TELEGEI

Home

Бабалар сөзі. 34-том

Бабалар сөзі

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі. 34-том

«Бабалар сөзі» – көптомдық құнды дүние. Бұл серия аясында ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге жеткен өлең-жырлар, шежіре-дастандар, эпостар мен хикаялық дастандар топтастырылған. Қытай мен Моңғолиядағы қазақ фольклорымен де осы сериядан танысуға болады. «Алпамыс батыр» жырының әртүрлі нұсқасы, жа...

БАТЫРЛАР ЖЫРЫ

ҚИССА-И АЛПАМЫС БАТЫР

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген бай бар екен.
Байбөрі малға бай екен,
Бір перзентке зар екен.

Байбөрінің Құлтай деген немере ағасы бар екен, ол һәм перзентке зар екен. Байбөрі әкесі һәм Құлтай, һәм Шыныбай деген үшеуі бір тума екен. Шыныбай қатыныменен өліп, онан Тортай деген бір ұл қалыпты. Оны Құлтай асырап, соның қолында болыпты. Әлқисса, күндерде бір күн Байбөрі малдарын аралап жүріп: «Менің ұлым болса, осы малдың қызығын көрер еді, мына жорғаларды мінер еді, менің өзім өлсем бұ мал кімдікі болып кетеді», – деп перзент дағынан қасірет қылып, далада жүріп, һәр күндерде жылап айтқан сөздері – Байбөрі ғазалы:

Көңілі мұңлы-қайғылы,
Көкірегі шерлі екен.

10. Бір перзенттің жоғынан

Дәйім қайғы жер екен.
«Көзім ашық дүниеден
Өткенім бе?» дер екен.
Байбөрі Хаққа налыды:

– Алмадың, Алла, жанымды,

Қайтып шыдап жүремін,
Бір баланын жоғынан
Ағайын жеді малымды,
Көңіліме салды уайымды.

20. Қадір Алла Жаратқан,

Өзің болғын панайым.
Бір баланың жоғынан
Зорлық қылды маңайым.
Үкім қыла сөйлейді

Баласы көп ағайын.
Ескерер күнің бар ма екен,
Жаратқан Алла Құдайым.
Сүйегім кетті жасық боп,

Достым кетті қашық боп. 30. Көрер көзім көр болды,

Бір балаға ашық боп.
Аққан жасымды тия алмай,
Перзенттің дағы өтеді.
Баласы жоқ адамның

Әркімге хақы кетеді.
«Байбөрі қубас» деген сөз
Сүйегімнен өтеді.
Жаратқан патша – Құдая,

Перзентке зар қып қойғанша, 40. Жаратпасаң нетеді?

Байбөрі осылай деп жүрді жылап,
Құдайдан күні-түні бала сұрап.
Сүйегі сырқырайды Байбөріге
Мұң-зарын естіген жан салып құлақ.

Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,
«Көрмей-ақ өлем бе, – деп, – үйден дуды?»
Сол кезінде Құлтайдың аяқ салған
Тезекші қара күңнен бір ұл туды.

Байбөрі әр бір түрлі ойлайды ойды, 50. Қызықпен көп қайғының бәрін жойды.

Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Баланы үйге әпкеліп қылды тойды.
«Тумаса да туғандай қылайын», – деп,
Ұлтан деп ол баланың атын қойды.

Әлқисса, ол Ұлтанды Байбөрі бала қылып асырап алды. Өскен соң, өзі зор болды.

Кеуделері кепедей,
Мұрындары төбедей.
Күрек тісі кетпендей,
Кеңірдегі жөйіттің көріндей.

Отырған жері 60. Алты қанат үйдің орнындай.

Құлақтары қалқандай,
Мұрындары сығымдаған талқандай.
Көздері терең зындандай,
Басқан ізі от орнындай.

Аузы ошақтай, азуы пышақтай, мұрнының тессігі үңгірдей, иегі сеңгірдей болды. Ол ақымақ ер жеткен соң, Байбөріге тілі тиетұғын болды. Ашуланса, «қу бас шал, сөйлеме» дейтұғын болды. Мұны есітіп Байбөрі: – «Құдай өзіме бермесе, бұл маған бала болып жарытпайды екен, – деді, – мұның сөзін есітіп тұрғанша далада қаңғып өлейін», – деп, қолына таяқ алып, әулие қоймай қыдырып, етек-жеңін шеңгел сыдырып, жылдан – жыл өткенде Бабай Түкті шашты Әзіз деген әулиеге түнеді. Құдай Тағала тілеуін беріп, әулие жәрдем болып бір ұғыл, бір қыз берді. «Ұлдың атын – Алпамыс, қыздың атын – Қарлығаш қой», – деді. «Ұлың он жасында ел ұстайды, атса оқ өтпейді, шапса қылыш кеспейді, отқа салса күймейді, суға салса батпайды, өзің хан боласың», – деді. Онда Байбөрі орнынан тұрегеліп, қуанып үйіне келді. Қатыны жүкті болып, тоғыз ай, он күнде бала туып, ұлының атын Алпамыс қойды. Артынан бір жасар болып Қарлығаш туды. Онда Шекті деген елде Сарыбай деген бай бар екен, оның Күлбаршын деген жалғыз қызы бар еді, соған құда түсті Байбөрі бай онан кейін. Алпамыс он жасқа келгенше артынан бала тумаған соң, Сарыбай ойлады: «Менің күйеуім жалғыз болды, мұның көзі олай-бұлай болып кетсе, қызым Ұлтанға қор болады екен», – деп Қытайға қашып көшіп (кіріп) кетті, қызын бермеймін деп. Сол халде Алпамыс он жасқа келгенде алар бүркіт қабақты, алма мойын сабақты Қоңырат деген елге хакім болды. «Менің әкеме тіл тигізген құл сенбісің», деп Ұлтанның құлағын кесіп, табанын тіліп қойға салды. Сонда Алпамыстың ойнап жүріп жұмырығымен ұрған балалары мойны үзіліп өлетұғын болды. Бір кемпірдің бір күні баласыменен ойнап жүріп ұрса, баласы өліп қалыпты. Сонда кемпір айтты: – Әй, Алпамыс, елдің бекерге баласын қыра бергенше қайратың болса Қытайға қашып кеткен қайын атаң Сарыбайдың қызы Күлбаршын сұлу деген сенің жарың еді, соны барып алсаңшы, – дейді. Бұрын құлағына тимеген сөзі еді, Алпамыс мұны есітіп, әскер жиып, күндіз-түні тынбай, аттан жерге қонбай, еш мезгілге айнымай, түн қатып, жанын сатып, су орнына қан жұтып, көп адамдарды қырып, қырық құл, қырық күңменен қатынын алып келді. Әлқисса, өзі қатынын іздеп кетсе, үйіндегі жылқысын Тайшық деген қалмақтың ханы келіп алып кетіпті. Алпамыс келгенде алдынан шығып, Байбөрі бай бір сөз дейді:

– Тумай кеткір, Алпамыс,

Көрінбе менің көзіме.
Еш қайратың тимеді
Адам болып өзіме.
Тайшық алды жылқымды,

70. Құртып кетті мүлкімді.

Тұр алдымнан, кет, – дейді,
Кет деген сөзін кектейді.
Тайшық алған жылқының
Артынан қуып бар, – дейді.

Тайшықтан кекті ал, – дейді,
Ала алмасаң кегімді,
Бенде боп сонда қал, – дейді.
Сонда Алпамыш сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді: 80. – Тайшық алған жылқының

Ал артынан кетейін.
Шаһимардан жар болса,
Жылқыңды қуып жетейін.
Қарамайсың көңіліме,

Әкем де болсаң мен сорлы
Сөзіңді есітіп нетейін.
Атқа салдым тегілдірік терлікті,
Қаратауда мен көп сүрдім беклікті.

Мен кеткен соң, әкежан, 90. Көрерсің құлдан қорлықты.

Атқа салдым тегілдірік пыстанды,
Мен кеткен соң, әкежан,
Ақыр жерсің пышманды.
Бес байталдық бедірек құл,

Әке, сенің артыңда
Аңдып жүрген дұшпан-ды.
Сол уақытта осы сөз
Қатты тиді өзіне.

Алпамыстың жан көрінбес 100. Қаһарланса көзіне.

Шамырқанды, шырқанды,
Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Алып келді Шұбарды,

Мойнына тақты тұмарды.
Бейсенбі күн бесінде
Тайшыққа қосын шығарды.
Садағын белге байлады,

Ал Тайшыққа жүрмекке 110. Алпамыс берен ойлады.

Қайратты туған бала-ды,
Тайшыққа кетіп барады.
Алтын бауыр Шұбардың
Басын жолға салады.

Бір күн шапса Шұбар ат,
Айшылық жолды алады.

Әлқисса, онда Алпамыс батыр кетіп бара жатқанын біліп, елі-жұрты жиылып, алдына келіп айтты: – Әй, Алпамыс, жалғыздық бір Аллаға жарасқан, басқаға жарасқан емес, көп әскермен барыңыз, – дейді. Онда Алпамыс айтты: – Бәлі, жұртым, бұл сөзің мақұл, алай болса да, Құда қаласа, жалғыз өзім барамын, дұшпанды жеңіп аламын, табаныма саламын, енді сіздердің жаның ашыса, маған қосылған көмегің, қылған себебің сол болсын, менің қартайған ата-анам қалып барады, әуелі Құда, қалды халқым сіздерге тапсырдым, соны бағыңыздар. Және қатынымның ішінде жеті айлық бала қалып барады, ұл туса атын Жәдігер қойыңдар, жақсы қылып бағыңдар, тірі болса дұшпанға кек жібермес. Мұны да әуелі Құда, қалды, халқым, сіздерге тапсырдым, – деп Алпамыш батыр жүріп кетті. Сонда Алпамыс үйден шыққан күні жылқы алып барған қалмақтың ханы түс көріп, түсінен шошып оянып, елі-жұртын жиып алып, түсін айтып бір сөз дейді:

– Әй, азаматтар, жаранлар,

Мен бір жауап айтайын,
Құлақ салып қараңдар.

120. Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім.
Заманым менің қағынды,
Қағынбаса не қылды.
Құрсаулы қара бура кеп,

Қарсы қарап шабынды.
Көзімнің жасы егілді,
Қабырғам менің сөгілді.
Басымда тәж, дәулетім

Жерге менің төгілді. 130. Бір арыслан өзіме

Шабатұғын көрінді.
Талқан қып алды шәрімді,
Талауға салды барымды.
Екі бүйірін таянтып,

Алатұғын көрінді
Қойнымдағы барымды.
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды.

Айдарлымды құл қылды, 140. Тұлымдымды тұл қылды.

Солқылдаған мырзамды
Табанға салып жүн қылды.
Ауызына қарасам,
Сұлуды таңлап сүйгендей.

Келбетіне қарасам,
Қымқапты таңлап кигендей.
Бір түгіне қарасам,
Қырмызы қызыл жібектей.

Ақылына қарасам, 150. Сарттар соққан түнектей.

Қабағы қалың сол бала,
Тіпті, шұнақ қу бала
Шұбар ат мініп келеді.
Сол Шұбар ат дүбірі

Тақ төбемді жарады.
Мен білмеймін тап сонан
Қандай адам өледі.
Жылағанда көзіме

Қанды жасым тола ма? 160. Тауға біткен бәйшешек

Сірә дә құрып сола ма?
Жиделі Байсын жерінен,
Қоңырат деген елінен
Алпамыс атты жас берен

Атқа мінген бола ма?

Әлқисса, онда Алпамысты патшасы мұндай қылып айтқан соң, қалмақтың һәммә жұрты қорықты. Сол халде ыстық ішкен, сұйық тышқан, қабағы тырысқан, көрінгенменен ұрысқан, кенеп дамбалы көтіне қатқан, өзін туғаннан Құдай атқан, басы мүйіз, көті киіз, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар бір мәстек кемпір түре келіп айтты: – Әй, тақсыр, менің бір тілегім бар, соны қабыл қылсаңыз, ол дұшпаныңызды мен бенде қылып байлап алып әкеліп берейін, – деді. Онда хан айтты: – Не тілегің бар? Алпамысны байлап алып келсең, не тілесең де берейін, арызыңды айт? – дейді. Мәстек айтты: – Менің жалғыз таз балам бар еді, соған жалғыз қызың Қаракөзайымды берсең, мен дұшпаныңызды әпкелейін, – дейді. Онда хан айтты: – Құп, әпкелсең, беремін, – дейді. Онда мәстек кемпір ханның қызы Қаракөзайымды бас қылып, қырық қыз алып, қырық бөтелке арақ алып, қырық отауды түйеге артып алып, қырда Тасқала деген қарауыл панасы бар еді, оған бес жүз кісіні қарауылға жіберіп, менен түтін шықса дайын болыңдар деп, мәстек Алпамыстың келетұғын жолына қырық отауны тігіп, арқаны жиып, ойынларын ойнап жата берді.

Енді Алпамыс келеді,
Жөнеді батыр, жөнеді,
Ләшкер тартып келеді.
Ауыздықпен алысып,

170. Табан жолмен тарысып,

Ұшқан құспен жарысып,
Маядай мойнын созады.
Тарта-тарта баланың
Алақаны тозады.

Байшұбардай тұлпардың
Ойынды еті бұлтылдап,
Төрт тұяқтан шыққан от
Шақпақ тастай жылтылдап.

Құлақ салсаң дабысы, 180. Тау суындай сыңқылдап.

Қолтығынан аққан тер
Тебінгіде сылпылдап.
«Шу» дегенде Шұбар ат
Ұшқан құстан озады.

Гулеп кетіп барады,
Саулап кетіп барады.
Томарша жерден сырғытып,
Жарлау жерден ырғытып,

Көз ұшында көрген жер 190. Көзді жұмып-ашқанша,

Артында жатып қалады.
Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты.
Арада неше қоныпты,

Жетемін деп зорықты.
Талма түстің шағында,
Айдын көлдің бойында,
Алпамыс атты жас берен

Кемпірге келіп жолықты. 200. Талма түстің шағында

Алпамыс жетіп келеді,
Жолын сұрай береді.
Сонда мәстек жылады,
Жылағанын көрген соң,

Ер Алпамыс сөйлейді:

– Далада тұрған, шешеке-ау,

Мұнша неге жылайсың,
Айтпаймысың сырыңды?
Шығарайын мініңді.

210. Басыңды кесіп дұшпандай,

Кетермін қылып тынымды.
Тірі болсам табайын
Көңілдегі кіріңді.
Жылағанда жөніңді айт,

Өлтіріп мен берейін
Дұшмандық қылған еліңді.
Сонда мәстек сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Сен, сен едің, сен едің,

220. Қамқорың сенің мен едім.

Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген ер еді.
Байбөрінің жылқысын

Тайшық хан алып жөнеді.
Қырық балам менің бар еді,
Қырқы бірдей нар еді.
Алдынан шықты жылқының

Таласқан соң малына, 230. Бәрін де Тайшық өлтірді.

Сол қырық баланың шешесі
Мені мәстек дер еді.
Ашылған бақта гүл едім,
Кеші-күндіз Құдайдан

Алпамыс, сені тіледім.
Келеді деп есітіп,
Кегімді алып берер, – деп,
Жолыңызда тұр едім.

Әй, қарағым, шырағым, 240. Құтты болсын талабың.

Ер қаруы – бес қару,
Сайманды екен жарағың.
Жеңгелерің қасында
Жатамысың, қарағым.

Осы сөзбен қу мәстек
Алдап ұрды ақылын.
Сөзменен бойын балқытты
Алпамыстай батырдың.

«Міне, сусын ішсең», – деп, 250. Алдап берді арағын.

Міне, сусын, қарағым,
Дайын менің қолымда.
Хордың қызы секілді
Қырық келінім жанымда.

Атың болса шалдырсаң,
Ұйқың болса қандырсаң.
Қаза намаз – қазам-ды,
Тарттырар Құдай жазамды.

«Менің елім қайда?» деп, 260. Ерімді менің сайла!» деп,

Айналайын, Алпамыс,
Қырық келінім қасымда –
Жер соғып қалған өң бейбақ
Барады алып мазамды.

Әлқисса, онда Алпамыс ойлады: «Бұ кемпір мұсылман екен, мұсылман менің шешем болды, мұның қырық баласы бірдей менің малыма таласамын деп өліпті, енді мұның үйіне барып көңілін көтеріп, бір күн дем алып кетейін», – деп үзеңгісін шығарып, артына мінгестіріп бір сөз дейді:

– Кел, шешеке, мінгін, – деп,

Үзеңгісін береді.
Байшұбарға мінбекке
Дұшпан, залым, қу Мәстек
Оңтайланып келеді.

270. Адамнан есті жануар

Келе жатқан кемпірді
Қос аяқтап тебеді.
Сонда кемпір талады,
Жатып есін танады.

Бір уақыттар болғанда,
Көтеріп басын алады.
Алпамыстың Шұбарын
Жамандай мәстек береді:

– Тауға біткен аңдызым,

280. Суға біткен жалбызым,

Жабыны жауға мінгендей
Нешеу едің, жалғызым?
Бәлені жабы бастайды,
Ара күндік жол жүрмей,

Аяғынан ақсайды.
Қажетіңе жарамас,
Жау жеріне тастайды.
Тауға біткен шоңайна,

290. Жабыны мінбек оңай ма,

Бір көрмеген дұшпанға?
Алдырады сырыңды,
Қазанат мінсең болмай ма?
Сенің үшін жолыңда

Құрбандық болып өлейін.
Балалығың қалмайды,
Алпамыш, саған не дейін?
Астындағы жабының

Басын кесіп тасташы, 300. Қазан ат тауып берейін.

Мұсылманға бас бала,
Қалмақтарға қас бала.
Сен бір байдың жалғызы,
Жол көрмеген жас бала.

Сырты түкті қу жабы
Қылады бір күн масқара.

Әлқисса, онда Алпамыс: «Әй, хайуан, саған мұндай желік қайдан пайда болды, бір көрген шешеме сөзге мат қылдың?» деп қылышын суырып алып, басыңды кесіп алайын, – деп, қолын көтеріп, тағы да ақыл ойлады: «Бұ жануарымнан бұрын көңілім қалғаны жоқ еді, енді мұны өлтірсем жаяу қалармын, мұнан жақсы ат тауып мінсем тастармын», – деп қылышын қайтып салып: – Шеше, ат мінгестіретұғын емес, үйіңе баста, – дейді. Онда кемпір жолға түсіп желіп келеді, артынан Алпамыс еріп келеді, сонда үйіне жақындап келген соң, Мәстек кемпірдің қыздарын шақырып айтқан сөзі:

– Жүйрікті мініп бұлғақтар,

Байсыннан шыққан Алпамыс
Жау қайырып тұрақтар.

310. Бөкең, бөкең желеді,

Жау мұқатып береді –
Астында Шұбар ойнақлар.
Алпамыс балам келеді,
Шықпаймысын далаға,

Шуылдаған шұнақ қар.
Ерлер мінер алаға,
Өңшең кәне сұлулар
Жүгіре шықты далаға.

Жаман-жақсы болса да, 320. Жазудан адам қала ма.

Алпамыстай баланың
Шылауынан ұстады.
«Түсіңіз!» деп қамалап,
Жан-жағынан қыстады.

Көтеріп аттан алады,
Ақ кілемге салады.
Перизаттай қырық зайып
Көтеріп алып барады.

Көтеріп үйге кіреді 330. Алпамыстай төрені.

Кезегіменен арақты
«Алдиярлап» береді.
Басына дәулет қонады,
Алдияры толғанда,

Кіші бесін болғанда
Арақты ішіп болады.
Мәстек тағы келеді,
Алпамысты көреді.

Бір әңгіме болғанын 340. Шұнақ кемпір біледі.

Қапалайды «шырақ» деп,
Отауды келіп түреді.
Төңірегін түрген соң,
Салқын келіп ұрады.

Бетке салқын тиген соң,
Алпамыс берен құлады.
Бурадайын сақылдап,
Көбік шашып, арсылдап,

Күліседі көп шайтан 350. Өз қылғанын мақұлдап.

Мәстек тағы келеді,
Алпамысты көреді.
Мас болғанын баланың
Анықтап кемпір біледі.

Тауға біткен шие-ді,
Отаудың бәрін жықтырып,
Алпамыстың үстіне
Қабаттап бәрін үйеді.

Мінген аты бөрте-ді, 360. Отауды енді өртеді.

Түтін жетті аспанға,
Қарауылшылар көреді.
Тасқала деген қаладан
Әскер жетіп келеді.

Алпамыстың үстінен
Отын ашып көреді.
От ішінде байлап ап,
Мас болып жатқан күйінде

Тайшық ханның алдына 370. Бәнде қып алып келеді.

Әлқисса, Алпамысты хан көріп: – Өлтіріңдер, – деп жендетке әмір қылды. Онда жендеттер отқа салды күймеді, суға салды батпады, қылыш кеспеді, оқ өтпеді, дарға тартты өлмеді, әр не қылды болмады. Шұбар ат жануар алдына келгенді тістеп, артына келгенді теуіп, ешкімді маңайына жолатпады. Сонда Алпамысты өлтіре алмаған соң, тағы кемпірге берді, не қылсаң да, өзің қыл, – деп. Және хан айтты: – Қызым бүгінде он жаста, жиырма жасқа жеткенде балаңа беремін, – деп уағда қылды. Онан кейін кемпір Алпамысты қырық құлаш зынданға салдырды, Шұбар атты темір үйге байлап қойдырды, айында бір, аптада бір нәр таттырып, Тайшық қалмақ: «Әбден арықтаған соң мінермін», – дейді. Сол жатқаннан Алпамыс жеті жыл жатты. Қаракөзайым он жеті жасқа келді. Сол күнде қызының жүз қоңыраулы серкесі бар еді, оны Кейқуат деген бір тазша бағар еді. Бір күні Кейқуат серкелерні отарға айдап бара жатса, екі серке сүзісіп жүріп, зынданға Алпамыстың үстіне түсіп кетті. Кейқуат келіп айтты: – Ей, Алпамыс, серкемді шығарып бер, тірі болсаң, –дейді. Онда Алпамыш: – Мен бұ зынданнан шықсам, сені мұратыңа жеткізермін, сен мені бақ, қайтесің, серкенің күніне біреуін маған беріп тұрсаңшы, – дейді. Онда Кейқуат: – Уа, ақымақ, саған бұ күніңді өзіңе көп қылайын, – деп, бір диірмен тасын әпкеліп, Алпамысты өлтірмекке төбесіне тастап жібереді. Онда Алпамыс тасты тосып алып, қайта атып жібереді, тас зынданнан атып шығып, Кейқуаттың басынан асып қалды, Кейқуат қорқып жасып қалды. Сонда Кейқуат ойлады: «Иншалла, егер бұл зынданнан шықса, мені мұратыма жеткізуге әлі келеді екен», – дейді. Енді серкенің күнде біреуін Алпамысқа беріп тұратұғын болды. Бір күндерде серкенің әммесін жеп бітірді. Кейқуат келіп Алпамысқа айтты: – Ей, тақсыр, серке ада болды, енді қызға не деп жауап беремін? – дейді. Алпамыс айтты: – Маған ұста саймандарын келтіріп бер, – дейді. Кейқуат келтіріп берді. Алпамыс серкенің сүйектерінен «шылдырман» деген сыбызғы жасады. Оны Кейқуатқа беріп: – Қыздардың келе жатқан жолына бұғып жатып тарт, – деді. Онда қыздар келіп, қолына алып қарар, «кім қылды?» деп. Сонда хан қызынан басқаға сырыңды айтпа, – деп жібереді. Кейқуат сырнайды қолына алып, қыздарның жолын тосып жүр еді. Бір күні қыздар саяға шығып бара жатқанда сыбызғыны тартыпты. Қыздар дауысын есітіп, тауып алып, сырнайды қолдарына алып қарады. –Кім қылды? – деп сұрады, айтпады, бауырын отқа қақтап, бұтын отқа таптады, сонда да айтпады. Онда ханның қызы Қаракөзайымға ақыл түсіп, аулақ жайға апарып, Кейқуаттан жауап сұрап, Қаракөзайым бір сөз дейді:

– Моллалар сызған ала хат,

Біздің билән бас қосып,
Ойнап-күлмек салтанат.
Қолыңдағы сырнайды
Айтсаңшы маған кім қылды,

Айналайын, Кейқуат?
Сұрағанда сыр айтсаң,
Сені тәуір көрейін.
Шын сырыңды айтсаңыз,

380. Артыңнан сенің ерейін.

Айналайын, Кейқуат,
Айтсаңшы мұны кім қылды,
Не тілесең берейін.
Есіктің алды жыңғылды,

Пышаққа сапты қын қылды.
Айналайын, Кейқуат,
Айтсаңшы мұны кім қылды?
Кейқуат сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді: 390. – Базары пышақ балдақы,

Нәсілің сенің қалмақы.
Бір бәнде қылды ордағы.
Көп ішінде қинадың,
Сырыңды айтып салдақы.

Байшұбарды алып кел,
Жібектен тағып тұрманды.
Ор ішінде бәнде боп,
Алпамыс берен қалған-ды.

Бір нәрсе қылсаң салдақы, 400. Мұны Алпамыс қылған-ды.

Қаракөзайым сөйледі:
«Алпамысым сол ғой», – деп
Ақылмен өзі ойлады.

– Айналайын, Кейқуат,

Сол Алпамыс қайда еді?
Мінген аты бөрте-ді.
Күнге арқасы күймеген,
Табаны жерге тимеген

Ханның қызын ертеді. 410. Бір жерлерге келгенде,

Тазша амал табады,
«Шаршадым» деп жүрмеді,
Сонда жата қалады.
Қаракөзайым қабынды,

«Жүре көр» деп жалынды:

– Ашылған бақта гүл, – дейді,

Сізге берер пұл, – дейді.
Шыныңменен шаршасаң,
Кел мойныма мін, – дейді.

420. Тазша қылды кесірді,

Екі аяғын көсілді.
Мойнына мініп ап,
Желке шашын тізгін қып:
«Мойыныңа мінгіз», – деп,

Бар киімін шешінді.
Екі емшекке текпілеп,
Келе жатқан секілді.
Келе жатып сөйлейді:

– Қарақан тауда ханшайым,

430. Жарылқай көр, еркі Ием.

Менің салған қоржыным
Мойныңа бата ма?
Шу, жануар, ту бием.
Құс өледі көп түлеп,

Ол Қаракөз – ақ білек.
Кейқуат сонда келеді,
Екі емшекке тепкілеп.
Келді ордың басына,

Алпамыстың қасына. 440. Қыз зынданның тұсында,

Алпамыс зыңдан ішінде,
Сөйлесті кіші бесінде.

Әлқисса, қыз Алпамыс билән жауаптасты. Алпамыс қызға айтты: – Сен мені бұ зынданнан шығарсаң, сені алармын, – дейді. Қыз айтты: – Қайтып шығарамын? – дейді. Алпамыс: – Мені өз атымнан басқа нәрсе шығара алмайды, – деді. Қыз айтты: – Атың патшаның қолында, темір үйде байлаулы, айда бір, аптада бір нәр татып тұрады, оны қайтып аламын? – дейді. Алпамыс айтты: – Менің бір киімімді ішіңнен киіп, диуана болып барсаң, менің исімді алса, Шұбар ат тіреуді бұзып шығады, онан соңғы ақылын өзің тап, – деді. Онда қыз, айтқанындай, пердемен бетін жасырып, ханға амалын асырып, басына күлә киіп, астына есек мініп, қоржын салып, қолына аса алып, ханның ордасына ақтап келді. Онда Шұбар ат Алпамыстың исін алып, темір үйді талқан қылып бұзып шығып, диуананың қасына барып иікеп тұрды. Онда бір жасауыл мұны көріп ханға баян қылды. Онда хан ол жасауылды жіберіп: – Шақыр диуананы, – деді. Ол диуананы ханның алдына шақырып келтірді. Онда хан диуанадан жауап сұрады: – Ей, диуана, сен не қылған адамсың, Алпамыстың өзімісің, көрер көзімісің? – деді. Қыз айтты: – Ей, тақсыр, хан болсаң да ақыл қайда кеткен, Алпамыс мендей он қиса емес пе, қалай айтасыз? – деді. – Мен жаңа пері күнімде Жиделі Байсынға барған едім, сонда бұ ат құнан күні екен, енесін арда емеді екен, сонда ауырған екен, мен үш күн түкіріп бағып едім, сонда жазылып еді, сол күнде қандай едім, енді қандай болып тұрмын деп, маған шағып жылап тұр, – деді. Онда хан бұ сөзге инанып айтты: – Олай болса маған осы атты үйретіп беруге қолыңнан келсе үйретіп бер, көп инғам қылайын, – деді. Қызы айтты: – Ей, тақсыр, мен ел қыдырған диуана, менің қатын-баламның тамағын бер, бұ атты үйреткенше және өзіне жем бер және бұған қырық арқан керек, соның билән жуас болады, – деді. Айтқанының әммесін даяр қылды. Онан кейін қыз атының беліне қырық арқанды қабаттап байлап, зынданнан Алпамысты шығарып алып, қыз Алпамысқа ғашық болды. Алпамыс айтты: – Мен сенің еліңді мұсылман қылып, сені сонан кейін некелеп аламын, – деп үйіне қайтарып жіберді.

Әлқисса, Алпамыс батыр
Зынданнан шығып алған соң,
Көңілі мекем толған соң,
Қуаттанып болған соң,

Жарағын алды сайланып.
Жалаң қылыш байланып,
Толып жатқан қалмаққа

450. «Шабайын» деп ойланып,

Жарақтанып алды енді.
Енді Алпамыс батырың
«Алла» деп атқа мінді енді.
Тілек тілеп пірлерден,

Қалмаққа қарап жүрді енді.
Бетіне келген кәуірдің
Бауырларын тілді енді.
Айқай, сүрен салады,

Күркіреген дауысы 460. Күншілік жерді алады.

Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды.
Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды.

Солқылдаған мырзасын
Табанға салып жүн қылды.
Көрген түсін Тайшықтың
Өтірік емес, шын қылды.

Көп мырзаны ат басты, 470. Қаланың үстін қан басты.

Көк өзектің басында,
Қарлы таудың қасында
Алпамыстай батырға
Тайшық хан енді жалғасты.

Жекелесіп қалады,
Қарсыласып барады,
Аруағы асады.
Алпамыштың аруағы

Тайшықтың үстін басады. 480. Қалаға қарап қашады,

Қақпасының аузында
Қуып жетіп Алпамыс,
Тайшық ханды шаншады.
Састырды сонда хандарын,

Шырқыратты жандарын.
Талауға салып жіберді
Қазынада малдарын.
Өлтірді дұшман, бектерін,

Найзамен шаншып бүйректен. 490. Алды сөйтіп кектерін.

Кез келгенін қырады,
Қылышпенен ұрады.
Бір жерлерге келгенде,
Мәстек кемпір шешесі

Көлденеңдеп тұрады.
Шауып бара жатқанда,
Көрінеді батырдың
От жалын боп көзіне.

Кез келіпті өзіне – 500. Ұстап алып кемпірді,

Сұхбатына келтірді.
Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті тымпитып.
Екі көзін ойып ап,

Қу басын қойды сымпитып.
Тірсегінен тіледі,
Бәйтеректің басына,
Салбыратып іледі.

Бар киімін шешіп ап, 510. Көтін қойды тыртитып.

Көп қалмақты қырады,
Қалғандарын қалмақтың
Сол шәһәрге хәкім қылады.
Тамам жұртын қалмақтың

Кейқуатқа көндіріп,
Бағындырып қояды.
Тайшық ханын өлтіріп,
Батырдың көңілі тынады.

Әлқисса, сонда Алпамыс көп шәһәрлі қалмақтарды қырып, көңілдері тынып, қалмақтардың белі сынып, үкіміне көніп тұрдылар. Алпамыс ханның қызы Қаракөзайымды өзі некелеп, қырық қызының басы Нарзангүл деген қызды Кейқуатқа қосты, жұртын әбден қиратып, Кейқуатты хәкім қылып, сол елде бір ай жатты. Бір күні Алпамыс ата-ана, ел-жұртын сағынып, Кейқуатқа айтты: – Мен енді елге қайтайын, – деді. Кейқуат айтты: – Тақсыр, сіз кетсеңіз мен де бірге кетемін, сізден соң мынау ел мені бір күн де қоймайды, өлтіріп тастайды, – деді. Онда Алпамыс айтты: – Саған олай болса мен бір ақыл үйретейін, ертең «ханның шүлен беретұғын тойы бар» деп той қылып, елді шақырып жиыңыз. Ел әбден жиылған уақытта мені шақыртыңыз, мен келген соң айтыңыз: – Алпамыс, мен құс етін жегім келді, маған қырық үйрек әпкеліп бер, – деңіз. Онда мен айтайын: – Тақсыр, бұ жердің құсы түгіл, көлін де, жүрер жерін де білмеймін, – дейін. Сонда сіз айтыңыз: – Бәтшағар, кеше ордан өзім суырып алып адам қылып едім, бүгін менің сөзімді қайырасың, – деп, мені күнәкәр қылып, Шұбар атыма мінгізіп, «кет еліңе» деп елден шығарып жіберіңіз, «бұ елдің рәсімін бұзасың», – деп. Онан кейін ел сізден қорқар, – деді. Онда Кейқуат сол айтқанның бәрін қылды. Елі Кейқуатқа қайыл болып, қорқып аузына қарап тұрды. – Алпамыс, еліңе кет! – деп шығарып жіберді. Алпамыс неше медет жол жүріп еліне келді. Жиделі Байсын өзенінің аяғынан өрлеп келе жатса, көп жылқыға кез болды. Қараса, өзінің жылқысы екен. Аралап келе жатса, алдында көк шатыр көрді. Ол шатырға келіп ішіне көзін салса, ішінде бес бек ұйықтап жатыр, астында көрпе, бастарында мамық жастық. Және бұ жағына қараса өзінің немере ағасы Тортайы бір қолында шәйнек, бір қолында отыны, келіп от жағып, мосыға шәйнек асып, көсеуін маңдайына қойып төмен қарап отырады. Алпамысты һәм танымайды, һәм жүзіне қарамайды. Алпамыс оны танып бір сөз дейді:

– Қарақан тауда бабамыз,

520. Сірә, қабыл болар ма,

Сіздің қылған тобаңыз?
Осы бағып жүргенің
Қандай бектің жылқысы,
Бейшара болған ағамыз?

Қарақан таудың түлкісі,
Келмейді ердің күлкісі.
Қызмет қылған, ағаке-ау,
Осы бағып жүргенің

Қандай бектің жылқысы? 530. Жылағанда көзіңе

Қанды жасың толады.
Тауға біткен бәйшешек
Бір-ақ күн қурап-солады.
Қызмет қылған ағаке-ау,

Осы бағып жүргенің
Кімнің малы болады?
Тортайы сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Мінгенде атың қаракер,

540. Не сұрайсың, календер?

Заманым кеткен сорлымын,
Менен нені сұрайсың?
Көп сөйлемей жүре бер.
Сонда Алпамыс сөйлейді:

– Жылағанда көзіңе

Қанды жасың толмай ма?
Тауға біткен бәйшешек
Сірә қурап, солмай ма?
Мендей ғаріп диуана

550. Сұрағанда, ағаке-ау,

Сырыңны айтсаң болмай ма?
Тортайы сонда сөйлейді:

– Жер мен көкті лайық ойлап,

Бір жаратқан Құдайсың.
Мен бұ жерде сөз айтсам,
Айналайын, диуана-ау,
Ғамкүн болып жылайсың.

Заманым кеткен сорлымын,
Менен нені сұрайсың?

560. Әуеден ұшқан сары еді,

Бұ Байсынның хәкімі
Байбөрі деген бар еді.
Осы жатқан иесіз мал
Кешегі кеткен жас бөрі –

Алпамыстың малы еді.
Қарақан таудың түлкісі,
Келмейді ердің күлкісі.
Осы жатқан иесіз мал

Кешегі кеткен жас бөрі – 570. Алпамысның жылқысы.

Қарақан тауда қамалым,
Баяғыдай болар ма
Алпамыс келіп заманым.
Ежіктеп неге сұрайсың,

Айналайын, диуана,
Есіттің бе бегімнің
Келе бір жатқан хабарын?

Әлқисса, сонда шатырдағы жатқан бес бек мырзалар бастарын көтеріп алып: – Айбы-ай, ақымақ, бағанадан бері шайды қайнатпай, диуанаға қарап, Алпамыс деп боқты жеп отырсың. Ол диуана нені біледі, Алпамыстың жайын бізден сұра, мұны біз білеміз. Алпамысты қалмақтар ұстап алып өлтіріп тастаған. Сен әлі күдер үзбеймісің, – деп, Тортайды сабап, бәрі ұра берді.

Онда Алпамыш оларға: «Қой, мырзалар, араша», – деп бір сөз дейді:

– Араша, батыр, араша,

(Араша деп олардың, 580. Қасына келді жанаса.)

Араша сұрап мен тұрмын,
Тыңдаған сөзім жараса.
Арашаңды бермесең,
Іс қыламын тамаша.

Қой-сәна батыр, қой-сәна,
Ашуы жоқ бол-сәна.
Қой дегенде қоймасаң,
Түсірермін ой-сәна.

Ойнама батыр, ойнама, 590. «Ойнаймын» деп ойлама.

Ойнар кісің мен емес,
Ойнағаның жөн емес.
Мен сияқты диуана
Сіздердей бектің теңі емес.

Қой десе де қоймайды,
Қоятұғын болмайды.
«Осы иттерді қайтсем», – деп,
Ер Алпамыс ойлайды.

Шамырқанды, шырқанды, 600. Буырқанды, бұрсанды,

Мұздай темір құрсанды.
Мойнындағы сотамен
Әрқайсысын бір салды.
Асаменен басқа ұрды,

Тұра алмастай тас қылды.
Бір ұрғанды көтермей,
Бесеуі де мырзаның
Жанын Хаққа тапсырды.

Әлқисса, бұларды өлтіріп, Тортайы билән амандасып көрісіп, мұңларын терісіп, бір-біріне үгіт-насихат берісіп, таныса берді. Ол бесеуі бұрынғы Алпамысның отыншы, сушы, қозышы құлдары екен. Амандасып болған соң, елінің жақсы-жаман халдерін сұрады. Онда Тортайы айтты: – Ей, шырағым, не сұрайсың? Өзің кеткенде қой бағатұғын қара табан құлың Ұлтан осы күнде елдің ханы. Өзің табанын тіліп, құлағын кескендігіңді кек қылып, әкең Байбөріні түйенің көтіне салып қойды. Құлтай бабаңды қойдың көтіне салды. Өзіңнен іште қалған жеті айлық Жәдігерді «бөрінің баласы бөрілігін қылмай қалмас» деп, мойнына күнде салып, аяғына кісен-құрсау, қолына шынжыр бұғау салып қозы бақтырып қойды. Қатының Күлбаршын сұлуды бүгін тойын қылып, неке қиып, басын көктеп алмақ күні. Шешең Аналық бәйбіше күндіз-түні тасығаны отын, сол жылауменен күні өтіп барады, қарындасың Қарлығаш, әкең Байбөрі анау таудың астында түйе бағып жүр, – дейді. Онда Алпамыс берен көзіне жас алып жүріп кетті. Келсе, әкесі Байбөрі түйесін суға қарай айдап барады. Онда Алпамыс: «Атам осы күнде не айтып жүр екен?» – деп, қалың түйенің ішінде тұрып құлақ салды. Сонда Байбөрінің белі бүгіліп, тырнағы сөгіліп, көзінің жасы төгіліп, өзі жаяу, мойны ырғайдай, биті торғайдай болып, екі көзі іріңдеп, буындары дірілдеп, баласын жоқтап жылап жүреді екен. Сол Алпамыс келіп тыңлаған замандағы айтқан сөздері, баласын жоқтап, түйесін суға айдай алмай «арай-арай» деп жылағаны. Байбөрі ғазал:

– Әй, мен Құдайға жылайын,

610. Көзімнің жасын бұлайын,

Тілегімді берсеңші,
Жаратқан Қадір Құдайым,
Арай, жаным, арай!
Жаппар Ием жаратқан

Көзімнің жасын көрер ме,
Алпамысым келер ме?
Заманда кеткен баламнан
Қадір Алла берер ме?

Арай, жаным, арай, арай! 620. Қарақан таудың басында бар аршасы,

Келінімнің үстінен түсіп қалды
Киіп жүрген баршасы.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Қарағымның аманат қойған наршасы.

Арай, жаным, арай!
Тау басында ақ терек,
Қыздар тағар мойнына
Қалампыр, маржан, текшелеп.

Айдасам жөнге жүрмейсің, 630. Иесіз қалған ақ шелек,

Арай, жаным, арай!
Сенің бірің қалмағыр,
Ешкім сені алмағыр.
Айдасам жөнге жүрмейсің,

Иесіз қалған жайрағыр,
Арай, жаным, арай!
Есімде көп дүр қатесі,
Сірә, қабыл болар ма

Байбөрінің батасы? 640. Айдасам жөнге жүрмейсің,

Иесіз қалған Алпамыстың ботасы,
Арай, жаным, арай!
Жәдігердің құрсаулы
Темірменен білегі.

Сірә, қабыл болар ма
Байбөрінің тілегі?
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Иесіз қалған Алпамыштың үлегі,

Арай, жаным, арай! 650. Қарақан таудың басында бар шиесі,

Айта берсем сөзімнің көп жүйесі.
Байбөрінің кетті ме
Пірлерінің киесі?
Айдасам жөнге жүрмейсің,

Адыра қалған Алпамыстың түйесі,
Арай, жаным, арай, арай!
Қарағым келіп, болар ма,
Көздің жасын игісі?

Айналайын атыңнан 660. Алпамышым кеткен соң,

Қоңырат деген елімнің
Ұлтан құл болды-ау иесі.
Бұ Байсынға бек болды,
Жалғызымның барында

Палуанға тігер бәйгісі.
Арай, жаным, арай!
Менің бұ айтқан ақуал сөзім,
Қартайғанда өз малыма

Кіріптар болдым мен өзім. 670. Еңіреуменен ойылды

Менің бұ екі көзім.
Келер де күнің бар ма екен,
Өлгенде көрген жалғызым?
Арай, жаным, арай, арай!

Әлқисса, сол халде Алпамыс түйенің арасынан «ассалаумағалейкүм, ата!» деп шыға келді. Сонда Байбөрінің ақылы кетіп, жалт етіп қараса, басынан бөркі ұшып кетті, таяғы жерге түсіп кетті. Сонда Байбөрінің қорыққанын біліп, «көңілі орнына түссін» деп Алпамыс берен бір сөз дейді:

– Ассалаумағалейкүм, жан ата!

Қарақан тауда бабамыз.
Сірә, қабыл болар ма,
Сіздің қылған тобаңыз?
Мұнша неге жылайсыз,

680. Бейшара болған бабамыз?

Кетіп еді қай жаққа,
Баба, сіздің балаңыз?
Рахман Алла жеткізер,
Шыныменен жылаңыз.

Байбөрі сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Қадір Алла жаратқан

Тілегімді берді ме?
Жаппар Ие жаратқан

690. Көзімнің жасын көрді ме?

Қалмаққа кеткен жалғызым,
Айналайын атыңнан,
Алпамысым келді ме?
Әкем менің екен деп,

Танып сәлем берді ме?
Атқа мінген желеді,
Қоңырат деген ел еді.
Ұлтан патша болғалы

Сәлем берер кісім жоқ еді. 700. Мен сияқты сорлыға

Меһірбан болып бұл жерде
Сәлем берген кім еді?
Сонда Алпамыс сөйлейді:

– Ата, саған келгенім,

Келіп сәлем бергенім.
«Ассалаумағалейкүм,
Арма, бар бол» дегенім –
Сақалыңнан қорыққаным,

Сүйтіп сәлем бергенім. 710. Біреудің малын бақпашы,

Біреудің отын жақпашы.
Балаңнан хабар білмедім,
Бекер жала жаппашы.
Байбөрі сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

– Әй, шырағым, алдама,

Оңлашы, Тәңірім, оңлашы.
Алдағаның бола ма?
Моллалар оқыр кәламді,

720. Бисмиллә болар жол басы.

Кәміл пірім жар болып,
Осы бүгін қолдашы.
Айналайын атыңнан,
Қалмаққа кеткен жалғызым,

Алпамысым болмашы?
Мінгенде атың қара-ды,
Бауырынан жарады.
Жасырмай, балам, шыныңды айт,

Жөргектегі исің 730. Мұрнымды жарып барады.

Енді қылған ауқыңнан,
Салып жүрген зауқыңнан
Мендей сорлы айналсын
«Жан ата» деген даусыңнан.

Мінген аты құла-ды,
Өксіп-өксіп жылады.
Бұл сөзді есітіп Алпамыс,
Қайтып шыдап тұрады.

– Дария тасып лайлансын,

740. Дұшпанның қолы байлансын.

Бері келгіл, жан ата,
«Жалғызым» деген даусыңнан
Мендей қозың айлансын.
Аттан түсе секірді,

«Жалғызым» деп Байбөрі
Тастай құлап өкірді.
Ата-бала екеуі
Айдалада жыласып,

Көрісе берген секілді. 750. «Әумин» дейді періште,

Шілтендер зарлап келісті.
Аталы-балалы екеуі
Ботадай боздап көрісті.
Құланнан атты қодықты,

Көлден тартты борықты.
Арада неше қоныпты.
Талма түстің шағында
Алпамыс пенен Байбөрі

Ботадай боздап жолықты.

Әлқисса, онда бұлар көрісіп, амандасып болған соң, Алпамыс айтты: – Әй, ата, кімнен зорлық көрдің? – дейді. Байбөрі айтты: – Шырағым, мен сізді есен-аман көрген соң, енді Құдаға мың мәртебе шүкірлік. Мынау жерде Құлтай бабаң қой бағып жүр, соны қуантып көңілін аш, – дейді. Онда Алпамыш атына мініп жүріп кетті. Алпамыс келсе Құлтай бай қойын жусатып, таяғын шаншып, көйлегін жауып, көлеңке қылып жатыр екен. Алпамыс қойының жанынан өте бергенде, өзі бар күнінде «серке қоямын» деп жүрген екі серкеші бар екен, олар үшбу күнде тоғыз жасар серке болған екен. Алпамыстың үзеңгісін иіскеп, маңырап ере берді. Онда Құлтай бай серкесін шөрелеп, бүкшеңдеп жүгіріп келе жатып айтқан сөзі: 760. – Бедеу аттың бестісі-ай,

Адамның азбас естісі-ай.
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның аманат қойған ешкісі-ай?
Шөрей, жаным, шөрей!

Тау басында бұлақ-ай,
Неге шулай бересің,
Қу Құлтайдың құлағы-ай?
Қайда кетіп барасың,

Қарағымның аманат қойған ылағы-ай? 770. Шөрей, жаным, шөрей.

Әдрис еді көрпесі-ай,
Ол Жәдігер зарлайды
Байбөрінің еркесі-ай.
Қайда кетіп барасың,

Қарағымның аманат қойған серкесі-ай?
Шөрей, жаным, шөрей!
Құмға бітер ебелек,
Биік тауда түн болса,

Түлкі жортар көбелеп. 780. Құлтай бабаң келеді

Маңдайына төбелеп.
Кәрі Құлтай жете алмай,
Жүгіреді шөрелеп.
Қайда кетіп барасың,

Иесіз қалған кебенек?
Шөрей, жаным, шөрей.
Әлқисса, онда Алпамыс тұрып Құлтайға айтқан сөзі:

– Ассалаумағалейкүм, жан ата,

Бір серкенің соңынан
Мұнша неге еңіредің?

790. Бір серкенің соңынан

Осынша жылап келгенің?
Мен де сенің бір балаң,
Бір кезіне келгенім.
Бір кезіне келгенде,

Бір серкесін балаңның
Құдайы қылып бергенің.
Бере қалсаң, жан баба,
Мені жақсы көргенің.

Сонда Құлтай сөйлейді: 800. – Айналайын, шырағым,

Бұ серкеден айырылсам,
Ғамкүн болып өлемін.
Бұ серкенің соңынан
Соның үшін келемін.

Кебін киген жоқ еді,
Кебенек киген ер еді,
Өлмесе балам келеді.
Ертең қозым келгенде,

«Серкем қайда?» дегенде, 810. Мен сияқты қубас шал

Не деп жауап береді?
Өзге малды сұрасаң,
Бәрін саған беремін.
Алпамыс атты балама

Жеті жыл болды кеткелі.
Құлтайдайын бабаңның
Басына қайғы жеткелі.
Өзге малды сұрасаң,

Бәрін де саған беремін. 820. Сұрады деп, шырағым,

Сен де тіпті сөкпелі.
Сонда Алпамыс сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Жігіттікте жүруші ең

Кіреуке тонды жамылып.
Жеті жылдай жүріпсіз
Балаңызды сағынып.
Қартайғанда, жан баба,

Жаяу жүрсің нағылып? 830. Ерлік қылған жігіттің

Тәңірі берген бағы да.
Асықпасаң боларсың
Баяғыдай тағы да.
Нағып қойды жайдыңыз

Сақалыңның ағында?
Мұнша бейнет көріпсің
Өлеріңнің шағында.
Қартайғаның емес пе,

Азуыңды шалыпсың? 840. Бейнетті қатты көрген соң,

Ақылыңды таныпсың.
Жаяу қойды жайғанша,
Құл жұмсасаң болмай ма?
Ғам қайғыға қалыпсың.

Жігітіңде құс салдың,
Жасанған жауды қиратып,
Елден бұрын олжа алдың.
Тентек менен момынды

Ақылыңменен теңгеріп, 850. Насихат жұртқа жол салдың.

Қартайғанда, жан баба,
Бұрынғы сүрген дәуреннің
Бәрінен нағып құр қалдың?
Көрінгенді ел, – дейді,

Берегірек кел, – дейді.
Мұңды болған, жан баба,
Жауап маған бер – дейді.
Сонда Құлтай сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді: 860. – Құдай қылып басыма

Қайғы, күлфат тар қылды,
Ұлтан құл бізге қатал-ды.
Айналайын атыңнан,
Алпамысым кеткен соң,

Қоңырат деген көп елге
Ұлтан төре атанды.
Сұрағаның бұл сөзді
Ақылыңның барлығы.

Жылағаны бабаңның 870. Басына түскен зарлығы.

Қойды бағып жүргенім
Ұлтан құлдың жарлығы.
Сонда Алпамыш сөйлейді:

– Айналайын, жан баба,

Жылайды маған көзіңіз.
Сүйегімнен өтеді
Жылап айтқан сөзіңіз.
Өлтірейін құлыңды,

Әперейін кегіңді, 880. Раушан болса көңліңіз.

Ерлер мінер алаға,
Көңілім толды санаға.
Өлтірейін құлыңды,
Әперейін кегіңді,

Разымысың балаңа?
Мендей сенің ұлыңды,
Қалаға сатар бұлыңды.
Раушан болсын көңіліңіз,

Өлтірейін мен сенің 890. Ұлтан атты құлыңды.

Сонда Құлтай сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Мойнына қу тас тағады,

Әкең түйе бағады.
«Жан баба» деген дауысың
Құлағыма жағады.
Сипатыңа қарасам,

Еш жақсыдан кембісің?
Нәсіліңе қарасам,

900. Патшамен теңмісің?

Айналайын атыңнан,
Қалмаққа кеткен жалғызым,
Алпамысым сенбісің?
Сонда Алпамыс сөйлейді:

– Атеке, келдім өзіңе,

Не бересің сүйінші
Енді менің өзіме?
Таныр ма едің балаңды,
Бір көрсетсем көзіңе?

910. Ақша бір жауған қар еді,

Ғаріптің көңілі тар еді.
Балаңыздың, жан баба,
Не белгісі бар еді?

– Қарағым менің нар еді,

Ғаріптің көңілі тар еді.
Қарағымның белгісі –
Жауырынның үстінде
Дөңгелек қалы бар еді.

Мінгенде аты Шұбар-ды, 920. Ойнауға дайым құмар-ды.

Құлтай еңіреп тұрған соң,
Ер Алпамыс ал сонда
Көзінен жасын жіберді.
Енді атынан түседі,

Ағытып сонда тастады
Белінде алтын кісені.
Ағытып тастап кісесін,
Енді қалын ашады.

Қалынан сүйіп алған соң, 930. Дариядай Құлтай тасады.

Ботадай боздап Құлтекем,
Бауырына басады.
Тәңірім оңдар әр істі,
Әулиелер жар болып,

Ғаріпке Құдай болысты.
Айтып, айтпай немене,
Құлтай менен Алпамыс
Ботадай боздап көрісті.

Әлқисса, онда бұлар амандасып, көрісіп болған соң, Алпамыш айтты: –Баба, кімнен қорлық көрдің? – деп. Онда Құлтай айтты: – Шырағым, мені не қыласыз, бойы өспеген, бұғанасы қатпаған жеті жасар Жәдігердің көрген қорлығы өтіп барады, – дейді. Онда Алпамыс атын Құлтайға беріп, өзі жаяу қойда қалып: – Баба, менің шырағымнан сүйінші сұрап келіңіз, – дейді. Құлтай Шұбар атқа мініп алып, бара жатып бір сөз дейді.

Құлтайдайын бабаңа
Байшұбарды береді.
Құлтай бабаң мініп ап,

940. Зырқыратып жөнеді.

– Шу, жануар, Шұбарым,

Мойнында алтын тұмарым.
Тасып, толқып тарқасын
Бүгінгі күн құмарым.
Сенің шабар күніңді,

Менің жүрер күнімді
Жеткізді Тәңірі мұрадым,
Он бестегі жасымдай,
Жайнап тұрған күнімді.

950. Мен жасамай қайтейін,

Көрсетті Құдай ұлымды.
Ұлым келді, өлтірер
Ұлтан атты құлымды.
Қызғалдақ шығар желкілдеп,

Қыздар өлең айтады,
Бетін бүркеп күлкілдеп.
Сен шаба көр зырқырап,
Мен шабайын күркіреп.

Үйде отырған Ұлтанның 960. Көтені түссін бүлкілдеп.

Әлқисса, Құлтай тойға келсе, Ұлтан тойын қылып, көкбарына құнан атан беріп жатыр екен. «Құнан тайды әркім береді», деп Күлбаршын сұлуды басып, зорлықпенен алмақ болып жатыр екен. Құлтай келе салып, көкбарды сирағына байлап, ерінің қасына іліп, тақымына басып ала жөнелді. Онда жігіттер ол көкбарға жете алмай қалған соң, Ұлтан ханға келіп: – Тақсыр, бізге көкбар беріңіз, – дейді. Онда Ұлтан: – Менің заманымда сіздерге көрмеген қызықты көрсетейін, – деп, анау Алпамыстың жеті жасар баласы Жәдігерді тарт, – дейді. Онда Алпамыстың қадірін білетұғынлар бармады. Жастар, Алпамыштың қадірін білмейтұғын ақымақ бозбасылар баланы алдына салып айдап келеді. «Көкбарға тартамыз» деп, ұзын қамшыменен сабап, қашайын десе аяғында кісені бар. Сонда Жәдігер: – Не жаздым, ағалар? – деп, жігіттерге қарап бір сөз дейді:

– Ақша бір жауған қар еді,

Ғаріптің көңілі тар еді.
Алдыңа салып қуғандай,
Айналайын, жәкелер,
Не жазығым бар еді?

Өзіңнің інің емес пе ем,
Қас болсам құлмен қас болдым?
Әкем жақсы ер-ді деп,
Дәулетіне мас болдым.

970. Қаладан келген қақпандай,

Бұқардан келген мақпалдай.
Ел ішінде еңіреттің,
Қылмысынан тапқандай.
Байладың, Құдай, бағымды,

Сындырдың, Құдай, сағымды.
Қайда кеттің, әкекем,
Жалғыз балаң сағынды?
Өзімнен төмен иттерден

«Көкбар қылып тартам» деп, 980. Басыма қамшы жабылды.

Әуеден ұшқан бұлдырық,
Шешемнің тойын қылдырып.
Заманым кетіп басымнан,
Ағайын кетіп қасымнан.

Жетім қалып жасымнан
Жаманнан жедім жұдырық.
Әуеден ұшқан дуадақ,
Ұлтанға жарлық тиген соң,

Иі болмаған қайыстай 990. Көрсетті қорлық уалап.

Құдіреті күшті Құдайым,
Бір өзіңе жылайын.
Өзімнің итім құтырып,
Өзімді келіп қапқан соң,

Бұған бір не айла қылайын?
Жәдігер сынды жас бала
Жігіттерге жалынды,
Жүрегі оттай қабынды.

Қамшы тиіп басына, 1000. Әкесін сонда сағынды.

Жәдігер сонда жылады,
Көзінің жасын бұлады.
Жыласа да балаға
Жалғызы мейірім қылмады.

Жылаған сөзін баланың
Көзіне бірі ілмеді.
Есіктің алды арба-ды,
Арбаға қонған қарға-ды.

Мейірім кеткен иттерді 1010. Жәдігер сынды жас бөрі

Отыра қалып қарғады:

– Есіктің алды қара қыр,

Аш бүгіліп жарағыр.
Жетім қалып сандалып,
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Ешкі жасын жасағыр,
Аяғыңнан ақсағыр,
Жетім қалып сандалып,

1020. Құрсау түсіп мойныңа,

Мендей болып қақсағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!
Бәрің мендей боларсың,
Көкбар қылып тартасың

Алпамыштың төресін.
Есен болсам, қорлықты
Әлі-ақ бәрің көресің.
Ұлтан құлдың тіліне

Құдай ұрып ересің. 1030. Ертең әкем келгенде,

«Жалғызым қайда?» дегенде,
Не деп жауап бересің?
Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Әлқисса, онда Алпамыстың қадірін білетұғын адамлар келіп, ақымақтар, Құдайдан қорықпай, бұлай жүрің, бұларың не, бұл кешегі ердің көзі емес пе? – деп ажыратып жіберді. Жәдігер сол жерде қапа болып жатып қалды. Онда Құлтай бай көкбар түйесі тақымында «Жәдігер көрдің бе?» – деп Жәдігерден сұрап, бір сөз дейді:

– Жылап жатқан жас бала,

Жәдігер қылар масқара.
Дұшпандарға қас бала,
Мұсылманға бас бала.
Жәдігерді көрдің бе,

Айналайын, жас бала? 1040. Ал Жәдігер қарады,

Құлтайды тани қалады.

– Әй, кәрі Құлтай, бабам-ау,

Қарақан тауда қамал-ды.
Немереңді танымай,
Көзің неден ағарды?
Астыңа ат міндің бе,

Үстіңе киім кидің бе?
Өз балаңның тойында
Тамаша қылып жүрдің бе?

1050. Жәдігерді танымай,

Көңілің тасып келіпсіз.
Келеді деп әкемнен
Есіттің бе хабарды?
Иә болмаса, кәрі Құлтай, бабам-ау,

Шешемді Ұлтан алғанға
Қуаныш қылып келдің бе?
Ұлтаның хан болғанға,
Төбең көкке тиді ме?

Әлқисса, онда Құлтай: – Ойбай, шырағым, сен бе едің? Мен сені көкбар тартсын деп іздеп жүр едім, – деп көкбар түйесін жерге тастап, көзінен жасы ағып, сүйінші сұрауды ұмытып, есі шығып, Алпамыстың келгенін айтпай жүре берді. Онда Жәдігер ойлады: «Бұ Құлтай маған «көкбар тарт» дегені қалай, менің дәуренім болса бүйтіп тұрамын ба?» – деп және ойлады: –Иншалла, бұ жақсы лебіз екен, мұның берген көкбарын кешке мұңлық болған шешеме асып, қазір де Қарлығаштың қасына апарып отырсам, ешкім көкбарымды ала алмас еді», – деп, түйені ауылға қарай сүйреп келе жатса, Ұлтан хан көріп: – Бәтшағар, мына «бөрінің баласы бөрілігін қылмай қалмас» деуші едім, ақыры бұл меніменен тыныш жүрмейді екен. Қарлығашқа барып мұны жетелетіп өлтірейін, шешесі жаны ашыса маған разылығыменен тиер, – деп ақырып, Қарлығашқа шапшаң Жәдігерді әпкел деп айтқан бұ түрі:

Келе жатқан баланы 1060. Ұлтандайын ханымыз

Ауылдан тұрып көреді.
Қайратын анық көрген соң,
Тек жүрмесін білген соң,
Қарлығашқа келеді.

Қарлығашты жұмсады:

– Тұр, Қарлығаш, сен, – дейді,

Жәдігерді алып кел, – дейді.
Өлтіремін мен, – дейді,
«Өлтіремін» дегенін

1070. Қарлығаш тәуір көрмеді.

Ал Қарлығаш сөйлейді:

– Ұлтан атты төреміз,

Айдауыңа көнеміз.
Бауырдың ісі қиын-ды,
Өзге адамды жұмсашы.
Анау-мынау кісі емес,

Бір туған қозымды
Қайтіп ұстап береміз?
Ұлтан атты бегіміз,

1080. Тарқаған жоқ па баяғы,

Әлі күнгі кегіңіз.
Екі бірдей қос жетім
Қолыңызда келеміз.
Ерік өзіңе тиген соң,

Не қылсаң да мейліңіз?
Ашуың кетпей ойыңнан,
Әлі күнгі, тақсырым,
Бес байталдық құл ма еді

Бұрынғы ата-тегіңіз! 1090. Құдіреті күшті Құдайым,

Құл болсаң да бұ күнде
Қылдың ғой бізді жеміңіз.
Құлағы кесік қу құлым,
Теңгерілді кеміңіз.

От жақпай қазан пісірді
Аузыңнан шыққан деміңіз.
Біз бейбақтың бұл уақта
Дәулет құс бастан ұшқан соң,

Қараң болды күніміз. 1100. Сонда Ұлтан бұ сөзге ашуланды,

Қолына ашуланып қылыш алды.
Жетіп барып қасына,
Қарлығашты бір салды.
Жәдігерге барады,

Оны да салып қалады.
Жеті жасар балдырған,
Сүйсе мейірін қандырған.
Көрісуге шама жоқ,

Жағасынан алады. 1110. Ал Қарлығаш жүгірді,

Өкпесін алып қолына,
Ұлтанға жетіп келеді.
Таяқ жеген жетімді
Арашалай береді.

Әлі келмей Ұлтанның
«Білгізбейін» деді де,
Араша беріп жөнеді.
Ал Қарлығаш жылайды,

Көзден жасы бұршақтап. 1120. Қарлығаш ғаріп зарлайды,

Жәдігерді құшақтап.
«Жүретұғын бауырым, – деп,
Ағакем болса алшақтап»

– Мінгенде атың қаракер,

Жалғызға Алла, пана бер.
Еркелігің қалмайды
Әлі күнгі басыңнан,
Не айтайын мен саған?

Сорлы болған Жәдігер 1130. Ашылған бақта гүл ме еді?

Қуаныш қылып алдыңда,
Ағакем сорлы тұр ма еді?
Мен сияқты қара бет
Бозбалаға ойын қып,

Асып берер күн бе еді?
Қарақан тауда қамалым,
Нағылғаның, қарағым,
Көкбарды әкеп салғаның?

Мен сияқты қара бет 1140. Бозбалаға ойын қып,

Асып берер той қылып,
Қайда қалған заманым?

Әлқисса, онда Жәдігер: – Ай, апеке, сабыр қыл, – деп, қайрат беріп бір сөз дейді:

– Қой, апеке, жылама,

Жыламай көңілің тына ма?
Бекер босқа, апеке-ау,
Көзіңнің жасын бұлама?
Тәуекел қып тұралық,

Бір Құдайға жылалық,
Құдайды да сыналық.

1150. Көрсеткені Алланың

Осы болса, апаке-ау,
Өлелік те тыналық.
Ұлтан құлдан таяқ жеп,
Айдалада жылаған

Болар ма бізге лайық?

Әлқисса, онда Ұлтан Күлбаршын сұлуды аулақ үйге салып бақтырып қойған екен, жазым болып өліп қала ма деп. Сол халде баласының дауысын есітіп, үйден жылай жүгіріп келіп, баласыменен мұңласқаны:

Келді жылап анасы,
Қарлығашпен қосылып
Анасымен мұңласты
Ол Жәдігер баласы.

1160. Үш мұңлының дауысына

Байсын деген өзеннің
Күңіренді даласы.
Шешесі сонда сөйлейді:

– Байладың, Құдай, бағымды,

Сындырдың, Құдай, сағымды.
Ертеңді-кеш жылайсың,
Айналайын жалғызым,
Айтсаңшы маған, не қылды?

– Бар жазығым, шешеке-ау,

1170. Тамаша тойға келіп ем,

Тамашаны көріп ем.
Құлтай бабам келгені,
Көкбар маған бергені.
Көкбарымды көре алмай,

Малынан көкбар бере алмай,
Тамаша тойдың құрғаны,
Сонан соң құлдың ұрғаны.
Ұрғанын құлдың кек қылып,

Мен сорлының тұрғаны. 1180. Күлбаршын сонда сөйлейді:

– Моллалар оқыр кәламді,

Бисмиллә болар жол басың.
Оңлашы, Тәңірім, оңласын.
Кәміл пірім жар болып,
Осы бүгін қолдасын.

Кәрі Құлтай дегенің
Әкекең сорлы болмасын.
Жәдігер сонда сөйлейді:

– Әй, шешеке, торықпа,

1190. Бір бәлеге жолықпа.

Менің әкем – Алпамыс,
Неше Құдай ұрса да,
Ақ сақалды болып па?

– Бабай Түкті бабасы

Алпыс ғамал берген-ді.
Ақсақалды кісі боп,
Ордан шығып келген-ді.
Беті секпіл көрінсе,

Ор ғазабын көрген-ді. 1200. Балаң сондай деген соң,

Көрейін деп келген-ді.
Құлтай болып, қарағым,
Көкбарын саған берген-ді,
Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.
Жақсылық көріп түсімде,
Қуат, медеу күш көрдім.
Жібек баулы ақ сұңқар,

Қондырыппын қолыма. 1210. Қалмаққа кеткен әкеңнің

Екі көзім жолында.
Жәрдемлік болып Құдайдан,
Келер де күні болды ма?

Әлқисса, онда Ұлтан ақырып айтты: – Тұр, Жәдігер, шапшаң қозыға бар, – деді. Онда Жәдігер аяғында кісенімен жылжып қозыға жүре берді. Қозыға таман барып, табанының тікенін шұқып жылап отырғанда, басында күлә, үстінде жәнда, қолында аса, астында Шұбар ат, диуана болып ақтап, Алпамыс батыр кетіп бара жатыр екен. Онда Жәдігер көріп, диуанаға қарап, Жәдігердің айтқаны:

– Әй, диуана, ұл болсын,

Жеке басың құл болсын.
Садағың аузы шапшақтай,
Диуана, саған жол болсын.
Диуана, маған келе кет,

Мен сорлыны көре кет. 1220. Жетімнен күдер үзбесең,

Әр кез сауап іздесең,
Сауаптыққа қозымды
Бір қайырып бере кет.
Жүрейін десем жолым тар,

Аяғымда кісен бар.
Басымда үлкен қайғы-зар.
Мендей ғаріп, мұңлыға
Бір бал ашып бере кет.

Рақымы түсті басына, 1230. Көзден аққан жасына.

«Осындай болып жүр ме? – деп,
Менің де жалғыз қарағым,
Диуана келді қасына.
Ал, диуана, ұл болсын,

Жеке басың құл болсын.
Ал, диуана келген соң,
Жәдігер бала сөйлейді,
Қасына келіп тұрған соң:

– Көзің сенің қыраулы

1240. Түн ұйқыңды бөлдің бе?

Атың сенің жараулы,
Бөкең, бөкең желдің бе?
Қанатынан қайырылған,
Танабынан тайырылған,

Жалғызынан айырылған
Әкекем менің көрдің бе?
Ауызыңа қарасам,
Сұлуды таңлап сүйгендей.

Келбетіңе қарасам, 1250. Қымқапты таңлап кигендей.

Мен сияқты ғаріптің
Қадірін жақсы білгендей.
Әкекем деп асылсам,
Мойныңа лайық мінгендей.

Көзден аққан жастарым
Қойныңа тигендей.
Іште қалған жетімің –
Мен ботаңа ұқсаймын,

Сіз атама ұқсайсыз. 1260. Кешегі ел ауғанда,

Ел табаны тайғанда,
Басы амандар күлгенде,
Іште қалған жетімнің
Мен ботаңа ұқсаймын,

Сіз атама ұқсайсыз.
Торы айғырдың тоқтығы,
Тоқ болады шоқтығы.
Жалғызың зарлап тұрғанда,

Әлі шыдап тұрғаның, 1270. Әлі де сабыр қылғаның,

«Жалғызда – мейірім жоқ» деген,
Мейіріміңнің жоқтығы.
Тауға біткен шие еді.
Босатты бала жүйені.

Алпыс екі тамыры
Алпамыстың иеді.
Ат үстінен баланы
Алдына алып сүйеді.

Мейірі сонда қанады, 1280. Атынан барып құлады.

Аттан жығылып Алпамыс,
Жатып есін танады.
Басын сүйеп Жәдігер,
Сонда қайрат береді.

– Сабақтың басы «Иасынды»,

Сүйегің сенің жасыды.
Жалғыз ұлың Жәдігер
Зарлап отыр басыңда,
Көтерші, бермен басыңды.

1290. Көтеріп басын алады,

Жәдігерге қарады.
Алаудай ішін күйдірді,
Ақша бетін сүйдірді.
Мойнындағы шынжырын

Қолымен бұзып сындырды.
Алып тастап кісенін,
Алдына алып міндірді.
Әу дем жерге жүрдірді,

Төбесін көкке тидірді. 1300. Әкесінің барлығын

Тап сол жерде білдірді.

Әлқисса, онда Алпамыс Жәдігерді жерге алып қойып: – Қарағым, сен осылай тұра тұр, мен өзім жоқтағы елдің түрін көрейін, – деп диуана болып ақтап, ауылға келіп, Ұлтанның тұсында тұрып айтқаны:

– А һу, Жаппар Хақ,

Қалендерлер киер жәндә.
«Һу» деген Аллаға бәнде,
Самарқанда – Шаһизинда,
Ау, халам, аухай!

Су атасы Сүлеймен,
Шайхы Бұрғы диуана
Сізден медет тілеймін.

1310. Ау, халам, аухай!

Ай, Ұлтан бек, Ұлтан бек,
Еш мүйізің шыққан жоқ,
Хәкім болып елді жеп.
Астыңдағы алтын тақ,

Байлауда тұрған бедеу ат
Иә сенікі, иә менікі,
Ау халам, аухай!
Сөзде келер қайымдарың,

Еске түсер уайымдарың. 1320. Отаудағы айымдарың

Тураласа менікі,
Төтендесе сенікі,
Ау халам, аухай.
Диуана айтар бүгін зарын,

Қатардағы һәм нарың.
Қазынадағы зерлерің
Тәңірі берсе, менікі,
Бәнде берсе, сенікі.

Ау, халам, аухай!

Әлқисса, онда Ұлтан айтты: – Мына диуананың ғазалы маған жақпайды, біреуің арман айдап жібер, – деді. Онда біреу шығып: – Әй, диуана, хан ұрысып жатыр, арман кет, – деп жөнелтіп жібереді. Сол халде Күлбаршын сұлуды аулақ үйге бақтырып қойған екен, ашуланып өліп кетпесін деп. Алпамыштың дауысын есітіп еді: – А, дариға, мына диуананың лепестарі болмаса, дауысы, мысалы менің бегімнің дауысына ұқсайды екен, – деп, алдында қызметкер – Мапия деген шорасы бар еді, соның қолына сегіз тіллә беріп, анау диуанаға бал аштырып кел, – дейді. Онда Мапия далаға шығып, тілләнің жарымын ұрлап алып, айтты: – Бұ сегіз диданың төйтеуін диуанаға бейейін, төйтеуін өзіме аяйын, диуананың езуіне сиейін, ейтен киім айып киейін, көңілім сүйген жігітмен ойнап-күйіп жүйейін, – деп диуанаға келді. Өзі сақау екен. Диуанаға: – Айдай-ай, диуана, Күйбайшын сойы байы жояушы кетіп еді, бай ашып бейсін дейді, – деп, төрт тілләні берді. Онда Алпамыс жын шақырғандай болып айтқаны: 1330. – Ай, ер Домбай, ер Домбай,

Шақырғанда кел, Домбай.
Мұңлы менен шерлінің
Ырымын шегіп бер, Домбай.
Сақау қатын балалары

Келер ме екен жарлары?
Айтқан сөзі бұл ма екен,
Тойға келіп тұр ма екен?
Ау, халам, аухай!

Келер ме екен Алпамыс, 1340. Келмес пе екен Алпамыс?

Әлде тойдың ішінде
Келіп жүрген болмасын,
Ғамалы көп қартамыс.
Ау, халам, аухай.

Бұл диуана пақыр келіпті,
Ол Күлбаршын көріпті.
Бал басы деп, біздерге
Сегіз тіллә беріпті.

Бұл антұрған Мапия 1350. Төртеуін ұрлап алыпты,

Дамбалына түйіпті.
Онымен де қоймапты,
Езуіме менің сиіпті.
Тілләмді бер, сақау қар,

Сары қызым біліпті.
Әруағымды айдармын,
Қол-аяғың байлармын.
Тырыстырып тап сені,

Әй, антұрған, сақау қар, 1360. Сөйтіп сені жайлармын.

Онда Мапия айтты:

– Менің атым – Мапия ,

Дидәнді айдым қапия.
Ашуданба, шияғым,
Кигізейін басыңа
Беш дидайық тақия.

Айуағыңды айдама,
Қой-аяғым байдама.
Кимесем, кебін киейін,

1370. Адия қайсын дидасы,

Денім сау боп жүйейін.

Онда Мапия мұны айтып кетіп қалды. Сонда Ұлтан: – Тойды тарқат, Күлбаршынды әпкел, неке оқытамын, – дейді. Онда жігіттер арыз қылып Ұлтанға айтты: – Тақсыр, бір күнше өлең айтып, қызық көрелік, сіздің арқаңызда біздерге рұқсат қылып бір күнді біздерге беріңіз, – дейді. Онда Ұлтан айтты: – Әркім өлең айтса, менің бектігімді қосып мақтап айтсын, – дейді. Онда ешкім айтпады, айтайын десе дағы батпады. Сонда Ұлтанның Бадамша деген қатыны бар еді, өзі сақау еді. Сол келіп, Сұйтан бегіме өзім салып, тілләдән шашбау тағып, ау жар айтқаны:

Айдай-ай, жай-жай,
Айдын көйді жағайай
Қаз баяиай, жай-жай.
Заманында хан бойды Ұйтан бек,

Мақтап-мақтап өйен айт,
Бозбаяиай, жай-жай.
Күй тайтамын сыбызғы
Тесігінен, жай-жай.

1380. Сескенеді жас бая

Бесігінен, жай-жай.
Падишаны мақтап айт
Өйеңіңде, жігіттей,
Теңге айасын патшадан

Кесегінен, жай-жай.
Бадам ханым кейеді
Би-би басып, жай-жай.
Қағыса бей, бозбая,

Есік ашып, жай-жай. 1390. Патшайыққа Ұйтанның

Міні бай ма, жай-жай,
Жүйдік менен тұйпайдың
Сыны бай ма, жай-жай.
Құдай бейген дәулеттің

Айқасында, жай-жай,
Жәдігейді асамыз
Енді дайға, жай-жай.
Айт дегеннен айтамын,

Әй, Күйбайшын, жай-жай. 1400. Жақыниақ қасыма,

Кей, Күйбайшын, жай-жай.
Құдай бейген дәулеттің айқасында
Біздің жайға тоқай боп,
Жүй Күйбайшын, жай-жай.

Елім көше Байсынды төмен ағып.
Байбөрі бай өзі жүй түйем бағып, жай-жай.
Айнанайын Құдайдың дәулетінен жай-жай,
Қайдығашты бейеміз бәйгі тігіп, жай-жай.

Әлқисса, мұнан соң Бадамша сақау айтты: – Әй, жігіттей, анау диуананы биеуің байып шақиып кейші, әлгі би сөзі жаман екен. Мен жанына тиіп, аузына сиіп, би-екі ауыз өйен айтып қуып жібейейін, – дейді. Онда бір жігіт барып айтты: – Әй, диуана, сені Бадамша ханым шақырады, – дейді. Онда диуана келді. Сонда Бадамшаның айтқан жауабы бұ тұрар:

– Айшық мүйіз ақ сейке

1410. Қойды бастай, жай-жай.

Белі қыпша жігіттей
Тойды бастай, жай-жай.
Бізді мақтап өйен айт
Бек бойдың деп, диуана.

Көңиі кейсе Бадамша
Теңге тастай, жай-жай.
Онда Алпамыштың жауабы, енді екеуі айтысады:

– Бисмилла деп өлеңді

Көп айтамын, жар-жар.
Асықпасаң тойыңда

1420. Кеп айтамын, жар-жар.

Мәні-жайың қандайын
Білгенім жоқ,
Ел қыдырған диуана
Нені айтамын, жар-жар.

Онда Бадамша:

– Бисмійдә деп өйенді

Көп айтыңыз, жай-жай.
Асықпасаң тойымда
Кеп айтыңыз, жай-жай.

1430. Тоқай бойған Күйбайшын

Бимеймісін, шикін-ау,
«Құтты бойсын тойыңыз», –
Деп айтыңыз, жай-жай.

– Бисмилла, – деп, – тойыңа

Келе алмаймын, жар-жар,
Байың тегін берсе де
Сені алмаймын, жар-жар.
Әлі де болса сен күңсің,

Ол Күлбаршын бәйбіше. 1440. Сен бәйбіше болды

Дей алмаймын, жар-жар.

– Бижияма, шикін-ау,

Бижияма, жай-жай.
Миың кетіп басыңнан
Қайжияма, жай-жай.
Сұйтан бегім төбеңді

Ойып тастай, жай-жай.
Бет-айдыңа бижияп,
Қайжияма, жай-жай.

1450. – Сен де шаптың бәйгеге,

Мен де шаптым, жар-жар.
Келіп едім бетімнен
Иттей қаптың, жар-жар.
Мұнша неге мақтайсың,

Ұлтан құлды антұрған?
Ұлтан құлдан, сен, қанша
Опа таптың, жар-жар.

– Сен де шаптың бәйгеге,

Мен де шаптым, жай-жай, 1460. Ашуданып бетіңнен

Иттей қаптым, жай-жай.
Мен мақтамай, кім мақтайд
Ұйтанымды, жай-жай.
Заманымда дидадан

Шашбау тақтым, жай-жай.

– Өлең айтып алдыңнан,

Есейін мен, жар-жар.
Бұ Байсынды жағалай
Көшейін мен, жар-жар.

1470. Заманыңда тағыпсың

Тіллә шашбау, сақау қар.
Осы тіллә шашбауды
Кесейін мен, жар-жар.

– Өйен айтып айдымнан,

Жейдей ешші, жай-жай.
Бұ Байсынды жағаяй
Ейдей көшші, жай-жай.
Шашбау түги дамбайым

Бауы жібек, диуана-ау, 1480. Әйің кейсе тісіңмен

Тістеп шешші, жай-жай.

– Жүруші едің, Бадамша, отым жағып,

Жүруші еді Ұлтан құл, қойым бағып.
Қалай-қалай сөйлейсің, антұрған күң,
Өлтірейін көтіңе, қазық қағып.

Онда Бадамша: – Ойбай, бұ кім өзі? – деп жүре берді. Сонда Алпамыстың: – Сақау күң, сөз тыңда, – деп ашуланып айтқаны:

– Ай, қатындар, қатындар,

Кең сарай үйде жатыңдар,
Өлеңіңді айтыңдар.
Айтқызармын өлеңді,

1490. Құртармын шараңды,

Шулатармын балаңды.
Үйде көрдім қорымды,
Тыста көрдім қорымды,
Өңкей, ғана сақау қар,

Ойламайсың Құдайды,
Қайнатармын сорыңды.

Ау, халам, ау хай, – хақ деп, атының басын бұрып алып, Күлбаршынға келіп айтқаны:

– Жаңа келдім Байсынды,

Жерім деймін, жар-жар.
Жаңа көрдім Қоңыратты,

1500. Елім деймін, жар-жар.

Біз бір мейман тұсыңа
Келе қалдық,
Дауыстап өлең айт,
Келін, деймін, жар-жар.

– Жаңа келдім Байсынды,

Жерім деймін, жар-жар.
Жаңа көрдім Қоңыратты,
Елім деймін, жар-жар.
Жеті жылдай қақсатып,

1510. Құдай маған бермеді

Өлім деймін, жар-жар.

– Жаңа келдім Байсынды,

Жерім деймін.
Жаңа көрдім Қоңыратты,
Елім деймін.
Не себептен сұрайсың

Өлім деймін, келін-ау.
Ұлтан құлда кетті ме
Кегің? – деймін, жар-жар.

1520. – Бәрі барша жеңім бе?

Өлең менің теңім бе?
Айналайын, Құдай-ай,
Осы менің бегім бе?
Құдай салсын аузыма,

Бегім келсін қасыма.
Айналайын, Құдай-ай,
Жалғызымның дауысы ма?
Әбүйір берсін сөзіме,

Көрінеді осы адам 1530. От жалын болып көзіме.

Айналайын, Құдай-ай,
Жалғызымның тап өзі ме?

– Ендеше, сен Күлбаршын, той тойладың,

Жалғыз жүріп той тойлап не ойладың?
Сенен менің сұраған бұл бір сөзім,
Бедірек құлыңменен неше ойнадың?

– Япырмай, сұраған сөзің шын болса,

Сұрайтұғын ер болса,
Осы Байсын белгілі жерім болсын,

1540. Жалғыз ұлым жарқырап керім болсын.

Сол құлыңның сөзіне құлақ салсам,
Әкем келіп некелі ерім болсын.
Бар Құдай куә болсын сырымызға,
Қосылар күн бар ма екен жарымызға?

– Жеті жылдай сақтапсыз орнымызды

Біз риза сізге берген малымызға.

Әлқисса, сол уақытта Ұлтан бәйге тігіп, жамбы аттырып жатыр екен, Алпамыс бәйгіге жүреді.

Қатынымен сөйлесіп,
Атының басын бұрады,
Жамбыға қарай жүреді.

1550. Кетіп бара жатқанда,

Жылап-еңіреп келетін
Бір адамның дауысы
Құлағына келеді.
Мойнын бұрып қарады,

Алпамыс берен баласы.
Мұнша сабыр қылғаны –
Ақылының данасы.
«Жалғызым» деп тақылдап,

Көкке қарап қақылдап, 1560. Арқасында отын бар,

Жылап, еңіреп келеді
Ғаріп мұңлық анасы.
Келе жатып сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Аузы құрғыр тартады,

Жалғызды қашан сүйесің?
Иіні құрғыр тартады,
Қымқапты қашан киесің?
Құрып қалған, қу емшек,

1570. Нені көріп иесің?

Аналықтай бәйбіше
Саңырау болған құлағы
Бітіп қалған ашылды –
Жаңадан барлап бұлағы.

Анасын көріп шыдамай,
Алпамыс батыр жылады.
Енді атынан түседі,
Баса алмады аяғын

Қисапсыз батыр кісі еді. 1580. – Жалғызың келді, ана! – деп,

Құшақтай алып қысады.
Аналықтай бәйбіше
«Жалғызың келді» дегенде,
Құлағы желдей ашылды.

Дұшпанның көңілі басылды,
Көкірегі саулады,
Шырақтай көзі лаулады.
Алпамысқа жолықты,

Армансыз онда болыпты. 1590. «Жалғызың мен мұнда» дегенде,

Дариядай тасып, толыпты.
Шешесіменен көрісіп,
Енді атына мінеді,
Жамбыға таман келеді.

Садақ қолға алады,
Жамбыны атып қалады.
Жамбыны атып түсіріп,
Ұлтанға жетіп барады.

Бәйгені бер! – деп қыстады, 1600. Етегінен ұстады.

Мат болып тұрып Ұлтан хан,
Алпамыстың бұл сөзін
Көтіне тіптен қыспады.
Ақырыңқырап Алпамыс:

– Антұрған құл, қарашы,

Алпамыс кімге ұқсады?
Жалт етіп қарап Ұлтан құл,
Топтан шыға қашады.
Жібермеді Алпамыс,

1610. Албастыдай басады.

Артынан келіп Жәдігер,
Найзаменен шаншады,

– Әке, маған бер! – дейді.

Баласына береді,
Артынан өзі ереді.
Тышқан алған мысықтай
Тамашасын көреді.

Домалатып ойнайды,
Үйге әпкеліп байлайды.

1620. Тірідей терісін сояды,

Майын ит жеп тояды.
Тез өлтірмей Ұлтанды,
Қорлықпенен өлтірді.
Елін жиып келтірді,

«Жалғыз ағаң келді!» – деп,
Сүйінші сұрап бір адам
Қарлығашқа білдірді.
Тірсегінен Ұлтанды

Бір ағаштың басына 1630. Салбыратып ілдірді.

«Кешегі хан Ұлтан», – деп,
Көрген жанды күлдірді.
Қарлығаш та келеді,
Ағасын о да көреді.

«Сүйінші!» деп келгенде
Ат менен шапан береді.
Тоғайдың іші қорысты,
Тәңірім оңдар һәр істі.

Әулиелер жар болып, 1640. Ғаріпке Құдай болысты.

Көп сөз қылып не керек,
Ағасы менен Қарлығаш
Ботадай боздап көрісті.
Ағайын жұрты жылады,

Халайық қайран қалады.
Тозып кеткен жұртының
Бәрін жиып алады.
Телі менен тентегін

Түзетіп жөнге салады. 1650. Атасы менен анасын

Боз биенің сүтімен
Шомылдырып жуады,
Баяғыдай қылады.
Ер Алпамыс ал сонда

Атасын таққа міндірді,
Барша жұртты көндірді.
Тәңірінің берген бағымен
Атасына Алпамыс

1660. Көрмегенін көрдірді.

АЛПАМЫС БАТЫР ҚИССАСЫ

Бисмилла сөздің анасы,
Күллі сөздің данасы.
Бисмилла деп бастаса,
Ашылар сөздің әммәсі.

Назым ғып бір сөз шығардым,
Бұрынғы сөзді доғардым,
Болмағансын мазасы.
Көңліме қызық көрінді

Сөз нұсқасы, жобасы. 10. Болса егер расы,

Біздегі болғай дуасы.
Бекер болса зарада,
Жазғанға болар жазасы.
Әркімдер сөз шығарған

Келгенінше шамасы.
Нанбағанға амал жоқ,
Табылмайды дауасы.
Нанғандарға осылай

Бұрынғылардың жобасы. 20. Еңбек қып ерлер ел алса,

Елді билеп ер алса,
Жетпейтін болса қазасы.
Ер артында көз қалса,
Көз қалмаса сөз қалса,

Өлгенге салған азасы.
Бұрынғы өткен заманда,
Біздерге қалған хабарда
Ер де түскен зынданға.

Жер еді артық саясы. 30. Жиделі Байсын жерінде,

Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай шықты.
Тоқсан мың екен қорасы,
Мұрындық, ноқта тимеген,

Түйешілер мінбеген
Сексен мың екен маясы.
Шұрқырап жатқан бір жылқы,
Тоғай сайын мың жылқы ,

Есебі жоқ көп жылқы 40. Жиделі Байсын даласы.

Өз алдына бір бөлек
Торысы мен қарасы.
Аңдай болып көрінген
Бозы менен аласы.

Соншама бай болса да,
Жоқ еді ердің баласы.
Алланың өзі бермесе,
Бенденің бар ма шарасы?

Атадан жалғыз ер еді, 50. Еңіреген ердің бірі еді –

Жоқ екен іні-ағасы.
Құлтай деген туысқан
Немере мен шөбере
Екеуінің арасы.

Азырақ баян етейін,
Құлақ сап бұған қарашы:

– Сол уақыттар болғанда,

Сексенге жасы толғанда,
Кетем деп байғұс арманда

60. Қайғылы болып қамықты,

Перзентсіз болып қалғанға.
Құбылаға бас беріп,
Екі көзге жас беріп,
Байбөрі Хаққа налынды:

– Алмадың, Құдай, жанымды.

Бір баланың жоғынан
Ағайын жейді малымды.
Айналайын атыңнан,
Жаратқан жалғыз Құдайым.

70. Бір баланың жоғынан

Зорлық қылды маңайым.
Өкім қыла сөйлейді
Баласы көп ағайын.
Көретін күнің болар ма,

Көзімнің жасын, Құдайым?
Сүйегім кетті жасық боп,
Достым кетті қашық боп.
Көретін көзім көр болды,

Бір перзентке ашық боп. 80. Аққан жасым тия алмай,

Перзенттің дағы өтеді.
Баласы жоқ адамның
Әркімге ақы кетеді.
«Байбөрі қу бас» деген сөз

Сүйегімнен өтеді.
Жаратқан Жаппар Құдай-ай,
Перзентке зар ғып қойғанша,
Жаратпасаң нетеді?!

Байбөрі осылай деп жүрді жылап, 90. Құдайдан күні-түні бала сұрап.

Сүйегі сырқырайды Байбөріге
Бұл сөзді есіткен жан салып құлақ.
Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,
«Көрмей-ақ өтем бе?» – деп үйден дуды.

Сол күнде Құлтайдың тезек терген,
Тезекші қара күңнен бір ұл туды.
Байбөрі осылайша ойлайды ойды,
Қайғының ішіндегі бәрін жуды.

Балаға таңсық болып жүрген байғұс 100. Үйіне алып келіп қылды тойды.

«Туғандай тумаса да қылайын», – деп,
Ұлтан деп ол баланың атын қойды.
Бір түрлі болды нұсқасы,
Порымы мынау баланың.

Алдымдағы, жақсылар,
Келбетіне қарағын!
Кеудесі болды кепедей,
Мұрны болды төбедей,

Күрек тісі кетпендей, 110. Кеңірдегінің тесігі

Жүгімен түйе өткендей.
Құлағы болды қалқандай.
Мұрынына қарасаң,
Сығымданған талқандай.

Көзі терең зындандай,
Басқан ізін қарасаң,
Көрінед оттың орнындай.
Аузы үлкен ошақтай,

Азу тісі пышақтай. 120. Иегі бар сеңгірдей,

Бір батыр болды сол күнде-ай.
Байбөрі мен Құлтайға
«Алжыған қақбас» дер еді,
Ержеткен соң күніне-ай.

«Малда, жанда нең бар», – деп,
Намаздігер болғанша,
Жолатпай қойды үйіне-ай.
Есіткен адам зар жылар,

Жыландай зәһәр тілін-ай. 130. Жарының аты – Аналық,

Жылай берді зарланып:

– Көрмедік, – деп, – самалық.

Жасымыз болса кеп қалды,
Енді қандай қылалық.
Мақұл десең, алғаным,
Алаша төсек салғаным,

Әзіреті Сұлтанға
Екеуміз де баралық.
Әулие қылса керемет,

140. Болар ма екен жаңалық.

Бермесе Құдай шара не?
Далада өліп қалалық.
Мақұл көріп Байбөрі,
Қойдан алды қошқарды,

Басқа малды тастады.
Басына Құдай салғансын,
Екі көзін жастады.
Бәйбіше барды аңырап,

Қоздаған қойдай маңырап, 150. Қазына аузын ашқалы.

Таратты алтын-күмістен
Қалғанынша мысқалы.
Алтын-күміс арттырып,
Асыл кілем жаптырып,

Түйеден алды бураны.
Қаны қашып бетінен,
Іреңі жаман қуарды.
Сәрсенбі күн сәскеде

Жүрмекке қосын шығарды. 160. Қоңсылары жиналып,

Қош айтысып шулады.
Бірін-бірі қия алмай,
Не қыларын біле алмай,
Бір күндік жерге шұбады.

Сол уақыттар болғанда
Күн төбенің басында,
Бір төбенің басында
Үркердей болып тұрады.

– Байеке, болсын жолың, – деп,

170. Қабыл болсын мұның, – деп,

Қол жайып, дұға қылады.
Бай-бәйбіше жөнелді,
Қалғандар малға кенелді.
Заманы қандай болады,

Аналық атты бәйбіше
Танадай көзі жарқылдап,
Жылайды жазған аңқылдап.
Байбөрі бай келеді,

Құзғындай қақсап, қаңқылдап. 180. Екеуінің дауысы

Қосылады сыңқылдап.
Кей жерде жатып ыңқылдап,
Кей жерде жатад қыңқылдап.
Көбелектей көзі жоқ,

Перзенттен басқа сөзі жоқ.
Жол түгіл малдың ізі жоқ.
Алдында жатыр құла дүз,
Телміріп қалды екі көз.

Асуы жоқ, жолы жоқ 190. Бір жапанға болды кез,

Жүрерін қайда білмеді.
Ызғардың ызғар даласы,
Қырық күншілік шөл еді.
Налыс қылып Құдайға,

Көзінің жасын төгеді.
Адам ұлы көрмеген,
Ешбір бенде жүрмеген
Есіз жатқан жер еді.

Көз жетпеген далада 200. Көп қорлыққа көнеді.

Бай-бәйбіше жасынан
Жер баспаған ер еді.
Маңдайы күнге күйеді,
Табаны тасқа тиеді.

Байбөрі бай серт қылып,
Көлікке көті тимеді.
Аналық жазған аңырап,
Бұ да көлік мінбеді.

Кей жерде жаяу үдеріп, 210. Кей жерде жатып түнеді.

Күннен-күнге түн қатып,
Бейшара әбден жүдеді.
Бірнеше күн жүргенде,
Өлдік-талдық дегенде

Әзіретке келеді.
Әзіреттің төбесін
Күндік жерден көреді.
Жақындасып келгенсін,

Келгенін анық білгенсін, 220. Алып шыққан дәулетін

Екі жерге бөледі.
Алтын-күміс, гауһарын,
Оны да бөліп үйеді.
Қожаларын шақырып,

Тең жарымын береді.
Көзінің жасы көл болып,
Отырған орны жер болып,
Жеті күн ұдай түнеді.

Бай-бәйбіше екеуі 230. Ешбір нышан білмеді.

Қожалардан бата алып,
Жапан кезген атанып,
Жоғары қарап өрледі.
Самарқанда сансыз бап –

Отырарда Арыстан бап,
Сайрамда бар сансыз бап.
Бәріне бір-бір түнеді.
Әзіреті Қаратау

Әулиенің кені еді. 240. Өзен, сайын тастамай,

Бәріне бір-бір түнеді.
Әзіреті Ысқақ бап
Бабатада дер еді.
Ілгергі өткен қариядан

Айтылып қалған кеп еді.
Тарыққанда сарғайып,
Ойына бір сөз келеді.
Ол уақытта Бабата

Томпайып жатқан жер еді. 250. Атбесік салып басына,

Қабырын бұлар түзеді.
Қалған малын сарып қып,
Бұған да үш күн түнеді.
Осымен өтті тоқсан күн,

Ешбір аян бермеді.
Күдер үзіп бәрінен,
Онан да әрі жөнеді.
Бет алдына қараса,

Асусыз асқар бел еді. 260. Белге шыға келеді,

Белден арман қараса,
Жалтырап жатқан көл еді.
Көл жағалай қараса,
Суы тұнық айнадан,

Атылып, тасып қайнаған
Жылы бұлақ дер еді.
Басында бар қараған,
Моласы жоқ, тамы жоқ,

Төңірегі жалаңаш, 270. Жағалай біткен шеңгелі.

Шеңгеліне қараса,
Қарағашпен тең келді.
Көзінің жасы төгіліп,
Жылап-еңіреп, егіліп,

Арасында шеңгелдің
Ботадай боздап келеді.
Сол уақыттар болғанда
Топ қараған қасынан,

Бір шеңгелдің басынан 280. Иіліп келіп бір шыбық

Маңдайынан тіреді.
Жазайыншы дегенше,
Екі елі батып кіреді.
Қан шыққан жоқ онымен,

«Керемет-ті екен» деп,
Ақылмен ойлап біледі.
Аналық атты бәйбіше
Жұлып алып жаулығын,

Әр шеңгелге іледі. 290. Жердегі тасты жинап ап,

Бір жерге бәрін үйеді.
Тас үстіне тас қойса,
Қиюына келеді.
Намазшам еді, күн батты,

Құтпанның болды уақыты.
Намазын оқып, шам жағып,
Бұрынғы қылды әдетті.
Бір етегін төсеніп,

Аяқтарын көсіліп, 300. Бір етегін жамылып,

Көзінен жас ағылып,
Құбылаға бас беріп,
Жарыса түсіп бұл жатты.
Көздері мызғып ұйқыға,

Бейбақтар қылды ретті.
Әне-міне дегенше,
Сарғайып келіп таң атты.
Сол уақыттар болғанда

Көк есегі астында, 310. Ақ сәлдесі басында,

Сырлы аса қолында,
Өзі Ақтың жолында
Бір диуана келді де,
Асаменен түртіп оятты.

Көкірегін оятып,
Бетіне бетін қаратып,
Есектен түспей тіл қатты:

– Ей, бейшара, мүгедек,

Жаныңызға не керек? 320. Дейсің ғой «маған ұл керек».

Әулиені қыдырдың,
Жердің жүзін сыдырдың,
Маңдайыңа төбелеп.
Әрқайсысының әр түрлі

Мәртебесі бір бөлек.
Сен үшін бәрі қиналды,
Бір жерге тегіс жиналды.
Бір ұл бер деп осыған,

Бір жаратқан Құданың 330. Дәргәһіне жылады.

Мен де тұрдым ішінде.
Әулиенің күші де
Жаратушы жалғыз Ақ
Дәргейіне ұнады.

Ұнағанын сонан біл,
Бір қыз қосып сыйлады.
Сексен сегіз сәруар,
Тоқсан тоғыз мың машайық,

Бәрінің көңлін қимады. 340. «Менің атым – Шашты Әзіз

Қыламын десең ықлас.
Жарылқады Жаратқан,
Ей, бейшара, көзіңді аш.
Ұлыңның аты – Алпамыс,

Қызыңның аты – Қарлығаш.
Атса мылтық өтпейді,
Шапса қылыш кеспейді.
Қалмақтармен болар қас,

Түрегел де қолың жай, 350. Болады ұзын өмір жас!»

Мұны көріп екеуі,
Түрегелді орнынан.
Аяғына бас ұрып,
Иіскеді қолынан.

Жыртып алды тұмарлық
Диуананың тонынан.
Сол уақытта диуана
Ғайып болды қолынан.

Биттей де нысан қалған жоқ 360. Диуананың бойынан.

Диуананың бұл сөзі
Кетпеді шығып ойынан.
Ойланды елге бармаққа,
Елінен хабар алмаққа,

Арылып жазған сорынан.
Бұл сырды көңілі байқады,
Іштің кірі тарқады.
Бәйбіше қайта түрленіп,

Мойнына салды алқаны. 370. Байбөрі жүр қолайлап,

Атайын деп сақаны.
Жататын көрпе-төсек жоқ,
Болмаса киген шапаны.
Шапанын салды жатпаққа,

Бір қызыққа батпаққа...
Алты ай көрген бейнеті
Бір сағатта қайтпаққа.
Байбөрі жүр қуанып,

Бірдеңкесін атпаққа. 380. Бай-бәйбіше ұйықтамай,

Сол күні жатып түн қатты.
Біріне-бірі қол артып,
Жарыса түсіп бұл жатты.
Бірдеңкесін байекең

Жатысымен бір атты.
Ендігісін айтпайық,
Есіткен жұрттан ұят-ты.
Бай-бәйбіше қуанып,

Қапалы кеулі жұбанып, 390. Елге қойды қадамды,

Бергесін Алла хабарды.
Жаяулық пен жалғыздық
Жалғанда үлкен жаман-ды.
Неше күндей жол жүріп,

Азғана емес мол жүріп,
Ойғызды тасқа табанды.
Өткен күнді кім санайд,
Өткізді талай заманды.

Бәйбіше келед алаңдап, 400. Жас бөрідей жалаңдап,

Жерігі қанбай сандалды.
Қатып-семіп келді,
Ешбір тағам жемеді.
Сүзектен жерік жаман-ды.

Байға айтты: – Ер едің,
Ерім, сенен тіледім,
Тойғанымша жер едім,
Тауып берсең қабыланды.

Алалды көңлім қаламай, 410. Қалайды көңлім арамды.

Не болса ауқат қылуға,
Амалын жүрмін таба алмай.
Жүрегіме ас батпай,
Не ғыларым біле алмай,

Өлейін десем, өле алмай,
Өз жанымды қия алмай,
Қазы менен қартаңа
Келеді көңлім қарамай.

Байбөрі сонда сөйледі: 420. – Рас па сөзің, алғаным,

Алаша төсек салғаным.
Алла Тағала жар болса,
Қара мылтық бар болса,
Беремін атып табанда-ай.

Соңымнан ер де, жүр жылдам,
Болмайды қабылан далада-ай.
Мұны естіп бәйбіше,
Қуанды көңлі баладай.

Осыны айтып Байбөрі, 430. Оқшантайын байланып,

Мойнына мылтық салады-ай.
Баз бір жерде жүгіріп,
Баз бір жерде кідіріп,
Жүгіре басып барады-ай.

Арт жағында бәйбіше
Келе жатыр анадай.
Шіркін, аңның қызығы,
Біріне-бірі қарамай,

Жетіп келді жүгіріп 440. Жеті қабат аралға-ай.

Атып тастап келеді
Бұғы менен марал, елікті.
Көрінгенін жібермейд
Құлан менен киікті.

Ешбіреуін жемейді,
Бәйбіше баспай жерікті.
Аузына салса құсады,
Мейіз бенен өрікті.

Сол уақытта екеуі 450. Бір қалыңға еніпті.

Екі көзі табақтай,
Сапты аяқты қабақтай
Бір қабылан көріпті.
Бір ағашты паналап,

Өкпенің тұсын сығалап,
Сыбаға оғын беріпті.
Тарыс еткенде, шарт етіп,
Дәлдеген жерден тиіпті.

Ажалдың оғы тиген соң, 460. Тырп етпей қабылан өліпті.

Арсалақтап жүгіріп,
Асығыста сүрініп,
Кеудесіне мініпті.
Құскездігін суырып,

Кеудесінен тіліпті.
Өкпеден алып суырып,
Жүрегін кесіп беріпті.
Отқа салып бауырын,

Ішіндегі тәуірін 470. Азуға салып жұлыпты.

Шала-пұла пісіріп,
Мосыдан алып түсіріп,
Қоң етін кесіп беріпті.
Әрқайсысынан бір асап,

Бәйбіше басты жерікті.
Тамақтың қалай қуаты,
Болса да мейлі ұяты
Қыздағы нұры кіріпті.

Екі беті албырап, 480. Жас қалпына келіпті.

Көңлі тасып, жөн ұрып,
Байбөріге қосылып,
Езу тартып күліпті.
Мұны көріп Байбөрі,

Ақылмен ойлап біліпті.
Текедей ойнап секірсе,
Шыбыштай күйлеп тұрыпты.
Ұзын сөздің қысқасы,

Айтушылардың нұсқасы, 490. Әне-міне дегенше,

Діңкесі байдың құрыпты.
Етек-жеңін түрініп,
Қынай белін буынып,
Тәуекелдеп Аллалап,

Жолға мойнын бұрыпты.
Топ ойнаған баладай
Бірін-бірі қуыпты.
Жеткізбейді бәйбіше

Ішіне салып уытты. 500. Еріккенде ермек қып,

Байекең белін суытты.
Жақындасып келгесін,
Елін аман көргесін,
Қайғының бәрін ұмытты.

Барса елдер, дін аман,
Малы шықты қорадан.
Күңіреніп Қоңырат,
Жүгіре шықты алдынан.

Есіткен халық қалмады, 510. Ханы менен қарадан.

Қыз-бозбала, жас-кәрі
Қалмапты ешкім қаладан.
Кеше кетті десе де,
Өтіпті он ай арадан.

Ханы айтты: – Байеке,
Көрдіңіз не сыр баладан?
Байбөрі бай жылады,
Көргенін айтып даладан.

Әйелге әйел сыр айтып, 520. «Жақсылық,– дейді,– Алладан».

Мұны естіп қуанып,
Қайтып кетті ханы да,
Бұйымын алып қалаған.
Әр жерден халқы келді де,

«Құтты болсын» деді де,
Құрсақ шашу жеді де,
Қайтадан халқы тараған.
Бәйбіше енді түрленді,

Ту биедей булықсып. 530. Күннен-күнге төлежіп,

Келіншектей қылықсып.
«Сенің мұның болмайды деп,
Сірә де мейірім қанбайд» деп,
Жанжалдасад ұрысып.

Оныменен кетпейді,
Азанда тұрад шытынап.
Ішінде бала тыпырлап,
Жата алмайды ыңырсып.

Тоғыз ай, он күн біткенше 540. Шыдады кемпір тырысып.

Тоғыз ай, он күн біткесін,
Туатын мезгіл жеткесін,
Бәйбіше бір күн толғатты,
Толғата барып оң жатты.

Құрып қалған бұлақтың
Жылғасынан су ақты.
Әмірімен Алланың
Арыстай қылып ұл тапты.

Өзге әйелдей болмады, 550. Денесі болды жинақты.

Қуанып байғұс кеуілі,
«Болғай» деп ұзақ өмірі.
Анаған берді бір атты,
Мынаған берді бір атты.

Арт жағы қызық той болып,
Сойғызды тоқсан құр атты.
Мұрындық, ноқта тимеген,
Түйешілер мінбеген

Тоқсан нарды құлатты. 560. Тоқсан үйдің ішіне

Тоқсан сабау орнатты.
Арақ- шарап, бал құйып,
Ішкеннің бәрін сұлатты.
Байсынның қонып сазына,

Қыс емес күннің жазына
Жердің жүзін шаңлатты.
Өз алдына сыйлады
Құда мен дос, жекжатты.

Арқасына жапты кеп 570. Иық ішік жаннатты.

Бере-бере жазғанда
Дөнен мен бесті қалмапты.
Араласа жылқысын
Құнан менен тай қапты.

Бәйбішемен сөйлесіп,
Халқыменен кеңесіп,
Қой беруді ұнатты.
Баз біреулер ешкі алып,

Баз біреулер қойды апты. 580. Бір алғаны екі алып,

Ойламапты ұятты.
Баз біреулер қолдан ап,
Баз біреулер ұрлапты.
Бұл келген адам ішінен,

Үлкен менен кішіден
Демейді ешкім құр қапты.
Оныменен тұрмапты,
Сүйінші сұрап түнімен

Бірін-бірі тонапты. 590. Екі жылы өткенсін,

Үшінші жылы жеткенсін,
Ай мен күндей қыз тапты.
Құдыреті күшті бір Алла
Жылатып жүріп жұбатты.

Келді халқы қуанып,
Бір жерге бәрі жиналып.
Оңайдан берді Жаратқан,
Тапқан жоқ бірін қиналып.

Қайтадан келіп су ақты, 600. Көл еді қалған суалып.

Әркімді, Алла, қуантқай,
Артжағы қалмай қуарып.
Алпамыс деп ат қойды,
Халыққа мәшһүр шығарып.

Қызының аты – Қарлығаш,
Аш белге түскен сүмбіл шаш.
Енді бұлар ер жетсін,
Қояйын біраз доғарып.

Әлқисса, Шекті деген елінде Сарыбай бай деген бар еді, онда да перзент жоқ еді. Байбөрімен екеуі сөйлескенде арман қылар еді: «Біреуімізден ұл, біреуімізден қыз туса, екеуіміз құда болсақ, қыз бен баланы кемеліне келтіріп, екеуін қосып, бұл дүниеден өтсек, арманымыз қалмас еді-ау», – деп жылайтын еді. Сол уақытта Сарыбайдың қатыны бір қыз туып, оның атын Гүлбаршын қойды. Екі бай бірінен-бірі сүйінші сұратып, құда болды. «Құйрық жеп, бетке ұн жағу» солардан қалды. Және ірге басып «қалыңдық ойнау» осылардан қалды. Сонымен Алпамыс бір жыл қалыңдық ойнады. Сол кезде, күндерде бір күн Сарыбай ойланды: «Менің күйеуім Алпамыс жалғыз болды, егер жазатайым өліп кетсе, қызым Ұлтан құлға қор болар, қызымды бермей, жер ауып көшейін», – деп ойланып, Шекті деген елмен тегіс көшіп кетті. Сол уақыттарда Алпамыс он жасқа толып, Жиделі Байсын жеріне, қалың Қоңырат еліне бек болып, жұрт сұрап тұрды. Ойнап жүріп ұрған баласы өліп қала беретін болды. Жұрт баласын далаға шығармай, үйінде сақтады. Бір күндері Алпамыс ойнауға бала таба алмай жалаңдап келе жатып, бір өрмек құрып отырған кемпірдің қасында ұйықтап жатқан баланы көріп: – Ей, бала, тұр ойнаймыз, – деп түртіп қалса, бала ұрғанын көтере алмай өліп қалды. Сонда кемпір өрмегінен түрегеп, Алпамысқа қарап айтқан сөзі еді:

– Далада мен отырмын құрып өрмек,

610. Жалғызды қасымдағы қылып ермек.

Баламды жалғыз менің өлтіргенше,
Алсайшы Гүлбаршынды, қу жүгермек.
Бекерге жұрт баласын қырып жүрсің,
Ойыңа келгеніңді қылып жүрсің.

Сарыбай қызын бермей, кетті қашып,
Несіне ойын ойнап, күліп жүрсің?!
Есіткенсін бұл сөзді,
Алпамыс берен тұрады.

Сұңқардай мойын бұрады: 620. – Түсінбедім, шешежан,

Қайтадан айт, – деп сұрады.
Сонда кемпір сөйледі:

– Атадан жалғыз туғансың,

Туғаннан белің буғансың.
Сайып қыран ер болып,
Қанменен қолың жуғасың,
Талай бала қырғансың.

Шекті деген елінде
Сарыбай деген бай еді.

630. Жалғыз қызы Гүлбаршын

Он бесте туған ай еді.
Жасыңнан саған айттырған
Гүлбаршын сұлу жар еді.
Сарыбай бір күн ойлады,

Алғыр құстай бойлады:
«Жалғыз қызым бермейін,
Артынан бала тумады.
Алпамыс қыран өледі,

Артында жоқ көмегі. 640. Алпамыс батыр өлгенсін,

Құлға қызым тиеді.
Құлға қызым тигесін,
Қандай қорлық көреді».
Осыны ойлап Сарыбай,

Бөліне көшіп жөнеді.
Күшің болса барсаңшы,
Жесіріңді алсаңшы.
Намысыңды ойламай,

Қай жерден күлкің келеді? 650. Есіткенсін бұл сөзді,

Алпамыс батыр камықты.
Жаман екен жалғыздық,
Інісі жоқ боп тарықты.
Ортекедей секіріп,

«Жалғызбын» деп өкіріп,
Аулына қарай салыпты.
Аузын ашты келді де,
Жұдырықпен бір ұрып,

Қырық кез болат сандықты. 660. Саймандарын сайланып,

Алтыннан кемер байланып,
Жылқыға қарай жөнеді.
Мінейін деп шонықты,
Ұстай алмай ешбірін

Баланың көңлі торықты.
Өстіп жылап тұрғанда,
Ошақтай бар жауыры,
Тартылып қалған бауыры,

Жал-құйрықтан дымы жоқ, 670. Шабатұғын күйі жоқ,

Заты арық демесең,
Сұлулықтан міні жоқ,
Құнан тісін тастаған
Шұбар дөнен жолықты.

Ұстай алмай ешбірін,
Ер Алпамыс жылады,
Қайғымен көзін бұлады.
Баяғы көрген Байшұбар

Мені ұста деп жануар, 680. Көлденең тартып тұрады.

– Мінбеймін, – деп Алпамыс,

Жүгенмен басқа ұрады.
«Жүгенде, – деп,– басымды»,
Жүгенге мойнын бұрады.
Ашуланып Алпамыс,

Жүгенімен баса ұрды.
Елемеді оны да,
Қарсы алдынан тақ тұрды.
Ашуланып Алпамыс,

690. Құйрықтан алып лақтырды.

Жығылмады онымен,
Тақыр жерге тақ тұрды.
Сол уақытта Алпамыс
Қарадан шыққан төре еді,

Не салсаңыз да көнеді.
Шұбар атты абайлап
Ақылмен ойлап біледі.
Ұстайын деп жақындап,

Қасына таман келеді. 700. Мойынсұнып жануар,

Жүгенге басын береді.
Сол уақытта Шұбар ат
Төрт аяғы тең болат.
«Дұшпан ұстап алар» деп,

«Өкіммен құрық салар» деп,
Жасырып бойын жүр еді.
Жүгендеп басын алғанда,
Үстіне ер салғанда,

Сегіз жасар ат болды. 710. Дөнен мен бесті бір еді.

Арқа-басын сипалап,
Шұбарды бала ұстады.
Ашуы жаман қыстады,
Үйіне де кемеді,

Мен кетемін демеді.
Жалғыз бауыры – Қарлығаш
Кетерін де білмеді.
Саймандарын сайланып,

Алтыннан кемер байланып, 720. Абжыландай толғанып,

Қызыл найза қолға алып,
Шұбарға қарғып мінеді.
Құдайдан медет тіледі.
Қарғып мініп жас бала,

Ашуы кернеп жөнеді.
Ләшкер тартып келеді.
Ауыздықпен алысып,
Ұшқан құспен жарысып,

Кей жерде бала шоқытып, 730. Кей жерде басын төгеді.

Бір күн шапса Шұбар ат,
Айлық жер алып береді.
Осыменен ұдайы
Он екі күн жүреді.

Айналдырып санаса,
Он екі айлық жер еді.
Бет алдында төбе бар,
Төбеге шыға келеді.

Олай-былай қарады, 740. Сұңқардай көзін салады.

Қарай-қарай баланың
Екі көзі талады.
Астындағы Шұбар ат
Сүмбідей болып жарады.

Бет алдына қараса,
Будақ-будақ шаң көрді,
«Бұл қалай?» деп таң көрді.
Шаң астына қараса,

Айшықты ала ту көрді. 750. Ту астына қараса,

Жер қайысқан қол көрді.
Қол артына қараса,
Ақ шатыр мен көк шатыр,
Баратын тура жол жатыр.

Аяғының астында,
Тақтай тастың бетінде
Жазылған таста хат жатыр.
Хатқа бала қараса,

Іші толған тамаша. 760. Талай-талай кеп жатыр.

Түсінбеген түсінсін,
Болмаған бұрын сөз жатыр.
Қалмақтарда бар екен
Қараман деген бір батыр.

Әрқайсысы бір мыңнан,
Қызметінде көп батыр.
Он қарадан бір қара
Зекеттеп алып, жеп жатыр.

Гүлбаршын сұлу шонықты, 770. «Бересің маған» деп жатыр.

Көкбарын шауып күніге,
Қыз ойнағын қып жатыр.
Гүлбаршын тұр көнбестен,
Қыз ойнағын көрместен.

Сарыбай тұр жалғызын
Қалмаққа ұстап берместен.
Арасы да бұлардың
Олқы-толқы боп жатыр.

Семізін таңдап жегенсін, 780. Өзіне кезек келгесін,

Бір күндері Гүлбаршын
Үйінен түнде қашады,
Көңілін қайғы басады.
Ата-анаға көрінбей,

Еш адамға білінбей,
Кетуіне ерінбей,
Талай қырдан асады.
Енді таудан өте алмай,

Жиделіге жете алмай, 790. Жалғыз өзі кете алмай,

Қатты жаман сасады.
«Осы жолмен жүрсе, – деп,
Алпамыс жалғыз келсе, – деп,
Жалғыз хатты көрсе», – деп,

Тасқа қалам басады.
«Алпамыс» деп ат жазып,
Өзінің атын қосады.
«Көрген күнім осы», – деп,

Көзінің жасын шашады. 800. Әйелдің жолы жіңішке,

Жұмысы кетті теріске.
Тағы да қайтып кетеді,
Түніменен жүгіріп,
Қыз үйіне жетеді.

Құдіреті күшті Құдайым
Жарылқаса не етеді?!
Қыз үйіне кіргенше,
Алпамыс хатты көргенше,

Арасында бұлардың 810. Екі-ақ сағат өтеді.

Ауғаннан соң елінен,
Шалқыған шалқар көлінен,
Жерінен ауған жеке оңбас,
Ауғаннан соң жерінен.

Гүлбаршын қызын ап қашып,
Алпамыс қыран теңінен.
Қараманға кез болып,
Тапқандай болды пейілінен.

«Аруақ мені ұрды» деп, 820. Кетпейді осы көңілінен.

Қараманға қараса,
Түсі де суық темірден.
Қайратына мас болып,
Тізесін шайнап кемірген.

«Қорықса қызын берсін деп,
Зорлығыма көнсін» деп,
Жеп жатыр малын семірген.
Үш мәртебе оқыды,

Әр сөзін ішке тоқыды. 830. Сөз осы хатта көрінген

Көрді оқып жас бала,
Қайратқа сенген мас бала.
Өз айтқаны болмаса,
Көнбейтін бұл масқара.

Ойланды енді бармаққа,
Сол елден хабар алмаққа.
Қазақ болса қайрылып,
Әңгімеге қанбаққа.

Қалмақ болса зарада, 840. Ойлады қырғын салмаққа.

Рас болса хат сөзі,
Ойланды өліп қалмаққа.
Осыны бала ойланып,
Алғыр құстай бойланып,

Қызыл найза қолға алып,
Абжыландай толғанып,
Шұбардың басын түгеді,
Қолтығын Шұбар сөгеді.

Ерігіп жүрген жануар 850. Төгіле басып жөнеді.

Әне-міне дегенше,
Қолтықтан тері келгенше,
Қазақ пенен қалмақтың
Арасына келеді.

Ұйып жатқан қалмақты
Көзіменен көреді.
Жердің жүзі қайысқан,
Есепсіз қалмақ көп еді.

Бұл қалай деп сұрауға, 860. Жолығып ешкім келмеді.

«Рас екен өзі, – деп,
Тасқа жазған сөзі», – деп,
Қыз сөзіне сенеді.
Буырқанып, бұрсанып,

Мұздай темір құрсанып,
Ашуы қысты денені.
Айдаһардың тіліндей,
Салса кеткен білінбей,

Қынабынан суырып, 870. Қолына алды беренді.

«Ат қойып жалғыз барсам, – деп,
Жазым болып қалсам», – деп,
Артында көмек жоқтығы
Ойына ердің келеді.

Ата-анасын ойланып,
Жалғыздық түсіп басына,
Көзінің жасын төгеді.
Жад қылып, жылап еренді,

Сондағы айтқан сөз енді: 880. – Жад қылып әуел Алланы,

Тапсырды Шұбар аланы.
Жалғыз баурым Қарлығаш,
Тапсырдым, Алла, өзіңе,
Артымда жалғыз қараны.

Көретұғын күн қайда,
Ата менен ананы?
Жердің жүзі қайысқан
Қалмақтың түрі жаман-ды.

Иірген қойдай қораға 890. Қазақты қалмақ қамады.

Жалғыз өзім шырқырап,
Бұзамын қайтіп қамалды?!
Он қарадан бір қара
Салып тұр бетке жараны.

Қайда барып төгемін
Ішімдегі сәнаны?!
«Қыз, – деген, – ердің олжасы,
Әлі жеткен алады.

Бұрынғыдан соңғыға 900. Қалған өрнек болады.

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Бәріңе жылап қылам зар.
Мәдинеде Мұхаммет,
Әбубәкір, Оспан,

Әлі шері  арыстан,
Тақсырлар, көрсет панаңды,?!
Ғайып-ерен қырық шілтен,
Қауыс-қияс жанабы

Бұларды тегіс санады. 910. Әрқайсысын бір айтып,

Көзінің жасы тарады.

– Түркістанда құл Қожахмет,

Самарқанда палуан Ахмет,
Бабай ғұмар Шашты Әшаз,
Қолыңа ал берген балаңды!
Осыны айтып болды да,

Шыдамады долдыққа.

– Көнбеймін, деп, – қорлыққа,

Кім шыдайд, – деп, – зорлыққа. 920. «Алатаулап» айқайлап,

Шетінен келіп тиеді.
«Алатаулап» ат қоймақ 
Орта жүздің ұраны.
Алпамыс айтқан кеп еді,

Сол уақта Гүлбаршын
Үйіне жаңа кеп еді.
Әкесі мен шешесі:

– Қайдан келдің, – деп еді?

Күркіреген күндей боп, 930. Алыстан келген тілдей боп,

Алпамыстың айқайы
Құлағына келеді.
«Кепті ғой, – деп, – Гүлбаршын»,
Көзінің жасын төгеді.

– Тілегіңді берді, – деп,

Алпамысың келді, – деп,
Әкесі мен шешесі
Бетінен келіп өбеді.
Енді Алпамыс бақырып,

940. «Алатау» ұран шақырып,

Қалмаққа жалғыз тиеді.
Қойға шапқан бөрідей
Талқандап қуып бөледі.
Алтын сапты ақ берен

Деммен тартып тиеді.
Кейбірінің кесіп кәлласын,
Кейбіреуін тіледі.
Қалмақтар атқан қалың оқ

Жаңбырдай болып тиеді. 950. Еті түгіл баланың

Терісіне кірмеді.
Ғайып-ерен қырық шілтен
Баланы қолдап-демеді.
Жанып тұрған жалындай,

Құбылып тұрған сағымдай
Шабылып Шұбар терледі,
Терлеген сайын өрледі.
Ана шетте бір көреді,

Мына шетте бір көреді. 960. Жүрді бала сонымен

Ерлердің салған жолымен.
Ауып келген халайық,
Мұнан да хабар алайық.
Шекті деген ел еді,

Алты шекті Арғынның
Дем алатын бел еді.
Ә дегенде, мә дейтін
Ішінде ерлер көп еді.

Қаншама батыр болса да, 970. Қалмаққа әлі келмеді.

Қорқыныш кетіп қазақтар,
Соңынан бәрі ереді.
Тышқан алған мысықтай
Тамашасын көреді.

Әр жерден сүйреп өлігін,
Бір жерге бәрін үйеді.
Лампа май құйып, отқа өртеп,
Жынды адамдай күледі.

Тізеден Шұбар қан кешіп, 980. Шапылдап шауып жүреді.

Сол уақытта бір қалмақ
Барды қашып ханына.
Найза тиіп қоң еттен,
Өлмейтін қылған санына.

Жер-жаһанды ыластап,
Судай ағып қаны да.
Етбетінен жығылды,
Ханның барып алдына:

– Ей, Қараман, Қараман,

990. Әкім болдың жасыңнан

Айдай әлем қараған.
Шұбар атты бір бәле
Кепті бүгін даладан.
Әскердің бәрі қырылды

Сол келген жалғыз баладан.
Келбетіне қарадым,
Қалмайды мұнан жан аман.
Біле алмадым мәнісін,

Ірі көрдім жұмысын. 1000. Айтайын сізге қылысын,

Әскердің бәрін қырысын.
Жапырып барат жалындай,
Баланың түрі құрысын.
Шапқанын ешкім көрмейді,

Өлгенін ешкім білмейді,
Сілтегенде қылышын.
Жаралы болып санымнан,
Бітіп тұр менің тынысым.

Гүлбаршынды алам деп, 1010. Сенің де пісті күрішің.

Білмедім өзі қалмақ па?
Қалмақ емес қазақ па?
Егерде қазақ болмаса,
Қалмаққа келген ғазап па?!

Бұған өзің бармасаң,
Қаласың ақыр ұятқа.
Жасырынған сайменен,
Көк алалы тайменен

Бар екен бәле бұ жақта. 1020. Халықтың бәрін қырдырып,

Жатасың ба жырақта?
Сұлуды алма ойыңа,
Бермейді сенің қолыңа.
Жанып тұрған бір жалын

Келіпті бүгін сорыңа.
Мұны естіп Қараман,
Ашуланып долданып,
Жіберді тұлпар қара атқа.

Тағы да біреу шаптырды, 1030. Сауыт-сайман, жараққа.

Ашуы қысып, дірілдеп,
Қоспақ нардай күрілдеп,
Қарайды қалмақ жан-жаққа.
Ақырын Құдай оңдағай,

Күллі әулие қолдағай,
Қиын болды бейбаққа.
Ашуланып Қараман,
Мінеді тұлпар қарасын.

Ер-тоқымын саймандап, 1040. Басынан алды дорбасын.

«Қырайын, – деп ойлады, –
Қазақтың күллі баласын».
Жанына байлап қылышын,
Қолына алды найзасын.

Сәскелік жерден шаншады,
Таптырмайды айласын.

– Осы бүгін қылайын,

Көрінсе қазақ қырайын.
Бұл күшімнің көремін

1050. Қай уақытта пайдасын?

Басына қалқан төңкеріп,
Сауытын алды киініп.
Саймандарын сайланып,
Әбден алды түйініп.

Лашын құстай түйіліп,
Қабағы тастай түйіліп,
Жауатұғын бұлыттай
Келе жатыр қалмақ құбылып.

Келе жатса жолында 1060. Қалмақтардың өлігі

Өртеніп жатыр үйіліп.
Долдыққа симай Қараман,
Тістеніп келед кіжініп.
«Қай жақта, – деп, – қазақтар?»

Қарайды қалмақ үңіліп.
Әр төбеге шығады,
Қылышын алып суырып.
Айбатпенен айқайлап,

Жердің жүзін қуырып. 1070. Мұны көріп Гүлбаршын,

Жанынан кетті түңіліп.
Қысылып, зарлап тарықты,
Көзінің жасы төгіліп.
Гүлбаршын сұлу жылайды,

Көзінің жасын бұлайды.
Жад қылып жалғыз Жаппарды,
Баланың жанын сұрайды.
«Жеттім, – деп, – жалғыз түбіңе,

Сұлулықтан таптым», – деп, 1080. Жылай берді егіліп,

Қабырға кетті сөгіліп.
Сол уақытта Алпамыс
Шұбар атын сигізіп,
Тұр еді келіп кідіріп.

Туған айдай жалтырап,
Көзіне қалды көрініп.
Батырды көріп Гүлбаршын,
Тұра алмады ерініп.

Неше алуан киініп, 1090. Қасы, көзі қиылып,

Алпамыстың қасына
Жетіп келді жүгіріп.
Сол уақытта Алпамыс
Қызға назар салмады,

Сәлем берсе алмады.
Қалмақты көріп құнтиып,
Ұрыспағын қамдады.
«Менсінбей батыр тұр ма?» – деп,

Қарары қыздың қалмады. 1100. Көзінің жасы көл болып,

Келді де сұлу зарлады:

– Айналайын, қарағым,

Құтты болсын талабың.
Алла Тағала жар болып,
Оңынан тұрсын самалың.
Сен өлсең, егер, мен күйдім,

Жазым боп тайса табаның.
Келеді қалмақ күркіреп,
Айтқалы келдім хабарын.

1110. Тайлы бие, тоғыз қой

Жеп шықты жаңа тамағын.
Өлуі қиын қалмақтың
Бермесе Алла амалын.
Тілімді алсаң, қаш енді,

Болады қандай заманың?
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Ашыса жаның, Гүлбаршын,

Жолама менің қасыма.
Нелер келіп, не кетпес

1120. Ер жігіттің басына.

Сонша жерден келгенсін,
Ар қылмай ерлер қаша ма?!
Жалғыздың жаны бір Құдай,
Біреуден біреу саса ма?!

Әйелдік қылмай, қайт жылдам,
Еркекті әйел баса ма?!
Пешенеге жазылсаң,
Бұйрықсызға қоса ма?!

Үйіңе бар да жата бер, 1130. Сабырсызға ұсама!

Мұны есітіп Гүлбаршын,
Кетті қайтып қуанып.
Бала да болса баланың
Айтқанына жұбанып.

Кішігірім таудай боп,
Келеді қалмақ қуарып.
Күлді: – Қазақ қайда? – деп,
Шұбар атты бала, – деп.

Айқайлап даусын шығарып. 1140. Қараманды көргенсін,

Жақындасып келген соң,
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Жаратқан, Жаппар Құдайым,

Дәргәйіңе жылайын.
Қашпағым менің ар шығар,
Өлсем де қарсы тұрайын.
Қабырғам болса қатқан жоқ,

«Барма» деп атам айтқан жоқ,
Енді қандай қыламын?

1150. Осыны айтып болғанша,

Шұбарды кейін бұрғанша,
Айтып ауыз жиғанша,
Қарап көзін тиғанша,
Жетіп келді Қараман

Алпамыстың қасына.
Қолындағы күрзімен
Кетті салып басына.
Осы ұрған күрзіге

Құлар еді шапқанда, 1160. Қойқаптың тауы, тасы да.

Атының жалы сел болды
Көзінің аққан жасына.
Ұстайтын еді Қараман
Сәл тұрғанда қасында.

Қарғып кетті Шұбар ат,
Шыдай алмай астында.
Үстінде бала бар еді,
Келмеді әлі басына.

Ап қашты Шұбар баланы 1170. Құла дүз, мидай далаға.

Қараман қамшы басты енді
Астында шұбар алаға.
Енді қалмақ бір жетсе,
Мұнан да адам қала ма?!

Бала жылап барады
Жаратқан жалғыз Аллаға.
Жалынады жас бала
Астында Шұбар алаға:

– Айналайын, Шұбар ат,

1180. Қолтығыңда бар қанат.

Тастап кетпе апарып
Адам көрмес салаға.
Өлігімді тастамай,
Аман-есен алып бар

Ата менен анама!
Мүйіз шықпас басыңа,
Иең жоқ өзің барғанда.
Барғаныңда не дейсің,

Жиделі Байсын қалаға?! 1190. Мұны естіп Қараман,

Салып кетті қамшымен
Қара тұлпар санына.
Қамшы үстіне қамшы ұрды.

– Бір жетсе, – деп, – балаға,

Ашуланып Қараман,
Тұлпарды ұрды сауырлап.
«Жетпедің, – деп, – Шұбарға»,
Ұра берді бауырлап.

Жамандатқыр ит қара ат 1200. «Келе ме – деп – ауырлап».

Шабысында айып жоқ,
Келеді желдей дауылдап.
Жеткізбейді Шұбар ат
Атқан оқтай зырылдап.

Құйындай ұшып келеді,
Жал-құйрығы суылдап.
Үстінде бала барады
Боз торғайдай шырылдап.

Қаншама қамшы ұрса да, 1210. Аяғын өре бастады,

Шабысқа шабыс қоспады.
«Ауыр келе жатыр», – деп,
Сауыт-сайман, жарағын
Әр жерге қалмақ тастады.

Жеңілденіп алды да,
Енді «шап» деп қыстады.
Жарақтың бәрін тастатып,
Бір іске Құдай бастады.

Мұны біліп Шұбар ат, 1220. Қиқаңдап ұзап қашпады.

Құдайдан қуат болғансын,
Бала да қорқып саспады.
Сол уақыттар болғанда,
Жарақтың бәрі қалғанда

Шұбарға тұлпар жетеді.
Қаруы жоқ қолында,
Жеткенмен қалмақ нетеді?!
Жеткізіп тұр әдейі,

Қоя берсең Шұбар ат 1230. Күндік жерге кетеді.

Жеткен жері тұлпардың
Абсиған апай бет еді.
Қалт бергенде, жалт беріп,
Қараманды Алпамыс

Ұрып-ұрып кетеді.
Қаршығадай қайрылып,
Ителгідей сүзіліп,
Ұрып-ұрып өтеді.

Ұрған сайын Қараман 1240. Қарақұстай қалбаңдап,

Құрбаң-құрбаң етеді.
Жақындасып, жанасып,
Тұлпар мен Шұбар жарысып.
Құйындатты Шұбарды

Басымен бала алысып.
Тістенеді Қараман
Қасқырдай жағы қарысып.
Бір арманы қалмақтың:

«Көрмедім, – дейді, – алысып». 1250. Кетпесін деп арманда,

Өтіп кетті бір жерде,
Бір-бір қамшы салысып.
Қаршығадай қайрылып,
Қалмақты бала бір ұрды.

Жасқанайын дегенде,
Қолын ұрып сындырды.
Тағы да шапты қылышпен,
Оңбады қалмақ бұл істен.

Әне-міне дегенше, 1260. Екі қолын тындырды.

Ұрыстан өзін тындырып,
Екі қолын сындырып,
Доңыздай қалмақ шыңғырды.
Енді бала құтырып,

Ителгідей жұтынып,
Жетіп келді ұмтылып.
Жағасынан ұстады,
Буындырып қалмақты,

Ат үстінен мұштады. 1270. Бағана жеген құйрығын

Ә дегенде-ақ тастады.
Сүйте-сүйте Қараман
Кесектеп қанды құсады.
Ұстады бала жағадан,

Айрылды патша бағадан.
Қайта шапты Шұбар ат,
Шығарып көкбар қорадан.
«Қай жеңгені келер, – деп,

Жеңгенге сұлу тиер», – деп, 1280. Әр төбенің басында

Қазақ пен қалмақ қараған.
Құйындай шауып Шұбар ат,
Өте шықты арадан.
Күлмеген адам қалмады,

Жеңілген соң баладан.
Гүлбаршынның алдына
Көкбар әкеп тастады,
Өңгеріп серке даладан.

Созылды даудың аяғы, 1290. Өшігіскен қатындар

Жиналды түгел баяғы.
Өлтірмекке қалмақты
Алқымға пышақ таяды.
Сонда қалмақ қорықпайд,

Өлімнен жоқ хабары.
Өңкей әйел болғансын,
Кәйтеді дейді қиялы.
Әйелдер болды жүректі,

Сыбанды екі білекті. 1300. Зорлығын көрген қалмақтың

Берді деп Құдай тілекті.
Кәлласін кеспей қатындар,
Қырықты барып теректі.
Көздеріне қан толып,

Ойламапты керекті.
Қыз алатын мырзаның
Кесіліпті таяғы.
Түбінен кескен көрінед

Айтуынша сияғы. 1310. Жанды жерден жарылып,

Құрылдап қалмақ жөнелді,
Дүниенің болмай баяны.
Дәу ақымақ деген сол,
Қалғансын болды жарағы.

«Жауға барсаң кесерді ал,
Дауға барсаң шешенді ал!»
Жарақсыздың мәнісі
Кетеді өстіп аяғы.

Енді бала алшаңдап, 1320. Қайраты тасып қалшылдап,

Қойға шапқан бөрідей
Жан-жағына ырсылдап,
Әлемді алды айбаты,
Қабыландай арсылдап.

Астында Шұбар ойнақтап,
Аузынан көбік былшылдап.
Омыраудан аққан тер
Бақайына тамшылап.

Мысалы үрген местей боп, 1330. Ұсталар соққан пештей боп,

Денесі кетті тырсылдап.
Шұбар атын қаңтарып,
Қалмақтан кегін қайтарып,
Түсті барып бір жерге.

«Алпамыс күйеу келді деп,
Қалмақтың бәрін жеңді» деп,
Тартылды керней әр жерге.
Құданың қалай беруі

Мың ердің күшін бір ерге?! 1340. Алпамыс қыран келмесе,

Көз жасын Құдай көрмесе,
Қорқыныш кіріп қазақтар,
Көз жеткен еді өлуге.
Алтын кілем үстінде

Отырды толқып бұл ер де.
Хан қылып халқы көтерді
Есебі жоқ көп елге.
Қатындар ертіп жүгірді,

Отауға барып кірерге. 1350. Қыздар да кетті қуанып,

Гүлбаршынды әкеп берерге.
Гүлбаршын сұлу жүгірді
Мырзаның түсін көрерге.
Лажын тапса аямай,

Құрбан ғып жанын берерге.
Жол тимеді арадан
Құшақтап келіп сүйерге.
Самаурынды қайнатып,

Дастарқанды жайнатып, 1360. Қыздарменен шай келді.

Шырын, шекер, бал келді
Алтын леген үстінде.
Әр түрлі тағам ішінде
Қазы-қарта, жал келді.

Түрегеп күйеу ізет қып,
Қыздарға төрден жай берді.
Гүлбаршын сұлу айдай боп,
Қысыр емген тайдай боп,

Оң жағына барды енді. 1370. Ашық оты жағылып,

Абройы жабылып,
Оң қолтыққа алды енді.
Неше түрлі қылықпен
Құйып отыр шайды енді.

Қыз-бозбала ойынын
Ортаға түгел салды енді.
Арасында бұлардың
Біраз мезгіл болды енді.

Ұйқы алып денесін 1380. Қыздардың бәрі қалды енді.

Оятса да оянбай,
Сілесі қатып қалды енді.
Шымылдықтың ішіне,
Мамық төсек үстіне

Шайы көрпе жайды енді.
Аққудай болып байпаңдап,
Бәйге атындай қайқаңдап,
Төсекке күйеу барды енді.

Кермаралдай керіліп, 1390. Басарына ерініп,

Құбылып сұлу жанды енді.
Назданып күйеу әзілмен:

– Қай жақта шіркін мал, – деді?

Сұлу айтты қылмыңдап,
Неше түрлі жымыңдап:

– Керегің болса ал, – деді.

Осыны айтып болды да,
Қоян алған қырандай
Төсекке тартып алды енді.

1400. Жібектей сұлу есіліп,

Екі аяғын көсіліп,
Сілейіп жатып қалды енді.
Мұнан басқа не шырын
Тамаша қызық болды енді.

Жұмыстың бәрі кеңіді,
Ұят та болсаң бар енді.

Онда Алпамыс батыр қалмақтарды көндіріп келмегенін келтіріп, атасы Сарыбайды сол елге хан сайлады. Отыз күн ойын, қырық күн тойын ғып, Гүлбаршынды өзі алды. Бірнеше ай жатып, күндерде бір күн еліне қайтуды ойланып, қоштасуға халқын жинап алып, ұлықсат сұрады, ол елінде жақсылары ақылдасып, кеңесіп қырық нарға зер артып, алтын отау жасап Сарыбай қызы менен күйеуін шығарып салды. Бірнеше күн жол жүріп, азғана емес, мол жүріп, өзінің еліне келді. Алпамыс батыр аман-есен еліне келсе, әкесі Байбөрінің жылқысын Тайшық хан деген қалмақ шауып әкетіпті. Онда Байбөрі «Мал ашуы мен жан ашуы бір дегендей» тақат тұтып тұра алмай, баласы мен келініне қуанбай, келген дүниеге көңлі алданбай, ашуға шыдап тұра алмай, Алпамыстың алдынан шығып Байбөрінің айтып тұрған сөзі еді.

Байбөрі сонда сөйледі:

– Тумай кеткір Алпамыс,

Тұр көрінбе көзіме, 1410. Адам болып тимеді

Еш қайратың өзіме.
Тайшық алды жылқымды,
Құртып кетті мүлкімді.
Тұр алдымнан, кет, – деді,

Кет деген сөзі кекті еді.

– Тайшық алған жылқымның

Артынан қуып бар, – деді.
Қалмақтан кегімді ал, – деді.
Ала алмасаң кегімді

1420. Пенде боп сонда қал, – деді.

Сонда Алпамыс сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Тайшық алған жылқының

Ал артынан кетейін.
Шаһимардан жар болса,
Артынан қуып жетейін.
Жете алмасам, жан ата,

Жылап жүріп өтейін.
Ата, сенің сөзіңді

1430. Күніге естіп нетейін.

Атқа салдым терлікті,
Дұшпанға қылдым ерлікті.
Мен кеткесін, атажан,
Көрерсің құлдан қорлықты.

Атқа салдым пыстанды,
Мен кеткенсін, атажан,
Ақыры жерсін пұшпанды.
Әке, сенің артыңнан

Бес байталдық бедірек құл 1440. Аңлып жүрген дұшпан-ды.

Сол уақта осы сөз
Қатты тиді өзіне.
Қажырланса Алпамыс,
Жан көрінбес көзіне.

Буырқанып, бұрсанып,
Мұздай темір құрсанып,
Алып келді Шұбарды
Мойнына тағып тұмарды.

Бейсенбі күн бесінде 1450. Тайшыққа қосын шығарды.

Алты айлыққа жүрмекке
Алпамыс берен ойлады.
Алтын бауыр Шұбардың
Басын жолға салады.

Тұлпар туған Шұбар ат
Сүмбедей болып жарады.
Үйіне де түспеді,
Бір кесе сусын ішпеді.

Тайшық алған жылқының 1460. Алпамыс атты жас қыран

Артынан қуып барады.

Онда халқы жиналып келіп Алпамыстың кететінін біліп: – Ей, шырағым Алпамыс, жалғыздық Құдайға жарасқан, жалғыз өзің барма, еліңді жинап көппен бар, – деді. Онда Алпамыс айтты: – Жұртым, жалғыздың жары бір Құдай болсын, сіздер маған жандарың ашыса, көрсеткен көмектерің болсын, атам мен анамның қабағына қараңыздар, – деді. Әйелімнің ішінде жеті айлық бала қалып барады, ұл туса атын Жәдігер қойыңыздар, – деді. Осыны айтып, Алпамыс батыр Тайшыққа қосын шығарған күні түнде жатып қалмақтың ханы Тайшық түс көріп, түсінен шошынып, ел-жұртын жинап алып, өзі мұнараға шығып: – Түсімді жорыңдар! – деп, халқына айтып тұрған сөзі еді.

Тайшық хан сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Е, жарандар, жарандар,

Бәрің де бермен қараңдар!
Бүгін жатып түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.
Заманым менің қағынды,

Қабғынбаса не қылды?! 1470. Құрсаулы қара нар келіп,

Қарсы қарап шабынды.
Көзімнің жасы егілді,
Қабырғам менің сөгілді.
Басымдағы тәж, дәулет

Жерге барып төгілді.
Бір арыстан өзіме
Шабатұғын көрінді.
Талқан қып алды шәрімді,

Талауға салды барымды. 1480. Екі бүйірін таянып,

Алатұғын көрінді
Қойнымда жатқан жарымды.
Қаланың аузын қан қылды,
Қақбамның аузын шаң қылды.

Айдарлымды құл қылды.
Тұлымдымды тұл қылды,
Солқылдаған мырзамды
Табанға салып жүн қылды.

Ауызына қарадым, 1490. Сұлуды таңдап сүйгендей.

Келбетіне қарадым,
Қамқапты таңдап кигендей.
Қабағы қалың сол бала,
Тіпті шұнақ қу бала

Шұбар ат мініп келеді.
Сол Шұбардың дүбірі
Құлағыма келеді.
Мен білмеймін тап сонан

Қандай адам өледі?! 1500. Жылағанда көзіме

Қанды жасым тола ма?!
Тауға біткен бәйшешек
Қураса бір күн сола ма?!
Жиделі Байсын жерінен,

Қоңырат деген елінен
Алпамыс атты жас берен
Атқа мінген бола ма?!
Алдынан шығып сол ердің,

Жылқысын берсем ала ма?! 1510. Жылқының кегіне

Қызымды берсем бола ма?!
Ер баласы ер еді,
Кегін алмай қояр ма?

Әлқисса, халқы жиналып айтты: – Е, тақсыр, түс деген түлкінің боғы болады, қорықпаңыз ешнәрсе етпейді, – деп жақсыға жорыды. Онда Тайшық хан айтты: – Жоқ оларың болмайды, онан да ойласып, ақыл табыңдар, – деді. Ешкім амал таба алмады. Сол кезде жасы үш жүзге жеткен, ыстық ішкен, сұйық тышқан, көрінгенмен ұрысқан, қабағы қатып тырысқан, дамбалы бұтына қатқан, өзін туғаннан Құдай атқан, бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар, тізесіне шекпені жетпеген, басынан жаманшылық кетпеген, басы мүйіз, көті киіз бір мыстан деген кемпір келді. Ол айтты: – Патша, сіз өзіңіз патша болсаңыз, сол сияқты, дұшпанға жалғыз қызыңыз Қаракөзайымды беремін дегенің қалай? – деді. Самайынан ірің аққан, мұрнынан боқ аққан менің таз балам бар, соған қызыңды берсең, дұшпаныңды байлап әкеліп, аяғыңның астына салып беремін, – деді. Онда патша: – Құп болады, – деп, қызын беретін болып шарт жасады. Онда кемпір қырық отау, қырық бөтелке арақ алды, ханның қызы Қаракөзді бас қылып, қырық қыз алды, қырық отауды Алпамыстың келетін жолына тіктіріп, қырық қыздың басына жаулық салып, қырық келіншек қылып, қырық бөтелке арақты әрқайсына беріп, мыстан Алпамыстың жолын тосып жата берді. Сол уақыттар болғанда Алпамыс батырдың мыстанға келіп жолығуы:

Ел-жұртымен қоштасып,
Алпамыс батыр жөнеді.
Ләшкер тартып келеді.
Ауыздықпен алысып,

Ұшқан құспен жарысып,
Астындағы тұлпардың

1520. Ойынды еті бұлтылдап,

Құйындай шаңы бұрқылдап,
Құлақ салсаң дыбысы
Тау суындай сыңқылдап,
Қолтығынан аққан тер

Тебінгіде сылпылдап,
Маядай мойнын созады.
Шу дегенде жануар
Ұшқан құстан озады.

Тарта-тарта баланың 1530. Алақаны тозады.

Құланнан атты қодықты,
Көлден тартты борықты.
Арада неше қоныпты,
Жетемін деп зорықты –

Жете алмай бала торықты.
Талма түстің шағында,
Айдын көлдің бойында
Тосып тұрған көлденең

Мыстанға келіп жолықты. 1540. Тілеуің құрғыр қу мыстан

Сонда тұрып жылайды,
Көзінің жасын бұлайды,
Бір топ біткен шеңгелге
Құшақтап тұрып аунайды.

Мұны көріп Алпамыс,
Кемпірден келіп сұрайды:

– Далада тұрған, жан шеше,

Мұнша неге жылайсың?
Айтпаймысың сырыңды,

1550. Шығарайын мініңді.

Басын кесіп дұшпаннан,
Әперейін кегіңді.
Аман жүрсем табайын
Кеуілдегі кіріңді!

Жылай бермей, шыныңды айт,
Өлтіріп мен берейін
Дұшпандық қылған еліңді!
Сонда кемпір сөйледі:

– Күткенім, шырақ, сен едің,

1560. Қамқорың сенің мен едім.

Жиделі Байсын жерінен,
Қоңрат деген елінен
Байбөрі деген бар еді,
Байбөрінің жылқысын

Тайшық хан алып жөнеді.
Қырық балам бар еді,
Қырқы да бірдей нар еді.
Алдынан шықты жылқының

Таласқан соң малына, 1570. Бәрін де Тайшық өлтірді.

Сол баланың шешесі
Мені мыстан дер еді.
Ашылған баудай гүл едім,
Сайраған қызыл тіл едім.

Кеше күндіз Құдайдан
Алпамыс сені тіледім.
Келеді деп есітіп,
Жолыңды тосып тұр едім.

Айналайын, қарағым, 1580. Құтты болсын талабың.

Алла Тағала жар болып,
Оңыңнан тұрғай самалың.
Жеңгелерің қасында
Жатпаймысың, қарағым.

Осы сөзбен қу кемпір
Алдап ұрды ақылын.
Сөзбенен бойын балқытты
Алпамыстай батырдың.

– Міне, сусын ішсең, – деп,

1590. Алдап берді арағын.

Мейіріңді қандыр, қарағым,
Бәрі менің қолымда.
Нұрдың қызы секілді
Қырық келінім жанымда.

Атың болса шалдырып,
Ұйқыңды әбден қандырып,
Жүрерсің ертең, шырағым.
Қаза намаз қаза-ды,

Тарттырар Құдай жазаны. 1600. «Елім менің қайда, – деп,

Ерімді менің сайла», – деп,
Қырық келінім шуылдап,
Алады күнде мазамды.
Бұл сөзіне кемпірдің

Енді бала сенеді.
Көз жасына жылаған
Ырахымы келеді.
Жылқысының келгенін

Ақылмен ойлап біледі. 1610. – Кел, шеше, атқа мінгес, – деп,

Үзенгісін береді.
Байшұбарға мінбекке
Дұшпан, зәлім, қу мыстан
Оңтайланып келеді.

Адамнан есті жануар
Қос аяқтап тебеді.
Сонда кемпір құлады,
Ұзынынан сұлады.

Жатып есін танады, 1620. Бір мезгілдер болғанда,

Көтеріп басын алады.
Байшұбарды жамандап,
Алпамысқа қарады:

– Тауға біткен андызым,

Суға біткен жалбызым,
Жабыны жауға мінгендей,
Нешеу едің, жалғызым?
Бәлені жабы бастайды,

Жігіттің жолын ашпайды. 1630. Ара күндік жол жүрмей,

Аяғынан ақсайды.
Әжетіңе жарамас,
Жау жеріне тастайды.
Жабыны мінсең оңай ма,

Айналайын, қарағым,
Қазанат мінсең болмай ма?
Қарағым, сенің жолыңда
Құрбандық болып өлейін.

Еркелігің қалмапты, 1640. Алпамыс, саған не дейін?!

Астыңдағы Шұбардың
Басын кесіп тастай көр,
Қазанат тауып берейін.
Мұсылманға бас бала,

Қалмақтарға қас бала,
Сен бір байдың жалғызы,
Жаңа өспірім жас бала.
Сырты түкті қу жабы

Қылады-ау бір күн масқара. 1650. Долдыққа симай Алпамыс,

Денесін ашу қабады.
Ақ қанжарын суырып,
Заманасын қуырып,
Шұбарды басқа шабады.

Ғайып-ерен қырық шілтен
Қылышты қолдан қағады.
Тайып кетіп қылышы,
Қара жерді қабады.

Ат үстінен шіреніп, 1660. Бір Алладан тіленіп,

Қылышын зорға алады.
Атаңа нәлет, ит мыстан
Бұған да амал табады.
Алдына түсіп бүкеңдеп,

Енді кемпір жүгірді,
Омыртқасы бүгілді.
Келе жатып сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Жау қайырып тұрақтар,

1670. Астында Шұбар ойнақтар.

Бүкең-бүкең желеді,
Жау мұқатып береді.
Алпамыс бала келеді,
Шықпаймысың далаға

Шуылдаған, шұнақ қар?
Ерлер мінер алаға,
Көңлім толды санаға.
Жаман-жақсы болса да,

Жазудан адам қала ма? 1680. Өңкей сұлу шуылдап,

Жүгіре шықты далаға.
Шылауынан ұстады,
Жан-жағынан қамалап,
«Аттан түс» деп қыстады.

Көтеріп аттан алады,
Ақ кілемге салады.
Перизаттай қырық зайып
Көтеріп алып барады.

Көтеріп үйге кіргізді 1690. Алпамыстай төрені.

Кезекпенен арағын
«Алдиярлап» береді.
Біреуі беріп кеткенсін,
Кезегі нәубет жеткенсін,

Біреу және келеді.
Қасын қағып, ыржиып,
Езуін тартып күледі.
Жаңа өспірім жас бала

Күлгенін қызық көреді. 1700. Біреуі асқан бірінен,

Мін табылмас түрінен.
Қыздар да қызыл гүл еді.
Қырық қақпалы қаладан,
Қала менен даладан,

Әр жерден сұлу кеп еді.
Ұзын да емес, қысқа емес,
Бойы да бірдей тең еді.
Жаңа шыққан он бірге,

Бір жылда тұған төл еді. 1710. Ханның қызы Қаракөз

Ішінде жүрген пері еді.
Заты адам десе де,
Көргендер пері дер еді.
Ақылменен аңғарып,

Ер екенін біледі.
Кемпірден көңіл суытып,
Ата-анасын ұмытып,
Балаға көңіл бөледі.

Зайылдық кетіп көңілінен, 1720. Ислам діні кіреді.

Жад қылып іштей Алланы,
Аман қыл деп баланы,
Шынымен Ақтан тіледі.
Айтайын деп «ішпе деп»,

Үш мәртебе келеді.
Айта алмады сонда да,
Аңдыған қыздар көп еді.
Сол уақыттар болғанда,

Алдияры толғанда, 1730. Кіші бесін болғанда

Арақты ішіп болады.
Қырық қыздан ішіп қырық шиша,
Бала әбден тояды.
Сонда мыстан келеді,

Езуін тартып күледі:

– Іш, шырағым, іш, – деп,

Өзі де құйып береді.
Қапалайды «шырақ» деп,
Отауды келіп түреді.

1740. Отауды келіп түргенде,

Көк даңғыл келіп үреді.
Бетіне самал тигесін,
Алпамыс бала құлады.
Бурадайын сақылдап,

Күліседі көп шайтан
Қылған ісін мақұлдап.
«Есіл бала кеттің, – деп,
Түбіңе өзің жеттің», – деп,

Ханның қызы Қаракөз 1750. Бір шымшып кетті жақындап.

«Жолама бұған, шайтан,– деп,
Патшаға бүйтсең айтам», – деп,
Қыздарды қуып қасынан,
Алпамыстың басынан

Қу мыстан тұрды тақылдап.
Тігілген қатар әр үйдің
Бірінен-бірі кемі жоқ,
Мінейтұғын міні жоқ,

Бәрі де бірдей болмаған, 1760. Асыл бұйым орнаған.

Кіргендер қайтып шыға алмас,
Қызғалдақтай жайнаған.
Әрқайсысынан бір ұстап,
Көргеннің көзі тоймаған.

Жан-жағына алақтап,
Жынды адамдай бойлаған.
«Алпамыс берен келер деп,
Келсе үйге кірер» деп,

Басында кемпір ойлаған. 1770. Бірі – қызыл, бірі – көк,

Жаңа піскен шиедей.
Көргеннің іші күйеді.
Отаудың бәрін жықтырып,
Алпамыстың үстіне

Қабаттап әкеп үйеді-ай.
Бұрынғыдан келе атқан
Осылай еді ертегі.
Отаудың бәрін өртеді,

Бүлінсе патша бүлінді, 1780. Кемпірдің несі кетеді.

«Бетке жалын тиер» деп,
Қыздар да қашып кетеді.
«Патшаға да барам деп,
Келінімді алам» деп,

Сертіне кемпір жетеді.
Түтіні шықты аспанға,
Қарауылшы біледі.
Тасты деген қаладан

Әкер жетіп келеді. 1790. Алпамыстың үстінен

Отын шашып көреді.
Күрекпенен шоқ салса,
Жақындамай сөнеді.
Барлығы мұны көреді,

От ішінде байлап ап,
Тайшық ханның алдына
Пенде ғып әкеп береді.
Кемпір әкеп бергенсін,

Баланың түрін көргенсін, 1800. Тайшық хан кірді күшіне.

Ырза болды кемпірдің
Тындырып келген ісіне.
Қараса бала дәл өзі,
Көрген шошып түсінде.

Кемпірге төрден жол берді,
Өлтірмегін оң көрді.
Аянсын қалмақ несіне,
Кемпірді жаман есіртті.

«Бес күнгі келген несібе 1810. Қандай күшім, патша» деп,

Тұрды кемпір есіре.
Сол уақытта патша
Қалмақтан шыққан ер еді.
Елде болса екі ер,

Екеуінің бірі еді.
Керней-сырнай тарттырып,
Топ зеңбірек аттырып,
Қырық қақпалы қалаға

Тегіс хабар береді. 1820. Бәрі де бұрын естіп,

Әр жерден адам кеп еді.
Әрқайсысы бір мыңдық
Ішінде дәулер көп еді.
Ақыл салса бәріне,

Өлтіреміз дер еді.
«Олай болса өлтір, – деп,
Сабасына келтір», – деп,
Ортасына береді.

Сол уақта батырға 1830. Атса мылтық өтпеді,

Шапса қылыш кеспеді,
Ғайып-ерен қырық шілтен
Қолтықтап сүйеп демеді.
Суға салса батпады,

Ұйқыдан бала қайтпады.
Неше дәулер, неше ерлер
Не қыларын білмеді.
Тайшық айтты халқына:

– Кәйтсек бала өледі?

1840. Түрегелсе орнынан,

Жазамызды береді.
Баяғы көрген қу түсім
Айнымайды келеді.
Ханның қызы Қаракөз:

– Өлтірем, әке, мен, – деді,

Жеті күн мен жеті түн
Қолыма менің бер, – деді.
Мыстан кемпір, шешежан,
Өзің де маған ер, – деді.

1850. Көрсетейін уақиға,

Көзіңменен көр, – деді.
Тілеуің құрғыр қу мыстан
Қыз сөзіне сенбеді.
Патшаға айтып, айнытып,

Қыз қолына бермеді.
Сол уақытта Тайшық хан
Қанша айтқанмен хан дағы.
Өзіндігі бар дағы,

Бір ақыл ойлап бастады. 1860. Неше қиын жерлерде

Жоқ еді мұның сасқаны.
Бұған ақыл таппаса,
Абыройын жаппаса,
Әбілет енді басқаны.

Қимылдаса бұл бала,
Қалмақ тұр бәрі қашқалы.
Түрегелсе орнына
Болатын әркім бас қамы.

Патшаның сол күнде 1870. Қазулы оры бар еді.

Сырнайдай аузы тар еді,
Қақпағы бар ашпалы.
Ханы айтты халқына:

– Апарып соған тасталы!

Қуанып халқы жүгірді,
Қандақтың аузын ашқалы.
Балалардың тобындай,
Зеңбіректің оғындай

Домалатып баланы, 1880. Зынданға әкеп тастады.

Жер түбіне жөнелді,
Торғайдай болып мысқалы.
Өлімге қиды нәлеті,
Болғансын ақыр дұшпаны.

Сол уақыттар болғанда,
Ғайып-ерен қырық шілтен
Баланы жолда ұстады.
Құдыққа салған қауғадай,

Ешбір жері ауырмай 1890. Қандеқтің келді түбіне.

Әлі жатыр ұйқыда,
Ешнәрсе жоқ көңлінде.
Жалғыздықтың саудасы
Түсті ерге бір күнде.

«Далаға шықсаң жолдас ал,
Жалғыз қиын тегінде».
Келе түсті қандеққе,
Ала алмай бала кегін де.

«Алпамыс орда қалды» деп, 1900. Кім барар дейсің еліне.

Еңбек қылсаң реті бар,
Салса біткен егінде.
Пұлдың азы бір тиын,
Кім береді тегінге.

Әрекет қылмай дүниеге,
Жеткендер бар ма кемелге?
Әзір бала байланды,
Жастай соры қайнады,

Жеткенше қашан дегенге. 1910. Ұйқысы қанды жатқансын,

Арақтың зары қайтқансын,
Қарғып тұрды орнынан.
Қараса, жатыр қандеқте,
Арылмай бала сорынан.

Шұбар ат жоқ астында,
Кетіпті жарақ қолынан.
Енді бала жылады:
«Келді, деп, заман қырынан».

– Жад еттім әуел, бір Құдай,

1920. Құдіретіңе көңлім сай.

Дәргейіңе жылаймын,
Біздерге қиын, сізге оңай.
Жатырмын жалғыз қандеқте,
Ойласам болды бұл қалай?

Атаңа нәлет қу мыстан
Кетіпті жерге тығып-ай.
Тағы да адам болам ба,
Жер бетіне шығып-ай?!

Адам ата, Хауа ана, 1930. Жаралдың әуел нұрменен.

Аршаға атың жазылды
Қаппенен, син, нонменен.
Өзіңіз хабар алмасаң,
Алады хабар кім менен?!

Ер де түскен бұл орға
Мен де түскен жолменен.
Әліміз нәзік боп кетті,
Хабарың бар ма ол менен.

Неше мың өткен Пайғамбар, 1940. Ажырар қашан сор менен?

Мәдинеде Мұхаммед,
Түркстанда құл Қожахмет,
Самарқанда палуан Ахмет,
Өте ме күнім орменен.

Ғайып-ерен қырық шілтен,
Үздің бе күдер шыныменен?!
Айналайын, жан ата,
Өлгенде көрдің бір бота.

Кетерімде бермедің 1950. Ықласыңмен ақ бата.

Дұға айтпадың кез болып,
Жатырмын азап мен тарта.
Өлшеулі күнім бар шығар,
Қалыппен өлмей мен қайта.

Қарындасым, қарағым,
Көзімнен ақты бұлағым.
Ертеңді-кеш зарласам,
Есітер ме екен құлағың.

Ерлігімнен не көрдім?! 1960. Қара жер болды тұрағым.

Шығуым қиын ойласам,
Жетпейді қолым бойласам.
Енді қандай қыламын,
Бір емшектен еміскен,

Тай құлындай тебіскен,
Қарындасым, Қарлығаш
Ақырын Ақтан сұрағын?!
Су сұрасам, бал берген,

Жая десем, жал берген, 1970. Кәріп анам, кәйтейін,

Орда жатыр зарланып,
Өлгенде көрген шырағың?
Айналайын, жан ана,
Өлгенде көрдің бір бала,

Бір ағаштың басында
Көгертпедің екі алма.
Бір Құданың ісі күшті,
Басқа салды мүшкіл істі.

Ырза бол, нан, сүтіңе, 1980. Тірідей балаң көрге түсті.

Осыны айтып болғанда,
Жылап шаршап, талғанда.

– Кеттім бе деп арманда,

Орда жалғыз қалғанда.
Шығатұғын күн қайда
Мынау бес күн жалғанға?
Отырды бала зарланып,

«Кім бар, кім жоқ, – деп жылайд, –
Келгенше заман айналып».

1990. Өлі де емес, тірі емес,

Әр қиялды ойланып.
Сол уақыттар болғанда,
Қандеққе кірді бір жарық.
Ыраушан болып күндіздей,

Атқандай болды таң жарып.
Мысалы гауһар шамшырақ,
Қарады бала аңғарып.
«Тілекті Алла берді, – деп,

Бабалрым келді», – деп. 2000. Тәуетті барып айналып,

Сол уақытта бір мысық
Келді жетіп жүгіріп,
Бір таба піскен нанды алып.
Балаға нанды бермекке

Ыма қылды оңданып.
Неше күн жатқан аш бала
Мысықтан жеді нанды алып.
Өлмесе де өлімші

Болған екен сандалып. 2010. Мысықты жұмсап отырған

Ғайып-ерен қырық шілтен.
Баланы сүйеп қолға алып,
«Кетпесін – деп, – бала өліп,
Аруақтар тұрды қозғалып.

Жатқаны жалғыз болмаса,
Самалы қалды оңалып.
Қан ойнаған баладай
Ойнады мысық бұралып.

Баланың мейірін қандырды, 2020. Әр түрлі ойын шығарып.

Ермектесіп отырды,
Екі жақтан құралып.
Не десе кеулі тынады
Келеді мысық күнде алып.

Сол уақытта Шұбар ат
Алдына келсе тістеді,
Әр түрлі жұмыс істеді.
Артына келсе тебеді,

Бетіне түгіл Шұбардың 2030. Сыртына адам кемеді.

Жем қояды шөбімен,
Ешбірін Шұбар жемеді.
Бұл шәһардің ішінде
Мұсылман адам кем еді.

Ішіне бөтен сіңбеген,
Бәрі де қалмақ елі еді.
Өнік жері қалмақтың
Үйіп жатқан кен еді.

Қаншама көп болса да, 2040. Шұбарға әлі келмеді.

Неше дәулер жабылды,
Бәрін де Шұбар сүйреді.
Біріне-бірі соқтығып,
Қабырғасы күйреді.

Ұшып кетіп кәлләсы,
Көбейді қалмақ өлгені.
Ордада тұрды ойнақтап,
Шұбарға ешкім мінбеді.

Жанның бәрін сәрсең ғып, 2050. Бір Шұбар-ақ талдырды.

Ашуланып падиша,
Әр жерден ұста алдырды.
Енділігі жеті кез
Темір үйді салдырды.

Темір үйге тастады
Шұбар атты кіргізіп.
Аптада берді бір бау шөп,
Ашықтырып жегізіп.

Он күнде суды бір беріп, 2060. Шөлге де қойды көнгізіп.

Шынжырлап мойнын ноқталап,
Жетектейді жүргізіп.
Шығармайды далаға,
Дарбазасын ілгізіп.

«Арықтатып шұбарды,
Бассақ, – дейді, – құмарды,
Патшаға мінгізіп».
Баланы тастап қандекке,

Шұбарды салып әлекке, 2070. Атаңа нәлет қу мыстан

Еңбекті кетті күйгізіп.
Шұбар атты тындырып,
Баланың белін сындырып,
Мыстан кемпір келеді.

Падишаны көреді.
Келе сөйлей береді:

– Құлағың сал, падишам,

Келінімді бер, – деді.
Балаңа қызым берем, – деп,

2080. Серт қылғансың сен, – деді.

Айнысаң, патша, оныңды айт,
Есебін табам мен, – деді.
Балаңнан балам кем емес,
Ұзатқаның жөн емес.

Айыбы таз демесең,
Балаңа балам тең, – деді.
Кемпірдің айтқан бұл сөзін
Халықтың бәрі жөн деді.

Сонда патша сөйледі: 2090. – Тыңда сөзді, анамыз,

Он бірде биыл баламыз,
Жиырмаға келген соң,
Той-томалақ қыламыз.
Тоғыз жыл мәулет беріңіз,

Оған дейін шыдаңыз.
Балаға бала үйренсін,
Сізбенен біз құдамыз.
Ана, сенің ісіңе

Тілектес болып тұрамыз. 2100. Жақсылыққа жақсылық,

Біз неге мойын бұрамыз.
Бәрі сіздік болды ғой
Жиған-терген малымыз,
Қазынадағы барымыз.

Жиырма жылға келген соң,
Келініңді алыңыз.
Көпті көрген көне едің,
Бұл сөзіме наныңыз.

Қарар тапса көңілің, 2110. Үйіңе енді барыңыз.

Бұл сөзді айтып ырза ғып,
Шығарып салды ханымыз.
Ендігі сөздің қысқасы,
Бұрынғылардың нұсқасы.

Ханның қызы Қаракөз
Мұнан да хабар алыңыз:
Қаракөзайым бір күні
Келді жетіп ханына,

Айтайын деп бір сөзді 2120. Әкесінің алдына:

– Әке, маған бір үй бер,

Тігейін барып саяға.
Жүз серке бер, ойнатып,
Сап қояйын қораға.
Бетіменен жайылсын,

Қамамайық сораға.
Қырық қыз нөкер қосып бер,
Сүрейін дәурен далада.
Тоғыз жылың біткен соң,

2130. Келейін көшіп қалаға.

Армансыз болып кетейін,
Беретін болсаң балаға.
Шөбіме түссе кетейін,
Таз дегенмен бола ма?

Сен берсең, ата, мен көндім,
Наяты ол бір жара да.
Ырза болды Тайшық хан
Қызының айтқан сөзіне.

Қуанып қалды көңілі 2140. Қапа боп жүрген кезінде.

Бәсірең деп жүз серке
Бөліп берді өзіне.
Бір үйді тікті жайнатып,
Ішіне бұлбұл сайратып,

Тасбұлақтың көзіне.
Жар шақыртып қалаға,
Мәлім қылды далаға.
Жігіт түгіл қыздар да

Баспайтын болды ізін де. 2150. Еріккен қыздар түседі

Бұлақтың күнде көзіне.
Ханның қызы Қаракөз
Ашық еді көргеннен
Алпамыс ердің жүзіне.

«Оңаша жайда жолығып,
Сөйлессем, – дейді, – өзіне».
Сонда да кезі келмеді,
Ізденген бейбақ көзіне.

Қыздарға мұны айтпайды, 2160. Айтайын десе батпайды.

Күн шығу мен күн бату
Арасында жатпайды.
Ойына алса бір жерді,
Бір бармай оған қайтпайды.

Құнан қойдай бой тастап,
Бәйге атындай ойқастап,
Мойнына алқа жай тастап,
Шығады қыздар қыр жаққа.

Бір күні кетед о жаққа, 2170. Бір күні кетсе тау жаққа,

Бір күні кетет ой жаққа,
Ұсталуы рас баланың.
Тастағанын білмейді,
Алып барып қай жаққа.

Сонда да кезі келмеді
Ізденген сорлы бейбаққа.
Самауырынды қайнатып,
Дастарқанды жайнатып,

Қыздарды түнде ойнатып, 2180. Бұлбұлды күнде сайратып,

Қылады қыздар тамаша.
Жан бармайды оңаша.
Бір күні суға бармаққа,
Шомылып қыздар алмаққа.

Құндыздай шұбап күлді қыз,
Бұлақтың келді басына.
Жалаң аяқ аяғы,
Қолында талдан таяғы,

Штанын түріп тізеге, 2190. Кемпірдің ұлы баяғы

Жетіп келді жүгіріп
Қыздардың енді қасына.
Қыздарды көріп қылмыңдайт,
Болғандай бұрын ашына.

Қаракөзайым қарайды,
«Қандай есер неме» деп,
Әкесі берген досына.
Ойынға тоймас кезі екен,

Он беске келген жасы да. 2200. Ұмтылады қыздарға

Кепешін басып басына.
Орамал тартып шекеге,
Самайын жүр жасыра.
Сүйкенеді қыздарға

Қотыр нардай қышына.
Түйебас қылып қырық қыз
Алып ұрды жездесін,
Тастақтын барып тасына.

Ұшып кетіп кепеші, 2210. Жарылды тасқа басы да.

Қаны менен іріңге
Былғанды қыздар шашы да.
Тұра қашты сытылып,
Шыдай алмай астында.

Жабылып қыздар қуды енді
Тасбұлақтан асыра.
Күніге келед таз батша,
Елемейді бала да.

Төбелесіп ойнайды, 2220. Балалрда ар бар ма?

Қыздар ұрса қуанад,
Көңлі ырза жараға.
Бар болғаны қарғысы:
«Барарсың – дейді – қалаға.

Берерсің – дейді – жазаңды,
Алайын деп барғанда.
Ойнап-күлер шағымда,
Қалыңдар – дейді – арманда».

Осыменен жеті жыл 2230. Өткізді қыздар далада.

Сыңсыма Баян секілді
Дәурен сүрді арада.
Жеті жылдың ішінде
Көрінбеді кісіге.

Бір бармады қалаға,
Ата менен анаға.
Адамзаттың баласы
Мұнша ашық бола ма?!

Ханның қызы Қаракөз 2240. Қарайып алды қанына,

Екі көзі далада.
Бір көрмекке ынтық боп,
Алпамыс берен балаға.
Жүз серкесі патшаның

Қыздардың жүрді қолында.
Әрқайсысында бір қоңырау
Тағулы жүр мойнында.
Тұла бойын үкілеп,

Әсемдеп қойған бойын да. 2250. Патшаның ақылы

Соямын деп жүр тойында.
Екі жылда той қылмақ
Патшаның ойында.
Жалғыз қызы Қаракөз

Көңілі Ақтың жолында.
Кейқуат дейтін тазша
Бағатын еді оны да.
Жеті жыл ұдай серкенің

Жүретін еді соңында. 2260. Ерте кетіп, кеш келіп,

Жаятын еді Қырымға.
Серкелері семіріп,
Келмейді мойнын бұруға.
Әрқайсысы жылқыдай,

Бармайды қолы ұруға.
Бір күні серке ойнады
Арыс салып секіріп,
Алпамыс жатқан орына.

Енді серке ойнады, 2270. Ойынға бәрі тоймады,

Айқайлады Кейқуат,
Айқайға серке болмады.
Қандеқтің аузын талқандап,
Бұзылмасқа қоймады.

Ордағы жатқан бейбақты
Күллі әулие қолдады.
Енді серке секірді,
Біріне-бірі асылып.

Екеу-екеу сүзісті, 2280. Бірін-бірі қашырып.

Тұяғымен серкенің
Қақпағы кетті ашылып.
Тайып кетіп тиегі,
Ойнақтаған серкенің

Түсіп кетті біреуі.
Қуаныш кіріп көңіліне,
Жарылып кете жаздады
Алпамыстың жүрегі.

Қашанға дейін жыласын, 2290. Қабыл болды тілегі.

Әлқисса, Кейқуат таз ордың басына, Алпамыстың қасына келіп айқай салды: – Ей, Алпамыс, қайдасың, серкем түсіп кетті шығарып бер, Қаракөзайым маған ұрсар, – деді. Онда Алпамыс: – Әй, кембағал, серкеңнің маған күніге біреуін беріп, мені бағып-қақ, егерде, ордан аман шықсам, өзімнен бұрын сені мұратқа жеткіземін, – деді. Онда Кейқуат ашуланып: – Жеті қабат жердің астында жатып мақсатқа жеткіземін дейсің, сенің бұл күніңді өзіңе көп қылайын, – деп, бір диірмен тасты дөңгелетіп әкеліп үстіне тастап жібереді. Алпамыс тасты қағып алып, салмақтап тұрып қайтып лақтырып жіберді. Тас басынан асып кетті, Кейқуаттың зәресі қашып кетті. Кейқуат жаман сасып қалды, тас келіп бір етегін басып қалды. Онда Кейқуат ойланды: «Осының айтқанын қылайын, өлсем өлейін, өлмесем жақсылығын көрейін», – деп. Серкенің күніге біреуін беріп тұрды. Сөйтіп жүріп серкенің бәрін тауысты. Бір күні Алпамысқа келіп: – Ей, Алпамыс, серке таусылды не ғыламын? – деді. Онда Алпамыс айтты: – Мынау серкелердің мүйізі, қабырға сүйегінен сырнай істеп қойдым, соны қыздардың жолына барып тарт, сені ұстап алып кім қылды деп сұрар, айтып қойма. Бірақ ханның қызы Қаракөзайымға сездір, – деді. Кейқуат сырнайды алып қыздардың жүретін жалғыз аяқ жолы бар еді, соған келіп жабындының астына жатып сырнайды аңқылдатып тартты. Қыздар естіп, қарап жүріп тауып алды. – Ей, Кейқуат, мұны кім қылды, қайдан алдың? – деп қыздар сұрады. Кейқуат айтпады. Қыздар отқа қақтады, бұтын таптады, сонда да айтпады. Сол уақытта Қаракөзайым: «Маған шынын айтатын шығар», – деп, оңашаға шығарып алып сұраған жері еді.

Қаракөзайым сөйледі:

– Молдалар сызған ала хат,

Біздерменен бас қосып,
Ойнап-күлмек салтанат.
Қолыңдағы сырнайды
Кім қылды екен, Кейқуат?!

Сұрағанды шын айтсаң,
Сені тәуір көрейін.
Шыныңды айтшы, Кейқуат,

2300. Не тілесең берейін.

Қандай пері қылды екен,
Көзімменен көрейін.
Егер қылса адамзат,
Жолында соның өлейін.

Кейқуат сонда сөйледі:

– Базары пышақ балдақы,

Нәсілің сенің қалмақы.
Шыныңды айт деп қинадың
Көп ішінде, салдақы.

2310. Бір адам қылды ордағы.

Ор ішінде бәнде боп,
Алпамыс берен қалған-ды.
Бірдеме қылсаң, салдақы,
Мұны Алпамыс қылған-ды?!

Қаракөзайым сөйледі,
Ақылменен тағы ойлады:

– Айналайын, Кейқуат,

Сол Алпамыс қайда еді?
Алпамысты есітіп,

2320. Ғашық оты өртеді.

Кейқуатқа ілесіп,
Жүгіре басып кетеді.
Арқасы күнге күймеген,
Табаны жерге тимеген

Ханның қызын ертеді.
Бұрынғы өткен халықтан
Осылай екен ертегі.
Бір жерлерге барғанда,

Тазша амал табады. 2330. Шаршадым деп жүрместен,

Сонда жата қалады.
Қаракөзайым қабынды,
Жүре гөр деп жалынды.
Ғашық жарын есітіп,

Қыздың беті гүлденді.

– Берейін саған пұл, – деді.

Шыныңменен шаршасаң,
Кел мойныма мін, – деді.
Кейқуат қылды кесірді,

2340. Екі аяғын көсілді.

Желке шашын тізгін ғып,
Бар киімін шешінді.
Екі емшекке тепкілеп,
Келе жатқан секілді.

Кейқуат сонда сөйледі:

– Қарақан тауда, қаншайым,

Жарылқаса еркі Ием,
Алпамысқа жүр жылдам,
Шу, жануар, ту бием.

2350. Келді ордың басына,

Алпамыстың қасына.
Алпамыс ордың ішінде,
Сөйлесті кіші бесінде.

Онда ордың басына келіп Қаракөзайым: – Алпамыс, бармысың? – деп айқайлайды. Алпамыс: – Бармын, – деп жауап берді. Онда Қаракөз айтты: – Сенің жолыңда жүргеніме жеті жыл болды, сонан бері келгенім де көргенім осы, енді мен сені қандай ғып шығарып аламын, – деді. Онда Алпамыс айтты: – Сен мені шығарып ала алмайсың, шұбар атым қайда, сол шығарады, – деді. Қыз айтты: – Атың патшаның қолында жеті қабат темір үйде. Сыртынан қанша адам бағады, мен оның маңайынан жүре алмаймын, – деді. Онда Алпамыс айтты: – Мына бір кемзалыма неше жылдан бері терім иісі сіңіп кетті, осыны ішіңнен ки, шашыңды түй, әкеңнің аулы-жайын аралап, диуана болып жүр, – деді. Онда қыз: – Құп болар, – деп, кемзалды киіп алып, шашын шекесіне түйіп алып кәлендерлік киім киіп, әкесінің ордасын аралап айналып жүре берді. Жел жағынан ық жағына өтіп бара жатқанда, Шұбар ат темір үйді теуіп жіберіп талқан қылып мойнынан асырып жіберді, бағып тұрған қалмақтарды қашырып жіберді. Оқыранып шауып келіп диуананың қойнына тұмсығын тығып, үш мәртебе айналып тұра берді. Онда патша келіп: – Жынды диуана, сен Алпамыстың өзімісің, болмаса көзімісің? – деді. Диуана айтты: – Е, патша, Алпамыс менен он есе үлкен емес пе? – деді. Патша ойланып: – Алпамысты көргемін, ол сенен үлкен тұғын, – деді. Диуана айтты: – Мен ілгеріде Жиделі Байсын деген жерге, Қоңырат деген елге барған едім. Сонда бұл Байшұбар құнан еді, ит тиіп ауырған екен, мен түкіріп емдеп жазған едім. Диуана сол күнде қандай едім, казір қандай күйде тұрмын деп маған шағып жылап тұр, – деді. Онда патша айтты: – Ей, диуана, осы Шұбар маған үйренбей жүр, үйретіп берші, – деді. Диуана: – Құп болады, үйретіп берейін, – деді. Онда патша: – Не берейін? – деді. Диуана айтты: – Тақсыр, қырық арқан, қырық қойдың құйрығын, Алапмыстың қару-жарағын беріңіз, – деді. – Мен кайтер екем? – Жеті күн өтіп, сегізінші күні келіңіз, – деді. Үйретіп берейін, шарқ ұрып көше-көшеде жүріңіз, – деді. Патша бәрін түгендеп берді. Алпамыстың қару-жарағын, киім-кешегін бірін мойнына, бірін беліне байлап, патшаны «үйіңізге бара беріңіз» деп алдап шығарып салып, диуана Шұбар атты жетектеп орға қарап келе жатқан жері екен:

Қаракөзайым қуанып,
Қапалы көңлі жұбанып,
Темір үйдің ішінен
Шұбарды алды шығарып.

Сол уақытта Шұбар ат
Үш мәртаба айналып,

2360. Тұмсығын тықты қойнына.

Арқа-басын сипалап,
Тұмарын тақты мойнына.
Жау-жарағын, киімін
Сыйғызды тұла бойына.

«Мінетұғын болдым», – деп,
Патшаның кірді ойына.
«Екі жыл ұдай қатырып,
Шабамын, – деп жүр, – тойымда».

«Тақ, жануар, так, так» деп, 2370. Шұбар атты жетектеп.

Жоламаңдар қасына
Өлтіреді тентек» деп.
Қалмақты кейін қашырды,
Қыз айласын асырды.

«Қай көшеден өтет деп,
Басып-жаншып кетет» деп.
Шұқыр жер болса тығылып,
Қалмақтар бойын жасырды.

Жаңа ұстаған құлындай, 2380. Жылтылдаған жұлындай,

Жетіп келді алысып,
Екі қолы қарысып,
Алпамыс жатқан орын-ай.
Қандаққа арқан жіберді,

Бір ұшын байлап мойнына-ай.
Кетті арқан салбырап,
Шынжырлары салдырлап.
Қараса бала жоғары

Келеді арқан жалбырап. 2390. Қуанған менен қорыққан бір,

Түрегелді қалдырлап.
«Өтірік пе, шын ба?» деп,
Ұстады барып Аллалап.
Ғайып-ерен, қырық шілтен

Көтерді жерден қауғалап.
Бабай ғұмар шашты Әзиз
Келе жатыр аймалап.
Қаракөзайым тартады

Жер түбінен саумалап. 2400. Тартты Шұбар ышқынып,

Жерді тепсіп пысқырып.
Бір минуттің ішінде
Келіп қалды шамалап.
Шықты Алпамыс қайқаңдап,

Ордың басын жағалап.
Ордан шығып алғансын,
Кеулі мекем толғансын,
Құйрыққа әбден тойғансын,

Қуаттанып болғансын, 2410. Жарағын киді сайланып.

Жалаң қылыш байланып,
Ызасы өткен қалмаққа
«Шабайын» деп ойланып.
Омырауын иіскелеп,

«Жылдам мін» деп тістелеп,
Тұрды Шұбар айналып.
Алмадай мойны ұзарып,
Екі көзі қызарып,

Құйрығын салып сыртына, 2420. Жан-жаққа тұрды таңланып.

Кіндігін тартып бауырына,
Құйрығын салып сауырына,
Жерді теуіп ысқырып,
Жын ұрғандай сандалып.

Темір үйдің ішінде
Жеті жыл жатқан қамалып.
Қырық арқан бойы зынданнан
Егесін алды шығарып.

Үш секіріп, үш түсті, 2430. «Шабамын» деп қуанып.

Сөйлесті біраз екі шер
Біріне-бірі білдіріп.
Қалжыңдасып, ырғасып,
Әзілменен күлдіріп.

Баланың көңлін шат қылды,
Бетіне-бетін тидіріп.
Қапалығын шығарды,
Ақ тамағын сүйдіріп.

Бүйрегін тескен түйнектей 2440. Кетті бала бүлдіріп.

Нағылайық басқасын,
Іштеріңді күйдіріп.
Көтерді қыз қолтықтан,
Баланы атқа міндіріп.

Ақсаңдай басып жөнеді,
Қалмаққа ерді жүрдіріп.
Сол уақытта Алпамыс
«Алла» деп атқа мінді енді.

Жәрдем тілеп пірлерден, 2450. Қалмаққа қарай жүрді енді.

Шұбарды алдап алғанын,
Бір сойқанның болғанын
Ақылмен Тайшық білді енді.
Көзінің жасын ағызып,

Жағасын дал-дал жұлды енді.
Өгіздей-ақ өкіріп,
Өзін тақтан ұрды енді.
Керней-сырнай тарттырып,

Дағыра дабыл қақтырып, 2460. Қырық қақпалы қалаға

Тегіс хабар берді енді.
Әрқайсысы бір жақтан
Жүз мың әскер келді енді.
Майданға тақты құрғызып,

Қатар-қатар тұрғызып,
Тайшық хан таққа мінді енді.
Алды-артын бірдей ғып,
Сап тартып әскер тұрды енді.

«Мұның өзін қара деп, 2470. Қаңғырып жүрген бала» деп,

Мазақ қып әскер күлді енді.
Қалмақтың көріп күлгенін,
Алпамыс қыран түрленді.
Тайшық хан айтты: – Балуандар,

Замана бізге болды тар.
Шошынбайын деймін-ау,
Түсімде көрген сырым бар.
Патшалыққа лайық

Бірер күн ермек қылайық. 2480. Жекпе-жекке бірің бар,

Қайсың барсаң оның бар,
Шұбарын тартып мініп ал.
Шырылдатып тауықтай,
Желке шашын жұлып ал.

Аямаңдар бала, – деп,
Ала алмай жүрген кегі бар.
Сол уақытта бір қалмақ
Аты ердің Таймас ед.

Қолындағы күрзісі 2490. Отыз батпан алмас ед.

Қаһарланып сілтесе,
Тау болса да қалмас ед.
Бірге жасын жасасқан
Тайшық ханмен жолдас ед.

Неше майдан соғыста
Аш қасқырдай тоймас ед.
Ерегіскен дұшпанын
Еңселетпей қоймас ед.

Таймас айтты: – Падишам, 2500. Әуелі өзім барайын,

Айтқаныңды қылайын.
Ерікке берсең Шұбарды,
Баланың басын қағайын.
Ырза болсын күшіме

Көріп тұрған ағайын.
Осыны айтып болды да,
Шыға келді құтырып,
Ителгідей жұтынып.

Басқа қалқан төңкеріп, 2510. Күрзісін келді көтеріп.

Өзінен басқа жан жоқтай,
Жетіп келді ұмтылып.
Қарсы ұмтылды Алпамыс,
Ақ тұйғындай құнтиып.

Ауадан құйған тұйғындай
Бір ұрып кетті сыпырып.
Ұшып кетіп кәлләсі,
Денесі қалды отырып.

Астына мінген керігі 2520. Шыға келді ойнақтап,

Жап-жалаңаш сытылып.
Мұнан кейін бір қалмақ
Ашуланып, долданып,
Шыға келді жүгіріп.

Жапыратын немедей
Етегін белге түрініп.
Жауатұғын бұлттай
Келе жатыр құбылып.

Ұрсатұғын батырдай 2530. Қылышын белден суырып.

Бара ғой деген ешкім жоқ,
Өзінен-өзі жын ұрып.
Өлемін деген ойда жоқ,
Жігіттің буы ұрып.

Мұны көріп Алпамыс,
Тұра қалды кідіріп.
Басын қағып жіберді
Жұдырықпен бір ұрып.

Ұшқан кәллә жөнелді 2540. Қалың топты аралап.

Кеудесі жатыр орнында,
Қолымен санын сабалап.
Ұстайын деп қалмақтар
Кәлләға қарай ұмтылды,

Ортаға алып қамалап.
Жаны жоқ кәллә не білсін,
Бес-алтауын өлтірді,
Он шақтысын жаралап.

Сол уақытта Таймастың 2550. Жалғыз ұлы бар еді,

Жарап жүрген нар еді.
Қайсы бірін айтайын,
Сайманы түгел сай еді.
Тайшық хан айтты келді де:

– Майданға, балам, бар, – деді.

Әлгі ит өлді бекерге,
Әкеңнің кегін ал, – деді.
Күшіне сенген ер еді,
Әкесімен тең еді.

2560. Шыға келді құтырып,

Жарап жүрген нардай боп.
Сүйретіліп аяғы,
Кішігірім таудай боп.
Қарсы ұмтылды Алпамыс,

Қысыр емген тайдай боп.
Қарсыласты екі шер
Үркер мененен айдай боп.
Жетіп келіп қасына,

Салып кетті басына. 2570. Құлады қалмақ жардай боп,

Біле алмады өлгенін,
Келісімен қандай боп.
Үшеуі жатты теңкейіп,
Байлаған орып баудай боп.

Сол уақытта бір палуан
Келмейді оған әр палуан.
Келе жатыр ұмтылып,
Аяғын жерге сүйретіп.

Олай-былай шапқылап, 2580. Мінген керкін үйретіп.

Неше дәу, неше пілдерді
Өлтірген еді күйретіп.
Келе қалмақ сөйледі:

– Мұның қалай, жас бала,

Қайратқа сенген, мас бала?
Сірә, бір кезек бермедің,
Ерлердің жолын білмедің.
Сенің мұның масқара!

Батыр болсаң, кезек бер, 2590. Басыңа қалқан ұста да.

Сонда батыр сөйледі:

– Көзіме толды қанды жас,

Ешбіріңді көрмеймін.
Білгеніңді қыла бер,
Ажалсыз болсам өлмеймін.
Әдісің көп халықсың,

Сендерге, сірә, сенбеймін.
Қырық арқан бойы зынданда
Жеті жыл жаттым мен деймін.

2600. Жеті мың қалмақ өлтірмей,

Сірә да кезек бермеймін.
Осыны айтып болды да,
Екі ер соғыс бастады.
Шегінісіп қошқардай,

Бірінен бірі қашпады.
Тап бергенде, шап беріп,
Жағадан бала ұстады.
Бірін-бірі сілкілеп,

Ат үстіне мұштады. 2610. Қиқылдап қалмақ буынды,

Балаға күші аспады.
Мәлім болды халыққа
Баланың күші асқаны.
Ақ қанжарын суырып,

Заманасын қуырып,
Атыменен қалмақты
Екі бөліп тастады.
Мұны көріп Тайшық хан,

Екі көзін жастады. 2620. Бала тұрды ақырып,

«Жылдам кел» деп шақырып,
Қалмақтар қадам баспады.
Тайшық хан енді жылады,
Қайғыменен көзін бұлады.

– Жүз мың әскер келсін, – деп,

Жан-жаққа мойнын бұрады.
Енді қалмақ ат қойды,
Жүз мың әскер лап қойды.
Қарсы ұмтылды Алпамыс,

2630. Қамысқа түскен қудай боп.

Біреуді біреу білмеді,
Біреуді біреу көрмеді.
Аспаннан түскен нұрдай боп,
Есепсіз қалмақ қырылды.

Жабысқан будан удай боп,
Майданнан аққан қызыл қан
Сарқырап ақты судай боп.
Ол уақта еш соғыс

Өткен емес мұндай боп. 2640. Үрістем-Дастан бір майдан,

Өткен екен сондай боп.
Өліктер төбе боп қалды,
Төскейден шапқан қырдай боп.
Есебі жоқ өліктің,

Домалап жатыр пырдай боп.
Неше ерлер айрылды
Әскерінен жұрдай боп.
Қалған қалмақ жабылды,

Әр жерден қақты дабылды. 2650. Жердің жүзі көкпеңбек,

Күннің де көзі шағылды.
Құбыладан соққан дауылдан
Түрленіп бала қағынды.
Майданнан аққан қызыл қан

Өзенге симай ағылды.
Қылыш тисе шақ етед,
Мылтық тисе тақ етед.
Мысалы бала шойынды,

Күннен-күнге өшігіп, 2660. Көрсетті батыр ойынды.

Бес байталдың кесірі
Қанша ердің басы жойылды.
Қалғаны қалмақ қайрылып,
Бірінен-бірі айрылып,

Қалаға қашып барады.
Бекітіп алды қаланы,
Далаға тастап баланы.
Қалаға бала кіре алмай,

Неғыларын біле алмай, 2670. Бұл шәһарді айналып,

Түнімен бала шабады.
Түн ортасы өткенде,
Таң мезгілі жеткенде
Бір тесікті табады.

Ар жақтан хабар алмаққа
Тесікке шауып барады.
Көрінбейді ешнәрсе,
Абайлап әбден қарады.

Астындағы Шұбар ат 2680. Осқырып, үркіп бармады.

«Не бар ед, – деп, – тесікте,
Кірмейсің, – деп, – есікке»,
Шұбарды бала сабады.
Ашуымен қамшының

Енді Шұбар ырғыды,
Оқ жыландай сырғыды.
Арқан бойы жазылып,
Тесіктің асты қазылып,

Өтіп кетті лып етіп, 2690. Жерге тимей аяғы,

Асыл біздей жылт етіп.
Ар жағына бір жерге
Түсті барып дік етіп.
Шынжыр арқан, темір тор

Түсіп қалды сылқ етіп.
Салмағына шыдамай,
Шұбар да қалды ыңқ етіп.
Тесіктің асты ор еді,

Ор жағалай отырған 2700. Қалың әскер қол еді.

Кірмегені Шұбардың
Әсіресе сол еді.
Қазыналы хандағы
Есепсіз түрі мол еді.

Балаға тағы жабысты,
Ілескен жастан сор еді.
Атаңа нәлет қалмақтар
Бір ақыл ойлап табады.

Жалғыз ауыз жол қылып, 2710. Бекіткен екен қаланы.

Темір шынжыр арқаны,
Ұстап берді баланы.
Ауырлығы бір батпан,
Бұршақтай шоқпар ұрады.

Деңгелге қаққан қазықтай
Қасқайып бала тұрады.
Берен мылтық батырлап,
Бұршақтай оғы жауады.

Балағынан баланың 2720. Судай болып ағады.

Ғайып-ерен қырық шілтен
Бәрін де қолмен қағады.
Алпамыс тағы зарлады,
Құдайға қылып наланы:

– Жад еттім әуел жалғыз Хақ,

Өзің жалғыз, мен де тақ,
Тақ ерлерге өзің жақ.
Өзің жалғыз, мен жалғыз,
Беремін десең кәне бақ?!

2730. Аға-іні менде жоқ,

Өліп кетсем артым-артымша-ақ.
Қысылғанда қолдай көр,
Әкеме берген аруақ.
Түп қараағаш қасында,

Ақ шеңгелдің басында
Жылы бұлақ бір бұлақ,
Армандамын бара алмай,
Басыңа жағып жұп шырақ.

Қолдай көр бүгін балаңды, 2740. Сіздер – жарсыз, біздер – лақ.

Айналайын, Шұбар ат,
Бұл дүниеде барма екен
Мен секілді ақымақ?
Ғайып-ерен пірлерім,

Бұл бәледен өзің қақ.
Келіп түстім торға,
Кемпір салды орға.
Жеті жылды өткізіп,

Шығып едім зорға. 2750. Алмаймын деп тіліңді,

Тағы түстім торға.
Тепкеніңде кемпірді,
Өлтірмедің сонда.
Сексен сегіз сәруәр,

Тоқсан тоғыз мың машайық,
Балаңды өзің қорға.
Осыны айтып өкірді,
Келгеніне өкінді.

Өкінгенін білді де, 2760. Астында Шұбар секірді.

«Жазым болып кетер» деп,
Үстінде бала бекінді.
Шынжыр арқан, темір тор
Жүн-жүн болған секілді.

Тағы Шұбар бұлқынды,
Үстінде бала жұлқынды,
Қамалып тұрған қалмаққа
Жалғыз бала ұмтылды.

Енді қалмақ сасады, 2770. Қақпаның аузын ашады.

Біріне-бірі қарамай,
Қақпаға құлып сала алмай,
Бет-бетімен қашады.
Алдыңғы жағын қалмақтың

Арт жағы келіп басады.
Көп мырзаны ат басты,
Өліктері қан тасты.
Көбісі таудан енді асты.

Көк орданың басында, 2780. Көк өзеннің қасында

Тайшық хандай ханына
Алпамыс берен айқасты.
Қарсыласып қалысты,
Тайынбай найза салысты.

Біріне-бірі айла ғып,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі
Біраз жерге барысты.

Найзаларын тастасып, 2790. Қылышпенен салысты.

Ат үстінен жүгіртіп,
Бірін-бірі шабысты.
Ошал майдан ішінде
Түзетті бұлар ұрысты.

Ойын екен бұрынғы,
Ірілетті жұмысты.
Ордан бала шыққалы
Алған жоқ әлі тынысты.

Екеуі де болдырып, 2800. Атының басын бұрысты.

Екеуі де болдырып,
Бірер сағат тұрысты.
Тағы айқасты екеуі,
Жарқылдап шауып қылышты.

Сол уақыттар болғанда,
Бала шаршап қалғанда,
Ғайып-ерен қырық шілтен
Балаға келіп болысты.

Ғайып-ерен келгенсін, 2810. Балаға жәрдем бергенсін,

Бала судай тасады,
Қайтадан қайрат шашады.
Алпамыстың аруағы
Тайшықтың үстін басады.

Мұны біліп Тайшық хан,
Қалаға қарай қашады.
Қақпаның жетіп аузында,
Тайшық ханды шаншады.

Састырды енді хандарын, 2820. Шырқыратып жандарын.

Талауға салып жіберді
Қазынадағы малдарын.
Өлтірді дұшпан бектерін,
Найзамен шаншып бүйректен,

Алды әбден кектерін.
Біріне-бірін қоспайды,
Арт жағынан келгенін.
От қойып өртеп жіберді,

Бір жерге жинап өлгенін. 2830. Қаланың аузын қан қылды,

Айдарлысын құл қылды,
Тұлымдысын тұл қылды.
Көрген түсін Тайшықтың
Өтірік емес шын қылды.

Ашуы баланың тарамай,
Кез келгенін қырады.
Бір жерлерге келгенде,
Баяғы мыстан шешесі

Көлденең тартып тұрады. 2840. Әуелгі дұшпан кемпір ед,

Заманын қандай қылады?!
«Осыны кәйтсем екен», – деп,
Ар жаққа кеулін бұрады.
Жаны шығып шошайып,

Әр жерге кемпір бұғады.

– Аманбысың, шеше? – деп,

Мазақтап бала сұрады.

– Жүрмін ғой, – деп, – шырағым,

Қамығып кемпір жылады. 2850. Жұдырығын түйіп ап,

Ауызға бала ұрады.
Екпініне шыдамай,
Шалқалап кемпір құлады.
«Осы аузың маған қылды», – деп,

Езуін тіліп жырады.
Талқан болып ауызы,
Азудың бәрі сынады.
Толғанынша іспелеп,

Аузына тасты тығады. 2860. Жарылып кетіп жүрегі,

Осымен кемпір тынады.
Тірсегінен тіледі,
Бәйтерекке іледі.
Көрсетіп қойды халыққа

Үрген местей бұлтитып.
Бар киімін шешіп ап,
Бөксесін қойды тыртитып.
Дұшпанның бәрін өлтіріп,

Батырдың көңлі тынады. 2870. Қалмақтың өлмей қалғанын

Дін мұсылман қылады.
Кейқуатқа көндіріп,
Бағындырып қояды.
Патша болды Кейқуат

Қалмақтың қалың еліне.
Әділдігін жүргізді,
Ешкімнің көнбей ебіне.
Бақ қонарда жігітке

Азы не, сірә, көбі не. 2880. Керней-сырнай тарттырып,

Даңғыра дабыл қақтырып,
Барып түсті Алпамыс
Қаракөзайым үйіне.
Кер маралдай керіліп,

Басарына ерініп,
Ханның қызы Қаракөз
Түсті шалқып күйіне.
Қыздар жүр бетін шымшылап,

Тиіп ек деп көңіліне. 2890. Енді қыздар ойнады,

Қой десе де қоймады.
Тізесіне асылды,
Шөге жатқан нардай боп.
Мойнына асылды,

Қысыр емген тайдай боп.
Түзетті қыздар қатарды,
Құлаған жаңа жардай боп.
Ортада отыр Қаракөз

Он бесте туған айдай боп. 2900. Қызыл күрең іреңі

Құбылып отыр жындай боп.
Адамзаттың баласы
Туады екен мұндай боп.
Оқтаудай бойы бұралып,

Тартып қойған сымдай боп.
Сөйлеген сөзі қырмызы,
Қамрыдан тартқан қылдай боп.
Сүйкеніп өтсе денесі,

Тиеді жұмсақ ұндай боп. 2910. Арманы бар ма жігіттің,

Қосылса жары сондай боп.
Жүрметүз деген бір қыз бар
Қыздардың жүрген ішінде.
Сүрме тартып көзіне,

Орнатқан гауһар тісіне.
Алтын шашбау жарқылдап,
Байлаған шаштың ұшына.
Барлық кесір өзінде,

Екі аяғын көсіле, 2920. Басқа қыздар істесе,

Ұшырайды кесірге.
Өзіне майдай жағады,
Басқаменен ісі не?
Құлпырады құбылып,

Неше алуан түсі де.
Қараңғы үй жарық болды
Жатарында шешіне.
Ата-анасы болмаса,

Көрінбеген кісіге. 2930. Жер астындағы гауһардай

Болады кімге несібе?!
Аламын деген дәулер көп,
Сыртынан жүріп есіре.
Кейқуат келіп ойнаса,

Итереді өшіге.

– Өңім түгіл, Кейқуат,

Көрінбе дейді түсімде.
Басы ойын алысып,
Аяғы шындап ұрысып,

2940. Қалған екен екеуі

Сол күні күннің кешіне.
Кейқуат кетті ыза боп,
Шыдай алмай пешіне.
Жүрметүз келді құбылып

Алпамыстың қасына.
Мойынынан құшақтап,
Отыра кетті асыла.
Алпамыс айтты: – Жүрметүз,

Кесірің бар басыңда. 2950. Достығың маған белгілі,

Әрмен жүр енді, асылма.
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
Бар қылғаның осы ма?
Жүрметүз сонда сөйледі:

– Не десең де еркің бар,

Қақпаймын, жезде, қолыңнан.
Жаңа жеттік мұратқа,
Осы келген жолыңнан.
Аруағыңа ырзамын

2960. Ажыратқан сорыңнан.

Патшалыққа амал не,
Шықпай жүр ме ойыңнан.
Жердің дәті қалмайды,
Қыздардың шықсаң қойнынан.

Жердің асты у болар,
Арылар сонда бойыңнан.
Бұл сөзді естіп Алпамыс,
Қарғып тұрды орнынан.

Кейқуатқа некелеп, 2970. Қосып берді қолынан.

Ырза болды Жүрметүз
Болғандай ғашық бұрыннан.
Танадай көзі жарқылдап,
Алтын кебіс сартылдап,

Ілесіп алып жөнелді
Кейқуаттың соңынан.
Келіп мініп тағына,
Ие болып бағына,

Арылды жазған сорынан. 2980. Боларында кісіге

Келеді қайдан несібе.
Болмасына келгенде,
Жіберер ісін өшіре.
Кейқуат айтты: – Жүрметүз,

Қылғаның бар ма есіңде?
Өзіңе өзің берік бол,
Түсірейін есіңе.
Жүрметүз айтты: – Падишам,

Жүр едім сізді пісіре. 2990. Қалжың менен ойынды

Сақтапсыз сіз басыңа.
Осыны айтып Жүрметүз,
Көрпеге кірді шешіне.
Ақылы бар, мый толық,

Тұрады сөзді түсіне.
Түсінбесең, мейілің,
Ұзатам сөзді несіне.
Түсінген халық, ырза бол,

Кейқуат патша күшіне. 3000. Керней-сырнай тарттырды,

Даңғыр-дабыл қақтырды.
Кіш-міш, мейіз жегізіп,
Шұбар атын бақтырды.
Неше дәулер, неше ерлер

Қызметіне тақ тұрды.
Отыз күн ұдай той қылып,
Күніге көкбар шаптырды.
Ханның қызы Қаракөз

Алпамыс берен батырға 3010. Қосылмақты жақтырды.

Еңбектің көріп іретін,
Алпамыс қызды ап тұрды.
Осыменен арада
Отыз екі күн өтті.

Отыз үш болып түн жетті.
Қалмақтың қалың шәһарін
Кейқуатқа билетті.
Сол күні жатып ұйқыдан

Алпамыс батыр түс көрді. 3020. Түсінде жаман іс көрді,

Төсегінің үстінде
Бір күшіген құс көрді.
Түсі суық құс екен,
Бір түнде соны үш көрді.

Ақырында Алпамыс
Өзі барып ұшырды.
Айбатымен қорқытып,
Қайтадан жерге түсірді.

Кәлласін кесіп денеден, 3030. Өкпе-баурын пісірді.

Бір сойқанның болғанын,
Ауылын жаудың алғанын
Ақылмен байқап түсінді.
Ойланды бала қайтпаққа,

Жол азабын тартпаққа.
Қайғы түсті көңліне,
Тақат жоқ қайтып жатпаққа.
Қаракөзайымды оятты,

«Қайтамын» деп айтпаққа. 3040. Бұл сырды біліп Қаракөз,

Қарғып тұрды орнынан.
Қараса түннің іші екен,
Шошынды тұла бойынан.
Сол күні түнде түсінде

Ұшырған екен бұ дағы
Ақ тұйғын құс қолынан.

– Айтсаңшы енді, ерім, – деп,

Не сыр көрдің бүгін, – деп,
Құшақтады мойнынан.

3050. Алпамыс айтты баяндап

Түндегі көрген сырынан.
«Аһ!  деді қыз сорлы,
Арылмадым ба сорымнан?!»
Көзінің жасы ағылып,

Көрпенің шетін жамылып,
Тұра алмады қойнынан.

– Шұбарды әкеп ертте, – деп,

Көп кешігіп кетпе, – деп,
Тұрғызды сүйеп қолынан.

3060. Жылап-еңіреп жөнелді,

Ылажының жоғынан.
Жолға түсіп елбеңдеп,
Жылайды жазған еңкеңдеп.
Шешіп ала жөнелді,

Тұра алмады кідіріп.
Сылап-сипап ерттеді,
Көзінің жасы төгіліп.
Өксіп-өксіп жіберді,

Тізесін басып бүгіліп. 3070. «Қалдым-ай, – деп, – айрылып,

Қабырға кетті сөгіліп.
Сол уақытта Алпамыс
Далаға шықты жүгіріп.

– Кеттің бе, – деп, – шынымен?

Сөйледі сұлу бұрылып:

– Қош-аман бол, алғаным,

Алаша-төсек салғаным.
Табанымнан тас өтіп,
Маңдайыма күн өтіп,

3080. Қайғысын шектім даланың,

Қызығын да көре алмай
Ата менен ананың.
Қылатын ісі осы ма
Ақылы кәміл дананың?

Жаныңа сенің құрбан ғып,
Еліме ойран салғаным.
Ата-анамнан айрылып,
Сырдай болып қалғаным.

Еш болмаса балаң жоқ, 3090. Артыңда белгің қалған жоқ,

Ішімде кетті-ау арманым!
Арман емей немене
Алдыңнан кесте алғаның.
Алғаныңнан айрылсаң,

Қызығы бар ма жалғанның.
Мінемін дедің, мін енді,
Жүремін дедің, жүр енді,
Көрермін басқа салғанын.

Болмаса неғып ілесіп, 3100. Шұбар атқа мінгесіп,

Еліңе неге бармадым.
Қыз деген ердің олжасы,
Ат көтіне салмадың.
«Алғаның кәміл бірің» деп,

Аятын көрдім құранның.
Аман барып, есен жүр,
Жолыңа мен бір құрбаның.
Қош енді, ерім, қош енді.

Қош деп айттым үш енді, 3110. Әмірі шығар Алланың.

Алпамыс сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Затың әйел болғасын,

Ақылың сенің кем, – деді.
Мен кеткенсін, сен кетсең,
Бұзылмай ма ел, – деді.
Алла Тағала жар болса,

Шұбар атым бар болса,
Келемін демде мен, – деді.

3120. Алтын қазық сен болдың,

Айналатын мен болдым,
Тұра бер мұнда сен, – деді.
Ерлі-зайып арасы
Айтқаның да жөн, – деді.

Ақсұңқар ұшар жем үшін,
Туады ерлер ел үшін.
Болған білем ата-анам,
Қарақұс туған көгершін.

Жеті жыл болды кеткелі, 3130. Қандай боп қалды үй-ішім?

Үйде отырсаң, түзің жоқ,
Түзге шықсаң, үйің жоқ,
Жалғыздың күні құрысын.
Тоқтай алмай барамын

Ағайын-туған кем үшін.
Бейнет шектің мен үшін,
Келермін қайтып сен үшін.
Ырзалықпенен жауап бер,

Алысайық қол ұшын?! 3140. Осыны айтып Алпамыс,

Шұбарға келді мінгелі.
Құбылып шықты құлпырып,
Өңшең жібек кигені.
Көтерді сұлу қолтықтан,

Екі көзі сүрмелі.
Құшақтады мойнынан
Алпамыс берен сүйгелі.
Бетіне беті тигенде,

Ақ тамақтан сүйгенде, 3150. Басылды іштің күйгені.

Алты атарын асынып,
Жеңіне тығып жасырып,
Тұр еді сұлу өлгелі.
Қош айтысып сұлумен,

Алпамыс берен жөнеді.
Жөнеген кезде түн еді,
Анадай барып қайрылып,
Үш мәртебе келеді.

Айтатын басқа сөзі жоқ, 3160. «Шылым бер» деп тіледі.

Сарқанасын қыздырып,
Түзетіп әбден жөндеді.
Көзінің жасы ағылып,
Мойнына гауһар тағынып,

Күндіздей түнге шағылып,
Қолына шылым береді.
Ақылменен аңғарып,
Қимағанын біледі.

Қыз да болса дана еді, 3170. Әкесі Тайшық хан еді.

Ырахымы оның келеді,
«Есен барып, сау қайт», – деп,
Аузынан бата береді.
Сол уақта Шұбар ат

Ауыздық басып ауызға,
«Қоя бер» деп сүзеді.
Айтып ауыз жиғанша,
Қарап көзін тыйғанша,

Ғайып болды Шұбар ат. 3180. Кеткенін де білмеді,

Енді бала жөнеді.
Шұбардың басын түгеді,
«Алпамыс қашып кетті», – деп,
Қалмақтың келді көңліне.

Қашты деген ат болды,
Кетпегенсін көріне.
Ертеңіне ойланып,
Түсініп қалды Кейқуат

Алпамыс қылған ебіне. 3190. Ақылынан адасып,

Жынды адамдай пал ашып,
Ханның қызы Қаракөз
Отырды жылап күніге.
Енді Шұбар шабады,

Жер жобасын табады.
Аяғы тиіп ерніне,
Шабатұғын жүйрікке
Ылдиы не, өрі не,

Тигізбейді шаң-тозаң, 3200. Судай аққан теріне.

Күніге шауып жануар,
Түсті әбден күйіне.
Алпамыс жетсе үйіне,
Жіберер дейді үйірге.

Сол уақытта Алпамыс
Жад қылады еренді.
Шұбардың басын жіберді,
Таудан аққан тасқындай

Төгіліп Шұбар жөнелді. 3210. Адыр, адыр бел еді,

Адам қорқар жер еді.
Неше қиын жерлерден
Тегістей шауып келеді.
Мейлі дала, мейлі адыр

Теп-тегіс болды жер енді.
Айдын-айдын көл еді,
Көлдің де аты көп еді.
Жарбаңдап ұшқан қарғадай

Аяғы жерге тимеді. 3220. Сонда Алпамыс сөйледі:

– Айналайын, Шұбар ат,

Қолтығыңда бар қанат.
Жазым болып жығылсаң,
Бір шұқырға тығылсаң,
Өлмеймін бе мен, – деді.

Бұл сөзге Шұбар шамданып,
Мұнан да жаман өрледі.
Кешегі шабыс бүгін жоқ,
Төрт аяғы атқан оқ.

3230. Әр түрлі шабыс бастады,

Пайда еткен жоқ балаға
Шабыстан қорқып сасқаны.
Алдында жатқан аңғалды
Жерошақтай тастады.

Екі көзін тас жұмып,
Бала да ерден ұстады.
Енді Шұбар құтырды,
Ілгері қарай ұмытлды.

Құбылып ұшқан сұңқардай 3240. Жердің жүзін сыпырды.

Қалың жыныс ағашта
Қос құлақты жыпырды.
Ықтияр кетіп өзінен,
Ылажсыз бала отырды.

Басын жерге салмады,
Су ішіп мейрі қанбады.
Осындай болып танбастан
Отыз күн шапқан сықылды.

Келді Алпамыс сәламат, 3250. Құстай ұшты Шұбар ат.

Жиделінің шетіне
Жаман-жақсы әр жұмыс
Жігіттің болмақ ниетіне.
Жайылып жатыр көп жылқы

Жиделінің бетінде.
Оқыранды Шұбар ат,
Үйірін танып секіре.
Күллі жылқы шұрқырап,

Ілесіп алды көтіне. 3260. Анасы да бар екен,

Баласы да бар екен,
Тигізді бетін бетіне.
Айғырларын тістелеп,
Құлын-тайын иіскелеп,

Баланың көнбей еркіне,
Оқыранып Шұбар ат.
Жылқыдан алып сыбарат,
Шығарды даусын өкіре.

Жаңа түсті есіне 3270. Жүргеніне өкіне.

Тағы да бала тоқтады,
Босаған кеулі бекіне.
Аман-есен келгенсін,
Елінің шетін көргенсін,

Жеткендей болды сертіне.

Онда Алпамыс батыр көңлін қатайтып, жүрегін тоқтатып келе жатса, жолында бір шатыр тұр, Алпамыс шатырға келсе ішінде бес бек ұйықтап жатыр. Бес бектің алдында біреу мосыға шай қайнатып отыр. Біресе жылап, біресе қалғып отыр, назарын салса, әкесіне немере Құлтай деген бабасының Тортай деген жалғыз баласы бар еді, сол екен, бес бекке қараса, Алпамыс өзі барында жылқы бағатын бес құлы екен. Бұл бесеуін танып, жай-мәнісін сұрағалы диуаналық киім киіп: – Аға, бұл кімнің жылқысы? – деп сұрап тұрған жері еді.

Сонда Алпамыс сөйледі:

– Ассалаумағалайкүм,

Қараған тауда бабамыз,
Сірә, қабыл болғай да

3280. Аға сіздің тобаңыз.

Осы бағып жүргенің
Қандай бектің жылқысы,
Бейшара болған бабамыз?!
Кірекеш едік жолаушы,

Қалаға кіріп барамыз.
Байсын деген өз елім,
Жиделі байтақ қаламыз.
Бөтен емес, бөгде емес,

Осы жерде туған баламыз. 3290. Жеті жыл болды кеткелі

Ажырасып арамыз.
Біз кеткенде тірі еді
Ата менен анамыз.
Айналайын, Құдай-ау,

Хабарын кімнен аламыз?!
Сонда Тортай сөйледі:

– Мінген атың қаракер,

Жалғызға Құдай пана бер.
Заманым кеткен сорлымын,

3300. Менен несін сұрайсың?!

Көп сөйлемей жүре бер.
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде
Байбөрі деген бай еді,

Төрт түлік малы сай еді.
Маңлайында сорлының
Жалғыз ұлы бар еді,
Жалғыз да болса нар еді.

Байбөрінің жылқысын 3310. Тайшық хан алып жөнеді.

Әкесі айтты балаға:
 Артынан қуып бар, – деді,
Қалмақтан кегімді ал, – деді.
Ала алмасаң кегімді

Бенде боп сонда қал, – деді.
Шыдай алмай ашуға,
Артынан қуып жөнеді,
Кеткенсін қайтып келмеді.

Өткеннен де сұраймын, 3320. Кеткеннен де сұраймын,

Хабарын ешкім білмеді.
Жеті жыл болды кеткелі,
Ел-жұртым қалды демеді.
Ұшырадық зорлыққа,

Көніп жүрміз қорлыққа,
Тілекті Алла бермеді.
Ұлтан құл деген бек болды,
Болғанына көп болды,

Халыққа қорлық көрсетіп, 3330. Қазына-малды жеп болды.

Қарахан таудың түлкісі,
Келмейді ердің күлкісі.
Осы бағып жүргенім
Кешегі кеткен жас берен

Алпамыс ердің жылқысы.
Қарахан тауда қамалып,
Баяғыдай бола ма
Алпамыс келіп заманым?!

Ежіктеп мұнша сұрадың, 3340. Әр сөздің басын құрадың,

Естідің бе, қарағым,
Келіп тұр менің жылағым,
Кім едің өзің шырағым?!

Онда бұл сөзді естіп, бес бек ұйқыдан оянып: – Ей, қақбас, Алпамысты бізден сұра, Алпамыс қалмақтың қолында өліп кеткен, ел қыдырған диуана не біледі, шайыңды қайнат! – деп, ұрып-соғып қуалай берді. Онда Алпамыс батыр бес бекке келіп араша сұрап: – Жігіттер, бұларың қалай, мені сыйлаңдар, болмаса мен де сіздерге өнер көрсетемін, – деп тұрған жері еді.

– Араша, батыр, араша.

Арашалап бұлардың,
Қасына келді жанаса.

– Араша, – деп тілеймін,

Тыңлағын сөзім жараса.
Арашаны білмесең,

3350. Іс қыламын тамаша.

Қой-сәна, батыр, қой-сәна,
Ашуы жоқ бол-сәна.
Қой дегенге қоймасаң,
Түсіремін ой сәна.

Айналдырған алтауың
Бір кісідей бол-сәна.
Қой десе де қоймады,
Қоятұғын болмады.

«Бұл иттерді кәйтем», – деп, 3360. Ер Алпамыс ойлады.

Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Мойнындағы сотамен
Әрқайсысын бір салды.

Асаменен басқа ұрды,
Тұра алмастай тас қылды.
Бір ұрғанды көтермей,
Бесеуі де мырзаның

Жанын Аққа тапсырды. 3370. Бесеуі де өлгенсін,

Алпамысты көргенсін,
Тілегін Алла бергенсін,
Айқай сап Тортай өкірді.
Мұны көрген Алпамыс

Тақат қылып тұра алмай,
Атынан түсе секірді.
Бірін-бірі құшақтап,
Көзінің жасы бұршақтап,

Көрісе берген секілді.

Көрісіп болған соң Алпамыс айтты: – Ей, аға елдің жайы қалай? – деп сұрады. Тортай айтты: – Ей, шырағым, елдің несін сұрайсың, өзіңнің Ұлтан құлың бек болды, менің тілегімді тілемей, Алпамыстың тілегін тілейсің деп, әкеңді түйеге салып, атаң Құлтайды қойдың көтіне салып қойды. Өзіңнен қалған жеті айлық балаң Жәдігерді жалаң аяқ, жалаң бас, мойнына шынжыр, аяғына кісен салып қозы бақтырып қойды. Өзгесін не ғылайын, әсіресе, өзіңнің Гүлбаршын жарыңды аламын деп отыз күн ойын, қырық күн ұдайы тойын қылып, басып-көктеп бүгін кешке некесін қиятын күні, шырағым, тілімді алсаң, ертерек бар, – деді. – Алпамыс келді деп ешкімге айтпа, – деп, атына мініп жүріп кетті. Алпамыс келе жатса, әкесі Байбөрі түйесін суға айдап бара жатып, өзі қалап алған әңгімесін айтып бара жатыр екен, Алпамыс түйенің арасында тыңдап жүре береді. Сондағы Байбөрінің айтқан сөзі еді. 3380. Байбөрі сонда сөйлейді:

– Айналайын, Құдайым,

Бір өзіңе жылайын.
Бүйтіп қорлық көргенше,
Көзімнің жасын бұлайын.
Жалғызым менің келер ме,

Көзімнің жасын көрер ме?!
Заманда кеткен баламды
Қадыр Алла берер ме,
Тауға біткен ақ терек?!

3390. Қыздар тағар мойнына,

Қалампыр, маржан текшелеп.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Есіз қалған ақ шелек.
Арай, жаным, арай!

Сенің бірің қалмағыр,
Сені ешкім алмағыр.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Есіз қалған жайрағыр.

Арай, жаным, арай! 3400. Қарахан таудың аршасы,

Түсіп қалды үстімде
Киген киім баршасы.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Қарағымның артында

Есіз қалған наршасы.
Арай, жаным, арай.
Қарахан таудың шиесі,
Байбөрінің келді ме

Пірілердің киесі?! 3410. Айдасам жөнге жүрмейсің,

Қарағымның артында
Аманат қойған түйесі.
Арай, жаным, арай!
Темірменен құрсаулы,

Жәдігерім білегі.
Сірә қабыл болар ма,
Байбөрінің тілегі?
Айдасам жөнге жүрмейсің,

Қарағымның артында 3420. Есіз қалған үлегі.

Арай, жаным, арай!

Онда Алпамыс түйенің арасынан шыға келіп: – Ассалаумағалейкүм, ата, – деп сәлем береді. Онда Байбөрі бай зәресі ұшып кетті, қолындағы таяғы жерге түсіп кетті. «Ұлтан құлдың әдейі аңдытып қойған адамы екен», – деп ойлады. Онда Алпамыс батыр: «Әкемнің жүрегі жарылып кетер», – деп әкесіне қарап айтып тұрған сөзі еді:

– Ассалаумағалейкүм,

Қарахан тауда бабамыз.
Сірә қабыл болғай-ды,
Жан баба, сіздің тобаңыз.
Кетіп еді қай жаққа,

Баба, сіздің балаңыз?!
Байбөрі сонда сөйледі:

– Тілекті Құдай берді ме,

3430. Көзімнің жасын көрді ме,

Қалмаққа кеткен жалғызым,
Алпамысым келді ме?
Менің бабам екен деп,
Танып сәлем берді ме?

Атқа мінген желеді,
Қоңырат деген ел еді.
Ұлтан патша болғалы,
Сәлем берер кісім жоқ.

Меһрибан болып бұл жерде 3440. Сәлем берген кім еді?!

Алпамыс сонда сөйледі:

– Ата, саған келгенім,

Келіп сәлем бергенім,
Біреудің малын бақбашы,
Біреудің отын жақпашы,
Балаңнан хабар білмеймін,

Бекерге жала жаппашы!
Байбөрі сонда сөйлейді:

– Қой, шырағым, алдама,

3450. Алдағаның бола ма?

Молдалар оқыр кәламді,
Бисмилла болар сөз басы.
Кәміл пірім жар болып,
Осы бүгін қолдашы!

Қалмаққа кеткен жалғызым
Алпамысым болмашы?!
Мінген атың қара-ды,
Бауырынан жарады.

Шыныңды айтшы, шырағым, 3460. Жөргектегі иісің

Мұрнымды жарып барады?!
Бейнет көрдің басынан,
Қорлық көрдің жасыңнан.
Айналайын, шырағым,

Әкеке деген даусыңнан.
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Дария тасып лайланып,

Дұшпанның жолы байлансын.
Жалғызым деген даусыңнан

3470. Мүсәпір болған, жан ата,

Мендей қозың айналсын.
Осыны айтып Алпамыс,
Атынан түсе секірді.
Тасқа құлай Байбөрі,

Ботадай боздап өкірді.
Ата, бала екеуі
Айдалада жолығып,
Көрісе берген секілді.

«Әумин» деп періште, 3480. Қырық шілтен келісті.

Ата, бала жолығып,
Ботадай боздап көрісті.

Онда Алпамыс тыңдап, Байбөрі жылап мауқын басып болған соң: – Ата, елдің жайы қалай? – деп сұрады. Байбөрі айтты: – Елді сұрама, мынау жерде Құлтай бабаң қой жайып жүр. Ол сенің тілегіңді менен кем тілеп жүрген жоқ, әуелі барып сол Құлтай бабаңды қуант! – деді. Онда Алпамыс батыр қойға келсе қойын жусатып таяғын шаншып, көйлегін көлеңке қылып, бабасы көлеңкеде жатыр еді. Алпамыс батыр өзі барында серке қойған екі лағы бар еді, сол екеуі жеті жасар серке болған екен. Екеуі Алпамыстың екі үзенгісін иіскеп ілесіп жүре берді. Құлтай баба таяғымен көйлегін алуға шамасы келмей, серкелерін шөрелеп келе жатып айтқаны:

– Бедеу аттың бестісі-ай,

Адамның азбас естісі-ай.
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның артында
Аманат қойған ешкісі-ай?

Шөрей, жаным, шөрей!
Қарахан таудың бұлағы,

3490. Неге шулай бересің

Қу Құлтайдың құлағы?
Қайда кетіп барасың,
Қарағымның ылағы?
Шөрей, жаным, шөрей!

Атлас еді көрпесі,
Ол Жәдігер жылап жүр
Байбөрінің еркесі.
Қайда кетіп барасың,

Қарағымның артында 3500. Аманат қойған серкесі?

Шөрей, жаным, шөрей!
Сонда Алпамыс тұрады,
Атының басын бұрады.

– Айналайын, ата, – деп,

Берейін сізге бата, – деп,
Серкеңді бер деп, – сұрады.

– Айналайын, жан ата,

Мұнша неге еңіредің,
Көкірегің кірілдеп,

3510. Көзіңнің алды іріңдеп?

Артынан қуып келгенің
Мен де сенің бір балаң,
Бір кезіңе келгенім.
Бір кезіңе келгенде,

Бір серкесін балаңның
Құдайы қылып бергенің.
Бере қалсаң, жан ата,
Мені тәуір көргенің.

Сонда Құлтай сөйледі: 3520. – Бұл серкеден айрылсам,

Ғамкүн болып өлемін.
Мен айтайын, сен тыңда,
Соның үшін келемін.
Кебенек киген ер еді,

Кебін киген жоқ еді,
Өлмесе қозым келеді.
Ертең қозым келгенде,
Серкем қайда дегенде,

Мен сияқты қу бас шал 3530. Не деп жауап береді?!

Алпамыс атты баламның
Жеті жыл болды кеткені.
Құлтайдайын бабаңның
Басына қайғы жеткені.

Сұрады деп сөкпейін,
Сен де қой, балам, өкпені!
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Жігітіңде жүруші ең

Кіреуке тонды жамылып. 3540. Жеті жылдай жүрдің бе

Балаңызды сағынып?
Қартайғанда, жан баба,
Жаяу жүрсің неғылып?
Ерлік қылған жігіттің

Тәңірім берген бағы да.
Асықпасаң боларсың
Баяғыдай тағы да.
Нағып қойды жайдыңыз

Сақалыңның ағында? 3550. Мұнша бейнет көріпсің

Өлеріңнің шағыңда.
Қартайғаның емес пе,
Азуыңды шалыпсың.
Мұнша бейнет көргесін,

Ақылыңнан таныпсың.
Жаяу қойды баққанша,
Құл жұмсасаң болмай ма,
Қам-қайыс болып қалыпсың.

Сонда Құлтай сөйледі: 3560. – Сұрағаның бұл сөзді

Ақылыңның барлығы.
Бабаңның айтып тұрғаны
Басына түскен зарлығы.
Қойды бағып жүргенім,

Ұлтан құл иттің жарлығы.
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Ақша бір жауған қар еді,

Кәріптің кеулі тар еді.
Балаңыздың, жан ата,

3570. Не белгісі бар еді?

Сонда Құлтай сөйледі:

– Қарағым, менің нар еді,

Іздегені ар еді.
Белгісін айтып берейін,
Жаурынының үстінде
Дөңгелек қалы бар еді.

Мінген аты Шұбар-ды,
Ойнауға дайым құмар-ды.
Ағыта тастап кісесін,

3580. Алпамыс өзін танытып,

«Мінеки қал», – деп шығарды.
Қолынан сүйіп баланың,
Дариядай Құлтай тасады.
Ботадай боздап Құлтекең,

Бауырына басады.
Құдай салса бір істі,
Көтерер пенде әр істі.
Айтып-айтпай немене,

Құлтай менен Алпамыс 3590. Ботадай боздап көрісті.

Онда Алпамыс Құлтайменен көрісіп, әрбір сөзге келісіп: – Ата, елдің жағдайы қалай? – деп сұрады. Онда Құлтай айтты: – Балам, елдің жағдайын көрерсің, мына жерде Жәдігер жалаңаяқ, жалаңбас, мойнында шынжыр, аяғында кісен, қозы жайып жүр, әуелі соны барып қуант, – деді. Онда Алпамыс айтты: – Ата, мен танымаймын, сіз өзіңізіз мына атқа мініп әкең келді, – деп, Жәдігерден сүйінші сұрап келе қойыңыз, – деп атын берді. Онда Құлтай баба атқа мініп, көңлі тасып, бір сөз деген жері екен:

– Айт, жануар, Шұбарым,

Мойныңда алтын тұмарың.
Нәсіп толып тарқасын
Бүгінгі күні құмарым.
Сенің шабар күнің-дүр,

Менің жүрер күнім-дүр.
Онбестегі күнімдей
Жайнатты Құдай гүлімді.
Мен шаппай енді қайтейін,

3600. Көрсетті Құдай ұлымды.

Алпамысым өлтірер
Ұлтан атты құлымды.
Қызғалдақ шығар желкілдеп,
Қыздар өлең айтады

Бетін бүркеп күлімдеп.
Сен шаба гөр зырқырап,
Мен шабайын күркіреп.
Үйде отырған Ұлтанның

Көтені түссін бүлкілдеп.

Әлқисса, осыны айтып, көңлі тасып балаға қайрылмастан көкпар шауып жатқан Ұлтанның тойына келді. Онда Ұлтан көкбарға құнан атын беріп шаптырып жатыр еді, ешкім көтеріп шаба алмады. Құлтай баба келіп тірсегінен тіліп, ердің басын іліп алып Шұбарға өңгеріп қашып құтылып кетті. Онда халық Ұлтанға барып көкбар сұрады. Онда Ұлтан айтты: – Сендерге адам көрмеген қызық көрсетейін, анау жүрген жеті жасар Жәдігерді көкпар қылып шабыңыздар, – деді. Алпамыстың қадірін білетіндер бармады. Қадірін білетін көз көргендер: – Кешегі Алпамыс ердің көзі емес пе? – деді. Кәдірін білмейтіндер барып көкпарға шауып, баланы шырқыратып тартып жатты, сондағы Жәдігердің жігіттерге жалынып айтқаны: 3610. Енді бала секірді,

«Көкежан!» деп өкірді.
Өксіп-өксіп жылады,
Қайғымен көзін бұлады.

– Жан сауға – деп, – көкелер!

Әркімге мойын бұрады.
«Қарама – деп – бетіме»,
Әрқайсысы келіп ұрады.
«Қарамайын, жәке» – деп,

Әркімге басын тығады. 3620. – Ақша бір жауған қар еді,

Кәріптің көңлі тар еді.
Алдыңа салып қуғандай,
Әрқайсы келіп ұрғандай,
Айналайын, көкелер,

Не жазығым бар еді?!
Өзіңнің інің емес пе ем,
Қас болсам құлмен қас болдым.
Әкем жақсы ер ед, – деп,

Дәулетіне мас болдым. 3630. Кісен қиып барады,

Аяққа түскен қақпандай.
Зырқыраймын алдыңда,
Құлаштаған сақпандай.
Ел ішінде еңредім,

Қылмысымнан тапқандай.
Айналайын, көкелер,
Не жазығым бар еді,
Көкпар қылып шапқандай?!

Сағымды Құдай сындырып, 3640. Шешемнің тойын қылдырып,

Өзімнен төмен иттерден
Жегіздің, Құдай, жұдырық.
Ауалап ұшқан дуадақ
Қонады жерге домалап.

Өзімнің итім құтырып,
Өзімді қаптың қуалап.
Ұлтан патша болғалы,
Иі болмаған қайыстай

Көрсетті қорлық уалап. 3650. Айналайын, Құдайым,

Дәргейіңе жылайын,
Өзімнің итім қауып тұр,
Қандай бір илә қылайын?
Осыны айтып Жәдігер,

Жігіттерге жылады.
Жыласа да балаға
Ешбірі мейірім қылмады.
Енді бала зарлады,

Көзінің жасын парлады.
Мейірі жоқ иттерді

3660. Отыра қалып қарғады:

– Аш бүгіліп жарағыр,

Жетім қалып жасыңнан,
Мендей болып жылағыр.
Тарта бер, жұртым, тарта бер!
Ешкі жасын жасағыр,

Аяғыңнан ақсағыр,
Ағайын кетіп қасыңнан,
Досың кетіп басыңнан,
Мендей болып қақсағыр.

3670. Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Алпамыстың төресін
Әлі-ақ ертең көресің.
Ұлтан құлдың тіліне
Құдай ұрып ересің.

Ертең әкем келгенде,
Жалғызым қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?
Тарта бер, жұртым, тарта бер!

Онда Алпамыстың қадірін білетіндер келіп, әрқайсысын бір ұрып қуалап жіберді. Жәдігер кісенмен шапқылап қозыға қарай жөнелді. Бір жерден аяғын кісен қиып жүре алмай, зарлап жылап отырса, Құлтай бабасы тақымында көкбары бар сонда келді. Өзі Жәдігерді іздеп жүріп, жәдігерге келіп тұрып, Жәдігерден, шырағым, балам, Жәдігерді көрдің бе деп онан сөз сұрап тұрғаны еді:

– Жылап жатқан, жас бала,

3680. Мұсылманға бас бала,

Айналайын, қарағым,
Жәдігерім көрдің бе?
Жәдігер сонда қарады,
Бабасын танып қалады:

– Немереңді танымай,

Көзің неден ағарды?
Астыңа ат міндің бе,
Үстіңе киім кидің бе,
Өз келінің тойында

3690. Қызық дәурен сүрдің бе?

Ұлтан патша болғанға,
Қуаныш қылып келдің бе?
Шешемді алам дегенге,
Төбең көкке тиді ме?

Я болмаса, жан баба,
Әкемнен хабар білдің бе?

Онда Құлтай баба: – Е, шырағым, сен бе едің, сүйінші, – деп балаға көкпарын беріп, жүріп кетті. «Әкең келді» деп айтуды ұмытып кетті. Онда Жәдігер ойлады «Менің көкпар шабатын заманым болса өстіп жүрем бе, бұл көкпарды Қарлығаш апама апарып берейін, жігіттерге асып берсің», – деп, мойнында кісен, аяғында шынжыр құнан атанды сүйретіп ауылға алып жүрді. Мұны ауылда тұрып Ұлтан хан көріп: «Бөрінің баласы бөрілігін қылады екен, шешесімен бірге жатқанда бір күні мені өлтіреді екен», – деп қауып қылып: – Өлтіремін, бар Қарлығаш, Жәдігерді алып кел! – деп Ұлтан құлдың Қарлығашқа келіп айтып тұрған сөзі екен.

Келе жатқан баланы
Ұлтандайын ханыңыз
Ауылда тұрып көреді.

3700. Баланың күшін көргенсін,

Тек жүрмесін білгенсін,
Қарлығашты жұмсады.
Жұмсағаны құрысын,
Жұдырықпен бір салды:

– Тұр, Қарлығаш, сен, – деді.

Үкіміме көн, – деді.
Жәдігеріңді алып кел,
Өлтіремін мен, – деді.
Өлтіремін дегенін

3710. Қарлығаш тәуір көрмеді.

Жалғызын ұстап бере алмай,
Ботадай боздап еңреді:

– Ұлтан атты төреміз,

Айдауыңа көнеміз.
Бірге туған жалғызды
Қайтіп ұстап береміз
Ұлтан атты бегіміз,

Тараған жоқ па кегіңіз.
Екі бірдей қос жетім

3720. Қолыңызда келеміз.

Ерік өзіңде болғансын,
Не ғылсаң да көнеміз.
Ашуың кетпей бойыңнан,
Кегің кетпей ойыңнан,

Бес байталдық құл еді
Бұрынғы ата-тегіңіз.
Құл болсаң да бүгінде
Болдың ғой біздің бегіміз.

Құлағы кесік қу құлым, 3730. Теңгерілді кеміңіз.

Дәулет құсы бастан ұшқасын,
Болдық қой әзір жеміңіз.
Есіткенсін бұл сөзді,
Ұлтанды ашу кернеді.

Суырып алып қылышын,
Қарлығашқа сермеді.
Қарлығашты бір ұрып,
Жәдігерге келеді.

Оны да салып қалады, 3740. Жеті жасар балдырған

Жағасынан алады.
Бүркіттей ақ саусағы
Тырыстырып барады.
Қарлығаш көріп жүгірді,

Өкпесін алып қолына.
Ұлтанға жетіп келеді,
Таяқ жеген жетімді
Арашалай береді.

Әлі келмей Ұлтанның, 3750. Араша беріп жөнеді.

Қарлығаш сонда жылады,
Көзінің жасы бұршақтап.
Еңіреп тұрды егіліп,
Жәдігерді құшақтап:

– Көкбар шауып, қарағым,

Тұр ма еді әкең алшақтап.
Қарағым, сенің жолыңа
Құрбандық болып өлейін.
Еркелігің әлі бар,

3760. Жәдігер, саған не дейін.

Осыны айтып Қарлығаш,
Егіліп жылап күңіренді:

– Мен сияқты қара бет

Бозбалаға той қылып,
Асып берер күн бе еді.
Басымнан кетпей қамалым,
Таусылып тұр амалым.

Жаяу сүйреп көкпарды
Не қылғаның, қарағым?

3770. Бозбалаға той қылып,

Асып берер жиын ғып,
Қай жақта қалған заманым?
Жәдігер бала сөйледі:

– Қой, апажан, жылама,

Жылағанмен бола ма,
Күйіп-жанып тұрғанда
Жанымды жылап қинама!
Бір Құдайға жылайық,

Құдайды да сынайық. 3780. Көрсеткені Құдайдың

Осы болса қайтеміз,
Өлейік те тынайық.
Ұлтан құлдан таяқ жеп,
Далада жылап тұрғаның

Бола ма бізге лайық?!
Мұны көріп шыдамай,
Байыз қылып тұра алмай,
Жүгірді зарлап анасы.

Алдынан шығып көрісті 3790. Қызы менен баласы.

Үш мұңлының даусына
Байсын деген өзеннің
Күңіреніп кетті даласы.
Анасы сонда сөйледі:

– Байладың, Құдай, бағымды,

Сындырдың, Құдай, сағымды.
Ертелі-кеш зарлайсың,
Жәдігер саған не ғылды?
Жәдігер сонда сөйледі:

3800. – Тамаша тойға келгенім,

Тамашаны көргенім.
Құлтай бабам келгені,
Көкпарын маған бергені.
Көкпарымды көре алмай,

Малынан көкпар бере алмай,
Тамаша тойдың құрғаны,
Сонансоң құлдың ұрғаны.
Ұрғанын құлдың кек қылып,

Балаңның жылап тұрғаны. 3810. Анасы сонда сөйлейді:

– Молдалар оқыр кәламді,

«Бисмилла» деп жол басын.
Кәміл пірім қолдасын.
Абайлап, қалқам, көрдің бе,
Әкең сорлы болмасын?

– Қой, апажан, қорықпа,

Бір бәлеге жолықпа.
Менің әкем Алпамыс
Ақ сақалды болып па?

3820. – Бабай түкті бабасы

Алпыс амал берген-ді.
Ақ сақалды кісі боп,
Ордан шығып келген-ді.
Беті секпіл көрінсе,

Ор азабын көрген-ді.
Балаң сондай дегенсін,
Көрейін деп келген-ді.
Құлтай болып, қарағым,

Көкпарын саған берген-ді. 3830. Бүгін жатып түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.
Қуат жәрдем пірлерден
Сондай бүгін күш көрдім.
Жібек баулы ақ сұңқар

Қондырыппын қолыма.
Қалмаққа кеткен әкеңнің
Екі көзім жолында.
Жәрдем болып пірлерден,

Келетін күні болды ма?!

Онда Ұлтан ауылда тұрып айқай салды: – Улап-шулап далада тұрсыңдар ма, ана қозы кетті ғой, – деді Жәдігерге. Қарлығаш пен шешесі қала берді. Бала кісенмен шапшылап, қозыға қарай жүре берді. Онда қозыға жете алмай, аяғының тікенін шұқылап жылап отырса, бала мен қозының арасынан бір шұбар мінген диуана өте берді. Онда Алпамыс көзіне түскеннен кейін Жәдігер бала мұсылман екенін танып, диуанаға қарап айтқан сөзі еді: 3840. – Ей, диуана, жол болсын,

Жеке басың қол болсын,
Олжа басың мол болсын,
Атыңның басы шапшақтай,
Садағың оғы бұршақтай,

Диуана, саған жол болсын!
Диуана, маған келе кет,
Мен сорлыны көре кет.
Егер сауап іздесең,

Жетімнен күдер үзбесең, 3850. Сауап үшін қозымды

Бір қайырып бере кет.
Жүрейін десем жолым тар,
Аяғымда кісен бар.
Басымда үлкен қайғы бар,

Мен бейшара кәріпке
Бір пал ашып бере кет.
Есіткенсін бұл сөзді,
Рахымы түсті басына,

Көзінен аққан жасына. 3860. «Менің де жалғыз қарағым

Осындай болып жүр ғой», – деп,
Диуана келді қасына.
Ал Жәдігер сөйледі:

– Атың сенің жараулы,

Бүкеңдетіп желдің бе,
Қабағың да қатулы,
Түн ұйқыңды бөлдің бе?
Ел-жұртынан айрылған,

Қанатынан қайрылған, 3870. Әкекежаным, келдің бе?!

Ауызыңа қарасам,
Сұлуды таңдап сүйгендей.
Келбетіңе қарасам,
Қамқапты таңдап кигендей.

Әкежан деп асылсам,
Мойыныңа мінгендей.
Мен сияқты кәріптің
Қадірін жақсы білгендей.

Кешегі ел ауғанда, 3880. Ел табаны тайғанда,

Іште қалған жетімің
Мен қозыңа ұқсаймын,
Сен атама ұқсайсың.
Торайғырдың тоқтығы-ай,

Тоқ болады шоқтығы-ай.
Әлі сабыр қылғаның,
Әлі де шыдап тұрғаның,
«Жалғызда мейрім жоқ» деген,

Мейіріміңнің жоқтығы-ай. 3890. Тауға біткен шие-ді,

Босатты бала жүйені.
Алпыс екі тамыры
Алпамыстың иеді.
Ат үстінен көтеріп,

Алдына алып сүйеді.
Сүйсе мейірі қанады,
Ат үстінен құлады,
Жатып есін танады.

Басын сүйеп Жәдігер 3900. Қайрат беріп сөйледі:

– Садағың оғы асыл-ды,

Сүйегің, көке, жасыды.
Жалғыз ұлың Жәдігер,
Зарлап отыр қасыңда.
Көтерші, көке, басыңды?!

Көтеріп басын алады,
Жәдігерге қарады.
Алаудай ішін күйдіріп,
Ақша бетін сүйдіріп,

3910. Мойнындағы шынжырын

Қолымен бұрып сындырып,
Алып тастап кісенін,
Енді алдына мінгізіп,
Жәдігерді қуантып,

Ау дем жерге жүргізді.
Шұбарды беріп астына,
Төбесін көкке тигізіп,
Әкесінің барлығын

Тап сол жерде білгізді. 3920. Ашуы кернеп Алпамыс,

Шұбарды мініп алады.
Ауылға қарай жөнеді,
Қозыға тастап баланы.
Ұлтан құлдың тұсына

Диуана болып барады.
Патшаның келіп тұсына
Алпамыс айтқан ғазалы:

– Ей, әу Алла, Жаппар Хақ,

Кәләндерлер киер пәндә, 3930. Ау деген Аллаға пәндә.

Самарқанда Шаһизинда,
Су егесі Сүлеймен,
Сіздерден мәдет тілеймін.
Ей, Ұлтан бек, Ұлтан бек,

Еш мүйізің шыққан жоқ,
Әкім болып жұртты жеп!
Ау, халахам, ау-хай.
Байлаудағы бедеу ат,

Астыңдағы алтын тақ 3940. Я сенікі, я менікі.

Әу, Алла, диуанаңмын,
Диуана айтар бүгін зарын,
Төгіп айтар беттің арын.
Қатардағы нарларың,

Қазынадағы барларың
Тәңірі берсе менікі,
Адам берсе сенікі.
Әу, Алла, диуанаңмын,

Отаудағы айымдарың, 3950. Сөзден келер қайымдарың.

Еске түсер-ау айымларың,
Әу, Алла, диуанаңмын.

Онда Ұлтан айтты: – Мына диуананың ғазалы маған жақпайды, түк бермеймін, біреуің барып қуып жібер, – деді. Диуданаға біреу келіп: – Әй, диуана, патша ұрсып жатыр, жөніңе кет, – деді. Онда Алпамыс топтағы адамның ана шетіне қарай жүре берді. Онда Алпамысты өз әйелі Гүлбаршын сұлу көріп: – Мына диуананың басындағы лыпасы болмаса, құтты менің еріме ұқсайды екен-ау, – деп, өзінің қызметкер әйелі Мапия деген сақаудың қолына сегіз тіллә беріп, ана диуанаға пал аштырып кел, – деді. Мапия сақау тілләні екі бөліп жарымын ұрлап, дамбалының ауына түйіп: «Ейтен базайға байып киім алып киейін, көңлім сүйген жігітпен ойнап-күліп жүйейін, диуананың ежуіне шиейін, төйтеуін беишем де аждык қылмаш», – деп, диуанаға тілләсін беріп тұрған жері еді. Алпамыс жынын шақырғандай болып айтқан сөзі еді:

– Ал, ер Домбай, ер Домбай,

Шақырғанда кел, Домбай.
Мұңды менен шерлінің
Ырымын шегіп бер, Домбай.
Сақау қатын баллары

Келер мекен жарлары.
Айтқан сөзі бұл ма екен,

3960. Тойға келіп тұра ма екен.

Келер мекен Алпамыс,
Келмес пе екен Алпамыс,
Ақылы көп қартамыс.
Бұл диуана келіпті,

Ол Гүлбаршын көріпті.
Бал басы деп біздерге,
Сегіз тіллә беріпті.
Бұл антұрған Мапия

Төртеуін ұрлап алыпты. 3970. Дамбалына түйіпті,

Езуіне сиіпті.
Тілләмді бер деп сақау қар
Сары қызым біліпті.
Аруағымды айдармын,

Қол-аяғың байлармын,
Сүйтіп сақау жайлармын.
Ал Мапия сөйледі:

– Менің атым – Мапия,

Дидаңды алдым қапия. 3980. Ашуданба, шияғым,

Кигізейін басыңа
Бес бидайық тақия.
Қой, айуағыңды айдама,
Қой-аяғым байдама.

Қимесем кебіс кимейін,
Алдия қайсын дидасы,
Денім шау боп жүйейін.

Әлқисса, Мапия сақау тілләсін берді. Сол уақытта Ұлтан хан бір дарақтың басына жамбы қойып, кім атып түсірсе Қарлығашты беретін болып, бәйге тігіп жатыр еді. Онда бірқатар жігіттер Ұлтанға келіп: – Е, тақсыр, тамашаның бәрін көрдік, енді бір күн өлең айттырсаңыз болар еді, – деді. Онда Ұлтан хан: – Мақұл, жігіттер, кім өлең айтса, «бек болдың» деп, мені мақтап айтсын, – деді. Ешкім мақтап айта алмады, айтуға бата алмады. Сонда Ұлтанның Бадамша деген сақау қатыны келіп, баяғы Мапия сақауды қосып алып: – Ұлтан бегіме лайық өлеңді өжім айтамын, – деп, екі сақау қосылып, тойды бастап, айтып жатқан аужар өлеңі екен.

– Айдай, айдай, жай-жай,

Айдын көлді жағайай 3990. Қаз баяй-ай, жай-жай.

Заманымда хан болды,
Ұлтан бегім, жай-жай.
Мақтап-мақтап өлең айт
Боз баялай, жай-жай.

Күй тайтамын шыбызғы
Тесігінен, жай-жай.
Шошынады жас бая
Бесігінен, жай-жай.

Патшаны мақтап айт 4000. Өйеңінде, жігіттей,

Теңге айашын патшадан
Кешегінен, жай-жай.
Бадам ханым киеді
Би-би башып, жай-жай.

Қағыса бей, бозбая,
Есік ашып, жай-жай.
Патшайыққа Ұйтанның
Міні бай ма, жай-жай.

Жүйдік пенен тұйпайдың 4010. Сыны бай ма, жай-жай.

Құдай бейген дәулеттің
Айқасында, жай-жай.
Жәдігейді асамыз
Ейтен дайға, жай-жай.

Айт дегеннен айтамын
Әй, Күйбайшын, жай-жай.
Жақынияқ қасыма
Кей, Күйбайшын, жай-жай.

Құдай бейген дәулеттің 4020. Айқасында, жай-жай.

Біздің жайға тоқай боп,
Жүй, Күйбайшын, жай-жай.
Елім көшей Байсынды
Төмен ағып, жай-жай.

Байбөйі бай өзі жүй
Түйем бағып, жай-жай.
Айнанайын Құдайдың
Дәулетінен, жай-жай.

Қайығашты бейеміз 4030. Бәйге тігіп, жай-жай.

Әлқисса, сақау осыны айтып, көңлі тасып: – Ей жігітттей, бағанағы диуананы ейтіп келіңдейші, би-екі-үш өлең айтып, кеудешіне теуіп, жөніне жібейейін, – деді. Сонда біреуі барып диуананы ертіп келді, сондағы екеуінің айтысы еді.

Бадамша айтады:

– Айшық мүйіз ақ сейке,

Қойды бастай, жай-жай.
Бейі қыпша жігіттей
Тойды бастай, жай-жай.
Бізді мақтап өйен айт,

Бек болдың деп, диуана.
Кеулі кейсе Бадамша
Теңге тастай, жай-жай.
Алпамыс айтады:

Бисмилла деп өлеңді 4040. Көп айтамын, жар-жар.

Асықпасаң тойыңда
Көп айтамын, жар-жар.
Мәні-жайын қандайын
Білгенім жоқ, жар-жар.

Ел қыдырған диуана
Нені айтамын, жар-жар.
Бадамша сақау:

– Бисмийдә деп өйеңді

Кеп айтыңыз, жай-жай.
Асықпасаң тойымда

4050. Көп айтыңыз, жай-жай.

Тоқай бойған Күйбайшын
Білмеймісін, шикін-ау,
Құтты болсын тоқайың,
Деп айтыңыз, жай-жай.

Алпамыс:

– Бисмилла деп тойыңа

Келе алмаймын, жар-жар.
Байың тегін берсе де
Сені алмаймын, жар-жар.
Әлі де болса, сен күңсің,

4060. Ол Гүлбаршын бәйбіше,

Сен бәйбіше болады
Дей алмаймын, жар-жар.
Бадамша:

– Бижияма, шикін-ау,

Бижиама, жай-жай.
Миың кетіп басыңнан
Қайжияма, жай-жай.
Ұйтан бегім төбеңді

Ойып қояд, жай-жай.
Бет алдыңа бижиап

4070. Сандияма, жай-жай.

Алпамыс:

– Сен де шаптың бәйгеге,

Мен де шаптым, жар-жар.
Ашуланып бетімнен
Иттей қаптың, жар-жар.
Өлгеніңше мақтайсың

Ұлтан құлды, сақау қар,
Ұлтан құлдан сен қанша
Пайда таптын жар-жар?!
Бадамша:

– Сен де шаптың бәйгеге,

4080. Мен де шаптым, жай-жай.

Келіспедің, бетіңнен
Иттей қаптым, жай-жай.
Мен мақтамай, кім мақтайд
Ұлтанымды, жай-жай.

Заманымда дидадан
Шашбау тақтым, жай-жай.
Алпамыс:

– Өлең айтып алдыңнан

Есейін мен, жар-жар.
Бұл Байсынды жағалай

4090. Көшейін мен, жар-жар.

Заманыңда тағыпсың
Тіллә шашбау, жар-жар.
Осы тіллә шашбауды
Кесейін мен, жар-жар.

Бадамша:

– Өйен айтып айдымнан

Жейдей ешші, жай-жай.
Бұл Басынды жағадай
Ейдей көшші, жай-жай.
Шашбау түгі дамбайым

4100. Бауы жібек, диуана.

Неғылады тісіңмен
Тістеп шешші, жай-жай.
Алпамыс:

– Жүруші едің, Бадамша,

Отым жағып, жар-жар.
Жүруші еді Ұлтан құл
Малым бағып, жар-жар.
Қалай-қалай сөйлейсің,

Ей, сақау қар, жар-жар.
Өлтірейін астыңа

4110. Қазық қағып, жар-жар.

Сонда сақау орнынан қарғып тұрып: – Диуандасы да құйсын, өйеңі де құйсын, бұ кім өжі, өйен айтбаймыз, – деп, жұртты тарқатып жіберді. Сондағы Алпамыстың айтып тұрғаны:

– Ей қатындар, қатындар!

Кең сарай үйде жатыңдар.
Өлеңіңді айтыңдар,
Таң атқансын қайтыңдар.
Айтқызармын өлеңді,

Тартқызармын күйіңді.
Үйде көрдің түрімді,
Тыста көрдің түрімді.
Өңкей ғана сақау қар,

4120. Қайнатармын сорыңды.

Құрытармын шарыңды,
Улатармын балаңды.
Ойламадың Құдайды,
Өңкей надан сақаулар.

Ау, халам-ау, ау-ай!

– деп атының басын бұрып алып, Гүлбаршын сұлудың тұсына келіп, «келін» деп өлең айтып, екеуінің айтысып тұрған жері:

Алпамыс:

– Байсынды көрдім жаңа,

Жерім деймін, жар-жар.
Жаңа көрдім Қоңырат,
Елім деймін, жар-жар.

4130. Біз бір мейман тұсыңа

Келе қалдық, жар-жар.
Екі, үш ауыз өлең айт,
Айт, келін, деймін, жар-жар.
Гүлбаршын:

– Диуана, дедің бізді

Келін деймін, жар-жар?!
Өлең сізге айт десең
Ерінбеймін, жар-жар.
Жеті жылдай қақсадық

Екі жетім, жар-жар. 4140. Құдай бізге бермеді

Өлім деймін, жар-жар.
Алпамыс:

– Келін-ау, мына сөзің

Көрім деймін, жар-жар.
Не себеппен тілейсің,
Өлім деймін, жар-жар?!
Ә дегеннен аузыңа

Өлім түсті, жар-жар.
Ұлтан құлда кетті ме
Кегің деймін, жар-жар?!

4150. Гүлбаршын сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

– Етегім бе, жеңім бе,

Өлең менің теңім бе.
Айналайын, Құдай-ау,
Осы менің бегім бе?!
Құдай салсын аузыма,

Бегім келсін қасыма.
Айналайын, Құдай-ау!
Жалғызымның даусы ма?!

4160. Аброй берсін сөзіме,

Көрінеді осы адам
От жалын болып көзіме.
Айналайын, Құдай-ай.
Осы тұрған диуана

Жалғызымның өзі ме?!
Алпамыс:

– Ендеше, Гүлбаршын, сен той тойладың,

Той-тойлап жүргеніңде нені ойладың?
Сұрайтын енді сенен бір сөзім бар,
Бедірек құлыңменен неше ойнадың?
Гүлбаршын:

4170. – Белгілі осы Байсын жерім болсын,

Жарқырап жалғыз ұлым керім болсын.
Сөзіне сол құлыңның құлақ салсам,
Некелеп әкем келіп ерім болсын.
Алпамыс:

– Бір Құдай куә болсын сырымызға,

Қосылар күн бар ма екен жарымызға.
Сақтапсыз жеті жылдай орнымызды,
Ырзамыз сізге берген малымызға.
Осыны айтып Алпамыс,

Қатынымен көрісіп, 4180. Амандасып білісіп,

Еш адамға білдірмей,
Халықтың бәрін бүлдірмей,
Басылар емес көңілі
Ата-анасын күлдірмей.

Енді атына мінеді,
Жамбыға қарай жүреді.
Кетіп бара жатқанда
«Ой, қозым» деп зарлаған,

Саулы інгендей аңраған 4190. Бір адамның дауысы

Құлағына келеді.
Құлақ салып қарады
Алпамыс берен баласы.
Осынша шыдап жүргені

Ақылының данасы.
Арқасында отыны,
Көкке қарап қақылдап,
«Жалғызым» деп тақылдап,

Жылап-еңреп келеді 4200. Бейшара болған анасы.

Келе жатып сөйледі:

– Иіні құрғыр тартасың,

Қымқапты қашан киесің?
Ерні құрғыр қышисың,
Баланы қашан сүйесің?
Көзі құрғыр тартасың,

Жалғызды қашан көресің?
Құрып қалған қу емшек,
Нені көріп иесің?

4210. Әрқайсысын бір айтып,

Босатты кемпір жүйесін.
Аналықтай бәйбіше
Саңырау екен құлағы.
Тарс етіп барып ашылды

Жаңадан парлап бұлағы.
Анасын көріп Алпамыс,
Шыдай алмай жылады.
Емгендей болып емшегін,

Көзінің жанды шырағы. 4220. Енді атынан түседі,

Есепсіз батыр кісі еді.

– Жалғызың келді, ана, – деп,

Құшақтап алып қысады.
Аналық атты бәйбіше
Құлағы желдей ашылды.
Дұшпанның кеулі басылды.

Анасы мен баласы
Ботадай боздап қосылды.
«Ұлтан ханға барсам деп,

4230. Жамбыны атып алмас» деп,

Көңлі тасып жүш ұрды.
Анасымен көрісіп,
Көздің жасын төгісіп,
Енді атына мінеді,

Жамбыға қарай жүреді.

– Диуана да келді, – деп,

Мазақ қып Ұлтан күледі.
Атайын деп оқталып,
Төсіне садақ тіреді.

4240. Атып тастап жамбыны,

Ұлтанаға жетіп келеді.
Етегінен ұстады,
Бәйгемді бер деп қыстады.
Мастанып тұрған Ұлтан хан

Астына да қыспады.
Антұрған құл, қарашы,
Алпамыс кімге ұқсады?
Жалт етіп Ұлтан қарай сап,

Алпамысты тани сап, 4250. Топтан шыға қашады.

Жібермеді Алпамыс,
Албастыдай басады.
Арттан келіп Жәдігер,
Найзаменен шаншады.

– Әке, маған бер, – деді,

Қайратымды көр, – деді.
Баласына береді,
Артынан өзі ереді.
Тышқан алған мысықтай

4260. Тамашасын көреді.

Домалатып ойнайды,
Үйге әкеліп байлайды.
Тез өлтірмей Ұлтанды,
Терісін сойып алады.

Тірсегінен тілдіріп,
Байтеректің басына
Салбыратып іледі.

– Кешегі ханың Ұлтан, – деп,

Көргеннің бәрін күлдірді. 4270. «Жалғыз ағаң келді, – деп,

Тілегіңді берді», – деп,
Сүйінші сұрап бір адам
Қарлығашқа білдірді.
Қарлығаш енді келеді.

Сүйіншіні сұраған
Бір түйе, бір ат мінеді.
Жақындасып, жанасып,
Бірін-бірі көреді.

Құшақтасып, көрісіп, 4280. Беттерінен өбеді.

Үш мәртебе тіріліп,
Үш мәртебе өледі.
Басын сүйеп Алпамыс,
Бетіне суды себеді.

Маңдайынан сипалап,
Алпамыс айтқан кеп еді.
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Жалғыз баурым, Қарлығаш,

Басылсын мауқым, көзіңді аш. 4290. Қырық арқан бойы зынданда

Жеті жыл жаттым болып аш.
Мамықтан жұмсақ боп кетті
Астымда жатқан қара тас.
Қызығыңды көрмедім,

Киім де әкеп бермедім,
Бекерге өтті-ау өмір жас.
Тігілгенсін бәйгеге,
Көзімнен ақты қанды жас.

Адамзаттың баласы 4300. Болады екен мұнша қас.

Ал Қарлығаш сөйледі:

– Ырастан, көке, келдің бе,

Жалғыз балаң Жәдігер
Кісендеулі көрдің бе?
Қарағым деп қалқайтып,
Алдыңа алып сүйдің бе?

Қызыл шоқ болып жайнадың,
Өлімге белді байладың.
Күймедің бе, күйдің бе,

4310. Жеті жыл жатып зынданда

Тірімісің, өлдің бе?
Шулап жүрді құлағым
Қарлығаш, қалқам, дедің бе?
Сол жерде жатып, көкешім,

Менің де қамым жедің бе?
Қарлығаштың сөзіне
Жиылған халық жылады.
Тозып кеткен ел-жұртын

Тегіс жиып алады. 4320. Тентегі мен телісін

Түзетіп жөнге салады.
Атасы мен анасын
Боз биенің сүтіне
Шомылдырып алады.

Әкесін таққа мінгізіп,
Сыртынан өзі қарады.
Алпамысқа тілектес
Қаракөзайым баяғы.

Мұнан да күдер үзген жоқ,
Бір жылда екі барады.
Ерлікпен жетті мұратқа,
Еңбектің болып баяны.

Тыңдаған, халық, ырза бол, 4334. Осымен бітті аяғы.

ҚИССА АЛПАМЫС

Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Жиделі Байсын жерінде,
Қоңырат деген елінде

Байбөрі деген болыпты.
Кедейліктен бай болып,
Төрт түлікке толықты...
Екі түрлі бұл дастан,

Жүсіпбек қожа жазғанын 10. Жазбаққа көңілім қорытты.

Қоңыраттың ішінде
Ордабай деген данасы.
Туыпты онан үш бала
Берген ата-анасы.

Байбөрі, Құлтай, Шыныбай,
Бұған жоқ ешкім таласы.
Қатыны мен Шыныбай
Өтіп кетіп дүниеден,

Артында қапты жетім боп, 20. Тортай деген баласы.

Үлкені – Құлтай, кішісі –
Байбөрі болған шамасы.
Екеуінен бала жоқ,
Көңілінде көп жарасы.

Қолында өсті Құлтайдың
Тортай жетім дарасы.
Байбөріден толық ед
Дүниенің әрбір саласы.

Адамның гүлі – ұл мен қыз, 30. Көзінің ақ пен қарасы.

Күндері бір күн Байбөрі
Жүргенде жылқы арасы,
Әр түрлі қиял ойланып,
Ашылып қайғы қанасы.

Тар көрініп көзіне
Аспан мен жердің даласы.
Қайғыдан қайғы тудырып,
Құбылып сезім санасы:

– Егелік қылар бұл малға

40. Артымның жоқ панасы.

Өліп кетсем осы мүлік
Кімдікі болар шамасы.
Осындай көп ой ойланып,
Көкке қарап көз тігіп,

Байбөрінің бұл екен
Құдайға қылған наласы:

– Жоқтан бар қылып, жан беріп,

Жаратқан жалғыз Құдайым.
Өткен шығар басымнан,

50. Білемін, түрлі күнәйім.

Бір перзенттің дағынан
Көңлімде көп уайым.
Дәурені өтіп жастықтың,
Келіспей барад сыңайым.

Көп ішінде сөйлеуге
Тілімде төмен мүлайым.
Үкім қыла сөйлейді
Баласы бар ағайын.

Бір мен емес мұқтаж қып, 60. Жараттың жанның талайын.

Сол мұқтаждың бірі мен,
Арманымды, Алла, шағайын.
Өзіңнен басқа жарылқар
Құдайды қайдан табайын?

Өмірдің көбін өткіздім,
Ағарып сақал, самайым.
Күн сайын жасып барамын,
Біле алмай істің қалайын?

Гүлденіп жатыр көгеріп, 70. Замандас, құрбы маңайым.

Көптен қалып көнерген
Дүние, сарай мекені.
Мекенді аз күн отан қып,
Нәубетпен барша өтеді.

Асықпас нәубет аяңдап,
Маған да бір күн жетеді.
Баласы жоқ адамның
Әркімде ақы кетеді.

«Байбөрі қу бас» деген сөз 80. Сүйегімнен өтеді.

Жаратқан Падиша, Құдая,
Перзентке зар қып қойғанша,
Жаратпасаң нетеді?!
Байбөрі осылай деп жүрді жылап,

Құдайдан күні-түні бала сұрап.
Сүйегі Байбөріге сырқырайды,
Мұң-зарын естіген салып құлақ.
Көз жасы Байбөрінің бетін жуды,

«Көрмей-ақ өлем бе, – деп,– үйден дуды». 90. Сол кезде Құлтайдың аяқ салған,

Тезекші қара күңнен бір ұл туды.
Қуанып, Байбөрі бай ойлайды ойды,
Қызықпен көп қайғының бәрін жойды.
«Тумаса да туғандай қылайын», – деп,

Баланы үйге әкеліп қылды тойды.
Шақырып Қоңыраттың қарт-қариясын,
Ұлтан деп ол баланың атын қойды.
Ер жетіп күннен-күнге өсті зор боп,

Ылайық денесіне берді бойды. 100. Кеуделері кепедей,

Мұрындары төбедей.
Екі аяғын қарасаң,
Көн төбелер күбідей.
Сеңгірдей болды иегі,

Жайсыз біткен ағаштай
Ойқы-шойқы сүйегі.
Отырған орнын өлшесең,
Алты қанат үй еді.

Құлақтары қалқандай,
Мұрнының жота жосыны

110. Сығымдаған талқандай.

Осындай Ұлтан зор болды,
Айтуға сиып әр қандай.
Өзі қатар баланың
Ұлтан құл болды батыры.

Тұлғалы батыр болғанмен,
Болмады толық ақылы.
Байбөрі кейде кейісе,
Қайтпайды қорқып батылы.

Ашуланса «қу бас шал, 120. Сөйлеме», – деді ақыры.

Етегі толды еңіреп,
Байбөрінің қатыны.
Ағасы Құлтай немере,
Тортай еді жақыны.

Қаймығып бәрі Ұлтаннан,
Болса да тентек мақұлы.
Анасы күң болғанмен,
Атасы Құлтай ата ұлы.

Байбөріге қайғының 130. Таянды қатты тықыры.

«Өзіңнен тумай ұл болмас,
Сатып алмай құл болмас».
Түсті байдың ойына
Деген бір қарттың нақылы.

Дүние-малды талақ қып,
Құдайдан бала талап қып,
Әулиелерді қаңғырып,
Кетпекші болды ақыры.

Байбөрі сонда сөйлейді: 140. – Құдай қосқан алалым,

Көріне маған тиген жоқ
Қосылғалы залалың.
Қалысқан жоқ көңіліміз,
Болмаса жоғы баланың.

Риза бол, досым, сен маған,
Сапарға басты саламын.
«Байбөрі қақпас» атанып,
Қалмады сабыр қарарым.

Ендігі қалған өмірге 150. Тарттырып жердің танабын.

Аламын асып мойныма
Құданың Құран кәламын.
Қаңғырамын жер жүзін,
Тозғанынша табаным.

Әнбия мен әулие
Естісем елден хабарын.
Түнеймін, жылап тілеймін,
Мехнатын көріп даланың.

Тынбаймын өліп қалмасам, 160. Табылғанша талабым.

Бәрінен де болмаса,
Көзімнің нұры солмаса,
Жаратқан жалғыз Құдайдың
Өз үйіне барамын.

Бағындырған Меккеге
Дүниенің барлық адамын.
Қабатында Мәдине,
Бұған да жетсе қадамым.

Достысына Құдайдың 170. Арызымды айтып шағамын.

Болмаса сонда өткізем
Өмірімнің қалғанын.
Ғажап емес жазса Хақ,
Жарылқау тағдыр қаламын.

Ризамын, досым, мен саған,
Ажалдың тапсам аранын.
Қайғырып, жылап жасыма,
Алды-артыңа қарағын.

Аманат Хаққа тапсырдым 180. Мал-мүлкімнің тамамын.

Қайыныңды қатты қадірлеп,
Айтқанын қыл ағаның.
«Ризамын» деп айт аузыңнан,
Болады қандай заманым.

Әйелі сонда сөйлейді:

– Екеуміз бірдей жыласақ,

Есіркер ме екен Құдайым?
Жетісіп жүр ғой дейсің бе,
Менде көп қой уайым?

190. Елуге жасым келгенше,

Еңіретіп қойды-ау өлгенше.
Жаратқанға білмеймін
Неден болды күнәйім.
Қосыла тілеп өзіңмен,

Көмерсің өлсем көзіңмен.
Қалғанда сенен не болам,
Мен де бірге шығайын.
Ажалым жетсе өлермін,

Салғанын Хақтың көрермін, 200. Пешене бақытым сынайын.

Байбөрі сонда сөйлейді:

– Сөзіме құлақ салыңыз,

Тапсырып мені Тәңірге,
Бармай-ақ мұнда қалыңыз.
Далада мен, үйде сен,
Жалынсын Хаққа жанымыз.

Қасықтап жиған алалдан
Қалмасын иесіз малымыз.
Ажалым жетсе артымда,

210. Құраннан еске алыңыз.

Жарылқаса Жаратқан,
Кеп қалар аман шалыңыз.
Тау мен тас, өзен сала көп,
Таусылмас меңіреу дала көп.

Екеуміздікі бір тілек,
Менікі сіздің қамыңыз.
Бір-біріне мұны айтып,
Ырзалық сөзін берісті.

Мұны естіген ағайын 220. Жиналысып келісті.

Ырхзаласып бәрімен,
Құшақтасып көрісті.
«Болсын, – деп, – қабыл тілегің»,
Көзінің жасын төгісті.

– Көргенше жарық, жазған шал,

Көрерсің, – деді көп істі.
Аяғына соқтырып,
Темірден киді кебісті.
Беліне сымды қылды бәнт,

230. Алмасқа көрмей кеңесті.

Артып алды түйеге
Алтын мен түрлі жемісті.
Ақ таяғын қолға алып,
«Алла» деп сапар шегісті.

Ғаріп пенен қасарға
Базар болды жол үсті.
Кездескен байға кедейлер
Дүниеден қамсыз болысты.

Кедергі болып кездескен 240. Тоғайлар шөбі болды жау.

Байсынның қалды өзені,
Жайқалған гүлдеп бақша-бау.
Қоштасып өскен жерімен,
«Келтір, – деп,– Құдай есен-сау».

Не жазира шөл менен
Асусыз асқар Алатау.
Жолшыбай қалып баратыр,
Не жазық жер мен не бір тау.

Көзінің жасы тиылмай, 250. Су болып сақал, омырау.

Елсіз жерде еңірейді,
Естімес дала саңырау.
Аузы кетпей тобадан,
Қолы кетпей жағадан.

Қалмады жылап ақыл-ес,
«Есіркей көр, – деп, – Тәңір-ау».
Осы түрлі ахуалмен
Жапанның кезді даласын.

Күннен-күнге көбейтіп 260. Көкіректің жарасын.

Жетті сұрап ақыры
Самарқанның қаласын.
Самарқанда сансыз бап,
Адақтап әбден арасын.

Жалықпай сұрап әркімнен,
Әр әулие намасын.
Бұқараға жол тартты,
Аллаға артып наласын.

Баһауәдин Нақишбәнд 270. Зиярат қылды моласын.

Күндіз тыныштық көрмейді,
Ұйқысы келмей бұл таңға.
Көңілін тіпті бөлмейді
Ойын, күлкі жыртаңға.

Түнейді үш күн Байбөрі
Хәзіреті Сұлтанға.
Түркістанда Түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,

Отырарда отыз бап. 280. Бабтардың бабын сұрасаң,

Ең үлкені Арыстан бап.
Әулие қоймай қыдырып,
Бабалардың бәрін қылды сап.
Түнесе де бәріне,

Болған жоқ әлі ешбір кәп.
Қайғыменен қан жұтып,
Жыласа да зарланып,
Иіген жоқ Егем жарылқап.

Инеліктей иіліп, 290. Инедей шөпке сүрініп,

Аяғынан әл кетіп,
Табаны тасқа тілініп,
Жіңішкерді әбден жіптей-ақ
Еттері қашып сылынып.

Ас ішуге әл қалмай,
Аш күзендей бүгіліп.
Тәрк етті барша дүниені,
Ғаріп жаннан түңіліп.

Денеге қайрат береді, 300. Етегін белге түрініп.

Отырып рахат қылмайды,
Бір жерде тоқтап кідіріп.
Айлық жолды аптада ап,
Сапарға әбден шынығып.

Киімі тозып кірледі,
Етегін шеңгел сыдырып.
«Бұзылар, – деп, – тілегім»,
Шешініп жатпас жылынып.

Талған жерде ұйқыдан 310. Аз ғана көзі ілініп.

Әуре болды жазған шал,
Әулие қоймай қыдырып.
Атақтыларды ардақтап,
Осындай болып жүрсе де,

Ешбірінен жазғанға
Болмады аян білініп.
Шаршап әбден жазған шал,
Ақылы бастан ауысты.

Алты айшылық жол болды, 320. Адыраған тау асты.

Сандалып келіп түнейді,
Әулиенің ең зоры,
Аты шыққан әлемге
Хызыр Әлі қауысты.

Жалғыз-ақ қалды көк қошқар,
Өзгенің бәрін тауысты.
Қошқарын жылап жетектеп,
Жолға қадам басысты.

Сырқырап аяқ сүйегі, 330. Бетінен қаны қашысты.

Қолдағы темір асадан
Тебендейі қалғанда.
Аяқта темір кебістен
Теңгедейі қалғанда.

Қазықұрттың қасымен
Қаратауды бөктерлеп,
«Торлан» деген асудан
Әрмен қарай асысты.

Таудан әрмен далада, 340. Даладан арман салада

Ойдым-ойдым жер көрді.
Адыр-адыр бел көрді.
Адырлардың ішінде
Ақпалы бұлақ көл көрді.

Суы тынық айнадан,
Бұлағы тасып қайнаған.
Басында үлкен қара ағаш,
Моласы жоқ, тамы жоқ,

Төңірегі жалаңаш 350. Бір бұлақты көреді.

Өзеннің қарасаң бетінде,
Бұлақтың түстік шетінде
Басына өлім байлаған
Ақ қара бас сұр жылан.

Шаңғақтап түбіне ойнаған,
Ақ шеңгелге кез келді.
Сол арада Байбөрі
Тыныштық көңілі тіледі.

Су ішкелі бұрылып, 360. Бұлаққа таман жүреді.

Қатарынан өткізбей,
Иіліп келіп ақ шеңгел
Етегінен іледі.
Ырым қып іші сүйініп,

Миығынан күледі.
Бұл жерге келіп орнаған,
Көпке мағлұм болмаған
Бабай түкті Шашты Әзіз

Білсеңіздер бұл еді. 370. Өзбек пенен қазақтың

Қысылған жерде жар болған
Ақиқат кәміл пірі еді.
Енді өлемін дегенде,
Өлерлік жерге келгенде,

Бейшара шалға кез болып,
Етегінен бұрап ап,
Жібермей тартып тұр еді.
Сол бұлақтың бойына

Қошқарын сойып түнеді. 380. «Бұл жай шеңгел емес», – деп,

Ақылмен ойлап біледі.
Сүйініп іші қуанып,
Миығынан күледі.
Мойнына салып ботасын,

Тілегін Хақтан тіледі.
Сәждеде жылап жатқанда,
Көзі ұйқыға кіреді.
Шаңырқап, шаршап-шалығып,

Танабы жанның тарылып, 390. Жатқан шақта жаңылмай,

Көргені байдың бұл еді:
Сол уақта жақсылар
Түн ортасы өткен соң,
Сахар уақыты жеткен соң,

Көк есегі астында,
Ақ сәлдесі басында,
Асасы бар қолында,
Өзі Хақтың жолында,

Көп календер зіркілдеп, 400. Зікір салған соңында

Бір диуана келеді:

– Жатырсың нағып балам? – деп,

Асаменен түрте береді.
Қайрылмай кете жаздадың,
Менсініп мені қаламай.
Бәрімізден де торығып,

Өкпелеген баладай.
Кісенделді аяғың,
Бармай-ақ жерге анадай.

410. Бабай түкті бабаң – мен,

Басыңды көтер, балам-ай.
Сенің үшін Байбөрі
Дәргәһіне Алланың
Алты барып, бес қайттым.

Бесеуінен бос қайттым.
Көп жалынып қоймадым,
Осы жолы кеш қайттым.
Кеш қайтсам да, бұл жолы

Жақсылық күнің таянды. 420. Жарылқап Жаппар, бір қыз бен

Бір бала берді баянды.
Өмір жасы болады ұзақ,
Кел, қолыңды жай енді.
Айтуы Хақтың осылай,

Көрсеткенім аян-ды.
Құтылып қасірет-қайғыдан,
Шашырап көңілің болсын шат.
Жам әулие жиналдық,

Бастығы болып Арыстан бап. 430. Жабыла тілеп жалындық,

Жарылқап берді Жаппар Хақ.
Балаңның аты – Алпамыс,
Қарлығаш қызға қойдық ат.
Он жасында балаңды

Ел ұстайды қабаһат.
Қылыш кеспес, оқ өтпес,
Батырса суға болмас ғарық.
Отқа салса күймейтін

Қасиет, бақыт берді бақ. 440. Табылды, балам, талабың,

Ертерек енді елің тап.
Мұны есітіп Байбөрі,
Екі қолын көтеріп,
«Әумин» деген даусымен

Оянды уақты болып шақ.
Көңілі тынып, демін ап,
Бір күн жатып тынықты.
Шаршауы кетті шашырап,

Шаттанып дене шынықты. 450. Белін қатты байланып,

Қайтуға қадам ұрыпты.
Тартып жердің танабын,
Төтелей тура жүріпті.
Жас кетпеген жылаудан

Қуанып көздер күліпті.
Бір жарым ай жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,
Байсында Қоңырат Лақайдың

Шетінен келіп кіріпті. 460. Кеткенін байдың бала іздеп,

Тегіс Қоңырат біліпті.
Сүйінші сұрап, ат шауып,
Құлтайға хабар қылыпты.
Байбөрінің ауылы

Екі күндік жер еді.
Ағайын, халқы жиналып,
Алдынан қойдай өреді.
Бір-бірін аман көрген соң,

Көзінің жасын төгеді. 470. Өксігін Құлтай баса алмай,

Өкпесі ісіп кебеді.
Жасынан алып жасасқан,
Алалын аман көреді.
Туысқан-туған халқына,

Жам ағайын жалпыға,
Күле жылап Байбөрі
Мына бір сөзді деп еді:

– Шүкірлік қыл, ағайын,

Шуылдасып жыласпа. 480. Бейшаралық қыла бер,

Ешкіммен қайрат сынаспа.
Нелер келіп не кетпес
Тіршілікте бұл басқа.
Бергеніне Құдайдың

Бендесі шүкір қымас па.
Тортай жылап сөйлейді:

– Жарылқар күнің бар екен,

Жаратқан, Жаппар, Құдай-ай.
Ақ жүзіңді аман көрген соң,

490. Көңліміз болды біздің жай.

Басымыз есен, мал аман,
Кеткелі сіздер қорадан.
Шығындап өліп шыққан жоқ
Тышқақ лақ, қотыр тай.

Көрсетсе Құдай бір жарық,
Көргеніңіз болса анық,
«Сүйінші» десең бомай ма?
Шуласып, жылап басылып,

Ауылына келеді. 500. Алпыс рулы ағайын

Атағы Қоңырат ел еді.
Ат шаптырып, той қылып,
Бәріне хабар береді.
Жылаған бұрын халыққа

Бұл күлерлік жер еді:

– Бәйбішеге Байбөрі

Қызығып көңіл бөледі.
Күн батқанша асығып,
Ақ бетіне төнеді.

510. Рахман Ием иіген соң,

Уәлиден жәрдем тиген соң,
Жиырма бес жастың толқыны
Сол күні байға кеп еді.
Құмартып байдың тұрғанын

Бәйбіше сезіп қалады.
Шайы, әдіріс, дүриямен
Киініп өзін манады.
Зылиқадай толықсып,

Жүзінің нұры тамады. 520. Мұны көріп Байбөрі,

Көзінің жанып жанары.
Жатқанынша асығып,
Қалмай тұр сабыр, қарары.
Тездеп оқып намазын,

Апаңыз төсек салады.
Махаббат қызу ұсқынмен
Бірі-біріне қарады.
Байланған нәпсі тұлпардың

Қаңтаруын алады. 530. Алтайы қызыл түлкіге

Тырнағын жазған бүркіттей,
Төңкеріліп барады.
Ақ тұйғындай сыпырып,
Қаршыға ілген үйректей,

Жұмарласып қалады.
Дәл сол күні тағдырдың
Орындалды талабы.
Сонан былай жүкті боп,

Тоғыз ай, он күн толған соң, 540. Бір батыр апаң табады.

Алпамыс деп қойды ат,
Айтқанын екі қылмастан
Бабай түкті бабаны.
Бір жасар қылып артынан,

Келесі жылы туады
Қарлығаш қыз баланы.
Көңілінен кетіп қайғы-дерт,
Арманы байдың қалмады.

Баһадүр хал барынша 550. Тәрбие қылып бағады.

Алар бүркіт сияқты
Айбатты бала қабағы.
Сұлулықтан кемі жоқ,
Қоңыратта теңі жоқ,

Тайпалмастай табаны.
Арыстандай айбатын,
Толғалы сымбат қайратын,
Кеміте алмас көргенде

Дүниенің адамы. 560. Құда болды Байбөрі

Сарыбай деген байменен.
Сарыбай қызы – Гүлбаршын
Тең еді сұлу айменен.
Жетіге жетті Алпамыс

Бал ішіп, шекер майменен.
Атысып асық ойнайды,
Жүгіріп дөңес сайменен.
Бір түнде көшіп Сарыбай

Қытайға қашып кетіпті. 570. Мына түрлі ойменен:

– Күйеуім батыр болғанмен,

Артынан ерген іні жоқ,
Алпамыс жалғыз ғой, – деген.
Олай-бұлай боп кетсе,
Ұлтанға қызым қор болар.

Жалғызға бермей қызымды,
Кетейін қашып қой, – деген.
Осыны ойлап Сарыбай,
Қытайға қашып кетіпті.

580. Толықсып батыр Алпамыс,

Тоғыз жасқа жетіпті.
«Әкеме қарсы келдің, – деп,
«Қу бас деп азар бердің», – деп,
Құлағын кесіп құнтитып,

Ұлтанға қаһар етіпті.
Келе жатыр Алпамыс
Жыл сайын толып кемелге.
Өте құмар елдегі

Әр түрлі ойын өнерге. 590. Жалықпайды ойыннан,

Жиналып балалар келгенде.
Қаһармен қатты ұмтылар,
Ар менен намыс дегенде.
Нашарға жәрдем береді,

Ойында таяқ жегенге.
Кетті даңқы баланың
Жоғары мен төменге.
Алпамыс әкім атанды,

Қоңырат деген көп елге. 600. Өзгелерден Алпамыс

Өзгеше болды ойыны.
Жиырма бес жасар жігітпен
Кем де емес көрген бойыны.
Жыл сайын беріп Байбөрі

Халыққа қуаныш тойыны.
Садақа қылып ай сайын,
Серке мен қозы, қойыны.
Ойнап ұрған балалардың

Үзіліп өлді мойыны. 610. Бара-бара балалар

Ойынды болды қоюы.
Ерегеспеді ел және
Тиер, – деп,– сота, сойылы.
Бір күндері Алпамыс

Бір кемпірдің ұлымен
Ойнап жүрді ұрыспай,
Ермек қылып күнімен.
Жіберді ойнап итеріп

Ашусыз әзіл түрімен. 620. Үш қабырға шорт сынып,

Талықсып жатты түнімен.
Біраз халық жиналды,
Жылаған кемпір үнімен.
Көп айтушы ем балама:

«Ойнама, – деп, – мұнымен.
Ойнаған өстіп ойнай ма?
Деген ғой өлсін шынымен!»
Жаны күйіп, қан қызып,

Сөз шықты кемпір тілінен: 630. – Ойламайсың обал, – деп,

Ел баласын қырасың.
Ұят, ар, намыс сенде жоқ,
Бедірейіп тұрасың.
Қайратың асып баратса,

Айтайын сөздің расын.
Сарыбай қызы – Гүлбаршын
Айттырған сұлу мұрасың.
Жалғыз деп сені менсінбей,

«Бермеймін, – деп, – қызымды». 640. Қашып кеткен Қытайға,

Соған қыл, болса қыласың.
Бұрын мұны Алпамыс
Естімеген сөзі еді.
«Аталы ауыр сөз ғой», – деп,

Ақылмен ойлап сезеді.
Жесірін алып келмектің,
Ойланды қамын тез енді.
Жар шақыртып еліне,

Жинауға әскер кезенді. 650. Ел батырын жинап ап,

Бастығы болды өзі енді.
Бәрі де түрлі қарумен
Сайланып әбден безенді.
Жөнелді қылып тәуекел,

Жағалап Байсын өзенді.
Қытайдың шеті шырғалаң,
Сұраулап тура кеген-ді.
Ел ішіне кіргенсін,

Сұрайды Сарыбай дегенді. 660. «Бұ не қылған қосын?» – деп,

Қытайдың елі елерді.
«Артыңнан қосын келді», – деп,
Сарыбайға хабар береді.
Мәнісін сұрап батырдан,

Анығын білді ел енді.
Келгенсін көшіп Сарыбай,
Қытайдың мекен жері енді.
Қытайлар айтты: – Сареке!

Жесірін мұның бер енді. 670. Бұл сияқты балаға

Қыз бермеймін дегенің,
Мұнда көшіп келгенің,
Екенсің «тентек» сен енді.
Көрмеді мақұл Сарыбай,

«Қызыңды бер» дегенді.
Ашумен келген батырдың
Көңіліне жел енді.
Қанша күн, қанша қолменен

Гүлбаршынды алып Алпамыс, 680. Жылқысы мен түйесін,

Көп қосын айдап жөнелді.
Желігіп келген батырлар
Олжаға бәрі кенелді.
Шөл, жәзира, тау мен тас

Көрді қиын нелерді.
Шығынсыз аман Алпамыс
Жесірін алып келгенсін,
Бұрынғыдан да артықша

Еліне болды беделді. 690. Ауылға жақын келгенсін,

Алдынан шығып Байбөрі,
Ашуланып ұлына
Шығарды бір сөз шеменді:

– Тумай кеткір, Алпамыс

Көрінбе менің көзіме.
Еш қайратың тимеді
Адам болып өзіме.
Қалмақ шауып жұртыңды,

Тиып кетті күлкімді. 700. Бастығы екен Тайшық хан,

Алды барлық жылқымды.
Тура алдымнан кет, – дейді,
«Кет», – деген сөзін кектейді.

– Тайшық алған жылқының

Артынан қуып жет, – дейді.
Кешікпей жылдам бар, – деді,
Тайшықтан кекті ал, – деді.
Алалмасаң кегімді,

Бәнде боп сонда қал, – деді. 710. Алпамыс сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй дейді:

– Сабыр қыл, – деді, – атажан,

Сақтағыл тілді қатадан.
Тайшық алған жылқының
Ал артынан кетейін.
Шаһимардан жар болса,

Жауды қуып жетейін.
Әкем болсаң мен сорлы,
Сөзіңді естіп нетейін.

720. Бір қасық қаным қалғанша,

Алдыңда қызмет етейін.
Атқа салдым өмілдірік пыстанды,
Жақсыдан жақсы нұсқа алды.
Мен кеткенсін, әкежан,

Ақыры жерсің пұшманды.
Бес байталдық бедірек құл,
Әке, сенің артыңда
Аңдып жүрген дұшпан-ды.

Атқа салдым терлікті, 730. Дұшпанға қылдым ерлікті.

Мен кеткен соң, әкежан,
Кешігіп қалсам, келе алмай,
Көресің құлдан қорлықты.
Әкесінің айтқаны

Қатты тиді өзіне.
Алпамыстың жан көрінбес
Қаһарланса көзіне.
Шамырқанды, шамданды,

Буырқанды, бұрсанды, 740. Мұздай темір құрсанды.

Алып келді Шұбарды,
Мойнына тақты тұмарды.
Бейсенбі күні бесінде
Тайшыққа қосын шығарды.

Садағын белге байлады,
Ал Тайшыққа жүрмекке
Алпамыс берен ойлады.
Хабарланды бұл істен

Қоңыраттың кедей, байлары. 750. Жиылып келді батырға,

Болғандай жиын, тойлары.
Қариялар сонда сөйлейді:

– Ардақты туған Алпамыс,

Бұл сөзге құлақ салыңыз.
Аттануға қалмаққа
Есіттік бар деп қамыңыз.
Атақты Қоңырат елінің

Ерлерін жиып алыңыз.
Ағайынды ертіп артыңа,

760. Намысқа сөйтіп шабыңыз.

Көрмессің қорлық адамнан,
Жаратқан болса жарыңыз.
Жалғыздық Хаққа жарасқан,
Жиналып көппен барыңыз.

Сапарыңды Алла оңдаса,
Кәміл пірлер қолдаса.
Қалмақ, қазақ, басқаға
Кете қоймас арыңыз.

Сонда Алпамыс сөйлейді: 770. – Жақсы айтасыз, ағалар,

Сөзіңе құлақ саламын.
Жүр десем елім ереді,
Ақиқат, кәміл нанамын.
Алайда болса Тәңірге

Тәуекел жалғыз барамын.
Аяқ бау болар көп әскер,
Тұлпармен күн-түн шабамын.
Қадір Алла қаласа,

Дұшпанды жеңіп аламын. 780. Табынған отқа қалмақты

Табаныма саламын.
Жәрдемші болса жалғыз Хақ,
Есебін жаудың табамын.
Енді менім сіздерден

Тілейтін мынау талабым:

– Хабардар боп тұр әлінен

Ата менен анамның.
Жаны ашып көмек көрсеткен,
Сол болсын маған себебің.

790. Құл мен құтан зорлық қып,

Көрмесін қайғы азабын.
Әйелде тағы жеті айлық
Хабары бар баланың.
Тірі болса дұшпанға

Кек жібермес қарағым.
Жәдігер деп қойыңдар,
Ұл қылып тапса алалым.
Қыз болып туса егерде,

Көпшілік халқым қалауың. 800. Пәлен күнде келем деп,

Болмайды күнді санауым.
Біздегі ниет бақ, талап,
Алла өзі қылар қалауын.
Медет тілеп пірлерден,

Тартамын жолдың танабын.
Көңілімді бөлер жалғыз-ақ
Қайғысы ата-ананың.
Әуелі – Құдай, екінші –

Сендерге сендім қалғанын. 810. Ажалсыз адам өлмейді,

Тағдырсыз қаза көрмейді.
Жаралған ер деп атым бар,
Көрермін Алла салғанын.
Бұл сөзді айтып Алпамыс,

«Әмин» деп қол жайып,
Көптен бата алады.

– Ашылсын бағың, балам, – деп,

Келтірсін Құдай аман, – деп,
Артықша Құлтай аңырап

820. Көзінің жасы ағады.

Сақалын жуып аққан жас,
Омырауға тамады.
Ерлері елдің еңіреп,
Тапсырып Хаққа аманат,

Жүргізеді енді баланы.
Ар-намысқа арналып,
Қайратты туған бала-ды.
Алтын бауыр Шұбардың

Басын жолға салады. 830. Анадай жерге барғанша,

Арт жағына алаңдап,
Көзінің жасын тарады.
Атасы мен анасы,
Ауылының қарасы

Көрінбей ұзап қалады.
Ойнақтатып Шұбарды,
Тозаңын жолдың шығарды.
Қамшыны басты қаттырақ,

«Қызсын, – деп, – тұлпар табаны». 840. Кейде жортып аяңдап,

Кей жерлерде шабады.
Қарсақ жортпас қалыңнан
Қарғып кетіп барады.
Түлкі жортпас түлейден

Түнде кетіп барады.
Адыр-адыр белдерден,
Айдын шалқар көлдерден,
Шапқанда шаңы бұрқырап,

Жұлдыздай болып ағады. 850. Тіктеп тисе тұяғы

Қара тасты жарады.
Көз ұшында көрген жер,
Әні-міне дегенше,
Артында жатып қалады.

Тау, тас, өзен, орманмен
Еңсеріп ен даланы.
Тұлпардың еті қызған соң,
Шын жүйрікке не сөз бар,

Тартылды жердің танабы. 860. Бір күн шапса Шұбар ат,

Айшылық жолды алады.
Келтірерміз кейінірек
Алпамыстай баланы.
Әлқисса, енді айтылсын

Тайшық хан қалмақ хабары.
Алпамыс үйден шыққанда,
Тайшық хан бір түс көріпті.
Түсінен шошып оянып,

Қалтырап қатты қорықты. 870. Қорқыныш қатты түс көріп,

Мал-жанынан торықты.
Жинап алып ел-жұртын,
Өз түсін өзі жорыпты.
Сонда Тайшық сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

– Азаматтар, жарандар,

Мен бір бүгін түс көрдім.
Жоруға болмас жалтарып,
Түсімде жаман іс көрдім.

880. Алысып ешкім ар таппас,

Өлшеусіз бейне күш көрдім.
Заманым менің қағынды,
Қағынбаса не ғылды?
Құрсаулы қара бура кеп,

Қарсы қарап шабынды.
Көзімнің жасы егілді,
Қабырғам менің сөгілді.
Бір арыстан өзіме

Шабатұғын көрінді. 890. Талқан қып алды шаһарымды,

Талауға салды барымды.
Алатұғын көрінді
Қойнымдағы жарымды.
Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,
Айдарлымды құл қылды,
Тұлымдымды тұл қылды.
Солқылдаған мырзамды

Табанға салып жүн қылды. 900. Ауызына қарасам

Сұлуды таңдап сүйгендей.
Келбетіне қарасам
Қымқапты таңдап кигендей.
Қабағы қалың сол бала,

Тіпті шұнақ қу бала
Шұбар ат мініп келеді.
Сол Шұбар ат дүбірі
Тақ төбемді жарады.

Мен білмеймін тап сонан 910. Қандай адам өледі?

Жылағанда көзіме
Қанды жасым тола ма?
Тауға біткен бәйшешек
Сірә қурап сола ма?

Осындай анық көрдім түс,
Бұл түстің түбі қиын іс,
Өтірік жүріп оңа ма?
Жиделі Байсын жерінен,

Қоңырат деген елінен, 920. Алпамыс атты жас берен

Атқа мінген бола ма?
Мұны есітіп қалмақтың,
Елі-жұрты қорқады.
Ханы солай дегенсін,

Қайғы-ғамы артады.
Ат шаптырып жаршымен,
Халқына хабар айтады.
Жиылып келіп қалмақтар,

Ханның әлін байқады. 930. «Өлтіру қиын оны, – деп,

Ол келсе елдің соры, – деп,
Оңай бәле емес», – деп,
Өкініп басын шайқады.

– Алпамысты алдыма

Байлап алып келтірген,
Ия болмаса күші асып,
Амалын тауып өлтірген.
Қандай тілек сұраса,

Беремін, – деп айтады. 940. Сол уақытта, жақсылар,

Қалмақтардың ішінде
Мәстен бір кемпір бар еді.
Тізеге шекпен жетпеген,
Жамандық бастан кетпеген,

Жарымаған жан еді.
Айласы жұрттан асқанмен,
Қулықты жұртқа шашқанмен,
Шілиі қу болсаң қурайсың

Дегендей малға зар еді. 950. Бір кез ширек бойы бар,

Адам таппас ойы бар.
Өмірінде кеңшілік
Көрмеген пейілі тар еді.
Басына мүйіз біткендей,

Көтіне киіз тіккендей.
Сол келіп ханның алдына,
Аузына бұл сөзді ап еді.
Сонда кемпір сөйлейді:

– Алдияр, тақсыр, ханымыз,

960. Мен табайын амалын,

Сөзіме құлақ салыңыз.
Бір адамнан шошынып,
Қиналмасын жаныңыз.
Жаныммен қызмет етейін,

Келгенінше әліміз.
Жауыңды байлап алдыңа,
Алып келсе кәріңіз.
Бір балам бар, өзі – таз,

Маңлайда сол барымыз. 970. Қаракөзайым қызыңды

Беруді қабыл алыңыз.
Тілегім сол жалғыз-ақ,
Керек емес басқа малыңыз.
Көрсеңіз мақұл отырған

Куә бол тегіс бәріңіз.
Қарғып тұрды Тайшық хан:

– Мақұл, – деп, – анажанымыз.

Керегіңді алып ертерек,
Алдынан тосып барыңыз.

980. Қызымды беріп, балаңды

Қыламын уәзір наныңыз.
Бір қызбен аман ел-жұртым
Қалатын болса бәріміз.
Әкелсең байлап алдыма,

Сіздікі барлық малымыз.
Не нәрсе керек айт маған,
Ертерек болсын қамыңыз.
Сонда кемпір сөйлейді:

– Сөзіме, тақсыр, сеніңіз,

990. Қырық қызбенен қызыңды

Қырық отау тігіп беріңіз.
Есенімде адаммен
Шамалы іске еріңіз.
Кейін айта жатармыз,

Керек болса кеміміз.
Қырқылмаса қызыл тіл,
Амал мен айла кеніміз.
Жауыңды байлап жеткізсем,

Қатерлі күннен өткізсем, 1000. Қадырдан сонда анаңның

Кереметін көріңіз.
Айтқанының баршасын
Даярлап Тайшық береді.
Бастығы кемпір қыздармен

Азғана әскер ереді.
Тасқала деген қалаға
Қырық отауды артып келеді.
Қалада қалды әскерлер,

Отаумен қыздар жөнеді. 1010. «Түтін шықса біздерден,

Тез жетіңдер», – деп еді.
Қашығырақ қаладан,
Елдің шеті даладан.
Отаудың бәрін тіктіріп,

Жасаумен ішін бөледі.
Бәрі даяр арақ пен
Тамақтың қанша керегі.
Ойын ойнап, зауық қып,

Қыздырып қыздар жатқанда, 1020. Алпамыс та жақындап

Ел шетіне кеп еді.
Күндерде бір күн қу мәстен,
Сүкует тартып отырса,
Келе жатқан тұлпардың

Білінді дүбір дерегі.
Көтеріп басын қу мәстен,
Айламен киім киінді.
Сапарға ұзақ шығардай,

Етек-жеңін жиынды. 1030. Қоржын мен шамалы ауқат ап,

Буынып әбден түйінді.

– Келініміз, – деп, – кемпірдің,

Қыздарға айт, – деп бұйырды.

– Тұрыңдар бәрің жасанып,

Тазалап дала үйіңді.
Келген соң сыңсып жыласып,
Болғандай боңдар күйінді.
Сырттарыңнан киіп ап,

Қайғылы қара киімді. 1040. Отырған соң жайласып,

Әр түрлі көрсет сыңды.
Қымызға арақ, бал қосып,
Қолайлаңдар қоюды.
Қанарлық сусын ішкен соң,

Ішіне қызу түскен соң,
Саздарыңды алып қолыңа,
Тартыңдар зарлы күйіңді.
Осыны айтып қу мәстен,

Байсынның шықты жолына. 1050. Тақуалар секілді

Ақ таяқ алып қолына.
Келе жатып қарайды
Оңы менен солына.
Таң қалғандай көрген жан

Қайғысының зорына.
Шырмамақшы шықпастай,
Батырды байлап торына.
Жазса жүйрік жығылар,

Қазаның қазған орына. 1060. Алпамыс та келе жатыр,

Шұбалтып шаңды соңына.
Ен даладан зерігіп,
Келе жатыр еді торыға.
Бұрылды көріп кемпірді,

Кетейін деп жолыға.
Кемпір де жылай жүгірді,
Кіргендей шаттық молына.
Амандық айтып алданды,

Көзіне сиген долыға. 1070. Сонда Алпамыс сөйледі:

– Шешеке-ау, мұнша жылайсың,

Бір дұшпаннан артықша
Кемшілік көрген сыңайсың.
Арманын шағар адамдай,
Көзіңнің жасын бұлайсың.

Қай ұлт, бұл жер, өзің кім?
Айтыңыз, көңілім тыңайсын.
Көрейін келсе қолымнан,
Не тілек менен сұрайсың?

1080. Сонда кемпір сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

– Сен, сен едің, сен едің,

Қамқорың сенің мен едім.
Жиделі Байсын жерінен,
Қоңыраттың елінен,
Ұзатылып бұл жерге

Жас күнімде кеп едім.
Асылым – қазақ, орта жүз,
Мекен тұтқан жер едім.

1090. Қазақ пен қалмақ соғысып,

Үркіншілік болғанда,
Бала-шағам жас болып,
Көше алмай қалған мен едім.
Өлді ерім сол заманда,

Көп еді еркек балам да.
Жеткізсе Құдай ақыры,
Жетілермін деп едім.
Балалар өсіп үйленіп,

Әр түрлі өнер үйреніп, 1100. Біткен соң дәулет шамалы,

Артықша уайым жемедім.
Қырық балам менім бар еді,
Қырқы да бірдей нар еді.
Бұл жердегі қалмаққа

Тайшық деген хан еді.
Осы биыл Тайшықтың
Шауып келген жылқысы,
Қоңыраттың елінен

Байбөрінің малы еді. 1110. Ар, намысқа балаларым

Артықша туған жан еді.
Қазақты қалмақ шапқаны
Өлімнен жаман ар еді.
Қосылуға қазақтың

Еліне балам зар еді.
Ең қиын жері осы жерден,
Үйленіп бәрі қап еді.
Қоңыраттың жылқысын

Қуып келген қалмаққа. 1120. Алдынан шықты қырық балам,

Ажыратып алмаққа.
Ұрыс болды ақыры,
Кірісті найза салмаққа.
Көп әскер жиды Тайшық хан,

Шаптырып адам жан-жаққа.
Көпшілікке күш келмей,
Балаларым түсті қармаққа.
Өлтіріп бәрін жіберді,

Анаңды сөйтіп зарлатты да. 1130. Амалым жоқ аңырап,

Жалынып Құдай аруаққа.
Шығып едім байлап бел,
Жиделі Байсын бармаққа.
Байбөрінің баласы –

Алпамыс батыр саңлаққа.
Ажалым жетсе өлермін,
Жетермін жаным бар уақта.
Жасы менен кәрісін

Хабардар қылып бәрісін. 1140. Ерлерін елдің ертіп кеп,

Қалмақтан қанымды алмаққа.
Сонда Алпамыс сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Асу да асу бел, – деді,

Аса бір соққан жел, – деді.
Мен жайымды айтайын,
Бері таман кел, – деді.
Ізденіп шыққан балаңыз

Алпамыс батыр – мен, – деді. 1150. Асылың қазақ болса анық,

Екенсің шешем – сен, – деді.
Ар іздеп шықтым дегенің,
Аталы сөз ғой, жөн, – деді.
Жәрдемші болса Жаратқан,

Қайратымды көр, – деді.
Мұны есітіп қу мәстен,
Өтірік талып өлді енді.
Біраздан кейін көз ашып,

Ақылына келді енді. 1160. «Айтқаны рас екен», – деп,

Шыныменен көңілі сенді енді.

– Қайта жүр, ана, ауылыңа,

Жақын ба қанша жер? – деді.
Үзенгісін шығарып:

– Кел артыма мін, – деді.

Мінейін деп қу мәстен,
Қадам ұрып жүрді енді.
Жалпұшын салып астына,
Көлденең тартып тұрды енді.

1170. Адамдай есті жануар

Жауыздығын білді енді.
Қасына жақын келгенде,
Оңтайлана бергенде,
Қампайып тұрған қарнынан

Қос аяқпен берді енді.
Тұяғы тиіп тұлпардың,
Сонда кемпір талады.
Дем ала алмай көпке дейін,

Ақыл есін танады. 1180. Бір уақтары болғанда,

Көтеріп басын алады.
Қапшығын ашып айланың,
Алпамысқа қарады.
Екі бүйірін таянып,

Көзінің жасын тарады.
«Жамалдатқыр жабы», – деп
Зарланып қылды наланы:

– Суға біткен жалбызым,

Тауға біткен андызым. 1190. Жабыны жауға мінгендей,

Нешеу едің жалғызым?
Садағаң болып Алпамыс
Жолыңда сенің өлейін, –
Деп едім, жауды мұқатқан

Қызығыңды көрейін.
Астыңдағы жабының
Басын кесіп тасташы.
Құс қанатты қас тұлпар,

Қазанат тауып берейін. 1200. Атына сонда Алпамыс ашуланды,

Суырып қыннан қылыш қолына алды.
Мойнынан шабайын деп қол көтеріп,
Тағы да бұл қиялға көңілі барды:

– Көңілім аттан бұрын қалған жоқ ед,

Еш бұрын мұндай мінез алған жоқ еді.
Адыр бел, асқар тау мен бетпақ шөлде
Шапса да күні-түні талған жоқ ед.
Тастармын тапсам тұлпар мұнан артық.

Қынапқа деп қылышын қайта тартып: 1210. – Мінгесіп бұрын адам көрген жоқ ед,

Жатсынып тепкені ғой, – деді, – тарпып.
Бастаңыз енді, шеше, ауылыңа,
Көрмеп ед мініп сауырына.
Берсеңіз мұнан жақсы тұлпар тауып,

Шаншармын мұның найза бауырына.
Желпілдеп сонда кемпір желіп келед,
Артынан ер Алпамыс еріп келед.
Тіккендей жиын-тойға қырық отауды,

Алпамыс анадайдан көріп келед. 1220. Ауылға келді жақын мәстен залым,

Айқайлап шығарады ащы зәрін:

– Келе жатыр Алпамысым алыс жолдан,

Шұнақ қар, шуылдаған шық, – деп, – бәрің.
Ерлер мінер алаға,
Қас батыр шабар қалаға.
Есітіп өңшең сұлулар,

Жүгіре шықты далаға.
Аза тұтқан адамдай,
Киінген бәрі қараға.

1230. Сыңсып жылап, шуласып,

Көрісті бәрі балаға.
Қаракөзім – хан қызы,
Артық ед ақыл шамада.
Алпамыстың түріне

Назарын салып қарады.
Ғашықтық аздап жас қыздың
Жүрегіне жанады.
Жабылып өңшең сұлулар,

Шылауынан ұстады. 1240. Жан-жағынан қамалап:

– Түсіңіз, – деп қыстады.

Көтеріп аттан алады,
Ақ кілемге салады.
Перизаттай қырық зайып
Көтеріп алып барады.

Кілемге салған бойымен
Әкеліп үйге кіргізді.
«Жоқтау» мысал ән қосып,
Мұңшылық сөз білгізді.

1250. Біреуі сазбен күй тартып,

Батырдың көңілін күлгізді.
Арақ, бал қосқан қымыздан
Ал енді сусын жүргізді.
Әрқайсысы бір кесе

Ұсынып құлдық ұрғызды.
Қамалайды «шырақ» деп,
Отауды кемпір түргізді.
Таң қалып қыздар сөзіне,

Алпамыстың көзіне, 1260. Тұрғандай болды қамалап,

Бейіштің бейне хор қызы.
Бетке салқын тиген соң,
Дене жұмсап иген соң,
Бурадайын сақылдап,

Көбік шашып арсылдап,
Күлімсіреп көп шайтан
Өз қылғанын мақұлдап.
Ақыл-естен айырылып,

Құлауға батыр жақындап. 1270. Қызықты қыздар қыздырды,

Кесеге кесе шақылдап.
Қарасын тастап қыздар да,
Киініп жасап жарқылдап.
Перизаттай құбылып,

Иісі жұпар аңқылдап.
Құлады батыр мас болып,
От көбік жалын лапылдап.
Сонда мәстен келеді,

Отауға келіп енеді. 1280. – Басыңды көтер, шырағым,

Тамақ келді, – дер еді.
Көтерсін қайдан батыр бас,
Жайлаған арақ денені.
Тұрғызса құлап қайтадан,

Еш нәрсе сезіп демеді.
Мас болғанын бұл баланың
Анықтап кемпір біледі.
Жан барлығы болмаса,

Білінбес қайрат дерегі. 1290. – Отаудың бәрін жыққын, – деп,

Мәстен бұйрық береді.
Тауға біткен шиедей
Отаудың бәрін жықтырып,
Алпамыстың үстіне

Қабаттап бәрін үйеді.
Мінген аты бөрте еді,
Отауды енді өртеді.
Түтін шықты аспанға,

Қарауылдар көреді. 1300. Тасқала деген қаладан

Әскер жетіп келеді.
Алпамыстың үстінен
Отын ашып көреді.
Ешбір жері күймеген,

Оттан зиян тимеген.
Сақтаушы өзі Құданың
Ерлердің кәміл ер еді.
От ішінде мас болып,

Талықсып жатқан кезінде, 1310. Байлап алып, Тайшыққа

Бәнде ғып әкеп береді.
Көрді Тайшық, қалмақтар
Алпамыстың келгенін.
Есепсіз Тайшық қуанды,

Әкеліп байлап бергенін.
Ырза болып кемпірге,
Жинады елдің ерлерін.
Өлтіруге ойласып,

Қай түрлі азап бермегін. 1320. Суға салды батпады,

Көрді оттан күймегін.
Дарға тартты өлмеді,
Қылыш кесіп болмады.
Әр қалай қалмақ қолданды

Өлтірудің өрнегін.
Сонда Тайшық сөйлейді,
Бағалап кемпір еңбегін:

– Бәрекелді, анажан,

Жауымды байлап бергенің. 1330. Ел ішінде артықша

Кереметің көргенім.
Болды лайық балаңа
Қызымды менің бермегім.
Бүгінде қызым он жаста,

Қаракөзім көргенің.
Балалықтан өткен соң,
Жиырма жасқа жеткен соң,
Балаңа уәдем бойынша,

Беремін дедім бергенім. 1340. Ал енді, ана, мынаның

Амалын өзің табыңыз.
Не қылсаң да өзің қыл,
Ұстауға жеткен шағыңыз.
Ерік өзіңде, дүниені

Керегінше алыңыз.
Кемпір айтты: – Қырық құлаш
Зынданға мұны салыңыз.
Шыға алмай аштан өледі,

Болмасын мұнан ғамыңыз. 1350. Қауіпсіз өмір сүрумен

Рақатта болсын жаныңыз.
Құтыласың сонда анық,
Күмәнсіз бұған наныңыз.
Қабыл алды Тайшық хан,

– Мақұл, – деп, – анажанымыз.

Зынданға салды қырық құлаш, –
Деп, батыр енді барыңыз.
Өміріңнің ақыры
Түбінде мәңгі қалыңыз.

1360. «Жолдассыз жалғыз барам, – деп,

Қалмаққа қырғын салам», – деп,
Байлаумен орға қамалды
Алпамыстай нарыңыз.
Бір күндері Алпамыс

Мастығы тарқап тарады.
Арақтың зәрін жер сорып,
Ақылын жиып алады.
Қол-аяғы байлауда,

Бұған да таң қалады. 1370. Қараңғыда қармалап,

Жан-жағына қарады.

– Ұрдың, – деп, – залым, қу мәстен,

Жүрегі оттай жанады.
Бір шіренгенде ақырып,
Үзілді қол жіп танабы.
Босанған соң екі қол,

Аяқтың бәзірін алады.
«Тағдыры шығар Хақтың», – деп,
Тоқтады көңіл қарары.

1380. Зынданның түбі кең еді,

Жүз кісі сияр шамалы.
Бұрыннан зындан ішінде
Көп екен өлген адамы.
Амал жоқ жатты Алпамыс,

Аллаға қылып наланы.
Сол жатқаннан Алпамыс
Жеті жыл жатты зынданда.
Жарығын көрмей дүниенің,

Қайғымен қатып қабағы. 1390. Сұраса біреу әжеп жоқ

Алпамыстай батырға.
Жеті жылдың ішінде
Жетті де, қайдан тамағы?
Кейқуат деген жақсылар,

Бір қалмақтың баласы.
Әкесі өлген жасында,
Мұның да бар бір анасы.
Кейқуат бір күн біреумен

Ұрысқан болған шамасы. 1400. Ол ұрысқан адамы –

Тайшық ханның тағасы.
Тағасының басы жарылған,
Жыртылып және жағасы.
Кейқуаттан таяқ жеп,

Тайшыққа болды барасы.
Барды жылап Тайшыққа,
Көп болып арман, наласы.
Тұра ма, шыдап Тайшық хан,

Келгенсін бүйтіп нағашы. 1410. Жалғыздың үні шығар ма,

Ханға бар кімнің шамасы?
Тентек те болса мақұл боп,
Жалғызға болды жаласы.
Үкім болды өлуге –

Кейқуаттың жазасы.
Кейқуат түгіл басқаның
Бар ма ханға шарасы?
Төбелестен таппай мәз,

Кейқуат сорлы, жазған таз. 1420. Алпамыстың үстіне

Болды бұ да барасы.
Тастады ақыр зынданға
Қалмақтың хан мен қарасы.
Хабар тапты бұл істен

Кейқуат таздың анасы.
Қайғыменен қарайып,
Өртеніп бауыр парасы.
Бір сол еді кемпірдің

Алды-артының панасы. 1430. Ойран болып бұзылды

Көкіректің қанасы.
Теңіз терең, жер қатты,
Аспанның алыс арасы.
Түндерде ауқат арқалап,

Көтергенше шамасы.
Қарауыл ұйықтап қалғанда,
Зынданға тастар мамасы.
Шеберлердің шебері,

Құдіретін Құдай қарашы. 1440. Жеткізеді себеппен

Баршаның қадір данасы.
Өлмейді алда алмаса,
Келмесе тура қазасы.
Таныс болды Кейқуат

Алпамыспен тазысы.
Кең зынданның түбінде,
Қараңғы күн мен түнінде
Бергенін кемпір бөліп жеп,

Жатып бұл көрген мазасы. 1450. Кейқуаттың анасы

Тауысып үйде тамағын.
Сатып сойып ада қып,
Мал-мүлігі тамамын.
Бірер жылдай тағы жеп,

Жаны ашыған жараның.
Үйреніп кемпір ақыры,
Диуаналықтың талабын.
Ауқатына алты жыл

Жарады екі баланың. 1460. Күндердің күні бір күнде,

Диуана болып жүргенде,
Баяғы мәстен аулына
Келтірді тура қадамын.
Мәстенге мұңын айтуға,

Ойланды кемпір амалын.
Мәстен әбден бай болып,
Жадыратқан қабағын.
Сұраушы ед ел мәстеннен

Айланың сиқыр сабағын. 1470. Келді кемпір мәстенге,

Қайғымен салып қабағын.
Мәстеннің кірді үйіне,
Тағзым қып салып сәлемін.
Сұрады мәстен кемпірден,

Болғансын айтып аманын:

– Абысыным, қош кепсің,

Келгеніңді айтып қарағын.
Көрінесің мұңлыдай,
Менен бар қандай талабың?

1480. Сонда кемпір жылады,

Көзінің жасын бұлады.
Аузынан шығып от жалын,
Қайғырып аһ ұрады.
Басынан өткен жұмыстың

Баршасын баян қылады:

– Тұрмайтын түкке жанжалдан

Ұлғайып істің ылаңы.
Қатадан басы қанапты,
Басқа жоқ тиген зияны.

1490. «Нағашымды ұрды», – деп,

Бұзылған ханның қиялы.
Қол сынып, көзі шыққан жоқ,
Өзіңе мәлім бұяғы.
Қылышынан қан тамған,

Патшаны кім тияды?
Ұрғанға айып салса жөн,
Өлімге қалай қияды?
«Ханмын» деп жолсыз өлтірген,

Үкімге қалай сияды? 1500. Амалым бар ма, қайтейін,

Өртеніп ішім күйеді.
Осыны айтып кемпірдің,
Кемсеңдеп кетті иегі.
Көзінен аққан қанды жас,

Сорғалап қолға тиеді.
Сол уақытта мәстеннің
Рақымы келіп кемпірге,
«Жалғызым» еді дегенде,

Сырқырап кетті сүйегі. 1510. Сонда мәстен сөйледі:

– Айтқаныңды аңладым,

Екен ғой сіздің балаңыз.
Байқасам сөздің салмағын,
Кейқуат деп есіттім,
Зынданға ханның салғанын.

Алпамыстың қасына
Серік болып барғанын.
Жатыр ма тірі зынданда?
Анығын біліп аңлағын.

1520. Бар болса тірі зынданнан,

Шығарып оңай алмағым.
Не бопты екен Алпамыс,
Білдің бе оның хал жағын?
Кемпір айтты: – Алпамыс

Есіттім өліп қалғанын.
Аштықпенен бұралып,
Шалқадан жатып талғанын.
Дәл түсіп оған Кейқуат,

Барынша ұрып салмағын. 1530. Талықсып жатқан талғағы

Онан жаман болғанын.
Қарашы, балам, зерегін,
Ойына мынаны алғанын:

– Алмаққа келген Алпамыс

Қалмақтың шауып бар малын.
Тіріліп кірсе күшіне,
Маған да жазар бармағын.
Артымнан ауқат келсе егер,

Қылар деп тағы жанжалын. 1540. Ауыз бенен мұрынның

Балшықпен тығып жан-жағын.
Тұншықтырып өлтірді,
Шығармай естен арманын.
Диуана болып балама,

Жеткізіп тұрмын нан жағын.
Алты жыл болды, апаке-ау,
Таусылды мүлік, мал жағым.
Көптен бері көксеген

Бір сіз еді арманым. 1550. Сізден бір себеп болмаса,

Қалмады басқа дәрменім.
Хан алдына қаншама
Болмады қабыл барғаным.
Хан қасында қадірлі,

Күшті еді ақ аруағың.
Мүддағым сізден зынданнан
Шығарып баламды алмағың.
Жалғызымды шығарсаң,

Қабыл болып бағаның. 1560. Берерлік дүние менде жоқ,

Өлгенше есте қалғаның.
Жоқшылықтың тіленіп,
Алты жыл тарттым зардабын.
Күндіз менде күлкі жоқ,

Түн болса тағы ұйқы жоқ.
Тапқан нанымды арқалап,
Зынданның жолын шарладым.
Мәстен айтты: – Қайта бер,

Мен енді ханға барайын. 1570. Сіз үшін бір Тайшыққа

Қадірімді салайын.
Замандас едің, сіңлімжан,
Әжетіңе жарайын.
Осындай қиын әжеттің

Шығарған әжең талайын.
Бар күнәсін кешіртіп,
Балаңды сұрап алайын.

– Шығарды, – деп, – пәленше,

Сезбесін мені маңайың. 1580. Шықпасын хабар ағайын,

Үйіңе балаң барғанша,
Көрісіп қолыңды алғанша,
Лепілдемей жүре бер,
Білмесін тіпті жамайың.

Шаттанып кемпір шашырап,
Тез үйіне қайтады.
Киініп мәстен, ат мініп,
Тайшыққа қарай тартады.

Барды мәстен Тайшыққа, 1590. Халы-жайын байқады.

Қарсы алып Тайшық анасын,
Амандық сәлем айтады.
Неше түрлі шекер, бал,
Наз, нығмет тартады.

Асалап жатыр қу мәстен,
Ат жегендей арпаны.
Дастархан ақыр жиналып,
Артылған ақыр қайтады.

Жайласып демін алған соң, 1600. Қанағат нәсіп қанған соң,

Мәстенге жайлап Тайшық хан
Жол болсын жауап айтады.
Сонда Тайшық сөйледі:

– Қош келдің, әзіз анамыз,

Анамыздан да артықша
Мейірбан қадір данамыз.
Қалт болмайды айтқаның,
Не десең де нанамыз.

Екі болмас әмірің, 1610. Бәрін де қабыл аламыз.

Сонда мәстен сөйледі:
Деп, балам, бермен қараңыз,
Көңіліңізге қош келсе,
Айтарлық бар бір намамыз.

Өзіңе мәлім бір сөзді
Құлағыңа саламыз.
Сүйінші, шаттық, Алпамыс,
Өліпті, бітті шараңыз.

Қауіпті жаудан құтылдың, 1620. Жазылсын көңіл-жараңыз.

Сүйінші сұрап алдыңа
Отырған келіп анаңыз.
Керек емес дүние-мал,
Берсеңіз мынаны аламыз.

Кейқуат деген бір бала
Анасы мендей анаңыз.
Болмашы бір жанжалмен
Ашулы болып араңыз,

Тастапсыз оны зынданға 1630. Хансың ғой жетіп шамаңыз.

Зор болса басы қатадан,
Қанаған шығар тағаңыз.
Ол үшін адам өлтірген
Сияр ма, жолға қараңыз?

Шалқасынан Алпамыс
Талықсып жатқан кезінде,
Үстіне түсіп Кейқуат,
Өлтіріпті балаңыз.

Отқа салса өлмеп ед, 1640. Қазасына қараңыз.

Қанаған басы тағаның
Жазылған шығар жараңыз.
Айтар сөздің қысқасы,
Әділдіктің нұсқасы.

Кейқуатты зынданнан
Шығару жағын қараңыз!
Сонда Тайшық сөйлейді:

– Осы ма, ана, талабың?

Сөзіңізден садаға, 1650. Мұныңды қабыл аламын.

Бір емес, жүз Кейқуат
Құрметіне қадамың.
Бар күнәсін кешірдім,
Ақына сіздей ананың.

Ертең алтын арбамен
Баласын алып барамын.
Сіз барып қуант, сүйінші ал,
Жеткізіп шаттық хабарын.

Мәстен шығып Тайшықтан, 1660. Кемпірге ұрды қадамын.

Кешке барып кемпірге,
Баяндады тамамын.
Кемпірдің көзі жарқ етіп,
Қайғыдан ашты қабағын.

Ерте тұрып Тайшық хан,
Шақырып арба адамын.
Уәзірлеріне бұйырып,
Жазды өкім қаламын.

Киім-кешек әр түрлі 1670. Арбаға артып тамағын.

Арқанын алып қырық құлаш,
Түбіне зындан саларын.
Келді зындан басына
Кейқуаттай баланың.

– Ұста, – деді Кейқуат,

Шығарып енді аламын.
Оқыдың орда алты жыл
Саясаттың сабағын.
Кешірілді күнәңіз,

1680. Көңіліңе ауыр алмағын.

Кейқуат сонда ақырын
Алпамысқа сөйледі:

– Ырза бол, шығып барамын.

Тірі жүрсем, Алпамыс,
Ас-су беріп бағамын.
Елге барып ес жисам,
Есебіңді өзім табамын.

Жәрдемші болса Жаратқан,
Шығарып ақыр аламын.

1690. Сізді әзір бұрын шығарсам,

Қайта тастар, қарағым.
Онан соң қайтып екеуміз
Көрмеспіз жарық жамалын.
Мен шықсам сені қарармын,

Шығарудың амалын.
Шын ажалың жетпесе,
Санаулы демің бітпесе,
Бір жәрдемі тиер-ау

Бабай түкті бабаның. 1700. – Қайыр, қош, – деп Алпамыс,

Ырзалық жауап айтады.
Байланды арқан беліне,
Кейқуатты тартады.
Күннің нұры Кейқуат

Көзінің нұрын шарпады.
Талып қалды шыққансын,
Арбаға артады.
Таза ауаға шыққансын,

Бір уақтары болғанда, 1710. Ақылын жинап Кейқуат,

Хал шамасын байқады.
Арбаменен үйіне
Кейқуатты келтірді.
Баласын аман әкеліп,

Қуантты жазған кемпірді.
Жанжағы тегіс жиналып,
Шаттыққа көңілін толтырды.
Қуатқа кіріп бой жазып,

Бірнеше күн ол тұрды. 1720. Бір түндерде Кейқуат

Бір талай ауқат арқалап,
Алты жыл жатқан жолдасы
Алпамысқа келтірді.
«Алпамыс өліп қалды, – деп,

– Кейқуат ішін жарды», – деп,

Ел ішіне жайылған
Сөздің бәрін білдірді.
Қапалы болған көңілін
Бір азғана күлдірді.

1730. Әр заман ауқат жеткізіп,

Бірнеше айлар өткізіп,
Еш адамға сездірмей,
Осындай қылып жүргізді.
Сол уақытта, жақсылар,

Қаракөзім – хан қызы
Он жеті жасқа келген ед.
Жолдас қылып қасына,
Қырық қыз нөкер берген ед.

Ойын-сауық, тамаша 1740. Күндіз-түні көрген ед.

Он жасында Қаракөз
Алпамысты көрген ед.
Жас та болса көңілін
Аздап көңілін бөлген ед.

Уәдесі бойынша
Таз ұлына мәстеннің
Әкесі қызын бермек ед.
Он жеті жасқа келгенде,

Мәстеннің таз баласын 1750. Қаракөзім көрмеп ед.

Тазға барып тигенше,
Құшақтасып бетін сүйгенше,
Арманы қыздың өлмек ед.
Иісі жұпар аңқыған,

Күндей нұры балқыған,
Бекзада қылып өсірген,
Бетіне ешкім келмеп ед.
Тайшық ханның жалғызы –

Қаракөз еді еркесі. 1760. Еркесінің бар ед

Жүз қоңыраулы серкесі.
Серкелерді бағатын,
Малдың бабын табатын
Өліп еді шопаны.

Ұзын сөздің келтесі,
Қыз серкесін бағуға,
Ақымен жалдап алуға,
Кейқуатты Тайшық хан

Шақырып алды ертесі. 1770. Сонда Тайшық сөйледі:

– Ей, Кейқуат, кел, – деді,

Қалмақтың ханы мен – Тайшық.
Нәсілің түрікпен сен, – деді.
Алпамыстың қарынын
Өлтірген жарып ер, – деді.

Бұйырамын бір жұмыс,
Сөзімді мақұл көр, – деді.
Жүз қоңыраулы қызымның
Серкесі бар, көр, – деді.

1780. Көптен сені ұнаттым,

Тәуір көріп мен, – деді.
Ақыңды толық беремін,
Серкемді бағып бер, – деді.
Құрметің де кем болмас,

Байласаң бұған бел, – деді.
Ойланып тұрып Кейқуат,
Хан сөзін мақұл көрді енді.
Азық-түлік, қаржымен

Серкені санап берді енді. 1790. Хан шопаны атанып,

Уәде беріп, бата алып,
Серкелерді аулына
Кейқуат айдап келді енді.
Серкені семіз қылуға,

Қарады жақсы от жерді енді.
Зындан жаққа жаюға,
Көңілін тағы бөлді енді.
Серкесін жайып, тапқанын

Әкеліп әр күн берді енді. 1800. Осы туралы ақуалмен,

Айдынды батыр Алпамыс.
Жер астында жеті жыл
Жазғанын Хақтың көрді енді.
Бір күндері болғанда,

Екі серке сүзісіп,
Алпамыстың үстіне
Зынданға түсіп кетеді.
Көріп қалып артынша,

Кейқуат та жетеді. 1810. Батырменен сөйлесіп,

Былайша жауап етеді:

– Болмашы іске белгілі

Ханың қаһар етеді.
Жоғалтсам малын бақтырған
Бұрынғыдан да бетері.
Сол үшін ханның серкесін

Шығарып берсең нетеді.
Жалғыз ханның Қаракөз
Мұнан жоқ жанның өтері.

1820. Әмірінде сол қыздың

Ханның барлық нөкері.
Өлтірем десе өлтіред,
Бұл сөздің жоқ бекері.
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Кейқуат, бермен келіңіз,

Менің айтқан сөзіме
Шын көңілмен сеніңіз.
Әр уақытта серкеден
Әкеліп маған беріңіз.

1830. Егер шықсам зынданнан,

Менікі барлық еліңіз.
Хан қыламын осы елге,
Өмірде болмас кеміңіз.
Хан болып үкім жүргізсең,

Тарқар іштен шеріңіз.
Мұратыңа жеткізет,
Алпамыс батыр еріңіз.
Шықсам аман зынданнан,

Кереметім көріңіз. 1840. Тағдырсыз қаза көрмессің,

Сау болса аман деніңіз.
Менің айтқан ақылым,
Көрейік істің ақырын.
Тақ ажалың таянса,

Мен үшін сіз де өліңіз.
Кейқуат сонда сөйледі,
Қаттырақ дауысын асырып:

– Өлі, – деп сені зынданда,

Жүр едім жұрттан жасырып. 1850. Асырадым алты жыл,

Жатқанда ұртың ашылып.
Мен болмасам өлер ең,
Бір айға жетпей ашығып.
Асырады бір кемпір,

Күні-түні тасынып.
Шыққан соң өзім зынданнан,
Тағдырға бақтым бас ұрып.
Мен үшін тағы өл дейсің,

Баққаныма масығып. 1860. Асылың қазақ қарарсыз,

Өлтірейін тас ұрып.
Тұр екенсің, Алпамыс,
Ажалыңа асығып.
Бұл күніңді өзіңе

Көп қылайын мен саған.
Ал енді өлдің, Алпамыс
Астында тастың басылып.
Бұл сөзді айтып Кейқуат,

Ашуға міне бастады. 1870. Диірмендей бір, екі, үш

Көтеріп келді тастарды.
Алпамыстың үстіне
Тастардың бәрін тастады.
Түбіне зындан тығылып,

Алпамыс мұнан саспады.
Құдықтың ішін күңірентіп,
Қаһарын қатты шашқаны.
«Алла» деп қатты ақырып,

Жоғары атты тастарды. 1880. Атылып шыққан тастардан

Кейқуат жаман жасқанды.
Тура тисе денеден
Кететін жұлып бастарды.
Күркіреген дауысы

Күңірентіп жер мен аспанды.
Қашып кейін Кейқуат,
Ақылынан сасқан-ды.
Мына қылған ісіне,

Таң қалып ердің күшіне. 1890. Көңіліне кеңінен келтіріп,

Ойланды мына жоспарды:
«Жүзінде жаһан жоқ шығар
Мұнан күшті өткір ер.
Қалмақтың жоқ ішінде

Барабар бұған деп келер.
Шықса зындан ішінен,
Мұратқа кәміл жеткізер.
Айтқанын қылсам аянбай,

Мені «шын дос» деп көрер. 1900. Өзі бір шықса себеппен,

«Дұшпан» деп мені жек көрер.
Көңіліне кек қылып,
Өлтірер, ия, өкпелер».
Осыны ойлап Кейқуат,

Уәде берді батырға.
Серкені сойып пісіріп,
Болды нан, май, ет берер.
Екі күнде сойып бір серке,

Алпамысты бағады. 1910. Күннен-күнге батырдың

Келеді ет жеп кемелі.
Келді қайрат күшіне,
Нұрланып раушан жамалы.
Қоңыраулы жүз серке

Жартыдан ауып барады.
Түзелді дене, денсаулық,
Сыйлы болып тамағы.
Бір күндері Кейқуат

Қайғылы болды қабағы: 1920. – Кетті кеміп жартыдан

Серкесінің санағы.
Өзі қойшы, жазған таз
Малды қайдан табады.
Көктем шығып, жаз болып,

Үйрек ұшып, қаз қонып,
Шығады деген сейілге
Келді қыздың хабары.
«Не деймін қызға енді?» – деп,

Батырға хабар салады. 1930. Санаса келіп серкесін

Қыз бен ханның адамы,
Құтқарар мұнан уаждың
Болады қандай амалы.
Таппасаң, тақсыр, бір ақыл,

Тарылды таздың заманы.
Алпамыс айтты: – Ей, досым,
Мұнан қорқып саспағын.
Үйретейін мен саған

Сақтанудың бас қамын. 1940. Келтіріп бер, темірші

Ұстаның балға аспабын.
Кішкене төс пен қаңылтыр
Зынданға әкеп тастағын.
Келтірді тегіс Кейқуат

Керекті бәрін басқаның.
Істеді темір, сүйектен
Сыбызғы, сырнай жоспарын:

– Сейілге шықса Қаракөз,

Аралар бауын бақшаның. 1950. Жасырынып бір жерде

Сырнайды тарта бастағын.
Істеді мұны кім десе?
Аузыңды жанға ашпағын.
Хан қызынан басқаға

Шын сырыңды шашбағын.
«Көремін» десе ертіп кел,
Қауіп қылып қашпағын.
Көргеніңнің бәрін айт,

Мінезге жаман баспағын. 1960. Бақытты құсың бар болса,

Жалғыз Алла жар болса,
Көрерсің кейін көзбенен
Әңгіме сөздің дастанын.
Қабыл көрді Кейқуат

Алпамыстың дегенін.
Балға, қышқаш, темірмен
Келтіріп берді керегін.
«Шылдырман» деген сыбызғы,

Жасады төгіп өнерін. 1970. Кейқуатқа береді,

Көрсетіп қолдың шеберін.
Күзетіп жүрді Кейқуат
Сейілге қыздың келерін.
Есітті бір күн анықтап,

Қырық қыз бен хан қызы
Тамаша қылып сейілге
Келе жатыр деген дерегін.
Жасырынып сайменен,

Алдын тосып алады. 1980. Перизаттай жарқырап,

Сәулесі әлемді алады.
Қызыл-жасыл киінген,
Соққандай салқын шамалы.
Меруерт, маржан тағынған

Жарқырап төс пен тамағы.
Қызғалдақтай қызартып,
Жасартып ен даланы.
Мұны көрген ерлердің

Көзінің жанып жанары, 1990. Есі кетіп, есінеп,

Халықтың бәрі қарады.
Ойын-күлкі, сәулетпен
Бақшаға қыздар барады.
Бақшадан асып Кейқуат,

Бір таса жерді табады.
Аралап ішін бақшаның,
Көп қыздар сайран салады.
Бір уақытта Кейқуат

Сыбызғыны шалады. 2000. Тартылған күйдің даусына

Қыздар да аң-таң қалады.
Жүгіріп қыздар даусымен
Кейқуатты табады.
Көрмеген бұрын нәрсеге

Қайран болып қарады.
Әсіресе хан қызы
Ақылынан танады.

– Кім істеді мұны? – деп,

Ортаға қыздар алады. 2010. Бермеді жауап Кейқуат,

Ақыры қыздар сабады.
Сабаса да айтпады,
Тырысып қатты қабағы.
Жауырынан отқа қақтады,

Бұтын отқа таптады.
Қайсартуға Кейқуат
Сонда айтар болмады.
Сонда тұрып Қаракөз

Ойланды мына жобаны: 2020. «Айтпағаны бұл сөзді

Бар шығар бір сабағы.
Ия болмаса көңлінде
Бар шығар бір талабы».
Қойшыны баудан шығарып,

Оңаша қылып даланы.
Дарбазаны бекітіп,
Қыздарды бауға қамады.
Оңашаға апарып,

Сұрамақ болды талабы. 2030. – Істеген мұны кім ед? – деп,

Сұраған қыздың сауалы:

– Есіктің алды жыңғыл-ды,

Пышаққа сап пен қын қылды.
Сырыңды айтшы, Кейқуат,
Сырнайыңды кім қылды?
Ұстазың кім істеген,

Мұны кім саған білдірді?
Зарлаған күйі сырнайдың
Сүйегімді сындырды.

2040. Қайырып тартқан қайғы күй

Жігерімді құм қылды.
Кейқуат сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Базары пышақ балдақы,

Нәсілің сенің қалмақы.
Көп ішінде қинадың
«Сырыңды айт», – деп салдақы.
Көргеніңнен әлі көп

Көретін ісің алдағы. 2050. Ор ішінде бәнде боп,

Алпамыстың қалғаны.
Ерігіп жатып істеген,
Ішінде көп арманы.
Алып ем сұрап, сол ерден

Болғансын қойшы малдағы.
Көрсеткелі өзіңді
Жүр едім алып барғалы.
«Қаракөзден басқаға

Айтпа», – деп еді ол дағы. 2060. Батырлықтан артықша

Өнері көп қолдағы.
Алдыңа батып бара алмай,
Жазған тазың сорлады.
Жүруші ем күтіп оңаша

Түсер деп бір күн жолдары.
Көп адамға көрінбей,
Жолығар күнім болмады.
Кездескен жерім осы-ақ боп,

Қыздарың сабап зорлады. 2070. Қыздарың ұрған запынан

Денемде қуат қалмады.
Мұны естіп Қаракөз,
Жіберіп ақыл парлады.
Мәстеннің таз ұлына

Жоқ еді ойы барғалы.
Ғашықтың оты қозғалып,
Сабыр, қарар қалмады.
Сұрады сонда: – Алпамыс,

Бар ма, – деп, – тірі жандары? 2080. – Жатыр, – деп, – тірі Кейқуат,

Шынын айтып сарнады.
«Алып бар, мені соған», – деп,
Қаракөзім зарлады.
Кетті екеуі зынданға,

Батырдан хабар алғалы.
Дарбаза берік, көп қыздар
Қамалып іште қалғаны.
Емес ет, алыс зындан да,

Шамалы жерге барғаны. 2090. Бір жерлерге барғанда,

Тазша қылды кесірді:

– Шаршадым, – деп жүрмеді,

Алды, – деп, – таяқ есімді.
Қаракөзім қабынды:

– Жүре көр, – деп жалынды.

Берейін, – деді, – ақыңа,
Өзің баққан малыңды.
Ашылған бақта гүл, – деді,
Берейін ақы, пұл, – деді.

2100. Шыныменен шаршасаң,

Кел мойныма мін, – деді.
Шешініп киім, етігін,
Мойнына қыздың мінді енді.
Бағлан өскен хан қызы

Көтеріп тазды жүрді енді.
Салбыратып аяғын
Емшегіне ұрды енді.
Желке шашын тізгін қып:

– Былай жүр, – деп бұрды енді.

2110. Келе жатып Кейқуат,

Безеді былай тілді енді:

– Бағын ашып бұл қыздың,

Жарылқай көр, еркі Ием.
Әр түрліні жаратқан
Құдіреті берік Ием,
Батты ма қоржын мойныңа?

Шу жануар, ту бием!
Құс өледі көп түлеп,
Ол Қаракөз ақ білек.

2120. Келді ордың басына,

Екі емшекке тепкілеп.
Он жаста көңіл беріп ед
Алпамыстай мүсінге.
Ұяты күшті, заты әйел

Арманы болып ішінде.
Онан кейін неше рет
Көрген тағы түсінде.
Кездесті келіп Қаракөз,

Алпамыс зындан ішінде. 2130. Қыз зынданның тысында

Сөйлесті кіші бесінде.
Қаракөз сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Жатырмысың, Алпамыс,

Ардақты батыр қазағым?
Жер астында жеті жыл
Тарттың-ау ордың азабын.
Ойланып сені ертең-кеш,

Ақылмен азды ажарым. 2140. Атам патша, амал жоқ,

Ішімде қайғы, ғазалым.
Қалайсың батыр, келдім мен,
Шығуға бар ма мажалың?
Бас бере келдім, байлап бел,

Өлейін жетсе ажалым.
Сонда Алпамыс сөйледі,
Білдіріп тірі-аманын:

– Ақ жарылқап, зынданнан

Шығатын болса заманым, 2150. Айтпады деме, атаңа

Ақырзаман саламын.
Ежелгі жаумен егескен,
Еліңді тегіс шабамын.
Табынған отқа қалмақты

Мұсылман дінге саламын.
Мұсылман болсаң дінге еніп,
Өзіңді де аламын.
Көресің, досым, көп қызық,

Жарыққа шықса қадамым. 2160. Қаракөз сонда сөйледі:

– Қандай амал табамын,

Сені тартып шығарар
Қайратты жоқ адамым?
Алпамыс айтты: – Қаракөз,
Айтқанды аңлар жақсы адам,

Аңлатсаң да түсінбес
Ақыл-естен тапшы адам.
Тарта алмас мені көтеріп,
Байшұбардан басқа жан.

2170. Қаракөз айтты: – Шұбар ат

Шықпайды темір бақшадан.
Аптада бір нәр таттырып,
Арықтатып тастаған.
Темір үйде байлаулы,

Бара алмайды басқа адам.
«Арықтатып, аздырып,
Жуасытып мінем», – деп,
Қасына жанды жолатпас,

Тастайды жем, шөп аспадан. 2180. Алпамыс айтты: – Тез қайтып,

Ауылыңа барыңыз.
Берейін ескі жейдемді,
Ішіңнен киіп алыңыз.
Жел жағына айланып,

Бір-екі назар салыңыз.
Иісім барса темірден,
Шығады бұзып, наныңыз.
Түс пормыңды өзгертіп,

Диуаналыққа салыңыз. 2190. Махаббат көңіл десеңіз,

Шындыққа кәміл сенсеңіз,
Мұнан арғы ақылын
Өзіңіз ойлап табыңыз.
Лақтырды көйлегін,

Қағып алды Қаракөз.
Уәде берді берік етіп,
Қыз аулына қайтты тез.
Қамалып қалған баудағы

Қыздарына болды кез. 2200. Қайтуына қыздардың,

Бәріне рұқсат берді сөз.
Бетіне жағып бояуын,
Қолына алып таяғын,
Есекке мінді қоржын сап,

Беліне ескі байлап бөз.
Алпамыстың киімін
Ішіне байлап алады.
Диуанадай басына

Талдап үкі тағады. 2210. Тіленіп ақтап Қаракөз,

Ордаға қарай салады.
Темір үйде байлаулы
Шұбарды көз шалады.
Жел жағынан айланып,

Жанай өтіп барады.
Алпамыстың иісі
Шұбардың мұрнын жарады.
Иісінен қатты шыңғырып,

Оқыранып қарады. 2220. Шықты Тайшық далаға

Қарауыл қойған адамы.
Секірді тулап Байшұбар,
Темір үй қаусап қалады.
Иіскелеп қызды жануар,

Көзінен жастар ағады.
Мұны көрген хан қара
Бәрі де аң-таң болады.
Сонда Тайшық сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді: 2230. – Келбетіңе қарасам,

Түрің келмес жамансың.
Не деп тұр мынау Шұбар ат,
Жылқыға қандай мамансың?
Алпамыстың өзі мең,

Болмаса көрер көзі мең?
Жасырмай маған шыныңды айт,
Қайдан келген адамсың?
Диуана сонда сөйледі:

– Хан болсаң да, тақсыр-ай,

2240. Қайда кеткен ақылың?

Алпамыс мендей жүз есе,
Емес пе асқан батырың?
Төрт балам бәрі жас,
Бар бір ауру қатыным.

Диуана болып ел кезіп,
Жүрген бір сорлы пақырың.
Жаңа пері күнімде,
Жиделі Байсын жерінде.

Аралап Қоңырат атаулын, 2250. Өзіңіз де білерсіз

О жердің алыс-жақынын.
Сонда бұл құнан күні екен,
Тәуірі екен атының.
Ардақты жүйрік аты екен,

Байбөрі деген сақының.
Ауырып үш күн түкіріп,
Баққан мына пақырың.
Жазылып сонан жануар,

Жүр екен тірі бақырым. 2260. «Сонда қандай едім? – деп,

Қонып ед, салған демің, – деп,
Онан да жаман арықтап,
Қурап тұр сүйек тақымым».
Маған шағып жылап тұр,

Тағы да жәрдем сұрап тұр.
Күн-түні байлауда,
«Темір үй, – деп,– жатыным».
Сонда Тайшық сөйледі:

– Берейін саған осыны,

2270. Айуан тілін аңғарар

Сөзіңнің жота жосыны.
Үйрете алмадық біз тіптен,
Болдық па қайдам тосыны?
Аңғарар есті айуан

Дұшпаны мен досыны.
Үйретіп берсең бір мініп,
Қылар ем көңіл қошыны.
Диуана сонда сөйледі:

– Тақсыр-ау, патша, жанабым,

2280. Мен бір жүрген тіленші

Қамында қатын, баланың.
Жүрісім мынау ел ақтап,
Атыңды қайтып бағамын?
Тайшық айтты: – Беремін,

Қатын-балаң тамағын.
Айтуынша аттың да
Беремін керек-жарағын.
Үйің қайда бұл елде,

Бар ма таныс адамың? 2290. Диуана айтты: – Үйім бар,

Ішінде Тасқаланың.
Әзіргі жайым үйінде
Кейқуат таз баланың.
Танысым сол бұл елде

Өзіңнің шопан маманың.
Атымды, тақсыр, бақ десең,
Соған бір ақыл саламын.
Қарсылық ханға қыла алман,

Сөзіңді қабыл аламын. 2300. Мақұл көрсе Кейқуат,

Үйінде-ақ соның бағамын.
Кейқуатты шақырып,
Жіберді Тайшық адамын.
Алып келді тез барып,

Тигізбей жерге қадамын.
Келді алдына Кейқуат,
Алдына хан қараның.

– Сөйлесші, – деп айтты хан,

Диуанамен, қарағым. 2310. Белгілі тазға диуана

Берді келіп сәлемін.

– Кел, Кейқуат, сенімен

Оңашаға барамын.
Тазекең де таниды
Жасырған қыздың жамалын.
Ордадан кетті оңаша,

Асырғалы амалын.
Бастан-аяқ білдірді
Әңгіменің хабарын:

2320. – Атты алып берем қолыңа,

Деймін дағы бағамын.
Қырық құлаш арқан, жем, шөппен
Беремін алып тамамын.
Кешіктірмей ертерек,

Шығару жағын қарағын.
Білдірмей қамдап, тауып ал
Батырдың қару-жарағын.
Келгені осы қолымнан,

Өзің біл енді қалғанын. 2330. Кейқуат қатты шаттанып,

Қайғыдан ашты қабағын.
Келді екеуі ордаға,
Оқып айла сабағын.
Бақпақшы Шұбарды,

«Көрді,– деп,– мақұл адамым.
Азық, ауқат, жем, шөппен
Қырық бес арқан талабым.
Осымен атың жуас боп,

Орындалар талабың». 2340. Хан есепсіз қуанып,

Жүгіріп ұрды қадамын.
Келтіріп берді кем қымай,
Ауызына ағанын.
Қарсы алды қыздың Байшұбар

Мойнына арқан сағанын.
Таз жетектей жөнелді,
Тұрғызып оңнан шамалын.
Ішерлік ауқат, жем мен шөп

Арбаға артып сабанын. 2350. Сезді біліп жануар,

Жерге тартып табанын.
Үш күннің бағып ішінде,
Келтірді Шұбар кәмәлін.
Төртінші түнде Кейқуат

Ойланды зындан барарын.
Зынданға келіп айтты сөз:

– Ал, тақсыр, арқан саламын,

Байшұбардың беліне
Бір ұшын байлап таңамын.

2360. Беліңе байлап, берік ұста,

Айрылып, тақсыр, қамағын!
Бұл сөзді айтып Кейқуат,
Зынданға арқан салады.
Түбіне барған арқанды

Қармалап батыр табады.
Белге байлап, берік ұстап,
«Тарт» деген болды хабары.
«Айт» дегенде жануар

Сырғытып тартып барады. 2370. Толған айдай толықсып,

Көзінің жанып жанары,
Шыға келді зынданнан
Батыр палуан манары.

– Жан серігім, жануар –

Деп Шұбарға қарады.
Шауып келіп батырдың,
Төсіне басын салады.
Оқыранып, иіскеп,

Көзінен жасы ағады. 2380. Көрісіп батыр атымен,

Құшақтасып қалады.
Дұшпаннан көрген қорлығын
Имамен айтып шағады.
Болды раушан қылғандай

Қараңғы түн даланы.
Үйіне келді Кейқуат,
Хабардар қылып ананы.
Бақты бес күн сездірмей,

Алпамыстай баланы. 2390. Алтыншы күн Алпамыс

Оятып сезім-сананы.
Келтірген сауыт Кейқуат,
Беліне қылыш тағады.
Оқып бамдат намазын,

Жад етіп Тәңірі Тағаланы.
Болды тауып қылғандай
Ниет қылып қағбаны.
Шықты ерте Алпамыс

Бет алып ақ қаланы. 2400. Сол күні Тайшық әскермен

Аң аулап шыққан заманы.
Ит жүгіртіп, құс салмақ
Көп қалмақтың талабы.
Алыстан байқап адамдар

Көрді бір үлкен қараны.
Жақындап келіп қалмақтар
Таниды Шұбар аланы.
Әскерді көріп Алпамыс,

Оттай көзі жанады. 2410. Ұмтылды батыр ақырып,

Даусы жерді жарады.
Ұранын айтып «Алатау»,
Айқай сүрен салады.
Күркіреген дауысы

Күншілік жерді алады.
Әне-міне дегенше,
Айтып ауыз жиғанша,
Көп әскермен ал батыр

Араласып қалады. 2420. Қылыш шауып кейбірін,

Шоқпарменен сабады.
Қылышы жеткен жерлерде
Қырып кетіп барады.
Күрсілдетіп күрзімен,

Ұрып кетіп барады.
Кейбірін түйреп найзамен,
Түріп кетіп барады.
Алпыс атты бір жерге,

Жетпіс атты бір жерге, 2430. Матап байлап тізгіннен,

Қуып кетіп барады.
Өліктерін төбе қып,
Үйіп кетіп барады.
Көп қалмақты қуалап,

Қанын судай шашады.
Ақырған сайын күшке еніп,
Қайраты судай тасады.
Қамаудан шыққан жануар

Шабысқа шабыс қосады. 2440. Ортекедей ойнақтап,

Ақбөкендей жосады.
Тайшық хан қатты қысылып,
Қалаға қарай қашады.
Жан-жақтан әскер жиналып,

Батырдың алдын тосады.
Тоқтата алмай тосқанмен,
Қалмақтар қатты сасады.
Қақбасының алдында

Барғанында жақындап, 2450. Қуып жетіп Алпамыс,

Тайшық ханды шаншады.
Қалаға кіріп қалмақтан,
Науыт қып, қырды қаншаны.
Өлтірді шаншып хандарын,

Шырқыратып жандарын.
Талауға салып жіберді
Қазынадағы малдарын.
Шәһардің іші шартылдап,

Көшеде төгіп қандарын. 2460. Амандық бермей өлтірді,

Кемпір менен шалдарын.
Қамалып қыз бен қатындар,
Бекітіп есік тамдарын.
Қаланы тегіс қан қылды,

Шәһардің ішін шаң қылды.
Екі күннің ішінде
Елді есінен тандырды.
Тұлымдысын тұл қылды,

Айдарлысын құл қылды. 2470. Солқылдаған мырзасын

Табанға салып жүн қылды.
Көрген түсін Тайшықтың
Өтірік емес, шын қылды.
Қан сасытып қаланы,

Көп қалмақты қырады.
Оңды-солды жүгіртіп,
Шұбардың басын бұрады.
Бір жерлерге келгенде,

Тағы бір айла қылуға, 2480. Баяғы мәстен анасы

Көлденең тартып тұрады.
Шауып бара жатқанда,
Көрінеді батырдың
От жалын болып көзіне.

Қайнаған қатты қаһардың
Ұшырады кемпір кезіне.
Қияға біткен қисық ед,
Түзелер түсті тезіне.

Ұстап алып кемпірді, 2490. Сұхбатына келтірді.

Құлағын кесті құнтитып,
Мұрнын кесті сымпитып.
Екі көзін ойып ап,
Қу басын қойды жымпитып.

Тірсегінен тіледі,
Байтеректің басына
Салбыратып іледі.
Бар киімін шешіп ап,

2500. Бір жерін қойды тыртитып.

Осылай етіп Алпамыс,
Сыйлады мәстен анасын.
Қауіп қыларлық қалмақтың
Қырды тегіс сарасын.

Мұсылман дінге салады
Қалмақтың қатын, баласын.
Кейқуат та келді енді,
Байқап істің шамасын.

Тағына Тайшық міндірді 2510. Кейқуаттай ағасын.

Бағындырды патша қып,
Қаласы мен даласын.
Есепсіз сыйлап Алпамыс,
Кейқуаттың анасын.

Бастық қып барлық әйелге,
Кигізіп патша жамасын.
Кейқуатты патша қып,
Шығарды іштен санасын.

Алды Алпамыс некелеп, 2520. Қаракөзайым данасын.

Бастық болған қырық қызға,
Нарзанкүл деген сұлуды,
Кейқуатқа қосады,
Оқып неке, намазын.

Әлқисса, өтіп үш-төрт ай,
Қалмақтан болып көңілі жай.
Қайтпақшы болды Алпамыс,
Сағынып ата-анасын.

– Мен кетемін, Кейқуат,

2530. Хан болып сен қаласың.

Әділет үкім жүргізсең,
Халықтан «жақсы ат» аласың.
Алалық қылмай адамға,
Бірдей көр халықтың арасын.

Кейқуат сонда сөйледі:

– Алпамыс батыр, қарағым,

Мені тастап бұл елге
Қайтуға бопты талабың.
Қазақ пен қалмақ қаны қас,

2540. Білесің оның тамамын.

Сен кеткен соң қалмақтар,
Қаңғырған түрікпен адамын
«Қоймаймыз, – деп, – хан қылып»,
Қысқартар ағаң қадамын.

Бір күнде қойдай өлтіред,
Көңліңе күмән алмағын.
Сол үшін мен де қалмастан
Өзіңмен бірге барамын.

Алпамыс мұны есітіп, 2550. Езуін тартып күлді енді.

Шыныменен Кейқуат
Қорыққанын анық білді енді.

– Мен бір ақыл айтайын,

Бұл сөзімді біл, – деді.
Халықты бір күн шақырып,
Ордада мәжіліс құр, – деді,
Жиналып халық болғанда,

Тағыңыздан тұр, – деді.
Шақырып мені алдыңа,

2560. Былайша жарлық қыл, – деді.

Қаз, үйрек етін жемекке
Көңілі кеткен ханыңыз.
Айтарлық сізге үкім сол,
Оқ-жайды қолға алыңыз.

Көп адам әуре болмасын,
Бір өзіңіз барыңыз.
Құс етіне айрықша
Құмартып тұр жанымыз.

«Алпамыс батыр – мерген», – деп, 2570. Әлемге шыққан намыңыз.

– Сонда мен айтсам, тақсыр-ау,

Сөзіме құлақ салыңыз:

– Қаз, үйрек жүрер көлдерді,

Білмеймін, тақсыр, наныңыз.
Таба алмай босқа қайтармын,
Білерлік адам табыңыз.
Сол уақытта қаһармен

Қаратып маған көзіңді,
Өлтірерлік күшпенен

2580. Батырып айтқын сөзіңді.

«Ауға бір күн бар десе,
Қайырдың қайтып сөзімді.
Кеше ордан шығарып,
Қылып ем адам өзіңді.

Асылың қазақ опасыз,
Емессің досқа төзімді.
Елінен қазақ қаңғыртып,
Келтірді маған кезіңді.

Жолдасқа жарар, – деп едім, 2590. Опасыз пейілің сезілді.

Сыртыңнан тасба сыдырып,
Сілер едім безіңді.
Қаныңды жерге төкпей-ақ,
Құртайын сенің көзіңді.

Әмірімді қайтарып,
Ақтамадың тұзымды.
Еліңе кет ертерек,
Көрме менің жүзімді.

Бермеймін саған хан қызын, 2600. Қаракөзайым қызымды.

Басыңды кесіп дарға асам,
Екінші бассаң ізімді».
Сонда мен сізден өтініп,
Үш күн мәулет сұрайын.

Кетейін, тақсыр, кет десең,
Жол қарыжын қылайын.
Кісідей қорыққан тітіреп,
Алдыңызда тұрайын.

«Күнәмді менің кешір», – деп, 2610. Жалынып зарлық қылайын.

«Кет» деп ұмтыл қылышқа,
Дегендей болып ұрайын.
Қайратыңды ел көріп,
Болса керек мүләйім.

Ажалыңыз алыс боп,
Сақтасын аман Құдайым.
Алла сізге аманат,
Қаракөз сұлу, жұбайым.

Баласы бар үш айлық 2620. Байқасам қыздың сыңайын.

Алпамыс деп қойғыл ат,
Ұл қылып берсе лайым.
Тапсырдым сізді Құдайға,
Сапарға енді шығайын.

Көрді мақұл Кейқуат
Алпамыстың райын.
Шын ажал келсе амал жоқ,
Мойынды қайда бұрайын?

Түсіндіріп анамды, 2630. Сонан соң жиып адамды,

Зияпат қылып ордада,
Мәжілісті құрайын.
Білдірер екен қандай сыр,
Пейілін халықтың сынайын.

Алпамыстың үйретіп,
Айтқанын қылды Кейқуат.
Шақырады деген соң,
Жиналды қанша жамағат.

Ілгері өткен сөздерді 2640. Көп ішінде қылды жад.

Алпамысқа ақырып,
Көрсетті қанша саясат.

– Күнәмді кеш, – деп батыр да,

Жалынды қанша қабаһат.
Кейқуаттан қорқып ел,
Қапыл қалды жас пен қарт.
«Кет» деп елден шығарды,

Серігің жалғыз – Шұбар ат.
Шықты Алпамыс еліне,

2650. «Жарылқай көр, – деп, – жалғыз Хақ».

Жәрдемші болып пірлері,
Басынан кетпес берген бақ.
Бірнеше күн жол жүріп,
Азғана емес мол жүріп,

Жиделі Байсын жеріне
Жетті бір уақыт болып шақ.
Ел шетіне келген соң,
Ойлады мынау ақылды:

«Бояп қара бояумен 2660. Өзгертейін атымды.

Диуананың пормына
Ұқсатайын затымды», –
Деп қолына аса алып,
Диуана болды жасанып.

Байсын деген өзенге
Жеткен жері жақынды.
Мен жоқта елдің халдері,
Не болды екен салдары?

Кемпір-шал қандай халде жүр, 2670. Байқайын Ұлтан батырды».

Осы ойменен Алпамыс
Өзенді өрлеп келе атса,
Көп жылқы жатқан кең сазда
Көрді бір үлкен шатырды.

«Аллаһу» деп Алпамыс,
Шатырдың келді қасына.
Ішінде жатыр бес мырза,
Ақ мамық қойған басына.

Далада бір шал от жағып, 2680. Шәйнегін асып мосыға.

Мұңайып жылап отыр ед,
Мандайын көсеуге асыла.
Жуылып тұр сақалы,
Көзінен аққан жасына.

Жақындап келіп Алпамыс,
Сәлемді берді асыға.
Жауабын берді шал байғұс,
Қайғымен көңілі басыла.

Бұ жылқы кімнің жылқысы, 2690. Жиделі Байсын осы ма?

Жазған шал сонда сөйледі,
Көзінің жасы жосыла:

– Ұядан ұшқан сар еді,

Ғаріптің көңілі тар еді.
Бұ Байсынның хәкімі –
Байбөрі деген бар еді.
Байбөрі ұлы – Алпамыс

Елеулі елдің нар еді.
Үш арыс қазақ халқынан

2700. Асып туған жан еді.

Қалмаққа кеткен аттанып,
Бұ жылқы соның малы еді.
Кеткелі болды жеті жыл,
Туысқан бірге түбім бір.

Қайсыбірін айтайын,
Тартқаным қайғы зар еді.
Қасірет-қайғы қамалым,
Қамалға бар ма амалым?!

Баяғыдай болар ма, 2710. Алпамыс келіп заманым?!

Айналайын, диуана-ау,
Ежіктеп мұнша сұрайсың?
Есіттің бе бегімнің
Келе бір жатқан хабарын?

Шатырда жатқан бес мырза
Көтеріп басын алады.
Ақырды сөгіп бес қабылан,
Зәресін шалдың жарады.

«Қайнатпайсың шайды», – деп, 2720. Қысымға шалды алады.

Алпамысты айтып боқ жейсің,
Диуана қайдан табады?
Анығын біз білеміз,
Білмесең мынау хабары:

– Өлтіріп қалмақ тастаған,

Алпамыс жауыз баланы.
Күдеріңді әлі үзбейсің,
Өтсе де қанша заманы.
«Алжыған ит, қақбас», – деп,

2730. Жабыла шалды сабады.

Шаршаған шалда амал жоқ,
Құдайға қылды наланы.
Мұны көріп Алпамыс,
Көзінің жайнап жанары,

Арашалап алуға
Қасына жақын барады.
Алпамыс сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

2740. – Араша, батыр, араша,

Аралас хан мен қараша.
Араша деп ашумен,
Қасына келді жанаса.

– Араша сұрап мен тұрмын,

Тыңдағын, сөзім жараса.
Арашамды бермесең,
Іс қылармын тамаша.
Қой сәна, батыр, қой сәна,

Ашуы жоқ бол сәна. 2750. Қой дегенге қоймасаң,

Түсіремін ой сәна.
Ойнама, батыр, ойнама,
Ойнаймын деп ойлама.
Ойнар кісің мен емес,

Мынау ісің жөн емес.
Мен сияқты диуана
Сендердей бектің теңі емес.
Ата-анасы, өзі де

Өздеріңнен кем емес. 2760. «Қой» десе де қоймады,

Қоятұғын болмады.
«Осы иттерді қайтсем», – деп
Ер Алпамыс ойлады.
Шамырқанды, шарқанды,

Буырқанып бұрсанды.
Көзден оты шашырап,
Мұздай темір құрсанды.
Мойнындағы сотамен

Әрқайсысын бір салды. 2770. Асаменен басқа ұрды,

Тұра алмастай тас қылды.
Келген ажал көтермей,
Бір ұрғанды көтермей,
Бесеуі де мырзаның

Жанын Хаққа тапсырды.
Бесеуі байдың бұрынғы
Қозышы, қойшы, құлдары.
Таяқ жеген Тортай,

Шал дегенім мұндағы 2780. Байбөрімен туысқан –

Шыныбайдың ұлдары.
Ағасымен танысып,
Ашылып сыр мен мұңдары.
Тортай естен үш танып,

Ақылын жиып тұрғаны.
Сүйісіп бетін аймалап,
Құшаққа құшақ ұрғаны.

– Келгенің қалқам рас па?

Болайын жанның құрбаны. 2790. – Кімдерден қорлық көрдің? – деп,

Алпамыс сауал қылғаны.
Айта берді Тортай,
Алпамыс берен тыңдады.
Бастан-аяқ баяндап,

Шын сөйлеп, өтірік бұрмады.
Тортай сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Сіз қалмаққа кеткенсін,

Бір жыл өтіп арада 2800. «Өлді» деп сенен жаман ат

Жайылды жалпақ далаға.
Есітілмей қалған жоқ
Елдегі қатын, балаға.
Көтеріліп Ұлтан құл,

Күш көрсетіп шамаға.
Күннен-күнге дәуірлеп,
Дала менен қалаға.
Ақыры елге хан болды,

Бір жарым жыл шамада. 2810. Кескенін құлақ кек қылып,

Табанды тілген тек қылып.
Әкеңе түйе бақтырды,
Тасытып отын анаңа.
«Бөрінің ұлы бөрілігін

Қылар», – деп бір күн ерлігін.
Қол-аяғын шынжырлап,
Бақтырды қозы балаңа.
Күң баласы мені деп,

Мен ұрайын сені деп, 2820. Қой бақтырды қартайған

Туысқан Құлтай ағаңа.
Бәйге қылып, беріп ас,
Қарындасың Қарлығаш
Бас бәйге қыз қып бермекші

Озған жүйрік қараға.
Жолдасың – сұлу Гүлбаршын
Көлдетіп төгіп көз жасын,
Басып, көктеп некелеп,

Алмақшы өзі жана да. 2830. Осындай біздің халіміз,

Шығуға қалған жанымыз.
Көз жасымыз қабыл боп,
Жеткізді Алла Тағала.
Ендігі сөзді, қарағым,

Есіте кейін білерсің.
Қаптаған қайғы бұлтпен
Серпілту жағын шамала.
Алпамыс сонда сөйледі:

– Көрдің, аға, ініңді,

2840. Еш адамға сездірмей,

Сақтай тұр іште сырыңды.
Жылқыңызда жүре тұр
Қалыбыңдай бұрынғы.
Шыдап тұр Ұлтан өлгенше,

Ықтият қып тіліңді.
Білдірмей көзбен көрейін,
Мен жоқта көрген күніңді.
Осы күн әкем үйде ме,

Өзің айтқан күйде ме? 2850. Жүрген жағын көрсетіп,

Сілтеші тура ұлыңды.
Тортай айтты: – Жан бауыр,
Бетіңді бермен бұр, – деді.
Ана қырдың астында

Түйесін жайып жүр, – деді.
Жеткеніңше асығып,
Шұбарға қамшы ұрды енді.
Кешікпей қалың түйенің

Ішіне барып кірді енді. 2860. Топтанған қалың түйеде

Жасырынып жүрді енді.
«Не деп жүр екен әкем?» – деп,
Құлағын желге түрді енді.
Күңіреніп жылап, зарлаған

Есітті зарлы үнді енді.
Суға қарай түйесін
Айдай алмай Байбөрі,
«Жайрағыр шөк», – деп арайлап,

Безеді былай тілді енді: 2870. – Сойылып, терің жиылып,

Қазанда етің қайнағыр.
Әр адамның қолында
Әр жілігің ойнағыр.
Құл-құтандар тартқылап,

Сіңіріңді шайнағыр.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Егесіз қалған жайрағыр.
Арай, жаным, арай!

Жайылғаның, жануар, 2880. Қарахан таудың шиесі.

Байбөрінің кетті ме,
Пірлерінің киесі?
Жарылқар күнің болар ма,
Жаратқан қадір Иесі?

Айдасам жөнге жүрмейсің,
Алпамыстың артында
Иесіз қалған түйесі.
Арай, жаным, арай!

Жәдігердің құрсаулы 2890. Темірменен білегі.

Сірә қабыл болар ма
Байбөрінің тілегі?
Неге дүрсіл қағасың,
Қақбастың қатқан жүрегі?

Айдасам жөнге жүрмейсің,
Адыра қалған артында
Қу жалғыздың үлегі.
Арай, жаным, арай!

Түк жоқ қой мендей қақбаста, 2900. Болмаса жастың батасы.

Кешірмей ме Жаратқан,
Бенденің болса қатасы?
Өлсем де шықпас есімнен
Жеті жылдың жапасы.

Құйрықсыз шолақ қу дүние
Ешкімге жоқ опасы.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Алпамыстың артында

Егесіз қалған ботасы. 2910. Арай, жаным, арай!

Жеткізер ме өткен күн
Өмірді қусам өкшелеп?
Тақты күңдер мойнына
Қалампыр-маржан текшелеп.

Еңіреп жүрген ерлерді
Ерендер қашан ескеред.
Асығыс жоқ қу дәулетке
Бірде ерте, бірде кеш беред.

Айдасам жөнге жүрмейсің, 2920. Құлынымның артында

Егесіз қалған ақ шелек.
Арай, жаным, арай!
Арасынан түйенің
Алпамыс шыға келеді:

– Ассалаумағалейкүм,

Ата, – деп сәлем береді.
Жалт етіп шыққан табанда
Атты адамды көреді.
Таяғы түсіп қолынан,

2930. Бөркі ұшып бастан жөнеді.

Әкесінің қорыққанын
Алпамыс біліп сезеді.
Түссін деп көңілі орнына,
Жайлап бұл айтқан сөзі еді:

– Атажан, бардай көрінді

Көңілде үлкен жараңыз.
Маған да әсер қылып тұр
Зарланып айтқан сәнаңыз.
Кетіп еді қай жаққа,

2940. Ата, сіздің балаңыз?

Күдеріңді үзбе Құдайдан,
Қабыл болар тобаңыз.
Әжеп емес жаңадан
Жаңаланса жағаңыз.

Байбөрі сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй дейді:

– Мен ғаріптің, шырағым,

Жүрегім толған шер еді. 2950. Жиделі Байсын жерінде

Қоңырат деген ел еді.
Қоңыратта лақай рудан
Байбөрі деген мен еді.
Арғы тегім сұрасаң,

Ханзадамен тең еді.
Ұлтан патша болғалы
Сәлем берген жоқ еді.
Мен сияқты сорлыға

Теңгеріп адам орнына. 2960. Мейірбан болып дәл бүгін

Сәлем берген кім еді?
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Ата, сізге келгенім,

Менің Байсын жерлерім.
Жасыңыз үлкен қария,
Әкемменен тең, – дедім.
Сақалыңызды құрмет қып,

Иіліп сәлем бергенім.
Есітіп, ата, зарыңды,

2970. Сұрайын, – деп, – халіңді,

Бұрылып сізге келгенім.
Байбөрі тағы сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Сүйегіңе қарасам,

Патшаменен теңбісің.
Келбетіңе қарасам,
Рустемнен кембісің.
Мендей делбе кеселді

Жазатұғын ембісің? 2980. Айналайын атыңнан,

Сұлтан сүйек затыңнан.
Қалмаққа кеткен жалғызым –
Алпамысым сенбісің?
Алпамыс сонда сөйледі:

– Айналайын, атажан,

Біреудің малын бақпашы,
Біреудің отын жақпашы!
Балаңнан хабар білмедім,
Бекер жала жаппашы!

2990. Байбөрі сонда сөйлейді:

– Алдама, балам, алдама,

Алдағаның бола ма?
Шын айтшы, балам, сөзіңді,
Еңіреумен етегім
Көз жасым тола ма?

Молдалар оқыр кәламды,
Бисмилла болар жол басы.
Кәміл пірім жар болып,
Осы бүгін қолдашы.

3000. Жоқтан бар қылып, жан беріп,

Жаратқан Тәңірім, оңдашы.
Сәлем берген иіліп,
Айналайын атыңнан.
Қалмаққа кеткен жалғызым

Алпамысым болмашы!
Мінгенің Шұбар ала-ды,
Бауырынан жарады.
Екі құлағым шуылдап,

Жүрегім оттай жанады. 3010. Құдай үшін, шырағым,

Жасырмай маған, шыныңды айт,
Жөргектегі иісің
Мұрнымды жарып барады.
Алпамыс сонда сөйлейді:

– Енді қылған ауқыңнан,

Салып тұрған зауқыңнан,
Айрылдың, ата, қайғымен,
Өмірдегі қаупіңнен.
Көзінің жасы тарады,

3020. Сүйегім еріп барады,

Жалғызым деген даусыңнан.
Дария тасып лайлансын,
Дұшпанның қолы байлансын.
Ақ жүзіңді қарата,

Келші бермен, жан ата!
«Жалғызым» деген даусыңнан
Мендей қозың айналсын, –
Деді дағы Алпамыс

Атынан түсе секірді. 3030. – Құлыным, – деп Байбөрі,

Тастай құлап өкірді.
Танды құлап есінен,
Басын сүйеп отырды.
Ақыл, есін жиып ап,

Аталы, балалы екеуі
Айдалада жыласып,
Көрісе берген секілді.
«Әумин» деп періште,

Шілтендер зырлап келісті. 3040. Бірін-бірі жұбатып,

Сөзбен қайрат берісті.
Тоғайдың іші құрысты,
Тәңірім оңдар әр істі.
Әулиелер жар болып,

Ғаріпке Құдай болысты.
Айтып, айтпай немене
Атасы мен Алпамыс,
Талма түстің шағында

Ботадай боздап көрісті. 3050. Жылаумен өтті жеті жыл,

Қыс пен күз, көктем, жазым-ай.
Құл қолында қор болды,
Жинаған алтын қазына-ай.
Ешкім құлақ салмады-ау

Жылаған қайғы назым-ай.
Қайғыдан өлмес екен жан
Жүрмесе де жазыламай.
Кісендеулі Жәдігер

Қарғылаған тазыдай. 3060. Өңім бе, Құдай түсім бе,

Болмаса қиял ісім бе?
Арманда болып айрылған,
Келдің бе аман, қозым-ай?!
Осындай түрлі сөзбенен

Байбөрі көңілін басады.
Көлдей шалқып көңілі,
Дариядай тасады.

– Аман ба, Құлтай атам? – деп,

Алпамыс жасын шашады. 3070. – Ана қырдың астында

Қой бағып жатыр бабаңыз.
Ұлғайып жасы қарыған,
Қайғысыменен асады.
Бүкшеңдеп тура жүре алмас,

Таянбай қолға асаны.
Мұны естіп Алпамыс,
Көзінің жасын шашады:

– Әке, сіз сабыр қылып тұр,

Әшкере қылмай қысаны. 3080. Құлтайды барып қуантып,

Көрейін қандай мысалы?
Шығарайын бабамнан
Қайғы мен ғам құсаны.
Тез өлтірмей иләмен

Ұлтанның жанын қысалы.

– Баға тұр, түйеңді, әке, – деп,

Қолын күліп қысады.
Атына мініп Алпамыс,
Құлтайға құстай ұшады.

3090. Таяғын шаншып, көйлегін

Көлеңке қылып жатқанда,
Жанай өтіп жанынан
Көп қойға батыр ұшырады.
Естідіңдер, жақсылар,

Ғажайып бір сөз мынаны:

– Бала күнде Алпамыс

Қозыға болып құмары,
«Қоямын, – деген, – бас серке»,
Бар еді екі лағы.

3100. Сүйкімді көріп суретін,

Мойнына таққан тұмары.
Әбден өсіп зор болған
Мал ішінде мұнары.
Өтіп баратса Алпамыс,

Тоғыз жасар қартамыш
Екі серке маңырап,
Орынынан тұрады.
Үзеңгісін иіскелеп,

Аяққа басын орады. 3110. «Жануар» деп сипалап,

Алпамыс өксіп жылады.
Маңыраған мал жаққа
Құлтай мойнын бұрады.
Қайтаруға серкесін

Шөрелеп дауыс қылады.
Серкелерді ертіп баратыр
Есітсе де құлағы.
Жете алмай, жылап жазған шал,

Көзінен ақты бұлағы. 3120. Серкелерін шөрелеп,

Айтады Құлтай мынаны:

– Бедеу аттың бестісі-ай,

Адамның азбас естісі-ай!
Болмады-ау қабыл мен қудың
Ерте-кеш айтқан деспісі-ай.
Қайда кетіп барасың,

Тапсырған маған аманат
Қарағымның ешкісі-ай.
Шөрей, жаным, шөрей!

3130. Әдрес еді көрпесі-ай,

Ол Жәдігер зарлайды,
Байбөрінің еркесі-ай.
Ауыспалы замана,
Қу тұрмыстың келтесі-ай.

Қайда кетіп барасың,
Қарағымның қалдырып,
«Сақтап тұр, – деп, – саламат»,
Тапсырып кеткен серкесі-ай.

Шөрей, жаным, шөрей! 3140. Тау ішінде түн болса

Түлкі жортар көбелеп.
Сайлы жерді саялар,
Желді күнді ебелек.
Талабында тамақтың

Көк үйдегі көбелек.
Кәрі Құлтай келеді
Маңдайына төбелеп.
Серкелерге жете алмай,

Бүкшеңдейді шөрелеп. 3150. Қайда кетіп барасың

Қу жалғыздан қолыма
Аманат қалған кебенек.
Шөрей, жаным, шөрей!
Ат басын тартып артына,

Алпамыс сонда қарады.
Құлтайдың сөзін есітіп,
Жүрегі оттай жанады.
Батыр ғой, өзін бекітіп,

Көз жасын сүртіп алады. 3160. Келе атыр Құлтай бүкшеңдеп,

Тәңірге қылып наланы.
Алпамыс сонда сөйледі,
Сөйлегенде бүй деді:

– Ассалаумағалейкүм,

Құрметті қарт бабамыз.
Серкені жетіп қайтарар
Белгілі баба шамаңыз.
Бере қойсаң қайтер ед,

Біз де сіздің балаңыз. 3170. Бір серкенің артынан

Осыншама жүгірдің.
Берсең де жеп кетерме ем,
Ойланып, баба, қараңыз.
Сонда Құлтай сөйлейді:

– Үкіміне Ақтың көнемін,

Ажалым жетсе өлемін.
Өзге малды сұрасаң,
Алғаныңша беремін.
Бұ серкенің соңынан

3180. Соның үшін келемін.

Ертең қозым келгенде,
«Серкем қайда?» дегенде,
Мен сияқты қу бас шал
Не деп жауап беремін.

Жаппар Ием жарылқап,
Жалғызым келсе жарық етіп,
Қандай ғып бетін көремін.
Сонда Алпамыс сөйледі:

– Баяғыда, бабажан,

3190. Жігітіңде жүрушең

Кіреуке тонды жамылып.
Тартылмаған тасқыны
Өзендей болып ағылып.
Қартайғанда қалайша

Үлестен қалдың жаңылып?
Болдырып қапсыз, бабажан,
Көзіңнен гауһар алынып.
Нан жерлік тістен айрылып,

Азуыңыз шалынып. 3200. Ыстық күнде қайғымен

Қара терге малынып.
Дүниеқорлық жеңді ме,
Салуға малшы тарынып.
Құдай берген дәулеттен

Көрген жоқсыз арылып.
Бүтінде шарық кимепсіз,
Табаның тасқа жарылып.
Олжа алған елде ер едің

Жасанған жауға шабынып. 3210. Қартайғанда қойшы боп,

Үстіне есек таңылып.
Билігің аспай балаңа,
Қалдың ба әлден бағынып?
Мұнша бейнет көріпсіз

Сақалыңның ағында.
Асықпасаң боларсың
Баяғыдай тағы да.
Баяндап айтшы басынан

Жайдыңыз қойды нағылып? – 3220. Деген шақта Құлтайдың

Көзінің жасы ағылып.
Сақалынан сорғалап,
Омырауға тамылып.
Алпамысқа сөйледі,

Кемсеңдеп иек қамығып.
Сонда Құлтай сөйлейді:

– Әуелінде бабаңның

Рас, қалмақ, нарлығы,
Болады екен жалғанның

3230. Бірде кең, бірде тарлығы.

Сұрағаның бұл сөзді,
Айналайын, шырағым,
Ақыл-есің барлығы.
Қойды бағып жүргенім

Ұлтан құлдың жарлығы.
Жақсы-жаман Құдайдан,
Әзіргі адам қорлығы.
Жетпей тұр әзір Құдайға

Құлтайдың айтқан зарлығы. 3240. Болмай тұр, қалқам, бізге шот,

Заманның намыс, арлығы.
Білерлік-ақ едім-ау,
Бергі менен арғыны.
Айналамды су алып,

Қаптады қайғы қарғыны.
Баяғыдай боларсың,
«Жақсы екен» деген лебізің
Сүйсіндірер сөз екен

Мендей сорлы зарлыны. 3250. Құлтайға сонда Алпамыс

Мына сөзді сөйлейді:

– Айналайын, бабажан,

Жылайды маған көзіңіз.
Сүйегіме батып тұр
Жылап айтқан сөзіңіз.
Көрінсе балаң көзіңе

Таныр ма едің өзіңіз?
Белгісі бар ма балаңның
Келе қалса кезіңіз?

3260. Сонда Құлтай аңырап,

Былайша деп сөйледі:

– Ақша бір жауған қар еді,

Ғаріптің көңілі тар еді.
Артықша туған Алаштан
Шырағым менің нар еді.
Заманында бар болса,

Рүстемнің пары еді.
Қайсы бірін айтайын,
Жалғызымның белгісі,

3270. Жауырынының үстінде

Дөңгелек қалы бар еді.
Тиегі алтын шідерлі,
Ел үзген ерден күдерді.
Иегі шалдың кемсеңдеп,

Жылауы қатты үдерді.
Құлтай еңіреп тұрған соң,
Ер Алпамыс ал сонда
Көзінің жасын жіберді.

Аттан қарғып түседі, 3280. Ағытып сонда тастады

Белдегі алтын кісені.

– Келші бермен, бабам, – деп,

Келді Алпамыс балаң, – деп,
Құлтайды барып Алпамыс
Құшақтай алып қысады.
Ақылынан айрылып,

Құлтекем талып түседі.
Есін жиып баласын
Бауырына басады.

3290. Көзі-басын аймалап,

Киімін түріп ашады.
Қалынан сүйіп Құлтекем,
Дариядай тасады.
«Өтірік пе, шын ба? – деп,

Күндіз бе, осы түн бе?» – деп,
Отыра алмай Құлтекем,
Ақылдан асып сасады.
Әлқисса, енді екеуі

Басылды шулап жыласып. 3300. Біраз мауқын басады,

Әл-ақуалын сұрасып.
Баласына сөйлесе
Шалдың сөзін мынасып.
Таусылатын сөз емес,

Бір сөзге бір сөз ауласып.
Ал Құлтай жылап сөйледі,
Мына бір сөзге тіл ашып:

– Өтті ме? – деп ойлап ем,

Қайғы менен жалғаным. 3310. Қарағым, сені көрген соң,

Кетті тарқап арманым.
Жеті жасар Жәдігер
Шынжыр мен кісен ал бауын.
Екі көзі еңіреуін,

Қоймайды күн-түн зарлауын.
Әр күйге салған әркімді,
Құдіреті шебер Алланың.
Қуантып көңілін жас көдек,

Тез лайық барғаның. 3320. Алпамыс айтты: – Бабажан,

Мына сөзді аңлағын.
Шұбарды мініп астыңа,
Сізге лайық бармағың.
Сүйінші сұрап балаңды

Шаттыққа көңілін салғаның.
Сонан соң маған лайық
Арт жағынан бармағым.
Еш адамға сыр шашпай,

Білмесін хабар жан-жағың. 3330. Айтыңыз да жылдам қайт,

Кешігіп жолда қалмағын.
«Мақұл, – деп Құлтай, – шырағым»,
Шұбарға мініп желікті.
Баланы тез табуға

Аяңдамай желіпті.
Жолында сансыз жиналған
Атты адамды көріпті.
Шабылып жатыр зор көкбар,

Құлтайға тура келіпті. 3340. Көкбарына Ұлтан хан

Құнан атан беріпті.
Көтеріп оны шаба алмай,
Не жігіттер зорықты.
Менменсіген көп батыр

Аттарынан торықты.
Дүбірге Шұбар шыдамай,
Көкбарға душар болыпты.
Сол уақытта Құлтекем

Көңілі бір тасып толыпты. 3350. Қатты қылып Шұбардың

Тартпасын тартып алыпты.
Сирақтан байлап шылбырмен,
Тақымына салыпты.
Мұны көрген адамның

Бәрі де аң-таң қалыпты.
«Айт» дегенде жануар,
Сүйретіп ала жөнелді.
Тамаша қылып көрген жан,

Күлкіге бәрі кенелді. 3360. Әуелі шалды мазақ қып,

Жабыла қуды ел енді.
Айқай, шу, дүбір шыққан соң,
Байшұбар қатты елірді.
Жеткізбек түгіл халыққа

Зар қылды көкбар көрерді.
Қалып кетті ортада
Неше сай, неше бел енді.
Көкбардан үзіп күдерін

Тойханаға ел келер-ді. 3370. Талап қылды Ұлтаннан

Тағы бір көкбар берер-ді.
Ұлтан тасып сөйледі:

– Жиылып, жұртым, кел енді.

Ел көрмеген тамаша
Көрсетейін мен енді.
Менің берген үкімім,
Алпамыстың жетімін

Көкбар ғып тартып шабыңдар.
Мұндай бір қызық көр енді.

3380. Мұны есітіп бозбастар,

Алып келді баланы.
Аяғында кісен бар,

– Жылдам жүр, – деп сабады.

Мұны көріп Қоңыраттың
Жиналып қарттар маманы.
Кейіспен алды ашуға
Өңшең бозбас баланы.

«Құдайдан қорықпай адамның
Баласын қайтып шабады?

3390. Бұл кешегі батырдың

Көзі емес пе, ақымақтар?
Ойлансаңдар болмай ма,
Шақтап ақыл шамалы?
Адам түгіл жазықсыз

Жібермес жанның обалы.
Хайуаннан ары жамандар,
Көк пері ұрғыр надандар.
Адамды көкбар қып шапқан,

Болып па еді ешбір заманы? 3400. Айтты деп Ұлтан берем деп,

Оған сендер елеңдеп,
Хан да шайнар қаясын,
Тайса бір күн табаны».
Осылай қарттар сарнады,

Көздерден жас парлады.
Мұны естіген кәрі-жас
Тап-тақаты қалмады.
Жәдігер сонда шырылдап,

Құбылаға қарай қырындап, 3410. Мейірімі кеткен иттерді

Отыра қалып қарғады:

– Есіктің алды қара қыр,

Аш бүгіліп жарағыр.
Күліп-ойнап ауылда
Есепсіз елде бала жүр.
Бала-шағаң жетім боп,

Құрсау түсіп мойныңа,
Мендей болып жылағыр.
Тарта бер, жұртым, тарта бер!

3420. Ешкі жасын жасағыр,

Аяғыңнан ақсағыр.
Жетім қалып сандалып,
Құрсау түсіп мойныңа
Мендей болып қақсағыр.

Тарта бер, жұртым, тарта бер!
Қатты тиген қамшыдан
Мойнымды тұрмын бұра алмай.
Сырқырап денем отырмын

Орынымнан тұра алмай. 3430. Жүрсем белім кіреңдер

Белінен ұрған жыландай.
Жарадар болды екі аяқ,
Ту кісенмен жүре алмай.
Сендерге берсін күнімді,

Тарта бер, жұртым, тарта бер!
Көкбар қылып тартасың
Алпамыстың төресін.
Мың жыл өмір сүрмессің,

Бәрің де бір күн өлерсің. 3440. Есен болсам, қорлықты

Әлі-ақ бәрің көрерсің.
Ұлтан құлдың тіліне
Құдай ұрып ересің.
Ертең әкем келгенде,

Жалғызым қайда дегенде,
Намыссыз, арсыз ақымақтар,
Не деп жауап бересің?
Аспан мен жерді халық қылып,

Жаратқан жалғыз егесін. 3450. Егенің салған ісіне

Сорлы бас соған көнесің.
Аманат бір жан Аллаға,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!
«Көкбары құрсын» десіп халық,

Тарқасып кетті жамаға.
Табанның шұқып тікенін,
Қап кетті бала далада.
Ауырып қалған денесі

Қамшыдан бітеу жараға. 3460. Отыра тұрсын Жәдігер

Дем алып біраз шабада.
Көкбар ап қашқан баяғы
Келейік Құлтай бабаңа.
Астында Шұбар ойнақтап,

Көтеріліп көңілі,
Көкбармен келіп жолықты
Отырған жылап балаға.
Жәдігерді танымай,

Сөйледі былай жана да: 3470. – Көкбар шауып Құлтекем,

Көпті қылды масқара.
Әлі жүр көкбар тақымда,
Дегенді өлмей тастама.

– Жәдігерді көрдің бе,

Айналайын, жас бала?
Ал Жәдігер қарады,
Құлтайды тани қалады.
Көтеріңкі көңілі

Таудан биік талабы. 3480. Жәдігер сонда сөйледі:

– Кәрі Құлтай, бабам-ау,

Қарахан тауда қамалды.
Немереңді танымай,
Көзің неден ағарды?
Астыңа ат міндің бе,

Үстіңе киім кидің бе?
Тойын тойлап балаңды,
Ұлтаның хан болғанға
Тіредің бе табанды?

3490. Төбең көкке тигендей,

Байқасам, баба, шамаңды.
Түйеден көкбар сүйретіп,
Бастапсың мастық заманды.
Ия болмаса әкемнен

«Келер» деген біреуден,
Айналайын, бабам-ау,
Білдің бе, айтшы хабарды?
Сонда Құлтай еңіреп,

Екі көзін жастады. 3500. Тақымындағы көкбарын

Шығарып сонда тастады.

– Жәдігер ойбай сен бе едің?

Танымай қара басқаны.
«Сені шабад көкбар деп»,
Қоңыраттың жастары.
Сол үшін саған келіп ем

Қуантып, көңілді ашқалы.
Сүйінші, қалқам, сүйінші,
Не қыласың басқаны?!

3510. Алпамыс дегенді ұмытып,

Кейін қайта бастады.
Барды шауып батырға
Бұрқырап шаңға аспаны.
Айтып келдім деді де,

Әңгіме артын ашпады.
Бұл жақта бұлар жүргенде,
Бір жылап, бір күлгенде,
Тағы да біраз айтылсын

Жәдігер бала дастаны. 3520. Мына сөзге Жәдігер

Аң-таң болып қалады.
Бұрын мұндай шаттықта,
Көрмеген Құлтай бабаны:
«Иншаалла, бар шығар

Бір жақсылық хабары.
Сүйінші деп алдыма,
Көкбарын әкеп сағаны.
Көрді қандай қуаныш,

Бұ қандайын заманы? 3530. Неде болса бір жақсы,

Лебіз екен мына сөз.
Бұ көкбарды апарып,
Қуантайын көңілін.
Қарлығаштай апам мен

Гүлбаршын зарлы ананы», –
Деп Жәдігер көкбарды
Ауылға сүйреп барады.
Қуанғаннан білінбей

Ауырғаны табаны. 3540. Аяғында кісенмен,

Түйені сүйреп келе жатқан,
Жәдігерді, ал, сонда
Ұлтанның көзі шалады.
Қарлығашты Ұлтан хан

Шақырып жылдам алады:

– Өлтіремін, алып кел

Жәдігер сұм баланы!
Қарлығаштың басына
Орнады ақыр заманы.

3550. Шын өлтірем деген соң,

Зәресі қыздың қамады.
Қиын екен жан бауыр,
Бәрінен болды бұл ауыр.
Екі көзінен Қарлығаш

Мөлтілдеп жасы ағады.
Ашуланып ақырып:

– Тұр, Қарлығаш, сен, – деді.

Жәдігерді алып кел,
Өлтіремін мен, – деді.

3560. «Өлтіремін» дегенін

Қарлығаш тәуір көрмеді.
Қолдан келер қайрат жоқ,
Жүректі қайғы кернеді.
Сөйледі жылап Қарлығаш,

Тұла бойы терледі.
Қарлығаш сонда сөйледі:

– Ұлтан атты төреміз,

Не десең де, ағаеке,
Айдауыңа көнеміз?

3570. Бауырдың ісі қиын-ды,

Басқа бір адам жұмсашы.
Жалғыздан қалған қозыны
Қайтып ұстап береміз?
Өзекті жанға өлім ақ,

Бізде бір күн өлеміз.
Отыз екі ата – Қоңырат
Ішінде сенсің бегіміз.
Лақай сары сапардан

Сізге жоқ әзір теңіміз. 3580. Тарқаған жоқ па баяғы,

Әлі күнгі кегіңіз?
От жақпай қазан пісірді,
Аузыңнан шыққан деміңіз.
Мынауың тентек дейтұғын,

Қарарсыз қазақ еліңіз.
Құлағы кесік қу құлым,
Теңгерілді кеміңіз.
Бір әулетті құл қылып,

Қатын, қызын тұл қылып, 3590. Жүргізсең де үкімді,

Шықпайды-ау іштен шеріңіз.
Мұны есітіп Ұлтан құл,
Ашуы жаман қатал-ды.
Қылышын алып қолына,

Қарлығашқа тақалды.
«Болмаса өлдік», – деп,
Алла жазса көрдік», – деп,
Қолына алды Қарлығаш

Далада жатқан бақанды. 3600. Қарлығаш та қайтпастан,

Қарсы тұрып шабынды.
Ұлтанның ұрған қылышы
Бақанға тиіп қағылды.
Жәдігерге барады,

Мұны да бір сап қалады.
Тез келіп, қыз қылышты
Бақанын тұтып қағады.
Екінші қылыш көтертпей,

Шап етіп қарғып Жәдігер, 3610. Ұлтан құлдай батырдың

Жағасынан алады.
Бір қолы арттан байлаулы,
Бір қолымен Ұлтанды
Үйіріп кетіп барады.

Дегенменен екі қолды
Ұрғансып біраз сабады.
Арашалап Қарлығаш,
Жәдігер мен Ұлтанға

Араласып қалады. 3620. Әлі келмей Ұлтанның

Қысылыңқырап талады.
Білдірмейін деді де,
Араша беріп салады.
Ол кеткен соң Қарлығаш

Көзінен қанды төгіп жас,
Жәдігерді құшақтап,
Еңіреп қылды наланы:

– Ал, Жәдігер, қарағым,

Таудай үлкен талабың. 3630. Қу түйені сүйретіп

Дедің қайда барамын?
Қуаныш қылып алдыңда
Әкең сорлы тұр ма еді?
Қылғаны мынау бедірек

Ұлтан құл беті қараның.
Көкбарды асып той қылып,
Боз балаға ойын қып,
Мен сияқты қара бет

Қайда қалған заманым? 3640. Гүлбаршынды Ұлтан құл

Аулақ бір үйге салыпты.
Қызметінде қанша күң
Тәрбиелеп бағыпты.
Қапалықпен жазым боп,

Кетпесін деген бағытты.
Жылаған дауысы баланың
Гүлбаршынға барыпты.
Шыдай алмай жүгіріп,

О да келіп қалыпты. 3650. Үшеуі бірдей үн қосып,

Қайғырып, жылап қамықты.
Өзеннің жарын күңірентіп,
Гүлбаршын қатты тарықты.
Жәдігерге зарланып,

Ал Гүлбаршын сөйледі:

– Тұяғындай тұлпардың

Көзімнің нұры лағым.
Көздің ақ жасы көп екен,
Ашқандай қайнар бұлағын.

3660. Жетпей тұр ақылым қайран боп,

Не болар істің тұрағын?
Жайсыз жел тұрса жапырар
Жайқалған көлдің құрағын.
Ертелі-кеш зарлайсың,

Не болды саған, шырағым?!
Ерегестен ер өлер,
Сабыр қып, қалқам, шыдағын.
«Сабырдың түбі – сары алтын»,

Сасбаған табар мұратын. 3670. Екі күн болды ерекше,

Шулайды екі құлағым.
Жәдігер сонда сөйлейді:

– Бар жазығым, анажан,

Тамаша тойға барып ем,
Тамашаны танып ем.
Құлтай бабам келгені,
Маған көкбар бергені.

Ойланып едім бергенін
Ауылға алып келгелі.

3680. Сүйретіп келе жатқанда,

Көп адамдар көргені.
«Бөрі ұлы бөрілік қылар», – деп,
Көңіліне Ұлтан келгені.
Көкбар ғып тарта жаздады

«Айтты, – деп, – Ұлтан», ел мені.
Босатты басымды өлімнен,
Жиылып елдің ерлері.
Бабамның берген көкбарын

Сіздерге әкеп бергелі. 3690. Апам-ақ айтсын сөзімнің

Бар болса өтірік жерлері.
«Өлтірем» деп жазықсыз
Ұлтан құл қылыш сермеді.
Не пейілімнен жасаған,

Көзімнің жасын көрмеді.
Күнде қорлық көргенше,
Зарланып жылай бергенше,
Ажалы жетсе қиналмай,

Жақсы ғой бір жолы өлгені. 3700. Гүлбаршын сонда сөйледі:

– Шын сорлаған сорласын,

Басыңа тұман орнасын.
Жалғыздың жары Құдай-ды,
Ғайып ерен қолдасын.
Нахақтап залым қылушы

Екі жаһанда оңбасын.
Шын абайлап көрдің бе,
Кәрі Құлтай дегенің
Әкең сорлы болмасын?

3710. Жәдігер тағы сөйледі:

– Ай, апажан, торықпа,

Бір бәлеге жолықпа.
Менің әкем – Алпамыс,
Неше Құдай ұрса да,
Ақсақалды болып па?

Гүлбаршын сонда сөйледі:

– Күмән қылма, шырағым,

Көзіңменен көргенді.
Көрдім деген адам жоқ,

3720. Ажалы жетіп өлген-ді.

Сенің әкең – Алпамыс,
Бабай түкті бабасы
Алпыс амал берген-ді.
Балаң сондай деген соң,

Ордан шығып келген-ді.
Беті секпіл көрінсе,
Ор азабын көрген-ді.
Құлтай болып, шырағым,

Саған көкбар берген-ді. 3730. Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде ғажап іс көрдім.
Жиылған екен отауым,
Тігуін қиын күш көрдім.
Бір мезгілде қарасам,

Отауым ордаға айналды,
Ақылдан мұны тыс көрдім.
Жібек баулы ақ сұңқар
Қондырыппын қолыма.

Қалмаққа кеткен әкеңнің 3740. Екі көзім жолында.

Екі кебіс тағы тұр
Оңым менен солымда.
Бұ көргенім баршасы
Шайтаны болып кетпесе,

Оңғарар Құдай соңында.
Сол уақытта Ұлтан құл
Жәдігерді шақырды:

– Тұрсыңдар, не ғып топтанып,

Қозыға бар – деп ақырды. 3750. «Қыла бер, – деп, – айтқанын»,

Анасы берді ақылды.

– Қарсыласпа, қарағым,

Не қыласың кәпірді?
Аштықтың болар тоқтығы,
Жақсылық күн жақын-ды.
Осыны айтып Гүлбаршын:

– Қозыңа бар, – деп, – ертерек,

Көз жасын сүртіп, жұбатып
Жәдігер жас батырды.

3760. Кісенімен Жәдігер

Қозыға қарай кетеді.
Жүгіріп лақ, қозылар
Өзеннен арман өтеді.
Сол уақытта Алпамыс

Шұбарды мініп астына,
Диуананың пормымен
«Аллаһу!» деп жетеді.
Қасынан өтіп бара жатқан

Диуананы көрген соң, 3770. Жәдігер сынды жас бала

Шақырып дабыс етеді:

– Диуана, маған келе кет,

Мен сорлыны көре кет.
Жетімнен күдер үзбесең,
Көп сауапты іздесең,
Сауаптыққа қозымды

Бір қайырып бере кет.
Жүрейін десем жолым тар,
Аяғымда кісен бар.

3780. Басымда үлкен қайғы зар,

Құдай үшін, диуана-ау,
Мендей ғаріп мұңлыққа
Бір бал ашып бере кет.
Рақымы түсті басына,

Көзден аққан жасына.
«Менің де жалғыз қарағым,
Осындай болып жүрме?» – деп,
Қайырып қозыны Алпамыс,

Баланың келді қасына. 3790. Қасына келіп тұрған соң,

Ал Жәдігер сөйледі:

– Кереметің зор болсын,

Жеке басың мол болсын!
Қай жерлерден келесің,
Диуана, сізге жол болсын!
Садағың аузы шақпақтай,

Атыңның мойны қақбақтай.
Кемеңгердей келбетің,
Дұшпаның, аға, қор болсын.

3800. Көз кірпігің қыраулы,

Түн ұйқыңды бөлдің бе?
Атыңыз қату жараулы,
Шаба-шауып желдің бе?
Қырандардан бата алып,

Қабатына ердің бе?
Райдан қайтқан кісідей,
Мойныңды Хаққа бердің бе?
Табанынан тарылған,

Қанатынан қайрылған, 3810. Жалғызынан айрылған,

Әкекем менің көрдің бе?
Тәжірибе қылып анамның
Рас болса айтқаны,
Ия боларсыз, болмассыз,

Болсаң аман келдің бе?
Аузыңа қарасам,
Сұлуды таңдап сүйгендей.
Келбетіңе қарасам,

Қымқапты таңдап кигендей. 3820. Мендей сорлы жетімнің

Қадірін жақсы білгендей.
Әкем деп барып асылсам,
Мойныңа лайық мінгендей.
Қозым деп қолың бір тисе,

Еріп тұр денем игендей.
Іште қалған жетімің
Мен ботаңа ұқсаймын,
Сіз, атама ұқсайсыз,

Жүрегім бопты күйгендей. 3830. Торы айғырдың тоқтығы,

Тоқ болады шоқтығы.
Жалғызың зарлап тұрғанда,
Саспай сабыр қылғаның,
Әлде шыдап тұрғаның,

«Жалғызда мейірім жоқ» деген
Мейіріміңнің жоқтығы.
Тауға біткен шие-ді,
Босатты бала жүйені.

Үш жүз алпыс тамыры 3840. Алпамыстың иіді.

Енді танып баланы,
Атынан түсіп барады.
Танды ақылдан Алпамыс,
Баласы басын сүйеді.

Қайрат беріп Жәдігер,
Міне бір сөзді сөйледі:

– Бисмилла сабақ ясинды,

Сүйегім жаман жасыды.
Көргеннен-ай, көкежан,

3850. Көзімнің жасы жосыды.

Олар да орға жығылған
Ғали шер Хақтың досы еді.
Барлығы жалғыз Құдайдан,
Айырып жан қууы.

Өкінбейік өткенге,
Тағдырда жазған осыны.
Жалғыз ұлың Жәдігер
Зарлап отыр қасыңда.

Ғам жүректі қан қылмай, 3860. Көтерші, көке, басыңды!

Көтеріп басын алады,
Жәдігерге қарады.
Алаудай ішін күйдірді,
Ақша бетін сүйдірді.

Аяғындағы кісенін
Қолымен бұрап сындырды.
Алып тастап шынжырын,
Көтеріп атқа міндірді.

Алдына алып баласын 3870. Біраз жерге жүрдірді.

Баста алтын зер тақиясын
Баласына кидірді.
Бала да басы дәу екен,
Созып басын сыйдырды.

Шаттанып бала шашырап,
Төбесін көкке тидірді.
Шер басқан қайғы жүрегін
Қуантып бүгін күлдірді.

Әкесінің барлығын 3880. Тап сол жерде білдірді.

Алпамыс айтты: – Қарағым,
Қозыңды бағып тұр, – деді.
Тақияңды көрсетпе,
Адамға ашпа сыр, – деді.

Диуана болып білдірмей,
Қылайын құлға бір, – деді.
Тортай, Құлтай әкеммен
Танысып келдім біл, – деді.

Өзің қандай боп жүрсің, 3890. Қысқаша баян қыл, – деді.

Жәдігер айтты: – Көкежан,
Төрт жыл болды өскенім.
Өскенімнен не пайда,
Көтімнен кейін өшкенім.

Жылдан жылға қараңғы,
Қайғылы жасқа көшкенім.
Айтқанын қыла бердім құл,
Мынауың теріс деспедім.

Артыңа, әке, сор болды 3900. Құлағын құлдың кескенің.

Жетпей-ақ жеті жасыма
Бейнетке әбден піскенім.
Қайтейін-қайтейін,
Қайсыбірін айтайын.

Бірді-жарым болмаса,
Жыламай көже ішпедім.
Алпамыс айтты: – Тұра тұр,
Ауылға өзім барайын.

Құлдың патша болғанын 3910. Көзбенен көріп қанайын.

Алла жәрдем берсе егер,
Өшіңді, балам, алайын.
Харамы құлдың басына
Ақырда заман салайын.

Күнәсін қойып мойнына,
Көптің де көңлін табайын.
Семірген күң мен құлдардың
Көрейін бақыт талайын.

Осылай деп Алпамыс, 3920. Ауылға қарай кетеді.

Қораның келіп төріне
«Аллаһу» деп жетеді.
Гүлбаршын тұрған үйдің де,
Қасынан жанай өтеді.

Орданың келіп алдына,
Былайша ғазал етеді:

– Ұлтан патша ханымыз,

Сөзге құлақ салыңыз.
Шалдар бағып шаршапты

3930. Қой, түйе, жылқы малыңыз.

Тәңірі берсе менікі,
Бәнде берсе сенікі.
Жәмі әлем патшасы
Иә һу, ғалам, иә һу-ай!

Отаудағы айымдар,
Қасыңдағы қайымдар
Алла берсе менікі,
Бәнде берсе сенікі.

Барша ғаламның Құдасы, 3940. Иә һу, ғалам, иә һу-ай,

Хан боласыз Ұлтан хан,
Қызметіңде қанша жан?
Ішті ауыртса керекті,
Тартбаған бейнет таярынан.

Алла берсе менікі,
Бәнде берсе сенікі.
Тәрбиеші бір Алла
Иә һу, ғалам, иә һу-һай!

Қоңырат ұлы – Нағанай, 3950. Нағанай – отыз балалай.

Отыз ұлдың ағасы
Ең үлкені – ер Лақай.
Аруағы жар болса,
Алла берсе менікі,

Бәнде берсе сенікі,
Иә һу, ғалам, иә һу-ай!
Сонда тұрып Ұлтан хан:

– Бір адамға бар, – деді.

Жақбай тұр маған ғазалы, 3960. Арман айдап сал, – деді.

Хан айтқанын қарсы алып,
Ол адам жылдам барды енді.
Ей, диуана, арман кет,
Ұрсып жатыр хан, – деді.

Қабыл алып Алпамыс:

– Кетейін, қайыр қал, – деді.

Алпамыстың дауысын
Гүлбаршын құлағы шалды енді.
Мапия деген бір сақау

3970. Шақырып қызды алды енді.

Гүлбаршын айтты: – Мапия,
Диуанаға бар, – деді.
Сегіз тіллә берді де,–
Аштырып кел, бал, – деді.

Не дер екен диуана,
Құлағыңды әбден сал, – деді.
Тілләні алып Мапия,
Отаудан тысқа шығады.

Төрт тілләні дамбалдың 3980. Ышқырына тығады.

Ойлаған сонда сақаудың
Бұл түрлі еді қиялы:
«Жақсы-жақсы үстіме
Киімдей алып киелі.

Көңілім сүйген жігітпен
Ойнап-күліп жүйелі.
Не айтар дейсің диуана,
Аузына сиелі.

«Көрді ме біреу?» дегендей, 3990. Мойнын төмен бұғады.

– Ей, диуана, Гүйбайшын

Жібейді бейіп мынаны.
Кетіп ед байы сапайға,
Сөзінің сол сыңайы.
Анықтап қайап әбден көй,

Қабыл болсын ылайы.
Мұны есітіп Алпамыс,
Қолына алды асаны.
Жын шақырған адамдай,

4000. Дауысқа зарлы басады.

Диуанадай қолбырап,
Құмалағын шашады.
Ер Домбайлап айқайлап,
Дауысқа дауыс қосады.

– Ей, ер Домбай, ер Домбай!

Шақырғанда кел, Домбай.
Шерлі менен мұңлының
Ырымын шегіп бер, Домбай
Алыстан айлап болжап кел,

4010. Өтірік айтпа сен, Домбай!

Қата сөйлеп қағынба,
Әбден болжап көр, Домбай!
Сақау қыздың баллары,
Келер ме екен жарлары?

Айтқаның анық келмесе,
Өтірікші дер, Домбай.
Келер ме екен Алпамыс,
Келмес пе екен Алпамыс?

Осы тойдың ішінде 4020. Келіп жүрген болмасын

Амалы көп қартамыс,
Иә һу, ғалам, иә һу-ай.
Гүлбаршын бізді көріпті,
Көңілде қайғы болыпты.

Бал басы деп біздерге,
Сегіз тіллә беріпті.
Бұл антұрған Мапия
Төртеуін ұрлап алыпты,

Дамбалына салыпты. 4030. Тілләмді алып жай қоймай,

Аузыма тағы сарыпты.
Қарыс барып алдыңнан
Сары қызым біліпті.
Аруағымды айдарман,

Аяқ-қолың байларман.
Тілләмді бер, сақау қар,
Тырыстырып тап сені,
Масқара қылып жайламан.

Жынымды жауып қазыққа, 4040. Байлайын ба айдардан?!

Сонда сақау сөйлейді:

– Менің атым – Мапия,

Дидаңды айдым қапия.
Айуағың зой екен,
Қойыпсың биіп апыңа.
Дидаң мынау, шияғым,

Кигізейін басыңа
Бес дидаяқ тақия.
Айуағыңды айдама,

4050. Қой аяғым байдама.

Масқая қиып, шияғым,
Көп ішінде жайдама.
Кимесем кимей кетейін,
Адия қайсын дидасы.

Денім сау боп жүйейін,
Қызықпайын пайдаға.
Осыны айтып Мапия,
Үйіне жылдам кетеді.

Сол уақытта Ұлтан құл 4060. Былайша үкім етеді:

– Гүлбаршынды алып кел,

Оқытамын некені.
Жас жігіттер жиналып,
Ұлтанға арыз етеді:

– Заманыңда, тақсыр хан,

Аужар айтып ән салып,
Өлең айтып ойын қып,
Бір қызық көрсек нетеді.
Ұлтан айтты: – Мақұл-ақ,

4070. Қыздырыңдар тойымды.

Тілегіңді берейін,
Қылмаңдар қапа ойыңды.
Бір күн емес үш күнге
Неке оқыту қойылды.

Жамбы ату, ертең бәйге бар,
Бастап бергін ойынды.
Айтсаңдар өлең, қыз-жігіт,
Шат қылып менің ойымды.

Сиыстырып сипаттап, 4080. Мақтап айтып менің бойымды.

Жиналған тамашаға қыз бен жігіт
Өлең мен ойын үшін бір үй тігіп,
«Патшаны қандай сөзбен мақтаймыз», – деп,
Тоқталды қыз бен жігіт бойын бүгіп.

Бадамша сақау Ұлтан қатыны еді,
Болғанмен тілі сақау, ақын еді.
Алтыннан алқа тіллә шашбау тағып,
Ішінде көп қатынның отыр еді.

Жіңішке көк шыбықты қолына алып, 4090. Бастады аужар айтар әнге салып.

«Өзім-ақ мақтайын» деп сұлтанымды,
Айтқаны сонда мынау, тыңда халық:

– Ақ сейке алшақ мүйіз қойды бастай, жай-жай,

Жігіттей белі қымша тойды бастай, жай-жай.
Бек болған сұлтанымды мақтағанға, жай-жай,
Көңілі келсе Бадамша теңге тастай, жай-жай.
Ойта жүздің баласы Қоңият елім, жай-жай,

Өте қылып жайладық Байсын жейін, жай-жай.
Отыз ұйу Қоңияттан айласы асып, жай-жай,

4100. Қазақтайға хан болды Сұлтанбегім, жай-жай.

Сонда Алпамыс тұсына келді жетіп,
Сақауға өлең айтпаққа талап етіп.
Әнін салып аужардың Алпамыс та,
Қоя берді былайша екпіндетіп:

– Аужар басы бисмилла деп айтамын, жар-жар-ау,

Асықбасаң аужарды көп айтамын, жар-жар-ау.
Мәні-жайын тойыңның білгенім жоқ, жар-жар-ау,
Ел қыдырған диуана нені айтамын, жар-жар-ау.
Сақау:

– Бисмилла деп тойымда кеп айтыңыз, жай-жай-ау,

4110. Асықбай-ақ өйенді көп айтыңыз, жай-жай-ау.

Сұлтан патша Гүлбайшын тоқал болғайша-ау,
Құтты болсын тойыңыз, – деп айтыңыз, жай-жай-ау.
Алпамыс:

– Бисмилла деп тойыңа келе алмаймын, жар-жар-ау,

Байың тегін берсе де, сені алмаймын,жар-жар-ау.
Құлдан патша, бәйбіше күңнен болмас, жар-жар-ау.
Тоқал болар Гүлбаршын дей алмаймын, жар-жар-ау.
Сақау:

– Былжияма, шиік-ау, былжияма, жай-жай-ау,

Ойнаймын деп менімен қылжияма, жай-жай-ау.
Сұлтан бегім төбеңді ойып, жай-жай-ау,

4120. Бет алдыңа сандалып қалжияма, жай-жай-ау.

Алпамыс:
Сен де шаптың бәйгеге, мен де шаптым, жар-жар-ау,
Келген жерден бетімнен итше қаптың, жар-жар-ау.
Осыншама мақтадың Ұлтан құлды, жар-жар-ау,

Тексіз құлдан сен қанша опа таптың, жар-жар-ау.
Сақау:
Сен де шаптың бәйгеге, менде шаптым, жай-жай-ау,
Ашуланып бетіңнен иттей қаптың, жай-жай-ау.

Мен мақтамай кім мақтайд сұлтанымды, жай-жай-ау,
Заманымда тілләдан шашбау тақтым, жай-жай-ау.
Алпамыс:

– Өлең айтып алдыңа есейін мен, жар-жар-ау,

4130. Байсын өзен жағалап көшейін мен, жар-жар-ау,

Алқа таққан мойныңмен, шашбау таққан, жар-жар-ау,
Шашың менен басыңды кесейін мен, жар-жар-ау.
Сақау:

– Өйең айтып айдымнан желдей ешші, жай-жай-ау,

Байсын бойын жағалай ейден көшші, жай-жай-ау.
Дидә түгіл дамбайым бауы жібек, диуана-ау,
Әлің келсе тісіңмен тістеп шешші, жай-жай-ау.
Сонда Алпамыс ашуы келіңкіреп,

Қайратпенен дауысын керіңкіреп.
Аужар әнін тастай сап, қорқынышты

4140. Бір ауыз өлең айтты төніңкіреп:

– Бадамша, жүруші едің қойды бағып,

Кеш болса су әкеліп отты жағып.
Сөйлейсің қалай-қалай, антұрған күң?
Көтіңе өлтірейін қазық қағып.
Бадамша мұны көріп, зәресі ұшты,

Шоқбардай қорқыныш сөз тиді күшті.
«Бұ кім ед, ойбай, қандай адам ед?» – деп,
Отырған орнынан ұшып түсті.
Бадамша қатты қорқып, реңі қашып,

4150. Ол үйден шығып кетті асып-сасып.

«Ал енді жамбы бәйге болады», – деп,
Алаңға шықты халық бір-бір басып.
Алаңда ұзын ағаш қадап жерге,
Басына ақ жамбыны қойып бірге.

Бәйгеге Қарлығашты бермек екен,
Жамбыны атып түсіріп келген ерге.
Жиналған тамашаға жанның бәрі,
Қалмастан бармақ болды жас пен кәрі.

Артынан Алпамыс та келе жатыр, 4160. «Көрейін не болар – деп, – мұның халі».

Саспайды батыр сабаз, сабыры мол,
Қарайды келе жатып оңы мен сол.
Отын бар арқасында, жылап-еңіреп,
Келе жатқан бір кемпірге кездесті жол.

Бұрқырап бұрымымен кеткен шашы,
Терменен қосыла ағып көздің жасы.
Үстінде жүз жамаулы көйлегі бар,
Бұл еді Алпамыстың сорлы анасы.

Отырды бір жерге кеп, алып демін, 4170. Ойланды: «Анам ба – деп, – осы менің?»

Көзінен аққан жас пен терін сүртіп,
Су қылған көйлегінің екі жеңін.
Атын бұрып Алпамыс,
Кемпірге жанай жүреді.

«Не деп жылап отыр?», – деп,
Құлағын желге түреді.
Көкке қарап қақылдап,
«Жалғызым» деп тақылдап.

Дем алып жылап отырып, 4180. Айтқан бір сөзі бұл еді:

– Жоқтан бар қылған баршаны,

Жаратқан Қадір есін.
Жеті жыл жылап зарланып,
Таппадым істің жүйесін.
Байбөрі, Құлтай жылауда,

Бағалмай қой мен түйесін.
Тортай жазған о да жүр,
Жия алмай жылқы, биесін.
Жалғыздан қалған Жәдігер

4190. Өртеніп күнде күйесің.

Тас емшегім жібіткен,
Тар құрсағым кеңіткен,
Жан серігім Қарлығаш,
Әлде кімдерге тиесің?

Тартасың қоймай қу ауыз,
Жалғызды қашан сүйесің?
Солқылдап иінім тартасың,
Қымқапты қашан киесің?

Құрып қалған қу емшек, 4200. Нені көріп иесің?

Бұ сөзді айтып емшегін
Уалап кемпір тұрады.
Қысса да қайтпай уалап,
Барады шапшып бұлағы.

Шырт етіп шулап ашылды,
Саңырау боп қалған құлағы.
Анасын танып шыдамай,
Алпамыс батыр жылады.

– Бармысың аман, анам? – деп,

4210. Келді жалғыз балаң, – деп,

Атынан түсіп айқайлап,
Жайыла құшақ ұрады.
Құшақтап кемпірді алғанда,
Емшекке тұмсық салғанда,

Не болғанын біле алмай,
Анасы талып құлады.
Бір уақыттар болғанда,
Көзін ашып қарады.

Тұра келіп орнынан, 4220. Құшақтай алды баланы.

– Өңім бе, – деп, – түсім бе? – деп,

Ақылы неше танады.

– Қой, – деді, – ана, Алпамыс,

Жаңғыртпа жер мен даланы.
Кез келген сүйіп жерінен,
Ананың мейірі қанады.
Жыласып мауқын басқан соң,

Анасына ақыл салады:

– Бара бер, – деді, – ауылға,

4230. Отыныңды алып, анажан.

Білдірмей жанға сырыңды,
Сезбесін қатын, баладан.
Сөйлесе кейін білерсіз
Әңгіме-қызық саладан.

Жеті жылдың ертегін
Ортаңа тегіс саламан.
Түсіңде емес, өңіңде-ақ
Қосылдық, анажан, аман.

Бәнденің болмас дегені 4240. Хақ ісі болар қалаған.

Жаратқан Тәңірім қаласа,
Көрсетіп қызық тамаша,
Жерменен жексен қылайын
Қу құлды асқан қанадан.

Бұ сөзді айтып Алпамыс,
Атына мініп алады.
Желе жортып аяңдап,
Бәйгеге таман барады.

Жиналған екен қанша халық, 4250. Мылтықшы, мерген адамы.

Ататын жері жамбының
Екі жүз қадам шамалы.
Жамбы атуға шыққанның
Алпыстан асқан санағы.

Қарлығашты алмақ тигізсе,
Бәрінің де талабы.
Сол мергеннің бірі боп,
Батыр да бара қалады.

Тигізе алмай көп мерген, 4260. Қаңғыртты оғын даланы.

Нәубеті келіп Алпамыс,
Жамбыны атып салады.
Түсірді бір оқпенен-ақ
Қозғалмай жерден табаны.

«Бұ қай мерген, бұ кім?», – деп,
Көпшілік аң-таң қалады.

– Бәйгемді ханнан алам, – деп,

Ортаға олжа салам, – деп,
Ордасына Ұлтанның

4270. Көппенен батыр барады.

Бәйгемді бер деп қыстады,
Етегінен ұстады.
Мас болып тұрған Ұлтан хан,
Алпамыстың бұл сөзін,

«Не айтып тұрсың?» дегендей,
Көтіне тіпті қыспады.
Ақырыңқырап Алпамыс:

– Антұрған құл, қарашы,

Алпамыс кімге ұқсайды? 4280. Жалт етіп, қарап Ұлтан құл,

Топтан шыға қашады.
Жетіп келіп Алпамыс,
Албастыдай басады.
Артынан келіп Жәдігер,

Найзаменен шаншады.

– Әке маған бер, – деді,

Тамашасын көр, – деді.
Баласына береді,
Артынан өзі ереді.

4290. Тышқан алған мысықтай

Тамашасын көреді.
Доптай теуіп Жәдігер,
Домалатып ойнайды.
Шыбын жан қандай шырынды,

Ұлтан құл салды ойбайды.
Тілін тартып қармақпен,
Ортасына қораның
Бағанаға әкеп байлайды.

Тастаған кесіп еттерін 4300. Таласып иттер шайнайды.

Жеті жыл сүрген дәуірі
Жеті күндей болған жоқ.
Мұны естіген азамат
Істің артын ойлайды.

Ұлтан құлдың тірідей
Терісін іреп сояды.
Аққан майлы қанына
Таласып иттер тояды.

Тез өлтірмей Ұлтанды, 4310. Қорлықпенен өлтірді.

Жүйесіз қылған зорлығын
Өз басына келтірді.
Тірсегінен тілдірді,
Байтеректің басына,

Барлық етін сылытып,
Салбыратып ілдірді.
«Кешегі хан Ұлтан» деп,
Көрген жанды күлдірді.

«Жалғыз ағаң келді, – деп, 4320. Тілегіңді берді», – деп,

Қатын мен қарындасына
Сүйінші сұрап білдірді.
Қарлығаш та келеді,
Ағасын о да көреді.

Сүйіншіге қос қара
Қос шапанын береді.
Жиналған тойға кәрі-жас
Хабарланды ел енді.

Ағасын қатты құшақтап, 4330. Тарқады қыздың шері енді.

Жазған екен тағдырда,
Тірлікте дидар көреді.
Арманын айтып ағаға,
Шығарды іштен шеменді.

Қарлығаштың артынан
Гүлбаршын кейін кегенді.
Әдеппенен иіліп,
Тағзым қып сәлем береді.

Екі көзден аққан жас 4340. Тоқтау бермей жөнелді.

«Сынайын» деп қатынын,
«Байқайын» деп ақылын.
Қолынан ұстап Алпамыс,
Екі ауыз айтты өлеңді:

– Гүлбаршын, мен кеткелі талай болды,

Көріп келдім қиындық талай жолды.
Мен кеткен соң, хан болған қайын ағаңмен,
Гүлеке, келісімің қалай болды?
Гүлбаршын:

– Халық асып кете алмайды ағайыннан,

4350. Жатарсың кейін біле жамайыңнан.

Хан болған қайын ағамен оқиғамды
Куәм сол, сұра ақ кірген самайымнан.
Алпамыс:

– Гүлбаршын, келіншек боп той тойладың,

Той тойлап жүргеніңде не ойладың?
Сұраған сенен менің сөзім болсын,
Шынында бедірек құлмен неше ойнадың?
Гүлбаршын:

Тұрақты осы Байсын жерім болсын,
Жалғыз ұлым жарқырап керім болсын.
Ойын түгіл сөзіне құлақ салсам,

4360. Әкем келіп некелі ерім болсын.

Алпамыс:

– Амандық берсін Алла жаныңызға,

Қосылар күн бар екен жарымызға.
Сақтапсыз жеті жылдай орнымызды,
Мен ырза сізге берген малымызға,–
Деп батыр қатынменен амандасып,

Көрісіп ықыласымен сәлемдесіп.
Келгенін Алпамыстың естіген ел
Топ-топ боп келіп жатыр қадам басып.
Қойдай боп қозысымен жамыраған,

4370. Зарлы үн, зарлы сөзбен маңыраған.

Шашырап елдің бәрі шаттанысты,
Өзеннен су аққандай қаңыраған.
Атақты келгеннен соң елдің ері,
Кеп жатыр ағытылып Қоңырат елі.

Жеті жыл қайғы-қасірет тартқандардың
Түк қалмай тарқап кетті қайғы-шері.
Ал енді Байбөрі үлкен қылды тойды,
Есепсіз жылқы-түйе сойып қойды.

Жетдіден жетпіс жасар кемпір мен шал 4380. Қайғымен қапалықтың бәрін жойды.

Той қылды отыз күндей ойын-сауық,
Бәйге қып палуан сайыс көкбар шауып.
Дегеннің мынау қызық бәрін етті,
Бір Алладан басқадан қылмай қауіп.

Шашуға келген сан жоқ қой, түйенің,
Батырда сыйлап елдің жан сүйерін.
Анасын атасымен ер Алпамыс,
Сүтіне шомылдырды боз биенің.

Атасын хан қып, таққа міндіреді,
Жар салып барша жұртқа білдіреді.
Халықтан қапалықтың бәрін жойып,

4392. Шаттықтың шарбағында күлдіреді.

АЛПАМЫС БАТЫР

Ілгері өткен заманда, Жиделі Байсын деген жерде, Қоңырат деген елінде, Байбөрі деген бай болады. Байбөрінің тоғыз ұлы болады. Күндердің бірінде қалмақтың Тайшық деген ханы көп әскермен келіп, жалпы жатқан елді шауып, қанша жанды шығынға ұшыратып, Байбөрі байдың бала-шағасын шулатып, тоғыз ұлын өлтіріп, келіндерін жесір қылып, бар малын айдап кетеді. «Байбөрінің баласы жоқ, балаларын жау өлтіріп кетті. Енді бұған бала қайда?» – деп ел арасындағы қулар, билер бұған зорлық қыла бастады. Байбөрі жылап жүрген уақтында, Зейне деген кіші әйелі жүкті болады. Сол жүкті болып уақты біткен соң, бір ұл бала туды. Қуаныш қылып, Байбөрі той қылып, баланың атын – Алпамыс қойды. Бала өте жасаты туды. Кең жауырынды, бүркіт қабақты, өте келісті болды. Мұның артынан Зейне тағы көтеріп, бір қыз туды. Қыздың атын Қарлығаш қойды. Бала бес жасқа келген соң-ақ, белі жуан жігіттей, бес саусағының саласы алғыр бүркіттің тырнағындай, Алпамыс десе Алпамыс бола бастады. Көрген адам батыр болатынын айтпай танитын болды. Әкесі: – Жасым қайтқанда көрген Алпамысым, тағы да бұрынғы жау өлтірген балаларымды айта көрмеңдер, соны іздейін деп кетіп қалып, сорымды қайнатып қоймасын, – деп еліне өтініш қылып жүрді. Жау жылқысын айдап кеткенде, жылқыға ілесе алмай, санын қасқыр тартқан бір шұбар ұрғашы құлын қалған еді. Ол бие болып, «таза ұрықтың баласы еді» деп, бағып жүретін еді. Ол айтқандай-ақ бие болып, ерке шұбар құлын туды. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ, кұмба тұяқ көзге түсерліктей болды. «Шырағым Алпамысыма ат болсын, ерге лайық ат туды» деген. Жас атты «асыл жылқының ұрығы еді» деп, тай-құнан болғанынша енесін қысыр қойып, арда емізіп бақты. Ал енді Алпамыс жетіге келді. Ойнаған баланың асығын ұтты. Сөйлеген адамның ақылын ұтты. «Ел – уәлі» деген сөз рас қой, жаудан кек алатын болады-ау?» деген ел аузына кірді. Байбөрі бай: – Жасым болса қартайып барады, осы балама жақсы жерден қыз әперсем, келін алып, немере көрсем, – деп асығып жүрді. Баласы жас болып жүрді. Алпамыс жеті жасарынан былай қарай-ақ саржай иіп, садақ тартып ойнайтын болды. Тоғызға келген соң, садақ тартып, бетке алғанын жібермейтін болды. Қатар жатқан халық: «Құдай қартайғанда Байбөріге біреу берсе де білеудей қып берді ғой», – деп, ел аузына іліне бастады. Мылтық атыс, қылыш шабыстың бәрін де үйренді. Баласы он бірден он екіге шыққан соң, қыз іздеді. Үйсін деген елден Күлбаршын деген бір қыздың атағы шықты. «Сол қызды қалайда болса Алпамысыма алып берейін», – деді. Сөйлесіп, араға барған елшіге ел өсексіз бола ма: – Жас балаға осындай қызды бере ме? – деп айныта бастады. Ол Байбөрінің баласына қылған күншілдігі болды. Алпамыс мұны естіп, ызаланып: – Мені менсінбейтін қызды барып көрейінші, – деп, ата-анасына сыр айтпай, Шұбар атқа жабдық ұрып, белі жуан бесті болған кезі еді, сауыт-сайманын асынып, жолдас алмай жалғыз жүріп кетті. Айдын көлді жағалап, ұлан ұлы аң көрінсе садақпен атып, қанатты құсты мылтықпен атып, үш күншілік жол өтіп, «Көкөзек» деген жерге келді. Сыртынан сұрап, үлкен бір ақ ауылды көрді. – Бұл кімнің аулы? – деп сұрады. Сұраған адамы: – Бұл үйсін Ордабай байдың ауылы, – деді. «Іздеген қыздың ауылын тапқан екем ғой», – деп найзасын сүйене тұрып, ауылдың сыртынан келіп, сөйлес қылды. Келген мейманға жүгіре шығып, атын ұстап, үй артына киіз салып қызмет қылды. Күлбаршынның Аппақ деген жеңгесі болушы еді. Қалаулы кісінің бірі еді.

– Ойбай-ау! Жүгіріп ат байлап қалыпсың, мейманың кім еді? – деп күліп келді.

– Құдайы қонақтың алдынан шықпаймыз ба? Танығам жоқ, жас бала көрінеді. Аз болмастан Ордабай бай келді: – О, балалар, ауыздығын шайнатып, арғымақ ат қаңтарған қандай мейман? – деп сұрады. Күлбаршын төмен қарап үндемеді. Аппақ жеңгесі: – Ата, білмейміз, жас жігіт көрінеді. Бай: – Аты жарамды, сайманы түгел: Балам, мал сойып, мейман қылыңдар, – деді. Мейман болып отырып, ас-ауқат ішіп болғаннан кейін бай жөн сұрады:

– Қай русың, кімнің баласысың?

Бала жауап беріп: – Қатар жатқан қоныстасыңыз – қоңыратпын, Байбөрінің баласымын, – деді. «Байбөрінің баласымын» дегенде, Күлбаршын жеңгесінің санын бір шымшып қойды. «Байбөрінің баласымын» деген соң, бәрінің де іші білді. Қыз далада жеңгесінің артында тұрып, ыңырсып қана өлең айтты:

– Сөз тігісін жатқызар ұста кісі.

Періштедей кісіні өсек қылып,
Арада ұялмай айтады екен дұшпан кісі.

Ертең ерте жүріп кетті. Қыз баланы көрді. Бала қызды көрді. Бір-біріне ынтызар болып, ғашық болды. Байбөрі баласы сұрамай кеткен соң, қайда кеткенін білмей, төңіректен хабар таппай: «Біреу ағаларының жаудан өлгенін айтып қойып, жауға кетіп қалды ма?» – деп, Байбөрі жылауда болды. Бесінші күні пешінде қанжығасы қаз-үйрекке толы, Шұбар атты қояндай қасқартып келе жатқан Алпамысты көріп, боз қасқа сойып, Байбөрі құдайысын қып:

– Ой, балам-ау, қайда кеттің? – Е, ата, еш жаққа барғамын жоқ, тамаша қылып, аң аулап келдім. Арада бес-алты күн өтпей-ақ, жеті кісі ауылдың желкесіне келді. Ауыл алдында тұрған Алпамыс келе жатқан кісіні түрінен танып: «Алыс жерден келе жатқан мейман-ау,» – деп, жігіттерін шақырып, атты ұстауға дайындалды. Келген жерден тани кетті. Алдында Жолшы деген бір жігіт бар еді: – Амансың ба? – деп, Алпамыс батырдың қолына бір қағазды бере салды. Қағазды ашып қараса, Күлбаршынның көңілді жазған хаты екен.

«Әкемнің ұлындаймын, қыз да болсам, мен риза болдым, сен ырза болсаң. Шілденің сазға түскен аптабындай, ерідім қаттылығым мұз да болса. Келісіп, мейманыңды қайтарарсың, баласы Байбөрінің мырза болсаң». Екі жақтың жаушысы келісімге келіп, халық кәдесімен қайтты. Аз уақыт өтпестен тойын қылып, Күлбаршынға үйленді. Келгеннен кейін екіқабат болды. Бай қуанышта болып жүрді. Алпамыс аң аулап жүрген жерінде Үсен қу дейтін қу бар еді. Келіп сол жолықты. Аман-есен айтысып, әңгімеге келгеннен кейін, бұрынғы жау қырған тоғыз ағасынан сөз бастады. Бұрын есітпеген Алпамыс денесін ашу қысып, безгек болған кісідей қалшылдады.

– Жаным-ау, Алпамыс, сен әлі күнге дейін хабарсыз екенсің ғой, – деп бұрынғы өткен істерден бірін де қалдырмай айтты. Кешке таман үйіне қайтты. Қабағына қар жауып, кірпігіне мұз тоңғандай түсі суып, бір қалыпта отыра алмастан, жауға асынатын жарағын тазалап, даярлай бастады. Мұны көріп Күлбаршын дегбір тоқтатып отыра алмастан: «Атам қашан келет?» – деп отыра алмастан, екі көзі далада болды. Күндегідей ойында еш нәрсе жоқ, ат жүгіртіп, құс салып бай келді. Атасының атын байлап тұрып қараса, екі көзінен жас мөлдіреп тұр. Бай келінін көріп, келіннің жасын көрген соң, есінен танды. Жаман сөзге аузы бармаған соң: – Қарағым-ау, апаларыңды, аға-ініңді сағындың ба? Неге жыладың? Келіні айтты: – Балаңыз садағын сайлап, қылышын қайрап, жауға жүретін кісідей жабдығын түгелдей бастады. Қорқамын. Байбөрі: – Ойбай, Тәңір-ау, не дейді? Жүрейін десе сүрініп, үйге үш ұмтылып зорға кірді. Кірсе, Алпамыс садақтың қорамсағын қолға алып, оғын салып отыр екен.

– Балам не істеп отырсың? – деп еді.

– Тайшық алған ағаларымның қанын жоқтайын, – деп отырмын.

– Ой, балам, бұл қандай сөз, қандай сұм айтып жүрген сөз?

– Ата, ел үшін ер туады. Отан үшін отқа түседі. Ар үшін жанын кешеді. Тоғыз ағамның қанын жоқтамай, бірге туған бауыр болып жүргенде не боламын? «Ауруыңды жасырсаң, өлім әшкере қылады» дегендей бір күнде-ақ мәлім болды. Түнімен айналасындағы әтіребіне ат шаптырып, ел ішіндегі ел егесі ерлердің бәрін жиды. Жиылған халық: – Тоқта, балам, қабырғаң қатсын. Ер намысын еске алмай жүрген адам жоқ, ер жеткесін ізделік, – деп өтініш қылды. Алпамыс: – Жау санасып ұрыспайды, бақыт біледі, пешенемді ашса, мен бара алмай тұрмаймын.

– Болмаса қатар жатқан халықтан жәрдем сұралық, әскер жиып бар, – деді. Бала: – Тоқтай алмаймын, бата беріңдер, көптің қанын төгіп әскер алмаймын, – деді. Неде болса, жеке басым көремін, – деді. Тоқтамасқа көз жеткен соң, ата, ағайын-туысқандары бата берді. Тойға баратын адамдай қуанып, Шұбар аттың жабдығын салып, жарағын алып: – Пешенемді аш! – деп аттанды. Жолға шығып, Тайшықты бетке алып, Шұбар атқа айтқан өлеңі екен:

Көрсетші шын күшіңді, Шұбар атым,
Күйіне түскен екен шабылатын.
Қайшылап екі құлағын шықты Шұбар,
Көтеріп сүбесінен қос қанатын.

Барады барған сайын өгдеп шауып,
Жылқы емес аяқтанып тоқталатын.

10. Шұбар ат шыннан күшін жыйғанында,

Екі көзі жанған оттай қызаратын.
Әуелі желеңдеді кекіл қағып,
Сарқырап сай суындай барады ағып.
Сомпалап төрт тұяғы қайсымайтын

Шақпақтай тілген тасты кетті шағып.
Кез болды тар өзенде бір жолбарыс,
Бір тарпып омыраумен кетті қағып.
Шұбар ат қызған сайын аузын ашты,

Аузынан бұрқыратып көбік шашты. 20. Тозаңын бұрқыратып аспанға атып,

Не биік екі арада белден асты.
Шыдамай Алпамыстың ызғарына,
Жын-шайтан жолда жүрген бәрі қашты.
Қызған сайын Шұбар ат

Маядай мойнын созады.
Бұлтқа барып қосылды
Тұяқтан шыққан тозаңы.
Тар кезеңге таласқан

Ұшқан құстан озады. 30. Шұбар атты «шу» деді,

Самал желдей гуледі.
Тұяғына тиген тас
Саз балшықтай иленді.
Ису-жын тұрса алдында

Батырдан қорқып именді.
Аттанған күні Алпамыс
Түс көріп Тайшық білді енді.
Тайшықтан біраз айтамын,

Бұнымен бұл сөз тұрды енді. 40. Сол күні Тайшық түс көрді,

Түсінде ғажап іс көрді.
Жолықты үлкен ылаңға,
Жетпестей әлі күш көрді.
Түсінен шошып тұрады,

Көз жасын тыймай жылады.
Уәзірлерін шақырып,
Бір насихат құрады.
Екі көзі жалтылдап,

Көзінің жасы тамшылап, 50. Қасқырдан қорыққан қойдай боп,

Жүрегі отыр тарсылдап.

– Уәзірлерім, бектерім,

Түсімнен жаман шошыдым.
Халқыма тиді бір шері,
Үріккен қойдай жосыдым.
Біраз уақыт болмай-ақ

Қызыл қан ағып жосылдың.
Заманам менің қағынды,
Қағынбаса не қылды?

60. Жас буыршын қара үлек

Қарсы қарап шабынды.
Қаланың аузын қан қылды,
Қақпаның аузын шаң қылды.
Мұны көрген адамдар

Ақыл-естен жаңылды.
Алпамыс атты жас пері
Атқа мінген бола ма,
Ертерек жегін қамыңды?!

Ырзамын алса малымды, 70. Қоймайды-ау деймін жанымды.

Түсімде көріп жүрегім
Күні бұрын жарылды.
Ақылдасып, кеңескін
Осыған амал табуды.

Жиылған адам көп еді,
Ешбірі пәлен демеді.
Ел егесі ерлердің
Келмегені жоқ еді.

Мұңайып бәрі отырды, 80. «Табамыз амал» демеді.

Сол қаланың ішінде
Бір сұм кемпір бар еді.
Қысылғанда баратын
Ақылгөйі сол еді.

Сөзден қалған көп қалмақ
Әңгімеден бөгелді:

– Шақыралық маманы,

Не айтар екен? – деп еді.
Ертерек, тездеп келсін, – деп,

90. Оған да хабар береді.

Жіберіп сыйлық, шақырды,
Шақыртумен келеді.
Жұртты аузына қаратып,
Кемпірдің айтқан кеп еді.

– Құлақ салғын, ханымыз,

Алпамыс батыр кеп қалса,
Келе алмас оған әліңіз.
Бір әрекет жасалық,
Тоғыз отау тіккізіп,

100. Тоғыз сұлу табамыз.

Беріңіз жинап қолыма,
Қоңдыралық отауды
Алпамыс келер жолына
Отыз жігіт, он қызбен

Дайындай тұрғын оны да.
Кездессе келіп аулақта
Түсіремін торыңа.
Басқа жолмен кеп қалып,

Кез болмаса сорыңа. 110. Мамаңның қылсаң айтқанын,

Келтірер бәрін орнына.
Алпамысты пәнде қып,
Тапсырар едім қолыңа.
Осылай мамаң дегенде,

Тайшық хан тұрды орнынан.
Жүрегі кетті лүпілдеп,
«Ұстайды-ау» деген ойменен.

– Рас па, осы мамам? – деп,

Айтқаныңның бәрін де
Дайын қылып, тегіс табамын.
Бұйрық жазды Тайшық хан,
Қалаға тегіс хабарлап:

– Қыз-келіншек жиылсын,

Жазалы үйде қалған, – деп.
Дайындағын ертелеп!
Кемпір отыр жолына
Алпамыстың барам деп.

Тайшық жиылған елден тоғыз сұлу қыз жинап, басына жаулық салып әйел формасында он қыз, қыз формасында он жігіт қызмет істейтұғын. Құл формасында үлкен бір жақсылап алып Алпамыстың келетін жолына тігіп, келіншектердің басына қара салып, ері өлген әйелдердің формасында қылып, оларға жоқтау айтқызып, дайындығын істеп отыра берді. Алпамыстың жүретін жолына күндіз-түні алыстан қарауыл қаратып қойды. Алпамыс батыр ерекше елден жаңғыз жүріп, еріккен жерде шауып, кезіккен аңды ермекке атып, бірнеше күн жүріп, Тайшықтың жерінің шегіне кіреді. Алыстан шыққан шаңды көріп, қарауылдар кемпірге хабарлады. Айлакер мама қара тон жамылып, келе жатқан батырдың алдынан шықты. Жақын жерге келіп Алпамысты көрген соң, жер бауырлап өбектеніп жылай бастады. Жылап тұрған кемпірді көріп, атының басын тартып тұрып артына қарап, мойнын бұрып назарын салды. Сонда кемпір былай деп жылайды:

– Тоғыз ұлым бар еді,

Тоғызы да ер еді.
«Байбөрі байдың жылқысын
Алдырмаймыз» дер еді.
Бәрінде Тайшық өлтірді,

Қолымнан не келеді? 120. Дерегін естіп Алпамыс

«Келе ме?» деп ойлаушы ем.
Жоқтанып іздеп келмеді.
Айналайын, жолаушы,
Алпамыстай батырдың

Білінер ме дерегі?
Айналайын, жолаушы,
Берегерек келіңіз,
Көзімнің жасын көріңіз.

Өңкей жесір сағырмыз,
Мүсәпір болған кезіміз.
Күндіз-түні жылаумен

130. Ойылған екі көзіміз.

Қарама-қарсы келгенде,
Жолбарыстай тұрысың.
Айтпасаң да таныдым,
Айтулы ердің бірісің.

Сыртың сұлу, сымбатты,
Қай бір ханның ұлысың?
Көңліміз жаман қайғылы,
Сағырлығы құрысын.

Сапарға шыққан, жас мырза, 140. Бет алған қайсы жұмысың?

Қабылан жүрек жас батыр,
Қарсыласқан дұшпанның
Бітіргендей тынысын, –
деп кемпір атының аяғына бас ұрып жығылды.

– Е, шешеке, соншалықты мұңлысыз, мен сапарға кетіп бара жатқан жолаушымын. Әзір ат басын тоқтатуға болмайды. Бет алған жұмыс бір бетті болмай тоқтай алмаймын.

Мама шылауына оралып: – Мені өлтіріп кет, болмаса елімді көріп кет. Сормаңдай жесір қалған тоғыз келінімнің әлін көр. Үйім жақын жерде. Қаңқылдаған даусынан Тайшық жарған жүрегім қозғалып, далада жүріп өмірім өтіп келеді. Айтпасаң да білдім. Ертелі-кешті тілек қылып отырған Алпамысым сенсің. Бір күнше мейман болып, әл-жағдайымды көріп барарсың. Жұртқа зияны тиген Тайшықты, қарайған жанды қақсатқан көзін құртар деген Алпамысым сенсің. Кемпірдің сөзіне рақымы келді. Кемпірмен ілесе жүрді. Үйге жақын келгенде қатты дауыспенен, қаралы болған кәріппен: – Не бетімен отырсың, Алпамыс келгенде, – деп айқайын салды. Үйдегілер шу беріп, жылаған күйде далаға шықты. Алдынан алды-артын орап, етегіне беттерін сүртіп, оқып қойған қу қыздар қызмет қыла бастады. Шай қойылды, мал сойылды. Теріс қарап, қара жамылып, жаудан өлген тоғыз ұлдың жоқтауы айтыла бастады. Қайғыдан, зардан құла сартылды. Мына зарды есіткен соң, батырдың көңлі шынымен сенді. Біраздан соң беттерін жуынып, белдерін буынып, ауыр деммен күрсініп қызметке кіре бастады. Батыр дем алып болған соң: – Қарағым, Алпамысжан, Шұбар атқа жем берейін, – деп, Шұбар атты тасаламаққа кемпірдің көңлі кетті. Кілемнен дорба, кіш-міштен жемді алып, Шұбар атқа қарай жүрді.

Мұны біліп Шұбар аттың
Қос құлағы тігілді.
Жақындаңқырап кеп еді,
Тістемекке жымиды.

– Тек, жануар, – деп еді,

Қасына таман келіп еді,
Бір тарпып қалды Шұбар ат.
Шалқалап кемпір жығылды.
Кемпірді көріп шуылдап

Қыз-келіншектер жүгірді.
Кемпір талып қалыпты,
Кейін тартып алыпты.
Есіткен соң дабыр-дүбірді,

Алпамыс шығып баратты.
Бетіне суық су құйып,
Ақыл есін танытты.
«Шұбар ат тепті», – деген соң,

Ашуланып Алпамыс
Қамшымен басқа салыпты.
Кемпірдің бұзық пейілін
Адамнан есті жануар

Шұбар ат біліп таныпты.
Үйге кірді, қайтадан
Пейілі бұзық қу кемпір
Жамандауға ала атты.

– Алпамыс, шынар терегім,

Қысылған жерде керегім.
Жас батыр келсе Тайшықтан
Кек алып берер, – деп едім.
Жау жеріне тастайды,

Жабының қайсы керегің. 150. Басын кесше шіркіннің

Қазанат тауып берейін.
Сен секілді әсілдің
Жолында құрбан өлейін.
Малым-мүлкім сенікі,

Табылмас бір ат демегін.
Қысылды қатты Алпамыс,
Кемпір осылай деп еді.
Қылышын алып қолына,

Мін тағылғандай бойына. 160. Атқа жақын келгенде,

Шабысы түсіп ойына.
Алтын тұмар тұр екен,
Сағағын иген мойнында.
Кейін қайтты Алпамыс,

Шабуға бармай қолы да.
Қылышын іліп, үстінен
Сауытын шешіп тастады.
Бұлақтай шарап ағылып,

Тамаша сауық басталды. 170. Қыз-келіншектер ортаға ап,

Айландырды арыстанды.
Денеге шарап тарады,
Барған сайын гүлденіп,
Тамаша қызып барады.

Ортаға алған көп сұлу
Алпамыс сынды баланы.
Күндіз-түні ішумен
Таусылар емес шарабы.

Түс қайтып, пешін болғанда 180. Ауытқып көңлі барады.

Шынымен қызып алған соң,
Ашылып лепсі тіледі.
Өлеңдетіп әкеп тұр,
Бірінен кейін біреуі.

– Самалда жатсын, балам, – деп,

Іргесін үйдің түреді.
Түсті ғой торға батыр, – деп,
Миынынан күледі.
Қатар келіп сұлулар,

190. Телміріп тегіс тұрады.

«Алдиярлап» кезекпен,
Кеселерін бұрады.
Сұлудың қолын қайтармай,
Ішіп тұр батыр бұ дағы.

Сөткесінен өткенде,
Күн пешінге жеткенде
Көзі аларып батырдың,
Мас болып енді құлады.

«Құлаттық, – деп, – батырды», 200. Тайшыққа хабар қылады.

Жүрегі шығып қабынан,
Тайшық қатты қуанды.
«Рас па? – деп, – осы сөз»,
Қайта-қайта сұрады.

Сол сұрақтың үстінде
Қуанғаны сонша бар,

– Қайда? – дейді Шұбарды.

Үстінен барып баспаққа
Көп әскер ертіп соңынан,

210. Қаладан Тайшық шығады.

Мас болып жатыр Алпамыс,
Білген жоқ әлі бұларды.
Шұбар аттан айталық,
Тоқтата тұрып бұларды.

Алпамыс мас боп жығылды,
Шұбарға бұл іс білінді.
Жер текпілеп тебініп,
Талқан боп Шұбар ұрынды.

Екі көзі қызарып, 220. Қос құлағы тігілді.

Қаладан шыққан көп әскер
Есіткен соң дүбірді:

– Бұ не деген пәле, – деп,

Көргендер қылды сыбырды.
Жерді қазып тепкілеп,
Талқан қылды Шұбар ат
Темір арқан шылбырды.

Ұстауға атты бата алмай,
Біреуге біреу жүгірді.

230. Тізгіні қатты күдері,

Қояды десе Шұбар ат,
Барған сайын үдеді.
Бір сұмдықтың боларын
Шұбар ат сонда біледі.

– Ханға хабар сал, – деді,

Кемпірдің сулап жүрегі.
Тайшық келді сол кезде,
Тайшыққа барып мақтанып,
Сөйлеген сөзі бұл еді:

240. – Кадірім, ханым, білмейсің,

Біз секілді кісінің.
Келеді деп Алпамыс,
Өз зәреңді өзің ұшырдың.
Қорқып жүрген батырды

Бір пәсте торға түсірдім.
Сүйіншіңді айтқын, ханымыз,
Қысылған жаудан құтылдың.
Егесін біліп, оңбаған

Шұбар ат, жаман құтырдың. 250. Қолдан шығып кетпесін,

Амалын қылғын тұтудың.
Көп әскер келіп қамады.
Алдына келсе тістейді,
Артына келсе тебеді,

Таба алмады амалын.
Адамы жоқ жалғыз ат
Бір уыс қылды заманын.
Жаралы болды көп адам

Қылышпен деген шабамын. 260. Шамалы келсе бас салды,

Аштырмайды қадамын.
Тайшықтың бетін қайтарды,
Деп еді «ұстап аламын».
Зорлықпенен көп адам

Ортаға алып жібермей,
Бір темір тамға қамады.
Мұнымен бұл сөз тоқталсын,
Алпамыс жаққа баралық.

Мас болып жатқан батырды, 270. Деп еді байлап алалық.

Ұйықтап жатып шіренсе
Бөріктей ұшқан секілді
Ұстағандар аяғын.
Әуелі қолын байла, – деп,

Аяқтан жоқ пайда, – деп.
Мас болып жатыр Алпамыс,
Батырлары жүгірді:

– Көрсетші маған, қайда? – деп.

Жармасты бара қолына, 280. Мас болып жатып жіберді

Лақтырып оны да.
Омақасып жығылды,
Жиылған көптің тобына.
Тайшық жаман қорқып тұр,

Келместен ісі орнына.

– Болмаса барып шапқын, – деп,

Дәрмен деген палуанның
Қылыш берді қолына.
Көрген соң кетті қалтырап,

290. Бар ма, жүрек жоғы ма?

«Түрегелсе қалай қылады?» – деп,
Батпады қылыш соғуға.
Көпшілік қарап тұрды енді,
Айқайлап Тайшық: – Ұр, – деді.

Ұрып еді қылышпен
Бит шаққандай білмеді.
Аяғын жимай жатты енді.

– Не болды? – деп Тайшық хан,

Тағы да айқай сапты енді. 300. «Батпады қылыш» деген соң,

Бір мергенге: – Ат, – деді.
Мерген көздеп атады,
Именбей батыр жатады.
«Оқ өтпеді» деген соң,

Көп қалмақ болды қапалы.
Айқайлап тағы Тайшық хан:

– Өртеңдер, – деп айтады.

Отауды жығып үстіне
Алпамыстың үйді енді.

310. От лапылдап өтіпті,

Алпамыс бұған күймейді.
Не қыларын білместен
Дағдарып Тайшық тұрды енді.

– Мұнан басқа дауа жоқ,

Ертерек тез, деп, жабылып,
Қырық құлаш зындан қыл, – деді.
Мастығы кетсе жазылып,
Бүлдірер жұртты бұл, – деді.

Аспаптарын түгелдеп, 320. Жер қазуға жүрді енді.

Жата берсін жер қазып.
Ханы, уәзірі жиылып,
Ордаға бәрі кірді енді.
Үлкен-кіші бас қосып,

Көп насихат қылды енді.

– Отқа салса жанбайды,

Батырмайды су, – деді.
Айбаты басқан әммені
Палуан қандай бұл? – деді.

330. Зынданға түссе шыға алмас,

Барайық тездеп жүр, – деді.
Үлкен-кіші топтанып,
Зынданға қарай жүрді енді.
Зынданды қазып, дайындап,

Ханға хабар қылды енді.

– Мұнан басқа дауа жоқ,

Тайшықтың сөзі шын, – деді.
Көтеруге әлі келместен
Жабыла жүріп жатқызып,

340. Шанаға салып сүйреді.

Зынданға әкеп құлатып,
Ойдағы ісін қылды енді.

– Бекітіп аузын қоялық,

Тастардан ауыр жи, – деді.
Түбінен төгіп бекітіп,
Толтырып аузын үй, – деді.
Бір қара тас бар екен,

Қырық жігіт зорға сүйреді.
Ішкен шарап басылып,

350. Алпамыс есін жыйды енді.

Апарып тасты құлатты,
Ауыр тасты келатқан
Батыр сонда білді енді.
Тосып алып қолымен,

Лақтырды қайтадан.
Ауыр тастың салмағы
Бірнешеуін қырды енді.
Не қыларын біле алмай,

Шенінен басып жүре алмай, 360. Дағдарып Тайшық тұрды енді.

– Атса мылтық өтпейтін,

Шапса қылыш батпайтын,
Бұл бір жатқан арыстан,
Мысалы, біз бір – жын, – деді.
Жаппастан аузын қойыңдар,

Болды үлкен сын, – деді.
Төрт күнде ауқат берелік,
Мұнымыз қылған сый, – деді.
Жиылып тұрған көпшілік:

370. – Аш қылмастан бағалық,

Осы сөз рас-шын, – деді.
Шығып кетсе себеппен,
Өшікпесін тым, – деді.
Ауқат беріп жатуға

Осыған қаулы қылды енді.
Жата берсін Алпамыс,
Мұнымен бұл сөз тұрды енді.
Алпамысты ұстаған

Сый берді Тайшық мамаға. 380. Бәйге қылып, ат шауып,

Той берді үлкен қалаға.
Тайшықтың қызы Қаракөз,
Атағы шыққан айтулы.
Айтайын соны жана да.

Қаракөзге бәсіре
Қырық серкесі болушы еді,
Кейқуат соны бағады.
Серкелерді әлпештеп,

Қоңырау, шашақ тағады. 390. Бір серкесін жоғалтса,

Кейқуат болар жазалы.
Жайып жүріп серкені,
Алпамыс жатқан белгілі
Зынданға келіп қалады.

Сол зынданда жатқалы
Алты жыл өткен арада.

– Өлген шығар батыр, – деп,

Сүйегі кәйтіп жатыр, – деп,
Зынданға төмен еңкейіп,

400. «Көрейін» деп қарады.

Еңкейіп тұрған елбеңдеп,
Кейқуаттың келдесін
Батырдың көзі шалады.

– Әй, – деп еді, – Алпамыс,

Селк етіп шошып қалады.

– Нағып жүрген жансың? – деп,

Тазшадан жауап алады.

– Мен Кейқуат – қойшы, –деп,

Тазшаның берген жауабы. 410. – Кейқуатпысың сен? – деді.

Берігерек кел, – деді.
Ауқат қылып жатайын,
Серкеңнің бірін бер, – деді.
Зынданнан шықсам, егерде,

Жеткізермін мұратқа,
Тірі болсам мен, – деді.

– Жегішін қара серкені,

Жүр екенсің өлгелі.
Диірмен тас зынданның

420. Жатушы еді шетінде.

Таяғын салып пұшаңдап,
Ырғалап тасты көрді енді.
Тасты тастап үстінен
Өлтірмегін жөн көрді.

Өзінің күшін сынапты,

– Бірер серкеңді бергін, – деп,

Тазшадан батыр сұрапты.
Тас түсіріп төбеден
Өлтіруді ұнатты.

430. Өліп-өшіп күшеніп,

Диірмен тасты құлатты.
Келе жатқан тасты тосып ап,
Зынданнан сыртқа бұ да атты.
Тас зыр етіп өткенде,

Ойбайлап тазша құлапты.
Жетелеп келіп бір серке:

– Күнәмді кеш, – деп жылапты.

Сен өлген жерде өлейін,
Берейін қырық лақты.

440. – Серкем қайда дегенде,

Қаракөз сұрап келгенде,
Беремін қандай жауапты?
Бір серке болсын мойнымда,
Беремегенім ұятты.

– Ал, Алпамыс мырза, – деп,

Серкені әкеп құлатты.
Алпамыс сонда сөйлейді:

– Не дейді сырттан ел? – дейді.

Күнделікті біреуін 450. Серкенің маған бер, – деді.

Тәуекел деп Кейқуат
Уәде қылды бергелі.

Кейқуат ойланды: «Бұл зынданның түбінде жатып мұны қылады. Жер жүзіне шықса, мені кісі қылар», – деп нанды. Күнара біреуін беріп жүріп, бір күндер болғанда серке бітті. – Ал енді мен не қыламын? Қаракөз серкесін жоқтаса өлтіреді. – Сен қорықпа, мен саған бір шілдірмен беремін. Сол Қаракөз келе жатқан уақытта алдында жат, сол шілдірменді тарт. Оны серкенің жілігінен істеді, даусы дүниеде тәтті, құлаққа жағымды. Әрбір есіткен адамның сүйегін босатарлық күйлер үйретті, әндер үйретті. Қаракөз есіткен соң: – Саған кім істеді? – деп сұрайды. – Сен айтпа. Абдан ынтығын құрт, зорлық қылса да айтпа, еш пендеге айтпа. Ақыры жалынып өтінген кезде, «түнде келсең, істеген адамыңды көрсетермін, өзің сұрарсың» дегін. – Мақұл, – деп шілдірменді алып, Қаракөздің жүретұғын жолына барып жатты. Түс уақта қасындағы нөкер қыздармен келе жатыр еді. Құлағына бір дауыс келді. – Бұл қандай дауыс? – деп, дағдарысып, жүре-жүре келсе, Кейқуат шалқасынан түсіп, тартып жатыр. Сырнайдың дауысын тыңдап тұрып еді. Өміріне өлшемін көрсеткендей болды. Іші-бауыры жанып кетіпті. Сырнайдың даусын көріп: «Осы өнерді шығарған қандай адам болды екен» деген ойға түсті. «Соны көрсем», – деп, шын жігерімен ашық болды. Кейқуат жатыр. Көзін ашпайды. Дүниенің келіп-кетуіменен ісі жоқ. Сондағы іші-бауыры елжіреп езіліп тұрып, Қаракөздің бір ауыз айтқан өлеңі еді:

– Шіркін-ай, дүниеден қалған бар ма,

Сөзінде әділдердің жалған бар ма?
Өнерді бұл секілді оймен тапқан
Басында ерлердің де арман бар ма?
Бас қосса сол сияқты кісілермен,

Наырза болар ма екен алған жарда?
Қаяқтан мұндай адам табылады,
Төрт бұрышын дүниенің сандалғанда? –

деп ауыр күрсініп, орнынан тұрып, Кейқуаттың қасына келді. – Әй, Кейқуат, көзіңді аш! Кейқуат орнынан қарғып тұрып: – Мен білмей қалыппын ғой, ханның қызы, Ханша, кешірерсіз, – деді. Қаракөз айтты: – Тартып жатқан сен түгіл, есіткен менде де ақыл қалған жоқ, Кейқуат, сенен бір сұрағым бар. Қолыңдағы сырнайды кім істеді? – Білмеймін. – Тауып алдың ба? – Жоқ – жасырмай айт. Рас істеген кісіні айт маған? – Ханша, нанбадың ғой, өзім істедім.

– Жоқ, болмайды, шыныңды айт.

– Шыным солай. Кейқуат айтпады. – Қорқа ма? – деп сұрады. Айтпады. – Айтсайшы, – деп, ыза болып жылады. Ханша сөзге салып баптады. Сонда да айтпады. Алып келіп, отқа таптады. Сонда да айтпады. Әр айла қылды, сербиген шашын да жұлды. Сонда да айтпады шынды. Соған шынын айтқызамын дей-дей, қып-қызыл болды, жанды. Сұрай-сұрай шаршады.

460. Айтпайтынын байқады,

Жасырды деп не жайлы?
Қаракөз басын шайқады.
Кейқуатты оңаша ап,
Басқа қыздардың барлығын қайтарды.

– Дерегін тауып бере алмай,

Ақылым ойран ділгірді.
Жалынсам да айтпастан,
Көңлімді нәзік сындырдың.
Өле-өлгенше досыңмын,

470. Айтсаңшы мұны кім қылды?

Айтсаңшы маған сырыңды,
Білдір ғашық шыныңды?
Жасың теңлес қатарсың,
Тыңдамайсың мұңымды.

Дерегін қашан білгенше,
Әл-дәрменім құрыды.
Шын айтсаң саған сенемін,
Көп өтініш еткенім,

Қатар құрбы деп едім. 480. Егер шыныңды айтпасаң,

Қапалықпен өлемін.
Іші-бауырым от болды,
Тапқанша қашан дерегін.
Сол адамды көрсетсең,

Көп дүние беремін.
Шамаң келсе есірке,
Іләжі болса жебегін.
Жылаған соң Қаракөз,

Рақымы келеді. 490. «Түнде келгін болмаса,

Ұстаны тауып беремін».
Осымен тарады,
Уәде болды арада.
Түн болған соң табысып,

Екеуіміз баралы.

Екеуі түнде кездеспекші болды. Ел жатып, кісі аяғы бастықты. Кейқуат жатқан жеріне Қаракөз келді. – Жүргін, енді баралық, – деді. Кейқуат: – Кімге барамыз? Алпамыстың атын айтпай, әбден ашындырып бітірді. – Мені кімге барамын деп шақырдың? Мен сізден қорыққанымнан шақырдым. Қаракөздің сондағы мұңданып айтқан бір ауыз өлеңі.

– Жүрейін, жүргін десең қасыңа еріп,

Ерікті қайда апарсаң саған беріп.
Обалым сонда менің кімге болар,
Егерде ашықтықпен кетсем өліп?

500. – Табармын сырнай соққан ұстаны да,

Алмасаң ертең тағы қыспағыңа.
Алпамыс мұны соққан – Байбөрі ұлы,
Әкеңнің барасың ба дұшпанына?

– Әкем жауыз, халыққа қас емес пе,

Сорғанда жұрттың қанын, мас емес пе?
Боламын неге дұшпан Алпамыспен,
Балдырған олда өзімдей жас емес пе?
Кете ме кісі ақысы кісідегі,

Ақының айтпасам да түсінеді. 510. – Қандай ғып Алпамыспен сөйлесесің,

Зынданның қырық құлаш ішіндегі?
Қаракөз айтты: – Енді жүргін, – деді,
Зынданда жатқандығын білдім, – деді.
Көрсетші ақ дидарын бір мәртебе,

Ынтық боп, кете алмастан жүрмін, – деді.
Екеуі бір-біріне нанысқан соң,
Зынданға бармақ үшін жүрді енді.
Орта жолға барған соң: – Шаршадым, – деп,

Қайта қарап Кейқуат тұрды енді. 520. Уақтысы кешігіп баратқан соң,

Қаракөз: – Мойыныма мінгін, – деді.
Шыныменен ойының ақтығы ғой
Мойнына таз батшаны мінгізгені.
Арғымаққа мінгендей аласұртып,

Ор шетіне апарып тұрғызды енді.
Әсері ғашықтықтың сол емес пе,
Жалшылық, жарлылықты білгізбеді.
Кейқуат Қаракөзге мініп айтты:

Алпамысқа: – Біз келдік, – деп айқай сапты. 530. Жарқырап екі көзі шолпандай боп,

Оянып Қаракөзге жалт қарапты.
Келгенін Қаракөздің көргеннен соң,
Алпамыс әр алуан сөзге сапты.
Шіреніп, екі аяғы мойынында,

Түспестен антұрған таз тұрып апты.
Ашықлық адамзатқа өте ауыр,
Осынша Қаракөзді жәбірлепті.
Ашық боп мақсатына жете ғойса,

Жалғанда нәрсе бар ма онан тәтті? 540. – Зынданнан қандай қылсам шығасың? – деп,

Қаракөз Алпамыстан сөз сұрапты.

– Еш пәнде бұл зынданнан шығара алмас,

Егерде әпкелмесең Шұбар атты.

– Шенінен жан жүргізбейт, – деп айтады,

Әкелу маған қйын сол себепті.
Алпамыс бір азғантай ойланды да,
Бұған да желеуге ақыл тапты.

– Исімді алса ешкімге тимейді, – деп,

Киімін шешіп қызға бере сапты. 550. – Диуана боп алдынан өткін, – деді.

Сәлде орап, қыз киімді киіп апты.
Ауылдың аяғынан түсіп алып,
Зікірлеп атқа қарай жағалапты.
Шұбар ат Алпамыстың исін алып,

Тепкілеп тұрған жайды талқандапты.

– Шұбар ат жерді жарып барады, – деп,

Біреуге біреу шауып хабарлапты.
Көрді де диуананы «бұзылды» деп,
Атбаққыш алдындағы сезіп қапты.

560. – Болмаса, диуананы шақырғын, – деп,

Тайшық хан мұны есітіп, айқай сапты.
Патшаның жарлығына жан шыдай ма,
Артынан бір жасауыл тұра шапты.
Ел қыдырып жүрген жан қайда ұзайды,

Әудем жерге бармай-ақ тауып апты.
Диуана Шұбар атқа келген екен,
Жануар мойнын салып тұра қапты.
Киімін Алпамыстың искеп тұрып,

Көзінен аққан жасы сорғалапты. 570. – Не жайлы саған бұл ат бүйтеді? – деп,

Қаландер диуанадан сөз сұрапты.

– Тай күнде аурудан жазған едім,

Сағынып жылағаны сол себепті.

– Ел қыдырып жүргенде не табасың,

Ақыңды алып, бағып бер біздің атты.

– Тимейтұғын ешкімге қыламын, – деп,

Атты үйретіп беруге, кепіл апты.
Кілем дорба кіш-міштеп жем жегізді,
Сылап-сипап Шұбарды он күн бақты.

580. Жау қолында қысылып тұрған тұлпар

Семіріп қабырғасын мұздай жапты.
Қырық құлаш тағы да арқан керек,
Керектісін Қаракөз даярлапты.
Бір күн түнде алып келді Алпамысқа,

Зынданға атқа байлап арқан сапты.
Арқанды ор түбінде жатқан батыр
Белге байлап, қолымен ұстап апты.
Шұбар ат үш мәрте ырғып еді,

Алпамыс жер жүзіне шығып қапты. 590. Жау-жарағын ап келген даяр қылып,

Ат жабдығын жабдықтап мініп апты.
Ерік өзіне тиген соң Алпамыстың,
Бұлттай күркіреген айқай сапты.
«Әкең келді – Алпамыс» деген ұран,

Ордада ұйықтап жатқан ханды оятты.
Сасқаннан Тайшық тысқа шыға қашты,
Қақпада қуып жетіп шанышқыласты.
Елді шапқыш жауызды ұстап алып,

Қолға түскен торайдай шырылдатты. 600. Қарсыласып жарамай соғысуға,

Ал дегенше, Тайшық хан қаза тапты.
Алпамыстың дауысын есіткен соң,
Ешбір адам қаладан шықпай қапты.
Жұмыс бітті, Алпамыс таққа отырды,

Қаланың барлық жанын жиып апты.
Мыстан кемпір қашыты жасырынып,
Көп адам осыны іздеп, жоқ қарапты.
Тығылып бір үңгірде жатыр екен,

Бір азамат кез болып тауып апты. 610. – Жұртты алдағыш ауызың осы ма? – деп,

Аузына у қорғасын құя сапты.
Қаласы отыз тістің опырылып,
Тіл, көмей тегіс іріп түсіп қапты.
Ас шайнар тісі қайда, сөйлер тіл жоқ,

Жабайы тау шошқадай қорсылдатты.
Әуелде Алпамысты алдамаса,
Бұл кемпір көрер ме еді осы азапты.
Кекетіп «айтқан сөзді тез естісін» деп,

Тағы да екі құлағын кесіп апты. 620. Жамандық жас балаға ойлап еді,

Оған деген жамандық өзін тапты.
Қаракөз бен Алпамыс таққа отырып,
Қалмақта алты ай тұрып ел сұрапты.
Астыртын ешбір жанға білдірместен,

Қаракөзді Кейқуатқа некелепті.
«Тойы» деп, патшаның атын айтпай,
Халыққа қырық күнде той таратты.
Бұл тойдың аяғында, тарқар күні

– Патшамыз – Кейқуат, – деп жариялапты.

630. Тіллә тәжін кигізіп, «патшамыз», – деп,

Кейқуат патша болып мінді тақтыа.
Кейқуат патша болған соң,
Жүргізіп өкім сұрады.
Зыр жүгіріп тұрады Қызметінде Алпамыс.

Қайран болды көп халық,

– Бұл қалай? – деп мынаны.

Анығын ашық біле алмай,
Салбырап жұрттың құлағы.
Әдісі екен халыққа

640. Батырдың қылған бұ дағы.

Алпамыс болса белгілі
Ежелден халыққа ер еді.
Кейқуаттан қорқады,
Мұнысы қалай дер еді?

Алпамыс батыр, Кейқуат,
Ақылдасқан сөзі еді Қаракөзбен үшеуі.
Алпамыс басын иген соң,
«Кім көмбес бұған?» – деп еді.

Бір күні халық жиылды, 650. Жиылған халық көп еді.

Кейқуат шытып қабағын:

– Алпамыс қайда? – деді енді.

Келтіргін, – деді кіжініп,
Алпамыс мұнда жоқ еді.
«Шақырды – деп, – падиша»,
Бір адам хабар береді.

– Не дейсіз ләппай, тақсыр? – деп,

Екі қолын қусырып,
Алдына жетіп келеді.

660. – Аңсарым ауды, соны тап,

Ұлардың етін жегелі.

– Ұлар қайдан табылады?

Таныстығым бұл жердің
Тау-тасына жоқ еді.
Мұны есітіп Кейқуат,
Ашуы жаман келеді.

– Айтқанымды екі деместен

Табуың соны жөн еді.
Бір жаныңның қалғаны

670. Кімнен еді себебі.

Жатушы едің зынданда,
«Шіриді» халық деп еді.
Шығарып кісі қылып ем,
Маған қарсы сөйлеуге

Қандай ғып тілің келеді?
«Алайын, – деп, – басыңды»,
Қылышқа қолды салғанда,
Алпамыс ата жөнелді.

Жол-жабдығын дайындап, 680. Жүруге шақ боп еді.

Артына қарап жалтаңдап,
Алпамыс қаша береді.

– Алпамысты ұстап

Алып келіңдер
Жіберместен, – дер еді.
Көп адам қуып жабылды,
Алды белес өр еді.

Шұбар ат кетті ағылып,
Қарасын қайдан көреді?

690. Бір кеткен соң айланып,

Алпамыс қайдан келеді?

– Зор екен, – деп, – Кейқуат,

Көптің көңлі сенеді.
Қызын алып Тайшықтың,
Кейқуат патша болды енді.
Бұл сөз тұрсын мұнымен,

Тыңлаушы, тыңла шынымен.
Алпамыстан айтайын –
Байбөрінің ұлынан.

700. Ескілікті сөз еді

Келеатқан нақыл бұрыннан.
Шабытына келгенде,
Ақ тұйғын ілер Қырымнан.
Алпамыс қайтып келеді,

Не таудың асып қырынан.
Жүре берсін жол тартып.
Енді баян қылайын
Күлбаршынның сырынан.

Бұлар да қорлық көріпті 710. Ұлтан құл деген қуынан.

Алпамыс жауға кеткен соң,
Жәдігер бала туылған.
«Жақсыдан қалған тұяғы –
Жәдігер болсын», – деп еді.

Осы жылы жеті жасқа кеп еді,
Жас бала екен демеді.
Ұлтанқұл деген оңбаған
Оны да ұрып сөгеді.

Әйелдерін күң қылып, 720. Еркектерін құл қылып,

Бетіне келер жоқ еді.
Шалына түйе баққызып,
Қызына отын жақтырып,
Обал болды демеді.

Қарлығаш сорлы зарығып,
Сондағы айтқан сөзі еді:

– Басында Тәңірі бар қылдың,

Ақырында зар қылдың.
Ел егесі – Алпамыс

730. Бір күнде қайтып айрылдым.

Бір кеткен соң батырым,
Келмеді артқа қайырылғың.
Әйеліңді күң қылып,
Қарындасыңды жүн қылып,

Ішкіздің суын қайғының.
Пешенемді ашпадың,
Жаратып нағып жан қылдың?
Аяқтыға жол қылдың,

Ауыздыға сөз қылдың. 740. «Ұлтан құл жауыз» дегенге

Біз сорлыны кез қылдың.
Күлбаршын сұлу дегізіп,
Жарлының қамын жегізіп,
Ақырында қор қылдың.

Ұлтаннан таяқ жегізіп,
Байбөріні қорлаған,
Көзінің жасын ағызып.
Қадамын керіп жүре алмай,

Аяққа кісен салғызып, 750. Батырдың тілеп тілегін,

Отырды сорлы сабыр қып.
Ұлтанға түсті бір қиял:
«Күлбаршындай сұлуды
Тоқалдыққа алмаққа».

Той бермек болып Байсынға,
Шаптырды адам жан-жаққа.
Жеті жыл өткен арада,
Алпамыс кеткен қалмаққа.

Жылаумен көзі ойылған, 760. Жолына қарап әр уақта.

Ақшадай беті сарғайған.
«Келеді, – деп, – қай уақта»
Қайғыда жүрген Күлбаршын
Ілінді мына қармаққа.

Ұлтанның тойы басталды,
Дүңкілдеп дабыл қағылып,
Дүрілдеп көкпар шабылып,
«Ұлтан бектің тойы», – деп,

Келіп жатыр халық ағылып. 770. Қыз-келіншек кеп жатыр

Асыл тастар тағынып.
Күлбаршын отыр жылауда,
Бетіне перде жамылып.
Қарлығаш отыр зар қағып,

Кете алмайды жарылып.
«Күлбаршынды алды», – деп,
Көрінгенге бір айтып,
Бадамша жүр зар ұрып.

Заманды «қандай болды?» деп, 780. Байбөрі жүр қамығып.

Жеті жасар Жәдігер:
«Шешемді Ұлтан алад», – деп,
Жылайды қатты тарығып.
Тамаша қандай болады,

Алпамыс қалса табылып.
Мұнымен бұ сөз тоқтасын.
Алпамыстан айтайын,
Келеді жолда сабылып.

Тебінгіден тер ағып, 790. Шұбар ат қатты шабылып.

Тау менен тасты аралап,
Тұяғы тасқа қағылып,
Әуелі қатты іс еді,
Аяғы болғай мамырлық.

Шұбар ат сонда жөнеді,
Аяңдай басып кей жерді,
Кекіл қағып келеді.
Байсынның жетті шетіне,

«Қоңыр шоқы» дер еді. 800. Алдыңғы жағы айдын қақ –

Мал жататын көл еді.
Байбөрінің жылқысы
Жайлайтұғын жер еді.
Жайлауда жылқы жоқ екен,

Айналасын көреді.
Тай үйретіп, шапқылап,
Өскен жерім дер еді.
Ата-анасын сағынып,

Айдалада отырып, 810. Сондағы айтқан өлеңі:

– Дәм татпас қайдан ер жігіт,

Дәм айдаса бәндені?
Есіне түсті сол жерде
Жасында бірге ойнаған
Қатар құрбы теңдері.

Қосылған сүйіп Күлбаршын
Жеті жыл болды көрмеді.
Сөйлесе алмады ешкімге,
Жоқ екен жылқы көлдегі.

820. Аман болса ата-анам,

Қарындасым Қарлығаш –
Солар аман жолықса,
Тілемеймін өңгені.
Кім бар, кім жоқ кеткелі?

Күмән қып көңлі сенбеді.

– Жылқыны тауып жолығып,

Ел аманын білісіп,
Баруым кейін жөн, – деді.

Алпамыс келіп туған жерін көріп: «Қой, қалай болса да, ел амандығын білейін», – деген ойға келді. Атына мініп Сарыөзек деген сазға келді. Су жағалап жайылып жатқан шыжандай жылқыны көрді. Саздың ортасында тігілген жылқышылардың шатыры тұр. Шатырға жақындап келіп, календер диуана болып, ақтап тұрған екен.

– Уфу Алла, уфу Хақ,

830. Жылқышылар, сөзге бақ.

Жолаушы келді диуанаң,
Кетпек үшін хабар ап.
Бұл қай байдың жылқысы,
Байлаған желі сазға сап?

Бір адам жүр жүгіріп,
Қызмет қылып қимылдап.
Зікірленіп диуана,
Онан да келді жақындап.

– Таза малдың ұрығы,

840. Бай қонысы бұрынғы.

Желіде жатқан байланып,
Бұл қай байдың құлыны?
Бетеге, көлде желкілдек
Жылқының жатқан өрісі.

Қара саба ішінде
Бес биенің терісі.
Мама қазық қағылған,
Басына шашақ тағылған,

Бұл қай байдың желісі? 850. Көзіне біреу жас алды –

Жаман киім кигені,
Өкшесі жыртық кебісі,
Төмен қарап тұрады.

– Әй, айтсаңшы, – деп өтініп,

Диуана тағы сұрады.
Ақырын даусын шығарып,
Мұның берген жауабы:

– Не сұрайсың, календер,

Заманы кеткен қаріппін. 860. Сұрамай-ақ жүре бер,

Бұрынғы аты қойылған,
Ұлтан құлдың малы дер.
Ашуланып, дауысын
Диуана қатты көтерді.

– Жасырмай-ақ мәймеңдей

Шыныңды айтсаң, не етті?
Байбөрінің сазы еді,
Бұл ат неге кетеді?
Байбөрі бай дер еді.

870. Желі байлап жылқысы

Жататұғын жері еді.
Өзгертіп атын айтасың,
Не жайлы айтқың келмеді?
Ол адам төмен қарады,

Диуана осындай деп еді.
Шатырдан шықты бір адам
Ашуланып айқайлап,
Қатты сөгіп келеді.

– Алпамыстың сүйегі

880. Қураған қашан дер еді.

Жоқтың атын айқайлап,
Қан тартып жүрген сорлы, – деп,
Диуананы сабай береді.
Буырқанды, бұрсанды,

Сом полаттай құрсанды.
Қолындағы асамен
Қақ маңлайға бір салды.
Асаменен салады,

Бас сүйегі екі бөлінді, 890. Тілге кемей қалады.

Танып тұрған Алпамыс
Бексұлтан деген ағаны.
Бексұлтан сонда таныды
Алпамыс сынды баланы.

Құшақтасып, көрісіп,
Иіскелесіп өбісіп,
Ақыл естен танады.
Әлден уақ болғанда,

Естерін жиып алады. 900. Ел жағдайын сұрасып,

Әңгімеге қанады.

– Бүгінде заман болып тұр, –

Деп айтады ағасы, –
Ұлтан құлдың заманы.
Ел жиып, жиын қып жатыр,
Ықтиятсыз, еріксіз

Күлбаршынды алғалы.
Байбөрі әкең түйеде,
Салып қойған қозыға

910. Жеті жасар Жәдігер

Өзіңнен қалған баланы.
Құлағын кесіп құнтитып,
Өз әкесі Ұлтанның
Қойға салған бұл күнде

Құлтай деген бабаны.
Көрмеген қорлық адам жоқ,
Бадамшадай сақаудың
Қарлығаш отын жағады.

Мұны есітіп Алпамыс, 920. Жай бұлтындай торланып,

Екі иығын қомданып,
Ашу қысып долданып,
Ентігіп демін алды.
Байбөріні көрмекке,

Көріп, сәлем бермекке.
Ағасына қош айтып:

– Жата бер, – деп, – жайыңда,

Түйеге кетіп барады.
Байбөрі жылап жүреді,

930. Тілім-тілім табаны.

Шамалы жерге келеді,
Бір дауысты есітті:
«Не айтар екен?» – деп еді.
Сондағы айтқан бұл екен

Байбөрінің өлеңі:

– Қара бір таудың аршасы,

Жылатпай, Тәңірі, алсаңшы.
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Иесіз қалған Алпамыстың наршасы.

940. Қара таудың шиесі,

Қайда кеттің Байбөрінің киесі?
Айдасам жөнге жүрмейсің,
Иесіз қалған Алпамыстың түйесі.
Ыстық күнде жүгіріп,

Табаным тасқа қарылған.
Мендей сорлы бар ма екен,
Қартайған кезде кәріп боп,
Жалғызынан айырылған?

Байбөрі «ойбай» дегенде, 950. Келіп қалды Алпамыс

Байбөрінің алдынан.
Алпамыс айтты: – Жан ата,
Тынбастан даусың жылайсың.
Не жайлы сабыр қылмайсың?

Нала болып осынша,
Өзіңе-өзің сұрайсың.
Не жайлы түйе бағасың,
Неге тыныштық қылмайсың?

– Сұрайсың несін, шырағым!

960. Жүргенім жоқ мал үшін.

Жалғызым кеткен ары үшін.
Ұлтан құлдың зорлығы –
Қорыққаннан жүрмін жан үшін.
Жалғызым жауға аттанды,

– Іздеймін, – деп, – намысын.

Қой десе тоқтам бермеді,
Талабында бар үшін.
Білмейміз жақсы-жаманын,
Шалғайсыз жолдың алысын.

970. Білмедік өлі-тірісін,

Қай тарап болды-ау жұмысын.
Артында жоқ інісі алдында жоқ ағасы, ,
Жал құйрықсыз, қанатсыз
Жалғыздығы құрысын.

Ұлтанның көріп қорлығын,
Бітіп тұр жаман тынысым.
Алпамыс аттан құлады,
Есіткен соң мұнысын.

Баласына кездесіп, 980. Ашады сөздің кірісін.

Құшақтай алған секілді

– Көрер күнім бар ма? – деп.

Көлгенде көрген ұлымсың,
Бар ма еді күнім көрер? – деп.
Құрбандық жаным сенен, – деп,
Жығылды атаң алаңдап,

Екі аяғы селеңдеп.
Алпамыс әкеп су құйды,
«Тынысы бітіп өлер», – деп.

990. Жапанда жалғыз кез болды,

Жоқ еді ойда келер деп.
Әл-жайын сұрасып,
Мауқын басып, жыласып.
Байбөрі айтты балаға:

– Ертелеп үйге жөнел, – деп.

Той қылдырып, ат шауып,
Жатқан күні еді елеңдеп.
Әңгімені тыңдадың,
Бұл жерде, балам, тұрмағын.

1000. Ертерек барып аралас,

Ақ тұйғынға тигізбей
Бақашы құстың тырнағын.
Келтіргін тілін тобаға.
Мас болған батыр мырзаның

Құлтай жатыр жолыңда.
Әлі-жайын көре кет,
Қуанып қалсын сорлыға.
Қайрылып сәлем бере кет,

Тойдағы адам тарқамай 1010. Қаттырақ жүріп, дереу жет.

Дос адамға сездіріп,
Дұшпаныңды елеңдет.

– Аламын, – деп, – келінді,

Той қылып жатыр өнерлеп.
Бұған да тыныс алдырып,
Енді Алпамыс жөнеді.
Қой жусап жатқан кезі еді,

Қасына жақын кеп еді.
«Баласы ғой» деп Ұлтан құл,

1020. Бергісі сәлем келмеді.

Бәсіре екі серкесі
Алпамысты көреді.
Үзеңгісін иіскелеп,
Соңынан қалмай ереді.

Біраз жерге барғанда,
Құлтай бабаң көреді.

– Тоқтай қал, – деп, – диуана,

Маңдайына төбелеп,
Ойбай салып келеді.

1030. Тоқтап тұрып Алпамыс

Құлтайға айтқан өлеңі:

– Көп екен мұнша малыңыз,

Айқай салып жүгіріп,
Қалмады ешбір әліңіз.
«Құдайы» шығар серкеңіз,
Екі серке кеткенде,

Таусыла ма малыңыз?
Құлтай сонда сөйледі:

– Өзге малды тілесең,

1040. Бәрін саған беремін.

Бұл серкеден айрылсам,
Қапалықпен өлемін.
Алпамыс қозым келгенде,
«Серкем қайда?» дегенде,

Мен секілді сорлы шал
Не деп жауап беремін.
Алпамыс ботам келгенде,
Қандай қып бетін көремін?

Ниет қылып келгенде 1050. Тапсырамын, – деп едім.

Ақ пейілін білген соң,
Батырдың көңлі сен еді.
Алпамыс өзін танытып,
Сондағы айтқан өлеңі:

– Жан баба, мен емес пе Алпамысың,

Қартайған сыртта жүріп қартамышың.
Еңкейіп тұра қарап Құлтай баба,
Таныпты Алпамыстың сонда түсін.
Құшақтап Алпамысты айрылмайды,

1060. – Қарағым, – деп жылайды, – аманбысың.

Құлтайды мінгізелік Шұбар атқа,
Алпамыс осы арада тұра тұрсын.

Құлтай айтты: – Жеті жасар Жәдігер қозы бағып жүр. Соған білдіріп, қуантып келейін, – деді. Шұбар атқа мініп, көңлі көтеріліп, сондағы айтқан өлеңі:

– Шу жануар, Шұбар ат,

Мінген соң болды көңлі шат.
Сен шаба көр зіркілдеп,
Мен шабайын күркілдеп.
Үйде жатқан Ұлтанның

Жүрегі қорықсын лүпілдеп.
Құлтай шауып жөнеді,

1070. Ұйлығып жатқан көкпарға

Қарқынымен келеді.
Қалыңға кірді күркіреп,
Таспадай тіліп бөледі.
Құнан атан көкпарды

Жұлып алып келеді.
Қозыда жүрген баяғы
Жәдігерге береді.

– Қарлығашқа апарып,

Асып жеңдер, – деп еді. 1080. Құлтайды көріп сондағы

Жәдігер айтқан өлеңі:

– Құлтай атты бабамыз,

Ниеті бірге кісі едік,
Қашық емес арамыз.
Ат мініп көкпар шаптың ба,
Той қылған соң балаңыз?

Астыңа тұлпар міндің бе,
Үстіңе киім кидің бе?
Өз балаңның тойында

1090. Тамашаға жүрдің бе?

Көкпар әкеп тастадың
Біз секілді мұңлыға.
Осылай бала деп еді,
«Сүйінші» деп айтуға

Құлтайдың тілі келмеді.
Жүйесі босап, елжіреп,
Қайтып жүре береді.
Атанды құнан арқалап,

Қарлығашқа алып келеді. 1100. Үйде отырып Ұлтан құл

Жәдігерді көреді.

– «Бөріден бөрі туады,

Көрдіңіздер ме?» – дер еді.
Он беске жасы ілінсе,
Бұл қайтып тыныштық береді.
Осы бастан құртпасам,

Түбінде зиян келеді.
Көкпар қып шауып жібер, – деп,
Айқайлап жатқан жер еді.

1110. Шабамыз, – деп ұмтылды Ақымақтар: – Ұр, шоқпар,

Тап берісті балаға.
Ақылы жетік кең ойлар:

– Тоқта, – деп түсті араға.

Рақымды кісілер
Жамандыққа бара ма?
Көп адам жаны ашыды,
Арашалап аларға.

– Тұяқсыз кетер бір ер, – деп,

Боп кетсе жазым мабада. 1120. Қасына көмек қосылса,

Жаны ашитын болмай тұр
Ұлтан құлдың шамада.
Сыртынан көріп бұл топты,
Қарлығашта жан қала ма?

– Айтайын, – деді ашынып,

Кетсем де өліп табанда.
Қарлығаш келіп сөйледі:

– Білесің, жұртым, Жәдігер

Әсіл заты кім еді? 1130. Әкесі қандай кісі еді,

Айтулы ердің бірі еді.
Ойлағаны халық қамы,
Қайратқа күшті дүр еді.
Жанынан кешпес ел үшін

Халқын қорғап жүр еді.
Қандай қып аузың барады,
Батырдың жаңғыз ұлы еді.
Не боларын, ақыры

Ұлтан құл қайдан біледі? 1140. Атасы мұның ер еді,

Сенің атаң құл еді.
Алпамыс кетіп дәуірлеп,
Бағың шауып үдеді.
Кебенек киген келеді,

Үзбейміз бізде күдерді.
Қарлығаш осылай деп еді.
Ұлтан құл ханның сол кезде
Қабағы қардай түнерді.

Қылышын алып қолына, 1150. Қарлығаштай сұлуды

«Шабамын!» деп жүреді.
Қойыңыз» деп көп адам,
Араға түсіп тіледі.
Ашуменен Қарлығаш

Құлдығын қазып жіберді.
Намыс қылар жері жоқ,
Құл екені шын еді.

– Ашуың басып, қойғын, – деп,

Қарлығашты үйге жіберді. 1160. Қозыға кетті Жәдігер

Екі көзі сүзіліп.
Көзінің жасы тізіліп,
Қозы алдында тұр еді.
Алпамыс сонда келатыр,

Тұлғасын көріп батырдың,
Жәдігер бала біледі.
Сақалын бояп ағартып,
Бөлекше түрге кіреді.

Ақ сақалды кісі боп, 1170. Диуана түрмен келеді.

Алпамысты абайлап,
Жәдігер бала сезеді.
Сәлем беріп диуанаға,
Баланың айтқан сөз еді:

– Жолың болсын, диуана!

Сәлдең сенің шапшақтай,
Атыңның мойны қыпшақтай,
Сізді кім? – деп айтамын,
Батырларға ұқсатпай.

1180. Мұңлы көңіл ап қашып,

Кісінің сөзін ұқпаймын.
Ажал жетсе бас кетер,
Біреуден қорқып бұқпаймын.
Сен атама ұқсайсың,

Мен құлыныңа ұқсаймын.
Қабағың қатқан қараулы,
Мінген атың жараулы.
Батыр сүйек тұлғалы

Ер емессің бе жарамды? 1190. Мен атам деп білемін,

Сіз танысаң балаңды.
Шұбар аттың тоқтығы,
Артынан биік шоқтығы.
Әлі сабыр қылғаның,

Сабыр етіп тұрғаның –
Мейіріңіздің жоқтығы.
Мына сөзді есітіп,
Алпамыс аттан құлады.

Жүгірді бала бұ дағы, 1200. Шымырлап төрт жүз тамыры,

Шыңылдап кетті құлағы.
Баласын қысып бауырына,
Есінен танып тұрады.
Есін жиып алған соң,

Сүйіп мейірі қанған соң:

– Аман ба әкең, апаң? – деп,

Жәдігерден сұрады.
Бастан өткен оқиға
Бәрінде баян қылады.

1210. Амандығын есітіп,

Алпамыс қатты қуанды.
Осының бәрін тоздырған
Ұлтанқұл құлдың ылаңы.
Той бастарға баралық,

Мұнымен бұл сөз тұрады.

Жәдігерге: – Әкпеңнің қасына барып отыр, Қарлығаштан басқа мені ешкімге айтпа, – деп, аяғындағы кісенді бұрап-бұрап қиратып, ылақтырып, үйге жіберді. Алпамыс атқа мініп, ауыл шетінен ақтай бастады.

Шетінен кірді Алпамыс тамашаның,
Деп жатыр әйелдерге пал ашамын.
Білдірмей еш адамға ішкі сырын,
Осынша сабырлысын қарашы әнің.

1220. – Ү, у, у, деп ауыл ортасын аралап жүр.

«Пал аш», – деп қатын, бала қамалап жүр.
Кімдер, қалай сөйлейді екен? – дейді,
Алмаққа жұрттың сырын шамалап жүр.
Кейбіреулер мақтап жүр,

«Жын-шайтанды қаққыш», – деп.
Кейбіреуі мақтап жүр,
«Өте палшы, тапқыш», – деп.
Жағалап үйді келеді,

Күлбаршын сырттан көреді. 1230. «Төреме даусы келеді,

Диуана қандай дер?» еді.
Мапияны шақырып:

– Пал аштырып келші, – деп,

Алты тіллә береді.
Мапияның бұзылып,
Сондағы айтқан сөзі еді.
Мапия келе жатып ойланды:

«Үш тілләсін диуанаға бейейін,
Үш тілләсін дамбалымның бауына түйейін.

1240. Еитен байып базайдан

Киім алып киейін.
Өзім теңлі жігітпен
Күліп-ойнап жүйейін.
Аз бейді деп неғылады,

Диуананың езуіне сиейін», –
деп диуанаға келіп: – Күлбаршынға пал ашып бей, – дейді. Диуана пал ашып:

– Күлбаршындай бәйбіше,

Алты тіллә беріпті.
Үш тілләсін ұрлапсың,
Дамбал бауға түйіпсің.

1250. Ертең барып базардан

Киім алып киіпсің.
Өзің теңлі жігітпен
Күліп-ойнап жүріпсің.
Оныменен қоймапсың,

Езуіме сиіпсің.
Тілләмді бер, сақау қар,
Әруағымды айдайын.
Қол-аяғыңды байлайын,

Сөйтіп сені жайлайын. 1260. Сонда Мапия:

– Менің атым – Мапия,

Сөз сөйледім қапия.
Сөге көрме, диуана,
Кигіжейін тақия.
Кимесем кебінімді киейін,

Тым болмаса, денім сау боп жүйейін,

– деп, дамбал бауындағы үш тілләні атып ұрып қашты. – Тоқта, Мапия, Күлбаршын бәйбішенің ері келеді екен. Әлде келе жатыр ма, әлде осы тойдың ішінде жүр ме. Кешікпестен жолығады. Сүйінші алып, жаңағы киімді сонда алып киіп ал, – деді. Жұрт: – Ал, той бастаймыз, – деп қораға кірді. Тойды кім бастайды, Ұлтан құлдың әйелі Бадамша бастайды. Бадамша – Ұлтан құлдың қатыны. Бадамша деген сақау еді. – Тойды мен бастап бейейін, онан соң айташыңдай, – деп келе жатыр. Сонда жолда келе жатып айтқан өлеңі – әужары:

– Айдын көлді жағалап,

Қаз балалай, жай-жай.
Бадам ханым келеді

1270. Би-би басып, жай-жай.

Жолды босатып тұйыңдай,
Бозбалалай, жай-жай, –

деп келіп үйге кіреді. Үйге кіріп отырып: – Әнеу биеу диуана бөтен кісі көйінеді, бейі алып кеңдей. Бес-алты ауыз өлеңмен жәтпә тиіп, езуіне шиіп, бұл тойдан қуып жібейейін, – деді. – Әй, диуана, Бадам ханым шақырып жатыр, жүргін бері, – деп жетелеп келеді. Тұсына келіп отырғызды. Бадам ханым өлең бастады:

– Бісмылда бұл тойға,

Кеп айтыңыз, жай-жай,
Асықпасаң өлеңді
Көп айтыңыз, жай-жай.
Күлбаршындай тоқалды

Бадам ханым деп жай-жай айтыңыз.

– Бісмылда, – деп тойыңа

1280. Келе алмаймын, жар-жар.

Байың тегін берсе де,
Сені алмаймын, жар-жар.
Әлде болса Күлбаршыным, жар-жар,
Сен бәйбіше болды дей алмаймын, жар-жар,

Айдын көлді жағалай
Елдей көштім, жай-жай.
Өлең айтып алдыңда
Желдей естім, жай-жай.

Заманымда тағыппын 1290. Тіллә шашбау, жай-жай.

Бауы жібек дамбалым,
Тістеп шешкін, жай-жай.

– Айдын көлді жағалай,

Көшейін бе, жар-жар.
Заманыңда тағыпсың
Тіллә шашбау жар-жар.
Сенің тіллә шашбауың

Кесейін бе, жар-жар.
Бадамша шошып қалды:

– Былжыйама бет алдыңа,

1300. Жаман сөз жалжыйама.

Аузыңа келген сөзді айтамын, – деп,
Ұлтанқұл төбеңді ойып,
Былжыйама, жар-жар.
Алпамыс:

Жүруші едің Ұлтан құл,
Қойым бағып, жар-жар.
Жүруші едің Бадамша,
Отым жағып, жар-жар.

Бадам шорым асықпай
Тұра тұрғын, жар-жар.

1310. Өлтірермін астыңа

Қазық қағып, жар-жар.

Әлқисса, Бадамша кеткен соң, Күлбаршынның тұсына келіп, Алпамыстың айтқан әужары:

– Жаңа келіп Байсынды

Жерім дедім, жар-жар.
Жаңа келіп Қоңыратты
Елім дедім, жар-жар.
Біраз өлең айтайын

Халық үшін де, жар-жар.
Әдемілеп өлең айт,
Келін, деймін, жар-жар.

1320. – Жаңа келіп Байсынды

Жерім дедің, жар-жар.
Жаңа келіп Қоңыратты
Елім дедің, жар-жар.
Қайтып өлең айтамын

Халық ішінде, жар-жар.
Құдай маған бермеді
Өлім деймін, жар-жар.

Бұл келіп отырғаны Алпамыс екенін енді жұрт білді. Қораның іші опыр-топыр ду болды. Үйдің іші көрісіп, жылауменен шу болды. Халықтың шуын естіп, далаға шықса, Алпамыстың келгенін көріп, Ұлтан құл қашып жөнелді. Алпамыс артынан қуып, ұстап әкеліп, халық ортасына отырғызып қойды. Айнала қарауыл қойды. Тойдағы адамдар Алпамыспен амандасумен болды. Ал енді ертеңмен «Алпамыс келді» деген сөз жалпы қоңыратқа жайылып, қатар жатқан халықта келмеген адам қалмады. Хан, қаралар бас қосып, Ұлтанның істеген жұмысын «адам істемес ұят» деп тапты. Өзінің әкесі Құлтайдың құлағын кесіп қойға салғаны, өз әкесіне сонша зәлімдік еткені, өте ерсі болып көрінді. Халық теріс деп тауып, сол уақытта Алпамыс ашуланып, долданып, орнынан қарғып тұрады:

– Көрдіңдер ғой, – деп,– көпшілік,

Жан-жаққа мойнын бұрады. 1330. Ақ таяқпен бір мәрте

Ұлтан құлды ұрады.
Бір таяқты көтермей,
Ұлтан құл барып құлады.
Ұлтан құл өлді сонымен,

Мұны да барһан қылады.
Ойға-қырға таратып,
Тоздырған елін жияды.
Ел сүйсініп батырға,

Елі-жұрты қуанды. 1340. Байсынның бойын жағалай

Қондырды қатар бұларды.
Жер жүзіне жайылған
Алпамыс батыр ұраны.
Алпамыстың ерлігі

Жасынан-ақ сыналды.
Алпамыс қайтып келген соң,
Жылаған елі жұбанды.
Алпамыс үлкен той қылды.

Жылқыдан таңдап семізін, 1350. Қатар қойып сойғызды.

Жал-жаяны асатып,
Келген жанды тойғызды.
Мұңайғанды қуантып,
Жылағанды қойғызды.

Батырдың тойы тарады,
Қуантып қатын, баланы.
Қатар бие байлатып,
Пістіріп қара сабаны.

Болмады, – деп, – мұндай той, 1360. Көргендер айтып барады.

Үйсін, қоңырат елінде
Жиналған халық жағалы.
Ашқа тамақ, жаяуға ат,
Кемтарлардың күніне

Алпамыс батыр жарады.
Жастағы қылған қайратың
Кейінгіге үлгі боп,
Жұрт аузында қалады.

Ел қорғаған ер еді, 1370. Жауды көрсе жайнады,

Кетеді басым демеді.
Қажырлы қайрат қала ма?
Жұрт аузында келеді.
Қайтпайтұғын ерлерге

Халқының көңлі сенеді.
Көптен қалған басылып,
Ескілікті сөз еді.
Кемшілік жерін түзетіп,

Қолға алып қайта көрелі.
Осындай сөздер көп еді,
Айта берсем созылып,
Сөз аяғын бөгейді.

Алпамыстай батырдың 1384. Өмір-тарих өлеңі.

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

ТОМҒА ЕНГЕН МӘТІНДЕРГЕ ТҮСІНІКТЕМЕ

АЛПАМЫС БАТЫР

«Алпамыс батыр» – қазақ халқының ерте замандардан жеткен аса көркем батырлық жырларының бірі. Бұл жыр қазақ арасына кең тарап, ел сүйіспеншілігіне бөленген. «Алпамыс» жыры жөнінде алғаш пікір айтып, оған көңіл аударған адам – Ә.Диваев9. Ол қазақ халқының арасында «Алпамыс» жырының кең тарағандығы жөнінде Қазан басылымынан (1899) көп ілгеріде хабардар болған. Ә.Диваев алғаш рет Алпамыстың атын 1896 жылы баспа бетінде айтады10. Ол «Алпамыс» жырының бір нұсқасын қарақалпақ бахшысы Жиемұрат Бекмұхамедовтен, тағы бір нұсқасын Шымкент облысының тұрғыны Еркінбек Ақынбековтың қолжазбасынан алған. Е. Ақынбеков нұсқасын 1916 жылы «Великан Алпамыс» деген атпен бастырып шығарды11. «Алпамыс батыр» жырының және бір вариантын Жүсіпбек Шайхысламұлы 1899 жылы Қазан қаласында бастырып шығарды12. Содан кейін жырдың осы нұсқасы өзеріссіз 1901, 1905, 1907, 1910, 1912, 1914, 1916 жылдары қайта басылды. 1931, 1939 жылдары Ж.Шайхысламұлының Қазанда (1889) жариялаған «Алпамыс батыр» нұсқасының мәтіні қарақалпақ версиясымен толықтырылып жарияланды13. Одан кейін «Алпамыс батыр» жыры өзге де қазақ эпостарымен қатар сан рет қайта басылды. Қазір Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың он шақты варианты сақтаулы. Оның ішінде Ә.Диваев, Нұрпейіс жырау, Ә.Қоңыратбаев, С.Аққожаев, К.Серғазыұлы, А.Нысанов, Ә.Оспанов, С.Жаңбыршин, Ә.Байтұрсынов т.б. нұсқалары бар. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама берілген14. Осы айтылған нұсқалардың ішіндегі ең көлемдісі және баспа арқылы ел арасына кең тарағаны Майкөт – Сұлтанқұл нұсқасы болып саналады. Жырдың сюжеттік нұсқалары өзбек, қарақалпақ, татар, башқұрт, сынды түркі халықтарымен алтайлықтардың ауыз әдебиетінде сақталуы аталған эпостың тамыры тереңде жатқандығын байқатса керек. «Алпамыс батыр» жыры Қызылордалық белгілі жыршы Рахмет Мәзқожаевтың орындауында күйтабаққа жазылған. Аталған жырдың желісі бойынша Өзбекстан мен Қарақалпақстан қаламгерлері пьеса жазса, ал қазақ композиторы Е.Рахмадиев «Алпамыс» операсын сахнаға шығарды. «Алпамыс» жайында кеңестік дәуірде көптеген ғылыми мақалалар мен зерттеу еңбектері жазылды. Бұл орайда, М.Әуезов, С.Сейфуллин, А.К.Боровков, А.С.Орлов, И.А.Чеканинский, В.М.Жирмунский, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Х.Зарифов, Ә.Марғұлан, Н.Смирнова, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов, Ә.Қоңыратбаев, И.Сағитов, Р.Бердібаев, С.Садырбаев, Ш.Ыбыраев, Т.Қоңыратбаев т.б. ғалымдар «Алпамыс» жыры жөнінде ғылыми пікірлер айтқаны мәлім. Олар әр елдің «Алпамыс батыр» жырын арнайы талдап, шығарманың басты идеялық сарыны, халықтық сипаты, жырдың шығу мерзімі, ұқсастығы, көркемдік ерекшеліктері қандай екендігін ашуға ұмтылды15. Жүсіпбек Шайхысламұлы бастырған нұсқа (« Қисса Алпамыш батыр бұ тұрыр» Қазан, 1899) 1961 жылы шыққан «Алпамыс батыр» жырының ғылыми басылымына еніп, алғаш рет қайта жарық көрді16. Бұл кітапта жырдың бірнеше нұсқасы және олардың орыс тілінде жолма-жол аудармасы берілген. Ғылыми басылымның редакциясын басқарған академик М.Әуезов пен Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті Н.С.Смирнова. Жырдың қазақша мәтіндерін баспаға әзірлеп, ғылыми түсініктеме және жырдың басқада нұсқаларына сипаттама жазған – филология ғылымдарының кандидаты Т.Сыдықов. Жүсіпбек нұсқасында өлең мен қара сөз аралас келіп отырады. «Қисса-и Алпамыш батыр бұ тұрыр» жырының сюжеті едәуір күрделі. Жырда батырлық ертегінің белгілері айқын байқалады.

Ол белгілер төмендегідей:

Жырда қарт ата-аналар Жаратқаннан бала тілеп, әулиелерге түнеп, жалбарынады, Шашты Әзиз Байбөріге келіп былай деп аян береді:

– Ей, бейшара, көзіңді аш, ұлыңның атын Алпамыс, қызыңның атын Қарлығаш қой, – дейді. Ұғылың он жасында ел ұстайды, атса оқ өтпейді, шапса қылыш кеспейді, отқа салса күймейді, суға салса батпайды, өзің хан боласың, – дейді.

Байбөрінің тілегі қабыл болып, түсінде көрген осы оқиғасы шындыққа айналады. Мұндай құбылыс «Алпамыс» жырының барлық версияларында бар. Болашақ қаһарманның «ғажайып туу» мотиві «Мұңлық-Зарлық», «Шора батыр», «Қобыланды батыр», «Едіге батыр» жырларында, алтайлықтардың «Маадай – Қара»17, қырғыздың «Манас»18 жыры, «Монғолдың құпия шежіресі»19 сияқты эпостық шығармаларда кездеседі. Ерекше жағдайда туған Алпамыс жедел есейіп, елді таңырқатқан ғажайып күш иесі. Әрине, «ерекше жағдайда» туылған баланың жедел жетілуі батырлық жырларда заңды құбылыс. Себебі, жыр батырлық пен ерлікті дәріптеп, қандай да дүлей күш болмасын, соны жеңе алатын ержүрек батырды аңсаған ел арманын көрсетеді. Қаһарманның «жедел есею» мотивін бурят халқының қаһармандық жыры «Гэсэрдің», қырғыздың «Манасының», башқұрттың «Орал батор» эпосының бойынан табамыз20. Қаһарманның жүйрік ат таңдап мінуі, қалыңдығын іздеуі, елін жаудан қорғауы т.б. сарындар да көптеген елдердің ауыз әдебиетінде кездеседі. Алпамыс жау зынданында жатқан кезінде батырдың қалыңдығы Гүлбаршынды Ұлтан құлдың зорлықпен алуға ұмтылуы, батырдың «өз әйелінің тойының» үстінен шығуы бұл эпосты ертедегі гректің «Одиссеясы», сондай-ақ «Таһир – Зуһра», «Фазыл – Мәриям» дастандары мен «Едіге батыр» жырындағы осыған ұқсас мотивтермен үндестіреді. Осы айтылған мотивтердің бәрі «Қорқыт ата кітабының» үшінші әңгімесіндегі сюжет желісімен де өте ұқсас болып келетінін көреміз, яғни ол – «Қам – Бурының баласы Бамси – Бейрек жайындағы әңгіме21. «Қорқыт ата кітабы» пен «Алпамыс батыр» жырының тараулары арасындағы ұқсастық тарихтың тағы бір терең қабаттарына бойлатады. Мұның өзі қыпшақ – оғыз халықтарының бір заманда Сырдария бойларында ұзақ уақыт аралас өмір кешкендігінің де күәлігіндей22. Сол сияқты «Алпамыс батыр» жырының сюжеттік құрылымында әлем халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшырасатын сарындардың бірі – түс көру мотиві де бірнеше жерде көрініс тапқан. Солардың бірі – қалмақ ханы Тайшықтың Алпамыстың қаһарынан қорқып, оны түсінде көріп, шошып оянатын тұсы:

– Ей, азаматлар, жаранлар,

Мен бір жауап айтайын,
Құлақ салып қараңлар.
Мен бір бүгін түс көрдім,
Түсімде жаман іс көрдім.

Заманым менің қағынды,
Қағынбаса не қылды?
Құрсаулы қара бура кеп,
Қарсы қарап шабынды.

Көзімнің жасы егілді,
Қабырғам менің сөгілді.
Басымда тәж, дәулетім
Жерге менің төгілді.

Бір арыслан өзіме
Шабатұғын көрінді...

Жырда Тайшық ханның осындай жайсыз түс көруі басына бір қауіп-қатердің түсетінін сездіреді. Тайшық хан сасқанынан мыстан кемпірдің таз баласына Қаракөзайым атты қызын бермек болып, Алпамыстың көзін жоюды өтінеді. Сөйтіп, жырда Алпамыстың ғажайып түрде дүниеге келуі, үйленуі, батырдың қолға түсіп, тұтқын болып зынданда отыруы, одан босанып, Тайшық ханнан кек алуы, ақыр соңында Ұлтан құлмен арадағы оқиға әңгіме болады. Осылардың бәрі негізгі кейіпкер Алпамыс есімімен байланысты дамып отырады. Жырда салт-ғұрыптар, наным-сенімдер, елдің шаруашылық кәсібі және де басқа көріністер жарасымды сипатталған. Эпоста бас қаһарманның ерліктері әсіреленіп, кейіпкерлердің ішкі сезімдері монолог, диалог арқылы шебер суреттелген. «Қисса-и Алпамыш батыр бұ тұрыр» жырының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде басқа тілдерден енген біраз сөздер кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. 1961 жылы жарияланған «Қисса-и Алпамыш батыр бұ тұрыр» мәтінін Қазан басылымымен (1899) салыстырғанда құрастырушылардың түпнұсқаның орфографиясын сақтап, ешбір өзгеріссіз дайындағаны анықталды.

Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні түпнұсқа бойынша (Қазан, 1899) берілді.
Қ.Алпысбаев

Алпамыс батыр қиссасы

«Алпамыс батыр» жыры нұсқаларының ең көлемдісі және баспа арқылы ел арасына кең таралғаны «Алпамыс батыр қиссасы» деп аталатын Сұлтанқұл Аққожаев нұсқасы. Оның мәтінін 1948 жылы С.Аққожаевтың айтуынан қағазға түсірген – халық ақын Желеу Жақыпов. Сұлтанқұл бұл жырды әйгілі ақын, жыршы Майкөт Сандыбаевтан үйренгендігін айтады. Шығарма ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорына 1953 жылы түскен. Мәтін тор көзді дәптер парақтарына көк сиямен, араб әрпінде жазылған. Осы нұсқа ең алғаш рет 1957 жылы жеке кітапша болып шықты23. 1958 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өтетін онкүндігіне орай қазақ және орыс тілінде қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан шыққан «Қазақ эпосы» деп аталатын кітапта және 1959 жылы «Батырлар жыры» атты жинақта басылым көрді24. Аталған жыр мәтіні одан кейін 1961жылы шыққан «Алпамыс батыр» жырының ғылыми басылымында жарияланды25. Осы мәтін 1963, 1968, 1977, 1986 жылдары ешбір өзгеріссіз тағы да басылып шықты26. «Алпамыс батыр» жырының Жүсіпбек Шайхысламұлы бастырып шығарған (1899) мәтіні мен Сұлтан Аққожаев нұсқасын салыстырып қарағанымызда олардың мазмұнының ұқсас екенін көреміз. Екі нұсқада да Байбөрінің баласы Алпамыс ғажайып жағдайда дүниеге келеді; ол жедел ер жетеді; Қалыңдығы Гүлбаршынды іздеп шығады; еліне келгенде Тайшық ханның жасаған озбырлығын есітіп, қалмақ еліне екінші рет аттанады; жауын жеңіп, еліне келіп, Ұлтан құлды жасаған қиянатына орай жазалайды. Елін мұратына жеткізеді. Аталған нұсқалардың екеуінде де «Алпамыс батыр» жырының негізгі сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерге берілген мінездемелер де бірдей т.б. Қазан басылымына қарағанда (1889), Сұлтан Аққожаев нұсқасының төмендегідей эпизодтық және стильдік айырмашылықтары бар екенін көреміз: Жүсіпбек қожа нұсқасындағы қарасөзбен баяндалатын, ауызша әңгімеге ұқсайтын жерлері Сұлтан орындаған жырда кеңірек суреттеліп өлеңмен берілген. Мысалы, Жүсіпбек нұсқасындағы Байбөрі мен Аналықтың Алла Тағаладан бала тілеп, әулиелерге түнеп жалбарынуы, Шашты Әзиздің Байбөріге келіп Алпамыс пен Қарлығаш атты балалары болатынын айтатын тұсы қарасөзбен қысқаша баяндалса, ал Сұлтанқұл нұсқасында бұл эпизод кең таратылып, өлеңмен айтылады:

– Ей, бейшара, көзіңді аш,

Ұлыңның аты Алпамыс,
Қызыңның аты Қарлығаш.
Атса мылтық өтпейді,
Шапса қылыш кеспейді.

Түрегел де қолың жай,
Болады өзі өмір жас...

Жырда қазақ халқының әдеп-ғұрпы, халық тұрмысы кең суреттелген. Сарыбайдың қалмақ еліне көшіп кету эпизодына едәуір орын беріледі. Батырдың қалыңдығына үйлену жайы кең түрде сипатталады. Гүлбаршынның ішкі жан сыры мен адамгершілік қасиетін көрсетуге көбірек көңіл бөлінген. Аталған нұсқада Ж.Шайхысламұлы версиясына қарағанда әр оқиғаны барынша әсерлі, көркем әрі кеңірек баяндайды. Сұлтанқұл нұсқасының тағы бір ерекшелігі жыр оқиғасын дамытуда, адам образдарын жасауда жыршы әсірелеу, гипербола, теңеу, мақал-мәтелдер, диалог, моналогты мол пайдаланған. Осы екі нұсқаны салыстыра зерттеу нәтижесінде. Сұлтанқұл ақын Жүсіпбек бастырған «Алпамыс батыр» жырын жетік білген. Сол нұсқаны негізге ала отырып, жырдың ұтымды жерлерін сақтап, қара сөзді өлеңге айналдыра өз сөзімен құбылта жырлаған деп санаймыз. С.Аққожаев нұсқасы тіл көркемдігі жағынан да шебер жырланғаны аңғарылады. Мәтінде аздаған араб, парсы, татар т.б. тілдерден енген сөздер кездескенімен тілі таза, ұғымды. Жырдың он бойында кездескен түсініксіз сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. «Алпамыс батыр» жырының 1957, 1959, 1961, 1986 жылдары басылған мәтіндерін ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақтаулы (Ш.50,2-дәп.) түпнұсқамен салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізгенде, өкінішке орай аталған жинақтарда кейбір кемшіліктер кеткені анықталды: 1. Жырдың қара сөзбен баяндалған тұстарында кейбір сөйлемдер қалып кеткен. Мысалы, Жәдігерді көкпарға тартқалы жатқанда, баланың жігіттерге жалынып айтатын өлеңінен кейін келетін, яғни Құлтай бабаның келіп Жәдігерді сұрайтын тұсында бір-екі сөйлем қысқартылып кеткен. Айтқан ойымыз дәлелді болу үшін 1957, 1959, 1961, 1986 жылдардағы басылымдардан үзінді берелік (187-б; 250-б; 88-б; 170-б.): Онда Алпамыстың қадірін білетіндер келіп, әрқайсысын бір ұрып қуалап жіберді. Жәдігер кісенімен шапқылап қозыға қарай жөнелді. Бір жерден алған кісен кесіп жүре алмай, зарлай отырса, Құлтай бабасы тақымында көкбары бар Жәдігерді көрдің бе деп онан сөз сұрап тұрғаны.

Түпнұсқада дәл осы үзінді былай беріледі (36-б.):

Онда Алпамыстын қадірін білетіндер келіп, әрқайсысын бір ұрып қуалап жібереді. Жәдігер кісенмен шапқылап қозыға қарай жөнеледі. Бір жерден аяғын кісен кесіп жүре алмай, зарлап отырса, Құлтай бабасы тақымында көкбары бар, сонда келеді. Өзі Жәдігерді іздеп жүріп, Жәдігерге келіп тұрып, Жәдігерден: «Шырағым, балам, Жәдігерді көрдің бе?» деп сұрап тұрғаны еді.

Бұл жерде түпнұсқадағы асты сызылған сөйлемдер жоғарыда аталған басылымдарда түсіп қалған. Бұл – халық прозасының тілі. Басылымда халық прозасына тән сөз мәнері, сөйлем құрылысы өзертілген. Сол себепті сөйлемдер арасындағы кейбір үндестіктер жойылған. 2. Емлелік қателер өте көп кеткен. Томға ұсынылып отырған «Алпамыс батыр қиссасының» мәтіні ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған қолжазбадан (Ш.50, 2-дәп.) еш өзгеріссіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева

Қисса Алпамыс

«Алпамыстың» толық версияларының бірі – Әбдірайым Байтұрсынұлы жырлаған нұсқа. Әбдірайым бұл жырды Көшер деген ағасынан үйренгендігін айтады. Ә.Байтұрсынұлы бұл жырда Қазақстанның қырық жылдығы (1917-1957) қарсаңында өз қолымен жазып, қолжазба қорына тапсырған27. Қолжазба бір жолды оқушы дәптеріне қарындашпен, араб әрпінде жазылған. «Қисса Алпамыс» жыры алғаш рет 1961 жылы жарық көрді28. Осы мәтін ешбір өзгеріссіз 1986 жылы қайта басылды29. Ә.Байтұрсынов нұсқасы туралы Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, Т.Сыдықов т.б. зерттеулерінде біраз құнды пікірлер айтылған30. Әбдірайым нұсқасы мен Қазан басылымын салыстырғанымызда екі нұсқада да «Алпамыс батыр» жырының негізгі сюжеттік желісі түгел сақталған. Жырдағы кейіпкерлердің мінездемелері мен көптеген өлең шумақтары да ұқсас болып келеді. Әйтсе де Әбдірайым нұсқасының мазмұнында төмендегідей ерекшеліктері бар: 1.Ә.Байтұрсынов әр сюжетті кеңейтіп жырлаған. Бұған мысал ретінде Байбөрінің әулиелерді зиарат ететін эпизодын алсақ та болады. Байбөрі бұл нұсқада Мекке мен Мединеге сапар шегеді. Жол-жөнекей Арыстан бап, Сансыз бап, Әзіреті Сұлтан мазарларына түнеп шығады. Ең соңында Бабай түкті Шашты Әзіздің басына қонып, түсінде әулиелер аян беріп, бір ұлы мен қызы болатындығын айтады. 2. Қазан басылымында қара сөзбен баяндалатын жерлер Әбдірайым орындаған жырда кеңірек суреттеліп, өлеңмен берілген. Мысалы, Қазан басылымында Алпамыстың зынданнан құтылып шығу жайы қысқа ғана бір сөйлеммен айтылса, Ә.Байтұрсынов бұл көрінісіне молынан тоқталады:

...Төртінші күнде Кейқуат
Ойланды зындан барарын.
Зынданға келіп айтты сөз,
Ал, тақсыр, арқан саламын.

Байшұбардың беліне
Бір ұшын байлап таңамын.
Беліңе байлап, берік ұста,
Айрылып, тақсыр, қалмағын.

Айт, дегенде жануар
Сырғытып тартып барады.
Шыға келді зынданнан
Батыр, палуан манабы...

3. Жүсіпбек нұсқасында алдымен Тайшық ханның түсі баяндалып, одан кейін Байшұбардың шабысы суреттелетін тұсы Әбдірайым нұсқасында керісінше болып келеді, яғни алдымен аттың шабысы суреттеледі ( Бұл тұсы Серғазиев нұсқасымен бірдей). 4. Қазан басылымында жоқ эпизодтар кездеседі. Мысалы, зынданда Алпамыспен бірге Кейқуат та болады. Бұларды Кейқуаттың шешесі тамақтандырып тұрады. Алпамыс пен Кейқуат екеуі зынданда бірге жатып, Кейқуат Алпамысты ұрып өлтіргенін жеткізеді т.б. Қорыта айтқанда, Ә.Байтұрсынов Жүсіпбек бастырған эпос сюжетін толық сақтап, әрбір эпизодты, көріністерді өзінше дамытып жырлаған деп ойлаймыз. Әбдірайым жырлаған «Қисса Алпамыс» нұсқасы жоғары деңгейлі көркем тілмен өрілген туынды. Мәтінде аздаған араб, парсы, татар т.б. тілдерден енген сөздер кездеседі. Олар қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. «Қисса Алпамыстың» 1961, 1986 жылдары басылған мәтіндерін ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақтаулы (Ш.50, 5-дәптер) түпнұсқамен салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізгенде басылымдарда төмендегідей кемшіліктер кеткені анықталды: 1. Араб таңбасымен жазылған өлең жолы дұрыс оқылмағандықтан «бір жол түсініксіз болды» делінетін жерлер кездесті. Мысалы, Байбөрінің ешбір қиындыққа қарамастан ел-жұртымен қоштасып, Жасағаннан бала тілеп сапар шегетін тұсы:

Түпнұсқадағы асты сызылған өлең жолдары аталған басылымдарда түсіп қалған. Сол себепті, біріншіден, өлең ұйқасы бұзылған, екіншіден, ішкі логикалық көркемдігі біртұтастығынан айрылған. 3. Емлелік қателер көп кездеседі. Мәтінді жинаққа дайындау барысында осы сияқты кемшіліктер түзетіліп, түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді. Томға ұсынылып отырған «Қисса Алпамыс» жырының мәтіні ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған түпнұсқадан ( Ш.50, 5-дәптер ) еш өзгертусіз дайындалды.

Қ. Алпысбаева
Қ. Тастанов

Алпамыс батыр

Келімбет Серғазыұлы жырлаған «Алпамыс батыр» жыры бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл жырды 1953 жылы жыршының орындауынан жазып алып, ӘӨЙ-дің қолжазбалар қорына тапсырған – Тіл және әдебиет институтының бұрынғы ғылыми қызметкері Зүбайра Сейітғаппарова. Шығарма бір жолды дәптер парағына көк сиямен, кирилл әріпінде жазылған. Қолжазба ӘӨИ-дің қолжазбалар қорында (Ш.50, 1-дәп.) сақтаулы тұр. Келімбет Серғазыұлының жырлаған «Алпамыс батыр» нұсқасы туралы Н.С. Смирнова, Т.Сыдықов, М.Ғабдуллин, Б.Г.Ерзакович сынды зертеушілердің еңбектерінде барлы пікірлер айтылған31. Келімбет вариантында «Алпамыс батыр» эпосының байырғы желісі барынша сақталған. Бас қаһармандардың есімдері, іс-әрекеті, шығармадағы мотивтер тізбегі де ұқсас болып келеді. «Алпамыс батыр» жырының бірнеше нұсқаларын салыстырып қарағанымызда, Келімбет нұсқасында басқа варианттарда кездеспейтін жыршының өз қолтаңбасы бар екені байқалды. Мұнда Алпамыс дүниеге келгенге дейін Байбөрінің тоғыз баласы болады. Қалмақ ханы Тайшық Байбөріні шауып, тоғыз ұлын өлтіріп, келіндерін жесір қалдырады. қартайған шағында Байбөрінің Зейне атты кіші әйелінен Алпамыс пен Қарлығаш туады. Алпамыс он екі жасқа келгенде үйсін руының байы Ордабай дегеннің ауылына сапар шегіп, оның қызы Гүлбаршынға үйленеді. Бұдан соң батыр ағалары туралы хабарды естіп, Тайшықтан кек алуға аттанады. Аталған нұсқада кейбір эпизодтардың орны ауыстырылып берілген тұстары кездеседі. Мысалы, басқа нұсқаларда Тайшықтың түсі алдымен беріліп, сонан кейін Байшұбардың шабысы көрсетіледі. Ал бұл нұсқада, керісінше, алдымен Байшұбардың шабысы суреттеледі. Мыстан кемпірге қатысты эпизод қысқа қайырылған. Басқа нұсқалардағыдай Алпамыс екі әйелге үйленбейді. Қаракөзайымға қалмақтарға хан болып тағайындалған Кейқуат үйленеді, т.б. Жырдың сюжеттік құрылымында әлем халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшырасатын эпостық мотивтердің біразы көрініс тапқан. Атап айтқанда: түс көру, түс жору, бал ашу, киім ауыстыру мотиві т.б. Сол сияқты жырда бірен-саран ертегілік сарындар да кездеседі. Бұл ретте Алпамыстың «атса мылтық өтпейтін, шапса қылыш кеспейтін» қасиетін айтсақта болады. Қысқасы жыршы «Алпамыс жырының» ең түпкі сюжетін жадында сақтай отырып, Алпамыстың ерлігін, Байшұбардың шабысын, жүйріктігін көрсететін т.б. дәстүрлі сипаттауларды сақтап қалып, жырдың кей жерлерінде бірқатар оқиғаларды және жеке эпизодттарды кеңейте, түрлендіре жырлаған деп санаймыз. Келімбет Серғазыұлы нұсқасы толық аяқталған, тілі жатық, оқиғасы қызықты, мазмұнды болып келеді. Мәтінде аздаған араб, парсы және жергілікті сөздер кездеседі. Ондай сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. Томға ұсынылып отырған «Алпамыс батыр» жырының мәтіні Қолжазба қорында сақталған түпнұсқа байынша тұрған қолжазбадан (ӘӨИ, Ш.50, 1-дәп.) еш өзгертусіз дайындалды.

Қ.Алпысбаева

МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ ЖӘНЕ ДІНИ ЕСІМДЕР

Алла (Аллаһ) – ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.

Құран Кәрімде айтылғандай: “Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес” . Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры – жазмышты белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап, біреулерін – жұмаққа, енді біреулерін – тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.ә.с.) – Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны – Меккедегі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті қара тас бар. Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырымдылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафур (кешірімді), т.б. Алланың атын зікір ету рәсімі «Аллаһу акбар», «Әлхамдулиллаһи», «Сұбхан Алла» сөздерін отыз үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.

Арыстан бап – Отырар қаласындағы мазарда жерленген. Бұл кісі бабтардың үлкені, тіпті аңыздарда Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болып есептелінеді.

Арғын – қазақ шежіресі бойынша орта жүзге жататын ең ірі рулардың бірі.

Әбубәкір – Мұхаммед (с.ә.с.) қайтыс болғаннан кейін тағайындалған алғашқы халифа. Ол құрайыш руынан шыққан, Меккедегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.ә.с.) исламға кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бірінші болып мұсылман болды.

Әбубәкір – Расул Алланың “төрт шаһариар” аты берілген сенімді серіктерінің бірі. Оның „Сыддық” – шыншыл, әділетті деген құрметті лақабы да бар. Мұхаммед (с.ә.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре білді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға (с.ә.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды.

Әзіреті Сұлтан – Қожа Ахмет Иасауидің қасиетті, ұлық билеуші деген сөз лақабы. Әзіреті Сұлтанның Түркістанда ХІVғ соңы – ХVғ басында Ақсақ Темірдің бұйрығымен салынған әйгілі мазары бар. Қожа Ахмет бин Ибраһим бин – атақты сопы, түркі әлеміндегі сопылық ағымның негізін салушы, философ, ақын. Шамамен 1093 жылы Түркістан шаһарының маңындағы Сайрам (Исфиджаб) қаласында туылып, ХІІ ғасырдың аяқ кезінде қайтыс болған. Оның есімі Түркістанның «Кіші Мекке» деп аталуына тікелей қатысты. Қожа Ахмет Иасауидің мол мұрасынан бізге жеткен негізгі шығармасы – «Диуани хикмет».

Әли – Османнан кейін билік басына келген төртінші “әділетті халиф”. 656-661 жылдары Мекке қаласында тұрып, мұсылман жұртына басшылық жасаған. Хазірет Әли – Мұхаммед пайғамбардың немере інісі, әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің ауыз әдебиетінде Әли – орасан, алып күш иесі. Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-мыс. Фольклорлық туындыларда оның “зұлпықар”, “қамқам”, “самсам” деген үш қылышы болғаны айтылады. Әсіресе, Әли “зұлпықарын” сілтегенде бірнеше жүз кәпірді шауып түсіреді. Әлидің есімі көптеген шығыс қиссаларында, оның ішінде діни дастандарда жиі ұшырайды. Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы, мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына “шаһимардан”, “қайдар”, “арыстан”, “шері”, “мұртаза” сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты “Дүлдүл” де ауыз әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды пырақ – аттың нышанына айналған. Әлидің бірнеше әйелінен он сегіз баласы болған. Олардың бәрі де әкесімен бірге әскери жорықтарға қатысып, Ислам мақсаттары жолында жан аямай соғысады. Әсіресе, Әлидің Хасен, Хұсайын, Мұхаммед-Ханафия секілді ұлдары ғазауат майдандарында ерекше көзге түсіп, түрлі діни аңыздардың сюжеттеріне басты арқау болғаны белгілі. Хазірет Әли Мұртаза ибн Әбу Тәлиб 661 жылы Куфа мешітіне кіре берісте хауариждердің (хариджилер) атқан оғынан жараланып, көп ұзамай қайтыс болды.

Баба түкті Шашты Әзіз – Қазақ эпостары мен ертегілерінде кездесетін киелі де қасиетті бейне. Бұл кісінің батасын алған баласыз жандар Алланың құдіретімен перзентті болып жатады. Мұсылман аңыздарында Шашты Әзіз сексен сегіз пайғамбардың бірі. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Туклас деп көрсетіледі. Әкесі – Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Муртаза Сейіттің, содан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба Түкті Шашты Әзіз – Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген болжамдар бар.

Жаппар – Алла Тағаланың қасиетті есімдерінің бірі.

Қоңырат – тарихи мәліметте бұл рудың аты Шыңғыс хан әулетімен (ХІІ ғасырдың аяғы, ХІІІ ғасырдың басы) байланысты аталады. Осы кезеңнен бастап қоңырат руы Алтын орданың тарихында маңызды рөль атқарған. Қазіргі уақытта қоңырат руы қазақтан басқа Орта Азиядағы кейбір түрік халықтарының құрамында бар.

Нақышбанди – Ходжа-и бузурук және Шахи-и Нақышбанд атымен кең танымал болған Нақышбанд Баһауидин бин Бурхан ад-дин Мұхаммад әл-Бұхари (1318-1389) – ХІV ғасырдағы ортаазиялық сопылық ағымның ірі өкілі. Отырықшы халық психологиясына лайықты қалыптасқан нақышбандия сопылық ағымының ықпалы Оңтүстік Қазақстанда соңғы ғасырларда Қоқан хандығының үстемдігіне орай күшейген сияқты.

Орта жүз – қазақ қоғамындағы үш ірі тайпалық бірлестіктің бірі. Яғни олар – ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз. Орта жүзге Сарысудан бастап, төменгі Сырдариядан Ертіске, Тобылға, Есілге дейінгі аралықта көшпенді тұрмыс кешкен – арғын, қоңырат, уақ, қыпшақ, керей, найман т.б. сияқты қазақ рулары кіреді.

Оспан – араб-мұсылман тарихындағы үшінші әділетті халифа. Ол – Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстаған алғашқы сахаба-серіктерінің бірі, Расул Аллаға шын берілген үмийа әулетінен шыққан бай саудагер. Хазірет Оспан әуелі Пайғамбардың қызы Ұрқияға, ол қайтыс болған соң Расулдың екінші қызы Үммігүлсімге үйленген. Сол себепті мұсылмандар Оспанға Зун Нурайн (екі шамшырақтың иесі) деген құрметті атақ берген.

Пайғамбар/п/ – Алла Тағаланың адам баласы арасынан таңдап алған ең сенімді өкілі. Оларға Жаратушы ие тарапынан жол көрсетуші Аян – Кітаптар түсіп тұрған. Мұндай қасиетке ие болғандар: Дәуіт, Мұса, Иса және Мұхаммед (С.Ә.С) пайғамбар.

Рүстем – Фирдоусидың «Шах-наме» атты шығармасының басты кейіпкері, батыры. Ол шығыс халықтарында қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі. «Рүстем – Дастан» туындысын көне парсы тілінен қазақша сөйлеткен белгілі шайыр – Тұрмағамбет Үзітлеуұлы (1882-1939).

Сүлеймен – Құран бойынша Дәуіт пайғамбардың баласы, Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус храмын салдырған.

Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап, Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға “отыз ұлға татитын” бір ұлды, яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі, дастандарында “аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін білген” деп дәріптеледі.

Тайша хан, Тайшық – «тайчжи» (Эсень-тайчжи, Амасанчжи-тайчжи т.б.) деген титулмен қалмақтың удельдік (ұсақ) княздары аталып жүрген. ХVІІІ ғасырда осы удельдік княздар бірімен-бірі ұзақ уақыт араздасып кеткеннен кейін ұлы қалмақ (ойрот) хандығын қайта біріктіруші, қалмақ әміршісі Батыр хан (1634-1653) «Хун-тайчжи» деген титулды (атақты) алады. «Алпамыс» жырындағы қалмақ ханының жеке аты – Тайша хан. Тайшық осы титулдан пайда болған.

Түмен бап – моңғол сөзі, бұрынғы уақытта он мың санының мәнін берген

Хызыр, Қыдыр баба – көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.

Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Хызыр бейнесін көне архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зерттесе, кейбір ғалымдар тек ислам ықпалымен пайда болған деп түсіндіреді. Хызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан түсінігі бар. Қазақ фольклорында Хызыр баба [Қыдыр] – ел аралап жүрген ақ киімді, ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы, бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.

Шаһизында – Самарқандағы киелі орындардың санатындағы мазарлардың бірі. ХІV – ХV ғасырларда салынған. Шаһизындаға Орта Азия елдерінен мұсылман қауымы көруге ағылып келуде.

Шаһимардан/п/ –Ерлік падишасы, Хазірет Әли халифаның лақап есімдерінің бірі.

Шекті – Кіші жүз, алшын тайпасының Әлімұлы ұрпағының алты руының бірі.

Ысқақ – Құранда аты аталған, пайғамбар, Ибраһимның ұлы. Құранда Ибраһимға Алланың рақымы түсіп, қартайған шағында оның дінге берік, кіршіксіз өмірі үшін ұл сыйлағандығы айтылады. Ұлының дүниеге келетінін оған Жәбірейіл періште хабарлайды.

СӨЗДІК

Алал /т/ – адал

Адақтау – аралау, кезу

Арай /п/ – көңіл-күйін білдіретін сөз

Аса /а/ – дін ақсақалдары, әулие пірлер мен диуаналардың қолында ұстайтын таяғы

Арда – енесін тай жасына дейін емген, ұсталмаған асау жылқы.

Алай /ж/ – олай

Асықмасаң /ж/ – асықпасаң

Әжет/а/ – қажет іс, жұмыс

Әжеп /а/ – ғажап

Әнбия /а/ – пайғамбарлар

Әмма /п/ – барлығы

Базп – кей

Бәнт /п/ – байлап қою

Баһадүр /п/ – батыр

Бамдатп – таң намазы

Бәзір/ж/ – тұсау жіп

Бәсіре – көбінесе, жас балаға, жиен-жұрағатқа аталып ен салынатын мал.

Билән /т/ – менен, бірге

Ғайып ерен қырық шілтен – [шілтен /п/ – қырық дене] – мұсылмандарды жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін Қызыр атаның жолдастары. Кейбір аңыздар бойынша, ғайыптан пайда болатын шілтендер құс бейнесінде көрінуі де мүмкін. Олар әдетте алыс сапарда жүрген, арып-ашып жолынан адасқан жолаушыларға жәрдемдеседі.

Ғазал /п/ – өлең түрі. Құрамында төрттен жиырма төртке дейін бәйіттер болады.

Ғам /а/– қайғы, уайым

Ғаріп /а/ – мүсәпір

Ғарық /а/ – суға кету

Ғамкүн /а/ – қайғы, зар, мұң-шер

Дарақ – жеке жалғыз ағаш

Дағыра /п/ – музыка аспабы

Дайым /а/ – әрдайым

Дәргәһіне /п/ – салтанатты сарай, Алланың құзыры

Дегбір – шыдам, тағат, төзім.

Диуана/п/ – ризығын Алладан тілеп, кәсіпсіз жүретін адам, дәруіш.

Диуана /п/ –ризығын Алладан тілеп, кәсіпсіз жүретін адам, дәруіш.

Жазира /а/ – сахара, шөл

Жалпұш /т/ – төсеніш

Жамбы – әртүрлі көлемде құйылған, салмағы әр қалай ақша орнына жүрген таза күміс. Бәйге, жасау құрамына енгізілген.

Жүһүд /а/– жөйіт, яхуди, еврей, Мұса пайғамбардың үмбеті

Зарада /п/ – зәуде, егер

Зайылдың /п/ – әлсіз, әл жоқ

Зәһар /п/ – у

Зияпат /а/ – рахаттану

Зиярат /а/ – тауап ету, сәлем беру, жүздесу

Иар/т/ – жар, жолдас.

Илә /т/ – мен, менен, бірге.

Инғам /а/ – тарту, сыйлық

Ислам /а/ – мұсылман дінінің негізгі атауы, бейбітшілік, тыныштық, береке ұғымдарын білдіреді.

Кәлла /п/ –бас

Керік – көлік мал (өгіз араба)

Кіреуке тон – әсемдеп, берік тігілген сырт киім

Күлә /к.с./ – ханшайымдар киетін қалпақ сияқты әйелдердің бас киім.

Күлді /ж/ – күллі

Күрзі /п/ – шоқпар

Күлпет – уайым, қайғыға ұшырау

Қабаһат – қауырт, қатты, берік

Қазанат – ыстық-суыққа төзімді қазақы жылқы түрі.

Қалендер – бастапқыда Орта Азиядағы қалендарийе туыстығының мүшесі, соған берілген адам деген мағынада қолданылған. Кейінгі орта ғасырда ел аралап жүретін дәруіштерді осылай атайтын болған.

Қасар /а/ – кедей

Қаяқтан /т/ – қай жақтан?

Қандақ /т/ – қандай?

Қайыл /ж/ – разы болды

Қамры /к/ – садақтың тартпасы

Құбыла /а/ – мұсылмандардың намаз оқығанда сәждеге бас қоятын Қағба бағыты.

Құтан – құл, басыбайлы, есіктегі кісі

Ләшкер /п/ – әскер

Мажал /а/ – хал, шама

Мәшһүр /а/ – атақты, даңқты

Мәулет /а/ – туған күн

Медет /п/ – көмек, жәрдем

Меһрибан /п/ – мейірбан

Мосы – ілгегіне шелек, шәугім іліп тамақ пісіретін үш тағанды темір құрал.

Мұштау /ж/ – соғу, ұру.

Мүддағ /п/ – ең жаман адам

Мүбада /а/ – егер де, алда-жалда

Наят ниһая – шексіз

Науыт /а/ – ысырап

Наырза /а.п./ – ырза емес, ризалықсыз.

Нәубет /п/ – кезек

Нығмет /а/ – ырзық

Оқшантай – мылтық оғы салынып, белдікке ілінетін тері қалта.

Оңлашы /ж/ – оңдашы

Ошал /т/ – осы

Пешене /п/ – маңдай, тағдыр.

Пушман /п/ – құл болу, қайғылану

Пыстан /ж/ – терлік

Пір /п/ – қария, ақсақал, сопылардың ұлық бастысы, ұстазы, шейх.

Рай /а/ – келісім, пікір

Раушан /п/ – Хош иісті гүл, нұр сәуле

Сарқана – шақпақ

Сәруар /п/ – басшы, көсем (Мұхаммед пайғамбардың атына байланысты қолданылады)

Сеңгір /қ/ – аса үлкен, биік

Сүкует /ж/ – қобыздың бір түрі

Син, нон /а/ – араб тіліндегі с, н әріптері

Сота /ж/ – шоқпардың бір түрі

Сора /қ/ – көзден аққан жас; өсімдік.

Сүрен салу – сойқан салу; азан-қазан қылу

Сізні /т/– сізді

Тақуа /а/ – аса діндар адам

Таға /т/ – нағашы

Таңлап /т/– таңдап

Төлежу /т/ – түлеу

Тегілдірік /ж/ – ер-тұрман жабдығы.

Терлік – ат тоқымының ең астына тер сіңіру үшін салынатын, киіз жабдық.

Ұғыл /т/ – ұл

Үлек /қ/– нар түйенің таза тұқымды бурасы.

Үшбу /к.т/ – осы, бұл

Форма /о/ –үлгі, түр.

Шаһар /п/ – қала

Шер, шері /п/ – арыстан

Шот /о/ – есеп

Шонық /ж/ – ынтық

Шөнек – егістік жердің жан-жағынан су ағып кетпестей бөлген танап түрі атыз.

Шүлен – жомарт кісі, мырза

ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ

Бабата – (Баба-Ата) қалашығы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы қарамағындағы Қаратаудың солтүстік баурайындағы екі жотасының арасында орналасқан. Осы қалашықтың Баба-Ата өзені ағып жатқан.

Жиделі Байсын (Байсын-тау) жанынан – Самарқаннан оңтүстікке және Бұхарадан оңтүстік-батысқа қарай Гиссар жотасының оңтүстік-батыс шеті.

Бұл жота арқылы Бұхарадан Гиссарға және Амударияға үлкен сауда керуен жолы жүреді. Бұл жол Темір қақпа деп аталатын ені тар тік құз арқылы өтеді. Әубәкір Диваевтың мәліметі бойынша Жиделі Байсын Куляб және Гиссар бекіністерінің шегіне орналасқан. Онда Байсын атты үлкен көл бар. Бұл жерде кіші жүздің қазақтары, орта жүздің қоңырат, арғын рулары мекен еткен. Олар мұнда ХVІІІ ғасырдың басында ақтабан шұбырынды кезінде болған.

Қазығұрт – Шымкентке жақын жердегі тау. Қазақ аңыздарында «Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа келіп тоқтаған» делінеді.

Қаратау – Жамбыл, Шымкент облыстарының аумағындағы ежелгі тау жоталары. Қазақтардың ұғымында Қаратау киелі жер ретінде саналған. Әсіресе, аңыз әңгімелер мен эпостық жырларда Қаратау жиі аталады.

Қытай – Азияның шығысында орналасқан алып мемлекет. Қазіргі кезде Қытай алдыңғы қатардағы дамушы елдердің қатарында.

Мәдине – арабша “қала” деген сөз. Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады. Исламдінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуына байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың берген атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан (хижра) басталды. Араб халифатының негізі қаланғанда Мәдине оның алғашқы орталығы болды.

Мекке – мұсылмандардың ең қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Мәсжид ул-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.ә.с.) осы маңда дүниеге келген. Мұхаммед (с.ә.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа құлшылық ету үйінің есігін Қағбаға қаратты (Құбыла). 630 жылы Мұсылмандардың Меккені қайтарып алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге «Хаж» сапарымен барып тәуап ету исламның бес парызының бірі болып саналады.

Отырар – Қазақстан мен Орта Азиядағы ең ірі көне қала. Түркістанның оңтүстігінде орналасқан. Отырар аймағында көне мәдени ескерткіштердің бірі – Арыстан бап әулиенің мазары бар.

Сайрам – Оңтүстік Қазақстан облысының территориясындағы Шымкент қаласынан қашықтықта орналасқан. Қаланың аты көне дәуірде Исфиджаб (VІІІ – ІХғ) деп аталған. Х ғасырдан – Сайрам атанған. Археологтар Сайрам өлкесінен Ыбраһим – Ата, Қарашаш – Ана т.б. тарихи ескерткіш – мазарларды тапқан.

Самарқанд – Өзбекстанның Самарқанд облысының орталығы, қала. Заравшан өзенінің аңғарында орналасқан. 1924-1930 жылдары Өзбек ССР-ның астанасы, 1938 жылдан облыс орталығы. Самарқанда тарихи ескерткіштер өте көп: Шаһизинда, Бибі ханым мешіті, Регистан т.б.

Түркістан – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан ауданының орталығы, Сырдарияның оң аңғарында орналасқан. 2000 жылы көне қаланың 1500 жылдығы Халықаралық деңгейде атап өтілді. Арабтардың географиялық жазбаларына қарағанда ІV-Х ғасырларда бұл қаланың орнында Шаұғар мекені болған, бірақ бұдан із қалмаған. ХІІ-ХІV ғасырларда Түркістан “Йасы” деп аталады. Қожа Ахмет Йасауи ғимараты салынғаннан кейін қала түркілердің рухани орталығына айналды.

ТОМҒА ЕНГЕН ЖЫРЛАРДЫ ЖЫРЛАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ ЖИНАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Аққожаев Сұлтанбек (1872-1963) – Ақын, жыршы. Ақмола губерниясындағы Құланөтпес өзені бойында туып, жас кезінде әкесімен бірге Түркістан маңайы Қаратау өңіріне көшкен. Сол жерде өсіп, өнген.

Жас кезінен-ақ өлеңге, жалпы өнерге үйір болған Аққожаев Сұлтанбек Құлыншақ, Молда Мұса, Майлықожа, Майкөт сияқты атақты ақын, жыршылардан көптеген жыр-дастандарды үйреніп, өз репертуарына енгізген. Аққожаев Сұлтанбек – қазақтың әйгілі жырларын шебер орындаушы, насихаттаушы. Ақын «Алпамыс», «Қобыланды», «Қыз Жібек», «Шора батыр», «Болат, Жанат» т.б. нәшіне келтіріп жырлаған.

Байтұрсынұлы Әбдірайым (1897 жылы туған, қайтыс болған жылы белгісіз ) – ақын, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан аудунына қарасты «Аша» деген жерде өскен. Руы – тобықты. Томға енген «Қисса Алпамыс» жырын жырлаған.

Жақыпұлы Желеу (1909-1970) – Сыр бойының белгілі ақыны. Созақ ауданында туып-өскен. Жас кезінен-ақ айтыстарға қатысып, ел көзіне түсе бастаған. 1943 жылы «Халық ақыны» деген атаққа ие болады. Ол халық ауыз әдебиеті үлгілерін көп жинаған адам.

Сейтғаппарова Зүбәйра – Қазақ ССР Ғылым академиясы, Тіл және әдебиет институтының бұрынғы ғылыми қызметкері.

Серғазыұлы Келімбет (1883 жылы туған, қайтыс болған жылы белгісіз) –ақын, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Шілікті деген жерде тұрған. Ұлы жүз, дулат ішіндегі – жаныс. Томға енген «Алпамыс батыр» жырын жырлаған.

Шайхысламұлы Жүсіпбек (1857-1937) – ақын, ауыз әдебиетін жинаушы. Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы, Қожатоғай аулында, қожа әулетінде дүниеге келген. Нағашылары – Ұлы жүз, албан руынан. Жасында мұсылманша оқып, білім алған. Жүсіпбек қожа Жетісуда тұрып, ел арасынан жыр-дастандарды, айтыстарды т.б. жинап, редакциялап, Қазан қаласындағы Хұсайыновтар баспасына жіберіп отырған. Оның қазақ фольклоры шығармаларын жинап, бастырудағы еңбегі ерекше. Өмірінің соңғы жылдарын Шығыс Түркістанның Іле аймағында өткізіп, сонда қайтыс болды.

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ – М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

ОҒК – Орталық Ғылыми кітапхана

ҚҚ – Қолжазба қоры

Ш – шифр

дәп. – дәптер

/а/ – араб

/о/ – орыс

/п/ – парсы

/тат/ – татар

/т/ – түркі

/ж/ – жергілікті

моңғ. – моңғол

/қ/ – қытай

/к.с./ – көнерген сөз

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙