Мазмұнға өту
Home

Қалам ұшына тұнған сыр

ISBN: Беттер саны: 256 Жанр:

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қалам ұшына тұнған сыр

Авторы: ISBN: Беттер саны: 256 Жанр:

Ықылас Ожайұлы ҚАЛАМ ҰШЫНА ТҰНҒАН СЫР... Өлеңдер мен мақалалар, этюдтер Астана – 2018 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз) О 22

Ожайұлы Ы. Қалам ұшына тұнған сыр... Өлеңдер мен мақалалар, этюдтер / Ы. Ожайұлы. – Астана: Фолиант, 2018. – 240 бет. ISBN 978-601-302-921-4 Ақын, «Рух» халықаралық әдеби байқауының жүлдегері Ықылас Ожайұлының бұл кітабына өлеңдері мен мақалалары, психологиялық этюдтері беріліп отыр. Ақын жүрегін жарып шыққан қуатты өлең – ұлт болып ұйысуға шақырар рухты жыр, ал мақалалар – таным мен талғам таразысынан өткен сүйекті туындылар. Кітап әдебиет сүйер барша жанға арналған. © Ожайұлы Ы., 2018 © «Фолиант» баспасы, 2018 ISBN 978-601-302-921-4 О 22 ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84(5Қаз) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді

БІР ЖҰТЫМ АҚҚУДЫҢ СҰҢҚЫЛЫ... Өлеңдер Қыркүйек... Қайтқан құс сорабы Менің де кеп еді ұмтылғым, Тостаққа тұндырып ұсынды құдаша Бір жұтым аққудың сұңқылын.

АМАНАТ Әлиханның монологі Балға – басқа, Орақ ойға тигелі Бір алапат өртке оранды жан іші. Кемерінен дариядай толқыған – Қызыл жалау, жалау емес, қан исі. Қызыл түстен жамырайды елес боп, Құба мекен, құсни дос тел өскен. Сол «бейнелер» құтқар дейді қол бұлғап, Әттең, шіркін... Естімейді оны ешкім. Естіртпейді ауызынан от бүркіп, Тесік өкпе, кәрі Кремль жөтеліп. Содан кейін... Темір торда сөз өліп, Көздер қалды шел ішінде бітеліп. Жусан көрсең, жұпарын жұт, дұға оқып, Бағзы бір иіс бұрқырасын өткеннен, Әр тал жусан тағдыры ғой қазақтың, Көлдей тұнық көз жасына көктеген.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Көктамырдан суалғанша соңғы қан, Мен қазақтың Азаттығын сусадым. Доңыз демі топырағыма тимесе, Дұшпан көрмей өссе дедім ұрпағым. Осы серттің түбінде тұр шын байлам, Сол үшін де жолға түстім көк тайғақ. Азат таңның шапағына боялған, Армандадым... Аспан түсті көк байрақ. Қияметке жетер біздің еркіндік, Оған куә қызыл қаным төгілген. Бұл қазаққа енді ешқандай өлім жоқ, Серт етемін Махшар таңның мөрімен. Езден алас, Асқақ болсын ғұмырың, Ел деп өткен ердің сойы бөлек қой. Құдайға да қарайтындай қасқайып, Бір өлімің сұлу болу керек қой. (Құбылаға қаратпаңдар жүзімді), Айтарым сол, Бір жүк түссін арқаңнан. Азат елдің көк аспанын күзетіп, Мен жатайын... Жатқызыңдар шалқамнан.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . * Құдай өлді... Ф. Ницше I Ақыл-есің азабынан танардай Бір кермек бар... Ішке түскен, ой, Алла-ай, Жан шыжғырған сол кермектің өртінен Төбе шашым лап етіп жанардай. Солқылдатып сол кермектің аптабы, Неге мені қиянатына қақтады? Мен Құдайға ұмсынып ем көрмекке Көрсетпеді... күлдібадам санамның айғыз-айғыз сатпағы. II Құдай өлген, Сайтан жеңген, Ғұмыр емей немене – Ар мен ұждан жұқанасы табылмаса денеңде. Жаратқанның жамалы – ұждан, Ол тұрмаса, Құдай жоқ. Сол жұпарды ішке бүріккен Жүрек – мөлдір терезе. Бақи – тамыр, Пәни – тағдыр, Ғұмыр – аққан бір өзен. Сол өзеннен ішсем-дағы, Бір қанбады кенезем.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Жұмақ, Тозақ Ішімде екен, Ісімде екен ол менің, Көре алмадым кір шалған соң, Кеудемдегі терезем. ӨЛЕҢ Айқай салып, аласартпа шындықты... Жұмекен Айқай мен ұрандардан тамағы іскен, Обал деп... Ойламады-ау өлеңді ешкім. Көбіктен сөз қайнатқан сол маңайға Мырс етіп, күлемін де қоям іштен. Әуезі әулиемен болған туыс, Ой деген – ол ғарыштан ұшқан сыбыс, Мысалы, дүниені көбелек те Қара өлең... Сол көбелек қанатынан Дірілдеп дүниеге шыққан дыбыс. Қиялдың мұны сезген заңғарлығы, Маңдайдың осы емес пе жанғандығы. Қара өлең... сол әуездің сөзге айналып, Мөлт етіп қаламсапқа тамған түрі. Таңғы шық тіліндегі мағынаны, Сезсем ғой... Сенім керек оған әлі. Жөргектің жұпарындай күнәдан пәк, Жаза алмай... сол өлеңді келем әлі.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . * Анамның сүтіндей аппақ, Алақанындай жұмсақ Арыммен ант етейін: Өмірде қате көп... Абай – өлшем Ал өлшемге өттім, не қайыр? Арт жағымда арқа тұтар Құнанбайдай әке жоқ... КАТАРСИС Қызыл жүрек, қан шүмектеп жылашы, Осы ғана... Бұл – деректің расы. Қазақстан – қара мұртты офицер, Ал ақыл-ой – Ақбілектің күнәсі. Осы ғана бұл шындықтың дерегі, Шыққыр көзің Көрмесіңді көреді. Біздің қазақ тым сөзуар, қайда әлгі... «Жиен деген ел болмайды» дегені. Сүті қазақ, Ал сүйегі кім еді? Қара мұрттың қаны емес пе бұл өзі? Қазақ десе – қам көңілі қабарған Қазақстан – Ескендірдің мінезі.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ГОЛОГРАММА Голограмма дегеніміз – «біртұтас дене». Яғни ғалам – бүтін ағза деген сөз. Жер бетінде орын алған кез келген келеңсіздікке тіршілік атаулы пұшайман болады. Осы теорияны тұңғыш тапқаны үшін 1971 жылы Денеш Гарборға Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілді. Джон Кехо Жалпақ ғаламның тілер дұғасы – тазалық Салтанат құрса, сананың түсі ағарып. Жалғыз жапырақ жұлынса жердің бетінен, Тітіркенеді... Тұтас дүние Қиянатына қабарып. Обыр ғой адам... ойлағаны тек өз басы, Осы жайында оймақтай ғана ойлашы. Қара жер – қанға, Қалалар күлге Кететін бе еді айналып, Көмектеспегенде Көбелектер мен бөгелектердің көз жасы.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ӘН Еркін Шүкімәнға Cал Біржан, алдыңызда Ақан, міне! Алапат... Қобыз-көмей, аспан-кеуде. Бір дауыл көмекейден көтерілді, «Кетпесін үйді жығып, бақан тіре». Кеудеден кер даланың кеңдігі есіп, Дауылы бұйра-бұйра бұлт көшіріп, Жусандай жұпар шашқан мұндай әнді Жаратқан етер ме екен енді нәсіп? Пай, пай, пай, неткен дауыс, дірілі мұң?! Жанымды, жазғаным-ай, үзілдірдің. Мынау кім жеті түнде желдей ұйтқып, Желпіген ақ боз үйдің түңілігін? Абыздың домбыра ғой дуалысы, Алаштың аруағы, бұла күші. Сезсеңіз, еңіреген екі ішектен Бұрқырап боз жусанның тұрады исі. Бұл иістен аңдасаңыз мағынаны, Жаныңыз жұпар бүркіп ағарады. Сол мезет алпыс екі тамырыңнан қан емес, Қан орнына ән ағады. Ереке-ау, екі ішекті еміндіріп, Шырқашы, шарадан бір төгілдіріп. Күмістей сыңғырлаған есті үніңе Есімді бір алайын шомылдырып.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы * ...Әжем қонды түсіме кеп Үркітпеші, кірпігім... Сұраған Рахметұлы Бейіттен бір самал желп етті, Бұл менің анамның исі ғой, Зарықтым жүгіріп, Жете алмай құладым сүрініп. Жаңағы иіс... Жанымда елжіреп тұр екен, Жалғыз-ақ жалбыздың гүліне ілініп. Бейіттің бетіне гүл өскен... Мейірімге шөлдеген дүние алғандай мұны құп. Анамнан тараған шуаққа Жайқала жапырақ өсіп тұр Тамырын жылытып. Бұл мезгіл таң еді, Аспан тұр тама алмай түнеріп, Қамырық күйге еніп. Менің де кеудемде шық тұрды іркіліп, Кірпіктің ұшында сүйеніп.

ТҮРМЕ

Біздің қоғам борсыған ой, қотыр сөз, Сізде соған шырматылып отырсыз. Мен осындай ойсыздықтан ұшынып, Өзімді өзім өгей халге түсірдім, тамыр біткен ісініп...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Айқайлардың жер қуырып апшысы, Жайқалып тұр жануарлық түсінік. Иә, біздер жануармыз кәдімгі Не демексіз енді сіз? Себебі біз... санасы өлі елденбіз. Біздің қоғам – тәтті ұйқының төсегі, Біздің ғұмыр – ояу жүріп көрген түс. Анау Алаш заманда Ахметтің аспан аңқып ұғымы, Ағып түсті алмас сынды ғұмыры, Мазақ етіп кісәпір мен азғынды. Қара жерді қызыл қанмен суарған, Біздің сана – Сталиннің елесі, Біздің ақыл – абақтының мазмұны. Абайдың да арғытаным ішінен, Масғұттың мас болуын түсінем... Мұнымен де тыншымады-ау мұңды шу. Құл-құтанның қиқуына көмілген Тыр жалаңаш жындыхана мекенде Ал ішпей гөр жынды су. Өтірік пен өңеш жайлы ілімді Өркениет, ғылым дейді бүгінгі Мүгедек ми қырсығым... Қараңғылық құшағында тербеліп Талықсиды сәби сана, соқыр көз Менің түрме-түйсігім...

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Біздің қызық белден биік болмады, «Поэзия – ақ көйлектің дірілі...» Дәл осылай дестеленді дәптерге, Көк көрпенің ілімі. Жар төсегі жаһаннамға айналған... Қолдар жатыр омырау мен балтырда. Қалш-қалш етіп қалтырайды ар-ұят, Шымылдықтың артында. Өзіңнен тыс... болғаннан соң әр ісің, Ішкендейсің делқұлының дәрісін. «Жа-лық-тым» деп айқайласам жапанға, Жаңғырады «Ғажайып» деп дауысым. Селк етемін... кілт қиылып күлгенім, Қалай болды, бұл ғұмырды сүргенім. Жаңғырығым неге жалған сөйлейді? Неге жалған, Ал себебін білмедім?.. МЕТАФИЗИКА Тәнді тастап Ұзап шықсам өзімнен, Бостандықты... Сонда ғана сезінем.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Қызыл раушан қауызына қонақтап, Қарар ма еді дүниеге бір мезет Көбелектің көзімен? Байтақ дала шық тіліне елтіген, Адам тайған Адалдықтың сертінен. Қолдар үзген гүл-ғұмырдың қайғысын көбелекпін қанатымен желпіген. * Табиғат сөйлейді Таңғы шық тілінде. Көкжиек боялған Көз жастың ніліне. Ал, ажал ақиқат, Келе ғой, арайлым. Оралған денемді Ойыққа жамайын. Талаурап тіршілік, Күй кешкен әр қилы. Ұяттан өртеніп, Уақыт балқиды. Түн суық... Естілген Гүлдердің дірілі. Қара өлең – сол гүлдің Бір тамшы күбірі.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ӨЛІМ Жалғаншыға келмей бақ, Келсең бірақ, өлмей бақ. Қорқыт Жан менен тән өзгергенмен әр күйге, Өмір-өлім тұтас ұғым, әрине. Тірі болу тірлік кешу емес ол, «Өлгендер көп» өмір сүрген пәниде. Келуің мен кетуіңнің тынысы Ішіңде екен, сезсең соны, дұрысы. Өмір деген – өз ақылың, өз ойың, Өлім – соның азабы мен жемісі. Өз кеудемде тозақ пенен жұмағым, Өз шұғылам... Қияметте шығар КҮН. Өлім менің өзі ішімде шайқалып Туғызады... Түпкі сана тұрағын.

Қабірменен қорқытады көр молла, Көрдің қашан көз бітеді орнына. Бақи мекен Жан жаралған ЖЕРҰЙЫҚ, Жерұйығын аңсамайтын ЕР бар ма. Ғақыл түсіп ғарыштағы бір Хаһтан Өз бетіңмен өмір сүр деп тіл қатқан... Сол жұмбақтың кілтін салды кеудеге, Құдай бізді қуған күні жұмақтан. Кеудеңдегі хикметпен ойлан шын Кісіліктің кілтін тығып қойған кім?

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Адамдағы ақиқаттың жауабын... Көрден іздеп көрге айналған қайран «дін». Жалқы өмірге жалғыз рет келгесін, Жанның нұры Жарқырасын, сөнбесін... Ажал мені алдап соқпақ, Тәйір-ай... Тапқан екен «өлтіретін» пендесін. Қарт Қорқыттың қазыналы қойыны Бір үрейден айырады бойыңды. ӨНЕР, БӘЛКІМ, АЛДАП КЕТУ АЖАЛДЫ ӨМІР, БӘЛКІМ, ӨЛМЕЙ ҚАЛУ ОЙЫНЫ. АЙЫРАУЫҚ Ыңыранды қобыз Сүттей шымырлаған үнге Сүңгідім де кеттім. Күндей күркіреген ойдың Көмбесіне жеттім. Ой іші кеңістік екен – Бағзы бір адамдар көші. Аспаннан ағады өзен Ауада... Көбелек исі. Бұл жердің күні де басқа, Шаттығы, мұңы да бөтен. Торғайдан төгілген үнге Топырақ жылынады екен. 2-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Екі ішек бұрқ етті өрттен, Қандай шер жандырды екен. Қос қылдан құлаған дыбыс Қазақтың Тағдыры ма екен. Сол дыбыс татыса кермек КҮЙ деген осы ғой деңіз. ...Шанақта шайқалған әуен Бейне бір толқыған теңіз. АРЗУ Жүрегіңізден жұмақ іздеп ем, Ол тозаққа айналды. Ойыңыз кемел болар деп едім, Ол мазаққа айналды. Көзіңнен жылу күткен ем аңсап, Мен де бір жан ем мұңлық. Жанардан осы жалт еткен нұрға Жүрсем деп едім жылынып. Сөзіңнен шуақ болмады тағы, Қақаған ол бір ақпан-ды. Ұлпадай аппақ қауырсын сезім Табаныңызда тапталды. Өзіңді алғаш көргенде неге Сапарым болды оң дедім?! Құнарлы құрсақ... Ұжданды ұлдың Анасы, әне, сол дедім.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Бәрі де, қалқам, белгілі болды, Ештеңе де енді айтпаңыз. Мен бұрылдым, кері қайттым, Жабық екен қақпаңыз. * Тәңірдің тілі бар... Біз кеттік киелі ілімнен. Сауал көп санаңда саусақтай бүгілген. Құдайдың бар-жоғы байқалар кеудеңде Қандағы ұжданның Қарасаң нілінен. ҚОҢЫР Қ. Жантілеуовке Қоңыр-қоңыр таулардың Қолтығынан қой өріп, Қоңыр үйдің ішінде Қоңыр салқын ой өріп, Маңырауық маңдайым Ой дүретіп неше мың Жасыл маңдай қыраттан Жасыл сөз боп есемін. Жасыл ойым саз еді Жазиралы жаны ізгі, Қоңыр сазға гүл атқан Қара тастың қауызы. Қайтқан құстың қаңқылын Өзегіне толтырып, Тырна жілік, төрт ойық

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Сұңқылдайды сыбызғым Аспан аңқып ауызы. Мен осылай аңқыдым Қос ішекке қондырып, Қоңыр қаздың қаңқылын. Солқылдатып күй шалған Әй, шалдар-ай, шалдар-ай, Сезім кешіп неше мың Керегенің астынан Күй тұнады күмбірлеп Ернеуіне кесемнің. Кім түсінер күй ұқпай, Бұл пәнидің баянын, Күймен бірге жөңкідім, Жерге тимей аяғым. Жан еріген сол сәтте Маңдайымнан күн шығып, Таңдайымда ай туып, Күй кілкіген кесемді Ұрттап-ұрттап қоямын. Қайда кетті сол шағым Қоңыраулы қоңыр үн? Қоңырымды жоғалтып, Тас көшені торыдым. Жаңбырына жанардың Омырауым боялып. Қайнай-қайнай қаңсыды Алпыс екі тамырым. Тоғыз перне бетінен Толқып соққан самалмын, Толқын-толқын самал боп, Сағасынан ағамын. Қос ішектің үстіне Құс дауысын жусатқан Сен аман бол, қоңыр үн, Сен аман бол, шанағым!

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ШЕЖІРЕ Міржақып пен Хақназарға Қан-шежіре тамыр тартқан мәңгіге, Біздегі қан – сол ақпарат, сол мүдде. Жеті атаның алғысы мен қарғысы – ПЕШЕНЕМІЗ – Тағдыр деген сол, міне. Ұрпағың мен ұлысыңды сүюің – Осы екен ғой адамдықтың түйіні. Өзіңді ойлау – өшкендігің өмірден, Өзгені ойлау – КІСІЛІКТІҢ биігі. Қан-топырақ құнарында тұғырым, Тұғырымның тазалығы ұлы ұғым. Өткен қазақ өміріме САЛАУАТ, Келмек қазақ – менің жаңа ғұмырым. Қан-шежіре Тамыр тілі терең-ді, Содан алдым дерегімді, денемді. Қан деген ол – Ұрпағың мен ұлтың ғой, Ұрпағыңды орға жығып көр енді.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ҰШЫҚ I ...Әрбір істе қазақ исі аңқығанын, Тірлікте көзімізбен көреміз бе?.. Ғ. Қараш Шіркін-ай! Ойлай беру ойға да ауыр, Ойлантпай ойсыздарды қойды-ау өмір, Кеше менің ішіме торай түнеп, Сол торай доңыз болып шықты бүгін. Содан менің танауым тарс бітеліп, Шырқырап шыбын жаным шықты білем, Ұжданыма доңыздың демі тиіп, Ұятынан ұшынған ұлттың бірі ем. Әй, қайран, Қазақия-ай арды білген, Аппақ ар ащы суға жанды білем, Күлінен күлімсі иіс ұрпақ өсіп, Ғұрпыңды буындырған қолды көрем. Ұшындым не себептен ұшық шығып, Ұшығым ұлтсыздықтан болды білем. Салайын сал десеңіз ащы әніме, Біздің де қариядан қашты әңгіме. Құдай-ау, уәлі ауыз сақал қайда? Қайғысы түннен қара, күннен ыстық Бұл да өзі... Өз алдына басты әңгіме. Маңайым қызыл танау тердің иісі, Айналған асқазанға көздің іші. Обал да оралады от боп анық, Көз жастың дөңгеленіп ағары хақ, Иә, әлгі... дүние кезек Бәріне әмір етер жоғарғы Хақ. Адамдық айуанатқа ғапылданса, Қайырылып қара жұртты табары хақ.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Санам-ай Сақтан қалып сансыраған, Ғұрпым-ай Ғұннан қалып қансыраған. Құдайым, құлдық ұрдым бір өзіңе Құтылар құдірет бер бұл «тажалдан». Қанымды қаламсапқа сертке байлап, Арыңды ақ қағазбен ұшықтайын. Не істейін бұдан өзге енді саған, Қазақия?.. ҚАҒАЗ – ҚАЗАҚСТАН II Қаптаған қағаздар Көз соқыр, көңіл мас. Ақшалар жолында Ар-ұят ақсарбас. Көк-жасыл парақтар, Сендерге өкпе жоқ, Аразға айналып адамдық, Қағазға қақталған біздің бас. Ей, шіркін, ергежей ақылым, Мың болғыр өтірік сайрай бер. «Біздің ел бай халық, арман ел...» Ауаға шөлдеген ақиқат. Қағазға тұншыққан қайран ел. Орталық ой жасап ОДАҚТЫҚ, Тарихи тамырды тонаттық. Қайтейін қауқарсыз қазақтық. Қаңбаққа айналған қалың сөз, Қағазға таңылған азаттық. Қайран... Қаракөк Хан Кене, Азат ой Ахмет.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Құныңды білмесек, ғафу ет. Қан менен қарғысқа Қол шайған суық қол, Түбі бір тартпай ма қасірет. Қайнаған қызыл сөз, Ыстық дем көпірік. Бұл, бәлкім, тойғандық, Бұл, бәлкім, кекірік. «Халқым-ау, жұртым-ау», Езілген емешек... Не деген ғажайып ертегі! Не деген ғаламат өтірік! ЖУСАН III Қобыздың қылына қайғымды тұндырып, Тағы да мұң шалдым. Асандай азалы, Қорқыттай қазалы Сарқыты ем бір шалдың. Қазақы болмысым, Қайдасың, ұжданым? Құс тілін саз етіп, су тілін сөз етіп, Исімен сөйлеген жусанның. Бұл дала – Боздақтар денесі, Топырақ иленген қанына. Даламның әр тасы – Анамның көз жасы, шері бар зарында. Боз дала, боз дала – денемнің бөлшегі, Мен сенен жаралдым басында, Мен саған сіңемін соңында.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Бір уыс топырақ, Омырауын оқ тескен оғылан бір ұлың. Сол үшін... Тастың да тәу етем әр түйір сынығын. Қайдасың, тектілік, Қайдасың, өр рух! Боз жусан аңсаған Бейбарыс ғұмырым. Жусан жоқ... киемнің ырысы, Құрттаған ұрандар, Ұртталған тілектер тоғысы, Халықты ту еткен қарынның дыбысы, Алапат асқазан соғысы... Санамның сырқаты, Құлдықты шындық деп сорлайды, Көзі жоқ көп надан Қоңызша боқ қуып, доңызша ойлайды. «Біздің ел осындай», Айнала аппақ нұр, жер үсті гүлстан Өзгеше, өзгеше... ойлауға болмайды. Өзгеше ойлатпас осы дерт, Жанымның жартысын кетті үгіп. Аһ, қайран, дүние-ай! Түбіме сен жеттің, тексіздік... Маздасын Махамбет мінезім, Оянсын рухым от бүркіп, Сен жаса, боз жусан болмысым, Сен жаса, бекзада тектілік!

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ТАНЫМ Бұрын шын бар, бүгін шын, Ертең шын бар үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек. Шәкәрім «Мұртты құдай», «мұртсыз құдай», «күн құдай», Мынау елге не боп кеткен құрғыр-ай? Пәни дүние – перғауындар мекені, Қайдасың сен... Рахымды шын ҚҰДАЙ? Ақыл айтқыш ағалар-ай, ағалар, Ауызына шомылдарған күн-айды. Қызыл тілмен Алла есімін айғыздап, Алдамаңыз Құдайды! Топас таным жарығы жоқ түн десе... Тұрғынымыз сол түрменің ендеше. Төрт аяқты жануар ғой адамзат, ТӨРТ КӨЗ түгел көрмесе. Төбе көздің бездер өсіп түбінен, Сүрдім солай су қараңғы ғұмыр мен. Адамзатқа оралады ШЫН ҚҰДАЙ, АР дейтұғын ҚАУЫШҚАН КҮН ҰҒЫММЕН. РУХ

Жан тұншығып, тән есірді, ал бүгін, Айтыңызшы, «ақжүрек» кім, арлы кім? Пайғамбардың рухына боялған, Сенесіз бе, ХӘЛДЕ1 жатыр бар ғылым. 1 Хәл – жүрек ілімі.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Әттең, шіркін, ғапылдығым кемістік, Кемістікті нұрмен жусақ тек ыстық... Көкіректен көз ашылып сол мезет, Жан тіліне көшер еді кеңістік. Жаратқанның жамалынан нұр түссе, Өтер едік бір пішіннен бір түске. Періштеден адам асқақ әуелден, Адам биік рухымен тілдессе. Адам асқақ, оған жала жаппаңыз, Ессіздік деп, бәлкім, мұны даттарсыз. Жанның сыры жасырылған жүрекке Жарқырайды ол, егер кілтін тапсаңыз. Сол кезде адам рухы мен ұжданы, Жаратқанға жақындатар тұлғаңды... МІНЕ, БІЗДІҢ ЖЕТЕ АЛМАҒАН ӨРЕМІЗ, МІНЕ, БІЗДІҢ БАБАТАНЫМ ЖҰМБАҒЫ. Жын жұлмалап, сайтан сарып есімді, Адамдықтан адастырды-ау көшімді. Бір ашылмай бізден де өтіп барады, Төбедегі ТӨРТ ТАНЫМНЫҢ2 есігі. ТАЛАСБЕК Ер өтті, ет жүрегін шоқтай қарып, Қаңтардық, қаракөкті қақпайладық. Дауылы қос ішекті керней-керней, Таласбек домбыраға кетті айналып. Тым қиғаш... Кемеңгерге, киеліге Бұл тағдыр... Таңба болды-ау сүйегіме. 2Төрт таным – шариғат, тарихат, ақиқат, мағрипат.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Шайқалған шөл далада сен бір мұхит, Мынау жұрт жете алмады-ау жиегіңе. Қасқайып қарайтұғын күн көзіне, Ер еді ол Әмір еткен мың сезімге. Тамшыдай мөлдіреген Таласбектің Тати ма мынау ғалам бір сөзіне. Ажалдың оғы тиді ардағыма, Тағдырға жасай алар бар ма шара? Қайғыңды, қайран аға, көтере алмай, Қабырғам майысады салмағына. Санасын гүлдеткенде мына халық, Ақылда ай туады, жұлдыз жанып. Сол күні... МҰНАР БАСЫН БҰЛТҚА ШАНШЫП, ТАЛАСБЕК ТАУҒА АЙНАЛЫП ТҰРАРЫ АНЫҚ. * Дінін шаншып пістікке, Әркім бір жем іздеп жүр. А. Байтұрсынұлы Қызыл тәнің бір ысынар, бір суып, Періштелік бір өлшемге құлшынып. Тұнық ойлау, мөлдір сөйлеу, бұл өзі... ШЫН құдайға құлшылық. Адамзаттық Алланы аңсап жыладым, Төрелігін төрт кітаптан сұрадым... Жүрегімнен сыбырлайды бір дыбыс: «Дін» – өтірік, Құдай шын.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . АНА Сол мезетте... Сен де кеттің, мен де өлдім, Тең жартысын жерге көмдім денемнің. Содан бері сең соққандай сандалып, Жарты жанмен өмір сүріп келемін. АНА-БАЛА махаббатын көрдегі, Қайдан сезсін көкірексіз көз мұны? Жерге түскен жарты жаңқам шымырлап, Аласұрып мені іздейді кей күні. Аласұрып құшағында даланың Күнін күйттеп, қамын жейді баланың. Көрде жатып сені ойлайды, О, тоба... Құдіреті-ай, Махаббаты-ай АНАНЫҢ. Құрсақ-ғұмыр қаннан сүтке алмасып, Пәни-Бақи бір үйлесім таңдасып. АНА-БАЛА... Кіндігінен дамылдап, Жатыр солай... екі дүние жалғасып. * Жасқа шылап не марқайтып мың көзді, Бабам тартқан бағытты ұстап бір кезгі. Аяқ асты аспан жаққа аттансам,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Айта алмаспын бұл сөзді. Уақыт бітіп... Ұзынымнан ал түстім, Мезетінде таңның я талтүстің. Молда жуар мал дәметіп тәнімді Іштей сөйлеп: «Денесін-ай байғұстың». «Есіл ер-ай, қандай еді өлеңде, Бүйте алмадық, сүйте алмадық» дегенде... Жаны таза жан аңғарар сол шақта БАРМАҚ ШЫҒЫП ТҰРҒАНДЫҒЫН ТӨБЕДЕ Өтіріктерге... кезеліп.

АБСТРАКЦИЯ немесе төрттаған Қару тұр қасқайып... Тіл қатып өткен шақ ізінен. Ағарған шаштардың азабын оқыдым Қанжардың қылпыған жүзінен. Жарқылы жаныңды қақ тілген Ғашықтық – сол дерттің жарасы. Мен білсем, екеуі тамырлас, тым жақын Қыз бенен қылыштың арасы.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Қыркүйек... Қайтқан құс сорабы, Менің де кеп еді ұмтылғым, Тостаққа тұндырып ұсынды құдаша Бір жұтым аққудың сұңқылын. Түнімен түс көрдім, Анамның дауысын таныдым. Таңертең сол түстің... Көзімнен көрпеге төгілген Тауып алдым мамығын. ГЕНОСКОП I Бұл ғұмыр сенікі емес, атаңдікі, Атадан таған тартқан қанның басы. Я обал, я сауап арқалаған Тағдырың... Сол екеудің қарымтасы. II Жазмышты Жаратқанға жаппаңыз, Бұл бір үлкен кемістік. Тағдыр деген... Тамырдағы түйіршік, Санаңдағы кеңістік. * Жел көтерген жапырақтың сыбдырын,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Ай шайқаған айдын көлдің тұнығын. Қос сезімге қосарладым бір сурет, Шыққа малып... Шегірткенің шырылын. Құрсақ – жұмақ, Құрлық – тозақ, Балалық қой жақының. Сезер едің сол екеуін Кірген кезде ақылың. Өңім де, түсім де Құдайлық ұмсынып пішінге. Қауызын жарады бір ойым Қағаздың ішінде. ЕРТЕГІ Ертегі айтам... Есімі оның «Бақ мекен», Кімдер ойлап хикаяны тапты екен. Өмір деген өтірік айту, ал соңы: «Әлди-әлди, ақ бөпем...».

Қара – тақта, Хан жарлығы есікте, «Ертегіден енді ешқашан кешікпе». Ертек соңы... есінетіп миыңды Екі жерден таңып тастау бесікке.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Әлмисақ пен мыңжылдықтар басынан Өтіріктер өзен болып тасыған. Ертек заңы: «Естімеген бейбақтың Қан сасиды қасынан». Бұл бір өзі... бітімі жоқ жол еді, «Бақ мекен» бе, «сор мекен» бе сол енді. Мұратына жете алды ма егей ер, Ертекшіге... Маңызды емес ол енді.

МЕН Өмірім – елімдікі, Өлімім – өзімдікі. Халық даналығынан Мен, мен едім, мен едім, Мен дегенім кім еді... Жаным бір жарық нұр еді, Жаратқан әмір еткесін Жарқ етіп олда бір күні Жатырға келіп түнеді. Мен ақын деген АҚИҚАТ, Аспаннан түскен қаламмын. Қағазға тұнған сырымын Он сегіз мың ғаламның. Самалымын Құдайдың, Сиясымын Құранның, Тамшыдан тәнім дүреген, Топырағымын Тұранның. 3-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Кеудемнің іші КҮН еді, Күмістен еді шүмегі... Анау бір алас жылдары Аруана жұрттан алыстап, Көгіме қайғы түнеді. Ай, аруана жұрт, мен сенің Қайырылған құстай құтыңның Қаңқылдап жеткен үнімін, Қобыздан қою тілімін... Күркіреп ағар қаныңның Күп-күрең түйіршігімін. Алтайым – асқақ ақылым, Сабырым еді Сарыарқа, Абайға ғана інімін. Ханзада қанның тұнығы, «...Көл шайқаған жалғыздың»... Көзге бір басар сынығы, Қазақтың ҚАРАКӨГІМІН. Жаратылдым сөз болып, Қуатым күшті көшкіннен, Даңғазалы дүрмектен Өзімді сақтап өстім мен. Ғаламның сыры қаламда Ғарыштың тілі – АҚИҚАТ, Аяғым жерде болғанмен, Аспанда ғұмыр кештім мен. Мен қазақтың сойы Ықылас, Заманда заман өткенде, Қаныңда туар КҮН едім. Қара жердің астына Қайырылмас сапар шеккенмен, Қаламның серті біткенмен, Қазақпен болар тілегім...

«ҒАҚЛИ КӨЗБЕН ҚАРАСАҢ...» Мақалалар

«ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ...» Мен құлымды сүйсем, оның бейне бір сөйлейтін тілі, ойлайтын жүрегі, еститін құлағы, көретін көзі, ұстайтын қолы, жүретін аяғы боламын... Пайғамбар хадисінен Ел санасына шор болып бекіп қалған түсініктерді төңкеру­ ден қиын ештеңе жоқ. Өзгеше ойласаң болғаны, артыңа ит абалатып айтақ қосу, лап беріп күстаналай жөнелу тобырдың бұлжымас қағидасы ғой. Мына бір жәйтті етене түсін­ ген жөн. Қиянат жасау мен қателесудің парқы екі бөлек. Біл­ геніңді жасыру, оны оқырманмен бөлісуге сараңдық жасау дегеніңіз – қиянаттың ең үлкені. Ал адамның бір ғұмырын­ да сүрінуге (дұрысы, қателесуіне), одан сабақ алуына то­ лыққанды қақысы бар. «Сүрінбей, жер танымайсың» қағи­ дасымен қарар болсақ, қателіктен қорқудың ешқандай да қажеті жоқ (Сол үшін де белімізді бекем буып осы мақаланы жазбаққа талаптанып отырмыз). Дүниеде адам­ ның автономды ойлауынан артық нендей құндылық бар?! Біз лайым осы жолды таңдадық. Айқайы көп, азабы ауыр, мехнаты мол болса да, осы бір жолға бәйге жараттық. Енде­ ше, сапарымызға сәттілік тілеңіз, құрметті оқырман қауым.

Әңгіме әлқиссасы I Ана жолы үстел басында бір топ жігіт «Абай жолындағы» Қодар мен Қамқа өліміне қатысты біршама сөзге келіп қал­ дық. Сондағы Құнанбай қолданған жазаны көбісі надандық пен ескілік қалдығы деп санайды екен.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы – Адамның ерік-қалауы деген болады, ол бүгінгі ата заңымыздың ақ парағына қара сиямен әдіптеліп тұрып жазылған, – деді алғаш сөз алған жігітіміз. – Сонда қайын атасы мен келіні... – дедім де, кілт тоқтай қалдым, арғы жағын айтуға ауызым дауаламай. – Жоқ, – деді ол жұлып алғандай, – бәрібір де адамның ішкі қалауына ешкімнің де араласуына жол берілмеуі керек. Сол кезде сөзге екінші опономентім араласты. – Немене, адамды міндетті түрде өлтіру керек пе? Мұнан кейін бұлай еш жасамаңдар деп жазаламай-ақ та жібере са­ луға болады ғой, – деді үлкен данышпандық ой тастап. – Пәлі, – дедім мен, – бұл жазаны Құнанбай ауадан алып отырған жоқ қой, әрісі Қасым, берісі Есім хан мен әз Тәуке­ ге дейін жалғасып келе жатқан дала заңы емес пе? Некелі жарының басынан аттап, бөгдемен көңіл жарастырған кез келген кісінің мұндай қылығына тек өлім жазасы берілген. Рас, Құнанбайдың бұлай істеуіне (оларды босата салуына) ақылы жетпей отырған жоқ қой, – дедім, дауды одан әрмен ушықтырғым келмей. II Бұл арада әсіре «гуманист» болып алған әлгі жігіттер­ дің жетесі жетпей отырған мәселесі мынау: қос қарының (дәлірек айтсақ, зинақордың) БҰЛ ҚЫЛҒАН ӘРЕКЕТТЕ­ РІНІҢ МОРАЛЬДЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ӨЛІМГЕ ПАР ЕКЕНДІГІ. Мұны бүгінде жеңіл жүріске бой алдырған кез келген пенде баласы осы қалыпта қабылдауы тиіс (Мейлі ол XVIII я XXI ғасыр болсын, адам ар-ұятының құны заманаға қатысты әманда өзгермек емес). Зина – адамның ар мәселесі, ал ар­ дың материалдық құны деген атымен болмақ емес. Оқиға­ дан түйетін оймақтай ғана ой жосынымыз мынау: зинақор­ лық күнәсінің құнын төлеуге дөңгелек дүниенің еш бай­ лығы жетпейтінін, бұл күнәдан тазарудың жалғыз-ақ жолы өз шыбын жаныңды құрбан ету екендігін рухани тұрғыдан түсінуің (Қазақтың «Өлімнен ұят күшті» танымы осы ойымызға аналогия бола алады деген үміттеміз). Әгәрәки

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . дейік, кешегі Қасымдар тұсындағы осы бір мизамды (заңды) бүгінгі қазаққа қайыра бір қолданса, не болар еді?! Сөзсіз, санымыз күрт құлдырап, Қазақияда демографиялық трагедия басталады. Мына жер кемпір-шалдар мен жас балалардың ғана мекеніне айналып, қаңырап бос қалар еді. Сөйте тұра, біз ар мен ұят хақында ақыл соққанда ал­ дымызға жан салмаймыз. Сірә, ауыздың дуасы (осы) сөз бен істің сәйкес келмеген­ дігінен де кететін болса керек... III Жүсіп Баласағұнның «Қыз-келіншектің ләззаты – неке­ лескен түндері, ер жігіттің ләззаты – жау қайырған күндері» деген өлең жолдарын оқып отырып пұшайман халге түстім. Сосын, біздің ләззатымыз шынымен-ақ ауысып кеткен екен ғой деген ойға бекідім. Аңдаған адамға ЕР-АЗАМАТ ӨЗІНІҢ ЕҢ ҰЛЫ ЛӘЗЗАТЫН ЕЛІНІҢ ҚАМЫН КҮЙТТЕУДЕН АЛАДЫ ЕКЕН ҒОЙ. Сірә, (азамат үшін) ұлы ерлік пен ұлы ләззат та осы болса керек. Осыны ойлағанда ерік­ сіз жанарға жас келеді. Кешегі қаһарлы хан Кене мен Алаш арыстарының бейнесі көз алдыңа тізбектеліп тұра қалады. ЕЛ мен ЕРДІҢ есімі бір десек, біздің осы романтик болуымыздың сыры не?! Өтірікке мелдектеген қазақ социумының сиқы болса мынау. Бір таңданарлығы, саяси корпус ел мүддесіне қарсы үсті-үстіне қабағат қателіктер жасап жатса да, біздің зия­ лыларымызға оның бес тиын да керегі жоқ. Оларға Шыңғыс­ ханның түркі я қазақ болғандығы қызық. Ал ақындарымыз қарасаңыз, бір айықпас «ғашықтық» дертіне шалдыққан­ дай. Таңертең ғана бір ғазалын ине-жіптен шығарса, кеш қа­ рая тағы біреуін тәмамдап, «Осы бір қыздың қылығы-ай» деп өліп отырғаны (Ата сақалы ауызына біткендеріміздің арзан сентиментализм мен желдеген жігіт шақтың уақыт белде­ уінде қалып қойғандығы өз алдына жеке жүк). «Татарды тырнасаң, орыс шығады» демекші, осылар­ дың «махаббат лирикасы» деп жазып жүргендеріне шын

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы назар қойсаңыз, тек көтен буффонадасы. Дәлірек айтар болсақ, «әтпіштің» әңгімесі ғана. Құмарлық құрсауына түсіп, төңкеріліп қалған тұтас түсінігімізді қайыра тіктеп, МАХАББАТТЫҢ асқақ ұғым екендігін, ол Алла мен адам арасындағы екеуара рухани сұхбат екендігін сау санаға орнықтыру бірқадар жүк болғалы тұр. Тасаввуф Жүрек ілімі

Ең күрделі есептің шешімі амалсыз шықпайтыны се­ кілді, данышпандар дәргейіндегі мәнді түсіну үшін олар сүйенген заңдылықтарды етене тануымыз керек. Көбіне ке­ меңгер ойының тұмса құпиясына қолбайлау болып кедер­ гі келтіретін де осы. Данышпандар ойының жан сыбдыры мен сезім ағысының негізгі заңдылықтарын түсінбейін­ ше, бұлардың шешіліп сөйлей қоюы екіталай. Олардың уақыт тозаңына көміліп, көбіне кітаби пішінде қалып қоятыны да содан екен (Егер де бұл жандардың рухани ілімі қағаздан құтылып, қанымызда өмір сүргенде адамзат­ тың қазіргі халі бұдан гөрі басқалай болатын еді). Біздің Иассауиден бастап Шәкәрімге дейінгі жақсыларымыздың кеудесінде шайқалған кемел ғылымды «алтын қазына» десек, осы ғажайып қазынаның кілті, сөз жоқ, тасаввуф ілімінде жатыр. Тасаввуф – жүрек ілімі. Алла мен адам арасын байланыстырған рухани көпір іспетті. Жоғарыдағы алыптар көшіне арқау болған осы ардақтыларымыздың еңбегін түгелдей дерлік оқығанымызбен, кей ұғымдары­ на келгенде ақыл шіркіннің айрандай ашып қалатыны бар. Мұның бәрі текстің түпкі тініндегі ойлардың нендей заңдылықтарға сүйене айтылып тұрғандығынан бейха­ бар болғандығымызда болса керек. Тасаввуф осы бір күр­ делі ойлардың түйінін тарқатар тәсіл дерсіз. Мұны терең пайымдағанда ғана текстегі ғұламалар ойының әр тартқан тынысы мен шығарған демін еркін бағамдауға болады (Ай­ талық, Достоевский мен Ницшенің кей еңбектерінде ада­ ми ырықтан шығып, шалықтап кетуінің астарында да

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . осы бір мәселе (хәл) жатыр). Дұрыс түсініңіз, «Тәуиліне жетерлік ғылымың шақ» (Абай) мұндай метафизикалық ракурсқа жүрек ілімін қоспасаңыз, бәрі де бекершілік бо­ лады). Мұның бірін де мойындамай, жоғарыда аты аталған алыптар шоғырымен емен-жарқын сұхбаттасамын деу тасқа тары еккенмен бірдей құр әурешілік қана.

Ләдүнни Тасаввуфтан таған тартқан жүректің тағы бір танымдық биігі – ЛӘДҮННИ ілім. ОБАЛ мен САУАПТЫҢ, ЗАУАЛ мен ҚАРҒЫСТЫҢ хакім айтатын «Сен асықты екен деп Алла әмірін өзгертпес» құпиясы осы бір ілім дәргейінде тәпсірленетін шығар. Түрік ғұламасы Осман Нұри Топбаш: «Ләдүнни ілімі – адамзатқа тән өлшемдермен еш меңгерілмейтін болғандықтан, көп адамдар мәнін түсіне бермей­ тін беймәлім бір хикмет арнасы» деп анықтама беріпті. Бір қызығы, ақыл мен қайраттың аумағынан тыс мұндай феноменді ғылымда иррационалдық (құдайлық) кеңістік деп те атайды. «Ғылыми-рационал ой мен сана, әдіс барлық нәрсенің сырын ашуға ұмтылады. Бұл да Алла Тағаланың пендесіне берген басты ырыздығы. Ол да баянды емес, оның да шегі бар. Бұл енді иррационалдық аймағы болмақ. Ирра­ ционалдық дегеніміз – білім, ғылым өресі жете қоймаған, санадан тысқары, логикалық түсінікпен пайымдауға келе қоймайтын нәрселер» деп жазған еді кезінде жасындай жарқ еткен ғұлама Серікбол Қондыбай. Бұл қос тақырып (тасаввуф пен ләдүнни) діңіне ар­ найы ат байлап, ақпар беріп отыруымыздың себебі, алдағы талданбақ дүниеміз үшін оқырман қауымның осы бір жай­ лардан хабары болуы керек деген мақсатпен әдейі жазып отырмыз. Мұны жүрек ілімінің онтологиялық мәнін зерделеуде әлеуметтің құлақ күйіне алдын ала адаптация жасау десек те болатындай. Әйтпегенде, әңгімеміздің ешқандай да тұздығы болмай­ тынын бірден ескерте кетейік.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Халлаж Мансұр хикаясы Қожа Ахмет Иассауи өз хикметтерінің бірінде: Махаббат жолында ғашық болып Мансұр өтті, Белін байлап Хақтың ісін мекем тұтты. Жәбірлеу, қорлауды да көп есітті, Ей, мұсылман, мен де Мансұр болдым, міне... Әлқиссасы осылай басталып кететін ұзын-сонар жырға кейіпкер болған, жоғарыдағы Мансұр есімі кім болды екен? Парсы топырағында дүниеге келген, шамаман (858-922) жылдар аралығында ғұмыр кешіп, артына «Китаб ат-Тава­ син» деген еңбек қалдырған ақын Халлаж Мансұрды Ахмет Иассауи өзіне рухани ұстаз тұтқан. Жоғарыдағы тасаввуф (жүрек ілімінің) биігінен жұпарланған пірәдар, бірде ру­ хани мастық (дұрысы хәл) үстінде отырып әнә-л-Хақ (Мен Хақпын) деп айналасына бірнеше мәрте айқай салған деседі. Осы бір сөзі үшін оған өз дәуірінің соты мен қожа-моллалары ақылдаса келіп өлім жазасына кескен. Ескі деректердегі ес­ теліктерге қарағанда, Халлаж Мансұрдың дар алдындағы ақырғы сөзі мынадай болған екен: «Ей, Аллам! Құлдарың ме­ нің саған деген шексіз сүйіспеншілігім үшін жазым етпекке осында жиналды. Оларды шын рахымыңмен кеше гөр. Егер де сен маған берген сырларды (хикметті) оларға да нәсіп ет­ кеніңде сөзсіз мен туралы бұлай ойламайтын еді». Рас, бұл көріністі әркім (сол дәуірде) өз деңгейінде бағам­ дағаны анық (Осы бір оқиға тобырға тек шындықты тү­ сіндіремін деп ғазиз басы ажал құшқан Галилей мен Бру­ но әм Жанна д,Арк іспетті адамзат ақылмандарының тағдырын да еске салады екен). Құр көзбен ғана қалған қожа-молдалардың Халлажға қылған әрекеті жоғарыдағы­ дай болса, көкірек көзімен пайымдағандардың көзқарасы бұған мүлде кереғар болған. Сондай пікір айтушының бірі – әй­ гілі ғұлама ғалым имам Ғазали. Ғазали айтады: «Егер бір тостақ ыдысқа кез келген реңдегі сусын құйсаң, шыны­ дан тостақтың бейнесі емес, сусынның реңі көрінеді. Міне,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . осы сияқты, жүрегіндегі Алланың көрінісін көрген адам өзін емес, тек Жаратушысын ғана көреді. Сондықтан Хал­ лаж Мансұрдың өзін «әнә-л-Хақ» деп жар салуы осындай (хәлден) еді» дейді. Аллаға деген асқақ сезімді бұдан артық қалайша (тәптіштеп) түсіндіруге болады. Ашығын ай­ тайық, Абайдың кей өлеңдерінде Аллаға деген осындай ме­ тафизикалық кеңістік пен биік меже бар. Мұны бір сөзбен ғана «Халлаждық хәл» деп атасақ та болады. «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...» I Әйгілі неміс философы Фридрих Ницше өзінің «Заратуштра солай деді» еңбегінде Заратуштраның ауызымен БІРЕ­ ГЕЙ (Абайша, толық) адамның болмысы жайында айтады. Адамзатты тек БІРЕГЕЙ болуға шақырып, оған көтеріле ал­ мағандарды тобырдың санатына жатқызған Ницше: «Біре­ гей адам дегеніміз – теңіз, оның ішінде сенің менсінбеушілі­ гің мен надандығың тұншығады. Адам үшін маймыл дегені­ міз не? Бір түрлі күлкілі емес пе? Тобыр да (БІРЕГЕЙ адам үшін) дәл сондай бейшара мазақ қана» дейді. Кемеңгердің кейісі мен қатаң талабына еш келіспеске болмайды. Расын­ да, Алла Тағаланың адамзатты өз кемел үлгісінде халифат (орынбасар) етіп тағайындап, оған өз рухының тарапынан дем үрлеп жаратқандағы деңгейі осы болғаны ма?

II Адам өз бойындағы игіліктерді толығымен сарп етіп, БІРЕГЕЙЛІК биігіне көтерілгенде ғана Алла мен адам арасында еркін тілдесе алатын сұхбат орнайды екен (Мақа­ ла басында эпиграфқа алынған пайғамбар хадисі де осыны меңзейді). Сонда қалай, Алла мен адам сөйлесе ала ма? Әри­ не, басқалай өлшемде дейміз. «...АЛЛАНЫҢ СӨЗІ – ҚАРІПСІЗ, ДАУЫССЫЗ. Алла Тағаланың көрмегі, естімегі, біз секілді көзбенен, құлақпен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипа­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ты» дейді хакім өзінің отыз сегізінші ғақлиясында. Міне, көрдіңіз бе, Абайдың «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл» өлеңі­ нің кілті де осы жерде жатыр. Бір шындықтың шетін сө­ гейік. АҚЫННЫҢ ҚЫРЫҚ БЕС ҚАРА СӨЗІ (оның) КЕЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ТӘПСІРІ ЕКЕНДІГІН КӨБІМІЗ АҢҒАРА БЕРМЕЙМІЗ.

Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл... «Алланың сөзі – қаріпсіз, дауыссыз» болса, бұл енді «тіл­ сіз тіл» болмағанда, не болды сонда?! «Ақиқат бас көзімен емес, жүрек көзімен көрінеді» деген Шәкәрім пікіріне тоқай­ лассақ, Алланың хикметін «көрмек» пен «білмекке» көкірек көзі керек қой. Хакімнің бұл жердегі қолданып отырған «көзі» осы. Ал екі жас арасындағы өзара сүйіспеншіліктен ҒАШЫҚТЫҚ ұғымының парқы мүлде бөлек екендігін аша­ лап көрсеткен ақын, бұған илану мен иланбауды әркімнің өз құзыретіне қалдырады. Әгәрәки, бұл шумақты гносео­ логиялық (танымдық) тұрғыда емес, тікелей ғана түсіне­ тін болсақ, өлең мазмұны: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл. Жастардың екеуара сүйіспеншілігіндегі мұндай құпияға мейлі сен, мейлі сенбей-ақ қой» болып шығады емес пе? Ал Абайдың бұлайша арзан сөйлемесі айдан анық қой. Ол тілге едік оңтайлы, Қаріпсіз біліп сондайды. Біліп-ақ, ұғып қоюшы ек, Енді ішіме қонбайды. Бұл жердегі ҒАШЫҚТЫҚ дәргейінің «сүйіспеншілік ли­ рикасына» титтей де қатысы жоқтығын қайыра айтқымыз келеді. ҒАШЫҚТЫҚ ХӘЛ – жел шайқаған қауырсындай тым ойнамалы нәрсе (Тасаввуфтік танымы бар адамға бұл

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ойымыз бірден түсінікті болар деген ниеттеміз). Кемел адамның Аллаға деген қатынасында ешқандай есептік (саудагерлік) мазмұн жоқ. Оның бар ойы мен аңсары тек өзін өзі күзетумен болады. Жаратқанмен дидарласу өл­ шеміне өтудің хакім айтатын «Алла Тағаланың көрмегі, естімегі, біз секілді көзбенен, құлақпен емес, көргендей, естігендей білетұғын ғылымның бір сипаты» осы болса керек-ті. Бабатанымның: «Өз мінін білген ӘУЛИЕ» (Ал­ ланың досы) деп отыруы да осы бір деңгейдің танымдық түсіндірмесі тәрізді. Ендеше, екінші шумақ – Абай көңіл күйінің осындай бір әлем-тапырық суреті. ЖАРАТҚАН­ НЫҢ ҚАРІПСІЗ ХИКМЕТІН бірден түсінетін дәргейіне жүрегін шабақтаған рухани хәлі. Бірер сәт биік деңгейден табылмаған танымына шын налыған назы іспетті. Ақын­ ның ақырласар сәтіндегі «Енді ішіме қонбайды» хәлі осы ойының ішкі хабары ғой. ҒАШЫҚТЫҚ ТІЛ – тылсым­ дық таным дедік. Материалдық сана көкжиегімен мұндай қазына қабаттарынан бәһра алу дегеніңіз тек өтірік қана. ҒАШЫҚТЫҚ ТІЛГЕ жету БІРЕГЕЙЛІК биігіне көтеріл­ гендердің ғана маңдайына жазылатын бақыт десек, ақын­ ның екі-ақ ауыз ғазалынан біз осы танымның дерек іздерін анық аңғарып отырмыз. Абай өлеңі логикалық есеп тәріз­ ді. Ақынның осы бір қос шумақ өлеңінің ең күрделі есептен ешқандай бір айырмашылығы жоқ. Жұмбақтың жауабын біз сол (есеп авторының) «ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА» теоремасының ішінен таптық. Осымен сөз тізгі­ нін тартамыз. Ойымызға қатысты түзету жасайтындар та­ лаптанып жатса, тек қана мархаббат дейміз. P.S. «Китаб тасдих» (отыз сегізінші қара сөз) – Абай қазынасының алтын қақпасы. Бұл ғақлия оқырманға то­ лық талданып, әлі сөйлеген жоқ. Біз жіпселеп отырған ойымыздың негізгі жүлгесін де осы жерден ұшыраттық. Осы трактат толыққанды талданған күні алтын қақпа айқара ашылып, түмен жылдарға тақырып болар қазына самбыр­ лап сөйлей жөнелетін болады...

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ЕРТЕГІ МЕН МИФ I Аңыз бен әпсана, ертегі мен миф жайында әңгіме өрбіт­ кенде Серікбол Қондыбай хақында бір ауыз сөз айтпасақ, ұждан алдында сын болады ғой. Замананың өзі бәйге. Бір адамның дақпыртымен өнер қуатының қарымы не бары он­ даған жылдарға ғана жетсе, базбірінікі ғасырларға, ал ең бірегей тұлғаның есімі мыңжылдықтар аламанының алдын­ да болады. Егер де осы бір бәйге өлшемінің тезімен қарай­ тын болсақ, Абай мен Ницше, Шоқан мен Серікбол тұғырлас тұлғалар дер едік (Бұлар бір кеңістік белдеуінде бірімен-бірі емен-жарқын сұхбаттаса алатын данышпандар ғой). Се­ рікболдың ең басты ерекшелігі әл-Фараби (бабасы) секілді әмбебаптығы мен көп пәннің контексінде еркін қозғалып, сүбелі ой қорыта алатындығы (Ғалымның география мен филология, архитектура мен мәдениеттану, теология мен тарих, философия мен агиография іспетті сан алуан пәндер саласындағы ізденісі осы сөзіміздің айғағы). Құ­ дайшылығын айтайық, қазақ әлеуметі үшін Серікбол Қон­ дыбай танымының ауызында үлкен қара «құлып» тұр. «Еңбегін оқып едік, ештеңесін түсіне алмадық» деген көзқа­ растар осы «құлыптың» еш қозғалмастан тат басып тұрған­ дығын көрсететін анық фактор ғой.

II Адамзат баласы кім? Оның рухани танымы қандай бастаулардан қайнар тартады? Жаңаның өзі ескінің қайыра жаңғырған бастапқы нұсқасы емес пе екен!? Түптеп келген­ де, исі адамзат баласының бір нүктеден таралып, түпсана қазығына арқандалып туатыны анық болғаны ғой. «Адамзат баласы өзінің туғанынан өлгеніне дейінгі аралықта ата-бабасының жақсы я жаман іс-әрекеттерін ұдайы қайталаумен болады. Бірақ не үшін олай істеліп жатқандығынан мүлде бейхабар. Қоғамның қазіргі орын алып отырған қиындықтары мен тауқыметтерін оңтайлы

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . шешу үшін бастапқы уақытқа қайыра оралуға тура келе­ ді» дейді Серікбол. Бір таңданарлығы, өзінің «Шаттану ілі­ мі» еңбегінде немістің ұлы философы Фридрих Ницше де осы ойды дәлме-дәл қуаттап: «Сенің бүгінге дейінгі бастан кешір­ генің шексіз қайталана береді. Барлық басып өткен жолың өзіңе айнымастан қайта оралады» десе, У. Фолкнер «Өтке­ нің ешқайда кетпейді, өткенің де, кеткенің де сенімен бір­ ге, сенің мәңгі бүгінің» дейді. Бұл жердегі адамзат баласына қайта орала беретін әрекеттің әлмисақтан бергі ақпарат қоры екендігі шүбәсіз. Біз бұл ой шүңетінен миф пен ертегінің көне ақпарат көзі екендігін, ол ілкідегі исі адамзат баласының түпсаналық танымы болғандығын анық аңғарып отырмыз. Олай болса, көне ақпаратқа реконструкция жасау дегені­ міз – өз-өзіңді етене тану арқылы төл болмысыңмен қайыра қауышудың рухани платформасы. Мұның (яғни мифтің) атауына қарап, бізге өткен өмірдің не қажеті бар десек, қатты қателесеміз (Біздің кім екендіміз, қандай әулеттен шыққанымыз секілді, тұтынған ақпарымыз бен сенген құн­ дылықтарымыз да дәл осындай тектік сапамызды көрсете­ ді). Ендеше, ескіні пайымдар парасат баспалдағына көтеріл­ мей, жаңаны игеру дегеніңіз тіптен бос сөз (Қазір қандай да бір мәдени я саяси құбылысқа баға бере алмай, басымыздың қатып отырғаны да осы бір ой мешелдігінен болып отыр. Қоғамда бой көтерген небір әлеуметтік сұрақтардың нәр алатын өз тамыры бар. Соны тап басып танығанда ғана оның ем-домын жасап, сауықтырып алуға болады). Қайыра айтайық, ескі мен жаңа әке мен баланың ой-арманы секілді. Әгәрәки үйлесім (гармония) болмаса тас-талқаны шығады. Бір қызығы, баланың да қартайып әкеге (дұрысы ескіге) ай­ налатынын, ол да кезегі келгенде, уақыт ырғағымен мифтік мәліметке ұласып кететіндігін еш ұмытпағанымыз жөн. Осы бір ой жосынымызды Қондыбай матрицасына салып бағамдар болсақ, ертегі мен миф дегеніміз еріккеннің ерме­ гі емес, уақыт тозаңына көмілген адамзаттың ықылым ке­ зеңдеріндегі танымы екен. Серікбол Қондыбай осы аталған танымға басқаша қарау парадигмасын ұсынып отыр. Міне, мәселенің үлкені де осы...

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы III Тарихтан тәбәрікке тек сөз ғана аман жетеді екен. Таудың да таусылып, топыраққа айналып кеткен кезеңдері болған. Осыдан 30-40 мыңжылдықтар бұрын әлемнің біртұтас болғандығын біз қадым замандардан хабар берген қазақ мақал-мәтелдерінен аңғарып отырмыз. «Піл ауыр ма зіл (ма­ монт) ауыр ма», «Бұланнан үлкен аң болмас, Бұланайдан (Гималайдан) биік тау болмас», «Жандыда – балық (кит), жансызда қамыс үлкен». Осы тақылеттес сөздердің бәрі талықсып жеткен тарих жәдігері. Өкініштісі сол, Тұранның кердаласын кезген әпсана-аңыздарын отарлық өлшем қыпқызыл қиялға айналдырды. Кесапаты сол, орыстан өзгесін ұлт санатына қоспаған келте тарих кембағал сана иелерін даярлады. Не нәрсені болсын тура қабылдап түсінетін осы «оқымыстыларымыз» мүгедек миы қорыта алмаған сом дүниелеріміздің барлығын «қиял-ғажайып ертегілер» тізі­ міне жатқыза беріпті. Олардың адамзаттың бүгінге дейін талықсып жеткен қазынасын бала-шағаның ғана маңайы­ на матап, ертек атаулыға тек сәбиді тыныштандыратын құрал есебінде қарауы қандай өзек өртер өкініш болған де­ сеңізші. Әсілі, ертегі дегеніміз өте ерте (ықылым) кезеңдер­ дегі оқиғалардың өмір жылнамасы мен дерегі емес пе еді!? Айталық, академик Қаныш Сәтбаев ілкіде Жезқазған же­ рінен миллиондаған тонна мыстың мысырлық перғауын­ дарға жол тартқандығы жайында жазады. Мұны кен-метал­ лургия зерттеу саласының білгірі, орыс академигі Х. Болль да растаған болатын. Осы орайда мына бір деректің шетін шығарайық. Қазақтың қарапайым ғана «Ер Төстік» ертегісі осы бір оқиғаның жылнамалық шежіресі болуы бек мүмкін. Мәселен, қытай ғалымы Сыма Цянь «Ер Төстік» ертегісіндегі оқиғаларды көне дәуірдегі ғұн тарихымен байланыстырады. Ертегідегі Мыстан (немесе жалмауыз кемпір) – оқиғаның ең басты қозғаушы әрі ширатушы кейіпкері. «Қазақтың мифологиялық ертегілерінде қаһарманды Мыстан кемпір­ дің жұтып алып, бұрынғыдан әлдеқайда күшті етіп шыға­ рады. Мыстан кемпір, этнограф Е. Көкеевтің айтуынша,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . металлургиямен тығыз байланысты персонаж» деп жаза­ ды Т. Әсемқұлов. Мұндағы кейіпкерлер есімінің кен өнер­ кәсібімен етене байланысты екендігін Ғұзыхан Ақпанбек мырза да бүй деп таратады: «Бұл жердегі «Жылан бапы» ұғымы жерге түсетін қақпа мен есікті білдіреді. Ертегідегі Кенжекей сөзінің түбірі «кенже» емес, «кен». Ал «жекей» жүріс пен қозғалысты білдіреді. Осы тұрғыдан келсек, Кен­ жекей сөзі – «кен игеру» дегеннің ишарасы. Ал «Шынтемір» ұғымына келсек, (нағыз) шын темірді өндіру өте қиын про­ цесс. Таза темірдің құрамына мышьяк (торы) кіріп кет­ се, темірдің қасиеті бұзылып кетеді. Ертегідегі перінің қызы Бекторымыз осының дәл өзі. «Сорқұдықтың басына сорға бола қонды әкем...» деп келетін өлең жолдарындағы Сорқұдық мекені Жезқазған өңірінде әлі күнге сақталған». Сонда оқиғаның географиялық ареалы арқа топырағында болып, ол мың жылдықтар жылғасымен жылыстай ағып, образды әңгіме желісіне ұласып кеткені ғой. Біздіңше, ер­ тегідегі Таусоғар мен Көлтауысар, Желаяқ пен Саққұлақ секілді кейіпкерлер мыс өндіруде қолданылған пәрменді құрылғылар ма дейміз (Төстіктің жан жолдастары болып жүргендігі де сол ғой). Осы біріккен сөздер компонентіндегі Ер+ТӨСТІК пен КЕН+жекей, МЫС+тан мен Шын+ТЕМІР және ШОЙЫН+құлақ атауларындағы төстік пен кен, мыс пен темір әм шойын ұғымдары жайдан-жай (кездейсоқ) қойыла салған деп енді айта алар ма екенбіз? Бұлай деп бұра сөйлеуге ешкімнің де жүрегі дауалай қоймас деген ойдамыз. Аязби ертегісі немесе адам сыны мәселесі I Әуеде қалықтап ұшқан қыран мен жердегі өрен жүй­ ріктің қандай екендігін бір қарап қана таныған қазақтың, шыққан жері мен сөйлеген сөзі бір адам баласын қалайша тап басып танымауы мүмкін. Ішкі түйсігіміз осылай деп сайрап тұрғанымен, қолымызға түскен дерек атаулы (тіпті) 4-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы жоқтың қасы. «Адам сыны» деп дербес атау тіктеген мұндай қазынамыздың сөзсіз бар болғандығы, ол сандаған ғасыр­ лар сүзгісінен өтіп, байи түскендігі тағы да анық қой. Әрбір әпсана мен ертегінің, мақал мен мәтелдің, көне жыр-дастан­ ның ішіне кірігіп кеткен, осы бір байлығымызды қайыра жинастырып жекелей еңбек (кітап) ету қажет-ақ шіркін. Бұл орайда түркі өркениетінің жауһары болып ислам құн­ дылықтарынан қайнар тартқан қазақ дүниетанымын дін­ нен бөлек қарастыру тіптен қиын. Мұны айтып отырған се­ бебіміз, «Адам сынына» қатысты еңбектер сонау ес білмес ерте замандарда-ақ дін ғұламаларының қолымен қатталып дестеленген екен. Сондай еңбектің бірегейі, исламдағы төрт мәзһабтың оның ішіндегі имам Шафиғи мектебінің негізін салушы ғұлама ғалым имам Мұхаммед бин Идрис Шафии­ дің (767-820) «Аль фиросату ғинда аль Имами аш Шафиғи», қазақша тәржімаласақ, «Имам Шафи танымындағы Адам сыны» кітабы (Алты тарауға бөлінген бұл еңбектен алар мағлұмат өте көп). Осындай туындының бірі Фахруддин ар Разидиннің «Адам сыны» – оның мінезін танудағы анық­ тамалық» кітабы. Еңбектердегі ғажайып деректерге қарап отырып, ғылымда ФИЗИОГНОМИКА деп аталатын (адам әлпетіне бір қарап қана баға беретін) тәжірибенің о баста мұсылман ғалымдарына тиесілі болғандығына тағы бір көз жеткізесің. Бүгінде физиогномика деп ғаламтордан теріп қалсаңыз болғаны, бұл хақында түсірілген бейнебаяндар мен жазылған мақалалар санында тіптен қисап жоқ. II Мүбәда, «Ертеде Мадан деген хан болыпты...» деп баста­ латын өзіміздің Аяз би ертегімізге оралайық. Ертегінің Аяз би аталуының себебі Аяз Жаманұлы деген адам өмірде болған кісі (Халық жадында қалған «Аяз би әліңді, құмырсқа жолыңды біл» дейтін жалғыз-ақ ауыз сөз осының айғағы ғой). Кей ғалымдар айтулы бидің өмір сүрген кезеңін Майқы би дәуіріне жатқызса, ауыз әдебиетінің білгірі Б. Адам­ баев секілді ғалымдар оны Хиуа хандығы тұсында, яғни

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . XI-XII ғасыр аралығында өмір сүрген деп жазады. Ғалым­ дарымыздың пікіріне сенсек, оқиғадағы басты кейіпкер (Жаман) – Аяз бидің әкесінің аты. Ондағы оқиғаның бар­ лығын талдап отыру еш мүмкін болмағандықтан, ертегідегі екі эпизодқа ғана тоқталамыз. Естеріңізде болса, ең әуелі хан Жаманға өзінің астына мінген тұлпарын сынатады ғой. «Тұлпарыңыздың сипа­ тынан еш мін таба алмадым. Енді мініп көрейін, – деп, хан­ нан рұқсат алып, есік алдындағы өзеннен арлы-берлі өтіп көрген Жаман: – Тақсыр, тұлпарыңыз сиырға шатыс екен» деп айтпаушы ма еді. Оның айтқан сөздерінің рас екендігін мақұлдаған Ма­ дан хан: «Мұның сиырға шатыс екенін қайдан білдің?» деп сұрайды ғой. Сонда Жаман: «Тұлпарыңыз судан арлы-берлі өткенде аузын суға малып, артқы аяғын сілкіп өтеді екен. Сиырды күніне қырық рет суарсаң да, суға ауызын малмай, артқы аяғын сілікпей өтпеуші еді. Тұлпардың сиырға ша­ тыс екенін содан білдім» дейді. Бұған таңырқаған хан: «Енді мына менің өзімді сынашы, неше атамнан бері хан екенмін» деп сұрайды емес пе? Сонда Жаман: «Сіз қарадан туып, хан болған адамсыз, тұқымыңызда ешқандай хандық жоқ. Нағыз наубайшының баласысыз» деп еш саспастан жауап қатады. Бұған ашуланған хан анасын алдына алдыртып ақиқатын тектеткенде барлығы да айпара болып анықталатын еді ғой. Бұған жабырқаған хан «Ал менің наубайшының баласы еке­ німді қайдан білдің?» дегенде, «Мен мейлі жаман болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Аузыңызға хандардың ішер асы – жал мен жая түспей, нан мен көже түсті. Амандаспай жатып алдымен аспазға жібердіңіз. Салтыңызға тартқаныңызды со­ дан білдім» деп жауап қатпаушы ма еді сабазың. Енді осы оқиға орайлас тағы бір хикая бар... Біз қазақ халқы тектік жаралымды ерекше бағалаған, тексіздің ел билеуіне жол бермеген халықпыз дейміз. Адамның текке тартып туатыны рас болса, тарихымызда неше түрлі на­ шар патшалар да болды ғой енді. Сонда қарашаны іркіттей ірітіп, елдігімізді қожыратқан осы хан балалары қайдан шықты өзі!? Сөз орайы келген екен, ендеше осы бір сауал­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы дың жауабын Мәшһүр Жүсіптің (дуалы) ауызымен бір айтқызып алайын. «Бұхара әмірі Насаралдин, Әбдірман деген адамды шақыртып алып, «Бұл астыңдағы атыңның нен­ дей өнері бар?» депті. Ол «Тақсыр, атымның атасы төрт бағаналы дуалдың ар жағынан бір қарғып, бер жағынан бір қарғып түсуші еді. Енесі де сондай қарғушы еді» деген­ де, хан күлді дейді. «Ақымақ қазақ, «Атаға тартып ұл туа ма? Хайуан мал түгіл, біздей тақ үстіндегі хандардың да өзіне ұсқап бала тумайды» дегенде, «Тақсыр, «Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ». «Сөзге сөз келгенде айтпаса, сөздің атасы өледі» деген кеп бар. Өзім өлсем өлейін, сөз атасын өл­ тірмейін, сіздер он қатын, жиырма қатын аласыздар, өзде­ ріңіз бір жаққа қосынға шығасыз. Артымыздан айымдарды арбамен жеткіз деп серкелерге тапсырып кетесіз. Онан соң ол айымдарды айсыз қараңғы түнде арбаға салып, арбакеш топ қылып тізбек-тізбегімен жөнелтеді. Бір сағатта жете қоятын жер емес, қонады, түстенеді. Арбадан түсіріп, ар­ баға мінгізеді. Еркектің қолы киімінің сыртына тиген соң, ұрғашының денесі сүйсінеді. Қолы тиюмен еркектің денесі сүйсінеді. Бірінен бірі ләззат алады. Нәпсі ғапылдықпен өзі­ не өзі ие бола алмай қалады. Сонан соң тақсыр ол айымдар­ дан туған балалардың атасы «айсыз қараңғы түн» болады. Атасы «айсыз қараңғы түн» болған соң, Құдай білсін, одан туған бала, «әлдекім» болады» дейді. Бұл жердегі Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған «әлдекімі» түп дерегі жоқ көр­ демше (некесіз туған бала) екендігі анық қой. Некесіз де­ геннен шығады, қазақтың «Некесізден – жетесіз», я болмаса «Аруана – нардан, қас бұзық қардан (ойнасшыдан) туады» қағидасы да осы бір ойдың интерпретациясы емес пе?! Жоғарыдағы қос мысалдан шығатын ойдың тобықтай түйіні мынау: біз (адамдар) ТЕКТІҢ материалданған көріні­ сі екенбіз. Мұны бір-ақ ауыз сөзбен түсіндірер болсақ, ТЕК ДЕГЕНІМІЗ КІСІ КЕЙПІНЕ АЙНАЛҒАН БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЙНЕ ДЕСЕК ТЕ БОЛАДЫ. Ендеше мәселе біздің атымыз­ да емес, затымызда (түпкі тіндегі ақпаратымызда) болып отыр ғой. Біз бүгінгі қазақ қоғамының ментальдік ауруын ілкідегі көне түсініктерді реконструкция жасау арқылы

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . тұтас қаңқасын түрегелтуге тырыстық (Әрине, оқиғадағы деректер негізінде). Ертегідегі жағдаяттар біздерге аталған ақпардан баһра алуға әрі мұның қаншалықты маңызды екендігін арнайы ескертіп отыр. Енді есімізге түсірейік, ер­ тегідегі Мадан ханның «Мынаны аспазға апарыңдар, көже мен нан берсін» деп айтқызып тұрған күш ханның бұйрығы емес, іштегі тектік негізі ғой. ТҮСІНЕСІЗ БЕ, ОҒАН ДӘЛ ОСЫЛАЙ ДЕП ТАМЫР ТҮЙІРШІГІ СӨЙЛЕТКІЗІП ТҰР. P.S. Біз осы кімбіз, қандай тамырдан таған тарттық? Бү­ гінде рухымыз ұсақталып, ал адами уайымымыз неге ғана ішіп-жеудің айналасынан алыстамай қалды? Бұл сұрақтар хақында бір сәтке болсын ойланып көрдік пе өзі? Ойлан­ сақ, орысқа келгенде елпілдеп, қазаққа келгенде қабара қа­ латынымыздың құпиясы неде? Әлде бұл «әлдекімдерден» қалған деректің қанымыздағы бір белгісі ме екен?

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «ҚОЗЫ КӨРПЕШ» ЖЫРЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ Беташар сөз

Жапон ертегілерінің бірінде: О, Миямино алқабы, Не деген қалың шық... – деп, әр шөп басына тұнып, маржандай жылтыраған ғажайып көріністі суреттеген жас ақынның осы бір екі жол өлеңін аяқтай алмай ажал құшатыны бар-ды. Кейінірек бұл қос жол ғазалға ұстазы бүй деп бір жол өлең қосарлап түйіндегендей болады. Сонда шәкірт пен ұстаздың өзара үндестігінен туған лирикалық дуеті төмендегідей болып түзіліп шыққан ғой. О, Миямино алқабы, Не деген қалың шық?! Жұлдыз біткен Жерге көшіп алғандай. Ғажап! Неге екенін қайдам, осы бір мақаланы жазу барысында бір шумақ жапон жырының қайыра есіме түске­ ні. Себебін білмеймін, бәлкім, шық пен жұлдызды өзара шендестірген ғазалдың тым әсерлі болғандығынан шығар. Менің бар білетінім, көшпелі қазақтың алқаракөк аспанын­ да жамыраған жұлдыздың бабалар қиялын қытықтап, оның әрқайсысы кеудеде жыр болып маздағаны еді. Жұлдыздың сан қилы жыр мен дастан тақырыбына тиянақ болғандығын дәл осы арада шегере тұрып, ең әуелі оның адам тағдырына қатысы хақында бірқадар сөз шығындай кетейік. Әріде ба­ баларымыз парақтаған «Мухит», «Манафиғ», «Қазихан» секілді тым көне тылсымдық еңбектермен қатар Бекасыл әулиенің «Жұлдызнамасын», Мәшһүр мен Машанидің ас­ пан денелеріне қарасты еңбектерін оқи отырып, жоғары­ дағы байламға шын иланады екенсің. Аталған еңбектерде жұлдыз бен адамның ішкі байланысы жайында жан-жақты

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жазылып, тіпті әр адамның тағдыр-тәлейіне дүниеге келген мерзімінің (туған күні мен айының) тікелей қатысы бар екендігі айтылады. Бұл көне кітаптардағы деректерге нан­ сақ, адам баласы жарық дүниеге келгеннен бастап, өлгенге шейін аспан денелерінің бақылауында болады екен. Мәселен, бала алғаш ана құрсағына біте салысымен-ақ аспан сайран­ дарының (планеталарының) қарамағында болып, олардың әрқайсысы сәбиді қырық күн бойы бақылауында ұстайды. Алғаш болып Зұхал (Сатурн) өз бақылауына алса, одан кейін Міштірі (Юпитер), үшінші – Мәріх (Марс), төртін­ ші – Күн, бесінші – Зәһре (Шолпан), алтыншы – Ғытард (Меркурий), жетінші болып Ай бақыласа, сәби өмірге шыр етіп келген күннен бастап енді осы тізім керісінше жүреді. Алғаш болып Ай төрт жылға дейін баланы аялап бақса, 4-12 жасқа дейін – Меркурий, 13-20 жас аралығында – Шолпан, 25-37 жасқа дейін – Күн, 37-49 жас аралығында – Марс, 5063 жасқа дейін Юпитер, одан кейінгі қалған ғұмырында адам баласы Сатурн планетасының дәргейінде болады дейді. Бізде бір өте жаңсақ көзқарас қалыптасқан. Жаңалық атаулының бәрі XXI ғасырға ғана тән деп түсінетін. Небір ғажайыптарға толы ұлы өркениеттер уақыт әміріне шыдас бермей жер үсті­ нен біржола ізім-ғайым жоғалып тынды. Айталық, адамның өзіне ерлі-зайыпсыз репродуктивті жолмен генетикалық кө­ шірме жасауы (яғни клондау) бүгін ғана емес, кешегі көне ғасырлардың да еншісіндегі дүние екен. Ақжан Машани адамның дене жасушасының ядросын арнайы шыны түтік­ шелерге салып, оны жоғарыдағы жеті планета бағытының астына қойып қолдан адам жасау, орта ғасырларда-ақ болғандығын алға тартады. Міне, осыған қарап-ақ жоғарыдағы деректердің еш негізсіз емес екендігін түсінуге болады. Төрт тек Ақжан Машанидің «Пешене кестесі» Біз ғаламды құраушы төрт тек туралы жақсы білеміз. Десек те мұның түйінін таратып беру үшін сөз кезегін әуе­ лі Мәшһүр Жүсіпке берелік. «...Бұлардың басын бір араға

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы қосып, біріктіріп тұрған: от, су, топырақ, жел – төртеуі бір жерге жиылумен дене болды. Адам денесінде осы төрт нәрсе бармақтың көлеміндей ғана көздің ішінен табылады. Көздің ашылып, жабылып тұрғаны – жел барлығына дәлел. Жас ағады, су барлығына дәлел. Бір нәрсе тисе, жарқ етеді, от барлығына дәлел. Бір арадан қозғала алмай тұрғаны – топырақ барлығына дәлел. Желден қорытылып, қан бо­ лады. Оттан қорытылып, зерде болады. Судан қорытылып, қақырық болады. Топырақтан қорытылып қарақұрым (қорым) болады. ...Қан – су орнында, ылхым – жел орнында. Зерде – от орнында, қарақұрым – топырақ орнында» дей­ ді ғұлама. Бабатанымда осы төртеудің түп негізіне адамның тартып туатыны, бұл төртеуі адам мінезіне де әсер етпей қоймайтыны хақында айтылады. Қалай десеңіз де, адам ұлы табиғаттың туындысы ғой. Тәні топырақ пен судан, от пен желден құрам тапқандықтан, оның мінезінен осы төрт тектің көрініс бермей қоймасы анық (Мұны айтқандағы се­ бебіміз, күллі түркі халықтарының аса құнды жәдігерінің бірі Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу біліг» (Құтты білік) кітабының бесінші тарауында осы төрт тек пен жеті пла­ нетаның өзара қатынасы жайында мол мағлұмат бар). Әр адамның өзіне ғана тән жұлдызы болады деп пайымдаған қазақ дүниетанымы адам мінезін мынадай: «топырақ тегі», «су тегі», «жел тегі», «от тегі» деп төрт топқа бөліп, оған арнайы анықтама берген (Мәселен, топырақ текті адам – салмақты, су текті адам – секемшіл, жел текті адам қозғалысты болады деген секілді). Адам темпераментін «холерик», «флегматик», «сангвиник», «меланхолик» деп атап, оған қоса қан тобын да дәл осылайша төртке бөліп қа­ райтын бүгінгі ғылымның айтып отырғаны ілкідегі біздің бабалар жазбасымен бірдей екендігіне кәдімгідей қайран қа­ ласың. Енді мына бір қызықты қараңыз. Біз кейде өзімізге еш қатысы болмаса да бір адамды көргенде қараптан-қарап оны жанымыз жақатпай тұрады. Мұның себебін Бекасыл әу­ лие: «Топырақ пен су, от пен жел дос. Ал топырақ пен жел, от пен су өзара дұшпан. Мұның ғылым екенін біліңіз» дейді. Бұдан біз от пен су, жел мен топырақ текті адам мінезінің

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . (жұлдызының) әманда біріне-бірі сәйкес келмейтінін аңға­ рамыз. Ендеше, біз әдетте көп айтатын, бірақ та мағынасы­ на еш бойлай бермейтін «жұлдызым жараспады», я болма­ са «жұлдызым қарсы» сөздерінің танымдық қабаттарында осындай құпиялар жатқан болды ғой. Жеті сайранның (планетаның) өзіне тән өңі мен түсі болатынын, мәселен, Юпитер (Есекқырған) көк түсті бол­ са, Марс (Арай) қызыл, Сатурн (Санжар) сары, Шолпан ақ, Меркурий (Айғыз) қара түсті болып есепке алынады. Мұны жазып отырғанымыз, бұл түстердің мүшел жыл есе­ бін қайыруда аса қажет екендігі. Себебі әр он екі жыл сайын бұл түстер жылыстап, өз ретімен орындарын ауыстырып отырады. Осыған қарап-ақ қазақтың нұжым (жұлдыз) ғылымын етене меңгеріп, ешкімге ұқсамайтын астрономия­ лық қор қалыптастырғанын түсінуімізге болады. Бір мы­ сал. Адамның ашуланғандағы сәтін бейнелейтін «Ауызынан ақ ит кіріп, көк ит шығу» сөзінің түп-төркінін індетіп көрейік. Біздіңше, бұл ұғымның адам ашуына ешқандай да қатысы жоқ, бұл бұрнағы жұлдызшылардың күнделікті қолданылатын астрономиялық төл түсінігі деген ойдамыз. Он екі жыл болғанда бес түстің өз кезегімен алмасып, ол әр кірген жыл жануарына телініп отыратынын жоғарыда атап өттік. Бұл жұлдызшының (ақ) ит жылының кіруімен (көк) ит жылының шығу арақатынасын есептеуінен туған төл термин болса керек-ті. Құс жолының ит жұлдызы басын­ да орналасса, қиян (көнек) жұлдызы аяғында орналасқан. Арасының алшақтығынан бұлармен шендесетін ешбір жұл­ дыз жоқ дейді жұлдыз танитын қариялар. Қазақтың тым алыс сөзін «Ит арқасы қиянда» деп атауының мәнінде де осы бір сыр жатуы бек мүмкін. Бекасыл Биболатұлы: «Жауза жұлдызы Ғытард (Мер­ курий) табиғаты секілді – отқа, ал Саратан жұлдызы Қа­ мар (Ай) табиғаты секілді топыраққа тән» дейді. Осыған қарап-ақ бұл төрт тектің төбедегі жұлдыздармен етене бай­ ланыста екендігін түсіну соншалықты қиын емес тәрізді. Ал Ақжан Машанидің дерегіне илансақ, адам тақылетіне осы төрт тек топырақ пен су, от пен жел ғана әсер етіп қоймайды,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы олардың саны бесеу дейді. Сөйтіп, бұлардың тізіміне бесін­ ші етіп көкті (яғни жұлдызды) қосарлайды. «Ғаламның құраушы тегі бесеу, олардың Һандас-Қиас өрнегі де бесеу. Бәрінің басын қосқан бестік негіз латынша оны quinta essentia (квинтэссенция – бесінші тек) деп атаған. Қазақтың маңдайға жазылған пешене ұғымы да дәл осы бес ана (бес ене) мағынасынан шыққан деп білеміз» деп ой түйін­ дейді. Ғалымның айтқанымен келіспеске болмайды (Бұған басқалай еш ұғымға телінбейтін От+ана, Жер+ана (яғни топырақ), Су+ана секілді түсінікті қосыңыз). Қазақтың «Бесенеден белгілі» сөзі де о бастан-ақ маңдайға жазылған (пешене) ұғымының дәлме-дәл баламасы емес пе? Тағдыр­ дың біз ойлағандай бейсана емес, бес тектің негізінен тұра­ тынына осы БЕСЕНЕ ұғымы негізгі интерпретация бола алады деген ойдамыз. «Қозы Көрпеш» жырының генезисі Дүниедегі кез келген зат белгілі бір мақсатпен жа­ ралған десек, зеңгір көкте жамыраған әр жұлдыз жай ғана жарқыраған от емес екен. Жер жаралып, су аққалы бергі жылнаманы ішіне қаттаған жыр-аңыздарға жадағай әм қо­ раш түсінікпен қараудан асқан парықсыздық жоқ. Міне, біз сөз етіп отырған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының кей ұғымдары да осындай сакральды мәнге ие. Сол үшін де (жұлдыздарға қатысты) жоғарыдағы түсін­ дірмені жазуға талаптанып бақтық. Әр шығарма айтушы мен жеткізушінің тарапынан байып, өз дәуірінің уақытына сай тәпсірленіп отыратыны тағы да шындық. Әрине, бұдан түпнұсқа түбегейлі жойылып кетеді деген ұғым тумаса ке­ рек. Адамзаттың алғашқы жыры есебінде мәлім Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмалары ерлік рухқа толы. Бір қызығы, көне жырдың ішінде (астарлы түрде) аспан дене­ лерінің қозғалысы қоса қамтылып отырады. Бұл жағынан гректің байырғы жырының қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырымен астрономиялық өз ұқсастығы бар. Біз «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының жасы әлдеқайда әріде, ол

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . тіпті «Илиада» мен «Одиссейден» де үлкен деген пікірдеміз (Сәл сабыр етсеңіз, мұның бәрін төменде егжей-тегжейлі баяндайтын боламыз). Ең әуелі, бұл ғажайып туындының астрономияға қатысты екендігін алғаш рет Ақжан Машани­ дің еңбегінен оқып қайран қалсақ, кейін Таласбекті оқыған­ да бұл таңданысымыз тіптен арта түсті. Сөзіміз дәйекті болу үшін Т. Әсемқұловтан бір үзім мысал келтірейік: «...Әлі де болса бірегей, бірақ іштей екіге бөліну мүмкіндігі бар ғарыш әлемі жыныссыз маралдың кейпінде бейнеленген. ...Сарыбай – жарық күннің сакральды (яғни киелі) бейнесі, ал Қарабай – қараңғы түннің образы. Сарыбайдың ұлы Қозы – мәңгілік таңның образы, Қозыны жақсы көретін Баян, мүмкін таң жұлдыздарының бірі болар. Қозының анасы Мамабике – мұң мен құмарлық, қорқыныш пен күдіктің және адам болмысы­ на қатысы бар басқа да құбылыстардың тәңіриесі. Келесі кейіпкер Қодар – құдық тәңіриесі (қазақтар әлі күнге дейін құдықты «Қодар қазған» деп атайды). Ал Қарабайдың сан жеткісіз жылқысы – бұл әлем, кеңістік, кейіннен ол адам бойына еніп, оның жаны болмақ. Міне, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» қысқаша мифологиялық бейнесі осындай» дейді. Ұлы көшпенді халықтың көне жәдігер жырына байланысты екі эрудит ғалымның жасаған ғажайып жорамалын жөп­ тей отырып, біз әуелі өз сау ақылымызбен қорытқан шын­ дығымызды оқырманмен бөліскіміз келеді. Сөз жоқ, бұл – жұлдыздардың қозғалысынан туған ғажайып жыр. Адамзат нәсілінің уақыт есептеуінің ең көне түрі жұлдыз есебі екен­ дігі мәлім. Халық жырында көп кездесетін «Ол кезде жұл­ дыз есеп, айдан бұрын» деп айтылатыны да сол ғой. Біздің пайымдауымызша, бұл жердегі ҚОЗЫ – ТОҚТЫ ЖҰЛДЫЗЫ БОЛСА, БАЯН – БИКЕШ ЖҰЛДЫЗЫ. Аталған қос жұлдыздың тоғысуы оқиғаның ең негізгі тамыздығы болған. Жырдың өн бойында жүріп отыратын «ұлы көш» осы тоғыстың қозғалысы мен сән-салтанаты десек те болатын­ дай. Біз жоғарыда грек ақыны Гомердің қос поэмасы «Илиа­ да» мен «Одиссейді» жайдан-жай мысалға алғамыз жоқ. Жырдағы жай оғын жібергіш Зевс – Юпитер (Есекқырған) планетасы. Грек аңызында Бикеш жұлдызы адамдарға жер

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы өңдеуді үйрететін жеміс құдайы Деметра бейнесінде. Енді гректен шығып, өзімізге қарай ойысайық. Жұлдызтанушы ғалым Жүніс Сахиев Тоқты жұлдызына қатысты: «Ерте­ ректе өмір сүрген қазақ жұлдызшылары Күн жолындағы зодиактың он екі шоқ жұлдызының бірі – Тоқты жұлдызы­ на ерекше назар аударған. Күн ол шоқжұлдыздың тұсына көктем шығып, мал біткен бауырын көтеріп, жасыл шөпке жайыла бастағанда келіп жететін болғандықтан, Тоқты жұлдызы деп атаған. Одан екі жарық жұлдыз бірден көзге шалынады. Соған қарап халқымыз кейде оны Қосжұлдыз деп те атаған» дейді. Астроном ғалымдар күннің бір шоқжұлдызға қайта ай­ налып соғу үшін шамамен 26 000 жыл, ал бір шоқжұлдыз­ дан екінші жыл басының теңгерісіне 2 160 жыл өтуі керек дейді. Ендеше, Тоқты мен Бикеш жұлдызының тоғысы бұ­ дан шамамен 16 мың 880 жыл бұрын болған деп қорытын­ ды жасауға болады. Оқиғадағы кейіпкерлер есімі де аспан денелерімен етене байланысты. Мәселен, Таңсық (таңда туатын) Шолпан жұлдызы десек, екеуара құда болмақ ниеттегі Қарабай (қара түнде жүзген) Ай есебінде болса, Сарыбай кәдімгі Күн есебінде. Қазақта «Адамның жасы Құдайдан бір-ақ жас кіші» деген ғажайып тәмсіл бар (Бұл адам нәсілінің жасы қаншалықты қадым заманалар қатпарынан сыр шертетіндігін көрсететін шежірелі сөз ғой). Олай болса, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры осы қос жұл­ дыз тоғысының шын куәгері мен тірі шежіресі. Бұл бағзы­ дан талықсып жеткен жәдігердің бүгінге бүтін жеткен бір дерегі десек те болатындай.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚАЛАНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ» Бұл аңыз ба, әлде ақиқат па? I «Жерұйық» идеясы Бұл мақаланың бастапқы қаңқасы теледидардан берілген христиан ғалымдарының жұмақты жер үстінен іздеген де­ ректі фильмін көріп отырғанда қаланған еді. «Эдем» бағын іздеген экспедициялық топ біраз жердің бетін шимайлап шалдыққандарын айтады. Тылсымға таған тартқан осындай жұмбақ тақырыптың бірі – Шамбала шаһары. Орыс сурет­ шісі Н. Рерихтің шығармалары арқылы орныққан бұл ұғым өз алдына ұзақ бір хикая. Діни әпсанадан белгілі, жалғыз түйір жемістен ауыз тигені үшін адам баласы жұмақтан жер бетіне қуылды. Бұл құпияның сыры талай мықтылардың маңдайын уқалатқан ауыр сауалға айналып, сүбелі бірша­ ма еңбектердің жазылуына себепкер де болды. Әрине, бұған көлденең тартар біздің де өз көзқарасымыз бар. Бәлкім, жұмақтан аласталған адам тағдырының астарында «Бұ­ дан кейінгі тұрағың – жер, ендігі «жұмақты» жерден жа­ сайсың» деген миссия тұрған да шығар. Бұл Алланың адам­ зат баласына жүктеген аманаты секілді. Дөңгелек дүниенің барлық игілігі адамға аманат етілсе, біз ЖЕРДІ неге ғана «сынақ» пен «жалған дүниенің» образына айналдырып ал­ дық. Көз тіріңде көруге тиіс жақсылықты неліктен көрден кейінгі «ұжмақ» ұғымына оп-оңай-ақ айырбастай салдық (Мұны о дүние (яғни фәни) ұғымын түбегейлі терістеу деп тікелей түсінбеген жөн). Маған салсаңыз, адам тағдырын аяқасты етіп алжастырмақтың алғашқы арамза ойы да дәл осы жерден басталғандай сезіледі. Осы ойдың негізін­ де «жұмақты» (тікелей емес) жерден гөрі көрден іздеткен көрсоқыр пәлсапалар пайда болды. Өмірдің мәнін терістеп, өлімнің нарқын арттырған мұндай ұғымдар көбіне бойына саяси әтір мүңкіткен діни догманың дерегі-тұғын. Бұл есер «патшалардың» елді есалаң қылып ұстаудың таптыртпас технологиясы десек те болатындай. Себебі бұл дүниеге

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «жалған» әм «өтірік» деп баға беріп, соған шын жүрегімен иланған жамиғаттың өзі өмір сүрген қоғамнан шындықты талап етуге құлқы да болмайтын (Міне, оларға керегі де осы. Елді дипломатиялық басқарудан гөрі діни басқарудың жасы (тәжірибесі мен тарихы) әлдеқайда әріде жатқан­ дығын тағы бір есіңізге түсіріңіз). Олай болса, жерден «жұмақ» іздеген деректі фильмдегі ғалымдардың әрекеттеріне әсте күлуге болмайды. Бұл да біздің таным тарихымызда дерегі қалған нәрсе. Желмаясын желдіртіп «Жерұйық» іздеген біздің бабалар идеясының түпкі тіні де осы-тұғын. Бұл идея тек көшпенділердің ғана емес, жер жаралып, су аққалы бергі жер үстіндегі небір жан­ себіл жаугершілік пен зұлым патшалар билігінен жалыққан исі адамзат нәсілінің ортақ мұраты болуы да ғажап емес. Осы бір идея бүгінгі «тіршілігімізден» жерініп, батысты (Еуро­ паны) аңсаған бейнемізді де еске салатындай. Өмірге келген әрбір адам бақыттың дәмін татып, тамаша тұрмыс кешуге тиіс. Әрбір жан иесі сол үшін де жарық дүниенің есігін айқа­ ра ашты ғой. Осы бір (табиғи) арман-тілектің өзі жер беті­ нің басты миссиясын бейне бір анықтап тұрғандай. Сонда біздің бақытты бола алмауымызға басты кедергі не? Неге бір ғұмырымыздың берекеті кетіп, шат-шәлекейі шығады? Жерұйық – бұл ЖЕРДІ тек тіршілік дейтұғын аяр тартыстан ғана тұрады деп тәпсірлейтін топас сценарийді тас-талқан қылатын жасампаз ұғым. Ендеше, жер бетіне «жұмақ» орнатуға бола ма өзі? Сұрақ қойылған екен. Қане­ ки, жауап бермекке талаптанып көрелік. II «Ғақли көзбен қарасаң...» Адамзат нәсілінде Алланың жамалына шомылған ай­ тулы тұлғалар болады. Олар жаратылыс пен ондағы адам баласының рөлін толыққанды түсіндіріп бергендігі үшін де қария тарихтан кемеңгер есімін иеленді. Мұндай тұлға­ лар (хакімдер) тумаса, дүние расымен де ойран болар еді. Осындай данышпанның бірі – Тұран топырағының тумасы

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Әбу Насыр әл-Фараби. Ол жер үстіне «Жерұйық» орнату идеясын толыққанды дәлелдеп, 948 жылы Мысыр шәрінде «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты трак­ тат жазған. Қайнар бастауы Аристотель мен Платон хакім­ дерден таған тартқан «мінсіз мемлекет» идеясын әл-Фараби одан ары дамытып, ғылыми тұрғыдан толыққанды дәлел­ деп берген. Ғұлама мұндай пайымға, сөзсіз, адамдағы ар мен ұят, сана мен жүрек атты танымдық құндылықтарды етене зерделеу арқылы келгендігі анық. Әл-Фараби: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-бі­ ріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана та­ биғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақса­ тымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырым­ ды болмақ» дейді. Данышпан бұл идеяның орнығуына ел басқарған басшының (патшаның) атқарар еңбегінің қыруар екендігін айтады. Рас, бағзыдан келе жатқан бұлжымас бір қағида бар ғой. Қараша халық қашанда ханға қарап бойын түзеп, хан қалай болса, қалғандары да соны қайталайды емес пе?! Демек, барлық төмендегі басшы атаулы сол елді билеген патшаның кішкентай көшірмесі мен моделі деуге болады. Ел басқаруды «қайырымды» және «қайырымсыз» деп екіге бөліп қараған ғұлама қарашаны қайырымды басқару дегеніміздің өзі – сол халықтың ерік-жігері мен әдетін мә­ дениетке тәрбиелеу, ал қайырымсыз хан (басшы) басқарған елдің бойынан ең бірінші көрініс беретіні әділетсіздік пен озбырлық дейді. Біз бұдан қайырымдылық идеясының сән-салтанат құрып, жер үстінің мамыражай ғұмыр кешуі­ не аталған қауымды басқарған басшының тікелей қатысы бар екендігін бағамдауымызға болады. Ең бастысы, оның қолында телі мен тентекті тезге салар жоғары билік бар. Абайдың да «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі бол­ сам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп айтып отырғаны да осы ғой. Мәртебелі биліктің қо­ лынан келер құзырет пен адам ақыл-ой қабаттарындағы дәр­ гейді терең пайымдаған кемеңгер, таным баспалдағындағы

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы мынадай «ғақли» және «жаһли» деген екі белдеуді ашалап көрсетеді. Бұл әл-Фараби идеясының ең басты кредосы де­ сек те болады. Данышпанның ойынша, қараша халықтың қайырымды немесе зұлымға айналуы, сондай-ақ жер беті­ нің «жұмаққа», я болмаса «тозаққа» ұласуы дегеніңіз тек адам танымына ғана қатысты екен. Қайыра айтамыз, тек адам танымына ғана қатысты! Ғақли көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есім. Жаһли көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – мешін, – дейді әл-Фараби. Ғұламаның бұл жердегі «ғақыл» деп отырғаны – «нұр­ лы ақылға» жеткен өркениетті қоғамның парасатты адамы. Осы парасатты адамның ТАНЫМ ТЕРЕЗЕСІНЕН дүние­ ге қарасақ, өмірдің мәні мүлде басқаша. Мәселен, «ғақли көз», «ояу жүрек» үшін жап-жасыл желек жамылған ор­ ман ағашы Құдайдың тіл жетпес, ғажайып хикметі болса, «жаһли көз» үшін ол отқа жағатын тек тамыздық қана. Ендеше «жаһли көзбен» қалған қоғамның адамы тұрмақ, ұшқан құсы мен жүгірген аңы да бақытсыз екен. Неге де­ сеңіз, мұның бәрі де адам танымының тұралап, артта қа­ луымен тікелей байланысып жатыр. Жақында ғана Лондон шаһарының ішінде ерсілі-қар­ сылы жортып жүретін түз аңдары мен аталған осы қаланың шетінде тұратын қарт әженің қолынан күнделікті жем жеу­ ге келетін даланың он бұғысы туралы бейнетаспаны көргенде көзіме жас іркілді. Қарт Еуропа үшін бұл қалыпты ғана жағ­ дай екен. «Жаһли көзбен» қалып, «мешіндік» мешеу халге түскен біздің қоғамның көзіне бұл он бұғы емес, он соғым болып елестейтін шығар. Осы бір мысалдарға қарап отырыпақ «қайырымды қоғам» үшін «Ерте, ерте, ертеде елік пен адам дос болыпты» деп басталатын ертегінің ендігі әрі еш өтірік емес екендігін, мейірім атаулының алдына тек адам ғана емес, аң мен құс та бас иетіндігін көресің. Қызық, қо­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лымызға түскен құжаттар мен деректерге қарасақ, «...Әлгі әл-Фараби деген «молданың» идеясы қып-қызыл утопия емес пе?» деп социалистік жүйенің «ғалымдары» біршама шу шығарыпты. Мұндай ергежей түсінік пен мүгедек танымды мүсіркей отырып, хакім Абайдың «Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар...» пайымының шүбәсіз шын екендігіне тағы бір ила­ насың. Ресейді алып табытқа теңеп, тоталитарлық қоғамның қанды тақсыретін «Біз тіріміз» (Мы живые) романына өзек етіп, өзі де Санкт-Петербург топырағында туып, АҚШ-та дү­ ние салған америкалық жазушы Айн Рэнд (Алиса Зиновьев­ на Розенбаум): «Жұмақты» сырттан іздеудің қажеті жоқ. Ол – өмірің. Ал өз өмірінен «жұмақ» жасау әркімнің құзыретін­ де» дейді. Рас, кеңестік казармада тәрбиеленген біздің жен­ дет санамыз үшін аң мен адамның диалогі әзірге бола қоймас. Еріккендердің ермегіне айналған бейуаз аң мен шырышы бұзылған тұмса табиғаттың бүгінгі сүреңсіз бейнесін көріп, кеудеміздегі соққан ет жүректің шынымен-ақ «сау» емес екендігін сезесің. Абзалы аң атаулы біздің ішкі «хайуан­ дығымыздан» қашып, алыстап кеткендігін тіпті де аңдамай­ тын секілдіміз (Себебі адам кеудесінде «аң» мен «адамға» де­ ген екі жүрек пен екі мейірім болмайды ғой). Соңғы жылдары жастар арасында әл-Фарабидің «Бақытқа жету» ілімін «батысқа кету» деп тәпсірлейтін жаңаша бір көзқарас пайда болды. Бәріміз Америка асқанмен, біздің жерімізге келіп біреудің «Жерұйық» жасап бермесі тағы да анық қой. Осындайда Қожанасырдың үйінде жоғалған кіл­ тін «Мынау жер жарықтау екен» деп сырттан іздейтін хи­ каясы еске түседі. Аталған хикаяны: «Бұл астарлы әңгіме. Мұндағы кілт – рухани құрал. Кей адамдар рухани азықты ең алдымен өз атамекенінен, дәстүрінен, мұрасынан ізде­ мей, сырттан іздеп адасатынын меңзеп отыр» дейді Амангелді Айталы. Әрбір өмірге келген тіршілік иесі өз топырағында тұрып-ақ бақытты болуға тиіс. «Қайырым­ ды қала тұрғындарының» түйіні де осы. Қарашаның обалы мен сауабын білетін парасатты патша билеп, халқы әділ низамға бағынған кез келген елдімекен «Жерұйық» болуға лайық екен. Адамның ойы жеткен жерге қолы да жететі­ 5-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы нін ғұлама өз трактаты арқылы осылайша дәлелдеп беріп отыр. Естеріңізде болса, мақаламыздың басында Шамбала шаһары туралы шағын ғана сөз шығындаған едік. «Шамбала – бұл пәнидің қарапайым пендесінің көзімен көруге болмайтын, қай жерде орналасқандығы, қандай жолмен баруға болатыны белгісіз ғажайып ел, тек рухани тазалықтың жоғары шегіне жеткен адам ғана осы елге апарар жолды табуы мүмкін. Шамбала – рухани энергияның барынша шоғырланған нүктесі, кеңістігі» дейді Серік­ бол Қондыбай. Жасындай жарқ еткен осы бір ғажайып есім әл-Фарабидің мың жылдардан кейін қайыра келген руха­ ни ізбасары секілді. Қалай десек те Шамбала шаһары аңыз арқылы айтылса да, ел санасына әбден орныққан ұғым. Не нәрсені болсын тікелей түсінудің оңға бастамасы анық қой. Әл-Фараби мен Серікбол ишаралаған жұмбақ шаһардың жауабы әркімнің таным қақпасының сыртында. Ал қақпа кілті: «Қиянатсыз ойлауды меңгергенде, қиялыңның бәрі де шынға айналар» (Тыныштықбек) пайымының төрінде ілулі тұр...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ГОЛОГРАММА Джон Кехо немесе Сұраған ақын

Біз кез келген мәтінді сөз деп қана түсінетін мүгедек танымға түстік. Әрине, «ноқталы ми» шеңберінен шыға алма­ уымыздың басты импульсі үш ғасырлық отарлау саясатында жатыр. Отарлау дегеніміз – нысанаға алынған этностың ер­ кін ой ағысын толығымен тежеп, бозжусан болмысын басқа­ лай бағытқа өзгертіп жіберу ғой. Тоқыраған танымнан бір мысалды куәгерлікке тартайық. Айталық, батырлар жырын­ да көп кездесетін «Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» түсінігі дәл қазір біз үшін батырды әсіре көтерме­ леу секілді болып қабылданары анық. Осы бір отқа жанбау оқиғасы киелі төрт кітап парағында да қатталып қалған екен. Бұл көбіне Ибраһим пайғамбар өміріне тиесілі. Көне хисса­ да пайғамбар қарсыластары ішіне ағаш өртеліп әбден нарт­ тай қызарған ор ішіне Ибраһимді лақтырғаны баяндалады (Аталған оқиға Құранда «Әнбия» сүресінің 69-аятында да айтылады). Бір қызығы, жоғарыдағы кітаптардың барлығы да бірауыздан Ибраһим пайғамбардың бұл отқа жанудың орнына, керісінше, селк-селк етіп тоңғандығын әрі аталған «қияметтен» аман-сау құтылғанын алға тартады. Міне, хис­ саның ұзын-ырғасы осы ғана. Біз күдікке жосын ұялатып бұл хисса дерегіне нанбайтындар қарасының мол екендігін ептеп ішіміз сезеді (Алайда біз үшін бұл ешқандай да жалған ақпар емес). Оқиғаның осылайша құбылып кетуіне басты дәйек болған АДАМ РУХЫНЫҢ күші мен дәргейі дейміз. Ибраһим пайғамбар лаулаған отқа неге жанбады? Бұл нен­ дей заңдылықтардың негізінде жүзеге асты, міне, бұған еш бас қатырғымыз жоқ. Керек десеңіз, сол пайғамбардың өзі ет пен сүйектен жаратылған адам баласы екендігін есімізден шығарып аламыз. Біз көбіне мұндай тұлғалардың (полигамия немесе сақалы секілді) сыртқы сипаттарына ғана еліктегені­ міз болмаса, ал ішкі рухани жан қабаттарына атымен де аттап басқымыз келмейді. Пайғамбарлар мен данышпандардың (дұрысы, тұлғаның) басты миссиясы адамды өз танымы­ на тәрбиелеп, өзі жеткен кемел рух кеңістігіне көтеру ғой.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Көне Мирдад кітабындағы бір ғақлия: «Сіздің әр ойыңыз ас­ панда жалындаған үлкен әріптермен жазылып, ол әр адамға көрінеді деп ойласаңыз, шындығында да дәл солай болады» дейді. Ендеше, «Отқа салса жанбайтын, суға салса батпай­ тын» ұғымы әсіре сөз емес, адам рухының шын анықтамасы екен. Сол үшін де біздің бабатаным рухын игерген осындай жандарға БАТЫР деп айрықша атау беріп отыр. Сонымен ба­ тыр дегеніміз – тек биологиялық бұла күш иесі ғана емес, өз рухын емін-еркін игерген ғажайып адам (Ал мұндай РУХҚА қожайын болған жанның мысалына Ибраһим ғалиһсалам­ ның оқиғасы куә деген ойдамыз). Біз, өкінішке қарай, рухтың мұндай дәргейіндегі жойқын кереметтерді «бақсылық» деген бір-ақ атаудың айналасына ғана топтап, белінен сыздық та салдық. Әйгілі Архимедтің «Егер маған тіреу нүктесін бер­ сеңдер, жер шарын да төңкеріп тастаймын» пайымында тек физикалық мазмұн ғана емес, алапат рухтың да әмірі жатыр. «Адам бұ дүниеге келгенде біреуге қызмет ету үшін емес ( та­ бынғаны пайғамбар болса да), өз кесесін тауысып ішу үшін, өз рухын тану үшін келді» дейді Таласбек Әсемқұлов. Бұл посту­ лат адам өз рухын танығанда ғана болмыстың мәні айшықта­ ла түсетінін ишаралап тұр ғой. Ендеше, ақыл – ми мен мате­ рияның, ал рух Алла мен адам арасын байланыстырған бейне бір көпір іспетті. Біз бұдан адам баласының асқақ мандатын пайымдаймыз. Төмендегі Сұраған Рахметұлының өлеңі де осы өлшем жайын сөз етіп отыр. Қара жерменен ғазиз де қарбыз басым тең. Сана жұлдызы жарқырап аққан жасыл сең. Алғашқы заңдылық жазылған тастар айтады: «Қаймана халық құдайдан жалғыз жас үлкен...». Алты құрлығым ауаның, будың Күшінен,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Тұрса да оның өлімі қос аяқ Малғұн – Кісіден. Екінші формула: Етпенен жүрекке қатыссыз: Жалпы жұртымды жарты құдай деп түсінем! Канадалық танымгер жазушы Джон Кехо өзінің «Под­ сознание может все» кітабында голограмма деген ұғымға арнайы тоқталады. «Әлем – бұл алып голограмма. Ал го­ лограмма дегеніміз – «біртұтас дене». Яғни ғалам – бүтін ағза деген сөз» дейді автор (Осы теорияны тұңғыш рет тапқаны үшін 1971 жылы Денеш Габор (Деннис Габор) де­ ген венгр ғалымына Нобель сыйлығының лауреаты атағы берілген екен). Кехо аталған ұғымға терең талдау жасай отырып, адам таңданарлық мынадай ақпар береді. Ол «Упанишад» (Көне ведалық санскрит тілінде жазылған діни-философиялық трактат) кітабынан: «Бір тал шөп (жазықыз) жұлынғанда, барлық әлем дір етеді» деген ойға сілтеме жасайды. Сосын бұл ұғымның айнадай ақиқат екендігіне ғылыми тұрғыдан айғақтар іздейді. Рас, дүниенің «біртұтас», сондай-ақ бір-бірімен етене бай­ ланыста екендігін алаштың рухани көсемі Әлихан Бөкейхан да өз еңбегінде атап өткен екен. Біз әдетте «жеті жоқ» тізі­ мін жақсы білеміз ғой. Бірақ та «...құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ» деп жалғаса беретін осы тізімге «неге бұлай» деп бірде-біреуіміз қарымта сауал қатпаған секілдіміз. Жара­ тылыстың өзара байланыста болатынын әрі бірінсіз бірінің күні жоқ екендігіне алаш арысының мына бір жазбасы куә­ гер бола алады деген ойдамыз. «...Жылқының жалындағы, мойнындағы, сирағындағы сірке-бүгелектің жұмыртқасы. Бүгелек құрт мүшелін жылқының таз қартында өткізеді. Жылқы қасынысқан­ да сіркені сілекейіне жұқтырып алып жұтып салады. Сірке таз қарын барғанда, қоныс жаңа келісті ғой деп құбылып құрт болады. Құрт жасы толғанда тезекпен араласа жерге түсіп, желіннің басында бұршақ мүшелін өткізіп, бүгелек

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы болып шыға келеді...» дейді. Бұл қарапайым ғана мысал болғаныменен, ішкі мазмұны өте зор. Ал мұны не үшін ай­ тып сөз шығындап отыр дейсіз ғой?.. Егер де жылқы болмаса бүгелектің де атымен болмай­ тынын, жоғарыда аңдатқан жылқыда өт болмауының жұм­ бағы да осы бір жаратылыс сырында жатқандығы үшін Әлихан дерегін әдейі келтіріп отырмыз. Шығыстың алыптар галереясының сапындағы Сағди Ширази: «Барлық адам бір ғана адамның денесін құрайды. Сол сияқты, неше миллиард адам бір ғана адамның болмысын құрап тұр. Бойыңда бірер клеткаң ауруға шал­ дықса, соның азабын бүкіл тәнің тартады. Бұл да бейне бір сол секілді. Жер шарының басқа бір шетіндегі бір адам­ ның баласы қасірет пен қайғыға душар болып, соған жүре­ гің еш ауырып сыздамаса, тәйірі, сен адам емессің» дейді данышпан. Мінеки, жай ғана екі аяқты пенде емес, адам болудың парызы әманда қиын. Осыған қарап отырып дү­ ниенің «біртұтас дене» екендігін, бұл мысалдар жер бетін­ де орын алған кез келген келеңсіздікке әрбір жан иесінің пұшайман хал кешетіндігін сезіндіріп тұрғандай. Сонымен «Упанишад» парағына дестеленген: «Жазықсыз жұлынған жалғыз тал шөпке дүние дір етеді» қағидасы рас па?! Мұны кім сезуі мүмкін?! Ақын жүрегі ауа райы бақылағышы се­ кілді дейтін еді ғой. Не де болса себебін Сұраған ақыннан сұрастырып көрелік. Себебі, дейсің бе, себебін сұрасаң, Ол былай: Қандай бір күштен миымыз қалған сорғымай. Жер ҚҰПИЯСЫН саған қақ бөліп Ашып берер ем, Қолымды қаққан инеліктердің қорлығы-ай. «Қара жерді қаққа бөлу» адам қолынан келетін іс екен­ дігін Архимед әлдеқашан айтып тастаған дедік. Дәл осыған

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . пар қиянатқа да адам баласы еш ойланбастан бара алады. Де­ сек те пенденің мұндай парықсыз пиғылына күллі тіршілік атаулының жаны қас. Әнеки, жұмыр жердің тыныштығы үшін де инеліктің шыр-пыр болып отырғаны осы ғой. Қазір­ гі жаһандану үдерісінің қарқыны қатты. Жер бетін бұрнағы «біртұтас» ұғымына қарай ұйытып барады (Біз бұл жерде виртуалды әлемдегі біртұтастық жайын айтып отыр­ мыз). Мүмкін енді бір елу жылдың бедерінде бүкіл адамзат баласы «біздің жер үсті» деп сөйлейтін болар. Қалай десек те қара жер тек адамның ғана ақылымен емес, инеліктің де игі тілегі үшін аман-сау тұрған тәрізді.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы SLEEP PARALYSIS Ұлттың ұйқы салы Жеке адамның ахуалын тұтас қоғаммен байланыстыра қарай алмау – бізде жетілмей қалған тетіктің (механизмнің) бірі. Қазақтың рухани Гиппократы Абайдың «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның заман­ дасының бәрі виноват» сөзінің астарында да осы ұғым тұр (Хакімнің бұл жердегі «замандас» сөзінің құрдас ұғымына ешқандай да қатысы жоқ). «Адамның жақсысы кетіп – жа­ маны, жүйрігі кетіп шабаны қалған» кешегі кер заманда тобырлық түсінік пен плебейлік пәлсапа қайыра тарих сах­ насына шықты. Жақсы неліктен дегдар болды десеңіз, ол ең әуелі киелі болғандығы үшін де елдің игі жақсысы атанды. Оның басы қарайып жүргенде қотанға тышар қортықтармен жаман-жәутікке еш орын болмайтын. Ендеше, елдің зиялысы кетті деген сөз ол елден ұят пен зият, кие мен дуа қатар кетті деген сөз екен. Смахан төре өз естелігінде Әлихан Бөкейханды көрген­ де бақсы-балгерлердің қарадай қалтырап, жыным қашып кетті деп жылайтынын айтады. Міне, жақсының шын киесі деген осы болса керек. Кейде маған кешегі жайсаңдармен бірге осы кие атаулы үдере көшіп кеткендей сезіледі. Рас, жақсы мен жайсаң қынадай қырылған шақта ел иесіз қалды. Ендеше қазақтың «Иен үйді жын иектейді» дейтін сүйекті сөзі де дәл осындай кезді бейнелесе керек. Ежелгі грек аңызында қоғамды қос бүйірінен қысып тұн­ шықтырып тұратын екі «кесір» бар (Бұлар Гомер поэмасын­ да қанқұйлы құбыжық бейнесінде. Алты басты Сцилла есімді құбыжық үңгірді мекен етсе, Харибда теңіз түбінде­ гі су иірімінде өмір сүреді). Мұны мысалға алып отырғанымыздың мынадай пәлса­ палық себебі бар. Медицинада «Sleep paralysis» («Ұйқы салы») деген ұғым бар (Бұл қазақ танымында «бастырылу» деген атпен мәлім). Осы «Sleep paralysis» (немесе «Сонный паралич»)

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . симптомын білікті дәрігерлер депрессиядан туындайтынын айтса, дін ислам бұл ұғымның тылсымдық күштермен қа­ тыстылығын алға тартады. Біз жоғарыда адамды қоғаммен байланыстыра қараудың аппараты мен тетіктері (бізде) еш жетілмеген дедік. Себебі қоғам дегеніміз – адам. Демек, адам мен қоғамды бірінен бірін бөліп қарауға әсте болмайды (Мемлекеттің адамнан құралатынын ескерсек, әр адамның көңіл күйі мен психологиясы сол қоғамның айнасы ғой). Ендеше, бүгін­ гі мерез жүйеден жүйкесі жүнжімеген, «күрмеуге келмес» келте тірлігіне зығырданы қайнамаған алаш баласы аз ба? Медицина көрсеткендей, «бастырылудың» басты себебі депрессияда жатса, бұл енді әр қазақтың бойынан табыла­ тын жағдайлар ғой. Грек мифологиясындағы қоғамды (дұрысы, адамды) ұдайы қос бүйірінен қысып тұратын «кесір» қазақ танымында «марту» немесе «қара басу» деп аталады. Дін ислам адам «бастырылуын» тікелей осы жағдайлармен де байланыстырып, оның себебін адам рухының әлсіреуімен түсіндіреді. Расында, жаман мен жәутікті төбемізде тайраңдатып, кім көрінгеннің мазағына ұшыраған қазіргі халіміз рухымыздың кірлеп, киеміздің үріккендігінің шын көрінісі ғой. Дәл қазір біз мойындайтын бір ғана шындық қалды. Ол – «бастырылудың» осы бір қос себебінің қазақ социумының бойынан толығымен табылып тұрғандығы ғана. Қайыра ай­ тайық, дәл қазір қазақ қоғамы «бастырылып» бейне бір сол сәттің талаурап азабын тартып жатқандай... Айқайлайсың, бірақ үніңді ешкім де естімейді. Қозғалғың келеді, қыбырлай алмайсың. Шіркін, біреу оятып жі­ берсе ғой деп тілейсің, ол ойың орындалмайды. Осы бір арпалысың бейне бір ғасырға созылып кеткендей қалжырайсың. Ең бастысы, бәрін де білесің, бірақ оныңнан ештеңе де шықпай, бекерге қара тер боласың... БҰЛ – ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ХАЛІ. Бұлай­ ша байлам айтып отырғанымыздың себебі медицина маман­ дары «бастырылуда» болатын осы бір процесті адам миының бірер мезетке кенеттен оянып кетуімен де байланыстырады.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Ендеше, бұл – «оянғандардың» ғана «білетіні» мен «сезеті­ ні». Ал мұны еш сезінбейтіндер мен оны бейне бір тағдыры­ на балап мойынсұнғандар жайында не десек екен?.. Қысқасы, бұл феномен қазақтың жан күйзелісі ме, жоқ, әлде «қара басқандығының» кесірі ме? Депрессияның диагнозы бақуатты тірлікте десек, ұлт рухын осы бір «жынжыпырдан» ұшықтамай кие атаулы қайыра қонбайтын сынды. Осы екеуі оралар күнді алаш баласы жан-тәнімен за­ рығып аңсады тегі... «Түу, тезірек оянсам жарар еді!..»

Альбер Камю «Мықты жазатындардың – түсіндірушілері, ал қарапайым жазатындардың оқырманы ғана болады» дей­ ді. Расында, ғажайып сөз. Біз кейіпкеріміздің мықтылығы үшін де осы бір түсіндірмені жазбаққа талаптанып отырмыз. Басқаны қайдам, маған Есенғали Раушанов десе болғаны, ең алдымен маңдайы жарқыраған философ елестейді (Әрине, ақын философ болмайды деген қағида тағы да жоқ). Біз осы жерде Камюге «Мықты ойлар әманда қарапайым болады» деп керісінше де пікір айтқымыз келеді. Мәселен...

Жоқтық деген немене – барлық делік, Бақыт деген дүние ме – алдық бөліп Дүниедегі ең ұлы көрініс не? Ол – шідерін үзген ат қарғып келіп. ...Әгәрәки, «бақыт» деген шынымен-ақ «дүние» бол­ са, мемлекет мүлкін онсыз да талан-таражға салып, қылқыбырына дейін бөлісіп алдық қой. Ақын «шын бақыт деген дүние емес, ол – еркіндік» дейді. Өлеңнің сөз өріміне қара­ сақ, қарапайым, ал сүйегіне (ойына) зер салар болсақ, атан түйенің белін үзердей салмақты. Мен қайырылдым, сен дағы бұрылшы, інім, Қалай, не деп ұғамыз мұның сырын?

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Аяғыма қараймын – шідерім жоқ Неге қақсай береді жіліншігім? «Қарғып шідер үздірген ұлы көрініс» – ақынның Қағба­ дай шындығы. «Мен қайырылдым...» деп тәу етіп отырғаны да сол. Бұл жердегі «жылқы» еркіндік болса, «жіліншік» ұлттың құлдық дерті ғой. Діңі мығым, ділі раушанға айналған жыр тек осылай болады. Ақын нөсер ойдың жаңбыр ұшығындай ғана исін сездіреді. Сөйтіп бар болмысыңмен емексітіп қояды. Мұн­ дай туындының авторын мақтасаң да я даттасаң да оның шығармашылығына келер титтей де зиян жоқ. Майдан тор­ та айырғандай небары екі-ақ шумақ ойдан мұндай пәлсапа тұндыру тек данышпандардың ғана тәләйіне жазылған (Біз­ дің Есенғалиды философ деп отырғанымыз да сол). Бұл ақынның «Біздің егемендік хақында екі ауыз сөз» дейтін өлеңі. Құдай біледі дейікші, осыны біз жазғанда бұтып-шатып, я байбаламға басып, «құрыдық, ойбай біт­ тік» деп айдаланы астаң-кестең шығарған болар едік. Шір­ кін, шеберлік дерсің іштей жүрегің еріп... Жұрт жылқы жайында жазған деп ойлайтын автордың тағы бір туындысы – «Түс» өлеңі. Неге екенін қайдам, маған осы бір өлеңмен жоғарыдағы қос шумақтың арасында бейне бір байланыс бардай сезіледі. Теңіздің дәмі – тамшысынан. Тоғыз шумақтан тұратын бұл өлеңнің әр жолына түсіндірме берсек, тым алысқа бағдар тартып кетерміз. Сондықтан да шығарманың ақырласар сәтіндегі қос шумағына ғана тоқта­ луды құп көріп отырмыз. ...Тайғақ кешіп, тау кездім, Тас та бардым, Не де болса, бір жолды бастап алдым. Бірдеңе айтқан боламын, бірақ дауысым Дауысы боп шығады басқа адамның.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «Тар жол, тайғақ кешу» қазақтың жүріп өткен соқпағы мен басынан кешірген тағдыры ғой. Небір қан қасап ғасыр­ лар халқымыздың обалынан – ойыншық, сорынан сорпа жасады. Кілең қаракөк пен бекзадаларды пышаққа жыққан осы бір оқиғалар тек майдаларды ғана сұрыптап, аман-сау қалдырып отырды. Содан шығар, «айтқанға көнгіш, ай­ дағанға жүргіш» стандартты сана өкілдері көптеп пайда бол­ ды. Мұндай «әлеуметтің» қоршаған орта мен саяси жүйеге сын пікірмен қарап, өзгеше ой қорытуы дегеніңіз өліммен пар үрей. Ақынның «Бірдеңе айтқан боламын, бірақ да­ уысым дауысы боп шығады басқа адамның» деп отырғаны да осы. Қара қошқыл қабарған далам өңі, Қайда кеткен бұл маңның тәмам елі? ...Бұл неғылған ұзақ түс, Бітпей қойды-ау, Түу, тезірек оянсам жарар еді! «Қара қошқыл қабарған...» өң – ұлт рухының қазіргі халі. Адамның өңінде көрген дүниесі түсінде де қайыра көтеріледі ғой. Бір қызығы, «рухани» ұйқыдағы ұлт ояу жүріп те түс көре береді. Міне, ақынның айтқысы келгені де осы. Рас, ащы ішектей шұбатылған бұл сүреңсіз түстен бәрі­ міз де шаршадық. Айтпақшы, аталған «түстің» мағынасын кімге, қалай деп жорытсақ екен? Ол үшін ең әуелі кеңес кереуетінің құлдық наркозынан оянып алу керек тәрізді.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «ЕСКЕНДІР» СИНДРОМЫ Бұрын қазақта «Алаш дегенде аттандамағанды атаң да болсын ұрып жық» деген түсінік бар еді. Бұл жердегі Алаш сөзі – мемлекеттік мазмұнға пар киелі ұғым. Бұл – бір ұлт­ тың бір ұғымға ғана ұйысып ғұмыр кешкендігін көрсететін ғажайып сөз. Қазір осы іргелі түсінікті сетінету мен жен­ тектеуге үлкен жанталастар жүріп жатыр. Біздің Абай мен Шәкәрім, Мәшһүр мен Ақжан (Машани) жайлы айта бе­ руіміздің себебі, біз ұлттың ұлы құндылықтарын осы тұлға­ лардың көзқарасының негізінде ғана синтездеп үйренуге тиіспіз. Дәлірек айтар болсақ, арғысы әл-Фараби мен бер­ гісі Әлиханға дейін созылып жатқан алыптар керуені біз­ дің рухани индикаторымыз болуы керек. Әйтпей болмайды. Тұлғалар сүзгісінен өтпеген таным – ұлт үшін ең қауіпті таным. Бұл шағын ғана дүниеміз осы ниетпен жазылып отыр. Біз Абай мен Шәкәрім идеясын алға сала отырып, бүгінгі бұзылған түсініктерімізге аз-кем барлау жасадық. Жетпеген жері мен кеткен қателігі болса ғафу етерсіз, құрметті оқырман қауым!

«Мазлұм» мәселесі Мақалаға кіріспе Қазақта «Халық – Жаратушының бір есімі» деген сөз бар. Расында, Жаббар иенің 99 есімінің бірі осы есіммен (Әл-Ха­ лиқ деп) аталатыны мәлім. Бұл сөздің танымдық мәні қан­ дай? Тарихтан тәбәрікке жеткен осы бір ұғымның салмағын Абай хакім бүй деп саралаған екен. Мазлұмға жаның ашып ішің күйсін, Харекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелден Тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін. Бұл жердегі «мазлұм» сөзі зұлымдық пен жәбірге ұшыраған жан иесі турасында. Өлеңнен түсінгеніміз: қиянатқа

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ұшыраған адамға барынша ара түсіп, болысып бақ. Себебі аурудың көңілі мен аштың тілегінде Құдайдың хақысы бар. Өлеңнің екінші жолына қарай ойысар болсақ, мұнда көпшілік қамы жайында айтылады: әрбір әрекетіңнің пай­ дасын көпшілік көрер болсын, халқыңның жағында бол дейді хакім. Расында, адам жан дүниесі осыны толыққанды түсінгенде ғана жұпарлана түспек. Алла мен адам арасын­ дағы қатынасты құлып пен кілт тәрізді десек, ендеше оның бірінсіз бірінің мәні болмақ емес. Адамзат үшін Алланың құлпы (сыры) адамдыққа жеткенде ғана ашылады. Кісілік кемерінің ең биігі кісіге жақсылық жасау десек, Алланы тану дегеніміз адамзатқа қызмет ету деп пайымдасақ та бо­ лады. Ардақты Шәкәрімнің «Адамдық борышың – халқыңа еңбек қыл» идеясынан да осы бір ой ұшығының мөлдірейті­ ні сол. Өлеңнің үшінші әм соңғы жолдары ортаға салынған осы бір мәселені одан әрмен үстей түсіп, мынадай бәтуаға бекиді: «Жамиғат қамы – Жаратқан қамы. Адамды сүйген­ ді Алланың өзі сүйеді» дейді. БІЗ БҰЛ ОЙДАН ҚҰДАЙҒА ҚҰЛШЫЛЫҚ ЕТУДІҢ ЕҢ ТӨРЕСІ ХАЛҚЫҢА ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЕКЕНДІГІН, ЖАРАТҚАННЫҢ ХОШЫ МЕН СҮЙІС­ ПЕНШІЛІГІНЕ БӨЛЕНУДІҢ БАСТЫ ЖОЛЫ ҚАРАША КӨҢІЛІМЕН ҒАНА БОЛАТЫНЫН БАҒАМДАЙМЫЗ. Ендеше, бір шумақ өлеңнен сүзіліп шыққан гауһардай ойдың түйіні: халқына шет болғанның Құдайдың да мейірі­ мінен құралақан қалатыны анық болғаны ғой... Хан мен қараша

Жасыратыны жоқ, жоғарыдағы өлеңді талдаудағы бар мақсатымыз мынау. Бұрнағы қазақ өмірінде бұл тұжырым бұзылмас дәстүр мен бұлжымас қағида болатын. «Халықты Құдайдың бір есімі» деп білетін қазақ үшін хан қарашаның қызметкері ғана тұғын. Қайталап айтамыз, тек қызметкері еді. Ескі жазбаларымыз бен этнографиямызға назар салсаңыз, бұл ойымыздың айдай анық екендігіне тағы бір көз жеткізген болар едіңіз. Хан халықтың ықпалында болғандығын, ханға қарасты он өлеңнің тоғызы оған сын мақсатында айтылып

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жатса, мұны басқалай қалай деп тұжырымдауға болады?! Осы орайда мына бір мәселені де айрықша айтқымыз келеді. Бұл біздің дін мен ділдің өзара айырмашылығын парықтай алмауымыз дер едік. Жасыратыны жоқ, қазақ топырағына ислам дінімен бірге араб танымы қоса сіңді. Мәселен, араб пен еврей жұртының өмір бақи бірімен бірі жауласып келе жатқандығы бәрімізге мәлім. Қай ел болмасын қарсылас дұшпанын тек жағымсыз бейнеде ғана сомдайтыны анық. Кейін ол жаппай тарихи, я болмаса әдеби танымға айналып, ел есінде бекіп қалады. Ендеше анау айдалада жатқан еврей­ ді қазақтың жау көріп, оған өшпенділікпен қарауының нен­ дей себебі бар? (Мұны базбіреулер Құраннан келген бұйрық дер. Алланың мақсаты ұлт пен ұлысты шарпыстыру бол­ са, «Адамзаттың бәрін сүй» идеясы қайдан шығады сонда?) Себеп, санамызға араб салт-санасының дінмен қоса сіңісіп кетуінде ғана. Арабтың дін қарындас түрік жұртына да ала­ бөтен қарауының астарында кешегі Осман империясынан қалған «салқындық» жатыр. Сол секілді, қазақтың хан мен қараша арасындағы дербес қатынасының бұзылуына осы бір елден жұққан салт-сананың тигізген әсері мол (Мұны Алла жеткерсе, алдағы уақыттарда кеңінен толғап жазатын болғандықтан осы жерден тізгін тартамыз). Біз әншейінде бір мәселелер шетінде «Бабалар жолы – басты мұратымыз» деп ұрандата жөнелеміз. Сөйтеміз де, бәрін керісінше жасаймыз. Зайырлы қоғам заңдылықтарын батыстан іздеген «данышпандарымызға» мына бір жайға қайыра қарауды қатаң ұсынамыз. Тұран топырағында сал­ танат құрған демократияның жарқын үлгілері болып сана­ латын «дат», «ханталапай», «ханталақ», «қазы» (...Ашулан­ саң Абылай, көтеріп қазға салармын (Бұқар)» секілді көп­ теген ұғымдарымыздың танымдық табиғатына тереңірек бойласа дейміз (Мұны өзгелермен салыстыра отырып жіті зерделеуді заңгерлеріміз бен тарихшыларымыздың, сон­ дай-ақ саясаттанушыларымыздың арына аманат етеміз). Сонымен жоғарыдағы ұғымға қайыра оралып, оның қа­ лайша транцформацияға түскендігі жайында қысқалай сөз түйіндей кетейік. Дала дәстүрінің түсінігіне мүлде жат, адам­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы нан (дұрысы патшадан) ақиқат жасап, оған бас шұлғыту тәсілінің орнығуына орыс отаршылдығының қосқан үлесі мол. Тәжірибе көрсеткендей, төл түсінікті талқан етудің ең бір төте жолы сенім мәселесі екендігі сөзсіз. Ал оның қайнар бастауының діннен тамыр тартатыны тағы да белгілі. II Екатерина патшайым тұсында, миладидің 1785 жылының қарашасында қабылдаған жарлық құжатта: «...қырғыз­ дардың (қазақтардың) арасына Қазан татарларынан іріктеп, бізге шын берілген, сенімді молдаларды жолдау қажет. Олар қазақтарды патшаға берілген рухта тәр­ бие жүргізсін. Бұл молдалардың шығынын үкімет мой­ нына алып, үздік міндет атқарғандарға сый-сияпат бері­ ліп тұрсын» деп жазылған екен. Осылайша «указный мол­ да» мандатын иемденіп, дін атын жамылған осы жандар­ дың негізгі мақсаты отаршылдық идеясын одан әрі жүр­ гізу еді. Жоғарыдағы жарлықта көрсетілгендей, патшаға қатысты жағымпаздану мен жарамсақтанудың неше алуан тәсілдерін ойлап тауып, күн ұзақ ақ патшаға алғыс айту мен салауат жаудыру бұлардың ең негізгі жұмысы-тұғын. Сол секілді қасиетті құран мен хадистің кей ұғымдарын басқалай бұрмалап, қазақ социумының санасына басшы­ дан сескену мен қорқуды орнықтырған да осы «шіркіндер» еді. Содан бері қария тарих дөңгелегі үш ғасырға аунаса да осы «салқынның» салдары, күні бүгінге дейін мешіт мұнараларынан әуелеген шариғат уағыздарынан жиі-жиі байқалып қалады. Ел экономикасы мен әлемдік саясатты «патшаның амандығымен» түсіндіруге тырысқан ескі ме­ тодиканың қай ғасырдың қаңсығы екендігін сау адам са­ насы бірден саралай алады. XXI ғасырда прогрессивті ойлауды толығымен тежеп, халықты «мұндай өтіріктердің» жөргегінде тербеу дегені­ міз шынымен ұят, тегі. Айтпақшы, өткен жер саудасы науқанында молда-қаралардың қасиетті дінді көрінген жерге көлегейлеген әрекеттері бұған тағы бір көзімізді жеткізді. Адам зәузатының арғы тегі топырақ десек, жер мәселесі жан мен қан, ұлт пен ұрпақ мәселесі ғой. Тіріде түтініңді түтетер, өлсең денеңді дамылдатар тірегіңді сату дегенің,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . расымен-ақ ақылға томпақ нәрсе. Мұны айрықша айтып отырған себебіміз, осы бір жәйт хан мен қараша арасының тым алыстап кеткендігін, жоғарыдағы таным түсінігімізді қаншалықты табанасты қылғанымызды түсіндіріп берген үлкен бір оқиға болды. «Ескендір» синдромы немесе нәпсі ішіндегі хал

Біздің түсінігімізде шәкірт атаулы ұстаз ұстанымын әрі қарай жалғастырушы мұрагер секілді. Кейде осы қағи­ даның бұзылып, басқалай бағдар тартып кететіні тағы да бар. Абай өзіне пір тұтқан Физули, Шамси, Сайхали, Науаи, Сағди, Фирдоуси, Хожа Хафиз іспетті алыптар шоғырының көзқарасынан бөлек, жекелей жол таңдаған айрықша тұлға. Бұған мына бір деректі келтірсек те болады. Төбеде­ гі аты аталған ұстаздарының дені Ескендір Зұлқарнайын­ ды жеріне жеткізе мақтап, аспандатып әкетсе, Абай кері­ сінше жазған. Абайдың алдыңғы ақындардан басты айыр­ машылығы, поэманы тарихи деректілікке емес, танымдық қабаттарға құрып, адам болмысының мәнін іздейді. Міне, біз қаузамақ мәселенің төркіні де осы. Аңдаған адамға Абай жазған Ескендірдің «соғысы» жұмыр жер үстіндегі майдан емес, адам болмысының ішін­ дегі нәпсімен күрес. Қайыра айтайық, бұған сыртқы ор­ таның титтей де қатысы жоқ. Мұны хакімнің өз пәлсапасымен пайымдар болсақ, «ма­ хаббат пен ғадауаттың» бітіспес майданы ғана. Осы жұрт Ескендірді біле ме екен? Македония шаһары оған мекен. Филипп патша баласы ер көңілді, Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен. Өлеңнің алғашқы жолдары билеушінің автобиографиясынан ақпар берсе, соңғы жолы оның «мақтансүйгіштігі» мен «қызғаншақтығына» қатысты. Міне, гәптің бәрі осында жа­ 6-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы тыр. Осы екі феномен (мақтан мен қызғаныш) оқиғаның ең негізгі қозғаушы күші десек те болады. Абайға салсақ, адам тақылетінің тумысында бар «бұл екеудің» кісіге тигізер ке­ сепаты мен жемірлігі жеті басты айдаһардан да күшті. Ал, ол жекелей кісінің ғана емес, дүйім жанды билеген патшаның бойынан табылса ше? Әрине, ойлаудың өзі қорқынышты. Де­ сек те мұның көпке келтіре қоярдай соншалықты зияны жоқ. Неге дейсіз ғой? Көп көнгіш, ол сондығымен де тобыр. Оның бір нәрсеге бейімделгіштігі сондай, кім билесін, соның іс-әре­ кетіне қарай икемделе береді. Хакімнің:

...Сол күнде хошаметші айтады екен: Ханның ханы, патшаның патшасы, – деп, отырғаны да сол. Бұл тенденция жұмыр жер бетіндегі исі тобырдың табиғатына тән нәрсе десек, қателесе қоймаспыз. Әйгілі жапон жазушысы Р. Акутагава өзінің бір әңгіме­ сінде патшаның пар өгіз жеккен күймесінің бір шаруаны қағып кететіні жайында жазады. Сонда әлгі бейбақтың «осы бір аса бақытты сәтті» тағдырына жазған Тәңіріне жылап алғыс айтатыны бар. Міне, тобырлық таным дегеніміз осы. Бүгін де сіз бенен біз Абай мен Акутагаваның бұл мысалынан қаншалықты айырмашылық көріп отырмыз! Аумаған өз ха­ ліміз ғой... Қазақ дүниетанымындағы «әбілхаят» немесе «мықан ағашы» іспетті ұғымдардың негізгі мәні мәңгілік өмірге қатысты. Құрандағы Қызыр мен Мұса ғалиһсаламның өлі балық тірілетін су жағасында жолығуы да осыны меңзей­ ді. Осы бір жырдан жырға, аңыздан аңызға ауысып жүре беретін көшпелі мотив «Ескендір» поэмасында да ұшыра­ сады. ...Кепкен балық келтіртті сонда тұрып, Сол суға балықты алды бір жудырып. Исі, дәмі өзгеше болып кетті, Таң қалды мұның бәрін суға жорып...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Дәстүрлі түсінікке салып пайымдар болсақ, бұл жердегі «балық» ұғымы мәңгіліктің мәні туралы. Сонда адамның мәңгілікке өмір сүруге құзыреті бар ма өзі? Шәкәрімге сал­ сақ: «Нәпсісін жеңген адам мәңгілік, оған ешбір өлім жоқ» дейді. Халқымыздың енді бір ұғымында мәңгілік пәлса­ пасы бақиға тиесілі. Қазақтың бақи ұғымының алдына мәңгі сөзін қосақтап «мәңгі бақи» деп сөз саптауы да осыны меңзейді. Қысқасы, тұмса түсініктің шүңет ұғымдарының астарында «өмірдің мәнін» іздеу сұрағының жасырылып тұрғандығы аян.

...Сол әскер суды өрлеп талай жүрді, Судың басы бір құзар шатқа кірді. Шаттың ауызын бекіткен алтын қорған, Қақпасын бекітулі көзі көрді... Қазыналы алтын қорғанды Алланың хикметі десек, бұл жердегі «қақпа» кәдімгі физикалық қақпа емес, танымдық мәселе ғой. Пенденің көкірек көзін шелмен көмкерген кә­ дімгі қара қақпа. «Жүректің көзіне» қойылған осы бір қақ­ па ауызындағы құлыптың атауы «мақтан» мен «қызғаныш» екендігі даусыз. ...Қақпаның ар жағынан біреу келді, Күзетшісі сол екен, дыбыс берді. «Қақпаны саған ашар рұхсат жоқ, Бұл – Құдайға бастайтын қақпа» деді... Данышпан жасырған жұмбақтың құпиясы ептеп сеті­ нейін деді. Поэманың барлық шумағын талдап отыру біздің негізгі міндетіміз емес. Бір нәрсені анық дейміз. Ол Аллаға апарар жолдың адам кеудесіндегі қақпаның ашылуымен тікелей байланыста екендігі ғана.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ТҮЗЕМДІК ЭЛИТА I Отарлаушы ел өзінің стратегиялық мақсатын жүзеге асыру үшін ең алдымен жергілікті (яғни отарланушы) елдегі кадр саясатын толыққанды шешіп алуы керек. XIX ғасырда қазақ топырағында таған тіктеген оқу орындары осы мақсатта бой көтерген болатын. Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы – Жаңа өспірім, көкөрім, Бейне қолдың саласы. Балам закон білді деп Қуанар ата-анасы. Ойында жоқ олардың Шариғатқа шаласы, ...Я тілмаш, я адвокат Болсам деген бәрінде ой, Көңілінде жоқ санасы... Абайдың осы өлеңіндегі үрейі мен алаңы негізсіз емес еді. Қазақ баласын ұлт қайнарынан қара үздіріп, орыс танымын­ да тәрбиелеу интернаттың ең басты мақсаты-тұғын. Осылар­ дың ішінен қазаққа келгенде қатыбас, ештеңеден тайсал­ майтын аярларын арнайы сұрыптап алып, қолына билік беріп, ел ісіне жұмылдырып отыруды да отаршылдар ұмыт қалдырған жоқ. Осы топ тарихта «түземдік элита» деп ата­ лады. Мұны белгілі тарихшы С. Мәшімбаев та өз еңбегінде атап өткен болатын. Ал қазақ арасында бұлар аса аусар әм қатыгез қылығымен көбірек көзе түскендігінен болса ке­ рек, ел есінде «теріс оқығандар» деген атқа ие болды. Әріден таған тартқан осы бір идеядан қазақ халқы бір кісідей көре­ шек көрді. Манағы Абай алаңдаған «Көңілінде жоқ санасы» кемістігі көп нәрсеге көз жеткізіп тұрған екен. Расында, ақынның айтқаны айдай келді. Шолақ белсенділердің

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . бұл әрекетінен исі қазақ баласы азап шегіп, алаш даласы ақсөңке сүйекке боялып қалды.

II Бірде бір топ ұстаздар қауымы шай ішіп, жайланып отыр­ мыз. Әңгіме ауаны төрт жылда бір ауысатын басшылыққа қарай ауысты. Ендігі басшымыздың кім, қандай болмағы біраз талқыға түсті. Мен де тыныш отыра алмай, «Ана бір ағамыздың ғалымдығынан бөлек, елшілдігі мен мейірбан­ дығы қандай, орынтаққа осы адам лайық» дедім. «Жоқ, – деді қапталда отырған әріптесім жұлып алғандай, – ол тым қазақы, болмайды» деді. «Рас, – деді келесі әріптесім де әлгінің сөзін қоштап, – бұл адамыңыз «тым жұмсақ» жа­ рамайды» деді. «Сонда қандай болу керек?» дедім мен де қарымта сұраққа көшіп. «Анау кісінің болғандығы дұрыс, – деді үшінші әріптесім. – Өзінің орысшасы қандай, патша­ мен де қарым-қатынасы жаман емес, тым пысық адам» деді ағынан жарылып (Қазір жасырары жоқ, неғұрлым қазақ­ шасы төмен, тоңмойындау біреу болмаса, бастықтың да бейнесін елестете алмай қалғанымызды несін жасырайық). Осының сөзін жөн көргендей бәріміз де бас изесіп орнымыз­ дан тұрдық. Мен осы әңгімеден кейін бұл қазақтың кісіні бағалау өл­ шемдерінің баяғыда-ақ басқа арнаға түсіп кеткендігін түсін­ дім. Түсіндім де, тұтас бір ұлттың ілкідегі «түземдік элита» инерциясымен өмір сүріп жатқандығын, қазіргі қазақ билі­ гінің пәлсапасы да дәл осы формула тәсілімен басқарылып отырғандығын сезіндім. P.S. Қазір Қазақияда кезек күттірместен қолға алынуға тиіс шаруа, мемлекет билігін жаппай шырмауықша жай­ лаған Ұлтанқұлдарды Алпамыстармен (ұлт зиялысымен) ауыстыру саясаты дер едік. Мұны бейне бір рухани реформа деп атасақ та болады. Неге дейсіз ғой? Себебі тұлға көрмеген елдің танымы төмендегідей шек­ ке дейін құлдырап, көпсөзділік пен көзбояушылық орын

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы алады. Ондай елде ұлттық идея да, ұлы мұрат та болмайды. Тек бір адамның көңіл күйіне құрылған «құлдық қызмет» қана болады. «Адамды Құдай жаратады, қоғам өсіреді» деген бір тәм­ сіл бар. Біз бұған идеология – ӘКЕ болса, ақпарат – ШЕШЕ, ал адам санасы осы екеуінің төл перзенті деген ой қосқан бо­ лар едік. Ендеше, әңгіме төркіні қазақ қоғамы мен оның «ата-анасының» ахуалы жайында болып отыр ғой. Біз кімбіз, қандай қоғам құрдық, санамыздың салауаты қандай? Міне, біз бұл сауалдарға қағаздағы Қазақстан туралы ға­ жайып ертегілермен емес, қара жер үстіндегі өз өміріміздің шындығымен жауап қатсақ жөн болар еді...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ҮҢГІРДЕГІ ҮРЕЙ немесе қабірден кейінгі хал Қасиетті Құран-Кәрімнің «әл-Кәһф» сүресінде Құдайға қараған үш жігіттің хикаясы жайында сөз болады (Бұл ту­ расында Таурат пен Інжілде де кеңінен баяндалады). Елінің есерлігінен безген әлгі жігіттер бір үңгірді келіп паналайды ғой. Ұзақ ұйқыдан соң оянып тілге келген жігіттің бірі: «Біз осы жерде қанша мерзімге дейін жатып қалдық?» деп сұрайды. Сонда келесі жігіт «Бір күн» десе, одан кейінгісі «Бір жарым күнге жуық ұйықтап қалған секілдіміз» деп тіл қатады. Кейін олар азық-түлік алмаққа шаһарға келеді. Сау­ да барысында қолдарындағы күміс динарларының ештеңеге де жарамсыз болып қалғандығына көзі жетеді. Тектей кел­ се, бұл динарлар бұдан үш ғасыр бұрын қолданылған мүлік екендігі мәлім болады. Бұл жердегі әлгі үш жігітті аң-таң қалдырып отырған не? Мәселенің мәні мынада болып отыр. «Олар үңгірде үш жүз жыл жатып қалды және тоғыз (жыл) қосылды» деп баяндайды киелі Құран-Кәрім. Үш жігіттің үш ғасырға жуық ұйықтап қалғандығы бәрі­ мізге түсінікті болды. Ал одан кейінгі сөз болып отырған тоғыз түсінігі нендей мағынаға ие. Кәне, ол жайында да оймақтай сөз шығындап көрейік. Бұған белгілі ғалым Ақ­ жан Машанидің төл шәкірті Ғұзыхан Ақпанбек мырза бүй деп байлам айтады: «...Хижра жыл санауында бір жылда 354,36667... тәулік, яғни 354 күн, 8 сағат, 48 минут, 35 се­ кунд бар. Григориан мен хижраның айырмасы 11 тәулік. Дәл есебі 10,8755... күн. Осы айырма күннен бір жыл құра­ луы үшін 33,5839 жыл, ал тоғыз жыл болуы үшін 300 жыл өтуі керек. Хижра мен милади күнтізбесіндегі айырма күн­ дердің 300 жылда тура 9 жыл құрайтындығы туралы Құран­ да айтылған» деп жоғарыдағы аятты мысалға алады. Әлқисса. Бұл мәселені осы жерінен кілт тоқтата тұрып, дәл осы оқиғаға орайлас мына бір хадистің де мәнін ашалап алсақ деген ниетіміз бар. Пайғамбар ауызынан шықты дей­ тін осы бір сөз жоғарыдағы аяттың түсіндірмесі болуы да ға­ жап емес. Қалай десек те оқиға сорабы өте ұқсас келетін қос мысалда көп хикметтің сыры жатқандығы шүбәсіз. Имам

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Бұхари риуаят етті дейтін хадистің негізгі жүлгесі былайын­ ша өрбиді: «Бірде үш адам ұзақ сапарға шығады. Бір үңгірге түнемек болып ішіне кіргенде, таудан тас құлап кетіп үң­ гірдің ауызын бітеп қалады екен. Сонда олардың көкірегі­ не ғайыптан: «Бұл қатерден сендерді Алла ісіне арамдық қоспаған, шын ниеттеріңмен істеген ізгі істерің ғана құтқа­ ра алады» деген уақи келеді. Содан үшеуі жапа-тармағай ең жақсы деген амалдарын естеріне түсіре бастайды ғой. Алғашқысы: «Ей, Аллам, менің уақыт кеміріп, кәрілік иектеген ата-анам бар еді. Оларды тек маңдай теріммен асырадым. Бірде бір шаруамен алысқа кетіп, кештетіп оралсам, ата-анам ұйықтап қалған екен. Ол кісілерді оя­ туға дәтім бармады. Қолымда азын-аулақ сүтім бар бола­ тын. Содан таң атқанша оянғанын күтіп отырдым. Оянған­ нан кейін сол сүтті өз қолыммен пісіріп, екеуіне ішкізіп едім. Ей, рахымды Аллам, егер де осыны өз дидарың мен шын ризашылығыңды іздеп істеген болсам, мына басыма түскен қатерден өзің ғана құтқара көр» деп жалбарынған екен. Сол сәтте Құдайдың құдіретімен үңгір ауызындағы батпан тас сәл жылжығандай болыпты. Содан соң екіншісі былай деп жалбарына жөнеліпті: «Менің бір көрікті қызға көңілім ауды. Ынтызарлығым соншалықты, тіпті ішер ас-судан қалдым. Айналдырып көріп едім, әлгі құрғырым құрған тұзағыма түспей қор етіп кет­ ті. Бір жылдары елді құрғақшылық жайлады. Әлгі аруым көмек сұрап дәл алдыма келді. Көктен іздегенім жерден та­ была кеткен мен пақыр оған ырқыма көнер болса, 120 ди­ нар беретінімді айттым. Ол үнсіз келіскендей болды. Сөйтіп, қолынан жетелей бергенім сол еді, «Мұныңыз енді жөн бе?» деген қыздың жалғыз-ақ ауыз сөзі жан дүниемді түршікті­ ріп жіберді. Ұяттан жанымды қоярға жер таппастан, басым ауған жаққа қарай маңып кеттім. Әлгі жүз жиырма динар қыз қолында қалды. Оны алуға тіпті бетім де жоқ еді. Ей, рахымды Аллам, егер де осыны өзіңнен қорқып шын риза­ шылығыңды іздеп істеген болсам, мына басыма түскен қа­ терден өзің ғана құтқара көр» деп еңірегенде етегі жасқа толыпты. Сол кезде үңгір ауызындағы алып тас тағы да бір мәрте қозғалғандай болыпты.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Содан үшіншісі тұрып былай деп аңырай жөнелген екен: «Мен кісі күшін жалдап ырыздық несібемді табатын едім. Бір­ де бір адам пәленбай күн жасаған еңбегінің ақысын алмай өз жөнімен кете берді. Мен оның еңбегіне еш тигенім жоқ, қай­ та сол ақшаны саудаға салып, одан біршама дүние құрадым. Біраз жылдардан соң әлгі адам келіп баяғыдағы жасаған еңбегінің ақысын сұрады. Мен оған: «Мына көріп тұрған мал-мүліктің бәрі сіздікі, енді осыны түгелімен алыңыз» де­ дім. Ол «Мені келеке етіп тұрсың ба» деп ашуға булығып кет­ ті. Мән-жайдың бәрін түсінгеннен кейін ғана райынан қай­ тып, мал-мүліктің бәрін түгелімен алып кетті. Ей, рахымды Аллам, егер де осыны өз дидарың мен шын ризашылығыңды іздеп істеген болсам, мына басыма түскен қатерден өзің ғана құтқара көр» деп ол да омырауын жасқа бояп зарлағанда, Құ­ дайдың құдіретімен әлгі батпан тас айқара ашылып, ана үше­ уі аман-сау құтылған екен дейді» пайғамбар хадисі. Міне, мәртебелі оқырман, оқиғаның ұзын-ырғасы осы ғана. Енді ентігімізді басып, осы жерден ой қорытып көрейік. Егер де жоғарыдағы осы оқиғаларды жалаң, я болмаса тіке­ лей ғана түсінетін болсақ, біреулер бір үңгірге келіп үш жүз жыл ұйықтап қалған болса, тағы біреулер тас үңгірден «бір­ деңелерін» айтып, құтылып кеткен болып шығады емес пе? Сонда қасиетті Құран мен хадистің бар айтқысы келгені осы ғана болғаны ма? Осымен шаруа бітті ме сонда? Әрине, олай емес. Біздіңше, мәселенің мәні тым тереңде жатыр. Қос кі­ таптың түпкі тініндегі шындық бұл емес-тұғын. Енді түйіл­ ген түйінді бабымен тарқатып бағайық. Бұл жердегі үңгір түсінігі – кәдімгі қабір ұғымы. Дәлірек айтар болсақ, БҰЛ ОҚИҒА – ҚАБІРДЕН КЕЙІНГІ АҚУАЛДАН АҚПАР ЖОЛ­ ДАҒАН ҒИБРАТТЫ МЫСАЛ. Адамзат тарихында өлгеннен кейін өмірге қайыра келген жан баласы жоқ. Ондай құзырет жұмыр басты пенденің ешқайсысының да тәлейіне жазыл­ маған жай. Ендеше, екінші өмір хақында бізге (яғни тірі­ лерге) (киелі кітаптан басқа) кім мағлұмат бере алады? Әлде өмірден өткен исі адамзат нәсілі ме? Әлбетте, олай емес. Бұған берілер жауап бір Алланың өз құзырында ғана. Міне, АЛЛАНЫҢ АЯТЫ МЕН ПАЙҒАМБАР ӨСИЕТІ БІЗГЕ ОСЫ ҒИБРАТТАР АРҚЫЛЫ КЕЛЕСІ КЕҢІСТІК БАЯНЫН ИША­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы РАЛАП ОТЫР. Оқиғадан тұнған ой безбені ендеше мынадай болды: Адамзат баласы үрейлі үңгірден (қабір азабынан) тек ізгі істері арқылы құтылатын болса, Жаратқанның рахымы ықыласты құлдың шын пейіліне ғана түседі екен. Адамзат үшін арашаға түспек бір ғана амалымыз болса, ол осы ақ ниет пен шын жүректің бірлесе соққан лүпілі екен... Біз Абайды етене тану үшін ең алдымен кемеңгер кітап­ ханасымен танысу керек дегенді жиі айтамыз. «Әуелі аят, хадис сөздің басы, қосарлы бәйіт, мысал кел­ ді арасы» деп ой дестелеген ақынның өзі өлеңге қосқан киелі кітаптарының сөре басында тұрғандығы сөзсіз. Не нәрсенің болсын астары мен ақиқатын жазбай танитын ақынға бұл еңбектердегі әрбір сөйлемнің басқалай өлшемде тіл қатқаны тағы да анық қой. Құрғақ құлшылық пен «ынталы жүрек­ тің» өзара парқын аңдатқан осы ғибраттар, ақын кеудесінде ұзақ уақытқа шайқалып, кезі келгенде кемеңгер танымынан бүй деп ағытылып кетсе керек. Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз жол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа қол емес... Біз манадан бері ырғап отырған ықылым ойды Абай бірақ ауыз сөзбен шегендей салған екен. Есімізге түсірейік, жоғарыдағы үш кейіпкерге шын көмекші болған да осы «ын­ талы жүрек» пен «шын көңіл» емес пе еді? Сайып келгенде, мұның бәрі адам баласының өз қамы үшін ғана қажет. Себе­ бін әрбір «шыбын жан» иесі сезеді деген ниеттеміз. «...Әділет­ тік, арлылық, махаббатпен, үш жолдасың қабірден әрі өткен­ де» дейді тағы да хакім көрден кейінгі көмекшілердің түсін түстеп. Қазақтың қариясы жаны жақатпаған кісісін: «Сірә, осы бір неменің Құдай сүйер қылығы жоқ» деп жататын еді. Ақиқат ұялаған, аруақты сөздің бірі дәл осы екен. Бұл ұғым­ ның шын мағынасы енді ғана шымырлап бойымызға тараған тәрізді. Үңгірді үрей мен үміттің тайталасы десек, қай жағы үміттің пайдасына шешілер екен? Сол кезде біздің бойдан «Құдай сүйер бір қылық» табылар ма екен?..

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «ТОЛЫҚ АДАМ» «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста...»

Абайда «ақыл», «қайрат» әм «жүрек» іспетті үш ұғым қамшының өріміндей тұтасып бірге жүреді. «Үш-ақ нәр­ се – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» десе, енді бір ғазалында «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек...» дейді тағы да хакім. Ендеше Абайдың «толық адам» деңгейіне бұл үш ұғымның басын жымдастырып тең ұстағанда ғана қол жет­ кізетін болғанымыз ғой. Ал мұндай үш қасиетті кемеліне жеткізіп пар ұстаған адам бұрнағы он тоғызыншы ғасыр­ ды айтпағанда, бүгінде табыла қояр ма екен? Әй, қайдам дейміз... Алланың берген осы ғұмырында ақылы ұстарадай өткір небір адамдармен дидарлас болдық (Бірақ әлгі жан­ дардың «жылы жүрек» ісіне келгенде қайраңдап қала бере­ тіндігіне көп ұзамай-ақ көзіміз жетті). Базбірінің жарғақ құлағы жастыққа тимеген қайтпас қайратына таңырқасақ, енді бірінің ақылды ада етіп, тек жүрек ісіне ғана басым­ дылық берген «аяулы» уағыздарын тыңдай отырып, БҰЛ ҮШ ҚАСИЕТТІҢ БІР АДАМНЫҢ БОЙЫНАН ТАБЫЛ­ МАҒЫНЫҢ ШЫНЫМЕН-АҚ ҚИЫН ЕКЕНДІГІН ТҮСІН­ ГЕНДЕЙ БОЛДЫҚ. Ендеше, бұл үш құндылық мосының үш тағанындай, мұның бірінсіз пенденің «толық адам» ка­ тегориясына қол жеткізе алмасы анық болғаны ғой. Хакім­ нің жоғарыдағы ойды одан әрмен ширатып «...Жеке-жеке біреуі жарытпайды, жол да жоқ жарыместі жақсы демек», я болмаса «...Біреуінің күні жоқ біреуінсіз» деп отырғаны да осыны аңғартса керек. Адам неліктен жартыкеш (Абай­ ша айтсақ, жарыместіктің) шылауында қалады екен? Бұған басқа емес, өз өмірімізден жауап іздегеніміз жөн се­ кілді (Біздің «Бір кем дүние» деп өз-өзімізді жұбатудың астарында осы бір үш қасиеттің басын жымдастыра ұстай алмауымыз жатқан тәрізді). Бақсақ, адам баласы ақылының аздығынан – надан, қайратының кемдігінен – кедей, жүрегінің қаттылығынан имансыз атанады екен ғой. Айтыңызшы, осы үш кесірдің шырмауына түспеген пенде

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы баласы (бүгінде) қалды ма өзі?! Жұмыр жер үстін әбден зәрезап қылған қанды соғыстар мен рухани дағдарыс атаулының бәрі де осы үшеуінен нәр алып, дүниенің шырқын кетіріп отырған жоқ па?! Егер де, естеріңізде болса, ілгеріде жазылған бір мақа­ ламызда Абайдың қырық бес қара сөзі кей өлеңдерінің тәпсірі деген пікір айтқан болатынбыз. Салыстырып қара­ уыңызға болады. Хакімнің он жетінші ғақлиясы (дәл қазір) біз індетіп отырған «...Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек...» идеясының бейне бір қара сөзбен жазылған түсіндірмесі десек болатындай. Онда (он жетінші сөзде) ақыл, қайрат әм жүрек үшеуін өзара сұхбаттастырған кемеңгер: «...Осы үшеуің бір кісіде, менің айтқанымдай, табылсаңдар, табанының топырағы көз­ ге сүртерлік қасиетті адам – сол» деп жазады жарықтық. Басқан ізіңнен садаға кетейін-ай, данышпаным... Ант етуге бармын, Абайдың бір-ақ ауыз бұл сөзінде адамияттың күллі аңсар-мұраты самаладай жарқырап тұр. «Япыр-ай, не деген сәулелі сөз еді» дерсің іштей жүрегің еріп...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «МАХАББАТПЕН ЖАРАТҚАН АДАМЗАТТЫ...»

Біз тәуелсіздіктен кейін басқалай сапалық қабаттарға өтуіміз керек еді. Өкінішке қарай, олай болмай шықты. Тағы да тасыр түсініктерге таскенедей жабыстық та қал­ дық. Соның бірі – қазақтың діни сенім мәселесі. Егер де біз бүгіндері батиндық (ішкі) өлшемдерге өткенде тек заһир­ лық (сыртқы) сипатпен қалған сәби санамызға күліп қана қараған болар едік. Ат төбеліндей ғана Абаймен «ауырған» жақсыларымыз бұл жағдайды етене түсініп, ақынның биік өресі арқылы осы бүлінген түсінігімізді қалпына келтірмек­ ке қам жасап-ақ жатыр. Тек соны көретін көз бен еститін есті құлақтың табылмай отырғаны жаныңды жабырқатып жібе­ реді. Ілгеріде марқұм Таласбек Әсемқұлов өзінің кезекті бір мақаласында қазақ қоғамының рухани мешелдігі мен еш нәрсеге селт етпейтін меңіреу мінезі жайында: «Қазақтың қаламгері, жазушы болсын, журналист я басқа болсын, із­ денеді, тер төгіп жазады, жазғанын түрлі амалмен газетке, журналға басады, кітап қылып шығарады. Содан соң әлеу­ метке қарайды. Ал әлеумет... ләм-мим демейді. Қазақтың аспаны мақтадан жасалған сияқты. Дыбысты жұтып алады да, тұнжырап үнсіз тұра береді» деген болатын. Рас, бірдеңе жазған боласың, бірақ та оныңа әу деп үн қатар жан баласы табылмайды, тек қабарған өлі тыныштық қана. Біз Алла Тағала адамзатты өз кемел үлгісінде халифат (орынбасар) етіп тағайындап, оған өз рухының тарапынан дем үрлеп жаратты дейміз. Енді бұл сөздердің мағынасын жеке-же­ ке жіліктеп көрелік. Жоғарыдағы Жаратушы тарапынан үрленген осы дем не болды екен? Абайдың «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәт­ ті» деп отырғандағы (осы) «махаббат» ұғымы Жаратқан­ ның әлмисақтан адамға дарытқан РУХЫ ғой. Біз көбіне ауызекі әңгіме барысында «Біздің рухымыз тапталған я әл­ сіреген» деп жатамыз. Сөйте тұра сол РУХТЫҢ не екендігін өзіміз де түсінбейміз. Ғұламалар пікіріне илансақ, Алланы танудың жолы ең әуелі РУХТЫ танудан басталады. Ар­ дақты пайғамбарымыздың «Сендер өздеріңді танымайын­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ша, Алланы танымайсыңдар» деп айтып отырғаны да сол (Бұл жерде өзіңді тануың – РУХТЫ, ал рухты танымағың АЛЛАНЫ танығаның екендігі анық айтылып тұр ғой). Ендеше, адамсыз Алла Тағаланың ешқандай мәні болмай­ тынын, Құдайға қауыштырар жолдың әуелі өз рухыңның ішінде төселгенін етене түсінген жөн. Қазақ танымына РУХ «жүрек ілімі» деген жиынтық атаумен де орныққан (Бұл бейне бір Алла мен адам арасын байланыстырған рухани көпір іспетті десеңіз болады). Бұрын қазақтың Құдай қай­ да дегенде, сол жақ кеудесін (яғни жүрегін) көрсететіні осы екен ғой. Ең өкініштісі, біз бүгінде осы бір танымның тасталқанын шығардық. Әуелде Ұлы Жаратушы тарапынан үрленген осы дем, сіз бен біздің шын болмысымыз еді ғой. Олай болса, ӨЗ ІШІМІЗГЕ РУХ БЕЙНЕСІНДЕ ЕНГЕН ҰЛЫ ҚҰДАЙДЫ толығымен ұмытып, неге ғана сырттан «құдай» іздеп сандалып кеттік (Бұл төрт төңіректі түгелімен шарқ ұрып шарласақ та бәрібір табылмайды ғой). Жүрек­ тен емес, Мекке мен мешіттен іздеген бұл «құдайымыз» біз­ ді қай ұшпаққа шығармақ екен? Міне, аталған сұрақ тек біздерді ғана емес, талай мықтылардың да маңдайын уқа­ латқан ауыр сауал болғанға ұқсайды. Француз жазушысы Бернарден де Сен-Пьер: «...Күллі дүниеге сыймайтын ұлы Тәңіріні әр жұрт өзінің ғибадатханасына қамағысы келеді. Тәңірінің ізгілігін сипаттайтын Құдай өзі дүнияға шашқан нығметіне жететін мадақ сөз бар ма? Адам жүрегіне жазып қойған Құдайдың өз кітабындай шариғат кітабы бар ма? Неғұрлым Құдайды жоғары, биік деп, ұлы деп ұқса, соғұр­ лым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын, Құ­ дайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы: рахметін көріп, рақымды болмақ, мейірбандығын көріп, мейірімді болмақ...» дейді. Дәл осы тақылеттес ойды әйгілі италияндық жиһангер Плано Карпини де айнытпай қайта­ лайды: «Бірде Мәңгі хан алдына молданы, попты және ша­ манды шақырып алып: «Әрқайсың өз діндеріңді мақтаңдар, бірақ та басқа дінді еш қараламаңдар» деп бұйырыпты. Олар рет-ретімен діндерін мақтап болған соң, Мәңгі хан попқа қа­ рап: «Қалайша жер біреу, күн біреу, ай біреу де, ал сендер­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . дің құдайларың үшеу, бұл ақылға қонбайды» депті. Сосын молдаға қарап тұрып: «Сендер Аллаға шаң жуытпайсыңдар, бірақ сол шексіз деп таныған Алланы өздерің салған мешіт­ ке апарып тығып қоясыңдар да, «Бұл – Алланың үйі» дей­ сіңдер. Сосын Алланың сөзі деп Құранды қайта-қайта оқи бересіңдер. Сонда шексіз Алланың сөзі шектеулі болғаны ма?..» дейді. Дүниеде ең қиын нәрсе адамның бір ғана тү­ сінікпен тұйықталып қалған стандартты санасы ғой. Бұл бейне бір борсыған су секілді. Қысқасы, мұндай алуан түр­ лі пікірлердің де өмір сүруге өз қақысы бар екендігін ескере отырып, осы мысалдарды арнайы келтіріп отырмыз. Алланың адамды өз кемел үлгісінде сомдап, рухынан дем үрлеп жаратуы, шындығында, тіл жеткісіз мәртебе ғой. БҰЛ АЛЛАНЫҢ АДАМҒА ДЕГЕН ҰЛЫ МАХАББАТЫ ДЕМЕЙ КӨРІҢІЗ ЕНДІ. Олай болса, Абай өлеңінің аясы тым әріде жатыр. Біз ақынның екі жол өлеңінің өн бойынан осы бір сырды аңғарғандай болдық. Сөйттік те, ойымызды ор­ таға салып, оқырманмен бөлісіп отырмыз. Ал адам өз ішін­ дегі РУХЫН қалай таниды? Мұның толыққанды жауабы хакімнің отыз сегізінші ғақлиясында қатталып тұр. Әзірге оны келесі бір әңгіменің еншісіне қалдыра тұрайық.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «ШЫННАН ӨЗГЕ ҚҰДАЙ ЖОҚ...» Шәкәрім өлеңдері хақында Шәкәрім өлеңдерін індеткен адамға қазына ерен. Шын­ ның бір аты рас. Хакім Абайдың «Рас сөз еш уақытта жалған болмас» деп айтатыны да сол ғой. Қоғам күнсіген дәкедей оңып, неге ғана бүлінеді осы? Бұл гамлетті сауалға Шәкәрім «Шындықтың бетін қара бұлт торлап, өтіріктер қоғадай қау­ лаған шақта қоғам бұзылады» дейді. Қажының айтқанымен келіспеске еш амал жоқ. Бақсақ, біздің болмысымыз да өті­ ріктермен суарылып, сол шіркіндер рухымызды бас көтере алмастай етіп, әбден шырмауықша шандып тастаған екен. Ғибрат үшін өткен өмір мен қу соқпақтан бірер мысал кел­ тірейік. Мысалға Ленинді алайық. Кешегі кеңес адамы осы бір адамның кез келген қателігіне сыни көзқараспен қарамақ тұрмақ, ол турасында алабөтен ойлаудың өзін өзіне кеші­ рілместей күнә санады ғой. Содан шығар, күн көсемнің есі­ мі атала қалса болғаны, еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін қоғадай жапырылып ғизат етісетін. Енді салыстырып көрейік. Сол кездегі Әлихан Бөкейханның бет-бейнесі қан­ дай еді? Бәрімізге мәлім, бұл есім сол шақтағы уақыт пен ұғым түсінігіне мүлде томпақ келетін кереғар тұлға еді ғой. «Шындық иіледі, бірақ сынбайды. Майдың су бетіне қалқып шығатыны секілді, кезегі келгенде өтіріктің бетіне қалқып шығады» деп жазады әйгілі Сервантес. Жазушының айтқаны рас. Міне, бар-жоғы бір-ақ ғасырдың бедерінде тұтас дүние тағы да төңкеріліп түсті. Мұны бейнелі тілмен «Дүние ау­ дарылып, асты үстіне шықты» деп айтсақ та болатындай. Бірде шай үстінде бейсана ауызымызға түскен Ленин сөзі­ не таңырқаған бес жасар ұлым «Әке, Ленин деген «Ленд кру­ зер» секілді джип машинасы ма?» деп сұрағаны бар. Әгәрәки, осы бір сөз бұдан бір ғасыр бұрын айтылғанда менің халімнің қандай болмағын елестетудің өзі қиынға соғар еді (Әсіресе бұл әсіре белсенді біреулердің құлағына шалынып кеткенде). Уақыт шіркін ешкімнің де бетіне тіктеп қарамайды екен ғой (Ол тіпті бір империяны билеген патша болса-дағы). Қысқасы, күні бітіп, құйысқаны босаған кезде өтірік идея­ лар мен жасанды «құдайлардың» барлығы да қопарылып

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . құлайды екен. Неге дейсіз ғой? Мұны әділет алдына төреле­ тер болсақ, күллі дүние «Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ» заңдылығының алдында бас иеді емес пе? Он сегіз мың ға­ лам құдіреті күшті Құдайдың иелігінде десек, ақиқат атаулы тек Аллаға тән дүние ғой. Біз бұдан АҚИҚАТТЫҢ (Шәкәрімше айтсақ, шындықтың) Құдай екендігін, ал шындыққа қызмет ету дегеніміз Құдайға құлшылық ету екендігін аңғарамыз. Осы бір ойды данышпан бір-ақ шумақ өлеңге сыйғызып былай дейді. Шыннан өзге Құдай жоқ, Анық Құдай – Шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса, кім Құдай? Жемір уақыттың өкпек желі мен жаңбырына бір ғана нәр­ се шыдас берер болса, ол ШЫНДЫҚ ұғымы екен. Бұл жердегі Шәкәрім айтып отырған ШЫНДЫҚ оңбайтын, тозбайтын әм өзгермейтін болғандықтан, Жаратқан есімін жеке-дара иеле­ ніп тұр. Енді осы ғазалдың екінші шумағына ойысып көрелік. Бұрын шын бар, бүгін шын, Ертең шын бар – үш бөлек. Керегі жоқ бұлардың, Бұзылмайтын шын керек.

Төбесінен дәл түспесек те мағынасы мынаған саятын: «Мен жыраулар поэзиясының бір шумақ өлеңіне бар­ лық шығармамды айырбастар едім» деген сөзді, ұмытпа­ сақ, көрнекті қаламгер Мұхтар Мағауин айтса керек-ті. Шәкәрімнің жоғарыдағы бір шумақ өлеңі де дәл сондай (тү­ гел дүниеңді тәрік етсең де баға жетпес) сойы бөлек сом дү­ ниенің нағыз өзі. Өлеңдегі ақын айтып отырған «бұрынғы шындықтың» кезегі келгенде қандай өзгеріске ұшырағанын мақала басында там-тұмдап болсын атап өттік. Егер де бү­ гінгі қазақ социмуының санасын меңдеген құрттаған ұран­ дар мен желдей азынаған өтіріктер осы күйінде сақталып тұрар болса, «бүгінгі» күн «ертең» туғанда қайыра айналып келіп, баяғы кептің аяғын құшады ғой... Міне, сол кезде сіз 7-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Шәкәрім сөзіне шын жүрегіңізбен иланбай көріңіз енді. Ен­ деше «БҰРЫН» мен «БҮГІН» әм «ЕРТЕҢ» ұғымдары тым өзгермелі дүние екен. Ал өзгермелі нәрседен ақиқат атаулы табылмақ емес (Сондықтан бұл үшеуі шындықтың қайнар көзі болып еш есептелмейді). Мұны етене білетін данышпан­ ның бұлардың (яғни үш уақыттың) маған «керегі жоқ» деп кесім етіп отырғаны да сол. Шәкәрім бұл арада бұзыл­ майтын шындыққа ғана бек ынтызар. Сонда кемеңгердің бұл «бұзылмас шындығы» не болды екен? Біздің пайымдауымызша, ақын АБСОЛЮТТІ УАҚЫТ уақыт хақында айтып отыр. Сірә, жоғарыдағы мұндай ға­ жайып туындылар иррационалдық кеңістік өлшеміне өт­ кеннен кейін ғана туындайтын болса керек. МАҒЫНАСЫ ШҮҢЕТ МҰНДАЙ ӨЛЕҢДЕРДІ СІЗ БЕН БІЗДІҢ ЖАЗА АЛМАЙТЫНЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ СЕБЕБІ, РУХЫМЫЗДЫҢ (осы), ДӘЛІРЕК АЙТСАҚ, ҚАЗІРГІ МАТЕРИАЛДЫҚ УАҚЫТҚА БАЙЛАНЫП ҚАЛҒАНДЫҒЫНДА БОЛЫП ОТЫР. Ал Шәкәрім шығармашылығынан аталған арзан науқаншылдық пен конъюнктура дегенді атымен ұшырата ал­ майсыз. Сірә, саф өнердің шын биігі деген осы болса керек. Біз жиі айтатын Қорқыттың «өлімнен қашу» пәлса­ пасы да (дәл сіз бен біз ойлағаннан) мүлде бөлек кеп. Мұны Қорқыттың «өліммен күресі» десек те болатындай. Абыздың бұл жердегі идеясы тәндік (Абайша айтсақ, «ме­ нікіне» келетін) өлімнен емес, рухыңа келетін өлімнен азат болуды аңдатып отыр. Қорқыт адамзат нәсіліне осыдан бек сақтануды құлағдар етеді. Әйтпегенде, «Жалғаншыға кел­ мей бақ, келсең бірақ өлмей бақ» деп данышпан үздіге айтпас еді ғой. Неміс ойшылы Мартин Хайдеггердің «Болмыс және уақыт» еңбегінде де осы меңзелдес ой айтылады (Біз алдағы уақытта Қорқыт пен Хайдеггер пәлсапасын өзара салыстырып жазатын болғандықтан осы жерден тоқтам жасаймыз). Қысқасы, данышпандар еңбегінің жыл артқан сайын асқақтай беретіндігінің сырын бұл үш уақыт белде­ уінен гөрі басқалай ендіктен іздегеніміз дұрыс. Ең бастысы, ШЫНДЫҚТЫҢ шапағы көкжиектен көтерілген күні жалтжұлт еткен жалған ұғымдардың сол сәтінде-ақ еріп кететін­ дігін есімізден еш шығарып алмасақ екен...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «ОТ ЕМЕС ҚОЙ ДОЗАҚ ТА» Қазақ дін қайраткерлерінің рухани ұстазы болған, ғұлама ғалым имам Ғазали өзінің «Ихия» атты еңбегінде: «Біз үмбе­ тіміздің деңгейіне (ақыл дәрежесіне) қарай сөйлеуге бұйырыл­ дық» деген пайғамбарымыздың бір хадисін келтіреді. Бұл ойға түсіндірме жасамас бұрын мына бір жанама мысалға да назар аудара кетелік. Кешегі қызыл қырғынның құрбаны болған алаштың жас арыстаны Смағұл Сәдуақасов: «Біздің қазақ теориялық тұжырымдарды түсінбейді. Оған көз алдында көріп тұрған қойы, киізі, арбасы туралы айтсаң ғана ұғады» дей­ ді. Біз бұдан жас Смағұлдың халқына қаншалықты жақын болғандығын, кез келген жаңа идеяны ұлттың болмысы мен таным түсінігіне сай тәсілдермен ұғындырмаққа талап­ танғанын көреміз. Жоғарыдағы пайғамбар сөзі де дәл осы мақсатта айтылып тұр ғой. Үмбетіне бір нәрсені түсіндіру үшін олардың танымына тән өлшемдерге өткендігін, Жара­ тушы тарапынан солай бұйырылғандығын да аңғаруымызға болады. Бұл жерде нәбидің ғұмыр кешкен уақытының біз­ ден аттай 1400 жыл бұрын екендігін де есте ұстағанымыз аб­ зал. Сондықтан қасиетті Құран-Кәрімде айтылатын «жұмақ» пен «тозақ» ұғымдары мен пайғамбар хадистерінде келетін «дәжжәл», «мәді», «иса», «яжүж», «мәжүж» секілді күрде­ лі идеялар сол кезгі адамдардың қабылдауына лайық мысал­ дарымен түсіндірілгені анық. Ендеше, осы жағдайларды еш ескерместен, Құран аяттары мен пайғамбар хадистерін тура мағынасында қабылдауға бола ма екен?! Әлбетте, болмайды дейміз. Міне, осындай мүгедек таным «молдалыққа» қарсы болған ойшылдың бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. ...Молдеке-ау, олай емес қой, Қыз құшып жеміс, жемес қой. Мысалмен айтқан кеңес қой, Тәпсірлеуге миың тар... «Бейісте бар сұлу жар» деп аталатын осы өлеңінде Шәкәрім пейіштегі хор қызы туралы түсінікке қарсы шығады. Не нәрсені болсын ақылына салып саралайтын данышпан­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ның мұны қабылдай алмауының мынадай да себептері бар ма деген ойдамыз. Біріншіден, адамның «қыз құшу» үшін денесі, дұрысы нәпсісі болуы шарт. Ал нәпсісі болған жер­ де күнә мен қиянаттың болмай қоймайтыны тағы да анық (Бұған мысал ретінде Адам ата мен Хауа ананың жұ­ мақтан қуылу хикаясын есіңізге түсірсеңіз болады). Жү­ гірген аң мен ұшқан құсты торға түсірген «тамақ» екендігін ескерер болсақ, періштенің күнәдан пәк болуының себебі нәпсіден шет болғандығында емес пе? Екіншіден, біздің бар мақсатымыз алтын шатырлы биік үйлерде тұрып, хор қызын құшпақ, «жұмақ» үшін ғана Жаратқанға жалбарынған болсақ, мұнымыз енді таза «сау­ дагерлік» қой (Мұның пәнилік тіршіліктегі арман-мұрат­ тан нендей айырмашылығы бар). Нәпсінің торына шыр­ малған мұндай материалдық санамен Жаратқанға жақын­ дау дегеніміз тіптен күлкілі ғой. Міне, Шәкәрім идеясының басты шындығы да осы. ...От емес қой дозақ та, Дүние ісі жоқ о жақта. Барамыз ғой қонаққа, Сонда анықтап байқалар... Біз тақырыпқа шығарып отырған осы өлеңнің алғашқы жолында үлкен мәселе тұр. Жалпақ тілге жатқызып айтар болсақ, «Дозақ дегеніміз от емес» дейді Шәкәрім. Сонда әлгі молдалардың «Ойбай, ертең тозақта адамды лапылдатып жандырады екен» деген лепесі қайда қалады? Шәкәрім қолданып отырған бұл жердегі «от» мәселесі «мораль» ұғымы. Моральдық қиналысты тіл суреттеп беру­ ге дәрменсіз болғандықтан, мұны адам елестете алатындай мысалдармен бейнелеп беріп отыр. Айталық, адам ауырған­ да аурудың қиындығын тілмен айтып жеткізу еш мүмкін емес қой. Мұны бейнелеп «Денесі оттай жанып тұр екен», я болмаса «Мұздай болып қатып қалыпты» деген метафора тәсілдері арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұның бәрі «мы­ салмен айтқан кеңес қой», әттең, осыны түсінуге «миың тар» дейді қажы. Ендеше, моральдық азап дегеніміз АР мен ҰЖДАННЫҢ соты екен. Медицина ғылымының атасы,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . әйгілі ғалым Ибн Сина өзінің «Руһ» атты еңбегінде осы ойымызды қуаттап, «Ақыретте адамның денесі болмайды, жәннаттың рахаты мен тозақтың азабын дене емес, жан тартады» дейді. Пайғамбар хадистерінде келетін кей ұғымдардың астар­ лы мәні бар екендігін, ол бейнелі мысал тілінде берілген идея екендігін жоғарыда атап өттік (Мәселен, «дәжжәл» ұғымын интернет десек, «күннің батыстан шығуы», ғылымның Еуропаға (батысқа) ауысуы болуы бек мүмкін). Мұны ай­ рықша айтып отырғанымыздың себебі әбжат ғылымының білгірі, ғұлама ғалым Ақжан Машани: «Пайғамбарымыз бір хадисінде айтқан екен: «Білімді мейлі, ол қытайда болсын меңгеріңдер. Себебі білімді болу әр мұсылман үшін міндетті». Пайғамбардың (с.ғ.с.) осы сөзіне ой жүгіртіп, талдап көре­ лік. Бұл жердегі «Қытай» (СИН) дегенді өз мәнінде қабыл­ дауға бола ма? Бұл сөз тұспалдау болса керек. Енді әбжат кестесін пайдаланып, сандық мәнін анықтайық. С-90, И-10, Н-50 жиыны болады 150 немесе 100+50. Енді осы екі санның әріптік баламасын аламыз. 100-Қ (қаф) Н-50 (нун). Араб тілінде ҚН, оқылуы «қаннун» (каннон ) – заң, мөлшер де­ ген сөз. Демек, «қытайдан үйрен» деп отырған ұғымды қаф пен нун – Тәңірдің заңын үйреніп, Алланың жолымен жүру деп түсінуіміз керек» дейді. Бақсақ, бұл жерде қытай туралы ешқандай да сөз болмай шықты. Міне, біздің не нәрсені болсын тура түсініп, келте пайым жасауымыздың мәні интер­ претацияның, Шәкәрімше айтсақ, тәпсірдің жоқтығынан екен. Соның кесірінен ислам әлемі бүгіндері мәдениет пен өркениет ошағы ретінде толыққанды тоқырап, тек дін ретін­ де ғана өз функциясын атқарып отыр. Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне, Дін десе тұра қашты ер-азамат. Бар обалы олардың тәпсіршіде, Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат. Уақыт тозаңына көмілген осы түсінігімізді желдетіп, көңіл көзімізді бітеген бұл «таттан» бізді кім тазартады? Әлде «аспандағы жұлдыздың ағуын Алланың шайтанды қуалаған тасы» деген тасыр түсінікпен тағы да отыра берсек пе екен?

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» Герменевтикалық талдау Бала – жаныңды жалғанмен байланыстырып тұрған бей­ не бір көпір іспетті. Өмірде жіберген есең мен әнтек басқан әттегенайларыңның қарымтасын тек ұрпағыңмен ғана тү­ гендей аласың. Ендеше бала атаулыны әке мұратының жас тәнге алмасқан жаңа бір мүмкіндігі десек те болатындай. Қытайдың көне бір мақалы да осы ойымыздың ондығына дөп келеді. «Бала әкеден қанша жас кіші болса, сонша жас үлкен» пәлсапасының астарында келер мезгіл мұрагерінің кім екендігін мойындаған әділ бітімгершілік жатыр. Базбіреулер үшін бала бел қызығының құрбаны, я бол­ маса ерлі-зайыпты екеудің төсеки алқынысынан пайда бола салған тіршілік иесі ғана. Мұндай тасыр түсініктің төңіре­ гінен «жауапкершілік» туралы ой іздеудің де қажеті бола қоймас. Міне, алдымда қос парағы айқара ашылып Франц Кафканың кітабы жатыр. Жазушының «Әкеге хат» деп ата­ латын осы бір туындысындағы әке мен бала арасындағы қа­ тынасты оқып отырып жон арқаң мұздап сала береді. Әри­ не, мұндағы қатыгездік төркіні өзге тақырыпқа жүк. Біздің жазбағымыз керісінше, мейірім мен сүйіспеншілік мәселе­ сі. Әлем әдебиетінде әке мен бала арасындағы махаббатты Абайдай иін қандырып жазған ақын некен-саяқ. Мұндай ға­ жайып ғазалға балама болуға жарайтын бірден-бір шығарма көне дәуірдегі испан ақыны Хорхе Манрикенің «Әке өліміне арнау» атты туындысы деген болар едік. Поэманың қысқа­ ша ғана мазмұны мынаған саяды. Өмірді өзенге теңеген ақын «Өлім атаулы сол өзенді өзіне тартқан түпсіз теңіз секілді, бәріміз де ағып келіп соған құямыз» дейді. Әкесі дон Родригені жоқтап, омырауын жасқа бояған шайыр әке даңқын аспандата жырлап, оның батырлығы мен білгірлігін Юлий Цезарьге, ал шыншылдығы мен шешендігін Цице­ ронға теңейді. Өлімді өнер дәргейінде қабылдауға үйреткен осы бір поэманың негізгі өзегінде қурай үніндей уілдеп бір сарын естіліп тұрады. Осы сарын Абайдың әкесі Құнанбай

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . мен бауыры Оспанды жоқтағандағы зарына қатты ұқсайды (Бір қызығы, хакімнің Құнанбайды – Шыңғыс хан мен Ес­ кендірге, Оспанды Платон мен Сократқа теңеген жолдары Хорхе өлеңінің бейне бір жалғасы секілді). Қос шығарманы өзара жымдастырып тұрған ортақ мәселе – әке мен бала арасындағы ғажайып махаббат тақырыбы. Міне, біздің де ізіне түсіп індетпек шаруамыз дәл осы болғалы тұр. Уақыт тілшесі Хорхеден Құнанбай баласына қарай ауысқанда аталған кейіпкерлер тобы толығымен орын ал­ мастырып үлгереді. Мұндағы ең басты айырмашылық, әке өз перзентін өлгеннен кейін емес, керісінше, көзі тірісінде ұлықтайды. Осы орайда мына бір мәселенің де басын аша­ лап айтқымыз келеді. Гуманитарлық ғылымда сірескен сте­ реотиптерді сөз қылмағанда, белгілі авторитеттердің атағы мен даңқы алдыңғы шепте жүреді. Олардың еңбегінен көрі есімдерінің бірінші болып куәгерлікке тартылып жататыны да сондықтан. Бір қызығы, сол «данышпандар» дұрыс деп тауып, батасын берген деректі сенің ақылың мен жүрегің, түйсігің мен танымың еш қабылдай алмаса ше? Сонда не іс­ теуге болады? Міне, бұл шаққа дейін мың ғалымның ауызымен «ғашықтық жыры» деп мойындалып, ат қойылып, азан шақырылған хакім еңбегінің бірі – «Көзімнің қарасы» өлеңі. Ал, біздің пайымдауымызша, мұның «махаббатқа», оның ішінде әйел затына ешқандай да қатысы жоқ. Бұл Абайдың тәні бөлек демесең, жаны бір, жалғандағы шын «ғашығы» Әбдірахманға арнаған өлеңі болатын. Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді ішімде Ғашықтың жарасы. Рас, Әбдірахман Абай үшін «көзінің қарасы» мен «көңі­ лінің санасы» еді. Балқожа биді бек ынтызар еткен Ыбырай секілді «Үміт еткен көзімнің нұры балам» ықыласының шын иесі-тұғын.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Мәселенің мия тамырындай болып бытысып кетуіне, төр­ тінші жолдағы «ғашықтық» сөзінің көп әсері болғанға ұқ­ сайды. Бұған басты себеп, кешегі материалистік идея «махаббат» пен «жар» ұғымдарын санамызға тек әйел образы ретін­ де ғана бейнелеп, одан асыра ойлай алмайтын можантопай түсінікке ұрындырды. Ал бағзыдағы бабалар пайымы үшін «махаббат» пен «жар» ұғымдары ҚҰДАЙЛЫҚ таным бола­ тын. Бұл сөзімізге Шәкәрім қажының мына бір өлеңі куә. ...Менің жарым қыз емес, Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры. Жасырып тұр жар өзін, Бас көзімен қарама. Жүрегіңнің аш көзін... Қазақтың «Құдай жар болсын» сөзінің шын мағынасы да осы бір ойда жатқанға ұқсайды. Ғашықтық – асқақ ұғым. Ол жан қалауынан туса, құмарлық, керісінше, тән қала­ уынан туады. Екеуі сырттай біріне бірі қатты ұқсағаны болмаса, мүлде кереғар ұғымдар. Хакімнің «Ғашықтық, құ­ марлықпен – ол екі жол» деп арасын ашалап айтатыны да сол. Біздің ең басты қателігіміз «ғашықтық» сөзінің шын табиғатын тани алмағанымызда болып отыр ғой. Шәкәрім өлеңдегі «жар» түсінігі секілді, бұл жердегі «ғашықтық» сөзі де сакральды ұғым. Ендеше, «ғашықтық» ұлт пен ұлыс, еркек пен әйел деп әсте бөлінбейді екен. Онда тек ынты­ зар адреске деген алапат сүйіспеншілік қана болады. Міне, Абайдың ақуалы осыны көрсетеді. Қазақтың данасы, Жас үлкен ағасы. Бар демес сендей бір Адамның баласы. Құдайшылығын айтайық, осы бір шумақтың әйел за­ тына нендей қатысы бар? Өлең алаш баласының «данасы»

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . мен «ағасы» болар азаматына салмақ түсіріп тұрған жоқ па? Басқа бағдарға негіз тартқан бұл шумаққа күмәнмен қарағандарға, ақынның «Әбдірахман науқастанып жатқанда» жазған өлеңдері мен ол дүниеден өткеннен кейінгі топтамасына назар аударуын сұраймыз. Сол өлеңдердегі: «Жасқа жас, ойға кәрі едің», я болмаса «Көрген, білген өкін­ ді, мін тағар жан болмады» деген жолдар жоғарыдағы шу­ мақтың айна-қатесіз аналогиясы емес пе? Жүректен қозғайын, Әдептен озбайын. Өзі де білмей ме, Көп сөйлеп созбайын. Мүрсейіт Бікі баласының қолжазбасымен жарияланған Абайдың алғашқы жинағында «Көзімнің қарасы» өлеңі 1891 жылы жазылған деп көрсетілген екен. Әбдірахманның 1895 жылы не бары жиырма жеті жасында мерт болған­ дығын ескерсек, аталған ғазал сүйікті ұлының көзі тірісінде туған. Біз ақынның «Өзі де білмей ме» ишарасынан осыны аңғарамыз. Екінші жағынан, осы бір өлең жолдары әке мен бала арасында орнаған шын асықтықтың ұлына да айпара­ дай анық екендігін әйгілеп тұр. Небары төрт шумақтан ғана тұратын ғазалдың соңғы жолы ақынның сөз түйіні іспетті. «Көп сөйлеп созбайын» деп өз-өзіне тоқтам жасайды. Міне, кісіліктің әдебі де осы. Осымен бәрі де бітуі керек еді. Жоқ, олай болмай шықты. Он сегіз шумақтан тұратын өзге бір өлеңнің бұған еш себепсіз қосылып кетуі, негізгі шындықтың қайнар көзін бітеп кеткен. Сіз бен біздің айдай ақиқатты ажырата алмай сандалып отырғанымыздың себебі де содан. Айтпақшы, ұмытып барады екенбіз, Абайдың «Көзімнің қарасы» әні жұмыр жер бетіндегі әр қазақ баласына таныс де­ сек, асыра айтқандық емес. Сол бәріміз «білетін» ән Абайдың түпнұсқа туындысы емес, өзгеріске ұшырап операға бейім­ делген версиясы ғана. Алғаш домбыра табиғатындағы өзі­ нің төл нұсқасын аруақты әнші Мәдениет Ешекеевтің үнтас­ пасынан естігенде, көңілдің айран-асыр болғаны бар.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Бақсақ, ән әуенінде әйел бейнесі деген атымен жоқ, ке­ рісінше, келер уақытқа деген сенім мен үлкен үміт бар. Сол үкілі үміттің кейіпкері ән әуезінің өн бойында менмұндалап тұрады. Музыка мамандары «Қазақтың көптеген әндері қыз заты­ на арналған» дейді. Бәлкім, солай да шығар, бірақ бұл жер­ дегі «ғашықтықтың» оған үш қайнаса да сорпасы қосыл­ майтынын қадап тұрып айтқымыз келеді. «КӨЗІМНІҢ ҚАРАСЫ» – көзінің қарашығындай болған Әбдірахманға әке тарапынан жазылған ғажайып туынды. Ақынның аманатындай болған осы бір өлеңді талдауға, шынымды айтсам, көпке дейін жүрексініп жүрдім. Иә, уақыт толғағымен ішке түскен шемен ойдың «шер толқытқандағы» шыққан сәті бүгін болды. Не нәрсенің болсын өз әдебі бар. Ендеше, «көп сөйлемей» біз де сөзімізді осы жерінен тәмам етейік.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «ТУҒЫЗҒАН АТА, АНА ЖОҚ...» I «Бір бала әкеден өте, бірі жете, енді бірі кері кете туады» деген сөз Қазыбек биден қалған деседі. Осы бір ғақлия айтулы бидің иелігіне телінгенмен, исі қазақтың өз ғұмырынан түйген мол тәжірибесі мен арман-мұраты болса керек. Рас, өзінен оза туып, аруағын аспандатар перзент­ ті қай әке аңсамайды дерсің! Бұл ынтызарлық әкенің тұла бойы тілеуінің негізінде ғана жүзеге асарына жазбақ дүние­ міз жауап болады деген үміттеміз. Әке мен бала бірлігі – мүлде бөліп қарауға келмейтін бір контекстегі тұтас ұғым. Балаға (бұл жерде ұрпаққа десек те болады) тек шежіре есебінде ғана қарау, әрине, басқа мәселе (Әңгіме жүлгесі тек төл туғызу турасында бол­ са, ол енді жан-жануарлардың да жасай алатын шаруасы ғой). Қысқасы, қазақта өзінен асырып ұл туғызған бақыт­ ты әке болды ма, болса, кім болды екен? Біз бұл сауалға бір ауыздан, иә, ондай әкелер аз болмаған, соның бірі Құнанбай Өскенбайұлы дер едік. Құнанбайдың жалған дүнияға жа­ ралғандағы мақсұтын жалғыз-ақ ауыз сөзінен тануымызға болады. Оның жүрек үлпілі мен күллі аңсар мұраты осы бір сөздің ішінде ғана дамылдап тұр. Бұл перзенті Абайға қарата айтылған: «Әй, Ыбырай, сен мықты болсаң өзіңдей ұл тудырып ал» деп келетін әйгілі сөзі ғой. Сонымен, ПАРАСАТТЫ ӘКЕ, ҚҰРСАҒЫ ҚҰНАРЛЫ ШЕШЕДЕН ШЫҚҚАН ҚҰНАНБАЙ ТУМЫСЫНАН ЗЕРДЕЛІ-ТҰҒЫН (Абайша айтсақ, «Екі асылдан қосылған, сом алтынның сынығы» болатын). Осылай десек те, Құнанбайды қатал уақыт сыны басқа сүрлеуге түсірді. Ол кезең алаштың ғылым-білімнен іргесін аулақ салып, қазақ баласы атүсті, шоқпар тілінде сөйлеген замана еді. Осы бір жәйт есіл ер­ дің тұла бойын түршіктіріп, шыбын жанын шыжғырмады дей аламыз ба? Қысқасы, ҚАЗАҚТЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН КІСІ­ ЛІКТЕН КЕТКЕН ЕСЕСІ ҚҰНАНБАЙ ЖҮРЕГІНДЕ ШОР БОЛЫП БАЙЛАНҒАН-ДЫ. Ендеше, есе қайтару керек.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Басқалай сөз қыдыртып, тіл безеудің тіпті де қажеті жоқ. Әкенің осы бір алапат сезімінен Абай жаратылды. АБАЙ – ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТЕҢІЗДЕЙ ДОЛДАНҒАН ШЕР НАЛАСЫНЫҢ ЖЕМІСІ. Ол әкенің өмірден алған өші мен аңсар мұратының қарымтасы десек те болады. Құнанбайды Құ­ дай алқады. Арманына жетті. Әйтпегенде жоғарыдағы сөз­ ді айталар ма еді...

II Ел ішіне сау келсең, Тағылым айтпас ер медің? Жол көрсетіп сонда өлсең, Арманым бар дер ме едім, – деп Абайды зар еңіреткен Әбдірахман да заманадан басы озып туған бала-тұғын. Біз хакімнің «Ол қуатым еді рас» ишарасынан Әбдірахманды өзінің биологиялық әм рухани жаңа өрісі ретінде мойындауын көреміз. Осы жерде мына бір жәйттің басын ашып айтуға тиіспіз. «ТУҒЫЗҒАН АТА, АНА ЖОҚ, ТУҒЫЗАРЛЫҚ БАЛА ЖОҚ» ұғымының ал­ дында Құнанбай әулетінің, әманда, беті жарық. Қалайша дейсіз ғой?! Абайдың біз бас әріптермен арнайы ұсынып отырған жоғарыдағы екі жол ғазалында түсінген адамға ға­ ламат сыр жасырылған (Олай дейтініміз, осы бір өлеңнің өн бойында сапалы ұрпақтың жауапкершілігі мен талаптары тұр). Мінеки, біз манадан бері індетіп отырған ойымыздың негізгі лейтмотивіне де жеттік. Біз бүгін де неге әлсізбіз, қа­ зақтың қазіргі қаны неге ғана сұйылып кетті деген сұраққа бүй деп жауап беруге болады. Біз армансыз (дұрысы, мақ­ сатсыз) некенің төлі екенбіз. Мұны бір сөзбен ғана шеген­ дер болсақ, құмарлық дертінің құрбандарына айналып­ пыз. Себебі армансыз адамнан әманда мақсат шықпайды («Көңілсіз қойдан көтенсіз қозы туады» танымымен қарастырсақ, мұндай некеден күрескер буын жаралмақ емес). Әкенің бізді жаратардағы көңіл күйі мен ауаны бола­ шақ өміріміздің атмосферасы десек, не моральдық, не ма­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . териалдық тұрғыдан мақұрым «мас» әке өзінің бірер сәттік ләззатынан біреудің (біреу болғанда баласының) мәңгілік азап шегетінін ешқашан түсінбеген секілді. Ал Абайдың бұл жердегі іздеп отырған баласы мен оны (толыққанды тұлғаны) өмірге әкелмек ата-анаға артқан жауапкершілік мүлде бөлек. КЕМЕҢГЕР ОЙЫНЫҢ АСТАРЫНА ҮҢІЛ­ СЕК, МҰНДАЙ ПЕРЗЕНТ БІЗДІҢ БЕЛІМІЗДЕН ЕМЕС, ІШКІ ХАЛІМІЗДЕН ЖАРАТЫЛАДЫ ЕКЕН. «Ердің көкіре­ гі жүкті болмай, ер тумайды» дегеніңіз де осы болғаны ғой. Ендеше, «Мықты болсаң, өзіңдей ұл тудырып ал» деген әке сөзі Абайға (біз ойлағандай, кекету тұрғысында емес) ама­ нат ретінде айтылған екен. ӘБДІРАХМАН – ӘКЕГЕ БЕРІЛГЕН СОЛ САУАЛДЫҢ ТОЛЫҚҚАНДЫ ЖАУАБЫ-ТҰҒЫН. Көкте жүзген дөңгелек күн XIX ғасырды түгеп, XX ғасырдың таңын атырды. Адами миссиясы аяқталып келе жатқан Абайдың жаңа дәуір төлінен үміті үлкен еді. Көзі­ нің қарашығындай Әбіші сол үкілі үмітінің біреуі болатын. Ақынның «Жаңа жылдың басшысы – ол, мен ескінің арты едім» деп отырғаны да сол. Талаурап атқан бұл XX ғасыр қазақ халқын деградацияға ұшыратқан дәуірі екендігі бәрімізге белгілі жай. Тіл мен діл, дін менен дәстүр – бәрі-бәрі табанда тапталып жатты. Патшалық Ресей саясаты қазақтың обалынан ойыншық жа­ сап, ойына келгенін істеді. Мінеки, СОЛ КЕЗГІ АЛАШТЫҢ ІШІНЕ ШӨККЕН ШЕМЕН ШЕР, ШАРАНАҒА АЙНАЛЫП, ҚАЙЫРА СЫРТҚА ШЫҚТЫ. Бұл бір ұлы толғақ, Абайша айтсақ, «Ел ішіне тағылым айтып, жол көрсетер ерлерді» дүниеге әкелді. Қазақтың ащы запыраны мен кермек жасынан жаратылған осы төл АЛАШ АРЫСТАРЫ болатын. АЛАШ ҰЛТ БЕТІНІҢ ҚЫЗЫЛЫ ЕДІ. Олардың әрқайсысын Абайдың аяулы Әбді­ рахманы десек те болады...

P.S. Мақаламыздың негізгі мәресіне де жеттік. Аз ғана сөзіміз сапалы ұрпақ сабақтастығы мен ішкі халіміздің жағдайы турасында болды. Қаншама азатпыз деп аспанға Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы бөрік атқанмен, қазір де қазақтың жіберген есесі мен көр­ ген құқайы көп. Ендеше, елдің еңсесін тіктеп, есесін қай­ тарар ЕР ТУҒЫЗУҒА сіз бенен біздің бүгінгі рухани даяр­ лығымыз қандай? МІНЕ, БІЗ БҰЛ САУАЛҒА БҮКІЛ БОЛ­ МЫСЫМЫЗБЕН ЖАУАП БЕРУГЕ ТИІСПІЗ. Рухсыз ұлт Ұлтанқұлдарды ғана жаратады. Исі қазақ «ақырып теңдік сұрар» азаматына қашанда зәру. Біз алаштың алтын құрсағынан осындай перзенттердің лайым да мол болуынан үміт етеміз.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . БҮГІНГІНІҢ ЗИЯЛЫСЫ КІМ? Қабырғадан қойылған қиын сұраққа абдырап қаларың анық. Сосын ойдағы есімдерді (зиялыға балаған адамдарды) он саусаққа толтыра алмай пұшайман халге түсесің. Біз ой­ лаған сол есімдер көрнекті жазушы, керемет ақын, тамаша әнші, беделді саясаткер, жақсы экономист, дарынды дәрігер болуы бек мүмкін. Бірақ ЗИЯЛЫ емес. Өре түрегелетіндерге өкпеңді бас, «Түсінші сыртын қойып, сөздің ішін» дегіміз келеді. Ең әуелі ЗИЯЛЫ сөзін таратпас бұрын «толық адам» ұғымына тоқтала кеткеніміз жөн. Абайда «хауас салим» деген түсінік бар. Мағынасы ізгі (сау) сезім дегенге келе­ ді. Кемеңгердің пайымдауынша, толық адамның топырағы (ресурстары) «...жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан» тамыр алады. Осы ғақлияны хакімнің рухани ізбасары Шәкәрім қажы да («ұстаз» ұғымын «ай­ наласы» деп азғана түрлендіргені болмаса) айна-қатесіз қайталайды. Ата-анасы, Айналасы, Замандасы қылған іс Тәлім берер, Соған ерер, Тағы келер бір туыс. Бұл жердегі «туыс» сөзі ҚАЗАҚ. Кәдімгі СІЗ бенен БІЗ. Жарайды, жалғанға келдік, жаратылдық дейік. Бізден кейін де талай алаш баласы пәниге оралып, ауа жұтып, топырақ қозғар. Гәп онда емес. Басты мәселе жоғарыдағы үш тағанның (ата-ана, айнала, замандастың) трагедия­ лық тағдыры хақында болып тұр. Алғашқы сөз жүлгесін «айнала» ұғымынан таратып көрейік. Бұл жердегі «айнала» қоғам мен жүйе мәселе­ сі екендігі анық. Адамды Құдай жаратады қоғам өсіре­ ді десек, мына СІЗ бенен БІЗ жоқ жерден пайда болмаған шығармыз. Қазақты қазаққа жегізіп, ұлт болмысын кісі танымастай манипулацияға ұшыратқан мешін (1932)

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы мен «шандырда болса шайнайық, шалда болса ойнайық» (1941) мақамына БІЗДІҢ ЕШҚАНДАЙ ДА ҚАТЫСЫМЫЗ жоқ десек, қатты қателесеміз. СЕБЕБІ БІЗ ӘКЕНІҢ ҚАНЫ, АНАНЫҢ СҮТІНЕ СІҢГЕН АҚПАРАТТАР АҒЫСЫНАН ЖАРАТЫЛДЫҚ. Қазақ танымына салынған қара құлыптың тағы бірі ҚҰДАЙСЫЗДЫҚ идеясы болатын. Құрметті оқырман қа­ уым, бұл жерде біз ешқандай да эмоцияға бой алдырып отырғанымыз жоқ. Бөксе мен бөтелкеге жадыланып, құсығына құлаған «әкелер» бейнесі имансыз шаңырақтың кез келгенінен табылатын еді. Өткенге салауат дейміз. Көңілге қаяу, көзге жас үйіретін осы бір қамырық халді сөзбұйдаға салмай, осы жерден тізгіндей салғанымыз орын­ ды секілді. Әлқисса... Міржақыптың замандасы Мұстафа болса, Қаныштың хұсни құрдасы Смағұл еді. Біз Әлихан мен Смағұл еңбектерін салыстыра оқығанда, Сәдуақас ба­ ласының Ғалиханнан биологиялық жасы ғана кіші деме­ сеңіз, ақыл-парасатының «замандас» екендігін көреміз. Бұл асыл ағалардың артынан ерген інілерін «орынбасар­ лыққа» даярлап басынан сипап, барынша бауырына басқан­ дығының жемісі. Сірә, ақыл-ойдағы замандастық кіші іні мен үлкен ағаның сабақтастығынан туар. Мұндай дегдар­ лықты бұйрық раймен өмір сүруді мақтанға балаған бүгінгі ағалар болмысынан жолықтыру қасқалдақтың қанына пар екендігін неме жасырайық... Тарихтың түрлі тезіне түсіп, тұнығы лайланған жоғары­ дағы қос қайнардың сүреңсіз бейнесінен кейін «жақсы құр­ бы» туралы сөз шығындаудың өзі артық. Кең көкжиекпен (концептуалдық тұрғыда) қарар бол­ сақ, ЗИЯЛЫ дегеніміз «оқығандар» ғана емес екен. ЗИЯЛЫ болу бақыты маңдайға жазылуы үшін, АДАМНЫҢ тектілік пен пәктік, таза қан мен таза құрсақ секілді РУХАНИ РЕ­ СУРСТАРЫ түгел болуы қажет. Қазақтың «Ғылым жарты ақылды бүтін, бүтін ақылды кемел қылады» дейтіні осыған саяды. Бұл жердегі БҮТІН ұғымы «хауас салим» екендігіне зәредей шүбә етпейміз.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Оқыған кітабымыз Абай мен Ахметтерден көп болғаныме­ нен, адамияттағы «бір қайнауымыз» ОЛ КІСІЛЕРДЕН бәрібір де кем екендігін мойындайық. Түсінер адам табылса, себептің түпкі тіні ҮШ ТАҒАНДА жатқан секілді. Әманда, «ТОЛЫҚ АДАМНЫҢ» тілеуін ті­ лейік. Бір сүрінген ҚАЗАҚТЫҢ тағы да дүр сілкініп ТАҒАН тіктеуіне ТАҒДЫР алдында толық қақысы бар.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «АҚЫЛ БІТПЕС ДӘУЛЕТКЕ» Сөзінде бай адамның мін болмайды, Бай болса қызметкерің кім болмайды? Ер жігіт шешен болып, малсыз болса, Рас деп айтқан сөзі шын болмайды. Мәшһүр Жүсіп Ақылын шамшырақ еткен аталарымыз арттағы мұраге­ ріне: «Бәрінен де жоқ жаман» деп ескере жүрмекке ләзім есті бір сөз қалдырыпты. Ал Майлықожа ақын «Алдынан кедейліктің айналып өт, төбесі бір көрінсе қиын болар» деп аталған ойды одан әрмен пілтелей түскен екен. Жоқшылық жолдасыңа айналған күннен бастап, ғазиз басыңа «қиямет» орнады деп айта берсек те болады. Дүниедегі күллі жаман­ дық атаулының жоқтықтан тамыр тартатыны өз алдына, оның адамға келтіретін моральдық дискомфорты мен психо­ логиялық зардабын санамалап көріңіз. Сүйегіңді жасытып, жігеріңді құм қылып жіберетін мұндай халді атам қазақ «Кедейдің күні кіжінумен өтеді» деп бір-ақ ауыз сөзбен ше­ гендеген екен. Бұл «қорлық» өз басыңмен ғана кетсе, тағы да жақсы ғой. Әр тапшылықтан түскен таңба әдетіңе ұласып, мі­ незіңе айналады. Кейін сүйегіңе сіңіп, қандық (шежіре­ лік) құжатыңды түзеді. Ал тектің (геннің) адамзаттың ақпараттық қоймасы екендігі айтпасақ та белгілі ғой. Бү­ гінгі ұлтымыздың ментальдік ауруының астарынан осы бір жайдың себебі мен салдарын аңғаруымызға болады. Жасыратыны жоқ, қараша халықты таскенедей сорған тойымсыздардың арғы жағында тоя тамақ ішпеген «ата­ ларының» ақпараттық қоры жатыр. Міне, қанмен берілген құжат қазіргі ұрпақтарын да осындай оспадарлыққа салып отыр. «Қой көрмеген қой көрсе, қуалап жүріп өлтірер» ғибратынан біз осыны түсінеміз. Әлмисақтан бері ақыл мен дәулет қамшының өріміндей тұтас ұғымдар еді. Кейін келе осы екеуінің алтын арқауы бірінен-бірі ажырап кетті. Қазақ пайымында бай ұғымы –

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . тектіліктің синонимі. Неге дейсіз ғой? Себебі кенен дәулет­ тің ар жағында сол адамның арман-мұраты мен төккен тері жатыр. Олай болса, байлықты адам ақыл-ойының заттанған формасы десек те болады. Абайға салсақ, адамға дәулеттің бітуі тікелей ақылға қатысты, ақыл дәулетке емес, керісін­ ше, дәулет ақылға мүдделі дейді. Ақын осы бір ойын одан әрмен ширатып «Ақылдың жетпегені арман емес» деген тағы бір тезисті ұсынады. Бұл жердегі «арман» – ақылдың эквиваленті. Хакім өлеңінен түйгеніміз, арман сөзсіз орын­ далады екен, егер де оған адам ақылы жеткен болса. Ал жетпеген екен, онда ол жайында сөз етудің қажеті де жоқ. Ақыл – адамды арманға жеткізуші құрал десек, ал ақылсыздықтың артында нендей феномен тұр. Ендеше осы мәселеге де аздап ат шалдыра кетелік. Адам ақылын өткір ұстарадай етіп ұдайы қайрап отыратын қос құндылық, оқу мен ойлау мәселесі. Осы екеуі тоқтаған жерде адам санасын­ да деградация басталады. Бір сөзбен ғана байламын айтсақ, ақылды шаң басады. Қазір әлемде орын алып отырған қыл­ мыс атаулы көбінесе кедей елдерге тән. Осының себебі не? Мұның түпкі тінін зерделей түссек, мәселенің бәрі адам ақылының кемістігінде жатыр. «Сен не жейтініңді айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген тәмсілді бәріміз бі­ леміз ғой. Адамға тән тұрғысынан ғана баға берген бұл пәл­ сапаға біз жанның «көру» мен «есту» ұғымдарын да қосқан болар едік. Сонда бұл ұғымның мағынасы былайша: «Сен не жейтініңді, және не көріп не еститініңді айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтамын» болып өзгерген болар еді. Расында, адамның ішкені мен жегені, көргені мен естігені ылғи да жетіспеушілік болса, мұндай жанұядан көреген ұрпақ қай­ дан шыға қойсын (Бұған бүтін ұлттың ойлау идентифи­ кациясын төмендеткен теледидардағы төменетек бағ­ дарламалар мен мысықша мауыққан жұлдызқұрттардың лаңын қосыңыз). Біз оң қолымызды сол жақ кеудеміздің үстіне қойып «Біз рухтымыз, күштіміз» деп қанша жерден күшенсек те халықтың тұрмысы мен тіршілігі оңалмаса, мұның бәрі бос сөз бен бос қиял ғана. Сонымен, «Істемей­ тін бас екі аяқтың соры» қағидасы қазіргі қазақ қоғамының

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы нағыз портреті. «Қарашығанақ Қазақстан сөзінің синонимі­ не айналды» (Ғ. Боқаш) демекші, жиырма бес жыл бойына біздің миымыздың (ақылымыздың) орнына мұнай қызмет жасады. Осылайша санамыздың дамуы жиырма бес жылға кенжелеп қалды. Мойындағанымыз жөн, бүгінге дейінгі уақыт бедерінде мұнаймен бәсекелесе алатындай бірде-бір өзге сектор дамыған жоқ (Бұл жерде ғылым мен ой транс­ фері жайында айту тіптен ұят). Осының кесірінен әлем­ дік нарықтағы мұнай бағасының ойнамалы циклоны біздің өмірімізге недәуір дүрбелең туғызып отыр. Оны өзімізше экономикалық дағдарыс дейміз. Дұрысы сана дағдарысы емес пе? Бұл рухани банкротқа ұшыраған санамызды «эко­ номикалық дағдарыс» деген бетпердемен өп-өтірік бүркеме­ леу ғана. Дәлірек айтар болсақ, басымыздың істемейтінін басқаға аудара салу десек те болады (Тәуелсіз аспанның астында «тәуелді» ғұмыр кешіп, не басымызда үй, не бау­ рымызда қазанның болмауы бұл енді өз алдына жеке жыр). Төбедегі түсінігімізге қайыра оралайық. Адамға дәулет­ тің бітуі ақылға тікелей қатысты дедік. Мынадай бір сұрақ көңіл қытықтайды. Қазақстанды қойып, қап-қап ақша­ ларын қарт құрлыққа сыйғыза алмаған қазақтың бүгінгі байлары ақылды ма сонда? Әрине, берілер жауаптың қандай болмағын ішіміз ептеп сезетін секілді ...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . РИНГЕЛЬМАН ЭФФЕКТІСІ немесе Үсендер үкіметі Егер ересек адам бір өзі ғана 70 келіге жуық жүк көтереді десек, бұл нәтиже екі адам біріксе – 140, ал үш адам біріксе 210 келі болып еселене береді деп түсінген кеңес идеологтері мәселенің бәрі ұжымдасып тірлік кешуде деген тұжырымға келген. Содан «жұмыла көтерген жүк жеңіл» науқаны басталып, қызыл матаға ақ жазумен айғыздалған «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін», «Біз біріксек алынбай­ тын қамал, аса алмайтын асу жоқ» секілді желбуаз ұран­ дар әр бағаналар басында самсай ілінген-тұғын. Бұл шаруа 1927 жылы халықты жаппай коллективтендіру (ұжым­ дастыру) мәселесіне алып келді. Арғы жағы айтпасақ та белгілі. Ұлттық буржуазияның басына бұлт үйіріліп, олар­ дың дүние мүлкі талан-таражға түсті. Бұған басты себеп, болашақ бір астаудан ас ішпек кеңес халқы қай жағынан болсын өзара тең, әлеуметтік я болмаса рухани тұрғыдан адамнан адамның асып кетуі деген атымен болмауы тиіс. Осындай ұлт руханиятына жасалған жойдасыз жоспарды қабылдай алмаған қазақ болмысынан «Бес саусақ бірдей емес» деген қанатты сөз қалған-тұғын. «Мына өкімет адам­ ды бай етпектің орнына, байды кедей қалғаны несі» деп ай­ тып салғаны үшін қазақтың бір қариясы абақты босағасын көрген екен. Сонымен бұл жағдайды бір сөзбен ғана безбен­ десек, алаштың рухани ақуалы мынадай сапа мен сипатқа қарай ауысты. «Асандар» жойылып, «Үсендер» үйелмені толығымен тарих сахнасына көтерілді. Иә, ендігі жердегі қоғам да, үкімет те тек солардікі ғана болатын. Негізін француз ғалымы Максимилиан Рингельман (1861-1931) салған бұл теория тарихта «Рингельман эффек­ тісі» деген атпен мәлім. 1927 жылы тұңғыш рет сынақтан өткізілген теория нәтижесі адамдардың «ұжымдасқан» іс-әрекетінің түбегейлі қате екендігін дәлелдеді. Экспери­ мент есебі жоғарыдағы кеңес басшыларының қисыны қиял­ дан ғана тұратындығын, оның негізгі мәні мынада екендігін анықтады. Мәселен, бір адамның еңбек күшін 100 пайыз деп

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы есептейтін болсақ, екі адам біріккенде бұл көрсеткіш 93, ал үш адам біріккенде 85 болса, сегіз адамға көбейгенде жұмыс өнімділігі 49 пайызға дейін төмендеп кеткен. Ғалым, түптеп келгенде, бұл адамдарды енжарлық пен жалқаулыққа ғана үйрететінін, топтық мүдде болған жерде жеке адамның жа­ уапкершілігі дегеннің атымен болмайтынын алға тартады. Қалай десек те, осы бір ұжымдастыру саясаты ұлт ағзасына көптеген кесапаттардың ұрығын сеуіп кетті. Мәселен, «чиновник» атаулының мөлшерден тыс көп екендігі, бір ғана мекеме басшысының пәленше кеңесшісі мен түгенше орынбасарының болуы, бүгінгі өнер мен руханият­ тың қып-қызыл «сауда» мен «мафияға» айналуы, биографи­ ясы мен жағрапиясы келмегендердің бұл сыбағадан саналы түрде қағылуы, қолдан «қайраткер» жасалуы – бәрі-бәрі осының салдары ғой. Ең басты өкінішті жағдай – ұлттың бір өлшемдегі стандартты санада қалып қоюы. Әбден әлсіреп, дербес ойлауға дағдыланбаған санамыздың өзгеріс атаулыға өре түрегелуінің астарында, мінеки, осындай құпиялар жа­ тыр. «Егер де біз бірдей ойлайтын болсақ, онда бұл ешкімнің ештеңе ойламайтындығының көрсеткіші» деген тәмсіл осы сөзіміздің айғағы ғой. Өзгеріс керек дегенді өте көп ай­ тамыз. Ендеше, ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ өзі тәуелсіз ойлауымызға бе­ рілген ғажайып мүмкіндік емес пе еді?!

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . РУХ ДАҒДАРЫСЫ Қазақты желкелеу мен тұқырту бір толастайтын емес. Қолы жеткеннің бәрі бір сыбап қалуға қарекет етіп жатыр. Оларға салсақ, алаш баласының бұрын-соңды астында маши­ насы, басында баспанасы болмаған екен. Қысқасы, қазақтың «бақыттан басы айналған» күні бертінде ғана туыпты-мыс. Рас, қисынға салсақ, бәрі де дұрыс секілді. Мысалы, менің де мәшине мінгеніме бірнеше жылдың бедері болды. Бұл аса «бақытты адам» екенімді айғақтайтын факторлардың бірі деп ойласам, аталған қылығым адамдығыма үлкен сын болар еді. Әрине, мұндай мүгедек көзқарастардың шаң беруі қазақты толыққанды тани алмағандығымыздан болып отыр. Біздің бар білетініміз қазақтың бергі беті (дәлірек айтсақ сыртқы терісі) ғана. Ал жан қабаттарының ғаламат өр­ кениеті мен деңгейі жайындағы біліміміз тіптен шамалы. Таным-түсінігіміздің мұншалықты құлдырап кетуіне төмендегідей жағдайлар әсер етті деген ойдамыз. «Отар елдің тарихын отарлаушы елдің өкілі жазады» қағидасын алға тартып, 1820 жылдан бастап мемлекеттік мазмұнымыздан айырған 270 жылды шежіреге салып зер­ делер болсақ, он буын отарлық сананың тәрбиесінде өскен екен. Ойланып көріңізші, он буын. Олай болса, біздің бүгін­ гі көріп тұрғанымыз қазақтың үш ғасыр езгіден тұралаған, көтерем бейнесі ғана. Бір нәрсені «айдан анық, күннен раушан» дейміз. Отарлық көзқарастың «ноқталы миы» мен перделі түсінігінен құлан-таза құтылмайынша, қазақ дү­ ниетанымының парқына жету еш мүмкін емес. Ол үшін біз ең алдымен мынаны түсініп алғанымыз жөн. Алаш дүние­ танымына бойлаудың бір кетігі дінде, дәлірек айтсақ, АЛ­ ЛАНЫ танудағы махаббатында жатыр. Ең өкініштісі, бұған дейінгі кеңестік кезең адамды тек биологиялық жаратылыс иесі ғана деп түсіндіріп келді. Күллі мақсат-мұратымыздың жоспары мен тұрпаты да сол негізде түзілді. Қазір де солай. Көп ақша мен жоғарғы шен адамдық арманымыздың куль­ минациясына айналып отыр (Біз мұны қажеттілік шека­ расы тұрғысында емес, өмірлік миссиямыздың негізгі мәні

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы деп қабылдап келеміз). Әрине, қателігіміз де осы. Біздің бұл жағдайымызды бабалар танымындағы РУХ өлшеміне салып бағамдар болсақ, таным түсінігіміздің әлі де хайуандық хал­ ден ұзай қоймағандығын көрсетер еді. Адамның жер бетіне келгендегі мақсұты тіптен басқа. Адам кеудесінің алтын сандығы адамзатқа қарайлас болғанда ғана айқара ашылады. Кісіліктің кілтін іздесең, тек осы дейді бабатаным. Сонда Абайдың «Өзің үшін еңбек қыл­ саң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі бо­ ласың» дегені осы болғаны ғой. Бұл тек Абайдың ғана емес, алаш баласының Құнанбайұлына дейін де салтанат құрған ҚҰДАЙШЫЛЫҒЫ. Адамның ең әуелі РУХ иесі екендігін айғақтайтын бір­ ден-бір дәлел «КІМ» деген сұрақтың тек адамзат баласына ғана қаратылып қойылатыны. Бұл – Алла Тағаланың адам­ ды халифат (орынбасары) етіп ерекше махаббатпен жаратқандағы мәртебесін әйгілеп тұрған сауал. Бір қызығы, біз бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс пен ақшаның құнсыздануы турасында сөз сөйлей қалсақ (ешкімге есе берместен), екі езуіміз көбіктеніп кетеді. Ал адамияттық ішкі рухымыздың атмосферасы, оның ішін­ де ҚАДІРІ ҚАШҚАН ҚАЗАҚТЫҚҚА келгенде жағымыз қарысып қалғандай ауыз ашпаймыз. БІЗДІҢШЕ, АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ ДӘЛ ҚАЗІРГІ ДАҒ­ ДАРЫСЫ ЭКОНОМИКАДА ЕМЕС, РУХ ИНФЛЯЦИЯСЫНДА БОЛЫП ОТЫР ДЕР ЕДІК. Әттең-ай, деймін. Түсінер түйсік болса, «экономикалық дағдарыс» деп жүргеніміз ішкі халіміздің сыртқа тебіндеген, дәлірек айтсақ, заттанған көрінісі ғана ғой. Қазір адвокаттар мен полицей­ лердің айы оңынан туып-ақ тұр (Қылмыскер көп болса сөйтпегенде қайтеді). Айталық, әр мекеменің босағасына топ-топ күзетші топырлатып ұстауымыз, әм заң қызметкерлеріне деген сұраныстың күннен-күнге артып отырғаны, жасырары жоқ, біздің МӘДЕНИЕТТІ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРА АЛМАҒАНЫМЫЗДЫҢ басты белгісі. Ал бұл салаға бөлі­ ніп отырған ақшаның қисабынан адамның басы айналады. Бәрін қағазға қаттасақ, «Манас» жырына пар бұл мысалдар­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . дан біз РУХ ӨРКЕНИЕТІН тұншықтырып, ҚЫЛМЫСКЕР ҚОҒАМ құрғанымызды анық аңғарған болар едік... Әлгінде ғана бізге беймәлім қазақ дүниетанымының бір сыры ДІНДЕ жатыр деген едік. Біздердің бүгінгі «дін» деп жүргеніміз сыртқа «кемеңгер» болып көрінудің саясиланған көрінісі ғана. Саяси сипат алған осы «дінсымағымыз» АЛ­ ЛАҒА ҚАУЫШТЫРУ тәсілдерінің бәрін тас-талқан етіп, тек сыртқы формасын ғана қалдырған екен. Өзіңіз ой жүгіртіп көріңізші, бес уақыт бойы бірнеше аят пен дұғаны қайталап айта бергеннен «қай шыққан мүйізді» көріп отырсыз. Ішкі мазмұн мен ықылассыз жасалған бұл құрғақ құлшылықтар пендені түбі бір тоқырауға ұшыратары анық. Ардақты Абай хакімнің «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж ешбір ғибадат орнына бармайды» деп отырғаны осы. Адам кемелденуінің төрт категориясы бар десек (шариғат, тарихат, ақиқат, мағрипат), біз соның тек бірінші баспал­ дағында ғана қалып қойдық. Күмән келтірсеңіз, тағы да өз еркіңізде. Егер де адам баласы осы төрт кеңістікті терең мең­ гергенде Шәкәрім қажы сөз еткен «телепатия», «спритуа­ лизм», «магнитизм» секілді дүниелер КЕМЕЛДЕНГЕН РУХ ҮШІН бұйым құрлы болмаған болар еді. «Ой жеткенге қол жеткізу» дәргейіне де тек осы төрт есік арқылы ғана көтерілуге болады. Ғылымда маркетинг пен менеджмент деген ұғымдар бар. Бұлар адамның қажеттілігі мен сұранысына қарай туындап әм толығып отырады. Біз бағзыдағы бабалар танымын са­ раптай отырып, осы маркетинг ұғымының қазақтың техно­ краттық өркениеттен гөрі АРЫ мен ҰЯТЫНА көбірек сал­ мақ түсіргендігіне көзімізді жеткіздік. Себебі сұраныс пен ұсыныстың дені тек РУХ тарапынан ғана болып отырған (Бұған келтірмек дерек пен дәйегіміз шаш етектен. Оның бәрін бұл жерде сөз етіп, оқырман уақытына қиянат қал­ май-ақ қояйық). Бірақ өмірдің құнын дүниемен ғана шен­ дестірген еуроцентрист «данышпандар» мұны қайдан түсіне қойсын. Бабалар дүниетанымын артқа санап, ауызымызға келгенді айта беруіміздің феномені, мінеки, осында жатыр. Бұл шағын мақаланы барынша қысқартып жазуға тырыстық. Ал ұзын-ырғағы келешек күндердің еншісінде дейміз...

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы САЗ БЕН СУРЕТ I СӨЗ , САЗ , СУРЕТ өнері – қамшының өріміндей біртұтас дүниелер. Бұл үштік тандемі – бір нысананың үш сфереда көрінуі (Дұрысы, жазылып, естіліп әм салынып тұрған объектінің қайнар бастауы бір ғана нәрсе ғой. Винич әлде Пикассо айтты деген бір тәмсіл бар. «Сурет – көзге көрі­ ніп тұрған өлең, өлең – құлақпен естілетін сурет»). Біз әдебиетке (оның ішінде поэзия мен прозаға) қатысты ойымызды ұдайы айтып жүргендіктен, сөз тиянағын төмен­ дегі қос салаға түсірсек пе дейміз. Шағын жазбамыз САЗ бен СУРЕТ өнері жайында болмақ. Саз өнерінің ең бір синкретті саласы – күй өнері екен­ дігі шүбәсіз. Күй адамның дер (сол) шақтағы көңіл сезімі дейміз. Біз қатып-семген осы бір теориялық анықтамаға өзі­ мізше былай деп түзету жасаған болар едік. Сөз – сүреңсіз, ой – шорқақ. Кейде сөздің де алымы мен шалымы жетпейтін кездері болады (Айталық, мен мұны тілмен айтып еш жет­ кізе алмаймын дейтін халіміз осының айғағы ғой). Қуаныш пен қайғының адам басына алма-кезек аялдайтыны рас болса, мұндай жағдайды әрқайсымыздың бастан кешіреріміз анық. Бұдан шығатын ой жосыны, КҮЙ дегеніміз адам сөзі түгесілгеннен кейін басталатын кеңістік екен. Дәлірек айт­ сақ, күй дегеніміз – сөздің шарықтау шегінен (кульминациясынан) кейінгі орнайтын хал. Күйшіге қара сөз дегеніңіздің бір тиындық құны жоқ. Себебі ол, біз ойлағандай, екі ішекті сабалаған жай бір өнерпаз емес, сөзден де жоғары кеңістікті меңгерген абыз адам. Олай болса орындаушыны білмейміз, шын күйшінің бағасы әулиеге пар. Әулие дегеннен шығады, Мәшһүр Жүсіптің «Япыр-ай, Шоң мен Торайғырдың ұшып кетпей жүргеніне қайранмын» дегені секілді, Тәттімбет пен Сүгірдің адам нанғысыз, мынадай алапат сезімді кеудесіне қалай ғана сыйғызып, жер басып өткеніне біз де таңбыз. Бұл, бәлкім, автордың күй мен күйшіге деген жеке көзқарасы мен құрметі дерсіз. Біз, ең алдымен, сол абыздарға (күйші­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лерге) аруанадай исінген қараша халықтың ғажайып өресі мен танымына мадақ айтқан болар едік. ОН МЫҢ КҮЙДІ ОСЫ КҮНГЕ ДЕЙІН ЖАДЫСЫНА САҚТАП КЕЛГЕН БҰЛ ҚАЗАҚТЫ ОСАЛ ДЕП АЙТЫП КӨРІҢІЗ ЕНДІ?! Әрбір қа­ зақ перзентінің күйді қара сөзше түсініп келгендігіне кеше­ гі Кетбұғаның «Ақсақ құланы» мен Құрманғазының «Ертең кетемін» күйі куә. Онсыз да оқырманға кеңінен мәлім бұл күйлердің тарихын тәптіштеп «әдептен озбай-ақ» қоялық. Қысқасы, ҚАЗАҚТЫҢ ТҰМСА ҚҰПИЯСЫНЫҢ ЖЫЛНА­ МАСЫ КҮЙ ТІЛІНДЕ ҚАТТАЛЫП ЖАЗУЛЫ ТҰР. Бұл осы күнге дейін сақал-мұртына ұстара тимеген ұлы қазынамыздың бірі десек, қателеспес едік. Әттең, осы тіл­ ді еркін бағамдап, әр әуезіне түсіндірме (интерпретация) жасауға Таласбектей (марқұм Әсемқұловты айтамыз) таланттың танымы қажет екендігін еріксіз мойындайсың. Амал нешік. Әзірше, «Жас өсіп, жарлы байымай ма» деген қазақ ғақлиясына көңіл демдеп күте тұрғаннан өзге еш қай­ ранымыз жоқ. II Ендігі сөзімізді, уәде еткеніміздей, бейнелеу өнеріне қа­ рай бұрсақ. Бұл жолы Әбілхан Қастеев пен Орал Таңсықбаев туралы сөз өрбітуді саналы түрде тоқтата тұрамыз. Қазіргі қазақ суреті дегенде Ерболат Төлепбаев есімінің еске ора­ лары мәлім. Ендеше осы суретшінің сыр сұхбатынан бір шымшым үзінді бере кетсек: «Сурет салу бір басқа, сурет­ ші болу екі басқа. Еуропа жұрты суретті көрмейді, оқиды» деген еді. ӘРБІР БОЯУ АДАМ ДЕМІНІҢ ЫСТЫҒЫНДАЙ ЕКЕНДІГІН БІР БІЛСЕ, ОСЫ ЕРБОЛАТ БІЛЕДІ. Сөз ауанын осы планның призмасында ғана өрістетіп отыруға да болар еді. Бірақ әңгіме тағаны бұл болмағандықтан, басқа бағытқа ауыспасымызға амалымыз жоқ. Бірде суретші Жеңіс Кәкенұлының «Әсеттің Кемпірбай­ мен қоштасуы» туындысын көріп бір марқайып қалып едік. Бұл жазбамыздың алғашқы қаңқа сүйегі де сол кезде са­ намызда бәдізделіп үлгерген болатын. Қазір ұлттың рухын

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы тануға тиянақ қылатын шақ. ҚАЗАҚТЫҢ АЛЫПТАР ШОҒЫРЫНЫҢ ТУЫНДЫСЫ СУРЕТ ТІЛІНДЕ ДЕ ТӘПСІРЛЕНІП ТҰРУДЫҢ УАҚЫТЫ ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН БІР­ ГЕ КЕЛГЕН-ТҰҒЫН. Өкініштісі, сол кеңістікке көтеріле алмай жатырмыз. Мәселен, Абайдың «Мені мен менікінің айырылғаны...» пәлсапасы мен Шәкәрімнің «Ақ жүрек» ұғымдары неліктен сурет тілінде сөйлеп тұрмасқа. Қазіргі қазақ бейнелеу өнерінің бір қайнауы да осында деген ой­ дамыз. Ясауи мен Абайдың, Мәшһүр Жүсіп пен Шәкәрім еңбектеріндегі соны идеялардың сурет сөзімен де үн қатып тұрар мезетін шынымен-ақ армандаймыз. Мұны суретші­ лер адресіне арнайы құлаққағыс еттік. Мақала басында СӨЗ бен СУРЕТТІҢ, әманда нарқы бір деген болатынбыз. Оған Абайдың мына бір өлеңі дәлел: «Көкірегінде оты бар ойлы адамға бұл сөзімнің суреті тұрар дайын». Шіркін, Абай­ дан сөз қалған ба еді?! Қалған шаруа ойлы суреткердің тек «көкірек көзіне» ғана тиесілі болды ғой...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ҒАЛЫМ КІМ, ҒЫЛЫМ НЕ?.. Ілкідегі жәдігерлерді парақтағанымызда, алдымыз­ дан көп ұшырасқан көмескі түсініктің бірі – ОН ЕКІ ПӘН ұғымы. Дүр Қашағанның домбыраны адақтап «...Пернесін күнә десеңіз, есебі ол ПӘННІҢ ОН ЕКІ» деп Есқали сұпыға сөйлегені, яки болмаса «Бір кезде Бұқара шәріпке оқуға жі­ берілген Талас баласы Науан табан аудармай он жыл оқып, ОН ЕКІ ПӘНДІ тәмам ғып, туған еліне қайтып келді» деп, Сәбит Мұқанов келтіретін деректердегі осы бір ОН ЕКІ ПӘН ұғымы нені білдіреді? Алғашқыда ӘЛІП (оқу мен жазу), ӘБЖАТ (есеп), ӘДЕП (гуманизм), ӘРКЕН (эстетика), ӘПТИЕК (Құранға түсу, бұған қоса араб, парсы, түрік тілдері, (Шәкәрім­ нің «Жасымнан жетік білдім түрік тілін» дейтіні осы) қоса оқытылады). Одан әрмен ТӘФСИР (Құранға түсін­ дірме беру (интерпретация), ТӘРЖІМА (аударма өнері), МҮСӘННАФТАР (көркем әдебиет), МҮНӘЖЖІМ (астро­ номия), МҰХТАСАР (шариғат), ӘДІЛЕТ (заң, шешен­ дік, адамтану мәселелері), ӘЛЕУМЕТ (ел басқару, жер­ тану, өсімдіктану, дәрі жасау (фармацевтика), дем салу, сынықшылық секілді салалар) болып күрделене түседі. Бұл пәндерді оқытудағы ең негізгі мақсат – АЛЛА мен АДАМ арасындағы рухизат қатынасты түзу. Ендеше осы ойымызды ҰЛЫ КІТАПТЫҢ төмендегідей деректерімен бекіте түсейік. Адамзатқа Алла тарапынан түсірілген алғашқы ақпар «ОҚЫ» бұйрығы. «Оқы, жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол қалам арқылы адамға білмегенін үйретті...» деп келетін аяттың Құран-Кәрімнің «әл-Алақ» сүресі екендігі баршамызға мәлім. Ыбырай Алтынсары баласының «Бір Аллаға сиынып, кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» деп келетін қарапайым ғана ғазалы осы аяттың қазақы төл түсінікке негізделген тәпсірі екендігі рас. Бізде бүгіндері осы бір оймақтай ойды көкөрім шәкірт­ тердің көкірегіне бәдіздеп бере алатындай МЕКТЕПТІҢ МЕ­ ТОДИКАСЫ бар ма, МӘСЕЛЕ СОНДА. Ал біздің бұл жердегі

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы БІР АЛЛА ұғымына салмақ түсіре жазуымыздың өзегі мен әдібінде әжәптәуір әңгіме жатыр. Сонымен хош делік... Қазіргі Қазақия қоғамындағы жең ұшымен жалғасып жатқан қылмыс пен көргенсіздік көрінісі күн санап неге көбейіп барады? Мәселенің мәніне тереңірек үңіліп көрелік. Бұған берілер жауап та жалқы болуы тиіс секілді. Біздің пайымдауымызша – ОҚУДЫҢ ТЕРІСТІГІ. Дүниені тек диплом мен аттестат құтқаратыны рас болса, төбедегі келеңсіз­ діктер қайдан туындап жатыр? Көз алдымызда күнде қылмысқа байланысқан «оқыған­ дарымыздың» бұл оспадарлығын не деп түсіндіре алады екенбіз. ЕНДЕШЕ МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІ оқудың атында емес, за­ тында (мазмұнында) болып отырған секілді. Марғасқа Мағ­ жанның «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болу да мекте­ бінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі» дегені осы ойымыздың ондығы. Алды хазірет, арты медресе көрген ке­ шегі XX ғасырдың басындағы саңлақтарымыздың алашшыл (елшіл) болуының бір сыры Алланы етене тануында жатыр. Бүгінде Құдайдан қашық оқу методикамыздың кемшілі­ гін мыңдаған деректермен дәлелдеп беруге де болар еді. Сон­ да да оқырман нанымы үшін бір-екеуіне аз-кем ат шалдыра кетейік. Мәселен, ОН БІР ЖЫЛДЫҢ мұғдарындағы мектеп өмірі мен ТӨРТ ЖЫЛДЫҚ университет бедерінде ИМАНҒА (Алла мен адамиятқа) байланысты бірде-бір дәріс тыңдамаған түлектің үлкен өмірге араласуына қалайша қорықпастан жолдама беруге болады? Қоғамға материалдық залал келтірген кісінің бірден тұтқындалып, моральдық дінді айтпағанда, тіл мен ділден мақұрым пенденің (бұл жерде шенеуніктің десек те бо­ лады) ешқандай да жауапқа тартылмауын нендей қисын­ дармен түсіндіруге болады? Қисабы мен зады қылмысқа пар бұл сұрақтардың тууы­ на АДАМДЫҚ АР ҒЫЛЫМЫНЫҢ ОҚЫТЫЛМАУЫНАН өзге ешқандай да себеп көріп отырғанымыз жоқ. Олай болса

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . адамға ең алғаш үйретілуге тиіс дәріс АР ҒЫЛЫМЫ болуы керек. Бұл – біздің жеке көзқарасымыз емес, он сегіз мың ғалам­ ды жаратқан ҰЛЫ ЖАРАТУШЫНЫҢ үкімі. Бұдан шыға­ тын пәтуа байламы АЛЛАСЫЗ АРДЫҢ (ғылымының) ешқандай да мағынасы мен тиянағы жоқ. Ар дегеннен шығады, мұндай пәннің қарт құрлықта қызмет еткендігіне сандаған ғасырдың жүзі аунапты. Негі­ зін 1834 жылы Джереми Бентам қалаған (бұл кісі сондай-ақ Лондон университетінің де іргетасын қалаушы ғалым­ дардың бірі болған) «Деонтология ғылымы» грек тілінен аударғанда deon (deontos) – парыз деген ұғым берсе, logos – ілім (ғылым) деген мағына береді. Әгәрәки, қос ұғымды қо­ сақтап айтқанымызда «парыз ғылымы» деген сөз шыққан болар еді. Бұл Шәкәрім қажының «Адамдық борышың – халқыңа қызмет қыл» дегізген АР ҒЫЛЫМЫНЫҢ негізгі МИССИЯСЫ екендігі еш шүбәсіз. Әлқисса... Ендігі сөзді ҒАЛЫМНЫҢ табиғатына қарай бейімдесек. Ғалымның дәрежесі доцент, доктор, профессор, академик секілді адам қолымен жасалған қатырма қағаздармен емес, АР, ҰЯТ, АҚЫЛ, МІНЕЗ іспетті ҰЛЫ ҚҰДАЙЛЫҚ ҚҰН­ ДЫЛЫҚТАРМЕН бағалануы тиіс еді. Абайдың «...Алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады. Адамшылықтың алды – МАХАББАТ, ҒАДЕЛЕТ, СЕЗІМ. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан Тәңірінің ісі. ...Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ҒАЛЫМ, сол – ҒАҚИЛ» дей­ тіні осы. Хакімнің «...Сол Алланың хикметін біреуден-біреу анығырақ сезбекпен артылады» пайымы Құран-Кәрім­ нің «...Сендердің бір-біріңнен артықтығың несібелеріңмен емес, тақуалықтарыңмен есептеледі» деген «Хужурат» сүресінің 13-аятының тәпсірі екендігі шүбәсіз. Бұл жерде қолданылып тұрған «тақуа» сөзі – иманды, парасатты, бір сөзбен айтқанда, «толық адам» ұғымының жиынтық ата­ уы. Бұдан шығатын қорытынды: НАҒЫЗ ҒАЛЫМ ДЕГЕНІ­ МІЗ – филология немесе философия ғылымының докторы

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы емес (етікші етік тігудің қыры мен сырын жетік білеті­ ні секілді, бұл адамдар да бар болғаны бір саланың кәсіби майталмандары ғана ғой), ЕКІ ДҮНИЕНІҢ СЫРЫН ЕР­ КІН БАҒАМДАП, ТӨРТ ҚҰБЫЛАНЫ ТҮГЕЛ ТАНЫҒАН АДАМДЫ ҒАНА ҒАЛЫМ ДЕЙДІ ЕКЕНБІЗ. Бұдан түйге­ німіз: ҒАЛЫМ мен ҒЫЛЫМ қамшының өріміндей тұтас ұғымдар екен. Демек, ғалым жалған болса, ғылым да мін­ детті түрде жалғандыққа салынады. Бүгінгі таңда ғылымды қатаң сынға алып жүрген жамиғат мұның түпкі сырының басқада болып отырғанын еш түсінгісі келмейді. Ғылым – қасиетті де қастерлі ұғым. Ол кім көрінгеннің бас сауғалап, ұпай түгендейтін тұрағы емес. Қазір ғылым­ ның иісі мұрнына бармайтын әсіреқызыл біреулер білім саласының басына қонжиып, білген қойыртпағын бат­ тастырып жатыр. Соның кесірінен қазақ ғылымы «қайда? қашан?» деген сұрақтарға ғана жауап беретін кроссвордқа (сөзжұмбаққа) айналып барады. Біздің өзек өртер ең өкі­ нішіміз де осы АҚПАРАТ пен ТАНЫМДЫ, ҒЫЛЫМ мен ІЛІМДІ өзара шатастырып алдық. Басқа емес қазақ қа­ уымын тек ұлттық жаралымға негізделген ІРГЕЛІ ТАНЫМ мен ҰЖДАНДЫ ҒЫЛЫМ ғана құтқара алатынын әмәнда ұмытпағанымыз жөн. Имам Ғазыралы есімді ғұламадан: «Боқшаларда, ыдыстарда сақталған ғылым емес, кеуделерде сақталған ғылым» деген уәзипа қалыпты. Рас, біздің ғылым әзірше «адам кеудесіне хикмет» дарытатындай, «бойға қуат, ойға көз» бола алмай тұр. Ғұламалар пайымынан түсінгеніміз ғылым дегеніміз, біз ойлағандай, мансапқа жетудің баспал­ дағы емес, РУХАНИ НҰР екен. Білімнің мақсаты – пендені шен мен шекпенге жеткізу емес, керісінше, иманы саламат кәміл адамиятқа көтеру. «Би болу, болыс болу өнер емес» дейді Абай жарықтық. Себебі рухани нұр (сәуле) сіңген кеудеде қараңғылық (жаһилдік) тұрақтамайды. Ғылымның объектісі «Іштегі кірді қашыру» болса, нәтижесі – «Адам­ ның кеудесін хикметке» айналдыру. ТӨЛ СӨЗДЕН (дербес түсініктен) гөрі ТӨЛЕУ СӨЗДІ көбірек айтқызатын біздің оқу орындарымыз әл-Фарабидің

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «БІЛІМДІ БОЛУ ДЕГЕНІМІЗ – ЖАҢАЛЫҚ АШУҒА ҚАБІ­ ЛЕТТІ БОЛУ» қағидасына қызмет қылуға әзірше асықпай­ тын сыңайлы. Дәл қазір «өзгеде не шаруам, өзім аман бол­ сам болғаны» дейтін адреске ғана қызмет ететін тәкаппар, чиновниктік шикі оқудың жолы болып-ақ тұр. Ет жүректі езетіні де осы. Біз бұл деректерді ауадан алып отырғанымыз жоқ. Бес жылдың бедеріндегі ұстаздық тәжірибеміз бен алдымыз­ дағы студенттеріміздің әлеуетінен алып айтып отырмыз. Ең бастысы, «Сын түзелмей, мін түзелмейді» деген ұлы өлшем қағидасы тұрғысынан... 9-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы КӨЗІЛДІРІГІМІЗДІ ӨЗГЕРТЕЙІК... Абай текстологиясы хақында Базбіреулер «Абайды білемін, оқығанмын» дейді. Солар­ дың «білемін» дегені хакімнің жай есімі ғана. Яки болмаса, мектепте жаттаған бірнеше өлеңіне бола немесе Әуезовтің «Абай жолын» оқығаны үшін Абайды тұп-тұқиянына дейін қопарып тастағанмын деп ойлайды. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды», «Сұр бұлт түсіп, суық қаптайды аспанды» білуі­ міз Абайды білген боп саналмайды. Қысқасы, Абайды құр жаттау (сол арқылы жүлдегер болу) анық Абайды терең мең­ геруіміздің тиянағы емес. Өкінішке қарай, біз білетін Абай өкшесі қанап, өресі тарылған, дәлірек айтар болсақ, дәретсіз қолдардың майлығы мен сулығына ұшырап, әр замананың қолжаулығына айналған «аянышты» Абай. Әрине, ол үшін Абайдың еш жазығы жоқ. Біздің күні бүгінге дейін анық Абайды аша алмай келе жатқанымыздың мынадай кілти­ пандары бар. Біріншісі, хакім еңбектерінің бір ізге түспеген текстологиясы болса, екіншісі – дінсіздігіміз. Абайдың «ал­ тын сандық кеудесінің кілті» тек ғана дін. Дінді (Алланың ақиқат ғылымын) білмеген адамды Абай маңына да жолатпайды. Абай ол адам үшін ашылмас қақпа, таскерең түнек. Себебі Абай сөзі – Құран мен хадистің синтезі, осы қос құн­ дылықтың өлең боп сөйлеген формасы. Осыны (дінді) білген­ де ғана Абай біздің өмір сүруіміздің стихиясына айналады. Амалыңыз бар ма, ілкідегі имансыз қоғам иманды Абайды кеңестік идеологияның сом кірпішінен қаланған суық «қоршауына» қамады. Ол қоршаудың аты «құлдық схема­ тизм» болатын. Міне, анық Абайдың тұмса құпиясының то­ лыққанды сөйлемеуіне қолбайлау болып отырған факторлар осы ғана. Тәуелсіздікке дейінгі қоғамдық формация Абайды дәл өзі секілді дінсіз, материалист, исі қазақты иттің еті­ нен жек көретін, орыс десе, қоң етін ойып беретін, әсіре ин­ тернационалист ретінде көрсетіп бақты. Абайды дінсіз етіп көрсетуге мына бір мысалды көмекке шақыралық. Мәселен, біз мектеп табалдырығында хакімнің «Ғылымды іздеп, дү­ ниені көздеп, екі жаққа үңілдім», «Екі кеме құйрығын, ұста

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жетсін бұйрығың» деген ойын «Абай батыс пен шығыстың әдебиеті мен мәдениетін өте жақсы білген» деп оқып кел­ дік. Ақынның «екі жаққа үңілдім» пәлсапсы фәни мен бақи тоқайластығы екендігін, оның шығыс пен батысқа үш қай­ наса сорпасы қосылмайтындығын кейінірек білдік. Осындай сұрқия ойларға жәдігөйленген суық қолдар Абайдың ақиқат ойын бұрмалап, небір келте пайымдар мен теріс түсініктеме­ лер жасады. Мектепті аталған идеяның негізгі сынақ алаңы­ на айналдырды. Бұл энерция біздің алпыс екі тамырымызды қуалай ағып, күні бүгінге дейін өз миссиясын атқарып келе жатыр десек, қателесе қоймаспыз. Неге дейсіз ғой… Себебі Абаймен қазақты мақтауға да, даттауға да болады. Өйтке­ ні ол – қазақтың ақиқатқа бастаушы рухани қарашығы. Ғазиз досы, әділ сыншысы. Қазақ үшін Абай сөзінің Алла бұйрығындай қабылданатыны да сондықтан. Мұны жақсы білетіндер құлдықтан құтылмауға Құнанбай баласын тағы да тырп еткізбес тиянақ етті. Баяғы сол ескі аурудың симп­ томының салдарынан. Соның кесірінен «Орыссыз күніміз қараң, дүниенің кілті орыстың ғылымында… Әлгі «Қазақтың жауы – қазақ» деп Абай атамыз қалайша біліп айтқан десеңізші» секілді сөздер бүгінгі биліктің ең сүйікті сөзіне, олар жасап отырған идеологияның негізгі иммунитетіне ай­ налды. Санасына шіре салынып, бейопа саясаттың бейшара кейіпкеріне айналған ұлтты осындай қаскөй сөздермен тағы да төбесінен ұрып, төпештеу еш тыйылар емес. Міне, азат­ тыққа жетіп, Абайды танығандағы сиқымыз. Ал, анығын­ да, Абай осы сөздерді айтты ма өзі? Айтса, қалай айтты екен, онымен ешкімнің шаруасы жоқ. «…Әрбіреудің ті­ лін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арыздана жалынбайды. Орыстың ғылымы, өнері – дү­ ниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі. Ләкин осы күнде орыстың ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді. Жоқ, олай ниет керек емес. Малды қалай адал еңбек қылғанда табады екен, соны үйретейік, мұны көріп және үйретуші­ лер көбейсе, ұлықсыған орыстардың жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз қорлығына көнбес едік. Қазаққа күзет­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек…» (Жиырма бесінші қара сөзі). Көріп отырғанымыз­ дай, Абай «орысша үйрен» дейді. Үйренгенде ділің мен ті­ ліңді ұмытып делқұлы бол демейді. «Қазаққа күзетші бол, ел болып, халық атанудың қамын же» дейді. Өкінішке қа­ рай, Абайдың «осы оқығандары» қазақты күзететін қорғаушы емес, қорлаушы болып, күллі құндылықтарымызды табанға таптап, талақ еткен нағыз маргиналдарға айнал­ ды. «Абай айтыпты-мыс» деп жүрген жәдігөй сөздің тағы біріне тоқтала кетейік. «Біздің қазақтың қосқан аты ал­ дында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуа­ нады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар. Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ор­ тасында бір хайуанның өнерінің артылғанына, я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі – қа­ зақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландыр­ сам екен демек. Біреуді ызаландырмақ – шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. …Жүйрік ат – кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріме­ нен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кірген­ дей болып, я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несі­ не ұялып, қорланады екен?..» (Жиырма алтыншы қара сөзі). Біз бұл лепестен қазақты қазаққа қарсы қоюдың еш сыңайын аңдай алмадық. Тек «бір хайуанның өнерінің артылғанына бола» сонша күйініп, сонша қуанған адамдар мінезіне кейіген кемеңгерді көреміз. Қайталап айтамыз, бұл жерде сөз – қазақты қазаққа жауықтыру емес, қазақтың бойындағы жаман, жарамсыз мінез жайлы. Түсінер адам болса, емеуріні бөлек, екі басқа ой айтылып тұр. Рас, Абай

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «Қазақтаң өзге жұрттан сөзі ұзын», «бақас», «бақталас» деп сынағанмен, жаусың деп бір-біріне жаныстырған емес. Ке­ рісінше, «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» дейді. Бұл жердегі бар құпия әлгі құлдық санада жатыр. Соның кесірінен керек-жарағымызды Абайдың ауызымен айтқызып, аяқталмаған ойды белінен үзіп алып, «ұлттық ұран» жасап отырғанымызда. Әгәрәки, қазақ қазаққа жау болғанда оның он екі мың әні, алты мың күйі, мынадай фено­ мен дүниетанымы болмас еді. Тіпті бүгінгі күнге жетпей-ақ, этникалық ұйтқысы әлдеқашан қожырап, есімі ұмытылған ұлысқа айналар еді. Арада аттай екі ғасыр өтсе де, ұлтсыз­ дар мен тексіздердің қорғанар құралына айналып қор болған қайран қара шалым, ғазиз қарашығым-ай десеңші… Біз осы орайда ойы бұрмаланып, емлесі (әрібі) өзгертілген кемеңгер өлеңдері жайында бірер сөз шығындап көрмекпіз. Абай тек­ стологиясы дегенде біздің есімізге ең алғаш болып М. Әуе­ зовтің өзі тікелей бас болып 1957 жылы жарыққа шығарған академиялық екі томы оралады. Алды 1957 жылы, аяғы 2005 жылы текстологиялық зерттеуден өткен Абай шығар­ маларының екі томдық толық жинағында күні бүгінге дейін ауыздықталмай келе жатқан мынадай ағаттықтар бар. Мәсе­ лен, Мүрсейіт қолжазбасының негізінде даярланып, 1909 жылы Санкт-Петербургте басылған Абайдың алғашқы жи­ нағындағы «Қыс» өлеңінің үшінші шумағы бүгінгі кітаптар­ дың барлығында бүй деп беріліп келеді: Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Өлеңнің бастан-аяқ теңеуден тұратындығын ескерсек, осы үшінші шумақтың үшінші жолы «Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда» емес, «Бурадай бұрқ-сарқ етіп дол­ данғанда» болғаны дұрыс. Себебі «бұрқ-сарқ» сөзінің өзі боранның мінезі һәм синонимі. Қарапайым ғана айтсақ, жоғарыдағы шумақ қыс болады, қыста боран болады деген

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы секілді қабылданады екен. 1939, 1977 жылғы жинақтарда «бурадай» болып басылған бұл сөздің одан кейінгі шыққан еңбектерде «борандай» болып бұрмалануының сырын түсі­ не алмадық. Оны не себептен өзгерткені жайында ешқандай түсініктеме берілмеген екен. Енді «Қыстан», «Қарашаға...» қарай ойысайық. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі-ай» өлеңінің: ...Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып... – деп беріліп жүрген екінші шумағының үшінші жолы күдікке жосын ұялатады. И – жансыз зат. Сондықтан ол «тоңбайды», тоң болып қатып қалады. Мүрсейіт қолжазбасында бұл тір­ кес «мұздаған» болып берілген екен. Біздіңше, осы сөздің «тоң» деген түбіріне біреулер «ған» деген жұрнақ жалғап бүлдірген секілді. Дұрысы – «тоң». Қазақта «Тоң жібіді» дейді. Бұрмалаудың нәтижесінде «тоңған» деген сөз пайда болғандықтан, «жібітіп» тіркесі де тіл заңдылығына қарай «жылытып» болып өзгеріп кеткен. Олай болса, бұл жолдарды: ...Тоң иін жібітіп, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып... – деп түзеп оқысақ, қисынға келіңкірейтін тәрізді. Абай текстологиясын зерделегенде алға баса алмауымызға тағы бір себеп, Мүрсейіт қолжазбасын (өзге де версияларды айғаққа алмай) Құран сөзіндей қабылдауымыз. Сөз жоқ, Бікіұлының жазбасы біз үшін баға жетпес алтын қазына. Әйтсе де ол жазған кей сөздер ақылға томпақ емес пе, осыны ескере бермейміз. Ақынның айтпақ ойының күлбілтеленіп, үлкен өзгеріске ұшыраған өлеңдерінің бірі мынау: …Шырақтар, ынталарың «менікінде», Тән құмарын іздейсің күні-түнде, Әділеттік, арлылық, махаббат пен – Үй жолдасың қабірден әрі өткенде.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Абайды зерттеушілер төртінші жолға «үй» деп үкім шығарғанда менмұндалап тұрған мына бір ақиқатты нелік­ тен аңғармады екен?.. …Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және хақ жолы осы деп әділетті. Осы үш сүю болады имани гүл, Иманның асылы үш деп сен тәхқиқ біл. Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ, Басты байла жолына, малың түгіл. Бұл жерде үш нәрсені (Алланы, адамзатты, әділетті) сүю адамның «имани гүлі» деп ашық айтылып тұр. Олай болса жоғарыдағы «Үй жолдасың қабірден әрі өткенде» деген өлең жолының «Үш жолдасың қабірден әрі өткен­ де» болып оқыларына ешқандай шүбә болмауы тиіс. Біздің «Махаббатпен жаратқан адамзатты…» деп басталған өлең шумағындағы «алланы», «және хақ жолы» деген сөздер­ ді қарамен беруіміздің мынадай себептері бар. Біріншіден «алла» сөзі бас әріппен жазылғаны дұрыс. Себебі Абайдың өз қолымен жазылғаны «Бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» еңбегі ғана екендігін ескерер болсақ, «алла» деп кіші әріппен берілген барлық сөздер – Абайдың емес, өзге адамдардың көшірмесі. Тіпті Абай кіші әріппен жазды дегеннің өзінде де, адамды жаратып, оның алпыс екі тамырының ағысын білген Алла Тағала неліктен кіші әріп­ пен жазылуы тиіс? Екіншіден «Және хақ жолы…» деген сөз­ дің канондық (төл) нұсқасын Қайым Мұхамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» деген кіта­ бында былай деп көрсетеді: «Мәселе осы бесінші шумақтың төртінші жолындағы қателікте. Осы соңғы жолға үңіле қа­ расақ, мағына-мазмұн жағынан да, өлеңдік қисын жағынан да ойсырап жатыр. Абай сөзіне бөтен сөз араласып, бүлдіріп тұр. Біз өлең шумағын былайша оқысақ:

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп, Және сүй хақ жолы деп әділетті… …Өлеңнің төртінші жолын осылай түзеп оқысақ, Абайдың өзіндік түпнұсқасы қалпына келеді деп сенеміз». Біз де өлең шумағының ең дұрысы осы нұсқа деп қабыл­ даймыз. Сол секілді «Сегіз аяқтағы»: Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, Әлі жетер заман жоқ. Қадірлі басым, Қайратты жасым Айғаймен кетті, амал жоқ… Безбенге салып бағамдар болсақ бұл жердегі «кетті» сөзі­ нің «өтті» болып жазылған жөн. Жастың я болмаса өмір­ дің өтуін «кетті» деп қарастыру сөз табиғатына бәлендей ке­ ліңкіремейтін тәрізді. Мына бір шумақ ілгерідегі 1909, 1933 жылғы жинақтар­ да дұрыс басылған болса, одан кейінгі жинақтардың бәрінде төмендегідей бұрмаланған екен: …Жөнді, жөнсіз, Сөз теңеусіз, Бас пен аяқ бір қисап, Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден үрген итке ұқсап. Тұрағұл өзінің «Әкем Абай туралы» деген естелігінде бұл жайында мынадай дерек келтіреді: «Бай сейілді» де­ ген өлеңді ел билеген болыстарға наразып айтқан, «ұрысса орыс, елге болыс үйден ұрған итке ұқсап» дегені үйден таяқ жеп шыққан ит тыстағы жай итпен алыса кететін әдеті бо­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лады. Үйдегі кісіге ештеме ете алмай, ашуын тыстағы иттен алып, Уезнойдан сөгіс естіген болысқа, сол ит секілді оязға ештеме ете алмай, тыстағы жай адаммен ұрысады дегені». Міне, Тұрағұл естелігіндегі аталған шындықтың күні бүгін­ ге дейін өз қалпына келмей жүргені тіптен өкінішті-ақ. Абай сөздерінің бұрмалануына «ерен еңбек сіңіріп жүргендердің» ең үлкені әншілер қауымы. «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң», «Желсіз түнде жарық ай», «Айттым сәлем, қаламқас», «Кө­ зімнің қарасы», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның әні», тағы басқалары сауатсыз әншілердің кесірінен әбден бүлініп бітті. Мәселен: Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді ішімде Ғашықтың жарасы... деген шумақ әншілердің ауызымен бүй деп айтылып жүр. Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді-ау іштегі Ғашықтың жарасы. Біздіңше, екеуінің де кей сөздерінде кемшіліктер бар. Бұл жерде ғашықтық дертінің бітпеген жарасы жайында айтылып тұр. Атам қазақ, адам денесіндегі жараны бітті не­ месе бітпепті дейді. Олай болса бұл өлеңнің: Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпеді ішімде Ғашықтық жарасы. болғаны дұрыс. Осы секілді өзгерген өлеңнің тағы бірі «Айт­ тым сәлем, қаламқас» әні.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Айттым сәлем, қаламқас, Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан (бір) сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Сеннен артық жан тумас, Туса туар – артылмас. Бір өзіңнен басқаға (басқа жанға) Ынтықтығым айтылмас.

Асыл адам айнымас, Бір бетінен қайырылмас. Көрмесем де, көрсем де, (көрсем-дағы) Көңілім сенен айырылмас. Өлеңдегі қарамен берілгендер – Абайдың төл туындысына еш қатысы жоқ, сырттан таңылған солақай сөздер. Әнші – тек орындаушы ғана емес, сол әннің насихатшысы әрі тағдыры­ на жауапты адам. Ол қалай айтса, одан кейінгілер де дәл со­ лай айтады. Ән корифейлері Ә. Қашаубаев, Қ. Байжанов, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев, Д. Рақышев, М. Ешекеевтердің жаңылыс айтқан кей сөздерін одан кейін­ гі орындаушылар сол қалпында еш түзетпестен айтып келе­ ді (Ол өз алдына жеке тақырып болғандықтан, бұл жерде оған тоқтала алмаймыз). Ойымызға қозғау салған ғазалдың тағы бірі – «Әбдірах­ ман өлгенде» деген өлең. Арғы атасы қажы еді, Бейіштен татқан шәрбәтті. Жарықтықтың өнері Айтуға тілді тербетті… Осы өлеңге Әрхам Кәкітайұлы: «Бейістен татқан» деп қате басылып кеткен. Дұрысы «Бейістен татқай шәрбәтті» болады. Абай әкесін бейістен татқан шәрбәтті, яғни «бейіске (жұмаққа) кірген» деп кесіп айтпайды, бейістен шәрбәт тат­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . са екен, яғни орны жұмақта болса екен деген тілегін айтады» деп түсіндірме береді. Сөз жоқ, біз де Әрхам ескертпесін өте дұрыс деп ойлаймыз. Төмендегі шумақ бүгінгі кітаптардың барлығында бүй деп басылып жүр: Күшік ит бөрі ала ма жабылса да? Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да. Арсыз адам арсаңдап арсылдайды, Әр жерде-ақ керегеге таңылса да. Абайдың бұл жердегі айтпағы «күшік иттер» бөріні жа­ былса да, жеңе алмайды деген ой ма десек, «күшік ит» өзі ғана айтылып тұр. Сөйтсек, оның құпиясы мынада секілді. Тұрағұл өз естелігінде бұл шумақты: Күшікті ит бөрі ала ма жабылса да? Тәңірі сақтар, табандап тап ұрса да. Арсыз адам арсаңдап арсылдайды, Әр жерде керегеге таңылса да... деп келтірген. Тұрағұл нұсқасы бұдан кейінгі еңбектерде ес­ керіліп жатса, үлкен ғанибет болар еді. Осыған орайлас тағы бір кінәрат Абайдың аударма өлеңінде жүр. И.А. Крыловтан тәржімалаған «Есек пен бұлбұл» өлеңінің үшінші шумағы: ...Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып, Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып... – деп берілген екен. Осындағы екінші жолды «Шырқатып, шымырлатып, сорғалатып» деп оқысақ, бұл байлаудың түйіншегі тіптен тамаша тарқала түсер еді. 2006 жылы (22 ақпанда) «Егемен Қазақстан» газетін­ де Т. Жұртбайдың «Абайды дұрыс оқып жүрміз бе?» деген мақаласы жарық көрген болатын. Автор онда Абай өлеңде­ ріне қатысты нақты деректер мен бұлтартпас дәлелдер ұсынған екен. «...Зады көшіре-көшіре жатталып кеткендік­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы тен де, кейін ойша жазылған кезде түпнұсқадан ауытқып, дәлсіздікке жол берген сияқты. Мысалы, Абай ауылының қарттары: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен қайратың екі жақтап, – деп ауызекі жатқа айтатын жолдар жинақтарда: «Ақылың мен еңбегің екі жақтап» болып басылған» деп Абай ауылының қарттарын дерекке алады. Ақылды ақсақалдар, сөз жоқ, Абайды біліп отыр. Біз бұл жерде негізгі дерек кө­ зіне Абайдың өзін алға тартқымыз келеді. Мәселен, «ақыл», «қайрат», «жүрек» ұғымдары Абайда егіздің сыңарындай бірінен бірі ажырамас қосамжар сөздер. Мәселен: «Қайрат пен ақыл жол табар», «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» немесе «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста». Міне, осы деректер аталған өлеңнің: Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Қайратың мен ақылың екі жақтап, – болып түзеліп жазылуына негіз тартып тұр. Абай еңбекте­ рінде араб, парсы тіліндегі сөздердің көп кездесетіні белгілі. Ең өкініштісі, солардың көбіне күні бүгінге дейін дұрыс түсі­ ніктеме берілмей келеді. Мәселен, 2005 жылы жарық көрген екі томдық академиялық еңбекте «тасдих» сөзіне шындық, сенім деп түсініктеме берілген (Дұрысы иманды жүрекпен бекіту ғой). Дәл осы тағдырлас өзгеріске ұшырағандардың бірі «зияғ» (зая) сөзі. 1909 жылы – Санкт-Петербургте, 1922 жылы Ташкентте басылған кітаптарда: Жапырағы қуарған ескі үмітпен, Зия ғып өмір сүріп бос жүріппін. Жыбыр қағып, көңілді тыншытпайды Қашанғы өтіп кеткен бұлдыр көп күн…–

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . деген шумақтың екінші жолы одан кейінгі еңбектерде: «Қиял қып өмір сүріп, бос жүріппін» болып өзгеріп кеткен. 1922 жылы Ташкентте басылған кітаптағы «зая» сөзіне Алаш арыстарының бірі Халел Досмұхамедұлы: «Зая (араб­ ша) зыяғ – босқа, бос кету, бос өткізу, жоғалту» деп түсінік берген. Бұл қай жағынан болсын көңілге қисынды пікір. Ал оның не себептен «қиялға» айналып кеткендігін еш түсіне алмадық. Осыған қарап отырып-ақ Х. Досмұхамедұлының: «Біз мәдениетті жұрт болсақ, Абайдың жүз бет өлеңіне мың бет жору (комментарий) жазылған болар еді» дегені ай­ на-қатесіз ақиқат екендігіне тағы бір көзіңді жеткізесің. Жору дегеннен шығады, біз Абайды ішіне қондырған кәні­ гі «абайтанушы» емеспіз. Сондықтан әнтек басқан қадам, жетпеген жері болуы бек мүмкін. Дей тұрғанмен, көзіміз сен­ се де, көңіліміз хош көрмеген кей өлеңдеріне қадари-қалі­ мізше қозғау салдық. Мақаламыздың басында Абайды қазақ халқының рухани қарашығы деген болатынбыз. Құнанбай баласын құлдықтан құтылмаудың құрығы ретінде пайдала­ ну әлгі «қарашыққа» жасалған қиянаттардың ең үлкені деп ойлаймыз. Біз «аянышты» Абайдан осыны аңғарып, осыны түйсіндік. Ал арғы жағын айтпасақ та болады. Қазақты «Абай» деген ақиқат пен ағартуға бастаушы қарашығынан айырып, су қараңғы зағип ету. Десек те осы бір жымысқы ниет қазақты су қараңғы етпесе де, оның көзіне «көзілдірік» кигізіп үлгерді. Ол – рухани қарашығымызға тағылған «өзгені зор, өзіңді қор», қазақты «кіші», орысты «нән» етіп көрсететін құлдық көзілдірігі. Амалыңыз бар ма, бүгінгі би­ лік (саясат) біздерге осы көзілдіріктің ар жағынан қарап отыр. Басы ашық бір ақиқат бар. Көзілдірік өзгермесе, Абай да өзгермейді. Ол біздер үшін ашылмас қақпа, таскерең тү­ нек күйінде мәңгілік қала береді… 2005 жыл

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы АБАЙҒА ҚАТЫСТЫ АЛТЫ СӨЗ I Кер даланы кезген көне естеліктің оқиға сорабы бүй деп сөйлейді: Абайдың он төрт жастағы кезі екен. Құнанбай шаңырағында Бозай төре мен Жылтыр ақын келелі кеңес құрып отырыпты. Әсерлі әңгіменің ауаны бір мезетте шақ­ шаға қарай ауысыпты. Екі алақанына күміс зерлі шақшаны алма-кезек аударып отырған Бозайға Жылтыр ақын: Қызылсу Шарға құймай тасымайды, Әркімнің бір жары бар басыбайлы. Аңырып отырғанша ермек болсын, Бозеке, бері таста насыбайды, – депті. Бұған Бозай мен Құнанбай: «Бәрекелді, өлең-ақ екен. Айтар болсаң, осылай айт» деп Жылтырды көтермелей жө­ неліпті. Ал Абай болса бұлардың мақтауын аса бір қоштай қоймапты. Қоштағаныңыз былай тұрсын, Жылтырға тіке қарап: «Сізді ақын екен десем, жамаушы, тіпті өтірікші­ нің өзі екенсіз ғой» деп бір-ақ қайырыпты. Мұндайды әсте күтпеген Құнанбай қонақтарының алдында кәдімгідей әбі­ герге түсіп: «Әй, Абай, сөзіңді дәлелдеп бер, әйтпесе қайтып ал» деп қатуланыпты. Сонда Абай: «Өтірікші дегенім, өлеңнің алғашқы жо­ лындағы «Қызылсу Шарға құймай тасымайды» дегені ғой. Қызылсу ешқашан да Шарға құймайды, өз бетімен ағып Ертіске құяды емес пе? Екінші, «Әркімнің бір жары бар басыбайлы» делінді. Қарының (ойнасшының) қашан басыбайлы жары болушы еді. Әйелдің жалған байы болса, ол қалайша басыбайлы болады екен. Ал жамаушы дегеніме келер болсақ, осы бір өлеңді айту үшін Қызылсу мен Шарды біреудің жарына әкеліп қосақтаудың қаншалықты қисыны бар. Бір ауыз өлең Бозекеңнің өз айналасынан да табылмай ма?» депті. Сонда Бозай: «Шырағым Абай, осыны өзің айт-

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . қанда қайтіп айтқан болар едің, кәні?» деп қайыра сұрақ қойыпты. «Мен болсам мұны бүй деп айтқан болар едім» депті сонда Абай: Қараша хан қасында басыбайлы, Қарасыз ханның көңілі тасымайды. Ақыры отырғанша, ермек болсын, Бозеке, бермен таста насыбайды. Дәл тауып айтылған дәлелді сөзге үшеуі де тоқтаған екен деседі қария естелік. Небары он төртке қараған бозбала Абайдың өлеңге деген талғамы мынадай болғанда қырықтың қырқасынан асқан­ дағы айтқан «Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау, Өлеңі бірі – жамау, бірі – құрау» дегені шынымен-ақ рас болғаны ғой. Алашқа «көмекей әулие» атымен мәлім Бұқарды да бе­ тім демей, мінеп отырған Абай біздің бүгінгі шатпағымызды көрсе, нендей күйде болар екен?! Анығында, «АҚЫН дегеніміз кім, ӨЛЕҢ қандай болуы керек?» деген қос сұраққа хакім тарапынан толыққанды жауап берілген. Бәрін жіліктеп жіпке тізіп отыруға уақыт тапшы болғандықтан, біз соның бірер жолдарын ғана сөз етпек ниеттеміз. Қос ұғымды (ақын мен өлеңді) қосақтап айтқан Абайдың бір шумақ өлеңі былай болып келеді: Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, Ол – ақынның білімсіз бейшарасы. Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы. Бұл жердегі қолданылып тұрған «бөтен сөз» ұғымы мынаны білдіреді: «Өлең деген – әр сөздің ұнасымы» деп қарайтын хакім үшін ғазал «тілге жеңіл, жүрекке жылы» болып келуі шарт. Бұл енді құйылып түскен құдіретті өлеңнің нағыз талаптары ғой. Ал Абайдың жоғарыда аң­ датқан «жамау» мен «құрау» ұғымдарының бұған тіпті де қатысы жоқ.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Жамау, бәрімізге мәлім, сол (төл) заттың емес, сырттан әкеліп жапсырылған бөгде заттың қиындысы екендігін ес­ керер болсақ, хакімнің айтып отырған «бөтен сөзінің» мәні енді ғана түсінікті болды. АБАЙ ҮШІН МҰНДАЙ ӨЛЕҢШІ «БЕЙШАРА АҚЫН» БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ. Әлгіде ғана «Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, бұл жұрттың сөз танымас бір парасы» деп кейіп отырған ке­ меңгер осы бір өлеңнің аяққы шеніне келгенде: «Сөз тү­ зелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп бұйрық райға көшеді. Неге дейсіз ғой? Абайдың бұл жердегі «СӨЗ» деп отырғаны ӨЗІ. Себебі өзін түзей алмаған ақын өзгені түзетуге әман­ да дәрменсіз. Оның сөзінің дуалы болмайтыны да осында. Мұндай ақынның оқырманға халық атынан сөйлеп ақыл ай­ туға немесе жол көрсетуге ешқандай қақысы жоқ. Сонымен «өлеңнің техникасы дамып, тереңдігі кеміген» мына за­ манда «құраушылар» мен «жамаушылардың» жолдары шынымен-ақ болып тұр. Өзгеге түсіндіріп бермек түгілі, өздері не сандырақтап отырғанын білмейтін сол шіркіндер ТҮСІНІКСІЗДІГІН – ТЕРЕҢДІККЕ, КҮҢГІРТТІГІН – КЕ­ МЕҢГЕРЛІККЕ, ШАТПАҒЫН ШЕДЕВРГЕ балайды. Солай десек те буы бұрқыраған әсіреқызыл сөзге күпті осы «ақын­ дарымыздың» екпіні (жарнамасы десек те болады) тіптен күшті. Айтпақшы, Абай атамыз мұны да ащы тілімен көк­ тей өтіпті. Жай «Әсіреқызыл емес деп жиренбеңіз, түбі те­ рең, сөз артық, бір байқарсыз» дей ғана салыпты. Қош... ҚОЛДАН ӨЛЕҢ ҚҰРАЙТЫН «БЕЙШАРА АҚЫН» БОЛҒАННАН ГӨРІ БОЛМАҒАН ӘЛДЕҚАЙДА ҚАЙЫРЛЫ ҒОЙ. Есіл уақытыңды тектен-текке сарп қылған сол бір шимайыңның күні ертең желге ұшары тағы да мәлім. Мұны СІЗ бенен БІЗ білмегенмен, данышпан Абайдың аңда­ май қалуы тіптен мүмкін емес. Осыны түсінген Абай біздер­ ге аса жанашырлық жасап, «Шырақтарым, мұндай «өлең­ ді» бекерге әуре болып жазбай-ақ қойыңдар, бәрібір жоқтың есебіне саналасың» деп жалынғандай да болыпты. ...Өлеңі бар өнерлі інім, сізге Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Өзге түгіл, өзіңе пайдасы жоқ, Есіл өнер қор болып кетер түзге... Әулие Гете «Әгәрәки, жер бетіне бір сызық түсуі керек болса, ол ең алдымен ақынның жүрегіне түсуі тиіс» деген екен. Бұл енді түсіне алғаныңмен, түсіндіріп беруге келмей­ тін ХӘЛ ғой. Ақиқатына келер болсақ, ақындық Алла тара­ пынан берілген АМАНАТ пен ДЕРТ. Дәлірек айтар болсақ, ақын – Құдайдың қаламсабы іспетті. Олай болса, бұдан шығатын пәтуа байламы: ӨЛЕҢДІ БІЗ ЖАЗБАЙДЫ ЕКЕНБІЗ, АБЗАЛЫ ЖАЗДЫРТАДЫ ЕКЕН. Біз осы аталған қос өлшемнің қайсысына жататынымызды ішіміз (дұрысы, жүрегіміз) сезгеніменен, амал қанша, еш мойындағымыз келмейді. Абайдың жаратылыстың сырын толық түсінген данышпандығы мен дәлдікке құрылған алгоритмдік зерде­ сі туралы сөз тіптен бөлек. Мұны енді кемеңгерлік дейміз. Қысқасы, біздің «ақын» болғанымызбен, Абай бола алмай­ тынымыздың қарапайым арифметикасы да осында жатыр... II Абай «қалың елі қазағын» қапысыз сүйді. Сол үшін ға­ зиз басын тауға да, тасқа да ұрды. Қазақты қайтсе де ел қылмақтың қамын күйттеген қайраткер осы бір сұрақтың аласұрып жауабын іздеді. Кірпік ұшындағы ғұмыр-ай дер­ сің. Ет жүрегін шабақтап елу тоғыз жыл сүйген сол алашы ақыл мен парасаттан тым алшақ кетіскен екен. Ақылдың бұл жәмиғатқа қол емесін сезінген хакім бұл сауалдың қарым­ тасы тек екі істе ғана қалғандығын бағамдады. Қырық бі­ рінші қара сөзінде: «Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек. Әуелі – бек зор өкімет, жар­ лық қолында бар кісі керек... Екіншісі – ол адам есепсіз бай боларға керек». Хакімнің қазақтың қамын күйттемек болған адамға өкіметтік зор билік пен байлықты насихаттауының бар құпиясы: «Қазақты я қорқытпай, я параламай... еш нәрсе­ 10-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ге көндіру мүмкін емес». Мұнысы «Әй, жігіттер, байлық пен билікке жетпей жарытып түк те істей алмайсың» дегенге саяды. Содан бері аттай аунап екі ғасыр өтіпті. Абайдың сол қазағы, негізінде, басқа сапаға өтуі керек-тұғын. Жоқ, өкінішке қарай, олай болмай шықты. ҚАЗІР ДЕ ҚАЗАҚТЫ ТҮЗЕТУДІҢ АБАЙ АЙТҚАН ҚОС ТЕТІГІНЕН ӨЗГЕ БАЛАМА ЕШБІР БАҒЫТТЫ КӨРЕ АЛМАЙ ОТЫР­ МЫЗ. Ендеше, есі бар азаматқа бар құпияның сыры мағлұм болды. ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫ мен ҰЛТТЫҚ БУРЖУАЗИЯ қалыптасып, осы екеуі бір мүддеге ұйыспайынша қазақтың кө­ гермегі қиын екен. Киелі билік – кім көрінгеннің жұрт «қорқытатын» жұмысы емес, ҰЛТ ЗИЯЛЫСЫНЫҢ халқы­ на қызмет жасауының қасиетті құралына айналуы қажет. Абайдың «Қазақты я қорқытпай, я параламай еш нәрсеге көндіру мүмкін емес» механизмін бүгінгі билік жүз пайыз жүзеге асырып отыр. Әрине, басқа ниетте... Рас, көп кемшіліктен көңіл суыды. Мешкейлік пен қорқақтық (рухсыздық) өн бойымызды әбден меңдеп алған екен. Ендігі мақсат «Қазақты қалайша түзесем екен» деген абайлық ниеттің айналасында болуы тиіс. Қайталап ай­ тамыз. Тек абайшыл ниеттің айналасында ғана. Қазіргі қа­ зақ баласына жетпейтіні де осы... III Аттап бассаң, Абайға жолығасың. Қазақтың кей қареке­ тінен Абайдың ашуы мен ызасын көресің. Әр қазақ перзенті Абай сөзінің тірі кейіпкері екендігін бағамдайсың. Сосын, Абайсыз қазақты түсінбейтіндігіңді, Абайсыз бұл халықты әманда дұрыс жолға сала алмасыңды аңғарасың. Өзгермеген өмірімізден бірер мысалдар келтірейін. Жиырма үшінші ғақлиясында жарықтық: «Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. ...Жаманға салысып жақсы бола ма? Жақсыға салысып жақсы болады-дағы. Жүз ат бәйгеге қосылса, мен бәйге ал­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . дым деген сөз болса, алдыңда неше ат бар деп сұрар, артың­ да неше ат бар деп сұрағанның несі сөз? Мен бес аттан, он аттан ілгері едім дегеннің несі қуаныш?». Қызық. Абайға иланар болсақ, қазақ артта қалғанына да қуанатын халық екен. ОСЫ БІР ҚЫЛЫҒЫ КӨЗСІЗ ШҮКІРЛІГІ МЕН ТО­ БАНАЯҚ ТӘУБӘШІЛДІГІНЕН БОЛСА КЕРЕК. Содан бері аттай екі ғасыр өтсе де, таптаурын түйсігімізден тағы да ТАҒДЫР жасап отырмыз. Сөзіміздің сиқы мынау: «Тәжік пен ұйғырдан, өзбек пен қырғыздан қарағанда жағдайымыз жақсы ғой әйтеуір. Осы күнімізге де шүкіршілік дейік...». Саяси биліктің бес уақыт азаны іспетті, айтыла-айтыла ті­ зесі шыққан осы бір сөздерді естісем болғаны, кәдімгідей күйіп кетемін. Ақыры салыстырған екенбіз, ендеше алға озғандарды да мысалға алайық. ШІРКІН-АУ ДЕЙМІН, ЖАПОН МЕН КОРЕЙДЕН, АҒЫЛШЫН ӘМ НЕМІСПЕН САЛЫСТЫРҒАНДА ЖАҒДАЙЫМЫЗ ҚАЛАЙ ӨЗІ ДЕП НЕГЕ АЙТПАЙМЫЗ ОСЫ? Қазақты бұл халықтармен салыстыруға тағдыр алдында да ешқандай қақымыз жоқ па? Неге ғана артқа жалтақтаудан ақиқат жасауға бейімбіз осы? Әлде мына өмірде тек өзбек пен қырғыздан, тәжік пен ұйғырдан озсақ қана болғаны, «қалғанын қайдам» деп қалжа жескен бе едік? Бұл, сірә, ақылыңды айрандай божытатын нағыз надан­ дыққа саяр шүкірліктің өзі. Кемеңгердің « Ашуың – ашыған у, ойың – кермек» ызытының ыстық демін енді ғана се­ зінгендеймін... IV Ендігі айтпағымыз ақынның екі ауыз ғақлиясының астары хақында болмақ. Тағы да Абай айтады: Жақсылық жамандық пен – оған бір бәс, Дін ісін, Құдай ісін айыра алмас... Өлеңнің екінші жолына үңілер болсақ, дін менен Құ­ дай ұғымдары бір секілді болып сезіледі. Былай қарасақ,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы дін дегеніміз – Құдай, Құдай дегеніміз дін емес пе деп ой­ лауыңыз да мүмкін. Міне, біздің басты қателігіміз де осы. Шама-шарқымызша арасын ашалап көрсетуге тырысайық. ДІН ІСІ дегеніміз – ғасырлар ырғағымен қылыптасқан рухани құндылықтар қабаты. Ең бастысы, бұл – өзгермелі (замана талабына байланысты) ұғым. Өзгермелі екенді­ гін отыз сегізінші қара сөзінде хакім: «...Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләм «Ақыр заманда бір жылдық бір күн болар» дегенде сахаба-и кәрәмлар «Бұл бір жылдық бір күнде намаз нешеу болар» деп сұрағанда: «Оның патуасын сол заманның ғалымдары білер» деген сөзінен ғибрат­ танып қарасаң, замана өзгеруімен қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болды» дейді. Ал абсолютті, мәңгілік, өшпейтін, өлмейтін, өзгермей­ тін заңдылықтарды құдіреті күшті ҚҰДАЙДЫҢ ІСІ дейміз. Абайдың жоғарыдағы ойды қайыра өлеңге сыйдырып «Қағи­ да шариғаты өзгерсе де, тағриф Алла еш жерде өзгермеді» деп отырғаны да осы сөзімізді қуаттайды. Бізде дінтану­ шылардың көп болғанымен, құдайтанушылардың (бұл жер­ де ләддүни ілім иелерін айтып отырмыз) жоқ екендігін неге жасырайық. Жиырма жылдың бедерінде бірімізді-бі­ ріміз даттап, жамағаттық мүгедек мүддемен тұйықталып, сақал мен шәліден аса алмаған шала сауатымыз осының көрінісі. Қайыра айтамыз. Қазақияда дінтанушылар (моллалар десек те болады) көп, құдайтанушылар (ғалымдар мен ха­ кімдер) дегеніңіз жоқтың қасы. Ғалым дегеннен шығады, өздерін ғаламат теолог санап жүрген «данышпандарымыздың» дені араб пен парсының яки болмаса түріктің діни еңбектерін аударумен аттарынан кәдімгідей асқар тау жасап алған. Бұл бір ғана діннің емес, барша ғылым салаларының не­ гізгі бас ауруына айналып отыр. Өтіміз жарылып кетсе де мойындайық. Біздің ғалымдар деп жүргеніміз (төл түсі­ ніктен жұрдай) тек тәржімашылар ғана. Ал нағыз ғалымға тән негізгі ұғымдар интертекст пен ин­ терпретация, герменевтика мен логика іспетті өткір зейін

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . мен кесек ақылдың жүздерін расымен тат тұтып қалған. Со­ дан шығар, XXI ғасырдан мұқым 1400 жылға (XIV ғасыр) кешігіп жүрген архаикалық ақпарға толы мешіттің бүгінгі уағызынан шынымен-ақ шаршап кеттік... V Текстология – ақынның еңбегі қатпаған сәбидей болған ең бір солқылдақ тұсы. Осыдан он жыл бұрын «Көзілді­ рігімізді өзгертейік» деген тақырыппен хакім еңбегінде­ гі мәтін мен емлеге қатысты біршама ойларымды ортаға салған болатынмын. Әрине, одан кейін де Абайды сан қайта­ лап оқыдық. Көзім көргенімен, көкірегім сезбеген тұстарым тіптен көп-ақ екен. Хакімнің көп еңбектерінің арттағы алаш баласына толығымен жетпегендігі жайлы баспасөз беттерінде бірнеше дүркін шаң бергендігі бар. Расында, осы бір күмәннің аныққа айналғандығына ақынның өз өлеңдері арқылы тағы да көз жеткізіп отырмыз. «Әнді сүйсең, мен­ ше сүй» деп қатаң талап қоя білетін кемеңгердің ән табиға­ тына әбден қанық болғандығы шүбәсіз. Сөйткен Абай «Ән дегеніміз не, оның сыры мен сымбаты қандай болу керек?» деген сұрақтарға «Білімдіден аяман сөздің майын, алты өлеңмен білдірдім әннің жайын» деп ән тақырыбының өзі­ не ғана алты өлең арнағандығын айтады. Ал Абайдың ака­ демиялық сүзгіден өтіп, жеке кітап ретінде құрастырылған екі том еңбегіндегі ән тақырыбына жазылған өлеңдерінің саны үшеу ғана. Біз төмендегі талдауға бармас бұрын ал­ дағы айтылмақ әңгімеміздің тұздығы үшін үш өлеңнің бірер жолы жайында ғана қысқаша сөз шығындасақ деген ойымыз бар. «Көбінесе ән басы келеді ащы, кел тыңда деп өзгеге болар басшы» дейді хакім Абай. Өлеңнен түсінгені­ міз, Асқар Сүлейменовше айтсақ, «дауысты сәл бұқтырып алып ыра көтеретін» алғашқы ащы дауыс ел назарын өзі­ не елітетін әннің айрықша тәсілі екен. Ал дегенде самғата ұшырып алып, қауырсынша қалықтататын осы бір тәсіл на­ маздың азаны іспетті. Тек ән басында ғана айтылатын АҢ­ ДАТПА БҰЛ ҰҒЫМНЫҢ көптеген әндеріміздің келсін-кел­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы месін әр жерінде қолдан қиыстырылуы ән өнерінің киесін кетіріп-ақ тұр. Содан шығар, дауыс көрсету дегенді жалау етіп, ән айту дегеніміз айғайлай беру дейтіндей можантопай дәрежеге құлдырадық. Қазақтың «Ән білмеген ойбайға (да­ уысқа) зорлайды» дегені осыны көрсетеді. Осы бір ойдың Абай ауызымен «Құр айғай бақырған, құлаққа ән бекен...» деп те түрленетіні бар. Бұл ғасырлар тәжірибесіндегі халық талғамымен Құнанбай баласының пайым-парасатының әманда бір арнада үнемі тоқайласып отыратындығын көр­ сетеді. Мұны қысқаша ғана зерделер болсақ, әнді дауыстан бөлек АҚЫЛ мен ЖҮРЕК, ТАЛҒАМ мен ТАНЫМ секілді қасиеттердің айтатынын көрсетеді. Кемеңгердің «Адам аз мұны біліп ән саларлық» деген ойының астары осыны аңда­ тады. Енді 2005 жылы академиялық сүзгіден өтіп, екі том еңбек ретінде құрастырылған ақынның мына бір өлеңінің жолы жайында қысқаша ғана сөз сабақтасам деймін. Әннің эсте­ тикалық ләззатын айтып келе жатқан Абай өлеңнің мына бір тұсына келгенде, кенеттен нілдей бұзылып айнып кете­ ді. Айталық: ...Көбінесе ән басы келеді ащы, «Кел тыңда!» деп өзгеге болар басшы. Керім толғап тауысар қаңғыркүңгір, Сол жеріне ойыңмен араласшы... Басында айттық. Алғашы «ащы» дауыспен ел құлағын күйлеп алып, енді «керім толғап», тағатыңды «тауысар» тұста мына «қаңғыр-күңгірі» қайдан пайда бола кетті? Мынадай «қаңғыр-күңгірден» кейін шырқы бұзылған есіл әнге енді қай «ойыңмен араласатындай» бетің қалды? Ақылға қиғаш келетін осы жеріне келгенде кәдімгідей абдырып қаласың. Әсілі, бұл ән мәтінінің сөзі «Керім толғап тауысар қоңыр-күңгір» болса керек -ті. Қателеспеген екенбіз. Әлихан Бөкейхановтың баста­ масы арқылы Мүрсейіт Бікі баласының қолжазбасымен 1909 жылы «Бораганский» баспаханасынан алғашқы бо­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лып шыққан Абайдың тұңғыш жинағында осы жолдар, дәл біз ойлағандай нұсқада берілген екен. Бұл жерде де көңіл­ ге күмән ұялатпай қойғызбайтын ақынның «күңгір» деген сөзі бүгіндері қағаберісте қалып, құлаққа тосаң естілгені болмаса, күмбірге жуықтау үн мен дауыс деген мағынада айтылып тұр. «Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» күңгір сөзі: «Алыстан немесе іші қуыс нәрсенің түбінен жаңғырып ес­ тілетін дыбыс» деп беріліпті. Сонда ақынның «қоңыр-күң­ гірі» қоңыр дауыс мағынасында айтылып отырғаны анық мағлұм болды ғой. Енді ентігімізді басып, хакім өлеңін қайыра бір айтып көрелік. «Керім толғап тауысар қоңыр-күңгір, сол жеріне ойыңмен араласшы». Ессіз әніміздің мағынасы енді ғана жөнге кел­ ген секілді...

VI Абай ешкімнің заңдастырып алған жеке мүлкі емес. Ол – адамзат, қала берді қазақ баласына ортақ тұлға. Әркім өз танымының ішкі терезесінің көлеміне қарай Абайды көре алады. Бір білетінім, жер бетінен ең соңғы қазақ жантәсілім еткенде Абай сөзі оның денесімен бірге суиды. Міржақыптың «Зәредей шүбә етпейміз, Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» деп отырғаны да осы. Неге дейсіз ғой? «Екі күймек бір жанға әділет пе?» де­ ген Құнанбай баласына енді ешқандай қаза жоқ. УАҚЫТ ҰЛЫЛАРДЫҢ АЛДЫНА ТҮСЕ АЛМАЙДЫ ЕКЕН. Ақынның тек биологиялық тәні (денесі) ғана XIX ғасырдың еншісінде болды демесеңіз, АҚЫЛ мен ПАРАСАТЫ келер замана кеңістігінде өмір сүрді. Хакімнің ғасырларды емес, «ЗАМАНДЫ қай жан биле­ мек?» деп сұрауының өзінде үлкен мағына жатыр. Рас, бұл өзіне ғана қойған сауал болатын. Заманды Абайдың өзінен басқа кімнің жүрегі дауалап билей алуы мүмкін еді? Қош... БҮГІНШІЛ АДАМНЫҢ ЕРТЕҢНЕН АЛАР ЕШҚАНДАЙ СЫБАҒАСЫ ЖОҚ. Ертеңнің сыйақысы бүгін­ ге берілмесі тағы да анық. Осыны ойласам болғаны, түкке

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы тұрғысыз тақырыптармен айналысып, қара терге малшынып қағаз шимайлап жүрген замандастарымды шынымен-ақ аяп кетемін. Әркім өз ниетіне қарай нәтижесін көріп те жатыр. Бірақ ӨЛІМНІҢ ҮСТІНЕ ӨМІР ПАТШАЛЫҒЫН ҚҰРУ тек данышпандардың ғана тәлейіне жазылатын тағдыр ғой. Ер­ тең дедік. Аяулы Ахметтің «Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін» ұғымының қазіргінің «зиялысына» онша қажеті жоқау деймін. Себебі ертеңін ойлаған ер (зиялы) ел тағдырына былайша қарамаса керек еді. Хакімнің кешегі «Ар мен ұят ойланбай, тән асырап, ер­ теңі жоқ, бүгінге болған құмар» бағамы қазіргі қазақтың да диагнозы ғой. Өтірік пе? Кәнеки, алапатымыз асса, Абай­ мен айтысып көрелік!..

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . АЛАШ ҺӘМ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ Алашты тану – мұрат, алаштық танымға жету – парыз. «Алаш қозғалысы» тоқсан жылда, яки болмаса жүз жылда ғана бір айтылатын науқандық шара емес. Қазақ қайрат­ керлері жайлы ай, тіпті апта сайын айтылуы қажет. Өйтке­ ні «Алаш» – ұлт барометрі. Алаш әлемінің айтылғанынан ашылмаған сыры әлі көп. Біз төмендегі мақаланы сол үшін де арнайы жазып отырмыз. XX ғасыр қазақ халқы үшін ең қанқасап ғасыр ретін­ де тарих парағында қалды. Мешін жылғы даланы ақсөңке сүйекке толтырған геноцит, 1938 жылғы репрессия (XX ғасырдың өзге де қасіреттерін жіпке тізбегенде осы қос тра­ гедияның өзі) бір ұлтты түбірімен тып-типыл етуге жеткі­ лікті факторлар еді. Біз осы орайда 1938 жылғы репрессия төңірегінде сөз сабақтап көрмекпіз. Ұлт көсемінен ауыл мұғаліміне дейінгі аралықты қамтыған «көкжөтел» на­ уқан шындығында халқымыздың тегіне, яғни рухани ге­ неологиясына сілтенген балта болатын. Бұл қасірет қазақ халқының қаймағын сиырып, қанын бұзды. Тұтас бір текті буын жер қойнауына сапар шекті. Нәтижесінде «жабыдан тұлпар, жапалақтан сұңқар» шыққан заман болды. Содан болар, кемел зиялыға ауадай зәру «көп шуылдақ» әлі күн­ ге адасумен жүр. Біз бұл арада «адасу» сөзін жайдан-жай қолданып отырғанымыз жоқ. Қазақ мемлекетін туралыққа һәм толыққанды ұлт болуға жетелейтін жалғыз-ақ жол – ол «Алаштың» жолы. «Алаш» – ақиқат пен бостандық жолы. Біз «Алашты» жете танығанда ғана азат санаға қол жеткізетін боламыз. «Алаш» пен азат – синоним, яғни бір сөз. Осыны білмейін­ ше, бізге тәуелсіздік пен еркіндіктің, бостандық пен азат­ тықтың қадіріне жету қиын. Ең өкініштісі, «Алаш» танымы алаштанушылар үшін ғана қажет секілді болып барады. Анығында, «Алаш» бізден гөрі биліктегі шенеуніктерге бір­ табан жақын болуы тиіс еді. Неге десеңіз, олар ел басқарып, дүйім жамиғаттың тағдырын шешіп отыр ғой. Халықтың

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы болашағы мен келешегі соларға тікелей қатысты. Олай болса әр лауазым иесіне «Алаш» мұратын тану сөзсіз міндеттелуі керек. Себебі халқыңды қалайша сүйіп, қайтіп қызмет етуді үйрететін сара жол да осы Алаштың жолы. Жан-жағыңнан жау анталаған мынадай ұрымтал кезеңде азаттықтың не екендігін білмейтін лауазым иесі қазақ қоғамы үшін ең қа­ уіпті адам екендігін ұдайы жадымыздан шығармағанымыз абзал. Ал бүгінде Алаш жолын мұрат тұтқан билік иелері бар ма? Бар болса, біз билікте жүрген мыңдап саналатын ше­ неуніктердің бірінің ауызынан «Ахаң (Ахмет) бүй депті, Жақаң (Міржақып) сүй деген екен» деген секілді бір ауыз сөзді не себептен ести алмай келеміз? Әлде олар үшін Алаш арыстарының ешқандай құны жоқ па? Аталған осы келеңсіздіктер біздің Алаш мұраты мен азаттық идеяны жете білмейтіндігімізді, «Алаш» десе, аттонымызды ала қашатын құлдық психологиядан әлі күн­ ге дейін арыла алмай келе жатқанымызды көрсетеді. Сөз жоқ, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – «Алаш автономиясының» заңды мұрагері. «Алаштың баласы бұл жолы ел болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар» де­ ген Әлихан арманының іс жүзінде жүзеге асқан кезі. Бұлай дейтініміз, азаттық идеясының алғашқы дәнін Алаш аза­ маттары екті. Сол дән бүгін өсіп-өніп, Қазақстан Республи­ касы деген пәрменді мемлекетке айналды. Рас, ұлт мүддесі мен ұлттық мұрат патшалық Ресейдің боданында жүрсек те еш саябырлаған емес. Еркіндікке ынтызар пейіл мен пе­ шене әрбір тұлғаның іс-әрекеттері мен өлеңдерінде өрекпіп жатты. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы «Еділді тартып алғаны, етекке қолды салғаны» деп еңіресе, Дулат Бабатайұлы «Өк­ сігіңді ойласам, ұйқы беріп қайғы алам» деп налыды. Ал Абай хакім болса «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп күңіренді. Басқасын айтпағанда, осы үш өлеңнің өзін­ де ғана ұлттық мұратқа сусаған ұлы сарын жоқ деп ешкім айта алмасы анық. Бірақ, бір анығы, анау батыстағы Мұрат пен шығыстағы Абайдың елдік мақсат жолында бастары біріге алған жоқ. Жалғыз күйініп, жекелей ғұмыр кешті. «Елім деп еңіреген» мұндай тұлғалардың интеллектуалдық

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . қуаты бір арнаға құйылып, асау өзенге айнала алмады. Өйт­ кені жеке адамның жалғыз өзі қоғам өміріне ешқандай да қозғалыс туғыза алмасы мәлім. Бұдан шығатын қорытын­ ды: қазақ қоғамының саяси өміріне алағаш рет ренессанс туғызған Алаш азаматтары деп толық айта аламыз. Бұл сөзімізге 1905 жылғы 26 маусым күні Қоянды жәрмеңке­ сіндегі Қарқаралы (петициясы) құзырхатының дүниеге келуі дәлел. Ресей патша үкіметінің Министрлер Кабине­ тіне жолданған құзырхатта сөз бостандығы, ана тілінде оқу, діни еркіндік секілді мәселелерді көтерген 12 мың 767 қазақ азаматының қолы қойылған. Осы құзырхат «Алаш қозғалысының» алғашқы бастауы болды десек, асыра айтқандық емес. Демек, «Алаш қозғалысы» 1913-1918 жыл­ дар аралығын қамтыған бес-алты жылдық қозғалыс емес, тамырын одан да бұрын жайып үлгерген, ішкі эволюция­ лық жолы әбден пісіп-жетілген ұлы қозғалыс болатын. Ол тек 1918 жылмен ғана тұйықталып қалған жоқ, «Алаш қозғалысы» 1939-1940 жылдарға дейін Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарымен Париж, Берлин қалаларында, 1940-1951 жылдары Оспан батырдың ұлт-азаттық көтерілісі арқылы Шығыс Түркістан топырағында жалғасып жатты. Осылай­ ша жан-жақты пісіп-жетілген саяси топ 1913 жылы «Қазақ» газетінің төңірегіне келіп топтасты. 1917 жылы «Қазақ» газетінің №23 санында «Алаш партиясына» кімдердің мү­ шелікке қабылданатындығы жайлы мақала басылды. Оған: «Партияның программасын жақтырып, жөн көрген, про­ граммадағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі кіреді. «Алаш» бағытынан таймайтын, өтірік айтпайтын, жақындық туысқа бүйрегі бұрмайтын, дүниеге қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі осы партияға кіреді. Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі мүшелікке қабылданбайды» деп шегелеп тұрып көрсет­ ті. Олар ақтық демі таусылғанға дейін осы сертке қылдай қиянат қылған жоқ. Соның нәтижесінде 1921 жылы Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы В.И. Ленинмен мәміле жүр­ гізге отырып мынадай үш маңызды мәселеге қол қойғызды:

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы 1) 1917 жылғы «Ұлттар декларациясына» сүйене отырып, «Әр ұлттың қалаған кезде бөлініп кетуіне толық құқығы бар» екендігіне; 2) Қазақ өлкесін Түркістан Республикасынан дербес авто­ номиялық республика ретінде жариялау. Оның шұғыл ара­ да территориясын бекітуге (Лениннің қолы қойылған сол қаулының негізінде бүгінгі Қазақстан Республикасының территориясына ие болып отырмыз); 3) Қазақ ұлтының жерін жекеменшікке беруге және қоныстанушыларды мүлде әкелуге болмайтындығына. Міне, ұлт жолындағы мұндай таңғажайып стратегиялық ерліктерін айтпағанда, Алаш арыстары ұлт негізінің діңі болып табылатын дін, діл, тіл секілді рухани құндылықтар­ ды күн тәртібінің басты мәселесі етіп қойды. «Дін ісі» жеке тарау ретінде «Алаш партиясының» бағдарламасына енді. Сондай-ақ әдеби, мәдени өмірдің де тамыры жанданып сала берді. Алғашқы романдар мен драмалық шығармалар дүние­ ге келді. Сан түрлі саланы қамтыған оқулықтар жарыққа шыға бастады. Мәселен, «Қазақ тілі» мен «Әдебиеттанудан» – Ахмет Байтұрсынұлы, «Медицина» мен «Биология», «Табиғаттану» пәндерінен – Х. Досмұхамедұлы, «Матеме­ тикадан» – М. Дулатов пен Ә. Ермеков, «Психологиядан» – Ж. Аймауытов, «Педагогикадан» – М. Жұмабаев, «Ауылша­ руашылық» саласынан Т. Шонанұлы мен Қ. Кемеңгерұлы арнайы оқулықтар жазды. Әдеби сын мақалалар мен қа­ тынас хаттар, сол секілді құжат тілінің жаңа лексикасын да Алаш ұлдары қалыптастырды. Рухани жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан кемелденген Алаш арыстары мынадай алты мәселені ту етіп көтеріп, ұлттық ұстаным етті: Бірінші, «Бай, кедей, орта деген секілді таптық бөлінуші­ лік болмасын»; Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»; Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»; (Ә. Бөкейханның «Қазақ жерінің әрбір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалуы керек» дегені осыған дәлел).

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен табылуы қажет»; Бесінші, «Қазақ тілі мемелекеттік тіл болсын»; Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып, дамыған Жапония елінің тәжірибесі қол­ данылсын». Міне, бұл бұдан бір ғасыр ілкідегі Алаш арыстарының бағдарламасы болатын. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан мемле­ кеті Алаштың аманаты болған осы алты бағдарына қан­ шалықты адалдық танытты? Мұны шынымен-ақ жүзеге асыра алды ма?! Алаш ұлдары азаттық жолында мың есе қан төккен болса, біздер бүгінгі бостандығымыз үшін одан да көп еңбек етуіміз қажет еді. Өйткені азаттықтан, азат са­ надан артық еш нәрсе жоқ. «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпегенде бола­ шақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар» депті Әлихан Бөкейханов. Алаш көсемінің бұл жауапкершілігі біздің де алдымызға сөзсіз қойылуы тиіс. Ұрпақ алдында бетіміздің қара немесе жарық болмағы осы міндет­ ке қаншалықты мазмұнды қызмет еткенімізбен анықтала­ тын болмақ. 2007 жыл

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ҰСТАНЫМ МЕН ҰЯТ

I Әңгіме әлқиссасын Әлихан Бөкейханнан бастасақ. Биыл ұлт мүддесі жолында мерт болған қазақ қайраткері 150-ге толды. Алаш көсеміне «Қарағым, жалғызымсың қазақтағы» деп Көкбай ақын берген баға сол биігінде тұр. Әсі­ лі, мұндай адам алашқа әлі қайырылыс бермеді десек, қа­ телеспеген болар едік. Тау тұлғаның тоғыз том еңбегін жіті зерделеген жан болса, бұл байламның рас екендігіне тағы бір көз жеткізген болар еді. Біз кітаптан алпыс екі тамыры тек алаш деп соққан азаматтың отаншыл һәм мемлекетшіл махаббатын көреміз. Базбіреулер елге қызмет етуді елу том еңбек жазу деп түсінетін шығар. Рас, арамызда Әлекеңдей энциклопедист, эрудит білімділер де табылар. Мәселе тіп­ ті де онда емес. Біздің ойымызша, адамдықтың ең биік өл­ шемі, есіл ердің өзі айтқандай, «...ҰЛТЫНА, ЖҰРТЫНА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛУ – БІЛІМНЕН ЕМЕС, МІНЕЗДЕН» дер едік. Бүгінгі салмақ түсіріп сараптамақ тақырыбымыз да осы мәселенің төңірегінде болмақ. Ішіне ғаламат сыр сыйғызған осы бір қанатты қағиданы әркім өз өресі жеткен жерге дейін түсінері мәлім. Тіпті мәтіннің соңын ала тұрған МІНЕЗ сөзін кей «кемеңгерлеріміз» иман деп қасақана бұрмалап та жібер­ ген екен. Мұндай құқықты ол шіркіндерге кім берген, қандай ақысы бар еді дейсің қапаланып. Автордың төл сөзін төлеуге жығып, әркім өз ойынан сөз қосарлап, былайша былықтыра беретін болса, түп мәтіннің ешқандай да құны қалмайды ғой. Ал, жарайды, иман деп өзгертуге тыраштанған-ақ екенбіз. Бұдан Бөкейхановтың мәртебесі биіктеп, аруағы аспандап кете ме сонда? Біз өн бойымызды меңдеген сана сырқатынан туындаған осы бір «тыраштану» симптомына сәлден кейін қайыра оралатын боламыз. Мұның бәрі, айналып келгенде, Әлихан әлемін толыққанды түсінбеуіміздің салдары ғана. Бұл жердегі Алаш көсемі айтып отырған мінез ұғымының иман сөзіне үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Әрине, иман ұғымы Алла мен адам арасындағы екеуара таным (се­ нім) мәселесі. Ал алаш арысының дәл осы жерде қолданып

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . отырған МІНЕЗ сөзі АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМ (принцип) турасында болып отыр. Адам баласына ең жетпейтіні де әм керегі де осы МІНЕЗ дейді Әлекең. Түсінген адамға Әлихан мақаласының әр жолында асау мінез анадайдан менмұндалап тұрады. Ұлт көсемінің ұстанымынан күлбілтелеу дегенді атымен таппайсың. Сөйтсек, Бөкейхановтың азаматтық амбициясы ақырғы жарығы түгесілер тұсқа дейін о бастан-ақ белгіленіп қойылған екен. «ТІРІ БОЛСАМ, ХАН БАЛАСЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ХАҚЫСЫ БАР ЕДІ, ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛМАЙ ҚОЙМАЙМЫН!..» дегені осы сөзіміздің бұлтартпас дәлелі ғой. Ұлт көсемі аталған ұғымға бар болмысымен қызмет жа­ сап, осы ұстаным жолынан бір айнымастан дүниеден озды. Ендігі кезекті естелікке берсек. Әлиханның туған ба­ уыры Смахан Нұрмұхамедұлы: «Әлекеңнің мінезі: еш қазақпен аразбын демейтін, қастық қылмайтын, жек көретін адамымен амандаспайтын, сөйлеспейтін. Қазақтың еш нәрсесін алмайтын. ...Әлекеңнің бір жолдасы – уақ Темірғали Нөрекин екінші Государственни Дума шлені. Әлихан «Елге еңбек қылмады» деп Темірғалиға өкпелеп, көрмей кетті». Бізде бір можантопай түсінік салтанат құрған. Бұл не десеңіз, азаматтың дәрежесін шен-шекпенмен я болмаса биік лауазыммен ғана бағалайтын бейшаралық. Мұнсыз (мандатсыз) ол адамның дарыны тау теңселтердей мықты болса-дағы, қоғам алдындағы құны көк тиынға тең. Бұған тұлғаны шығармашылығынан жекелей бөліп алып қарау тенденциясын да қосарлай кеткіміз келеді. Қызық, АДАМ­ НЫҢ ӨЗІ МЕН ӨНЕРІН ӨЗАРА БӨЛІП ҚАРАСТЫРАТЫН БОЛСАҚ, ОНЫҢ ШЫН БЕЙНЕСІН АТАЛҒАН ҚОС ӨМІРІ­ НІҢ ҚАЙСЫСЫНА ҚАРАП БАҒАЛАЙМЫЗ СОНДА? Бұ­ дан шын тұлғаның толыққанды суретін көре аламыз ба? Бізде осы «кісіңіз» былайғы өмірінде барып тұрған донжуан, сын сағаттарда ұлт мүддесін сатқан бейшара болсадағы биік лауазымның бірінде қызмет істесе болғаны, ұлт қайраткері болып есептеле береді. БҮГІНДЕ АБАЙ МЕН АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АТЫН МАЛДАНУ ҚАЗАҚҚА ЖАҚСЫ БОЛЫП КӨРІНУДІҢ ҚҰРАЛЫНА АЙНАЛДЫ.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Аталған адамдардың еңбегін түгелге дерлік жатқа соққаныменен, не уәдеде, не ұстанымда (принципте) тұра алмай­ тын «азаматтардың» тізімін жіпке тізер болсақ, қисабына жетпес едік. Бірден айта кетелік. Бұл ешқандай да Алаштың ақ жолы емес. БҰЛ – БАР БОЛҒАНЫ АРУАҚТАРДЫҢ АТЫН ЖАМЫЛҒАН АЛАЯҚТЫҚТЫҢ ЖОЛЫ. Болмысы біртұтастыққа ұласпаған мұндай пендені тұлға деп танудың өзі қалай болар екен? Өкініштісі, күні бүгінге дейін елдің «еркелері» мен «серкелері» (қарапайым ғана осы бір қағидалармен емес) жоғарыдағы жартыкеш крите­ рийлермен анықталып келеді. БІЗ ШЫН ТҰЛҒАНЫҢ НАРҚЫН БІЛЕТІН ТАНЫМНАН ТОЛЫҚҚАНДЫ АЙЫРЫЛҒАНДЫҚТАН, ОСЫНДАЙ ЖА­ ДАҒАЙ ЖАНДАРДАН ҒАЛАМАТ ҚАЙРАТКЕР ЖАСАУҒА МӘЖБҮР БОЛЫП ОТЫРМЫЗ. Ал олар болса, қазақты ел екен деп те менсінбейді. Тіліңде сөйлемейді, танымыңды түсінбейді, дәлірек айтар болсақ, оныңа түкіргені бар. Бір сөзбен пайымдасақ, бүгінгі билікті ҰЛТТЫҢ БОЗЖУСАН БОЛМЫСЫН БІЛМЕЙТІН, ҚАЗАҚТЫҚТАН ЕШ ХАБАРЫ ЖОҚ КОСМОПОЛИТТЕР БАСҚАРЫП ОТЫР. Қазынасы қазақты тонаумен ғана қампайған сол бейбақтардың бойын­ да Әлиханның жоғарыдағы, «қазақтың еш нәрсесін алмай­ тын, қастық қылмайтын» мінезі болғанда қалай болар еді, япыр-ай, дейсің. Алаш көсемінің естеліктегі «...екінші Государственни Дума шлені» деп отырғаны қазіргінің депу­ таттық мандаты ғой. Бүгінде оларға «елге еңбек қылмады» деп өкпелемек тұрмақ, былайша ойлағаныңның өзіне ұя­ латын жағдайға жеттік. (Елдегі екіжүзділік, қысқа күнде қырық құбылу секілді қылықтарымызды тізсек, бұл бір байтақ әңгімеге жүк.) Қысқасы, қандағы мінез, Шәкәрім­ ше айтсақ, «ТАЙҒАНАҚ МІНЕЗ, ЕКІ ТІЛГЕ» әлдеқашан айналып үлгергендігін өзіміз де аңдамай қалыппыз. Егер де Әлихан талабымен келісер болсақ, біздегі ТҰЛҒАТАНУ­ МЕН оны бағалаудың барометрі мүлде қате қалыптасқан екен. Әлиханға салсақ, тұлғаны бағалаудың ұшар басында ОНЫҢ ЕЛГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ МЕН БІРТҰТАС МІНЕЗІ алда тұруы тиіс. Біздіңше, бүгінде кімнің кім екендігін біл­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . мекке Бөкейханов тұлғасы ауадай қажет. СЕБЕБІ ӘЛИХАН КӨЗҚАРАСЫНЫҢ ТЕЗІМЕН ҚАРАҒАНДА ҒАНА ШЫН ТҰЛҒАНЫҢ АНЫҚ СУРЕТІ ТОЛЫҚҚАНДЫ КӨРІНЕР ЕДІ. Отаншыл санамыздың салмағы да осы бір өлшем тіл­ шесінің қалай қозғаларына тікелей қатысты. Мұны Әлихан Бөкейхановтың АР-ҰЯТЫМЫЗДЫҢ алдына тосқан АЗА­ МАТТЫҚ МИЗАНТАСЫ деп атасақ та болады.

II Ендігі сөзді жоғарыда уәде еткен «тыраштануға» қа­ тысты тақырыбымызға бұрсақ дейміз. Бұдан біраз күн бұрын әлеуметтік желілерде «Осы Абай намаз оқыған ба, әлде оқымаған ба?» деген сыңайдағы әңгіменің ду ете қалғаны бар. Дай-дай таласқа түскен екі топтың тамыр соғысынан біз мынаны аңдадық. Біріншісінің мақсаты Абайды намазға жығып, арты­ на ұйытып қоймаққа тыраштану болса, соңғысының ние­ ті – данышпанды қалайда дінге қарсы қою. Қос тараптың қылығына қарап отырып, қарадай қаның қайнайды. Ал енді алғашқысының әрекетіне келейік. Жарайды, Абайды сәждеге жығып артымызға ұйытып-ақ қойдық делік. Бұ­ дан болып біздің ұтарымыз қанша? Осылай етсек, кемең­ гердің қырық бес қара сөзі (ғақлиясы) қырық сегізге еселе­ ніп, ақындығы артып кете ме содан? Хакімнің «Батин мен заһир», «Имани гүл», я болмаса «Күні-түні ойымда бір-ақ Тәңірі», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деп жалғаса беретін жоталы ұғымдарының бірі де бұлар үшін ӨЛШЕМ емес екен. Оларға бар керегі Абайдың намаз оқығаны ғана... Намаз дегеннен шығады, соңғы мезеттерде исі адамзатты «сәждеге бас қойғандар мен қоймағандар» деп екіге бөліп қарайтын «данышпандар» пайда болды. Шіркіндер­ мен дидарласа қалсаңыз, дүмшелігінен адам қорқады (Түп­ тің-түбі қазақтың қасіреті осылардан болар ма екен деп қамығамын). БАБАЛАР БОЛМЫСЫМЕН СУАРЫЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАНЫМНЫҢ БҰЛАР ҮШІН БІР ТИЫНДЫҚ ТА ҚҰНЫ ЖОҚ. Осыдан болар, ой жосынымыздың құлдырап 11-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы кеткені соншалық, қазақтың қарапайым ғана сөзі мен қағи­ дасын түсіне алмайтын жағдайға жеттік. Мәселен, Зере әже­ міздің жан дегенде жалғыз ұлы Құнанбайды дәретсіз емізбе­ гені жайында бір дерек бар. Осы бір ойдан алапат ақиқат жасағанымыз соншалық, діннің деңгейін дәретпен өлшеген өлеңдерді қардай бораттық та жібердік. Бұл шын мәнін­ де адамның тазалығы жайлы айтылған ойының (астар­ лы) мағынасы ғана ғой (Әйтпегенде, түнде омырау сұрап отыз рет оянған перзентін әз әжеміздің «Әй, Құнанбай, сен жыламай сәл сабыр ете тұр, мен дәрет алып келейін» деп орнынан отыз рет тұрып емізбегені айдан анық қой). ЕҢ БАСТЫСЫ, БІЗДІҢ АҚЫЛ-ОЙ МЕН АР-ҰЯТЫМЫЗДЫҢ ДӘРЕТІ (тазалығы) БАР МА? МӘСЕЛЕНІ ОСЫЛАЙ ҚОЙҒАНДА ҒАНА БҰЛ ҰҒЫМ­ НЫҢ МӘНІНЕ ТЕРЕҢДЕЙ ЕНДЕГЕН БОЛАР ЕДІК. Құрметті оқырман қауым, біз бұл жерде намаз бен дәрет­ ті жалғанға шығарып, әдейі ілік іздегелі отырғамыз жоқ. «...Әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісі­ ге ғибадат парыз...» деген хакімнің дәрет пен намазды (яғни тағат-ғибадатты) иманның күзетшісі ретінде ғана қа­ растырғаны жайында айтып отырмыз. «...Күзетші күзеткен нәрсесінің амандығын ойламай, бір ғана ояу тұрмағын қасд қылса, ол не күзет? Күзеткен нәрсесі қайда кетті? Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?» дейді. ШАМАСЫ БІЗ ИМАН МЕН ҒИБАДАТТЫҢ ОРНЫН ӨЗАРА АЛМАСТЫРЫП АЛҒАН СЕКІЛДІМІЗ (Иманды бо­ луды «тек намаз оқу деп» түсіндіретіндердің әрекеті осы бір сөзіміздің мысалы). Ал енді екінші топтың ісіне айтар уәжіміз мынау: Алласыз абайтанудың ешқандай да мәні жоқ. Ақынның «алтын сан­ дық кеудесінің кілті» тек қана дін. Дінді (Алланың ақиқа­ тын) білмеген адамды Абай маңына да жолатпайды. Абай ол адам үшін ашылмас қақпа, таскерең түнек күйінде қабарып қала береді. Құр «күшенуіміздің» кемеңгер биігіне келтірер титтей де зарары жоқ екендігін түсінсек қой, шіркін! Тым болмағанда қазақтың «ұят болады» деген ұлы ұғымына тоқталсақ етті...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . АЛАШ ЖӘНЕ БІЗ «Тарих қайталанады» дейді. Бірақ оның неше ғасырда немесе қанша жылдан кейін қайтадан көрініс беретіндігі тек бір Аллаға ғана аян. Қария тарихтың көне парағы мін­ детті түрде бір ғасырда немесе жүз елу жылдан кейін қай­ тадан қайырыла ашылады деп ешкімнің де кесіп-пішіп айта алмайтыны секілді, оның айналып келмесін де ешкім жалғанға шығара алмайды. Себебі бұл – бәрібір болмай қоймайтын аксиома. Жарайды, тарих қайталанады делік. Сонда біздің тарих адамды өткен өміріне ынтызар етіп, ар­ маныңа сағыныш демдейтіндей тарих па? Атай көрмеңіз. Арманыңыз не, дос түгіл, дұшпаныңның басына тілемей­ тін тарих. Біздің тарих «Тарихы қалың, оқулығы жұқа (Қ. Мырзалиев)» ғана емес, нағыз өзіңмен кеткірдің өзі­ не айналған «Күн көсемнің» сөзін сәл өзгертіп айтар бол­ сақ, қан, қан, тағы да қан тарих. Олай болса біз азаттыққа қиылған ар мен еркіндікке төгілген зардан нендей сабақ алдық, қос парағының бір беті ап-ащы жас, келесі беті күпкүрең қанмен жазылған қатыгез тағдырымыздың қайтадан қайырылып соқпасына қам жасай алдық па? Мәселе сонда. Осы орайда, біз бұдан бір ғасыр бұрнағы дәуірге барлау жасап көрмекпіз. Бүгінгі Қазақстан ілкідегі жүз жылмен, дәлірек айтар болсақ, тоқсан екі жыл бұрынғы мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Бұдан бір ғасыр бұрын, яғни 1909 жылы, патшалық Ресей саясатынан әбден жанышталып, ез­ гіге түскен азаттық идея қайтадан қанат қомдаған болатын. Осы ұлт болып ұйысу идеясын ту етіп көтерген ұлт көсемде­ рінің де басына ауық-ауық бұлт үйіріле бастаған-ды. Мәсе­ лен, 1907 жылы 18 желтоқсанда Петербор сот палатасының төтенше мәжілісі Әлихан Бөкейхановты «Выборг үндеуі­ не» қол қойғаны үшін үш ай мерзімге Семей түрмесіне қа­ мауға шешім шығарса, 1909 жылы Ахмет Байтұрсынұлы «Қарқаралыда өкіметке қарсы әрекеттер жасады» деген айыппен тұтқынға алынып, екі жылға жер аударылды. Қаншама түрме есігін тоздырып қуғынға ұшыраса да, рухы асқақ алаш арыстары діттеген мақсаттарына қол жеткізбей

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы қоймады. 1917 жылы 13 желтоқсанда Алашорда үкіметін жариялап үлгерді. Бұдан кейін алаш көсемдері «Алаш» автономиясының қалай дамуы керектігі жайлы мемлекет­ тің толыққанды тұғырнамасын жасады. Басқа да маңызды қаулы-жарғыларды айтпағанда, Алаш арыстары мынадай алты мәселені ұлттың ұстанымы етті: Бірінші, «Бай, кедей, орта деген секілді таптық бөлінуші­ лік болмасын»; Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»; Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»; Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен табылуы қажет»; Бесінші, «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын»; Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қол­ данылсын». Бұл – алаштың бұдан 93 жыл бұрын жасаған бағдарла­ масы. Бүгін біз, өкінішке қарай, осы бағдарламаның жүзе­ ге асқандығын көрсететін бірде-бір өзгеріс көріп отырған жоқпыз. Өзгерген тек жылдардың сандық атаулары ғана. (Мысалы, 1909-17 жыл деген дата (сан) 2009 жыл, XX ғасыр XXI ғасыр болып өзгерді деген секілді). Рас, еліміз тәу­ елсіздік алғаннан кейін іске асқан нәтижелер өте көп (Біз бұл арада өзгерген нәтижелер емес, өзгермеген ұлы мұрат­ тар жайында айтып отырмыз). Алаштың азаттығы орындалғанмен, кемел мемлекет құрудың негізгі өзегі болып табылатын мақсат-мүддесі мен арман-тілегі орындалған жоқ. Кез келген халық діні мен тілі, ділі мен жері болмайынша толыққанды мемлекет құра алмақ емес. Онсыз азаттықта абырой, еркіндікте ешқандай мазмұн болмайды. Қазір өзгесін айтпағанда, осы төрт құн­ дылықтың өзі шатқаяқтап тұр. Тіліміз табанда, дініміз та­ лауда, рухымыз құлдық құрығынан құлан-таза құтылған жоқ. Демек, бізге мақтанға салынып «азатпыз» деп аспанға бөрік атудан гөрі одан айырылып қалмаудың қамын жа­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . самақ керек. Неге десеңіз, Алаштың алты мақсаты жүзе­ ге аспақ тұрмақ, аяқасты болып, төмендегідей өзгерістер­ ге ұшырады. Сөзіміз дәйекті болу үшін кешегі (Алаштың алты ұстанымы) мен бүгінгіні пар салыстыра отырып сөз сабақтап көрелік. Бірінші, «Бай, кедей, орта деген секілді таптық бөліну­ шілік болмасын»; Бүгін таптық бөлінушілік емес, трайбализм мен жамағат­ шылдық секілді бөлінушілік адам нанғысыз жағдайға жетті. Екінші, «Жерді сатуға мүлде болмайды»; Болады. Болғанда қандай! Бұдан төрт-бес жыл бұрын қос палаталы Парламентіміз «жерді сатуға болады» деген заң шығарып берген соң, сатып жібергенбіз. Үшінші, «Жердің асты мен үстіндегі байлық қазақтың төл меншігі ретінде саналады»; Жердің асты мен үстіндегі байлық қазір қазақтың емес, Лакшми Митталл мен Владимр Ким, Патох Шодиев, Алид­ жан Ибрагимов, Александр Машкевич секілді ірі алпауыт­ тардың төл меншігіне айналғаны қашан! Төртінші, «Бір тоқтының жүнінен бір жапырақ бұл тоқылатын болса, ол ең алдымен қазақтың үстінен та­ былуы қажет»; Бұл жерде экспорт туралы сөз айтудың өзі ұят. Басқасын айтпағанда, байпақ тоқитын өндіріс орнымыз болмаған­ дығынан күні бүгінге дейін орыс пен түріктің, қытай мен қырғыздың киімдерін киюге мәжбүрміз. Бесінші, «Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын»; Болуы болды ғой. Бірақ бір мемлекет тұрмақ, бір мекеме­ ге әмірі жүрмейтін мүсәпір, мүгедек тіл. Кімде-кім қазақ ті­ лін құрғақ ұранға емес, технограттық өркениет пен техника тіліне айналдырған болса, «еліне ерен еңбек сіңірген» адам нағыз осы болмақ. Алтыншы, «Мемлекет құруда ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып дамыған Жапония елінің тәжірибесі қол­ данылсын». Қазір Жапония қайда, біз қайда? Мүмкін мемлекеті­ міз тәуелсіздікке қол жеткізіп, етек-жеңін жинаған сәттен

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы бастап Алаштың алтыншы бағытына ден қойғанда бүгінгі Қазақстан Республикасы шикізат шығаруға ғана негіздел­ ген мемлекет емес, өндіруші алпауыт мемлекеттердің сана­ тынан табылар ма еді?! Біз келтіріп отырған бұл келеңсіздіктер бұдан тоқсан екі жыл бұрынғы бағдарламаның бүгінгі сиқы. Ал одан қандай жетістік, нендей өзгеріс көріп отырсыз? Демек, өзгермей қалған бұл ғана емес. XXI ғасырдағы рухани ақуалымыз да Алаш дәуірінен (XX ғасыр) еш алыстап кеткен жоқ. «Біз­ дің қазақ теориялық тұжырымдарды түсінбейді. Оған көз алдында көріп тұрған қойы, киізі, арбасы туралы айт­ саң ғана ұғады» деп Смағұл Сәдуақасов налыған сана мен танымға қазақ, содан бері қарай бір ғасырға жуық өмір сүрсе де, серпіліс жасаған жоқ. Жалпы халықтың саяси немесе рухани санасының төмендігінен билік бізге (бұқа­ раға) ойына келгенінің бәрін жүзеге асырып келеді. Се­ бебі, билікте бұқарамен санасындай ар, халықта билікпен оппонент болатындай сауат жоқ. Қысқасы, бүгінгі биліктің кешегі большевиктерден ешқандай айырмашылығы жоқ. Бірбеткей билік саяси ұстанымына қарсы шығып, кемші­ лігін бетіне басқандарды келмес сапарға аттандырып жі­ беретіндігін, өзіне ұнамағандардың өмір сүруге ешқандай қақысы жоқ екендігін ашық дәлелдеп отыр. Жеке басқа табынудың кешегі Сталиндік жүйеден артықшылығы бол­ маса, еш кемдігі жоқ. Олай болса біз кешегі алаш пен бүгін­ гі алаштекті ұлдардың ащы, тағдырынан ешқандай айыр­ машылық көріп отырғанымыз жоқ. Бар болғаны – бірбеткей билік, толыспаған таным, сер­ пілмеген сана, өзгермеген жүйе ғана. Санамыздың мүгедектігінен күнұзақ ақордадан айналып, елбасыдан толғанған жағымпаздар мен өтірікшілердің ер­ теңгі ел жайындағы «ертегілеріне» құрандай нанып, құлдай құлшылық ұрып отырмыз. Ал «Алашқа іші жау боп сырты күлмектің (Абай)» соңы мұнымен түгесілген жоқ. Дәл бүгін «Алаш Орданы ғайбат­ тамаса, тамағына ас батпайтындар (С. Қожанов)» та­ былмаса да, «Алаш» десе ат-тонын ала қашатындар әлі де

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жетіп артылады. Себебі кешегі буын сүйекке сіңіп, қанға араласқан, социалистік реализм идеясының құлдық пси­ хологиясынан құлан-таза құтыла қойған жоқ. Содан болса керек, осы буын азат Қазақстан мемлекетінің болашағына әлі күнге күмәнмен қарайды. Мұның өзіндік себептері де жоқ емес (Билік күн сайын орыссыз күніміздің қараң екен­ дігін қайта-қайта есімізге салатын ниетте болса, сөйтпе­ генде қайтеді?!). Әзірше бұл сенімді сетінетуге құлшылық танытып отырған билік, талап етіп отырған бұқара жоқ. Бәрі керісінше. Бәрі баяғыдай. Иә, содан бері жүз жылға жуық ғұмыр кешсек те, Алаш арыстарының алты талабы тағы да алдымыздан шықты. Ал онымен күресіп, халық игі­ лігіне жаратпай еш тоқталуға болмас. Демек, «Алаш» оқып немесе жазып қоя салатын ғылыми еңбек емес. Алаш – бізге үйренуді, оны синтездеуді және жүзеге асыруды талап ететін ұлы қозғалыс. Өйткені мемлекет және оның келешегі барда Алаш біздің алдымыздан шыға беретін мәңгілік мәселе. Алаш арыстары мәңгілік елдің мемлекеттік концепциясын ғана емес, қалайша өмір сүріп, қайтіп өлу керектігін де көрсетіп кетті. Себебі олар үшін «өлімнен ұят», ұяттан азаттық қымбат болатын. Алаш феноменінің біздің санамызға сыймаған бір құпиясының сыры осы. Расында, өмірдің мәні қайтіп, қалай өмір өткізуіңде емес, «жақсы өліпсің япырай» жатыр. Олай болса, қазіргі қазақ қоғамына Алаштың алты бағытын ары қарай жалғастыратын һәм орындайтын бүгінгі күннің Бөкейхановтары керек. Бұл ар мен азат­ тықты бәрінен жоғары қоятындардың ғана қолынан келеді. Осынау ұзаққа созылған ұлы көштің (қозғалыстың) заңды мұрагері тек сіз бен біз, қазақ жастары…

2009 жыл

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «ДІН ТАЛАСЫ» Ә. Бөкейхановтың аудармасы жайлы аз ғана сөз Соңғы кездері Қазақиядағы дін мәселесі күрделі жағ­ дайға айналып барады. Елдегі тілдік бөлінушілікке енді діндік ала-құлалық қосылды. Бес қазақ бес түрлі діни ұғымдарға иланып, бір үстелдің басында әңгімелері жа­ распайтын жағдайға жетті. Осыдан он жыл бұрынғы сенім­ ге түскет сызат жарғақшағы жыраға айналып, адам аттап өте алмастай халге ұласты. Сәл шегініс. Исламдағы сүннет пен шейіт топтарының өзара шиеленісінен бірер мысал кел­ тіре кетелік. Бірін бірі қырмандай қырған бұл ағымдар әре­ кетінен сіз қандай ҚҰДАЙШЫЛЫҚТЫ көріп отырсыз. Қос ағымның адам аулаған қарама-қайшылығы бір-ақ күнде пайда бола қойған жоқ қой. Сенімге түскен селкеулер кейін келе түрлі көзқарастар мен догмаларға ұрындырса, бұлжы­ мас қағидалар соңы қантөгістерге әкеліп соқтырды. Ешқан­ дай ділмарсу емес, біздегі деструктивті діни топтар әрекетін қазірден бастап ауыздықтап бір пәтуаға жұмылдырмасақ, түптің-түбі осы кепке ұрындырары анық. Мұны кеш түсінген мемлекет корпусының күрескерлігі, өкінішке қарай, хиджаб пен сақалдан аспай-ақ қойды. Сақалдың бір өзі ғана саяси аренаның қызу полемикасына айналды. Бұл біздің тек дін әліппесімен ғана тұйықталғанымызды, дәлірек айтсақ, діни сауатымыздың сәби санасындай ғана екендігін көрсететін шындық. Жоғарыдағы атап өткен бес қазақтың біреуі арабтың салт-дәстүрін ша­ риғатпен шатастырып, өзінің өмір тіршілігін осы бір ұлтпен етене сабақтастыруға тырысса, тағы бірінің таным көкжие­ гінің ауқымы жетінші ғасырдан жылыстамай-ақ қойды. Жаңалық атаулыны жанына қас санайтын базбіреулеріне қазаққа қатысты бірдеңе десең болды, «ширк» деп шыға келетінді шығарды. Адасқан санаға араша болар үмітіміз имамдарымыз бен зиялыларда еді. Өкінішке қарай, мешіт молдаларының бар айтары тағат-ғибадаттың төңірегімен ғана тұйықталса, оқығандарымыз «осылай шығар деп ой­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лаймын...» секілді тайғанақ көзқарастардан арыға бара ал­ май қалды. Дін – өрмекшінің торындай өте нәзік тақырып. Ол екі дү­ ниенің қыры мен сырын еркін бағамдар жоғары танымды та­ лап етеді. Дәлірек айтсақ, Алла мен адам арасындағы рухани байланыс. Ал осы байланысқа бөгде ниеттер мен саяси мүдде қосылғанда ол дін емес, дүлей апатқа ұрындырады. Әлем­ нің әр жерінен шаң беріп жатқан қанды қырғындардың се­ бебі осыны аңдатады. Бүгінгі дөңгелек дүниедегі орын алып отырған дін мәселесінің анық суреті осы. Анық пен танықтың аражігін ажырата білмесек, осылай жалғаса бермегі де ләзім. Сонда қайтпек керек? Дін дүрбелеңінің дауасын қайткенде таба аламыз? Міне, қабырғадан қойылған қиын сұрақтарға бұдан бір ғасыр бұрын Бөкейханов қаламсабымен жауап берілгендігіне қайран қаласың. Алаш төрағасының терең танымына тағы да еріксіз таңдайыңды қағасың. Әңгіме әлқиссасы Әлихан Бөкейхановтың «Дін таласы» деген аудармасы хақында. Француз жазушысы Бернарден де Сен-Пьерден Лев Толстой аударған осы бір қысқаша әңгіме­ ні қазақшаға Бөкейханов тәржімалаған. Оқиғаның ұзынырғағы мынадай: Үндістанның Сурат қаласында көптеген дін өкілдерінің өзара басқосуы болады. Әуелгі сөзді Иран ғалымы бастаған отырыс соңы, кейін келе үлкен дауға ұла­ сады. Әркім ұлы Жаратушыны өз сеніміне (дініне) қарай меншіктеп, қызыл кеңірдек ұрыс алаңына айналдырады. Сол жиында сөзге араласпай қағаберісте бір қытай отырады. Бәтуаға бекімей, қызара бөрткен топ қолқаны сол қытайға салып, «Сен қалай ойлайсың, ойыңды айтсаңшы?» дейді. «Мырзалар! Менің байқауымша, адамдарды дін турасын­ да бір іттіфаққа (ынтымаққа) келтірмейтін жалғыз-ақ нәрсе – намыс. ...Өзімшілдікпен әр адам Құдай өзімдікі, я отанымдікі, я діндесімдікі болса екен дейді. Күллі дүнияға сыймайтын ұлығ тәңіріні һәр жұрт өзінің ғибадатханасына қамағысы келеді. Тәңірінің езгілігін (ізгілігін) ыспаттайтын Құдай өзі дүнияға шашқан нығметіне жететін мадақ сөз бар ма? Адам жүрегіне жазып қойған құдайдың өз кітабындай шариғат

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы кітабы бар ма? Жақын үшін жанын фида ететін ерлікке жететін құрбандық бар ма? Құрбандық қабыл болуына езгі (ізгі) адамның шын ықылас-көңілінен артық орын бар ма? Неғұрлым құдайды жоғары деп, биік деп, ұлұғ (ұлық) деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы: рақметін көріп, рақымды болмақ, меһірбанлығын (мейірбандылығын) көріп, меһірімді (мейірімді) болмақ. Біреудің көзі соқыр, біреудің көңілі соқыр. Көзі соқыр жарықты көрмей, жарық жоқ дер, яки күнге көзі жетпей, көріп отырған шамын күн деп білер; көңілі соқыр қылықты айырып, құдайды танымай құдай жоқ дер, яки қолына ұстап көзімен көріп отырған ағашын құдай деп білер. Қай соқырлық та болса – кемшілік. Бірақ соқырлығының бейнетін һәркім өзі көреді...» дейді. Қос бет­ тен ғана тұратын тәржіманың оқиға сорабы осылай аяқта­ лады. Әлихан бұл тәржіма арқылы нені мақсат етті? Біздің­ ше, мұның мағынасы тым тереңде жатыр. Мәңгілік май­ данға ұласқан дін таласына тек таным таразысы ғана тоқтам болатынын пайымдайды. Сірә, қалтарыс қалған ештеңе қал­ маған секілді. Осы бір қытай азаматының (мәселе ұлтында емес) ауызымен айтылған ақиқат сөзде аңғарған адамға біз­ дің де тағдырымыз менмұндалайды. Манағы төбедегі сөз еткен бес қазақтың біріге алмауына да тек таным мүгедектігінің тоқтам болғандығы айдан анық қой. Бұдан бірнеше ғасыр бедерінде исламият білімінің бұлағы болған бүгінгі Мысыр мемлекетінің көрінісі қан­ дай? Оның да түбіне көзсіз көбелектей «көңіл соқырлығы» жеткендін аңғарасың. Қасиетті Құран-Кәрімнің бір аятын­ да Алла Тағала: «Бұл дінді (исламды) адамдарды бақытты болу үшін түсірдім» дейді. Сонда соғыс ошағына айналған бүгінгі мұсылман мемлекеттерінде бақыт жайлы нендей сөз болуы тиіс. Демек бұл, дін исламның емес, біздегі мұсыл­ мандық танымның таяздығынан болып отырған жәйт. Кө­ біміздің көкжиек көлеміміз исламды мешіт пен молданың маңайынан ары қарай асыра алмай-ақ қойды (Бұған дін тек моллаларға арналған мамандық секілді, қияметте со­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лар ғана есеп беретіндей можантопай түсінікті қосыңыз). Осындайда ойыңа дін қайраткері Ғұмар Қараштың «Дін біз­ ге емес, біз дінге мұқтажымыз» деген ғақлиясы оралады. Біз өзіміздің өн бойымыздағы кемшіліктерді көруге әм түзеуге тиіспіз. Себебі «Сын түзелмей мін түзелмес» деген ұлы рухани таным таразысы бар. Құдайшылығын айтайық, Құран сөзін құр жаттаған құрғақ құлшылық бізді қайда апара жатыр? Өз басым молданың бір басына ғана болмаса, өзгеге тигізген жақсылығы жайлы еш жерден естігенім жоқ. Сонда пайғамбарымыздың «Адамның (кісінің) ең жақсысы адамдарға (адамзатқа) жақсылық жасағандары» деген хадисін қайда қоямыз? Осы мысал Абайдың «Бұл за­ манның моллалары хакім (ғылым) атына дұшпан болады» шындығымен, Шәкәрімнің «ноқталы ми» ұғымының әлі күнге қатқан қалпында қалғандығын көрсетеді. Өкініштісі сол, құрғақ құлшылықтан аспаған қораш әрекетіміз қарт құрлықтың пайдасына шешіліп жатыр. Ауғанстан мен Ирактағы орын алып отырған ауыр жағдайлар осыны түсін­ діреді. Қайыра айтуға мәжбүрміз. Рухани таным дегеніміз – сектамен немесе топпен түсіндірілетін түсінік емес, ол тек қана Алла мен адам арасындағы рухизат қатынас. Әлихан аудармасындағы «...Адам жүрегіне жазып қойған құдайдың өз кітабындай шариғат кітабы бар ма? Неғұр­ лым құдайды жоғары деп, биік деп, ұлұғ (ұлық) деп ұқса, соғұрлым жақсырақ танымақшы. Жақсырақ таныған сайын, құдайға жақынырақ болмақшы. Жақын болуының мағынасы: рақметін көріп, рақымды болмақ, меһірбан­ лығын (мейірбандылығын) көріп, меһірімді (мейірімді) болмақ» деген ұлы ұғымдар категориясы осыған саяды. Жақсылықты бір ғана Жаратушының ризашылығы үшін емес, қор қызын құшпақ жұмақ үшін (мұның кешегі ком­ мунизм идеясынан қандай айырмашылығы бар) жасаған бақай есебіміздің шын исламдағы рухизат танымға үш қай­ наса да сорпасы қосылмайды. Біздегі һәм қала берді әлем­ дегі дін дағдарысының (соқырлығының) симптомы осы. Екі дүниені еркін, төр төңіректі түгел таныған әл-Фараби мен

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Ғазали, Абай мен Толстой танымының жоқтығы дөңгелек дүниенің тыныштығын кетіріп-ақ тұр. Әлиханды да әрі-сәрі етіп әлекке түсіріп отырған осындай жағдайлар. Толстой дегеннен шығады, Бөкейхановтың тәржіма соңын: «Басқа­ лар да Толстой көзімен қараса, осы күнгі Балқанда судай ағылып-төгіліп жатқан қанға орын табылмас еді» деп түйін­ деуі тегіннен-тегін болмаса керек. Ілгеріде академик Манаш Қозыбаев марқұм бір сөзінде «Біз әлі де Әлихан тауының етегіндеміз» деген болатын. Тау тұлға танымының бір парасы осы аудармада жатқанға ұқсайды. Бұдан бір ғасыр ілкідегі Бөкейханов тәржімасы бүгін тарихқа айналды. Тарих тәжірибе алаңына айналуы тиіс. Тарихтың қайырылып соқпай, қайталанбай қоймай­ тын тағы бір шындығы бар. Міне, тарихи тәжірибе сонда ғана сіз бен бізге зерделі таңдау, дұрыс пайым жасатады.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ӘЛЕМДІК ЭЛИТА немесе Ж. Аймауытұлының бір мақаласы хақында I Біз тұлғаны белгілі бір даталы мерзімге байлап, жүз неме­ се жүз елу жылдық науқанда ғана есімізге алмай, олар жайлы ай, тіпті апта сайын айтып отыруға тиіспіз. Өйткені тұлғаның жеткен өресі мен шыққан биігін бойына дарытпаған елдің әманда болашағы жоқ. Кезекті көсемсөзге берелік. Бұл бұдан бір ғасыр бұрын жазылған мақала екен. Мақа­ ла авторы әйгілі Жүсіпбек Аймауытұлы. Еңбегінің есімін (тақырыбын) «Ұлтты сүю» деп атаған айтулы мақалада алаштың біраз мәселесі сөз болыпты. Әлемді, қала берді қазақ пен орысты өзара салыстыра жазған осы бір ғажайып мақа­ ладан қысқаша ғана үзінді келтірейік. «...Ұлтшыл жұрттар, әне, Германия, Япония, Англия, Түркиялар, олардың баласы жасынан «ұлтым» деп өседі. Есейген соң бар білімін, күшін өз жұртының күшеюіне жұмсайды. Олардың әр адамы – мем­ лекеттің керегі, қызметкері. Көршіміз орысты алайық. ...Чи­ новнигі өзі қожа, өзі төре болып, қара халықты менсінбеді, жан есебінде көрмеді. ...Екінші жағынан орыс патшасын құдайдан жаман әспеттеп, көкке көтерді. Именді, қорықты, патшадан күшті әмір иесі бар деп ойлаған жоқ. ...Мұжықтың мұндай болған себебі орыстың жоғарғы та­ бынан шыққан талай атақты, білімді жазушылары мұжықты мадақтап кітаптар жазып, көтеріп, өзімшіл қылып, тәңір­ сітіп жіберді». Осы жолдарды оқып отырғанда Мұстафа Шоқайдың: «...Кеңестік Ресейде бар нәрсе Сталинге бай­ ланысты. Шошқалар торайласа, сиырлар бұзауласа, бидай мен мақта мол өнім берсе – осының бәрі Сталиннің қызметі, Сталиннің істегені болып табылады. Демек, бұл елде Ста­ линсіз шошқа торайламайды, бидай өніп-өспейді. ...Осыған орай «Известия» мен «Правда» газеттеріне басылған ма­ териалдарды оқысаңыз – осының бәрі тек Сталиннің жеке басын дәріптеп, оны тәңірге айналдыру үшін істелген бе де­ ген ойға келесіз» деп қынжыла жазғаны еріксіз есіңе түседі.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Содан бері жүз жыл өтсе де, осы эпизодтардың айна-қатесіз көзі тірі көрермені болып отырғанымыз өкінішті, әрине... Осы орайды пайдалана отырып сәл ғана тарихи шегініс жасайық. XIX ғасырда отарлау саясатының жаңа бір ай­ ласы ретінде алаш даласында орыс мектептерінің бой көте­ ре бастағаны белгілі. Оның түп мақсаты мен мүддесін бір адам аңғарған болса, ол сөзсіз Абай Құнанбайоғлы еді. «Ин­ тернатта оқып жүр, талай қазақ баласы» деп басталатын ғазалында хакім осы бір жәйттің біраз тұстарын ашалап айтып өтеді. «...Балам закон білді деп, қуанар ата-анасы, ойында жоқ олардың, шариғатқа шаласы» деген күдігінде шынымен-ақ көп мәселенің мәні жатқан-тұғын. Хакімнің бұл жердегі қолданып тұрған «шариғат» сөзі күллі кісілік пен парасаттың, әдет-ғұрып пен салт-сананың жиынтық ұғымы екендігі шүбәсіз. Ақын орысша оқығандардың осы бір әттегенайынан шынымен-ақ секем алады. СЕБЕБІ ТІЛМЕН БІРГЕ СОЛ ҰЛТЫҢ МІНЕЗІ МЕН МЕНТАЛИТЕТІ ҚОСА СІҢЕТІНІН, ӘГӘРӘКИ, ТІЛ ЖОҒА­ ЛАР БОЛСА ОНЫМЕН БІРГЕ СОЛ ХАЛЫҚТЫҢ ТҰТАС ТАНЫМЫНЫҢ БІРГЕ СӨНЕТІНІН АБАЙ ЖАҚСЫ БІЛЕ­ ДІ (Бір ескертеріміз, бұған бірнеше тілді білуіміздің ешқан­ дай да қатысы жоқ. Біздікі тек сөйлеу мен ойлау кате­ гориясының арасында үлкен айырмашылық бар екендігін оқырман қаперіне сала кету ғана). Дәл қазір ағылшын тілі деп айғайға басып-ақ жатырмыз. Ал оның оқу индексі қандай? Мұның арғы жағы Абайды алаңдатқан «шариғатқа шала» материалистер мен агностик­ терді тағы да тәрбиелеу емес пе? Өзіміз түсінбесек те өңеші­ мізді созған осы бір өлермен әрекетіміздің түпкі мақсатында нендей есептер жатыр? Міне, ойласаң түбіне бойлатпас осындай сауалдарға бір сәтке болсын сергек санамен жауап іздеудің ешқандай да зияны жоқ. Әрине, бұл сұрақтардың өзі жекелей бірбір мақалаға жүк. Біздің бар айтқымыз келгені, Абайды алаңдатқан осындай жәйттерді Жүсіпбектің де дәл ай­ на-қатесіз аңғарғаны. «...ЕСТЕРІҢІЗДЕ БОЛСЫН: ҚАРА ХАЛЫҚТЫҢ МӘДЕНИЕТТІ БОЛУЫНАН МӘДЕНИЕТТІ

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . КІСІНІҢ ҚАЗАҚ БОЛУЫ ҚИЫН. БАЛАҒА ОСЫ БАСТАН ҰЛТ РУХЫН СІҢІРІП, ҚАЗАҚ ӨМІРІНЕ ЖАҚЫНДАТЫП ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК. ОРЫС ТӘРБИЕСІН АЛҒАН БАЛА ҰЛТ ҚЫЗМЕТКЕРІ БОЛА АЛМАЙДЫ» деп пышақкесті үкім жасайды. Неге екенін қайдам, осы жолдарды оқыған­ да Олжас Сүлейменов секілді «кісілердің» типі көз алдым­ да тізбектеліп көпке дейін кетпей қойды. Құрметті оқыр­ ман қауым, сіз осы жандар өздерінің орысша ойлайтынын аса зор мәдениеттілік санайтынына зәредей де шүбә етпе­ сеңіз болады. Мұндай «мәдениетті» адамдардың ешқашан да қазақты түсінуге тырыспағанын, сондай-ақ қазақ болу бақытының бұлардың тәлейіне жазылмағандығын ашық айтуға тиіспіз. Байқаған жанға Аймауытұлы ұлттың ұшығы мен дуалап алған дертінің де диагнозын дәл көрсетіп береді. Мойындауға мәжбүрміз. Бүгінгі биліктің қанына тартпас қатыбас қылығы мен орысқұлдығының төркіні де осы Жүсіпбек келтірген дерек­ терде жатыр. Дуа дегеннен шығады. Ғасырдан ғасырға созылған қан­ көбік шайқас БАБАДАН АТАҒА, ӘКЕДЕН БАЛАҒА бері­ летін көшпелі ақпараттардың көзін жойып, тек құр сүлде­ мізді ғана қалдырған екен. Көңілімізге келмесін, біздің «ел қамын жеген Едіге» болып көрінуіміз ұлтшылдықтың тек сыртқы формасы ғана. Бұл феноменді өз өтірігімізге өзіміз­ ді иландыру (аутосуггестия) деп атасақ та болады. Осыны тіліне тиек еткен Жүсіпбек «...Оқығандардың кейбіреулері жан-тәнімен адал қызметін ұлтына көрсете алмауы, пай­ дасын не дәрежесін сағалап кетуі ғажап емес, себебі «ұлт­ шылдық», «адалдық», «қызмет» (бұл жерде елге қызмет ету) деген нәрселер сүйегіне сіңіп өскен зат емес. Сырттан жапсырылған жамау» дейді. Ардақты Абайдың «Ұяламын дегенің көңіл үшін, ұсақ қулық бір ғана өмір үшін» деген өлең жолдары да осы жағдайларды дәл түсіндіріп тұр. Көп дүниені көз алдымызға жайып салған мақала авторы сөз соңына қарай, оқыған азаматтардың адресіне қарата бүй деп аманат жүктейді. «...Қазаққа зор кеуде ақсүйектің, ақша жегіш жылтырауық шенеуніктің, сұлу сөзді, құрғақ бектің

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы керегі жоқ; адал күшімен өгіздей өрге сүйрейтін жұмысшы керек. Сол жұмысшы – оқығандар. Бекерге кеткен сағат, босқа өткізілген минут – ұлт ісіне зор шығын. Оқығандар! Бұл уақыт жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса, мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» дейді. Саңылауы бар адамға бәрі де түсінікті деген ойдамыз. Өзін оқыған санайтын, әм осы айтылғандарды алаш аза­ маттарының арттағы ізбасарларына жүктеген аманаты деп түсінетін әр қазақ баласы бұл мәселеге бейжай қарамайды деген үміттеміз. Расында, «мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр». II Қазақты қайтсек екен? Өмірдің өзі қойған бұл сұраққа еңкілдеп жылауға да, кеңкілдеп күлуге де болады. Жылағаннан мүйіз шығатын болса жиырма бес жыл бойына көз жасымызды көлдетіп қайран тілім-ай, баба ділім-ай деп бебеу қақтық. Ал күлу мен күйлеуге келгенде алдымызға қара салмадық. Құдайшылығын айтайық, қазаққа екеуінен де келер еш пайда жоғын енді ғана түсініп отырмыз. Бүгінге дейін бір нәрсенің сыры анық мағлұм болды. Ол не десеңіз, қазақтың өз елі мен жерінде құнының жоқтығы. Мұны ата­ ларымызша айтсақ, «Ауылдағының аузы сасық», Абайша қайырсақ, «Жаттың бір тәуір кісісін көрсе, «жарықтық» деп жалбырап қалып, мақтай қалып, өз елінде сонан артық адам болса да танымайтұғыны қалай?» деген қос мысалды ғана куәлікке келтірсек жетіп жатыр. Өз басым әлемнің менмін деген мықтыларын мың орап кететін, небір айтулы азамат­ тарды білемін. Олардың тек жалғыз-ақ «міні» қазақтығы, дәлірек айтсақ, өз елінде құнының жоқтығы. Міне, осылар­ дың бәрін сараптай келе мынандай тұжырымға бекідім. Құрметті менің мемлекетшіл достарым! Бұл ауа райының (саяси циклонның) кем дегенде жиырма бес жылға сақта­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . латынын ескерер болсақ, біздің басқа бағытты ұстанбасқа еш амалымыздың қалмағандығын ашық мойындауымызға тура келеді. Бұл сонда не қылған жаңаша бетбұрыс дейсіз ғой? БІЗ МҰНЫ ӘЛЕМДІК МАСШТАБҚА ҚАЗАҚ АҚЫЛОЙЫНЫҢ АРАЛАСУЫ, АЛАШ БАЛАСЫНЫҢ АЛДАҒЫ МАҚСАТЫ ӘЛЕМДІК ЭЛИТАНЫ МОЙЫНДАТУ ДЕП АЙТАР ЕДІК. Бұған бола ешқандай да күмілжудің қаже­ ті жоқ. Иә, сіз бенен біздің есіміміз әлемдік мықтылар­ дың тізіміне енуі тиіс. Осы бір қарапайым ғана қағиданы мемлекет мүддесіне сыртай қамқор болу деп түсіндірсек те болады (Бірден ескертейін, мұны жаппай шетке кету деп тікелей түсінбеген жөн. Білгенге, әңгіме төркінінің тым тереңде жатқандығы айтпасақ та белгілі ғой). Кешегі Мұстафа Шоқайдың шет топырақтағы басынан кешірген алапат күрескерлігінің астарында да осы идея жатқан-тұғын. Әрине, бұл мәселені ешқашан да «эмигра­ цияның» шеңберімен түсіндіруге әм баға беруге әсте бол­ майды. Амал қанша, қызыл саясат қас тұлпарды да өз деге­ ніне жеткізбей жол ортада қидалап түсірді. Есіл ер тағы да бірер жыл есен тұрғанда, кім біледі, тарих дөңгелегі басқа тарапқа түсер ме еді. Қайыра айтайық, сөз сабанға, қазақтың құны көк тиынға пар осы бір өлара сәтте сөз сөйлеуің мен қағаз ши­ майлауыңның халыққа тигізе қоярдай әсері қалған да жоқ (Яғни ішкі ықпал хақында айтып отырмыз). Егер де біз ауырда болса алдымыздағы осы бір асуды (әлемдік эли­ таны) бағындырар болсақ, оның ықпалы мұндағы мың шенеуніктің мандатынан да биік екендігін, қазаққа қызмет етудің осындай да орасан зор мүмкіндіктері туғандығын ұмытпасақ екен. Аталған мүдде жолында біз ағылшынша үйреніп, ой трансферімен айналысамыз ба, бұл енді әркім­ нің патша жүрегінің таңдаған ісі. Біздің бар айтарымыз: қазақ баласы әлемге жер ресурстарын саудалаған я болма­ са бокс пен күрес секілді биологиялық дене қуатымен ғана емес, ақыл-ойымен де алға шығуы тиіс. Мұны айрықша ай­ тып отырғанымыздың себебі, бүгінде мемлекеттерді тіке­ 12-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы нек темірлер (шекаралар) бөлгені болмаса, виртуалды әлем оларды толығымен біріне бірін қосып жіберді. Расымен де, қос табанымыз ғана қара жерде тұрғаны бол­ маса, ақыл-ойымыз бен арман-мұратымыз осы әлемнің іші­ не кірігіп кетті. Мұны бейне бір жаңа жаратылған планета дерсіз. Дөңгелек дүниенің біртұтас процесті бастан кешіріп жатқандығы рас болса, біздерге енді қазақтың ғана ақыл­ маны болып отырудың аздық етері айдай ақиқат болды. Кімде-кім осы кеңістікке өз ықпалын орнатса, су жаңа пла­ нетаның қожайыны да сол болары сөзсіз. Мүмкін, біздің бұл ойымызды утопияға санап келеке ететіндер де табылар. Мұндай мешел жандардың мертіккен көзқарасына бола бас ауыртудың тіпті де қажеті жоқ. Өздерін алаш идеясының жаңа форматтағы мұрагерлері санайтын, менің мемлекетшіл достарым! Біз атқармақ істің бір парасы, мінеки, осында жатыр. Әрине, әлемдік ақыл-ойға олжа салудың оңай емес екендігі бесенеден белгілі жәйт. Солай десек те бір қазақ баласының бұл мақсаттарды жү­ зеге асыруы керек қой енді...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . МІРЖАҚЫПТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ

Елісхан бастаған көштің Үндістан мен Пәкістан топырағын көктей өтіп, соңғы табан тіктеген тұрағы Түркия мемлекеті екендігі баршамызға мәлім. Сондағы ауған елдің аңырап салған әні мен күйіне бек ынтызар болған жанның бірі Түркия елінің белгілі музыка маманы Мұзаффер Сарысөзен еді дейді жылнама. Елуінші жылдардың орта шенінде нотаға түсірген осы қайраткердің қолжазбасын қайыра қа­ рап, ғылыми айналымға түсірген маман оның рухани ізба­ сары Сүлеймен Шенел болатұғын. Түркия қазақтарының музыкалық мұрасы іспетті жеке бір кітапқа жүк боларлық осы қазынаның дені Сарымолла мен оның шәкірті Жармұ­ хаммед күйшінің ауызынан жазылған екен. Осы қос қазақ күйшісінің саусағынан ғана қырыққа жуық күй қағазға (но­ таға) түсірілген көрінеді. Әрине, біз бұл деректерді белгілі мұстафатанушы ғалым Әбдіуақап Қара мен музыкатанушы маман Нұрлан Бекеновтің бірлесіп жасаған еңбектерінің не­ гізінен алып отырмыз. Сол қырық күйдің бірі ретінде Мір­ жақып Дулатовтың «Әуез» күйі еді деген тың туындының есімі аталады. Бұл күйді бізге жеткізген – Жармолла (Жар­ мұхаммед) күйші. Қысқа ғана бір қайырмалы күйден «елп етіп соққан ебі желдей» арқаның аңыраған сарыны естіледі. Жәмиғатқа жаңалық ретінде қабылданған бұл дерек­ терден біз Дулатов дүниесінің тым тереңде жатқандығын аңғарамыз. Құдайшылығын айтайық, «Әуездің» табылуы біздердің әріден ойлауымызға кәдімгідей кеңістік ашып отыр. ОЛ – МІРЖАҚЫПТЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ МҰРАСЫ де­ ген жаңа әлемнің ашылуы. «Қанатталды» кімнің әні? Асыра айтып отырған ештеңеміз жоқ. Қазақтың ән біле­ мін деген «менмін» деген әншісі «Қанатталды» әнінің алды­ на келгенде ҚАҒБАҒА тәу еткендей тағзым қылары анық. Өйткені «Қанатталды» – анау-мынау әншінің жалынан сипатпас күрделі шығарманың бірі. Мұндай композициясы бай классикалық ӘН, керек десеңіз, ӘЛЕМ МУЗЫКАСЫН­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ДА ДА СИРЕК ҰШЫРАСАДЫ. Ал осындай әнді дүйім алаштың, оның ішінде Дулат баласы Міржақыптың шығарғаны рас па?! Рас болса, қолымыздағы бар деректермен дәлелдей түсейік. Бұдан бұрын, артық айтсақ, аруағы кешсін, Қаратай Биғожин деген ақсақалымыз осы бір әнді өзі ойлап тапқан көп «салдарының» бірі Сейітжан Көрпешұлы деген адамға теліп келген-тұғын. Қаратай Биғожиннен өзге, бірде-бір жан баласына беймәлім бұл неғылған бітпейтін сал-серілер еді-ау дедік те қойдық. Содан көрнекті жазушы Сапарғали Бегалин мен академик Ахмет Жұбановтың: «Қанатталды» арқаның Сәтмағанбет деген серісінің әні еді» деген пікіріне бізде тоқайласқандай болып жүріп едік. Бірақ қо­ лымызға түскен «Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг.» деген құжаттар жинағынан соң, әнге қа­ тысты көзқарасымыз тағы да өзгеріп сала берді. 1937 жылы Орталық Комитеттің «Список граммофон­ ных пластинок с записями песен на казахском языке, под­ лежащих немедленному изъятию» деген № 28 хаттамасын­ да қарастырылған тізімінің ұшар басында «Қанатталды» әні қасқайып тұр екен. Тізімнің төбесіне «Әнді орындаған артист Жүсіпбек Елебеков десе, мәтіні халық жауы Орын­ бек Бековтікі» деген суық сілтеме көрсетілген. Осы орайда оқырман көкірегінде «Орынбек Беков дегеніміз кім?» деген заңды сұрақтың туары анық. Аз ғана ақпар. 1898 жылы Қарағанды облысы Шет ау­ данында дүниеге келген ол ақындығымен қатар, қазақтың алғашқы драматургтерінің бірі болған. 1930-1934 жылдар аралығында Қызылорда мен Семей шәрінде алғашқы қазақ драма театрын ұйымдастырушы әрі директоры қызметін атқарған. «Что такое советизация аула?», «Капля корови для великого дела», «Почему мы победили в гражданской войне?» іспетті атышулы еңбектердің авторы. 1938 жылы наурыздың он үші күні есіл ердің ақырғы жарығы түгесіліп, ату жазасына кесілген. 1958 жылдың наурызында толығымен ақталған. Біздің Беков жайлы бар білетін мәліметіміз қысқаша осы ғана. Орынбектей оғылан­ ның қағаберісте қалған мұраларын жинастырып, өз қалпы­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . на келтірер жанашыр жан табылып жатса, әрине, нұр үстіне нұр болар еді. Енді есті әннің ескі мәтіні жайында аз ғана мәлімет бере кетейік. Жоғарыда аты аталған Жүсіпбек Елебековтей да­ рабоз әншінің жары, көненің көзі Хабиба әжеміздің айтуы­ на сенер болсақ, ол кісі Орынбек Бековті «Қанатталдының» бұрынғы төл сөзінің мұртын басып, жаңаша мәтінін жазған адам ретінде қарастырады. Яғни, «авторы ол емес еді» де­ ген байламды алға тартады. Демек, Орынбектің «Қанаттал­ дыны» қайыра жазуына қарағанда бастапқы ән мәтінінің ішінде Орталық Комитеттің ұғымына томпақ түсініктердің табылғандығы рас болып отыр ғой. Ендеше, осы жерде «Бұр­ нағы ән мәтінінің шумақтары қандай болған еді?» деген са­ уалдың тұтасымен түрегелетіні тағы да анық. «Қанаттал­ дыға» қатысты ел ішіндегі ескі сөздерді сараптағанымызда көп әңгіменің жүлгесі әйгілі әнші Қосымжан Бабақовтың төңірегіне келіп тіреле бергендігін несін жасырайық. Сөзіміз жалаң болмас үшін қазіргі қазақ музыкасының халін ұдайы сөз етіп жүретін белгілі сазгер, өнертанушы Ерлан Төлеутай ағамыздың Қосымжан Бабақовтың ұлы Мұхамедия ақсақал­ мен дидарласқан дерегінен аз ғана ақпар бере кетейік: «... Мұны әкем ақ қашып, қызыл қуған заманның әні деуші еді. Сөзі де тым өзгеріп кеткен. Әкем мұны былай деп айтушы еді деп, «Қанатталдының» мүлде тосын сөздерін жазғызды. Ғашықтық – бір ыстық күн желі тымық, Басына түскен жанның көңілі сынық. Қаратпас бай-жарлының шамасына, Адамды желіктірсе жігітшілік. Бұрынғы қолдағы істің бәрі қалды, Біртіндеп төл мінезді заман азды. Асылзат шахыбаздар шабыт таппай, Шөлге ұшып сайын далада қанат талды, – дейді (Е. Төлеутай. Жүсіпбек Елебеков. – 129-130-беттер). Өлеңнің кей жолдарын қарамен бояуымыздың мәні «Қанатталдының» қаралы әндер тізімінің басына енуіне аталған сөздері себеп болғанға ұқсайды. Кешегі кеңестік

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы кезең үшін «Құдай», «дін», «иман», «молла», «бай» секілді сөздер кертартпалықтың көзі саналып, кім айтса да басын қидалап түсер қорқынышты ұғымға айналғаны мәлім. Ал «Асылзат шахыбаздар шабыт таппай, біртіндеп төл мі­ незді заман азды» деп отырған бұл шумақтың қай тұрғыдан болсын «жарқын өмірмен» жаңаша үйлесім құрып, мәреден мертікпей өтуі дегені тіптен мүмкін емес еді. Бірде Міржақып Дулатов шығармалар жинағын оқып отырып, осы өлең жолдарын ұшыратқанда өз көзіме өзім сенбей, аңтарылып қалғаным бар. (Қараңыз: М. Дулатов. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 116-бет). «Қанатталды» деген тақырыппен басылған бұл өлеңде Мұ­ хамедия қария айтатын қос шумақ өлең еш өзгертілместен айна-қатесіз берілген екен. Содан шарқ ұрып шығарманың түсініктеріне жүгінгенімізде: «Қанатталды» – 1919-1920 жылдары, аласапыран кезінде шығарылған өлең. Қосымжан Бабақовтың жеке архивінен алынды. Әні бар. Оны айтып бе­ руші Сейілбек Смайылбеков» деген деректерді кездестірдік. Міржақыптың өз әнін өзі орындай беретін тамаша әнші болғандығын перзенті Гүлнар апамыз да тіліне тиек ет­ кен еді. «...Ет желініп, шай ішіліп болысымен, жұрт кет­ кілері келмей сауықкеш ұйымдастырып жіберді. ...Ендігі қонақкәде ырымын жасауды әкемнен күтіп, өтінген соң, ықыласын білдіріп өзінің бірнеше әндерін айтып берген еді» (Г. Дулатова. Алаштың сөнбес жұлдыздары). «ҚАНАТТАЛДЫ» ӨЗІНІҢ АҚЫ ИЕСІН ТАБА АЛМАЙ ШЫНЫМЕН-АҚ ҚАНАТЫ ТАЛҒАН ӘНДЕРІМІЗДІҢ САНАТЫНДА ЖҮРГЕН ЕДІ. Ендеше, бәрі де өз қалпы­ на келгенге ұқсайды. Бабатанымының «Өшкен жанып, өлген тіріледі» дегені, сірә да, осы болса керек. Тарам-та­ рам тартысқа түскен «ҚАНАТТАЛДЫНЫҢ» ДЕНЕСІН ДАМЫЛДАТЫП, ТАБАНЫН ТІКТЕЙТІН ТИЯНАҒЫ, біз­ діңше, осы дерек секілді. Айтпақшы, дәстүрлі әншілерімізге бұл әнді бұдан кейін өзінің төл нұсқасымен, яғни Міржақып мәтінімен орындаса деген өтінішіміз бар. Әзірше, «Әуез» бен «Қанатталдыға» қатысты сөзімізді осымен тәмам ете тұрамыз.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . РЕСЕНТИМЕНТ немесе 31 мамыр – ар алдында жауап беретін күн Тарих дұрыс болмайынша, таным дұрыс болмайды ғой. Тарих тек дәлдікті ғана талап ететін құндылық болған­ дықтан, оны саяси құралға айналдыруға әсте болмайды. Өкі­ нішке қарай, біз бұл үдеден мүлде шыға алмай отырмыз. Ол тек өлілерге ғана мадақ айтып, өткен шақпен өмір сүргізу­ дің тетігіне емес, тірілердің тәжірибе таразысына айналуы тиіс. Тірілер дегеннен шығады, марқұм Т. Әсемқұловтың: «...Жақсының атын өшіру мен мұқатудың тағы бір амалы бар. Ол – өліні асқақтату, өліні құрметтеу. Бұл күнделік­ ті болып жататын, өмірдің заңына айналған көріністер. ...Біз адамның бағасын оны көмгенде ғана, зират басында ғана айтатын ұлтқа айналдық» дегені осы ойымыздың байламы ғой. Рас, идеалды тірі адамнан жасап, бағасын басы аман шағында бергенге не жетсін енді. Біздің жоғары­ да тарих тәжірибе таразысына айналуы керек дегеніміз кез келген тарихи оқиғаға ғылыми сараптама беру мен оның шынайы бет пердесін толыққанды ашалап көрсету турасын­ да болып отыр. Неге дейсіз ғой? Себебі тарихтың қайырылып соқпай, қайталанбай қоймайтын тағы бір әдеті бар. Міне, та­ рихи тәжірибе сонда ғана сіз бен бізге зерделі таңдау, дұрыс пайым жасатады. Әгәрәки, бұлай болмаған жағдайда тарих сценарийі еш өзгермеген, әртістері ауысып ойнай беретін көп сериялы фильмге ұласады. Бүгінде баз бір жандардың Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфулиннің бейнелерін бейсана сомдап жүргендігінің өзі біздің қоғамда тарихи сараптама дегеннің қаншалықты тұралап тұрғандығының бір көріні­ сі емес пе!? (Біз бұл арада қос тұлғаны әдейі төменшіктеу тұрғысында емес, олардың саяси ұстанымдарына әлі күн­ ге дейін (кәсіби) баға бере алмаған боркемік болмысымыз хақында айтып отырмыз). Сценарий дедік, сөз жоқ, кешегі қазақ халқын қанкөбік еткен екі сериялы «1932» әм «1938» атты трагедиялық фильмнің сценарийін Ленин жазды. Режиссері Сталин бол­ са, көркемдік жетекшісі – Голощекин, ал әртістері больше­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы виктер (жасырып неме керек, басым бөлігі өзіміздің қазақтар) болды. Ахаңың (Ахметтің) ашынып айтатын: Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп қапқаны, – дейтін қамырық халі осыны аңдатады ғой. Режиссерден гөрі әртістердің майдан сахнасындағы әсіре әпербақандығы көбіне шешуші рөл атқаратыны анық. Бүгінде Ақаңның осы өлеңінің соңғы қос жолы толыққанды тал­ данып, кейіпкерлер есімі түгелдей дерлік ар-ұждан соты­ на тартылуы тиіс. Әрине, мұндай мінез қазаққа әлдеқа­ шан орнығуы керек-тұғын. Өйтпейінше, ұлт көсемінің аталған ғазалындағы «...Үрім-бұтақ нәсіліңе қалғандай, Нық басылар кетпейтін мөр тәніңе...» немесе «...Асықпаң­ дар, артымызда қазы бар, Тергеп талай, сүйектерің қазылар...» деген аманаты адыра қалғалы тұр емес пе? Бұл істі Ахаңның арттағы біздерге аманат есебінде қалдырғаны анық. Тарих осы бір шындықтың қанын сорғалатып тұрып айтқандығымен, ол сонда ғана өз миссиясын әділ атқарған болып есептеледі емес пе!? (Дәл осындай ар-ұждан соты саяси көбесі сөгілмеген кешегі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына да қажет деген ойдамыз). Социалистік схематизм жүйесінде мансап пен билік, әмәнда тұқым қуалайды деп жатамыз ғой. Рас, ілкідегі зия­ лыларымыздың обалымен ойнаған бұрнағы шолақ белсенді­ лердің заузаты бүгінде биліктің кез келген жерінде отырған да шығар. Мейлі, солай-ақ болсын. «Жазалының отына жазықсыз күйеді» қағидасымен қа­ расақ, осы шіркіндер алдағы ата-бабасының алаяқ әрекет­ тері үшін ар-ұят отына өртеніп, моральдық тұрғыдан маза­ сыз хал кешуі керек еді ғой. Ендеше неліктен олай болмай шықты? Бұл біздің манадан бері айтып отырған тарихтан еш тағылым алмадық, анализ жасамадық деген жалғыз-ақ ауыз сөзімізге саяды емес пе?

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Ғылымда РЕСЕНТИМЕНТ деген түсінік бар. Мұны Абай өлшеміне айналдырсақ: «...Өзімнің иттігімнен болды де­ мей, жеңді ғой деп шайтанға болар көмек». Яғни, өз мінің мен кінәңді мойныңа алмай, өзгеге жабу деген мағынаға саяды. Ертең Қазақияның шығысынан құланиектеніп 31 мамырдың таңы атады. Бұл баршамызға белгілі САЯ­ СИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ. Дәлірек айтсақ, Сталин мен Голощекиннің жеті бабасын желдей көшіріп, аруағына анофема айтып, қарғыс жаудыра­ тын күн. Бұл біздің тұрақты түсінігіміз бен мызғымас көзқа­ расымызға айналғаны қашан... Құрметті оқырман қауым, сіз бұл жерде барлығын да дұрыс пайымдайды деген үміт­ теміз. Біз бұл арада қос қандықолды ақтамаққа ешқандай да талпыныс жасап отырғанымыз жоқ. Тек өзімізді сүттен ақ, судан таза, өзгелерді кісәпір санайтын сәби санамыз (ин­ фантилизм) турасында азғантай сөз шығындап отырмыз. Ендеше айталық, кешегі Кеңес одағының тұтас территориясын шарпыған қанды репрессияда славьян тектестерді сөз қылмағанда қырғыздан – 38, тәжіктен – 2, өзбектен – 7, ал Қазақстанда 67 мың адамның ажал құшуын нендей қисын­ дармен түсіндіре алар екенбіз? Атқан сталиндік жүйе екен­ дігі айдай болғанмен, атқызған мен көрсеткен кім? 31 мамыр отқа ұмсынған пәруана көбелектей тызақ қаққан осы сауалдарға барша қазақтың ұят пен ұждан ал­ дында тік тұрып жауап беретін күні болуы керек. Рухани тәубаға келген болсақ, байыбына ендеп баһра алармыз, ал тасыр түсінік шырмауында қалған болсақ, қайыра байбалам салармыз. Аса мәртебелі оқырман қауым, әркімнің таным терезесі­ нің көлеміне қарай сәуле түседі ғой. Қатты айтып қателескен болсақ кешу қыларсыз. Ең бастысы, бұл жеке адамның субъективті пікірі екендігін де еш ұмытпағаныңыз жөн.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «БӨДЕ ҮЙ» ЖАЙЛЫ БІР ДЕРЕК Біз кезекті бұл жазбамызда әннің тарихы мен табиғатына тоқталсақ па деген үмітіміз бар. Кемеңгер кеңістігінде шекара болушы ма еді. Қолымызда қатталып, ықылым за­ маналардан жеткен музыкаға байланысты көне жәдігерлер­ ді сараптай отырып, әл-Фараби мен Абайдың саз өнерінде де өзара рухани сабақтастықта болғандығын бағамдадық. Бұл енді басқа тақырыпқа ныспы тартып тұрғандықтан ЖАРАТҚАН жақаса, сәті түскен күн қайыра соғармыз де­ ген оймен аял еттік. Сонымен, тақырыбымызға түрткі болған «бөде үй» сөзі XVIII ғасырдың зор туындысы «Шәпибай-ау» әнінде тұңғыш рет кездеседі. Шәпидің кім болғандығын эрудит ғалым Таласбек Әсемқұлов «Отукен» сайтында толыққан­ ды жазғандықтан оны қайталап жатуды артыққа санадық. Салтымызда жасы баршын тартып, отырып қалған қызды жасауымен жеке шығарып, оңаша киіз үй тігетін жо­ ралғы сақталған. Осыны «бөде үй» дейді. Бұған жар ізде­ ген жігіттердің келіп кетуіне рұхсат етілетін болған. Осы ұғымға байланысты жазылған көрнекті қаламгер Қалихан Ысқақтың да «Бөде» деген шығармасы бар. Қалекең онда он екіге толған бойжеткеннің оң жаққа шығарылып, жеке үй тігілуін «бөде» деп атайды деген сыңайда жазады. Бұл орайда жасымыз кіші болса да жазушы еңбегіне аз-кем тү­ зету жасағымыз келеді. Қалекең айтып отырған он екіге толған бойжеткенді үйдің оң қапталындағы шымылдық ішіне жеке шығаруын қазақта КӨСЕГЕ дейді. Осы КӨСЕГЕ сөзі, кейін келе басқа мағынаға айналған тәрізді. Айналасы шымылдықпен көмкерілген қыз төсегіне еркек кіндіктінің қол тигізуіне бабалар танымы қатаң тыйым салып отыра­ тын болған. Ендеше, осы бір әннің мәтіні жайлы аз ғана сөзімізді әрмен қарай үстей түссек. Есімдері елге мәлім әншілері­ міздің өзі «Шәпибай-ау» әніндегі аталған «бөде үй» сөзін «бәдәуи» десе, тағы біреулері «бөдеби» деп айтып әбден жен­ тектеп бітті. Осы орайда оқырман санасына мына бір мәсе­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . лені де сыналай кеткіміз келеді. Әр замананың өзіне тән сөздік жаралымы (лексиконы) болатыны секілді әр әннің де әр ғасырлық әуезі болады. Себебі сөз бен саз апалы-сіңлілі адамдар секілді. Домбыраның қос ішегіндей осы бір қосам­ жар ұғымды бірінен-бірін бөлек қарастыру тіптен ақылға томпақ. Музыка мамандары күй өнері тарихының шежіресін IX ғасырдағығы Қорқыттан бері қарай тарататыны мәлім. Бір қызығы, зерттелген еңбектерге сенсек, ӘН ӨНЕРІ одан мың жыл кейін, яғни XIX ғасырдан бастап қана пайда бола бастаған екен. Сонда деймін-ау, домбырасы бола тұра саз, сезімі бола тұра ән салмастан біздің бабаларымыз он ғасыр бойы жарылып кетпей қалай ғана шыдады екен. Әри­ не, қайран қалдырарлық жағдай. Бергіні айтпағанда Бір­ жан сал мен Ақан серінің арғы жағында дауылпаз дарын­ дар шоғыры (галереясы) болмады дегенге кім сенеді? Бұл өнер саңлақтары тек бард (сөз, саз, орындаушы үштігін ұштастырған дарын) болып ғана қоймай, әрідегі өнер ие­ лерінің жауһар мұраларының жанашыр жеткізушісі болғандығы тағы да анық қой. Рас, кеселдің бәрі кешегі кер заманнан басталды. 1933 жылдың бедерінде дін мен ескілікті (феодализмді) көк­ сеп отыр деген жаламен бес жүзден астам ән мәтіні түрме­ ге тоғытылды. Мұнымен тыншыр қызылдар ма, алғашқы соққыдан ауыр жарақат алған қазақ әнін елуінші жылдар­ дың басындағы саяси бұлғақ екінші рет тағы да бұтарлады. БІЛГЕН АДАМҒА КӨНЕДЕН СЫР ШЕРТЕТІН КӨП ӘН­ ДЕРІМІЗДІҢ СӨЗІ XX ҒАСЫРДЫҢ ТІЛІМЕН ЖАЗЫЛҒАН (Күмән етсеңіз, күбірлеп айтып көруіңізге әбден болады. Бәрібір де бағзыны меңзер бірде-бір ұғымды таппасыңыз имандай кәміл). АЛ ӘУЕН БОЛСА ҚОЛДАН ТЕЛІГЕН ЖАЛҒАН МӘТІНГЕ ЖАНЫ ИСІНЕ АЛМАЙ БОТАСЫ ӨЛ­ ГЕН БОЗІНГЕНДЕЙ АҢЫРАП ТҰР. Қысқасы, ХАЛЫҚ ӘНІ деген жалпылама ат жамылған ҚАЗАҚ ӘН ӨНЕРІН әр ғасырға жеке-жеке жіліктеп, хронологиялық тұрғыдан бірізділікке түсіретін мезгіл мизамы әлдеқашан жетті. Біз­ дің бұл талпынысымыз осының бастапқы сеңі десек те бо­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы лады. Сонымен тұңғыш тақырып тұздығы болып отырған ән «ШӘПИБАЙ-АУ». Сөз ұстартқан адам ретінде бірден айта кетейін. Бұл әннің де қазіргі мәтіні XVIII ғасырдың сөзі емес. Шындап іздер жоқшысы табылса, түпнұсқа текстің архив қалтарысының бір бұрышынан ұшыраса кетуі де мүмкін ғой. Ал ұшығын ұстатпаған жағдайда әуеннің түпкі тінін сақтай отырып, мәтінді төл XVIII ғасырлық тілде түзіп шығуға да болар еді.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ҚҰЛАГЕРДІ ҚҰЛАТҚАН КІМ? Тарих тек қана шындықпен жазылады десек, қатты қа­ телескен болар едік. Біз оқып жүрген әлем һәм қазақ та­ рихының қаншасының рас немесе жалған екендігі бір Ал­ лаға ғана мәлім. Бұдан біраз жыл бұрын баспасөз беттерінде әйгілі «Тынық Дон» романының авторы Михаил Шолохов емес деген пікірталас шаң берген еді. Бұл дауды сол кезде жазушы шығармасымен іштей бәсекелес адамдардың қа­ сақана ұйымдастыруы да әбден мүмкін. Қалай десек те осы пікірталасқа күні бүгінге дейін нүкте қойылмай келе­ ді. Тарихта шын кейіпкермен қатар жалған кейіпкерлер де өмір сүреді. «Шындық иіледі, бірақ ешқашан да сынбайды. Майдың су бетіне қалқып шығатыны сияқты өтіріктің бетіне қалқып шығады», – дейді әйгілі Сервантес. Рас шын­ дықтың аты – шындық, оны ешкім де бүркемелеп тұра ал­ майды. Уақыты болғанда өтірікті тас-талқан етіп, жарыққа шығады. Ғасырлар бойы құпиясын өз ішіне бүгіп келе жатқан ақиқаттар бүгін айтылып жатыр. Тарихта кез-келген саяси қайраткердің тағдыры таразыға тартылып, күнгейі мен көлеңкесі сөз болмай қалмайды. Кешегі Сталин, оны айтасыз, күллі кеңес одағы құдайдай табынған Леннинің өзі бүгін іске алғысыз болып қараланып жатыр дегенге адам нанғысы келмейді. Ленин де пенде, оның да қателігі болады деген көзқарас бұрынғылардың қаперіне де кіріп шықпады. Оны мінсіз, ерекше жаратылыс деп таныды. Тіпті былай елестетуді өздеріне ауыр күнә секілді сезінді десек артық айтқандық емес. Олай болса, уақыт талабын бұрмалауға һәм әмірін жүргізуге ешкімнің де құзіреті жетпейді екен. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих. Ал тарих шындықты жасырып қала алмайды. Соңғы кездері қазақ баспасөз бет­ терінде шындық пен жаңсақты бір-бірінен ажыратып алуға ниеттенген бастамалар жиі жазылып жүр. Жуырда әйгілі «Дудар-ай» әнінің төңірегінде қызу пікірталас болды. Осы уақытқа дейін бұл ән Мариям Жагорқызының атына телі­ ніп келген еді. Нәтижесінде ән авторының Үлебай екенді­ гі нақты деректермен дәлелденді. Біз мұны белгілі музыка

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы зерттеушілерінің қызу таласының арқасында ғана біліп отырмыз. Әйтпегенде Үлебай есімі бүгінгі ұрпағымен қайта­ дан табыса алар ма еді? Тағдыр жүйрік пен талантқа іштарлық жасап қыранды қарғаға неге қор етеді екен? Тарихта Моцартты – Сальери, Пушкинді – Дантес, Қозыны – Қодар, Төлегенді – Беке­ жан өлтірді дейміз. Қазір халық арасында қағазға түскен Қозы Көрпеш Баян сұлу мен Қыз Жібек жырының бірне­ ше нұсқасы (варианты) бар. Оның бірінде Төлеген өлдіге саналса, бір нұсқасында өзгеше баяндалады. Мәселен, ең білгір деген тарих мамандарымыз Төлегенді өлтірген Беке­ жан емес, Қарабалта деген қаныпезер, қарақшы деп қан­ шалықты дәлелдесе де жалпақ жұртты сендіре алмады. Өйт­ кені, ғасырлар бойы халық санасына біте қайнасып, сіңісті болып кеткен дүниені бір-ақ күнде өзгерте салу оңай шаруа емес. Ол үшін сандаған жылдар керек. Дәл осы тақылеттес оқиғаның бірі Ақан серінің Құла­ геріне қатысты айтылады. Бұл дау осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы тұтанған еді. Сол жылғы «Жұлдыз» жур­ налының №6 санында қазақ әндерінің шығу тарихын бір кісідей жеттік білетін жазушы, белгілі сазгер Ілия Жақа­ новтың Құлагер өліміне қатысты мақаласы жарияланған болатын. Мақала «Желтоқсан оқиғасы» деп аталатын дүрбе­ лең жылдармен тұспа-тұс келгендіктен әрі ел өміріндегі сая­ си өзгерістерге байланысты жалғасын таба алмай қалды. Со­ дан кейін бұл тақырыпқа қалам тартқан бірде-бір адам болған жоқ. Құлагерге қатысты пікірталастың жалғасы еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана жазыла бастады. Ақан серінің кісі қолынан мерт болған арғымағы жай­ лы трагедиясы бізге Ілияс Жансүгіровтың поэмасы арқылы жетті. Бұл қазақ тарихында Құлагерге қатысты тұңғыш рет жазылған әдеби, тарихи еңбек болатын. Ол асқан ше­ берлікпен жазылғандықтан миллиондаған оқырмандар­ дың жүрегінен орын алды. Әрі барша жұрт Ілияс Жансү­ гіров келтірген деректерге риясыз сенді. Оған себеп болған шығарманың әдеби көркемдігі еді. Поэма соңында Құлагер күншілдіктің қолынан мерт болады. Нәтижесінде Ерей-

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . мен жеріне үш жүз түгел шақырылған Керей Сағынайдың асында Ақанның Құласы қаза тауып, 350 аттың ішінен Ба­ тыраштың Көктұйғыны бірінші келеді. Осы тұсқа келген­ де оқырман Ақан серімен бірге қайғырып, бірге жылайды. Амалыңыз бар ма, қазақ поэзиясына тыңнан сүрлеу салып, бұрын-соңды тарихымызда болмаған мұндай шедевр еңбек қалдырған Ілиястың өзі де Құлагердің аяғын құшып адам қолынан мерт болды. Нән жуан менмен кеуде, намыс ері, Суық қол Батыраштың жібергені. Жалт етті жайдың оты жүрегінен, Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді. Сап етіп бердеңкедей кеп ұрынды, – Бере бер, балам, бері шылбырыңды! Жанасып Құлагерге қалғанында, Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды… Осы өлең жолдары жұрт жадысына бірден жатталып қал­ ды. «Құлагер» қазақ позиясының рухани бойтұмары. Керек десеңіз, мұндай асқан шеберлік, асқақ рухпен жазылған поэманы XXI ғасырдан да жолықтыруымыздың өзі екі талай екендігін ашық мойындауымыз керек. Ал жоғарыда келті­ рілген қос шумақ өлеңнің мағынасы Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» атты деректі очеркінде басқаша сипатталады. Анығын айтсақ, Құлагерді Батыраш емес, Барақбайдың шабарманы Бөрібай өлтірді деп жазды. Очеркте жазылған деректерді Мағжан Ақанның дүние салғаннан кейін әйгі­ лі әншінің көзін көрген халық ішіндегі Баялы Мырзаұлы, Қазы Самыратұлы, Қоқыш Шыңғысұлы, Ысмағұл Бозайұлы сынды сауатты адамдардың ауызынан естіп, қағазға түсіргендігін айтады. Бір қызығы Ілиястың поэмасы мен Мағжан очеркінде жер мен көктей айырмашылықтар бар. Біз бұл арада екі ақынды бір-бірімен бәс таластырып, әдейі тырнақ астынан кір іздегелі отырғанымыз жоқ. Тек Құлагер өліміне қатысты деректер үшін айтып отырмыз. Мәселен,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Жансүгіровте Ақан Құлагерді нағашысынан алса, Жұмабаевта Құлагер Қарауыл Шөкетай жылқысынан. Ақан Құла­ герді Шөкетайға жүз сом беріп сатып алады. Мағжан еңбе­ гінде Құлагер өліміне Аққошқар Сайдалының асы себепкер болғандығы суреттеледі. Бұл Керей Сағынайдың асынан бұрын болған оқиға еді. Онда былайша баяндалады. Аста үш жүзге жуық аттың ішінен Құлагер жеке қара үзіп алдыға шығады. Оның артынан Барақбайдың Кетеберкөк деген аты құйрық тістесіп келе жатады. Сол кезде Барақбайдың Бөрібай есімді шабарманы көмбеге жақындаған аттардың алдынан шауып шығып, Құлагердің алдынан кес-кестеп Ке­ тебөркекті көтермелей жөнеледі. Мұны көрген Ақан ашуға мініп, Барақбайға тілі тиіп, Бөрібайды қамшымен салыпсалып жібереді. Осыдан кейін Барақбайдың ішінде Ақанға деген кек кетеді. Құлагерді қалайда мерт етіп, Ақанды құ­ саландырудың жолдарын іздестіреді. Барақбай кеудесінде берішке айналған осы кек Керей Сағынайдың асында Құла­ герді өлтіріп тынады. Сонда осы арада Құлагерді өлтірген кім? Барақбай ма, жоқ, әлде Батыраш па деген заңды сауал туады. Енді осы са­ уалға жауап іздестіріп көрелік. Бұған дейін Құлагер өлімі­ не Батырашты кінәлі санаған 2004 жылғы «Жұлдыз» жур­ налының бірінші санында Мұстай Ғалымның «Құлагердің киесі» деген мақаласы мен «Егемен Қазақстан» газетінің 2003 жылғы 29 қазанда Естай Мырзахметтің «Құлагердің құлауы. Аңызы қайсы? Ақиқаты қандай?» деген материал­ дары жарияланған болатын. Онда мақала авторлары Құла­ герді өлтірген Батыраш деп үзілді-кесілді пікір айтады. Тіпті кейбір деректерде Құлагерді өлтірген Батыраштың ағасы Хамза десе, тағы бір жерлерде Ақан Құлагерді кім өлтіргенін білмей кеткен деген сыңайдағы сөйлем жолдары кездеседі. Ал Илья Жақанов ағамыз өзінің «Орталық Қазақстан» газетіне берген сұхбатында Құлагерді жазым еткен Барақбайдың жендеті Ізбасқан деген көзқарас білдіреді. Өкінішке қарай, аталған авторлардың бірде-біреуі Ақанның қасіреттен туған «Құлагер» әніндегі менмұндалап тұрған ақиқатқа назар аудармаған. Бұл жағынан Мағжанның

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жазғанымен келіспеске амал жоқ. Автор онда Құлагерді мерт еткен Барақбайдың шабарманы Бөрібай деп батыл ке­ сім айтады. Сағынай асынан кейін Ақан ажал құшқан арғы­ мағына арнап «Құлагер» әнін шығарғаны белгілі. Жел соқса қамыс басы майды-ау деймін. Ат қостым ат айдаушы айда деймін. Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін-ай. Шынымен өлгенің бе, Құлагерім, Салбырап саптыаяқтай төменгі ерінің. Баспа-бас қызға бермес жануарым, Мың зарламай басылмас менің шерім. Әй, Бөрібай-әй-әй-әй... Мен осы «Құлагер» әні орындалғанда шумақ сайын асқан күйінішпен қайталанып отыратын Бөрібай есімінен қатты күдіктенетін едім. Бөрібай ат айдаушы не болмаса атқа шапқан баланың есімі шығар деп ойлайтұғынмын. Осы ойым Мағжанның «Ақан сері» очеркін оқығаннан кейін бір жүйе­ ге келді. Сөйтсек, біз осы уақытқа дейін аңғармаған екенбіз. Құлагерді кім өлтіргенін «Құлагердің» өзі айтыпты (Біз бұл жерде Ақанның «Құлагер» әнін айтып отырмыз). Онда әр шумақ сайын «Әй, Бөрібай-әй-әй-әй» деп қайталанып, тұла бойыңды шымырлататын өксік бар. Арада қос ғасыр өтсе де осы ән бүгінгі ұрпаққа Батыраш емес, Бөрібайлап жетуі тегінен-тегін болмаса керек. Олай болса, күні бүгін­ ге дейін Құлагер өліміне кінәлі болып келген Батыраш есі­ мінің бұған еш қатысы жоқ екендігін ашық айтуға тиіспіз. Жазықсыз жанға таңылған қиянат пен қауесеттің ақ пен қа­ расын ажыратып беру тарих алдындағы міндетіміз екендігі бесенеден белгілі ғой...

2004 жыл 13-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ДАУЫС М. Ешекеев жайында бірер сөз I Оқырманға бірден ескерте кетейін. Мен Мәдениет Еше­ кеевтей әншінің көзін еш көргенім жоқ. Сондықтан болар, таңғы шықтай мөлдіретіп естелік жаза алмаймын. Әншінің ғұмыры біздің ойын баласы кезімізге тұспа-тұс келгендік­ тен, ол кісінің есімінен мүлде бейхабар едім. Тіпті көзін көр­ ген күннің өзінде де әншінің бозжусан болмысына бойлап, нарқына жететіндей пайым ол кезде біз шіркіннен қайдан табыла қойсын? Мәдениет Ешекеевтің могиканның соңғы өкілі екендігін тек студент кезімде ғана білгендей болдым. Әрине, ол кезде есіл әнші екінші дүниенің (бақидың) есі­ гінен әлдеқашан өтіп кеткен-тұғын. II 2002 жылы елорданың Конгресс-Холл сарайында «Біз үшеу едік» атты белгілі қаламгерлер Төлен Әбдік пен Ду­ лат Исабековтің, жазушы әрі этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбектің алпыс жылдық мерейтойына байланысты өзара бірлескен шығармашылық кеші өтті. Осы кеште Әбіш ағаның ағынан жарылып, ақжаңбырдай сіркіреп сөйлегені әлі күнге дейін есімде. Мен аталған концертте Ақселеу Сейдімбектің «Гаги-гай» атты әнін орындап сах­ наға шықтым. Концертіміз өз мәресіне жетіп, кеш соңы­ на қарай қатысқан өнерпаздардың барлығы арқа-жарқа болысып қауқылдасып жатқанбыз. Осы бір сәтте жасы алпысты еңсерген еңгезердей бір адам келіп мені құшағы­ на қысып маңдайымнан сүйді. Сосын қолтығымнан жете­ леп сахнаның сыртына қарай шығарып: «Әй, бала, осы сен Мәдениет Ешекеев деген әншіні білесің бе?» деп төтесінен сұрақ қойды. Мен мұндай әншіні бұрын-соңды естімеге­ німді айтып ыңғайсыздана тіл қаттым. Әлгі кісінің өңі сол сәтте қуқыл тартып: «Е-е, білмейді екенсің ғой, Мәдениет

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . деген аруақты әнші ғой, шіркін. Сен сол кісіні бар жандү­ ниеңмен бір тыңдашы» деді. Сосын, омырауынан қойын дәптерін шығарып, аты-жөнім мен мекенжайымды тәп­ тіштеп жазып алды. «Менде Мәдениеттің үнтаспасы бар. Үйге бара салысымен біреуін арнайы көшіртіп, өзіңе хат арқылы жолдап жіберейін. Ал, шырағым, көріскенше есен бол» деп, жып-жылы ғана қоштасты да, жылыстап кете барды. Әлде бейқамдық, әлде балалық па, әлгі кісінің есі­ мін сұрау сол сәтте қаперіме еш кірмеген екен (Қазір де осы бір қылығым есіме түссе болғаны, жон арқам мұздап сала береді. Япыр-ай, сол кісіңіз кім болды екен, қайырылып көз­ ге бір көрінсе ғой деймін кей күндері аласұрып). Бірер аптаның бедерінде жатақхана астында орналасқан почта жәшігіне маған хат келіпті. Хат Қарағанды қаласынан жолданған екен (Бір таңданарлығы, жіберген адамның аты-жөні көрсетілмеген болып шықты). Жанталаса кон­ верт ауызын ашып жіберсем, алақандай ғана қағазға: «Ай­ налайын, Ықылас балам! Амансың ба? Бәрі жақсы болар деп үміттенемін. Мынау Мәдениет ағаңның үнтаспасы ғой. Қарашығыңдай сақта. Жақсылап тыңдап, бойыңа сіңірерсің» депті. Міне, бар болғаны, хаттың ұзын-ырғасы осы ғана. Бөлмеде қолдан-қолға өтіп, әбден көнетоз болған магнито­ фонымыз бар болатын. Әнді тыңдап кеп жібердім. Құдай-ай, несін айтайын енді... Сондағы сезімді сипаттауға мүлде ті­ лім жетпейді. Иә, сол мезет менің алпыс екі тамырымнан қан емес, ән аққан ғажайып күн болатын. Мен шын әншінің бағасы қандай болатынын дәл сол күннен бастап сезінгендей едім. Ең бастысы, көздегі шел мен көңілдегі қараңғылыққа қозғау түсті. Мәдениет Ешекеев деген әншінің орындауын­ да жазылған осы бір он екі туынды менің ең құнды рухани қазынамның біріне айналды. Содан, саф өнерге деген ынты­ зарлық көкірегімде бүр жарғандай болды да кетті. Осы ынтызарлық мені Қ. Байжанов, Қ. Бабақов, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ғ. Құрманғалиев, Д. Рақышев, Ж. Кәрменов сынды қазақ ән өнерінің алыптар шоғырымен танысуыма тікелей алып келді.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы III Мәдениет Ешекеев деген дегдар кім, оның қазақ ән өне­ ріндегі орны қандай? Енді осы сауалдар төңірегі мен әнші болмысына аз-кем ат шалдырып көрейік. Белгілі психолог ғалым Н.Д. Левитов «Адам мінезіндегі ерекшеліктер оның дауысымен тікелей байланысты. Себебі дауыс – болмыстың кілті» дейді. Ғалымның айтуынша, адам дауысынан оның кім екендігін (тіпті интеллектісін де) бағамдауға болады. Біз бұл тұрғыдан қарар болсақ, Ешекеев үнінен ең алдымен тау суындай тазалықты көреміз. Бұл таза үн бала жүрегін­ дей кіршіксіз кеудеден ғана әуелеп шығатын болса керек (Не нәрсе болсын жан тазалығымен тікелей байланысты ғой). Бұдан шығатын бәтуа байламы: Дауыс – бейне бір жарқыраған хрусталь ыдыс іспетті, әншінің ішек қырындысына дейінгі ішкі сырын түгелдей дерлік көрсетіп тұратын барометр екен. Ендеше, Ешекеев көмейінен күмістей сыңғырлап шығатын тәтті тембрдің құпиясы да, міне, осында жатыр. Неге екенін қайдам, Мәдениет ән салғанда, маған қымыз бен бозжусанның иісі қатар келеді. Содан шығар, құлағым­ ның құрышы мен жүрегімнің шөлі бірден қана қалады. Ол домбырасын қағып-қағып жіберіп, аңырата жөнелгенде қа­ зақтың кеткен есесі мен көрген құқайы тұтасымен түреге­ ліп шыға келеді. Тыңдап отырып бейне бір бағзыдағы қазақ болмысымен бетпе-бет шұрқырасқандай боласың (Анадан қайыра екі туса да енді «Қанатталды» мен «Қарғамауды», «Гауһартас» пен «Сұржекейді» Мәдениеттей сұңқылдату қай әншінің болсын тәлейіне жазыла қоймас). Әншінің жан сыбдыры мен сезім ағысын пар ұстап, әнді су бетін сүзген қаймақтастай етіп қалқытып әм сырғытып айтатын сырбаздығы өз алдына жеке тақырып. Ешекеев шашауын шығармастан жұп-жұмыр етіп орындаған әрбір ән көркемфильмге бергісіз. Ол қазақ әнінің бетіне тұнған ары мен ұяты іспетті.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . МҰСА МЕН МУСҒАБ Пайғамбардың мұрагерлері молда емес... I Бізге дін десе болғаны, көбіміздің көзімізге мешіт пен мол­ да елестейді (негізінде ассоциация ар мен ұят төңірегінде болуы керек қой). Пайғамбарлардың дүниеге келгендегі бар мақсаты күллі әлемдік әділетсіздік атаулыға қарсы тұрып, адам ақылына қозғау салу, езілген елдің еңсесін тіктеп, шын­ дыққа көзін жеткізу. Олай болса пайғамбарлар дегеніміз нағыз демократтар екен (Өкінішке қарай, біздің молдекеңдер олардың асқақ идеяларын діннің тар шеңберінен шығарып тәпсірлей алмайды). Бұған Мысыр перғауынымен күресіп өткен Мұса пайғамбардың өмірі куә. Көне деректерге көз салсақ, о басында Мұса пайғамбар жолына иланған адамдар саны алғашында сексен алты болса, аяғында олардың саны алты жүз мыңнан асып кеткендігі жайында айтылады. Елі­ нің жолында басын тауға да, тасқа да ұрып, ғазиз ғұмырын сарп еткен осы бір жанның Мысыр патшасынан көрмеген қорлығы жоқ. Уәлид ибн Мусғаб есімді бұл перғауын өзін «құдай» есебінде көріп, халықты қор тұтты, атқысы келгенін атты, сатқысы келгенін сатты... қысқасы, жан баласын өзі­ не теңгерген жоқ. Бүгінгі өлшемге салып бағамдар болсақ, перғауын шексіз автократ та, Мұса – жер бауырлаған рухты тіктегісі келген қоғам қайраткері. Бір қызығы, перғауынның басы да, соңы да бұл кісі емес екен. Кешегі Ленин мен Сталин, бүгінгі шексіз билікке шырматылған диктаторлардың денін осы перғауындық пәлсапаның «үмбетіне» жатқызуға болады (Бойымыздағы бүгінгі ментальдік сырқаттың көріністері, симптомдары сонау көне дәуір қойнауында жатыр екен ғой). Әрине, әпербақандар мен жағымпаздарға келер қашанда залал жоқ. Жұматай Жақыпбаев: «Жұмақ деген бұл өмірде бар нәрсе, Оған өңшең жағымпаздар кіреді» демекші, расын­ да перғауындар идеясына ләппай құлдық ұрып, лыпадан лашық жасап алатындардың ғұмыры шындығында «жұ­ мақ-тұғын». Бұл бір сәтке де өзгермейтін бұлжымас қағи­ да десек те болатындай. Ал сонда «тозақтың» өкілдері кім?

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Мұның жауабы айтпасақ та белгілі. Билік пен тақ барда онымен бірге жүретін шексіз менмендік дерті шыншылдар (демократтар) өмірін әрқашан да «тозаққа» айналдырып отырды. Қараңыз, тақ бен билікке арқа сүйеп, біреудің байырғы мекен еткен жерін тартып алу, діні мен ділін тап­ тап қарсы сөйлегендерді қынадай қырып салу, мұның бәрі енді нағыз перғауындық кеп қой. Ал осы қиянатқа қасық қаны қалғанша қарсы тұрып, халқына Мұса ғалиһсалам­ дай қамқор болған кешегі Кенесары мен Әлихан, Ахмет пен Мұстафалар нағыз пайғамбарлар жолының шын мұрагерлері емес пе!? Жылы жерге жайғасып алып «тәтті» сөздерді құйқылжытқан жадағай молдалықтың пайғамбар мұрагері болатындай нендей еңбегі бар. Бұл жердегі басты меже асыл дінді жоққа шығару емес, шын идеяны тәрк еткен соқыр дүмшелік хақында болып отыр. Ер азаматтың өз ОТАНЫ мен оның әр тасын қызғыштай қорғауы – қасиетті парыз. Өкінішке қарай, бүгінде парызды бесеу ғана деп түсінетін небір делқұлылар пайда болды. «Отанды сүю – иманнан» дейді асыл пайғамбарымыз. Ен­ деше, еліңе шын емірену ИМАННАН болса, ИМАННЫҢ нарқы құлшылықтан да жоғары ғой. Мұны хакім Абай «Иман білмес тағатты қабыл демен» деп бір-ақ ауыз сөзбен шегендеген. Орны алмасып кеткен осы бір жағдай бүгінде үлкен оспадарлыққа ұрындырып отыр. Тыныштықбектің төмендегі ащы дауысы да осының шын куәгері. Жерді сатайын деп жатыр біреулер. Ол үзбейді намазын. Елді сатайын деп жатыр біреулер. Ол үзбейді намазын. Ертең дұшпандар келеді де... Ол жайнамазда жайрап қалады!.. Сабазың!.. Ұрып қойыппын ондай намазын. II

Біз дөңгелек дүниеге эмоционалды емес, рационалды тұрғыдан пайымдауды үйренсек нетті. Егер де Қазақстан

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . 1991 жылы өз дербестігіне қол жеткізе алмаc еді, 1936 жылы КСРО құрамынан кез келген сәтте шығуға дербес өз құқығы бар одақтас республика мәртебесіне көтеріле ал­ мағанда. Бұлай әcте болмас еді, 1920 жылы Автономиялық Республика болып құрылмаса. Ал бұл турасында ешқандай да сөз болмас еді, егер де 1917 жылы Алашорда үкіметі (пар­ тиясы) дүниеге келмеген болса. Олай болса қазіргі Қазақстан бұдан бір ғасыр ілкіде топырақ астына түскен дәннің бүгінгі бүр атқан көрінісі екен. Енді осы бір «сүттен ақ, күн­ нен раушан» шындықты кімнен қорқып, кімнен жасқанып айта алмай отырмыз? Бұл азаттық – теңіздей төгілген тер мен дариядай аққан қанның қарымтасы. Тоталитарлық қоғамда шындыққа тура қараудың «тозақпен» пар екендігі мәлім. Рас, шын­ дықтың дәмі қашанда кермек. «Шыннан өзге Құдай жоқ» дейді Шәкәрім абыз. Не деген сүйегі ауыр сөз еді шіркін?! Шәкәрімге салсақ, Шындық пен Құдай – синоним (Құдай деген шындық болса, Шындық деген Құдай). Бәрі де түсінік­ ті болған тәрізді. Бұдан шығатын бәтуа байламы мынадай: кім шындығын жоғалтса я нанға айырбастаса, ол адамның бойында Жаратқанның жұқанасы да жоқ деген сөз. Міне, нағыз құдайсыздық пен имансыздық осы дейді қажы. Ен­ деше, біздің бойда құр құлшылық болмаса, Құдай феномені атымен қалмаған екен (Себебін өзіңіз де түсініп отырған шығарсыз). Мұның ащы да болса ақиқаты осы. Ақиқаттан жаңылған қоғамда шындық көбіне көз үшін, дәлірек айт­ сақ, адамды алдарқату үшін ғана айтылатындай.

Шындықты құдай қыз дейді, Көрмеген соң жұрт енді. Жоқ болған соң іздейді Тауып алса құртады. Аяулы Жұмекеннің бір-ақ шумақ осы бір өлең біздің бүтін болмысымыздың барометрі іспетті. Бұдан асырып не деуге болады енді... Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы КӘПІР МЕН КӘУІР Зуха Сәбитұлының «Егіз кәпірлер» өлеңі жайында

Бұдырайған екі шекелі, Мұздай үлкен көбелі... Бастаса топтың көсемі, Сөйлесе сөздің шешені... Бұлт болған айды ашқан, Мұнар болған күнді ашқан. Мұсылман мен кәуірдің Арасын бұзып дінді ашқан. Қазтуған Сүйінішұлы I Қазтуған жыраудың өзіне (ішкі меніне) берген бағасы біз бажайламақ кейіпкердің де айна-қатесіз адамдық пор­ треті іспетті. Әйгілі батырдың жүз елу жылдық мерей­ тойына байланысты дестеленген деректердің дені оның биографиясы мен көсемдігіне қатысты өрістеп жатса, біздің жазбағымыз дін қайраткерінің «мұсылман мен кәуірдің, арасын бұзып дінді ашқан» қырына қарай тиянақ түсірсек деген ниетіміз бар. Бұл жерде ұлы жырау қолданылып тұрған кәуір сөзі (мұсылманнан бөлек өзге дін өкілдері жайында болып отырған жоқ) адамның ішкі ақуалының жауы мен дұшпаны турасында болып отыр. Өлеңнен түсінгеніміз, мұсылмандықтың дұшпаны кәуір­ лікте жатыр. Шын мұсылманшылықтың саф көңілі мен таза иманы кәуірлік құрсауынан құтылғанда ғана салта­ нат құрады дейді. Ұлы жыраудың бар айтқысы келген пәл­ сапасы осы ғана. Аңдаған адамға Қазтуған осы екеуінің «арасын бұзып» ажырата білдім деп айтып отыр. Дүниені (дінді) «мұсылмандар» және «мұсылман еместер» деп екі­ ге ғана бөліп қарайтын келте түсінігіміз мұны қалай деп қабылдар екен? Жұмыр жер үстін шимайлаған он оқтың тоғызының осы түсініктің салдарынан адамға қарата бағыт­ талып отыруының құпиясы да осында жатыр.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Міне, инсаниятты ұлт пен ұлыстың ғана меншікті құ­ дайына емес, исі адамзаттың құдайымен қауыштырар па­ расат Қазтуған пәлсапасында тұр. Ендеше кәпір атаулыны сырттан іздеудің ешқандай да қажеті жоқ, бәрі де адам бол­ мысының өз ішінде жасырылғаны мәлім болды. Осы орайда кәпір ұғымына да тоқтала кетейік. «Кәпір – Алладан басқа­ дан жәрдем тілеп, өзгеге сиыну» деп берілген екен қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігінде. Мұны айрықша атап отыруымыздың мәні тереңде жатыр. Алдағы талданбақ дү­ ниенің табиғатын ашалап айтып беруіміз үшін бұл мысал­ дарды арнайы келтіріп отырмыз. II Зуха батырдың сөзі еді деп ел аузында көп айтылатын көне жәдігердің бірі – «Егіз кәпірлер» өлеңі. Біз батырға байланысты жазылған туындыларды парақтау үстінде құлағымызға бала кезден-ақ сіңісті болып, бата үлгісімен баяндалатын осы бір өлеңмен қайыра ұшырастық. Әйгілі жазушы Қажығұмар Шабданұлы өзінің «Пана» романында «...Ал мен бұл кеңеске үлкен қажымыздың «Егіз кәпірлер» деп атайтын бір насихатын қоса кетейін!» деп, аталған өлең­ ді кейіпкері Мықияның ауызымен айтқызған екен. Роман­ ның бас-аяғы бес жүз беттік хикаядан тұратындығын еске­ рер болсақ, бұған жазушының қаншама деректерді көкіре­ гінде тірілтіп, даярлықпен кіріскені белгілі ғой. Ендеше осы бір үш шумаққа жетеғабыл өлеңге хал-қадірімізше герменевтикалық талдау жасап көрелік. Өлеңнің тақырыбы – «Егіз кәпірлер». Осы жерде дін қайраткері «кәпір» деп нені ишаралап отыр? Қанеки, насихат ғазалды бірге саралап, өн бойына ой жүгіртіп көрелік. Барды жоқ деген – кәпір, Жоқты тап деген – кәпір. Аштықтан ашқан алақанға, Жұмған жұдырық көрсеткен – кәпір. Достық тілекке,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Қастық итін қосқан – кәпір. Абысын тапқан баланы алалаған – кәпір, Ақ көңілді абысынын қаралаған – кәпір. Ақылы үлкен балаға үлкенсіген – кәпір, Білмей тұрып білгенсіген – кәпір. Діті жаман діншілдік – кәпір, Күні бірден шыққан күншілдік – кәпір. Бастапқы бір шумақ өлеңде өрілген бар менен жоқтың пәлсапасы тым тереңде жатыр. Орайы келгенде мына бір мәселенің де басын ашып алайық. Тұлғаның діни танымын талдау дегеніміз – байырғы бабалар болмысымен қайыра беттесу деген сөз. Бұлай болмайынша, ол адам жұмбағының оңтайлы шешілуі, кейіпкер танымының сізбенен еменжарқын сұхбаттасуы еш мүмкін емес. Кез келген тұлғаның пайым-парасаты көрген көзі мен естіген сөзінің негізінде ғана қалыптасары хақ. Ал бұл екі субстанцияның ар жағын­ да ғасырдан ғасырларға талықсып жеткен замана тәжіри­ бесінің алтын қоры жатқандығына ешқандай да шүбә жоқ. Ендеше, барды жоқ деудің кәпірлік екендігіне Мәшһүр Жү­ сіптен жеткен мына бір мысал куәлік бола алады: «Бұрын қазақта «бар» деген мен «жоқ» деген, «ал» деген мен «бер» деген ағайын еді. Қазір ал деген өліп, бер деген қалды, бар деген өліп, жоқ деген қалды... Бар деген баракат (берекет) деген періштенің аты еді, жоқ деген біте (бітті, таусылып қалды мағынасында болса керек – Ы.О.) деген шайтанның аты еді» дейді. Құрметті оқырман қауым, бар менен жоқтың дилеммасы енді ғана айшықтала түскен секілді. Қазақтың «жоқ» деген адамды жақатпай «ауызын қу шөппен сүрткен» біреу деп ат қойып, айдар тағуының астарында да осы пәлса­ па жатыр (Жоқты жоқшылық туғызады десек, алаштың жарлылықты қаншалықты жақатпағанын, мұның түпкі тінінде исі қазақтың кедей болмау идеясы тұр емес пе?!). Бұл жерде періште пейілді лайлап, шайтанның шырма­ уына түскен танымды кәпірлік демегенде не деуге болады енді. Дәл осы бір ойға «Шайтан сендерді жоқшылықпен қорқытады» деген Құран аятының қағидасын қосарлайтын

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . болсақ, бұл дүниетаным қайнарының қайдан таған тартқан­ дығына көзімізді жеткізу аса қиын болмайтын тәрізді. Бізге Сәбитұлы өзінің насихат желісіне құрылған өлеңі арқылы осыны аңдатып отыр. Мақаланың міндетіне өлеңнің әр жо­ лын ежіктеп отырудың кірмейтінін, межелеген мақсатымыз ғазалдың тек танымдық қабаттарына ғана тоқталып өту екендігін естеріңізге сала кетейін. Келесі індетпек ойымыз – дін қайраткерінің «Білмей тұрып білгенсіген – кәпір» түсі­ нігі. Бүгінгі қазақ қоғамының рухани дертінің диагнозын да дәл осы тезистен табуымызға болады. Білместігін біле­ тінге балап, жоғарыға жанталаса ұмтылып жатқандардың әрекеті күнделікті көз алдымызда. Ең өкініштісі, әркімнің өз орнын білмеуі мен кәсіби деңгейге көтеріле алмауы әді­ лет қағидасының бұзылуына тікелей себепкер болып отыр. Алаяқтықты ақылдылыққа, алпысты (ақсақалдықты) жі­ гіттікке балаған қортық түсінігіміз де осының салдары ғой. Ендігі сөзіміз «Діті жаман діншілдік – кәпір» философиясының мағынасы турасында. Бұл жердегі «діті» ұғымын адамның ішкі ойы мен көңіл көкжиегі десек, оның кірле­ генінен жаман ештеңе жоқ. Мұндай жалған діншілдіктің орны кәпірге пар дейді өлең авторы. Ардақты Шәкәрімнің «Толстой кәпір емес, өзің кәпір» деген рухани іш салыстыру уәзипасы да осыны еске түсіреді. Кәпір дегеннен шығады, замана тозаңына көміліп арғықазақ танымынан жеткен сөз­ дің бірі – «Кәпір тыныш болса мұсылман тыныш» түсінігі. Осы жерде айтылып тұрған кәпір мен мұсылман ұғымдары жан менен тәннің өзара үйлесім мәселесі. Яғни мұсылман­ ның (бұл жерде жанның) саулығы тән тыныш болмайын­ ша, әманда сау болмайды дейді бабатаным. Біз бұдан тәннің аштығы мен тоқтығының шыбын жанға өзіндік әсер етпей қоймайтынын аңғарып отырмыз. Зуха өлеңінің ең басты биігі де адам болмысындағы «ішкі кәпірліктің» табиғатын түсіндіруімен құнды. Азғантай ғана өрелі өлеңнің астарын­ да баға жетпес осындай байлықтар жатыр. Діні мен ділі жаттың кәпір емес, нағыз кәуірліктің ішіңде екендігін баян­ даған дін қайраткер ғазалынан біз қараңғыға қамалған көзқарасымызға бір жарықтың түскендігін сезінгендейміз.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Бұл жарықты әйгілі батырдың бабалар дүниетанымымен астасқан насихат өлеңі десек, еш қателеспеген болар едік. Ендеше кәпірлік дегеніміз өзге емес, өз соқырлығымыз бен білімсіздігіміздің ішінде қамалған феномен екен. Кәпір­ лікті кірлеген рухтың сыртқа тебіндеген әрекеті деп түсін­ дірсек те болатын секілді. Осыған қарап отырып біздің ба­ баларымыздың дінді қаншалықты биік парасат өлшемінде пайымдай алғандығына қайран қаласың. Олардың құдайды тек сыртқы формада ғана емес, ішкі мазмұндағы эпистемо­ логиялық тұрғыда түсінгендігіне осы мысалдар куәлік ете алады. Шығыста «Тұлғасын қара жерге емес, жүрегіне жерлеген ел бақытты» деген бір тәмсіл бар. Біз бұл мақаламызды қа­ раша халқының жүрегінен мәңгілікке мекен сайлаған сар­ дар бабаларымыздың рухына көрсетілген аз ғана құрмет пен ғизатымыз деп есептейміз.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ХИНДСАЙТ ҚАТЕЛІГІ I Тарихтың сұрағы сұмдық. Не іштің емес, не істедің дей­ ді. Біздің ғұмырымыз осының біріншісіне ғана жауап бола­ тын тәрізді («Асүйлер мен әжетхана арасында шұбыру...» (Тыныштықбек). Ал екінші (не істедің сауалы) хақында ештеңе дей ал­ маспыз енді. Немістің ұлы жазушысы Эрих Мария Ремарк өзінің «Батыс майданында өзгеріс жоқ» атты шығармасын­ да майдан психологиясын, сондай-ақ соғыс тонаған адам ғұмыры жайында жанымен жазады. Айта кетелік, 1914 пен 1918 жылдар аралығын қамтыған бірінші дүниежүзі­ лік соғыста 8 миллионнан астам адам ажал құшып, 21 ми­ лионнан астам адам мүгедек болып қалған болатын. Осы бір жүрек шабақтар аянышты хал ағылшын әдебиеттанушысы Гертруда Стайнға «жоғалған ұрпақ» деген сөзді алғаш рет айтқызған еді. Әйгілі жазушы Эрнест Хемингуэй «Сенімен мәңгілік болатын мейрам» романы арқылы осы ұғымды әде­ би айналымға түсіріп, ел санасына орнықтырды. Егер де бұл ұғым тек соғысқа ғана қарасты десек, қатты қателескен бо­ лар едік. Ашалап айтайық. Бұл жердегі басты мәселе май­ данда емес, зая болған уақыт пен күйіп кеткен ғұмырлар хақында, дәлірек айтар болсақ, адамзаттың анықталмаған миссиясы мен құрбанға айналған құнсыз өмірі жайында болып отыр ғой. Рас, мұндай жандардың өмірге келгені де, ауа жұтып топырақ қозғағаны да рас. Ең бастысы, бұл жан­ дардың ғұмырында ғибратқа жарар ешқандай мазмұн бол­ майды. Өмір дегеніміз «ас ішіп, аяқ босату» емес қой енді. Әгәрәки, біздің де ғұмырды осы бір мән мен мазмұнның таразысына тартса, тілшесі тірлікке күйген нәтижені ғана көрсеткен болар еді. Батыстың бір саясаткерінің: «Қарғысқа ұшыраған буын болғың келсе, халқы ұзақ жылдар отарда болған елдің алғаш дербестік алған шағында өмір сүр» деген әйгілі сөзі бар. Бұл мысалдан біз құлдыққа белшесінен батқан елдің, бірнеше буынның ғұмырын құрбан қылмайын­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы ша түзелмейтінін түсіну онша қиын емес секілді. Енді осы ұғымды қадери-халімізше сәл-пәл таратып көрелік. Ба­ лалық шағы азаттықтың алғашқы алаң-елеңіне тап келген менің замандастарым да тұтас тіршілік отына шарпылған буын болды. Дәл қазір алды қырық, арты отызға ілінген осы буынның (денінің) әлі күнге дейін өзінің жеке баспанасы жоқ. Ойланып көріңізші, адамның жарық дүниеге келген­ дегі жалғыз-ақ мәртебелі ғұмырының төрт бұрышты тамға зарығып, оны өмір бақи армандап ақша жинаумен өтетінін, бір әйел мен үш баланы асыраудың өмірлік нөкеріне айнал­ дырған ғұмырды зая демегенде не деуге болады енді. Дәл осы үшін өтіп жатқан өмір мен түгесілген денсаулықтың майдан шебінен нендей айырмашылығы бар? Ремарктың айтқаны дұрыс. Біз бұдан фашизм мен шексіз автократияның апалы-сіңілі адамдардай туысқан идеялар екендігін аңғаруымызға болады. Шексіз билік ендеген жерде өмір майданға ұласып, жоғарыда біз атап өткен мәселелер Рейхстагқа ту тіккенмен бірдей үлкен машақатқа айналмақ. Бір сөзбен айтқанда, біз тіршіліктің жалаң аяқ жауынгеріне қа­ лай айналғанымызды өзіміз де аңдамай қалады екенбіз. II

Қазір өздерін бейне бір ұлттың әкесіндей сезініп қазаққа балпылдап ақыл айтатын «көсемдер» пайда болды. Алаяқтықты ақылдылық деп ойлайтын сол шіркіндердің қисынына салсақ, біздің бұл ойымыз барып тұрған кер­ жалқаудың сөзі болуы бек мүмкін. «Жоқ, жоқ, бұл адамдар жалқау емес. Бұлар үйлерінен таң атпастан кетеді. Себе­ бі олар басқа адамдардың балаларын тәрбиелейді. Тағы бір тобы таң атпастан тұрып көшелерді тазалайды. Жоқ, жоқ, бұл адамдар әсте жалқау емес» деген қоғам қайраткері Д. Джексонның сөзін қайда қоямыз? Не нәрсе болсын әділет пен ар-ұяттың контексінде тәпсірленуі керек қой. Жанбағар жағдайдағы «сырты бүтін, іші түтін» осы бір жандар бүгін­ гі биліктің жасампаздық пен жаңғыру туралы «ұлы» идея­ ларына шын жүрегімен сенеді дегенді XXI ғасырдың қай ер­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . тегісінің ішіне енгізсек екен. Әлде қиял-ғажайып ертегілер тізіміне ме? Әлеуметтанушылар «Жанбағарлық атмосфе­ рада адам ақылының өрелі ойлауға еш қауқары болмаған­ дықтан, өнердегі бәсеке де басқа бағытқа ауысып кетеді» дейді. Асылық айтты демессіз, бүгінде бізде бір-ақ қана жарыстың жанры қалды. Ол – мал-мақтанға масаттанған дүние жарысы. Өлмейтін өнер мен ғажайып жаңалық жара­ ту... әй, қайдам, көбіміздің когнитивтік картамызда мұндай ұғымның исі де жоқ. Сондықтан да шығар, көнені көксеу мен ақыл айтудың әлі күнге аумағында отырмыз. Ақыры айтқан екенбіз, тақырыптың тұздығы үшін мына бір мәсе­ лені де қосамжарлай кетейік. Соңғы бір жылдың бедерінде бар бітіргеніміз, батыс философиясы мен мәдениеттануын қайыра қарау болды. Осыдан түйсінгеніміз, бізде ойдың да, танымның да деңгейі тұралап, тек құр ақыл соғудың ғана алға шыққандығына көзіміз жетті. «Үрей иектеген елде бі­ летіндер сөйлемейді, ал сөйлейтіндер білмейді» деген әдемі бір тәмсіл бар. Еліңді сүю деген (тігісін жалтылдатып) әдемі сөйлеу мен публикаға ойнау емес, керісінше, шекең­ нен сорғалаған әр тамшы тердің зәмзам суымен пар екенді­ гін түсінуің екен ғой... Ой – болашақ материалданбақ істің ата-анасы десек, дамыған елдердің ең басты артықшылығы ақыл-ой мен өн­ діріс арасында интеграцияның болуы (Бізде бұл екеуі, кері­ сінше, бірін бірі мүлде танымайды десек те болады). Сөзіміз дәйекті болу үшін бірер мысал келтіре кетейік. Жапон «То­ йота» компаниясының негізін салушы Киичиро Тойода: «Біз Масааки Имайдың «кайдзен» пәлсапасын жіті зерделеп, оны заттандырғанның арқасында ғана осындай табысқа қол жеткіздік» деп ағынан жарылыпты. Құдайшылығын айтайық, біздің бүгінгі билікте Абай мен Әлихан идеясын заттандырудың негізгі тетігін тапқан бірде-бір шенеунік та­ была қояр ма екен? Ендеше, экономиканы қарыштап алға бастыртатын идеялар руханият қабаттарында қатталып жа­ тады екен ғой. Ой дегеннен шығады, бір қызығы біз «Қызыл кітапқа енген аң мен құстың сирек түрі деген болады, олар­ ды қорғауымыз керек» деген пікірге шын сенгенімізбен,

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «Адамның да бірегейі болады, оларды да әманда қорғауымыз керек» деген пікірге еш иланғымыз келмейді. Сонда қалай, аңды қорғауға болады-дағы, ал адамды?.. Осымыз ақылға сыя ма енді? Мұны не үшін айтып, сөз шығындап отыр дей­ сіз ғой? Бізде кез келген әлемдік интеллектуалдармен әле­ уеті тең небір талантты ұлдарымыз өмірден беймезгіл озып кете барды. Олар өз елінде жүрсе де, қазақтың қара өлеңін­ де келетін: «Тұлпар болып тусам да, тулақ құрлы бағам жоқтың» кебін киді. Шіркін деймін, біз бүгін бар да, ертең жоқ шенеуніктерді емес, осындай жандарды қырағы күзет қойып тұрып қорғауымыз керек еді ғой. Сондай дарындар­ дың бірі кеше ғана фәниден озған Таласбек Әсемқұлов пен Әмірхан Балқыбек еді (Біз өзіміз білмейтін өмірден озған өзге де таланттар болса, рухына бас ие отырып кешірім сұраймыз). Қазақ қандай ұлдарынан айырылғанын әзірге пайымдай алмайтын тәрізді. Тұмса таным мен шүңет ойлар­ дың бәрі де сол жандардың өздерімен бірге кетті. Өзек өр­ тейтін өкініш қой... Ойыңа небір нәрселер оралады. Амалың не? Осы үшін де мақала тақырыбын «хиндсайт қателігі» деп атауға мәжбүр болып отырмыз.

P.S. Хиндсайт ағылшынның «hindsiqht bias» деген сөзі­ нен шыққан. Оқиға әбден өтіп кеткеннен кейін, осылай бо­ латынын біліп едім деген мағынаны білдіретін ұғым.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ЕКІЖҮЗДІЛІК ЭПИДЕМИЯСЫ Қазақтың сойы бөлек, сойқан перзентінің бірі – Төлен Әбдік. Жанымдай жақсы көретін осы жазушымның өзі ұнатпайтын, алайда жұртшылыққа кеңінен танымал еткен туындысы «Оң қол» екендігі мәлім. Әңгіменің алтын арқа­ уында Алманың психологиялық ахуалы сөз болады. Алма: «Маған қастандық жасаған мынау, бұл менікі емес, мүл­ де бөтен қол, мені өлтіргісі келіп жүр» деп өзінің оң қолын көрсетеді. Бізде мұны ішкі тұлғаның екіге жарылуы деп ай­ тады. Психопатологияның бір түрі. Яғни, бір дененің ішін­ де екі түрлі «жан иесінің» кезектесіп, не қатар өмір сүруі». Біз бұл жолғы жазбамызды автордың аталған ойларының негізінде өрбітсек деген ниетіміз бар. Әрине, әңгіме тұздығы үшін Төлен Әбдік шығармасынан азғантай үзінді келтіріп отырғанымыздың себебі де сол. Ағайындық аралас-құраластығымыз бар аңғалдау бір ағамыздың «Бізде не көп, кейіпкер көп, шіркін-ай, соның түбін түсіріп жазатын жазушы жоқ қой» дегені бар-тын. Рас айтады. Қазіргі қазақ қоғамының психологиясындағы ауруларды жіпке тізсек, бұл бір байтақ әңгімеге жүк. Соның ең бір көкейкестісі «ішкі тұлғаның екіге жарылуы» деген болар едік. Қайран қаламын. Қысқа күнде қырық құбылған әр әріптесімнің әрекеті сәт сайын көз алдымда. Көбісінің кә­ сібі жазу мен сызуға тиесілі осы «достарымның» жай күн­ дері басқаша сөйлеп, қолына қаламсап тисе болғаны басқа­ лай жаза жөнелетін құбылмалы құйыршық қылықтарын алғашында қабылдай алмай жүрдім. Тағы да бір мысал. Бүгінгі жүйенің кем-кетігін ұдайы сана сараптамасынан өткізіп, азаматтық жанашырлықпен қарайтын бір «ағамды» қатты құрметтейтін едім. Бірде «Ха­ бар» арнасын қарап отырсам әлгі көкем: «Бізді бақытты ет­ кен мұндай жүйеден айналып қана кетейін» деп микрофон алдында мекіреніп отыр. Мұны енді ми мен жүректің немесе тіл мен қолдың өзара қайшылығы дейміз бе, не десек екен?! Мүмкін, мұсылманшылдықтағы мұнафықтық (екіжүзді­ лік) дегеніміз, сірә, осы болар? Шариғат таразысына салсақ, 14-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы адамның ЖҮРЕГІ мен ТІЛІ, СӨЗІ мен ІСІ бір болмаса, ондай пенденің жан дүниесінде қабағат қайшылықтарға толы дерт бар деген сөз. ЕНДЕШЕ, БІЗДІҢ ӨЗ СӨЗІМІЗГЕ ӨЗ ІС-ӘРЕ­ КЕТІМІЗДІҢ ҰДАЙЫ ҚАРСЫ КЕЛУІНІҢ ЖОҒАРЫДАҒЫ АЛМАНЫҢ АХУАЛЫНАН БІР МЫСҚАЛ ДА КЕМДІГІ ЖОҚ ҚОЙ. Керісінше, мұндай індеттің «Оң қолды» он орап кететін­ дей пәрменде екендігін дұрыс түсінгеніміз жөн секілді. Әзір­ ге екіжүзділік эпидемиясына қатысты сөзімізді осымен тә­ мам ете тұрайық. Ендігі дестелемек дерегіміз «мұртты көсемнің» лаңына қатысты болмақ. Рас, біз сырттай қарасақ, Сталиннен то­ лыққанды құтылған секілдіміз. Жоқ, жарқыным... Біз бар болғаны Сталиннің төрдегі портреттері мен алаңдағы ес­ керткіштерінен ғана құтылдық. Ал сананы меңдеген «мұрт­ ты көсемнің» елесі мен үрейі әлі тірі. Түсінесіз бе, әлі тірі! Ол жасаған «қызыл түсінік» ұлттың алпыс екі тамырын қуалай күні бүгінге дейін ағып жатыр. Шіркін, деймін!.. Кеңес кереуетінен (метрополясынан) мертігіп шыққан рухымыздағы сталинизмнен қай күні құтылар екенбіз?! Осы күн (құтылған сәтіміз) Алаштың ақсарбас шалар айтулы мерекесіне лайық. ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕГІ ЕМЕС, ШЫН МӘНІНДЕГІ РУХЫНЫҢ АЗАТТЫҚ АЛҒАНДЫҒЫ ДӘЛ ОСЫ КҮННЕН БАСТАЛМАҚ.

ҚАЛАМ ҰШЫНА ТҰНҒАН СЫР... Психологиялық этюдтер

ҚАЛАМ ҰШЫНА ТҰНҒАН СЫР Психологиялық этюдтер «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның са­ дағасы». Қазақта бұдан құнды, бұдан құдіретті сөз жоқ. «Тәтем осы сөзді жиі қайталап отырушы еді» дейді Шәкәрім қажы. Адам жанына ең жайлы, ең жақсы көретін сөзді жиі айтатыны белгілі. Бұл сөзді өмір сүру қағидасына айнал­ дырған Құнанбайдай әкеден Абайдай ұлдың тууы заңдылық болар. Бұл ғақлияны жоғарыдағы ойдың сабақтасы десек те бо­ лады. Құнанбай қажы айтқан саф алтын, самғауық осы бір ойға отыз жыл ғұмыр кешсем де, жете алмай-ақ қойдым. Өмірдегі өкінішім де осы. Адамияттың асқақ көкжиегі­ не көтеріліп мынадай алапат, аспантекті ой айтуың үшін оқуың мен тоқуың, сөз жоқ, жеткіліксіз екен. Мұндай өрелі ойға иелік етуің үшін генеологиялық жаралым (тектілік пен пәктілік, таза қан, таза құрсақ) тағы да сол секілді рухани ресурстардың қажет екендігіне зәредей шүбәм жоқ . Біз, өкінішке қарай, ақиқатты архивтен іздеп жатамыз. Жоқ, аспаннан (Алладан) іздегеніміз жөн. Мұса пайғамбар­ дың «Ей, жұртым, біз аспаннан алыстап кеттік» деген сөзінде түсінген адамға хикмет бар. Себебі архивті адам жа­ сайды, қаласа өзгерте алады. Олай болса, архивтегі деректің алты пайызы ғана рас болуы мүмкін. Ал қалған тоқсан төрт пайызын білмекке илләһи таным қажет. Қысқасы, адамзат баласы өзі жасаған трагедияның кейіпкері. Неге дейсіз ғой? Аллаһ Тағаланың «махаббатпен жаратқан» адамзат баласы­ на қылар ешқандай қиястығы жоқ. Жаратушы Ие кемші­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы лік атаулыдан мүлде пәк дейтініміз де сол. Әгәрәки, пенде баласы белгілі бір зұлымдыққа ұшыраған болса, (ол тіпті тұтас ұлт болуы да мүмкін) оның өзіндік себептері бар. Се­ бептің түпкі тіні қателік пен күнәдан туындайды.

  • Дін – рухтың бостандығы. Ол ең алдымен адамның өз ішіндегі надандық пен менмендік, жалқаулық пен жағым­ паздық секілді кіші пұттардан тазалануға үндейді. Сонда ғана рух нағыз бостандыққа жетіп, жалғыз Жаратушыға құлшылық ететін болады. Бұл бостандыққа ие болған адам ең еркін, ең парасатты адам болмақ. Сосын, өмір мен өлім философиясы да мүлде бөліп-жаруға келмейтін бір кон­ текстегі тұтас ұғымдар. Бірінсіз-бірінің мағынасы ашылмақ емес. Өлім, бар болғаны, жер үстінен жер астына өткізуші құрал (процесс) ғана. Жыршы Елдос Еміл сұңқылдататын «Көкмойнақтың үйірі» мен Ш. Айтматов повесі желісімен түсірілген «Қош бол, Гүлсары» фильмін көргенде, неге екенін білмеймін, есіме Әлихан Бөкейханов түседі. Қайғыдан қос көзім пар­ лап, бұл шіркін (репрессияны айтамын) адамның асылына ғана емес, күллі арғымақ атаулыға келген нәубәт екен ғой деген байламға бекимін. «КЕРУЕН КЕРІ АЙНАЛҒАНДА, АҚСАҚ ТҮЙЕ АЛҒА ШЫҒАДЫ ДЕГЕН ОСЫ». Бұл – біздің бүгінгі картинамыз. Не нәрсенің бағасы салыстырғанда ғана анықталады ғой. Ешқандай кертартпалыққа салынып көне­ ні көксеу емес. Қолымды ҚҰРАНҒА қойып сөйлеуге бар­ мын, бүгінгі біз мақтап жүрген ел басындағы «қошқар» мен «текелер» (серкеден садаға кеткірлер) бұдан бір ғасыр іл­ кідегі АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ қасында, қолына су құюға да жарамайды. ОЛАР ЕЛ ҮШІН ЕҢІРЕП ТУҒАН ШЫН ЗИЯЛЫЛАР ЕДІ. Мұны айтып отырған себебіміз, МЕМЛЕ­ КЕТТІ ұран мен планға ғана қызмет етіп үйренген құлтемір (робот) чиновниктер емес, жасампаз ЗИЯЛЫЛАР басқа­ руы тиіс. Балықтың басы ғана емес, ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . КҮЛЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ БОРСЫП КЕТТІ. Дәл қазір аңқасы кепкен алаш баласына жаңбырдай жаңашылдық керек. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. Кешегі құдайсыздық һәм коммунистік идея орыстың ете­ гінен жем жеген мертік пен шартықтарды, ұлтсыздар мен тексіздерді тәрбиеледі. Соның кесірінен некесізден – жете­ сіз, жағымпаздан – жандайшап, тексізден – құл-құтан, зи­ нақордан зұлым ұрпақ дүниеге келді. Бүгінгі қазақ қоғамын жайлаған індеттің симптомы осы ма деп ойлаймын... «Тарих қайталанады» дегенге тағы бір көзім жетіп отыр. Кешегі интернационализм – толеранттық түсінігіне, КҮН көсем (Ильичтің жарығы десек те болады) – НҰР ұғымына айналды. Сөздің сыртқы мағынасы ғана демесеңіз, мазмұны өзгермеген секілді. Мұны математикада «Қосылғыштардың орны ауысқанмен, қосынды өзгермейді» деуші еді ғой. Айтқымыздың келгені бұл емес еді дүр... Бұрнағыны тізбегенде, мешін жылы мешел халге түсіп қалжырап тұрған қазақты репрессия жарақаты реанимациядан бір-ақ шығарды. Қазір де қазақ жансақтау бөлімінде (өмір мен өлім арасында) жатыр. Қатты соққыдан қыруар қан жоғалтқан бұл милләттің миы шайқалып, тілі күрмел­ ді (Өз тіліміз бен ділімізден өзіміз жеріген бүгінгі бейшара бейнеміз де соның салдары). Ендеше есінен танған қазақтың ажалына араша, қаны мен жанына донор болар жанкешті азаматтар қажет-ақ шіркін!.. * Исламияттың төртінші халифаты хазіреті Әлиден қалған мынадай уәзипа бар. «Адамзат ұйқыда, тек өлгеннен кейін ғана оянады» деген. Осы жердегі «АДАМЗАТ» ұғымындағы ойды қазаққа қатысты қолдансақ, бұл ғақлия тіптен түсі­ нікті болар еді. Бұдан бір ғасыр бедерінде Міржақып «Оян, қазақ», Ахмет «Маса» болып мазасын алған ҚАЗАҚ ле­

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы таргиялық ұйқысының бояуы одан әрі қоюланып, терең тынысты қорылға ұласты. Бұрнағы ұйқы бүгінге астар болмай қалды. Қазақ қазірге дейін, коммунистік наркоздың кереуетінде керемет (қиял-ғажайып) түстер көріп жатыр. Бір қызығы, кеңестік көрпенің астынан сызылып шыққан небір алуан түрлі алапат дыбыстардан көршілеріміздің көбі оянып кетті. Ояна алмай талаурап, түс көріп жатқан біз (қазақ) ғана. Пайымдай алар парасат болса, ұйқымыз өңімізге, түсіміз тағдырымызға айналып барады... Осы­ дан шығар «оятамын» дегендердің көбін опат қылып жа­ тырмыз. Әйгілі Әлиханның (Бөкейхановтың) бір тәржі­ масында мынадай тәмсіл бар. «Біреудің көзі, біреудің көңі­ лі соқыр. Қай соқырлық та болса кемшілік. Соқырлығының бейнетін әркім өзі көреді...» дейді. Біз осының екеуін де ен­ шілеген секілдіміз. Демек, зайырлы қоғамның рухани за­ ғиптарымыз десек те болады. Соқырлыққа суқараңғылық тән. Қараңғы жерде кім не істеп, не қоймайды? Бәріңізге мәлім, қандықол қылмыс атаулының қараңғыда жасала­ тыны бесенеден белгілі. Базбіреулер біздегі соқырлықты (білместікті) пайдаланып, ойына келгенін үсті-үстіне жасап та жатыр. Біздіңше, бүгінгі қазақ рухани дертінің ұлы диагнозы төмендегі қос ұғымға КӨЗ бен КӨҢІЛГЕ ғана тіреліп тұр. Исі қазақтың «көзі (ұйқысы) ашылып, көкірегі оянған» күні бәрінің басқаша түрленбегі сүттен ақ, күннен жарық болмақ... * Біз – сотталғандармыз. Өзіміз сотталмасақ та, санамыз сотталды. Рухизат танымымыз ғасырлар бойы соцлагерьдің төрт төңіректі тұмшалаған түрмесінде жатты. Дәлел дей­ сіз бе? Азаттық ауа райы орнай қалып еді көбіміз кеңестік түрменің қып-қызыл қылмыскерлері екенімізді дәлелде­ дік. Таладық, талқандадық. Бүлдірмеген бір нәрсеміз қал­ маған екен. Тұншыққан түрмелік түйсігімізден шығар, біз түк те түсінбеппіз. Бақсақ, Бөкейханов сотталмапты, біз­ дің санамыз сотталыпты. Ахмет атылмапты, біздің азат ой,

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . ақылымыз атылыпты. Сірә, шын мүсіркеушіні алмастырып алғанға ұқсаймыз.

  • Ғылым – рухани нұр. Білімнің мақсаты пендені шен мен шекпенге жеткізу емес, керісінше, иманы саламат кәміл адамиятқа көтеру. «Би болу, болыс болу өнер емес» дейді Абай жарықтық. Себебі рухани сәуле сіңген кеудеде қа­ раңғылық (жаһилдік) тұрақтамайды. Ғылымның объектісі «Іштегі кірді қашыру» болса, нәтижесі «Адамның кеудесін хикметке» айналдыру. Қазақ қоғамын «құлдық құйыны» ғана емес, қарғыс құйыны да айналып жүрген секілді.

Сиқыр сөзбен арбасаң, Табиғат басын иеді. Кәрленіп кімді қарғасаң, Қатесіз оғың тиеді. (Шәкәрім қажы). Бұл – еш дәлелдеуді қажет етпейтін абсолютті таным. «Қарғау» дегеннен шығады Авар (Дағыстан) халқының қоғам қайраткері, ақын Расул Ғамзатовтың естеліктерін оқып отырып әлем-тапырық күй кешкенім бар. «Біздің әр ауылдың өз қарғысы бар. «Анаңның сүтімен дарыған ті­ ліңді түсінбегір!» «Алла сенің ұрпағыңа тіл үйрететін адам қалдырмасын!». Авар халқында бұдан ащы, бұдан өткен жаман қарғыс жоқ» дейді Расул Ғамзатов. Мені әрісәрі етіп, санамда әлдеқашан көмескіленіп үлгерген ой­ ларға қозғау салған да осы сөздер болды. Дәл осы тақылет­ тес «Үй, орыс болғыр...», «Орыс болып кеткір» деген секілді қарғыстарды да қазақ қарттарының ауызынан әлденеше рет естігенім бар. Бірде қаралы үйге көңіл айтуға бардық. (Әрине, жығылғанды сүйеп, жылағанды жұбатайық де­ ген мақсатпен). Жаназа намазы оқылып, жарықтықты соңғы сапарға аттандырар сәтте артта қалған ұл-қыздары

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы «айқайға» басты. «Родная мама! Не ухади! Как без тебя будем жить!». Ай, дүние-ай десеңші, ақтық сапарында ба­ лаларының ауызынан «анашым-айды» естімеген (мүрдені) аяп біз тұрмыз. Осыны ойлағанымда жон арқам мұздап сала берді. Қарғыс қалт кетпеген екен. «Орыс болғырдың» орын­ далғанына бұдан артық не айтуыңа болады... * ...Самалтау қайран жерім артта қалды, Адасқан өрісінен біз бір үйір. Осы бір ән еске оралған сайын көкірегім удай ашып, әлем-тапырық күйге түсемін. Тілі өзгерген ұлттың түрі де өзгереді екен. (Біз бұл жер­ де бет пішінімізді (өңімізді) өзгерткен орыстың 14 әрпі хақында айтып отырмыз). Әріпті дыбыстың таңбасы неме­ се нотасы десек те болады. Демек әріптің өзгеруі әуездің (да­ уыстың) өзгеруіне де өз әсерін тигізбей қоймайды. Күмән­ данған екенсіз көне граммофонға жазылған Мұстафа мен Мұхтардың дауысын тыңдап көріңіз. Саңқылдап шыққан саңлақтар үнінен күдігіңіз сейіліп, біз аңдатқан ойдың төбе­ сінен дәл түсеріңіз анық. Бұдан шығатын пәтуа байламы – бір әріп бір ұлттың антропологиясын толығымен өзгеріске ұшырата алады. Мұны ғылымда, қателеспесем, энтелехия дейді. Рас, бүгінгі қазақ – басқа қазақ. Тік ішегі мұздаған, бетон бетті, сұп-сұр суық қазақ. Басқа өріске тап болған төл бол­ мысыңның өз үйірінен адасып шұрқыраса алмаған ақуалы­ на сәт сайын жолығасың. Сосын дәл қазіргі қазақ қоғамын­ да ҚАЗАҚ болудан қиын ештеңе жоқ екендігін түсінесің. Хош делік... Бұдан бір ғасыр бедерінде Ғұмар Қараш баласы : ...Әрбір істе қазақ исі аңқыған, Тірлікті көзімізбен көреміз бе? – деген сауал жолдаған еді.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Жасырып неме керек, аталған асау сұраққа күні бүгінге дейін МЕМЛЕКЕТТІК МАЗМҰНДА толыққанды жауап бе­ рілген жоқ. Бұл білген адамға мәңгілік елдің мұратын екіақ ауыз өлеңге сыйдырған құдіретті сауал болатын. Ал қарымта жауап қатуға Қазақия елі қашан даяр бо­ лады? Тіл мен ділді айтпағанда, ішкен асымыз бен киген киімімізден КІМДЕРДІҢ ИІСІ шығады өзі?.. Бұл – әр қазақ баласының ҰЯТЫ мен ҰЖДАНЫНА түскен ұлы сын. Қазақ топырағында жаратылған данышпандарымыз бүгінімізбен келер уақытымызға да өз болжамдарын жа­ сапты. Айтқандары келсін, дуалы ауыздарымыздың дені жақсылыққа жорыпты. Рас, көп дүниенің құйысқаны бо­ сап, көбесі сөгіліп келеді. «Қазақ аңқитын» күн де АЛАШҚА алыста емес секілді... * Адамға берілген бір ғана жүрекке бірнеше ынтызарлықтың сыймасы анық. Көп ынтызарлық (дүниеқорлық) – бұл жүректің құтысын қарайтып, ырғағын бұзатұғын нәр­ селер. Әрине, олардың өз қалыбы мен шегі болады. Сан сала­ мен сырқаттанған жүректі сау (шын) жүрек деп айтуға әсте болмайды. Дәлірек айтар болсақ, бір адамның кеудесінде бірнеше ұғымдардың үлпілі (соғысы) болса, ол жүрек ма­ хаббатқа емес, нағыз майданға айналған жүрек. Жаратқан­ ның жалғыз өзіне бағынып, оның хикметімен жұпарланған жүректі ғана сау (шын) жүрек деуге лайық. Абай хакімнің «Шын жүрек – бір жүрек» деп отырған ойының астары да осыны аңдататын тәрізді.

  • * «Ашулансам – ызалана алмаймын, күлсем – қуана ал­ маймын»… Адам өстіп те өмір сүреді екен-ау тегі. Кейде ішқұса қарияны ойлап (аяп) жанардың боталай­ тыны бар.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы * Адамның жүрегі мен тілі, сөзі мен ісі бір болмаса, ондай пенденің жан дүниесінде қабағат қайшылықтарға толы ру­ хани дерт бар деген сөз. Бұл шіркінді (қайшылықты) қысқа күнде қырық құбылған алдыңғы буын ағалар әрекетінен сәт сайын ұшыратасың. Құйыршық қылықтарын көріп, құмығып кетесің тегі...

  • * Русь қоғамының ел болғалы ермек еткен бір қағидаты – қолдан құдай жасау технологиясы. Патшалық Ресейдің дінмен не үшін араз болғандығын енді түсінген шығарсыз. Себебі нағыз Құдай тұрғанда жасанды құдайларға, сірә да, орын жоқ. Діннің танымдық («Таухид» (Аллаға серік қоспаудың) негізгі мақсұты да осы-тұғын. Арғысы Нико­ лай, бергісі Ленин мен Сталиндер де жоғарыдағы перға­ уындық технологияның кезекті өнімдері болатын. Енді ой­ ланып көріңіз, «құдай» өзінің нағыз құдай екендігін сезіну үшін оған құлшылық етуші, дәлірек айтсақ, тұла бойымен тәу етіп табынар тобыр керек. Біздің әлі күнге пайымдай алмаған тоталитарлық режим табиғатының бар құпиясы осы ғана. Оның патшаға мадақ, халыққа тамақ (кей кездері таяқ) атты қос тәсілден тұратын қарапайым ғана механиз­ мі бар. Ендігі әңгіме әлхамын өз өмірімізге қарай бұрсақ. БІЗ ОСЫ ЛАҚТЫРҒАН ТАСЫМЫЗДЫҢ бір басына бір­ неше несие (кредит) жүктеген қазаққа тиюінен нендей тақсыретті аңғарып отырмыз? Алуға жеңіл, айтуға оңай осы бір істің тақылетімізге түсірген салмағы жайында бір сәтке болсын ойланып көрдік пе өзі? Мүмкін сана-се­ зіміміздің мемлекеттік мазмұнға ұласып, ұлт пен ұрпақ хақында ойлай алмауымыздың ең бір талмау тұсы да осында жатқан болар. Әйтеуір, бір білетінім, тіршілік қазығына арқандалған жанбағар халықтың ойлау мен ой жаңалауға (оқуға) де­ ген уақытының жоқтығы. Халықты мәңгілікке құл етіп санасына шіре, тақымына бұрау салып, тырп еткізбей тұн­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . шықтырудың ең ғажайып тәсілі де осы. Өкініштісі сол, «ой­ ландырмау» ойынының ойыншығына (қуыршағына) ай­ налған бізге қалғаны тек жасанды «жаратушыларға» арнап жаппай жарапазан айту. Осы жолда ҚАСТЕРЛІ ҒЫЛЫМ мен ҚАСИЕТТІ ДІНДІ де аяусыз бұрмалап, өтпелі саясат­ тың қолжаулығына айналдырып бақтық. МЕМЛЕКЕТ САЯСАТЫ ҒЫЛЫМ МЕН ИМАНҒА БЕЙІМДЕЛМЕЙ, кері­ сінше, дін мен ғылымды өздерінің өлермен пиғылына қарай бейімдеді. Елді ел ететін де осы екі құндылық еді ғой, шір­ кін! Енді не болар екенбіз? Әлде жиырма төрт сағат бойы бір дамыл таппастан «дамып жатырмыз» дейтін теледидардың айтқанына сәбидей сеніп отырсақ па екен?..

  • * Бұрынғы әміршіл-әкімшіл жүйенің болмысымызға сіңіп, буынымызға түскені соншалықты, біздің бәріміздің жа­ ман болуымыз бек мүмкін, бірақ патшамыздың олай болуы тіптен мүмкін емес. Кешегі кеңес адамы саяси билікке (ел басқарғандарына) сын (шын) көзқараспен қарамақ тұрмақ, олар турасында алабөтен ой ойлаудың өзін өздеріне кешіріл­ местей күнә санады. Шіркін, саясат жадылаған сана сырқатының өміршеңді­ гі-ай дерсің... Біздің өмір деп жүргеніміз – өтіріктердің өз­ герген (дамыған) өңі ғана екен (Бар болғаны большевиктік идеяның бетіне аз ғана опа-далап баттастырып, алқызыл киімді көгілдір түске айырбастай ғана салыппыз). Шындықтың жүзі тұтылған қоғамда донкихоттық ерлік­ тің дәуірі туып, лыпадан лашық жасаудың өзі ұлы өнерге айналады деп кім ойлаған, тоба?! «Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды» деп­ ті Абай жарықтық. Біз осы ТӘУЕЛСІЗДІКТІ – Елбасымен, МАХАББАТТЫ мақтанмен алмастырып алғанға ұқсаймыз. ТАРИХ десе, кәдімгі оқулық кітабы, ТӘУЕЛСІЗДІК десе он алтыншы желтоқсан елестейтіні несі. Елдің мәңгілігін бір ғана адаммен елестеткен есерлігімізді айтпағанда, бірер сағаттар емес, тұтас тәуліктер бойы төпелеген мадақ пен одаға қай жанның салауаты шыдас береді дейсің (Бұл арада

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы дінді саяси құралға айналдырған дүмшелердің ұсақ уағызға бөккен мадағы жайындағы сөз тіптен басқа). ТЕГІНДЕ, ЕЛДІҢ ШЫН ПЕРЗЕНТІНЕ ДЕГЕН ТІЛЕК­ ТЕСТІГІ МЕН СҮЙІСПЕНШІЛІГІ БҰЛАЙ БОЛМАСА КЕ­ РЕК ЕДІ. Үрей мен қорқыныш билеген бақай есеппен «жақсы» көрудің біз сөз етіп отырған биік МАХАББАТҚА үш қай­ наса да сорпасы қосылмайды. Рас, рухани тұрғыдан әбден тоқырадық. Материалдық жағдайымыз тіптен күлкілі. Қа­ зақтың кедейлігін мұхитта жүзген балықтың суға шөлдеге­ німен салыстыруға болатын шығар. Тіріде (көкбет оппозицияның шайпау ғайбаты емес) ауызы дуалы бір қариямызың қазіргі халімізге (тек қара­ шаның ғана емес) ханның да қатысы бар екендігін ашалап тұрып айтатын уақытын көп күткен едік. Үміт ақталмады. Бұл Бұқар болуға деген қазақ құлшынысының толыққанды семгендігін көрсетеді. Әрине, махаббат тұрғысынан. Хан қайткенде қателеседі? Қытықшыл сауалға берілген алуан түрлі жауап көп. Соның бірі Шәкәрімнің төмендегі­ дей өлеңі. Қажы бүй дейді: Наушеруан аңда жүріп киік атқан, Аң етін жемек болып асып жатқан. «Ет піскенше тез кел, – деп бір жолдасын, – Тұз әкел», – деп жұмсапты бір қышлақтан. Қайтадан шақырып ап талай жерден: «Тұзды тегін алма» деп әмір берген. «Шымшым тұз бір тиынға татымайды, Бұ қалай?» деп уәзірі тұра келген. Наушеруан айтқан сонда: «Ей, уәзірім, Айтайын, жақсы тыңда мұның сырын. Басшы алса бір алманы баға бермей, Қосшы құртар алманың түп-тамырын. Мен алсам елдің жалғыз жұмыртқасын, Кесерсің мың тауықтың сендер басын. Сүйте-сүйте ашылып арандарың, Ағызарсың бұл елдің қанды жасын».

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Жебір ұлық халқына қас қылады, Көңілін шерлі, көздерін жас қылады. Қиянат қылдай істен басталмақшы, Ескермесе, аз науқас асқынады. Мал, мансап адамзатты мас қылады, Мейірімді ет-жүрегін тас қылады. Тәкаппар, әділетсіз залымдарды Бағы қайтқан сорлы елге бас қылады. Шын атын Наушеруанның ел білмейді, Тілі келмей «Мұсырауын әділ» дейді. Ақжүрек әділдердің қылығы анау, Жебір ұлық зарлатып елді жейді. Мұны айтсаң, алатындай тілді кесіп, Мақтанады менен кім әділ десіп. Теңдіктің атын естіп, дәмін татпай, Өтеміз де жүректі қайғы тесіп. P.S. Ғибратты ғазалға ешқандай түсіндірменің қажеті жоқ. Бір айтпағымыз, мәртебелі патшамыз ғана емес, кез келген мекеме басшылары осы бір өлеңді жұмыс төріне (дұрысы, жүрегіне) іліп қойса, қандай ғанибет болар еді, шіркін...

  • * Алланың ақиқат нұры адам баласының қос мүшесінің біріне келіп қонақтайды. Біріншісі тіл болса, екіншісі, әри­ не, жүрек. Біздің бұл жерде «нұр» деп отырғанымыз илләһи иман мен таным. Осы иманыңыз тілде болса – айтылады, жүректе болса – заттанады, яғни жүзеге асады. Демек: Қос шикі еттің – бірі жалған, бірі – шын. Мұны хакім Абай: Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі Хаққа жол емес, – дейді.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы Жаратушы Ие бізден кейін дүниеге келетін сандаған ұрпақты тегіміздің негізінде жаратады. Тек (ген) – бола­ шақ ұрпағымыздың генетикалық коды. Мұны медицина ғылымы әлдеқашан дәлелдеп қойған. Түр-түсіміз бен мі­ нез-құлқымыздың ата-анамызға, ағайын-туысымызға ай­ нымай ұқсауының құпиясы осында жатыр. Олай болса, тек дегеніміз өзіміз екен. Демек, тектің бүлінуі – біздің, ал біз­ дің бүлінуіміз күллі ұрпағымыздың адасуына жол ашады. Мемлекетті һәм оны құраушы қазақ халқын бір организм деп қарағанымыз абзал. Кешегі «Алаштың» да арманы осы болатын. Мәселен, қолымызға кішкентай ғана шөгір кіретін болса, сол үшін ыстығымыз көтеріліп, жанымыз­ дан маза кетеді. Бір организмнің залалданғанынан болып бүкіл ағзамыз жайсыз күй кешеді. Өмірдің осындай ғана қарапайым қағидасынан біз де, билік те мол тағылым алуға тиіс. Біз әр қазақты өз ағзамыздай сезінгенде ғана төрт құбыламыз түгел, бақуатты мемлекетке айналамыз. Сосын, әр қазақ баласының сүйгені – Алла, сүйенгені – әділет, қорғайтыны – азаттық, қорқынышы – надандық, «ауруы» Абай болуы тиіс. * Ой – тұрақты, сөз – оңғақ. Уақыт өзгергенде сөз де өзге­ реді. Дәлірек айтсақ, уақытпен бірге жаңа сөздер мен сөзжа­ самдар жаратылады. Ғасырдың өтімді һәм өкпек желі сөзді сарғайтады, кеміктейді, түсін оңдырады. Жемір уақыттың желі мен жаңбырына тек бір ғана нәрсе шыдас береді. Ол – ой. Ой болғанда – кемеңгер ой. Біздің проза мен поэзия деп жүргеніміз су татыған сөз тіркестері ме, әлде жасампаз идея ма, мәселе сонда болып тұр. Ой дегеніміз – ТАНЫМ. Танымы өзгерген елдің тағдыры да (өмірі ) өзгереді. Прозаны публицистикамен шатастырып, поэзияны ұлтқа уағыз айтудың мінбері деп түсінетін мүшәйралық мүсәпір халімізбен өркениетті әдебиет жайында армандауымыздың

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . өзі де ұят. Бұл енді ұшақты атпен қуып жетуге болады деген секілді қияли қисын ғана. Аграрлық сананың хан базары тарқағаны қашан. Киіз үй тігілген кең жайлауды жырлап, «Шіркін көң мен тезектің исін-ай» деп отыратын уақыт әл­ деқашан өтіп кеткен. Басқалар болса адам жанының алуан қатпарлы мегатақырыптарын игереміз деп маңдайын уқа­ лап әлек. Достоевский мен Маркестің мықтылығы да осын­ да жатыр. Замана тәжірибесіне сүйенсек, әдебиет – ой жарысының аламаны. Ой ойлаудың шақ пен шекарасы болмағандықтан, әдебиет – исі адамзатқа ортақ өнер. Олай болса, біз әлемдік ой бәйгесінде нешінші орынға иелік еттік, алдымызда кім­ дер келеді? Көзден КӨКІРЕК КАТЕГОРИЯСЫНА көтеріле алдық па, міне, қазіргі қазақ әдебиеті осы сауалдар төңіре­ гінде жауап іздеуі тиіс. Бастысы, рухани инновация сана­ тындағы кемеңгер ой турасында.

  • * Сана – фотоаппарат. Көрген-білгенін мәңгілік сақтап қа­ лады. Кейін бұл ақпараттар қанға, қан арқылы генетикаға сіңеді. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз бергіні айтпаған­ да, аштық (1932) пен абақтыны (1938) көрді. Санадағы сурет (үрей) оларға үндемеуді үйретті. Гендегі улы ақпараттар ра­ диациясының элементі түгел дерлік төлдеріне (бізге) өтті. Кейде ойлаймын: «Біз кімбіз осы? Шынымен жастармыз ба? Жас болсақ, аға буыннан неге аумаймыз?». Сөйтсем, себеп санамда екен. Сана – ғұмырыма, суреттер мінезіме әлдеқа­ шан айналып үлгерген екен.
  • * Бала мұрты енді ғана тебіндеп, жасы жиырмаға жетпе­ ген, қолы бастығырып, қолтаңбасы аңдалмаған жастарды кей ағаларымыз абайлап мақтаса ғой. Қазақ поэзиясының құбылысы, феномен, әлем ақыны (ой ішегім-ай ), тағы да сол секілді... бірдеңелер дейді. Ойланып көріңізші, он тоғызын­ да осындай сөздерге үйреткен адамды қырқында қандай ма­ дақтармен қанағаттандыруға болады енді. Ағаларының ақ 15-35

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы көбік мақтанына малтығып өскен әлгі әулекілер шыныменақ «құдайға» айналайын деген екен. Бірдеңе десең болғаны, тамыры білеуленіп, тайдай тулайды-ай келіп. Бір нәрсені айдай анық, күннен раушан дейміз. Сол «ағалары» оларды шын пейілімен мақтап отырған жоқ. Қазақша айтқанда, қоптырып, құйрығына жел беріп отыр. Ал ана жазғандар болса оған риясыз мәз. «Құдайдың баласымын», «Аспанның ағасымын» деп тым аспандап кеткен сол бейбақтарды жерге түсірудің жалғызақ жолы бар. Жел үрген кеуек кеудесінің тұсына кірш еткі­ зіп «біз» сұғып алу қажет. Сосын... Жалп етіп жерге құламаса, қолыңды бермен әкел. Бұл «бізді» бойлата сұғу үшін, әрине, қажымас қай­ рат пен мұқалмас мінез қажет. Қазақ әдебиетіндегі топтар мен кландардың криминалдық әрекеттері кешегі Мұса мен перғауын арасындағы ғазауат майданынан бір мысқал да кем болмайын деп тұр. Бұл жорықта атойлап үн шығарып жүрген Бағашар мен Бағлан бауырларымның таңдаған жолына алаң екендігімді де еш жасырғым келмейді. Екінші жағынан, мәртебелі басы босағада қалған қазақтың сын өнерінің де төрге озар мезетін шынымен-ақ аңсадық тегі... * Қара өлең – ықылым замандардың елегінен өткен, бір ғана автордың емес, тұтас ұлттың рухани генефоны. Дәлірек айтсақ, тектік негізі мен жаралымы. Эпостарға ЕС жұпар­ лап, қара өлеңге КІНДІК байламайынша қолға қалам алуға болмайды. Емлесі (жазылуы) қазақша дегеніңіз болмаса, ойын (мазмұнын) адам түсінбейтін, бейнебір тәржіма іспетті тек­ сіз (генетикадан ада) өлеңдердің қаулап кетуінің түпкі тіні осында жатыр. Біз, Алла жеткірсе, бұл тақырыпқа қайыра оралып, сол шіркіндердің атын атап, өңін түстей отырып жеке-жеке жіліктейтін боламыз. Қысқасы, сөзуар, күшеншек, қолдан түнеріп өлең құрай­ тын «ақынсымақтарға» ШЫН ӨЛЕҢНІҢ мәртебесі осылай

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . болады деген мақсатпен қара өлеңнің ғашықтық саласынан бірер шумақтар ұсынып отырмын... Жылқым жусар сәскеде Шаппакөлге, ЖАНЫМ СЕРГІР СЕН ЖАҚТАН СОҚҚАН ЖЕЛГЕ. Сен есіме түскенде беу, қалқатай, КӨЗІМНЕН АҚҚУ ЖҮЗЕР АҚҚАН СЕЛГЕ. Ауылың Жасыбайдың ақ сорында, Таласар жаман асқа, жақсы орынға. АҚҚУДАЙ ТОЛҚЫН СОҚҚАН КӨЛБЕҢ ЕТІП, АҚ ҮЙДІҢ ҚЫЛАҢ БЕРШІ ЖАПСАРЫНДА. Әуеде ұшып жүрген қара инелік, Ұшады қара инелік зар иленіп. Сен есіме түскенде, қимас қалқа, ҚАТАДЫ ҚАБЫРҒАМА ҚАН ИЛЕНІП. Аспанда бір жұлдыз бар Темірқазық, Бәйгеден ат келеді бауырын жазып. Қайырылтып ақ тамақтан бір иіскетсең Жыл он екі ай болмай ма ол бір азық! Қолында жылқышының ақтан құрық, Ат міндім кертөбелді баптандырып. ҚАЙЫРЫЛТЫП АҚ ТАМАҚТАН БІР СҮЙГІЗШІ, ОРЫНЫНДАЙ ТҮЙМЕНІҢ ДАҚ ҚАЛТЫРЫП... * Байқай бермейтініміз болмаса, күллі даналық атаулы қа­ зақтың қара өлеңі мен мақалында қатталып-ақ тұр. «Жақсылар – жақсымын деп айта алмайды, Жамандар – жақсымын деп айқайлайды...». Біздің басымызды тауға да, тасқа да ұрып таппай жүрген шындығымыз осы бір қарапайым ғана қара өлең жолында жасырынып жатыр ғой.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы * Денеге басылған таңба өшер, өзгерер, бірақ санаға басылған таңба өзгермек емес. (Мейлі оған мыңжылдықтар мен ғасырлар өтсін.) Сол мөрдің төс табанындағы штрих белгі (таңба) – құлдық психология. Бұл белгі біздің санамызға бұдан бірнеше ғасыр бұрын бедерленген болатын. Кеңес ке­ зеңінде сол індет атадан балаға, баладан жөргекке көшті. Менің бар білетінім құлдық мөр мәңгілікке соғылады екен. Ол өшуі үшін, сол саналардың иелері пәниден көшуі керек. Өйтпейінше, азаттықта асқақ қасиет, мәнерлі мазмұн бол­ майды. Құлдықтан құтылудың жалғыз-ақ жолы осы ма деп ойлаймын...

  • * Сөзді төтесінен тартайық. Енді елу, жарайды, жеті жүз жыл өтті дейік, сіздің бүгінгі шығармаңыз (поэзияңыз бен прозаңыз) ертеңгілік низамның жоралғысына жарай ала ма, жоқ па, МӘСЕЛЕ СОНДА. Жемір уақыт сіздің атағыңыз бен абыройыңызға, Мемлекеттік сыйлығыңыз бен «Пара­ сат» орденіңізге пысқырып та қарамайды. Кешегі «менмін» деген мықтылардың көбісінің аяғы көктен келді. Тағы да талайларымыздың ізім-ғайым жоқ боларын көзіміз көрер, көрмесек, рухымыз сезер. Әңгіме төркіні әдебиет жайында болып отырғандықтан, Мұстафа Шоқайдан бір үзім мысал келтірейік: «Әдебиет аяққа қарай тігілетін шақай емес». Көбігінен арылған дұрыс пайым. Біз бұған әдебиет бүгінге емес, ертеңге (оқырман санасының жаңа сапалық қабат­ тарға көтерілуіне) қызмет қылуы керек деген тезисті түз­ ген болар едік. Олай болса Абай мен Әбділда тең бе? Әдебиет дегеніміз – әулиелер мекені. Ақын мен жазушы дегендеріңіз бұл ұғымнан садаға кетсін. Пенделіктен кіндік үзіп, ОСЫ шақтан КЕЛЕР шақтық кемеңгерлікке өте алдыңыз ба? Өткен болсаңыз, кеңістік кілтіне иелік етер әулиелік дегеніміз осы. Ол күллі көне қағидаттарды қиратушы, әм алдағыны бағдарлаушы – ЖАҢАШЫЛДЫҚ. Бұның бірін де сезбеген екенсіз, ақ қағазды ермек үшін алабажақтамай-ақ қойыңыз. Бәрібір

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . «өлгендер қайтып келмейдінің» кебін құшасыз, құрметті замандас... Абай шамырқанған бір шындыққа тап болып отырмын. Қазақтың мағынасы майысқан бірқадар мақалдарына шүй­ лігуші еді ғой жарықтық. Сондай сөлсіз сөздің бірі, пәленше­ нің дейік, «жақсылығын асырып, жамандығын жасырып» ұғымы. Осы бір лепестің сөз емес-ау, бұлжымас қағидаға ай­ налғаны қашан. Әсіресе патшаларға келгенде тіптен түрленіп сала береді. Жарайды «жақсының» жақсылығын асырып-ақ бақтық делік. Не нәрсенің болсын асыра сілтенуі талайда-талай тағдырымызды тоз-топалаңға ұшыратқан жоқ па?!. «Асырғанымыз» мынадай болса, «жасырғаннан» не ба­ рақат таппақпыз? Жасырған жамандығымыздың күн ертеңгі шындығын қай бетімізбен бүркемелеп отырмақпыз. Әйтеуір екеуі де Жаратқан жақатпас қылықтар екендігін сау ақылымыз са­ раптай алар. Осы екі ұғымның өлшемін білу – парасатты елдің ғана ұстанымы. Бұл – «жақсы менен жаманды айырмаудың» диагнозы. Абайға тоқтамау – трагедияның басталғаны. Нәтижесі құр­ дымға құлатады... Анау жылдары Жапонияда жер сілкінісі болғанда қалған ел «енді қайтпек екен» деп бір дүрліккен болатын. Базбір білгіштер бұл апат енді Жапон экономикасын елу жылға дейін тұралатып кетуі мүмкін деп жарыса жазып жатты. Күншығыс халқының самурайлық санасы мен камикадзи­ лік ерлігін бағамдай білмеген жүйесіз сөздерге ішімізден бір мырс етіп күлдік те қойдық. Сол Жапонияңыз бүгіндері түк те болмағандай, алапаты артып, күннен-күнге қарыштап барады. Ақшулан аралдың ортасында орналасқан мемлекет­ ке бұдан кейін де нендей тыныштық болсын деп мүсіркей­ тіндерге мынаны ескерткіміз келеді: біз сейсмологиялық

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы тұрғыдан балдық қуаты одан пәленбай есе пәрменді жағ­ дайдың үстінде отырмыз. ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ қасында жер сілкінісі, СУАЙТ­ ТЫҚТЫҢ қасында цунами дегеніңіз апат па, тәйірі. Әсіресе құлдықтың қасында... * Ару Ақжүніс айтатын: «Қара жерге қар жауар, қанды көр де, етім көр...» теңеуін қазіргі қалімізге қарай бейімдесек: Қазақ қалай десеңіз, Ханды көр де, елді көр, Елді көр де, ханды көр, – деген жаңа байлам жасаған болар едік. ХАН – халықтың жиынтық бейнесі. Ханның деңгейі ХАЛЫҚҚА, халықтың деңгейі ПАТША АҒЗАМҒА өз салқынын тигізбей қоймайды. Хош делік... Төрткүл дүниеге мәлім «кентавр» атымыздың келе-келе «баранға» айналғаны қалай? Бұл – «сырт көз сыншының» бізге берген әділ бағасы. Дәлірек айтсақ, сапамыздың суре­ ті-тұғын. Тұлпардан тоқтыға дейін құлдырауымызға, сөз жоқ, та­ рихымыздың өн бойын шарпыған канкөбік кескілестер әсер етті. Солай десек те, қазақтың бастықпаған асау қаны Қасым мен Хан Кенені дүниеге әкелді. ТҰЛҒАНЫ ХАЛЫҚТЫҢ РУХАНИ ДЕҢГЕЙІ ТОЛҒА­ ТАДЫ. Құнары қожырап, түйіршігі сарқылған сұйық қаннан суайттар ғана жаратылып, ел атаулыны жаппай есерлік эпидемиясына ұшыратады. Алпамыстардың жоқтығы Ұл­ тан құлдарды ұлық ететіні секілді. Ендеше ХАН – қандағы түйіршігіміздің (ақпараттың) мазмұны. Оған өкпелеу, ӨЗІҢЕ өкпелеуің ғана. Басқалай түсіндіріп болмайды.

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . Ықылымдарға бармай-ақ беріден ғана шиырсақ, Махам­ бет пен Тәттімбет, Дәулеткерей мен Құрманғазы, Ақан мен Біржан, Абай мен Әсет, Шәкәрім мен Мәшһүр, Әлихан мен Мұстафа, Ахмет пен Ақжан (Машани), Мұхтар мен Ғабит, Әлкей мен Қаныш, Жүсіпбек (Елебеков) пен Ғарифолла, Сүгір мен Төлеген, Әбікен мен Мағауия, Мұқағали мен Жұмекен, Таласбек пен Серікбол (өзге де есімі атал­ май қалған алыптардан кешірім сұраймын) – ҰЛТТЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ КОДТАРЫ. Әлиханша айтсақ, «тағдыр тудырған сом алтындар». Бұлар телефонның сегіздік саны секілді. Термесең (біл­ месең дейікші), ұлт ұғымына ендей алмайсың. Әрине, бұл бар болғаны автордың субъективті көзқарасы ғана. Тізімге түзету жасаймыз дейтіндер табылып жатса, тек ғана мархаббат дейміз... Әннің обалы мен сауабы, бұрнағы бозжусан болмасы То­ лудың (Толғанбай Сембаевтың) көмейінде ғана қалды. Бір­ де қорғасындай ауырлатып, бірде қауырсындай жеңілдетіп екі ішекпен қос өмірдің нарқын түсіндірер салауат Жанға­ лидың саусағында тұр. Қазақтың қадым замандардан бергі саусақ ұшына келіп ұйыған шер-наласы Сматай Үмбетбаевпен бірге жоғалар ма екен деп қорқамын. Қай күндері алабұртқан көңіл сарығын баспаққа Сматай шалған қобыз үніне аңсарым ауды. На­ насыз ба? Мәдениет министрлігінің қолдауымен шыққан «мың күйден» Сматай қобызының үнін таппай шынымен-ақ қайран қалдым. Не деген парықсыз ел едік осы? Бүгінде не көп өзі? Зады арзан, сүйегі жасық өнерпаз көп. Ал мына үш корифей «ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА» КІРГЕН «ҚАЗАҚТЫҚТЫҢ» ЕҢ СОҢҒЫ, КӨЗІ ТІРІ КЕЙІПКЕРЛЕРІ ҒОЙ. Әттең дейсің, әбілет басқан қоғамға ішің оттай жанып... Жүзбаевты там-тұмдап білетін жамиғаттың анау екі ұлы музыка могиканы туралы білеріне, әй, қайдам, күмәнім бар.

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы * Қат-қабат қазынаның тірі шырақшысы, қазақтың қара өлеңі бүй дейді: Өлеңнің баста десең басы менде, Балаусадай майысқан жасы менде. Қара бұлтты қайырып қар жауғызған, Шұбар ала жайшының тасы менде.

Бұл ғазал СӨЗДІҢ, сірә да, шендесі жоқ алапат күш екен­ дігін көрсетіп тұрған айрықша пайым. Жоғарыдағы оймақтай ойдың бәрі де рас. Сөзбенен күн жайлатып, шілденің шіліңгір ыстығында ақ түтек дауыл тұрғызуға да болады. Тек бір ғана шарт қатаң сақталуы тиіс. Ол сөз ұстартқан адам ауызының аса дуалы болмағы ғана. ДУА – зады қаракөктіктен тамыр тартқан, жаны кемел адамның ауызындағы жұпар сөз дейді қария шежіре. Қазақтың ескі ертегісі мен жыр-аңыздарының өн бойы бала же­ тектеген ана мен бата берген дуалы ауыз қарияға толы. Олай болса, бұл сабақтастық қайда кетті, неге үзілді? Батагөйлік дегеніміз тамаққа тойған қарияның ыңыранып салған тілегі болмаса керек. АС ҚАЙЫРАР ҚАУҚАРЫ ҒАНА ҚАЛҒАН АҚСАҚАЛ­ ДЫҚТЫ АЯЙМЫН. Көнеден жеткен қағидаға бүгінгі бейнеміз қиғаштау келе ме, қалай... Енді ентігімізді басып, сәл ойланайық. Біздің ауызымыздың дуасы (жұпары) қандай? ОТЫН АҒАШЫНАН ШЫҚҚАН ОҚТАУЛАР басқарған, сондай-ақ орыстың демі тиген қазіргі халіміздің дәргейіне ДУА (кие) атаулы қайдан ұялай қойсын. Сабан сөз, қасиетсіз ауыздан үріккен қайран ғана қасиет­ ті ДУА, қазаққа қайырылып бір соғарыңды ішім сезеді... * Әулие Мәшһүр Жүсіптің Шәкәрім қажыға бүй деп шүй­ лігетіні бар. Мағынасы мынаған саяды: «Шәкәрім ше­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . жіресінің бір міні – кімнен қай туғанның ғана есімінің тізбектеле беретіндігі. Ол адамның еткен еңбегі мен жеткен дәрежесі, жақсылығы мен жамандығының толыққанды жазылмауы». Бұл – біздің шежіреге деген түсінігімізді түбегейлі басқа арнаға бұратұғын көзқарас. Мәшһүрге сен­ сек, шежіре – қазақтың қаны туралы құжат. Онда адамның аты ғана емес, еткен кәсібі мен нәсібі (ырыздығы) түгел көрсетілуі тиіс. Бұл қағиданың басты шарты – осы арқылы кімнің жаман, кімнің текті атаның әулетінен екендігін опоңай-ақ ажыратып алу. Ал қазақтың құты саналатын қаракөктіктің критерийле­ ріне Шәкәрім данышпанның «кірсіз ақыл, мінсіз сөз, адал еңбек» іспетті ұлы ұғымдары жата ма, ол өз алдына жеке тақырып. Тарихымызда кімнің текті, кімнің тексіз екендігі (тіпті ойнастан туғандардың тізімі де) әманда ашық айтылып отыратын болған. Бұған айғаққа «Алпамысты» келтіруге болады. Бұл жырдағы Алпамыс ақсүйек (текті) болса, Ұлтан – құл (тексіз). Қазақ жыр-аңыздарындағы ҚҰЛ ұғымы – тек қана тексіздіктің образы. Осы атаудың адам есіміне қосақталып айтылуында үлкен сыр (хикмет) жа­ тыр. Бұл ескіден жеткен ғұрыптың келер ұрпақ санасына шекіген сақтандыруы мен ескертуінің жөн-жосығы болуы да мүмкін. Біз әңгіме барысында «құлдық қоғам» деген сөзді жиі ай­ тамыз. Әсілі, құл басқарған қоғам дегеніміз дұрыс секілді. Құлды тану үшін том-том кітаптарды түгесудің де қажеті шамалы. Оны оқымай-ақ аңғаруға болады. Құлдың ең басты қарсыласы – АРИСТОКРАТТАР. Тарихта «Алаш арыстары» деген атпен қалған боздақтар өмірінің қанға боялған ащы тағдыры да осы сөзіміздің айғағы. Біздің бүйректен сирақ шығарып, қолдан қағидат жа­ самақ еш ниетіміз жоқ. Бір кездері АРҒА АРАША, ШЫН­ ДЫҚҚА ТІЛЕКТЕС болған шежіреміздің бар болғандығы жайында ғана сөз шығындап отырмыз. Әзірге Аяз ата мен Ақшақар секілді қолдан жасалған «қайраткер» жандардан тұратын, мақтанға толы қазақ

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы шежіресінен «нашар атаның балалары» дегенді емге тап­ пайсыз. Енді «Елден елді аралап, тектіден текті саралап» жүре­ тін Ақтамберді арманымыздың орындалуы қалай болар екен? Осыны ойлап кетсең болғаны, жон арқаң мұздап сала береді... * «...Ақмешітке кетіп барасың, орысша оқитын боласың. Үстіңе орыстардың киімін кигізеді, сосын қазаққа ұқсамай­ тын боласың, орысша сөйлеп, орыс болып кетесің». Менің болашағым туралы бұл айтылғандар жаныма қатты батты. Енді әкеме Ақмешітке оқуға жібермеуін сұрап, жалына бастадым. «Орыс болғым келмейді» дедім». Бұл – исі түркіге есімі мәлім Мұстафа Шоқайдың сөзі. Мұстафа сөзін мысалға алуымыздың себебін сәл кейінірек... 1916 жылы патша ағзамның қазақтан солдат алуға бұй­ рық шығарғаны мәлім. Арғы жағы айтпаса да белгілі. Жарлықты жақатпаған алаш баласы тегіс атқа қонды. Ел іші дүрбелеңге ұласып, түрлі толқулар қылаң берді. Сол оқиғадан желдей жүйткіп жиырма бес жыл өткенде, қа­ рия тарихтың таусыншақ күнтізбесі 1941 жылды көрсетіп тұрды. Исі қазақ баласы ЖАППАЙ МАЙДАНҒА сұранып жатты. Енді салыстырып көрелік. Ғасыр емес, не бары екі мүшел ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛ. Алғашында ақ патшаның жарлығына қарсы болған ҚАЗАҚТЫҢ мұнысы қай сасқаны дерсің. (Фашистік Германия дүниеге өлім бүріксе, қалай ғана қарап тұрмақ деп ақтайтындар да табылар. Күді­ гіңіз орынды. Бірақ біз айтқымыз келген мәселенің мәнісі бұдан басқаша-тұғын). Қысқасы, кеңестік жүйе жиырма бес жылдың бедерінде қазақтың ішкі табиғатын толығымен өзгертіп, тағдырын басқа тарапқа салып үлгерген екен. Ал ойланайық. Бағанағы (жоғарыдағы) аспанға шапшыған асау мінез бен қайнаған қуат қайда кетті? Қал-қадерімше түсіндіріп бермекке талаптанып көрейін. ҚАЗАҚТЫҢ 1916 жылғы ақ патша жарлығына қарсы болуының басты себебі, біз ойлағандай, «оқымағандығы» емес, ОРЫСТЫ БӨТЕН са­

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . наған иммунитетінің күштілігінен еді. СОЛ ДӘУІРДЕ «НЕ ҮШІН ОРЫСТЫҢ ПАТШАСЫ ҮШІН ҚАН ТӨГУІМ КЕРЕК ЕДІ?» деген кірпияз сұрақ әр қазақ баласының көмейінде менмұндалап тұрды. Бала Мұстафаның да «Орыс болғым келмейді» деп алаң­ дауының астарында нендей құдірет жатқандығын енді тү­ сінген шығарсыз. Қайыра айтуға мәжбүрміз. Қазақты бүй деп сөйле­ тіп, бұлайша қарсылық қылуға итермелеген ҚАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛКҮРЕҢ ИММУНИТЕТІНІҢ КҮШТІЛІГІ ЕДІ. Бұл ешқандай да алаш баласын орысқа қарсы қойып, арасына ала мысық жүгірту саясаты емес. Бар болғаны ЕРКІНДІК пен ЕЛДІК ұғымының әр қазақ кеудесінде тайдай тулап өт­ кендігін тарих тозаңынан аршып алып түсіндіру ғана. Бұған төмендегі жалғыз шумақ ҚАЗАҚТЫҢ ҚАРА ӨЛЕҢІ жауап бола алады. Ой да көп, уайым да көп ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ ойнай берсең. ЕРКІҢНЕН, ЕЛДІГІҢНЕН НЕ ҚАЛАДЫ, ӘРКІМНІҢ АЙДАУЫНА ҚОЙДАЙ КӨНСЕҢ?! Ондыққа тиген оймақтай ғана оқшау сөз. Өмірдің өзінен туған осы бір ғазалды баба танымы әр перзентіне бойтұ­ марындай сақтасын деп ескерткен шығар... * Бұл – XXI ғасыр. Біз өркениетті қоғамда өмір сүріп жа­ тырмыз дейміз өзеуреп. Әңгіме уақыт тілінің XXI ғасырды көрсетуінде емес. Дата мен цифрлардың ауысуы бір нәрсені өзгертетіні рас болса, бүгіндері Үндістандағы бес миллион адамның сиырға табынуын қандай қисындармен түсіндіруге болады? Әлде сиырдың құдай еместігін түсіну үшін тағы да төрт мың жыл өтуі керек пе екен? Ендігі сөзді ӨРКЕНИЕТ ұғымына қарай бұрсақ. Біз ӨРКЕНИЕТ деп нені айтып отырмыз өзі? Ақ көйлектің сыртына қара костюм киіп алып, мәз болысып мерседес

Ы қ ы л а с О Ж А Й Ұ Л Ы мінгендігімізді ме, әлде интернетке қосылған айфон алты телефонымыздың бар екендігін бе? Жоқ, болмаса ішінде бассейні бар биік коттеджде тұратынымыз туралы ма? АЛ САНАМЫЗ БЕН ПАРАСАТЫМЫЗДЫҢ КӨКЖИЕГІ ШЕ? ОНЫҢ ҚАНДАЙ ЖЕТІСТІКТЕРІН АЙРЫҚША АТАП, АЛҒА ТАРТҚАН БОЛАР ЕДІК? Анайы болса да айтпасқа лажымыз жоқ. Дәрет сындырғаныңнан ақша алатын бұл қоғамды ӨРКЕНИЕТТІ деуге дәтіңнің бармасы анық. ӘЛМИСАҚТАН ӨЗІ ӨРКЕНИЕТ ДЕГЕНІМІЗ – САНА МЕН РУХТЫҢ ЖЕТІСТІГІ. Ендеше, еш өкпелемеуге тиіс­ піз. АР мен ҰЯТ, ОБАЛ мен САУАП тұрғысынан XVIII ғасырдың тумалары Құнанбай мен Шоң билер бүгінгі біздер­ ден әлдеқайда ӨРКЕНИЕТТІ (Біз осы адамдардың қасында қолына су құюға да жарамаймыз). Қызық, аяқ астынан Алмания мен Жапония автокөлік­ терін экспорттаудан бас тартып, бір жылға дерлік интернет желісі істен шықты делік (Әрине, олай болуы мүмкін болма­ са да). Сонда бағанағы «Бұл – XXI ғасыр. Біз өркениетті қоғамда өмір сүріп жатырмыз» деп шіренген «қағидасы­ мағымыз» қайда қалды? Біз бұл «хаостан» жалған көзқа­ растарды жамылған халықтың тек әдемі (дұрысы, тыржа­ лаңаш) өтіріктерге ғана алданып отырғандығына әбден көз жеткізген болар едік. * Олжас Сүлейменов «Шекспирі жоқ елдің Ньютоны да болмайды» деп тосыннан бір ой айтыпты. «Шекспир болса ақын, ал Ньютон болса физик, екеуінің бір біріне нендей қа­ тысы бар?» деп ойлап жүретін едім. Оңбай қателескенімді енді түсіндім. Бақсам, Ньютон Шекспирден шекарасыз, еркін ой ойлауды меңгерген екен. Тек кемеңгер танымының ықпалымен ғана алыптар шоғыры қалыптасады екен ғой. Айталық, Абай болмаса – Әлихан, ал Әлихан болмаса Смағұл Сәдуақа­ сов пен Мұхтар Әуезов әсте болмас еді. Ал Әуезовсіз Әбіштің де болуы екіталай мәселеге айналатын еді...

Қ А Л А М Ұ Ш Ы Н А Т Ұ Н Ғ А Н С Ы Р. . . * Кірпік ұшындағы ғұмыр. Біз көп болса жүз жасармыз. Ал ұрпақ мың, тіпті миллион жыл жасауы мүмкін. Демек, миллион жыл жасағың келсе, ұрпаққа қызмет ет, соның сырласы мен құрдасына айнал. Бұдан шығатын мұрат мұна­ расының байламы құдайлық танымда – халықтың жолында мерт болудан өзге сұлу өлім жоқ...

МАЗМҰНЫ БІР ЖҰТЫМ АҚҚУДЫҢ СҰҢҚЫЛЫ Өлеңдер Аманат............................................................................5 Өлең................................................................................8 Катарсис..........................................................................9 Голограмма....................................................................10 Ән.................................................................................11 Түрме............................................................................12 Метафизика...................................................................14 Өлім..............................................................................16 Айырауық.....................................................................17 Арзу..............................................................................18 Қоңыр...........................................................................19 Шежіре.........................................................................21 Ұшық............................................................................22 Қағаз – Қазақстан...........................................................23 Жусан...........................................................................24 Таным...........................................................................26 Рух ...............................................................................26 Таласбек........................................................................27 Ана...............................................................................29 Абстракция....................................................................30 Геноскоп........................................................................31 Ертегі............................................................................32 Мен...............................................................................33 «ҒАҚЛИ КӨЗБЕН ҚАРАСАҢ...» Мақалалар «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл...».........................................37 Ертегі мен миф...............................................................46 «Қозы Көрпеш» жырының генезисі...................................54 «Қайырымды қаланың тұрғындары».................................61 Голограмма....................................................................67 Sleep paralysis.................................................................72

«Ескендір» синдромы......................................................77 Түземдік элита...............................................................84 Үңгірдегі үрей................................................................87 «Толық адам».................................................................91 «Махаббатпен жаратқан адамзатты...»..............................93 «Шыннан өзге Құдай жоқ...»............................................96 «От емес қой дозақ та».....................................................99 «Көзімнің қарасы»........................................................ 102 «Туғызған ата, ана жоқ...»............................................. 107 Бүгінгінің зиялысы кім?................................................ 111 «Ақыл бітпес дәулетке»................................................. 114 Рингельман эффектісі.................................................... 117 Рух дағдарысы............................................................. 119 Саз бен сурет................................................................ 122 Ғалым кім, ғылым не?................................................... 125 Көзілдірігімізді өзгертейік............................................. 130 Абайға қатысты алты сөз............................................... 142 Алаш һәм азаттық идея................................................. 153 Ұстаным мен ұят........................................................... 158 Алаш және біз.............................................................. 163 «Дін таласы»................................................................ 168 Әлемдік элита.............................................................. 173 Міржақыптың музыкалық мұрасы.................................. 179 Ресентимент................................................................. 183 «Бөде үй» жайлы бір дерек............................................. 186 Құлагерді құлатқан кім?................................................ 189 Дауыс.......................................................................... 194 Мұса мен Мусғаб........................................................... 197 Кәпір мен кәуір............................................................ 200 Хиндсайт қателігі......................................................... 205 Екіжүзділік эпидемиясы............................................... 209 ҚАЛАМ ҰШЫНА ТҰНҒАН СЫР... Психологиялық этюдтер Қалам ұшына тұнған сыр... ...........................................213

«Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13 «Регис-СТ Полиграф» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов к., 13 Басуға 02.03.18 қол қойылды. Пішімі 60х90 1/16. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 15,0. Тапсырыс № 35. Таралымы 1000 дана. Редакторы Айдана Сыдықбай Көркемдеуші редакторы Жеңіс Қазанқапов Техникалық редакторы Эльмира Заманбек Дизайнері Сұлтан Мусаев Корректоры Назгүл Бимағанбетова Компьютерде беттеген Акмарал Кадикенова Ықылас Ожайұлы ҚАЛАМ ҰШЫНА ТҰНҒАН СЫР... Өлеңдер мен мақалалар, этюдтер

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙