Мазмұнға өту
Home

Жабайы табиғат

Дениз Райан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Жабайы табиғат

Авторы: Дениз Райан

Жабайы табиғат деңгей1 Мен оқығанды ұнатамын! Балаларға жылдам әрі дұрыс оқуды қалай үйретуге болады? Олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін қандай кітап таңдау керектігін білесіз бе? Бұл сұрақтарға балаларға арналған «Мен оқығанды ұнатамын!» бағдарламасы бойынша жарық көрген кітаптар сериясы көмектесе алады. Бұл серия 64 кітаптан тұрады, онда балалардың жас ерекшеліктерін және қызығушылықтарын ескере отырып әзірленген және құрастырылған материалдар бар. Серия 4 деңгейге бөлінген: «Оқып үйренемін» (5–6 жас), 16 кітап «Оқи аламын» (6–7 жас), 16 кітап «Өзім оқимын» (7–8 жас), 16 кітап «Жақсы оқимын» (8–9 жас), 16 кітап Алуан түрлі тақырыптар кішкентай оқырмандарды интеллектуалдық тұрғыдан дамытып, қоршаған әлемді тануға мүмкіндік береді. Балалардың жасына сәйкес блокта ұсынылған тақырыптар: «Жануарлар», «Жер Ғаламшары», «Ғылым және өнертабыстар», «Тарих» Бұл тақырыптардың әрқайсысында таңғажайыптар мен ең қызықты дегендердің барлығы ұсынылған. Балдырғандарыңыз осы әсем және пайдалы кітаптарды рахаттана оқитын болады! Мен оқығанды ұнатамын!

Жабайы табиғат Мәскеу «Махаон» Мазмұны Саванна . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 Шөл. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6 Таулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 8 Жыңғыл. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10 Тайга . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12 Күзгі орман. . . . . . . . . . . . . . . . . 14 Көл . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16 Лагуна . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18 Арал. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 20 Тундра. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 22 Жабайы табиғат – бұл қалың ормандар мен биік таулар, ыстық шөлдер мен шексіз теңіздер. Ал, саяхатқа шығайық!

Саванна Африкалық саваннада жолақты зебралар мен теңбіл керіктер өмір сүреді. Зебра Саванна шөппен жабылған. Мұнда ағаштар сирек кездеседі. Керік Шөл өсімдіктері суды жинауды және тиімді жаратуды біледі. Алоэ ағашы өзінің жуан діңінде су жинайды. Шөл Шөл ыстық және құрғақ болады, өйткені онда жаңбыр сирек жауады. Айналаның бәрі сусыған құм. Таулар Биік таулардың шыңындағы қар тіпті жазда да ерімейді. Таудың шыңы Адамдар тау беткейлеріне қоныстанып, жерді өңдейді.

Жыңғыл Жыңғыл – бұл тропик ормандары. Ол жерде жаңбыр жиі жауады. Жыңғылда климат әрдайым ыстық және ылғал. Жыңғылдардағы өсімдіктер өте қалың және алуан түрлі. Өйткені ол жерде су көп. Ағаштар лианамен тығыз шырмалған. Тайга Тайгада жыл он екі ай жасыл болатын қылқанжапырақты ағаштар көп. Тайганы қоңыр аюлар, бұландар, құнулар, саңырау құрлар, жапалақтар мен қайшыауыз торғайлар мекендейді. Сары жапырақтар Қызыл жапырақтар Күзгі орман Жыл сайын көптеген ағаштар жапырақтарынан айрылады. Күзде ағаштағы жапырақтар сары, қызғылт-сары, қызыл және қоңыр тартып, сосын түсіп қалады. Күзгі жапырақтар

Көл Көлдер үлкен және тіпті кішкентай болады. Көлдегі су ешқайда ақпайды. Тұңғиықтың сабақтары суға түгел батады. Қоға сабақтарының тек төменгі бөлігі ғана суда болады. Тұңғиық Қоға (қамыстар) Лагуна Лагуна деп теңіз суымен толтырылған кішкентай су қоймаларын атаймыз. Лагуналарды көптеген теңіз жануарлары: теңіз жұлдыздары, шаяндар, моллюсктер мен балықтар мекендейді. Теңіз шаяны Теңіз игуанасы Арал Арал – жан-жақтан сумен қоршалған құрлықтың бөлігі. Аралдардың өте үлкендері және өте кішкентайлары да болады. Тынық мұхитта Галапагос аралдары бар. Ол жерді теңіз игуаналары, теңіз шаяны, пингвиндер мен итбалықтар мекендейді. Итбалық Пингвин

Тундра Суық солтүстік өлкелерде тундра жайылып жатыр. Мүктер мен қыналар қабатының астында тіпті жазда да жібімейтін мәңгі тоң қабаты бар. Өсімдіктер қыста жазға әбден икемделіп, гүлдеп те үлгереді.

Мектепке дейінгі балалардың үлкен топтарына Жабайы табиғат Авторы Дениз Райан WILD PLACES Copyright © 2008 Weldon Owen Pty Ltd Conceived and produced by Weldon Owen Pty Ltd 61 Victoria Street, McMahons Point Sydney, NSW 2060, Australia Перевод с английского М. О. Торчинской Научный редактор А. В. Тихонов Ответственный редактор О. А. Самусенко Технический редактор Т. Ю. Андреева Компьютерная вёрстка О. В. Краюшкина Корректор Н. М. Соколова Все права защищены. All rights reserved. © Перевод на русский язык. ООО «Издательская Группа Аттикус», 2008 Machaon® ISBN 978-5-389-03033-6 (каз.) ISBN 978‑5‑389‑00348‑4 (русск.) ISBN 978-1-74089-674-0 (авс.) ООО «Издательская Группа Аттикус» — обладатель товарного знака Machaon 119991, Москва, 5-й Донской проезд, д. 15, стр. 4 Тел. (495) 933-7600, факс (495) 933-7620 E-mail: sales@machaon.net. Наш адрес в Интернете: www.machaon.net ГС № 77.99.60.953.Д.011615.10.07 от 03.10.2007 Қазақ тіліне аударған: Марал Жұмағалиева. Редакторы: Мақпал Тажмағамбетова Баспагерден алынған эксклюзивті құқықтардың иесі «Кітап ұйық»ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев кошесі, 1, тел: (727) 2735906, 2735907 Суретімен 24 бет Басуға 2011ж.__ қазан қол қойылды Формат 70х100 1/16 ,жылтыр қағаз Шартты баспа табағы 1,93 Таралымы 11000 дана, тапсырыс № __ «№ 2 Офсетті баспа фабрикасы» ААҚ-да басылған 141800, Мәскеу облысы, Дмитров қаласы, Московская көшесі, 3. УДК 372.3/4 ББК 74.102 Б79 «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды».

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙