін, өлшенетін доза қуаттарының диапазо- ны 0,1 мР/сағ-тан 100 Р/сағ дейін. Дозимет-рдің салмағы 0,6 кг. Аспаптың кемшіліктері: ескірген элементтік база, шаңнан-шашыраудан қорғалмаған орындалуы, ауыр металл тұрқысы, диапазондарды автоматты ауыстырып қо- судың болмауы, сондай-ақ экспозициялық дозаның қуатын өлшеу. Дегенмен дози¬метр қолдануда қарапайым және осы күнге дейін кең қолданылады.ДБГ-06Т дозиметрі – көрсетілімдердің сандық индексациясы бар қор- шаған оратның баламалы дозасы қуатының және фотондық сәулеленудің экспозициялық доза қуатының тасымалданатын дозиметрі. Радиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, дефектоскопиялық зертханалардың, санитар- лық-эпидемиологиялық станциялардың және т.б. қызметтердің жұмысшыла- рымен баламалы доза қуатын және экспозициялық доза қуатын жедел топтық бақылау үшін қолданылады. Жұмыс орындарында, межелес жайларда және радиоактивтік заттар мен иондаушы сәулелендірудің басқа дереккөздерін қолданатын кәсіпорындардың аумақтарында, санитарлық-қорғау аймақта- рында және бақылау аймақтарында аталған дозалардың қуаттарын өлшеуге арналған.Одан басқа, биологиялық қорғаудың тиімділігін, радиациялық қаптама- ларды және радиациялық қалдықтарды бақылау үшін, сондай-ақ радиаци- ялық жағдайды жеке бағалау үшін қолдануы мүмкін.ДБГ-06Т дозиметрі «Іздеу» және «Өлшеу» жұмыс режимдерінде дозаның қуатын өлшеуді қамтамасыз етеді. «Өлшеу» режимінде аспап 0,1-ден 99,99 мкЗв/сағ дейін диапазонда, «Іздеу» режимінде - 1,0-ден 999,9 мкЗв/сағ дейін қоршаған ортаның баламалы дозасының қуатын, немесе 1,0-ден 999,9 мкЗв/ сағ диапазонында экспозициялық дозаның қуатын, «Іздеу» режимінде - 1,0- ден 999,9 мР/сағ дейін өлшеуді қамтамасыз етеді.Жақында Мемтізілімге кіргізілген ДКГ-02У «Арбитр» дозиметрдің ДРГ-01Т1-ге тән кемшіліктері жоқ. Одан басқа, бұл аспаптың бай сервистік мүмкіндіктері бар: өлшеу нәтижелерін, өлшеу күні мен уақытын және басқ. мұрағаттау.Мемтізілімде сцинтилляциялық детекторлары бар гамма-сәуле- лендірудің дозиметрлері ДКС-96Г, ДКС-90У және ДКС-90Н аспапта- рымен, EL сериялы (EL-1101, -1119, -1117) аспаптарымен ұсынылған.ДКС-96 радиометр-дозиметрі – өзінің қарапайымдылығына, әм- бебаптылығына және сенімділігіне бола үлкен танымалдылыққа ие детекторлау блоктарының кең жинағы бар аспап. Детекторлау блокта- рының тоғыз типі жұмыс орындарын, қоршаған ортаны және қонды- рғыларды дозиметриялық және радиометриялық бақылаудың барлық міндеттерінің орындалуын толығымен қамтамасыз етеді. Аспапты қа- жет болған сайын қосымша детекторлау блоктарымен соңына дейін жабдықтау мүмкіндігі бар. Гамма- және рентген сәулелеудің дозиме- триясы үшін датчигі бар ДКС-96 – ДКС-96Г – алдында шығарылған ДКС-90У мен ДКС-90Н осы уақыттағы нұсқасы. Аспап 15 кэВ-дан 10 МэВ дейін энергия диапазонында гамма- рентгендік сәулелендіру до- засының қуатын өлшеуге мүмкіндік береді. Дозалар қуатының жұмыс диапазоны 0,1-ден 106 мкЗв/сағ дейін құрайды. Сәулелендірудің им- пульстік дереккөздерінен дозаны өлшеу мүмкіндігі бар.EL сериялы дозиметрлері бай сервиспен (қуаты сөніп тұрған кезде ДЭЕМ-ға аспаптағы интерфейс арқылы жіберілуі мүмкін өлшеулердің 100 нәтижеге дейін сақтаумен) және заманауи элементтік базасымен, жоғары сезімталдық пен жұмыс диапазонындағы кішкентай қателікпен ерекшеленеді. EL-1101 мен EL-1119 дозиметрлері 0,05 – 1000 мкЗв/сағ диапазонындағы дозаның қуатын өлшейді, олардың 40 кэВ (EL-1101) немесе 20 кэВ (EL-1119) бастап 3,0 МэВ дейін жұмыс энергетикалық диапазоны бар. Температуралық диапазон -10-нан +40 °С дейін. EL сериялы дозиметрдің салмағы шамамен 3 кг. EL-1103 дозиметрі энер- гияның 5-160 кэВ, дозалар қуаты – 0,1-100 мкЗв/сағ диапазонындағы рентген сәулелендірудің дозалар қуатын өлшеуге арналған. Бұл дерек- көз жанары мен теріге дозалық жүктеулерді өлшеуге мүмкіндік беретін жалғыз аспап. Ол иондаушы сәулелендіруді (бейнетерминалдарды, те- ледидарларды және басқ.) дозаның құрылатын қуаты бойынша МемСТ талаптарына сәйкестігіне генерациялайтын дереккөздерді радиаци- ялық бақылау үшін қолданылады. Тұрмыстық дозиметрлер1990-шы жж. басында Мемтізілімге енгізілген инспекциялық до- зиметрлердің көп бөлігі тұрмыстық дозиметрлерге жатады. Әртүрлі ведомстволардың көптеген кәсіпорындары тұрмыстық дизометрлерді Чернобыль авариясынан кейін өндіре бастады. Сол кезде бұл аспаптар шынымен қажет болған және кәсіпорындар конверсия бағдарламасы-ның шегінде дәл тұрмыстық дозиметрлерді өндіруге мүдделі бола- тын. Осы дозиметрлерді сынау рәсімі жеңілдетілген. Олардың дозалар қуатын өлшеу диапазоны тар – фондық мәндерден сағатына ондаған миллирентгенге дейін. Сезгіштігі жоғары емес, өлшеулер қателігі үл- кен. «Халық үшін дозиметриялық аспаптардың метрологиялық мәрте- бесі туралы ережелерге» сәйкес тұрмыстық дозиметрлерді символдық шифрдің құрамында «Б» әрпімен белгілейді, мысалы, ДБСБ-08 «По- иск» немесе ДБГБ-02 «ДОН».ИРД-02Б1 тұрмыстық дозиметр-радиометр гамма-сәулелендіру- дің баламалы дозасының қуатын өлшеуге, сонымен қатар су, топырақ, тағам, өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы өнімдер және т.с.с. сынамаларының ластанған беттерінен және бета- мен гамма-сәуле шығаратын нүклидтерден бета-сәулелендіру ағынның тығыздығын бағалауға арналған. Аспап радионуклидтермен ластануын жедел бай- қауға немесе иондаушы сәулелендіру дереккөзін табуға мүмкіндік береді. 0-ден +40 °С дейін температурада, ауаның 80 %-ға дейін салы- стырмалы ылғалдылықта пайдалануға арналған. Өлшем диапазонда- ры: баламалы доза қуатының гамма-сәулелендіру бойынша 0,1 – 19,99 мкЗв/сағ, экспозициялық доза 10 – 19,99 мкР/сағ; су сынамаларының, азық-түліктің, топырақтың ластануы 1 ■ 104 – 2 ■ 106 Бк/л (2,7 • 10-7– 5,4 • 10-5 Ки/л).Аспап халықпен гамма-сәулелендіру бойынша радиациялық жағдайды бақылау үшін қолданылады. Бета-сәулелендіру бойынша көрсетілімдерді бағалауды тек қана кәсіби қызметкерлер жүргізіп, түсіндіре аладыИРД-02Б1 аспаптың көмегімен өлшемдердің нәтижелері радиаци- ялық жағдай туралы ресми қорытындыларды жасау үшін қолданылмау керек. Сыртқы кәсіби сәулеленуді жеке дозиметриялық бақылауға арналған аспаптарГамма-сәулеленудің жеке дозаларын жедел бақылау үшін осы уақытқа дейін экспозициялық дозаны өлшейтін ДК-02 (ИД-02), ДП- 22, ДП-24 иондаушы камералары бар жеке дозиметрлер жеткілікті кең қолданылады. Персоналдың жеке сәулелену дозаларын есепке алу жүргізіліп жатқан кәсіпорындарда негізінен термолюминесценттік до- зи¬метрлер (ТЛД) қолданылады. ТДЛ қолданатын жүйелер Мемтізілім- де КДТ-02М, ДТУ-01, АкЖДБ-201, «Сапфир», ДВГ-02Т аспаптарымен және Мемтізілімге жақында кіргізілген «Дозакус» жүйесімен ұсы- нылады. Бұл жүйелер сервис пен автоматтандыру дәрежесімен ерек-шеленеді. АКЖДБ мен «Дозакус» көп адамдардың жеке сәулелену дозаларын бақылаған және есепке алған кезде қолданылады. Жақын уақыттан бері жеке дозиметрия үшін радиофото-люминесценттік дози- метрлер («Флюарад» жүйесі) қолданыла бастады.ДВГ-02Т дозиметриялық термолюминесценттік қондырғы – жоға- ры сезгіш, жеке дозиметриялық бақылау (ЖДБ) үшін. Өлшенетін фотондық сәулелендіру энергиясының кең диапазоны радионуклид- тік дереккөздермен, сол секілді рентгендік, соның ішінде импульстік қондырғылары мен аппараттарымен жұмыс істейтін персоналды ЖДБ үшін қондырғыны қолдануға мүмкіндік береді.«Прогресс-гамма (СИЧ)» сцинтилляциялық гамма-спектрометрадамның критикалық мүшесінде радионуклидтердің мөлшерін және ішкі сәулеленудің күтілетін тиімді дозасын анықтауға арналған аспап. Өзінің сезгіштігі бойынша персоналдың ішкі сәулелену деңгейін бақы- лау бөлігінде НРБ-99 заманауи талаптарына сәйкес келеді. Химиялық жағдайды анықтау және бағалауХимиялық жағдай (ХЖ) – бұл ХҚО-да аппатар нәтижесінде қор- шаған ортаға АХҚЗ шығарындыларымен туындайтын және халықтың тіршілік әрекетіне ықпал ететін химиялық табиғаттың жағдайлары мен факторлары. ХЖ туындауы жергілікті жердің, ауаның, су қоймалары- ның және қорғалмаған халыққа зақымдану қаупін төндіретін басқа объектілердің химиялық зақымдануымен (ХЗ) шартталады. Химиялық жағдай ауқыммен, ұзақтығымен және салдарымен сипатталады.ХЗ ауқымы аварияның ошағын (АО), авария ауданын (АА) және алғашқы мен екінші АХҚЗ бұлтының тарау аймағын (ТА) қамтитын химиялық зақымдану аймағының (ХЗА) кеңістіктік ұзақтығы туралы түсінік береді.Авария ошағы – бұл АХҚЗ жайылуы (жарылыс кезіндегі ұшуы) болып жатқан аудан. Авария ауданында АХҚЗ бұлты ең көп зақымда- ну әсерге ие (санитарлық-қорғау аймағының шегінде). Тарау аймағы желдің бағыты бойынша АХҚЗ бұлтының тарау нәтижесінде қалып- тасады. Осы аймақтың шекарасы АХҚЗ улы дозаларының мәндерімен белгіленеді, бұл кезде зақымданудың әлсіз алғашқы белгілері туындай- ды (шектік улы дозалар). Аймақтың ұзындығы 20 км және одан көпке жетуі мүмкін.АХҚЗ-ның халық пен қоршаған ортаға әсерінің нәтижелер жиын- тығы – ХҚО-дағы аварияның салдары – халықтың күтілетін шығын- дарымен, зақымдалған су қайнар көздерінің, материалдық-техникалық ресурстардың және басқа объектілердің көлемімен бағаланады.ХЗ ұзақтығы салдар белгілерінің уақытша шегімен сипаттала-ды және бірнеше сағаттан бастап бірнеше тәулікке дейін құруы мүм- кін АХҚЗ зақымдау әсерінің сақталу уақытына (жергілікті жердегі тұрақтылығына) байланысты.ХЖ-ның халықтың тіршілік әрекетіне ықпалын анықтау үшін оны анықтау және бағалау жүргізіледі.ХЖ бағалау формалды рәсімінің РЖ бағалау кезінде қолданылатын рәсімнен айырмашылығы жоқ.Химиялық жағдайды болжау. ТЖ-да ХЖ болжау деп арнайы ма- тематикалық үлгілердің көмегімен ХҚО-дағы аварияның ауқымын және салдарын шамамен анықтау түсініледі. Ол ХҚО жақын тұратын персонал мен халықты қорғау мүддесінде РТЖЖ мен АҚТЖ басқару органдарының есептік-талдамалы топтарымен бірыңғай әдістемелік құжаттар және олардың негізінде әзірленген анықтамалық кестелер бойынша жүргізіледі.ХЖ алдын ала болжау халықты қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау мүддесінде жүргізіледі. Бастапқы деректер ретінде ХҚО ең үлкен қауіп әлеуеті және ең қатты метеожағдайлар қолданылады.Оперативтік болжаудың алдын ала болжаумен салыстырғанда кейбір айырмашылықтары бар. Оның негізгі міндеті – шұғыл қорғау шараларын қабылдау мақсатында зақымдану қаупі туралы халыққа хабарлау. Бастапқы деректер ретінде туындаған ТЖК мен нақты ме- теожағдайдың нақты сипаттамалары туралы мәліметтер қолданылады. ХЖ болжаудың екі түрінің мазмұны шамамен бірдей.ХЖ анықтаған кезде ХЗ ауқымы мен ұзақтығының сандық көр- сеткіштерін белгілейді: барлық аймақтардың өлшемдері, барлық ай- мақтарда атмосфераның ластану ұзақтығы, АХҚЗ бұлтының берілген нүктеге (объектіге) жақындау уақыты. ХЖ анықтау жер картасына (көрсету таблосына, ЭЕМ дисплейіне) ХЗА салумен аяқталады.ХЖ анықтау нәтижелері жағдайды бағалау – ХЖ-ның халықтың тіршілік әрекетіне әсер ету дәрежесін анықтау үшін бастапқы дерек- тер ретінде қолданылады. Бұл ретте, біріншіден, ХЗ қаупінің сандық көрсеткіштерін (халық пен персоналдың авария ауданында және АХҚЗ таралу аймағында шығыны, зақымдалған объектілердің, техниканың, азық-түліктің, ауыз судың және т.б. көлемі) анықтайды және, екіншіден, жағдай бойынша қорытындыларды және ХЗ жағдайында әрекеттерге алдын ала шешімді әзірлейді (халықты және ХЗ салдарын жоюшыла- рын қорғау бойынша іс-шаралар, күтілетін зақымдану аумақтарында халықты хабардар ету, химиялық барлауды ұйымдастыру және т.б.).Нақты ХЖ бағалау. Химиялық барлауды (ХБ) және зақымданудың химиялық бақылауын (ЗХБ) жүргізумен іске асырылады. Барлау және бақылау ХҚО-да авариялардың салдарын жою барысында жүргізілетін негізгі іс-шаралардың бірі болып табылады.ХБ негізгі мақсаты – авария ауданында және АХҚЗ бұлтының тара- лу аймағында нақты ХЖ туралы ақпаратты алу. Ол үшін:Зақымдалған аймақтың шекарасын белгілеу, шығарылған (төгілген) АХҚЗ мөлшерін бағалау, АХҚЗ бұлтының таралу бағытын анықтау үшін авария ауданын барлау;авария ауданына келу, халықты эвакуациялау, зақымдану ауданын айналып өту бағдарларын барлау;ауаның зақымдану және оның ХЗА уақытында өзгеру дәрежесін анықтау;авария ауданында зақымды жойғаннан кейін қорғаныс құралдары- сыз болу мүмкіндігін анықтау;ауаның, топырақтың, судың, жабдық шайындыларының, ғимарат- тар қабырғаларының, техниканың сынамаларын алу жүргізіледі.Химиялық барлау алғашқы авариялық-құтқару жұмыстарын жүр- гізумен қатар авария ошағын барлаудан басталады. Құрамында кем дегенде үш адам бар топтар жеке қорғаныс құралдарын тағып авария ошағыныа ық жағынан келеді, авария орнын қарайды, оның себебін анықтайды, зақым алған адамдарға көмек көрсетеді, ауада АХҚЗ кон- центрациясын анықтайды, сынамалар мен шайындыларды алады. Ава- рия ошағын барлаумен бірге ХҚО аумағында және оның айналасында ХБ ұйымдастырады. Зақымдану аймағының шекарасын арнайы қоршау белгілерімен белгілейді. Аймақтың шекарасымен 300-500 м аралықпен зақымдалған ауаның таралу бағыты мен АХҚЗ концентрациясының өзгеруін бақылауы тиіс химиялық бақылау бекеттерін қояды. Желдің бағытын қадағалау үшін түтін шашкаларын қолданады.Объектінің шекарасынан тыс барлау, әдеттегідей, барлау машина- ларда жүргізіледі. Әртүрлі бағыттардан бір біріне қарсы жылжып келе жатқан бірнеше барлау қолданылады. Зақымдану аймақтарының шека- ралары белгілермен белгіленеді. Аварияның салдарын жою барысында химиялық барлау жұмыс толық аяқталғанша тұрақты жүргізіледі. Со- дан кейін авария ауданын бақылау санитарлық органдарға тапсырыла- ды.Авария ауданында залалды химиялық бақылау ХБ-мен бір уақытта жүргізіледі. Оның барысында:жабдықтың, ғимараттардың, техниканың, ауаның, топырақтың, су қайнар көздерінің АХҚЗ залалдану дәрежесін;авария ауданында салдарды жою күштерінің жеке құрамы мен ха- лықтың қорғаныс құралдарысыз қауіпсіз жүру мүмкіндігін;белгісіз улы заттардың түрін анықтайды.Алынған сынамаларды стационарлық (цехтік, зауыттық), санэпи- демстанциялардың немесе әскери зертханаларда талдайды. Бақылау залалдың салдарын жою бойынша барлық жұмыстар аяқталғаншатұрақты түрде жүргізіледі.Хирургиялық барлау мен бақылаудың деректері негізінде залалдың паспорты (картограммасы), соның ішінде елді мекендегі әр үйге (ғима- ратқа, үй жанындағы жерге) құралады.Химиялық барлау мен бақылаудың техникалық құралдар – ең ыңғайлы экспресстік құралдар, оларға тасымалданатын газбен дабыл бергіштер, индикаторлық үлдірлер мен индикаторлық түтіктер жата- ды. Олар АХҚЗ түрін және олардың ауада, топырақта, әртүрлі беттерде тіпті түтіндеу жағдайында да концентрациясын анықтауға мүмкіндік береді.Барлық құралдардың әрекет ету негізінде АХҚЗ-ның өз түстерін өзгертетін арнайы химиялық реактивтермен әрекеттесуге негізделген химиялық әдіс жатыр. Бояудың түсі әр АХҚЗ үшін ерекше, бұл оның түрін анықтауға мүмкіндік береді, ал бояудың қарқындылығы улы зат- тың концентрациясына тура пропорционалды болып келеді. Реакци- ялар не ерітінділерде, не залалды ауа өтіп кететін қатты төсемдерде (ұнтақтарда, үлдірлерде) өтеді. Әдістің сезгіштігі барлық АХҚЗ олар- дың ШРК деңгейінде анықтау үшін жеткілікті.Газды экспресс-талдаудың ең көп тараған құралдары индикаторлық түтіктер болып табылады, олар пайдалануда өте қарапайым және, ба- стысы, оңай тасымалданады. Олар ГХ сериялы газ анықтағыштарда және УГ-2, УГ-3 әмбебап газталдағыштарда қолданылады. Бұл құрал- дар ең ықтимал АХҚЗ негізгі массасы үшін түтіктер жинағымен жи- нақталады.Кейбір АХҚЗ (хлор) концентрациясын байқау және анықтау үшін индикаторлық түтіктерден басқа йодты- крахмалды және флуорес- центік қағаз, сондай-ақ аэрозольді индикаторлық үлдір (АП-1 типті – құрамында фосфор бар пестицидтерді және басқ. индикациялау үшін) қолданылады. Халыққа хабарлау және оны хабардар етуХабарлау – халыққа қорғау саласындағы тиісті ақпаратты тұрақты жеткізіп отыру. Бұл ақпарат келесі мәліметтерді қамтиды:болжалды және туындайтын ТЖ және олардың салдары туралы; нақты өңірде радиациялық, химиялық, медико-биологиялық, жа-рылыс, өрт және экологиялық қауіпсіздік туралы;мемлекеттік биліктің федералдық органдарының, РФ субъек- тілерінің мемлекеттік билік органдарының, жергілікті өзін өзі басқару органдарының және қорғау саласындағы ұйымдардың қызметі туралы. Хабарлау «Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік си- патты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» Федералдық заңының6-бабының талаптарына сәйкес жүргізіледі.Хабарлау құралдары болып федералдық және жергілікті деңгейдегі бұқаралы ақпарат құралдары, сондай-ақ нақты жағдайға байланысты өзге де арналар болып табылады.Заңмен хабарлауға талаптар белгіленген, олардың арасындағы ең маңыздысы жариялылық, ашықтық, нақтылық және жеделдік болып табылады.Хабардар ету – жеке, бірақ хабарлаудың маңыздырақ жағдайы. Ол ТЖ туындау қаупі болған кезде, әсіресе АЭС, химиялық кәсіпорындар, гидротораптар сияқты ЫҚО орналасқан аудандарда халықты қорғау бойынша шараларды қабылдаудың ең маңызды шарты болып табыла- ды. Хабардар ету – бұл РТЖЖ басқару органдарына, оның күштері мен халқыға хабарлау белгілерін және ТЖ туралы тиісті ақпаратты шұғыл жеткізу. Хабарлау белгісі ескертеді, басқару органдарына, ТЖ жою құралдар мен күштерге іс-шараларды жүргізу немесе әрекет ету үшін, сондай-ақ халықтың зақымдау факторларынан қорғану құралдар мен әдістерді қолдану үшін пәрмен болып табылады. Хабар ету сигналдары хабардар ету жүйесі арқылы жеткізіледі.РТЖЖ хабардар ету жүйесі – бұл күштердің, мамандандырылған хабардар ету мен байланыс құралдарының, сондай-ақ ТЖ туралы хабар мен ақпарат сигналдарының жіберілуін қамтамасыз ететін аумақтық ведомстволық байланыс арналарының ұйымдастырушылық-техника- лық бірлестігі.Хабардар ету жүйесіне басқару органдарына, күштер мен РТЖЖ құралдарын және халыққа қауіптің барлық түрлері мен қорғаныс іс-ша- ралар жөніндегі өкімдер туралы сигналдар мен ақпаратты уақытылы жеткізу жүктеледі. Хабардар етудің қол және автоматтандырылған, тиісінше ТЖМ басқару бекетінен белгіленген сигнал бойынша мемле- кеттік байланыс арналарымен жіберілетін жеделхатпен және аға басқа- рушылардан қарамағындағы басқару органдарына дейін мемлекеттік байланыс арналарымен хабардар етудің арнайы аппаратура мен техни- калық құралдарды қолданып сигналдарды (пәрмендерді) жіберумен әді- стер қолданады. Автоматтандырылған әдіс ең оперативтік және шұғыл ақпаратты ең қысқа уақытта жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Хабардар ету жүйелері орталықтандырылған және жергілікті бо-лып бөлінеді.Орталықтандырылған хабардар ету жүйелері (ОХЖ) байланыс желілеріне, өткізгіш, радио- мен теледидарлық хабарлау желілеріне және арнайы аппаратураға, сондай-ақ белгісі (Барлығыңыздың назары- на!» белгісін білдіретін электр дабылдарға негізделеді және радио мен теледидар бойынша хабарламаларды алдын алады. Байланыс желілері бойынша хабардар ету жүйесінде арақашықтықтан басқару және сөй-леу ақпараты жіберіледі.Қалада ОХЖ қалалық теледидар желілерінің, телеграф байланысы- ның желілері, телеграфтық байланыс желілері, өткізгіш пен радиоха- бар желілерінің, сондай-ақ теледидар желісінде салынады. Жүйе:электр сиреналарды орталықтандырылған басқаруға; радио арқылы хабар таратудың, радио- және телехабардың барлық бағдарламаларын сөйлеу хабарламаларын жіберуге мәжбүрлеп ауыстырып қосуға;РТЖЖ лауазымды тұлғаларына пәтір мен қызметтік телефондар арқылы орталықтандырылған хабардар етуге мүмкіндік береді.Қалалық ОХЖ аудандарға және объектілерге хабар беру жүйелерін қамтиды. Объектілік жүйе қалалық пен өндірістік, сондай-ақ желілік байланыс желілері негізінде құрылады. Хабарлау құралдары ретінде электрлік сиреналар, көше мен абоненттік дауыс зорайтқыштар қол- данылады. Қала ауқамында және объектілерде «Барлығыңыздың наза- рына!» сигналын шығару үшін көліктің барлық түрлерінің дыбыстық сигналдары мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың гудоктары қолданылуы мүмкін. Аудандық пен объектілік ОХЖ жеке, сол секілді қаланың АҚТЖ басқару бекеттерінен қосылады.«Барлығыңыздың назарына!» ескерту сигналын үйде болған кезде естігенде, дереу радио мен теледидарды қосуып қою қажет. Үйден тыс болған кезде, осы хабарлау құралдары бар жерлерге тез барған жөн (ең жақсысы – үйге, тыс болмаса – көшедегі дауыс зорайтқышқа). Барлық радио- мен телехабарлау құралдары бойынша сигналдан соң сан рет қайталанатын, халыққа әрі қарай жасайтын барлық әрекеттерді бел- гілейтін жедел хабарламалар айтылады.- т а р а уХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ АУМАҚТЫ ТІКЕЛЕЙ ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ 6.1 Тікелей қорғау негіздеріОсы қорғау түрінің барлық іс-шаралары күтілетін залалдың болдырмауға немесе барынша азайтуға тікелей әсер етуге арналған.Залалды болдырмау үшін объектілер мен адамдарға ТЖК зақымдау фак- торларының әсерін жою бойынша ұйымдастырушылық пен инженерлік-тех- никалық шаралар кешені жүргізіледі. Бұл шаралар, әдеттегідей, ескерту сипатты болып келеді және ТЖ туындағанша дейін іске асырылады.Егер ықпалды болдырмауға шықпаса, онда оның салдарын азайту үшін объектінің әртүрлі ӨФ әсеріне осалдығын азайтатын (төзімділігін арттыра- тын) бір қатар қорғау шаралары қолданылады.Бұл шаралар алдын ала, сол секілді ТЖ туындағаннан кейін де жүр-гізіледі. Мысалы, жер сілкінісінің алдын алу мүмкін емес, бірақ оның сал- дарын (залалын) сейсмотөзімді құрылысты немесе адамдарды алдын ала эвакуациялауды қолданып азайтуға болады. Басқа мысал: қорғау бөгеттерді салу нақты бір аумақта су тасқынының зақымдау факторларының әсерін то- лығымен жойып, оны алдын алуға мүмкіндік береді.Қорғау әрекетінің пинципі бойынша тікелей қорғау іс-шаралары белсен- ді мен пассивті болып бөлінеді.Белсенді қорғау бәрінен жиі дамып келе жатқан қауіпті фаткорды үзу (бәсендету) немесе авариялық процесс принципіне негізделеді.ЫҚО-да бұл, ең алдымен, авариялық жағдайдың аварияға ауысуын бол- дырмайтын, немесе аварияның ауқымын шектейтін жүйелер (мысалы, туын- даған өртті автоматты түрде сөндіру; белсенді қорғауға адамдарға ескерту вакциналауды да жатқызуға болады). Табиғи ТЖК-дан белсенді қорғау мы- салы – су тасқының болдыруы мүмкін мұздың кептелуін жару, көшкіндерді алдын ала түсіру және т.б.Пассивтік қорғау ӨФ-нің таралу жолында ТЖ дереккөзінен қорғала- тын объектіге қарай, сондай-ақ оны пайдаланған кезде ЫҚО шегінен тыс ӨФ шығу жолында физикалық немесе өзге тосқауылдарды құруға негіздел- ген (АЭС-та үш қауіпсіздік тосқауылы). Бұл тосқауылдар ӨФ энергиясын сіңіреді немесе шағылтады, нәтижесінде олардың қарқындылығы азаяды. Әдеттегідей, тосқауылды қоршауды салған кезде оны эшелондау (тосқауыл- дардың көптігі) принципі жүзеге асырылады.Тосқауыл объектіге мүмкін сыртқы ықпал ету және (немесе) ЫҚО-дан қауіпті факторлардың шығу жолында орнатылады.Тосқауылдардың көптігі механикалық, жылулық, радиациялық, хими- ялық және басқа ӨФ жиынтығынан қорғау қажеттілігімен шартталған.«Тосқауылдық» қауіпсіздік концепциясына сәйкес ЫҚО кез келген ава- риялық жағдай кезінде, ӨФ-дан сақтандыратын, кемінде бір (АЭС-та – кем дегенде екі) тосқауыл қалатындай жобалануы тиіс.Тікелей қорғау іс-шаралары ақпараттық қамтамасыз ету негізінде іске асырылады. Алдын ала жобалауды ескерумен ТЖК факторларының әсерін болдырмау және болып жатқан ӨФ қарқындылығын төмендету бойынша превентивтік шаралар кешені әзірленіп, іске асырылады. Жедел болжау және нақты жағдайды бағалау нәтижелері бойынша ӨФ қарқындылығын төмендететін оперативтік қорғау шаралар кешені іске асырылады.Тікелей қорғаудың негізгі түрлері: инженерлік, ра¬диациялық, хими- ялық, медициналық. Халықты және аумақты инженерлік қорғауИнженерлік қорғау – ТЖ болдырмау және оның ауқымын, со-нымен қатар туындаған жағдайда салдарын азайту бойынша ұйымда- стырушылық пен инженердік-техникалық іс-шаралар кешені. Осы қорғаудың негізгі мақсаты – адам шығынын болдырмау және мате- риалдық залалды азайту, шұғыл авариялық-құтқару жұмыстар үшін жағдай жасау.Халықты инженерлік қорғау ең алдымен ықтимал бұзылулар, қорғау құрылыстарының радиациялық пен химиялық залалдану ай- мақтарында баспана мен паналарды салу мен қолдануға негізделеді.Халықты бұл құрылыстарда жасыру – барлық табиғи мен тех- ногендік ТЖК түрлерінің зақымдандыру факторларынан, сондай-ақ әскери іс-әрекеттерді жүргізу уақытында қорғаудың ең тиімді және әмбебап іс-шарасы.Баспаналар – ең сенімді қорғау құрылыстары: олар барлық меха- никалық, жылулық, радиациялық, химиялық және биологиялық фак- торлардан қорғауды қамтамасыз етеді.Радиацияға қарсы баспаналар (РҚБ) – сыртқы сәулеленуден, теріге, киімге, аяқкиімге радиоактивтік шаңның, АХҚЗ тамшылары- ның, биологиялық құралдардың тікелей тиюінен қорғауға арналған құрылыстар. РҚБ сәулеленуді ондаған – жүздеген есе азайтады. Қорғау үшін РҚБ конструкциясы, оның жерге көмілуі мен топырақ себіндісі, қарапайым сүзгілі-желдеткіш пен герметизация жүйелері қолданылады.РҚБ-ға адамдарды жасыруға бейімделген арнайы салынған құрылыстар, шаруашылық мақсатындағы құрылыстар (жерқоймала- ры, көлікжайлар, көкөніс қоймалары) жатады. Әдетте баспанаға 50- ден 300 адамға дейін сыяды, аудан мен көлем бойынша адам басына нормалар баспаналарға сияқты.ТЖ-да инженерлік қорғау барлық мәселелер кешенін шешу мақ- сатында «Ресейдің қалалары мен халқын қауіпті табиғи және тех- ногендік процесстерден инженерлік қорғау» кешенді бағдарламасы әзірленген. Оны орындау ТЖ-да халық пен аумақ қорғанысын елеулі жоғарылатуға мүмкіндік береді. Халықты радиацялық және химиялық қорғауРадиациялық қорғау. Радиациялық қорғау – бұл адамдарға ион- даушы сәулелендірудің әсерін алдын алуға немесе барынша азайтуға және қоршаған ортаның радиоактивтік ластануын рұқсат етілген деңгейге дейін төмендетуге бағытталған ұйымдастырушылық, инже- нерлік-техникалық және арнайы іс-шаралар кешені. Ол адамдардың оларға иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғалу деңгейінқамтамасыз етеді және радиациялық қауіпсіздікке қол жеткізудің не- гізгі механизмі болып табылады. Демек, радиациялық қорғаудың не- гізгі мақсаты – бұл халықтың және РҚО персоналының радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Радиациялық қорғауды іске асыру келесі қағидаларға негізделеді: иондаушы сәулелендірудің барлық дереккөздерінен халықтың жәнеперсоналдың сәуле алуының жеке мөлшерінің жол берілетін шегінен асырмау;иондаушы сәулелендіру дереккөздерін пайдалану жөніндегі қыз- меттің барлық түріне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшін табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтіретін ықтимал зиян қатерінен аспайды;сәуле алудың жеке дозасы мен сәуле алатын адамдар санын мүмкін- дігінше төмен деңгейде ұстау.Радиациялық қорғаудың негізгі міндеттері: РҚО-да аварияның туындауы туралы ескерту; аварияның радиациялық салдарын шектеу болып табылады.Бірінші міндет РҚО жобалау, орналастыру, салу және қалыпты жұмыс істеу кезеңдерінде шешіледі. Бұл ретте бір қатар ұйымдасты- рушылық пен инженерлік-техникалық іс-шаралар кешенін өткізу қара- стырылады, олардың негізгілеріне келесілер жатады: РҚО-ны табиғи төтенше жағдайлардың туындау қаупі мен аварияның мүмкін салдарын есепке алып орналастыру;аварияларды алдын алу және радиоактивтік заттардың шығарынды- ларының санитарлық-қорғау аймағынан тыс таралуын шектеу бойын- ша арнайы шаралар;радиациялық қауіпті объектілердегі персоналды және жақын орна- ласқан халықты қорғау бойынша шаралар.Нақты бір жерде орналастырған кезде АЭС пен елді-мекендердің арасында ең төмен арақашықтық бойынша шектеулер қарастырылады: тұрғындар саны 50 мың адамға дейін елді-мекен АЭС-тан 8 км-денжақын емес қашықта орналастырылады;500 мыңнан 10 млн. дейін халқы бар қала – 30 км жақын емес қашықта;2 млн. асатын халқы бар бала – 100 км және одан көп қашықта. РҚО орналастыру кезінде аумақтың сейсмикалығы, оның геологи-ялық, гидротехникалық және ландшафттық жағдайлары ескерілуі тиіс.Аварияларды алдын алу және шығарындылардың таралуын шектеу бойынша шаралар келесіні қамтиды:ядролық реакторда процесстердің бақыланбайтын дамуын үзетін тез әрекет ететін қорғау жүйелерін қолдану;жарылыс процесстері кезінде радиоактивтік өнімдердің шығуынакедергі жасайтын бірнеше қауіпсіздік тосқауылдарын құру; РҚО персо- налын сапалы даярлау; РҚО айналасында санитарлық-қорғау аймағын құру.РҚО персоналын және АЭС маңайындағы аудандарда тұратын ха- лықты қорғау бойынша арнайы шаралар:радиациялық жағдайдың автоматтандырылған мониторинг жүй- есін;РҚО-ға автоматтандырылған жергілікті хабарлау желісін; АЭС-тан 30 шақырымдық аймақта қорғау құрылыстарын (баспаналарды, радиа- цияға қарсы паналарды жәе т.с.с.) құруды қарастырады.Авария кезінде РҚО-да халықты радиациялық ТЖ жағдайында қорғау және төменде қарастырылған авария салдарын жою бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.Халықты төтенше жағдайларда қорғау. Радиациялық сипатты тө- тенше жағдайларда адамдардың зақымдану қаупі:ластанған жерден сыртқы гамма-сәулеленудің; ішкі, радиоактивтік заттар ағза ішіне тыныс алу органдары арқылы немесе асқорыту жолы арқылы түскен кезде туындайтын сәуле алу дозасымен шартталған.Осы факторлардың рөлі және оларға тиісті түрде қарсы әрекет ету аварияның даму фазасына байланысты. Әдетте үш фаза қарастырыла- ды.Аварияның дамуының ерте фазасы – аварияның басталуынан бастап атмосфераға радиоактивтік заттардың шығарылуы тоқтаған және жер- гілікті жердің радиациялық ластану қалыптасуды аяқтаған сәтіне дей- ін уақыт. Бұл фазаның ұзақтығы бірнеше сағаттан 10 тәулікке дейін құруы мүмкін.Орта фазасы – ЖРЛ қалыптасуды аяқтаған сәтінен бастап халықты барлық қорғау және тішілігін қамтамасыз ету шараларын іске қосқанға дейін. Фазаның ұзақтығы бірнеше тәуліктен бір жылға дейін құруы мүмкін.Соңғы фаза – қорғау шараларын орындау аяқталғанға (қажеттілігі тоқтағанға) дейін созылады. Фаза ЖРЛ-дағы халықтың тіршілік әре- кетіне барлық шектеулерді алып тастаумен және радиациялық жағдай- ды әдеттегі санитарлық-радиациялық бақылауға ауысумен бірге бір уақытта аяқталады.Ластану аймақтарының шекарасын анықтау және аварияның ерте фазасында қорғау шараларын жүргізу радиациялық барлау деректері бойынша жүргізіледі және Ресей Денсаулық сақтау министрлігі бекіт- кен, қолданыстағы «Ядролық реактордың авариясы болған жағдайда халықты қорғау шаралары туралы шешімді қабылдау үшін критерий- лер» негізінде жоспарланады (6.1-кесте).Егер күтілетін дозалар жоғарғы деңгейге жетсе немесе одан асыпкетсе, онда 6.1-кестеде келтірілген шаралар, тіпті егер олар халық әрекетінің бұзылуына байланысты болса да, міндетті болып келеді. Ерте фазасының ұзақтығы 10 тәулік, ол Чернобыль АЭС-тағы авари- яның тәжірибесінде белгіленген.Радиоактивтік ластанған аумақтарда аварияның орта мен соңғы даму кезеңдері үшін тән халықтың тәртіп режимдері туралы, елді-ме- кендерді қатерсіздендіру және оларды нақтыланған радиациялық барлау мен радиациялық бақылау деректері бойынша оңалту тура- лы шешімдерді қабылдау үшін ЖРЛ аудандары және оларда орна- ласқан елді-мекендер белгіленеді. Ластану тығыздығы туралы, Ки/ км2, әртүрлі аудандардан деректерді алған кезде, әкімшілік аумақтың картасында ЖРЛ аймақтау, яяғни тиісті аймақтарды сызу жүргізіледі. Бұл аймақтардың шекаралары аумақтың белгілі ластану тығыздығы- на қарамастан белгіленеді. Радиациялық жағдайдың өзгеруін ескеріп, бұл шекаралар Ресей Үкіметінің шешімімен үш жылда кем дегенде бір рет қайта қаралады. Бұл аймақтар үшін дозаның жылдық тиімділі- гінің шамасы белгіленеді, оны халық радиациялық қорғау болмаған кезде алуы мүмкін және қорғау шаралары жоспарланады.Чернобыль АЭС-тағы аварияның салдарын жою тәжірибесі бой- ынша ЖРЛ белгілі аймақтарды және оларға сәйкес келетін халық пен аумақты қорғау бойынша іс-шараларды белгілейді. Жылдық доза 0,1 радтан аспайтын аумақтарда, орта мен аулышар- шуалық өнімнің ластануының әдеттегі бақылауы жүргізіледі, соның нәтижелері бойынша жылдық доза бағаланады. Халықтың осы ау- мақта өмір сүруі мен шаруашылық қызметі радиациялық факторлар бойынша шектелмейді және аумақ ЖРЛ аймақтарына жатпайды. Осы аймақта цезий-137 бойынша ластану тығыздығы 1 – 5 Ки/км2.Жылдық тиімді доза 1 радтан асып кететін аумақтарда ЖРЛ дозасы белгіленеді.Радиациялық бақылау аймағы – жылдық доза 0,1-ден 0,5 рад дейін құрайтын аумақ. Бұл аймақта табиғи ортаның және ауылшаруашылық өнімдердің радиациялық мониторингі, халықтың сәулеленуін бақылау іске асырылады. Дозаларды төмендету құралдары қолданылады (тері мен тыныс алу органдарын қорғау, йодтық профилактика).Көшу құқығы бар тұру аймағы – ластану тығыздығы цезий-137 бойынша 5 – 15 Ки/км2, жылдық доза 0,5-тен 2 рад дейін аумақтың бөлігі. Радиациялық бақылау аймағынағы сияқты қорғау шаралары іске асырылады. Бұл аймаққа тұрақты тұру үшін өз еркімен кіру шек- телмейді. Келгендерге радиацияның әрекетімен шартталған, денсау- лыққа залал қаупі түсіндіріледі.Көшу аймағы – ластану тығыздығы 15 – 40 Ки/км2 аумақ. Орта жылдық доза 2 радтан асады. Аймаққа тұрақты тұру үшін кіруге тый- ым салынған. Радиациялық пен медициналық қорғау шаралары іске асырылады. Балаларға, репродуктивтік жастағы тұлғаларға тұруға тыйым салынады.Шеттету аймағы – төтенше қауіпті ЖРЛ бар аумақ. Ластану тығы- здығы 40 Ки/км2 асады, жылдық доза 5 радтан көп. Аймақта тұрақты тұруға болмайды, шарауашылық қызмет жүргізу және табиғатты пай- далану қатал реттеледі. Уақытша келген кезде жеке қорғаныс құрал- дары, радиациялық қорғау режимі және басқа шаралар қолданылады. ЖРЛ аймағында жүргізілетін қорғау іс-шаралары халықтың қалып-ты тіршілік әрекетінің, аумақтардың шаруашылық пен әлеуметтік жұ- мыс істеуінің бұзылуына әкелуі мүмкін, яғни экономикалық залалды ғана емес, сонымен қатар халыққа да жағымсыз әсерге әкелетін арала- су болып табылады. Сондықтан, араласу сипаты (қорғау іс-шаралары) туралы шешімді қабылдаған кезде арнайы қағидаларды басшылыққа алады:болжалды араласу халыққа зияннан көрі, көбірек пайда әкелуі тиіс, яғни дозаны азайту нітижесінде залалдың азаюы араласудың құнын және одан болуы ықтимал (ең алдымен әлеуметтік) залалды (араласу- ды негіздеу қағидасы) ақтау үшін жеткілікті болуы тиіс;араласудың түрі, ауқымы және ұзақтығы, араласудың өзіне бай- ланысты залады алып тастағанда дозаның төмендеуінен таза пайдабарынша жоғары болатындай таңдалуы тиіс (араласуды тиімдендіру қағидасы).Осылайша, халықты тікелей радиациялық қорғауды ұйымдастыру кезінде негізгі күш ИИ әсерін жоюға немесе азайтуға шоғырланады, оған:қорғаныс құрылыстарда жасырыну; жеке қорғаныс құралдарын қолдану;ЖРЛ аймақтарында, тіпті эвакуацияға дейін болу уақытын қысқар-ту; арнайы өңдеумен (қатерсіздендіру);дәрілік алдын алу құралдарын қолдану арқылы қол жеткізіледі.Халықтың радиациялық авария кезінде және жергіліктіжердің радиоактивтік ластану жағдайларында әрекеттері. «Бар- лығыңыздың назарына!» хабарлау сигналын естіген соң, хабарлау құралдарын (теледидар, радиоқабылдауыш, желілік радио) қосу, ақпаратты тыңдау және оған сәйкес әрекет жасау қажет. Егер нақты жағдай үшін ұсыныстар болмаса, онда тыныс алу органдарын қорғау керек (орамалмен, шарфпен және т.с.с.) және мүмкіндігінше жақын ғимаратта, ең жақсысы өз пәтерінде тез жасырыну керек.Жайға келген кезде:үстінгі киім мен аяқкиімді ауыстыру жіне оларды пластиктік па- кеттерге немесе үлдірге салып қою;терезені, желкөзді, есіктерді тығыз жабу, желдеткішті сөндіру; хабарлау құралдарын қосу және ақпаратты қабылдауға дайынболу;тұрмыстық ластанудың өлшеуіші болған кезде, жүйелі түрде өл- шеулерді жүргізу керек.Жайды герметизациялау (қол астында бар құралдармен терезе мен есіктердегі саңылауларды бітеу, желдеткіш тесіктерді жабыстырып тастау) және азық-түліктерді сенімді жабу (ашық азық-түлітерді по- лиэтилен пакеттерге салу, жабық сауыттарға су толтырып алу, азық- түлік пен суды тоңазытқышқа, жабық шкафтарға, қоймаларға қою).Нұсқауларды алған кезде йодтық профилактиканы жүргізген жөн (қол астыдағы құрал – бір стакан суға 5% йод ерітіндісінің 3 – 5 тамшысы ересектер үшін; 100 гр суға 1 – 2 тамшы екі жасқа дейін ба- лаларға; 5-7 сағ кейін қайта). Жеке гигиена ережелерін қатал сақтуа: дененің ашық жерлерін күніне бірнеше рет сабынмен жуу.Жайды қажет болған жағдайда және қысқа уақытқа ғана қалды- рған жөн. Көшеге шыққан кезде тыныс алу органдары мен теріні та- бельдік, ал олар болмаған кезде – қол астыдағы құралдармен қорғау. Әр қайтып келген сайын киімді ауыстырған жөн.Мүмкін эвакуациялануға дайын болу қажет, ол үшін:жеке қорғаныс құралдары, соның ішінде қол астындағы; мерзім бойынша киім мен аяқкиім, ішкиім; азық-түліктің бір күндік қоры, дәрі-дәрмектер; құжаттар, ақша және басқа қажетті заттар дайын бо- луы тиіс.Эвакуация үшін жайдан шығар алдында тоңазытқышты, барлық электрлік пен газ аспаптарын тоқтан ажырату, суды жабу, барлық тез бұзылатын азық-түліктерді лақтырып жіберу керек.Ластанған жерде қорғаныс құралдарын шешуге, шаң көтеруге бол- майды, шылым шегуге, тамақ ішуге, жатуға, отыруға, шымдауыт то- пырақта немесе асфальтпен жүруге тыйым салынады. Жүйелі түрде абайлап сүрту немесе қағу арқылы қорғаныс құралдарының, киім мен заттардың қатерсіздендірілуі, сонымен қатар терінің ашық жерлерін сүрту мен жуу жүргізіледі. Радиациялық бақылаудан кейін киімді ауыстыру қажет. Ластану аудандарында азық-түліктерді тек қана ра- диациялық бақылауды жүргізгеннен кейін немесе герметикалық қап- тамадағы азық-түліктерді жеуге болады.ЖРЛ жағдайында тәртіп нормалары мен ережелерін сақтау ради- ациялық зақымдану қаупін төмендететін маңызды қорғау шарасы бо- лып табылады. Химиялық қорғауХимиялық қорғау – ХҚО-да авария болған кезде адамдар мен қор- шаған ортаға АХҚЗ-ның әсерін алдын алуға және барынша азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық және ар- найы іс-шаралар кешені. Қорғаудың әр түрі бойынша сияқты (инже- нерлік, радиациялық, медициналық), химиялық қорғау іс-шаралары тағайындалуы бойынша екі негізгі топқа бөлінеді:ХҚО-да аварияның туындауы мен дамуын алдын алуға байланы- сты;химиялық сипатты туындаған ТЖ салдарын шектеуге байланысты (халықты ТЖ-да қорғау).Бірінші топтың іс-шаралары жеткілікті типті:табиғи ТЖК болуын, халықтың тығыздығы мен елді-мекендердің орналасуын ескеріп, аумақта ХҚО жобалау және орналастыру;объектіні авария алдындағы күйден шығаруға, жеке агрегаттарды немесе бүкіл өндірісті авариясыз тоқтатуға арналған автоматты қа- уіпсіздік жүйелерін қолдану және т.б.;ХҚО-да және оның санитарлық-қорғау аймағында химиялық мо- ниторингті құру;автоматтандырылған жергілікті хабарлау желісін құру; персоналды оқыту және оның біліктілігін арттыру.ХҚО-да авария болған жағдайда, оның ауқымы, әдеттегідей, жер- гілікті (объектілік немесе жергілікті жердің) сипатты болатынын ескерген жөн: объект, санитарлық-қорғау аймағы, оған жанасатын ау- мақтар.Химиялық залалдану аймақтарында адамдар АХҚЗ ағза ішіне ты- ныс алу органдары арқылы түскен кезде, сол секілді жерде, заттар- да, киімде және т.б. бар тамшы-сұйық фазамен түйісу нәтижесінде зақымдалуы мүмкін. Қорғаудың рөлі АХҚЗ-ның адам ағзасына негізгі әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.Қорғау іс-шараларын жүргізу мазмұны мен тәртібі нақты жағдайға байланысты, дегенмен кез келген жағдайда олар үш негізгі принципке негізделуі тиіс.ХҚО-да авария сипаты туралы және оның даму нәтижелері туралы ақпаратты шұғыл алу, болжалды қауіп немесе химиялық залалдану- дың басталуы туралы халықты хабардар ету.Қауіп туындаған жағдайда – АХҚЗ-ның адамдарға ықпалын бол- дырмау бойынша ескерту шараларын қабылдау.Ықпал болған кезде – оның нәтижелерін шектеу және салдарын жою бойынша шараларды қабылдау.Бірінші принципті іске асыру химиялық қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүргізуге негізделеді (хими- ялық жағдайды болжау, химиялық мониторинг, барлау және залалды бақылау, халықты хабардар ету).АХҚЗ әсерін болдырмауға және салдарын жоюға бағытталған қорғау шараларының санына (тікелей қорғау іс-шаралары) келесілер жатады:қорғаныс құрылыстарды, тұрғын мен өндірістік ғимараттардың қорғау қасиеттерін қолдану;жеке қорғаныс құралдарын қолдану;дәрі-дәрмектік, профилактикалық және емдеу құралдарын қол- дану;жер мен объектілерді арнайы өңдеу (газсыздандыру); халықты эвакуациялау.Химиялық мониторинг пен барлау деректерінің негізінде хими- ялық залалдану туралы хабарлау белгісі беріледі. Бұл сиг¬нал тікелей қорғауды іске қосады. Химиялық бақылаудың (мониторингтің) нәти- желері бойынша арнайы өңдеуге шешім қабылданады, жеке қорғаныс құралдарын шешу мүмкіндігі туралы қорытынды жасалады.Адамдардың химиялық залалдану аймақтарында тәртібі. ХҚО-да авария болған жағдайда халықты АХҚЗ зақымдану қаупі ту- ралы жергілікті хабарлау желілері арқылы хабардар ету объектілердің кезекші диспетчерлеріне жүктеледі. Бұл авария фактісін белгілеген-нен және АХҚЗ бұлтының таралу бағыты туралы алдын ала болжам- нан кейін дереу жүргізіледі.АХҚЗ жақын тұратын халық (2,5 км дейін) кәсіпорынның диспет- черлік қызметімен хабардар етіледі, ал 2,5 км әрі қарай тұратындарға РТЖЖ оперативтік қызметі хабарлайды. Әдетте авария туралы ақпа- ратта атмосфераға қандай зат шығарылғаны туралы, қай аудандарда (тұрғын орамдарда) ластану бұлтының таралу қаупі ең үлкен, қандай шараларды дереу қабылдау керек екенін туралы айтылады.Халық үшін қорғанудың екі негізгі түрі бар: залалдану аймағыгаг шығу және үйлерінде жасырыну.АХҚЗ буларының жай ішінде бірінші белгілерін сезген кезде, газтұтқырды (егер бар болса) немесе өз қолымен жасалған тыныс ор- гандарын қорғайтын қарапайым құралдарды кию қажет.Тым болмаса, орамалды сулап (сумен, сода ерітіндісімен), онымен ауыз бен мұрынды жабу. Жайларды саңылаусыздандыру және азық- түлік пен суды жабу бойынша шаралар РҚО-дағы авария кезінде қол- данылатын шараларға ұқсас. Хлордан қорғану үшін ас содасының 2% су ерітіндісінде, ал аммиактан – лимон қышқылының 5% су ерітін- дісінде суланған дәке таңғышты қолданған жөн. Залалдану аймағынан шыққан кезде газтұтқырды, ал ол болмаған кезде – қарапайым суға суланған байлауыштарды, маскаларды қолдану қажет.Есте сақтаған жөн: адамдар неғұрлым тез залалдану ай- мағынан кетсе, соғұрлым олардың зақымдану қаупі төмен бола- ды.Залалданған аумақта тез, шаң көтермей және заттарға қол тигіз- бей өткен жөн. Залалдану аймағында тамақ, су ішуге, шылым тартуға тыйым салынады.Теріде (қолда, баста) немесе киімде АХҚЗ тамшыларын байқаған кезде, сол жерлерді жеке химияға қарсы пакеттен өңдеу, ал ол бол- маған кезде – мол сумен жуып-шаю қажет.Химиялық зақымдану кезіндегі медициналық көмек. АХҚЗ- мен зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмекті ең қысқа мерзімде көрсету қажет.Аммиакпен зақымдалған кезде – таза ауа, минералды су неме- се сода қосылған жылы сүт; тұншығу кезінде – оттегі; көзге неме- се теріге тиген кезде – квасецтердің 0,5 – 1,0% ерітіндісі, су, лимон қышқылының ерітіндісі (басу).Хлормен зақымдалған кезде – залалданған аймақтан шығару, то- лық тыныштық, оттегімен ингаляция; тыныс алу жолдары тітіркенген кезде – нашатыр спиртімен, ас содасының буларымен демалу; көзді ас содасының 2% ерітіндісімен жуып шаяды; минералды су немесе сода қосылған жылы сүтті, қара шәй ішуге кеңес беріледі.6.4 Жеке қорғаныс құралдарыЖеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ) ағза ішіне, тері жамылғысына және киімге кез келген зиянды қоспаның (радиоактивтік заттардың, АХҚЗ, биологиялық құралдардың және басқ.) тиюінен қорғауға, сон- дай-ақ ашық оттан және жанып тұрған от қоспасынан қорғауға ар- налған. ЖҚҚ негізгі қорғау функциясы зиянды қоспалардың адамның ағзасына тыныс алу органдары, киім мен тері арқылы - барлық мүмкін әсер ету жолдарын жабуды қамтиды.Тиісінше орындайтын қорғау функциялары бойынша ЖҚҚ тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ТОҚҚ) мен теріні қорғау құрал- дарына (ТҚҚ) бөлінеді. Қорғау әрекетінің принципі бойынша барлық ЖҚҚ сүзгілеу мен оқшаулау болып бөлінеді.Сүзгілеу типінің құралдары адамның тыныс алу органдарына және терісіне түсетін ауаның көптеген зиянды қоспаларды сүзгілеуді (та- зартуды) қамтамасыз етеді және оны қорғалатын органдарға әкелуге кедергі жасамайды. Оқшаулайтын ЖҚҚ қоршаған ортамен қалып- ты ауамен алмасуды бұзып, ағзаны залалданған ауадан толығымен қорғайды. Сондықтан оқшаулайтын ЖҚҚ пайдаланушылық сипатта- малары елеулі нашарлау болып келеді.ЖҚҚ қолдану – қорғаудың жоғары тиімді әдісі, дегенмен оны тәжірибеде жүзеге асыру маңызды қиындықтарға тап болады. Ха- лықтың ТОҚҚ-мен жоғары қамтамасыз етілгендігіне (шамамен 90%) қарамастан, оларды ТЖ-да қолдану мүмкін емес. Әдеттегідей, олар қаладан 30-80 км қашықтықта орналасқан қоймаларда сақталады. Оларды халыққа іс жүзінде жеткізу және беру шамамен 6-8 сағат алуы мүмкін. Одан басқа, сақтауға салынған ЖҚҚ әскери уландыру затта- рынан қорғауға есептелген және бір қатар кең таралған АХҚЗ-дан (ам- миактан, азот тотықтарынан және басқ.) қорғамайды.Ірі ХҚО қасында тұратын халықты қорғауды қамтамасыз ету мақса- тында, ТЖМ жеке пайдалануға нормативтік сақтау мерзімі аяқталғанға дейін бес жыл бұрын қоймадағы газтұтқырларды беруді болжайды. Осы барлық мәселелер кешенін зерттеу үшін Ресейдің алты химиялық қауіпті облыстарында: Волгоград, Калининград, Нижегородск, Ом¬- бы, Самара және Челяб облыстарында эксперимент жүргізіліп жатыр. Оң нәтижеге қол жеткізген жағдайда, халыққа ЖҚҚ жеке пайдалануға беру тәжірибесі РХҚО-мен көршілес аудандарға тарайтын болады.Өнеркәсіптік өндірісінің қорғаныс құралдары аумақтың бүкіл халқына есептеліп жиналады (экономика объектілерінің персоналына105%, қалған халыққа – 100%). Бірінші кезекте қауіпті өндірістер ор- наласқан экономиканың санатталған қалалары мен облыстары қамта- масыз етіледі.Тыныс алу органдарын қорғау құралдары. ТОҚҚ негізгі тағай- ындалуы тыныс алу органдарын, көз бен бас терісін ауадағы барлық зиянды қоспалардан қорғау болып табылады.Сүзгілеу ТОҚҚ-ға газтұтқырлар, респираторлар, қарапайым құрал- дар (таңғыштар, маскалар) жатады. Олармен қорғау принципі тыныс алатын ауаны сүзгілеу мен сіңіру арқылы (газтұтқырлар) немесе тек қана сүзгілеу арқылы (респираторлар) зиянды қоспалардан тазартуға негізделген. Сүзгілеу құралдары тыныс алатын ауаны оттегімен байыт- пайды, сондықтан оларды оттегінің қалыпты мөлшері бар атмосферада қолдануға болады.Сүзгілеу газтұтқырлар (СГТ). СГТ типтерінің алуан түрлеріне қа- рамастан, олардың барлығының конструкциясы бірдей, оның құрамына екі негізгі қорғау элементтері кіреді: тікелей немесе қосқыш түтіктің көмегімен қосылуы мүмкін беткі бөлігі мен сүзгілеу-сіңіру жүйесі (ССЖ).Беткі бөлігінің (маска, шлем-маска) қорғау қасиеттері сорап коэф- фициентімен бағаланады, ол маска астындағы кеңістікте сонда бет- кі бөлігінің басқа тығыз жабыспағандықтан өтетін зиянды қоспаның мөлшерін сипаттайды. Осы коэффициенттің шамасын төмендету үшін, беткі бөлігін әрі қарай қиыстырып келтіруді тексеріп, мұқият таңдау қа- жет. Сүзгілеу-сіңіру жүйесі (бұрын – газға қарсы қорапша) тыныс ала- тын ауаны зиянды қоспаның буларынан және аэрозольден тазартады. Аэрозольдер (түтін, тұман) талшықты сүзгішпен ұсталады, ал булар катализатор-көмірдің қабатымен (шихтамен) сіңіріледі. Зиянды қоспа ССЖ арқылы өткен кезде, ол бір уақытқа толығымен тоқтатылады. Дегенмен уақыт өте ССЖ-дан шығатын ауада қоспалардың іздері (тез өту) шығуы мүмкін, бұл СГТ қорғау мүмкіндіктерінің таусылуы туралы айтады. Оны қолдануды бастаудан заттың тез өтіп кеткен сәтіне дейін уақыт сағатпен, минутпен көрсетілетін газтұтқырдың қорғау қуаты деп аталады.Халықты қорғау үшін қазіргі уақытта ең бұқаралық және сенімді ТОҚҚ болып табылатын ГП (ГП-5, ГП-7) типтік азаматтық газтұтқырлар мен олардың модификациялары арналған. Дегенмен бұл СГТ бір қатар АХҚЗ-дан (аммиактан және басқ.) және көміртектің монооксидінен (СО) қорғауды қамтамасыз етпейді. СГТ қорғау мүмкіндіктерін кеңейту үшін олар СГТ-1, СГТ-3 қосымша патрондармен немесе гопкалитті патрон- мен (ДП1 типтік) жинақталады. ДПГ-1, ДП-1 патрондардағы арнайы сіңіргіш – гопкалит, ол көміртек монооксиді ауаның оттегімен қышқыл көмір газға дейін тотыққан кездегі катализатор болып табылады:2СО + О2 → 2СО2.Азаматтық газтұтқырлардың кейбір көбірек таралған АХҚЗ қорғауәсері 6.2-кестеде келтірілген. Тыныс алу органдарын ең жаңа қорғау құралы – әмбебап қорғау патроны (ӘҚП), ол СГТ (ГП-5, ГП-7) беткі бөліктерімен қолданылады. Патрон АХҚЗ-дан, сол секілді көміртектің монооксидінен де қорғай- ды. ӘҚП-ның аммиактан қорғау әрекетінің уақыты 30 – 40 мин, хлор- дан – 30 – 50 мин, фосгеннен – 30 мин, көміртек монооксидінен – 120300 мин құрайды.ГП типтік газтұтқырлардан басқа халықтың кейбір санаттарын қорғау үшін ПДФ-Д газтұтқыры (балалардың сүзгілеу) – мектепке дейінгі жастағы балалар үшін; ПДФ-Ш – 17 жасқа дейін оқушылар үшін; балалардың қорғау камералары (БҚК) – бір жарым жасқа дейін балалар үшін қолданылады.Халыққа әкімшіліктің өкімі бойынша тиісті беру бекеттерінде қа- жет болған жағдайда ГП-5 немесе ГП-7 сүзгілейтін газтұтқырлары беріледі. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ата-аналары тұрғы- дықты жері бойынша балаларға арналған газтұтқырларды, емшектегі балалар үшін – БҚК камераларын алады. Оқушылар мен студенттер жеке қорғаныс құралдарды (ГП, АН, ИПП, таңу пакеті) оқу орны бой- ынша алады.Газтұтқырдың өлшемін анықтау үшін, бас төбесі, жақ, иек арқылы өтетін тұйық сызық бойынша басты өлшеу қажет. Өлшемдерді 0,5 см дейін жинақталады.Өлшеу сызығының ұзындығы 63 см дейін болған кезде, газтұтқыр- дың шлем-маскасының өлшемі нөлдік; 63,5-тен 65 см-ге дейін – бірін- ші; 65,5-тен 68 см дейін – екінші; 68,5-тен 70,5 см дейін – үшінші; 71 см-ден және одан жоғары – төртінші.Респираторлар. Бұл зиянды газдардан, булардан және аэрозоль- дерден жеңілдетілген ТОҚҚ ауа қатты шаңдалған кезде қолданылады. Ауа 11-15 ПДК көп емес шамалы концентрацияда зиянды қоспалар- мен ластанған кезде қолданылады. СГТ қарағанда олар тек қана тыныс алу органдарын қорғайды, өйткені ауыз бен мұрынды жабатын жар- тылай маска болып келеді. Әдеттегідей, респираторлар өнеркәсіптікобъектілердің, соның ішінде ХҚО персоналымен қолданылады. Олар- дың тағайындалуы жеткілікті мамандандырылған. Дегенмен халық радиоактивтік аэрозольдерден қорғау үшін «Лепесток», Р-2 және басқ. типтік кең тараған және қарапайым респираторларды қолдана алады.Мақталы-дәке таңғыштар мен шаңға қарсы маталы маска (ауруха- нада қолданылатындар сияқты) – бұл ең қарапайым ТОҚҚ.Таңғыш өлшемі 150 х 100 см дәке бөлігінен жасалады. Дәкеге қа- лындығы 2 см дейін бір қабат мақта салынады (ұзындығы 30 см, ені 20 см). Дәкені екі жағынан мақтаға бүктейді. Дәкенің ұштарын екі бау шығатындай кеседі.Аммиактан қорғау үшін таңғышты сірке, тұз немесе лимон қышқылының 5% ерітіндісімен сулайды, ал хлордан қорғау үшін – 2% сода ерітіндісімен. Көзді қорғау үшін шаңға қарсы көзілдірікті, жүзуге арналған көзілдірікті және басқ. қолдануға болады.Оқшаулайтын ТОҚҚ тыныс алу органдарын ауадағы концентрациясы- на қарамастан кез келген зиянды қоспалардан қорғау үшін, сонымен қатар оттегінің жетіспеу жағдайында да қолданылады. Олардың қорғау әсерінің принципі тыныс алу органдарын сыртқы ауадан толық оқшаулауға және тыныс алатын ауаны көміртек диоксидінен (СО2) қоршаған ортамен алма- сусыз оны оттегімен бір уақытта байытумен тазартуға негізделген.Оқшаулайтын ТОҚҚ ретінде құрамында оттегі бар заттардың көме- гімен тыныс алатын ауада оттегінің мөлшерін қалпына келтіру есебінен ағзаны тыныс алу қоспасымен қамтамасыз ететін автономдық тыныс алу жүйесі болып келетін оқшаулайтын тыныс алу аппараттарын (ОТА) қол- данады. Мұндай ОТА оқшаулайтын газтұтқырлардың тобы: ИП-4, ИП-5 және олардың модификациялары жатады.Осы ОТА негізгі оттегіні қалыптастыратын элементі – дем шығаратын ауадан оттегі газдарын, судың буларын сіңіруге және оны оттегімен бай- ытуға арналған регене¬ративтік патрон. Реагент ретінде патронда натрий надпероксиді (КО2) қолданылады, ол тыныс алу өнімдерімен реакцияғатүседі:2КО2 + Н2О → 2КОН + 1,5О22КО2 + СО2 → 2К2СО3 + 1,5О2Демек, көмір қышқыл газ бойынша регенерациялау коэффициентіКр = 1,5 (СО2 бір молекуласынан оттегінің 1,5 молекуласы шығады). Оттегіні регенерациялау мұндай схемасы су асты қайықтарда, ғарыш аппараттарында да қолданылады.Оқшаулайтын газтұтқырларды СГТ қолдану мүмкін емес болған кезде, нақты айтқанда, АХҚЗ-ның концентрациясы өте жоғары болған кезде қолданады (аварияның ошағы ауданында және оған жақын жер- де). Оның қорғау әрекетінің уақыты физикалық жүктеуге байланысты 50 минуттан (ауыр жүктеу) 3 сағатқа дейін (жеңіл) құрайды.Теріні қорғау құралдары. АХҚЗ көбісі адам үшін теріге тиген кезде қауіп төндіруі мүмкін. Осы жолды жабу үшін, теріні қорғау құралдарын (ТҚҚ) қолданады. Олар дененің ашық жерлерін, киімді, аяқкиімді АХҚЗ булары мен тамшыларынан, радиоактивтік пен био- логиялық аэрозольдерден қорғайды.Сүзгілейтін ТҚҚ-ны АХҚЗ буларын бейтараптандыру үшін арнайы сіңдіргіші бар мақта маталардан жасайды. Әдетте бұл қатты матери- алдардан жасалған жұмыс костюмдері мен комбинезондары. Осы ТҚҚ оң қасиеттері кәдімгі киімнің қасиеттерінен ерекшеленбейтін жоғары физиологиялық-гигиеналық қасиеттер болып табылады.Оқшаулайтын ТҚҚ – маталы негізге газ, ылғал өткізбейтін үлдір жабыстырылған немесе резеңкеленген мата қолданылатын жүйелі киілетін және көп рет қолданылатын арнайы костюмдер.Отандық өнеркәсіп АХҚЗ-дан арнайы оқшаулайтын және сүзгілей- тін ТҚК көп мөлшерін шығарады. Әдеттегідей, оларды химиялық тех- нологиялары бар өнеркәсіптік объектілердің персоналы қолданады. ХҚО-да авария болған кезде осы (және басқа, мысалы әскери) ТҚҚ авария ошағында және ауданында әрекет етуге тура келетін салдар- ды жою құрылымдардың жеке құрамының (құтқарушылар, өрт бөлім- шелері, үнемі дайын тұратын авариялық-құтқару күштері) қорғалуын қамтамасыз ету үшін қолданады. Әдеттегідей, санитарлық-қорғау ай- мағына жақын тұратын халық (500 – 1000 м), мұндай химиялық за- лалданудың экстремалды жағдайында болуы мүмкін емес. Сондықтан халық арнайы ТҚҚ-мен қамтамасыз етілмейді, бұнын қажеті де жоқ. Қажет болған жағдайда химиялық авария кезінде қорғану үшін халық қол астындағы қарапайым ТҚК қолдана алады.Қарапайым ТҚҚ – қатты матадан (былғарыдан, брезенттен, джин- са матадан және т.с.с); хлорвинилді және резеңкеленген негіздегі ма- тадан жасалған киім (жамылғы, плащ, күртке); резеңке және былғары аяқкиім, былғары және резеңке қолғап. Мұндай құралдар АХҚЗ тамы- шларынан жазда 30 мин бойы және қыста 1 сағ дейін қорғауды қамта- масыз етеді. Тоқыма мен мақта маталар радиоактивтік шаңнан ғана қорғайды.Арнайы өңдеуАрнайы өңдеу – бұл жергілікті жер мен объектінің (ғимараттар мен құрылыстар, техника, жеке қорғаныс құралдары, киім, аяқкиім бетінің, терінің ашық жерлерінің) радиоактивтік ластануын, химиялық, био- логиялық залалдануын жою бойынша іс-шара. Ол адамдардың бұл объектілермен жанасу кезінде зақымдануын болдырмау және ТҚКсыз жүру мүмкіндігін беру үшін ұйымдастырылады. Арнайы өңдеуді жүр- гізу туралы шешім ластанудың радиациялық пен химиялық бақылаунәтижелері бойынша қабылданады.Арнайы өңдеу қатерсіздендіруді, газсыздандыруды, залалсыздан- дыруды қамтиды.Қатерсіздендіру объектілердің радиоактивтік ластану дәреже- сін белгіленген рұқсат етілген шекке дейін төмендетуде қамтылған. Қазіргі уақытта радиоактивтік ыдыраудың жылдамдығына ешқан- дай физикалық пен химиялық әдістермен әсер ету мүмкін емес болғандықтан, онда радиоактивтік ластанудың белсенділігін төмендетудің жалғыз әдісі оны залалдандырылған беттерден ме- ханикалық жою болып табылады. Мұны жууға арналған су ерітін- ділері мен басқа сұйықтықтарды, ластанған беттерге қысыммен жіберілетін ауа мен газ-сұйықтық қоспаларды, сондай-ақ қабық қалыптастыратын құрамдарды қолданып қатерсіздендіру кезінде жасайды.Қатерсіздендіру үшін беттерді жақсы суландыратын синтетикалық ұнтақтар, сабын негізіндегі штаттық ерітінділер қолданылады. Қысқы уақытта ерітіндінің қату температурасын төмендету үшін оған аммиак- тік суды қосады. Бұл ерітінділерден басқа, кір сабынның ерітінділері, су, еріткіштер (дихлорэтан, бензин, керосин және т.б.) қолданылуы мүмкін. Жоғары температуралы газ-сұйықтық қоспалар да тиімді.АЭС-та аварияның салдарын жою кезіндегі еңбекті көп қажетсі- нетін операция – жергілікті жерді (көшелердің, жолдардың, алаңдар- дың учаскелерін, газондарды) және ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы беттерін қатерсіздендіру. Бұл жағдайда келесі әдістер қолда- нылады:механикалық (топырақты, асфальт жамылғыларын, штука¬турка- ны шешу);бүріккіш (беттерді қатерсіздендіру ерітінділерінің ағынымен қы- сыммен өңдеу);құрғақ (ластанған беттерді полимерлік құраммен, сазды жа- мылғымен жабу және оларды сіңген радиоактивтік заттармен бірге алып тастау).Көшелерде, алаңдарда, жолдарда бір уақытта топырақ бетін қабық қалыптастыратын рецептуралармен немесе тұтқыр материалдармен бекіту арқылы шаң басу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Механика- лық әдісімен шешілген топырақ көму жеріне шығарылады.Қатерсіздендіру үшін үйде, пәтерде (қол жеткізу қиын жерлер, кілемдер, жиһаз) әдеттегі шаңсорғыштар қолданылуы мүмкін. Жер- гілікті жер мен ғимараттарды қатерсіздендіру өрт техникасын (авто- цистерналарды, автосораптар мен станцияларды, мотопомпаларды), әскери мақсаттағы суару-жуу машиналары мен техниканы қолданып жүргізіледі.Газсыздандыру АХҚЗ-мен залалдандырылған объектілер мен жер- гілікті жерді АХҚЗ бейтараптандыру немесе жою жолымен залалсы- здандыруды қамтиды.Барлық АХҚЗ – бұл химиялық қосылыстар болғандықтан, онда олардың молекулаларының құрылымын өзгертуді (бейтараптандыру- ды) химиялық жолмен іске асырады. Бұл мақсаттар үшін химиялық реакциялар нәтижесінде реакцияның улы емес өнімдерді қалыптасты- рып, АХҚЗ зиянсыздандыруға мүмкіндік беретін химиялық заттардың ерітінділерін қолданады. Бұл заттарды механикалық жолмен алыпта- сғанда (жуып шаю, үрлеу) объектінің химиялық залалдануын алып та- стай алады, бірақ бұл жағдайда АХҚЗ бейтараптандырылмайды, жай ғана басқа беттерге (жерге) ауысады.Газсыздандыру үшін барлық рецептуралар АХҚЗ химиялық қаси- еттерін, нақты айтқанда олардың сілтілермен, қышқылдармен және басқ., гидролиз (сумен) реакцияларға қабілеттеріне негізделген. Қазір- гі уақытта АХҚЗ газсыздандыру үшін жиі қолжетімді заттар мен ерітінділерді қолданады: сілтінің су ерітінділері (10% NaOH), хлор- дың жоғары мөлшерімен тотықтырғыштар (хлорлы әктің 10% ерітін- дісі) және басқ. Техниканы, құрылыстарды (бірақ киім мен аяқкиімді емес!) газсыздандыру үшін қажетті ерітінділер болмаған кезде, жа- нар-жағар май материалдары (бензин, керосин, дизель отыны) неме- се еріткіштер (дихлорэтан, спирттер) қолданылуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайларда АХҚЗ бейтараптандырылуы жүрмейді.Үй жағдайында аммиак терінің ашық жерлеріне тиген кезде, олар- ды мол сумен, ал хлор тиген кезде – сабын сумен жуған жөн.Химиялық белсенді реагенттерді қолданудан басқа, ХҚО-да авари- яның салдарын жою тәжірибесінде:АХҚЗ су шымылдықтың көмегімен немесе сусымалы материал- дың қабатымен сіңіріп алуды;сұйық заттарды көбікпен оқшаулауды; сумен араластыруды қолданады.Су шымылдықтары АХҚЗ булы-газды бұлтының таралуын шек- теу мақсатында, оның таралу жолында қойылады. Бұл шымылдықпен кездескен кезде бұлттағы заттың концентрациясының араласуы және оның шайылуы өтеді. Шымылдықтар арнайы құрылғылары бар өрт машиналарын қолданып қойлыады. Бұл АХҚЗ басым мөлшеріне қар- сы қорғаудың тиімді әдісі.Сусымалы материалдар (топырақ, құм, қож және басқ.) АХҚЗ сұй- ық фазасын («шалшықты») сіңіріп алу үшін қолданылады. Сұйық АХҚЗ көбікпен оқшаулау олардың булануын азайту мақсатында іске асырылады. Көбікке газсыздандыру заттары енгізілуі мүмкін. Көбікті шығару үшін өрт сөндіру машиналарының көбік генераторларын қол-данады. АХҚЗ буланы жыдамдығын төмендетудің ең қолжетімді әдісіоларды судың ағынымен араластыру.Газсыздандыру ақырғы нәтижеде жерде болу мүмкіндігін немесе объектімен жеке қорғаныс құралдарсыз жанасуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан ол АХҚЗ толық бейтараптандырылуына қол жеткізіл- мегенше жүргізілетін болады.Залалсыздандыру – залалданған объектілерде залалсыздандыру құрамдарды қолдану арқылы ауру тудыратын биологиялық құралдар- ды (бактерияларды, вирустарды және басқ.) жою.Залалсыздандыру үшін құрамында хлор бар заттарды қолданады (құрғақ хлорлы әк, кальций гипохлоритінің тұздары, хлораминдер). Қосалқы құралдар ретінде залалсыздандыру әсері бар кейбір газсы- здандыру ерітінділерін де қолдануға болады. Инфекциялық аурулар- дың қоздырғыштары күн сәулесінің, жоғары температураның, ашық оттың, будың әсерінен өлуі мүмкін. Осыған залалсыздандырудың фи- зикалық деп аталатын әдістер негізделген. 6.6 Халықты эвакуациялауАвариялар, апаттар және дүлей апаттар қауіпі және туындауы болған кезде халықты шұғыл қорғау бойынша негізгі шаралардың бірі оны қауіпті аудандардан (ТЖ аймағынан) эвакуациялау болып табы- лады.Эвакуация. Бұл халықты ТЖ болжалған немесе туындаған ай- мақтардан алдын ала дайындалған қауіпсіз аудандарға ұйымдасты- рылған әкету (шығару) бойынша іс-шаралар кешені. Эвакуацияның ерекшеліктері ТЖК түрімен, оның ПФ ықпал етудің ауқымымен, эва- куацияланатын адамдардың санымен, оны өткізу уақыты мен жеделді- гімен анықталады.Өткізу уақыты мен мерзіміне байланысты эвакуация жоспарлы және шұғыл болып бөлінеді.Жоспарлы эвакуация – халықты және материалдық құндылықтарды заманауи зақымдау құралдарынан (әскери уақытт) немесе ірі ауқым- ды ТЖ нақты болжамы кезінде (бейбіт уақытында) қорғау үшін күні бұрын (алдын ала) шығару. Бұл шараны қабылдау үшін негіз сол уақыт ішінде нақтылануы мүмкін ТЖ болатынын нақты қысқа мерзімді (бір- неше минуттан бірнеше тәулікке дейін) болжам болып табылады.ТЖ даму сипатына және эвакуациялауға жататын халық санына байланысты, соңғысы локалды, жергілкті және өңірлік (эвакуациялау ауқымы) болуы мүмкін.Локалды эвакуация ТЖК ПФ әсер етуі мүмкін аймағы жеке қала- лық шағын аудандардың немесе ауылды елді мекендердің шегіменшектелген кезде жүргізіледі, бұл ретте эвакуацияланған адамдарың саны бірнеше мың адамнан аспайды. Оларды, әдеттегідей, қаланың зақымдалмаған аудандарда немесе елді мекендерде орналастырады.Жергілікті эвакуация ТЖ аймағына халық саны бірнеше мыңнан ондаған мыңға дейін орташа қалалар, ірі қалалардың жеке аудандары, ауылдық аудандар түскен кезде жүргізіледі. Эвакуацияланған адамдар әдетте өңірдің жақын орналасқан қауіпсіз аумақтарында орналасты- рылады.Өңірлік эвакуация ПФ ірі қалаларды қамтитын, халық тығыздығы жоғары аумақтарды қамтитын аудандарда жүргізіледі. Бұл ретте халық әжептеуір қашықтыққа шығарылуы мүмкін.Эвакуацияны жүргізу үшін қысқа мерзімде көліктің барлық түр- лерін (теміржол, автомобиль, өзен, теңіз, сирек әуе), сондай-ақ жеке пайдалану көліктерін қолданады. Сонымен бірге тек қана жолаушылар көлігі емес, сонымен қатар жүк көлігі де (жүк вагондары, баржалар және т.б.) іске қосылуы мүмкін. Шағын қашықтықтарға және көлік жетіспеген кезде жаяу жылжу қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда көлік өзі жүре алмайтындар үшін қолданылады (қарт адамдар, науқастар, 10 жасқа дейін балалар және т.б.).ТЖ аймағында болып шыққан халықты қармауға байланысты эва- куация жалпы және жартылай болуы мүмкін. Жалпы эвакуациялау кезінде халықтың барлық санаттарын шығарады (әкетеді), жарты- лай кезінде – тек қана еңбекке жарамсыз халықты (мектепке дейінгі жастағы балалар, мектеп оқушылары және т.б.).Эвакуацияны ұйымдастыру негізіне аумақтық-өндірістік принцип салынған. Халықтың ұйымдастырылған бөлігі (жұмысшылар мен қы- зметкерлер және олардың отбасылары) өндірістік принцип бойынша эвакуцияланады (кәсіпорындар, мекемелер бойынша). Жұмыс істе- мейтін халық (зейнеткерлер, қарттар және т.б.) тұрғылықты жері бой- ынша тұрғын үй кеңселері арқылы эвакуцияланады (аумақтық қағида). Жоғары және орта арнайы оқу орындарының студенттері университет- термен, институттармен, техникумдармен және т.б. эвакуацияланады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ата-аналарымен бірге эвакуацияланады.Эвакуацияланған адамдарды қауіпсіз аудандарда жергілікті тұрғын- дардың үйлеріне, қоғамдық ғимараттарда (мектептерде, демалыс үй- лерінде, спорт базаларында, пансионаттарда және т.с.с.), сондай-ақ уақытша тұрғызылған үйлерде (құрастырмалы-ағытпалы үйлерде, ша- тырларда және т.с.с.) орналастырады.Шұғыл (немесе кідіріссіз) эвакуация ТЖ ескерту уақыты өте аз болған кезде немесе ТЖК ПФ әсер ету жағдайында жүргізіледі. Оның жоспарлыдан ерекшеліктері:әдеттегідей, эвакуациялау ауқымы локалды сипатты болып келеді; эвакуацияны жүргізу туралы шешім жергілікті деңгейде қабылда-нады;эвакуацияланға адамдарды орналастыру үшін орындар қалыпта- сып жатқан жағдайға байланысты жедел таңдалады.Эвакуацияны ұйымдастыру. ТЖ туындаған жағдайда эваку- ация өте қажетті және кей кезде сенімді қорғау әдісі болуы мүмкін. 21.12.1994 ж. №68-ФЗ «Халықты және аумақты табиғи және техно- гендік сипатты төтенше жағдайлардан қорғау туралы» федералды заң халықты эвакуациялауды ұйымдастыруға байланысты мәселелерді шешуді Ресей Федерациясы субъектілерінің атқарушы билік органда- рына және жергілікті өзін өзі басқару органдарына жүктейді. Бұнымен тиісті әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, экономика объектілерінің эвакуациялау органдары және АҚТЖ басқару органдары тікелей ай- налысады. Осы мақсатпен, объектіден бастап (кәсіпорын, ұйым, меке- ме), эвакуацияның жоспары егжей-тегжейлі пысықталады. Жоспарлы эвакуацияны келесі жағдайларда жүргізу қарастырылады:а) әскери әрекеттер қаупі болған кезде – санатталған қалалардан; ерекше маңыздылығы бар объектілер орналасқан елді мекендерден және ірі теміржол станциялардан; әскери әрекеттер аймағындағы ше- кара маңындағы аудандардан;б) бейбіт уақытында ТЖ туындаған кезде – апаттық су басып кету ықтимал аймақтардан; қатты жер сілкіністері (M= = 7...8) болған кез- де, АЭС айналасындағы 30-километрлік аймақтан.Шұғыл эвакуациялаудың әзірленетін жоспарларында ЫҚО-да ава- рияның орны мен ауқымына немесе қауіпті табиғи құбылысқа бай- ланысты оның бірнеше нұсқасы қарастырылған. Барлық жоспарлау құжаттарында:эвакооргандарына, көлік қызметтеріне және халыққа эвакуация- ның басталуы туралы хабарлау тәртібі;тәртібі, мерзімі және көліктік қамтамасыз ету;халықты отырғызу және түсіру бекеттері, жүру маршруттары, ха- лықты орналастыру және т.б. көрсетіледі.ПФ әрекет ету аймағындағы барлық халық қауіпті аймақатрдан кеткен кезде, эвакуация аяқталған болып есептеледі.Объектіде эвакуацияны ұйымдастыру үшін негізгі жұмыс органы эвакуацияланған адамдарды орналастыруға және олардың тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге дейін, эвакуацияға барлық құжаттарды әзірлейтін объектілік эвакуациялық комиссия (ОЭК) болып табылады. Халықты жинау, тіркеу және ұйымдастырып жіберу үшін құра-ма эвакуациялық бекеттер (ҚЭБ) ұйымдастырылады, оларға жақын жатқан объектілер, сонымен қатар осы ауданның жұмыс істемейтінхалқы жазылады. Егер ақырғы бекет елеулі арақашықтықта орналас- са, онда эвакуацияның аралық бекеттері (ЭАБ) ұйымдастырылады. Эвакуациялық қабылдау бекеттері (ЭҚБ) эвакуацияланған адамдарды күтіп алу және ақырғы бекеттерде орналастыру үшін құрылады.Халықты эвакуацияға дайындау. Ұйымдастырылған эвакуаци- яны жүргізу үшін халықты оның жүргізу мерзімі мен тәртібі туралы уақытылы хабардар етудің үлкен және, мүмкін, шешуші маңызы бо- луы мүмкін.Эвакуацияны бастау туралы өкім алғаннан кейін, АҚ бастығы (кәсіпорынның, мекеменің басшысы) бұл туралы өндірістік бөлімше- лердің басшыларына, эвакуацияланған адамдарды жинау орнын (ҚЭБ нөмірі мен оның орналасқан жерін) және ҚЭБ келу уақытын көрсетіп хабарлайды. Өндірістік бөлімшелердің басшылары объектінің жұмыс- шылары мен қызметкерлеріне, ал олар – отбасыларына хабарлайды.Жұмыс істемейтін халыққа тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй органдары хабарлайды.Эвкуация туралы біліп, азаматтар дереу кетуге дайындалуы тиіс.Өзінмен бірге ең қажеттісін алған жөн:жеке құжаттарды (паспорт, әскери билет, неке қию туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері, зейнеткер куәлігі), ақшаны;2-3 тәулікке азық-түлік пен ауыз суды;киімді (соның ішінді жылы киім де), ішкиім, дәретхана керек-жа- рақтарын, кейбір төсек орындарын.Азық-түліктен тоңазытқышсыз сақталатындарын ғана алған жөн: консервілер, концентраттар, ірімшік, қант және т.с.с.Барлық киім мен азық-түліктерді шабаданға, сөмкелерге, жолдор- баларға салған жөн. Егер эвакуация жаяу тәртібінде жүргізілсе, бар- лық заттар мен азық-түліктерді жолдорбаға немесе заттар қапшығына салған жақсы.Пәтерден кетер алдында барлық жарықтандыру мен ысыту аспап- тарды сөндіру (пәтерді тоқтан ажыратқан жақсы), су құбыры мен газ желісінің крандарын жабу, терезелерді, желкөздерді жабу, күзет да- былнамасын қосып кету (егер бар болса), пәтерді барлық құлыптарға жауып кету қажет.Егер отбасыда біреу барлығымен бірге эвакуацияланбаса (науқас, қарт адамдар), бұл туралы ҚЭБ бастығына қажетті шараларды қабыл- дау үшін хабарлаған жөн.ҚЭБ келгенде міндетті түрде тіркелу қажет.Эвакуацияны дайындау және жүргізу кезіндегі халықтың жал- пы міндеттері. Эвакуацияны ұйымдастырылған және тех жүргізу үшін бір қатар шараларды сақтаған жөн.Пәтерде (үйде) репродукторларды, радиоқабылдағыштарды үнеміқосулы ұстау (әсіресе «Барлығыңыздың назарына!» сигналын алған- нан кейін). Бұл кез келген уақытта әкімшілік органдарының өкімдерін, сигналдарын және нұсқауларын естуге мүмкіндік береді.ЖҚҚ алу (егер бұрын алынбаса) және дайын күйге келтіру (оларды қолданып жаттықтырған жақсы). Өзінмен бірге әрқашан ЖҚҚ ұстау. Табельдік ЖҚҚ болмаған кезде, тыныс алу органдарын қорғай- тын қарапайым құралдарды жасау, күнделікті киімді теріні қорғау үшін ыңғайландыру.Үй дәрі қорабын дайындау: қызуөлшегіш, мүсәтір спирті, йод, ауыз содасы, мақта, бинттар және басқа құралдар.Пәтерде өртке қарсы шаралар жүргізу, жанғыш заттарды алып тастау, өрт сөндіру құралдарды дайыдап қою.Пәтердің радиоактивтік заттардан және қатты әсер ететін улы заттардан (ҚӘУЗ) қорғаныс қасиеттерін жоғарылату. Ол үшін терезе мен есіктердегі барлық саңылаулар мен тесіктерді мұқият бітеп тастау.Азық-түліктер мен суды радиоактивтік заттардың, ҚӘУЗ мен бактериялық құралдардың тиюінен қорғау.Эвакуацияны бастау туралы жариялаған кезде оған тез дайын- далу және белгіленген уақытта ҚЭБ (немесе басқа көрсетілген жерге) келу, тіркелу және келесі өкімдерді күту. 7 - т а р а уТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ Салдарды жою мақсаты, міндеті және іс-шараларыСалдарды жою зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, әрі қарай залалдарды болдырмау және халықтың ТЖ аймағында өмір тіршілігін қалпына келтіру үшін жүргізілетін іс-шаралар кешені болып келеді.Демек, оның басты ақырғы мақсаты жағдайды қалпына келтіру және салдарды жоюды аяқтау болып табылады, бұл көп жағдайларда осы аумақта ТЖ режимінің аяқталуын білдіреді.Салдарды жою барысында екі негізгі мақсат шешіледі:барлаудың барлық түрлерін, авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарын жүргізу;зардап шеккен халықтың өмір тіршілігін қамтамасыз ету. Осы мәселелерді шешу реттілігі үш кезеңді қамтиды:бірінші кезеңде персонал мен халықты жедел қорғау, теріс әсердің дамуын болдырмау және авариялық-құтқару жұмыстарына дайындық іске асырылады;екінші кезеңдегі негізгі мақсат авариялық-құтқару жұмыстарды бірін- ші кезеңнің мәселелерін бірге шешіп тікелей орындау болып табылады;үшінші кезеңде халықтың тікелей зардап шеккен аудандарда тір- шілік әрекеті қамтамасыз етіледі және экономика объектілері қалпына келтіріледі (егер мүмкін болса).Кезеңдердің ұзақтығы ТЖ сипатына (техногендік, табиғи), оның түрі мен ауқымына, бар күштер мен құралдарға байланысты.Тікелей жоюдың алдында әртүрлі бейінді инженерлердің, хи- мик-мамандардың, медиктердің, өрт сөндірушілердің және басқалар- дың күшімен жалпы және арнайы барлау жүргізіледі.Авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстар адамдарды құтқару және зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көр- сету – негізгі мақсатымен жүргізіледі.Қорғау құрылыстарын іздеу және ашу, адамдарды үйінділерден шығару жүргізіледі. Адамдарды іздеу бүтін қалған төлеллерден, жол құрылыстарынан, көшенің жерасты өткелдерден, бұзылған терезе мен баспалдақ тесіктерінен, ғимараттардың астынғы қабаттарының қа- бырға қасындағы кеңістіктерден басталады; әрі қарай құтқару жұмы- старының аумағы толығымен зерттеледі. Барлық табылған адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, олар медициналық мекеме- лерге эвакуацияланады.Сонымен қатар халық апаттық әсер ету аймақтарынан да (су та- сқындары, орман өрті, радиоактивтік ластану және т.б.) эва-куация- ланады. Сонымен бірге құтқару жұмыстарын жүргізуге кедергі жасап жатқан авариялардың, бұзылыстардың, бөгеттердің салдарын да жоя- ды. Мысалы:қажет болған кезде көлік қозғалысының уақытша жолдарын жасайды; коммуналдық-энергетикалық желілерде апаттарды оқшаулап, жояды; құтқару жұмыстарын қаіпсіз жүргізуге кедергі жасайтын ғимарат-тар мен құрылыстарды нығайтады немесе бұзады.Барлық жұмыстарды жүргізу үшін РТЖЖ салдарын жою күштері тартылады, олар келесіні қамтиды:Ресей Федерациясы атқарушы билік органдарының әскери және әскери емес өртке қарсы, іздестіру, авариялық-құтқару және авари- ялық-қалпына келтіру құрылымдары;апаттар медицинасының құрылымдары мен ұйымдары; ветеринария қызметі мен өсімдіктерді қорғау қызметініңқұрылымдары; РТЖЖаумақтықкішіжүйелерінің Азаматтық қорғанысқұрылымда-ры (аумақтық, жергілікті және объектілік деңгейдегі); РФ АҚ әскерлері және басқа әскери құрылымдары; ЖҚМ қалпына келтіру және өрт сөндіру поездері;Авариялық-құтқару қызметтері және теңіз бен өзен флотының, аза- маттық авиацияның құрылымдары.Халықтың тіршілігін қамтамасыз етуІрі ауқымды ТЖ туындаған кезде ондаған мың адам панасыз, су- сыз, азықсыз және медициналық көмексіз қалуы мүмкін. Сондықтан бірден зардап шеккендердің тіршілігін қамтамасыз ету мәселесі тұра- ды.Оны келесі жерлерде шешуге тура келеді:ТЖ аймақтарында, егер тіршілікті қамтамасыз ету аумақтық жүй- есі бұзылған немесе зардап шеккендерді қамтамасыз ету үшін мүмкін- діктері жеткіліксіз болса;эпидемия туындаған кезде карантин аймақтарында;босқындарды, шарасыздан қоныс аударушылардың уақытша орна- ласқан жерлерде.Тіршілікті қамтамасыз ету зардап шеккендерді тамақпен, сумен, бірінші қажеттілікте қажетті заттармен, уақытша тұратын үй-жай- лармен және коммуналдық-тұрмыстық қызметтермен, медициналық көмекмен және ақпараттық қызметтермен – заманауи адамның өмірі мүмкін емес заттардың бәрімен қамтамасыз етуді қарастырады.Зардап шеккендердің тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастырған кезде уақыттың маңызы зор болады. 20-30 сағатқа кешігу адамдардың ТЖ-да өміршендігіне әжептеуір әсер етуі мүмкін. Сондықтан бірінші кезекті тіршілікті қамтамасыз ету құтқару жұмыстарымен және шұғыл медициналық көмек көрсетумен бір уақытта, тым болмаса – олар басталғаннан кейін 8-10 сағаттан кешіктірмей басталуы тиіс.Егер тіршілікті қамтамасыз ету көлемі үлкен болса, онда ол екі ке- зеңге бөлінеді:алғашқы тіршілікті қамтамасыз ету; екінші тіршілікті қамтамасыз ету.Алғашқы тіршілікті қамтамасыз ету адамдардың экстремал- ды жағдайда аман қалу үшін қажетті физиологиялық нормалардан төмен емес нормалар бойынша іске асырылады (ерескел айтқандай, аштықтан және шөлден өлуге бермейтін).Еның мәселелері ТЖ-дан кейін бірінші тәулікте, бірақ 16 сағаттан кешіктірмей шешіледі.Екінші тіршілікті қамтамасыз ету кезеңінде жабдықтау нормалары (тамақтану бойынша) энергетикалық деңгейіне дейін (әр жас топтары үшін калориймен есептелетін), ал басқа позициялар бойынша – ау- мақтық билік белгілейтін ТЖ-дағы халықтың тіршілігін қамтамасыз ету нормативтер деңгейінде өседі. Қамтамасыз етудің оперативтілі- гі бойынша талаптар тіршілікті қамтамасыз етудің сол немесе басқа түрлерінің болмауынан (кешігуінен) болған зардап шеккен халықтың шығындар динамикасына байланысты.Алғашқы тіршілікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу үшін олар- дың көлемі мен құрамына байланысты МЧС мобильді құрылымда- рының негізгі тактикалық бөлімшелері болып жеке автомобиль батальондары, поездар, аэромобильді жасақтар болып табылады. Бұл құрылымдар үшін тиісті модульдерді қамтитын (тамақпен, сумен және т.б. қамтамасыз ету) алғашқы тірішілікті қамтамасыз етудің мобильді кешендері әзірленген.Бақылау сұрақтары«Тұрақты даму» ұғымына жалпы сипаттама беріңіз.ТЖ-да халық пен аумақты қорғаудың жалпы міндеттерін, мақ- саттарын және принциптерін атаңыз.Ресей Федерациясында табиғи мен техногендік сипатты ТЖ- дан халықты қорғау қалай ұйымдастырылады?Қауіпті табиғи және техногендік процесстер мен құбылыстар- дың мониторингі неде?ТЖ кезінде жағдайды болжау және бағалау қандай әдістермен іске асырылады?Сіз химиялық және радиациялық жағдайды анықтау және баға- лаудың қандай әдістері мен құралдарын білесіз?«Барлығыңыздың назарына!» хабарлау сигналын беру және ха- лықтың бұл сигнал бойынша әрекеттердің тәртібі қандай?Халықты радиациялық және химиялық қорғау құралдары мен әдістері қандай?Жеке және ұжымдық қорғау құралдары қалай және қашан қол- данады?Екінші бөлімАПАТТАР МЕДИЦИНАСЫІІІ-бөлімТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ8- тарауАПАТТАР МЕДИЦИНАСЫНЫҢ БҮКІЛРЕСЕЙЛІК ҚЫЗМЕТ ҰЙЫМЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ1980 – 1990-шы жылдары жаппай адамдардың зақымдаумен ірі ауқым- ды апаттардың туындау жағдайлары жиілеп кетті. Олардың арасында маңызды орынды Чернобыль АЭС-тағы апат алды (1986 ж.). 1990-шы жж. басында Ресейдегі өзгерген әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыс, мемлекеттік құрылымдардың қайта ұйымдастырылуы 1990 жылы (РКФСР МК 14.06.1990 ж. №192 қаулысымен) құрылған төтенше жағдайларда шұғыл медициналық көмек қызметін қайта қарастыру қа- жеттілігіне әкелді. Ресейдің ДМӨМиннің ұсынысы бойынша 1994 жылы ол Бүкілресейлік апаттар медицинасының қызметіне (БАМҚ) өзгертіл- ген.Бүкілресейлік апаттар медицинасының қызметі РФ Үкіметінің 03.05.1994ж. №420 «Дүлей апаттардан, авариялар мен апаттардан болған төтенше жағдайлар туындаған және олардың салдарын жойған кезде Ре- сей Федерациясы халқының өмірі мен денсаулығын қорғау туралы» қау- лысына сәйкес құрылған. Ол ТЖ болжау, ескерту үшін және апаттардың, дүлей мен экологиялық апаттардың, ТЖ-да жаппай аурулардың медици- налық салдарын жою үшін арналған.Бүкілресейлік апаттар медицинасының қызметі – бұл ТЖ-ны алдын алу және жою бірыңғай мемлекеттік жүйесінің функционалдық кіші жүй- есі болып табылатын орталықтандырылған мемлекеттік жүйе. Ол Денса- улық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің апаттар медицинасы қызметін, ТЖМ апаттар медицинасы қызметін, Қорғаныс министрлігінің апаттар медицинасы қызметін, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау жөніндегі департаментінің күші мен қаражатын, Ішкі істер министрлі- гінің, Көлік министрлігінің, «Медбиоэстрем» федералдық басқарманың және Ресей Федерациясының атқарушы билігінің басқа федералдық ор- гандарының күші мен қаражатын функционалдық түрде біріктіреді. Оның негізгі тағайындалуы – әртүрлі авариялардың, апаттардың, дүлей апат- тардың, эпидемиялардың, қарулы жанжалдардың, лаңкестік актілердің және басқа ТЖ медико-санитарлық салдарын тиімді және тез жою.БАМҚ негізгі міндеттері:ТЖ, соның ішінде локалды қарулы жан-жалдардың, лаңкестік ак- тілердің және басқ. салдарын жойған кезде халықты медико-санитар- лық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және іске асыру;ТЖ медико-санитарлық салдарын жоюға қатысып жатқан күштер мен қаражатты үлестіру және басқару;халыққа шұғыл және кеңес беру медициналық көмек бөлімше- лерінің тұрақты дайындығы мен тиімді жұмысын қамтамасыз ету (со- ның іщінде санитариялық авиацияны қолданып);ТЖ дереккөздерін анықтау, оларды тұрақты медикосанитарлық бақылауды ұйымдастыру, қолайсыз медико-санитарлық салдарды бол- дырмау немесе азайту бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;апаттар, дүлей апаттар аудандарында тұрғындардың санитарлық салауаттылығын қамтамасыз ету, жаппай инфекциялық аурулардың туындауын және таралуын алдын алу;денсаулық сақтау құрылымдар мен мекемелерді медико-санитар- лық мүліктің барлық түрлерімен қамтамасыз ету;дүлей апаттардың, авариялар мен апаттардың медико-санитарлық салдарын болжау және бағалау;әдістемелік негіздерді әзірлеу және халық пен құтқарушыларды ТЖ-да алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындауға қатысу.БАМҚ құрамына кіретін қызметтердің, басқару органдарының, құрылымдар мен мекемелердің міндеттері, ұйымдастыруы мен қы- зметтер тәртібі РФ субъектілерінің атқарушы биліктің федералдық органдары мен жергілікті өзін өзі басқару органдарымен бекітілетін, олар туралы ережелермен белгіленеді. Жарақатталған адамдарды іздеу, оларды үйінділердің астынан, өрт ошақтарынан шығару, радиоактивтік заттармен және АХҚЗ залалдандырылған жергілікті жерден (учаске- ден, объектіден) шығаруды (әкетуді) ТЖ алдын алу және жою бірыңғай мемлекеттік жүйесінің авариялық-құтқару құрылымдары орындайды.Елдің БАМҚ бес құрылымдық-функционалдық деңгейлермен ұсы- нылған: федералды, өңірлік, аумақтық, жергілікті және объектілік.Федералдық деңгейде апаттар медицинасы қызметін (АМҚ): Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі АМҚ мем-лекттік көп бейінді бас ғылыми-тәжірибелік мекемесі болып табыла- тын «Защи¬та» Бүкілресейлік апаттар медицинасы орталығы (БАМО) және құрамында мекемелер мен құрылымдар бар БАМҚ; БАМОның ДДҰ Ынтымақтасу орталығының мәртебесі бар және ол ТМД апаттар медицинасы мәселелері жөніндегі Еуроазиялық өңірлік орталығының функцияларын атқарады;Апаттар медицинасының бүкіл әскери орталығы (Қорғаныс мини- стрлігінің шұғыл медициналық көмек орталығы);Қорғаныс министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Көлік мини- стрлігінің, Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау ко- митетінің (МСЭҚК) және Ресей Федерациясының басқа министрліктер мен ведомстволардың медициналық құрылымдары мен мекемелері;апаттар медицинасы мәселелерін шешу үшін клиникалық және ғылыми базалар ұсынады.Өңірлік деңгейде апаттар медицинасы қызметін Орталық, Солтүстік Батыс, Приволжье, Орал, Сібір, Солтүстік Кавказ, Қиыр Шығыс феде- ралдық округтарындағы БАМО жеті филиалы ұсынады.Өңірлік филиалдардың (орталықтардың) негізгі бөлімшелері: штаб, мамандандырылған медициналық көмек бригадасы бар жылжыма- лы медициналық жасақ, медициналық жабдықтау бөлімі, материал- дық-техникалық және көліктік қамтамасыз ету бөлімі, сонымен қатар әскери округтар мен флоттардың арнайы мақсаттағы медициналық жасақтар (АММЖ), ІІМ, ЖҚМ, РФ МСЭҚК өңірлік бағыныстағы құрылымдары.Өңірлік деңгейдегі апаттар медицинасы қызметінің мобильді құрылымдар саны, олардың бейіні, штат құрамы, жабдықталуы ден- саулық сақтау мүмкіндіктерінен және апаттардың болжанатын меди- ко-санитарлық салдарына байланысты.Аумақтық деңгейде апаттар медицинасы қызметін апаттар медици- насының 89 аумақтық орталықтары ұсынады (АМАО): 25 республи- калық, 6 өлке, 48 облыстық, 10 авто¬номдық облыстық, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталықтары, орталық меди- ко-санитарлық бөлімдер, Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, ЖҚМ, МСЭҚК емдеу мекемелері мен құрылымдары және басқа аумақтық бағыны- стағы ұйымдар.АМАО негізгі бөлімшелері: әкімшілік, оперативтік-диспетчерлік бөлім, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі, мамандандырылған медици- налық көмек бригадалары, халыққа жедел және жоспарлы-кеңес беру медициналық көмек бөлімшесі (санитарлық авиация), медициналық жабдықтау бөлімі, материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі.Жергілікті деңгейде апаттар медицинасы қызметі қалалық пен ау- дандық АМО немесе құрамына кіретін құрылымдарымен АМҚ басқа- ру органдарының функцияларын атқаратын жедел медициналық көмек станцияларымен (кіші станцияларымен), сондай-ақ санитарлық-эпи- демиологиялық бригадалар мен эпидемиологиялық барлау топтарын құрайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орта- лықтарымен ұсынылған.Объектілік деңгейде апаттар медицинасы қызметі ТЖ-да объектіні медико-санитарлық қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалармен, емдеу-профилактикалық мекемелермен (медико-санитарлық бөлім-дер, емханалар, денсаулық сақтау орны және басқ.) объектіні сани- тарлық-эпидемиологиялық қадағалау құрылымдық бөлімшелерімен, медициналық штаттық емес құрылымдармен ұсынылған.Барлық деңгейлерде АМҚ медициналық, білім беру, ғылыми-зерт- теу, емдеу-профилактикалық және санитарлық-профилактикалық ме- кемелер базасында штаттық емес құрылымдар құрылады: жасақтар, бригадалар, топтар. Олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету тиісті мекемелердің басшыларына жүктеледі. ТЖ туындаған жағдай- да олар тиісті деңгейдің АМҚ басқармасына оперативтік қарамағына түседі.ТЖ медициналық салдарын жойған кезде ТЖ аймағындағы барлық емдеу-профилактикалық, санитарлық-гигиеналық, эпидемияға қарсы және дәріханалық мекемелер олардың ведомстволық қатыстылығына қарамастан қолданылады. 9-бөлімБЕЙБІТ УАҚЫТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ МЕДИКО-ТАКТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫТЖ медико-тактикалық сипаттамасы деп апаттар, авариялар және дүлей апаттар ошақтарында салдарды жою бойынша медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, яғни апаттар медицинасы қызметі күштерінің сандық пен сапа құрамына, олардың ұйымдастырушылық құрылысына және қолдану тактикасына әсер ететін факторларды анықтау түсініледі. Мұндай факторларға келесілер жатады:ошақтың жер бедерінің түрі, ауданы және ерекшеліктері;санитарлық шығындардың саны мен құрылымы;аумақтың радиоактивтік ластану мен химиялық ластану дең- гейі мен ауданы;бұзылған ғимараттардың, құрылыстардың, жолдардың, көпір- лердің сипаты;медициналық мекемелер мен медициналық персоналдың істен шығып кетуі.Медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырған кезде адам шығын- дарымен кез келген ТЖ алдымен міндетті түрде азды көпті көрінетін хаосқа, құтқарудың, іздестірудің, алғашқы медициналық көмек көр- сетудің және зардап шеккендерді эвакуациялауды ұйымдастырылуы- ның болмауына, ортақ және санитарлық көліктің жетіспеушілігіне, сонымен қатар медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігіне, ерекше ауыр жер сілкіністеріне тән психологиялық шокқа әкеледі.Химиялық қауіпті объектілерде авариялардың және апаттарошақтарының медико-тактикалық сипаттамасы. ДДҰ деректері бойынша, зардап шеккендердің госпитализациясына және өліміне әкелетін әртүрлі химиялық заттармен улану саны әр онжылдық сай- ын өседі. Сөйтіп, егер 1960-шы жж. Батыс Еуропа елдерінде қатты улануға байланысты 1000 тұрғынға бір адамды ауруханаға жатқызса, онда 1970-шы жылдары – екеуін, ал 1980-1990-шы жылдары - үшеуін. Әлемнің әртүрлі елдерінде қатты уланудан өліммен аяқталған абсолют- ті сан 100 мың тұрғынға 5-тен 15-ке дейін өзгереді. Уланудан зардап шеккен және қайтыс болған адамдардың саны химиялық қауіпті объ- ектілерде авариялар нәтижесінде күрт өседі. Әртүрлі елдердің, соның ішінде Ресейде де, экономика объектілерінде көбісі жоғары улылыққа ие және белгілі жағдайда (өндірістік тәртіптің юұзылуы, операторлар- дың немқұрайлығы мен біліктілігінің төмен деңгейі, технологиялық процестердің жетілмегендігі, жабдықтың, конструкциялардың, көлік сыйымдылықтарының және т.б. тозуы) адамдар мен жануарлардың жаппай улануы мен өліміне әкелуі мүмкін, сондай-ақ қоршаған ор- таны (жергілікті жерді, су қайнар көздерін, фуражды, азық-түлікті) залалдыруға қабілетті химиялық заттардың көп мөлшерін өндіреді, сақтайды, өндірісте қолданады және тасымалдайды. Мұндай заттар авариялық химиялық қауіпті заттар (АХҚЗ) деп аталады, бұрын қатты әсері бар улы заттар немесе улы химиялық заттар (УХЗ) деп аталған, оларды уландыру заттарымен (УЗ), жоғары улы заттармен (ЖУЗ) және әскери улы заттармен (ӘУЗ) бірге кейбір мамандар уландыру және жоғары улы заттардың (УЖУЗ) жалпы тобына жатқызады.Ресейдің аумағында шамамен 3500 химиялық қауіпті объектілер орналасқан. Мұндай ХҚО-ға зақымдалуы немесе бұзылуы адамдар- дың жаппай улануына әкелуі мүмкін АХҚЗ бар сыйымдылықтарды өндіретін, сақтайтын, қолданатын және тасымалдайтын кәсіпорындар мен экономика объектілері жатады. 2000 жылы ХҚО-да 38 авария бол- ды, бұл ретте 25 адам қаза болды.ДДҰ жіктемесі бойынша ХҚО-ға АХҚЗ белгілі запасы бар хими- ялық объектілер жатады. Осы запастың шамасына байланысты ХҚО үш қауіптілік дәрежесіне бөлінеді:– 250 т аса хлордың, 2500 т аса аммиактың запасымен;– 50 – 250 т хлордың, 500 – 2500 т аммиактың запасымен;– 1 – 50 т хлордың, 10 – 500 т аммиактың запасымен.Зардап шеккендердің саны 50-ден аспаса, бұл зақымдар топтық улану, ал 50 адамнан асып кетсе – жаппай улану деп есептеледі.ХҚО-да туындайтын авариялар мен апаттардың негізгі ерекшелік- тері:АХҚЗ-ның адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге әсер ету- дің күтпегендігі;АХҚЗ зақымдау әсерінің көлемдігі (авария ауданында, сол секілді одан тыс аумақтар және әуе кеңістігі);АХҚЗ адамның ағзасына демалатын ауамен бірге, тері мен шы- рышты қабықтар арқылы өтіп кету қабілеті;адамдардың құрамдастырылған және қосарлас зақымның мүм- кіндігі (жарылыс, өрт, су басып кету кезінде);авария сәтінен әртүрлі уақыт өткен кезде зақымды болдыру қа- білеті.1997 жылы ратификацияланған, Химиялық қаруды әзірлеуге, өн- діруге, жинау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы халықаралық конвенцияға қарамастан, әлемде әртүрлі химиялық қа- рудың запастары үлкен. Тек АҚШ-та ғана олар шамамен 30 мың т, ал Ресейде – шамамен 40 мың т (оқ-дәрілер түрінде, сол секілді резерву- арларда сақталатын).Химиялық қарудың мол запастарын жою, әлеуметтіден басқа, үл- кен материалдық мәселелерді ұсынады, әсіресе конвенцияға сәйкес, химиялық қаруды ашық ауада жағуға және оны мұхит пен теңіздерге батыруға тыйым салынатынына байланысты.Радиациялық ошақтардың медико-тактикалық сипаттамасы. Адамдардың сәулеленуі әдетте радиация дереккөздерін (радиоактивтік материалдарды) АЭС-та, су үсті мен су асты кемелердің күш беретін ядролық ракторларда, ядролық және тездеткіш қондырғыларда авари- яларда және т.б. пайдалану, сақтау және тасымалдау ережелерін бұзу нәтижесінда туындайды.Атмосфераға радиоактивтік заттарды шығарумен сүйемелденетін АЭС-та барлығы шамамен 300 маңызды авариялар тіркелген.МАГАТЭ шкаласына сәйкес оқиғалар АЭС-та жеті деңгейге бөлі- неді: І – ІІІ – оқиғалар, ІV – VІІ – авариялар.Оқиғаларға радиоактивтік заттар (РЗ) объектінің шегінен тыс шықпайтын ТЖ жатады: ІІІ деңгей – маңызды оқиға; ІІ – орташа ауыр; І – жеңіл.Аварияларға РЗ объектінің шегінен тыс шығып кететін және қор- шаған ортаның залалдануын болдыратын ТЖ жатады, яғни радиаци- ялық авария иондаушы сәулелендірудің көздерін бақылаудың жоғалу нәтижесінде туындайды және ададмдардың сәулеленуіне және (неме- се) жергілікті жердің атом энергетикалық құрылғыларда белгіленген санитарлық нормативтердің шамаларынан жоғары радиоактивтік ла- стануына әкеледі.Радиациялық апат деп АЭС персоналы мен оның салдарын жоюға қатысатын тұлғалардың, сол секілді АЭС зақымдалған немесе атом де- реккөзінің жарылған жерінен әртүрлі қашықтықта тұратын халықтың денсаулығына қауіп төндіретін күрделі көп жоспарлы ауқымды ТЖесептеледі. Қайғылы және көрнекті мысал ретінде үлкен шығын кел- тірген, Чернобыль АЭС-тегі авария салдарынан болған радиациялық апатты айтуға болады.МАГАТЭ жіктемесіне сәйкес: КСРО-дағы авария (Чернобыль, 1986 ж.) жаһандық болып есептеледі және VІІ деңгейге жатады, ол әртүрлі елдерден адамдары мен табиғатына радиацияның ұзақ әсері мен қатты әрі созылмалы сәулелі зақымдандырумен қатар жүрді;АҚШ-тағы авария (Три Майл Айленд, 1979 ж.) ауыр болып есепте- леді және VІ деңгейге жатады, ол қоршаған ортаға радиоактивтік өнім- дердің көп мөлшерінің шығаруымен сипатталды және халықты қорғау мен эвакуациялауды талап етті;Ұлыбританиядағы авария (Уиндскейле, 1957 ж.) қоршаған орта үшін қаупі бар авария болып есептеледі және V деңгейге жатады, ол қоршаған ортаға радиоактивтік өнімдердің шамалы мөлшерінің шыға- руымен сиптталды және персонал мен халықты қорғауды, жартылай эвакуациялауды талап етті;Франциядағы авария (Сен-Лоран, 1980 ж.), АЭС шегінде туын- даған, ІV деңгейге жатады, ол қоршаған ортаға персоналды сәуле- лендірген және халықты сәулелендірмеген радиоактивтік өнімдердің шығаруымен сипатталған, дегенмен халықтың азық-түліктерін бақы- лауды талап етті.АЭС-та маңызды орынды ядролық реактор алып отырады – бұл уран ядроларының басқарылатын бөліну реакциясы іске асырылатын құрылғы, оның нәтижесінде өнімдердің кинетикалық энергиясы жылу энергиясына айналады. Бұл энергия турбинаға түсетін суды ысытуға және бу қалыптастыруға бағытталған, турбина электр тоғын шыға- ратын генераторды айналдырады. Содан соң бу қайтадан реакторға түсетін суға конденсацияланады.Ядролық реакторларға жүзеген тонна уран оксиді жүктеледі. Реак- ция про¬цессінде реакторда радиоактивтік заттардың үлкен мөлшері жиналады. Бұл РЗ АЭС-та авария болған жағдайда, қоршаған ортаға шығарылу салдарынан радиациялық қауіптің дереккөзі болып табы- лады.РЗ таралу шекарасына және радиациялық салдарына байланысты АЭС-тағы авариялар үш түрге бөлінеді:локалды, мұнда радиациялық салдар тек қана АЭС-тың бір ғима- ратымен немесе құрылысымен шектеледі; қалыпты пайдалану кезінде белгіленген деңгейден жоғары персоналдың сәулеленуі және ғимарат- тың немесе құрылыстың ластануы мүмкін;жергілікті, мұнда радиациялық салдар АЭС аумағымен шектеледі, қалыпты пайдалану кезінде белгіленген деңгейден жоғары персонал- дың сәулеленуі және АЭС-тың бірнеше немесе барлық ғимараттар менқұрылыстардың ластануы мүмкін;жалпы, мұнда радиациялық салдар АЭС аумағынан тыс таралады, халықтың сәулеленуі және қоршаған ортаның ластануы мүмкін.Бейбіт уақытында төтенше жағдайлардың аудандарындағы Эпидемологиялық ошақтардың медико-тактикалық сипаттама- сы. Төтенше жағдайлардың бір қатар медико-сани¬тарлық салдарын- да залалдандырылған аумақтардың, инфекция жұққан аудандар мен эпидемиологиялық ошақтардың пайда болуы маңызды орын алады, олардың динамикасы уақыт шекарасымен белгіленеді және ауруха- наға жатуға мұқтаж зақым алған және инфекцияланған науқастардың болуына, инфекциялық науқастармен және инфекциялық қауіп төн- діретін сыртқы ортамен жанасқан тұлғалар санына байланысты.Дүлей апаты мен ірі апаттар аудандарындағы эпидемиялық ошақтардың тән ерекшеліктері бар:адамдардың жаппай залалдандырылуы және көптеген эпидеми- ялық ошақтардың қалыптасуы;ошақтардың әрекет ету ұзақтығы;халықты инфекциялық науқастармен уақытылы оқшаламау салда- рынан жанасудан қорғаудың болмауы;инфекциялық аурулардың әртүрлі клиникалық түрлерінің болуы дәне уақытылы диагностикаламау.Биологиялық лаңкестік акттар ТЖ жіктемесі бойынша эпидемио- логиялық салдарымен төтенше биологиялық-әлеуметтік жағдайларға жатады. Мұндай төтенше жағдайлар, әдеттегідей, әскери қақтығы- стармен, ұлтаралық шиеленіспен, экономикалық дағдарыстармен, лаңкестік пен диверсиялармен шартталған.Биологиялық залалдандыру ошағы – зақымдау концентрацияда биологиялық аэрозолі бар атмосфераның жер бетіне жақын қабаты, сондай-ақ бұл аймақтағы халқы, экономика объектілері, инфекциялық аурулардың таралу қаупін тудыратын биологиялық құралдардың тіке- лей әсеріне шалдыққан табиғи ортаның басқа элементтері мен объек- тілері бар аумақ.Залалдандырылған тасымалдаушыларды қолданған кезде, биоло- гиялық залалдандыру ошағы олардың таралу ауданы, диверсиялық қолдану кезінде – диверсия объектісі болып табылады.Биологиялық лаңкестік акттар кезінде ең үлкен қауіп төндіретін ин- фекциялық аурулардың қоздырғыштары ерекше қауіпті және қауіпті болып бөлінеді. Биологиялық лаңкестік акттар кезінде эпидемиялық процесстің дамуының оның әр буында өзінің ерекшелігі бар. Жеке эпидемиялық ошақтардың туындауына әсер ететін әртүрлі факторлар- дың рөлі күрт өседі.Биотерроризм кезінде адамдардың, аулышаруашылық жануарлармен өсімдіктердің залалдану дереккөзі, әдеттегідей, инфекцияның қоздырғыштары бар аспаптар (оқ-дәрілер, объектілер) болып қызмет етеді, оларды әдейі тарату биологиялық залалдандыру ошағы бола алады.Ошақтың өлшемдері оқ-дәрілердің түріне, бактериялық рецепту- расына, олардың саны мен қолдану әдістеріне, сондай-ақ метеороло- гиялық жағдайларға, тез байқау және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақытылы өткізуге, емдеу тиімділігіне және залалсыздандыруға бай- ланысты болады.Бактериялық рецептураларды аэрозоль түрінде шашырау ең қауіпті болып табылады.Маңызды рөлді ауаның тік төзімділігінің дәрежесін, яғни инвер- сия, изотермия немесе конвекция жағдайын анықтайтын факторлар атқарады.Бактериялық бұлт ауаның қозғалу бағытында жылжып, топыраққа, суға, өсімдіктерге және айналадағы заттарға, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың қорғалмаған тері жамылғыларына түсуі мүмкін.Инфекция қоздырғышын тарату механизмі ошақта қоздырғыштың сыртқы ортада өмір сүру мерзімі бойы және оның зақымдау концен- трациясының ұсталу мерзімі бойы сақталып, әрекет ететін болады.Лаңкестік әрекет салдарынан халықтың арасында айналадағы адамдар үшін қауіп төндіретін иконтагиозды инфекциялармен аура- тын науқастар пайда болған кезде, адамнан адамға қоздырғышты жі- беру механизмі қосылады.Лаңкестік акт кезінде биологиялық агенттерді аэрозольдік та- рату механизмі белгілі жағдайларда барлық, тіпті табиғи жағдайда ауа-тамшылы жолымен таралмайтын инфекциялық аурулардың қоз- дырғыштарын (бруцеллез, бөртпе сүзек, сары безгек) таратуы мүмкін. Осылайша, биологиялық лаңкестік акт кезінде туындаған эпидеми- ялық ошақтың бір қатар клиникалық-биологиялық ерекшеліктері бар: осы өңір үшін тән емес қауіпті инфекциялық аурулардың пайда бо-улы;адамдардың бір уақытта жаппай залалдандырылуы және көптеген ошақтардың қалыптасуы;инфекция дереккөздерінің залалдандыру әрекетінің елеулі ұзақтығы;инкубациялық кезеңнің мерзімін ең төменгісіне дейін қысқарту; тіпті осы биоагентке иммунизацияланған тұлғалардың арасындаинфекциялық науқастардың пайда болуы;авурудың әртүрлі клиникалық түрлерінің болуы, аурудың ауыр түр- лерінің едәуір санының пайда болуы;халықты оқшауланбаған инфекциялық науқастармен, сыртқы орта-ның залалдандырылған объектілермен, әсіресе су қайнар көздері мен азық-түліктен жанасудан қорғаудың болмауы.Бұл ерекшеліктер биологиялық лаңкестікке байланысты төтенше жағдайлар аймағында эпидемиялық ошақтарды оқшаулау және жою бойынша іс-шараларды ұйымдастыру ерекшелігін белгілейді. 10-бөлімТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЕМДЕУ- ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ-ГИГИЕНАЛЫҚ ПЕН ЭПИДЕМИЯҒА ҚАРСЫІС-ШАРАЛАР НЕГІЗДЕРІХалықтың зақымдану сипаты мен құрылымы, олардың туындау ауқы- мы мен ерекшеліктері медициналық құрылымдар мен мекемелердің ем- деу мен эвакуациялау қызметінің көлемін белгілейді.Жалпы шығындар – халықтың арасындағы барлық шығындар – қай- тарылмайтын және санитарлық болып бөлінеді.Қайтарылмайтын шығындарды өлтірілген, қаза болған, батып кеткен, хабарсыз кеткен адамдар құрайды.Санитарлық шығындар – зақымдалған, жарақатталған және кемінде бір тәулікке еңбекке жарамдылығын жоғалтқан, медициналық бекеттерге немесе медициналық мекемелерге түскен науқастар.Санитарлық шығындардың құрылымы – зақымдалған, жарақатталған және науқас тұлғалардың әртүрлі санаттарының санитарлық шығындар- дың жалпы санымен пайыздық арақатнасы. Санитарлық шығындардың құрылымын зерттеу зардап шеккендердің емдеу-эвакуациялау сипаттама- сын ұсынуға, демек, медициналық көмек көрсету, эвакуациялау және ем- деу үшін күш пен қаражаттың қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді.Апаттардың салдарын жою тәжірибесі бейбіт уақытында жаппай зақымдау ошақтарында зардап шеккендердің емдеу-эвакуациялық іс-ша- раларын ұйымдастыру негізінде медициналық көмекті көрсетудің екі ке- зеңдік жүйесі сақталады жеп көрсетеді.Эвакуацияның бірінші (госпитальға дейін) кезеңінде, яғни зақымдау ошағында немесе оған жақын жерде, тіршілік көрсеткіші бойынша алға- гқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі, медицина- лық және эвакокөліктік сұрыптау жүрізіледі.Зардап шеккендерді тағайындалуы бойынша, яғни олардың соңына дейін емдейтін емдеу мекемелеріне эвакуациялау жақсырақ, бұл білікті және мамандандырылған медициналық көмекті көрсету мерзімін жақын- датадыэвакуацияның екінші (госпитальдік) деңгейінде – емдеу мекеме- лерінде.Медициналық эвакуациялау кезеңі – бұл эвакуациялау жолында ашылған және зақымдалған, жарақтталған және науқас адамдарды қабылдау мен медициналық сұрыптауға, оларды арнайы өңдеуге, ин- фекциялық науқастарды және реактивтік күйдегі науқастарды оңаша- лауға, сонымен қатар оларға медициналық көмек көрсетуге, емдеуге және әрі қарай эвакуациялауға дайындауға арналған медициналық қы- зметінің күші мен құралдары (медициналық бекеттер, мекемелер).Медициналық эвакуациялаудың әр кезеңінің құрамында келесі функционалдық бөлімшелері болуы тиіс: қабылдау-сұрыптау, арнайы өңдеу, изоляторлар, операциялық-таңу, госпитальдік (емдеу үшін бөлімше) және эвакуациялық.Медициналық эвакуациялаудың әр кезеңінде жарақатталған мен науқастардың бес негізгі тобын (ағынын) белгілейді:айналадағылар үшін қауіпті (инфекциялық науқастар, АХҚЗ за- лалдандырылған, РЗ-мен ластанған, реактивті жағдайдағы науқастар);осы кезеңде медициналық көмекке мұтаж (шұғыл медицина- лық көмекті талап ететін жарақатталғандарды белгілеу);медициналық эвакуациялаудың келесі кезеңінде көмек көр- сетілуі мүмкін зақымданған, жарақатталған және науқас адамдар (бұл зардап шеккендердің тобы кейінге қалдырылған медициналық көмек- ке мұқтаж);жеңіл жарақатталған және науқастар;ешқандай күрделі араласу өмірлерін сақтап қалмайтын жанта- ласып жатқандар (олар азаптарын жеңілдетуге мұқтаж).Төтенше жағдайларда медициналық көмектің түрлері. Медици- налық көмектің түрі – белгілігі біліктілігі бар медициналық персонал, тиісті медициналық жабдықтауы бар, нақты медициналық көрсетілім- дер бойынша орындайтын емдеу-профилактикалық іс-шаралар жиын- тығы.Қазіргі уақытта медициналық көмектің келесі түрлері белгіленеді: алғашқы медициналық (алғашқы көмек), дәрігерге дейінгі (фельдшер- лік), алғашқы дәрігерлік, білікті және мамандандырылған медицина- лық көмек.Алғашқы медициналық көмек (алғашқы көмек) – бұл жарақаттану немесе зақымдану жерінде халықтың өзіне өзі және өзара көмек көр- сету тәртібінде, санитарлық жасақтармен, құтқару құрылымдардың жеке құрамымен табельдік және қоластындағы құралдарды қолданып орындалатын қарапайым медициналық іс-шаралар кешені.Оның мақсаты – зардап шеккен адамдардың өмірін сақтап қалу, со- нымен қатар зақымданудың ауыр салдарын алдын алу немесе азайту.Апаттар мен дүдей апаттардың салдарын жою бойынша жұмы- сты талдау алғашқы медициналық көмекті зақымдану сәтінен бастап алғашқы 30 мин ішінде көрсету, тіпті медициналық көмектің басқа түрлерін кейінге қалдырған кезде де, өлім санын күрт төмендететінін көрсетеді. Зақымданудан кейін 1 сағат ішінде көмектің болмауы ауыр жарақаттанғандардың арасында өлім санын 30%-ға, 3 сағ дейін – 60%- ға, ал 6 сағ дейін – 90%-ға өсіреді.Дәрігерге дейінгі (фельдшерлік) көмекті фельдшерлік, дәрігер- лік-бикелер бригадалары мен жедел медициналық көмек бригадалары зақымдану жерінен тікелей жақындықта көрсетеді. Оның ьағайында- луы – өмірге қауіп төндіретін бұзылыстармен күресу (қан кетумен, асфиксиямен, шокпен және басқ.), жарақатты қайта инфекцияланудан қорғау, бірінші медициналық көмек көрсетудің дұрыстығын бақылау, әрі қарай асқынулардың дамуын алдын алу. Дәрігерге дейінгі көмек көрсету тиімді мерзімі – зақымдану сәтінен 2 сағ.Алғашқы дәрігерлік көмекті жедел медициналық көмек бригадасы- ның, дәрігерлік-бикелік бригадалардың дәрігерлері және жалпы бей- інді дәрігерлер көрсетеді. Оның негізгі міндеттері – зардап шеккеннің өміріне қауіп төндіретін құбылыстармен күресу (қан кету, асфиксия, шок, тырыспа және т.с.с.), асқынуларды алдын алу (нақты айтқанда, жарақат инфекциясы және басқ.) және зақымдалғандарды әрі қарай эвакуациялауға дайындау. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетудің тиімді мерзімі шұғыл көрсетілімдер бойынша – 3 сағ, толық көлемде – 6 сағ. Білікті медициналық көмекті ауыр, өмірге қауіп төндіретін зақымдану салдары мен асқынулыраны жою үшін хирургиялық пентерапевттік бейінді маман-дәрігерлер көрсетеді.Толық көлемде білікті медициналық көмек барлық мұқтаж адамдарға зақымдану сәтінен бастап 48 сағ ішінде көрсетілуі тиіс.Мамандандырылған медициналық көмек – медициналық көмектің ең жоғары түрі; ол толық болып табылады, оны арнайы емдеу-диа- гностикалау жабдығы бар, жалпы бейінді емдеу мекемелерінде, бірақ оларға мамандандырылған медициналық көмек бригадаларын беріп, тар бейінді маман-дәрігерлер (нейрохирургтар, ото-ларингологтар, офтальмологтар және т.с.с.) көрсетеді. Мамандандырылған медицина- лық көмекті көрсетудің тиімді мерзімі – зақымдану сәтінен 24-тен 72 сағ дейін.Төтенше жағдайлардағы санитарлық-гигиеналық және эпиде- мияға қарсы іс-шаралар. Мұндай іс-шаралар халықтың денсаулығын сақтау, оның жұмысқа қабілетін қолдау, санитарлық-эпидемиялық са- лауаттылығын қамтамасыз ету, жаппай инфекциялық және иинфекци- ялық емес аурулар мен уланудың пайда болуын және таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылады. Олар жалпы денсаулық сақтау,апат аудандарында зақымдандыру деңгейі мен сипатын есепке алып, халыққа медициналық көмек көрсету принциптерінде, халықты са- нитарлық-гигиеналық қамтамасыз етудің медико-әлеуметтік ерек- шеліктерінде, оның тірішілік әрекеті жағдайларының күрт өзгеруінде құрылады. Осы іс-шаралардың рөлі тек қана апат ауданында ғана емес, маңындағы аудандарда да тұрғын мен өндірістік ғимараттардың бұ- зылуы, сумен жабдықтау мен канализация жүйелерінің зақымдалуы, қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық жағдайдың кенеттен нашарлауына байланы- ты өседі.Осы іс-шаралардың мақсаттарына ұйымдастырушылық, құқықтық, инженерлік-техникалық, шаруашылық, насихаттау іс-шараларын өт- кізу, экономиканың сақталған объектілерінде өндірістік қызметтің жағдайларын санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды жүргізу, апат аймағында қалған халықты орналастыру, тамақтандыру, сумен жабдықтау, монша-кір жуу қызмет көрсету кезінде санитарлық нор- малар мен ережелерді сақтау, қаза болғандарды жерлеуді санитарлық бақылау, сондай-ақ апат аймағында халықты төтенше жағдайлардың зақымдау факторларынан медициналық қорғау құралдарымен қамта- масыз ету арқылы қол жеткізуге болады.Зардап шеккен халықтың арасында инфекциялық ауруларды кір- гізуді, туындауын және тарауын алдын алу, туындаған эпидемиялық ошақтарды оқшаулау және жою бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу қарастырылады.Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұй- ымдастырудың негізгі принциптері:зардап шеккен халықтың арасында осы іс-шараларды ұйымдасты- рудың бірыңғай тәсілі;төтенше жағдайларда медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдерінің барлық буындарға қатысуы;денсаулық сақтау қызметтерінің Қорғаныс министрлігінің денсау- лық сақтау қызметтерімен, халықтың арасында қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша елдің басқа ведомстволарымен тұрақты әре- кеттесу.Тәжірибе дүлей апаттар мен техногендік апаттардың медико-са- нитарлық салдарын жоюды санитарлық-гигиеналық пен эпидемияға қарсы қамтамасыз етуді обаға қарсы мекемелердің, мемлекеттік сани- тарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімшелерінің, әртүрлі деңгей- дегі зертханалардың, гигиеналық пен эпидемиологиялық бейінді ҒЗИ базасында құрылатын мамандандырылған эпидемияға қарсы бригада- лар (МЭҚБ) тиімдірек іске асыратындарын көрсетеді.Бақылау сұрақтарыБүкілресейлік апаттар медицинасы қызметінің ұйымдасты- рушылық құрылымы қандай және оның негізгі міндеттері неден құрылған?Медициналық эвакуация кезеңдерінде зардап шеккендерге ме- дициналық көмектің қандай түрлері көрсетіледі?Радиациялық пен химиялық авариялар кезінде зақымдану ошақтарының медико-тактикалық сипаттамалары немен ерекшеле- неді?ІV-тарауТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК11- бөлімЭКСТРЕМАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІДүлей апаттар (жер сілкінісі, су тасқындары) немесе техногендік апттар (өндірістік авариялар, жол-көлік оқиғалар (ЖКО), шахтадағы жарылыстар мен опырылу және басқ.) нәтижесіндегі экстремал- дық жағдайлар бір уақытта шұғыл медициналық көмеккке мұқтаж, жарақаттары бар 10 және одан көп зардап шеккендер пайда болған кездегі төтенше жағдайлар болып табылады. Мұндай тұлғаларда зақымдардың басым түрі – механикалық жарақат басым болған кезде ауыр және өте ауыр мехникалық пен термикалық (50 – 70%). Көмек көрсету кідірген кезде мұндай зардап шеккендердің елеулі саны – 30% дейін – бірінші сағаттың ішінде қайтыс болады, 3 сағ кейін – 60%, ал көмек 6 сағ кідірген кезде – 90%. Қатыс болуыдң негізгі себептері – асфик¬сия және қан кету.Ауыр жарақаттармен зардап шеккендердің саны бірден көп болған кезде шұғыл медициналық көмектің қажеттілігі және оны тиімді мерзімде көрсету мүмкіндігінің арасында сәйкессіздіктер әрқашан бо- лады. Сондықтан зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу және олар- да өмірлік қауіпті мен ауыр асқынуларды алдын алу үшін көбінесе өзіне өзі және өзара көмек көрсету түріндегі алғашқы медициналық көмектің шешуші маңызы бар. Мұны соңғы уақытта болған техно- гендік апаттардың салдарын талдау растайды: алғашқы медициналық көмекті уақытылы көрсеткен кезде қайтыс болғандардың саны едәуір азаяды.Экстремалдық жағдайда алғашқы медициналық көмекті көрсетудің бірінші кезекті шаралары – бұл тыныс алудың ауыр бұзылуымен күре- су, жүрек қызметін қалпына келтіру, сыртқы қан кетуді уақытша тоқта- ту, жарақаттарды және күйген беттерді таңу және аяқ-қолдар сынған кезде қоласты құралдармен иммобилизациялау болып табылады.Әр ересек адам тыныс алудың және жүрек қызметінің ауыр бұ- зылыстары, сыртқы қан кету, бас сүйек-ми зақымы, жарақаттар, күйік- тер, аяқ-қолдың сынуы, буындардың шығып кетуі, электрожарақаттар, батып кету кезінде алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін дай- ын болғаны қажет. Төтенше жағдай аймағында құтқару жұмыстары басталғанымен құтқару командалардың немесе шұғыл медициналық көмек қызметінің медициналық персоналы медициналық сұрыптау- ды жүргізеді, тыныс алудың қалпына келтіру мен ұстауды, қан кетуді тоқтатуды, таңғыштарды жақсартуды, ауырсынуды басуды, стандарт-ты құралдармен көліктік иммобилизацияны және стационарлық емге мұқтаж зардап шеккен адамдаржы эвакуациялауға дайындауды қамти- тын дәрігерге дейінгі және алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетеді.Жер сілкінісі кезінде медициналық көмекті ұйымдастыру. Түр- кме¬нияда (1948ж.), Югославияда (1963ж.), Қытайда (1976ж.), Румы- нияда (1977ж.), Арменияда (1988ж.) болған жер сілкінісінің салдарын жою тәжірибесі көрсетіп отырғандай, санитарлық шығындар жаппай болды, медициналық персоналдың өлімімен және медициналық меке- мелердің істен шығумен қосталды. Осыған байланысты медициналық көмекті көрсетуде, эвакуация мен емдеуде кідірістер, дәрі-дәрмек- тердің, жабдықтардың, таңғыш материалдардың жетіспеушілігі болды, медициналық бекеттер мен мекемелерді ашу үшін жарамды жайлар, жарық, су, азық-түлік пен жылу болған жоқ.Апат ошағында санитарлық шығындардың құрылымы, мысалы Арменияда (1988 ж.), келесідей болды: бас сүйегінің жарақаттары 5 – 20%; кеуде мен іш – 10%; аяқ-қолдардың – 35 – 40%; қосарласжарақаттар – 25 – 80%; құрамдастырылған жарақаттар – 2 – 5%; тін- дердің ұзақ уақыт қысылу синдромы – 50%. Жер сілкінісі нәтижесінде көптеген адамдарда жүйке-психикалық бұзылуы пайда болды. Қатты реактивтік күй апат аймағына түскен тұрғындардың 50 – 75%-да бол- ды. Тұрғындардың 20%-да бұл реакциялар 2 – 3 сағ дейін, 70%-да – 5 тәул дейін, 10%-да – бірнеше айға дейін созылды.Алғашқы медициналық жәрдем алдымен өзіне өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде, ал содан соң – зақымдану ошағына кіргізілетін құтқару командалар мен санитарлар жасақтарының жеке құрамымен көрсетіледі.Алғашқы медициналық көрсеткеннен кейін санитарлар жасақта- рының жеке құрамы зардап шеккендерді ошақтан қайталатанытн жер асты дүмпуі қайталанған кезде қауіпсіз жерлерде ошақтың периметрі бойынша құрылған және тазартылған кіру жолдары бар жинау бекет- теріне шығарады.Жинау бекеттерінде жедел медициналық көмек машиналар брига- дасының персоналы мен дәрігер-бикелер бригадасының жеке құрамы зардап шеккендерге күттірмейтін көрсетілімдер бойынша алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.Содан соң зардап шеккендерді жақын орналсқан сақталған емдеу мекемелеріне эвакуациялайды, сонда оларға білікті және, жағдайлар мүмкіндік берсе, мамандандырылған медициналық көмекті көрсе- теді. Зардап шеккендердің денсаулық жағдайына байланысты оларды басқа қалалардың әртүрлі медициналық мекемелері мен ауруханала- рына эвакуациялайды.Жер сілкінісі аудандарында жаппай психикалық реакцияларды(қатты реактивтік күй) мен үрейді алдын алудың маңызы зор болады. Ол үшін ДББ-ға психиатрларды ды қосу қажет.Армениядағы жер сілкінісінің салдарын зерттеу, егер ауыр жарақат алған науқастарды тасымалдау, жарамайтын көлікте (мысалы, туыста- ры өз көлігінде) алғашқы медициналық көмек көрсетпей жүргізілген кезде, науқастардың басым бөлігі жолда қайтыс болғанын немесе ем- деу мекемелеріне өте ауыр хәлде жеткізілгенін көрсетті. Сондықтан ерекше назарды медициналық сұрыптауды сапалы өткізуге және апат ошағында алғашқы медициналық пен алғашқы дәрігерлік көмек көр- сетуге аудару қажет.Теміржол көлігінде апаттар болған кезде медициналық көмек- ті ұйымдастыру. Теміржол көлігінде апаттар болған кездегі санитар- лық шығындар зардап шеккендердің әртүрлі санымен, сонымен қатар зақымдардың әртүрлі құрылымымен сипатталады. Әдетте, көптеген үшкір заттармен шаншылған, кесілген, жұмсақ тіңдердің соғылған жа- рақаттары, сүйектің сынуы, бас миінің ауыр соғылу мен шайқалумен бас сүйегінің қосарлас пен құрамдастырылған жарақаттары негізгі болып табылады. Қосарлас зақымдардың ерекшелігі – шынының сы- нықтарымен дереккөздің жарақаттары. Вагондар өртенген кезде 40% дейін құрамдастырылған және қосарлас жарақаттар байқалады.Оқшаулау бойынша теміржол жарақаттары келесі түрде бөлінеді: бас – 60%; қол-аяқ – до 35%; кеуде, іш, жиі ішкі органдардың үзілуі мен қан кетумен – 20%-дан аса; жамбас пен ірі буындар – 10 – 12%. Ауырлық дәрежесі бойынша 50%-дан жоғары жеңіл, 30%-дан аса – орташа ауыр және 10 – 15% дейін – ауыр және өте ауыр жарақаттар құрайды. Ірі ауқымды авариялар кезінде зардап шеккендердің 20% дейін шұғыл медициналық көмекке мұқтаж.Теміржол апаттарын жою тәжірибесі көрсетіп отырғандай, поез- дердің аралықтарда күйреген кезде зардап шеккендерге алғашқы ме- дициналық көмек көрсетуді жолсеріктерінде бар дәрі қобдишасы мен төсек орнын қолданып, өзіне өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде іске асырылады. Жедел медициналық көмек пен темір жолдың дәрі- герлік-санитарлық қызметінің желілік ауруханаларының ДББ маши- налары, сондай-ақ күйреу мен апат ауданына жақын орналасқан басқа ведомстволардың медициналық персоналы келген кезде, тек қана дәрі- герге дейінгі емес, сонымен қатар тіршілік көрсеткіштері бойынша әрі қарай жақын жатқан емдеу мекемелеріне эвакуациялап, алғашқы дәрі- герлік көмек көрсетіледі. Теміржол апаттары кезінде ДББ офтальмо- лог-дәрігерлермен күшейтілуі тиіс.Теміржол күйреулер бойынша материалдарды талдау 44% жағдай- ларда апат ауданында зардап шеккендерге жедел көмек машиналары- ның бригаларымен көрсетілгенін, 16% – вокзалдардың медициналықбекеттер персоналымен, 11% – теміржол ауруханалардың қызметкер- лерімен көрсетілгенін көрсетті. Қалған жағдайларда медициналық көмекті көрсету жақын жердегі ауруханалардың медициналық персо- налымен бірге жүргізілген. 12-бөлімЖАРАҚАТТАРЖарақат немесе зақым – адамға сыртқы орта факторларының әсер ету нәтижесі – оның ағза органдары немесе тіндері тұтастығының не- месе функцияларының бұзылуы.Зақымдау факторларының сипатына байланысты жарақат меха- никалық, физикалық, химиялық және психикалық болады. Белгілі жағдайларда халықтың бірдей топтарында уақыттың белгілі ара- лығында қайталанатын жарақаттар жиынтығы жарақаттанушылық деп аталады. Жарақаттанушылық өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, тұрмыстық, спорттық, балалық, автокөліктік болып бөлінеді.Техногендік апаттарда механикалық зақымдарды болдыратын ба- сты факторлар:жарылыс кезінде – адам денесіне соққы толқынымен тікелей дина- микалық әсер; оны әрі қарай құлатып лақтыру; жарылыс құрылғылары немесе технологиялық жабдық бір сәтте ыдыраған және үлкен жыл- дамдықпен жан жаққа ұшқан кезде қалыптасатын екінші оқ-дәрілердің жарақаттау әсері;ғимараттар мен құрылыстар қираған кезде, шахталарда тау жыны- стары опырылған кезде – дене бөліктерін олардың сынықтарымен қы- сып тастау;ЖКО кезінде – денеден үлкен жылдамдықпен келе жатқан көлік құралының соққысы.Физикалық жарақаттарға термикалық зақымдар (күйіктер, үсулер) жатады.Химиялық жарақаттар химиялық белсенді заттардың әсерінен бо- лады (химиялық күйіктер).Бір механикалық фактор тек қана бір анатомиялық түзінділердің (оқшауланған жарақат), бірнеше анатомиялық түзінділердің немесе органдарының бір анатомиялық аймақ шегінде (көптеген жарақат), бір немесе бірнеше анатомиялық аймақтардың (қосарлас жарақат) зақымдануын болдыру мүмкін.Механикалық жарақаттар ашық немесе тері жамылғысының тұтастығы бұзылатын жарақаттарға және жабық, терінің тұтастығы сақталған жарақаттарға бөлінеді.Механикалық жарақаттың ауырлығы жеңіл, өмір үшін қауіпті емес және ауыр асқынуларға әкелмейтін зақымнан, өте ауыр, жарақат ор- нында шұғыл медициналық көмек көрсетуді және хирургиялық көмек кезеңіне жедел эвакуациялауды талап ететін зақымдарға дейін түрле- неді.Жеңіл жарақаттарға бас миінің шайқалуы, дереккөздің жеңіл жа- рақаты, асық жілік шыбығының, білек сүйектердің біреуінің, бұға- наның, бір-екі қабырғаның, қол мен табанның ұсақ сүйектерінің оқшауланған сынуы, сүйектердің жарылуы, жұмсақ тіндердің соғылуы, сіңірдің созылуы, көлемі мен тереңдігі бойынша шектелген жарақат- тар, қол буындарының шығып кетуі жатады.Жеңіл зардап шеккендердің көбісінде жалпы жаағдайы қанағат, өмір мен денсаулық үшін болжам қолайлы.Орташа ауыр жарақаттар бас миінің жеңіл және орта дәрежелі соғуларды, екі көздің жеңіл жарақатын, жұмсақ тіндердің аумақты жа- рақаттануы, бір немесе одан көп қабырғалардың біржақты сынуын, жабық пневмотораксты, ішкі ағзаларға зақым келтірмей жамбас сүй- ектерінің оқшауланған сынуы, қолдың, табанның ашық сынықтарын, аяқтардағы буындардың шығып кетуін, жұлынның зақымысыз омы- ртқа денелері мен өскіндерінің сынуын қамтиды.Орташа ауыр жарақаттарымен зардап шеккендердің жалпы жағдайы қанағат немесе орташа, өмір мен денсаулық үшін болжаммедицина- лық көмектің уақыттылығымен және тиімділігімен анықталады.Ауыр жарақаттарға бас миінің ауыр соққылары, кеуде, іштің ішкі органдарының зақымдануымен жарақаттары, тамырлар мен жүйкенің зақымдануымен жұмсақ тіндердің ауқымды жарақаттануы, ірі буын- дардың ашық пен жабық зақымдануы, жамбас сүйектерінің көптеген жабық және ашық сынықтары жатады.Зардап шеккендердің жалпы жағдайы ауыр немесе өте ауыр, өмір мен денсаулық болжамы күмәнді, қажетті медициналық көмек көр- сетілген кезде ғана сауығып кетуі мүмкін.Өте ауыр жарақаттарға бас сүйегінің, ішкі органдарының, аяқ-қол- дардың көптеген және қосарлас жарақаттары, жұлынның зақымда- луымен омыртқаның мынуы, ұзақ қысылу синдромы, жаншылғау, тыныс алу функцияларының, қан айналымының терең бұзылуымен аяқ-қолдың жұлынуы, естен тану жатады.Зардап шеккендердің жалпы жағдайы өте ауыр, өмір үшін болжам қолайсыз.Жарақаттардың асқынуы. Ерте немесе тікелей және кейінгі не- месе қашықтықтағы болып бөлінеді.Ерте асқынулар бірден жарақаттан кейін туындайды және шұғыл медициналық көмекті талап етеді. Оларға травматикалық шок, қанкету, кеуденің ауыр зақымдары кезінде жедел тыныс жеткіліксіздігі, ұзақ қысылу синдромы кезіндегі жедел бүйрек жеткіліксіздігі, травма- тикалық кома жатады. Кейінгі асқынуларға инфекциялық асқынулар, көбінесе іріңді жара инфекциясы жатады.Травматикалық шок. Бұл механикалық жарақаттардың ауыр сал- дары – зардап шеккен адамның барлық органдар мен ағза жүйелері қызметінің бұзылуымен сүйемелденетін ағзаның зақымға жалпы тән емес реакциясы. Шоктың туындауы және оның көрінуі жарақаттың ауырлығына, ауырсыну факторының күші мен ұзақтығына, жарақат сәтінде қан жоғалтуына, зардап шеккеннің психоэмоциялық жағдай- ына байланысты.Әсіресе шок қимыл-тірек аппаратының және іштің, кеуденің, жам- бастың ішкі органдарының көптеген және қосарлас зақымдалуы кезін- де дамиды. Шоктың асқынуына келесі факторлар себепші болады: қайталанатын, тіпті шамалы қан кетулер; медициналық көмекті кеш көрсету; сүйектер сынған кездегі нашар иммоби¬лизация немесе оның болмауы; дөрекі тасымалдау, таңу кезінде қайта жарақаттану; аса суып кетушілік, қызып кету, қлжырау, ашығу.Травматикалық шоктың дамуында екі фазаны айырады: эрек¬тиль- ді және торпидті.Эректильді фаза қысқа мерзімді және сирек кездеседі. Ол үшін сөйлеу мен қозғалудың қоздырылуы, бозару, пульстің жиілінуі, қалып- ты немесе шамалы жоғары артериялық қысым және жиіленген тыныс тән.Торпидті фаза, бірнеше минуттан көп сағатқа дейін созылады, жалпы тежеулігімен, есті сақтаумен, терінің сұр-қоныр реңмен боза- руымен, жиі әлсіз пульспен, төмен артериялық қысыммен, беткі жиы тыныс алумен, шығарылатын зәрдің мөлшерінің азаюымен, суық тер- мен сипатталады.Зардап шеккен адамның жағдайының ауырлығына және бірінші ке- зекте артериялық қысымның (АҚ) деңгейіне, пульстің жиілігі мен са- пасына байланысты, зақымдардың сипаты мен ауқымын есепке алып, шок үш ауырлық дәрежесіне бөлінеді.Бірінші дәрежелі шок (жеңіл). Орташа ауыр зақымдар, жиі оқ- шауланған, жалпы жағдайы орташа ауыр, бірақ ауыр болуы мүмкін, бағдарлануы мен есі сақталған, қозғалу мен психикалық тежеулігі орташа, бозарыңқылығы орташа. Пульс минутасына 90 – 100 соққы, ең жоғары артериялық қысым төмендетілген (сын. бағ. 90 мм төмен емес). Медициналық көмекті уақытылы көрсеткен кезде болжам, әдет- тегідей, қолайлы.Екінші дәрежелі шок (орташа ауыр). Зақымдар ауқымды, жиі көптеген. Жалпы жағдайы ауыр, бағдарлануы мен есі сақталған, бо-зарыңқылығы анық, қозғалу мен психикалық тежеулігі, диурездің төмендеуі, пульс минутасына 100 – 120 соққы, АҚ әлсіз, АҚ сын.бағ. 90 – 80 мм төмен. Болжам күмәнді.Үшінші дәрежелі шок (ауыр). Зақымдар ауқымды, көптеген немесе қосарлас. Жалпы жағдайы өте ауыр, есі сақталған, күрт қозғалу мен психикалық тежеулігі, бозарыңқылы анық көгерген, пульс минутасы- на 120 – 160 соққы, аритмиялық, АҚ сын.бағ. 75 мм төмен, тыныс алу беткі, жиі, диурез төмен, тіпті толық жоғалуына дейін.Егер зардап шеккенді ауыр шоктан шығара ламаса, онда содан кей- ін терминалдық күйге түсуі мүмкін.Травматикалық шоктың даму ерекшеліктері жарақатты алған жерінде барынша ертерек жүргізілетін алғашқы медициналық көмек көрсету іс-шаралардың маңыздылығын анықтайды. Ең алдымен шоко- гендік факторлардың жалғасып жатқан әсерін жою қажет, олсыз басқа шокқа қарсы шаралар тиімсіз болады. Нақты айтқанда, бір жағдайлар- да зардап шеккен адамның үстіндегі жанып тұрған киімін дереу өшіру қажет, басқа жағдайларда зардап шеккен адамды үйінділердің астынан шығару және аяқ-қолдың, жамбастың, кеуденің қысылуын жою қажет. Содан соң дереу сыртқы қан кетуді тоқтату және цианозбен, терінің күрт бозаруымен, сақыр-сақыр аритмиялық тыныс алумен белгіле- нетін асқынған тыныс алу бұзылушылықтары. Соңғыларын жою үшін ауыз бен жұтқыншақтың қуысын саусаққа оралған таза матамен неме- се бет орамалымен сүрту керек және зардап шеккендерді тыныс алуды жеңілдететін күйге отырғызу керек. Ашық пневмоторакс кезінде ок- клюзиялық таңғыш салу қажет. Қан кету тоқтағаннан кейін және ты- ныс алу бұзушылықтары жойылғаннан кейін алғашқы медициналық көмектің басқа шараларына ауысуға болады (ауырсынуды басу, таңу, қол асты құралдарымен көліктік иммобилизация).Дәрігерге дейнгі көмекті көрсеткеннен кейін зардап шеккендерді абйалап көлік құралдарымен дереу эвакуациялау қажет. 13-бөлімЖараЖара – тері немесе шырышты қабықтар тұтастығының олардың барлық қалындығына бұзылуымен тіннің механикалық зақымдануы.Жараның басты белгілері – аурады, жара шеттерінің айырылуы және сыртқы қан кету.Жаралар беткі, терінің тұтастығы ғана бұзылатын және терең, те- рең жатқан түзілімдердің бұзылуымен – тері асты-май жасұнықтың, бұлшықеттің, сүйектердің, буындар мен ішкі ағзалардың бұзылуымен сүйемелденетін болып бөлінеді.Терінің толық зақымдалмауы терінің сыдырылуы деп аталады.Жаралану нәтижесінде пайда болған, араның қабырғасы мен түбімен шектелген, тіндегі кеңістік жара қуысы деп аталады. Жара қуысының өлшемдері жаралайтын заттың мөлшері мен пішініне, тін- ге өтіп кету тереңдігіне, сонымен қатар тіннің зақымдану аймағында тартыну қабілетінің дәрежесіне байланысты. Жараны сыртқы орта- мен және терең жатқан түзілімдермен қосатын жара қуысының бөлі- гі жара каналы деп аталады.Каналы құрсақ, плевралды және басқа қуыстарға өтетін жаралар ойық жара деп аталады.Жара қуысы бос кеңістік болып келмейді. Оның ішінде әрқашан ұйылған қан, зақымдалған тіннің қалдықтары, ал жеке жағдайлар- да – бөтен заттар болады (киімнің үзінділері, топырақтың, ағаштың бөлшектері, металл заттар және өзг.).Жаралардың түрлері. Жаралар жаралану аймағындағы ана- томиялық бұзылыстардың ерекшеліктеріне байланысты түрлерге бөлінеді. Жаралардың келесі түрлері болады: шаншылған, кесілген, шабылған, соғылған, жаншылған, жыртылған, тістелген, атылған және аралас.Шаншылған жаралар үшкір жіңішке заттармен жасалады (шеге- мен, бізбен, сыммен, тігін инемен, балытың сүйегімен және басқ.). Олар кішкентай, кей кезде нүкте өлшемімен және жіңішке, ұзын жара каналымен ерекшеленеді. Шаншылған жараның түбінде ірі қан тамыры зақымдалуы, бұл ретте жара каналы тар болғандықтан қатты қанау болмауы да мүмкін, ал қан тереңдікте ауқымды гемато- маны қалыптастырып жиналуы мүмкін. Іштің немесе кеуденің шан- шылған жаралары жиі ойық болып келеді және ішкі органдарының зақымнауымен сүйеменлденуі мүмкін.Кесілген жаралар өте жіңішке заттың сырғанау қозғалысынан пайда болады (пышақтың, ұстараның жүзімен, шының шетімен және басқ.). Олар тереңдіктен көрі ұзындығы басып болатынымен және тегіс шеттерімен сипатталады. Қабырғаларының және жара қуысы түбінің тіндері тішілікке икемді, некроз учаскелері жоқ және орташа қансырайды. Жара қуысының тереңдігі шамалы болса, жа- раның қуысы шаншылған-кесілген деп аталады.Шабылған жаралар ауыр өткір заттардың соққысынан пайда бо- лады – балтамен, күрекпен, орақпен және басқ.. Терімен және тері астындағы май қабатымен қатар көптеген жағдайларда иерең жатқан анатомиялық түзілімдер де – ұлшықеттер, сүйектер, буындард да зақымдалады. Шабылған жаралар әр қашан үңірейді, қан қатты аға- ды, шеттері тегіс болады.Жаншылған жаралар теріні ғана емес, астында жатқан тіндердіңде механикалық беріктігінен асатын доғал затпен қатты соққан кез- де пайда болады. Тіндердің зақымдануы оларды езу және үзу ме- ханизмі бойынша, олардың тіршілік әрекетінің жоғалуымен және ауқымды некроздың туындауымен өтеді.Соғылған жаралар – доғал затпен соққан немесе доғал затқа құлаған кездее пайда болады. Соғылған заттардың пішіні әрқашан дұрыс емес, шеттері тегіс емес, кетіктелген, қанмен толған және алғашқы некроз учаскелерін қамтиды. Жараның пайда болуымен бір уақытта айналадағы терінің және терең жатқан тіндердің және олардың қан тамырларының зақымдалуы болады. Қан тамырлары тромбталады, соғылған тіндердің тіршілік әрекеті бұзылады, бұл ке- лесіде тері шетіндегі және жараның ішіндегі қайталама некроздың туындауына әкеледі.Жыртылған жаралар әртүрлі механизмдердің, трансмиссиялар- дың, жол-көлік апаты кезінде қозғалып жатқан бөліктеріне тиген тіндердің қатты созылу салдарынан пайда болады. Олар шеттерінің дұрыс емес, қиықты пішінімен, терінің тері астындағы-май жасұ- нықпен бірге тіннің ауқымды ақауын қалыптастырып үзілуімен си- патталады. Соңғылары топырақпен, майлау заттарымен және басқ. кірленуі мүмкін. Тіннің ауқымды қиықты толық және жартылай то- лық бөлігі бар жыртылған жаралар скальпельденген деп аталады.Тістелген жаралар ең алдымен жануар мен адамның ауыз қуысын- дағы әртүрлі вируленттік микробтардың көп мөлшері салдарынан алғашқы инфекция жұқтырудың жоғары дәрежесімен сипатталады. Сондықтан тістелген жаралар нашар жазылады, іріңдеуге бейімді. Жануардың тістеуінен ең ауыр асқынуы құтыру ауруы болып табы- лады – жабайы жануарлардың арасында тараған вирустық инфек- ция. Үй жануарлары (мысықтар, иттер және басқ.) тістеген кезде соңғылары тістеу кезінде немесе құтыру вирусы жұққан жануар- дың сілекейі адамның жарасына тиген кезде, ол аурудың тасымал- дауышы болады. Бұл жағдайларда антирабикалық сарысуды енгізу қажет. Терінің және терең жатқан тіндердің адам тістеген кездегі си- патты зақымдар сот-медициналық сараптама үшін маңызы бар жеке ерекшеліктермен ерекшеленеді.Атқан жаралар атқыш құралдардың снарядтарымен (оқ, дробь) немесе жарылыс әсері бар оқ-дәрілермен (снарядтардың, миналар- дың, бомбалардың, гранаттардың, қолдан жасалған жарылыс құрал- дардың және басқ. сынықтары) жасалады. Оқпен жаралау өтпелі, кіру мен шығу жара тесігінің қалыптасуымен немесе «соқыр», кіру жарасы ғана бар, ал оқ тіннің тереңдігінде қалып қойған кезде бо- луы мүмкін. Оско¬лочные ранения в большинстве случаев являются«слепыми». Оқ жараларының пішіндері домалақ, жарқыншақ жара-лар тегіс емес қиыр шеттерімен сипатталады.Атқан жаралардың ерекшелігі жара тесігінің кішкентай өлшемі мен жара қуысының зақымдалған тіндерінің үлкен шамасы арасын- дағы сәйкессіздік болып табылады. Қуыс әдетте ұйған қанға, әдетте- гі жасушалы құрылымын жоғалтқан өлген тіндерге толы болады (тін детриті). Оның ішінде сүйек сынықтары, киім үзіндісі және басқа бөтен заттар болуы мүмкін.Жара қуысының айналасында тіндердің травматикалық некрозы- ның аймағы орналасқан.Оқ ату снарядының жылдамдығы мен оның кинетикалық энерги- ясы жоғары болған сайын, тіндердің бұзылуы ауқымдырақ болады.Аралас жаралар жаралардың бірнеше түрінің белгілерін қамтиды. Жараның жазылуы. Барлық әртүрлі жаралар іріңдеп немесе іріңдемей жазылады. Бірінші түрі – алғашқы тартумен жазу, екіншіекінші тартумен жазу.Алғашқы тартумен жазу тек қана кесілген тіршілік қабілеті бар және шеттері қанмен жақсы қамтамасыз етіліп жатқан және шан- шылған жараларда болуы мүмкін. Егер мұндай жаралар қайтада ми- кробтық кірленуден қорғалған болса, ал шеттері жақсы жабылған болса, онда жазу іріндеусіз өтуі мүмкін.Екінші тартумен шеттері қисық, шеткі некроз учаскелері, терінің ақауы бар, сондай-ақ патогендік микробтармен ластанған жара- ларды жазады. Оларға барлық соғылған, жыртылған, жаншылған, жарқыншақ, тістелген жаралар жатады.Екінші тартумен жазу процессі жараның қабынуы мен өзін өзі тазартудан басталады. Бұл кезенде жара қуысының қабырғасы мен түбіне тікелей жанасатын, тіндегі ұсақ қан тамырлары кеңееді. Кеңейтілген капиллярлардың жұқа қабырғалары арқылы жара қуы- сына қанның сұйық бөлігінің (экссудация), лейкоциттер мен лимфа- лардың шығуы болады.Жараға түскен микробтар бөлетін ферменттердің әсерінен тін- нің өлген учаскелерінің жұмсаруы, ыдырауы және шеттетуі өтеді. Жара қуысының айналасында орналасқан лейкоциттер, лекоци- тарлық толқыны микробтардың жара шегінен тыс таралуына жол бермейді. Шеттетілген некротикалық учаскелер микробтардың де- нелерімен және ірің түріне айналатын лимфалармен бірге жарадан жойылады. Жараның іріңдеуі жараланудан кейін төртінші-бесінші күндері шығады және жараның өзін өзі тазартуға бағытталған ағза- ның қорғау-бейімделу реакциясы болып табылады.Жара некротикалық тіндерден өзін өзі тазартқан сайын жара қуы- сын біртіндеп түбінен және қабырғаларынан бастап толтыратын, жас дәнекер тіннің қалыптасуы мен өсуі (түйіршіктенуі) болады.Пісіп, түйіршіктер тығыз тыртық ұлпаға айналады. Бұл ретте оның талшықтары қысқарып, жараның шеттерін қосып, тартылады. Сонымен бірге шеттерінен жара қуысын толтырған түйіршік тінді біртіндеп жабатын эпителий өседі. Жаңа тері жжамылғысында шаш, май без бен тері бездері жоқ, ол тікелей тыртық ұлпада орналасқан және онымен тығыз дәнекерленген.Эпителийдің өсу жылдамдығы жара шетінен 7-10 күн ішінде бар болғаны 1 – 1,5 мм құрайды. Сондықтан терінің ақауы бар кең жа- ралар баяу жазылады. Тізенің алдынғы бетіндегі, құйымшақтағы, өкшедегі жаралар ұзақ жазылады, өйткені бұл жерлерде терінің астында сүйек оррналасқан және әртүрлі себептерден қан айналымы төмен. Жаралардың тез жазылуына зардап шеккен адамның жалпы жағдайы да әсер етеді. Ауыр аурулармен ауырған, авитаминозы бар, диабетпен ауратын адамдарда жаралардың жазылу қарқыны баяу.Жаралардың қайталама инфекциясы түйіршіктердің ыдырауына, жас эпителийдің балқуына әкелуі және жараның жазылуын тежеу мүмкін.Жаралардың асқынулары. Қан ағуы. Әр жарақатталған кез- де қан тамырлары зақымдалып, қан аға бастайды. Зақымдалған қан тамырының түрі бойынша қан ағулар артериялық, күре тамырдан, капиллярлық және аралас (артерио¬веноздық) болып бөлінеді. Ішкі органдардан капиллярлық қан ағу паренхиматозды деп аталады.Ірі (магистралды) артерия жараланған кездегі артериялық қан ағу үңірейген жарадан қызыл түсті қан ағынның шығарылуымен сипатталады; күре тамырдан қан аққан кезде жарадан күңгірт қы- зыл түсті қан біркелкі ағады; капиллярлық қан ағулар ұсақ тамырлар зақымдалған кезде пайда болады.Паренхиматозды қан ағулар артериялық пен вена капиллярлары- ның тарамдаған желісі бар, іштің (бауыр, көкбауыр, бүйрек) парен- химатозды органдары зақымдалған кезде болады.Қан ағу пайда болған уақыты бойынша олар алғашқы мен қайта- ламаға бөлінеді.Алғашқы қан ағу бірден қан тамырын жаралағаннан кейін пайда болады, қайталамасы – қан ағуды кенетен тоқтатқаннан немесе оны емдеу тәсілдердің көмегімен тоқтатқаннан кейін біршама уақыт өт- кен соң пайда болады.Әдетте қайталама қан ағуларға екінші тәулікте немесе одан кеш мерзімде туындайтын қан ағуларды жатқызады.Алғашқы қан ағу арасында жиі артериялық-веналық және күре тамырдан қан ағулар кездеседі, қайталама қан ағулары көбінесе ар- териялық, сирек паренхиматозды болып табылады.Қайталама қан ағулардың себебі – алдында салынған жгут босапкеткен, аяқ-қолдың иммобилизациясы болмаған немесе жеткіліксіз болған кезде, зардап шеккен адамды тасымалдау уақытында жиі және дөрекі орнын ауыстыру салдарынан зақымдалған қан тамы- рының тесігінен қатпаған тромбтың шығуы. Қайталама қан ағулар қатарына инфекцияланған жарадағы қан тамырының қабырғасына бөтен заттың немесе сүйек сынығының тұрақты қысымына бола туындайтын, тамыр қабырғасының тесілуіне әкелетін қан ағулар да жатады.Қайталама қан ағулар, әсіресе артериялық, қауіптілерге жатады, өйткені ол қан жоғалтқан, оны өтьеу механизмі әлсіз зардап шеккен адамда пайда болады.Қан ағу жері бойынша қан жара арқылы сыртқа аққан кезде сы- ртқы және қан тінде немесе ойық жара болса – қуыстарда жиналса, ішкі болады.Қан терінің астына немесе бұлшықеттің қаптамасы астында (фасция) аққан жағдайда, тіндерде қанның шектелген жиналуы (ге- матомалар) қалыптасады. Бір қатар жағдайларда үлкен өьшемдерге жеткен кезде, гематомалар бұлшықеттерді және қасында орналасқан қан тамырлары мен жүйкені қыса бастайды, бұл айналадағы тіннің қоректенудің бұзылуымен сүйемелденуі мүмкін.Жаралардың өмір үшін қауіпті асқыну, көп жағдайда ірі артери- яның зақымдануынан болатын қатты сыртқы қан ағу болып табыла- ды. Техногендік апаттарда қатты сыртқы қан кету салдарынан қан жоғалту, жағдайлардың жартысында зардап шеккеннің қаза болу се- бебі болып табылады. Сондықтан қан кетулерді ерте диагностикала- удың маңызы ерекше. Ірі артерияның жараланудың негізгі белгілері: жараланған адамның қарқынды және қысқа уақытта киімнің қан-мен сулануы;қанның зардап шеккен адамның аяқкиімінде, қасында жерде жи- налуы;дененің ашық жерлеріндегі терінің күшейіп жатқан бозаруы (бетінің, қолдарының);жалпы әлсіздіктің, бас айналуының, жүрек айнудың тез пайда бо- луы;жараның ірі артериялардың проекциясында орналасуы.Магистральды артериялардың ең жиі зақымдануы жаралар иықтың орта немесе төменгі үштен бір бөлігінің ішкі бетінде және жамбастың алдынғы ішкі бетінде орналасқан кезде ең жиі кездеседі.Сиректеу ірі артериялардың зақымдануы ¬қолтық, бұғана асты және тізе асты аймақтарында жараларды оқ- шаулаған кезде туындайды.Күре тамырдан қан ағу күре тамыр қанының қысымы төменболғандықтан және күре тамырларының оңай түсетін жіңішке қабы- рғаларына бола өмір үшін өте қауіпті емес, бұл күре тамырдың тез тромбалауына себепші болады.Дегенмен ірі күре тамыр ды жаралау қанның көп жоғалтуына әкелуі мүмкін.Ірі күре тамырларының жараланудың басқа қаупі ауа эмболиясы- ның мүмкін болуы, яғни қан ағынымен тамырдың тесігіне ауа көпір- шіктерін сорып алу. Бұл ретте ауа тығындары маңызды тамырлардың тесіктерін жауып тастауы мүкін, бұл қанның қан айналымы жүйесі бойынша қалыпты айналуына қауіп төндіреді. Бұл жағынан мойын мен кеуде тамырларының зақымдануы ерекше қауіпті болады.Қан ағуды уақытша тоқтату. Көп жағдайларда ірі және орта өлшемді тамырлардан қан ағуды тоқтатудың практикалық маңызы бар. Ұсақ қан тамырлары зақымдалған кездегі қан ағулар таңғыш салып тоқтатылады. -сур. Иық (а), жамбас (б) және ұйқы (в) артерияларын саусақпен басу техникасыІрі артериялардың зақымдалуы кезінде қан тоқтатудың маңызы зор. Мұндай қан ағулар бірнеше минут ішінде зардап шеккен адамның көп қан жоғалту салдарынан өліміне әкелуі мүмкін.Магистральдік артерия жараланған кезде қанды дереу тоқтату қа- жет. Кез келген кідірісті жағдайға қарамастан жіберуге болмайды. Артериялық қан ағуды уақытша тоқтату үшін келесі тәсілдер қолданы- лады (13.1, 13.2 сур.): бірнеше саусақпен немесе екі қолдың үлкен са- усақтарымен, бір саусақты екіншісінің үстінен қойып, «типтік жерде» зақымдалған жерден жоғары астындағы сүйекке артерияны саусақпен қысу;жамбас артериясын қысу жұдырыққа қысылған саусақтармен шап- тан төмен шат сүйегіне жүргізілуі мүмкін; -сур. Бұғана асты (а), жамбас (б), тізе асты (в) және иық (г) артерияла- рынан қанды аяқ-қолды барынша бүктеп уақытша тоқтатуаяқ-қолда артерия жараланған кезде аяқ-қолды барынша бүктеу.Артериялық қан ағуды уақытша тоқтатудың ең тиімді тәсілі қан тоқтату жгутты салу болып табылады.Стандартты жгут болмаған кезде қол астындағы құралдар қолда- нылуы мүмкін – белдіктер, байламдар, шарфтар, олардан «бұрама» түрінде импровизацияланған жгут жасалады (13.3-сур.).Мүмкіндік болған кезде импровизацияланған жгут стандартты жгутқа ауыстырылуы тиіс.Жгутты салған кезде келесі ережелерді сақтау қажет:жгуты аяқ-қолдың қансыздануын барынша кішірек жерімен шектеу үшін, мүмкіндігінше зақымдалған жерге жақынырақ салады;жгутты салу жерун киіммен, жұмсақ төсенішпен, бірнеше қабат бинтпен қорғау керек;жгутты созады және созылған күйде бір біріне тікелей жатқызып 2-3 рет орайды (13.4-сур).Жгутты салғаннан кейін зардап шеккен адамның киіміне көрінетін жерде жгутты нақты салған уақыты көрсетілген жазбаны қалдырып, аяқ-қолын мұқият иммобилизациялау керек.Жгутты таңғышпен жабуға болмайды, ол жақсы көрінуі, көзге түсуі тиіс. Аяқта жгут 2 сағат көп, ал қолдарда – 1,5 сағаттан көп болмау керек. Жылдың суық мезгілдерінде аяқ-қолды жгутты салғаннан кейін үсіп кетуіне жол бермеу үшін жылы орап қою керек. -сур. Импровизацияланған жгутты салу -сур. Дұрыс (жараға жақын) салынған жгутЖгут салынған зардап шеккен адам қан ағуын тоқтату үшін бірін- ші кезекте эвакуациялануы тиіс. Эвакуация кідірген кезде, алдын ала жгуттан жоғары жерде артерияны саусақпен қысуды тегістеп, жгутты сәл босатады, ал содан соң оны қайтадан алдында орналасқан жерінен шамалы жоғары қайтадан тартып қояды.Күре тамырдан қан ағулар артериялық қан ағуға қарағанда жиі кез- деседі және көбінесе аяқ-қол жарақаттаған кезде болады. Көп жағдай- ларда күре тамырдан қан ағуды тоқтату қандай да арнайы құралдар мен шараларды қабылдауды талап етпейді. Оған күре тамыр қан та- мырларының анатомиялық құрылысы мен қанның күре тамыр жолы бойынша баяу ағуы себепші болады.Аяқ-қолдың күре тамырлары зақымдалған кезде қан ағуды тоқтату- дың негізгі тәсілдері:аяқта жара болған кезде зардап шеккен адамды жатқызады және зақымдалған аяғын созылып тұрған күйде 5-7 минутқа 40-50 см-ге кө- теріп қояды. Содан соң аяқтарын түсірмей, жараға басатын таңғышты салады;қолдың жарасын оқшаулаған кезде қолды тік ұстап тұрады, 5-7 ми- нуттан соң таңғыш салады.Жараның хирургиялық инфекциясының алдын алу. Анти- септика және асеп¬тика. Жараның іріңдеп асқынулары. Кездей- соқ жараларға әрқашан микробтар кіріп кетеді. Олар жараны қоршаған теріден, киімнен, жол-көлік оқиғасы кезінде, техногендік апат кезінде жол шаңымен, теріге өтетін бөтен затпен түседі.Әрбір кездейсоқ жарада микробтардың заңды болуы «жараның микробтық ластануы» терминімен белгіленеді. Микробтық ластану құрамында сапрофиттер де (тірі және өсімдік тектес өлі қалдықтармен қоректенетін микроағзалар), ауру тудырушы әрекеттегі микробтар да (сіріспе, ішек таяқшалары, кокк тобының микробтары және т.б.) бар.Зақымданған тіндердің қорғаныс қасиеттерін сақтаған және қа- жетті емдік құралдарды (жараны зарарлы таңғышпен ерте жабу, жараға түсіп кеткен бөтен заттарды жою, қажетті дәрілік заттарды пайдалану және т.б.) уақтылы және дұрыс қолданған кезде инфекци- ялық асқынуларсыз жара процесі қолайлы өтуі мүмкін.Жаралардың хирургиялық инфекциясының алдын алуда анти- септика және асептика негізгі рөлді ойнайды.Антисептика жара немесе адам ағзасында орналасқан микроб- тармен күресуге арналған шаралар кешені болып табылады.Антисептиканың кез келген тәсілін қолдану жарадағы немесе на- уқас адамның ішкі мүшелеріндегі микробтардың толық жойылуы- на алып келе алмайтындығын есте сақтаған жөн. Антисептикалық құралдар жарадағы микроағзалар мөлшерін азайту, олардың дамуын баяулату немесе зақымдалған тіндерден жою мақсаттарында пайда- ланылады. Мұнымен инфекци¬ялық процесті ескертуге, оның тара- луын азайтуға және жараның тегіс жазылуын қамтамасыз етуге қол жеткізіледі. Анти¬септиканың бірнеше түрін ажыратады.Механикалық антисептика алғашқы медициналық көмек көрсет- кен кезде таңғыш салудың алдында жара бетінен жердің кесектерін және киім қиындыларын жоюдан құралады. Бұл тәсілмен жара беті- нен микробтардың айтарлықтай мөлшерін жояды.Әрі қарай жараны хирургиялық емдеген кезде бөтен заттарды, қан ұйындыларын және микроағзалар үшін қорек субстраты болып табылуы мүмкін барлық басқа тіршілікке қабілетсіз тіндерді алып та- стайды. Мұндай операция жараны хирургиялық өңдеу деп аталады.Физикалық антисептиканың мақсаты жарада микробтар дамуына қолайсыз, олардың уыттарын және шірік тіндердің ыдырау өнімдерін сіңірудің азаюына әрекеттесетін жағдай тудыру болып табылады.Бұл мақсатқа гигроскопиялық дәкеден және мақтадан жасалған таңғыштарды, дәке тампондарды, резіңке және пластмасс түтіктер- ден жасалған дренаждарды қолданумен қол жеткізіледі. Осындай тәсілдермен жара ішіндегісінің таңғышқа немесе дренаждар арқылы сыртқа кетуіне және жараның тазалануына қол жеткізіледі.Физикалық антисептика құралдары ретінде сондай-ақ ультра күл- гін сәулелену, лазер, ультра дыбыс пайдаланылады.Химиялық антисептика микробтарға химиялық заттардың (анти- септиктердің) әсер етуден құралады. Нәтижесінде бактериялар не өледі (антисептиктердің бактерицидті әсері), не болмаса олардың да- муы және көбеюі баяулайды (бактериостатикалық әсері).Антисептиктер негізінен жақпалар, жараларды суландыру және жуып-шаю түрінде қолданылады. Антисептиктер теріге инъекция түрінде сирек егіледі.Антисептиктерді ішке қабылдауға беруге, сондай-ақ тыныс алу жолдары енгізуге (ингаляциялар) болады.Биологиялық антисептика препараттардың екі тобын пайдалану- дан құралады:микробтық жасушаға немесе оның токсиндеріне тікелей бактери- цидті әсер ететін (антибиотиктер, бактериофагтар, фитонцидтер);макроағза иммунитетін көтеру және сонымен оның қорғаныс қа- сиеттерін күшейту мақсаттарында орташа әсер ететін. Оларға иммун- дық антибактериалдық және антитоксинді сарысулар, вакциналар, анатоксиндер, иммуноглобулиндер, қан плазмасы және т.б. жатады.Антисептиктер қолданудың барлық түрлерінде макроағза және оның тіндері үшін қауіпсіз болуы және қатаң түрде мөлшерленуі тиіс. Жаралардың инфекциялық асқынуларының алдын алу өзіне тек жараның ішіндегі микробтармен күресуді ғана емес, сонымен қатар олардың хирургиялық опе¬рациялар, инъекциялар кезінде, сондай-ақ ашық жаралар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсету кезінде тіндер- ге түсуін ескертуді қамтиды. Осы мақсатта әртүрлі физикалық және химиялық әдістер пайдаланылады, сондай-ақ ұйымдастырушылық және гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі. Жараға микробтар түсудің ескертуге бағытталған шаралардың бүкіл жүйесі асептика деп атала-ды.Асептика – алғашқы медициналық көмек көрсетуден бастап жа- раларды емдеуде медициналық тәжірибе сүйенетін негіздердің бірі.Асиптикаға немқұрайлық, салақ қарау әрекеттеріне жол бергісіз, себебі ауыр асқынуларға сөзсіз алып келеді.Асептиканың мақсатына микробтардың жараға түсудің негізінен байланысты жолын үзумен қол жеткізіледі. Байланысты инфекция- ның адын алу асептиканың негізгі заңына негізделеді: жарамен жа- насуға түсетіннің барлығы микробтардан бос, яғни зарарлы болуы тиіс.Сәйкесінше, байланысты инфекциямен күресудің мәні жараны бетпен байланысқа түсуі мүмкін заттарды зарарсыздандыру болып табылады.Қазіргі таңда зарарсыздандырудың кеңінен таралған тәсілі радиаци- ялық (сәулелік) зарарсыздандыру болып табылады, оның негізінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар дайындалады: инелерімен поли¬мер шприцтер, қанды және қан алмастырғыш ерітінділерді құюға арналған жүйелер, зондтар, дренажды түтіктер, катетерлер, сондай-ақ таңу материалдары. Осы бұйымдарды зарарсыздандыру үшін иондайтын сәулеленудің радиациялық (сәулелік) зарарсыздан- дыру деп аталатын түрінде бактерицидті әсерін пайдаланады.Зарарсыздандыру әсеріне бета- және гамма-сәулелер ие, олардыңдереккөздері ретінде радиоактивті нуклидтер қызмет етеді. Сәулелік зарарсыздандыруға дайындалған бұйымдар, негізінен пластмастан жасалған, басында полиэтилен қабыққа герметикалық қаптайды, со- дан кейін иондаушы сәулелену көзімен камераларда зарарсызданды- рады.Радиациялық зарарсыздандырудың көптеген басымдылықтары бар. Ол жоғары температураны көтермейтін материалдардан жа- салған бұйымдардың зарарлылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік бе- реді, ауа және ылғал өтпейтін қаптамаларда жүзеге асырылады, ол зарарлы заттарды ұзақ уақыт, қаптамада бүтін болған кезде дерлік, сақтауға кепілдеме береді.Стационарлы және амбулаторлық медициналық мекемелерде тер- миялық зарарсыздандыру – микробтарға жоғары температураның әсер етуі (қысым астында зарарсыздандыру, автоклавтау, құрғақ бу- мен зарарсыздандыру), ал жеке жағдайларда химиялық заттармен (салқын зарарсыздандыру) жүргізіледі.Жаралардың көптеген асқынулары зақымдалған тіндерге жара- ның микробтық ластануын құрайтын микроағзалардың түсуімен шарттанған. Оларға жараданған кейін біраз уақыттан соң жараға түскен микробтар жатады. Бұл жара ұзақ уақыт ашық қалса, зарарлы емес таңғышпен жабылса, жаралар тікелей қолдармен жанасса, сон- дай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде асептиканың басқа бұзылулары кезінде.Екінші рет микробтық ластану қауіптілігі оның құрамында көбі- несе хирургиялық инфекцияның ауыр түрлерін тудыруы мүмкін па- тогенді микроағзалар – стафилококктар, ішек таяқшалары болуынан құралады.Инфекциялық асқынуларға негізінен некроздың ауқымды жерлері және жиі бөгде заттары бар үлкен терең жаралар шалдыққыш.Жаралардың іріңді инфекциясы. Инфекциялық асқынулардың барлық түрлерінен іріңді инфекция ең көп кездеседі. Жарадағы ірің- деу процесі әртүрлі микробтармен тудырылуы мүмкін, бірақ көпте- ген жағдайларда іріңді жарада стафилококктар мен стрептококктар, едәуір сирек ішек және көкіріңді таяқшалар байқалады.Жарадағы микробтардың рөлі токсинденр бөлуден құралады, олардың әсерінен шірік тіндердің ыдырауы және балқуы жүзеге асады. Өлі тіндердің балқыған жерлері, микробтық денелер, өлі қан жасушалары (лейкоциттер) лимфамен және тіндік сұйықтықпен ара- ласып, жара арқылы сыртқа бөлінетін ірің түзеді. Ірің бөлінуі бөгел- ген кезде микробтардың жара шегінен тыс таралуы және некроздың жаңа жерлерінің түзілуі жүзеге асады. Бір мезетте қанға микробтық токсиндердің және ірің тектес ыдырау тіндері өнімдерінің сіңуі жү-зеге асады, ол ағзаның улануының клиникалық белгілерімен айқын- далады.Жарадағы инфекциялық процестің даму себебі тек микробтар ғана емес, тіндердің табиғи қорғаныс антимикробтық қасиеттері жоғалты- латын күйі де болып табылады. Бұл ретте микробтар құрамы өзге- реді, олардың көбеюі жылдамдайды және жара шегінен тыс таралуы күшейеді. Сәйкесінше, жара инфекциясы – микроағзалардың макро- азғалармен әрекеттесу процесі. Мұнымен жараның хирур¬гиялық инфекциясы микробтардың қатысуымен пайда болатын және емде- удің хирургиялық әдісін талап ететін патологиялық процесс ретінде сипатталады.Жараның іріңді инфекциясының дамуына ең алдымен келесі фак- торлар әсер етеді:жарадағы некроздың үлкен шамасы; жараның ауқымды микроб- тық ластануы; микробтардың айқын патогенділігі (уыттылық); жара аймағында тіндердің қорғаныс қасиеттерінің төмендеуі (алдымен қан айналымының бұзылуы);алғашқы медициналық және дәрігерге дейінгі көмектің ақаулары (жараны зарарлы таңғышпен кеш жабу немесе зарарсыз таңу матери- алдарын пайдалану, қажетті қимылсыздандырудың жоқтығы).Іріңді инфекция белгілері көптеген жағдайларда жараданудан кей- ін 5-7 тәул кейін айқындалады, бірақ қолайлы жағдайлар болған кезде микробтар 6-7 сағаттан кейін-ақ тіндерге уытты әсе етіп, өзінің тір- шілік қабілеттілігін таныта бастайды, ол қабынуда көрінеді.Жарадағы іріңді инфекция жалпы және жергілікті симптомдармен бірге жүреді. Жалпы симптомдар дененің жоғары тем¬пературасы, тамыр соғысының жиілеуі және кейде қалтырау болып табылады. Жалпы симптомдар ауырлығы жара өлшемдеріне, ііңді процестің та- ралуңына, микробтар уыттылығына және тіндердің ірің тектес ыды- рау өнімдерінің сіңу жағдайларына байланысты. Іріңдеудің ауқымды аймағында және ыдырау өнімдерінің ыдырау өнімдері тез сіңгенде температураның жоғарылауы өте жоғары болуы, ал қалтырау өте айқын болуы мүмкін. Кең және терең емес жарадан жара бөліндісі жақсы аққан кезде, температураның жоғарылауы, тахикардия сияқты жалпы симптомдар әлсіз көрінуі мүмкін.Жергілікті симптомдарға жарадағы аурудың пайда болуы немесе күшеюі жатады. Жараны қараған кезде оның шеттерінің қызаруы, оны айнала айқын ісіну айқындалады, кейде лимфа жолдарының (лимфан- гоит) жүрісі бойымен қызыл жолақтар пайда болады, бұл ретте өңірлі лимфа тораптары (лимфаденит)ұлғаяды және ауыратын болады.Жаралардың іріңді асқынуларын емдеу стационарлы емдеу меке- месінде жүргізіледі және әртүрлі әдістер мен тәсілдерді қолданудыталап етеді. Олардың ішінде ең маңыздылары келесілер болып табы- лады:жара қусынан іріңнің еркін ағуы үшін жағдай жасау; тін некрозы- ның жаңа (екіншілік) жерлері жолмен хирургиялық жою;жарадан бөлінген микробтар сезімтал антибиотиктерді қолдану; жоғары калориялы тамақтану;алмастыру және ынталандыру мақсатында қан құю; толық құнды күту.14-тарауЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ЖАБЫҚ ЗАҚЫМДАЛУЛАРЫ. ҰЗАҚ ҚЫСЫЛУ СИНДРОМЫ Жұмсақ тіндердің жабық зақымдалулары. Бұл жаралардың көп кездесетін түріне соғып алу, сіңірдің созылуы және үзілуі, буынды шығару жатады.Соғып алулар – өтпейтін затпен соғып алғанда немесе өтпейтін затқа түсіп кеткенде пайда болатын жұмсақ тіндердің зақымдалу- лары. Тіндердің зақымдалу тереңдігі соққы күшіне және ауданына байланысты және тереңдігіне сүйек тысына дейін таралуы мүмкін. Соғып алудың сипатты белгілері – соғып алған жердің ісуі, қанта- лау және ауыру. Ірі тамырлар үзілген жағдайда тері астында қан- ның шектеулі жиналулары (гематомалар) түзілуі мүмкін. Соғып алу кезіндегі ісіну тіндер борпылдақ жасұнықтың көптеген мөлшерін қамтитын жерлерде (бет, тамырлар аймағы) аса қатты айқындалған. Тамырларды соғып алу біраз жағдайлар буын қуысына қан кетумен (ге¬мартроз) бірге жүреді, бұл ретте буын сұлбасы тегістеледі.Соғып алу кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек қысып байлайтын таңғышты салумен, мұзымен көпіршікті соғып алған жерге қою- мен, аяқ-қолға жоғары күйді берумен қысқартылады.Созылулар мен үзілулер происходят дененің бекітілген күйі кезіндегі тіндердің қатты созылуы нәтижесінде жүзеге асады. Тін- нің созылуға қабілетінен асатын күш оның үзілуін шектейді. Егер сыртқы жағынан анатомиялық бүтіндікті сақтаса, созылу пайда болады. Көбінесе табағ буыны сіңірлердің созылуы жүзеге асады, бұл ретте қатты ауру, айқын ісік және буын маңы тіндерге неме- се буын қуысына қан кету пайда болады. Алғашқы медициналық көмек соғып алу кезіндегідей сияқты шараларды қамтиды. Со- нымен қатар, буынды бес-алты күнге міндетті қимылсыздандыру.Буын шығулар – буын қапшығының үзілуімен, буын маңы жұм- сақ тіндерінің, сіңірлерінің және жүйкелерінің зақымдалуымен бірге жүретін, буын қуысында жанасып тұрған сүйектердің тұрақты жыл- жуы жүзеге асатын буындардың зақымдалуы.Жаранық буын шығарулар соққы, құлау кезінде, сондай-ақ буын- дағы қозғалыстардың физиологиялық көлеміне сәйкес келмейтін қимылды орындау талпынысы кезінде жүзеге асады. Көбінесе буын шығарулар иық буынында, содан кейін жиілігі кему тәртібімен білек, жамбас, табан буындарында жүзеге асады.Буын шығару симптомдары әртүрлі, ең сипатты осы күйді та- банды кедергімен өзгертуге келмейтін аяқ-қолдың мәжбүрлі күйі – серіппелі бекіту симптомы болып табылады. Буындағы кез келген қозғалыстар қатты аурудан мүмкін емес.Жараданудың алғашқы сағаттарында буын аймағының пішін өз- гертуі, кейде тері астылық қан құйылу көзге көрінеді, аяқ-қолдың қысқаруы байқалады.Дәрігерге дейінгі көмек аяқ-қолды қолда бар заттармен немесе стандартты шиналармен қимылсыздандырудан құралады. Жоғары аяқ-қол буындары шығып кеткен кезде жәбірленген адамның қолын үшкіл орамалмен немесе бинттен жасалған таңғышпен іліп қояды немесе буын шығуды салуға ешқандай әрекеттер жасамай, өзі алған күйде денеге бекітеді. Төменгі аяқтар буынын шығарып алған кезде жәбірленген адамды аяғының күйін өзгертпестен зембілге жатқыза- ды. Тізе және табан астына киімнен немесе басқа қолда бар матери- алдардан жасалған білікше салынады.Жараны буын шығаруды салу мүмкіндігінше ерте жүзеге асуы тиіс, бірақ міндетті түрде рентгенологиялық бақылаудан кейін.Қолды салғаннан кейін, егер әңгіме иықты шығарып алу жайлы болса, Дезо типті бинт таңғышпен немпесе гипс лонгетпен екі аптаға дейінгі жарамдылық мерзімге бекітеді. Екінші-үшінші күннен бастап белсенді қозғалысқа рұқсат етіледі, бір мезетте масса, емдік гим-на- стика қолданылады.Ұзақ қысылу синдромы. Жабық зақымдалуларға жататын ауыр жараның ерекше түрі жәбірленген адамдарда жұмсақ тіндерді ауыр ұзақ уақыт басқанда немесе торапты қан тамырын басқан кезде пай- да болатын ұзақ қысылу синдромы (ҰБС) болып табылады.Әртүрлі уақыттарда ҰБС әртүрлі атаулармен сипатталған: «краш- синдром», «жара токсикозы», «қысылу ауруы», «босату» син¬дромы және т.б.ҰБС табиғи апаттар кезінде (жер сілкінісі, су тасқыны, таулар- дағы құлаулар, дауындарда), сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар қалдықтарының астында көптеген адамдар көмулі қалып кеткен тех- ногенді апаттар кезінде (жер асты жұмыстарындағы апаттар, ғимарат- тардың бұзылуы, темір жолдардағы апаттар), жәбірленген адамдарда 20 – 30% жағдайда пайда болады.ҰБС кезіндегі ауыр бұзылулардың даму механизмі күрделі.Синдромның негізгі клиникалық белгілері басылға дене бөлігінің, көбінесе төменгі аяқтар, қан айналымы қалпына келіп, қысылудан босағаннан кейін пайда болады.Патологиялық процестің дамуының төрт факторы жетекші болып табылады.Жүйке өзектері қысылу және жарадану нәтижесіндегі ұзақ уақыт аурудың қозуы, ауыр психикалық-эмоционалдық бұзылулар. Ауру және психикалық-эмоционалдық фактор тыныс алу, қай ай- налымы мүшелері функцияларының тез бұзылуына, несеп шығуды ауырлатуға және зақымданудан есеңгіреу үшін сипатты симптом ке- шенінің пайда болуына әрекеттеседі.Күре тамыры іркілісімен үйлесімде артерия қан ағымының әлсіреуі немесе тоқтауы салдарынан қанмен қамтамасыз етудің қат- ты азаюы қансыраған тіндердің кейінгі некрозына алып келеді.Тіндердің, негізінен бұлшықеттің, ауыр талқандалуына бай- ланысты ең ауыр бұзылулар қысылу аймағында. Жәбірленген адам- ды қысылудан босатқаннан кейін талқандалған бұлшықеттенн қанға уытты өнімден келіп түседі. Олардың ішінде бұлшықет пигментініңмиоглобиннің ерекше мәні бар, ол тұнбаға түсіп, бөлшектері бүй- ректің бүгілмелі арналарын бітейді және олардың эпителийінің некрозын тудырады, ол бүйректе несеп түзілу процесінің қатты бұ- зылуына және ауыр бүйрек жетіспеушілігінің дамуына – ҰБС кезін- дегі ең ауыр асқынуға алып келеді, оның жиілігі жәбірленгендерде 2040%-ға жетеді. Миоглобинмен қатар қанға тіндерді қысқанда басда да уытты өнімдер түседі, ол қатты уыттануға алып келеді.Босатқаннан кейін жіберленген адамда қысуға ұшыраған аяқ-қолдың қатты ісінуі, көпіршіктер пайда болғанға дейін, тез дам- диды. Жара арқылы және тері астында Ч 2 – 3 л плазма жоғалады. Нәтижесінде алдымен қанның ұюы, содан кейін оның сұйылуы пай- да болады.ҰБС өтуі шартты түрде келесі кезеңдерге бөлінеді.Бірінші кезең қысылудан босағаннан кейін 24 – 48 сағ созыла- ды. Бұл кезеңде жүйке-ауру және психикалық-эмоционалдық реак- циялар, тыныс алу бұзылулары, босаған аяқ-қолдың ісінуі басым. Бұл белгілер көбінесе есеңгіреу ретінде түсіндіріледі. Алғашқы ме- дициналық көмек және алғашқы дәрігерлік көмектің емдік шарала- рын көрсеткеннен кейін уақытша жақсару – қысқа «жарқын аралық» басталады, содан кейін жәбірленген адамның жағдайы нашарлайды. Екінші кезең 3 – 4-тен 8 – 12-ге дейінгі тәул созылады және ауыр бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен сипатталады. Сыртқы түрі анаэ- робтық инфекцияға ұқсайтын босаған аяқ-қолдың ісінуі қатты ұлға- яды. Аяқ-қол солғын, көк дақтарымен, қан тамырларының соғысыжоқ, сезімталдық жоғалған. Зақымдалған теріде көпіршіктер, қан құйылулар байқалады. Жәбірленген адамның қан аздығы өседі, диу- рез тіпті анурияға дейін қатты төмендейді. Бұл кезеңдегі қазаға ұшы- рау қарқынды терапияға қарамастан 25 – 35% жетуі мүмкін.Үшінші кезең – қалпына келтіретін – әдетте аурудың үшін- ші-төртінші аптасынан басталады. Бүйректің функциясы қалпына келеді, тыныс алу және қан айналымы функциялары қалпына ке- леді. Клиникалық суреттегі бірінші орынға инфекциялық асқынулар шығады. Көлемді жаралар, шірік жерлер сияқты зақымданған тін- дердегі ауыр өзгерістер қалады, буындардың, тамырлардың және т.б. іріңді қабынулары пайда болуы мүмкін. Іріңді асқынулар тіпті сепси- ске – қанның жалпы зақымдануына дейін дамуы мүмкін. Бұл кезең бірнеше ай жалғасуы мүмкін.Жарадану ауырлығына байланысты ҰБС келесі клиникалық түр- лері айқындалады:жеңіл түрі – аяқ-қолдың жеке сегменттерін қысу, қысу уақыты 4 сағ аспайды, симптоматика айқын көрінбеген, болжам қолайлы;орташа түрі – 4 – 6 сағ бүкіл аяқ-қолды қысып қалу, бүйрек функциясы шекті бұзылған, тыныс алудың және гемодинамиканың айқын бұзылулары жоқ;ауыр түрі – 6 – 8 сағ бүкіл аяқ-қолды қысып қалу, ауыр бүйрек жетіспеушілігінің симптомдары байқалады, қазаға ұшырау 30% және жоғары;аса ауыр түрі – аяқ-қолды қысып қалу 8 сағаттан артық, қазаға ұшырау алғашқы екі күн.Қысылу ұзақтығымен қатар ҰБС ауырлық дәрежесін анықтаған кезде зақымдалу ауданы, қысылу күші, сондай-ақ ішкі мүшелердің, сүйектердің, қан тамырларының бірге жүретін зақымдалуларының болуы өте маңызды. ұзақтығы бойынша аяқ-қол қысылуының кез келген басқа жарамен тіпті аздау үйлесімі ҰБС барысын қатты ауыр- латады және болжамды нашарлатады.Алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жәбірленген адам өмірін құтқару үшін қажетті негізгі шара қысудан босатумен бір мезетте көрсетіледі. «Босату» жәбірленген адам ағзасында патологи- ялық процесс басталатын «іске қосу» механизмі болып табылатын- дығын есте сақтаған жөн. Босатуды бастан, денеден бастайды. Бір мезетте асфиксиямен күрес жүргізеді (ыңғайлы күй беру, жоғарғы тыныс алу жолдарын тазалау), сыртқы қан кетуді тоқтатады, ауы- ртпайтын дәрілер береді немесе егеді. Қысудан босаған аяқ-қол жіліншектен бастап, ісінудің жылдам дауының алдым алу мақсатта- рында тығыздап бинтпен таңылауы тиіс. бинтпен таңылған аяқ-қол- ды салқындатуға (мұзбен, қармен, салқын сумен) ұшырату қажет.Аяқ-қол негізіндегі бұрауды тек тораптық қан тамырлар зақымданған кезіндегі, аяқ-қолдың өмірге қабілетсіз-дігінің бұзылулары немесе айқын белгілері кездегі қан кетуді тоқтату үшін таңу қажет.Зақымдалған аяқ-қол міндетті түрде қимылсыздандырылады, се- бебі жәбірленген адамдардың 75% дейін аяқ-қолдары сыңған болады. Атап өтілген медициналық көмек шараларын көрсетумен бір ме-зетте жәбірленген адамға көптеп тамақ береді.ҰБС жәбірленген адамдарды көшіруді ең алдымен ең аятын көлікпен – зембілмен жатқан күйінде эвакуациялау қажет. 15-тарауДЕСМУРГИЯ НЕГІЗДЕРІАлғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде жәбірленген адамдарға табиғи апат және техногенді апаттар кезінде дененің зақымданған жеріне таңғыш таңу көптеген жағдайларда жедел іс-шара.Таңғыштар әртүрлі мақсаттарда қолданылуы ммүмкін. Көбінесе таңғыш жараға зақымданған тіндерді қосымша микробтар енгізуден қорғау және қан кетуді тоқтату (қысып байланған таңғыш) мақса- тында, күйген беттерді немесе үсіген жерлерді жабу үшін, сондай-ақ дененің зақымдалған бөлігінің қозғалғыштығын шектеу үшін таңы- лады.Әрбір таңғыш екі бөлшектен құралған: зақымдалған тіндер ошағы жабылатын таңу матери¬алынан, және материалды жәбірлен- ген адамның терісінде бекіту үшін пайдаланылатын. Таңу материал- дарын бекіту тәсілі бойынша материалды жарағат маңындағы құрғақ теріге (желімдік, коллодийлі, лейкопластыр¬ь таңғыштар) әртүр- лі тәсілмен жабыстыратын таңғыштар, дененің әртүрлі бөліктерін бекіту үшін бинттер орнына қолданылатын, көбінесе жоғары қолдар- ды (қолды ілу) бекіту үшін үшкіл орамалды таңғыштар, сақпанша таңғыштар, оларың көмегімен беттің зақымданған бөліктері жабы- лады (мұрын, иек, жоғарғы ерін), негізінен бұт жараларын емдеген кезде пайдаланылатын Т-тәрізді таңғыштар, икемді торлы-түтікшелі бинттер («рэтэласт») және т.б. деп ажыратылады.Атап өтілген таңғыштардың көпшілігі жәбірленгендер саны бір- ден көбейіп кетуімен төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде онша жарамды емес. Біреулері таңу матери- ал жара бөліндімен қапталған теріге бекіте алмағандығы, екіншілері таңу материа¬лының жеткілікті ұзақ уақыт ішінде тығыз жабысуды қамтамасыз етпегіндігі, үшіншілері таңғыштан ауаның булануына бөгет жасап, жараны кептіру қағидасына қанағаттандырмағандығыүшін жарамсыз. Сондықтан кеңінен тараған, шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде пайдаланылатындары таңу құралдарын бекіту бинтпен жүзеге асырылатын бинт таңғышта- ры болып табылады. Олар жеткілікті берік, икемді, тінге қажетті қы- сым тудырады.Таңғыштарда пайдаланылатын таңу материалдарына дәке және мақта жатады. Көбінесе мақта матасынан дайындалған, 1 см2 аудан- ды 10 х 12 жібі бар сирек тор тәрізді бинт қолданылады. Бинт икемді, гигроскопиялық болуы, зарарсыздандырған кезде өзінің қасиеттерін жоғалтпауы және тіндерді қоздырмауы тиіс. Дәкеден фабрикалық тәсілмен немесе тікелей емдеу мекемелерінде әртүрлі таңғыш бұй- ымдарды дайындайды: ұзындығы және ені әртүрлі дәкелер, өлшем- дері әртүрлі сулықтар, дәке түйіршіктер, білтелер және өзг. Дәкеден жасалған бұйымдарды не тікелей емдеу мекемелерінің зарарсыздан- дыру бөлімдерінде автоклавтаумен, не болмаса арнайы мекемелерде радиациялық зазарсыздандыру әдісімен зарарсыздандырады.Өте құнды таңу материалы – көптеген жағдайда дәкеге ұқсас қасиеттерге ие мақтадан жасалған гигроско¬пиялық мақта. Қазіргі таңда мақта шығынын үнемдеу мақсаттарында мақтаға 10% вискоза- ны – сүректі цел¬люлозаның қайта өңдеу өнімін қосады. Мақта-ви- скозды мақта бүтін мақта қасиеттерін жоғалтпайды, ол толық құнды таңу құралы ретінде қолдануға жарамды.Жаралар жиілігі бойынша ашық зақымдалулар жетекші орын ала- тын төтенше жағдайлар жағдайларында жаңа жараларға салынатын бинт таңғыштарының мәні әсіресе маңызды және алғашқы медици- налық көмектің маңызды іс-шарасы болып есептелуі тиіс.Жаңа жараларға салынатын таңғыш алғашқылық деп аталады; ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс:зарарлы болуы, тек осындай жағдайда ға ол өзінің алғашқы мін- деті – жараны екіншілік инфекциядан қорғауды орындайды;дененің зақымданған бөлігінің қажетті тыныштығын қамтамасыз етіп, жараның тек өзін ғана емес, сондай-ақ зақымдалудың бүкіл ай- мағын немесе аяқ-қол сегментін жабады;оның бетінде қан болмайтындай жеткілікті көлемді болуы. Қан сіңген таңғышта сырттан таңғыш арқылы зақымданған тіндерде олардың кейінгі дауымен микробтардың еркін енуі үшін жағдай туды- рылады. Сондықтан таңғышты салған кезде дәкенің бірінші қабатта- рының үстіне қалыңдығы жарадан қан кету деңгейімен анықталатын мақтаның қабаты, содан кейін дәкенің немесе дәке сулықтардың тағы бірнеше қабаты қойылады, содан кейін салынған таңу материалы бинтпен мықтылап бекітіледі;айтарлықтай қарапайым болуы, себебі жәбірленгендердің көп-теген саны пайда болуымен шұғыл жағдайлар жағдайларында таңғыштарды олалды таңу техникасы бойынша минималды дайын- дығы бар адамдар таңады.Алғашқы таңудың осы талаптарына таңу материалының кешенін қамтитын жеке таңу пакеті: бинт пен бинт ұшына бекітілген бір не- месе екі мақта-дәке жастықшалар жауап береді. Егер жеке таңу пакеті болса, дененің кез келген бөлігінің жарасын сенімді жабуға болады.Таңғышты таңудын алдында жараны алғашқы бактериалдық ла- стануын азайту мақсатында ғана емес, сондай-ақ екінші микробтық ластанудың алдын алу мақсатында әрқашан өңдеу қажет. Ол үшін киім шеттерінен кемінде 10 – 12 см шегініп, жараның бүкіл аймағын киімнен босату қажет. Кесілген жаралар кезінде терінің 3 – 4 см йо- донатпен, жасыл гауһар ерітіндісімен, спиртпен немесе басқа қолда бар антисептиктермен, антисептик тікелей зақымданған тінге тимей- тіндей майлайды.Зақымды жараларда беттерде бөгде денелер – жәбірленуші киім- дерінің қиындылары, жер түйіршіктері, ағаш кесектері және т.б. бо- луы мүмкін. Бұл бөтен заттарды жара бетінен зарарлы бинт немесе зарарлы сулық тілімімен жою, содан кейін тері шеттерді кесіп алған жаралардағыдай антисептик ерітіндісімен майлау қажет.Жалаңаяқ адам шөпте жатқан сымды немесе қоқыста едірейіп тұрған шегені басып кеткенде пайда болған табан өкшесінің шан- шылған жаралары мұқият өңдеуді талап етеді. Сым немесе шеге жара арнасында былғаныш немесе тот басуды қалдырып, айтарлықтай те- рең енуі мүмкін. Тар жара арнасы және табан өкшесінің қалың, ішіна- ра қабыршықтанған терісі жара бөліндісінің сыртқа бөлінуіне бөгет болады. Мұндай жаралар табан флегмондының немесе сірспесінің себебі болуы мүмкін. Сондықтан жарылған жарасымен өкше терісін таза сумен мұқият жуу, кептіру, антисептик ерітіндісімен майлау және жараға зарарлы таңғышты таңу қажет.Таңу материалын бекіту үшін пайдаланылатын барлық құралдар- дың ішінде ең сәйкес келетіні бин болғандықтан, алғашқы таңулар көптеген жағдайларда бинттік болып табылады.Бинтпен таңудың бірнеше типі болады (15.1-сур), олардың үлестіріп күрделі түрлерін шығарады.Қарапайым айналма таңғыш цилиндрлік пішінді дене учаскелерін- де (иық, мойын, жіліншік, білек және т.с.с.) жараларды бинтпен орауға ыңғайлы. Бинттің ұшын оралатын бөлікке қойып, сол қолмен ұстап тұрып, оң қолымен бинтті ашып, айналымдары бір бірінің үстіне жата- тындай орайды (15.1, а, б-сур). Шиыршықтық таңғышты екі-үш айна- лып бастайды, ал содан соң қиғашынан, шиыршық бойынша, алдынғы жүрісті шамамен үштен бір еніне жауып жүргізеді (15.1, в-сур.).Майысқан жерлері бар таңғыш конус тәрізді пішіні бар дене учаскелеріне арналған (тізе, жіліншік). Ол бірнеше шиыршық жүрі- стен, әр қайсын бүктеп жасалады: бинтті жай шиыршық таңғышқа арағанда, одан сайын қиғаштап жүргізеді, бинттің астынғы шетін сол қолдың үлкен саусағымен ұстап тұрып, бинтті оның астынғы шеті үстінгі болатындай бүктейді (15.1, г-сур). 15.1-сур. Бинт таңғыштарының түрлері:қарапайым айналма (циркулярлық) (а, б); шиыршық (в); бүктеулермен (г); сырғымалы(д)Бинттің келесі жүрісі «қарнымен» денеге ереже бойынша емес,«арқамен сыртқа қара» жасалады. Бірінші бүктелген жерінің деңгей- іне жеткен кезде, бинтті қайтадан бүктейді, енді бинтті денеге «арқа- сымен» орайды. Барлық бүктеулерді бір сызық бойынша жасаған жөн.Сырғымалы таңғыш (15.1, д-сур) шина, гипс астына салынатын материалды бекіту үшін, сонымен қатар таңғыш материалды аяқ-қол- дың елеулі бөлігінде алдын ала бекіту қажет болған кезде қолданыла- ды. Бинтті екі-үш айналма жүріспен перифериялық ұштың қасынан бекітіп қойып, бинттің келесі жүрістерін бинттың әр айналымы ал- дындағысымен жанаспайтындай жасайды.Биинт таңғышы дененің кез келген бөлігінде айналма немесе шиыршық қана бола алмайды, ол міндетті түрде дененің бинтталатын бөлігіне тығыз жабысуы үшін 8-тәрізді жүріспен бекітілуі тиіс. Бинт- тің сегізтәрізді жүрістері буындарға, кеудеге салынатын таңғыштар- да қолданылады. Мұндай таңғыштың қарапайым түрі – желке мен мойынға крест тәрізді таңғыш.Дененің бинтталатын бөлігін, әсіресе, аяқ-қолды ол таңғышты салғаннан кейін болатын күйде бекіту керек екенін есте сақтаған жөн. Дұрыс салынған таңғыш ауыртпау және аяқ-қолдың перифери-ялық бөлігінде қан айналымын бұзбауы тиіс. 16 бөлімТЕРМИЯЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУЛАР 16.1 КҮЙІКТЕРТүрлі техногендік апаттардың ішінде термиялық күйіктердің жал- пы үлесі айтарлықтай басым. Қарапайым күнделікті жағдайда күйік- тердің саны барлық тұрмыстық жарақаттардың 80% құрайды.Күйіктер 4 дәрежеге бөлінеді: 1 дәреже – қызару; 2 – күлбіреу; 3 – терінің үстіңгі (3а), барлық (3б) қабаттарының жансыздануы; 4 – тері мен оның астыңғы қабатының қарайып күюі (жансыздануы). Ауырлығы, барысы мен емделу жолына қарай күйіктер үстіңгі – 1,2,3а дәрежелі және астыңғы – 3б және 4-дәрежелі болып бөлінеді. Зақымданған терінің өз бетінше қайта қалыпқа келу мүмкіндігі терінің үстіңгі қабаты күюінің басты айырмашылығы болып табыла- ды. Қатты күйген теріні қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шеккен адам денесінің күйік шалмаған тұсынан алынған теріні орналастыруқажет болады.1-дәрежелі күйіктер бу, ыстық сұйықтық, қызған заттың азуақытқа әсер етуінен болады және терінің қызаруымен, шамалы ісінуімен, қатты ауырсынуымен айқындалады. Әдетте бұл сим- птомдар 3-4 тәуліктен кейін басылады, кейде терінің үстіңгі қаба- тынан эпидермис қабыршағы көптеп түсіп, түлей бастайды.2-дәрежелі күйіктер дәл сол агенттердің неғұрлым көбірек уақыт әсер етуінен немесе температурасы әлдеқайда жоғары заттың аз уақытқа әсер етуінен болады. Зақымданған жерде ісік пен қан кер- неуден мүйіздік және өсім қабаты арасында тері қылтамырларымен жүретін түссіз мөлдір сұйықтық толған эпидермалдық қабыршақ пайда болады.Қабыршақты алып тастағанда жанасу кезінде ауыру сезімін туғыза- тын, түсі ашық қызғылт келетін терінің астыңғы өсім қабаты көрінеді. 3-дәрежелі күйіктер теріге жалын, балқыған металл және басқада өте жоғары температуралы агенттердің әсер етуінен болады. Зақымдану тереңдігі дененің әр бөлігінде сан түрлі болып келетін тері эпителийі жабынының қалыңдығына да байланысты. Сондықтан терінің ауқымды бөлігі күйгенде оның әр тұсында зақымдану дәре- жесі де әртүрлі болады.Термиялық агенттің температурасы мен оның әсерінің ұзақтығы күйік дәрежесіне ықпал ететін факторлар болып табылады.Мәселен, аз ғана уақытта жалын шарпығанның өзінде теріде 3-дәрежелі күйік шалған жер пайда болады.Ыстық судан болған күйік дәрежесі оның теріге әсер ету уақыты- на байланысты.Күйік жарақатының ауырлығы негізінен зақымданған терінің массасына байланысты.1 – 2 дәрежелі күйіктен зардап шеккендер оның кең таралғанына қарамастан әдетте жарақат алған соң 10-15 күннен кейін терісінде тыртық қалмастан жазылып кетеді. Тек қабыршақтарға инфекция тү- суі күйген қабаттың эпителимен қапталуы уақытын ұзартуы мүмкін. 3а дәрежелі күйіктер -1 – 2 дәрежелі жайылған күйіктерден соң әдетте жекелеген бөліктер түрінде терінің беткі қабатының семуімен (қабыршақ) сипатталады және мұнда өсім қабаты бөліктері, тер жәнемай бездерінің бөліктері сақталады.Семіп қалған бөліктер жарақат алғаннан кейін 3-4 аптадан соң іріңдеп, теріден ажырай бастайды, басылған соң күйген жер терінің астыңғы қабатында орналасқан тер және май бездерінің шығару жол- дары жабыны өсуінен жабынмен көмкеріле бастайды.36 дәрежелі қатты күйік сезімталдығы жойылған, тығыз, қоңыр түсті қабыршақтың пайда болуымен және терінің барлық қабатта- рының толықтай семуімен сипатталады. Зардап шеккен адамның жағдайы ауыр болады, ал күйіктің салдарынан семіп қалған теріаумағы тым үлкен болса жайсыз жағдай болжанады. Семіп қалған қабыршақ жарақат алғаннан кейін 1 – 1,5 айдың ішінде біртіндеп теріден ажырай бастайды, одан соң жұқпаланған түйіршікті жарақат пайда болады, оны қайта қалыпқа келтіру үшін зардап шегушінің күйік шалмаған жерінен алынған терісімен ауыстырып, жаңа тері отырғызу қажет.Бет, мойын және кеуденің жалыннан болған терең күйігі көбі- несе ауыздың, жұтқыншақтың және жоғарғы тыныс алу жолдары шырышты қабығының күйігімен қатар жүреді, бұл тыныс алу жет- кіліксіздігі мен тұншығу қауіпін туғызады.Күйік жарасының ауырлығына зардап шеккен орын да әсер етеді. Жүйке талшықтарының көптеп орналасуынан бет пен қолдың күйігі дененің басқа бөліктеріндегі күйікке қарағанда неғұрлым ауыр өтеді. Күйік ауданын дереу түрде анықтау үшін «тоғыздық» ережесі қолданылады (16.1 сурет). Адам денесінің ауданы: бас пен мойын – 9%, қол – 9% х2, кеуденің алдыңғы және артқы беті – 18%-дан, аяқ18% х 2, сыртқы жыныс мүшелері және аралық – 1 % тең. сурет. Дене бетінің өлшемі («тоғыздық» ережесі)Тері жабынының 8 – 10 % зақымданған қатты күйікте түгелдей дер- лік органдар мен жүйелердің қызметі бұзылады. Ауыр күйік жарақатын алғаннан болатын жалпы бұзылулар кешені «күйік ауруы» деп атала- ды. Оның барысы 4 кезеңнен тұрады: күйіктік шок, жедел күйіктік ток- семия, септико-токсемия, реконвалесценция немесе сауығу кезеңі.Күйіктік шок кезеңі алғашқы екі күнді қамтиды. Шоктың клини- калық картинасына плазма жоғалтудан болған ісік, жоғарғы тыныс алу жолдары күйігінің симптомдары, есін жоғалтпаған жағдайда кей- де психомоторлық қозу, бұлшық еттің дірілі, дене температурасының төмендеуі, тамыр соғуының жиілеуі, артериялық қан қысымының қа- лыпты жағдайдан кейін төмендеуі және ең бастысы несептің бөлінуі күрт азаю тіпті толығымен тоқтауы тән. Диурездің 30 мл/с дейін және одан да төмендеуі жағдайдың нашарлылығының белгісі. Несеп әдетте қою, қан аралас келеді.Күйіктік токсемия екінші-үшінші тәулікте басталады және 10-12 тәулікке жалғасады. Ол семіп қалған теріде күйік жарақатынан сіңіріліп, өткір улануға әкеп жатқан уытты заттардың пайда болуына байланысты.Жедел токсемия қатты және күшті қалтырау, сандырақтау, астан жи- рену, қайта-қайта құсу, ұйқысыздық, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі, жиі қайталанатын бронхы пневмониясы сияқты белгілермен байқала- ды.Септикотоксемия күйік жарасының іріңдеуінен болады. Бұл кезеңге қатты қалтырау, үдемелі қан аздық және азу тән.Реконвалесценция күйік жаралары жазылған соң болады. Бұл ке- зеңде ішкі органдар мен жүйелердің қызметі біртіндеп қалыпқа келе бастайды.Табиғи апаттар немесе техногендік апаттар ошағында күйік кезінде көрсетілетін алғашқы көмек:жанып жатқан киімдегі өртті сөндіру; жараны таңу;ауырсынуды басатын дәрілер салу; сусындарды көптеп ішу;Қатты күйсе және күйік аумағы көп болса көліктік иммобилизация. Жалын шарпыған киім дереу арада шешілуі тиіс. Зардап шегушінің үстіндегі тез шешілмейтін, жанып немесе бықсып жатқан киімнің бөл- шектеріндегі жалынды сумен, қармен, құммен, жермен, қалың матамен (пальто, көрпе және т.с.с) жабу арқылы оттегінің келуін шектеп, өшіру керек. Жанып кеткен немесе күйген жерге жабысып қалған киімді ше- шуге болмайды. Дененің күйген жерлерін таңғышпен жабады. Күйіп қалған адамдардың көпшілігі ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектердіқажетсінеді.Қол-аяқтың көп бөлігі және қатты күйсе қолда бар құралдармен немесе көліктік шиналарды қолдану арқылы тасымалдауды ұйымда- стыру керек.Күйіп қалғандардың көбін апат ошағынан алып шығу қажет бола- ды, ал беті күйгендердің дені қабағының тез ісіп кетуі мен көру қа- білетін уақытша жоғалтуынан апат ошағынан өздігінен шыға алмай, сырттан көмекті (алып шығуды) қажет етеді. Химиялық күйіктерТабиғаты әртүрлі химиялық белсенді заттардың теріге әсер етуінен болады. Көбінесе химиялық күйіктер бейорганикалық қышқылдар- дан (күкірт, азот, тұз), сілтілер (калий, натрий гидроксиді, өшпеген из- весть), ауыр металл тұздарының (күміс нитраты, цинк хлориді), кейбір ұшпа майлар, бензин, керосин және ұзақ уақыт әсер етсе кейбір еріт- кіштердің теріге жанасуынан болады.Фосфор өтеё ауыр күйік тудырады. Теріге тигенде көбінесе жанып, химиялық күйікпен қатар фосфордың өзі және күйікке айналған өнім- дердің сіңірілуінен ағза уланып, аса ауыр термиялық күйікке шалдыға- ды.Химиялық күйіктер тұрмыстық жағдайда сирек кездеседі, техно- логия бойынша жоғарыда аталған химиялық агенттер қолданылатын өндірісте апат орын алған жағдайда мұндай күйік жаппай сипатқа ие болуы мүмкін.Зақымдану тереңдігіне байланысты химиялық күйіктер де терми- ялық күйіктер сияқты жіктеледі: таралымы бойынша көбінесе дененің жалпы ауданының 10 % -нан аспайды. Химиялық күйіктің жалпы бел- гілері (күйік ауруы) байқалмайды деуге болады. 3 – 4 дәрежедегі қатты күйіктер қышқылдар мен сілтілердің әсерінен болады.Химиялық күйік кезінде алғашқы көмек көрсету жолы: дереу арада зақымданған жерді ағыны қатты сумен 5 – 10 минуттай жуып, одан соң қышқылдан күйсе – сілті ерітіндісімен, сілтіден күйсе – 1 – 2% сірке, бор немесе лимон қышқылымен бейтараптандырылып, асептикалық таңғыш салынады.Өшпеген известьтен болған күйік кезінде алдымен терідегі известь қалдығын абайлап алып тастап, содан соң күйген жерді сумен шаяды. 16.3. ҮсікТермиялық жарақаттың бір түрі төменгі температураның әсерінен тіннің зақымдануы, яғни үсуі болып табылады. Күнделікті жағдайдада, жылдың суық мезгілінде, табиғи апат кезінде де бұл жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету мен емдеу аса маңызды. Көбі- несе аяқ пен қолдың дисталды бөліктері үсіктен зардап шегеді, оның ішінде үсу әдетте табан буыны деңгейінен көтерілмейді; қолдың үсуі болса негізінен саусақтармен шектеледі.Үсудің барысына салқындау әсерін одан сайын күшейтетін немесе байқататын түрлі факторлар әсер етеді. Метеорологиялық факто¬р- лардың арасында ылғалдың жоғарылығы айтарлықтай рөл атқарады. Ауада ылғалдылықтың артуы жылу оқшаулағыштық рөлін төмен- детіп, жылу шығынының артуына әкеп соғады. Тағы бір климаттық жайсыз фактор ол желдің күшеюі: ауа қозғалысының жылдамдығы жоғарылаған сайын дененің үстіңгі қабатының жылу бөлуі де арта түседі.Аяқ киім аяқтың үсуіне жол беретін маңызды фактордың бірі. Тар аяқ киім кигенде табанның қан айналымы бұзылып, ол ісіне бастай- ды. Бұл аяқтың үсуіне себеп болады, ал аяқ киімнің дымқылдығы тіндердің зақымдану деңгейін одан әрі арттыра түседі.Суықтың әсерін күшейте түсетін факторларға аяқтың тершеңдігі, жеткіліксіз тамақтану, гипо және авитаминоз, қансырау, шаршау, мас болу, естен тану және тағы басқалары жатады.Үсіктің пайда болуына зақымданған тіндерде жергілікті қан айна- лымының қалыптан тыс бұзылуы салдары әсер етеді. Алдымен ұсақ қан тамырлары жиырылады, сосын бірталай уақыт бойы кеңейіп тұрады да, қайтадан жиырылады – соның нәтижесінде тіндер семіп қалады.Үсу екі кезеңнен тұрады: реактивті емес кезең (жасырын) және тіндердің жылынуынан кейін басталатын реактивті кезеңі. Реактивті кезеңде ғана үсік шалған жерлерде патологиялық өзгерістер байқа- лады.Ұзақтығы бірнеше сағаттан бір тәулікке дейін созылатын реак- тивті емес кезеңде зақымданған жердің терісі көбінесе бозарып, кейде көгеріп тұрады, қолмен ұстағанда суық, сезімталдығы төмен немесе мүлдем сезбейді. Үсу деңгейі артқан сайын денеде ұю, сіресіп қалу белгілері байқала бастайды. Аталған белгілердің анық байқалуы төменгі температура әсерінің ұзақтығына байланысты.Реактивті емес кезең зардап шеккен тіндер температурасының қайта қалыпқа келуіне дейін жалғасады. Аяқ-қол жылытылып, қан айналымы мен қызметі қалыпқа келген соң реактивті кезең бастала- ды. Жасырын кезеңнің реактивті кезеңге өтуінің объективті белгісі үсік шалған аяқ-қолдың ісіне бастауы. Реактивті кезең басталғанда үсу диагнозы нақтыланып, зақымданған тіннің таралуы мен дәрежесі айқындалады.Үсу де күйік сияқты төрт дәрежеге жіктеледі.1-дәрежелі үсік орналасуы мен зақымдану аумағына қара- мастан, үсіктен зардап шегушінің жағ-күйінде айтарлықтай өзгеріс болмайды. Суық фактор әсерінің ұзақтығы әдетте көп- ке созылмайды. Тіндер температурасының төмендеуі де шама- лы. Бозарған тері жылытқанда қызарады; кейде көгеріп немесе мәрмәр түске енеді. Жылытқаннан кейін тактильді және ауыру сезімталдығы, саусақтар мен табандарының қозғалыс белсенділі- гі толықтай қалыпқа келеді. Зақымданған тері аумағы толығымен ісінеді. Үсіктің аталған белгілері үшінші-жетінші тәуліктерде жойылады.2-дәрежелі үсік суықтың әсерінен кейін екінші-үшінші тәуліктер- де қабыршақтың пайда болуынан байқалады. Қабыршақтар күйіктен кейінгідей түссіз сұйықтыққа толы және құрамы жағынан плазмаға ұқсас. Ашылған қабыршақтардың түбі қол тисе ауыратындай терінің бүртікті-эпителиалды қабаты болып табылады. Жойылған элемент- тер 1 – 2 аптадан соң қайтадан қалпына келеді, түйіршіктену және тыртық қалмайды, тырнақ түсіп қалмайды, дегенмен жаңасы өсіп шығады.3-дәрежелі үсік суықтың көбірек уақыт әсер етуінен болады. Терімен қатар тері асты шелі де зақымданады. Жансызданған жер- лерде қан аралас сұйықтықтарға толған қабыршақтар пайда болады. Алғашқы тәулікте, кейде аяқ-қол жылығаннан кейін бірнеше сағат- тан соң ісіне бастайды. Қабыршақтар шықпаса, зақымданған жер- лердің терісі қып-қызыл не көгерген реңкті, қолмен ұстағанда суық (1 – 2-дәрежелі үсікке қарағанда). Қабыршақ алынып тасталған соң жараның беті тіндердің жансыздануынан сезімталдығын жоғалтады. Семген тіндер екінші-үшінші аптада ажырай бастайды. Ажыраған соң түйіршіктеледі, егер де зардап шеккен адамға өзінің терісі оты- рғызылмаса денеде тыртық қалады. Тырнақ қайта қалпына келіп, регенерацияланбайды.4-дәрежелі үсік суықтың ұзақ уақыт әсер етуінен болады. Жұм- сақ тіндердің барлық қабаты жансызданады. Зақымдану тереңдігінің шегі сүйек пен буындарға дейін өтеді. Реактивті кезеңнің алғашқы сағаттарында дене температурасы бірталай төмендейді. Үсік шалған жерлер бозарып немесе көгереді, қабыршақтар геморрагиялық сұй- ықтыққа толы. Аяқ-қол жылыған соң 1-2 сағаттан кейін ісіну баста- лады. Әдетте ол аяқ-қолдың ортаңғы бөлігіне қарай үлкейеді. Бұдан кейін мумияға айналады (кебу) немесе кей кезде қолдың буынында, табанның жекелеген бөліктерінде дымқыл гангрена басталады.Күйік жарақаты сияқты 1-2 дәрежелі үсікті үстіңгі, ал 3-4 дәрежеліні қатты не терең деп бағалауға болады.Реактивті емес кезеңде суықтан зардап шегушіге алғашқы ме- дициналық көмек оны жылыту, ыстық сусын немесе аз көлемде алкоголь берумен шектеледі. Үсіген адам тезірек жылы жерге жеткізілуі керек. Денеге жабысып қалған киім мен аяқ қиімді терінің үсік шалған жерлерінің механикалық бүлінбеуі үшін абайлап шешу қажет. Аяқ қиім мұздап қатып қалған жағдайда ол ерігенге дейін шешпеген жөн. Бұдан соң тоңған жерді таза жүн матамен немесе қолды жуып, спиртке малып алып ысқы- лау керек. Кейде ұзақ уақыт ысқылау қажет болады және оны сезімталдығы қайта қалпына келгенше, аяқтың немесе қолдың үсік шалған тұсы қызарып, ыси бастағанға дейін ысқылауға тура келеді.Үсік шалған жерлерді қармен ысқылауға әсте болмайды, өй- ткені аяқ-қол салқындауға және микрожарақаттардың пайда бо- луына әкеп соғуы мүмкін.Мүмкіндік болса үсік шалған аяқ-қолды жылытуға ванна қол- дануға болады. Ол үшін 20 – 30 минут ішінде температурасы 20 – 23 -тен 40 °С дейін жоғарылатылған суға үсіген жерді батырады. Сонымен қатар зардап шегуші өзі үсік жалған жердің шетінен ортасына қарай тері жылып, қызарғанға дейін массаж (сипау) жасауы керек.Жылыған аяқ-қолды құрғатып, стерильді таңғышпен жабады және жылы матамен орап қояды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккен адам дереу арада емдеу ме- кемесіне жеткізілуі тиіс, әрі оны қайтадан үсік шалмауының ал- дын алу керек. бөлімТЕРМИНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙ. РЕАНИМАЦИЯ.ЭЛЕКТР ЖАРАҚАТЫ МЕН СУҒА КЕТУ КЕЗІНДЕГІ РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ КӨМЕК.Адамның өмір мен өлім арасындағы арпалыс кезеңін және ағзаның маңызды қызметтерінің тоқтай бастауының соңғы дәрежесін көрсететін күйді терминалдық жағдай деп атайды. Терминалдық жағдай аса ауыр түрдегі жарақаттық шок, қатты қансырау, асфиксияның барлық түрлері, электр жарақатының салдары, жіті уланудың кейбір түрлері, суға бату, миокард ин- фарктісі кезіндегі жіті коллапс, өткізу жүйесінің оқшаулануынан жүрек соғысының бұзылуы, сіреспе кезіндегі апноэтикалық күртасқыну мен басқа да шамадан тыс ауыр патологиялық факторлар- дың ағзаға әсерінен болады.Терминалдық жағдай бірыңғай өлу процессінің үш деңгейіне жіктеледі:Преагониялық жай-күй (жантәсілім алды) (естің бұзылуы, тері жабынының көгеріп, тез арада бозарып кетуі, артериалық қан қысымының төмендеуі, ұйқы және сан күре тамырынан басқа тамырлардың соғуы төмендейді, үстірт және жиі тыныс алу);Агониялық жай-күй (есін жоғалтады, қимылдық қозуы мүмкін, анық байқалатын көгеру, ұйқы және сан күре тамыры ғана соғады, Чейн – Стокс типі бойынша тыныс алудың бұзылуы);Клиникалық өлім соңғы дем мен жүрек соғысы тоқтағанға дейін өмір сүру нышандарының толықтай жойылуы: есін жоғал- ту, ұйқы және сан күре тамырларының соғуының тоқтауы, жүрек соғысының тоқтауы, кеуденің тыныс алу қозғалысының тоқта- уы, жарыққа реакцияның болмауымен қарашықтың максималды кеңеюі.Клиникалық өлім кезеңі 5 – 7 минутқа созылып, одан кейін биологиялық өлім басталады.Өлімнің айқын белгілері: дененің қатып қалуы, дене темпе- ратурасының қоршаған орта температурасының деңгейіне дейін төмендеуі, мәйіт дақтарының пайда болуы.Клиникалық өлім кезінде өмір нышандарының болмауы 5 – 7 минут ішінде ми тіндері жасушаларында негізгі алмасу процес- стерінің жалғасуынан қайтарымды сипатқа ие болуы мүмкін. Сон- дықтан клиникалық өлім терминалдық жағдайлардың жекелеген түріне жіктеледі. Оның себебі зардап шеккен адамда өміріне қауіп төндіретін жарақаттар болмаса, клиникалық өлімнен соң алғашқы 3 – 5 минут ішінде жүзеге асырылған реанимациялық шараларды қолдану арқылы ағзаның өмірлік мәні бар барлық қызметтерінің толықтай қалпына келуіне қол жеткізуге болады. Реанимациялық шаралардың кешірек жүргізілуі ағзаның соматикалық (тыныс алу, қан айналымы) қызметін қалыпқа келтіре алғанымен, орталық жүйке жүйесі жоғарғы бөлігінің, ең алдымен бас миының үлкен жарты шары қызметін қайта қалпына келтіре алмауы, тіпті то- лықтай қыртыссыздануы («мидың өлуі») мүмкін.«Реанимация» терминін адамды тірілту деп тар мағынада түсін- бей, зардап шеккен адам ағзасының өмірлік маңызды қызметтерінтыныс алу мен қан айналымын қалыпты ұстау және қайта қал- пына келтіруге бағытталған шаралар кешені деп қарастырған жөн.Реанимациялық көмек өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) және жүрекке тікелей емес массаж жасаудан тұрады.Кез-келген жағдайда жасауға болатын мұндай шараларды ба- стамас бұрын зардап шеккен адамды тез арада қатты, тегіс жерге (пәтердің едені, құрғақ жер және т.б) жатқызу керек. Жүрекке ті- келей емес массаж жасау жеңіл және серіппелі қабатта жасалса ылғи да тиімсіз болады.Өкпені жасанды желдету «өкпеден өкпеге» ауа жіберу - «ауыз- дан ауызға» (17.1, а сурет) немесе «ауыздан мұрынға» ауа жіберу (17.1,б сурет) арқылы жүзеге асырылады. Соңғы тәсіл дұрысы- рақ болып саналады, өйткені мұрынға ауа жібергенде ауаның көбі асқазанға емес, тыныс алу жолдарына жетеді. Сұйықтық толған асқазанға (мысалы суға кеткенде) ауа кірсе асқазанның ішіндегінің бәрі сыртқа ағып, тыныс алу жолдарын бітеп таста- уы мүмкін. Өкпені жасанды желдетуді бастамай тұрып, зардап шегушінің тыныс алу жолдарының қалыпқа келуін және еркін өтімділігін қамтамасыз ету керек. Ол үшін реанимациялық ша- раларды жасаушы зардап шеккен адамның басын барынша артқа қарай шалқайтып, қолымен осы деңгейде ұстап тұрады да, ӨЖЖ дереу арада бастайды, әрі ауызына ауа үрлесе, бас бармағымен және сұқ саусағымен мұрнын қысып, жабады; ал мұрнына ауа жіберсе реаниматор төменгі жақ сүйегін қысып ұстап, кезекті рет ауа үрлеген соң оны босатады.Мұрын орамалы немесе дәке арқылы ауызға я болмаса мұрынға ауа жіберуге болады. Басын артқа шалқайтыңыз. Науқастың аузына дем салыңыз. Көкірек қуысын бақылаңыз.Немесе басын артқа шалқайтыңыз. Науқастың мұрнына ерніңізді тигізіңіз. Науқастың мұрнына дем салыңыз. сурет. Тыныс шығару ауасы арқылы өкпені желдетуЕгер ӨЖЖ барысында кедергі байқалса тез арада зардап ше- гушінің төменгі жақ сүйегін алға итеріп, мұрын орамалымен не- месе дәкемен саусақты орап, ауыз қуысын тазарту керек және мүмкіндік болса ауа өткізгіш қою керек. Шамамен үш-бес рет дем салған соң реаниматор ұйқы күре тамырының соғысын анықтай- ды. Егер тамыр соғуы сезіле бастаса, реаниматор минутына 12 рет жиілікпен өкпені үрлеуді жалғастырады.Тамыр соғуының сезілмеуі және қарашығының максималды ұлғаюы жүрек тоқтауының неғұрлым маңызды көрсеткіші болып табылады және жүрек сыртына не болмаса тікелей емес массаж жасауды бастау қажеттігіне белгі болып табылады.Жүрек сыртына массаж жасау жиілігі секундына бір реттен келетіндей кеудені ырғақты түрде басу (ересектерге 4 – 5 см те- реңдікке) арқылы жүзеге асырылады.Реаниматордың қолының орналасуы мен басу орны 17.2 су- ретте көрсетілген. сурет. Жүрек сыртына жасалатын массаж:а – қол орналасатын тұс; б – қолдың дұрыс орналасуы (үстінен қарағанда); в – қолдың дұрыс орналасуы (қырынан қарағанда).Балаларға жүрек массажы бір қолмен, ал жаңа туылған балалар мен нәрестелерге екі саусақтың ұшымен ғана жасалады.Жүрек сыртына жасалатын массаж өз алдына өкпелерді желде- те алмайды, сондықтан ол ӨЖЖ тәсілдерінің бірімен қосыла атқа- рылуы керек.Бір ғана реаниматор болғанда өкпеге әрбір екі рет ауа жіберіл- ген соң бір секундтық интервалмен 15 рет (ара қатынасы 2:15) кеуде қуысына компрессия жасалады. Желдету мен жаншудың арасында үзіліс аз ғана болуы керек.Егер екі адам реанимациялық шараларды жасап жатса, онда біре- уі жүрекке массаж жасайды, ал екіншісі кеуде қуысын әрбір бесінші рет жаншыған соң өкпесін кеңейту шарасын жасайды (ара қатынасы 5:1).Жүрекке массаж жасау ұйқы қан тамырлары соққанға дейін, ал өкпені жасанды желдету өз бетінше тыныс ала бастағанға дейін жа- салады.Электр жарақаты. Электр тогының әсерінен болатын зақымда- нулар электр жарақаттарына жатады. Табиғи апаттар, әсіресе техно- гендік апаттардың салдарынан орын алатын түрлі зақымданулардың ішінде электр жарақаттарының үлесі басым.Электр тогы адам денесінен өткенде ағзада жалпы және жергілік- ті бұзушылықтар туғызады. Оның ауырлығы ең бастысы токтың күшіне, қысымына және әсер ету ұзақтығына, сонымен қатар түрі- не байланысты (ауыспалы немесе тұрақты). Электр тогы тіндерге жылу, химиялық және механикалық әсер етеді. Электр тогы теріден өту кезінде денеге кірген тұсы мен шыққан жерінде диаметрі бірне- ше миллиметрден 3 см дейін жететін ортасы батыңқы, ал шеттері білікше тәріздес қалыңдау келетін «ток белгісін» қалдырады.Найзағай соққан кезде оның денеге кірген тұсында электр тогы- ның әсеріне ұқсайтын зақымдану белгісі пайда қалады.Ток күші үлкен болған жағдайда электр энергиясы тіндердің қарсылық күшінен өтіп, жылу энергиясына айналу арқылы ұшқын- данып, одан денеге аса терең зақым келетіндей, тіпті көп жағдайда сүйекке дейін жетіп, ток соғудың салдарынан семіп қалатын және тіндері өте баяу ажырайтын вольт доғасы типіндегі жалын пайда бо- луы мүмкін.Терінің аз ғана ауданына зақым келгенімен, жұмсақ тіндердің көп бөлігі жансызданады.Электр тогы адам денесінен өткенде биологиялық сезімтал- дықтың әртүрлі болуына байланысты оның органдары мен тіндерін- де туындайтын өзгерістер де біркелкі болмайды. Қан, лимфа, ми жұлын сұйығы және бұлшық еттер электр тогын жақсы өткізеді. Алтері, сіңір және сүйек тінінің қарсылық күші едәуір басымырақ.Электр жарақатының жалпы белгісі жүйке және жүрек-қан тамы- рлары жүйесі қызметінің бұзылуы, (оның клиникалық белгісі есін шамалы уақытқа жоғалтудан комаға түсуге дейін), тіршілік белгісі байқалмай, жүректің соғуы мен тыныс алуының күрт төмендеуі («жалған өлім»).Көбіне сананың бұлыңғырлануынан қимылдық қозу байқалса, кей жағдайда керісінше адам толықтай тоқырауға ұшырайды және бұлшық еттерінің тырысып, жиырылуы себебінен ток өткізіп тұрған заттан өз күшімен ажырауға қауқарсыз болады. Жеңіл жарақат та- лып қалу, жүйке жүйесінің күйзелісі, бас айналу, жалпы әлсіздік түрінде көрініс беруі мүмкін.Электр жарақаттарынына тән сипаттарға зардап шегушінің субъ- ективті жағдайының жақсы болуы мен ішкі органдарында, әсіресе вегетативті жүйке жүйесіндегі өзгерістердің бір-біріне сәйкессіздігі жатады. Ішкі органдарда дәл сол сәтте емес, тек бірталай уақыт өт- кен соң ғана өзгерістер басталады.Алғашқы медициналық көмек көрсету көп жағдайда зардап ше- гушіні құтқарудағы басты фактор болып табылады. Ең алдымен ток- ты бірден ажырату керек (айырғыш, сөндіргіш, тығын, сымдарды үзу арқылы). Көмек көрсетуші адам зардап шегушімен байланысқа түскен сәтте қауіпсіздік қағидаларын ұмытпай, бұл желіге өзінің де қосылғанын естен шығармауы тиіс. Сондықтан ол өзін зардап шегушімен тікелей байланысқа түсуінен оқшаулауы тиіс: аяғының астына құрғақ тақтай салу, құрғақ жүн мата, құрғақ таяқ немесе құрғақ жіпті қолдану арқылы ток соққан адамның қолынан электр сымын алып тастау. Электр тогы ұрған адамды киімінің ұшынан ғана ұстап ток дереккөзінен алып шығуға болады.Қауіпті жерден алып шыққан соң алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары басталады.Электр тогының соғуынан жеңіл зақым келетін болса (талып қалу, аз уақытқа есін жоғалту, бас айналу, бас ауруы, жүрек тұсы- ның ауыруы) алғашқы медициналық көмек адамды тыныштанды- рып, аса сақтықпен емдеу мекемесіне жеткізу түрінде көрсетіледі. Зақымданған жерлеріне таңғыш салынып, қажет болған жағдайда аяқ-қолын қозғамай көмек көрсетілетін жерге жеткізіледі.Ескеретін бір жәйт, зардап шегушінің жалпы жағдайы салыстыр- малы түрде алғанда қанағаттанарлық болғанымен, жарақат алғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде халі күрт және кенеттен нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан электр жарақатын алғандардың барлығы қатаң түрде стационарлық бақылауға алынады.Зардап шегушіні жатқызған бойда тасымалдау қажет.Жағдайы жақсы болса да өз аяғымен медициналық мекемеге дей- ін баруына тыйым салынады.Егер электр тогының соғуынан аса ауыр жарақаттанатын болса немесе клиникалық өлім белгілері байқалса, бірден реанимациялық шараларға көшу керек (17 бөлімді қарау). Тыныс алуы білінбе- генімен жүректің соғуы жалғасып жатса демек оны аз уақыт бұрын ғана электр тогы соққанын қаперде ұстаған жөн.Электр күйігіне кәдімгі термиялық күйік кезіндегідей алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.Суға кету. Су тасқыны, тұрғын үйлер мен өндірістік нысандар- дың суға кетуі, гидротехникалық нысандардағы түрлі апаттардың салдарынан болған төтенше жағдайлар кезінде жедел медициналық көмекті қажетсінетін зардап шеккендер саны артуы мүмкін.Суға кетуден болатын өлім түрі үшке жіктеледі және олардың әрқайсысы терминалдық жағдайға жатады.Өлімнің бір түрі жүректің соғуы мен тыныс алудың тоқтауынан бірден болатын өлім, синкопе (естен тану) жағдайы. Толқу, қорқы- ныш, жоғарғы тыныс алу жолдарының суық судан тітіркенуі баста- пқы синкопе болып табылады. Суға кету жағдайларының 10 – 15 % өлімнің осы түрі кездеседі.Суға кетудің неғұрлым көп таралған түрі сұйықтықтың міндетті түрде өкпеге кіруінен болатын нақты суға бату деп аталатын түрі. Өлімнің бұл түрінде су астында жалғасатын өмір ұзақтығы синко- пальдық жағдайға қарағанда артық болғанымен, ағзада орын алатын патологиялық өзгерістер неғұрлым ауыр келеді.Бату кезінде адам дем алуын тоқтатып, бірнеше мәрте су беті- не сүңгіп шығып, жанталаса тыныс алады, осылайша өлу процессін ұзартылады. Су бетіне шыға алмай, батып бара жатқан адам 30 – 90 секундтай тыныс алуын тоқтатады да, қайтадан су астына түсіп, деп алуын жалғастырады, мұндай кезде су өкпесіне кіріп жатады. Жөте- лу рефлексінің әсерінен өкпеге кіріп кеткен су ауамен қоса ірі көпір- шіктер түрінде тыныс алу жолдарынан шығуын жалғастырады.Ауа жетіспеушілігі арта түскеннен адамның белсенді қозғалы- стары да біртіндеп әлсіреп, есінен танып, ақыры суға батады. Бұл кезде тыныс алу қозғалыстары күшейеді. Дем шығарғанда су бетін- де ұсақ көпіршіктер пайда болады.Алқыну кезеңі деп аталатын бұл кезеңнің соңына таман тыныс алу қозғалыстары ақырындап әлсірейді. Бұдан соң тағы бір мәрте тыныстық тоқтау, яғни терминалдық үзіліс болып, артынша ол аго- ниялық жағдайға ұласады.Осылайша, суға кетудің нақты түрінде тыныс алу өзгерістерінің төрт кезеңі бірін-бірі кезекпен алмастырады:Рефлекторлық тоқтау;алқыну;терминалдық үзіліс;агония.Бату процессі кезінде өкпеге сұйықтық неғұрлым көп сорылса, су астында тыныс алу да тереңдейді. Өкпеге кіріп жатқан судың бір бөлігі қанға сіңіріледі. Соның салдарынан қан сұйылады және эри- троциттер бұзылады. Теңіз суына батқанда өкпедегі су қанға жетуі- нен қаны қоюланады.Қан плазмасынан өкпедегі сұйықтыққа ағуыздар түседі. Өкпе- де қалған ауамен араласып, ұсақ көпіршікті көбік түзіледі. Өкпеге түсетін су аралас көбіктің көпіршікті сұйықтыққа айналуы суға ба- тудың нақты белгісі болып табылады.Өлімнің үшінші түрінде нақты суға бату болмайды және ол ас- фиксиялық (тұншығу) деп аталады. Ол жүйке жүйесінің қызметі күрт бұзылуы жағдайында (мас болу) орын алады. Алкогольдік ішімдікке масайған адам суға түскенде белсенді түрде қарсылық та- ныта алмайды, су бетіне сүңгіп шығып, өзгелерді көмекке шақыра алмай, бірден құрдымға кетеді.Суға бату кезінде тыныс алуды тоқтату уақыты нақты суға кетуге қарағанда ұзағырақ созылады немесе мүлдем болмайды. Дем шыға- ру үстіртін және терминалдық үзіліске дейін солай жалғаса береді, содан келіп сұйықтықтың тыныс алу жолдары мен өкпеге кіруіне жол берілмейді; бір мезгілде судың көп бөлігі жұтылуы мүмкін.Осылайша, суға батудан болатын өлімнің үшінші түрі ең ал- дымен асфиксияға байланысты, ал судың өкпеге кіруі соншалықты маңызды емес.Температурасы +5 °С төмен суға түсудің салдарынан болатын тағы бір бату түрі бар. Мұнда дененің үстіңгі қабаты, оның ішін- де кеудесі суық суға тигеннен тыныс алуы күрт жиілеп, қандағы көмірқышқылының құрамы төмендейді, адамның қимылы үйлесім- сіз болып, өксіп тыныс алып, тез арада су астына түсіп кетеді.Суық суға түскеннен дененің біртіндеп мұздауы салдарынан да адам батуы мүмкін. Температурасы 20 °С төмен суға түсу жылу жоғалту мен дене температурасының төмендеуін арттыра түседі. Бұл арық және жағалауға дейін жүзуге мүмкіндік бермейтіндей дене бітімі ауыр адамдарда анық байқалады. Температурасы + 4 до + 6 °С шамасындағы суға түскен адам арада 15 минуттай уақыт өткен соң денесі сіресуден белсенді қозғалыс жасай алмайды.Көбінесе зардап шегушілер ағзаның өмірлік маңызы бар қызмет- тері тоқтаған соң су бетіне шығарылады. Биологиялық өлім кезінде патологиялық өзгерістер қайтымсыз болса, клиникалық өлім ке-зеңінде дереу арада реанимациялық іс-шараларды бастаудан ағза- ның маңызды қызметтерін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік бар.Суға бату түріне қарай зардап шегушілерді су бетіне шығарғанда олардың сыртқы белгілері де түрлі болып келеді.Синкопе жағдайында тері жабыны бозарып, сұп-суық болады («бозарып суға батқан»). Ауызы мен мұрнынан көбік, не көпіршікті сұйықтық шықпайды.Нақты батуда терінің реңі көкпең-көк болады («көгеріп суға батқан»). Тамырлары, әсіресе мойынындағы және аяқ-қолындағы тамырлары кеңейеді. Ауызы мен мұрынынан көпіршікті сұйықтық көптеп бөлінеді. Кеуде тұсын басқанда мұндай сұйықтық ауызынан көптеп ағады және көбінесе ол қан аралас келеді.Тұншығудан болған өлім түрінде де тері көгереді, алайда жоға- рыда аталғандай тамырлары кеңейіп, ісінбейді. Ауызы мен мұрыны ағарған немесе күлгін келетін ұсақ көпіршікті көбікке толып қалады. Асқазан тұсын басқанда көпіршіксіз сұйықтық көп көлемде шығуы мүмкін.Суға кетуде клиникалық өлімнің ұзақтығы көпке созылмайды, сондықтан оны анықтау оңай емес. Тіршілік нышаны байқалмай- тын адамды судан алып шыққанда өлім кезеңдері мен клиникалық өлім оның су астында болған уақытына жатқызылады. Өлім кезеңі қысқа болған сайын клиникалық өлім уақыты ұзарады. «Бозарып суға батқандарда» су астындағы өлім кезеңі әдетте ауырлау өтетін«көгергендерге» қарағанда, ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтері рефлекторлық жолмен бірден басылады. Сондықтан оларда реани- мациялық шаралармен құтқаруға болатын клиникалық өлім кезеңі сәл ұзағырақ уақытқа жалғасады.Тәжірибелік бақылауларға қарағанда, су астында болу уақыты 3-5 минуттан аспаған «көгергендерді» реанимациялық шаралар арқылы құтқаруға болады, ал «бозарғандарды» өмірге оралтуға берілетін уақыт 10-15 минут шамасында.Зардап шегушіні судан алып шыққанда көрсетілетін медицина- лық көмек оның жағдайының ауырлығына байланысты анықтала- ды. Егер батып бара жатқан адам бастапқы кезеңде құтқарылса және есін жоғалтпаса, оның эмоционалдық есеңгіреуін басып, су киімін шешеді, қарқынды түрде денесін ысқылап, құрғақ киім кигізеді де, жылы орап, ыстық шәй немесе кофе береді.Егер зардап шеккен адамның тамыры соғып, тыныс алуы тоқта- маған, бірақ есінен танып қалған болса оны тегіс жерге жатқызып, аяғын 40 – 45° жоғары көтереді, денесін қысып тұрған киімдерден босатып, мүсәтір спиртін иіскетеді, кеуде тұсына массаж жасап, аяқ-қолын уқалайды. сурет. Суға батқан «көгерген» - дерден суды алып тастауСудан шығарылғанда тыныс алуы мен қан айналымы тоқтаған адамға көрсетілетін алғашқы көмек тез арада клиникалық өлім жағдайынан шығаруға бағытталуы керек. Ең әуелі тыныс алуы мен қан айналымын қиындатып тұрған киімдерін босатып (көмек көр- сетуге болатын санаулы сәтті жоғалтпау үшін зардап шегушінің киімдерін шешудің қажеті жоқ), тыныс алу жолдары мен асқазанын судан арылтады да «ауыздан мұрынға» тәсілімен өкпені жасанды желдетуді (ӨЖЖ) бастау қажет.Тек «көгерген» адамдардың ғана жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқазанын судан арылтады (17.3 сурет), әрі оған бірнеше се- кунд ғана уақыт жұмсаған жөн.Жүрек-өкпе реанимациялық шаралары кешені ұйқы күре тамы- рлары қайта соққанға дейін жалғасады, ал одан нәтиже шықпаған жағдайда өлімнің нақты белгілері байқалғанға дейін тоқтамауы тиіс. бөлімАЯҚ-ҚОЛ СҮЙЕКТЕРІНІҢ СЫНУЫ. КӨЛІКТІК ИММОБИЛИЗАЦИЯТөтенше жағдайлар кезінде аяқ-қол сынығы әрқашан көп кез-деседі. Әрі олар бас, кеуде, жамбас сияқты басқа да мүшелердің зақымданумен қатар келіп, ұзақ уақыт қысылу синдромынан зардап шегушілер арасында тіркеледі.Аяқ-қол сүйегінің сынуы. Сүйек сынған жерде терінің тұта- стығына зақым келмейтін жабық және терінің тұтастығы бүлінетін, сынық пен сыртқы ортаның арасы анық көрінетін ашық түрі бар. Ашық сынық жараға патогендік микробтардың түсуі салдарынан асқынудың орын алуы мүмкіндігінен қауіпті болып есептеледі.Сынық сызығының орналасауына қарай жіліктің ортаңғы бөлі- гінің сынуы (диафизарлық сынықтар) және оның шетінің (эпи- физарлық сынықтар) сынуы болып екіге бөлінеді. Балалық және жеткіншек жаста сынық сызығы буынға қарай жақын тұстағы шеміршектің бойынан өтетін сынықтар болуы мүмкін.Жарақаттық күш, бағыты мен орналасуына байланысты сынық сызығы сүйек осіне көлденең (көлденең сынықтар), қиғаш (қиғаш сынықтар) немесе спираль тәрізді (спираль немесе білік тәрізді) деп бөлінеді. Сүйектің иілуіне қарай жарықшақтанған сынық болуы да мүмкін.Сынықтың сипаты опырылған сүйек бөлігінің орнынан қозғалып кетуіне қарай да анықталады:бойлық, бұл жағдайда перифериялық бөлігі орталық бағытқа қарай қозғалып, оның үстіне шығып, қабатталып тұрады;көлденең немесе бүйірлік, бұл жағдайда сынған бөлік көлде- нең жазықтықтың бойымен қозғалады;бұрыштық, онда перифериялық бөлік бұрыш жасап сүйектің осьтік сызығынан алшақтап, орталық бөлікпен қосылу арқылы сы- ртқа қарай ашылған бұрыш түзейді;перифериялық немесе осьтік, мұнда перифериялық бөлік«бұрау» механизмімен сүйек осьінің бойымен қозғалады.Сүйектің сынған бөлігінің қозғалып кетуі бір жағынан жарақат- тық күштің тікелей әсер етуінен болады және оның бағытымен анықталады. Екінші жағынан сүйек бөлігі орталық және перифери- ялық бөліктерге бекітілген бұлшық ет күшінің салдарынан да оры- нын ауыстырады. Сондықтан сынықтың орнынан қозғалып кету дәрежесі мен сипаты көп жағдайда сүйек сынығының деңгейі мен бұлшық еттік тартылу күшіне байланысты.Аяқ-қол сүйегінің сынуы сүйек тінінің бұзылуына ғана әкеп соқпайды. Бұл кезде сүйек қабығы жарылып, ажырайды да, содан барып сүйекке қажетті қоректік заттар бармайды және ашық сы- нықтар кезінде бөгде заттардың жарақаттың бетіне түсуінен жұқпа- лы аурулардың өршуіне жол ашады.Сүйектің сынығы әдетте ұштары өткір келіп, орнынан жылжығансайын маңайындағы бұлшық еттерді мыжып тастайды. Зақым кел- ген бұлшық еттік қан тамырларынан қан сорғалап, ол сынықтың немесе бұлшық еттік кеңістіктің бойымен ағады (бұлшық еттік ге- матома). Жарақатқа реакция түрінде мертіккен тұс пен оның маңайы іседі және ол бұлшық ет аралық гематомамен қосылып, сынған мү- шенің көлемін едәуір ұлғайтады. Ұсақ сынықтардың көп болуы мен олардың орнынан тым қозғалып кетуі жұмсақ тіндерді одан сайын зақымдап, оған байланысты асқынуларды да арттыра түседі.Көліктік иммобилизация жоқ немесе жеткіліксіз болғанда сынық тоқтаусыз қозғалып, маңындағы тіндердің жүйке ұштарында тітір- кену туғызады. Бұл жарақаттанған адамда ауру сезімін туғызып, жа- рақаттық шоктың басталуына әкеп соғады.Сүйек сынығының өткір ұштары маңындағы ірі қан тамырларын тесіп, жыртып жіберуінен қан кетуі күшейіп, зақымданған мүшеде қан айналымы процессін бұзып, тіпті оны жансыздандыруы мүмкін. Сынықтың ұштары жүйкені жартылай немесе толықтай зақымдап, кейін соның салдарынан сезімталдығы мен қозғалыс қы- зметі бұзылады. Сонымен қатар сынықтың бөлігі теріні ойып жібе- руінен жабық сынық ашық сыныққа ұласатын жағдайдар кездеседі. Ашық сынықтар көбінесе сүйек пен оның бойындағы сүйек кемігін- де іріңді қабыну басталуынан жара асқынып, остеомиелитке душарболады.Аяқ-қол сүйегі сынығының ауыр асқынуы майлы эмболия болып табылады. Бұл дегеніміз сүйек кемігіндегі май тамшылары қан ай- налымы жүйесіндегі тамырларды бітеп тастауын білдіреді.Аяқ-қол сынығының нышандары тек сыныққа ғана тән нақты белгілер және басқа да жарақаттарды білдіретін салыстырмалы бел- гілер деп екіге бөлінеді.Нақты белгілерге мыналар жатады:ашық сынық сүйегі сыртқа шығып тұрған немесе түпкі жағынан анық көрінетін сынықтар;сүйектік бөліктердің бойлық сыну сызығымен айтарлықтай қозғалып кетуі салдарынан аяқ-қолдың қысқаруы;сүйек бөліктерінің бұрыштық қозғалуының салдарынан аяқ-қолдың деформациялануы; бұл әсіресе жіліншік және тоқпан жіліктің сынуына тән;жарақаттанған жерде сынған сүйек бөліктерінің патологи- ялық қозғалмалылығы; бұл белгінің көрінісі төмендегідей: сынықты анықтаушы адам бір қолымен жарақаттанған мүшенің орта тұсын ұстап, екінші қолымен сәл жоғарыға көтереді немесе оның перифе- риялық бөлігін екі жаққа қарай ашады; буыннан тыс жердегі қозға- лыс сүйектің сынғанының дәлелі;сынған сүйек бөліктерінің сықырлауы (сүйектің сықыры); бұл да алдыңғы тәсілмен анықталады; сынған бөліктер қозғалысқа түскенде қарды басқандай немесе қайнап жатқан судың бүлкіліне ұқсас дыбыс шығады.Сүйек сынуының салыстырмалы белгілеріне келесілер жатады: бұлшық ет аралық және тері астындағы гематомадан жарақат алған жердің ісіп тұруы; пальпация жасағанда сынуы мүмкін тұста ауыру- дың күшеюі; зақымданған жердің қозғалысы шектелуі немесе мүл- дем қозғала алмаудан қалыпты қызметінің бұзылуы.Осылайша, зардап шегушіні алғаш рет тексерген кезде жоға- рыда аталған нақты белгілердің тым болмағанда біреуі байқалса, сүйектің сынуы диагнозы еш күдік туғызбауы керек. Нақты бел- гілері байқалмаса, я болмаса олардың шынайылығына күманданған жағдайда нақты диагноз қою үшін жарақаттың барлық жанама бел- гілері кешенді түрде қарастырылады: қатты ауыру, жарақат алған жердің домбығып, ісіп кетуі, жарақаттанған мүшені қозғаудың ауы- ру сезімін туғызуы.Бастапқы медициналық тексеру мен алғашқы көмек жарақат алған жерде көрсетіледі.Ашық сынық немесе жарақаттан қан сорғалап жатса қан тамы- рын саусақпен басып тұрып, стандартты немесе қолдан жасалған жгутты ширату әдісімен салады. Сосын оның үстін таңып, көліктік иммобилизация жасалуы керек немесе зардап шеккен адам шұғыл түрде емдеу мекемесіне жіберіледі.Қан сорғалап жатпайтын ашық сынықта жарақаттың беті асептика- лық таңғышпен жабылады. Әрі жарақаттанған мүшеден киімді толықтай шешпей-ақ, жараға тиіп тұрған тұсын ғана қиып тастаса жеткілікті.Бұдан әрі тексеру жарақаттың симптомдары мен белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі.Қолы жарақаттанған адамды тексеру егер жағдайы қалыпты бол- са отырған күйде жүргізіледі. Ал аяғы сынған адамды жатқызып барып тексеруге болады. Барлық жағдайда да зардап шегушіні екі адам бірлесіп тексергені қолайлы: бірі зақымданған мүшені жоғары көтеріп және ұстап тұрса, екіншісі тексереді.Зақымдану белгілерін анықтауға бағытталған барлық манипуля- ция абайлап және байыппен жасалады. Қосымша жарақат туғызбау мақсатында зардап шеккен жердегі киім мен аяқ қиімді шешпейді. Майысқан сүйекті толықтай түзеуге тырысудың қажеті жоқ, тек баяу қозғау арқылы шамалы жөнге келтірсе болғаны. Ашық жарақат кезінде сүйектің сыртқа шығып тұрған тұсын жараға қарай итеруге болмайды. Сынықтың барлық белгілерін анықтауға тырыспай-ақ, бір ғана нақты белгісі болғаны жеткілікті.Тексеріп жатқан адам аяқ-қолдың перифериялық бөлігіндегі терінің түсі мен температурасына міндетіт түрде көңіл аударуы тиіс. Терінің бозаруы, сол жердің температурасы мен сезімталдығының төмендеуі орнынан қозғалып кеткен сынған сүйек бөлігінің маги- стралдық қан тамырын қысып тұруынан немесе тінаралық гемато- маның қысымынан болған қан айналымының бұзылуының айғағы болып табылады. Мұндай жағдайда зардап шегуші көліктік иммоби- лизациядан соң шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізілуі тиіс.Көліктік иммобилизация. Аяқ-қол сүйегінің сынуы кезінде көр- сетілетін алғашқы медициналық көмектің негізгі элементі - көліктік иммобилизация, мұны зардап шеккен адамды оқиға орнынан емдеу мекемесіне жеткізгенге дейін сынған тұстың қозғалмауын қамтама- сыз етуге бағытталған шара деп түсіну керек.Аяқ-қол сүйектерінің сынуымен қатар буынның, жұмсақ тін- дердің ауқымды бөлігінің зақымдануы, магистралдық қан тамыр- лары мен жүйкеге зиян келуі, күйік аумағының үлкендігі мен ұзақ уақыт қысылу синдромы кезінде де көліктік иммобилизация жаса- лады.Көліктік иммобилизацияға арналған құралдар стандартты немесе көліктік, шиналар, сондай-ақ күнделікті болып бөлінеді. Соңғысы- на көліктік иммобилизация үшін қолда бар құралдарды пайдалану арқылы жасалған материалдар жатады. Қалың ағаш тақтайшалар мен білте тақтайшалар, қалың картон мен тағы да басқа заттарды бұл мақсатқа қолданған ыңғайлы.Күнделікті қолданылатын тұрмыстық заттар мен еңбек құралда- рын (таяқ, шаңғы, күрек және тағы басқалары) пайдаланудың қажеті жоқ. Көліктік иммобилизацияға қару-жарақ, металл бұйымдары не- месе металл төсемелері жарамсыз.Дәрігерлік көмек көрсетілгенге дейін қолданылатын стандартты шиналардың ішінде ұзындығы 80 және 120 см болып келетін бас- палдақты шиналар кеңінен таралған. Мұндай шиналарды тиісті қа- лыпқа келтіру оңай, өзі иілгіш және жеңіл дезинфекцияланады.Төтенше жағдайлар кезінде толыққанды көліктік иммобилиза- ция жасау мүмкіндігі айтарлықтай шектеледі. Сондықтан бастапқы медициналық көмек көрсету кезінде-ақ жоғарыда аталған қолда бар бұйымдарды қолдану арқылы өзіне және бір-біріне көмек көрсету жайын ескерген жөн.Егер көліктік иммобилизацияға жарайтын материалдар табылмай жатса, қолды киімнің орауға келетін ыңғайлы бөліктерімен (белбе- умен, бөкебаймен және т.б.) немесе бинтпен денеге бекітуге бола- ды, ал аяқ жарақаттанса оны сүйегі сынбаған аяққа байлап бинтпен орайды. сурет. Иық сүйегі сынғандағы баспалдақты шинамен иммобилизация Құтқару шараларын бастауда медициналық құрам баспалдақты шина түріндегі стандартты құралдарды қолдана алады (18.1 сурет).Көліктік иммобилизацияның барлық түрінде келесі ережелер қатаң сақталуы тиіс:зақымданған дене мүшесі жарақат алысымен бірден иммоби- лизациялануы керек; ол неғұрлым жылдам орындалса, зақымданған жердің тіндері соғұрлым аз зиян келеді және тиісінше ағзаның реакци- ясы да ауыр болмайды; дегенмен мынаны естен шығармау керек: бар- лық манипуляциялар алдын ала ойластырылған, тиянақты, байыппен, жұлқыламай орындалады; иммобилизация құралдарын орнату кезіндегі кез-келген тұрпайы қимыл зардап шеккен адамның жағдайын қиынта- тады;иммобилизация алдында манипуляциялардан адам қиналмауы үшін ауруды басатын дәрі-дәрмек беру қажет;ашық сынық жағдайында асептикалық таңғыш салынып, содан кейін ғана көліктік шина бинттеледі;қан тоқтататын жгут салу қажеттігі туындаса, иммобилизация тұтастығын бұзбау үшін ол соңғы болып салынады;егер зардап шегушіні суық мезгілде емдеу мекемесіне апару қа-жет болса, көліктік шина орнатылған жарақаттанған мүшенің үсіп қал- мауының алдын алып, жылы бұйымдармен орап қояды. бөлімБАСТЫҢ, КЕУДЕНІҢ, ІШТІҢ, ОМЫРТҚАНЫҢ, ЖАМБАСТЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫ. 19.1 Бастың зақымдануы.Күнделікті өмірдегі жарақаттардың жалпы құрылымында бас зақымдануының үлесі шамамен 10 % құрайды. Ал төтенше жағдайлар кезінде ол басқа да дене мүшелерімен, атап айтқанда аяқ-қол, кеуде, жамбастың зақымдануымен қатар жүреді.Бас зақымдануының ауырлығы деңгейі жеңіл, ұзаққа созылмайтын амбулаторлық ем қабылдаумен шектелетіннен және өмірлік маңызы бар тыныс алу мен қан айналымы жүйесіне айтарлықтай зақым келген не- месе оқиға орнында шұғыл түрде реанимациялық шараларды бастауды қажет ететін ауыр деңгей болып екіге жіктеледі.Бас жарақаты түрлерінің ішінде көбінесе бас сүйегінің жұмсақ тінінің зақымдануы, сүйек сынуы мен миға зақым келуі жиі кездеседі. Бас жарақатының негізгі себебі – соққы. Неғұрлым ауыр бас-ми жа- рақаттары жол - көлік апаты салдарынан, биіктіктен құлаудан, ғимарат- тар мен басқа да нысандардың опырыла құлауынан болады.Бас сүйегі жабынының зақымдануы жабық (соғып алу) және ашық (жарақат) болуы мүмкін.Соғып алуға тері астында қан ұйып қалуы сияқты белгі тән болса, ашық жарақат шеті бұдырлы, көбінесе жұлдыз түрінде келеді.Сүйектің сынуы бас сүйек күмбезінің және оның негізінің сынуы болып бөлінеді.Бас сүйек күмбезінің сынуын жарықшақтанған сынықтар және сы- зат деп ажыратылады. Жарықшақтанған сынықта бас сүйегінің іші- не қарай кіретін бірнеше сүйектік бөлшектер пайда болады, сызаттар жіңішке саңылау түрінде сүйектің бойымен тұтастай өтеді. Бас сүйе- гінің негізі сынғанда дереккөздің ұясы, мұрын сүйегі, шеке және шүй- денің зақымданумен бірге бас сүйегі қаңқасының алдыңғы, артқы және ортаңғы тұсынан барлық бағыттарға таралған сызат түседі.Бас сүйегі күмбезінің, әсіресе негізінің сынуы көп жағдайда ауыр соққының әсерінен болады. Ескеретін бір жәйт, жарақаттың ауырлығы сынықтың сипатымен емес, миға келген зақым мен соққының салда- рынан болатын асқынуларға байланысты анықталады.Ашық жарақатқа инфекция қоздырғыштарының түсу қауіпініңжоғарылығы сынықтың бұл түрінің ауырлығын арттыратын фактор бо- лып есептеледі. Сүйектің сынған бөлшектері немесе сызаттардың шеті ми қабығын зақымдайтын болса мұндай қауіп тіптен жоғарылай түседі. Ойық жара деп аталатын мұндай кезде мидың маңайына микробтар тү- суіне жол ашылады және ми мен оның қабығына инфекция түсу (ме- нингит және энцефалит) әбден мүмкін.Мидың зақымдануы бас сүйегінің тұйық жарақаты нәтижесінде орын алады, әрі мұнда соққы күшінің бір бөлігі миға түскендіктен оның морфологиялық және функционалдық қызметі бұзылады.Мидың зақымдалуы шайқалу, соғу және қысылу деп бөлінеді.Мидың шайқалуы – зақымданудың әлдеқайда жиі кездесетін және ауырлығы соншалықты ауыр емес түрі болып есептеледі. Ми қыз- метінің бұзылуы қайтарымды сипатқа ие. Ми шайқалуына тән белгілерестің бұзылуы немесе аз уақытқа (бірнеше минутқа) естен тану, есін жинағаннан кейін жүрек айну не болмаса бір рет құсу, жарақатқа байла- нысты оқиғаны және оған себеп болған жағдайды ұмыту (ретроградтық амнезия). Түрлі деңгейде бас ауыруы, бас айналуы, бетінің бозаруы, та- мыр соғуы біресе баяулап, сосын қайтадан жиі соға бастауы байқалады. Мидың соғылуы – айтарлықтай күшпен бас сүйегіне жасалған соққы- ның салдарынан болады. Ми соғылғанда әдетте бас сүйегінің сынуы да орын алады. Соққы жасалған жер жарылып, жұмсақ тіндері мылжала-нады және оған қан құйылады.Мидың соғылуы симптомдары ми шайқалу симптомдарына қараған- да анық, тұрақты түрде байқалады және ол арта түсуі де мүмкін. Ми соғылуының клиникалық барысының бастапқы кезеңі адамның есін бірден және ұзақ уақытқа (сағат, кейде тіпті тәулік бойы) жоғалтуымен сипатталады. Есін жоғалту уақытының ұзаруы ми соғылуының ауыр- лығы дәрежесін көрсетеді. Зардап шеккен адам әдетте ұзақ уақыт және жиі құсады. Ауыр соққы алған жағдайда қан айналымы мен тыныс алу- дың маңызды орталықтары орналасқан мидың бағаналық жасуша бөлі- гі зақымданады. Бұл кезде дем алуы сиреп, тыныс алу қозғалыстары үстіртін болып, ақыры адам көгере бастайды. Тамыры сирек және баяу соғылады. Жұтыну мен жөтел рефлексі бұзылады. Есін жоғалту мен жө- тел рефлексінің басылуы жағдайында құсу аса қауіпті. Өйткені құсық массасы тыныс алу жолдарын бітеп тастап, асфиксияға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар тілін жұтып қою және тілімен тамағының бітеліп қалуы да бұл жағдайда адам өміріне қауіп төндіреді.Миы соғылғандар әдетте есін әрең жинайды және көп уақыт бойы толық қалпына келе алмайды. Ретроградтық амнезия белгілері анық байқалады, ал егер соққы ауыр болса басынан өткен оқиға мен оған алып келген жағдай жадынан мүлдем шығарылады.Зардап шеккен адам есін жинай бастағанда түрлі қызметтердің бұ-зылуы түрінде белгі беретін ошақты симптомдар анықталады. Ошақты симптомдардың болуымен және оның сипатына қарай мидың зақым келген тұсын анықтайды. Көбінесе ошақты симптомдар қимыл қыз- метінің бұзылуы (паралич, аяқ-қолдың парезі), сезімталдығы, сөзі, қи- мылы, көру қабілетінің бұзылуынан көрінеді. Ошақтық симптомдардың анық байқалуы ми соққысының ауырлығының айғағы.Егер миы қатты соғылмаған болса, адам есін ұзақ уақытқа жоғал- тпайды, дегенмен ми қызметінің бұзылуы нақты байқалмағанымен ошақты симптомдардың кез – келген түрін көруге болады.Мидың қысылуы – бас сүйек ішіндегі зақымданған қан тамырла- рынан ағып жатқан қаннан мидың жаншылуы нәтижесінде пайда бо- лады. Тамырлар сынған сүйектің бөлшектерінен, сызаттың шеттерінен, сондай-ақ мидың зақымдануынан болуы мүмкін. Бас сүйегіне жиналып жатқан қан сыртқа шықпағаннан кейін біртіндеп миға күш түсіреді де, оны қан ағып жатқан жердің қарсы жағына қарай итереді. Бұл зардап шеккен адамның жағдайының ауырлауына және жалпы милық ахуалы- ның нашарлап, ошақты симптомдарының арта бастауымен қатар келеді. Ми қысылуының белгісі бірден байқалмайды, тек сүйектер мен ми қабықшасының және оның астыңғы тұсы сияқты резервтік кеңістіктерағып жатқан қанға толып қалғаннан соң ғана белгі береді.Мидың қысылуының өзіндік клиникалық белгілері бар. Жарақат алғаннан кейін пайда болған мидың шайқалуы немесе соғылуы сим- птомдары біртіндеп басылады. Бұл кезеңді мамандар ашық аралық деп те атайды. Оның ұзақтығы да әртүрлі, бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін жалғасады. Одан кейін науқастың жағдайы біртіндеп нашарлап, бас ауыруы күшейді де құсқысы келеді. Көбінесе қимыл және психика- лық қозу байқалады. Жағдайының одан әрі нашарлауына қарай бради- кардия тахикардияға ұласады, қан қысымы төмендеп, тыныс алуы және жүрегі тоқтайды. Мұндай жағдайда шұғыл түрде хирургиялық ота жа- сау ғана адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді.Табиғат апаты немесе техногендік апат ошағында алғашқы меди- циналық көмек көрсетуге зардап шеккен адамның жалпы жағдайын бағалау, тыныс алуына кедергі келтіретін жағдайларды болдырмау және алдын алу, таңғыш салу мен емдеу мекемесіне жеткізуге дайындау кіреді.Зардап шеккен адамға бастапқы дәрігерлік тексеру жүргізу оқиға ор- нында арқасымен тегіс жерге жатқызылып жасалады, басын киімдерді орап биіктетіп орналастырады.Ең алдымен жарақаттанған адамның ес-түсінің бұзылғаны я болма- са қалыпты екендігіне көңіл аударылады. Егер ол сұраққа баяу бірақ түсінікті жауап берсе, ойланбастан өз есімін атап, жас шамасын білсе, қай тұсының ауыратынына шағымдана алса есін жоғалтпағанын біл-діреді. Егер зардап шеккен адам өзінің қайда екенін білмесе, бір-бірімен еш байланысы жоқ сөздерді айтып, сандырақтаса, көзін тек сұраған кезде ғана ашса, қай жері ауыратынын нақты айта алмаса есінің шата- сқанын білдіреді. Сұраққа жауап бере алатын халі болмаса, қарапайым бұйрықтарды (мысалы көзіңді аш деген) орындамаса, түрлі тітіргендір- гіштерді сезбеу (бетін шапалақпен ұру), ешқандай кері байланыс жа- самай, қойылған сұраққа түсініксіз дыбыстармен жауап беретін болса, зардап шегушінің есінен айырылғанының көрінісі.Есін жоғалту белгілері анық байқалған сайын бастапқы дәрігерлік тексеру ұзақтығы да қысқартылып, оны дереу арада емдеу мекемесіне жеткізу шараларын бастау қажет.Егер зардап шеккен адам есін білетін болса, одан соққы алған кез- де есін жоғалтқан-жоғалтпағанын сұрау керек. Қалай жарақат алғанын, болған оқиғаны, оның барысын нақты баяндай алуы есін жоғалтпаған деп есептеуге негіз болады. Ал, егер де қандай жағдайда жарақат алға- нын айта алмаса, тек жекелеген сәттерді ғана есіне түсірумен шектелсе шамалы уақытқа есін жоғалтқан деп есептеледі.Жарағаттанған адам ес-түсін білетін жағдайда одан қалай жарақат- танғанын және шағымдарын анықтап сұрау керек. Ми шайқалғанда не- месе жеңіл соққы алғанда бас ауруы, бас айналуы, құлағында шудың болуы мен жүрегі айнитынына шағымданады. Ретроградтық амнезия, әлсіздік, түрінің бозаруы байқалды.Бетінің терісін, ерінінің шырышты тұсы, басы тексеріледі. Маңдайы мен шекесінің терісі сыдырылса немесе қанталап тұрса сүйектік зақым- ды көрсетеді. Бас сүйек күмбезіндегі қанға жабысып қалған шаш ашық жарақаттың көрінісі болып табылады. Бастың шаш өсетін тұсына абай- лап пальпация жасау арқылы ауыру сезімін туғызатын орындарды анықтайды, әдетте бұл жерлерде сүйектің сынған бөліктері сезіледі.Есі бұзылған немесе жоғалған адам үстіртін тексеріліп, бар күш-жі- гер оны қауіпсіз түрде емдеу мекемесіне жылдам жеткізуге жұмсалуы керек. Әсіресе тыныс алуын қамтамасыз етіп, демалуын бақылауға қатты көңіл бөлген жөн. Жиі және үстіртін тыныс алу мен денесінің көгеруі тыныс алудың бұзылғанының нышаны. Миға жасалған соққы ауыр болған жағдайда зардап шеккен адам қозып, сырылдап тыныс ала- ды. Киіміндегі құсық дақтары бұл жағдайдың себебінің – құсық масса- сынан аспирация және тыныс алу жолдарының бітеліп қалғандығының жанама белгісі болып табылады. Мұндай жағдайда тез арада жоғарғы тыныс алу жолдарын бөгде заттан тазартып, оның ашықтығын қалыпқа келтіру керек. Ол үшін жұдырығын түйіп, бір саусағын мойнының асты- на, ал екіншісін маңдайына қояды. Бұл кезде зардап шеккен адамның басын шалқайтқанда ауызы оңай ашылады. Сосын басын бұрып, ауыз қуысы мен жұтқыншағын саусаққа мұрын орамалын немесе салфеткаорау арқылы тазартады. Жағдайы жақсарғаннан кейін емдеу мекемесіне апаратын көлік жеткенше зардап шеккен адамды қырымен жатқызады.Құсық массасынан тұншығу белгілері болмаған жағдайда тыныс алудың бұзылуына тілін жұтып қою себеп болуы мүмкін. Мұндайда зардап шеккен адам тез арада қырына жатқызылып, осы жағдайда ұстап тұрады.Өзге ашық жарақат алған жағдайлардың барлығында бастың шаш өсетін бөлігін толықтай жабатындай етіп таңғыш салу қажет. Есте сақтайтын бір жәйт, басқа таңғыш салатын кезде зардап шеккен адамның басын көтеріңкі ұстау үшін тағы бір адамның көмекке келуі. Таңғыш өте қарапайым әрі басты бекітілген қалыпта мықты ұстайтындай болға- ны жөн. «Чепец» типті бинттік мақта-дәкелік таңғыш бұл талапқа сай келеді.Ми жарақаты белгілері байқалмайтын, тек жұмсақ тіндері зақымданған адамдарды амбулаторлық емдеу мекемелеріне жіберуге болады. Ал бас-ми жарақатын алғандар шұғыл түрде ауруханаға жатқы- зылады. Олар жатқызылған күйде тасымалданады және басын қозға- майтындай жағдай туғызу керек. Ол үшін көрпені сақина түрінде орап басына салуға болады. Егер тасымалдау кезінде құсуы мүмкін болса, зембілге бетімен төмен қарап жатқызылады. Әрі кеуде тұсы көрпенің көмегімен сәл биіктеу етіліп, бетін бақылап отыруға мүмкіндік болуы ескеріліп, басын бұрып жатқызады. Құсатын болса көлік қозғалысы тоқтатылып, құсып болғанша күтеді. Бұдан кейін барып ауыз қуысы та- зартылып, тыныс алуына кедергі жоқтығына көз жеткізілгеннен кейін қозғалысты жалғастыруға болады. Кеуденің зақымдануы Кеуде жарақаты оның әрі қарай жалғасуының өзіндік ерекшеліктері болуымен және түрлі асқынулардың дәл сол мезетте немесе кешірек басталатыны ескеріліп, ауыр жарақаттар қатарына жатқызылады. Олар жабық зақымдану және жарақат деп екіге бөлінеді.Жабық зақымдану - жұмсақ тіндердің соғылуы, қабырға сыну мен кеуденің қысылуы түрінде болады.Жұмсақ тіндердің соғылуы кеудеге тиген ауырлығы қатты сезіл- мейтін соққының немесе кеудемен қатты затқа соғылғанда орын алады және көп жағдайда зардап шегушінің жағдайына кері әсерін тигізбейді. Қабырға ауыр затпен соғудан, биіктіктен құлаудан, сонымен қатар алды-артынан немесе қырынан кеудені қатты қысудан сынып кетеді. Бірнемесе бірнеше қабырға қатарсынатын жағдайлар кездеседі.Егер бір ғана қабырға сынатын болса әдетте оның бөліктері қозғал- май, сол тұста қалады. Ал бірнеше қабырға қатар сынса, сүйектің бой-ымен қозғалуы орын алады. Әрі сынған сүйектің өткір ұшы өкпеқап қуысының герметикалық тұтастығын бұзып, өкпенің тініне және қа- бырғалық өкпеқапқа зақым келтіреді. Соның салдарынан өкпенің зақымданған тұсынан өкпеқап қуысына ауа кіреді. Егер өкпе перифе- риялық бағытта зақымданып, жараның көлемі кішкентай болса, оның шеттері өзі жабылып, өкпеқап қуысына ауа кіруі тоқтайды. Өкпеқап қуысына шамалы ауа жиналуын жабық пневмоторакс деп атайды. Жа- бық пневмоторакс жағдайында өкпе дем алу және дем шығару актісінен ажырамайтын болғандықтан ол адамның жағдайына айтарлықтай әсер етпейді.Өкпе тінінің жарылуы үлкен болса немесе ірі бронхтар орналасқан өкпенің орталық бөлігі зақымданса, жарақаттың шеттері тез жабыл- майды. Сол себепті әрбір дем алған сайын өкпедегі жарақаттан өкпеқап қуысына ауа кіруі жалғасады және мұндағы ауа қысымы да арта түседі. Өкпенің тесілген тұсынан өкпеқап қуысына ауа үздіксіз келгенімен, ол қайтып сыртқа шыға алмайтын пневмоторакстың бұл түрін кернелген немесе клапандық (қақпақты) деп атайды. Кернелген пневмотораксқа тән сипат - тері астылық эмфизема, яғни өкпеқап қуысынан сынық қа- бырға сүйегінен зақымдалған қабырғалық өкпеқап арқылы кірген теріа- стылық жасұнықта ауаның жиналып қалуы.Жабық пневмотораксқа қарағанда кернеулі пневмоторакс адам өмірі- не қауіп төндіретін жарақат болып саналады. Өкпеқап қуысындағы ауа қысымының артуы зақымданған өкпені тез қысып тастауы себебінен тыныс алу тоқтайды. Ал жүрек пен ірі қан тамырлары қарама қарсы бетке қарай қозғалып кетеді. Соның нәтижесінде зардап шеккен адамға ауа жетпей, жүрек соғысы нашарлайды.Кеуденің қысылуы жер сілкінісі, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттардан ғимараттар мен нысандардың опырыла құлауынан, сонымен қатар денені қозғалмайтын нәрсеге кенеттен қысудан орын алады. Кеу- де қысылғанда көбінесе қабырғалар да қатар сынады.Кеудені алды-артынан үдемелі түрде қысқан кезде кеудеішілік қы- сым бірден артып, соның салдарынан күре тамыр қаны кеуденің жоғарғы тұсынан, бастан, мойыннан және ішкі органдардан жүрекке жетпей, та- мырларда қан қысымының артуына, бетте, мойында, шырышты орган- дарда, көздің конъюнктивті қапшығында капиллярлардың жарылуына әкеп соғады.Мұндай жағдайда көрсетілетін медициналық көмек: зардап ше- гушінің жарақаты оқиға орнында тексеріліп, оның ауырлық дәрежесі мен жағдайы анықталады әрі емдеу мекемесіне жеткізуге дайындық басталады.Бастапқы дәрігерлік тексеру кезінде зардап шегуші қиналмай тыныс алатындай және кеуде тұсын толық қарауға мүмкіндік беретіндей етіпоны жартылай отырғызады. Бетінің терісі, еріндерінің шырышты қаба- ты, көздерінің конъюнктиві тексеріледі. Терісінің көгеруі ауа жетпей, тыныс алуының қиындағанының белгісі. Кеуде тұсындағы сыдырылған тері мен ұйып қалған қанға қарап жарақаттанған жерді білуге болады. Кеудесінің көтеріліп, басылуына қарай тыныс алуын да тексереді. Дем шығарғанда екі жағының біркелкі қозғалысқа түспеуінен зақымданған тұсты анықтауға мүмкіндік береді.Жарақаттанған жағының кеудесіне абайлап пальпация жасау арқылы ауыру аймағы мен теріастылық эмфиземаға көз жеткізеді. Одан соң қат- ты ауырсынатын орынды табу мақсатында қабырғалардың бойымен пальпация жасалады. Көп қабырға бірден сынатын жағдайда сынық бөліктерінің крепитациясы (сүйек сықыры) анықталады. Бұдан әрі зар- дап шеккен адам жай жөтеліп көруі керек. Қан аралас қақырық түсуі өкпенің зақымданғанының айғағы.Бір-екі қабырғасы сынған жағдайда негізінен кеудесінің белгілі бір тұсының қатты ауыратыны мен дем шығарғанда қатты ауыру сезімі бо- латынына шағымданады. Ауырғандықтан зардап шегуші үстіртін бірақ жиі тыныс ала бастайды. Алайда тыныс жетімсіздігіне тән нақты бел- гілер байқалмайды. Қабырғаның бойымен жасалатын пальпация ауыру сезімі тууына қарай сынған сүйекті дәл анықтаудың жолы. Қабырғаның оқшауланған сынығында стационаралық ем-дом қабылдау қажеттілігі туындамайды.Бірнеше қабырға сынған жағдайда тыныс алу жетімсіздігінің бел- гілері анық байқалады: тыныс алуы жиі әрі үстіртін, мұрын қанатша- лары дем шығарғанда үлкейіп, бетінің терісі көгеріп, сұрланған реңкке енеді. Зардап шегуші тыныс алуын жеңілдету үшін отыруға талпынады. Дем алғанда зақымданған кеуде қуысы сәл кейінірек көтеріледі. Кер- нелген пневмоторакс кезінде тыныс жетімсіздігінің белгілері неғұрлым анық байқалады.Кеуденің қысылуы адамның өңінен білінеді: беті, мойыны мен де- несінің жоғарғы тұсының терісінде қан құйылуын көрсететін ұсақ нүк- телер пайда болады, кей жерлерде олар бір-бірімен қосылып кетуінен тері тұтастай күрең қызыл, көгерген түске енеді. Қан құйылғанын көз конъюнктивінен дәл байқауға болады.Кеудесінде жабық жарақаты бар және тыныс алуы қиындаған зардап шегушілердің барлығы шұғыл түрде емдеу мекемесіне жеткізілуі тиіс.Тасымалдау кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен ауыруды басу үшін сынған қабырғалардың орнынан қозғалмауын қадағалау ке- рек. Дегенмен кеуде қуысы тыныс алу процессіне қатысатындығынан, максималды түрде зақымданған қабырғаларға иммобилизация жаса- удың мүмкін емес екендігін ескерген жөн. Бұл жағдайда кеудесін қы- сып тұратын және орап тастайтын таңғыштар салу орынсыз. Өйткенімұндай таңғыш тыныс алуды қиындатуынан ауа жетімсіздігін одан әрі арттырып, кейін өкпенің асқынуына әкеп соғуы мүмкін. Зақымданған қабырғалардың бойымен шатыр жабынына ұқсатып, жабысатын пла- стырьді қолданып, сынған қабырғаларды бекіту әлдеқайда тиімді әдіс болып табылады.Ауырғанды басуға арналған әсері қатты дәрі-дәрмек пайдаланудың қажеті жоқ, өйткені бұл ауырсыну сезімін басқанымен, өкпені желде- туін басу арқылы тыныс алу тереңдігін төмендетеді, ал бұл тыныс алу жетімсіздігін одан әрі ұлғайтуы мүмкін. Зардап шегушіні жатқызған бойда емдеу мекемесіне тасымалдайды.Кеуде жарақаты қандай заттан болғанына қарай түйрелген, кесіл- ген, соғылған және оқ тигеннен болған деп бөлінеді.Кеуде жарақаты ойық (қабырға аралық өкпеқаптың зақымдануымен) және ойылмаған (өкпеқаптың тұтастығы сақталған) болып өзара жікте- леді.Ойық жарақат кезінде өкпеқап қуысында ауа керетін тесік пайда бо- лады.Қысымның айырмашылығының салдарынан өкпеқап қуысында пневмоторакс (жабық, ашық және клапандық) пайда болумен жара арқылы сырттан ауа кіреді.Жабық пневмоторакс өкпеқап қуысына түйрелген немесе кесіл- ген жара салу кезінде ғана ауа кіруінен болады. Мұндай жараларда зақымданған тұстың шеттері өз бетінше тез жабылып, бұдан әрі ауа кіруіне жол берілмейді. Кірген ауа болса сорылып кетеді.Ашық пневмоторакс кеудеде үңірейген жара болғанда пайда бола- ды және бұл кезде сыртқы ауа өкпеқап қуысы арқылы еркін кіреді. Әрі дем алған сайын ауа өкпеқап қуысына кіруінен өкпені қыса бастайды. Тыныс алудың осылайша бұзылуынан қандағы оттегі төмендеп, тіндер- де оттектік жетіспеушілік орын алады да, соның салдарынан жүректің жұмысы нашарлайды. Зардап шеккен адамның жағдайы одан сайын на- шарламау үшін жараның бетін жауып, өкпеқап қуысына ауа кірмеуіне қамтамасыз ету керек.Клапандық пневмоторакс пішіні жіңішке болып келетін жарадан ірі бронх зақымданған кезде пайда болады. Бұл жағдайда дем алған сай- ын ауа бронхтағы жара арқылы өкпеқап қуысына кіреді, дегенмен жара орнының жіңішке болуына байланысты сыртқы ортаға шыға алмайды. Мұнда да тыныс алу мен жүрек қызметінің бұзылу салдары кеуденің жабық жарақатымен ұқсас болады.Өкпе мен кеуде қуысының қан тамырлары зақымдалуы гемоторак- сқа әкеп соқтырады. Оның көлемі кейде кішкентай болса, енді бірде өкпеқап қуысы толықтай қанға толуынан ұлғаяды. Көлемі шағын гемо- торакс әдетте өкпе тінінің жарақаты кезінде кездеседі, бұл жағдайда қанқұйылуы өз бетінше тоқтайды.Көлемді гемотораксқа көбінесе себеп болатын жағдай - өкпедегі ірі қан тамырларының жарақаттануы немесе әдетте қысымы жоғары бо- лып келетін қабырғааралық артериядан ағатын қан.Өкпеқап қуысында қанның көптеп жиналуы өкпені қысып, содан ауа бармай қалады.Кеуде жарақаты кезінде көрсетілетін медициналық көмек жарақат- тың сипатын анықтаумен, жараның бетін таңғыш жабумен, ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек беру, тыныс алу қызметі бұзылған адам- ды емдеу мекемесіне жеткізуге дайындықпен шектеледі. Тыныс алуы қиындаған және ашық пневмоторакс пен көлемді гемоторакстан қатты қансырау белгілері бар зардап шеккендерді тезірек анықтауға тырысып, оларға алдымен көмек беру керек.Ашық пневмоторакста зардап шегушілер аласұрып қалады: олардың қимылынан қозу белгілері байқалады, қорқыныш сезімі бойын билей- ді, қолымен жараның бетін жабуға тырысады. Ауа жетіспеушілігінен орнынан жиі қозғалып, сүйеуеніп тұратын жер іздейді. Зақымданған тұстың қатты ауыратынына, әлсіздігіне, ауа жетіспеушілігі мен жөтел қысуына шағымданады. Терісі бозарып, көгере бастайды, қан араласқан қақырық түседі. Жиі және үстіртін тыныс алады. Тамыр соғуы жиі әрі әлсіз. Кеудедегі жарақаттан тыныс алғанда екі бағытта да сырылдаған дыбыс шығады.Жөтелгенде және қозғалғанда жарадан көпіршікті қан ағады. Меди- циналық көмек тез көрсетілмесе тыныс алуы қиындап, қан айналымы бұзылады.Клапандық пневмотораксқа тыныс алу мен қан айналымының ай- тарлықтай бұзылуы тән. Зардап шеккендер тыныс алудың қиындығына, жараланған тұстың ауруына шағымданып, отыруға тырысады. Терісі көгере бастайды. Беті, мойыны мен көкірек тұсында теріастылық эмфи- зема байқалады. Тыныс алуы жиілейді, алайда дем шығарарда қинала- ды. Жараның диаметрі әдетте 1 – 2 см аспайды.Гемоторакс кезінде көп қан жоғалту белгілері анық байқалады. Өкпеқап қуысына құйылған қанның көлеміне қарай оның жағдайы анықталады. Зардап шеккендер кеудесінің ауыратынына, алқынуына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Беті мен шырышты дене мүше- лерінің терісі бозарады. Тамыр соғуы жиі бірақ әлсіз.Жарақаттың анықталған жалпы және жергілікті белгілерін бағалау- дан кейін оның бетіне таңғыш салынады. Жарақаттанған тұстың (тесіп өтпеген, жабық пневмотораксті немесе гемотораксты) маңындағы теріні асептикалық құралдармен зарарсыздандырып, бірнеше қабатталған сте- рильді дәке салфеткасымен жараның бетін жапқан соң оны пластырь- мен бекітіп қояды.Ашық пневмоторакс кезінде өкпеқап қуысын окклюзиондық (герме- тикалық) таңғышпен жабу түрінде медициналық көмек көрсетіледі.Кеуде жарақатын алған барлық зардап шегушілер жараға таңғыш салынып, ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін, то- лыққанды хирургиялық көмек көрсетілуі үшін міндетті түрде емдеу мекемесіне жіберілуі тиіс. Тыныс алуы қиындаған (ашық немесе кла- пандық пнев¬моторакс) немесе ішке қан кету (гемоторакс) белгілері бар зардап шегушілер бірден медициналық мекемелерге жіберіледі. Оларды мұндай жағдайда жартылай отырғызылған күйде тасымалдайды. Іштің зақымдануыІш жарақаты ауыр жарақаттар түріне жатады. Көп жағдайда ішке қан кету мен жарақаттық шок байқалып, перитонит пен ауыр интоксикаци- яның басталауымен адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай асқынуларға құрсақ қуысының анатомиялық ерекшеліктері мен мұнда тығыз және қуыс мүшелер деп жіктелетін органдардың орналасуы ықпал етеді.Тығыз мүшелер – бауыр, ұйқы безі, көкбауыр. Оларда артериалдық және веноздық қан тамырлары желісін құрайтын көптеген ұсақ қан та- мырлары орналасқан.Тығыз мүшелердің зақымдануы ішке қан кетуімен қауіп төндіреді және бұл процессті тек ғана хирургиялық жолмен тоқтатуға болады.Қуыс мүшелер – асқазан, 12 елі ішек, аш ішек және тоқ ішек, өт қабы.Бұл мүшелер ас қорыту жүйесінің көп бөлігін құрайды.Қуыс мүшелер зақымданғанда оның ішіндегінің бәрі құрсақ қуысы- на төгіледі. Егер асқазанға зақым келсе, оның шетіндегі жара арқылы құрсақ қуысына қышқыл асқазан сөлі ағады. Ішперде үшін күшті хими- ялық тітіркендіргіш болып табылатын асқазан сөлінен асқыну процес- сі басталады. Аш ішек жыртылған жағдайда құрсақ қуысына ішектегі сілтілік құрам ағуы да асқыну процессіне әкеп соғады. Дегенмен бұл жағдайда асқыну белгілері тез басталмайды. Тоқ ішек зақымданғанда ондағы шірік микробтық флоралы (ішек таяқшасы) құрам құрсақ қуы- сына ағуынан ішперде ауыр интоксикацияға ұшырайды.Осылайша, қуыс мүшелердің зақымдануы пери¬тонит деп аталатын ішперденің асқынуына әкеп соғады.Перитонит – іріңді уланудың ауыр түрі басталатын, зат алмасу процессі бұзылатын және түгелдей дерлік органдар мен жүйелер қыз- метінің бұзылуына әкеп соғатын үдемелі ауру түрі. Перитонитті емдеу әлі күнге дейін қиындық туғызады, әрі одан болатын өлім көрсеткіші де аса жоғары (20 – 30 %).Перитониттің барысы үнемі үдемелі және тоқтаусыз сипатқа ие. Оның барысын тоқтату немесе бәсеңдетуге бағытталған консервативтікем шаралары жоқ. Іш жарақаты кезінде перитониттің алдын алудың жалғыз жолы – шұғыл түрде хирургиялық ота жасау. Сондықтан, пе- ритонитті емдеудегі басты фактор – уақыт жоғалтпау: перитониттің се- бебін жоюға бағытталған хирургиялық отаның ерте жасалуы өмір сүру мүмкіндігін арттыра түседі.Дене мүшелерінің зақымдану түріне қарай перитонит әр түрлі бағытта өрбиді. Құрсақ қуысына қышқыл асқазан сөлінің, аш ішек пен тоқ ішектің ішіндегі құрамның (нәжістің) құйылуынан болатын асқыну процесі ауыр өтеді. Ал қан немесе несептің құрсақ қуысына ағуынан болатын асқынулар керісінше баяу жүреді.Іштің зақымдануының ашық және жабық түрі бар.Жабық түрі доғал затпен соққы жасаудан, жердің, ғимараттардың сынған бөлшегінің ішке тиюінен болады. Жол-көлік апаты мен аса биік жерден құлау (инерциялық) да оған себеп болады.Іштің жабық жарақаттары анатомиялық ерекшелік сипатына қа- рай алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы және ішкі органдар зақымданған жарақат болып екіге бөлінеді.Құрсақ қабырғасының соғылуы ішке соққы жасалғанда немесе ішпен жерге құлағаннан болады. Соғылған жер тері астына қан құйылудан шама- лы ісінеді, кейде қан ұйып қалуы мүмкін. Пальпация жасағанда соғылған жер ауырсыну сезімін туғызады. Зардап шегушінің жалпы жағдайы қа- нағаттанарлық, қансырау және интоксикация белгілері байқалмайды.Ішкі органдарға зақым келген жарақаттар ауыр болып саналады.Көбінесе бұл жағдай жарақаттық шокқа әкеп соғады.Жекелеген мүшелердің зақымдануы жарақат механизміне байланы- сты. Мәселен, ішке қатты соққы жасалғанда немесе ішпен құлағанда көбінесе бауыр, көкбауыр зақымданады, аш ішек жарақаты сирек кез- деседі. Ішті қатты басудан (денені қозғалмайтын затпен жаншу, қысу немесе ауыр заттардың астында қалғанда) аш ішек, қуық, асқазан, тоқ ішек жарылып кетуі мүмкін. Биік жерден құлағанда инерциялық зақым келеді, яғни бауыр және көкбауырдың жарылуы, аш ішек пен тоқ ішек- тің шажырқайдан үзіліп кетуі кездеседі.Медициналық көмек көрсетілгенге дейін жабық іш жарақатын алған адамға бастапқы дәрігерлік тексеріс жүргізіледі. Оның мақсаты жа- рақаттың сипатын а анықтау және емдеу мекемесіне жеткізу жолын қа- растыру.Мұндай тексеру оқиға орнында, яғни жарақат алған жерде жүр- гізіледі. Зардап шеккен адамның сырттай қарағанда жағдайы қанағатта- нарлық болғанымен, бастапқы дәрігерлік тексерістен өтуден бас тартуға болмайды. Бастапқы тексеріс жүргізу үшін оны арқасымен жатқызып, жоғарғы жағына киімдерді қойып, басын биіктетеді.Ең маңызды сұрақ қойылған соң (шағымдар, қалай жарақаттанғанытуралы) бетінің терісі мен ернінің шырышты бөлігі тексеріледі. Тамыр соғысының жиілігіне көңіл аударылады. Одан кейін ішін қарайды, егер мүмкіндік болса киімін көкірек бөлігінен санының жоғарғы тұсына дейін ашып тексерген жөн.Тыныс алу қозғалыстары кезінде ішінің кө- теріліп, басылу қимылына назар аударылады. Ішкі органдар зақымданса немесе алдыңғы құрсақ қабырғасы қатты соғылған жағдайда тыныс алу барысында ішінің қозғалысы шектеулі немесе мүлдем байқалмайды.Ішті ақырын басып көру арқылы ауыру аймағы мен алдыңғы құр- сақ қабырғасы бұлшық етінің қаттылығы (кернеулілігі) анықталады. Соңғысы құрсақішілік зақымданулардың белгісі болып табылады. Ішперденің зақымдану нышандары да ескеріледі. Дәрігерлік тексеру жүргізуші адам абайлап және баяу түрде ішін қолымен басады да, сәл- ден соң қолын бірден ала қалады. Қолын түсірген кезде зардап шеккен адамда ауырсыну сезімі пайда болады.Пальпация кезінде анықталған ауырсыну сезімі, іш бұлшық етінің қатайып тұруы, ішперденің тітіркенуі сияқты симптомдар барлық жағдайда ішкі жарақаттардың көрінісі болып табылады. Көп жағдайда олар қансырау, жарақаттық шок, интоксикация сияқты ағзадағы түрлі өз- герістердің салдарынан болады. Жалпы және жергілікті жарақаттардың барлығына көз жеткізіп, тексеру құрсақішілік органдардың зақымда- нуын нақты болжауға мүмкіндік береді.Бауыр мен көкбауыр зақымданғанда, шажырқай жыртылғанда ішке қан кетудің келесі белгілері көрініс береді: адамның тартына қимыл- дауы, тері мен шырышты қабықтың бозаруы, тамырдың жиі соғуы. Тыныс алу кезіндегі іштің шектеулі қозғалысы, пальпация жасағанда шамалы ауырсыну сезімі байқалады, құрсақ қабырғасы қатаяды және ішперденің тітіркену белгілері анық байқалмайды.Қуыс органдардың зақымдануы іштің ауыруы үдей түсетін, адам- ның бет әлпеті өзгеріп, тілдің құрғауы, шөлдеу, тамыр соғуының жиіле- уі сияқты клиникалық белгілер тән болып табылатын перитониттің тез басталуына әкеп соғады. Тыныс алу кезінде іш қозғалысқа түспейді және ол ішке қарай тартылып тұрады, құрсақ қабырғасы кернеулі, паль- пация кезінде біршама ауырсынады, ішперденің тітіркену симптомдары да анық байқалады.Жабық іш жарақатын алғандардың барлығы жағдайының ауырлығы- на қарамастан, міндетті түрде ауруханаға жатқызылуы керек. Алдыңғы құрсақ қабырғасы соғылғандар да дәрігерлік тексеру жүргізу үшін ау- руханаға жіберіледі.Жоғарыда аталған іш жарақатының ерекшеліктеріне байланысты дәрігерлік көмекке дейін қандай да бір шаралар жасау еш нәтиже бер- мейді. Өйткені мұның барлығы жарақаттың негізгі факторының әсерін, атап айтқанда, ішкі қан кетуі мен перитониттің өршуін тоқтатуға қа-уқарсыз. Сондықтан, зардап шегушінің жағдайын жақсартуға бағыт- талған нәтижесіз шараларға уақыт жоғалтай, ауруханаға шұғыл түрде жеткізу керек.Іш жарақатының клиникалық белгілерінің өзгеруіне алып келетін- діктен және стационарда дұрыс диагноз қоюға кері әсерін тигізу мүм- кіндігін ескеріп, зардап шеккен адамға әсері күшті ауыруды басуға арналған дәрі-дәрмек беруге болмайды. Тасымалдау кезінде зардап шеккен адамның ішіне мұз салынған зат немесе ішіне суық су құйылған жылытқы басу керек. Салыстырмалы түрде жағдайы қанағаттанарлық болса да, зардап шегушіні жатқызған күйде емдеу мекемесіне жеткізеді. Іш терісінің тұтастығы бұзылған кез-келген зақымдану іш жарақа-тына жатады.Жарақат салынған заттың түрі мен жараның сипатына қарай мұндай жарақаттар түйрелген, кесілген, түйреліп-кесілген және оқ тигеннен болған деп өзара жіктеледі.Іш жарақатын жіктеуде құрсақ қуысы ойылған және ойылмаған деп қарастырудың маңызы жоғары. Оның алғашқысына қабырғалық ішастар зақымдалған жарақаттар, ал екіншісіне оның тұтастығы бұзыл- маған жаралар кіреді.Ойылмаған жарақаттарда құрсақ қабырғасының тіні – терісі, теріа- сты шелі, бұлшық ет ғана зақымданады. Мұндай жарақаттарды емдеу нәтижесі әдетте ойдағыдай болады.Іштің ойылған жарақаты көбінесе ішкі органдардың зақымдануымен қатар жүреді. Аш ішек, бауыр, шажырқайдың зақымдануы жиі кезде- седі. Жарақат іштің төменгі бөлігінде болса қуыққа да зиян тиюі мүм- кін. Бірнеше мүшенің қатар зақымдану жағдайлары да сирек құбылыс емес. Мұны ауыр жарақат деп те атайды және оның өту барысы біршама қиын болады.Іш жарақатының жоғарыда аталған ерекшеліктеріне қарап дәрігерлік көмекке дейінгі негізгі ережелер бекітілген: жарақаттың ойылғанына неғұрлым тез көз жеткізу және зардап шеккен адамға уақыт жоғалтпай хирургиялық ота жасау үшін жылдамырақ стационарлық мекемеге жет- кізілсе, жарақаттан болатын ауыр асқынудың алды алынады және емдеу шаралары оң нәтиже береді.Жарақаттың ойылған екендігіне бастапқы дәрігерлік тексеру кезін- де-ақ көз жеткізуге болады. Ойық жараның негізгі көрінісі - зақымданған тұстан ішек бөліктері немесе шарбы майының бір бөлігі, асқазан не бол- маса ішектердің ішіндегінің сыртқа ағуы. Ойық жарақатты білдіретін жанама симптомдарға іштің тартылу, оның тыныс алу кезінде қозға- лысқа түспеуі, пальпация кезіндегі ауырсыну, алдыңғы құрсақ қабырға- сы бұлшық етінің қатаюы, ішперденің тітіркенуі сияқты перитониттің жергілікті белгілері жатады. Ойық жарақатта әдетте ішке қан кету бел-гілері (терінің бозаруы, тамырдың жиі соғуы) және интоксикацияның өршіп бара жатқандығы (шөлдеу, тілдің құрғауы) байқалады.Іш жарақатының кез-келген түрінде зардап шеккен адамға қауіпсізді- гін қамтамасыз ету және шұғыл хирургиялық ота жасау үшін тез арада стационарлық емдеу мекемесіне жеткізу түрінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі.Ең алдымен жарақаттың бетін бірнеше қабатталған дәке немесе мақтамен тұтастай көмкеріп тұратындай етіп, асептикалық таңғышпен жабады. Жараның беті жабылған таңғыш материал (мақта-дәке таңғышы) іштің ауданын толық қамтитындай қылып жалпақ бинтпен бекітеді.Ойылған жерден ішектің бөлігі шығып тұратын болса, таңғыш салғанда оның одан әрі зақымдалмауын және қозғалмауын ескеру ке- рек. Ол үшін сыртқа шығып тұрған ішек екі ұшы шиыршықталып қатты байланған үлкен дәке салфеткаға салынады. Соның нәтижесінде шығып кеткен ішек таңғышпен қысылмай және құрсақ қабырғасының терісі- не тиетіндіктен орнынан қозғалмай, дәке сақинасының (шығыр нан») ішінде тұрады. Оның үстін ішектің сырты құрғап кетпеуі және таңғыш оңай шешілуі үшін жұқа етіп вазелин майы жағылған стерильді салфет- камен жауып қояды. Одан әрі бірнеше көлемі үлкен дәкеден жасалған салфетка, қалың қылып мақта төсеп, ең соңында ішті айналдыра байлап таңғышты бекітеді.Таңғыш салысымен зардап шеккен адамды хирургиялық көмек көр- сету үшін стационарлық мекемеге дереу жеткізеді. Ойық жараның бел- гілері анық көрініп тұрған болса және зардап шеккен адамның ауырсыну сезімін басу үшін тасымалдау кезінде оған дәрі салады. Ескеретін бір жәйт, бұл кезде қандайда бір дәрі немесе сұйықтықты ауызына құюға тыйым салынады.Омыртқаның зақымдануыОмыртқаның зақымдануы ашық, мысалы оқ тигеннен болса немесе доғал заттан болған соққының нәтижесінде жабық болуы мүмкін.Күнделікті жағдайда негізінен жабық сынықтар жиі орын алады. Оған себеп болатын жағдайлар жоғары биіктіктен құлағанда бүкіл сал- мақтың аяққа немесе бөксеге түсуі, ауыр затпен арқасынан қатты соғу, ғимарат опырыла құлағанда ауыр заттардың астында қалу, теміржол, жол-көлік апаттары.Омыртқа жотасының сынуы ауыр жарақаттар тобына жатады және жұлын зақымданбаған (жай сынық) және жұлын зақымданған (ауыр) болып өзара жіктеледі.Көбінесе жұлыны зақымданбаған жарақаттар жиі орын алады және ол омыртқа денесінің, доғасының және өсіндісінің сынуы болып бөлінеді. Алауқымды жарақат салынса бірнеше омыртқаға зақым келуі мүмкін.Неғұрлым қозғалмалы келетін мойын және бел омыртқасының сы- нуы жиі орын алады. Бел омыртқасының 1-ші және 2-ші, сондай-ақ 12- ші артқа омыртқасы көбінесе сынып кететін тұстар болып есептеледі.Адам үлкен биіктіктен құлап бара жатқанда денесін алға қарай бір- ден бүгіп, ал аяғын немесе бөксесін тіктеп түскенде осындай жарақат алады. Мұндайда омыртқа денесіне артық қысым түседі (компрессия) және алға қарай жалпиып кетеді. Бұл омыртқалардың компрессиялық сынуы деп аталады.Омыртқаның көлденең өсіндісінің зақымдануы көбінесе денені бір жақ қырына қарай қатты майыстыруыдан болады, ал қылқанды өсін- дінің сынуы арқадан тіктеп тұрып ұрғаннан немесе денені артқа қарай тым қатты шалқайтудан болады.Омыртқаның қай тұсы сында да немесе сынықтың қай түрі болса да зардап шегуші қозғалыс кезінде зақымданған тұстың қатты ауыратыны- на шағымданады.Сегізкөз сынғанда адам ұзақ уақыт арқасымен жата алмай, қатты қиналады. Көлденең өсінді сынғанда да қатты ауырып, ауру симпто- мы зақымданған жақтағы аяққа беріледі және денесін бұрғанда ауыру сезімі күшейеді.Ауыратын жерді қарағанда бұл тұс теріастылық қан ұюдан ісініп тұрады. Омыртқа денесінің немесе көлденең өсіндінің сынуы кезінде ісіп тұрған жер қатты байқалмайды, ал қылқанды өсінді сынатын болса тері астындағы қан ұйыған жер көзге бірден көрінеді.Жарақаттанған жерді қарағанда омыртқаның зақымдануын көруге болады, бұл әсіресе қылқанды өсіндінің зиян келген омыртқаның үстіне қарай көтеріліп тұратын компрессиондық сынық кезінде анық көрінеді. Екі немесе одан да көп омыртқа сынғанда зақымданған арқа бүкірей-іп тұрады.Омыртқа сынығының асқынуына әкелетін жағдайлар омыртқалар- дың орнынан жылжып кетуі салдарынан жұлынның қысылып қалуы, сынған сүйек бөлшектерінің немесе қанды ісіктің жұлынды мыжып та- стауы, соғылу, толықтай немесе жартылай үзіліп кетуі.Жарақат алған соң жұлынның зақымдану сипатын бірден анықтау мүмкін емес, өйткені, зақымданған жердегі ісік жан-жағына жайылып, тіпті жарақаттың қарсы жағына да өтеді.Соның салдарынан жұлын қалай жарақаттанса да қимыл әрекеті мен сезімталдықтың бұзылуына әкеп соғады.Мойын омыртқасының жоғарғы бөлігі сынғанда жұлынның 1 – 3-ші сег- менттері зақымданып, бұл өз кезегінде сопақша мидағы тамыр қозғалтқыш орталықтың салға (параличке) ұшырауынан жүрек қызметін тоқтатады.Мойын омыртқасының төменгі бөлігі мен кеуде омыртқаларыныңжоғарғы бөлігіндегі жұлын зақымданатын болса, адамның аяқ-қолдары жұмыс істемей, толығымен сал болып қалады. Сонымен қатар денесін- де, аяқтарында сезімталдық жойылады, тыныс алу бұлшық еттерінің, ішектің және қуықтың қалыпты қызметі бұзылады.Жұлын зақымдалып, кеуденің төменгі бөлігіндегі омыртқалар және бел омыртқасының сынуы параличке, аяқ парезіне немесе жамбас органдары қызметінің бұзылуына (несеп немесе нәжістің шығуы бұ- зылуы) әкеп соғады.Несеп шығару қызметінің бұзылуы бастапқыда оның бөлінуінің бөгелуі түрінде көрініс береді. Ал кейін керісінше несеп шығуын те- жей алмайды.Дефекация (нәжіс) бөлінуінің бұзылуы ішектің параличке ұшыра- уынан болады.Жұлын қай тұсынан зақымданса да тіндерге қоректік заттардың жетуі бұзылуына әкеп соғады, бұл әдетте терінің ойылып қалуы түрінде көрініс береді.Терінің ойылып қалуы жарақат алғаннан кейін бірнеше күннен соң-ақ байқала бастайды.Дәрігерлік көмекке дейін зардап шеккен адамға оқиға орнында көмек көрсету шаралары жасалады және ол бастапқы тексеру мен ем- деу мекемесіне жеткізу шараларын қамтиды. Қарапайым тәсілдермен тез арада тексеріледі.Зардап шеккен адамның шағымы тыңдалады және нақтыланады. Қозғалыс және сезімталдық қызметінің сақталуы тексеріледі. Ол үшін зардап шегушіге аяғын бүгіп, жоғары көтеру ұсынылады. Ал сезімталдығын тексеру үшін адамның аяғының терісіне қолын тигі- зеді немесе ақырын шымшып көреді. Аяқ қозғалысы мен сезімтал- дығы сақталған жағдайда жұлынға зақым келмегенін көруге болады. Омыртқа жарақатын нақтылаудың қарапайым және тиімді тәсілі - омыртқаға өстік жүктеме түсіру болып табылады. Ол үшін адамның аяғын тіктеп ұстап, ақырындап өкшесін ұрып көреді немесе зардап шеккен адамның иығына сәл ғана салмақ түсетіндей етіп басады: омыртқа сынған жағдайда зақымданған тұстың ауыруы арта түседі.Жарақат алған жерді қарау мақсатында зардап шегушіні қыры- на қарай бұру қажет болса, бұл әрекет аса байыппен жасалуы тиіс. Өйткені денені тез бұрудан ауыру сезімі одан әрі ұдай түсуі мүмкін, сонымен қатар сынған сүйектер орнынан қозғалып кетеді. Жарақат орны мен ісіп тұрған жердің көлемі тексеріледі (теріастылық гемато- ма).Компрессиялық сынық кезінде бір немесе бірнеше қылқанды өсім- шенің шығыңқы тұруынан арқасы бүкірейіп тұрады. Осындай көлемде және дәл осындай жолмен бастапқы дәрігерлік тексеру жүргізу омыртқа-ның зақымдануына көз жеткізуге мүмкіндік береді.Дегенмен анықталған қозғалыс және сезімталдықтың бұзылуының бел- гісі болып табылатын анатомиялық өзгерістер жұлынның зақымданғанының шынайы көрінісі бола алмайды. Жұлынның соғылуы немесе омыртқалар- дың орнынан қозғалып кетуінен қысылып қалу да дәл осындай көрініс бе- руі мүмкін. Дереу арада олар қалпына келтірілген жағдайда жұлын қызметі де дұрысталады. Сондықтан бастапқы дәрігерлік тексеру неврологиялық зақымдану белгілері болмаған жағдайдағы сияқты және қайта орнына кел- мейтіндей қосымша зақымдануға жол бермеу мақсатында аса сақтықпен, байыппен жүргізілуі тиіс.Омыртқа жарақатының ерекшеліктерін ескере отырып, дәрігерлік көмек- ке дейінгі шаралар зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізуге дұрыс дайындауды қамтиды. Зардап шеккен адамды оғаш қимыл жасап, дұрыс жатқызбаудан жұлын зардап шегіп, тіпті үзіліп кетуі де әбден мүмкін. Жа- рақаттанған адамды екі-үш адам бірігіп көтеріп, жатқызады және олардың қимылы бір уақытта әрі үйлесімді болғаны жөн.Зардап шеккен адамды қалқан қойылған зембілге жатқызады. Ал белінің тұсына киімдерді орап салып, сәл биіктетеді. Қалқан болмаса адамды кеу- десінің астына киімдер немесе көрпе төсеу арқылы биіктетіп, ішімен төмен қаратып жатқызған соң емдеу мекемесіне жеткізеді.Жарақаттанған адамның салмағы ауыр болса оны зембілге жатқызу кезінде «тарту» әдісін қолданады. Ол үшін алдымен қалқанды адамның бас жағына денесінің бойымен қатар келетіндей етіп қатар қояды. Содан кейін көмек көрсетушілер қалқанды аяғымен басып тұрып, адамның екі иығынан ұстайды да, қалқанның бойымен өздері кейін жылжып, денесін жоғарыға көтерместен оның үстіне қарай тартады.Зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізер алдында оған ауырсы- ну сезімін басатын дәрі-дәрмек беру қажет. Жамбастың зақымдануы.Күнделікті жағдайда жамбас сынуының жабық түрі жиі кездеседі. Ал та- биғат апаты, әсіресе жер сілкінісі кездерінде болатын ауыр жарақаттардың ішінде жамбас сүйегінің сынуы алдыңғы орында. Техногендік апаттар (шах- тадағы апаттар, теміржол апаты, жол-көлік оқиғалары) кезінде де жамбас сыну оқиғалары аса көп орын алады.Жамбас сынуы механикалық зақымданулардың ішінде жарақаттық шок- тың жиі кездесуімен ерекшеленеді (35 – 40 % дейін) және ол қатты ауыру кезеңіндегі клиникалық белгілердің айғағы болып табылады.Жамбас сынуының өзіндік ерекшелігі көп жағдайда қуық, несеп жолда- ры, тік ішек сияқты несеп шығару мен ас қорыту жүйесі органдарын тұй- ықтайтын аппараттарға жататын жамбас мүшелерінің зақымдануымен қатаркездеседі. Бұл мүшелердің зақымдануы ылғи да зардап шегушінің жағдайын ауырлатып, тез арада хирургиялық көмек көрсетуге жіберуді қажет етеді.Жамбас сынуына көбінесе жол-көлік апаты кезінде жылдам қозғалы- стағы үлкен затпен соққы жасау немесе ғимараттармен басқа да нысандар- дың құлауы себеп болады.Жамбас сүйегінің сынуына себеп болатын тағы бір жағдай – оны ауыр заттың басып қалуы (шахталарда тау жыныстарының құлауы, қираған ғима- раттардың сынығы және тағы басқалары). Сонымен қатар үлкен биіктіктен құлаудан да (10 метрден жоғары биік) жамбас сүйегі сынуы мүмкін. Қоры- тындылай келе айтқанда, жамбас сүйегі сынуының ауыртпалығы соққы жа- салған заттың үлкендігі мен қандай жылдамдықпен тигеніне, соққы тиген аумақтың үлкендігі және жарақаттаушы заттың сүйекке түсірген күшіне қа- рай болады.Жамбас сүйегі сынуының көптеген түрлері болғанымен, оларды жамбас сақинасының тұтастығы сақталған және сақталмаған деп жіктеледі. Оның біріншісіне жамбас сүйектің жалпақ басы, шат сүйегі және шонданай сүйе- гінің жанының сынуы, ал екіншісіне шат немесе шонданай сүйегінің бір не болмаса екі жағынан сынуы жатады.Сүйек сынуының аталған түрлері жамбастың алдыңғы бөлігінің сынуы- на жатады. Көбінесе жамбастың артқы бөлігі – жамбас сүйегінің жалпақ басы мен сегізкөздің қиылысқан тұсының жарылуы, жамбастың жалпақ ба- сының ұзындығынан сынуы, сегізкөздің сынуы сияқты зақымданулармен қатар кездеседі. Бұндай сынықтарды қосарланған сынықтар деп те атайды.Қосарланған сынықтар кезінде ауыр дәрежелі жарақаттық шоктан, көлемді тінішілік қан жоғалтудан және басқа да мүшелердің, оның ішінде аяқ сүйектерінің қатар сынуымен зардап шегушінің жағдайы айтарлықтай ауырлайды.Жамбас мүшелері сынығында әдетте қуықтың зақымдануы жиі кезде- седі.Ол сыну кезінде орнынан жылжып кеткен шат сүйегі және шонданай сүй- егінің сынықтарының зақымдануынан немесе жамбас пен іштің қысылып қалуы салдарынан құрсақішілік қысымның кенеттен артуынан зақымдануы мүмкін.Зәр шығаратын арнаның зақымдануы көбінесе ер адамдарда жамбас сүй- егінің алдыңғы бөліктері сынған жағдайда орын алады.Жамбас жарақатын алғандардың жағдайы жанынан немесе оқшауланған сынықтар кезінде қанағаттанарлық болса, ал қосарланған сынық кезінде жағдайы ауырлайды.Оқиға орын алған жерде бастапқы дәрігерлік тексеру шаралары жамбас сүйегінің сынуын анықтау және зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткізу- ге дайындық түрінде жүзеге асырылады. Зардап шегушінің жағдайы неғұр- лым ауыр болса, соғұрлым дереу арада оны тиісті орынға жеткізу керек.Зардап шеккендер әдетте ішінің астыңғы бөлігінің көп жері ауыратынын айтып, шағымданады. Сегізкөз сүйегі сынған жағдайда адам қатты қиналып, ауырсынады.Жамбас сақинасы сынуына тән белгі «жабысып қалған өкше» симптомы болып табылады. Бұл жағдайда зардап шегуші зақымданған жақтың аяғын көтеру ұсынылғанда, тек тізесі мен жамбас буынын ғана ие алады, ал өкше- сін жоғарыға көтеруге халі болмайды.Қосарланған сынық кезінде зардап шегуші «бақаға ұқсаған қалып» деп аталатын кейіпте болады: яғни тізе буындарын жай ғана басқан жағдайда саны сыртқа қарап, екі жаққа қарай жайылып ашылады.Жамбас сүйегінің жалпақ басын жанынан ақырындап басу арқылы па- тологиялық жылжымалылықты анықтауға болады, ал жамбасқа жақын ор- наласқан тұстарды қарағанда қанталап тұрған жерді немесе шабының тұсы мен ішінің астыңғы бөлігіне қан құйылғанын көруге болады.Қуықтың зақымдануынан зардап шегуші кіші дәретке ауырсынып әрі жиі барады, сонымен қатар әдетте несепке қан араласқанын байқауға болады.Зәр шығаратын арнаның зақымдануынан оның бөлінуі қиындайды және қан тамшыларының бөлінетіні байқалады.Төтенше жағдайлар кезінде жоғарыда аталған симптомдарға жедел түрде көз жеткізу көбінесе жамбас сүйегінің сынғанын дәл анықтауға және зардап шеккен адамды емдеу мекемесіне жеткізуге дайындықты бастауға мүмкіндік береді.Есте сақтайтын бір жәйт, жамбас сүйегі сынған адамдарды асқан сақтықпен баяу қиылдап тасымалдайды.Қайта-қайта орнынан қозғау, ебедейсіз қимылдау, қырына жатқызып, одан соң қайтадан денесін бұру ауырсыну факторының жағымсыз әсерін үдете түседі, ал иммобилизациядағы ақаулар тінішілік қан кету мен жарақат- тық шоктың артуына әсер етеді.Емдеу мекемесіне жеткізерде зардап шеккен адамға ауырсыну сезімін басатын дәрі-дәрмек салады. Қуығы зақымданған кезде қан аралас несептің киімді бүлдірмеуі үшін екі аяғының ортасына бірнеше қабатталған мақта-дә- ке төсемесін салады.Зардап шеккен адамдарды тасымалдау үшін қатты жабыны бар зембіл (қолдан жасалған немесе стандартты қалқаны бар) пайдаланылып, онда мін- детті түрде аяғы қалыпты жағдайда болатындай: жамбас буыны 30° дейін, ал тізе буыны 45° дейін иілген күйі; тізе буындарының астына киімдер немесе көрпе бүктеліп, салынады, ал екі аяқты орамал я болмаса дәкемен арасын біріктіріп, байлап қояды.Бақылау сұрақтарыТехногендік апаттар кезінде болатын механикалық жарақаттар- дың негізгі себептерін атаңыздар.Механикалық жарақаттардың ерте асқынуларын атаңыздар.Іріңдеу арқылы ғана жазылатын жараларды атаңыздар.Сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату тәсілдерін атаңыздар.Антисептиктердің қандай түрлері бар?Бастапқы таңу қандай қасиеттермен сипатталады?«Күйік ауруы» қандай кезеңдерге жіктеледі?Екі реаниматор болған жағдайда өкпені жасанды желдету мен жүрекке тікелей емес массаж жасаудың тиімді жиілігі қандай?Аяқ сүйектері сынған кездегі сынық сүйек бөлшектерінің ор- нынан қозғалып кету типтерін атаңыздар.Кеудегі ойық жарақаттың анықтамасын атаңыздар.Омыртқасы зақымданғандарды қалай тасымалдайды?V бөлімТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕРАПЕВТІК КӨМЕКТартауЭКСТРЕМАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДА ТЕРАПЕВТІК КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІАтом электростанцияларындағы апаттардың зардаптарын жою барысында зақым алғандарғамедициналық көмекті ұйымдастыруҚоршаған ортаға радиоктивті заттар (РЗ) тасталғаннан кейін АЭС апаттар барысындағы радиациялық жағдай көптеген фак- торларға байланысты: редактор жұмысының уақыты, оның түрі мен конструкциялары, РЗ тасталуы ұзақтығы, жыл мезгілі, ме- теорологиялық жағдай, АЭС ауданында тұрғын үйлердің орна- ласуы.Апат сипаттамасына қарамастан қызметкерлердің (локальді және жергілікті апат) және АЭС ауданында тұратын тұрғындары (жалпы апат жағдайында) сәулесоққылануы мүмкін.Негізгі радиациялық факторлар:адамдар тұратын және жұмыс істейтін аймақ арқылы ради- оактивті бұлттың өтуі және құрылуы; дегенмен адамның ор- ганизіміне радиоктивті тасталым бұлтынан (қысқа мерзімді) сыртқы сәулелену және организмге демалу, тамақ, су арқылы өтетін радиоактивті заттардан ішкі сәулелену әсер етеді.қоршаған ортаға түрлі тасталымдар мен аэрозольдар түрінде- гі радионуклидтер саны; салыстырмалы ұзақ уақытта адамдарға сыртқы гамма және бета-сәулелер, демалу және ластанған азық-түліктерді пайдалану арқылы организмге түсетін радиоак- тивті заттармен ішкі сәулелену өз әсерін тигізеді.Апат барысында АЭС қызметкерлері мен тұрғындарға өтіп бара жатқан бұлттан (гамма-сәулелену) сыртқы сәулелену және қалқанша безіне радиоактивті йодтың түсуі барынша қауіп ту- дырады.Кенеттен төтенше жағдай туындауы барысында тұрғындарды санитарлық жоғалту (өлу) 30% құрауы мүмкін, олардың ішінде таза сәулелік зақымдалу – 8 – 13%.Тікелей ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін, зақым алған қызметкерлерге алғашқы медициналық жәрдемді апатты медициналық құралдармен жарақтталған, АЭС жайларында ор- наласқан сауықтыру пунктілерінің медициналық қызметкерлерікөрсетеді. Ол жерде алғашқы рекацияны тоқтатуға, коллапсқа – қарсы, несеп айдайтын, детоксикациялық, қан тоқтататын, ауру- ды басатын, десенсибилизациялайтын, нуклидтарды шығаруды жылдамдататын құралдар, қан құюға арналған система, антибио- тиктер, жараны байлайтын материалдар, жгуттар және т.т. бар.Ядролық қондырғысы бар кәсіпорындардағы барлық жұмыс орындары арнайы дәрі қорабтарымен және төтенше жағдай туындағанда алқашқы жәрдем көрсету бойынша нұсқаулықтар- мен жарақталады, бұл өзіне –өзі және өзара көмек көрсету тәртібінде, сонымен қатар медико-санитарлық бөлімшенің би- келер бригадаларының (МСБ) және облыстың емдеу-профи- лактикалық мекемелерінің (ЕПМ) алғашқы жәрдем көрсетуіне мүмкіндік береді. Медициналық қызметкерлер жалпы радиаци- ялық апат жағдайында тұрғындарға медициналық жәрдем көрсе- ту бойынша нұсқаулықтармен және апатты құрал-жабдықтармен жарақталады.АЭС қызметкерлеріне АЭС медико-санитарлық бөлімше- сінің дәрігерлік-бикелік бригадалары мен жақын орналасқан ау- руханалар алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді.Шұғыл көрсеткіштер бойынша тұрғындарға алғашқы дәрі- герлік көмекті жақын орналасқан ЕПМ дәрігерлік – санитарлық бригадасы ДСБ көрсетеді.Чернобыль АЭС апаттың зардаптарын жою барысындағы тәжірибе ДСБ радиолог – дәрігерлермен, лаборант- дәрігерлер- мен, дозиметрия бойынша мамандармен күшейту және алғашқы терапия, бірінші сәулелік реакцияны тоқтату, тері мен демалу органдарын қорғау құралдарын, жеке дозиметрлармен қамтама- сыз ету қажеттігін көрсетеді.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету барысында әр бір зақым алған адамға арнайы медициналық карта толтырылады.Осыдан кейін зақым алған адамдар облыстың емдеу мекеме- леріне эвакуацияланады. Эвакуация барлық сақтық шараларын қадағалай отырылып, міндетті түрде медициналық қызметкердің ілесуімен жүзеге асырылады. Химиялық апаттардың зардаптарын жою барысында зақым алғандарға медициналық көмек көрсетудіұйымдастыруАХҚЗ (апатты химиялық қауіпті заттар) пайдаланатын неме- се өндіретін кәсіпорындарда химиялық апаттар болған жағдайдажоғалту (адам өлімі) сипатын әсер ететін негізгі факторларды есепке ала отырып зардап шегушілер арасындағы санитарлық жоғалтудың келесі орташа құрылымын болжайды:түрлі АХҚЗ улану - 58%; травматикалық зақым алу – 23%; күйік шалу – 14%;аралас зақымдану – 5%.Химиялық зақымдану ошағындағы алғашқы медициналық жәрдем зардап шегушілердің өмірін құтқаруда аса маңызды роль атқарады. Ол жеке және өзара көмек, санитарлық постылардың жеке құрамы, санитарлық дружиналар, құтқару командалары, медико-санитарлық бөлімшелердің медициналық қызметкерлері және сауықтыру пунктілері арқылы көрсетіледі.АХҚЗ зақым ошағында зардап шеккендерге алғашқы меди- циналық көмек көрсету дегенміз:притивогаз, мақта-дәке орамасын пайдалану арқылы демалу органдарын қорғау;теріден, көздің шырышты қабатынан, киімнен АХҚЗ алып тастау және зарарсыздандыру;зақымдалған аймақтан зардап шеккендерді эвакуациялау.Алғашқы медициналық көмек көлемі улану тудырған АХҚЗ түріне байланысты. Зақым ошағынан зардап шеккендерді шыға- ру – алғашқы медициналық көмектің маңызды элементі болып табылады.Алғашқы медициналық көмекті жедел медициналық жәрдем бригадасының медициналық қызметкерлері және зардап шек- кендердің 70% астамы шұғыл көрсеткіштер бойынша мұқтаж болса ДСБ көрсетеді.Зарарлы бұлт келгенге дейін ықтимал АХҚЗ зақымдалған жерден тұрғындарды эвакуациялау қажет. Адамдарды жинау және автокөлікке отырғызу тиісінше үйлердің подъездерінің жа- нынан жүзеге асырылады.Токсико-терапевтік бригадалармен күшейтілген емдеу меке- мелерінде толық көлемде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіледі, сонымен қатар арнайы және білікті медициналық көмек көр- сетіледі. Қажетінше емдеу мекемелері басқа да мамандармен (педиатрлар, акушер-гинекологтар, травматологтар және т.т.) күшейтіледі.Зақымдану ошағы берік болса зардап шеккендерді міндетті санитарлық өңдеу қаралады (ошақ орнында, зардап шеккендерді жинау пунктілерінде – ішінара, емдеу мекемелерінде - толық).Санитарлық дружиналардың қызметкерлері зақым ошағын- да, жедел медициналық жәрдем бригадасы және ДСБ зардап шегушілерді жинау пунктілерінде, тарату постылар мен емдік мекемелердің өңдеу бөлімінің қызметкерлері демалу органдары мен теріні қорғау құралдарында жұмыс істеуі қажет.Түрлі АХҚЗ зақымданудың негізгі белгілері, жедел улану- дың клиникалық картинасы, алғашқы медициналық іс шаралар, алғашқы дәрігерлік және арнайы медициналық көмек «АХҚЗ химиялық зақымдану ошағы туындаған жағдайда тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсы- нымдар» түріндегі РФ Денсаулық сақтау Министрлігі шығарған медициналық апатты карточкаларда көрсетілген.Емдеу мекемелерінің қабылдау бөлімшелерінде және жедел медициналық жәрдем станцияларында (бөлімшелерінде) нақты аймақтың химиялық нысандарында пайдаланылатын және сақталатын АХҚЗ зардап шеккендерге алғашқы медициналық, алғашқы дәрігерлік және арнайы медициналық көмек көмек көрсету ауқымы нұсқаулықтарда көрсетілген.АХҚЗ тасымалдау барысында теміржол транспортында апат орын алған жағдайда локомотивтің машинистіне берілген апат карточкасында көрсетілген нұсқауларды пайдалану қажет. Медициналық қорғанудың жеке құралдарыМедициналық (нақтылай медико-биологиялық) қорғану – бұл ықтимал апаттың зақымдаушы факторларының адамдарға әсерін азайту немесе оның алдын алуға бағытталған кешенді ұйымда- стыру, санитарлық-гигиеналық және эпидемиологияға қарсы іс шаралар. Оған:профилактикалық іс шараларды жүргізу;алғашқы медициналық жәрдемнің барлық түрін көрсету; зардап шеккендерді емдеу;оларды сауықтыру шаралары кіреді.Көптеген жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсе- ту және арнайы медикоментозды құралдарды пайдалану зардап шегушілер саны мен өлім жағдайының барынша төмен болуына әкелуі мүмкін.Тұрғындарды медициналық қорғаудың негізгі құралдары: жеке дәрі қораптары, жеке химияға қарсы құралдар пакеті, жеке таңу, дәкелеу пакеті – радиациялық сәулеленудің залалдарын төмендетеді, улану, күйік шалу, жарақаттану барысында жыл-дам алғашқы медициналық көмек көрсету көрсетуді қамтама- сыз етеді. Қажетті жағдайды аталған заттар барлық азаматтарға беріледі.Жеке дәрі қорабы (АИ-2 тиіпті) өзін-өзі қорғау жолымен ТЖ барысында кейбір зақымдану фактілерінің салдарларын азайтуға мүмкіндік береді. Оның құрамына радиоқорғаныс препаратта- ры, антидоттар, бактерияға қарсы құралдар кіреді. Дәрі қора- бына салынған препараттар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес қабылданады. Радиациямен, АХҚЗ және биологиялық құралдар- мен ионизациялық зақымдану механизмдері жақсы зерделенген- діктен патологиялық процесстерді тежейтін немесе зардап шегу ауыртпалығын төмендететін дәрі-дәрмек құрамдарын қашанда жинап алуға болады.Адам организіміне иондаушы сәуле (ИС) әсерінің салда- рын төмендету үшін ИС әсеріне организимнің тұрақтылығын көтеретін немесе сәулу ауруының клиникалық көрінісінің ауы- ртпалығын төмендететін дәрігерлік құралдар – радиоқорғаныс препаратары қолданылады.Радиоқорғаныс препараттарының номенклатурасы радиаци- ялық зақымданудың құлылымына сәйкес келеді: зақымданудың алғашқы белгілері (алғашқы сәулелік реакция), аққан ауруы, ор- ганизмде радиоактивті йодтың жинақталуы.Тиісінше радиоқорғаныс препараттарының құрамына: алғашқы сәулелік реакцияның айқындалуын төмендететін құралдар; радиопротекторлар;йодты профилактикалық препараттар кіреді.Алғашқы сәулелік реакцияның негізгі белгілерін (жүрек айнуы, құсу) жеңілдететін препараттар, АИ-2 дәрі қорабында этаперазин (атауы «жүрек айнуына қарсы құрал») ұсынылған; алғашқы белгілер пайда болған жағдайда жекелей пайдаланы- лады.Радиопртекторлар – сәуле ауруы ауыртпалығының деңгейін төмендететін препараттар. Онымен қорғану механизмі сәулеле- ну барысында су моллекуласы таратылатын және кейіннен то- тығу қышқылдары құрылатын, су радикалдарын байланыстыру мен қағып алуға негізделген.Таблетка түріндегі дәрі қорабы құрамына ықтимал сәулелену- ге дейін 30-45 мин бұрын қабылданатын радиопротектор циста- мин кіреді. Қорғаныс әрекеті 6-8 сағ. жалғасады және сәулелену әссерін (сәуле ауруының ауыртпалығы) 1,2 – 1,5 есе төмендеуін- де байқалады. Сәуле алғаннан кейін қорғаныс әсері жоқ.Йодты профилактикалық препараттар қалқанша безін тұрақты түрде йодпен қанықтыруға арналған. Бұның қажеттілігі азық-түлік арқылы (нақтылай шөп-ірі қара мал-сү) немесе лас ауамен демалу арқылы радиоактивті йодтың қалқанша безіне жиналуына әкеліп соғуынан туындайды. Егер аталған органда радиоактивті йод үшін орын болмаса, қалқанша безінің сәуле- ленуі төмен болады. Көп таралған препарат таблетка (125 мг) немесе ұнтақ түріндегі калий йоды.Радиоактивті йод организмге түскен уақытта немесе алдын алу қолданылса барынша қорғаныс әсері болады. Радиоактивті йод организмге түскеннен 6 сағ. бұрын қабылданса сәулелену дозасы 100 есе төмендейді, радиоактивті йод организмге түскен уақытта қабылданса – сәулелену 90 есе төмендейді. Калий йоды кешіктіріліп қолданылса қорғаныс әсері бірден төмендейді: 2 сағ. кейін дозасы 10 есе, ал 6 сағ. кейін – екі есе ғана.100 мг радиоактивті йодпен бір мезгілде қабылданса 24 сағ. ішінде қорғаныс әсерін қамтамасыз етеді. Тәулігіне бір таблет- кадан қабылдауға болады.Егер йод препараттары жоқ болса (дегенмен калий йоды бар- лық дәріханаларда сатылады) йод ерітіндісін өз бетінше дайын- дауға болады: бір стақан суға 5% йод ерітіндісінің 3-5 тамшы, жақсылап араластырып, күніне үш рет тең бөлікпен қабылдау.Антидоттар (у қайтарғыштар) өлім мен организмнің улану деңгейін төмендетуге арналған. Улағыш заттармен өзара бай- ланыс барысында антидоттар зарарсызданады немесе токсин әсерін жояды және алдын алады. Емдік антидотты уақытылы қа- былдаса (зақым алғаннан кейін) бір жарым –екі өлім қаупі бар токсинді дозаны бейтараптандыруға мүмкіндік береді. АХҚЗ көп болуы әр затқа жекелей антидоттың болуына мүмкіндік бермей- ді. Сондықтан да организмге токсин әсерінің басымдылығы ме- ханизмдарына сәйкес топтық антидоттар құралған. Біріншілері АХҚЗ әсер етуі қауіпі бар жайғдайда зардаптың алдын алу не- месе қомақты токсинді зат мөлшері организмге енген уақытта өлімнің алдын алу үшін қабылданады.Екіншілері – зақымданудың алғашқы белгілерін пайда болғаннан кейін қабылданады.АИ-2 дәрі қорабының құрамына фосфрорганикалық заттар- дың профилактикасына арналған антидот – тарен кіреді.Бактериаға қарсы препараттар. Олар өте көп. Әрбір ауру- ды қоздырғыш үшін бейтараптандыратын антибиотик табуға болады. Инфекциялы аурулармен күресуге арналған барыншатиімді құрал – алдын ала сақтандыру екпесі арқылы айрықша иммунды профилактика. Ол бірқатар инфекциялық аурулар бой- ынша жоспарлы түрде өткізіледі. Ықтимал бактериялық құрал- дардың көп түрлілігін есепке ала отыры, сонымен қатар оларды уақытылы идентификациялау мүмкін еместігінен АИ құрамына таблетка түріндегі кең спекторлы әсері бар антибиотиктер не- гізіндегі бактерияға қарсы құрал кіреді.Жеке химияға қарсы пакеттер (ИПП-8, -10, -11) теріге, киімге, аяқкиімге түскен тамшылы-сұйық АХҚЗ зарарсыздан- дыру үшін қолданылады. Пакеттерінің құрамына ИПП-10 және ИПП-11 бактерицидтері кіреді, олар шағын жараларды жазуға, термиялық және химиялық күйіктерді емдеуге әсерін тигізеді.Жеке байлау (дәкелеу) пакеті жарақаттану мен күйік шалу барысында алғашқы медициналық жәрдем көрсету үшін бел- гіленген. Барлық пакеттер қолдану жөніндегі нұсқаулықтармен жарақталған. 21 ТАРАУБЕЙБІТШІЛІК УАҚЫТТА РАДИАЦИЯЛЫҚ ЗАҚЫМДАНУ Тұрғындардың табиғи көздер мен медициналық диагностика және емделу барысында сәулеленуіРадионуклидтер табиғи (Жер туындағаннан бастап қолданы- стағы және космостық сәулелену әсерімен ядролық реакцияларда тұрақты туындайтындар) және жасанды (ядролық құрылғылар- дың реакторлары, жылдамдақыштар немесе ядролық жарылы- стар нәтижесінде тұрақты нуклидтерден құралатындар) болып бөлінеді. Табиғи көздердің ИИ ағындарының жиынтығы Жердің табиғи радиационды фоны деп аталады. Заманауи зерттеулерге сәйкес соңғысы биологиялық түрлердің өзгеруінің қозғамалы күші ретінде маңызды роль атқарады, сонымен қатар организ- мнің айырықша емес резистенттілігін қолдау факторының бірі. Табиғи радиационды фонды (ТРФ) қалыптастыратын иондау сәулесінің табиғи көздері жерден тыс пайда болу, сыртқы көз- дер (космостық сәулелену), жерде пайда болғандар (жер қы- ртысында, ауа мен суда бар радионуклидтер), сонымен қатар ішкі көздер адам организіміндегі табиғи радионуклидтер болып бөлінеді. БҰҰ АРӘҒК (Біріккен Ұлттар Ұйымының Атом Ра- диациясы Әрекет ету Ғылыми Комитеті) бағамы бойынша жеркөздерінен сыртқы сәулеленудің орташа тиімді дозасы жылына шамамен алғанда 0,48 мЗв құрайды. Тұрғындар сәулеленуінің жалпы орташа сыртқы және ішкі тиімділік дозасы шамамен алғанда жылына 2,4 мЗв. 232Th мен 238U радиоактивті типті ну- клидтар барынша практикалық маңызға ие. Өзен суларының ра- диоактивтілігі негізінен 40К мен 226Ra белгіленген.Ішкі сәулеленуді қалыптастыратын маңызды табиғи радиону- клидтардың бірі 40К, сонымен қатар ыдырату өнімдері 238U мен 232Th – радон газдары мен торон. Радон есебінен барлық табиғи радиация көздерінен тұрғындар алатын жекелей дозалардыңжылдық У3 -ден 3/ –дейін радиация қалыптасады. Ингаляциябарысында сәулелену жылына 1,26 мЗв құрайды, ауыз арқылы жылына – 0,29 мЗв. Организм құрамына енетін табиғи радиоак-тивтер табиғи көздерден шамамен 2/ құрайды.Жасанды (техногенді) ЖК көздер – бұл рентген трубкалары, зарарланған бөліктерлі жылдамдатқыштар, ядролық факторлар, сонымен қатар радионуклидтері бар құрылғылар. Соңғы топ ашық (атмосферамен тікелей қатынасы бар) және жабық (герме- тикалық қабықшаға салынған) ЖК болып бөлінеді.Тұрғындардың сәулелену дозасы бойынша бірінші орында табиғи радиационды фон (70%), жекелеген жерлерде орташадан он есе жоғары болуы мүмкін. Бұдан әрі медициналық рентген диагностикасы дозасы (29%), медициналық қызмет көрсетудің жақсаруына байланысты радиацияның өсуі мүмкін. Жаһандық ауқымдағы басқа көздер маңызды емес. Олардан келетін локаль- ді сәулелену дақтар барынша маңызды болуы мүмкін.Теңіз деңгейінде организмнің сыртқы сәулеленуі жер мен құрылыс материалдарындағы уран қатарындағы радионуклид гамма- сәулесімен берілген. Дүниежүзінде топырақтағы уран мен торидің көтеріңкі концентрациясы сыртқы сәулеленуденде аса жоғары (10-100 есе) жерлер де бар. Оларға Бразилиядағы мо- ноцит құмдары (Гуарапари – 73 мың тұрғын, Аракса – 74 мың тұрғын), Үндістан (Керала штаты – 100 мың тұрғын), Иран, Египет, Нигерия, Мдагаскар жатады. БҰҰ атом радиациясы әре- кеті бойынша ғылыми комитеттің мәліметтері бойынша (БҰҰ АРӘҒК) ИИ табиғи жаратылысты жер көздерінен адам алатын сыртқы сәулеленудің орташа дозасы шамамен алғанда жылына 350 мкЗв құрайды.Тұрғыдардың медициналық процедуралар барысындағы сәу- леленуі табиғи және техногенді сәулелену көздерінің интегралды дозасына қомақты үлес (30% дейін) енгізеді. Рентгенологиялықзерттеулер барысындағы сәулелену дозасы пайдаланылатын аппаратураның техникалық сипаттамасына, жиілілігіне, ма- мандардың біліктілігіне байланысты. 1999 жылы Ресей Феде- рациясының кейбір субъектілері үшін бір тұрғынға шаққандағы медициналық сәулеленудің орташа жылдық тиімділік дозасы жылына 3,52 мЗв –ден (Смоленск обл.), 0,11 мЗв – дейін (Коряк- сикий автономды округі) ауытқыған.Экономикалық дамыған елдерде тұрғындардың сәулелену дозасы орташа алғанда медициналық процедуралармен байла- нысты, дүниежүзімен салыстырғанда орташа екі есе жоғары. Жекелей алсақ, сәулелену дозасы: көкірек қуысы рентгеногра- фиясы барысында 0,01 Гр, көкірек қуысы флюорография ба- рысында – 0,05 Гр, көкірек қуысы рентгеноскопий барысында 0,05-0,1 Гр, құрсақ қуысы рентгеноскопия барысында 0,1-0,2 Гр, қатерлі ісікті емдеу барысында – 20-100 Гр құрайды.Ресей Федерациясында барлық сәуле көздерінен тұрғындар- дың жекелей сәулелену дозасы орташа алғанда жылына 3,45 мЗв құрайды. Табиғи көздердің үлесі жылына 69,8% немесе 2,4 мЗв құрайды. Медициналық сәулелену есебінен орташа доза жылы- на 29,4%, немесе 1,0 мЗв тең. Жаһандық айналым мен былты- рғы радиациялық апаттар есебінен тұрғындардың сәулеленуінің ұжымдық дозасы үлесі жылына 0,63%, немесе 0,022 мЗв. Жалпы сыртқы сәулелену барысында адамның сәулелік зақымдануыӘсер ету түрі бойынша сәулелік зақымдануды төмендегідей айырады: гамма- немесе рентген сәулеленуі, нейтронды сәуле- лену, бете-сәулелену.Сәулелік зақымдану ауыртпалығы бірінші кезекте сәулеле- ну дозасы мен оның қалыптасу уақытына байланысты. Уақыт параметрлері бойынша сәулелік әсер ету бір жолғы және фрак- цияланған болып бөлінеді. Доза алудың жалпы ұзақтығы бойын- ша қысқа мерзімді, ұзартылған және созылмалы сәулелену деп бөлінеді. Бұл жедел, жеделдетілген және созылмалы сәулелік зақымдану формалары. Жедел зақымданудың дамуы (жедел сәу- ле ауруы) бір жарым аптадан аспайтын доза қалыптасқан уақыт- та туындайды. Бұдан ұзақ мерзімде (ұзартылған) жеделдетілген зақымдану формасы дамиды. Егер жалпы сәулелену ұзақтығы бірнеше айдан асса зақымданудың созылмалы түрі туындайды. Денедегі игерілген доза көлем бойынша таралу сипатына қарайжалпы (тотальді) және жергілікті (локальді) сәулелену болып бөлінеді. Егер дененің түрлі бөлігі игерген дозалардың айыр- машылығы 10-15 Гр. аспаса тең сәулелену деп аталады.Жедел сәулелік ауры (ЖСА) – 1 Гр кем емес дозада гаммажәне (немесе) нейтрон, жалпы бір жолғы тегіс рентген сәу- леленуі нәтижесінде дамитын нышан жиынтығы. ЖСА дамуын үшін осы шарттардың барлығы қажет. Себебі 1 Гр төмен доза жедел сәулелік реакция тудырады, ол жүрек айнуы және әлсіздік түрінде көрініс табады. Ұзартылған сәулелену барысында же- делдетілген ауру туындайды, ал тегіс емес жағдайда бірінші ке- зекте жергілікті сәулелік зақымдар туындайды.Нақты сыртқы сәуле алудан ЖСА келесі клиникалық түрлері анықталады:жеңіл сүйек кемігі (І дәреже) – 1 – 2 Гр;орташа ауыртпалықты сүйек кемігі (ІІ дәреде) – 2 – 4 Гр; ауыр сүйек кемігі (ІІІ дәреже) – 4 – 6 Гр;аса ауыр сүйек ми (ІV дәреже) – 6 – 10 Гр; ішек – 10 – 20 Гр;токсеминді – 20 – 50 Гр; церебральді – более 50 Гр.Жедел сәулелік аурудың сүйек кемігі түрі. 1-10гр дозасын- да сәулелену барысында организмнің тағдыры қан түзілімі тінін артықшылығына байланысты. ЖСА сүйек кемігі түрі үшін ауру- дың нақты кезеңдері өзіндік сипатты.Сәулеленуге жалпы алғашқы реакция кезеңі. Сәуле алуға жалпы алғашқы реакция нышан жиынтығының патогенетикалық негізі – диспепсикалық (жүрек айнуы, құсу, диарея) және асте- новегетативті (бас ауруы, әлсіздік, гиподинамия, артериальді ги- потензия) синдромы. Осы кезеңде перефериялық қан құрамында лимфоциттердің азаюы байқалады. Лимфоциттер санының төмендеуі дәрежесі сәуле алу дозасының көптігіне байланысты. Сәуле алу дозасының көптігіне байланысты жалпы алғашқы ре- акцияның ұзақтығы мен көрінісі. Барынша көп доза алынса бұл нышан жиынтығының көрінісі барынша ерте байқалады. Сәуле алғаннан кейін алғашқы 3-5 ішінде ЖСА диагностикасы жоға- рыда айтылған жалпы алғашқы реакция көрінісіне негізделеді. Тиісті мәліметтер 21.1 кестесінде ұсынылған.Жасырын кезең (алдамшы амандық кезеңі). Сәуле алуға жал- пы алғашқы реакция кезеңінің аяғында қанда айналып жүретін токсинді қоспалар негізінен организмнен шығарыла бастайды. Алғашқы 5 тәулік ішіндегі формалы қан элементтерінің шығынысүйек кемігінен жетілген жасушалар ағынымен толығады. Сәуле алғаннан кейін бесінші тәулікте қандағы көптеген формалы эле- менттердің деңгейі түсе бастайды – алғашқы бос қалу фазасы туындайды. Жасырын кезеңде денсаулық жағдайына шағымда- ну мүлдем жоқ немесе көп емес, жұмыс қабілеттілік сақталады. Жасушалар ең төменгі деңгейге түскен кезде, бұрынғымен са- лыстырғанда нейтрофильді гранулоциттер 15-20%, тромбоцит- тер 10 – 15% клиникалық құбылыстар байқалады. Бұл кезеңде қандағы лейкоциттер деңгейі сәуле алу дозасын реконструкция- лау үшін шығу нүктесі болып табылады. Жасырын кезең мерзімі барынша аз болса сәуле алу дозасы жоғары болады. ЖСА жеңіл, орташа, ауыр түрлері жасырын кезеңде тиісінше 30, 15 – 30 және 15 – 20 тәулікті құрайды. ЖСА ең ауыр түрінде жасырын ке- зең болмауы мүмкін. Жасырын кезеңнің ұзақтығын болжау аса маңызды, себебі бұл науқас адамдарды ЖСА емдеу үшін барлық жағдайлар жасалған арнайы емдеу мекемелеріне уақытылы эва- куациялауға мүмкіндік береді.Өршу кезеңі (айқындалған клиникалық көрініс кезеңі) Не-гізгі жасушалар санының түсуімен байланысты. Лейкоциттер санының азаюы инфекционды, сонымен қатар аутоинфекционды аурулардың дамуының басшы себебі болып табылады. Тромбоциттердің күрт төмендеуі геморрагиялық син- дромның дамуына әкеледі. ЖСА сүйек кемізі түрінің өршіген уақытында басқа нышандар: токсемия, астения, вегетативті дисто- ния, аутоиммунды зақымдалу. Цитопения тереңдігі мен ұзақтығы ЖСА клиникалық көрінісінің ауырлығына байланысты ең біріншісәуле дозасына байланысты. ЖСА барысында адам өлімінің тіке- лей себепшісі ауыр инфекциялық процесстер мен өмірлік маңызды органдарға қан кету.Қалыпқа келу мерзімі. Қалыпқа келу кезеңінде қантүзілімі жүйесіндегі регенеративті процесстер толыққанды қан жасушала- рының саны ұлғаюына әкеледі. Біртіндеп ЖСА өршу кезеңінің не- гізгі нышандары жойылады. Қалыпқа келу уақытында организмнің өмірлік маңызы бар жүйелері толық немесе ішінара тұрақты қыз- мет етеді. Жеңіл деңгейдегі ЖСА барысындағы өмір сүру болжамы қолайлы; ЖСА барысында орташа ауырлық деңгейі де қолайлы, бірақ тиісті ем алу қажет; ауыр деңгейді ЖСА сенімсіз – тіптен қарқынды кешенді терапия табысты болмайды. Бұл жағдайда өмір сүру ұзақтығы адамның қайтыс болуымен аяқталады, ЖСА 3 типтік түрі болса – 3-5 апта.Жедел сәуле ауруының ішік түрі. 10-20 Гр жалпы сәуле алған- нан кейін ЖСА ішек түрі дами бастайды, негізні көрінісі ішек синдромы. ЖСА ішек түрі барысындағы алғашқы рекациының ұзақтығы 2 -3 тәулік. Бірінші күннен бастап диярея көрініс алады. Артериальді қысым барынша төмендейді. Дене температурасы суб- фебриальдіге дейін көтеріледі. Науқастар іш ауруына, бұлшықет, буын, бас ауруына шағымданады. Кейіннен қысақа мерзімді жалпы денсаулық жағдайының жақсаруы байқалады. Жасырын кезеңнің ұзақтығы 3 тәулік, бірақ жасырын кезеңде аурудың көріністері то- лық жойылып кетпейді ЖСА ішек түрінің өршуі кезеңінің басталуы өзін күрт нашар сезінумен, қатты диареямен, дене температурасы- ның 39дан – 40 °С дейін көтерілуімен, сусызданумен, интоксикаци- ямен және эндогенді инфекциямен жалғасады. Қарқынды терапия жүргізу ЖСА ішек түрімен ауырған науқастардың өмірін 14-20 тәулікке дейін ұзарту мүмкіндігін береді. Бұл уақытта панцитапи- ялық синдром дамиды, оның салдарынан екінші инфекция мен қан кетуі мүмкін, бұл науқастың қайтыс болуының себебі болып та- былуы мүмкін.Жедел сәулелік ауруыдың токсемикалық түрі. Бұл түр сәу-леленудің 20-50 Гр дозалану диапозоны болған жағдайда дамиды. Аталған түрдің ерекшеліктері ауыр гемодинамикалық аурушаң- дыққа шалдығу, кесік жарақаттануымен және көктамыр өткізгішті- гінің жоғарлауы, тін бұзылуы өнімдерінің интоксикациясының көрінісі, радиотоксиминдер және ішкі микрофлора токсиндерімен байланасты. Мидағы қан айналымының бұзылуы және ми ісігінің дамуы аясында 4-7 тәулік ішінде өлім қаупі бар, аталған нышандар өлім туындағанға дейін байқалады.Жедел сәулелілк аурудың церебральді түрі. Барлық дененің сәулеленуі 50 Гр және одан жоғары дозада болса, бұл ЖСА цере- бральді түрі дамуына әкеледі, оның негізі көп мөлшерде тікелей радиациялық зақым алуға байланысты нерв жасушаларының өлуі және дисфункция. Сәуле алғаннан кейін 48 сағ. кешіктірілметін уақытта өлім туындайды, оның алғашқы нышаны кома. Бұл түрдің даму кезеңін айқындау мүмкіндігі жоқ. ЖСА ауырған науқастар қалдық көріністерді ұзаққа дейін немесе өмір бойына сақтауы және жеке салдарлары дамуы мүмкін. Қалдық көріністер сәуле- лену барысында барынша зақым алғандардың гипоплазиясы және тіндердің дистрофиясы түрінде байқалады. Қалдық көріністерге қарағанда қашық салдарлар – бұл жедел кезеңде нышаны болмаған жаңа патологиялық үрдістердің дамуы. Қашық сәуле алу салдар- ларының арасындағы барынша ісік емес қашық салдар өмір сүру ұзақтығын қысқартатын канцерогенді әсерлер.Радиоактивті заттардың ішкі түсуі нәтижесінде зардап шегуРадоактивті заттар организмнің ішкі ортасына инголяция арқылы, ішек-қарын жолдарының шырышты қабығы арқылы, травматикалық және күйік жаралары арқылы, зақымдалмаған тері арқылы өтуі мүмкін. РЗ қан мен тері арқылы тіндер мен органдарға түседі, кейіннен жасушаларға жетеді, ол жерде ішкі жасушалық құрылымдармен байланысады.Радиоактивті заттардың ингаляциялық түсімі. Таза түрде демалу органдарына түсетін радионуклидтардың 25%,сонымен қа- тар нақты химиялық қосындылардың құрамына кіретіндер тыны- стау арқылы сыртқа шығады. Қалғандары альвеолярлы мембрана арқылы қанға сіңуі, макрофагтармен фагоцитациялануы, бронхи- альді лимфа түйіндеріне тағыз жабысуы немесе жұтылы, қақы- рықпен сыртқа шығуы мүмкін. Бір радионуклидтің сіңу деңгейі өзі құрамына кіретін қоспаның химиялық формуласына байланысты. Радионуклид тасығыш бөлік барынша ірі болса оның көп бөлігі асқазанға түседі.Ішек-қарын жолдары арқылы радиоактивті заттарды түсуі. Ішек-қарын жолдары – организмге РЗ түсуінің негізгі екінші жолы. Жақсы еритін радионуклидтердің сіңуі негізінен аш ішек- те жүргізіледі. Ион түріндегі еритін радионуклидтер барынша қарқынды және толық сіңіріледі. Сілті металының радионуклид- тері ішек-қарын жолдарына түскеннен кейін қанға тұтастай сіңеді.Трансуранған лементтер мен плутонийдің топырақта сирек кезде- сетін изотоптары ерімейтін және қиын еритін қоспаларды құрай- ды, олар түскен санынан бірнеше жүз- он мын үлес пайызында сіңіріледі. Ерімейтін және аз еритін гамма – сәулеленулер ішектер мен басқа да ішек- қарын органдарын сәулелендіреді, ал бета –сәу- лелендіру – ішектің шырышты қабыған ғана сәулелендіреді.Зақымдалмаған тері, жарақат және күйік жаралары арқылы радиоактивті заттардың түсуі.Көптеген радиоактивті заттар зақымдалмаған тері арқылы мүл- дем кірмейді. Ерекшелері оксид трития, йод, урнила нитрат фтори- ді сонымен қатар полоний құрайды. Бұл жағдайлардағы резорбция коэффициенті жүз және мыңдық үлесті құрайды. Жара үстінен қиын еритін РЗ сіңірілуі зақымладмаған теріге қарағанда жүз есені құрайды. Сау теріге қарағанда 1-2-ші дәрежедегі күйік шалған тері үстінен ядролық жарылыс өнімдері 2-10 есе тез сіңіріледі. Нашар еритін РЗ қоспаларының сіңірілуі негізінен лимфатикалық жол арқылы жүзеге асырылады, нәтижесінде радионуклидтер лим- фа түйіндерінде жинақталады. Қанға түскен РЗ бір бөлігі түрлі органдар мен тіндерге кірігеді. Қандайда бір артық радионуклид жиналған орган «өте қиын» атауына ие. Организиде жинақталған радионуклидтердің жартысының шығарылу уақыты биологиялық жартылай шығару кезеңі атауын иеленді. Биологиялық бөлінетін заттарды есепке алу көрсеткіші және радиоактивті тарау нәтиже- сінде радионуклидтің азаюы жартылай бөлінудің тиімді кезеңі ретінде белгіленеді.Организмнен радионуклидтерді шығару. Организмге түскенРЗ бүйрек, ішек-қарын жолдары, сілекей, сүт, тер, өкпе арқылы шығуы мүмкін. Радиоактивті заттардың негізгі бөлігі нәжіс пен не- сеп арқылы шығады.Организмге түскен радионуклидтердің кинетикасында төрт ке- зеңді бөлуге болады:алғашқы депо түскен жерде түзілу (тері, ішек-қарын жолда- рының шырышты қабығы, сыртқы демалу жолдары);түскен жерінен қанға және лимфаға сіңірілуі;осал органдарға инкорпоррилену (екінші депо құрылуы);түрлі жолдармен шығарылу.Қандайда бір органдарда артықшыл жиналу қабілеті болса келесі радиоактивті элементтердің негізгі топтары бөлінеді:радионуклидтер сүйекте таңдамалы жиналулар («остеотропты») – сілті топырақ элементтері, радий, стронций,барий, кальций, плутонийдің кейбір қосындылары; олардың жап-пай түсуінен кейін бастапқы уақыттағы патологиялық үрдіс сы- ртқы сәуле алудан жедел сәуле ауруын еске салуы мүмкін; одан кеш уақытта сүйек ісіктері, лейкоздар табылуы мүмкін.Ретикулоэнтотеллиалды жүйегі бай («гепатотропты») органдарды таңдап жиналатын радионуклидтар. Бұлар жер-де сирек кездесетін элементтер изотоптары: лантана, церия, про- метия, актиния, тория, плутонийдің кейбір қоспалары; бұлармен зақымдалған кезде бауы цирроздары мен ісіктері, қаңқа ісіктері, ішкі секреция бездері және басқа да локолизациялар байқалады.Организм тіндеріне тегіс таралатын радионуклидтер.Бұл сілті металдарының изотопы – цезий, натрий, рубидий, со- нымен қатар лимфоидті тіндердің, көкбауырдың зақымдануына, бұлшықет қызметінің бұзылуына әкелетін сутегі, көміртегі, азот, кешірек уақытта – жұмсақ тіндердің, сүт бездерінің, ішек, бүйрек және т.б. ісігі.Йодтың радиоактивті изотоптары жеке топқа бөлінеді, олар қалқанша безін таңдап жиналады, нәтижесінде қалқанша безінің ісіктеріне әкеліп соқтыруы мүмкін.Ядролық бөліну өнімдерінің алиментарлеу және ингаляци- ялау нәтижесінде сәулелік зақымдану. Алғашқы уақытта орга- низмге түсетін ядролық бөліну өнімі арқылы (ЯБӨ) демалу және асқорыту органдары барынша қарқынды сәуле алады. Кейіннен депондау органдары тұрады: қалқанша безі, бауыр, бүйрек. Бұл органдарда зарарланғаннан кейін алғашқы күндері дозаның негізгі бөлігі қалыптасады. Сүйек кемігінде стронций сияқты ұзақ өмір- сүргіш радионуклид жинақталуына байланысты радиация дозасы ақырын жиналады. Сәуле ауруының клиникалық картинасында алиментарлы түсім кезінде ЯБӨ санында қатынас бета-сәулелену- мен туындайтын ішек асқынулардың көрінісі басым болады.Алиментантарліге қарағанда инголяция барысында түсетін ЯБӨ қауіптірек. Бұл лимфо түйіндері арқылы түскен және өзіндегі өнімдер есебінен өкпенің сәуле алуымен байланысты. Ингаляция барысында кіретін ЯБӨ демалу органдарымен қатар ішек-қарын жолдарын да зақымдайды. Сондықтан жедел кезеңде бронхопнев- мония және гастроэнтерроколит нышандарымен көрініс табады. ЯБӨ ішке түсуі кезінде сәуле ауруының ауырлығын болжау үшін гематологиялық өзгерістердің маңыздылығы, сыртқы сәуле алудан қарағанда төмен. ЯБӨ ішкі зақымдану барысында сыртқы сәуле ауа- дан ЖСА барысында иммунологиялық реактивті бұзылушылықтар дамиды: инфекцияға деген сезімталдық көтеріледі, аутоиммундық реакция дамиды.ЯБӨ жедел зақымдану барысында өлім себебі қантүзілімі қы- зметінің терең зақымдалуынан дамитын ішек-қарын жолдарының, тыныс алу органдарының зақымдануынан. Ішке ЯБӨ түсуіне бай- ланысты ЖСА барысында алғашқы реакцияның және гематологи- ялық синдромның әлсіз көрінісі, ауру өтуі аралығында шекараның білінбеуі, осал органдар (ішек, өкпе) зақымдалуының алғашқы ны- шандары, қалпына келтіру процессінің төмендеуі байқалады. Жеке қорғаныс құралдары және радиоактивті ластануды жою әдістеріОсы уақытта қабылданған жіктемеге (МемСТ 12.4.011-89) сәй- кес жеке қорғаныс құралдарына: оқшаулағыш костюм; тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары; арнайы киім мен аяқкиім; қолды, басты, бетті, көзді, есту органдарын қорғау құралдары; сақтану жабдықтары; қорғаныс дерматологиялық құралдар жата- ды. ЖҚҚ (жеке қорғаныс құралдары) көмегімен альфа- және бета сәулелерінің әсерін күрт төмендетуге болады, бірақ сыртқы гамма- сәулеленуден қорғану мүмкін емес. Ластанған радионуклидтерден барынша қорғануды оқшаулау костюмдері қамтамасыз етеді. Оқ- шаулау костюмдері шлангті (пневмокостюмдер) және автономды болып бөлінеді. ЛГ-4, ЛГ-5, ЛГ-У типті шланг костюмдерінің ар- тықшылығы оны ұзақ мерзімді пайдалану және алғашқы кезекте костюм астынан метаболикалық жылудың, ылғал мен антропоток- синдердің бөлінуі мүмкіндігімен байланысты адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетуде костюмінің әсері барынша төмен болуы. Ав- тономды оқшаулау костюмінің артықшылығы оның қандайда бір стационарлық техникалық қондырғыға байланысты болмауы, бір- ден іске қосу мүмкіндігі және кең маневрлі болуы. Кейігі жылдары КЗ-М жаңа оқшаулау костюмі әзірленген. Костюмнің конструкци- ясы адамның қоршаған ортадан толық оқшаулануын қамтамасыз етеді. Тыныстау органдарын қорғауды ИП-4М оқшаулау противо- газы немесе тығыздалған ауасы, кислороды бар оқшаулау аппара- ты, мысалы АП-98, АП-2000, КИП-8 қамтамасыз етеді.Тыныстау органдарын жеке қорғау құралдары. ЛГ типтіпневмокостюмдермен қатар тыныстау органдарына радиоактивті заттардың түсуінің алдын алуда «Лепесток» типті аэрозольға қарсы жеңіл респираторлардың маңызы зор. «Лепесток» респираторының ерекшелігі ауа ағынына тіндердің қарсы тұруының төмендеуі, бұл организмнің тыныстау жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтама-сыз етеді, және де радиоактивті аэрозольдардан қорғанудың жоға- ры тиімділігін қамтамасыз етеді. Ауадағы радиоактивті аэрозоль шоғырлануы қалыпты жағдайдан 20 және одан аспаса «Лепесток200» пайдалану мақсатты емес. Бұл жағдайларда ППМ жартылай пневмо маскаларды, МЗ-5 пневмомаскаларын, ШЗ-4 пневмошлем- дері, ПК-2 пневмокуртқаларын пайдалану қажет.Арнайы киім. Бұлар радиоактивті ластану жұмыстары бары- сында пайдаланылатын комбинизондар, костюмдер, халаттар, олар ақ түсті (боялмаған); олар мақта-матадан немесе мақта-лавсан ма- тадан тігіледі. Боялған маталар нашар дазактивизацияланады, ал ситетика төмен қорғаныс және гигиеналық қасиеттерге ие. Радио- активті ластану деңгейі жоғары болса дезактивация экономикалық пайдалы емес және техникалық мүмкін де емес. Бұл жағдайларда арзан тоқусыз материалдан жасалған арнайы біржолғы киімді не- месе пленка материалдарынан жасалған қосымша арнайы киімді (жартылай халаттар, фартуктар, қол қаптары, бахилалар) пайдала- ну мақсатты.Арнайы аяқкиім. Радиоактивті заттармен жұмыс жасау бары- сында негізгі арнайы аяқкиім ретінде суға өткізбейтін құралмен қапталған сырты лавсан маталы ботинка пайдаланылады, жоғары ла- стану деңгейінде – арнайы пленкадан жасалған аяқкиім (бахилалар, чехолдар, чулкилер, следкилер және т.т.). Қорғану үшін қандайда бір аяқкиімді таңдау барысында кешенді жағдай ескеріледі: үстірт- тің РЗ ластануы дейңгейі, агрессивті сұйықтықтардың (қышқылдар, сілтілер және т.т.) болуы, механикалық әсер ету мүмкіндігі (үйін- ділер), климаттық жағдайлар және тағы басқа факторлар.Қолды қорғау құралдары. Радиоактивті заттармен жұмыс істеу барысында резинадан жасалған хирургиялық, қышқылдар- мен және сілтілермен жұмыс істеуге арналған бессаусақтар кең пайдаланылады.Пленка бессаусақтар мықты емес, олар қысқа мерзімге ғана пайдаланылуы мүмкін. Оқшаулау материалдарынан жасалған бес- саусақтар мақта-матадан жасалған бессусақтарға киіледі, бұл ре- зина бессаусақ жыртылған кезде теріні ластанудан сақтайды, суық ауа-райында қолды тоңудан қорғайды.РЗ ластанған теріні санитарлық өңдеу. Теріні деактивация- лау үшін сабынды жылы су, арнайы құралдар (РЗ химиялық қа- сиетерін есепке ала отырып), үсті-активті және көбік жасайтын қабілеті бар жуу құралдары, сілті, қышқыл, қышқылдауыш, жиын- тық тудырушы қабілеті бар химиялық ингредиенеттер, сорбенттер пайдаланылады.Жуу құралдары теріге қолайсыз әсер тудыруы (тітіркену, сен- сибилизациялау, токсин), механикалық әсер ету, майсыздандыру терінің ісуін, ақуыздардың денатурациясын тудыруы мүмкін. Сон- дықтан да жуу құралдарын пайдалану барысында қатаң түрде тиісті нұсқаулықтар бойынша пайдалану қажет. Теріге жуу құралдарының кері әсерін төмендету дезактивациядан кейін құнарлы жақпамай- ларды пайдалану мүмкіндігі береді. Ластанған қолды, басты және бетті локальді дезактивациялау қол (балаларға арналған) сабын- ды және щеткаларды пайдалана отырып ағын сумен жүзеге асыру мақсатты. Теріні дезактивациялау үшін судың оптималды темпе- ратурасы 30 – 32°С. Дезактивация барысында ыстық немесе суық суды пайдалану оның тиімділігін азайтады. Теріні дезактивациялау барысында тырнақтар мен тері қатпарларын тазалауға көңіл бөлу қажет. Егер теріні үш рет өңдеу радионуклидтердің кетуін қамта- масыз етпесе арнайы жуу құралын қолдану керек. Барынша тиімді препораттар «Защита», «Деконтамин», «Паста 11б». Препаратпен өңдеу ұзақтығы 9-12 мин. аспауы қажет. Басқа дезактивация құра- лымен қосымша өңдеу мүмкін. Өңдеу ұзақтығын ұлғайту мақсатты емес. Сонымен қатар дезактивация үшін тері қабатының ашылуын тудыратын және тері арқылы организмге радионуклидтердің өтуін жылдамдататын органикалық еріткіштерді (бензин, толуола, этил спирті және т.т.) пайдалану ұсынылмайды. Терінің локальді ла- станған жерлерін тазалағаннан кейін денені жалпы санитарлық өң- деу жүргізу мақсатты. Толық санитарлық өңдеудің бірізділігі: ЖҚҚ және арнайы киімді шешу; қолды сабынмен және щеткамен жуу, толық тазаланбаған жайғдайда жуу құралдарын пайдалану; ауыз бен мұрынды шаю; көзді жуу; 30 – 35°С су температурасында душ (жоғарыдан төмен) астында жуыну.Тері жабынын радиометрикалық бақылау, қажетінше (кетпейтінластануларды) шашты және тырнақты қию.Теріде белгіленген ұйғарынды мөлшерден асатын ластану қал- дығы қалса сабынды сумен санитарлық өңдеу үш реттен артық емес қайталанады. Теріні радионклидтен әрі қарай тазалау тері жабыны- ның өткізгіштігін ұлғайтады және терінің күресу қызметін төменде- теді, нәтижесінде дезактивация шараларының тиімділігі төмендейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде санитарлық өңдеу жүр- гізілуі тиіс, себебі радиоактивті заттардың терімен байланысы ба- рысында оларды дезактивация құралдарымен кетіру тиімділігі азая түседі. Ластанудан кейін бірнеше сағаттан соң өткізілген санитар- лық өңдеу (бір тәулікке дейін) тиімділікті екі-үш есе төмендетеді. Дезактивация мерзімі кешіктірілсе теріні тазалау нәтижесінің ба-рынша төмендеуі туралы хабарламалар бар. Егер ластанған тері уческелері үш рет жуылғаннан кейін тазаланбаса, зардап шеккендер медициналық мекемеге бағытталады, ол жерде ластану сипаты мен деңгейі, тері арқылы РЗ организмге түсу мүмкіндігі және т.т. нақты- ланады. Егер табылған сәулелену адам денесінен санитарлық өңдеу барысында кетпесе, зондтың ашық терезесі арқылы ДП-5 тиіпті құралмен өлшем жүргізіледі, сол кезде гамма және бета – сәулелену дозасының күші анықталады және де бета-сәуле фильтрленгеннен кейін жабық терезеде, тек қана гамма-сәулелену арқылы құралатын сәулелену қуаттылғы анықталады. Ішкі зақымдану барысында құрал көрсеткіштерінің қомақты айырмашылығы болмайды.Сыртқы зақымдалу артықшылығы болған жағдайда жабық тұрған кезге қарағанда терезе ашық тұрғанда радиометр тілдерінің ауытқуы барынша үлкен.Деактивацияның негізгі әдістері. Декативацияның негізгі мін- деті ластанған үстірттерді молекулалардан немесе РЗ қалдықта- рынан аз мөлшердегі концентрациялар мен жиынтықтардан тазалау және арнайы зираттарға көму. Дезактивацияның екі негізгі түрі бар: механикалық және физико-химиялық. Практикада оларды комбина- циясы түріндегі дезактивизация тәсілі қолданылады.Дезактивацияның механикалық әдісі: қағу, қағып-соғу, қағып түсіру, сыпыру, сумен жуу және т.т., атап айтсақ шаңды жою бойын- ша барлық шаралар.Дезактивацияның барынша қиын механикалық әдісі: ластанған үстіртті құм құю арқылы өңдеу, абразивті пасталарды, егеу шеңбер- лерін және т.т. пайдалану. Бұл әдісті қолдану барысында радиону- клидтермен қатар дезактивацияланатын материалдық үскі қабаты қырылады және қоршаған орта ластанады, оны пайдалануға шектеу қойылған.Дезактивациының физико-химиялық әдісі ластанған объек- тілерден РЗ жою процессін қамтамасыз ететін арнайы химиялық құралдарды пайдалануға негізделген және кейіннен олар ерітінді- ге айналады. Химиялық құралдар ретінде органикалық ерітінділер, үстіртті – белсенді жуу және кешен құрайтын құралдар мысалы СН-50 және СФ-2у препараттары қолданылады, аталған препарат- тар негізінде 0,15 – 0,3% дезактивация ерітінділері дайындалады. РЗ сұйық ортаны тазалау үшін араластыру, тұндыру, қайта айдау, суль- фокөмір немесе карбоферрогельді фильтрлер мен ионайырбастағыш шайырлар арқылы фильтрациялау қолданылады.БӨЛІМАПАТТЫ ХИМИЯЛЫҚ ҚАУІПТІ ЗАТТАРДАН ЗАРДАП ШЕГУ Фосфорорганикалық қосындылардан жіті улануФосфорорганикалық қосындылар (ФОҚ – хлорофос, карбофос, метафос, дихлорфос, трихлорметафос және ауылшаруашылығы мен тұрмыста жиі қолданылатын инсекцидтер ретіндегі у химикаттары (жәндіктерді жоюға арналған құралдар), акарицидтер (кенелерді жоюға арналған құралдар), фунгицидтер (өсімдіктердің зең аурула- рын қоздырғыштармен күресуге арналған құралдар), гербицидтер (арамшөптерді жоюға арналған құралдар), дефолианттар (өсімдік жапырақтарының түсуін туындататын құралдар), родентицидтер (кеміргіштермен күресуге арнлаған құралдар). Синонимі: фосфо- рорганикалық заттар (ФОҚ).У химикаттары жалпы пестицид атауына біріктіріледі (лат. pestіsоба, індет; грекшеcіdo – өлтіру). Олардың көбі адам мен жылықан- ды жануарлар үшін жоғары токсинді. ФОҚ барынша тиімді пести- цидтерге жатады.Тұрмыста фосфорорганикалық заттар жәндіктерге қарсы және бау-бақша учаскелері мен тұрғын үйлерді өңдеу үшін қолданылады. Дұрыс сақтамау, жоғары концентрацияда пайдалану, аталған зат- тармен жұмыс істеу барысында қорғаныс шараларын елемеу, бай- қаусыздан ішке пайдалану – ФОҚ уланудың басты себептері болып табылады. Атап айтсақ, карбофос немесе хлорофосты ішке қабыл- дадудағы өлу дозасы – 5г шамасында. У химикаттарымен жаппай улану ФОҚ өндіруші химиялық қауіпті объектілерде апат болған жағдайда орын алуы мүмкін. Ресей Федерациясында ФОҚ жіті ула- нудан зардап шегушілер токсикология орталықтарына барлық келіптүсушілердің 15% құрайды.ФОҚ құрамына маңыздылығы бойынша айырықша орын алатын аса қауіпті әскери әскери улаушы заттар – нервтік-параличтік әсер ететін улар (V-газдар, зарин, зоман) кіретінін атап өту қажет, олар- дың үлкен қоры әлемнің көптеген елдері әскерлерінің жарағында бар. Фосфорорганикалық заттар организмге тыныстау, ішек-қарын жолдары, тері арқылы өтуі мүмкін. Бұл қоспалардың токсиндік әсері холинэстеразды белсенділік пен мускаинді қоздырғын ацетилхолин- нің шамадан тыс жинақталуын және никотин рецепторлары қысы- мымен анықталады. Бұл гипергидрозбен (ағыл –тегіл тершеңдік), гиперсаливация (ағыл-тегіл сілекей бөлінуі), бронхория (бронхыдан ағыл-тегіл күкірт сұйықтығы бөлінуі), ринорея (мұрыннан ағыл-те-гіл сұйықтық бөлінуі), миозом (көз қарашығынығы тарылуы), қозу, гиперкинездер (қозғалу белсенділігінің артуы), клоникотониялық құрысулармен айқындалады.ФОҚ жіті улану және оның нышандарының көрінісі, олардың байланысы, туындау уақыты организмге түскен токсинді заттардың дозасына және уланған уақыттан бастап зардап шегушінің медици- налық көмекке жүгінуіне дейінгі уақытқа байланысты.Клиникалық картина. ФОҚ жіті улану барысында клиникалық интоксикация картинасы үш кезеңге бөлінеді.Бірінші кезең: алғашқы улану нышандармен түскен науқастарда байқалады. Зардап шеккендер токсинді заттармен уланғаннан кей- ін бас ауруы, бас айналуы, көру қабілетінің төмендеуі, жүрек ай- нуы жағдайларын айтады. Психомоторлы қозу, кеуденің тарылуы, демікпе, іш ауруы, құсу орын алуы мүмкін.Тексеру барысында миоз, тершеңдік, сілекей бөлінуі, біркелкі та- хикардия, артериалді қысымның көтерілуі көрсетіледі.Екінші кезең – құрысу кезеңі. Жіті улану картинасының дина- микалық дамуынмен сипатталады. Психомоторлы қозу тежелуге ауысады. Көз қарашығының жарыққа әсер етуі жоқтығымен миоз байқалады. Тершеңдік, сілекей бөлінуі, ринорея, бронхорея байқа- лады. Жекелеген немесе генерализацияланған бұлшықет фибрилля- циясы (бұлшықет талшықтарының дірілі) басым, клоникотонилық құрысу байқалады, бронхореяның көтерілуіне байланысты ты- ныстау бұзылады. Брадикардия байқалады. Зардап шегушілер ауру тенезмдеріне, нәжістің сұйықтығына, жиі несеп айдалуына шағымданады. Коматозды жағдай дамиды.Үшінші кезең – паралич кезеңі. Зардап шеккендер терең кома жағдайына түседі. Кенеттен көрінген миоз, тершеңдік, сілекейдің шамадан тыс бөлінуі, ринорея, бронхорея. Тыныстау бұлшықет- терінің әлсіздігі, тыныстау орталығының қысым көруі ұлғаяды және тыныстаудың тұтастай тоқтауына әкеліп соғуы мүмкін. Аяқ- қол бұлшықеттерінің параличі, артериальді қысымның түсуі, жүрек соғысының өзгеруі (брадикардия, фибрилляция) көрініс табады, нәтижесінде жүректің өткізгіштік қабілеті бұзылады.Жедел көмек. ФОҚ уланудан зардап шегушілерге жедел медици- налық көмек көрсету барысында емдеу құралдарының ішінде күшті антидоттары болуы:а) холинолитиктер, тежеуіш холинорецепторлар: атропин және атропинға ұқсас заттар;б) холинэстераз реактиваторлары: дипироксим, диэтиксим, изо- нитрозин.Жедел көмектің алғашқы іс шаралары – зардап шегушіні зарарлыаумақтан (ингаляциялық зардап шегу барысында) шығару және же- дел жәрдем шақыру. Дененің ашық жерлерін жылы сумен жуу және киімді ауыстыру. ФОҚ ішек қарын-жолдарына тусуі барысында асқазанды жуып тазалау, ішке красаки препараттары бар 2 таблетка қабылдау.Госпитольға дейінгі кезеңде тері астына 2-3мл 0,1% атпропин ерітіндісін енгізу, асқазанды екінші рет шаю, іш өткізетін дәрі қа- былдау, тазалау клизмасын қою қажет. Қозу барысында – бұлшықет- ке 10мл 25% сульфат магниін, 2мл 2,5% аминазин ерітіндісін енгізу қажет.Ауыз құрғауы және көз қарашығының кеңеюіне дейін қайталап атропин беріледі.Атропинмен бірге бұлшықетке холинэстераз реактиваторлары: дипироксим 1 – 2мл 15% ерітіндісі немесе изонитрозин 2 – 3мл 40% ерітіндісі салынады.Госпитализациядан кейін стационар тәртібінде белсенді детокси- кация жүргізіледі, антидотты емдеу жалғастырылады. Организмнің өмірлік маңызы бар қызметтеріндегі бұзушылықтарды қалпына кел- тіру және қолдау үшін симптомдық терапия жүргізіледі.Организмнің активті детоксикациясы:Асқазанды жуып тазалау (қайталау), майлы іш өткізу (вазелин майы және т.б.), сифонды клизмалар;фосфорлы диурез (несап айдау құралдарын енгізу);екінші және үшінші кезеңдерде – ерте гемодиализ, уланудан кей- ін алғашқы тәуліктерде - гемосорбция.Антидотты терапия мен жедел емдік шаралар көлемі улану (дәрежесіне) ауырлығына байланысты.Уланудың жеңіл түрі (бірінші кезең) жедел емдік іс шаралар көлеміне тері астына атропин (2 – 3мл 0,1% ерітінді), сонымен қатар бұлшықетке аминазин (2мл 2,5% ерітінді) және магний сульфатын (10мл 25% ерітінді) енгізу жатады. Атрипинизация ауыз құрғауы байқалғанға дейін алғашқы тәуліктер ішінде жүргізіледі.Уланудың екінші кезегіңде (құрысу кезеңі) жедел емдік іс шара- лар көлемі ұлғаяды және ұзақ уақыт жүргізіледі.Атропин (3мл 0,1% ерітінді) қайталап ішке бронхорияны тоқта- туға және шырышты қабықтың құрғауы пайда болғанға дейін глю- козаның 5% ерітіндісі енгізіледі.Орташа алғанда бұл жағдайда атропин ерітіндісі 25 – 30мл 0,1% қолданылады. Атропинизация 3-4 тәулік ішінде жүргізіледі.Гипертания мен құрысу нышандары айқын болса тері астына 1мл 2,5% бензогексония ерітіндісі, бұлшықетке – 10мл 25% магний суль- фаты ерітіндісі, көктамыр ішіне – 20мг седуксен енгізіледі.Холинэстераз реактиваторлары (дипироксим – 1мл 15% ерітіндісі, изонитрозин – 2мл 40% ерітіндісі) тек алғашқы тәуліктерде ғана бұл- шықетке қайталап енгізіледі.Уланудың үшінші кезеңінде (параличтер кезеңі) зардап шегушілер жа- санды тыныстау аппаратымен демалады. Атропин (30 – 50мл 0,1% ерітін- дісі) бронхореяны тоқтатқанға дейін глукозаның 5% ерітіндісі көктамыр ішіне тамшымен енгізіледі. Атропинизация 6 – 8 тәул. жүргізіледі.Уланудан кейінгі алғашқы тәуліктерде бұлшықетке холинэстераз ре- активаторлары: дипироксим – 2мл 15% ерітінді, изонитрозин – 3мл 40% ерітінді енгізіледі.Токсинді шокты қарқынды емдеу жүргізіледі. Бұлшықетке 300мг ги- дрокортизон енгізіледі. Инфекционды қиындықтардың алдын алу үшін антибиотиктер қолданылады.Барлық улану жағдайларында жедел емдеу шараларынан басқа зардап шекке адамның өмірін құтқару үшін организмнің бұзылған өмірлік маңы- зы бар органдарын қалпына келтіру және қолдау үшін симптоматикалық терапия жүргізіледі. Аммиакпен жіті улануАммиак – түссіз нашатырь иімі бар газ.Қабылдау шегі – 6 сағат- тық экспозиция барысында - 0,2мг/л, өлімге жеткізетін концентра- ция – 30 минуттық экспозиция барысында – 7мг/л. Аммиак газының уытын қайтартын зат – су. Аммиактың құрғақ қоспасы ауамен ара- ласқанда (4 : 3) жарылуыға қабілетті. Аммиак ауадан жеңіл, сон- дықтан да желдің бағыты бойынша ғимараттың жоғары қабаттарына көтеріледі.Аммиак суыту өнеркәсібінде, органикалық синтезде пайдаланы- лады, азотты тыңайтқыштар, маталарды бояуда және т.б. қолданы- лады. Кәріздерді тазалау, аппаратурадағы және құбыр желілеріндегі апаттар барысында аммиакпен улану қаупі туындайды.Аммиак суда жақсы ериді. Медицинада аммиактың 10% су ерітіндісі – нашатырь спирті қолданылады.Организмге у түсуінің негізгі жолы – тыныстау органдары, бірақ нашатырь спиртімен пероральді улану мүмкін.Аммиак пен нашатырь спирті тікелей химиялық күйік шалу ба- рысында шырышты қабық жасушаларын және теріні зақымдайды.Клиническалық картинасы. Аммиак буының 0,7мг/л кон- центрациясы көз қабыршағының, сыртқы тыныстау жолдарының шырышты қабатының тітіркенуін тудырады. Ринит, жөтел, кей жағдайларда жүрек айнуы көріністері байқалады. Бұл жағдайлар- дағы улану ұзақтығы 3 – 5 тәулік.Аммиактың бұдан жоғары концентрациясы көз жасаурауын, жарықтан қорқу, қабақтыу ісуі мен жабылуын тудырады, уақытша көздің көру мүмкіндігі жойылады. Қатты жөтел, кеуде қуысының тарылуы мен ауруы байқалады, жөтелу кезінде көпірікті қақырық шығады, цианоз, та¬хикардия білінеді; көмейдің ісуіне байланысты асфиксация туындауы мүмкін.Аммиакпен қатты уланудің клиникалық көрінісі – өкпенің токси- кологиялық ісінуі, әрі қарайғы уақытта зардап шегушіде пневмония дамиды. Жоғары концентрациядағы аммиак орталық нерв жүйесін қоздырады және құрысу тудырады. Жіті улану барысында өкпе мен көмейдің ісінуіне байланысты бірнеше сағаттан немесе тәуліктен кейін адам өлімі орын алуы мүмкін.Нашатырь спиртін жұту барысында көмейде, өңеш өткелі жо- лында, асқазанда қатты ауру туындайды; ағыл-тегіл сілекей бөлінуі, қанды аралас құсу, жөтел, тахикардия, коллапс байқалады; ауру шогы дамиды; көмей мен асқазаннан көп қан кетуі, жұту шеңберінің ісінуі мен күюі, сонымен қатар көмейдің рефлекторлық ісінуі нәти- жесінде механикалық асфиксия дамиды.Нашатырь спирті көзге түссе қатты ауру және конъюнктивтің ісінуі пайда болады, көздің мүйізгек қабығының бұлыңғырлануы дамиды, кейіннен көру қабілеті жоғалуы мүмкін.Нашатырь спирті теріге түссе эритема мен қабыршақ пайда бо- лып химиялық күйік туындатады.Жедел көмек. Аммиактан зардап шегуден қарсы антидоттар жоқ. Ингаляциялық улану барысында зардап шеккен адамды таза ауаға шығарып удың әсерін тоқтату қажет, денесін қысып тұрған киіммен босату, сода ингаляциясын жасау, ішке қабылдауға арналған сода қосылған жылы сүт ішкен дұрыс. Тұншығу барысында кислородты терапия жүргізіледі; дыбыс саңылауының спазмы туындаса мойын- ды жылу орайды, су инголяцияларын жасайды, жөтелге болса ішкі 0,015 г кодеин белгіленеді.Аммиакпен уланған зардап шегушілер міндетті түрде госпита- лизациялануы тиіс.Өндірісте апат болған жағдайда «К» және «М» маркалы өнер- кәсіптік фильтрлеуші противогаздар қолданылады.Аммиак концентрациясы өте жоғары болса оқшаулағыш проти- вогаздар мен қорғаныс киімдері пайдаланылады.Көз зақымдалған жағдайда бірден сумен жуады, көзге 30% аль- буцид ерітіндісін және вазелин майы тамызылады.Нашатырь спирті тері тисе зақымдалған теріні сумен жуу қажет, кейіннен 5% сірке су ерітіндісінен, лимон немесе тұз қышқылынан примочка басады.Нашатырь спирті жұтылса асқазан зонд арқылы жуылып та- зартылады және кейіннен – стационарға жедел госпитализация жасалады. Алдын ала аруды басқаннан кейін ғана жуу жүзеге асы- рылады, зондқа вазелин майы немесе сұйықмай жағылады. Асқазан- ды жуғаннан кейін зардап шеккен адамға кесек мұз, сүт беріледі.Стационарда аммиактан зардап шегушілер қатаң төсек ре- жимімен қамтамасыз етіледі, көмейдің ісінуі, механикалық асфек- сия, өкпенің ісінуі және инфекциялық қиындықтар дамуымен күрес бойынша іс шаралар жүргізіледі. Өмірлік маңызы бар қызметтерді қалпына келтіру үшін симптоматикалық терапия жүргізіледі. Хлормен жіті улануХлор – жасыл-сары түсті газ, «тікенекті» ісі бар. Қошқыл жа- сылсары сұйықтыққа жеңіл сұйытылады, ауада булану барысында су буымен араласып ақ тұманға айналады, ол ауадан 2,5 есе ауыр. Сондықтан да хлорлы бұлт жерге төмен ұшып, жел бағыты бойын- ша ойлар мен ойпат жерлерге (жертөлелерге, погребтер мен шұңқы- рларға және т.т.) «құйылып» жүре береді.0,001 – 0,006мг/л концентрациясындағы хлор біршама тітіркен- діргіш әрекет етеді, зақымдау концентрациясы- 0,01мг/л, өлім туды- руы мүмкін концентрация 1- сағаттық экспозицияда – 0,1 – 0,2мг/л. Хлор газының бетін қайтаратын зат – басылған инвесть.Соғыста алғаш рет қару ретінде хлор улау заты пайдаланылған; 1915 жылдың 22 сәуірі Ипр қаласының маңында герман әскерлері франсуз әсерлерінің тұрған жеріне желмен бағытталған газ ағыны арқылы (70 т. шамасында) баллондар шығарған. Бұл химиялық ша- буыл 7000 адамының зардап шегуінің себебі болған. Кейіннен хлор Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында кеңінен пайдаланылды, сондықтан да зақымдаудың клиникалық картинасы жақсы зерттел- ген.Осы уақытта хлор ҚУЗ ретінде қаралмайды. Дегенмен, аталған заттың миллиондаған тонналары жыл сайын өндіріліп, техникалық қажеттіліктерге – су тазалау үшін (2 – 6%), целлюлоза мен маталар- ды ағарту үшін (15% дейін), химиялық синтезге (около 65%) және т.т. пайдаланылады. Хлор өндіріс барысындағы оқыс оқиғалардың жиі себепшісі болады. Ауадаға хлор шоғырлануының көп бөлігі хи- миялық зауыт маңында құрылады.Хлор организмге тыныстау органдары арқылы өтеді. Концен- тратты парлармен демалу тыныстау жолдарының химиялық күюін және ларингобронхоспазм тудыруы мүмкін. Кенеттен өлу қаупі бар. Хлор үстіңгі тіндердің семуін тудырады, кейіннен токсикохимиялыққабыну, кейіннен оған қайта инфекциялану қосылуы мүмкін. Хлор- мен улану барысында бірінші кезекте үстіңгі тыныстау жолдары мен бронхының шырышты қабығы зардап шегеді. Концентрация күшті және ұзақ әсерлі болса төменді тыныстау жолдарының бөліктеріне тарайды. Сонымен қатар, хлор жүрек қызметі, тыныстау және қан тамылдарын қозғау орталықтарында рефлекторлы сипаттағы өз- герістер тудырады. Хлормен ингаляциялы зақымдалудың міндетті көрінісі бронхоспастық синдром. Хлормен оның қосындылары ДНК құрылымын бұзуға және денатурация тудыруы мүмкін.Клиникалық картинасы. Хлормен жіті улану кезінде зардап шегудің үш кезеңі байқалады: жеңіл, орташа ауыртпалықты және ауыр (қатты).Уланудың жеңіл деңгейінді бас ауруы, кеуде тұсының күюі, та- мақтың қырылдауы, құрғақ жөтел, тыныстаудың қиындауы, көздің ашуы, жасаурауы пайда болады. Конъюнктива мен жоғары ты- ныстау жолдарының шырышты қабатының гипере¬мия, мұрын- нан ұйыған зат бөлінуі байқалады. Бірінші тәулік аяқталған кезде мұрын іседі, мұрынмен тыныстау бұзылады, тыныстау минутына 20-24 ретке дейін жиілейді. Кеудеде шашырадны құрғақ, кей жер- лерде ылғалды қырылдар естіледі. Бронхиальді астма кезіндегідей тыныстаудың нашарлауы байқалады, бұл шағын бронхтардың тегіс мускулатурасының рефлекторлық спазмдарына байланысты. Бас ауруы мен төс астының және бірінші қабырға астының ауруы реф- лекторлық сипатта.Орташа ауыртпалықты улану барысында тұмау, тамақтың құрғауы және күюі, дауыстың қарлығуы, бас ауруы, көздің шаншуы, көздің жасаурауы, көкірек тұсының ауруы, құрғақ азапты жөтел, кей уақытта жүрек айнуы болады. Ауыз қуысының шырышты қабығы қанға толуы, мұрынмен тыныстаудың қиындауы мүмкін. Жұмсақ таңдай асты тілінің және қанауы және ұлғаюы, миндалина мен да- уыс желбезегінің ісінуі (толық жабылмауы). Дауыстың жоғалуы жиі кездеседі. Тыныстау жиілігі минутына 30 ретке дейін ұлғаяды, ай- қындалған цианоз байқалады. Өкпеде құрғақ ысқырық және ылғал- ды қырылдың көптігі естіледі.Жіті (қатты) улану кезінде токсинді бронхитпен қатар пневмо- ния нышандары да, кей уақытта өкпенің токсинді ісінуі де пайда болады. Жалпы жағдай ауыр. Клиникалық нышандары тұншығу, жөтел, кеуде тұсының ауруы. Психомоторлы қозу байқалуы мүмкін. Зардап шеккен адам қашу әрекеттенуі мүмкін, бірақ бірден құлайдықозғалыс ырғағы үйлестірілмейді; естен тану, құрысу пайда бола- ды, кома жағдайы дамиды.Хлормен уланудың алшақ зардаптары – тыныстау органдарыныңсозылмалы қабыну аурулары: созылмалы бронхит және өкпе эмфи- земінің дамуымен созылмалы пневмония, бронхоэктаттық аурулар.Жедел көмек. Хлормен улануға қарсы антидот жоқ.Дәрігер келгенге дейінгі көмек. Зақым алған адамға (ГП-5, ГП-7) противогаз кигізу және оны зарарлы аумақтан шығару. Зардап шеккен адамға толық тыныштық, жылдың суық мезгілінде суықтан қорғау қажет. Уақиға орын алған жерде қолдан демалдыру және кис- лород ингаляциясы жасалмайды.Госпитальға дейінгі кезеңде медициналық көмек көрсету. Зардап шегушіге эфедриномы бар новокаин аэрозолінен ингаля-ция, жылы сілті ингаляциясы белгіленеді; көзді, мұрын қуысы мен ауызды 2% ауыз сумен сода ерітіндісімен жуу. Ішу үшін сода қо- сылған жылы сүт, кофе беріледі. Көзге 1% новокоин ерітіндісін,30% альбуцид ерітіндісін, 1 – 2 тамшы стерильді вазелин майы тамызылады.Интоксикация мен бронхоспазм көріністерін тоқтату мақсатында тері астына 1мл 0,1% атропин ерітіндісі, 1мл 5% эфедрин ерітіндісі, 2мл 1% димедрол ерітіндісі, көктамыр ішіне – 15мл 10% кальций хлориді ерітіндісі беріледі. Ауру шогы дамуының алдын алу үшін тері астына 1мл 1% морфин ерітіндісі беріледі.Хлормен улану барысында зардап шегуші міндетті түрде госпи- тализациялануы тиіс. Зарарлы аумақтан және стационарға эвакуаци- ялау жату қалыбында жүзеге асырылады.Иісті газдан жіті улану Иісті газ (көміртегі монооксид, CO) құрамында көміртегі бар заттардың толық жанып кетпеуіне жағдай жасалған жерлерде кезде- седі. Ол көптеген өнеркәсіп газдарының құрамына (доменді, генера- торлы, коксты) кіреді, автомобильдердің пайдаланылған газдарында (14% дейін) кездеседі, өрт кезінде туындайды.Көміртегі монооксиді – түссіз газ, иісі жоқ, суда ерімейді, көгіл- дір түсті жалынмен жанады. Өндірістік жайлардағы РШК (рұқсат берілген шектеулі концентрациясы) 20мг/м3 (0,02мг/л). Бұдан жоға- ры концентрацияда арнайы қорғаныс құралдарынсыз жұмыс істеуге тиым салынады.1 сағаттық экспозициядағы өлім қауіпі бар концентрация СО 2мг/л және 5 минуттық экспозициядағы өлім қауіпі бар концентра- ция 5мг/л3 сағаттық экспозицияда 0,2мг/л концентрациясы улану туғыза- ды, бүл жағдайда адам есінен танады. Ауадағы концентарция 0,4% жоғары болса өлім қаупі барИісті газдардан қорғану құралына «СО» маркалы өндірістік фильтрлеуші противогаздар жатады. Қорғаныс құралы ретінде гоп- калитті патроны бар дағдылы азаматтық ГП-5 (ГП-7) противогазы пайдаланылуы мүмкін. Аса жоғары концентрацияларда оқшаулағыш противогаздар (оларды өрт сөндірушілер пайдаланады) қолданыла- ды. Көміртегі монооксидімен уланудың негізгі себептері:өрт кезінде түтін жұту;жабық гаражда жұмыс істеу кезінде қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған автомобиль шығарған газды жұту;жылыту пешінің дұрыс жұмыс істемеуінен, қазандықтарда және т.б. жерлерде «иіс тиюі» мүмкін.Көміртегі монооксидімен жіті улану ингаляциялық уланулар арасында басты орын алады. СО-ның организмге өту жолдары – ты- ныстау органдары. Токсинді концентрацияда организмге әсер етуі барысында – жалпы гемотоксинді және гипоксинді әрекет етеді.Угарлы газбен улану механизімі оның қан гемоглобинімен өзара әрекет етуіне негізделген, нәтижесінде кислородқа шамасы жетпейтін карбоксигемоглобин туындайды. Тіндердің (кислород жетіспе- ушілігі) гипоксиясы дамиды. Зардап шегушілер жағдайының ауыртпалығы қандағы карбоксигемоглобинға байланысты. Лабора- ториялық зерттеулер: қандағы карбоксигемоглобин концен¬траци- ясы 20% асса жалпы ми симптоматикасы (бас ауруы, бас айналуы, жүрек айнуы); концен¬трация 50% шамасында болса жіті улану картинасы; концен-трация 60 – 70% жетсе естен тану, құрысу, ты- ныстау және жүрек – тамыр жүйесі қызметінің бұзылуы байқалып өлім жағдайына әкелуі мүмкін. Қандағы карбоксигемоглобин кон- цен¬трациясы жалпы гемоглобин мөлшерінен 50% құраса өлімтуындайды.Клиникалық картинасы. Көміртегі тотығымен улану екі нұсқа- да өрбиді: шапшаң және баяу.Жіті уланудың шапшаң нұсқада өтуі СО аса жоғары концен- трациясының әсер етуінен байқалады. Зарарлы ауамен бірнеше ты- ныс алғаннан кейін зардеп шегуші есінен танады және конвульсия жағдайы көрініс тапса құлайды. Кей жағдайда бірден өледі және зардап шегуші өмірінің соңғы минутындағы қалыпта қатып қалады.Баяу өрбуі нұсқасында (типті нұсқада) уланудың жеңіл, орташа және ауыр кезеңі айқындалады.Жеңіл улану сатысында самай және бастың маңдай маңы ауыра- ды, жиі байқалатын нышаны («обруч» симптомы), самай солқылда- уы, бас айналу, әлсіздік, тәлтіректеп жүру, жүрек айнуы, құсу, жүрек соғуы, демікпе. Уланудың бастапқы кезеңінде эйфория байқалады, соңынан қозғалыс қозуы ілеседі.Орташа дәрежелі улану барысында жоғарыда көрсетілген сим- птомдар күшейе түсіп, оған бұлшықет әлсіздігі қосылады, адинамия дамиды, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады, эйфория ұйқы басумен, қоршаған ортаға селсоқтықпен, есеңгіреу жағдайымен жалғасады, аз мерзімді естентану мүмкін.Иісті газбен улануға тән нышан – тері жабынының алқызыл түскен енуі. Жиі, әлсіз тамыр соғысы, артериалді қысымның төмен- деуі, демікпенің айқындалуы.Уланудың жіті сатысында кома дамиды.Көз қарашығы кеңейіп, жарықты елемейді. Уақытша клонико- тондық құрысу байқалады. Тыныстау ырғағы бұзылады: терең ты- ныстаудан кейін ұзақ кідіріс орын алады. Өкпе ісінуі дамиды. Тамыр соғысы жиі, тізбектелген.Бұндай жағдай бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін со- зылуы мүмкін және көптеген жағдайларда тыныстау орталығыны параличіне байланысты өліммен аяқталады.Сәтті жағдайларда ауыр деңгейлі уланудан сауығу көптеген ап- таларға созылуы мүмкін және бірақ толық жазылу мүмкін емес. Жиі кездесетін асқыну түрлері – амнезия, көру, есту, дәмді сезіну қабілеттерінің бұзылуы, психоздар, ауыр пневмония және т.б.Дәрігер келгенге дейінгі жедел көмек. Зардап шегушіні таза ауаға шығару, тар киімін босату, бетіне суық су шашу, нашатырь спиртін иіскету. Жедел жәрдем бригадасын шақырту. Мүмкіндігін- ше 2-3 сағ. аралығында үздіксіз кислород ингаляциясын жасау.Толық көлемдегі медициналық көмек Ауыз қуысы мен жоғарғы тыныстау жолдарын шаю, кислород ингаляциясын жалға- стыру. Қолдан демалдыру аппаратын (өкпенің ісінуі барысында қолдануға болмайды) қолданып қолдан демалдыру жүзеге асырыла- ды. Стационарға госпитализация жасалғаннан кейін өкпе ісінуінің профилактикасы және емдеу (несепнәр, лазикс енгізіледі) жүр- гізіледі. Организимнің энергиялық шығындарының орнын толтыру мақсатында көктамырға 5 – 10% 2 ЕД инсулині мен Вх В6, С бар глюкоза егіледі. Жүрек-тамыр құралдарын енгізу (камфор, кофе- ин, кордиамин) ұсынылған. Қозу мен құрысу көрінісі айқын болса2% хлоралгидрат ерітіндісімен клизма жасалады, тері астына 1мл 1% промедол ерітіндісі, бұлшықетке 2мл 2,5% аминазин ерітіндісі егіледі. Пневмонияның алдын алу үшін антибиотиктер белгіленеді. Иісті газбен улану кезіндегі тиімді емдеу әдіс гипербари оксигена- циямен емделу. Оны аталған зақымдалу түрінде арнайы антидоттық терапия ретінде қарайды, ол карбоксигемоглобин диссоциацын 10- 15 есе жылдамдату және плазмада еркін еріген кислород мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін береді. Гипербари оксигенациясы 50-60 мин.атм қысыммен кислород толы барокамерада жүзеге асырылады. Көміртегі монооксидімен уланған тұлға сауығу кезінде дәрі-гердің бақылауында болуы қажет. Хлорорганикалық қосындылармен улануХлорорганикалық қосындылар (ХОҚ) – гексахлоран, гепта¬хлор, ДДТ – адам өміріне төндіретін қауіптілігі бағаланғанға дейін ұзақ мерзімде инсектицидтер ретінде ауылшаруашылығында кеңі- нен қолданылған. Организмге түскен жағдайда психотропты және ней-ротоксинді (сіңір тартылуы) әсер етеді (ересектер үшін ішке қабылдаған кезде 30 г, балалар үшін дене салмағына 150мг/кг өлім дозасы), сыртқы ортаға аса жоғары тұрақтылыққа ие. Улану ауызға түсу, парлармен тыныстау, аэрозольдер, теріге тию арқылы дамиды. Балалар ерекше селзімтал. Препараттар май тіндеріне тез сіңіріліп, депондайды, нәжіс (40 – 50%) пен несеп арқыры баяу шығарылады. Клиникалық картинасы. Диспепсиялық аурулар басым, іс ау- руы, жалпы әлсіздік, бұлшықет гиперестезиясы, температураның көтерілуі, өткір трахеобронхит (ингаляци¬ялық улану барысында), қозу, гиперкинез түрлі діріл, балтыр бұлшықеттерінің тартылуы, клоникотониялық сіңір тартылуы. Ауыр жағдайларда паралич саты- сы дамиды – бұлшықет әлсіздігі, рефлекстердің төмендеуі, сопороз- ды жағдай, өткір жүрек-тамырлары жетіспеушілігі (коллапс), тыныс тарылуы. Токсинді гепатопатия дамуы мүмкін. Теріге түсу барысын-да – дерматит, экзем, есекжем көрініс алады.Жедел көмек. Зонд арқылы асқазанды қайталап жуып тазалау, тұзды іш өткізгіш қабылдау.Қанның сілтіленуі арқылы диурездің жылдамдауы. ХОҚ қарсы андидоттар жоқ.Симптоматикалық терапия. Көктамырға кальций глюконат10мл 10% ерітіндісін, кальций хлориді – 10мл 10% ерітіндісін енгізу. Никотин қышқылы – 3мл 1% ерітіндісі бұлшықетке қайта- лап беріледі. Бұлшықетке Вх – 2мл 5% ертіндісі, B12 – до 600 мкгдәрімені. Сіңір тартылғанда бұлшықетке 2мл 0,5% диазепам ерітін-дісі. Адреналин берілмейді! Гипохлоремиямен емдеу: көктамырға 10 – 30мл 10% натрий хлориді ерітіндісі енгізіледі. Қышқылдармен және сілтілермен улануКүшті қышқылдар (органикалық емес – тұзды, күкірті, азотты және басқалары; органикалық – сірке сулы, қымыздықты және т.б.)көптеген халық шаруашылығы салаларында кеңінен қолданылады. Сірке су және қымыздықты қышқылдарды адам күнделікті тұрмыс барысында қолданады. Қымыздықты қышқыл тотты тазалауда пай- даланылатын бірқатар тұрмыстық химия құрамына кіреді.Ішке қабылдау барысындағы күшты қышқылдардың өлім дозасы– 30 – 50мл.Сілтілер сабын, жуу құралдары өндірісінде, химиялық синтезде кеңінен қолданылады. Ерекше қауіпті өткір натр NaOH (каустик со- дасы, каустик), өткір кали КОН (поташ), басылған (өткір) известь Са(ОН)2, өткір барий Ва(ОН)2. Аталған қосындылар – қатты кристалзаттар, суда жақсы ериді. Қауіпті сілтілер тобына нашатырь спиртіNH4OH – 10% аммиактың судағы ерітіндісі де жатады.Қышқылдармен және сілтілермен жіті улану қатты тұрмыстық ин-токсикациялардың кеңінен таралған түрлерінің бірі. Патология ерек- шелігі - аталған заттардың ішек-қарын жолдарының және жоғарғы тыныстау жолдарының шырышты қабығын күйдіру нәтижесінде химиялық этиология күйік ауруының дамуы. Химиялық агентпен өзара әрекет сипатына байланысты шырышты қабықтан коагуля- циялы некроз (сему) дамиды, ақуыздар тұқырған кезде шырышты қабат пен беткі жерде – қышқыл радикалдардың (қышқалдар) өза- ра байланысы барысында немесе коликвациалы некроз (сілтілердің әсері барысында) тіндердің сұйықтылығы орын алады. Бұлшықет қабатының қышқылмен уланып зардап шегуі барысы дамымайды, себебі коагулянған ақуыз қышқылдың әрі қарай сіңірілуінен сақтай- ды, шырышты қабаты құрғақ, айқын. Әрекет ету барысында сілті процесі барынша тереңге таралады, шырышты қабығы іскен, бор- пылдақ.Органикалық қышқылдармен улану барысында (атап айтсақ сіркесулы) қышқыл радикалдардың әрекет етуі сылтылерге ұқсас. Тұрмыстағы қышқылдармен уланудың 70% уксус эссенциясынан. Барынша зардап шегетін учаскелер ауыз қуысы, көмей, өңеш, асқа- занның пилориялық бөлігі. Асқазанның шырышты қабаты қышқыл- дардың әрекет етуі барысында барынша зардап шегеді. Ішек төмен деңгейде зақымданады, себебі бейтараптандыру факторы (сілті заты) бар. Көбіне сілті әсерінен өңеш зардап шегеді. Күйік шалу деңгейін анықтау нақты қиындықтар туғызады. Ауыз қуысының, өңеш пен көмейдің, асқазанның күйік шалуы дене бетінің 30% сәйкес келеді.Қанға сіңу әрекеті күйік шалудың тереңдігі мен ұзындығына бай- ланысты. Органикалық қышқылдар қанға барынша тез сіңсе, күшті органикалық емес қышқылдар – ақырын сіңеді. Қышқыл немесе сілті радикалдарын енгізу барысында күйік маңын айналып жүретін қанның рН өзгерістері орын алады. Қышқыл радикалдар – эритро-цит қабықшаларының ісінуін тудырады, олар жарылады, нәтижесін- де еркін гемоглабиндер плазмаға шығады – гемолиз және гемикалық гипоксия дамиды.Клиникалық картинасы. Қышқылдар мен сілтілер ішке түскен- нен кейін химиялық этиология күйік шалу ауруының клиникалық картинасы дамиды, оған бес негізгі клиникалық синдром тән.Зардап шегушілерде байқалатын түрлі дәрежедегі және ұзақтықты асқорыту жолдарының күйіктері. Күйік жұтуді ауырсы- ну, өңештен тамақ өту барысында ауырсыну арқылы білінеді. Асқа- занды күйік шалса – эпигастральді аймақ ауырады, кей кезде құрсақ қабырғасының бұлшықеттеріне күш түсуімен, құрсақ қозуы (реак- тивті перитонит) көрінісімен жалғасады. Шеңберлі аурулар, несеп- тегі диастаздардың көтерілуімен, ішектегі парезбен көрініс табатын реактивті панкреатит орын алуы мүмкін.Жеңіл және орташа ауыртпалықты күйіктер шырышты қабықтың толық қалпына келуімен аяқталады, сирек жағдайларда орташа ауы- ртпалықты күйіктен кейін созылмалы үстірт гастрит дамиды.Жіті күйік шалу ерекшелігі – жіті қабыну процесі асқазанда жара орны дефромациясының дамуымен созылмалы болуы немесе ато- рофиялы созылмалылыққа, сирек жағдайда гипер¬трофиялық га- стритқа айналуы мүмкін.Күйген шырышты қабықтың, плазмотерийдің тітіркенуінен туындап айқындалған ауру факторы, сонымен қатар экзотоксиндішоктың дамуына әкелетін өткір метаболикалық ацидоз.Шок клиникалық симптоматика сипатында өтеді: қозу, артери- алді қысымның көтерілуі, ерін, бет цианозы, акроцианоз (шоктың эректильді фазасы, оның ұзақтығы ауру факторның ұзақтығына байланысты) тежелуге, тері жабынының мрамор түсті болуына, тахикардияға, артериалды қысымның төмендеуіне, қан айналымы көлемінің төмендеуіне (шоктың торпидті фазасы) ауысады.Алғашқы тәуліктерде өңеш пен асқазаннан қан кетуі мүмкін (ерте қан кету), дегенмен гастрокипиялық зерттеулер барысындақан құйылу арқылы шырышты қабықтың диффуздық зақымдануы табылды.Сірке су эссенциясымен улану кезінде, аталған препаратты қабылдағаннан кейін алғашқы қан кетулер байқалады, олар ұзақ уақытты болмайды, қанның гиперкоагуляция дамуы гемостаздың жылдам басталуына ықпал етеді.Кеш өңеш – асқазан қан кетуі алғашқы аптаның соңында, кей кездері үшінші аптада білінеді; олар қансыраған язвалардың пайда болуы арқылы күйік шалған жерден некротикалық учаскелерді шет- тетумен байланысты.Дем жетіспеушілігі – көмей күюі және дәнекерлеу аппараты- ныңісінуі нәтижесінде бірінші-екінші тәуліктерде механикалық ас- фиксия дамуы мүмкін. Демікпе, цианоз және басқа да жедел трахе- остомия жасауда талап ететін механикалық асфиксия нышандары.Бұдан кеш мерзімде ауыр жөтелге және жоғарғы тыныстау жол- дарының күюіне байланысты өкпенің дренажды қызметі бұзылуы нәтижесінде трахеобронхиттер мен пневмония, күйген көмей үсті қызметінің бұзылуы нәтижесінде аспирациялар дамиды.Резорбтивті әрекеттің айқындығы барысында (уксусты және органикалық қышқылдар) гемолиз, несеп түсі өзгеруінің клиника- лық көрінісі орын алады, несеп қызыл, қошқыл, шие түске боялады. Жедел көмек. Интоксикацияның негізгі синдромдарын емдеуге бағытталған симптоматикалық терапия және токсинді заттар ертекетіруге арналған шаралар.Вазелин немесе сұйық май жағылған қалың зондтың көмегі арқылы 12-15л. суық сумен асқазанды жуу. Асқазан ішінде қан бо- луы асқазанду жууға кедергі болмайды. Жуу алдында тері астына 1мл 2% промедола ерітіндісін, 2мл 2% папаверин ерітіндісін, 1мл 0,1% атропин ерітіндісін енгізеді.Ауырсыну синдромын емдеу барысында тәулігіне 3 рет тері астына есірткілер (морфин, промедол, омнопон) по 1мл., тәлігіне 6-7 рет тері астына холинолитиктер (1мл 0,1% атропин ерітіндісі, 2мл% папаверин ерітіндісі, 1мл 0,2% платифиллин ерітіндісі), тәулі- гіне 2- 3 рет көктамырға глюкоза-новокаин қоспасы (500мл% глю- коза ерітіндісі, 50мл 2% новокаин ерітіндісі) енгізіледі. Серативті әсер айқын болса көктамырға галоперидол 5мг (1мл 0,5% ерітіндісі) және есірткі (1мл омнопон, промедол) немесе 0,1мг фентанил (2мл 0,005% ерітіндісі) және 5мг дроперидол (2мл 0,25% ерітіндісі) тәулі- гіне 2 – 3 рет 20мл 5 – 40% глукоза ерітіндісімен беріледі.Күю шогын емдеу барысында орталық көктамыр қысымы мен қан айналымы көлемін бақылау арқылы полиглюкин, реополиглю- кин, гемодез, плазмалар, глюкоза ерітіндісін, натрий хлоридінің изо- тоникалық ерітіндісін енгізу жолымен қан айналымының көлемін қалпына келтіруге ерекше көңіл бөлінеді. Енгізілетін ерітінділердің жалпы көлемі тәулігіне 10-15л. жетуі мүмкін. Жүрек – тамырлар құралдары енгізіледі, паранефральді блокада, солжақты вагосимпа- тиялық блокада жасалады.Гемолизбен емдеу 500 – 1000мл 10% және 20% глюкоза ерітін- дісін, 500 – 1500мл 4% натрий гидрокарбо¬наты ерітіндісін енгізу. Еркін гемоглабинді шығару үшін жедел бүйрек жетіспеушілігінің профилактикасы мақсатында несепнәр, моннитол, фуросемид енгізуарқылы алдын ала су жүктемелерінен кейін жылдамдатылған (осмо- тикалық) диурез жасалады.Күйген үстіртті жергілікті емдеу үшін әр сағат сайын ішке 20мл микстура (200мл 10% күнбағыс майының эмульсиясы, 2 г ам- пициллин, 2г анестезин) беріледі.Өңеш пен асқазан шоры деформациясының алдын алу мақсатын- да үш апта бойына антибиотиктер (тәулігіне 6-8 рет пенициллин 500 мың Бірл.), гормоныдар (бұлшықетке тәулігіне 1-2 реттен 50-150мг преднизолон), спазмолитиктер (1мл 0,1% атропин ерітіндісі, 2мл 2% папаверин ерітіндісі, 1мл 0,2% платифилли ерітіндісі тәулігіне 4-6 реттен тері астына беріледі).Теріні химиялық күйік шалу. Қышқылмен немесе сілтімен зақымдалған жағдайда теріні ағып тұрған сумен жуады. Қышқыл- дан күйік шалған жағдайда теріге 4% натрий гидрокарбонаты ерітін- дісіне батырылған стирильді салфеткалар басылады; сілтіден күйік шалу кезінде уксус, лимон немесе тұз қышқылының жай ғана 1 – 2% ерітіндісіне батырылған салфетка басылады.Шок дамуының алдын алу үшін ауруды басатын құралдар егіледі (анальгин, промедол, пантопон). Шок болған жағдайда шокқа қарсы емдер қолданылады.Көзді химиялық күйік шалу. Бұл сияқты күйіктер, ісіресе сіл- ті күйіктері көздің тереңдегі тіндеріне зақымдайтын заттың тез енуімен ерекшеленеді. Сілті күйігі шалғаннан кейін 15 мин. ішінде металдардың иондары алдыңғы камера ылғалында және көздің те- рең тіндерінен табылады және қайтарылмас өзгеру туғызады. Сіл- тіден күйік шалу тіндердің терең некрозына байланысты өте ауыр өтеді.Сілтіден күйік шалу кезінде алғашқы сағаттарда және кейінгі күндері олардың ауыр еместігі илюзиясы туындайды, бірақ кейін- нен зақымдалу тереңдігі мен ауырлығы анықталады. Көздің күйіп қалуы қабақтың және көз алмасы бар қабақтың сығыраюына, қа- бақтың тіртікті айналуына, өрескел көз сүйеліне, тіптен көздің ке- туіне (көздің мүлдем кормеуі) әкелуі мүмкін.Сілтілермен, қышқылдармен және басқа да агрессивті химиялық заттармен күйік шалудың клиникалық ағымының ерекшелігі же- дел медициналық жәрдем көрсету барысында принципиалды түрде маңызды емес. Ең маңыздысы зардап шегушіге шұғыл және белсен- ді алғашқы көмек көрсету.Жедел көмек көзді ағып тұрған су астында шұғыл, ұзақ, мұқият жуу – міндетті түрде көз қабағы ашық және сыртына айналдырылып жуылу керек. Осыдан кейін конъюктива қуысына бейтараптырандыра- тын ерітінділермен жуу ұсынылады: қышқылмен күйін шалса натрийгидрокарбонатының – 2% ерітіндісі, егер сілтімен күйік шалынса – 2% бора қышқылы ерітіндісі немесе 0,1% уксус қышқылы ерітіндісі.Емдік мақсатта көзге 20% альбуцид ерітіндісін, фурацилин 1: 5000, 10% сульфапиридазин, 0,3% гентамицин, пенициллин тамызу, қабаққа антибиотиктері бар жақпамай басу немесе вазелин майын тамызу ұсынылады. Ауырсынуды басу үшін коъюктива қуысына анестетиктер, 20% глюкоза ерітіндісі енгізіледі. Барлық тамшылар әр 5-10 мин сайын тамызылады, (әр 2 сағатта) қабаққа жақпамай басылып, шырғанақ майы тамызылады.Көзге тұрмыстық химия препараттары түссе сумен жуудан басқа алғашқы көмек көрсетілмейді.Көздің қышқылдармен және сілтілермен зақымдануы барысында ауруды басу, жергілікті және жалпы шокқа қарсы іс шаралар, инфек- ционды өршулердің алдын алу көздің барлық күйігін шығару прин- ципі бойынша жасалады.Қажетінше зардап шегуші көз дәрігеріне бағытталады. БӨЛІМЖОЙҒЫШ УЛАУ ЗАТТАРЫМЕН, УЛАРМЕН ЖӘНЕ ТОКСИНДАРМЕН ЗАҚЫМДАНУ Химиялық қару туралы қысқаша мәліметтер Жоғары токсинді химиялық заттарды және аса қауіпті биологиялық агенттерді алу осы уақытта шешуін таппас мәселе болып есептелмейді. Ең қиыны техникалық проблема – аталған заттарды сақтау үшін (пор- тативті және жай чемодандарға, жол сөмкелері мен азық-түлік пакет- теріне ұқсас) сенімді құрылғы жасау.Жойғыш улы заттар – террористік топтар мен терроршыл елдердің қару түрлері. Атап айтсақ, бұған Токио метрополитенінде «Аум Сенри- ке» діни тобының заринді пайдалануы куә: бұл улағыш заттың аздаған ғана бөлігі көптеген адамдардың зардап шегуін тудырды.Иран-ирак қақтығысы барысында екі тарап та шабуыл және қорға- ну операциялары барысында улағыш заттарды кеңінен пайдаланды.Кейінгі кездері әлемде радикалды элементтердің террористік мақ- сатта улы қатты әрекет ететін заттарды пайдалану жағдайы ұлғайғаны байқалады. Терроризмнің бұл түрі ең үлкен әлеуметтік қауіп төндіреді. Қауіпті заттар қорқыту мақсатында да және жасырын террористік ак- тілердеде қолданылуы мүмкін, бұл ерекше қорқыныш тудырады.Осы уақытта химиялық қарудың террористердің қолына түсуінің бірнеше мүмкіндіктері бар:әскери қоймаларды және арсеналдарды, тиісті профильді зерттеу институттарын; химияға қарсы қорғаныс құралдарын өндірумен айна- лысатын кәсіпорындарды тонау;өндіріс, сақтау және сату саласында (жоғары токсинді инсектици- терді, гербицидтерді, А тобындағы фармацевтік препараттарды және т.т.) алу;сауда желісі бойынша жеке химиялық қорғаныс құралдарын (мыса- лы газ баллоншалары) алу;астыртын зертханалық жағдайда химиялық заттарды заңсыз дайындау. Сонымен, террористік элементтерге арналған қызмет алаңы өте кең және радикалды элементтердің химиялық қаруды пайдалану мүмкін-діктері көбейе түседі.Ресейдегі және басқа да шетелдердегі террористік қауіптің барлық факторларын есепке ала отырып қолдағы улағыш заттардың қорын сақтау қауіпсіздігіне және сақтау объектілеріне террористік акті жаса- луын болдырмау мәселелеріне ерекше көңіл бөлу қажет. Дегенмен, бір- де бір мемлекет УЗ (улағыш заттар) ұрлануын және оларды пайдалана отырып террористік актілердің жасалуын болдырмауға толық кепілдік бермейді.Бұдан бөлек, террористік елдер мен жекелеген құрылымдардың заманауи УЗ өндіруін есепке алмауға болмайды. Осы уақытта әлемде пестицидтардың жүздеген түрлері пайдаланылады. Олардың арасында жәндіктерді өлтіруге арналған инсектицидті құралдар да бар. Көптеген елдерде адам өміріне қауіп төндіретін заттарды өндірістік масштабтар- да шығарады.Жүйелі инсектицидтер ауылшаруашылығында қолданылады, бұл улаушы заттардың азық түлік арқылы организмге түсу мүмкіндігін ұлғайтады. Сонымен бірге аталған заттар өзінің токсиндік қасиеттерін апталар, айлар бойына сақтайды, липидтарда жақсы ериді және тері жабыны арқылы өту барысында жоғары токсинді болады.Аталған заттардың токсиндік қабілеттерін назарға ала отырып, оларды адам мен жануарлар тамағына пайдаланылатын өсімдіктерді және сукөздерін залалдандыруға қолдануды болжауға ғана болады. Бұл заттарды пайдаға айналдыру аса қиындық тудырмайды, ол тыныстау және шырышты қабық арқылы организмнің зақымдануына әкеледі. Осының бәрі түрлі елдердің үкіметтерін химиялық кәсіпорындарды жарып жіберуге қабілетті террористердің мүмкіндіктерін есепке ала отырып антитеррорлық іс шараларды жоспарлауға итермелейді. Бұн- дай терактілердің зардаптарын алдын ала білу мүмкін емес, бұл жер- де тек қана адамдар ғана емес, жануарлар, топырақ, атмосфера және суқоймалары уланады.Химиялық терроризм – терроризмнің жаңа және қауіпті түрі, олкейіннен кеңінен таралуы мүмкін, себебі химиялық қару арзан және оны дайындау қиын емес. УЗ синтезі бұрыннан белгілі және Интер- нет арқылы жеңіл табуға болады.Бірқатар себептерге байланысты ықтимал террористер үшін хи- миялық қару аса тартымды.Қолжетіміділік бағасы арзан болуы және химиялық қарудың компоненттерін заңды түрде алу мүмкіндігі (сарапшылар арасында«тыңайтқыш-қару» деген терминде бар).Құқықтық тәртіп сақтаушылар тарапынан еш күдік туғыз- бастантеракт өткізілетін жерге қару компоненттерін жеткізу мүмкіндігі.Тіптен қажетті біліктілігі жоқ тұлғаларға да химиялық қару компоненттері ретінде кейбір улы заттарды дайындауға мүмкіндік беретін ақпараттардың (соның ішінде ақпараттық желілер арқылы) қолжетімділігі.Террористік пайдалану барысында, әсіресе мегаполис жағдай- ларында, химиялық қарудың көп мөлшерде зақымдау қабілеттілігі.Химиялық қарудың көптеген адамдар арасында қорқыныш пен дүрбелең тудыруымен ілесетін жоғары «психологиялық жүктеме.Химиялық қарудың бұл қасиеті замануи жағдайларда химиялық терроризм қаупі ұлғаюына қолғабыс етеді.Бұл қауіптің өсуі, террористердің өз билігіне өндірістік улағыш заттарды алуы және оларды терроризм акцияларында құрал ретінде пайдалануы мүмкіндіктерінің кеңеюуімен қиындай түседі. Қауіпті хи- миялық заттарды басып алу жеткізу кезінде, өндіріс орындарында не- месе сақталатын жерлерді орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, мықты террористік топтар нарықта еркін сатып алуға болатын химикаттардан жойқын химиялық заттар құрау үшін арнайы мамандар тартуы мүмкін.Химиялық террордың мақсаттары: жекелеген тұлғаларды физикалық жою;азаматтық тұрғындар арасында дүрбелең туғызу;басқару, әскери, әлеуметтік және экономикалық инфроқұрылым нысандарының қызметін тежеу;адамдар мен материалдардың ресурстарын жою; аумақты (мемлекеттік) басқаруды уақытша жоғалту.Шетелдік мамандар химиялық және биологиялық террор құра- лы ретінде аса қауіпті инфекцияларды қоздырғыштар негізіндегі рецептуралар мен улағыш заттарды қарастырады. Сараптамалық болжам бағасы бойынша «бағасы мен тиімділігі» критериі бойын- ша кеңауқымды операциялар 1 км2 зақымдау қалыпты қару түрлерін пайдалану барысында 2000 долл. шамасында, ядролық қару – 800 долл., жүйке-пралитикалық улы заттар – 600 долл. және де биоло-гиялық қару 1 долл. Қанадалық стратегиялық сараптау Орталығы химия-биологиялық терроризмнің 200 астам жағдайын қарастырған және теракті жасау барысында көптеген жағдайларда токсинді гер- бицидтер мен инсектицидтерді; күшті әсер ететін улы заттар – хлор, фосген, синильді қышқыл және т.т.; улағыш заттар – зарин, зоман, VX, иприт; психогенді және есірткі заттары; қауіпті ауру қозды- рғыштары – сібір жарасы, табиғи оспа, туляремия және басқалары; табиғи улар мен токсиндер – стрихнин, рицин, бутулотоксин пайда- ланылатынын көрсетті.Химиялық қарудың кең таралуы мен оның запастарының болуы олар- дың террорлық ұйымдарының қолына түсу ықтималдығын ұлғайтады. Сонымен қатар, химия және әскери –химиялық технологиялар саласын- дағы білімді жан-жақты тарату бірқатар террорлық ұйымдардың астыр- тын зертханаларында жеке заманауи жоғарытоксинді улағыш заттарды құрастыруға әкелгенін есепке алу қажет.Қандайда бір түрлі маңызды химиялық инциденттер жиі орын ала- тын болды. Великобританияда соңғы алты ай мерзімінде 704 химиялық инцидент орын алды, оның үшеуінде 50-ден астам адам зардап шекті.Европада кеңауқымды инциденттер де болды, мысалы 2001 жылдың қыркүйек айында Тулузада (Франция) тыңайтқыштар өндіру бойынша кәсіпорын қоймасында жарылыс болып, 31 адам қаза тапты және 2000 астам адам зардап шекті; 2000 жылы Нидерландыда Энсхеде фейервер- ктер фабрикасында жарылыс болды, 20 адам қаза тауып, бірнеше жүз- деген адам зардап шекті. Химиялық заттармен байланысты терроризм терактілер үшін азық-түліктер мен ауызсу пайдаланылған жағдайда тұрғындар үшін аса қауіпті. Батыс мамандары химиялық терроризмнің шарықтау шегі 2003-2005 жж. Болатынын болжаған. Ресей де террори- стердің қызығушылығын тудырады.Заманауи жойғыш улаушы заттар адамзат үшін төтенше қауіпті улар- дың бірі. Сонымен қатар, зарарланған азық-түліктер мен ауызсу арқылы ішке түсу барысында және тері жабынына түскен кезде зоман, әсіресе VX жоғары токсинді.Пар немесе шағындисперсті аэрозольға ауыстырылған жағдайда ула- ушы заттар елді-мекендерді, түрлі нысандар мен суқоймаларын зарарлай отырып алыс қашықтыққа, жаз мезгілінде – бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін, қыс мезгілінде бірнеше тәуліктен бірнеше аптаға дейін за- рарлауы мүмкін. Пар немесе шағындисперсті аэрозольға ауыстырылған жағдайда улаушы заттар бітелмеген ғимараттар мен объектілерге жақсы енеді. Осының нәтижесінде заманауи улаушы заттар адамдар мен жану- арларды, үлкен аумақты суқорымдарындағы тіршілік иелерін зақымдауы мүмкін. Улаушы заттардан зардап шеккен адамдардың еңбекке қабілет- тілігін уақытша жоғалту мерзімі бірнеше аптаны құрауы мүмкін.Мерзімі ұзартылған сипатта болуы мүмкін химиялық терроризмді ерекше атап өту қажет. Ол генотоксиканттарды – мутагенді, терато-генді және канцерогенді заттарды пайдаланудан туындайды. Улаушы заттарға қарағанда жоғарыда көрсетілген агенттер тірі организмдерге әсер етуінің шектеулі күшінің болмауына байланысты олар шағын мөлшерде себілуі мүмкін, дегенмен олар кең аумақты зарарлайды. Селекциялық жұмыс ба- рысында пайдаланылатын колхицин түріндегі генотоксиканттар немесе ракета отыны ретінде пайдаланылатын диметилгидразин нақты тұлғалар үшін қолжетімді және де террористік мақсаттарға қызмет етуі мүмкін.Террористердің химиялық қаруды қолдануы ауқымды қатер туында- уы мүмкін, оған химия объектілерінде орын алған апат фактілері куә.Бхопалда (Үндістан) «UnіonCarbіde» фирмасы химиялық кәсіпо- рын резервуарынан 40 тонна метил цианидін тастады, нәтижесінде 500 адам бірден қаза тапты, тағы да 2500 адам (басқа мәліметтер бой- ынша – 16 мыңға дейін) кейіннен қайтыс болды, барлығы 60 мың адам зардап шекті.1975 жылы Баадер-Майнхоф террористік тобы Францияның әскери қоймасынан ұрланған иприт көмегімен теракт жасауға ниеттенген. Топ- тың бір бөлігі Бейрутта биологиялық қару агенттерімен жұмыс істеуді үйренген.1975 жылы АҚШ-та неонацистар тобын тұтқындау барысында олар- дан 115 кг цианид табылды, бұл цианидпен Нью-Йорк пен Вашинг- тонгтың сумен жабдықтау жүйесін улау болжанған.1993 жылы Федеральді тергеу бюросы Арканзас штатына 120 г ри- цин өткізбекші болған АҚШ азаматын тұтқындаған.1995 жылы – бұрын аталған «Аум Сенрике» террористік актісі.Осы уақытта террористер үшін еркін сауда туралы келісімнің әре- кет етуіне, экспорттық бақылаудың жеткілікті болмауына, дамып келе жатқан өнеркәсіп қажеттіліктері үшін жаңа химиялық технологиялар- дың тез таралуына, Интернет желілерінің «химиялық құпияларға» толы болуына және қылмыстың интернационалдығы күшеюіне байланысты химиялық қару өндірісі технологияларына қолжетімділіктің үлкен мүм- кіндігі пайда болуда.Әзірше террористік топтар үшін ядролық қару-жарақтарды жеке даярлау, ұрлау немесе сатып алу қиынға соғуда. Қажетті шығын мате- риалдарын заңды түрде сатып алып, улаушы және қауіпті химиялық қо- сындыларды жеке даярлау жеңіл түседі.Сарапшылардың бағамы бойынша 1 км2 аумақта тұрғындар мен жа- нуарларды зақымдау үшін 300 кг табун немесе зарин, немесе 300-350 г рицин жеткілікті. Барынша аз мөлшерде пайдалану барысында жоғары зақымдау әсері бар токсинді заттардың қолжетімділігі және террористік әсер ету нұсқалары мен объектілерінің көптігі, тұрғындар мен жекелегеназаматтарды қорғауды ұйымдастырудың қиындығы, химиялық шабуыл- ды уақытылы анықтау өзектілігі терактілерді атқарушылардың жазасыз қалуына әкеледі, әрине бұл халық пен замануи әлемнің барлық елдерінің үкіметтерін толғандырады. УларТеррористік актілер үшін келесі кеңауқымды агенттердің әлеуетті жіктемесі табиғи улар (токсиндер). Оларға өсімдіктер мен жануарлар тектес улар жатады. Табиғи улы заттар улар мен токсиндерге бөлінеді, жануарлар, өсімдіктер немесе бактериалді тектес улы заттар. Әрине олар ақуыздар болып табылады.Токсиндерді шартты түрде химиялық уларға жатқызуға болады, се- бебі олар инфекциялық аурулар емес, тек улану тудырады.Табиғи улар улаушы заттарға барынша ұқсас параметрлерінен асып түсетіндіктер жоғары ерекше токсинділігінмен сипатталады.Сонымен қатар көп мөлшерде өндіру мүмкіндігі барынша мәселе болды. Бұл заттарды дайындау, сақтау және қолдану барысында олар- дың токсинді қабілеттерін сақтау аса қиынға соғады. Адамды зақымдау ингаляция және перорлы жолдармен ғана шектелген. Дегенмен табиғи улар суды, азық-түліктерді және атмосфераны зақымдау барысында пай- даланылуы мүмкін.Органикалық емес улар байырғы заманнан адам денсаулығына қа- тер төндіру үшін пайдаланылған. Оларды пайдалану барысында өлім жағдайлары, немесе ұзақ мерзімді науқастану байқалған.Органикалық емес улар ішек-қарын жолдарына, тыныс алу мүше- лері мен теріге түсу барысында өткір уланулар туындатуға қабілетті, со- нымен қатар өлім жағдайына жеткізеді. Органикалық емес улардың адам өмірі үшін өлім дозасы:қосваленттіқорғасын тұзы (сульфат) – 10 – 20 г; барий тұзы (хлорид, нитрат, нитрит) – 0,8 – 2 г; кадмий тұзы – 0,05 – 0,06 г;сынап тұзы ІІІ (хлорид) – 0,2 – 1,0 г;таллий тұзы (хлорид, сульфат, ацетат) – 0,8 – 1,5 мг/кг; мырыш тұзы – 5 – 30 г;мышьяк тұзы – 60 – 120 мг; сурьма тұзы – 100 мг;натрий мен калий цианиді – 100 – 115 мг; натрий фториді – 3 – 4 г.Диверсиялық және террорлық актілер жасау үшін суда жақсы еритін хлоридтарды, сульфаттарды, нитраттарды, метал ацета¬ттарын пайда- лануы мүмкін.Бұл тұздардың асқазан-ішек жолдарына сіңірілуі адам жасы ұлға- юуына байланысты және кей кездері бірең-сараң балаларда коррелияла- нады. Сонымен қатар, оған элементтің физико-химиялық сипаттамалары әсер етеді: элементтің атом массасы мен металдық қасиеттері көтерілуі- не байланысты олар төмендейді.Соңғы жылдары дамыған елдерде өлімге апармай әрекет ететін қа- рулардың түр-түрін құрастыру жүзеге асырылуда. Көптеген өндіріліп жатқан зақымдау құралдары химиялық қағидаларға негізделген. Оларға автотранспорт және бронетанк техникаларының қозғалтқыштарын тоқтатуға арналған химиялық рецептуралар, нақты аудандарда, ғимарат- тар мен құрылғыларда адамның орналасуына тиым салуға арналған жа- ман иіс шығаратын заттар; оптикалық және радиоэлектронды жүйелерді катардан шығаруға арналған химиялық құралдар; адам мен техниканың белсенді қозғалуын тежейтін супержелімдер мен олардың компази- циялары; адамның, дөңгелекті және шынжырлы техниканың және т.б. жүріп-тұруына кедергі жасауға арналған аса тайғанақ заттар мен рецеп- туралар; металдар мен олардың құймаларын тотығуды жылдамдататын («катастрофалық») химиялық заттар мен рецептуралар.Бұл агенттерді террористердің қосымша құралдар мен тұрғындар арасында дүрбелең туғызу үшін пайдалуы мүмкін екенін күтуге бола- ды. Бұл заттардың оңтайлы қабілеттерінің бірі адамға қандай да бір зақым келтірмеуі. Аталған жағдайларда адамның белсенді қимыл жаса- уын уақытша тежеу және техника, басқару және байланыс объектілерін уақытша қатардан шығару айтылған.Сонымен бірге осыларға ұқсас жоғары тиімділікті химиялық агент- терді табуға орай олардың террористік операциялардағы ролі біршама өсуі мүмкін. АнтидоттарТоксикологияда зардап шеккендерге көмек көрсету барысында этиотропты, патогенетикалық және симптоматикалық құралдар қол- данылады. Этиотропты препараттарды пайдалану – тікелей улану себебін және нақты удың әрекет етуі ерекшеліктерін білу себебінен.Симптоматикалық және патогенетикалық заттар интоксикация көрінісіне бағдарлай отырып беріледі.Қолданыстағы уларға қатысты аталған препараттардың ерек- шеліктері: этиотропты – патогенетикалық – симптоматикалық құралдар. Бұл бірізділік пайдаланылатын құралдардың тиімділігін арттарады.Мерзімінде және қажетті дозада берілген этиотропты препарат- тар кей кездері интоксикация көрінісін тұтастай жояды. Ал симпто-матикалық құралдар жекелеген улану көріністерін ғана жояды, оның өту барысын жеңілдетеді (23.1 кесте).«Этиотропты терапия құралдары» токсикология термині «анти- дот» (у қайтарғыш) терминіне тең.Антидот (лат. antіdotum – қарсы берілетін) – улануды емдеу үшін қолданылатын және уды зарарсыздандыруға немесе ол туғызатын токсин әсерінің алдын алуға, жоюға қабілетті дәрі-дәрмек.Қалыпты жағдайда аталған у түрінің организімдегі ауысу про- цесін өзгертуге негізделген химиялық, биохимиялық, физиоло- гиялық токсинді әсер етудің алдын алу немесе жою негізіндегі антидоттар мен токсинді заттар арасындағы антагонистикалық қа- рым-қатынас механизмдері бөлінеді. Осы уақытта токсинді заттардың органикалық тобына ғана андидот- тар ойлап табылған. Олар антагонизмнің уға қарсы тұру қабілеттігіне қарай жікетлуі мүмкін. (23.2 кесте).Химиялық антагонизмі бар антидоттар тікелей токсинді заттармен байланысты. Осының барысында:еркін айналымда жүрген уды химиялық бейтараптандыру; токсині төмен кешен құрылуы;токсинді заттармен байланыстан құрылым-рецепторын босату; доподан «жуу» есебінен организмнен уды жылдам шығару жүзегеасырылады.Бұндай антидоттарға фторидтармен улану барысында қолданы- латын кальций глюканаты, ауыр металдармен интоксикациялану бары- сында қолданылатын хелатирлі агенттер (туындаушы - кешен), Со-ЭДТА мен гидроксикобаламин – цианид антидоттары.Қаралатын топтың құралдарына жүрек гликозидарын байланысты- ратын антиденелер (дигоксин), ФОҚ (зоман), токсиндер (ботулотоксин) жатады. Хелатирлейтін агенттер (кешентудырғыштар). Бұл құралдарға бүй- рек арқылы жеңіл шығарылатын токсині аз суда еритін кешендер құру жолымен организмнен металдардың шығаруын жылдамдататын және мобилизациялайтын заттар тобы жатады.Токсинді заттарға қарсы антиденелер. Көптеген улар үшін тіимді және жақсы қабылдайтын улар табылған жоқ. Практикада интоксика- цияны емдеу және алдын алу мақсатында антиденелерді пайдалану мүмкіндігін барынша шектеу деген бар, бұл басты қалыпта аталған уға қарсы антиденелердің жоғары титріне иммундық сарысуларды алу (кей жағдайларда қолжетпейтін) қиындығына байланысты.Клиникалық практикада бұл қағида бойынша әзірленген препарат- тар негізінен ақуыз түрлеріне жататын (бактериальді токсиндер, жы- ландардың улары және т.б.) токсиндармен улануларға қолданылады.Биохимиялық антагонисттер. Токсинаттарды өздерінің биомол- лекулалық – нысандарымен байланысынан аластатады және орга- низмдегі биохимиялық процестердің қалыпты өтуін қалпына келтіреді. Антагонизмнің бұл түрінде көміртегі тотығымен улану барысын-да кислородтың антидоттық белсенділігінің, фосфорорганикалық қо- сындылармен улану барысында холинэстераз реактиваторлары мен қайтымды холинэстераз ингибиторларының,гидразин және оның туын- дыларымен улану барысында пиридоксин негізі жатыр.Физиологиялық антидоттар. Улы заттардың шабуылына ұшы- раған синапстардағы жүйке импульсын қалпына келтіреді. Көптеген улардың әсер ету механизмі орталық және перифериялық синапстар- дағы жүйке импульстарын бұзу қабілеттілігімен байланысты. Бұл тым аса қозудан, немесе постсинаптикалық рецепторларды оқшау- лауынан, немесе иннервирленетін құрылымдардың назар аударту бел- гісін қабылдаудың төмендеуінен көрініс табады.Қызметі удан бұзылатын синапстарға әсер ететін заттар, токсинді заттардың әрекет етуіне қарама-қарсы заттарды фи- зиологиялық антагонизм антидоттарына жатқызуға болады. Бұл препаратармен улармен химиялық өзара әрекеттерге түспейді және фрменттерге байланысты оларды алшақтатпайды. Антидоттық әсер негізінде постсинапстық рецепторларға тікелей әсер ету неме- се синапстағы нейромедиаторлар айналымы жылдамдығының өзгеруі жатыр.Физиологиялық антидоттар ретінде осы уақытта:атропин және басқа да холинолитиктер – фосфорорганикалық қо- сындылармен улану барысында (хлорофос, дихлофос, фосфакол, за- рин, зоман және т.б.) және карбаматами (прозерин, байгон, диоксакарб және т.б.);налоксон – есірткі анальгетиктерінің антидоты (морфин, фентанил,клонитазен және т.б.).Метаболизм модификаторлары улы заттың жоғары токсинді ме- таболиттерге айналуына кедергі жасайды немесе заттардың биоде- токсикациясын жылдамдатады.Зардап шегушілерге көмек көрсету барысында пайдаланылатын перепараттар келесі топтардың біріне жатқызылуы мүмкін:детоксикацияны жылдамдататындар:натрий тиосульфат – цианидпен уланулар барысында қолданыла- ды;ацетилцистеин және басқа даглутатион бастамашылары – дихлор¬этанмен, басқа да хлорлы көмірсутегілермен, ацетаминофен- мен улану барысында емдік антидоттар ретінде қолданылады;Метаболизм ингибиторлары: этил спирті, 4-метилпиразол – метанол, этиленгликоля антидоттары.Интоксикация себептері айқындалғаннан кейін, алдын ала жасалған схема бойынша ұсынымға сәйкес антидоттар белгіленетінін атап көр- сету қажет. Антидоттарды уақытылы енгізбеу, уқайтарғыштың дозасы дұрыс болмауы және қабылдау схемасының бұрыстығы зардап ше- гушінің жағдайына кері әсерін тигізуі мүмкін. БӨЛІМЖІТІ ТҰРМЫСТЫҚ УЛАНУЛАР. УЛЫ ӨСІМДІКТЕРМЕН ЖӘНЕ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРМЕН, ЖАНУАРЛАР УЛАРЫМЕН УЛАНУ Жіті тұрмыстық улануларМетил спирті (метанол, ағаш спирті) Дүмбіл – метил спирті құрамында ацетон, сіркеусі-метил эфирі, аллил спиті және басқа да заттар бар. Тазартылған метил спиртінің иісі мен түрі этил спиртенен еш айырмашылығы жоқ. Құмырысқа қышқылы мен формалин алуға арналған химиялық синтезде, политура мен лак еріткіштері және т.б. қолданылады.Психотропты (есірткі), нейротоксинді (көз тамырларының дистро- фиясы), нефротоксинді әсер етеді. Өлім дозасы 100мл (этанолды ал- дын ала қабылдамай). Қандағы токсиндер концентрациясы 200мг/л., өлімге әкелетін доза – 800мг/л. Асқазан мен ішектерде тез сіңіріледі. Формальдегид пен құмырысқа қышқылы – токсинді метобилиттерді құрай отырып тез тотығады. Бір бөлігі өзгертілмеген қалыпта 48 сағат- та (75% дейін) өкпеден шығарылады, қалған бөлігі несеппен шығады.Метанолдың тотығу жылдамдығы мен сыртқа шығуы этанолмен салы- стырғанда 5-7 есе аз.Клиникалық картинасы. Масаңдық әлсіз көрініс алады, бірақ жүрек айнуы мен құсу, көз алдында «шыбындардың» көрінуі байқала- ды. Екінші-үшінші тәуліктерде көру бұлыңғырланып, соқырлық туын- дайды.Ерекшеліктері аяқ ауырсынуы, бас ауруы, шөлдеудің ұлғаюы. Тері мен шырышты қабық көк түске енеді, тіл сұр түспен қабыршықтанады, көз қарашығы үлкейеді, жарыққа әсер етуі төмендейді.Тахикардия байқалады, кейіннен жүрек қарқыны ақырындайды және бұзылады. Артерияльді қысым басында көтерілгенімен артынан түседі. Сана шатасуы, психомоторлы қозу, сіңір тартылуы, кома, аяқ- қол бұлшықеттерініңгипертонусы, желке бұлшықетінің ебедейсіздігі, токсинді шок, тыныстау параличі.Жедел көмек. Асқазан жуылып тазаланады, тұзді іш өткізгіш құрал беріледі. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген диурез, ертегемодиализ жасалады.Белсенді детоксикация әдістері. Ішке 30% – 100мл этил спирті, кейіннен 2 сағ. 50мл 4 – 5 рет; в коматозды жағдайда көктамырға тамшылап 5% ерітінді түріндегі этил спирті тәулігіне 1г/кг есебімен беріледі.Симптоматикалық терапия. Көктамырға 25 – 30мг преднизолон, Вх дәрумені – 5мл 5% ертіндісі және көктамырға 20мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, 300мл 5%глюкоза ерітіндісі және 30мл 2% ново- каин ерітіндісі көктамырға тамшымен, АТФ – 2 – 3мл 1% ерітіндісі қайталап бұлшықетке беріледі. Ми ісінуі барысында токсинді шокты емдеу үшін люмбальді пункция жасалады. Этил спирті (этанол, шарап спирті, алкогольді ішімдіктерЭтанол халық шуаруашылығының түрлі салаларында, медицина- да өтең кең таралған. Организмге әсер етуі бойнша майлы қатардағы есірткілерге жатады. Этанол әсерінің нәтижесінде бас миының қаба- тында алкогольді қозу сипатындағы масаңдық туындайды. Көп мөл- шерде есірткі әсерін туғызады.Психотропты (есірткілік) әсер береді. Өлім дозасы – 300мл (95%) шамасында, алкогольге еті үйренгендер үшін – біршама жоғары. Ба- лалар үшін спирттің өлім дозасы 6 – 30мл 96%. Қандағы токсинді концентарциясы 1,5г/л, өлім қаупі 3,5г/л. Асқазанға жылдам (40-90 мин.) сіңеді (20%), ашішекте (80%). Ацетальдегид, сіркесу қышқылы құрылуы арқылы тотығады. Өкпе және несеп арқылы 7-12 сағ. ішінде шығарылады.Клиникалық картинасы. Токсинді дозаны ішке қабылдау бары- сында жалпыға белгілі масаңдық нышандарынан кейін кома дамиды. Сонымен қатар, терінің салқын және жабысқақ болуы, беттіңгиперми- ясы, дене температурасының төмендеуі, құсу, еріктен тыс несеп пен нәжістің бөлінуі байқалады. Көз қарашығы тарылып, тыныс алу бұ- зылуының күшеюіне байланыстыгоризонтальді нистагм анықталады. Тыныс алу ақырындайды, пульс сиреп, нашарлайды. Кей уақытта сіңір тартылуы, құсық массаларының аспирациясы, ларингоспазм орын ала- ды. Механикалық тұншығу нәтижесінде тыныс алу тоқтауы, кейіннен жүрек-тамыр қызметі түсуі мүмкін.Жедел көмек. Зонд арқылы асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізгіштер беріледі, форсирленен диурез тудырылады.2 Симптоматикалық терапия. Тілді ұстау құралын қолдана оты- рып өңеш жолындағы өңезді сорықтыра отырып ауыз қуысын шаю. Бұ- зылған тыныстауды қалпына келтіреді: тері астына немесе көктамырға 1мл 0,1% атропин, кордиамин – 2мл беріледі. Жұту рефлексі болмаған жағдайда жасанды аппараттық тыныстау және интубация жүргізіледі. Көктамырға 15 ЕД инсулині бар 40мл 40%глюкоза ерітіндісі, бұлшықет- ке В6 дәрумені – 2мл 5% ерітіндісі, Вх дәрумені – 5мл 5% ерітіндісі беріледі. Қанның сілтіленуі жасалады: көктамырға тамшымен 1000мл 2% дейін – натрийгидрокарбонаты ерітіндісі, тері астына 1мл 3% нико- тин қышқылы ертіндісі енгізіледі. Алкогольдің суррогаттарыГидролизді және сульфитті спирттер – гидролиз жолымен ағаштан алынатын этилдің түрлері; этил спиртіне қарағанда аса токсинді;денатураттар – метил спирті мен басқа да заттардың қоспасынан тұратын техникалық спирт, этил спиртіне қарағанда аса токсинді;одеколондар мен лосьондар – кең тараған косметикалық құралдар, 60% этил спиртінен, метил спирті мен эфир майларынан және т.б. тұра- ды;БФ желім – оның негізін этил спиртінде ерітілген фенолформальде- гидті шайыр мен поливинилацетель құрайды;политура – құрамында көп мөлшерде ацетон, бутил және амил спирті бар этил спирті; политуралардың кейбір түрлерінің құрамында анилин бояғыштар бар.Гидролизді және сульфитті спиртті, денатураттарды, одеко¬лондар мен лосьондарды ішке қабылдау барысында жедел көмек көрсету және симптоматикалық терапия этил спиртімен уланған жағдайдағыдай көр- сетіледі; БФ желімі мен политураны ішке қабылдау барысында – аце- тонмен улану жағдайындағыдай көмек көрсетіледі (бұдан әрі қараңыз).Ацетон (диметилкетон, пропанол)Ацетон – түссіз, ұшатын, жалындап жанатын сұйықтық. Тазартыл- маған ацетон құрамында органикалық қышқылдардың, альдегидтер мен басқа заттардың қосындылары бар. Еріткіш ретінде кеңінен пай- даланылады.Психотропты (есірткелік), нефротоксинді, желгілікті тітіркендір- гіш әрекет етеді. Өлтіретін дозасы 100мл. астам. Қандағы токсинді концентрациясы 200 – 300мг/л, өлімге әкелетіні – 550мг/л. Шырышты қабықта тез тұтылады, өкпе арқылы және несеп арқылы шығарылады. Клиникалық картинасы. Ішке түсу барысында және парларды жұту кезінде мастану, бас айналуы, әлсіздік, тәлтіректеп жүру, жүрекайнуы, құсу, іш ауруы, коллапс, коматозды жағдай көрініс табады.Диурездің төмендеуі, несепте ақуыздар мен эритроциттердің пайда болуы мүмкін. Коматозды жағдайдан шыққаннан кейін пневмония да- миды.Жедел көмек. Ішке қабылдау барысында асқазанды жуып тазалау, ингаляциялық улану кезінде – көзді сумен жуу, кислород ингаляциясы жасалады. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген диурез өткізеді (ішке натрийгидрокарбонатын 10 – 15г қабылдау).Симптоматикалық терапия. Жедел жүрек-тамыр жетіспеушілі- гін (токсинді шок), пневмонияны емдеу жүзеге асырылады. Іш ауруы кезінде тері астына – 2мл 2% папаверин ерітіндісі, 1мл 0,2% платифил- лин ерітіндісі, 1мл 0,1% атропин ерітіндісі енгізіледі. БензинБензин психотропты (есірткілік),гепатотоксинді, нефротоксин- ді, пневмотоксинді әрекет етеді. Әсіресе құрамында тетраэтилқорға- сын бар этилді бензин аса қауіпті. Өкпе мен ішек-қарын жолында тез сіңіріледі. Өкпе арқылы шығарылады.Клиникалық картинасы. Парлармен тыныстаудан кейін – бас ай- налуы, бас ауруы, масаң болуы сезімі, қозу, жүрек ауруы, құсу байқала- ды. Ауыр жағдайларда тыныстаудың бұзылуы, естен тану, сіңір тарту, ауыздан бензин иісі шығуы орын алады. Жұтыну кезінде – іш ауруы, құсу, бауырдың үлкеюі мен ауруы, сарыауру, токсиндігепатопатия, не- вропатия.Аспирация кезінде – кеуде ауруы, қанды қақырық, цианоз, демікпе, қалтырау, күрт әлсіздік (бензиннен болған токсинді пневмония).Балалардың улануы аса ауыр өтеді. Созылмалы ингаляциялық ин- токсикациялар болуы мүмкін.Жедел көмек. Зардап шеккен адамды бензин парлары толы жайданшығарады. Бензин ішке түскен жағдайда 200мл вазелин майын немесе белсендірілген көмірді қолдана отырып зонд арқылы асқазанды жуады. Парларды жұту немесе аспирация барысында – кислород ингаляциясы, антибиотиктер (бұлшықетке 10млн ЕД пе-нициллин және 1г стрептоми- цин), банкілер, қыша қағазы қойылады. Тері астына 2мл 20% камфора ерітіндісі, корди¬амин 2мл, кофеин 2мл 10% ерітінділері. Көктамырға 30 – 50мл 40% коргликонглюкоза ерітіндісі (1мл 0,06% ерітінді) немесе строфантином (0,5мл 0,05% ерітінді); ауырсыну жағдайында тері асты- на – 1мл 1% промедол ерітіндісі, 1мл 0,1% атропин ерітіндісі. Коматоз- ды жағдай тыныстау бұзулы кезінде интубация мен қолдан демалдыру жасалады және кислород беріледі. Көгерткіш қышқыл және басқа да цианидтерМеталдары бар көгерткіш қышқыл тұздар – цианидтерді құрайды. Көгерткіш қышқыл мен цианидтер халықшаруашылығының көптеген салаларында пайдаланылады.Цианидтер аса токсинділік қасиетіне ие. Олар ішке түсу немесе ин- галяциялық әсер ету барысында улану туғызады. Интоксикация бел- гілерінің жедел дамуы тән.Балалардың улануы кейбір жемістердің түйіршіктеерін көп мөл- шерді пайдалану нәтижесінен болуы мүмкін. Тұқымдарда цианоген- дігликозиды кездеседі, олар асқазанға түсу барысында цианидтерді босатып шығарады. Бұндай сүйекшелердің 5-25 данасы цианид доза- сын құрауы мүмкін, бұл кішкентай бала үшін өлім қауіпті.Амигдалиннің өлім дозасы ащы миндальда (1г) 40г немесе тазар- тылған абрикос сүйекшелерінде 100г құрайды.Негізінен көгерткіш қышқылдар мен цианидтердің токсинді әрекет етуінің механизмі негізінде олардың цитохромоксидті тежеу қабілеті жатыр, нәтижесінде тін жасушаларының кислородты пайдалануы бұ- зылады, тінгипоксиясы дамиды. Көгерткіш қышқылдың өлім дозасы50 – 100мг, натрий цианиді – 150мг, калий цианиді – 200мг; қандағы өлі қаупіне әкелетін концентрациясы – 5мг/л.Клиникалық картинасы. Бұған тән қатты бас ауруы, жүрек ай- нуы, құсу, іштің ауруы, жалпы әлсіздіктің өсуі, айқындалған демікпе, сіңір тартылуы, жүрек соғуы, психимоторлы қозу, естен тану. Тері жа- быны ашық түсті – алқызыл, шырышты қабықты цианидті болуы. Ішке өлім дозалары түскен кезде клоникотондық тартылуылар, өткір цианоз, өткір жүрек-тамыр жетіспеушілігі, тыныстың тоқтауы көрініс табады. Бірнеше минут ішінде (кенеттен немесе «апоплексикалық», улану түрі) өлім жағдайы орын алуы мүмкін.Жедел көмек. Амилнитрит ингаляциясы (2 – 3 ампула), 0,1% ка-лий перманганатымен немесе 0,5% натрий тиосульфат ерітіндісін қоса отырып зонд арқылы асқазанды жуып тазалау жасалып, белсендірілген көмір беріледі.Белсенді детоксикация әдістері. Әр 10 мин сайын 2-3 реттен көк- тамырға ақырындап натрий нитратының 10мл 1% ерітіндісі, натрий ти- осульфаты 50мл 30% ерітіндісі және метилен көгі – 50мл 1% ерітіндісі беріледі.Симптоматикалық терапия. Көктамырға қайталап 20 – 40мл 40%глюкоза ерітіндісі беріледі. Оксигенді терапия жүргізіледі. Тәулі- гіне көктамырға B12 дәрумені 1000 мкг және көкамырға 20мл 5% аскорбин қышқылы ерітіндісі, жүрек-тамыр құралдары енгізіледі. Ре- анимациялық іс шаралар жасалады. ТетраэтилқорғасынТетраэтилқорғасын (ТЭҚ) – түссіз майлы жеңіл ұшатын сұйықтық, ароматикалық иісі бар. ТЭҚ парлары ауадан 11,2 есе ауыр. Суда ерімей- ді, бірақ органикалық еріткіштер мен жануарлар майларында жақсы ериді.Тетраэтилқорғасын антидетонатор ретінде этил сұйықтықтарының құрамына кіреді, ол бензинді этилдеу үшін қолданылады; қауіпті жүй- ке – тамыр уы болып табылады. Ол организмге өкпе, тері жабыны және асқазан арқылы кіріп, жүйке жасушаларын зақымдайды, сонымен қа- тар аталған у тамыр ауруларын тудырады.0,0001мг/л шасындағы ТЭҚ концентрациясы көп уақыт әсер етуі барысында улану туғызады. Энтеральді түсу кезіндегі өлім дозасы - 1,5мг/кг.Тетраэтилқорғасынға айқын кумулятивті әрекет ету тән – бас миы мен жұлынды, бауыр мен бұйректің аздаған бөлігін депондау. Токсин- ді триэтилқорғаныс құрылуымен таратылады. Бүйрекке көп таралады. Латентті кезеңі – бірнеше сағат.Клиникалық картинасы. Тәбет жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, әл- сіздік, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, қорқынышты түстер көру, гал- люцинациялар, брадикардия,гипотония, тершеңдік, сілекей бөлінуі, қышу, қалтырау, қозу тән. Ауыр жағдайларда – жедел психоз көрінісі орын алады. Токсинді нефропатия дамуы мүмкін. Әсіресе балалар сезімтал келеді, олардың интоксикациясының жасырын кезеңі күрт қысқарады.Жедел көмек. Қолды керосинмен, кейіннен сабынмен және сумен жуу. Асқазанға түсу кезінде 2% натрийгидрокарбонаты ерітіндісімен немесе 0,5% магний сульфаты ерітіндісімен жуып тазалау, кейіннен тұзды іш өткізгіш құрал ретінде магний сульфаты беріледі. Форсирлен-ген диурез жасалады.Симптоматикалық терапия. Көктамырға 30 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі, натрий тиосульфаты 20мл 30% ерітіндісі, кальций хлориді 10мл 10% ерітіндісі; қозу орын алса – бұлшықетке диазе¬пам 4мл 0,5% ерітіндісі беріледі. Морфин, хлоралгидрат, бромидтерді беруге тиым салынған. Этиленгликоль (антифриз, тормозная жидкость этиленгликоль құрамдас тормоз сұйықтығы)Этиленгликоль – сиропқа ұқсас сұйықтық, дәмі тәтті, қайнау температурасы 198°С. Негізінен оны антифриз ретінде 35 – 40% су ерітіндісімен (қатпайтын қоспа) пайдаланады.Организмге түсу барысында психотропты (есірткілік), нефроток- синді,гепатотоксинді, әрекет етеді. Өлім дозасы шамамен алғанда 100мл (алдын ала этонол қабылдамай). Қандағы токсинді концентра- циясы 1,5г/л, өлім концентрациясы – 2,4г/л. Ішек-қарын жолдарында тез сіңіріледі, көп бөлігі токсинді метаболиттер:глиоксоль,гликоль және қымыздық қышқылын құра өтіріп бауырда метоболизмге, зат алмасуына ұшырайды. Несеп арқылы шығарылады.Клиникалық картинасы. Антифриз ішке қабылданған уақыттан бастап жақсы көңіл-күймен жеңіл алкогольді улану сезімі туындай- ды. 5-8 сағат өткеннен кейін іштің ауруы, қатты шөлдеу, бас ауруы, құсу, іш өтуі пайда болады. Тері құрғақ. Шырышты қабық цианит түстес. Психомоторлы қозу, көз қарашғының ұлғаюы, дене темпера- турасының көтерілуі, демікпе, тахикардия анықталады.Қатты улану жағдайларында – естен тану, желке бұлшықеттерінің ебедейсіздігі, клоникотоникалық тартылулар орын алады. Тыныстау терең және шулы. Жедел жүрек жетіспеушілігі, өкпенің ісінуі, ану- рия, токсиндігепатопатия, жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілігі.Жедел көмек. Зонд арқылы асқазан жуылып тазаланады, тұзды іш өткізу құралы беріледі. Қанды сілтілеу арқылы форсирленген ди- урез жасалады, улану немесегемосорбциядан кейін алғашқы тәулік- терде ертегемодиализ қойылады.Белсенді детоксикация әдістері. Алғашқы тәуліктерде көкта- мырға 10% кальцийглюконаты ерітіндісі, 10-20мл кальций хлориді ерітіндісі немесе 10 – 20мл кальцийглюконаты; ішке қайталап 30мл 30% по 30мл этил спирті немесе 5% ерітіндісі, көктамырға 100 – 200мл (1 – 2г 95% денегінң 1 кг массасына этил спирті).Симптоматикалық терапия. Жедел бауыр-бүйрек жетіспеушілі- гін емдеу жүзеге асырылады. Қозу барысында магний сульфатының 10мл 25% еірітіндісі бұлшықетке қайталап беріледі,глюкоза-новока-ин қоспасы көктамырға беріледі, жүрек-тамыр құралдарымен жұлын пункциясы жасалады. Улы саңырауқұлақтармен улануБарлық ғасырларда Русьта «тыныш аң аулауда» - адамдар саңы- рауқұлақ жинауға ерекше жылулықпен қараған. Саңырауқұлақ жинаудан басқа балалармен бірге орманда қыдыру, организмды сауықтырған. Жиналған саңырауқұлақтарды пісіруге, қуыруға, кептіруге, тұздағу, маринадтауға болатын еді. Нәрлі құндылықта- ры бойынша саңырауқұлақтан жасалған тағамдар ет тағамдарына жақын (халық саңырауқұлақтарды екінші ет деп атаған), ал дәм- дерінің әр түрлі болуына байланысты еттен де асып түсетін.Тұрғындарды дәстүрлі азық-түлікпен қамту барысында төтен- ше жағдай туындаса жабайы өсетін жеуге жарамды өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың маңыздылығы біршама арта түседі. Жинау қарқындылығы ұлғаюына байланысты өсімдіктер дүниесінің улы түрлерімен улану қаупі өсе түседі.Саңырауқұлақ жинау барысында аса мұқият болып, улы саңы- рауқұлақтардың ерекше белгілері жоқ екенін ескеру қажет. Улы саңырауқұлақтардың күміс қасық пен сарымсақтың қараюын туды- рады, иісі мен дәмі жағымсыз болады, оларды құрт жемейді деген түсініктер шындыққа жанаспайды. Сондықтан да, жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың сыртқы белгілерін білу арқылы ғана уланудың алдын алуға болады.Біздің елімізде 80 аса улы саңырауқұлақ түрлері бар, олардың ішінде аса улы қасиеттерімен шамамен алғанда саңырауқұлақтың 20 түрі ерекшеленеді.Барлық улы саңырауқұлақтарды, олардың токсиндеріның әрекет етуіне байланысты үш топқа бөлуге болады:жоғары токсинді саңырауқұлақтар (сұр арамқұл, сасық му- хомор немесе арамқұл іспеттес, плюшті паутинник, строчикийкөктемгі және асқан үлкен) олардың улары ішкі органдарды зақымдайды;нейротропты және психотропты әркет ететін улы саңыра- уқұлақтар (мухоморлар, волоконницалар, лепиоттар,говорушки- лер);өткіргастроэнтерит туғыза отырып ішек-қарын жолдарын зақымдайтын улары бар саңырауқұлақтар; саны бойынша бұл кеңа- уқымды улы саңырауқұлақтар тобы (опята саңырауқұлақтарының барлық түрлері, пуатинниктердің кейбір түрлері, өтірік түлкішек, сүттектесіндер мен т.б.).Боз арамқұлақБоз арамқұлақ (түрлері: ақ боз арамқұлақ, жасыл боз арамқұлақ, сары боз арамқұлақ) – өлтіретін улы саңырауқұлақ, қателесіп тамаққа пайдалану жіті улану туындатады, кей кездері өлім жағдайы орын ала- ды. Білмеусіздік пен немқұрайлылық бойынша боз арамқұлақты шам- пиньондармен немесе ақ түсті сазқатпамен (сыроежка) шатастырады.Ақ түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды то- пырақты жапырақты және қылқанжапырақты ормандарда кездеседі. Басқа боз арамқұлақ түрлері ақтан басының түсімен ғана ажыратыла- ды.Жасыл түсті боз арамқұлақ шілдеден бастап қазанға дейін құмды топырақты жапарақты ормандарда өседі. Ресейдің солтүстік және ор- талық бөліктерінде сирек, оңтүстікте Тула облысының оңтүстігінен бастап жиі кездеседі.Сары түсті боз арамқұлақтарды жасыл саңырауқұлақтар, сазқат- па немесе шампиньондар ретінде қате қабылдауға байланысты улану жағдайлары орын алады.Жасыл түсті шампиньон сары түсті боз арамқұлаққа ұқсас, бірақ оның уы төмендеу. Бұл саңырауқұлақ түрі Ресейдің европалық бөлі- гінде, Кавказда, Сібірде, Орталық Азияда кездеседі. Жапырақты ор- мандарда, саябақтар мен шалғынды жерлерде, ағаш отырғызылған белдеулерде, қалыпты жағдайларда жекелей немесе шағын топ болып, маусым мен қазан аралығында өседі.Клиникалық картинасы. Боз арамқұлақпен улану – барлық саңы- рауқұлақтармен улану арасындағы аса улысы. Боз арамқұлақ құра- мында жоғары токсинді фаллион алкалоидтері, аманитин бар. Бұл уларгепато-, нефро-, энтеротоксинді әсер етеді. 100г балғын саңыра- уқұлақта (5г құрғақ) 10мг фаллоидин, 13,5г аманитин бар.Аманититтің өлім дозасы – 0,1мг/кг. Қандайда бір аспаздық өңде- улер бұл саңырауқұлақтарды зарарсыздандырмайды. Токсиндер қай- нату, суға салып қою және кептіру арқылы бұзылмайды. Токсиндері ішек-қарын жолдарына тез сіңіріліп, бауырда депондалады. Инкубация кезеңінің ұзақ болуына байланысты диагноз қою мүмкіндігі қиындай түседі. Айқындалған интоксикация сипмтомдарының дамуына дейін өліп кету мүмкіндігі кезеңі 6 сағаттан 24 сағатқа дейін, кей уақытта 48 сағатқа дейін. Осы уақытта улар сіріңіріліп қана қоймай, организмде қайтарылмас өзгерушіліктер орнатуы мүмкін.Боз арамқұлақпен уланудың клиникалық картинасы екі сатыда өтеді. Жасырын кезеңнен кейін жеделгастроэнтэрит нышандары туын- дайды: іштің ауруы, үздіксіз құсу және профузді іш өту «күріш суы».Организмнің сусыздануы нәтижесінде шөліркеу, әлсіздік, сананыңбұлыңғырлануы, пульстің жиіленуі мен әлсізденуі; көздің орнынан шығуы, дауыстың жоғалуы, көру қызметінің нашарлауы бақалады, тері мен шырышты қабық құрғап, ерін мен тырнақ көгереді.Артериалді қысым төмендеп, коллапс орын алуы мүмкін тұз тең- герімінің бұзылуы балтыр мен бет бұлшықеттерінің тартылуына әке- леді. 1-2 сағаттан кейін іш өту мен құсу басылады, іштің ауруы кетеді. Жақсару сияқты жағдайдан 3-4 күннен кейін уланудың екінші са- тысы басталады. Токсиндігепатит нышаны (сарыауру, бауырдың ұлға- юы және ауырсынуы, несептің қошқылдануы, нәжістің түссіз болуы) және токсинді нефрит (диурез бен анурия, несептегі ақауыз төмендеуі) пайда болады. Бауыр-бұйрек жетіспеушілігі команың дамуына әкеледі.Әсіресе балаларда ауыр өтеді.Диагноз қою барысында анамез, сонымен қатаргастроэнтерит пен токсиндігепатит үйлесуімен екі фазалы клиникалық өту назарға алы- нады.Симптоматикалық терапия. Уланудың алғашқы сатысы басты кезекте сусыздану мен коллапсты жоюға бағытталады. Көктамырға тамшымен құрамында электролиттері (полиглюкин және т.б.) бар плаз- малмастырғыштар және 3 – 5 л кем емес мөлшердеглюкоза беріледі. Артериалды қысымды көтеру үшін мезатон (0,5 – 1,0мл 1% ерітіндісі көктамырға), норадреналин (1 – 2мл 0,2% ерітіндісі, 500мл 5%глюкоза ерітіндісі көктамырға, тамшылап, АҚ бақылау арқылы) беріледі.Бұл адреномиметиктерді плазмалмастырғыш ерітінділерге (1 ампу- ладан 0,5 – 1 л ерітіндіге) қосуға болады.Жүрек жеткіліксіздігінде көк- тамырға 0,25 – 0,5мл ампулалы строфантин мен коргликон белгіленеді. Іш өткізгіш құралдарын беруге болмайды, асқазанды жуу тиімді емес, әсіресе ұзақ мерзімді өліммен аяқталуы мүмкін жағдайларда одан ал- шақ болу керек.Уланудың екінші сатысын емдеу бауыр және бүйрек жетіспеушілі- гімен күреске бағытталған.гидрокор¬тизон (аптасына 0,5г дейін), дәрумені барглюкоза, қалыпты дозаларда холин, маннитол, фуросемид қабылдау, көктамырға аптасына 20 – 30мг/кг жөке қышқылы; қажетін- ше детоксикациондыгемосорбция жәнегемодиализ («жасанды бүй- рек») жасалады.Болжам нашар, зардап шегушілердің 60 – 80% қайтыс болады. Алғашқы күндері, сусыздану уақытында өткір жүрек жетіспеушілігі- нен немесе бүйрек комасы ауруының екінші кезеңінде өлім туу мүмкін. Кәдімгі строчок, кәдімгі тыржыңқұлақ (сморчок)Кәдімгі строчок – дұрыс емес шар түрлі саңырауқұлақ, қошқыл немесе ақшыл сұр түсті, іші қуыс. Қалпақшасының үсті тегіс емес,көгілдір қатпарлы ирек, бас миының ирелеңдерін еске салады. Құм то- пырақты қылқанжапырақты және аралас ормандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерінде ерте көктеммен мамыр айын қоса алған уақытта өседі.Балғын строчкалар (көктемде және аса үлкен) боз арамқұлақ инток- сикациясының клиникалық картинасына жақын ауыр улану туғызады. Оның құрамындағыгиромитрин жәнегельвельді қышқыл кептіру ба- рысында зарарсызданады (бірақ термикалық өңдеу барысында емес). Айта кететін жайт, құрғақ строчкилер улы емес және ерекше дәм сапа- сына ие. Кептірілгеннен кейін үш апта ішінде зиянсыз болады.Ерте көктем кезінде ғана строчкилермен улану байқалады. Бұл ор- мандағы алғашқы көктемгі саңырауқұлақтар қар ерігеннен кейін пайда болады.Кәдімгі тыржыңқұлақ көктем мезгілінде қылқанжапырақты ор- мандарда, ормандағы ескі өрт болған жерлерде, кесілген ағаш діңдерін- де, орман шетінде өседі. Шартты түрде жеуге жарамды саңырауқұлақ, құрамында гельвели қышқылы – улы заты бар. Сыртқы нышандары бойынша строчекке ұқсас: қалпақшасы жұмыртқа тәріздес, қара күрең немесе ашық күрең, ал ортасы қуыс, қалпақшасының төменгі шеттері түбіртегіне тұтасып кеткен.Үсті тегіс емес, сеткалыұяшықты, қабырғалары қысқа сыртқа шығып тұрған, кей жағдайларда ұяшықтары бұдыр-бұдыр ара ұяшықта- рын еске салады.Тыржыңқұлақ – жеуге жарамды, дәмді саңырауқұлақ, бірақ ал- дын ала 10-15 минут пісіру қажет. Қайнау барысында у бұзылмайды, бірақ суға (саңырауқұлақ пісірген су) ауысады. Қайнатпа суды бірден төгу қажет, себебі қайнау бырысында оғангельвель қышқылы ауыса- ды. Пісірілген саңырауқұлақтарды сумен жуып, сорықтыру қажет, со- дан кейін ғана әрі қарай дайындауға болады. Бірақ зарарсыздырылған саңырауқұлақтарды көп мөлшерде жеу ұсынылмайды (күніне 200г.). Ауада кептірілгеннен кейін тыржыңқұлақ зиянсыз, үш аптадан кейін оны тамаққа пайдалануға болады.Зарарсыздандырудың бұл әдістері строчек пен тыржыңқұлақтар үшін ғана жарамды. Бұл әдістер басқа улы саңырауқұлақтарға әсер ет- пейді.Өкінішке орай, көп адамдар строчектер мен тыржыңқұлақтарды дұрыс дайындамағандықтан ауыр улану, кей жағдайларда өлім қа- уіпі бар екенін біле бермейді. Оның құрамындағыгельвель қышқылы гемотоксинді (гемолитті) әрекет етеді. Нашар дайындалған саңыра- уқұлақтарды немесе сорпаны тамаққа пайдалану нәтижесінле улану дамиды.Клиникалық картинасы. 6-10 сағатан кейін уланудың алғашқыбелгілері байқалады . Уланған адам асқазан ауырсынуын, жүрек ай- нуын сезінеді, кейіннен ол тоқтамайтын, әлсіздік туғызатын құсуға ауысады. Біруақытта қатты бас ауруы пайда болады. Сирек жағдайлар- да іш өтуі орын алады. Кей кездері улану көрінісі осымен шектеліп, адам сауығып кетеді.Ауыр улану жағдайларында келесі күнігемоглобинурия (несеп түсінің қызыл болуы),гемолитті сары ауру, бауыр мен бүйрек зақымда- нуы дамиды; аса ауыр жағдайларда өлім орын алады. Балалар уға аса сезімтал.Симптоматикалық терапия. Строчектермен және ты- ржыңқұлақтармен улануды емдеу боз арамқұлақты емдеуге ұқсас. Же- дел көмекҰзақ асқыну кезінде жедел көмек көрсету (асқазанды жуып тазалау) тиімсіз. ШыбынжұттарШыбынжұт сасық, арамқұлаққа ұқсас; қызыл шыбынжұт, пантерлі шыбынжұт, порфирді шыбынжұт, лимоды-сары шыбынжұт – өзіндік белгілері бар улану тудыратын улы саңырауқұлақтар.Улылық деңгейі бойынша барлық шыбынжұт топтарының ішінен екі түрі аса ерекшеленеді: сасық шыбынжұт пен лимонды-сары шы- бынжұт.Сасық шыбынжұт (арамқұлаққа ұқсас) – барлық шыбынжұттар- дың ішіндегі ең улысы. Аса улы саңырауқұлақ сыртқы белгілері және токсинділігі бойынша ақ түсті боз арамқұлаққа ұқсас. Ресейдің тайга- лық аймағында кездеседі. Қылқанжапырақты және аралас ормандарда, жеке және шағын топтармен, шілде айы мен қазан айының аралығын- да өседі. Өзінің аталуына қарсы, бұл шыбынжұттың жұмсағы ақ түсті, қандайда бір дәмі мен исі жоқ, немесе шикі картоп иісі шығады.Көктемгі шыбынжұт – өте жақын түр – өлімге әкелетін улы саңы- рауқұлақ, оңтүстік аумақтардың жалпақжапырақты ормандардардында мамыр-шілде (қыркүйекке дейін) жиі кездеседі.Лимонды-сары шыбынжұт – әлсіз улы саңырауқұлақ. Қалпақша- сы ақшыл сары, жасыл түстілері де жиі кездеседі. Ресейдің барлық аймағында орманды жерлерде, маусым-қазан айларында жапырақты және қылқанжапырақты ағаштар орманында жекелей өседі.Шыбынжұттың қалған үш түрі шамамен алғанда бірдей токсинді, бірақ улану белігілерімен өзгешеленеді.Қызыл түсті шыбынжұт – өте әдемі, жалпыға танылған саңы- рауқұлақ. Ресейдің барлық аймақтарындағы ормандарда өте жиі, солтүстік аумақтарда аса көп ауқымда кездеседі. Қылқанжапырақты,жалпақжапырақты және аралас ормандарда маусым – қараша айларын- да топтасып өседі. Қараусыз қалған кішкентай балалар үшін ғана қауіп туғызады. Кейбір шетелдерде немқұрайлылыққа байланысты өзіне ұқ- сас, бұрынғы КСРО Закавказье аймағында ғана кездесетін, жеуге жа- рамды кесарский саңырауқұлақтарымен бірге жиналады.Пантерлі шыбынжұт қарағайлы, жапырақты және аралас орман- дарда, шілдеден бастап қазанға дейін өседі.Порфирлі шыбынжұт аталған мерзімде қылқанжапырақты ор- мандарда өседі. Шыбынжұттың бұл түрімен улану шампиньондармен бірге немқұрайлы жинау барысында орын алады, бірақ бұл екі түрде шампиньондардан қатты ерекшеленеді.Клиникалық картинасы. Шыбынжұтпен улану - жүйке жүйесінің орталық және перефериялық қызметінің бұзылуын тудырады. Олардың құрамында мускарин (холиномиметик), мусцимол және мускаридин (атропиннің әрекет етуіне ұқсас антихолинэргетиктер). Мускаридин, немесе микоатропин, өсімдіктерден алынатын атропин құрамымен бір- дей. Сонымен қатар бұл саңырауқұлақтардың құрамында буфотенин- галлюциногені бар. Әр жағдайда уланудың клиникалық өтуі қандайда бір алкалоидтің басым бойымен айқындалады.Бұл топтын алкалоидтары шыбынжұттың көптеген түрлерінде (қы- зыл, пантерлі, порфирлі, арамқұлаққа ұқсастар), бірқатар волоконница- ларда, лепиоттар менговорушкаларда кездеседі.Нейротропты алкалоидтармен уланудың белгілері саңырақұлақтар- ды тамаққа пайдаланғаннан кейін 20-30 мин ішінде өте тез байқала- ды. Кейбір шыбынжұттардың латентті кезеңі бір сағаттан алты сағатқа дейін созылады. Улану картинасы нақты саңырауқұлақ түріндегі қан- дайда бір удың басым болуына байланысты әр түрлі болады.Келесі синдромдарды көрсетуге болады:мускаринді – қызыл шыбынжұтқа тән: жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, ішек түйілуі, миоз, қатты тершеңдік және сілекей бөлінуі, брадикар- дия, коллапс; уақыты өткізіп алынса – механикалық тұншығу көрінісі бар бронхоспазм мен бронхорея және жалған өкпе ісінуі;мускаридті (микоатропинді) – пантерлі шыбынжұтқа тән: тахикар- дия, сананың тұнжырауы,галлю¬циноз, сандырақ, көз қарашығының ұлғаюы;бутофенинді – порфирлі және арамқұлаққа ұқсас шыбынжұттарға тән: психомоторлы қозу,галлю¬циноз, эйфория; маниакальды жағдай, уақыт пен кеңістікті қабылдау бұзылуы; вегетативті бұзушылықтар (сілекей бөлінуі, құсу, артериальдігипертензия, веге¬тативті рефлек- стердің өсуі және т.т.).Симптоматикалық терапия. Бұл түрмен улануды емдеу калий перманга¬натмен (1:5000), 0,5% танин ерітіндісімен, белсендірілгенкөмірдің сулы жүзгіндерімен (бір стақан жылы суға 1 – 2 ас қасық) немесе магний оксидімен (20 – 30г) асқазанды жуып тазаладан баста- лады.Іш өткізу үшін зонд арқылы 200мл вазелин майы енгізіледі. Ол болмаған жадайда тұзды іш өткізгіш құрал (100мл суға 20–40г на- трий сульфаты) белгіленеді. Сусыздану көрінісі орын алып улану ауыр өтетін жағдайларда көктамырға тамшымен тәулігіне 3 л. дейін плазмо- алмастырғыштар (натрий хлоридінің изотонды ерітіндісі, полиглюкин) енгізіледі.Бұдан әрі емдеу белгілердің басымдылыған байланысты жүргізіледі. Егер көз қарашығының тарылуы, пульстің нашарлауы, артериаль-ді қысымның түсуі, қатты тершеңдік пен сілекей бөлінуі (мускаринді синдром) байқалса 30-40 мин. аралығында нәтиже болғанға дейін (қа- лыпты жағдайда 3-4 рет) тері астына 1мл 0,1% атропин ерітіндісі инъ- екциясын жасау ұсынылады.АҚ қалыпты жағдайындагаллюцинация және сандырақтау, көз қа- рашығының ұлғаюы және тахикардия белгілері бар өткір психомоторлы қозу көрінісі орын алса тері астына 5мл 0,5% прозерин ерітіндісін енгі- зу ұсынылады. Атропин қарама-қайшы келеді. Психомотролы қозудың барлық жағдайларында,галлюцинация көрінісі орын алса бұлшықетке 2 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі. Дене температурасы жоға- ры болған кезде зардап шегушіні ылғалды шүберекке орап, басына суық басады. Жеделгастроэнтерит синдромын туғызатын саңырауқұлақтарУлы саңырауқұлақтардың көптеген топтарымен жағдайлары жиі кездеседі, олардың негізгі көріністер жеделгастроэнтерит синдромы түрінде байқалады. Оларды кірпішқызыл және күкіртті-сары жалған түбіртектер, сары түсті шампиньондар, кейбір паутинник түрлері, дұрыс пісірілмеген күзгі түбіртектер, пісірілмеген және суға салып қойылмаған сүттектестер,груздилер мен волнушкалар туғызады. Бұл саңырауқұлақтар ішек-қарын жолдарының шырышты қабығын өрше- лендіреді.Клиникалық картинсы. Улану белгілері саңырауқұлақтарды та- маққа пайдаланғаннан кейін 1-2 сағат ішінде білінеді және құсуға апаратын жүрек айнуы, іш өтуі, асқазан мен ішектік ауырсынуынан байқалады. Қатты улану кезінде организмнің тез сусыздануы қатты шөлдеу, сіңір тартылуын, қан айналымының бұзылуын, жүрек қыз- метінің әлсізденуін туындатады. Сау адамдардың осыған ұқасас ула- нулары жақсы аяқталады. 1-3 күн аралығында толық сауығады. Егер зардап шегуші бауыр, бүйрек, сүрек ауруларымен ауырса әлсіз қартадамдар мен балалар арасында өлім жағдайы байқалады.Симптоматикалық терапия. Бұл түрден улануды емдеу және же- дел көмек көрсету токсиндармен улану нәтижесіндегігастроэнтериттер барысында қолданылатын жалпы әдістеме бойынша симптоматикалық құралдары арқылы жүзеге асырылады: асқазанды жуу, іш өткізетін құралдарды, адсорбенттер мен плазмалық сұйықтықтар белгіленеді.Саңырауқұлақтардың токсинділігі мәселелерін қарай отырып, та- маққа жағымсыз жерлерден жиналған жеуге жарамсыз және улы саңы- рауқұлақтарды пайдалану барысында улану мүмкін екенін ескерту қажет.Саңырауқұлақтардың адам денсаулығына қауіпті мөлшерде ауыр металдардың тұздарын және басқа да зиянды заттарды жинау қабілеті белгілі. Және де, қоршаған ортаны ластау көздері болып табылатын ірі автомобиль жолдары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жанынан саңырауқұлақтар (жидектер мен емдік өсімдіктер) жинауға болмайды. Ақауыздың бұзылу процесі бсталған пісіп кеткен, ескі саңыра-уқұлақтарда улану туғызады. Улы өсімдіктермен улану АконитАконит (бәрпі, көгілдір лютик, ыстықкөл тамыры) Ресейдің батыс аймағы мен шетелдік Европада, Сібірдің оңтүстік аудандарында және Қиыр Шығыста кеңінен таралған. Өсімдіктің барлық бөлігі әсіресе та- мыртүйнегі аса улы.Халықтық медицинада аконит тамыртүйнегі тұнба ретінде (1: 400), буынның шығун, подагралар мен арттириттерді, радикулиттер мен невралгияны емдеуде сыртқа пайдаланылады. Әрекет ету бастамасыалкалоид аконитин. Нейро¬токсинді (курареұқсас,ганглиотежеуіш), кардиоток¬синді әрекет. Өлім дозасы – 1г өсімдіктің, 5мл тұнба, акони- тин алкалоидының 2мл.Клиникалық картинсы. Улану симптомдары әр – түрлі: жүрек айнуы, құсу, тілдің, ерін мен беттің, аяқ-қол бармақтары мен башпай- ларының жанысздануы, бой түршігуі сезімі, кейіннен көздің көру қабілетінің бұзылуына (заттарды жасыл түсте көру), ауыз құрғауы, шөлдеу, бас ауруы, мазасыздану, бет бұлшықетінің, қол-аяқ сіңірлерінің тартылуы, естен тану. Тыныстау жиілейді, үстірткі, тыныс алу және шығару қиындай түседі, кенеттен тыныс алу тоқтауы мүмкін. Артери- алді қысым төмендейді (әсіресе диастологиялық). Бастапқы кезеңде брадиаритмия, экстрасистолия байқалады, кейіннен – асқазан фибрил- ляциясына ауысатан пароксизмальді тахикардия байқалады.Жедел көмек. Асқазанды жуып тазалау, ішке тұзды іш өткізгіш, белсендірілген көмір беру, форсирленген диурез, детоксикациялықге- мосорбция.Симптоматикалық терапия. Көктамырға 20 – 50мл 1% новкаин ерітіндісі, 500мл 5%глюкоза ерітіндісі. Бұлшықетке 10мл 25% магния сульфатының ерітіндісі. Сіңір тартылса көктамырға – диазепам (се- дук¬сен) 5 – 10мг внутривенно. Жүрек қарқыны бұзылса – көктамы- рға 10мл 10% новокаинамид ерітіндісі (қалыпты АҚ кезінде!) немесе 1 – 2мл 0,1% обзидан ерітіндісі, 20мл 40%глюкоза ерітіндісі 1мл 0,06% коргликон ерітіндісімен қоса. Брадикар¬дия кезінде тері астына – 0,1% атропин ерітіндісі. Бұлшықетке 100мг кокарбоксилаз, 2мл 1% АТФ ерітіндісі, 5мл 5% ас¬корбин қышқылы ерітіндісі, 4мл 5% Вх және B6 дәрумендерінің ерітіндісі. Тарғыл болиголдар(улы омег, тарғыл омег, жарқыраған омег, бас қатырғыш)КСРО-ның Европалық бөлігінде болиголдар кеңінен таралған, 60 жылдары Қазақстан, Орталық Азия елдерінде де тарала бастады. Қор- шаулар, құрылыстарда, бұталар астында, орман шеттерінде, жапы- рақты бөктерлерде және ауылшаруашылығы егістіктерінде арамшөп ретінде өседі.Өсімдіктің барлық бөліктері, әсіресе піспеген жемісінің құрамын- да (2% дейін) улы алкалоидтар бар, олардың ең қауіптісі кониин: ол жұлын параличін туындатады және аяқ-қол қозғалысы мен жүйке сезімталдығын параличтейді.Ақжелкеннің, пастернактың, балдыркөктің, сәбіздің орнына боли- гол жапырақтары мен тамырларын, ал анистің орнына – жемістерін та- маққа пайдалану нәтижесінде улану туындайды. Болиголды анис иісі бар жеуге жарамды купырьмен (орман купырь – Anthrіscussylvestrіs) шатастыруға байланысты балалардың улануы байқалады. Болигол- дардың ерекшелік белгілері – сабағындағы қызыл дақтар болуы, жа- пырағы дөңгелек, түсініксіз тышқан иісті және дәмі тіл күйдірерлік. Купырь жапырақтары төртқырлы, дәмі ащы, иісі сәбізді еске салады.Клиникалық картинасы. Жеңіл улану барысында әлсіздік, бет өңінің қашуы, сілекей шұбыруы, тамақ «қырылы», кей кездері құсу мен іш өтуі байқалады. Аса ауыр жағдайларда: бастапқыда қозу мен сіңір тартылуы, кейіннен жабырқану мен ұйқышылдық, кей кездері – еріктен тыс өсімдік иісі бар несептің бөлінуі байқалады. Көру органы- ның зақымдалуы симптомдары күшейе түседі: птоз (жағарқы қабақтың түсуі), аккомодация бұзылуы, көз қарашығының ұлғаюы, жарыққа әсер етпеуі байқалады. Жүрек-тамыр жүйесінің қызметі аз мөлшерде бұзы-лады. Қалыпты жағдайда сана айқын. Дене температурасы төмен. Оған тән симптом – аяқтан бастап парачичтің бастау алуы, оған кейіннен парестезиялар, тері сезімдалдығының жоғалуы, тыныс алудың нашар- лауы ілеседі. Өлімнің тікелей себебі – тыныстау бұлшықеттерінің па- раличі.Ауыр жағдайларда тыныстау бұлшықеттері «қосылғанға» дейін ты- ныстау орталығының параличінен зардап шегуші көз жұмады. Барлық жағдайларда да өлім себебі тұншығу болып табылады.Жедел көмек. Арнайы емі жоқ. Асқазан жуылып тазаланады, тұз- ды іш өткізші құрал мен зон арқылы вазелин майы белгіленеді. Тыны- стаудың бұзылуымен күреске ерекше көңіл бөлінеді: қалыпты дозада тыныстау аналептигін (бемег- рид, коразол, этимизол) енгізеді, кис- лородпен тыныстауды қамтамасыз етеді. Қажетінше басқарылатын (жасанды) тыныстату қолданылады, уды шығаруды жылдамдату үшін осмотикалық диуретиктер немесе фуросемид пайдаланылады. Кәдімгі утамырКәдімгі утамыр (цикута, су болиголдары, су омегі) барлық Ресей аймағында таралған. Су қорымдарының жиектерінде, батпақты орман- дарда, суда да жиі өседі.Кәдімгі утамыр – аса улы өсімдіктердің бірі болып табылады. Негіз- гі әрекет етітін зат – цикутотоксин, ол өсімдіктің барлық бөліктерінде, әсіресе тамыр сабағында.Кәдімгі утамырмен улану көктем кезінде жиі байқалады. Негізінен бұл өсімдіктің күзде шығып, көктемге дейін жасыл болып тұратын балғын өскіндеріне, ақжелкен иісі бар жерден шығып тұратын тәтті та- мырына қызығатын балалар зақым алады.Тамыр сабағының аз мөлшері (2-3г) ауыр улану туғызуы мүмкін.Клиникалық картинасы. Цикутотоксиннің әсер етуі өте жылдам байқалады. Алғашқы тамыр сабағы желінгеннен кейін бірнеше ми- нут ішінде ауызда бастапқыда тәтті, кейіннен ащы дәм пайда болады, ағыл-тегіл сілекей, бас ауруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, іштің түй- іліп ауруы, жүрек айнуы, құсу. Тері бозарып, көз қарашығы ұлғаяды, ұйқы келеді, тыныстау жиілейді, тахикардия өсе түседі. Әсіресе сіңір тартуы ұстамасы тән. Бас бұлшықеттерінің тартылуы басталады, бар- лық денеде тартылулар пайда болады. Бас артқа қарай итеріліп (опи- стотонус), аяқ күштеніп созылады, жақ тарылады. 20-30 мин. кейін тонустық тартылулар, аяқ, мойын, жақ бұлшықеттерінің тәртіпсіз кло- никалық тартылуларымен жалғасады. Зақым алған адам айқайлап, тісін сықырлатады, аузынан көбік ағады. Ұстамадан кейін толық бұлшықет және жүйке әлсіздігі байқалады. Қатты улану барысында бірінен соңтартылу ұстамалары бірінен соң бірі қайталануы мүмкін. Олардың бірінде өлім орын алуы мүмкін. Жақсы аяқталған жағдайда тартылу ұстамасы тоқтайды, соңы психикалық тежелуге ілесетін терең адина- мия басталады. Естен тану мен қарауыту жиі байқалады, уақытша жал- пы паралич орын алуы мүмкін.Жедел медициналық көмек. Арнайы емі жоқ.Симптоматикалық терапия. Асқазан жуылып тазаланады, кейіннен зонд арқылы 20 – 30г натрий сульфаты (жарты стақан суда ерітілген) және 200мл вазелин майы беріледі. Тартылуды тоқтату үшін клизмамен 1г хло- ралгидрат немесе бұлшықетке 5 – 10мл 5% барбамил ерітіндісі енгізіледі. Жүрек қызметін ынталандыру үшін қалыпты дозада строфантин, целанид, коргликон және басқа да осыларға ұқсас препараттар беріледі. Тыныс алу бұзылса жасанды (басқарылатын), кислородты тыныс алу және шығару қолданылады.Тартылуға байланысты аналептиктер (камфора, кордиамин) және сим- патомиметиктер (нор¬адреналин, мезатон) қарама-қайшы.Улы утамырдың аса токсинділігін есепке ала отырып пайдалы және же- уге жарамды дәрі балдырған мен орман аюбалдырғанын айыра білу қажет, сыртқы белгілері бойынша олар бір - біріне өте ұқсас. Үнді кенепшөбіҮнді кенепшөбі (гашиш, план, марихуана, анаша) – қауіпті улы өсімдік, құрамында есірткі заты бар.Клиникалық картинасы. Басында психомоторлы қозу, көз қарашағы- ның ұлғаюы, құлақ шыңылдауы, айқын көругаллюцинациялары, кейінненжалпы әлсіздік, босаңдық, жылауықтық, ұзақ және терең ұйқы, пульстің ақырындауы, дене температурасының түсуі байқалады.Жедел көмек. Уды ішке қабылдау жағдайында асқазан жуылып тазала- нады. Форсирленген диурез жасалады. Өткір қозу барысында бұлшықетке 4 – 5мл 2,5% аминазин ерітіндісі енгізіледі. Жануарлар уымен улануҚауіпті жануарлардың таралуы Жердің түрлі зоогеографиялық аймақта- рындағы жануарлар әлемінің құрамын анықтайтын заңдылықтарға бай- ланысты. Жиі жағдайларда улы жануарлар көп және әртүрлі хайуанаттар әлемі бар аймақтарда кездеседі.Көптеген улы жануарлар түрлерінің дене температурасы тұрақты бол- мағандықтан, олардың өмір сүруіне барынша қолайлы ылғалды тропикалық аймақтар аталған жануарлар түрлеріне ерекше бай. Бұл жерде аса қауіпті токсиндер шығаратын улы жануарлар мен түрлердің ең ірі өкілдері кезедесі.Сондықтан да адамдардың улы жануарлардың токсиндерімен ула- нуы тропикалық ауытқушылыққа жатады.Қоңыржай климаты бар аймақтарда улы жануарлардың аздаған түр- лері ғана кездеседі, олар адамдарда ауыр уланулар туғызбайды, сирек кезде ғана өлім жағдайы орын алуы мүмкін. ЖәндіктерЖәндіктер – заманауи фаунадағы ең ауқымды санат, олардың мил- лионға жақын түрлері бар. Олардың барлығы дерлік құрлықта өмір сүреді.Кей жәндіктер қандайда бір мөлшерде адам организімі үшін токсин- ді заттар бөліп шығарады. Барынша қауіпті улы жәндіктер жарғаққанат- тылар отрядының өкілдері (аралар, соналар, түкті аралар, бүгелектер). Аралар мен соналар ауқымды топты құрайды, олардың құрамына20 мыңнан астам түрлер кіреді, олар Антарктидадан барлық материк- тарға таралған. Олардың көбі синантропты өмір сүреді, кейбір түрлері бал алу мақсатында және өсімдіктерді тозаңдау үшін адаммен ара- лас дамиды. Нәтижесінде басқа улы жәндіктерге қарағанда адамның аралармен және соналармен жиі қатынасы орын алады, сондықтан да олардың уларымен улану, улы жыландар шағуынан туындаған инток- сикациялар санынан біршама артық.Аралар мен соналардың у өндіру, сақтау және енгізуге арналған жоғары мамандандырыған, аса жетілдірілген аппараты бар. Оның не- гізгі бөліктері улы бездер және құрсағының соңында орналасқан бізге- гі.Аралар мен соналардың улары қиын химиялық құрамнан тұрады және басқа жануарлардың уларынан ерекшеленеді. Ферментативті белсенділікке ие компаненттері екінші роль атқарады. Басты әрекет етушілер биологиялық белсенді аминдер (гистамин, серотонин, аце- тилхолин) және полипепти¬дтер, оларды арасында кининдер, апамин мен мелитин ерекше маңыздылыққа ие. Бұл заттардың адам орга- низмінің маңызды жүйелеріне кең спекторлы әсер ететін қабілеті бар: жүйке жүйесі, жүректамыр, тыныстау, эндокринді жүйе.Түкті аралардың шағуы аралар мен соналардың шағуынан еш айы- рмашылығы жоқ.Бүгелектер аралар мен соналар сияқты синантропты, бірақ олар- дың шағуы басқа жарқанаттыларға қарағанда барынша жанға батады (қатты ауырсыну), олардың көптеген түрлері Азияның тропикалық ай- мақтарында өмір сүреді және де Ресей аймақтарында сирек кездеседі.Клиникалық картинасы. Жарғаққанаттылардың уымен улану симптомдарының айырмашылығы мен айқындылығы басқа жану-арлардың уымен зақымдалуға қарағанда зардап шекен адамның өзге текті ақуыздарға жеке сезімталдығына байланысты. Ара шағуы кезін- де тек жергілікті раекция байқалады. Жалпы симптомдары 120-150 араның шағуы барысында дамиды, 400-500 – ара шақса жедел көмекті талап ететін жіті улану туындайды. Бірақ бір немесе бірнеше араның шағуынан уланы барысында анафилактикалық реакция орын алады, ол анафитактикалық шоктан өлуге әкелуі мүмкін.Уды енгізу барысында күйіп-жанған ауру білінеді, ол бірнеше сағат- тарды басылмайды. Зақымдалған жердегипемия мен ісік пайда болады. Көптеген зақымдар барысында ісік терінің көптеген жеріне тарауы мүмкін. Тері жабынының бозаруы байқалады. Жүрек соғуы, бас айна- лу, демікпе пайда болады Пульс жиілігі минутына 130-140 соққыға же-теді. Кей кездері конвульсия көрініс табады.Жедел көмек. Аралар мен соналардың уларына қарсы антитоксин- ді сарысулар жоқ.Симптоматикалық терапия. Улану дамуының симптомдарына қа- рай ем жасалады. Егер жарада араның бізгегі қалса оны алып тастау қа- жет. Шағылған жерге суық (егер болса, мұздай) компрестер тартылады, кейіннен антигистаминді препараттары бар жақпамайлар (преднизо- лон жақпамайы және т.б.) қолданылады. Ауруды азайту үшін анальге- тиктер (парен¬терлі 1 – 2мл 50% анальгин ерітіндісі тәулігіне 2 – 3 рет және т.б.) беріледі.Жоғарыңқы қозу орын алса транквилизаторлары: седуксен (көкта- мырға 2мл 0,5% ерітінді), элениум (ішке 0,005 – 0,01г күніне 2 – 4 рет) немесе триоксазин (ішке 0,3г күніне 2 – 3 рет). ЖыландарЖыландардың абсолютті көпшілігі – құрлықты мекендеушілер. Хайуанаттар әлемінде 2600 астам жылан түрлері есепке алынған,олардың ішінде 400 жуығы улы. Адамдардың жылан уымен көпшілік уланулары кең таралған жылан түрлерінің, аздаған санының ішінде- гілердің шағуымен байланысты.Улы жыландардың толық емес шағуынан жыл сайын 1,7млн кем емес адам зардап шегеді. Орташа алғанда өлім жағдайы 2,4% құрайды. Аса қауіпті улы жыландардың шағуынан, медицина көмегінсіз, орташа есеппен 20 – 40% зардап шегуші, кей жерлерде олардың 70% дейіні қайтыс болады.Өлімнің көп бөлігі Үндістанға және басқа да Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне келеді. Оңтүстік Америкада жыл сай- ын улы жыландар шағуына 3-4 мың адам, Африкада 800 жуық адам көз жұмады. Европадағы өлім жағдайлары бірен-сараң, жыл сайын емес.Түгелдерлік, жерүсті улы жыландардың барлық түрлері үш түрге жатады: аспидті (кобралар), сұржылантектестер және ойысбастылар (сылдырмақты жыландар).Жыландардың улар көз артындағы бас бүйірлеріндегі түрі өзгерген самай сілекей бездерімен өндіріледі, сондықтан да көптеген улы жы- ландардың бастары қатты жалпақтанады.Жыландардың у өткізгіш тістері үстіңгі жақтың алдыңғы шеттерін- де орналасқан. Бұл тістер басқаларына қарағанда аса ірі. У өткізгіш тістердің ішінде у жылыстауына арналған каналшалар өтеді.Сұржылан тектес жыландардың 58 түрі бар, барлық Европа, Азия және Африка елдерінде таралған.Сұржылан тектес жыландардың бастары шеңбер-үшбұрыш пішін- ді, мұрын шеті жапырылған және самай ұштары бүйірге шығыңқы, ол жерде улы бездер орналасқан; ол денесінен ұзын, өткір мойнымен аластатылған. Денесі қысқа және жуан, артқы жағы бірден тарылып, қысқа доғал құйрыққа ауысады.Сұржыландардың барлық түрлерінің, жасыл түсті ағаш сұржылан- дарын қоса алғанда, түстері жыландарды қоршаған ортада көрінбестей ететін қорғаушы түс нұсқаларында.Көптеген сұржыландар, мысалы көптеген асипидтер сияқты демон- стративті қалыптарға еніп жауларына өздерінің бары туралы ескерт- пейді, байқалмай қалу үшін жай ғана жорғалап кетеді немесе жасырын қалады. Егер қарсыласы шындап жақындаса, бірден шағады. Жылдың жылы уақытында сұржыландар кешкі мезгілде белсендірек. Күндізгі уақыта өздерінің мекендейтін орнында тығылады немесе күнге қыз- дырынады. Көптеген сұржыландардың улар аспидтердің уларына қа- рағанда адам өміріне аса қауіпті емес. Организмге токсинді әсерінің басты белгілері жергілікті реакцияда көрініс табады.Ірі сұржыландардың шағулары ғана адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін (гюрза, сонымен қатар Африка, Оңтүстік және ОңтүстікШығыс Азияны мекендейтіндер). Заманауи және дұрыс емдеу барысында бұл жағдайлардағы өлім сирек кездеседі.Ресей мен жақын шетелдерді мекендейтін барынша қауіпті сұржы- лан түрлерін атап өтейік.Кәдімгі сұржылан Британ аралдарынан бастап Сахалинге дейінгі Европа мен Азияның барлық орман аймақтарына таралған. Ұзындығы 75 см аспайды. Жоғарғы бөлігінің түсі қошқылкөгілдір мен қара ара- лығында. Артқы жағында бірден көзге көрінбейтін зигзаг сияқты жо- лағы бар.Дала сұржыланы бұдан ұсақ, ақшыл боялған, оңтүстіке қарай, ор- манды далалы және далалы аймақтарда, сонымен қатар Қара және Ка- спий теңіздерінің жағаларында кездеседі; денесінің ұзындығы 50 смаспайды. Бұл сұржыландардың шағулары адам үшін қаупі аз. Өліммен аяқталу жағдайлары 0,5% аспайды, алғашқы жәрдем уақытылы және дұрыс көрсетілсе өлім жағдайы мүлдем болмайды.Гюрза – өте ірі жылан, кейбір экземплярларының ұзындығы 1,6 м. жетеді. Таралуы аймағы аса кең.гюрза Кавказда және Орта Азияның оңтүстік аймақтарында кездеседі. Құрғақ тау бөктерлерінде, қамыстар- дың, сиретілген бұтақтасында арасында, жағажай жыраларында, өзен алқаптарында жиі мекендейді.гюрзаның шағуы жіті улану туғызады. Тиісті медициналық көмексіз зардап шеккендердің 10% көз жұмады.Құмды эфа – ұзындығы 50-60 см жылан, ерекше «бүйірлеп» жүру арқылы құмда жылдам қозғалады, құмда «батып кетуге» қабілетті.Орта Азияның оңтүстік аймақтарын (Каспий теңізінің жағалауын- да, Арал теңізінен оңтүстікке қарай) мекендейді.Клиникалық картинасы. Улы жыландар шағуы қатту ауру тығызбай- ды. Көп жағдайларда шағу моментін түйреуіштің түйреуімен салысты- руға болады. Сұржылан шаққан жерде у өткізгіш тістермен жасалған екі нүктелі жара көрінеді.Улы емес жыландар шаққан кезде теріден көптеген тістер қалды- рған төрт қатар шағын белгілерді (мысалы, сарбас жылан шағуы кезін- дегідей) көруге болады.Аспидтердің (кобралар) шағуы кезіндегі клиникалық белгілеріне, салыстармалы түрде шағудың жергілікті көріністері нашар байқалуы, негізгі картина ретінде нейротрапты улардың әрекеті симптомдарының жедел өсуі (тыныстау орталығының параличі) дамиды, сұржыландар- дың уымен улану барысында алғы кезекте жергілікті зақымдаулар мен қайнайналымының бұзылуы шығады.Сұржыландардың шағу барысында жүйке жүйесі қызметінің бұ- зылуы салыстырмалы түрде нашар айқындалады.Сұржылан шағуынан 10-15 мин. өткенен кейін ісіну дамиды, эрите- ма пайда болады. Бірнеше сағат ішінде ісік қол-аяқтың көптеген бөлі- гіне тарайды, тәулік ішінде бүкіл денеге даруы мүмкін.Жедел көмек. Улы жыландардың уларымен улану барысында алғашқы көмек көрсету үшін барынша тиімді құрал зардап шегушіге бірден айырықша антитоксинді сарысу енгізу болып табылады. Анти- токсинді (токсинге қарсы) сарысулар бір немесе бірнеше түрлі жылан уларымен жануарларды имунизациялау жолымен алынады. Бірінші жағдайда моновалентті, ал екіншісінде – поливалентті сарысулар алы- нады.Сарысу нұсқаулығына сәйкес тері астына немесе бұлшықетке ен- гізіледі.Симптоматикалық терапия. Жыландардың шағуы кезінде сары- су егуден басқа бейтәндік емдеулер барлық жағдайларда қолданыладыжәне уланудың дамып келе жатқан белгілерін жойып, олардың көрінісін азайтады. Ықтимал ауырпалықтардың туындауына (анафилактикалық шок дамуының қаупі) байланысты сарысу енгізу мақсатты болмаған- дықтан бейтәндік емдеу түрлері ерекше маңыздылыққа ие болады, мы- салы сұржыландардың улымен жеңіл улану.Бейтәндік емдеу ережелерінің мағынасы аса маңызды, себебі оны қолдану нәтижесінде жиі жағдайларда нақты удың өзіне қарағанда адам өліміне әкелуі мүмкін аса ауыртпалықтар тудырып, әдебиеттер- мен қате және зиянды емдеу әдістері ұзақ мерзім ұсынылып және прак- тикада жүргізілген.Жылан уынан зақым алғандарды емдеудің соңғы нәтижесі және олардың сауығуы көбіне алғашқы көмектің дұрыс және уақытылы көр- сетілуіне байланысты.Жылан улары адам оргнизіміне күшті әсер етеді, басынан бастап науқасты зақымдайтын және у әсерін ұлғайтатын шаралардан аулақ болу керек. Аялауыш терапия ғана жүргізу қажет.Мидағы қан айналымының бұзылуын төмендету үшін зардап ше- гушінің басын дене деңгейінен төмен түсіру түсіру қажет. Кейіннен шағу орнын сору мүмкін болса, 10-15 мин. жарадан уды жігерлі түрде ауызбен сору немесе қансорғызу банкаларының көмегімен сорып та- стау қажет. Егер шағудан кейін бірден у сору басталса, енгізілген удың 30 – 40% алып тастауға болады. 15 мин. кешіктірілсе жойылған у мөл- шері 10 – 12% төмендейді.Сору дұрыс жасалса зақымдалу ауыртпалығы төмендейді. Қол- ды шағу орын алса зардап шегушінің өзі сорып тастауы мүмкін. У зақымдалмаған шырышты қабаттан өтпесе де, сорған сұйықтықты түкіріп тастау қажет, себебі ауыз қуысының микрозақымдарына сенуге болмайды.Ауыз қуысының шырышты қабатының зақымдануы несеме тістің тісжегілері бар адамдарға уды ауызбен соруға тиым салынған. Уды алғаннан кейін ауызды калий марганец қышқылының ерітіндісімен не- месе таза сумен шаю қажет. Сорғызу барысында шағылған жерді бас және сұқ саусақпен жараға бағыттай отырып жеңіл уқалау жасау қажет. Ісінудің алғашқы белгілері пайда болса сору бірден тоқтатылады, шағу орны антисептикпен өңделіп, қатты стирильді таңғыш салынады. У организмге лимфа тамырлары бойынша тарап, бұлшықет қозға- лысы барында күшейе түседі. Оның өмірлік маңызы бар орталықтарға түсуін төмендету және организмнің қорғаныс механизмдерінің іске қо-суы үшін зақымдалған дене бөлігін оқшаулау қажет.Оның жүзеге асырылу әдістемесі сынық кезіндегідей: қол бүктел- ген қалыпта ілінеді, аяқ шиналармен бекітіледі, болмаған жағдайда сау аяққа дәкемен таңылады.Зақым алған адамға толық тыныштық қамтамасыз етіледі. Көп сұй- ықтық (қою ыстық шай) және жүрек жұмысын қолдауыш препаратар беріледі. Зардап шеккен адам жатқызылған қалыпта тасымалданады.Көптеген адамдарда жылан шағуы психиканың бұзулыну туында- тады. Қорқыныш организмнің көптеген маңызды қызметтерінің психо- генді бұзылушылықтарына әкеледі және естен танғызады. Сондықтан да шағудан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шегушіні жұбатып, ем- деу уақытында тұрақты түрде психотерапиялық көңіл бөлу қажет.Ерте кездерде ұсынылған көмек көрсету әдістері қолдану зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін.Шағу орнына жоғарырақ жерге бұрау салу, «уды қанмен бірге шыға- ру» мақсатында шағу орнындағы теріні кесу, қан шығару, шағу орын- дарындағы тіндерді кесіп алу, калий марганецқышқылын енгізу, шағу орнын қысу – бұл қауіпті ауыртпалыққа апаратын қате және зиянды«емдеу» әдістері, олар улануды емдеуден де ауыр өтеді. БалықтарСулы ортаны мекендейтіндерден келетін қауіптердің бір бөлігін ғана алып көрейік.Ресей Федарациясының тұрғындары үшін белсенді-улы балықтар- мен (скаттармен, акулалармен, химералармен, жылан балықтармен, скорпендармен, құрбақа балықтармен, хирург барықтармен, пескар- калармен, жұлдызсанағыштармен) және теңіз жыландарымен қарымқатынас белсенді емес, себебі олар Ресейге телінген акваторилерде мекендейді.Ресей тұрғындары үшін улы балықтармен ғана емес, адам өміріне қауіпті жарақат жасайтын қауіпті теңіз жануарларымен (акула, семсер балық, мурена, электрлі скат, барра¬куда, косатка) кездесу мүмкіндік- тері де өте төмен.Оңтүстік-шығыс теңіздерде инеқұрсақты балықтар мекендейді, оларды пассивтіулыларға жатқызады. Олар адам өмірі үшін үлкен қа- уіп тудырады. Көптеген жағдайларда ит балық тектестерді тамаққа пайдалану барысында жіті уланулар туындауы мүмкін.Көптеген итбалық түрлерінің бауырында, уызында, ішектері мен құрсағында аса ауыр жануарлар уы – тетродотоксин бар. Бұл улармен уланудың 60% өлімге әкеледі. Ол өзінің токсин қабілеттерін жоғалт- пастан, 4 сағат қайнауы мүмкін. 15-20 минуттан кейін өлу үшін адамға бұл балықтың (30г) бір түйір бауырын жеу жеткілікті. Дегенмен, кейбір шығыс елдерінде бұл балықты тамаққа пайдаланады.Мысалы Жапонияда итбалық «фугу» атымен деликатес ас ретінде тамаққа пайдаланылады.Ресейде экзотика қатарынан болғандықтан қауіпті болып саналады, сондықтан да бұл тарауда тамаққа пайдалануда улану туғызатын екінші улы балықтар ғана қаралған.Екінші улы теңіз жануарларын тамаққа пайдалану барысында туын- даған жәнегастроэнте¬роневрологиялық белгілерімен өтетін интокси- кация сигуатера типті улану атауымен аталады, бұл 1787 жылыгаванада көптеген адамдар тобын улаған «sіgua» моллюскісінің жергілікті аты.Қазіргі кезде осы типті уланулар, өз организімінде у өндіруге қа- білеті жоқ, кәдімгі жеуге жарамды балықтардың 300 астам түрін тамаққа пайдалану барысында тіркелген. Олардың көпшілігі азық қатынасында аса құнды болып саналады және деликатесті балық тағамдары ретінде қызмет етеді.Кариб теңіздерінде, Тынық мұхиттың орталық және оңтүстік бөлік- терінде, Оңтүстік-Шығыс Азия және Индонезия жағалауларында ме- кендейтін теңіз рифтерін және жағалау балықтарын (риф алабұғасы, барракуд және т.б.) тамаққа пайдалану барысында уланулар туындай- ды.Бұл түрлерден туындайтын токсиндер түрлі балдырлар құрамында бар. Улар тамақ тізбектері бойынша балық организіміне түсіп, негізі- нен бауырда, жыныс мүшелерінде және ішек-қарындарында жиналады. Көп жағдайларда балық еттері токсинді емес. Улы балдырлардың көбе- юі табиғи себептерден туындаған (қатты жауын-шашын, су тасқыны, ірі теңіз сүтқоректілерінің өлуі және т.б.) экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы немесе адам қызметі (су асты жұмыстары, әсіресі жарылыс, мұхитқа қоқыс таста және т.т.).Мұхит ластануының ұлғаюына байланысты жеуге жарамды ба- лықтармен улану (кей аудандарда) жағдайлары өсуде.Өндіріс қалдықтары құрамындағы токсинді қосындылар, сол жерде мекендейтін балықтарды тамаққа пайдаланатын адамдардың созылма- лы улануының алғашқы себептері болуы мүмкін. Мысалы, Жапония аймағының бірінде сынап тұзымен жаппай улану (Минамата ауруы) орын алды. Бұл жағдайлар Ресейде де орын алуы мүмкін.Клиникалық картинасы. Балықтар токсиндерімен уланудың бел- гілері әртүрлі. Көптеген кезде асқорыту және жүйке жүйесі органдары қызметінің бұзылуы көрініс алады.Сигуатер түрлі улану ауыртпалықтары әр түрлі болуы мүмкін. Асқо- рыту органдары қызметінің бұзылуы басым, ауыр жағдайларда – жүйке жүйесі.Улы балықты тамаққа қолдағаннан кейін бірден немесе бірнеше сағаттан кейін ерін, тіл, тамақ қасы қыши бастайды, кейіннен жансы- зданады. Жүрек айнуы, ауыздағы метал дәмі, құсу, іш ауруы, іш өтуі көрініс алады.Зардап шегушілер бас ауруына, жалпы әлсіздікке, терінің қатты қы- шуына, бұлшықет пен буындардың ауруына шағымданады.Ауыр жағдайларда қатты бұлшықет әлсіздігі, қалшылдау дамиды, көру қасиеті бұзылады: заттардың бұлыңғырлануы, уақытша соқыр- лық, жарықтан қорқу, көз алдында қара дақтар көрінуі.Тері сезімталдығы бұзылады: ыстық суық ретінде және суық ыстық ретінде қабылданады. Қозғалыс үйлесімділігінің бұзылуы, параличтер, буындардың тартылуы байқалады. Өлім орын алуы мүмкін.Сауығу барысы өте баяу (кей уақытта бірнеше айлар). Жіті улану барысындағы өлім 7% шамасында.Жедел көмек. Арнайы у қайтарғыштар жоқ.Симптоматикалық терапия. Жылдам және жігерлі өткізілуі тиіс. Алдын ала асқазанды зонд арқылы немесе құсық келтіру арқылы жуып тазалау қажет. Асқазанды тазалау үшін калий перманганаты (1:5000) ерітіндісі, 0,5% танин ерітіндісі, белсендірілген көмір немесе магний тотығының (20 – 30г)су езбесі пайдаланылады.Асқазан тазаланғаннан кейін тұзді іш өткізгіш беріледі. Адсорбия- лайтын және нәрлендіретін құралдар: белсендірілген көмір (қайталап 10-5г., әр порциясы сумен жұтылады), тығыздалған жұмыртқа ақуызы, сүтАуыз бен мұрын қуысынан ағыл-тегіл шырыш бөлінсе сұйықтықты сорғызу немесе зардап шеккен адамның басын бір жағына қарату ке- рек. Ларингоспазм жағдайында интубация немесе тра-хеостомия жа- салады.Тыныс бұзылуымен күресу үшін кислород белгіленеді, өкпені жа- санды желдету қолданылады, кофеин (тері астына 2 – 5мл 10% ертін- ді), кордиамин (тері астына 3мл), этимизол (тері астына 4 – 5мл 1,5% ерітінді), цититон (көктамырға 1мл) беріледі.Дезинтоксикациялық терапия. Дәрумендермен ірге (көктамырға 20 – 50мл 40%глюкоза ерітіндісі 0,5г аскорби¬н қышқылымен), на- трийгипосульфиті (көктамырға 5 – 50мл 30% ерітінді). Ретинол (бұл- шықетке майдағы ретинол аце¬татты тәулігіне 25 – 100 мың. МЕ), кальцийглюконаты (көктамырға немесе бұлшықетке баяулап 5 – 10мл 10% ерітінді).Бақылау сұрақтары АИ-2 дәрі қорбының құрамында қандай дәрі-дәрмектер бар?Сәулелендіру дозасына байланысты жедел сәулелік аурулар қалай ай- қындалады (оның түрлері)?Инесктицидтармен жіті уланы барысындағы негізгі жедел көмек ша- раларын атаңыз?Көзді химиялық күйік шалу барысындағы жедел көмекке не жатады?Этанолмен және метил спиртімен улану түрлері қандай?Боз арамқұлақпен, жалған түбіркетермен, шыбынжұттармен улану- дың басты айырмашылықтарын айтыңыз?Сұржыландар шағуы барысында жедел көмек іс шаралары қандай?Сигуатера түрімен улану барысындағы жедел көмек?VІ БӨЛІМТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА САНИТАРЛЫ-ГИГИЕНАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯҒА ҚАРСЫ ІС ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 25 ТАРАУБИОЛОГИЯЛЫҚ ТЕРРОРИЗМ ҚАУПІ Жалпы жағдайларТеррористік мақсатта ауружұқтыратын биологиялық агенттерді пайдалану жаппай індет, жан-жануар, өсімдіктер құруына әкелетін олардың өміршеңдік қызметінен кейінгі микроорганизмдер мен ток- синді өнімдерді пайдалануға негізделген.1975 жылы «Бактериологиялық (биологиялық) қару өндіруге, дай- ындауға және запастарды жинауға, жоюға тиым салу туралы Конвен- ция» күшіне енді. Ол қатысушы-мемлекеттердің биологиялық агенттер мен токсиндерді құрастырмауы, өндірмеуі, жинамауы, алмауы және сақтамауы міндеттемелерін қарастырады. Конвенция қабылдау биоло- гиялық шабуыл құралдарын әзірлеу мен зерттеуді тоқтату үшін қолай- лы жағдай жасады. Бұған қарамастан биологиялық шабуыл құралын өндіру технологиялары мен тактикалары түрлі экстремистік топтар мен халықаралық қылмыстық мекемелер үшін қол жетімді болды. Соңғы жылдары саясатшылар мен түрлі профильді мамандар назары биотерроризм проблемалары ұдайы күшейе түседі. Ықтимал биоло- гиялық агенттер талқыланады, оларды пайдалануға қарсы әрекеттер нұсқалары сарапталады.Экономикада жарылғыш заттар кеңінен қолданылады. Химиялық агенттер жақсы зерттелген және олардың көпшілігі үшін анықтау және зардап шегушілерді емдеу әдістері әзірленген. Биологиялық агенттер кезінде басқа жағдайлар орын алады. Табиғатта адам ауруын туғыза- тын микрорганизмдер сан түрлі.Биологиялық қару және биотерроризм саласындағы сарапшылар жұқтылу агенттерін бірнеше ондап санаса да, ауружұқтыратын басқа да көптеген микробтарды ықтимал пайдалану мүмкіндігін назарға ал- мауға болмайды. Соңғы жылдары биотехнологиялар бойынша маман- дар саны біршама өсті, биологиялық препараттардңы рецептуралары бойынша ақпараттар қолжетімді болды.Террористердің биологиялық агенттерді пайдалану қы- зығушылығын тудыруы олардың бағасының төмендігі мен пайдалану қарапайымдылығы. Мысалы 1 км2 биоагентпен зарарлау 1 долл., осын-дай аймақты зарарлау үшін химиялық улау заттарын пайдалануға 600 долл., ядролық қаруды пайдалану үшін—800 долл.Жаппай зақымдау қаруларының барлық түрлеріне қарағанда бірқа- тар жағдайларға байланысты артықшылық биологиялық зақымдау құралдарына беріледі. Биологиялық қару стратегиялық сипатағы мүм- кіндіктерге ие және химиялық қарудың әрекет аясы шектеулі болған- дықтан оның әсері ядролық қарумен салыстырарлық, тұтастай алғанда тактикалық болып табылады. Террористерге арналған биологиялық қару – жаппай зақымдау қаруларының ең қолжетімді түрі. Оны жасау және жасырын пайдалануға дайындау біршама арзан.Биологиялық зақымдау құралын диверсия жасалатын жерге жет- кізу оңай және қолдану қиын емес. Оны қарапайым дәрі-дәрмектер ретінде тасымалдауға болады. Рецептураны жеңіл жүк машинасына ор- наластырылған қарапайым москитке қарсы пульверизатор немесе сыр бүріккіш типті қарапайым бүрку жүйелерінің көмегімен үлкен аумаққа бүрку, шашу тиімді. Сонымен қатар, қаланың суқұбыры жүйелері мен азық-түліктерге биоагенттер жасырын түрде жұқтырылуы мүмкін. Биологиялық зақымдау құралдарын диверсиялық пайдалану барысын- да жасырын (инкубациондық) кезеңнің болуына байланысты теракт ав- торы мен уақытын білу мүмкін емес, бұл диверсия фактісін жасыруға және жауапкершіліктен қашуға мүмкіндік береді. Осы жағдай агентті идентификациялау қиындығын анықтайды.Қарапайым химиялық агенттер 1 км. қашықтықта зақымдау ау- мағын құрайды, токсиндердің зақымдау аумағы – 10 км., ал биологи- ялық агенттер желдың бағыты бойынша жүздеген километрлерге жетуі мүмкін.Биологиялық террористік акт – бұл адамның өмір сүру ортасын әдейілеп жасырын зақымдау немесе жарылыс жасау, биотехнологи- ялық өндіріс нысандарында, патогенді микроорганизмдермен жұмыс істейтін микробиологиялық зертханаларда, кейінгілерін нысан сырты- на шығару арқылы апатты жағдайлар жасау үшін биологиялық агент- терді пайдалану.Табиғатта бар микроорганизмдердің алуан түрлерінен ықтимал биологиялық агент ретінде бірнеше ондаған биологиялық түрлер ғана террористік актілер барысында пайдаланылады.Биологиялық зақымдайтын агенттер ретінде аса қауіпті және қа- уіпті ауру түрлерін туғызатын қоздырғыштар пайдаланылуы мүмкін.Аса қауіпті инфекция дегеніміз – уақыт пен кеңістікте жылдам та- райтын, адам өмірі үшін ауыр зардаптар туғызатын немесе өлімге апа- ратын жұқпалы ауру.Террористер үшін бастысы – биологиялық зақымдау агентін пайда- лану және көптеген адамдардың өміріне нақты қауіп төнуі фактісіменқоғамға психологиялық әсер ету. Ауру сипаты мен оның құрылымда- рын бағалау барысында террористік мақсаттар үшін тыныс жолда- рының ауруларын қоздырғыштар ғана емес ішек инфекцияларын қоздырғыштарда қажет болуы мүмкін.Сонымен қатар, ауру ауыртпалықтары дүрбелең мен хаос тудырады деп болжанады.Аэрогенді зақымдау жолы барысында террористке барынша көп адамды зақымдау оңайға түсетінін есепке ала отырып айырықша ин- фекция тарататын ингаляциялық механизмдері (қолданудың аэрозоль- ді әдісі) бар агенттерге беріледі.Жұқпал ауру қоздырғыштардың барлық критерийлерін бағалай отырып оларды террористер қалай пайдаланаты, қандай міндеттерді шешу үшін қолданылатыны жөнінде қорытынды жасауға болады.Ауру ауырпалығы, эпидемиологиялық қауіп және сыртқы ортаға тұрақтылығын есепке ала отырып, террактілер жасау барысында аса жоғары маңыздылық санатына табиғи шешек, оба және сібір жарасыжоғары өлім қаупі бар ауру қоздырғыштар жатады. Жоғары маңыз- дылық санатына - туляремия, ботулизм, вирустігеморрагенді безгектер, тырысқақ (хо¬лера) жатады.Басқа биогендер террористік актілерді қолдану мүмкіндігіне байла- нысты жоғары маңыздылық санаттарына жатады.Террористік актілерде оларды пайдалану ықтималдығы бар басқа да биоагниттар маңыздылығы жоғары санаттарға жатады. Бұл ку-безге- гінің, бруцеллез, сап, мелиоидо¬з, вирусты энцефалиттер, сүзек бөрт- пелерінің қоздырғыштары. Үлкен қоздырғыштар тобы маңыздылығы төмен санатқа жатады. Дегенмен ұсынылған биологиялық агенттердің жіктемесі шартты, ол шындықты жеткілікті мөлшерде айқындай түседі. Көптеген жағдайларда патогенді микроорганизмдер сақталу, таса- малдау барысында, террор құралы ретінде пайдалануға, сыртқы орта- ның қолайсыз факторларына әрекет етуге қажетті мөлшерде тұрақты емес. Сондықтан да олар биологиялық агенттің залалдаушы қабілет- терін сақтауға барынша оңтайлы жағдайды қамтамасыз ететін арнайы препараттардың қосындындылары – арнайы әзірленген биологиялық рецептуралар түрінде пайдаланылуы мүмкін. Рецептураның негізгі компаненті – биологиялық агент; оның міндетті компоненті толтырғышбиологияылық агент өсірілетін нәрлі орта; үшінші қажетті компо- ненті – сақтау және орындау барысында рецептураның тұрақтылығын көтеретін тұрақтандырғыш қоспалар. Биологиялық террорлық актілердің зардаптарын жою бойынша іс шаралар ұйымдастыру және жүргізуСанитарлы-эпидемиологиялық барлау. Оны эпидемиологиялық барлау тобы жүргізеді – мемлекеттік санитарлық қызметтің арнайы құрылымы. Санитарлы-эпидемиологиялық барлаудың негізгі мақса- ты биологиялық террористік акт жасалды деп болжанған аймақтың жағдайы туралы сенімді ақпарат жинау. Барлаудың міндеттері:ақпаратты визуалды (көзбен көру) растау және тексерілетін аймақта немесе нысанда террористік акті жасалған жерді анықтау;терроризм актісінен кейін орнаған эпидемиологиялық жағдайды бағалау: сыртқы орта нысандарында жұқпалы аурулардың, аэрозоль тамшысы мен ұнтақтәріздес заттардың болуы;үй және тағы жануарлар арасындағы эпизоотияны анықтау; биологиялық агенттердің ерекше индикациясы бойынша зертханағасынамалар алу үшін нақты орынды белгілеу;(мүмкіндігінше) биологиялық зақымдану аймағының шекарасын анықтау;террористік акті жасалған аумақтың санитарлы-гигиеналық жағдай- ын тексеру;эпидемиологиялық ошақтарды жою барысында пайдалану перспек- тиваларын анықтау үшін жергілікті денсаулық сақтау органдарының күштері мен құралдарын бағалау;Эпидемиологиялық барлау тобы қорғаныс киімдерімен қамтамасыз етілуі және сынамалар алу және оларды зертханаға жеткізу үшін қа- жетті құралдармен жабдықталуы тиіс. Жұмыс кезеңінде топқа жүріп өтуге аса қолайлы автомобиль көлігі бекітіледі. Барлау нәтижелері био- логиялық террористік актілердің медико-санитарлық зардаптарын жою бойынша мақсатты бағытталған іс шаралар жүргізу үшін қажет.Сыртқы орта нысандарынан сынамалар алу және биологи- ялық агенттерге индикация жүргізу. Көрсетілген аймаққа келгеннен кейін эпидемиологиялық барлау тобы көрсетілген учаскені зерттей- ді, сынама алу объектілерін және оларды іріктеу кезегін айқындайды. Табиғи жағдайлар мен жел бағыты есебімен ауа сынамасы алынады. Тексерілетін аймақта терактіні жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүм- кін күмәнді заттар табылса, табылған биологиялық оқ-дәрілер қал- дықтарының жарықшақтары алынады. Су алынатын жер көп болуына байланысты бірінші кезекте сынамалар тоғандардан және су пайдала- нылатын жерлерден алынады.Міндетті түрде келесі сыртқы орта сынамалары алынады: ұн- тақтүріндері заттардың үстіңгі қабаты, сұйықтық тамшылары, түрлі заттар мен объектілердегі басқа да күмәнді субстраттар. үстірттердің қырындысы алынады. Жәндіктер мен кенелер пробиркаға салынып алады. Ұсақ кеміргіштер мен егейқұйрықтар әкетіледі. Терракт үшін пайдаланылған құрылғының болжамды жұмыс орнынан 5 м аспайтынрадиустан нақты көрсеткіштер табылған жағдайда жердің үстіңгі то- пырағы алынады.Алынған сынамалар бумаланып, нөмірленіп, зертханаға жеткізу үшін контейнерлерге салынады. Сынамалар алу үшін пайдаланылған заттар зарарсыздандырылады.Бактериологиялық (биологиялық) бақылау алдынта түрған бірін- ші кезекті міндеттер – биоагентті қолдану фактісін анықтау, қолда- нылған қоздырғыш түрін, зақымдау шекарасын, қорғаныс құралдарын пайдалану және шешу уақытын айқындау. Биоагент қолдану фактісін айқындау үшін жанама белгілері бойынша арнайы емес экспресс-ашу жүргізіледі, сонымен қатар арнайы индикация құралдары мен әдістерін пайдалана отырып қолданылған қоздырғыштардың түрлерін анықтау үшін сынамалар алынады.Биоагенттердің айырықша индикациясынның негізі - зерттеудің екі өзара өткізілетін сатысын қарастыратын бірегей схема бойынша жүр- гізілетін зертханалық микробиологиялық экспресс-сараптау әдістері: бастапқыда екі экспресс-әдістің көмегімен биоагенттерді пайдалану аймағынан алынған нативті (сапаландырылмаған) материалдарға са- раптау жасалады, кейіннен алдын ала биологиялық сапаландыру жа- салғаннан кейінгі сынама материалдары жоғарыда аталған әдіспен зерттеледі.Жұқпалы аурумен ауыратындарды анықтау, оларды оқшаулау,- госпитализация және емдеу. Жасалған биологиялық терактінің кенет- тен және жасырын болуы жұқпалы аурулармен ауыратын адамдар пайда болған уақыттан эпидемиологиялық ошақ орны болып табылатын био- логиялық зақымдану ошағында қалған науқастарға медициналық көмек көрсету қиыншылық тудырады. Оған адамдардың жаппай зақымдануы және көптеген ошақтардың құрылуы, биологиялық агенттерді пайдала- ну фактілері анықталғанға дейін аурудың көрініс алуы, инфекциялардың зарарлау әрекетінің барынша ұзақ болуы, тұрғындардың зарарланған на- уқастармен және қоршаған ортамен байланысының қорғалмауы тән.Орын алған жағдайларда тұрғындарға медициналық көмек көрсету бойынша келесі іс шараларды жылдам атқару қажетті: қоршаған орта үшін қауіпті, жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды және ауруы мүмкін адамдарды анықтау;Ауырған адамдарды оқшаулау жәнегоспитализациялауды ұйымда- стыру; зертханалық зерттеулер үшін науқастардың материалдарын жинау; теракт нәтижесінде зақымдану қаупі бар тұлғаларды анықтау, оларды оқшаулау және жақсы әсер ететін антибиотиктармен жедел профилактика жүргізу;ауырған адамдарға уақытылы және дұрыс диагностика жүргізу және емдеу;тұрғындар арасында әрі қарау жұқпалы аурулардың тарамауы бой- ынша іс шаралар ұйымдастыру.Жұқпалы аурумен ауыратындарды емдеу-эвакуациялаумен қамта- масыз етудің мәні ауырған адамдарға және зақымдау аймағында болып зарарлану қаупі бар адамдарға медициналық көмек көрсету және емдеу бойынша уақытылы және бірізді іс-шаралар ұйымдастыру.Жұқпалы аурумен ауырғандарды емдеу мекемелеріне санитарлық транспортпен тасымалдау қажет. Зақымданған тұлғалар кейіннен ме- дициналық бақылау үшін кеңейтілген обсерваторларға жеткізіледі.Жұқпалы аурумен ауыратындарды айқындау және жұқпалы ауру- лардың болуына күмәнді тұлғаларды айқындау амбулоторлы –емхана- лық буын жедел медициналық жәрдемнің фельдшерлік және дәрігерлік, дәрігерлік-бикелік бригадаларына жүктеледі. Бұл бригадаларға жұқпа- лы аулулармен ауырған науқастарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету міндеті де жүктелген. Жұқпалы аурымен ауыратын науқастарға ме- дициналық көмек көрсету тиімділігі дұрыс қойылған диагнозға бай- ланысты анықталады. Қауіпті инфекциялармен жаппай ауыру көрінісі барысындагоспитальға дейінгі кезеңде аурудың эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық диагностикасы қиынға түседі. Бұл қиыншылықтарды артта қалдыру үшін дәрігерлерге нақты диагноз қойғанға дейін жұқпалы аурумен ауыратын науқастарды (ауруларды) шамамен іріктеп бес негізгі топқа бөлу ұсынылады:тыныс жолдары мен өкпенің айырықша зақымдалуы;ішек-қарын жолдары мен асқорыту органдарының айырықша зақымдануы;орталық және перифериялық жүйке жүйесінің зақамдануы;тері мен шырышты қабықтың зақымдануы;көрінбейтін локальді органикалық зақымданумен жалпы инток- сикация синдромы айқындамасымен анықталады.Нақты диагноз қою мүмкіндігі болмаса көрсетілген негізгі топтар дәрігерлерге биологиялық зақымдану аймағында эпидемиологияға қарсы шаралар жүргізу тәртібін анықтауға, атап айтсақ жұқпалы ауру- ларды іріктеу үшін көмек береді. Ол төмендегі көрсеткіштер бойынша науқастарды біртекті топтарға бөлуді қарастырады:нобайлық диагноз бойынша (жекелеген органдар мен жүйелердің зақымдану айырмашылығы бар науқастар тобы);эпидемиологиялық қауіптілік деңгейі; ауыртпалығы;тасымалдауға жарамдылығы; эвакуациялық белгіленуі.Лабороториялық зерттеулердің соңғы нәтижелерін күтпей, айы- рықша ауру белгілерінің көрінуі бойынша ауруларды емдеу басталады.Емдеудің кешенді болуы тиіс және алуан түрлі дәрі-дәрмек құралда- рын пайдалану қажет. Инфекциялық процестің ауыртпалығы мен оның нақты препаратқа сезімталдығын, қоздырғыш түрін есепке ала оты- рып инфекционист-дәрігер емдік препарат пен оны қолдану схемасын таңдайды. Антибактериалдық препараттарды енгізгенге дейін бактери- ологиялық зерттеулердің серологиялық рекациясын қою үшін қан мен басқа да биологиялық материалдар алынады.Эпидемиологиялық ошақтағы шұғыл профилактика. Имму- нопро¬филактика және иммунокоррекция. Шұғыл профилактика (превентивті емдеу) – қауіпті жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен зақымдалған адамдарда аурулар туындауының алдын алуға бағыт- талған медициналық іс шаралар кешені.Ол бактериалді зақымдану немесе елді-мекендерде тұрғындар ара- сында қауіпті жұқпалы аурумен ауыру фактілерін анықтағаннан кейін жүргізіліп, зардап шегушігерді жылдам қорғауды қамтамасыз етеді.Шұғыл профилактика жалпы және арнайы болып бөлінеді. Диагноз анықталғанға дейін жалпы шұғыл профилактика жүргізіледі. Қозды- рғыш түрі анықталғаннан кейін арнайы шұғыл профилактика жүр- гізіледі.Жалпы шұғыл профилактика құралы ретінде көптеген жұқпалы ау- рулардың қоздырғыштарына белсенді, кең спекторлы әрекет ететін ан- тибиотиктер мен химиялық препараттар қолданылады. Жалпы шұғыл профилактикалық курстың ұзақтығы ықтимал инкубациялық кезеңмен және қоздырғышты анықтау, идентификациялау және оның антибио- тиктерге қарсы сезімталдығын анықтау үшін қажетті уақытпен анықта- лады, орташа 2-5 тәулікті құрайды.Арнайы шұғыл профилактика құралы ретінде антибиотиктер және зақымдану ошағыннан табылған қоздырғыштың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау есебімен, қоздырғыштарға нақты антибакте- риальді әрекет ететін химиялық препараттар қолданылады.Сонымен қатар вакциналар, сарысулар, бактериофагтар, имму- ноглобулиндер және т.б. құралдар. Арнайы шұғыл шара курсының ұзақтығы ауру түріне (зақымдау күнінен бастап анықталған инкубаци- ялық кезең мерзімі) және химиятерапевтік препараттардың қасиеттері- не байланысты анықталады.Жалпы шұғыл профилактикадан арнайыға өту барысында бұрын қабылданған құралдар есебімен препараттардың дозалары, оларды белгілеу мерзмінің сабақтастығы сақталады.Шұғыл профилактика Ресей Федерациясының атқару органдары субъектілерінің өкімдері бойынша денсаулықсақтау органдарының белсенділігімен және әдістемелік басшылық жасауымен зардап шеккен барлық тұрғындарға көрсетіледі.Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша қоздырғыш түрлері анықталғаннан кейін белсенді иммунизация жасау (вакциналармен, анатоксиндармен) үшін арнайы профилактика жүргізіледі, көптеген жағдайларда инкубациялық кезең аяқталғаннан кейін ғана иммунитет қалыптасады, атап айтсақ иммунопрепараттың қорғаныс әсері пай- да болғаннан бұрын ауру жылдам дамиды. Сондықтан да, бірқатар жағдайларда ықтимал зақымдалудан кейін алғашқы сағаттарды (күн- дерде) пассивті иммунизация (сарысулар, иммуноглобулинде) құралда- ры қолданылады. Екпелік құралдар ретінде тірі вакциналар қолдануда жағдайларынан басқаларында белседі иммунизация мен шұғыл профи- лактика құралдарын үйлестіріп қолдануға болады.Организмнің өзіне тән емес төзімділігін арттыру, шұғыл және ар- найы профилактикалық құралдардың әсерін күшейту мақсатында иммуностимулятор аталатын иммунокорригенді әрекеті бар бірқатар препараттарды иммунды түзету қолданылуы мүмкін. Бұл препараттар вакцинациядан кейін антиденелер өндіруді күшейтеді, антиденелердің құрылу уақытын қысқартады, олардың қорғаныс деңгейінде орга- низмде сақталуын ұзартады.Эпидемиология ошақтарындағы дезинфекциялық іс шара- лар. Биотеррористік актілер нәтижесінде туындаған қауіпті жұқпалы аурулардың таралуы сыртқы ортаның түрлі нысандарындағы микро- организмдерді жоюға бағытталған кеңауқымды дезинфекциялық ша- раларды талап етеді. Практикалық қызметте дезинфекция дегенімізқоршаған орта нысандарындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын жо- юға бағытталған кешенді, тиімді әдістер мен амалдар.Дезинфекцияның мақсаты – қоршаған орта нысаны арқылы сау ор- ганизмге ауру жұқтырылған қоздырғыштардың таралауының алдын алу.Дезинфекция профилактикалық, ағымдағы және қортындылау бо- лып бөлінеді.Профилактикалық дезинфекция жұқпалы аурулар туындауының ал- дын алу мақсатында жұқпалы аурулардың болуы мен болмауына қара- мастын тұрақты түрде өткізіледі. Бұл жүйелі түрде суды, ақпасуларды, жалпы пайдаланыстағы орындарды зарарсыздандыру. Төтенше жағдай кезінде бұл шаралар барынша көбейтіледі.Ағымдағы дезинфекция қоршаған ортаға қоздырғыштардың та- ралуының алдын алу мақсатында науқастың тікелей айналасына жүргізіледі. Қорытынды дезинфекция науқасты оқшаулағаннан (госпи- тализация) кейін, сонымен қатар ол көзжұмған (өлген) соң жүргізіледі. Дезинфекция құралары мен әдістері екі негізгі топқа бөлінеді: фи- зикалық және химиялық. Физикалық әдістерге патогенді микробтар- ды жуу, қағу, ылғалды тазалық жүргізу, желдету арқылы механикалықкетіру жатады. Ауаны зарарсыздандыру үші ультрокүлгі сәулелері, медициналық құрал-жабдықтарды стирильдеу үшін – ультродыбыс қолданылады. Қысымдалған (автоклавирленген) судың қанық буымен өңдеу шыны ыдыстарды, құралдарды, науқас адамдарға күтім көрсе- ту жабдықтарын дезинфекциялау үшін пайдаланылады. Күйдіру және қатты қыздыру зертханалық және дәріханалық ыдыстар мен құрал-жаб- дықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.Стирильдеу және дезинфекциялау мақсатында радиациялық сәуле- лендіру қолданылады.Дезинфекцияның химиялық құралдары антимикробтық әрекеттің кең спекторына ие. Ол ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, ұнтақтар, аэро- зольдар түрінде пайдаланылады. Хлорлы дезинфекция құралдары, сонымен қатар фенол тобындағы заттар, сутегі проксиді, формальдегидтер барынша кең таралған.Биологиялық терактілер барысында зақымдану аймақтарындағы режимді –шектеу іс шаралар. Зақымдалған аймақтарда өткізілетін эпиде- миологияға қарсы іс шаралардың жалпы жүйесінде режимді-шектеу іс ша- ралары маңызды орын алады. Бұл шаралар туындаған эпидемиологиялық ошақ аумағынан тыс инфекцияларды таратпау және оларды шығарудың алдын алу мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі, режимді-шектеу іс шаралары дегеніміз - режимді, шектеу және медициналық іс- шаралар кешені, олар инфекциялардың эпидемиологиялық ерекшеліктеріне байла- нысты обсервационды және карантинділер болып бөлінеді.Бұл шараларды ұйымдастыру және өткізу терактіге ұшыраған әкімшілік аймақтың жауапты басшыларына, сонымен қатар санитарлы-эпидемиоло- гияға қарсы комиссияға жүктеледі.Карантин - жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға және локо- лизацияны қамтамасыз етуге және эпидемиологиялық ошақты жою үшін бағытталған уақытша ұйымдастыру, режимді-шектеу, әкімшілік –шару- ашылық және медициналық іс шаралар – санитарлы-эпидемиологияға қарсы комиссияның шешімімен орнатылады және аса жұқпалы ауру қозды- рғыштарының биотерактісі немесе науқастардың биологиялық зарарлануы ошағы немесе аса қауіпті жұқпалы арулармен ауыру күдігі, контагиозды инфекициялармен топтық ауыру және олардың қысқа мерзімде көбеюуі жағдайлары орын алса жүзеге асырылады.Адамнан адамға жұқпайтын инфекциялар айқындалған жағдайда тұрғындар арасындағы карантин соңғы науқасты оқшаулағаннан және де- зинфекция жасалғаннан кейін нақты аурудың барынша ұзақ инкубация ке- зеңі мерзіміне обсервация белгіленеді.Аса қауіпті қоздырғыштарды пайдалану фактісі орын алғаны белгілі болса немесе бұл аурулардың бірегей көріністері орын алса бірден каран- тин енгізіледі.Карантин енгізу барысында: қарулы күзет қою арқылы эпидемиоло- гиялық ошақ аймағын толық оқшаулау;тұрғындардың (көлікпен) келуі мен кетуін, мүлікті көшіруін қатаң бақылау;зақымдалу ошағы арқылы автомобиль көлігінің жүруіне тиым са- лынады;карантин аймағынан шығатын тұлғаларға обсерваторлар құру; жұқпалы аурумен ауыратын адамдарды ерте айқындау, оларды оқ-шаулау жәнегоспитализациялау;тұрғындар топтарының арасында өзара қатынасты шектеу; тұрғын- дар, көліктер, экономика нысандары үшін эпидемиологияға қарсы жұ- мыс режимдерін орнату; азық-түлікті суды бақылау;медициналық мекемелер жұмысының айырықша режимін белгілеу; сыртқы орта нысандарын зарарсыздандыру және зақым алғантұрғындарды санитарлық өңдеу іс шараларын жүргізу;тамақ өнеркәсібінің барлық нысандарын ерекше жұмыс режиміне ауыстыру;шұғыл және арнайы профилактика жүргізу; карантин ережелерін қатаң қадағалауды бақылау; санитарлық түсіндіру жұмыстарын жүр- гізу.Обсервация - медициналық бақылауды күшейту мен әкімшілік құрылымдағы карантин аймағымен шектесетін жерлерде адамдардың жүруін шектеу бойынша эпидемиологияға қарсы және емдеу-профилакти- калық іс шараларды жүргізуді қарастыратын режимдік-шектеу шаралары. Обсервация контагиозды емес инфекция қоздырғыштарын қолда-ну фактілерін анықтау барысында, сонымен қатар жекелеген контагиоз инфекциялары (айырықша жағдайда қауіпті инфекциялар) пайда болуы арқылы қолайсыз немесе төтенше санитарлы-эпидемиологиялық жағдайы бар аймақтарда санитарлық-эпидемиологияға қарсы комиссия шешімімен енгізіледі.Обсервация енгізу барысында: келу мен кетуді және обсервация ай- мағына көлікпен өтуді шектеу;тұрғындардың жүріп-тұруын шектеу; сыртқы ортаның зарарланғаны нысандарында зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу;жұқпалы аурумен ауыратын адамдарды ерте айқындау, оларды оқшау- лау жәнегоспитализациялау;зақым алған тұрғындарды санитарлық өңдеу;өзара қатынасқан тұлғалар арасында шұғыл профилактика жүргізу; ауылшаруашылығы жануарлары мен малшаруашылығы өнімдерінбақылауды күшейту;медициналық мекемелердің эпидемиологияға қарсы жұмыс режимін орнату;санитарлық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.Карантин аймағын қарулы күзетуді Ресей Қорғаныс Министрлігінің әскери құрылымдары Ресей ІІМ күштерімен және құралдарымен бір- лесіп жүзеге асырады.Эпидемиологияға қарсы режимді бақылау үшін арнайы бөлімше- лер қолданылады – бақылау-өткізу пунктілері (БӨП), оларға санитар- лық-бақылау пунктілері (СБП) кіреді. БӨП құрамында СБП мінтетті түрде изоляторы бар денсаулықсақтау күштері мен құралдар қолданы- лады.Санитарлық бақылау пунктілеріне карантиндағы тұлғаларға қаты- сты бақылау іс шараларын жүргізу, әуежай, теміржол, теңіз және өзен вокзалдарын тексеру, медициналық құжаттарды тексеру, өзінің СБП арқылы тұрғындарды бақылау жүктеледі. ТарауАСА ҚАУІПТІ ИНФЕКЦИЯЛАР Табиғи шешекШешек – өткір аса жұқпалы ауру түрі, организмнің ауыр интокси- кациясымен, қалшылдаумен сипатталып, тері мен шырышты қабықта кейіннен тыртықтар қалдыратын, күлдіреген бөртпелер шығуы көрініс алады. Аса жұқпалы болуы мен ауыр өтуіне байланысты шешек аса қауіпті инфекцияларға жатқызылған.Шешек қоздырғыш – физикалық және химиялық факторлардың әрекетіне аса тұрақтылыққа ие вирус. Қоздырғыш организмге сыртқы тыныс жолдарының шырышты қабықтары арқылы енеді және көбей- еді, қанға сіңеді, қаннан тері мен шырышты қабыққа дарып, бөртпе түріндегі айырықша зақымдар тудырады.Инфекция көзі тек ауру адам ғана. Науқас аурудың алғашқы бел- гілері пайда болғаннан толық клиникалық сауыққанға дейін айна- ласындағылар үшін зарарлы. Аурудың 6-9 тәулігінде ауру барынша жұқпалы. Әңгімелесу, жөтел, түшкіру немесе вирусы бар тозаңды жұту арқылы, аурудың киімінен, төсек жабдықтарынан ауаға түсетін бакте- риялар арқылы ауру жұқтыру мүмкін.Шешектің инкубациялық кезеңі – 12-15 тәулік. Аурудың басатамасы өткір – дене қызуының жылдам 39—40°С көтерулуі және одан жоғары болуымен қалшыл, бел ауруы, жиі жүрек айнуы және құсу. Аурудың төртінші тәулігінде температураның түсуімен қатар бөртпе пайда бола- ды. Бастапқыда бетте, кейіннен денеде және аяқ-қолда пайда болады. Бастапқыда боз-қызғылт дақтар пайда болып, кейіннен күңгірт қызылтүйіндерге айналады. Екі-үш күн ішінде олардың ортасы шеті қызы тәжді үлдірлер пайда болады. Бір мезгілде шырышты қабықтарда да бөртпе пайда болады. Аурудың 7-8 тәулігінде науқастың жағдайы қай- та нашарлап, дене қызуы 39—40°С, бөртпелер іріңдей бастайды. На- уқастың жағдайы ауыр, есі кіресілі-шығысылы, сандырақтайды. 10-14 тәуліктерді үлдірлер кеуіп, олардың орнына сары-қоңыр қабыршықтар пайда болады. Төртінші аптада қабыршықтар түсіп, өмір бойына дене- де ақшыл тыртықтар қалдырады.Науқасты емдеу үшін айырықша иммуноглобулин, антибиотиктер (екінші ауыртпалықтың алдын алу) белгіленеді. Теріні күту қажет.Аурудың книлиникалық түріне, науқастың жасына және жағдайына байланысты болжам жасалады. Екпе жасалмаған адамдар ауыр түрімен ауырса, ауру барысы жеңіл өткен жайғдайдың өзінде өлім 25—50%, екпе алған ауруды жеңіл қабылдайды. 1980 жылы Жер тұрғындарын шешек вакцинациясымен иммунизациялау жолымен шешекті жаһан- дық жою бағдарламасы аяқталды.XXXІІІ Дүниежүзілік денсаулықсақтау ассамблеясы 1980 жылдың мамырында адамзаттың аса қауіпті жұқпалы ауру түрі - табиғи шешек- тен толық босатылғанын хабарлады. Барлық елдерде шешекке қарсы екпелер тоқтатылды, ал шешек вурусы коллекциясының саны екіге дейін қысқартылды (Ресейде және АҚШ).Бұл бастаманың жетістігінің кемшіліктері де болды, бүгінгі күні Жер тұрғындарының 20 жасқа дейінгі азаматарында шешекке қарсы иммунитеті жоқ, жыл сайын бұл сану өсу үстінде. Сондықтанда са- рапшылардың бағамы бойынша бұл вирусті террористік қолдану аса ауыр әлеуметтік және саяси зардаптарға әкелуі мүмкін.1986 жылы аталған вирус зертханаларынан шешек вирусын әдей- ілеп немесе байқаусызда шығару қаупін төмендету мақсатында виру- стың заңды коллекцияларын жою мәселесі талқыланды. Бұл ұстаным халықаралық келісімді бұза отырып жұмысты жалғастырған бірқатар елдерде аталған вирустың болуы мүмкіндігін ескерген жоқ.2002 жылдың мамыры ғылыми зерттеулер жүргізу үшін вирусты сақтау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.ОбаОба – өткір табиғи-ошақты жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, безгекпен, лимфа жүйесінің және өкпе жұмысының бұзылуымен, септикалық ағым қабылдауы қабілетімен сипатталады.Эпидемиологиялық таралу мүмкіндігін байланысты оба аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жатады.Оба қоздырғышы – шеті дөңгелек шағын таяқша тәріздес бактерия.Спор туындатпайды. Организмнен тыс оба қоздырғышы әлсіз. Жылу, жарық және кептіру әсеріне сезімтал. 55°С температурада 10- 15 ішінде өледі.Табиғаттағы инфекцияның негізгі көзі – кеміргіштер (егеуқұй- рықтар, саршұнақтар, тышқантәріздестер, суырлар). Инфекция тара- тушылар – бүргілер.Адамдарға бүргі шаққаннан кейін жұғады. Аңшылар өздері өлтір- ген ауру жұққан жануарларды өңдеу барысында ауру жұқтыруы мүм- кін. Адамнан адамға ауа-тамшы жолымен өкпе обасы түрінің жұғуы аса қауіпті.Осы уақытта обаның табиғи ошақтары 50 елде кездеседі.Ресейде аталған вирус Кавказда, Волга-Урал аймағында, Забайка- льеде, Каспий маңында, Алтайда тіркелген. «Тағы» және егейқұйрық обасы ошақтары белгілі.Оба кезіндегі инкубация кезеңі 3-6 тәулік. Ауру жекелеген және асқынған түрлерге бөлінеді. Обаның безді түрі жиі байқалады (70— 80%), сеп¬тикалық түрі сирек кездеседі (15—20%) және өкпе обасы (5—10%). Оба кенеттен басталады. Дене қызуы 39°С және одан жоғары көтеріледі. Интоксикация симптомдары жедел күшейеді: қатты бас ау- руы, бас айналуы, бұлшықеттердің ауырсынуы, кей кездері құсу орын алады. Сана бұзылады, сандырақтау мүмкін.Без обасы түрі оба безінің пайда болуымен сипатталады. Без – диа- метрі 10 см дейін ұлғайған және қатты ауырсынатын лимфалық түйін. 60—70% науқастарда қолтық асты немесе мойынның лимфалық түй- індері жанында дамиды. Без үстіндегі тері қып-қызыл, түлейді. Қаты- рынан екінші қайталама үлдір пайда болуы мүмкін. Алғашқы ошақтың лимфалық түйіндері жұмсарып, жарылады. Кейіннен біртіндеп жазы- лады.Организмге тән емес төзімділік күрт төмендеген жағдайларда оба қоздырғыштары тері мен лимфалық түйіндердің кедергілерінен өтіп жалпы қан ағысына түсуі мүмкін, нәтижесінде өкпеде, бауырда, көкба- уырда және басқа да ішкі органдарда (септикалық, қайталама – обаның өкпе түрі) инфекцияның екінші ошағы құрылып инфекция процессі асқынуы орын алады.Асқыну процессі барысында науқастың жағдайы аса ауыр бола- ды. Интоксикация симптомдары сағат сайын өседі. Нақты медицина- лық көмек көрсетілмеген жағдайда науқастар 48 сағат ішінде қайтыс болады.Алғашқы өкпе обасы – клиникалық және эпидемиологиялық тұрғыдан алғанда ең қауіптісі, ауру түрі асқан тез жылдамдықпен өтеді. Бастамасы аса ауыр. Адамның ауа-тамшы жолымен ауру жұқтыруы уақыты мен өлім туындауы аралығы екі тәуліктен алты тәулікке дейін. Оба күдігінің болуы жағдайында зертханалық растауды күтпестенбірден емдеуге кірісу қажет. Егер алғашқы 15 сағ. антибиотиктер бел- гіленсе науқастың өкпе обасы ауруынан құтқаруға болады. Егер емдеу кештеу, ауру симптомдарының көрінісінен кейін 24 сағ. аралығында басталса, жоғары өлім қаупі сақталады.Обаны емдеу тұтас антибиотиктер қатары ұсынылады, оларға стрептомицин,гентамицин, тетрациклин, доксициклин кіреді.Профилактикалық іс шаралар табиғи ошақтардағы аурудың алдын алуға, жәндіктерді медициналық бақылауға, жануарларды бақылауға, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстарға бағытталған.Инфекция ошағында безгекті науқастардыгоспитализациялау және тұрғындарды вакцинациялау бойынша обсервация жүргізіледі. Оба- мен ауырғандармен араласқан тұлғалар, зарарлы заттарды ұстағандар және ауру жануарларды мәжбүрлі союға қатысқандар арнайы оқшаулау орындарына жатқызылуы тиіс. Оларға вибромицинмен, доксициклин- мен немесе стрептомицинмен профилактикалық емдеу курстары жүр- гізіледі. Сібір жарасыСібір жарасы - өткір инфекциялы ауру, адамға жануарлардан жұға- ды, тері мен шырышты қабықтың зақымдалуынмен сипатталады. Ауру тері ауруы түрінде өтеді, сирек жағдайда аурудың өкпе және ішек түр- лері байқалады.Ауру қоздырғыштар спораның сыртқы ортасында өңез құрылатын, физикалық және химиялық әрекеттерге аса тұрақты бактериялар. Қоз- дырғыштың вегативті формалары дезинфекция заттарының әсерімен қыздыру барысында ауа жетіспеушілігінен тез өледі.Споралар организмнен тыс оттегі болған жағдайда дамиды және то- пырақта ондаған жылдар бойы сақталады.Инфекция көздері – сібір жарасымен ауыратын жануарлар (ірі қара мал, қойлар, ешкілер, түйелер, шошқалар). Инфекцияның адамға жұқтырылуының негізгі жолы – ауру малды ұстау, сою, етін бұзу ба- рысында қатынас жасау. Ауру мал өнімдерін тамаққа пайдалану ба- рысында аурудың ішек түрі туындайды. Инфекцияланған тозаң және сүйек ұнын тыныста арқылы аэрогенді жолмен таралуы мүмкін. Бұл жағдайларда сібір жарасының өкпе түрі туындайды. Адамның адамнан жұқтыру жағдайлары байқалмаған.Тері түрі ауруымен ауыру жиі (95%), сирек жағдайларда—өкпе және өте сирек ішек түрі кездеседі. Инкубациялық кезеңі 2—14 тәулік (жиі кезде 2—3 сут).Аяқ ауруы түрі қызыл қышыма дақтар пайда болуынан басталады. Тәулік ішінде дақ нығыздалып, ұлғаяды, сары сұйықтыққа толы үлдір пайда болады, оның орнына қара түбі бар жара құралады.Дене температурасы көтеріледі, бас ауырады, ұйқы бұзылады. Жара- ның шеттері тез ісінеді, қабыну валы пайда болып, ісік дамиды. Жара- ның түбі түсіп, ағыл-тегіл сұйықтық бөліне байстайды. Сібіржарасы, көршиқаны қалыптасады кейінен көлденеңі 10 см. құрайды. Көр- шиқанның ерекшелігі сему аумағында ауыру сезімталдығы болмауы. Кейіннен жараның орнына қабыршақ қалыптасады, бір апта өткеннен кейін түсіп қалады.Сібір жарасының асқынған түрлері (өкпе және ішек) өткір баста- лады, жалпы интоксикациямен сипатталып, ауыр өтеді. Дене темпе- ратурасы 40°С және одан жоғары. Науқастың алғашқы сағаттардағы жағдайы ауыр, пульс жіп тәріздес, жиі, артериальді қысым төмендей- ді. Дем жетіспеушілігі күшейе түседі. Науқастың сіңірлері тартылып, санасы бұзылады. Науқастың жағдайы қарқынды түрде нашарлайды. Инфекциялы-токсинді шоктың өрістетілген картинасы басында өлім туады.Сібір жарасын емдеу үшін антибиотиктер, сонымен қатар айырық- ша иммуноглобулинде қолданылады. Барынша тиімділері пинициллин қатарындағы антибиотиктер, тері ауруы барысында бұлшықетке және пероральді белгіленеді. Инфекция түрі асұынған жағдайда препарат көп мөлшерде көктамырға енгізіледі. Сібір жарасын емдеу үшін тетра- циклиндер, эритромицин пайдаланылады.Сібір жарасының тері түрлерін заманауи антибиотиктермен емдеу ауығуға әкеледі. Сонымен қатар антибиотиктермен уақытылы емде- меу аурудың өкпе түрінде өлім жағдайының нақты қаупін тудырады.… Заманауи антибиотиктер мен тиісті қолдау терапиясы құралдарын уақытылу қолдану кезінде де өлім қаупі 75% бағаланады.Сібір жарасының профилактикасы жануарлар арасындағы ауруды төмендету және жою. Сібір жарасынан (өлген) қатыс болған жағдайда мүрделер жағылады немесе арнайы белгіленген жерлерге көміледі. Қа- бірдің түбіне хлорлы известь қабаты төгіледі. Ауру малдардан алынған азық-түліктер жойылады. Ауру жұқтыру қаупі бар тұлғаларға профи- лактикалық екпелер егіледі.Сібір жарасы туралы айта отырып, биотерриристердің бұл инфек- ция қоздырғыштарын нақты пайдалану мүмкіндігінде айта кету қажет. Олар АҚШ сібір жарасының спораларымен зазарланған пошта корре- спонденциясын таратқан. 2001 жылдың 4 қазаны мен 2 қарашасы ара- лығында сібір жарасы өкпе түрінің расталған 10 жағдайы орын алған. 2001 жылы АҚШ 23 адам сібір жарасымен зақымдалды, оның бесеуі қайтыс болды. Сібір жарасын қоздырғыштары бар ұнтақ америка қала- ларында поштамен таратылып, 20 астам адамның ауруының себепшісі болған және миллиондаған адамдар арасында, АҚШ ғана емес, дүрбе- лең туындатқан.БотулизмБотулизм—бұл ботулизм бактериаларының токсиндерімен улану нәтижесінде туындаған, орталық және вегативті жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кеңінен таралған. Бұл топырақты тұрақты мекендейтін бак- териялар. Олар анаэробтар болып табылады, атап айтсақ кислороды ең төмен жерлерде көбейеді. Вегативті түрлері 2-3 мин. қайнау барысында өледі. Физикалық және химиялық әрекеттерге аса тұрақты, споралар құруға қабілетті. Споралар 5 сағ. қайнауға төзімді. Анаэроты жағдай- ларда споралар көбейетін токсин бөлетін вегативті түрлерге айналады. Кейінгісі 5-15 мин қайнау барысында бұзылады. Ботулотоксин – күшті биологиялық у. Адам үшін өлім дозасы – барлығы 0,6 мкг. Ботулин ми- кробтарының жеті антигенді нұсқалары бар: A, B, C, D, E, F, G. Адамдар үшін аса қауіптісі A, B, E. Басқа түрлері сирек жағдайларда ғана адма ауруын туғызады.Табиғатта инфекция резервуары ішектерінде ботулин микробтары бар жылықандылар және де сирек жағдайларды салқынқанды жануар- лар болып табылады. Олар сыртқы ортаға нәжіс арқылы шығып, спро- ралар құрайды. Улану туындауы үшін қоздырғыштардың ботулотоксин жинаумен анаэробты жағдайларда көбеюі қажет, бұл ет және балық та- мақ өтінмдерінде, сонымен қатар косервіленген көкелістерде, жемістер мен саңырауқұлақтарды оры алады. +22ден +37°С дейінгі температу- рада токсиндердің жиналуы қарқынды дамиды. Құрамында болулоток- сині бар азық-түліктерді тамаққа пайдалану барысында адам ауырады. Науқас айналасындағылар үшін қауіпті емес.Ботулизм барысындағы инкубация кезеңі бірнеше сағаттан 2-5 тәулікке дейін. Ауру барынша қатты болса, соған байланысты аз уақытта жазылады. Ботулизм клиникасы үш синдромнан тұрады: па- раличті,гастроинтестиналды және жалпытоксикологиялы. Ауру өткір- гастроинтестиналды синдромнан басталады (жүрек айнуы, құсу, іштің ауырсынуы, сұйық нәжіс), бұл бір тәулікке жалғасады. Неврологиялық симптомдары асқазан-ішек аууруларымен бірге көрініс алады неме- се аурудың екінші тәулігінде басталады. Ботулизмнің алғашқы бел- гілеріне көру қабілетінің бұзылуы жатады. Науқастар көз алдындағы«тұманға», «торларға», заттардың қосарлануына, оқудың қиындауы- на шағымданады. Біруақытта шөлдеу, шырышқы қабықтың құрғауы, жұтынудың қиындауы пайда болады. Бұл симптомдар бірнеше күн сақталып, жалпытоксинді синдроммен жалғасады – бас ауруы, бас ай- налуы, әлсіздік, ұйқысыздық.Аурудың жағымсыз өтуінің қаһарлы белгісі тыныстың бұзылуы. Науқас ауа жетіспеушілігін, кеуденің ауырлауын сезінеді. Тыныстауүстірт, жөтел рефлексі жоғалады, тыныстау бұлшықеттерінің парезі да- миды. Науқастардың өлу себебі өткір тыныстау жетіспеушілігі.Аурудың басталу мерзіміне қарамастан ботулизммен ауырғандарго- спитализациялануы тиіс. Тиісті қоздырғыш түрін анықтағаннан кейін бірден, 2—5% ауыз содасының ерітіндісімен асқазанды жуып тазалау, сифонды клизмалар қою, ботулинге қарсы сарысу: үш түрін (A, B, E), енгізу қажет. Ботулизмнің ауыр түрінде оң клиникалық әсер алғанға дейін 6-8 сағ. сайын сарысу енгізу қайталанады.Ботулизм профилактикасы ет және балық өнімдерінің жартылай фабрикаттарын, консервіленген өнімдерді, ысталған өнімдерді әзірлеу ережелерін қатаң сақтау. Үй жағдайында дайындалған азық-түліктерді, әсіресе саңырауқұлақтарды пайдалану, оларды қолмен даярлау тиісті термиялық өңдеуді қамтамасыз етпейтіндіңтен қауіп тудырады. Пайда- лану алдында бұл өнімдерді 10-15 мин. қайтау мақсатты, нәтижесінде ботулин токсиндері болық бейтараптанады. ТуляремияТуляремия—табиғи ошақты өткір жұқпалы ауру, лимфа түйіндерін, шырышты қабық пен өкпені зақымдап, безгек пен интоксикация туын- датады.Туляремия қоздырғышы—сыртқы ортада ұзақ сақталатын, кок- коіспеттес ұсақ микробтар. Суду және ылғалды топырақта микробтар өз өміршеңдігін төменгі температурада 9 айға дейін сақтайды.Туляремия—кең таралған табиғи – ошақты ауру. Ол көптеген Ев- ропа, Азия және Америка елдерінде айқындалған. Инфекцияның негіз- гі көзі – кеміргіштер (тышқандар, сұртышқандар, су көртышқандары, саршұнақтар, қояндар). Адамға ауру жұқтыру механизмдері әралуан. Ең жиісі – жанасу (тағы аңдармен). Бұл жағдайларда тері-без неме- се көзбезі түріндегі туляремия тундайды. Кеміргіштер ластаған суды немесе тамақтарды пайдалану барысында ішек немесе ангиноздыбезді ауру түрі туындайды. Инфекцияланған тозаңды жұту барысында инга- ляциялық жолмен жұқпалу аруды жұқтыру мүмкін, бұл туляремияның өкпе түріне әкеледі. Ол қансорғыш жәндіктердің шағуы барысында да берілуі мүмкін.Қоздырғыштың тері немесе тыныстау жолдары арқылы организмге енуі барысында аурудың дамуы үшін бірнеше ондаған өмірсүруге қа- білетті микробтар жеткілікті. Қоздырғыш енгізілген жерде қабыну про- цессі дамып, кейннен лимфа түйіндеріне түседі. Ол жерде эндотоксин бөліп көбейеді, кейіннен қанға түсіп жалпы интоксикация туындатады. Микробтар қанмен бірге ішкі органдарға (бауыр, көкет, өкпе) түсіп, ай- ырықша туляремиялықгранулемалар қалыптасады.Инкубация кезеңі барлығы 3-7 тәулікке жалғасады.Ауру қалшылдау арқылы өткір басталады, дене температура- сы алғашқы тәуліктерде 38—40°С дейін көтеріліп, интоксикация өсе түседі. Науқастар бас ауруына, әлсіздікке, бұлшықет ауруына, тамаққа тәбетінің болмауына шағымданады. Ауыр түрлерінде науқастар қозулы, сандырақтаулары мүмкін. Бірмезгілде лимфа түйіндерігрек жаңғағы мөлшеріне дейін ұлғаяды.Аурудың басталу кезеңі жалпы сипатта, кейіннен инфекция қақпа- сына байланысты локальді өзгерістер алғашқы орынға шығады.Аурудың тері-безді түрі өте жиі кезедесі (барлық жағдайларда 50— 70%). Қоздырғын еншен жерде қызыл дақ пайда болады, кейіннен ол үлдірге айналады. Үлдір жарылғаннан кейін іріңжі жара пайда болады. Осы кезде регионарлы лимфа түйіндерінің бездері қалыптасады. Жиі жағдайда қолтықасты және мойын лимфа түйіндері, сирек жағдайлар- да шынтақ түйіндері. Без мөлшерлері біртіндеп ұлғайып, 3-5 см ди- аметрге жетеді, бірақ оданда үлкен болуы мүмкін. Нәжилері әртүрлі. Науқастардың жартысында жаралардың іріңдеулер 2-4 аптада кетеді. Бездер ақырындап таралады.Туляремияның ангинозды-безді түрі сему өзгерістері бар бір жақты тонзиллитпен, фиброзды қабықшамен және аймақтық лимфа түйінінің ұлғаюымен сипатталады. Бездің даму динамикасы тері-безінің түріне ұқсас. Туляремия түрін алиментарлі инфекция барысында туындайтын асқазан-ішек жолының зақымдалуы анықтайды. Процеске жалпы ауыр интоксикацияның сақталуымен құрсақ қуысының лимфалық түйіндері тартылады. Ауырсынатын абдоминалды синдром және үлкен дәреттің болмауы тән.Ингалляциялық инфекциялану және өкпенің зақымдалуы бары- сында туляремияның ең ауыр түрлері байқалады. Бұл түр дұрыс емес безгек түрімен, демікпенмен, кеудені ауруымен, құрғақ жөтелмен, си- рек жағдайларда өңезді – іріңді қақырықпен саипатталады. Ауру ұзақ, абсцестердің дамуы арқылы өтеді. Рентгенологиялық, сонымен қатар құрсақ қауысы лимфалық түйіндерінің ұлғаюымен, өкпе тіндерінің ошақтық өзгеруімен сипатталады.Туляремияны емдеу стационарлы өткізіледі. Келесі антибиотиктер пайдаланылады: стрептомицин, канамицин,гентамицин, тетрациклин.Болжам жағымды. Заманауи емдеу барысында өлім 1% төмен. Туля- ремиямен ауырғандар айналасындағылар үшін қауіп төндірмейді.Туляремияның алдын алу үшін кеміргіштермен қатынасты шектеу, инфекциялану қаупі бар қызметкерлерге қауіпсіздік техникасын сақтау қажет. Эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша жоспарлы вакцина- ция жоғары тиімділікті тірі туляремия вакцинациясымен жүзеге асы- рылады.Геморрагиялық қызбаларГеморрагиялық қызбалар – адам ауруының өткір вирусты түрі, қан тамырларының зақымдалуымен,геморрагиялық синдроммен, қызбамен және интоксикациямен сипатталады. Бұл аурулардың қоздырғыштары вирустардың түрлі тұқымдастарына жатқызылады. Олар бунақаяқты- лар органдарында өмірсүруі мен көбеюі қабілеттілігіне байланысты бір топқа біріктірілген.геморрагиялық қызбалардың барлық вируста- рының ортақ қабілеті табиғи ошақтылығы,гемаррагиялық синдромның дамуымен қан тамырларының эндотелилерін зақымдау. Бұл аурулар- дың дамуындағы ортақ белгілер көп, негізінде – инфекциялық токсинді шоктың дамуы. Вирус енген жерден қанға, қан тамырларының эндо- телиіне түседі, нәтижесіндегеморрагиялық капиляртоксикозы дамиды. Жүйке жүйелерінің жасушалары зақымдалады. Ауруға байланысты қандайда бір органның зақымдалуы алғашқы орынға шығады: бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолы.геморрагиялық қызбалар ауыр өтеді. Сирек жайғдайларға қара- мастан аталған аурумен күресуге арналған вакциндар, не емдеудің тиімді әдістері жоқ. Олар өлім деңгейі өте жоғары аурулар туғызады.Ауру жұқтырудың табиғи жолы – инфекцияланған немесе сәйкесті ауруды таратқыш болып саналатын кеміргіштермен немесе жәндіктер- мен қатынас. Алғашқы инфекцияланған адамның басқа адамдармен жақын қатынаста болуы барысында немесе зарарланған заттар арқылы, мысалы шприцтер мен инелер арқылы берілуі мүмкін.Бұл аурулардың алғашқы белгілері айырықша емес және оның бел- гілеріне температура көтерілуі, бұлшықет ауруы, тез шаршау жатады. Ауру дамуына орай қан кетулер, тері астына, ішкі органдарға қан кету басталады, кейннен шок, коматозды жағдай дамуы, жүйке жүйесінің бұзылуы орын алады. Бұл аурулар тобының шегіндегі өлім деңгейі құ- былмалы, көптеген аурулар барысында өлім қаупі өте жоғары. Бауыр синдромы баргеморрагиялық қызбаҚоздырғын резервуары ретінде тышқантектес кеміргіштер (сары сұртышқан, егіс тышқаны, азиаттық егіс тышқаны) қызмет етеді. Адам- ның ауру жұқтыруы әуе-тозаң,алиментарлы, қатынас жолдары болады. Инкубациялық кезеңі 11-23 тәулік. Ауру қатты басталады. 3—4 тәулік- терден бастап 8—11 тәуліктерге дейін бұйрек зақымдалу ыдамиды. Бүйрек жетіспеушілігімен біргегеморрагиялық синдром – (көз ағына) шелдегі қан кету, ішкі органдарға қан кету байқалады. Аурыдың 21- 25 тәуліктері аралығында реконвалесценция кезеңі басталады. Ресейде өлім 1—2% шегінде.Қырым-Конго қанды безгегіИнфекция көздері—сүтқоректілер (сиырлар, ешкілер, қояндар), ауру таратқыштар—кенелер. Адамдар кене шағуынан жұғады. Инкуба- циялық кезеңі – 1-14 тәулік. Ауру қатты басталады. Үшінші-алтынша тәуліктердегеморрагиялық синдром дамиды – іштегі, көкірек қуысын- дағы, аяқ-қолдағы бөртпе, шырышты қабыққа қан кету. Интоксикация симптомы күшейеді, инфекциялы-токсинді шок туындайды, бұл өткір жүрек-тамырлары жетіспеушілігіне байланысты өлімге әкелуі мүм- кін. Аурудың жайлы өтуі барысында безгек 12 тәулікке созылады. Са- уығу кезеңі 4-8 апта. Болжам айтарлықтй ауыр. Өлім қаупі - 30% және көбірек. Марбург безгегіБұл ауру тарауы 1967 жылы Европаның үш қаласында тіркелген. Жасыл маймылдардың органдарымен және қанымен қатынас жасаған зертхана қызметкерлері қатарынан 25 адам қатты ауырған. Олардың жетеуі қайтыс болған. Марбург безгегінің резервуары анықталған жоқ. Вирусты табиғи жолмен тарату жасыл маймылдар арасында жүзеге асырылады деп саналады. Бұл ауруды жұқтырған адам ауру қозды- рғыштың қауіпті көзі болып табылады. Вирус өңезде, құсық масса- ларында, нәжіс пен қанда болады; әуе –тамшы, тамақ, қатынас және жыныстық жолдармен таралады.Инкубациялық кезеңі 1-9 тәулікті құрайды. Өткір басталады. 3-4 тәуліктерде аурудың басты симптомдары жүрек айнуы, құсу, іш өтуі. 5-6 тәуліктерде науқастардың денелерінен шұбар бөртпелер білінеді. геморрагиялық синдром 7 тәулікте дамиды: қанталау,гематурия, мұрын қанауы пайда болады, асқазан-ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Па- рестезилер, құрысу, менингеальді синдром жиі болады. Аурудың 3 аптасында миокардит, пневмония,гепатит пайда болады. 3-4 аптаға со- зылған сауығу кезеңінде диярея, ұйқышылдық ұзақ сақталады. Болжа- мы ауыр. Өлім қаупі 30—40%. Өлім өткіргеморрагиялық көріністерден туындайды. Ласса безгегіЛассагеморрагиялық безгегі—табиғи-ошақты өткір вирусты ауры, негізінен Батыс Африкада таралады. Ауыр өтуімен,геморрагиялық синдроммен, тыныстау органдарының, бүйректің, жүйке жүйесінің зақымдануымен, миокардитпен және жоғары өлім қаупімен сипатта- лады. Инфекция резервуары және көзі африкандық көпемшекті көр- тышқан және басқа да кеміргіштер. Бұл ауру адамның кеміргіштерменқатынасы барысында немесе олардың сілекейімен, несебімен ласталған заттар және азық-түліктер арқылы жұқтырылады.Ауру адам айналасындағылар үшін үлкен қауіп тудырады.Инкубациялық кезеңі 3 тәуліктен 17 тәулікке дейін жалғасады. Ауру температураның көтерілуінен, әлсіздіктен, бұлшықеттердің ауруына, іштің ауырсынуынан, жүрек айнуынан, құсу мен диареядан бастала- ды. Дене температурасы көтеріле түседі және 3-5 тәуліктен кейін 39— 40°С жетеді. Безгек 2-3 аптаға жалғасады. Ауру инфекциялы-токсинді шокпен өтеді. Әдеттегігеморрагиялық бөртулер, қан кету, өкпе және бүйрек жетіспеушілігі белгілері. Ауру өткір өтеді, өлім қаупі 30—40%. жетеді. Бірақ жеңіл түрлері де кездеседі. Сауығу баяу, әлсіздік, бас ау- руы, демікпе ұзақ сақталады. Ласса безгегін емдеу үшін рибавирин ан- тивирустық препаратын табысты қолдану туралы мәліметтер бар. Эбола безгегіЭбола безгегі—өткір вирусты аса жұқпалы ауру, ауыр өтуімен,геморра- гиялық синдромның дамуымен және жоғары өлім қаупімен сипатталады.1976 жылы Суданның оңтүстігінде және Заир Республикасының сол- түстік бөлігінде клиникалық көрінісі бойынша аса ауыргеморрагиялық безгек эпидемиясы таралды. Науқастардың 57—87% қайтыс болды. Құты- рмадан басқа, бірде бір жұқпалы ауры барысында соңғы онжылдықта осыған ұқсас өлім саны тіркелмеген.Табиғаттағы инфекция резервуары әзірше нақты анықталмаған.Адамдардың жанында өмір сүретін кеміргіштер деп саналады.Өздері бөліп шығаратын (несеп, нәжіс) заттармен түрлі құралдарды (заттарды) инфекциялайды, ал адам вирусы бар тозаңдарды жұту арқылы зақымдалады. Науқас айналасындағылар үшін үлкен қауіп тудырады. Заир мен Судандағы жұқтырудың негізгі ошағы аурулар түскен ауруханалар болды. Екінші ошақ ауруханадан шыққан науқастардың отбасы. Науқаспен жақын қатынаста болуы барысында ауру жұқтырылды. Ауру жұғуы үшін зақымдалған тері жабындарына инфекцияланған материалдың (қан және бөлінулер) түсуі қажет.Инкубациялық кезең 3 тәуліктен 21 тәулікке дейін жалғасады. Ауру жоғары температурадан басталып, бас аурыумен және бұлшықет ауруымен жалғасады. 2-3 тәуліктердегеморрагиялық көріністер басталады: қанды іш өту, қанды құсу, мұрыннан қан кету, ауыздың шырышты қабатының және иектік қанды эрозиялары, конъюктиваға қан кету. 5-7 тәуліктерде 50% на- уқастың білегінде және жіліншегінде қызылшаны еске түсіретін бөртпелер пайда болады. Бөртпелер аурудың 10-14 тәуліктеріне дейін тұрады. 1-3 ап- таға дейін созылатын сауығу кезінде бас ауруы, әлсіздік сақталады.Емдеу қолдау терапиясының құралдарын пайдалау арқылы жүр-гізіледі, себебі вирусқа қарсы тиімді химиялық препараттар жоқ. Су- сызданумен, инфекционды-токсинді шокпен күреске бағытталған іс шаралар кешені жүргізіледі. Интоксикациямен күрес үшін мұрын ка- тетерлері арқылы кислород ингаляциясы белігеленеді, көктамырға тамшымен преднизолон енгізіледі. Болжамы әрқашанда қауіпті. Өлім50—85% жетеді. Шок көрінісі орын алса аурудың 7-9 тәулігінде өлім туындайды. ТырысқақТырысқақ (Холера)—фекалді-оральді механизммен таралатын өт- кір инфекциялық ауру, ауру көрінісі: диарея, сұйықтық пен тұздарды жоғалту, ауыр жағдайлардагиповолимиялық шок туындайды. Эпиде- миялық таралуға қабілетті.Тырысқақ қоздырғыштары – тырысқаты вибрионды екі биотип: классикалық және Эль-Тор. Тырысқақ адамның ерте заманғы аурула- рының қатарына жатады. XІX ғасырға дейін Оңтүстік Азия аймақта- ры үшін эндемиялық болған. Кейіннен тырысқақ көптеген елдер мен континенттерге таралып, миллиондаған адамдардың өмірін жалмаған. Әдебиетте алты ойранды тырысқақ пандемиясы көрсетілген. Жетін- шінің басталуы Эль-Тор биотипті тырысқақ вибрионымен дәйектелген, ол 1961 жылға жатады.Тырысқақ вибрионы +10 мен + 40°С аралығындағы температурада өседі, спорт құрмайды. Вибриондар қышқылдарға өте сезімтал. Қайна- ту олардың минут ішінде өлтіреді. Сонымен қатар дезинфекция құра- ладарының әсерімен тез өледі.Инфекция көздері – адамдар, тырысқақтың типті түрімен және өшкен ауру түрімен ауырғандар, вибрионды бөлуді жалғастыратын реконвалесценттер, сау вибрионтасамалдаушылар. Инфекцияны тара- ту механизмі – фекальді – оральді. Жұқтыру түрлері әралуан: сумен, тамақпен, тұрмыстық-қатынас. Тырысқақ вибриондары адам орга- низіміне сумен және тамақпен ауыз арқылы еніп, аш ішекке түседі, ол жерде токсин бөле отырып көбейеді. Оның әсерімен аш ішектің жа- сушаларында аденилциклаз ферменті активацияланады, бұл фермент су жасушалары мен электролиттер арқылы секрецияның көтерілуін туындатады. Бұл организмнің дәретке отыру арқылы және құсық мас- саларымен сұйықтық жоғалтуына әкеледі. Сұйықтықтан басқа элек- тролиттер де жоғалады.Инкубациялық кезеңі 1 тәуліктен 6 тәулікке дейін, жиі кездері 1-2 тәулікке созылады.Аурудың алғашқы клиникалық белгілері – кенеттен туындаған іш өту. Нәжіс су тәріздес, иісі жоқ, нәжіс түрін бірден жоғалтады жәнекүңгірт ақ түсті сұйықтықты білдіреді. Кейіннен құсу пайда болады. Нәжіспен және құсық массаларымен сұйықтық жоғалту организмнің сусыздануына әкеледі.Дегидратизацияның (сусыздану) төрт деңгейі бар, тырысқақпен ауырған адамды дұрыс емдеу үшін оларды білу қажет.Дегидратацияның бірінші деңгейі. Үлкен дәретке отыру және құсу тәулігіне 2-5 рет. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Сұйықтық жоғалту дене салмағынан 3% аспайды.Дегидратацияның екінші деңгейі. Үлкен дәретке отыру тәулігі- не 15—20 рет, ағыл-тегіл құсу. Науқастар әлсіздікке, ауыз құрғауына, шөлге шағымданады. Тері құрғақ, бозарыңқы, Сұйықтық жоғалту дене салмағынан 4 - 6% құрайды.Дегидратацияның үшінші деңгейі. Алғашқы сағаттан бастап ауру сұйық нәжіс түрінде көрінеді, тоқтаусыз құсу. Ауруларды азапты шөл мазалайды, аяқ-қолдары тартылады. Тері тугоры (шымырлығы) төмен- дейді, қатпарланған тері жазылмайды. Дауыс әлсіз, әрең естіледі. Пуль жиі, әлсіз, артериальді қысым төмендейді. Дене температурасы субқа- лыптыға дейін төмендейді. Сұйықтық жоғалту дене салмағынан 7 - 9% құрайды.Дегидратацияның төртінші деңгейі. Ауру өте тез дамиды. Үздіксіз дефекация мен ағыл-тегіл құсу басталады, бұл әр 10-12 сағат сайын сусыздануға әкеледі, ол дене салмағының 10% және одан көбі. Іш өтуі мен құсу тоқтатылады. Тері суық және әжім басқан. Бет кескіні өткір- ленген. Дене температурасы 34—35°С. Құрысу ұзақ, артериальді қы- сым дағдарысты деңгейде, тамыр соғысы жоғалады.Тырысқақ ауруымен ауырғандарды емдеу негізі су-электролитті теңгерімді қалпына келтіру болып табылады, ол барынша ерте мерзім- де басталады. Дегидрацияның 1-ші және 2-ші деңгейлеріндегі ару- ларға – сұйықтықтар мен электролиттердің жоғалуын пероральді (ауыз арқылы) толтыру қажет. Науқасқа, құсу орын алса, жекелеген порци- ялар арқылы жиі су беру қажет. Назогастральді зонд пайдалануға бо- лады. Тұзді ерітінділер дайындау үшін «Регидрон», «Оралит» ресми препараттарын қолданады.3-ші және 4-ші деңгейлі сусыздану барысында препараттарды көктамырға ағынмен беру абсолютті түрде ұсынылған, олар: кварта- соль, трисоль, хлосоль. Регидрация жылдамдығы мен ағынды беруден тамшылап беруге көшу уақыты науқастың жағдайына байланысты анықталады.Тырысқақпен ауыратындарды емдеуда антибиотиктер шешуші роль атқармайды, дегенмен олар патогенді терапияның тиімділігін артты- рып, диярея ұзақтығын және вибриондар бөлу кезеңін қысқартады. На- уқастарға тетрациклин, левомицитин белгіленеді.Емдеу уақытылы басталса және дұрыс жүргізілсе болжамы жағым- ды. Бірақ эпидемиологиялық таралу кезінде өлім жағдайы біршама жоғары. Көрсеткіштер бойынша айырықша профилактика мақсатында корпускулярлі тырысқақ вакцинасы мен холерген-анаток- син ұсыны- лады. БӨЛІМАДАМДАРДЫ САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ. СУДЫ, АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ЖӘНЕ МҮЛІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЗАРАРСЫЗДАНДЫРУ Төтенше жағдайлар барысында түрлі зақымдау ошақтары, соның ішінде химиялық, радиациялық, бактериологиялық ошақтар құрылады. Сондықтан да, өз кезегінде адам оргнизмін зақымдау ошақтары бо- луы мүмкін құрылғылар, техника мен көлік құралдары, адамдардыңкиімдері мен аяқкиімдері, су мен ауа, азық-түлік зарарлануы мүмкін. Бейбіт уақытта да және террористік актілер мен диверсиялар нәти-жесінде де зақымдаудың қауіпті ошақтары туу мүмкін.Жаппай зақымдау құралдарын әскери жанжалдар барысында пай- даланған жағдайда бейбіт тұрғындар арасында жаппай өлімге әкелетін зақымда факторлар туғызатын ауқымды ошақтар пайда болады.Адам өлімін азайту үшін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқа мерзімде затарды, мүліктерді, азық-түліктер мен суды ғана емес зардап шегушілердің өздерін зарасыздандыру қажет. Төтен- ше жағдайлар барысында денсаулықсақтау жұмысына іріткі салу орын алуы мүмкін, оның құрамындағы адамдар өлімі мен материалдардың бұзылуы (бүлінуі, қирауы) пайда болады, бұл зардап шегушілерге то- лық көлемде медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етпеуі мүмкін. Сондықтан да, зақымдау факторларынан зардап шеккен адамдар- дың өмірі мен денсаулығын сақтау барысында көптеген жайттар зар- дап шегушілердің өздерінің білімі мен икемділігіне байланысты, себебі тікелей зақымдау ошағында өзіне-өзі және өзара көмек көрсету арқылы зарарсыздандыру бойынша алғашқы медициналық көмек пен шұғыл ісшаралар жүргізу қажет.РЗ жоюға, АХҚЗ мен бактериялық заттарды (БЗ) зарарсызданды- руға бағытталған іс шаралар арнайы өңдеу атауын алды.Арнайы өңдеузақымдау ошағында жүргізілетін ішінара (соңғы емес) және адамның әрі қарай зақымдануы ықтималдығын есептен шығаратын – толық арнайы өңдеу.Ішінара арнайы өңдеу:тері жабындарына, киім мен киілген қорғаныс құралдарына түскен (жұққан) АХҚЗ ішінара зарарсыздандыруға және РЗ ішіаражоюға бағытталған адамдарды ішіара саниталық өңдеу;мүліктер мен құрал-жабдықтарды ішінара дегазациялау (АХҚЗ зарарсыздандыру) және дезактивациялау (РЗ жою).Өз кезегінде толық арнайы өңдеу з кезегінде толық арнайы өңдеу з кезегінде толық арнайы өңдеу адамдарды толық санитарлық өңде- уден, сонымен қатар мүлік пен техниканы, қоршаған ортаның басқа да нысандарын толық дезактивациялау және дезинфекциялау тұрады.(Дезинфекция ішінара болмайды. Ол толық көлемде жүргізіледі.).Адамдарды ішінара санитарлық өңдеу. Зақымдау ошағында өзін- өзі және өзара көмек көрсету Зақымдау ошағында өзін-өзі және өзара көмек көрсету арқылы жүргізіледі. Ашық тері учаскелеріне, киімге, аяқкиімге және жеке қорғаныс құралдарына түскен РЗ кетіру және АХҚЗ (ФОЗ) зарарсыздандыру жасалады.Тамшылы-сұйық ФОЗ зақымдалу барысында тері жабындары мен киімге ҚЗ түскеннен кейін бірден ішінара санитарлық өңдеу жүр- гізіледі. Өңдеу үшін ИПП-8 (ИПП-10, ИПП-11) сұйықтықтары пайда- ланылады. Бастапқыда бұл сұйықтықпен дененің ашық бөліктері (қол, мойын, бет) жәнегазтұтқыштың шлем-маскасы, кейіннен терімен үй- келіске түсетін киім жағасы мен манжеттері өңделеді. Сонымен қатар, арнайы құралға батырылған тампонмен ФОЗ тамшылары тиген киімді өңдеу қажет. Әр зардап шегуші ішінара санитарлық өңдеу жүргізуге физикалық қабілетті болса, өзін өңдеуге жауапты. Айта кететін жайт, жылдам және мұқият жүргізілген ішінара санитарлық өңдеу барынша оңтайлы әсер беретінін еске салу қажет.ФОЗ тамшыларын дегаздайтын химиялық ерітінділер болмаған жағдайда оладры бірден кез-кезген затпен: топырақпен, қармен, сабын- ду сумен және т.т. кетіру қажет. Тіптен, осыған ұқсас өңдеу жүргізілсе де зақымдау ауыртпалығы бірден төмендейді.Радиоактивті және химиялық заттардың үйлесімдерімен зақымдалу барысында бірінші кезекте ФОЗ дегаздауды талап етеді, бұл бір уақыт- та өңделетін учаскелерді дезинфекциялауға әкеледі, кейіннен дезакти- вация жасалады.РЗ зақымдану барысында, әдеттегі жағдайда ішінара санитарлық өңдеу зақымдалған аймақтан шыққаннан кейін жүргізледі. Бастапқыда жеке қорғаныс құралдарындағы радиоактивті тозаң кетіріледі және сы- ртқы киім өңдеуден өткізіледі. Киім щеткамен, сыпырғышпен, шөп бу- масымен тазартылады, таяқпен қағылып, соғылады. Аяқкиімді сумен жуады немесе ылғалды шүберекпен немесе зарарланбаған қармен сүр- теді. Киімді өңдеугазтұтқышпен немесе респиратормен, бессаусақты шешпей жүзеге асырылады. Тазартылған шаң желмен үрленбеуін және теріге түспеуін қадағалау қажет.Киім мен аяқкиімді ішінара дезактивациялау аяқтағаннан кейін-газтұтқыш сөмкесі радиоактивті шаңнан тазартылады, алгазтұтқыш қорабы мен шлем басқа таза ылғалды шүберекпен сүртіледі, кейіннен бессаусақ пен респираторды шешуге болады. Одан кейін ашық теру жабындары (бет, мойын, қол) таза сумен немесе ИПП-8 сұйықтығымен жуылады. Қыс мезгілінде зақымдалмаған қарды пайдалануға болады.Бетті ИПП-8 (ИПП-10, ИПП-11) құралдарының көмегімен жуу ба- рысында, бұл сұйықтықтардың көзге түсуінен сақтану қажет.Өткізілген ішінара санитарлық өңдеу сенімді зарарсыздануды қамтамасыз етпейді. Алғашқы мүмкіндік пайда болған кезде толық са- нитарлық өңдеуден өту қажет, әсіресе ішінара өңдеуден кейін зақымда- ну деңгейі ұйғарынды номадан жоғары болған жағдайларда.Адамдарды толық санитарлық өңдеу. Зақымдалған аймақта тыс арнайы дайындалған стационарлы жуу пункттерінді (АСП) немесе кез келген санитарлық өткізгіш қағидасы бойынша жұмыс істейтін душ қондырғыларымен жарақталған жайларда (моншалар, душ павильон- дары) жүргізіледі.Егіс жағдайларында санитарлық өткізгіштер дезифекциялы-душ қондырғылары (ДДА, ДДП) қолданылатын арнайы жабдықталған па- латкаларда өрістеледі.Толық санитарлық өңдеу душ астында сабынды жылы сумен және синтетикалық жуу құралын (СЖҚ) қолдана отырып немесе жөкемен барлық денені толық жууға негізделеді. Біруақытта киімді, аяқкиімді және жеке қорғаныс құралдарын зарарсыздандыру жүргізіледі.Санитарлық өткізгіш жұмысының қағидасы санитарлық өңдеуден өткен адамдардың өңделмеген адамдармен өзара қатынасын болғызбау арқылы бір бағытта санитарлық өңдеу жүргізілетін адамдар ілегін ұй- ымдастыру. Бұл үшін санитарлық пунктілерде үш бөлімше құрылады: лас – киім шешу үшін, жуыну және таза – киім кию орны.Шешінуге арналған бөлімшеде орындық, зақымдалған киімдер мен аяқкиімдерге арналған резина қаптар орнатылады; осы жерде дененің ашық уческелерін дезинфекциялауға арналған 2% хлорамин ерітіндісі бар ыдыстар (бөшкелер, қол жуғыштар және т.т.) болады.Жуыну бөлімшесінде душтар мен решеткалар орнатылады, арнайы құдыққа су кетуі үшін ағын шұңқыршалар жасалады. Жуу құралдары – сабын мен ЖҚ қойылады.Кинуге арнаған жайларда орындықтар орнатылады. Осы жерде таза киім запасы және міндетті түрде өңдеу сапасын тексеруге арналған ДП-5 құралы бар дозиметрист қойылады. Таза бөлімшенің тамбуры арқылы таза аймаққа өткізіледі. Рұқсат берілген деңгейден төмен ра- диоактивті заттармен зарарланған киім тікелей киім киюге арналған бөлімшеге, ал рұқсат берілген деңгейден жоғары мөлшерде зарарланған киім механизацияланған жуу орындарына жіберіледі. Төзімді улағышзаттармен зарарланған киім мен аяқкиімдер дегазациялауға арналған пунктіге бағытталады, ал бактериалды құралдармен зарарланған киім- дер – нақты учаскеде орналасқан автомобильде жарақталған дезинфек- циялау-душ қондырғыларының камераларына өңдеу үшін жіберіледі, кейіннен киіну бөлімшелеріне ауыстырылады.Суды, азық-түліктерді және мүліктерді зақымдалудан қорғау. Құрамында зақымдау факторлары әсерінің алдын алу немесе барынша жеңілдету үшін бағытталған ұйымдастыру, инженерлік-техникалық, санитарлық-гигиеналық және басқа да арнайы шаралары (өртке қарсы, көлік құралдарын дайындау, күзет) бар қорғаныс шараларының кешені.Термиялық өңдеуден өткізілмей пайдаланылатын азық-түліктердің сақталуына (нан, тұз, қант және т.б.) ерекше көңіл бөлу қажет.РЗ, АХҚЗ және БС зарарланған азық-түліктер тікелей пайдалану үшін жарамсыз болады.Қолданыстағы сумен жабдықтау жағдайланына қатысты су қорғау жүргізіледі. Орталыұ сумен жабдықтау жүйесі судың АХҚЗ, РЗ, БС за- рарланудар қорғауды толық қамтамасыз етеді.Егер ұңғымаларға кіре берістер су іріккіш арыұтары бар балшық қабатыменгерметизацияланған болса артезиан құдықтарындағы су қорғалған болады.Құдық шахтасының шегенігерметикалық қақпақпен жабылады, оның үстіне бастырма немесе бөдке орнатылады; құдық айналасына қалыңдығы 50 см және ені 1,5 – 2 м. (балшықты құлып) балшық қаба- ты төселеді; сутарту жыралары қазылып, балшық үстіне қалыңдығы 10 см қиыршықтас пен малтатастар төселеді. Құдықтан су алуға арналған шелек – қоғамдық, су алынғаннан кейін жеке ыдыстарға құйылады.Үй жағдайларында аздаған азық-түлік запастары пераментке, фоль- гаға, целлофанға оралып, полиэтилен пакеттерге немесе резиналанған маталы қаптарға салынады. Шыны және балшық банкаларды, ішіне тығыз қағаз немесе полиэтилен пленкалар салынған ағаш немесе фа- нер жәшіктерді пайдалануға болады.Сүтту, суды, сұйықмайды бидондарда, термостарды, бөтелкелер- де немесегерметикалы жабылатын ыдыстарда (канистерлер, флягалар және т.т.) ұстаған дұрыс.Азық-түлікті, суды және медициналық мүлікті зарарсыздандыру. Аймақты, жайларды және сыртқы ауаны өздігінен тазартқаннан кей- ін азық-түлікті зарарсыздандыру іс шаралары жүргізіледі. Зарарсы- здандыру алдында барлық азық-түліктер радиациялық және химиялық барлау құралдары көмегімен тексеріліп, зертханалық зерттеулерден өт- кізіледі. Азық түліктер мен судың ластануы рұқсат берілген деңгейден асып кесте олар қауіпті болып саналып зарарсыздандырылады немесе жойылады. Зақымдалу түрі мен сипатына байланысты дегаздау, дезка-тивациялау және дезинфекциялаудан өтеді.Азық-түліктер мен фуражды дезактивациялау. Радиактивті шаңмен ластанған азық-түліктер мен фураж (бидай) ластанған қабатты жою арқылы (міндетті түрде дезиметриялық бақылау арқылы) дезакти- вациялануы мүмкін.Жылдам бүлінбейтін азық-түліктің үлкен қорлары ұзақ сақтау әдісі арқылы (РЗ толық таралуы және ластанудың рұқсат берілген нормаға дейін түсуі) дезактивацияланады.Міндетте түрде дозиметрлік бақылаумен, көкеністер мен жемістер, ет пен балықтар ағып тұрған сумен бірнеше рет жуу арқыры дезакти- вацияланады; қатты майлардың – 2-3 мм сыртқы қабатын алып тастау қажет.Сұйық өсімдік майлары ұзақ тұндыру арқызы дезактивацияланады. Дезактивацияланған азық-түліктер зақымдалмаған азық-түліктерден бөлек сақталып, ақырғы кезекте қолданылады.Герметикалық тарада сақталған азық-түліктер мен консервілер сыр- ты дезкативацияланғаннан кейін пайдалануға жарамды болады.Мүлікті және түрлі заттарды дезактивациялау үшін сумен жеңіл жуылатын, РЗ кешенді қосындылар құратын 3% әлсіз органикалық қышқылдар ерітіндісі пайдаланылады. Сондықтан да әлісіз (қымыз- дық, лимон, сіркесу) қышқылдар мен олардың тұздары комплексондар атауын алған.Сонымен қатар, дезактивация барысында СМС (ОП-7, ОП-10, СФ-пайдаланылуы мүмкін.Азық-түліктер мен суды дегазациялау. Дегазация тәсілдері ҚЗ жоюыды немесе зақымдалған нысандардан кетіруді қарастырады.Бұл тәсілдер механикалық (зақымдалған қабатты жою немесе зақымдалған үстірті оқшаулау), физикалық (ҚЗ үстірттен табиғи неме- се жасанды булануы, еріткіштер көмегімен ҚЗ жуу, ҚЗ адсорбиялайтын материалдармен жұтылуы, отпен күйдіру), химиялық және аралас бо- лып бөлінеді.Дегазациялаудың химиялық құралдары ретінде бірқатар қосынды- лар пайдаланылады.Хлорбелсенді қоспалар (құрамында белсенді хлор бар заттар):хлорлы әктас (құрамында 30% дейін белсенді хлор бар);хлораминдер (құрамында белсенді хлор бар органикалық қосын- дылар); тері жабындарын дегазацилау үшін 0,5% су ерітіндісі, көзді жуу үшін—0,25% ерітінді;дветретионегізді кальцийгипохлорит тұзын жүзгін түрінде қолда- нады (суда 1:5 немесе 1: 10 қатынасында пайдалану); ағаш заттар мен жергілікті жерді дегазациялау үшін қолданылады.Сонымен қатар дайын стандартты ерітінділер де пайдаланылады:дегаздайтын № 1 ерітінді (дихлорэтиндегігексахлорамин ерітіндісі) ихлорэтане), J№ 2ащ дегаздайтын ерітінді (аммиакті-сілтілі) және J№ 2бщ (аммиакті-сілтісіз). Олар техниканы дегазацялауға арналған.1 Сілті заттары:өткір натр (NaOH), ФОҚ зақымдалған заттарды дегазациялауға арналған 5 —10% ерітінділеркөмірқышқылы (кальцинделген) сода Na2CO3 мақта бұйымдарды қай- тану арқылы дегазациялауға арнаған 2—4% ерітінділер;нашатырь спирті (аммиак воду), киімге түскен ФОЗ дегазациялау үшін қолданылады, алн екі рет араластырыған ерітінді – теріні зарарсыздандыру үшін пайдаланылады.Органикалық еріткіштер (дихлорэтан, керосин, бензин), дегаздайтын ерітінділерді дайындау үшін және ҚЗ жуу жолымен дегаздау үшін тікелей пайдаланылады.Тұрақсыз емес АХҚЗ (амияк, хлор) зақымдалған азық-түліктерді дегазациялау үшін желдету қолданылады. Бұл азық-түліктерді қосымшааспаздық өңдеу залалсыздандырады.Сұйық ФОЗ зақымдалған азық-түліктер жойылуы тиіс, аэрозоль- мен зақымдалғандары – зақымдалған қабатты алып тастау және кейіннен ұзақмерзімді, мұқият желдету арқылы дегаздалады.Су хлорлау немесе коагулянттармен тұндыру және кейінен фильтрлеу не- месе қайнату арқылы дегаздалады. Дегаздалған суды тек техникалық қажет- тіліктер үшін пайдалануға болады.Дезинфекция. Рұқсат етілген зақамдау деңгейінің бактериялық құралда- ры жоқ, сондықтан да барлық жағдайда дезинфекция микробтарды толық жо- юды қарастырады. Дезинфекция қайнату, ыстық сумен өңдеу, өтпен күйдіру немесе дезинфекция құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.Дезинфекция құралдары ретінде:құрамында белсенді заттары бар хлор;фенол (суда еритін кристал карболов қышқылы), дезинфекциялау үшін 3—5% сабынды-фено¬л немесе сабынды-карбол ерітіндісі ретінде пайдала- нылады;лизол (тазартылған крезол), ыстық 5% ерітінді түрінде пайдаланылады;формалин (формальдегид)—формалинді камерада жылумен немесе бу- мен үйлесімділікте пайдалану (жаңа әмбебап, барынша тиімді дезинфекция түрі – буформалинді дезинфекция);сутегі пероксиді, микробтардың вегатативті түрлерін зарарсызданды- ру үшін 1—2% концентрациясында, спортуындататын бактерияларға қарсы 10% концентарциясында қолданылады;этилен тотығы, барлық қоздырғыштарға жоғары дезинфекциялық әсер етеді;Дезинсекция. Ауру инфекцияларын тасымалдайтын – жәндіктердіжою үшін дезинсекция жүргізу барысында хлорорганикалық (ДДТ,гек- сахлоран) және фосфорорганикалық (хлорофос, карбофос және т.б.) қосындылар қолданылады.Кеміргіштерді жою үшін механикалық құралдары мен химиялық улы заттар (родентицидтер) пайдаланылады.ТЖ зардаптарын жою үшін сәйкесті зертханалық зеттеулер жүр- гізілгеннен кейін және приборлардың кқмегімен бақылау өлшемдері алынғаннан кейін зеактивацияланған және дегаздалған азық-түліктерді сату үшін ТЖ АҚ медициналық қызметі ұорытынды береді.Медициналық мүлікті зарасыздандыру. Зақымдалған медици- налық мүліктер дегазациялануға, дезактивациялану мен дезинфекци- ялануға жатады, атап айтсақ толық арнайы өңделуі немесе жоюйылуы тиіс.Радиоактивті тозаңмен ластанған медиицналық мүлік төмендегі әдістермен дезактивацияланады:құрал-жабдықтар, метал заттар, шыны мен резина бұйымдары дезактивациялайтын ОП-7, ОП-10 ерітіндісімен немесе 10% цитрат ерітіндісімен (лимонқышқылы тұзы) сүртіледі;РЗ толық бейтаптанғанға дейін таңғыш материалдар консервіленеді; бумасы ғана зарарланған жағдайда кейіннен бумадан таңғыш затты алу арқылы буманың үсті ылғалды шүберекпен сүртіледі;Санитарлық дембілдер РЗ қағылады немесе СМС көмегімен жуы- лады; қатты конкструкцияларын комплексон ерітінділерінің көмегімен сүртіледі, кейіннен – сулы шүберекпен сүртіледі;саниатрлық палаткалар қағылады немесе шаңы щеткалармен және сыпырғыштармен сыпырылады;ішкиімдер мен төсек-орын жабдықтары қағылып, механизация- ланған кір жуу орындарында жуылады;санитарлық көлік дезактивация ерітінділермен немесе шлангтан су ағызу арқылы өңделеді.Фосфорорганикалық заттармен ластанған мүліктер төменгі әдістер- мен зарарсыздандырылады:хирургиялық құралдар еріткіштермен жуылады (спирт, бензин) және қайнатылады;әйнек пен фарфор дегаздайтын ерітінділермен өңделеді және қай- натылады;резина бұйымдары 2% сода ерітіндісінде қайнатылып зарарсыздан- дырылады;таңғыш материалдар (мақтадан басқасы) 2% сода ерітіндісімен қай- натылады, кейіннен жуылады, мақта жойылады;дембілдер мен палаткалар нашатырь спирітмен немесе 5—10% хло- рамин ерітіндісімен өңделеді;ішкиімдер мен төсек-орын жабдықтары содамен қайнатылады не- месе дегазация пунктілерінде өңделеді.Санитарлық көлік еріткіштермен (бензинмен, керосинмен) және де- газдаушы заттармен, химиялық қызметтердің күштерімен өңделеді.Бактериалды құралдармен зақымдалу барысында метал және әйнек ыдыстар 2 сағатқа 2% хлорамин ерітіндісіне немесе 2—3% сода ерітін- дісіне салып қайнатылып, дезинфекцияланады.Медициналық мүліктердің басқа заттары ТЖ АҚ санитарлы-эпиде- миологиялық қызметтердің күшімен дезинфекцияланады. Бақылау сұрақтарыБактериологиялық құралдары қолдану барысында террористер қандай әдістерді пайдаланады?Бактериалдық зақымдау құралдарын пайдаланудың зардапта- рын жою барысында өткізілетін негізгі іс шараларды атаңыз?Террористік актілер жасау барысында пайдаланылуы мүмкін жұқпалы ауру қоздырғыштарының ықтимал топтарын атаңыз?Аса қауіпті жұқпалы қоздырғыштардың таралу жолдарын си- паттаңыз?Аса қауіпті инфекцифларды тараты барысында жануарлар қан- дай роль атқарады?Адамдарды ішінара және толық санитарлық өңдеу айыр- машылығы қандай? Бұл шаралар қандай жағдайларда және қай жер- лерде өткізіледі?Азық-түліктер мен суды дегазациялау жүргізудің әдістері мен құралдар?ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ Алексеев Н.А. Табиғаттағы дүлей апаттар. — М.: Мысль, 1988.Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі: ЖОО арналған оқулық / Л. А. Михай-лов, В.П.Соломин, А. Л. Михайлов және т.б. — СПб.: Питер, 2005.Ресей қауіпсіздігі: Құқықтық, әлеуметтік-экономикалыұ және ғылыми-тех- никалық аспектілер. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан тұрғындар мен аймақтарды қорғау. — М.: Знание, 1999.Беляков В.Д. Әскери эпидемиология. — Л.: Изд-во Әскери-мед. акаде-мии, 1976.Беляков В.Д., Яфаев Р.Х. Эпидемиология. — М.: Медицина, 1989.Брюсов П.Г. Зақым алу барысындағы қан кетулер. — М.: Знание, 1983.Булдаков Л. А. Радиоактивті заттар мен адам. — М.: Энергоатом- баспасы, 1990.Әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғаныс : оқулық/ ред. С. А. Куценко. — СПб.: «Издательство ФОЛИАНТ» ААҚ, 2004.Әскери-теңіз және радиациялық гигиена: Оқу-әдістемелік басшылық/Ред. С. В. Гребенолова. — СПб.: ЛИО «Редактор», 1999.Гир Дж, Шах К. Мұқылмас қаттылық: жер сілкінуі дегеніміз не және оған дайындық. — М.: Мир, 1988.Гостев В. С. Жаралар. Алғашқы медициналық көмек: Әдістемелік нұсқама— СПб.: СПбГУ баспасы, 2004.Агроөнеркәсіп кешені нысандарындағы азаматтық қорғаныс: Оқулық /Ред.Н.С. Николаева, И.М. Дмитриева. — М.: Агропром- баспасы, 1990.Медицина мен аспаздықтағы тағы өсімдіктер және саңырауқұлақтар/ Д.Т.Жо- голев, Л. Л. Галин, И. И. Добросердова және т.б. — М.: Әскери баспа, 1994.Жоголев Д. Т., Келлер А. А. Теңіз бен кейбір құрлық аймақтарының қауіпті жануарлары/Ред. В. П. Щербины, Ю. Н. Носова. — М.: Әскери баспа, 1984.Тұрғындар мен аймақтарды төтенше жағдайлардар қорғау/ Под ред. М. И. Фалеева. — Калуга: Облбаспа, 2001.Зиновьева Э.Н., Киршин Н.М. Жануарлардың уларымен уланы: шұғыл кқмек және емдеу: Әдістемелік нұсқама — СПб.: СПбГУ баспасы, 1998.Ильин Л.А., Кириллов В. Ф., Коренков И. П. Радиациоялық гигиена. — М.: Медицина, 1999.Инженерлік экология және экологиялық менеджмент/Ред. Н.И.Иванова, И.М.Фадина. — М.: Логос, 2001.Козлов В. Ф. Радиационды қауіппсіздік ауруларының Анықтамалығы. — М.: Энер- гоатомиздат, 1991.Корнилов Н.В., Грязнухин Э.Г. Оқыс жағдайлар мен табиғи кесапаттар ба-рысындағы Медициналық көмек— СПб.: Р.Р.Вреден атындағы травмоталогия және ортопедия ҒЗИ баспасы, 1992.Кошелев А.А. Медициналық апаттар: Оқулық — СПб.: Паритет, 2000.Кукал 3. Табиғи апаттар. — М.: Знание, 1985.Мачулин Е.Г. Төтенше жағдайлар барысында зардап шегушілерге медици- налық көмек көрсетуді ұйымдастыру: Курс лекций. — Минск: Харвест, 2000.Михно Е. П. Табиғи кесапатар мен апаттардың зардаптарын жою. — М.: Ато- миздат, 1979.Мягков С.М. Табиғи қауіп географиясы. — М.: МГУ баспасы, 1995.Жіті улану барысындағы Шұғыл көмек: Токсикология бойынша Анықтама- лық/ Под ред. С. Н.Голикова. — М.: Медицина, 1978.Шұғыл жағдай және жедел медициналық көмек: Анықтамалық/Ред. Е.И.Ча- зова. — М.: Медицина, 1990.Радиациялық қауіпсіздік нормы НРБ —99). СП 2.6.1.758 — 99. — М.: Ресей денсаулықсақтау Министрлігі, 1999.Төтенше жағдайлардағы адамдардың өміршеңдігін қамтамасыз ету. 1.ТЖ мен зақымдау фактілері. — СПб.: Білім, 1992.Төтенше жағдайларда тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық қамта- масыз етуді ұйымдастыру: Федеральлі атқару органдарының мемлекеттік қыз- метшілеріне арналған оқулық— М.: Ресей денсаулықсақтау Министрлігі : Ресей еңбек Министрлігі, 2001.Орлов А.Н., Саркисов М.А., Бубенко М.В. Электрозақым. — Л.: Медицина, 1977.Төтенше жағдайларда тұрғындарды медициналық қамтамасыз етуді ұй- ымдастыру негіздері (экстремалды медицина, медициналық апаттар негіздері): Оқулық/Ред. Н. Н. Винничука, В. В.Давыдова. — СПб.: СПб.хим.-фарм. Акаде- мии баспасы, 2003.Биологиялық терроризмге қарсы әрекет: Эпидемиологияға қарсы қамтмасыз ету бойынша Практикалық басшылық /Ред. Г. Г. Они¬щенко. — М.: Ресей денса- улықсақтау Министрлігі: РАЕН: Мед.апаттар Орталығы «Защита», 2003.Радиациялық медицина. Т. 3. Радиациялық гигиена. — М.: ИздАТ, 2002. Госпитальға дейінгі кезеңдегі Реанимация/Ред. Г. Н. Цыбуляка. — Л.: Меди-цина, 1980.Эпидемиологиялық жұқпалы аурулар бойынша басшылық /Ред. В. И. По- кровского. — М.: Медицина, 1993.Төтенше жағдайларда тұрғындарды эпидемиологиялық қамтамасыз ету бойынша Басшылық — М.: Мемсанэпидқадағалау: Госсанэпиднадзор: Ресей ТЖМ, 1995.Русаков А.Б. Көлікті иммобилизация. — Л.: Медицина, 1989.Жұқпалы аурулар Анықтамалығы /Ред. Ю.В.Лобзина, А.П.Казанцева. — СПб.: Комета, 1997.Тимофеев Н.Н. Ауылдық фельдшер практикасындағы хирургия — Л.: Ме¬-дицина, 1988.Уханова Н.В., Лебедева Л.В., Лазарев-Станищев Б.В. Суға кеткендерге Ме- дициналық көмек— Л.: Медгиз, 1962.Әскери – егістік хирургия бойынша оқылу/Ред. А.Н.Беркутова. — Л.: Әске- ри-мед. академии, 1973.Медициналық бикелер дайындауға арналған оқулық құралы/ Ред. А. Г. Са¬- фонова. — М.: Медицина, 1981.«Тұрғындардың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 09.01.1996 № 3-ФЗ Фе- дералды заң.Шапошников А. А., Карниз А. Ф. Заманауи кезеңдегі төтенше жағдайларда санитарлы – гигиеналық және эпидемиологияға қарсы іс шаралар ұйымдасты- ру/Ред. А. А. Шапошникова. — М.: Ресей ДенСауМин: РАЕН, 1999.Шебалин Н.В. Табиғаттағы апаттардың заңдылықтары. — М.: Білім, 1985.Шпиленя С.Е., Спеваков Г.М. Улы өсімдіктермен және саңырауқұлақтармен уланудың алдын алу. — Л.: ҚМ Әскери Мед. Мұражайы Баспасы МО, 1979.Эпов А.Б. Ресейдегі апаттар, катастрофалар және табиғи апаттар. — М.: Қаржылар, 1994.МАЗМҰНЫКіріспе. 3БІРІНШІ ТАРАУТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ І-бөлімТАБИҒИ ЖӘНЕ ТЕХНОГЕНДІ СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР1 бөлім. Төтенше жағдайлар және олардың көздері .1.1.Тіршілік әрекеті үшін қауіптер эвалюциясы. 6Төтенше жағдайлар көздерінің жалпы сипаттамасы. 6Төтенше жағдайлар көздерінің жіктелуі. 9Төтенше жағдайлардың жалпы сипаттамасымен жіктелуі. 122– т а р а у. Төтенше жағдайлардың табиғи көздері 14Жалпы сипаттама. 16Жер сілкіністерінің сипаттамасы. 19Төтенше жағдайлардың аэрометеорологиялық көздері 21Гидрометеорологиялық қауіптер. 25- т а р а у. Техногендік төтенше жағдайлар көздері. 26Жалпы сипаттама. 26Өртенуге және жарылуға қауіпті объектілердегі апаттар. 30Техногендік тектес химиялық қауіптілік көздері. 33Радиациялық қауіптілік және оның көздері. 46Эпидемиологиялық қауіптілік. 56Лаңкестік сипаттағы қауіп-қатерлер мен қауіптіліктер. 63ІІ-бөлімТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА ХАЛЫҚТЫ ЖӘНЕ А УМАҚТАРДЫ ҚОРҒАУ- т а р а у. Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік және қорғау негіздері 67Тұрақты даму және қауіпсіздік. 67Қорғаудың мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары. 68Халықты және аумақты қорғауды ұйымдастыру 715-т а р а у. Қорғауды ақпараттық қамтамасыз ету 74Қауіпті табиғи және техногендік процестер мен құбылыстарды мониторингтеу 74Төтенше жағдайларды болжамдау 77Нақты жағдайды бағалау 79Радиациялық жағдайды анықтау және бағалау 80Химиялық жағдайды анықтау және бағалау 88Халыққа хабарлау және оны хабардар ету 916-тарау. Халықты және аумақты тікелей қорғау іс-шаралары 93Тікелей қорғау негіздері. 93Халықты және аумақты инженерлік қорғау 95Халықты радиацялық және химиялық қорғу 96Жеке қорғаныс құралдары. 104Арнайы өңдеу 108Халықты эвакуациялау 1117-тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою 115Салдарды жою мақсаты, міндеті және іс-шаралары. 115Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету 116 Екінші бөлімАПАТТАР МЕДИЦИНАСЫ ІІІ тарауТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ8-бөлім. Апаттар медицинасының бүкілресейлік қызмет ұйымының міндеттері мен принциптері 1199-бөлім. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардың медико-тактика- лық сипаттамасы 12210-бөлім. Төтенше жағдайларда халықты емдеу-эвакуациялық қамтамасыз ету және санитарлық-гигиеналық пен эпидемияға қар- сы іс-шаралар негіздері 128ІV-тарауТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК11-бөлім. Экстремалдық жағдайларда хирургиялық көмекті ұйымда- стыру негіздері 13312-бөлім. Жарақаттар 13613-бөлім. Жара 13914-тарау. Жұмсақ тіндердің жабық зақымдалулары. ұзақ қысылу синдромы 15315-тарау. Десмургия негіздері 157бөлім. Термиялық зақымданулар 161Күйіктер. 161Химиялық күйіктер. 16516.3. Үсік. 165бөлім. Терминалдық жағдай. реанимация. Электр жарақаты мен суға кету кезіндегі реанимациялық көмек 168бөлім. Аяқ-қол сүйектерінің сынуы. Көліктік иммобилизация 177бөлім. Бастың, кеуденің, іштің, омыртқаның, жамбастың зақымдануы 183Бастың зақымдануы. 183Кеуденің зақымдануы. 187Іштің зақымдануы. 192Омыртқаның зақымдануы. 197Жамбастың зақымдануы. 200V БӨЛІМТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕРАПЕВТІК КӨМЕКТарау. Экстремалды жағдайларда терапевтік көмекті ұйымдасты- ру негіздері 204Атом электростанцияларындағы апаттардың зардаптарын жою барысында зақым алғандарға медициналық көмектіұйымдастыру 204Химиялық апаттардың зардаптарын жою барысында зақым алғандарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру 205Медициналық қорғанудың жеке құралдары. 207Тарау. Бейбітшілік уақытта радиациялық зақымдану 209Тұрғындардың табиғи көздер мен медициналық диагностика және емделу барысында сәулеленуі. 209Жалпы сыртқы сәулелену барысында адамның сәулелік зақымдануы 211Радиоактивті заттардың ішкі түсуі нәтижесіндезардап шегу 215Жеке қорғаныс құралдары және радиоактивті ластануды жою әдістері 218Бөлім. Апатты химиялық қауіпті заттардан зардап шегу 222Фосфорорганикалық қосындылардан жіті улану 222Аммиакпен жіті улану 225Хлормен жіті улану 227Иісті газдан жіті улану 229Хлорорганикалық қосындылармен улану 232Қышқылдармен және сілтілермен улану 232Бөлім. Жойғыш улау заттарымен, улармен және токсиндармен зақымдану 237Химиялық қару туралы қысқаша мәліметтер. 23723.2. Улар. 24223.3. Антидоттар. 243Бөлім. Жіті тұрмыстық уланулар. улы өсімдіктермен және саңы- рауқұлақтармен, жануарлар уларымен 247Жіті тұрмыстық уланулар. 247Улы саңырауқұлақтармен улану 254Улы өсімдіктермен улану 261Жануарлар уымен улану 264VІ БӨЛІМТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДА САНИТАРЛЫ-ГИГИЕНАЛЫҚЖӘНЕ ЭПИДЕМИОЛОГИЯҒА ҚАРСЫ ІС ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІТарау. Биологиялық терроризм қаупі 274Жалпы жағдайлар. 274Биологиялық террорлық актілердің зардаптарын жою бойынша іс шаралар ұйымдастыру және жүргізу 277Тарау. Аса қауіпті инфекциялар 284Табиғи шешек. 28626.2. Оба. 287Сібір жарасы. 289Ботулизм. 291Туляремия. 292Геморрагиялық қызбалар. 296Бөлім. Адамдарды санитарлық өңдеу. суды, азық-түлікті және мүлікті қорғау және зарарсыздандыру 298Әдебиеттізімі. 306 Оқулық шығару Варющенко Сергей Борисович, Гостев Вячеслав Сергеевич, Киршин Николай Михайлович, Колотвин Валерий Алексеевич, Соколов Валентин Иванович, Хмелёв Валерий Евгеньевич, Хохлов Дмитрий Тимофеевич Тіршілік қауіпсіздігі және алапаттар медицинасы Оқулық Редакторы А. В. СавенковТехникалық редакторы О. Н. Крайнова Компьютерлік беттеу: О. В. Пешкетова Корректорлары Л. В. Гаврилина, Л.А.Кокарева № 109108380 баспа. Баспаға берілген уақыты 17.08.2015. Формат 60х 90/16. Гарнитура «Таймс». Офсетті баспа. № 1 офсетті қағаз. Баспа қызметі л. 20,0. Тиражы 500 экз. Тапсырыс №«Академия» Баспа орталығы» ААҚ. www.academіa-moscow.ru 129085, Москва, пр-т Мира, 101В, парақ. 1.Тел./факс: (495)648-0507, 616-0029.Санитарлы-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H16679 от 25.05.2015. Баспаның электронды тасымалдағыштарында басылған. «Первая образцовая типогра- фия» ААҚ.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру