Аққуды атпас болар
Қабдеш Жұмаділов
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың бұл жаңа кітабына соңғы жылдары жазылған повестері мен әңгімелері, әлі сиясы кеппеген сыр-сұхбат, ой-толғамдары еніп отыр. Бұл кітапта да бұрын айтылмаған ақиқаттар, жазылмаған оқиғалар сөз болады. Қаламынан он роман, жиырма бір повесть, жетпістен астам әңгіме туған көзі тірі классикті оқырманға таныстырып жату – әбестік болар. Ендігі мін
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ
АҚҚУДЫ
АТПАС
БОЛАР
Хикаяттар,
әңгімелер,
сыр-сұхбат,
ой-толғамдар
АЛМАТЫ
«ДӘСТҮР»
УДК 821.512.122
ББК 84(5 Қаз)
Ж 81
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша жарық көрді
Жұмаділов Қ.
Аққуды атпас болар: Хикаяттар, әңгімелер, сыр-сұхбат,
ой-толғамдар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; «Дәстүр»,
2015. 388б.
ІSBN 978-601-7204-30-3
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лау
реаты Қабдеш Жұмаділовтың бұл жаңа кітабына соңғы жылдары
жазылған повестері мен әңгімелері, әлі сиясы кеппеген сыр-сұх
бат, ой-толғамдары еніп отыр.
Бұл кітапта да бұрын айтылмаған ақиқаттар, жазылмаған оқиға
лар сөз болады. Қаламынан он роман, жиырма бір повесть, жетпіс
тен астам әңгіме туған көзі тірі классикті оқырманға таныстырып
жату – әбестік болар. Ендігі міндет – сол шығармаларды іздеп
тауып, қадалып оқу болмақ.
УДК 821.512.122
ББК 84(5 Қаз)
ІSBN 978-601-7204-30-3
© Жұмаділов Қ., 2015.
© «Дәстүр», 2015.
© «Каратау КБ» ЖШС, 2015.
Ж 81
ХИКАЯТТАР
АҚҚУДЫ АТПАС БОЛАР Хикаят «Асқан алпыстан мынау жасымыз, Қашқан кәріліктен ғарып басымыз, Қаларсың қай сайда?» Шәкәрім «Аққуды атқан адам көп ұзамай ажал құшады. Ақын дарды атқан өкіметтің де өмірі ұзаққа бармайды» (Жазушының қойын дәптерінен) - І - С оңғы айларда сақтықты серік еткен ақын әлдебір оқыс шыққан дыбыстан оянып кетті. Жатын бөл меге жапсарлас атқорадағы Қарагер екен – жер тарпып, оқыранып тұрған. Сыралғы жануар неге дыбыс берді екен? Әлде бөтен біреулер осылай қарай келе жатыр ма? Жастығының астында жатқан алтын баулы сағатына қарады. Сағат таңғы жеті жарым. Бүгін аспан ашылып, күн көзі шыққан секілді. Жартылай қырау басқан тере зеден шашыраған сәуле білінеді. Кеше түннің бір уағына дейін кітап оқып, жәйірақ жатқан Шәкәрім қалың көрпе жамылған жылы төсекті қимай тағы біраз жатты да, ба сын көтеріп, баяу қимылмен киіне бастады. Содан, сырма бешпет-шалбарын, саптамасын киіп, күпісін жамылып, далаға шыққан. Неше күннен бері үдей соққан боран басылыпты. Аспан шайдай ашық. Егізқы зылдың бір қырқасынан күн көзі енді ғана көтеріліп ке леді. Ауада шыңылтыр аяз бар. Ол түзге отырып келген соң үстіндегі күпісін босағада тұрған шегеге ілді де, есік алдында жас кезіндегі әдетімен еңкейіп-шалқайып, серей ген қол-аяғын оңды-солды созып, аз-кем машық жасады. Осы кезде иесінің қалпын көрген қорадағы Қарагер тағы да оқыранып белгі берді. Шәкәрім осыдан кейін ғана атқораға бұрылған. Қарагер науадағы шөпті түгел жеп
тауыспапты. Жануар шөлдеп тұрған секілді. Атты бұлақ
тан суаруды кейінге қалдырды да, әзірше қарлай тұрсын
деп, науасына күрекпен қар ойып салды.
Бұл – Шақпақтың күнгей бетіне салынған Шәкәрімнің
Саятқорасы. Соңғы жылдары қыс бетінде осында жатып,
бүркіт салып, аң аулайды. Сырт көзге солай делінгенмен,
дұрысы – оңашада жалғыз жатып, жазу жазады. Сонымен
бірге қазіргі пәлелі қоғамнан бойын аулақ салу, ауылдас
тарынан түңілу, безіну де жоқ емес. Саятқора бұрын бұ
дан төменірек, Бақанас жақтағы «Кеңқоныста» болатын.
Кейін ол маңай жаңада құрылған әртелге қарап кетті де,
Шәкәрім, амал жоқ, тау ішіндегі Шақпаққа қарай шегінді.
Мұнда қоныс аударғанына да бес-алты жылдың жүзі ауып
барады. Ақын жалғыздыққа, саяқ тұрмысқа әбден үйрен
ген. Басқалар сияқты іші пысып, зерігу дегенді білмейді.
Неменеге зерігеді? Ақ Қағаз – сырласы, қара Қалам – мұң
дасы. «Сөйлесетін кісі жоқ» дейсіз бе? Бүкіл адамзаттың
ақыл-ойы сөреде кітап болып тізіліп тұрса, олардан артық
қандай әңгімеші серік керек? Шәкәрім ауылда оқуға мұр
шасы болмаған кейбір кітаптарды осы Саятқорада оқып
жүр.
Ол біраздан соң ішке кіріп, үй ішін ретке келтіре бас
тады. Саятқора – аңға шыққанда түнеп шығатын жәй
басқалқа, үйшік емес. Кәдімгі адам тұратын үй. Өзіндік
жасау-жиһазы, сән-салтанаты да жоқ емес. Еденде теке
мет, сырмақ. Кереует тұсында оюлы алаша, төрге кілем
ұсталған. Сол кілем шетіндегі шегелерге домбыра, қобыз,
сыбызғы, қосауыз мылтық, оқшантай, дәндакуімен қоса
күміс шытыралы кісе ілінген. Ал бұрыштағы сөреде қос
тілді гармон тұр... Жаратылысынан тазалықты сүйетін
ақын сол заттардың бәрін пәкізелеп, сүртіп шықты.
Осыдан кейін бұрыштағы қазандыққа от тұтатып, шо
йын плитканың үстіне мыс шәугіммен шай қойды. От
жанған соң үй іші де жылына бастаған. Бұл үйде қазан
дықтың түтіні моржадан тура шығып кетпейді. Дуал ір
гесін кенерелеп, төсек астын айналып барып, келесі бұ
рыштан шығады. Бұл – қазақта жоқ, орыстан үйренген
тәсіл. Аз отынмен бүкіл үйді жылытуға болады.
Ошаққа шай қойған соң, босағада тұғырда отырған
«Қарашегірдің» қасына келді. Тірі жаннан Саятқорадағы
екі серігі – осы «Қарашегір» мен Қарагер ат қой. Иесінің
таяп келгенін сезіп, сыралғы қыран да тұғырдағы болат
тұяқтарын барбаң-барбаң басып, мойын жүні дудырай,
дүр-дүр сілкініп қойды. Мұның да бөтекесі босап, иесінен
жем тілеп отыр. Кеше кеште таяуда атқан арқардың бір
жілігін саптаяққа турап, ақжем қып, суға жібітіп қойған-
ды. Онысы тұғырдың астындағы таушада тұр. Шәкәрім
жем берер алдында томағалы бүркітті биялай киген сол
қолына қондырды да, екі топшысы мен қанат-құйрығын
сылап-сипап,балаша еркелетті: «Бөпем-бөпем! Апырай,
қайтсем екен сені?! Әлде осындай күш-қайратыңның ба
рында аяқбауыңды алып, ежелгі мекенің – зеңгір аспан
төсіне біржола қоя берсем бе екен?».
Шамасы, Қарашегір де бірдеңені сезетін секілді. Сіз
өз өміріңізде құс баласының күрсінгенін көрдіңіз бе? Ал
Қарашегір кейінгі кезде уақ-уақ күрсінетін болып жүр.
Шәкәрім соны бірнеше рет естіді: «Көк жүзіне көтеріл
мегелі көп болды. Іші толып құса болып отыр-ау! – дейді
Шәкәрім ондайда. – Өзі олай-бұлай боп кетсе, бұған кім
ие болады? Әлдебір дәлдүрішке қор қылғанша, аспан ай
дынына ұшырып қоя берген дұрыс шығар».
Ой-хой, дүние! Қыранның томағасын жұлып алған кез
дегі сәтті көргеніңіз бар ма?! Қияпаты мүлде өзгеріп ке
теді. Осы жаңа ғана жұп-жуас боп отырған бүркіт тома
ғасын сыпырып алғанда, бір шоқ лаулаған отқа айналады
ғой! Дүйім дүние оның көз жанарына сиып кетеді... Қажы
саптаяқтағы жемді алдына тосуы мұң екен, Қарашегір
кесек туралған етті қарбыта асап-асап жіберді. Соңынан
түтікпен орта кесе су ішкізді.
«Бұл байқұс та шар тартып қалған екен, – деді Шәкәрім
Қарашегірді алғаш қолға түсірген кезін есіне алып. – Ал
тайдың ақиығы мен Барқытбелдің Қаншегірінің шағылы
суынан туған. Түз қыранын тастүлек кезінде тормен ұстап
еді... Несін айтасың, қызығын тәуір-ақ көрді ғой. Алғаш
қы жылдары түлкі мен қасқырды үйіп тастаған... Енді
міне, Шәкәрім шал болды, Қарашегірден де хал кетті».
Осы сәт ошақтағы шәугімнің қақпағын билетіп, қай
нағаны білінді. Қажы Қарашегірдің томағасын кигізіп,
тұғырына қайта қондырды да, дастарқан қамына кірісті.
Әлдебір сөреден қағаз шай шығарып, ақ шәйнекті дем
деді. Үстел басын қағаздан босатып, өзінше дастарқан
жасады. Дастарқаны тым жұпыны: ірімшік, құрт, қос уыс
бауырсақ, майға жанышқан талқан, бір кесек тоңазыған
ет... Қазақы тамақтың бір жақсысы, шайға шалсаң, ет те,
бауырсақ та былбырап, жұмсап кетеді... Бұрын шайлық
сүтке деп саулы інген ұстаушы еді. Белсенділер «Шәкәрім
бір түйесін тауда жасырып отыр» деп шу көтеріп, оны
да қимай алып кетті. Бұлардың заңы қызық, өз малыңды
өзіңе билетпейді. Бейне, мал-мүлікті солар үшін жинаған
сияқтысың.
Бұрын құс салып, аңға шыққанда тастан түлкі үркітетін
«қағушысы», әрі үйде ас дайындайтын «бақыршысы» бо
лушы еді. Совет заңына ол да симайды екен. Сен біреудің
ақысын жеп, еңбегін қанаған кісі боп шығады екенсің...
Қажы өзінің бақыршысы Әупішпен осылай ажырасты.
Әупіш – бала кезінен Шәкәрім шаңырағына сіңген, ба
сында малшы-жалшы болып, кейін аңшылыққа бейімі
болған соң, бақыршы ретінде қасына ерткен жан жолда
сы еді. Ержеткен соң Әупішті үйлендіріп, алдына әжепт
әуір мал салып берген... Шәкәрімнен екі елі айырылмай,
Саятқораға ол да бірге келген-ді. Қайран Әупіш тамақты
қалай әзірлеуші еді! Ол пісірген сорпа, арқардың етінен
ол қуырған қуырдақ... Жесең таңдайыңнан дәмі кетпейді.
Амал не, Советтік белсенділер сол Әупішті де маңда
йына сидырмады ғой. «Әлі күнге дейін қолында жалшы
ұстап отыр» деп қажыны жиналысқа салып, басынан қиқу
кетпеді. Сондай бір жиналыстан жүйкесі жұқарып келген
күні, Саятқорада Әупіш екеуі шай ішіп отырғанда:
– Әупіш, сен бүгіннен бастап боссың. Ауылға қайта
беруіңе болады, – деген оған өлім естірткеннен бетер қи
налып. Әупіш байқұс ештемеге түсінбей, жапақтап қарай
берді:
– Қажы, мен не бүлдіріп қойдым соншама? Жазығым
не? – деді екі көзі жасқа толып.
– Түк те жазығың жоқ. Тек, екеуімізге бұдан былай бір
ге жүруге болмайды екен. Жаңа заң бойынша мен сені
құлданған, еңбегіңді қанаған кісі боп шығады екем. Өзің
білесің, еңбекшілер өкіметі ондайға жол бермейді.
– Белсенділер былжырапты! – деді Әупіш ырыққа көне
қоймай. – Мұнда еңбек ететін мен бе, сіз бе? Аң ататын
– сіз, бүркітті баптап, түлкі алдыратын – сіз. Менің біті
ретінім – қуырдақ қуыру... Бәлкім сіздің еңбегіңізді мен
қанап жүрген шығармын. Сол белсенділерді маған жі
беріңізші, сөйлесейін!
Шәкәрім қауғадай қалың сақалын тулата, қарқылдап
күліп жіберді. Көптен бері рақаттана, еркін күлгені осы.
Ой, Әупіш-ай, қалай тауып айтады? Сол пысықай бел
сенділердің Әупіш құрлы ақылы жоқ-ау! Бірақ, не іс
тейсің, биліктің аты – билік. Әупішті қалайда көндіру ке
рек:
– Әй, Әупіш, сен мені тыңдап ал! – деді бақыршы жол
дасын иығынан құшақтап. – Олардың нысанаға алғаны
– сен емес, мен ғой. Қитықтан ситық шығарып, қалайда
менің күнәмді көбейте бергісі келеді. Егер маған жаның
ашыса, менің тілімді ал да, ауылға қайт!
Әупіш амалсыз көнген рай танытып, аз-кем үндемей
отырды да, әлден уақытта:
– Мен соларға түсінбеймін. Белсенділердің осы сізге
таңатын кінасы не? – деді өзінің қазіргі саясаттан мүлде
аулақ екенін танытып.
– Жаңа заң бойынша кінә деген көп екен ғой менде: бай
болыппын, болыс болыппын, құдай жолын ұстап, қажыға
барыппын... Ұзақ жыл жалшы ұстап, малшы-жалшы, бақ
ташылардың еңбегін қанаппын. Осының бәрі – аз қылмыс
па бір адамға?
– Ал бай болған, қажыға барған жаман ба екен? Соның
арқасында сіз ондаған малшы-жалшыға жұмыс беріп, то
лымды ақы төлеп, оларды асырап келдіңіз ғой. Ол да қыл
мысқа жата ма?!
Міне, Әупішке салсаң осы. Амал не, Әупіштерді билік
ке жолатпайды ғой. Еңбекшілердің атынан солардың то
нын жамылған делдалдар сөйлейді. Еңбекшілердің уәкілі
етіп, оларды кім сайлағаны түсініксіз. Еңбекшілер атынан
партия құрады да, қызығын жаңағы делдалдар көреді.
Шәкәрім бұдан кейін ай сайын хабарласып тұруға
келісіп, Әупішті ауылға әрең қайтарған. Жігітте екі сөй
леу деген жоқ. Арада бір-екі ай өтті ме, өтпеді ме, бір күні
түнделетіп, Саятқораға Әупішіңіз келіп тұр. Бір қойдың
ұшасын ала қоржынға салып алыпты.
Екеуі көп жыл көріспеген адамдай шұрқырасып жатыр.
Сағынысып қалыпты.
– Ау, мына етті қайдан алып жүрсің? – деді қажы ұрлық
ет пе деген қауіппен.
– Алаңдамаңыз, қажы, бұл – өз қойыңыздың еті! – деді
Әупіш езуі жайыла күліп. – Дәл сіздікі болмағанмен, әй
теуір Құнанбай әулетінің малы. Кәмпеске кезінде тәркі
ленген көп мал қайда кетті десем, белсенділер оны қасап
қып сойғызып, етін Семейге тасиды екен ғой. Сол жерден
пойызға тиеп, Ресейге жөнелтетін көрінеді...
– Солай-ақ болсын... Ал мына ет сенің қолыңа қалай
түсіп жүр? – деді қажы әлі де күдігі сейілмей.
– Қажы аға, мен қазір арбакешпін ғой! – деді Әупіш ар
қасын кеңге салып. – Он-он бес арба қасапханадан қалаға
ет тасимыз. «Бал ұстаған бармағын жалайды» деген бар
емес пе. Кейде еңбегімізге ет жаздырып аламыз.
– Жарайды онда, еңбегіңе келген ет болса, дәмін татып
көрерміз, – деді Шәкәрім келіскен рай танытып. – Көрдің
бе, мұндағы ел аштан бұралып, өліп жатыр. Ал қой етінің
қызығын алыстағы біреулер көреді.
Сол күні Әупіш әкелген етін қолма-қол бұзып, өзгесін
тұздап, іліп қойды да, бір санын асып, сорпа істеді. Бірта
лайдан ыстық ас ішпей қақтығып отырған қажы жас сорпа
ішіп, пора-пора терлеп, рахаттанып қалды. Әупіш содан
кейін де талай рет келді. Және әр келген сайын құр қол
емес, азық-түлігін ала келіп, бұрынғы қожасын бір тойғы
зып кетеді.
Таңертеңгі шайдан кейін қажы тысқа шығып, Қарагер
атқа ер салды. Өзінің бір ойлағаны, атқаратын бір маңыз
ды шаруасы бар секілді. Біраздан соң жылы киініп алды
да, Қарашегірді қолына қондырып, атына мінді. Күн райы
бұзылғаннан бері үйден шыққаны осы. Аязды, суық ауа
ны көкірегін кере жұтып, біртүрлі тыныстап қалды. Қо
лындағы қыран да таза ауаға шыққанын сезіп, дүр-дүр
сілкініп, түрленіп отыр.
Шәкәрім сол беті Саятқораның шығыс жағындағы биік
шоқы Айыршақпаққа қарай бет алды. Түйенің қос өр
кешіндей егіз шың осы тұстағы таулардың бәрінен биік-
тұғын. Соның баурайын керлей отырып, сол шоқының
ұшар басына шықты. Биікте әжептәуір жел бар екен, қой
ны-қоншына сумаңдаған суық кіріп, лезде қалтыратып
жіберді. Ұшпа тастың далдасына Қарагерді қаңтарып, Қа
рашегірді ердің үстіне қондырып қойды. Бұлай етуге құс
бегінің аты да, құсы да әбден үйренген. Жолдассыз, қағу
шысыз қалғаннан бері Қарашегірдің томағасын сыпырып,
осылай ердің үстіне қондырып қояды да, қалың бұтаға, не
тас қуысына жасырынған түлкіні жаяулап барып, қажы
ның өзі қуып шығатын. Бүркіттің түлкіні анық көруі шарт
емес, иесінің «кеу» деп қалған дауысын ести салысымен,
көк аспанға қыранның өзі көтеріледі. Содан межелі биік
ке жеткенде, бұлтара қашқан жер тағысына қарай қайта
құйылады. Сен атыңа мініп, соңынан шауып жеткенде,
түлкіні бүктеп отырған қыранды көресің.
Шәкәрім биік секі тастың үстіне шығып, айнала-төңі
рекке қос жанары талғанша ұзақ қарады. Осы арадан
Шыңғыстың жон-жотасы алақанға салғандай ап-анық
көрінеді. Сонау оңтүстікте: Қаранай, Балға, Тектұрмас,
Құр жоталары көлбесе, шығыс жақта: Буратитен, Егіз
қызыл, Жәнібек, Ақшатау биіктері бой созады. Ал сонау
батыста: Көксеңгір, Жорға, Жауыр тауы, Шымылдық,
Жосалы жоталары қылаң береді. Ал мына солтүстікте:
Қаражал, Керегетас, Айдарлы Қарақойтас сеңгірлері мен-
мұндап, тап-таяу жерде кеуде керіп тұр. Осының бәрі де
– Шәкәрімнің әр жылдар аң қарап, бүркіт салып, оңды-
солды талай жүріп өткен жерлері...
Қайран Шыңғыс! Баяғыда түрік жұртының Ұлы қаға
ны – Шыңғысхан орда тіккен киелі мекен. Орда тауы, Хан
биігі – сол заманнан қалған белгі... Жоңғар хандығы күй
регеннен кейін осындағы қалың Найман Алтай мен Бар
қытбелге, одан ары Ерентауға қарай жөңкілгенде, жарты
лай босап қалған Шыңғыстау Ырғыз бен Торғайдан ауып
келген Тобықтыға бұйырыпты... Кешегі Құнанбай жорт
қан бел-белес, Абай алтыбақан тепкен Жәнібек, Ботахан
ошағы, кейін Шәкәрім бүркіт салған биік тұрғылар ертең
кімге қалар екенсің? Қасиетті өлкені лас аяғымен күні ер
тең кімдер таптамақ?! Аруақ қонған аймақтар, шынымен-
ақ, құдайсыздардың құзырында қалмақ па?
Қажының бір таңғалғаны, көз жетер жердегі сол өлкеде
қазір қыбыр еткен жан жоқ. Бұрын бұл бөктер төрт түлік
малға симай жатушы еді. Қора-қора қой өрісі, тебіндеген
жылқы қостары... Соның бәрі қазір тып-типыл. Түп қо
парыла бәрі бір жаққа ауып кеткен секілді. Тігерге тұяқ
қалмады деген не сұмдық?! Ең алдымен малды құртты.
Мал кеткен соң, сол малды талғажау етіп отырған адамдар
аштыққа ұшырап, тірлікпен қош айтыса бастады. Қазақты
малдан айыру, жылқыны құртып, жаяу қалдыру науқаны
жүрді ғой соңғы екі-үш жылда... Бәрі – соның нәтижесі.
– Сиыр мен қойдың жарасы жеңіл. Қанды қасап қылып
қырамыз да, етін Ресейге асырамыз. Ал мына жылқыны
қайтеміз? Орыстар жылқы етін жемейді ғой! – депті бір
белсенді.
– Олай болса, індет шықты деген сылтаумен жылқыны
бір сайға иіріңдер де, әскер шақырып, пулеметтің оғына
ұстаңдар! – депті жоғарыда отырған мансапты. – Өлексе
ден иіс-қоңыс шығады десеңдер, үстіне кәрасын шашып,
өртеп жіберіңдер!
Бұйрық табанда орындалған. Қазақ даласындағы он
миллионнан астам жылқы айналасы екі-үш айдың ішінде
оққа ұсталып, атылып, өртеніп, жоқ болды. Билік басында
отырғандар өз ұлтына жаны ашымай-ақ қойсын, тым құ
рыса ер қанаты – жылқыға ара түсе алмады-ау? Жылқы
дан кім зиян шегіпті? Жесең – ет, ішсең – қымыз, мінсең
– көлік. Осыны кімнің алдында да дәлелдеуге болады ғой.
Жоқ, олар ондайға бармады. Құдайсыздар жылқыны құр
тып, асау қазақты жаяу қалдыруға асықты.
Бірақ қазір кімге өкпелейсің? Жоғарғы үкіметте ұлт
қамын ойлап, суырыла сөйлейтін, бұлтартпас дәлел
келтіріп, әлдекіммен таласатын бір азамат қалды ма өзі?
Әттең, шіркін Алаш қайраткерлері қандай мемлекетті де
басқаруға дайын тұр еді-ау! Амал не, оларды дер кезін
де құртып тынды. Олардың орнына кілең бір ауыз қарсы
сөз айта алмайтын «мақұлбайларды» алып қалған жоқ па?
Солардың бірі – Қазақ үкіметінің төрағасы Елтай Ерназа
ровты Шәкәрім өткен жылы өз көзімен көрді. Қалай жолы
түсті екен, сол Ерназаров былтыр осы Шыңғыстауға келіп
қайтты. Үкімет басшысы талауға түскен малды, аштан
қырылып жатқан халықты көруге келген шығар, жағдай
бұдан кейін түзелер деп, былайғы жұрт дәмеленіп қалған.
Сөйтсе, олай емес, қуыршақ төраға салықтан жиналған
азық-түлік пен сойылған малдың етін Ресейге жеделдете
жөнелту үшін келген екен.
Жергілікті белсенділер Қарауыл өзенінің жағасына үй
тігіп, төрағаны күтіп жатыпты. Арыз айта келген халық
ты маңайына жолатпай, күзетшілер қуып жүр. Шәкәрім
ел ағасы ретінде, бастықтың қабылдауына жарты сағатқа
зорға кірді. Бірақ, кірмей-ақ қоюы керек екен, ұлық ал
дынан түңіліп шықты. Төраға жасында жалшы болған,
қойшы болған деуші еді, сол рас-ау деймін. Ернінің жа
лағы әлі кете қоймапты. Шаш қайырмаған. Анығында,
қайыратындай шаш та жоқ екен. Басында төбелі бар ма,
шұңғылдау жасыл тақиясын милықтата киіп алыпты...
Шәкәрім елдегі жағдай, халықтың ауыр халі, ашаршылық
жайында айта бастаған. Төрағаның мінезі тым шорт екен.
«Сені кедейдің сөзін сөйлейтін тәуір қажы ма десем, бай
лардың сойылын соғып жүрген контр екенсің ғой!» деп
шақ ете қалды. Екі сөзінің бірі – орысша. Оны да иінін
келтіріп сөйлесе екен-ау, омыртқасын опырып, қабыр
ғасын қақыратып, ұлы орыс тіліне қатты обал жасайды
екен. Шәкәрім, амал жоқ, «Сенген қойым сен болсаң, күй
сегеніңді ұрайын» деді де, атына мініп, жүріп кетті.
«Осынау ақ сүйек жұтқа, қырғын апатқа кім кінәлі?»
- деді дәл қазір Айыршақпақтың бір биігінде отырған
Шәкәрім. – Айналып келгенде, осының бәріне өзін-өзі
қорғай алмаған қазақтың өзі кінәлі. Оны шыли орыстан
көрудің де жөні жоқ. Отаршылдар «қазақты ұшпаққа шы
ғарам» деп қашан уәде беріп еді. Оларға құл керек, отар
керек, қазақтың кең байтақ жері, оның асты-үсті байлығы
керек... Сол ен байлықты, елін-жерін қорғауға қазақ да
йын болмай шықты ғой. Алаш азаматтары кеткен соң, қа
зақ жас баладай қорғансыз күйге түсті. Біз әлі ұлт болып
ұйымаған екенбіз, халық боп қалыптаспаған екенбіз...
Дәлел керек пе? Бүкіл қазақты қан қақсатуға бір Голоще
киннің-ақ шамасы келді-ау! Жарайды, ол қужақ қатыгез,
қайырымсыз, қанішер-ақ болсын, жыланның аяғын көр
ген зымиян-ақ болсын. Егер ұжымы берік, ақыл-ойы тұ
тас, айрандай ұйыған мықты ұлттың ортасына келсе, жал
ғыз еврей не істей алар еді?
Жарайды, Алаш қайраткерлерінің басына күн туып
кетті делік. Ал, іс басындағы Қызыл комиссарлар, «Қы
зыл сұңқарлар» не бітіріп жүр? Қазақ азаматтары тізе қо
сып, өз ұлтын қорғаудың орнына Рысқұловщина, Сейфул
линша, Меңдешевщина болып, өзара мансапқа таласып,
Голощекинге жалынышты болып жүр... Осыдан кейін кім
басынбайды бізді?!
Ал Шыңғыстау ауданын тас-талқан етуге Қарасартов
деген бір ғана шала сауатты, безбүйрек белсенді молынан
жетті-ау! Кешегі Құнанбай қарауындағы Абайдың елі, «ел
пысығы» атанған бес болыс тобықты, аттыға жол, ауыз
дығы сөз бермейтін Ырғызбай жуандары бір сілкінген
нен қалмай, Қарасартовтың табанына түсті-ау! Бірін-бірі
көрсетіп, бірінің үстінен бірі шағым айтып, бір тобықты
ның өзі іркіттей іріді-ау! Иә, бұл да – қазаққа төте келген
зауал! Қазақтың надандығы, бәтуасыздығы, берекесіздігі,
ертеңін ойламайтын аңғалдығы үшін, Алланың жіберген
зауалы! Кәмпескеге дейін Шыңғыстау ауданында 32 мың
дай халық бар екен. Қазір содан аштан өлгені, абақтыға
айдалғаны, шетке қашқаны бар, төрт мыңдай ғана адам
қалыпты. Сұмдық емес пе?!
Марқұм Әсет те – тілі мірдің оғындай, айтқыш ақын еді
ғой. Ол өзі туып-өскен Үріжар-Мұқаншы өңіріндегі халді
баяндай келіп:
Асуға ат шықпаған арба шықты,
Қыранды қанды балақ қарға жықты,
Кешегі жымда жортқан жолбарыстар
Бұл күнде қоян көрсе жарға бұқты, – деген екен.
Көрдіңіз бе, бүгінгі заманның сиқын бір-ақ шумақ өлеңге
сиғызып жіберген.
Шәкәрім мана үйден шыққанда мына Қарашегірді
еркіндікке қоя берсем бе екен, жоқ, әлде қолыма ұстай
тұрғаным жөн бе деп, екі ұдай күйде аттанғанды. Аяқ
бауын ағытып, бір жола қоя берейін десе, ұзақ жыл өзі
не демеу, жан-серік болған қыранын қимайды. Қыранмен
қоштасу – бүкіл бір дәуірмен, аңшылық, саятшылық сал
танатымен қоштасу ғой, Шәкәрім үшін... Сауық құрған,
сайран кешкен жастық, жігіттік шағыңыз да қол бұлғап,
осы Қарашегірмен бірге кеткелі тұр...
Алайда жаңағы заман туралы, қазақ қоғамы туралы
көңілсіз ойлардан кейін, ол қыранмен қоштасуға біржо
ла бел байлады. Әр нәрсе өз уағында. Қыран баптап, сән
түзеп, сауық құратын заман ба қазір? Ол заман әлдеқашан
өтіп кеткен. Дүние деген итіңнің де алды-арты көрініп
қалды емес пе? «Шапанның қысқа пішкен шалғайындай,
дүние өтерінде шырайналды» дейтін бе еді Біржан сал?
Ендеше соның айтқаны бұған да келіп тұр.
Өз ойына берік бекіген Шәкәрім орнынан созалаңдай
көтерілді де, ақырын аяңдап, Қарагер аттың қасына келді.
Томағалы қыран ертоқым үстінде үнсіз мүлгіп отыр.
Шәкәрім туғаннан солақай. Қолтығында жүрген бия
лайды сол қолына кимес бұрын, бешпетінің қалтасынан
бәкісін шығарып, Қарашегірдің қалың былғарыдан оюлап
жасаған балақ бауын еппен сөгіп алды да, бүркітті содан
кейін ғана қолына қондырды. Сол беті жаңа өзі отырған
секі тасқа таман келген. Қазір Қарашегірдің еті көтеріңкі.
Саусақ ұшымен сипалап көріп, бүркіттің екі санында,
қауырсын түбінде бүртік-бүртік май біткенін аңдады. Қы
ранның етін көтерген – құсбегінің өзі. Асыраушысы жоқ,
еркіндікке алғаш шыққанда әл-қуаты толық болсын де
гені.
Ол қыранның бет-бағдарын Қаражал, Керегетас жаққа
қаратып сәл тұрды да, кенет томағасын сыпырып алды.
Тағы сол бүркіттің томағасын алған кездегі қайталанбас
сұлу көрініс. Жалт етіп бір қарағанда-ақ қарсы беттегі жо
та-жон, қорым-қойтасты жанарына сидырған есіл қыран
ежелгі дағдысынша «кәне, көрсетші, қолында өлейін» де
гендей жылан басын алға соза, етпеттей ентелеп, ұмсы
на берді. Ұша жөнелейін десе, көзіне ештеңе шалынбай,
иесінен белгі күтіп тұр. Шәкәрімнің бұдан ары тұруға
төзімі жетпеді. Биялайлы қолын серпіп қалып, қыранын
ұшырып жіберді.
«Қош бол, қайран Қарашегір! Сен енді азатсың... Өзім
де жоқ азаттықты мен саған сыйладым. Аспан әлемін
еркін шарлай бер!» деді, керегедей қанаттарын жайып жі
беріп, Керегетас бөктерін қалықтай сүзіп жүрген бүркіті
не сүйсіне қарап тұрып. Сол сәт қарт құсбегінің көзінде
жартасты жарып шыққандай екі тамшы жас тұр еді.
- ІІ -
Ақынның Қарашегірмен қоштасуы – адам басына тү
сетін аса ауыр қайғы емес, мұң ғана болатын. Қимастық
тан туған құлазу, сағыныш... Ал қайғыға келсек, ол қа
жының басында қат-қабат үйіліп жатқан. Кейде «менің
қайғымдай қайғы кімде бар?» деп тау-тасты жаңғырта
айғай салғысы келеді. Ал айналасындағы мұны білетін
адамдар Шәкәрімнің сонша қасіретті бір өзі қалай көтеріп
жүргеніне таңғалады. Біріншіден, мұндай қайғыны бір
Алланың қақтығына, Жаратушының құдыретіне сенген
адам ғана көтеруі мүмкін. Екінші себеп – ел басына жап
пай төнген апат. Жұртың қынадай қырылып, халқың қан
жұтып отырғанда, жеке бастың қайғысы кішірейіп, жәй
әдеттегі нәрсе боп қалады екен. Өйткені шығын берме
ген, аза тұтпаған шаңырақ жоқ. Бұл күнде «әкем айдалып
кетті, бала-шағам аштан өлді» деген сөздер жаңалық бо
лудан қалған.
Шүкір, Алла-Тағала Шәкәрімді ұрпақсыз қалдырған
жоқ еді. Екі әйелі Мәуен мен Айғаншадан бес ұл, төрт қыз
өсірген екен. Солардың көбі қазіргі Қарасартов заманы
ның құрбаны болды. Бәйбішесі Мәуен артына екі ұл, екі
қыз қалдырып, ертеректе қайтыс болған. Ал кезінде қатты
ғашық боп, сүйіп алған әйелі Айғанша ортаншы ұлы Қа
быш, қызы Күлзия үшеуі аудандағы Қарасартов түрмесін
де жатып аштан өлді-ау! Айғаншаның тұңғышы Ғафур
ержеткен ұлы Баязитпен бірге Семей түрмесіне қамалып
еді. Екеуі де сондағы азап пен аштыққа төзбей, өздеріне
қол жұмсап, мерт болды. Ал, Қабыштан кейінгі үшінші
ұл Ахат бертінге дейін аман жүр еді. Өткен жылы оны да
салықты уағында төлемедің деген сылтаумен бес жылға
кесіп жіберді. Әзірге абақтыдан аман қайтқан ешкім жоқ,
кім білсін Ахаттың болашағы не боларын... Әзірше бос
тандықта жүргені – кенже ұлы Зият қана. Семейде оқу
бітіріп, сол жақта қызметте жүр. Құнанбай әулетінен Тә
кежанның Әзімбайдан туған немересі Бердеш Ырғызбай
дың біраз адамын ілестіріп, жансауғалап Қытайға өтпек
дейді. Шәкәрім өз кіндігінен тымқұрса бір ұлдың аман қа
луын ойлап, Зиятты соларға қосып жіберсем қайтеді деп
те лоблып қояды.
Бұл күнде Абай шаңырағында да белге шығар ешкім
қалған жоқ. Ақылбай, Мағауиялар әкесімен бірге кеткен.
Абайдың Айгерімнен туған сүйікті ұлы Тұрағұл мен Ма
ғауияның ұлы Жағыпар екеуі кәмпескеге ілініп, Шымкент
жаққа жер аударылған-ды. Естуінше, Тұрағұлға аштық
пен ауыру қабат келіп, денсаулығы күрт төмендеп кеткен
деседі. Мынадай таршылықта ол да қаншаға барар дейсің.
Осы өңірден шыққан бір білімді азамат Мұхтар Әуезов
еді, болашағынан үміт күттірген сол жігіт те екі жылдан
бері Алматының абақтысында жатқан көрінеді... Соны
мен, әрқайсысы бір елге хан болғандай Алаш азаматтарын
да шетінен абақтыға жауып, одан қалғанын атып-асып,
біртіндеп тауысуға айналды. Сонда, мұның өзі – қазаққа
арнайы келген, тігерге тұяқ қалдырмайтын, ең алдымен
көзі ашық, оқығандарын жоятын төтенше апат болды
ғой...
Ал осы зұлмат әубастан кімнен, қайдан, қалай бастал
ды? Шәкәрімнің ойынша, апаттың түп тамыры тым те
реңде жатыр. Шәкәрім қажы осындай бір сұмдықтың бо
ларын өкімет басына құдайсыздар келгенде-ақ сезген-ді.
Қазақ «Ұят тұрған жерде иман тұрады. Тегінде, Құдайдан
қорықпағаннан қорық» дегенді бекер айтты дейсің бе?
Билік басындағы ұятсыз, имансыз, құдайсыз тобырдан не
жақсылық күтуге болады?
Сырттай оқып-білуінше, Ресейдегі орыс ақсүйектерінің
де шекесі шалқып тұрмаған көрінеді. Жер иесі байларын
«езуші, алпауыт» деп, орташаларын «бай-құлақ» деп,
шетінен жер аударып, мал-мүлкін тартып алып жатса
керек. Құдайсыздардың ұраны – «теңдік» дейді. Сонда,
бұл – қандай теңдік? Кедейді байға теңемек пе, жоқ, әлде
байды кедейге теңемек пе, ол жағы түсініксіз. Әйтеуір,
Ресейде шаруаның жөнін білетін ешкім қалмаған деседі.
Текті жерден шыққан княз, граф атаулы шетелден баспа
на сұрап, кемеге тиеліп, қашып жатқанына көп болыпты.
Хат сауаты бар, оқыған, өздерін орыстың ар-намысы са
найтын ақ офицерлерді сотыз-сұрақсыз қабырғаға тізіп
қойып, оққа ұстаған. Бір сөзбен айтқанда, құдайсыздар
қай жерде болсын, ұлттың қаймағынан, жоғарғы элитадан
құтылуды алдарына мақсат етіп қойса керек. Өйткені көзі
ашық, өз пікірі бар, сауатты адамдардың оңайшылықпен
ырыққа көнбесін олар жақсы біледі. Мемлекет қарауында
біріңғай тексіз, қансыз, имансыз, құдайсыз «пролетариат»
қалса басқару оңай болады. Октябрь төңкерісін жасаудағы
мақсаттың өзі сол емес пе?
Орыстың Иван Бунин, Алексей Толстой бастаған көп
жазушылары қазір шетелде жүр. Тіпті, «пролетариат жа
зушысы» деп әспеттеген Максим Горкидің өзі Италиядан
бір-ақ шығыпты. Кетем дегендерге жол ашық дейді. Де
мек, балшабектер өздерінің түбі шикі, қылмысты істеріне
куә қалдырғысы келмейді.
Сол Ресейдегі оқиғалармен салыстыра келіп, Шәкәрім
тағы бір шындыққа көз жеткізіп, жағасын ұстады. Демек,
қазақ байларын кәмпескелеп, өздерін жер аударып, көнбе
гендерін «банды» деп оққа ұстау – осындағы шексіз бай
лыққа ие болу ғана емес, сол арқылы ұрықты, текті атаны,
ұлттың ұйытқысын құртуды мақсат еткен екен ғой. Бір
сөзбен айтқанда, ұлттың құтын қашыру, аруақты, абройлы
адамдарын жою, халықтың жадын өшіріп, тарихын ұмыт
тыру, сөйтіп, өткенін білмейтін мәңгүрттерді мәңгілік құл
ету... Бұл араға келгенде, құдайсыздар мен шовинистер
бірігіп кетеді. Билік басына кім келсе де үзілмейтін сол
баяғы империялық саясат.
Бұрын өмірі жалғызсырауды білмейтін, ешқашан зерік
пейтін Шәкәрім кейінгі кезде көңілі орнына түспей, әл
денеге алаңдап құлазитынды шығарды. Елдегі жағдай
ды, маңайда не болып жатқанын білгісі келеді. Бұрын
бүркіттің бабы, жемі деп, бір уақ Қарашегірді ермек етуші
еді, оның да айы өтті. Ал қағаз, кітап... Оған да қашан
ғы қадала бересің. Бұрынғыдай емес, көзінің де болаты
қайтқан. Күндіз болмаса шам жарығында оқып-жазуға
жанары шыдамайды. Осылайша, жанын қоярға жер тап
пай отырғанда, бір күні кешке таман екі бүркітшінің Саят
қораға салаң етіп, келе қалғаны. Бүркітші болғанда, өзіне
ежелден таныс, құдандалы, жақын адамдар.
Мына Аягөз, Ақшатау, Арқат, Құндызды маңында
Найманның бір бұтағы Қаракерейге жататын Сыбандар
тұрады. Бұлар да аз емес, бес болыс ел. Қажының әкесі
Құдайбердінің туған нағашысы, яғни Құнанбайдың бас
бәйбішесі Күнке әженің төркіні... Күнке – Қу дауысты
Құттыбайдың Сейтеннен туған немересі Ағанас батыр
дың қызы... Тобықтылар Шыңғыстау маңына алғаш көшіп
келгенде, өріс-қоныстарын құдалық жолымен кеңейтпек
болып, Найманның жуандарына жаппай құда түскен ғой.
Сол кезде, өзі де Найманнан қыз алған Өскенбай би әулеті
не арқатірек керек болғанда, құдалыққа осы сыбандарды
таңдаған екен. Онда, Байғара би, Ақтайлақ билердің тұ
сында сыбанның шалқып тұрған кезі. Нәтижеде Ырғыз
бай мен Жанкөбек әулеті неше қабат құда болады. Бертін
де Құнанбай осы Ағанастан тараған Кенжеғұл бидің қызы
– Қаражанды ортаншы ұлы Тәкежанға алып берген.
Сыбан ауылдары Абай заманында, Құдайбердінің тұ
сында да Құнанбай әулетімен жиі араласып тұрды. Кейінгі
Шәкәрім кезінде де бұл байланыс үзілген жоқ. Мына кел
гендер – сол Ағанастан тарайтын Ақберді, Жақып деген
саятшы-бүркітшілер еді. Шәкәрім осы Саятқораны мекен
еткелі бұлар жыл сайын құс салып, осында келіп тұра
тын-ды. Міне, қазір де ескі таныстар құшақ айқастырып,
шұрқырасты да қалды. Ақберді мен Жақып екеуінде екі
бүркіт. Ержеткен бір баласын қағушылыққа алып, аға
йынды жігіттер өздері жеке шығып кетсе керек. Бүркіт
тері бабында екен. Қанжығаларында екі-үштен түлкілері
бар.
Сөйлесе келе мәлім болды. Бұларға да бүркіт салу –
жәй сылтау. Шонжардың тұқымысың деп, белсенділер
маза бермейтін болған соң, осылай бой тасалап, иенге
аң аулап кететін көрінеді. Жалпы, Ағанас әулеті шетінен
бойшаң, ірі келетін-ді. Мына Ақберді мен Жақып та со
лай екен. Нағашыларына тартқан Құдайберді марқұм да
ұзын бойлы еді. Шәкәрім бой жағынан әкесінен де асып
түсті. Бүгін тобықты мен сыбанның өңшең бойшаңдары
тас үйге тіреу бола жаздап, қуырдақпен шай іше отырып,
әңгімені бір гулетті-ау!
Айтатындары – ел ішінің жаңалықтары. Шәкәрім То
бықтының кетеуі кеткен қазіргі халін айтса, Ақберді мен
Жақып кезектесіп, Сыбанның басына төнген ауыртпалық
ты жыр етеді. «Қайда барсаң қазанның құлағы төртеу».
Құдауанда, бір-бірінен аусашы. Екі ауданның жағдайы
бірдей екен. Бір-біріне егіз қозыдай ұқсас құдайсыз бел
сендіні қалай тауып қойған десейші. Шыңғыстауды Қа
расартов билесе, Аягөзді сұрап тұрған – Сарноғаев деген
біреу екен.
– Бұрын айрандай ұйып отырған бес болыс Сыбанның
қазір быт-шыты шықты, - деді Ақберді күйіне тіл қатып.
– Не үшін екен, белсенділер сыбанның Жанкөбек тарма
ғына өлердей өш. Ертеде иісі найманды билеген ірі билер
осы Жантөбектен шыққан ғой: Нар дауысты Нарынбай,
Қу дауысты Құттыбай, Байғара би, Ақтайлақ би, Кеңес
бай, Жарқынбай билер... Бір Ақтайлықтың өзінен: Әкім
бай, Кеңесбай, Жараспай, Сабырбай атты төрт ұл тараған.
Міне, осы кісілердің ұрпақтарын түгел кәмпескелеп, мал-
мүлкін тартып алып, адамдарын жер аударып, қаңғытып
жіберді. «Билердің әулетін Аягөзден аластайық» деген
ұран көтерілді-ау!
– Тура біздің елдегі сияқты екен! – деді Шәкәрім езу
тартып. – «Құнанбай қажы», «Шәкәрім қажы» деген сөз
шықса біздегі белсенділердің де төбе шашы тік тұрады.
– Өздері ағайын арасына ши жүгіртіп, біріне-бірін ай
дап салуға келгенде мұндай шебер болар ма! – деді Ақ
берді тағы бір ойдың шетін шығарып. – Иманды болғыр
Нарымбай атамыз баяғыда Ташкентті билеп тұрған кезін
де сондағы құраманың жетімдерін өз атына жаздырып,
бауырына сала беріпті ғой. Кейін бәрін үйлендіріп, алда
рына мал салып берген. Оларды шетке қаққан ешкім жоқ,
осындағы көп Жанкөбектің бірі болып жүріп жатқан-ды.
Аягөзге келген белсенділер тімтініп жүріп, арадағы сол
саңлауды тапты ғой. Әлгі асырандылардан тараған ұрпақ
ты азғырып, Нарынбайдың өзге балаларына қарсы айдап
салды. Ой, Алла-ай, бір-ақ күнде жау болып шыға келді
жаңағы кірмелер. Біздің елде кім қажы, кім болыс, кім би
болған. Кімдердің қай жерде тыққан малы, көмген алты
ны бар – әлгілер түгел сарнатып айтып берді-ау! Іштен
шыққан жаудың жанға батқаны сонша, біздің бір ағала
рымыз: «аруағыңнан айналайын, Нарынбай-ай, өзгенің
бәрін білгенде, асырандының ел болмасын, тексіз құлдың
ұл болмасын қалай білмедің екенсің. Бір кезде қойныңа
салған жылан айналып келіп, өзімізді шақты-ау» деп еңі
реп тұрып жылады ғой...
– Бізде де дәл солай болды, – деді Шәкәрім өз тарапы
нан сөз қосып. – Тобықтыны жік-жікке бөліп, рулардың
қырық жылғы ескі кегін қайта қоздырды. Бөкенші мен
Борсаң, Ырғызбай мен Жігітек болып, қысқасы, үш Ол
жай бірінің жағасын бірі жыртты. Біреулер баяғы қажы
атама кеткен есесін, тартқан айып-анжысын айтып, сол
үшін ұрпақтарының жауап беруін талап етті. Абайдың
ұлы Тұрағұл мен Мағауияның ұлы Жағыпардың мал-
мүлкі тәркіленіп, өздерінің жер аударылуына сол ағайын
дардың қысасы себеп болды...
– Апырай, өзгені былай қойып, Құнанбай мен Абайдың
аруағын сыйламауына қарағанда, Сіздің ел де бұзылып
біткен екен, – деді Ақберді шошына жағасын ұстап.
Арадағы әңгіме үзіліп, аңшы-құсбегілер біразға дейін
үнсіз отырды.
– Айтпақшы, сіздің елдің аштыққа ұшырауы, өзін-өзі
апаттан сақтауы қалай? – деді Шәкәрім әлден уақытта. –
Біздің ел сияқты беті ауған жаққа босып кеткен жоқ па?
– Ой, Шәке-ай, оның несін сұрайсың, біздің ел де то
зып бітті, – деді Ақберді түнеріп. – Аягөз – тоғыз жолдың
торабы, Қытайға бір табан жақын емес пе. Бойында әл-
қуаты барлар қу кеңірдектің қамымен шекара асып кетіп
жатыр... Бір тәуірі өткен жылы біздің ауданның үстімен
шойын жол өтті ғой. Жастар жағы соған жұмысқа тұрып,
талғажау бірдемесін тауып жүр...
Нағашы сыбандар ертеңінде қош-қош айтып, аттанып
кетті. Шәкәрімді жалғыздық құрсауы мен ауыр қайғы
қайта келіп басты. Бұл айларда қаламды да қолына жиі
ала бермейді. Кейінгі уақытта көңіл күйге байланысты,
хақ жолына шақырған біраз жырлар жазды. Соның ең кө
лемдісі – «Мұтылғанның өмірі» атты өмірбаяндық толғау.
«Мұтылған» – өзіне таңдап алған лақап аты. Мұнда өмір
ден біржола түңілу бар. Ақын «Мені енді ешкім де еске
алмайды. Осымен бәрі бітеді, бәрі ұмытылады» деп есеп
теп, бір уақ тәркі дүниелікке салынады. Сонымен бірге,
болашаққа үмітпен қарау да жоқ емес. Туннелдің арғы ба
сында бір жарық сәуле бар. Кейінгі ұрпақ осы мені түсін
бей қалып жүрмей ме деген қауыппен өз өмірінің кезең-
кезеңін жыр кестесіне түсіреді. Мәселен, мына жолдарды
қалай түсінуге болады?
Дұшпаным жоқ, досым жоқ,
Қайғыдан да шошу жоқ.
Рахат іздеп тосу жоқ,
Бір «жындымын» құтырған.
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім мұтсын деп,
Атымды қойдым «Мұтылған»
Бұл өлеңнен біз ештемеден қорықпайтын, керек де
сеңіз, өлімнен де сескенбейтін, кемел шағына жетіп, өз
ісін түгел жасап болған, тарпаң да, тәкаббар ақынды кө
реміз. «Өлген соң елім мұтсын деп» деген жолда бәрі бар.
Онда еліне деген өкпе-наз да, өзіне сенген ақындық ер
келік те жоқ емес.
Шәкәрім қажының өмірде пір тұтқан екі ұстазы бар
еді. Абай және Толстой. Шәкәрім Толстойға хат жазып,
шығармашылық жайында ақыл-кеңес сұраған. Кешікпей
жауап келеді. Ұлы жазушы сол хатта ақынның әдебиеттегі
жолын сызып бергендей болып еді. Ал Абай... Әлдебір
тұйыққа тіреліп, ақыл сұрай барғанда, бұған тым қиын
көрінген дүниені оп-оңай түсіндіріп, талдап беруші еді-
ау! Енді міне, Абай да жоқ, Толстой да жоқ, кімінен ақыл
сұрарсың. Бұл күнде есі шыққан жұрт Шәкәрімнің өзінен
ақыл дәметеді...
«Егер Абай қазір тірі болса, мына жұрт қайтер еді? –
деп ойлады Шәкәрім бір сәт қиялға беріліп. – Әй, Қара
сартовтың құдайсыз қара тобыры Абайды да түтіп жейді
ғой. Заманның біршама түзу кезінде Абайды сабаған аға
йын мынадай қағынған кезеңде аянып қалар деймісің».
- ІІІ -
Бұл өмірден кезінде аға сұлтан болған Құнанбай қа
жының өткеніне әлі жарты ғасыр толған жоқ. Ал ұлы ұс
таз Абайдың өмірден өткеніне небәрі жиырма жеті жыл.
Осы аралықта дүние асты үстіне келіп, қалай тез өзгерді
десеңізші! Иә, мына жұрт қазір Құнанбай заманы, Абай
заманы келмеске кетті десіп жүр. Ал сонда мына заман
ды кімдікі дейміз? «Қарасартов заманы» дейміз бе? Жоқ,
күлмеңіз, солай демеске шараңыз жоқ. Кезінде Құнанбай
жөнге сала алмай кеткен, Абай түзей алмай кеткен қалың
тобықтыны сол Қарасартов аз жылда бір тарының қауы
зына сидырып жіберді ғой.
«Аудандағы ОГПУ-ға жаңа бастық келіпті. Бұрын Бес
қарағай халқын қан-қақсатқан қаныпезер біреу екен. Енді
оны Шыңғыстау елін жөнге салуға жіберіпті» деген ха
бар тау жайлаған Шәкәрімге еміс-еміс естіліп жатқан-ды.
Әлгі «құлақ естігенді көз көреді» деген рас. Ақыры ГПУ
бастығын да көрді-ау! Бірақ түк таңданған жоқ. Абзал Қа
расартов – сол өзі мөлшерлегендей адам болып шықты.
Қазір Қазақстанның әр ауданында бір-бір Қарасартов жүр
ғой. Қарасартов емес, бір-бір Голощекин жүр десе де бол
ғандай. Мынау да – соның бірі. Тек, бір мөлшері ғана жаң
сақ кетіпті. ГПУ бастығы әскери адам дегенге ұзын бой
лы, сірескен біреу ме деп ойлаған. Мынаның бойы тым
аласа екен. Қажының қолтығынан ғана келеді. Бадырақ
көздеу келген, танауы тарбиған, сіріңке қара. «Ақылсыз
басқа адыраңдаған көз бітеді» деуші еді. Соған дәл келіп
тұр. Тоқ ішегі қысқа, ішіне шынашақ айналмайтын, «әпер
бақан, ұр да жықтың» өзі болып шықты.
Бірақ бойым аласа дейтін ГПУ бастығы жоқ, кімнің де
болсын басынан асыра қарайды екен. Сұрғылт гимнас
терка, галифе шалбар, үзеңгіге қажалып сәл өңі түскен
хром етік. Иығында аспа қайысы бар, жалпақ қайыс бел
беуді кіндіктен жоғары кеуделете буынады екен. Оң жақ
бүйірінде – сол белбеу түстес қабы бар, тоқпақ жіліктей
ап-ауыр пистолет. Қысқасы, қазіргі сәтте Қарасартовтың
айпарасын асырып тұрған – сол «тоқпақ жілік» болса ке
рек. Совет өкіметі ұстатқан сол айбарым орнында бар ма,
жоқ па дегендей, әр минөт сайын оң қолы сол қаруына
барып қайтып, барып қайтып отырады екен.
Екеуі ойда жоқта кездесті.
Шәкәрім айына бір рет аудан оралығы Қарауылға барып
тұратын-ды. Абақтыда жатып аштан өлген сүйікті жары
Айғаншаны, ұлы Қабыш пен қызы Күлзияның басына ба
рып құран оқиды. Адамынан айырылған таныс-біліс аға
йынға көңіл айтады. Сондай бір сапарда, ауылдың шетіне
іліне бергенде, Қарасартовтың сайтандай ұшыраса кет
кені. «Ол да менің тырнағымнан таныпты, мен де оның
құлағынан таныдым» деп Пушкин айтқандай, екеуі бірін-
бірі жазбай таныды. Бәлкім, қолында Шәкәрімнің суреті
бар шығар, алдымен таныған – Қарасартов. Астындағы
ақжал жиренді жылдам бастырып, алдын кес-кестеп, ора
ғыта берді.
– Ассалаумұғалайкум, Қажеке! Жаңылмасам, осы сіз
Шәкәрім қажы боларсыз, – деді мұның тұла бойын тінте
қарап. Қаруы бар ма деп қауіптенетін секілді.
– Уағалайкумассалам! Қателескен жоқсыз, сол өзіңіз
айтқан Шәкәрім қажы мен боламын... Ал, сіз кім боласыз?
– деді қажы оның кім екенін әдейі білмегенсіп.
– Мен – осындағы ГПУ-дың жаңа бастығы Абзал Қа
расартовпын, – деді өз буына өзі піскен анау қарадай мар
дымсып. – Сізге әдейі барып сәлем беруге мұршам болмай
жүр еді, құдай сәтін салып, кездесе кеткеніңізді қарашы!
Ақыр кездестік қой, жүріңіз, біздің кеңсеге барып, біраз
әңгімелесейік.
Шәкәрім бармауға сылтау таппай, оның соңынан амал
сыз ілесті. Бұрынғы ГПУ бастығы Юдинның тұсында бір-
екі рет келгені бар еді, кеңселері сол орнында екен. Ат
тарының шылбырын алдарынан жүгіріп шыққан солдатқа
ұстатып, екеуі ішке кірді. Қарасартов қажыға орындық
ұсынып, өзі төрдегі орнына барып жайғасты. Байқайды,
жаңа бастық жыланның аяғын көрген жылпостың өзі.
Шәкәрімге көпшік тастап, көтере сөйлеп отыр.
– Естіп жатқан шығарсыз, басқа қажыларға біз бұлай
құрмет көрсетіп жатпаймыз, желкеден бір-бір түйіп, түр
меге тыға саламыз! – деді ГПУ бастығы жаңа тұтатқан
темекінің түтінін тарбақ танауынан дірдіктете шығарып.
– Ал, сіздің жөніңіз бөлек. Сіз – жәй қажы ғана емес, үл
кен ақынсыз ғой. Сізді иісі қазақ түгел таниды. Облыстық
ОГПУ-дың бастығы Панов жолдас та, оның орынбасары
Волков жолдас та сізді жақсы біліп отыр. Өткенде мен
осылай аттанарда сізбен ерекше мәмле жасау жөнінде сол
кісілер қадағалап тапсырған.
– Рахмет! Олар – кәсіби барлаушылар ғой. Барлаушы
жолдастар бәрін біліп отырады, – деді Шәкәрім қысқа қа
йырып.
Қарасартов кезекші солдатты жұмсап, бір тегене қымыз
алдырды. Қымызы жақсы екен. Шөліркеп келген қажы
тостаған толы қымызды қос қолдай ұстап, түшіркене
сімірді. Бұл күнде қымыз да қолға түспейтін асқа айналды
ғой. Жылқы құрып кеткен елде қымыз қайдан болсын. Тек
қолы ұзын бастықтарда болмаса...
– Қажы, сіз қазір иен тауда жалғыз үй тұратын көрі
несіз. Ел ішіне көшіп келмейсіз бе? – деді Қарасартов
сырлы тостағандарға тағы да қымыз құйып жатып. – Кел
сеңіз, үй жағынан қысылмайсыз. Айдалып кеткендердің
ең тәуір деген үйін сізге берер едік.
«Мені алысқа ұзатпай, ұзын арқан, кең тұсаумен көз ал
дарында ұстамақ қой» дегенді ойлап өтті Шәкәрім. Бірақ
сыртқа сыр берген жоқ:
– Қамқорлықтарыңызға рахмет! Орталыққа келсем үй
табылады ғой. Бірақ мен оңашалыққа үйренген адаммын.
Зеріккенде бір уақыт аңға шығам. Жазу жазғаныма да ты
ныштық керек, – деді екі ұштылау жауап беріп. Тағы бір
сөздерді айтсам ба деп оқталды да, бөгеліп қалды. Қара
сартов сұм соны да сезе қойған екен:
– Сіз тағы бірдеңе айтқыңыз келді-ау деймін. Айта
беріңіз, құлағым сізде, – деді бар ынтасымен алға ұмсы
нып.
– Айтсам, орталыққа көшіп келіп, сіздермен қалай
көрші болам? Мен құдай жолын ұстаған, сол үшін қажыға
барған адаммын. Ал, сіздер құдайды мойындамайсыздар.
Әр ауылда «құдайсыздар ұйымын» құрып жатқан көрі
несіздер... Сөз жоқ, сіз де сол ұйымға мүшесіз. Солай емес
пе? – деді ГПУ бастығына қадала қарап.
Қарасартов «мүше емеспін» деп айта алмады.
– Әрине, ол ұйымға біз мүше болмасақ, кім мүше бо
лады? – деді әлдебір мақтанышпен. – Біз, коммунистер
дінге емес, ғылымға сенеміз. Құдайға емес, Маркс пен
Лениннің іліміне табынамыз. Маркс: «Дін – апиын» деген
ғой. Оны білетін шығарсыз?
– Білем. Міне, көрдіңіз бе, сіз бен біздің жолымыз мүл
де қиылыспайды, – деді Шәкәрім бойына әлдеқандай ба
тылдық бітіп. – Бірақ, бұл – өзара жауласу деген сөз емес.
Түрлі сенімдегі адамдар да тату-тәтті тұруына болады...
Былай етсек қайтеді? Ең дұрысы, бір-бірімізге кедергі жа
самайық. Сіздер өз беттеріңізбен құдайға қарсы күресе
беріңіздер. Мен болсам, иен тауда бес уақыт намазымды
оқып, қағазымды жазып жата берейін...
Қисынды сөзге Қарасартов та қарсы ештеңе айта алма
ды. Түптің түбінде Маркс ілімі жеңетінін, діндердің күлі
әлі-ақ көкке ұшатынын көпірте сөйлеп біраз отырды да,
ақырында көкейін тескен негізгі әңгімеге көшті.
– Шыңғыстың иен түкпір шатқалдарында жасырынып
жүрген банды бар дейді. Олар Айдынкөл, Шалқар бастат
қан Шұбартау бандыларымен жалғасатын көрінеді. Құс
салып, тау ішінде жүргенде көзіңізге ондай сөдегей-солпы
ешкім түспеді ме? – деді Шәкәрімге біртүрлі сенімсіздік
пен барлай қарап.
– Жоқ, мен ондай ешкімді көре алмадым, – деді Шәкәрім
де ГПУ бастығына тайсалмай тура қарап. – Мен бейта
рап адаммын ғой. Құдайсыздармен де, бандылармен де
үйірлігім жоқ. Тек, оқта-текте Саятқора маңынан мені аң
дып жүрген сіздердің тыңшыларыңызды көріп қаламын...
Бұл да рас нәрсе болатын. Бұрын Шәкәрімге қағушы
болған Жұмағали дегенді осы Қарасартов қазір тыңшы
ретінде пайдаланып жүр. Ол байқұсты да қорқытып, қол
ға түсірсе керек.
– Ол сізді аңду үшін емес, бандылардың ізін кесіп жүр
ген адам ғой, – деді Қарасартов ыржалақтап. – Өйткені
Шұбартау бандылары, шынында да, қауіпке айналып тұр.
Олардың аудан орталығы Баршатасты бір рет басып алға
нын білесіз бе? Семейден қарулы отряд шығып, банды
ларды зорға ығыстырды... Бірақ олар әлі де қаруын таста
ған жоқ. Шұбартау керейлерін біртіндеп Қытайға көшіріп
әкетпек көрінеді... Ондайдан не хабарыңыз бар? Жалпы,
өзіңіздің Қытайға көшетін ойыңыз жоқ па?
Шәкәрім белуарына түскен мол сақалын тулата кеңкіл
деп күлді.
– Қызық сұрақ екен... Мен Қытайға не іздеп барам,
сонда? Малымды қорғап қашар едім, төрт түлік түгел
тәркіленіп кетті. Бала-шағамды аштықтан қорғап, алып
өтер едім, олардың бәрі түрме азабына, ашаршылыққа
шыдамай өліп тынды. Кенже ұлым Зият – қалада, үкімет
қызметінде жүр... Сонда жалғыз мен – жетпіс үштегі кәрі
шал, кімге керекпін?
Өзінше уәжден жеңілгені болар, Қарасартов бұл жолы
үндемей қалды. Бірақ іш пікірі өзінде еді: «кәрі қақпастың
айтып отырғаны рас. Бірақ, бұл адамға сенуге болмайды.
Совет өкіметіне тіс-тырнағымен қарсы. Көрдіңіз бе, со
веттерді «Құдайсыздар өкіметі» деп атайды екен. Аузы
дуалы қажы бір күні аудан халқын соңынан ертіп шыға
келмесіне кім кепіл? Сондықтан бұларды көзден таса қы
луға болмайды».
– Жарайды, Қажеке, құдай жолын ұстаған екенсіз, сізді
ол жолдан қайт деп зорламаймыз. Жасыңыз да келіп қал
ды ғой, арамызда қанша жүрем дейсіз? – дегенді өзі де
байқамай айтып салды. – Оның есесіне, ұстаған жолым
нан мен де қайтпаймын! Өмірі шыр бітпеген кедейдің ба
ласы едім. Совет өкіметі ғой – мені адам қатарына қосқан.
Әкем көрінгеннің жұлығын жалап күн көрген етікші бо
латын... Не керек, Совет өкіметі небәрі төрт класс бітірген
мені төрге шығарды ғой. Қазір, міне, бір ауданның тағды
ры қолымда тұр. Бұрынғы болыс та, би де, бай-шонжар да
алдыма келгенде дірілдеп тұрады... Мұндай өкімет үшін
құрбан боп кетсем болмас па?!
Бұл – ГПУ бастығының кім көрінгенге айта бермейтін
шын сыры екенін Шәкәрім де түсініп отыр.
– Иә, жақсылықты жақсылықпен қайтарам дегенің жөн-
ақ, – деді бұл жолы Қарасартовты қостап. – Тек өкіметке
жағам деп басқалардың көз жасына қалмасаң болғаны!
Адамдарды жазықсыз күйдіріп, қарғысын алып жүрме...
Мәселе сонда! – деп қажы қамшысын, тымағын қолына
алып, жүруге қамданды.
– Біз әлі сізбен талай кездесеміз! – деді қажыны есік
алдына дейін шығарып салған ГПУ бастығы. – Әлдебір
бұзақы біреу көзіңізге түссе, бізге дереу хабарлаңыз!
«Ендігі жетпегені – сендерге тыңшы болу еді, – деді
Шәкәрім ішінен мырс-мырс күліп. – Мына шіркінде азда
ған ес болсайшы!».
Қажы атына міне берген сәтте көшемен төрттен тізілген
жастар тобы жүріп өтті. Мектеп оқушылары, әлде «Сау-
Жойдың» шәкірттері... Қайсысы болса да, аудандағы «Құ
дайсыздар ұйымының» мүшелері екенінде дау жоқ. Жаңа
заманның әлдебір өлеңін айтып барады. Шәкәрім басқа
сын ұға алмай қалды. Тек өлеңнің:
Кел кедей, жатпа бос!
Қол ұстас жалшымен.
Байлар мен молданы
Қойдай қу қамшымен! – деген қайырмасы ғана есінде
қалыпты.
Шәкәрім атына мінген соң Ібіліс иектеген мына ауыл
дан тезірек кеткенше асықты. Құдайсыздар бір-жарлап
емес, енді тобымен жүретін болған ба? Және жәй жүрмей,
топтаса өлең айтып, шеру тартып барады. «Молда мен
байларды қойдай қу қамшымен». Кейінгі ұрпаққа қалдыр
ған өнегесі осы ғой.
Соңғы уақытта қажыны шешуі қиын неше алуан сұрақ
тар қаумалап, басын әбден қатырып жүр. Бір түсінбейтіні,
құдыреті күшті Алла-Тағала осы құдайсыздарға қалай
ерік беріп қойды? Құдайсыз коммунистердің үйірген асы
ғы неге алшы түсе береді? Мына бетінде кете берсе, енді
аз жылда қасиетті қазақ даласы жын-шайтанның ойнағы
на айналмай ма?.. Әлде бұл да Алланың жер бетіне әдейі
жіберген сынағы ма екен? Адамзаттың бір бөлегі құдай
сыз, имансыз өмір сүріп көрсін. Бір дәуір адасып барып,
қайта оралсын, ең ақырында ақиқатқа көздері жетсін де
гені ме? Әй, бәсе, солай шығар. Адамзат тарихында жа
ратушы мұндай ауытқуларға талай рет жол берген. Жер
бетіндегі қырғын соғыстар, әлемге бір өзі қожа болуды
көздеген басқыншылар... Тіпті, Мұхаммет (с.ғ.) пайғамба
рымыз тұсында құдайсыз мүшіріктер Алланың ақ жолына
неше рет қауіп төндірмеді ме? Ақырында пайғамбарымыз
бен оның соңына ерген сахабалар Меккеде тұрақтай ал
май, Мединеге дейін шегініп барып, Жаратушының жәр
демімен қас жауларын зорға жеңбеді ме?
Алла-Тағала адамды топырақтан жаратқанда, Ібіліс-
шайтанды оттан жаратыпты. Адам атаға періштелердің
өзі бас игенде, Ібіліс күпірлік келтіріп, адамға бас имей
кеткен... Ендеше, сол Ібіліс әулетінің де бір мезгіл жер
бетін билейтін кезі болады деген сөз. Қазір жер бетінде
не болып жатқаны Аллаға алақанға салғандай беп-белгілі.
Ұлы Жаратушы сонау ғарыштан құдайсыздардың ісіне
көз қырын салып қойып, басбұзар тентек баланы қызық
тағандай, жымия күліп отырған шығар-ау! Оларға тозақ
оты дайын тұр...
Шәкәрім қажы сол күні аудан орталығы Қарауылға қон
бай, таудағы үйіне түнделете қайтып кетті.
- ІV -
Шәкәрімнің пайымдауынша, құдайсыздардың істеп
отырғаны – қып-қызыл зорлық. Байсың ба – жазықтысың.
Әй-шәй жоқ келеді де, қорадағы малыңды тартып алады.
Тақ бір сол малды сенімен бірге жиысқан адам секілді.
Екі әйелің бар ма – біреуін тағы тартып әкетеді. Бейне,
қалың малын бірге төлеген кісі секілді. Ақсақалсың ба,
бисің бе – ол да қылмысқа жатады. Салт-санасы бөлек
ел болғаның үшін, ғасырлар бойы осы елді басқарғаның
үшін!.. «Бай мен кедейді теңестіреміз» дейді. Бірақ анық
емес, кедейді байдың деңгейіне жеткізе ме, жоқ, әлде жұр
тың бәрін кедейге теңеп, қайыршыға айналдыра ма?!
Жарайды, байлардың мал-мүлкін тәркіледі. Өздерін ат
ты-асты, абақтыға жапты, жер аударды. Бірақ сол тартып
алған мал қайда? Төрт түлік малды қызыл қырман етіп
қыратындай, ол жануарлардың не жазығы бар? Малды
ханталапайға салып, бөліп алған жарлы-жақыбай неге
дүр етіп байып кетпеді? Сенесіз бе, кәмпескеге дейін осы
Шыңғыстауда жарты миллионға жуық қой, жүз мыңнан
асатын жылқы мен сиыр болған екен. Қайда кетті сол мал
дың бәрі? Бұдан кейін бұл елдің тұрғындары ас ішпей ме,
тамақ жемей ме? Тіршілігі төрт түлік малға қарап тұрған
қазақ ұлты қалай күн көреді?
Оған Голощекин мен Қарасартовтың қайтаратын жауа
бы қысқа: жергілікті жұрт күн көрмесе қойсын. Қазақ өл
месе өмірем қапсын: «Кіші Октябрь төңкерісін» қазақты
одан ары байыту үшін жасаппыз ба? Шынтуайтқа келген
де, ол төңкеріс – асау қазақты атынан айырып, жуасыту
үшін, көзі ашық оқыған зиялыларының көзін құртып, қа
зақ даласын қазақтан тазарту үшін жасалған. Алдағы уа
қытта ұлы орыс әулетіне кең қоныс, өмірлік өріс керек.
Қазақтың байлары, билері бассауғалап, шетелге кетіп
жатыр. Кете берсін! Социалистік қоғамға олардың көк
тиынға керегі жоқ. Олардың орнына әбден үрейі ұшқан,
есі ауысқан, не айтсаң да көне беретін тексіз, мисыз тобыр
қалса жетіп жатыр.
Осылайша, қоғамның сан түрлі құбылыстарын ой-са
насынан қайта өткізіп, бірақ қаумалаған көп сұраққа тоқ
етер нақты жауап таппай сансырап отырған шағы еді.
Көктемнің ұзақ күні ұясына еніп, ымырт үйіріле берген
кезде, Саятқораға үш салтатты келіп түсті. Екеуін жақсы
таниды: заманның тыныш кезінде талай жолыққан, бүркіт
салып, аң қарап жүргенде жолдары талай түйіскен, мына
керей ішіндегі Айдынкөл, Шалқар деген ағайынды жігіт
тер. Шұбартаудан шу шығарып, халықты үкіметке қарсы
көтеріп жүрген де – керейдің осы қос бөрісі. Үшіншісі –
атқосшы болар, көбінше сыртта қалып, күзет қызметін
атқарып жүр.
Шәкәрім басында тіксініп қалып еді, бірақ жігіттердің
түсі жылы екен, қажыны алма-кезек құшақтап, шұрқырай
амандасты. Өздері де қажыдан қауіп күтпейтін секілді.
Іштерінен асынған шолақ мылтықтары бар екен, оларын
қазыққа іліп, жайбірахат жайғасып жатыр. Өздері таяу
маңнан шыққан секілді. Бүгін бір семіз жылқы жыққан
ба, қалай, соның біраз жылы-жұмсағын ала келген екен.
Атқосшы жігіт қаптағы еттің жарым-жартысын қазанға
салып, ас қамына кірісіп кетті. Жорықта көп жүріп, дала
қосына қонып үйренген адамдардың әдетінше қимылда
рына көз ілеспейді.
Қажы қонақтарына енді ғана түстеп қарады. Екеуі де
қырықтың ішіне енді ілінген апайтөс азаматтар. Бұлар ел
ішіне ашаршылық ілінгелі алыс-жуықтан жылқы әкеліп,
өз ауылдарын асырап тұр деп естіген. Барымта-сырымта
дан да бой тарта қоймайтын, қара сойыл, қарулы жігіт
тердің осындай ел басына күн туғанда жарқ етіп көзге тү
сетін әдеті ғой. Арқада ашаршылық басталып, үрку-босу
белең алғалы ағайынды жігіттер еліне қорған болып, жа
сындай жарқылдап жүрген кезі еді.
– Қажы аға, бір Аллаға сыйынып, аман-сау отырсың
ба? Ауыл-аймақ, ел-жұртыңыз тегіс аман ба? – деді ұзын
бойлы, кең иықты, қияқ мұрты мен қызыл-қоңыр шоқша
сақалы аққұба жүзіне құп жарасқан Айдынкөл жайғасып
отырған соң, енді жөн сұрауға кірісіп.
– Шүкір, өз басымыз Алланың ыризығын теріп жеп, іл
дебайлап отырмыз, – деді Шәкәрім баяу тіл қатып. – Ал
ел-жұрттың амандығы жайында нақты ештеңе айта ал
маймын. Біреу абақтыда, біреу айдауда, енді біреулер аш
тық аранынан қашып, әр тарапта босып жүр...
– Бейуақта кештетіп келіп, мазаңызды алғанымызды
кешіріңіз! – деді сөзге енді Шалқар араласып. – Осылай
кештетіп, бұғынып жүрмеске амалымыз жоқ. Өйткені
артымызда қоңырау бар. Сіз сияқты ел сыйлаған қадірлі
адамға күйеміз жұғып, кеселіміз тимесе екен дейміз. Алыс
жолға шығар алдында сізден әдейі бата алуға келдік.
Бұл да ұзын бойлы, кесек тұлғалы, келіскен жігіт екен.
Өзінің сөз қонған серілігі бар ма, қалай, әр сөзін мәнер
леп, баппен сөйлейді.
– Қорқатындай ештеңе жоқ, біз де әбден күйеленіп бол
ғанбыз, – деді Шәкәрім езу тартып. – Иә, алыс сапар жа
йында айттыңыз ғой. Барыс қай жақ сонда?
– Басқа басар тау қалмаған соң, амал жоқ, Қытай асып
кетсек деген ойымыз бар, – деді бұл сұраққа Айдынкөл
жауап беріп. – Аты Қытай дегені болмаса, ол жақта да қап
тап отырған қазақ...
– Солай деңіз... Сөз ләмдеріңізге қарағанда, ол жаққа
жұрт шолып, барып-келіп жүрген болдыңыздар ғой, ша
масы, – деді Шәкәрім тың әңгімеге елеңдей назар аударып.
– «Барған жерің – Балқан тау, ол да – біздің көрген тау»
демекші, баяғыда біздің аталарымыз ол жақта біраз жыл
тұрып қайтыпты ғой, – деді Шалқар көңілдене күліп. – Сол
бабалар ізімен соңғы уақытта біз де барып-келіп жүрміз...
Шалқардың айтып отырғаны рас. Бұл тарихтан Шәкәрім
де хабардар болатын. Баяғы Абылай заманында бүкіл ке
рей Ер Жәнібектің көшіне еріп, Алтай асып кеткен ғой.
Сондағы Алтай, Сауыр, Майлы-Жәйір деген жерлерде
осы жас табандар 20-30 жыл жасаған. Сонан, мал-жаны
өсе келе басқа рулармен қонысқа таласып, сиыспаған ба,
Шақантай батыр мен Жобалай би 18-ғасырдың соңын
да 300 үй жастабан керейді бастап, Арқаға қайта көшіп
келіпті. Содан оларға Арғын мен Найманның арасындағы
Шыңғыстаудың күнгей жағынан қоныс берілген. Жаста
бандар «Дағандел болысы» дейтін бір болыс ел еді. Кейін
Найман руларымен қосылып, Шұбартау деген ауданға ай
налды.
– Жарайды, алысқа аттансаңдар, жолдарың болсын! –
деді Шәкәрім шын ықыласымен. – Барған жерлеріңде ат
байлар ағайының болса, ол да бір ғанибет.
Бұл кезде қазандағы жылқы етінің иісі бұрқырап, үй
ішіне әлдебір көңілділік орнаған. Қонақтардың да арқа
сы кеңіп, төргі қабырғадағы қазыққа ілінген домбыра мен
қобызға, скрипка мен гармонға, оқшантай-дәндакүімен
бірге тұрған күміс шытыралы кісеге, білтелі қара мылтық
пен бүркіттің томаға, балдағына тамашалай қарап отыр
ған. Ал сөредегі қаз-қатар тізілген кітаптарға жәй көз қы
рын салды да қойды.
– Айтпақшы, қажы аға, «Қарашегір» көрінбейді ғой. Бі
реуге бердіңіз бе? – деді өзі де құсбегі Шалқар босағада
бос тұрған тұғырға көзі түсіп.
– Қарашегірге бостандық бердім...
– «Бостандық бергені» қалай? – Шалқар түсінбей аңта
рыла қараған.
– Аяқбауын қиып алып, томағасын сыпырдым да, Шақ
пақтың бір биігіне шығып тұрып, қош айтып, ұшырып жі
бердім...
– Ойпырай, ә... Мынауыңыз ғажап болған екен!
– Құс кәдірін білмейтін қайдағы біреуге қор қылғанша,
қыранды көгілдір аспанмен қайта қауыштырғаныңыз дұ
рыс-ақ болған! – десіп ағайынды құспегілер дабырласып
қалды.
– Қарашегір сол беті кете барды ма? Әлде сізге қайта
айналып соқты ма? – деді Шалқар әлі де алғашқы әсерден
айыға алмай.
– Қыран қайта айналып соқпады. Қарашегір – ұядан ал
ған үйкүшік балапан емес, түз құсы еді ғой. Сірә, өзінің
тағылық дағдысын тез тапты-ау деймін, - деді Шәкәрім
сағынышқа толы мұңды бір сезіммен.
Бірін-бірі бұрыннан білетін сыралғы құсбегілер қыран
туралы әңгімені жеріне жеткізіп, бір белді асырып таста
ды да, бүгінгі күннің тақырыбына көшті.
– Сонымен, алыс сапарға бет алыпсыңдар. Жеке өздерің
ғана емес, ел көшіріп жатқан көрінесіңдер. Сонда, аудан
дағы жұрттың еркін көшіп шығуына үкімет рұқсатын
беріп отыр ма? – деді Қажы арадағы әңгімені тың арнаға
бұрып.
– Қайдағы рұқсат?.. Ондай кеңшілік болмайды ғой бұл
өкіметте. Қазақты аштан қыруға бар, ал өздігінен кәсіп
қылып, жан сақтауға жол жоқ, – деді қызу қанды Шалқар
ағасының алдына түсіп. – ГПУ дей ме, комсомол дей ме, «құдайсыздар ұйымы» дей ме, күндіз-түні күзет... Өздері және шетінен дүниеқоңыз, парақор... Көшетін жұрт со лардың әрқайсысына бірдеңе беріп, түн жамылып шығып жатыр. Ал қолға түсіп қалсаң аямайды. «Бандыны қолға түсірдік» деп дүниеге жар салады. – Ал Шұбартау керейлері көтеріліске шығып, аудан ор талығы Баршатасты басып алыпты десіп жүр ғой. Бұл не әңгіме? – деді Шәкәрім ел жаңалығына елеңдей ынта қо йып. – Ой, қажы аға, сіз ол сөзге сенбеңіз, – деді, енді Айдын көл кезек алып. – Ашынған халық аштыққа шыдамай ау дандағы салықтан жиналған азық-түлік қоймасын басып алған. «Көтеріліс» деп дабырайтып жүргені сол. Кім біл ген, астық та, ет те, елден тартып алған қарын-қарын май мен қап-қап құрт та сонда екен. Несін айтасың, аш-аламан жұрт кәні болды да қалды. Бұрын жергілікті халық аштан қырылып жатқанда, жаңағы азық-түліктің бәрін Аягөзде пойызға тиеп, Ресейге жөнелтіп отырған ғой... – Ал ашынған жұртты «банды» деп, азық-түлікке та ласқан жанжалды «көтеріліс» деп дабырайтқаннан бұл өкіметке не түседі? Соны айтыңдаршы. – Әр ауданнан «бандының» шыққаны, ереуіл-жанжал дың болғаны ең алдымен ГПУ қызметкеріне керек, – деді Шалқар қызуланып. – Олар өздерінің қателігін, солақай саясаттың құрбандарын «бандыға» жапқысы келеді. Ертең сол «бандыны» жаныштаған, қаптаған «жауды» жеңген ГПУ-дың басшылары қаһарман атанады. Енді түсіндіңіз бе? – Мыналары сұмдық екен! – деді қажы жағасын ұстап. – Ал Баршатаста адам шығыны болды ма? – Қақтығыс болған соң шығынсыз бола ма. Он шақты адам оққа ұшты, – деді Айдынкөл. – Күніне жүздеп-мың дап аштан қырылып жатқанда, оққа ұшқан он адамды «шығын» деп елегеніміз жоқ. Ең қиыны, халықта мылтық жоқ қой, бар қаруы – сойыл мен шоқпар... Бар тапқан ол жамыз – қарағандылықтарды қуып тастадық. – Ол қайдан жүрген адамдар? – Бұрын байқамаппыз: аудандағы ГПУ басшысы да, ау дандық комсомол хатшысы да, «құдайсыздар ұйымының»
жетекшісі де – түгел Қарағандыдан келіпті. Соларды кө
кала қойдай қып сабап, аудан шегінен асырып тастадық!
– деді Айдынкөл күле тіл қатып.
– Бұл қарағандылық арғындар – жетілген жұрт болды
ғой! – деді Шәкәрім белуарына түскен мол сақалын тула
та, кеңкілдей күліп. – Біздің Шыңғыстауды да билеп тұр
ған – сол ауылдың жігіттері.
– Естуіміз бар. Әсіресе, Қарасартов дегеннің қылышы
нан қан тамып тұр деседі ғой...
Бұл кезде ошақтағы қазан да түсіріліп, алдарына бір ас
тау ет келген. Қош иісі аңқыған жылқының жас еті. Өткір
пышақтар қазы мен қартаны, жал мен жаяны қиялай кесіп
жатыр. Жолаушылардың өздері де ашқұрсақ болса керек.
Астау толы етті әне-міне дегенше ойсыратып жіберді. Қа
жының да көптен бері сүйсіне тамақ жегені осы еді. Әсілі,
жалғыз отырғанда кісіге ас жүрмейді ғой. Әңгімемен қау
қылдасып отырып ішкен астың жөні бөлек. Жылқы етінің
сорпасы да балдай...
– Қажы аға, сізден бата алып қайтудан басқа, есіңізге
салар тағы бір шаруа бар, – деді Айдынкөл ас ішіп болған
соң, кейінірек шегініп отырып. – Біздің бұл сапарымызға
сіздің ауылдан қосылатын адам жоқ па? Бәлкім, өзіңіздің
арнайы қосатын адамыңыз бар шығар. Көштің неғұрлым
қомақты болғаны жақсы. «Көп қорқытады, терең баты
рады» дегенді бұрынғылар тегін айтқан ба. Егер ондай
қосылатын кісі болса, біздің жиналып жатқан жеріміз –
Аягөзден ары, Ақшәулі маңы. Сол жерде бас құрап алып,
ары қарай өтіп жүрміз.
Шәкәрім мыналарға нендей жауап қайтарарын білмей,
ойланып қалды. Былай барлап қараса, бұл Шыңғыстаудан
мына Айдынкөл, Шалқар секілді қол бастайтын ешкім
шықпаған екен. Кейде тым сауатты болған да жаман. То
бықтының құм санайтын қулары енді басқа есепке көш
кен. Нақты пайдасы көрініп тұрмаған іске аяқ баспайды.
Шамалары келсе өкіметке жағыну, белсенді болу, мансап
қа іліну...
«Дегенмен, осы керейлер – рухы өшпеген, жауынгер,
батыр ел! – деп ойлады қажы ішінен. – Оны екі Абақ Ке
рей Алтай мен Ерентауға барып, жауларынан ата қоны
сын тартып алды... Ал мұндағы бір ауыл Жастабанның ісі
мынау – бүкіл Арқаны шулатып, көш бастап жүрген».
– Көшуге ниеті ауғандар болса, сіздермен хабарласар, –
деді Шәкәрім екі ұрықтау жауап беріп. – Біздің елден бір
қозғалса, Тәкежанның Бердеші қозғалуы мүмкін. Ұзын
құлақтан естуімше, сол жігіт жолға жиналып жүр деген
сөз бар.
Бұл хабарға жігіттер елеңдесіп қалды:
– Егер Бердеш қозғалса, Тобықтының да іргесі сөгілді
дей бер! – деді Шалқар кәдімгідей көңілденіп.
Бердеш деп отырғаны – Тәкежанның Әзімбайдан туған
немересі. Оны атқа қондырған асып тұрған ерекше ерлігі
емес, малдың күйігі. Кәмпеске кезінде әр қуысқа жасыр
ған біраз малы бар деуші еді. Соларын айдап өтпек қой,
дәу де болса... Мейлі, оның да жолы болсын! «Ит жегенше
Қондыбай-Қанат жесін» деп Абай айтпақшы, Бердештің
өз малын өзінен аяйсың ба?
Осыдан кейін қонақтар үй иесімен қош айтысып, жүру
ге қам жасады.
– Ал, жігіттер, жортқанда жолдарың болсын! – деді
Шәкәрім де орнынан тұрып. – «Арқаның қысы жайлы
болса, арқар ауып несі бар» дейді ғой. Сендерді туған жер
леріңнен үркіткен де – заманның терісінен соққан ызғары
шығар... Көріп тұрсыңдар, менде көш бастар шама жоқ.
Бала-шағаның жартысы аштан өлді, жартысы қамауда.
Солардың ісі біржайлы болмай, мен ешқайда қозғала ал
маймын... Не айтам, қайда жүрсеңдер де, аман болыңдар!
– Өзіңіз де аман тұрыңыз, Қажеке!
– Жаратушы ием сізге күш-қуат берсін! – десіп ағайын
ды жігіттер қажыны алма-кезек құшақтады. Сонан соң қа
руларын асынып, жылдам шығып кетті.
«О, Жасаған, бұл дүние не болып барады?» – деп тол
ғанды қажы қонақтар аттанып кеткен соң. – Торжорғадай
толықсыған ел едік, не болды ақыры? Қайран ел, осылай
көрінгенге жем болып, тоз-тоз болып кеткенің бе? Әне
күнгі Сыбан Ақбердінің әңгімесі – анау. Бүгінгі Керей
жігіттерінің беталысы – мынау! Сонда, бұл – қазаққа жал
пағынан келген апат болды ғой. Баяғы «Ақтабан шұбы
рынды» мынаның қасында ойыншық болып жүрмесін!».
- V -
Алла-Тағала құдайсыздарға күнімді қаратпасын, аласа
пыраннан аулақ, бүлінген дүниеден бөлек кетейін деп қан
ша тырысқанымен, Шәкәрім қажы заманның тереңге тарт
қан шұңғыма иірімінен бәрібір құтыла алмады. «Қаупің
неден болса, ажалың содан» дегенді бұрынғылар тегін
айтқан ба, құдай басқа салмасын деп жүрген басқындық-
қашқындық бір күні қажының өз отбасына да келіп жетті.
Қажының әулетінде әзірше басына жүген-ноқта киілмей
аман-сау жүрген адам – кенжесі Зият еді ғой. Міне, ойла
маған жерден басына іс түскен сол Зият та бір күні кешкі
апақ-сапақта Саятқораға келіп тұр. Қасында өзі құралпы
жолдасы бар. Астарына мінген қаланың қақпыш аттары
болдырып әрең жетіпті. Шәкәрім көптен көрмеген бала
сының келгеніне есі шыға қуана тұра, мына жүрісінің тым
бекер емесін ойлап, зәтте болған жүрегі зырқ ете қалды.
Зият көптен бері қалада болатын. Семейде педтехни
кумды бітірген соң, сол оқу орнында мұғалым болып қал
ғанды. Бүлініп жатқан ауылға бірталайдан бері ат ізін сал
май, қаладағы сан-сапалақ көп халықтың арасында бой
тасалап жүретін-ді. Зияттың мына суыт жүрісіне, кірпігі
қатқан жүдеу жүзіне қарағанда, оған қаланың да жәйлы
қоныс болмағаны ғой.
Жөн сұраса келгенде, расында да, солай болып шықты.
Үйге кіріп, бел шешіп жайғасқан соң, әрқайсысы қала мен
даланың жаңалығын кезектесе ортаға салған. Екі жақта
да көңіл көншірлік ештеңе жоқ екен. Семей қаласында да
– аранын ашқан ашаршылық көрінеді. Тіпті, қалада ауыл
дық жерден де қиын болса керек. Қу тамақтың қамымен
жан-жақтап құйылып жатқан босқындар. Көшеде қал
қайып кетіп бара жатқан адамның кенет құлап түскенін
бір-ақ көресің. Түні бойы жан тәсілім еткен өліктерді күні
бойы жерлеп үлгіре алмайды екен.
Оның үстіне, Семейде репрессия өршіп тұрған көрі
неді. Қанша айтқанмен, Семей – Алашорданың орталығы
болған қала ғой. Сол кезде Алаш партиясына мүше болған
кімдер? Не болмаса «Алашқа» бүйрегі бұрып, қол ұшын
бергендер бар ма? ГПУ қазір солардың ізіне шам алып
түсіп, қуғындап жатса керек. Бұл күнде «Алаш» қайрат
керінің көпшілігі – түрмеде. Алды өлім жазасына кесіліп,
атылып жатыр. Семейден Райымжан Марсеков бастаған
бір тобы ғана Қытай асып, ұстатпай кеткен.
Алаш үкіметі Семейде екі жылдай (1917-1918) билік
құрғанда, Зият небәрі он бестегі бала ғой. Бірақ, әкесі мен
ағалары Алаш партиясына мүше болған. Әкесі Шәкәрім
қажы Алаштың облыстық сотына төрағалық міндет ат
қарған. Өзі – Құнанбайдай шонжардың тұқымы. Енде
ше, Зият неге жазасыз қалуы керек? Анығын айтқанда,
кімнің кім болғанын бас-басына түгендеп, тектеп жүрген
орыс жоқ, осының бәрін шұқылап, орыс ұлықтарына кө
зеп беріп жүрген – сол баяғы қазақ белсенділері. Зият та
соңынан аңду түсіп, тергеуге шақырылып, ұзамай ұстала
тын сыңайы сезілген соң, бас сауғалап, қырға шыққан беті
екен. Аудан орталығы Қарауылға соқса бірден қақпанға
түсетіні белгілі. Содан, Саятқорадағы әкесіне тура тарт
қан.
Қажы Зияттан Семейде түрмеде жатқан баласы Ахат
тың жағдайын сұрап еді, оның жауабы қысқа болды.
– Ахатпен былтыр күзде бір-ақ рет жолықтым. Бір ай
дан кейін барсам басқа лагерге ауыстырып жіберіпті. Қан
ша өтініп сұрасам да мекен-жайын айтпады, – деді Зият.
– Қайда жүрсе де аман болсын... Үстіне кебін емес, ке
бенек киіп кетті ғой. Түбінде бір оралар! – деп Қажы көкі
регін қарсайыра күрсінді.
Сөз ләміне қарағанда, Зият Семейден бір өзі ғана шық
паған секілді. Қасында серік болатын біраз жастар бар.
Шыңғыстау елінен сытылып шыққан бір қауым жұрт Ар
қат тауының шатқалдарында бекініп жатыр екен. Жол-жө
некей соларға соғып, екі-үш күн аялдапты. Ондағы бос
қындардың басшысы – Әзімбайдың Бердеші екен. Түпкі
ойлары – содан ары Барқытбелді бөктерлеп, Қытай асып
кетпек. Бұл жағынан, Шұбартаудан көтерілген Айдынкөл-
Шалқар тобымен жағаттас болса керек.
Зияттар мініп келген аттарын тоғай арасына бекітіп қо
йып, Саятқорада екі-үш күн аялдады. Осының алдында
ғана Бақанастан Әкімқұл досы әкеліп берген бір қойдың
еті бар еді. Қажы қаладан келген жүдеу жігіттерді соны
мен сорпалады. Бұл күндері арада болған әңгіме, негізі
нен, Зияттың елмен бірге Қытайға өтуі керек пе, жоқ па
деген мәселеге тіреліп еді. Шәкәрім қажының не істерін
білмей, қатты қиналған кезі де осы тұс. Ал, Зият осында
қалды дейік, сонда оған кім пана болады? Кәрі демей, жас
демей, қынадай қырып жатқан ашаршылық – мынау! Құ
нанбай әулетінің әр қадамын аңдып отырған, қанды қол
Қарасартов – анау! Зият сонда қайда барып күн көреді?
Әлгі «Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай, мен бір жан
қуғын көрген Арқадағы» дегенді Мәди байқұс осындайда
айтқан екен-ау! Қайда барсаң «Қорқыттың көрі». Мұн
дайда уақытша болса да Қытай асып, бой тасалағаннан
дұрысы жоқ-ау, сірә. Заман бұл қалпында тұрмас. Дүние
түзеліп жатса, бір күні барған ізімен қайтып келер.
Шәкәрім баласының жұртпен бірге Қытай асып кетуі
не ақыры келісті. Оған мынадай екі түрлі себеп бар-ды.
Бірінші себеп – өз кіндігінен біреу де болса тұқым қал
дыру. Мына Голощекин бастаған, Қарасартовтар қоста
ған құдайсыздарға сенім жоқ. Олар иісі тобықтыны, қала
берсе Құнанбай әулетін жоспарлы түрде түп-түгел құртып
жіберуі де мүмкін ғой. Қажының алғашқы әйелі Мәуен
нен туған үлкен ұлы Әбусуфияннан тараған бірді-жар
бала болмаса, басқа балалардан ошақ отын сөндірмейтін
ұл бала қалған жоқ. Талай ұрпағы аштықта, абақтыда
хараб болды. Ғафурдың, Қабыштың, Ақаттың ұл-қызда
ры... Бәрі де өзіне тартқан ақын жанды, нәзік балалар еді.
Заманның зіл салмағын көтере алмады ғой. Ендігі ұрпақ
ізін үзбейтін жалғыз тұяқ – Зият қана. Ол үміті де міне
жалғыз жіпке ілінгендей қыл үстінде тұр. Кім біледі, Зият
жат елде жүріп үйлене ме? Үйленсе, отбасын құрап, ұрпақ
қалдыра ма?.. Баяғыда малмен көзі шыққан қазақ байлары
ақ сүйек жұт болатын жылдары малының бәрін қолында
ұстамай, бір бөлегін алыс отарға айдатушы еді. Мұндағы
мал жұтаса да, отардағы мал аман қалар деген үмітпен.
Шәкәрім қажының ойлағаны да – соның кері...
Айтпақшы, Қытайдың Шығыс Түркістан өлкесінде
де Найман мен Керей қаптап отыр дейді. Абылай хан өз
кезінде Қытай императорымен келісімге келіп, қазақтың
бір бөлегін сонда апарып қоныстандырған ғой. Бәлкім,
сонда Абылайдың ойында да қазақтың өрісін кеңейтіп,
әлдеқандай қиын заман туа қалса, тұқымын сақтап қалу
мақсаты тұрды ма, кім білсін?!
Екінші себеп – өзінің жазған кітаптарына, қолжазбала
рына қатысты еді. Құдайсыздар Шәкәрім қажының өзін
ғана құртып қоймай, жазған шығармаларын да түгін қал
дырмай өртеп, күлге айналдыруы мүмкін ғой. Бұл жақ
та оларды қайда апарып тығады? Қалай сақтайды? Ахат
біраз кітаптарын, шығармаларының кейбір көшірмесін
бір сенімді жерге жасырып көмдім деп еді. Ақат «итжек
кеннен» аман-есен қайтып, көмген қоймасын тауып ала
ма, жоқ па, ол да неғайбыл нәрсе... Қажы соңғы жылдары
қарап отырмай, қолжазбаларының бірнеше көшірмесін
дайындаған. Соның бір нұсқасын анада қоштаса келген
керей жігіттерінің қоржынына салып жіберейін деп бір
оқталды да, тартынып қалды. Мынадай аумалы-төкпелі
жаугершілік заманда кімге сенесің? Енді, міне, өзгеге
қимаған сол қазынасына Зияттың ие болғаны жөн емес
пе? Зият бұл сапарда өзін ғана құтқарып қоймайды, әкесі
Шәкәрім қажыны қоса құтқарады. Керек десеңіз, нағыз
Шәкәрім – мына отырған жетпіс үштегі шал емес, осы
қоржындағы қолжазбалар... Байлам осы, Зият Қытай елі
не кетуі керек!
Осы шешімге келісімен қажының иығынан бір батпан
жүк түскендей бойы сергіп, жеңілейіп қалды. Сол кө
теріңкі көңіл күймен, келесі күні қасындағы жолдасымен
Зиятты ертіп, аңға шықты. Бұл да – жақсы ырым. Көп
ұзамай-ақ жолдарының бола кеткені. Керегетастың арғы
биігіне жетпей-ақ, бергі қырқадан жусап жатқан бір топ
арқардың үстінен түсті. Қажының қолында өзінің біра
тар мылтығы. Дереу аттан қарғып түсіп, аттарды қосшы
жігітке қалдырды да, әкелі-балалы екеуі иекартпа кезең
ге жаяу көтерілді. Арқарлар тым таяу жерде жатыр, ұзаса
жүз елу метрден қашық емес.
– Мә, атасың ба? – деді Шәкәрім баласына мылтығын
ұсынып. Бірақ әжептәуір мергендігі бар Зият атудан бас
тартты.
– Өзіңіз ата беріңіз, әке. Мен соңғы жылдары аң аула
май, мылтық атудан қарайып қалыппын.
Аңшының құмарлығы деген осы. Шәкәрім қажы алға
қарай жас жігітше еңбектей жөнелді. Сол талай сынақтан
өткен ежелгі тәсіл. Ең алдымен, сезік алып үрке жөнелген
топты арқардың алдыңғы жолбасшысын тартып жіберген.
Алдыңғысы құлап түскен соң, арқарлар жалт бұрылып,
кері қашты. Сол сәтте мылтығын оқтап үлгірген қажы
енді топ бастаған екіншісін қалпақтай түсірді... Міне, ке
сек олжа! Жол болды деген осы! Шәкәрім мұны жақсы
ырымға жорып, қатты масаттанды.
– Иншалла, жолың болады екен, балам! Көптен бері бір
жолда қос арқар жыққаным осы! – деді Зиятты құшақтап.
– Бұл – сенің олжаң, сенің несібең... – деп өзі секілді бой
шаң ұлының арқасынан қағып, мәре-сәре болды.
– Жоқ, әке, бұл – сіздің өнеріңіз! – деді Зият әке құшағы
нан шыға беріп. – Көзіңіз әлі де қиядағыны шалады екен.
Мергендігіңізден жазбапсыз. Мен соған қуанып тұрмын...
– Сол бұрынғы машық қой. Әйтпесе, жетпістегі шалда
қайбір мергендік қалды дейсің, – деп қажы жуып-шайған
болды. Әйткенмен, бүгінгі олжасына өзі де мұртын сы
лап, масаттанып тұр еді...
Қаладан арып-ашып, жүдеп келген жігіттер бір-екі күн
арқардың майлы қуырдағына тойып, әжептәуір әл жинап
қалды. Екінші арқардың етін де боршалап бұзып, жай
малап тұздап, қақтап, кептіріп қойған. Аттанарда оны да
қоржындарына салып берді.
Ертеңінде қоштасатын сәт те жақындап еді. Саятқорада
бұдан артық қалуға болмайды. Екі күннің бірінде ГПУ-
дың тыңшылары тімтініп келіп жүреді. Кім дерің бар ма:
қазір тобықтының іске татитын серкелері жер аударылды,
ұрлық істемейтін ар-ұяты барлары аштан өлді, тірі қал
ғандары белсендіге, не тыңшыға айналған...
Айрылысар сәт әкелі-балалы екеуіне де оңай болған
жоқ. Ертең-ақ бет көрісеміз дейтін ауыл арасы емес, Зият
тым алысқа кетіп барады. Бұдан кейін жолығудың жоқ
екенін екеуі де сезіп тұр. Мұндайда жұбанарлық сөз та
будың өзі қиын екен ғой. Әйтсе де, «Үлкен пышақ ұял
ғанынан өтеді» дегендей, асыл сүйек Шәкәрім қайғыдан
бордай егіліп тұрса да, сыр бермей:
– Ал, балам, жортқанда жолың болсын! Жолдасың Қы
зыр болсын! Жат жерде жалғызбын деп жасыма. Абайдың
немересі, Шәкәрімнің ұлымын десең иісі қазақ түгел бі
леді... Алла-Тағала аман көрісуге жазсын! Бір әкең мұнда
қалғанмен, тағы бір әкең қоржыныңда кетіп барады, соған
ие бол! – деді қайрат бергісі келгендей баласының арқа
сынан қағып.
Дәл аттанарда ұлының алдына ер-тұрманымен Қарагер
атты көлденең тартқан.
– Әке, мұныңыз не? – деді Зият аң-таң қалып. – Өзіңіздің
жалғыз керігіңізді маған мінгізгеніңіз қалай?
– Жоқ, балам, сен алыс жолға кетіп барасың. Мен бол
сам мұндағы адаммын... Қарагер қашсаң құтқарады, қусаң
жеткізеді. Алыс жолға сенімді ат керек. Көзімдей көріп,
осы атты мініп жүр! – деді Қарагердің шылбыр тізгінін
қолына ұстатып.
Ақын жанды, нәзік көңілді Зият та бордай егіліп тұр
ған. Ол жанарынан жас барлап, әке құшағына әлсін-әлі
ене берді.
– Қош бол, әке! Бір үйдің адамдары бұлайша тоз-тозы
мыз шығып, әр жаққа бытырап кетеміз деп кім ойлаған?!
Құдайсыздар әкелген бұл зауал да ұзаққа бармас. Әділ құ
дай бар болса, осы қорлық олардың өз бастарына да ке
лер! – деді солқылдап жылап тұрып.
Шәкәрім қажы баласының қолтығынан алып, өзі аттан
дырды. Зиятты енді қайтып көре алмасын біліп тұр. Бі
рақ ол, баласы бұл жолы тұзаққа түспей құтылғанымен,
НКВД-ның ұзын құрығы енді жеті жылдан кейін Зиятты
құтқармай қуып жетерін болжаған жоқ еді.
- VІ -
Істің беталысы бірте-бірте теріске айнала бастады.
Зияттар аттанып кеткен соң, арада бірер ай өтті ме, өт
педі ме, аудан орталығы Қарауылда аяқ астынан, күтпеген
оқиға болды. Күтпеген емес, біреулер алдын-ала тағат
сыздана күткен, тіпті қолдан ұйымдастырған жағдай десе
де болғандай. Бұл – ашығын айтқанда, Шыңғыстау елін
жаманатқа қалдырған, ал қанды қол Қарасартовты бір-ақ
күнде қаһарманға айналдырған оқиға еді.
Олай дейтініміз, былтырдан бері Абзал Қарасартовтың
Шыңғыстау тұрғындарына көрсетпеген қорлығы қалды
ма?! Кәмпеске кезінде халықтың қолындағы күнкөріс ма
лын тартып алып, осы елді ашаршылыққа ұрындырғаны
аздай, енді үстеме салық дейтін пәле шықты. Тәңірім-ау,
салық салмаған не қалды дейсің сол жылдары: ет салы
ғы, май салығы, астық салығы, жүн салығы, киіз салығы,
мүйіз салығы... Бұл салықты жерден шұқысаң да, уағында
төлеуің керек! Уағында төлемесең, бес жылдан – он жыл
ға дейін абақтыға айдалып кете барасың.
Терісі қалың, құл мінезді, көмпіс қазақ тәуір-ақ шыдады.
Бала-шағасы аштан өліп жатса да, қолындағы соңғы дәнін
өкіметке апарып берді. Алайда қанша көнтерілі болған
мен, шыдамның да шегі болады екен. Бір күні шыдамда
ры шорт үзілді де, аш-аламан халық аудан орталығындағы
тұтынушылар одағының қоймаларына лап қойды. Не жоқ
дейсің бұл қоймаларда: соңғы айларда жинаған астық та,
ет пен май да, қап-қап құрт пен ірімшік те, ұн мен талқан
да осында екен. Кенезесі кеуіп, өзектері үзілген өлермен
аштар қоймадағы азықты лезде талап алып, кәні болды да
қалды. Тек, Ресейге жөнелтіп үлгірмеген жүздеген тонна
ет борсып кетіпті. Алайда аштар оған да қараған жоқ, пы
шақ үстінен бөліп әкетті.
Қарасартовтың халыққа әбден тізесі батқан жандайшап
тыңшылары болушы еді. Ашынған жұрт солардың көзге
түскендерін сойылмен соғып, шоқпармен ұрып, қан құс
тырды. Қарасартовтың өзімен бірге ерте келген Олжабай
деген жансызы бар еді, соны әлдекім балтамен шауып
өлтіріпті. Бұл – түптеп келгенде, халықтың алыста жатқан
өкіметке де емес, Қарасартовтың қастандығына қарсы на
разылық болатын.
ГПУ бастығына да керегі осы еді. Аш-аламан жұрт қой
маны тонап, күзетшілерді соққыға жыққан мезетте мана
дан бері ГПУ-дың қорасы мен әскери комиссариатта ты
ғылып отырған қарулы солдаттар қарусыз халыққа қарсы
оқ боратып қоя берді. Нәтиже белгілі: сол арада бес-алты
адам оққа ұшты. Қалғандары тым-тырақай қашып құтыл
ды... Міне, ұзақ жылдан бері «Шыңғыстаудағы көтеріліс»,
«Шұбартаудағы көтеріліс» деп, жұрттың дабырайтып, ұл
ғайта, өсіре айтып жүрген «көтерілістерінің» сиқы осы
еді... Бұлай дабырайту өзгеден бұрын Қарасартов бастат
қан ГПУ жендеттеріне керек болатын. Міне, айнала қап
таған «жау». Шыңғыстау ауданынан «көтеріліс» шықты.
ГПУ қызметкерлері «бандыларды» аяусыз жаныштап,
Совет өкіметін жанқиярлықпен қорғап қалды. Осылайша,
жер-жерде «көтерілістер» көбейген сайын, Қарасартов
тың дәрежесі өсе бермек.
Оқиғаның неден туып, қалай бет аларын Саятқорада
жатқан Шәкәрім қажы күні бұрын білмесе де, Қарауыл
да болған жағдайды ертеңінде естіп, іштей қатты өкінді.
Аздаған азық-түлікке бола аш-аламан аңқау халықтың
босқа арандалып, Қарасартовқа жем болғанын қарашы!
Бұл ГПУ-дың неше жылдан бергі істеген қылмысын
басқа біреулерге жапқанына жақсы. Көр де тұр, енді
олар аудандағы ашаршылықты да, төрт түлік малдың
талан-таражға ұшырауын да «бандыларға» жабады.
Расында да, солай боп шықты. Қарасартов «ойбай,
Шыңғыстауда бандылар бас көтерді» деп, Семейден
қосымша қарулы отряд шақырыпты. Қазір бандылар
ды ұстаймыз деп сай-сайда тімтініп жүрген солдаттар.
Сөдегей-солпы салтатты қазақ көрінсе ұстап алып,
қамап жатқан көрінеді. Кейбіреуін куәға тартып, қол
хат жаздырып алып жатса керек. Ол да ештеңе емес,
Шәкәрімнің шошына жағасын ұстағаны, сол «куәлар
дың» көпшілігіне: «бандыны бастап жүрген – Шәкәрім
қажы» дегізіп, қол қойдырып алыпты. Ондай жалған
куәлік бергендерді көп ұстамай, қамаудан босататын
көрінеді. Тәңірім-ай, мұндай да сұмдық болады екен!
Шәкәрім басына бұлайша аяқ астынан бұлт үйіріл
ген себебі, осыдан жарым ай бұрын Семейден Зиятты
іздестірген шұғыл хабар жеткен. Онда «Белгілі Ала
шордашыл Зият Шәкәрімұлы ұсталардан бір күн бұрын
қаладан ебін тауып қашып кетті. Ол, сөз жоқ, әкесінің
маңында, Шыңғыстауды паналап жүр. Дереу шара қол
данып, қолға алынысымен қалаға жеткізіңдер» делін
ген.
Зияттың Шыңғыстауға келгеніне көп ұзамай Қарасар
товтың да көзі жетті. Оның Саятқораға келіп, бірнеше
күн түнеп шыққанын көрген куә бар. Бұрын Шәкәрім
ге қағушы болған аңшысүрей Жұмағали деген біреу
бар тұғын. Кейінгі кезде соны Қарасартов қолына қон
дырыпты. Сірә, қорқытып қолға түсірген болар. Сол
Жұмағали апта сайын Саятқораға соғып, сол маңайды
сүзіп қайтып жүретін. Жер жағдайын жақсы білетін сол
тыңшы Зияттар аттанарда қарсы қапталдағы қалың ұш
қаттың арасынан дүрбі салып, бәрін ап-анық көріп отыр
еді.
Осының бәрін еміс-еміс естіп жатқан Шәкәрім ба
сында ауданға барып, болған жағдайды түсіндірейін деп
бір оқталды да, райынан тез қайтты. Өйткені дәл қазір
Қарасартовқа сену қиын. Ол «Шыңғыстауда бандылар
өріп жүр» деп Семейден жасақ шақырып әкелуін әкелсе
де, іс жүзінде сол «бандыны» таппай, ыңғайсыз жағдай
да қалған. Жер-көкте жоқ бандыны қайдан табады? Қа
рулы жасақтың Шыңғыстаудың сай-саласын тінткеніне
біраз күн болды. Әзірше еш нәтиже шыққан жоқ. «Жер
жадысын жақсы білетін бандылар із жасырып, әзірше
ұстатпай жүр» деп күн сайын жоғарыға жалғап рапорт
береді. Осылайша, ұрынарға қара таппай отырғанда,
қолдарына Шәкәрім түсе қалса, «Міне, бандының бас
шысын ұстадық» деп, дүниеге жар салуы мүмкін ғой.
Аржағы – қамау-қапас, ату-асу...
Өстіп, аңдысып жүргенде қыркүйек өтіп, қазан айы
басталған-ды. Тау ішіне қырбаң қар түсіп, ағаш басы
на қырау тұрып қалған кез. Жаз өтті, енді қауіп бұлты
сейілген шығар деп, арқаны кеңге салып отырғанда, бір
күні түн ортасында Саятқораға төрт-бес салтатты сау
ете қалғаны. Бөтен емес, Әзімбайдың Бердеші бастаған
өзінің туыстары. Тау ішінде қарулы жасақ жүргенде,
туыстарының мына келісіне түсінбей, Шәкәрім бұлан-
талан ашуланды.
– Шырақтарым-ау, жан-жақтан жау қамалап тұрған
да, мына жүрістеріңнің аты не? – деген аман-сәлемнің
соңын тоспай. – Әлде Шыңғыстаудан банды таппай
сандалып жүрген Қарасартовқа «банды деген –біз» деп
берілмексіңдер ме?
– Сол өзіңіз айтқан анталаған жаудан сізді құтқаруға
келдік, қажы аға! – деді Бердеш те алған бетінен қайт
пай. – Естіген жоқсыз ба, Семейден сізді ұстауға бұйрық
шығарыпты. «Бандының басшысы – Шәкәрім» дегенге
олар да сеніп қалса керек.
Ал, керек болса! Бәсе, бұлар тым тегін жүрген жоқ,
қажы ағаларын құтқаруға келген екен ғой. Басқа төн
ген қауіпті бұлар да естіген... Қазақтың «ұзын құлағы»
ауып бара жатқан елдің де құлағына жеткен ғой. Қыс
қасы, мына келген туыстары Шәкәрім қажыны Қытайға
өздерімен бірге ала кетпек. Қиянға бет алған сапардан
кері бұрылып, ит өлген жерден сол үшін келіп отыр.
Сүйеніші жоқ, жасы ұлғайған қартты жау қолына бұлай
тастап кете алмайды. Ел атына намыс. Ертең беттеріне
шіркеу болады. Көш басында қалған Зияттың да, басқа
туыстарының да тілегі осы.
Тілге орамды, сөзге шешен Бердештің аузынан шық
қан өтініш-тілекті Шәкәрім көңіл қоя тыңдап отыр.
Әрине, оның астарында туыстарының өз қамдары да
жоқ емес. Шекара асамыз деп қанша желпінгенімен,
жеме-жемге келгенде жүректері қобалжулы. Жат ел,
жат жерде қандай жағдайға тап болады? Алдарынан не
күтіп тұр? Шіркін, Шәкәрім қажыдай басшы болса, бұ
лардың көші бұлдырақ, салмақтырақ болар еді. Қытай
қазақтары атақты ақынды хан көтеріп, қарсы алуында
күмән жоқ... Ең бастысы, бөлінбеу, жасы ұлғайған қа
жыны далаға тастап кетпеу...
Бердештің айтқандары жүрекке шауып, қаншалық
толқытса да, Шәкәрім алған бетінен қайтпады. Өзінің
Шыңғыстауды тастап, ешқайда аумайтынын қысқаша
былай деп мәлімдеді:
– Менің бұл жолы көшке ілесе алмай қалғаныма сен
дер намыстанбай-ақ қойыңдар! – деді туыстарына күле
қарап. – Тәйірі, тобықтының дағдысы емес пе – жау
гершілікте бір кәриясын жұртқа тастап кететін... Менің
баяғы «Ақтабан – Шұбырынды» кезінде жұртта қала
тын Әнет бабаңнан жаным артық па?! Ал өкіметтен тө
нетін қауіпке келсек, несі бар, ажалым жетсе өлермін.
Өз жерінде бір үзім нанға зар болып, мың-мыңдап
көз жұмған бейбақтардан жаным артық па? Құдайсыз
кәпірлердің қолынан оққа ұшсам тіпті жақсы – шәйіт
кетемін! – Соны айтып, аз-кем үндемей отырды да: –
Осыдан жетпіс үш жыл бұрын кіндік қаным дәл осы
Шақпақ жайлауында төгілген екен. Мен енді бұл жер
ден ұзап кетуге тиіс емеспін!
Сөз бағасын білетін ауылдың жігіттері ғой. Олар бұ
дан ары қажыны зорламады. Алдынан өту, қоштасып
кету – парыз. Ендігісі – ақын ағаларының өз билігінде.
Түнделетіп келген жігіттер таң алдында сәл көз шыры
мын алды да, күн шығар-шықпастан атқа қонуға қам данды. Қажының өзі де оларды ұзақ ұстағысы келмей: – Тау ішінде ГПУ-дың жендеттері өріп жүр. Түнде қырбақ қар түсіп қалыпты. Соңдарыңда қан сонардағы дай сойдақталып із қалады. Аялдамай тез жүріп кетің дер! – деп туыстарын асықтыра бастаған. Дәл аттанарда Бердеш өзі қосар атына ер салып, ас тындағы Торжорғаны Шәкәрімге түсіп берді. – Қажы аға, енді көрісеміз бе жоқ па... Қартайғанда тақымыңызды талдырмай, жүрісті жылқыға мініңізші! – деп, алмасына қоймай көндірген. Қажының Қарагерден айрылғалы атқа жарымай жүр гені де рас еді. Торжорғаның белі берік, басы елпек, жүрісі жайлы екен. Шәкәрім туыстарына Арқатқа аса тын төте жолды көрсетпек болып, олармен бірге аттан ды. Сонымен, бес-алты адам шығар күнмен таласып, шы ғысқа қарай бет алған. Алда – бұл өлкенің ой-шұқырын жатқа білетін Шәкәрім қажы. Ойында еш қауіп жоқ. Өзі мен үзеңгі қағыса қатарласқан Бердешке Зиятты тапсы рып келе жатқан. «Зият – тұрмыста піспеген жігіт қой. Көзіңің қырын сала жүр» деген-ді. Кенет бұлар күтпе ген жағдай болды. Алдыңғы жақтан тарс-тұрс мылтық атылды. Сай-сайда шөгіп жатқан тұман бар. Күн әлі кө теріле қоймаған бұлыңғырлау мезгіл еді. Бұлар кезеңге шыққанда байқады, келесі бір белесте аттысы, түйелісі, жаяуы аралас қырық-отыз адам шоғырланып тұр екен. – Бұлар, сөз жоқ, бандыларды іздеп жүрген ГПУ-дың адамдары, – деді алды-артына жылдам көз жүгірткен Шәкәрім. – Көрдің бе, ана жылы жылқыны қырып тас тап, енді атқа жарымай, түйе мініп жүргендерін. Қара сартовтың қоластына кілең кімнің жау, кімнің ел екенін білмейтін содырлар жиналған ғой. Мен барып, іс мәнісін түсіндірейін. Сендер осында күте тұрыңдар... Егер олар оқ шығарып, іс теріске айналғандай болса, бөгелмей кете беріңдер! Олар қуғанмен сендерге жете алмайды... Қажы соны айтып, Торжорғамен тайпалта жөнелген. Әне-міне дегенше жол ортаға барып та қалды. Бір-екі рет оң қолын көтеріп, «біз бейбіт адамдармыз» дегенді білдіре алдыңғы топқа жақындай берді. Әрине, өздеріне
қарай бет алған жалғыз салтаттының кім екенін қолда
рында дүрбісі бар ГПУ-дың адамдары бірден-ақ таны
ған.
Дәл осы сәтте Қарасартов не ойлады дейсіз ғой?
«Шыңғыстауда банды қаптап кетті» деп дүниеге жар
салып, шынтуайтқа келгенде сол «бандыны» таппай
масқара болған ГПУ бастығы Шәкәрімнің келе жатқа
нын көргенде керемет қуанып кетті. «Міне, саған банды
керек болса!.. Шортанға салған қармаққа жайын ілінді
деген осы!».
Ол Шәкәрім қажыны қолға алуға бұдан бұрын да
бірнеше рет қамданған. Бірақ Саятқорада аң аулап
жатқан қажыны ұстағанда не табады? Оның арманы –
Шәкәрімді қылмыс үстінде ұстау еді. Міне, нағыз «қыл
мыс» деген осы емес пе?! Ана тұрған салтаттылар – сөз
жоқ, бандылар. Шәкәрім соларды бастап жүр. Бұдан ар
тық қандай қылмыс керек?
– Сен ана жақта тұрған бандыларды көрдің ғой? –
деді ол қасында жатқан Халитов деген башқұр жігітіне.
– Иә, көріп тұрмын.
– Көрсең мына келе жатқан бандының басшысын дәл
қазір қақ жүректен дәлдеп тұрып ататын бол!
Халитовқа бәрібір, кімді ат десең де қолы қалт ет
пейді. Жазықсыз жандардың талайын жайратқан қані
шердің өзі. Шәкәрім қажының кім екенін білмек түгіл,
түстеп танымайды да. Оған, әйтеуір, Қарасартовтың
бұйрығын орындаса болғаны. Ол өзі ГПУ жендеттері
арасында кісі атудан «мерген» аталып жүрген. Беса
тарын 150 метрлік қашықтыққа қойып, шүріппені ой
ланбастан басып қалды. Қарасартов дүрбімен қарап
отырған. Алғашқы оқ оң жақ иығынан тиді-ау деймін,
Шәкәрім теңселіп барып, кілт тоқтай қалды да, дереу
артына бұрылып, арттағы серіктеріне қолын сермеп:
«Сендер кете беріңдер» дегендей белгі берді. Басында
Қарасартов қажы келген жағына қаша жөнелер деп ой
лаған. Жоқ, қашпады. Керісінше, атының басын бері бұ
рып, осылай қарай аяңдады.
– Әй, сен итке не болған? Қақ жүректің басынан дәл
деп ат дегенім қайда? – деді Қарасартов Халитовтың
желкесінен түйіп қалып. Сонан соң оның қолындағы
бесатарды жұлып алды да: – Міне, бандыны былай ата
ды! – деп енді өзі көздей бастады.
Бұл кезде екі аралық тіпті қысқара түскен. Тарс ет
кен мылтық даусымен бір мезгілде Шәкәрім теңселіп
бір кетті де, содан соң ат жалын құша төңкеріліп түсті.
Бұл жолы атылған ажал оғы қажының төс сүйегін тал
қандап, омыртқасын үзе, жауырынан бір-ақ шығып еді.
Бір кезде кіндік қаны тамған тума топыраққа ақынның
ыстық қаны ақтарылып жатты.
- VІІ -
Шәкәрім қажы адам баласының не себептен, қалай
өлетінін, өлгенде адамның жаны мен тәні қалай ажырай
тынын жақсы білуші еді. Осы мәселені ұзақ жыл зерт
теп, ол туралы «Үш анық» деп аталатын философиялық
еңбек жазған. Сол үшін көз майын тамызып, кімдерді
оқымады дейсіз?! Сонау көне замандағы Пифагордан,
Эпикур мен Демокриттен бастап, Платон, Аристотель,
Декарт, Ньютонға дейін, одан бергіде Жан Жак Руссо
мен Дарвинге дейін кемінде жүз кітап оқыған шығар-ау!
Соларды оқи отырып, адамның тәні өлгенімен жаны өл
мейді, адам өлгенде жан мен тән екіге ажырайды деген
қорытындыға келіп еді. Шәкәрім қажы дәл осы сәтте әлі
де жантәсілім ете алмай, жан төзгісіз ауыр азаппен бірге
денесінің біртіндеп суынғанын сезіне түсіп, бір жағы,
өлім туралы өз еңбегін тәжірибеден өткізіп жатыр еді.
Есіне Абай сөзі оралды. Жан мен тәннің бөлектігі
жөнінде кезінде Абай да жазған еді-ау!
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «Менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңшең білмес...
деп, ұлы ұстаз тән өлгенмен жанның өлмейтініне дұ
ғадай сеніп өткен. Абай Шәкәрім оқыған жүз кітапты
түгел оқыды ма, жоқ па, кесіп айту қиын. Бірақ ол – жо
ғарыдағы дәнішпандармен терезесі тең адам ғой. Ондай
тұжырымға, ешкімнің кітабін оқымай-ақ, өздігінен ке
луі де әбден мүмкін.
Ал, жаңа оқ тиген соң ат үстінен төңкеріле құлап,
қырбақ қардың үстінде шалқасынан жатқан Шәкәрім
бұл кезде өз денесінен Жанның қалай бөлініп шығуын
күтіп жатыр еді. Күре тамырларын бойлаған ыстық қан
жараның аузынан сыртқа тоқтаусыз ағып жатқанын се
зеді... Көп күттірген жоқ, бір мезгілде денесі тоңазы
ғандай қатты суып кетті де, өзі жансыз тәннен бөлініп,
аспанға қарай ұшып шықты. «Өзі» деп отырғанымыз
– Жан, әрине. Кенет ауада ұшып жүрген мамық қауыр
сындай салмақсыз күйге түскен. Тәннен үзіліп шыққан
бойда қалықтай көтеріліп, арқан бойындай жерге барып
тұрақтады. Жаз кезінде бозторғайдың жерден шырқай
көтеріліп, көк жүзінде күміс қоңыраудай жыр төгіп тұ
ратыны бар ғой. Ақын жаны – бейне сол бозторғай іс
петті.
Жерде жатқан қажының тәнін де, басқаларды да Жан
биіктен көріп тұр. Мана қажының аттан ауып түскенін
көріп, ГПУ жендеттері жан-жақтан тұра-тұра ұмтылған.
Бәрінен бұрын жеткен Қарасартов болды. Өзі сондай
қуанышты, қатыны ұл тапқандай масайрап жүр:
– Мінеки, жігіттер, әнекүннен бергі төккен теріміз,
азапты күндеріміз зая кеткен жоқ, ақыры жемісін берді.
Бандының бәрін қолға түсірмегенімізбен, басшысын
атып өлтірдік... Енді облыс алдында жүзіміз жарық! –
соны айтып, былай таман шықты да: – Жауынгерлер,
бандының киім-кешегін бір-бірден бөліп алыңдар! Бәрі
де – үстем таптікі емес, еңбекші халықтың қолынан
шыққан дүниелер! – деді.
Сол сөздің ауыздан шығуы мұң екен, аш-жалаңаш то
бырлар жабылып кетіп, мәйіттің киімдерін шешіндіре
бастады. Біреуі қасқыр ішігін, екіншісі түлкі тымағын,
тағы біреуі саптама етігін алып жатыр. Іштен киетін
сырма бешпет-шалбарына дейін сыпырып алды. Хали
тов деген қажының білегіндегі алтын сағатты шешіп
алып, бір сәт қызыға қарап тұрды да, өзі алуға батпай,
Қарасартовқа ұынды:
– Басеке, бандыдан сізге де бір ескерткіш қалсын.
Қанша дегенмен, қақ жүректің басынан дәл тигізген
өзіңіз ғой! – деді жарамсақтанып.
Ең ақырында аппақ көйлек-дамбалымен ұзыннан со
зылған өлі дененің өзі ғана қалып еді. «Адам өлген соң
суықты сезінбейді екен-ау» деп таңданды биікте тұрған
Жан...
Бұл кезде атына мініп үлгірген Қарасартов команда
лық дауыспен саңқылдай бұйырды:
– Ал енді атқа қоныңдар! Өлікті Бақанасқа жеткіземіз!
Сол жақта қаралы жиын болады! – деді.
Сол-ақ мұң екен, екі-үш адам мәйітті әлдебір киізге
орап, қомдаулы түйеге арта бастады. Көп ұзамай атты
сы, түйелісі бар, тойымсыз тобыр күнгейдегі Бақанасқа
қарай бет түзеді. Жан арқан бойы биікте солардың со
ңынан ілесіп келеді. Тірі кезінде Шәкәрім қажы талай
рет жүріп өткен таныс соқпақтар. Күні кеше бозбалалық
жастық шағы өткен құтты қоныстар. «Ақселеу мініп,
қылаңнан киіп, қараған жанға көрінбей. Ізденіп жар
ды, пида қып жанды, алыс деп ауыл ерінбей. Айлалы
жолдас қасқа алып, аң көрген лашын бастанып», қызды
ауылдың итін үргізіп жүретін сәулелі жылдар қандай
еді! Амал не соның бәрі баяғыда өтіп кетіпті... Жан сол
бір сал дәуренді сағына еске алып тұр. Ал, дәл қазір өтіп
жатқан оқиғалардың ол үшін еш қызығы жоқ еді. Жанға
енді бәрібір сияқты. Көз алдында қайшалысқан шым-
шытырық дүниенің бұған енді еш қатысы жоқтай. Өз
алдына дербес тіршілік ететін бейтарап бейне.
Бұлар күн еңкейе Бақанасқа жеткен. Мана бірнеше
атарман-шабармандар осылай шапқылап кетіп еді. Со
лар халықты шоқтай иіріп, жинап қойыпты. Көпшілігі
– құдайсыздар ұйымының мүшелері, «Саужойдың»
шәкірттері, мектеп оқушылары... Түйені шөгеріп, үстін
дегі мәйітті ораулы күйінде әлдебір сөре тақтайдың
үстіне қойып жатқанда, құдайсыздар бастатқан бел
сенділер:
– Совет өкіметінің жауларын жоғалтайық!
– Бандыларға өлім келсін!
– Шәкәрім қажы бастаған бандылардың күлін көкке
ұшырайық! – деп дуылдата ұран шақырды.
Жиналғандардың бәрі бірдей белсенді емес, қажымен
соңғы рет қоштасу үшін келгендер де бар сияқты. Ере
сек адамдардың бәрі еңіреп жылап тұр. Жан бұларды
түгелге жуық таниды. Талай келіп, дәмдес болған адам
дар... Мәссаған, мына Әкімқұлды қара!.. Қажының ең
жақын достарының бірі. Саятқораға апта сайын азық
апарып, әйелі болса қажының ішкиімдерін жуып, ауыс
тырып тұратын. Жұрттың бәріне естірте өгіздей өкіріп,
жылап тұрған – сол Әкімқұл. Дәл осы сәтте бір қора
дан салтатты Қарасартов шыға келді де, жылап тұрған
Әкімқұлды көріп қалып, оны қамшымен жондата тар
тып жіберді.
– Бандының құйыршығы... Сыбайласыңды қимай,
жоқтап тұрсың ба, контра? Кім үшін қалай жылаудың
керектігін мен әлі көрсетермін саған!
Осыдан кейін жылағандар жым болып, басылып қал
ды. Қарасартов қолындағы қамшысын оңды-солды сер
меп қойып, сөйлеп тұр:
– Әне – сендердің әулие тұтып, пір санап жүрген қа
жыларың! Шыңғыстауда бандыларға басшы болып, ау
дан орталығына шабуылдап, өкімет қамбасын тонаған
– осы қажы. Ақыры бүгін Керегетаста бір топ бандыны
бастап келіп, қызыл жауынгерлер тарапынан оққа ұшты.
Көріп алыңдар, Совет өкіметінің жауларына ешқандай
рақым жоқ. Кім де кім өкіметке қарсы шықса, көретін
күні – осы!
ГПУ бастығының сөзі аяқтала бере, құдайсыздар
ұйымының мүшелері тағы да айғайға басты. Бандылар
ды Шыңғыстаудан аластау туралы сол баяғы ұрандар...
Осы кезде әлдекім ілбіп басып, ортаға шыққан.
Әкімқұл екен. Бастыққа қарап, бірдеңелерді айтып тұр:
– Жаны жәннатта болғыр қажының көзі тірісінде еш
қандай оғаш қылығын байқаған жоқ едік. Енді сіз «жау»
деген соң, амал жоқ, «жау» деп атаймыз ғой... Қажының
жанын алып тындыңдар, енді мәйітін өзімізге беріңдер!
Қанша дегенмен Меккеге барған кісі ғой. Осында жана
засын шығарып, арулап жерлейік, – деген-ді.
– Молчать! – деп Қарасартов ышқына айғайлап жі
берді. – Бандыға ешқандай құрметі көрсетілмейді.
Қабір қазылып, зират та тұрғызылмайды... Апарыңдар
да осындағы құр құдықтардың біріне тастай салыңдар!
Сол бұйрық ауыздан шығысымен, ораулы күйінде
тақтай сөреде жатқан мәйітті қос өркешті қоңыр атанға
қайтадан артты. Ұлардай шулаған көпшілік артта қалды
да, түйе жетелеген бес-алты адам ауылдан ұзай берді.
Манадан бері ауылдағы жағдайды бастан-аяқ көріп тұр
ған Жан қалықтай ұшып, қаралы топтың соңынан ілесті.
Түйе жетелеген салтаттылар Бақанас ауылынан көп
ұзаған жоқ. Өздері осы төңіректі жатқа білетін болса ке
рек, бір-екі бел асып, құм төбелі жазыққа шықты да, сол
маңдағы суы тартылған әлдебір құр құдықтың қасына
келіп тоқтады. Бірден түйені шөгеріп, мәйітті қаумала
сып, солай қарай алып жүрді.
– Қажы тым сұңғақ адам еді. Мына құдыққа тігінен
тастасақ, бойлар ма екен? – деді қырықпа қара сақалды
ересектеу біреуі.
– Бойламаса бойлатамыз. Белін бе, тізесін бе, бүгіп
жібереміз! – деді мойнына бесатар асынған ГПУ жен
деті.
Ақыры соның айтқаны болды. Құдайсыздар мәйітті
киізге ораулы күйінде көтеріп әкелді де, бір қайырым
дұға оқып, беттерін де сипамастан, аузына өрмекші тор
құрып тастаған құр құдыққа тікесінен түсіріп жіберді.
Абырой болғанда, қажының денесі құдық бетіне бір
метрдей жетпей қалды. Әлгілер ауылдан кетпен-күрек
ала шыққан екен. Маңайдан қараған-бұта шауып әкеліп,
құдықтың кем жерін толтырды да, үстіне құм-топырақ
үйіп, тегістеп тастады.
Өз шаруаларын бітірген соң мәйіт жерлеушілер ауыл
жаққа қайтып кетті де, құр құдықтың үстінде Жан ғана
қалып қойды. Қанша дегенмен Жан мен Тән жетпіс үш
жыл бірге жасады ғой. Бірден бөлініп, тастап кетуге Жан
өз Тәнін қимай тұр. Жан өз иесіне мәңгі қарыздар. Ілім-
білімге жетік, адамгершілік, ар-ұжданы таза, ешкімге
қылдай қиянаты жоқ, хақ жолынан айнымаған кісі еді
ғой – Шәкәрім қажы. Сол тазалық пен құлшылықтың
арқасында, қажының Жаны да енді еш қиындық көрмей
бейіштен орын алмақ.
Жан жеті күнге дейін Бақанас пен Саятқора арасында
қалықтап ұшып жүрді. Бұл аралықта ешкім де қажы
ға арнап, жерошақ қоңырсытып, құран-хатым түсірген
жоқ. Алайда қажының өз сауабы өзіне жеткілікті еді.
Бәрін де көзі тірісінде тындырып, парызын өтеп кеткен.
Жан сол үшін де қажыға дән риза. Қазір Жанда ешқан
дай уайым жоқ. Шәкәрім қажы бір кезде құс салып, аң
аулаған Шыңғыс жоталарымен қоштасып, жеңіл қалық
тап ұшты да жүрді. Қайран Шыңғыстау сол баяғы мұр
ты білінбеген қалпы артта қалып барады.
Жетінші күні Саятқораға соңғы рет айналып соғып
еді. Соңғы он бес жылда қажының тыным-тағат тап
қан жері ғой – бұл қоныс. Бірақ бүгін мұнда тыныш
емес екен. Бүгін Саятқорада ГПУ-дың адамдары тінту
жүргізіп жатқан-ды. Тінту ме, тонау ма, жіп тағу қиын.
Тонаушылар Шәкәрім қажының домбырасын, гармо
нын, скрипкасын, білтелі мылтығын, кісесін, құсбегінің
керек-жарағын, үйдегі кілемі мен алашасын, сырма
ғы мен текеметін пышақ үстінен талап, әкетіп жатты.
Өмірі жарымаған пендеге бәрі керек. Бәріне мұқтаж...
Тек, саңлаусыз, надан жұртқа бір нәрсе ғана қажет емес
екен. Ол не дейсіз ғой? Ол – кітаптар.
Саятқораның сөрелері толған кітап еді. Ана жылы
кәмпеске кезінде қыстаудағы үйін осылай тонаған. Қол
ға түскен кітаптарын өртеп, күлге айналдырған. Әйткен
мен, кітаптарының жасырын сақталған үштен екі бөлігі
аман қалып еді. Қажы ап-сап басылған соң ол кітапта
рын екі-үш түйеге артып, Саятқораға жеткізіп алған. Не
жоқ дейсіз оның ішінде? Араб пен түріктің ойшылдары,
ертедегі грек дәнішпандары, кейінгі Еуропа мен орыс
оқымыстылары... Қажының елу жыл бойы жинаған қа
зынасы ғой... Міне сол баға жетпес байлықты құдайсыз
дар аулаға үйіп қойып, тағы да өртеп жатыр. Арасына ауа
кірмеген қалың томдар оңайшылықпен жанбайды екен.
Ара-арасына қураған ағаш тастап, әлі басылмаған қол
жазбаларды бұрап-бұрап, тамызыққа пайдаланып жүр.
Неше күннен бері көрген қорлық-зорлықтарына былқ
етпей бейтарап қалған Жан кітаптардың жанып жатқа
нын көргенде қатты күйзеліп, шырқырап кетті: «Ойпы
рай, мұндай да сұмдық болады екен-ау! Надандық жай
лаған бұл халық жуық арада қатарға қосылмас. Мына
құдайсыздар қажының ғана мүлкі емес, бүкіл адамзат
тың ақыл-ойын өртеп жатыр ғой...».
Жердегі тірліктен көңілі қалып, қатты түңілген Жан
осыдан кейін бұл маңда көп бөгелген жоқ. Шыңғыс
шыңдарына соңғы рет көз тоқтатып, сүзіле бір қарады
да, жеті хат көктегі мәңгілік мекеніне қарай жол тартты.
Түйін
Зулаған заман бір қалыпта тұрмайды екен. Дүние де
геніңіз – құбылыстан, өзгерістен тұрады екен. Баяғы
жалғанды жалпағынан жалмаймыз, әлемді түгел аузы
мызға қаратамыз дейтін құдайсыздар үстемдігі жетпіс
жылға зорға шыдады. «Бұл өкімет – адам пендесін сы
нау үшін Алла-Тағаланың уақытша жіберген зауалы»
деген қажының болжамы дәл шықты. Бәлкім атылған
ақындардың қасиетті қаны жібермеген шығар, ешкім
бір оқ шығармай-ақ шіріген теректей өзінен-өзі омыры
ла құлады-ау!
Ал құдайсыздар заманында дүниеден түңіліп, өзіне
«Мұтылған» деп лақап ат қойған Шәкәрімді туған хал
қы ұмытпапты. Қайта, ақынға деген құштарлығы арта
түсіп, азат күндерді асыға күтіпті. Арада тура отыз жыл
өткенде, тірі қалған жалғыз ұлы Ақат әкесінің сүйегін
құр құдықтан ашып алып, Жидебайдағы Абай зираты
ның қасына жерлеген. Бұл күнде Абай мен Шәкәрімнің
ақшағала күмбездері қос бәйтерек секілді түстік жерден
мен мұндалап көрініп тұрады.
Қысқасы, ақын арманы түгел дерлік іске асты десек
те болады. Заманның тарлығынан амалсыз Қытай асқан
кенже ұлы Зияттың қоржынында кеткен ақын шығар
малары жоғалмай сақталып, бұл күнде ел игілігіне ай
налды. Соңынан қуа барған құдайсыздардың қолында
Зияттың өзі мерт болғанымен, артында ұрпақ қалды.
Азаттықтан кейін олар да атажұртқа оралып, ел қатарлы
өніп-өсіп жатыр. Сөйтіп, ақын сақтап қалуды арманда
ған асыл ұрық құрып кетпей осылай жалғасын тапты.
Шәкәрім шығармалары том-том болып, жарық көру
де. Осыдан бес жыл бұрын ұлы ақынның туғанына 150
жыл толған мерейтойын республика жұртшылығы кеңі
нен атап өтті. Халықтың шын талантқа, нағыз ақынға
деген махаббаты ешқашан суымақ емес.
2013 – тамыз.
ҚАНДЫ ҚАҚПАН Хикаят Бәрі қан Үрімжінің айналасы, Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы. Ішегін өлген жанның иттер сүйреп, Домалап, қарға шоқып жатыр басы. Келсеңдер Үрімжінің қаласына, Көзің сал қалтарыс сай-саласына. «Ұмытпа өле-өлгенше осыны» деп, Тапсырып кет балаңның баласына Таңжарық - І - Е ртеде, заманның тыныш кезінде біздің қазекең «Жолаушының кешіккенінен дәмет» деуші еді. Бұл жолы олай болмай тұр-ау. Тіпті, мына жолғы кешігудің соңы сорға айналмаса неғылсын. Бұлар ауыл дан шыққанда өлке орталығы Үрімжіге барып, ұзаса жарым айға созылатын Құрылтайға қатысып қайтамыз деп аттанған. Бірақ өкіметтің ол уәдесі алдаусыратқан бос әңгіме болып шықты. Қайдағы жарым ай, міне, екі жылдан асты ғой – ыс басқан кірлі қаланың түтініне тұншығып жатқандарына. Келген жиындары – «Қазақ, қырғыз, монғол Құрылтайы» деп аталған. Шыңжаңдағы он үш миллаттың ішінен өлкелік өкімет жаңағы үшеуіне елден ерек неғып көңіл аудара қалғаны түсініксіз. Мұны сы, сірә, жаңағы ұлттарды айрықша бағалағанынан емес, ат үстінде жүрген көшпенділерге сенбегендіктен, керек десеңіз қауіп ойлағандықтан болар. Бір кезде ат тұяғы ның астында тапталған елдің ұрпағы күні бүгінге дейін салтатты көшпенділерден өлердей қорқады. Осыдан екі жыл бұрын Тарбағатай аймағынан Құрыл тайға келген өкілдер саны әжептәуір еді. Сондағы бес
үкірдай елдің (біреуі қалмақ үкірдайы) басшылары: Мұ
хаметқали, Таңғыт, Нұртаза, Омар, Көкірсін үкірдайлар,
соларға қарасты отыздан астам зәңгі, қанша би-болыс,
дінбасы қелең-кешіл, молдалар бар болатын. Шың Сы-
Сәйдің жаңа саясатын түсіндірген Құрылтай аяқталысы
мен, жаңағылардың қажетсіз деген бір бөлімін қайтарды
да, ерекше тізімдегі үкірдайлар мен кейбір зәңгілерді
алып қалды.
Алтай мен Іле аймақтарынан келгендер де солай. Бертін
ге дейін Бежінге төте қарап келген Алтай қазақтарында
үкірдайдан шені үлкен Бейсі, Тәйжі деген де лауазымдар
бар екен. Сол жақтан Шәріпхан төре бастатқан Алтайдың
керейлері келіп ошарылды. Ал Іле жақта үкірдайды «ақа
лақшы» дейтін көрінеді. Сол ақалақшы, зәңгілері баста
ған Іленің қызылайлары да келіп қалып еді.
Мұхаметқали бұрын сырттай атын естіп жүрген, қазақ
тың сорпа бетіне шығар азаматтарымен осы Құрылтайда
танысқан. Алғашқы кезде қандай көңілді болып еді. Бір-
бірімен шүйіркелес сөйлесіп, хал сұрап, қауқылдасқан
жұрт. Алтай аймағының генерал-губернаторы (қытайша
– дүптыңы) Шәріпхан төрені көрудің өзі неге тұрады.
Шыңжаң өлкесінде қазақтан шыққан жалғыз генерал-гу
бернатор... Мұхаметқали Шәріпханды алғаш көргенде қа
лай таңғалып еді! Төренің бойы екі метрдің үстінде екен.
Екі иығына екі кісі мінгендей. Бас дегенің кіші-гірім қа
зандай. Оның қасында денеліміз, бойшаңбыз деп жүрген
жігіттер баладай боп қалды.
Шәріпхан төре – Әбілмәмбет ханның алтыншы ұрпағы.
Ханның үлкен ұлы Әбілфейізден тарайды. Сонау бір ға
сырда Абақ керейлер жоңғардан босаған атажұрты Алтай
ға ауғанда, өздеріне хан сайлау үшін Әбілфейіз сұлтанның
Көгедай деген баласын ат-түйедей қалап сұрап алмайтын
ба еді. Шәріпхан – сол Көгедайдың шөбересі. Құжаттар
да «Көгедаев» болып жазылады. Шіркіннің өзі де – төре
десе төре екен! Қытайшаға судай, орысшаға да ағып тұр.
Қытайшаға Үрімжіде оқып жетілсе, орысшаны мұғалім
жалдап үйде оқыған. Өзі асқан ағартушы, ел қамын жеген
демократ. Алтайдың әр ауданында мектеп ашқан. Аймақ
та газет-журналдар шығарған... Атақ-даңқы алысқа кетіп,
үлкен көрінгенімен, өзі Мұхаметқалидан екі-ақ жас үлкен
екен. Мұхаметқали биыл отыз сегізде. Ал Шәріпхан тірі
болса...
Ол туралы өткен шақпен сөйлеп отырған себебі, сол
қайран Шәріпхан жоқ қой бұл күнде. Осыдан үш-төрт ай
бұрын қонақ үйден ұстап әкеткен еді. Абақтыда азаптап
өлтіріпті деген сөз бар. Сондай есіл ерді көзі қиып, қа
лай өлтірді екен жендеттер?! «Шәріпхан – менің досым,
оң қол уәзірім» деуші еді Шың Сы-Сәй. Сөйтсе, бәрі көз
бояу, өтірік көлгірсу екен ғой. Осыдан кейін Мұхаметқа
ли дүниеден мүлде түңіліп кеткен. Қазір біреуді ұстапты,
өлтіріпті десе, еш әсері жоқ, селт етпейтін болды.
Бұл күнде ана жылы Құрылтайға бірге келген тарбаға
тайлық жігіттердің де қатары сиреп қалды. Құлыстайдағы
төрт үкірдайдың әзірше екеуі ғана тірі жүр. Біреуі – Мұха
метқалидың өзі, екіншісі – Жұмықтың үкірдайы Таңғыт.
Ол Құрылтай басталар-басталмастан қатты ауырып, еліне
қайтып кеткен. Оған сол жақтан тор құрмаса, Үрімжіден
аман аттанған... Құрылтайға келген Әлімғазы мен Қанағат
болыстар алғашқы лекте-ақ қарауылға ілінген. Биыл олар
дың соңынан Нұртаза мен Омар үкірдайлар кетті. Біреу
лер құрбандарды түрменің өзінде-ақ атып тастайды екен
дейді. Енді біреулер тірідей қапқа салып, тұншықтырып
өлтіреді екен дейді. Қай-қайсы да оңып тұрған жоқ, әй
теуір.
Әзірше, бәрінің соңында төртуыл үкірдайы Мұхамет
қали қалып тұр. Қай күні әкетерін кім білсін. Жатқан жері
түрме емес, түрмеден кем де емес. Үрімжінің оңаша кө
шелерінің біріндегі «Тяньшан» қонақ үйі. Әлгі «мырза
қамақ» дейтіні осы болса керек. Қақпадан шығармайды,
сырттан ешкімді кіргізбейді. Былтырдан бері елге хат
та жаздырмайтын болды. Осында «Мүң-ха» мектебінде
(моңғол-қазақ мектебі) ана жылы өзі іріктеп аттандырған
төртуылдың бес баласы оқып жүр еді: Қалдыбай, Оразға
ли, Заманбек, Әмірхан дегендер. Арадағы екі-үш жылда
солар да ержетіп өсіп қалыпты. Араларында қытай тіліне
жүйрігі – Қалдыбай екен. Сол күзетшілердің тілін тауып,
алғашқы жылы келіп тұрушы еді. Соңғы айларда олардың
да ізі суыды. Соған қарағанда, тәртіп қатайып, заманның
апшысы қуырыла түссе керек.
Мұхаметқали жарық дүниеге қонақүйдің терезесінен
ғана қарап, бір бөлмеде жалғыз өзі жатқанына да біршама
уақыт болды. Бір әулеттің бұлғақтаған мырзасы, бір тай
па елдің үкілеген үкірдайы күндердің күнінде осындай
кіріптар күйге түсем, тар қапасқа қамалам деп ойлап па?
Өзінен-өзі оңаша отырып, әр алуан ойға кетеді. Адамның
өзін қапасқа қамап ұстауға болар, бірақ ой-қиялын кісен
деуге ешкімнің де шамасы келмес... Ауылды ойласа, ана
сын, бала-шағасын ойласа көзіне мөлтілдеп жас келеді.
Бұрын өз елінен ұзап шықпаған бұл жігіт ел-жұртын кере
мет сағынып жүр.
Қазір шілденің шіліңгір ыстығы. Дәл қазір төртуыл
ауылдары арғы алыс жайлауларға әлдеқашан барып,
Барқытбелдің күн шалған төскейінде самалдап отырған
шығар-ау! «Үкірдай ауылы» атанып кеткен өз ауылы да
қазір, сөз жоқ, Қаражалдағы қонысында отыр. Бие бай
ланған шығар, сауын биелер мен мініс аттары түні бойы
көк балауса мен уқорғасынға мелдектеп тойып келіп, желі
басында үйездеп тұрған болар... Бойдақ малдар, әрине,
Ақтас пен Шұрықтағы өзге жұртта... Қалада гимназияда
оқитын қызы Нұрқан мен ұлдары Қамай мен Шамшәріп
қазір каникулда ғой. Жазғы демалыста олар не істеп жүр
екен? Нұрғайын бес жаста, Ғазиз үш жаста. Олар әжесі
мен анасының бауырында жүр ғой... Құлындарым-ай, мен
туралы не ойлап жүр екенсіңдер? Әкелеріңді бір көруге
зар болып, сағындыңдар-ау әбден...
Осы тұсқа келгенде Мұхаметқалидың көңілі босап, бор
дай егіліп бір кетті де, есін тез жинап, қайта бекінді... Бір
тәуірі, естуінше, қазір мал-жанға ие болып отырған анасы
Жәку дені-қары сау, әлі де тың көрінеді. Ел-жұрты «Жәка
паң» атап кеткен азулы бәйбіше әлі де тұғырдан түспеген.
Төртуылдың әйгілі үкірдайы Көксегеннің бәйбішесі, Мұ
хаметқалидай үкірдайдың анасы. Былайғы жұрт әлі де сол
кісінің аузына қарайды. Мұхаметқали Үрімжіде «мыр
за қамақта» отырған екі жылда мұның орнына уақытша
үкірдайлыққа Нұрышты сайлаған екен. Алайда, бұқара
халық Нұрышты бойларына тоғытпай, ағайын арасының
дау-шары Жәкапаң алдында бітетін көрінеді. Алла-тағала
бұл елге барғанша, сол кісіге денсаулық берсін деңіз.
Ең соңында өз бәйбішесі Биғатияны қалай еске алмай
тұрсын-ау! Ол да – күн шалған өңірден. Мәметек Сығай
ілгідайдың қызы. Ілгідай – үкірдайдың орынбасары деген
сөз. Жұмықтық үкірдайы – Таңғыт болғанда, Сығай – со
ның орынбасары. Биғатия балабасты болып, толып бара
жатқаны болмаса, қыз кезінде ақсарының әдемісі еді.
Сол сұлулығына қызығып, өзінен екі жас үлкендігіне қа
рамай, Мұхаметқали оны «алып қашып» алды-ау! Құда
ласқан жерінен айырып, екі есе «қалыңмал» төлеп алған.
Ол кезде әкесі Көксеген үкірдай қайтыс болып кеткен-ді.
Жәкапаң келіні текті жерден шыққан соң, әрі өзімен ру
лас екенін ескеріп (Жәкапаң да – Мәметек қызы), жалғыз
ұлдың еркелігіне амалсыз көнген... Сөйткен Биғатия, сен
де көзден бұл-бұл ұштың-ау!
Мұхаметқали әрненің басын шалып, төсекте қисайып
жатқан-ды. Осы тұсқа келгенде, оң жамбасына аунап
түсті. Былай барлап қараса, ес білгеннен бері құбылма
лы саясатқа куә боп келе жатыр екен. Адамдар саясатты
– амал-айла, қулық, сайқалдық деп ұғады ғой. Сірә, сол
сөздің жаны бар сияқты. Осы таяудағы 1934-1935 жыл
дарда қазіргі диктатор Шың Сы-Сәй қандай еді? Сөзі
жылмаң, құйрығы бұлғаң еді ғой. Халықшыл да – сол, де
мократ та – сол, ағартушы да сол емес пе еді. Өзін Совет
Одағының досы, Сталинның шәкірті санап жүрді. Аузын
да – алты ұран, туында – алты бұрышты жұлдыз. Мектеп
ашты, сауданы дамытты. Ұлттық ұйымдар құруға рұқсат
берді. Совет елі мен Шыңжаң арасында сауда келісімі
жасалып, «Сов-Синторг» арқылы тауарлар келе бастаған.
Қазақтың төрт түлік малы мен жүн-терісіне дейін пұл бо
лып, иіні бүтінделіп қалған.
Саясаттағы сол кеңшілікті пайдаланып, Мұхаметқали
дың өзі де көп жұмыс атқарған еді-ау! Шәуешекте аймақ
тық қазақ ұйымын құрып, өзі соған жетекшілік етті. Әр
ауданда оның бөлімшелері болды. Әр зәңгінің қарауында
екі-үштен бастауыш мектеп ашылды. Басқаларға үлгі бо
лып, Шәуешектің қақ ортасынан «төртуыл» мектебін аш
ты-ау! Іле-шала тағы өзі мұрындық болып, «төрт үкірдай
елі» мектебін салдырған. Бір мезгілде 600 бала оқитын
жиырма бөлмесі бар, тұңғыш қазақ орта мектебі. Осылар
ды ойласа «шүкір, артымда із қалыпты-ау» деп өз ісіне
разы болады...
Дүниенің бәрі салыстырмалы ғой. «Бұрынғы Янзышың
мен Жыншорынға қарағанда, мына Шың Сы-Сәйдің има
ны бар екен» дескен бұқара халық. Әрине, Шыңжаң өлкесі
де бір кезде Манжың империясына қараған. 1911-жылғы
Сунятсен бастаған Шыңхай төңкерісі кезінде Маншың
үстемдігі құлап, «Жуң-Хуа минго» – Қытай Республикасы
құрылмады ма. Орталығы – Нәнжың қаласы болды. Сол
орталықтан жіберген Янзышың Шыңжаңды он бес жыл
(1912-1927) биледі. Кейін, Янзышың әбден байып болды-
ау деген кезде, оны Жыңшорны (1927-1933) алмастырды.
Бұл екеуі де өздерінің Шыңжаңға келудегі міндетін – ха
лықты сүліктей сору деп білетін, нағыз жемқорлар еді.
Шыңжаңды дамытайын, көркейтейін деген ой олардың
кәперіне де келген емес. Ақыры, халықтың тоба қазығына
таяған кедейшілік пен рухани езгі 1933-жылғы бүкіл өл
кені қамтыған төңкеріске әкеліп соқтырып еді.
Қашанда төңкерістің ауыр бейнетін біреулер тартса,
жемісін басқа біреулер жейді екен ғой. Бұл жолы да со
лай болды. Төңкерістің бар тауқыметін Құмылдағы Қо
жанияз бастаған шаруалар қозғалысы мен Қашқардағы
«діншілдер дүрбелеңі» тартты да, игілігін өзгелер көрді.
Сол дайын дүниеге «піскен асқа тік қасық болып», ие бола
кеткендердің бірі – қазіргі диктатор Шың Сы-Сәй еді. Ол
өзі жас кезінде Жапонияның әскери мектебінде оқыпты.
Сонан соң Қиыр Шығыста әскери қызмет атқарған. Ал
сондай адамның Шыңжаңға қалай тап болғаны әлі күн
ге дейін жұмбақ. Білетіндер оны Шыңжаңға алып келген
– Советтің барлау мекемесі дегенді айтады. Жалпы, осы
сөзде қисын бар. Шың Сы-Сәй Қиыр Шығыста қызмет
істеп жүргенде-ақ, Советтің барлау орындарына тыңшы
болып кірген сияқты... Содан, Шыңжаңдағы халықтық
төңкеріс пісіп жетіліп, Жыңшорынның тақтан құлайтыны
мәлім болған кезде, өлкеге жаңа басшы етіп кімді қоямыз
деген мәселе туындайды ғой. Сол кезде кандидаттар
дың бірі ретінде Шың Сы-Сәй түседі еске. Оны алдымен
Шыңжаңға әкеліп, Үрімжідегі әскери мектепке директор
етіп қояды. Арада жыл өтпей өлкелік өкіметтің іс басқа
рушысы қызметіне көтереді.
Жалпы, отызыншы жылдарда Шыңжаңда өрістеген
оқиғалардың тізгіні Совет Одағының қолында болатын.
Рас, бұл тұста Жапония да дүңген генералы Мажұйыңның
қолына қару ұстатып, Шыңжаңдағы көкпарға араласып
көргісі келді. Дүңгендер қолдарына ақ ту ұстап, Шыңжаң
дағы мұсылмандардың көмегіне сүйенбек болды. Алтай
мен Тарбағатайда біршама жеңіске жетіп, ол қалалардан
жергілікті қытай әскерін қуып та шықты. Алайда істің
беталысын бақылап отырған Совет Одағы дүңгендерді
бұдан ары тайраңдатып қойғысы келмеді. Шәуешек және
Құлжа шекарасы арқылы екі полк әскер енгізді де, дүң
гендерді келген жақтарына қуып тастады. Сөйтіп, иесіз
бос қалған Шыңжаң өлкесіне Шың Сы-Сәйді бастық етіп
қойды да, ұйғырлардың көңілін аулау үшін, орынбасарлы
ғына Қожаниязды тағайындады. Бірақ бұл да – уақытша
көзбояу болатын. Шың Сы-Сәй билікке орнығып алған
соң, ең алдымен Қожанияздың көзін құртты.
Жоғарыда айтқанымыздай, Шың Сы-Сәй алғашқы үш-
төрт жылда түзу бағыт ұстап келді де, 1937-жылдан бас
тап, бұрынғы бағытынан жалт бұрылды. Енді ол өзінің
жасырып келген азу тісін, қанды шеңгелін ашық көрсете
бастаған. Біреулер: «мұны халыққа қарсы қайрап салған
– Совет Одағы. Ол 1936-жылы Мәскеу сапарына барып
келгеннен кейін-ақ өзгеріп сала берді» дегенді айтады.
Жалпы, осы сөзде жан бар. Сол сапарда ол Сталинның
қабылдауында болыпты. Берияның, Молотовтың ақыл-ке
ңесін тыңдапты. Бұл – Совет өкіметінің «Халық жаулары
на» қарсы шабуыл бастаған кезіне тура келеді. Армияда
ғы айналдырған бес маршаллдың үшеуін – Тухачевскийді,
Егоровты, Блюхерді атып тастаған кез. Қойған кінәсы не
дейсіз ғой – «Жапонияның шпионы». Бұл статьяның сол
кезде модаға айналғаны сонша, Қазақстандағы ұлт кө
семдері Әлихан, Ақымет, Мыржақып, Мағжан сияқты
«Алаш» қайраткерлерімен бірге, Сәкен Сейфуллин, Тұрар
Ырысқұлов, Сейітқали Меңдешев сияқты Қызыл Комму
нистер де осы «Жапонияның шпионы» деген статьямен
атылды.
Осы сапардан Шың Сы-Сәй да ішіне көп нәрсені түйіп
қайтқан секілді. Келе салысымен бұл да «Халық жаула
рына» қарсы күресті бастап жіберді. Қолында Советтік
НКВД берген тізім бар болатын. Сол тізім бойынша ең
алдымен бір кезде Қазақстаннан қашып өткен «Алаш»
азаматтарының ізіне түсті. Райымжан Марсеков, Зият
Шәкәрімұлы, Ыбрайым Жайнақов бастатқан жиырмадай
адамды ұстап, НКВД-ның қолына табыс етті. Ал ондағы
лар есіл азаматтарды сотсыз-сұрақсыз-ақ о дүниеге жө
нелткен көрінеді.
Қазір де Шың Сы-Сәйдың қасында кеңесші болып,
НКВД-ның мықты мамандары отырса керек. Бұл жақта
ғы «Халық жауларын» қалай ұстаймыз дегенде, «Қазақ,
қырғыз, монғол Құрылтайын» солар ойлап тауыпты. Бұл
– үнемі ат үстінде жүретін көшпенділерді қолға түсірудің
таптырмас тәсілі еді. Егер оларды тұрған жерлерінде ұс
таймыз десе, ел іші дүрлігіп, арты қарулы қақтығысқа
айналып кетуі мүмкін ғой. Ал Құрылтай өткіземіз деп
шақырсаң, көшпенділердің үкірдайы мен зәңгісі бірдеңе
ден құр қалғандай, Үрімжіге тайлы-таяғымен түгел келері
сөзсіз. Осылайша, олардың рубасылары мен көсемдерін
бір жерге жиналап аласың да, ойдағы жоспарыңды іске
асыра бересің. Ал қаладағы ұйғыр-өзбек, сарт-ноғайдың
жарасы жеңіл. Оларды қалаған уақытыңда орнынан ба
сып, қолға түсіруге болады.
Шың Сы-Сәй рубасылар мен үкірдай-зәңгілерді Құ
рылтайға жинап алған соң, алдын абақтыға қамап, соңын
«мырза қамақта» ұстағанда, мынадай екі түрлі мақсат көз
деп еді. Біріншіден, рубасыларын осында кепілдікте ұстау
арқылы халықтың қолындағы қару-жарақты жинап алу.
Бұл – өте маңызды нәрсе. Көшпенділердің қолына қару
ұстатып қою – өзіңе ажал әзірлеумен бірдей. Екіншісі, Құ
рылтайға жиналғандарды жан-жақты тексеруден өткізіп,
өкіметке деген ниет-пиғылын анықтау. Сәл-пәл қылдан
тайған, жат пиғылды адамдарға жаза дайын. «Жапо
нияның шпионы» деген айдармен ана дүниеге аттанды
ра береді. Сөйтсе, Сталин мен Берияға берген уәдесі де
мүлтіксіз орындалған болады.
- ІІ -
Мұхаметқали кейде өзімен-өзі отырып таң қалады.
Көңілінде зәредей кірі жоқ, ақ қағаздай таза адамға неше
алуан қулық пен сұмдықты, пәле мен жаланы, күрес пен
тартысты өгей өкіметтің өзі үйретеді екен ғой. Бұрын бұл
өз руы болмаса, тұтас ұлттың жағдайын ойлай бермейтін-
ді. Ақыры жан-жақтан ұтылай қуып, мұны да «ұлтшыл»
қып шығарды. Бұрын бұл өкіметтің досы кім, қасы кім де
генге бәлендей көңіл бөлмеуші еді, енді міне, сол өкімет
ке қарсы күдікті адамның бірі өзі болып шықты. Бұрын
ел иесі саналатын билеуші ұлттардың аз санды, кіріптар
ұлттарды қалай қорлап, қалай шайнап, жұтып қоятынын
анық біле бермеуші еді, қазір соған көзі әбден жетті.
Біраз мәселенің ұшығына өз ойымен жетсе, тағы біраз
жайларды осындағы көзқарақты адамдардан ұғынды. «Ақ
ит, көк ит – бәрі бір ит» дегендей, жемтіктес ұлы мемле
кеттер бір-бірімен ұлып табысса, отарлаушы елдердің бо
сағасында отырған аз ұлттардың да көрген күні, тартқан
азабы бір екен. Сонау бір жылдары Советтік езгіден, қор
лық-зорлықтан, әдейі жасалған ашаршылықтан бассау
ғалап қашқан біраз ел Шыңжаңға келіп паналап еді. Сол
қырсықтың бәрі, міне, тағы да алдынан шықты. Қорғаны
сы жоқ, сорлы қазақ енді қайда барып күн көреді? Қайда
барсаң да алдыңнан шығатын – қарулы қақпан, қорқыт
тың көрі... Ол жақта да, бұл жақта да қаптап кеткен «Ха
лық жауы», «Жапонияның шпиондары». Орыс пен қытай
тіл біріктіріп, қазаққа қарсы бағытталған жаппай шабуыл
ғой – мұның аты. Кейде үйірінен бөлінген топ жылқыны
ұялы қасқырлар ұтылай қуып, әлдебір жартасқа, не жар
ға апарып қамап, бір шеттен жарып жей беруші еді. Оны
«қасқыр қамау» дейтін-ді. Мынау да – қазаққа келген сол
«Қасқыр қамаудың» өзі ғой.
Қазір қасындағы серіктерінің көбі құрбан боп кеткенде,
Мұхаметқали жалғыз ғана жіпке ілініп тұр. Ол жіп – ар
тындағы ел-жұрттың қолдауы. Бұларды мұнда кепілдікте
ұстаудың бір себебі – халықтың қолындағы қару-жарақ
ты жинап алу еді ғой. Жақында елдегі Сыдық зәңгі мен
Ыдырыш зәңгілерден хат келді. Мұхаметқали үкірдайға
қарасты төртуыл тайпасы қолдарындағы қаруды ұжымда
са жинап, үш жүзге тарта мылтықты оқ-дәрісімен өкімет
ке өткізіп беріпті. Қару өткізген негізгі құжатты өлкелік
өкіметке жолдаса, көшірмесін хатпен қоса үкірдайдың
өзіне жіберіп отыр. Бұл да болса, ауған түйені басқандай,
ебепке – себеп. Арттағы елдің берекесі, халықтың бұған
деген көңілі.
Олай дейтіні, Мұхаметқали жыл басында арттағы ел
азаматтарына хат жолдаған. Алдымен уақытша өз ор
нында отырған Нұрыш үкірдай, Сыдық зәңгі, Ыдырыш
зәңгі, Нұрақай зәңгі сияқты мансаптыларды атай келіп,
сонан соң ел ақсақалдары: Қали қажы, бас мүфти Қара
молда, Жақып, Әбік, Қалкелерге, одан кейін Қалиякбар,
Қасенбек, Малғажы, Әбілмәжін сынды інілерге дұғай
сәлем жолдаған. Жазған хатында: «Менің жаным қазір
қыл үстінде тұр. Егер мені аман-есен елге қайтсын де
сеңдер, ел қолындағы қару-жарақты, қылаяғы құс ататын
қосауызға дейін жинап, өкіметке өткізіп беріңдер» деп,
өлердегісін айтып өтінген-ді.
Олай дейтіні, елдің қолында біраз қару барын Мұха
метқали білетін-ді. Баяғыда генерал Бәкіштің, тағы басқа
ақ атамандардың қашқын солдаттары мініс көлікке, азық-
түлікке қолындағы бесатар мылтықтарын айырбастап
кете беретін. Одан басқа көтерілісте қолға түскен қарулар
бар. Енді, міне, Мұхаметқалидың амандығы үшін қайран
ел сол қаруларын да өкіметке өткізіп, тыным тауыпты.
Қару-жарақтан басқа, Сыдық зәңгінің хатында көңіл
қоярлық тағы бір жаңалық бар: «Тарбағатай аймағының
халқы – бір ғана қазақтан тұрмайды ғой. Татар-өзбек бар,
сібе-солаң бар, қытай бар дегендейін. Біз енді сол ұлт
тардың атынан хат ұйымдастырмақшымыз. Кезінде ол
ағайындарға да сіздің қамқорлығыңыз аз болмаған. Сол
халықтар да сізге аратүсіп, жоғарыға хат жолдаса деп
отырмыз» депті. Бұл да – табылған ақыл. Мұндайда қазақ
тың сөзінен гөрі өзге ұлттардың сөзі өтімді болуы мүмкін
ғой. Мұхаметқали енді арт жақтан келетін сол хаттарды
төрт көзімен күтіп жүр...
Әкесі Көксеген үкірдайдың аруағы жебеген шығар,
ел-жұрттың береке-бірлігі қолдаған болар, Мұхаметқали
төртуыл тайпасына отыз жасында үкірдай боп сайланды.
Бұл – екі мемлекет арасындағы шекара бекіп, бұл беттегі
қазақтар қытайға біржола қарап, ел билеу тәртібі енген
нен бері сайланған төртуылдың алтыншы үкірдайы еді.
Алғашқы үкірдай – Керімбай, сонан кейін Дәмежан, со
нан кейін Көксеген, сонан кейін Тыныбай, Ысқақ, Мұха
метқали...
Әкесінен он бес жасында қалған бұла жігіт былайша
қызмет қамытын ерте кием деп ойлап па. Анасы Жәку
бәйбішенің арқасында өзінше серілік құрып, емін-еркін
жүріп жатқан-ды. Әкесінен кейінгі бір қамқоры – аталас
ағайыны Күдері би-тұғын. Ол кісі де небәрі қырық бес жа
сында, 1920-жылы генерал Бәкіштің көзі тиіп қайтыс бол
ды... Әкеден мол дәулет қалған. Мұхаметқали оны қалай
шашам десе де жететін-ді. Алайда, табиғатынан зейіл Жә
капаң жалғыз ұлды елең-селең, бос сандалысқа жіберген
жоқ. Халықтың дәстүр-салтына, ел басқару ісіне қанық
тырып қана қоймай, әртүрлі мұғалім жалдап, үйде оқыт
ты. Олардың ішінде қазақ та, Ахмет Камал секілді татар
да, қытай да, Семен Каширин секілді орыс мұғалімдері де
бар еді. Міне, осындай жан-жақты тәрбиенің арқасында,
жас жігіт көп пәндерден хабары бар, бірнеше тіл білетін,
көп қырлы азамат болып қалыптасқан. 1933-жылы Ысқақ
үкірдай қайтыс болған соң халықтың назары бірден Мұ
хаметқалиға ауған себебі сол еді. Біріншіден, хат-сауаты,
білім-білігі бар. Екіншіден, өзгенің малына қызықпайды,
әкеден қалған өз дәулеті жетеді.
Тарбағатай аймағында қазақ үшін үкірдайдан үлкен
лауазым жоқ. Ол – аудан әкімі, Шәннен кейінгі екінші
тұлға. Жас үкірдайдың қолына мол билік тиген еді. Алай
да, Мұхаметқалидың сорына, бұл бір ауыр жыл болды.
Қазақстандағы ашаршылық апатынан қашқан жұрт аяғы
сейілмей, әлі де шекара асып келіп жатқан. Шәуешек
ауданы шекараға тым жақын, халық саны бірнеше есе
артып, өріс, қонысқа симай барады. Сол босқындарды
ауыл-ауылға бөліп орналастыру, әр ауылда қазан-қазан ас
пісіртіп, өзегі талған аштардың жүрегін жалғау да оңай
шаруа емес. Ішкен асы аш өзегіне түсіп, өліп жатқандар
қаншама, оларды мұсылман тәртібімен арулап жерлеу ке
рек.
Дүние қалай тарылған десейші, басқа босқындарды
былай қойғанда, төртуыл ортасына арғы беттен бес бір
дей болыс келіпті. Бәрі де кезінде ел билеген, ата-тегі
нен бақ-дәулет үзілмеген салауатты адамдар. Зайсандағы
Ертіс төртуылынан – Дарқанбай болыс, Мұрын ішіндегі
Тоқабай-Сарыдан – Мұстафа болыс, Шорғадағы Тәукеден
– Әбілдабек болыс, Қарауыл-Жасақ елінен – Ғалисаттар
болыс, Өкпетідегі Ажы-қыдыр елінен – Жәкула болыс...
Қазір бастарынан бақ тайды дегенің болмаса, кезінде ел-
жұртына сыйлы болған бұл адамдарға арнайы қоныс бө
луге тура келді. Бұлардың ішінде Жәкула болыс кезінде
Омбыдағы оқу орнын бітірген үлкен дәрігер екен. Шәуе
шек қаласынан емхана ашпақ ойы бар еді. Амал не, дүңген
дүрбелеңі кезінде «сен жаралы көтерілісшілерге көмек
көрсеттің» деп, жазалаушы орыс жендеттері Жәкуланы
атып кетіпті. «Жаралыларға көмектестің» дегені сылтау.
Жәкула арғы бетте «Алаш» партиясына мүше болған ғой.
Соңынан аңдып келген НКВД тыңшылары әдейі көздеп
атқан секілді.
«Жығылған үстіне жұдырық» дегендей, Мұхаметқали
босқындар мен аштардың шаруасын бірыңғайлы етіп,
енді ес жия бергенде, 1933-жылы күзде Шәуешекке кө
терілісші дүңгендердің сау ете қалмасы бар ма. Кәдімгі
дей бақайшығына дейін қаруланған бір полк әскер. Мына
келісте Алтайдан шыққанымен, арғы өкше ізі – Гансу,
Шыңхай өлкелерінде жатса керек. Бас қолбасшылары
Мажуйың деген генерал дейді. Бұл «Ғазауат» аталған со
ғыстың мақсаты – Шыңжаңдағы Қытай үстемдігін ауда
рып тастап, мұсылман мемлекетін құрмақ. Сол үшін әр
аймақтағы мұсылмандарды өздеріне қосып алмақ. Қолда
рында – пайғамбардың ақ туы. Көшеде шеру тартып, көп
дауыспен айтатындары – салауат, құраннан алынған аят-
дұғалар.
Мынаны көріп, Шәуешектің мұсылман діндарлары
желіксін. Әсіресе, бұрыннан дінге бейім татар-өзбек, ұй
ғыр байлары бірден қолдап шыға келді. Дүңгендерге со
лар сойыс қамдап, азық-түлік дегенді үйіп тастады. Дүң
гендер алғаш келген бетте-ақ қаладағы қытай әскерінің
қырғанын қырып, тірі қалғанын Үрімжі жаққа қуып тас
таған. Қала маңындағы бай қытайлар мен Сібе-солаң әу
летінде зәре жоқ. Оларды көтерілісші дүңгендер бір тона
са, желігіп атқа қонған қазақтар екі тонайды. Көбінің ту
қып ұстағаны – «мұсылман жеңді» деген дақпырт. Істің
байыбына барып, түсініп жүрген ешкім жоқ.
Мұхаметқалиға құдайдың берген бір абыройы – а де
генде-ақ осы дүңгендерден бойын аулақ салды. Өйткені,
дүңгендердің бір соқпа дерт екенін, неше жерден «Ға
зауат» жарияласа да, Қытайдай ұлы мемлекетті бәрібір
жеңе алмайтынын ол жақсы білуші еді. Оның үстіне, бір
кезде осы дүңгендердің мұның жүрегіне майдай тигені
тағы бар. Жеке бұл емес, күллі төртуыл тайпасы дүңген
бүлігі десе төбе шаштары тік тұрады.
Дүңген деп жүргеніміз – баяғы сегізінші ғасырда араб
қолбасшысы Құтайба жорығы кезінде ислам дініне кіріп,
мұсылман боп қалған қытайлар ғой. Қытаймен тілі бір,
діні бөлек. Негізгі тұрағы Шыңжаңмен шекаралас Гансу,
Шыңхай өлкелері. Жалпы саны он миллион шамасында
болса керек. Миллиард қытай өзін басып алған талай бас
қыншыны жұтып жіберсе де, осы дүңгендерді сіңіре ал
май-ақ қойды. Дүңгендер оларға жұтылғанды қойып, әр
ғасырда бір рет өздерінен жүз есе көп қытайға қарсы «Ға
зауат» жариялап тұратынын қайтерсің. «Олардың қытайға
сіңіп кетпей отырғаны – ислам дінінің арқасы» деседі бі
летіндер. Дүңгендердің де әлсін-әлі ғазауат жариялай бе
ретіні – өзін аман сақтаудың, жұтылмаудың амалы болса
керек.
«Ғазауат соғысы» кезінде дүңгендердің өздері ғана қы
рылып, құрбандық беріп жатқаны ештеңе емес-ау, соры
қалың басқа мұсылмандарды да желіктіріп, өздерімен
бірге ала кететіні жаман. Сондай бір дүрбелең Тарбаға
тайда осыдан жетпіс жыл бұрын, 1864-жылы болған-ды.
Еш жазығы жоқ төртуыл тайпасының қосақ арасында
босқа қырылатыны сол жылы. Ішкеріден әр жылдар келіп,
Шәуешек маңын мекендеген жүздеген түтін дүңген бо
лушы еді. Солар ішкерідегі дүңгендермен тіл біріктірді
ме, сол жылы аяқ астынан желігіп, жергілікті Қытай үкі
метіне қарсы көтеріліске шығыпты. Мұны қазақтар кейін
«Бор батыр» соғысы деп атаған. Бор деген жас жігіт – сол
дүңгендер арасынан шыққан ержүрек батыр болса керек.
«Қылыш сілтеп, найза сермегенде қимылына көз ілес
пейді екен» деп жұрт аңыз қылатын.
Дүңгендер қолдарына ақ ту ұстап, салауат айтып шық
қан соң, мұны көрген қазақ рулары да шыдай алмай қо
сылып кетеді. Бұлар – негізінен Бәйжігіттің Мәмбет және
Жұмық аталары еді. Қабанбайдың шөбересі, Мәмбет Әділ
бек батыр, Жұмық Қоңыз батырлар (шын аты – Құрман
қажы) көп қолмен дүңгендерге қосылып, қытайға қарсы
майдан ашады. Шәуешектегі Қытай әскері көтерілісші
лерге төтеп бере алмай, бір бөлімі қаладағы Жамбылға
(Қытай қамалы) тығылса, екінші бөлегі Қобыққа барып
бассауғалайды.
Әйткенмен, жергілікті қытай әкімдері де қамсыз емес-
ті. Дүңгендер өз маңайына мұсылмандарды топтаса, қы
тайлар сасқанынан будда ұранын көтеріп еді. Қобықтағы
Шаған Кеген бастаған Торғауыттарға арнайы кісі жіберіп,
көмек сұраған. Қазақтың ата жауы Шаған Кеген де кек
алуға қарсы болмайды. Қазақты шапса жер қайысқан көп
мал айдап қайтатыны тағы белгілі. Сондықтан әнеукүні
Шәуешектен қашып барған қытай шеріктерін өздеріне қо
сып алады да, мың қаралы қолмен аймақ орталығы Шәуе
шекке қарай аттанады ғой.
Ал, бұл мезгілде қашанда бейбіт өмірді күйіттейтін,
қақ-соқпен шаруасы жоқ, мыңғырған малы Барқытбелдің
күңгейіне симай жатқан төртуылдар жайлаудан етекке
түсіп, Арқарлы, Нұра, Абдыра, Қараүңгір, Шәша, Боз
дақ секілді күзеу жұрттарына келіп қонып жатқан кезі
еді. Қалың ел күзем жүндерін қырқып, тай-құнандарын
таңбалап, бейғам отырғанда, шығыстан Шаған Кегеннің
әскері сау ете түседі. Бастабында үйреншікті қалмақ ба
рымташылары шығар деп, төртуыл жігіттері де жедел қол
құрап, қарсы шабады. Жауды Сібеті өзенінің қабағында
қарсы алып, қайтпай ұрыс салады. Бірақ мыналар әдет
тегі барымташыларға ұқсамайды. Қолдарында – отқару,
Маншың әскерімен тізе қосып, сайланып келген іргелі
жау болып шықты. Қазақ қолын бастап жүрген Олжабай
мен Кемпірбай батырлар Қосмоладағы алғашқы ұрыста-
ақ оққа ұшып кетеді. Сол соғыста бетке ұстар жігіттердің
көбі шығын болып, тірі қалғандары шегінуге мәжбүр бо
лады.
Сол жау оғынан мерт болған Олжабай батыр – Мұха
метқалидың атасы болатын. Кеудесінен қан саулап, ат
тан ауып түскенде, басын сүйеген аталас ағасы Сымайыл
зәңгіге:
– Басқа не айтайын... Қош бол, аға! Көксегенге өзіңіз
бас-көз болыңыз! – деп он жастағы жалғыз ұлын тапсыр
ған екен. Айтып отырғаны – Мұхаметқалидың әкесі, кейін
төртуылға үкірдай болған Көксеген еді.
Майдандағы қанды қырғын өз алдына, енді қалмақ-қы
тай әскері бейбіт отырған ауылдарды шабады. Арқарлы
да, Абдырада, Ашылыда отырған қалың ел үркіп, бұл бет
те тұрақтай алмай, Ақшоқы асып, алды Қатынсу бойына
жетіп, бір-ақ тоқтайды. Тау-тасты паналап, бет ауған жақ
қа қашып-пысып жоғалған елде есеп жоқ. Ал, Қатынсу
бойына барғандар жаудан қара үзіп кеттік, енді құтылған
шығармыз деп, шатыр-күркелерін тігіп, жайғаса бастаған
ғой. Шамасы, мыңдай түтін, бес мыңдай адам болса ке
рек. Амал не, арада бір тәулік өтпей, нағыз қанды қырғын
тағы жалғасыпты. Көш соңынан қуып, түнделете жеткен
Маншың әскері бейғам жатқан елді таңғы ұйқыда басып
ты. Не керек, мейрімсіз жау еңкейген кәріден – еңбектеген
балаға дейін найзамен түйреп, қылышпен турап шыққан
ғой... Басын Барқытбелден алып, Алакөлге құятын Қа
тынсу өзені қып-қызыл қан болып аққан. Осы қанды қа
сап өткен жер – осы күнге дейін «Ойран» деп аталады.
Бұл қырғын жәй аңыз емес, ресми құжаттарда тіркел
ген. Сол кездегі Аягөз-Сергиополь қамалының бастығы
Семей губерниясына былай деп хат жазады: «Қытай әс
кері арғы беттен босып келген қазақ ауылдарын Қатынсу
бойында қырып кетті. Қазір сол маңда мыңдаған адамның
өлігі жатыр... Ауаға тараған иіс-қоңыс індет жұқтыра ма
деген қауіп бар. Адам етін жеп дәніккен иттер қазір ары-
бері өткен жолаушыға шабатын болды. Сондықтан сол ит
терді атуға және өліктерді көмуге қажетті қаржы, оқ-дәрі
бөлуіңізді сұраймын» депті. Демек, «Қатынсу қырғыны»
ел аузындағы жәй аңыз емес, тарихта болған оқиға.
Шаған Кеген әскері олжаға түскен хисапсыз көп мал
ды айдап, еліне қайтты. Оларға керегі де осы болатын. Ал
дүңгендер мен оларға ілескен Бәйжігіттер Қытай әскерін
Манасқа дейін қуып барып, кейін ішкеріден қалың жаза
лаушы әскер келгенде, тым-тырақай қайта қашқан. Соны
мен «Ғазауат соғысы» да аяқталып еді.
Сайып келгенде, дүңген дүрбелеңінің қырсығы төр
туылдарға тиді. Ол шақта шекара әлі бекімеген, қазақтар
қытай билігіне біржола өтіп болмаған кезі. Қытай жерін
жайлағаны үшін қазақтар мал санына қарай, жүз басқа
– бір бас салық төлейтін-ді. Ол кезде үкірдайлық сайлау
өтпеген, әр ру өз зәңгілеріне бағынып, жүріп жатқан-ды.
Қырғыннан кейін Төртуыл тайпасының көсемдері Сы
майыл зәңгі мен Керімбай зәңгіге жаугершілікте шашы
рап кеткен жұртын жинау үшін бірнеше жыл керек бол
ды. Жан-жаққа қос-қос атпен кісі шаптырып, тірі қалған
жетім балаға дейін жинауға тура келген.
Сол жылдары Қызай тайпасы Тоқта-Барлықтан Бұрато
ла арқылы Іле уәлаятына қоныс аударып көшіп жатқан-
ды. Төртуылдың біраз ауылдары жаугершілікте Қызай
көшіне ілесіп кетіпті. Қазір де сол жақта өніп-өсіп жатса
керек. Ал Құлыстай өңірінде тірі жүргендерін қалдырмай
жинап түгендегенде, төртуылдың қақ жарымы жоқ бо
лып шығады. Көп рулар, аталар түп-түгел құрып кеткен.
Кейбір рулар жарым-жартылай ғана аман қалыпты. Сыма
йыл зәңгі қасына бірнеше естияр адамдарды ала отырып,
жартылаған рулар мен аталарды қан жақындығына қарай
өзара біріктіріп, өріс-қонысты қайта бөледі. Бұл – күл-
парша болып қираған шөлмекті сынық салғандай қайта
құрастырып, бүтіндеп шығудан бірде кем емес еді.
Жаугершілікте бала жоғалтқан, бір-бірінен көз жазып
қалған адамдарда хисап жоқ. Басқаны былай қойғанда,
ру көсемі Сымайыл зәңгінің өзі Есім және Қайыңбай де
ген екі ұлынан бірдей айрылыпты. Сол ұлдарымен бір
ге Сымайылдың, әсіресе, шарқұрып іздегені – өлерінде
Олжабай батыр тапсырып кеткен Көксеген еді. Зәңгі өз
ұлдарын таппаса да, арада бес жыл өткенде, Көксегенді
тапты-ау ақыры! Көксеген төменгі Еміл бойындағы бір
бай қытайдың қолында қолбала қызметкер боп жүріпті.
Көксегенді тапқанда Сымайылдың қуанғанын сұрама!
Туысқанын танып, бала да бассалған. Бала емес, он бес
тегі бозбала. Қытай тіліне ағып тұр. Сымайыл елге ертіп
келеді де, өзіне хатшы етіп тағайындайды. Ел басқаруға
баулиды. Кейін жасы он сегізге толғанда, таңдап жүріп,
текті жерден келіншек әпереді. Сөйтіп, Мұхаметқалидың
анасы Жәку бәйбіше Сымайыл шаңырағына келін боп
түсіп еді. Жәкапаң салт-дәстүрге өте берік кісі ғой. Жасы
жетпістен асса да, Сымайыл шаңырағына барса осы күнге
дейін тізесін бүгіп, сәлем етіп кіреді...
Сөйтіп, қажетсіз дүрбелеңнің кесірінен бүтіндей бір
тайпаның жер бетінен өше жаздағанын жақсы білетін Мұ
хаметқали бүлікші дүңгендердің маңына қалай жоласын-
ау! Сондықтан өз халқын мына бүліктен де қорғап қалу
ға тырысқан. Араларында батырсымақ барымташылары
бар Бораншы ауылдары бірнеше Сібе-солаң мен ауқатты
қытай қоржаларын тонаған екен. Әлгілерді желкелерінен
басып тұрып, олжалаған мал-мүліктерін түп-түгел қай
тартып берген. Басқа ұлт өкілдерінің Мұхаметқалидың
алдынан кесе өтпей, сыйлап тұратыны содан.
Кейін ойлап қараса, сондағы ұстанымы өте дұрыс бол
ған екен. Расында да, дүңген дегенің – бір соқпа дерт қой.
Келгені қандай тез болса, кеткені одан да жылдам. Әр өл
кеде көтерілістер көбейіп, өз ішіндегі бүлікті дер кезін
де басуға Қытай өкіметінің шамасы келмегенмен, көрші
отырған Совет Одағы дәл іргесінде дүңгендерді тайраң
датып қоя ма. Шыңжаңда мұсылман мемлекетін құру –
орыстардың жоспарына ешқашан кірген емес. Сондық
тан жаңа жыл мейрамынан кейін Бақты шекарасынан
полковник Киловский бастаған бір полк орыс әскері кірді
де, суықта бүрісіп отырған дүңгендердің быт-шытын шы
ғарды. Көтерілісшілердің жарым-жартысы қырылып, тірі
қалғандары келген жақтарына тайып тұрды.
Енді дүңгендерге қол ұшын беріп, тілектес, жақтас бол
ғандар жазаға тартыла бастаған. Қашқардағы Дамолла
бастаған діншілдер қозғалысымен байланысты болған ба,
дүңгендерді Шәуешектің бай ұйғырлары қатты қуатта
ған екен. Полковник Киловский ұйғырдың Әмірасанбай,
Оразанбай бастатқан жеті байын қабырғаға қатар тұрғы
зып қойып, атып тастады. Көтеріліс кезінде олжаға ке
нелген қазақтың кейбір рулары да көп зардап шекті. Ал,
«бүлінгеннен бүлдіргі алмаған» төртуылдар бұл жолы
пәле-жаладан аман қалды. Бір бай қытайды тонап, кейін
үкірдайдың қатаң бұйрығымен қайтарып берген бораншы
Майшыбай батыр кейін Мұхаметқалидың алдына келіп:
– Айналайын, әулием-ай, жаман ағаңды пәле-жаладан
дер кезінде қаққаның қандай жақсы болған! Әйтпеген
де, қазір көзім жылтырап, абақтыда жататын едім, – деп
еңкілдеп жылағаны есінде.
Қашанда адамдар алдында жүзіңнің жарық болғаны
на не жетсін. Адамға жасаған жақсылығың түбінде ал
дыңнан бір шығады екен. Басыңа іс түскенде, көмекті
басқадан емес, өзіңнің жақсы атқарған істеріңнен күтеді
екенсің. Ашығын айтқанда, дәл қазір Мұхаметқали үкір
дай бар жақсылықты артынан келер хаттардан күтіп отыр.
Біздің қазақ өз азаматын қорғап қалатын дәрежеге әлі жет
кен жоқ. Ел иесі қытай жұртшылығы мен сібе-солаң әу
леті қалай ұйғарса, мұның тағдыры солай шешілмек.
- ІІІ -
Иә, бұлар жатқан үш қабатты «Тяньшан» қонақ үйі
түрме емес, бірақ түрмеден кем де емес. Қақпада – күзет.
Ешкімді сыртқа шығармайды, не ешкімді ішіне кіргіз
бейді. Қонақүйді қоршаған шағын аулада арқандалған
аттай шырайналып жүргенің. Бұрын әр аймақтан Құрыл
тайға келген делегаттардың басы біршама түгел кезде әр
түрлі әңгімемен уақыт өткізуші еді. Қазір тіпті сөйлесетін
де кісі қалмапты. Адам саны күн өткен сайын азайып ба
рады. Қонақүй тұрғындарының біразы сөйлесуден қаш
қақтайды, өйткені ауыз баққан заман.
Құдауанда, адам табиғаты қызық қой. Осы тар қапас
тың ішінде де Шың Сы-Сәйдің тыңшылары өріп жүр.
Сөйтсе, өлкелік өкімет қарауындағы халқын осылай бас
қарады екен ғой. Әр он үйге бір тыңшы. Онысын «Бәу
жа тәртібі» деп атайды екен. Қалада ғана емес, ауылда да
солай. Құрылтайға келген үкірдайлар мен зәңгілер таң
қалды ғой: жайлауда қымыз ішіп отырып, әлдеқалай айта
салған саясатқа қиғаштау сөзі сол замат қағазға түсіп, тер
геу орындарына жетіп отырады екен. Сол сөздер Үрімжіге
қуа келіп, тергеу-әшкерелеу кезінде алдарынан шыққанда,
ел басшылары жағаларын ұстады ғой. Демек, қазақтың әр
ауылында салпаң құлақ-тыңшы бар деген сөз.
Бір тәуірі, Мұхаметқалидың үстінен жазылған ондай
донос-шағымдар онша көп емес екен. Туа біткен ауыр мі
нез, салмақты сырбаздық тыңшылардың қармағына көп
ештеңе ілдірмеген секілді. Қағазға түсіп, жоғарыға жет
кендері – арзымайтын ұсақ-түйек бірдеңелер... Кейбіреу
лері Мұхаметқалидың алдындағы Ысқақ үкірдайдың қыл
мысты істерін бұған аудара беріпті. Мұхаметқали тергеу
кезінде мұндай қосалқы жаладан оңай құтылды. «Мен
үкірдайлық қызметке 1933-жылдың наурызында кірістім.
Содан бергіге ғана жауап берем. Одан арғы істерге менің
қатысым жоқ» дегенді.
Ысқақ марқұм, қара жер хабар бермесін, мінезі тым ша
тақ, ұрда-жықтау, дүние-қоңыздау кісі еді. Халыққа түскен
алым-салықты ауырлатып жібергені өз алдына, әркімнен
параға алған, тартып алған дүниелері де көп екен. Басқа
ны былай қойғанда арғы беттен ауып келген босқындарды
да тырдай қып тонап, тәуір аттарын, асыл заттарын олжа
қып кеткен кездері де аз болмапты. Соның салдарынан,
марқұмға жаназа шыққан күні сүйегі жер қойнына тапсы
рылмады. Имам Жаназасын оқып болып, «ал, марқұмда
кімнің қандай қарызы бар?» дегенде, халық дегенің жан-
жақтан қаптады ғой. Үкірдайдың хатшылары жұрттың қа
рызын зорға тізімдеп үлгерді. Арызданушылар жүздеген
адам: біреу атынан, біреу затынан айрылған. Солардың
бәрі де Ысқақ тірі кезінде теңдік бермесін біліп, дәл осы
жаназаны күтіп жүрген ғой. Адам өлген соң біреудің қа
рызын өтемей кетуі мүмкін емес. Егер екі кісі куәлік етсе,
қарызын арттағы ұрпақтары өтеуі керек. Нәтижеде, Ыс
қақтың қарызын өтеуге өз дәулеті жетіңкіремей, артығын
Шөтіктің ауқатты адамдары бөліп төледі...
Өз көзімен көрген осы жағдай кейін Мұхаметқалиға
ащы сабақ болды. Оның дүниеге қызықбай, әділ де, адал
боп өсуі – анасы Жәудің тәрбиесі болса, екінші себеп: Ыс
қақтың жаназасы кезінде халық қаһарынан шошынуы еді.
Өз басы халық қалауымен үкірдайлыққа сайланған күні
«өмірде бір адамның бір сабақ жібіне қиянат қылмаспын-
ау!» деп өзіне-өзі серт берген. Ол күні бүгінге дейін сол
сертінен айнымай келеді.
Мұхаметқалидың бұл қонақүйде сыр жасырмай сөйле
сетін бір ғана адамы бар. Ол – Жәйірдан келген уақтың
зәңгісі Уәйіс. Екеуі құрдас – бір жыл туған төл екен. Сол
себеп болды ма, әйтеуір бұлар алғаш келген сәттен бас
тап-ақ тез тіл табысып, шүйіркелесіп кеткен... Сол Уәйісті
үш-төрт күннің алдында түрмеге алып кетіп еді, әлі қайт
қан жоқ. Ол жақтан тірі қайтқан адам шамалы. Қонақүй
ден түрмеге апарып, одан ары марғау асырып жіберетін
әдеттері. Мұхаметқали «апырай, ең ақырында жаныма
серік боп жүрген Уәйістен де айрылғаным ба» деп, іштей
«Аллауәкпәрін» айтып, қоштасып қойған-ды.
Міне, қызық, сол Уәйіс қонақүйге келіп тұр бір күні.
Дін аман. Қабағы қатулы, аздап жүдегені байқалады. Мұ
хаметқали қуанғанынан Уәйісті бассалып құшақтай алды.
– Ау, батырым, барсың ба? Мен сені ендігі шәйіт болып,
бейіштің бір жерінде жүрген шығар деп ойлап, «Аллауәк
парыңды» айтып та қойғам. Жасың ұзақ болады екен! –
деген арсалаңдай күліп.
– Бізге бейіш қайда, тозақ болмаса! – деп Уәйіс қосыла
күлді. – Ана дүниенің өзі болмағанмен, бер жағына барып
қайттым.
– Иә, әңгіме сенде екен, айта бер!
Жәйірді жайлаған бір зәңгі ел уақ ежекті әдетінше ке
реймен жағаттас отыратын-ды. Қазір де әкімшілік жағы
нан керейдің үкірдайы Омарға қарайтын. Омарды түрмеге
әкеткелі біраз уақыт болған. Мұндағылар оны өлдіге са
нап қойып еді, бишара әлі тірі екен. Уәйісті сол Омардың
ісіне байланысты куәлікке шақырыпты.
– Сонда олар не сұрайды? Нені білгісі келеді? – деді
Мұхаметқали іс мәнісін білгенше асығып.
– Сол баяғы жаттанды сұрақтар. Оның үстіне, тергеуші
лер де пенде ғой, қайталана беретін жасанды сұрақтардан
олар да жалыққан сияқты. Омардың үкімі әлдеқашан шы
ғып қойса керек. Ендігісі жәй хаттама үшін қажет болған
дай.
– Омар үкірдай – Жапонияның шпионы дейді ғой. Ол
жөнінде не білесің? – дейді оспақтап.
Тергеушілердің әбден ығыр болған түрін байқадым да,
мен де ештеңенің байыбына бармайтын, иіс алмас, аңқау
біреудің кейпіне кіріп алдым.
– Қайдан білейін? Омарды шпиондыққа тартарда жа
пондар менімен ақылдасты дейсіз бе? Білетінім, біздің
Толы ауданының жеріне тірі жапон келген емес, – деймін
аңқаусып.
– Неге келген жоқ. Дүңген дүрбелеңі кезінде Жапония
ның шпионы генерал Мажуиың Тарбағатайға келіпті ғой,
– дейді тергеуші де осал жерден ұстағансып.
– Мажуныңды мен өзім көргенім жоқ. Бірақ, естуім
ше, ол кісі Жапония туралы ештеңе айтпай, «Шыңжаңда
Қытай үстемдігін аударып тастап, Мұсылман мемлекетін
құрам!» – деген сияқты еді, – деймін өзім де аң-таң қал
ғансып.
– Сен қу бәрін білесің. Өз үкірдайыңның қылмысын
айтпай, әдейі жасырып отырсың, – дейді тергеуші тебініп.
– Осы отырған жеріңде мұрныңды бет, аузы-басыңды қан
қылайын ба?
– Еркіңіз білсін, тергеуші мырза, бәрі өз қолыңызда ғой,
– деймін мүләйімсіп. – Бірақ үкірдайлар ішкі сырын зәңгі
ге айтады дегеніңіз бекер. Мен – уақ деген бір ғана рудың
зәңгісімін. Мен сияқты алты зәңгі бар Омар үкірдайдың
қоластында. Жапонияға жалдану сияқты аса құпия мәсе
лені үкірдай бізбен ақылдаса ма?
Не керек, екі-үш күн бойы осы төңіректе езіп-қыртып
отырдық та, тергеуші ақыры жалықты-ау деймін, мені жә
йыма қалдырды...
Бір жағы, Уәйістің аман құтылған қуанышы бар, Мұ
хаметқали екеуі ал кеп күлмейсің бе! Бұлардың көптен
бері емін-еркін күліп, кеңіп қалғаны осы еді. Ал Уәйістің
өз жағдайына келсек, уақтар да өз зәңгілерінің өтінішін
жерге тастамай, қолдарындағы қаруды өкіметке өткізіп
құтылған көрінеді. Бұл мәселеде Мұхаметқали екеуінің
ақылы бір. Жыл басында әрқайсы өз еліне қару тапсыру
жөнінде хат жазғанда, бұлар ол хатты ақылдасып отырып
бірге жазған-ды. Міне, соның жемісін де екеуі бірге татып
отыр. Құдай-ау, қазір қолыңа мылтық ұстағанда не біті
ресің? Азын-аулақ қарумен қай қытайды қырып тауыса
сың?
Құлағы түрік, сұңғыла Уәйіс төрт-бес күн тергеу абақ
тысында жатқанда, біраз жаңалықты біліп қайтыпты.
Оның айтуынша, өкімет қазір бұрынғыдай тым қадала
сұрап, қатаң тергеуді азайтқан секілді. Архивте қалатын
хаттама үшін ғана формальді түрде әрнені бір сұрап, қоя
салатын көрінеді. Өйткені адамдардың тағдыры шешіліп,
үкімі әлдеқашан шығып қойған. Бұрынғыдай екі жақты
да қажытатын қинау-қыстау да сиреген. Бұрын өте қиын
болған дейді ғой. Сұраққа алғандарды есінен тандыра са
бап, камераға шала-жансар күйінде сүйреп әкеп тастайды
екен. Шегелі орындыққа отырғызу, басыңа көзір салып
қысу, үрпіңе ши жүгірту, аспаққа асу секілді азапты қинау
қазір ілуде бір болмаса қолданылмайтын көрінеді. Тіпті,
сотсыз, сұрақсыз-ақ өлімге кесіліп жатқандар көп деседі.
Керек десең, саясатпен де, билікпен де шаруасы жоқ, ірі
бай саудагерлер бар емес пе, соларды да шетінен ұстап,
«Жапонияның шпионы» деген статьямен бақи дүниеге
аттандырып жатса керек. Себебі «Халық жауы» болып
атылған адамның бүкіл мал-мүлкі тәркіленіп, қазынаға
түседі екен ғой. Одан ары кімнің қалтасына түсетінін бір
құдайдың өзі білсін. Соған қарағанда, Шың Сы-Сәй кө
кеңіз басқаны қойып, тек баю жолына түскен бе, қалай?
Осының бәрін Уәйіс оңаша бөлмеде сыбырға жақын үн
мен баяндай келіп, бұл күтпеген тағы бір жаңалық айтты.
– Айтпақшы, тергеу абақтысында менің кіммен жолық
қанымды білесің бе? – деді Уәйіс атжақтылау келген аққұ
ба өңі балбұл жанып.
– Иә, айта бер, бүгінгі әңгіме сенде.
– Айтсам, Қызайдың әйгілі ақыны Таңжарықпен ұшқа
сып қалдым.
– Не дейді-ау! Әлгі, абақтының өзінен өлең-жырлары
жан-жаққа тарап жатқан Таңжарық па?
– Соның дәл өзі. Кезінде сал-сері болған азамат қой,
түр-тұлғасы келіскен-ақ жігіт екен. Ұрып соғудан бет-ау
зы көлкілдеген ісік. Қинау-қыспақтан қатты жүдегені бай
қалып тұр. Жас мөлшері осы біз құралпы. Оның да тар
қапаста жатқанына екі жылдан асыпты. Көрмеген азабы
жоқ. Бірақ сонда да өкіметке қарсы өткір өлең жазуын
қоймаған. Жыр-дастандарын түрмеден босағандар ала
шығып, жалпақ елге жайылып кетсе керек... Амал не, уа
қыт тар болды! – деді Уәйіс өкініп. – Әйткенмен, абақ
ты азабы жайында жазған біраз өлеңін жаттап қалдым.
Қағаз-қаламыңды алшы, ұмытылмай тұрғанда қағазға
түсіріп қояйық:
Алдымен тік тұрғызып қойғызады,
Шақыртып екі жендет сойғызады.
Қол-аяқ кісендеулі, қозғала алмай,
Біржола шыбын жаннан тойғызады.
Осымен бір тастайды екі сөтке,
Қапаста күңіренесің жалғыз шетте.
Нәр беріп, ұйықтатпайды, қалғып кетсең,
Соғады тас ұлтанмен екі бетке...
Қаптаған темірменен кіреует бар,
Жіңішке, ортасы ой, жан-жағы тар.
Жатқызып, соған таңып сабағанда,
Еңіреп, даусың шығып, жылайсың зар.
Тағы бір тақтайы бар қалың шапқан,
Бетіне қанмен сырлы бояу жаққан.
Жалаңаш құйрық қойып отыр дейді
Қаратып ұшын өрге шеге қаққан.
Адамның жаны кетіп денесінен
Құйрықты алсаң темір шегесінен
Тәңірге даусың жетіп күйзелесің,
Тырнақтың ине сұқса көбесінен...
– Ойпырай, қайран ақын, айтқан-ақ екен! – деді ілесе
жазып отырған Мұхаметқали қаламын жерге қойып. –
Түрмедегі халді қалай дәл жеткізген?! Осының бәрін бас
тан кешті ме екен есіл ер?
– Өз басынан кешпесе мұндай өлең туа ма? Таңжарық
тың өзін бір жазаласа, өлеңі үшін тағы күйдірген ғой... Не
керек, ақын осылайша Шың Сы-Сәй түрмесінің бар бол
мысын тауарыхқа таңбалап қалдырған... Ал мына өлеңі
тіпті керемет! Болашақ ұрпаққа өсиет еткен аманаты:
Бәрі қан Үрімжінің айналасы,
Ескі там, ұңғыл-шұңғыл, сай-саласы.
Ішегін өлген жанның иттер сүйреп,
Домалап, қарға шоқып жатыр басы.
Келсеңдер Үрімжінің қаласына,
Көзің сал қалтарыс сай-саласына.
Ұмытпа өле-өлгенше осыны деп,
Тапсырып кет балаңның баласына!
– Сұмдық қой! Отаршылдардан көрген қорлығы мен
зорлығын бұдан артық қалай айтады?! – деп Уәйіс оқыл
ған өлеңнің әсерінен әлі де айыға алмай отыр.
– Менің түсінгенім, ақынды абақтыға қамаймын деп,
Шың Сы-Сәй өкіметі оңбай ұтылған екен! – деді Мұха
метқали да терең ойға батып. – Мына өлең – арттағы ұр
паққа қалдырған өсиет қана емес, қанішер жендеттерге
шығарылған үкім ғой!..
Қапасқа қамалғандар үшін таңның атуы, күні батуы
қанша шабан көрінгенімен, уақыт шіркін де өз ырғағымен
баяу жылжып өтіп жатыр еді. Міне, тал-терегі аз, тастақ
ты, құм төбелі Үрімжі қаласында да жаз өтіп, күз кетіп,
қыс түсті. Үрімжі қысы сүреңсіз. Бет қарыған қызыл шұ
нақ аязы өз алдына, жаппай көмір жағатын қаланы үнемі
ыс басып жатады. Сол қою түтіні тыныс тарылтқан кір
шең қалада өз еркінен тыс екі қыстаған Мұхаметқали енді
үшінші қысқа бетпе-бет келіп тұр. Осы қыста ұлу өтіп,
жылан кіреді. Бұл жылдар нендей сый көрсетер екен деп
күпті көңілмен күтіп жүргенде, жақсылықтың да шеті
жылт етіп көрінді-ау!
Шәуешектен екі хат қабат келді. Біреуін аудандық әкім
(шән) бастатқан қытай ұлтының элитасы жіберіпті. Ал
екінші хатты Шәуешек ауданындағы Сібе-Солаңдар әу
летінің мәдени орталығы жолдапты. Екеуі де – дәл қазір
ділгір боп тұрған керек хаттар. Қытайлар Мұхаметқа
ли үкірдайдың кең пейілді, көпшіл адам екенін, өкімет
ке адалдығын, қызметке шөгелдігін жазады. Ана жылғы
дүңген дүрбелеңі кезінде Мұсылмандарға ілесіп елікпей,
өзін өте орнықты ұстағанын, қарауындағы халқын басқа
ұлттарды тонауға тиым салғанын айта келіп, төртуыл тай
пасы өз үкірдайларының тапсырмасын екі етпей орындап,
қолдарындағы қаруды түгел жинап, өкіметке өткізіп бер
генін ерекше атап өтіпті.
Сібе-солаң орталығынан келген хат та осы мазмұнда.
Олардың да айтқаны: ана жылғы дүңген бүлігі кезінде
Мұхаметқали үкірдайдан көрген жақсылығын, төртуыл
тайпасының барынша бейбіт мінез көрсеткенін, үкірдай
ұры-қарыға, қарақшы-тонаушыға қатаң тиым салып, қол
ды боп кеткен мал-мүлікті дереу қайтарып бергенін нақ
ты пәктілермен мысал келтіре отырып жазыпты. «Егер
өлкелік өкімет Мұхаметқалидай барлық миллатқа тең
қарайтын әділ үкірдайды өз қызметіне қайта жіберсе, біз
– империяның ежелгі шекарашылары – Сібе-солаң әу
леті қазақтармен бірлікте қуана қарсы аламыз» деп ашық
мәлімдеме жасапты.
Хаттардың негізгі нұсқасын Шың Сы-Сәй кеңсесіне,
көшірмесін Мұхаметқалидың өзіне жіберіпті. Сол сәт ас
паннан шапағат нұры жауғандай, Мұқаң неше жылғы қа
мау-қыспақты ұмытып, бір серпіліп қалып еді. Бұл – сөз
жоқ, жақсылық нышаны. Өлкелік өкіметтің іс басқару
кеңсесінде тілмаш-аудармашы болып істейтін шәуешектік
сібе-солаң жігіттері бар-тұғын. Бұдан бұрын Мұхаметқа
лиға жоламай кеткен сол жігіттердің бір-екеуі кеше келіп,
үкірдайды құттықтап кетті. Таяу арада бір жақсылықтың
болатынын айтып, ол үшін Шәуешектегі Сібе-солаң орта
лығының хаты маңызды рөл атқарғанын еске сала береді.
– Біздің сібелер – Империяға шын берілген жандар ғой.
Олардың тілегімен өкімет әрқашан санасады, – деді қазақ
ша ағып тұрған біреуі.
Жақсылық көп күттірген жоқ. Желтоқсанның басында
Мұхаметқалидың да, Уәйістің де мырза қамақтан босап
елге қайтатыны мәлім болды. Қуанышта шек жоқ. Шіркін,
азаттық, саған пара-пар келетін не бар екен бұл дүниеде?!
Басқаны былай қойып, мына қақпадан емін-еркін шық
қаның, көшеде күзетші-айдауылсыз бостан-бос өзің ғана
жүргенің неге тұрады! Бұрын маңайыңа жоламайтын та
ныс-білістер де қаптады-ау!
Алғашында қызық болды. Көшеде кезіккен таныстары
не амандасарын, не тұра қашарын білмей, сасқалақтап
қалысқан. Содан, біреуден-біреу құлақтанып, үйлеріне
дәмге шақырушылар көбейіп кетті. Үрімжіде Шәуешектік
қара таяқтар көп болатын. Мұхаметқалидың бостандыққа
шығуы кіші-гірім тойға айналып кетіп еді.
Алайда, «пәледен машайық қашыпты» дегендей, Уәйіс
екеуі осы бір қарғыс атқан қаладан құтылғанша асық еді.
Ендігі мәселе – Шәуешекке аман-есен жету. Бір жаманы
бұл екі араға үнемі үзбей жүріп тұратын тұрақты көлік қа
тынасы жоқ болатын. Жаз маусымында жолаушы таситын
кірекеш-арбакештер болушы еді, қыс айларында олар да
тоқтап қалады екен. Оның үстіне, биыл қыс қатты, қар қа
лың түскен. Мұндайда мың шақырым жердегі елге жету
– оңай шаруа емес.
Осылай көлік күтіп, дағдарып жүргенде қол-аяғы жеңіл
Уәйіс бір жақсы хабар айтып келді. Бір ұйғыр саудагері
жүк машинасымен Шәуешекке тауар алып қайтады екен.
Кабинасы бос емес, шопырдың қасында әйелі мен сауда
гердің өзі отыратын көрінеді. «Егер жүктің үстіне шығып
отырам десеңдер, ала кетуге қарсы емеспін» депті әлгі
саудагер. Басқа амал жоқ, екеуі айтылған шартқа қуана-
қуана келісіп, ақыры сол машинамен жүретін болды.
- ІV -
Өздерінің босап шыққанын, таяуда елге қайтатынын
айтып, екеуі де арттағы елге телефон соққан-ды. Уәйіс
Толыдағы аудандық Үметке, Мұхаметқали Шәуешектегі
татар мырзасы Мұфтах Құлыншақовқа телефон шалып
еді. Алла-ай, екі жылдан бері телефонға қолы жеткені осы
ғой. Бұл күндері ондағы ел-жұрт бір-бірінен шүйінші сұ
рап, шапқылап жүрген шығар-ау! Мұны төрт көздерімен
күткен ауыл-аймақ, аға-бауыр, бала-шаға қандай қуанды
екен! Бәрінен де, жетпістегі қарт ана Жәкапаңды айтсай
шы! Арттағы ел-жұртқа рахмет! Солардың қолдауы ғой –
Мұхаметқалиды қанды қақпаннан аман алып қалған.
Уәйіс екеуі уәделі уақытта сауда сарайына келсе, ұйғыр
саудагері машинаға тауарларын тиеп болып, жолға шы
ғуға дайын тұр екен. Бір өңкей жәшіктер мен қораптар,
аузы тігілген тығыншықтай қаптар... Соларды рет-реті
мен тізіп, арасынан екі кісі отыратындай орын сайлап
қойыпты... Шәуешектік саудагер Ауытажы Мұхаметқали
үкірдайды бұрыннан білетін-ді. Күзем мен қысқы соғым
кезінде жүн-тері жинау үшін қыр еліне талай рет келген.
– Құттықтаймын! Бостандық баянды болсын, үкірдай!
– деп Мұхаметқалиды құшақ жая қарсы алды. – Иншал
ла, жолымыз болады екен. Өйткені елге қуаныш апара жа
тырмыз ғой...
– Айтқаның келсін, Ауыт әпенді! Қуанышты хабарың
үшін алатын шүйіншіңді де, жолақысын да елге барған
соң еселеп төлейміз! – деді Мұхаметқали да көтеріңкі
көңілмен лепіре сөйлеп.
Ауытажы жолаушылардың үсті-басын тексеріп шықты.
Киімдері жылы екен. Екеуі де осындағы ағайындардан
қошқар тон, түлкі тымақ, жылы пима тауып киген. Соған
қарамастан жел гулейтін алдыңғы жаққа қаптардан қалқа
жасап, бұларды жүктің үстіне жайлап отырғызды.
– Кешіріңіздер, сіздерге кабинада орын болмай қалды.
Көріп тұрсыздар ғой, қасымда әйелім бар. Біздің ұйғыр
деген халықты білесіз ғой, ұзақ жолда қатынсыз жүре
алмайды, – деді әзілқой Ауытажы қасындағы түбіт шәлі
бүркенген келіншегін көрсетіп.
– Саспа, ол жағын біз де түсінеміз, – деді сөзге жүйрік
Уәйіс қолма-қол жауап қайырып. – Әсіресе, қу тізені құ
шақтап өткізген екі жылдық қамаудан кейін қатынның
қадірін әбден біліп келе жатырмыз.
Қыран-топан күлкі. Қазақы қалжыңды жас келіншек те
түсініп тұр екен:
– Үй-әй, мына кісі қайтеді! – деп теріс айнала берді.
Осыдан кейін көп бөгелмей машина орнынан қозғалып
кетті. Мұхаметқали ой үстінде. Ана жылы Құрылтайға
араларында төрт-бес үкірдайы, қаншама зәңгісі, би-болы
сы бар, Тарбағатайдан отыздан аса адам келіп еді. Содан
ең соңында аман қайтып келе жатқаны – Уәйіс екеуі ғана.
Әлімғазы, Қанағат болыстар, Нұртаза, Омар үкірдайлар
Үрімжінің шақпақ тасты, шағыл құмын жамылып, осында
қала берді. Онда да марқұмдарға жерошақтай жер қазып,
бетін жасырса... Құрбандарға қабір де бұйырмай, айдала
да ашық-шашық қала берді ме, кім білсін. Сондай анық
ажал, қанды қақпаннан аман қалу – ғайыптың ісі демеске
шараң жоқ.
Үрімжі көшелері баяу сырғып, артта қалып барады. Бі
рен-саран кезікпесе, көшеде бұлар мінген машинадан бас
қа моторлы көлік жоқ. Оның есесіне доға айқасқан атарба,
өгізарба, есекарба дегенің қайшалысып, жол бермейді...
Қош бол, екі жарым жылдай ырықсыз қоныс болған
Үрімжі қаласы! Тоғыз жолдың торабында жатқан ежелгі
қала, сенде жазық жоқ қой. Бар пәле – сенде отырған дик
татор билеушіде. Соңғы жылдар осы Шыңжаңның әр уә
лаятынан алпыс мың адам ұсталып, соның он екі мыңы
атылған екен. Құрбандардың жазықсыз төгілген қаны сол
жендеттерді де ұзаққа жібермес-ау!
Уәйіс зәңгі манадан бері мойнын қошқар тонның жа
ғасына тығып, үнсіз мүлгіп келе жатқан-ды. Оның да
осындай ой үстінде екені анық. Қаланың солтүстік шыға
берісіндегі Құлағантастан өте бере, ол да басын көтеріп,
еңсесін тіктеп алды да:
– Таңжарық ақынды еске алайықшы! – деді саңқыл
дай тіл қатып. – Қайран Тәкең не деп еді? «Келсеңдер
Үрімжінің қаласына, Көзің сал қалтарыс сай-саласына.
Ұмытпа өле-өлгенше осыны деп, Тапсырып кет балаңның
баласына!» деп еді-ау! Үрімжі туралы ақыннан асып не
айта аламыз. Есіл азамат тірі ме екен қазір? Әлде оны да,
тірі куә қалдырмау үшін «ана жаққа» аттандырып жіберді
ме? – деп ақынжанды Уәйіс күңірене күрсінді.
Машина күре жолға түскен соң жүрісін үдетіп, шақы
рымдарды шумақтап артқа тастап келеді. Еренқабырға
ның бұл бетінде қар жұқа көрінеді. Әзірше машинаны
бөгейтіндей кедергі кезіккен жоқ. Қыбыладан соққан жел
бар. Тасжолдың үстін майқандап, үрлеп тастапты. Бұлар
сол күні Манасқа келіп түстеніп, Шихуға жетіп қонды.
Аудан орталығы саналатын Шиху да – тоғыз жолдың
торабы. Мына жағы – Алтай, Тарбағатай, мына жағы
– Үрімжі, Құлжа жолдары осы арада түйіседі. Соған қа
рамастан, осы қалада керуен сарайдан басқа дені дұрыс
қонақүй жоқ. Уәйіс екеуі не де болса Керуен сарайға тү
немек болып, бел шешіп жатқанда, мана бөлініп кеткен
Ауытажы қайтып келді.
– Жүріңіздер: қазақтың үкірдайы мен зәңгісін керуен
сарайға түнеткеніміз ұят болар. Сіздерді Шихудың ең бай
адамдарының бірі күтіп отыр, – дейді қошамет білдіріп.
Мұхаметқали:
– Танымайтын адамдарды әурелеп қайтесің. Біз Керуен
сарайдан да қиын жерде жатып үйренгеміз, – деп бас тар
тып көріп еді. Ауытажы:
– Жоқ, болмайды... Мен сіздер үшін әртүрлі тағамдарға
тапсырыс беріп қойдым! – деп көнбей, танысының үйіне
алып кетті.
Келсе, аумағы атшаптырым қоражәй. Шалқып жатқан
аста-төк байлық. Қой сойылып жатыр, қазан асылып, па
лау басылып жатыр. Бұлар келмесе тіпті обал болғандай
екен. Ал үй иесінің көңілі одан да көл-көсір. Сөйтсе, Ауы
тажыңыз – жәй таныс емес, осы үйге күйеу боп келеді
екен. Манағы түбіт шәлі бүркенген әдемі келіншек – осы
әулеттің қызы екен. Ал Ауытажымен бірге кімдердің келе
жатқанын білгенде, үй иесі Алымақын тіпті құлап түсіпті.
Олай болатыны, ол да – Шың Сы-Сәй түрмесінің дәмін
татқан адам. Оның да босап шыққанына екі-үш айдың
ғана жүзі болса керек.
– Келіңіздер, құрметті қонақтар! Сіздер мен біз – бір
майданның адамдарымыз ғой... Шың Сы-Сәйдің тар қапа
сында ұшыраспай, құдайдың кең даласында кезіккенімізді
қарашы! – деп сақал-мұртын дөңгелете шырпыған, кең
иықты, зор денелі ұйғыр азаматы жылы шыраймен, күле
келіп амандасты.
Қонақтар мен үй иелері әңгімелері жарасып, көңілді
отырды. Ұйғырдың тәтті-дәмді тағамдары үсті-үстіне
келіп жатыр. Ұйғыр салтында әйелдер бір бөлек, еркектер
жеке отырады. Бұл дастарқандағы бір өзгешелік, үй иесі:
«күн суықта тоңып келдіңіздер ғой» деп қонақтарға конь
як құйды. Совет одағында жасалған бес жұлдызды армян
коньягі. Құлжадағы орыс консулдығынан алып тұратын
көрінеді. Мұхаметқали да, Уәйіс те бұрын жоғарғы ұлық
тар қатысқан банкеттерде ептеп алып қоятыны бар-тын.
Бұл жолы да бойларын жылту үшін алыстан келген астан
тартынбай алып отырды.
Жалпы, үй иесінің өрісі кең, қолы ұзын екені байқа
лады. Совет пен Шыңжаң аралық саудада қомақты үлесі
бар кісі екен. Алымақын – Құрылтай өкілі емес, әрине.
Бұлар ірі байлардың қатарында қамалыпты. Абақтыда бір
жылдай жатып, Совет мамандарының көмегімен босаған.
Ашық айтпағанымен, орыстың да, қытай ұлықтарының
да құлқынын тойдыру үшін, біраз байлығын жұмсаған
тәрізді. Бастан – құлақ садаға. Амандық болса, ол шығын
ды әлі-ақ өтеп алады ғой.
Бұлар қонақжай үй иесіне қош-қош айтып, ертеңінде
күн шыға қозғалып кетті. Бұл өңірде қар жұқа, жол беки
қоймағанмен, қарсы кезіккен жүргіншілердің айтуынша,
Шепейзіден ары, Майлы-Жәйірға жақындаған сайын қар
қалыңдай беретін көрінеді. Машинаның жүруі қалай бо
лар екен, ал арбакештер жол жүруді әлдеқашан тоқтатқан.
Жолда не ары, не бері өте алмай, бекеттерде қамалып жат
қандар қаншама! Қос өгіз жегілген, қар күрейтін бір-екі
сүйреткі бар екен. Олар осы Шиху маңынан ұзамапты.
Жұрттың айтқаны расқа айналды. Қасат қар бірте-бірте
қалыңдап, машина соқыр сүреумен зорға жылжып келеді.
Жол-жөнекей Шепейзі, Тұзкөл, Жиырмасу бекеттерінде
қамалып жатқан көліктер... Бұлар өлдім-талдым дегенде
Жәйірдің бөктеріне ілініп, күн бата Ұты бекетіне зорға
жетті. Жол үстінде, айдалада қалып қоймай, жылы баспа
насы, азық-түлігі бар белгілі бекетке жеткеніне де шүкір
деу керек.
Бұдан ары машина жүре алмайтын көрінеді. Құлыс
тай өңіріне жақында ғана қалыңдығы метрге жуық қар
түсіпті. Салтат пен шанадан басқа қыбырлаған көлік жоқ.
Бір тәуірі, Ұтыда телефон байланысы бар екен. Мұхамет
қали жағдайды айтып, Шәуешектегі татар байы Құлын
шақовқа тағы да телефон соқты.
– Осылай да осылай. Автомобилмен Ұты бекетіне келіп
едік. Бұдан ары қар қалың, машина жүре алмайды екен.
Қашан жол түскенше Ұтыда жатып қалатын түріміз бар.
Осы жағдайды қырдағы елге құлағдар етерсің! – деген-ді.
Осындай бір хабарды Шәуешектегі көмекшілеріне те
лефон арқылы Ауытажы да айтып жатты. Олар енді жол
дағы жүкті алып қайту үшін бірнеше шана әкелмек.
Ал Уәйіс зәңгіге рахат! Жәйір – оның өз жері. Осыдан
бір-екі кезең асса, уақ ауылдары қаптап отыр. Оның еркі
не салсаң, Мұхаметқалиды жібермей ауылына апарып қо
нақ етпек.
– Несіне асығасың? Екі-үш жыл бойы ыс басқан
Үрімжінің тар қапасында да шыдап жатып едік қой. Біраз
күн кең жер, таза ауада Жәйір жылқысының қазы-қарта
сын шайнап, жан шақырмайсың ба?! – дейді шын қолқа
салып. Мұхаметқали да оған лайықты уәж айтады.
– Жоқ, Уәке, екеуіміздің жұп жазбай бірге болғаны
мыз жетеді ғой. Енді бір-бірімізден аздап демалайық та,
– дейді әзілдеп. – Ел-жұрт күтіп отыр ғой. Олар да хабар
ласып қалар. Мен осы телефоны бар жерде күтейін. Сен
маған қарайламай жүре бер! – деген шын ықыласымен.
Жалпы, Ауытажы – жомарт та, көңілді жігіт. Дереу бе
кетүй қызметшісіне шай алдырып, үстел жасап жіберді.
Жолазыққа деп кешегі Алымақынның үйі салып жіберген
мол тамақ бар екен. Қойдың жарты еті пісірілген күйі қор
жында жүр. Солардың бәрін табағымен дастарқанға қо
йып жатып, бір кезде:
– Әй, менің сол қайнағам да – жөн білетін адам ғой! –
деп дауыстап жіберді. Қолында – екі шөлмек қытай ара
ғы. – Мынадай жол азабынан кейін теріс болмас. Қалай
қарайсыздар? – дейді серіктеріне қарап.
Әрине, ешкім қарсы болған жоқ. Шың Сы-Сәйдің қа
мау-қапас түрмесінен босап келе жатқан адамдарға қар
қалың жауып, жолдың уақытша жабылғаны сөз болып
па, тәйірі! Өзекті өртеген ащы заһардың соңынан қойдың
майлы етінен асап қойып, бұлар түннің бір уағына дейін
дүрілдеді.
Кеше бекетте тұратын біреулер таяудағы уақ ауылдары
на хабар берсе керек. Жүргіншілер ертеңінде жәйірақ тұр
са, осы маңайдағы уақтың жігіттері қос-қос атпен келіп
тұр. Төңірегіне киіз тұтқан шаналары да бар. Алдымен
ел адамдары өз зәңгілерімен «ой, бауырымдап» көрісіп
алды. Сонан соң бір минөт аялдамай, Уәйісті бесікке бө
легендей орап-шымқап шанаға отырғызды да, ауылдары
на асығыс жүріп кетті.
Уәйіс зәңгі дәл жүрерде Мұхаметқалиды құшақтап:
– Алла-ай, Мұха, сен екеуіміз анық төнген бір ажалдан
қалдық қой. Ендігі қалған өмірді олжа деп білейікші. Бұ
дан кейін қанша жасасақ та, бір-бірімізден адасып қалмай,
хабарласып тұрайық! – деген көзіне жас алып.
– Келер жылы жазда мен сені Жәйірға іздеп барам. Кез
десеміз әлі! – деді Мұхаметқали да бордай егіліп тұрып.
Сонымен, Ауытажы екеуі Уәйісті шығарып салған соң,
өздерін құтқарушыларды күтіп, бекетүйде қала берді.
- V -
Ал бұл кезде Құлыстайды мекендеген төртуыл ауылда
ры қандай күйде болды дейсіз ғой? Оны да рет-ретімен
баяндап өтейік. Ең алдымен қыр еліне Шәуешектегі татар
мырзалары арқылы қуанышты хабар жетті.
– Мұхаметқали үкірдай бар екен! Тірі екен! Осы таяуда
елге қайтады екен!
Осы үш сөйлем төртуыл ауылдарына соққан желден де,
атқан оқтан да тез тарады. Соңғы бірер жылда хат-хабар
сап тиылған соң, көпшілік халық не деп ойларын білмей,
кейбіреулер тіпті жаманға жорып, өлдіге санап қойған-ды.
Өйткені Үрімжіден еміс-еміс келген хабарға қарағанда,
Құрылтайға барғандардың көбі-ақ өлім жазасына кесіліп,
марқұм боп кеткен көрінеді. Мұхаметқали да солардың
қатарында кеткен болар дескен-ді.
Енді, міне, аяқастынан жүрек жарған қуанышты хабар
келіп тұр... Биыл бұл өңірде де қыс қатты, қар қалың бола
тын. Қуанышты хабар құлақтарына тиісімен төртуылдар
сол қалың қардың түте-түтесін шығарды ғой. Ауыл-ауыл
дың арасында алма-кезек шапқылаған салтаттылар. Екі
езулері құлақтарына жетіп, бір-бірінен шүйінші сұраған
жұрт.
– Шүйінші-шүйінші! Мұхаметқали үкірдай тірі екен!!!
Аман-сау елге қайтып келе жатыр екен!!!
Шүйіншіге ауқаттылар тай атап жатыр, орташалар қой
атап жатыр. Одан төменгілер шапандық бұл, қымбат аң
терілерін беріп жатыр. Қолындағы сақинасын шешіп бер
ген әйелдер қаншама! Әй, сол күндері ауыл-ауылды ара
лап, шүйінші сұраған азаматтар ырғынға бір батты-ау!
Ең бастысы, халық қуанышты еді. Және шын жүректен
шыққан таза, адал қуаныш. Олай дейтініміз, адамдарды
зорлап жылатуға, күштеп ренжітуге болар. Бірақ зорлап
қуанту мүмкін емес. Қуаныш жүректен ғана шығады.
Сол күндері Мұхаметқалидың анасы Жәку бәйбіше
айтыпты деген бір сөз де ауыздан-ауызға тарап кетті. Қа
ладан Мүфтах Құлыншақов, Ыбырай байбатшаның ұлы
Талғат, Ғалымжан Илхамжанов бастаған татар мырзалары
пар ат жеккен күймелі шаналармен үкірдайдың ауылына
келіп, Мұхаметқалидың аман келе жатқанын айтып, Жәку
бәйбішеден шүйінші сұрамай ма. Сонда Жәкапаң отырып:
– Менің балам жалғыз келе жатыр ма? Қасындағы Омар,
Нұртаза, Әлімғазы, Қанағаттар қайда екен? – деп сұрапты.
Сүйінші сұрай келгендер күмілжіп:
– Жәкапа, бұл жолы Мұқаң жалғыз келе жатқан секілді.
Басқалар қайтпаған... Олар туралы әртүрлі қайғылы ха
барлар бар, – десе керек. Сонда Жәкапаң көкірегін қарса
йыра күрсініп:
– Ой, бәле-ай, әкелген қуаныштарың бүтін ба десем
жарты екен ғой. Менің ұлым бір өзі кімге тұтқа бола
ды? – деген екен. Сонан соң келген мырзаларға қарап. –
Әйткенмен, қуанышты хабар әкелгендеріңе рахмет! Құр
қайтпаңдар: шүйіншіге әрқайсыларың бір-бір сәйгүлік ат
мініңдер! – депті.
Қалың ел осылайша қуаныштан жарыла жаздап, егер
үкірдай Үрімжіден автомобилмен шықса, Шәуешекке
әне-міне келіп қалар деп күтіп отырғанда, тағы бір хабар
жетті.
– Мұхаметқали Үрімжіден автомобилге отырып, Жәйір
дағы Ұты бекетіне дейін жетіпті. Бері қарай жол жабық
болып, қалың қарда қамалып отырған көрінеді.
Мынаны естіген халықта тағы да дегбір-тағат қалма
ды. Мұхаметқали қашан қар еріп, жол түскенше Ұтыда
қамалып жатпақ па, сонда? Үш жыл Үрімжіде қамалып,
зарықтырғаны жетер. Дереу салтатпен алдынан шығып,
алып қайту керек деп шешкен. Шәуешек пен Ұты бе
кетінің арасы – 200 шақырымнан кем емес. Ұзақ жолға
аты жарамды, киімі жылы жас жігіттер барсын дегенде,
«мен барам» деушілер қаптап кетті. Ойлары белгілі: бәрі
де елден бұрын барып, Мұхаметқалиды көре қоймақ. Бұл
арада жарамсақтану, жағыну деген ұғымдар атымен жоқ,
халықтың жүрек жарған шын ықласы еді. Содан аты жа
рамды, киімі жылы жас жігіттерден отыздай адамды ақ
сақалдар зорға іріктеп алды. Араларында пар ат жеккен
бір шана бар. Қалғандары салтатты. Бәрі де Мұхаметқали
үкірдайдың сағынышты жүзін ертерек барып, елден бұ
рын көргісі келеді. Одан басқа тілек те, мақсат та жоқ.
Бұлар жол-жөнекей бекеттерде ғана көз шырымын
алып, тоқтаусыз жортып отырғанның өзінде Ұты бекетіне
бес тәулікте зорға жетті. Қар қалың, бекеттердің арасына
әлі із түспеген. Қарулы жігіттер мен арқалы аттардың мо
лырақ шыққаны да дұрыс болыпты. Тың аттарды кезегі
мен алға салып, омбы қарды бұзып отыруға тура келді.
Әсіресе, Толы мен Ұтының арасына бұларға дейін тыш
қан жорғаламапты. Қалың қарға салтаттылар бірінші боп
із салды.
Ал, енді Ұтыдағы кездесудің кереметін сұрама! Қуа
нышта шек жоқ. Түс ауа сайдың тасындай отыз салтат
ты сау етіп жетіп келгенде, ел сағынған Мұхаметқалидың
алдынан тұтас төртуыл шыққандай болып еді. Қайғының
ғана емес, қуаныштың да көз жасы болады. Көңілі бос қыр
адамдары өкіре жылап, Мұхаметқалимен көрісіп жатты.
Кейін дүние өзгерді ғой, бұлар – қазіргі емес, бір-біріне
ет-бауыры езіліп тұратын сонау қырқыншы жылдардың
адамдары болатын.
Мұхаметқали жұртпен көрісе амандасып, жайғасып
отырған соң ғана келген жігіттерге жағалай көз салды...
Бәрін танып отыр. Құр емес, әр атанның балалары түгел-
ақ келіпті. Өкшесін басып жүрген інілерден Тоқшара, Жұ
маділ, Малғажылар, Айтым ауылынан Ақыш пен Мәути,
Жұмықтоғастан Қарамолданың Барлығы, Қараменденің
кейінгі жастарынан: Қасенбек пен Жұмабек, Мақып
тың Әбілмәжіні, Сұлтанбек әулетінен Қалиякбар мен
Мүсәйіп... Қысқасы, аты белгілі адамдардан ешкім қал
маған. Мұхаметқали неше күншілік жол жүріп, алдынан
шыққан ағайындарына дән риза болды. Аллаға шүкір, ар
тында елі-жұрты бар екен. Бір ауыз сәлемін жерге таста
май, айтқанын екі етпей орындап, мұны абақтыдан алып
шыққан да – қаруындағы осы халық қой. Мұндай айран
дай ұйыған берекелі елден айналып кетсең болмас па?!
Елге жетуге қанша асыққанымен, қарсы алушылар ат
тарын тынықтырып, Ұтыда бір-екі күн аялдады. Қосарда
келген бір семіз байтал бар еді, соны жәукемдеп, жігіт
тердің өздері де сорпа-су ішіп, жан шақырды... Ұтыдан
Шәуешекке телефон соғып, мұндағы жағдайды арттағы
елге хабарлады.
Әнекүні өздері салып кеткен із бар, қайтар жолдары бә
лендей қиын болған жоқ. Мұхаметқалиды апарған шана
ларына текеметке, ішікке орап отырғызды да, Шәуешек
қайдасың деп тартып кетті. Жолда аудан орталықтары
Толы мен Дөрбілжін қалалары бар. Мұндағы ел де құлақ
танып қалған екен. Олар да бір-бір күн аялдатып, тай со
йып, қонақ етті.
Сөйтіп, жолаушылар ауылдан шыққандарына он бес
күн дегенде, Жолдыбайдағы Мұхаметқали қыстауы
на аман-есен жетті-ау! Бұл жердегі қуаныш тіпті бөлек.
Әдейі күтіп тұрған ел адамдарынан басқа, ер-әйел, бала-
шаға дегенің жыртылып-айрылады. Мұхаметқали отыр
ған шана үкірдайдың көп бөлмелі қыстауының дәл алды
на келіп тоқтаған. Жұрт қақ жарылып, шанадан түскен
Мұхаметқали мен оны қарсы алуға шыққан Жәку бәйбі
шеге жол берді. Қардай аппақ кимешек-шаршысына өмірі
қылау қонбайтын кербез де, тәкаппар Жәкапаң қайсыбір
әйелдерше дауыс шығарып жылаған жоқ. Сол түр-тұлға
сын бұзбаған қалпы, маң-маң басып келді де, Мұхамет
қалиды қоғадай иіп тұрып, маңдайынан сүйді. Сонан соң
қапсыра бір құшақтады да:
– Аман-сау келдің бе, құлыным? Атаның аруағы жебеп,
ел-жұртыңның қолдауы арқасында бір қатерден қалып
сың, балам... Әмісе жолың оңғарыла бергей! – деді қысқа
қайырып.
Жәкапаңнан босаған соң, бұл күнде жасы қырықтың
қырқасына шығып, ана қаздай мамырлаған Биғатия келіп
құшақтады. Тәңірім-ау, ұмытылмай жүрген сол баяғы
таныс иіс, таныс жұпар... Соңында шұбырған балала
ры: пәлі, мына Нұрқанды қара! Жасы он жетіге толып,
кәдімгідей бойжетіп қалыпты. Көзінде мөлтілдеген жас,
әрі күліп, әрі жылап тұр... Нұрқанның соңында биыл он
беске толған үлкен ұлы Қамай, оның соңында он үштегі
Шамшәріп, онан кейін он жасар Нұрғайын... Пәлі, мына
кішкентай Ғазизді қара! Бұл кеткенде әлі ес кіре қоймаған
екі жасар ұл еді, ол да беске келіп, мелжемденіп қалыпты.
Рахмет, саған, Биғатия! Әкелерінің жоқтығын білдірмей,
балаларды қалай мұнтаздай қып өсіргенсің?!
Бұл кезде Мұхаметқалиға қолы жетпеген былайғы жұрт
Ұтыға барып қайтқан жігіттерді қоршап алып еді. Бұлар
дың алыс жолдан келгенін былай да шамалауға болар еді:
беттерін, мұрындарын үсік шалған, ұйқысыздықтан көз
дері қанталап, қызарып кеткен. Бірақ еңселері биік, көңіл
дері аспанда. Бейне, Мұхаметқали үкірдайды Үрімжі
түрмесінен өздері алып шыққандай желдей есіп, шалқып
сөйлеп тұр. Бұл өлкеде Ұты сапары жайында бір қызық
әңгіме басталды дей бер. Ол енді ауыздан-ауызға көшіп,
ай бойы, жыл бойы айтылатын болады.
Қарсы алу қуанышының соңы ұлан-асыр тойға айнал
ған. Мұхаметқали бұл кезде өзін сағына күткен ауыл ақса
қалдарының қарауына көшсе, одан басқа да құтты болсын
айта келген қонақтар көп-ақ. Қаладан ере келген татар, өз
бек, ұйғыр мырзалары қаншама. Үкірдайдың көп бөлмелі
өз үйіне симаған жұрт көрші үйлерге түсіп жатыр. Ауыл
қамсыз емес-ті. Алыстағы жолаушы биыл келіп қалар де
ген үмітпен әлденеше ту бие, атан өгіз, құнан-дөнен еркек
қойлар күзден бері жемге байланған-ды. Солар шетінен
сойылып жатыр, тайқазандарға асылып жатыр. Бір сөзбен
айтқанда, «Қазан да – май, шөміш те – май» еді.
Бұл тойды төртуыл елі ұзақ уақыт есте сақтары сөзсіз.
Биылғы жыл бұдан былай «Мұхаметқали қамаудан қайт
қан жыл» деп аталады. Осы жылы туған бала, түскен
келін өздерінің жастарын осы оқиғамен орайластыра
есептейтін болады.
ЭПИЛОГ
Жылдар жылжып өтіп жатты. Мұхаметқали Үрімжіден
қайтып келген соң, уақытша өз орнында қалған Нұрыш
ты босатып, үкірдайлық қызметіне қайта кіріскен. Ол осы
қызметін Гоминдаң өкіметі тақтан тайып, ұлтазаттық кү
ресі жеңіске жеткен 1945-жылға дейін жалғастырды.
Содан бері талай өкімет ауысты. Тек бағынышты халық
қана орнында. Өлкелік өкімет әлі Гоминдаңның қолында
тұрғанда, бір кезде «Сталинның шәкірті» атанған Шың
Сы-Сәйдің өзі соңғы жылдары қырық құбылған. Совет
одағының досы болып жүрген ол, немістер Советке қар
сы соғыс ашып, 1941-жылы Мәскеу түбіне таяп қалғанда,
Шың Сы-Сәй жалт бұрылып, енді жапонға иек артпақ
шы болды. Бірақ арада екі-үш жыл өтпей, Германия мен
Жапонияның соғыста жолы болмауға айналған. Сталинг
рад жаудан азат болып, майдан шебі енді батысқа қарай
жылжығанда, Шың Сы-Сәй Жапонияны да тастай беріп,
«аппағым, сенен жақсы таппадым» деп, бұрын өзі көзге
ілмей жүретін Гоминдаң өкіметінің қолтығына қайта ба
рып тығылды. Гоминдаң көсемі Жан Кайшы оған орман
министрінің орын-тағын ұсыныпты. Бұл кезде ол қызмет
таңдайтын жағдайда емес-ті. Алтайда, Іледе Ұлтазаттық
қозғалыс етек алып, жан-жақтан қысып келе жатқан.
Сөйтіп, кезінде бір елге көсем болуды көксеген, Шыңжаң
да жеке мемлекет құрудан да дәмелі болған, халықаралық
дәрежедегі алаяқ талайды тақырға отырғызып, өзінің ұш
қан ұясына қайта барып қонды.
Шың Сы-Сәйда тұрақты идеал жоқ-тұғын. Оның идеа
лы – билік пен байлыққа бағынған. Оның бір ұрты май,
бір ұрты қан болатын. Басында ағартушының, демократ
тың тонын жамылып келді де, кейін Сталин мен Берияға
еліктеп, қолын қанға матырды. Айналасы төрт-бес жыл
дың ішінде алпыс мың адамды абақтыға жауып, оның он
екі мыңын еш жазықсыз атып өлтірді. Ол «Халық жаула
рының» көзін құртып қана қоймай, мал-мүлкін тәркілеп,
өз қалтасына баса беріпті ғой. 1944-жыл Үрімжіден іш
керіге көшерде оның жинаған қазынасы қырық машинаға
зорға сиып еді.
Жоғарыда айтқанымыздай, 1945-жылы Шыңжаңның
қазақтар мекендеген солтүстіктегі үш аймағында (Алтай,
Тарбағатай, Іле) ұлтазаттық күресі жеңіске жетіп, Шығыс
Түркістан республикасы құрылған. Шың Сы-Сәй түр
месінің дәмін татқан, қашанда халық жағында жүретін
Мұхаметқали бостандықтан безе ме, ұлт азаттығын шын
жүректен қуана қарсы алды. Жаңа өкімет үкірдай-зәңгілік
мансапты жойып жібергенде, өз елінің мыңбегі болды.
Бірлік сап мүшесі, аймақтық денсаулық сақтау мекемесі
басшыларының бірі болды.
1949-жылға келгенде Шығыс Түркістан республикасы
да қыршынынан қиылды. Сол жылы дүниеге келген ком
мунистік Қытай мемлекетіне Сталин кіндігін өзі кескен
Шығыс Түркістан республикасын біржола тарту етті. Се
бебі, шығыстан тағы бір мұсылман мемлекетін құру Ста
линнің жоспарында жоқ болатын.
Сонымен, Шыңжаңда қызылдар өкіметі билік құра
бастады. Олар қашанғы әдетінше, бірден тап күресіне
кіріскен. Жер иесі алпауыттардың мал-мүлкін, егістік
жерін тартып алып, кедей-кепшікке бөліп беріп жатқан
кез. Кедейден шыққан белсенділер мыңғырған малы: үш
қос жері бар, әрі ескілікті мансап иесі Мұхаметқалиды
да біраз айналдырып көрді. Өзін помещик табына жат
қызып, егістік жерін, мал мүлкін тәркілеп, ыңғайы келсе
«тап жауы» ретінде марғау асырып, «барса-келмеске» жі
бергісі келген. Ол үшін алдымен оны «күреске алу» ке
рек. Күрес жиналысы кезінде халық оның үстінен шағым
айтып, «тап жауын арамыздан аластайық» деп айғайға
басып, шуылдауы керек... Бірақ, қырсық қылғанда, «ең
бекші халық» Мұхаметқали үкірдайға қарсы көтерілмей-
ақ қойғаны. Сібеті мектебінің ауласында Мұхаметқалиды
көпшіліктің алдына шығарып, үш күн тергеді. Бірақ қан
ша қайрап салса да, төртуылдар өз үкірдайларына қарсы
бір ауыз сөз айтпады ғой. Тіпті «мынаны айт» деп, аузына
салған сөзді де айтпай, белсенділерді әбден шаршатты.
Сөйтсе, Мұхаметқали осы елге он екі жыл (1933-1945)
үкірдай болғанда, біреудің бір сабақ жібін алмапты. Қан
ша айыбы болса да, ешкімнің арқасына бір қамшы дүре
салмапты. Арыз айтып барғандарды жылы жүзбен қабыл
дап, даугерлердің шаруасын бейбіт жолмен шешіпті. Қол
астындағы өзге ұлт өкілдерін де шетке қақпай, барлығына
бірдей әділ болыпты... Сонымен, әбден дымы құрып, ама
лы таусылып, шарасыз қалған белсенділер Мұхаметқали
дың табын помещик емес, қызметкер деп айыруға мәжбүр
болып еді.
Сөйтіп, Шың Сы-Сәйдің қанды қақпанынан аман қал
ған біздің кейіпкеріміз қызыл қытайдың қыл көпірінен
де сүрінбей өтіп еді. Мұндайда амал-айла қолданудан еш
пайда жоқ. Әсілі, сыннан сүрінбеудің бір ғана кілті бар
екен. Ол – қашанда халық жағында, әділет жағында болу.
Бұқара халыққа «Әй, кәпір» атанбау. Бұл – анығын айт
қанда, баяғы Ысқақ үкірдай тағдырынан алған ащы са
бақтың пайдасы. Сол күндері «ешкімге қылдай қиянат
етпеспін-ау» деп, өзіне берген серттің арқасы. «Өзіңе сен
өзіңді алып шығар, қайратың мен ақылың екі жақтап» де
ген Абай өсиетіне адалдық.
Мұхаметқали сияқты халыққа сыйлы адам, ақылды, іс
кер адам коммунистерге де керек екен. Белгілі адамның
беделімен небір қиын істерді атқаруға болатынын олар да
біледі екен. Бірлік саптың құрметті мүшесі ретінде, енді
олар Мұхаметқалиды төрге отырғыза бастады. Өлкедегі
әйгілі адамдармен бірге ішкерідегі үлкен қалаларға сая
хат жасатты. Қазақтан шыққан атақты бай, әрі Атымтай
жомарт – Башпай сол сапарда қайтыс болып, өкімет оның
сүйегін самолетпен өз жеріне әкеліп жерлеуді Мұхаметқа
лиға тапсырды.
Ол да ештеңе емес, 1955-жылы елу үш жастағы Мұ
хаметқалиды көршілес Дөрбілжін ауданы әкімінің мал
шаруашылығы жөніндегі орынбасары етіп тағайындады.
Бұл тағайындауды жоғарғы жақ «Сіз жер жағдайын да,
мал жағдайын да жақсы білесіз. Бізге сіздің мол тәжіри
беңіз керек» деп түсіндірген. Мұхаметқали – бұрынғы
үкірдайлардың ішінде, жаңа заманда аудан басшысы боп
көтерілген бірден-бір адам. «Жарайды, керек боп тұрған
кезімізде қызметін істейік. Кейін керек болмай қалғанда
өз орнымызды табармыз» деді де, Дөрбілжінге көшіп ба
рып, қызметке кірісіп кетті.
Алайда Дөрбілжін – Шәуешек емес еді. Қанша деген
мен аймақ орталығы саналатын Шәуешектің аты – Шәуе
шек қой! Былайғы аудандардың экономикасы да, мәде
ниет деңгейі де Шәуешектен көш төмен еді. Бұл ауданда
Бәйжігіттің Жұмық деген атасы тұрады. Жұмықтар – айт
қанды екі етпейтін төртуыл емес, қиындау ел... Ру арасын
дағы кіші-гірім кикілжің, дау-дамай бір бітпейді. Аудан
дағы елдің қиындығын содан біл, 1952-жылғы тап күресі
кезінде осы елдің сорпаға шығар біраз азаматтары өлім
жазасына кесіліп, атылып кетті. Күні кеше Құлыстайдағы
төрт үкірдайдың бірі болған жетпіс үш жастағы Таңғыт
бұқара халықтың көз алдында атылды ғой. Мәсәлім бидің
үлкен ұлы Әнуар мыңбек те жазықсыз атылған. Қожақ
үкірдай он жылға кесілген. Ал, Мұхаметқалидың қайын-
атасы Сығай ілгідай – ауылда жатып-ақ Шың Сы-Сәйдің
қармағына ілініп өлім жазасына кесіліпті. Ол кісіні де
«Совет Одағымен байланысы бар» деп түртпектеп көр
сеткен – осы елдің өзі көрінеді.
Міне, Мұхаметқали дәл осындай елге әкім болып, қыз
метке келіп отыр. Не де болса да нар тәуекел. Жұмық
руы – Мұхаметқалидың нағашы жұрты, әрі қайын жұр
ты. Демек, қазақ «ер жігіттің үш жұрты бар» десе, соның
екеуі осында. қазақ ғұрпымен санасса, шетке қаға қоймас.
Оңай-оспақ қағажуға талай сыннан өткен бұл да ырық
бермес. Расында да солай болды. Мұхаметқали осы қыз
метте табаны күректей жеті жыл отырды.
Ауылшаруашылығына жасалған реформаларды түгел
өткеріп, малды жаңадан ұйымдасқан фермаларға қосып,
егістік жерді «Халық коммунасына» өткізіп беріп, зейнет
демалысына бір-ақ шыққан.
Былай ойлап қараса, Мұхаметқали бір басынан талай
өкіметті өткеріпті. Гоминдаң өкіметі, одан Шың Сы-Сәй
үстемдігі, сонан соң қысқа мерзімде жарқ етіп жоқ болған
Шығыс Түркістанның ұлттық өкіметі, ең ақырғысы ком
мунистік Қызыл Қытай. Бәрінің де ащы-тұщысын тар
тыпты. Қай кезеңде болсын, билікке емес, халыққа қыз
мет етті. Кеңсе қызметінің бұған өкпесі жоқ шығар. Ендігі
қалған ғұмырын бала-шағаның қасында немере бағып
өткізсе, сол жетеді деп ойлаған. Іс жүзінде солай болды
да. Бірақ жасы ұлғайған шағында екі нәрсе жанына қатты
батып, қартайтып жіберді. Мұхаметқали қызметті тоқта
тып, зейнетке шыққан мезгілде жергілікті ұлт зиялылары
на қысым көрсетіле бастаған. Алдымен, «Бізге халықтың
сын пікірлері керек, «барша бұлбұл сайрасын» деп, зия
лыларды «сайратып» алды да, артынан сол сайрағандар
ды жауапқа тарта бастады. Оларға «оңшыл», «ұлтшыл»
деген айдар тағып, қызметтен қуып, енді біразын Такла
макандағы «Тарым лагеріне» жіберіп жатты. Қазақтың
бүкіл оқымысты, зиялы дегені өлке орталығы Үрімжі мен
автономиялы Қазақ облысының орталығы Құлжада тұра
тын еді ғой. Солардың бәрі дерлік «ұлтшыл» деген қалпақ
киіп, қызметтен аластатылыпты. Бұл ел енді өздеріне қо
ныс болмасын білген соң, ол жақтағы қазақ азаматтары
атажұрт – Қазақстанға кетіп жатқан көрінеді.
Оған сенбес еді, былтыр күзде өзі оқытып тәрбиелеген
Қалдыбай Қанафин сонау Құлжадан Дөрбілжінге әдейі
келіп, Мұқаңмен қоштасып қайтты. Қалдыбай – үш ай
мақты біріктірген Қазақ автономиялы облысының Бас
прокуроры еді ғой. Генерал-майор деген шені бар. Сондай
биік мансапты адам шетелге кетуге мәжбүр болса, бас
қаларға не жорық. Жеке Қалдыбай емес, бір кезде өлке,
облыс басқарған Жағда Бабалықов, Ақметқали Бітімбаев,
Телмұхамет Қанағатов, Ғалым Нөкішев, Рамазан Хами
товтар бір-бірлеп атажұртқа кетіп жатса керек...
Мұхаң Қалдыбаймен жылап айрылысты. Бір кезде осы
інісін он төрт жасында Үрімжідегі «Мұңха» мектебіне өзі
жіберіп еді. Енді, міне, әбден толысып, жігіт ағасы болған
шағында бұлай қоштасамыз деп ойлап па еді?! Азаматы
нан айрылған қай жақсы дейсің. Солардың бәрі де «ұл
тым-милләтым» дегені үшін жазықты болып, нақақтан
күйіп бара жатыр ғой. Енді кім қалды бас көтеретін? Осы
мен Шыңжаңдағы қазақ ұлтының күні батты дей беріңіз.
«Жұт жеті ағайынды» дегендей, жамандық жалғыз
келмейді. Мұхаметқали зиялы інілерінің орнын толтыра
алмай, күңірене жоқтап жүргенде, Шәуешек жақтан тағы
бір сыбыс естілді. 1961-жылдың күзі болатын. Қашанда
шырық бұзбас, құрық әкетпес, әр қадамын ойға салып, аң
дап басатын, Шәуешектегі өзінің төртуылы атажұрт Қа
зақстанға көшуге қамданып жатыпты. Мәскеуге көп адам
ның қолы қойылған әлденеше хаттар жөнелтілген. Қалың
ел алақандарын ысқылап, келесі көктемнің келуін күтіп
отырған көрінеді. Бұл көшті ұйымдастырып жүрген кім
дейсіз ғой? Осының алдында Алматыда оқып қайтқан Кү
дері бидің немересі екен. Мұхаметқалидың аталас бауыры.
Ана жылы «Алматыға оқуға бара жатырмын» деп бір кел
ген. Мұхаң батасын беріп шығарып салған. Кейін оларды
оқуын толық бітірткізбей қайтарып алыпты. Үрімжідегі
«ұлтшылдарға» қарсы күресте оларға да «ұлтшыл» деген
айдар тағып, өздерін қара жұмысқа салып, «тәрбиелеп»
жатыр екен деп бір естіген. Оның Шәуешекке келуі осы
жазда болса керек. Келе салып, істеп жүргенін көрдің бе?
Өзін осында шақырып алып, мән-жайды ұғысу керек еді...
Күдері бидің немересі шақыртпай-ақ, бір күні
Дөрбілжінге өзі келді. Орта бойлы, қоңырқай өңді, сол
баяғы бұйра бас қара бала... Қазір бойы да, ойы да сұң
ғақ тартып, көп оқып, көпті көріп, ысылғаны байқалады.
Мұхаңа сәлем беріп, қазіргі жағдайды баяндау үшін әдейі
келіпті. Орысша сауатты. Қытай мен Ресейдің саясатына
бірдей жүріп тұр. Қытайдың қазіргі экономикалық саяса
тын, білместік, асыра сілтеушілік, қысқасы, надандық деп
бағалайды екен. Секіріп ілгерілеу, «Халық коммунасы»
дегендер халықты қорлап, езіп-жаншудан басқа ештеңе
де емес. Ашаршылықты жасанды түрде қолдан ұйымдас
тырушылық. «Біз енді осындай орайлы сәтті пайдаланып
қалуымыз керек. Жалпы, қазақ ұлтының түпкі мақсаты –
бір тудың астына жиналу ғой. Біз күткен алдағы көш сол
түпкі мақсатқа қызмет етеді» дегенді айтады.
– Сендердің ойларыңша, ол көш қанша елді қамтиды
деп отырсыңдар? – деді Мұқаң жас жігіттің арғы ойын
байқау үшін қыс-қысқа сұрақ қойып.
– Шәуешек қаласы түгелімен... Сонан соң Шәуешек ау
даны мен Шағантоғай ауданы! – деді ол да нақты жауап
беріп.
– Біздің Дөрбілжін ауданын қағыс қалдырғандарың қа
лай? – деді Мұқаң жымия күліп.
– Бұл аудан өте белсенді ғой, өкіметке берілген... Өт
кенде біздің бір жігітіміз осы аудандағы қайын жұрты
на келіп, көш туралы әңгіме қозғаған екен. Белсенділер
әлгіні полицияға тапсырмақ болып, қайын жұрттың ара
ласуымен зорға құтылыпты. Содан бері жұмысты барын
ша құпия әрі сақтықпен жүргізетін болдық.
– Совет одағынан баспана сұрап, хат жазған адамдарың
кімдер?
– Бір осалы жоқ! – деп жымиды жас жігіт. – Компартия
ның бас секретары Н.С.Хрущевқа, Жоғарғы Совет пре
зидиумының төрағасы К.Е.Ворошиловқа, көшірмесі Қа
зақстан компартиясының бірінші хатшысы Д.А.Қонаевқа
жөнелтілді.
– Ол хаттардың адреске тура тигеніне сенімдісіңдер
ғой?
– Оған күмән жоқ. Хаттардың орысша таңба басылған
түбіртегі қолымызда.
Мұхаметқали бұдан ары қазбалаған жоқ. Не десін,
халық көшуге қам жасап, қозғалып кеткен секілді. Әр
дәуірдің өз көсемі, өз көшбасшысы болады деген осы.
Жиырма бестегі жас жігіт көш бұйдасын ұстап, атажұрт
қа жол тартпақ. Мұндайда «көш көлікті болсын» дегеннен
басқа не айтасың?
– Аға, ел – өзіңіздікі, жер – өзіңіздікі... Төртуыл тайпа
сы да – өзіңіздікі... Сізден рұқсатсыз мен қалай көшіріп
әкетем ол елді? Бізбен бірге болыңыз! Көш алдағы жыл
дың сәуір айында басталады деп отырмыз. Оған дейін
Шәуешекке көшіп алсаңыз жақсы болар еді! – деді жас
жігіт соңғы сөзін айтқанда қинала толқып отырып.
Мұхаметқали жауап беруге асықпай ойланып қалды:
– Менің бұл көшке ілесуім қиын болар, балам. Бала-
шаға бүкіл өлке көлемінде шашылып жатыр. Қамай – То
лыда, Шамшәріп – Үрімжіде. Сонан соң менің аяқасты
нан Шәуешекке көшуім күдік тудыруы мүмкін, – деп аз
отырды да: – Менің әкем Көксеген үкірдай болып, ел би
легенде, сенің атаң Күдері сол елдің төбе биі болған екен.
Айналайын, сен сол атаңа тартыпсың. Төртуылдың ендігі
билігі – сенің қолыңда! Көшің көлікті болғай! – деп еді
Мұқаң көзіне жас алып.
Бұл – бұдан жарты жыл бұрынғы сөз еді. Мұхаметқали
солай деуін десе де, қалың ел бұлай үдере көшеді деп ой
ламаған. Шекараға тақау ауылдар қозғалып барып, тоқтай
тын шығар деген сенімде еді. Олай емес, сәуірден бастап,
көш жаппай етек алып кеткен көрінеді. Аймақтық үкімет
халықты өздері үгіттеп көндіре алмаған соң, Үрімжіден
самолетпен беделді адамдар алдырыпты. Солардың бірі –
Жоғарғы сотта Коллегия мүшесі болып жүрген Мұқаңның
екінші ұлы Шамшәріп. Артынан естуінше, ол да көшке ке
дергі келтірмеген көрінеді. Жоғарғы жақтың айт дегенін
айтқан да, сонымен шектелген.
Көш 10-сәуірден бірінші мамырға дейін созылды.Ұзын
ырғасы жүз елу шақырымдық Шәуешек шекарасындағы
бес бірдей заставадан (Жаманты, Бақты, Ергейті, Еміл,
Шағантоғай заставалары) жиырма неше күн бойы атты, ар
балы, түйелі көштер үздіксіз өткен ғой. Шамамен, сол күн
дері екі жүз мыңдай адам атажұртқа барып қосылса керек.
Аймақтық үкімет елді азғырушы, көшбасшы деп, Күдері
бидің немересі бастатқан бірнеше адамды ұстауға жарлық
берген екен. Бірақ олар қолға түспей құтылып кетіпті.
Мұхаметқали көш тоқтап, ап-сап басылған соң, Шәуе
шекке барып қайтты. Қайда барсаң құлазыған жұрт, иен
қалған жайлау, көктеу, күзеу аталған қоныстар... Қаңырап
қалған қыстаулар мен күмбезді бейіттер... Осынау өлкеде
Төртуыл деген тайпа болмаған секілді, көшіп-қонбаған
секілді... Қасында ешкім жоқ, салтатпен өзі ғана жүрген-ді.
Иен далада аттың жалын құшып, ал кеп жыласын. Пора-
пора жас, ағылып тоқтайды деген не? Әттеген-ай, Күдері
бидің немересі дұрыс айтып еді-ау! Бұл сонда алдын ала
Шәуешекке көшіп түсіп, сол елмен бірге кетуі керек еді!..
Алла-ай, көштен қалу қандай жаман! Ешқайда айдалмай,
қамалмай ерікті жүріп-ақ елден айрылу деген неткен азап!
Сөйтсе, алда тастайын деген дәмі, көрейін деген бейнеті
бар екен. Алпысыншы жылдардың ортасында, Қытайда
«Мәдениет төңкерісі» деген бір пәле шыға келді. Бұл – бо
йынан күш, қолынан билік кетіп, алжи бастаған Мао-ның
өз үстемдігін сақтап қалудағы соңғы тұяқ серпуі еді. Бар
билікті 15 пен 30 жас арасындағы жастарға беріп, Қытайдай
Ұлы мемлекеттің астын-үстіне шығарды-ау! Бежіннің өзін
де Мао-ның өзінен басқа үкімет басшыларын түгел көшеге
сүйреп шығарып, бастарына кордоннан жасалған «масқара
қалпақ» кигізіп, байқұстарға істемегені жоқ. «Ұлы көсем»
төңкерісті өзімен бірге жасап, мемлекетті өзімен бірге құ
рысқан Люшауши, Жүңинләй, Шың И, Пин Дехуай, Дин
Шаупен секілді үзеңгі жолдастарын да аямай, миғұла жас
тардың тепкісіне беріп қойды.
Жоғарыдағы үкімет басшыларының көрген күні әлгін
дей болғанда, төменгі өлке, облыс, аудан деңгейіндегі қыз
меткерлердің қайбір шекесі шылқып жүрді дейсің. Ондай
науқан басқыштан төмендеген сайын, билік неғұрлым еш
теңенің байыбына бармайтын мәңгүрттердің қолына көш
кен сайын, неше алуан қылмысты істер көбейе береді екен.
«Төңкерісші» жастар өздерін Хуңбейбин (Қызыл жауын
гер) деп атайды. Ауданда кейбір оңған Хуңбейбин болсын,
көпшілігі – танауын сүрте алмай жүрген оқушы балалар,
немесе оқымай қалған шала сауатты жастар. Өздері көне
мұраның, салт-сананың бәріне қарсы, шалдардың сақа
лын күзеп, кемпірлердің бұрымын кесіп жатқан кез. Араб
әрпінде басылған ескі кітапты көрсе де, Совет одағында
жарық көрген жаңа кітап болса да, бәрін аулаға шығарып,
бір жерге үйеді де, үстіне кәресін шашып өртейді.
Хуңбейбиндер төраға Люшаушиды аямағанда, сырт
қы істер министрі маршалл Шың Иды, Корея соғысында
жеңіс әперген қорғаныс министрі Пын дехуайды аямаған
да, ескіден қалған үкірдай мен зәңгіні аясын ба, олар Мұха
метқалиды да біраз әуіреледі. Басына «ескіліктің қалдығы»
деген жазуы бар қағаз қалпақ кигізіп, бірнеше күн көше
аралатты. Жалғыз емес, әрине, өзі сияқты «қалдықтармен»
бірге... Кейде көпшіліктің алдына шығарып, неше түрлі
күлкілі сұрақтар қояды:
– Ескіліктің қалдығы екеніңді мойындайсың ғой?
– Мойындаймын. Өйткені, осында жер басып жүрген
ересек адамдардың барлығы – ескіліктің қалдығы...
– Сен – Гоминдаң кезіндегі билеуші үкірдай бола тұрып,
азаттықтан кейін аудан әкімінің орын-тағына қалай оты
рып алдың?
– Өзім отырғам жоқ. Аймақтық Партия Комитеті солай
ұйғарды.
– Неге?
– Кім білсін, қолынан іс келеді деген шығар. Халықты
басқаруда тәжірибесі бар деген шығар...
Сонан кейінгі сұрақтарының бір парасы мынадай:
– Сен – әсілі Шәуешектің қазағы екенсің ғой? Шәуешек
халқы, яғни сенің төртуылдарың 1962-жылы Советке көшіп
кеткенде, солармен бірге кетпей, неге қалып қойдың?
Бұл сұрақ – Мұқаңның ішкі дерті, жазылмай жүрген жа
расы. Хуңбейбиндер әдейі сол жараның аузын тырнап отыр
ғой. Мұқаң ызадан жарылып кете жаздайды.
– Мен ақымақпын! – дейді әлгіге. – Ақымақ болмасам,
өзің айтқандай, сол елмен бірге кетпеймін бе? Мынадай
қорлықты көріп отырам ба?
– Сен – ақымақ емессің, алаяқ қусың! – дейді Хуңбейбин
дер. – Сен арнайы тапсырмамен қалған адамсың. Шетелдің
қағып кеткен шегесісің... Әйтпесе өз руыңды осылай шетке
жіберіп қоясың ба?
Мұндай сұрақтарды Мұқаң құлағының түбінен үнсіз
өткізіп жібереді... Қойшы, әйтеуір, нақты қояр кінәсі, жап
сырар қылмысы болмаған соң, әрі Мұқаңа қарсы айғай-шу
ды халықтың қолдамағанын сезіп, мағнасыз әурешілікті
тоқтатты ақыры. Бірақ неше айға созылған сүргін жасы
ұлғайған адамға оңай тимегені анық. Аудан басшыла
рын бірнеше ай үйлеріне жібермей, кеңсеге қамады ғой.
Шәмшәріптің бір ұлы он жасар Ерболат қолында болатын.
Сол ыстық тамақ тасып, шай әкеліп, кәдімгідей есқатты...
Сондай күндердің бірінде көршілес Толы ауданынан
қайғылы хабар жетті. Ол жақтағы ХуңбейбиндерУәйіс
зәңгіні мойнына арқан тағып, сүйреп жүріп өлтіріпті. Оны
істеген – бір жақтан келген бөтен біреулер емес, сол уақ
елінің жастары деседі... Алла-ай, көздері қалай қиды екен?
Уәйіс – Жәйірдағы уақ руының көсемі еді ғой. Уәйістің
әкесі Әбіштай деген адам арғы беттен ауған уақтарды бір
жерге жинап, керей мен найманның қақ ортасы Жәйірдан
қоныс әперген кісі ғой. Тексіз иттер сондай киелі шаңырақ
қа қалай дәттері барып, қол жұмсады екен?! Мұхаметқали
мен Уәйіс жан аяспас дос еді. Екеуі Шың Сы-Сәйдің қанды
қақпанынан бірге босап еді. Сондай қиын өткелден сүрін
бей өткен есіл ер ақыры келіп, өз ауылының иттеріне жем
болғаны ма?
Уәйістің өлімін естігенде, Мұхаметқали еңкілдеп тұрып,
ағыл-тегіл жылады. Анасы Жәкапаң қайтқанда бір рет, ана
жылы көшкен елдің жұртына барғанда екінші рет жылап
еді. Сонан кейін жылағаны осы. Жан жолдасы Уәйіспен
бірге мұның да өмірінің бір бөлшегі келмеске кеткендей.
Ауыр қайғы үстінде дүниеден түңіліп те кетіп еді. Бұдан
кейін өмір сүруде не мән бар? Демек, бұл қоғам – өзгер
ген, дертке шалдыққан, бұзылған қоғам болды ғой. Бұлар
ға енді Уәйістің де, Мұхаметқалидың да керегі жоқ. Бірақ,
қанша өзгеріске түссе де, қанша өкімет ауысса да, қытай
лар өздерінің империялық мүддесін бір сәт ұмытпайды-ау!
Бірінің қақпанынан құтылсаң, екіншісіне келіп тұтыласың.
Ұзақ жасаған жақсы. Бірақ белгілі бір шекке дейін. Қо
ғамға қажетің болғанша... Әшейінде «Бәрің бірдейсің, бар
лық ұлт тең» деген сөз жиі айтылады ғой. Бекер сөз. Өз
ұлтың азат болмай, өзгелермен теңелмей тұрып, саған да
теңдік жоқ. Осылайша, көрінгенге жем болып жүргенің.
Осыдан кейін Мұқаңның денсаулығы күрт төмендеп
кетті. Өлім туралы көп ойлайды. Ол өзінің мына мазасыз
тірліктен қатты шаршағанын сезді... Бір тәуірі, алдында
Алланың ақ өлімі бар екен ғой. Ендігі күнде қашып барып
тығылатын баспанаң – сол ғана. Мына қорлықты көрген
ше, тезірек келсе екен Алланың ақ өлімі!
Мұхаметқали үкірдай – өмірде талай тілегі қабыл бол
ған, Алланың сүйікті құлы еді. Мына ақтық тілегін де
Жаратушы ием қабыл көріпті. Өз өмірінде жан баласы
на қылдай қиянат жасамаған, адамдарға тек нұр сәулесін
түсірген төртуыл тайпасының ұлы перзенті өзінің жетпіс
екі мүшелінде ауырып-сырқамай, бір күні таңғы ұйқысы
нан оянбай қалды.
2013 – қараша.
ШЫРМАУЫҚ Хикаят «Адамдар жас кезінде қандай тамаша, мырзалар!» Антон Чехов - І - Н ұрғанат пен Еркебұланның қарым-қатына сын шынайы достық деп атауға келе қоймас. Олай дейтініміз, достық қашанда терезесі тең адамдардың арасында болады ғой. Ал бұл екеуі ешқашан таразы басын тең тартып көрген емес. Бұлардың отбасы тірлігі де, күн-көріс жағдайы да бір-біріне кереғар. Нұрға нат – қалт-құлт тіршілік еткен жесір әйелдің жалғыз ұлы болса, Еркебұлан – әрбір сөзі алтын боп, дәурені жүріп тұрған әулеттің маңдайға басқан мырзасы. Сондықтан бұл жігіттердің арақатынасын достық дегеннен гөрі қа жеттілік, немесе бір-біріне кіріптарлық деп атаған дұрыс болар. Су бойында тал өседі, сол талға оралып, шырмауық де ген шөп өседі. Шырмауықтың талсыз күні жоқ. Өйткені, шырмауықта өзіне тірек болатын дың, өздігінен көкке бой созатын дербес сабақ деген болмайды. Ол жарық күннен нәр алып, тіршілік етуі үшін, міндетті түрде өзіне сүйеніш болатын бірдемеге жармасуы керек. Еркебұлан мен Нұр ғанаттың «достығы» көп жағдайда сол шырмауық пен талдың тірлігін еске салады. Рас, екеуі он жыл бойы бір мектепте бірге оқыды, иық сүйесіп, бір партада отырды. Ашығын айтқанда, сабаққа ынтасы жоқ Еркебұлан қасындағы үздік оқушы Нұрғанат қа сүйеніп, күн көрді. Ол күнделікті үй тапсырмасын да, класта шығаратын есептерді де Нұрғанаттан көшіріп ала тын. Ауызша жауап беретін әдебиет, тарих сабақтарында да солай. Нұрғанат театрдағы суфлер сияқты жолдасының аузына сөз салып отырғаны... Әбден иек сүйеп, әдеттеніп
алғаны сонша, Еркебұлан емтиқан кезінде де жанын қи
нап, дайындалып жатпайды. Сенетіні – сол баяғы Нұрға
нат. Ол қалайда жолдасын «буксирге» алып, сүйреп шы
ғады.
Соған орай, екеуі керемет тату, жұптары жазылмай бір
ге жүреді. Еркебұлан – сабаққа ынтасыз демесең, қолы
ашық, жайдары, жақсы жігіт. Шіркін, бай баласы болған
неге жаман болсын. Не кием, не ішем демейді. Қалтасын
да уыс-уыс ақша. Кино, кафе, балмұздақ – Еркебұланның
мойнында. Мектеп бітіретін жылы оның әкесі жеңіл ма
шина сатып әперген. Екеуі бір уақ соған мініп серуен
дейді. Қысқасы, Нұрғанатта жоқтың бәрі Еркебұланда
бар еді. Ал Еркебұланда жетіспейтін дарын, қабілет, бір
айтқанды қағып алатын зейін-зерде Нұрғанатта жетіп ар
тылады. Демек, екі жарты бір бүтін дегендей, бұл жастар
бір-біріне керек адамдар болатын.
Өзіндегі айрықша қабілет-дарынға кейде Нұрғанаттың
өзі таң қалады. Мұның бәрі қайдан жұғып жүр бұған?
Әкесі белгілі заңгер еді, бұл бесінші сыныпта жүргенде
жүрек талмасынан қайтыс болды. Ал шешесі – мектеп
те тарихтан сабақ беретін қарапайым мұғалім. Ес білгелі
көріп жүргені – бірде бар, бірде жоқ, қалт-құлт тірлік... Өз
бойындағы қасиет туралы анасынан сұраса:
– Мұның бәрі – сенің қаныңда бар, – дейді ол кісі. –
Арғы бабаң – атақты болыс болған. Атаң – «Алаш» қай
раткерлерінің бірі еді, 1937-жылы «Халық жауы» деген
жаламен атылып кетті. Өз әкең де – бекер адам емес-ті.
Отаршыл өкімет еңбегін бағаламай, не лайықты жұмыс
бермей, қор қылып өлтірді ғой, ақыры... Сен сол аталары
ңа тартқансың! – деп Нұрғанатты көтермелеп қояды.
Бұған да шүкір! Сол үшін ештеңе төлемесе де, арғы
тегіңнің мықты болғаны неге жаман болсын. Әлі күнге
дейін сарқылмай, тозбай жүрген аталарының қаны қан
дай асыл десейші! Соны естігеннен бері Нұрғанаттың ең
сесі көтеріліп, өзіне деген сенімі арта түскен. «Жақсыдан
жаман туса да, жаманнан жақсы туса да, тартпай қоймас
негізге» депті ғой Ақтамберді жырау. Ендеше, Нұрғанат
тың да көш соңында қалуға қақысы жоқ.
Мектепті бітірген соң, Нұрғанат пен Еркебұланның
жолы екі айрылып, әрқайсысы өздері таңдаған мамандық
та оқитын болып, бөлініп кеткен-ді. Мектепті алтын ме
далмен аяқтаған Нұрғанат қазіргі нарық заманын жеріне
жете зерттемек болып, университеттің қаржы-экономика
факультетіне құжат тапсырған. Оның мектептегі барлық
пәндерді жетік меңгергені сонша, Нұрғанат сол жылы кез
келген университеттің кез келген факультетіне сынақ тап
сырып, және одан шауып өтетініне сенімді еді.
Қызық болғанда, сол жылы емтиқанның жаңа түрі шы
ғыпты. Бұрынғыдай бірнеше пәннен емтиқан тапсырмай
сың. Оның орнына қағазға жазылған көптеген сұрақтарға
«бар» не «жоқ» деп жауап берсең болғаны. Ашығын айт
қанда, бұл енді оқушының білімін тексеру емес, «крас
ворт» шешкен сияқты бірдеңе. Мұндай тәртіп пән мұ
ғалімдеріне емтиқан алғызбау, пара алудың жолын кесу
үшін енгізілген деседі. Әсілі, тест арқылы талапкердің
білімін дәл анықтау әсте мүмкін емес. Мұндайда жолы
болғыш, кездейсоқ біреулердің өтіп кетуі әбден мүмкін...
Ал көкжиегі кең, жан-жақты дайындығы бар Нұрғанат
сынақтың бұл түрінен де қорқа қойған жоқ. Тақа бір көл
денең қырсық кезікпесе, жоғары бал алатынына сенімді.
Міне, қызық! Емтиқанға таяп қалған кез болатын. Бір
күні Еркебұлан жүр университет ауласында. Көріспегелі
біраз болған жігіттер шұрқырасып қалды:
– Ау, Ереке, сені қай құдай айдап келді мұнда? Сенің
«Болашақ» программасы бойынша шетелге кететінің қай
да? – деп Нұрғанат таңданып тұр.
– Соның ыңғайы келмеді, – деді Еркебұлан күмілжіп. –
Өзің білесің ғой, менің ағылшын тіліне шорқақ екенімді.
Шетелге баратындар ағылшынша сайрап тұруы керек
екен. Сынақ алған комиссия сол пәннен құлатты...
– Туыстарыңа айтпадың ба? – деді Нұрғанат әлі де еш
темеге түсінбей.
– Біздің туыстар араласса, мені, сөз жоқ, өткізіп тұр
ғой, – деді Еркебұлан көңілді қалпын қайта тауып. – Бі
рақ олар қашанға дейін менің қасымда жүреді? Ағылшын
тілінен дым сызбасам, онда барған соң оқи алам ба? Оның
үстіне, сені қимай, сенімен бірге болайын дедім де, мен де
осы университетке құжат тапсырдым.
– Өте дұрыс істегенсің. Шетелден оқып келгендерді
де көріп жүрміз ғой. Шет тіліне жетік демесең асып тұр
ғандары шамалы. Оқығысы келген адам осында жүріп те
білім алуға болады, – деп Нұрғанат жолдасын жұбатқан
болды.
Сарша тамыздың орта шені ғой. Алматыда күн қайнап
тұр. Толық денелі, шикіл сары Еркебұлан аптап ыстыққа
шыдамай, быршып терлеп кетіпті.
– Сен емтиқанға дайындалмасаң да өтіп тұрсың ғой.
Қолың бос шығар, жүрші, тау жаққа қыдырып қайтайық!
– деді қолқа салып.
Астында – су жаңа «тойота». Әкесі ұлының мектеп біті
ру құрметіне таяуда ғана әперген екен. Жып-жылтыр қара
жипке әлі қылау қонбаған, қабырғасына үңілсең бетің
көрінеді. Нұрғанат жаңа машинаны қызықтап, бір айна
лып шықты. Қызғаныш емес, қызығу бар. Мынадай темір
тұлпарға кімнің мінгісі келмейді дейсің. Қызғанбайтыны,
басы мықты істейтін, өзіне сенімді адамдарда қызғаныш
деген болмайды. «Алтын басым аман болса, менде әлі
мұндайдың талайы болады» деп есептейді. Грек фило
софы Диоген айтқандай, Нұрғанаттың бар байлығы – ба
сында.
Баяғыда Жерорта теңізінде дауылды-толқын күшейіп,
аралдағы тұрғындар кемемен құрлыққа көшіп жатса ке
рек. Жұрттың бәрінің арқалаған жүгі бар. Араларында
Диоген ғана бос келе жатыпты. Соны көрген таныстары
ның бірі:
– Ұстаз, сіздің заттарыңыз қайда? Керек-жарақтан қа
жетті ештеңе алмапсыз ғой? – деп таңдана сұрапты. Сон
да Диоген тұрып:
– Менің бар байлығым – басымда ғой. Сол басымды
әкеле жатырмын! – деп жауап беріпті...
Сол айтқандай, әзірше ештеңе тындырып тастамаса да,
Нұрғанатта да өз басына сенетін бір кеуде бар. Еркебұлан
ның машинасына тақбір шопырының қасына жайғасқан
бастықтай керіліп барып отырды. Бұлар «Достық» даңғы
лымен жоғары өрлеп, біраз жерге дейін Медеу шатқалына
қарай жүріп келді де, кенет сол жаққа, Бутаковка сайына
қарай бұрылды.
– Бұл сайдың неге «Буткаовка» аталып жүргенін білесің
бе? – деді Нұрғанат Еркебұланға бұрылып.
– Білмейді екенмін...
– Білмесең ұғып ал. Баяғыда осында Бутаков деген
орыс байының қыстауы болыпты. Біздің қазақ орыстар не
айтса, соны малданып жүре береді. Әйтпесе, осы сайдың
«Кеңасу» деген өз аты бар.
– Бұрын болып па едің бұл жақта?
– Осы сайдың басында «Юный мечтатель» деген пио
нер лагері болушы еді. Бір жылы каникул кезінде сонда
демалғаным бар.
– Ендеше, қазір осы сайдың басы түгелімен менің жез
деме қарап кетті! – деді Еркебұлан әлдебір мақтанышпен.
– Қазір біз жездемнің сол жердегі саяжайына бара жатыр
мыз.
– Сенде жезде көп қой. Бұл жерді иемденіп алған – қай
жездең? – деді Нұрғанат әуестік танытып.
– Ортаншы жездем... Кейін ұрпағыма қажет бола ма деп
алып қойғаны ғой. Әйтпесе, олардың Ұлыбританияда,
Швейцария жерінде де демалатын сәнді сарайлары бар...
– Соншама мол қаржыны олар қайдан табады? Әлде
жалақылары соншалық көп пе?
Еркебұлан баланың сөзін қызықтағандай, жолдасының
бетіне таңдана қарады.
– «Жалақың» не айтып отырған? Батыс Қазақстанда
өндірілетін мұнай мен газдың жарты ақшасы менің жез
демнің қалтасына құйылады.
– Е-е, солай де... Алатаудың сай-саласын ірі алпауыттар
мың-мың гектардан бөліп алып, саяжайлар салып жатыр
деуші еді. Солардың қатарында сенің жезделерің де бар
екен ғой! – деді Нұрғанат қарсы беттегі қарағайлы қаптал
дан көзің айырмай.
Жаңағы сөздерді естігенде, іштей сәл қитығып қалған:
«Бәсе, халықтың қазынасы екен ғой – бұлардың шалқып
жүргені! – деген өзінен-өзі алабұртып. Бәлемдер тұра тұр
сын, бұл университет бітіріп, диплом алып, біліммен то
лық қаруланып алған соң республика экономикасын қай
тадан қарайтын болады әлі».
Сайдың орта тұсына жете бергенде, алдарынан көл
денең тартылған шлагбаум мен автомат асынған күзет
көрінді. Бұдан ары кім көрінгенді өткізбейді деген сөз.
Еркебұлан қалтасынан алып, әлдебір қатырма қағазды
көрсетіп еді, әлгі солдат сымдай тартылып, оң қолын ше
кесіне апарды. Сол сәт көлденең тұрған шлагбаум да шал
қалап ашыла берген.
– Саған бар жерде жол ашық екен ғой! Күзетшілер де
танып алған сияқты, – деді Нұрғанат былай шыға бере
жолдасын әдейі қолпаштап.
– Мана айтпадым ба, «Алатаудың бұл бөктері тұтасы
мен біздің әулетке қарайды» деп... Күзетшілер қожасын
танымай көрсін! – деді Еркебұлан мардамсып.
Тағы бір-екі тұмсық айналғанда, бұлар діттеген жер
леріне де жетіп еді. Мәссаған, бұлардың «Саяжай» деп
жүргендері – қалың қарағайдың ортасын ойып тұрып
салған үш қабатты, ақшағала сарай екен. Үстіңгі қабаты
бірте-бірте қусырылып, үшкілденіп барып бітіпті. Бір
қырынан қарағанда ұшқалы тұрған аққуды еске салады.
Жалпы, сәулетшінің шешімінде қапы жоқ. Саяжай орна
ласқан сайдың бас-аяғын, бергі жол өтетін жақты биік бе
тон дуалмен қоршап тастаған. Үлкен темір қақпада күзет
бар. Ал ұзына бойы бір шақырымға созылған кең аула
ның ішінде не жоқ дейсің: неше алуан спорт алаңдары,
таза ауада демалатын әшекейлі беседкалар, өрнек салып
отырғызған гүл айшықтары... Ал былайғы бос орындарға
жап-жасыл шөп етіп тастаған. Сайдың дәл табанындағы
бетонмен көмкерілген арықта сылдырап су ағып жатыр.
Ал ауланың әр тұсына орнатылған түрлі-түсті шамдар
кешке қарай жарқ етіп, төңірегіне ерекше шұғыла шашып
тұрмақ.
Ауланың төменгі жағында күзетшілер, шопырлар тұра
тын үйлер бар сияқты. Сол маңнан әртүрлі машиналар
дың қылпы көрінеді. Саяжайдың негізгі қожайындары
қазір мұнда жоқ. Әзірше саяжайға ие боп отырған – осы
әулеттің тағы бір туысы көрінеді. Былайша айтқанда, ата
лас апа-жезделері. Бұларды орта жасқа келген сол әйел
қарсы алып, Еркебұланды айналып-үйіріліп, төбесінен
құс ұшырмай жүр. Мұнда арнайы қойма, асқана бар көрі
неді. Жастардың көңілі қалаған тағамдарына қолма-қол
тапсырыс берді.
Сәлден соң екеуі айналасын гүл көмкерген беседкада,
кәуап жеп, қымыз ішіп отырды. Аңғарды қуалай соққан
салқын самал қалада аптап ыстық барын лезде ұмытты
рып жібергендей. Қарсы беттегі тоғай арасынан құстар
дың неше алуан үні келеді.
«Адамдардың ана дүниеде көреміз бе деп армандаған
ұжмағы жер бетінде де бар екен-ау! – деп ойлады Нұрға
нат бір сәт қиялға беріліп. – Тек, соның жұрттың бәріне
бірдей бұйырмайтыны болмаса... Міне, басқа жұрттың
әпкелері қандай бақытты! Жезделері қандай салымды!
Жан-жақтан құйылып жатқан байлық дегенің – анау, «Ит
басына іркіт төгілген» тұрмыс дегенің – мынау! Қала ма
ңындағы ең тәуір жерлерді осылар иемденіп алған... Ал
осындай әпке мен жезде Нұрғанатта да бар. Бірақ солар
дың қырқын жинасаң қыр аса алмайды. Әйтеуір «шықпа
жаным, шықпамен» қалт-құлт күн көріп жүрген біреу
лер... Баяғыда біреу жиендеріне көңілі толмағанда: «Кім
көрінгенге тиіп, жоқтан өзгені тапқан – осы біздің апай да
қызық» деп кейіп отыр дейді ғой. Нұрғанаттың әпке-жез
делері де – соның о жақ, бұ жағында».
Бұл – ақыл-ойы әлі толық жетілмеген, көп нәрсенің ба
йыбына бармаған Нұрғанаттың балалық қиялы ғой. Шын
туайттап ойлаған кісі мәселе әпке мен жездеде емес, бас
қада екенін түсінеді, әрине. Оның түп төркіні – «Бір кісі
таққа мінсе, мың туысы атқа мінеді» деген мақалда жат
қан жоқ па?! Әулетте бір кісіге бақ қонса, оның шарапаты
туыстарына түгел жетіп тұр.
– Ау, жігітім, сен қайда кетіп қалдың? – деді бір мезгіл
де Еркебұлан дауыстап. – Бірдеңе айтсам, қалғып отырған
кісіше меңірейіп, тыңдамайсың.
– Жәй, мен бір қиялға беріліп, мидың ахбар қабылдай
тын тетігін өшіріп қойып едім, – деді Нұрғанат күле тіл
қатып.
– Қазір ол тетікті іске қостың ғой?
– Қосып қойдым...
– Қоссаң айтшы: менің сен оқитын университетке неге
келгенімді білесің бе? – деді Еркебұлан мұның бетіне күле
қарап.
– Мана айттың ғой, мені тастап, қайдағы бір шетелге
кеткің келмеген. Мен бұл қылығыңды нағыз достық деп
бағалаймын! – деді Нұрғанат алдындағы қымыздан сыз
дықтата жұтып қойып.
– Ол – бер жағы ғой, оның арғы астарында көп мәселе
бар, – деді Еркебұлан алдындағы шағын тегенеден кесе
лерге қымыз құйып жатып. – Менің басқа бір оқу орнына
бармаған себебім, ол жақта да емтиқаннан құлап, масқара
болғым келмеді. Ал менің еркіме салса, тіпті оқымай-ақ
қояр едім. Ала қағаздан аллергиям бар, кітапқа қарағым
келмейді. Алайда, менің қалайда бір мамандық алуым
керек екен. Болашақта не министр, не генерал болуым
үшін... Сен билеуші әулеттен шығу – кісіге жеңіл деп ой
лайсың ба? Оның да өзіндік жауапкершілігі бар.
Еркебұлан соны айтып, қымыз құйылған кесені қона
ғының алдына жақындатып қойды.
– Қолың жетіп тұр. Туыстарыңның бірі ректорларға бір
ауыз сөз айтса, кез келген оқуға түсіп тұрған жоқсың ба!
– деді Нұрғанат оның бәрін маған неге айтып отыр деген
оймен.
– Туыстар бар ғой. Олар бір ақ ауыз сөз айтса, менің
қол-аяғымды жерге тигізбей ала жөнелетіні де рас. Бі
рақ мен оларға өз әлсіздігімді білдіргім келмейді, – деді
Еркебұлан жолдасына мәністі көз тастап. – Өзің білесің,
менің әке-шешем оқымаған адамдар, менің аттестатыма
қарайды да, олар мені үздік оқушы деп ойлайды. Мені
«Болашақ» арқылы шетелге жібермек болғаны да содан.
Қайдан білсін, менің он жыл бойы сенің арқаңда күн
көріп келгенімді... Оның үстіне, біреуге кішірейіп өтініш
айту – біздің әулетке жат. Бүкіл ел ерікті-еріксіз түрде со
ларға қызмет істеуі керек. Ұғып отырсың ба?
Ол соны айтып, Нұрғанаттың қасына келіп отырды.
– Бірақ мен биыл қалайда оқуға түсуім керек. Оны
сенсіз іске асыру мүмкін емес. Сені қара тартып келгенім
содан... Саған өтінішім, осы жолы да мені тестік сынақ
тан құлатпай алып шық! – деп Нұрғанаттың мойнынан
құшақтады. – Сенен басқа кімім бар менің? Кімге жалы
нам? Екеуіміз қаршадайымыздан дос едік қой... Мені осы
жолы да бір өткелден өткізіп жібер!.. Нарық заманында
еңбектің бәрі ақылы ғой. Еңбегіңді екі есе қып өтеймін.
Істеген жақсылығыңды жақсылықпен қайтарам!
– Олай болса, айтшы: сені сынақтан сүріндірмей алып
шықсам, кейін не жақсылық жасайсың? – деді Нұрғанат
жолдасының сөзін қызық көріп.
Еркебұлан бұған қандай уәде берсем екен дегендей, аз-
кем ойланып отырды да:
– Сөз жоқ, ақша берсем алмайсың... Әлде машина са
тып әперсем бе екен? – деп тағы біраз бөгелді. – бірақ сен
берген затты параға жатқызасың ғой... Одан да, ең жақ
сысы, мен кейін министр болғанда, сені өзіме орынбасар
етіп алайын да. Ең дұрысы сол шығар.
– Қулығын қара, министр болғанда да мені жұмысқа
жекпексің ғой! – деді Нұрғанат қарқылдай күліп. – Көрдің
бе, какой то «двоишник» министр болады да, мектепті ал
тын медалмен бітірген үздік оқушы оған орынбасар бола
ды. Онда Қазақстанды жетістіреді екенбіз!
– Қайтесің, заман солай!
Бұл сөзге екеуі ауланы бастарына көтеріп, даурыға
күлді. «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе» деген осы.
Жастар министрліктің тұтқасын дәл қазір қолдарына ұс
тағандай мәз-мәйрам. Олар таудың таза ауасын тастап
кеткісі келмей, әрнені ермек етіп, қалаға кеш түсе бір-ақ
қайтты.
- ІІ -
Сонымен, бірін-бірі жетекке алған екі дос сол жылы
оқуға түсіп кетті. Еркебұланның қуанышында шек жоқ,
екі езуі – екі құлағында. Ректордың бұйрығы оқыла са
лысымен, Нұрғанатты машинасына отырғызып алды да,
бірден қаладағы сауда орталығына қарай тартты.
– Біз енді мектеп оқушысы емес, студентпіз! – деген
даңғарадай әмбебап дүкенді аралап жүріп. – Сондықтан,
үстіміздегі «шоқпытымызды» тастап, жаңа сәнмен киі
нуіміз керек. Қызық болсын, алғашқы лекцияға екеуіміз
бірдей киініп барайықшы!
– Мұның ат не? Пара ма – беріп тұрғаның? – деген Нұр
ғанат бірден қарсы болып.
– «Парасы» несі? Сенің туған күніңе сыйлық! – деді Ер
кебұлан сасқалақтап. – Өзінің досына кісі пара бере ме
екен!
Нұрғанат ақыры көнді. Алдағы аптада туған күні келе
жатқаны рас еді. Оның үстіне, киіп жүрген костюмінің
жаға-жеңі қырқылып, жүдеу тарта бастаған. Оған қосым
ша, тағы мынадай ой келді: «осылардың оңды-солды ша
шып жүргені – әкелерінен қалған байлық дейсің бе? Бәрі
де – халықтың қазынасы емес пе? Ендеше, сол қазынадан
менің де үлес алуға қақым бар ғой!».
Италия шеберлерінің қолынан шыққан су жаңа костюм-
шалбар, сүйріктей қара туфли киіп, ақ көйлекке қызыл
галстук тағып, айнаның алдына келгенде, Нұрғанат өзін
танымай қала жаздады. «Адам көркі – шүберек» деген
рас. Қазір айнаның алдында сұңғақ бойлы, мұрты енді-
енді тебіндеп келе жатқан, қыр мұрынды, қалың қасты,
қараторы жігіт тұр еді. Тәңірдің тәлкегіндей, Еркебұлан
екеуінің бой-тұрқы мұншалық бірдей болар ма, дәл осын
дай костюм киіп, ол да тұр қасында. Құдай оған байлық
пен атақты аямай берсе де, түр-тұлға жағынан сараңдық
жасаған. Жалпақ мұрынды, жалақ ерінді, бітік көз, шикіл
сары. Соған қарағанда, бұлар өздері айтып жүргендей
жеті атасынан ақсүйек болмаса керек. Амал не, «аузы қи
сық болса да байдың ұлы сөйлесін» дегенді бұрынғылар
баяғыда айтып қойған.
Университеттегі оқу бұлар үшін қиынға түскен жоқ.
Курста тестік сынақтан ебін тауып өтіп кеткен небір «кө
кемдер» бар екен. Нұрғанат сол баяғы әдетінше үздік
оқыды. Жалқаулар мен шала сауаттылар сені үздік етпей
қоймайды. Төрт жыл бойы курстың алдын бермей, үс
теме степендия алып тұрды... Ал, Еркебұлан – сол бая
ғы мектептегідей, Нұрғанаттың жетегінде. Оны мұнда
да «буксирге» алып, сүйреп отыруға тура келген. Оның
семинар сабақтарына дайындалуы, курс жұмыстарын жа
зуы – Нұрғанаттың мойнында. Әйтеуір, үшінші курстан
бастап, мұның жүгі сәл жеңілдеді. Бұл кезде кімнің кім
екенін біліп қалған мұғалімдер Еркебұланға шаң жуыт
пай, өздері-ақ көтермелеп алып кеткен.
Арқалаған жүгінің азайғаны Нұрғанатқа жаман болған
жоқ. Енді ол уақытының бәрін оқуға, ғылыми ізденістерге
жұмсады. Бұл кезде ол ағылшын тілін толық меңгеріп ал
ған-ды. Шет тілде неше алуан кітап оқып, нарықтық эко
номиканың жілігін шағып, майын ішті деуге болады. Ше
телдік ғалымдардың еңбектерімен қаруланып келіп, енді
ол лекция оқып жүрген ұстаздарын састыратын болды.
Нұрғанаттың пайымдауынша, республиканың қаржы-эко
номика саласындағы мамандары – ғылыми атақтарына қа
рамастан тым етекбасты, ескі сүрлеуден шықпайтын, тым
жалтақ әрі салғырт адамдар. Қазақстанда реформалар қай
бағытта жүру керек, аграрлы елді өнеркәсіпті дамыған
елге қалай айналдыруға болады деген мәселеге келгенде
ауыздарын ашпайды. Оның бәрін шетелдік кеңесшілердің
айтқанын пірдің сөзіндей қабылдайтын, жоғарыда отыр
ған шала сауатты шенеуніктер шешеді.
Нұрғанат университетті осындай тау құлатардай екпін
мен бітірді. Естуінше, Совет өкіметі кезінде оқу бітірген
студент енді қайда барам, қандай қызмет істеймін деп
алаңдамайды екен. Оқу аяқталардан екі ай бұрын әр ай
мақтан түскен сұраныс бойынша, әрі дипломның дәре
жесіне қарай, жұмыс орны анықталып, бөлініп қойылады
екен. Демек, ұсыныс пен сұраныста кереғарлық жоқ деген
сөз. Ал қазір олай емес, әркім қолайына жаққан қызметті
өзі тауып алуы керек. Ал саған жұмыс табыла ма, жоқ па,
әлде дипломыңды сандыққа салып қойып, басқа бір кәсіп
істейсің бе, онда қазіргі өкіметтің шаруасы шамалы екен.
Ендеше, сұранысы жоқ, керек емес, басы артық кадрды
неге оқытты, оқу бітірген соң оларды неге айдалаға қаң
ғытып жіберді? Түсініп жүрген кісі жоқ.
Оның себебі, қазір бұл елде оқу орнын ашу – білікті ма
ман дайындау үшін емес, ақша табудың амалына айнал
ған ғой. Жақында білім министрі теледидардан сөйлеп
тұр. «Бұрын Қазақстанда елу ғана жоғары оқу орны бар
еді, қазір университеттердің саны екі жүз елуге жетті»
дейді әлгі мақтанышпен. Ал осы мақтанатын нәрсе ме?
Бір ғана Сарыағаш қалашығында төрт университет ашыл
ған деседі. Сұмдық емес пе? Осыдан кейін жоғары білімді
маманның қадірі кетпей қайтеді? Оқу бітірген студенттер
жұмыс іздеп сабылмай қайтеді?
Әйткенмен, Нұрғанаттың кеудесі әлі де жоғары еді.
Сеніп жүргені – қалтасындағы қызыл диплом. Үздік оқы
ған студентке қашан да жол ашық деп ойлайтын. Амал
не, іс жүзінде олай болмай шықты. Сенің біліміңе, қабі
летіңе зәру боп, қажет қып тұрған ешкім жоқ екен. Дип
лом көшірмесі мен тағы басқа құжаттарын бірнеше дана
қып көбейтіп, бір-екі нұсқасын оқу орындарына, тағы
бір-екеуін қаржы-экономика саласындағы кеңселерге
тапсырып қойған. Міне, содан бері де екі айдан асты ғой,
бірде-бірінен хабар жоқ. Сөйтіп, сарғая күтіп жүргенде,
Алматыдағы оқу орындарының бірі әңгімелесуге шақыр
ды-ау, әйтеуір. Ректордың өзі емес, проректор қабылда
ды. Қасы қалың, қабағы түксиген кісі екен. Нұрғанаттың
дипломына көңілі толғанын айтып, суыртпақтап әртүрлі
сұрақтар қойды.
– Туып-өскен жеріңіз?
– Андағы өмірбаянда бәрі жазылған ғой. Алматының
тумасымын...
– Алматыда кім тұрмайды. Ата қоныс, шыққан тегіңді
сұрап отырмын! – деді мұның болашақ қызметіне соның
бәрі керектей-ақ.
– Семей облысы, Тарбағатай өңірінен! – деді істің теріс
ке айналып бара жатқанын сезіп.
– Е-е, жөн-жөн... Манадан бері осылай демейсің бе.
Үздік оқыпсың. Дипломың жақсы екен. Ойланайық, ақыл
дасайық... Хабар өзімізден болсын, – деп шығарып салды
қалың қасты проректор.
Міне, содан бері де айдан асты ғой, тырс еткен хабар
жоқ. Сұрастырып көрсе, ол орынға басқа біреуді алып қо
йыпты. Осылайша, біреуге биографияң ұнамаса, екінші
біреуге географияң жақпайды. Атамекеніңді айтсаң бол
ды, қай рудан екеніңді біле қояды...
Алайда, Нұрғанат осы аралықтағы бос уақытын зая
кетірмей, қазіргі реформаларға байланысты бірнеше ма
қала жазды. Ең алдымен, қазір өзінің жанына батып жүр
ген – жоғары оқу орындары мен маман дайындау пробле
масын қозғаған. Онда жоғары білім беретін мектептердің
шамадан тыс көптігі, оқу сапасының құлдырап кеткені,
оқу бітірген жастардың біразы вокзалда жүк тасып жүр
гені жайында айтылып еді. Алайда, бір қызығы, қазір кө
терілген мәселеге ешкім жауап қайтармайды екен. Демек,
сенің жан айқайыңды тыңдайтын ешкім жоқ деген сөз.
Сонан кейінгі бір мақала – ауылшаруашылығындағы
реформа жайында, колхоз бен совхозды бұлай асығыс та
ратпау туралы болатын. Олардың атында тұрған ештеңе
жоқ, колхоз бен совхоз – әзірше еңбекті ұйымдастырудың
бірден-бір тәсілі. Бұл күнде республика халқының 70 па
йызы ауылда, колхоз бен совхозда еңбек етеді. Ол ұжым
дарды тарату – миллиондаған адамның жұмыссыз қалуы
на соқтырады. Белгілі мерзімге дейін жеке қожалықтар
мен мемлекеттік, ұжымдық меншіктер қатар дамуы керек
деген-ді. Алайда, Нұрғанаттың бұл ұсынысымен де санас
қан пенде болмады.
Сөйтіп жүргенде, облыстық ауылшаруашылық басқар
масы жұмысқа шақыра қалғаны. Бұлар басқалар сияқты
кергіген жоқ, жаңа реформаға байланысты жас мамандар
ға зәру екен. Нұрғанатты бірден қабылдады. Мына пара
доксты қараңыз, күні кеше «колхоз-совхозды бұлай асы
ғыс таратуға болмайды» деп, мәселе көтерген Нұрғанат
енді қызмет бабында оларды өз қолымен таратысуға тура
келді. Мұны тағдырдың тәлкегі десең де болады. Жалпы
ға бірдей науқан, қоғамдық ауқым бір тарапқа бет алған
екен, енді оны тоқтату мүмкін емес. Жан-тәніңмен қарсы
болғаныңа қарамай, сол ағыспен сен де бірге кете бара
сың. Көп ұзамай Нұрғанатқа да ес кіре бастаған. Ол бұл
кезде осы реформалардың бәрі көптің ақылымен емес, бір
ғана басшының ықпалымен жүріп жатқанын түсінген еді.
Айналасы екі-үш жылдың ішінде колхоз-совхозды апай-
топай таратып болған соң, енді жер мәселесі көтерілген.
Жерді сатуға бола ма, жоқ па? Өйткені, жерді тауар ретін
де сатып, қалтасының олқы жерін толтыру біреулерге өте
қажет боп тұрған. Енді соны талқыға салып, халықтың
құлағын үйретіп болған соң, бір күні парламенттің қаулы
сын шығара салмақ.
Кейде сені тыңдайтын құлақ болмаса да, өз арың үшін
қимылдайтын кез болады. Нұрғанат оппозициялық бейта
рап газетке жер туралы мақаланы осы мақсатта жазып еді.
Онда ол колхоз-совхозды асығыс тарату аса үлкен саяси
қателік болғанын айта келіп, енді жерді сатуға болмайты
нын дәлелдеген. Біріншіден, жер – ата-бабаның қанымен
суарылған халықтың ортақ қазынасы. Бұл жерде бір кез
де отаршылдардың езгісіне шыдамай шетелдерге ауып
кеткен бес миллион қазақтың да үлесі бар. Олар ертең
атажұртқа көшіп келсе қайда қоныстанады? Екіншіден,
жерді тауарға айналдырып сатуға үкімет те, мемлекет бас
шысы да құзыретті емес. Жер мәселесі бүкіл халықтың
референдум арқылы ғана шешілуге тиіс. Үшіншіден, дәл
қазір жерді мың-мың гектарлап сатып алатын кімдер? Өз
арамыздан шыққан кіші-гірім байшыкештер мен шеттен
келген қалталы алпауыттар. Күні ертең ондай жер иелері
бұқара халықты кіріптар малайға айналдырады. Демек,
бұл азат халықты екіге бөліп, құл мен қожайынды қолдан
жасау деген сөз.
Мақала газетке шыққан соң, баспасөз бетінде әжепт
әуір сілкініс тудырды. Нұрғанатты қостаған мақалалар
шықты... Осыдан кейін арада он шақты күн өтті ме, өтпеді
ме, бір күні басқарма бастығы Нұрғанатты кабинетіне ша
қырып алды. Түсі суық, сөзі одан да ызғарлы. Көз жанары
ойнақшып, бір орында тұрмайтын, мінез алақұйын, ұрда-
жықтау кісі еді. Өзінің әлдебір үстем рудан шыққанын дә
реже көретін-ді. Сол кісі бірден дүрсе қоя берді:
– Сен бала, кейінгі кезде не бүлдіріп жүрсің? – дейді
тақбір түтіп жіберетіндей түтігіп.
– Иә, не бүлдіріппін? – деді Нұрғанат сабырлы қалпын
бұзбай.
– Бұдан артық жер өртейін деп пе едің? Үкімет кең
сесінде қызмет істеп жүріп, оппозициялық газетке мақала
жазасың. Бесіктен белің шықпай жатып, ұлт серкесі пре
зидентке ақыл айтасың... Жер сатыла ма, жоқ па, соның
төрелігін сен айтуың керек пе?
– Жер мәселесі бүкіл халықтық талқылауға түспеді ме.
Маман ретінде мен де ол туралы өз пікірімді айтуға құқы
лы шығармын, – деді Нұрғанат та райынан қайтпай.
– Құқығың бар-жоғын кейін заң орындарына айта жа
тарсың. Сені КНБ сұрастырып жатыр. «Қайдан келген,
қайда оқыған, кімнен тәрбие алған адам» дейді. Оппози
циялық партияға мүшесің бе, жоқ па, соны білгісі келеді...
– Сұрасын, тексерсін... Онда тұрған не бар? Қауіпсіздік
комитеті кез келген адамды тексеруге құқылы...
Мынаған не айтсам екен дегендей, басқарма бастығы
өзінен-өзі тұлданып, бөгеліп қалды.
– Сен бала, көп сөзді қой да, басқа жақтан жұмыс тауып
ал! – деді әлден уақытта көз жанары бір орында тұрмай
ойнақшып. – Маған өкіметке ақыл айтатын, КНБ-ның ба
қылауында тұрған «дәнішпанның» керегі жоқ. Маған Жо
ғарының нұсқауын бұлжытпай атқаратын кісі керек.
– Жарайды, мен қызметтен кетейін. – деді Нұрғанат
тексіз дүмшеге жалынғысы келмей. – Ол үшін мені жұ
мыстан неге шығарғаныңызды, қандай тапсырманы дұ
рыс орындамағанымды айтып, бұйрық шығарыңыз да, бір
нұсқасын маған беріңіз!
– Ол не үшін керек саған? – деп бастық қопаң ете қалды.
– Екеуміздің ісіміз сотта қаралу үшін!.. – деді Нұрғанат
асықпай – қызметкеріңізді еш жазықсыз жұмыстан қуға
ныңыз үшін, сот алдында жауап беруге тура келетін шы
ғар...
Дүмшелердің бір осал жері – қорқақтық қой. Бастық
тың тоқішегі қол бойы төмен түсіп кетті.
– Ол жағын кейін сөйлесерміз. Бар жұмысыңды істей
бер! – деді ештеңе болмағандай.
Нұрғанаттың айтып тұрғаны – жәй қоқанлоқы. Әйтпесе,
бастық қауіп ойлағандай мұның да арқа сүйер «крышасы»
жоқ болатын. Бар болғаны, дүмшелердің шама-шарқын
біле бастаған. Олар жаңа тәртіпке, демократияға келген
де – мұзға айдаған түйедей. Қарадай зәресі ұшып, қор
қып тұрады. Бастық мұны жұмыстан қуа алған жоқ. Бірақ
Нұрғанатты алаң ететін қауіп – басқада. Қазір кеңселерде
істің жөнін білетін білікті адамдар азайып барады. Билік
бірте-бірте бірыңғай дүмшелердің қолына көшкендей ме,
қалай? Білетін адамның ұсынысы өтпеу, айтылған сын
ды құлаққа ілмеу – жақсылық емес. Бұл – ұлттың ақыл-
ой потенциалын толық пайдаланбау деген сөз. Айналып
келгенде, қайран қазақтың соры... Жұмыстан қумағаны
мен бастықпен екі арасы ит пен мысықтай. Суқананың
сүймейтін адамның қоластында қызмет істеу де – бір азап
екен. Нұрғанат ыңғайлы жұмыс табылса, бұл мекемеден
кетуді ойластыра бастаған...
Сондай күндердің бірінде, ойда жоқта бұлардың кең
сесіне Еркебұланның келе қалғаны. Ол оқу бітірісімен
қаржы министрлігінде бөлім бастығы болып қызмет іс
теп жүрген-ді. Нұрғанат сияқты жұмыс іздеп, көрінгеннің
есігін тоздырған жоқ. Бейне күні бұрын тапсырыс беріп
қойғандай, қажетті орынға барып қонжия кетті. Әйткен
мен, бұрынғыдай емес, ол да біраз ысылған, кеңсе қыз
метінің қитұрқы қалтарыстарына қаныққан секілді. Екеуі
бір-бірінен хал-жағдай сұрасып, қауқылдасып қалды.
Нұрғанат ештеңесін жасырған жоқ, бастықпен арадағы
келіспеушілікті қатулы қабаққа зорға шыдап жүргенін
баяндап берген.
– Сөйтсе де, әлі де біраз шыда! – деді Еркебұлан. – Мен
министр болғанша шыдай тұр.
– Оған қанша қалды өзі?
– Көп қалған жоқ. Мен жақында басқарма бастығы бо
лып көтерілдім. Келесі басқыш – Министрдің орынбаса
ры. Білесің ғой, министрге дейін аржағы – бір-ақ қадам!
– Ол соны айтып, аз-кем бөгелді де: – Ойбу, мен саған ай
татын негізгі шаруамды ұмытып кетіппін ғой! – деді са
нын соғып.
– Иә, ол не шаруа?
– Естіген жоқсың ба? Мен үйленгелі жатырмын ғой.
Алдағы аптада – той. Алдымен қыз жақта, сонан соң біз
жақта...
– Неге асықтың соншама?
– Үйленбесіме қоймады. Күндіз-түні жолымды аңды
ған қыздардан-ақ тойып біттім... Оның үстіне, әке-шешем
де әркімді бір тықпалап...
– Қайсысына тоқтадың? Арайлым ба баяғы?
– Жоқ, ол емес, мен кейінгі кезде Эльмираға ауғанмын.
Ата-анам да соны ұнатып...
– Құттықтаймын! Эльмира – сұлу қыз...
– Ал, саған келген шаруам, – деді Еркебұлан әңгіме та
қырыбын өзгертіп. – Маған срочно күйеу жолдас керек!
Сенен басқа кім бар – маған жолдас болуға жарайтын?
Қысқасы, мені тағы бір өткелден алып шығасың...
– Ол үшін мен кемінде бір апта бос болуым керек қой.
Онсыз да атарға оқ таппай жүрген бастық мені ондайға жі
бере ме?
– Жібереді! – деді Еркебұлан сенімді түрде. – Қазір
кіші-гірім бастықтардың сайтанын қағып алатын болдық
қой... Кабинеті қай жақта? Мен барып сөйлесейін онымен.
Ол соны айтып, шығып кеткен. Арада он бес минөттей
уақыт өткенде қайтып оралды:
– Жаңа айтпадым ба – бізді бөгейтін күш жоқ деп. Сені
бір апта емес, он бес күнге бір-ақ сұрап алдым! – деді Ер
кебұлан мәз болып. – Бастығың біздің жақтың адамы екен
ғой. Бұдан былай саған оң көзімен қарауға уәде берді.
– Ал мен қашан барайын сен жаққа?
– Алдағы дүйсенбіден бастап менің құзырымдасың.
Нұрғанат оны аулада тұрған машинасына дейін шыға
рып салды. «Өлмегенге өлі балық жолығады» деген осы
шығар. Арада жарты сағат өтпей-ақ, кабинетіне шақырған
бастығының Нұрғанатты қалай қарсы алғанын көрсең!
Алда, байқұс-ай, бұрын араларында ештеңе болмағандай
майпаң қағады:
– Нұрғанатжан-ау, сен – біздің Еркебұланның жан аяс
пас досы екенсің ғой! Әй, жастар-ай, соны былтырдан
бері айтпайсың ба?! Бәсе, осындай бір мықты сүйеніші
бар-ау деп өзім де ойлаушы едім... Жарайды, тойларың
ды алаңсыз өткізіңдер! – Соны айтып, мұның қасына жа
қындады да, ақырын ғана: – ана Еркебұланға айтшы, осы
қаладағы тойына мені де шақырсын! – деді мұның бетіне
жалынышты жүзбен жаутаңдай қарап.
– Жарайды, ағасы, тойға апаратын сыйлығыңызды да
йындай беріңіз! – деді Нұрғанат, осыған бір кісілік орын
табармын деген оймен.
Сонымен, алда – ұлан-асыр той. Еркебұлан күйеу жол
дас болатын жігіт таппады дейсің бе. Бұл да болса бала
лық шақты еске алғаны, Нұрғанатқа деген құрметі шығар.
Сол оймен той жабдығына бұл да алаңсыз араласып кетті.
- ІІІ -
Той думанының ұзаққа созылатын түрі бар. Қыз ұзату
тойы мен келін түсіру тойы араға апта салып, екі бөлек
өтеді екен. Қыз ұзату тойы ауылда, Райымбек ауданының
Шалкөде жайлауында өтпек. Олай болатыны, Эльмира
ның туыстары да осал емес, сол ауданның атақты байлары
көрінеді. Ағасы – қалада ірі бизнесмен, ал әкесі – кезінде
бір колхозды бір-ақ жекешелендіріп алған, мыңды айда
ған аса әулетті кісі екен. Енді міне, кім көрінгеннің қолы
жете бермейтін әйгілі әулетпен құда болып отыр. Сон
дықтан, екі жақ бірлесіп, бұл тойды ел есінде қалатындай
етіп, дүрілдетіп өткізбек.
Еркебұланның қалыңдығы Эльмираны Нұрғанат жас
тар бас қосқан кештерде бірнеше рет көрген-ді. Бәлендей
асып тұрған ештеңесі жоқ, еркебұланның соңынан шұ
бырған көп қыздың бірі. Қазақта «ел мақтаған жігітті қыз
жақтаған» деген сөз бар еді. Қазіргі заманда сол сөздің
мәні өзгерген секілді. Қазіргі қыздар ел мақтаған өнерлі
жігіттен гөрі қалталы жігіттерді көбірек қарақтайды. Кө
келері билік басында отырған жігіт болса тіпті жақсы.
Осы тұрғыдан келгенде, соңынан жүгірген көп қыздың
қайсысын таңдарын білмей, Еркебұланның басы қатып
жүретін. Ең соңында таңдау Эльмираға түсіпті ғой. Бұл
да теріс емес. Қайын жұртың шіріген бай болса жаман
ба? «Қайным бай, нағашым бай, жиенім бай. Қайтып ке
дей қыласың құдайым-ай» депті ғой баяғыда біреу. Әсілі,
біздің қоғам – билік пен байлықтың одағы ғой. Туыста
рыңның саған масыл болмай, бай болғанына не жетсін!
Тойдың болғанынан болады қызық. Райымбек ауда
нындағы Шалкөде жайлауына баратын құдалар – қыз-кү
йеулер тобымен, құда-жекжат, жора-жолдасты, тағы бас
қа сыйлы қонақтарды қосқанда, қырық-елу машинадан
тұратын ұзақ-салқар көш түзеді. Қаладан алып шыққан
тәтті-дәмді азық-түлік пен құдаларға берілетін сый-сия
пат, киіттің өзі екі жүк машинасына зорға сиып келеді.
Алматы мен Шалкөденің арасы – 300 шақырымдай жер
екен. Жол бойы бірнеше бекетке тоқтап, тойшыл қауым
бой жазды, киноға түсті. Ағыл-тегіл құйылған сыра мен
шампанда, айтылған тілекте есеп жоқ.
Нұрғанат Еркебұланның ата-анасын бұрын бірнеше
рет көрген-ді. Университетте оқып жүргенде, үйлерінде
болғаны бар. Бұлар да – шіріген бай адамдар. Бұл әулет
байлық жинап әуіре болмайды, байлықтың өзі келеді бұ
ларға. Бір ғана құдыретті фамилия байлық пен бақ-дәу
летті магниттей өздеріне тартып тұрады. Еркебұланнан
әкесі – жеті сыныптан ары оқымаған кісі. Бұрын ауыл
да тракторшы-механизатор болатын. Міне, көрдіңіз бе,
тәуелсіздіктен кейін, туысы таққа мінген соң дүрілдеді де
кетті. Қазір, басқасын былай қойғанда, бұл кісіге Алматы
төңірегіндегі жиырмадай базар қарайды екен. Сол базар
лардан құйылатын бір апталық табыс мына тойдың шы
ғынын толығымен өтейтін көрінеді.
Еркебұланның әкесі көп оқымады дегенің болмаса, еті
тірі, шаруаға тастай, пысық адам екені көрініп тұр. Өзінің
ептеген серілігі бар ма, қалай, оның да қасынан сұлу әйел
дер үзілмейтін көрінеді. Міне, қазір де қасында сұлуша
келген жастау әйел жүр. «Менің осы тұстағы кіші шешем»
деп түсіндірді ол туралы Еркебұлан. Демек, жаңадан то
қал алған болды ғой... Басқаға жоқ нәрсе – бұларға бар.
Біздің қоғам қазір бір-біріне параллель екі бағытта жүріп
жатқан секілді. Элита және қарапайым халық.
Айтпақшы, бұл тойдың ауданда өтуі де тегін емес. Жер
сатылатын болғаннан бері Еркебұланның әкесі бір шеті
сонау шекараға дейін тірелетін Шалкөде жайлауын түгелі
мен жекешелендіріп, өзіне қаратып алыпты ғой. Аз емес,
пәленбай мың гектар келетін кең өлке. Соған тұрғылықты
албандар «мың жылдан бергі атамекеніміз қалайша бір
кісінің қанжығасында кетеді» деп наразылық білдіретін
көрінеді. Мына құдалық та – солардың аузын майлап, өк
песін таратудың бір амалы болса керек. Артта келе жатқан
бір машина сый-сияпат та осындағы ауыл ақсақалдарына
«киіт» ретінде таратылмақ. Елді өзіне қарату жағынан, ол
да өз рөлін атқаруға тиыс.
Бұл да ештеңе емес, Нұрғанат кереметтің көкесін Шал
көде жайлауына барғанда көрді. Бір шеті сонау Қытай
шекарасына тірелетін, екінші бір шеті Шонжы, кетпен
тауларымен қойындасатын Шалкөденің кең жазығы. Сол
жазыққа бұрма-бұрма ирек салып, батысқа қарай жарып
өтетін Шалкөде өзені. Өзеннің оң жақ жағалауына қаз-қа
тар тігілген бір өңкей ақшағала үйлер. Кемінде елу-алпыс
үй бар шығар. Бүкіл аудан атқамінерлері осы тойдың қар
балас дайындығында көрінеді. Ауданның бүкіл полиция
сы осында жүр. Олар аз болғандай, шекара заставалары
нан біраз әскер келгені байқалады. Солар тәртіп сақтап,
кім көрінгенді той болатын ауылға жібермей тұр. Соның
өзінде, ауыл маңы құжынаған халық.
Мұндағылар Алматыдан келген құдаларды қақ жарыла
салтанатпен, ду қол соғып қарсы алды. Машинадан түскен
қонақтарға шашу шашылып жатыр. Күйеулер тобы үл
кендерден сәл кейін үш-төрт машинамен бөлек келе жат
қан. Ауыл шетіне тақай бергенде, қыз-келіншектер арқан
керіп, алдарынан шықты. Мұның да өз ырымы бар. Кү
йеуден кәде сұрайды. Осыны сезген Еркебұланның әкесі
мана жолда келе жатып: «Мә, мынаумен соңыра алдарың
нан арқан кере шыққан қатындарды разы қыларсың» деп,
әлі печаты да бұзылмаған бір пәшке бес мың теңгелікті
Нұрғанаттың қолына ұстатқан. Бір бумада жүз қағаз бол
са, мөлшері бес жүз мың теңгедей ақша! Нұрғанат байдың
малын аясын ба, қыз-қатын, бала-шаға өздерін жүргізбей
қамап алған кезде машинадан атып шықты да, бір дө
ңестеу жерге көтеріліп, печаты жаңа ғана бұзылған бір
пәшке «бес мың» теңгелікті әуелете шашып кеп жіберді.
Көпшіліктің үстіне күзгі жапырақтай қалықтап түсіп жат
қан купюрлар. Жапа-тармағай ақша терген жұрт... Халық
соның өзіне-ақ разы боп қалды:
– Ой, өркенің өссін!
–Шай-тұздан тарығып отыр едік, мынасы жақсы бол
ды-ау!
– Қыз ұзатсаң, осындай байға ұзат! – деген дауыстар
естіледі әр тұстан.
Қаладан келген жастар жағы екі үйге бөлініп түскен.
Киіз үйге лайықтап, иіндете жасалған үстел үсті әртүрлі
тағамнан майысып тұр. Ауыл маңында бие байланған, со
йыс қамдалған. Топырлата сойылған көп қойдың сырты
на, жиырма-отыз жылқы жығылған деседі. Оған енді бүгін
қаладан әкелген деликатес, тәтті-дәмдіні қосыңыз. Жал
пы, бұл тойдың мақсаты – жұртты разы ету, таң қалдыру
болса, ол жағы артығымен орындалып жатқан секілді.
Күйеудің маңында қыз-қырқын жетерлік. Қаладан кел
гені бар, ауылдан қосылғаны бар, қосетек көйлек, үкілі
бөрік киген қыздар қаптап жүр.
– Қашанғы салт жүресің, мына қыздардың бірін таңда!
– деді Еркебұлан Нұрғанатқа иек қағып. – Күйеу жолдас
тойдан қалыңдық тауып қайтса, үлкен олжа сол болмақ.
– Менің қалыңдығым бар ғой! – деді Нұрғанат жалт
қарап. – Сағыныш биыл соңғы курста оқиды. Мені күтіп
жүр.
– Ол қайсысы? Әлгі сен туралы түс көретін қыз ба?
– Соның дәл өзі...
– Пай-пай, әлі күнге дейін бір ғана қызбен қыдырып
жүрсің, ә?! Нағыз «однолюб» деп сені айтса болады екен.
– Әсілі, махаббаттың өзі – екі адам ғана бөлісетін нәрсе
ғой. Одан көбейсе махаббат болудан қалады, – деді Нұр
ғанат.
– Мейлі, қайсысын алсаң да, биыл қалайда үйленетін
бол. Алдыңда ай-хай жиырма бес. Одан асқан жігітті қа
лай атайтынын білесің бе?
– Қалай атайды екен?
– «Сүрбойдақ» деп атайды.
Екеуі бұл сөзге біраз күліп алды. Айтты-айтпады, Нұр
ғанатқа да үйленетін уақыт жетіпті-ау өзі. Ойлап отырса,
үйленуге мұрша да болмапты ғой. Оқу бітірген соң, бір
жылдай жұмыс іздеп сандалды. Одан зорға дегенде жұ
мыс тауып еді, құлағынан қиқу кетпеді. Еркебұлан секілді
мұның соңынан шұбырған қыздар да болған жоқ. Бұл күн
де ақша капиталы саясатқа, кадр мәселесіне ғана билік
жүргізіп қоймай, махаббатқа да дендеп еніп алды. Қазір
бәрі есепте. Бүгінгі қыздар мінген машинаның маркісіне,
тұратын районыңа қарап-ақ кімнің кім екенін біле қояды.
Қолы қысқа Нұрғанатқа мынадай аста-төк той жасау бұ
йырмайтын шығар. «Көрпеңе қарап көсіл» деген сөз бар.
Бұған өзі сияқты біртоға, көмпіс, кедей қолды қыз керек.
Шүкір, ондай қыз бар. Ол – келер жылы университет біті
ретін Сағыныш. Ол қазір елінде, каникулде жүрген шы
ғар-ау. Осы күзде, сабақ басталысымен үйлену мәселесін
қолға алмаса болмас.
Кешке қарай киіз үйлердің сырт жағындағы алаңқай
ға жастар «Алтыбақан» құрған екен. Қыз-күйеулер тобы
түннің бір уағына дейін алтыбақан теуіп, алма-кезек ән
салып, уақыттарын көңілді өткізді. Енді бір жағында «Ақ
сүйек», «Соқыр теке», «Тақия тастамақ» секілді ұлттық
ойындар қызып жатты.
Бұл – тойдың қарсаңы ғана ғой. Тойдың ең маңызды
бөлігі ертеңінде жүзеге асқан. Атшабыс, палуан күресі,
жаяу жарыс, ақындар айтысы... Бұларға берілетін жүлде
де қомақты. Бірінші орын алған палуанға, озып келген
аттың иесіне, озып шыққан ақынға бір-бірден шетелдік
машина берілсе, қалғандары да құралақан қалмайды, әр
түрлі сый-сияпат таратылады.
Сонан кейінгі, көп тойларда бола бермейтін бір жаңа
лық – киіт тарату рәсімі еді. «Құдалар» деп, әр ауылдың
ақсақалдарынан қырықтай адамның тізімі жасалған екен.
Солардың әрқайсысына: тон, пальто, костюм-шалбар, те
левизор, магнитофон секілді заттар үлестірілді. Алғанды
кім жек көрсін, ауданның атқамінер үлкендері соның өзі
не-ақ разы боп қалды.
– Шіркін, байлық неге жаман болсын...
– Мұндай құдадан айналып кетсең болмас па?
– Киіт кигізу – ұмытылып бара жатқан нәрсе еді. Соны
қайтадан еске салды-ау! – десіп қауқылдасқан жұрт...
Бұл да ештеңе емес, халықты таң-тамаша қалдырған
нағыз керемет алда еді. Көпшілік киіттерін үлесіп алып,
ұлттық ойындарды тамашалап болып, енді түскі асқа, киіз
үйлер маңына жиналып жатқан шамада, ауылдың аспа
нында қанаты қалбаңдаған бір тікұшақ пайда болған-ды.
Жұртшылық шекарадағы заставалардың бірінен келген
болар деп бәлендей мән бере қоймаған. Бірақ әлгі тікұшақ
ауылды бір айналып, халық ең көп шоғырланған жерге
аялдап тұра қалды да, кілең бес мың теңгелік пен екі мың
теңгелік су жаңа купюраларды қарша боратсын келіп.
Несін айтасың, аспаннан ақша жауып тұрған керемет бір
сәт. Ер-әйел, үлкен-кіші, бала-шаға шуылдап ақша теріп
жүр. Халық мәре-сәре... Осы ақшаны әркімнің қолына же
ке-жеке ұстатсаң, садақа таратқандай еш әсері болмас еді.
Тіпті, кейбіреулердің көңіліне келуі мүмкін. Ал мынау –
тойдың шашуы, аспаннан түскен тәбәрік тәрізді. Бұл той
ды енді олар ұмытпайды. Басқасын ұмытса да, аспаннан
ақша жауған сәт көз алдарында тұрады.
Нұрғанат басында «осыншама шашпалықтың, дарақы
лықтың керегі не?» деп, іштей қарсы боп тұр еді. Кейін
ойлана келе, той иесінің бұл әрекетінің астарында бірне
ше мақсат жатқанын аңғарды. Біріншісі, артық байлық
тың арқасында өзінің даңқын шығару болса, екіншісі –
жерімізді тартып алды деп наразы боп жүрген жұрттың
көңілін аулау, сол арқылы жергілікті тұрғындарды өзіне
тарту еді. Еркебұланның әкесі үшін он миллион теңге де
ген түк емес. Ең маңыздысы – аспаннан ақшаның қарша
борауында... Әрине, байдың бәрі бірдей емес. Өзіндегі
байлықты ұқсата алмайтындар, игілігін көре алмайтын
дар да бар. Ал Еркебұланның әкесінің кешеден бері атқан
оғы нысанаға дәл тиіп жатыр.
Бұл елдің салты бойынша, қыз ұзатар тойдан кейін жас
тардың некесін қиып аттандырады екен. Сол күні кеш
ке Еркебұлан мен Эльмираның некесі қиылып, екеуі бір
отауды жеке иемденді. Оқыған жастар ғой, жеңгелердің
көмегенсіз-ақ тар төсекте өздері-ақ табысқан шығар...
Ертеңінде қалың машина қалаға қарай жөңкілді. Олжа
сыз емес. Жергілікті халықтың көңілін аулағаны өз алды
на, бір жігітінің аяғын шырмап, осы елдің бір қызын келін
қып әкетіп барады.
- ІV -
Баяғы өткен заманды әңгіме қылатын ертегілерде «отыз
күн ойын, қырық күн тойын өткізді» деп жатушы еді. Сол
салтанат біздің дәуірге де ауыса бастаған сияқты. Шалкө
деде басталған той, енді Алматыға келіп жалғасты. Араға
бір апта салып, Алматының бес жүз кісі сиятын мейрамха
насында келін түсіру тойы болды. Бұл тойға да ағайын-
туыс, құда-жекжат, жора-жолдас, қысқасы қаланың бетке
ұстар адамдары түгел қатынасқан. «Беташар», «жар-жар»
деген рәсімдер де осы кеште атқарылды.
Сценарий бойынша орындалмай қалған бір-ақ нәрсе
бар. Осы тойға елбасы да қатысуға тиіс екен. Ол кісі әл
дебір шаруамен кеше шетелге ұшып кетіпті. Бірақ арнайы
құттықтау хатпен көмекшісін жіберіпті. Ол елбасының
хатын оқып беріп, жас жұбайларға шарбақ толы гүл сый
лап, екі қабатты котедждің кілтін тапсырды. Осыны тілге
тиек еткен асаба:
Жар-жар менен беташар
Дәстүрден әлі қалған жоқ.
Сөзімде титтей жалған жоқ
Ханзадаға ханым боп,
Ханға келін боп түскен
Эльмира сенде арман жоқ.
Әлемге үлгі таратқан,
Елді аузына қаратқан.
Сапарлап шетте жүрсе де
Інісі мен келінін
Құттықтауды ұмытпаған,
Көреген көсем елбасы
Қайнатаңа бір сәлем! –
деп, беташарға қосып та жіберді. Бейне, елбасының өзі
қатысып отырғандай, ұзаққа созылған ду қол шапалақ!
Бұдан кейінгі сөйленген сөзде, айтылған тілекте есеп
жоқ. Тойлық пен сыйлық та әр тараптан құйылып жатыр.
Осынау мақтау-мадақпен жылы лебіздерді Еркебұланмен
бірге Нұрғанат та тік тұрып қабылдады. Бұл күйеу жол
дастық деген де – қызық нәрсе. Өтпелі дүние болғанымен,
қашан той тарқағанша, сен күйеумен бірге төрде отыра
сың. Дәл сол күні келіншек алмағанмен, қыз-қырқынның,
басқа да көпшіліктің назарындасың.
Әйткенмен, ұзаққа созылған дыр-думан да кісіні жа
лықтырады екен. Нұрғанат жолдасының ойдағы-қырда
ғы тойын өткізіп болып, қызметіне жарым ай шамасында
бір-ақ оралды. Бір тәуірі, мұны жоқтаған ешкім жоқ екен.
Бастығы майпаң қағып алдынан шықты. Нұрғанатқа дән
риза. Анада Еркебұланға айтып, қаладағы тойға оны да
қатыстырған-ды. Сол тойдан алған әсерден әлі арымаған
секілді, әлсін-әлі еске ала береді.
– Қандай той, қандай мереке! Шырқалған ән, шақырыл
ған әртістердің өзі қандай! Амал не, шетелдік сапардан
қолы тимей, елбасы қатыса алмады. Шіркін, ол кісі жұт
қан ауаны бірге жұтып, бір залда жарты сағат отырудың
өзі неге тұрады! – дегенде, мерейі тасыған бастық үзіліп
кете жаздайды.
Қызмет бабында қанша жәйлі болғанымен, осы кеңсе
де басқарма бастығы да Нұрғанатқа біртүрлі жағымсыз
әсер қалдырады. Жақында, Еркебұланның шарапаты бо
лар, мұны да бөлім бастығы етіп көтерген. Жалақысы да
әжептәуір. Бірақ, сонда да... Бастығымен жолыққан сайын
әлдебір жылбысқа, лас нәрсеге жұғысқандай өзін ыңғай
сыз сезінеді. Түбі, басқа бір қызметке ауысып алған дұрыс
шығар.
«Ал, жігітім, «көгалды қуып гөлайттап, қызықпенен
жазды алдың» демекші, ала жаздай той тойлап, осы сай
рандағаның да жетер. Енді өз тірлігімізді ойлайық» деген
Нұрғанат бір күні өзіне-өзі. Оның үстіне, анасы да: «Бас
қаға күйеу жолдас болған жақсы-ау! Бірақ өзің келіншек
алғанға жетпейді» деп, күн сайын мазасын алып жүр. Сірә,
анасының тілегін орындап, келін түсіріп бермесе болмас.
Осы ойға бекіген ол бір күні Сағыныш тұратын жатақ
ханаға іздеп барды. Бұл жаздық каникул аяқталып, оқу
жылы жаңа басталған кез болатын. Сағыныш бөлмесінде
екен. Нұрғанатты көргенде таңданғандай бір сәт аңырып
тұрды да, күліп жіберіп, мойнына асыла кетті. Бұл да екі
ай бойы көрмеген қызды аймалап, жалап-жұқтап жатыр...
«Сағыныш» десе, сағыныш-ау өзі де... Жаз бойы көріспей
қалай шыдаған?!
– Сенің келетініңді білгем, – деді Сағыныш құшағын
зорға жазып.
– Оны қайдан білдің?
– Жақында түсіме кіргенсің...
Ой, Алла, осы қыз-ақ түс көреді де жүреді. Осыған
түсінде аян беретін бірдеңе бар-ау. Нұрғанат қыздың жүзі
не енді ғана анықтап қарады. Бұрынғыдай емес, беті-қолы
жарылып, жүдеп кетіпті.
– Жүдеусің ғой өзің. Бір жерің ауырғаннан амансың ба?
– деді Нұрғанат қыздың қарақаттай қап-қара көзіне той
май қарап.
– Жаз бойы үй салдым... Айтып ем ғой, Ақсуатта анам
тұратын үй құлағалы тұр деп...
– Сонымен, ол үй бітті ме, әйтеуір?
– Бітті... Ағайын-туысты «асарға» шақырып жүріп, екі
айда зорға бітірдік... Жаңа үйге көшіп түскенде анамның
қуанғанын көрсең!
– Мені көмекке шақырмадың ба, баратын едім. Жаз
бойы Еркебұланды үйлендірем деп, сандалып босқа
жүрдім...
– Естідім. Қосақ арасында сенің де үйленіп кетпегеніңе
шүкір...
– Үйленгем жоқ. Бірақ осы жылдан қалмай қалай да үй
ленем деп бел байлап қайттым, – деді Нұрғанат кеудесін
керіп.
– Құттықтаймын! Қалыңдығың дайын болғаны ғой, со
ған қарағанда...
– Қалыңдық дайын... Керек десең, ол қыз дәл қазір
менің қарсы алдымда тұр...
– Айттым ғой, тура түсімдегідей! – деді Сағыныш сы
қылықтай күліп. – Түсімде сен қасыңа бір топ адам ертіп,
маған құда түсуге келіпсің...
– Сенің түсің қалай дәл келеді? Осы сенде бір әулиелік
бар, – деді Нұрғанат қызды қайтадан құшағына тартып.
– Сабыр-сабыр... Өзің жаздай қыз-қырқынның арасын
да болып, бабыңа әбден келіп алыпсың ғой.
– Жоқ, қалжың емес, екі ай уақыт берем. Қазан айының
ортасында той жасауымыз керек.
– Қазан айы дейсің бе? Сондай асығыс па? – деді Сағы
ныш біртүрлі ыңғайсызданып. – Оған дейін дайындалып
үлгіреміз бе?
– Үлгірмейтін несі бар? Мен тойға Еркебұлан секілді
бес жүз кісі шақырмаймын. Бізге жүз кісі жетеді. Сенің
туыстарың, менің туыстарым. Сонан соң сабақтас-курс
тастар...
– Одан басқа киім-кешек, төсек-орын дегендей...
– Оның бәрін сатып аламыз. Той көйлегіне осы бастан
заказ бер!
Сағыныш бұдан ары еш қарсылық білдірген жоқ. Өйт
кені, ол түбінде Нұрғанатқа қосыламын. Ол – тағдырдың
жазуы деп есептейтін. Сағыныштың уақ-уақ түс көретіні
бар. Бұлардың қарым-қатынасы әзірше сол түстердің ізі
мен жүріп келеді. Екеуінің алғаш танысқаны да қызық.
Танысқанда, жігіттің өзімен емес, Сағыныш Нұрғанат
ты әлі көрмей тұрып, оның елесімен танысқан. Ауылда
10-сыныпта оқып жүрген кезі ғой. Бір күні таң алдында
түс көрді. Марқұм әжесінің бейнесі әлі көз алдында. Ки
мешек-шаршысына қылау қонбайтын сол әжесі бір жігітті
қолынан жетелеп, ертіп келеді де, «Қызым, мына бала –
сенің болашақ тағдырың. Екеуің бас қосып, бақытты өмір
сүресіңдер!» деп батасын береді... Жігіт бейнесі тасқа ба
сылғандай, көз алдында қалып қойды: сұңғақ бойлы, қа
лың қасты, қараторы жігіт!
Сағыныш таңғы ұйқыдан қуанып оянды. Жүрегі ат
қақтап, қатты соғып тұр екен. Бұл әулет өздерінің көрген
түстеріне қатты сенетін-ді. Өйткені, көрген түстері айны
май келеді. Арғы аталары – Ырғызбай әулие. Күні бүгінге
дейін Ақсуат тұрғындары зиратының басына түнеп, ары-
бері өткендер «ақ» байлап жүреді... Сағыныш түсін ана
сына айтуға ұялды. Өзі ғана іштей жақсылыққа жорып,
«таяу арада маған бір жігіт жолығады екен» деді де қойды.
Сол жыл Сағыныш орта мектепті «алтын белгімен»
үздік бітірді. Ешқандай сүйеніші жоқ, тек өз күшіне сен
гендер ғана осылай оқиды. Сол беті Алматыға келіп, уни
верситеттің тарих факультетіне құжат тапсырды да, абы
рой болғанда, емтиханнан жоғары балл алып, оқуға түсіп
кетті. Сол күні өзінің оқуға түскенін айтып, анасына же
делхат жолдағаны есінде.
Көп ұзамай оқу басталып, ырду-дырдуы мол студенттік
орта мұны да өз ағысына тартып әкеткен. Жатақханада
тұрады. Үздік студент. Курстың алды. Өз қатарынан бір
озып алған талантты жас көпке дейін жарыстың алдын
бермейтін әдеті... Ойында ештеңе жоқ, бір жексенбі
де бөлмеде кітап оқып отырған-ды. Кенет есік ашылып,
ішке қасында атқосшысы бар бір жігіт кіріп келді. Қараса,
осыдан бірнеше ай бұрын түсінде көрген жігіті... Сағы
ныштың есі шыққаны сонша, орнынан атып тұрған бойы
қалшиып қатыпты да қалыпты. Сондағы түсіне кірген
жігіттен аумайды-ау, аумайды! Әлгілер университеттің
студенттер кеңесі атынан тазалық тексеріп жүрсе керек.
Бөлмедегі қыздарға көз қырын да салған жоқ. Үстел-
орындықты, терезенің жоқтауын, киім ілетін шкаптың
артын қолдарымен сипап көрді де, ләм деместен шығып
кетті... Сағыныш сонда ғана есін жиған:
– Жаңағы жігіт кім? Танисыңдар ма? – деген қасындағы
қыздарға қарап.
Бөлмеде екінші курста оқитын бір қыз тұратын-ды. Сол
біледі екен:
– Бұрын көрген жоқ па едің... Студенттер кеңесі басшы
ларының бірі – Атаханов қой ол! – деді өзінің әрнәрседен
хабардар екенін танытып.
– Аты кім оның?
– Оны қайтейін деп едің? Сенсіз де ол жігіттің соңынан
жүгіріп жүрген қыздар аз емес. Енді соларға сен қосыла
йын дедің бе?
– Қосылса қайтеді екен? Атын айтсайшы...
– Аты – Нұрғанат!
– Қай факультетте оқиды?
– Ту-у, тергеуге алып біттің-ау! Мен білсем, ол жігіт
экономика факультетінің соңғы курсында оқитын болар...
Неге сонша қазбалап кеттің? Ұнатып қалғаннан саумысың?
– «Ұнату» деген аз. Ол жігіт – менің болашақ күйеуім
ғой! – деген Сағыныш не айтып тұрғанын өзі де анық
біліңкіремей.
Бөлмедегі үш қыз ал кеп күлсін! Оқуға түспей жатып,
университеттің маңдай алды студентіне құрық салған
Сағынышқа күледі де, баяғы. Көз салу аз, «болашақ кү
йеуім» деп иемденіп алғанын қайтерсің! Қыздарға ермек
керек. Бұл оқиға біразға дейін әңгімеге арқау боп жүрді.
Аулада, не оқу залында Нұрғанат көріне қалса, Сағыныш
қа: «Әне, сенің күйеуің кетіп барады» дейтін болды.
– Көріңдер де тұрыңдар: мен ол жігітті бәрібір қаратып
алам! – дейді Сағыныш көктей ерегесіп.
Уақыт зулап өтіп жатты. Қызық болғанда, тарихшылар
мен экономистер бір ғимаратта оқиды екен. Сағыныш
«болашақ күйеуі» Нұрғанатты күн сайын көріп тұрады.
Тіпті, кейде бетпе-бет келіп қалған кездері де болды. Бі
рақ оқу бітіргелі тұрған жоғарғы курстың серкесі әлі қала
сәніне көше қоймаған бірінші курстың «жабайы» қызда
рын менсіне ме, көз қырын да салмай кекиіп өте шығады.
Оның үстіне, Нұрғанат өзімен бірге оқитын әлдебір «хан
задамен» дос екен. Қыз біткен сол екеуінің соңында.
Ақыры, Сағыныш сасайын деді. Енді бірнеше айдан
соң соңғы курстағылар оқу бітіреді. Сонда, мұның «бо
лашақ күйеуі» жүген-ноқта кимей, ештеңені сезбей кете
бермек пе? Бір күні әбден ыза кернеген Сағыныш Нұрға
наттың лекциядан шығар кезін аңдып тұрды да, дәлізде
тура қарсы алдынан шыға келді:
– Сіз неге адамды кісі ғұрлы көрмейсіз? – деген ызадан
жарыла жаздап. Жанары да жасқа толып кеткен еді.
– Не істеппін мен саған? Мен сені танымаймын ғой, –
деді Нұрғанат сасып қалып.
– Осыдан артық не істеуші едіңіз? Қасыңыздан талай
рет өттім, көз қырын да салмайсыз! – дегенде, Сағыныш
тың тұлабойы қалшылдап кетіп еді. – Сіз білесіз бе, жаз
мыштың ұйғаруы бойынша, болашақта сіз бен біз қосы
луымыз керек!
Енді күтпеген шабуылдан Нұрғанаттың есі шығып, сі
лейсін де қалсын. Біразға дейін тіл қатуға шамасы келмеген.
– «Жазмыштың бұйрығы» дедің бе? Оны қайдан тауып
жүрсің? – деген әлден уақытта.
– Осыдан бірнеше ай бұрын Алла-Тағала маған аян бер
ген. Мен сізді түсімде көргенмін! – деді Сағыныш...
Нұрғанат пен Сағыныш алғаш рет, міне, осылай таны
сып еді. Содан бері де арада үш жыл өте шығыпты-ау!
Енді міне, Сағыныштың сол түсі, тағдыр жазса, осы таяу
да іске асқалы тұр... Нұрғанат төс қалтасында жүрген тіл
дей күнтізбеге қарап, сәл ойланып тұрды да:
– Алдағы қазан айының 16-жұлдызы сенбі екен. Сол күні
той жасасақ қайтеді? – деді Сағынышты өзіне қаратып.
– Мейлі, солай-ақ болсын...
– Онда, мен сені ертең шешеме ертіп апарып, танысты
рамын.
– Ертең емес, маған бір апта уақыт бер! – деді Сағыныш
қиыла өтініп. – Мен жаздай үй салам деп, әбден тозып
кеттім. Аздап ретке келіп алайын да...
– Сен осы қалпыңда да сұлусың! – деді Нұрғанат қызды
бауырына тартып.
Көптен бері қалыңдығына сұқтана қарағаны осы еді.
Сағыныш жаз бойы күнге күйгеніне, беті-қолының жа
рылғанына қарамай, осы қалпында да керемет сұлу еді.
Бұрын қалай байқамаған? Талдырмаш бойына, қиылып
тұрған беліне, шертіп тұрған омырауына қалай ғана көз
салмай жүрген? Бәрінен де піскен бүлдіргендей уылжып
тұрған қаны толық еріндерін айтсайшы! Осыдан үш жыл
бұрын, бұл алғаш көргенде, Сағыныш әлі бүр жарып
үлгірмеген балаңдау қыз болатын. Қазір нағыз кемеліне
келген кезі. «Кішкене қыз өспей ме, көкейіңді теспей ме»
деген осы. Сенесіз бе, сезімді ғана пір тұтатын Нұрғанат
қалыңдығына қайтадан ғашық болды.
Сол күні осы таяуда үйленетінін анасына хабарлаған.
Келін түсіру – Хадиша байқұстың көптен бергі арманы
ғой. Күтпеген қуаныштан жүрегі жарыла жаздады.
– Тәңірім-ау, осы уақытқа дейін ол қайда жүрген қыз
екен? Бұрыннан таныс па едіңдер? – деген қолындағы ке
сесін қайда қоярын білмей.
– Ол да – студент. Екеуіміз ол алғаш оқуға келгенде,
осыдан үш жыл бұрын танысқанбыз. Ол мені содан бері
күтіп жүрді.
– Алла-ай, өзі бір құдайға қараған бала екен ғой! Содан
бері оны маған қалай көрсетпей жүргенсің? – деді анасы
болашақ келінін көргенше тағат таппай.
– Көресің. Алдағы аптада осында ертіп келемін! – деді
Нұрғанат бір үлкен жұмысты тындырғандай масаттанып.
– Одан да болашақ келініңнің мамандығын сұрамайсың
ба?! Сен сияқты, ол да – тарихшы.
– Не дейді-ау! Тарихшы болса ел өмірін біршама бі
леді деген сөз... Өзі бізді менсінбейтін асқақтаған байдың
қызы емес пе?
Мына сөзді естігенде, Нұрғанат қарқылдап күліп жі
берді.
– Менің теңдікті сүйетінімді білесің ғой. Сағыныш та –
өзің сияқты жесір әйелдің жалғыз қызы...
– Алда байқұс-ай, ол да мен сияқты тағдыр тауқыметін
тартқан сорлы екен ғой! – деп Хадиша әлден-ақ болашақ
құдағиын мүсіркей бастады. – «Келін – ененің топырағы
нан» дейді ғой. Өзінің бар жағынан маған тартқанын көр
мейсің бе!
Анасы той мерзіміне қарсы болған жоқ. Бар айтқаны:
– Балам-ау, той жасауға едәуір қаржы керек қой, оны
қайдан табасың? – деген-ді.
– Өзімізде де азын-аулақ қор бар емес пе. Қалғанын
банкіден қарыз алам! – деді Нұрғанат.
Анасынан кейін ақылдасатын бір адамы – Еркебұлан
ғой. Келесі күні түскі үзіліс кезінде соған барды. Қаржы
министрлігі бұлардың кеңсесіне таяу болатын. Екеуі ал
дын ала телефонмен тілдесіп алды да, екі аралықтағы ка
фелердің бірінде бас қосты.
– Әп, бәлем, саған сол керек! – деді жаңалықты естіген
Еркебұлан қарадай мәз болып. – Сонымен, мен киген қа
мытты сен де киетін болдың ба?
– Немене, үйлену – азап па соншалық? – деді Нұрғанат
– Мен сені менен бұрын ақыл тапты деп қызғанып жүр
сем.
– Азап емес, рақаты да шамалы. Үйленген соң баяғыдай
еркіндік жоқ, бір затыңды бір жерде ұмыт қалдырғандай
алаңдайсың да жүресің, – деді Еркебұлан өзінше көпті
көрген, тәжірибелі кісімсіп. – Айтпақшы, ол қайсы қыз?
Әлгі сен туралы түс көретін қыз емес пе?
– Соның дәл өзі. Ақыры, сол түс көргіш қыздың айтқа
ны келді. Біздің қосылуымыз Лаухул-Махпозда жазылған
көрінеді.
– Онысы не бәле тағы да? Байқа, алаяқ біреу болып, ал дап соғып жүрмесін. – Лаухул-Махпоз – жазмыш деген сөз ғой. Сағыныш – алаяқ емес, әулие. Оған түсінде ғарыштан аян келіп тұра ды. – Солай де... Ондай әулие қыздан айрылма, ендеше! – деді Еркебұлан қарқылдай күліп. – Ал сонда тойды қашан жасайын деп отырсың? – Екі айдай уақыт бар. Алла бұйырса, қазан айының ор тасы деп отырмыз. – Саған күйеу жолдас болар едім, үйленіп қойғаным ды қарашы! – деді Еркебұлан санын соғып. – Сен сұрап білші: үйленген кісі күйеу жолдастыққа жарай ма екен? – Жарамағанда! Сен – күйеу жолдас, Эльмира қыз жол дасы болады. – Ой, рахмет! Көңілімді көтеріп тастадың ғой! – деп Ер кебұлан марқайып қалды – үйленем деп қарызданып жүр ме. Той шығынын қанша болса да өзім көтерем! – Рахмет! Бірақ біздікі – ұлан-асыр, үлкен той емес қой. Шама-шарқымызға лайық, шағын ғана ырым жасаймыз, – деді Нұрғанат. – Сен өйтіп қорғана берме! – деді Еркебұлан. – Өмір де бір болатын қызығың емес пе. Қарымың жеткен жерге дейін көсіле бер. Өйткені, сен жәй біреу емес, болашақ министрдің орынбасары екеніңді ұмытпа! Бұл сөзге екеуі шағын кафені бастарына көтере, дауры ға күлді. - V - Сол күннен бастап, бұлар болашақ той жабдығына кірісіп кеткен. Ең алдымен, тойға қала мен қырдан кім дер шақырылады, түгел тізімделді. Тізгінді қанша тежеп ұстағанның өзінде, екі жақтан келетін адам – жүз елуден асып жығылды. Хадишаның отыз жыл еңбек еткен мек теп ұжымы бар. Жалғыз ұлың үйленіп жатқанда, оларды қалай тастап кетесің? Той болардан он шақты күн бұрын Ақсуатқа барып құда түсіп қайту керек. «Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз жоқ» дейді қазақ. Тойлық, өлтірі, сү тақы, киіт дегендер болады. Білмейтін біреу болса сөгіс жоқ. Ал салт-дәстүрді жақсы білетін Хадишадай сұңғы
ла оларды орындамай қалай отырады? «Бай мен бай құда
болса жорға ауысар, кедей мен кедей құда болса, дорба
ауысар» деген бар. «Дорба» дегені – күйеу қоржын ғой.
Сол қоржынның іші де бос болмауы керек.
Анада өзі айтқандай, тойдың ауыр салмағын Еркебұлан
көтеріп кетті. Ол «тойыңа қосқаным» деп, жақында отыз
мың доллар беріп кеткен. Сол қаржы құдалыққа да, той
жабдығына да еркін жетіп тұр. Ақсуатқа баратын көлікті
де Еркебұлан өз мойнына алды. Біреу емес, екі машина.
Біреуі өзі мініп жүрген «Тойота» да, екіншісі – сегіз кісілік
«Рапих». «Тойотаға» Еркебұлан мен Нұрғанат келіншек
терімен отырды да, «Рапихқа» құдалыққа апаратын қор
жын-қолаңын алып, үлкендер жайғасты.
Баратын жерлері алыс. Алматы мен Ақсуаттың арасы
мың шақырымнан кем болмас. Сондықтан, бұлар тәңер
тең, күн шығар-шықпастан аттанып кетті. Жол-жөнекей
Талдықорғанды басып, Алакөлден асып, Аягөзді жанай
өтіп, Ақсуаттың «Көкжыра» деген ауылына күн бата зор
ға жетті. Ауыл құдалардың келетінінен хабардар екен.
Өздері Мұрын руының ішінде Жәнбике көрінеді. Солар
тайлы-таяғы қалмай алдарынан шықты. Қайда барсаң да,
қазақтың салт-дәстүрі ортақ. Мұнда да күйеудің алдынан
арқан керілген. Нұрғанат әйелдердің қолына ұстату үшін
бір уыс ұсақ ақша дайындап отыр еді. Бірақ Еркебұлан бұ
дан бұрын қимылдап, жаздағы өз тойындағы секілді кілең
екі мың теңгеліктердің бір бумасын аспандата шашты да
жіберді. Бұрын мұндайды көрмеген Жәнбикенің қыз-қыр
қын, бала-шағасы ақша теріп, жырғады да қалды.
Тойдың бұдан арғысы бүгінгі қазақ ауылының жөн-
жосығымен өтіп жатты. Бұл елге Хадиша да бөтен емес,
осы өңірдегі Тәукенің қызы болатын. Мұрын мен Тәуке
ежелден құдандалы. Ол да айтылып, нұр үстіне нұр болып
жатыр. Ал құдалардың құрамында аты-жөнінен ат үрік
кендей ханзада Еркебұланның келіншегімен жүруі ауыл
адамдарын есінен тандырды. Бұлардың бұл сапарынан ау
дан активтері хабарсыз жатыр ғой. Біліп қалса қопарыла
қозғалатын түрі бар... Ауыл әйелдері күйеу-қоржынға да
разы болған сияқты. Ауылда таптырмайтын асыл бұлдар
мен қымбат шараптарды көргенде, жеңгелердің көзі жай
нап кетті.
Ең бастысы, өмірі бет көріспеген екі құдағидың бір-
біріне мәс келгенін айтпайсың ба! Жастары да қатар екен.
Екеуі де – ұстаз. Біреуі мектепте тарихтан сабақ бер
се, екіншісі қазақ тілінің мұғалімі. Бірден тіл табысып,
шүйіркелесіп кеткен. Сағыныштың биыл жаз бойы лай
басып, үй салғаны мұндай жақсы болар ма, бес бөлмелі
жаңа үйлері тап-тұйнақтай әдемі екен. Ауылдың қақ жа
рымы – құдағидың туыстары, шәкірттері. Бәрі де төбе
леріне тұтып, сыйлайды екен. Жалпы, қалаға қарағанда,
ауылда өмір сүру жеңіл. Қайғы-қуанышыңды көршілерің
көтеріп әкетеді. Ауылда тіпті өлу де жеңіл. Өлсең, көрін
геннен жер сұрап, жалынып жүрмейсің, ата-баба қорымы
на апарып, терең қазып көмеді.
Той-томалақ та солай. Құдалар тәңертең тұрса, бұлар
дың ертең қайтатынын естіген сол көшедегі үш ағайын
қатарынан дастарқан жайып отыр екен. Бір шетінен «айт
шылауға» тура келді. Әрине, қалалықтар үй басы тамақ
ішіп жарытпайды. Бірақ әр үйден дәм тату парыз. Үй басы
қой сойған. Қойдың басы мен жамбасы үлкендерге тар
тылса, асықты жілігі мен төсі күйеудің алдына келеді. Бұл
табақтың ептеген салығы бар. Табақты қайтарарда аздап
ақша салуға тура келеді.
Әр үйдегі қонақасы ән-күйсіз болған жоқ. Әр ауыл
дың өз өнерпаздары бар. Солар ән салып, күй шертіп,
қонақтарды зеріктірген жоқ. Сонан соң бұл ауылдан ай
тыс ақындары көп шыққан. Иісі қазаққа танымал Айнұр,
Сара секілді айтыскер ақындар – осы маңайдан. Солар
дың ауылда ізбасарлары бар екен. Несін айтасың, солар
Нұрғанат пен Еркебұланды біраз жерге апарды. Әсіресе,
әйгілі әулеттен шыққан Еркебұланды жеті қат көкке неше
рет шығарып, неше рет түсірді.
Ертеңінде құдалар қайтатын болған. Енді жарым айдан
соң Алматыда той бар. Нұрғанат тойға шақырған отыздай
билет ала келіп еді. Билетке кімнің атын жазуды «өзіңіз
шешерсіз» деп, құдағидың қолына ұстатты. Бұл енді Сағы
ныштың ұзатылып, өз босағасынан шығып бара жатқаны.
Қанша теңін тапты дегенмен «жат жұртқа» кетіп барады.
Аттанарда өз анасы бастатқан көңілі бос біраз жеңгелері
көздеріне жас алып, жылап қалды... Сол әнекүнгі келген
жолмен, құдалар енді Алматыға қарай бет алды...
Нұрғанат пен Сағыныштың үйлену тойы Алматыдағы
ресторандардың бірінде өтті. Той дастарқанын ұйым
дастыру, асаба жалдап, әнші-бишілер шақыру жағын Ер
кебұлан өз мойнына алған. Ішіп-жем, дастарқан мәзірі өз
алдына, тойдың көркемдік деңгейі өте жоғары болды деп
бағалады жиналғандар. «Беташар» мен «жар-жар» да осы
кеште орындалған. Бұған дейін талай тойды басқарған,
таңдайы тақылдап қалған тамада өз өнерімен көпшілікті
разы етті.
Әдеттегідей, күйеу мен қалыңдық бір-бір жолдасымен
– төрт адам төрде отыр. Күйеу жолдас пен қыз жолдасы
– Еркебұлан мен Эльмира... Бұл да – өмірде бір-ақ рет бо
латын айтулы кезең. «Кез-келген адам өз өмірінде патша
тағы деңгейлес биік мәртебеге үш рет жетеді, – депті бір
дәнішпан. –Оның бірі – сәби кезінде. Адамдар сені аялап,
алақанына салады. Екіншісі – үйленгенде. Сен бүкіл елдің
құрметіне бөленіп, төрде отырасың. Үшіншісі – бақи дү
ниеге аттанарда. Сенің табытыңды қалың қауым төбесіне
көтеріп, шығарып салады».
Бүгін Нұрғанат та патша тағы деңгейлес биікте отыр.
Оның екі көзі – Сағынышта. Қалыңдығына әлсін-әлі қа
рай береді. «Сол разы болса екен, сол қуанса екен» деп
тілейді ішінен. Ал бүгін сұлулық жағынан Сағыныштың
алдына түсер ешкім жоқ. Бәрі көңілге байланысты екен
ғой. Әншейінде көзге түсе қоймай төменшіктеп жүретін
Сағыныш аяқастынан құлпырып шыға келген. Мына той
көйлегі қалай жараса кеткен өзіне! Осы қазір ұша жөне
летін аққуға ұқсайды. Бой бітімі, жартылай ашық, сүйір
лене біткен иығы, әжімсіз аппақ мойны айрықша сипат
береді өзіне. Әлгі романдарда айтылатын аршын төс, қып
ша белдің өзі... «Осының бәрі маған ғана бұйырған, менің
ләззатқа батып, тоят алуым үшін жаралған» дегенді ой
лағанда, Нұрғанаттың бақыттан басы айналып, тұлабойы
дуылдап кетеді. Ол бұрын адамдардың тойға неғұрлым
көп жиналуын тілесе, енді мына көпшіліктің тезірек та
рауын тілеп отыр. Есіл-дерті Сағынышпен оңаша қалу.
Ақырында той да тарады-ау! Жамбыл көшесінде Нұр
ғанаттың әкесі бар кезінде алған, қабырғасы қалың, төбесі
биік, үш бөлмелі үйі бар болатын. Еркебұлан мен Эльмира
бастатқан бір топ адам жас келінді осы үйге әкеліп енгізді.
Жасамыс әйелдер: «Шырағым, босағадан оң аяғыңмен
атта!» деп, салт-сананы еске салып тұр. Одан ары, осы
үйдің ошағына жас келін май тамызып, отқа тауап етуі ке
рек екен. Сағыныш, өзі тарихшы емес пе, ол сынақтардан
да жақсы өтті.
Кеңірек бір бөлме – келіннің отауы. Залда дастарқан
жаюлы тұр екен. Келгендер соған жайғасып, тост-тілектер
айтыла бастады:
– Ал, Хадиша, бүгін арманыңа жетіп, оң жағыңды қы
зарттың. Әзірше үш бөлмелі үй үшеуіңе жетіп тұр. Ұзамай
бастарыңа бас қосылып, мына үй таршылық ететін бол
сын! Келер жылы шілдеханаға жиналайық. Қолың жөргек
жуудан босамасын! – деп тілек айтты мектептен келген
ұстаз әйелдердің бірі. Ал жастар «әумин» деп бет сипады.
- VІ -
Зымырандай зулап өтіп жатқан заман. Міне, сол тойдан
бері де үш-төрт жылдай уақыт өте шығыпты. Қоғамдық
өмірде де, отбасында да жаңалық көп. Жұрттың тілегі
қабыл болып, Сағыныш жыл уағына жетпей, шекесі тор
сықтай ұл тапты. Оқу бітіретін жылы мемлекеттік емти
қанмен қабаттасып қала ма деп қорқып еді. Бұл жағынан
да қолайсыздық болған жоқ, емтиқанын толық тапсырып,
дипломын алғаннан кейін босанды.
Нәрестенің атын Ерасыл қойған. Ерасыл – қолбасы Қа
банбайдың азан шақырып қойған аты ғой. Қазір Қазақс
танда жүздеген Ерасыл бар десек, соның бірі – осы үйде.
Бұл бәрінен де, анасы Хадишаға жақсы болды. Өткен
жылы зейнет демалысына шыққан ол, қазір немересін ба
ла-бақшаға бергізбей, өзі бағып отыр.
Ал, университетті үздік бітірген Сағыныш осындағы
тарих институтына орналасқан-ды. Ғылым академиясы
тарап кетсе де, ғылыми институттар Білім министрлігінің
қарауында қалт-құлт жан бағып отыр. Осы Академияны
Қаныш Сәтбаев 1944-жылы, соғыс жүріп жатқанда құрған
екен. Тәуелсіздіктен кейін бірер жылға жетпей, дүмшелер
оны таратып жіберді. Сірә, Қазақстанға ғылымның қажеті
болмаса керек.
Нұрғанат ойлағандай емес, Сағыныштың аяқ алысы ке
сек. Университет бітірерде Алаш көсемі «Әлихан Бөкей
хановтың өмір жолы» деген тақырыпта диплом жұмысын
жазған екен. Енді сол тақырыпты ұлғайтып, «Алаш» қоз
ғалысын тудырған тарихи кезең» деген тақырыпта канди
даттық диссертация қорғамақ. Ол «Алаш» қайраткерлері
жайындағы материалдарды бұрыннан жинап жүреді екен.
Диссертацияның ұзын-ырғасын жазып та қойды. Ендігі
мәселе, қорғаудың алдында диссертант газет-журналда
бірнеше мақала жариялауы керек. Қазір соның қамында
жүр. Уақытының көбін кітапханалар мен архивте өткізеді.
Қазір Алаш қайраткерлерінің еңбегін елеусіз қалдырып,
«Мемлекеттің де, шекараның да іргесін қалаған – мына
біздерміз» дейтін жанкештілер шықты емес пе. Сондай
жалған концепцияға қарсы жазылған бір мақаласының
тұздығы сәл ащылау боп кеткен бе, жақында ғылыми же
текшісі Сағынышты шақырып алып, ескерту жасапты.
–Айналайын, сен диссертацияңды қорғап алғанша,
азуыңды көрсетпей тұра тұршы! – депті профессор жа
лынғандай болып. – Ешкіммен тіреспе де, күреспе! Он
дайды диссертант өзі жазды демейді, ғылыми жетекшісі
жаздырды дейді. Екі ортада өзің ғана арандалып қоймай,
кеселің маған тиеді, – десе керек.
Соған қарағанда, жетекшісі алда болатын Академия
сайлауынан дәмелі сияқты. Осыны естіп қайтқан күні Са
ғыныш терісіне симай ашуланып отыр екен:
– Соларды да ғылым докторы, профессор дейді-ау! Кө
леңкесінен қорқатын сужүректер өңшең... Қаны тамып
тұрған ақиқаттың өзін айтқызбайды-ау! Ал шындықпен
суарылмаған, фактіге жүгінбеген ғылым қалай өркен
дейді?
Нұрғанат не десін, Сағыныштың айтып отырғанының
бәрі рас. Бір кезде өз басынан кешкен жайлар ғой. Сол есі
не түсіп, жымиып қана күлді:
– Осының бәрін бір кезде мен де басымнан өткергем,
– деді Сағынышқа басу айтып. – Ой, мен де бірден тау
құлатпақ болдым ғой. Оқу орнының шектен тыс көбейіп,
оқу сапасының құлдырағанын айтып, жар салдым. Кол
хоз-совхозды апай-төпей таратуға қарсы мақала жаздым.
Ең соңында жерді сатуға болмайтынын айтып, дәлелдер
келтірдім. Тыңдаған кісі болды ма? Жоқ. Менің пікірім
мен санасудың орнына КНБ соңыма тыңшы салып, өзімді
тексере бастады... Қазір ақиқат та, шындық та екінші
планға шегініп кеткен, бәйбіше! – деген Сағыныштың ар
қасынан сипап. – Бұл жағынан, сенің жетекшіңді де түсі
нуге болады. Ол сенің диссертацияңды кедергісіз қорғап
алсын дейтін шығар...
Осы араға келгенде, Сағыныш оның сөзін бөліп жіберді:
– Менің мақсатым – әйтеуір, бір тақырыпты қорғап,
көп кандидаттың бірі болу емес, ғылымға титтей де болса
жаңалық енгізу! – деді Сағыныш назаланып. – Бұл күн
де кім ғылым кандидаты емес, кім доктор емес? Газеттен
оқыдың ба, қазір парламенттегі депутаттардың барлы
ғы, министрлер мен облыс әкімдері түгелге жуық ғылым
докторлары екен. Солардың бәрі дерлік ғылымға қалам
түртіп, бір мақала жазбайтын адамдар... Айттым ғой, ма
ған керегі – ғылыми атақ емес, тапқан жаңалығымды ғы
лыми айналымға енгізу...
Өзінше ойлайтын, өзіндік ой-пікірі бар әйелдің бір
жаманы, ол үнемі сенің ырқыңа көнбейді екен. Екеуінің
арасында оқта-текте осында пікір қақтығысы болып тұра
ды. Қақтығыс болғанда, бұлардікі – көзқарас алшақтығы
емес, жүйкені жұқартатын – дүмшелердің зорлығы. Не іс
тейсің, бұл күнде бір ғана адамға жағыну керек, бір ғана
адамға табыну керек...
Әркім өз ойымен болып, тоң торыс отыр еді, кенет есік
ашылып, жатын бөлмеге кішкентай Ерасыл кіріп келе
жатыр екен. Міне, көңілдегі кірбіңді шәйіп жіберетін
дәрі деген осы! Үш жасар ұл ұйқыдан жаңа оянса керек,
бұларды көре сала тымпыңдап тұра жүгірді. Балаларын
екеуі қабаттаса бассалды. Алма-кезек құшақтарына алып,
сүйіп жатыр, құшырлана искеп жатыр. Манадан бергі қа
бақтағы қырау бір демде еріді де кетті.
Ертеңінде төсектен тұрып жатқанда:
– Осы таяуда сенің өміріңде бір өзгеріс болады, – деді
Сағыныш күйеуіне күлімдей қарап.
– Оны қайдан білдің?
– Түс көрдім... Түсімде сен бір жаңа машина сатып
алыпсың. Бәріміз мәз болып қуанып жатырмыз.
– Аузыңа май! – деді Нұрғанат та елең қағып. – Шы
нында да бір өзгеріс болуға тиіс. Көп болды ғой – жаңа
лықсыз, өзгеріссіз отырып қалғанымызға...
Айтты-айтпады, осы Сағынышта бір әулиелік бар. Ара
да екі күн өткенде, қызметте отырған Нұрғанатқа Еркебұ
лан телефон соқты.
– Әй, неғып отырсың? Құттықтамайсың ба мені?
– Иә, не жақсылық? Эльмира ұл тапты ма?
Үйленгендеріне біраз жыл өтсе де бала көтермей жүр
ген Еркебұланның келіншегі биыл ауыр аяқты болатын.
Соны еске алғаны ғой.
– Эльмира баласын таба жатар. Қарындағы бала қайда
қашады? «Күні жеткен бала күшенбесең де туады» депті
ғой бір жазушы ағамыз... Мына қонған бақыт – ұлдан кем
емес...
– Әй, сен осы Министр боп кеткен жоқсың ба? – деді
Нұрғанат өздері күткен көп жақсылықтың қайсысына
жармасарын білмей.
– Министр емес, Министрдің бірінші орынбасары!
– Не дейді-ау! Шын жүректен құттықтаймын! Бәсе,
саған жәй басқарма бастығы болған жараспайды, – деді
Нұрғанат аздаған әзіл қосып.
– Әй, көп сөзді қайтесің. Уақытың болса келіп қайт.
Әңгіме бар! – деді Еркебұлан.
Қаржы министрлігі бұлардың кеңсесінен алыс емес-ті.
Бір таксиге міне салып, құстай ұшып жетті. Келсе, Ер
кебұлан бұл бұрын көрмеген басқа кабинетке ауысыпты.
Есігіне әлден-ақ «Министрдің бірінші орынбасары» деп,
аты-жөнін жазып тастапты. Қабылдау бөлмесінде түр-
тұлғасы келіскен хатшы қыз қарсы алды:
– Кіре беріңіз. Ол кісі сізді күтіп отыр, – деді хатшы қыз
оң жақтағы есікті ашып.
Есік пен төрі «ат шаптырым» даладай кабинет. Сонау
төрде қарғадай болып, Еркебұлан отыр. Кең кабинет әр
қандай кісіні кішірейтіп көрсетеді екен. Нұрғанат қалың
түкті, жұмсақ кілемнің үстімен баяу басып, жақындай
бергенде, Еркебұлан да орнынан тұра берді. Ыржалақтап
күліп келеді.
– Қалай, маған жараса ма екен мына кабинет? – деді
қолын ұсынып жатып.
– Түбегейлі емес, әзірше бірер жылға жарап тұр, – деді
Нұрғанат күле тіл қатып. – Бастықтардың кабинеті неге
даладай кең болады десем, келген адамның мысын басу
үшін әдейі жасайды екен ғой. Жаңа есіктен кіргенде көзім
қарауытып, менің де есім шығып кетті.
– Әзірше осыған разы боласың, – деді Еркебұлан өз ор
нына бармай мұның қарсысына отырып жатып. – Саған
«түбінде министр болам» деген уәдем бар еді, мынаны со
ған апаратын жолдағы бір бекет деп білерсің.
Нұрғанат бұрын оның сөздерін қалжыңға жоритын.
Сөйтсе, бәрі шынға айналып барады. Еркебұлан мына
бетінде министр болмай қоймас. Тіпті оны осы қазір пре
зидент етіп сайласаң да былқ ететін түрі жоқ-ау! Заты
осылардың әулетінде ел билеуге бейім бір қасиет бар. Ше
телдік бір ғұлама адам ақыл-ойын бірнеше салаға бөліпті:
тұрмыстық ақыл-ой, техникалық ақыл-ой, ғылыми ақыл-
ой, жасампаздық (творчестволық) ақыл-ой, әкімшілік
ақыл-ой деп жіктеген. Мына Еркебұланның тұқымында
басқа емес, әкімшілік ақыл-ой жетілген сияқты... Бір ғана
ақылдың құрамына көп нәрсе кіреді екен: көрегендік,
пайымдылық, парасаттылық, амал-айла, қулық-сұмдық,
өзімшілдік, алаяқтық болып жалғаса береді. Адамда осы
лардың қайсысы басым болса, сол оның қасиеті болмақ.
Кабинеттің төрінде тағы бір есік бар екен. Бұл – дема
лыс бөлмесі. Диван, кресло, журналный үстел, телевизор,
тоңазытқыш... бәрі осында. Еркебұлан Нұрғанатты сол
бөлмеге ертіп кіріп:
– «Қуыс үйден құр шықпа» деген бар. Менің қызмет
орныма алғаш келуің ғой, мынадан дәм тат! – деп кішкен
тай екі рюмка француз коньягын, екі бокалға арасан суын
құйды.
– Ал, қызметің құтты болсын! Жоғары өрлей бер! – деп
Нұрғанат жылқының майындай жұмсақ коньякты аттан
дырып жіберді. Сонан соң екеуі кабинеттегі манағы орын
дарына қайта келіп жайғасты.
– Көкеміз осылай ұйғарған соң бас тарта алмадым, –
деді Еркебұлан. – Бұл күнде кімді қай қызметке жіберсе
де, «мына жұмыс менің қолымнан келмейді» деп айтпай
ды екен ғой. Мәселен, бір дәрінің атын білмейтін қаржы
гер денсаулық сақтау министрі болады. Өмірінде мыл
тық ұстап көрмеген, не әскерге бармаған кеще қорғаныс
министрі болады дегендей, – Еркебұлан соны айтып, аз
бөгелді де, сөзін қайта жалғады. – Сенен жасыратын не
бар, мына жұмыс менің де қолымнан келмейді. Қарап
отырсам, жылдық жоспарға, бюджетке, банкілерге бай
ланысты толып жатқан машақат... Бірінші басшы жоқ
та бүкіл мекеменің жұмысына жауап бересің. Жоғарыға
жолдайтын мәлімет, үкімет отырысына қатысу, парламент
алдында есеп беру деген бар. Соларды ойласам, әлден-ақ
шақшадай басым шарадай болады... Шынымды айтсам,
мен бұл жұмысқа саған сенгендіктен келдім. Мына жер
де мен сенсіз аттап баса алатын емеспін. Басқа сөзді қой
да, сен ертеңнен бастап осында келіп, маған көмекші бол!
Сен – қашанда менің жаным қысылғанда қол ұшын бе
ретін періштем едің ғой. Осы жолы да мені далаға тастап
кетпе! Қиын кезеңнен мені тағы бір рет алып шық. Бұған
не айтасың? Келесің ғой, ә? Бас тартпашы! – деді жалы
нышты жүзбен жаутаңдай қарап.
Нұрғанат бір сәт желкесін қасып, ойланып қалды. Көз
алдына баяғы оқушы кездерінде мұның шығарған есебінің
көшірмесін күтіп, жаутаңдап отыратын Еркебұлан елес
теді. Бірақ бұл жолғысы емтихан есептерінің көшірмесі
емес қой. Бұл жолы өте жауапты міндет жүктеп отыр. Сен
министр емессің, бірақ министрдің жұмысын атқаруың
керек. Арбаға жегілген екенсің, ондағы жүкті тартпай
тағы отыра алмайсың... Ақыры, ойлана келіп, бала кезден
бірге өскен достың көңілін қимады.
– Онда не істейміз? Сен жегілген арбаны бірге тартып
көреміз де! – деді әлден уақытта жолдасының жүзіне күле
қарап.
– Міне, нағыз Қабанбай батырдың тұқымы! – деп Ер
кебұлан орнынан атып тұрды. – Бәсе, осылай деріңді
біліп ем... Біз мына өмірді бірге бастадық қой, бірге аяқ
тауымыз керек! – деп Нұрғанатты қапсыра құшақтап, екі
бетінен алма-кезек сүйді. – Әсілі, министрдің тағы – мен
отыратын жер емес, саған тиесілі орын ғой! – деді біразға
дейін алғашқы әсерден арыла алмай. – Өзің білесің, мені
сүйреп жүрген – фамилия! Қазір дүние төңкеріліп түсіп
тұр. Басы – аяғына, аяғы – басына қарап... Алайда, бұл
дүние осы қалпында тұрмайды. Біраз уақыт осылай қал
тылдап тұрады да, бір күні қайта төңкеріледі. Сол кезде
билік ақша сауған дүмшелердің құзырынан шығып, іс бі
летін таланттардың қолына өтуі мүмкін. Қайдан білесің,
ол заманда сен – министр тағына отырып, мен – сенің кө
мекшің болып жүрем бе?!
Екеуі бұл сөзге кең кабинетті басына көтере, рақаттана
күлді. Әсілі, Нұрғанат жолдасы Еркебұланның байлығын
да, атақ-дәрежесін де емес, оның осындай әділдігін, шын
шылдығын, ақиқатты бетке айтатын турашылдығын сый
лаушы еді. Еркебұлан қазір де сол биліктен көрініп отыр.
Ол бәрін біледі. Мына дүниенің баянсыздығын, өз баста
рындағы бақтың мәңгі тұрмайтынын, көп адамдардың сол
алдағы өзгеріс үшін жан аямай күресіп жатқанын жақсы
біледі.
– Тұрмыс жағына алаңдама, – деді Еркебұлан. – Астың
да бекітілген машина болады. Жалақың – қазіргіңнен екі
еседей жоғары. Қысқасы, сенің жұмыс істеуің үшін бар
лық жағдай жасалады.
Ол соны айтып, Нұрғанатты өз кабинетінің қарсысын
дағы әжептәуір кең бөлмеге бастап кірген. Көмекшінің
жұмыс орны. Таразы басын тең тартып тұрмағанмен, ке
ректі техникалық құралдардың бәрімен жабдықталған,
әрқашан жұмыс қызып жататын, самаладай жарық, әдемі
бөлме екен.
Еркебұлан сол арада Нұрғанаттың ертеңнен бастап
осында қызмет істейтіні туралы бұйрыққа қол қойды да,
әлдебір жүргізуші шақыртып алып:
– Сіз, бүгіннен бастап, мына Атаханов мырзаны таси
тын боласыз! – деп тапсырды. Соны айтып, көмекшісімен
қош айтысқан.
Нұрғанат есік алдына шықса, жаңа ғана таныстырған
шопыр жігіт «Вольво» машинасын көлденең тартып, қар
сы алдында тұр. Оған сыр бермей, артқы орындыққа шал
қая барып жайғасты. Ол ең алдымен бұрынғы кеңсесіне
келіп, бастығымен қоштасты. Қанша дегенмен, қажет
кезінде біраз уақыт нан жеген жері, алғысын айтып, разы-
хоштық білдірді.
– Әй, бәсе, біздің маңдайға сия қоймас деп өзім де ой
лап ем, – деді бастығы қаутек қағып. – Еркебұландай аза
мат білікті адамдарды өз қасына топтамай қоя ма?!
Осыдан кейін үйіне қарай бет алған. Масқара! Астында
машина бар екенін ұмытып, жаяу тартып барады екен.
– Нұрғанат Атаханович, мен мұндамын! – деп шопыры
дауыстап белгі берді.
Үйіне жеткенше қалың ойдан арылған жоқ. Сағыныш
қызметтен қайтты ма екен. «Түс көрдім, жақында қызметің
ауысады» деп еді, ақыры соның айтқаны келді. Бәрінен де
сонша жылдан кейін Еркебұлан екеуінің қайта табысқа
нын айтпайсың ба?! Оның да «мен министр болғанда» деп
басталатын әзіл әңгімесі ақыры шындыққа айналды.
«Бір есептен, осылай болғаны да дұрыс шығар, – деді
іштей толғанып. – Заман болса мынау – күн сайын құ
былып тұрған. Мұндайда сенімді біреуге арқа сүйемесе
бола ма. Иә, қалай еді әлгі? Су бойында тал өседі, талға
оралып, шырмауық деген шөп өседі. Әубаста дүние солай
жаратылған. Баяғы мектепте, университетте оқып жүрген
кездерінде, Нұрғанат – тал, Еркебұлан – соған оралған
шырмауық сияқты еді. Енді Еркебұлан – тал, Нұрғанат –
шырмауыққа айналғаны ма? Не істейсің, «дүние-кезек»
деген сол. Әйткенмен, бұл тірлікте тал бол, шырмауық
бол, жарық дүниеге талпынып, өніп-өскенге не жетсін!».
Үйінің дәл қасына келіп тоқтаған. Сағыныш кішкентай
Ерасылды ойнатып, есік алдында жүр екен.
– Беу, бүгінгі аяқ алысыңыз күндегіден кесек қой! – деді
сәулетті машинадан түсіп жатқан күйеуіне әзілдей тіл қа
тып.
– Өзің ғой – түс көрем деп, тыныш жүрген адамды жо
ғарылатып жіберген! – деді Нұрғанат та күле тіл қатып.
Сонан соң машинаның ашық есігінен бұларға қарап отыр
ған шопыр жігітке бұрылды. – Мыналар – менің бала-ша
ғам. Оңтайы келгенде бұларды да онда-мұнда тасығандай
боласың ба, жақсылап танып ал! – деді.
Осыдан кейін Ерасылды жетектеп, үйге қарай бет ал
ған. Сағыныш та соңынан қалмай, бүгінгі жаңалықты
естігенше асығып келеді.
2014 – ақпан
ӘҢГІМЕЛЕР
КӘРІЛЕРГЕ ЕМ БОЛАТЫН ДӘРІЛЕР Әңгіме Б ұл күнде адам баласына асатынан төнетін қауіп-қатер аз ба? Біреу оттан, біреу оқтан, енді біреулер соттан қорқады. Аттап бассаң жол апаты. Үйреншікті ұры-қары тұрыпты ғой, бұ рын көз көріп, құлақ естімеген діни экстремизм, лан кес дейтіні тағы бар. Енді бір білгіштер: «ғаламдану, жаһандану» деген тажалдар келе жатыр. Солардың өңешіне түсіп кетпейік, құдай содан сақтасың деп жал барынады. Олардың сөзіне сенсең, заманақыр әне-міне тақап тұрған секілді. Ал біздің Бабағұмар ақсақал осы қашыртқы сөз дердің бірде-біріне «мәу» деп айылын жиған емес. Со ның бәрі жәй даңғаза дақпырт секілді. Көз алдына еш тене елестемейді. Ал тіпті сондай қауіп-қатер ел басына төнгенінің өзінде, одан шошитын ештене жоқ, көппен көрген ұлы той. Бүгінде жасы жетпіске толған Бабағұ мардың бір ғана жауы бар. Ол басқа емес, ол – баса көк теп келіп қалған кәрілік. Жұрт оны «дауасы жоқ дерт» дейді екен. Уақыт өткен сайын әл-қуатыңды азайтып, қол аяғыңа тұсау салып, әр алуан ауру-сырқауды да өзі мен бірге ала келіп, адамды жекелеп апарып жығатын көрінеді. Міне, күрескіш болсаң, осы кәрілікке қарсы күрес! Бабағұмар кәрілік туралы ертеде өткен даналар не айтты екен деп, соңғы уақытта біраз кітаптарды сүзіп шықты. Қазақта тоқсанға келген, тіпті жүз жасаған кәрілер де аз болмапты. Бір қызығы, солардың ешқай сысы кәрлік жайында бір ауыз жылы сөз айтпаған екен. Тоқсан деген тор екен, Төңірегі қазып қойған ор екен. Ел қонбайтын шөл екен,
Келмейтұғын неме екен! – депті Бұқар жырау. Тоқсан
жыл жасағанына қуанбайды. Жаны күйіп өкінеді. Жасы
тоқсанға толған соң хан ордасымен қоштасып, өз еліне
келіп, тыным алған екен жарықтық.
Ал өзінің тоқсан беске келген жасын «екі қырық, бір
он бестен асып тұрмын, аяқты апыл-тапыл басып тұр
мын» деп жұмбақтаған Ақтайлақ би не айтты екен бұл
туралы? Ол кісі де кәрілікті жақсы атамайды, керек де
сеңіз, кәрілікке өлердей өш. Әрі би, әрі ақын Ақтайлақ:
Сексен жас аузымдағы тісімді алды,
Бір-бірлеп бойымдағы күшімді алды.
Жарыммен құдай қосқан енші айырып,
Сүйектей арулаған бөлек салды,– депті бақиға ат
танардан он бес жыл бұрын. Жасында өзі сері және
аса көрікті болған ұлы би ең алдымен кәріліктің қас
қылғандай адамның көркін, сыйқын бұзатынын кешір
мейді. «Аузымдағы сөзді алды, маңдайдағы көзді алды,
бұтымдағы безді алды» деп кәрілікті кәдімгі тонаушы
ретінде айыптайды. Егер сол үшін үкім шығар десе,
қара қылды қақ жарған қатал би кәрілікке ердің құнын
кесіп қана қоймай, дарға тартатын түрі бар.
Ал он сегізінші ғасырда өмір сүрген Шал ақын не
айтқан дейсіз ғой? Ол кісі:
Бұл сексен қойды-ау мені қалжыратып,
Қайтып өлең айтамын алжып жатып.
Сексен түгіл, тоқсанға бойбермесем,
Ұсақ тұрап ет берсе балбыратып, – деп кәрілік пен
кедейшіліктің қосарланғаның айтып шағымданады.
Демек, кәріліктің бір емі жақсы күтім, жайлы көлік,
жылы-жұмсақ ас болғаны ғой. Айтты-айтпады, өзі аш-
аламан отырған жоқ жітік-адамға кәрілік келіп қабат
тасса, істің құрдымға бет алғаны емес пе?
Ал осы кәрілік пен адамның өмір жасы туралы ұлы
Абай не айтты екен? Ұлы ұстаз жасы алпысқа келмей
тұрып-ақ, өмірден түңіледі: «көңілім қалды достан да,
дұшпаннан да, алдамаған кім қалды, тірі жанда?» не
месе «келдік қой талай жерге енді, кіруге-ақ қалдық
төрге енді» деген өлең жолдары сол сөздің айқын дә
лелі. Абайдың тірліктен безінгені сонша, «жайнаған
туың жығылмай, жалын жүрек суынбай, жақсы өліпсің,
япырмай» деп өмірден ерте қайтқан інісі Оспанның
өліміне қызығады. Демек, ілім-білімге жетік, не ішем,
не кием демейтін, шонжардың баласы Абайға да өмір
сүру оңай болмағаны ғой.
Бірақ, өткен даналардың шегелеп айтып кеткен
өсиетіне қарамай, адамзат баласы, әсіресе біздің қазақ
ұзақ жасауға неге құмар? Кейінгі жастарға «ақ сақалды,
сары тісті бол! Жасың ұзақ болсын» деп бата беретіні
несі? Әлде бұл адам пендесінің жарық дүниені қиып
кетуі оңай емес. Сондықтан ұзақ өмір сүріп, тіршіліктің
ащысы мен тұщысына әбден тойып, бұл дүниеде қимай
тын ештене қалмаған кезде, жер қойнына қуана-қуана
кірсін дегені ме екен? Ия, солай болуы да бек мүмкін.
Қалай болған күнде де, адамға бір-ақ рет берілетін жа
рық дүниеден артық не бар дейсің?!
Ал сонда Бабағұмар секілді жетпіске қадам басқан
қарттарға не істемек керек? Кәріліктің кісі қызығатын
ештенесі жоқ екен деп тірлікті тоқтату керек пе? Не бол
маса Алланың бұйыртқан несібесінен ақырына дейін
пайдаланған жөн бе? Егер, Бабағұмар бұл тіршілікке
алаң болмай, төргі үйде төредей болып жатам десе,
оған шарты толып тұр. Шүкір, бәйбішесі Күмісай екеуі
қатардан қалмай он бала тәрбиелеп өсіріпті. Алты ұл,
төрт қыз. Қазір ұлдары – ұяда, қыздары – қияда. Бәрі
де өз алдына отау тігіп, қанаттанып кетті. Бірлі-жа
ры болмаса, шетінен жоғары білімді. Құдауанда, сол
балалар кімге тартты екен, бәрі де оқуға алғыр, зерек
болды, әйтеуір. Бірнешеуі мектепті алтын медальмен
бітіріп, жоғарғы оқуға өз күштерімен түсті. Ал балы
жетпегендеріне ақшасын аямай, ақысын төлеп оқытты.
Бабағұмар ұзақ жыл аудандық тұтынушылар одағында
шикі зат дайындайтын агент болды ғой. Обалы кәне
ки, табысы жаман балған жоқ. Бала-шағасын бағуға да,
оқытуға да молынан жетіп тұрды. Қазір бұл маңайда
ешкімде жоқ, ауласы ат шаптырым кең қоражай да, бір
кезде жүн мен тері маялаған зәулім склад-қойма да сол
кең құлашты тірліктің арқасы. Кеңес дәуірінде загото
витель дегендерін еркін саудамен айналысатын ең ба
қуатты адамдардың бірі еді.
Аллаға шүкір, балалары сол еңбегін ақтап, бұл күн
де жақсы-жақсы қызметте жүр. Үлкен ұл – Астанада,
министрдің орынбасары, екінші ұл –облыста полиция
бастығы, үшінші ұл – Алматыда, дербес сауда орталы
ғы бар ірі биснесмен. Осылай кете береді. Қолындағы
кеңжесінің өзі – осы ауылдың әкімі. Ал қыздар жағы
– оқу ағарту саласында. Ең өле жатқаны мектеп мүдірі,
ғылыми мүдірі пән мұғалімдері. Ал осынша баланы
тәрбиелеп шығарған Бабағұмар – осы ауылдың бетке
ұстар ақсақалы.
Алайда балаларының беделін пайдаланып, ас пен
тойда төрде отырғанына мәз болатын шалың – Бабағұ
мар емес. Әркімнің өз тірлігі өзіне. Бұған енді бұдан
былайғы өмірін мүмкіндігінше көнілді өткізу керек. Ең
бастысы, күрт қартайып кетпеу. Ал қартаймау – бойын
дағы жастық қуатыңды сақтау деген сөз. Жасым ұлғай
ды екен деп, кәрілікке бірден қол көтеріп, бағына сал
мау. Бұл жағынан ауылдағы өзі қатарлы біраз қарттар
бұған серік бола алмайды. Бұл ауылда жөні түзу қарт
та қалмапты-ау өзі. Бір екеуі балаларының қолдауы
мен қажыға барып келді. Қалғандары да – өңкей бір ақ
кепеш киген бірәдарлар. «Ұры қартайса сопы болады»
дегендей, бір кездегі ұры-қары, маскүнемге дейін құдай
жолын ұстап, таспих тартып жүр. Айтатындары – ылғи
да ана дүниенің әңгімесі. Ауыздарынан еңсе көтеретін
бір көнілді сөз шықпайды-ау!
Сондықтан Бабағұмар ауылдағы шалдармен көп ара
ласпайды.Адамға ештене бермейтін бос мылжыңнан
гөрі қолы боста кітап оқығанды қолай көреді. Сауда
саласында істегенінің бір пайдасы, түбі балалардың
оқуына қажет болар деп, бұл кезінде кітапты көп жи
наған. Қазір өзіне таптырмас ермек болды. Бір кезде
оқуға қолы тимеген кітаптарды еңді оқып жүр. Сонан
кейін күйттейтіні – өзінің күтімі. «Ұсақ турап ет берсе
балбыратып» – дейтін Шал ақынның арманы – көкейін
де. Апты аралатып, бір бағанаға бата жасап отырады.
Негізі сусыны – қымыз. Екі бие байлайтын Оразай шал
күніне бір торсық қымызын осы үйге құйып тұрады.
Сонан кейінгі бір ермегі – бір уақыт атқа мініп сейілдеу.
Құдай жаяу қалғаннан сақтасын! Атқа мінуден қалдым
дегенше, бәрі бітті дей бер. Осының бәрі – Бабағұмар
дың ойынша, кәрілікті тежеп, адам өмірін ұзартатын
дәрілер. Бұлардан басқа бойыңды қорғасындай балқы
тып, алпыс екі тамырыңды идіретін тағы бір дәрі бар.
Еңдігі әңгіме сол туралы.
Жалпы, Бабағұмардың таяудағы бес-он жылда жығы
ла кететін ойы жоқ. Әлі де өзіне сенімді, күш-қуаты
мығым. Әсілі, бұлардың әулетіңде жүз жасаған кісілер
көп болған. Он сегізінші ғасырда өмір сүрген Жолым
бет деген атасы 136 жасқа келіпті. Жолымбет биден
жеті ұл тараған ғой. Кейін «жеті Жолымбет» аталған со
лардың ұрпағы бұл күнде Ақсуат халқының қақ жары
мын құрайды. Жолымбет би 130 жасқа келгенде, жасы
жүзден асқан тұңғыш ұлы Қыдыр алжынқырап отырса
керек. Сонда әлі де ақыл-естен танбаған дана би: «Бұл
қарғам не көрмеді, ылғи да желдің өті, жаудың бетінде
жүрді ғой. Бұл құлынымның шаршайтын уағы болды»
деп баласының маңдайынан сипайды екен. Жолымбет
би «Ақтабан Шұбыранды» кезіңде елмен бірге Арқаға
ауып барып, сол жақта қайтыс болған. Зираты – Ақмола
маңындағы «Жолымбет бекетіне» жақын жерде. Кезін
де бір жарым ғасырға жуық өмір сурген сол Жолым
беттін тұқымы ғой – бұл Бабағұмар.
Отағасының сәскелік қымызға қанып алған соң, бір
уақыт атқа мініп сейілдейтінін жоғарда айтқанбыз.
Осының бәрін ретке келтіріп, басқарып отыратын –
Күмісай бәйбіше. Омырауынан он бала өргізген ал
тын алқалы «батыр ана». Бабағұмардың өзінен бір-ақ
жас кіші, ата жолдас, қу кәрі. Кезіңде аса ажарлы, сұлу
әйелдердің бірі еді, амал не, балалардың әуресімен бұл
да қартайды ғой. Дегенмен, ұл-қыздары осы Күмісайға
тартқан, бәрі де келбетті, ажарлы. Ұлдары көкжал бөрі
дей, қыздары қызыл түлкідей. Бір сөзбен айтқанда, бұл
отбасының тірлігі еш уайым-қайғысыз, былайғы жұрт
қызыға қарайтындай тату-тәті жүріп жатқан. Тек, ойда
жоқта құйындай соғып өткен бір жағдай бұл шанырақ
ты шайқалта жаздады.
Тәйірі, алақандай ауылда жасырын сыр жата ма, көп
ұзамай ауыл әйелдері арасында сыпсын сөз тарады.
Сөйтсек, Бабағұмар күн сайын атқа мініп қырға шық
қанда, жай ғана сейілдемейді екен. Жоғарғы сай аузын
дағы сиыр базында жалғыз үй отырған жесір келіншек
Қырмызының үйіне барып тұратын көрінеді. Басында
бұл сөз ауылдың табын сиырын бағатын бақташы шал
дан өрбіген екен. Көп ұзамай ауыл-үйді аралап кетті.
Басында бұл хабарды мектепте мұғалім боп істейтін
осы үйдегі кіші келін естіген екен. Ол бұл жаналықты
сұмдықтай қабылдап, үйдегі енесіне жеткізгенше асық
ты. Бір ғажабы, Күмісай бәйбіше бұл хабарға бәлендей
таңданған жоқ. Сондай-ақ, бұл сөздің жәй өсек емес,
шын нәрсе екеніне де күмән келтірмеді. Қайсыбір әйел
дерше от алып, қамысқа түсіп, сыр да шашпады.
– Жә, болды, жұрттың өсегіне ілесіп, соны бір
ге жайып жүрсіңдер ме? Жетпістегі шалға кім дайын
тұр дейсің, – деп келінін басып тастады. – Қырмызы
– оның жақын келіні, анда-санда туысына барып, хал
жағдайын білгенде не тұр?
Ал Күмісайдын ішкі ойы мүлде басқа бағытта жүріп
жатыр еді. Осындай бір жаналықты ол көптен күтіп
журетін. Өйткені шалының сыры өзіне мәлім, оның күн
сайын атқа мініп, үйге тоқтамай қоюында да бір мән
бар деп білген-ді. Бабағұмардың осал жері – әйел. Не
сыры бар екен, осы күнге дейін күш-қуаты қайтқан жоқ
оның. Қашан көрсең бесті айғырдай жер тарпып тұрға
ны. Ал Күмісайдың өз басы төсектен қалғалы қашан.
Соңғы жылдары күйеуіне «Алда разы болсын» айтып,
қасына жолатуды қойған. Тіпті соңғы бір жолы түс ша
йысып қалатын болған соң: «Айналайын, саған екі дү
ниеде де мен разы, құдай разы. Бұдан кейін мені әуре
леуші болма. Күшің тасып бара жатса жастау біреуді
тауып ал!» – деп біржола рұқсатын да беріп еді.
Демек, Бабағұмар бекер қарап жүрмеген болды ғой.
Дегенмен, сол шалдың талғамы бар, қармақты басқа
біреуге емес, еркектердің көз құрты болған Қырмызыға
салғаның көрмейсің бе!
Әлі отызға да келе қоймаған жап-жас келіншекті қа
лай айналдырып алды екен? Егер күйеуі өзінің тырна
ғына да тұрмайтын қайдағы бір салпы етекке ұрынса,
Күмісай қатты қорланар еді. Ал Қырмызыдай қылық
тыға бәрін де қыюға болатын сияқты. Мейлі, қамшы
ның сабындай қысқа ғұмыр ғой, сол ақ қартайғанда құ
мардан шықсыншы. Өзінен қалған, өзі тояттап болған
сарқытты Қырмызыдан аяй ма. Тек, сыпсың сөз жұрт
қа жайылып кетіп, қызметтегі балаларға кесірі тимесе
болғаны.
Әсілі, Бабағұмар серілік, жігітшілік жағынан бұрын
да құр алақан еместі! «Ер азығы мен бөрі азығы – жол
да» дегендей, өзі көз сүзген әйелдің меселін қайтару
ер жігітке жараспайды деп қарайтын-ды. Жас кезін
де көрікті болды, ақшалы болды. Қай заманда болсын,
«күлшелі бала сүймейді».
Айтпақшы, Бабағұмардың домбыраға қосылып ептеп
ән айтатыны бар. Ауыл аралап жүргенде «кәнеки соны
мен шыққан мүйіз, қасына сұлулардың көп жантайдық»
деп, Біржаның «Жамбас сипарын» жиі айтатын. Ал өзі
әйелі Күмісай болса үнемі тоқшылықта, бейшара жы
лара ауыр аяқты болып, аузы мұрнынан шығып отыр
ғаны. «Сұлуды сүймекілік – пайғамбар сүннәті» депті
ұлы Абай. Соған қарағанда, жастық шақта ойнап-күлу
күнаға жатпайтын болу керек.
Ал Бабағұмардың Қырмызымен ұшқасқаны саңғы
бірер жылдың айналасы. Осының алдыңда ғана жол
апатынан қаза болған келіншектің күйеуі бұған аталас
ағайын болатын. Бастабында кішкентай қызымен жесір
қалған әйелдің хал-жағдайын сұрап, тұрмыстық жағы
нан көмектесіп дегендей, ара-тұра барып тұрды. Бұрын
фермада сауыншы боп істеген Қырмызы шаруашылық
тараған соң мүлде кәсіпсіз қалған-ды. Орталыққа екі
сиырдың сүтін өткізіп, ілдебаймен күн көріп отырған.
Бертін келе Бабағұмардың сиыр базына соғуы жиі
леді. Бұл келістің астарында не жатқанын Қырмызы
да сезіп жүрді, әрине. Еркектің бойындағы қабындағы
күш-қуатты бір жылдан аса жесір отырған ту байталдай
күйлі келіншектің сезінбеуі әсте мүмкін емес еді. Олай
дейтініміз, Қырмызы да өзіне сенімді болатын. Әлі де
ажары таймаған нұрлы дидар, жастық сыны бұзылма
ған сұлу мүсін, зипа бой, әлгі романдарда айтылатын
қаз омырау, қыпша бел, бәрі де Қырмызының бойында
еді. «Маған сұқтанбай гөр, сүймей гөр» дейтіндей. Ал
осыған енді жетпістегі қарттың көзімен қарап көр! Бұл
жағынан тәжірибесі мол Бабағұмар «Міне, бұрын қолға
түспей келген хаса сұлу осы» – деген алғаш көрген сәт
те-ақ, – Енді қалған өмірді осы әйелмен өткізсем арман
жоқ».
– Әу, Бәке, өзің бір ауылдың жә деген ақсақалысың.
Бала-шаға болса анау... Бүйтіп, жас жігітше желіккенің
өзіңе жараса ма? – деген бір ішкі дауыс. Бабағұмардың
оған қайтарған жауабы қысқа болды.
– Атақ пен абыройды осындағы ақ кепеш киген құр
дастарыма қалдырдым. Тәйірі, сол айтқаныңның бәрі
сұлудың құшағында бір сәт балқығанға жете ме? Қыс
қасы, менің өмір сүргім келеді.
Бабағұмар мен Қырмызы бір-біріне көп сөз айтып та
әуіре болған жоқ. Егер жаттанды жылтыр сөзге айналса
бойдағы буырқанған бұла сезімнің құты қашар ма еді,
қайтар еді. Екеуі сөзбен емес, көзбен, елжіреген емеуін
мен ғана түсініскен. Тіл дәрменсіз, тұла бойың – тұт
қын, қол-аяқ жіпсіз байланған.
– Аға, мұнымыз ел-жұрттан ұят болмай ма? – деген
Қырмызы екеуі алғаш оңаша қалғанда, іш киімдерін
асығыс сыпырып жатып.
– Несі ұят? Қазақ ғұрпымен алғанда, сен менің әмен
герімсің. Әйел ерден кетсе де, елден кетпейді.
«Айтпақшы, солай екен-ау» дегендей, осы сөз келін
шектің көңілін мүлде орнықтырып тастады. Көп ұза
май алғашқы ұят-ибаның орнын ашқарақ құштарлық
басқан. Бабағұмар алдын ала мөлшерлегендей, Қырмы
зы от құшақты, нағыз құймыр әйелдің өзі боп шықты.
Еркек көрмеген бедеу айлардың қарымтасын бүгін бір
қайтарды-ау!
– Аға, қандай қайраттысыз өзіңіз! – деді Қырмызы
таңданысын жасырмай. – Жастардың өзі сізге ілесе ал
мас.
– Бәрі көңілге байланысты, – деді Бабағұмар келін
шекті қайтадан бауырына тартып. – Мен саған ғашық
пын ғой, сен соған сенесің бе?
– Бәлкім солай шығар! – деді Қырмызы әлі де алғаш
қы әсерден айыға алмай. – Сізді жолықтырған мен қан
дай бақытты әйелмін. Тек, мені жол ортада тастап кетіп
жүрмейсіз бе?
– Екеуімізді енді өлім ғана айырар? – деді Бабағұмар
үлбіреген ақ тамақтан түшіркене өбіп жатып.
Сөйтіп, бұлардың арасында кәдімгі ғашықтардай тұ
рақты байланыс орнаған. Бабағұмар екі-үш күн сайын
сиыр базына соғып тұрады. Мінген атын жабық қораға
енгізіп қойып, жас жесірмен тар төсекте емін-еркін ай
қасады. Тал бойында бір міні жоқ, сүліктей сұлу дене
Бабағұмарды оттай шарпып, қорғасындай балқытады.
«Бетіңдегі бір меңіне Бұхара мен Самарқантты бере са
лар едім» деп Хафиз ақын сұлуларды неге сонша әспет
теді дейсіз. Бабағұмар да жиған-терген бар байлығын
осынау ләззатты минуттар үшін құрбан етуге бар еді.
Өзінің қазіргі халіне Қырмызы да дән риза. Күн өткен
сайын құлпырып, бұрынғысынан да сұлуланып барады
өзі. Мінезі ашық екен, Бабағұмырға балаша еркелейді.
– Қандай қызық, ә! – деді бір күні қайнағаның бауы
рына ене түсіп. – Сіз – жетпісте, мен – отыздамын.
Екеуін қосса жүз жас болады екен. Жүз жасау деген осы
емес пе?
– Менің жетпісімді сен өзіңе қосып ал, – деді Бабағұ
мар – сонда жүз жаста болып шыға келесің...
– Жоқ, менің отызымды сіз қосып алыңыз. Сіз жүз
жасауға әбден лайықсыз! – деді келіншек Бабағұмар
дың дөңгелете қиған, енді ғана бурылдана бастаған са
қал-мұртын аялай аймалап.
– Неге олай дейсің?
– Сіз сондай сұлусыз? – деді Қырмызы жас балаша
шолжыңдай тіл қатып. –Тұла бойыңызда артық ет жоқ.
Қалай сақтағансыз өзіңізді?
– Сен үшін сақтағам. Енді менің бойымдағы өзің
ұнатқан нәрсенің бәрі – сенікі. Ешкімнің таласы жоқ.
– Ал, бәйбішеңіз ше?
– Ол тояттап болған. Айналасында он бала өріп жүр,
сол жетпей ме?
– Бәйбіше де сізді өлердей сүйген-ау, шамасы.
– Оны қайдан білдің?
– Сізді сүймесе, азаптанып он бала таба ма?
– Күмісай сұлу ғана емес, өте ақылды әйел болды.
Осындай күндердің бірінде қолдарындағы кенже ұл
дың жасы отыз беске толып, соның туған күніне осы
аудандағы ұл мен қыз түгел жиналған. Тек Астанадағы,
Алматы мен Өскемендегі үлкен ұлдар ғана келе алма
ды. Әкелері туралы хабарды бәрі дерлік естіп алып
ты, кешкі дастарқанға отырмас бұрын, әкелерінің үйде
жоқтығын пайдаланып (Бабағұмар бүгін де атына мініп,
сиыр базына кеткен-ді), бәрі бір бөлмеге жиналып, ке
ңес құрды.
«Бөрік кигеннің намысы бір» дей ме, ұлдар жағы өз
дерің сабырлы ұстап отыр. Әкелерінің қылығын сұм
дықтай қабылдап, белсенділік танытқан –осындағы
мұғалім қыздар. Өмір бойы педагогикамен суарылған
ағартушы мұғалімдер тақ бір педсоветте отырғандай
алма кезек сөз алып, әкелерін біраз жерге апарып тас
тады. «Ақсақалдың бұл қылығы шектен шыққандық,
отбасының абыройын ойламағандық, осыдан кейін ел
бетіне қалай қараймыз» десті.
– Мұндағы бізді қойшы, ертең біреулер «Әкелері мо
ралдық жағынан азғындаған» деп, жоғарғы қызметте
жүрген ағалардың үстінен арыз жаза ма деп қорқам,
– деді аудандық оқу бөлімін басқаратын үлкен қыздар
дың бірі. Мына сөзді естігенде, бәрінің де қабақтары
түсіп, жабырқап қалды.
Кенже ұл кішкентай кезінен қылжақпас, еркелеу бо
латын. Оның әкесіне жаны ашып кетті-ау деймін:
– Осы сендер қызықсыңдар! – деді апайларына қа
рап. – Жұрттың әкелері шөккен түйеге міне алмай отба
сында омалып отырғанда, біздің әкеміз қызбен қыды
рып жүр. Оған бола қорланғанша мақтанбайсыңдар ма,
қайта?! – деген отырғандарды еріксіз күлдіріп.
– Саған ойын керек-ау? – деп мектеп мүдірі боп жүр
ген апайы оны тиып тастады. – Бұл іс асқынбай тұрған
да тиым салмаса болмайды. Келесі жолы орталықтағы
ағаларды да шақырайық. Бәріміз ортаға алып, әкейдің
тәртібін мықтап тұрып талқылауымыз керек.
Қыздарының сөзі ішіне симады ма екен, осы тұста
манадан үнсіз отырған Күмісай тамағын кенеп, қозға
лақтады.
– Әй, қойыңдар түге! Үндемегенге өршіп барасыңдар
ғой өздерің. Болымсыз шаруаға бола алыстағы бала
ларды алаң етпексіңдер ме? –деді ол ренжи тіл қатып.
– Сонан соң, әкелеріңнің ісін талқылайтындай, сендеркімсіңдер соншалық? Ұят, намыс деген бар ма сендер де? Мұндайды күтпеген мұғалім қыздар аналарына қа рап, бақырайды да қалды. Тек әлден уақытта: – Міне, қызық! – Біз сіздің намысыңызды қорғап отырсақ... – Сонда, не істеуіміз керек? Әкемізді тәртіпке шақыр май сол беті қоя беруіміз керек пе? – десті жамырап тіл қатып. – Түк те істемейсіңдер. Тек, әкелеріңді ел көзіне тү сетін артық жүрістен құтқару керек, – деді Күмісай. – Ол үшін ана сиыр базындағы Қырмызы деген келін шекті осы қораға көшіріп алсаңдар болғаны. Ол өзі жұмыссыз жүрген көрінеді. Әрі үй қызметшісі ретінде бізден жалақы алып тұрсын! – Мама, сіз өзіңіз не айтып тұрғаныңызды білесіз бе? – деді аудандық оқу бөлімінің бастығы анасына шошы на тіл қатып. – Білем, – деді Күмісай мырс-мырс күліп. – Тәйірі, қос қатын алған қазақты жаңа көріп жүр дейсің бе. Қос қатын алу сұмдық болса, орысша тәрбиеленген сендер ге сұмдық. Әйтпесе, бұл – қазақтың мың жылдық салты емес пе? Қыздар үнсіз қалды. Осы тұста аудандық сотта тер геуші боп жүрген ортаншы ұлдардың бірі сөзге аралас ты. – Мама, сіз сонда әкемізге ешқандай кінә артпайсыз ба? – Оған не кінә қоям? Кінә – әкелеріңде емес, менде – деді Күмісай отырғандарды тағы да таңғалдырып. – Көп бала табам деп, мына мен ерте қартайдым. Жұба йылық міндетімді ақырына дейін атқара алмадым. Ал, тұғырдан таймаған еркек мұндайда қатын алмағанда не істейді? Ақыры, бәрі де Күмісайдың сөзіне тоқтаған. Арада бір апта өткенде, Қырмызы Бабағұмардың қорасына көшіп түсті. Бұрын ұлдардың бірі отырған үш бөлмелі отау үй бос тұрған, қызымен екеуі соған кіріп алды.
Ешқандай сөкеттігі жоқ, жұмыссыз жүрген келіншек үй
шаруасының жалданған кісі болып есептелді.
Екі әйел артық сөзге бармай, өзара іштей ұғысқан.
Осының бәрін реттеген Күмісай бәйбіше екенін білген
де, Қырмызының төбесі көкке жеткендей болды. Мұн
дай адамның жолында құл болу аз, құрбан боп кетсең
болмас па?!
– Сен енді осы шаңырақтың бір мүшесісің, – деген
Күмісай келесі күні-ақ Қырмызыны қасына шақырып.
– Бүгіннен бастап малға да, жанға да, шалға да сен
ие боласың. Ал, маған өле-өлгенше тік тұрып қызмет
етесің, ұғып тұрсың ба?
– Әміріңізге құлдық, ханым! Бәрі де сіз айтқандай бо
лады, – деді Қырмызы басы жерге жеткенше иіліп.
Бұрынғыдай алысқа сабылмай, іздегенін өз қорасы
нан тапқан Бабағұмар да бәйбішесіне дән риза. Жаңа
жағдайға балалары да көндіге бастаған. Қалыпты
тіршілік өз ырғағымен өтіп жатқан-ды.
– Ойбай, Бәке, масқара болдық? – деді Қырмызы бір
күні екеуі төсекте жатқанда. – Мен, сірә, жүкті боп қал
ған сияқтымын.
–Оның не масқарасы бар? Сүйінші сұрамайсың ба,
қайта?!
– Ұят-ай, ел-жұртқа не бетімді айтам?
– Несі ұят, баланың әкесі қасында отырса...
– Балаға фамилияңызды бересіз ғой? – деді Қырмызы
сәл ойланып қалып.
– Әлбәтта. Ұл туса атын Жетпісбай қоямыз.
Қазір Қырмызының іші білініп қалды. Алда – шіл
дехана. Көптен көрінбей кеткен Жетпісбай келе жатыр
жарық дүниеге. Апырай, қайдағы бір қатып қалған қа
саң қағидаларды ұстанамыз деп, өмірге келетін қанша
перзенттің жолын кестік десейші?! Бауы берік болсын
жарық дүниеге талпынған Жетпісбайдың!
2013-шілде.
ТИРАНДАР ТЫРАПАЙ АСҚАН ЖЫЛ Әңгіме А лматыда Қабанбай батыр көшесі мен Наурыз бай батыр көшесінің қиылысқан жерінде бір шағын гүлзар бар. Бір кезде соның дәл ір гесінде «Пионерлер сарайы» орналасқан. Мына гүлзар балалардың демалыс орны болып та саналатын. Соның шарапаты ма, әлде өзге бір себебі болды ма, Алматының бау-бақша, тал-терегін түгел отап, үй салып жатқан за манда, осы гүлзар ғайыптың ісімен аман қалыпты. Қазір шағын да болса сол саялы бақ қарттардың аяқ суытатын жеріне айналған. Әр жерде тізе бүгетін орындықтары бар. Ұзақ жыл мектептерде тарих пәнінен сабақ беріп, бұл күнде зейнетке шыққан Әубәкір соңғы жылдары күн са йын болмағанымен, апта сайын осы гүлзарға келіп тұра ды. Бос уақытында бой жазам десе, Алматыда бұдан бас қа да саялы бақтар көп қой. Алайда Әубәкір тек осында келіп, тыныс алғанды ұнатады. Әйтеуір оны осылай қарай тартып тұратын бірдеңе бар. Міне, ол бүгін де ернеуі ма йысқан ескі шляпасын баса киіп, көнетоз, ақ плащын сүй рете, гүлзардың түстік жағындағы шеткі орындықтардың біріне келіп жайғасты. Күз ызғары білінген қазан айының басы. Айнала күзем жүніндей күпсіген сары жапырақтар. Ой-хой, дүние! Бір орында тұрмай зулап бара жат қан заман... Мәңгі естен кетпейтін сол оқиғадан бері де жиырма жыл өте шығыпты-ау! Ол кезде мына көшелер басқаша аталатын. Шығыстан батысқа қарай созыл ған мына Қабанбай батыр көшесін – «Калинин көшесі» дейтін-ді. Ал, сол көшені қиып өтетін Наурызбай батыр көшесін – «Дзержинский көшесі» деп атайтын. Аруағың нан айналайын, батыр бабаларға рахмет! Бір кезде қазақ жерін жоңғардан қалай азат етсе, қала көшелерін ием деніп алған қызыл комиссарларды да тәуелсіздік жылда
рында солай ығыстырып шығарды-ау! Комиссарлар жәй
көше аттарын иемденіп алса бір сәрі ғой, мына төрт кө
шесінің түйілісінде Дзержинскийдің түйе бойламайтын
ескерткіші тұратын-ды. Үстінде тобығына түскен шинелі
бар, қаһарлы да сұсты комиссар. Көшенің шығыс жақ
бетінде Дзержинскийдің өзі іргесін қалаған қауіпсіздік
комитеті – КГБ-ның кеңсесі бар. Бір кезде талайдың қа
нын төккен сол ғимарат та ескерткіштің айбынын асырып
тұратын.
Әубәкірдің мына гүлзарға келе беретіні тегін емес. Егер
кез-келген адам өз өмірінде қалайда бір ерлік жасауға тиіс
десек, Әубәкір орайы келген бір ерлігін осыдан жиырма
жыл бұрын дәл осы төрт көшенің түйілісінде жасап еді.
Әубәкірдің бойына ондай батылдық бірден біте қалған
жоқ, мұны ондай тәуекелге барғызған – сол жылдардағы
бостандықтың буы, төңкерістің желігі болатын. Алайда,
сол күні көрсеткен өлермен жанкештілігі өзіне бүгін
ге дейін дәтке қуат, өмірінде бір рет шырқап көтерілген
биігі боп қалды. Жасы жетпіске келіп, бойынан күш-қуат
қайтқан кезінде де көптің көңілінен шыққан сол бір ерлігі
бүгінге дейін дімкас жүрегіне жылу беріп тұрады.
Ой-хой, шіркін, бұл өмірде дүниенің жаңғырғанына,
ескілік атаулы келмеске кетіп, жаңаның жарып шыққа
нына не жетсін?! Біреулер төңкеріс дегенді – қан төгіс
деп ойлайды. Төңкерістен, өзгеріс атаулыдан зәресі ұшып
қорқады. Осындайда Максим Горькийдің «Дауылпаз ту
ралы жыры» еске түседі-ау. Дауылдан, төңкерістен қорқа
тындар – май басқан гагар үйректер ғой өңшең. Ал, шын
дауылпаздар, шынайы қырандар дауыл тұрғанда бұлттар
ды қанатымен қақ тіліп, жасынмен бірге жарқылдайды.
Ал, шынтуайттап келгенде, адамзат тарихы – төңкеріс
тер тарихы. Төңкеріссіз дүние жаңармайды, қоғам алға
баспайды. Алла-Тағала пайғамбарларды уақ-уақ жер
бетіне жібергенде – төңкеріс жасау үшін жіберген. Және
кез-келген жерге емес, бүлінген, адамдары азғындаған
өлкеге. Сенбесеңіз, сонау Мұса пайғамбардан – Мұ
хаммет пайғамбарға дейін өмірбаяндарын оқып көріңіз.
Солардың бәрі де қоғамдағы ірік-шірікпен, ескі тәртіп
пен күрескен. Тіпті, Мұхаммет (с.ғ.) пайғамбарымыз ис
лам дінін орнықтыру үшін бұтқа табынған мүшіріктер
мен қан төгіп соғысуға дейін барған жоқ па?!
Тегінде, төңкеріс дегеніміз – өзгеру, жаңару деген сөз
ғой. Өйткені мына дүниеде ескірмейтін, көнермейтін
нәрсе жоқ. Бәрі ескіреді, шаң басып, кір тұтып, тот ба
сып, тозады. Көне қағидалар жарамсыз болып қалады.
Міне, осындайда өзгеріс жасап, қоғамды қағып-сілкіп
алу қажеттілігі туады. Мұндайда кір-қоқысты күресінге
жіберіп, азаттықтың «алтын күрек» самалымен қоғамның
ауасын тазартып, желдетіп алған да теріс емес. Шіркін,
азаттық жолындағы күрестің адамға сыйлайтын өршіл
рухын немен теңгеруге болады?! Өз-өзіңнен қанаттанып,
қолтығыңнан әлдене жебей көтеріп, Сырдың суы сира
ғыңнан келмей, асқақтап бір шалқитының бар-ау! Жал
ғыз сен емес, бүкіл ұлтың, ел-жұртың еңсе көтеріп, ер
жеңдеп шыға келетінін қайтерсің!
Басқаларды кім білсін, әйтеуір тарихшы Әубәкір қо
ғамдағы ұлы өзгерісті осылай қабылдайды. Өз басы төң
керіс тұтқасын ұстап, империяны өз қолымен ыдыратпа
са да, соған тілектес көңілмен қатынасып, өктем биліктің
бір өкілін орнынан қопарып тастағанына бүгінге дейін
дән риза. Сол күнді құдай жолымды оңғарған ең бақытты
сәтім деп біледі. Сол тәуекелге Әубәкірді қайрап салған
да, «сөйтейік» деп үгіттеген де ешкім жоқ. Өзінің қанын
да отаршылдық жүйеге қарсы тастай түйіліп қалған бір
деңе бар. Сол «бірдеңе» ғой Әубәкірге тыным таптырма
ған. Оны не деп атауға болады? Бәлкім, «кек» деп атаған
дұрыс шығар. Кәдімгі ескіден келе жатқан қанды кек!
Әубәкірдің атасын Империя өкіметі 1937-жылы еш жа
зықсыз атып тастаған. Бар кінәсы – өз ұлтын жан-тәнімен
сүйгені, «Алаш» партиясына мүше болғаны, «қазақ ұлты
көзін ашсын, қатардан қалмай, басқалармен тең бол
сын» дегені... Неткен зорлық? Сол да қылмыс болып па?
Шүкір, атасы кейін ақталды. Қазір «Алаш қайраткерлері»
деген тізімнің жуан ортасында аталып жүр. Бірақ, солай
екен деп, ата кегін ұмытуға бола ма?!
Әубәкірдің атасы атылып кеткен соң, арада аттай елу
бес жыл өткенде, сол қайраткерлер аңсаған азаттық таңы
да атты-ау! Басқа ұлттар әлдеқашан азаттық алып, Импе
риядан бөлініп кеткенде, қазақ балшабектері бостандық
алуға асықпай, Әубәкірдің төзімін әбден тауысқан-ды.
Өзгесін қойшы, өзімізбен туыс қырғыз бен өзбектен кейін
тағы үш жарым ай отырдық-ау! Содан империяның құла
зыған жұртында Қазақстан жалғыз қалып, енді тәуелсіздік
алмауға болмайтын болған соң, амалсыз азаттыққа қол
созған-ды... Алла-ай, соның өзіне бұл жұрт қандай қуан
ды десейші! Сол бір кешігіп келген 1991-жылдың 16-жел
тоқсаны мәңгі естен кетпес-ау!
Бірақ осыдан кейін де Әубәкірдің көңілі орнына түсе
қойған жоқ. Жарайды, елдің соңынан болса да тәуелсіздік
жариялап, азаттыққа қол жеткіздік. Енді соның ел еңсесін
көтеретін өзгерісі, жұртқа жегізетін жемісі қайда? Пре
зидент тағында компартияның бұрынғы бас секретары
отыр. Тек, кабинеттердің маңдайшасындағы жазуы ғана
өзгерген. Орталық алаңда жержүзі пролетариатының
көсемі – Ленин тұр көкке бой созып. Одан басқа Кали
нин, Киров, Дзержинский сияқты қызыл комиссарлар
да орнынан қозғалған жоқ. Әсіресе, Әубәкірдің жынына
тиетіні – Феликс Дзержинский. Лениннің сенімді серігі,
кейін ГПУ, НКВД, КГБ болып өзгерген «ЧК»-ның негізін
салған қанды қол комиссар. Өмірі табаны тимеген Алма
тыда соның көшесі бар. Сол көшенің Калинин көшесімен
қиылысқан жерінде зәулім ескерткіші тұр. Міне, осы ес
керткішті көрген сайын Әубәкірдің жыны ұстап, жүйкесі
құрысып, бейне безгегі ұстаған адамдай қалтырап кетуші
еді.
Апырай, осы ескерткіштерден қалай құтылуға бола
ды? Азаттық алуға асықпаған шенеуніктердің бұл жолы
да қозғалатын түрі жоқ. Өстіп жүргенде құлағына бір
жағымды хабар тиді. Семей облысының сол кездегі жас
әкімі Жақиянов қаладағы Ленин бастатқан комиссарлар
дың ескерткішін жинап-теріп, Ертіс бойындағы арал
дардың біріне апарып тастапты. Көшіргенде ештеңесін
бүлдірмеген, бәрін бір алаңқайға апарып, қаз-қатар тізіп
қойған.
– Кімде-кім бұрнғы көсемдерді көргісі келсе, аралға
барып сейілдеп қайтуына болады, – депті «бұл қалай»
деп күңкілдеген балшабектерге.
Ал, Алматыда ондай әрекет байқалмайды. Тым-тырыс.
Ол кезде қазіргі қаптаған партиялардың бірі жоқ. Оппо
зиция да атқа қона қоймаған кез. «Азат» деп аталатын бір
ғана қозғалыс бар. Олардың өзі де үйсіздерге қала маңы
нан жер телімін алып беру секілді өнімсіз шаруалардан
артылмай жүр.
Әубәкір бір күні сәті түсіп, сол «Азат» қозғалысының
жиналысын әдейілеп барды. Олар қала сыртындағы «Ка
менка» маңынан жер алатын болдық деп желпініп отыр
екен. Сол кездегі қала бастығы Нұрқаділовтан рұқсат
алыпты. Әубәкір олардың кеу-кеулеген сөздерін аз-кем
тыңдап отырды да, бір мезгілде орнынан тұрып, сөз сұ
рады.
– Жігіттер, беталыстарың жаман емес, табысқа
жетіпсіңдер. Құттықтаймын! – деді жұрт назарын өзіне
аударып. – Әрине, жер алып, үй салған да жақсы. Бірақ
менің айтайын дегенім басқа нәрсе. Мына қаламызда
қаптап тұрған империя көсемдерінің ескерткіштерін не
істейміз? Солар қашанғы көкке қол созып, төбемізден қа
рап тұрады? Соларды бір шетінен құлатпаймыз ба?
«Азаттықтар» бұл туралы әлі бас ауыртып көрмеген
тәрізді. Бір-біріне қарап, ойланып қалды.
– Ескерткіштерді алып тастау үшін қалалық үкіметтің
қаулысы керек қой, – деді қозғалыс басшыларының бірі.
Сол-ақ мұң екен, жиналғандар дуылдасып кетті.
– Қалалық үкімет ескерткішке тисе алмайды, – деді бі
реуі.
– Неге?
– Қалалық үкімет жоғарыға жалтақтайды. Ал жоғарғы
жақ Мәскеуден қорқады...
– Әлгі, алдық деп малданып жүрген тәуелсіздігіміз
қайда? – деді бір жас жігіт.
Осылайша, әркім әр жаққа тартып, сөз созылып бара
жатты.
– Жігіттер, біз бар міндетті үкіметке артып қоймай, қы
зыл комиссарларды көпшілік болып, өзіміз құлатуымыз
керек! – деді Әубәкір тізгінді енді өз қолына алып. – Есті
ген шығарсыңдар, Семейліктер қаладағы ескерткіш атау
лыны жинап-теріп, Ертіс бойындағы бір аралға апарып
тастапты. Сондағы бір алаңқайға апарып тізіп қойған.
Көсемдерін сағынған балшабектер сонда барып, көріп
тұратын көрінеді... Біз неге солай етпейміз? Семейліктер ден кембіз бе? Бұл да көптің көңілінде жүрген нәрсе болар, Әубәкірдің сөзін жиналған жұрт даурыға қостады: – Әукең дұрыс айтады... – Егер көпшілік қолға алса, үкімет қарсы болар дейсің бе? – Бәлкім, олар осындай бастаманы халықтан күтіп отырған шығар! – деген ойлар айтылды. – Алғашқы шабуылды кімнен бастаймыз, сонда? – Міндетті түрде «ЧК-ның» төрағасы Дзержинский ден! – деді Әубәкір... Не керек, «Азат» қозғалысы сол күні Дзержинский ес керткішін құлатуға қаулы алды. Оны және кейінге қал дырмай, ертең-ақ орындауға уәде байласты. Ертең сағат онда барлығы ескерткіш маңына жиналмақ болды. Сол күнгі Әубәкірдің қуанғанын айтпа! Ертеңінде тау құлатардай болып, ескерткіш маңына сағат он болмай жеткен. Бірақ алғашқы екпіні лезде басылып қалды. Ес керткіш түбінде тірі жан жоқ. Сағат оннан асып барады. Әлден уақытта дабырласып төрт-бес адам келді. Біреуінің қолында – қыл арқан, екіншісінің қолында – лом темір. Мынадай жабайы құралмен зәулім ескерткішті қалай құ латпақ? Сөйткенше, сол маңға он-он бес адам жиналып қалды. Біреулер болаттан құйылған Дзержинскийдің мойнына асауды ұстағандай шалма салып, бірнешеуі ар қанды жабыла тартып көріп еді, ескерткіштің қозғалатын түрі байқалмады. Тағы біреуі тұғыр тасты лом-темірмен соққылап еді, қызыл гранитке оның да тісі батпады. Әй, қайран қазекем-ай, осы етекбастылығың ғой – өзге жұртқа жем болып жүргенің! Гулеген құр сөз. «Ес керткішті құртамыз, жоямыз» дейді, бірақ соны қалай құлатудың амалын ойламаған... Әубәкір қозғалыс басшы ларына сеніп еді, солар көтергіш кран, не сүзеген трактор (бульдозер) әкелер деп ойлаған. Трактор әкелу тұрмақ бас шылардың өзі жоқ. Қысылғаннан Әубәкірдің маңдайынан сұп-суық тер шықты. Осы бастаманы көтерген өзі еді, шынымен-ақ көздеген мақсаттары іске аспай қалғаны ма? Сасқанда адам қиялы ұшқыр боп кететіні несі екен? Кенет Әубәкірдің ойына әлдене сап ете түсті. Мана келе
жатып, жол жөнекей көзі түскен: осыдан бір көше жоға
рыда ауқымды құрылыс жүріп жатқан-ды. Сол маңда қа
зылған шұқырларды тегістеп, екі бірдей трактор жүрген.
Біреуі – ожау басы бар жер қазғыш трактор да, екіншісі
бульдозер... Әубәкір енді аялдап тұрмады, солай қарай
құстай ұшты. Бір жақсысы, тракторлар ешқайда кетпепті.
Екі тракторшының бірі – орыс, бірі – қазақ. Әубәкір со
лардың қасына барып, асыға-аптыға сөйлеп тұр.
– Жігіттер, сендерге бес минөттік жұмыс бар. Кеше
«Азаттық» қозғалысы мына бұрыштағы Дзержинский ес
керткішін құлатуға қаулы алған. Адамдар жиналып тұр.
Бірақ ескерткішті тартып құлататын трактор жоқ... Кө
мектесіңдер!
Тракторшылар тез келісті. Өздері көп сөзге жоқ екен:
– Қанша бересің? – деді бар болғаны.
– Әрқайсыңа бір жартыдан арақ берсем, жете ме?
– Пойдет...
Олар ескерткіштің қайда тұрғанын жақсы білетін сияқ
ты. Дереу Дзержинский көшесіне түсіп, төмен қарай
жосып берді. Қуанышы мен таңданысы бірдей Әубәкір
мырс-мырс күліп келеді. «Бүкіл бір елді тітіреткен тиран
ның құны – бір литр арақ болды-ау, ақыры» дейді ішінен.
Келсе, мұндағы адам саны әлденеше есе молайыпты.
Бірақ ешқандай әрекет жоқ. Гу-гу сөз, айғай-ұран... Әйт
кенмен, олар да дәл қазір бір үлкен міндет атқарып тұр
еді. Ол – «Халықтың ұйғарымы, көпшіліктің қалауы» де
ген міндет. Егер мына көпшілік болмаса, соларға арқа сү
йемесе, Әубәкірдің жалғыз өзі бұл шаруаны атқара алар
ма еді.
Қабаттаса келген қос тракторды көргенде жиналған
жұрт тағы да ду ете қалды.
– Кім, ей, мына техниканы алып келген?
– Осы бастаманы көтерген Әубәкір деген азамат...
– Кім болсаң да жігіт екенсің! Шіркін, осындай азамат
тар ғой – ел бастайтын! – деп біреулер Әубәкірді қолпаш
тап жатыр.
Тракторшылар келісімен іске кірісіп кетті. Біреуі жер
қазғыш трактордың шөміш басына шығып тұрып, шын
жыр арқанды ескерткіштің мойын тұсына бір шалып бай
лады да, екіншісі анау жерге түскен соң, жуан шынжырды
ышқына тартты. Бірін-бірі қажаған темірдің шақыр-шұ
қыр дауысы шықты. Болат тонды ескерткіш те сықырлай
қозғалып, бірақ құлап түспей, теңселіп барып, тұрып қал
ды... Айналада бірі атып, бірі қаққан сөздер:
– Балшабектерің әлі де орын босатқысы келмейді. Не
деген итжандылық?! – деді біреу қарқ-қарқ күліп.
– Жетпіс жылдан бері тамырын тереңге жіберген пәле
ғой – бұлардың қай-қайсысы...
– Өзі «Темір Феликс» атанған «ЧК-ның» төрағасы бол
са! – десіп гу-гу етеді...
Тракторшылар да намыстанды-ау деймін. Біреуі болат
шынжырды ышқына тартқанда, екіншісі трактордың жер
қазғыш шөміш басын ескерткіштің қыр желкесінен сал
ды. Осылай екеулегенде ғана «Темір Феликс» оң жағына
омырыла құлады. Бірақ жерге құлап түспей, бір жағына
қисайып, тұғырға бекіткен тірек темірлерге ілініп тұр.
Алайда ендігісі оңай еді, трактор тағы бір жұлқығанда
ішек-қарны шұбатылған өліктей жер сүзе етпетінен түсті.
Ашынған жұрт жабыла ұмтылып, «ЧК» төрағасының
үстінде ойнақтап жүр. Ой-хой, заман-ай! «Дүние – кезек»
деген осы. Бір кезде маңына барудан жасқанатын бодан
жұрт қаһарлы қызыл комиссарды тезектей тепкіледі-ау
бір! Біреу қолындағы шой балғамен ескерткішті шекелей
бір періп еді, жуан мойны опырылып, басы анадай жерге
ұшып кетті.
– Бір кезде ЧК, ГПУ, НКВД, КГБ аталған мекемелер
жазықсыз талай адамның басын жұтып еді, соның есесі
бір қайтты-ау! – деді кешігіп келген қозғалыс басшыла
рының бірі.
– Әттең, Ежов пен Берияның басын да осылай бір тебу
керек еді.
– Голощекинді айтпайсың ба? Сол қужақ қолға түспеді-
ау! – деді әлдекім.
Сол-ақ мұң екен, қалың топтың арасынан көшені кер
неген ұран көтерілді:
– Тәуелсіздік жасасын!
– Қолымыз әрең жеткен азаттығымыз баянды болсын!
– Қаламызды қанды қол отаршылдардан, қызыл комис
сарлардан тазартайық! – деген айбынды ұран айналаны
басына көтерді.
Бұл кезде құлаған ескерткіш маңы адамға толып кет
кен. Көшедегі жаяу жүргіншінің бәрі осылай бұрылып
келіп жатыр. Бұқара халық үшін бұл да бір қызық көрініс
болатын. Күні кеше біреулер табынған, енді біреулер қо
рыққанынан пір тұтқан қызыл комиссардың ескерткіші
көшеде быт-шыт болып шашылып жатыр. Бұл дегеніңіз –
ай емес, жыл емес, ғасырда бір болатын оқиға ғой. Азат
тық, тәуелсіздік туралы көпірме көп сөзден гөрі осындай
бір батыл әрекет әлдеқайда әсерлі сияқты.
Мұның атын не деп атаймыз? Төңкеріс дейміз бе? Бі
реулер «Тирандар тырапай асқан жыл» деп жүр. Өзгелер
не десе, о десін, Әубәкір үшін бұл – төңкеріс. Өз қолымен
жасаған төңкеріс. Дүниені төңкермесе де, Дзержинский
сияқты империя көсемдерінің бірін төңкеріп тастағаны
рас қой. Егер Қазақстандағы әрбір адам Әубәкір секілді
«төңкеріс» жасай берсе, ештеңеден кенде қалмас едік-ау!
Әубәкір өзінің сол бір еңбегіне ешкімнен ақы сұра
ған жоқ. Сый-сияпат, марапат та дәметпеді. Өзінің есесі
қайтып, айызы қанды, атасының кегін алды – сол жетеді.
Тек, көңілге келетіні, төңкерістің бейнетін біреу тартса,
зейнетін сол төңкеріске тұяғын да қимылдатпаған басқа
лар көреді екен. Қазақ жерінің байлығын кім пайдаланып
жүр қазір? Миллионер, миллиардер деген алпауыттар
қайдан пайда болды? Соларды байыту үшін қан төккен
жоқ қой – азаттық жолында басын берген күрескендер...
Осындай ащы ойлар ғой – Әубәкірге маза бермей, түн
ұйқысын төрт бөлетін. Алайда, ой өз алдына, комисарды
төңкеріп тастағандай тағы бір әрекет керек...
Күн түске тармасып қалыпты. Әубәкір гүлзардағы ма
нағы орнынан енді ғана көтерілді. Әттең жас келіп қал
ды ғой – жаңа заманның қорқауларымен күресуге! Бірақ
олар да қарымтасыз қалар деймісің. Олардан да мықтап
тұрып өш алатын бір кекшілдер табылар.
Ал шляпасының ернеуі майысқан, көнетоз плащы то
бығына түскен тарихшы Әубәкір кермек ойларын өзіне
серік қып, автобус аялдамасына қарай ілби басып кетіп
барады.
2013 – қыркүйек
ЖАҒЫМПАЗДЫҢ АЖАЛЫ Әңгіме Ұ лы Жаратушы жан-жануар атаулыны жарық дүние ге әкелгенде, сол жан иесі өзін-өзі сақтап, тіршілік ету үшін әрқайсысына бір-бір қасиет сыйлаған ғой. Мәселен, қоянға жауларынан қорғану үшін жүйрік аяқ берсе, кірпіге тікенді тон бергені, құстарға ұшатын қанат, жыртқыштарға қалың қайрат пен өткір азу бергені сияқ ты... Дәл мұндай болмағанмен, адамдар да әртүрлі қабі лет-қасиеттен құралақан емес. Біреу қайратымен, біреу талантымен, біреу ерекше өнерімен, тағы біреулер өзінің еңбекқорлығымен жан бағады. Адамдар арасында айрықша қабілет-дарыны жоқ, ор таша ғана білімі бар, бірақ өзінде жоқтың есесін мінез бен, тілмен толтыратын, сөйтіп жүріп-ақ қатарынан қал май, көрнекті жерден орын алатын біреулер болады. Олар ешкіммен де бәсекеге түспейді, ешкімнің бетіне жел боп тимейді. Біреуге қарсы келгенді қойып, соның көңілін та буға, бейімделіп тұрады. Басқаларға ұнау, жақсы көріну – оның өмірлік ұстанымы. Былайғы жұрт оларды жағым паз деп, жалпақ шешей деп жазғырып жатады. Бірақ, не істейсің, табиғат берген мінезі сол болса... Қай жағынан алғанда да, біз сөз еткелі отырған Әкімбай, сірә, осы топ қа жататын шығар. Әкімбайды «сен сондай бол, солай істе, сөйтсең ұпайың түгел, жолың жеңіл болады» деп тәрбиелеген ешкім жоқ. Өзінің жаратылысы солай. Біреуге иілмесе, жақсы көрін бесе ішкен асы бойына тарамайды. Ол қаршадай кезін де-ақ өте сүйкімді бала болды. Мінезі жұмсақ, жайдары, қашан көрсең езуі жайылып, күліп жүргені. Балалармен төбелеспейді, бәріне мақұл. Ферма бастық ақырса қорық қанынан жерге кіріп кете жаздайтын құл мінезді қойшы ның баласы ғой. Әкімбай әкесіне тартқан. Мектепте оқып жүргенде де Әкімбай мұғалімдерге жағымды болды. Ұстаздар оның ерекше қабілетін емес,
айтқанды екі етпей орындайтын тәртібін, елгезектігін
ұнатушы еді. Әкімбайдың «бестік» бағаға шарты толмай
ды, әрине. «Үш» қойсаң обал, сондықтан «төрттік» баға
ны одан аямайтын. Университетте оқып жүргенде де сол
мінезден танған жоқ. Деканатпен тіл табысып, қашанда
курстың старостасы болып жүреді. Одан қала берсе, ком
сомол комитетінің мүшесі, кәсіподақ белсендісі. Пән мұ
ғалімдеріне жағымды. Нағыз «барып кел, шауып келдің»
адамы. Бұл кезде Әкімбай қоғамда өзіне үлес әперетін
бірден-бір қасиет – жағыну екенін әбден біліп болған. Ол
қазір не қабағы, не бұтағы жоқ, сүргіленген, ләктелген
тақтай сияқты еді, теп-тегіс, жып-жылтыр.
Ал кейін қоғамдық қызметке шыққанда да осы мінезі
өзіне майдай жақты. Несін айтасың, тіл табысу мен жа
ғынудың нағыз қажет болатын жері осында екен. Қоғамда
не көп – бастық көп. Бөлім бастығы, оның үстінен қа
райтын бастықтар... Солардың бәріне ұнау керек. Ашы
ғын айтқанда, қызметте көп мәселеге Әкімбайдың өресі
жете бермейді. Соның орнын ұнамды мінезбен, елгезек
белсенділікпен толтырмасқа амалы жоқ. Бұл күнде бас
шының айтқаны қашанда дұрыс. Әлгі орыстар айта бе
ретін: «Я начальник – ты дурак, ты начальник – я дурак»
дегеннің кері. Амал жоқ, алдымен сол басшының көңілін
табу керек.
Былай барлап қараса, сол басшыларың да жылы сөзді,
жұмсақ көпшікті жек көрмейтін секілді. Шүкір, бұл жағы
нан бұрыннан дайындығы бар Әкімбай қысылған жоқ. Ай
дынға қоя берген балықтай жүйткіді. Май сұрасаң – міне
құйрық. Құдай берген қу сөзді аясын ба, жиналыстарда
бұл ылғи да басшыны мақтап сөйлейтін болды. Сөзінің
арасында қалайда «пәленшекеңнің дұрыс басшылығы
мен», «түгеншекеңнің ерен еңбегінің арқасында» дегенді
қыстырып жібереді. Сөйтіп жүріп, Әкімбай көп ұзамай
мадақ сөздердің майталманы боп алды. Ең бастысы, мұн
дайда басшыға керек сөзді, оның естиін деген сөзін дәп
басып айта білуде ғой. Қышыған жерін дәл тап, бәлемнің.
Бұлай ету екінің бірінің қолынан келмейді. Бұл да – өз
алдына жатқан бір өнер. Бара-бара біздің Әкімбай осы
өнердің қас шеберіне айналып еді. Бір жолдасы қалжың
дап: «Әкімбай адамға сөзбен массаж жасайды» дейтін-ді.
Әзіл де болса, соның сөзінде жан бар.
Осы қабілетінің арқасында Әкімбай қызметте тез өсті.
Араға үш жыл, не бес жыл салып, сатылап секірді де
отырды. Университетті бітірісімен құрылыста жәй инже
нер, одан бас инженер, одан аудан әкімінің орынбасары,
одан аудан әкімі, одан облыс әкімінің орынбасары, одан
әкімнің өзі... Осы соңғы орынтақта үш жылдай бөгелді де,
парламент сенатының депутаты болып, бір-ақ секірді. Се
натор дегенің – аса үлкен лауазым ғой. Түсіңе кірмейтін,
қиялыңа симайтын дәреже. Жұрт енді бұдан былай Әкім
бай туралы жазса, «мемлекет, әрі қоғам қайраткері» деп
әспеттейтін болады.
Осының бәріне білімі, не өнері асқандықтан жеткен
жоқ қой. Қайдағы. Әкімбайды он орайтын жігіттер жүр
ғой – әлі сол алғашқы іс бастаған жерінен ұзай алмай. Ал
Әкімбайдың бағы жанды. Қазақта «қолынан да, тілінен де
келеді» деген сөз бар. Әкімбайдың қолынан көп ештеңе
келмесе де, тілінен келеді. Кәдімгі қара сөзбен-ақ аспан
дағы бұлтты үйіріп, қарасуды теріс ағызуға болады. Ол
үшін желдің қай жақтан соғатынын біліп, басшылардың
қас-қабағын аңдып, соған лайық «жүріс» жасау керек.
Қойшы, әйтеуір, бұл да – өз алдына жатқан бір академия.
Әлгі жұрт айтып жүрген «талантыңыз» – осы шығар, сірә.
Көре алмаған күншіл жұрт не демейді. Кейінгі кезде
біреулер Әкімбайды «жантық», «жағымпаз», «қалтадағы
депутат» деп, сырттай сылтың қылатын көрінеді. Мейлі,
айта берсін. Бұл күнде кімнің аузына қақпақ боласың. Жа
ғыну – Әкімбайдың сүйегіне сіңген, өмірлік машығына
айналған нәрсе. Онсыз өмір сүре алмайды. Өзгені қойып,
үйдегі өзінің әйеліне, баласына жағынады ғой.
– Бәйбіше, сен өзің байқайсың ба, кейінгі кезде жасаң
ғырап, құлпырып барасың! – деген жақында әйелімен
екеуі оңаша шай ішіп отырып. Ал шын көңілі басқаша
еді. Тым толысып, сары қарын тартқан әйелін ұнатпай
жүретін.
– Қойшы, ей, рас айтып отырсың ба? – деп әлгі сөзге
әйелі әлдеқандай боп, қылымсып қалды. Еңбегі зая кеткен
жоқ, сол күні жұбайы көрпесін көпсітіп, төсегін қалыңы
рақ салғаны есінде.
Әкімбайдың сөз сиқырын меңгергені сонша, ол шын
шабыты келгенде адамдарды жылатады ғой. Ана жылы
бір аталас ағайыны алпысқа толып, дастарқан басында
Әкімбай сөз сөйлеген. Әлгі кісінің көңілі бос па, әлде бұ
дан бұрын ондай жылы сөзді естімеген бе, Әкімбай сөзін
аяқтағанда, әлгінің балаша еңкілдеп қоя бергені. Жинал
ғандар жабыла күліп, зорға уатқан.
Әкімбайға жерлес болып келетін тағы бір ақын ағасы
болды. Марқұм аңқылдаған, ақ көңіл, жақсы адам еді. Бір
ғана кемшілігі – мақтаншақтау кісі болатын. Бір өлең жаз
са, онысын телефонда көрінгенге оқып, апта бойы наси
хаттаушы еді. Сол ағасы араға екі-үш ай салып, үнемі үйі
не қонақ шақыратын-ды. Әкімбай ол отырысқа міндетті
түрде қатысады. Қонақасының мақсаты – мақтау сөздер
есту, сол арқылы шалқып бір рахаттану... Бәйбішесі де
қонақ күтуге әбден машықтанып алған, обалы нешік,
дастарқаны майысып тұрады. Ал ақынның өзі қонақтар
жиналғанша, тосттар көтерілгенше тағат таппай, асығып
жүреді. Жұрт жайғасып болды-ау деген кезде:
– Ал, басташы, айналайын! – дейді ғой дастарқан
тізгінін Әкімбайға ұстатып.
Әкімбай болса – төселген жорға, небір тәтті-дәмді сөз
дердің майын тамызып, ағызады-ау келіп. Ақын ағасын
жеті қат көкке неше шығарып, неше түсіреді. Ақынға өз
замандастарынан пар келетін ешкімді таппай, тұп-тура
Абайдың қасынан бір-ақ шығарады ғой. Оның әр сөзін
таза алтынға балап, мақтауға мас болып, үй иесі отырады
балбырап.
Бір жолы көңіл күйі болмады ма, Әкімбай өз сөзін қыс
қалау қайырыпты. Мақтауға қанбай қалған ақын соған
біртүрлі нәумез болып:
– Апырай, Әкімбайжан-ай, бүгін жайың жараспай тұр-
ау өзіңнің... Мына коньяктан алып жіберші, бабыңа келер
ме екенсің! – десе керек. Сонда Әкімбай отырып:
– Ағасы-ау, сіз – бір шөл, біз – бір Нілміз ғой. Оты
рыс сайын құйып жатамыз сізге. Бірақ қанша құйсақ та,
шөліңіз бір қанбайды-ау! – деген екен...
Көріп отырсыз, Әкімбай осы қалпында аспаннан түс
кен жоқ. Оны мақтау-мадаққа, жағымпаздыққа жетелеген
– осы елдің өзі. Демек, оның өнеріне сұраныс бар. Бұл
айтып отырғанымыз – ағайын арасы ғой. Ал қоғамда мақ
тау-мадақ дегеніңіз, жағыну дегеніңіз тіпті бағалы екен.
Өйткені біздің елде басшыға табыну белең алған ғой. Ал
табыну бар жерде жағыну қоса жүретін әдеті. Ендеше,
Әкімбай бір жақтан ауып келген жоқ, осы заманның өз
перзенті, өз өнімі. Өзі де өнейін деп тұрған дән еді, құнар
лы топыраққа түсті де, бірден бойлап өсіп кетті.
«Биік мансап – биік жартас сияқты. Оған қалықтап
ұшып қыран да шығады, өрмелеп жүріп жылан да шы
ғады» деген сөз бар. Әкімбай шың басына қыранша қа
лықтап жетті десек артық болар, өрмелеп жүріп, сатыдан
сатыға көтеріліп жүріп, облыс басшысы деңгейіне дейін
жеткені анық. Осылайша «ешкіні апа, текені жезде» деп
жүргенде, бір күні елбасының да назарына ілікті-ау!
Онда Әкімбайдың облыс әкімінің орынбасары болып
жүрген кезі. Бір жылы сол облысқа қызмет бабымен ел
басы келетін боп қалды. Ол кісінің жұмыс сапары күні
бұрын жоспарланған. Баратын жерлері, көретін объекті
лері де тас-түйін әзірленген. Арнайы сценарий жасалып,
орталық алаңда қарсы алатын халық, ұран салып, ду қол
шапалақ ұратын жастар, ақ батасын беріп, алғыс айтатын
кемпір-шал дейсіз бе бәрі күні бұрын белгіленген. Кешкі
қонақасы, аттанарда берілетін сыйлық та қапысыз ойлас
тырылған.
Бәрі де сол алдын ала жасалған жоспар бойынша
мүлтіксіз жүріп жатқан-ды. Тек, бір ғана өзгеріс: облыс
әкімі қонақ келерден бір күн бұрын қарбалас дайындыққа
төтеп бере алмай, жүрек талмасына ұшырап, ауруханаға
түсіп қалды да, бар шаруаны орынбасар Әкімбай атқаруға
тура келді. Шынын айтқанда, бұл да бір тағдырдың оған
күле қараған сәті еді. Қолға билік тиген соң аянсын ба,
Әкімбай гүл-гүл жайнап, қонақтың алдынан шықты. Өзі
де сымбатты жігіт қой, су жаңа киініп, қылаң ұрып шыға
келгенде, күнде көріп жүрген әріптестерінің өзі таң қалып
еді.
Қонақасыларда, тағы басқа кездесулерде үй иесі ретін
де отырысты басқарған Әкімбай қызыл тілді безеп, сай
рап бір берді дейсің, оның тауып айтқан сөздеріне елба
сының өзі таңырқап қалып еді. Не керек, жер бетіндегі
бүкіл жақсылықты басшының басына үйіп-төкті ғой. Қо
нақ келердің алдында облыс орталығына өткінші жаңбыр
жауып өтіп еді. Соның өзін қаншама сөз қылды.
– Сол жаңбырдың бұлты елбасының ұшағымен ілесе
келді бізге. Мұндай қасиет ерекше жаралған әулие сынды
адамдарда ғана болады. Құтты қонақ деген осы. Қазақтың
бағына туған елбасы бүгін облысымызды шарапатына бө
леп отыр! – деді-ау!
Дәл аттанатын күні елбасының алдына алтын ер-тұр
манды, сүттей аппақ ақбоз атты көлденең тартып тұрып:
– Аса құрметті Нұреке! Мына ақбоз ат – облыс халқы
ның сізге деген ақ пейілі. Осынау тал бойында бір міні
жоқ ақбоздай алдыңыздан әрдәйім ақ күн туып, көңіліңіз
ағара берсін! – дегені тағы бар.
Тумысынан атқұмар елбасы сүліктей жараған, сүттей
ақбозды көргенде қатты разы болды. Сол көңіл күйімен
дереу үзеңгіге аяқ салып, лып етіп ерге қонған. Ақбоз
үстінен су төгілмес, ақпа жорға екен. Біраз жерге салдыр
тып барып келді. Ақбоздың ұнағаны сонша, оны облыста
қалдырмай, Алматы маңындағы өзінің жылқы фермасына
жөнелтуді бұйырды.
Ақбоз атпен бірге Әкімбай да елбасының көңілінде қа
лып еді. Кеше бір әредікте жөн сұрасқанда, мұның туған
елі мен жері де бөтен болмай шыққан. Ертеңінде әуежайға
шығарып саларда, елбасы соны тағы да еске алып:
– Сен сияқты жөн білетін жігіттер біздің Астанаға да
ауадай қажет. Шалғайда жүре бермей, орталыққа кел
мейсің бе? – деген, бар билік мұның өз қолында тұрған
дай.
– Соған қол жетпей жүр-ау, Нұреке! – деп Әкімбай да
шын ойын айтып қалған.
– Қолың жетеді! – деді елбасы. – Оған әлі де біраз уақыт
керек. Күте тұр.
Көп күттірген жоқ, жоғарыға апаратын басқыштар бас
талып кеткен. Сол жылы күзде көптен дімкастанып ауы
рып жүретін, әрі жасы да келіп қалған облыс әкімі зей
нетке шықты да, Әкімбай соның орнына қонжия кетті.
Ол осы қызметте үш жылдай отырды. Қас қылғандай, дәл
осы жылдарда облыста егін шықпай, қатал қыста қыруар
мал қырылып, құрылыс жұмысы да мандымай, Әкімбай
пәле іздеген журналистерге жем бола бастаған. Астанаға
қашан жол түсер екен деп, күн сайын жоғарыға жалтақтау
лы еді. Сөйтсе, елбасы кезекті парламент сайлауын күтіп
жүр екен ғой. Сайлаудың соңын ала өзі тағайындайтын он
шақты сенатордың бірі ретінде, Әкімбайды да тізімге қо
сып жіберді.
Бұрын кім білген, дүниедегі ең жайлы орын, рахат қыз
мет – сенатор болу екен ғой. Сенатта нақты жоспар, ауыр
міндет деген жоқ екен. Мәжілісте пысықталып, дайындап
әкелген заң жобаларымен танысқан боласың, талқылау
кезінде кейбір баптарына пікір айтқан боласың. Бірақ көп
өзгеріске ұшырамай, түгелге жуық қабылданып кетіп жа
тады. Нені қолдау, нені кейінге қалдыру керектігін жоға
рының қас-қабағына қарап, біліп отырасың. Дау-дамай,
талас-тартыс деген болмайды. Рахат! Бүкіл парламент –
бір ғана партияның мүшелері. Үкімет ұсынған заңдарға
бір ауыздан, бір кісідей дауыс береді. Дүние жүзінде дәл
Қазақстан парламентіндей тату-тәтті, жоғарының айтқа
нына так тұратын тәртіпті парламент жоқ шығар-ау!
Мұнда сөз сөйлеп, пікір айтудың да өз өлшемі бар.
Желпілдеп, жиі сөйлейтіндерді жоғарғы жақ ұнатпайды.
Ондай пікір айтқыш жеңіл ауыздар келесі сайлауда ешқа
шан өтпейді. Ел аузында: «ең жақсы, ғұмыры ұзақ депу
тат – үндемейтін депутат» деген сөз жайдан-жай таралып
жүрген жоқ. Осының бәрі алғашқы екі-үш айда-ақ Әкім
байға белгілі болған-ды. Парламентте қажет деген сөз
дерді айтып, уақ-уақ ұсыныс енгізіп отыратын өздерінің
меншікті «бұлбұлдары» бар екен. Әкімбай алғашқы жа
рым жылда-ақ олардың қатарына қосылды да, көп ұзамай
«дежурный» шешендерді басып озды.
Әкімбайдың бірден көзге түсіп, шоқтығы биіктеп шыға
келгені – ол араға біраз уақыт салып, елбасы туралы бір
неше ұсыныс енгізген. Алғашқысы – «елбасы сайлауға
түсіп әуіре болмай-ақ, президент тағында мәңгібақи оты
ра берсін» деген ұсыныс еді. Басқалардың да қолдауы
на ие болған ұсыныс. Сәл-пәл өзгеріске ұшырап, «елба
сы өмірінің ақырына дейін, қалағанынша сайлауға түсе
берсін» деген мазмұнда қабылданып кетті. Одан кейінгі
лері – «Астана қаласына елбасының есімі берілсін» деген,
және «президентке «Халық қаһарманы» немесе «Еңбек
ері» атағы берілсін» деген ұсыныстар болатын. Бұл екеуін
де парламент аса көтеріңкі рухта, қос қолдарымен қолда
ған-ды. Қарсы дауыс бергенді қойып, қалыс қалған да еш
болмап еді. Бірақ, амал қанша, елбасы бұл екі ұсынысқа
да «вето» қойып, қабылдамай тастады. Сол арқылы алды-
артын ойлайтын көреген елбасы мол ұпай жинап, тағы бір
рет ұтысқа шықты. Өйткені, өзіне берілейін деп тұрған
дайын атақтан бас тартып, өзінің асқан кішіпейіл, әрі де
мократ екенін әлемге әйгілеген.
Бұл мәселеде Әкімбайдың да есесі кеткен жоқ. Мұның
ұсыныстарына елбасы «вето» қойғанымен, аржағы теріс
көрмегені де белгілі еді. Себебі, елбасы қақпаға «гол»
соғатын кезде, бұл оған тамаша «пас» берді ғой. Демек,
соғылған «гол» екеуіне ортақ. Осы оқиғадан кейін, ара
да көп өтпей елбасы парламент жиналысына келгенде,
Әкімбаймен жылы амандасып, қолын қаттырақ қысқаны
есінде... Осыдан кейін бұл пақырың арқасын кеңге са
лып, емін-еркін жүріп жатқан-ды. Жағасы – жайлау, етегі
– қыстау. Алдағы парламент сайлауынан шауып өтетініне
сенімі кәміл еді.
Бұл аралықта оппозицияға бейім тәуелсіз басылымдар
Әкімбайды «жағымпаз» деп, «жантық» деп, «туфли жа
лаушы» деп, жерден алып, жерге салып жатты. Бірақ бұл
оған «мәу» деп айылын да жиған жоқ. Қайта, солардың
жамандағаны жақсы. Оппозиция айыптаған сайын, бұл
билікке жақындай түседі. Өйткені, «жағымпаз», «жан
тық», «жарамсақ» деген сөздер кейінгі кезде биліктің өз
адамы дегенді білдіруші еді.
Осылайша бәрі ойдағыдай жүріп жатқан-ды. Алда пар
ламент сайлауы. Әкімбай ол туралы ойлап та жүрген жоқ.
Сайлаудан шауып өтетініне сенімі кәміл. Айтпақшы, бұл
сайланбайды, тағайындалады ғой. Әкімбайдың өз ор
нында қалатынына әріптестері де күмән келтірген емес...
Сөйтсе, алдын ала өйтіп күпірлік етуге болмайды екен
ғой. Бәрі құдайдың қолында екен. Бір күні ойламаған жер
ден, ашық күнде төбесінен жәй түскендей болды.
Әрине, бұл жерде Әкімбайдың ешқандай кінәсы жоқ.
Өз қызметін ел қатарлы мінсіз атқарып жүрген-ді. Жо
ғарының сызып берген жолынан ешқашан ауа жаңылған
емес. Кейінгі кезде кеңсе қызметшілері елбасының есімін
атамай, сұқ саусақтарымен Аспанды көрсететін болған.
Әкімбайға деген зауал басқа еш жерден емес, сол Аспан
ның өзінен келді.
Анығында іс мәнісі былай болып еді. Біз әншейінде
билік басында отырған адамның жұмысы жеңіл, олар қа
жымайды, талмайды, шаршамайды деп ойлаймыз ғой. Ал
іс жүзінде олай емес. Дүниеде президенттің жұмысынан
ауыр жұмыс жоқ шығар. Әсіресе, министрлерің дарын
сыз, әкімдерің қарымсыз болса... Өздіктерінен ештеңе
істемей, қашан президент тапсырма береді деп, ұядағы
балапандай аузыңа қарап отырса. Және сол берілген тап
сырманың өзін ойдағыдай орындамаса. Жолдаған мәлі
меттері жалған, ылғи көзбояу болса, осыдан кейін елба
сы қалай шаршамасын, қалай қажымасын-ау! Өте-мөте
жасың ұлғайып, жүйкең жұқарған кезде. Кейде сіркесі су
көтермейтін кез болады.
Оның үстіне, әр қадамыңды аңдып, тырнақ астынан кір
іздеп жүретін оппозиция анау! Міне, солардың қырсы
ғынан бүгін де қан қысымы күрт көтеріліп кетті. Бұрын
ол кісі тәуелсіз газеттерді көп оқымайтын. Өте қажетті,
айтпаса болмайды деген материалдарды ғана көмекші
лері қысқаша баяндап беретін. Бүгін ойламаған жерден
қолына «Дат» деген газеттің түсе қалмасы бар ма. Кенет
«Жағымпаздар жарға жығады» деп, айғайлап тұрған та
қырыпқа көзі түсті де, амалсыз оқи бастады. Не жазған
дейсіз ғой? «Бұл күнде біздің елбасы жағымпаздардың
қоршауында қалып, тұтқынына айналды» депті бірден мә
селені қабырғасынан қойып. Соны айта келіп, ең алдымен
парламенттегі жағымпаздарды тізіп шығыпты. Екі акаде
мик, бір философия докторы бастатқан оншақты адамның
ішінде Әкімбай да жүр. Жәй аты-жөндерін тізіп қана қой
май, әлгілердің қай жиналыста не айтқанын айы-күнімен,
дәлел-пәктісімен көрсетіпті.
Сонан кейінгі біраз сөз жағымпаз ақын-жазушылардың
үлесіне тиіпті. Біраз сөз емес, қомақты сыбаға. Алды ел
басы жайында роман жазса, енді біразы мақтаған мақа
ла, одалы өлең арнаған. Әрине, жазушылар – сөз дарыған
жұрт қой – аянып қалмапты. Біреуі мұны Жорж Вашинг
тонға теңесе, тағы біреуі Ататүріктен аумай қалған депті.
Бұл да ештеңе емес, бәлкім жаңа мемлекет құру жағынан
соларға ұқсаса ұқсайтын шығар. Сорақысы – әлі алда. Бір
ақын мұны еврей әулетін Сахара шөлінен Қызыл теңіз ар қылы Палестина жеріне бастап келген Мұса пайғамбарға теңесе, екінші біреуі жер жүзін топан су қаптағанда, кеме жасап, адамзат тұқымын аман сақтап қалған Нұх пай ғамбармен салыстырыпты... Бұл да ештеңе емес, тағы бір көрнекті деген жазушы елбасын «Алла-тағаланың жер дегі бейнесі» депті. Манадан бері әрең шыдап отырған президент осы ған келгенде ары қарай оқуға төзімі жетпей, қолындағы газетті лақтырып жіберді... Ту-у, мұндай да масқара бо лады екен! Бұрын ел аузынан артық-ауыс сөз айтылса, халықтың ықласы шығар деп, бәлендей мән бермеуші еді. Сөйтсе, мына «Дат» газеті айтқандай, жағымпаздар мұның төңірегін мүлде торлап алған екен ғой... Жаңағы жазушыларды түгел дерлік таниды. Біразы өз қолынан атақ-дәреже алған, жыл сайын өкіметтен стипендия алып жүрген адамдар. Өздерінше, сол алған сый-сияпаттарын өтеген түрлері ме бұл? Ой, бүйтіп мадақтағаны бар бол сын. Бұл – қолдап, көтермелеу емес. Орыстар мұндайды «медвежья услуга» деп атайды. Достық емес, қастық. Ал жаңағы өлеңдер шетел журналистерінің қолына тисе не болады? Қасықтап жинаған абыройы бір-ақ күнде төгіл мей ме?! Елбасы да пенде ғой, сол жарамсақтардың бетінен қақпай, еркіне қоя берген кездері де болып еді. Нелерді ойлап таппады олар. Өзара жарысқа түскендей: «ұлт ли дері» деді, «ел серкесі» деді, «мәңгілік президент» деді, «ғасыр ғұламасы» деді... Енді ойлап отырса, түкке керегі жоқ сөздер екен ғой. Соның бәрін жинаса, «қазақтың тұң ғыш президенті» деген бір ғана атаққа тати ма? Түбінде алтын әріппен тарихқа жазылатын сөз – осы. Қалғанының бәрі еш мағына бермейтін бос сөздер. Қолдау, қолпаш де гендер алғашқы жылдары керек болса болған шығар. Ал қазір асарын асап, жасарын жасап, тамам елдің сүйіктісі не айналған кезде, жылмаңдаған көп жағымпаздың керегі не? Елбасы осының алдында ғана парламент сенатының жаңа құрамына кіретін депутаттардың тізімін қарап отыр ған-ды. Жаңағы шамырқанған ашу үстінде өзі тағайын дайтын он сенатордың тізімінен философия докторы бас
татқан, біздің кейіпкеріміз Әкімбай қостатқан бес адамды
сызды да тастады. Жеке бұлар ғана емес, қу бастан қуыр
дақтық ет алатын осындағы «шешендердің» көбін қыс
қартуға бел байлаған. «Бұдан кейін ақын-жазушыларды
да тәртіпке шақыру керек! – деді ызаға булығып. – Жал
ған мадақтан, көпірген көбік сөзден ешқандай пайда жоқ.
Жалпы, осы ақын-жазушылар басшыларға жарамсақтану
дан ұялмай ма?».
Ойында ешқандай күдік жоқ, сенаторлық лауазымын
сақтап қаларына сенімі кәміл Әкімбай өзіне төнген зауал
ды сайлау қорытындысы шыққанда бір-ақ білді. Мұның
көп жаңалықтан хабарсыз қалғаны – дәл сол қарсаңда үш
ұлдан кейінгі жалғыз қызын ұзатып, той тойлап жүрген-
ді. Газеттер жаңа құрамға кірген сенаторларды да, өтпей
қалғандарын да бадырайтып жазып қойыпты. Қанша
үңіліп қараса да, Әкімбайдың аты-жөні өтпей қалғандар
дың тізімінде жүр... Жаңсақтық болуы мүмкін емес. Қата
рынан бірнеше газет солай басқан.
Жалғанда ойламаған жерден, тұтқиыл тиген соққы
қиын болады екен. Әнекүннен бері көңіл дегенің ақ бұлт
тардың ар жағында қалықтап жүрді ғой. Құдалар ауылын
да сенатордың денсаулығы үшін қаншама тост көтерілді.
Құдалардың кеу-кеуімен қуаныш үстінде біраз ішіңкіреп
те алған-ды. Бір жағы, сол себеп болды ма, қайғылы ха
барды естіген сәтте қаны бірден басына шауып, ұзынынан
құлап түсті.
Дереу «жедел жәрдем» машинасымен ауруханаға
жеткізілген. Дәрігерлер тексеріп көріп, миына қан құйы
лып кеткен деп тапты. «Үміт аз, жағдай ауыр» екенін де
жасырған жоқ. Шынында да, солай болды. Әкімбай алты
күн бойы ес-түссіз жатты да, жетінші күні жарық дүние
мен қош айтысты. Баяны жоқ, жалған дүние деген – осы,
әрине. Тіршілікте әркімге бір ұнаймын деп тыным таппай,
жанын жалдаған бір мазасыз өмір осылай аяқталды.
2013 – қараша
СЫРТТАН Әңгіме Ж аз күндерінің бірінде немерелерімді ертіп, Алматыдағы хайуанаттар паркіне барғанмын. Ондағы аңдар мен құстарды, піл мен маймыл ды, жолбарыс пен жирафты түгел аралап, әбден шаршап шығып, бергі шыға берістегі демалыс паркінде аз-кем аялдадық. Отырған жеріміз әртүрлі ойындар қоятын жаз дық сахнаға таяу. Сол маңда ию-қию дабырлаған адам дар тобы байқалады. Қаталап шөлдеп шыққан балалар балмұздаққа бас қойғанда, мен жаңағы сахна жаққа са марқау көз салып, сыртқы дүниемен жалғасқан мидың тетіктерін үзіп тастап, ештеңе ойламай, бір сәт бас ты нықтырып отырғанмын... Бір мезгілде бес жасар неме рем Мағжан жеңімнен тартқылады: – Ата, ананы қара! Кішкентай иттер кетіп барады! – дейді таңырқай дауыстап. Мен ми тетігін дереу қайта жалғап, айналаға қарасам, шынында да, жаздық сахна маңы қаптаған ит... Аны ғында әртүрлі ит жетелеген әйелдер. Солар итімен бірге алма-кезек сахнаға көтеріліп, бірінші қатарда отырған «комиссияның» алдынан ойқастап өтіп жатыр. Мен енді аңғардым. Шамасы, бүгін мұнда ит көрмесі болып жат қан сияқты. Әлдебір ит маманы иесімен бірге сахнаға шыққан иттердің тұқым-тұқиянын, пародасын, өкше ізі қай елден шыққанын, қандай нәсілдің қосылуынан жа ралғанын, неше мәрте байқауға қатысып, қанша медаль алғанын саңқылдап айтып тұр. Не жоқ дейсің бұл иттердің арасында: ағылшынның тобанаяқ, салпыауыз бульдогі, немістің қасқыр текті, алкеуде овчаркасы, испанның пәлен тұқымды иті, фран цуздың түген нәсілді кәндені, орыстың апайтөс аңшы иті... толып жатыр. Және шетінен асыл тұқымды. Омы раулары толған қызылды-жасылды медалдар... Медалды қалай таққан дейсіз ғой? Медалды әлдебір асыл бұлға
қатарлай тізіп, мойындарына асып қойыпты. Ал мойын,
омырау жағы тапшы, кішкентай кәндендерге не істеген
дейсіз ғой? Оларға да асыл бұлдан кеудеше кигізіп, алған
медалдарын жонарқасы мен қос қапталына тізіп тастап
ты. Бейне соғыста ерлік көрсеткен майдангерлер секілді.
Сонда, бұлар қандай ерлігі үшін алды екен мына медал
дарды? Соған ақылым жетпей, өзіме таяу отырған еврей
шалдан сұрадым:
– Ақсақал, айтыңызшы: мына иттер ана медалдарды
қандай еңбегі үшін алды деп ойлайсыз?
Ол менен гөрі білімдар, өте сауатты боп шықты. Сол
білімін ішіне сидыра алмай қор болып отыр екен. Менің
сұрағым құлағына тиісімен сайрап ала жөнелді.
– Пәлі, білмейтін бе едіңіз, бұлардың бәрі қолға түс
пейтін асыл тұқымды иттер ғой. Аса ақылды, есті жа
нуарлар. Айтқаныңызды түсініп, жұмсаған нәрсеңізді
қолма-қол алып келеді... Әне, көрдіңіз бе, француз кән
дені музыкаға шыр көбелек айналып, билеп жүр.
– Солай деңіз... Сізге көп рақымет! Маған керемет кө
мектестіңіз! – дедім әлгіге қарыздар боп қалғым келмей.
Айтты-айтпады, бүгінгі көрмеге иттердің неше атасы
келген-ау, шамасы. Тоба, кейбір кәнден иттердің жүн
нен бет-жүзі көрінбейді. Аяғының да аяқ сиқы жоқ. Жел
ұшырып бара жатқан бір шүйке жүн сияқты. Ең ғажабы,
сол тышқандай кәнденнің де бірнеше медалі бар. Жаңа
ғы еврей шал айтып отыр: иттердің бой-тұрқы кішірей
ген сайын бағасы арта беретін көрінеді. Бір шүйке жүн
дей деп, біз менсінбей отырған жаңағы кәнденнің бағасы
– аттың құнымен парапар деседі.
Айтса айтқандай, сахнаның сырт жағында ит саудасы
қызып жатыр. Ит айырбасы да осында... Біреулер итін
сатып, қолма-қол ақша санап алып жатыр. Демек, на
рық заманы бұларға да келген. Тұрмыстан қысылғандар,
амал жоқ, асыл тұқымды иттерін базарға шығарып сату
ға мәжбүр. Бұрын кім білген, төрт түлік малдан жұрдай
осы қалада ветеринарлық (малдәргерлік) орталық бар
екен. Сол кеңседен келген мамандар сатылатын, немесе
айырбасқа түсетін иттердің денсаулығын қолма қол тек
серіп, ит иелеріне анықтама беріп жатыр.
Манадан бері менің бір байқағаным, мыналардың ара
сында бірде-бір қазақы төбет, не тазы жоқ. Қораға қас
қыр жолатпай, түнімен мал күзетіп шығатын, әупілдеп
үргенде тау-тасты жаңғыртатын маң төбеттер мұнда
көрінбейді. Төрт түлік малмен бірге олар да құрыған-ау,
шамасы. Немесе қазақы иттер – ит санатына қосылмай
ма? Әйтеуір, мына көрмеге олар қатыспаған. Ал, шын
мәнінде, олар – мыналар сияқты одан-бұдан жиналған
кірме емес, қазақ даласымен бірге жасасқан жануарлар
емес пе! Мына саусылдаған көп медалды сылқым әйел
дердің қуыршағына айналған, мысықтай ғана кәнденге
бергенше, қора күзетіндегі маң төбеттерге неге бермейді
екен? Олардың бар жазығы – ірілігі, батырлығы, күй тал
ғамайтын көмпістігі ме? Қыр елінде қора күзететін тө
беттерден басқа, аңға қосатын құмай тазылар болушы
еді. Сол тазылар қыс бетінде түлкі дегенді үйіп тастай
тын. Олар неге жоқ мына көрмеде? Менің бала кезімде
біздің үйде «Сырттан» атты төбет, «Ұшар» атты тазы бо
лып еді...
Ой-хой, дүние! Сол киелі жануарларды өзге түгіл, өзім
ұмыта бастаппын-ау! Сырттан мен Ұшарды еске алуым
мұң екен, мені тұтас бір естеліктер ағысы өзімен бірге
алды да кетті. Немерелерімді ертіп, үйге оралған соң да,
сол бір төбет пен тазы ойымнан шықпай, көз алдымда
көлбеңдеп тұрып алды.
Көшпенді елдің баласы қашанда төрт түлік малмен
бірге үй жануарларына да үйір боп өседі ғой. Біз де –
солардың біріміз. Менің бес-алты жастағы кезім болар,
әкем маған Сібетідегі диірменші орыстан алдым деп, бір
сап-сары күшік әкеліп берді. Сары болғанда, әр ауылда
жиі ұшырасатын сабалақ сары емес, бөртеге де келетін,
мыс түстес қызыл-күреңге де жақын, ерекше жаратылыс.
Көзін жаңа ашып, бауырын енді ғана көтерген, доп-до
малақ сары күшік керемет сүйкімді еді. Атын – бірден
«Сырттан» деп қойдық. Сырттан – иттің төресі. Түнде
Сырттанды қойныма алып жатам. Күндізгі ермегім де –
сол. Ертеден кешке дейін екі елі ажырамай, аулада асыр
салып, жарысып жүргеніміз. Үлкендер жақсы ит бола
тын күшікті желкесінен көтеріп сынайды екен. Егер жел
кесінен ұстап көтергенде қыңсылап дыбыс шығарса, жәй
ит болғаны. Ал дыбыс шығармай шыдап кетсе – нағыз
арланның өзі. Кейін қалай боларын кім білсін, әзірше
Сырттанды сыншылардың бәрі мақтайды.
Тамағы тоқ, күтімі жақсы Сырттан тез есейді. Күшік
бір жасқа толып, үйіне жеткенде дәу ит болады екен ғой.
Енді ол менің көңілімді құлазытып, қойынға алып жа
туға көнбей, өз міндеті саналатын қора күзетіне шығып
кетті. Жаз бетінде малмен бірге қотан шетінде жүреді де,
қыста ғана ағаштан қиылған үйшікте жатады.
Сырттанға қарағанда, «Ұшар» атты тазының бабы
қиын. Бейне біздің үйдің бойжеткен қызы сияқты, ол
ауыз үйлердің біріндегі жұмсақ төсекте, шымылдық
ішінде жатады. Мойнында қыздардың алқасындай күміс
шытыралы әдемі қарғысы бар. Ал мүсін дегенің ерекше.
Талбойында артық ет жоқ, қашан көрсең де тоқжарау
қалпы. Аяқтары ұзын да әлді, апайтөс, ал іші қабысып
жатыр. Тұрған бойы – жүгіруге жаралғандай. Төңі
регін шашақ көмкерген жалбыр құлақтары жұп-жұқа.
Жүні тықыр, денесінде бірде-бір дағы жоқ, сүйріктей
сұлу, ақсұр тазы еді. Сол сұлу тәнін қорғаштайтын бо
лар, ауыл иттерімен таласпайды. Жол-жөнекей әлдебір
ауылдың үстінен өтерде дарақы иттермен жанжалдаспау
үшін, бір-ақ секіріп, әкемнің, не өзін ертіп шыққан бас
қа адамның артына мінгесіп алатын. Мінгескенде, аттың
сауырына шығып, шоқшиып отырады ғой, баяғы... Соған
қарамастан, өзі керемет күшті-ақ. Кейде кездейсоқ барақ
иттердің қоршауына түсіп қалса, әлгілердің әрқайсысын
әр жаққа лақтырғанда, қимылына көз ілеспейді. Бейне
қара тобырдың арасына түскен спорт шебері – самбист
тәрізді.
Ал аңға шыққан кездегі айласын көрсең! Аң бала
сында түлкі деген айлакер, қу ғой. Ұшар олардан өткен
қу. Жаны қысылған түлкі белден бел асып бұлтарғанда,
Ұшар оның қай тұстан шығатынын біледі. Төтелей са
лып, ойламаған жерден түлкімен ұшыраса кетеді. Дереу
мойнын бұрап, тірсегін қиып тастап, иесі келгенше күтіп
тұрғаны. Қазақта «Қыран құс аңды тамағы үшін алады,
Тазы иесі үшін алады» деген сөз бар. Ұшар да сертіне
берік еді. Не керек, әкеме ілесіп аңға шыққанда, ұшар
дың талай қызығын көрдік қой... Манағы медалды әзір
ге-мәзір, қуыршақ кәнденге бергенше, сол Ұшарларға
тақса ғой, шіркін!..
Ал Сырттан дәу төбет болған кезінде бала менен гөрі
әкеме сыралғы, дос болып кетті. Сырттанның тілін әкем
ғана білуші еді. Әсілі, ит біткеннің басты міндеті – қора
күзету, біреу келе жатса үріп, белгі беру ғой. Ал ақыл
ды Сырттан үргеннің жөні осы екен деп, кім көрінгенге
аттандап, үн шығара бермейтін. Жәй ауыл арасындағы
біреу келе жатса бір түрлі белгі – бір рет «әуп» етіп, ды
быс береді де қояды. Одан гөрі алыстау жерден, бірақ түс
таныс, туыс біреу көрінсе, манағыдан гөрі қомақтылау
үн қатып, үйдегілерге қонақ келе жатқанын білдіре, қо
шамет көрсетеді. Ал, мүлде бейтаныс, жүрісі суыт, түсі
суық біреулер жақындаса, ондағы үрісі мүлде басқа. Он
дай бөтен адамға өршелене абалай үріп, кейде ат үстінен
жұлып ала жаздайды. Ең ғажабы, менің әкем Сырттан
ның осы үрістерінің мәнін үйден шықпай-ақ біліп оты
рушы еді.
– Әй, мынау жүрісі суыт, бөтен біреу ғой. Далаға шы
ғып, жөнін біліңдерші! – дейтін қызметші жігіттерге. Не
месе, керісінше:
– Ал мынау – біздің Сырттанды әбден мезі қылған
көрші ауылдың қыдырмашылары, - дейтін-ді, және айт
қаны айна қатесіз дәл келеді.
Ал Сырттанның қораға итқұс келгендегі үрісі атымен
басқа. Бұл – нағыз өліспей беріспейтін, қан майданға,
жекпе-жекке шақырған «жан айқай». Немесе үй иелеріне
«жау келді, қапы қалмаңдар!» деп берілген белгі, ұрыл
ған дабыл. Оны да менің әкем үйде отырып-ақ түсіне
қоятын.
– Мынау «қораға итқұс келді» деп тұр ғой. Тез далаға
шығып, айғайлап, айбат көрсетіңдер, не мылтық атың
дар! – деп, өзі де шыдай алмай далаға шығып, Сырттанға
дем беріп, иттерді айтақтап, итқұсты аулаққа қуып тас
тайтын.
Әсілі, ит пен қасқырдың түп атасы бір деседі. Бірақ, не
үшін екен, екеуі бір-біріне өлердей өш. Неге бұлай? Зерт
теу керек. Қасқыр – еркіндік аңсаған дала серісі. Өзінің
аталас туысы иттердің кісі есігінде құл болып жүргенін
кешпейтін болса керек. Ал ит деген қауым қасқырдың
өрлігін, басқаға істейтін зорлығын ұнатпайды. Ешкімге
күні түспей, өзі би, өзі қожа боп, бостандықта жүргеніне
іші күйеді. Қасқырдың төбесі көрінсе ауыл итінің қожа
сына жағынып, шуылдап өре түрегелетіні, ал қасқырдың
қатал қыстарда ит туысының етін жеп, құйрығын қарға
шаншып кететіні содан.
Ал біздің қазақ осыны біле тұра, өзінің қорасын күзет
кен иттен гөрі қасқырды жоғары бағалайды. «Ер азығы
мен бөрі азығы – жолда» деп, бөріні ер жігітпен қатар
қояды. Ал иттер адамға қанша қызмет қылғанымен, қазе
кең оның түбі құл екенін бір сәт естен шығармайды. Өйт
кені, қазақтың да көкейін тескен – бостандық қой. Сон
дықтан да босағада жүрген құлдан бостандықта жүрген
дала серісін артық көреді.
Бірақ, қасқырмен теңесе алмайтын иттің мәртебесі өз
алдына, біз сөз етіп отырған Сырттанның дәрежесі одан
мүлде бөлек. Оны тіпті «ит» деп атаудың өзі обал. Ол –
жәй ит емес, иттің сырттаны ғой. Баяғы Рим империясы
кезінде құлдардың ішінен де Спартак сияқты ерлер шық
пады ма. Біздің Сырттан да сол сияқты, дала серісі – қас
қырмен өзін тең санап, тай-таласқа түскен батыр.
Берітін келе Сырттан да кемеліне келіп, тайыншадай,
зор төбет болған. Бұл маңайда оған төтеп беретін ит жоқ.
Реті келсе, қасқырмен де алыса кетуден тайынбаушы
еді-ау! Қасқырдың сұсы басатыны сонша, қораға итқұс
келсе, ауыл иттері іннен-інге тығылады ғой. Ал кейбіреуі
қожасының көңілі үшін үрген күннің өзінде, толық көрі
нуге батылы жетпей, киіз үйдің есігіне құйрығын тыға,
жартылай жасырынып тұрып үретін-ді. Қораға шапқан
қасқырға тайсалмай, қарсы тұратын – Сырттан ғана еді.
Оның қойға шапқан қасқырмен алыса кетіп, қорадан
қуып тастағанына талай рет куә болдық.
1947-жылы ма екен, Барқытбелдің күнгейіне қар қа
лың түсіп, мал өсірген қауым қатты зардап шекті. «Жұт –
жеті ағайынды» дейді ғой, сол жылы қасқыр да көбейіп,
күн батар-батпастан қораға шабатын әдет шығарды. Сол
жылы көрші ауылдағы апамның немере бауыры Нұрғали
жабық қораға түскен қасқырдың үстіне қарғып мініп, қос
құлағынан ала, тұмсығын іргедегі тасқа ұрғылап жүріп,
соғып алғаны бар. Жұт жылы даланың қоңыр аңы да бір
жаққа ауып кете ме, аш қасқырлар осылай қораға түсетін
болған.
Біздің үй Малдыбай бұлағындағы қыстауда отырған.
Әйткенмен, басқаларға қарағанда, біздің ауыл бейғамдау.
Өйткені адамдар Сырттанға сенеді. Қасқырлар үйірімен
келмесе, бір-екеуіне Сырттанның алдырмайтынын бі
леді. Бір күні кешке жақын қызыл іңір болмай-ақ ауыл
иттері шуылдай үріп, мазасы кете бастады.
– Мына келгендер – жеке-жарым емес, үйірімен жүр
ген ұяластар ғой, – деді әкем жағдайды бірден пайымдап.
– Жалғыз Сырттан топты қасқырға қалай төтеп береді.
Бір-екеуің атқа мініп, ауыл шетіне шығыңдар. Айғайлап
айбат көрсетіңдер! – деп екі жігітті қолдарына сойыл ұс
татып, атқа қондырған.
Бұл келгендер ауылды тұс-тұстан торыған үйірлі қас
қыр екені бірден-ақ мәлім болды. Салтатты жігіттер бөлі
не қашқан бір тобын тауға қарай ығыстырғанда, тағы бір
айқас төменгі бұлақ бойындағы қалың шіліктің арасында
жүріп жатыр еді. Арсылдаған алыс-жұлыс біртіндеп ұзап
барады.
– Мына шайқасып жүрген – Сырттан ғой. Әккі неме
лер алысқа ұзатып апарып, жеп кетпесе жарады! – деді
соңғы күндері сырқаттанып, үйден ұзап шыға алмай
жүрген әкем шарасыздық танытып.
Бұл кезде жан алып, жан беріскен алыс-жұлыс ауыл
дан ұзап, бел асып кеткен-ді. Мана атқа қонған екі жігіт
бір заматта сойылдарын сүйретіп қайтып келді. Олар тау
жақтан келген екі қасқырды өкшелей қуып, Жолдыбай
аңғарына қарай асырып тастағанын айтады. Қасқырды
соғып алу емес, аулаққа қуып салғандарына мәз.
– Ал, Сырттан итқұстың тағы бір тобын шығыс жаққа
қуып кетті. Не болды екен, соңынан барсаңдаршы! – деді
шешем жігіттердің мына жүрісіне көңілі толмай.
Әлгілер бір-екі белді асты ма, аспады ма, ештеңе бітір
мей қайта оралды. Қараңғы түнде қасқыр мен иттің ізі
нен адасып қалса керек. Онымен де қоймай, өз қылықта
рын жөн санап:
– Әй, топты қасқыр болса, Сырттанды тірі жібермейді
ғой. Аш немелер ендігі сүйегін кеміріп, құйрығын қарға
шаншып кеткен шығар! – деп сәуегейлік айтады.
Осылайша, бос сөзді ермек еткен көршілер кешкі ас
тарын ішу үшін үйлеріне тарап кетті. Біз үй ішімізбен
өзіміз ғана қалдық. Сырттанның хабарсыз кеткеніне ең
семіз түсіп, жабырқап отырмыз. Тек, әкем ғана әлденеге
сенімді. Әлі де үмітін үзбей:
– Әй, Сырттан екені рас болса, менің итім бөрінің ау
зына түсе қоймас. Көр де тұр, біздің Сырттан әлі-ақ қан
майданнан оралады! – деп бізді жігерлендіріп қояды.
Ақыры әкемнің айтқаны келді. Біз кешкі тамағымыз
ды ішкен соң, әлі де жатар орынға асықпай, Сырттанды
уайымдап отырғанымызда, оның ауыл іргесіндегі қалың
қарлы жотадан асып келе жатқаны байқалды. Оны да ал
дымен сезген – әкем:
– Мынау – Сырттан ғой! – деген алыстан жеткен әл
дебір иттің даусына құлақ түріп.
Шынында да, анда-санда «әуп-әуп» деп дыбыс беріп
келе жатқан Сырттан екен. Өзінше «мен аман-есенмін,
келе жатырмын» дегенді білдіргені сияқты. Осыны күтіп
отырған біз дүрліге далаға шықтық. Сырттан есік алдына
келіп те қалған екен. Әкем оны дереу шам жанып тұрған
ауыз үйге кіргізді. Түн қатты аяз болатын. Сырттанның
үсті-басы саусылдаған қызылала мұз. Қатып қалған қас
қырдың қаны, өз қаны... Өне бойы толған жарақат. Ата
жауымен қан майданда аянбай алысқаны көрініп тұр...
Әкем күңіреніп кетті.
– Айналайын-ай! Қормал күзетшім-ай! Жаудан қайт
пас ержүрек батырым-ай! – деп әкем Сырттанның ас
ты-үстіне түсіп, қолындағы ондық шамның жарығымен
өнебойын түгел қарап шықты. – Сен біз үшін өлімге бас
тіккенде, біз тымқұрса соңынан барып, алыстан болса да
айқайлап, көмек те бере алмадық-ау! Кешіре гөр... Біз са
ған жақсы серік бола алмадық!.. Жануарым-ай, қалай тірі
қалғансың?! – деп, қасқырдың тісі батқан жерлерін түгел
қарап шықты. Әлі де қаны тиылмай тұрған бір жараға
йод жақты.
Ал Сырттанда әлі де болса тынши алмай тұрған бір
мазасыздық бар. Әлсін-әлі далаға қарай ұмтылып, жаңа
ғана өзі асып келген белге қарап, арсылдап үре береді.
– Әй, Сырттанның мына үрісі тегін емес. Осы батыр
қасқырды бір жерге апарып жыққан-ау, шамасы! – деді
әкем тағы да. – Тәңертең ерте тұрып, із шалмаса болмас.
Ертеңінде күн жексенбі болатын. Недәуір жердегі ат
пен қатынайтын мектепке бармайтын болған соң, керіліп-
созылып, кешірек оянғам. Көзімді ашып алсам, есік алды
гу-гу әңгіме, қарқылдаған көңілді күлкі. Жылдам киініп,
далаға атып шықтым. Күн шайдай ашық екен. Ауылда
ғы көршілердің бәрі жиналып қалыпты. Қары күрелген
аулада ұзынынан түсіп, көкжал қасқыр жатыр. Оның да
тұлабойы – қызылала қан. Артқы екі аяғы тірсегіне дейін
шайналған... Әдемі қара мұртын сылап қойып, әкем тұр
топ алдында. Сырқатынан мүлде айығып кеткен секілді.
Көршілерді аузына қаратып, әңгімесін енді ғана бастаған
екен.
Сөйтсем, оқиға былай болыпты. Кеше кеште көңілін
де күдік қалған әкем тәңертең ерте тұрып, атын ерттеп,
не де болса, кешегі Сырттан келген өңірді сүзіп қайтпақ
болыпты. Әкем киініп шығысымен, Сырттан да қыңсы
лап, бірдеме айтқысы келгендей аяғына орала беріпті. Ал
әкем атқа мінген кезде жол бастағандай алға түсіп, жор
тып берген. Кешегі қасқыр мен иттің ізі сайрап жатыр
дейді. Сол беті бір-екі кезең асып Жандыбайға баратын
күре жолға жақындайды. Әр жерде үй орнындай, кейде
қотан аумағындай, Сырттан мен қасқырдың айқас алаңы
кезіге беріпті. Айнала – қызылала қан. Көкжал жанұшы
ра қашып құтылмақ болады. Сырттан қолма-қол қуып
жетіп, артқы екі аяғын тірсектен төмен шайнай береді.
Ақырында арлан қасқыр артқы аяқтарын баса алмай,
қансырап барып жығылыпты. Сырттан сол арада соңым
нан біреу келе ме деп шоқиып біраз отырады да, ешкім
көрінбеген соң амалсыз ауылға қайтады.
– Көкжалдың өліп жатқан жеріне мені Сырттанның өзі
бастап барды, – дейді әкем желпіне сөйлеп. – Міне, көріп
тұрсыңдар ғой, өзі тайыншадай ірі неме екен. Сол маңда
жүрген малшының көмегімен атқа екеулеп әрең көтеріп
салдық... Не керек, осындағы еркекпіз деп жүрген тоғы
шар жігіттерден біздің Сырттан озды ғой...
Сырттан – аса қарулы, жойдасыз батыр ғана емес, ке
ремет есті ит еді. Біздің ауылдың адамдарын көш жерден
жазбай танитын. Біздің шаңыраққа кім туыс, кім жақын
– оны да жақсы біледі. Көптен көріспеген құда-жегжат,
ағайын-жұрағат келсе де, алдынан шығып, қыңсылай
еркелеп, кәдімгідей құрмет көрсетеді... Мен мектептен
қайтқан сайын алдымнан шығып, бірінші боп қарсы ала
тын да – сол Сырттан болатын.
Бір жылы қызық болды. Біздің ауыл ел жайлауға шы
ғарда күре жолға таяу Кіші тұмада отырған. Бірде сол
күре жолмен кеткен көліктен түскен, жалғыз жаяу біздің
ауылға қарай келе жатты. Аралық екі шақырымдай бар.
Кенет киіз үйдің көлеңкесінде жатқан Сырттан атып тұ
рып, солай қарай ұша жөнелді. Барған бойда әлгі жаяу
дың басына қарғып, арсалаңдап, еркелеп жүр. «Әке-ау,
бұл кім» дейміз таңырқап. Ауылға таяғанда ғана таны
дық. Келе жатқан – осыдан екі жыл бұрын әскерге кет
кен, жұрт өлдіге санап қойған жиен ағам Бижұма екен.
Не керек, бұл жолы да бәрімізден Сырттан озып еді.
Әкем қайтыс болғанда, мен қалада оқуда болатынмын.
Көктемгі аласапыранда жол лайсаң боп түсіп кетіп, қа
тынас болмай, мен әкемді жерлеп қойған соң, ертеңінде
зорға жеттім. Дауасыз дерттен жазылмасын білген әкем
қыста, жаңа жылдық каникулге келгенімде маған өсиетін
айтып, қоштасып қалған-ды. Бірақ бәрібір жылау-жоқ
тау жалғасып жатыр. Ауыл қаралы. Алғашқы күні күн
бойы көңіл айтып, көрісе келген адамдардан босамадым.
Тек үшінші күн дегенде қыстаудың алдындағы жотаға
қойылған әке қабіріне құран оқи бардым. Қасымда аят
оқи білетін ересек адамдар бар. Әлі дымы да кеппеген,
қоянжон жас топырақ. Ет жүрегің езіліп, еріксіз егілесің.
Осынау жас топырақ астында сенің дүниедегі ең жақын
адамың жатқанына сенгің келмейді... Қырық жеті жас де
ген не, тәйірі? Сол да – өмір ме? «Мен ержетіп, қанатым
қатайғанша неге тірі жүрмеді екен? – деймін ішімнен. –
Атам Күдері би – 45 жасында қайтыпты. Ал, әкем одан
екі-ақ жас озыпты... Сонда сексен-тоқсан деген жастар
біздің әулетке бұйырмағаны ма?». Бұл – енді небәрі он
үштегі баланың қиялы ғой. Тағдырға деген өкпе-назы...
Кенет әке қабірінің күнгей бетінде жатқан Сырттанға
көзім түсті. Адамдар дегди бастаған құрғақ шөпке жап
пай тізе бүгіп, аят оқыған кезде де орнынан қозғалған
жоқ.
– Міне, үшінші күн, Сырттан қабір басынан кетпей
жүр, –деді Бижұма ағам мән-жайды түсіндіріп. – Мәйітті
жерлеуге әкелгенде бірге келген. Содан бері осында...
Мен сол сәт әкемнің қазасына шын қайғырған – осы
Сырттан ба екен деп ойладым. Өзі ұйпаланып, біртүрлі
жүдеп кетіпті. Неше күннен бері ас ішпеген бе, қарны
да қабысыңқы... Ауылға қайтарда Сырттан менімен бір
ге жүрді. Әлсін-әлі қыңсылап, аяғыма оралып, бірдеме
айтқысы келетін сияқты. «Сен екеуіміздің қамқор әкеміз
бізді тастап кетті ғой. Ендігі күніміз не болады?» дейтін
сияқты. Кешеден бері талай ағайынмен көрісіп, неше рет
жылап, неше рет уанған мен бейіт басында Сырттанды
құшақтап, қайтадан еңіредім.
Сырттан әкем өлген соң қатты төмендеп, жүдеңкіреп
жүрді. Бұрынғы айбын, бұрынғы кеуде жоқ. Біртүрлі жа
сып қалған. Қораға келген итқұсқа да бір өзі қарсы ша
буды қойыпты... Мұны – қартайғанның белгісі деп жүрді
біреулер. Менің ойымша, Сырттанды жүдеткен – кәрілік
емес, қайғы. Өзінің қамқор қожасын іздеп, жоқтағаны,
қайғырғаны. «Итті де иесімен қинасын» деген сөзді бұ
рынғылар тегін айтты дейсің бе? Күн сайын итінің қа
мын ойлап: «Әй, Сырттанға ас құйдыңдар ма» деп оты
ратын, оның не айтқалы тұрғанын «әуп» етіп үргенінен
түсінетін менің әкемдей қамқор ие Сырттанға енді қай
дан табылсын-ау?!
Келесі бір жазда қаладан қайтқанымда Сырттан ауыл
да болмай шықты. Жылдағыдай басыма қарғып, қуана
қарсы алатын Сырттан жоқ, орны біртүрлі үңірейіп тұр.
- Осы көктемде Сырттан ұшты-күйді жоғалды, - деді
шешем маған аса бір қайғылы хабарды жеткізгендей.
– «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деуші еді. Біздің
Сырттан да сол дәстүрді бұзбаған сияқты.
Мен әкемнің өлгеніне, әкеммен бірге тұтас бір дәуірдің
кеткеніне енді ғана шындап сенгендей болдым. Қан
дай өкінішті! Әкемнен қалған «ескі көздер» осылайша
біртіндеп кетіп жатыр.
2013 – қазан.
АЖАЛДАН ҚАШҚАН ПЕРІШТЕ Әңгіме О спановтар отбасына бір үлкен уайымның ілік кеніне де бірнеше айдың жүзі болды. Жәй уайым емес, бас қатырар, қабырға қайыстырар ауыр қайғы. Осы үйдің келіні Балхадишаның бойына үшінші перзент қалай бітті, солай бұлардың бастарына қара бұлт үйрілген. Қалыпты жағдай болса, бұл өзі – қайғы емес, қуанатын нәрсе ғой. Қазақтың баяғы заманы бас та тұрса мұндайда ағайын-туысты жинап «қарын той» жасап та жіберер еді. Амал не, бұл күнде болашақ сә бидің қуанышы айықпас қайғыға айналып отыр. Неге олай дерің бар ма, соңғы жылдарда шыққан бұл елдің заңы солай. Аспан асты біздікі дейтін астамшыл мемлекет өздері де байқамай, халқының санын мил лиярдтан асырып жіберіпті ғой. Енді тізгінді тежеме се болмайды. Туатын баланың санына шек қою керек. Мемлекет бойынша қытай отбасына бір бала, қазақ сияқты аз ұлттарға екі бала. Одан асырсаң басыңа пәле тілеп алғаның: қомақты айып төлейсің, қызметіңнен қуыласың. Күнкөрістен қағылып қана қоймай, саясатқа қарсы адам ретінде әр алуан тергеу-тексеруден өткізіп, ит терісін басыңа қаптайды. Ұрпақ қамы үшін бұл отбасы оған да көнуге бар еді. Бірақ бұлардың соған қолы жетпей отыр ғой. Бұларды одан да қатал жаза күтіп тұр. Үшінші баланы қайткен күнде де жарық дүниеге әкелмеу керек екен. Бұл елде оның амал-айласы көп-ақ: түсік тастатады, одан уағы өтіп кетсе, анасының ішінен жарып алады. Екі қабат әйелдер ерекше тізімде. Жасыру мүмкін емес, жас әйел дерді ай сайын келіп, тексеріп тұрады. Болашақ сәбидің көзін құртқанша, полиция мен акушер дәрігерлерде ты ным жоқ.
Не керек, осы заң алғаш шыққаннан бері медиктер
жас нәрестелерді қынадай қырды ғой. Алдымен пышақ
қа түсетін – бұрын мұндайды көрмеген, сақтануды да
білмейтін қазақ әйелдері. Ата-анадан, күйеуінен рұқсат
сұрау жоқ. Ауыл әйелдерін арбаға тиеп алып кетеді де,
екі-үш күннен соң білгенін істеп қайтарады. Ал бұған
дейін көп құрсақ көтеріп, жатыры жұқарған әйелдер
мұндайды көтере алмай өліп кетеді екен. Оған жауап
кер болатын ешкім жоқ. Алла-ай, анасынан жарып ал
ған, не зорлап босандырған сәбилер іштен шырқырап,
жылап түседі дейді. Бірақ оларға да рақым жоқ, шара
насы кеппеген күйі шұқырға тастай салады. Қытайда
бір науқан басталса, оны қостайтын белсенділері де
дайын тұрады. Ұранға үн қосып, өзін піштірген еркек
тер мен жатырын будырып тастаған әйелдер қаншама.
Оралбай піштірілген бір еркекті өз көзімен көрді. Әтек
ке айналған еркектің рухы сөніп, еңсесі мүлде түсіп ке
теді екен...
Осындайларды естіп-біліп, көріп жүрген Оралбай
қарт келіні Балхадиша ауыр аяқты дегенді ести салысы
мен, қалада тұратын ұл мен келінді бастауышта оқитын
екі қызымен бірге ауылға көшіріп алған. Ауылы алыс
емес-ті, Шәуешектен он шақырымдай жердегі Жалғы
зағашта. Баласы Қабдірақым содан бері, амал жоқ, қа
ладағы қызметіне екі аяқты мотосекілін дырылдатып,
ауылдан қатынап жүр.
Оралбайдың ойы іске асса, келінін ауылда босанды
рып, немересін ешкімнің көзіне түсірмей сіңіріп әкет
пек. Жеке қожалығы бар, аумақты қоражайда өздері
ғана тұрады. Кейін бала мәселесі сөз болса, «Құдай,
жарылқап, бәйбішемнің өзі туып алды» дей салмақ.
Апырай, бұл қазаққа төнген зауалдың алды-арты
бола ма, жоқ па?! Ана бір жылдары, «халық коммуна
сы» кезінде үй басы түтін шығартпай, ортақ қазанға
телміртіп, бір қорлап еді, мынасы одан да өтіп кетті.
Әйтпесе, ұрлық қылған адамша өз балаңды ел көзінен
жасырып, ұрлап тудырды деген не сұмдық?! Болашақ
ұрпақ жарық дүниеге келмей жатып пышаққа түсетін
дей, ол нәрестелердің жазығы не? Бұл елде көп болса,
қытай көп шығар, Шыңжаңдағы бір миллион қазақ
кімнің қазанына түсіпті? Кімнен тамақ сұрапты? Қайта,
сол ішкерідегі қалың қытайды осы ел етпен, астықпен
қамдап отырған жоқ па?
Өз басы жетпеген соң, университет бітірген оқымыс
ты ұлы Қабдірақымнан сұрайды ғой. Ол да ызадан жа
рыла жаздап жүрсе керек, жауабы тым қапалы әрі қыс
қа болды:
– Ой, көке, бұл елде миллиярдтан астам халық барын
жаңа біліп жүрсің бе? Сондықтан бізде адамның бағасы
тым арзан! – дейді, түр-тұлғасы әкесінен аумай қалған,
отыздың ішіндегі жас жігіт. – Мәселен, кассада мың-
миллиярд доллары бар бай адам бір теңгені ақша деп
санай ма, бұл да сол сияқты. Қытайда адам көп, жер
тапшы, дүниеге артық ауызды әкелгісі келмейді.
– Ендеше, өз қытайын шектей берсін, қазақта несі
бар? – дейді ұлының жауабына көңілі толмаған Орал
бай. – Менің немерем Қытайдың ырысын іше ме?
– Не істейсің, заң жұрттың бәріне ортақ.
Әсілі, Оралбайдың тұрмыс-күйі жаман емес-ті. Ана
жылы осы маңайдағы қалың төртуыл Қазақстанға қо
парыла көшкенде, бұл Үрімжіде оқитын жалғыз ұлына
қарайлап, өз қыстауынан қозғалмай қалып қойған-ды.
Елден айрылып, құлазып қалғаны болмаса, мұндағы
тірлігі жаман болған жоқ. Алды-артына қарамай асы
ғыс көшкен елдің жұртында көп мал, дүние-мүлік қал
мады ма, сол иен қалған дүниеден біраз дәулет жинап
алған. Кейін реформа тұсында өз алдына жеке қожалық
құрып, дөңгеленіп байып алды... Байлықты қойшы,
тәйірі, дүние – қолдың кірі. Ендігі арманы – сол дүние
ге ие болатын мұрагер немере сүю. Шүкір, қолдары құр
емес, Қабдірақымның үйелмелі-сүйелмелі екі кішкен
тай қызы бар. Үлкені – бесіншіде, кішісі – үшіншіде
оқиды. Алайда, қыз бала – жат-жұрттық қой. Әзірше
сенің балаң болғанымен, кейін өз өрісін тауып кетеді...
Дегенмен, Алла-Тағала осы жолы Оралбайдың тілегін
беретін сияқты. Жақында Қабдірақым келіншегін қала
дағы таныс дәрігеріне ертіп барып, узиге түсірген екен,
іште қошқардай ұл жатқан көрінеді. Тәңірім-ай, кіш
кентай шүметайы әлден-ақ көрініп тұр дейді.
Соны естігендегі Оралбайдың қуанышын айтып-сұ
рама! Дереу бір ақсарбасын айтып сойып, бірүйлі жан
кіші-гірім той жасаған... Бірақ осыдан кейін-ақ Оре
кеңнен маза кетті. Енді ол болашақ немеренің өмірін
сақтап қалудың әралуан жолдарын ойластыра бастаған.
Бір інісі мен қарындасы ана жылғы «көшпен» бірге
Қазақстанға өтіп кеткен. Анда-санда хат келіп тұрады.
Айтыстарына қарағанда, шекарадан тым алыстап кет
пей, мына тұрған Үріжарға қоныстанған көрінеді. Енді,
міне, олардың да бір кәдеге жарайтын кезі келді. Орал
бай шамасы келсе, келіннің айы-күні жеткенше, ұл мен
екеуін арғыбетке асырып жібермек. Сол үшін, Қабдіра
қымға өзі айтып отырып, туыстарына хат жаздырды.
Солар «жедел түрде Балхадиша мен Қабдірақымға ша
қырту қағаз жіберсін» деген. Екеуі аман-есен арғыбет
асып, Оралбайдың немересі атажұртқа барып тусын
шы! Бәләм, қытайлар не істей алар екен?!
Содан бері де екі-үш айдың жүзі болды. «Шақырту»
деген пәлесі келмей жатыр. Сақтық үшін туыстарына
ұл мен келіннің жедел жолаушылау себебін ашық айт
паған-ды. Ондағылар арқаларын кеңге салып, «күз
ге дейін бір келер» деп отыр ма, кім білсін. Ал таяуда
жазған хаттарында «бұрынғыдай емес, қазақ өкіметі
«шақырту» алуды қиындатып жіберді. Бір кісіміз Ас
тана жақта сол қағаздың соңында жүр» депті. «Ашқа
тартқан – кешке тартады» деген осы да... Оралбайдың
ойынша, сондағы қазақ өкіметі шеттегі қандастарына
салғырт қарайтын сияқты ма, қалай? Ана жылы баланы
шектеу заңы шығып, қытайлар іштегі нәрестені шеті
нен қырып жатқанда, «Қазақстан өкіметі қазақ салтына,
әрі адамшылыққа қарсы бұл заңға наразылық білдіріп,
өз қандастарына ара түседі екен» деген бір дақпырт сөз
шыққан-ды. Бірақ ол үміт ақталмады. Шыңжаңдағы
бір миллион қазақтың жас төлін қытайлар көктей орып
жатқанда, бір ауыз сөз айтуға жарамады ғой.
«Қаупің неден болса – ажалың содан» деген ғой.
Сөйтіп жүргенде, Оралбай отбасына аяқастынан қауіп
төніп, іс шатаққа айналды. Қанша жасырғанмен, бұл
күнде кімнің аузына қақпақ боласың. Оралбайдың да
өзіне жетерлік бақкүндес, қаскөйлері бар болатын. Бар
болсаң көре алмайтын, жоқ болсаң бөліп бере алмай
тын сол баяғы қазақ. Қаланың бергі Қарадөң жақ шетін
де бір алыпсатар танысы болушы еді. Таныс болғанда,
ит қасынысқандай, сауда-саттық байланыс. Бір күні
«көкке шыққанды» сылтауратып, қасына әйелін ертіп,
сол келе қалыпты. Оралбай сыр алдырмай, етін асып,
арағын құйып, күтіп аттандырған. Олар айы-күні жетіп
отырған Балхадишаны көрді, әрине. Үшінші баланың
заңнан тыс екенін де іштеріне түйіп қойды... Не керек,
солар аттанып кеткен соң, арада екі-үш күн өтпей, қала
жақтан бір топ адам сау ете түсті ғой... Сөйтсе, әлгі
алыпсатар тыңшы көрінеді. Қытайда ежелден бері келе
жатқан «Баужа тәртібі» бойынша, әр он үйге бір тыңшы
қойылатын бір тұтас жүйе бар-тұғын. Сірә, сол жүйе
әлі де жұмыс істейтін болса керек.
Келгендер – екі қытай, бір қазақ. Үштің бірі – әйел
екен. Олар тақ бір ұрыны қылмыс үстінде ұстағандай
қаһарына міне келді. Қалалық туыт бақылау комитеті
нен келдік дейді. Ұрсу-зеку, қорлау өз алдына, Балха
дишаны дереу қалаға апарып, ішіндегі баласын жарып
алмақ. Бейне, баланың иесі солар сияқты. Қабдірақым
қаладағы жұмысында болатын. Оралбай қазіргі саясат
ты да, мыналардан құтылу оңай болмасын да біліп тұр.
Алайда, жорта білместікке салынып, ауылдың оқыма
ған, қараңғы шалының кейпіне кіріп алды.
– Ау, сендердің қандай қақыларың бар менің неме
ремде? – деген дауысын көтере кіжініп. – Менің келінім
қанша бала туса да өз еркі емес пе?
Мұның айтқан сөзін тілмәш қазақ қытайшаға ауда
рып, сонан соң олардың сөзін бұған қазақша түсіндір
генше біраз уақыт өтті. Сол баяғы мың рет естіген жа
рапазан. Мемлекет саясаты, ұлттар теңдігі... Оралбай
бәрін біліп тұрса да, өп-өтірік түсінбестікке салып тұр.
– Өзге жұртты не қылсаң да өзің біл, менің немерем
де шаруаларың болмасын. Мен балаларымды өзім ба
ғып-қағамын. Өкіметтен көк тиін көмек сұрамаймын.
Отбасын асырауға малым да, жерім де жетеді! – деп қа
сарып тұрып алды.
Бұл аралықта дәрігер әйел Балхадишаны оңаша бөл
меге апарып, тексеріп жатқан. Бір уақытта далаға шы
ғып:
– Іштегі нәрестеге – жеті ай. Босануына әлі екі ай уа
қыт бар, – деді топ бастығына баяндап.
– Бәрібір анасын қалаға әкету керек! Баланы жарып
алғаннан басқа амал жоқ, – деді орсақ тіс қытай дәрігері
қатулана сөйлеп.
Бұл кезде енесі Айтбүбімен қолтықтасып, Балхади
ша да далаға шыққан. Бәденді жас әйелдер екі қабат
кезінде толысып, тіпті әдеміленіп кетеді ғой. Балхади
шаның да сондай бір нұрлана толықсып тұрған шағы
еді. Тек, қарақат көздерінде қорқыныш аралас үрей бар.
Тәңірім-ай, екі қабат әйелге «ішіңдегі балаңды жарып
алам» деп, тап-тап бергенді кім көрген? Мұндай да зор
лық болады екен?!
– Қабдірақымға телефон соқтым, ол да келіп қалар, –
деді Балхадиша атасының қасына келіп.
– Қорықпа, балам, мен тірі тұрғанда ешкім де сені
бұл жерден әкете алмайды! – деді Оралбай әлденеге тас
бекініп. Сонан соң дәрігерлерге бұрылған. – Былай іс
тейік: сендер осы баланың орнына маған айып салсаң
дар қайтеді? Бір бала қанша тұрады өзі? Екі есе бағасын
төлеп, сатып алайын! – деген шын ниетімен.
Оның сөзін аударма арқылы ұғынған қытай дәрігері
бірден бас тартты. Алдымен қазақ шалының қараңғы
лығына үшеуі қарқылдап күлісіп алды.
– Жоқ, болмайд! – деді топ бастығы түсін суыта, ба
сын шайқап. – Баланы сатады, біздікі бас кетеді. Ондай
заң жоқ.
Осы мезетте қала жақтан мотосекілін дырылдатып,
Қабдірақым да жетіп еді. Оған да оңай дейсің бе, өң-
түсі қашып, құр сүлдері тұр.
– Сен мыналармен өз тілінде сөйлесші, – деді Орал
бай баласына жігер бере сөйлеп. – Келінді қалаға апа
рып, жеті айлық баланы жарып алмақ... Өздері мынаған
көне ме екен? Балхадиша осында аман-есен босансын.
Сонан соң баланы қайда әкетсе де өздері білсін.
Қабдірақым дәрігерлермен қытайша балдырласып,
недәуір ұзақ сөйлесті. Әйелінің баланы жарып алудан
қорқатынын, соған байланысты әкесінің өтінішін ай
тып жатса керек. Осылайша, екі жақ біраз ырғасқан
соң, ақыры дәрігерлер әйелді үйде босандыруға мақұл
болды. Аттанарда топ бастығы Оралбайға бұрылып:
– Ақсақал, сіздің сұрауыңыз бойынша, келініңізді
үйде босандыруға келістік. Бірақ оған дейін сіздер жақ
тан мала-матан болмасын. Туатын күні жақындағанда,
біз қаладан дәрігер жібереміз! – деді қысық көзі қитар
лана, түсін суытып.
Сонымен, қаладан келген жаналғыштар аттанып
кеткен. Алқымнан алып, қысқаштай қысқан рақымсыз
қолдан босанғандай, үй иелері аз да болса тыныстап
қалды.
– Шал-ау, не білген ойың бар? Көзге көрінген соң ол
«күшікті» көзің қиып, өкіметке қалай бере салмақсың?
– деді манадан бері сөзге араласпай үнсіз тұрған Орал
байдың бәйбішесі Айтбүбі.
– Шұрқ етпе, бәйбіше! Бала олардың қолына ти
мейді... Ол туралы менің бір ойым бар, – деді Оралбай
сол түнерген қалпы, артық сөзге бармай.
Бұл, анығын айтқанда, «балта көтерілгенше, дөңбек
жол табады» дегеннің кері еді. Алдан күткен рақымсыз
апатты бір күн де болса созу. Рас, Оралбайдың көңілінде
түрлі-түрлі жоспар бар. Оның қайсысы жүзеге асарын
бір құдайдың өзі білсін. Басы айналып, мыйы шатыса
берген соң, бір мезет ауыр ойдан сейілгісі келіп, атын
ерттеп мінді де, егін арасындағы суыртпақ жолдармен
жоғары тау бөктеріне қарай жүріп кетті.
«Ойпыр-ай, мұндай да зорлық болады екен! – дейді
ой-қиялы бәрібір ұрпақ мәселесінен алыстамай. – Бұл
өкімет малды алды, жерді алды, енді сенің үй-ішіңе
билік жүргізбек пе? Сенің қанша балаң болуы керектігін
солар шеше ме? Әйелдің ышқырымен алысқан бұл не
деген бәтуасыз адамдар? Сонда, қытайдың саны артып
кеткен екен деп, Оралбай үрім-бұтақсыз, мұрагерсіз қа
луы керек пе? Жо-оқ, оның жөні келе қоймас. Бұл осы
жолда өлсе өлер, бірақ немересін қолдан шығармас».
Әйгілі құсбегі, осы өңірге аты мәлім саяткер, марқұм
әкесі Оспан айтып отырушы еді: «адам түгілі, құс екеш
құс та өз ұрпағын сақтағысы келеді» деп... Ол бір жолы
мынадай кереметті көріпті. Мына өрдегі Абдыра аңға
рында Берікқара дейтін жалама жартасты, биік шың
бар. Қанатты құстан басқа ешкім шыға алмайтын сол
жартасқа бүркіттер ұя салады. Бірақ саятшылар қай
жартаста қандай ұя бар екенін, оған қай қыранның жұ
мыртқалағанын бәрібір біліп жүреді. Әсілі, Барқытбел
қырандары ақпан-наурызда жұмыртқалап, ұябасар оны
қырық күндей шайқап, сәуірде жұмыртқасын жарып,
мамырдың аяқ шенінде балапанын ұшырады. Міне, со
ның бәрі құсбегілердің есебінде.
Әкесі Оспан жыл сайын белгілі бір ұядан балапан
алып жүреді екен. Өзінде де бір-екі бүркіт бар. Арты
ғын бай-мырзаларға тарту етіп, пайда табады. Жыл са
йын ұядағы ұрпағын құтайтпайтын Оспанды ұябасар
мен шәулі қыран да танып алса керек, бір жолы беліне
арқан байлап, ұяға түскен Оспанға қос қыран алма-ке
зек шабуыл жасап, қанаттарымен қағып, тұмсықтары
мен шоқып, балапанын алдырмай қояды... Ал, келесі
жылы не істеген дейсіз ғой? Құсбегі ұяда жатқан екі
жұмыртқаны дүрбімен көріп, сырттай иемденіп жүр
генде, ұябасар мен шәулі қыран жұмыртқаларын бас
қа бір жаққа алып қашып кетеді. Қалай? Бұлай болуы
мүмкін бе дейсіз ғой? Мүмкін екен. Әлдеқайдан тауып
әкелген, не өздері алып жеген аңның терісіне әрқайсы
сы бір жұмыртқадан орап алады да, шеңгелдеріне қы
сып, тау айналып, басқа бір жаққа ұшып кеткен. Біреу
айтса сенбес еді, бұл оқиғаны тауда бүркіт салып жүр
ген Оспан өз көзімен көріпті...
Әкесінің осы әңгімесі есіне түскенде, Оралбай бейне
бір жаралы аңша, ышқынған дауыс шығарып, қинала
күрсінді: «Апырай, тілсіз, үнсіз құс құрлы болмағаным
ба? Отымды өшірмейтін жалғыз немеремді сақтай ал
масам, бүйтіп жер басып жүргенімнен не қайыр?» де
ген қасіретті сөз аузынан қалай шығып кеткенін өзі де
аңғармай қалды.
Бір уақыт алдағы Барқытбел биіктеріне көз жібер
ген. Қазір шіліңгір шілде. Қай жағыңа қарасаң да тау
дың бұл бөктері ұзатылатын қыздай малынып тұр.
Мынау – күркіреген дауысы қозыкөш жерден естілетін
Қараүңгір өзені, одан шығыс жаққа бет алсаң, екі-үш
белдің астында Абдыра аңғары. Бәрі де – өзі туып өскен
өлке. Жазда жайлау қызығын көрсе, қыста әкесіне еріп,
аң қарап, бүркіт салған жерлері. Қазір соның бәрі – жат
қолында. Осынау Құлыстай өлкесіне симай отыратын
қалың ел ана жылы небәрі бір-ақ айдың ішінде ата жұрт
– Қазақстанға қопарыла көшіп кетті де, олардың орнын
ішкеріден келген жаңа қожайындар басты.
Ол келесі сәтте назарын батыс жаққа аударған. Бұл
да – өзіне етене таныс жерлер. Сонау көрінген – Ақ
шоқы биігі. Соның қойнауынан Қаракітат өзені ағып
өтеді. Мемлекеттік шекара – сол өзеннің дәл іргесінде.
Ақшоқы бөктеріндегі сонау бір ағараңдап көрінген –
«Жаманты» заставасы. Осы арадан тура жүрген кісіге
он шақырымнан аспайды.
Оны жақсы білетіні, 1962-жылы осындағы ел жапа
тармағай Қазақстанға көшкенде, Оралбай туыстарын
арбамен ұзатып салған. Сол жолы Жамантыға дейін ба
рып қайтқаны есінде. Ол кезде қалың көш жалғыз Жа
манты емес, 150 шақырым шекара бойындағы Бақты,
Ергейті, Еміл, Шағантоғай қатарлы бес заставаның тұ
сынан өтті ғой. Әр заставаның тұсынан екі шақырым
дай шекара сымнан жинап тастаған. Оралбай інісі мен
қарындасын Ақшоқының бөктеріне дейін шығарып са
лып, Қазақстан жерінде жарым күндей жүрмеді ме! Ай
тып сойылған малдың етінен ауыз тиіп, атажұрттан дәм
татып қайтқан. Сондағы басының әңкі-тәңкі боп қатқа
ны-ай! Елмен бір кетуі керек пе, әлде осында қалып,
оқудағы жалғыз ұлды күткені жөн бе? Жалғыз ұрпағын
осында қалдырып, бәйбішесі екеуі қу бастары онда
барғанда не марқадам табады? Бұлар онда, Қабдірақым
мұнда, екі жақта сағыныш күйігін тартпай ма? Ақыры,
онда да ұрпақ тағдыры жеңіп шыққан. Құданың әмірі,
осы ұрпақ мәселесі араға жылдар салып, Оралбайды
әлсін-әлі сынайтыны несі екен?
Оралбай сол күні бас жарып, мойын соза бастаған
бидай егісін аралаған болып, Жаманты заставасына
таяу барып қайтты. Ана жылы шекараның бергі бетін
де күзет жоқ сияқты еді. Ол кезде шекараны тек Совет
солдаты күзететін. Енді бажайлап қараса, сол Жаман
тыға тұспа-тұс, қытайлар да қызыл қыштан мұнара ор
натып тастапты. Бұл – ана жылғы көштен кейін іргесін
бекітіп, шекара күзетін күшейткені.
«Бірақ, бәрі бір, осы шекарадан өтуден басқа амал
жоқ, – деді Оралбай екі көзін заставаның ақ үйлерінен
айырмай. – Ұл мен келінді көп ұзатпай осы айдың ішін
де шекарадан асырып жіберу керек. Аман-есен арғы
бетке өтсе, кері қайтара қоймас. Бір бастарына жансау
ға сұрап, құрсағындағы перзентін ажалдан алып қаш
қан анаға ара түспесе, Қазақ мемлекетінің құрығаны
емес пе?!».
Қазір бұл елде Қазақстан туралы алып қашты әңгіме
лер көп айтылады. «Ондағы қазақтар бай-кедей болып
екіге жіктеліпті. Байға жол ашық, кедейдің көрген күні
қараң» деседі. «Орысша білмеген кісіге жұмыс бер
мейді екен» дейді. «Көшіп барған қандастарына пәлен
жылға дейін куәлік бермей, тұрмыстан қатты қысады
екен» дейді... Ал, қазір Оралбайдың оның бәрін ойлап
жатуға мұршасы жоқ еді. Есіл-дерті – ұл мен келінді ар
ғыбет асырып, әне-міне дүниеге келер ұрпағын сақтап
қалу ғана болатын. Ол енді ат басын ауыл жаққа бұрды
да, күні бойы ойланып, табан тіреген тоқтамын кешке
жақын, төрт көздері түгел отырғанда жария қылды.
– Енді «шақырту» қағаздан үміт аз. Тіпті ол қағаз кел
ген күнде де, мұндағы өкіметтен рұқсат алып үлгер
мейміз. Сондықтан Қабдірақым мен Балхадишаны таяу
күндерде атажұртқа асырып жібергеннен басқа амал
жоқ.
Әкелері осыны айтқанда, ұл мен келіннің көздері ала
қандай болып, дауыстары қатар шықты:
– Қалай?
– Қайтып?
– Кәдімгідей. Екеулерің шекараға түн жамылып ба
расыңдар да, Жаманты заставасынан ары қарай өте
шығасыңдар. Бергі күзеттен аман өтсеңдер болғаны.
Аржақтағы қазақ шекарашыларына өздерің барып бері
лесіңдер...
– Ал, қытай жағы... – Қабдірақым сөзінің аяғын жұ
тып қойды.
– Мен бүгін шекараға дейін барып қайттым, – деді
Оралбай. – Жамантыға қарама-қарсы қытайлар да мұ
нара-потай орнатып қойыпты... Мен білетін Қытай бол
са, олар түн қараңғысында далаға шықпаушы еді. Олар
дың көзіне түспей, айналып өтуге әбден болады.
Бұл сөзге жастар жағы иланғандай. Тек, көңілі бос,
уайымшыл Айтбүбі ғана бірер ауыз сөз қосты:
– Шал-ау, не айтып отырсың? Шекарадан заңсыз өту
соншалық оңай болып па? Әлі тумаған шаранаға бола
қолдағы барымыздан айрылып қап жүрмейік! – деп
кемсеңдеп жылай бастаған.
– Қой әрі, жаман ырымды бастап, не көрінді саған?
– деп Оралбай кемпірін тиып тастады. – «Шаранаң» не
айтып отырған. Біле білсең, біздің болашағымыз сол
«шаранаға» тіреліп тұр. Ол – Оспанның отын өшір
мейтін жалғыз жарық шырағымыз... Ұрпағымызды
тумай жатып, қытайдың жалаңдаған пышағына қалай
бере салмақсың?
– Ой, Алла-ай, өз отбасыңның қызығын өзіне көрсет
пейтін қандай заманға тап болғанбыз?! – деп шарасыз
қалған Айтбүбі өксіп барып тоқтады...
Сол күннен тартып, қызу дайындық басталған. «Да
йындық» дегенде, жолға алатын бірер қабат киімнен
басқа не бар? Қабдірақым әзірше ешкімге сыр білдір
мей, мотосекілін дырылдатып, қаладағы қызметіне
барып жүр. Оралбай оны бір рет күндіз, екінші ретін
де кешке жақын шекараға дейін апарып, жол көрсетіп
қайтты. Екі ел күзетінің қалай орналасқанын ұғындыр
ған. Кеш түсе апарған себебі, түнде Жаманты застава
сының шамдары жарқырап көрініп тұрады екен. Соған
көзі үйренсін, адаспай тура барсын дегені. Қабдірақым
біраз Қытай ақшасын долларға айырбастап алған. Үрі
жардағы туыстардың адрес-хаттары – қалтада.
Бұл аралықта жалғыз Оралбай емес, Қабдірақым
мен Балхадишаны да адамдық, азаматтық намыс би
леп алған еді. Сенімен санаспайтын, сені адамғұрлы
көрмейтін астамшыл дүлейлерге қарсы көтерілген
ашу-ыза да жоқ емес. Екеуі де өз қандарынан жаралған
жазықсыз нәрестені ажалға бермеуге бекіген. Әсіресе,
Балхадиша бүкіл жауапкершілік бір өзіне тіреліп тұрға
нын сезінген сайын мазасыздана бастады. Бір оңашада
Қабдірақымға:
– Әнекүні дәрігерлер «екі айдай уақытың бар» деген
сияқты еді. Бірақ менің күнім одан гөрі таяу секілді.
Іштегі «батырдың» ойнақ салуы әлей, – деген күйеуі
не жаутаңдай қарап. – Шекараға жетпей туып қалмасам
жарады.
– Не дейді? Ойбай-ау, онда асығуымыз керек қой! –
деді Қабдірақым да жол жүруді жеделдетіп.
Бұл туралы Оралбай қарттың да өз байламы бар екен:
– Баяғыда біреу: «қап, мен ұрлық қылған күні айдың
жарық болғаны-ай» деп өкінген екен. Жалпы, жасырын
шаруаға аттанған кісіге айдың қараңғысы жақсы. Осы
сендер шілде бітіп, тамыз басталатын өліарада аттанып
кетсеңдер қайтеді? – деген жастарға ақыл сала сөйлеп.
– Күн бұлтты, жауын-шашын болса тіпті жақсы.
Бұл сөзді ұл мен келін де құп көріп, алдағы сәр
сенбінің сәтіне жолға шығуға келісті. Жалғызағаштан
– шекараға дейін он бес шақырымнан аспайды. Бірақ
айы-күні жетіп отырған ауыр аяқты әйелді сонша жер
ге жаяу сандалту ақылға сиымсыз. Сондықтан, шекара
бойына жақындағанша, екеуі Оралбайдың тортөбеліне
мінгесіп барады да, межелі жерге жеткен соң, аттың
шылбыр-тізгінін басына түріп, қайтарып қоя береді.
Сыралғы жылқы ешқайда бұрылмай ауылға келеріне
күмән жоқ.
Бәрі де сол алдын ала ойластырғандай болды. Жолға
алған киімдері Айтбүбі тоқыған үлкен ала қоржынның
екі басына сиып кетті. Қоштасу да тым ұзаққа созыл
ған жоқ. Балхадиша екі қызының бетінен сүйіп, әуелі
құдайға, сонан соң енесіне тапсырды да, көп айнал
май үзеңгіге аяқ салды. Сақтық үшін бұл жүрістерінің
мәнісін қыздарына айтқан жоқ. Мәметек ішіндегі
төркініне баратын кісі болып, аттанып кетті.
Ақ баталарын беріп, ата-баба аруағына сыйынып,
Оралбай мен Айтбүбі қалды арттарында. Орекең, әсі
ресе, өзінің келініне разы еді. Әйел басымен қайтпас
қайсарлық танытты-ау! Сол сәт оның көз алдына ұяда
ғы жұмыртқасын әлдебір теріге орап алып, шеңгелдеп,
ұшып бара жатқан ана қыран елестеді.
Ерлі-зайыпты жастардың бұдан былайғы сапары әке
лері айтқан жобадан көп ауытқыған жоқ. Белгілі межеге
дейін тортөбел атқа мінгесіп келді де, шылбыр-тізгінін
түріп, ауылға қоя берді. Шүкір, барар бағыттан жаңыл
маған сияқты. Жаманты заставасының шамдары мен
мұндалап, бұларды қоналқыға шақырып тұрғандай.
Тура жүрген кісіге төрт-бес шақырымнан аспас.
Егістік жерлер осы арада аяқталып, бұдан ары боз
жусанды, қараған-тобылғылы дала басталады екен.
Қабдірақым ала қоржынды иығына асып, Балхадишаны
қолтықтап алды да, жаяу аяңдап жүріп кетті. Айналасы
на сақтана қарап, уақ-уақ тоқтап, тың тыңдайды. Таяу
маңда елең етер үн жоқ. Түн бояуы бетке жұғатындай
қап-қараңғы. Бұлар осы үрдіспен екі шақырымдай жол
жүрді. Қабдірақым шақпағын жылт еткізіп, сағатына
қарап еді, уақыт түнгі бір жарымнан асып барады екен.
Бірақ көп ұзамай Балхадишаның жүрісі ауырлай баста
ды. Іші шеңбірек ата кеуіп, құрсағында әлдебір бүлік
басталған сияқты. Ауа жетпегендей тынысы тарылып,
бұдан ары қозғалу қиын болған соң, бір түп қарағанның
тасасына тоқтап, аз-кем аялдады.
– Шыда, жаным! Шыдашы... Көп болса жарым сағат
тық қана жол қалды, – дейді Қабдірақым бәйек болып.
– Оған болып тұр ма... Мен білсем толғақ басталған
сияқты, – дейді Балхадиша. – Әлдене шатыма тіреліп,
жүргізер емес.
– Сонда да шыда!.. Толғақтың келіп қайтатын кезегі
болушы еді ғой. Сен қайткен күнде де шекараның ар
жағында босануға тиіссің! – дейді Қабдірақым жанын
қоярға жер таппай.
Күйеуінің сөзі дем берді ме, Балхадишаның сәл де
болса тынысы кеңіп тағы да бір шақырымдай жол жүрді.
Бірақ жүрістері өндитін емес, келіншек күйеуінің иығы
на асылып, шатқаяқтап, зорға жүріп келеді. Бір тәуірі,
оң бүйірде қалып бара жатқан қытай күзетінен еш белгі
білінбейді. Соңғы жылдары шекараның бұл тұсында
ары-бері қашып өту секілді оқыс оқиғалар болмаған-
ды. Тыныштыққа бойы үйренген шекарашылар өнебо
йы сығалап, қарап отыруды қойған сияқты.
Алайда, Балхадишаның бұдан ары аяқ басарлық халі
жоқ еді. Су орып кеткен әлдебір жарлауытқа келгенде
бүк түсіп отыра кетті.
– Қабен (олар үйіші болып, Қабдірақымды осылай
атайтын), өлтірсең де енді аяқ басар шамам жоқ. Толғақ
қысып тұр, – деді қалтырай үн қатып.
– Әйткенмен, шыда! Шекараға дейін ұзаса бір шақы
рымдай ғана жер қалды...
Қабдірақым соны айтып, сағатына қарап еді, уақыт
түнгі екі жарымнан асып барады екен. Бұдан ары бө
гелуге болмайды. Жазғы таң қысқа. Көп ұзамай жерге
жарық түсуі мүмкін. Ол әйелін сүйемелеп тұрғызды да,
қарсыласқанына қарамай арқалап алды. Қабдірақым –
жасында спортпен айналысқан, мелжемді, мықты жігіт
болатын. Әйткенмен, ішті-тысты екі адамды көтеру
оңай да шаруа емес. Амал не, қайткен күнде де ше
карадан өту керек! Ауыр жүк көтерген адам асықпай,
маң-маң басып жүре алмайды. Сондықтан ол Балхади
шаның екі қылтасынан ұстады да, бүкеңдей жөнелді.
Айтты-айтпады, шекараға мүлде аз қалса керек. Кенет
алдарынан әкесі айтқан Қаракітат өзені шыға келді.
Қабдірақым оған бөгелген жоқ, тас-тастың арасымен
сылдырап аққан өзенді етігімен кешіп өте шықты.
Өзеннен өткен соң әйелін жерге түсіріп, аз-кем ты
ныс алды. Толғақ шыдатпай тұрса керек, Балхадиша
ышқына ыңқылдап, аузымен ауа қармай береді. Застава
шамдары қол созым жерде тұр. Бірақ өзеннің арғы жағы
едәуір өр екен. Неде болса шекараға жетіп жығылмаса
болмайды. Сол оймен келіншегін арқалап алды да, өрге
қарай тырмыса жөнелді. Өнебойдан тер сорғалап, құ
йылып жатыр... Спортта «екінші тыныс» дейтін бола
ды. Соңғы күш, соңғы серпін. Көмбеге таяғанда Қабді
рақымда да сол «екінші тыныс» ашылды-ау деймін.
Тыңнан әлдебір күш қосылғандай, алға қарай жанұшы
ра жүгірді. Аяқастынан көңілі көтеріліп, арқасында
ғы келіншегіне: «тар төсекте қабырғаң қайысып, мені
талай көтеріп едің, бүгін соның есесін бір қайтардың»
деп қалжыңдағысы келген... Бірақ оны айтып үлгірген
жоқ. Кенет қарсы алдарынан қуатты фанар жарқ етіп:
– Тоқта!.. Кімсің? – деген әмірлі дауыс естілді.
Қараса, автомат асынған екі солдат тұр алдарында.
Жетегіндегі қасқыр-ит арс-арс етіп, алға ұмтылады.
Шекарашылар бірін-бірі арқалаған екі адамды бірта
лайдан бері көріп отырса керек, оншалық абыржымай,
бейқам тұр. Тәңірім-ау, екеуі де – мұрттары жаңа те
бендеп келе жатқан қазақ балалары... Соны көргенде,
Қабдірақымның арқасы кеңіп, жүйке-жүйесі мүлде бо
сап кетті. Көзінен жас парлап қоя берген.
– Жігіттер, біз қазақ жеріне өттік пе? – деген келін
шегін арқалаған күйі.
– Өттіңіз...
– Өтсек, жеңгелерің толғатып келеді... Көмектесің
дер! – деді Балхадишаны жерге түсіріп.
Шекарашылар аяғын әрең басып тұрған әйелдің ауыр
халін көрді де, артық сөзге бармай, Балхадишаны сү
йемелдеп, ішке кіргізіп әкетті. Застава ауласында бала
пан теректер отырғызған шағын бақ бар екен, толғатқан
әйелді соның саясындағы әлдебір орындыққа жайғас
тырды. Біреуі осында қалып, екіншісі іш жаққа жүгіріп
кетті. Сірә, төтенше жағдайды бастығына мәлімдемек
секілді.
– Қабен, осындамысың? Мені мына орындықтан
түсіріп, көкмайсаға жатқызшы! – деді Балхадиша бір
мезетте ықылық ата ышқынып.
Содан, шекарашы жауынгер екеуі екі жақтап, Бал
хадишаны біркелкі қырқылған көк шөптің үстіне жат
қызған. Сыңайы, жол бойы толғағы піскен іштегі жан
иесі осы сәтте бар күшімен жарық дүниеге ұмтылған
секілді... Соның арасынша іш жақтан застава бастығы
аға лейтенант пен ақ халатты әлдебір әйел де келіп қал
ған. Бірақ олар толғатқан әйелді қарап үлгірген жоқ. Дәл
осы мезетте «шыр» еткен нәрестенің дауысы естілді...
«Мен келдім! Жарық дүние, аш есігіңді!» деп жар са
лып жатқан секілді ажалдан қашып құтылған күнәсіз
періште. Бұл кезде туған әйелмен ақ халатты дәрігер
айналысып жатқан-ды.
– Ұл бала! – деді ол бір уақытта қызылшақа нәрестені
жоғары көтеріп. – Шекарада туды ғой. Қай елдің азама
ты дейміз мұны?
– Қазақстан азаматы! – деп айқайлады Қабдірақым
қуаныштан жүрегі жарыла жаздап. – Сол үшін шекара
бұзып, қашып келген жоқпыз ба!
Бұл сәттегі Қабдірақымның көңіл күйін сөзбен ай
тып жеткізу қиын еді. Оспановтардың отын өшірмейтін
тағы бір ұл келді дүниеге! Бұдан артық адам баласында
қандай бақыт болуы мүмкін?! Бәрінен де ауылдағы әке
арманының орындалғанын айтпайсың ба?! Соңғы ай
ларда еңсе көтертпеген уайым, түсі қашып, түн қатқан
мазасыз жүріс, қауіп-қатер, шаршап-шалдығу, бейне бі
реу қолмен сыпырып алғандай лезде ғайып болды.
Қабдірақым есін жиып қараса, Балхадишаны да,
жаңа туған нәрестені де ішке енгізіп алып кетіпті. Ма
нағы орындықта ала қоржынын құшақтаған өзі мен аға
лейтенант қана қалыпты.
– Сіздердің жағдайларыңыз былай да түсінікті. Ша
масы, осы нәрестені ажалдан арашалап, қашып келген
адамсыздар ғой... Қалғанын ертең сөйлесерміз, бүгін
ше демалыңыз! – деп застава бастығы да орнынан кө
терілді.
Қабдірақым қатты шаршаған екен. Ақжайма жайыл
ған жайлы төсекте тұяқ серіппей қатып қалыпты. Тә
ңертең оянса, кешегі қорқыныш, үрейдің бірі жоқ, құр
аттай сергек сезінеді өзін. Сол беті далаға шыққан. Таң
алдында жаңбыр жауып өткен бе, ауа тап-таза. Айнала-
төңірек нұрға малып алғандай, көңілге қуаныш ұялата
ды... Аулада кешегі аға лейтенант ұшырасқан. Арадағы
әңгіме бұл жолы да қысқа болды.
– Үшінші бала... Тумай жатып пышаққа ілінетін бол
ған соң, атажұртқа алып қашып келген бетім осы. Түсі
несіз ғой, оның үстіне екі қыздан кейінгі ұл бала! – деп
Қабдірақым өз жағдайын баяндап келді де, қалтасында
жүрген Үріжардағы туыстарының хаттары мен адресін
көрсетті. – Осыларға жеткізіп салсаңыз, сіздерге масыл
болмаймыз.
Застава бастығы Үріжардан келген хаттарға көз
жүгіртіп қарап шықты да:
– Туыстарыңыз бізге көрші, жап-жақын жерде екен.
Соған қарамастан төрт-бес күн күтуге тура келеді.
Түсінесіз ғой, шекараның өз тәртібі бар. Елімізге сырт
тан келіп қосылған үш бірдей адамды қабылдау үшін
жоғарғы жақтың бекімі керек, – деді Қабдірақымнан
кешірім сұрағандай. – Үріжардағы туыстарыңызға ха
барлаймыз. Жас нәресте сәл шираған соң, туыстарыңыз
келіп алып кетер, не біз апарып салармыз.
Қабдірақым таңғы астан кейін Балхадиша жатқан
бөлмеге кірген. Міне, тамаша! Келіншегі кіршіксіз ап
пақ төсекте демалып жатыр. Қасында құндақтаулы ба
ласы. Ауырынан жеңілденген Балхадиша көңілді екен.
Қалжасы жағып, қаны бетіне теуіп, бейне көктемгі да
ладай бусанып отыр.
– Атамның арманы – бір ұл еді. Көп машақатпен қа
шып-пысып жүріп, оған да қолымыз жетті-ау! – деді
күйеуіне еркелей қарап. – Ұлыңа ат таптың ба? Кім деп
қоятын ойың бар?
Қабдірақым ұйықтап жатқан нәрестені қолына алып,
құшырлана иіскеді. Салмағы әжәптәуір... Айнымаған
Оспановтардың пародасы. Маңдайы дөңес, қошқар
тұмсық.
– Атын Жошы қоям! – деді ол лепіріп. – Шыңғыс хан
бабамыз баяғыда жолда туған тұңғыш ұлының атын
Жошы қойған екен. Мұның есімі де – Жошы болады!
– Қойшы, атын Абылай қоям дейтінің қайда? – деді
Балхадиша хош көрмей.
– Жошы – бүкіл қазақ хандарының, сол қатарда Абы
лайдың да атасы, – деді Қабдірақым алған бетінен қайт
пай. – Енді еркін елге келдік қой, бәлкім, келесі ұлдың
атын Абылай қоярмыз.
Мұндай ұйғарымға Балхадиша да қарсы емес сияқты.
Кенет сәл мұңайған түрге енді де:
– Қазір ауылдағы атам мен апам не күйде екен? – деді
ата-енесін еске алып. – Мына жаман немересін көрсе,
атамның төбесі көкке жетер еді-ау! Әрі-беріден соң,
осы сапарды ойлап тапқан – сол атам емес пе?!
– Айтпақшы, біздің ауыл осы арадан жап-жақын.
Соткамен сөйлесуге болатын шығар, ә? – деді Қабдіра
қым ойына әлдене түскендей.
Соны айтып, белдігінде жүрген телефонға қол созған.
Қап, аттанарда асығып жүріп, соткасын токпен «суару
ды» ұмытып кетіпті-ау! Қуаты бітіп қалыпты.
– Сотка алуын алады. Бірақ ол үшін застава бастығы
нан рұқсат алу керек шығар, – деді Балхадиша.
Қабдірақым қолма-қол аға лейтенантқа жолығып,
өзінің өтінішін айтқан.
– Біздің ауыл осы арадан ұзаса он бес шақырымдай.
Біздің әкей бізден хабар ала алмай, қатты мазасызданып
отырған шығар. Телефон номерін берсем, бізді аз уа
қытқа жалғай аласыз ба?
– Жалғауға болады. Тек, үш-ақ минутқа! – деді зас
тава бастығы. Соны айтып белбеуінде жүрген рацияға
Қабдірақым айтқан номерді терді де:
– Алло, бұл Оралбай ақсақал ма екен? Сізбен қазір
балаңыз сөйлеседі, – деп рацияны мұның қолына ұстат
ты. Әкесі күтпеген жерден кіммен сөйлесерін білмей
есі шығып тұр екен.
– Көке, бұл – мен ғой. Қабдірақыммын! – деді бұл бай
салды тіл қатып. – Жолымыз болды, көздеген жерімізге
дер кезінде жақсы жеттік... Осында келісімен Балхади
ша аман-есен босанып, ұл тапты!
Ана жақтан:
– А, құдай, ақсарбас! – деген әкесінің қуанышты
дауысы естілді. – Алла-Тағала жолдарыңды оңғарсын!..
Үріжардағы туыстарға хабарластыңдар ма?
– Оларға хабар кетті. Жақында барамыз ол жаққа...
– Барсаңдар айтыңдар, олар енді Айтбүбі екеуімізге
шақырту жіберсін!
– Алаңдама, көке! Біз әлі-ақ қайтадан қауышамыз...
Осы араға келгенде, рацияның уақыты бітіп, әңгіме
үзіліп кетті... Уақа емес, үзілген әңгіме қайтадан жал
ғасар. Ең бастысы, үзіле жаздаған өмір өз жалғасын
тауып, Оспановтар әулеті атажұртта жаңа өріске шық
ты ғой! Апатты жағдай артта қалды.
2014 – қаңтар.
ЖЕТІ АТА Әңгіме С онау бір жылдары Семей облысының бір ауданы нан менің атыма жеделхат келді. Аудан болғанда, біздің елден, біздің ауылдан... Жеделхатта былай делінген: «Жақыннан бері біздің елдегі ағайын арасында бір үлкен дау туып тұр. Біздің арамыздан шыққан оқы мысты, білімпазымыз – сенсің ғой. Мүмкіндігің болса, ауылға келіп, дау-дамайдың түйіншегін шешіп қайт» деп, соңына мен құрметтейтін туыстардың бірі қол қойыпты. Сөз ләміне қарағанда, ондағылар төтенше қайғы-қасі реттен, өлім-жітімнен аман сияқты. «Дау-дамай» дейді. Не жетіспей қалды екен оларға? Ел жаққа бармағалы да екі-үш жылдың жүзі болып қалған. Шаруабасты болып, кезекті кітаптың үстінде отыр едім. Амал жоқ, барып қай туға тура келеді. Сол күні «Алматы-Семей» пойызына бе лет алдым да, ел жаққа жүріп кеттім. Алайда, жол бойы бір сұрақ мазалап келеді. «Алақандай ауылда өздері шеше алмайтындай қандай дау тууы мүмкін? Ұрлық-қарлық, ұрыс-керіс болса, сол жақты милиция бар, сот бар. Оларға менің не қажетім болды екен?». Осындай жіп тағуға болмайтын әрі-сәрі көңілмен көз деген жеріме де жеттім-ау. Мен бетке алған елді-мекен – Аягөзден ары, Семейден бері, теміржол бойындағы ауыл дардың бірі болатын. Ауыл болғанда, біздің туып-өскен байырғы мекеніміз емес, 1962-жылы ұлы көшпен бірге келген (сол жылы көктемде Шәуешек төңірегінен – Қа зақстанға 200 мыңдай адам өткен) біздің елдің бір бөлімі осы ауданда қоныстанып қалған-ды. Арғыбеттен қопары ла қозғалған жеті зәңгі (болыс) төртуыл мұнда келген соң бір облысқа, не бір ауданға сия ма, шекара бойындағы үш облысқа бөлініп, әр совхозға 50-60 үйден таралып кеткенді. Жұптарын жазбай топтана көшкен бір зәңгі ел Қара менде мен Жұмықатаңа осы мен келе жатқан Жарма ауда
ны бұйырыпты. Зымырап өтіп бара жатқан заман... Міне,
содан бері де он неше жыл аттай шауып өте шығыпты-ау!
Мен Алматыдан шығарда қай пойызбен келетінімді ай
тып, жеделхат жібергенмін. Мені жақсы білетін екі жас
жігіт «Жигули» машинасымен келіп, пойыздан қарсы
алды. Аман-сәлемдері түзу, қабақтары жадыраңқы. Соған
қарағанда бәлендей алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ
сияқты.
– Ауылдарың аман ба? Сендер дауласып, бүлініп жатыр
дейді ғой. Не болды аяқастынан? – дедім жас жігіттерден
сыр тартып.
– Жәй, шалдардың істеп жүргені ғой, – дейді әлгілер
ыржалақтай күліп. Ауылдарында болып жатқан оқиғаға
жастардың разы еместігі сезілді. Содан ары мен де қуза
мадым.
Сол беті бір кезең астындағы ауылға да келіп қалдық.
Мұнда да бейбіт тірлік, адамдардың қас-қабағынан жа
бырқаған ештеңе байқалмайды. Менің келетінімді біліп,
ауылдың біраз үлкендері аулада күтіп тұр екен. Бірта
лайдан көріспеген ағалар мен жеңгелер шұрқырай қарсы
алды. Өң-шырайлары ашық-жарқын, менің келгеніме қуа
нып қалғандары байқалады. Туыстармен қауқылдасып,
аман-сәлем жасаған соң бәріміз үйге кірдік.
Бұл – маған аталас туыс болып келетін Қалибектің үйі.
Жаңадан қора-жәй салып алған екен, бөлмелері мол, қо
нақ күтетін залы кең, терезелері самаладай жарық, еңселі
үй. Бұлар әлі үстел-орындыққа көше қоймаған. Төрге те
кемет, оюлы сырмақ жайып, оның үстіне көрпе төселген.
Соған жайғасып болған соң, туыстар тағы бір рет хал-жағ
дай сұрасып, тиіп-қашып тіл қатысты да, тосырқағандай
тоң-торыс отырып қалды. Ауыл адамдары асықпайды.
Үйге келген қонақтың бұйымтайын бірден сұрамай, атта
нарда бір-ақ сұрайтын сол баяғы әдет. Бүгінгі отырысқа
еш қатысы жоқ, басқа ұсақ-түйек бірдеңелерді сөз қылып
отыр. Өзімнің мұнда неге келгенімді біле алмай тықыр
шып отырған мен шыдай алмай кеттім:
– Ал, ағалар, бұл не жағдай? «Тез келіп қайт» деген же
делхатты алысымен көңілім күпті болып, тағат таппай,
тездетіп келген бетім осы. Не боп қалды? Тыныштық па,
әйтеуір? – дедім отырғандарға жағалай көз тастап.
Менің сұрағыма аз-кем үнсіздіктен кейін үй иесі Қали
бек жауап берді. Бұл күнде елудің ішін мол аралаған, қы
зыл шырайлы, сұлу қара мұртты ағамыз арғыбетте ерте
атқа мініп, ел басқарған кісі:
– Ауылымызда бәлендей бүлініп қалған ештеңе жоқ.
Әйткенмен, сен араласпасаң болмайтын бір шаруаның
шығып тұрғаны тағы рас, – деді ежелгі сырбаз мінезімен
асықпай байыппен сөйлеп. – Былай қарасаң, ағайын-жұрт
ты тойға шақырып, қуанышты бөлісетін-ақ жағдай. Амал
не, өзіңді тойға емес, дауға шақырып отырмыз. Қысқар
тып айтқанда, мәселе былай, – деп бастады да, бастарына
түскен жағдайды аз сөзбен баян етті.
Қалибектің кенже ұлы Қажыбек әскерге барып келген
соң, ауданда шопыр болып, автобазда қызмет істеп жүреді.
Мінезі орнықты, жұмысқа шөгел, ешкіммен қақ-соғы жоқ,
тәртіпті жігіт таяуда осы ауылды тұтқиыл дүрліктірген.
Онда да ел шошитындай бұзақылық іс емес, кешке қарай
аудан орталығынан бір қызды «алып қашып» келеді ғой.
Бұрыннан уәделері бар ма, қалай, қызды өзі айдап жүр
ген жүк машинасының кабинасына отырғызған да, ауылға
тартып отырған. Ауыл жастары мәре-сәре. Әйелдер жас
келінге шашу шашып, басына жаулық жауып, босағадан
оң аяғымен аттатып, ішке кіргізіп әкетеді. Ешқандай зор
лық, жылап-сықтау жоқ, қалыңдықтың өзі мәз болып,
күліп жүр дейді... Әйткенмен, алғашқы ап-сап басылған
соң, үлкендер жас келінді оңашалап, жөн сұрамай ма:
– Атың кім, айналайын?
– Айтбала...
– Қай ауылдансың?
– «Скотовод» совхозынан...
– Қажыбекті бұрыннан білетін бе едің?
– Екі-үш ай болды танысқанымызға... Мен ол істейтін
автобазда бұғалтырмын ғой. Сонда жүріп таныстық.
– Е-е, жөн-жөн... «Скотоводта» кімнің қызысың, айна
лайын?
– Қасым деген шопанның...
– Қай Қасым? – дейді Қалибек осы арада әлденеден се
кем алып. Қыз аз-кем ойланып қалады:
– Білмеймін... Әйтеуір, арғыбеттен келгендер «Қиық
байдың Қасымы» дейді ғой менің әкемді...
«Қап! Құдай ұрды...». Осы араға келгенде, Қалибек са
нын бір-ақ соғады.
– Әй, естідіңдер ме, мына Айтбала – өзіміздің Қиық
байдың Қасымының қызы екен! – дейді жиналғандарға
әлдебір қайғылы хабарды естірткендей. – Енді қайттік?
Мынаны Қасым естісе, бізді өлтіреді...
Абыр-сабыр лезде басылып, ауыл адамдары не істерін
білмей аңтарылып қалған.
– Сендердің мұнда келгендеріңді үй-ішің біле ме? –
дейді әлдекім қызға сұрақ қойып.
– Жоқ, білмейді... Әке-шешеме айтайын деп едім, Қа
жыбек қой – «артынан бір-ақ көреміз» деп айтқызбаған...
– Әй, бәсе, жүрегім бірдемені сезіп еді-ау! – деді Қа
либек жанын қоярға жер таппай. – Өздерің қараңдаршы,
мына Айтбала – Қасымның әйелі Күлшайдан аумайды
ғой...
Міне, бұлар үшін шешілмес дау осы арадан басталған.
Қайтпек керек? Дереу ауылдағы үлкендер жиналып кеңес
құрады. Істің бұлай қиынға айналып тұрған себебі, Қали
бек пен Қасым – Төртуыл ішіндегі Қараменде дейтін бір
ғана рудан. Өз ішінде Ақкісі және Табылды болып екі ата
ға бөлінгенімен, өзара қыз алыспайтын, жақын ағайын
дар... Сол арада ақсақалдар саусақтарын бүгіп, Ақкісі мен
Табылдыдан тарайтын аталарды ал кеп санасын. Жоғары
дан төмен қарай да санап көрді, төменнен жоғары қарай
да санап көрді. Бірақ қанша рет санаса да Қалибек пен
Қасымның арасы алты атадан аспайды. Оны былай қой
ғанда, бір Қараменденің баласы бір-бірінен қыз алысты
деген не сұмдық?!
Үлкендер ақылдаса келе, әлі ешкім құлақтанбай тұрған
да, Айтбаланы аудан орталығына қайтадан апарып таста
йық дескен-ді. Бірақ үлкендердің бұл шешіміне Қажыбек
үзілді-кесілді қарсы болды.
– «Жеті аталарың» өз алдына, біз енді өлсек те бір-
бірімізден айрылмаймыз! – деген-ді шорт кесіп. – Егер
бізді бұл шаңыраққа енгізгілерің келмесе, Айтбала
екеуіміз шамаданымызды аламыз да, басқа бір облысқа
тартып отырамыз.
Жастармен санаспасқа тағы амал жоқ. Әсіресе, қызу
қанды Қажыбек бірдемеге ұрынып қала ма деп қорқады.
Сонымен, бұлар әзірше қыз бен жігітті бір-біріне қоспай,
бөлек бөлмелерде ұстап отырған көрінеді.
– Қорытып айтқанда, біздегі жағдай осындай, – деді
Қалибек сөзін аяқтап. – Қазір ауылдағы жастар бір жақ,
үлкендер бір жақ. Жастар «Махаббатқа жол ашық» дейді.
Үлкендер: «Халқымыздың салт-дәстүрін аттамаймыз.
Арамыз әлі жеті атаға толған жоқ» дейді... Айтыса-айтыса
біраз жерге барыстық. Біздің елде озып оқыған, көп бі
летін, аузы дуалы азаматымыз – өзіңсің ғой. Осы даудың
төрелігін айтып, бізді бір адаспайтын тура жолға салып
кет.
– Бұл істен Қасым ағалар хабар тапты ма? – дедім ол
жақтың нендей ойда екенін білгім келіп.
– Әй, солар әлі хабарсыз жатқан болар-ау! – деді үлкен
дердің бірі болжам айтып. – Қасым байқұс білсе, ендігі
өкіріп-бақырып жетсе керек еді...
– Сенің келетініңді білген соң, Қасымға кеше кісі жі
бергем, – деді Қалибек маған қарап. – Онда да іс мәнісін
анық айтпай, «ақылдасатын шаруа бар, біздің ауылға келіп
қайтсын» деп қана сәлем жолдадым. Амандық болса, ол
да бүгін келіп қалар.
Жаңа бір малға бата жасалған. Соның арасынша дас
тарқан жайылып, шай құйыла бастады. Шай үстінде де
уақытты босқа жібермей, Ақкісі мен Табылдыдан тарай
тын аталарды қайтадан санай бастадық. Қалай санасақ та
сол баяғы алты ата. Жетінші буын Қажыбек пен Айтбала
ның өздері екен. Бірақ олар ұл үйлендіріп, қыз ұзатқанша
атаға саналмайды. Қазақ салты бойынша, тек сегізінші
атада ғана құдаласуға рұқсат етіледі.
Сонымен, үлкендердің аужайын түйдік. Менің енді қыз
бен жігітті көргім келіп еді.
– Онда, мен Қасым аға келгенше жастармен сөйлесіп
көрсем қайтеді? – дедім шай дастарқаны жиналған соң үй
иесіне тілек білдіріп.
– Оның жөн. Негізгі даугер – сол жастар ғой, – деді Қа
либек мені қостап.
Біраздан кейін қыз бен жігітті бір оңаша бөлмеге ша
қыртып алдым. Менің үстіме алдымен Қажыбек, сонан
соң Айтбала кірді. Екеуі де – қарасаң көз тоймайтын өрім
дей жастар. Қажыбекті кішірек кезінде бір көріп едім,
қазір ұзын бойлы, қол-аяғы серейген, алпамсадай азамат.
Әкесіне тартқан сұлу өңді, сүйкімді жігіт боп өсіпті. Қыз
дар ғашық болса болғандай... Ал, Айтбала... Ол да – түр-
тұлғасы шешесі Күлшайға келетін сұлу да, сұңғақ, әсем
бойжеткен. Ұзаса, он сегіз – он тоғыз жас шамасында.
Мектепті бітірген соң бір жылдай бухгалтерлік курстан
өтіп, қазір аудандық автовазда есепші көрінеді. Жастар
дың осы ауылға келген соңғы төрт-бес күнде көріскені
осы болар, екеуі бірі мен бірі сүйісе жаздап, құшақтарын
жазбай, қол ұстасып, қатар отыр. Бұлар менің келгенім
нен хабардар сияқты. Бізді бұл азаптан бір құтқарса, осы
кісі құтқарар дегендей, жалынышты көзбен жапақтап қа
рай береді... Қажыбектің тағаты әбден таусылған секілді.
Мен сұрақ қоймай-ақ, сөзді жігіттің өзі бастап кетті.
– Аға, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Біз мына
Айтбала екеуіміз бір-бірімізді ұнатып, қосылуға бел бай
лағанбыз. Осындағы шалдар «Жеті ата» дей ме, «әлі қыз
алыспаған ағайынбыз» дей ме, қайдағы пәлені ойлап
тауып, бізді бір жұмадан бері қамауда ұстап отыр. Шал
дарға түсіндіріп айтыңызшы: біз, бәрібір, қосыламыз.
Енді бізге шегінетін жер жоқ! – Қажыбек осы сөздерді
жаттап алғандай бір демде айтып шықты.
– Сен де осылай ойлайсың ба? – дедім мен енді Айтба
лаға қарап. Қыздың әдемі ақша жүзіне арай жүгіріп, сәл
қызарып кетті де:
– Біздің ойымыз да, мақсатымыз да бір ғой, аға, – деді
төмен тұқыра сөйлеп.
– Араларыңда күш көрсету, қорқыту, зорлап алып қашу
сияқты әдепсіздік болған жоқ қой?
– Құдай сақтасын, аға! Біз – өз еркімізбен қосылған
жандармыз, – деді Айтбала әлгіден гөрі батылдау тіл қа
тып.
– Мен, әрине, сендерге тілектеспін, – дедім жастарға
қарап. – Бірақ сен, Қажыбек, «шалдар жеті ата деген пә
лені ойлап тапты» дегеніңді қой бұдан кейін. Ол – осы
ауылдың шалдары ойлап тапқан «пәле» емес, халқымыз
дың мың жылдан бері жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі.
Оны өкімет те, ешкім де бұза алмайды. Санап көрдік,
сендердің араларың әлі жеті атаға толмапты. Екеулерің
оданда үлкендерден кешірім сұрап, бір жолға қайырым
етуін тілеңдер. Сендердің тағдырларыңды басқа емес, сол
«шалдар» шешеді!
Соны айттым да, жастарды босатып қоя бердім. Аңдып
тұрған адамдар екеуін екі жаққа алып кетті. Мен үлкендер
тобына қайта келіп қосылдым. «Иә, қалай болды» деген
дей, бәрі менің бетіме қарайды.
– Жастар өз уәделеріне берік, – дедім мен жауап күт
кен ауыл адамдарына қарап. – Қосыламыз деген сол баяғы
сөздерінен қайтар емес. «Үлкендер біздің білместігімізді
кешіріп, осы жолы бізге рұқсат етсін» дегенді айтады.
– Онда не істейміз? Ендігі әңгімені Қасым келген соң
бір-ақ жалғастырмаймыз ба, – деді Қалибек көпшілікке
қарап. – Ет те пісіп қалған шығар. Оған дейін далаға шы
ғып, бой жазып келгеніміз дұрыс болар.
Бәріміз біртіндеп далаға шықтық. Мен мана пойыздан
күн шығар-шықпаста түсіп едім, уақыт түске тармасып
қалыпты. Бұл ауыл айнала қоршаған биік таулардың қой
науында болатын. Дәл іргеден Қандығатай мен Байжан
тасы бой көтерсе, сонау батыста Арқат таулары қылаң
береді. Шығыста – Биесимас пен Қайрақты қыраттары.
Қайрақтыда Ақтайлақ бидің кесенесі бар. Ол заманда
бүгінгідей білместік болмайды ғой. Ал, бола қалған күнде
қазақтың ең соңғы ұлы биі Ақтайлақ мұндай дауды екі-ақ
ауыз сөзбен шешер еді. Ал біздің түріміз мынау – ойдағы-
қырдағымыз жиналып, болымсыз шаруаға бола бір бәтуа
ға келе алмай отырмыз. Биліктен бедел, ауыздан дуа кетті
деген осы...
Біз үйге кіріп, отырар отырмаста сырттан дабыр-дұбыр
дауыс естіліп, әлдекімдердің келгені байқалды. Бұл кел
ген – қыз әкесі Қасым еді. Бұлардың әзірше алыс-жуық
ағайынға айтпай қоя тұрамыз, білдірмейміз дегені бекер.
Тәйірі, ауыл арасында сөз жата ма, Қасым бәрін естіп-
біліп келе жатқан секілді. Қалибек пен Қасым түйдей құр
дас. Арғыбетте құлын-тайдай тебісіп, бірге өскен адамдар
ғой. Екеуінің арасында жарастықты әзіл-қалжыңдар болу
шы еді. Енді не десетіндері белгісіз. Міне, қазір де Қасым
сонау кіреберістен бастап сөйлеп келеді:
– Әлгі Қалибек қу қайда? Біреудің баласын ұрлап алып
келіп, інге тығылған суырдай түк білмегенсіп жатыр ма
үйінде? Көрсетейін мен оған – бала ұрлағанның қандай
болатынын!
Қасым дембелше келген, палуан денелі, бұжырлау, қара
кісі болатын. Аузы сөзден босамай ішке кіріп келді де,
алдында самсап тұрған адамдарды көріп, аңырып тұрып
қалды. Қол қусырып, қалбалақтап алдынан шыққан Қа
либекке қараған жоқ. «Тұра тұр, сенімен сөз басқа» деп
ұсынған қолын қағып тастады да, төр жақта тұрған маған
қарай бет алды. Келе құшақтап, беттен сүйіп жатыр.
– Сен де келіп қалғансың ба? Қол-аяғың сау, бала-шағаң
аман ба? – деп, есен-саулық сұрасып алған соң, аяқасты
нан көңілі босап, еңкілдеп жылап жіберді. – Міне, көрдің
бе, сен жоқта жаман ағаңды кім көрінген басынады. Бала
сын ұрлап әкетіп, іргекүш көрсетеді...
Соның арасынша, үйдегілер жан-жақтан кеу-кеулеп,
басу айтып, Қасымды төрдің төбесіне зорға отырғызды.
Қасымның мені көргенде көңілі босап, мұң шағатын се
бебі, екеуіміз де – Қараменденің Табылды тармағынан
быз. Арғыбетте ауылымыз аралас, қойымыз қоралас,
бірге отырушы еді. Көңілі босауына тағы бір себеп, жаңа
құшақтасқанда байқадым, Қасекең ашу үстінде аздап ішіп
алған секілді. Сөзге енді Қалибек араласты:
– Сен, Қасым, өкпең қабынып, желікпей тұра тұр! – деді
арадағы аз үзілістен кейін ес жия бастаған үй иесі, – әзір
ше бүлінген ештеңе де жоқ. Екі бала білместікпен осында
келіп қалған екен. Айтбаланың сенің қызың екенін осын
да келген соң бір-ақ білдік. Содан бері екеуін бір-біріне
жолықтырмай, бөлек үйлерде қамап отырмыз... Не істе
мек керек? Ақылдасайық. Міне, өзің келдің. Мына жазу
шы ініміз де сонау Алматыдан сол үшін келіп отыр. Бұл
– бәріміздің басымызға түскен ортақ әңгіме. Сен, Қасым,
құрдан-құр даурықпай, бізге ақыл қос. Не істейміз бұл екі
ақымақты? Екеуін қосамыз ба, әлде көз жастарына қара
май айырып жібереміз бе?
Бұл кезде істің байыбына барған Қасым да біртіндеп са
басына түсе бастаған.
– Әйтеуір, зорлап әкелген жоқсыңдар ғой? Қызым өз
ризалығымен келіп пе? Мен Айтбаламен сөйлесуім керек!
– деді сәл бәсеңсіп.
– Ойбай-ау, Айтбала ризалығымен келмесе, сол келген
бетте-ақ қайтарып жібермейміз бе?! – деді Қалибек істің
беті бері қарай бастағанын сезіп. – Жастардың уәделері
тастай берік көрінеді. «Бізді енді өлім ғана айырады» деп
қасарысып отыр.
– Анық қой осы сөздерің?
– Анық! – дедім мен осы тұста әңгімеге араласып. –
Жаңа сіз келердің алдында мен екі жаспен оңаша сөй
лестім. Екеуі бірін-бірі шын сүйеді екен. Бұлардың дос
тасып, бірге жүргендеріне бірнеше айдың жүзі болыпты.
Олар өздерінің бір рудан екенін білмеген...
Қасым ағам осы тұста маған бір бүйірден қадала қарап
сәл отырды да:
– Айналайын, бауырым, көңіліңе келмесін, осы былық
пайға ең алдымен сен кінәлісің! – деді мәймөңкені біл
мейтін әдетімен. – Ана жылы арғыбетте тып-тыныш жат
қан елді қозғап, Қазақстанға көшіріп әкелген сен едің. Біз
сенің етегіңнен ұстап едік. Бірақ осында әкелдің де қалың
Төртуылды тарыдай шашып жібердің. Қазір Төртуыл әу
леті осындағы үш облыста шілдің боғындай бытырап жүр.
Жастарымыз кімнің бауыр, кімнің туыс екенін білмейді...
Баяғыдай Барқытбелдің бөктерінде айрандай ұйып отыр
сақ, балаларымыз өстер ме еді? Енді не болды, міне? Бір
атаның баласы баба салтын бұзып, бір-бірімізбен құда бо
луымыз керек пе? – деді бар кінәны маған қарай аударып.
Мына сөз маған тым ауыр тиді. Шекем де шытынай
қалған. Бұл – жалғыз Қасымның ғана көкейінде жүрген
сөз емес, мына отырған ағайындардың бәрі де солай ой
лауы мүмкін ғой. Мәселенің басын ашып, түбегейлі жауап
беруге тура келеді.
– Атажұртқа көшіп келгеніңізге өкініп отырсыз ба,
Қасеке? – дедім туысымның бетіне тура қарап. – Баяғы
да біреу «Қонағым, өз үйіңді де ойлай отыр» деген екен
тым бәлсініп, алдына келген асты ұнатпай, шіреніп қал
ған қонағына. Сол айтқандай, арғыбетте бір тілім нанға
зар болып, «коммунаның» қазанына телмірген аш-аламан
күндеріңді ұмытып қалдыңдар ма? Тілге тиек, ауызға қақ
пақ қойған, бір ауыз сөз үшін айдалып кететін күндерді
ше? Қазір ондағы қазақтардың көрген күні бұрынғыдан
да жаман. Басқаны былай қойып, бала табуға дейін шек
теулі. Қазақ әйеліне екі баладан артық тууға рұқсат жоқ.
Байқамай жүкті боп қалған әйелге зорлап түсік тастатады.
Уақытынан өтіп кетсе, іштегі баласын жарып алады... Біз
бүгін ағайын арасында білместікпен адасып келген бір ба
ланы сөз қылып отырмыз. Ал, арғыбетте қазақтың дүние
ге келетін жас төлін қанға бөктіріп, көктей орып жатыр...
Мен соны айтып, сөзімнің әсері қалай болар екен деп,
отырғандарға жағалай көз тастадым. Біреулері, «шынын
да солай екен-ау» дегендей бас шұлғыса, енді біреулері
ештеңе естімегендей бедірейіп отыр.
– Иә, Атажұртқа келген соң ағайындар әр тарапқа
бөлініп, шашырай қоныстанғанымыз рас, – дедім сөзімді
одан ары жалған. – Төртуылға қарасты сондағы отыз мың
шаңырақ бір аймаққа, не ауданға сия ма? Амал жоқ, әр
совхозға елу-алпыс үйден бөлініп кеттік. Бірақ Совет өкі
мет көшіп келген жұртқа жаман қараған жоқ. Осы отыр
ған барлықтарыңды бір айдың ішінде жұмысқа орналас
тырып, екі айда қолдарыңызға «Совет азаматы» деген
қып-қызыл паспорт берді. Балаларымыз тегіс оқуда, жас
тарымыз техниканың құлағында ойнайды. Мал баққан
шопандардың табысы жаман емес, үй басы жеңіл маши
на... Айтыңыздаршы, осы жаман ба? Арғыбетте жүргенде
осындай тұрмыс түсімізге кіріп пе еді? – дедім туыста
рымның бетіне қадала қарап. – Қасеке, қазір неше бала
ңыз бар?
– Сегіз-тоғыз боп қалды ғой. Бірақ біздің үйдегі жеңгең
баланың санын онға апармай тоқтамаймын деп отыр! –
деді ақкөңіл Қасым ағынан жарып.
– Міне, көрдіңіз бе, арғыбетте жүрсеңіз осының бірде-
бірі болмас еді ғой! – дедім айтқан сөзімнің нысанаға дәл
тиіп жатқанын сезіп.
Соның арасынша, төрге дастарқан жайылып, алдыға ет
тартыла бастаған. Осы елдің салтына бейімделіп, біздің
ағайындар да ішімдікке үйрене бастапты. Етпен бірге көк
мойын шөлмектер де келіп қалды.
– Бүгін алыстағы Алматыдан жазушы бауырымыз
келді. Өзіміз де жақсы тілеудің қарсаңында отырмыз. Осы
заманның төл асы ғой, мынадан да аздап алып отырайық,
– деді үй иесі Қалибек мезіреті жасап.
«Жақпаушы еді» деп бас тартқан бір-екеуі болмаса,
қалғандары тамақ алдында ащы заһардан тартып жіберді.
Бұл аудан Дегелеңдегі ядролық сынаққа тұспа-тұс, жа
қын. Мұндағы халық көбінше радиациядан қорғану үшін
ішеді...
Түскі астан кейін арадағы әңгіме қайта жалғасқан. Қа
либек менің бетіме бір-екі рет жалтақтап, қарап алды да:
– Ал, бауырым, біздегі жағдайды көріп отырсың. Жас
тармен де ауызба-ауыз сөйлестің. Мына Қасым екеуіміздің
басымызға осындай шешуі қиын іс түсіп тұр. Біз ғана
емес, саған бүкіл қазақ елі, дүние жүзі жақсы таныс қой.
Осыған төрелігіңді айтып, біздің арадағы дауымызды
бітіріп кет! – деді өтініш білдіріп.
Мен үшін жауапты сәт енді туды. Не айтуым керек?
Таразының бір басында – бүгінге дейін ата салтын бұл
жытпай сақтап келген ағайындар. Оларға «сендер енді
туыстықты қойып, өзара құда болыңдар» деп қалай ай
там? Құдалық – туыстықтан әлдеқайда алыс. Таразының
екінші басында – бірін-бірі шын сүйген жастар, адал ма
хаббат тұр. Ата салтын қатал сақтаймын деп, сүйіскен
жастарды қалай жылатасың? Қай жағына шығу керек?
Шынымды айтсам, менің ықыласым жастар жағында.
Көз алдымнан бір бастарына сауға сұрап, жазықсыз жау
дыраған қыз бен жігіт кетпейді. Олар мына бетінде ақ ба
тасыз да басы ауған жаққа қол ұстасып кете беруі мүмкін.
Одан гөрі екі жақтың берекеге келіп, табысқанын қалар
едім. Бірақ соны үзілді-кесілді, түйеден түскендей етіп
айта салмай, алдымен бұл мәселеге шариғаттың қалай
қарайтынын, басқа түрік жұрттарының құдалықты қалай
шешіп жүргенін әңгімелеп, алыстан орағыттым.
– Өздеріңіз білесіздер, ислам шариғатында құдалық
кезінде жеті ата қарастырылмаған. Мәселен, Әзіретәлі –
Мұхаммет пайғамбардың Әбутәліп дейтін ағасының ба
ласы яғни немере бауыры. Соған қарамастан, пайғамба
рымыз сол Әзіретәліге өзінің жалғыз қызы Бифатманы
беріп отыр. Арабтарда әлі күнге дейін сол үрдіс сақтал
ған... Тек, арабтар ғана емес, қазақтан басқа бізбен тілі бір
түрік халықтары да дәл сондай шариғат жолымен келе жа
тыр. Мәселен, ұйғырлар, өзбектер, әзірбайжандар, Стам
бул түріктері... Емшек сүті араласпаса болғаны, ағайынды
адамдар бірінің қызын бірі ала береді...
«Шалатын палуанның бөксесі қисық келеді» дегендей,
мені қайда тартып бара жатқанымды Қасым аға сезді-ау
деймін, сөзімді орта жолдан бөліп жіберді:
– Немере қарындасын алатын сол арабтардың да жетісіп
кеткені шамалы ғой. Әлі күнге дейін бір-бірімен қырық
пышақ болып, соғысып жатқандар – солар емес пе? Қа
сиетіңнен айналайын Мұхаммет пайғамбардың аруағы
демесек, мен сол арабтарыңды ұнатпаймын! – деді бір
езулей қыжырта күліп.
– Сіз ұнатасыз ба, ұнатпайсыз ба, мен сізге өзге халық
тардың әдет-ғұрпын айтып отырмын, – дедім Қасымның
сөзімді бөлгенін ұнатпай. – Ал дүниеде құдалық кезінде
жеті атаны толық сақтайтын бір ғана ұлт бар. Ол – біздің
қазақ. Бұл – керемет нәрсе. Ұлтымыздың бойындағы ең
асыл қасиет. Ұрпағың азбауы үшін, қаның бұзылмау үшін,
жеті атаға дейін қыз алыспау өте қажет. Мұны қазір ғы
лым да мойындайды. Генетика ғылымы былай есептейді:
әке жағынан келгенде, сенің қаның балаңда – 50 пайыз
(жарымы – анасының қаны), немереңде – 25 пайыз, шөбе
реңде – 12,5 пайыз, шөпшегіңде – 6,25 пайыз, шөбелегің
де – 3,12 пайыз, туажатыңда – 1,55 пайыз, жұрағатыңда
– 0,75 пайыз, ал сегізінші жамағайыныңда – 0,35 пайыз
болып, қан туыстығы бітеді. Қазақтың тек сегізінші атада
үйленуге рұқсат беретіні содан.
– Ал, мына Қажыбек пен Айтбала нешінші ата болып
тұр? – деді Қасым тағатсызданып.
– Оны біз манадан бері неше мәрте санадық, – дедім
мен сөзді ұзартпау үшін. – Қажыбек пен Айтбалаға кел
генде алтыншы ата бітіп, жетіншісі басталады екен. Де
мек, арадағы қан туыстығы бұлардың немересі туғанда
бітеді. Баяғыда қазақтар сегізінші атаға толғанда, бір көк
қасқаны айтып сойып, ұлан-асыр той жасап, ақсақалдар
бата беріп, алғашқы құдалыққа жол ашады екен... Ал Қа
жыбек пен Айтбаланың жетпей тұрғаны – небәрі екі ата
ғой. Маған салсаңыздар, екі жастың білместігін бір жолға
кешіріп, қосылуға рұқсат еткеніміз жөн сияқты. Бірін-бірі
жан-тәнімен сүйіп тұрған жастардың обалына қалып, қа
лай жылатамыз? – дедім отырғандарға жағалай қарап өтіп.
Әр тұстан мені қостаған сөздер естілді:
– Сол жөн ғой...
– Екі жасты бір-бірінен айырып, жылатқанда не марха
дам табамыз?
– Жастардың білместігін бір жолға кешіріп, батамызды
берейік! – десіп жатты.
– Ол ақымақтарды біз кешіреміз-ау, ата-баба аруағы
кешіре ме? – деді Қасым әлі де болса көңілдегі күдігі тар
қамай.
– Кешіреді... Аруақтар да ұрпақ қамын ойламас
деймісің! – деді жастау жігіт тағы бір шөлмектің аузын
ашып жатып. – Келіңіздер, жаңа басталған құдалық үшін
алып қоялық!
Осы ұйғарымға басқалар да бірауыздан келіп отырса
керек, алдындағы ыдыстарын лезде босатып қойды. Орта
стакан арақты Қасым да тартып жіберген. Бірақ кенет түсі
бұзылып, кемсеңдеп жылай бастағаны.
– Жұртым-ау, айтыңдаршы, осымен, шынымен-ақ,
туыстығымыз біткені ме? – деді көпшілікке қарап. Сонан
соң есік жақта отырған Қалибекке бұрылып: – Ит-ай, бір
ауылда, бір жылы туған төл едік, туыс едік... Енді сенің
төріңде «құда» болып қалай отырам?! – деп ал кеп еңкіл
десін: – Тумай туашөккірлер-ай, басқа қыз, басқа жігіт құ
рып қалғандай, бізді ақыры осыған жеткіздіңдер ме?
Әйткенмен, бұл отырыстың арты қуанышқа, тойға ай
налып кетіп еді. Жұрт кеу-кеулеп, Қасымға бір ақсарбас
ісекке бата жасатты. «Ақ қой сойып, ақ бата беру» деген
осы. Тек арты қайырлы болғай!
Ертеңінде мені Алматыға бет алған пойызға бір топ
жастар шығарып салды. Сол топтың ішінде Қажыбек пен
Айтбала да бар. Кешегідей емес, екеуі де гүл-гүл жайнап
көңілді жүр. Жастардың түсінігінде, ғашықтарға азаттық
әперген – мына мен сияқтымын. Бәрі дуылдап, мені жүр
гелі тұрған пойызға көтеріп мінгізді. Ұзамай пойыз да
орнынан қозғалып кеткен. Сермелген қолдар, қимас жүз
дер... Бірнешеуі вагонмен жарысып келеді...
Бірақ, амал не, ақыры сол екі жастың жолы болмады.
Арада бір жыл өткенде Айтбала алғашқы баладан қайтыс
болды да, Қажыбек соның артынан көп ұзамай жол апа
тынан қаза тапты. Мен осы күнге дейін таңғалам. Бұл не
сонда? Кездейсоқ бақытсыздық па? Әлде ата салтын ат
таған жастарға Жаратушының жіберген зауалы ма? Жал
пы, дана халқымыз «жеті атаны» өз салтына жәйдан-жәй
енгізбеген шығар. Онда санаспаса болмайтын бір тылсым
күш бар-ау, сірә... Кейде мен осы некеге жол ашқаным
үшін, өзімді кінәлы сезінем. Бірақ менің ойымда ешқан
дай қаралық жоқ, бар болғаны, махаббатқа жол ашқым
келді ғой. Өзіме соны ғана жұбаныш етем.
2014 – ақпан.
ШАМЫРҚАНСА ШАРТ СЫНАТЫН ТЕКТІЛЕР Естелік-эссе Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамырқансам, шатынап сынар болатпын. Махамбет С із, тегінде, өмір сүру деген оп-оңай деп ойлай сыз ба? Бұған біркелкі жауап табу қиын. Өйткені біреуге өмір сүру – жеп-жеңіл, ал екінші біреуге өте ауыр, тым қиынға түседі. Тұтас өмірді қойып, жәй күнделікті тіршіліктің өзін әркім әртүрлі қабылдамай ма. Бұл жағы Жаратушы құдырет сізге қандай жүрек, қандай жүйке сыйлағанына байланысты. Бір білгіштер адамдарды хрустал нервілі, мыс нервілі, қыш нервілі, киіз нервілі деп бөледі екен. Некен-саяқ болат нервілі жандар да ұшырасатын көрінеді. Өмірдің біреуге ауыр, екінші біреуге жеңіл болатыны содан деседі. Әрине, хрустал нервілі дегеніміз – аса жоғары сезім талдықты білдіреді. Ондай адам дүниенің барша ауырт палығын жүрекпен сезініп, бәрін өзіне қабылдайды. Осылайша, намыспен тұтанып, іштей өртеніп жүріп, ақырында «іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» дегеннің кебін киіп, бір күні күйіп-жанып тау сылады. Бұл топқа ең алдымен ақындар кіреді, әрине. Ақындар үшін мына өмірдің әрбір айына, әрбір жы лына төтеп берудің өзі – бір ақырет. «Мен ертерек бас тадым, бітем ерте, менің ақылым өз ісін жасар келте» дейді Лермонтов. Ал Мұқағали «Бұл өмірге отыз бес жыл шыдадым, енді қанша тұрамын» дейді өзінің ұзақ жасайтынына күмән келтіріп. Ақынның сол айтқа ны келді, ол тағы он жылға зорға шыдастық берді де, небәрі қырық бес жасында ана дүниеге аттанып кетті. Басқа халықтарды кім білсін, осы 44-45 деген жас – біздің қазақ ақындары үшін қатерлі кезең. Осы жасқа
келгенде біздің ақындар бірден ажал жастығына бас
қояды. Өзі өлмесе, отаршыл өкімет оқ атып көмекте
седі (Мағжан, Сәкен, Ілияс). Сонымен, кейінгі ақын
дарға да осы меже жол болып қалды: Қасым, Мұқаға
ли, Жұмекен, Кеңшілік, Жұматай... бәрі де сол қырық
бестің төңірегінде дүние салды. Ал бірен-саран ұзақ
жасаған ақындар болса, олар – жаңағы «қылкөпірден»
не мансапқа сүйеніп, не басқа бір қосымша кәсіппен
айналысып, елеусіз өтіп кеткендер.
Біз бұл тізімге киіз нервілі, құл саналы жандарды
әдейі қоспай отырмыз. Өйткені олар тым көп қой біздің
елде. Ұлтымыздың ұлтанды бөлігін солар құрайды. Қа
зақтың бодандыққа түскеніне екі ғасырдан асты десек,
бұл шамамен жеті ұрпақты өз ішіне алады. Демек, біз
дегі құл саналы көпшілік жеті атасынан бері құл деген
сөз. Біздің қатарымыздан жарамсақ сарай ақындары
ның көп шығатыны, халқымыздың намысқа шаппай,
жетекке жүрмей, көткеншектеп жатып алатыны содан.
Қорлыққа көнбей, ешкімге кіріптар болып бас имей,
шамырқана шарт сынған ақындардың бірегейі – Қасым
Аманжолов. Менің Қасымға жаным ашиды. Тоба, мұн
дай да әділетсіздік болады екен! Ол анадан жастай жетім
қалып, өгей шешенің қысымына шыдамай (көрдіңіз бе,
шамырқану Қасымға бала кезінен дарыған), үйінен қа
шып шығып, балалар үйінде тәрбиеленген адам. Соны
әрдайым еске алып:
Өмірден үміт жоқ өзге
Даланың тердім тезегін.
Әке боп таптың сол кезде,
Советтік менің өз елім, – деп, Совет өкіметі үшін
өзегін жұлып бере жаздайтыны содан. Сол Советтік
отанын жаудан қорғау үшін төрт жыл бойы толарсақ
тан қан кешіп соғысты ғой. Сызды окопта екі өкпесінен
бірдей суық тиіп, майданнан жарымжан болып орал
ды... Сол жауынгер ақынға «Советтік отаны» не жақ
сылық жасады? Алматыдағы шіренген шенеуніктер бас
сұғатын баспана бермей қор қылды ғой. Бір жыл емес,
екі жыл да емес, табандаған жеті жыл бойы. Ал, 1952-
жылы қалалық үкімет оған үй бергенде, бұған дейін
әркімнің босағасында жүрген ақынның денсаулығы әб
ден құлдырап, өлім халіне жақындап қалған-ды.
Соғысқа бармай-ақ, еш бейнет көрмей-ақ, жәйлі де,
сәнді үйлерде тұратындарды ақын көрмей-білмей жүрді
дейсің бе? Білгенде қандай! Бірде 9-мамыр, жеңіс мей
рамы кезінде, жұртпен бірге шеру тартып, көшеде келе
жатқан жазушылар әлдебір салтанатты қоражайдың қа
сына келіп тоқтапты.
– Мынау – кімнің үйі? – десіп әркімдер таңданып қа
лады.
– Бұл – Горком хатшысы Түсіпбековтің үйі! – дейді
білетіндер. Сонда ызалы Қасым бөгелместен:
Түсіпбеков жолдастың үйіне біз,
Сыртынан қараймыз да сүйінеміз.
Бір күн түсіп қалғанша хатшы болмай,
Неге ақын болдық деп күйінеміз! – деген екен... Қазір
қайда сол Түсіпбеков? Кім ол? Қазір оның кім екенін
адам да, сайтан да білмейді. Ал солар кезінде билік
басында отырып, Қасымдардың тағдырын шешті ғой.
Амалы құрыған Қасым өмір бойы баспанасын жырлап
өтті.
«Маскарадтың» шығарып масқарасын,
Алматыда жортып жүр ерке Қасым.
Мазасын ап Қаратай Құрманычтың,
Жыр етіп жүр өзінің баспанасын, – дейді тағы бір
де. «Ерке Қасым» дегені – өзіне дем беріп көтермеле
гені. Әйтпесе, Қасымға қайдағы еркелік? «Маскарад»
деп отырғаны – өзі аударған Лермонтовтың поэмасы.
Ал, «Қаратай Құрманыч» – үй бөлетін жердегі дөкей
лердің бірі болса керек. Алла-ай, түкке тұрмайтын бі
реулер қазақтың ұлы ақынын баспанасыз қалдырып,
қалай қорлаған десеңізші! Ақыры, сондай қайырымсыз
жандардан әбден түңілгенде, ақын өзін-өзі былай деп
жұбатыпты:
Берсең бер, бермесең қой баспанаңды,
Сонда да тастамаймын астанамды.
Өлеңнің отын жағып жылытамын,
Өзімді, әйелімді, жас баламды!
Сөйтпегенде қайтсын, қайран ақын өзіне-өзі жігер
беріп, қайрағаны шығар. Қорлық пен мазаққа жығыла
кетпей қасарысқаны. Бірақ жалғыз үй ғана ма – Қа
сымның басындағы тауқымет? Әлеуметтік теңсіздік,
жағадан алған жоқшылық, ішіп-жемнің тапшылығы...
Ақын соның бәрін сезінбеді дейсің бе? Оны сезінбесе,
«үстімнен қара пальтом қойды-ау түспей, көк бөрік, көк
жағаның заманында» деп, назалы өлең жазар ма еді?!
Мұндай қорлықты көрген нәзік жанды, хрустал нервілі
Қасымдар шарт сынбағанда қайтеді?
Мен 1956-жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен
Алматыға оқуға келгенімде, әттең шіркін, көрсем-ау
деп армандаған екі жазушым бар еді. Оның бірі – Мұх
тар Әуезов те, екіншісі – Қасым Аманжолов болатын.
Бір арманым орындалды: Мұхаңды көрдім, универси
тетте алдында отырып, дәріс тыңдадым. Өзімен жеке
таныс болдым. Орысшаға әлі тісіміз батпай тұрғанда,
әлем әдебиетінің нәрін Әуезовтен алдым. Ананың омы
рау сүтінде нәрестеге қажетті хоректік заттың бәрі бо
латыны сияқты, Әуезов шығармаларында да бізге қа
жетті нәрдің бәрі бар еді. Өйткені, Мұхаң әлем әдебиеті
мен мәдениетінің бар асылын бойына сіңірген адам
ғой. Сол бұлақтан біз де қанып ішкендей болдық.
Амал не, Қасым Аманжоловты көре алмай, сан соғып
қалдым. Ол кісі біз келерден бір жыл бұрын қайтыс боп
кетіпті. Бір тәуірі, сол жылы Қасым шығармаларының
үш томдығы шығып жатыр екен. Енді соған шөліркей
бас қойдық.
Ол жылдары әлі ақталмаған Мағжанның, Сәкеннің,
Ілиястың шығармалары біздің қолымызға түсе қойма
ған кез. Солардың жоқтығын білдірмей, Абаймен екі
арадағы бос орынды толтырып, қазақ поэзиясын жаңа
бір белеске көтерген – сөз жоқ, Қасым Аманжолов еді.
«Қазақтың аласа аспанын, түндіктей түріп бір таста
дым» деп, оны ақынның өзі де айтып кеткен.
Иә, қазақтың қара өлеңі ол кезде ешкімге таң емес-
ті. Бәріміз де өлең ұйқастыра алатынбыз. Бізге керегі
– тың теңеу, тың образ, бұрын ешкім айтпаған ой-пікір,
соны сезім, бір сөзбен айтқанда, жаңаша ойлау жүйесі
болатын. Ең ғажабы, Қасымда осының бәрі бар еді.
Өлеңінің әр жолы – тұтас картина. Санаңда мөрдей
басылып қалады. «Үстімде сұр шинелім, ақсаңдай ба
сып келемін» дейді Қасым. Көз алдыңа әлдеқайда шеру
тартып бара жатқан әскер елестейді. Сұр шинелді сол
саптың бір жерінде аяғының жарасы әлі толық жазыл
маған ақын да кетіп бара жатқандай. Немесе, «солдат
тың етігіндей жаным сірі» дейді ақын. Бұл да – бұрын
ешкім айтпаған сөз. Дүниеде солдаттың етігіндей тепкі
көретін не бар екен? Адам бойындағы ерлік те, қайсар
лық та, төзімділік те – сол бір ғана теңеуге сиып тұр
ғандай. Ал, Маяковский туралы өлеңінде «ескі дүние
есігін теуіп ашып, кіріп келді ол жүзінен жалын ша
шып» деген жолдар бар. Көз алдыңда өршіл ақын бей
несі бірден жарқ ете қалады. Ал, Низами туралы қалай
айтқан дейсіз ғой? «Қауырсынын қалам етіп ақ қаздың,
дүниені алдыңа алып хат жаздың» депті ақын. Сонау
орта ғасырда өткен поэзия алыбы жайында бұдан артық
не айтуға болады?
Қасым не туралы жазса да, әр сөзі тұрған жерінде бір
аунап түсіп, жақұттай жарқырап шыға келеді. Басқа қа
зақ ақындары коммунистер туралы ұқсатып жаза алған
жоқ. Ал Қасым «бойында бұрқыраған жалын күш бар,
құрыштай шынықтырған жиналыстар» дегенде, сол сәт
сен де коммунист болғың келеді. Ал мынау – әйеліне
арнаған өлеңі:
Ашуыма ащы етіп,
Жібере көрме бұрыш сап.
Құрысып қалған көңлімді
Үтіктеп берші дұрыстап...
Отбасы тірлігінен туған осы шумақта қандай наз,
қандай жарасымды еркелік бар?!
Қай заманда болмасын еңбексіз-толғақсыз құрметке
бөленіп, ұпайларын түгендеп, «екі алып биге шығып»
жүретін ақындар аз болмаған. Ондайлар Қасым кезін
де де болған, қазір де баршылық. Оларды жұрт «Сарай
ақындары» деп атайды. Мансап та – соларда, жақсы
тұрмыс та – соларда. Кезінде Қасымдай талантқа есеп-
теңдік бермеген де – солар. Олардың шама-шарқын ұлы
ақын да жақсы білген. «Осы күнде шығып жүр, Қасым
деген бір ақын, сол болады түбінде енелеріңді ұратын»
деп әзілге сүйеп, ескерту де жасаған.
Жазбаймын үгітілген балшық өлең,
Көңілде көл жасаман тамшыменен
Серінің сертке таққан семсеріндей,
Өлеңнің өткірін бір алшы менен! – деген жолдарды
Қасым өзінің дарынсыз замандастарына ерегесіп жаз
ған. Бұл – әрі ақынның өзіне қойған сертті талабы, әрі
нағыз өлеңнің қандай болатынын оқырманға нұсқап
көрсеткені. «Аламын ауыр ойдан ауыр сөзді, мақта
емес, ми болған соң басымдағым» деген жолдар да сол
тұста қаптап кеткен мағынасыз, жеңіл-желпі жырларға
қарсылықтан туған.
Ал, сол замандағы қазақ поэзиясының деңгейі қандай
еді? Жасырып керегі не, бірен-саран талантты ақындар
болмаса, көпшілігі күнделікті үгіт-насихаттан аспайтын
қарабайыр дүниелер болатын. Отан қорғау тақырыбы
на жазылған «О, пашист, сонша неге кісінедің, әкеңді
танытады Д.Снегин» сияқты жолдар, «Автоматым қо
лымда, партбилетім төбемде, «Отан үшін» дедім де, қо
йып кеттім тереңге» сияқты шумақтар ол жылдары көп
теп басылып жататын. Ал, ауыл тұрмысын жырлағаны
«Қой шетінде Құрманбай, концерт беріп тұрғандай»
рәуішті болып келетін... Міне, осындай дарынсыз, жан
сыз, жасанды «жырлардан» әбден мезі болып, таза ауа
– кислород жетпей тұншығып тұрған қауымға шындық
пен көркемдік нәрін тамызып, құтқарып қалған – Қа
сым Аманжолов поэзиясы еді. Амал не, дәл осы тұста
ауыру меңдеткен ұлы ақынның өзін құтқаратын ешкім
болмады.
«Ел болса ер туғызбай тұра алмайды» дегенді бұрын
ғылар тегін айтқан ба? Мен әлі де Қасымды жоқтап,
оның орнын толтыра алмай күңіреніп жүргенімде, тағ
дыр маған көкжиектен енді ғана көтеріліп келе жатқан
тағы бір ұлы ақынды жолықтырды. 1956-жылдың қыр
күйегі. Мен Қытайдан таяуда ғана келіп, университетте
оқып жатқан кезім болатын. Қазір ойласам, сол бір жыл
– бәріміз үшін де бақытты жыл болған екен. Қазақстан
алғаш рет миллиард пұт астық алған жыл. Сібірде ай
дауда жүрген азаматтардың, сол қатарда Мәскеуде бой
тасалап жүрген Мұхтар Әуезовтың елге оралған жылы.
Қайда барсаң, көтеріңкі көңіл күй, ашық-жарқын мінез,
көңілді күлкі... Ал осының бәріне Алматыны алыстан
аңсап келген менің көзіммен қарағанда, айнала-төңі
ректің одан ары құлпырып сала беретіні айтпаса да
түсінікті.
Ол жылдары университеттің бас корпусы (яғни рек
тор отыратын ғимарат) сол кездегі комсомол көшесі
мен ұйғыр көшесінің (қазіргі Төле би мен Байтұрсынов
көшесі) қиылысында болатын. Ол кезде қазіргі «Каз
ГУград» жоқ, университеттің оқу үйлері қаланың әр
жерінде шашырай қоныстанған. Ал, филологтар мен
математиктер жаңағы бас корпуста оқушы еді.
Бір күні осы күнгі қазақтың белгілі ақыны Оразақын
Асқар екеуіміз түс ауа сабақтан шығып, енді Виног
радов көшесіндегі (қазіргі Қарасай батыр көшесі) жа
тақханаға бұрыла бергеніміз сол еді, Оразақын әлдебір
жігітпен шұрқыраса кетті. Сыңайы, бірін-бірі көптен
білетін адамдар. Үй іші, ауыл-аймақтың амандығын сұ
расып жатыр. Содан бір уақытта Оразақын әлгі жігітті
маған таныстырып:
– Менің Нарынқолдық ауылдасым. Қазір қазақ ра
диосында диктор болып істейді. Мұқағали Мақатаев
деген ақын осы! – деп аз бөгелді де, кезек маған кел
генде. –Бұл да – Шыңжаңда көп өлеңдері жарияланған
талантты ақын. Жиырма күннің алдында ғана қытайдан
келді. Университетте бірге оқимыз! – деді.
Жас кезіміздегі зерде (памить) дегенің керемет еді
ғой. Жаңа «Мұқағали Мақатаев» дегенді естігенде,
өткен жылы «Жұлдыз» журналынан басылған «Хат»
және «Біздің ауылдың іңірі» деген екі өлеңі жадыма
сарт ете қалды. Мен сол арада Мұқағалидың қолын ала
беріп, «Хат» деген өлеңнің екі шумағын жатқа айтып
жібердім.
Сағынышым – тек өзіңсің бір ғана,
Ұшып жетті қарлығаш та, тырна да.
Саралақаз жұмыртқалап үлгірді,
Кеше екеуіміз асыр салған жылғада.
Ең алғашқы нөсер де өтті себелеп,
Әлдеқашан гүлге қонды көбелек.
Бақыт, байлық бәрі де бар ауылда,
Әттең, Сәулем, өзің жоқсың, не керек! – деп тоқта
ғанымда, Мұқағали мені бассалып құшақтай алды.
– Бауырым-ау, келгеніңе әлі ай толмай жатып, мына
өлеңді қашан жаттап алып жүрсің? – деген таң-тамаша
болып.
– Өткен жылы «Жұлдыз» жұрналынан оқығам, –
дедім мен.
– Сол жұрнал Қытайға да барғаны ма сонда?
– Барғанда қандай!
Не керек сол күннен бастап Мұқағали екеуіміз таныс-
біліс, ағайын боп кеттік. Мен алғаш көргенде Мұқағали
тура жиырма бес жаста еді. Сол кездегі ақынның түр-
тұлғасы әлі көз алдымда: сұңғақ бойлы, мелжемді, екі
иығына екі кісі мінгендей, ұяңдау ұзын шашын жел
кесіне құлата қайырған, нарттай қызылшырайлы жігіт
еді. Бір жерін шертіп жіберсең қан бұрқ ете түсетіндей
әсер қалдырған.
Мұқағалимен қарым-қатынасымыз жалғаса берді. Ке
лесі 1957-жылы мен Совет одағында оқитын қытайлық
студенттер атынан (ол жылдары Совет одағында Қытай
дың алты мыңдай студенті оқушы еді) Мәскеуде өткен
дүниежүзі жастары мен студенттерінің алтыншы фести
валіне қатынастым. Содан қайтып келген соң, бірге оқи
тын Оразақын: «Биыл елге барып қайтуға кеш қалдың.
Каникулдің қалғанын біздің ауылда өткіз» деп, мені
өзінің еліне ертіп кетті. Міне, осы айларда Нарынқолда
демалыста жүрген Мұқағалимен тағы ұшырастық.
Әй, сол күндері Шалкөде жайлауында армансыз бір
сайрандадық-ау! Шалкөде бойы бие байлаған ауылдар.
Оның бәрін түгендемей, кілең бір қызы бар ауылдарға
қыдырамыз. Оразақын тұратын «Киров» колхозы мен
Мұқағалидың ауылы Қарасаз («Энгельс» колхозы) ара
сы жеті-сегіз-ақ шақырым. Көп ұзамай біздің топқа жас
ақын Еркін Ібітанов қосылды. Ол да – Қарасаздан, Мұ
қағали екеуі ауылдас. Өзі аудандық мәдениет бөлімінде
істейді екен. Жүрген жері – сауық-сайран. Ауыл-ауыл
ды аралап, кино көрсетеді. Қыз-келіншектерді жинап
алып, концерт қояды, би ұйымдастырады. Несін айта
сың, әлгі «өзім сері, өзім салдың» өзі.
Бір жолы Қарасазға барғанымызда, Мұқағали үйіне
шақыруға жағдайы болмады ма, бізді колхоз асханасы
на апарып, қонақ етті. Мұқағали ол кезде үйлі-баран
ды, мектепті бітірер бітірместен өзінен екі жас үлкен
мұғалима қызға үйленген... Асханада бізден басқа көп
ешкім жоқ. Ащы заһардың бірер шөлмегін төңкеріп
тастап, дуылдасып отырмыз. Аспаздардың әзірлеген
асы ұнамады ма, бір мезгілде Мұқағали «Осы ауылдағы
бір шалдың шығарғаны» деп, бір ауыз өлең айтты:
Аулымызда ашылды сталабай,
Тамағының дәмі жоқ қызталақ-ай!
Бес жылдықты төрт жылда орындамақ,
Шіркіннің жұмысының қысталақы-ай!
Біз сөз саптауына қарап-ақ, бұл өлеңді шығарған
«ауылдың шалы» емес, тап осы арада ақынның өз шы
ғарғанын біле қойдық. Мұқағали мен Еркін араларын
дағы төрт-бес жасқа қарамай, құрдастарша қалжыңда
са береді екен. Мұқағали бір кезде қасында отырған
Еркінге қарап алды да:
– Түбінде, мына бала сорлап қалатын болды, – деді
оны иегімен нұсқап.
– Қалайша?
– Адам деген шама-шарқына қарамай ма, менімен
бір ауылда туып несі бар? Кейін мына Қарасазға менің
атымды береді. Сонда бұған не тиеді?
– Мұқа, сіз өте дұрыс айтып отырсыз, – деді Еркін
оп-оңай келісіп. – Қарасаз – сіздікі. Оған ешкімнің дауы
жоқ... Ал маған аудан болмаса, ауыл аздық етпей ме?!
Қыран-топан күлкі.
– Әй, мына қызталақтың дәмесін қарай гөр! – деп
Мұқағали да екі иіні селкілдеп, мәз боп қалды.
– Басқа ауылдар бар емес пе? – дейміз біз әңгімеге май
тамызып. – Солардың бірі Еркінге бұйыратын шығар.
– Олар да оңайшылықпен орын босата қоймас, – деді
Мұқағали. – Бәрі көсемдердің атында...
Айтып отырғаны рас. Нарынқолда он колхоз бар
екен. Бәрі түгел көсемдердің атында: Маркс, Энгельс,
Ленин, Калинин, Крупская, Киров, Ворошилов... Осы
лай кете береді. Араларында бір ғана «Абай» колхозы
бар. Бұл туралы бір қызық анекдот шыққан. Анекдот
емес, болған оқиға. «Абай» колхозының бір жігіті ұзақ
жыл «Ленин» колхозында мұғалім болады ғой. Бір жағ
дайда мектеп мүдірімен келіспей қала ма, аудандық оқу
бөліміне барып, өз ауылына ауыстыруды сұрайды.
– «Абай» ауылында орын жоқ. Қаласаң, «Крупская
ға» жіберейін, – дейді бөлім бастығы. Сонда күйіп кет
кен мұғалім:
– «Лениннен» опа таппағанда, мені «Крупская» жа
рылқайды деп отырсыз ба? Жіберсеңіз өз ауылым
«Абайға» жіберіңіз! – десе керек.
Бұл әңгімені манадан бері тыңдап отырған НКВД-
ның адамы:
– Әй, сен не шатып отырсың? – депті мұғалімге оқты
көзін қадап. – «Лениннен опа таппадым» дегенің қай
сандырақ?
Сонымен не керек, әлгі мұғалімді сол арада қолға
алып, сегіз жылға соттап жіберіпті...
Көсемдер демекші, Мұқағали – Маркс туралы да,
Ленин туралы да дастан жазған адам. Елеп-ескермей
қойған өкімет осыдан кейін көзге іле ме, санаса ма деп
дәмеленген сияқты. Бірақ ол үміті ақталмады. Амал не,
мызғымастай көрінген Компартия мен Совет өкіметінің
қалай омырыла құлағанын, ауыл атын иемденіп алған
қызыл комиссарлардың да қалай келмеске кеткенін Мұ
қағали көре алған жоқ. Өзі айтқандай, «Энгельс» кол
хозы – Қарасаз бұл күнде «Мұқағали ауылы» деп атала
ды... Ал, Еркін сол өзгерістерді өз көзімен көріп кетті.
Алайда, көсемдерден босаған ауылдардың ешқайсысы
ақын Ібітановқа бұйырмады-ау деймін.
Мен кейде оңаша отырып, Қасым мен Мұқағали
ды ойша салыстырамын. Қасым – ұстаз, Мұқағали –
шәкірт. Мұқағали Қасымды өмір бойы пір тұтып өтті.
Аралары небәрі жиырма жас. Бірақ екеуі – екі дәуірдің
адамдары. Қасымның өмірі қырғын соғысқа, Сталин
заманының қақаған қысына тура келді. Егер Қасымға
кейінгі біздің тұсымыздағы еркіндік берілсе, қайран
ақын қалай көсілер еді?! Сол тар қыспақтың өзінде,
бір жағы аурумен алысып жүріп, үйсіз-күйсіз жағдайда
қанша қазына қалдырды десеңізші!
Әділетсіздік пен қиянатты Мұқағали да аз көрген
жоқ. Бірақ Қасым өмір сүрген қақаған қыспен салыс
тырғанда, Мұқағалидың өмірі жайма-шуақ жаз секілді.
Қанша дегенмен, ол Хрущев пен Брежневтің «жылы
мығында» өмір сүрді ғой. Қасым сияқты үйсіз-күйсіз де
қалған жоқ. Ал денсаулық дегенің – кісі қызығарлықтай
еді. Ел-жұрты – Алматының іргесінде. Шалкөдеге ба
рып, қалай шалқимын десе де ерікті болатын... Соған
қарамастан, Мұқағали қайғы-қасіретке қалай ерте бой
алдырды? Соңғы жылдары неге ащы заһарсыз жүре
алмайтын күйге жетті? Басты себеп не нәрсе? Сәтсіз
махаббат? Құтсыз отбасы? Әлде алынбаған атақ, беріл
меген сыйлық? Көрсетілмеген қошамет? Осылар ма –
ақынның түбіне жеткен?
Әрине, бұлар да бар. Бірақ негізгі себеп емес. Негізгі
себеп – қоғамның қырыс қабағында, өмірдің өгейлігін
де, әлеуметтік әділетсіздікте. Жәй адамдар елемейтін,
көзі үйреніп, еті өліп кеткен жайларды хрустал нервілі
ақын бар болмысымен сезініп отырды ғой. Ақын-жазу
шы – ұлт көңіл-күйінің барометрі. Қазақ жерінде сына
лып жатқан ядролық қарулар, өзімізге бұйырмай шет
ке ағылып жатқан ен байлық, кетеуі кеткен қазақ тілі,
жабылып жатқан мектептер ақын назарынан тыс қалды
деп ойлайсыз ба?
Ал, Мұқағалидың өз басына келсек, ақын өмір бойы
қуғын-сүргіннен құтылған жоқ. Қуғын-сүргін – мін
детті түрде Сібірге айдау емес. Адамды өз ауылынан,
өз қаласынан қозғамай-ақ қуғындауға болады. Мұқа
ғали мектепте мұғалім болып жүріп, жиырма жасында
Компартияға мүше болған. Біраз жылдан соң, ақынды
әлдебір «тәртіпсіздігі» үшін партиядан шығарды. Ол
заманда партиядан шыққан адамның жарым басы кем
деген сөз. Жұмыс орны да құтайған жоқ, оны қызмет
тен талай рет шығарды. Ең соңғы қармаған талы – Жа
зушылар Одағының мүшелігі еді, қудалаушылар оны да
бұған көп көрді. Еңбегің бағаланбаса, басқалар алып
жатқан сыйлықтар, атақ-дәреже саған бұйырмаса...
Осының бәрін көре тұрып, сорлы ақын құсаланбағанда
қайтеді? Іштегі дертті ащы заһармен тұншықтырмаған
да қайтеді?
Мұқағали осыдан кейін бар өшін ақ қағаз бен қара
сиядан алды. Іште жатқан шер-шемен, ашу-ыза өлең
боп құйылды. Бірақ тілге тиек, ауызға қақпақ қойылған.
Көп нәрсені айтқызбады. «Айтып өткен ақында арман
бар ма, жүрегінің түбіне кір жасырмай» дейтіні содан.
Мұқағалидың басқа ақындардан артықшылығы – ана
тілі айдынында емін-еркін жүзетіндігі. Ол нені айтам,
қалай айтам деп қысылмайды, сөз іздеп зорланбайды.
Уызында жарыған тіл мәйегі оның қаламына өздігінен
құйылып жатады. Мұқағали поэзиясында Қасымда кез
десетін айшықты теңеулер аз болғанымен, өлеңдерінің
шынайылығы мен қарапайымдылығы оқырманды бір
ден баурап алады. Ұлы ақындарда болатын көп қа
сиеттер – Мұқағалиға да тән. Соның бірі – табиғатпен
іштей табысып, туысып кету. «Қабағы күннің қатулы,
қар жауа ма қайтеді. Бұлақтар мұңға батуы, мұз қата
ма қайтеді» дегенде, ақын да сол өзі айтып отырған та
биғаттың бір бөлшегі тәрізді әсер қалдырады. Ал «Ар
шаларым, шыршаларым, сендерге арнап мен бүгін ән
саламын» дегендегі аршалар мен шыршалар – ақынның
аға-бауыр, туыстары секілді...
Осы орайда жазушылар арасында талас тудырып
келген бір мәселеге тоқтала кетейін. Ол – Мұқағали
дың Одақ мүшелігінен шығарылуы жайында. Біреу
лер сол кездегі Жазушылар Одағының басшысы Әнуар
Әлімжановты мұқатқысы келіп, «Ол Мақатаевті Одақ
мүшелігінен шығарып жіберген» деп айыптайды. Ал
Әнуарды ақтағысы келген біреулер «ондай ештеңе бол
ған жоқ» дегенді айтады. Бұл күнде оның екеуі де өмір
де жоқ. Сондықтан жұртты шатастырмай, мәселенің
анығына көшейік.
Іс мәнісі былай: шамамен Мұқағали қайтыс болардан
бірер жыл бұрын Жазушылар Одағына Қазақстан Жо
ғарғы Советі президиумының төрағасы Сабыр Нияз
беков келіп, қаламгерлермен кездесу өткізді. Осының
алдында болып өткен партия съезінің бағыт-бағдарын
жұртшылыққа түсіндірмек. Жиналысты Әнуар Әлім
жанов кіріспе сөзбен ашып, Ниязбековке кезек берді.
Төраға, бүгінгі тілмен айтқанда, Республика президенті
мінберде сөйлеп тұр. Арада бес минет өтті ме, өтпеді
ме, артқы қатардың бірінен: «Бұл – не қыртылбай» де
ген дауыс естілді. Мұқағалидың дауысын бәріміз біле
қойдық. Ақынның қатты ішіп жүрген кезі болатын.
Сірә, масаңдау болса керек. Бұл жолы оны төрдегілер
де, залдағылар да естімеген, білмеген болып, елеусіз
өткізіп жіберуге тырысты. Алайда, іс мұнымен тынған
жоқ. Арада үш-төрт минет өтер-өтпесте тағы да Мұ
қағалидың «балтавня» деген дауысы саңқ ете қалды.
Бұдан ары төзу мүмкін емес-ті. Төрде отырған Әнуар
орнынан ұшып тұрып:
– Әй, қайсың барсың? Ананы алып кетіңдер! – деді
сол маңда отырған жігіттерге иек қағып.
Жігіттер өздігінен жүре қоймаған Мұқағалиды қол
тығынан алып, қаумалап алып кетті. Міне, бар болған
оқиға осы. Ал осыдан кейін Одақтың басшысы Әлім
жанов жиналыстың шырқын бұзған тентекке қандай
шара қолдану керек еді? Бұлар не істер екен деп, жо
ғарыдан қарап отырған үкімет – мынау. Әр қадамыңды
аңдыған «үш әріп» – анау! Баяғы Сталин заманы болса,
адамдар ондай қылығы үшін «итжеккенге» айдалар еді.
Әйткенмен, қазір де әлгіндей тәртіп бұзғандарды жа
засыз қалдыруға болмайтын-ды. Оның үстіне, ол кезде
Одақ маңында «қызып» жүретіндер көп-тұғын. Солар
ға сабақ болсын деді ме, Әлімжанов ертеңінде секре
тариатты шақырды да, Мұқағалиды Одақ мүшелігінен
шығарды. Бірақ қаулыны Мәскеуге жолдаған жоқ, хат
таманы өз тартпасына салып қойды. Өйткені, Мұқағали
да – бәріміз сияқты КСРО Жазушылар Одағының мү
шесі ғой. Мәскеу бекітпеген соң, ол одақ мүшелігінен
шыққан болып есептелмейтін.
Бұл арада Әнуарды айыптаудың жөні жоқ. Ол жа
зушылар одағында тәртіп орнатуға міндетті болатын.
Тегінде, Әнуар Мұқағалиға жаман қараған жоқ. Екеуі
бір жыл туған төл ғой. Әлімжанов Мұқағали шығарма
ларының бөгетсіз басылуына жол ашып отырды. Мұқа
ғалиды жоғары стипендия төлейтін Мәскеудегі екі жыл
дық әдеби курсқа жіберген де – Әнуар. Ақын ол курсты
бітірмей жарты жылда соң қайтып келгені болмаса,
ол көп адамның қолы жетпейтін оқу болатын. Жалпы,
біздің Одақта жазушыларға Әнуардай қамқорлық жа
саған басшы кемде-кем. Одақ ауласындағы конференс
зал, таудағы шығармашылық үйі, жазушыларға арнал
ған тұрғын үйлер – бәрі де Әлімжанов тұсында салын
ған... Ал Мұқағали қайтыс болғанда, дереу секретариат
шақырып, оның мүшелігін қалпына келтірді. Ақынның
жерлеу рәсімі жоғары деңгейде өтуіне күш салды.
Менің Мұқағалимен аралас-құраластығым (қайсыбі
реулерше «дос едік» деп мақтанғым келмейді) жиырма
жылға созылған екен. Бір-біріміздің жазғандарымызды
қалт жібермей оқып отыратын едік. «Соңғы көш» жа
рыққа шыққан кезде Мұқағали:
– Сен өрісіңді енді таптың. Айтарың өте көп екен.
Оның бәрі өлеңге симайды ғой. Прозаға көшкенің қан
дай дұрыс болған! – деп балаша қуанып, құттықтағаны
есімде.
Айтпақшы, мен Қытайда төрт жылдай сүргінде бо
лып, 1962-жылы қайтып оралғанымда, әдейі іздеп келіп
көріскендердің бірі – тағы да Мұқағали еді:
– Аранның аузынан тірі қайтқаның мұндай жақсы бо
лар ма! Ел-жұртыңның тілегі қабыл болған шығар. Көр
де тұр, сенің жасың ұзақ болады! – деп еді марқұм.
Ең соңғы рет дәмдес болғанымыз ақын қайтыс бо
лардан екі-үш ай бұрын «Алматы» ресторанында өтіп
еді. Университетте бірге оқыған, көптен көріспей кет
кен Жұмабек Шорманов деген жолдасым бір күні мені
іздеп, Жазушылар Одағына келе қалғаны. Ол бұрын На
рынқол жақта еді, таяуда Есік қаласына мектеп мүдірі
болып ауысыпты. Екеуіміз жұмыс аяғына қарай қазіргі
Абылай хан даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің
қиылысындағы «Алматы» ресторанына қарай тарттық.
Жұмыс күні ресторанда адам аз, орын көп екен. Сол
жақ қапталдағы бір үстелде Мұқағали мен компози
тор Әбілахат Еспаевтың отырғанын байқап қалдым. Біз
оларға соқпай, оң қапталға бұрылып, бір бұрыштағы
жеке орынға барып жайғастық. Өйткені, өз әңгімеміз
өзімізде, оқу бітіргеннен бергі «қызықтарымызды» ай
тып тауыса алмай жатырмыз. Даяшы қызға тапсырыс
ты молынан беріп, асықпай отырмақпыз. Біз алдымызға
келген астан ауыз тиіп, бірер рюмканы көтерер-көтер
месте, сондағы даяшы қыздардың бірі салфеткаға жа
зылған хат әкеліп берді. Хат емес, бір шумақ өлең:
Қабдешжан, ағаң менен досың отыр,
Екі-үш сомнан ақшасын қосып отыр.
Даяшыға тиіні жетпей қалып,
Абақтыға түсем деп шошып отыр, – депті де, соңы
на «Мұқағали» деп қол қойыпты. Демек, олар бізді ма
надан байқап отырған болды ғой. Енді бөгелудің орны
жоқ, мен дереу орнымнан тұрып, солай қарай бет ал
дым. Келсем, жағдайлары, шынында да, мүшкіл екен.
Үстелдің бір бұрышында бірнеше сарқұлақ теңгелер,
ағы мен сарысы аралас бір уыс тиын үйіліп жатыр.
Олары дастарқан ақысына маңайламайды да. Екеуі бір-
біріне сеніп қалған ба, әлде өздерінің қолданып жүрген
бұл да бір тәсілі ме, кесіп айту қиын. Әйтеуір, таныс
жігіттердің бірі құтқарар деп отырғанда, қармаққа біз
ілінгеміз ғой.
Мен ұсақ ақшаларын өздеріне қайтарып бердім де,
оларды қарызымен бірге біздің үстелге көшіріп келдім.
Үстеме заказ беріп, отырысты одан ары қыздыра түстік.
Екеуі де – сыйлайтын адамдарым. Мұқағали өз алдына,
Әбілахат Еспаев – бір кезде «Маржан қыз» атты ән шы
ғарып, саясатпен сіресіп қалған қазақ әуенінің бетіне
қан жүгірткен адам. Соғыста контузия алған ба, сәл-пәл
тұтықпалау. Бірақ өзі жатыпатар, айтқыш. «Мәдениет
және тұрмыс» журналынан болымсыз қаламақы алып
тұрып: «Мәдениеттерін тәуір болғанымен, тұрмыста
рың мәз емес екен» дейтін – осы Еспаев. Тағы бірде
Әбілахат опера театрының маңындағы гүлзарда дема
лып отырса, сондағы шалдардың бірі «Шырағым, қай
рудансың» деп тақымдап қоймапты. Көңіл күйі болмай,
басы ауырып отырған Әбілахат «Біз – «алқаш» деген
руданбыз» десе керек. Әлгі шал «апырай, ол қай жүзге
жататын ру екен?» деп әлі де ұғына алмай отыр дейді.
Сонда Әбілахат одан ары қағындырып: «алқаштар –
қазір кең тараған ру ғой. Ол үш жүздің үшеуінде де кез
деседі» деген көрінеді.
Сол Әбілахат Еспаев қой – дәмдес боп отырған
кісіміз. Мұқағали екеуі досжар. Туысы жақын болма
ғанымен, жаңағы өзіміз айтқан жағдайда екеуі «рулас».
Отырысымыз барынша көңілді болды. Мұқағали ағыл-
тегіл өлең оқыды... Бір кезде есеп айырысып, тысқа
шыққанбыз. Енді тек қызыңқырап қалған қонақтары
мызды үйлеріне жеткізіп салу қиынға соғып тұр. Ән
шейінде тұтықпа Әбілахат масайғанда сөйлей алмай,
тілі күрмеліп қалады екен. Әдресін сұрасақ, адам ұқ
пайтын бірдеңелерді айтады. Оның үстіне, Еспаевтің
бір жаман әдеті, ішіп алса болды, бәтінкесін шешіп,
айдалаға лақтырып жібереді екен. Жұмабек тал-талдың
арасынан оның бәтінкесін іздеп әуре.
– Оның үйін мен білем! – деді Мұқағали.
Сонымен екеуін де таксиге отырғызып алып, Еспаевті
микрорайон жақтағы үйіне апарып салдық. Сонан соң
орталыққа қайта оралғанбыз. Мұқағали манағы өзіміз
шыққан ресторанға таяу, Құрманғазы көшесінде тұра
тын-ды. Ол бізді үйіне енгізіп дәм татырмақ болып еді,
онысынан ештеңе шықпады. Қанша төпелесе де, «гла
зоктан» сығалаған әйелі есігін ашпай қойды.
Бұл отырыс ең соңғы дидарласу екенін қайдан бі
лейік. Осыдан кейін мен Мұқағалиды көре алғаным
жоқ. Мұқаң ауруханада жатыр екен деп естігенбіз.
Кезекті емделуі шығар деп ойлап едік, олай болмады.
Арада апта өтпей қайтпас сапарға аттанып кетті. Дәрі
герлер ұзақ мерзім пайдаланған ащы заһардан бауыры
езіліп кеткен деп тауыпты.
Айналып келгенде, Қасымды да, Мұқағалиды да алып
жеген – сол баяғы әділетсіз қоғамның ауруы ғой. Алдымен
шапқа түртіп тулатады, жыныңа тиіп – ызаландырады,
арыңа тиіп-ашындырады. Сонан соң ащы заһар ұсынып,
ашуыңды басқан болады. Енді біраздан соң тұлабойыңды
заһар жайлағанын бір-ақ білесің. Мұндай ауыр сынаққа
хрустал нервілі нәзік жандар төтеп бере ала ма?
«Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын, Шамыр
қансам, шатынап сынар болатпын» демей ме Махамбет.
Қасым да, Мұқағали да – сол Махамбеттің сойынан ғой.
Бізде құл саналы, киіз нервілі көмпістер жетіп артыла
ды. Ендігі тілек – өмірде өте аз қалған хрустал нервілі,
нәзік жанды, шамырқанса шарт сынатын тектілердің
тұқымы үзілмесе екен!
2013 – желтоқсан.
АРУАҚТЫҢ «АТАТЫНЫ» РАС ПА? (қаз-қалпында) М ен, әсілі, хал-қадырымша басымнан сөз асыр майтын адаммын. Өзімді біреудің жәбіріне, қорлауына беріп қойғым келмейді. Ешкімнің де маған кезелген кекесін сөзі жауапсыз қалған емес. Көңіліме қиғаш келген жағдайды кімнің де болсын беті не айтып саламын. Өктемдікке, астамшылыққа, қиянат қа төзбейтін сол баяғы мінез. Біреулер «мұндай мінезбен дұшпаныңды көбейтіп аласын ғой» деп жанашырлық та нытады. Енді біреулер бұған керісінше «қыжыл мен ыза ны ішке бүкпей, бірден сыртқа шығарып, айтып тастай тыныңыз жақсы екен. Осы күнге дейін инфаркт алмай жүргеніңіз соның арқасы» дегенді айтады. Әсілі, осы екі сөзде де шындықтың жұрнағы жоқ емес-ау. Алайда дүниенің кілті менің қолымда тұрған жоқ қой. Өз кезінде айтылмаған сөз де, қайтпаған қарымта да жетіп жатыр. Кейде жағдай жар бермейді, енді бірде батылың жетпей қалады. «Айтпаған сөздің атасы өледі» деп бұрыңғылар тегін айтқан ба. Дер кезінде айтылмаған сөз – атылмаған оқ сияқты. Немесе сенің денеңе дарып, тұрып қалған оқ тәрізді. Ол енді тұлабойды сыздатып, сені өкінішпен өртейді. Әсіресе, жазықсыз жәбір көрген кезде... Міне, қазір де бастан кешкен сондай бір сәт еске түсіп отыр. Оны да ішке бүкіп қалмай жұртшылықпен бөліскенім дұрыс шығар. Бұл адамды орта жастан асқан егделер жақсы біледі. Ал жастар жағы білмеуі де мүмкін. Өткен ғасырда Алма тыда Асқар Тоқпанов атты режиссор өмір сүрді. Жасын да Мәскеуде оқып білім алған алғашқы кәсіби режис сорлардың бірі. 1940-жылы Мұхтар Әуезовтың «Абай» пъесасын сахналаған, Қалибек, Серке, Елубай, Шәкен сынды ұлы актерлермен бірге жасасқан, өнер институ тында ұзақ жыл сабақ беріп, жастардың әлденеше буы
нын тәрбиелеген белгілі ұстаз. Өзі орып сөйлейтін, мі
незі сәл шаркездеу, ешкімнің беті-жүзіне қарамай, өзіне
жақпаған адамдарды ызасырықтан өткізіп, жер-жебіріне
жететін бірбеткейлеу кісі еді. Сірә, билік басындағы өзі
не туыс ұлықтарды арқалана ма, кейде тым тәйтік сөй
леп, асыра сілтеп жіберетін кездері де болушы еді.
Құдуанда, анау-мынауды жақтыра бермейтін осы
адамның ойда жоқта маған ықласы ауғаны. Онда менің
университетті бітірген соң «Қазақ әдебиеті» газетінде
қызмет істеп жүрген кезім. Бір күні жазушылар одағы
ның фоесінде Асекең мені көріп қалды да, «Әй, бала, сәл
кідірші» деп, қасына шақырып алды.
– Сенің сырт келбетің жас кезіндегі Әуезовтен айны
майды ғой. Қайда туып, қайдан шыққан адамсың? – деп
тергей бастады.
Мен Асекеңді сырттай білетінмін: жөнімді айттым.
Шекара асып келген өмірбаянымды да жасырғам жоқ.
– Бәсе, өзге бір топырақта туғаның көрініп тұр. Бірақ,
есіңде болсын, жазушылардың бірі Әуезов туралы пъеса
жазса, сені Мұхаңның рөлінде ойнатам! – деді Тоқпанов.
Актер болуды армандап жүрген мен жоқ, режиссордың
сөзіне күліп қана қойғанмын. Бірақ, таныс-білістігіміз
жалғаса берді. Кездесе қалғанда, Асекең «Бала Мұхтар,
хал қалай?» деп ықлас білдіріп тұрады. Театрда, ас пен
тойда жиі кездесеміз. Осы өткен жылы ғана Талдықор
ғандағы Ескелді бидің 300 жылдық асына барғанда, Асе
кеңмен бір үйге түсіп, табақтас болғанымыз тағы бар.
Қаратал өзеннің бойында асқа деп, әр ауданнан әкеліп,
киіз үй тігілген екен. Біз, марқұм Сәкен Иманасов, тағы
бір топ жігіттер Алакөл ауданы тіккен үйлерге түстік.
Дұрысы, бұрыннан таныс аудан басшылары қонақтарды
бөлгенде, бізді өздеріне жаздырып алған секілді.
Киіз үйде алғашқы шай-шалаңымызды ішіп, жәйбара
хат отыр едік. Бір мезгілде үй иелері аяқ астынан қарба
ласып қалды. Аудан басшыларында өң-түс жоқ, сасқа
лақтап жүр.
– Ау, не болды, жай ма? – деп жөн сұрасақ:
– Енді қайттық? Асқар Тоқпановты да біздің ауданға
бөліпті! – дейді әлгілер.
– Е, келсе несі бар, үй кең, сиямыз,– дестік біз.
– Үйге сиямыз-ау, бірақ Тоқпанов – мінезі тым шатақ
кісі дейді ғой. Бабын тапсақ жақсы, бірдеңеден мүлт кет
сек...
Сол арада Асекеңнің жоғарғы ұлықтар алдындағы
бет-беделі, өткен жылы бір ауданға барғанда көңіліне
жақпаған аудан басшысын қолма-қол орнынан алды
рып тастағаны әңгіме болды. Құдай сондайдан сақтасын
деңіз... Осыларды айта келіп, аудан әкімі маған қолқа
салды:
– Қабеке, сізге бір өтініш: ауыл ағасы ретінде, Тоқпа
новты сіз қарсы алсаңыз қайтеді? Мына дастарқанды да
сіз басқарыңыз. Ал біз сіздерді тік тұрып күтетін бола
йық.
– Жарайды. Тоқпанов қанша қаһарлы болғанымен кісі
жемейтін шығар... Тілге қалса сөйлесіп көрейік! – дедім
мен Асекеңмен бұрыннан таныстығыма арқа сүйеп.
Әлден уақытта қасында бір ғана атқосшысы бар Асе
кең де келді. Бәріміз жапырлай түрегеліп, құрметті қо
нақты төрге шығардық. Жайғасып отырған соң жаңағы
келісім бойынша, екі жақты бір-біріне таныстырып, дас
тарқанды ары қарай басқаруға тура келді:
– Асеке, Ескелді бабамыздың асына үй тігіп, қызмет
көрсетіп отырған Алакөл ауданына хош келдіңіз! – дедім
сөз бастап. – Осы облыстың терістігінде Алакөл дейтін
көл бар. Сол көлдің жағасында Ескелдімен замандас Қа
банбай батыр туып өскен Тоқта-Барлық деген қасиетті
жер бар. Мына Сәкен екеуміздің туған ауылымыз... Асе
кеңдей қадірлі қонақтың бабын тауып, қызмет көрсетіңіз
деп, жігіттер дастарқан тізгінін маған ұстатып отыр.
Қарсы емессіз бе? – дедім төрдегі Тоқпановқа қарап.
– Бәрекелде! – Асекең разы боп қалды. – Бұрын сені
«бала Мұхтар» деуші едім. Қазір жә деген жігіт ағасы
болдың ғой. Міндетіңді атқара бер!
– Алакөлдіктер! – дедім сонан соң аудан басшыларына
қарап.–Ауылдарыңа кімнің келіп түскенін сезіп отырған
шығарсыңдар. Салымдарыңыз бар екен, төрлеріңе ұлы
Мұхтар Әуезовтың іні досы, қазақ мәдениетінің көзі тірі
абызы, күллі қазақ актерлерінің ұстазы – Асқар Тоқпа
нов келіп отыр. Бүгінгі құрмет те, сый-сияпат та Асеке
ңе арналады.
Бұл сөзге анау-мынауға жібімейтін Тоқпановтың разы
болғаны сонша:
– Алда, айналайын-ай, сені ұлы Мұхаңа жайдан-
жай ұқсатпаған шығармын, мен қазір жылы сөзге зәру
емеспін ғой. Бірақ «Абыз» деген сөзді бірінші рет сенің
аузыңнан естіп отырмын! – деді көзіне жас алып.
Сонымен, не керек, бас-аяғы үш күнге созылған ас
ойдағыдай жақсы өтті. Ал, Алакөл ауданы Асекеңе ат
мінгізіп, шапан жауып, разы-хош қып аттандырды...
Осының бәрі былтыр ғана, 1993-жылы болған оқиға
ғой. Ал арада бір жыл өткенде, бәтуасыз Асекең жалт
бұрылып, өзгеше мінез танытқаны.
1994-жылдың желтоқсаны. Алматыдағы Әуезов теат
рында жазушы-драматург Сәкен Жүнісовтың 60 жасқа
толған мерейтойы өтіп жатты. Салтанатты жиыннан
кейін Сәкен пъесаларынан үзінділер көрсетіліп, соңын
да театрдың үстінгі қабатындағы банкет залына көтеріл
генбіз. Сәкеннің Көкшетаулық жерлестері жылқы сойып
әкелген екен. Дастарқанда қазы-қарта, жал-жая жағы
жеткілікті көрінеді.
«П» әрпі тәріздес құрылған дастарқанда жүзден ас
там адам отыр. Төрдің төбесіңде үш ақсақал: бұрынғы
министрлер кеңесінің төрағасы Бәйкен Әшімов, Асқар
Тоқпанов және Тахауи Ақтанов... Әшімов бұрын мұндай
жиынға келе бермеуші еді, Көкшетаулық жерлесі Сә
кеннің құрметіне әдейі келген секілді. Төрде үш жүздің
үш ақсақалы отырғаны қай жағынан да жарасып тұр.
Ал, біз – Әкім Тарази, Қалихан Ысқақов және мен сол
үшеуіне қарама-қарсы отырдық.
Театрдың сол кездегі директоры, әрі көркемдік же
текшісі Тұңғышбай Жаманқұлов асаба болып, дастарқан
басқарып жүр. Ол ең алдымен Бәйкен Әшімовке, тағы
тағы біреулерге сөз берді де, алдыға бас келген кезде,
Асқар Тоқпановтан бата сұрады. Қолымызды жайып,
бата күтіп, біз отырмыз. Бірақ Тоқпанов бата берген жоқ.
Оның орнына асаба Жаманқұловты жерден алып, жерге
салып, сыбады-ау келіп. Оған бұрыннан сақтап жүрген
қыжылы бар ма, немесе «алғашқы тосты маған бермей,
менен жасы кіші Әшімовке бердің» деп қитығып қалды
ма, Тұңғышбай байғұстың ит-терісін басына қаптады.
– Осы сен – кайдан шыққан немесің, ей? Өзің «ұлы
жүз үйсінмін, оның ішінде дулатпын» дейтін көрінесің.
Қайдағы дулат, қайдағы үйсін саған қор болған?! Садаға
кет сен дулат атымнан! Өзің түріңе қарашы: түріксің бе,
шешенсің бе, кавказдан қаңғып келген біреусің ғой, дәу
де болса... Саған Әуезов театрын басқартып қойған қан
дай ақымақ, ей, шата неме?!
Қойшы, әйтеуір Жаманқұлов байғұсқа айтпағаны
қалмады. Менің тіпті Тұңғышбайға жаным ашып кетті.
Алла-ай, бір пенде қой демейді-ау тантық шалға. Тоқ
пановтың ұстамасы бар деуші еді, сірә, сонысы ұстап
қалған болар... Жиналған жұрт қолын жайып әлі отыр.
Ал менің мұндайда шыдамай кететін әдетім. Қиянатқа,
әділетсіздікке төзбейтін сол баяғы мінез. Әлде сол сәт
Тоқпановпен арадағы көптен келе жатқан сыйластықты
арқаландым ба, кенет:
– Асеке-ау, бата берсеңізші! – деген сөзді қалай айтып
қалғанымды өзім де айғармай қалдым. Сол-ақ мұң екен,
Тоқпанов мен жаққа жалт бұрылды да:
– Әй, найман-хайуан, артыңды қысып, жайыңа отыр!
– деді маған шақшия қарап.
Сол сәтте мені қандай сезім билегенін білмеймін. Ашу
ма, ыза ма, «Осынау парықсыз, тәйтік шалға жөн айтып
нем бар еді» деген өкініш пе, тұла бойымды сұрапыл
бір күш биледі де, алдымдағы бокал толы суды Тоқпа
новтың бетіне шашпақ болып кезене бердім. Шашатын
едім, дәл осы сәтте қарсымда отырған Бәйкен Әшімов:
– Қабдеш, айналайын, сабыр-сабыр! – деп қасындағы
Тоқпановты кеудесімен жаба берді.
Амал не, су шашылмады. Мен өзіме разы болмай, ыза
ға булықтым да, банкетті тастап, далаға шығып кеттім.
Содан бірнеше күн бойы өзіме-өзім келе алсамшы. Түн
де кірпік айқастырмай дөңбекшіп шығам. «Құлсың, жа
сықсың, әншейін қатарда жүрген бишарасың! – деймін
өз жанымды жегідей жеп. – Тымқұрса өз атаңның аруа
ғын қорғай алмадың ғой. Кезеніп тұрып, қолындағы
суды неге шашпадың ақымақ шалдың бетіне?! Бәйкен
Әшімов араша түсті ғой. Түсе берсін, екеуіне қатарынан
шаш сол суды! Әшімов әулие болса, қасындағы алжы
ған шалды неге тәртіпке шақырмайды? Он бес жыл үкі
метті басқарғанда ел есінде қалатын не тындырды сол
кісі. – деймін маған кедергі жасаған адамды қарадай
жазғырып. – Кешіре гөр, Найман-ата! Сенің аруағыңды
көрінген қыртқа қорлатып жүрген дәрменсіз ұрпағыңды
кешіре гөр!»
Уақыттың жазбайтын жарасы бар ма, біраздан кейін
бұл оқиға да ұмытыла бастаған. Арада екі-үш ай өтті ме,
өтпеді ме, бір күні газетті ашып қарасам, ішкі бетте қара
сиямен қоршалған некролог-азанама жүр. «Қазақ мәде
ниетті орны толмас қазаға ұшырады. Қазақстанның ха
лық әртісі, көрнекті режиссор Асқар Тоқпанов дүниеден
өтті» депті қаралы хабарда.
Осы жолдарды оқығанда мені қандай сезімде болды
деп ойлайсыздар? Осыдан небәрі екі ай бұрын өзімді
көп кісінің көзінше қорлаған адамның өліміне қатты
қайғырдым десем, оным өтірік болады, әрине. Соны
мен бірге, қуана да қойғам жоқ. Біреуге өлім тілеу адам
шылыққа жатпайды ғой. Тым күпірлікке бой алдырып,
асып-тасып кеткен пенденің алдында қашанға осындай
бір зауал күтіп тұратыны анық.
Осының бәрінен бұрын менде сол сәт таңданыс сезімі
басым болды. Осының алдында ғана жас әйел алып,
жетпіс жасында бала сүйген, аяқтыға жол, ауыздыға сөз
бермей жүрген Тоқпанов ауырмай-сырқамай аяқ асты
нан неге мұрттай ұшты? Күнәлі пендені атаның аруа
ғы, шынымен-ақ, атып жыққаны ма?! Сірә, солай шы
ғар. Бүгінгі ұрпағының дәрменсіз, міскін халін көріп,
Найман шал қаһарына мінген болды ғой. Өзін қорлаған
күнәкар пендеге ажал жебесін шірене тартып қалған
ғой, шамасы!
Осыны ойлаум мұң екен, менің көңіліме әлдебір сенім
ұялағандай болды. Болашаққа деген сенім. Алла-ай, кей
де атаның аруағына сиынуды да ұмытып кетеміз. Біреу
лердан қорлық-зорлық көріп, жаның қатты қиналғанда
көмекке келіп, қол ұшын беретін аруақ бар екен ғой!
Ешкімнің жәбір-жапасына, қиянат-қорлығына төзбейтін
миллион ұрпағы бар ұлы аруақ!
2013 – шілде.
ЖАЛҒАН АТАҚ, АРЗАН АБЫРОЙ Б ір жылдары менің маңайымда одан-бұдан құ ралған дос-жаран, ағайын-туыс, таныс-біліс дегендер көп болушы еді. Шүкір, қазір солар бұрыңғыдай емес, сейілді. Біреулер өздеріне лайық өз геше жолға түсті. Біреулер мені керек кезінде пайдала нып, аларын алған соң қарасын батырды. Енді біреулер «жетіскен қыз төркінін танымастың» кебін киді. Кейбір арамдарын өзім аластадым. Осылайша, бірі келіп, бірі кетіп жатқан дүние. «Жолдастың жүзін қайта алдым жиып, айрылсам ала көңіл он досымнан» деп Қасым Аманжолов айтқандай, әйтеуір, төңірегім топырдан құр болған жоқ. Солардың бірі – бұл күнде белгілі ақындар қатарын да айтылатын Несіпбек Айтов. Сонау алпысыншы жыл дардың аяғында біздің үйге бір шарға бойлы балаң жігіт келді. Бала деуге де, жігіт деуге де келетін тоқтының асығындай томпиған біреу. Семей облысының Шұбар тау ауданынан келіпті. Қолында менімен университетте бірге оқыған, сол тұста әлдеқалай төмендеп, аудандық газетте жүрген Төлеубек Жақыпбаевтың бір жапырақ хаты бар. «Мына Несіпбек деген жас талап Алматыға оқуға түсем деп бара жатыр. Бұл өзі кішкене болған мен мішкене бала (Төлеубектің өз сөзі). Өзі бөтен емес, өзіңнің бауырың. Мүмкіндігің болса, осыған қол ұшын беріп, оқуға түсіріп жібер» депті Төлеубек. Жөн сұраса келгенде, Несіпбек 1962-жылғы көшпен бірге Шәуешек маңынын келген біздің елдің адамы бо лып шықты. Руы – төртуыл, оның ішінде сүйіндік-жау ғаш. Сол жақтан бастауыш мектеп бітіріп келіп, қалған сыныптарды Шұбартауда оқыған. Құжаттарында 1950жылы туған делініп жүр екен. – Ау, сенің үш жасты бүгіп жүргенің қалай? Сен – әсілі, 1947-жылы туған бала емессің бе, – дедім мен
оның бетіне таңдана қарап. Осының өзінен әлдебір жа
сандылықты сезіп, секем алып қалдым.
– Менің арада оқымай қалған жылдарым бар еді.
Аттестат алу үшін паспортты солай тураладық, – деді
Несіпбек, мен ұрлығының үстінен түскендей қипақтап.
Олай дейтінім, мен Несіпбектің атасы Айтты да, әкесі
Тұрысбекті де сырттай білетінмін. Бізден түстік жер
де, Абдырада тұратын Айт бәйбішесі өлген соң, менің
әкемнің жесір отырған Күлістан деген қарындасына үй
ленген. Кейін Айт та қайтыс болып, 1948-жылы әкем
Күлістанды көшіріп әкелгенде, Несіпбек бір жастан
асқан бала. «Айттың бір немересі Күлістанның бауы
рында екен. Біз аттанарда шырылдап әрең айрылды»
деген әке сөзі есімде. Бұл сөзді Несіпбектің өзі де рас
тап, «мен – Күлістан апамның баласымын» деп, жиен
ретінде іші-бауырымызға еніп алды.
Содан, не керек, Несіпбектің жолы болды. Оның ба
ғына қарай, сол жылы ҚазМУ-дың филология факуль
тетіне қабылдау емтиханын алатындар – кілең мен тани
тын, сөзім өтетін адамдар болып шықты. Ол жылдары
пара алу әлі белең ала қоймаған, бірақ бет-бедел өтетін
кез. Сонымен, жасырын блокноттарда «Жұмаділовтың
жиені» боп тізімделген Несіпбек оқуға түсті де кетті.
Ол оқу бітірген соң, «Балдырған» журналына орна
ласу үшін, Мұзафар ағамызға ғана өтініш айтқаным
есімде. Одан ары Несіпбек өз жолын өзі тауып кетті.
Өзі тым пысық-ақ. Ешкіні апа, текені жезде деп жүріп,
қатарынан қалмай біраз жерге шапты. Бойында талант
жоқ деп айта алмайсың. Қазақтың байырғы тілін өз қа
тарынан гөрі жақсы біледі. Тек бір нәрсе ғана күдік ту
дыратын. Талант пен жылпостық бір қазанға симаушы
еді. Несіпбектің сол екеуін қалай тең ұстап жүргеніне
таңданатын едім.
Мен текке күдіктенбеген екенмін. Ақыры Несіп
бекпен ара қатынасымыз осыдан он жыл бұрын шорт
үзілді. Несіпбекті адамшылық жолдан тайдырып, жарға
жыққан – сол өзінің жылпостығы. Қашанғы әдетінше,
сол жолы да басқа біреудің есебінен жалған атақ, арзан
абыройға жете қоймақ болды.
2001-жылы мен XVІІІ–XІX ғасыр аралығында өмір
сүрген Ақтайлақ бидің өмірінен роман жазбақ болып,
Аягөз өлкесін армансыз араладым. Сыбан елінің жай
лауы мен қыстауы, көктеуі мен күзеуі, атақты адам
дардың күмбезі мен ескі зираттары көзден таса қал
ған жоқ. Өлкенің батысынан – шығысына, терістігінен
– түстігіне қарай, екі машинамен үздіксіз жортып, бір
аптаның ішінде мың жарым шақырым жол басыппын.
Қашанда кесек бір шығарма жазарда сол өлкенің тау-
тасын, өзен-көлін, қылаяғы өсетін шөбіне дейін көзден
кешіріп, зерттеп алатын әдетім. Жол бастаушым – Ақ
тайлақ бидің алтыншы ұрпағы, белгілі дәрігер Мұхтар
Айтқазыұлы мен осы өңірді бес саусағындай білетін,
сексен сегіз жастағы белгілі шежіреші Ғабділхамет
ақсақал. Сапарым өте сәтті болды. Мен көңілге алған
дүниелерімді түгел дерлік қағазға түсірдім де, Алматы
ға оралған соң Ақтайлақ би туралы «Прометей алауы»
атты роман жазуға кірістім.
Әлқиса, енді өз тақырыбымызға оралайық. Осы са
парда мен ойламаған жерден тағы бір үлкен олжаның
үстінен түстім. «Бір жоқты бір жоқ табады» деген рас.
Ақтайлақ әулетінің кесене-зираттарын аралап жүрген
де, бүгінге дейін белгісіз боп келген, дұрысы кейінгі ұр
пақ көз жазып қалған ұлы ақын Дулат Бабатайұлының
зираты туралы дерек құлағыма шалынды. Дулат – Ақ
тайлақ бидің аталас інісі, Кезінде Абайға ұстаз болған
ұлы ақын. Қайтыс болғанына 130 жыл болған ақынның
басына ұрпақтары сол кездің үлгісімен зират тұрғызып,
құран бағыштап жүргенімен, кейін ел ауып, қоныс өз
герген кезде бәрі естен шығып ұмытылған.Әсіресе Ду
латты «Зар заман ақыны» деп қаралаған Совет дәуірін
де туыстары оның басына бармақ түгіл, атын атауға
қорқатын болған.
Мына қызықты қараңыз, мен барған кезде Аягөз
өңірінде Дулаттың жатқан жерін білетін екі-ақ адам
қалыпты. Тіпті, екеу емес, біреу десе де болады. Оның
бірі – ақынға немере туыс боп келетін, сол жылы жасы
95-ке толған Шәрбану Асқарқызы. Ол кісі қазір жүріс-
тұрыстан қалған, көзі ештеңе көрмейтін халде екен.
Қысқасы, бізге жол көрсетуге шамасы жоқ. Алайда,
реттеуші құдірет бұл тығырықтан да шығатын жол
қалдырыпты. Шәрбану апамыз осыдан он жыл бұрын,
күш-қуатының барында Дулат бабасының зиратын бір
адамға көрсеткен екен. Ол кім дейсіз ғой? Ол – әнекүн
нен бері бізге жолбасшы боп жүрген Ғабділахмет Шә
керұлы. Жасы тоқсанға таяған бұл кісі де жүріс-тұрыс
тан қалған, көз жанары сау, санасы сайрап тұрғанмен
екі аяғы бастырмайды. Біздің жол сапарымыз кезінде
ақсақалды екі жігіт машинаға көтеріп мінгізіп, көтеріп
түсіріп отырады.
Орайы келіп тұрғанда айта кетейін, осы Ғабділах
мет Шәкерұлына Аягөз жұртшылығы ғана емес, иісі
қазақ түгел қарыздар. Отызыншы жылдары Советтік
белсенділер күн көрсетпейтін болған соң, арғы тегі –
баяғыда Ақтайлақ би Түркістаннан алдыратын қожа –
Шәкер әулиенің ұрпақтары да шекара асып кеткен ғой.
Сол көштің ішінде Семейдегі педтекникомды Қайым
Мұхаметхановпен бірге оқыған он сегіз жасар Ғабді
лахмет те бар еді. Ол Шәуешек аймағына барған соң
мұғалім болды, аудандық оқу бөлімін басқарды. Бірақ
оның негізгі еңбегі бұл емес. Ғабділахметтің баға жет
пес құнды еңбегі – киіз қапшыққа салған Ақтайлақтың,
Дулаттың, Әріптің шығармалырын жоғалтпай қытай
жеріне арқалап барып, шерік ғасырдан соң қайта арқа
лап келуінде... Енді, міне, тірі қалған жалғыз куә ретін
де, Дулаттың жатқан жерін жол бастап келеді...
Біз Аягөзден алпыс шақырым жердегі Дулаттың ба
сына екі машинамен алты-жеті адам болып бардық.
Қасымда Ғабділахметтен басқа бір кезде совхоз басқар
ған ел ағасы Қайыртай Қажығұлов, аудандық мәдениет
бөлімінің бастығы Ақаш Көксегенов, тағы басқа жігіт
тер бар. Алдыңғы машинада шопырдың қасында отырға
Ғабділахмет ақсақал тау арасындағы соқпақ жолдармен
жаңылмай жүріп отырып, зираттың дәл үстінен түсірді.
Жаңсақтық болуы мүмкін емес, «Ілебайдың қызыл аға
шы» деп аталатын бұл жер бір көрген адамның есінде
қалатын сулы да нулы, кең қоныс екен. Кезінде «Ақша
тау» совхозының жайлауы болған. Ілебай мен Дулат
тың әкесі Бабатай бірге туысады. Ал, зираттан екі-үш
жүз қадамдай жерде Бабатай қыстауының орны жатыр.
Шығыс жағында небәрі елу қадамдай жерде Шәрбану
дың әкесі Асқардың қыштан соғылған бейіті тұр. Шәр
бану апай осы бертінге дейін әкесі Асқар мен бабасы
Дулаттың басына құран бағыштап үнемі келіп тұрған.
Дулаттың зираты дәл қасына келгенше көзге түс
пейтін өзекшенің ішінде екен. Оның үстіне зираттың
іші-сыртын түйе бойламайтын қалың қараған басып
кетіпті. Жуандығы білектей мұндай жаныс қараған
ды көргенім осы. Соңғы қырық-елу жылда адам аяғы
баспағаны көрініп тұр. Біз өздігінен жүре алмайтын
Ғабділахмет ақсақалды машинада қалдырдық та, бас
қаларымыз беті-қолымызды тырнатып, зираттың қасы
на барып, тас-дуалдың үстіне шықтық. Аумағы алты
қанат үйдей дөңгелек тас бейіт. Кілең жалпақ тастар
дан қиуластыра қалаған. Кезінде дуалының биіктігі кісі
бойынан асқан шығар, кейін шөп басып, құм құйылып
аласарған. Қазір белуардан ғана келеді.
Әрине, Дулат мұнда жалғыз жатқан жоқ, қасында
өрен-жараны, отбасы мүшелері болуы да мүмкін. Алай
да, ақынның қабірі дәл қай тұста деп енді бас қатыру
дың қажеті жоқ. Дулаттың қабірі деген осы. Болашақ
кесене осы тас бейіттің үстіне орнауы керек. Мен белгі
болсын деп, дөң басында жатқан ат басындай ақ тасты
жігіттерге көтертіп, зираттың күнбатыс жағына қойғыз
дым да, ауданнан ере келген азаматтарға:
– Келер жылы ұлы ақын Дулат Бабатайұлының туға
нына 200 жыл толады. Мүшел тойға жан-жақтан сыйлы
қонақтар келуі мүмкін. Оған дейін ақынның басына ке
сене тұрғызып үлгіресіңдер ме, жоқ па, бірақ таяу ара
да мына қалың қарағанды отап, зиратқа келетін жолды
тазартып қойыңдар! – деп тапсырдым.
Ол кезде осы сапарымызды таспаға түсіру ойымыз
да болмапты. Әлдеқашан көзден де, көңілден де өше
бастаған Дулаттың жатқан жерін тапқанымызға мәз бо
лыппыз. Бұрын бұл зиратты жалғыз Ғабділахмет кәрія
ғана білсе, енді оны жеті-сегіз адам біледі. Ақын қабірі
енді ешқашан жоғалмайды дегенбіз.
Мен жол сапарын аяқтап, Алматыға оралған соң, ара
да жарым айдай уақыт өтті ме, өтпеді ме, бір күні кеш
ке таман теледидардан соңғы хабарлар көріп отыр едім,
кенет өз көзіме өзім сенбей аңырадым да қалдым. Тоба,
мұндай да сұмдық болады екен. Өзіме таныс әнекүнгі
Дулат қабірінің басында бір топ адам тұр. Араларын
да анада бізбен еріп барған Ақаш Көксегенов, тағы бі
реулер жүр. Зираттың іші-сыртындағы қалың қараған
ды бензин шашып өртеген секілді. Айнала шашылған
күл, қарағанның шала жанған түбірлері, күлді-көмеш
тас бейіт. Түйе бойы қараған тоғайы жанып біткенше
тас бейіт қызара балқып, астындағы адам сүйегі қандай
халге ұшырағанын бір құдайдың өзі білсін.
Бәрінен де сұмдығы, күлге оранған бейіттің ішіне
түсіп алып, Тұрқы бір жарым метрден аспайтын, ала
са бойлы бір адам сөйлеп тұр. Кім дейсіз ғой? Баяғыда
өзім оқуға түсірген, одан кейін де талай шарапатым ти
ген, өзімнің рулас інім Несіпбек Айтов. Облыстық те
ледидардан тілші шақырса керек. Енді, міне, өзі тапқан
сенсациялық жаңалығын дүйім дүниеге жарияламақ.
– Ағайындар, бүгін осы уақытқа дейін таптырмай
келген Дулаттың қабірі табылған тарихи күн! – дейді
білегіндегі сағатына қарап қойып, – Міне, 2001-жылы,
маусым айының бәленбайыншы күні, сағат он екіден
жиырма минөт өткен, дәл осы сәт мәңгі тарихта қалуға
тиіс.
Мен шошына жағамды ұстадым. Ойпырай, мынау не
деген өлермендік?! Неткен бетсіздік?! Миллиондардың
алдында беті бүлк етпей қалай өтірік айтуға болады?
Егер ол «осыдан бір ай бұрын жазушы Қабдеш Жұ
маділов Аягөзге келіп, Дулаттың қабірін тауып, басы
на белгі қойып кеткен екен. Бүгін сол кісінің ізімен біз
келіп тұрмыз» десе, аузына күйдіргі шыға ма? Және
ақынның зиратын кімнің тапқанына бүкіл Аягөз жұрты
куә ғой. Сонан соң ұлы аруақтың жатқан жерін өртеу
ге қалай дәті барды? Несіпбектің бұл қылығына ақын
ұрпақтары ғана емес, бүкіл Аягөз жұрты наразы болды.
Кейін біреулер оған арнап: «Бейітін өртеп Дулаттың,
Аягөзді шулаттың» деп сықақ өлең де жазды.
Келесі жылы Аягөзде Дулат Бабатайұлының 200
жылдық мүшелтойы өтті. Өртенген бейіттің орнына ақ
селикат кірпіштен кесене тұрғызылған екен. Сол кез
дегі мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхамет екеуіміз
қатар тұрып, кесененің лентасын қидық.
Аягөздегі салтанатты жиында Несіпбек сөз сұ
рап алып, көптің алдында менен кешірім сұрады.
«Кінәлімін, сабасаңыз арқам міне» деп жонын төсеген
болды. Бірақ, көңілімнің қалғаны сонша, мен онысы
на жібіген жоқпын. Кешірмедім де. Өйткені адамның
ниет-пиғылы тілінде емес, ділінде, жүрегінде жатады
ғой. Несіпбек бірнеше айдың ішінде өзгере қалды деп
ойламаймын. Сатқындық, опасыздық, біреудің табы
сын пайдалана қоятын харамдық оның қанында бар. Ол
енді өмір бойы солай өтеді. Қытай ойшылы Куңзының
(Конфуций) «Адамды екі қайтара сынаудың қажеті
жоқ. Өйткені адам табиғаты өзгермейді. Өмір қыс
қа» деген аталы сөз бар. Мен де Несіпбекті қайта сынап
жатпадым.
Бертінде Несіпбек Астанаға көшіп барып, өзі сияқ
ты жылпостардың қатарына қосылды. «Тарысы піс
кен үйдің тауығына» айналатын сол баяғы мінез. Күт
кеніміздей-ақ, аз жылда сарай ақыны боп шыға келді.
«Бәйтеректен» бастап, Астананың бұлың-бұшпағын
жырлаумен келеді. Мәртебелі ұлықтардың ата-баба
сы жайында дастан жазады. Таяуда, бір кезде «Ғасыр
халтуршигі» атанған Сәбит Досанов екеуі Мемлекеттік
сыйлық алды деп естідім. Мен оған түк те таңданғам
жоқ. Заманына қарай адамы. Демек, біздің әдебиетте
Досановтар, Айтовтар дәуірі басталды деген сөз.
2013 – шілде.
СЫЗЫҚТЫҢ АРҒЫ ЖАҒЫ, БЕРГІ ЖАҒЫ Қаз-қалпында А лматыға қалың қар жауғанда, ол қардың қыс бойы күрелмей, тазаланбай сүрі боп жатқанын көргенде, көше біткен көк тайғаққа айналып, адамдардың мертігіп жатқанын көргенде, менің есіме осыдан он жылдай бұрын өткен мына бір оқиға түседі. 2002-жылы, желтоқсан айының басында маған Қытай дың Шәуешек қаласынан қоңырау шалынды. Телефон соғып тұрған – аймақтық уәли мекемесінің (аймақтық әкімшіліктің) бас хатшысы Мұрат деген азамат. Амансәлемі түзу, сөзі жылы, іші-бауырыңа еніп барады. – Қабеке, сәлем соңында айтарымыз: сізді өзіңіздің туған қалаңыз – Шәуешек қаласы қонаққа шақырады. Бұл шаруа біздің биылғы жылғы жоспарымызда бар еді. Соны уақытында атқара алмай, жылдың аяғына дейін кешіктіргенімізді көріп отырсыз. Сол үшін сізден кешірім сұрай отырып, осы айдың оны мен жиырмасы ның аралығында аймағымызға келіп, қонақ болып қай туыңызды төменшілікпен өтінеміз! – дейді аймақтық үкіметтің бас хатшысы. Айтып тұрғаны көңілге қонады. Әрі Қытай саясатын дағы жылымықтан хабар бергендей. Күні кеше сенің атыңды ататқызбай, кітабыңды оқытқызбай, жауласып тұрған елдің енді келіп сені аяқастынан қонаққа шақы руы – әрі таңданарлық, әрі қуанарлық жағдай еді. – Айтып тұрғаныңыз жөн ғой, Мұрат мырза. Туған қала Шәуешекті сағынып жүргеніміз рас. Қуана-қуа на барар едік. Бірақ қыс болса мынау – қақап тұрған. Мына суықта жасы ұлғайған адамға мың шақырымнан астам жол жүру де оңай емес... Алда көктем бар, жаз бар, күннің жылынғанын күтпейміз бе? – дедім мен шын ойымды жасырмай.
– Жоқ, Қабеке, бұл шаруаны көктемге дейін созуға
келмей тұр. Оның себебі, алдағы жаңа жылда сізді қо
наққа шақырып отырған Тарбағатай аймағының уәлиі
Қызайжан мырза облысқа ауысып кететін түрі бар. Сон
дықтан, ол кісі мойнына алған міндетті кейінге қалдыр
май, жылдың соңына дейін атқарып кетсем дейді. Оның
үстіне, сізбен бет көрісуге құштар ол ініңіз...
Бұдан ары шалқаюдың орны жоқ. Өзіңнің туып-өс
кен қалаң қырық жылдан кейін (1962-жылдан есептей
беріңіз) құрметтеп қонаққа шақырып отырса, одан қалай
бас тартасың?
– Жарайды, баруға тырысайық! – дедім мен неде бол
са тәуекелге бел байлап.
– Сіздерге шақырту жіберілген, – деді қуанып кет
кен Мұрат. – Қазір ол Алматыдағы Қытай елшілігінде
жатыр. Оларға ескертілген. Барсаңыздар, еш кедергісіз
қолдарыңызға виза береді.
Расында да, солай екен. Біз елшілікке барып, қажетті
қағазымызды алдық та, жолға жинала бастадық. «Біз»
деп отырғаным, қасымда белгілі ақын Жәркен Бөдешев
бар. Ол да – Тарбағатай аймағынан. Екеуімізге шақыр
туды бірге жіберген көрінеді. Кейін мәлім болды ғой,
біздің бұлай аяқастынан қонаққа шақырылуымыз мына
ған байланысты екен. Сол тұста Қытайдан әр жылдары
шетке кетуге мәжбүр болған белгілі адамдарды бауырға
тарту, өкпе-ренішін тарқату науқаны жүріп жатса керек.
Сол тізімге Тарбағатайдан біз іліккен сияқтымыз.
Қар қалың, жол тайғақ, Алакөл маңында Ебінің бора
ны бар. Мұндайда жеңіл машинамен жол жүру қауіпті.
Сондықтан, бір Үріжарға дейін жолаушылар таситын
үлкен автобуспен баруды жөн көрдік. Телефонда күні
бұрын хабарласқанбыз. Аудан басшылары автобекеттен
қарсы алды. Не керек, сол күні ауданның қонағы бол
дық. Үріжар мен Шәуешектің арасы жүз шақырымға
жетпейді. Екі жақтың әкім-қаралары бір-біріне қонаққа
барысып, телефонда сөйлесіп тұрады екен. Олар бүгін
біздің Үріжарда отырғанымызды, ертең сағат он екілер
шамасында шекарадан өтетінімізді Шәуешекке хабар
лап та қойды.
Ертеңінде сағат оннан өте жолға шықтық. Аудан әкімі
бастатқан біраз адам үш-төрт машинамен шекараға
дейін шығарып салмақ. Сөйтіп, біздің елде жазушылар
дың қандай құрметке ие екенін көрші елге көрсетпек.
Арада бір жарым сағат өтер-өтпесте Бақты шекарасына
жетіп те қалдық. Екі аралықтағы бейтарап алаңда қы
тайлықтар да үш-төрт машинамен күтіп тұр екен. Бастап
келген – жақында өзімізбен телефон арқылы сөйлескен
бас хатшы Мұрат, оның қасында аймақтық сыртқы істер
басқармасының бастығы, орысшаға ағып тұрған қытай
жігіті бар, одан басқа да біз білмейтін адамдар...
Біз сол арада Үріжарлық жігіттермен қоштасып, көрші
елдің көлігіне отырдық. Шәуешек аржағында тиіп тұр.
Бұрын екі аралық – он сегіз шақырым санаушы еді, қазір
қаланың іргесі шекараға қарай ұлғайыпты да, он бес ша
қырымға да жетпей қалыпты.
Бізді қаладағы ең сәулетті қонақүйге әкеліп түсірді.
Әрқайсымызға екі бөлмелі люкс. Үстел үсті, тоңазыт
қыштың іші неше алуан тағамға, сусынға тіреліп тұр...
Мен де, Жәркен де осыдан біраз жыл бұрын шекара ал
ғаш ашылғанда, туыстардың шақыруымен осы аймаққа
бір-бір мәрте келіп қайтқанбыз. Онда үкіметтің қабағы
қатулы болатын. Менің Шәуешекке келгенімді білсе де
білмегенсіп, өкіметтің бірде-бір ресми өкілі аман-сәлем
жасамай, кездесу өткізсек деген әдебиетшілердің тала
бына тиым салып, менің жүріс-тұрысымды тыңшылары
арқылы ғана бақылап, сыбай-салтаң ұзатып салған-ды.
Ал, мына жолғы күтім де, қас-қабақ та басқаша. Өйткені
біз өкіметтің өз қонағымыз ғой. Осы жолы бұлар бізді
әбден разы қылып, өкпе-ренішімізді тарқатып жіберуі
керек.
Бұл сапарымызда бұрын жабық тұратын есіктердің
бәрі айқара ашылды. Бізді қонаққа шақырған Тарбаға
тай аймағының уәлиі Қызайжан мырза да – түр-тұлғасы
келіскен, әдебиетті жақсы білетін, кең қолтық, сырбаз
жігіт екен. Тарбағатайдағы қызметі нәтижелі болғандық
тан, енді Құлжадағы Автономиялы қазақ облысының тө
рағалығына көтерілмек... Сол күні ол біздің құрметіміз
ге қала активтері қатысқан қонақасы берді. Дастарқан
майысып тұр: қытайдың қырық түрлі тәтті-дәмдісі шы
райналып алдыңнан өтеді... Осы отырыста аймақ әкімі
Жәркен екеуімізге ат мінгізіп, шапан жапты.
Келесі күні әртүрлі кездесулер басталған. Аймақ ор
талығындағы қаламгерлер қауымымен кездесу, бір кез
де өзім оқыған гимназияның (не үшін екен, «Мәдениет
төңкерісі» кезінде жермен-жексен етіп, бұзып тастапты)
орнына салынған 2-орта мектептегі кездесу, тағы бас
қа ұшырасулар... Оның ертеңінде аудандарды аралауға
шықтық. Шәуешекпен іргелес Дөрбілжін ауданында
екі күн, Толы ауданында бір күн қонақ болып, ондағы
өндіріс орындарымен, ел тұрмысымен таныстық. Бұл
күнде баяғы ашаршылық қыспағындағы ел тоғайған,
ұрпақ ауысып, ел түлеген. Кіммен сөйлессең де, Дин
Саупындей дананың реформасынан кейін ел қатарына
қосылғанын айтады.
Жә, сапар барысын сөз етіп, біраз жерге барысыппыз
ғой. Бірақ менің айтайын дегенім бұл емес. Мұның бәрі
негізгі тақырыпқа қосымша, жол-жөнекей әңгімелер.
Біздің сөзіміз неден басталып еді өзі? Иә, айтпақшы,
Алматыда күрелмей жататын қалың қардан басталмады
ма? Ендеше, соған қайта оралайық...
Біз ертең қайтамыз деген күні Шәуешекте тусардан
қар жауды. Бәлкім одан да қалыңырақ, аттың жалпақ ті
зесінен деуге болар... Тәңертең ұйқыдан тұрып қарасақ,
халықтың бәрі көшеде жүр. Қолдарында – бір-бірден кү
рек. Көше дегенің айнадай тап-таза. Кеше жауған қар әр
жерге үйілген. Олар бір шетінен шанаға тиеліп егіс да
ласына кетіп жатыр. Не керек, сағат онға жетпей, бүкіл
қала көшелері қардан аршылып, тап-таза болды ғой.
Сөйтсек, бұл елде әр-бір үй, әр-бір дүкен, мектеп, ме
кеме өз маңайын қардан тазартып тұруға міндетті екен.
Сонымен, тұп-тура әнекүнгі құрамда үш-төрт ма
шинамен Шәуешектен Бақты шекарасына қарай жолға
шықтық. Жол да – солай, айнадай тазартылған. Шека
раға келсек, біздің бүгін қайтатынымыздан хабардар
Үріжарлық жігіттер де бейтарап алаңда күтіп тұр екен.
Қайтадан шұрқырастық. Тағы бір жаңалық, сол күні –
Қазақстан шекарашыларының мерекесі көрінеді. Бізге
және қытайлық достарға арнап, дастарқан жасап қойып
ты. Сол күні ауа райы да: «Әрі ашық, әрі аязды күн та
маша» дейтін Пушкиннің өлеңіндей еді. Сол арада екі
ел арасындағы достық үшін деп, ащы заһардан тартып-
тартып жібердік.
Айтарымыз бұл да емес, айтарымыз – әлі алда. Бақты
шекарасы мен Мұқаншы қалашығының екі арасы – елу-
ақ шақырым. Кеше Шәуешекке жауған қалың қар бұл
араға да жауыпты. Бірақ жол тазармаған. Қалың қарға
малтығып, жап-жақын жерге бір жарым сағатта зорға
жеттік. Айтыстарына қарағанда, бүгін бізді Мұқаншы
лық жігіттер күтіп алып, ертең осы арадан Алматының
автобусына отырғызып жібермек.
Ал Мұқаншыға келгенде не көрдің дейсің ғой? Әрине,
кеше шекараның аржағында сіреп түскен қар бұл жаққа
да жауған. Айырмашылығы – мұнда қолдарына күрек
алған бір пенде жоқ. Көшелерінде тышқан жорғалама
ған. Қалың қар сепсімеген күйі сіресіп жатыр. Тіпті, дә
ретханаға баратын жолдарын да күремеген ғой. Осын
дағы бір үй қазанына ас салып, бізді күтіп отырса керек.
Бірақ, сенесіз бе, машиналар қарға малтығып, сол үйге
жете алмады ғой. Амал жоқ, қаса қарды тізеден омбы
лап, әлгі үйге жаяулап баруға тура келді. Арамызда осы
ауылдың әкімі де бар болатын. Ол:
– Кеше әлгі иттерге «Осы көшені бульдозермен күреп,
тазартып қойыңдар» деп айтып-ақ едім. Қарап отырып,
ұятқа қалдырғанын қарашы!.. Бәлем, осыдан кейін қо
лыма түсерсіңдер! – деп, әлдекімді сықпыртып боқтап
жүр. Көрдіңіз бе, бульдозерді айтады, ал күрек жайында
бір ауыз сөз жоқ.
Міне, «қызыл сызықтың» екі жағында, бір күннің
ішінде мен көрген оқиғалар осындай. Қарды қойшы,
тәйірі, қар дегенің қыс түскенде жауар да, күн жылына
еріп те кетер. Бірақ біз сөз еткен көріністен арасы алпыс
шақырымға жетпейтін екі қаладағы тәртіп те, еңбекке
көзқарас та, өз борышын сезіну де екі түрлі екенін бірден
аңғаруға болады. Қар күреу ғана емес, бүкіл шаруамыз
солай болар, сірә... Біз осы әлдеқашан қарасын көрсет
пей озып кеткен отыз елдің соңынан қуып сандалмай-ақ,
іргедегі көршімізге көз сала жүрсек те артық болмас еді.
2014 – ақпан.
МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ БАСТЫҒЫМ Естелік-эссе М енің өмір жолым ешқашан жеп-жеңіл болған емес. Соның бір ғана мысалы, басқалар төртбес жылда тәмамдайтын университеттің өзін екіге бөліп (екінші курстан сөң Қытайда төрт жыл қуғын-сүргінде болдым), тоғыз жыл дегенде зорға бітірдім-ау. Ал сондай соры қалың адамның универси тетті бітірер-бітірместе бірден әдеби ортаның қайнаған қазаны – «Қазақ әдебиеті» газетіне жұмысқа тұруы – адам сенгісіз, таңғажайып нәрсе еді. Жаратушының жарылқауы, бақ жұлдыздарының жарқ етіп жануы. Университеттің соңғы курсында журналистер мен фи лологтардың Алматыдағы газет-журналдардан қызмет қарастыра бастайтын әдеті ғой. Жағарғы жақта ағасыжағасы барлар жұмысқа тым тез-ақ орналасып жатады. Ал, үш жылдың алдында ғана шет елден келген менде ондай сүйеніш атымен жоқ еді. Әйткенмен, үмітсіздік – сайтан ісі. «Қазақ әдебиеті» газетінде бір бос орын бар дегенді естіп, наурыз айы ның басында газеттің бас редакторы, ақын Қапан Са тыбалдинге кіріп шыққанмын. Қапекең мені салқындау қабылдап: –Иә, бізде сондай бір орынның бар екені рас. Ақын Сағи Жиенбаев баспаға ауысып кетіп еді, соның орны бос тұр. Алайда сол орынға қазірдің өзінде он екі адам тізімделіп қойды. Келіп қалған екенсің, сені де он үшінші етіп жазып қояйын, – деді әлдебір қағазға менің де аты-жөнімді тіркеп жатып. – Орыстарда «13»деген – оңған сан емес. Бірақ біз қазақпыз ғой, хабарласып тұр. Бірден ұнжырғам түсіп кетті. Баяғыда біреу той жа сайтын ауылдың шетіне келіп тұрып, опыр-топыр көп кісіні көрген соң, «мына тойдан маған не тиеді» деп,
аттан түспей қайтып кетіпті ғой. Маған да соның кері
келіп тұр. Сонша адамның арасынан бірдеңе бұйырады
деп дәмету менің жағдайымда еш кисынға келмейтін-ді.
Сол оймен, диплом қорғар алдындағы каникулді пай
даланып, ел жаққа кетп қалдым. Семей жақта он шақ
ты күн болып, асықпай Алматыға оралдым. Бәлендей
үмітім болмаса да, баяғы қызмет орны не болды екен
деген әуестікпен, бірер күннен соң «Қазақ әдебиетінің»
редакциясына кірдім. Ең кереметі, мұнда мені не күтіп
тұрды деп ойлайсыз? Сенесіз бе, бас редактор мені қыз
метке алмақ болып, іздеп отыр екен.
– Әй, бала, сен қайда жоғалып кеттің? – деді Саты
балдин мен есіктен кірер-кірместен. – Сені жұмысқа
алайын деп іздесем, жер-көкте жоқсың.
О, жаратқан, өз құлағыма сенейін бе, сенбейін бе?!
Қуанғаным сонша, көзімнен жас ыршып кетті.Сонда,
он үш адамның арасынан Қапанның мені таңдаған се
бебі не дейсіз ғой? Менің жетіскенім емес, жетімдігім
ұнапты ол кісіге.
– Ал саған қалай құтым түскенін айтайын ба? – деді
Қапекең қарқылдай күліп. – Әнекүні он екі адамның әр
қайсысының соңында екі-үштен адам жүр. Кеңседе де,
үйде де тыным жоқ, телефонның құлағын бұрайды да
жатады. Былай барлап қарасам, сол адамдардың ішін
де іздеушісі, жанкүйері жоғы жалғыз сен ғана екенсің.
Содан, ойлап-ойлап келдім де, саған тоқтадым! – деген
бас редактор.
Ол кезде «Қазақ әдебиеті» газетіне қызметке тұру –
әдебиеттің қайнаған ортасынан бір-ақ шығу деген сөз
Соған менің қолым жетіп тұр ғой.Қазір айтсаң ертегі.
Сол кездегі ағаларымыз қандай таза, қандай әулие бол
ған десейші! Қазір бақай есепке құрылған мына заман
да ондай адамдарды шам алып жүріп іздесең де таппай
сың.
Сол бір 1965-жылдың 15-наурызы ұмытылмастай
есте қалды. Қапекең ауыз үйдегі хатшы әйелді шақы
рып алды да, мені жұмысқа алу жөніндегі бұйрық
қа қол қойды. Мен енді бүгіннен бастап, газеттің сын
бөлімінің қызметкерімін.Ол кезде «Қазақ әдебиеті»
редакциясы қазіргі орнында – Жазушылар одағының
үшінші қабатында болатын, сын бөлімі бергі – шеткі кабинетте екен. Мені бөлімге Қапекеңнің бастап әкелді. Бөлменің терезе жақ тқрінде қарама-қарсы екі үстел тұр. Біреуі бос, екіншісінде жасы елуге келіп қалған, орта бойлы, толық денелі, қызыл шырайлы кісі отыр. Өңі таныс, бұрын жиналыстарда сырттай көріп жүрген адамым. – Мына кісі – сын бөлімінің бастығы, белгілі жазушы Рахметолла Райымқұлов деген ағаң. Лайықты кәсіби сыншы табылмаған соң, осы кісіні уақытша сын бөлімі не қойып отырмыз. Сен енді бүгінне бастап, осы Ра қаңның әдеби қызметкерісің. Рақаң – тәжірибелі адам, саған бәрін үйретеді, – деді бас редактор мені бөлім бастығына табыстап. Редактор кетіп, өзіміз оңаша қалған соң жөн сұрасу басталды. Мен өзімнің кім екенімді, арғыбеттен қа лай келіп, университетті қалай бітіргенімді бастан-аяқ баяндап бердім. – «Қазақ әдебиеті» газеті – менің алғашқы жұмыс ор ным. Сіз – менің алғашқы бастығымсыз! – дедім Рақа ңа. Алғашқы жүздесуім осы болғанымен, Рақаңды сырт тай білетінмін. Ол кісінің «Жасыл белес», «Түйелі адам», «Балдақты адам» деген кітаптарын қызыға оқы ғаным бар. Өйткені, Рақаң өз шығармаларын шытырман оқиғаға, шиеленіскен сюжетке құрып жазады. «Енді не болар екен» деп ынтығып отырасың... Райымқұловтың екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны, майданнан қайтып келген соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, «Жұлдыз» журналын да көп жыл жауапты хатшы болғаны өмірбаянынан белгілі. Баспасөз саласында одан басқа да жауапты қыз меттер атқарған. Кейін өзара әңгімелесе келе мәлім болды ғой, Рақаң ана жылы Өзбекстанға өтіп кеткен «Бостандық» ауда нында туып-өсіпті. Ташкенттің Мәдениет техникумын да оқыған, одан кейін Алматыдағы «Коммунистік жур налистер» институтын тәмамдаған... Рақаң сол жылдары туған өлкесін күрсіне еске алушы еді.
– Сен Бостандық айданын көрген жоқсың ғой. Онда
менің кіндік қаным тамған Шыршық деген ғажайып
жер бар. Нағыз жер жәннаты еді-ау, шіркін! Амал не,
біздің саңлаусыз шенеуніктер сондай өлкені атсыз-аяқ
сыз өзбектерге бере салды. Ата-бабамыздың қан төге
жүріп қорғап қалған жерін әркімге тегін үлестіруге –
кім құқық берді оларға?! – дегенде, ағамыздың қаны
басына теуіп, қатты күйініп кететін.
Рақаңның руы – қаңлы еді. Бұл – «қазақ» аты шықпай
тұрғанда, жаңаша жыл санаудан бұрын өз алдына хан
дық құрған тайпа ғой. Қазақтың үш жүзіне жатпайтын,
иісі түрік жұртына ортақ ежелгі халық. Қаңлы – арбалы
деген сөзден шыққан. Азияда арбаны ойлап тапқан –
қаңлылар. Доңғалақты көлікті ойлап табу – ол заманда
керемет жаңалық. Қазіргі самолетті, немесе ракетаны
ойлап тапқанмен бірдей. Ал алғашқы арбаның – қаң
ғылы аталатын себебі, ағаш доңғалақты, ағаш білікті
арба жүргенде қаңқылдаған дыбыс шығарады екен. Көз
алдыңызға елестетіңізші: қырық-елу арбадан тұратын
қаңлының көші келе жатыр. Көп арбаның дауысы бүкіл
даланы жаңғыртпай ма... Содан, арбалылар – қаңғылы,
одан қаңлы атанған. Сол тарихтан хабарым бар мен ар
балылардың екі мың жылдан кейінгі бүгінгі ұрпағы –Ра
қаңның кең маңдайлы, келіскен жүзіне, өзіне білдірмей,
тамашалай қараушы едім Оның тұла бойынан, сөйлеген
сөзінен әлдебір көнелікті сезінетінмін.
Әлденеше мекемеде басшылық қызметтер атқарған
Рақаң кеңсе жұмысына барынша ұқыпты еді. Мені ре
дакция қызметіне баулып, жол көрсеткен – осы Рақаң.
Ол кезде, Республикада «Жазушы» баспасынан өзге
баспа жоқ. Соның өзі жылына төрт жүзге жуық кітап
шығарады. Баспаның жылдық жоспары – қолымызда.
Жарық көрген жаңа кітаптарды қадағалап отырамыз.
Елеулі деген шығармаларға рецензия жаздырып, сарап
тан өткізу – сын бөлімінің міндеті. Ал, өз аяғымен келіп
жататын материалдардың тәуірін іске жаратып, кәдеге
аспайтындарына жауап жазамыз. Мұндай жұмысқа
Рақаң өте мұқият. «Хат артында – адам бар. Оларды
жауапсыз қалдыруға болмайды» деп үнемі қадағалап
отырады.
Бір ғана мысал,. Сол жылы Нарынқол ауданындағы
бір орта мектептен 10-сынып оқушысы маған үзбей хат
жазып тұрды. Басында ол өзі оқыған бір кітапқа пікір
жазған-ды. Мен оған жазған пікірінің балаңдығын, әлі
де білімін толықтыру керектігін айтып жауап жазғам.
Содан арамызда хат жазысу басталды. Ол білімді әде
биетші болу үшін қандай кітап оқу керек? Қандай оқу
орнына түсу керектігін сұрайды. Мен оған кеңес бе
ремін. Арадағы пікір алмасу біраз уақытқа созылды...
Сол бала кім дейсіз ғой? Болашақ үлкен сыншы әрі қо
ғам қайраткері Сағат Әшімбаев. Ол кейінАлматыға оқу
ға келгенде, жүгін бір жерге қоя салып, алдымен маған
жүгіріп жеткені есімде. Сағат кейін теледидарға берген
сұхбатында мені өзіне дұрыс бағыт сілтеуші ұстаздары
ның бірі ретінде атағаны бар.
Рахметолла ағамыз аса мйрімді, жүрегі жұмсақ, кіші
пейіл жан еді. Ал әдебиеттегі ұстанымдарға келгенде
олай деп айта алмайсың, бұл жағына мейлінше қатал,
өз пікірінен қайтпайтын-ды. Көп ұзамай екеуіміз аға
лы-інілі адамдардай жақын араласып кеттік. Қолымыз
босағанда әңгімеміз таусылмайды. Ол қытайдағы қа
зақтар туралы сұрайды, өзі өзбектер жайында, майдан
дағы оқиғалар жөнінде сыр шертеді.
Бәрі кейін мәлім болды ғой – сол тұста Рақаңның ба
қытқа кенеліп, мерейі тасып, шалқып жүрген кезі екен.
Олай болатыны, жиырма жылдай бірге тұрған бұрынғы
әйелі бала көтермей, Рақаң бір «шыр еткенге» зар бола
ды. Ақыры жасы елуге тақағанда тәуекелге бел байлап,
бұрыңғы зайыбынан ажырасады да, көңілі қалаған бас
қа әйелге қосылады. Содан, не керек, Рақаңның басы
на бақ болып қоныпты әлгі әйел. Алланың бергені ғой,
жасы елуге келген жазушыға перзент сүйдіріп, әкесінің
аузынан түсіп қалғандай бір сүкімді қыз тауып береді.
Құшағы құтты ол кім дейсіз ғой? Жазушы Зейін Шаш
кинның қарындасы Мәкиза сұлу. Кейін ағамызды ба
қытқа бөлеген ол жеңгемізді талай рет көрдік. Мәкиза
жеңгей айтса айтқандай жас кезінде өте көрікті бола
тын.
Мен көргенде, Рақаңның сол перзенті бір жасқа енді
толып еді. Аты – Ақтоты. Қайран Рақаң тезірек үйге
қайтып, Ақтотыны көргенше асығып отыратын. Кейде
жеңешеміздің кеңсеге телефон соғатыны бар. Ақтоты
телефон құлағына жармасып тұрады. Әкесінің дауы
сын танып, «мені сонда апар» деп, шырылдап жылай
ды. Сол сәттегі телефон құлағын ұстаған Рақаңның бет-
бейнесін көрсең ғой!
– Әй, Тоты! Тотыжай, ей! Айналып кетейін сенен...
Ой, тіліңнен айналдым сенің! Папаң ба? Папаң біраз
дан соң қайтады... Алла-ай, қайтсем екен сені? Әлде
кенгіру құсап, қойныма салып жүрсем бе екен? Мама
сы, ей, жылатпашы Тотыны! – дегенде, Рақаң телефон
ның ішіне еніп кете жаздайды ғой.
Менің онда әлі бала сүймеген кезім. Әкенің өз ұр
пағына деген шексіз махаббатын бірінші рет сонда
сезіндім. Осы көрініс есімнен шықпай, Рақаңның сон
дағы бейнесін бір шығармамда пайдаланғаным бар...
Біз, Рақаң екеуміз «Қазақ әдебиеті» газетінде бір
жылға жуық бірге отырдық. Кейін сын бөліміне ғылым
кандидаты, белгілі әдебиетші Мұхтар Мағауин бастық
болып келді де, Рақаң басқа бөлімге ауысты. Зымырап
бара жатқан заман, міне, содан бері де жарты ғасырға
жуық уақыт өтіпті.
Бұл күнде әкесі телефонмен уататын сол кішкентай
Ақтоты үлкен азамат: танымал композитор, музыка
зерттеушісі, өнертану ғылымының докторы, Құрман
ғазы атындағы консерваторияның проректоры, Қазақс
танға еңбек сіңірген қайраткер. Осыдан он жыл бұрын,
Рақаңның 90 жылдығына орай, әкесінің үлкен үш том
дығын жарыққа шығарды. Сөйтіп, Құдайдан қартай
ғанда тілеп алған Ақтоты әке қарызын толық өтеді.
Бұл күнде жасы тоқсанға таяған Мәкиза апай да аман-
саулықта, бақуат жүріп жатыр. Әкесі көре алмай кеткен
Ақтотының қызығын көруде. Ол кісіні көрген сайын
менің есіме «ер-азаматты бақытты ететін – әйел» деген
аталы сөз түседі.
2013– қыркүйек.
КӨГІЛДІР «ЖӘШІК» АЛДЫНДА Эссе-этюдтар - І - Қ атардағы жәй адамдар өз басынан кешкен жағдаяттарды ғана есепке алады. Ал дана лардың ерекшелігі, олар әлі басынан өтпеген күйлерді де болжап біле береді. Мәселен, орыстың ұлы ақыны Лермонтов он алты жасында кәрілік туралы мы надай өлең жазыпты. Сол кезде сен бейшара сорлы болып, Диванға, не мамыққа мықтап қонып. Дидарын кемпіріңнің іш пысырған Мөлиіп отырарсың көзбен шолып... Қандай дәл сурет! Кезінде бай-бағлан атанған адам ның өзі кәрілік құрығынан құтылмайды екен. Қандай аянышты! Бұл арада Лермонтов үй қамауында артық өрмек таппай, іші пысып отырған 19-ғасырдың ақсү йек қарттарын айтып отыр ғой... Шүкір, 20-ғасырдың ортасынан бері, қарттар сыртқы дүниеден хабар таппай құсаланудан құтылды. Құтқарған не дейсіз ғой. Ғылым мен техниканың бүгінгі табысы – көгілдір «жәшік». Соңғы жылдары көзінің болаты қайтып, ала қағазға тесілуді азайтқаннан бері Айжарық бір уақ кешке қарай осы көгілдір «жәшікті» ермек ететін болды. Теледидар – төрткүл дүниеден қолма-қол хабар алдыратын бүгінгі заманның үлкен бір жетістігі ғой, яғни сенің үйіңнің сыртқы әлемге ашып қойған терезесі сияқты. Кейінгі кезде Алматы теледидары алпыс-жетпіс арнада хабар тарататын болды. Демек, баяғы Совет заманындай емес, көрерменнің талғам-таңдауы артып, өрісі кеңіді деген сөз. Бірақ сол телеарналар да біркелкі емес. Қазақстанның ішкі жаңалығын көрсететін арнаның өзі он шақты. Бұ лардың өзі екі топқа бөлінеді. Үкіметтік ресми арналар,
және бірді-екілі тәуелсіз арна... Әйтеуір, зерікпейсің.
Кілең жақсылықтарды көріп, көңіл көтеріп, масайра
ғың келе ме, мархамат: билікке қарасты ресми арнаны
басып қалсаң болғаны, рахатқа батып, ұжмаққа енесің
де кетесің. Дүниедегі неше алуан кереметтің бәрі қазақ
жеріне орнап жатқан секілді. Бәрі жақсы, бәрі тамаша!
Зәулім сарайлары көкке бой созған Астана – анау! Жер
жүзі діндерінің басын қосатын Пирамида мен қала сим
волы болған Бәйтерек мынау! Бәйтеректің өзегін өрлеп
үстіне шықсаңыз, ұшар басында президенттің алақан
таңбасы түскен плита бар. Келген-кеткендер соған қо
лын тигізіп, тауап етеді... Ал жаңалықтарға көз салсаң,
алдыңғы елу елдің адамын аштырмай қуып жетіп, енді
озық деген отыз елді тықсырып бара жатқан халық...
Бірақ кілең тәттіден де тез шығады екенсің. Бірін-бірі
қайталаған ресми арналардан жалығасың да, бұлар не
деп жатыр екен деп, бірлі-жар тәуелсіз арнаға ауыса
сың. Мұнда жаңағының керісінше кілең жанайқай: то
зығы жеткен тұрғын үй, құлағалы тұрған мектеп, жол
апатына ұшырап, шашылып жатқан адамдар... Жәрде
мақы ала алмай, аштық жәриялап, кран басына шығып
алған әйел, масайып алып, бірін-бірі пышақтап кеткен
жастар, бейбіт ереуілге шыққаны үшін қырғын тапқан
Жаңаөзен жұмысшылары... Мұндай көрініске қарап
отырудың өзі ауыр. Көңілің құлазып, жаның түршігеді.
Содан, амал жоқ, телефультті халықаралық жаңа
лыққа қарай бұрасың. Бұл да оңып тұрған жоқ-ау! Үл
кен қалалардың бәрінде қаптаған шеру, ереуілге шық
қан халық. Бірақ ол жақта біздің елдегі сияқты бейбіт
ереуілге шыққан жұртқа автоматтан оқ жаудырмайды
екен. Бұқара халық үкіметке қояр талаптарын қойып
болған соң, өз еріктерімен тарап кетеді екен.
Ал, Таяу Шығыс пен Африкаға таман ойыссаң, еу
ропалық мемлекеттерге жем болып, еңіреп жүрген сол
баяғы арабтар. Бұрын араб елдерінің әрқайсысы 30-40
жылдан өз диктаторларының табанына түсіп езілсе,
енді олар сол тирандар былықтырып кеткен дүниені та
зарта алмай әуреге түсуде. Ел ішінде тәртіп жоқ. Төңі
ректі түгел хаос жайлаған.
Бұл күнде алпауыт мемлекеттердің қақпақылдап ой
найтын ойыншығы – Сирия көрінеді. Бір кезде «Шам
шаһары» атанған, қайран ертегінің елі. Бұл елдің түбіне
жеткен де – диктаторлар. Бұрын бұл мемлекетті отыз
жылға жуық Хафиз Асад билесе, соңғы он бес жыл
да әке тағында оның баласы – Бәшір Асад отыр. Ол,
өкінішке қарай, әкесінен өткен қанды қол боп шықты.
Өз еркімен тақтан түсетін ойы жоқ. Сирия халқы жап
пай көтеріліске шығып, диктатормен алысқалы, міне,
үш жылдың жүзі ауып барады. Сол жылдарда бейбіт ха
лықтан алпыс мыңдай адам оққа ұшыпты. Екі миллион
сириялық көрші елдерде паналап босқындық күй кешу
де. Біріккен Ұлттар Ұйымының дәрменсіздігі сонша,
шектен шыққан Сирия өкіметін тәртіпке шақыра ал
май-ақ қойды. Олардың ойынша билікке таласқан аза
мат соғысы – Сирияның ішкі ісіне жатады-мыс. Оған
сырттан қол сұғуға болмайды-мыс.
АҚШ бастаған, Англия, Франция қостаған біраз мем
лекеттер ана жылғы Ливия секілді, Сирия диктаторын
да бомбаның астына алып, тәубесіне түсіргісі келіп-ақ
еді. Қауіпсіздік Советінде оған Ресей мен Қытай қарсы
болды. Сөйтсе, бұл екі мемлекет те Сирияға қару-жа
рақ сататын көрінеді. Олар үшін алпыс мың адамның
қаны мен босқында жүрген екі миллион сириялықтың
көз жасы ештемеге тұрмайтын болса керек.
Сирия өкіметі көтерілісші халыққа қарсы химиялық
улы газ қолданып, мыңдаған адамды (оның төрт жүзі –
бала) харап қылған екен. Осы қылығы үшін Сирия өкі
метін жазалау керек деп, АҚШ бастаған демократиялық
елдер үн көтеріп еді, жүрген жерлеріне шөп шықпайтын
Ресей басшылары тағы да шырылдап араға түсті. Со
ған қарағанда, жаңағы химиялық қарудың өкше ізі Ре
сейден шықса керек... Қысқасы, арабтарға жаны ашып
жүрген ешкім жоқ. Арабқа ара түскен күннің өзінде, өз
мүдделерін бір сәт естен шығармайды. Әлгі «біреудің
жоғын біреу өлең айтып жүріп іздейді» дегеннің кері.
Айдаладағы арабтармен алты аласы, бес бересі жоқ
болса да, Айжарық үйде отырып, езілгендердің, әлсіз
дердің қамын жейді. Бодандық пен кіріптарлық күні
кеше бастан өткен жайлар ғой. Керек десең, қазақ елі
кіріптарлықтан әлі толық құтылып болған жоқ. Ай
жарықтың дүниеде не болып жатыр екен деп, елеңдеп
отыратыны содан. Не істейсің, Жаратушы жазушы де
ген қауымға осындай мазасыз жүрек берген.
Айжарықтың пайымдауынша, қазір халықарада
бірін-бірі алыстан арбайтын, амалы мен айласына көз
жетпейтін баяғы Черчиль, Сталин, Рузвельт сияқты
ірі қайраткерлер қалмаған сияқты. Қазіргі мемлекет
басшылары тым аласарып, ұсақтап кеткен бе, қалай?
Көпшілігі – өз елінің қазынасына суық қолын сұғатын
ұры-қары, жемқор біреулер. Олардың бір-бірінен жа
сырған жұмбақтарын Айжарық үйден шықпай-ақ мөл
шерлеп, біліп отырады. Ал Қазақстанның әркімге бір
жалтақтаған, ұлт мүддесін белінен басқан, бірде олай,
бірде бұлай, ойпыл-тойпыл саясаты – Айжарықтың жа
зылмас дерті десе де болғандай.
- ІІ -
Адамзат қоғамынан, өкіметтер мен мемлекеттерден
әбден ерқашты болып жалыққанда, Айжарықты рахатқа
бөлейтін бір ғана телеарна бар. Амал жоқ, біраздан соң
фультті солай қарай бағыттайды. Бұл – «Хайуанаттар
әлемі» деген арна. Аң патшасы арыстан мен жер алы
бы пілден бастап, ұшқан құс, жүгірген аң – осы арнада
көрініс тапқан. Мұз құрсаған Ақтеңіздің ақ аюы дейсіз
бе, тайганың қоңыр аюы дейсіз бе, телегейдің жәйіні
мен акуласы дейсіз бе, осылар шетел мамандары арқы
лы түгел таспаға түскен. Бес құрлықтың ішінде көбі
рек көрінетіні – әрине, Африка, сондағы хайуанаттар
мекендейтін қорықтар. Зорлық-зомбылық, әділетсіздік
мұнда да бар. Әлсіздерді күштілер жеп жатады. Бірақ
бәрі табиғи, қулықсыз, қитұрқы саясатсыз, табиғаттың
таза өз заңымен іске асады.
Әншейінде Африканы тұтасып жатқан шөл, құм бас
қан қу медиен деп ойлаймыз ғой. Іс жүзінде олай емес
екен. Көгілдір көлдер, кең жайылып ағатын өзендер ол
құрлықта да бар екен. Осындай сулы-нулы қорықтарда
бұғы-марал, бұйбұл, бөкен, қарақұйрық дегеніңіз жыр
тылып айрылады. Соларды жем қылатын жыртқыштар
да жеткілікті. Арыстан, жолбарыс, қабылан, қасқыр
сиқты жыртқыштар қоңыр аңдар үйірінен тым алысқа
кетпей, соларды торуылдап жүргені. Әсілі, ұлы Жара
тушы жыртқыш аңдарды да несібесіз қалдырмаған ғой.
Қазақ қойға қасқыр шапса ренжиді. Аржағын ойлап
жатпайды. Бәлкім, қой деген жануар әу баста қасқыр
дың несібесі шығар. Біз, адамдар бөрінің азығына ор
тақтасып жүрген шығармыз.
Жалпы, хайуанаттар туралы фильмдерге қарап отыр
саңыз, жер бетіндегі жабайы жануарлардың тіршілік
ету тәсілі әртүрлі. Қоңыр аңдар қауіптен қашып құ
тылатын аяғына сенсе, жыртқыштар тек қара күшке,
азу тіске арқа сүйейтіні көзге ұрады. Күштілер әлсізді,
ірілер ұсақты жалмап жеп жатады. Ірі балық кіші ба
лықты жұтады. Не істейсің табиғат заңы солай. Баяғы
замандарда адамдар да осы заңға бағынған. Кейінірек
ой-сана, ақыл-парасат, мейірім-шапағат деген ұғым
дар пайда болды. Бірін-бірі қорғайтын тайпалар одағы,
отбасы, туыстар тобы жарыққа шықты. Алғашқы дін
сұлбасы пайда болып, адамдар құдайдан қорқып, та
биғатқа табынатын дәрежеге жетті. Адамдарды жөнге
салатын пайғамбарлар келді дүниеге. Олардан басқа
да әлсізді күштіге, кедейді байға теңемек болған, сол
үшін неше алуан қағидалар ойлап тапқан ғұламалар да
аз болған жоқ. Олар адамдарды надандықтан құтқарып,
өркениетке бір табан жақындатқанымен, табиғаттың
айнымас заңдарын өзгерте алмады.
Хайуанаттар әлеміне зер салғанда, Айжарықты бұ
рыннан белгілі күштінің әлсізді азық етуі емес, жырт
қыштардың өз жемін ұстау тәсілдері көбірек қызық
тыратын. Әрине, қоңыр аңдар да оңайшылықпен жан
бергісі келмейді. «Сен аң патшасы екенсің» деп, арыс
танның аузына түсе қалатын аңды таппайсың. Соған
орай, арыстан, жолбарыс, қабылан сияқты жыртқыш
тардың қалың қайратына қоса, айлалы аңшылығында
қапы жоқ. Олар өз жеміне жақындағанда қылпын көр
сетпей, бетегеден биік, жусаннан аласа боп кетеді ғой.
Қалың құрақ пен селеудің арасымен бұғынып келіп,
оңтайлы тұсқа келген бір-ақ атылады. Арыстан мен
жолбарыс бұғы-марал, қарақұйрық, бөкен сияқты ұсақ
аңдарға бір өзі жеке шабуылдай береді. Бәрі де өз ісінің
хас шеберлері. Қоңыр аңды қуып жетіп, аяқтан шалып
құлатады да, дереу кеңірдектен қапсыра тістеп, тыны
сын тарылта қояды. Қашан жаны шыққанша осылай
басып жатады.
Ал, шаңырақ мүйіз бұйбұлды жығу тәсілі мүлде бас
қаша. Бұйбұлға жеке шабуылдауға басқа түгіл, арыс
танның да жүрегі дауаламайды. Егер жазатайым найза
дай мүйізге ілігіп қалсаң, бүйіріңнен түйреп, күшіктей
қыңсылатқан күйі айдалаға лақтырып тастаудан та
йынбайды. Сондықтан бұйбұлға кемінде екі арыстан
жұптаса шабады. Біреуі арт жағынан келіп, бұйбұлдың
арқасына секіріп мінеді де, аңқау сорлы үстіндегі пәле
ден құтыла алмай есі шығып, мөңкіп жүргенде, екінші
арыстан келіп, тура кеңірдектен қабады. Талай сыннан
өткен үйреншікті тәсіл, тыныс алдырмаған күйі әлсі
ретіп барып жығады. Одан арғысы белгілі: келесі сәтте
түйедей бұйбұлдың іші жарылып, жайрап жатқанын кө
ресің. Манадан бері әке-шеше қимылын көз жазбай қа
рап тұрған жыртқыш күшіктер де жетеді-ау осы сәтте.
Әсілі, бұйбұл дегенің шындап тірессе жан шақ келтір
мейтін аса күшті жануар ғой. Егер он шақты бұйбұл
мүйіздерін кезеп, үйірді айнала тұрып алса, олардың
тобына ешқандай жыртқыш жақындай алмас еді. Соры
на қарай, оларда бір-біріне болысу, бірлікте қорғану де
ген ұғым жоқ. Арыстан біреуін жарып жеп жатса, басқа
бұйбұлдар анадай жерде соған мөлиіп қарап тұрады...
Бұл жағынан, олардың берекесіздігі біздің қазақтың мі
незіне келіңкірейді.
Арыстан мен жолбарыс та біздің қазақ секілді қазы-
қартаға құмар болса керек. Басқа қоңыр аңдардан зерік
кенде, аң патшасының тағы бір жерік асы – ап-ала, мат
рос формалы зебрлер. Бұлар – жұмыр тұяқты, жылқы
тұқымдас аң емес пе, жыртқыштардан үнемі қашып құ
тылуға тырысады. Бұларда да үйірін қорғайтын айғыр
жоқ. Қанша шырқырап қашқанымен, бәрібір ұтылып
қуған жырынды жыртқышқа жем болады.
Арыстандар өз үйірін ғана емес, ірі аңдар қолға түс
кенде, манадан бері осы жемнен дәметіп, сілекейі шұ
бырып жүрген, әзірге-мәзір басқа да масылдарды асы
райды. Африкада шиебөрінің бір түрін гиена деп атайды
екен. Өзінің түрі де сондай сұмпайы, құлағы шұнақ,
құйрығы шолақ, тұмсығы біздей бірдеңе... Арыстандар
жас етке тойып, тоқ басу үшін былай шегініп кеткенде,
қалған жемтікке солар бас қояды. Өздігінен аң ұстап
жарытпайтын, қарулы, текті жыртқыштардың ізін аң
дып жүретін сүмелектер дайын асқа өлермендене кірі
седі. Ашқарақ гиеналар жүрек жалғап болды-ау деген
мезгілде, манадан осыны аңдып тұрған тағы бір сортты
«қонақтар» келе бастайды. Олар – манадан бері тал ба
сында ішектер шұрылдап әрең отырған ақбас күшіген
дер, тазқаралар, тағы сондай қарақұс әулеттері.
Өз шамасын біле ме, арыстандар пілге көп жоламай
ды екен. Пілдің тастай қатты, қалың терісіне тістері бат
пайтын болса керек. Егер пілдің жынына тисең, қарсы
ласын қурай ғұрлы көрмей таптап өте шығатыны тағы
бар. Жыртқыштар ұзын сирақ, ұзын мойын жирафқа да
соқтықпайды. Ананың аса биік бойынан жасқанатын
сияқты. Сонан соң, жирафтың тебіні тым қатты. Егер
болат тұяғы дәл тисе, әрқандай жыртқышты сеспей қа
тыратын көрінеді.
Жалпы, Африкада қоңыр аңдардың жауы көп-ақ. Бұл
құрлықта өріс кең болғанымен, суат жағы тапшы ғой.
Суаттарда қоңыр аңдардың келуін күтіп жататын тағы
бір тажал бар. Оның аты – крокодил. Ол өзі батпақты,
шалшықты суларда жасай беретін неме екен. Денесінің
қақ жарымы – ауыз. Сол ауыз толған қанжардай өткір
азу. Әрқандай аңды ортан белден қапсыра қапқанда, қақ
бөліп тастайды. Қоңыр аңдарға осындай жыртқыштар
дың ортасында тіршілік ету қандай қиын десейші! «Бұл
заман ойлап тұрсам күштінікі, тұмсықты, тырнақты
мен тістінікі» деп Сәбит Дөнентаев айтқандай, кейде
адамзат қоғамы мен табиғаттағы жағдай бірін-бірі айна
қатесіз қайталайды.
Қазақ баласы өзі бағып өсірген төрт түлік малдан
басқа, жабайы аңдардың күйіті келгенде үйірге қалай
түсіп, қалай өсіп-өнетінін біле бермейді ғой. Хайуанат
тар әлемінен түсірілген фильмдерде соның бәрі қам
тылған. Айжарық, әсіресе, табиғат тым икемсіз етіп
жаратқан жираф пен пілдің үйірге қалай түсетінін кө
руге ынтық еді. Фильмдерді қадағалай жүріп, бір күні
ол көрініске де куә болды. Табиғи зәрулік, ұрпақ қалды
ру қамы жан-жануарға не істетпейді дейсіз. Шын күйіті
келгенде таудай еркек піліңіз төбедей ұрғашы пілдің
үстіне жеп-жеңіл шығып кетеді екен. Сол беті жерге
түсе қоймай, ләззатқа батып, ұзақ тұрып қалады. Жи
раф та солай. Үйірге түскенде мойын мен аяқтың ұзын
дығы білінбей, бір-біріне қоғадай иіліп, қауышқанын
көрсең! Үйірге түскен көздерінде аңның ұрғашыларын
да еркегіне деген еркелік, наздану, бұраңдап кергу бай
қалады. Соларды көргенде қылықты келіншектердің
кей мінездері еске түседі...
Жоғарыда айтқанымыздай көгілдір экран – басқалар
дан бұрын ең алдымен қарттардың ермегі. Өрісі қыс
қарып, жүріс-тұрысы азайған, үйден ұзап шықпайтын,
кітап оқуды әдетке айналдырмаған қарттар қазір осы
теледидар болмаса не істер еді? Әсіресе, мінетін аты,
бағатын малы жоқ, қаланың қара жаяу қарттары...
2013 – қазан.
СЫР-СҰХБАТ,
ОЙ-ТОЛҒАМДАР
АДАМДАРДЫ АЛДАРСЫҢ-АУ, АЛЛАНЫ ҚАЙТЕСІҢ? (Шырақшының көпірме көп сөзіне қысқаша жауап) М ен таяуда газетте жарияланған («Жас Алаш» 28-ақпан, 2013 ж.) этюдтар топтамасында басқалар туралы да айта келіп, Ақмоладағы Қабанбай кесенесінің шырақшысы болып жүрген Ка мал Әбдірахманов жайында бір-екі абзац тоқталғанмын. Бұл – проблемалық ғылыми мақала емес, адамдардың мінез-құлқына құрылған шағын этюдтар-тұғын. Онда К. Әбдірахмановтың орайдан пайдаланғыш пысықты ғы сөз болған. Енді, міне, жанамалай айтылған сол сын пікірге кесене шырақшысы газеттің тұтас бір бетін алып жатқан жауап жазыпты. Әрине, газетке материал керек. Осындай ел құлағын елең еткізер дау-дамай туып жатса тіпті жақсы. Сондықтан көлем жағынан таразы басын тең ұстауды қажет деп санамаған. Қайтсын-ай, Камал Әбдірахманов та өзін ақтайтын, әрі өзіне жарнама жасайтын мұрсатты құр жібермей ба рын салыпты. «Ұрының арты қуыс» деген сөз бар. Өзі ме қай тараптан қауіп төнеді, ініме кімдер су құяды деп күтіп отыратын болса керек, неше жыл бойы жиналған қорғаныш қаруларын түгел-ақ жұмсапты. Оңай-ма, жалған кесене – оның жеп отырған наны, ойда жоқта басына қонған бақ, құйылып жатқан сутегін байлық. Бірақ «зуылдақ Камал» (Талдықорғандық жерлестері оны осылай атайды) жүйелі білім алмаған дилетанттар дың әдетінше бірді айтып бірге кете береді. Есіл-дерті – осы кесенені қорғау, қолбасы Қабанбайдың сүйегі осында жатқанын дәлелдеу. Мен осыдан он шақты жыл бұрын осы кесене жайын да «Қолбасы Қабанбай Ақмолада жерленбеген», «Мен білетін ақиқат», «Ақмолада жерленген қай Қабанбай» атты бірнеше мақала жазғанмын. Бірақ ол сөздерді тың дайтын құлақ болмады... Ал осы жолы шырақшының
маған күмән келтірген бейберекет сөздерін елемей,
үнсіз өткізе салайын деп бір оқталдым да, оқырман
қауым «жазушы неге үндемей қалды? Мұнысы Камал
дың пікірін мойындағаны ма» деп қалмауы үшін, тағы
да қолға қалам алдым.
К. Әбдірахманов мақаласының тобықтай түйіні: Қа
банбай батырдың сүйегі басқа жерде емес, дәл осы, өзі
шырақшы болып, мал тауып отырған кесенеде жер
ленген. Олай болатыны, Найман ұлысы 1810-жылға
дейін Аягөз өзенінен ары аттап баспаған. Наймандар
ғасырлар бойы Арқада, Есіл-Нұра өзендерінің бойын
да жүрген. Керек десеңіз, 19-ғасырдың ортасына дейін
шығыс аймақта бірде-бір найманның моласы жоқ. Қол
басының өзі түгіл, арғы бабалары Бәйжігіт, Мәмбет,
Қожақұлдар да осы Арқа жерінде туып өскен. Ал, Қа
банбай батыр өлген кезде бүкіл шығыс өлкені қытайлар
басып жатқан. Сондықтан, қолбасының Алакөл бойын
да, Тоқта-барлықта өмір сүруі, онда жерленуі мүмкін
емес дегенге саяды. Келтіретін айғақ-дәлелі – әркімнен
үзіп-жұлып естігені, қаңғыбас орыс жансыздары жазып
қалдырған қауесеттер, қайта жаңғыртып өзінше жазып
алған әркімнің жоқтау жырлары...
Мынадай болғанда, К. Әбдірахмановты ақтап, оның
айтқандарын расқа шығару үшін қазақ тарихын қайта
жазуға тура келеді. Ол үшін 1750-жылдан басталатын
жоңғарға қарсы ең соңғы азаттық ұрыстарын болмады
деуіміз керек. Ақырғы азаттық күресін қай бағытта бас
таймыз дегенде, қолбасылар Қабанбай мен Бөгенбай
арасында қайшылық туғаны мәлім. Бөгенбай алғашқы
жорықты алыстан жау іздемей-ақ, іргедегі Барқытбел,
Барлық өңірінен бастайық дегенде, Қабанбай азаттық
ұрысын түстіктегі Сыр бойынан, Түркістан мен Таш
кенттен бастауды ұсынады. Қолбасының олай ұйғаруы
на бірнеше себеп бар еді. Біріншіден, Сарыманжы ноян
ның уланып өлуіне байланысты айыпталып, жоңғарлар
тарапынан қуғынға түскен Төле биді құтқару керек
еді. Екінші себеп: қарақалпақ батыры Қылышбектен
хат келген. Ойраттар Сыр бойындағы жоғарғы қара
қалпақты Жоңғарияға көшіріп әкетуге кірісіп жатқан
көрінеді. Сол көшті тоқтату керек. Үшінші себеп: Төле
бидің шақыруы бойынша, ұлы жүзге хан болу мақса
тында Түркістан маңына көшіп барған Барақ сұлтанға
Қарнақтың жоңғарға сатылған қожасы Наурыз мерекесі
кезінде у беріп өлтіргендігі. Қалайда сол қожаны тауып
жазалау керек.
1752-жылы екі түмен қолмен түстікке аттанған Қа
банбай-Ханбаба (Ханбаба – Барақ сұлтанның үлкен
ұлы) жорығы алдында, міне, осындай үлкен міндеттер
тұр еді. Бұл аттаныс ойдағыдай сәтті аяқталды. Осын
дағы ұлы жүз жасағымен бірлікте Ташкенттен ойрат
қолын қуып шығып, бұрын Халдан Серен атынан осы
өлкеге он екі жыл бек болған Төле биді өз тағына қайта
отырғызды. Бұл жолы, әрине, қазақ хандығының аты
нан. Қазақ әскері Шыршықтан өтіп бара жатқан қара
қалпақ көшін қуып жетіп, оларды жоңғар бодандығы
нан құтқарып қалды. Ал, Барақ сұлтанға у берген қожа
Узкентте әкім болып отыр екен. Оны да ұстап әкеліп,
Төле бидің үкімімен асау аттың құйрығына байлап жі
береді.
Келесі 1753-жылғы аттаныс Жетісу өңіріне қаратыл
ған. Шұрайлы Жетісу, әсіресе Алатау бөктері – ойрат
тардың әбден бауыр басып орнығап алған жері бола
тын. Жерін жайлайды, тұрғын халқынан алман-салық
алып тұрады. Талғарда, Қаскелеңде күрелер (дін орта
лығы) салып, қазақ жастарынан келең-кешіл дайындап
жатқан кезі...
Алматы маңында шешуші шайқастар болды. Жек
пе-жекте жоңғардың Шамалхан батырын Наурызбай
сайып түсірсе, Қаскелеңді Қабанбай жер жастандыра
ды. Ал, кейін Малайсары асуы атанып кеткен аймақта
қиян-кескі ұрыс болып, жоңғар нояны Батыр Убашы
ның бір түмен қолы осы арада ажал тапты. Нәтижеде,
сол жылы жазда Жетісу жері жоңғарлардан тазарады.
Бұл оқиғалар «Дарабоз» романында толық баяндалған
дықтан, бұл арада оны қайталап жатқым келмейді.
1754-жылғы ең соңғы шешуші шайқас Барқытбел,
Барлық, Алтай өңірінде болғаны мәлім. Қабанбай мен
Бөгенбай әрқайсысы екі түмен қолмен, бірі Барқыт
белдің күнгейі, екіншісі теріскейі арқылы шығысқа қа
рай жылжыды. Осы жорықта шығыс аймақтар жоңғар
дан біржола азат болды. Әйгілі Үмбетей жыраудың:
Қозы Маңырақ, қой Маңырақ
Арасы толған көп қалмақ.
Қалмақты қуып қашырдың,
Қара Ертістен өткізіп,
Алтай таудан асырдың.
Қабанбай мен Бөгенбай
Ақшәуліге қос тігіп,
Ауыр қол жиып алдырдың,
Қалмаққа ойран салдырдың,
Арғын менен Найманға
Қоныс етіп қалдырдың, – деп жырлайтыны осы ке
зең. Үмбетей – Бөгенбай батырдың аталас туысы. Соң
ғы жорықтарға бастан-аяқ қатысқан адам. Ал, шырақ
шы Камалдың ойынша осы соғыстардың бірде-бірі
болмаған сияқты.
Найман мен Керей ұлыстары жоңғардан босаған ата
мекендеріне жеткенше асық еді. Оның үстіне, Абылай
ханның бұйрығы бар, жаудан тартып алынған қоныс
тарды құр қоймай, қазақ ауылдары қолма-қол көшіп
түсуі керек. Осы қағида бойынша, 1760-жылдар Ке
рейлер Алтай өңіріне, Наймандар Қара Ертіс пен Бар
қытбелдің шұрайлы алқаптарына барып алған болатын.
Ал, 1765-жылдан бастап император Сяньлунның рұқ
сатымен қазақ рулары бұрынғы жоңғар жеріне көшіп
өте бастады. Сонда, Камал Әбдірахмановтың тарихи
пәктімен санаспай, «1810-жылға дейін наймандар Ая
гөзден ары аттап басқан жоқ» дегені қай сандырақ?
Онымен қоймай, «19-ғасырдың ортасына дейін бұл
өлкеде қойылған найманның молласы жоқ» дейді-ау
беті бүлк етпестен. Арада жарты ғасырға жуық ойрат
қа орын босатқаны болмаса, Қара Ертіс, Алтай, Бар
қытбел дегеніңіз сонау Найман хандығынан бері осы
ұлыстың атамекені емес пе? Өзгесін былай қойғанда,
қолбасы Қабанбайдың соңында екі түмен Найман қолы
жүр. Азаттық жолындағы ұрыста солардың біразы жау
оғынан мерт болды. Құрбандардың мүрдесі осы өлкеге
жатпағанда көкке ұшып кетті дейсің бе... Сонау 13-ға
сырдағы Күшлік хан заманынан бері Алтай мен Бар
қытбел өңірінде найманның сүйегі шашылып жатқан
жоқ па!
Біздің төртуыл тайпасының ұраны – Баймұрат. Қол
басы Қабанбайдың үзеңгілес серігі болған мыңбасы ба
тырлардың бірі. Сол Баймұраттың атасы (менің онын
шы атам) Бұқа батырдың сүйегі Ақсүлт ауданы жерінде,
Қарғыба өзені аңғарындағы «Бұқа шатқалында» жатыр.
Шешелеріміз батыр бабаның атын тергеп, Зеңгібаба
ның еркегін «зор мойын» деп әспеттеуші еді. Бұқа ба
тыр, мөлшермен, наймандар жоңғардан ығысып, Арқа
ға қарай ауарда 1680-жылдар шәйіт болса керек. Теңсіз
ұрыста жау қоршауында қалып, он неше ойрат найзаға
шаншып, тік көтеріп алғанда, өнебойынан қан саулап
тұрып: «Атаңа нәлет, ит қалмақ, өлсем де сендерден
найза бойы биік тұрмын ғой!» деген екен, жарықтық.
Ал Баймұрат батырдың өзі 1765-жылдар Барқыт
белдің күнгейі – Құлыстайға көш бастап барып, төр
туылдың Ақбарақ, Ақболат аталарын сонда қоныс
тандырып, 1780-жылдар қайтыс болған екен. Сүйегі
Шәуешектен алпыс шақырым ары Күжібай аңғарын
да жатыр. Бала кезімізде үлкендерге ілесіп барып, үй
орнындай тасбейітке талай мәрте құран оқығанымыз
бар... Ал, 1962- жылы, сәуір айында Шәуешек маңын
дағы жеті зәңгі (болыс) төртуыл атажұрт Қазақстанға
қопарыла көшкенде, Баймұрат батырдың тікелей ұрпа
ғы Нұрыш ақсақал Күжібайдағы қыстауынан көшпей
қалып қойды.
– Ел-жұрттан ажырамай бізбен бірге көшіңіз! – деп
ақыл сала барған ағайынға, Нұрыш:
– Mұнда менің бабам жатыр ғой. Бабамның моласын
құлазытып қалай иесіз қалдырамын?! – деген екен.
Осының бәрі күні кеше көзбен көріп, қолмен ұсаған
дүниелеріміз. Әдебір қаңғыбас саяхатшының қаламына
ілігіп, қағазына түспеген екен деп, осы пәктілермен са
наспауымыз керек пе?!
Шырақшы Әбдірахманов әлдебір жаңалық ашқан
дай наймандардың ұзақ жыл Арқада тұрғанын әлсін-әлі
қайталай береді. Бұл баяғыдан белгілі жәй емес пе. Иә,
наймандардың он жетінші ғасыр соңында жоңғардан
ығысып, уақытша Арқаға қоныс аударғаны рас. Демек,
жауға жерін берсе де, елін бермеген. Бұл туралы Қожа
берген жырау «Елім-ай» дастанында:
«Бұл қырғын жаппай барша қазаққа ауды,
Наймандар тастап көшті Алтай тауды...
Сауыр, Сайқан тауларын ойрат алды,
Қаңырап Тарбағатай, Зайсан қалды» деп жырлаған
екен.
Ал, Жетісу мен түстік аймақтардың тұрғын халқы да
жау қолында қалғаны белгілі. Бірақ заман бір қалыпта
тұра ма, ұлы қонтайшы Халден Серен өлген соң (1745),
ойраттың бағы қайтып, оның есесіне қазақтың дәурені
жүре бастайды. Бұл – Абылай хан атқа қонған кезең.
1748-жылы мамырда Сарысуда өткен хан кеңесінен
кейін Қолбасы Қабанбай Найман көшін шығысқа қарай
бұрады. Жол-жөнекей Тоқырауын, Балқаш, Аягөзден
өтіп, әдейі сол кездегі ойрат күрендерінің іргесін баса,
Мыңбұлақ, Қарақол өңіріне келіп жайғасады. Ата қо
нысын аңсап келген наймандар бірден бейбіт тірлікке
кіріседі. Әйгілі Ақтамберді жырау (1768-жылы өлген)
Қарақол өзенінен қырға су шығарып, егін сала бастай
ды. «Ақтамберді тоғаны» аталған сол арықтың ізі әлі
бар. Жыраудың ұрпақтары ды осы аймақта тұрады.
Бертінге дейін Қытай басып жатқан аймақта наймандар
қалай егін салып жүр? Ол жағын «оқымысты» шырақ
шыдан сұрағанымыз жөн шығар.
Жоғарыда айтқанымыздай, Абылай бастаған қазақ
әскері 1754-жылы қазақ жерін жоңғардан түгелдей азат
етті. Барқытбел, Алтай бағытындағы ақтық шайқастар
оңай болған жоқ. Қалбада, Шорғада, Маңырақта жан
алып, жан беріскен ұрыстар болды. Небір боздақтар
азаттық жолында құрбан болды. Мәселен, Тобықтыны
Ырғаздан Шыңғыстауға бастап келген Мамай батыр
осы соңғы шайқастардың бірінде қаза тапты.
Абылай әлденеге асығулы еді. Оның қазақ жерін
1754-жылға дейін жоңғардан тазартып үлгіргені мұн
дай жақсы болар ма! Сірә, ол шығыстан әлдебір апат
тың төніп келе жатқанын сезген де болар. Қазақ жері
азат болысымен, арада бір-екі жыл өтпей ішкеріден
аттанған Маншынның 60 мың қолы алдыңғы жеңіліс
тен әлі ес жиып үлгірмеген ойраттарды қанға бөктіріп,
жайратып салды. Егер қазақ жерінің шығыс қапталын
бұрынғыдай жоңғар басып жатса, ол аймақтар қосақ
арасында бірге жұтылып кетер ме еді, қайтер еді.
1756-жылы қытай әскерінің қазақ жеріне ішкерілеп
енетін жөні жоқ еді. Оларға жоңғардың соңғы ханы
Әмірсананың қазақ хандығына қашып келуі сылтау
болды. Жоңғарды оп-оңай күйреткен маншың генерал
дарында қазақтың тамырын басып көру, егер тіске жұм
сақ болса, ойрат қашқындарымен біре жұта салу ниеті
болды ма, кім білсін.
Қытай әскері бұл жолы Ілені бойлап, тағы бір тобы
Жоңғар қақпасы арқылы екі бағытта келіп, Балқаш бо
йында түйісіпті. Аз емес, генералдар Дардана және Ха
дахи бастаған қырық мың қол... Ал, Әмірсана – Абылай
мен анттасқан анда. Шығыс салтында андаға қол ұшын
бермеу – ауыр күнә. Амал жоқ, Әмірсананы қорғап, қы
тайдың қалың әскерімен соғысуға тура келген. Бірақ,
сенесіз бе, көк темір құрсанған қытай әскері сол жолы
қазақ қолынан оңбай жеңілді. Қазақ батырлары ежелгі
дала ұрысына салып, қытайларды елсіз, сусыз бетпақ
қа бастап барып, әбден сілікпесін шығарды. Оқта-текте
Әмірсананың қылпын көрсетіп қойып, белгісіз бағытқа
ұзата берді. Түн ішінде ұйқыда жатқанда құйындай со
ғып, қылышпен турап, ат тұяғымен таптап кетеді. Мініс
аттарын қуып әкетіп, жаяу қалдырады. Әскердің біра
зы шөлден қырылады. Ақырында алғашқы қырық мың
шеріктен жиырма мың қалғанда, Маншың генералдары
Дардана мен Хадахи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр
болады. Аш-аламан қалың әскер мінгесіп-ұшқасып,
күзге қарай Құлжаға зорға жеткен. Император Сяньлун
іс мәнісін бірден түсінсе керек. Екі генералды да орны
нан алып, ақсүйектік титулдарынан жұрдай етіпті.
Ал келесі жылы қазақ жеріне келген Маншың гене
ралдары Жаухой мен Пуде бетегеден биік, жусаннан
аласа, өздерін өте сыпайы ұстады. Өткен жылдың ащы
сабағы естерінде болса керек. Оның үстіне, Император
Сяньлун оларға: «Қазақтар ежелден тәуелсіз ел екен.
Ортақ жауымыз жоңғарға қарсы олар да ұзақ жыл соғы
сыпты. Сондықтан қазақ хандарымен соғыспай, бітім
ге келуге тырысыңдар» деп қадағалап тапсырған-ды.
1757-жылғы Аягөздегі «Мамырсу келісіміне» қытайлар
бірен келе қойған жоқ, осылайша маңдайы бір рет тасқа
тиген соң амалсыз келген. Осыдан кейін екі ел арасын
да ерсілі-қарсылы елшілер алмасып, шын мәнінде тату
көршілік қатынас орнады. 1758-жылдан бастап қытай
лар Үрімжіде, Құлжада, Шәуешекте қазақтар үшін сау
да базарын ашты.
Ал «Қазақтың шығыс аймақтарын қытай басып
алыпты» деп сөз таратқандар – Абылай саясатын көре
алмаушылар. Орыстың қаңғыбас кезбелері мен жансыз
дары жағдайды қасақана бұрмалап көрсетуге тырысты.
Рас, алғашқы жылдар Әмірсана әлі қолға түспей тұр
ғанда, қазақ даласында содан басқа да қашқын ойрат
тардың көп екенін ескеріп, қытай жағы шекара шегіне
таяу үш-төрт жерден қарауыл постарын ұстаған. Оның
бірі – Ақсуаттағы Қарғыба бойында, екіншісі – Үріжар
да, тағы біреуі Алтынемілде тұрды. Бірақ арада төрт-
бес жыл өткенде, Әмірсананың орыс шегінде өлгені
анықталып, қазақ жері қашқын ойраттардан тазарған
соң, қытайлар қарауыл постарын жинап алып кетті.
Кейбір дүмше тарихшылар мен шырақшы К. Әбдірах
мановтың «1810-жылға дейін шығыс аймақтарды қы
тай басып жатты» деп даурығып жүргендері осы. «Егер
Абылай хан мен қолбасы Қабанбай қайтыс болған кезде
шығыс аймақтарды қытай басып жатса, кейін ол жер
лерді кім азат етті екен?» деген сұрақ ойларына неге
келмейді екен сол шіркіндердің.
Осындай ой салатын пәктілер көп-ақ. Мәселен,
«Мамырсу келісімінен» кейін арада бір жыл өткенде
Үрімжіде ашылған базарға Қабанбай батыр алғашқы
лардың бірі болып, 1758-жылдың 19-қыркүйегінде өз
атынан 300 жылқы өткізгені қытай шежіресінде таңба
ланған. Қабанбай сол жылқыны қай жерден айдап бар
ды екен? Сонау Арқадағы Есіл бойынан ба, әлде шекара
шегіне жақын Барлықтан ба? Әсілі, Қолбасыны бұл са
парға: «сенің қонысың Үрімжіге бір табан жақын ғой.
Жұрттың көңіліндегі күдікті сейілтіп, осы сауданы өзің
бастап бер» деп ұсыныс жасаған хан Абылайдың өзі бо
латын.
Немесе ана жылы Қабанбай қолынан мерт болған
қырғыз манабы Әтеке жырақтың ұлы Қарабек Қолбасы
ауыр науқас дегенді естіп, қас жауының көзі тірісінде
әкесінің кегін алмақ болып, бес жүз қолмен аттанады.
Бұл тарихта болған оқиға. Сонда, Қарабек Қабанбайдың
қонысы қай жерде деп аттанды екен? Қырғыз жерінен
небәрі бір аптада жететін Барлыққа ма, әлде айшылық
алыс жол Есіл бойына ма? Мұндай сұрақтарға шырақ
шы Әбдірахманов жоламайды. Одан гөрі қайдағы бір
шиырға салып, жұртты адастырғанды қолай көреді.
Әрине, Қарабек қырғыз шегінен шыққан соң жолай
Нарынқол, Шонжыны басып, одан Сайрам көл, Қы
зылтұзды кесіп өтіп, Барлықтағы Қабанбай ауылына
тіке тартқан. Салтатты кісіге бір апталық жол. Алайда,
қара ниетті Қарабектің жолы болмайды. Науқасы жанға
батса да, әлі де күш-қуаты сарқылмаған қолбасы «жау
кеп қалды» дегенде орнынан атып тұрып, сауыт-сай
манын киіп, жасанған жаудың алдынан шығады. Қарт
батырды түсіріп кетпек болған Қарабектің ойы іске ас
пайды. Ақыры, қырғыздың алкеуде батыры Қабанбай
найзасынан мерт болады. Серіктері Қарабектің сүйегін
артып әкетіп, Алатаудағы Санташ асуының күнгей беті
не қойған екен. Шоқан Уәлиханов Ыстықкөл сапарын
да Қарабектің моласын көргенін айтады.
«Егер Қабанбай батыр Барқытбел мен Барлықта өмір
сүрсе, сол өңірде қолбасыға байланысты жер аттары
неге жоқ» дейді шырақшы Камал бірдеңе білетін кісіше.
Бұл да – жұртшылықты адастырудың амалы. Әйтпесе
Барқытбел мен Барлықта аттап бассаң қолбасының ізі
сайрап жатыр. Аягөзден – Ақсуатқа қарай жүрсеңіз, жо
лортада «Қубастың кезеңі» тұр. Қабанбай Қубас атты
осы өңірдегі Мұрын жылқысынан тапты деген сөз бар.
Одан ары жүрсеңіз алдыңыздан «Майлы шат» шыға
ды. Шығыс аймақты жоңғардан толық азат еткен соң
қазақ әскері осы арада той жасап, құрбандарға құран
бағыштаған. Қымыз сел боп ағып, ет төбе боп үйілген
сол орын «Майлы шат» атанған. Марқакөл маңындағы
Алтайдың бір биігіне шығып тұрып, қолбасы Қабанбай
«Міне, азаттық соғысы осымен бітті» деп найзасын ша
нышқан екен. Сол жер қазір «Қабанбай шоқысы» атала
ды. Құлжа төңірегінде «Қабанбай тауы» бар.
Барлықтан басталып, Алакөлге құятын Теректі
өзенінің аңғарында «Түйебасы» аталған биік жартас
бар. Қолбасының талай жорықта қосын артқан ақбас
атаны дәл осы арада өліп, басы сол жартасқа қойыл
ған. Қабанбай балалары жылдағы әдетпен Тоқтаның
сыртындағы Қызылтұз көліне барып, көп түйемен тұз
әкеле жатады ғой. Дағдылы ақбас атанға тұзды бастыра
артса керек. Бірақ Теректіден Майлыға қарай көтеріл
генде жаңбыр жауып кетеді де, табанының бүрі тозған
кәрі атан қия бетте тайып жығылып, сол жерде белі
үзіліп өлген екен, жануар. Қолбасы тұзға барған бала
сы Байтоққа қатты ренжіген екен дейді. Ақбас атанның
денесін өз қолымен арулап көміп, басын бүркіт ұя са
латын осынау жалама жартасқа қойдырады. Жігіттер
белдеріне арқан байлап, төбесінен түскен деседі...
Жалпы, қолбасы Қабанбайдың қойылған жері тура
лы біздің пікіріміз өзгерген жоқ, сол баяғы қалпында.
Ұлы қолбасының асыл сүйегі өзі өсиет еткендей Жоң
ғар қақпасында, Тоқта тауының сыртындағы Сарыбел
де жатыр. Оны енді саясатқа қажет екен деп, жалған
кесене Камал сияқты пысықтардың кіріс көзі екен деп,
Ақмолаға көшірер жайымыз жоқ.
Өткен аптада бір жазушы маған телефон соқты:
–Ойпырай, мына шырақшы жігіт құдайдан қорықпай
ма, аруақты сыйламай ма?! – дейді таң-тамаша болып.
Мен күлдім:
– Кешегі коммунист, кешегі атеист құдайдан қорқа
ма, аруақты сыйлай ма? Оларға ақша керек... Ақша! –
дедім әлгіге. – Бұл күнде кейбір адамдар ақша үшін ана
сын сатуға бар.
Әйткенмен, өтірік өрге басып тұрған мына заманда
сол құдайсыздарды да құдайға тапсырғаннан басқа амал
жоқ. Арыз айтып, әділдік сұрайтын биліктің түрі анау...
Құлқынның құлы пысықтар амалын тауып, адамдарды
алдағанмен, Алла-тағаланың қаһарынан құтылмас.
БІЗДІҢ БӘРІМІЗГЕ ДЕ ШЫНДЫҚ АУАДАЙ ҚАЖЕТ « Жас Алаш» газетінің бетінде Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов пен Қара керей Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы Камал Әбдірахман «Қаракерей Қабанбай батыр қай да жерленген?» деген мәселе төңірегінде қарама-қай шы пікір білдірген еді. Даулы тақырыпқа қатысты біз бүгін тарих ғылымдарының докторы, мұрағатшы Бо латбек Нәсеновтің мақаласын жариялап отырмыз. Камал інім! Сіз сауатты адамсыз. Бірталай жазушы, тарихшылар білмейтін тарихты, деректерді білесіз. Сөзге шеберсіз. Бірақ Қабдеш Жұмаділов ағаңның дәл осы жердегі сіздің пікіріңіздің қате екенін айтқаны орынды. Өйткені Қаракерей Қабанбай өмірінің соңғы жылдары (1761 жылдан бастап) бұрын жоңғарлар иемденген жерлерге Бас қолбасшы болып тағайындалған. Абылай ханның бұйрығымен. Сондықтан Қабдештің айтқанын дұрыс қабылдағаныңыз жөн. Оны дәлелдеу үшін сіздің »Жас Алаш» газетінің 12 наурызда жарияланған «Қаракерей Қабанбай батыр қайда жерленген?» атты мақалаңызға толық тоқталғым келеді. Бір оқыған адамға сіз өте көп деректерді наным ды етіп берген сияқты көрінесіз. Әсіресе, архивтерде болмаған, дастандарды оқымаған халық оған сенуі де мүмкін. Ал бірен-саран архивтерде болған ғалымдар дың өздері де сізге дәлелді жауап бере алмайды. Өйткені сізге толық жауап беру үшін Алматы, Омбының мемле кеттік архивтерінде және Мәскеудің «Ресей Империясы сыртқы істер министрлігінің сыртқы істер саясаты» ар хивтерінде болып, ондағы құжаттарды толығымен бі луі керек. Ал енді сізде бірде-бір архив құжаттары жоқ. Анау жазды, мынау айтты, жыраулар бүй деді және т.б.
дегендеріңіз ешкімнің көңіліне қонбайды. Ал өз басым
әуелгіде «Қаракерей Қабанбай батырға Астанадан 30
шақырым жерге ескерткіш орнатыпты» деген хабар
ды естігенде қуандым. «Атақты батыр атамыз елімізді,
жерімізді қорғау үшін өмір бойы аттан түспей кетті ғой.
Енді ұрпақтары бұл атамызға ескерткішті әрбір облыс
орталығында, қалаларда орнатса да артық болмас» еді
деп. Бірақ Камал інімнің «Бұл жерде Қаракерей Қабан
бай батыр туды, осы жерге жерленді» дегенін естігенде,
реніш білдірдім. Камалдың бұл қылығына біздің тарих
шылар үндемеді. Өйткені оны құптағандығынан емес,
онымен қарсыласып айтысу үшін нақты деректері жоқ
болғандығы себепті өздерін бұл мәселеден аулақ ұста
ды. Ал менде архив құжаттары жеткілікті. Сол себепті
үн-түнсіз жатқым келмеді.
Сіздің мақалаңызда дастандарға сілтеме бар. Онда
сіз «Ғылым Академиясында Қабанбай батырға арнал
ған 18 дастан бар» депсіз. Мен неғып оны байқамадым
деп осы мақаланы дайындаған кезде әдейілеп бардым.
Ондай дастандар жоқ.
«Дәулетбайдың келіншегі бүй деді:
Есіл менен Нұраның
Арасына сыймаған.
Қайран менің қайнағам», – депсіз.
Бұл дастан менде бар. Мен әдейілеп сол дастанды
бірнеше рет қарадым. Онда мұндай жолдар жоқ. Ол
дастанда Қабанбай батырдың келіндері былай деп жоқ
тапты:
– Айналайын атам-ай,
Қолыңнан сарқыт жемедім.
Басыңды сүйеп, жан атам,
Қолымнан сусын бермедім,
Қолымнан сусын берсем мен
Арманым бар дер ме едім!
Ал сіз айтқан «Есіл мен Нұра арасына сыймаған
атам» – деген жолдар жоқ.
Мақалаңызда: «Қазір кесене тұрғызылған жердің
маңайындағы жұрт бұл жерді «Найман қорым» және
«Қаракерей Қабанбайдың ақ моласы», «Қабанбай
тауы» – дейді. Кесене маңы – қалың мола. Қабдеш аға
айтатындай, «айдалада шырақшысыз жалғыз» қалма
ған. Молаға 1931 жылы Қабанбай атамыздың тікелей
ұрпағы Қыдырмолда жырау үш түнеп, шырақшы бо
лып отырған Досан ағадан көп әңгіме естіпті» дейсіз.
Қарағым-ау, біріншіден, ашаршылық жылы қайдағы
шырақшыны айтып отырсыз? Екін¬шіден, Абылай хан,
Қабанбай батырдың заманында шырақшы дегендер
болған емес. Егер болса, Әбілхайыр ханның басында
болмас па еді? Оның үстіне Ақмола, Атбасар өңіріндегі
халық 1931 жылы аштықтан қынадай қырылып жатқан
да, әр қайсысы өз бастарымен қайғы болған кезде, қан
дай шырақшы, қандай әңгіме? Сіз де айтасыз-ау...
Айтып отырған жерлеріңіздегі сіз атаған жерлер –
осы өлкенің би-болыстары, қыстау иелерінің аттары.
Бұл өлкені Арғын: Атығай – Қарауыл, Қарпық; Қыпшақ
рулары қоныс еткен. Қабан ауылы – Қабан сұлтанның
қонысы. Сіз бүгінгі орналасқан жеріңіздегі Найман қо
рымы, Қаракерей «Қабанбайдың ақ моласы», «Қабан
бай тауы» және т.б. дегендеріңізден «бай», деген сөзді
алып тастаңыз. Ол Қарауыл руының, Қабан сұлтанның
жері. Сондай-ақ, сіз қоныстап отырған жер 1787 жыл
дары Қанай батырдың да жері болған. «Қанай шоқы»,
«Қанай тауы», «Қа¬най қорығы» деп те аталған. «Қа
банбай тауының» да болуы мүмкін, бірақ бұл Қараке
рей Қабанбай емес. Сіз атап көрсеткен жылдарда бұл
жерді Керей, Арғын: Кәрсен, Қанжығалы, Қарауыл
және Қыпшақтар мекендегенін Омбы архиві де тайға
таңба басқандай етіп көрсеткен (Қор 1, тізім 1, іс 190,
377-бет).
Тағы да мақалаңызда: «Көздеріңіз жеткен шығар,
дастандардағы деректер мен нақтылы ғылыми негіз
делген мұ¬рағаттың жазба деректері бірдей шықты»,
– деп өзіңізді-өзіңіз жұбатыпсыз. Сонда қандай ғылы
ми деректерді айтып отырсыз? Анау айтыпты, мынау
айтыпты дегеніңізді ғылыми дерек деп есептейсіз бе?
«...Қаракерей Қабанбайдың моласы тұрған жер туралы
бәрі бірауызды. Мұны бір деп қойыңыз!» – деп нығыз
дап, шегелеп тастапсыз. Бірақ шегелеріңіз бос. Ешқан
дай дәлел жоқ.
Дастандарды да дұрыстап оқып, түбегейлеп зерттеу
қажет болар.
Зейнолла Сәнік, Бейсенғали Садыханның «Қабанбай
батыр» деген кі-табында бірнеше жыраулардың өлең
дері бар екен. Қабанбай ең соңғы рет жауға аттанғанда
Қубас атпен адамша серттесіпті:
Мен келдім жетпіс сегізге,
Сен келдің отыз сегізге,
Сенен басқа ат мінсем,
Мінгендей болдым өгізге.
Сені мініп шапқанда,
Тартынбай түстім теңізге.
Ей Қубасым, Қубасым,
Қабанбай өлді дегізбе!
Қарсы келген жауыма,
Қара тамақ найзамды.
Қадамасам маған серт!
Және осы кітаптың 28-бетінде авторлар былай дейді:
«...Қабанбай өзінің бүкіл ерлік өмірін жоңғар бас
қыншыларына қарсы ұрысып, қазақ ұлтының азатты
ғы жолындағы күреске арнаған. Сондықтан да ол өз
кезінде асқан абыройға ие болған. Қабанбай жырында
«Алакөл», «Тоқта», «Барлық», «Еміл», «Қызыл түз»,
«Күркілдек» (Сайран бойында Күркілдек деген жер
бар, сол болуы мүмкін), «Көк бастау» (қай жер екені
белгісіз), «Аттың тауы», «Қабанбай шоқысы», «Текес»
т.б. жер аттары бар. Бұған қарағанда ол Шыңжаң өңірін
де көп жүрген секілденеді. Кейбір аңыздарда Қабанбай
Үрімжі өңіріне де келген. Батыр өз кезінде Барқытбел
ден (қазіргі Тарбағатайды кезінде солай атайды екен)
асып келіпті...». Міне, Қытай елінің тарихын жақсы
білетін Зейнолла Сәнік пен Бейсенғали Садықан 1991
жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген «Қараке
рей Қабанбай» атты кітабында осылайша ой түйіпті.
Бұл авторлардың айтқаны жобаға келеді.
Қаракерей Қабанбайдың тұсында Шәуешек қаласын
Қытаймен сауда ісін жүргізуге қолайлы болу үшін Абы
лай хан салғызған. Омбы архивінде «Батыс Сібірдің
(Қазақстанның да – Б.Н.) тарихына байланысты хро
нологиялық уақиғалардың тізімі (1524-1880 жылдары)
берілген. Онда былай делінген: «1761 жылы Чугучак
қаласы Абылай ханның ұсынысымен қолайлы жерге
қайтадан салынып, Еміл өзенінің жанындағы жазыққа
көшірілді. Бұл қаланы Пекиннің үкімет орны шекара
лық қала деп белгіледі».
Сіз тағы да өз мақалаңызда былай дейсіз: «Жоғары
да топономикаға тоқталдық. Самсаған Қаракерей, оның
ішінде сыбан мен мұрындар. Оған қоса М.Тынышбаев
«Матайдың ұраны – Бөрібай. Бөрібай батыр ұлдары
мен бірге 1740-45 жылдары Сарысу бойында, Атбасар
өңірінде жерленген дегенді жазып кеткен».
Ал мұнымен не айтқыңыз келді? Күллі қазақты сауат
сыз дегіңіз келе ме? 1741-43 жылдары қалмақтар тағы
да бас көтеріп соғысты. Ол қырғын соғыста Найман
руы ғана емес, тіпті Қыпшақ, Арғын, Уақ, Керей, Ал
бан, Дулат, Жаныс, Шапырашты, анау батыстан 12 ата
Байұлының, осы жер¬дің негізгі иелері Арғынның бар
лық руларынан мыңдаған азаматтар қаза тапты. Олар
өзі туып-өскен жерін, ата-қонысын ғана емес, қазақ
елінің тұтастығы үшін күресті. Ал олардың әрқайсы
сын туған жерлеріне емес, қаза тапқан жерінде жерледі.
Сіз бұл деректі осы жерді «Қалың Найманның жері»
деп айту үшін келтіріп отырсыз. Ал М.Тынышбаев аға
мыз өте дұрыс айтады. Бөрібай батыр ұлдарымен қаза
тапқан жеріне жерленген. Оны ешкім де жоққа шығара
алмайды.
1760 жылдың 10 сәуірінде Орынбор гарнизонының
жаяу әскер полкының поручигі князь Иван Ораков пен
аудармашы Яков Гуляевтердің жазған хаты бар. Олар
былай дейді:
«...Жоңғар жерінде әртүрлі рулардан құралған 10
мыңдай әскердің басшысы болып тағайындалған Най
ман руының старшыны Қаракерей Қабанбай қалмақ
тарды тұтқындауға келіп, осы жердің иесі болды. Абы
лай Найманның Қаракерей Қабанбай батырын қазақтың
байырғы жері Қашқария, Үрімжі, Жаркентке тағы бас
қа да жоңғар жеріне бас старшын етіп тағайындады.
Енді бұл жерлерге өз руын тегісімен көшіруді бұйыр
ды. Абылай Қабанбай батыр арқылы Төлеңгіт қырғызы
Райымбек батырға да өз елімен жоңғар жеріне көшіп
баруы туралы бұйрығын жіберді...» (Қор 1, тізім 1, іс
88, 2730-бет).
Міне, жоғарыдағы хаттан Қаракерей Қабанбай ба
тырдың 1760 жылдардан бастап жоңғар жерінде болға
нына көзіміз жетті. Оған дейін де Ақмоланың маңайын
да тұрған емес.
Камал Әбдірахман мырза былай депті:
«...Десек те сөзімізге қайта оралайық. Егер Қара
керей Қабанбай батыр 1760 жылдары Қабдеш ағамыз
айтқанындай Алакөлге жете қонса, неліктен ол маңда
бірде-бір топономикалық атау Қабекеңе байланысты
рылмайды. Қабекең тұрсын, ол кісінің аталары да бұл
жақта тумаған. Батырдың аталарының да – Байжігіт,
Мәмбеттің, Қожақұлдардың туған, өлген жері –Арқа,
Нұра бойы. Бұған жоғарыдағы деректер дәлел».
Халық жырында Қабанбай батыр Текестің батысын
дағы Әтеке жырыққа аттанарда:
«Жағасын қара Емілдің жағалапты,
Аттарын ер Қабанбай тағалатты..» – делініп келіп,
«Барлық пен Қызыл тұзды басып» өткендігі айтылады.
Демек, Барлық, Тарбағатай, Орқашар, Майлы, Жайыр,
Бұратала, Іле өңірлері Қабанбайдың көбірек жүрген
жерлері болып саналады.
«Қалайда өз ойымды дәлелдеуім керек» деген ниет
пен: «Қабанбай ұрпақтарының соңы Арқадан 1857
жылы қозғалыпты», – дейсіз. Сіз «Арқа» деп Ақмола
маңайын айтып отырсыз. Ал Шығыс Қазақстан, Семей,
Тарбағатай жағы Арқаға жатпай ма?
Біріншіден, Қаракерей Қабанбай батыр 1760 жылда
ры қалың Қара-керейлерді жоңғар жеріне көшіріп апар
ған. Ол туралы хатпен таныстыңыз. Тіпті 1822 жылы
қазақ жерінде хандықты жойғаннан кейін 1824 жылдап
бастап 6 округ құрылған. Сол жылдары Ақмола, Атба
сар өлкесінде Найман рулары болған жоқ.
Омбы архиві мен Алматы архивтеріндегі Ақмола об
лысындағы болыстардың тізімінде Найман руларының
бірде-бір болысы жоқ екендігі тайға таңба басқандай
көрініп тұр.
1831 жылы Омбы архивіндегі (қор 338-тізім, 1, іс
539) құжаттарға сәйкес Ақмола округында мынадай ру
лар болған: Жабике – Керей, Сайдалы – Алтай, Тама,
Курлеуіт – Қыпшақ, Арғын - Алеке – Байдалы – Алтай,
Ар¬ғын – Теналы – Қарпық, Қорсалы – Керей, Арғын
– Алысай – Алтай, Арғын – Инелі – Тунгатар, Арғын
– Айтқожа – Қарпық, Корсары – Керей, Арғын – Төрт
күл – Алеке – Байдалы – Алтай, Арғын – Қанжығалы,
Тунғатар, Есенбақты – Керей, Қарпық, Арғын – Мойын
– Алтай, Құ¬лан – Қыпшақ, Уақ, Құ¬латай – Қыпшақ
(Архивте орысша кейбір рулардың атын сәл өзгертіп
берген. Мен Архивте қалай берілді, солай жеткіздім
– Б.Н.). Бірде-бір Найман руының аты аталмаған. Ма
қалаңызда тағы да мынадай сөздер бар: «1830 жылы
барлық Қаракерей Найманның 70-80 пайызы Арқада,
Каракерей Қабанбайдың Ақмоласы маңында отырды...
Ендеше, батыр осында, өз жұртының ортасында жер
ленбегенде, енді қайда жерленеді?».
Сіз айтқан жылдары бұл өлкенің негізгі халқы мына
лар болған. Қараңыз:
1. Хұдайберды – Атағаевская, Андогульское отделе
ние. 2. Рысай – Атагаевская волость. 3. Кочкулы – Атагаевская. 4. Джантелы – Атагаевская. 5. Баимбет – Атагаевская. 6. Атыгай – Багышевская. 7. Ятаган – Багышевская. 8. Майли – Басташевская (Сары баласы, Қадыр, Баба
лан, Сүйіндік – Қара, Елтоқ. 9. Қайлы Атагаевская (Қарабалык, Донгес, Аминбет). 10. Жайлыбай – Қарауыл (Дүсен, Майли, Кучек,
Кульдей, Серік, Қаратума, Соқыр). 11. Құттымбет – Қарауыл (Нақай, Малай, Аю, Күней).
12.Илықбай – Байқошқар - Қараульская. 13. Ноғай – Караульская. 14. Қылды – Караульская. 15. Курсары – Кереевская. 16. Балта – Кереевская. 17. Исень-Бақты – Кереевская. 18. Уваковская волость. 19. Киргизовская волость.
Міне, көріп отырсыз, бірде-бір Найман руы жоқ (Ол
кезде Ақмола өңірі Көкшетау округіне кірген және бо
лыстардың атауы рудың атымен аталған).
Ал енді осы архивте Көкпекті, Аякөз округтерінің
1826-30 жылдары 90 пайызы Наймандар екені көр
сетілген.
Сонымен бірге сіздің мақалаңыздағы мына бір сөз
деріңізге таңғалмауға болмайды. «1824 жылы Нұра
өзенінің бойындағы Ақымбет ауылында барлық най
мандардың түселі өтті». Бейсенғали Садыханның жаз
ба мұрасында кездесетін нақ осы деректі Омбының мұ
рағатынан таптық. Онда: «В году 1824, по реке Нура
прошел съезд всех найманов» делінеді. Одан кейін 1848
жылдары өтті деген де сөз бар» – дейсіз.
Барлық Найманның Нұра өзенінің бойындағы ауыл
ға жиналды дегені шындыққа жатпайды. Өйткені Ресей
1822 жылы хандықты жойды. Әрбір рулардың жанында
әскерлер тұрды. Олар руларды тырп еткізген жоқ. Он
дай жиынға мүмкіндік берген жоқ. 1824 жылы екі ок
ругтік приказ құрылды. Оның бірі – Көкшетау, екіншісі
– Қарқаралы. Ондай съезд өткізу үшін Омбы губернато
рынан рұқсат алу керек. Ол бермейді мұндай рұқсатты.
Найман рулары бұл кезде Үш Бұлақ (1833 ж., Көк
пекті), Аякөз (1831 ж.) округтерінде көбірек шоғырлан
ған-ды.
Камал інім! Сіз сауатты адамсыз. Жоғарыда айтыл
ғандай, 1824 жылдан бастап алдымен 2, одан кейін 6
округтық приказдар құрылғанын жақсы білесіз. Әр
округке бірнеше болыстар бағынғаны белгілі. Ал бо
лыс құру үшін сол рулардың саны 500 отбасынан асу
міндетті шарт болатын. Сіз айтып отырған саныңыз
рас болса, осыншама қалың ел 22 мың шаңырақ – аз
дегенде, 6 болыс ел. Ал архивте сақталған құжатта Көк
шетау округінде де, 1831 жылғы есеп бойынша Ақмола
округінде де бірде-бір «Найман» болысының аты жоқ.
Болыстардың тізімін біреулер әдейілеп сіздің ойыңызға
қарсы жасап қойған жоқ қой.
Сіз «Қаракерей Қабанбай батыр 1770 жылдары қай
тыс болғанға ұқсайды. Оны зерттеп жатырмын» депсіз.
Сөйтіп, архивтегі тарихи шындықты мойындамай тағы
да бір жалған пікір¬лерді халық арасында таратпақшы
сыз. Оның қажеті жоқ. Қаракерей Қабанбай 1769 жылы
қаза болған.
Мақалаңызда тағы да бір пікіріңізді шындыққа балап
жұртты сендіру үшін Манаш ағамызға сілтеме жасап
сыз. Онда былай дегенсіз: «Қазақ тарихының білгірі,
тарихшы, академик Манаш Қозыбаев Қаракерей Қа
банбай батырдың кесенесіне үш рет келді. Үнемі адам
көп кезде ат басын тірейді. Сол ғалымның былай дегені
бар: «...Бұл – Қаракерей Қабанбай батырдың моласы,
кім не десе де, шындық осы. Қалғандары, әсіресе жазу
шылар айта береді. Сенікі дұрыс».
Бұл арада сіз қазақ халқының ардақты ұлы, ірі тарих
шы Манаш Қозыбаев ағамызды араға салып отырсыз.
Манаш аға өз елін, өз жерін сіз бен бізден артық біл
ген. Жоғарыдағы мен көрсеткен болыстардың тізімін,
халық санын Манаш аға жатқа білетін. Мен ол ағамен
таныс болдым. Сан рет кездескенмін. Сол себепті Ма
наш аға: «Бұл Қабанбай батырдың моласы» деп айтқан
емес. Айтуы мүмкін де емес! Ғалым аға Қабанбай ба
тырдың Қаракерей Найман, Керей, Уақтарды жоңғар
жеріне көшіргенін білетін. Сіз монумент салғызғанға
дейін неге бұл мәселе көтерілмеді? Өйткені Қабанбай
атамыз, шындығында, Кабдеш Жұмаділұлы айтқан
жерде жерленген.
Сіз шырақшысы болып отырған бұл кешенді ешкім
де алып таста, қират, құрт деп айта алмайды. Келіп-
кетіп жатқан адамдар Қаракерей Қабанбайдың бұл
жерге жерленбегенін анық біледі. Келешек ұрпақ та
түсінеді. Халық Қаракерей Қабанбай атамыздың аты әр
жерден белгі беріп, тарихта мәңгі қалуын тілейді. Ата
мыздың атын кеңірек жаю үшін орнатылған мұражай
деп түсінеміз. Сол себепті де отырған орныңыз орнық
ты болсын. Келешекте шынайы патриот-азаматтар осы
ескерткішті мәңгілік сақтай білсе деген тілегіміз бар.
Елімізге қорған болған Бөгенбай батыр, Қабанбай,
Шақшақ Жәнібек, Бөкенбай батыр, Есет, Сырым, Иса
тай, Махамбет, Наурызбай, Толыбай, Бикелді, Жасы
бай тағы басқа да менің еңбектерімде аталған 2000-дай
батырларымызды «Біздің рудың, жеріміздің батырла
ры» деп меншіктемей, қазақ халқының батыры деуіміз
керек. Неге Абылай ханға, Әбілхайыр ханға, аталған
батырларға анау Ақтау, Атырау, Қызылжар, Семей,
Қарағанды, Алматыда, тағы басқа да қала, ауылдарда
ескерткіштер орнатпаймыз? Исатай, Махамбет неге
Атыраудікі? Қабанбай батыр неге тек Семей-Өске
мендікі? Шақшақ Жәнібектің аты неге аталмайды?
Міне, осындай сұрақтар көптен көтерілсе де, ешкім ес
кермей келеді.
Қазақтан 1580-1757 жылдар аралығында неге 2 мың
немесе 3 мың батыр шықпайды? Кейбір тарихшылар,
жазушылар, тағы басқа да «зиялылар» «Неғылған қап
таған батырлар?» деп таңғалады. Тіпті мазаққа айнал
дырады. Небәрі 4 жылғы Отан соғысында (1941-45)
«Кеңестер Одағының Батыры» бірнеше мың болды
емес пе?!
Міне, осындай жағдайларды ескеріп, Қазақ жеріндегі
барлық қалалардағы кеңес заманында берілген көше
лердің атын қазақ халқының дана билері (менің есебім
ше, 2 мыңға таяу) мен батырларының (олар да 2 мың
нан асады) атын тарихқа мәңгілік қалдыруымыз керек.
Бұл үшін арнаулы комиссиялар құру қажет. Батырлар
мен Билердің алаңын осы Қабанбай бабамызға орна
тылған монументтің жанынан орнатса, нұр үстіне нұр
болар еді. Мәскеуде «Ұлы Отан соғысына арналған му
зейде «Батырлар залы» бар. Неге біз осындай музей,
залдар аша алмаймыз?
Камал інім! Реніш білдірме! Менің ешқандай теріс
ойым жоқ. Қазақ халқына, болашақ ұрпаққа шындық
ауадай қажет.
Болатбек НӘСЕНОВ,
тарих ғылымдарының докторы, мұрағатшы.
"Жас Алаш" №29 (15799) 16 сәуір, сейсенбі 2013.
АБЫЛАЙДЫҢ АСЫНА ШАППА
ҒАНДА, АТАҢНЫҢ БАСЫНА
ШАБАСЫҢ БА?!
– Қабеке, тойға шақырды ма Сізді?
– Қандай той?
– Абылай ханның 300 жылдық мерейтойы. Көкше
тауда өтетін...
– Шақырды. Осыдан төрт күн бұрын. Төрт күн бұрын
да тойға шақыра ма? Ең кем дегенде бір ай бұрын айтуы
керек қой.
– Шақырушыға не дедіңіз?
– Бармаймын дедім.
– Неге? Неге бармайсыз?
– Ықылассыз өткізіп жатқан, онда да «птичка» үшін
өткізіліп жатқан тойға баруға еш зауқым жоқ. Бірінші
ден, бұл той өте кешіктіріліп өткізіліп жатыр. Абылай
хан 1711 жылы туған. Ресми түрде бекітілгені де осы –
1711 жыл. Энциклопедияда да солай жазылған.
Жарайды, тойды 2011 жылы емес, биыл өткізетін-ақ
болсын. Бірақ, ол неге жетім қыздың тойындай елеусіз,
ықылассыз, облыс орталығында өткізілуі керек?! Биыл
ғы жылды ерте бастан «Абылай хан жылы» деп жария
лап, үгіт-насихат та кең түрде жүргізілуі керек емес пе
еді. Оны «Юнеско» көлемінде, көрші елдерден көп қо
нақтар шақырып, өткізу керек еді.
«Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басында
шабасың ба?!» деген мәтелді естіген боларсың?
– Естідік қой.
– Естісең, мұның астарында «Абылай ханның асынан
үлкен ас болмақ емес, енді өнеріңді, барыңды осындай
үлкен ас, ұлы жиында көрсетпегенде қайда көрсет
пексің?!» деген мән-мағына жатыр. Бұдан нені аңғаруға
болады? Қазақтың Абылай ханды ерекше қадірлегенін,
оның қайраткерлігін өте жоғары бағалағанын байқауға
болады.
Қош делік. Міне, біз сол күллі қазақ қадірлеген ұлы
тұлғаның 300 жылдық мерейтойын ықылассыз ғана
өткізбекпіз.
Жасыратын түк те жоқ, қазіргі күні «Нағыз тарих
бізден басталады!» дегенге саятын бір баянсыз, шолақ,
келте түсінікті қалыптастырғысы келетіндерді де бай
қап жүрмін. Мұның бәрі бос әурешілік! Өткенге мұрын
шүйіре қарау – жетесіздіктің белгісі. Мәдениетсіздіктің,
парықсыздықтың белгісі. Қазақ осылай, дәл осы күйін
де аспаннан аяғы салбырап түсе қалған жоқ. Қазақ мем
лекетінің тарихы тым әріде жатыр. Қазақ хандарының
біразы майданда, ұрыс даласында өлген. Мұндай сирек
мысал, мұндай сирек дерек кез келген халықтың тари
хынан табыла бер-мейді.
Енді Абылай ханға тоқтала кетейін. Мен – Абылай
хан туралы, оның айналасы туралы, Абылай ханды қор
шаған қазақтың мүйізі шаңырақтай батырлары туралы
көркем шығармалар жазған адаммын. Шығарма жазу
үшін олардың тарихын, іс-әрекетін, тірлігін зерттейсің.
Сонда көзім жеткен бір нәрсе, Абылай ханның қазақ
халқына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Абылай хан 1754 жылы қазақ жерін басқыншылар
дан толық азат етті. 40 жылға созылған осы соғысты
өз басым «Отан соғысы» деп атап жүрмін. Тарихшыла
рымыз осыны қабылдап-қалыптастырып жіберсе, тіпті
жақсы болар еді. Қалай Отан соғысы демейсің, бүгінгі
тілмен айтқанда, біздің бес облыс (Шығыс Қазақстан
облысы, Алматы облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы,
Жамбыл облысы, Түркістан, Ташкентімен қоса) жоң
ғардың атының тұяғының астында қалды. 1754 жылы
Абылай хан қазақ жерін жоңғарлардан толық тазартты.
Ал енді осыдан дәл бір жыл кейін, нақтылай айтсақ,
1755 жылы әйгілі Маңшың өкіметі «Жоңғарларды жер
бетінен тып-типыл етіп құртамыз!» деп жойқын ша
буылға шықты. Жоңғарлар тоз-тоз болды. Ал егер сол
жоңғарлар бұрынғыдай Қазақ жерінде отырғанда не бо
латын еді? Қытайлар жоңғарларды, өздері айт-қандай,
«жер бетінен тып-типыл құртып жіберу үшін» Қазақ
жеріне де келетін еді ғой. Сонан кейін оларды қазақ
тар жоңғарлар сияқты қайта қуып жібере алатын ба еді,
жібере алмайтын ба еді, бұл – өте күрделі, қиын сұрақ.
Жалпы, тарихты жасайтын тұлғалар ғой. Абылай
ханның айбынының, амал-айласының, сесі мен сұсы
ның қаншалық екенін, оның қайраткерлік, ұйымдас
тырушылық қабілетінің қаншалық екенін мынадан да
байқауға болады. Абылай хан өлгеннен кейін 10 жылға
жеткен жоқ, Оңтүстік Қазақстанды Қоқан басып алды.
Мына жақтан Ресей де қазақ жеріне қол сала бастады.
– Қазақтың көріпкел ғұламасы Мәшһүр Жүсіп
Көпеев «Батырда Қаракерей Қабанбайдан өткен ба
тыр жоқ. Биде Үйсін Төле биден өткен би жоқ!» дей
келіп, қазақ хандарының ішінде Абылай ханның
еңбегін айрықша биік бағалайды. Тарихи деректер
келтіре отырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің толық
шығармалар жинағының 15 томы басылып шық
ты. Бұрындары Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің Абылай
хан туралы айтқандары ғылыми айналымға түспей
келіп еді, енді түсетін шығар...
– Қазақтың белгілі адамдары, қазақтың ғұламалары
мен тарихшы-ғалымдары былай тұрсын, Абылай ханды
шет жұрттар да биік бағалаған. Қытайдың, Ресейдің та
рихшылары бұл жөнінде жазып қалдырған.
Қай бір күні, ә-ә-ә, енді есіме түсті, Тәуелсіздік күні
біраз зиялылар біздің үйге телефон соғып, «Абылай
ханның ескерткішіне гүл қояйық» деп өтініш білдірді.
Екінші Алматы теміржол вокзалының алдындағы Абы
лай ханның ескерткішіне келсем, 40-50 адам жиналып
қалыпты. Алматының әдеби-мәдени зиялылары, Абы
лай ханның қазіргі ұрпақтары, тағы тағылар. Содан әлгі
жерде жиын жасап, сөз сөйледік. Тәуелсіздік туралы
айттық, Абылай хан туралы айттық. Әншейінде өріп
жүретін тележурналистерді көре алмадым. Сөйтсем,
осы жиынды ұйымдастырушылар біреу емес, екеу емес,
бес бірдей телеарнаға телефон соғып, Абылай ханның
ескерткішіне гүл қоятынын ескертіп хабарлапты. Бірақ
бірде-бір телеарна төбе көрсетпеді. Неге? Өйткені олар
да жоғары жақтағылардың, биліктегілердің Абылай
ханға қырын қарайтынын сезіп-біліп отыр. Содан кейін
қалай келеді?
– Қабеке, осы Сізден көптен бері сұрайын деп
жүрген бір сауалым бар еді. Біздің ғалымдарымыз
Абылай ханның сүйегін тапты, бұл сүйектің Абы
лай хандікі екенін «бұлтартпай дәлелдеді», осы сү
йек арқылы Абылай ханның жаңа портретін жа
сады. Ғалымдарымыздың дәлелдеуінше, Абылай
ханның бойының биіктігі 157 см. екен, аузында бір
тіс жоқ, кемиек көрінеді... Осы ғалымдарымыздың
дәлелін, болжамын, олардың зерттеуін, тексеруін,
тірлігін, әрекетін өзіңіздің әріптес ініңіз, қазақтың
көрнекті жазушысы Тынымбай Нұрмағамбетов бү
ге-шігесіне дейін, егжей-тегжейлі жоққа шығарды.
Бұл жөнінде Т.Нұрмағамбетов бір мақала, екі ма
қала емес, тұтас бір кітап жазды. Ол кітап жарық
қа да шықты. Т.Нұрмағамбетовтің кітабын зейін
қоя оқып шықтым. Шын мәнінде, сүйек Абылай
хандікі емес секілді. Мұны жазушы ешбір тарихшы,
ешбір ғалым, ешбір зерттеуші уәж қайтара алмай
тындай етіп дәлелдеген. Дәлелдері – нық, темірдей.
Және бұл мәселені Т.Нұрмағамбетов өз тарапынан
мейлінше терең зерттеген.
Сүйек Абылай хандікі болмаса, ғалымдарымыз
дың осындай асығыстыққа баратындай, елді алдай
тындай не бастарына зор күн туды?
– Тынымбай дұрыс айтады. Табылған, зерттелген сү
йек Абылай хандікі емес. Басқа біреудің сүйегі қалай
Абылайдікі болады?! Мен бұл жөнінде осы сүйекті
Абылай хандікі деп «дәлелдеп жүрген» ғалымдардың
бетіне айтқам.
«Заманына қарай адамы» дейді қазақ. Қазақтың хан
дарының бәрі шеттерінен батыр болған. Әз Жәнібек,
Керей хан, Бұрындық хан, Қасым хан, Хақназар хан,
Тәуекел хан, Есім хан, Салқам Жәңгір... Мұның бәрі ба
тыр! Өйткені ол кезде батыр емес адам хан сайланбай
тын. Хан болғың келе ме, міндетті түрде батыр болуың
керек. Сондықтан да ханның тұқымдары, ханның ұр
пақтары қаршадайынан бастап қылыштасу, семсерлесу,
найзаласу, садақ тарту, шоқпар сілтеу, айбалта жұмсау
секілді жауынгерлік амал-тәсілдерді үйренуге кіріскен.
Оларды «оғлан» деген. Ал оғланға жауынгерлік амал-
тәсілді үйрететін адамды «аталық» деген. «Аталық» де
геніміз – ұстаз. Ол батыр болумен қатар, білімді, білікті,
сан қырлы болған.Оғланға оңай адам ұстаз болушы
ма еді?! Абылайдың аталығы – Ораз. Ораз Абылайды
жауынгерлік амал-тәсілдерге 7 жасынан үйрете баста
ған. Қылыш жастанып өскен, қаршадайынан шынығып,
ширап өскен бала ер жеткенде қалай ғана 157 см. бола
ды? Өзі жекпе-жекте жан шыдатпаған «қанішер» Абы
лайдың немересі болса...
Тарихи деректерден белгілі, оның үстіне Абылай –
жекпе-жекке шыққан батыр. Қарсыласы – әйгілі Ша
рыш ноян. Жоңғардың айтулы, ірікті батыры. Шарышты
шаншып түсіру үшін де (Абылай Шарышты найзамен
шаншып түсірген) күш, қайрат, салмақ керек. Абылай
ханның керемет алып адам болмауы әбден мүмкін, бі
рақ оның бойлы-сойлы болғанына күмән келтірудің еш
қисыны жоқ. Егер, жаңылмасам, Үмбетей жырау болуы
керек, Абылай ханның егде тартып, қартайған шағын
тілге тиек ете келіп, «кебеже қарын, кең құрсақ» дейді.
Бойы 157 см. адам «кебеже қарын, кең құрсақ» бола ал
майды. Дене бітімі мол пішілген адам ғана «кебеже қа
рын, кең құрсақ» бола алады. Үмбетей – Абылай ханды
өз көзімен көрген адам.
– Осы сөзіңізден шығады, біздің көбіміз Қарғабой
лы Қазтуғанды шағын денелі, қолтоқпақтай ғана
адам болған деп түсінеміз. Қарғабойлы Қазтуған
әрі ақын, әрі батыр болған адам ғой. Соңғы кездері
айтылып жүр, Ноғайлыда «қарға», «қарғабойлы»
деген рулар болыпты. «Қаракерей Қабанбай» деген
сияқты Қарғабойлы да Қазтуғанның руы көрінеді...
Тіпті Абылай ханды қойып, бергі Сырым ба
тырдың заманын алайықшы. Сырым батыр әрі би
де болған ғой. Сырым билік айтқан кезде билікке
көнгісі келмей қыңыратқығандарды тақымына ба
сып, сабап-сабап алады екен.
– Иә, ол кезде ел басқарған адамдарға білікпен қа
тар, білек те керек болған. «Суворов қолтоқпақтай
ғана кісі болған ғой. Абылай ханның бойы да 157 см.
болса болған шығар...» дейді кейбір әріптестерім. Су
воровтың заманы бөлек қой. Суворовтың заманы – от
қарудың (зеңбіректің, мылтықтың, мүшкеттің) заманы.
Суворов штабта отырып, карта сызып, өз әскерінің ст
ратегиялық бағытын белгілеп берсе, бітіп жатыр. Ал
Абылайдың заманында Абылай ханға әр адым басқан
сайын білек күші қажет боп отырған. «157 см.» деген
мен келіспейтінім де сол. Бұл – Абылай ханды қорлау,
оның сүйегін қорлау.
– Тек Абылай ханды ғана қорлап, жалғыз Абы
лайды ғана ескерусіз қалдырсақ бір сәрі-ау...
– Дұрыс айтасың. Әлихан Бөкейхановтың 140 жыл
дық мерейтойы облыстық деңгейде ғана аталып өтті.
Семейде...
Алаштың көсемі. Қазақтың көсемі. Ұлттың көсемі.
Ұлттың көсеміне қандай құрмет көрсеттік? Не ес
керткіші жоқ. Не оның атына берілген көше жоқ...
Алаштың көсемінің мерейтойы – күллі қазақтың
тойы емес пе еді?! Әлихан Бөкейхановтың 140 жылдық
мерейтойын республикалық деңгейде атап өтуге не ке
дергі болды? Меніңше, биліктен тек нысап қана кеткен
жоқ, сонымен бірге ұят да кетті. Әлихан Бөкейханов,
Әлімхан Ермеков... Қайсыбірін айтайын, Алаштың аяу
лы тұлғаларының мерейтойларының жетім қыздың то
йындай болып өтуі де – биліктің ықылассыздығынан.
«Ықылассыз» дегенімізден шығады, Қазақ мемле
кетінің іргетасын қалағандар кімдер? Әрине, әз Жәні
бек хан мен Керей хан. Әуелгіде «әз Жәнібек хан мен
Керей ханның ескерткіштері Қытайда құйылып еді.
Жөнді құйылмапты...» деген сөз шықты. Ерінбей Ас
танаға іздеп барып, ескерткіштерді әдейілеп көрдім.
Құйса Қытай құйсын, ескерткіштер әдемі құйылыпты:
айбынды, ажарлы. Содан қоятын жер таппай, бұл ес
керткіштер бір қыс күресінде жатты. Халық шулап кет
кеннен кейін, бұл ескерткіштерді елеусіздеу бір жерге
қоя салды, әйтеуір. Қазір Астана «ескі Астана», «жаңа
Астана», «Есілдің оң жағалауы», «Есілдің сол жаға
лауы» деп бөлінетін болды ғой. Қайран әз Жәнібек хан
мен Керей ханның, қазақтың маңдайына басқан киелі
тұлғаларының ескерткіші тап бір жаңа Астананың сы
нын, сәнін бұзатындай, ескі Астанада, адам аяғы жиі
бара бермейтін елеусіздеу бір бұрышта тұр...
– Әңгімеңізге рақмет!
САЛЫСТЫРУ ҮШІН
«Көшпенділер» фильмі бізде 40 миллион доллар
ға түсірілді. Солай ғой? Солай. Қазір бұл фильмді
ешкімнің көргісі де келмейді. Өйткені, мұндағылардың
бәрі жасанды: Абылай – Абылай емес, жаны да бөлек,
қаны да бөлек шетелдік біреу және т.б.
Ал енді осы фильмнен 30 есе ұзақ, яғни 30 серия
дан тұратын Қытайдың «Шыңғыс ханы» қаншаға
түсірілгенін білесіз бе? 8 миллион долларға түсірілді.
Біздің қаншалықты жемқор, дәрменсіз, өзімізге
өзіміздің ешбір жанымыз ашымайтынын осыдан-ақ
шамалай беріңіз.
Әңгімелескен – Әмірхан МЕҢДЕКЕ.
«Жас Алаш», 3-қазан, 2013.
МЕМУАР ЖАЗУ – ЕКІНІҢ БІРІНІҢ МАҢДАЙЫНА ЖАЗЫЛМАҒАН Ашық әңгіме І К ейде мемуарлық шығарма көркем шығармадан да қызық оқылады. Әсіресе қазіргі заман ес теліктер мен мемуардың заманы болып тұр. Қаламгердің де оң жамбасына келеді, оқырманға да оқуға жеңіл. Ел білетін көптеген көркем шығармалар ұмыты лып қалып жатқанда, мемуарлық шығармалар жұрт ау зында жүргеніне өзіміз куәміз. Бұрын көрген-баққанымыз Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі» еді, соңғы он-он бес жылдың көлемінде Мағауиннің «Мені», Жұмаділовтің «Таңғажайып дүниесі», Ысқақовтың «Келмес күндер елесі», әрқайсысы кірпіштей-кірпіштей кітап болып қолымызға тиді. Осылардың ішіндегі Қабдеш Жұмаді ловтің «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық рома ны қалған екеуіне қарағанда тағдырлы шығарма сияқты көрінді бізге. Сондықтан, біз бүгін әдебиетші Жаңабек Шағатай екеуіміз қазақтың көрнекті жазушысы Қаб деш Жұмаділовты әңгімеге тартқан едік. Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш аға, «Таңғажайып дү ниенің» жарық көргеніне біраз уақыт болды. Бірақ бұл кі тап жөніндегі әңгіме әлі біткен жоқ. Оның үстіне сіздің ақпарат көздерінде жарияланып жатқан естеліктеріңіз де бұл әңгімені оқырманға ұмыттырмай жүр. Осы «Таңғажа йып дүниені» жазу идеясы сізге қалай келіп еді? Қабдеш Жұмаділов: – Менде өмірбаянымды кейін бір қағазға түсіремін ғой деген ой болатын. Бірақ, жуық ара да жаза қоямын деп ойламаған едім. Содан 1996 жылы 60 жасқа келдім. Алматыда тойланды, одан кейін Семей өңірінде тойланып, содан Үржарға, Мұқаншыға барып, тура шекараның түбінде үлкен мереке өтті. Шекараның
бойында Ақшоқы деген совхоз бар. Сол Ақшоқының бір
кезеңіне шықсаңыз, шекараның арғы жағы самаладай
анық көрініп тұр. Қасымда көп адам бар. Профессор Ше
риаздан Елеукенов, әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғалиев,
тағы да басқа белгілі адамдар. Ақшоқыға шығып, «Соң
ғы көште», «Тағдырда» жазылған жерлерді бергі беттен
нұсқап көрсетіп тұрмын. «Анау – Тарбағатай тауының бір
биігі саналатын Етікші шыңы, оның бергі жағында жат
қан мынау жер – Абдыра аңғары, ал мынау – Қараүңгір
аңғары, анау шығыста мұнартып тұрған – Орқашар сілім
дері» деп таныстырамын ғой, баяғы. Сол жерде отырып
көпшіліктің қолпаштауымен бір ой келді. Рымғали реті
келсе менімен қалжыңдасып ойнай береді. Жасы кіші
болғанменен, біздің елге күйеулігі бар, соны алға салады.
«Жұмаділов қу ғой, жерін көрсетпеу үшін бергі жағына
шекара сымын тартқызып қойған», – деді. Бұл талайлы
тағдырды бастан өткерген адамның жанына батады, әри
не. Қалжың өз алдына, сол сол сәтте маған бір ой келді:
«Қой, мен ғұмырнамалық шығарма жазуым керек екен.
Өмір деген мынау – шашылып жатыр. Балалық, жастық
шақ шекараның арғы жағында өтті. Енді қалған жарты
сы мына жақта өтіп жатыр. Жүрісім шимай-шытырық.
Ол жақтан бұл жаққа оқуға келіп, екі-үш жыл тұрып,
қайта кеттім. Ол жақта төрт-бес жыл сүргінде жүріп, қай
та оралдым. Кейін осының бәрін кім зерттейді? Менің
жүрген ізіммен кім жүреді? Тіпті сондай жанкешті біреу
табылғанның өзінде, мен бастан кешкен жайларды оған
кім айтып береді? Мен бастан кешкен сезімдерді кім әңгі
мелеп береді? «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» деп
Қасым айтпақшы, осыны өзім қағазға түсіріп кетуім ке
рек қой. Осы мерейтой өткен соң, жазуға отырамын» деп,
Ақшоқының кезеңінде берік байламға келдім. Шынын
айтсам, бұл шығарма осындай қажеттіліктен туды. Арғы
жақта көрген қуғын-сүргін, бергі жақта көрген жақсылық,
жамандық, жақсылардан көрген шарапат, жамандардан
көрген кесапатты қағаз бетіне түсіруім керек деп ойладым
да, сол 1996 жылы күзде үстелге отырдым.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Қарап отырсам, кітаптың
атының өзі қызық. Мемуарлық шығармадан гөрі көркем
шығарманың атына келеді. «Бальзактың өмірбаяны» деп
жатушы еді жұрттар, мысалы. Мазмұнына қарап отыр
сам да, «Ұшқан ұя», «Қыран қия», «Алматы аспанында»,
«Жайылған тор», «Қанат талды», «Түлеу», «Самғау»,
«Тоят немесе эпилог орнына» деп, бөліп-бөліп атапсыз.
«Әуезовтің «Абай жолындағы» тақырыптар сияқты де
генім ғой.
Қабдеш Жұмаділов: – Дұрыс айтасың. Мемуарға да
образ керек. Бір қыранның ұядан ұшқанынан – тоят алып,
жерге қонғанына дейінгі, яғни екі ортадағы адам образы
ғой. Бір журналист: «Осы Мұхтар Мағауин мемуар жа
зыпты. Сіз де жаздыңыз. Екеуінің айырмашылығы не?»
деп сұрақ қойды өткенде. Мен Мұхатрды жақсы көремін
және жоғары бағалаймын, оны білесіңдер. Айырмашылы
ғы – Мұхтар мемуардың атын «Мен» деп қойды, өзі ту
ралы жазды. Мен «Таңғажайып дүние» деп атадым. Мен
өзімді ғана емес, қоршаған дүние туралы жаздым. Көзімді
ашқаннан бері көрген нәрселерді жазамын. Төрт жасым
да есім кіріпті. Сол төрт жасымнан алпыс жасқа дейін
көрген-білгенімді осы кітапқа сығымдап сыйғыздым. Дү
ниенің өзі таңғажайып нәрсе ғой. Сондықтан атын солай
қойдым.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Әркімнің өзінің бір стихиясы
болады, оқырмандардың да. Ойлап жүретін, қызығып жү
ретін бір тақырыптары болады. Мысалы, менің өз басым
да Оспан батырға деген бір қызығушылық бар. Осы кісіге
қатысты бір жерден дерек шыға қалса, қызығып оқимын.
Кезінде Оспан батырға қатысты бір үлкен шығарманың
жариялануына себепкер де болдым. «Таңғажайып дү
ниені» қолға алған кезде, Оспан батырды іздедім де отыр
дым. Сол кезең, сол уақыт, ол заманның сабақтасқан жал
ғасы. Сөйтсем, Оспан батыр туралы сараңдау жазылған
екен. Неліктен?
Қабдеш Жұмаділов: – Мұның да дұрыс сұрақ. «Соң
ғы көш» бұдан бұрын жазылды. Соның алғашқы томында
Оспан кеңінен суреттеледі. Сол «Соңғы көште» Нартай
батыр деген кейіпкер бар. Ол кейін Оспан батырға барып
қосылады. Уақиға Алтайда болып жатыр, ал мен Шәуе
шектемін. Екеуі екі аймақ, екі облыс қой. Сондықтан мен
Оспанның оқиғасына Нартай арқылы терезе аштым. Нар
тай барып Оспанмен бірге соғысады, ақырында Оспан
құлдырауға ұшырайды. Мұны Оспанның өзі де сезіп, «сен
маған үлкен үлес қостың, Тарбағатайдан келіп ең, еліңе
қайт» деп қайтарып жібереді. Жалпы мемуарды жазған
да мынандай принцип ұстанған едім: көркем шығармада
орын бірлігі, уақыт бірлігі, оқиға бірлігі деген классика
лық принциптер сақталуы керек. Бірде Алтайға, бірде
Тарбағатайға ұшып-қонып, ауыса беруге болмайды. Ос
панды Нартай арқылы көрсетіп отырдым. Оспан туралы
алдыңғы жылы «Көкжал» деген повесть те жаздым. Ос
панның қолға түскен үш айдағы, яғни атылғанға дейінгі
кезі суреттелді.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Тағдырластық деген бар ғой.
Шығыс Түркістандағы зиялылар тегіс тағдырлас. Ерекше
оқиғалар бәріне ортақ. Қай жағында, қай шетінде болса да
бір-біріне тікелей әсер етпей қоймайды. Соның сүйектісі
деп, айырплан апатынан қазаға ұшыраған зиялылар тура
лы да білгім келген, бірдеңе іздегем. Оны да таппадым.
Қабдеш Жұмаділов: – Жалпы сол кісілердің өлімі әлі
күнге дейін жұмбақ қой. Апат қалай, кімнен болды деген
сұрақтың бүгінге дейін басы ашылған жоқ. Ал былайша
болжамдар, байламдар бар. Ал басы ашылмаған нәрселер
туралы жазу қиындау. Өзім фактілерге сүйенемін. Мына
ғұмырнамалық мемуарда факт бірінші орынға шығады.
Фантазия, жазушының қиялы шегінеді. Ол сол фактілерге
қызмет етеді. Оспанды неге кірістірмедің дегеніңе айта
рым, жалпы мемуарда оқиға автордың маңайына көгенде
лу керек қой. Өзі басынан кешпеген, өзі көрмеген нәрсені
автор мемуарға кіргізе алмайды. Мысалы, Қадыр Мырза
Әлидің «Иірім» дейтін шығармасы бар, ел қызығып оқи
ды. Оны біреулер мемуар деп жүр. Негізі ол мемуар емес,
өйткені, оның бәрі Қадырдың басынан өткен жоқ. Естіген,
білген, жазушалырдың ортасында болған жағдайлар, кей
де өсек-аяң да кірісіп кетеді ішіне... Бірақ, ол мемуар болу
үшін Қадырдың өзі араласуы керек. Менің ұстанған прин
ципім осы. Мына мемуарда мен араласпаған, маған қаты
сы жоқ оқиға жоқ. Сол үшін де ол мемуар деп аталады.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Жөн екен, аға. Осы жерде Жа
ңабек ініңізді әңгімеге араластырып алайық. Бұл ініңіз
өзі әр тараптан ізденіп жүретін қаламгер. Жаңабек, осы
мемуар қалай жазылады? Шетел әдебиетіндегі, қазақ
әдебиетіндегі қысқаша тарихын айтып өтсек, оқырманға
түсініктірек болады ғой.
Жаңабек Шағатай: – Мемуар қалай жазылу керек де
ген нәрсе әдебиетте бар. Қабдеш ағамыз айтып ортырған
сөздің жөні соған келеді. Бірақ мынандай бір мәселе бар,
басын ашып айтпасақ болмас тегінде. Мысалы, ағылшын,
француз әдебиенідегі мемуарлар біздегіден бөлектеу.
Өйткені, Қабдеш ағалар бірінші орынға мемлекеттілікті,
ұлт басындағы жағдайды, елді, жерді, тілді, өзіне жақын
нәрселерді қояды да, араласып жүрген оқиғалар арқылы
соны береді. Ал шетелдік мемуаршылар көбіне ондайға
бас ауыртпайды. Мемуар жанры өзі ХV-XVІІІ ғасырда
Францияда қатты дамыған. Біразы ХІV Людовиктің кезі
не сәйкес. Сол кезде сарайдың ішінде жүрген 260 адам,
оның ішінде корольдің туыстары да бар, бәрі мемуар жаз
ған. Олар корольдің маңындағы оқиғаларды, қалай болып
жатты, қандай киім киді, қандай тамақ жеді, жалпы осын
дай-осындай жағдайларды жазады. Негізінде мемаурды
алғаш тарихшылар жазған. Өздері қатысқан оқиғаларды
күнделікті хроника түрінде түсіріп отырған. Кейін бұның
француз әдебиетіне үлкен пайдасы тиді. Сарай қызмет
керлерінің жазғаны болсын, корольдің туысқандарының
жазғаны болсын, соларды пайдаланып, кейіннен фран
цуз қоғамының өмірін жазып берді. Сөйтіп, Францияның
әдебиетін қалыптастыруда мемуарлар үлкен рөл атқарды
десек болады. Әдебиетшілердің бәрі біледі, Александр
Дюма «Үш ноянды» жазу үшін соған дейін жазылған
мемуарларды тегіс қарап шыққан. Ал қазақ әдебиетінде
мемуарға қойылған талаптарға жауап беретін шығарма
– Сәбит Мұқановтың «Өмір мектебі». Алашордашылар
ды жамандады деген күннің өзінде, қазақ өмірінің өтпелі
кезеңдегі панорамалық бейнесін, болмысын, суретін са
лып берген осы «Өмір мектебі». Негізі әдебиет тарихын
да мемуарлық шығармалар ең алғаш қалай туған деген
сұраққа жауапты Юлий Цезардың жазбаларынан табады.
Оның өзінің галлдармен соғысы жайында жазғаны ме
муарлық шығармаларға жатқызылады. Одан кейін Визан
тия империясының кезінде Алексей Комниннің басынан
өткен жайттарды өзінің қарындасы және қызы да жазған:
«Византия империясындағы жазбаларда далалықтардың
өмірі» деген орыс тілінде қалың кітап бар. Империяның
тұтас өмірін көз алдыңнан өткізеді. Маңайындағы халық
пен байланысы қалай болды, тіпті қызын қалай ұзатты,
киімінің үлгілері қандай еді деген сияқты нәрселердің
бәрі бар.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Жылнама сияқты десеңізші.
Бізге жақындауы Андре Моруаның «Прометей, или Жизнь
Бальзака» деген кітабы ғой. Орысша осындай атаумен
шыққан екен.
Жаңабек Шағатай: – Андре Моруаның өзі мемуар деп
атап жазғанымен, әдебиетшілердің пікірі екіге жарылады
бұл жерде. Біреулері автобиографиялық роман деседі. Де
генмен Андре Моруа шыныменде Бальзактың тұстаста
рының мемуарлық дүниелерін өте көп пайдаланған. Жал
ғыз Бальзак туралы емес, бірталай француз жазушылары
туралы шығармалары бар. Андре Моруа 200-ден астам
кітап жазған. Соның басым бөлігі француз жазушылары
ның өміріне, француз әдебиетінің қалыптасуына, даму
жолдарына арналған. Былай қарасаңыз, әдеби процестер
ге ықпалы болмағанмен, тарихи кезеңдердегі шындықты
көз алдыға келтіру үшін мемуарлық шығармалардың ма
ңызы зор. Бірақ оған да қолайлы, қолайсыз уақыттар бар.
Мемуар жазбақ түгілі, жазушылар басымен қайғы болып
кеткен кездерді айтамын. Сталин нағыз зиялы дегендерді
қырып салды да, бірді-екілісі болмаса, мемуар жазатын
адам қалмады. Ал 1960 жылдардан бастап КПСС мемуар
лық шығармаларды жүйелі түрде қолға алды. Ұлы Отан
соғысына қатысқан батырлар, қолбасшылар, Жуковтың
мемуарларын алайық, мысалы. Ұлы Отан соғысы туралы
көптеген шындықты Жуковтың мемуары ашып берді.
Жүсіпбек Қорғасбек: Мемуар жазу үшін, жазушының
ішкі мәдениеті де үлкен қызмет атқарады ғой деп ойлай
мын. Мемуар жазуға кім қаншалықты құқылы деген мәсе
ле бар. Жазушы қаншалықты әділ деген мәселе алдында
тұрады. «Меннің» бәрі мемуар емес» дегендегі айтайық
дегеніміз де сол. «Таңғажайып дүние» мемуарлық шығар
ма ретінде көкейден шықты ма?
Жаңабек Шағатай: Қабдеш ағаның өзі де айтты ғой,
мемуарлық шығарма жазу үшін адамның дүниетанымы
кең болу керек және көргені көп болу керек деп. Ең басты
сы адамның тағдыры болу керек. Ал «Таңғажайып дүние»
адам тағдырына құрылған шығарма...
Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш аға, осы арада бір сөз
айтқым келіп отыр. Осы қазақтың жазушылары жазуды
білгенімен, мемуар жазуды білмей ме деп ойлаймын. Тіпті
көптеген естеліктерді оқып отырсаңыз, не айтып отыр,
неге айтып отыр деп таңқаласыз. Ұсақ-түйек нәрселердің
төңірегінде сөз болады. «Таңғажайып дүниені» оқыған
кезде бір байқағаным – автордың өзіне қойған талабының
күштілігі. Өзін мақтағысы келіп отырса да автор мақтай
алмайды. Сосын біреулер жөнінде пікір айтқанда абайлап
айтады. Себебі, өштігі бар ма деп ұғынып қалуы мүмкін.
«Өзім көрген нәрсені, айналамда болған оқиғаны, көзім
жеткен фактілерді жаздым» дегеніңіз, өмірбаяныңызды
соның аясына сыйдырып айтқаныңыз ұнады. Мен осы
шығармадан өзімді қатты қызықтырған Қажығұмар Шаб
данұлына қатысты көптеген қызықты деректер таптым.
Басқалардың барлығы аман құтылып кетіп жатқан кезде,
бұл кісі сіздің жазғаныңыздай «рекорд» жасап, 40 жылдай
неге түрмеде отырған? «Оның себебі неде?» деген сұрақ
қа жауапты осы жерде таптым. Қажығұмар Шабданұлы
мен де осы мемуарлық шығарма толығып тұрған сияқты.
Қабдеш Жұмаділов: – Осы жөнінде маған бір ой туып
отыр. Біздің қазақ әдебиетінде мемуар жанры онша да
мымаған. Сирек. Сәбит Мұқанов бастаған, Ғабиден ақса
қалдың «Көз көрген» деген кітабы бар. Мүсіреповтің өзі
де ештеңе жазған жоқ. Балалардың қалай сүндеттелгені
туралы күлкілі өмірбаяндық әңгімесі бар. Қалихан жазып
жүр екен деп жігіттер айтып жүр. Бұл неге сирек деп ой
лайсыз? Өмірбаянды арқау етіп жазу үшін өмірбаян бай
болу керек. Сосын ол ғибратты өмірбаян болу керек. Қазір
жұрттың бәрінің өмірбаяны стандарт – ұқсас. Ауылда туа
ды, мектепте оқиды. Қалаға оқуға келеді, университетте
оқиды, қызметке шығады, осы маңайда жүреді. Мұның
бәрі бірін-бірі қайталайтын нәрселер. Жұрттың бәрі ме
муарға бара бермейтіні содан. Бұл бірінші шарты. Екінші
ден, мемуар – деректі шығарма ғой. Фантазия, қиял, анау-
мынаудың бәрі екінші орынға ысырылады дағы, бірінші
орынға фактілер шығады. Сосын мемуар болғаннан кейін
нақты шындық жазылуы керек. «Анау бүйтіпті, мынау
сөйтіпті» деген болжалды нәрселер мемуарға кіре алмай
ды. Мен өзім солай деп ұғам. Ал Совет дәуірінде шын
дықты айту оңай болған жоқ. Тікелей жамандықты да,
жақсылықты да айтып, өзінің қарсыласын көрсетіп беру
қиын болды. Сәбит Мұқанов кімге арқа сүйеді? Совет
өкіметіне арқа сүйеді, партияға арқа сүйеді. Ол кезде Сә
беңе сөгіс жоқ. Совет өкіметі құлайды-ау, өзгереді-ау де
ген күмән жоқ. Алатау орнынан қозғалса қозғалар, бірақ
Совте өкіметі мен Коммунистік партия орнынан қозғала
ды деп ешкім ойлаған жоқ. Соның ішінде әсіресе Сәбең.
Сәбеңнің батыл болатын себебі, советтік саясатқа сүйей
отырып, көп нәрсені жазды. Бірақ, Сәбеңнің ескермеген
бір нәрсесі бар екен. Кейінгі ұрпақ қалай ұғатынын, «мына
дүние осы бетімен тұра ма, тұрмай ма» дегенді ескерме
ген. Бір жерде айтқаным бар еді, кейінгі кездері өзімнен
өзім цитат алатын болып жүрмін: «Сен қорықсаң басқа
дан қорықпа, қағазға түскен өз сөзіңнен қорық» деген.
Сол алдыңнан шығады екен ғой. Сәбең бір кезде мақта
нып айтқан фактілер, Сәбеңнің өзіне мін болып тағылды,
міне. Сәбең «Өмір мектебінде»: «Ахмет Байтұрсыновтың
1923 жылы Орынборда 50 жылдық мерейтойы өтіп жат
қанда, біз шіріген картоп лақтырып, жұмыртқа лақтырып
өткізбей тастадық», – дейді. Мағжанға да қатысты солай
айтады. Сосын Алаш қайраткерлерімен қалай алысқанын,
оларды қалай жеңгенін айтады. Әрине, Сәбит Мұқанов
жеңеді. Өйткені, артында Совет өкіметі тіреп тұр. Совет
өкіметіне дәл Сәбиттей еңбек сіңірген жазушы жоқ. «Мен
сенің өгізіңмін өрге жегер» дейтіні содан. Совет өкіметіне
шын сенген адам. Сәбең 70-ке келгенде мен жиналысқа
қатысып отырдым. Президиумның указын Имашов оқы
ды. Сонда немен наградталатынын сол сәтте жазушының
өзі білмейді. «Совет өкіметіне сіңірген еңбегі үшін, бәлен
үшін, түген үшін наградталады» деген кезде Сәбеңнің
өзі де еңсесін көтеріп тыңдап қалды. «Ленин орденімен
наградталады» деген кезде қайтадан шөгіп кетті. Міне,
Сәбеңнің өмірін қысқартып жіберген сәт осы еді. Сәбең
60 жасында да Ленин орденін алған, жаңалық емес. 70-ке
келіп отырғанда неге «Еңбек ері» атағын бермеске? То
йында әр республикадан келген бірнеше «герой» отыр.
Ол үшін әркімдерді біреулер кінәлі ғып қояды. «Әйтіпті,
бүйтіпті» дейді. Сөйтіп, Совет өкіметі Сәбеңнің еңбегін
жеп кетті.
Мемуардың аз болатын себебі: біріншіден, шындықты
айту керек. Оны айту екінің бірінің қолынан келмейді.
Екіншіден, өмірбаян бай әрі ғибратты болу керек.
Жаңа Қажығұмар туралы айтып қалдың. Мен Қажы
ғаұмармен он күн ғана бірге болғанмын. Ол кезде гим
назияда 10 кластың оқушысымын. Ол кісі Шәуешекке
келді. Жасы отыздарда. Танылған жазушы, бірнеше по
весі, әңгімесі, дастандары шыққан. Және «Шұғыла» жур
налының бас редакторы. Сонда біз шұрқырасып, таныса
кеттік. Сондағы әдебиеттің кереметін қара. Менің біраз
өлеңдерім, бірер әңгімем жарияланған кез. Сонда мені
біліп тұр. «Сені кексе біреу ме десем, мұртың да тебенде
меген бала екенсің ғой», – деп таңғалды. Мен он күндей
қасына еріп жүрдім. «Сен менімен бірге бол» деп жібер
мейді. Оқу басталайын деп қалған, ауылға қайтуым керек.
Сөйтіп, Қажекеңмен қоштасып, ауылға кеттім. Бастан-аяқ
көргенім осы. Ал кейін 1958 жылы бізді Алматыдан алып
барып, басымызға бұлт үйірілген кезде, ол кісіге жолығу
қиын болды. «Ұлтшыл», «оңшыл» деген неше түрлі «қал
пақты» бастарына киіп, қатал күзет астында отыр екен.
Тарымға айдалар алдында. Маңайына жолай алмасақ та,
сол кісілердің зардабы бізге де тиді. «Сіздер Қазақстанға
оқуға бара жатқанда ұлтшылдар қандай тапсырма берді?
Жағда Бабалық қандай тапсырма берді? Қажығұмар Шаб
данұлы қандай тапсырма берді?» – деп тергеді. Сөйтсек
қазақ ұлтшылдарының екі көсемі бар екен. Әкімшілік
жағынан Жағда Бабалық, рухани, әдеби, мәдени жағынан
Қажығұмар Шабданұлы. Сонымен, сол кісілердің ізба
сар шәкірті болып шықтық, қысқасы. Өз басым ол кісіге
қатты еліктегенмін, өзімнің ұстазым деп есептеймін. 20
жыл Тарымда айдауда болды, қайтып келгеннен кейін 15
жылға тағы сотталды. Арасында 2-3 жылдан сотталғаны
бар. Жалпы есептегенде 40 жылдың үстіне шығады. Кейін
түрмеден шыққан соң хат жазысып тұрдық. Алты томнан
тұратын «Қылмыс» романына алғысөз жаздым, баспадан
шығардым. Арабшадан кириллицаға көшірдік, жалпы ре
дакциясын қарадық дегендей... Өстіп, Қажекеңнің қары
зынан құтылдым ғой деп ойлаймын. Екі рет Президентке
хат жазды. «Жасым сексеннен асып кетті. Елге жетсем-ай!
Маған сол жақтан топырақ бұйырса... 10 томның үстінде
дүнием бар. Бәрін қаттап, көшіріп қойдым. Соны ұрпақ
тарға жеткізсем деп ем» деп, армандаған күйі Шәуешекте
қайтыс болды. Елге әкеле алмадық.
Жүсіпбек Қорғасбек: –Сіздің кітаптан үзінді оқып
бергім келіп отыр. Осы кітапта біздің өткен ғасырда екі
ұлы жазушымыз – біреуі Мұхтар Әуезов, біреуі Қажығұ
мар Шабданұлы. Осы екі жазушымыз туралы толыққанды
деп айтуға болатын пікірлер бар екен. Образдары толық
ашылған сияқты. Қанша деректі, қанша мемуарлы шығар
ма десек те... Мысал үшін, Алматыға арғы беттен келіп,
оқып жүрген кездеріңізде Мұхтар Әуезовтің лекцияларын
қалай тыңдағаныңыз, оның айналасы, болмыс-бітімі, сөз
ге шешендігі, адамдармен қарым-қатынасы, тіптен өмірлік
ұстанған саясаты жақсы көрінген екен. Қарап отырып екі
жазушының өміріненде сабақ алуға болады, ғибрат деп
айтып қалдыңыз ғой, ғибрат алуға болады. Мұхтар Әуе
зовтің болмысын суреттегеніңізге дейін оқып шықтым.
Өте шебер берілген екен. Сосын сіздің әрбір келіп-кет
кен кезіңіздегі Мұхтар Әуезовтің ұлт жөніндегі, кейінгі
ұрпақ жөніндегі алаңдайтын ойлары ашық айта салмаса
да, осы жерде тиянақталып жақсы беріліпті. Келелі сұрақ
тарға жауап бар. Біздің ардақтыларымыз, арыстарымыз
дың барлығы атылып, айдалып кетіп жатқанда Мұхтар
Әуезов өзін қалай сақтап қалды? Мұхтар Әуезов өзін-өзі
данышпандықпен, көрегендікпен сақтап қалып отыр. Өзі
үшін емес, әрине. Қазақтың бойына сіңірген ғұрпын, ру
хын кейінгіге жеткізу үшін сақтап қалды дегенді айтқан
екенсіз.
Қабдеш Жұмаділов: – Жалпы Ахмет Байтұрсынов Мұ
хаңа хат жазған дейді. «Ең жасымыз сен едің. Сен аман
қал, керексің. Біз енді кеттік, бұрыла алмаймыз», – деп.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Әуезовтің өзін-өзі сақ
тап қалу арқылы біздің ұлтымызға қандай жақсылық жа
сағаны, ғибратты дүние қалдырғаны туралы пәлсапалық
ой айтылған екен. Кітапты оқымаған оқырмандар үшін,
«кітаптың ішінде не бар?» деген сұраққа айтайын, жазу
шының басындағы кемшіліктер де айтылады. Жазушы
ның өмірінің соңына таман «Абай жолы» талай талданып,
талқыланып, көптеген сүргіннен аман өтіп, ақырында то
лықтай жақсы бағасын алып, мерейге қол жеткізген кез
екен. Мұхаметжан Қаратаев деген сыншымыз (20 жыл
айдаудан оралып, келгеніне көп бола қоймаған) «Абай
жолы» туралы баяндама жасайды. Баяндамада «Абай жо
лын» Шолоховтың «Тынық Донымен», басқа да кітаптар
мен салыстырады. «Шолоховтың «Тынық Донына», Толс
тойдың «Соғыс және бейбітшілігіне» қарағанда, «Абай
жолы» бізге жақындау деген әңгіме айтады. Салыстыра
ды. Мұхаңды «Суда жүзген алабұға сияқты» дейді. «Ой
бай, шортан деп айт» дейді біреулер...
Қабдеш Жұмаділов: – «Жайын деп айтпайсың ба?»
деп залдан біреу айғайлады.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Қабдеш ағамыз мемуарда сол
кездегі әдеби ортаны жақсы берген екен. Анандай қыста
лаңнан шыққаннан кейін адамдар бірін-бірі көтермелеп
жүретін кез ғой. Серік Қирабаев, Мұхаметжан Қаратаев,
Зейнолла Қабдолов, Темірғали Нұртазин... Артық мақ
таудың кейде зияны да бар. Зейнолла Қабдолов: «Абай
жолы» эпопеясы бір кітаптан ғана кейін тұр», – дегенді
айтып қалған екен. Содан бәрі шошып қалады. Зейнолла
Қабдолов пауза ұстап тұр. Автордың өзі де қыпылықтап:
«Сол озық шығарманы осы жерде айтпай-ақ қойса қай
теді?» – деп ойлайды. Мұхтар Әуезовтің өзі де жаратпай
қарап: «Мынау қай кітапты айтқалы тұр?» дегендей қа
лыпта отырған кезде, Зейнолла Қабдолов не айтқан дейсіз
ғой: «Ол – «Абай жолы» эпопеясынан кейін жазылатын
Советтік дәуірдің эпопеясы, Мұхаң енді жазатын кітап»
дейді. Осыны айтқаннан кейін ғана бәрі арқаларын кеңге
салады. Мұхтар Әуезовтің өзі де сол жиында: «Мен үлкен
эпопея жазамын. Жолдастар, сіздерге уәде беремін», – деп
айтып қалады. Мұхаңның сол тұзаққа қалай түсіп қалға
нын осы жерде жақсы жазыпсыз. Жасы алпыстан асқан
кезде Оңтүстік Қазақстанды күннің ыстығында аралап
жүріп, әрең дегенде «Өскен өркенді» жазады. Сонда мен
өзімнің жүрегіме ауырлау тиген сөз оқыдым...
Қабдеш Жұмаділов: – Мемуардан ба?
Жүсіпбек Қорғасбек: – Иә. «Сол адасудан біздің Мұ
хаңды өлім құтқарды» деген сөз жүр. Шынында жазушы
ның шыққан биігінен түспеу туралы әңгіме ғой.
Қабдеш Жұмаділов: – Осы жерде мен бірнәрсе айта
йын. Мұхаң – менің ұстазым, пірім. Роман дегеннің не
екенін Мұхаңнан білдім... Сондағы қолпаштауды айта
мын да. Журналистер оны іліп әкетті. Енді Мұхаңа шегі
нетін жол жоқ. Амалсыз Оңтүстікке барды. «Ақыры өзінің
Отанына оралды» дегендер де болды. Ал енді өзінің қиын
шырғалаңға шалдыққанын Мұхаң кеш білді. Совет өкі
меті үлкен жазушыларды жаңа дүние жазуға қайрап отыр
ды ғой. Леоновты да, Шолоховты да, басқаларын да да
съезд сайын төрге отырғызып, қайрап отырды. Олар жа
зарын жазды да, тапжылмай отырып алды. Себебі, Совет
өкіметінен қандай эпопея туатынын олар біліп отыр. Ал
Мұхаң, «құлды бәрекелді» өлтіреді деп, мақтауға түсіп
қалды. «Абай жолы» мен «Өскен өркенді» салыстыраты
ным бар. Бұрынғы кейіпкері – ұлы хәкім Абай, енді келіп
партком секратары Карпов туралы жазбақ. Екеуінің арасы
қандай? Автор қалай төмендеді деген нәрсе бар. Жазушы
лардың кейде өз-өзіне қол жұмсайтыны жайдан-жай емес.
Мұхаң өзіне қол жұмсамағанмен, операция үстеліне тәуе
кел деп қойып кетуі әртүрлі ойларға жетелейді. «Не болса,
о болсын» дегендік пе екен деп болжаймын.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Әуезов өзін қалай сақ
тап қалды? Қажығұмар Шабданұлы өзін қалай сақтай ал
май қалды? Біржағы, Құдай сақтап, Қажығұмар ағамызды
атып тастаған жоқ. Түрмеде отырса да, шылымның қора
бына жазса да, әйтеуір қидалап болса да шығармаларын
жазып үлгерді. Дегенмен осы жерде бір өкінішті нәрсе
айтылады. Мысалға мемуардан бір үзінді оқиын: «Қазір
бізде ұйғырлардың арасы қатты шиеленісіп тұр. Оларға
қарағанда қазақтардың жағдайы шүкіршілік» деді Мақа
тан сөз соңында». «Қажығұмар ше? Сол кісінің басына
бұлт үйіріліп тұр деседі ғой». «Иә, Қажекең Боғда тауы
тәрізді бар бұлтты өз басына үйіріп алды да, басқамыз сол
кісінің арқасында боран-шашыннан аман қалдық» деп
Мақатан ақсия күліп қойды». «Қажығұмар не бүлдіріп еді
соншама?». Бұл автордың қойып отырған сұрақтары ғой.
«Былтырғы сайрау кезінде жұрт айтқан сөзді ол да айтқан.
Бірақ, Қажекең «бір қателік өтіпті, мойындаймын» дей
салмай, ауқымға қарсы шабам деп, өз ісін тым ушықты
рып алды», – деп келеді. Содан ары қарай: «Ал Ахмет пен
Рахметолла ағаларымыз қалай?» дегенде, «Ол ағалары
мыз әзірше аман жүр. Алайда бұл екеуі де Қажығұмарға
қарыздар. Қажекең жұрт назарын өзіне аударып әкетті де,
басқалары қағаберіс қала берді. «Еркек тоқты құрбандық»
дегенді біздің қазақ осындайда айтқан болар» деген жауап
айтылды... Осы жерде Жаңабекке сұрақ қойғым келіп
отыр. Қажығұмар Шабданұлының «Қылмыс» романы да
ғұмырбаяндық романға жатады. Мемуарлық дүние деуге
де келіңкірейді. Осыған не дейсіз?
Жаңабек Шағатай: – Оны мемуарлық шығарма деп
кесіп айту қиындау. Өйткені, ол жерде авторлық көзқарас
басым.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Көркемдік тәсілді шебер қол
дана отырып, дәуірдің шындығын береді ғой.
Жаңабек Шағатай: – Жалпы ол шығарманың қазақ
әдебиетінде жанрын анықтадық па? Әлі зерттей де қойған
жоқпыз. Алты томдық былтыр ғана таратылды. Көп оқыр
манның қолына тие де қойған жоқ. 2000 тиражбен шықты,
ол 10 миллион қазаққа түк те болмайды. Жақын арада осы
романды топтап шығарып жіберсек, жақсы болар еді. Сұ
рап жүргендер де, іздеп жүргендер де бар. Газет-журнал
дар үзінді бергенімен, жалпы романды тұтас бере алмай
ды ғой. Өзіміздегі әдебиет сыншылары Қажығұмардың
шығармашылығын зерттей қойған жоқ. Қабдеш ағалар
қанша айтып жүргенімен, жалпы баспасөз беттерінде ол
жөнінде салиқалы әңгіме болған емес. Қажығұмардың
шығармашылығы туралы ғылыми конференция да өткен
жоқ, байқағаным. Жазушылар Одағында тұсаукесері бол
ды, бітті.
Қателеспесем, Қабдеш ағаның мына кітабы 1999 жылы
шықты. Одан бері он бес жыл өтті. «Мемуарлық шығар
ма жоқ» дегеннің дәлелі – осы он бес жыл. Арада шығып
жатыр, әрине. Бірақ, оның бәрі талдауға тұрмайды. Соны
да ескеру керек. Негізі оқырмандардың мемуарлық шы
ғармаға сұранысы көп. Мысалы, Қоневтың өмірбаяндық
кітабын қалай талап алды. Мемуарлық шығарма жоққа
тән екенін байқайсың осыдан.
Қабдеш Жұмаділов: – «Әдеби айналысқа түспей отыр»
дегендерің дұрыс. «Қылмыс» романын ең көп оқыған
адаммын. Төте жазудан криллицаға аударып бір оқыдым,
компьютерден шығарып екі оқыдым, баспадан шыққанда
корректор болып, тағы мен оқыдым. «Шыңжаң әдебиеті
белгілі ғой, төмен. Баяғы 1930 жылдардағы кезеңінде
жүр» деген үстірт пікір айтып жүр кейбір жігіттер. Ол
қате. Оған дәлел – осы Қажығұмар. Шындықтың көкесі
сонда, қаны тамып тұр. Оны ғажап шеберлікпен кестеле
ген. Көркемдік тұрғыдан бағаланбай жатыр әлі.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Иә, бұл – көркемдік қуаты өте
жоғары дәуірлік шығарма.
Қабдеш Жұмаділов: – Жазушының жеке өзіне де бай
ланысты ғой көп нәрсе. Мысалы, Әуезовтің кезіндегілер
Әуезовше жаза алған жоқ қой. Енді осы жерде Қажекең
жақсы форма тапқан. Біз кейде Шығыс әдебиетін мүлдем
жиып тастаймыз. Еуропа әдебиетіне ұқсаса, керемет екен
дейміз, шығыста ондай үлкен үлгі жоқ секілді, құдды.
Қажекеңдікі – қарапайым үлгі. «Мың бір түннің» үлгісін
алған. Тергеушіге беретін жауабы ретінде өтеді бәрі.
Абақтыда ұзақ жатқан, ұзақ тергелген адам ғой. «Мың
бір түнде» Шаһризаданың ханға күнде бір ертегі айтқа
ны секілді, «ал, құдіретті тергеушім, өтірік айтсам тас
төбемнен ұрыңыз» деп қояды да, жалғастыра береді. Ес
білгенінен бастайды. 1925 жылдары туған. 1932 жылы 7
жастағы бала, аштыққа ұшырайды. Өзі әжептәуір бай ша
ңырақтан шыққан. Бірақ тәркілеуге ұшыраған, сыпырып
әкеткен. Ақыры аштан өлетін болғасын, Барқытбелдің
күнгейімен Шәуешекке өтіп кеткен. Шешесі жетектеп
өтіпті. Сонда: «Бір зираттың түбінде тығылып отырмыз.
Екі солдат келіп, зиратта аяғын салбыратып қойып, те
мекі тартып отыр. Шешем менің аузымды басып алған»,
– дейді. Бала жөтеліп қоя ма, түшкіріп қоя ма дегені ғой.
Сосын жаңағы екеуі 15 минуттан кейін кетіп қалады. Бұ
лар таяу жерде тұрған шекарадан өтіп кетуі керек... 1932
жылдары босқындардың жағдайы қандай болды? Бұл
тақырыпты бірінші рет Қажығұмар көтеріп отыр. Біреу
лер: «Байлар малдарын айдап, ана жаққа барып, қарқ ете
түскен шығар», – дейді. Қайдағы қарқ ете түскен? 1932
жылы малдың түгі қалмаған. Арғы бетте де аш халық лы
қылдап толып кеткен. Сонда Шәуешектегі қайырымды
адамдар қазан-қазан ас пісіріп, аштарға көмектескен екен.
Көп қазақтың аман қалуына солар себепкер болған. Де
мек, «Қылмыс» – дәуірлік шығарма. Эпопея. Бір адамның тағдыры алты томға жетпейді ғой. Жазушы бүкіл қоғамды көрсетіп отыр. Жүсіпбек Қорғасбек: – Әрине, көркем шығарма ғой. Дегенменде мемуарлық сипаттары бар. Өз басынан кеш кендері. Мұны айтып отырған себебім, бізде, өз өмірінен шығарма жазатындар жетіп артылады. Бірақ, нені жазу керек? Қалай жазу керек? Осы сұрақтың басын аша ал майды. Көбінесе махаббаттың машақаты, арзан-құрзан әңгіменің төңірегінде қалып қояды. Ал «Таңғажайып дүниенің» бір ерекшелігі – ұлттың басындағы тарихқа керекті, келешегіне керекті нәрсені батыл айта алуында. Ұлттың аман қалу жолындағы күресін көрсетуінде. Осы жағынан, кітап өзінің мақсатын толық жеткен деп білеміз. ІІ Жүсіпбек Қорғасбек: – Сұхбатымыздың жалғасын «Таңғажайып дүниеге» келтірілген эпиграфтан баста ғым келіп отыр. Томас Манн деген атақты жазушының пікірін алыпсыз. «Ақын-жазушы кім десеңіз, ол – бүкіл өмірі символға айналған адам. Егер мен өзім жайында айта бастасам, оның замана туралы, жалпы адамзат тура лы хикаят болып шығарына сенемін. Бұған сенбесем қо лыма қалам алмаған болар едім». Автор осы эпиргафты келтіре отырып, өзіне серт берген тәрізді. Ол – қаламның серті. «Мен осы жерде ұлттың дертін айтамын. Елдің тағдырын айтамын. Жеке басқа көп бармаймын. Не айт сам да, ұлттың тағдырына қатыстырып айтамын» деген принципті ұстанғанын байқатқан. Жаңабек, мемуарлық дүниені әңгімелегенде Сәбит Мұқановтың «Өмір мек тебін» айттық, Қадыр Мырза Әлидің «Иірімін» айттық, Мұхтар Мағауиннің «Менін» келтірдік. Мұндай шығар ма Зейнолла Серікқалиев ағамыздың да қаламынан туып қалған. Рамазан Тоқтаров та шет-жағасын бастап кетті. Кейбір жазушыларымыздың күнделігі мемуар сияқтанып жарық көріп жүр. Герольд Бельгер естеліктерін екшеп-ек шеп, мемуарлық сипатта жазып жүр. Қалихан Ысқақтың мемуарлық шығармасы әдеби журналда басылып болды, енді кітап болып шығып жатыр. Бірақ, жұрттың арасын
да неше түрлі алып-қашпа әңгіме көбейіп кетті. Ұнатқан,
ұнатпаған пікірлер айтылып қалып жатыр. Осындай ме
муарларда айтылып қала беретін оқшау пікірлер туралы
не айтасың, Жаңабек?
Жаңабек Шағатай: – Мемуарлық шығармалардың
классикалық үлгілерін жаңа айтып өттік. Француз әде
биетін тағы да айналып өте алмаймыз. Мысалы, герцог
Сен-Симон мемуарлық шығармаларды өте көп жазған.
Негізі өзінің дұшпандарынан өш алу үшін жазған. Өзі
жеккөрген адамдарды масқаралаған. Ал біздің қазақ әде
биетінде кезінде тісі батпаған кісілерден кейінірек өш алу
қалыптасып бара жатыр. Ол неге олай болды, ол түйіткіл
кезінде неге шешілмеді, ол жағы бізге беймәлім. Кейіп
керлердің жаман аты тарихта қалсын дей ме, әйтеуір кек
алудың қаруы ретіндей пайдаланып жүргені шындық.
Шағын естеліктердің өзінде де іліп қалу, шалып қалу
қалыптасып бара жатыр. Мұның арғы жағынан тағы бір
мәселенің ұшы шығады. Қазір қазақ әдебиетіндегі сынды
қабылдамайтын болдық. Сын айтқан адамды дұшпан, жау
көреміз. Үлкен жазушалырды айтпай-ақ қояын, бұл жас
тар арасында байқалып жүр.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Рас, бұл жағы жастардың ара
сында өркениетті деңгейге көтерілудің орнына, жабайы
үрдіске айналып барады.
Жаңабек Шағатай: – Оны Дулат Исабековтің өзі де
осыдан 3-4 жыл бұрын айтып қалды. «Ойпырым-ай, қазір
жастарға сын айтсаң, сені ата дұшпан көреді екен. Жағаң
нан алып, жармасуға дайын тұрады», – деді. Қазір интер
нетте: «Осы алжыған шалдар өлмей, жақсылық жоқ», –
деген әңгімелер жүр. «Барып быт-шытын шығарар едім»,
– дейді әуелі. Олар жоқ кезде де ешкім ешкімнің быт-шы
тын шығармай-ақ өмір сүрген. Сәл ғана сынның өзіне күш
көрсетеді. Бұл жаман дағды болып тұр. Егер осы жолмен
жүре беретін болса, сын айтылмайды да. Сын айтқан
адамның жағасына жармасып, жер-жебіріне жетіп бала
ғаттайды және өзінің кемшілігіне нақты жауап бермейді.
«Беттен алып, төске шауып тұрған» жастар қалыптасып
келеді.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы Қадыр Мырза Әлидің
«Иіріміне» байланысты түрлі пікір бар. Бәрі бір-біріне қа
рама-қарсы. Осыған пікіріңді айтшы.
Жаңабек Шағатай: – Шындығын айтсам, Қадыр аға
ның «Иірімі» қазақ әдебиетіне өте керек. Біз бір-бімізді
мақтап, астымызға көпшік қойып, өмір бақи тек мара
патпен өмір сүре алмаймыз. Біз шындықты айтып және
айтылған сынды қабылдап үйренуіміз керек. Сол мәселе
бізде жетпей жатыр. Ал сондай мәселелер мемуарларда
айтылғалы бері, әңгіме тіпті көбейіп тұр.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Мұхтар Мағауиннің «Мені»
ауызға көп ілікті. Тап осы кітап жөнінде айтылған пікірді
алатын болсақ, неше том кітап шығуы мүмкін. Осы
«Менді» мемуарлық шығармаға жатқыза аласың ба?
Жаңабек Шағатай: – Мемуарлық шығармаға жатқы
зуға болады. Мұхтар ағаға бәріміздің құрметіміз шексіз.
Осы жерде ешкімге айтпай жүрген құпияларды айтсам да
болады. Біз ҚазҰУ-де журфакта оқып жүргенде, Мұхтар
Мағауин ҚазПИ-де сабақ беретін. ҚазҰУ-дегі сабақтан
қашып, ҚазПИ-дегі Мұхтар Мағауиннің лекциясына ба
ратынбыз. 2-3 ай қатысып жүрдік. Ол кісінің сабақтағы
дауыс мәнері, түсіндіруі ғажап дүние. Білім алғанның өзі
керемет. Ол ксінің «Мені» қоғамда екі түрлі пікір туды
рып отыр. Шығарма өте талантты жазылғаны ақиқат. Өш
тескендей, кектескендей зілді жақтары да бар.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Ол енді Кеңестің кер зама
нына деген де зіл шығар. Ал мына «Таңғажайып дүние
де» жағдай басқа. Бұл кісілер Алматыда оқып, Қытайға
қайтадан барған кезде, «Сандуғашша сайра» деген за
ман басталады ғой. Бірін-бірі әшкерелеп, бірін-бірі жа
мандап, бір параққа жазады-дағы, қабырғаға жапсырып
кете береді. Адам өзі барып оқып, соған тездетіп жауап
дайындауы керек. Астына түрлі бүкеншік аттар жазып
қояды. Бір-бірімен салыстырайын деп отырған жоқпын.
Мағауиннің «Менінде» кейбір адамдардың аты аталады.
Кейде аталмай, бейнелеп береді. Мұхтар ағамыз атақтан
кенде емес қой. Жазғандарының бәрі классикалық дүние
ге айналып кеткен шығармалар. Жазушының атын «Мен»
емес, «Менді» жазушының аты сүйреп тұр мұнда. Оны
жасырып қайтеміз? Бар нәрсе ғой. «Бұл кісілер не айтып
отыр?» деген әңгіме туып қалмасын. Бір нәрсе айтайын.
Жаңабектің айтқанына қосылғым келіп отыр. Мағауиннің
бүкіл шығармасы ұнағанымен, осы «Мені» маған аса
ұнай қойған жоқ. Кеше Мао Цзэдунның мерейтойы ата
лып өтті Қытайда. Қытайда «Мао Цзэдун қандай адам?»
деген сауалнама жүргізіліпті. Сол сауалнаманың негізінде
мынандай қорытынды шығарыпты: «Келтірген зиянынан
гөрі, тигізген пайдасы зор адам» деген. Осы тұрғыдан кел
ген кезде, «Мен» романының зияны тиіп кететін жері бар.
Алауыздыққа бастап кететін жері де бар. Ал тұтастай ал
ғанда, ол керек. Сондықтан біржақты болса да осындай
жайттардың да айтылғаны дұрыс қой деп ойлаймын. Се
бебі, оның бәрі айтылмаса, бұл заман туралы толыққанды
пікір болмайды.
Қабдеш Жұмаділов: Осы жерде бір пікір қосайын.
«Мемуарды кім көрінген жаза алмайды, жазса ұқсата
алмайды» дедік. «Жазушының өмірбаяны бай, ғибратты
болу керек» дедік. Сосын шындықтан жалтармау, шын
дықты батыл жазу керек. Бұл басты шарты. Осы үшін
көптеген жазушылар мемуар жаза алған жоқ. Өйткені, ме
муар жәй сөзге емес, фактіге құрылады.
Жүсіпбек Қорғасбек: – «Таңғажайып дүниенің» шыр
қау шегі бар. Ол автордың еліне қайтып барғаннан кейін
оқуға жіберілмей қалып, басына қатер төніп, бір жылдай
шойын қорытуға, қара жұмысқа барып, көмір қазып, ең
соңында абақтыға қамалып қала жаздап, басына күн туған
кезде шекарадан қашып өткені. Онда да өзі ғана қашып
өтпей, айналасын қалай ұйымдастырғаны, көш бастап
келгені. Міне, бұған қарасаңыз жазушының жеке ба
сындағы әңгіме айтылып отырған жоқ, ұлттың тағдыры,
елдің басынан өткерген кезеңдері жайлы айтылып отыр.
Мұхтар ағамыздың «Менінің» кем түсіп тұрған жері осы
жер. Бұл жерде қабат-қабат оқиғалар жоқ, шырғалаң жоқ.
Ұлттың басындағы талайлы тағдыр жоқ. Әрине, Кеңес за
манындағы жағымпаздық, адамдардың бойындағы қалып
алып кеткен келеңсіз көріністер жақсы көрсетілген. Тұта
сымен алғанда «Мен» романын қолдауға тұратын шығар
ма дейміз. Онда сыналатындар көп. Соған бола ата жау
болып кету деген нәрсені біз ойдан шығарып тастауымыз
керек сияқты.
Қабдеш Жұмаділов: – Жазушы мемуар жазу үшін ал
дымен шарттарын алдына жазып қоюы керек. Шындық,
ғибраттылық, турашылдық жайында жоғарыда айттық
қой. Тағы бір шарты – әділдік. Қалам өзімдікі екен деп,
өзіңді көтермелеу – серттің бұзылғаны. Өтірік айту, біреу
ге жала жабу талантқа жатпайды. Қалихан досым мемуар
жазыпты. Әлі өзім көрген жоқпын. «Сіздердің тұстары
ңызда қандай жанқиярлық болған. Қалихан Мемлекеттік
сыйлықты алайын деп тұрып, сізге жол беру үшін комис
сиядан өзінің кітабын қайтарып алыпты. Міне, үлгі бо
латын нәрсе», – деп бір жас жігіт тамсанып отыр. «Оны
қайдан оқыдың?» – десем: «Жұлдыз» журналының пәлен
байыншы нөмірінен» – дейді. Үйге «Жұлдыз» келуші еді,
тауып алып оқысам, шын мәнісінде солай. Қалекең сілтеп
отырып: «Біздің пайдамыз Жұмаділовке көп тиді. Мәсе
лен, менің «Ақсу – жер жаннаты» деген романым 1990
жылы бәйгені алып тұрған жерінде Қабдешке жол беру
үшін комиссиядан қайтарып алдым», – депті. Мен мұны
миыма сыйдыра алмай, едәуір мәңгіріп қалдым. Мен тірі
отырмын, сонда қалай? Тірі адам туралы қалай өтірік ай
туға болады. Иә, 1990 жылы сыйлыққа бірнешеуіміз қа
тар ұсынылдық. Менің «Тағдырым», оның «Ақсу – жер
жаннаты» ұсынылды. Сосын екеуіміз кітаптарымызды
көтеріп, үкімет үйіне бірге бардық. Жазушалыр одағының
протоколдары бар, мәжілістің хаттамасы бар, кітабымыз
дың үш данасы бар... Комиссиясының арнайы бөлмелері
бар екен, хатшы қыздар отыр, кеңсенің бөлім бастығы
отыр, қабылдап алатын. Екеуіміздің апарған құжаттары
мызды тексерді де, менікін қабылдап алды. «Тағдыр» ро
маны 1988 жылы шыққан. 1990 жылға дәл келіп тұр екен.
Қалихандікін олай-былай қарады да: «Қалеке, кешірерсіз,
сіздің кітаптың жылы келгенімен, айы келмейді екен», –
деді. Ол кездегі тәртіп солай. Белгілі бір айлардың ішін
де шығу керек. «Сіз келер жолы қосылуыңызға болады.
Бұл жолы қосыла алмайсыз», – деп кітабын қайтарды.
Екеуіміз бірге қайттық. Бұл көктем кезі. Күзде, қазан
айының бесінде қаулы шықты ғой. Әлі есімде, ұмытқам
жоқ. Сол жылы «Тағдыр» романына мемлекеттік сыйлық
берілді. Әдебиет пен өнерге тиесілі бес орынның төртеуі
бос қалып, маған, «Тағдырға» ғана берілді. Өзім сол жылы
ұсынылған екі адамның өтпей қалғанына өкініп едім. Бі
реуі – Сағи Жиенбаев, екіншісі – Сейдахмет Бердіқұлов.
«Осы үшеуіміз қатар алсақ болмас па еді?» – деп өкінгем.
Сөйтіп, «Тағдыр» романы ешкімнің көмегінсіз жеке өт
кен. Ал Қалихан өзін жоғары көтеру ме, әлде өзін адам
шылықтың шыңында көрсетпек пе, ондай нәрсе болған
емес. Мен үшін орын босатқаны, «ол үшін комиссиядан
шығармамды қайтарып алдым» деуі мүлде өтірік. Мен
әлі тірімін ғой. Куә болатын бір адам жер басып жүрсе,
қалай өтірік айта аласың? Мемуарда қатты сақ болатын
нәрсенің біреуі осы. Өзіңді таразының бір басына қойған
кезде, басқаны да пешкі ғып жіберуге болмайды ғой.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Қалихан ағамыздың ол мемуар
лық кітабын мен де қарап шықтым. Үлгі алатын тұстары
көп, жазушыларымыз туралы көптеген жақсы нәрселер
бар. Бірақ, маған ұнамағаны, кей тұста ғайбаттау сөз ай
тылғаны. Қазір үлкен ақындарымыздың көпшілігі Мұқа
ғали Мақатаевтың әруағымен алысатын болды. Ол кісінің
атына айтылып жатқан сөздерді көпсінетіндей. Қалихан
ағамыз кітабында Мұқағали ағамыздың пендешілігін
тым тәтпіштеп жібереді. Тіпті осы сөздерді біреулердің
қайрауымен айтып отыр ма екен, деген күдігім бар. Ма
ған ол жерлері ұнаған жоқ. Сол Мұқағали Мақатаев ту
ралы «Таңғажайып дүниеде» жақсы естеліктер айтылады
екен. Алғаш Мұқағали Мақатаев пен Оразақын Асқар,
үшеуіңіздің қалай кездескендеріңіз, Шалкөдеге барған
кезде Мұқағалимен қалай бірге жүргендеріңіз, жап-жас
Мұқағалимен алғаш кездескенде, сіз екі-үш шумақ өлеңін
жатқа айтып жіберіп, қатты сүйсініп құшақтағаны, осы
ның бәрі үлгі-өнеге, мұратты нәрселер. Бірақ, аға, осы
«Таңғажайып дүниенің» ішінде де сіз бірталай адамға
тисесіз. Мысалы, Оралхан Бөкейдің атына сын айтатын
жеріңіз бар. Сосын Зейнолла Қабдоловтың атына айтатын
жерлеріңіз бар. Сосын тағы да басқа ақын-жазушыларға
да тиісетін жерлеріңіз бар.
Қабдеш Жұмаділов: – Жарайды, жауап берейін. Орал
ханның 1993 жылы «Қазақ әдебиетіне» жаңадан редактор
болған кезі. «Үш әріп – үрей ордасы» деген мақала апарып
бердім. Сосын Мәскеуге жиналысқа кеттік қой деймін. Ол
кезде КГБ-ға ешкімнің тісі батпайды, қазақ тілінде ешкім
сынаған емес. КГБ-ның зардабы туралы әлі айтылмаған
кез. Мақаланы мен келгенше басыпты. Бірақ «Үш әріп –
үрей ордасы ма?» деп, «ма» дегенді қосыпты. Күмәндана
тын секілді. Ертесінде бардым. Мен есіктен кірген бетте,
өзі де мінін біліп отыр екен, ыржалақтап орнынан түре
гелді. «Біліп отырмын, не айтатыныңызды. Өзім де сол
«ма» дегенді қосып алып, азап тартып отырмын. Қабеке,
мені кешіріңіз», – деді. Арамызда басқа ештеңе болған
жоқ.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Фариза Оңғарсынова туралы да
бір әңгімелер бар екен. «Облыстық газетте жарияланған
өлеңдері үшін бәйге алғанша, Мұқағали Мақатаевқа жол
бермей ме?» – дейсіз. Сосын Серік Қирабаев туралы бар.
«Бір-біріне көпшік қойып, қолпаштап сөйлегенде бұлар
шебер болып алған» – дейсіз. Зейнолла Қабдолов туралы
да бар... Бірталай фамилия бар.
Қабдеш Жұмаділов: – Бар, бар. Мен қазір де сол пікір
демін. Өзің айтқан жаңағы: «Бұл советтік дәуірден жазы
латын эпопеядан ғана кем роман» дегенді Зекең қайдан
шығарды? «Бұл сөз Мұқаңды арандатты, керегі жоқ еді.
Үлкен әдебиетші болсаң, Мұқаңды жарға неге итересің?
Мұқаң осыған түсіп қалды», – деп кінә қойғамын. Бұл –
Мұқаң, Мұхтар Әуезов үшін айтылған нәрсе ғой.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Сіз үлкен қаламгер болғаннан
кейін жұрттың бәрі оқиды. Үзінділері газет-журналдар
да жарияланды. Ел оқиды, біледі. Сұрайын деп отырға
ным, осындай нәрселер не үшін айтылды? Айтылуы ке
рек пе еді? Мемуарлық шығармада оның қаншалықты
қажеттілігі бар. Мысалы, соңғы кезде Несіпбек Айтұлына
қатысты жазған мақалаңыздың арты дауға айналып кетті.
Газет-журналдарды шулатты. Әлде бұл принципке бағын
ған нәрсе ме? Әлде өзіңіз жаратпаған нәрселер ішке сый
мады ма? Жоқ, әлде қоғамның болмысын, бет-бейнесін
ашып көрсету ме бұл?
Қабдеш Жұмаділов: – Өзің одаққа қалай қабылданға
ныңды, оған Мағауиннің шапағаты тигенін айтып жүрсің.
Ал мен Жазушылар одағына өтерде, секретариатта мені
құлатқан. Он бес адам едік. Он төрті өте шықты, шауып.
Қазір сол он төрттің кім екенін айтып бере алмаймын.
Бірақ, мен, Құдайға шүкір, келе жатырмын. Сонда күні
бұрын дайындалып келіп, арнайы сөз алып сөйлеп, пре
зидиумның он үш адамының жетеуін қарсы қойып, мені
құлатқан адам бар. Өміріңде бір емес, екі емес, ылғи
аяқтан шалған адамдар бар. Үш кітабым бар сол кезде,
біреуі «Көкейкесті» романы. Біреуі «Қаздар қайтып бара
ды» дейтін әңгімелер жинағы. Біреуі «Жас дәурен» дейтін
өлеңдер жинағы. Бұл көрнеу аяқтан шалу ғой. Өзіңе қас
тық жасаған адамды неге айтпасқа?!.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы жерде бәрібір ішкі бір
принцип жатқан болуы мүмкін деп ойлаймын.
Қабдеш Жұмаділов: – Принцип болғанда былай, әлгі
кісі бақаларды: «Жалпы арғы беттен келген кісілерді қа
лай болса солай Жазушылар одағына өткізуге болмай
ды», – деп қорқытты. «Бұл жөнінде Қоғам қауіпсіздігі
мекемесімен ақылдасу керек», – деген сөзі нысанаға дәл
тиді. «Жазушы деген – қоғам қайраткері деген сөз. Шет
тен келгендерге қоғам қайраткері деген атақты қалай бе
руіміз керек?» – деп еді, шалдардың көбі бұғып қалды. Ол
кезде Әди Шәріпов бірінші хатшы. Менің өтуіме қарсы
емес. Ертеңінде ол тексеріп, қарсы дауыс бергендерді
тауып шығыпты. Соның ішінде екі орыс хатшы бар. Иван
Шухов пен Федор Моргун. «Өй, сендер Жұмаділовті та
нымайсыңдар ғой, неге қарсы дауыс бердіңдер?» – десе,
«Ой, Әди Шарипович, Әбдіжамил Каримович бір күн
бұрын звандады. «Ертең секретариат болады. Бір хал
турщик мүшелікке өтейін деп жатыр. Соған сендер қар
сы дауыс беріңдер» деп өтінді. Сосын белінен сыздық та
тастадық», – депті. Болған оқиға, еш боямасыз. Ал енді
осы менің тағдырыма байланысты нәрсе ме? Әрине, бай
ланысты нәрсе. Албаты көлденеңнен біреуге жала жауып
отырғам жоқ.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Әр ұлттың да тағдырына қа
тысты нәрсе ғой – бұл.
Қабдеш Жұмаділов: – Арғыбеттен жүз мыңдаған адам
келді. Соның бәріне күдікпен қарау, сенімсіздік тудыру
жақсы ма екен? Тауып айтылған сынды да қабылдаған жөн
ғой. Қарсы жақ дәл тауып айтқанда, қазақ: «Ой, тіліңе шоқ
түссін» дейді екен. Мойындағаны. Бізде сол қасиет жетіс
пейді. Менің «Қысқа қайырымдар» дейтін этюдтарым бар
кітабымның ішінде. Уақытың болса қарап шықшы. Сонда
3-4 беттен, оншақты бөлім бар. Соның басында қытай ой
шылы Конфуцийдің мынадай сөзі берілген: «Бір сыннан
өтпеген адамды қайтара сынаудың керегі жоқ. Өйткені,
адам табиғаты өзгермейді. Және екінші қайтара сынауға
адам өмірі қысқа», – деген екен. Бір сыннан өтпеген адам
екінші рет те сыннан өтпейді. Осы принципті басына қой
дым да, көңілім қалған бірнеше адамды жаздым сонда.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Қазір газет-журналдардан қыз
ғылықты естеліктер оқып жүрміз. Керек әңгіме айтылып
жатыр. Бұл да мемуар ма?
Қабдеш Жұмаділов: – Жоқ, мұны мемуар демеймін.
Айырым естелік дейтін жанр бар ғой. Кейде естелік-эс
се деп қоямын. Жалпы бірге өмір сүрген, көрген-білген
адамдар туралы жаздым. Мәлік Ғабдуллин туралы, Са
фуан туралы, Хасен Оралтай туралы да жаздым. Сосын
бірқақпай, бір сүрінген адамдар да бар ішінде. Несіпбек
Айтұлы менің жерлес бауырым. Оның ақындығында
дауым жоқ. Ал адамшылығы...
Жүсіпбек Қорғасбек: – Несіпбек Айтұлының жауабын
оқыдым. Бір сөзі есімде қалыпты. «Басқалар басқа ауыл
дың адамдарымен айтысып жатса, сіз ініңізбен айтысып
жатырсыз ғой» деген сөз жүр.
Қабдеш Жұмаділов: – Өте дұрыс. Мені егер турашыл
десең, осы фактіні алып, мақтауыңа болады. «Тура биде
туған жоқ» дейді. Оның істеп жүрген істері ішіме сыйма
ды. Жырындылығы, жылпостығы, екі жүзділігі біреудің
еңбегін пайдаланып кетуі. Бір ғана фактіні айттым. Дулат
Бабатайұлы көңілден өшіп кеткен. Зираты жоқ. Сол зи
ратты мен көп машахатпен іздеп жүріп таптым. Ол кейін
теледидарда «мен таптым» деді жүзі жанбай. Бұл жақсы
әдет емес. Әйтпесе, ол зиратты кімнің тапқанында тұрған
ештеңе жоқ. Бірақ осыдан оның бар болмысы, «кісілігі»
көрініп қалды.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Осы мемуарлық шығармала
рыңыз бар, естеліктеріңіз бар. Солардың ішінде сынаған
адамдарыңыз көп пе, мақтап, мадақтап, көтермелеген
адамдарыңыз көп пе?
Қабдеш Жұмаділов: – Жақсы адамдар көп екен. Со
лардың шарапаты көп тиді. Мені «Қазақ әдебиетіне»
қалай жұмысқа алғанын айтайын. Жұмыс сұрап барға
нымда, редактор Қапан Сатыбалдин мені он үшінші ғып
тіркеді ғой. Алдымда он екі адам бар. Сосын: «Орыста он
үш деген оңған цифр емес, бірақ, біз қазақпыз ғой, хабар
ласып тұр», – деп, қалжыңдап күлді. Он бес күннен кейін
барсам: «Әй, бала, сені жұмысқа алайын деп отырмын.
Қайда жоғалып кеттің?» – деп мені іздеп отыр екен. Сөйт
сем, қандай принцип ұстаған дейсіз ғой? Жаңағы он екі
адамның әрқайсысының соңында екі-үштен «жанкүйер»
жүр екен. Маза бермейді, үйіне телефон соғады. Ал сұ
раушысы жоқ – жалғыз мен екем. Сонда Қапекеңнің ұс
танған қағидасы осы. Өзі балалар үйінен шыққан. 1932
жылғы аштықта бір әулеттен жалғыз қалған ғой. Жетім
болып өскен. «Осыны алайыншы. Ешкімі де, «крышасы»
да жоқ» деген ғой. Бұл менің тікелей тағдырыма әсер етті.
Әдебиеттің жуан ортасына топ ете қалдым. Ана жақта бес
жыл сүргінде жүріп, кешігіп қалған адаммын. Жолдаста
рым, сабақтастарым озып кеткен. Оларды қуып жетуіме
Қапан Сатыбалдин ықпал етті. Ол кісінің ақындығында,
басқасында шаруам жоқ. Ал адамгершілігі керемет.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Аға, мен қияңқы сұрақ қойып
үйренген адаммын. Бір сұрақ қояын. Жалпы адамдарға,
өзіңіздің ортаңызға, тұлғаларға деген көзқарасыңыз қан
дай принциптен туады? Өзіңізге қатысты болған жағдай
дан туа ма, әлде ұлтқа қатысты болған жағдайдан туа ма?
Қабдеш Жұмаділов: – Өткенде «Жас Алашта» айтқа
ным бар еді. «Меннің принципім оңай. Төрт амал секілді.
Қазаққа не нәрсе пайдалы? Оны қолдау керек. Кімнің ісі
болса да. Қазаққа не нәрсе зиян? Оны кім ойлап тапса да,
оған жол беруге болмайды, қарсы күресу керек», – де
генмін. Менің принципім осы. Елге, ұлтқа зияны тиетін,
адамды аяқтан шалатын, адамгершіліктен аттайтын ха
рамдық атаулыға мен қарсымын. Ұлттың басын қосатын,
ұлтқа қызмет істейтін нәрселерді жақтаймын. Осы менің
қағидам.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Сіз қалай ойлайсыз, Жаңабек,
мемуарлық шығармаларда тұлғаларымыздың атына, заты
на сын айтқанымыз қалай болады?
Жаңабек Шағатай: – Біз озық әдебиеттен үйренуден
қашпауымыз керек. Шындық айтылуға тиісті. Жазушы
ретінде жақсы танылған адамның кемшілігі де болуы
мүмкін. Жалпы мемуар – субьективті пікірден туындай
тын шығарма. Автордың сол адамға қарым-қатынасы ғана.
Тұтас әдебиеттің қарым-қатынасы емес. Сосын біз неге
шындықтан қашқақтай береміз? Қоғамдағы ең қауіпті
нәрсе – жартылай шындықтар. Шындықтың бір шетін шы
ғарып қойып, екінші жартысын айтпай қалу. Өйткені, ана
ған зияны тиеді, мынадан ыңғайсыз ғой дейміз. Ал одан
гөрі ашығын айтайық, сол дұрыс меніңше. Біз болашағы
зор халықпыз. Өткеніміз, үлкен тарихымыз бар. Қазақтың
бойындағы бір ғана кемшілік – шындықтан қашқақтай
беретініміз. Жасқаншақтығымыз ба, жұмсақтығымыз ба,
білмеймін. Әйтеуір шындықтан алыстау жүргенді жақсы
көреміз.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Бетке айту мәдениеті жетіспе
ген дейсіз ғой. Мемуар деген – барын бар, жоғын жоқ деп,
бетке айту ғой.
Жаңабек Шағатай: – Иә, сондықтан мемуар жеке
адамның себъективті пікірі болғаннан кейін, қоғамның
бағалауы емес, жеке адамның бағалауы деп қана қабылдап
үйренуіміз керек. Ал келешегі зор ұлт шындықтан қаш
пауы керек. Ол ағылшындарда да, француздарда да солай
қалыптасқан. Мысалы, орыстарда Толстойдың кемшілігін
айтады. Пушкиннің де түнімен карта ойнайтынын айтады.
Ол туралы анекдоттар да бар тіпті. Ал біз ондайды айт
қымыз келмейді. Ыңғайсызданамыз. Ал оларда кез келген
қоғам қайраткерінің кемшіліктері де айтылады, жақсы
жақтары да айтылады. Бірақ осы екі ортадан оқырман өзі
шындықты екшеп алуы керек. Сол екшеп алу мәдениетін
біз қалыптастыруымыз қажет. Оның бір ғана жолы бар.
Шындықты айта білу және қабылдай білу мәдениеті.
Жүсіпбек Қорғасбек: – Кілең мәселе шешіп отырған
дай көріну кейде адамды шаршатады. Мемуар деген нәр
се сәулелі эпизодтарымен де құнды емес пе. Осы орайда
елдің бәрі білетін, тіпті эстрадалық топтар қазіргі күні де
жиі айтып жүрген, көпшілікке белгілі бір әннің мәтінінен
үзінді оқып бергім келіп отыр.
Сен маған ыстықсың басқадан,
«Сүйем» деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің,
Жасырын, жан сырын жас қалам, – дейді. Мұны кезін
де жазушы Төлеубек Жақыпбайұлы шығарған екен. Ол
кісі Қабдеш ағамызбен шекараның арғы бетінде де, бергі
бетінде де бірге жүріп, бірге тұрған. Осындай өлеңді жаз
ған адамның бүкіл тағдыры осы мемуардың ішінде бар.
Әрбірден соң Төлеубек Жақыпбайұлы үшін ғана кітаптың
біраз бетін парақтап шығуға болады-ау деп ойлаймын.
Қазір әркімнің атына таңылып кетіп жүрген осы әнді орыс
ша бір әннің әуеніне салып, сол Төлеубек Жақыпбайұлы
1957 жылы сүйген қызынан айырылып қалған кезде шы
ғарыпты. Онда Шәмшінің де, Бейсеуовтың де шыға қой
маған кезі. Төлеубектің әнін ойын-тойларда Алматыдағы
бүкіл студент жастар шырқаған. Жастау кезімде «Лашын»
деген шымыр жазылған кітабын оқып, мен оны Жұматай
Жақыпбайұлының қара сөздегі болмысына ұқсатқам.
Шыны керек, Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дү
ние» ғұмырнамалық романын қолыма алған кезде көңілім
де әралуан күдіктер бар еді. Бірақ, кітапты оқып шыққан
нан кейін тұтастай позитивті бағытта жазылған дүние
екеніне көзім жетті. Ұлтқа, елге, ұрпаққа, қаламдастарына
жанашырлықпен жазылған шығарма екен деп есептедім.
Халыққа, ұлтқа мұндай шығарма өте керек. Жалпы, Қаб
деш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» атты мемуарлық
романы кең дүниетанымға бастайтын айтулы шығарма
десем, артық айтқандық емес.
Татымды, тұщымды әңгіме айтқандарыңыз үшін сіз
дерге мың да бір рахмет.
Әңгімелескен –
Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК,
«Алқа» журналы.№ 2,
2014.
ҚЫЗҒАНЫШ КІМНІҢ ІШІН ТЫРНАП ЖАТЫР? М ен, әсілі, Несіпбек Айтов сияқтылармен жауап тасып, өзімді олардың деңгейіне дейіне тө мендеткім келмейді. Осы жолы да оған жауап қатпай, елеусіз қоя салайын деп бір оқталдым да, кейбір шолақ ойлы оқырмандар басқаша түсініп қалмау үшін, қолыма еріксіз қалам алдым. Ал, мені бұрыннан білетін сауатты оқырман Несіпбектердің шатағына пысқыр майды да. Өткен жолғы мақаламда «енді біздің әдебиетте Ай товтар мен Досановтар дәуірі басталады» деген едім. Сол сөзді аузыма құдай салған шығар, әлден-ақ солар дың дәурені жүріп тұр екен. Несіпбектің мақаласын га зеттер бірінен-бірі көшіріп басып, несін айтасың, мы сық тілеулі адамдар мәре-сәре болып, жырғап қалды. «Жас алаштағы» (10-қазан, 2013) мақаланы тымқұрыса араға бір кұн салмай, келесі күні дереу көшіріп баса тындай («Қазақ әдебиеті» 11-қазан, 2013) не бастарына күн туды? Несіпбек «Қазақ әдебиетіндегі» мақаласын «Қызған шақ айғыр құнанын талайды» деп атапты. Алдымен осы «қызғаншақ» деген сөздің басын ашып алайықшы. Қабдеш Жұмаділов Несіпбек Айтовтың жетістіктерін көре алмай қызғанады екен. Өзіне деген қандай зор баға! Неткен мақтаныш!.. Тәңірім-ау, мен сонда Несіп бектен нені қызғануым керек? Ойын ба, бойын ба, әлде қорадағы қойын ба? Немесе тарихи романдарды оқып алып, батырлардың өмірін судыратып өлеңге айнал дырған «дастандарын» қызғанам ба? Оның бүкіл жаз ғандары бір ғана «Соңғы көшке», немесе «Дарабозға» тати ма? Несіпбектің өмірі қолы жетпейтін атақ пен дә режені мен баяғыда алып болғам. Ал, халықтың маған деген махаббаты мен қалың оқырманның ықыласы өз
алдына бір төбе! Айтыңызшы, мен сонда Несіпбектен
нені қызғануым керек? «Көкек өз атын өзі шақырады»
дегендей, сол қызғаныштың қызыл иті Несіпбектің өз
ішін тырнап жатқан жоқ па екен?
Мен әңгімені ұзаққа созбай, арада талас тудырған
бірнеше мәселеге ғана қысқаша тоқталып өтейін. Мен
Ақтайлақ би туралы роман жазарда Аягөз өлгесін оң
ды-солды шарлап жүріп, ұлы ақын Дулаттың ұмыт бол
ған зиратын қаншалық бейнетпен тапқанымды өз мақа
ламда айтқанмын. Біз онда бейіт басына екі машинамен
жеті-сегіз адам барғанбыз. Дулаттың бес қанат үйдің
орнындай дөңгелек тас бейіті бір өзекшеде, түйе бой
ламайтын қалың қарағанның ішінде жатыр екен. Мен
қасымдағы ауданнан ерген адамдарға келесі жылы Ду
латтың туғанына 200 жыл толатынын, оған дейін мына
қалың қарағанды отап, зираттың маңын тазартып қою
ды тапсырдым да, ертеңінде Алматыға қайтып кеттім.
Мен кеткен соң арада жарым ай өткенде Аягөзге өз
шаруасымен Несіпбек барып қалады ғой.
– Не жаңалық бар? – дейді жігіттерге.
– Жақында Қабдеш Жұмаділов келіп, зерттеушілер
таппай жүрген Дулаттың бейітін тауып, басына белгі
қойып қайтты, – дейді олар.
– Дулаттың қабірі қай жерде екен?
– Ақшатауда...
– Ол кісі зиратты видиоға түсірді ме? – дейді Несіп
бек.
– Жоқ, видео әкелмеген сияқты... Олар зиратты тап
қандарына мәз болды.
Міне, дәл осы сәтте іштегі қызғаныштың қызыл иті
ұлып қоя береді ғой. Ақшатау мұның ауылы Шұбартау
ға тиіп тұр. Осы уақытқа дейін қалай білмей келген?!
«Онда ол зиратты біз қайтадан тауып, жұртқа елден
бұрын жариялайтын боламыз» дейді Несіпбек. Уақыт
өткізбей дереу іске кіріседі. Әнекүні маған еріп барған
жігіттерге жол бастатып, Ақшатауға барады да, қалың
қарағанға бензин шашып өртеп, жалаңаш қалған бейітті
видиоға түсіре бастайды...
Мен бұл көріністі үйде отырып, теледидардан көрдім.
Өзіме таныс өртенген өзекше, шала жанған қарағанның
түбіртегі, күлді-көмеш тас-бейіт. Несіпбек тас бейіттің
ішіне түсіп алып, «репортаж» жүргізіп тұр.
– Міне, құрметті халайық, – дейді көрерменге масат
тана қарап. – Бүгін тарихи күн! Ұлы ақын Дулат Баба
тайұлының бейіті табылған сәт. Міне, маусым айының
бәленбайыншы жұлдызы, пәлен сағат – енді мәңгі та
рихта қалады! – дейді білегіндегі сағатына қарап.
Мен шошына жағамда ұстадым. Тоба, мұндай да
сұмдық болады екен! Мен Несіпбектің жырынды жыл
постығын білетінмін. Бірақ дәл мынадай ұятсыз деп
ойламаппын. «Даудың басы – Дайрабайдың көк сиы
ры» дегендей, бір тәуірі, ұлы ақын Дулаттың жоғалып
табылған зираты кімнің кім екенін ашып берді! Мен
«Жас алашта» жариялаған мақаламда осы фактіні ғана
айтқанмын. Соған шамданып, дауды ұлғайтқан Несіп
бектің өзі.
Несіпбек маған қарсы жазған мақаласында қолына
іліккен кір-қоқыстың бәрін мен жаққа лақтыра беріпті.
«1962-жылғы Шәуешектен ауған қазақ көшін мен бас
тап келдім деп, өзіңізден қаһарман жасамақ болдыңыз»
депті бір жерінде. Жарайды, ол көшті мен бастамай-ақ
қояын. Сонда кім бастады екен ол көшті? Шекараға таяу
Алтай мен Іле аймақтары тырп етпей жатып алғанда,
көктемгі көк өзек шықта Тарбағатай аймағы аяқ асты
нан неге дүрк көтерілді? Небәрі жиырма шақты күннің
ішінде (10-сәуірден – бірінші мамырға дейін) ұйымдас
қан түрде 200 мыңдай қазақ империя шекарасын бұзып,
атажұртқа қалай тез өте шықты?! Көшті ұйымдастыру
шы кім? Көш бастаған серке кім? Ендеше, естеріңізде
болсын, ол көшті бастаған – соның алдында Алматыдан
оқып қайтқан студент – Қабдеш Жұмаділов болатын.
Кремльге көп адамның қолы қойылған хаттар жолдап,
Совет Одағынан ұлтқа баспана сұраған да – сол азамат.
Мейлі, біреулердің ішін қызғаныштың қызыл иті тыр
най берсін, тарихи фактінің өзі осылай. Бұл жағдай –
Қытайдың да, Соевттің де барлау органдары тарапынан
анықталып, бекітілген нәрсе. Оған ешкімнің де тұмсық
сұғуға қақысы жоқ. Ол – менің ұлт алдында өтелген па
рызым. Азаматтық қызметімнің шырқау шыңы.
Несіпбек «көш бастаған көсем көптің алдында жүр
мей ме? Сізді Қажытай Ілиясов шекарадан арқалап
өтіпті ғой» депті тағы бір жерінде. Жоқтан өзгені тіл
ге тиек етіп, қалайда менің еңбегімді жоққа шығарғы
сы келеді. Жаманты шекарасының дәл түбінде Қаркі
тат деген шағын өзен бар. 22-сәуір күні кеште қаладан
жаяу қашып шыққан Қажытай екеуіміз түнімен жүріп,
шекара бойына келсек, әншейінде аттап өтуге болатын
жаңағы өзен жаңбырдан соң суы молайып, тасып жа
тыр екен. Амал жоқ, кешіп өтуге тура келді. Қажытай
неше күннен бері көш қамымен тыным көрмей шаршап
жүрген мені аяды ма, өзі бәтеңкесін шешіп аржаққа
лақтырып жіберді де, мені шешіндірмей арқалап өте
шықты. Несіпбектің харамдығы сонша, соны әжептәуір
сөз қылыпты.
Кеше түнде ғана Қажытай екеуіміздің бір қатерден
қалғанымыз бар. Қажытай Үрімжіден келген өлкелік
газеттің тілшісі ретінде аймақтық парткомның қора
сында жататын. Ол аймақтық үкіметтің мен бастатқан
жеті адамды қолға алуға бұйрық бергенін естиді де, де
реу біздің үйге қарай ұшады ғой. Бұл кезде көш бастал
ғалы жарым айдай болып қалған. Көш 150 шақырым
шекара бойында бес жерден үздіксіз өтіп жатты. Мен
неше күннен бері ауыл-ауылдың арасында шапқылап
әбден титықтап келіп, қаладағы үйімде сәл көз шыры
мын алуға жантайғалы жатқанмын. Бір мезгілде Қажы
тай келді құстай ұшып:
– Осылай да осылай. Көш бастаушы ретінде бүгін
сені ұстамақ. Дереу кетуің керек. Қақпаның алдында
күзет тұр! – деді ол асыға тіл қатып.
Содан, не керек, екеуіміз артқы дауалдан секіріп, қа
шып құтылдық қой. Он бес минуттан соң үйге басып
кірген полиция біздің орнымызды сипап қалды. Несіп
бектің «ел көшіп жатқанда, сіз үйіңізде шалқайып жа
тыпсыз» деп жала жабатыны осы.
Несіпбек өзі араласпаған, көзімен көрмеген Тоқпа
нов туралы әңгімеге де төрелік айтқысы келеді. Мақ
сат – атаның аруағын қорлаған адамды әспеттеп, мені
сүйкімсіз етіп көрсету. Біреулерді маған қарсы айдап
салу. «Куәлардың көзі жоғын пайдаланып, абыз ақса
қалға жала жаптыңыз» дегенді айтады... Куә неге жоқ?
Менің дәл қасымда отырған Әкім Тарази мен Қалихан
Ысқақов әлі жер басып жүр. Еш жазықсыз Тоқпанов
тан сөз естіп, жәбір көрген Тұңғышбай Жаманқұлов
та дін аман жүріп жатыр. Бұлардан басқа, сол банкетке
қатысқан жүзден астам адамның құрығанда жартысы
тірі шығар. Осынша куәның алдында мен қалай өтірік
айтпақпын?! Мен «Аруақтың ататыны рас па» атты
естелік-эссенің астына «қаз қалпында» деген айдар
ды текке қойған жоқпын. Эсседе оқиғалардың мұрты
бүлінбей, сол болған қалпында көрсетілген.
Содан кейін, менің «бауырымның» ұзақ сонар соз
қылғаны, өзінің туған жылы мен оқуға қалай түскені
жайында. Ол өзінің үш жасын жасырып жүреді екен.
Таздың кепешін жұлып алғандай, мен сол құпиясын
ашып қойыппын ғой. Несіпбек – өзі айтып жүргендей,
1950-жылы емес, 1947-жылы туғаны айдан анық. Оны
білетінім, менің әкем 1948 жылы Айттың үйіндегі қа
рындасы Күлістанды көшіріп әкелгенде, Несіпбек есін
біліп қалған, кемінде бір жастағы бала. Күлістанның
бауырында өскен ол, бұлар аттанарда шырылдап зор
ға айырылыпты. Ал, 1949-жылы әкем ешқайда шыққан
жоқ. Ауыр науқасқа шылдығып, төсек тартып жатты да,
сол жылдың аяғында қайтыс болды.
Оның туған жылы біреуге керектей-ақ, Несіпбек
соны ұзақ сонар сөз қылады. «Үйіңізге барғанда менің
құжаттарымды неге тексердіңіз» деп мені жазғырады.
Оны тексеріп жүргенім, оқуға түсуге көмектессеңіз деп
біздің үйге келген оқушыға қол ұшын берудің алдында
аттестаттағы бағаларын қарайтын әдетім. Ары қарай
оқи ала ма, жоқ па, білуім керек қой. Құжаттарын қа
рап отырып, Несіпбекке: «Сен 1947-жылы туған бала
сың ғой. 1950-жылы тудым деп, үш жасты неге бүгіп
жүрсің» дегенім содан. Осы жасандылықтан секем
алып, іш жиып қалғаным да рас.
Несіпбек оқуға түсуге келгенде «сіздің үйге бір-
ақ күн түнедім» депті. Ол дәрігерден анықтама алып,
одан комиссияға құжат өткізіп, қашан жатақханадан
орын алғанша біздің үйде бірер апта жатқан сияқты еді.
Мейлі, ол жағын ар-ұятына тапсырдым.
Ал оны сол жылы филология факультетінде қабылдау
емтиханын алатын М. Мағауин, Р. Нұрғалиев, тағы бас
қа мұғалімдерге қалай тапсырғаным күні бүгінге дейін
көз алдымды. Мен мұны айтқанда, Несіпбекті оқуға
түсіргеніме мақтанғалы отырған жоқпын. Керісінше,
болашақ сарай ақынына, әдебиеттегі тағы бір жағым
паз, жылпосқа жол ашып бергеніме өкініп отырмын.
Ең үлкен өкініш: жас ұлғая келе (Несіпбек қазір 67
жаста) менің «бауырыма» аздаған адамгершілік, ішкі
мәдениет, адалдық, сыпайылық, тағы басқа кісілік қа
сиеттер жұқты ма десем, ол жағынан әлі де тақыр-таза
екен. Данышпан Куңзі (Конфуций) осыдан 25 ғасыр бұ
рын: «адамды екі қайтара сынаудың қажеті жоқ. Өйт
кені адам табиғаты өзгермейді» деп қалай тауып айт
қан. Көріп отырғаным – сол баяғы бас пайдасын ғана
көздейтін өзімшілдік, пысықай жылпостық, тоқішегі
қысқа тоғышарлық, ішіне шынашақ айналмайтын қыз
ғаншақтық... Мен Несіпбектің айналасындағы жас әде
биетшілердің барынша сақ болуын қалар едім. Өйткені,
менің «бауырым» аман болса, әлі талайды қан қақса
тып, сан соқтырып кетерінде кумән жоқ.
ТӨБЕҢНЕН ҚАРАУЫЛ ҚАРАП
ТҰРҒАН ЕШКІМ ЖОҚ
– Қабдеш аға, бір сөзіңізде совет заманындағы ақын-
жазушыларды «қапастағы бұлбұлдар» деп атап едіңіз.
Ол түсінікті. Сол дәуірдің қаламгерлері бегілі шеңбер
ден шыға алмады, сол кезеңді жырлады, жазды. Ал
казір заман басқа. Бұл кезеңдегі әдебиет саласында
жүргендерді не деп атар едіңіз?
– Мен осыдан он бес-жиырма жыл бұрын, марқұм бо
лып кеткен белгілі акын Қапан Сатыбалдиннің туғанына
80 жыл толуына байланысты «Капастағы бұлбұлдар» де
ген мақала жаздым. Ол жеке Қапан емес, Қапанның за
мандастарына, қаламдастарына, әріптестеріне арналған
еді. Егер бүгінгі көзбен қарайтын болсак, сол Қапан да
ойындағысын ашық айта алмай кеткен ақын. Сол кездегі
Қапанның каламдастары да өте мықты, талантты ақындар
еді. Мәселен, Ғали Орманов, Тайыр Жароков, Әбділда
Тәжібаев, тағы баскалары. Бірінен-бірі өтетін дарынды
жандар-тұғын. Бұлардың бәрі айтарын көңілдеріне іркіп,
ашық айта алмады. Алайда солардың ішіңде тар қапасты
бұзып шығып, емін-еркін ойындағысын азда болса сырт
қа шығара алған дауылпаз ақын Касым Аманжолов кана.
Өзгелерге қарағанда артына көбірек мұра қалдырды. Әр
уақытта өлмейтін жырлар жазып кетті. Ол – көлгірсімей,
мансапқа қарамай, турасын айтқан ақын. Әттең, кең дү
ние, жарқын заман болғанда, сол акындардың бәрі көл-
көсір еңбек қалдырар еді ғой артына. Бірақ қапас заман
ның белгілеп берген шеңберінен шыға алмады.
«Қапастағы бұлбұдар» деген макалама ұлы жырау
Жамбылды да қостым. Неге? Әрине, себебі бар. Мысалы,
Жәкең 36-жылы ғана танылған ғой. Содан дүниеден өткен
1945 жылға дейін арадағы 10 жылда оған төрт-бес ақын
кезек-кезек хатшы бодды. Атайтын болсак, Касым Тоғза
қов, Тайыр Жароков, Әбділдә Тәжібаев, ең соңында Ғали
Орманов. Бұларды неге жіберіп отыр ұлы жырауға? Әри
не, өлең өңдіру үшін. Өлен дегенде Жәкеңе арнап жоспар
жасалған. Мен ЦК-ның архивінен бір кұжатгы көрдім.
1938 жылы Орталық комитеттің үгіт-насихат бөліміңде
«Жамбыл биыл қандай өлеңдер жазуы керек?» деген тізім
жасалыпты. Оның ішінде «Сталиндік бесжылдықтар, че
люскиншілер, Шота Руставелидің 750 жылдығы» секілді
көптеген такырыптар белгіленген. Әрине, челюскинші
лерді, Руставелиді Жәкең білмеуі мүмкін. Алайда жанын
дағы хатшылар соны түсіндіріп, осыларға арнап өлен шы
ғаруын талап етіп отырған.
Міне, ұлы жырау Жәкең де еркін болмаған. Оған да кө
кейіндегісін жырлата бермей, тапсырыспен өлең шығару
ды міндетгеген. Бұл не? Әрине, капастағы жырау-бұлбұл
деген осы. Осы тұрғыдан айтып едім. Ол кезде бәрі када
ғалауда болды. Ал бұғауды бұзып-жарып шығам деушілер
болса, жазасын алды. Жазғандары жойылды. Солай бола
тұрса да, сол бір дәуірде казақ әдебиеті керемет шоктығы
биік дуниелерді бере алды. Оған ешкім дау айтпас. Рас, ол
тұста жазушыларға партия жаман караған жоқ. Жағдайын
жасады, үйін берді, қомақты қаламақы төледі. Қара теңіз
бе, Балтык теңізі ме, әлде Мәскеу түбіндегі демалыс орны
ма, сондай жерлерге жіберіп отырды. Бір қарасаң, бәрі
жақсы. Бірак шылбырды үзіп кететіндей еркіндік бермеді.
Жазған дүниеңді лупамен карады, сүзгіден өткізді. Сол
себепті жазушылардың бәрі советтік идеологияға дем бе
ретін, мадақтайтын щығармалар жазуға мәжбүр болды.
Бірак жазушылардың бәрі кеңестік дәуірдің жасампаз тұр
мысын жырлап кеткен жок. Әрине, оны мадақтаушылар
да көп болды. Оған кем таланттар көбірек барды. Өйткені
дайын тақырып, дайын ой дегендей. Сонымен бірге ха
лықтык такырыпты да көтерген адамдар бодды. Мәселен,
Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, т.б. Ақындардың ішін
де бөліп айтуға тұрарлығы Қасым Аманжолов, Әбділда
Тәжібаевтар. Олар халықтық, ұлттык мәселелерді көтеріп
отырды. Сонымен әдебиет дамыды. Ал казіргі заманмен
салыстырғанда қалай деуге болады, бүгінде капасқа қамап,
төбеңнен карауыл карап тұрған ешкім жоқ. Еркіндік, сез
бостандығы, демократия дегендер бар. Солай бола тұрса
да, әдебиеттің карқыны ойдағыдай емес. Неге екенін кай
дам, бір іркіліс бар. Бәлкім, дағдарыс деуге болатын шы
ғар. Бір себебі, біз кадам басқаң кезеңнің әлі бетпердесі
белгісіз, басы ашылмай жатыр. Немен басталғаны белгілі
болғанмен, қалай аяқталатыны беймәлім. Кезінде бір ма
қаламда мына қоғамды сарқылдап қайнап жаткан қазанға
теңеп едім. «Сорпаның дәмі әлі кірмей жатыр, сол үшін
қанды көбігін бір рет қалқып тастау керек, содан кейін
барып сорпаның дәмі кіреді» деп жазғанмын. Шындығы
сол. Жақсы дүниелер әлі туады. Тек заманның аңдысын
сәл байкап алған жөн. Жағьмды кейіпкер кім, жағымсызы
кім? Қаһарманы кім, бұралқысы кім? Демек, мадақтайты
ныңды не болмаса сынайтын адамыңды қоғамнан ажыра
тып алуың керек емес пе? Қазір байлардың, байлықтың
заманы деп жатамыз. Сонда бас геройлар солар ма, әлде
ыңыршағы шықкан қарапайым жандар ма? Осындай түрлі
себептермен жазушылар іркіліске түсіп қалды.
– Соңғы кезде «Көшпенділер», «Алтын Орда», «Ала
сапыран», «Соңғы көш», «Тағдыр» секілді бір немесе
бірнеше дәуірді бірақ суреттейтін кесек дүниелер неге
жоқ? Әлде Есенберлин, Мағауин, Жұмаділов секілді
тума дарындардың қатары кеміді ме?
– 60-жылдары елде бір жылымық бола қалды. Баяғы
социалистік реализмнің де шеңбері кеңіп, әртурлі та
қырыптарға жол ашылды. Тарихи тақырыптарға қалам
тартуға мүмкіндіктер туды. Сол тұста Есенберлин «Көш
пенділер» деген және «Алтын Орда» деген үш томдықтар
ды дүниеге әкелді. Ешкімнің тісі батпаған тарихқа түрен
салды. Мүхтар Мағауиннің «Аласапыраны» шықты. Біраз
жазушылар осы салаға қалам тербеді. Сол тұста бұрын
нан көкіректе запыран болып тұрған дүниелер жарыкка
шықты. Кадыр, Мұқағали, Жұмекен, Тұманбай бастаған
көптеген талантты ақындар – сол кезеңнің жемісі. Жал
пы, алпысыншы, жетпісінші, сексенінші жылдар казақ
әдебиетінің бір дәуірлеген заманы болды. Шоқтығы биік
дүниелер жазылды. Жұрт ол шығармаларды іздеп жүріп
оқитын болды. Қазір неге сондай ірі дүниелер жоқ дейтін
болсақ, оның әртүрлі себептері бар. Роман жанрына жиі
барғандардың көбі дүниеден өтті, қалғандары қартайды.
Қартайған тұста роман жаза қою оңай емес. Талай жылды
сарп етуге тура келеді. Ал шалдарда баяғыдай көл-көсір
уақыт жоқ қой. Дегенмен іргелі дуние жазылмай жатыр
деуге тағы болмас. Мәселен, Мұхтар Мағауин Шыңғыс
хан туралы төрт томдық щығарма жазуда. Әрі зерттеу,
әрі роман-эссе. Оның екі томы даяр. Ал өз басыма кел
сем, соңғы романымды 2000 жылы жаздым. «Қылкөпір»,
«Прометей алауы» деген туындылар. Осыдан кейін қа
бырғасы қалың роман жазуды тоқтаттым. Біріншіден, жас
ұлғайды, екіншіден, әрбір жазған шығармаңды аяқтауың
керек. Уақытың мол болуы тиіс. Кезінде кабырғалы дү
ние жазу үішн үш-төрт жыл ізденесің, сосын барып екі-
үш жыл отрып жазатынсың. Өмір ұзак, уақыт көп сияқты
көрінетін. Қазір оған мүмкіндік бар ма? Жас болса келіп
қалды дегендей. Казір шағын жанрға көштім. Мысалы,
алдымда үш-төрт кітап жатыр. Бұлардың бәрі повестер,
әнгімелер. Соңғы жылдары жазылған. Бұлардың ішінде
он екі повесть, қырық-елу әңгіме бар. Қыска дүниенің бір
жақсысы бір демде оқып тастайсың. Уақыт көп кетпейді.
Казір баяғыдай шалкаңнан жатып алып, калың роман оқи
тын кез емес.
– Жалпы, қазіргі ара-тұра жарық көріп жатқан та
рихи шығармалардың өзегінде қаншалықты ақиқат
жатыр? Қазір руына, жүзіне, басымдық беретін дүмше
жазушы, тарихшылар көбейіп кеткен жок па? Қазақта
«Тәуіптің ең жақсысы – ауруға ауру қоспайі кеткені»
деген сөз бар. Өйткені теріс жазылған тарих болашақ
ұрпақты адастырады дегендей...
– Тәуелсіздік алған соң, жазушыларға көп еркіндік
берілді. Кім нені жазамын, қалай жазамын десе де рұқсат.
Еркіндіктің екі қыры бар. Жақсы жағы да, жаман жағы
да. Еркіндікті пайдаланып, әркім өз ата-бабаларын мақ
тап, батыр етіп, би етіп, дана етіп көрсетуге тырысқан
дар да жеткілікті. Олар ақша беріп, каламы жүйрік жур
налистерді, жазушыларды жалдап, қойыртпақ дүниелер
жасауға көшіп алды. Маған да бірнеше қалталылар келді.
Бір дорба ата-бабасынын, әулетінің суреті бар, шежіресі,
анасы-мынасы бар. «Сіз тарихты жетік білетін, қаламы
ұшкыр халық жазушысысыз, жазып бере қойыңыз» деп
карап тұр. Онымен қоймай «қазір жазушылар қаржыдан
тарығып жүрген заман ғой, нәпақа болады» деп үстелдің
бір шетіне 10-15 мың долларды тастай салысты. Ақша
жақсы ғой. Бірақ келісім бермедім. Ертең ол кітаптың
мұқабасында менің аты-жөнім тұрады ғой. Ұят емес пе?
Халык жазушысы, кім-көрінгеннің ата-бабасын жазып
кетті деген сөз қандай жаман. «Ренжімендер, мен бүгінге
дейін тапсырыспен щығарма жазып көрген жоқпын. Не
жазсам да өз қалауыммен көкейімдегі дүниені ақ қағаз
ға түсірдім. Тек осындайға бейімделген жазғыштар көп
қой, соларға барыңдар» деп шығарып салдым. Өзгелер
жазсын, жазбасын демейсің. Бірақ бір әулеттің сойылын
соғамын деп, халыкты адастыратым дүниелерге жол беру
ге болмайды. Өйткені тарих – өте кірпияз дүние. Болма
ғанды болды деп тықпалай беруге болмас. Қазір тарихта
аты калмаған белгісіз батырлар, билер жөнінде жазыл
ған дүниелерден аяқ алып жүргізсіз заманға тап болдық.
Әрине жоңғар шапқыншылығы кезінде халықтан көпте
ген батырлар шықты. Оған дау айта алмайсың. Онбасы
болған шығар, жүзбасы болған шығар. Бірак бәрін бірдей
қол бастады, сардар болды дел атауға болмайды. Каттал
ған тарихта белгілі ғой, кімдердің хан болғаны, кімдердін
қайқы кылышын колына ала сала «елім, жерім» деп жоң
ғарға тап бергені. Бәрі жұртка мәлім. Бірақ жоқ жерден
данышпан, қолбасшы, батыр жасау кімге керек? Кезінде
осындай жалған тарих жасауға ұмтылғандармен дауға да
араластым. Онда да жеке басым үщін емес, иісі қазактың
тарихы үшін. Естеріңде болар, «Түп-тұқиянымнан өзіме
дейін» деген кітап болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл
дары, яғни 1993жылы. Кағаздың қат кезі. Сол кезде қа
зақтың атақты қолбасшысы болған Қара Керей Қабанбай
сардар жөнінде жазылған «Дарабоз» атты шығарманың
бірінші томын шығартумен жүргенмін. Қағаз жок. Әрең
дегенде кітап емес, газет басатын қағазбен әупірімдеп бес
мың данамен жарық көрді. Ал іші кып-қызыл өтірікке кұ
рылған, қазақтың тарихын бұрмалаған әлгі «Түп-түқия
нымнан өзіме шейін» деген кітап үш жүз мың данамен
жарық көрді. Үкіметтен үлкен қолдау көрді. Әйтпесе ол
кезде ешкім де үш жүз мың данамен шыға алмайды. Оқып
жіберсем, сұмдық. «Дарабозда» сол он сегізінші ғасырда
болған оқиғаларды жазып отырмын. Қаншама дүние ақ
тардым, қаншама уақытты сарп етіп, мұрағатта отырдым.
Мендегі окиға баска, әлгі кітаптағы оқиға мүлде баска.
Қаным басыма тепті. Сонда да оқып шықтым. Сосын жа
ғамды ұстадым. Өйткені кітапты жарыққа шығарғандар,
халықтан сүйінші сұрады ғой. «Бәленбайыншы ғасырда
Казыбек бек Тауасарұлы деген дана кітап жазып, ол бә
ленбай жыл жер астында көмулі жатыпты. Соны тауып
алдық. Міне, сеңдерге керек тарих осында қаттаулы тұр»
деп. Сұмдық-ай деуімнің себебі бар, әлгі кітаптағы жазу
мәнеріне, стиліне қарасам, он сегізінші ғасыр тұрмақ он
тоғызыншы ғасырдағы Абай мен Ыбырай Алтынсариннің
жазғандарына жақын келмейді. Ол бүгінгі, соның ішінде
«Социалистік Қазақстанның» касаң тілімен жазылған.
Өте бір шалағай дүние, өз аталарын мақтау, өзгелерді тө
мендету. Сондай койыртпақ. Сол кітапта «өткенде жазып
берген өлеңдеріңді жоғалтып алдым, тағы бір өлеңдер жа
зып берші» деп Бұқар жырау Қазыбек бек Тауасарұлына
жалынып жүрген бір пенде. Ау, Бұқар жырау сондай дең
гейдегі адам ба, еді? Оның өзі көл-көсір дүние шығарған
жырау емес пе? Мұндай да масқара бола ма? Кабанбай
батыр өз інісімен бір түйеге таласып жүрген, дүниеқоныз
біреу. Атышулы Бөгенбай батыр қолтокпақтай жан. Кө
кесі-ау, өз тұқымыңды дәріпте, бірақ тарихи тұлғаларды
солардың көлеңкесінде қалатындай етіп, қорламау крек
қой. Абылай бір күңнен туған кұл екен. Оны Теле би ұр
лап алып, Көркем Уәлидің баласы болмағандыктан соған
беріпті. Атақты Қаз дауысты Қазыбек би де бір баланы
ұрлап алып, Абдоллаға береді. Ол болашақ Жолбарыс хан
еді. Ойлары төреден емес, ханды карадан шығару керек
екен. Бірақ әлгілер төренің бауырында өсуі керек. Қызы
ғын қарасаңшы, бірі күңнен туған, бірі жылқышының ба
ласы, олар өскен соң ержүрек, батыр, ел бастаған даныш
пан хан боларын әлгі билер алдын ала қалай біліп қойған
десеңші. Сол мақалада айтканым бар-ды, «Бала ұрлау
Еуропадан емес, орыстардан емес, бізден шығыпты. Оған
атақты билеріміз жол салып беріпті» деп. Бұкар жырау
дан баска, Қаз дауысты Қазыбек, Қабанбай, Бөгенбайлар
«бізді де қағазыңа жазып, тауарихта қалдырсайшы» деп
Тауасарұлына жалынып жүреді... Демек, осының жалған
екенін айту керек болды. «Шындықты айтайық, талқыла
йық» десем ешкім үндемейді. Жазушылар одағына бар
дым. Ол кезде Қалдарбек Найманбайұлы одақтың төра
ғасы. «Ойбай, бұл тарих қой, анау-мынау» деп ат-тонын
ала қашып, ақыры «тарих институтына барсаңшы, солар
жөнін айтар» деп шығарыт салды. Ертесінде Манаш Қо
зыбаев басқарып отырған мекемеге бардым. Кітапты ала
барғам. «Мынаны оқыдыныз ба?» дедім амандық-саулық
тан кейін. «Оқыдым. Казір осындай өтірік дүниелер кө
бейіп кетгі, не істерімізді білмейміз» деп шағына сөйледі.
«Одақпен бірігіп талқылайық. Одақтан баяндамашы мен
болайын, сіз біреуді шығарыңыз. Бұл – тарих алдындағы,
халық алдындағы масақара іс. Соның алдын алайық» де
сем, «Осындайлардың бәрін жинап, үлкен конференция
жасайық деп отырмыз. Шыдаңыз» деп шығарып салды.
Сөйтсек, ол кісі де бұл кітапты талқылауға тісі батпай
отыр екен. Кітап артында азулы топ барын білетін Манаш
аға содан қаймығады екен. Содан амалсыз, көлемді мақала
жазуға отырдым. Отыз беттік мақала даяр болды, «Қуыр
шақ хандар мен алдамшы билер туралы немесе бір шежі
ренің кұпиясы» деген. 1993 жылы 5 караша күні «Қазак
әдебиетінің» үш бетіне жарияланды. Оған дейін әлгі кі
тапты біреулер тарихи кұжатқа айналдыра бастаған. Осы
маңайдағы мектептерге оқыта бастады. Бұл жалған тарих
қой. Сол мақаламда «Мына кітап он сегізінші ғасырда жа
зылса, онда қазақ романы сол кезде туды деу керек. Үл
кен сенсация - осы. Неге сүйінші сұрамайсыңдар?» дедім.
Жалған кітап екені бесенеден белгілі. Өйтіп тарихқа қия
нат жасауға болмайды. Халық мені қолдады. Ақыры әлгі
кітапты жарнамалау тоқтады. Үлкен бір өтіріктің жолын
кескеніме разымын. Қазір де неше түрлі сорақы дүниелер
шығып жатыр. Бірақ кайсысымен алысасың, кайсысының
жолын бөгейсің. Мәселен, Райымбек батырдың да туған
жылы қате көрсетіліп жүр. Әдейі. Қалайда оны «Актабан
шұбырынды кезінде ерлікпен соғысты, елін қорғады» деп
дәріптеу үшін. Оның батырлығына дау жоқ. Елін, жерін
қорғаған батыр. Бірақ ол дәл сол тұста өмірге келген жоқ.
«Ақтабан шұбырынды» кезінде оның атасы Ханкелді Қа
банбайлармен тізе түйісіп, жоңғарға қарсы аттанған. Не
мересі атасынан кем дегенде 40-50 жас кіші болмай ма?
Кесене басындағы жазуда керісінше Райымбек атасы Хан
келдіден 16-17жас қана кіші болып жүр. Бұл ақылға сыя
ма? Тізе берсек, жетеді...
– Біразға келдіңіз. Әр адамнын өмірде бір өкініші,
бір үміті болады. Сізде ше? Неге кол жеткізе алмадым
деп ойлайсыз?
– Егерде шығармашылық жағымнан келетін болсам, сан
соғып қалатындай, бармағымды шайнайтындай өкінішім
жоқ. О баста ойыма алған, мақсат еткен шығармаларым
ды жазған сияқтымын. Әрине, жазатын дүние әлі де бар.
Болдым, толдым, қаламды бұрышқа жинап койдым деп
айта алмаймын. Бірақ бір қате жолға түсіп, немесе әде
биетті біреулердің, я болмаса мансаптың, биліктегілердің
табанының астына салған кезім, өз фамилиямды былғаған
кезім болмаған екен. Бір-ақ мысал айтайын, «Соңғы көш»
романы 70-жылдары жазылды. Ол қиын кез еді. Совет пен
Қытай арасы ушығып тұрған, екі ел араз болатын. Ол жақ
тағы қазақтардың өмірін бұл жақтағылар білмейді. Содан
ба, кітапты жазғаннан, оны бастыру қиын болды. «Мынау
жөн екен, басуға болады» деген сарапшы адамды таппай
қи-налдым ғой. Төрт дана етіп, машинкаға бастырғанмын,
соның үш данасын КГБ, ЦК және академияға жібердік. Бі
рақ бірде-біреуі жарытып ештеңе айтпады. Айтатындары
«Оқиғасына, көркемдігіне дауымыз жоқ, бірақ ол жақтағы
тірлік бізге беймәлім. Сондықтан басуға жіберуге болады
деген нұскау бере алмаймыз» деген рәуіщті. Дегенмен
Қауіпсіздік комитеттің қызметкерлері, «мұны бір білсе
Мәскеудегі Қиыр Шығыс институты біледі. Сол жерде
кытайтанушылар бар. Соларға орысша нұска-сын жолда
сын» депті. Амалсыз жедел орысшаға аудартып, сол жаққа
салып жібердім. Арада бес-алты ай өткенде жауап келді.
«Өте жақсы, керек кітап. Көркем шығарманы басуға бола
ды» депті. Содан кейін ғана «Соңғы көштің» жолы болды.
Алғашында «Жұлдыз» журналынын үш нөмірінде басыл
ды. Ол кезде тираж қандай дейсің ғой, журнал 196 мың да
намен тарайды екең. Керемет емес пе! Сол «Соңғы көш»
мені жұртқа бірден танымал етіп кетті. Кейін тәуелсіздік
тен кейін «Сонғы көшті» қайта бастырып шығаруға тура
келді. Баспаға кетерде, қолыма алып оқып шықтым. Мә
селе, «Совет пен Қытай араз кезіңде жазылып еді. Қазір
доспыз, заман өзгерді. Соңдықтан артық кеткен я болмаса
кем айтылған жерім бар ма, түзейін» деген ой ғой. Бірак
бір сөзіне тиісе алмадым. Артык та айтпаппын, кем де
айтпаппын. Бәрі қаз-қалпында жазылған. Бір нәрсе, сонау
жетпісінші жылдары алғаш кітап шыққанда, 32-жылғы
аштық кезінде Қытайға ауып барған қазақтар жөнінде жа
зылған тараулар бар еді, цензура сол жерлерді кесіп алып
қалған. Соның бәрі үйде сақтаулы еді. Соны ғана қосып
жібердім. Басқа өзгеріс жасамадым. Жалпы, қай шығар
мамды да екінші рет қайта қараған емеспін.
– Оралхан Бөкей күнделігінде «әрбір шығармамды
жазуға отырған сайын, бүл менің сонғы дүнием емес
пе?» деп үркектеп отырамын депті. Сізде ондай сезім
бола ма?
– Оралхандағы көңіл күй барлық жазушыларда болады.
Мәселен, Ілияс Есенберлин шығарма жазғанда керемет
асығатын. Оның көптеген кітаптарына редактор болдым,
Бір байқағаным, ол кісі әрбір шығармасын жазып болған
сон, «жарыққа шықканын көрмей кетем бе» деп, асы
ғып жүретін. «Ілеке-ау, сонша неге асығасыз?» деп сұрап
қалсам, «Оу, Кабдеш, мен сен секілді қылшылдаған жас
емеспін. Жасым біразға келді. Көкіректе ой-арман көп,
соның бәрін ақ қағазға түсіріп қалсам ба деймін. Оның
үстіне мен сықатпын ғой, бір күні кисайып қалам ба, кім
білсін?» деп отыратын. Қол жазбасын бірден орысшаға
аударта беретін. Әрине, асығатын жалғыз Ілияс па еді,
жасы біразға келіп қалған кез келген ақын-жазушы осың
дай ойда жүреді. Ол сезім менің де басымда бар. Міне, ал
дымда қолжазба жатыр. Компьютермен тергенде 400 бет
тен астам. Осы кітап тезірек жарық көрсе, көріп кетсем
деген бір сақтық қылаң береді. Енді адамбыз ғой... Жасым
жетпіс жетіге шықты дегендей...
– Егерде Әуезов 1932 жылы «жаздым, жаңылдым,
кеңес билігін мойындаймын» деп Алаш идеясынан
сырттай болса да бас тартпағанда, өзге арыстар секілді
атылып кетері белгілі болатын. Әуезов, Әлихаңдар
дың, Ахметтердің, Міржақыптардың, Смағұлдардың
ізімен мерт болғанда, қазақ әдебиеті бүгінгі жеткен
деңгейге көтеріле алар ма еді?
– Империя кезінде қазақ әдебиеті екі бағытта дамыды.
Бірі – солақай саясаттың сойылын соғушы да, екіншісі
– халықтық бағытта. Осы халықтық бағыттың туын ұс
тап калған жазушы Әуезов болды. 1930жылдан 32 жылға
дейін Мұхтар Алматының түрмссінде отырды. Содан «мен
советтік платформаны қабылдаймын» деп жоғарыға хат
жазды. Сөйтіп, түрмеден босады. Әйтпесе ол да алдың
ғы толқын ағаларының жолын құшып, жок болып кетер
еді. Мұқаңның хат жазуы өте дұрыс жүріс болды. Такти
ка деп жатады ғой. Сол тұста Алаш көсемінің бірі Ахмет
Байтұрсынов Мұқаң түрмеде жатқанда «Сен жассың әлі.
Бізге енді кері қайту жоқ. Қалған тірлікті сеніп саған тап
сырамыз. Сенің казақ мәдениеті мен әдебиетін көтеру
ге қабілетің, дарының жетеді. Біз секілді аранға түспей,
басыңды сақтап қал» деп акыл берген деседі. Оны Мұ
қаң кұп алған. Бұдан қазақ ұтылған жоқ. Қазақ әдебиетін
қол жетпес биікке көтерді. Алаш арыстарының аманатын
абыроймен орындады. Қазақ халқының бағы болды. Егер
де Мұқаң атылып кеткенде, дәл сол уақытта халықтық
жолға түрен салатын ондай адам шығуы неғайбыл еді. Ол
серке еді. Калғандары соған еліктеді, соның ізімен жүрді.
Өткенде Жазушылардың кұрылтайында одақ басшылары
«біздін тұсымызда бұрын-соңды болмаған дәрежеде жазу
шылардың саны өсті» деп мақтаңды. Бұл мақтанатын нәр
се емес, жалпы, әдебиетті сан шешпейді. Сапа шешеді.
Әрине, әлгі келтірілген жеті жүз жетпіс жазушы әйтеуір
әдебиеттің маңайында жүреді, күн көріп. Бірақ әдебиетті
биікке көтеретін, кара нардай жүгін тартатын – жеті жүз
жетпіс жазушы емес, жеті-ак жазушы болуы мүмкін. Әуе
зовтін соңынан Мүсірепов, Мұстафин, Есенберлин, Ақ
танов, Мағауин, т.б ерді. Бәзбіреулер «Шерханның шек
пенінен шықтық» деп жүр ғой. Бірақ Шерханның шекпені
канша адамға жететінін білмеймін. Шынтуайтында, Әуе
зовтің макентошы бәрімізге пана болды. Былтыр Қадыр
Мырзалиев кайтқаңда, қырқына барғанда сөз сөйледім.
Сонда «Қадырмен бірге әдебиеттің бір дәуірі кетті. Ол
– жай дәуір емес, әдебиеттің алтын дәуірі. Ол Қадырмен,
оның буынымен (жетпіске келгендер) аяқталады» деп
едім. Ол одан кейін әдебиет болмайды деген сөз емес.
Әдебиет болады, бірақ ол басқа әдебиет. Мәселен, бір
жылда қырық екі адамға «Алаш» сыйлығын беретін әде
биет басталады... Сөз қадірі кетеді, сөз сиқыры жоғалады,
талғам ортаяды... Осындай әдебиет болады. Бір Әуезовтің
өзі қазақ әдебиетін биік қырқаға шығарып еді. Әдебиетте
«Абай жолы» тәрізді, «Әуезов жолы» тәрізді тыңнан жол
салатын тұлғалар туа ма. Кесіп айту қиын.
– Сіз 1962 жылы қысқа мерзімде Қытайдан атаме
кенге оралған көштің бас бұйдасын ұстаған адамсыз.
Сол көш еліміз тәуелсіздік алған жылдары жалғасын
кайта тапқан. Өкінішке қарай, «Нұрлы көш» деп ай
дар таққан сол көшіміз қандай себептен екені белгісіз,
тоқтап тұр. Сыртта қалған қазақтардың тағдыры
қаншалықты сізді толғантады?
– Сыртта қалған қазақтың жайын ойламайтын күнім
жоқ. Былтыр 1962 жылы бір айдың ішінде бергі бетке өт
кен екі жүз мың қазаққа елу жыл толды. «Елу жыл толды»
деп дабыл қақтым. Бұл – ұлы оқиға ғой қазақ тарихында
ғы. Біз балшықтан қазақ жасай алмай жүргенде, бір ғана
сәүір айында екі жүз мың қазақ бергі бетке өтті. Елдің
санын көбейтті, қазақтың қарасы артты. Мұны үнсіз,
елеусіз қалдырмай, атап өту керек қой. Бірақ тырс еткен
жан болмады. Шыдамай екі газетке мақала жаздым. Бас
пасөз бетінде жарық көрді. Ойым – сол ұлы көшті жұрт
тың есіне салу еді. Сосын Ұлттық телеарнаға телефон
шалдым. Ондағы ой, сол кеш кезінде туған бала бүгінде
елуде, көштің жүгін артыскан жігіт қазір жетпісте, со
ларды құттықтайын жане де сол көштің маңызын айтып
берейін деп. Телефонды кетергендер «бастықпен ақыл
дасайық, сонан соң хабарласамыз» деді де жоқ, болды.
Елім дейтін Ұлттық каналдың тірлігі осы. Өзгеге не жо
рық? Жалпы, сырттан келетін көшке, неге екенін кайдам,
2011 жылдан бастап қырын қараушылық байқалды. Атын
«Нұрлы көш» деп атадық. Мәселе атауда емес қой. Тіпті
өзі «Нұрлы» бола тура, сол «Нұрлы көш» неге тоқтайды.
Ақыры сиырқұйымшақтанған көш, 2012 жылы мүлде
тоқтады. «Неге тоқтады?» деп сұрастырсам, Үкіметтің
арнайы қаулысы болыпты. Еш жерде жарияламаған, бірақ
сондай пәрмен болған екен. Сөйтсек, 2015 жылға дейін
көшке мораторий жарияланыпты. Қысқасы, шеттен қазақ
келтірмеу деген сөз ғой. Басында сенбедім. Жер-жерге те
лефон шалып, көштің тоқтағанына көз жеткіздім. Менің
ше, бұл – казақ халқына жасалған қиянат. Тәуелсіздіктің
бір жемісі осы көш емес пе? Сырттағы қазақты осы көк
тудың астына жинау емес пе? Тәуелсіздікті неге алдық,
неге қуандык? Он шақты адамды миллиардер қыламыз,
жүз шақты адамды миллионер жасаймыз деп қуандық па?
Тәуелсіздікті қазақ халқының кеткен есесін толтырамыз,
мерейін үстем етеміз, шетте жүрген қазақтың үштен бірін
атамекенге әкеліп, көк тудың астына топтаймыз деп қуан
бадық па? Сөйтсек, елде болған кейбір келеңсіз окиғалар
ға оралмандар «кінәлі» екен. Оны билік маңында тізгін
ұстап жүргендер беттері бүлк етпей жария етгі. Бұл аздай,
қазақ қауымдастығының басшысының орынбасары Тал
ғат Мамашев деген: «Шеттегі казақ келгісі келмейді, көш
содан тоқтап тұр» деп соқты. Бұл да – қазаққа жасалған
қиянат және жала. Менің білуімше, өзге жақты атпай-ақ
қояйын, Қытайдағы қазақ Қазақстан дегенде ұшарға қана
ты болмай, жете алмай отыр. Осыдан біраз бұрын Прези
дентке «көшті кайтадан жандандырыңыз» деп хат жазып,
он-он бес адам қол қойып, жөнелттік. Тәуелсіздік алған
кезде, сырттағы қазаққа сауын айтып, «елге қайт» деген
өзі ғой. Бір дұрыс шешімге келер деген ойдамын.
– «Сол 16 желтоқсаннын аязды кеші қазір де көз
алдымда... Теледидар алдында жаңалықтар тыңдап
отыр едім, бір мезетте диктор әйел: «Бүгін республи
каның Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігін
жариялады» деп хабарлады. ...Бір уақытта қарасам,
көзімнен тарам-тарам жас парлап отыр екен. Ағыл-
тегіл қуаныш жасы...» деп жазыпсыз «Таңғажайып дү
ние» атты ғұмырнамалық романыңызда. Міне, содан
бері жиырма жылдан астам уақыт өтті. Тәуелсіздіктің
салмағын қаншалықты сезіне алдыңыз?
– Менің «тәуелсіздік» жарияладық» дегенде пора-по
ра болып жылайтын жөнім бар. Аңсаудан, сағыныштан,
қуаныштан туған жас қой. Тәуелсіздік ата-бабадан келе
жатқан арман еді, аңсар еді. Осы жолда қаншама жан қан
төкті. Кұрбан болды. Кешегі Алаш қайраткерлерін еске
алсақ та жетеді. Сол аққан термен, төгілген канның есесі
ғой, бұл тәуелсіздік. Соны көздің қарашығындай сақтау
керек. Басқа ой жоқ.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ
«Айқын» газеті,
25-қаңтар 2013 ж.
МЕН ӨЗІМДІ БАЛА ЖАСТАН
ӘДЕБИЕТКЕ АРНАҒАН
АДАММЫН
– Қабдеш аға, жақында «елге келген оралмандар
ға 5 жылға дейін азаматтық бермеу» туралы заңнама
ұсынылды. Оған қарсы шыққан ең алғашқылардың
қатарында өзіңіз болдыңыз. Қалай ойлайсыз, қандас
тарымызға бес жылға дейін азаматтық бермеу мемле
кетке несімен тиімді болуы мүмкін?
– Көші-қон тақырыбы менің өмір бойы айтып келе жат
қан тақырыбым. Өйткені, өзім де осыдан елу жыл бұрын
шеттен келдім. Еліміз егемендік алғанда қуаныштан по
ра-пора болып жылаған адаммын. Қазақтың кеткен көп
есесі қайтады, шетте жүрген қазақты ата жұртқа көшіріп
аламыз деп қуанған кісілердің бірімін. Көші-қон еліміз
тәуелсіздік алғаннан кейін қайта басталды. Елбасымыз
құптады, «Ата жұртымыз азат, көк тудың астына жина
лыңдар» деп, шет елде жүрген қандастарымызды елге ша
қырды. Осыдан кейін әр жақтан қазақтар келе бастады.
Елге ел қосылды, көш келмей тұрғанда қазақтың саны
30-ақ пайыз болса, қазір көбейді. Қазіргі нақты санын да
құбылтып жүрміз ғой, біресе 65, біресе 67% дейді. Ал,
менің есебім бойынша 70%. Енді парламент келген орал
мандарға бес жылға дейін құжат бермеу туралы заң шы
ғармақшы. Құжатсыз адам қалай күн көреді? Қызметке
қалай орналасып, қалай үй алады? Таяуда бір айдай жеке
куәлігімді жоғалтып алған едім, тауып алғанша қандай
қиналдым. Ал, келген қандастарымызды неге бес жылға
дейін құжат бермей қинауымыз керек? Бұл қазақ халқына
жасалған қиянат деп есептеймін.
– Елбасымен жолығуға талпынып көріп пе едіңіз?
Немесе жолықтыңыз ба?
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір топ жазу
шы бірнеше рет президенттің қабылдауында болғанбыз.
Одан кейін жеке өзім жолыққан жоқпын. Бір рет прези
дентпен кездесейін деп, жазылдым. Ол кезде Семей мен
Өскеменді қосқалы жатқан. «Қосуға болмайды. Екі қа
ланың орны екі бөлек» деп, соны дәлелдеу үшін Елбасы
мен сөйлеспекші болдым. Өйткені, Семей үлкен облыс.
Бір Семейдің өзінде 14 аудан бар. Абай, Шәкәрім, Мұх
тар Әуезов, Ақтамберді, Дулат, Ақтайлақ би, Әріп, Әсет
тер шыққан жер. Өскемен өз алдына бөлек облыс. Соны
түсіндірейін деп жазылып едім, кезегім келмей қойды. Ол
кезде президент резиденциясы Алматыда болатын. «Әне,
міне» деп жүргенде, облыстарды қосу туралы қаулы шы
ғып кетті. Сосын президент әкімшілігіне звондадым да:
«Менің шаруам орындалып кетті. Мені кезектен алып
тастаңдар, енді кірмей-ақ қоямын» дедім. Содан бері пре
зидентпен жолығуға талпынған жоқпын. Бірақ, тілектес,
пікірлес көпшілікпен бірге ашық хаттар жазып жүрмін.
– Кездесуге мүмкіндік туса, осы айтып жүрген
пікіріңізді айта аласыз ба?
– Айтар едім. Мысалы, кеше ғана «Көші-қон туралы
заңнамаға қол қоймаңыз. Бұған вето қойыңыз, бес жыл
дық мораторий дегеннің бәрін алып тастаңыз» деп бір топ
зиялы қауым елбасыға ашық хат жазған едік. Бірақ, пре
зидент бес жылды төрт жылға түсіріп, қол қойып жіберді.
Біздің үмітіміз ақталмады.
– Сіздің шығармаларыңыздың басым бөлігі осы
көш тақырыбына арналған. Қазақ тарихында ерек
ше орын алған 1962 жылғы көшті өзіңіз бастап келген
екенсіз. Осы туралы кеңірек айтып берсеңіз?
– 1962 жылы сәуір айының оныншы жұлдызынан
бірінші мамырға дейін Шәуешектен 200 мыңға жуық қа
зақ көшіп келді. Ал, шекараға жақын Алтай, Іле аймақ
тары тыныш жатқанда, Тарбағатай халқы неге қозғалды?
Оның ұйымдастырушысы болды ма? деген сұрақтар туа
ды. Бұрын бұл айтылмайтын, айтуға болмайтын құпия
нәрсе болды. Мәскеуге: «Бізге баспана беріңіздер» деп
көп адамдардың қолы қойылған хат жаздық. Осының бар
лығын жасаған адам – қазір алдыңызда отыр. Өйткені,
мен соның алдында Алматыдан оқып қайтқан адаммын.
Мәскеуді көргем, орыс тілін біршама білемін дегендей.
Алматыда оқып қайтқаннан кейін, қуғын-сүргінге ұшыра
дым. Содан өзімнің туған қалам Шәуешекке барғам. Хат
тарымызды алған соң, 1962 жылы көктемде Совет одағы
бес Тарбағатай аймағында жерден көш өтетін шекараны
ашып тастады. Сол шекара заставаларынан күндіз-түні
қалың көш шұбырып өтті ғой. Арбалы, аттылы, түйелі
көш дегендей. Көштің қалың болғаны соншалық, сол
жылы жүк тасыған Аягөз-Бақты тас жолы қазылып кетті.
Бұл менің өмірде өзіме-өзім разы болатын, «ұлттың ал
дында өтеген азаматтық борышым» деп мақтан ететін бір
қызметім болды. Мен өлгенде де осы көшті еске алып,
разы боп өтетін шығармын.
– Қытай заңдары қатал әрі өте сақ қой. Мұның бар
лығын ұйымдастыру қиындық тудырған жоқ па?
– Біз көшеміз деп ешкімге жар салған жоқпыз. Мұның
барлығы астыртын, жасырын жасалынды. 1956 жылы Қы
тай елу адамды оқуға жіберген болатын. 40 адам Ташкент
те, оншақтысы Алматыда оқыды. Мен ҚазҰУ-де оқыдым.
Бірақ, екі жылдан кейін бізді бір айлық курсқа қатысасың
дар деп қайтатан алып кетті. Бір айлық курс дегені ұзақ
қа созылды. Сөйтіп, сол елу адамның ішінен тарихшылар
мен әдебиетшілерді оқуға қайтадан жібермей алып қалды.
Өйткені, біз «ұлтшыл» дейтін қалпақ киіп үлгірдік. Менің
жазған өлеңдерім бар, солардан пәле іздеді. Сөйтіп, қара
жұмысқа салды, көмір қаздық, жол салдық дегендей. Со
дан өзімнің туған қалам Шәуешекке үш жылдан соң әрең
жеттім. Ол өзі шекараға жақын орналасқан қала, аралығы
небәрі 20 шақырымдай. Басында тұтас елді көшіру ойым
да болған жоқ. Ата-жұртқа өзім кетсем деп ойлағам. Сол
үшін де қалтамда ҚазҰУ-дың студенттік билетін, сынақ
кітапшасы тігулі жүреді. Өйткені, кез келген уақытта ше
карадан өтіп кетуім мүмкін ғой. Бұл құжаттардың менің
жансыз емес екендігіме дәлел болатындығына сенімдімін.
Елге келген соң, өмірдің өзі менің жоспарымды өзгертіп
жіберді. Жұрттың бәрі тұрмыстан қатты күйзеліп тұрған
шақ еді, айнала ашаршылық. Содан: «Жоқ, жалғыз кетуге
болмайды» деп түйдім. Адамдардың барлығы менің айна
лама жиналып қалады. Менен Қазақстан туралы, Мәскеу
туралы сұрайды. Мақтамай жай айтсам да, ауыздарының
суы құрып отырады. Қазақстанда миллиардтап астық
алып жатқандарын естігенде, халық ұшарға қанат таппай
қалды. Бәріміз бірауыздан кетеміз деп шештік. Сөйтіп,
қара күзден жаңа жылға дейін Мәскеуге неше дүркін хат
жөнелттік. Қыс өтіп, көктем әдеттегіден ерте шықты. Ең
бегіміз жанып, бір айда елу мың отбасы көшіп келді. Кел
ген халықты үкімет үш облысқа бөліп жайғастырды. Бір
айдан соң, барлығымызға «Совет азаматы» деген паспорт
таратып берді. Әрбір үйге бір бұзаулы сиыр мен қой бай
лап кетті. Үй басы бір қап ұн мен қант үлестірді. Оқып
келген мұғалімдерге қызмет берді, оқушыларды мектеп
ке орналастырды. Ашаршылықта әбден қақтығып келген
жұрт бұған дән риза. Қытай үкіметі болса, көшті ұйымдас
тырушы деп, мен бастаған 7 адамды ұстауға қаулы алған.
Бірақ бізді ұстай алмады, көшке де ие бола алмай қалды.
«Қытайдағы қазақтардың халі мүшкіл»
–1962 жылдары сізбен бірге көшіп келген қандаста
рымызбен араласып тұрасыз ба?
– Былтырғы жылы бұл көшке 50 жол толды. Яғни, сол
кезде туған кішкентай балалар елу жасқа толды. Мысалы,
Секен Тұрысбеков деген күйші жігіт бесікте келген бала
болатын, қазір жасы елуден асты. Көшті бастап жүргенде
мен 25 жаста едім. Мәскеуге жазған хаттарымызды наға
шы інім Шәріп Ақышұлының атынан жіберіп отырдық.
Өйткені, мен қуғында едім, өз атымнан жазу қиын бола
тын. Шәріп қазір зейнеткер, Семейде тұрады. Бұл тарихта
елеулі орын алған көш болды ғой, сонда келген халық
ты құттықтайын деп былтыр газеттерге «Қызыл сызық»
және «Басынан қаратаудың көш келеді» деген екі естелік
жаздым. Ойым осы елу жылдықты атап өту, көшті жұрт
тың есіне салу болатын. Ұлттық телеарналарға телефон
соғып: «Маған жарты сағат уақыт бөліңдерші, сол көшті
еске алып, насихаттайық. Бұл бір жағынан патриоттық
тәрбие ғой» деп едім. Олар: «Ойланайық, жоғарғы жақ
пен ақылдасайық» деп созып жүріп, ақыры мені экранға
шығармады.
– Елге көшіп келген соң Қытайға бару жолы қиын
даған шығар?
– Мен ол жаққа отыз жылдан кейін ғана бардым. Көп
жыл бойы қатынас үзілді, менің артымнан қуғын түсті.
Екі елдің достығы артқаннан кейін, 90-шы жылдары жол
ашылды. Соның өзінде соңымда тыңшы жүрді. Неше
түрлі қитұрқы сұрақтар қойды, бірақ жолымды бөгей ал
ған жоқ. Ол кезде Үрімжіде тұратын немере ағамыздың
шақыруымен барған болатынмын. Әлі де сол жақта тұ
ратын туыстарымыз бар. Кейін, 2002 жылы Тарбағатай
дың әкімі мені қонаққа шақырды. Бұл жолы бәрі басқаша
болды. Бұрынғы жабық есіктер ашылды, қарсы алулары
да жоғары деңгейде. Емін-еркін жүріп қайттық, қанша де
генмен үкіметтің өзі шақырды ғой. Үш ауданды аралап,
кездесулер өткіздік. Бірақ, олар ешнәрсені ұмытпайды.
Тоқсаныншы жылдары екі ел дос болып отырғанда, біздің
баспагерлер Қытайда кітап жәрмеңкесін өткізіпті. Олар
ға қойылған ең бірінші сұрақ: «Ұйғырдан Зия Самадидің,
қазақтан Қабдеш Жұмаділовтың кітабы бар ма?» деп қа
далған екен. Бірақ, құдай сақтап, баспагерлер біздің кітап
тарымызды апармаған екен. Осылайша ол елмен сырттай
сыйласып жүрміз.
– Қытайда әлі де туысқандарыңыз тұрады екен. Ол
жақтағы қазақтардың жағдайы қалай?
– Қытайдағы қазақтардың халі мүшкіл. Қазақтарға жұ
мысқа тұру оңай емес. Қытай тілінде жақсы сөйлеп тұр
саң, әскерге барып келсең ғана жұмыс табылады. Сол үшін
жұрт баласын жаппай қытайша оқытуға мәжбүр. Өйткені,
қазақ мектептерінің өзі жабылды. Оқыған мұғалімдерге
қазақ мектебі жұмыс орны еді. Қазір сабақтың бәрі қы
тайша жүргізіледі. Қазақ балалары оқитын мектепте шет
тілі пәні сияқты аптасына екі сағат қана қазақ тілі мен
қазақ әдебиеті пәні өтіледі екен. Одан бөлек, іс-қағаздар
дың барлығы қытайша. Бұрын Қазақ автономия облысы
ның біраз күші бар еді. Қазір сол автономия да жай қағаз
жүзінде қалған тәрізді. Себебі, мектептер жабылса, іс-қа
ғаздары қытайша жүрсе, басқа қалай түсінеміз? Облыс,
аймақтың әкімдерін қазақтан сайлап қойғанымен, партия
комитеттеріне қытайлар басшылық етеді. Менің «асығу
керек, қазақты тезірек көшіріп алу керек» деп жүргенім
содан. Шеттегі қазақ кейін қолың тигенде ала салатындай
сенің қоймадағы затың емес. Банкте пайызымен өсіп тұра
беретін ақшаң емес. Шеттегі диаспора – жанды организм.
Ол күнде өзгеріп жатыр. Күнде ассимиляцияға ұшырап
жатыр. Енді 20 жылдан кейін елге қайтамын дейтін кісіге
зар боласың. Қытай тілі мен мәдениетіне сіңіп кеткеннен
кейін, жастар қазағыңды менсінбей қалады, керек десең.
Қазір бізде орыстілділер қазақ ұлтын менсінбейді ғой, сол
сияқты. Жалпы, қытайдағы қазақтардың жағдайы осын
дай деп естимін.
– Дегенмен, Қытайда күндіз-түні қазақ тілінде хабар
тарататын телеарна мен радио бар дейді ғой. Соған
қарағанда қазақ тілі сол жақта тәуірлеу ма деп ойлап
қаламыз?
– Тәуір деуге болмайды. Ол да – қағаз жүзіндегі дү
ниенің бірі ғой. Бұл қазаққа жасалынып жатқан жана
шырлық немесе қамқорлық емес. Өзінің саясатын халық
қа өткізу, қытай мәдениетін қазақтың құлағына құйып,
санасына сіңіру үшін жасалынған әрекеттер. Кейде біздің
үйдегі теледидар Үрімжідегі қазақ арнасын тартады. Ба
сында 4-5 рет тыңдап едім, жалығып кеттім. Міне, қытай
саясаты осындай.
–Қытайда заң қатал дейді. Қандай заңдарын ерекше
атап өте аласыз?
– Заңдарының қатал екені рас. Жемқорларды аямайды.
Жаңадан келген басшысы: «Мен жемқорлардың тамыры
на балта шабамын. Жемқорларға арнап жүздеген табыт
жасаттым. Егер оны іске асыра алмасам, біреуі өзімдікі»
депті. Жемқордың алған парасы миллион теңгеге жақын
даса, ол адамды атып тастайды. Хатшысың ба, басшы
сың ба, оған қарамайды. Бүкіл халықты жинап, жұрттың
көзінше атады.
– Заң шығаруда, бәлкім, бізге де олардан үлгі алу ке
рек шығар? Мәселен, қазақ тіліне қатысты?
– Беріге дейін Шыңжаңда қазақ тілінің даму қарқыны
жақсы еді. Қазір оларға қарағанда, Моңғолияның Баян-
Өлгейінде қазақ тілі таза сақталып келе жатыр. Ол жаққа
барып, көріп қайттым. Мал көп, ұры-қары жоқ. Қытайда
да ұры аз. Тәртіп қатты. Бізде қатаң талап жоқ. Мына жо
ғарыда отырғандардың көбі орыстілді шенеуніктер. Олар
орыс тілі тұрғанда қазақ тілін қайтсін? Қазақ тіліне пыс
қырмайды да. Пысқырмайтын себебі, менсінбейді. Өйт
кені, «қазақ тілін біл!» деген қатаң талап жоқ. Қазақ тілін
білмейтін шенеунікті жоғарғы қызметке қоймасыншы, екі
жылдың ішінде қалай сайрар екен?! Бәрі шетінен қазақша
үйреніп алар еді. Талап болмаған соң қалағандарын іс
тейді. Билік – орыстілді шенеуніктердің қолында. Қазақ
тың өрісі тарыла беретін себебі сол.
– Елге қайтып келген қандастарымызды «оралман»
деп атап жүр. Сіз бұл сөзге қарсы емессіз бе?
– «Оралман» деген сөзде тұрған ештеңе жоқ. Ол тек
термин. Бұл термин орыстың репатрианттар деген сөзі
не балама қажет болған кезде шұғыл аударылған нәрсе.
Оралман – келгендер қалыптасып алғанша 4-5 жыл ғана
қолданатын сөз. Кейін қалып қояды. Маған наз айта кел
гендерге осылай деймін.
– Жаңа жыл да жақындап қалды. Бұл мейрам сайын
елімізде «Жаңа жылды қойып, Наурызға көшейік» де
ген ұсыныстар көбейеді. Бұған қатысты көзқарасы
ңызды білсек?
– Біреулер жаңа жылды ысырып тастап, наурызға көшіп
кетейік дейді. Бұл ұшқары пікір. Бүкіл дүние жаңа жылды
тойлап отырғанда, бізге де жаңа жылсыз болмайды. Ал,
түрік дүниесі наурызды өзінше тойлайды. Ораза айт, Құр
бан айт бар. Құрбан айт мерекесіне бір күн демалыс берді,
ораза айтқа да бір күн демалыстың берілгенін қалар едім.
Өйткені, отыз күн ауыз бекіткен адам әлсірейді, аздап күш
жинау керек дегендей. Мысалы, бұл мейрамдар кезінде
Қытайдағы мұсылмандар үш күн демалады. Наурыз бол
са, біздің ежелден келе жатқан мыңжылдық мейрамымыз.
Ол неден шықты дейсіз ғой? Көшпенділердің наурызға
өте мүдделі болуынан шыққан. Қатал қыстан кейін ха
лық жылы күнді күтіп отырады ғой. Осындай тұрмыстық
жағы бар, екіншіден «наурыз туды, күн жылынды, енді
малымыз аман қалады» деп қуанған. Күн мен түн теңе
летін уақыт. Наурыз табиғаттың мейрамы ғой.
– Өзіңіздің ерекше жақсы көретін мерекеңіз қандай?
– Көктем мейрамдарына қарсылығым жоқ. Мұсыл
мандардың мейрамдарын ерекше көремін. Қазір мейрам
көбейіп кетті. Астана күні бар, тағысын тағы дегендей.
Жарайды, бола берсін, қарсылығым жоқ. Бірақ, жақсы
адамдардың мерейтойлары атаусыз қалып жатыр. Мыса
лы, биыл Абылайдың 300 жылдығы болды. Ол екі жыл
ға кеш атап өтілді. Абылай 1713 жылы емес, 1711 жылы
туған. Оны елемей тастап кетіп, ел шулаған соң, биыл атап өтті. Оның өзінде облыстық деңгейде, Көкшетау да ғана өткізілді. Бірақ, Абылай Көкшетауда тумаған, ол Түркістанда туған. Әрі Абылайды бір облыстың адамы деуге бола ма? Ол бүкіл қазақтың ханы. Мерейтойға сәй кес, сол жыл «Абылай жылы» деп жариялануы керек еді. Оны Юнеско көлемінде атап өту керек еді. Маған биыл ғы өткізген шараға шақыру келді. «Бармаймын. Өйткені, Абылай осыдан екі жыл бұрын 300-ге толып кетті. Жәй атақ үшін екі жыл кеш өткізіліп жатқан шараға бармай мын» – деп жауап бердім. Біз кейде көрнеу, істелуге тиіс, осылай сұранып тұрған нәрселерді істемейміз. Керісінше, ұсақ-түйек нәрсені тойлап, уақыт өткіземіз. –Абылай ханның 300 жылдығын дүркіретіп атай алмауымыздың себебі неде? Бұл кімнің қателігінен? – Біздің үкімет Абылайға қырын қарайды. Қазір «та рих бізден басталады» деген бір кеуде бар, «идеологтар» айтып та жүр. Олардың айтуынша, тарих 1990-шы жыл дардан басталады екен. «Қазақ мемлекетін құрған – біз, шекарасын анықтаған – біз, бәрін жасаған – біз» деп соға тындар бар қазір. Ол үшін Абылай болмауы керек, Абы лай айтылмауы керек. Осы жердің барлығын 1754 жылы Абылай азат етіп, жоңғарларды қуып шыққан. Сол Абы лайдың арқасында қазір біз осы жерде отырмыз. Әйтпе се, қоқанның, орыстың, қытайдың қарауында быт-шыт болып жүрер ме едік. Бірақ осыны айтқызғысы келмейді. Біздің шенеуніктер тірілермен тіресуді қойып, енді әруақ пен алысқысы келеді. Абылайды ұмыттырғысы келеді. Ол – бос әурешілік. Халық ешқашан да Абылайды ұмытпай ды. – «Көшпенділер» фильмін көрген шығарсыз? – Фильм түкке тұрмайды. Бұл кино әлі түсірілмей тұр ғанда, оның сценарийіне қарсы «Көрінгенге жем болған көшпенділер» деген мақала жазған болатынмын. Басын да олар мені киноға кеңесшілікке шақыратын болған.120 беттік сценарийін киностудияның екі жігіті алып келіп: «Осыған төрелігін айтатын адам деп біреулер сізге жол нұсқады. Мынаны қарап беріңізші» деп өтінді. Артынан, әлгі мақалам шыққаннан кейін мені кеңесшілікке шақыр майтын болыпты. Орныма марқұм Ақселеу Сейдімбекті
шақырыпты. Ол менен гөрі белсенді, үкіметпен тіл тап
қыш болатын. Сценарийін Рустам Ибрагимбеков деген
орысшыл автор жазған екен. Оның атын естігеннен-ақ ки
ноның қалай боп шығатыны туралы қауіп ойлай бастадым.
Сценарийді оқып көрсем, қаупім орынды екен. Ішінде түк
жоқ. Жоңғарға қарсы соғыс, бірақ ішінде Қабанбай жоқ.
Ұлы Отан соғысында Жуков қандай рөл ойнаса, жоңғарға
қарсы соғыста Қабанбай тура сондай рөл ойнады. Қабан
байды соғыстың қиын жерлеріне жіберіп отырған. Халық
оны сол үшін жақсы көреді. Кинода Әбілхайыр хан жүр.
Керісінше, Әбілхайыр жоңғарға қарсы соғыспаған адам.
Аңырақай шайқасынан кейін ол хандыққа өкпелеп, ба
тысқа кетіп қалды. Оның бәрі белгілі нәрсе ғой. Көбі сол
киноның шыққанына мәз. Бірақ тарихты білмейді. Тарих
ты білу аз, сезіну керек. Тарихты білу дегеннің екі түрі
бар. Әр түрлі кітап оқисың, содан біраз мағлұмат аласың.
Бұл тарихты білу. Ал тарихты біле отырып, сезіну – ол
басқа нәрсе. Жазушылардың артықшылығы сонда. Мен
тарихты біліп қана қоймаймын, мен тарихты сезінемін.
Өйткені, өзім көшпендінің баласымын.
– Мұхтар Мағауин Шыңғысхан моңғол емес, түрік
екен деп жазды. Бұған сіз сенесіз бе?
– Шыңғысханның түрік екендігіне әу бастан сенгенмін.
Екі Мұхтар сөзге келмес бұрын білетінмін. Өйткені,
Шыңғысханның бүкіл әскері түрік болған. Сонау Дунайға
дейін басып алған қалың әскер, оны басқарған әскербас
шылардың бәрі түрік. Шыңғысхан түрік болмағанда қай
теді? Тілеуберді Әбенайұлы деген аудармашы «Тарихи
Рашиди» кітабын нақтылап аударып шығарды. Түпнұсқа
бойынша, Шыңғысханның руы – Жалайыр екен. Сөйтсек,
бұрын бұл кітаптардың барлығын бұрмаланып аударылған
екен ғой. Шыңғысханның түрік екендігі туралы жазылған
жерлерін тастап кеткен. Ал, Тілеуберді Әбенайұлы деген
жігіт қытайшадан дәлме-дәл аударып отыр. Отаршылдар
оны неғұрлым моңғол деп шығарып, түрікке жақындат
пау керек болған. Моңғолияда Шыңғысханның бірде-бір
ұрпағы жоқ. Міне, Тілеуберді секілді сауатты жігіттер
шығып, осындай құпия шежіренің құпиясын ашып, қайта
аударып отыр. Шыңғысхан – түрік. Түріктің ішінде қазақ.
Руы жалайыр, оның ішінде төре деген руынан. Мен бұ
ған әу бастан шүбә келтірген емеспін. Сол үшін Мұхтар Шахановпен таласып та қалғанмын. Ол: «Шыңғысхан моңғол» деп қоймайды. Бір жерде қонақта отырып: «Сен жақсы ақынсың. Оған түк таласым жоқ. Сен қайраткерсің, оған да таласым жоқ. Сен тіпті сазгерсің, жақсы әндерің бар. Оған да таласым жоқ. Ал, тарихшылдығың боққа тұрмайды. Қойсаңшы, сен тарихты білмейсің ғой!» деген едім. Орыстар не айтса, соны тотықұсша жаттап алады. Марқұм Шыңғыс Айтматов та сондай еді. Біз оны тіпті «адамзаттың Айтматовы» деп атадық. Тарих жағынан келгенде, ол да көп ештеңе білмейтін. Себебі, ол оны зерт теген жоқ қой. Зерттемеген адам қалай біледі? Менің пірім – Мұхтар Әуезов – Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз? Балалары ңыздың ішінде сіздің ізіңізді жалғастырғандары бар ма? – Менің іздерім екі мемлекетте жатыр. Кейін мені кім зерттейді? Мен жүрген жерлермен кім жүріп өтеді? Тіпті, ондай біреу табылғанның өзінде, ол мен жүрген жер тура лы жазар-ақ. Бірақ, сол шақтағы мен бастан кешкен ойлар ды, менің сезімдерімді оған кім айтып береді? Сол үшін өзге емес, мемуарды мен жазуым керек екен деп, «Таңға жайып дүние» атты үлкен ғұмырнамалық роман жаздым. Мұнда кәрі шешеммен, қарындастарыммен келдік. Анам қолымда қайтыс болды. Әкемнен кейін 27 жылдан соң дү ние салды. Әкемнің зираты сол жақта қалды. Атам Күдері деген би болған. Күдері мешіті деген мешіт болған, атам сол жердегі жұртты сәждеге жыққан кісі. Әкем соның қа сынан мектеп салдырған. Мен сол әкем салдырған мек тепте оқыдым. Екі елдің арасында жүріп кеш үйлендім. Әйелім осы жердегі КазПи-дің физика-математика фа культетінде оқыған.Төрт ұл, бір қызымыз бар. Балала рымыздың бәрі жоғары білімді, Жәнібек, Дәрмен, қызым Ерке, келінім Мәриям төртеуі де «Болашақ» бағдарлама сымен шетте оқыды. Ұлым Дәрмен әлі күнге дейін БҰҰның Вена қаласындағы штабында жұмыс істейді. Үлкен ұлым Арман тарихшы, доцент. ҚазҰУ-дың тарих факуль тетінің деканы. Балаларымның барлығын қазақ мектебіне
оқуға бердім, үш тілді бірдей меңгерді. Үш тұғырлы тілді
іздеген кісі біздің үйге келсін (күліп). Дәулет есімді ұлым
филология факультетін бітіріп, Лондондағы «Би-би-си»
радиосында он жыл жұмыс істеп келді. Балаларымының
ішінде шығармашылыққа жақыны осы Дәулет болды,
өзі журналист, продюсер. Қазіргі заманға қажетті дүние
лердің барлығын меңгерген. Оған: «Лондонда он жыл тұ
рып келдің ғой. Лондон деген – дүниенің төбесі. Естелік
кітап жаз» деп айтып жүрмін. Бірақ, ұлым әлі ойлануда.
– Бала кезде қандай жазушыны оқып өстіңіз?
– Менің пірім – Мұхтар Әуезов. Ол кісінің кітабын ал
ғаш рет 13 жасымда оқыдым. Бір ағамыз қалаға жиі қа
тынайтын. Бір күні Мұхтар Әуезовтың арабша басылған
«Абай» атты екі томдық кітабын алып келіпті. Жайлау
да отыра қалып оқыдым. Бұрын «Құраннан үлкен кітап
болмайды, оның өзі аспаннан түседі» деп ойлайтынбыз.
Сөйтсек, кітапты да адам жазады екен. Бірінші бетте ай
маңдайлы керемет адам отыр. Роман деп жазып қойыпты.
Сонда «кітаптың авторы болады екен-ау» деп таңқалғам.
Алғашында біздің орыс әдебиетіне тісіміз батпады. Мен
еуропалық әдебиеттің нәрін Әуезовтан алдым. Ананың
омырауында жас балаға қорек болатын нәрсенің барлы
ғы болады екен ғой. Сол сияқты, Әуезовте бізге қоректі
заттың барлығы болды. Ол еуропалық мәдениетті бойына
сіңірсе, біз Әуезовты бойымызға сіңірдік.
– Алғашқы шығармаңызды неше жаста жазған
едіңіз?
– Мен өзімді бала жастан әдебиетке арнаған адаммын.
Менің алғашқы өлеңдерім сегізінші сынып оқып жүрген
аймақтық, өлкелік газеттерге шығып жүрді. Оныншы сы
нып оқып жүргенде Үрімжіден шығатын «Шұғыла»деген
журналға «Жамал» атты ең алғашқы әңгімем басылды.
Басында өлеңдетіп келесің. Қыздарға ғашық болдық, оны
айту керек дегендей. Бірте-бірте қуғын-сүргін араласты,
ұлтшыл атандық. Енді өзіңді ойлайтын емес, ұлтты ой
лайтын сатыға көтерілдік. Ұлттың тағдыры, көштің тағ
дыры өлеңге сыймайды. Прозаға көшпесем мен «Соңғы
көшті», «Тағдырды», «Дарабозды» қалай жазар едім? Осы
кітаптарымда жазылған дүниенің барлығын айту үшін
прозаға көштім. Әзірге жазғаным 10 роман, 20 повесть,
60-тан астам әңгіме. Өлеңдерімнің жинағы баяғыда «Жас
дәурен» деген атпен шыққан. Содан бері өлең жазуды қой
дым. Қазір роман жазуды да қойдым. Енді повесть, әңгіме
жазуға көштім. Өйткені, шалқалап жатып роман оқитын
заман келмеске кетті. Екіншіден, оған да уақыт керек.
Шағын әңгіме-повестьпен де көп нәрсе айтуға болады.
Әрі оқырманға жеңіл, бір кеште оқып тастайды.
– Қазақ жазушылары туралы айтылғанда, біздің
ойымызға міндетті түрде аға буын өкілдері оралады.
Ал қазіргі жазушылар халықты сіздердей селтеткізе
алмай жатқан сияқты?
– Қадыр екеуміз 20 жыл көрші тұрдық, жолдас болдық.
Бірақ, кейіннен Қадыр басқа үйге көшіп кетті, ал мен әлі
күнге дейін сол үйде тұрамын. Қадыр Мырзалиев қайтыс
болғанда, мен былай деп сөз сөйледім: «Өмірден Қадыр
кетті. Қадырмен бірге тұтас бір дәуір кетті. Ол - әдебиеттің
алтын дәуірі. Мұным, бұдан кейін әдебиет болмайды де
ген сөз емес, әдебиет болады. Бірақ, ол басқа әдебиет. Әрі
бұрынғыдан асып түсетін әдебиет емес, қажыған, шөжі
ген, аласарған, сөздің қадірі кеткен, саудаға түскен әде
биет болады» деген едім. Саудаға түскен дегенім, Жазу
шылар одағына байланысты айтқаным болатын. Мысалы,
Жазушылар одағының төрағасы Н.Оразалин былтыр бір
жылда 42 адамға «Алаш» сыйлығын берді. «Алаш» сый
лығы деген қасиетті сыйлық. Бір жылда осыншама адамға
қасиетті сыйлықты беруге бола ма? Екі жылда үш адам
немесе бес адам алса жетеді. Оны иеленгендердің кейбі
реуі әлі кітап та жазбаған адамдар. Бұл төрағаның съезд
алдында дауыс жинауға жасаған амалы болды. Осыған
көшкен әдебиеттің болашағы қандай екенін айта алмай
мын. Бірақ, жекелеген таланттар бар. Оның барлығын
дерлік оқып жүрмін дей алмаймын. Кейбір ұл-қыздар кі
таптарын әкеліп береді. Одан бөлек, көрініп қалған жақсы
жазушылар бар. Асқар Алтай, Мархабат Байғұтов, Нұр
ғали Ораз сияқты прозаиктер бар. Қазақ талантты халық
қой. Таланттар көп, бірақ соңына дейін беріліп жазатын
дары некен-саяқ. Қазір әдебиеттің де сұранысы азайды.
Қаламақы мүлдем жоқ. Бәрінің бала-шағасы бар. Ақы
сыз, пұлсыз қалай жаза береді? Мен сияқты жазбай тұра
алмайтындар болмаса. Жастарға қаламақы керек. Кітап
тарамайды. Баяғыда менің «Тағдыр», «Соңғы көш» де
ген романдарым 40 мың данамен шыққан. «Соңғы көш»
«Жұлдыз» журналына басылғанда 196 мың данамен та
ралған. Сенің шығармаларың бүкіл иісі қазаққа таралып
тұрса, танылмағанда қайтесің? Ал, қазіргі кітаптар 2000
данамен шығады. Мысалы, менің биыл шыққан «Әріп пен
Сара» деген кітабым екі мың данамен шықты. Шығару
ақысын да өз қалтаңнан төлейсің. Міне, қазіргі тірлік осы.
Осындай жағдайда әдебиетке берілген фанатик біреу бол
маса, жастардың жаппай әдебиетке келуі екіталай. Әдеби
сын деген де мүлдем тоқырады. Әркім өз ағайынын, жер
лестерін мақтайтын мақалалар ғана жарық көретін болды.
Ол сын емес, тек қолпаштау ғана.
– Жеке ұстанымыңыз қандай?
– «Қазаққа не жақсы, не пайдалы – соны қолдау керек.
Қазаққа не жаман, не зиян – оны кім шығарса да қарсы
тұрған жөн». Менің өмірлік ұстанымым осындай қарапа
йым.
– Тағдырыңызға ризасыз ба?
– Ризамын. Өйткені, бақыт дегеніміз арманыңның
орындалуы ғой. Мен өзімді әубастан қалами қызметке
арнағанмын. Елімнің тарихын, халқымның мұңын мұң
дасам, жоғын жоқтасам дедім. Шамам келгенше, соның
біршамасын орындадым ғой деп ойлаймын. Бұл – орын
далған арман деген сөз. Арманы орындалған кісі бақытты
болып есептелінеді. Кейбір қол жетпей жүрген, орындал
май қалған дүниелер де бар. Оған жағдай ырық бермеді.
Өйткені, жазу үшін бізге бар жағдай жасалған жоқ. Ендігі
арманым – қазақтың көші тоқтамаса екен. Шетелде әлі 5
миллиондай қазақ бар, соның тым болмағанда 3 миллио
нын көшіріп алсақ, арманым орындалар еді.
- Әңгімеңізге рахмет!
Сұхбаттасқан – Салтанат АСАНҚЫЗЫ.
Республикалық «Жұлдызбен сырласу» журналы
2014 қаңтар, №1 (94) 2014.
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫ БІЗДІҢ ТАҚИЯМЫЗҒА ТАР КЕЛЕ МЕ? Қ азақ тілінің қаймағын ағызып, балын тамызған хас шебері, Мұхтар Әуезовтен соңғы қазақ әде биетінің алыбы, социалистік реализмнің қамытын мой нына ілдірмей кеткен шу асау, қазіргі көзі тірі классикжазушымыз Қабдеш Жұмаділовті, Қазақстанды былай қойғанда, шетел жұртшылығы танып үлгірді. Және аз жылдардың ішінде халықтың сүйіктісіне айналды. Қаб дештің атын алғаш көпшілікке танытқан белді шығар масы – «Соңғы көш» романы. Бұл да тарихи тақырып болғанымен, бұрын түрен түспеген тың тақырып. Бұ рын-соңды қазақ жазушылары қаузамаған, ешкімнің ойына кіріп-шықпаған мұндай тақырыпқа баруы Жұ маділовтің жүрегінің түгі барлығын білдіреді. Ұлы империялардың бір де біреуінен ықпай, қаймықпай бұл тақырыпты қозғауы шын мәнінде Қабаңның ерен ерлігі деуге болады. Өйткені, мұндағы жазылып отыр ған оқиға екі империялық мемлекеттің тепкісінде, құл дығында, бодандығында болып келген бір ғана халық – қазақ халқының трагедиясы еді. Қазақты мың өлтіріп, мың тірілткен де осы орыс пен қытайдың тепкісі. Осы екеуінің кеселінен де қазақ халқы аштан өліп, көштен қалып, қырылып-жойылып, міне, бүгінгі күні азшы лыққа ұшырап отыр. Ресейде Октябрь революциясынан кейін билік басы на келген большевиктердің солақай саясатынан зардап шеккен қазақтар аштықтан, қуғын-сүргіннен құтылу үшін, Қытай жеріне өтеді. Шындығында, Шыңжаң өл кесі бұрыннан қазақтар мекен еткен, тек 19-ғасырда Ре сей мен Қытай империялары жер бөлісі кезінде шекара сызығының ар жағында қалған ел ғой. Торғайға пана болған бұта сияқты сол аласапыран кезеңде қызыл қырғыннан қашқан қазақтардың көпшілігі Шыңжаң өл
кесіне барып паналап, жаппай қырылып кетуден аман
қалды.
Қытайда да қазақтарға бас асып, күтіп тұрған ешкім
жоқ еді. Бастарынан орыстың темір ноқтасы сыпы
рылғанымен, қытайдың қайыс ноқтасы киілуге дайын
тұрды. Қытай жерінде де қазақтар қақ-соқты, қуғын-
сүргінді, кемсітуді бастарынан кешті. Боданның аты –
бодан.
Екі елде де езгіге ұшыраған қазақ тағдыры «Соңғы
көште» бар шындығымен баяндалады. Өзінің отар
шылдық іс-әрекетін, бодан елге жасаған қиянатын, өк
темдігін әшкерелегенді кім ұнатсын. Айтқанның аузы
жаман, жылағанның көзі жаман. Бізде, Қазақстанда
«Соңғы көштің» баспадан шығуының кешеуілдеп қа
луы, тек Мәскеуден рұқсат алып қана басылуы осының
айғағы. Ал Қытай билігі оны мүлде шығармай тастады.
Олай болса – басын қатерге тіккен Қабдешті осыдан
кейін батыр демей көр.
Қабдештің қай шығармасын алсаң да аузыңнан сіле
кейің шұбырып отырып оқисың. Бастап оқи жөнелсең
еріксіз иіріміне сүңгітіп, тереңіне батырып әкететін бір
сиқырлы күшке тап боласың. Аяғына жетпей бас ала
алмайсың. Тілі ғана емес, оқиғаны ширықтыра баяндау
тәсілі оқушыны елтіп отырады.
Жазушының көп томдығының сүбелісінің бірі – «Да
рабоз» романы. Бұл кітаптың басты кейіпкері – Қа
банбай батыр. Қабанбай бейнесі бұған дейін толық
ашылмаған, қазаққа жөнді танылмаған, көмескі бейне
болатын. Қазақстан тарихында да жарқырай ашылма
ған. Осы кітапты оқыған соң ғана Қабанбайдың ерлігі,
оның қолбасшылығы шындап мойындалғандай.
Қай соғыс болмасын нағыз ер, қолбасшыны тарих
аренасына өзі алып шығады. Ұлы Отан соғысы кезінде
неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғыста Жуков
тың рөлін дүниежүзі мойындады. Жуков бұл соғыста
көзге түссе, Қабанбай батыр жоңғар басқыншыларына
қарсы азаттық соғыста жасындай жарқылдады. Екеуін
де де бір ұқсастық бар. Жуков бас штабта дайындалып,
картаға сызылған, Сталиннің сүзгісінен өткен соғыс
ты жүргізудің жоспарын іске асырушы, орындаушысы
болды. Сол сияқты Қабанбай батыр жоңғарларға қар
сы соғыста сондай рөл атқарды. Бұл соғыста Қабан
бай Абылай ханның жауға сермейтін алмас қылышы,
ауыр да, салмақты гүрзі шоқпары болды. Абылай жаны
қысылған сәтте, қауіпті шептерге Қабанбайды қалқан
қылып ұстап, жұмсап отырды. Ал, Қабанбай бұл сын
дардан сүрінбей өтіп, ұрыстарда жауын жайпап жібе
ретін батыр. Жеке басы 300 рет жекпе-жекке шығып,
жау батырларын жер жастандырғанының өзі не тұрады.
Ол бүкіл қазақ жауынгерлеріне рух, дем беруші болды.
Сол соғыста жүрген қалың қол ғана емес, тіпті кейінгі
ұрпақтарының ұранына айналды. Егер Қабанбай ба
тыр болмаса қазақтардың сол соғыста жоңғарларды
түпкілікті жеңуі неғайбыл болар еді.
Ал, үш жүз жыл өткен соң сол Қабанбайды толық
елге танымал еткен Қабдештің ерлігін немен бағалау
ға болады? Егер Қабдеш Жұмаділов болмаса, Қабанбай
ерлігі тарих қойнауының терең түкпіріне көміліп қа
лып, жарыққа шыға алмас еді. Қабанбай есімін уақыт
қоқысынан аршып алып, жарқыратып тарих бетіне шы
ғарған Қабдеш қандай марапатқа болсын лайық жазу
шы. Мұны Абайды тарих сахнасына шығарған Мұхтар
Әуезовтің ерлігімен ғана салғастыруға болады.
Жеке бастың ерлігі демекші, осындайда ойға орала
ды. Қабдеш 1956-1958 жылдары Алматыдағы Киров
атындағы университетте екі жылдай оқиды. Қытай үкі
меті оқуын аяқтатпай шақыртып алады. Қытайға кел
ген соң «Кеңес Одағынан келген сенімсіз адам ретін
де» қақ-соқтың неше түрін, «төменге түсу», түрмеге
түсудің небір құйтұрқыларын басынан өткереді. Бұл
кезде ел іші бүлініп, Қытай билігіне халық наразылы
ғы күшейе түседі. Міне, осы кезде Қабдеш халықты
ұйымдастырып, Қазақстанға өтуге тілек білдірген
дердің қолын жинап, сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының төрағасы Ворошиловқа, Қазақстан
Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы
Қонаевтың атына арыз жазады. Одан жауап келген соң
қанаттанған Қабдеш, енді СОКП Орталық комитетінің
бірінші хатшысы Хрущевқа, тағы да Қонаевтың атына
бірнеше арыз жолдайды. Осыдан соң-ақ 1962 жылы
шекара ашылып, халық тасқын судай Қазақстанға лап
қояды. Сонда небәрі жиырма шақты аз күннің ішінде
Қытайдан Қазақстанға 200 мыңдай халық өткен екен.
Қазақта: «Елге ел қосылса – құт» деген бір аталы сөз
бар. Мұны Қабдеш Жұмаділовтің ерлігі емес деп кім
айтады. 2012 жылы сәуір айында сол оқиғаға – қазақ
тардың шекара асып, атамекенге өткеніне 50 жыл тол
ды. Осы күн Қазақстанда еске алынбай атаусыз қалды.
«Егер заң-закон менің қолымда болса» (Абай) мен сол
даталы күні Қабдешке «Халық қаһарманы» атағын бе
рер едім. Марапатты былай қойып, сол 50 жылдыққа
билік қаржыландыратын баспасөз бір ауыз жылы сөз
айтуға жарамады.
Қабдештің ұлтжандылығы, қазаққа деген сүйіс
пеншілігі ерекше. Қиын-қыстау сәтте ұлт азаматтарына
қолұшын беруден тайынбайды. Қажығұмар Шабданұ
лы – Қытай түрмесінде ұзақ жыл отырып, Гиннестің
Рекордтар кітабына енген аса ірі тұлға. Ол «Қылмыс»
атты алты томдық роман жазды. Оның соңғы төрт кіта
бы түрмеде жазылған. Бұл – әлем әдебиетінде бұрын-
соңды болмаған құбылыс. Осы кітапты ерінбей жазған
Қажығұмар үзік-үзік етіп, жарым-жартылап, Алматы
дағы Қабдеш Жұмаділовке жіберіп отырған. Соны Қаб
деш араб үлгісіндегі төте жазудан кириллицаға түсір
ген. Мәдениет министрлігіне барып, алты томға арнайы
ақша бөлдірген. Міне осыдан кейін ғана 2009 жылы дү
ниежүзі қазақ қауымдастығының «Атажұрт» баспасы
нан жарық көрді.
Менің негізгі айтайын дегенім – Қабдеш Жұмаділов
пен Қажығұмар Шабданұлының шығармаларын Нобель
сыйлығына ұсыну. Иә, қазіргі қазақ әдебиетінде халы
қаралық сыйлыққа лайық екі-ақ жазушының шығарма
лары бар. Оның біріншісі – Қажығұмар Шабданұлының
алты томдық «Қылмыс» романы да, екіншісі – Қабдеш
Жұмаділовтің шығармалары. Кейбіреулер Қажығұмар
біздікі емес, Қытай азаматы деп қоңырсытуы мүмкін.
Жоқ, Қажығұмар – біздікі. Кеше ғана Аягөзде туып,
кіндік қаны сонда тамған. Бар қазақ – бір қазақ. Қазақ
қайда жүрсе де, қайда өлсе де – біздің қазақ, біздің туыс
қанымыз, біздің бауырымыз. Оның Қазақстаннан басқа
Отаны да жоқ. Олай болса, біз неге осыдан бәленбай
ғасыр бұрын өмір сүріп, Мысырды билеген Бейбарыс
ты қазақ еді деп мақтан тұтып, бауырымызға тартамыз?
Әлде бірімізді-біріміз қазақ деп тануымыз үшін бәлен
бай ғасыр күтуіміз керек пе? Бөлініп-жарылғанымыз
жетеді, енді ұлт болып ұйысатын кез келді.
Кеше Мұхтар Әуезов неміс фашистерінің концла
герінде қаза тапқан татар ақыны Мұса Жәлелге жа
нын жалдап, тілін безеп жүріп, пышақ сыртындай ғана
«Моабит дәптері» деген өлеңдер жинағы үшін Ле
ниндік сыйлықтың лауреаты атағын алып бермеді ме?
Бұл Кеңес Одағы кезіндегі ең жоғарғы сыйлық еді, сол
себепті де оның талабы аса қатал болатын. Анау-мы
нау шығармалар өте алмай, мүйізі қарағайдай жазушы
лардың том-том кітаптарының жолы кесіліп жататын.
Мұхтар Әуезов сол комиссияның мүшесі болған. Сонда
Мұқаң оны татар деген жоқ, мұсылман баласы деп жа
қын тартты. Осы бізге үлгі болу керек.
Ал «Қылмыс» мемлекеттік сыйлықты былай қойған
да, Нобель сыйлығын алуға әбден лайық шығарма. Қа
зақ әдебиеті тарихында мұндай шығарма бұрын-соңды
жазылмаған. Қазақ әдебиетінде «Қылмыспен» шенде
сетін тек «Абай жолы» роман-эпопеясы ғана. Бұл – Қы
тай қазақтарының 50 жылдық тарихын қамтитын туын
ды. Бұл қазақ әдебиетіндегі ұлы жаңалық, аса көрнекті
туынды, Шығыс үлгісімен жазылған тұңғыш туынды,
әдебиеттегі төңкеріс.
«Қылмысты» бейжай отырып оқу мүмкін емес. Жан-
дүниең егіліп, езіліп, көзіңнен қанды жасың сорғалап
отырып оқисың. Басты кейіпкер Биғабіл (Биғаш) тағды
рына немқұрайды қарай алмайсың.
«Құдіретті «тергеушім», өтірік айтсам, тас төбемнен
ұрыңыз... «Қылмыс, қылмыс» - деп қақылдадыңыз да
қалдыңыз? Қатыныңыз қылмысқа жерік болып қалып
па еді?». Кітап басынан аяғына дейін осындай әжуа,
мысқылға толы.
Ал, осы «Қылмыстың» авторына тіптен обал, қиянат
жасадық. 90-ға таяған шағында ақсақал туған жерінде
өлгісі келіп, Қазақстанға өтуге тілек білдіріп, қаншама
арыздар жазды. Тіпті, Президент Назарбаевқа дейін хат
жолдады. Бірақ ешкім оның зарына елең етіп, құлақ
түрмеді. Ақыры, өмір бойы қуғын-сүргін көріп, өмірі
өксіп өткен кәрі жүрек шыдас бермеді, соғуын тоқтат
ты. Сүйегі жат ел, жат жерде қалды. Туған жерінен бір
уыс топырақ та бұйырмады.
Ал, Қабдештің шығармалары бірінен бірі өтеді, қай
шығармасын сыйлыққа ұсынса да бәйгеден келері
сөзсіз. Рас, «Мен ішпеген у бар ма?» деп Абай айтпақ
шы, Қабдеш көрмеген қиянат жоқ. Кезінде Жазушылар
Одағына мүшелікке өткізбей аяғынан шалып бір құ
латқан, Алматыдағы Ұлттық кітапханадан таңдамалы
шығармаларын ұрлап, жыртып әжетханаға да тастаған.
Тіпті, баспасөз бетінде ол кісіні сотқа бермек болып,
қоқан-лоққы жасағандар да болды. Аяқтан шалушы Ба
тыраштардың қолдарынан балтасы түсе қойған жоқ, әлі
де қастығын аяп қалмас.
Бұл Нобель сыйлығы Қабдеш Жұмаділов пен Қа
жығұмар Шабданұлына керек емес, қажет те болмауы
мүмкін. Бірақ бұл бүкіл қазаққа, қазақ әдебиетіне ке
рек. Мәртебесін көтеру үшін Қазақстанға керек. Қолда
барда алтынымыздың қадірін осындайда көрмесек қай
да көреміз? Асылымызды жарқырата көрсететін мезгіл
жетті.
Қабдеш Жұмаділов пен Қажығұмар Шабданұлын
қолдайтын Ғаббас Қабышұлы, Герольд Бельгер, Дулат
Исабеков, сонау Чехияда тұрып жатқан Мұхтар Ма
ғауин сынды жазушылар мен Мұхтар Шаханов сынды
ақындарымыз баршылық. Ең бастысы оларды қарапа
йым қазақ оқырмандары қолдайды деп ойлаймын.
Ал, осы аса беделді халықаралық сыйлыққа ұсыну
үшін Қабдеш пен Қажығұмар шығармаларын шет тілге
аударуымыз керек. Сонда қай тілге, қалай аударамыз?
Бұл жөнінде Қабдеш өз шығармаларының аудармасы
туралы кезінде сөз еткен. Өз басы Мәскеуде кітап шы
ғаруға екі рет талпынып көріпті. Алғаш «Советский пи
сатель» баспасына «Соңғы көштің» аудармасын берген.
Оны өзінің соңына түсіп жүрген «өз ағасы» тоқтатып
ты. Екінші рет «Сәйгүліктер» деген атпен повестерінің
бір томдығын ұсынған екен. алайда, бұл да орысша
жарық көре алмапты. 1991 жылы Совет Одағының ша
ңырағы ортасына түсіп, «Советский писатель» баспасы
сол шаңырақтың астында қалыпты. («Таңғажайып дү
ние», 625 бет).
Сол сияқты осы кітапта «Соңғы көшті» Хасен Орал
тайдың түрік тіліне аударғаны туралы да айтылады. Бі
рақ ол кезде Қазақстан мен Түркия арасында тіке бай
ланыс болмаған.
Осы жерде ойлануға тура келеді. Бұрынғы қылышы
нан қан тамып тұрған Кеңес Одағы кезінде Кеңес жазу
шыларының бір де біреуі Нобель сыйлығын ала алмап
ты. Қазіргі оның мұрагері Ресей авторитарлы режимді
ел болғандықтан, оның халықаралық беделі төмен.
Ендеше, бұл шығармалардың орыс тіліндегі аударма
сы сыйлық беретін ұйымның күдік, күмәнін тудыруы
мүмкін. Сондықтан олардың шығармаларын түрік
тіліне аударған жөн сияқты. Себебі, қазіргі мұсыл
ман мемлекеттерінің ең беделдісі де, белдісі – Түркия.
Ал, түріктер қазақтарды ежелден тәуір көреді, оларға
бүйректері бұрып тұрады. Оған Қазақстан Тәуелсіздік
алғанда біздің тәуелсіздігімізді ең алғаш мойындаған
Түркия екенін айтсақ та жеткілікті. Ал, түрік тіліндегі
шығармаларды Батыс елдерінің тілдеріне (ағылшын,
неміс, француз) аудару әрі тез, әрі сапалы болар еді.
Меніңше, Нобель сыйлығына ұсынудың төте жолы осы
деп ойлаймын.
«Дұрыс аударма шығарманың шырайын кіргізіп, ба
ғын ашады» деген ойды әркім-ақ айтып жүр. Әйткен
мен, Қабдеш шығармаларын өзінен асып аударам деп
тыраштанудың қажеті жоқ, тек оны түземей, күземей,
бояуын солғындатпай, тіл құнарын сақтаса жетіп жа
тыр.
Ратбек АРЫНҰЛЫ,
отставкадағы милиция майоры.
«Ертіс өңірі» газеті. 11-қыркүйек 2013.
ГОЛОЩЕКИННІҢ ҚАЗАҚСТАН
ҒА КЕЛУІНЕ ҚАЗАҚТАРДЫҢ
ӨЗДЕРІ СЕБЕПШІ БОЛДЫ
1. Голощекин – ғайыптан біздің тарихымызға қо
сылған, қазақтың бақытсыздығына, қайғысына, қасі
ретіне себепші болған, қолы қанды, жолы зарлы адам.
1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға келгенде 50 жаста
екен. Бұрыннан келе жатқан большевик. Ресейдегі Қа
зан төңкерісіне белсене қатысқан. Кейін сол больше
виктердің Орталық комитетінің мүшесі болған. Тәжі
рибелі солшыл. Ресейдің соңғы патшасы Николайды
бала-шағасымен, аспаз, дәрігерлерімен қоса бірде-бір
куәгер қалдырмай атып тастаған. Оларды дұрыстап та
көмбей, барлығын шахтаға тастаған. Арада 70 жыл өт
кенде, Кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін орыстардың
өздері коммунистерден азаттық алып, өз патшасының
сүйектерін шахтадан тауып алып, астанаға, үлкен шір
кеудің ауласында арулап жерледі. Мен «Аранға түскен
аққулар» дейтін Т.Жүргенов, Т.Рысқұлов, Б.Майлиннің
әйелдері туралы жазған деректі повесімде алғаш рет өз
геше пікір айттым. Егер, менің ойымша, Голощекин Қа
зақстаннан басқа бір, тату-тәтті тұратын, бірлігі берік
елге келсе, олай дандайсып кетпес еді. Керек десеңіз,
Голощекиннің Қазақстанға келуіне қазақтардың өздері
себепші болды. Сол 1925 жылы көктемде Т. Рысқұлов
Сталинге: «Қазір біздің Қазақстанда байлар қайтадан
тіріле бастады. Алашордашылар қайтадан билік басы
на келе бастады. Ташкентте алашордашылар «Ақ жол»
дейтін газет төңірегіне топталған. Онда М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытовтар жұмыс істейді. Байларға шек қойып,
газетті жапсаңыз екен», – деп хат жазады. Дәл сол жылы
мамыр айында С.Сейфуллин Мәскеуде Бүкілресейлік
советтердің съезіне қатысады. Сол күндері Сталинге хат
жазып, қабылдауында болады. «Ақынның ақырғы күн
дері» деген әңгімемде Сәкеннің Сталин қабылдауында
болған сәті толық жазылған. «Мен қазір жұмыссыз бос
қалдым. Мен Кеңес үкіметін орнатуға атсалысқан адам
едім. Колчактың түрмесінде болғам. Қазір мені байлар
мен алашордашылар ығыстырып шығарды. Мен босқа
жүргенше, осындағы партия мектебінде оқиын. Соған
жолдама беріңіз», – дейді С.Сейфуллин. Сталин: «Сіз
қандай оқу бітіріп едіңіз?» – деп сұрайды. С.Сейфул
лин: «Мен семинарияны ғана бітіргенмін», – дегенде,
Сталин: «Мен де семинарияны ғана бітіргенмін. Сіз
қазір Қазақстанға керексіз. Большевиктер үшін осы
оқуыңыз да жетеді. Сіз елге қайта беріңіз. Жақын арада
Қазақстанды тәртіпке келтіретін адам жібереміз. Бай
лар мен алашордашыларға шек қоятын адам жібереміз.
Сіздер соған көмектесіңіздер», – дейді. Бұл – мамыр
айында болған әңгіме. Сонымен арада төрт ай өткен
соң, қыркүйек айында Қазақстанға Филипп Исаевич
Голощекин Қазақстан Компартиясының бірінші хатшы
сы болып келеді.
Алғашында бір ай бойы қазақтар Голощекиннің
есігінің алдын бостатпапты. Жағымпаздар жаңа бас
тықты құттықтап, бірінің үстінен бірі шағым айтқан.
Сейфуллин, Меңдешев, Рысқұлов, Құрамысов, Исаев
тар бірінің үстінен бірі арыз жазған. Кімнің алашорда
шы болғанын, кімнің кеше Кеңес үкіметіне қарсы болға
нын, кімнің діншіл, кімнің байшыл болғанын жеткізген.
Голощекин соның барлығын білгенде «Мұндай да ел
болады екен» деп қарқылдап күлген екен дейді. Соның
алдында сейфуллиншілдік, меңдешевшілдік, рысқұлов
шылдық деген ағымдар болған. Сейфуллин – Орта жүз
ден, Меңдешев – Кіші жүзден, ал Рысқұлов Ұлы жүздің
өкілі екені түсінікті. 1925 жылы С.Сейфуллиннің «Тар
жол тайғақ кешу» атты романы шыққанда, Голощекин
оны аудармашыларға дереу аудартып, өзі мұқият оқи
ды. Кеңес үкіметі қалай орнады, кімдер Кеңес үшін жа
нын қиды, кімдер қарсы болды, алашордашылар кім,
оларды жақтаушылар кім? – міне, осының бәрі кітапта
сайрап тұр. Голощекин оны нақты шаралар қолдануға
таптырмайтын оқулық ретінде пайдаланады. Сол бо
йынша жоспар құрып, алашордашыларды жоюға кірі
седі және сол тұста Сталинге хат жазады. Онда: «Шы
нында да, Қазақстанға Қазан төңкерісі келе қоймапты.
Мен екінші Қазан төңкерісін жасаймын. Маған рұқсат
беріңіз», – дейді. Сталин бұған келісім береді. Содан
Голощекин білгенін істейді. 1928 жылы кәмпескелеуді
бастайды. Қазақтың асау болып жүргені – қолында
ғы малы мен астындағы атынан деп түсінеді. Голоще
киннің негізгі мақсаты Қазақстанда геноцид жасау,
жерді большевиктер үшін, орыстар үшін қазақтардан
босату болады. Сөйтіп, қазақтардың қолындағы малын
тартып алады. Менің «Сәйгүліктер» дейтін повесімде
айтылады, Голощекиннің жандайшаптары Тұрар бай
дейтін Жетісудағы ірі байдың қалың жылқысын бір
сайға үйіріп қойып, «індет шықты» деген сылтаумен
пулеметпен бытырлатып атқан екен. Бұл оқиға Арқа
мен Шығыс Қазақстан жерінде жиі қайталанған.
2. Қазақ негізінен малмен күн көріп отырған ха
лық еді. Қолдарындағы малды тартып алғаннан кейін
1931-32 жылдары қазақ жаппай қырылды. Нақты са
нын ешкім білмейді. Тек мөлшермен айтылады. Мыса
лы, 1913 жылғы санақ бойынша 6,5 млн қазақ болған.
30-жылдары қазақтың саны 10 млн. болуы мүмкін ғой.
Шекараға таяулары ашаршылық кезінде шетелге қаш
ты. Амалсыз қалған халық Қытайға, Иранға, Қырғыз
станға, Өзбекстанға, ішкі Ресейге көшіп кетуге мәжбүр
болды. Онда да әл-ауқатты адамдар ғана қашып құты
лады.. Қазақстанда тірі қалған халықтың саны 2,5 млн.
мөлшерінде. Осылайша, Кеңес үкіметінің қазақ дала
сын босатсақ деген ойлары іске асады. Ашаршылық
кезінде соның барлығын көзімен көрген, өздері әрең де
генде аман қалған зиялыларға қарсы 1936-37 жылдары
қуғын-сүргін жүре бастайды. Он мыңдаған адам атыла
ды, Сібірге айдалады. 1933 жылы елдің арызы бойынша
Голощекинді қайтадан Мәскеуге шақыртып алады. Бі
рақ оған ешкім де «бір халықты қырып жібердің» деген
айып тақпайды. Мәскеуге апарып, Халық комиссариа
тының бас арбитрі етіп тағайындайды. 40-жылдары ол
да қуғын-сүргінге ұшырайды. Өйткені оны пайдаланып
болған Сталин «енді куәні тірі ұстауға болмайды» деп
шешеді. Голощекиннен кейін Қазақстанға оның орнына
Мирзоян келеді. Ол шеттен мал алдырып, ашыққан ха
лыққа таратып, шамалы болса да жағдай жасайды. Ха
лық арасында оны «Мырзажан» деп те атап кеткен. Сол
Мирзоян да 1937 жылы ұсталады. Мұны естіген әйелі
жынданып, Қызылорданың ауруханасында дүниеден
өткен екен. Қазаққа жақсылық жасағандар да, қазақты
қырғандар да осылайша ұсталып жатты. Жалпы, Голо
щекин туралы сөз болғанда геноцидке бір ғана адам
кінәлі дей алмаймыз. Он миллион халқы бар респуб
ликаға келіп, бір адам ол міндетті қалай орындайды?
Голощекиннің көмекшілері болды. Жоғарғы кеңестің
төрағасы Е.Ерназаров, үкімет басшылары О.Исаев,
І.Құрамысовтар Голощекиннің қолшоқпарына айнал
ды. «Ақынның ақырғы күндері» атты әңгімемде Сәкен
Сейфуллиннің өлер алдында өкінетіні бар. Негізі, Сә
кен Голощекинмен араз болған. Тіпті, бір жиналыста
Сәкеннің Голощекинді шапалақпен тартып жіберетіні
бар. Оған деген ызасы ғой шыдатпаған. «Осыны шақы
рып әкеліп едік. Өзімізге де сол керек» деп қатты күңі
ренеді ақын.
3. Сонымен, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықты
ұйымдастырған –Голощекин. Ол ешқашан ұмытыл
майды. Оған көмектескен өзіміздің атқамінерлердің де
кінәсі аз емес. Бұл – оларға кесілген тарихи үкім.
«Аңыз адам» журналы,
№ 4, 2013, ақпан.
ОРАЛМАНДАРДЫҢ ЖОҚШЫСЫ (Беташар сөз) Б ір ойды бір ой түртіп оятады. Қашанда жақсы шығарманың қасиеті – оқырманға ой салып қана қоймай, оның көңіл түпкіріндегі мұң мен шерді қозғап, қайта жаңғыртатыны бар. Белгілі қа ламгер Рақым Айыпұлының «Ата жұртты бетке алып көш келеді» атты мақалалар жинағын оқып шыққанда, мен дәл сондай тебіреністе болдым. Иә, қанша айтсаң да көнермейтін, маңызын жой майтын, қайта уақыт өткен сайын жасарып, жаңғырып отыратын бәрімізге ортақ бір мәселе бар. Ол – қазақтың мұңы, әлі күнге дейін қоныстанып болмаған қазақтың көші-қоны. Баяғыда шекара бөлісі кезінде басқа елдің құзырында қалып қойған, одан кейін де отаршылдар дың қысымына шыдамай көрші елдерге ауып кеткен қазақтың саны бес миллионнан асатыны, шекара сыр тында қалған сол қандастарымыз – жалпы қазақтың үштен бірі екені бұл күнде бәрімізге белгілі. Осыдан жиырма екі жыл бұрын Қазақстан тәуелсіздік жарияла ғанда, есіміз шығып, қалпағымызды аспанға атқанбыз. Сондағы ойымыз – қазақ жерінің қазынасы есебінен ат төбеліндей алпауыттар тобын байыту емес, қазақтың азат өкіметі дүниежүзінде тарыдай шашырап жүрген қандастарымыздың басын біріктіреді, қазақ ұлтын бір тудың астына топтайды деген үмітпен қуанғанбыз. Алайда «үйдегі ойды базардағы нарық бұзады» де гендей, бүгінгі таңда әр жүректе лүпіл қаққан сол үміт ақталмай отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары жанжақтан андыздаған қазақ көші бірте-бірте жүрісін бә сеңдетіп, солғын тартты да, көмейден біреу бұрып әкеткен тоғандағы судай сарқылып барып тоқтап қал ды. Жыл сайын жиырма мың отбасын көшіріп алуға
бөлінген квота қаржысы да құмға сіңгендей құрдымға
кетті. Міне, үш жыл болды қазақ көшінің тоқтағанына.
Естуімізше, 2015-жылға дейін көшке мораторий жария
лаған деседі.
Билік басындағылар мұндай шешімге аяқ астынан
кездейсоқ келмегені анық. Алдымен Т. Құлыбаевтың,
Ө Шүкеевтің, Т. Мамашевтің аузымен шеттегі қазақ
тардың атажұртқа қайтқысы келмейтіні жайында, ал
елге келген оралмандардың Жаңа өзендегі секілді бүлік
тудыратыны туралы сыпсың сөз таратты. Сонан соң
«Егемен Қазақстан» бетінде Сейфолла деген біреудің
«Өз еліне қонақ болғысы келетін, мін таққыш, талап
қойғыш, масылдарды атажұртқа әкеліп керегі не» деген
мазмұндағы оралмандарға жала жапқан мақаласын бас
ты. Осылайша, жұрттың тамырын басып, құлағын үй
ретіп алды да, қазақ көшінің жолын бір-ақ кесті. Оның
себебін түсіндіріп айтқан да жоқ. Сырттай естуімізше,
әлгі «байып кеттік» деп мақтанып жүрген республика
үкіметі бюджеттен таршылық көріп жатыпты. Оның
үстіне мақтан үшін өзіміз тілеп алған «Экспо–2017-ге»
дайындалу қажет болыпты.
«Кеден болды, кедергі неден болды» дейтін емес,
«әй, осы көші-қонның арты сиыр құымшақтанып ке
тер ме екен» деген қауіп бұрыннан бар болатын. Өйт
кені, біздің билік қазақтың басын қосуға әубастан
ықылассыз болды. 1992-жылғы дүниежүзі қазақтары
ның бірінші құрылтайын да армяндардан, татарлардан,
әзербайжаннан соң, зиялы қауымның талап етуімен
зорға өткізгенбіз. Оның өзі де құрылтай ма, жәй даңғаза
той ма, белгісіздеу жағдайда өтті. Онан кейінгі құрыл
тайлар да жетім қыздың тойындай, ештеңе шешпейтін,
шеттегі қазақтарға жол сілтемейтін, жәй бас қосу түрін
де болды. Әсіресе, Астанада өткен соңғы құрылтай...
Әр елден келген делегаттардың сөйлейтін сөзін қазақ
қауымдастығы (Т. Мамашев) бір ай бұрын дайындапты.
Нәтижеде не болды? Қазақстанның өз жағымпаздары
аздай, жаңағы шешендер біздің президентті мақтаумен
жарысқа түсті. Қазақ көші, оның қоныстануы жайында
ләм деп аузын ашқан бір адам болсашы!
Неге бұлай болды деріңіз бар ма, ұлт мүддесіне деген
сол баяғы салғырттық. 1991-жылы біздің ел тәуелсіздікті
қалай алғаны естеріңізде шығар. Сол бір 1991-жылдың
біз үшін тым ұзақ болғаны-ай! Тәуелсіздікті балтық
жағалауындағы елдер көктемде, кавказ республикала
ры жаз ортасында алып болған. Азаттық таңы осылай
ша Орта Азияға да жақындап, 31-тамызда қырғыздар,
1-қыркүйекте өзбектер отау тігіп, бөлініп кетті. Ұзаса
араға бір апта салып, біз де бостандыққа қол созармыз
деп ойлағанбыз... Жоқ, атамаңыз, біз әлі тапжылмай
отырмыз. Не керек, қырғыз бен өзбектен кейін біз тағы
үш жарым ай отырдық қой. Содан 8-желтоқсанда им
перия ошағының үш бұты: Ресей, Украина, Беларусь
үшеуі үш жаққа бөлініп кетті. Өзгесін қойшы, тарап кет
кен империяның құлазыған жұртында Қазақстан тағы
да 8 күн отырды-ау! Амал жоқ, бұлай атсыз, атаусыз қа
луға болмайтын болған соң, 16-желтоқсанда әрең-зорға
тәуелсіздік алған болдық. Өз қожасы – империяға құл
дай берілген, қазақтай адал, қазақтай көмпіс ел болмас.
Таңданатын не бар, біздегі билік басында қазір де сол
адамдар отыр. Қазақтың тәуелсіздігін Кремльдің рұқса
тымен зорға алған сол коммунистер ұлттың басын құ
рауды алдарына мақсат етіп қойды дейсіз бе?! Керісін
ше, Қазақстанды түптің-түбінде Ресейге қайта қосуға
міндеттенді ме, кім білсін... Оларға тәуелсіздік қазақ
жерінің қазынасын қалтаға басу үшін, ерекше дара
билікке жетіп, айпарасын асыру үшін қажет болды.
Тоқсаныншы жылдардың аяқ кезінде мен бір мақала
жазып, қазаққа дәл қазір жаңа астана салу керек пе, жоқ,
әлде ұлттың басын құраған маңызды ма деген мазмұнда
мәселе көтерген едім. Мен онда қала салу ешқайда қаш
пайды, ал ұлттың басын құрау – кезек күттірмейтін іс
екенін дәлелдегем. Алайда билік басындағылар бірінші
кезекте қандастарымызды көшіріп алуды емес, астана
салуды қолай көрді. Жаңа астана оларға мақтан үшін,
өз бастарын жарнамалау үшін қажет еді. Ақыры, сол
мақсаттарына жетті де.
Қазақ көшін қожыратпау, ұлтттың басын тез арада
біріктіру жайында біздің қаламгерлер жазудай-ақ жаз
ды. Солардың ішінде қазақтың көші-қоны мен оралман
дар мәселесімен үзбей айналысып келе жатқан Рақым
Айыпұлын айрықша бөліп айтуымыз керек. Өйткені,
Рақымның өзі де – оралман. Көші-қонның жай-жапса
рын өте жақсы біледі. Атажұртқа келер алдында Бежін
дегі жоғарға оқу орнын бітірген, қазақша, қытайша,
орысшаға бірдей жетік, қайраткер азамат. Қазақ көші
менің де төл тақырыбым болғандықтан, мен бұрын да
Рақымның көші-қон туралы жазғандарын қадағалап
оқып жүретінмін. Мына «Атажұртты бетке алып көш
келеді» атты кітаптың қолжазбасымен таныса келе,
оның бұл тақырыпты түбегейлі игергеніне көзім жетті.
Жинаққа автордың отызға тарта мақаласы еніпті.
Бәрі де көш туралы. Қазақстан үкіметі көші-қон жа
йында қай жылы қандай қаулы алды? Оның орындал
ғаны қайсы, орындалмай қағаз жүзінде қалғаны қайсы
– түп-түгел Рақымның алақанында. Әсіресе, қытай қа
зақтарының көшіне нелердің кедергі болып отырғанын
тамыршыдай дәл басып талдайды. Үкіметке, көші-қон
комитетіне айтқан кеңесі, жасаған ұсыныстары қандай
орынды! Рақым өз мақалаларында көші-қон проблема
сын жеріне жеткізіп-ақ айтқан екен. Амал не, соны ес
титін құлақ жоқ. Ол аз болғандай, қазақ қауымдастығы
мен көші-қон комитетінің бастығы етіп, кілең бір қазақ
қа жаны ашымайтын безбүйрек біреулерді қоятынын
қайтерсің! Ондайлар көші-қонға бөлінген қаржыны
көртышқандай кеміріп жегеннен басқа не біледі.
Жинақта «АҚШ-та атазаңы қалай қабылданды» де
ген бір тамаша мақала бар. Демократияны орнықтыру
жолындағы Америка қайраткерлерінің адалдығы мен
табандылығын айта отырып, шетелдер тәжірибесіне
біздің басшылардың назарын аудармақ болғаны ғой.
Бірақ ондайға мойын бұрып көз салуға көкейін ақша
тескен қазақ шенеуніктерінің мұршасы бола қойса!
Шетелдік тәжірибе демекші, мен таяуда Израил мем
лекетінің қалай құрылғаны жайындағы бір дерекке көз
жүгірттім. Біз әдетте дүниеде өз ұлтын жан-жақтан
құраған үш мемлекеттің біріміз деп мақтанамыз ғой.
Олар: Германия, Израил және Қазақстан көрінеді. Ен
деше, сол өзіміз теңдес Израил мемлекетінің тәжіри
бесіне назар аударып көрелікші.
Біріккен ұлттар ұйымы 1947-жылы Палестина жерін
де Израил мемлекетін құруға қаулы алып, рұқсат ет
кенімен, аталмыш өлкеде дайын тұрған жер де, еврей
деген ұлт та жоқ болатын. Израил әулеті осыдан екі
мың жылдай бұрын дүниенің төрт бұрышына тарыдай
шашылып кеткен. Дін орталығы Иерусалимде ғана мың
қаралы еврей бар тұғын. Сол кезде мемлекет құруға ын
талы топ не істеген дейсіз ғой? Еврейлердің кереметі
сонда, олар жоқтан бар жасады. Ең алдымен мемлекет
ке қажетті жерді дайындаған. Ол үшін қалталы еврей
лер арабтардан бес гектар, он гектардан жер сатып ал
ған. Базар бағасынан екі-үш есе артық беріп тұрған соң,
ақшаға қызыққан жұрт артық жерлерін амалсыз сатқан.
Осылайша, сатып алынғын жерлерді бір-біріне қосып
құрағанда, әжептәуір територия пайда болған. Міне,
Израил мемлекеті бастабында осындай тап-тар аумаққа
құрылған. Әбден орнығып алған соң қажетті жерлерді
қарудың күшімен одан ары кеңейткен.
Ал, Палестинаға еврей ұлтын қалай жинаған дейсіз
ғой? Еврей ұлты да түгел дерлік шеттен келіпті. Ең ал
дымен өз мемлекетін ғасырлар бойы аңсаған, патриот
тық рухтағы еврейлер келді, әрине. Олардың Палести
наға жиылуына өз елдеріндегі еврейлерден құтылғысы
келген еуропа мемлекеттері де ат салысты. Одан қалға
нын жер шарын аралап жүріп, өздері іздеп тапты. Олар
сондай бір қызық топты эфиопиядан тауыпты. Израил
ғалымдары құлақтарына тиген әлдебір дерекпен іздеп
барса, эфиопияның таулы аймағында «Палаша» деп
аталатын жартылай жабайы бір тайпа көне еврей тілін
де сөйлеп жүр дейді. Аз емес, жиыны 120 мыңдай адам.
Осыдан мың жыл бұрын еврейлер жан-жаққа бытыра
ғанда, бұлар Африкаға ауып барып, эфиопия жерінде
тұрақтап тұрып қалған. Түрлері – қап-қара, кәдімгі Аф
рика негірлерінен аумайтын көрінеді.
Осыны білген соң Израил басшылары не істеді дейсіз
ғой? Дереу эфиопия өкіметімен келісім-шартқа отыра
ды. Эфиопияның көршілес Сомали мемлекетімен со
ғысып жатқан кезі екен. Ақшаға да, қару-жараққа да
зәру болса керек. Ақырында Израил өкіметі жүз мил
лион АҚШ долларына қоса, қару-жарағымен жүз танкі
беретін болып, 120 мың палаша-еврейді сатып алады.
Және оларды кейінге қалдырмай, көпшілігін кеме
ге тиеп, қарттары мен бала-шағасын самолетпен, сол
жылы бірнеше айдың ішінде тасып әкетеді. Көп ұзамай
палашаларға арнап қала тұрғызады.
Көп қабатты үйлерді, электр жарығын өмірінде
бірінші рет көрген сол палашалар – қазір Израил мем
лекетінің тең құқықты азаматтары. Өздері шетінен қа
рулы, жауынгер тайпа болса керек, әлгілер бірден Из
раил армиясының көркіне айналыпты.
Осыдан кейін өзімізді Израил мемлекетінің қатарына
қойғанымыз қалай болар екен? Еврейлер тақыр жерге
мемлекет құрып, жоқтан бар жасап отыр. Ал, біз бар
дың өзін ұқсата алмай, қайран қазақты өзінің бос жат
қан байтақ даласына әкеле алмай жүрміз.
Рақым Айыпұлының қолжазбасын оқып шыққанда
маған келген ой: қазақ көшінің артын бұлайша сұйылт
пай, көші-қонды қайтадан жолға қоюымыз керек. Ше
телдегі қазақ диаспорасы – сенің банкіге қойған ақшаң
емес, уақыт өткен сайын өсімі қосылып көбейе беретін.
Қоймаға қойған зат та емес, кейін қажет кезінде алам
дейтін. Халық – жанды организм. Күн сайын өзгеріс
ке, ай сайын ассимиляцияға ұшырайды. Мәселен, енді
жиырма жылдан кейін Шыңжаңдағы бір жарым мил
лион қазақты екі миллиярд қытай мүлде жұтып қоюы
мүмкін. Енді біраз жылдан кейін атажұртқа қайтам
дейтін ағайынға зар болып жүрмесімізге кім кепіл?!
ЖӘКУЛАНЫҢ ҚЫЗЫЛТАСЫ (Беташар сөз) А ягөзден аттанып, Ақсуатқа қарай сапар шек кенде, орта жолдан ауа бере алдыңыздан «Жә куланың қызылтасы» мен мұндалап көрініс береді. Сол сурет мөрдей басылып, көңілде қалып қой ған. Олай болатыны, мен бұл күре жолмен олай да, бұ лай да көп жүргенмін. Сол тұстан өтіп, «Жәкуланың қы зылтасына» көзім түскен сайын, мен қазақ жерінің бір киелі қасиетіне қайран қалушы едім. Қазақ өз тарихын қағазға түсірмесе де, туған жердің сай-cала, тау-тасына жазып кеткен секілді. Ал, жердің жады (памяты) деген керемет! Тарихтағы кейбір есімдерді есеңгіреген қазақ тың елі ұмытса да, жері ұмытпайды. «Жәкуланың қызылтасы». Бұл сөзді осы жолмен арыбері өткен жолаушы еш ойланбастан, емін-еркін айта салады. «Жәкуланың қызылтасынан өткенде», немесе «малшы ауыл Жәкуланың қызылтасында отыр» дейді өзара сөйлескенде. Ал, осы сөзді жиі айтатын жастар Жәкуланың кім екенін білмеуі де мүмкін. Бірақ жер аты халықтың сөздік қорына мықтап еніп кеткен. Жалпы, Ақсуат өңірі осындай тарихи ескерткіш-есім дерге өте бай. «Жәкуланың қызылтасынан» ары сәл жүрсеңіз, алдыңызда «Қубастың кезеңі» тұр. Қубас ат – қолбасы Қабанбайдың жансерік тұлпары ғой. Жекпежекте астындағы керігі жата кетіп, атқа жарымай жүрген батыр Қубасты дөнен кезінде осындағы Мұрын жыл қысынан тапқан деседі... Одан бір-екі кезең ассаңыз, «Майлы шат» шығады алдыңыздан. Қабанбай бастаған қазақ әскері шығыс өлкені жоңғардан азат етіп болған соң, 1754-жылы күзде осы алқапта ағыл-тегіл той жа саған деседі. Қымыз өзен боп ағып, ет төбе боп үйілген сол жұрт кейін «Майлы шат» атаныпты.
Ал, одан да ары, Ақсуат жеріне ішкерілеп енсеңіз,
Қарғыба өзенінің аңғарындағы «Бұқа шатқалында»
менің тоғызыншы атам Бұқа батырдың моласы бар.
Атамыз теңсіз ұрыста қоршауда қалып, жан-жақтан жа
былған ойраттар найзамен тік көтеріп алғанда, өне бо
йынан қан саулап тұрып: «Атаңа нәлет, ит қалмақ, өл
сем де сендерден найза бойы биік тұрмын ғой!» деген
екен, жарықтық. Кейде «Ақсуат өңірінің маған төтенше
ыстық көрінетіні – оның қойнауында батыр бабамның
сүйегі жатқанынан шығар» деп те ойлап қоям.
Әлқиса, тақырыбымызға қайта оралайық. Әңгіме
«Жәкуланың қызылтасынан» шығып еді-ау! Бір жолы
мен Ақсуатқа бара жатып, әдейі білмегенсіп, қасындағы
жол-серіктеріме мынадай сұрақ қойдым:
– Мына оң жақ қапталдағы биікті не деп атайды?
– «Жәкуланың қызылтасы» дейді бұл биікті...
– Солай де... Ал Жәкула деген кім, сонда?
– Білмейміз... Әйтеуір осы тауды халық солай атайды,
–деді біреуі екі иығын қомдап.
– Баяғыда Жәкула деген болыс өтіпті. Осы өңірдің
бәрі сол байдың қонысы болса керек, – дейді әлгіден
гөрі сауаттырақ екіншісі...
Бұған да тәуба. Жастардың осыны білгеніне де шүкір
дейміз. Оған жастар кінәлі емес. Аруақтарды еске ал
май, ұрпақ жалғастығын үзіп тастаған қоғам кінәсі.
Мен бір бүйірде қалып бара жатқан «Жәкуланың қы
зылтасына» қараймын тағы да. Қызыл тас күн райына
қарай, сенің қай қырынан қарағаныңа қарай әртүрлі рең
беріп, құбылып тұрады. Күн көзінде қызыл арайланып,
өрттей лаулап шалынса, бұлтты күндері қызыл қошқыл
данып, қара қоңыр тартады. Қалай болғанда да қызыл
тас сол орнынан қозғалмайды. Бейне Жәкула болысқа
қойылған мәңгілік ескерткіш тәрізді.
Иә, біздің қазақ жерге ат қоюдан қате жібермеген.
Сонау Қызылтастың бір қойнауында, сөз жоқ, Жәкула
Күшікұлының қыстауы бар. Қатар тұрған Өкпеті мен
Қызылтаста төрт түлік мал өріске симай, кең жайылып
жатты-ау бір кезде.
Жәкула болыс – Мұрын руының Қыдыр тармағынан.
Ал, Қыдыр – әйгілі Жолымбет бидің үлкен ұлы. Жо
лымбетте жеті ұл болған ғой. Кейін «жеті Жолымбет»
атанған бұл әулет Мұрынның негізгі сұлбасын құрайды.
Жолымбет би тарихта болған адам. Жоңғар шапқыншы
лығы кезінде ел-жұртымен Арқаға ауған Жолымбет 136
жасқа келіп, сол жақта қайтыс болыпты. Зираты Ақмола
өңіріндегі «Жолымбет бекетіне» таяу жерде. Жолымбет
би 130 жасында ақыл-есінен жаңылмай сайрап отырған
да, жүз жасқа келген ұлы Қыдыр алжи бастаса керек.
Сонда Жолымбет бабамыз: «Бұл құлыным не көрмеді.
Үнемі желдің өті, жаудың бетінде жүрді ғой. Мұның
шаршайтын уағы болды» деп баласының маңдайынан
сипайды екен, жарықтық.
Сол Жолымбет бидің тікелей ұрпағы саналатын Жә
кула Күшікұлы – халықтың саналы тобынан шыққан
белгілі тұлға. Әр руда ұлтқа ұйтқы болатын тіректі
адамдар болады. Бұл да – солардың сойынан. Сонау
19-ғасырдың 90-жылдарында Жәкуланың Омбыдағы
мединститутқа барып оқуы – осы сөзіміздің айқын дә
лелі. Өз ұлтына барынша қажет, ең зәру нәрсенің бірі
– дәрігерлік екенін жан-тәнімен сезініп, алдына үлкен
мақсат қойып барған адам ғой. Алайда империялық өкі
мет оқу бітірген Жәкуланы өз еліне жібермей, әскери
дәрігер ретінде Бішкектегі армия бөлімшесіне жолдай
ды. Жәкуланың біраз жылы осында өтеді.
Ол кісінің елге оралуы – жиырмасыншы ғасырдың
басы. Онда да, Өкпетідегі ел-жұрты жоғарыға арызда
нып жүріп, зорға қайтарып алған. Бұл – кезекті болыс
сайлауының қарсаңы болатын. Көптен қолдары жетпей
зар болып жүрген азаматы келісімен ағайын жұрты оны
бірден болыс сайлап алады. Ол кезде қазақтың маңдайы
на жазылған ең үлкен лауазым – осы болыстық. Импе
рия заманында губернатор тұрыпты ғой, қазақтан шық
қан бірде-бір уезд бастығы болмаған... Жәкула өз елінде
он жылдан астам болыс болды. Өзінің қара қылды қақ
жарған әділігімен, халыққа жасаған қамқорлығымен
ел құрметіне бөленді. Басқаша болуы мүмкін емес-ті.
Адалдық пен әділдік, халыққа қалтқысыз қызмет ету –
сол кездегі қазақ оқығандарының көбіне тән қасиет еді.
Жәкула ел басқарып жүргенде Семейдегі Алаш қай
раткерлерімен тығыз байланыста болды. Халықтың
көзін ашып, ел ішіне «Қазақ» газеті мен «Айқап» жур
налының кең таралуына күш салды. Жалпы, өнер-білім
ге ұмтылу – бұл әулетке тән қасиет. Жәкуланың немере
інісі Әбілмәжін Күшіков ғасыр басында сонау Еуропа
дан Варшава университетін бітіріп келді. Кейін бұл екеуі
де «Алаш» қозғалысының белсенді мүшелері болды.
Амал не, балшабектік қызыл өкімет қазақ зиялылары
ның жолын кесіп, аңсаған армандарына жеткізбеді ғой.
Әбілмәжін 1937-жылы «Халық жауы» атанып, әріптес
терімен бірге атылып кетті. Ал, Жәкула кампеске кезін
де жер-жерде бұрқ ете қалған шаруалар көтерілісіне іш
тартты деп айыпталып, ұсталатын болған соң, амалсыз
шекара асып, Шәуешек жаққа бой тасалады.
Егер заман тыныш болса, Жәкула дәрігерлік кәсібін
жалғастырып, бұл жақта да өз ұлтына қызмет істер еді.
Бірақ сол заманы түскір тыныш болмады ғой. «Қыр
сық бір айналдырса, шырайналдырады» деген осы. Бұ
лар Шәуешекке барып орныққан соң, арада бірер жыл
өтпей, алдарынан «Дүңген көтерілісі» деген бір бүлік
шыға келді.
«Дүңген көтерілісі» деген не дейсіз ғой? Шыңжаңмен
іргелес, Қытайдың Гансу, Шыңхай өлкелерінде мөлшер
мен он миллионға жуық дүңгендер жасайды. Дүңген деп
жүргеніміз – сонау сегізінші ғасырда, арабтың әйгілі
«Құтайба жорығы» кезінде мұсылман болып, ислам
дініне енген қытайлар мен таңғұттар. Миллиард қытай
әр кезеңде өздерін жаулап алған түріктерді де (Шың
ғысқан әулетін), Мәнжу-шүршіттерді де жұтып, сіңіріп
әкетті ғой. Бірақ, қанша ғасыр өтсе де осы дүңгендерді
сіңіре алмай-ақ қойды. Сонда, дүңгенді сақтап тұрған
не дейсіз ғой? Ол – ислам діні. Дүниеде дүңгеннен дінге
берік халық жоқ. Дүнгендер билеуші ұлтқа берілгенді
былай қойып, уақ-уақ миллиард қытайға қарсы ғазауат
жариялайтынын қайтерсің. Олар баяғыда 1860-жылдар
бір көтерілген. Сонан кейін отаршылдарға қарсы сұра
пыл соғыс ашқаны – осы 1933–1934-жылдар. Дүргендер
және өздері ғана көтеріліп қоймайды, дін қарындас деп,
Шыңжаңдағы ұйғыр мен қазақты ала кетеді.
Жәкула болыс өрен-жаранымен Шәуешек барып ор
ныққан соң көп өтпей-ақ ішкеріден дүңгендер де келіп
жетті. Аз емес, генерал Махиың бастаған тұтас бір полк.
Басқалары Үрімжі мен Алтай бағытында айқасып жат
са керек. Мына келгендер жергілікті қытай әкімдерін
қуып шығып, Шәуешекті бірнеше ай билеп тұрды. Мұ
сылманның ақ туын көрген соң, шыдай алмай, оларға
қазақтар да қосылып кеткен. Егер ойда жоқта батыс
тан Совет армиясы келіп килікпегенде, дүңген билігі
созыла берер ме еді, қайтер еді. Сталинның ұстанымы
белгілі: дәл іргесінде тағы бір мұсылман мемлекетін қа
лай құрғызып қойсын. Мол қарумен келіп, тұтқиылдан
тиіскен орыс әскері дүңгендерді бір аптаға жеткізбей
Шәуешектен қуып шықты. Әрине, дүңгендер оңай шегі
не қойған жоқ, қалада кескіліскен ұрыс болды. Айнала
төңірек дүңгені, қазағы аралас жаралыларға толып кет
кен. Ал, дәрігер Жәкула күндіз-түні дамыл көрмей сол
жаралыларға жәрдем көрсетумен болған еді. Міне, сол
кезде, бұл жазмыш дегенді қойсайшы, көтерілісшілер
ге көмектестің деген сылтаумен жазалаушы жендеттер
Жәкуланы атып кетіпті.
Көп адамдар «жазалаушы әскерлер Жәкуланың дәрі
гер екенін білмей, көтерілісшілердің бірі деп, аңдамай
атқан шығар» дегенді айтады. Ал, менің ойым басқаша.
Жәкула болысты кім атса да, арнайы тапсырмамен іздеп
келіп, оның кім екенін дәл танып тұрып атқан. Совет
әскері барған жерде НКВД жансыздары бірге жүретіні
белгілі. Олар көп жылдар бойы шекара асып кеткен
«Алаш» қайраткерлерін аулаумен болды. Райымжан
Марсеков, Зият Шәкерімұлы қатарлы талай боздақты
ізіне түсіп тұрып, ұстап әкетті. Ендеше, Жәкула болыс
қа қадалған оқ та – оқыстан атылған нәрсе емес, арнайы
нысанаға алынған, кезелген оқ.
Әрине, өз басым Жәкула болысты көре алғам жоқ. Ол
кісі мен дүниеге келерден екі-үш жыл бұрын, жоғарыда
айтқанымыздай, дәрігерлік парызын өтеу үстінде мерт
болыпты. Оның есесіне, мен жас кезімнен болыстың
балаларын біліп өстім. Әкелері шәйіт болғанда, ұлдары
Әнуар он екі жаста, Мағауия 16 жаста екен. Бұл жақ
та орысша оқып, сауатын ашып барған балалар қалған
білімдерін сол жақта жетілдіреді. Арада он жыл өткен
де, олардың бағына Шыңжаңда ұлтазаттық күресі бұрқ
ете қалады. Біз енді Мағауия мен Әнуарды азаттық қоз
ғалысының жуан ортасынан көреміз. Азаттыққа, ұлтқа
деген құштарлық олардың қанында жатқан ғой. Кезегі
келгенде, бойларындағы сол пассиянарлық қуат жарық
дүниеге жарып шықты. Біз мектепте оқып жүргенде,
Әнуар Жакулин мен Мағауия Жакулин деген есімдер
Шығыс Түркістан аспанында қалықтап тұрушы еді.
Шыңжаңдағы ұлтазаттық күресіне еселі үлес қосқан
ағайынды Жәкулиндер кейін қытайдың қызыл өкіметі
тұсында да лауазымды қызметтер атқарды. Әнуар Құл
жада Іле аймағына уәли (губернатор) болып тұрған
да, Мағауия Шәуешекте Тарбағатай аймағын басқар
ды. Кейін Әнуар Шыңжаң өлкелік партия комитетінің
әкімшілік-заң бөлімінің бастығы боп тұрғанда, Мағауия
өлкелік сыртқы сауданың тұтқасын ұстады.
1961-жылдың басында маған Әнуар Жәкулиннің үйін
де болып, ағайынды екеуімен де дәмдес болудың сәті
түсті. Бұрын бұл әулетпен менің араласым жоқ-тұғын.
Мені онда ертіп барған – белгілі ақын Мақатан Шәріп
ханұлы. Бұл – кезінде Алтай аймағының губернаторы
болған, кейін Шыңсысәй түрмесінде азаптап өлтірілген
атақты Шәріпхан төренің баласы ғой. Мақатанды жо
ғарғы элитаның бәрі жақсы танитын-ды. Мен болсам,
Алматыдағы оқуымнан қалып, басыма «оңшыл-ұлт
шыл» деген қалпақ киіп, «Шыңжаң газеті» редакция
сында бақылау астында жұмыс істеп жүрген кезім бо
латын. Қыдыруға зауқым жоқ еді, Мақатан еркі алдыма
қоймады:
– Барайық, үлкен адамдармен танысасың. Қазір ұлық
тардың дастарқаны тоқ. Тымқұрса, сәлем берген болып,
бір тойып қайтпаймыз ба! – деп ақыры көндірді. Бұл
кезде Үрімжіде ашаршылық басталған-ды. Қарын құр
ғырдың «шұрылдап» тұрғаны да рас еді.
Әнуардың үйіне барсақ, ағасы Мағауия да сонда екен.
Ағайындардың демалыс күнгі оңаша сәтін бұзғанымыз
анық. Әйтсе де, сыр бермей қарсы алды. Үй иелерінің
қас-қабағына қарайтын Мақатан жоқ, әрқайсысын ал
ма-кезек құшақтап, өз үйіндей билеп- төстеп кеткен...
Менің мөлшерімде, сол жылдары Әнуар қырықтан
асып, Мағауия елуге тақап қалған кезі. Екеуі де – зор
денелі, мелжемді, келіскен кісілер екен. Қанша қонақ
жайлық танытқанмен, арамызда жарасты әңгіме бола
қоймады. Оның үстіне, менің жағдайым да оңып тұрған
жоқ. Ауыз баққан заман. Мағауия дойбышы екен. Біраз
уақытты екеуміз дойбы ойнап өткіздік. Мақатанның
айтқаны рас, бұл үйлерге ашаршылық ене қоймапты. Ең
бастысы, Бәту апай әзірлеген дәмді тағамдармен жүрек
жалғап, аржағымызға ел қондырып қайттық.
Бірақ, ең өкінішті жері, сол азаматтардың басындағы
бақ та, биік мансап та баянсыз болып шықты. Демек,
ұлтың азат болмай тұрып, өз билігің өзіңе тимей тұрып,
сен де бақытты бола алмайды екенсің. Төбеңнен қара
ған отыршыл өкімет сені белгілі бір кезеңде пайдала
нады екен де, жоспары орындалған соң керексіз заттай
лақтыра салады екен. Жәйіңа жіберсе жақсы ғой, сені
енді «жау» деп санап, қапасқа қамап, қорлайтынын қай
терсің.
Жәкулиндер, міне, осы шындықты да бастан кешірді.
Заман тарылып, басына бұлт үйірілгенде, Мағауия зей
нетке шығып, құтылды да, Әнуар атақты «мәдениет төң
керісінің» тұзағына ілінді. «Капитализм жолына түскен
лауазым иесі» деген айдармен түрмеге қамалды да, сол
есіктен қайта шықпады. Өлтіріп қана қоймай, сүйегін
бермей қор қылды-ау! Әнуардың мәйітін Мао өлген соң
ғана абақты ауласынан қазып алып, басқа жақта жерлеу
ге мүмкіндік туды.
Міне, қысқа қайырғанда, бір әулеттің өмір жолы, тағ
дыр-талайы осындай. Азаттық үшін, бақыт үшін туған,
отаршылдар жолдарын қанша кессе де өршеленіп, өрге
ұмтылған ұрпақ. Қазір Жәкулиндер әулеті жарым-жар
тылап, атажұртқа келіп алды. Тамырдағы тек (ген) құр
жатпайды екен. Ұрпақтары бұл жақта да жерде қалмай,
өз ортасынан озып, өніп-өсіп жатыр. Аталары Жәкула
ның 150-жылдығына арнап, туған жерінде Ас беруі, ата
лары туралы естелік-кітап шығаруға талпынуы – осы
сөзіміздің айқын дәлелі.
Ал, туған елі мен жері өз перзентіне ескерткішті бая
ғыда-ақ орнатып қойған. Ол – «Жәкуланың қызылтасы».
ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ (Беташар сөз) М енің алдымда 1986-жылы, Үрімжіде Шыңжаң халық баспасынан жарық көрген «Алгебралық есептердің қиын түйіндерін талдау» атты жұ қалтаң кітап жатыр. Кітап авторы – Халмет Жұмаділұлы. Көзіме бірден жылыұшырай кетті. Көзіме оттай басылға ны – Халмет екеуіміздің фамилиямыз аттас болғандығы ғана емес, Шыңжаңда он жыл оқып білім алған араб жазуы, бәрміздің көзімізді ашқан Ахмет Байтұрсыновтың Әліпбиі. Сол сәт көз алдыма естен кетпес Шәуешек Гимназиясы да жарқ ете қалды ғой! Жасөспірім балалық щақ, болашаққа, ғылымға талпынған арманды жылдар... Шыңжаңдағы қазақ зиялыларының әлденеше буынын тәрбиелеген Шәуешек гимназиясының іргетасы 1935-жылы қаланыпты. Бұл гимназияны былайғы орта мектептердің тізіміне қоса салуға болмайды. Ол өз алдына дербес бой көтерген тұтас бір институт сияқты. Тарбағатай аймағын да жеті аудан бар. Әр ауданда бірден-екіден орталау мектеп бар. Сол мектептерді тәуір бағамен бітірген, талабының биті бар, ғылымға бейім жастар ғана Шәуешек гимназиясына ке летін-ді. Мен сол гимназияны 1956-жылы бітірдім. Ал Хал мет пен оның жұбайы Хадиша менен бір сынып төмен оқы ды. Демек, біз бәріміз – бір ұяның балапандарымыз. Біз оқыған кездегі гимназияның мұғалімдері қандай еді! Ұстаздардың алдыңғы аға буыны – кезінде Семейде, Уфа да, Қазанда, Ташкентте оқыған, кейін түрлі себеппен Шәуе шекке ауған зиялылар болатын. Гимназияның іргесін қалау шылардың бірі Тұрсын Мұстафин – Семейде М. Әуезовпен қатар мұғалімдер семинариясын бітірген, кезінде «Алаш» қозғалысына белсене қатысқан адам еді. Оның сол «қылмы сы» өмірбойы ұмытылмай, Советтік барлау орындарының нұсқауымен 1952-жылы «халық жауы» атанып, Шәуешек те атылды... Ал Әдебиет пен педагогикадан сабақ берген
Хисам Баудин – Уфада, физикадан дәріс оқыған Сағидолла Әбзи Қазанда оқыған білімпаздар болатын. Бір бөлім ұстаздар «Совет азаматтары» ретінде 1954-1955-жылдар еліне қайтып кетті де, олардың орнына Шыңжаң университетін жаңадан бітірген кілең жас мұғалім дер келді-ау! Бұлардың ішінде әдебиетші Ахметбек Кірші баев, математик Дәкіл Мәтқабылов, математик Еженхан, физик Шафғат, химик Талғат, тағы басқалары бар еді. Бәрі де өз пәнін жетік білетін білікті азаматтар-тұғын. Халметтің кейін талантты математик болып жетілуі тегін емес, оның іргетасы Шәуешекте қаланған... Айтпақшы, математиканы мен де жаман оқымайтынмын. Гимназияның соңғы жылын да Шәуешектегі төрт орта мектептің жоғарғы сынып оқу шыларын «Халық клубына» жинап, математикадан байқау өткізгенде, ең қиын деген он есепті жарты сағатта шығарып, бірінші орын алғаным есімде. Иә, көтере мақтағаным емес, ол кезде Шыңжаң өлкесін де оқу-ағарту жағынан Шәуешектің алдына түсетін қала жоқ болатын, Бір ғана мысал: оқу-ағартуы біршама жолға қойылған Алтай аймағында толық орта мектеп бірінші рет 1956-жылы ашылыпты. Сол жаңа ашылған мектепке Шәуе шек гимназиясын бізбен бірге бітірген Қабділхақ, Айдар хан, Айтқали, т.б. жігіттер барып, ұстаздық етті. Амал не, кейін Қытай өкіметі гимназияның атын жойып, «Екінші орта мектеп» деп өзгертіпті... Ал 600 оқушы еркін сиятын оқу ғимаратын өші бар адамдай тас-талқан етіп бұзып, жер мен жексен етіпті. Мен араға отыз жыл салып, Шәуешекке барғанымда, көрсем-ау деп аңсап-сағынған бір орын – сол гимназия еді ғой. Амал не, үйілген топырағын ғана көріп қайттым. Өз тарихын сыйлайтын өркениетті елдер ондай ғимаратты сақтап, мұражайға айналдырар еді. Ал, Қытай билігі оны қажет деп таппаған. Ал енді өз тақырыбымызға оралайық. Халмет Шәуешек гимназиясын 1957-жылы бітіріп, сол жылы Үрімжідегі Шыңжаң университетінің математика факультетіне барып түседі. Алғашқы екі жылы бйбіт жағдайда, алаңсыз оқу соңында өтеді. Тек соңғы екі жылында «Стиль дұрыстау», «Құрыш қорыту» секілді қажетсіз ұрандар қабаттасып, оқу дың берекесін кетіргенмен, бұлар университетті 1961-жылы бітіріп шығады. Бұрыннан іргетасы берік, ғылымға бейім
Халмет жалған ұрандарға елікпей, өздігінен ізденіп жүріп,
математиканың жоғарғы курсын толық игереді. Оқу біті
рушілерді қызметке бөлгенде, Халметтің үлесіне Тарбағатай
аймағының Толы ауданы тиіпті.
Обалы кәнеки, бастан тез өте шыққаны болмаса, бұл да
бір бақытты жылдар еді. Гимназияда бір сыныпта оқыған
– Халметтің сабақтасы Хадиша да Шыңжаң универси
тетінің физика факультетін ойдағыдай бітіріп, екеуі қол ұс
тасып, Толы орта мектебіне бірге келеді. Көп ұзамай осында
екеуінің үйлену тойы болады. Несін айтасың, жаңа отау, жас
мамандар. Мектеп өміріне қоян қолтық араласып кетеді...
1962-жылы көктемде Шәуешек халқы Қазақстанға қопары
ла көшкенде (бір ғана сәуір айында Тарбағатайдан Қазақс
танға 200 мыңдай адам өткен) Халмет пен Хадишаның көш
ке ілесе алмай, туыстарынан көз жазып қалған себебі, олар
бұл кезде шығайдағы Толы ауданында мұғалім боп жүр еді.
Бар пәле кейін «Мәдениет зор төңкеріс» етек алған 1966-
жылы басталды ғой. «Ұлы көсем» Мао сөзіне сенетін, со
ңынан еретін ересек адам қалмаған соң, бар билікті 15 пен
30-дың арасындағы жастардың қолына ұстатып, Қытайдай
алып мемлекеттің астын-үстіне шығармады ма! Оларды
«хұңбейбиндер» (қызыл жауынгерлер) деп атады. Бүкіл мә
дени мұраны қиратып, білімді мамандардың көзіне көк шы
бын үймелеткен – сол хұңбейбиндер.
Ал енді осы науқан, не үшін екен, Толы ауданында ерек
ше қарқынмен етек алды. Былай қарасаң аудан халқының
тоқсан пайызы қазақтар. Соған қарамастан, Толы аса күр
делі, қиын аудан есептеледі. Тұрғындары тым белсенді
дейміз бе, сөз баққан саясатшыл дейміз бе, әлде жікшіл, ру
шыл дейміз бе, бірін-бірі көрсетіп, бірінің үстінен бірі до
нос жасауға келгенде, алдарына жан салмайды. Не керек,
Керейдің небір білікті азаматтары (ауданның негізгі халқы
– Абақ керейлер) осы науқанның құрбанына айналды ғой.
Аудандағы бір зәңгі (болыс) ел уақтың қамқор көсемі Уәйіс
зәңгіні сол елдің хұңбейбин жастары мойнына арқан тағып,
сүйреп жүріп өлтіріпті... Өз жақсыларын аямай жатқанда,
толылықтар «шеттен келген » Халметті аясын ба,оны бірден
күрес нысанасына айналдырып, сұрақ пен соққының астына
алды. Тәйірі, ауданда кейбір оңған хұңбейбин болушы еді?
Көпшілігі – әлі танауын сүрте алмай жүрген жасөспірім ба
лалар. Ана жылы Халметтің сабағынан «2» алып, сыныптан
көшпей қалған бір сұмпайы бар еді, сол екен – хұңбейбиннің
бір белсендісі. Неше түрлі қисынсыз сұрақ қойып, қадалып,
тергеуге алаған – сол «шәкірті».
– Сен өзің – Шәуешектің жігітісің. Туыстарың ана жылы
Совет Одағына көшіп кеткен. Сен қалай қалып қойдың? –
дейді.
– Сен мұнда текке жүрген жоқсың. Сені олар қандай тап
сырмамен қалдырды? – дейді.
– Өзің де, әйелің де – шетелдің қағып кеткен «шегесісің
дер». Біздің елімізге қандай қастық жасайтын ойларың бар?
– дейді.
Бұл сұрақтарына ештеңені жасырмай дұрыс жауап берсең,
оған құлақ қойып, тыңдап жатқан ешкім жоқ. Бұлардікі – тек
қорлау, мазақтау, келемежге айналдыру. Бірауыз қарсы сөз
айтсаң ұрады,соғады, жерге жығып алып, тепкілейді. Басы
на қатты тиген соққыдан Халметтің сол жақ құлағы естімей
қалды. Тағы қандай ағзаңа зақым келіп жатқанын тексеретін
кісі жоқ. Осылайша, құр сүлдерің шалажансар жатқанда, ор
ныңнан тұрғызып алып, басыңа кардоннан жасалған «мас
қара қалпақ» кигізіп, көше аралататынын қайтерсің. Жалпы,
«Мәдениет төңкерісі» – адамзат тарихындағы ең ұлы траге
диялардың бірі. Бұл қасіретті оқиға тек Мао өлген соң ғана
тыным тапты.
Қытайда асыра сілтеушілер қоғамдық гармонияны өз
дері бұзып, қалыпты жағдайды оңдырмай бүлдіріп алады
да, артынан соның бәрін көлденең біреулерге жауып, «Ұлы
көсемге» шаң жуытпай, мысықша тынатын әдеті. Бұл жолы
да солай болды. Әубаста «Мәдениет төңкерісі» дұрыс мақ
сатты көздегенімен, оны жолбике бұзақылар өз мүдделері
не пайдаланып кетіпті десті. Науқан барысында жазықсыз
жәбір көргендерден кешірім сұраған болды. Халметке де
солай істеді. Оны көп қорлау, жазалаудан кейін, Жәйірдің
шығыс бөктеріндегі Дәм деген шалғай түкпірге жер аудар
ған болатын. Басындағы «қалпағын» алып, мұғалімдік қыз
метіне қайта орналастырды... бірақ өксумен өткен он жылды
кім қайтарады? Күрт кеміп кеткен денсаулықтың орнын кім
толтырады?
Сонымен, Халмет мұғалім қолына ақ бор ұстап, матема
тиканың ұшы-қиырсыз есептерін шешу үшін, қара тақтаның
алдына қайта шықты. Бұл кезде оның бәтуасыз қоғамнан
көңілі қалып болған-ды. Әйткенмен жан бағу керек. Шиет
тей бала-шағаны асырау керек. Оның үстіне, білімге талпын
ған қазақтың қара көз балалары тұрады алдында. Олардың
меселін қалай қайтарасың? Ол ұстаздың міндетін ақырына
дейін адал атқарды. Сексенінші жылдары Халметтің кәсіби
қабілетін жоғары бағалып, оны Шәуешекте ашылған Мұ
ғалімдердің білімін жетілдіру институтына жауапты етіп
қойған-ды. Қолаңсыздағы «Алгебралық қиын есептерге
талдау» атты мына кітап – сол жылдары мектеп мұғалімдері
мен оқушыларға көмекші құрал ретінде жазылған.
Ендігі арман мен үміт атажұртқа біржола ауған-ды. Өзі
бастан кешкен қорлық пен азапты балаларым көрмесе екен
деп тілейді. Сол оймен тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында
көші-қонға жол ашыла қалған бір кезді пайдаланып, Дәурен
бастаған ұлдары мен тағы басқа туыстарын атажұртқа аттан
дырып жіберген. Сонысы дұрыс болыпты. Алматыға келіп
орныққан балалары әртүрлі кәсіппен шұғылданып, ел қата
рына тез қосылып кетіпті. Алды-артын жинап, пенсияларын
біржайлы еткен Халмет пен Хадиша балаларынан кейін ара
ға он жыл салып, атажұртқа 2004-жылы көшіп келді.
Халмет мұнда келген соң бар уақытын емделіге жұмса
ған. Баяғы хұңбейбиндердің таяғының зардабынан оның екі
құлағы бірдей естімей қалды. Миына,ішкі ағзаларына да
зақым келгені анықталды. Балалары оны қолдары жеткен
жерге дейін емдетті де. Бірақ әбден жетесіне жеткен азап
пен қорлық темір шенгелін бәрібір босатпады. Халмет 2013-
жылы жетпіс бес жасында қайтпас сапарға аттанып кетті.
Қазақта «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өл
мейді» деген сөз бар. Мына қолыңыздағы кітап – талантты
математиктің көп жылдық ұстаздық қызметінен қалған бір
белгі. Дүние жүзінде басқаның бәрі ұлттық сипат алғаны
мен, математиканың формалалары ортақ дейді ғой. Осы тұр
ғыдан алғанда, бұл еңбектің мұндағы мұғалімдерге де пай
дасы тиер деген ойдамыз.
ХАЛЫҚ АҚЫНЫ Сүбебек Нұрбаевтың «Батырлар жорығы» атты дастаны жайында (Беташар сөз) Х алық ақыны Сүбебек Нұрбаев (1898-1974) бұрыңғы Аягөз дуанына қарасты Еңірекей болысында дүниеге келген. Сүйегі Найман. Қаракерей ішінде бес Байыстың бірі – Ақымбет. Қоны сы – «Алжанның сүйдім неге заңғар басын, қайтейін Қандығатай, Байжан тасын» деп ақынның өзі жырлаған өңірі. Батыс жағы – Шыңғыстау сілеміндегі Абай елі мен іргелес, түстік жағы Ақтайлақ бидің құзырындағы қалың сыбанмен қойындасып жатыр. Демек, Сүбекеңе ақындық өнер қайдан, қалай дарыды дейтін емес, бір бүйірінде Абайдың асыл мұрасы жатса, екінші жақтан Сыбанның Ақтамберді, Ақтайлақ, Дулат, Сабырбай, Түбек, Әріп бастатқан он жеті ақыны желеп-жебегені сөзсіз. Ауқатты, бардам әулеттен шыққан Сүбебек сал-сері лер үлгісінде өскенімен, оның жастық шағы Октябрь төңкерісі, ақ пен қызылдың соғысы сияқты аласапыран кезеңге тап келді де, бірден өнер жолына түсіп кете ал майды. Қатарынан озық, талапты, сауатты жас өз елінде бір кезек болыстыққа сайланады. Бірақ мұндай дәурен де ұзаққа бармайды. Балшабектердің дәулетті, текті адамдарға жауыға қарайтын әдеті. 1928-жылдар малмүлкі тәркіленіп, енді өз басына қауіп төне бастағанда, амалсыз ауған елмен бірге шекара асып, жан сауғалауға мәжбүр болады... Ал, мен Сүбекеңді бала кезімде, өткен ғасырдың қырқыншы жылдарының соңын ала көрдім. Бұлар ше кара асқан соң Шәуешек шаһарына таяу маңға қоныс танған көрінеді. Елге танымал, еті тірі азамат қайтадан
мал жиып, қоңдана бастайды. Қырқыншы жылдардың
ортасында Сүбекең менің әкемнен қоныс сұрап алып,
жаз айларында біздің жайлауға шығып жүрді. Мен көр
генде Сүбебектің қорасында жүзге жуық қой, жиырма
дай ірі қара болушы еді. Өздері екі-үш қана үй. Бес-ал
ты бие байлап, Ақирек жайлауында біздің ауылға таяу
отыратын. Олар әсілі мал семірту үшін емес, ежелден
серіжанды Сүбекең жайлау қызығын тамашалауға ке
летін сияқты еді.
Есімде қалғаны, Сүбебек ылғи да сәнді ер-тұрманы
мен, кілең бір жақсы аттар мініп жүретін. Киген киім
дері де жарасымды, бойға қонымды болушы еді. Өзі
домбырашы, әнші, қымызға қызған жиын-тойда шыр
қатып ән де салып жіберетін. Арқаның әуендері, Абай
дың әндері... Өзі палуан денелі, батыр тұлғалы адам
еді. Енді ойласам, сол жылдары Сүбекеңнің жасы елуге
енді ілінген кезі екен ғой.
Елуінші жылдары ол жақта да жайлау салтанаты кел
меске кетті. Билік басына қызыл коммунистер келіп,
шыжыммен ұшып, шырғамен қонатын заман орнады.
Кейінірек мен қала жағалап, оқу соңында кеттім де, Сү
бекеңді көре алғаным жоқ. Сөйтсек, олар қолдарында
ғы «Совет азаматы» деген паспортпен, 1959-жылы ту
ған жерлеріне қайтып кетіпті.
Сонан кейін Сүбекең екеуміз 1970-жылы Алматыда
кездестік. Баяғы өзінің қоныстас досы Жұмаділдің ұлы
Алматыда оқу бітіріп, «дүрілдеп тұр» деп естісе керек
біреулерден... Іздеп келді бір күні. Екеуміз әкелі-балалы
адамдай өткен-кеткенді еске алып, жырғадық та қал
дық. Аяқталмайтын әңгіме, ағыл-тегіл өлең-жыр. Мен
Сүбекңнің аса үлкен даңғайыр ақын екеніне осы жолы
көзім жетті. Ақын болғанда, ауылдағы «халық жыр
шыларының» әләулайімі емес, Абай үлгісіндегі пәлса
пашіл, ойшыл ақын. Сүбебектің өмірден әбден түңіл
генде жазған мынадай өлеңі бар:
Бұл өмірді өмір деп,
Жұбанатын мен емес.
Есіркейтін, аяйтын,
Бар болсаң, құдай, сен емес.
Жоқ болсаң онда сөзім жоқ,
Болғанда көрер көзім жоқ.
Жүктейтін болсаң қанымды,
Дүниеде түк жоқ нанымды...
Әкет мына жаныңды,
Ит жесін мейлі тәнімді.
Құрулы мылтық, кезеулі оқ
Аяқ бассам – жалын шоқ.
Әпкел бері қазамды,
Кетіріп біттің мазамды...
Жылынып қана тұрайын,
Аш қойныңды, қара жер!
Қызыл іңір, асықпа,
Сыбағамды кейін бер.
Сен айтпай-ақ өзім де
Деп барамын «орын бер».
Берсең орын, зорын бер,
Бір саржаннан артылмас,
Тау құлайтын жарын бер.
Қинайтын көрдің тарын бер,
Түк қалдырмай бәрін бер!
Осы жолдарды оқығанда азы бойың қаза болып, төбе
шашың тік тұрады. Мұндай сөзді қазақ ақындарынан
бұрын-соңды ешкім айтқан емес. Жаны әбден қинал
ғанда, тағдырға, құдайға ерегесіп айтылған сөз ғой
бұл. Мұндай сөз тағдырдың талай қыспағынан өткен,
айналдырған қысқа ғұмырдың отыз жылын Қытайда,
қалғанын Қазақ жерінде үшке бөліп өткізген Сүбебек
Нұрбаевқа ғана жарасады.
Онда менің «Жазушы» баспасында қызмет істеп
жүретін кезім. Сүбебек жазған өлеңдерін жинап-теріп,
баспаға тапсыруға кеңес бергенім есімде. Келесі жылы
келгенде қарт ақын төрт мың жолдай өлеңін машинкаға
бастыртып, бір данасын баспаға тапсырды. Бірақ келесі
жылы мен баспадан ауысып кеттім де, қузайтын кісі
болмай, қол жазба жарық көрмей жатып қалды. Сүбе
кеңнің «Қорқыттың күйі» атты жинағы баспаның бас
шылары өзгерткен соң, көп жылдан кейін 1987-жылы
жарық көрді. Бұл жинақта ақынның Қорқыт туралы
толғауы мен тоқсаннан астам өлеңі бар.
Ал енді Сүбебектің бүгін сөз болып отырған «Батыр
лар жорығы» атты тарихи дастанына келейік. Бұл дас
тан – мөлшерімен сегіз мың жолдан тұратын көлемді
шығарады. Сүбекең Алматыға келіп жүргенде, баяғы
қазақ-қалмақ соғысы жайында тарихи дастан жазып
жатқанын айтқаны бар еді. Сол еңбегін көзі тірісінде
тәмамдап, соңғы нүктесін қойып кетіпті.
«Батырлар жорығы» – ежелгі батырлар жырының
үлгісінде жазылғанмен, қиял-ғажайып араласқан жы
раулар поэзиясына тән көтеріңкі стилде емес, өмір
шындығын, оқиғаларды әсірелемей қаз-қалпында баян
дайтын реалистік шығарма. Қамтылған уақыты, ша
мамен, «Ақтабан шұбырындыдан» бұрын, қазақ пен
қалмақтың бір-бірінен жылқы алып, кезек шабысып
тұрған кезіне тура келеді. Оқиға Жетісудағы қазақтар
мен Күнес-Текес бойындағы қалмақтар арасында өтеді.
Тарихтағы біз білетін әйгілі батырлар бұл шайқасқа
қатыспайды. Кейіпкерлері бұрыңғы жырларда кездес
пейтін мүлде жаңа адамдар.
Дастан былай басталады. Мәдет дейтін елге сыйлы,
атақты батыр бір перзентке зор болып жүргенде, әйелі
ұл тауып, атын Ұрық қояды. Бала жойдасыз күш иесі,
батыр болып өседі. Алысса жан баласын шақ келтір
мейтін нағыз алыптың өзі. Алайда, бетінен ешкім қақ
пай еркін өскен бала он үш жасқа келгенде ата-анасы
өліп, қараусыз қалады да, ел кезген әлдебір диуанаға
ілесіп, ол да диуана болып кетеді.
Содан, ел кезіп жүргенде, бір күні жасы жүзге келген
Онон батырдың ауылының үстінен шығады ғой. Қа
раса, опыр-топыр кісі. Сөйтсе, қалмақтың Зоңырауын
деген батыры қарт Ононды басынып, оның бар жылқы
сын барымталап, айдап кетіпті де, енді Онон қарт қа
рымта қайтару үшін, ауылына қазақ батырларын жинап
жатыр екен. Іздегенге-сұраған, күшін бойына сидыра
алмай жүрген Ұрық батыр, міне, осы дайындықтың
үстіне келеді де, бір топ батырмен бірлікте ол да жо
рыққа аттанады.
Бұл жорықта қазақ батырларының мерейі үстем бо
лады. Ең алдымен жас батыр Ұрық қалмақ қолының
басшысы Зоңырауын батырды жекпе-жекте сайып түсі
реді. Одан басқа да шайқастар жетіп артылады. Арыс
батыр мен Мошқаның шайқасы, Сарман батыр мен Мо
дығаның жекпе-жегін, Зуха мен Саман батырдың айқа
суы, қалмақ батыры Нұқымбеке мен Ұрық батырдың
қылыш үстінде достасуы, ағасының жанын аман сақ
таған Ұрық батырға қалмақ қызы Кішіктәнның ғашық
болуы, осы сияқты сан алуан оқиғаны автор бір-бірі
не ұқсатпай, келістіріп суреттейді. Қалмақтың қазаққа
ұқсамайтын тұрмыс-салты да ара-кідік сөз болып оты
рады. Жалпы, қалмақтың қарапайым халқында жазық
жоқ. Арадағы атыс-шабысқа кінәлі екі елді жауластыру
арқылы пайда тауып жүрген Зоңырауын секілді басбұ
зар екені шығармада жақсы ашылады.
Қазақ батырлары елге қайтарда қалмақтар көкқасқа
сойып, қанға қолдарын малып, бұдан былай жауласпау
ға серттеседі. Сөйтіп, қазақ батырлары Онон батырдың
қолды боп кеткен көп жылқысын қайтарып қана қой
май, қалмақтың Кішіктән, Қонтан сынды ару қыздары
на үйленіп, олжалы оралады. Дастанның негізгі идеясы
– халқымыздың ерлік дәстүрін тағы бір рет еске салып,
бүгінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Ал шы
ғарма соңында екі елдің бітімге келуі – түпкі мақсат
жауласу емес, достасу екенін айту, бейбітшілік барша
халықтың арманы екенін еске салу.
Қарт ақын поэтикалық тілге өте бай. Шығармада
бүгінгі қолданыста жоқ, ұмытылып бара жатқан көп
сөздер ұшырасады. Оларды іріктеп, талдап, кәдеге жа
рату тіл мамандарының міндеті деп білеміз.
ЕЛІН СҮЙГЕН, АҚПЕЙІЛ АЗАМАТ ЕДІ Б ұрын қонысымыз шалғай, өрісіміз бөлек бол ғандықтан, осы бертінге дейін Тұрсынхан ағамен (менен екі жас үлкен-ді) қоян-қолтық араласқан жоқ едік. Ол кісімен етене таныс болғаным – олар Алматыға көшіп келгеннен кейінгі он-он бес жыл дың айналасы. Сол біліспей өткен жылдардың есесін қайырғандай, кейінгі кезде өте жиі араластық. Өзара сыйлас, пікірлес, дәмдес болдық. Біздің басымызды қосқан – қасиетіңнен айналайын ата-баба аруағы. Біз Тұрсынхан ағамен Сыр бойындағы Төлегетай бабаның кесенесін салған кезде, әр қаладағы қолбасы Қабанбайдың ескерткіші ашылғанда жұп жаз бай бірге жүрдік. Республикалық Қабанбай қорының мен – президенті, Түрсекең – сол қордың белсенді мү шесі болды. Түркістан қаласында, Талдықорғанда тұр ғызылған Қабанбай ескерткішінің ашылу салтанатына бірге барып, қуанышты бірге тойладық. Өтерінен біраз жыл бұрын Тұрсынхан аға мені өзінің ата мекені Ұлытау өңірін бірге аралап қайтуға шақырып еді. Менің он екі томдық таңдамалы шығармаларым ның жиырма-отыз жинағын күні бұрын Жезқазғанға жөнелтіп, ел-жұртты құлақтандырып қойған-ды. Амал не, дәл жүрер кезде денсаулығым сыр беріп, сырқатта нып қалдым да, сол сапарға қатыса алмадым. Тұрсекең Ұлытауға біраз адаммен өзі барып қайтты. Келген соң ол жақтағы халықтың мені келеді деп күткенін, ертіп барған адамдарының кейбіреуіне көңілі толмағанын ай тып, менің бармай қалғаныма қатты өкінгені есімде. Біз сол жылдары Шымкент қаласында да қолбасы Қабанбайға ескерткіш орнатуға бастама көтеріп, ол ес керткішті Қабанбай көшесі басталатын теміржол вокза лы алдындағы гүлзарға қоюға келіскенбіз. Қала әкімдігі
жұрттан жиналған қаржыға батырдың атпен тұратын
ескерткішіне заказ беріп, біз соның эскиз-моделін көріп
қайтсақ деп жүргенбіз. Бірақ, амал не, біздің ол ойымыз
іске аспады.
Бір күні Тұрсынхан аға келді біздің үйге. Біртүрлі ұн
жырғасы түскен, қапалы. Мен отбасында бірдеме боп
қалды ма деп, мән-жайды сұрап жатырмын. Жоқ, мен
ойлағандай емес, үйіші дін аман. Мәселе ескерткішке
байланысты екен.
– Шымкенттегі әкім-қаралар уәделерінде тұрмады.
Қолбасы ескерткішін вокзал маңында емес, ешкім бар
майтын қаланың бір шетіне, Қабанбай көшесінің құр
дым аяғына тұрғызғалы жатқан көрінеді, – деді Тұрсе
кең қабағынан қар жауып. – Онысы ат үстінде тұрса бір
сәрі-ау, жаяу Қабанбай!
– Батырдың тұлпары қайда?
– Солар сірә, Қубас атты соғымға жығып алған-ау
деймін! – деді Тұрсекең ызалана езу тартып.
Біз, Тұрсекең екеуміз сол күні баспочтаға барып,
Шымкент қаласының әкіміне жеделхат жолдадық.
Онда, он сегізінші ғасырда қазақта жаяу әскер болма
ғаны, ал, қолбасы ескерткіште тұлпарының үстінде,
бес қаруы бойында тұруы қажет екені айтылған. Ең
соңында «Қолбасы қазір ондай ескерткішке зәру емес,
жаяу Қабанбайды халыққа көрсетпей-ақ қойыңыздар»
дегенбіз. Алайда, әкім-қарарлар біздің сөзімізді құлақ
тарына қыстырған жоқ, өз білгендерінше істей берді.
Кейін Шымкентке барып келгендерден естідік: қолында
қамшысы бар, бақташыға ұқсайтын бір шалдың мүсіні
қаланың бір бұрышында тұрған көрінеді.
Қазір Қазақстанның алты қаласында Қабанбайға ар
налған ескерткіш бар. Барлығы ат үстінде, ұрпақ есін
де мәңгі қалатындай бес қаруымен, қаһарлы қалпында
тұр. Біз Түркістандағы Қабанбай ескерткішінің ашылу
салтанатында Шымкенттік әкімдермен ұшырасып қал
дық. Салтанатты жиында жаяу қалған қолбасы туралы
өз ойымызды жасырмай айттық та... Түркістандағы
ескерткішті Нысанбай деген азамат өз қаржысына сал
дырған. Күре жолдың бойында сонадайдан көрінетін
ат үстіндегі айбынды ескерткіш. Ал, миллионға жуық
халқы бар Шымкент қаласының әкімдері Қабанбайдың
тұлпарын «асап қойып», жаяу қалдырғаны анау...
Тұрсынхан аға дастарқаны мол, үйінен қонақ үзіл
мейтін, қолы ашық, көпшіл адам еді. Мен ағамыздың
барында ол үйден талай рет дәм таттым. Көп азамат
тармен таныстым. Бір жолы Германиядан келген Хасен
Өралтайды көп адаммен бірге қонақ етті-ау! Былайша,
алты аласы, бес бересісі жоқ, тек шетте жүрген Алаш
тың ұлтжанды азаматына үйінен дәм татырғысы кел
ген...
Тұрсынхан аға қайтыс болғанда, жаназаға адам көп
жиналды. Қарапайым зейнеткермен қоштасуға қарақұ
рым халық келгенін көргенім осы. Дастарқан басында
айтылған алғысқа толы жылы лебіздер қандай!.. Бәрі де
Тұрсекеңе борыштар, қарыздар екен. Араласқан жан
дардың бәрі де ол кісіден тек жақсылық көріпті. Мен
соларға қарап отырып: «Адамның кім екендігі тірі жүр
генде емес, өлгенде білінеді екен-ау» деген ойға келдім.
МАЗМҰНЫ ХИКАЯТТАР Аққуды атпас болар ..................................................................4 Қанды қақпан...........................................................................54 Шырмауық..............................................................................100 ӘҢГІМЕЛЕР Кәрілерге ем болатын дәрілер..............................................143 Тирандар тырапай асқан жыл ..............................................155 Жағымпаздың ажалы ............................................................164 Сырттан..................................................................................175 Ажалдан қашқан періште.....................................................186 Жеті ата...................................................................................204 Шамырқанса шорт сынатын тектілер...................................217 Аруақтың ататыны рас па?...................................................233 Жалған атақ, арзан абырой....................................................239 Сызықтың арғы жағы, бергі жағы........................................246 Менің алғашқы бастығым.....................................................251 «Көгілдір жәшік» алдында...................................................257 СЫР-СҰХБАТ, ОЙ-ТОЛҒАМДАР Адамдарды алдарсың-ау, Алланы қайтесің?.......................266 Біздің бәрімізге де шындық ауадай қажет...........................276 Абылайдың асына шаппағанда, атаңның басына шабасың ба?..............................................................286 Мемуар жазу – екінің бірінің маңдайына жазылмаған.......293 Қызғаныш кімнің ішін тырнап жатыр?................................319 Төбеңнен қарауыл қарайтын ешкім жоқ .............................325 Мен өзімді бала жастан әдебиетке арнаған адаммын ........337 Нобель сыйлығы тақиямызға тар келе ме? ........................350 Голощекиннің Қазақстанға келуіне қазақтардың өздері се бепші болды............................................................................357 Оралмандардың жоқшысы ..................................................361 Жәкуланың қызыл тасы .......................................................367 Ғалымның хаты өлмейді ......................................................374 Халық ақыны Субебек Нұрбаев ...........................................379 Елін сүйген ақпейіл азамат еді .............................................384
Басуға 06.04.2015ж. қол қойылды
Қаріп түрі «Tіmes New Roman». Офсетті басылым.
Пішімі 84х108 1\32. Шартты баспа табағы 20
Таралымы 2000+150дана.
Тапсырыс №
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы,
Абай даңғылы, 143. офис 400
Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934.
Эл.пошта: dastur_09@maіl.ru
Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
«Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры –
Қасымхан БЕГМАНОВ
Редакторы: Асан Қарамырза
Техникалық редакторы: Талғат Әлімжанұлы
Безендірген: Мейрамбек Еңсепбай
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ
Хикаяттар, әңгімелер,
сыр-сұхбат, ой-толғамдар
(Қазақ тілінде)
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру