TELEGEI

Home

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Қозы Көрпеш - Баян сұлу

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ ТУРАЛЫ

М.Әуезов жарияланған нұсқа

Қозы Көрпештің бұл жыры бұрынғы Семей облысында Жанақ айтқан жыр деп жүргізіледі. Бірақ, хатқа түспей, ауызда жүрген ескі жыр. Жағасы жайдақ аққан су сияқты. Оған сай-саланың бәрінің үлкенді-кішілі, тасқыны өз суын әкеп қоса береді. Және ағын судың арнасы қай топырақтан өтсе сол жердің реңін алады. Қозы Көрпештей жырдың арнасы жүрген топырақтар — әр дәуірдің таптық, қоғамдық топырағы. Ол көбінесе бұрынғы би, төре, бай ортасы. Осы жырдың өзін де Жанаққа "қайта жырла" деп тыңнан айтқызған Сыбан төресі Солтабай деген де сөз бар. Жанақ осының ауылында жатып, жырды бітіріп, ат-шапан сыйлық алып кетіпті дейді. Бұл жыр ішінде Қодарды ылғи үлкен денелі малшы ғана қылып, одан басқа жайға келгенде ұдай мазақтап жырлауы сол малшының иесі - байдың салт-санасын ап-айқын көрсетіп тұр. Ол жағы "мен мұндалап" тұр. Бұл тура "бұрынғы-соңғы Солтабайлардың қоғамдық, таптық заказынан тудым деп" өзі айтып отыр. Жанақ жырының сол Сыбан ішінде туғанына дәлел. Осы жырдағы жер аттары — Сыбан Семей, Жетісудың жапсарында, Аягөздің маңын мекен еткен ел. Жанақ тыңдаушысына жырды ентелетіп жақындату үшін уақиғаның ең үлкен бөлімін, Қарабай жайын осы Аягөзге әкеп көрсетеді. Бұл жыр сол заманда өте даңқты болуға лайық. Сондықтан барып Алтынемел қасындағы иесі белгісіз бір моланы Қозы Көрпеш — Баяндыкі қылып та алысқан. Бүкіл дүние жүзінің ескі дастандарын алсақ, бәрінде де осындай боп, ескі жырды - көшпелі жырды "қоныстандыру" кездесіп отырады. Бұ да соның бірі. Және бұ да әлгі біз айтқан арна топырағының жыр түсіне қосқан реңі, тағып қойған әлемі. Жырдағы Аягөз, Ақшәулі, Мыржық, Қалба, Қарқаралы, Абыралы, Шідертілер - сол тыңдаушы мен жыршының өздері мекен етіп жүрген тау-сулары. Бірақ, бұл арнаға құйған бұдан өзге де сай-сала бар. Ол осы жырда аталатын ағындар. Бұлар да қоспа қоспай қалмапты. Мен өзімше бұл жырдың дәл осы арасы өзге қазақ жырынан ерекшелігі деймін. Сыбанбай, Бекбау, Жанақ деп кеп аяғында Бейсембай да аталып өтеді. Бейсембай өз тұсындағы тыңдаушының заказымен Қозыны өлтірмей мұратына жеткізеді. Бұнысы бұзу. Бірақ, кім бұзғаны айтылып отыр. Қалай да бұрынғы басылған түрлерінен бұл жыр толығырақ та, ажарлырақ. Сондықтан бұның жайында таптық, қоғамдық жағынан толық зерттеулер болмаққа керек. Онан соңғы бір сөз, дәл осы басылып отырған Жанақ айтқан Қозы Көрпештің өлеңінде, тіл көркінде, алдын ала атап өтетін айрықша бір кемшілік бар. Бұнда Ай-Таңсықтың қоштасуы сияқты ірі, сұлу өлеңдермен қатар, бірталай жерінде өлеңнің не байланысы, не біркелкілік келісімі дәл түспей, ақсай түсіп, сылти басып отыратын ақаулық бар. Ол Жанақтың өзінен қалған кемшілік болмау керек, бері келе көп айтушының аузынан өте жүріп, кей жерінде ажарланса, кейде жүдей түсіп, тонала келгендіктен. Мен, қолыма түскен жазбасын жариялап отырмын. Бірақ осыны оқып, кемшілігін көріп, Жанақтың бұдан ажарлы түрдегі айтуын білген жолдастар болса, біздің қазақстандық көркем әдебиет баспасымен жалғасып, өз жиған түрін баспаға берулері қажет. Кейде тұтас кітабы болмаса да, осы өлеңнің әр жеріне қосарлық басқа варианттары болса, оның да барлығын атап көрсетіп жіберулерін өтінеміз.

Кемел ақын келтірер сөздің түрін,
Оған да заман өткен бір ықылым,
Кешегі ол бір катар заманында,
Өтіпті екі байың бізден бұрын.

Солар да бізден бұрын өткен жандар,
Сап қасқа, өңшең манап сөзді аңдаңдар,
Қалыпсыз Қарабайдай бай өтіпті,
Тоқсан мың тәңірі алса да жылқысы бар.

Солар да бай болыпты дүние боқ,
Өзіне құдай берген нәубеті көп.
Тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да,
Үйінде сілкіп киер шапаны жоқ.

Сыбанбай, Жанақ, Бекбау айтады екен,
Оның тегін кім десең,"түрікпен" деп.
Құдайым артық дәулет мал берген көп,
Нәсілін Сарыбайдың айтады екен:

"Қырықбайы Орманбеттің біреуі" деп.
Елі-жұрты көре алмай малы көп деп,
Елімен өкпелесіп жөнеледі.
Жұртының өсек қылған сөзін кектеп,

Ағайын біреу жүрмес бұған еріп,
Өкпелеп өз жұртынан кетті жеріп...
...Құданың берген малын көпсінген соң,
Жөнелді Қарекең де ыза керіп.

Сарекең де ыза боп жүре берді,
Елі ақымақ қой жіберген мұндай ерді,
Тоқтамай күн-түн қатып ұдай көшіп,
Балталы, Бағаналы елге кепті.

Келгенін Балталыға халық көрді,
Сән-тұрманы өзгеден артық еді,
Жүз кісі Тайлақ би мен ел кеп еді,
Қарабай тоқсан мыңнан түк бермеді.

Елден шыққан білімсіз ант екен деп,
Ел-жұрты Қарабайға өкпеледі.
Қойшының сыбағасын тоғыз қылып,
Сарекең сый-сыяпатпен жөнелтті енді.

Жақсының шарапаты санға тиіп,
Сарыбайға бір тайпа ел билетеді.
Жиылған жамағат көп кеңеседі,
Мұнан бұрын патшалы емес еді.

Сарыбай тек жаралған жан емес деп,
"Патша" қоямыз деп "е" деседі.
Екі бай Балталыға бірдей келді,
Қарабай ол неғылсын дүйім елді,

Тоқсан мыңы көзіне мол көрінбей,
Аң аулай ерте тұрып жөнеледі.
Не Шыңғыстай, болмаса не Қалбадай,
Не Мыржықтай аңы көп бір тау еді.

Қақ жарып хан Қарекең келе жатса,
Алдынан буаз марал кез келеді.
Қылт етті де жөнелді, белден асып,
Қарбаң-құрбаң етті де, қалды сасып.

Көзінің жасын сүртіп қарағанша,
Адасып қалды аңнан, жаза басып.
Қылығы сол күнінде жаннан епті,
Сол шағында тентіреп аңға кепті.

"Қап, бәлем, ертең түсте атамын!"— деп
Қаңтарып Аққайыңды жата кетті.
Оған да артық дәулет тәңірім берді,
Қазақтан Сарыбай да артық еді,

Ерте тұрып памдатын үйінде оқып,
Сарыбай да сақарадан аңға келді.
Қалың тауды қақ жарып келе жатса,
Ат қаңтарған бір жанды көзі көрді.

Сарекең ат көрген соң жетіп келді,
Көреді түзде жүріп талай керді.

- Жатырсың түске дейін ат қаңтарып,

Үмітсіз дүниеден кімсің?— депті.

- Көңілімді мың мен санға баламаймын,

Пенденің ілігіне жарамаймын.
Келгенше сексен үшке сүйері жоқ,
Үмітсіз дүниеден Қарабаймын!

- Қареке-ау, олай деме, тәңір білер,

Құлының жылағанын әлде керер.
Дәулет пенен перзенттің кештігі жоқ,
Құдайым әлде болса бізге берер.

- Тәңірімнің қолынан келмей жүр ме?

Тілегін пенделердің бермей жүр ме?
Келіппін сексен үшке мәлден өтіп,
Берсе көзі алланың көрмей жүр ме?

- Қареке-ау, бұрын сені танымаймын,

Алланың мен ісіне налымаймын.
Жетпіс беске келгенше сүйері жоқ,
Қу бас шал мен де өзіндей Сарыбаймын.

- Е, балам, бала сүймей болыпсың зар,

Бала сүйсең жалғанда көңілің тынар.
Жасы бар сексен үште мені айт, балам,
Әлде болса алдында тілеуің бар.

- Қареке, ойлап тұрсам шынымен ер,

Кез қылған екеуімізді пәруардігер.
Сегіз жас-ақ үлкенсің, байқап тұрсам,
Сексен үш жетпіс беспен қарайлас жер.

- Екеуіміз де осынша жасқа жеттік,

Дүниеден перзент сүймей арманда өттік.
Ендеше, ит айдаған бай екенбіз,
Кел, дос болсақ қайтеді қияметтік?!
Ауыр дәулет беріпті алла несіп,

Аузынан уағдамен серт берісіп.
Екеуі жапан дүзде бек сөйлесіп,
Дос болды ақыреттік құдай десіп.

—Алланың әміріне көніселік,

Көздің қыры түскенін көріселік,
Ұл туар да, қыз туар заман болса,
Уағдамен қалыңсыз беріселік.
Отырған хан Сарыбай, мені көрші,

Шал қартайған Қарабай досым деші.
Бір марал кеше кетті ыза қылып,
Кез қылса соны маған атып берші!

- Кез қылды жапан дүзде мені саған,

Түскен жоқ жасым жетіп, көзге таған.
Кез келген бұйрықты аңды жібермейді,
Мылтығым алты қарыс, көрсет маған!

- Шырағым, ойлап тұрса өзің кеңсің,

Біреудің білмегенін білгізгейсің.
Алдындағы түбекте жатыр марал,
Байқа, балам, бойыңды шалдырмайсың.

- Үйіңе құдай ондап қыдыр қонар,

Бір досым бек сөйлескен сендей болар.
Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын,
Келінің екіқабат, кесел болар.

- Саған айтпай сөзімді кімге айтайын,

Ұялмай үйге қайтіп бос қайтайын.
Өлсем де атып берші, бір тояйын,
Махшардағы күнәсін мен тартайын!

- Мен тұрмын бұл сөзіңді сынай алмай,

Маралға қызығасың тілімді алмай.
Тағы да бір бұйрықты аң кез келмей ме?
Атуға қорқып тұрмын, қолым бармай.

- А, балам, айтқан сөзге жетпедің бе?

Дүниеден перзент сүймей өткенің бе?
Кез келген сен аяйсың бұйрықты анды,
Шыныменен достықтан кеткенің бе?
Пейілін Қарабайдың құдай алды,

Қынжылып мылтығына оғын салды.
Маралды бетіне алып тарс қойғанда,
Кідірмей сол орнында құлап қалды.
Қасында Сарыбайға қарамайды,

Қарбаң-құрбаң маралға жетіп барды.
Адамнан ақымақ туған хан Қаракең,
Маралдың жаны шықпай ішін жарды.
Ойласаң, Қарабайдың өзі мықты,

Сарекең қорқып атпай көп ұйлықты.
Пышағы сонда ішіне жазым тиіп,
Ішінен егіз қодығы мөңіреп шықты.

- Қазаққа алты санды бірдеймін деп,

Пенденің еш ақылын білмеймін деп.
Қодығын тыпырлатып бауыздайды,
"Сілікпелеп" үйге апарып бір жейім" деп.
Пейілін Қарабайдың құдай алып,

Кәпірдің мінезіне жан таң қалып.
Қан болып сақал-мұрты қайтып келді,
Өзі атқандай мақтанып саңдауланып.

- Отырсың не себепті жолды көрмей,

Қойып па тілегімді тәңірім бермей.
Кез келген бұйрықты анды атып едің,
Бұл жұртта неге отырсың маған келмей?

- Қареке-ау, бай екенсің сөзің шалыс,

Екеуміз жапан дүз де болдық таныс.
Ендеше, ит айдаған бай екенбіз,
Кел, дос болсақ қайтеді қияметтік?!
Ауыр дәулет беріпті алла несіп,

Аузынан уағдамен серт берісіп.
Екеуі жапан дүзде бек сөйлесіп,
Дос болды ақыреттік құдай десіп.

- Алланың әміріне көніселік,

Көздің қыры түскенін көріселік,
Ұл туар да, қыз туар заман болса,
Уағдамен қалыңсыз беріселік.
Отырған хан Сарыбай, мені көрші,

Шал қартайған Қарабай досым деші.
Бір марал кеше кетті ыза қылып,
Кез қылса соны маған атып берші!

- Кез қылды жапан дүзде мені саған,

Түскен жоқ жасым жетіп, көзге таған.
Кез келген бұйрықты анды жібермейді,
Мылтығым алты қарыс, көрсет маған!

- Шырағым, ойлап тұрса өзің кеңсің,

Біреудің білмегенін білгізгейсің.
Алдындағы түбекте жатыр марал,
Байқа, балам, бойыңды шалдырмайсың.

- Үйіңе құдай оңдап қыдыр қонар,

Бір досым бек сөйлескен сендей болар.
Бұл марал буаз екен, тіпті атпаймын,
Келінің екіқабат, кесел болар.

- Саған айтпай сөзімді кімге айтайын,

Ұялмай үйге қайтіп бос қайтайын.
Өлсем де атып берші, бір тояйын,
Махшардағы күнәсін мен тартайын!

- Мен тұрмын бұл сөзіңді сынай алмай,

Маралға қызығасың тілімді алмай.
Тағы да бір бұйрықты аң кез келмей ме?
Атуға қорқып тұрмын, қолым бармай.

- А, балам, айтқан сөзге жетпедің бе?

Дүниеден перзент сүймей өткенің бе?
Кез келген сен аяйсың бұйрықты анды,
Шыныменен достықтан кеткенің бе?
Пейілін Қарабайдың құдай алды,

Қынжылып мылтығына оғын салды.
Маралды бетіне алып тарс қойғанда,
Кідірмей сол орнында құлап қалды.
Қасында Сарыбайға қарамайды,

Қарбаң-құрбаң маралға жетіп барды.
Адамнан ақымақ туған хан Қаракең,
Маралдың жаны шықпай ішін жарды.
Ойласаң, Қарабайдың өзі мықты,

Сарекең қорқып атпай көп ұйлықты.
Пышағы сонда ішіне жазым тиіп,
Ішінен егіз қодығы мөңіреп шықты.

- Қазаққа алты санды бірдеймін деп,

Пенденің еш ақылын білмеймін деп.
Қодығын тыпырлатып бауыздайды,
"Сілікпелеп" үйге апарып бір жейім" деп.
Пейілін Қарабайдың құдай алып,

Кәпірдің мінезіне жан таң қалып.
Қан болып сақал-мұрты қайтып келді,
Өзі атқандай мақтанып саңлауланып.

- Отырсың не себепті жолды көрмей,

Қойып па тілегімді тәңірім бермей.
Кез келген бұйрықты аңды атып едің,
Бұл жұртта неге отырсың маған келмей?

- Қареке-ау, бай екенсің сөзің шалыс,

Екеуміз жапан дүзде болдық таныс.
Орнымнан үш ұмтылып тұра алмадым,
Мылтығым тиді маған алты қарыс!
Қалыпты бұрынғыдан бізге санат,

Сөзімді тентек болсам жұртқа сынат.
Алланың ақ бұйрығы маған жетті,
Басымды кешіктірмей оңға қарат!
Әуелі біз жолықтық есен-аман,

Түсірдің осы жерде ақыр заман.
Қоймадың бір маралды атып бер деп,
Мұнша қатты сөз айттың маған жаман.
Жүзімді көремісің, көрмеймісің?

Сөзіме еремісің, ермеймісің?
Ант айтып ақыреттік құда болдық,
Қыз туса беремісің, бермеймісің?

- Қыртысым сүймегенге шөл арықпын,

Өзім деген кісіге тас бұлақпын.
Уағдаға қылап қылмен не қыласың,
Күн болса ондай атты берер-ақпын!

- Қареке-ау, ажал уақыты маған жетті,

Ағасың жасың үлкен, құлдық, — депті,
Аузынан бір-екі ауыз арыз айтып,
Сарекең күні жетіп өліп кетті.
Тұрмайды сол Қарабай ниетке жетіп,

Сөйлескен құдайшылық естен кетіп.
Маралды егіз лақпен теңдеп алып,
Халқына жөнеледі өлеңдетіп.
Тұрады сол Қарекең өнер бастап,

Кәпірді көрген адам тұрмас қостап.
Маралды егіз қодығымен теңдеп алып,
Достысын бек сөйлескен кетті тастап.
Қарабай бұл мінезді сән көреді,

Нәлетті өзі ақымақ кім көреді?
Қырыштан төмен жылжып келе жатса,
Алдынан будақ-будақ шаң келеді.
Сарыбай өзі мерген маралды атқан,

Маралға ит Қарабай дінін сатқан.
Ханымы Сарыбайдың буаз екен,
Үйінде аман-есен бір ұл тапқан.
Сүйінші Сарыбайдан сұраймын деп,

Сол елдің адамы екен келе жатқан.

- Қареке-ау, жапан дүзде сізді көрдік,

Сарыбайдың қызметкер адамы едік.
Ханымы Сарыбайдың бір ұл тапты,
Көрдің бе, жапан дүзде сәлем бердік?

- Мынау қалай сорлы еді өзі неткен,

Әз ойы мен қылғаны нәмәрт еткен.
Нетесің босқа сұрап Сарыбайды,
Сұрасаң Сарыбайды, марғау кеткен.

- Бай еді мынау қалай сөзі надан,

Өтерін дүниенің байқамаған.
Марғауың неше күндік, неше түндік,
Ұшырса қос-қос атпен қашан барам?

- Ертіс басы қара дің жерге кетті,

Бейне теңіз дейтұғын көлге кетті.
Бес жүз киік соқтығып соны қуып,
Жолы қиын Бетпақтай шөлге кетті...
Сол иттің не қылса да қайраты мол,

Өз ақылы өзіне болады жол.
Амалы жоқ алысқа айдаған соң,
Адамы дел-сал болып қайтқаны сол.
Ақылмен алдадым деп мәз болады,

Халқына кадам басып жөнеледі,
Ханымы Қарабайдың қыз тауыпты,
Жол тосқан сақау қатын кез келеді.

- Іздеп едік, қайнаған-ау, кез келесіз,

Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.
Қайнаға-ау, көріпсіз бір перзентті,
Шүйіншіге, қайнаға-ау, не бересіз?

- Жаман сөзді есітсем ішім күйер,

Жақсы сөзді есітсем денем сүйер,
Былшылдама, сақауым, көтіңді қыс,
Сегіз өрме бұзау тіс қамшым тиер!

- Біреу жарлы, біреу бай, білмейсіз бе?

Айдай болған ақ жүзім көрмейсіз бе?
Қартайғанда көріпсіз бір перзентті,
Шыныменен бір шапан бермейсіз бе?
Хан Қарекең келеді түн-күн қатып,

Егіз лақ маралды қабат атып.
Сегіз өрме бұзау тіс қамшысы бар,
Сақауыңды кетеді бартылдатып.
Жымдай болып сол сақау жорғалайды,

Бастың қаны қойнына сорғалайды.
Жар бойында бар екен жарты лашық,
Қашып барып сақауың қорғалайды.

- Сегіз жылда сексен мың сегіз сарай,

Жеті атамнан бақ берген алла тағала-ай.
Өз тілінен, сақауым, жаза тарттың,
Дәл енеңді ұрайын, бұның қалай?!

- Япырай, ибадатың көпке тисін,

Кінә аудармай сабайсың, жаның күйсін.
Қуанышқа сұрасам қамшы беріп,
Ұлы-қызың Қодардан қорлық көрсін!
Қарекең одан өтіп үйге салды,

Егіз лақ маралды теңдеп алды.
Пейілі Қарабайдың сондай кеңіп,
Бір сарттан жиырмалап шапан алды.
Молдалар шұбар ала қат оқиды,

Өлім шыққан үйіне жата оқиды.

- Менің құдам Сарыбай далада өлді,

— Деді де тоқсан саба толтырғызды.

- Тұра тұр енді, жұртым, мен желейін,

Ауылын сол құдамның мен көрейін.
Нарынды сабаңменен тоқтата тұр,
Әуелі салт барып бір келейін...
Тұрады сол Қарабай өнер бастап,

Кәпірді көрген адам тұрмас қостап.
Тантық шал иесіз үйге кіріп келді,
Белбеуге бақа айғырды іле тастап.
Елінде қырық мың шалқар байдай болып,

Қос жорға, жылқы ішінде тайдай болып.
Ақымақ шал иесіз үйге кіріп келсе,
Жөргекте Қозы жатыр айдай болып.
Ақымақ шал, ақылы жоқ жаман састы,

Қозыдан қорқып итті қара басты.

- Мені жұтар жалмауыз туыпты,— деп,

Тантық шал бақа айғырға міне қашты,
Бір жерде келе жатып бөгеледі,
Өзі ақымақ нәлетті кім көреді,
Тоқсан нарда сабаны жарып тастап,

Бір қобыны қымыз қып жөнеледі.
Қарабай Сарыбай мен мерген екен,
Хан Қарабай ауылына келген екен,
Ханым айтты: — Қарабай келіп кетті,

Сарыбай хан далада өлген екен.
Алпыс басты ақ орда тіккен үйім,
Бұрынғыдай болмайды менің күйім,
Мен түсімнен шошыдым бүгінгі күн,

Енді аңырма, отырма, Тайлақ биім!
Тайлақ би осы сөзді қос көреді,
Еліне жиылсын деп хат береді.
Еліне қадірменді бір би екен,

Дәл он бір сан халайық жұрт келеді.
Он сан халқын Тайлақ би жиып алып,
Отырған әулетке үндемейді.
Көңілі батыр Тайлақ жазған хаттай,

Мәнісін жиылған көп таба алмайды.
Он екі жыршысы бар бас боп ханым,
Шырышқа шеру тартып жөнеледі.
Жәйіліп, бет-бетімен қарап жүрсе,

Бір адам өліп жатқан кез келеді.
Іздесіп алды-алдына жүрген шауып,
Өлді деп елі-жұрты қылған қауіп,
Бір жерде он бір кісі келе жатса,

Бір адам өліп жатқан алды тауып.
Айрылып патшасынан болды зарлы,
Табамын деп барша халқы көңіліне алды.
Сол кісінің ішінен бірге шыққан,

Қоңыр ала тай мінген тазша барды.
Тазша айтады: "ағалар, бәрің надан,
Жасымнан көріп едім бірталай жан.
Шыққыр көзім шықпаса мен таныдым,

Осы жатқан өліпті Сарыбай хан".

- Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана,

Ту жығылса болмай ма қас масқара.
Жұрт иесі қаныма жара қылып,
Үйелменіңмен өртенгір тазша бала!

- Ойласам, он бір аға, пейілің тар,

Сендердің қылар қақпай мінезің бар.
Хат берген даулы жерге мор басатын,
Қолында қызыл алтын жүзігі бар.
Көрген соң Сарыбайға жұрт жылайды,

Сол жерде тақат қылып тұра алмайды.
Серкесіз қойдай болып ұйлығады,
Аяғын қадам басып жүре алмайды.
Жиылысып сол араға бәрі келді,

Құба қалмақ сықылды іштен бүлді.
Жалғыз-ақ ханым сонда естіген жоқ,
Батыр Тайлақ болды да бәрі білді.
Қай адам ер Тайлаққа тең келеді,

Жиылған сол араға көп ел еді...

- Есіттірмей қайтқанымыз лайық емес,

Ханымға жырлай-жырлай кім барады?

- Тайлыға алыс емес көрінген жер,

Табан шөңгел биімсің елімде бір.
Ханымға жырлай-жырлай мен барайын,
Ер Тайлақ, қолыңды жай, батаңды бер!
Ер Тайлақ тазшасына жарлық етті,

Тайымен қотыр-ала тазша кетті.
Сейілде қырық кісі мен ханым жүрсе,
Алдынан қарама-қарсы көздей кепті.

- Ханым-ай, ақсұңқарым, сені көрдім,

Біз ежелден хан-қарашы адам едік.
Мен шошыдым түсімнен бүгінгі күн,
Хан ием, жолыққалы сізге келдім.

- Аптығып қотыр таймен келесің тез,

Бұл жалғанда ақылсыз адамнан без.
Кеп шатып тантырақтап сөзді ұзартпа,
Қанікей шошығаның немене сөз?

- Жаратқан бәрімізді тәңірім күшті,

Бұл дүние ойлап тұрсам енді екі ұшты,
Мен түсімнен шошимын бүгінгі түн,
Менің сәлдем басымнан жерге түсті.

- А, тазша, олай болса мал сойғаның,

Құдайым дәрі несіне сен тойғаның,
Сенің сәлдең басыңнан жерге түссе,
Бес уақыт намазға бас қойғаның!

- Ойласам бұл ханымның ақылы асты,

Қарашың дәл сіздей ме, жаман састы.
Мен түсімнен шошимын бүгін тағы,
Қолымнан жібек баулы сұңқар қашты!

- Мінезің ойлап тұрам жаннан қылап,

Келдің бе қотыр таймен мені сынап.
Қолыңнан жібек баулы сұңқар қашса,
Көргенде, қоян аңнан шабыт сұрап?!

- Қай адам Сарекендей ниетке жеткен,

Көп адам бізден бұрын өтіп кеткен.
Айрылдым қапияда сұңқарымнан,
Қолымнан абайсызда ұшып кеткен.

- Мұндар таз, бір сұмдық бар тіл-жағында,

Сен келдің қотыр таймен бұл шағында.
Қолыңнан абайсызда ұшып кетсе,
Қара орнында болғаны, хан — тағында.

- А, ханым, бір сөзіме жаңа жеттің,

Қай сөзіңді бұзайын мақұл деппін.
Мен түсімнен шошыдым тағы бүгін,
Түсімде бір тұңғиық суға кеттім.

- Құдайым енді саған деп береді,

Бойын салған базарға, жол көреді.
Жүруші ең әр нәрседен шолпы тартып,
Түпсіз тәңірім, дариядай мал береді.

- Ханым-ау, бұл ниетті ойға алайын,

Мәнісін тура тартпай не қылайын.
Жандап-жандап сөз айтсам жуытпайсың,
Тұпа-тура найзамды тік салайын!

- Мұндар таз, маған келдің қаның қашып,

Ант ұрған сені тұр ма қара басып!
Мен сенің қалжыңдасар кісің емен,
Немене айтар сөзің найзаласып?!

- Аңға да кеткен екен Сарекем-ау,

Таңертеңгі салқында.
Мінсіз бір туған жан еді-ай-ау,
Өнеге бойы қалпында,
Келімсек төре хан болып,

Балталының халқына,
Өрісі толып малына-ай-ау,
Қазынасы толған алтынға.
Алла ісіне шара жоқ-ау,

Жетпесті қуып алқынба!
Қайырлы ғұмыр бере көр-ау,
Қозы жанға артыңда.
Сізден де шығар адам жоқ,

Ойласаң ақыл тарпында.
Хан орнына хандық қыл,
Кеше билер бір тұрған жарқында,
Ақылдас еді Сарекем,

Билеспес деп тартынба.
Ханымның сөзі:

- Өлді ме Сарыбай хан, жұртым көрсін,

Жыламай, патша-құдай иман берсін.
Ғаламнан хан Сарыбай өткен болса,
Иншалла, тәуба, тәңірім, артын берсін!
Тазшаның сөзі:

- Ханым, көрсең, жыларсың,

Сарекемнің дертіне,
Сабырдан басқа айла жоқ,
Іштегі жанған дертіңе.
Көргеннен соң жыларсың,

Нәпсің қоймай еркіңе.
Аулақ жерде, ханым-ау,
Нәпсің тоқтат беркуіңе.
Сүйегіңе мін болар,

Жетпей кетсең сертіңе.
Ханымның сөзі:

- Мұндар таз, жылайды деп көңіліңе алма,

Алып жүр сүйегіне, енді алданба.
Өлген жан жылағанмен қайтып келмес,
Көңіліңді босатқанмен пайда бар ма?!
Ханымға тазша естіртті жеке барып,

Жұрт сілтідей тынады қайран қалып.
Егіл-тегіл еңірескен Сарыбайға,
Ханымды сүйегіне келген алып.
Өлгенін Сарыбайдың ханым көрді,

Ұрғашыдан таппассың мұндай ерді.
Адасып ақылынан аспай-саспай,
Еліне ақыл айтып қайрат берді:

- Жылама, батыр Тайлақ, сен де өлерсің,

Алладан тағдыр келсе жөнелесің.
Өзі беріп, өзі алған арманы жоқ,
Махшардан имандыма кез келерсің.
Жұртым-ау, бұл жылаған ниетіңді қой,

Өлім шықса тіріге болмай ма той.
Жылағанмен бір нәрсе табар болсаң,
Жылап-жылап тірілтіп әкеле қой!
Тайлақ би, олай тұрма, сен бері жүр!

Ақылдасып Тайлақпен ойлайды тұр.
Алып жүрмей осы жерге біз қоялық,
Елге жібер, жабдық пен үй әкелдір!
Ел барып, айтқанының бәрі келді,

Дайын болды, жамағат көзі көрді.
Зиярат қылып бір күмбез жасаймын деп,
Ел ұйғарып сол жерге қояды енді.
Жиылған жаназаға қанша жанды,

Бәрін де сый-сыяпатпен жөнелтті енді.
Ханым айтты: "Қайғысыз адам едім,
Бұл сықылды жалғанда жанды көрдім.
Ат шаптырып, ас берсең ерік өзінде,

Билігін, батыр Тайлақ, саған бердім".
Қай адам ер Тайлаққа тең келеді,
Жиылған жаназаға көп ел еді.
Мақтауын батыр Тайлақ алғаннан соң,

Халқына сауын айтып жөнеледі.
Тыңдаңдар мына сөзді, ей, жарандар,
Құлақ салып тыңдасаң аңыздар.
Өтірік айтса ақынның жаны шықсын,

Басқы аттың бес жүз жылқы бәйгесі бар.
Сый алды елі-жұрты құры қалмай,
Тайлақтың кеткен жан жоқ тілін алмай.
Он бір сан халайықтың бәрі келді,

Айтқан күні жиылып бірі қалмай.
Тайлақ айтты: "Жамағат, ой ойлаңыз,
Тентек пенен тебізді бір қоймаңыз.
Даусыз болып аттарың анық келсін,

Әр рудан бір кісі ат айдаңыз.
Алланың ақ ісіне мойын бұрсын,
Ала-құла болғанды құдай ұрсын!
Күреңістен ат айдап жіберіңдер,

Ақ кезеңнің үстінде көмбе тұрсын".
Байлығын Сарыбайдың халқы көрді,
Атын айдап алысқа жіберді енді.
Бес жүз аттың алдынан бір шақырым,

Өз үйінің төл қызыл аты келді.
Ешбір жаман бұзықтық, жанжал шықпай,
Жиынын тыныш қылып жөнелтті енді.
Ел-жұрты құрмет қылды ханның үйін,

Ғарып-қасір жетімге болды тойын.
Тайлақ айтқан сөзінен жан шықпайды,
Тып-тыныш боп тарады осы жиын.
Мінезі Қарабайдың жаннан өтті,

Уағдасы құда болған жұртқа жетті.
Тайлақ биге айтады ханым тұрып:

- Сонымен кел сөйлесіп құдалықты.

- Ханым-ау, Қарабайың құрып қалсын,

Келуге жарамаған құдай алсын.
Мен барсам, тек келмеймін сол итіңмен,
Жалғыз ұлым сол Танаш балам барсын.
Тайлақтың сөзін ханым мақұл етті,

Осы сөз де паш болып халыққа жетті.
Қасына он бір жігіт ертіп алып,
Ер Танаш Қарабайға жүріп кетті.
Жүр еді хан Қаракең жалғыз өзі,

Танаштың Қарабайға келген кезі.
Қарекеңнің алдынан қарсы келіп,
Жолығып ер Танаштың айтқан сөзі:

- Қареке-ау, хан болыпсыз, сізді көрдік,

Жасы үлкен бай екенсіз, сәлем бердік.
Кешегі Сарекемнің заманында,
Қайғысыз, уайымсыз жүруші едік.
Сарекем дүние салып кеткеннен соң,

Біз биыл құдіретпен не көрмедік?
Жіберді құдағиың, құрбың - Тайлақ,
Алдыңа бір сәлемді алып келдік.
Қандай жауап бересіз, хан Қарекем,

Сөйлескелі, байеке-ау, келіп едік.

- Былшылдама, сөзіңе тіпті ермеймін,

Ұмыт болған сөзді мен жон көрмеймін.
Сен он екің, көтіңді қыс, үйіңе қайт,
Жетім ұлға құда боп қыз бермеймін!

- Қареке-ау, ақылменен арбайсыз ба,

Жаратқан бір тәңірді алдайсыз ба?
Ниет айтып ақыреттік құда болдың,
Тегінде қияметке бармайсыз ба?
Құдай мен тәңірі алдында беттестірсе,

Сол жерде қара жүзді болмайсыз ба?

- Мына сөзге мен тұрмын қайран қалып,

Қалың малын қойып ем қашан алып?
Сен он екің былшылдап сөйлей берсең,
Бәріңнің де кетемін басың жарып.

- Орын бар ма дүние үшін дінім сатар,

Бізге аударар күнәң жоқ, атын атар.
Бұл мінезден қайтпасаң, шал Қареке,
Осы тәнің дозақтың дәмін татар!
Бетін топырақ басты деп жалған айтсаң,

Жаһаннам деген дозақта жанып жатар.

- Келіпсің сөйлескелі өңшең кедей,

Қайтсаңшы жаның олжа бірің өлмей.
Қой десем де қоймайсың сен он екің,
Тым болмаса қайтпассың таяқ жемей.

- Қареке-ау, жаман сөзді айтпа бекер,

Бұл мінезің өзіңді әуре етер.
Осы арада қыз бермей сен тұрмассың,
Қашып жүріп бірталай күнің өтер!
Менің әкем естісе тек қоймайды,

Өзіңді байлап қойып қорлық етер.
Тым болмаса сұрашы қалың малды,
Сарыбайдың малы бар саған жетер!
Көрмессің Қарабайдай пейілі тарды,

Жылқыдан Бақа айғырды мініп алды.
Сегіз өрме, бұзау тіс қамшысы бар,
Бәрінің тарсылдатып басын жарды.
Ойлашы Қарабайдың қайраты мол,

Өз ақылы өзіне болады жол.
Бір тау тесіп мойнымызға ілсе дағы,
Он бір аға, үндемей қайтарлық жол!
Ұрыспай ол он бірі жүре берді,

Мінезін Қарабайдың көзі көрді.
Ұрыссақ ханым бізге өкпелер деп,
Жардырып ап бастарын қайтып келді.

- Барсын деп ханым бізге қылды жарлық,

Мен көрмеген жан едім қорлық-зорлық.
Мінезін Қарабайдың көре тұра-ақ,
Шіркін нәлет құдаңа кеше бардық.
Біз сіздің тілің сыйлап барамыз деп,

Қызыл тақия сый-сияпат киіп алдық.

- Ол кетер, бұл араны қылмас мекен,

Сол нәлет біржолата кетсе-ақ екен,
Жалғыз-ақ бір тілегім — Қозы ер жетсе,
Бір адам бұны сөз қып айтпаса екен.
Жұртына батыр Тайлақ қайту қылды,

Не қылсын Қарабайдай кәпір сұмды.
Ешбір адам аузына алмаған соң,
Аты өшкірдің аты өшіп ұмытылды.
Ал енді мына сөзді тербетелік,

Ерігіп айтқан болдық біз нетелік.
Ханым мен Қозы Көрпеш жата тұрсын,
Ауғызып Қарабайды әпкетелік.

- Ойбай, қатын, қайдасың, бері келші,

Құдай қосқан қосағым, мені деші.
Ауылынан Сарыбайдың мазам кетті,
Кел ауамын, үйімді жығып берші!

- Байғұс-ау, қандай адам серттен таяр,

Біліп пе едің тайғанды құдай аяр.
Тоқсан мыңды бұл жерден тентіретіп,
Қайда барсаң осындай орын даяр?

- Бұған ермен өзгеңе ерсем дағы,

Кәрі басым қоршылық көрсем дағы.
Балталымен қоныстас бола алмаймын,
Тоқсан мыңды бір жауға берсем дағы.

- Қайтейін мінезіңді шайтан бұзған,

Кісі едің шайтан бұзған, құдай ұрған.
Бұл басымды келдемнен кессең дағы,
Бір отырған орнымнан өлсем тұрман!
Белгілі ерімейді іштің мұзы,

Өтпейді қатынына айтқан сөзі.
Үйді жығып артуды білмей тұрса,
Ойына түсті Ай, Таңсық екі қызы.
Айтады қыздарына келіп майда:

- Ай, Таңсық менің екі қызым қайда?

Қақпас шешең тілімді тіпті алмайды,
Бір пайдаңды тигізші осындайда.
Сөзінен ызындаған қыздар өлді,
Амалсыз шақырған соң келіп еді.

Жылап жүріп үйінің бауын шешіп,
Талқан қып тоқсан нарға артып берді.

- Шырағым, екі қызым, мені көрші,

Мынау кәрі ит атаңның ісін көрші!
Құдай қосқан жарынан тірі айрылған,
Алдыма сұм Баянды алып берші!
Қайран балам, кімдерге күң боларсың!

Қайран малым, кімдерге жем боларсың!
Обалдарың әкеңді жібермесін,
Үш сорлым, қандай жерде кем боларсың?!
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,

Жылқыдан Аққайыңды мініп алды.
Жетелеп бақа айғырды жөнелгенде,
Жұртында қотыр ала тай қалмады.
Жер мен су, тау мен тасқа қоштасқалы,

Көшінен сонда екі қыз тұрып қалды.
Кеткен соң бұл арадан келмес мәні,
Жоқ еді бай болса да оның сәні.
Қарабай көше қашып жөнелгенде.

Ел-жұртқа екі қыздың қоштасқаны:

— Балталы, Бағаналы ел, аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл, аман бол.
Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,
Ойнап, күліп ер жеткен жер, аман бол.
Қара басқан қашқынды қоя берме,

Ел жақсысы Тайлақ би ақылы мол.
Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар,
Жоғалма, қайда барса қазылған жол.
Тайлақтың елі, аман бол, қалған елі,

Аман бол, қалың ағаш, аққан селі.
Теруші ем еріккенде ермек етіп,
Еспе жиде, алма ағаш көлеңкелі.
Сегіз сай тау біткенді сала, аман бол,

Халайық қалған елдің шалы, аман бол.
Қарабай қайын атаң сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш бала, аман бол!
Ұзын өлке, жота мен төбе, аман бол,

Тайлақ би ел жақсысы, көп, аман бол.
Изенді, мық жусанды, бетегелі,
Ақкөде малға шүйгін шоп, аман бол!
Жақсы кісі, аға мен іні, аман бол!

Іребдел өңшең мырза жаға, аман бол,
Қайын атаң Қарабай сенен қашты,
Жөргекте Қозы Көрпеш тағы, аман бол!
Байлығын Балталының көрмеймін деп,

Тіліне ер Тайлақтың ермеймін деп,
Кәрі атаң ақылы жоқ өрге қашты,
Қызымды жетім ұлға бермеймін деп.
Баянды бермей кетер саған боқты,

Айым-күнім атарсың қазалы оқты,
Күнінде күйеу болып келер болсаң,
Жолында біз тұрамыз айтқан тоқты.
Қозыеке-ау, піспей қалған сіз бір алма,

Бойыңа қуат бітіп, күш толар ма,
Қозы Көрпеш күйеу боп, біз қайын боп,
Иілісіп тұратын күн болар ма?
Қолынан ит Қарабай малын соймас,

Бір жерде дамыл қылып дәмге тоймас.
Құдайым тағдырын да қосқан болса,
Қайда барсаң, онда бар, сені қоймас!
Үйіңе құдай айдап қыдыр қонар,

Ер Лұқпан қолтықтап жолдас болар,
Егер де сапар қылып бізді іздесең,
Осы ізі тоқсан мыңның соқпақ болар!
Балталы, Бағаналы, халық, аман бол,

Жөргекте Қозы Көрпеш, жалқы аман бол,
Жеңеше, келін-кепшік, құрбы-құрдас,
Халайық бізді ойлаған, жалпы аман бол!
Барады белде-белде дәурен өтіп,

Ат мінген қара жолға қызды еңіретіп.
Таңертең тұрып қалған сонда екі қыз,
Көшке екінді болғанда келді жетіп.
Жөнелді сонда екі қыз белін буып,

Тым сұлу көркемдігі айдай болып.
Көшіне жылай-жылай әрең жетті,
Жылаған жасы атының жалын жуып.
Қарабай тоқсан мыңмен өрге салды,

Жылқыдан Аққайыңды мініп алды.
Су аяғы құрдымнан ара-қонып,
Осы тұрған Семейге жетіп барды.
Дамыл, аял көрмейді көзі терлеп,

Өзге жақпен жүре алмас малы кернеп.
Дамыл жоқта, тыным жоқ көше беру,
Өне бойы жағалар Ертісті өрлеп.
Көше-көше талай жер барып қалды,

Барғанмен барқадар таба алмады.
Көл, қара су бойына жетіп барып,
Қайқайып құм жағалап қайта салды.
Алатаудың жағалап ар жағымен,

Іле басы Құлжаға тағы барды.
Ол жерде келіспеді мал тойының,
Сірә, тоқтау болмады іш орыны.
Іледен қайта көшіп Шыршық барды,

Ұдай көшіп барады Сыр бойына,
Азғана Сыр бойына дамыл алды.
Бір күні ол қаңғырып Қоқан кепті,
Тоқсан атқа бір белбеу сатып алып,

Не қыласыз дегенге "шұлғау" депті.
Көшеді қысы-жазы дамыл көрмей,
Біраз елі қалады оған ермей.
Сағынып Сарыарқаны қайта көшті,

Мазалы, ел ішінде рақат көрмей.
Көрмессің Қарабайдай жарым есті,
Азырақ өзінен де қатыны есті.
Қырық күндік ыстық шөлге қайта көшіп,

Бетпақтың сардаласы барып түсті.

- Қырыстан салқын соқса самал болар,

Мұнан артық не қиын қамал болар.
Құлын, тайым қырылып шөлдеді ғой,
Ойбай, қатын, айта көр, не амал болар?

- Не деп жауап айтайын бұл сөзіңе,

Құдай беріп қойды ғой мінезіне.
Қырылмақтан жойылсын құлын, тайың!
Бұл қылық елден қашқан азды өзіңе!

- Ойбай, қатын, өлсем де тіліңе ермен,

Балталы, мен ұрайын сақалыңды.
Жалғыз тайым қалса да өлсем көрмен!
Көрмессің Қарабайдай жарым есті,
Бірталай көше-көше күні кешті.

Бетпақта бос қамалып жата алсын ба,
Одан көшіп Қарекең Шұға түсті.
Қарекең қырып-жойып Шұға барды,
Ақымаққа құдай берген мұнша малды.

Арқада қызы сұлу бай көшті деп,
Торғауыттан бедеумен Қодар салды.
Жамағат осы сөздің бәрі де рас,
Ерлігі асқан Қодардың о да бір мас.

Мақтаулы қазақ аты көтере алмас,
Астында бедеуі бар алты құлаш.
Қодардың өзі ойланып бір ниетті,
Қамшы басты, бедеуін зар еңіретті.

Қуып жүріп, әркімнен сұрап жүріп,
Шу бойында қамалған байға жетті.

- Әрі-бері көше алмай бос қамалған,

Құлын-тайың шөлдеген кімсің? - депті.
Көңілімді мың мен санға баламаймын,
Бенденің ілігіне жарамаймын.
Су аяғы құрдымнан қашып жүрген,

Алла тағала қаңғыртқан Қарабаймын.

- Қареке-ау, іздеп едім кез келесің,

Қодар батыр мен едім, сен көресің.
Мен шөлдетпей Бетпақтан алып шықсам,
Қанекей, ақысына не бересің?

- Балам-ау, сен іздесең кез келейін,

Сені құдай берген соң неге өлейін.
Сен Бетпақтан шөлдетпей алып өтсең,
Қалың малсыз, борышсыз қыз берейін!

- Қыз берсең сен атасың, мен баламын,

Не қылып тең құрбымнан құр қаламын.
Асыраған қызынды мен алмаймын,
Жалғыз қызың Баянды мен аламын.

- А, балам, қайратыңды мен көрейін,

Жаманға сені неғып теңгерейін.
Сен шөлдетпей шығынсыз алып өтсең,
Сүйген қызың Баянды мен берейін.

- Уағда қылып, серт қылсаң, сенсем екен!

Сенгеннен соң соңыңнан ерсем екен.
Олай-бұлай қызыңның керегі жоқ,
Ақ Баянды, Қареке-ау, берсең екен!

- Жас құлыным қырылды тамам, Қодар,

Бір су тауып бере көр маған, Қодар.
Сен шөлдетпей малымды алып өтсең,
Ақ Баянды беремін саған, Қодар.

- Қареке-ау, осы сөзің жақсы кеп пе,

Жалған жауап сөйлеуге сіздерге еп пе.
Бейнеттеніп Бетпақтан өткіземін,
Дер кезінде, Қареке-ау, алдап кетпе!

- Ұнамаған адамға шөл арықпын,

Қулық қылған кісіге қас шұнақпын.
Қылап қып уағдамды неғылайын,
Серттен тайман, қызымды берер-ақпын.

- Құдай-ау, қайратыма дем бере көр,

Қареке-ау, жылдамырақ жөнеле гөр.
Екі күрек, екі үлкен кетпенменен
Және сегіз, көшіңнен мес бере көр.
"Сөзімді менің айтқан біле бер" деп,

"Атыңа енді отырмай міне бер" деп,
Қодекең ұзын сызып жөнеледі,
"Менің осы ізіммен жүре бер" деп.

- Байталым, енді аяңда, бүгін ел жоқ,

Арқада Аягөздей мөлдір сел жоқ.
Сертіме бұл айтысқан жете алмасам,
Сірә маған Баяндай бұраң бел жоқ.
Ант ұрған, білдірмейді Қодар жасып,

Әр жерден жүз кісілік құдық аршып,
Су шыққаннан су шығар құдығының,
Суы жоғын толтырар меспен тасып.
Сол күндегі жандардан Қодар асып,

Мінезіне қайраты құп жарасып.
Қодекең шауып жүріп қимылдайды,
Аямай бедеуіне қамшы басып.
Сол күндегі жандардан Қодар епті,

Уағда қылған сертіне анық жетті,
Жанды аямай қимылды қылып-қылып,
Неғылса сол Бетпақтан алып өтті.
Аяқ жерде байталы болдырған соң,

Жаяу жүріп көреді көп бейнетті.
Етік қажап, бақайы қанап кетті.

— Байталым, неғыласың, бүгін ел жоқ,

Арқада Аягөздей мөлдір сел жоқ.
Жиналған жан қуанар қыз көрген соң,
Баянды аламын деп көңілі тоқ!
Түнімен құдық аршып, түске шейін,

Сондай құдық жасайды беске шейін.
Кейінің өз суы бар, кейінде жоқ,
Меспен тасып толтырар кешке шейін.
Жылқысы суға қанып тойып алды,

Қодардың әр нәрседен ойы бар-ды.
Мұны құдай жаратқан сонша зор қып,
Анық он кез өзінің бойы бар-ды.
Тоқсан мыңды неғылса қандырды тез,

Әдебі жоқ, мінез жоқ, Қодардан без.
Кәпірдің денесінің бәрі де артық,
Жалпағы жауырынының үш жарым кез.
Қодардың өзі дардай, сөзі дарбай,

Жүреді жанның бәрін көңіліне алмай.
Өзінің денесінің молын қара,
Сыңар ғана жұдырығы қол ағаштай.
Қарабай бұл жүргенін қылмас намыс,

Қодармен сол далада болды таныс.
Өтірік қосқан емес осы сөздер,
Ұзыны жауырынының алты қарыс.
Бұралған тал шыбықтай ол Баян қыз,

Тым сұлу көркемдігі жұртқа аян қыз.
Өзінің денесімен бір ісі жоқ,
Содан үміт қылатын Қодардан без!
Қодар айтты: — Қареке-ау, құлағың сал,

Менің айтқан сөзімді жақсы ұғып ал.
Аягөзге жете алсаң тау бөктерлеп,
Ешқашан қауға тартып шөлдемес мал.
Арғы шеті Аягөз, Лепсі, Ұржар,

Тоқсан мыңға ылайық сонда жер бар.
Бұл жақта бұдан артық су болмайды,
Тоқсан мыңға өзге жер болады тар.
Көрмессің Қарабайдай пейілі тарды,

Қодарға "өзің біл" деп ақыл салды.
Қодардың сол тілімен көшіп келіп,
Жайлап қыстап Аягөз жатып алды.
...Қарабай Сарыбай мен мерген екен,

Күні жетіп Сарыбай өлген екен.
Бұл ауғалы он жыл болып қапты,
Қыз Баян да он төртке келген екен.
Тал шыбықтай бұралған өзі көрім,

Мінекей оны айтатын келді жерім.
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян
Сипатып жаннан асқан ол бір серім!
Тал бойының міні жоқ, қолаң шашты,

Шашының ұзындығы тізін басты,
Гүл төгілген аузынан меруерт тісті,
Ондай жан дүниеде жаралмасты.
Аппақ керік маңдайлы, қылығы наз,

Малың түгіл басынды берсең дағы аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлессе де,
Көңілі қос болмайды, баймен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,

Қозы Көрпеш дегенде денесі тар.
Анда-санда болмаса сөйлеспейді,
Жалғыз жатып Қозы үшін қылады зар.
Қас асыл бой жетті алтын кірпік,

Шақырып Қодар келсе үйтіп-бүйтіп,
Қара көзін қан басып қарағанда,
Маңына жоламайды Қодар үркіп.

— Қайғылы менің көңілім тола ма екен,

Алланың сызығы екі бола ма екен?
Маңайға тантық құлды жолатқызбай,
Қорқытып қойған оны құдай екен.
Баянды сұлу қылса — тәңірім қылған,

Атағымен, даңқымен дүние толған.
Тоқсан байдың баласы тоқсан сері,
Сыртынан көзі көрмей ғашық болған.
Жамаға, осы сөзден күдер үзбе,

Сипаты Баян қыздың жаннан өзге.
Баянға ғашық болып тоқсан бағылан,
Бәрі де іздеп шықты жапан түзге.
Бәрі де ғашықтықпен жаһан кезген,

Баршасы ғашық болып елден безген.
Тоқсан жолдың аяғы бір жол болып,
Бір жолда тоқсан сері кездей келген.
Іздеген Баян қызды соның бәрі,

Бірінен бірі артық ақылдары.
Бір өзінде он кісінің қайраты бар,
Баласы Нұрқара би Көсемсары.
Елінен іздеп шыққан тоқсан бала,

Ақылы тоқсанының тоқсан сала.
Бір өзінде тоқсан кісінің қуаты бар,
Баласы Қаратоқа Бұлан қара.
Елінен іздеп шыққан тоқсан ері,

Әрбірі жанға өлшеусіз көңілдері.
Қайсыбірін айтайын, осалы жоқ,
Аяғы бес кісілік Көсем сері.
Бәрі де жапан дүзде бек сөйлесті,

Қайғысын Баян қыздың жеп сөйлесті.
Біріміз бірімізді күндемелік,
Бағымызды сынайық деп сөйлесті.
Қаратау, Тарбағатай жерге келді,

Жәйтөбе, Қатынсуы көлге келді.
Басынан Ақшәулінің дүрбі салып,
Отырған Аягөзде елді көрді.
Сол күндегі адамнан Қодар мықты,

Қарсы басқан дұшпанын жерге тықты,
Ел шетіне жау келді деді дағы,
Айғайлап тоқсан ерге жалғыз шықты.
Сол күндегі жандардан Қодар епті,

Сескенбей тоқсанымен араласты.
Ықты жарды білетін Қодекең бе,
Сол жерде тау соққандай майдандасты.
Әрі-бері тоқсанмен айқаскан соң,

Біреуі беттемейді, бәрі қашты.
Бәрін бірдей Қодекең жеңіп алып,
Бейне малшы қылды да, малға салды.
Күймедегі Баянды көргені жоқ,

Бұқа-бұға деген сөз содан қалды.
Қарабайдың тоқсан бір құлы болып,
Ен суда малын бағып жатып алды.
...Енді тоқта, қызықты бір көрелік,

Ұмытпасақ, айналып бір келелік,
Қодар, Тоқсан, Қарабай жата тұрсын,
Балталыдан бір жігіт әпкелелік.
Осындай болса керек ердің ері,

Жаңа бір тыңдайтұғын келді жері.
Елінен намыс үшін іздеп шықты,
Тайлақтың кенже інісі Айбас сері.

— Күшімді мың мен санға сынайын деп,

Бір санды садағымен бөгеймін деп.
Елінен намыс үшін іздеп шықты,
Сұраса Қозы ер жетіп, не деймін? — деп.
Ойлайды: қай жекжатқа сенейін деп,

Не қылып ажал жетпей өлейін деп,
Елінен Айбас сері іздеп шықты,
Дұшпанға неге намыс берейін деп.
Қараңыз ер Айбастың қылған ісін,

Бойында аямайды қуат-күшін.
Туысқаны, туғаны, жақын емес,
Іздейтін жетім ұлдың қақысы үшін.
Ер Айбас ойланып жүр ол бір нетті,

Қамшы басып бедеуін зар еңіретті.
Құр айыл, жіп құйысқан тағып алып,
Тұлпармен тай көк деген іздеп кетті.
Ер Айбас көктайменен өрге салды,

Ізімен тоқсан мыңның кетіп қалды.
Қазылған сары ізімен жүре-жүре,
Әйтеуір адаспастай болып алды.
Көктаймен кейде шапты, кейде желді,

Көреді серілікпен талай жерді.
Аз жүрсе, көп жүрсе де, аман-есен
Аяғы Жетісуға о да келді.
Сол күндегі жандардан Айбас мықты,

Болдыруды білмейді көктай тіпті.
Жұрттың айтқан мөлшері болды ғой деп,
Бір биіктің басына келіп шықты.
Көреді батыр Айбас талай жерді,

Ит Қарабай сенделтті есіл ерді.
Сол биіктің басынан қарап тұрып,
Аягөзде отырған елді көрді.

— Астында патшалардың алтыннан тақ,

Болғай-ақ бұл ісіме тәңірім жақ.
Нетейін бұрынғыңды, көктайым-ай,
Барыңды бүгінгі күн қарыштап бақ!
Жер аулақта үш қызға бір сөйлессем,

Одан артық құдайдан тілегім жоқ!
Бар құдай сол тілегін қабыл алды,
Тал түсте ел шетіне жетіп барды.
Өзенде жиде теріп, ойнап жүрген,

Алдынан үш қыз душар бола қалды.

- Біреудің ашылмас бұл бағасысың,

Кіреуке, алтын тонның жағасысың.
Елдің жөнін сұраймын, шырақтарым,
Тоқта үшеуің қай байдың баласысың?

- Ағеке-ау, асыл зада сен бір ерсің,

Жадағай жапан дүзде кез келесің.
Қорықпай Қодекемнен мұнда келген,
Жүрек жұтқан жанбысың, неғып жүрсің?

- Шырағым, тал бойыңда жоқ екен мін,

Иманнан қуаттанып ашылар дін.
Қодайтып "Қодекем" деп сөз сөйлейсің,
Ол нәрсе қайдан шыққан, нәсілі кім?

- Тартынбас әр нәрседен Қодар тайып,

Естісе бұл сөзіңді үлкен айып.
Қодардың атасы жел, анасы жел,
Кез болған сардалада, өзі ғайып.

- Ендеше, Қодарыңды ойға алалық,

Мен бе едім сол итіңнен кем боларлық.
Құдайдан бұйрық болып, демеу болса,
Астына табанымның бір салалық.

- Ағеке-ау, жақсы айтасың, сөзің майда,

Бір пайда тигізе көр осындайда.
Қодарды жеңіп бізге көк әперер,
Алаштан асып туған ер ұл қайда?

- Астымда көктайым бар тұлпармен тең,

Қодарды қылма уайым маған сенсең.
Елімнен әдейі іздеп арнап шыққан,
Құдай қосса, керек-ті соны жеңсем.

- Жоқ еді бір туысқан аға-жеңгем,

Көңілім жақын тартты сізге дем-дем.
Жақындық бізге таман сөз айтасыз,
Ағеке-ау, ел-жұртың болар кім-кім?

- Балталы, Бағаналы елден келдім,

Бақалы, балдырғанды көлден келдім.
Жұрты деп Сарыбайдың естуші ме ең,
Ел жақсысы Тайлақ би елден келдім!

- Ағеке-ау, бұл бір қызық заман екен,

Сізге деген жамандық бізге мекен,
Су аяғы құрдымнан келген болсаң,
Ел-жұрты, қой-қозы аман бе екен?

- Сіздерге күмән шығар, өзіме аян,

Елімнен іздеп келген келінім Баян.
Қозы Көрпеш падыша халқымызда,
Қара орны хан тағында, халқым аман.

- Адамға біздей емес жат пенен өз,

Жапан дүзде, ағеке-ау, келесіз кез.
"Қозы Көрпеш, қыз Баян" деп, сөйлейсіз?
Апалар, жөнін ұқтыр немене сөз?

- Жас кісіде артылмас сенен кеңес,

Біреуге бұйырғанды біреу жемес.
Бір мұңшылық айтамыз әншейін-ақ,
Шырағым, сен есітер дәнеме емес!

- Құлақ кәрі, бой кіші, ақыл дана,

Көктаймен ауылыңа келдім жаңа.
Апаларың жасырса, мен жасырман,
Сөзің рас, шырағым, бермен қара.
Су аяғы құрдымнан іздеп келдім,

Қозы Көрпеш шын жарың, келін бала.

— Атамыз Қарабай да мерген шығар,

Талай жерді қаңғырып көрген шығар.
Қозы Көрпеш дегенді біз білмейміз,
Суға сатып Қодарға берген шығар!

- Шырағым, келіп едім гүл-гүл жанып,

Келгенмен, қуанбадым сөзге қанып.
Көңілің шыныменен жат боп кетсе,
Елімнен неге келдім азаптанып?

- Атамыз Қарабай да мерген шығар,

Қаңғырып талай жерді көрген шығар.
Қозы Көрпеш дегенді біз білмейміз,
Суға сатып Қодарға берген шығар!

- "Байлығын Балталының көрмеймін" деп,

Тіліне ер Тайлақтың ермеймін деп,
Қарекең ақылы жоқ өрге қашты,
Қызымды жетім ұлға бермеймін деп!

- Сәлем де олай болса дұғай-дұғай,

Біз жүрміз қайғысында жылай-жылай.
Барлағалы айтып ем, ей, ағеке-ау!
Көкіректе қаяу жоқ, куәм құдай!

- Ауыздан айтқан сөзің дін емес пе,

Қалжың сөз періштеге куә емес пе?
Екі асыл ай мен күндей жар болған соң,
Өзіңді кірлегенің мін емес пе?

- Ағеке-ау, асыл зада, сіз бір ерсің,

Ініңе сүй деп барып айтты дерсің.
Қылмаңыз сөзге налып жамандықты,
Жазамды, арам болсам, тәңірім берсін!

- Қасыма Баян-Таңсық қыз келесіз,

Қозының Айбасы едім, сіз көресіз.
"Жылдам барып сөйлесіп тез қайт" деген,
Ініме сәлемдеме не бересіз?

- Сәлем де ініңізге, іздеп келсін,

Келмесе сорлы Баян дегені өлсін.
Көңілім кетті Қозыға жаным мұнда,
Айтқан сөзді ініңіз қабыл көрсін.
Алтынды тон, жүзігім белгі болсын,

Қасына не қосады апам білсін!
Қосқан соң ақылына екі қызды,
Екеуі жыламсырап көңілін бұзды.
Ініңе сәлемдеме деп береді,

Жүзік пен тоннан басқа бір тоғызды.

- Апалар, мұны ешкім көрмес пайда,

Ойланбай іс қыласыз осындайда.
Бір тоғыз сәлемдеме бердіңіз-ақ,
Келген адам сый-сыяпат, жолы қайда?
Көктаймен келіп едім бір жыл желіп,

Көңілімді сіздер үшін аққа беріп.
Өз басым сабақты жіп тіпті алмаймын,
Шырағым, көңілім тойды сізді көріп.

- Құдая, сапарына дем бере гөр,

Ағеке-ау, жылдамырақ жөнеле көр.
Жатырмыз Аягөзді жайлап-қыстап,
Ініңді кешіктірмей жеткізе гөр!

- Сөздерің, шырақтарым, тым-ақ майда,

Кім білінбей кетеді осындайда?
Соғыспай әдейі кеп неге кетем,
Дейтұғын Қодар-Тоқсан итің қайда?

- Әзір Қодар сіздерге сөз бермейді,

Жалғыз сіздің өзіңе бөгелмейді,
Ініңізбен екеуіңіз екеулеңіз,
Кәпірдің қайраты мол бой бермейді.

- Көктаймен батыр Айбас өрге салсын,

Құдай берсе ондағы алыққа барсын.
Көзіме көрсет дағы қоя берші,
Итіңнен таяқ жесем, құдай алсын!

- Кәпір Қодар бір тау ғой, кім таласар,

Денесін көрген жанның қаны қашар.
Ағеке-ау, тілімді алсаң көрінбей қайт,
Кетпестей сүйегіңе таңба басар.

- Бәле, бала, сөзіңнің бұзығына,

Тәңірдің тоқтау болмас сызығына.
Жанға өлшеусіз құлынды мақтай берме,
Көрсет дағы қарап тұр қызығыма.
"Тіліне енді осының сенелік" деп,

"Тілеуін біз де мұның тілейік" деп,
Үш қыз қалмай соңынан ере жүрді,
"Қызығын екі алыптың көрелік" деп.
Үш қыз да тамаша ғып бұған ерді,

Таудай болған Қодарды Айбас көрді.
Қыздарға қайратымды көрсетем деп,
Тартынбай батыр Айбас жетіп келді.

- Мен Айбас, сен Қодарсың жаңа көрдік,

Тоңрандаған сөзіңнен тамам өлдік.
Сізді білмей ауылға барып едік,
Қандай жаза қыласың, міне, келдік?
Айбас келіп Қодарды сөзбен шалды,

Қодар батыр шоқпарын жұлып алды.
Үш қызға мақтанды да келеңсіз құл,
Айбасты шоқпарменен салып қалды.
Айбас оның жауырынынан ұстап алып,

Бір-ақ ырғып, көктайдан жұлып алды.
Көктаймен салақтатып желіп кетсе,
Көктайы көтере алмай жата кетті.
Сол күндегі жандардан Қодар мықты,

Екеуінің аты ойнап бетке шықты.
Тура сала екеуі алысқанда,
Келістіріп итіңді тағы жықты.
Астында Қодар жатып бақырады,

Күндей болып күркіреп ақырады.
Айбастың тізесіне шыдай алмай,
Біздің тоқсан қайда деп шақырады.
Күркіреп Ұшан сері келіп жетті,

Япырмай, солар неден үміт етті?
Қодекемді бас салып жатқан кім деп,
Бәрі бір-бір сойылмен салып өтті.
Бәрінің де сойылын жұлып алып,

Көктайға міне қашып Айбас кетті.
Артынан бақа айғырмен Қодар жетсе,
Ұрып-жығып, серейтіп тағы кетті.
Құба жон жығылғаны беттің деймін,

Құдайға емессің құл жетті деймін.

- Неғып тұрсың, Қодеке-ау, жауға шаппай,

Дұшпаның анау қашып кетті деймін?!

- Бұл тоқсан дәулетімде киім киді,

Жалғыз кісі кетірді біздің күйді.
Бір суырдың ініне ат жығылып,
Ақжартасқа бұл басым жаман тиді.
Қас қарайып барады, көз байланып,

Қууға, тоқсан, тұрсың ыңғайланып.
Сендер барып олжа ғып әкеле ғой,
Қуа алмаймын, басым тұр шыр айналып!
Қырды, жойды ер Айбас бөріктіріп,

Үш қыз да қуанады көріп тұрып.
Нені қусын Айбастан үміт етіп,
Басы Қодар ұйлығып, қалды тұрып.
Іс қылды батыр Айбас бойлай-бойлай,

Қырды, жойды, қиратты ерікке қоймай.
"Бізге де болысар жан бар екен" деп,
Күймеде Баян отыр ойнай-ойнай.
Қуанып сұлу Баян жүре берді,

Қайратын ер Айбастың халқы көрді.
Тілдесіп мен үш қызға кетемін деп,
Жүгіртіп көктайымен қайта келді.

- Қорықпаңдар, түк қылмайды мұндай жандар,

Сөзімді менің айтқан сіздер аңғар.
Әл-қуаты інімнің тым-ақ артық,
Сенсеңдер, менікіндей үш есе бар.
Жөнелді батыр Айбас бедеуменен,

Көңіліне алла салған демеуменен.
Мұның да керек күні бола ма деп,
Балға алды, қамшы-қамшы егеуменен.
Көктаймен батыр Айбас төмен шапты,

Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Қыздың берген белбеуі түсіп қалып,
"Қызыл белбеу", "құба жон" қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады, тағы шапты,

Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Бір суытқан айғыры шығып кетіп,
"Шұбар айғыр жорға" деп қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады, тағы шапты,

Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Қыздың берген мейізі түсіп қалып,
"Мейізек" деп тау атын қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады, тағы шапты,

Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Жанындағы жаулығы түсіп қалып,
"Абыралы, жалауы " қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады, тағы шапты,

Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Қыздың берген қарқарасы түсіп қалып,
"Қарқаралы" тау атын қоя сапты.
Сол Айбас тоқтамады, тағы шапты,

Тамам жолдың мәнісін оймен тапты.
Жанындағы шідері түсіп қалып,
"Шідерлі" деген өзен содан қапты.
Сол Айбас тоқтамастан тағы шапты,

Мәнісін тамам жолдың оймен тапты.
Аз жүрсе, көп жүрсе де есен-аман,
Бір күні ел шетіне келіп қапты.
Ел шетіне жақындап барған екен,

Бір қой жайған жақындап көрді шалды.

- Сейілде қой жайған бай, сізді көрдік,

Жасың үлкен екенсің сәлем бердік.
Бұл қойың кімнің қойы, ақсақал бай,
Жолаушы көптен бері жаңа келдік!

- Бар екен әр нәрседен мұның ойы,

Тартқан сымдай көрінер қырдың бойы.
Жарқыным, сен сұрасаң, мен айтайын,
Сарыбай ерте кеткен ханның қойы.

- Ақсақал, бай екенсіз сөзің майда,

Мен дағы жат кісі емес мұны да ойла.
Сарыбай ханның қойы осы болса,
Жалғызы Қозы Көрпеш бала қайда?

- Шырағым, серілік бар сіздің бойда,

Білдім бе, білмедім бе, өзің де ойла.
Қозекең айдай болып жүрген шығар,
Осы жерде қыз ұзатқан жақын тойда.

- Келгенім менің барып бірталай жер,

Байеке, бір пайдаңды тигізе гөр.
Айтарлық шерім де көп, мұңым да көп,
Жалғызды тілінді алса, шақырып бер!
Мінезі шалдың дағы текті дейді,

Сөзіне әбден көзі жетті дейді.
Шақырып тілімді алса келемін деп,
Аяндап топқа таман кепті дейді.

- Жалғыз ұл жастай қалған кездей келдім,

Жолдас болған атаңның кісісі едім!
Бір жігіт ат арытқан қылды керек,
Жүрсең ертіп алғалы келіп едім!

- Неғылып танымадың, байым зерек?

Ол неғылған кісі екен жаннан бөлек.
Жауыр атты мен жаба тоқып жүрсем,
Мен сықылды көрпілдес неге керек?

- Атаңды жасында алған жаббар құдай,

Атадан жастай қалған сен сұмырай.
Жауыр атты сен жүрсең жаба тоқып,
Көктайын жауыр қылған саған орай!
Тіліне шалдың сонда ерді дейді,

Тілегін бір тілеген берді дейді.
"Не де болса сөйлесіп келейін" деп,
Шалмен еріп қойына келді дейді.

- Ағеке-ау, қой қасында сізді көрдік,

Жасыңыз үлкен екен сәлем бердік.
Шақырдың жас баланы неменеге,
Қандай іске жұмсайсыз, міне, келдік?!

- Өсіпсің, кішкене едің, Қозым, дардай,

Қайратың басым еді шығара алмай.
Қайының айлық жерде жақын жатыр,
Сұм жалғыз неғып жүрсің, бір бара алмай?!

- Ағеке-ау, шақыртқан соң келіп ем тез,

Нанбаған айтқан сөзге жаманнан без,
Құлағым керең болсын, естігем жоқ,
Қайта айтшы, "қайын" деген немене сөз?

- Байлығын Балталының көрмеймін деп,

Тіліне ер Тайлақтың ермеймін деп.
Қор атаң ақылы жоқ өрге қашты,
Қызымды жетім ұлға бермеймін деп!

- Көктайың астындағы желмеді ме?

Барсаң көзің, ағаке-ау, көрмеді ме?
Әбден барып мәнісін біліп келсең,
Бір тоғыз сәлемдеме бермеді ме?

- Шырағым, барып едім сертке жетіп,

Көктайды қарыштатып мен еңіретіп.
Тоғыз берген кінә жоқ келінімнен,
Бір құлдың түсіп қалды ызасы өтіп.

- Сөзіңе қыздар сіздің ермеді ме?

Асылдан сәлемдеме бермеді ме?
Бергені бір тоғыздай рас болса,
Шіркіннің бір белгісі келмеді ме?

- Қарабай қайын атаң пейілі тар,

Қодар-тоқсан дейтұғын бір анты бар.
Сен, бала, азырқанба алсаң мұны,
Үш түрлі мұнда келген белгісі бар.
Мақтады бастан аяқ Айбас оны:

- Бір іздемей жатырсың қайтіп оны.

Азырқамай сен, бала, алсаң керек,
Жүзік, бешпет, келді ғой алтын тоны!
Белгісін алып келді, Қозы көрді,
Көрген соң Қозекенің көңілі сенді.

- Маған Тайлақ батасын берсін енді,

Алтын тонды Тайлаққа жібер енді.

- Аққу құстай жарқылдап оның мойны,

Бұл дүниенің қызығы қылған ойны.
Бұралған тал шыбықтай сұлу Баян,
Іздеусіз Баян қайтіп жатыр қойыны.
Өне бойдан сіркедей мін таппадым,

Көрмеген жаным екен, көңілім тойды.
Бармасаң осыны іздеп арман кетпес,
Енді ізде, не қыласын бөтен ойды.
Мен көрдім тоқсан сері бірдей келіп,

Бәрі де Баян үшін басын жойды!
"Тартыс берген соң тамсанба!" деген сөз бар.
Бар көргенін ер Айбас айтып берді.
Қозеке үйге келді беті терлеп,

Анасын шақырады "мұнда кел" деп.
"Ант бер" деп анасының қолын алды,
"Менің жарым кім еді, айтып бер!" деп.

- Түйеге сымбал тартқан теңдей болсын,

Суға аққан мұз бұзылып сендей болсын.
Атын атап, мәнісін айтқан қазақ,
Екі беті жаралы мендей болсын!

- AT МІНІП сары табан желмей ме екен,

Ер жігіт жол бейнетін көрмей ме екен?
Неге жора бастайсың жалғызыңа,
Баласы үй ұзатып келмей ме екен?

- Барайын деп келіпсің сөзге деп,

Боз қасқаны мен айттым жолыңа деп.
Келмейсің деп айтамын соның үшін,
Батыр Қодар шығыпты сорыңа деп.

- Ажалым қайда жетсе, сонда өлермін,

Болмаса бір қызық жол мен көрермін.
Құдай кесел қылмаса қайратыма,
Не қылып бір Қодарға бой берермін!

- Білемін, артық емес Қодар күші,

Ол сол елді қорқытып алған кісі.
Қанша күшті болсаң да сен жалғызсың,
Қорқынышсыз болады елдің ісі.

- Қодарға болысады сол жатқан ел,

Қыламын бір аллаға мен тәуекел.
Ажалдан қашып пенде құтыла ма,
Тағдырға не болса да, байладым бел!

- Байқасам, қажымайтын сен бір шоқсың,

Көзіме, туып менің, күйік бопсың.
Мен түсімнен шошып ем, жалғызым-ау,
Әйтеуір тірі күнде маған жоқсың!
Қайтейін мінезіңді жастық жеңіп,

Не қылса да бір хабар саған келген.
Құйрығың жоқ, жалың жоқ, жалғыз қылып,
Қайғыңды тартқызбаққа маған берген.
Шырағым, бұл сапардан қалсаң нетер,

Көзіңді мен сорлыға салсаң нетер?
Бұл жалғанда көре алмай, жалғыз балам,
Қайғы ойлап бір сен үшін күнім өтер!
Артында иесіз қалды мың сан малың,

Отыз қатын алсаң да саған жетер.
Қуартып мен сорлыны тастап кетпей,
Елден тандап бір сұлу алсаң нетер!
Қорқытып оны Қодар алды деген,

Айбастың айтқанының бәрі бекер.
Жамандықты көрмеген, ей, құлыным!
Жол табылмай жапанда тентіретер.
Артында, сен кеткен соң, мен де өлермін,

Не қайғы бар көретін мұнан бетер...

- Алдымда неше қатар тұрса да оқ,

Тартынып бұл сапардан қалуым жоқ.
Сұлуын дүниенің жисаң дағы,
Бір жарымдай болмайды көңіліме тоқ.

- Ей, жалғызым, кеттің бе,

Тірі тастап жалғанда?
Қызығыңды көре алмай,
Мен сорлы қалдым арманда!
Мен не көрем, ала кет,

Дұшпаның көп аңдыған.
Жалғызым, сен барғанда,
Құдай қосса жарыңды,
Еліңді ойла алғанда!

Жалғызым, сені көріп ем
Өліп барып талғанда!
Жылармын бір сені ойлап ертенді-кеш,
Шешеңнің жылағаны бір бұл емес.

Анықтап Айбас саған айтқан екен,
Қызы еді Қарабайдың Баян еркеш!
Сансыз жылқың, сан қойың қалды артында,
Кімге тастап кетесің, Қозы Көрпеш?

- Ақылым бұл уақытта зерек емес,

Көп тұрмас ертеңгі күн болады кеш.
Сансыз жылқы, сан қойым қалса артымда,
Бір күнде қырылса да, керек емес!

- Байқасам тоқтамассың сөзің бұзық,

Кеткенінде қала ма анаң зарлап.
Сүйеніп қуат қылған жалғыз сенен,
Кімдерге тапсырасың әдейі арнап?
Қозының атқа мініп жүрер шағы,

Не десең де қиын-ды тоқтамағы.

- Тоқтасын деп айтасың соның бәрін,

Бір құдайға тапсырдым сізді дағы!

- Шырағым, қартайғанда сені көрдім,

Тоқтар деп уайым қып айтып едім.
Қапы қалма, шырағым, дұшпаның көп,
Жолың болсын, бар енді рұқсат бердім.

- Япырмау, осы жұрттың пейілі тар,

Бәрінің тоқтатуға ниеті бар.
Мен жүрмей бұл сапардан тоқтамаймын,
Ер Айбас, мінуіме қандай ат бар?

- Жылқыны араладым ерте-кешті,

Бірін жүйрік, біреуін берік десті.
Шыққыр көзім шықпаса мен таныдым,
Дейтұғын бір атың бар күрең бесті!
Жылқыдан бір күреңді алып келді,

Ерттеп дайын сапарға қылады енді.
Арыздасып, қоштасып, қаламын деп,
Басы Тайлақ ел-жұрты бәрі тұрды.

- Айтар сөзім бар, Тайлақ биім, саған,

Қайғымды ескеріпсіз жетіп қалған.
Сапарымды тоқтатам дей көрмеңіз,
Құлдық ата, көңілің қалар маған.

- Шырағым, қайратыңа көңілім еріп,

Мен келдім қалайын деп сені көріп.
Тоқтатар сапарымды деп ойлама,
Амандасып қаламын бата беріп!

- Ендеше, батыр Тайлақ, аз тоқтай қал,

Артымда қалды менің есепсіз мал.
Тапсырдым бар малымды, Тайлақ, сізге,
Соны бүгін түгендеп қолыңызға ал.
Жалғыздан тірі айрылған шешем қалды,

Тапсырдым, көзіңіздің оң қырын сал.
Қайтейін ызаменен мен барамын,
"Не болам!" деп "жалғызым" болады зар.

- Күш-қуатым сен едің қартайғанда,

Сен кеткенде болмай ма заманым тар!
Көзінен елі, жұрты төкті жасты,
Баяндай іздеймін деп қолаң шашты,
Қозының жүрмегіне көз жеткен соң,

Көрісіп елі-жұрты амандасты.
Сыйыспай елі-жұрты зар жылайды,
Анасы тақта қылып жүре алмайды.
Шешесі Тайлақ бимен жүгіріп кеп, а

Қолынан ер Қозының ұстап алды.
Онды-солды бетінен сүйді дағы,
Артынан бата беріп тұрып қалды.
Қанша айтса құлағына енер емес,

Қажымас қара болат майталманды.
Ер Қозы жүріп кетті қатты дінді,
Шуылдап елі-жұрты салды үнді.
Қоштасып ел-жұртымен жылағанда,

Құданың құдіретімен жер сілкінді.
Шешесі айтты: "Қуарып жалғыз қалдым,
Жүремін қуат қылып енді кімді?"
Ер Қозы амандасып жүріп кетті,

Уайым ойламайды қайты тіпті.
"Осыған жолдас болып барайын" деп,
Жүгіртіп көктайымен Айбас келді.

- Ер Айбас, мен ініңмін, сенсің ағам,

Артылды талай жаннан сенің бағаң.
Қалды шешем, артымда қалың малым,
Тапсырдым бар малымды, батыр, саған!

- Бұл елге батыр Тайлақ би емес пе,

Бәрі де мал басыңа ие емес пе?
Көріп келген жерімді тура бастап,
Сені ертіп апарғаным жол емес пе?

- Айбас-ау, мені ойында кем дейсің бе,

Сен менің қайратыма сенбейсің бе?
Жалғызы Сарыбайдың Қозы Көрпеш,
Жетелетіп тапқаным жөн дейсің бе?

- Әкеңді жасында алды жаббар құдай,

Ұқтырды қайын атаң ауылы бұлай.
Үш жүзікті енді алып Айбас берді,
Сәлемдеме үш қызға дұғай-дұғай.

- Ойлашы, мен кімдерден қалысармын,

Есен болсам, бір барып табысармын.
Ендей малы қалды деп қызыққанмен,
Қасық қаным қалғанша алысармын.

- Ойлама сені кімнен кем көрермін,

Мал-басыңды өзіңмен тең көрермін.
Бұл жалғанда жолықпай өліп кетсем,
Құрттай санап соңыра мен берермін!
Сол жерде Айбас қалды, Қозы кетті,

Көзі ұшына бұлдырап барып жетті.
Қалуға Қозыекеңді көзі қамай,
Жүгіртіп көктаймен тағы кепті!

- Жалғызым, жөнелдің бе бір құдай деп,

Атыңның басын бұрма ел бұлай деп.
Қалды шешең, артында қалың жұртың,
Қандай жауап айтасың немене деп?

- Жалғызың көрмегенін көрді деп айт,

Құдайым сұрағанын берді деп айт.
Басымды көп қаңғыртпай халқыңа қайт,
Отқа түсіп балаңыз өлді деп айт!

- Жалғыздың әр қиыны шешіле көр,

Періште отқа салмай өшіре көр.
Айтады қаталықпен, астапыралла,
Құдая, балалығын кешіре көр!
Ер Қозы жүріп кетті дамыл алмай,

Асады күннен күнге күрең талмай.
Әйтеуір елдің жөні осылай деп,
Қисапсыз көп қаңғырды ел таба алмай.
Бірталай жүре-жүре заман кешті,

Атқан аңның етін жеп, сусын ішті.
Күнде мінген күреңкей арықтайды,
Басына ғаріпшілік сонда түсті.
Күреңкей кейде жортқан, кейде желген,

Бір қамысты қопаға азар келген.
Ер тоқымын, жүгенін сыпырып ап,
Сол жерге тәуекел ғып қоя берген.
Қозыға жас та болса тілек берген,

Қасында жолдасы жоқ бұған ерген.
Қозыекең дүзде жүдеп жатыр ғой деп,
Үйінде шешесінің түсіне енген.
Шешесі ерте тұра айғай сапты,

Басы Тайлақ ел-жұртын жиып апты.
Қозыекең дүзде жүдеп жүрген екен,
Бақсы-балгер, ойшыға "ойла!" депті.
Тайлақтай адам болмас асыл текті,

Неғылса да қылғаны сондай епті.

- Мал айтыңдар жолына Қозыекеңнің,

— Халқына батыр Тайлақ жарлық етті.

Ер Тайлақ ойланады, осы нетті,
Көндірді бұл сөзіне осы көпті.
"Мен де айттым, мен де айттым" деп... есеп қылса,
Қойы мыңға, жылқысы жүзге жетті.

Айтқан малдың бәрін деп сойып алып,
Жоқ-жітік, аш-арыққа үлестірді.
Жетім-жесір, аш-арық, молда-қожа,
Бәрінің бір аллаға діні таза.

- Құдая, ер Қозының жолын қыл деп,

— Баршасы көп зарланып қылған аза.

Құдайым құр тастамас сірә кепті,
Дұға қылып, тасаттық тарап кетті.
Құданың құдіретіне қарасаңыз,
Жатқан жеріне бір үлкен керуен кепті.

Керуен қонғаннан соң Қозы барды,
Ішінде бір адам бар ақ сақалды.

- Ойлашы, мен кімдерден қалысармын,

Есен болсам, бір барып табысармын.
Ендей малы қалды деп қызыққанмен,
Қасық қаным қалғанша алысармын.

- Ойлама сені кімнен кем көрермін,

Мал-басыңды өзіңмен тең көрермін.
Бұл жалғанда жолықпай өліп кетсем,
Құрттай санап соңыра мен берермін!
Сол жерде Айбас қалды, Қозы кетті,

Көзі ұшына бұлдырап барып жетті.
Қалуға Қозыекеңді көзі қамай,
Жүгіртіп көктаймен тағы кепті!

- Жалғызым, жөнелдің бе бір құдай деп,

Атыңның басын бұрма ел бұлай деп.
Қалды шешең, артында қалың жұртың,
Қандай жауап айтасың немене деп?

- Жалғызың көрмегенін көрді деп айт,

Құдайым сұрағанын берді деп айт.
Басымды көп қаңғыртпай халқыңа қайт,
Отқа түсіп балаңыз өлді деп айт!

- Жалғыздың әр қиыны шешіле көр,

Періште отқа салмай өшіре көр.
Айтады қаталықпен, астапыралла,
Құдая, балалығын кешіре көр!
Ер Қозы жүріп кетті дамыл алмай,

Асады күннен күнге күрең талмай.
Әйтеуір елдің жөні осылай деп,
Қисапсыз көп қаңғырды ел таба алмай.
Бірталай жүре-жүре заман кешті,

Атқан аңның етін жеп, сусын ішті.
Күнде мінген күреңкей арықтайды,
Басына ғаріпшілік сонда түсті.
Күреңкей кейде жортқан, кейде желген,

Бір қамысты қопаға азар келген.
Ер тоқымын, жүгенін сыпырып ап,
Сол жерге тәуекел ғып қоя берген.
Қозыға жас та болса тілек берген,

Қасында жолдасы жоқ бұған ерген.
Қозыекең дүзде жүдеп жатыр ғой деп,
Үйінде шешесінің түсіне енген.
Шешесі ерте тұра айғай сапты,

Басы Тайлақ ел-жұртын жиып апты.
Қозыекең дүзде жүдеп жүрген екен,
Бақсы-балгер, ойшыға "ойла!" депті.
Тайлақтай адам болмас асыл текті,

Неғылса да қылғаны сондай епті.

- Мал айтыңдар жолына Қозыекеңнің,

— Халқына батыр Тайлақ жарлық етті.

Ер Тайлақ ойланады, осы нетті,
Көндірді бұл сөзіне осы көпті.
"Мен де айттым, мен де айттым" деп... есеп қылса,
Қойы мыңға, жылқысы жүзге жетті.

Айтқан малдың бәрін деп сойып алып,
Жоқ-жітік, аш-арыққа үлестірді.
Жетім-жесір, аш-арық, молда-қожа,
Бәрінің бір аллаға діні таза.

- Құдая, ер Қозының жолын қыл деп,

— Баршасы көп зарланып қылған аза.

Құдайым құр тастамас сірә көпті,
Дұға қылып, тасаттық тарап кетті.
Құданың құдіретіне қарасаңыз,
Жатқан жеріне бір үлкен керуен кепті.

Керуен қонғаннан соң Қозы барды,
Ішінде бір адам бар ақ сақалды.
Қозының аты менен түрін көріп,
Өзгелерден шығарып қасына алды.

- Өзім қожа, молдамын және өзім бай,

Сауда қылып келемін барып Қытай.
Атың арық, түрің жат, жапан дүзде,
Жалғыз жүрсің неғылып, шырағым-ай?
Қожаға Қозы айтады енді бәрін,

Қожа білді Баянға ынтызарын.
Бастан аяқ Қожаға бәрін айтты.
Жасырмады Қозекең баршаларын!
Қозыны падышадан артық күтті,

Түс құбылтып жүретін дұға үйретті.

- Жанның бәрі дос емес, мендей саған,

Бұл түсіңмен көрінбе, балам, — депті.
Қожадан жасырмайды әсте сырды,
Бірігіп он бес күндей дәурен сүрді.
Екеуі жапан дүзде уағдаласып,

Қозыны қияметтік іні қылды...
Көреді батыр Қозы талай жерді,
Жақындап, адасса да келіп еді.
Құбылып, елді аралап үйренгенше,

Деді де бар сиқырын жазып берді.
Айрылды он бес күндік азық беріп,
Бар сиқырын білгенін жазып беріп.
Ел-жұртыңа айтамын хабарыңды,

Уағда қылып, табам деп өзі келіп.
Екеуі екі айрылып жүре берді,
Уағда қылды Аягөз деген жерді.
Арада бір-ақ қонып, ертеңгі күн

Отырған Аягөзде елді көрді.

- Ауылға алыс болса жуықтайын,

Күреңді біржолата суытайын.
Барында қарыштап қал бүгінгі күн,
Баянды өксік болған уатайын!
Бір жерге Қозы аттан түседі енді,

Бір киім Тазшаның реңін... берді.
Аягөзде құдайлап келе жатса,
Өзенде қой жайған таз кездей келді.
Бір тазды бір таз келіп көзі көрді,

Жолаушы таз қойшыға "сөйле" дейді.

- Бұл қойың кімнің қойы, қой жайған таз,

Айта гөр елдің жайын бізге, — дейді.
Бар екен әр нәрседен бұның ойы,
Кесел екен бұл таздың өне бойы.

- Менің қойым деймісің осынша қой?

Қарабай деген дінсіз иттің қойы.

- Шадыр тазым, емессің сөзге майда,

Таз желөкпе келеді осындайда.
Қарабай анттың қойы осы болса,
Тура сілте антыңның ауылы қайда?!

- Япырмау, сен меніңмен таныс емес,

Неткен жансың, өн бойың толған кеңес.
Кешке шейін үш барып, үш қайтасың,
Ауылы Қарабайдың алыс емес!..

- Сенімен сөйлесейін андай-андай,

Қандай жан екенімді байқай алмай.
Екі таз аулақ жерде сырласайық,
Бойжеткен Қарабайдың қызы қандай?

- Тәубеңді, ант ұрған таз, жаңыласың,

Қой жүні бөстегіңді жамыласың.
Солардың құшырына жолығарсың,
Сен қызын Қарабайдың неғыласың?

- Мұндай таз сөз айтқанын өнер көрген,

Жареукелі келеді жалшы деген.
Қозының аты менен түрін көріп,
Өзгелерден шығарып қасына алды.

- Өзім қожа, молдамын және өзім бай,

Сауда қылып келемін барып Қытай.
Атың арық, түрің жат, жапан дүзде,
Жалғыз жүрсің неғылып, шырағым-ай?
Қожаға Қозы айтады енді бәрін,

Қожа білді Баянға ынтызарын.
Бастан аяқ Қожаға бәрін айтты.
Жасырмады Қозекең баршаларын!
Қозыны падышадан артық күтті,

Түс құбылтып жүретін дұға үйретті.

- Жанның бәрі дос емес, мендей саған,

Бұл түсіңмен көрінбе, балам, — депті.
Қожадан жасырмайды әсте сырды,
Бірігіп он бес күндей дәурен сүрді.
Екеуі жапан дүзде уағдаласып,

Қозыны қияметтік іні қылды...
Көреді батыр Қозы талай жерді,
Жақындап, адасса да келіп еді.
Құбылып, елді аралап үйренгенше,

Деді де бар сиқырын жазып берді.
Айрылды он бес күндік азық беріп,
Бар сиқырын білгенін жазып беріп.
Ел-жұртыңа айтамын хабарыңды,

Уағда қылып, табам деп өзі келіп.
Екеуі екі айрылып жүре берді,
Уағда қылды Аягөз деген жерді.
Арада бір-ақ қонып, ертеңгі күн

Отырған Аягөзде елді көрді.

- Ауылға алыс болса жуықтайын,

Күреңді біржолата суытайын.
Барында қарыштап қал бүгінгі күн,
Баянды өксік болған уатайын!
Бір жерге Қозы аттан түседі енді,

Бір киім Тазшаның реңін... берді.
Аягөзде құдайлап келе жатса,
Өзенде қой жайған таз кездей келді.
Бір тазды бір таз келіп көзі көрді,

Жолаушы таз қойшыға "сөйле" дейді.

- Бұл қойың кімнің қойы, қой жайған таз,

Айта гөр елдің жайын бізге, — дейді.
Бар екен әр нәрседен бұның ойы,
Кесел екен бұл таздың өне бойы.

- Менің қойым деймісің осынша қой?

Қарабай деген дінсіз иттің қойы.

- Шадыр тазым, емессің сөзге майда,

Таз желөкпе келеді осындайда.
Қарабай анттың қойы осы болса,
Тура сілте антыңның ауылы қайда?!

- Япырмау, сен меніңмен таныс емес,

Неткен жансың, өн бойың толған кеңес.
Кешке шейін үш барып, үш қайтасың,
Ауылы Қарабайдың алыс емес!..

- Сенімен сөйлесейін андай-андай,

Қандай жан екенімді байқай алмай.
Екі таз аулақ жерде сырласайық,
Бойжеткен Қарабайдың қызы қандай?

- Тәубеңді, ант ұрған таз, жаңыласың,

Қой жүні бөстегіңді жамыласың.
Солардың құшырына жолығарсың,
Сен қызын Қарабайдың неғыласың?

- Мұндай таз сөз айтқанын өнер көрген,

Жареукелі келеді жалшы деген.
О да біздей жаралған адам шығар,
Соларға әулиелік қайдан келген?

- Көрмедік бұл жалғанда сендей тантық,

Соларға тең бола ма сендей шартық?
Сән-тұрманы мүкәммал киім анау,
Соның үшін сені мен менен артық!

- Сұлу деп шығушы еді аруағы,

Артық болса артық та оның бағы.
Біз де адам ғой айтсаңшы, нең кетеді!
Қандай-қандай қызы бар сүйтсе дағы?!

- Сөзіме менің айтқан нанбай ғана,

Ай, Таңсық екі қызы дардай ғана.
Қыпша бел, алма мойын, сұлу Баян,
Сипаты сұлу Баян сондай ғана!
Көзбен көрмей, ауызбен айтып болмас,

Өзі теңдес адам жоқ оған жолдас.
Дидарын көрген адам көзі ұялар,
Жігітті ғашық қылмай, ерікке қоймас!
Мақтауға аузым олақ айта алмаймын,

Хор қызы кітаптағы ондай болмас.
Көргем жоқ оған орай бір жігітті,
Қолы жетпей жамандап адам оңбас!
Тоқсан бір Қодарменен сұр бойдақ бар,

Маңына алмақ түгіл бір бара алмас.

- Жапанда, тазша ағаеке-ау, жүресің бе?

Құрбыңмен сен де ойнап-күлесің бе?
Байдың қызы малшымен сырлас болар,
Солардың тамыры кім, білесің бе?

- Апырау, мұның өзі неғылған жан?!

Сөзіме сөйлемеген еш қоймаған.
Сан қоймен ерте кетіп, кеш келемін,
Сен ант ал, білмесіме құдайға нан!

- Тазша күл, кәртейіпсіз, сізді аяймын,

Сен кетсең орныңа мен тұрайын,
Азат бол, көрінбестен үйіңе қайт,
Сан қойды сенің үшін мен жаяйын.

- Жақты ғой құлағыма мұның маған,

Жанға соқпай жөнелсін мен кәрі ағаң.
Сан қойды менің үшін жайсаң, балам,
Қолыңа қалағаның тисін, балам!
Екі таз жапан дүзде кез келеді,

Басы шалыс, аяғы жөн келеді.
Қарабай жаудың қойын аясын ба?
Тұрғын тазға жүз елу қой береді.
Ташкен барсаң еліңді табарсың деп,

Тазшаны тұнғатырып жөнелтеді.

- Шырағым, сен екенсің ердің ері,

Сендей ерді көргем жоқ көптен бері.
Көп қайта Қарабайды сен сұрайсың,
Шыныңды айт, сен Қозының қандай жері?

- Тазша күл, қой жаясың ерте-кешке,

Ғаріптік шаршағанда түседі еске.
Алашқа мені айтсаң өлтіремін,
Қозы Көрпеш дегенің мен емес пе?

- Бетім-ау, мына біреу кісіге бақ,

Мақтаған шығушы еді сені аруақ.
Қандай жан деп таң қалып жүруші едім,
Талтайған таз екенсің өзімдей-ақ!

- Жетпейін мен нәлеттеп тегіңе енді,

Жөн кетсең жараушы еді жөніңе енді.
Таз кепті басындағы жұлып алды,

- Мұндар таз, мұнда айналып қара! — депті.

- Мынау қолдан жасаған көбім еді,

Рас Қозы Көрпеш екенін сонда білді.
Алаштың айтқан сөзі тура келді.

- Қайда барсаң, сонда бар, жолың болсын,

Қосағыңмен қоса ағар, балам! — деді.
Екі таз екі айрылып жүре берді,
Ақылы Қозыекеңнің кемел еді.
Ауыл жата қойды айдап Қозы Көрпеш,

Ауылына Қарабайдың ап келді енді.

- Ойласа мынау ақыр заман ба еді?

Астында күрең шардақ шабан ба еді?
Мұнша кешке қойымды неге ап қалдың,
Ит-құстан, одан-бұдан аман ба еді?
Қарабай әлі еш нәрсе ойға алған жоқ,

Қозыекең Баянды ойлап көңілі тоқ.

- Сен қорқатын еш нәрсе көрінбейді,

Қойынды оза шауып, жау алған жоқ!

- Білімсіздің айтқанын көп елемес,

Адамзат ақыл жетпей өлер деме!
Ойбай, қатын, бір нәрсе тамақ сайла,
Қарны ашып келген бе тазша неме!

- Қарабай, ат мінесің бек тағалап,

Ақ қасқыр ауылыңды жүр жағалап.
Қара інген от басында шөгіп жатыр,
Жүгірген бозша тайлақ жар жағалап.
Бай айтады: — Үш қызым, мені көрші,

Үшеуің шапшаңырақ бері келші.
Тазшаның тұспалдаған сөзі өтті,
Соның маған мәнісін айтып берші.

- Бұл тазша үйде айтты ғой, дүзде айтқанын,

Білмейсің бе, ақ қасқыр сізді айтқанын.
Қара інген от басында әжем бақыр,
Бозша тайлақ дегені бізді айтқаны!

- Апалар, жасың үлкен, ойың теңіз,

Сіздерге салайыншы мен бір кеңес.
Түрі жат, төркіні жат, әр нәрсесі,
Мынау сіздің күндегі тазшаң емес.
Қозекең бір білінді өнер бастап,

Не қылғанын тұрады қыз байқастап.
Иіліп ақ боз үйге кіріп келді,
Сол жағының тізесін сипап тастап.
Қозының не қылғанын қыздар білді,

Ішінен бір сұмдықты біліп алды.
"Әлде болса алды-артын байқайық" - деп,
Сығалап босағадан тұра қалды.

- Асылым алыс жерден іздеп келген,

Құбылып бой жасырып біздің елден.
Шешем жатыр бір табақ өкпе сайлап,
Кім екенін білеміз осы жерден!
Бәйбіше сонда ішінен налып келді,

Табағына өкпесін салып берді.
Құлаш-құлаш өкпеге істік түйреп,
Қайқайтып, қарағай табақ алып келді.

- Қарабай, менмін жарлы, сенсің малды,

Бір өкпеден басқа асың қайда қалды?!
Қашанғы зорлығыңа көнейін, — деп,
Қақ басқа табақпенен салып қалды.
Ағаш табақ басына қатты тиіп,

Қабағын Қарабайдың жаман жарды.
Қой шетіне күреңді мықты арқандап,
Күңкілдеп тазша болып жатып алды.

- Біреу жарлы, біреу бай күндемелік,

Қылған ісін жаманның мін демелік.
Жарса жарсын қабақты, ойбай, қатын,
Малды бақпай кетеді, үндемелік.
Баянды сұлу деді көрген халық,

Қозының Баянды ойлап жүзі сарық.
Қой шетінде Қозыекең ұйықтап жатса,
Соның нұры мың қойды қылар жарық.
Баян кеп апасына сөз айтады,

Ұяла ибадатпен аз айтады.
Бата алмай оятуға Қозыекеңді,
Түнде үш келіп, үйіне үш қайтады.
Ер Қозы аман-есен қызға жетті,

Қыз Баян қосыла алмай болды дертті.
Сол үш қыз сөйлесем деп жетіп келсе,
Таң сарғайып артынан атып кетті.
Үлкен толғау түседі қыз ішіне,

Қой жайылып кетеді өз ісіне.
Бір сұм қызды жіберді қоймен бірге,
Тоқты кебін кигізіп терісіне.
Ер Қозы күрең кейін мінеді ерлеп,

Елінен өзі жалғыз жүрген серлеп.
Бір қызды кеп кигізіп қыздар қосты,

- Осының кім екенін біліп кел,- деп.

Қой келді, Қозы келді, тоқты келді,
Жапанға елден аулақ шыға келді.
Ел жоқ, күн жоқ, жапанға келгеннен соң,
Қозыекең мұншалықпен жылайды енді:

- Мұндайлыққа салды ием,

Мен сықылды жалғызды.
Бір қыз үшін дертті боп,
Иттің де қойын жайғызды.
Мен елімде көруші ем,

Не сықылды әр қызды,
Бәрінен де көңілімді,
Жалғыз Баян қалғызды.
Жолын білмей бұл шөлде,

Жер түбіне барғызды.
Ақылдасар кісім жоқ,
Тау мен тасты шалғызды.
Керуен кез боп жапанда,

Онан сиқыр алғызды,
Тазша кебін кигізіп,
Кішілікті қылғызды.
Оянушы ем тал түсте,

Қайғымен ерте тұрғызды.
Дүниеде ғашық қатты екен,
Көңілді бұған бұрғызды.
Бере ме тәңірім, бермей ме?

Ынтықты болған бір қызды?
Қосылғанша мен соған,
Ішіме қайғы толғызды.
Атадан туған мен бір шоқ,

Садаққа салар сайман жоқ,
Балталыдай жерім жоқ,
Бақалыдай көлім жоқ.
Ақ кезеңдей белім жоқ,

Ер Тайлақтай биім жоқ.
Тай шаптырым желім жоқ,
Баян үшін қой жайдым,
Өте де шыққан дүние боқ.

Алдымда менің балам жоқ,
Жат жерде менің бағам жоқ,
Артымда менің інім жоқ,
Сүйгенімде мінім жоқ,

Ала алмасам осы жол,
Тірі де жүрер күнім жоқ.
Алдымда менің жалым жоқ,
Айдап та барар малым жоқ.

Алып та сені тынбасам,
Елге жетер халым жоқ.
Артымда менің құйрық жоқ,
Көңілден сірә жүйрік жоқ.

Іздеп те келген қыз Баян,
Қосар да тәңірім бұйрық жоқ.
Талаппенен келіп ем,
Танымады қыз Баян.

Кемдікпенен келіп ем,
Келеке етті қыз Баян.
Шыбын жаным тұрғанда,
Бұ тілеуден қайтпаспын.

Сенен басқа хор қызы,
Болса да көңіл салмаспын.
Шашы күміс, басы алтын
Болса дағы алмаспын.

Танымасаң, қыз Баян,
Танытқалы бармаспын.
Қамықпайын, тоқтайын,
Бұл қайғыға қанбаспын!

Сені алмасам осы жол,
Тірі де жүріп оңбаспын.
Құдай кесел қылмаса,
Тоқсан бір құлға болмаспын.

Тынығайын біраз күн,
Бірін де бүйтіп қоймаспын.
Құдай сені шын қосса,
Қызығына тоймаспын!

Темірде күйме кілт жоқ,
Қыз Баяннан үміт жоқ.
Осында жүріп мен өлсем,
Сүйегімді іздер жігіт жоқ.

Ер Қозы жырлайды екен жалғыз жүріп,
Жүргенін кемшілікпен қайғы көріп.
Манағы тоқты қашты енді ауылға,
Мәнісін осы сөздің естіп-біліп.

Тоқтыны Қозы білді жайын тіпті,
Қайласы бар батыр ғой өзі мықты.
Андып жүрген дұшпанға жолығар деп,
Аузы-мұрнын қан қылып қойға тықты.

Қой келді, Қозы келді, тоқты келді,
Үш қыз да қой алдынан келіп еді.

- Мәнісін еш нәрсенің білдің бе?— деп,

Оңаша ап тоқты қыздан сұрайды енді.

- Апалар, азар қалдым есен-аман,

Басыма түсті менің ақыр заман.
Білімсіздік қылмаңдар, әдеппен бар,
Мінезі Қозыекемнің тым-ақ жаман.
Апалар әрбір түрлі сөз айтады,

Қайғы тартып, уайым жеп айтады.
Ендігісін біле бер өздеріңіз,
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, деп айтады.

- Ендеше, тілегімді бір құдай берген дағы,

Құл болып дұшпан оты сөнген дағы.
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, деп сөйлесе,
Құбылып тазша болып келген дағы!
Күні бітті уәделі келер деген,

Көп сарғайған жарым ғой қайғы жеген.
Мен кешеден танып ем, тек емесін,
Жүрегім көрген жерден лүпілдеген!
Жүгіріп қой алдынан қыздар келген,

Келе жатқан қыздарды Қозы көрген.
Соңынан қыздар еріп бір қалмайды,
"Азырақ сөйлессеңіз қайтер екен?"

- Аягөз қарамаймын терегіне,

Қыз Баян үкі таққан желегіне.
Қодар мен тоқсан алып тұрған шақта,
Көбеген таз сендерге керегі не?

- Қодар ма еді Баянның ғашық жары?

Жолдас болған кісінің болмас ары.
Алыстан тоят алып ұшып келген,
Қанікей жібек баулы ақ сұңқары?

- Не қылсам табылады бойымда еп,

Сиқырменен жүремін басымда кеп.
Таз кепті басыңдағы жұлып алды,
Ендеше, мен ақ сұңқар болайын,— деп.
Таз кепті жұлып алып бетін ашты,

Баян қыз қуанғаннан жаман састы.
Екеуі бірін-бірі таныған соң,
Қуанып тура сала құшақтасты.
Құшақтап қанша тұрды, кім біледі?

Екі қыз бір жыласып, бір күледі.
Ай мен күндей екеуін толықсытып,
Бұраңдатып шеткі үйге ап жүреді.
Киімі Баян қыздың бәрі жібек,

Алтын сырға, білезік жаннан бөлек.
Үлде-бүлде мамықтан төсектері,
Екі апаның көңілі тіпті зерек.
Төсекке бүгін олар жатқан да жоқ,

Бірін-бірі көрген соң болады тоқ.
Жиылды серілердің бәрі ойынға,
Ішінде Қозы, Баян жайнаған шоқ
Баян айтты: — Қозекем, келдің, — депті,

Аман-есен, қарағым, көрдің, — депті,
Есен-аман екеуі көріскен соң,
Қайғының ішіндегі бәрі кетті.
Киімі Баян қыздың тиін болды,

Сол жерде бір келеге жиын болды.
Сол қалжыңмен өткізіп таң атқан соң,
Қайта кебін кимегі қиын болды.

— Киіңіз кебіңізді, арланбаңыз,

Осылардан басқаға сыр бермеңіз,
Кішіліктен еш нәрсе кемімейді,
Аңдып жүрген дұшпан бар, еш сенбеңіз.
Некелеп алар жарым деп жүріпті,

Аңдып жүрген дұшпан деп сақ жүріпті.
Күндіз тазша, ол түнде Қозы болып,
Дым болмаса бір жылдан көп жүріпті.
Іздеп жүріп Қозекең тапты қайың,

Нені іздесе тамаша бәрі дайын.
Баян мен Қозы Көрпеш көңілі тынды,
Құдекеңнің айтайын енді жайын.
Қодекең жылқы жайып жүрер еді,

Ұялмай бұған қайтіп қыз ереді,
Жылқыдан көш ат бөліп айдап кел деп,
Қарекең ерте тұрып жібереді.
Жылқыда Қодар жүрген қосты бойлап,

Жүреді тоқсанымен күліп-ойнап.
Көшеді деп ертең ауыл хабар барса,
Көш атқа алпыс аяқ келген айдап.
Қодекең бақа айғырмен cap желеді,

Мінезін Құдекеңнің халық көреді.
Арсаңдап жылқыны айдап жетіп келді,
Тысқарыдан Қозы Көрпеш кез келеді.

- Бері кел, тазша, бойың қысқа, — дейді,

Адам жоқ сенен басқа тыста, — дейді.
Бұлғақтап қара жорға ұстатпайды,
Жеңгеңнің атын келіп ұста, — дейді.

- Мен тазша, сен Қодарсың, ой ойлаймын,

Қыңырайсаң қыңырай, бір болмаймын.
Атын ұстап, шұнақ құл, өзің жалын,
Ілгері күреңменен қой айдаймын.

- Қап-қап, тазша, қап, тазша, мен нетермін,

Бақа айғырға қамшысын еңіретермін.
Қиын жерде қысталаң сөзің өтті,
Кеш жөнекей теперіш көрсетермін!
Көш келді, қыздар келді, Қодар келді,

Бұлқысып бақа айғырмен желеді енді.
Үш қызға мақтанды да келеңсіз құл,
Тазшаның жауырынынан ұстайды енді.
Қозыекең сол арада ой ойлайды,

Тартыспайын десе де, құл қоймайды.
Сүйретіп бақа айғырдан жұлып алып,
Көтеріп күреңкейге жүре алмайды.

- Тілесең тілегіңді тәңірім берер,

Құданың қылығына пендем көнер.
Тіршілікті, тазшаеке-ау, ұмытпайын,
Қоя берші, көштегі жеңгең көрер!

- Жапанда мықты болсаң өнер баста,

Құдай қолға берген соң мықтап таста.
Мұнан басқа дәл сенің дұшпаның жоқ,
Шамаң келсе аяма тым-ақ саспа.
Қозыекең әр өнерді бастайды енді,

Көңіліне жамандықты қоспайды енді.
Нетейін қанын жүктеп осы иттің деп,
Анадай жер лақтырып тастайды енді.
Басылып Қодар көңілі болды баяу,

Бір сұмдық көңіліне кірді қаяу.
Қарабай ерте көшіп, кеш қонады,
Келеді ұзақ күнге Қодар жаяу.
Әр жерде Қодар шаршап отырады,

О дағы өз еліне батыр еді.

- Бері кел, қойынды айдап, қасыма ер, — деп,

Қозыекең Қарабайды шақырады.

- Қарабай шал қартайған, бері келші,

Өзіңе қас қылғанды досым деші,
Қойынды мен серкештеп өткізейін,
Қарабай шақырған соң келді дейді,
Боларын бір сұмдықтың білді дейді.

Қозыекемнің дегенін екі қылмай,
Амалсыз шақырған соң келді дейді.

- Қарабай, жәйлі қоныс қыста, — дейді,

Көңіліңді сүймес асқа қыспа, — дейді.
Құрдымнан су аяғы қашқан итсің,
Құйрығын бақа айғырдың ұста, — дейді.
Қарабай бармаймын деп қарыспайды,

Сөзбенен ерегесіп жарыспайды.
Қайратын Қозыекеңнің көргеннен соң,
Құйрығын бақа айғырдың келе ұстайды.
Ұстатып құйрығынан өрге жүзді,

Қарабай ғаріп жаннан күдер үзді.
Жалдатып өрге жүзіп келе жатса,
Байқамай бір жартасты жаман сүзді.
Сөйледі сонда Қозы қызға қарап,

Қор қылды Қарабайды итке балап:

- Атаң қошқар болған ба тас сүзетін,

Алып келіп тастайды көзіне ұрып.

- Емін-еркін жапанда жүре алмадым,

Уайымсыз, қайғысыз тұра алмадым.
Су аяғы құрдымнан қашып едім,
Жақсының қасиетін біле алмадым!

- Әкем жалғыз жапанда жүретұғын,

Қартайса да Аққайың мінетұғын.
Оңалған соң тәңірін ұмытатын,
Ыңқылдаса ақылы кіретұғын.
Қозыекең құдайына сиынады,

Қайраты Қозыекеңнің қызға ұнады.
Бір кеште екі ақымақ бейнет көріп,
Қас қарая алды-арты жиылады.
Бас қосқан соң сөйлейді екі ақымақ,

Қарабай Қодарға айтты: малыңды бақ.
Сөзіне Қарабайдың бойы балқып,
Тантық Қодар жылқыға болды шықпақ.
Қодар айтты: — Қарабай сөзіме ерсін,

Қодар батыр күйеуім мені десін.
Биылғы жыл жылқыға жұт болады,
Қайраты бар тазшаны маған берсін.
Қодардың осы сөзін Баян сынар,

Қызығына тойған жоқ, күнде құмар.
Қарағым, тілімді алсаң, Қодарға ерме,
Ақылы жоқ, тантық құл жазым қылар.
Қодарсыз Қарабайдың көңілі күпті,

Жылқыға тазша барса қайтер депті.
Осы иттің тілін бір жол алайын, — деп,
Тәуекел бір сапарға еріп кетті.
Түйемойнақ, жылы тау айдап барды,

Қой маңыратқан жылқысын әрі апарды.
Арғы шеті Сауыр мен Сойқал қылып,
Жылқыны қоя беріп, жатып алды.
Жылқыға тіпті жайлы Қодар маман,

Сырт дұшпан бата алмайды, бұл бір қабан.
Қодекең шүйгітеді қайдағы өткен,
Жылқысы семіз шықты есен-аман.
Жапанда батыр Қодар ой ойлайды,

Тарпанды асауменен бір қоймайды.
Алты ай шығып, жаз шығып, қар кеткен соң,
Жылқыны елге таман қайта айдайды.

- Жолдастар, сөздеріңді оң көрейін,

Ауылға жылдам барып бір келейін.
Жеңгеңді сағындым ғой жіберіңдер,
Сендерге өрік, мейіз әкелейін.
Күнінде бақа айғырмен Қодар салды,

Қостан шығып Аягөз елге барды.
Ауылға үш-ақ күндей еру қылып,
Төртінші күн жылқыға қайта айдайды.

- Ебін тапқан екі асар, амалданған,

Тәңірім дәулет беріпті мұнша маған.
Жиырма жылқым өлді осы қыстан,
Қара малың түп-түгел, бәрі де аман.
Ойласам батыр Қодар сенсің дейді,

Жиырманың ол несін шығын дейді.
Мұндағы қара малым аман дейді,
Сең ұрып бір жүз қойым суға кетті.
Жапанда өңшең жалшы қулық бастар,

Бірінің айтқан сөзін бірі қостар.
Өзің барып жылқыны қайтарып кел,
Арық-шеру уақытта қырып тастар.
Қаңтарда қарыс жауған кардай болды,

Алты атан сымбыл артқан нардай болды.
Жылы сөзді есітіп қайта салды,
Өзің баршы дегенге дардай болды.
Қодекең үстіп жүріп күндері өтіп,

Қарабай қойды мұны әуре етіп.
Баянды алмақ түгіл, көрген де жоқ,
Арсаң қағып жылқыға келді жетіп.

- Қодеке-ау, есен барып, тез келдің бе?

Жеңгемді күймедегі сен көрдің бе?
Кетіп ең дардай болып сен мақтанып,
Қанекей өрік, мейіз әкелдің бе?

- Не қылсаң көңіліңді енді суыт,

Жемес астан бұл неме қылады үміт.
Дәл бір аяқ мейізді қойып еді,
Асығыс боп ауылда қалыпты ұмыт.

- Қодеке-ау, олай болса мен желейін,

Ел-жұртты сағындым ғой бір көрейін.
Киімім кірлеп кетті, жеңім тозып,
Кір-қоңымды жуғызып тез келейін.

- Барсаң барып келе ғой, барып қана,

Бір мықты атпен келе ғой, салып қана.
Үш күн жатып жегенім жарты мойын,
Аштан өліп қаласың, тазша бала.
Кеше ғана кетіп ем, мен жолықпай,

Өрік, мейіз келе ғой алып қана!
Баянды көрген емес өзі барып,
Мақтанып жүреді екен құр ұйғарып.
Алты ай жүріп отарда батыр Қозы,

Сағынып ғашық жарын келді салып.
Айтайын ер Қозының келген жайын,
Қозыекең көп сағынған туған айын.
Кебін тастап Қозы боп күймеге енді,

Ойына алған нәрсенің бәрі дайын.
Үш қызбен қалжыңдасып отырғанда,
Айтады да, күледі Қодар жайын.
Мінезі Қозыекеңнің жүйрік көрді,

Тоғыз-он күн күймеде қызық көрді.

— Қарғам-ай, етің кірлеп кетіпті, — деп,

Ішінен торғын көйлек тігіп берді.
Қодар көрсе, қодаңдар, ызыңдар деп,
Көйлегінің жағасын бүгіп берді.
Қозыекең тар күймеде ой ойлайды,

Ойын менен күлкіге бір тоймайды.
Тоғыз-он күн күймеде ойнап-күлсе,
Қарабай "кайтпай ма?" деп ызындайды.
Жылқыға ертең Қозы бармақ болды,

Баянның нұрын ойға алмақ болды.
Баян айтты: "қарағым, кешікпей кел!"
Осы сөзі Баянның салмақ болды,
Жүрген-тұрған баршасы ойдан шығып,

Баянды көргеннен соң көңілі толды.
Мінезі Қозыекеңнің көрді дейді,
Қайраты мың кісілік ерді дейді.
Тоғыз-он күн Баянмен ойнап-күліп,

Ер Қозы жылқысына келді дейді.

- Мұндар таз, асауменен сен желдің бе?

Күймедегі жеңгенді сен көрдің бе?
Он күн жатып, шіреніп азар келдің,
Қанекей өрік, мейіз әкелдің бе?

- Салалық кел әңгіме, десіп отыр,

Бір мейіз жан қалтадан жесіп отыр.

— Қодекеме мейіз бер деп айтып ем,

— Қодарға құрт ала бар десіп отыр.

Құрық салса, Бақа айғыр бойлайтұғын,
Қоста жатып Қодекең ойлайтұғын.

- Кешегіде жолықпай кетіп едім,

Әзіл тастап жеңгеңіз ойнайтұғын.

- Қыздардың келіспейді сізге түрі,

Сен дегенде бәрінің күңкілдері.
Қодекеме мейіз бер деп айтып ем,

- Адыра қалсын Қодарың — деді бірі.

- Қарабай қайын атаң о да кәрі,

Тар күймеде Баян қыз Қодар жары.
Айтса айтсын, сұм тазша, дәнеме емес,
Тұлпардың өз тұяғы бізге дәрі.

- Қарабай қайын атаң малын сойды,

Тарқады жамағаты, дәмге тойды.
Қайын атаң айтады саған сәлем:

- Қысыр бөліп жылқыдан әкел!— дейді.

- Той қылып, қымыз беріп, елді жиып,

Баянды күйеуіне қосам!— дейді.
Қарабай қайын атаң сені мақтап,
Мініп жүр бедеуіңді сендей баптап.
Марғау кетсін Қодарың, тимеймін деп,

Сідігін саған қойды қыздар сақтап.

- Сұм тазша, олай айтсам, бұлай дерсің,

Мінезің тіпті жаман, өзің керсің.
Айтқаныңның бәрі де бейне мазақ,
Сен менен осы жерде таяқ жерсің!

- Қодеке-ау, тіпті жаман бұл мінезің,

Баянға түрленерлік келді кезің.
Қыздар да ғашық екен мінезіңе,
Қасақана айтып ем қалжың сөзім.

- Олай болса, тазшаеке-ау, ой ойлалық,

Тарпанды асауменен бір қоймалық.
Өзге жаман жанымды тындырмайды,
Екеуміз бие бөліп елге айдалық.
Мен күйеу ғой, тұрайын сонда қырын,

Сен білесің ағаңның ішкі сырын.
Мен барғаным ауылға ұят болар,
Желі тоқпақ, құрықпен әкел бұрын!
Қозекең әр өнерді бастап келді,

Күндей желпіп күреңді бостап келді.
"Осыған мен бір істі көрсетем" деп,
Құрық, тоқпақ, желісін тастап келді.
Қозының алтын жүзі жарқылдайды,

Тантық Қодар күңкілдеп тарқылдайды.

- Құрығы жоқ, тоқпақ жоқ, құр қол болып,

Мұны қайтіп ұстар, — деп барқылдайды.
Қозы мерген садақпен қу атады,
Жазым болса орнында су атады.
Желінің құлаш-құлаш қазығы бар,

Бармағымен басып-ақ зымыратады.
Қозының қайратына жұрт таң қалды,
Қайраттанып жылқыға жетіп барды.
Құйрығына қол тисе алып келіп,

Бар асауды көгендеп, тізіп салды.
Көрген соң Қодар мұны болды дертті,
Ала бедеу байталмен келіп жетті.
Менің айтқан сөзімді кер салдың деп,

Келістіріп қақ басқа салып кетті.

- Мал бағар қысты күні малды кісі,

Балуанға түседі әлді кісі.
Су аяғы құрдымнан келген болса,
Құлдан таяқ жей ме екен жанды кісі?
Қозыекең мұны естіп жетіп барды,

Қодардың жауырынынан ұстап алды,
Қодар да аянбай-ақ тартысса да,
Ала бедеу байталдан жұлып алды.

- Қап-қап, тазша, япырмау, неттім, тазша,

Жақсылығым басыма жетті, тазша!

- Қодеке-ау, сен де ойнадың, мен де ойнадым,

Сенен артық, Қодеке-ау, нені ойнадым?
Бұзау тіспен кетіп ең тарсылдатып,
Үлкен аға ойынымды көтерер деп,
Ойнап ем, ашуланып соған неттің?

- Түбіме ойнаған боп әбден жеттің.

Өтірік айтсам, тазшаеке-ау, ол да оңбайын,
Кел қоя бер, бұтыма тышып кеттім.
Қозыекең бір білінді өнер бастап,
Қодарды да қорқытты ерге жастап.

Тұңғиық қара суға иірім-иірім,
Қодарды Қозы кетті атып тастап.
Қор болды батыр Қодар мысы құрып,
Суға кетіп қалсын ба қарап тұрып.

Қарбаң-құрбаң алақтап бойы ұзын құл,
Суға кетпей шығады құлаш ұрып.

- Мынау да мықты ит екен, ойға алалық,

Мұнымен табандасып не қылалық.
Аударысқа қолында бар тәсілі,
Қатарлап он кетпенді оқ салалық.
Қатарлап он кетпенді алып кепті,

Өңшең батыр сауықшыл жиылады.
Бісміллә деп ер Қозы тартып еді,
Он кетпеннен қол оғын өткізеді.
Қодар тағы келеді сертке жетіп,

Оғын тізіп, бедеуін зар еңіретіп.
Мақтанып батыр Қодар тартып еді,
Тұрады бесеуінен азар өтіп.

- Ажалсыз бұл жалғанда жан өле ме?

Жиылған қайратымды жұрт көре ме?
Оқ атқанда қолында бар тәсілі,
Күрескенде маған жан пар келе ме?
Қодарға күресуге Қозы барды,

Біле ме тантық Қодар ұят-арды.
Ең астына Қодарды салып қойып,
Бейне жүктей тоқсанды үйіп салды.

- Қап-қап, тазша, қап, тазша, неттім, тазша!

Жақсылығым басыма жетті, тазша!
Қоста отырып қымызды көп ішіп ем,
Бұтыма тышып-тышып кеттім, тазша!

- Қодеке-ау, болған жоқ ед жазық менен,

Өлді деп сен ант ұрған қайғы жемен!
Тышпақ түгіл ант ұрған құсып жібер,
Өз обалың өзіңе, бәрі өзіңнен.

- Сұм тазша, енді сенің пейілің тар ма?

Көңілінде бұзық-бұзық ойың бар ма?
Сындырдың қабырғамды мертіктіріп,
Қоя бер тәңірі алғыр, тынышымды алма!
Қор болды тоқсан бірі есі кетіп,

Құдай мұны қойды ғой тентіретіп.
Жылқы жайып неғылсын дүзде жүріп,
Қойына жүре берді өлеңдетіп!
Қозыекең көрінеді өнер бастап,

Қыздар да қуанады сөзін қостап,
Аяндап батыр Қозы жөнеледі,
Таудай қылып тоқсанын үйіп тастап.
Қиратып батыр Қозы жөнеледі,

Адысқа майдан жері кемер еді.
Жауланып батыр Қозы келе жатса,
Алдынан сұлу Баян кез келеді

- Баян-ау, менің айтқан сөзім тыңда,

Осы ма қорыққандарың, астапыралла.
Шақырды сені Қодар тез келсін деп,
Байғұстың қабырғасын барып сыла!

- Жазылар өзі Қодар біздер бармай,

Байғұсты қор қылдың ғой тілімді алмай.
Тірі тастап кеттің бе бишараны,
Сақ боп жүр, ал, қарағым, қапы қалмай!
Сырты алтын, іші күміс оның үйі,

Күнде дәурен неғылса келер күйі.

- Жеті күн жиып тарқар жиын бар, — деп,

Сауын айтты сол елдің Сасан биі.
Ол Сасан сауын айтып жарлық етті,
Елінде бір би еді қасиетті.
Асының айтқан күні болғаннан соң,

Басы Қодар, Қарабай асқа кетті.
Ауылында тірі жан жоқ, қалды тазша,
Қозы Көрпеш болады кебін ашса.
"Аман бол" деп таз кепті жұлып тастап,

Күйеуін киіндірді, бейне патша!
Ауылда тірі жан жоқ, тазша қалды,
Басы Қодар түк алмай асқа келді.
Он екі күн бұршақты төгілдіріп,

Күн жайлатып асшыны қамап салды.
Ел көрді өзен болып аққан селді,
Қамады он екі күн тамам елді.
Ойнап-күліп Баянмен мауқын басты,

Елді сонда-ақ босатты, күн ашылды.
Қызық көрді келгенше бір қаны бет,
Қодар қыздан қылады үлкен үміт.
"Малда тазшам бар еді тойғызам" деп,

Теңдеп алған Қозыға екі қап ет.
Қодар сырттан биледі біткен малды,
Мұндай адам көрмессің пейілі тарды.
"Мал баққан тазшам қайда, ет берем" деп,

Келе сала ауылға айғай салды.
Дауыстап айғай салып Қодар жүрді,
Ақымаққа Қозы менен Баян күлді.
Қозы менен Баянның жатқан жәйін,

Бір қатын кеп Қодарға естіртеді:

— Бекер босқа жүресің,

Қодар батыр, жар-жар,
Менің айтқан сөзімді тыңда да тұр, жар-жар.
Құр бұланып, Баяннан құры қалдың, жар-жар,
Ойлап тұрсам жүзінде жоқ екен ар, жар-жар.

Сен кеткелі он үш күн болып қалды, жар-жар,
Сонан бері бикешпен бірге жатыр, жар-жар.
Күнде жиын, күнде ойын, рахат онда, жар-жар,
Беріп жатыр мырза боп елге сыйын, жар-жар.

Қозы Көрпеш жүр екен тазша болып, жар-жар,
Көрсетейін сен жүрсең жатқан жерін, жар-жар.
Қодекең естіп білді осы халды,
Іші күйіп кәпірдің басы айналды,

Артын түйсе қапталы быт-шыт болып,
Бармақ етін тісімен жұлып алды.
Қозыны көруге де бата алмайды,
Бағана келген асқа қайта салды.

"Қызыңды хан Қарабай жау алды" деп,
"Суым бер" деп барды да аза салды.

- Отырған биім Сасан, мені көрші!

Бұл неғылған құтырған адам деші!

- Сенің суың батпақта қалмап па еді,

Неғылайын бар дағы ала берші!

- Отырсың, биім Сасан, малың сойып,

Тарқады жамағатың дәмге тойып.
Бұл несі Қарабайдың мазағы ма?
Ал кетемін еліңді қырып-жойып!

- Жарқыным, осы елдегі сен бір ерсің,

Шақырып қырық қатын-қыз алып келсін.
Оны шақырып арақты біз берелік,
Білмей ішіп арақты улап өлсін.
Қозымен алыса алмай дауласасың,

Асықсаң жай белгілі құр қаласың.
Ептеп-септеп Қозыны өлтірген соң,
Таласар саған жан жоқ, қызды аласың.
Елі жүр бұл Қодарды қорқып мақтап,

Қасына келген емес сырттан жақтап.
Сасан би, елі болып, ақылдасып,
Қозыны шақырады амал сақтап!
Шақыра қырық үш қатын келеді деп!

Қатынның жөнін білмей Қозы күпті.

- Ақсақалдар шақырады сені тойға,

Күйеужан, бармағаның болмайды, — деп.
Баян айтты: — Ал, қалқам, қапыл қалма,
Бұларды дос болар деп ойыңа алма.
Ептеп-септеп ниеті өлтірмек те,

Қауіпсіз үйлеріне тіпті барма!

- Басқан, жақсы айтасың сөзің майда,

Ұрғашылық қыласың осындайда.
Болжаусыз жан, мезгілсіз таң атпайды,
Қырық мылтықтың аузына мені байла.
Тура ажалым келмесе бір құдайдан,

Періштелер қорғайды, өлім қайда?
"Қозы қорқып келмеді топқа" деген,
Маған жақсы емес қой, оны да ойла.
Тәуекел бір сапарға мен барайын,

Жаман-жақсы болса да іс құдайда!
Осы елдің не қылғанын мен көрейін,
Не табылар бос жатып бекер жайда!
Шақырып қырық үш қатын барған дейді,

Соларды көріп тұрсын халқым дейді.
Ай мен күндей екеуін көргеннен соң,
Айран-асыр, таң-тамаша болған дейді.
Киімді өңшең асыл кигізеді,

Көзімен жарқылдасып жүргізеді
Жиылған тамам жаннан шоқтығы асып,
Құшақтап Баян беттен сүйгізеді.
Ай, Таңсық апасына Баян келді,

Іштегі қорқынышын білдіреді.
Қарабай жиып алған қауым елді,
Қас қылып өлтірем деп мұндай ерді.
Осының неғылғаның көрейін деп,

Артынан екі апасы ере келді.
Жиылған бұл халықты көзі көрді,

- Тәуекел, көрейін деп келіп едім.

Жиылған ақ ордаға жамағат көп,
Ассалаумағалайкүм! Сәлем бердім.
Қозының бұл келгені жұртқа ұнады,
Қыздар да біліп келді осы жайды.

- Күйеужанның қолына аяқ бер, — деп,

Арақты әрбіреуі ұсынады.
Қозы да шаттанады осы сөзге,
Екі месті тауысты көрер көзге.
Жайылды көп ішкен соң өне бойға,

Көгеріп түсі кетіп болады өзге.
Қыздар да аңдып келген бұған еріп,
Қозының ессіздігін көзі көріп.
Не қылса Қозыменен бірге өлмек боп,

Ақ үйге Ай, Таңсық та келді кіріп.
Бірігіп тамам ақымақ мұны қуды,
Өлтірем деп сапырып берген уды.

- Бір соғыспай өлді ғой сұм жалғыз! — деп,

Бетіне бүркіп жіберді суық суды.
Қозы сонда сандалар іші күйіп,
Жақсылық қылар жан жоқ құдай иіп.
Қыздар келіп салқын суды бүріккен соң,

Алады батыр Қозы есін жиып.
Қозының атын бір қыз дайын етті,
Күреңге ырғып мініп Қозы кетті.
Ыра төмен аузынан у төгіліп,

Күреңнің жалы жидіп қолға кепті.
Ер Қозы жапан түзде жөнеледі.
Өзі батыр болмаса келер ме еді?
Әлсіреп арақ ішіп келе жатса,

Алдынан сұлу Баян кез келеді.

- Айтпадым ба тіпті, осы ел сізге ел емес,

Бұл сізді өлтірем деп қылған кеңес.
Мені алып қайт, қарағым, тұра еліңе,
Енді саған жабылар, тыныштық бермес.

- Көрмеймісің, келемін болып дертті,

Аяқтатпай кетпеспін айтқан серігі.
Бір аулаққа шығып ап оңалайын,
Қызығыма қарап тур сонда, — депті!

- Балталы, Бағаналы жерің қайда!

Бақалы, балдырғанды көлің қайда!
Әділ айтып дұшпанмен теңестірер,
Батыр Тайлақ сықылды биің қайда?
Қарағым, аман күнде еліңді тап,

Арманда боп кетерсің осындайда!
Бір өзіңнен басқаның бәрі де жау,
Қайтіп тірі жүрерсің, мұны да ойла!
Енді маған қоқақтар аламын деп,

Қайда барсаң ала кет, мені қойма.
Байқашы, жан-жағыңа көз жіберіп,
Үш қыздан басқа сізге жан ұнай ма?

— Білемін, сұлу Баян, маған елсің,

Сенімен қайғысыз жан ойнап-күлсін.
Қазан бұзар, үй тентек толып жатыр,
Қайратымды бар дұшпан алыс білсін!
Оңалып ап келейін соғысуға,

Қайратымды көп неме көзі көрсін.
Егер де қазам жетіп өліп кетсем,
Ең болмаса артқы жұрт айта қалсын!
Ер Қозы уайымсыз жалғыз тұрып,

Көз жасы Баян қыздың бетін жуып.

- Өзі мас жығылар деп есеңгіреп,

Басы Қодар жабылып келді қуып.
Басында өлтірем деп кеңес берді,
Осынша Қарабайға Қозы нетті?
Жабылған тамам жанның ең алдында,

Ала бедеу байталмен Қодар жетті.

- Сен келдің адырайып мақтанған боп,

Құзғынға жем қылайын басынды деп.
Осынша қыр соңымнан бір қалмадың,
Қай жеріңнен атсам да обалың жоқ.
Саралай, сай кез оқты еңіретті,

Тасыр құлдың зәресі ұшып кетті.
Күреңмен көлденеңдеп тартып кетсе,
Ала бедеу байталы құлап түсті.
Қозының өзі жалғыз, қайласы көп,

Қорықпайды жалғызбын деп уайым жеп.
Қодарды атып тастап жөнеледі,
Бәлем құл тұрмастай қып мықтадым деп.
Жатады батыр Қодар құдай атып,

Баянға құл сөйлеспес жауап қатып.
Қозының қарасы үзіліп кеткеннен соң,
Байталға қайта мінді жатып-жатып.
Мініп алып, байталға қайраттанды,

Неғылам қыздан аяр шыбын жанды.
Әлгі атқан оқ өтіпті қара саннан,
Келе жатып қансырап есінен танды.
Есін жиып айтады: қашқын қашты,

Қызды алам деп ел-жұртқа азап салды.
Алады батыр Қодар елді жиып,
Қозыны өлтірем деп басын қиып,

- Осы балтам кесті ғой шапқаннан соң,

Деп алады балтасынан сүйіп-сүйіп.
Қарабай қайыры жоқ жиған малды,
Жан біткенді аузымен Қодар алды.
"Қашқын қашты, Баянды енді алам" деп,

Барды да қалған жұртқа азап салды.

- Сонда, тоқсан, осыған көнеміз бе,

Осының зорлығымен өлеміз бе?
Бәріміз де жүріп ек Баян үшін,
Япырай, бір соғыспай береміз бе?
Десті де Қодарменен жамандасты,

Бәрі бірдей Қодармен сабаласты.
Басына темір шоқпар қатты тиіп,
Сол топтан Көсемсары шыға қашты.
Ер Көсем жапан дүзде жөнеледі,

Қайраты Қозыекеңнің кемел еді.
Әлсіреп, айдалада қаңғып жүрсе,
Қозыға бір бұлақта кез келеді.

— Далада неғып жүрсің, Көсемсары?

- Сен кеткен соң қоқиды бізге Қодар.

Көңілін балап жүрген жүзге Қодар,
Баянды аламын деп азап салды,
Бата алмай, қашып жүрген сізге Қодар.
Бәріміз Баян үшін жаннан кештік,

Ұрсысуға бәріміз "еһе" дестік.
Баянды аламын деп ел жиған соң,
Тоқсанымыз бірігіп төбелестік.
Бәріміз де ұрыста кеттік қашып,

Басында бірігіп ек ақылдасып.
Темір шоқпар өзіме қатты тиіп,
Есеңгіреп мен кеттім шыға қашып.
Мен кеткен соң сендерді жеңген екен,

Өлмесіне көңілі сенген екен.
Ұрып жығып, қиратып кетіп едім,
Сірә, тәңірім тілегін берген екен!
Екі батыр жапанда бас қосады,

Бұрынғы өткен егесті тастасады.
Бірі өлсе, бірі жанын қиямыз деп,
Екеуі уағдамен достасады.

- Япырай, Баян өлмей жүре ме екен,

Мен жоқта о да ойнап, күле ме екен?
Бар екен бір ағашта жалғыз бұтақ,
Екеуі сол ағашты қылды мекен!
Үйінде Баян қалды, а құдайлап,

Көсем мен Қозы жатыр күліп-ойнап.
"Қай жерді мекен қылды біліп кел" деп,
Жіберді сұлу Баян бір қызды айдап.
Қозыны бір қыз іздеп кетті салып,

Бұлақтан алды тауып өліп-талып.
Құтылғанын Көсеммен көзі көріп,
Баянға қайта келді хабар алып.
Күнде бір қыз келеді тезек теріп,

Баян сонан жібермек тамақ беріп.
Осы қыздың жүрісін кәдік көріп,
Бір жау қатын жүреді соңына еріп.
Шоқ теректе сөйлескен қызды көріп,

Бұл көргенін Қодарға айтып беріп.
Қодар естіп ауылға шауып келді,
Қарабай елі-жұртын жиып берді.
Қойдан қошқар, жылқыдан айғыр айтып,

Іздеп Баян артынан о да желді!
Шоқ теректің түбінде ұйықтап жатқан,
Біреуді тантық Қодар көзі көрді.
Мақтанып батыр Қодар келген естіп,

Өстіп жүріп өтеді күні кешіп.
Жақындап кеп садақпен тартып қалды,
Қарамастан алады басын кесіп.
Көсем батыр сол жерде қаза тапты,

Қолында балтасы бар ырғай сапты.

- Қозының басы, міне, өлтірдім, — деп,

Ауылға тантық Қодар қайта шапты.
Артынан Баян жүріп тез келеді,
Және бір тыңдайтұғын сөз келеді.
Зар жылап Баян сонда келе жатса,

Алдынан хан Қарекең кез келеді.

- Әкем деп көзім талды саған қарай,

Сақтадым ұят-арды мен де талай.
Ел болып кетіп едің өлтірем деп,
Жалғыздың жары құдай, жәйі қалай?
Жалғанда осы Қодар ерді дейді,

Тілеуін ант ұрғанның берді дейді.
Шоқтеректің түбінде атып апты,
Өз көзіммен көргем жоқ, өлді дейді.
Жылама, жалғыз балам, мен көрейін,

Жаман менен жақсыны тең көрейін.
Қодар құлды жек көрсең, жамансынсаң,
Елден тандап жігітке мен берейін.

- Емін-еркін жапанда жүрген емен,

Бір Қозыдан басқаны көрген емен.
Елден бура жиып ап шөгеретін,
Мүйіз көк термешелі інген емен.
Мақтанып тантық Қодар желіп келді,

Соңынан таман елі ере келді.

- Ал байыңның басы деп, бақыты қара!

Бір басты алып, алдына тастай берді.
Қозының басы емесін біліп алды,
Мырс етіп ішін тартып күліп алды.
Тастап кетсем бұл танып, тағы іздер деп,

Қуанып жерден басты жұлып алды.
Баян кетті етекке басты салып,
Қозы өлсе не боламын тірі қалып.
Таңертең қуған екен бір түлкіні,

Күреңмен Қозы келді соғып алып. •
Қозыны ит Қарабай әуре еткен,
Баянға қосылғалы көп күн өткен.
Таңертең бір түлкінің ізін көріп,

Бір тауға оны қуып Қозы кеткен.
Түлкіні алып келді тауды кешіп,
Түзден құдай көп берген бұған несіп.
Көсемнің кеудесі бар, келдесі жоқ,

Әкеткен Қодар мұның басын кесіп.
Түлкіні келген екен соғып алып,
Бұл досымды өлтірген Қодар күл деп.
Сол жерде зар жылайды ойбай салып,

"Құдай-ау, мен сорлының жолын қыл" деп.
Кеше сені дос қылып сүйдім дейді,
Достығың қара болып күйдім дейді.
Алайын тірі болсам достың құнын,

Сен үшін шыбын жаным қидым дейді.
Ер Қозы достық үшін көп қамықты,
Қорықпайды тірі жаннан, өзі мықты.
Қодарды мен көрейін өлтірген деп,

Аңыратып бір белеске келіп шықты.
Белден шықса көреді жиылған ел,
Жанын қиып достына ағызып сел.
Қодарды бір аулақта кез келтір деп,

Жүгіріп, келді жетіп Қозыекең ер.
Құдайым ер Қозыға дем береді,
Жас бала қайласы жоқ дым ер еді.
Қызды алам деп Қодарың шауып жүрсе,

Әредікте Қозыға кез келеді.
Сол күндегі жандардан Қозы мықты,
Қодар көріп қаша алмай көп ұйлықты.
"Әй, бәлем, сенің ызаң өтті ғой" деп,

Дәлдеп тұрып кеудеден атып жықты.
Ер Қозы жалпақ елге кетті асығып,
Сол арада өлтірді басын кесіп.
Жиылған елге кірді айғай салып,

Қанжығаға байлап ап ернін тесіп.
Қодардың қанжығада басын көріп,
Берелік деп шулады "уәде" десіп.
Қозыны өлді ғой деп жүрген жандар,

Көрген соң енді мұны кетті шошып.
Ел-жұрты жанына қылды қауып,
Елінен Баян үшін келген ауып.
Өзге жұртқа көз салып қарамайды,

Қарабайды таба алмай жүрді шауып.
Құр құдықта Қарекең бұғып жатыр,
Қарап жүріп Қозыекең алды тауып.
Ешбір жан бетке қарап бата алмайды,

Қылыштап өне бойын жаралайды.
Ағашқа таңып қойып ел көрсін деп,
Кескілеп итке салды Қарабайды.
Ер Қозы ел қыруға оңтайланды,

Көсем үшін қырам деп тірі жанды.
Өзге жанда үрей жоқ, сабыр қыл деп,
Үш қыз келіп Қозыны ұстасады...
Баян келіп тоқтатып мауқын басар,

Ол болмаса бұл елдің қанын шашар.
Тар күймеде Баян қыз бір ұл тапқан,
Болған екен баласы тоғыз жасар.
Келген екен баласы тоғыз жасар,

Қозыдан айырмассың ол баланы.
Үш қыз бен бала келіп тоқтатады,
Ол елді қырмақ еді одан басқа.
Жүрегі Баян қыздың лүпілдеген,

Сіз үшін көп қайғыны тарттым деген.
Көрсетпей тірі жанға асыраған,
Қозы мен қыздан басқа жан білмеген.
Баян қыз жаны тынды жарына еріп,

Ешкімге қарамайды бойына елеп.
Баласы туғаннан соң үш күн өтіп,
Қозыекең қойған екен атын Күліп.
Қозы Көрпеш үйіне салт барыпты,

Қайтып келіп жіберді ер Күліпті.
Өз орнына ер Күліп тұрды сонда,
Қозының қылған ісі осы депті.
Ақ Баян ол Қозының сүйген досы,

Қозының ерлікпенен қылғаны осы.
Енді риза бол, жиылған жамағаттар,
Айтуынша Бейсембай аяғы осы...

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙