TELEGEI

Home

Арыстардың арманы

Сұлтан Тəукей

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Арыстардың арманы

Ықылым ерте заманнан-ақ көк түріктің тал бесігі болған Алтайға, оның ішінде Моңғол жерінде қазақтардың қайта қоныстанғанына 150 жыл толуы қарсаңында оқырманға ұсынылып отырған осынау кітап тарихи оқиларға құрылған, бір-бірімен желілес екі романнан тұрады. Алмағайып кезеңдерді бастан көп кешіп, Арқадан Алтайға, одан Қобдаға қоныс аударған қазақтардың азапқа толы көш жолы, болашақ ұрпақ тағдыры үшін

УДК 821.512.122

ББК 84 Қаз 7-44

Т 29

Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитетінің «Əдебиеттің əлеуметтік маңызды
түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

ІSBN 978-601-7023-60-7

Сұлтан Тəукей
Арыстардың арманы. Деректі роман / Сұлтан Тəукей. – Алматы:
Дүниежүзі
қазақтарының

қауымдастығының
«Атажұрт»
баспа
орталығы, 2013 ж. 256 бет.

Ықылым ерте заманнан-ақ көк түріктің тал бесігі болған Алтайға, оның ішінде Моңғол жерінде қазақтардың қайта қоныстанғанына 150 жыл толуы қарсаңында оқырманға ұсынылып отырған осынау кітап тарихи оқиларға құрылған, бір-бірімен желілес екі романнан тұрады. Алмағайып кезеңдерді бастан көп кешіп, Арқадан Алтайға, одан Қобдаға қоныс аударған қазақтардың азапқа толы көш жолы, болашақ ұрпақ тағдыры үшін жанталасқан күрес шежіресі шынайы бейнеленеді. «Арман тау» романынан бастау алып, «Арыстардың арманы» атты роман-эсседе жалғасын тапқан ел мен жер тағдыры үшін жүргізілген жансебіл күрес атадан балаға ауысып отыратын ұлы мұрат ретінде көрінеді. Абақ керей елін талай қиын-қыстау күндерден аман алып өткен Жылқышы үкірдайдың немересі – Дəлелхан Сүкірбайұлы Шығыс Түркістанның азаттығы үшін жанын пида еткен қайраткерлер қатарында мерт болды. Алаш азаттығы кеуделерінде тербеткен аяулы арыстарымыз мінген ұшақ апатының астарында талай белгісіз сыр жатыр. Кітап тағылымды тарихқа жаны құмар оқырмандар үшін қызғылықты дүниеге айналары даусыз.

УДК 821.512. 122

ББК 84 Қаз 7-44

ІSBN 978-601-7023-60-7

© Тəукей С., 2013
© Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
«Атажұрт» баспа орталығы, 2013

T29

СӨЗ БАСЫ

Оқырмандарға ұсынып отырған «Арман тау» атты
осынау туынды осыдан бірнеше жыл бұрын Монғол тілінде
жарық көрген «Сеңгір таулар» (Сүмбэр уулс) романының
алғашқы кітабы деуге де болады. Өйткені «Сеңгір таулар»

романы Қобда бойындағы қазақтардың 1900-1921 жылғы
феодалдық қатынас кезіндегі өмірі мен 1921 жылғы Монғол
халық революциясының алғашқы аласапыран оқиғаларын,
«Тау бораны» («Уулын шуурга» Улан-батыр 1991 ж.) ро-

маны қазақ аулындағы революциялық өзгеріс, сталиндік
нəубет зобалаңы, монғолиядағы қазақтардың ұлттық
аймақ шаңырағын көтеру жолындағы күресін көрсетуді
көздесе, «Арман тау» романы бабаларымыздың Арқадан

Алтайға, одан Қобдаға қоныс аударған тарихи көш жо-
лын, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған тыныш
өмірді аңсаған арманын, болашақ ұрпақтардың тағдыры
үшін жанталасқан күресін баяндайды. Сол күрес басында

болған Шеруші үкірдайы – Жылқышы, Жəнтекей батыры

– Көбеш, Қарақастың ел басы – Тілеуді, Өжекең атанған

Қожамжар төре сияқты тарихи тұлғалар шығарманың
негізгі кейіпкерлері ретінде суреттеледі. Романның желісі
тарихи дерек, болған оқиға, белгілі адамдардың өміріне,
қызметіне негізделген

Автор

─ 6 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ АНА ЖҰРТ І Таң сəріден жайлауға тартқан Көбеш аулының көші Қара ертістің басын межелеп қажымай жылжуда. Қаңтардың аязында беті бір қайтпайтын қара бура желкілдеген шудасын ауырсынғандай. Құлағының түбі, тостағандай көзінің айналасы бусанып, шабынан тер сорғалайды. Қара бураны Көбештің бəйбішесі Қырмызы жетектеген. Жүкті түйелерге қалы кілем, қарала сырмақ жапқан. Қомдағы кереге басы, уық ұшына кигізілген оюлы керегеқап, уық қаптардың ала сырмақпен өрнегі жарасқан. Қара бураға тіркелген сетік сары атанның мойнындағы жезқоңырау сылдырлап баяу жылжыған көшке өз əуенін қосады. Ұзыннан ұзақ созылған жазғы көштің арасында сəнді киініп, басына желек жамылған жас келіншектер мен үкілі бөрік, қимабел бешпетті қыздар түйе жетектеген. Көш алдында көкала айғырдың үйірі шаң көтеріп барады. Құлын шұрқырап, бие кісінеген. Көкала айғыр мойнын жерге салып, үйірін шашау шығармай соны жұртқа асығуда. Асау тайы бастықпаған балалар көш бойында жарысып, əредік жүкті түйелерді кимелеп жас жеңгелерінің мазасын алады. Маусымның мамыражай шуағына шаршаған оркөз қара төбеттер де түйелі көштің көлеңкесіне тығылып, мал мен жанның тынымын бұзған. Жүк ауыр, жол қиыр. Ауылдың азаматтары мен «атқа жеңіл құбаша» жастары түсе қалып, ауған түйенің жүгін басып, тарту арқанның бұрауын

─ 7 ─

қатайтып, тиек ағаштарын бекітеді. Көш артында мөңіреген
сиыр, оқыралаған тайынша-торпақтар. Қосшы-қолаңшылар
бір күн бұрын айдаған қоралы қойлар əлдеқашан жайлауға
жеткен. Ендігі, қойшы балалар ескі жұрттың тезегін үйіп те

қойған болар. Сауырынан су төгілмес көктеңбіл жорға мінген
Көбеш үкірдай сарыала қамшысымен мықынын таянып көш
алдында келеді. Басындағы төртқырлы керей тымағының
үкісі шоқпардай. Кең мол, қайырма жаға қара шапанын

желбегей тастаған. Қара мақпал бешпетінің сыртынан
жалпақ күміс белбеу буынған. Үміт күттірген ұлы Асыл-
бек өз қатарында. Əке мен бала əлдене кеңестің тиегін
ағытқан. Көш алдындағы ауыл азаматтарынан да əудем

жер озып кеткен. Қапсағай денелі қарт батыр кеудесін
жапқан көкшіл сақалын салалы сом саусақтарымен та-
рап, қабағына жасырынған кəрі көзін алысқа қадады. Ол
көзін сығырайтып барып ашқанда көбелектің қанатындай

ұзын ақшыл қасы қабағын жауып кетеді. Ұзын қас, биік
қабақ, əжім басқан ат жақты, ашаң жүз, дөңестеу келген
үлкен мұрын, кеуде толы бурыл сақал, екі иығына екі кісі
отырардай өркеуде, кең иық бəрі-бəрі қарт Көбештің қас

батырлығының белгісіндей. Ол тізгінін тежеп, мықынын
таянған қалпында ойға батып, өзімен өзі сырласуда. «...
Талықтырған, сонда да талмаған көш! Таусылмаған көш!
Атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көш деген міне,

осы! Бəтшəғар-ай! Тынымсыз, толассыз осы көш болмаса
қазақ байғұстың өмірі құрдымға кетер ме еді, қайтер еді?...»
деп күрсінді. Күрсінген күйде Асылбекке қарап, əлдебір сыр
тартқысы келгендей:

– Осы көш толастап тоқтайтын күн бола ма, балам? – деді.

– Қайдам, əке! Көш тоқтаса көшпелі елдің тіршілігі тəмəм

болғаны емес пе?!

– Солай де. Ендеше көше береміз-дағы... Осы көшті кім

бастады, сонда?

– Бабамыз ғой, əке, солардан басқа бұл көш басында кім

болады дейсіз.

─ 8 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Рас, балам. Бірақ, бабаңның ішінде талай бабалар бар.

Өз басым осы Керей елінің көш басы Жəнібек атаң деп ой-
лаймын.

– Батыр атам сол бір құс ұшса қанаты талған, аң жортса

тұяғы тозған атышулы Арқадан неге безді екен?

– «Безді» дейсің бе? Олай деме, ұлым? Бабаң өз ұрпағын

ана жұрттан көшірсе де ата мекеннен адастырмайын деген
ғой.
Арқа бойы керей елі үшін он ай омыртқасын талдырған
ананың құрсағындай ыстық болса да Керей, Найман елі

ежелден Алтайдың арғы беті мен бергі бетін көктей өтіп,
күңгейін қыстап, теріскейін жайлап өткен. Аруағыңнан ай-
налайын Жəкең атамыз Алтайдан Арқаны кем көрді дейсің
бе! Ұрпағының өрісін кеңейте алмаса əке-əке бола ма? Соны

да болжамайсың ба?!

– Болжауын болжаймын ғой, əке. Сонда Алтай біздің

атамекеніміз болған ба?

– Иə, айттым ғой, Керей, Найман елі көктеп өткен деп.

Бұл өңірге қырғыздың да, ұйғырдың да кіндік қаны тамған
жер. Бəрімізге жат емес.

– Жəнібек бабам өзі қайда туды екен сонда?

– Бəрекелді, кеңестің басы осы ғой, балам. Біркез ке-

рей елі Арқаның жонын жалпағынан жауып жатқан. Сол
дəуірде батыр атаң туыпты деседі. Əкесі Бердəулет малға
бай болса да басқа тапшы екен. Бəйбішесі арғынның атақты
қаздауысты биі, шашасына шаң жұқпас жүйрігі, сауырынан

су төгілмес жорғасы – Қазыбектің кызы. Ұлға зар болған
қазақ жалғыз қатынды місе тұтушы ма еді? Жəнібектің тума
нағашылары үйсіннің Өмір, Дос батырлары деген сөз бар.
Бала көрмей зар болған ата-ана ұл туған соң қағанағы қарық,

сағанағы сарық болған шілдехана той үстінде Арғынның
шақшақ руынан шыққан, Қошқар ұлы Жəнібек батыр
қонаққа келеді. Жорықтан қайтқан жолы болса керек. Ел
де, батыр да марқайған. Қуанған ата-ана «ырым болсын»

деп аруақты батырдан ұлына ат қоюды сұраған. Тебіреніп

─ 9 ─

толқыған Шақшақ батыр: «Ер туса ел ырысы, күн жауса жер
ырысы демей ме? Етектен алған жау мынау, ерегескен ел мы-
нау. Ырымдап өз атымды берсем елге себі тиер ме екен. Əлде
аллаға асқандық болар ма? Сөйтсе де ел үшін деп еңіреген

ниетімді алла қабыл көрер. Өзімдей бір ел бастаған ер бол-
сын, найза ұстаған батыр болсын» деген ойын ішіне сақтай
отырып:
Керей деген елің көп,

Ел айналар шешен бол.
Жағаласар жауың көп,
Жауға шапсаң есер бол.
Ел ішінде дауың көп,

Жұрт алдында көсем бол.
Жабылған жауды жапырып,
Қаптаған жауды қайырып,
Шайқасқанда есен бол.

Жекеге шықсаң желденіп,
Кезегіңді бер десіп,
Жауыңның басын кесер бол.
«Əумин!» деп бетін сипап бата береді. Сонсоң ата-ана,

ағайын туысына қарап:

– Балпанақтай өзіне көңілім тойды,

От жалындай көзіне көзім тойды.
Тілім тасқа, тфу-тфу!
Жəнібек деп өз атымды қойдым.
Алла ниетімді қабыл көрсін,

Лайым тілеген тілегін берсін?!
Ат атандырып, сүйек сындырмасын.
Ат жалын тартып мінген соң бетін қайтармағын! -деп
тапсырған екен.

Қуанысқан ағайын, ырымдаған ата-анасы риза болып:
«Қырықтың бірі қыдыр деген. Айтқаныңыз келсін, ата-
еке!» десіп «Əуминдеп» бетін сипайды. Жəнібек əкеден
жас қалса да ақылдан бос қалмаған. Қабырғасы қатпаған

жас жиеніне жетімдік көрсетпейін деген Қазыбек би оны

─ 10 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қолына алып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай
өжет ғып өсіреді. Ат жалын тартып мінгеннен жылқышының
қосында, жақсылардьң қасында болған Жəнібек ақылы мен жігері
тең өседі. Жылқыны «соқса желдікі, қуса жаудікі» деп ұғатын ба-

баларымыз азаматтың мықтысын ақпанның дауылында, асаудың
жалында сынаған ғой. Жас Жəнібек те атпал азамат болғанынша
осындай талай сыннан өткен. Жасынан қарына қалқан іліп,
қолына найза ұстап, желдің өтінде, жаудың бетінде жүрген

Қазыбек шау тартып жасы егделеп, ел ағасы, би атанған
шағында əдеттегідей бір қыста салбуырын құрып, үйірдегі
жылқысын көріп қайтпақшы болады. Би түнделете жол
шегіп, жылқысына таңғы жусау кезінде жеткен. Атқосшы

мен қағушыларын қосқа жіберіп, жылқысын аралап əрбір
айғыр үйірлерін түстеп-түгендеп келе жатқан бидің көзіне
құм төбенің баурында бозқырау болып қаңтарулы тұрған
ат түседі. Қаракиіз кебенегін төсеніп, ат шылбырын жанба-

сына басып жатқан бір адамның қарасын байқады. Ұйқыда
жатқан жылқышының үстінен екі көкбөрі арлы-берлі секіріп
ойнап жүргенін көрген Қазыбек би əрі таңырқап, əрі жақсы
ырымға жориды. Жақындап келсе көкбөрі ойнаған ер-жас

жиені Жəнібек екен. Көңілі өсіп, аллаға шүкіршілік еткен
Қазыбек би:
Аруақты батыр боларсың,
Алысқан жауды аларсың.

Еліңді ел етерсің,
Ежелгі жерге жетерсің.
Егіз бөрің тұрғанда,
Екіленбей не етерсің?! деген екен.

Осыдан соң: «Жəнібекке аруақ қонған. Оның киесі көк
бөрі» деген лақап тарап кетеді. Батыр атаның киесі оңай
емес, балам...»

– Би атамыздың «Ежелгі жері» сонда, Алтай болғаны ма,

əке?...
Көбеш қарттың əңгімесін Асылбектің сұрауы бөліп
кетті

─ 11 ─

– Иə, ата-бабаңның аңсары ауған Алтай-осы. Атамекен

емей немене! Қайран Алтай-ай. Түбінде ат тағанында тозар
ма екенсің! ...Көбеш қарт ауыр күрсінді, Қабағын керіп, ұзын
қасын көтеріп алысқа қарады. Жайлау жұрттың бараны əлі
көрінбейді.

– Неге олай дейсіз, əке? Алтайдың бір жағы қыр, бір жағы

ой. Ертістің шөбі шүйгін, суы тұнық. Құтты мекен емес пе?!

– Иə, əзірше құт болмаса жұт болған жоқ. Бірақ, ескінің

бір кітабында шүршіт жұрты дүниенің төрт бұрышы, сегіз
қиыр шартарапты иеленеді дейді екен. Іргесі ұлғайып бара-
ды ғой бұл бəтшəғардың...

– Керейде Жəнібек бабамыздан асып ер туды ма, əке?

Кімді атар едіңіз.

– Əкеден асып ұл тумақ емес, балам.

– Неге?

– Əншейін солай. Бұл заман дегеніңіз азып отырады. Ат

қояндай, адам құмандай болады дегенді естуің бар ма?

– Бар, əке.

– Ендеше, азған заманның тозған ұрпағы елжіреп тумай-

ды, еңіреп туады. Берем деп тумайды, алам деп туады. Асса
қулығымен алады. Адамдығымен, адалдығымен аса алмай-
ды. Бұрын бір рулы ел бір ауыз сөзге тоқтаған. Енді бір елі
ауызды бір рулы ел болып жабудан қалдық емес пе, түге!

Азған емей немене. Осындай елден елдігі мол, ерлігі бар аза-
мат туар ма? Туса да мыңнан біреу ғана шығар.

– Мұнша неге түңілдіңіз, əке. «Ел болып ер туғызбай тұра

алмайды» деген қайда?

– Жаны ауырған тəңірісін қарғайдының кейпі ғой. Иə,

туар, тудырар, ұлым! Бірақ, Жəнібек бабаңдай ұл əр дəуірде
біреу ғана туар. Он үште отау иесі, он сегізде ел иесі деген
солардан қалған жосын...

– Жəнібек бабам елге ие болғаны мұнда ғана емес пе?

– Тəйт! Көсемсіп билік айту ғана ел иесіне лайықты

қылық емес. Ел басына күн туған шақта халық қалауына
жарасаң ғана ел азаматы болғаның!

─ 12 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Ендеше бабамның сол ерлігі жөнінде айтыңызшы, əке,

жол қысқарсын.

– Бабаң туралы əңгімені ермек үшін тыңдама, ел болу, ер

болу үшін тыңда. Сонда ғана бабаңның аруағы риза болмақ.

– Жарайды, кеш мені, əке?! Тек Жəнібек бабам туралы

анығын айтып беріңіз.

– Жəнібектің он төрт жасында елге жау шауыпты. Ол он

сегізде найза ұстап, атқа мініп, Абылай атаңның жасағына
қосылған. Казір сондай жастағы кейбір ұлдар əкесінің оң
жағынан шыға алмай жүрген жоқ па. Жəнібек жауға атта-
нарда нағашы атасы Қазыбек биден бата алуға барады.

Бұрын-соңды жауға шауып бұғанасы қатпаған жиенін аяп,
кібіртіктеген нағашы атасына:

– Алдияр ата. Ел шетіне жау тиді. Атадан бала айырылып,

ананың жүзін мұң шалды. Қарындастан айрылып, ағаның жаны
жараланды. Ел басына күн туған шақта от басында қалсам
ертең елдің бетін қалай көрмекпін?! деген екен батыр.

– Елге берген батаны сенен неге аяйын. Жасыңа жетпей

жау тілеген сұсыңнан сескенгенім ғой, дейді атасы. Сонда
жас батыр:

– Ата, он сегіз қандай жас?

Менімше мынандай жас:
Өзіңіздей ерден қалған жас,
Айқасқан жауды алған жас,
Ата дұшпанды жеңген жас,

Алдыға жаяу салған жас
Он сегізге келіп жетілмеді дейсіз бе?
Алдаспан қылыш кетілмейді дейсіз бе,
Желкілдеген тудан қалып,

Жер қайысқан қолдан қалып,
Жіп иірер қатын дейсіз бе?
От басын айналған,
Көбелектей көрдіңіз бе? – деп аттануға ыңғайлана беріпті.

Жиенінің алған бетінен қайтпасын аңғарған Қазыбек би
“қызбалықтан батамды алмай кетер” деп қобалжып:

─ 13 ─

Ау Жəнібек, тоқталғайсың,
Сөзіме құлақ салғайсың!
Қол басқарсаң жолың киелі болсын,
Ел басқарсаң сөзің жүйелі болсын.

Қырық шілтен аруағың қолдап,
Алла сүйеу болсын.
Ашу дұшпан, ақыл дос,
Ақыл қайрат серігің болсын!

Əумин! деп алтын тонын жамылып, алақанын жай-
ып, ақ батасын берген. Ата алдынан беті қайтпаған ер
анасының алдында қаймықса керек. Қаймыққан емес,
жалғызынан басқа алданышы жоқ анасын аяса керек. Бала

жүрегін сезінген ақылды шешесі ұлын бекіте түспек ни-
етпен:
Оқ қайтпас батырдың алдынан, қашқан сарбаздың арты-
нан тиеді. Оқ алдыңнан тисе, анаңның ақ сүтін ақтағаның!

Оқ артыңнан тисе анаңның қарызын жүктегенің! Еліңнің
ұлы екенің рас болса, желдің өтінде, жаудың бетінде бол.
Жолың болсын, бағың жансын!– деп ықласын беріпті. Əй
балам-ай, ана жолы ауыр, ақ сүті киелі!

...Əңгіме арасында Көбеш қарт тағы да тереңнен дем ала
күрсінді. Кезінде өзі де ту ұстап, қол бастаған батыр атан-
са да жүрегінде бір нəзіктік байқалғандай. Бүгін ақсүңгі
қарт болса да ана алдында əрқашан сəбидей екенін сезінді.

«Ананың арманын ақтай алмадым-ау!» деп көп өкінуші еді.
Мүмкін бұл күрсініс содан да шығар...
Көбеш қарт əңгімесін тағы да сабақтап, жалғастыра
жөнелді:

– Аруағыңа бас батырым-ай! Қандай да қанды май-

данда адамдығын жоймаған ғой. Кескілескен бір ұрыста
Абылайдың қасқа тұлпары қалжырап, шегінген сарбаздары-
на жете алмай, жау ортасында қалуға таяған. Нағашылары
мінгізген жүйрік көк дөненмен бір бүйірден құйындата жет-

кен Жəнібек:

─ 14 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ – Алдияр тақсыр. Арғымағыңыздың белі босаған екен. Менің атыма мініп сарбаздарыңызға жетіңіз! – дейді. Балаң жігіттің дөненін мінгеннен намыстанған Абылай: – Атың орамды екен. Сарбаздардың алдынан шығып, беттерін бері бұр! – дейді. – Тақсыр, көпке жүрер салауатым жоқ. Қолбасшы емес, қосшымын. Сардар емес сарбазбын. Шапсаң алдаспаның, сілтесең айбалтаң болайын! – депті. Қасарысқан от жалынды жастың алдында ат ауыстырудан тағы да намыстанған Абылай жауға ұмтылмақ болғанда көк дөненмен көлденең келген Жəнібек қылышын суырып алып: – Хан басыңды жауға қор қылғанша өзім кесіп əкетейін! деп тап береді. Сөзден ұтылып, ержүрек жастың қылығын мойындаған Абылай еріксіз тұлпарынан түсіп, көк дөненмен сарбаздарын қайтаруға құйқылжыта жөнеліпті. Осы қырғын соғыста Жəнібек батыр өз жолдастарымен бірге қаша соғысып, көп қарсылық көрсеткен. Жаудың беті қайтады. Қасқа тұлпардың қанжығасына екі қалмақтың басын байлаған Жəнібек əбден кешке ұлы қолдың артынан жеткен. Сарбаздар итарқа, абылайшыларын тігіп ұйқыға кетіпті. Жəнібек қасқа тұлпарды хан шатырының сыртына байлап, өз қосын іздеп кетеді. Таңертең қасқа тұлпар мен қанжығадағы қалмақ батырларының басын көрген Абылай: «Бекер адамның басы емес-ау деймін. Жаудың тауы шағылып, еңсесі түскен екен. Көк дөненнің иесін тауып келіңдер!» деп əмір етеді. Таңсəріден іздеу салып, қосындарды аралаған Абылайдың жігіттері керейдің қосын басыларын тауып жөнін айтады. Хан бұйрығын естіген Жəнібек: – Ханға дұғай сəлемдеңіздер! Үш тілегім бар. Соны орындаса ғана барамын! – депті. Жəнібек сəлемін естіген Абылай: – Бəрекелді, өзім де біліп едім. Отты жүректен орынсыз сөз тумайды. «Сендер не айтасыңдар, бас батырлар!»–деп ортаға ақыл салған. Жау жағадан алған күні бірлікті ойлап, жас батырды қолдаған кеңесшілері:

─ 15 ─

– Жарлық сізден ғой, тақсыр! «Жақсыны көрмекке,

жібекті кимекке» деген. Жас батырды көрейік. Ел бағына
туған ұлдың бетін қайтармас болар! дескен. Керейдің қосын
басыларын ертіп Абылай алдына келген Жəнібек иіліп: «Ал-
дияр тақсыр, алдыңызға келдік» деп сəлем береді. Көзі отты,

көңілі сергек, шиыршық атқан жас батырдың көркі мен
мінезіне риза болған хан:

– Жауды аларыңды жауар күндей түнерген түсіңнен,

алған бетіңнен қайтпайтыныңды ашуыңнан біліп едім. Ел
үшін туған ер екенсің. Тілегің болса төрт қара көз түгелдей
отырғанда айт қазір?! – дейді.

– Тақсыр, айт десеңіз үш тілегім мынау:

Керей деген ел боламыз. Ер Қосайдың еліндеміз.
Сарыарқаның беліндеміз. Ел десеңіз ел қатарына қойып, оң
тізеңізден орын беріңіз?!

– Бердім тілегіңді, Керей елі оң қанатым болсын. Келесі

тілегіңді айт!

– Келесі тілегім: Сарбазымды жиып сардарымды сайла-

сам деймін. Бұл тілегім егер орындалса ұлы қолыңның да оң
қанатында жүрсем деймін?

– Тілегің қабыл, мұратың асыл болсын! Енді соңғы тілегің

не? Сардар сайлап, жасақ жасағанда ұстайтын туымды
белгілеп беріңіз. Түскен төбеме, шыққан тауыма қадайын.

– О да болсын. Бердім барлық тілегіңді.

Абылай сарбаздарын жинап, ру-рудың қосын басыла-
рын топ алдына шығарды. Кере құлаш ақ жібек туды үш
құлаш, қаратамақ найзаның алқымына байлап, қызыл сары
шашақ тағып Жəнібектің қолына ұстатты. Астындағы

мейіздей қатқан көк дөнені жер тарпып, шиыршық атқан
Жəнібек батыр сауытының сыртынан ақ жамылтқысын
желге желпілдетіп, ақ туын көтеріп, сарбаздарының ал-
дына келіп, қайта айналып ханға қарап тұрды. Керей

сарбаздарының маңдай алдында Жантай мен Байтайлақ
батыр бар. «Ие аруақ! Ие аруақ! Аруақтың алдында ант
етеміз! Жəнібектің айтқаны-айтқан, сөзі-сөз! Алды-

─ 16 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

нан кесе өтпейміз. Ел намысын жоқтаймыз! Артыңнан
ердік, хан тақсыр! Ант етеміз!!» десіп, бүкіл керей елі
болып Абылай атаңның артынан ерген тарихы осылай.
Аруағыңнан айналып кетейін қайран бабалар-ай! Сол ақ

туыңның астында біріге аламыз ба, жоқ па, кім білсін?
Кейінгі жастардың ұсбыты жөнсіз. Қотанға тышарлар
көбейіп кетті, Асылбек қалқам. «Əкеден ұл тумақ болар,
əке жолын қумақ болар» деген ата жолын аттамай жүр!-

деді Көбеш қарт баласына, əңгіме арасында. Қартайған
шақта əлде небір ой əке көңілін мазалағанын сезген Асыл-
бек əлі де белі бүгілмесе де баршындап қалған əкесін
іштей аяп кетті. «Ел қамы ғой ойлағаны. Қайтсін-ай!» деді

ішінен. Сонсоң оның көңілін сергітпек болып:

– Əке, сіз өзіңіз сол ата жолын қудыңыз ба? – деді.

– Ата салтын бұзып, аруаққа шет болған жерім жоқ! Асып

айтсам алла кешсін? Ел қамы үшін сақалым ағарғанша ат
үстінен түскем жоқ, балам! Шыным осы!
Ол сөзін шын сеніммен нығыздап, бекітіп айтты. Көш
қарасы алыстай түскенмен көш алдындағы ауыл ақсақалдары

жақындап қалған екен. Көбеш батыр Көктеңбілді сипай
қамшылады. Басын шұлғып, ауыздығын шайнаған көкжорға
жұмсақ бүлкілге салды. Асылбек атын тебініп, əкесінің
қатарынан қалғысы келмеді.

ІІ – Əке! – деді Асылбек. – Сол ақ тудың астында ант еткен қазақтың көбесі неге сөгіліп кетті. Əлде біздің бабамыз елдіктің, бірліктің туынан айрылып қалды ма? Үш жүздің хан мен билері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарса қазақтың қамалын ешбір жау бұзар ма еді? – Иə, қарағым. «Қазақтың жауы өзінде» деп Бұқар жырау неге айтты дейсің. Қамалға сырттан от ала жүгірсе, іштен шоқпар ала ұмтылдық қой. Бірақ, бұл үшін Жəнібек бабаңды жəбірлеуден аулақпын. Керейді ел қатарына танытқан да, ел-

─ 17 ─

ден іргесін бөле көшкен де сол бабаң. Бұл сұм жалған ба-
баларды шарасыз мəжбүр еткен. Көш көшіп, керуен өтіп,
ізі тозып қала ма деп қорқамын. Мінеу ауыл арасының
ақынсымақтарына айтып едім. Əлі бір жыр жаза алмай жүр.

Көзі ашық, көкірегі ояу жастардың ойында жүрсін дегенім
ғой, қарақ. Сенің де есіңде болсын.

– Жарайды, əке. Осыны жырға түсіретін бір ақын табылар

Жəнтекейден.

– Содан бері екіден үш ұрпақ өтіпті. Аз уақыт па? Енді

міне мен-дағы ескінің соңы сияқтымын.

– Онда жаңаның басы да боларсыз.

– Жоқ, балам! Бірімен бірі ұқсас, ұйқас бір дəурен өтіп

кеткендей. Бір дəурен-бір дəуір деген сөз. Ендігі дəуірдің
нарқы басқа, нышаны өзгеше сезіледі. Жер өспейді, ел өседі.
Ендеше жер көшпейді, ел көшеді. Əйтеуір бір көштің бары
айқын. Жылқышы үкірдай сəлем айтқан екен. Жайлауға елді

қондырған соң өзіңді ертіп барамын. Ел азаматтарының сөз
нарқын өз құлағыңмен тыңда...

– Сонымен, бабалар көшінің аяғы не болды, əке?

Көш аяғы дейсің бе? Мен көш басынан бастағалы келемін.
Жəнібектің атағы жер жарып, Абақ керей ел болған кезде
Шақабай, Қаптағайлардан кейін оның бас сарбаздары Жан-
тай мен Байтайлақтар болған ғой. Бірін оң қанатына ұстаса,

екіншісін сол қанаты болдырған. «Сабасына қарай піспегі»
дегендейін заманына қарай ері болған ғой. Ел басына күн
туған сол заманда ұлдар ерте ержетіп, қыздар жастайынан
бой түзеген. Батыр ағаларыңның ізін баса Шұбаш, Қотырақ,

Қырбас, Көбеген сынды ерлер атқа мініп, найза ұстаған.
Көш басында болған да солар.

– Қотырекең өз атамыз ғой?

– Иə, Жəнтекейден Қотырақ, Жəдіктен Жантай, Шерушінің

Құтымбетінен Байтайлақ, Бақатынан Көбеген, Саңырауынан
Қырбас батырлар ұрынарға қара таппай жүрген заман ғой.
Қазақ даласын қанға бояған жоңғарларға да бір зауал бол-
са керек. Біржағы қазақ жасақтарының тепкісіне шыдама-

─ 18 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

са, екінші бүйірден Манж өкіметі қысып, өзара алауыздық
дертке шалдыққан Жоңғар хандығы құлаған соң қазақ елі
де мамыражай тыныш өмір кешіп, ежелгі жерін көксей
бастаған. Қалмақ пен орыстың қатты тепкісі өткен кіші жүз

хандары орысқа қосылып тынышталды. Қазақ хандығының
шаңырағын шайқалтқан осы оқиғаға Жəнібек батыр на-
разы екен. Бодандықты ар көріп намысы құлаған батыр ел
іргесін орыстан алыстатып, Алтайға көшпек болған. Осы

ойын ортаға салу үшін Керейдің игі жайсаңдарының бəрін
ордасына шақыртады. Кеңеске тек Қотырақ батыр ғана
межелі уақытында келмейді. Қыңыр мінез батырдың қыры
сүймеді ме, əлде қыр көрсету үшін кешікті ме, кім білсін.

«Батырлықтың бір белгісі тасырлық» дегендей жиын тарауға
жақын қалғанда тасыр-тұсыр Қотырақ батыр баса көктеп
кірген. Тура мінез батырдың сұсынан сескенген үйдегілер:

– Төрлетіңіз, Қотыреке, төрлетіңіз! – деседі. Орынсыз

қолпаштауды жаны жақтырмайтын атамыз:

– Ие, қорыққаныңнан Қотыреке дерсің! «Есіктен орын

тисе төрге ұмтылма» деген, – деп босағаға отыра кетеді.
Қотырақ атамыздың сол сөзі ел арасында бүгінгі күнге
дейін тəмсіл болып кетті. Төрдегі сый адамдардан қысылған
Жəнібек:

Елден ұялам бетімді көреді,
Қатыннан ұялам етімді көреді.
Тентек өзіңдікі болған соң амал қанша.
Өз қолыңды өзің кесетін емес!-деп сыпайы ғана сөзбен

Қотыраққа деген ренішін бүлк еткізген. Бірақ Қотырақ өзі
аға тұтатын Жəнібектей батырдың шешімін бұза алмаған.
Жəнібек Керейдің іргелі руы Жəнтекейдің Сүйіндік деген
атасынан тарайтын Сары ұрпағы Бердəулеттің ұлы, Енде-

ше Қотырақ та Жəнтекейдің Базарқұл руынан тарайды. Ары
айтса екі батыр аталас, бері айтса аға-бауыр. Сол жолы ке-
рей батырлары Жəнібектің пікірін қош көрген. Осыдан кейін
Жəнібек батыр: «Елімді тар түптен кең түпке көшіремін.

Ел іргесін бұзды демей рұқсатыңды бер?» деп тілейді Абы-

─ 19 ─

лайдан. Халқының бір жартысы Орысқа өтіп жатқанда
екінші бөлегі Жоңғар жеріне көшуіне наразы болған хан:
«Керей он екі рулы ел болған соң ғана өзіне өзі қарасын!»
деп əмір етті. Керей ол кезде он рулы ел екен, Абылай бір

жол жалтаруға осыны сылтау етеді. Жəнібек оған да қарсы
амал іздеп бақты. Жəнтекейдің жалғыз қызы Былқылдақтан
туған Жиеншораны, екі ұлы Құлтай, Болатпен бірге көшіріп
алады. Екі ұл екі ауыл атанды. Жəнібек бірер жылдан соң

Абылайға: «Керей елі он екі руға толды» деп тағы да көшуге
қолқа салады. Ырың-жырың болған елінің кейпіне кейіген
Абылай хан Жəнібекті ордасына шақыртып, бөліне көшпек
ниетінің жөнін тағы да сұрады. Хан жауабын неше жыл

күтіп шираған Жəнібек:

– Кіші жүз кəпірдің қолында кетті. Хан ием, халық қамын

ойласаң соларды неге бөлесің. Мен Орысқа елімді бодан
болдыра алмаймын! «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтірер»
деген қайда. Жоңғардан қашып, Орыстың қойнына кіргенің
қорлық болды. Керейдің ұрпағын өйтіп тоздыра алмаймын,

Алсаң басым мынау, əйтпесе ризашылығыңды бер?!–деген.
Сөзден тосылған Абылай хан алтын тонын иығына таман
көтеріп, батырдан сабыр тілеген соң:

– Əй батырым-ай! Жүген-құрық салғысыз асаусың-ау.

Еркін самғаған даланың түзісің ғой ə! Басыңа сар ноқта
салғызбаймын дегенің жөн-ақ. Орыстан қашып шүршіттің
тырнағына ілінбеймісің? – деп сұрады.

– Ілінсем обалым өзімде. Жоңғар хандығы болса күлі

көкке ұшты. Балта көтергенше дөңбек жол табады, тақсыр.
Ойрат хандығы бас көтергенше Орыс пен шүршіт, Арқа мен
Алтай арасында бір көсіліп қалайын. Пиғылыңды бер деген
тақымдап. Хан ақырғы рет тағы сауал қойып:

– Ақ ту астында біріккен ел іргесін сөгіп, атамекенді та-

стап кеткенің күнə болмай ма? Ұрпағың алдында айыпты
боларсың. Оны да ойлан, деп ескерткен. Сонда Жəнібек:

– Алтай атамның ежелгі жері. Қашаннан аңсарым ауған

өлке. Ұрпақ тағдыры десең мен сізден кем ойлаған жоқпын.

─ 20 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Орыстан оқ бойы болса да оңаша ұстасам дінім мен тілімді,
ұлым мен қызымды қорлатпаспын деп ойлаймын, деген.
Батырдың алған бетінен қайтпайтынын ұққан Абылай амал-
сыздан көнген.

Жəнібектің жүрегінде мұз болып қатқан тағы да бір
салқын сыз бар-ды. Ағайын арасының ол сөзін батыр бұл
жолы ханға айтуды орынсыз көріп, “Бас жарылса бөрік
ішінде” деп тынды. Ол жер дауы. Ел өссе де жер өспейді.

Күнделікті тіршілік қамынан ағайынның күнде күңкіл-
кикілжіңі де таусылмайтын. Шыңғыс тауы мен Бақанас,
Көксаланы айнала көшкен Арғын, Найман, Керей, Уақ
руларының өріс-қонысы да тарыла бастаған. Азғана Абақ

керейді шет көре бастаған үлкен рулардың да қыспағы аз
болған жоқ. Көзге шыққан сүйелдей азғана Абақ қайда
барса да көсеу-түрткіден құтылмады. Осыдан ба, көңілін
кір шалған Жəнібек батыр қайтып жібімеді. Көкірегін

намыс пен реніш кернеген Жəнібек жасында жауынан
қайтпаса, жасамыс шағында хан мен бидің қақпайынан
жасқансын ба! Хан Абылайдан рұқсат алған соң азамат-
тарын сайлап, атан түйелерді қомдады. Жиенінің жат

мінезін естіген Қазыбек би: «Морт үзілсе, жалғанбас. Өрт
лауласа сөнбес. Батыр алған бетінен қайтпас. Нағашы ата-
сына келіп кетсін деңдер. Шақырды десе шамырқанар.
Дəм-тұз татып аттансын деңдер!» деген сəлемін айтқызды.

Айтқанындай «Дəм-тұз» дегенге жығылған Жəнібек батыр
қарт бимен қоштасуға келеді. Би де кішілік етіп үй сыртынан
тосып алған. Ақ сақалын төгілтіп, ақ қабағын жабылтып, ал-
тын тонын желбегей жамыла салған Қазыбек би алдынан

шыққанда сөзден ұтылып, жолдан тұтылған батыр айбыны-
нан қайтса да адуын мінезін қоймай:

– Күлдіреуішің қисық болса да түтінің түзу ұшқан екен,

үйіңе кірейін. Атам тумаса да анамның шыққан шаңырағы
ғой. Дəм-тұздан асып қайда барамын. Бастаңыз, нағашы ата,

– деп Қазыбек бидің соңынан ерген. Жəнібек батыр қона жа-

тып, ертеңінде аттанарда, Қазыбек би:

─ 21 ─

– Бармасаң алыстайсың. Бермесең алыспайсың. Ата

мекенің Алтайда болса да, ана жұртың Арқада. Жыл ай-
ланып жаз да келеді. Жазғытұры отына қаз да келеді. Ескі
жұртыңа, ел арасына келіп-кетіп жүр. Ұрпақтарды жат қылып
жіберме,– деп ықылас батасын берген. Батыр бабамыз сол

көшкеннен мол көшіп, Қалбаға келіп ат басын бірақ тартқан.
Елдің алды Алтай, Тарбағатайға жетеді. Жоңғар хандығы
құласа да жергілікті жеті ру ұранхай, дөрбет, торғауыт
төрелерінің тосқауылы күшейеді. Оған да төтеп берген ба-

тыр Ақтаудың асуын жасап, жазда ел асырып, қыс пен күзде
мал отарлап, өрісін кеңейте түскен. Ақтаудағы Жəнібек асуы
содан қалса керек. Кейін найман-қаратай ауылдары мекен-
деп кеткен. Бірнеше жыл өткенде Алтай, Тарбағатайды жай-

лап, Ертістің басқы сағаларын күзеген Абақ керей ол өлкеде
қыстап та қалатын. Құлашын кең жайған батыр қасына
қосшы ертіп, қос атпен Сауыр, Жайыр, Боғда, Еренқабырға,
Құмылға дейін жер шалып, торғауыт елімен қой қоралас,

ауыл аралас бола бастады...
...Көбеш қарттың əңгімесі аяқталмаған еді. Бірақ, əке мен
бала көш түсетін жазғы қонысқа келіп те қалған. Жайлаудың
соны өрісіне жеткен малдың арқа-басы кеңіп, жасыл

балаусаға тұмсығын құныға тыққан. Кеше келген ақтылы
қой, алалы жылқы төскейде бытырау-тарау жайылып жүр.
Бейне бір төр алдына шаша салған, алалы-құлалы асықтай.
Көбеш ауылы жылдағы ескі жұртына қонады. Желі

тартылып, бие байланады. Жүк түсіріліп, үй тігіледі.
Онда қарт батырдың шаруасы жоқ. Көктеңбіл жорғасын
бүлкілдетіп малын аралап, əдеттегіше ауыл сыртын
қыраттан болжайды. Үй тігіліп, ас-су дайын болған соң

келеді. Кешке сауықшыл жастарды шақыртып алады да
түн ортасы ауғанша əн, күй шырқатып, сауық сайран са-
латын əдетіне басатын шығар. Жайлаудың жаңа қонысына
келген жастар, сал сері топтар майрағайда тайрағай бола-

ды. Əкесінің əдеттегі осы қылығы Асылбектің көкейінде
сайрап тұр. Ол үлкен үй тігілетін көкорай шалғын ескі

─ 22 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ жұрттың орнына жете бере атынан секіріп түсіп, көктеңбіл жорғаның шылбырынан ұстай берді. Көбеш қарт аттан түсуге ыңғайланғанда Асылбек əкесінің қолтығынан сүйеді. Асылбек екі аттың тізгінін қаңтарып, аяқ тарын тұсағанда, күтуші азаматтар да жетіп үлгірген. Біреуі атқа бөктерген масаты көрпені жасыл шалғынға жаюға асықса, келесісі қанжығалаған жан торсығын шешумен əуре. Жасыл балаусаның дымқыл исіне бойы сергіген Көбеш қарт ерні кезеріп, шөлдегенін енді білді. Көш бойы кеңестен аузы босамаған қарт күтуші жігіттің ұсынған шара толы салқын қымызын жұтуға асыққанның белгісіндей жұтқыншағы бүлк ете түсті. ІІІ Жаңа жұртқа қонған ауыл абыр-сабыр. Түйе бақырып, сиыр мөңіреген. Қатын-қалаш шаңқылдап, үй тіге алмай, үзік көтере алмай əуре. Көбеш батыр отыратын сегіз қанат ақ орданың уығын қолы жетпегендер ат үстінен шаншып тұр. Кешікпей ауыл қонып, үй тігіледі. Ас пісіп, шай қайнатылады. Көбештің шаруасы онда емес. Ол көктеңбілді тайпалта төскейдегі малға қарай аяңдады. Қарттың көзі қырда, ойы мүлде алыста. Жəнтекей руының бір шеті Қарақас, Молқымен қанаттас, Бала Ертіс пен Қу Ертіс басында жатыр. Өз ауылы Қара Ертістің үлкен саласында. Қыранды өрлей Шеруші ауылы қонған. Ертіске сол бүйірден қосылатын оннан астам өзен, өзен басы сай-сала мал мен елге лық толған. Сайрамнан Сауырға, Арқадан Алтайға, Қалбадан Құлжаға дейін құлаш жайған қазақ ауылдары күзгі өртше қаулап барады. Олардың ішінде Найман, Уақтар да бар. «Көріп кел қайран бабалар-ай! Қаншама алысты болжаған. Бабалардан қалған ұлан-байтақ осынау атамекенге ие бола алар ма екенбіз? Сиысармыз ба? Жер тарлық көрсетпесе де ел іші тарылып барады, білем! Малдан басқа тіршіліктің көзі жоқ, көшуден өзге əдеті жоқ сахара мен сандал арасында өскен бұл қазақ қайда барып тоқтайды. Керейдің керуенін бастаған

─ 23 ─

қайран Жəнібек бабам-ай! Өзіңдей ұл қайта туар ма, əлде
жоқ па? Əй, қайдам?! Төскейдің өр кеудесінен жаңа жұртқа
қонып жатқан ауылын бір шолып, алысқа көз жіберген
Көбеш оймен оңаша тұр. «Керейдің керуені» дегені онсыз да

мəлім. Қарт батырдың: «елді-ел болдырған», деп күрсінуінің
ар жағында үлкен сыр бар-ды. Онда өз алдына ел атанып,
шаңырақ көтерген Керейдің кешегі елдігі мен ерлігі, бүгінгі
мұң-мұқтажы жасырынып жатқан. Атам-қазақ көшіп қонған

ауылды, қос-қостан сабылған қосшы-қолаңшыны, қос ат
мінген жолаушыны ел демейтіні белгілі. Халық бастаған
ханы бар, төбедей төресі, білгір биі бар, сайланған сардар,
сансыз сарбазы бар, өз алдына ұйымдасқан бір қауымды

«ел» атаған. Ендеше Керей жұрты кеше ғана сондай ел еді.
Көбеш ақсақал көңілінде соны пайымдап, бүгінгі күндері
сол дəстүрді сақтап қала аламыз ба, жоқ па? деген сауалға
тіреліп, қарт қабырғасы қайысып тұр. Ол: «кеден-кеден бо-

лып, керек неден болды?» дегендей Керей қалай ел болғанын
толғап, Көгедай заманына көз жіберді: «...Жəнібек батырдың
бірі оң, бірі сол қанаты болған Байтайлақ пен Жантай ба-
тыр ерте дүние салды. Одан кейінгі батырлардың да қатары

сиреп қалған. Қарт Жəнібек қанатынан қайырылып, тұғырға
қонған сонау шағы екен. Жақыннан жау іздеп, жағасынан
алысқан Керей елі тозығы жеткен кіреукедей күйі бар-ды.
Ел адамдарының бас араз, бақталастығына жаны күйіп,

халқының қамы үшін қабырғасы қайысқан қарт батыр
тұйыққа тірелген. Қызғыштай қорып Шыңғыстан Қалбаға
жеткізген елі ұрынарға қара таппай, ыдыраудың аз-ақ ал-
дында. Көп толғанған Жəнібек батыр ел адамдарымен

ақылдасып,бір жол тапқан. Ол: «төресіз ел, төбесіз жер бол-
майды. Төре тұқымынан Керей елін билейтін ұлық əкелейік»
деген келісім еді. Керей игілері сол мəміле бойынша Тауа-
сар би бастаған ел адамдарын орта жүздің Əбілпейіс ханына

аттандырған. Тауасар би Жəнтекейдің шөбересі Қазбектің ба-
ласы. Есеғасы мен Қазыбек Жəнтекей немересі Сəмембеттің
тоқалы Баданнан туады. Қазбектің жеті ұлының үлкені Та-

─ 24 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

уасар да ортадан озып туған, шешендердің бірі. Қырықтың
қырқасында əке орнын басқан. Əбілпейіс хан ел адамдары-
на ақыл қосып бəйбіше мен тоқалына сөз салып, «Керей
елі елдігін сақтап, қолтығыма кірейін деп тұрғанда бетін

қақпайық. Төреден ұлық қойса ол ел бізден бөлініп қайда ба-
рады. Бауырыма тартайын» деген. Хан керей еліне бас бола-
тын төре тұқымына кісі іздеп қиналады.Бір ұлын жіберейін
десе бəйбішесі көнбейді. Бəйбіше ханым кіші жүздің ханы

Нұралының қызы, Бөкей ханның емшектесі. Ол үлкен ұлы
Жанайды 14 жасында тума еліне төрелікке жіберген. Енді
тағы бір ұлын жат елге жіберуге наразы болды. Əбілпейістің
келесі əйелдері Қалмақ қызы Чаған мен Қарақалпақ қызы

Өзбикеден туған ұлдар Арғын, Найман елдерін билейді.
Тоқалдан туған ұлдар бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған.
Сөйтсе де хан: «жас болса да бас болар» деп тоқалы Тұмардан
туған он екі жасар Көгедайды таңдайды. Кеңесші санатта-

ры да мақұлдайды. Тек Тұмар ханымды ғана көндіру керек.
Тұмар ханымның төркіні қырғыз-ды. Он екі үйлі қырғыз құл-
күңдерімен өз алдына бір төбе ауыл атанған. Əбілпейіс хан,
тоқалы Тұмарды айттырған жолда сəуесіне бір нəрсе көрініп,

қойнына көктегі ай келіп кіреді. Келесі жылы Тұмар ұл тауып,
атын əдейі ырымдап, Көгедай қойған. Ол жасында екі бауы-
рын екі қолтығына қысып шалқасынан ұйықтайтын. Ұлының
қылығына сүйсінген хан əке: «Дəу де болса ақылды анасы-

на тартқан іші жылы, бауырмал боларсың ба?» деп ойлаған.
Осынау ұлын жат жұртқа жалғыз жіберуге қимаған Тұмар
ханым: «Керей елі сізге айланса, ұрпақтарыңыз да ұзамас.
Екі інісі Сəмем мен Жабағы Көгедайға серік болсын. Алып

қалмаңыз? Қабырғасы қатпаған ұлдарыма ақылшы болайын.
Мені де қиыңыз, тақсыр. Қоса жіберіңіз?» деп өтінген. Хан
ақылды тоқалының тілегін екі етпеген. Он екі үйлі қырғыз
күтушілерімен қоса Тұмар ханымды керей еліне көшірген.

Жəнібек батыр Арғын, Найман, Уақ, Керей елінің игі,
жақсы ел ағаларын шақырып, он екі жасар Көгедайды ақ
киізге отырғызып, Қалба тауына шығарып хан көтерді.

─ 25 ─

Керей елінің ішіндегі ала ауыздықты жақсы білетін
Жəнібек батыр тағы бір амал ойлап, Көгедайды билікке
төселіп, жасы он сегізге жеткен соң, яғни 1790 жылы
Бейжиндегі Чин патшасы Пиа-пуңға аттандырды. Ондағы

ойы: Чин патшалығының құзырына қолдатып, шен-
шекпен бергізіп, абырой-атағын қосып, айбарын көтерсе
керейдің азуы алты қарыс бай мен билерінен қорғаштай
алады. Əрі хан айбарын анадайдан көрсетіп, халқын бере-

кеге шақыру жөні осы деп түйді. Қарт батырдың талайы
өсіп, тасы өрге домалап Чин патшасы Көгедайға «гүн»
атағын берді. Көгедай жыл сайын сар ноқтаға ат байлап,
Чин патшаға салық төлеуге келісті. Бұл керей тарихында

«сары ноқта салығы» атанды. Көгедай ханның төңірегіне
Жəнтекейден Боранбай, Жəдіктен Байғазы, Қарақастан
Майқан, Молқыдан Жанторылар би сайланды. Керейдің
ықпалды төрт руынан сайланған төрт би алғашқы төрт

орынға осылай ие болды. Керейлер Көгедай мен төрт биді
«Хан мен төрт орын» деп əспеттеген. Саны аздау Шеруші
руы ұлық қасындағы биліктен шет қалса да Шұбаш батыр ел
сөзіне килігіп жүрді. Көгедай тұсында керей елі құлашын кең

жайған. Алтай, Тарбағатайдың күңгей бетін жайлаған ел За-
йсаннан Ұлыүңгір көліне дейінгі жалпақ даланы басып, Сауыр,
Жайырға жетті. Ханнан кейінгі мұрагерлер заманында елдің
алды Майлы жайыр, Баркөл, Құмыл, Боғда, Еренқабырғаға

дейін сілтеді. Талайы асып бетін ешкім қақпады. Ханның
мəртебесі жоғарлап, елдің мерейі өскен сайын қарт Жəнібектің
көңіліндегі күдік ортая түсті. Көгедай Чин– патшасынан шен
алып, төрт орын төрт би сайланғаннан кейін екі жылдан соң

Жəнібек батыр дүние салды. Бірақ жақынын жатқа, елді елге
танытып, Абақ Керейді іргелі ел болдырып кетті...
* * *
...Көкалалы көп жылқысын бір шолып, тау басынан

Көбеш қарт еңкейгенде күн батуға арқан бойы қалған екен.

─ 26 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Ол көктөбелдің тізгінін тежеп, сегіз таспа бұзау тіс сарыа-
ла қамшысын бүктей ұстап, аяңдатып келеді. Үй сыртын-
да үшкіл, төрткіл жер ошақтар қазылып, тайқазандар
қойылған. Əрбір ошақтан көк түтін будақтап, батар күннің

шұғыласымен ақшыл, бозғылт, сарғыш өңге боялған.
Жаңа жұрттың «ақсарбасы» сойылатынын Көбеш қарт
біледі. Мүмкін бата істеуге ауыл азаматтары қарт батыр-
ды тосқан шығар. «Иə, елді ер танытады», «Еріне қарап

елін таны» деген қайда. Бұл Керейді танытқан Жəкең бабам
ғой» деп күрсінді ішінен Көбеш қарт. Ол ойын тағы сабақтап
келеді... Атағы жер жарған аруақты батырдың өлімін Керей
елі үш жүзге үш жылға дейін естірте алмады. Əттең дүние-

ай десеңші! Қорғаны құлаған ел кейпі ме? Қорғалап қалған
заманы ма? Кім білсін. Айнала қоршаған торғауыт, ұранхай
елінің сұсынан сескенген қылық қой. Жəкең батырдың
көзі тірі болса бұл ел осынша бұғар ма еді? Өлім ескіріп,

қоршаған дұшпанның көңілінен ұмыт болған соң, үш жылдан
кейін Көгедай хан үш жүзге сауын айтып, Жəнібек батырға ас
берген.
Біреудің қабағына қарап өскен кірме ұлдай ел шетінен

бөліне көшкен рудың кейпі осы ғой. «Бөлінгенді бөрі ала-
ды» деген осындайдан шықса керек. Сол бабамның басы со-
нау Қалбаның Қызыл суында қалды. Елге басалқа, жауға ай-
бар болған қайран бабамыз сонда да асып-тасып аллаға шет

болмаған. Қанша жауды алса да оны батырлыққа санамаған,
жеңімпаздықты ақылдылық деп көрген. «Құдай берген
жанды құдай өзі алады» деп, «жігіттің ерлігі-саспайтын
салмақтылығы, ер қайраты-қайтпайтын қайсарлығы» деп

қиын қыспақ сəтте көпке ес, елге қорған болған сабазым-ай
десеңші! Дұшпан болса да қапыда алмаған. Ұран салып, ке-
зек күтіп күрескен адалдығыңнан, адамдығыңнан айналай-
ын! Біздің бүйтіп дүрдей болып жүргеніміз сол атамыздың

аруағы ғой. Өлі разы болмай, тірі байымас деген. Бүгінгі
көкқасқаға құран оқытайыншы... деп ойлады, Көбеш қарт.
Ол іштей əлдебір аят, ықлас бата сөздерін қайталап, өзімен-

─ 27 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ өзі күбірлеумен келеді. Қабағы қатыңқы, көбелек қанат қасы мен ақ кірпігі салбыраңқы. Ашаң жүзі кешкі мезгілдің сəулесімен сұрғылт көрінеді. Қарт көктеңбілмен жорғалатып ат ағашқа таяғанда немере ұлы оны аттан сүйеп түсіру үшін алдын орай жүгірді. АТАМЕКЕН І Бұлт арасымен қалқыған күн тау басына қонуға да тақаған. Төбедегі қатпар-қатпар қошқыл бұлттар қоюлана түсіп көк бауырдай бедірейсе, жамбастаған қоңыр ала бұлттардың бауыры алаулап өртеніп жатқандай. Күн нұры шалған аспан жиегі алтынның буына суарылған ақ күмістей. Батар күннің нұрына малынған аспан əлемі неше алуан құбылады. Қақтаған ақ күміс, сары алтын, қызыл күрең жез, сарғыш мыс, қоңырқай қола, қарабатпан темір.. . Бір сəтте сан алуан құбылған бұл дүние Жылқышы үкірдайдың көз алдында іреңі қашып, барандап барады. Тыным-толассыз, күйкі-күйбеңге толы кешкі ауылдың тыныс тіршілігі де өзгеше. Алақақта қыстап, Ертіс бойын өрлей көшіп, Шірік шидің бойында қой қоздатқан үкірдай ауылы Қыран бойына бір дамылдап, тіреме асудағы жайлауына жаңа қонғаны осы. Оншақты үйлі үкірдай ауылының сырты уда-шу. Соңғы сауыны бітіп, жаңа ғана ағытылған мама биелер керіліп созылып бой жазғаннан кейін қырға тартты. Күні бойы байланған құлындар енесінің емшегін құмыға сорса да жебей сауылып, желі бойынан жаңа өрген биеден не шықсын. Əккі биелер қажыған сыңай көрсетіп, өз құлынынан өзі жерігендей, тістеп-теуіп жолатқысы келмейді. Торы айғыр мойнын жерге салып үйірін үстіртке қарай қайыра жөнелді. Ол жылқыға ерген азбан, мініс аттарға əредікте тап беріп, қуып жеткенінің сауырына тісін бір батырып алады да, алыстатып тастайды. Жалы желкілдеген торы

─ 28 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

айғырдың айбар сұсынан сескенген аттар анадайда топта-
нып, адырая бір қарайды да жылқы баранынан айырылмай
ілеседі.
Балалардың тізген асығындай желі-желі етіп қосақтаған

қойдың артындағы əйелдер де мезгілмен жарысып, анда-сан-
да қойдың желініне сарт еткізіп, күрпілдете түседі. Қосақтар
да əртүрлі. Қораның басынан аяғына дейін, ұзыннан ұзақ
созылған ауқаттылардыкі екені айтпаса да белгілі.

Ал, қора аяғындағы қораштауы қойшы-қолаңшылардыкі.
Бірақ, ол да өз дəулеті емес. Жазғы бір-екі айға сауынға
алған бай мен бектің малы. Солардың қатарында шүйкедей
ақ кемпір отыр. Ауыл жастары оның аты кім екенін де біле

бермейді. «Ақ кемпір» деседі. Жалғыз ұлы Байқозы осы
үкірдай ауылының жылқышысы. Ақ кемпір өзіне бұйырған
шағын сауынды бұрынырақ бітірді де ұлық үйінің ұзыннан
ұзақ қосағын аяғынан өрлете сауысты.

Кешікпей қосақтар да ағытылып, төбе басындағылардың
«айдалаған» дауыстары кешкі ауаны жаңғырта көтерілді.
Қораға таман жарысқан қозы-лақтар ылаңғада болып ауыл-
ды басқа көтеріп, ұлар-шумен шұбырып келеді. Бастыға бер-

меген асау тайдың мойнына қағып, тепектеген қозышы бала
да қозы аяғын жинай ауылға асыққан. Енесінен адасып жағы
сембей маңыраған қозы-лақтар ылар-шу. Ауыл сырты азан-
қазан. Қой шетінде қозы-лақтарды табыстырған қойшы-

қолаңшы, үлкенді-кішілі адамдар. Бұл жақта ит-құс қатты.
Көз жазса іріқараны жарып, қозы-лақты арқалап əкетеді.
Сондықтан малды көзден таса жібермеу малшылардың
байырғы ғадеті. Байқозы жылқы іңірттетуге аттанарда

ертеңгі қойға мінетін, жылқы жиятын дегендей мініс аттар-
ды ауыл сыртына арқандайтын.
Қыз-бозбалар кешкі ала көлеңкеде қой алдына шығып,
қас қарайғанша алтыбақан теуіп, қой мен қасқыр, шешеке,

шыт тастау сияқты ойындар ойнап, күлкіге батады. Жігіт-
желең, қыз-қырқындардың ойын-күлкісі қозы бөліп, қой
қоралап, ел орынға отырғанға дейін тыным тапқан емес.

─ 29 ─

Ауылдың бүгінгі осынау тыныс тіршілігі де Жыл-
қышының көз алдында. Бірақ ол «ананы сүйт, мына-
ны бүйт» деп от басы, ошақ қасының ісіне араласпайды.
Жастардың ойын-күлкісін де артық көрмеген. Жалшы,

малай ларға да əкіреңдеп, екіленбеген. Ел арасының ісі бол-
маса, үй арасының күндегі күңкіліне мұрындық болу бері
айтса саркідір бəйбіше, сақа қатындар, ары айтса ауылдың
ақсақал-қарасақалдарының ісі.

Ол кедейдің табан ақы, маңдай терінен, жетімдердің көз
жасынан «қорқатын-ды». Елден «қазан алман» алмаған,
басқаның қақысын жемеген. Жасында: «төрелер құс
жастық, шайы көрпеге ғана отыратын шығар»деп төре үйіне

барғанда аяғына əдейі боқ басып барушы еді. Ержетіп, ел
сөзін ұстаған шағында да төрге шықса көрпе, жастықты си-
ырып тастап, сырмаққа ғана отыруды ғадет болдырды. Ата-
дан қалған дəулеті де аз болған жоқ. Сөйтсе де кісі малына

көзі түспеген. Байқозыға ат алдырып, ер салдырған сайын:
«Ерімді жат малына салма! Маңдайға сиса өз дəулетім
де, тақымға бұйырса торының үйірі де жетер» дейтін.
Шерушінің аға үкірдайы Жылқышы емес Жықаң атаңғалы

да бірталай жыл өткен. Оның қырықтан жаңа ғана асқан,
қынаптағы қылыштай кезі. Алысты болжағыш, көкшіл
көзі қызыл шырайы мен жиренше мұртына жарасып тұр.
Өркеуде, кең жауырын, кереқарыс кең маңдай, үлкен ат

жағы да құрыштан құйғандай кесек-нығыз бітіміне сайма-
сай. Үкірдайдың қасына ауыл ақсақалдарынан бірнеше адам
тағы келіп отырды,
Зауал уақ өтіп барады екен. Жықаң ерекше діндар болма-

са да Ас субх (альфаджр салят) атты ерте намазды, Əз-зухр
салят бесінді, Аль-аср салят немесе екінтіні, Аль-мағриб
салят ақшамды, Аль-иша салят жəшиықтың қай-қайсысын
қаза болдырған жері жоқ. Бес намазы мен бисмилласы ау-

зында, бойын таза ұстайтын адам.
Жықаң қайырма жағалы көнетоз қарамақпал шапанын
жайып, қыблаға қарап «ақшам» оқи бастады. Үйге де барып

─ 30 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

намаз өтеуге əзір еді, міне үстіне ауыл ақсақалдары келіп
қалған. Олармен оңаша ақылдасып мəмлеге келер бір ісі
тағы бар. Ақшамнан соң, қатын баланың қақпайынан оңаша
кеңесуді жөн көрген. Соңғы келгендер намазын өтеп алған

сияқты. Жықаң қолын жайғанда олар да жайысып, жамы-
рай мінəжат айтысып, жамағатқа жалбарынысып жатыр.
Жылқышы намазын аяқтаған соң, үлкен саптама етігінен
артық шыққан байпағының сырмалы қоншына жабысқан

шөпті қағып, шынтақ жең жарғағының сыртынан шапанын
желбегей жамыла салды. Бір ақсақал.

– Жықа-ау, зауал уақ əлда қашан өтіп кетіпті ғой! -деді.

– Иə, сөйтіпті. Құдай қабыл көрсін?!

– Айтқаныңыз келсін! Қабыл көрсін! «Көңіл ақ, пейіл

дұрыс болса бір ауыз бисмиллаңды да құрандай көремін»
деп ті ғой, жасаған өзі!... Бұл жағалай жапырылған ауыл
ақсақалдарының даусы.

– Керейдің келелі адамдарын кеңеске шақырып едім.

Ертең бесінге дейін келіп қалар. Кəрі ата сіз сол кеңестің
басы-қасында болсаңыз қайтеді?
«Кəрі ата» дегені Көбегеннің төрт ұлының бірі,
Жылқышының əкесімен бірге туысатын Ырысбай. Ол

үндеген жоқ. Мұнысы Жықаң сөзіне «кетəрі» демегеннің
белгісі. Бұл ел, Ақтай өлгеннен соң ата-бабаларының
көзі тірі болса да, «өткірдің жүзі, асылдың сынығы» деп
Жылқышыны əке орнына мұрагер болғызған. Жылқышы

бүгін он екі ру Абақ Керейдің алты аталы Шерушісінің
үкірдайы.
Жықаң ала-көлеңкеде ойға батып отыр. Ол: «Бұл қазақ
ғана билік пен таққа таласқан жұрт па?» деуші едім. Енді

болжасаң əр елдің тарихы тартыс-таласқа құрылған іспетті.
Ана орыстың кінəздарын, мына манж мен қара қытайдың
қырғи қабағын көр. Шыңғыстан кейін осынау монғолдардың
өзі, соның ішінде төрт ойрат қанша қырқысты. Əй дүние-ай

десеңші Мəнсап, билік деген сонша ыстық нəрсе ме? Əлде
бұл халық босқа арам тер болып жүр ме? Жоқ, жоқ! Ерінің

─ 31 ─

басы бөрінің аузына сыйған бұл заман билікке ғана тоқтап
тұр. Өйтпесе бұл жұрт неге билік үшін жанын салады.
Жұмыр дүние адамдыққа тоқтау үшін арада əлі талай дəурен
өтер. Керей деген халық кейпің осы емес пе, қашаннан. Осы

қылығың ғой орта жүзді ойып жеп отыра алмағаның. Осы
пиғылың ғой, біріңді бірің аяқтан шалғаның. Қашанда «өз
шыққан тауым ғана биік болсын» десең де сендерді заңғар
төбесінен көрген жерім жоқ. Бəлкім,биікке өрмелегенінің

жағасына жармасып, етегіне оралған қазақ емессің бе, сен
керей де! Көгедайдан Ажыға дейінгі көргенім осы. Билікке
жаңа ғана ие болған Қасымхан төренің заманы қандай бо-
ларын кім білсін...» Жықаң демін əріден алып, жай ғана

күрсінді. Босқа қиналғанын білдіргісі келмеді. Жықаң
ойының түбі тереңде жатқан. Көгедайдан Қасымханға
дейін Керей төрелері Шерушіні шет көрумен келді. Бұған
Жылқышы төзсе де əпербақан басқа бір содыры төзбейді.

Осыдан «Ел арасына жік түсер» деп Жықаң үкірдай
сескенеді. Сесқенгенімен амал қанша? Кімнің аузына кім
қақпақ болады. Бүгін Жылқышы болмаса да ертең содыр
біреуі сойқан шығармасына кім кепіл?!

Керей төресінің төңірегіндегі атадан балаға жалғасқан
«Теңсіздік» Шеруші руының ықпалды адамдары жүрегінің
басына сары су толтыра бастаған-ды. Бірақ, бұл бітеу жара
сыртқа теппей, іштен сыздатып көпке созылды. Ұрпақтан

ұрпаққа жалғасты.
Осы жараның аузы тек Көгедай мұрагері, оның төрт
ұлының үлкені Ажы билікке отырған кезде ашылды. Ол Ке-
рей халқының төңірегіне би сайлағаннан туған кикілжің.

1824 жылы Көгедай өліп, Ажы мұрагер болғаннан кейін
арада бақандай сегіз жыл өтті. Машығына тартқан ру
басшыларының басын қосып, береке-бірлікке шақырып,
жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстаудың ама-

лын іздеген Ажы төре 1832 жылы халық құрылтайын
шақырып, қасына тағы да төрт орын-төрт би сайлатты.
Ел қамы, халық берекесі үшін билер тағы да ант ішіп,

─ 32 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

ақсарбас сойысты. Бірақ Шеруші шонжарларының көңілі
күпті қалпында қалды. Өйткені төрт бидің екеуі Жəдіктен,
екеуі Жəнтекейден сайланып, ұсақ рулары тағы көзден
таса, көңілден шет қалған.

Төрт орынға иелік еткен Жəдік руынан: Сегіз Жанат аты-
нан Байғазы би ұрпағы Дөнентайұлы Бейсембі, төрт Мəлік
атынан Қуандық батыр немересі Жантеліұлы Құлыбек;
Жəнтекейден:

Базарқұл
немересі,
Мамытұлы
Көкен,

Барқы немересі Сатайұлы Топандар болатын. Түтіні аз ру-
лар билікке кірісуден бас тартқан. Шеруші руын Жəдіктің
Бейсенбісіне қаратуын намыс көрген Шеруші батыры,
Жылқышының əкесі Ақтай Ажы аулынан іргесін ала қашқан.

Ағайын арасының аужайын түйіп, бір салқын сезімнің сызы
барын аңғарған Ажы төре Ақтайға кісі салып, жөн сұратқан.
Сонда, өкпелі батыр:

– Одырайдың он ұлы болса Керей төресі бұл қылығын

керсетпес еді. Жақтан құлақты айырып бұл қай кемсіткені?!
деген... Ақтай батырдың жауабын естіген Ажы төре ашу
шақырып,

– Жақтан құлақты айырған өзі ғой, бұл антұрғанның!

Сөзінің нарқы неткен салқын еді. Ақтайды шақырып
айыптаңдар, – деп бұйырған. Батыр мен Төренің сөз
төркінінде тағы да өзіндік сыр бар-ды. Шерушінің бəйбішесі
Одырай: «Үстіме тоқал алдың» деп он ұлымен Ауғанға көшіп

кетеді. Өйткені, Жəдік өлген соң Шеруші əмеңгерлік жол-
мен оның əйелін алған. Шерушіге барған соң одан Айтуған
мен Күнтуған туды. Ақтай сол Күнтуғанның ұрпағы. Ол
«тоқалдан тудың деп шет көрдің» деген сыңайды жоғарыдағы

сөзінен аңғартқан. Жəне де Жəдіктің əйелін əмеңгерлікке
алған Шерушінің екі ұлын Жəдіктер “кіндіктесім” деп
көріп, төрден орын бермей отыр. Сөйтсе өткен-кеткенді
қазып, ескіні жаңғыртқанын Ажы төре жақамады. Ол Ақтай

келісімен дүрсе қоя беріп:

– Мына бұзықтың басын алыңдар!– деген. Ақтай батыр

өз есесін жібермей,

─ 33 ─

– Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ. Ала қойды бөле

қырқып, ағайынды өкпелеткен өзің. Айтуған мен Сарт
(Күнтуғанды солай атаған) əмеңгерден туса, Жəдік,
Жəнтекей, Шеруші үшеуі Бағаналының бел баласы емес. Бай-
лаудан туғанын адамнан жасырсаң да алладан жасырмассың.

Ендеше күллі керей елінің билігін Қойлау ұрпағына бер! Не
болмаса төрт орынның бірін бізге бер! Сөзім бітті. Алсаң
міне басым, деп тақиясын сыпыра мойнын ұсынған.
Іштей тынып түгін сыртына жиған Ажы төре, істі насырға

шаптырмас үшін:

– Шеруші билігін өзіңе бердім. Бесінші орынды ал. Керей

ханы қасында бүгіннен бастап бес би-бес орын болсын, деп
бұйырған. Сол күннен бастап Ақтай кейде батыр, кейде би
атанды. Ақтайдың атандай тулайтын, арыстандай ақыратын
жөні де бар. Бабасынан бері біткен мал-дəулет пен күш-қуаты

ешкімге есе жіберткізбеді. Азуы алты қарыс Ақтай батырға
бай мен бектің ешкімі беттемеді. Керісінше қолтығына
жарлы-жақыбайлылар тығылып, кірме, кедейлер күн көріске
келіп, қашқын– пысқындар пана көріп бас сауғалады. Ол

Ақтайдың талайын өсірмесе талабын қайтарған жоқ. Мінезі
адуын, бітімі де кесек жан. Ақтай жасында малға бай бол-
са да басқа тапшы екен. Содан бəйбіше үстіне екі əйел
алды. Алладан ұрпақ қана тіледі. Бала көтермей кешіккен

бəйбішесінің: «Құдай-ау, Кетікбайдай болса да бір перзент
бере көр!» деп жалбарынғанын естіп: «Тəйт, Кетікбайы
несі. Берсе жөндісін берсін! Кетікбайдай ұрпақты алладан
тілемеймін!» деп ақырған. «Кетікбайы» сол ауылдың жібі

бостау, “жүн жеп, жабағы тышқан” дегендей бір бейуаз
қойшысы екен.
Ол: «Бүрсікүні қойға баратын кезегім еді» деп екі күн
бұрын ұйықтайтын болса керек. Адуын Ақтай алладан он-

дай ынжықты күтпесе керек. Тілегіне жарай үш əйелден
он бес ұл көріпті. Он бес ұлы он бес отау тікті. Ұлықтар
қымызға қызып, бақталасып, байлық айтысқан бір дау-
да: «Жүз елу түсел алатын бай осы өңірде бар ма?» деседі.

─ 34 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Əр:кім өз байлығын, алты, сегіз, он қанат ордасын мақтап
даурыққан. Сонда Ақтай: «Алтайда 150 түселді мен ғана
ала аламын. Мал байлығы кімде жоқ? Жан байлығы менде
бар. Он бес отауымның əрқайсысына он түсел түссе де жүз

елуге саны жетпей ме? Ауылыммен алсам алты жүз түсел
де аламын!» деген. Дауға түскендер Ақтай сөзіне тоқтаған.
Бұл əрі шындық, əрі айбар. Осыдан соң төрелер Ақтаймен
санаса бастаған. Ағасы Тортай бала жасында бір кемпірдің

бұзауын құйрығынан алып лақтырып, «Жетіге жетпей
желкең қиылсын!» деген қарғысына қалған деседі. Жастай
өліпті. Інісі Бозтай аюмен алысты. Ақтай Тұйық дараның
аузын жайлап, ауылын басып өткен малдың бəрін дара

сайдың басына айдап жіберетін. Малын жоғалтқандар ай-
барлы батырдың ауылын басып өте алмай жолдан қайтады.
Мал Ақтайда қалады. Бірақ ол қарақшылықпен байымаған.
Əлгі малдың бəрін кедей-кепшіктерге бөліп беріп, нашар-

ларды жебеген. Ақтайдың осы жомарттығы мен батырлығын
естіген талай кедейлер сонау Орта жүз, Арқадан бері сабы-
лып, осы ауылға кірме болған. Міне, сол Ажы мен Ақтай
заманы өтіп келесі ұрпақ кезек алды. Ажы ұлы Қасымхан

билікке отырғалы жыл болған жоқ. Сөйтсе де Шерушіні
көзге іліп: «атаңның орнын ал» дейтін сыңай байқатпады.
Оған жалғыз Жылқышы тұр ғой жалпақ Шеруші елінің
көңілі күпті. Жүрегінде қаяу бар. Бірақ Жылқышы

үкірдай билікке құмартқан жоқ. Ел қамын ойлаған сай-
ын өз ортасынан таршылық көре бастады. Керей ханын
қолпаштаған төрт биден Көкен ғана қалып «Кəрі би» атан-
ды. Басқаларының орнын жаңа мұрагерлері басқан. Көкен

көзі тірісінде биліктен қалып орнын оның ұлы Жұртбай
иеленген. Керей елін билеген гүн, амбы, үкірдай, залың,
зəңгілердің үні өктем, үкімі қатты. Билігі күннен-күнге
ғаділдікке жат болып барады. Ол аз болғандай манжы

елінің ызғары тағы суық. Хан қағажу болса халық наразы.
Манжы – қытай елінің іші де бүліне бастады. Тайпундар бас
көтерді. Ұйғырдың Садыр палуаны бастаған көтерілісшілері

─ 35 ─

Ілені азат етіп, Алтай, Тарбағатай болып Іле сұлтанына
қарап жатыр. Ел ішінде бүліншілік басталғалы манжы-қытай
əскеріне де салмақ түскен.
Құйрығын борбайына қысқан қызыл аяқтар Үрімжі мен

Манасты тастап Алтайға ығысуда. Олар қазақ арасына күле
кірсе де күннен-күнге мінезі бұзылды. Сауыр, Жылыкөлдегі
керей елін шауып, мал-мүлкін талан-таражға сала бастаған
манж əскер басы Жанго мен Жансайлар Буыршынға ойысқан

жолда қазақтардан тойтарыс көрді. Əсіресе Жəдік, Жəнтекей
елі көп шығынға ұшыраған. Бурылтоғай маңында Көбешұлы
Қарымбек бастаған ерлер оққа ұшты. Ұлының өлімін естіген
Көбеш батыр: «Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі!

Үйде туып, түзде өлген жігітте арман жоқ. Жылағаннан жау
қорықпас. Еріңдер артымнан!»деп ата бабасының ақ туын
қартайғанда қайта көтеріп елін соңынан ерткен. Қызылаяқты
Бурылтоғайдан қуып, қалған тамтығын Қобдаға асырып ты-

ным тапты. Ел əлі үрейлі. Алтайдың күңгей беті түпкілікті
мекен бола ма, жоқ па? Шүршіт елінің көп қатпарлы қу
ішінің күңгейі мен көлеңкесі тағы белгісіз.
Жылқышыны толғандыратын бір жəй ел өссе де

жер өспейді. Ордадан отау молайды. Үлкеннен кіші үй
бөлінуде. Түтін саны жылдап емес, күндеп өсіп келеді.
«Əуелгі байлық денсаулық. Одан кейін ақ жаулық. Ақырғы
байлық бес саулық» деп ұғатын көшпелі халықтың малдан

басқа тіршілік көзі тағы жабық. Өткен-кеткен, бүгінгі мен
ертеңгісінің бəрін салмақтаған Шеруші үкірдайы жаңа жер,
жаңа қонысты меңзей беретін. Келелі күннің кеңесі де осы
болмақ. Бұл істің шет пұшпағын, күні бұрын естіген «Кəрі

атаң» Жылқышы сөзінің астарын ұқса да ашылып сөйлеген
жоқ. Бір беткей, тұйық мінез ағасы:

– Ие, өзің біл, қарағым. «Кеңеспен пішкен тон келте бол-

майды» деген, деді. Басқалар үндеген жоқ.
Жылқышы тағы сөйледі:

– Елімді Алтайдан Қобдаға көшірсем, Монғолдай мо-

мын елмен, қойдай қоңыр елмен қоныстас болсам, cондай

─ 36 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

елмен төскейде малым, төсекте басым қосылса деп тілеген
кісінің бірі Тəтекем еді...
Жықаң ауыр күрсінді. Оның ұзын қасты терең қа-
ба ғындағы əлдеқандай арман, уайым қайғы кешкі қа-

раңғылықтан байқалмады. Тəтекем дегені əкесі – Ақтай.
Жықаң келер күнгі кеңесті күткен сайын əкесі туралы ойға
ауық-ауық кете берді.
Əкесі əр нəрсені ойлағанда осылай күрсініп, күмбірлейтін-

ді. Ол: «Алтай! Əттең Алтай! Аңсарым ауып келген Алтай-
ым едің. Шөбің сілбі, көбінде көде менен балауса. Қобданың
бетегесі мен тарлауына, изені мен жусанына қайдан жетсін»
деуші еді. Əке сөзін естіген ұл: «Батыр ма десем бақташыға

ұқсайды ғой...» дейтін. Бірақ, əкесінің: «Түбінде бұл өлкенің
жері мал аяғымен, елі ат тағанымен тозады-ау, бəтшағар!»
дейтін сөзінің төркінін ұға алмаушы еді... Енді міне, есейіп
егде тартқан шағында ұққандай. Қазақ, қырғыз, ұйғыр,

дұңған, сарт-сауан дегендей мал тұр ғой, адам аяғы сиғысыз
болып барады.
Иə, əкенің орны енді құлазиын деп тұр. Өзі де əке бол-
ды. Қырықтың кылауын да көре бастады. Сөйтсе де əкелік

жауапкершілікті өзі əке болған, ел ағасы атанған шақта ғана
анық сезінгендей. Иə, ол болашақ үшінгі жауапкершілік.
Жылқышы жасында «əкенің жақсысы жездедей-ақ» деген
сөзге алданып өткенін, бірден айырылған соң оның орны

толмайтынын ұғады. Ұқса-дағы қолынан ешнəрсе келмейді.
Ауырып жатқан əкесі Жылқышыға:

– Балуан тасты көрдің бе, деген. Не мағынамен сұрағанын

аңғармаған ұлы,

– Көрдім. Күшігендегіні айтасыз ба?

– Е, е!

– Кішкентай ғана тас екен ғой!

– Неде болса Бөхбурыл екеуіміз қойып едік.. .

Бөхбурыл дегенде Жылқышының жүрегі зырқ ете түскен.
Монғолдың ағайынды екі əулетінен туған, Алтай, Кобдаға
аты шулы Бөхбурыл мен Қонғыштай əкесімен жақын дос.

─ 37 ─

«Ақтай көтеріпті» дейтін тасты ел «балуан тас» атап кеткен-
ді. Жылқышы бұл туралы бұрын-соңды естісе де “Балуан та-
сты” көрмеген. «Əншейін бір тас шығар. “Біз де қатын болар-
мыз, қапқа тары салармыздың” салтымен, «Ондай бір тасты

мен де қоярмын» деп ойлайтын. Албырттықпен айтылған
сөз екенін Бөхбурыл атын естігенде ғана сезінген. Бөхбурыл
көтеріскен болса жəй тас емес!.. Оның қызын шерушінің
Саңырау руының бір байы алған, Саңырау əулетінен палуан,

мықты ұлдар көп тууы да сонан болар» деседі көне көздер.
Сол Бөхбурыл ғой мынау...
Жылқышы ертеңінде ұрланып барып «Балуан тасты» көрді.
Шөккен түйедей екен. Атынан түсіп, қалың шапанын шешіп,

киімін жеңілдеткен соң тасты орнынан əзер ырғады. Көтере
алмайтыны белгілі тұр. Сөйтсе де күшін парламаққа тастың
бір тұмсығынан мықтап құшақтап, ырғап тұрып «Əуф!»
деді. Балуан тастың бір басын орнынан əрең жылжытты.

Одан əріге шамасы келмеді. Бөхбурыл екеуі бірдей болсын,
кезекпен көтерсін, Жылқышы əкесінен аспайтынын сезінген.
Əкесі: «Балуан тасты көрдің бе?» дегенде ұлын сынамақ
болғанын ол енді ұғынған. Ұғынғанда «əкеден артып ұл тумас»

деген сөзге жүгінген.
Ұрылардың жолын кесіп, Алтай асуын түйедей таспен
бекітетін де əкесінің досы Қонғыштай сынды батыр еді.
Сол бөгеттен қарғытып өтетін де өз əкесі. Сол асу Қарғуыл

атанғанын да ол біледі. Егер аты қарғымаса сол түйе тастар-
ды көтеріп алып тастайтын да өз əкесі.
Асу бұзылса Ақтай келгенін Қоңғыштай ешкімнен
сұрамай-ақ білетін-ді. Осындай жолда нағыз ерлер табы-

сып, айырылмас дос болса керек. Сол асудан елін асыра
ала ма, жоқ па? Қазір жер қиырынан ел қиыры қиын болған
заман. Кереқар мен Қарғуылдай асу Алтай бойында ғана
емес адам ішінде де толып жатыр. Мал баққаннан ел баққан

қиын. Əке жүрген жолмен өзі жүре ала ма, жоқ па? Алыс
жолдың бұралаңы да көбейген шақ. Əке жеткен Қобдаға
бұл жете ала ма, жоқ па? Ал, бабалары болса Сайрамнан

─ 38 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Сауырға, Арқадан Алтайға дейін келді. Талайы өсіп, тасы
өрге домалаған шағында тайпа елді артынан ертті. Ал бұған
қанша ел ереді? Өзінен озғанды көре алмайтын, өсек пен
бақталастықты жолдас еткен сор маңдай халқы не дейді?

Жылқышыны бүгінгі толқытқан ой осы. Сондықтан да ел
ағалары бас қоспай тұрғанда өз ағаларымен ақыл бөлісіп,
келелі сөздің түйінін түйіп, тонды ертерек пішпек болған.
Оның сөзін ағасы Бектемір іліп əкетті.

– Төсекте басы қосылғаны несі? Тəтекем сонда, кəпір бо-

ламын деп пе еді, – деп зекіп қалды. Оның бұл сөзіне селт
еткен Кəрі атаң:

– Астағыфиралла! Өйтіп күнəкəр болма, балам. Кəпірден

қыз алып өз шəриғатыңа жүгіндірсең мұсылман үшін үлкен
сəуап дейді, – деп күңк етті… Онсыз да шыққалы тұрған көзді
түртіп қалудан Бектемір тайынбайтынын Жылқышының
«қу іші» сезеді. Бектемір Ақтайдың үш əйелінен туған он

бес ұлдың ең үлкені. Соның ішінде бəйбішенің үлкені. Со-
дан да болар, жас жағынан əке орнын басып, ата баласымен
үзеңгілес болып қалған. Оның үстіне Шеруші билігін өзіне
бермегеніне іштей наразы ол, онсыз да осы елден іргесін ала

қашуға ойы бар-ды. «Өртеніп кетсін мейілі!» Оған бəрібір.
«Кетеді, ауа көшеді! Жəдік пен Жəнтекейдің жері кеңір.
Орнына егін ексін, көрермін!» оның ойы осы... Бектемірдің
сөзіне Жылқышының жауабы дайын еді.

– Манғұл мен Мəнжінің бəрі кəпір емес. Кəпір қазақта да

бар, деді. Немере інілерінің ұспынынан сескенген Ырысбай:

– Керіссең келіспейсің, алыспей беріспейсің! Ағайын

бірлігі бұған тоқтамайды ғой, деп сөз аяғын түйетайдыға
бұрды. Бектемір Жылқышыға қарай бетін бұрып:

– Сонда, қазақтың кəпірі кім болды, – деп қадалды.

– Өтірік-өсек айтса, ұрлық істеп, кісі өлтірсе, кедей мен

жетімнің қақысын жесе, дінін күтпей алла мен сəждені
ұмытса... Сол кəпір! Жоқ па, осындай содырлар бізде?

– Е, ендеше мен бе екемін, сол кəпірің?

– Сен дегенім емес. Сауалыңа орай айтқаным ғой,

─ 39 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ деді Жылқышы. Қақтығыс одан əрі көп өрбімеді. Төбе басындағылар ертеңгі күні болатын кеңес төңірегінде тағы да біраз əңгіме-дүкен құрды. Ел орынға отырған кез. Ашық от жағатын үйлердің түңлігі айқара ашылған. Ашық оттың алаулаған сəулесі шаңырақтан айқын сезіледі. Кейде тіпті тасжарған мен жиреннің қып-қызыл ұшқындары шаңырақтан жоғары көтеріледі де жылт етіп сөніп қалады. Кейбір үйлер киіз есікті көтеріп қойып, ұзын талды есіктен отқа дейін сұлатып тастаған. Ашық отта түбірі жанған талдың ұшы табалдырықтан сыртқа шығып жатыр. Сайман жимаған бұл көшпелі елге осындай қарекет ебдейсіз де, ерсі де емес. Балталы үйлер ғана мұндай талды төсеніш ағашқа салып шауып шауып тастайды. Ал балта тұрмақ шотқа зар үйлер қаншама? Төбе басынан дабырласа тұрған ауыл ақсақалдары мен жақсы-жайсаңдар əлгіндей ашық оттың сəулесі шаңырағы мен іргесінен жылтылдаған үйлерге қарай жамырай жөнелді. ІІ Ел адамдарының алды күн арқан бойы көтеріле-ақ шұбырды. Бұлар Жылқышы əдейі шақыртқан адамдар. Неше түрлі əбзелді аттар үлкен кермеге тола бастады. Күні бұрын тағайындалған ығай да сығай жігіттер қонақтарды қолтығынан сүйеп түсіріп, аттардың айылын босатып, кермеге байлап жүр. Кейбіреулер аттың ерін алдырып, шоқтығынан қаңтарды да ер-тұрманның үстіне терлік пен ішпегін жайдырып қояды. Кермедегі сəйгүліктер үстінде кең қапталды, жалпақ қасты керей ерінен басқа, қасының ортасына бас бармақтай қызыл маржан, оның екі жағына жасыл тас қондырып, темір қырсау оюларын алтынмен аптап, күміспен күптеген, алдыңғы қасы тікшіл, торғын көпшігінің бастырғысы да күмістен жасалған, əлекей-шүлекейі көп найман ер де көрінеді.

─ 40 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Олардың өмілдірік, құйысқаны мен жүгенінің сулығына
дейін күмістелген. Кейбіреулері сүмсуірмен батыра өрнек
салынған жанторсық қанжығалапты. Дəу де болса шалғайдан
шыққан сияқты. Қонақтың алды сегіз қанат ақ орданың төріне

жайғасып та үлгірді. Бірақ, Жылқышының үміт артқан бір
кісісі əлі жоқ. Ол Жəнтекей ішінде Базарқұлдың шөбересі,
Қотырақ батырдың немересі, осы рудың үкірдайы Көбеш
батыр. Көбеш керей хандарының қасындағы төрт орынның

біріне ерте ие болған немере ағайын Көкен бидің баласы
Жұртбаймен жұлдызы қарсы болатын. Ол-дағы күллі керей
билігіне бір ұмтылып, қолы жетпеген соң «ортақ өгізден
оңаша бұзау» дейтіннің бірі. Көбеш түс əлетінде жетті. Жасы

ұлғайғаннан болар соңғы кезде ат үстіне самарқау қонатын,
сараңдау жайы бар. Қасына ұлы Асылбекті ертіпті. Шынтақ
жең, масаты кəмзол сыртынан тақыр барқыт шапанын жел-
бегей тастап, ішінен жалпақ күміс белбеу буынып, басына

құндыз бөрік киген жас жігіт орта жүз, арқаның салтына
еліктеген сияқты. Қолында жеңіл сары-ала қамшы. Ат əбзелі
де жаман емес. Астындағы ақжал шабдар аттың жорғадан
басқа жүрісі жоқ. Жер-су баспайды. Ол бой түзеумен қатар

ой түзеген талапты жас. Қарт əкесі ел билігін ұстауға баулып
қасынан бір елі қалдырмайды. Əрі осы ауылдың күйеубаласы.
Бағанадан төбе басында тосқауылдаған ат байлаушы жастар
кермеге қарай ұмтылып, батырдың алдын кес-кестеді.

«Көбеш батыр келді» деген сыбыс үйге де кіріп үлгерді.
Жасы үлкен ағаны аттан түсіріп, кішілік етуге Жылқышы өзі
шықты.

– Ассалаумағалайкум, батыр ата?!

– Оғалейкум! Бар бол, асыл бауырым! Атының тізгінін

жастарға ұстата берген Көбеш батыр Жылқышыға қарай
бұрылды.

– Амансың ба, Жылқышы қарағым?

– Шүкір əйтеу. Ат көлігіңіз аман келдіңіз бе?

– Е, түбі бір, тұқымы асыл бауырым қонаққа шақырса неге

қалайын. Келдік қой, қарағым. Көркіңді көрмегелі көп айдың

─ 41 ─

жүзі болыпты. Келші, төсімді төсіңе қосайын!... Құлашын
жаза қауышып, төстерін кезек түйістірген екі үкірдай ке-
рей салтымен сəлемдесті. Жылқышы Көбешті қолтықтап
қонақ үйге қарай аяңдады. Олар ішке кіргенде үйдегілер өре

түрегеліп, жамырай амандасты. Батырға төрдің қақ басынан
орын беріп, үй іші гуілдей жөнелді.
Көбеш Жылқышыны көргенде ет-бауыры елжіреуі де тек
емес. «Түбі бір, тұқымы асыл» деуінің де астары бар. Көбеш

Жылқышының əкесімен дəмдес болған адам. Жасы кіші бол-
са да, талай жорық пен жортуыл, алыс-жұлыста Ақтаймен
үзеңгілес жүрген. «Əкең өлсе де əкеңді көре қалған өлмесін»
дегендей Жылқышы бұл батырды көрген сайын олардың сый-

лас, мұңдас кездерін ерекше ілтипатпен есіне алатын. Ақтай
аюмен күрессе, Көбеш он алтысында жауға шапты. «Отызда
орда бұзған» осы ерлер отбасы, ошақ қасында келіспей қалған
кездері болғанымен ел басына күн туған күндері елдігін,

ерлігін, бірлігін көрсетпей қалған жері жоқ. Жетім мен жесір,
кедей мен кепсектер, бұл екі батырдың қолтығына тығылып,
отау тігіп, ошақ қалап, енші алып, ел болған. Талай ұсақ
рулардың жоқ-жітігі Жəнтекей мен Шерушіге сіңген. Ақтай

мен Көбеш оларды басқа ру деп атын атап, түсін түстетпеген.
Бұл мирасты Жылқышы да берік ұстап, кірмелерді
шетке шығарып, ата-тегін қазғандарға «Жақ пен құлақты
айырдың» деп ат-шапан айып салды. Жылқышының

тағы бір ғадеті «қаның араласса қасиетің кетеді» деп
жақыннан қыз алдырмады, жабыдан айғыр салдырма-
ды. «Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер»
дегендей бұл да атадан көргені. Сол атамен дəм-тұзы

бөлінбеген Көбештей батыр, бір рудың үкірдайы кел-
се Жылқышы кішілік етпей не қылсын. «Кішілік деген
кісіліктің белгісі» деп ұғады ол...
Қонақтар əуелі май сапырып, қаймақ қатқан қою шəй

ішті. Дастарқан толы тəтті тағамнан үзіп-шоқып ауыз тигені
болмаса опырып-жапырып жеген жоқ. Қонақтардың шөлі
қанып, терісі кеңіген соң үш-төрт жерден ағаш тегенемен

─ 42 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қымыз құйылды. Тегененің ернеуін айналдыра күміспен
қаптап, сыртына бедер салынған. Бүйрекбас ағаш ожау-
лармен қымыз сапырылып, сыры кетсе де сыны кетпеген
шар аяқтарға қою сары қымыз құйылды. Қымызға толы

аяқты қолға алған Көбеш ішінен күбірлеп бата айтып, оң
қолымен бетін сипады да сол жағындағы Жылқышы мен оң
жағындағы Өжекеңе бұрылып:

– Бұйырыңыз! – деді.

Төрдегілер «бұйырыңыздап» тағы да бір дабырласып
алды да түн асқан салқын қымызды сіміре бастады. Көбеш
те «қаракөктің» ұрқы. Жəнтекейден Сүйінбай, Сүйінбайдан
он бір Сəмембет десек, оның бəйбішесі Сұқсырдан Шақабай

батыр, Базарқұл бастаған алты Есентай тараса, Базарқұлдан
Көбештің ұлы əкесі Қотырақ батыр туады. Өз əкесі Айтбай
да азуы алты қарыстың бірі болған. Ол інісі Айтқұл өлген
соң келінін алам деп əуре салды. Қайнағасын қаламаған жас

əйел кенже ұлы Елешті жетектеп төреге жүгінді.

– Аруақтың орнын күтіп аллаға жалбарынып отырай-

ын. Егер осыным шəриғатқа шет болса, кешір, тақсыр.
Арашаңызды тілеп келдім? Айыбым болса төлейін, де-
ген екен. Айтбайды қоса жүгіндірген керей төресі жесір
келіншекті мүсіркесе де Айтбайдың талабын тағы да аяқсыз

қалдырмай:

– Келініңнің сөзінде құлқынын ойлау емес, құлшылық

еткен адалдықтың белгісі тұр. Төлеген қалыңың текке кетіп
бара жатқан жоқ. Келін өз аулыңда қалатын болған соң
өтініші орынды. Айтбай, сен ақылға тоқта. Басқа айыбын
өзің айт, – деген. Сөзден тосылып, булыққан Айтбай:

– Ат, атан мен жамбыдан айып тағамын, – деді.

– Оныңызға да ризамын, ағеке. Айыбыңызды ақтайын.

Елешіме серік болсын, Көбешті беріңіз, – деп тіледі келіні.
Жындыбас Көбешті елемейтін əкесі:

– Əй, жүр ғой, əне. Көбеш керек болса, ала бер. Тек

Айтқұл шаңырағына ие болсын,– деді. Дегеніне жеткен
Айтқұл əйелі ертеңінде қайнағасына қаратөбел ат пен қара

─ 43 ─

кілем жапқан қара атанды ұлынан жетектетіп жіберді. Қара
мақпалға ораған жамбысын да берді. Бұл «қаралар» «Сізге
беретін басқа айыбымыз жоқ, сөз бітті» деген ата салтының
белгісі еді.

Көбеш осылай немере ағасының ауылына келді. Малға
да, елге де ие болды. Ақыры əкесімен араздасып, нағашысы

– найман еліне бөліне көшіп, Жеменай мен Алқакөл,

Білезік арасын мекендеп қалған. Əке мінезі Көбешке де
қонды. Еркелік пен есерліктен кенде болған жоқ. Қойға
тиген көк бөрі өзіне ұмтылғанда, құлақтай беріп, қасқырға
мініп алған. Ол кезде Көбеш он үште еді. Он төртінде тірі

жыланның басын тісімен қыршып алды. Бұл Жəнібек
атамның ерлігін қайталағаным деп мастанды. Он алтысын-
да үйленді. Қалыңдығы қыз Қырмызыны нағашы елі най-
маннан айттырған. Ерке-шолжаң өскен қылжақбас Көбешті

елемеген қалыңдығы бір сарт жігітпен көңіл қосады. Мұны
естіген қайын атасы Көбешті шақыртып:

– Бірің ішімнен тусаң, келесің сыртымнан тудың. Елге

күлкі, дұшпанға таба қылмаңдар, қалқам? – деп жалбарына-
ды. Көңілі бұзылған қыз:

– Көбеште ер жігітке лайық мінез жоқ. Еркек шора қыз

сияқты шолжаңына бармаймын, – деп бұлқынған.
Намысына қонған Көбеш:

– Еркектігімді керсетейін ендеше. Кепілге əкеңнен басқа

ешкімді алмаймын, – деп қазан жақта отырған қыздың
кеудесіне қона кетті... Сасайын деген қайын атасы:

– Шығарыңдар мына бəтшəғарды! Анау албасты-

ны Көбештің артына міңгестіріп жоғалтыңдар! Көбеш
сен, түбінде ет жүректі болсаң нетті, деген алқынып. Сол
шалқақтаған Қырмызыны Көбеш жүндей түтті. Сегіз
ұл туған соң үстіне жəне тоқал алған. Тоқалдан бес ұл

көрді. Бала Көбеш – Батыр Көбеш атанды. Ерке шолжың
Көбеш – Ер Көбеш болды. Жылқы қуған қырғыз, найман
қақтығысында талай сыналды. Білегінде күш, жүрегінде
түгі бар батыр жаудан шайлығып, жекпе-жектен жеңілген

─ 44 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жері жоқ. Қырғыз, найман елінде думандатып, қырықтың
қырқасына шыққанша еліне оралмады. Тек, жасынан қызыр
қонған інісі Елеш ғана елге тартуға себепкер болған. Найман
елінде шешесі дүние салып, əкеден жас, ақылдан бос қалған

Елеш елін сағынып, Қазыбек ұрпағы Беген зəңгінің іргесіне
көшіп келген. Келуі келсе де Көбешті найман ішіне тастап
кеткеніне өкініп, сағыныштың сарығын басқан соң келесі
көктемде көлік алып, қос атпен ағасына жетті. Келген күйде:

– Батыр аға, сəуеме жау көрінді. Жанымдай жақсы көретін

ағам едің. Өлсек бірге өлейік. Бол тез көшейік, деген. Бірақ
Көбеш қайын жұртына қарайлай берді. Елешті сыйлатын
Қырмызы жеңгесі:

– Елешті жалғыз жібересің бе? Жаман күйеу қайынсақ.

«Ит тойған жеріне, ер туған жеріне» дейтін қайда? Менің
қабағыма несін қарайсың. Төркінін қанжығасына байлап
жүретін əйел затын көріп пе едің, – деді. Зайыбының сөзі
Көбешке қамшы болып, қытығына тиді.

– Бізге қарайламай қоныс жайын қамдай бер. Артыңнан

көшіп барайық, – деген сөзбен Елешті шығарып салған. Атқа
қонар алдында Елеш:

– Жеңгетай, сабадағы іркіттен құйып берші? Ағамның

үйінен ақ дəм татып аттанайын, – деді.
Шараяқ тола ақ дəмді сімірген Елеш:

– Алты күннен ассаң алдыңнан тосамын. Аптаға қалма.

Жүрегім қобалжи береді?!... деп аға-жеңгесімен қоштасты.
Ол үш күн, үш түн түйе қомын шешпей Өр Алтайға тартқан.
Елештің соңынан жетінші күні «Көбеш ауылын жау шап-
ты» деген хабар келеді. Найман елінен бөліне, Елеш арты-

нан іле-шала көшкен Көбеш ауылы Қарасеңгірге жеткенде
қызылбастар шапқан. Жауға есесін бермеген Көбеш күні-
түнімен соғысып, жарасын таңуға да мұрсат болмады. Тек
Елеш келіп, жаудан арашалап алғанша ат үстінен түспеді.

Арқасына кірген найза ұшын сонда ғана алдырған. Елеш
жылқышы Кенжебайға жараны тілдіріп, найза ұшын суырып
алған соң көн етігінің қонышын күйгізіп, жара аузына жап-

─ 45 ─

сыртып тастады. Көбештің қолына тұтамдап ұстаған бұрау
талдан су шыққанша қысса да ыңыранып үн шығаруды на-
мыс көрді. Сөйткен Көбеш əлі де аттан түскен жоқ. Билігін
берген емес. Жасы ұлғайса да ұрпаққа белгі болсын деп

енді бір белестен асуға дайындалып келді. Жылқышы
үкірдайдың жылдыртпалатқан шақыруының нарқын да
біледі. Көмейіне кептелген кеңестің де шет жағасын сезеді.
Өйткені, олардың өзара күңкіл-шүңкілі де бар-ды. Тек басқа

рудың ұлықтарының ау-жайын əуелі байқамақ. Міне, бүгін
сол мақсатпен Шеруші ұлығының ақ ордасының төрінде
отыр. Керейдің игі жақсылары да жасы үлкен Көбешті сый-
лайды. Сондықтан Жылқышының ойын құптатуға дəнекер

болсам деп келді. Көбештің өр жағына Өжекең атанған, төре
тұқымы – Қожамжар орналасқан. Ол Жылқышымен тете-
лес болса да тегін пұлдап төрден орын алған. Одан төменгі
Қарақастың үкірдайы Тілеуді. Керейлі ел болып, оның да

атын атап көрген емес. Ол: «Бəлекең» атанды. Жауға мықты,
іске берік, сөзге шешен Тілеуді дау кескенде рулы ел бо-
лып: «О, пəлі! Бəрекелді!» десіп қошаметке бөленетін. Сол
қошамет оны Тілеуді емес «Бəлекең» атандырды. Тілеудіге

тізе қоса Молқы үкірдайы Жуанған мен ұсақ рулар басқарған
Мəйті сияқты зəңгі, залыңдар жағалай отыр. Шерушіден
Жылқышының ағалары мен Сүйіндік ақын бар. Асылбек
күйеулік жолын ұстап, иба сақтап оң жақтағы жастар ара-

сында. Ақ орда адамға лық толды. Үй ішінде иін тірескен
жиһаз жоқ. Тек қонақтарға арналып сыпайы ғана даярланған.
Төр алдында қалылы кілем, қарала сырмақ. Кереге сыртынан
тартылған орама ши, төр жаққа ұсталған оюлы киіздер көздің

жауын алады. Күлдіреуіші күмістелген, шаңырақтан төмен
сұлаған желбау, тор көзді, тоқсан басты керегені айналдыра
ұстаған басқұр, айқыш-ұйқыш тартылған туырлықбау мен
үзікбаудың бəрі түрлі түске боялған терме. Шаңырақтан асы-

ра келіп маңдайшаға байланған киіз есіктің термелі бауының
ені бір қарыстай. Сегіз қанат ақ орданы айналдыра қошқар
мүйіз оюлы дөдеге бастырылған. Босаға жақтағы кереге ба-

─ 46 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

сында бірер күміс жүген, түйінді сары ноқта көрінеді. Ал,
төр жақта қонақтардың пұшпақ тымағы мен Асылбектей жас
төрелердің үкілі бөркі ілінген. Басқа артық-ауыс бұдыр дүние
жоқ. Егер Жылқышының өзі үйі болса басқаша болмасқа?

Онда, кереге басында күміс жүгенмен қоса шумақталған
сары қайыс арқандар салбырап, оң жаққа ат əбзелдері жи-
ылатын. Қазан жақ босағаны алған тайқазан мен асадалдың
бас жағына əдетінше қара саба жайғасар еді. Одан жоғары

бетіне сүйектен ою жапсырған қайқы бас ағаш төсек
қойылып, төсек үстіне паң барқытпен көмкерілген төсек–
сырмақтар жайылып, 2-3 қабат құс жастықтар сəнмен жиы-
латын. Төсек басына тірелген адал бақанда Жықаң бəйбішесі

Əйеңнің пұшпақ ішігі, ұлықтың қасқыр тоны мен құлын
жарғағы, кіселі белбеуі, тағы-тағылар жаудырай ілінетін.
Төр алды қос жүк аяқ үстіне қабат қойылған оюлы ағаш
кебеже, темір сандықтарға толып, одан төмен шешілмеген

тең мен текемет, сырмақ, көрпе, жастықтар уық қарнына
дейін тіреле, сіресе жиналатын. Ал қонақ ордасында ондай
жиһаздар орын алмаған. Дастархан жайып, қымыз құйып,
ас-су қамына кіріскен күтушілер, қатын-қалаш, қыз-қырқын,

жігіт-желеңдер қазан жақта отырған Əйеңнің қабағымен
қимылдайды. Бүкіл ауыл болып оны «əйе»дейтіндіктен
азан шақырып, алладан тілеп қойған Шөте деген атын өзі
ғана біледі. Əйең бағана қарт батыр айтқандай «түбі бір»

Шақабай батырдың ұлы атақты Ізғұтты байдың қызы,
Жылқышының жастай атастырып, қыздай айттырып алған
əйелі. Оның да тарихы өз алдына бір төбе. Ізғұтты Ақтай
ауылында түстеніп отырса керек. Үш жастағы Жылқышы

босағада тұрған қонақтың шынтақ бойлы көкала кебісін киіп
төр алдында отырған Ізғұтты алдынан көлденең кесіп өтеді.
Жас баланың қылығын қызықтаған қонақ Жылқышыны ал-
дына алып, ашасына тебінгідей алақанын салып көрген соң

бітіміне іштей риза болып:

– «Біздің үйдегі» қыз тапса осы алсын, деген.

Айтқанындай Ізғұттының əйелі қыз тауып, оны Жыл-

─ 47 ─

қышымен атастырған. Əйең қазір алдынан адам кесіп
өтпеген ауылдың ұйтқысы. Жықаңның төрт құбыласы
тең болуына осы ақылды Əйеңнің де үлесі мол. Ол жас
келіндер мен күтушілердің құлағына əлденені сыбырлап,

Керейдің жақсы-жайсаңдарына қылп алдырмауға тыры-
сады. Сырттан кірген күтуші жігіттің бірі төрдегілерге,
əсіресе, Жықаңа қарап жаутаңдаса да, ернінің емеуірін
ешкім ұқпаған соң оң жақтағы Əйеңе «хабар» білдірді.

Жықаңды шынтағынан түрткен бəйбіше,

– Мал келіпті. Жəркемдеуге жəй болып кетер ме екен, деп

«Батасын істетіп бер» дегендей сыңайын сыпайы ғана бүлк
еткізді. Жылқышы сөз толасын тосып отыр екен. Төрдегілер
тым-тырыс бола қалған бір сəтте:

– Батыр ата, сыртта мал келген екен. Балалар бата

тілеп тұр ғой... деді. Көбеш батыр саусағының саласымен
көкбурыл сақалын тарап:

– Жарайды, қарақ. Сыртқа шығып кеңісек те жөн болар.

Басқа бауырларым не дер екен? Кəне, не дейсіңдер, – де-
генде «Жөн екен», «Сыртқа шығайық» десіп дабырласқан
төрдегілер құнжыңдап қозғала бастады.. Үй сыртында
дөненнен бесті шығар, тығыршықтай көкқасқа байлаулы тұр.

Əлгі күтуші жігіт көкқасқаны ноқтасымен жетелеп жерошақ
басына жақындатқанда игі жақсы қонақтар мен ауыл-үй
адамдары айтып сойылатын малды алқа-қотан айнала оты-
рысты. Баршаға бұрылып ізет көрсеткен Жылқышы:

– «Аумин!», – деп қолын жайды. Басқалар да:

– «Ие, аумин!»,– десті, ақсақал, қарасақалдылардың

үлкені, ортаға сыйлы Көбеш қартқа бұрылып:

– Кəне, Көбеке! Батыр аға! Бата беріңіз, ақсақал, деп

жамырай шуылдасты. Болымсыз еңкіш тартса да қапсағай
денесі əлі де мығым қарт батыр салалы ұзын саусақтарын
арбитып жайған қалпында айнала қарайды. Ақторғын
жейдесінің кеңмол жеңі мақпал қара бешпетінің шынтағына

дейін сырғығанда түкті жуан білегі бақандай сом көрінеді.
Ойлы пішінде əркімге телміріп қараған ол:

─ 48 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Жасың кіші болса да жолың үлкен, төрт орынға жуық,

төренің тұқымысың. Өжеке бауырым, жолымды саған
бердім, – деді. Қысылған Қожамжар төре:

– О, не дегеніңіз батыр! Əке тұрып ұл сөйлегеннен, аға

тұрып іні сөйлегеннен без деген қайда? Жолыңызды алмай-
мын! Кеш, батыр?! – деді.

– Жоқ, аласың! «Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен

сұра»деген. Ырым тұтып тұрмын. «Жақыныңды жаттай
сыйла» деген. «Өзіңді өзің сыйласаң жат жанынан түңілер».
Істе батаны. Аумин?!
Батырдың сөзінің астарын ұқпаса да бұлтарып тартынар

жол қалмағанын аңғарған Қожамжар:

– Ағұұзұ биллəһи, минəш-шəйтан иражийм!

Бісмиллə һир-рахмəн ир-рахийм!
Аллахма рүзихна шапағатаһу,
Қаби-бика, қайрул қауа анам!
Ə-əлики, ə-əс қабиба бəрəрəтөл кəрам амин!

Иə, мүжи бессəһили, Аллаху акбар!– деп сөз аяғын соза
бетін сипады. Жұрт түгелдей «Аллаху акбарын» айтып,
қошаметпен қолпаштасып жатыр. Тағы да көп қабағына
қараған қарт батыр:

– Жылқышы Шерушінің елағасы болса да Жəнтекейден

қыз алған күйеу балам. «Жəнтекей мен Шеруші төбелессе,
Қарақас пен Молқы құн төлейді» дейсіңдер ғой. Ерегес-
сек ептестіретін, алыссақ арашалайтын да сендерсіңдер.
Көкқасқаны Тілеуді мен Жуанғанның бірі бауыздасын. Тағы

да жолымды бердім! – деді.

– Бəлекемнің жөні келіп тұр ғой! – деген Жуанғанның

сөзінде кішіліктің төркіні бар. «Қарт батыр орайына келтірді,
Əрқайсысының көңілін тапты-ау деймін. Елім, жұртым де-
ген қайран батырым-ай. Əлі де елдігіне берік екен. Сендер-
ден кейінгі күніміз не болар. Астау толы қоян жон ет алдыға

келер шақтағы кезек енді өзіңдікі болды ғой...» деді ішінен
Жылқышы. Бата рəсімі бітіп, көкқасқаның аяғы да байлан-
ды. Киімін жеңілдетіп, жеңін түрінген Тілеуді де білегін сы-

─ 49 ─

банып, аузында əлденені күбірлеп, көкқасқаның кеудесіне
қонды. Келесі кезекті алған жақсы-жайсаңдар да ақсарбас
еркек қойларға бата істеп жатыр.
Айтып сойған малдардың абыр-сабыр жұмысы басталы-

сымен ел ағалары төбе басына тырмысты. Онда да қалылы
кілем, қара ала сырмақтар төселді. Алқа-қотан отырғандардың
алдына дастарқан жайылып, тағы да қымыз құйыла бастады.
Жылқышы көп күн бойы көңілінде ұялаған ойдан серпіліп

ақтарыла алмай отыр. Ол тағы да: «Атам Ақтай асқан асудан
аса алам ба, жоқ па? Астым делік. Сонда артымнан қанша ел
ермек. Бабалар бастаған көшті жетелей алам ба, жоқ па? Егер
жетелесем қанша жерге жеткіземін...» деген сияқты сұраумен

толғаныс араласқан тұйыққа тіреледі. Бұл ойының шет жағасын
Көбеш батырға айтқан да болатын. Ал бүгін ағайын алдында,
топ ортасына салғалы отыр. Шешінген судан тайынбайды.

– Көшіп қонбаса бабалардың көңілі көншімеген ғой. Сыр -

дан бастап Арқаны бойлай Алтайға өткен көш тоқтағалы қа-
шан. Енді, мына біздер етек басты болып барамыз-ау! – деді ол.

– Ие, етек басты болмағанда қайда барайын деп едің?

Желмаясын желдірткен Асан атаң да жерұйықты тап-
пай кеткен жоқ па! – деді, Көбеш ел ағаларының емеуірін
байқамаққа. Ел ағалары да елеңдей қалды. Жылқышы
əңгімесін қайта жалғастырып:

– Жерұйық деген мысалға айтылса керек. Мал мен басың

өсіп, шаңырағың шайқалмаса, заман тыныш, қой үстіне
бозторғай жұмыртқалап, жылқы қоя берсін болса жерұйық
деген сол ма деймін– деді.

– Е, е, немене! Шаңырағың шайқалардай не көрдің. Бұл

керейдің жылқысы Алтай мен Сауырдың арасын көктеп
жатқан жоқ па, деді Көбеш, Шеруші үкірдайының сөз
төркінін таныса да көмекейін анық, білгісі келіп:

– Көктей жатса да тек жатыр ма. Қуғын-сүргін, дау-жан-

жалсыз бір күн жоқ. Жер тарыла бастаған сияқты...
Сөзге Өжекең араласты:

– Керейдің жер мен жесір дауы бітіп пе еді тəйірі...

─ 50 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Оның үні салмақты, мығым естілді. Жылқышы, үшін
енді тартынар жəйт қалған жоқ.

– Жер мен жесірді қойғанда мал дауы да аз емес. Кең

байтақ Керей елін қойып, пұшпақтай Шерушінің өзі бірін-
бірі түртпектемесе отыра алмайды. Күйелі ағаштар да
көбейіп келеді, деді.

– Оларың кім? Елді былғамай тұрғанда тентегіңді неге

тез тыйып алмайсың ендеше!
Жылқышы тентегінің атын айтпады. Бас жарылса бөрік
ішінде, қол сынса жең ішінде. Ал бүгінгі əңгімені салмақтау
үшін Шеруші ішіндегі істің шетін бүлк еткізгені болмаса, он

екі керейдің игі жақсылары алдында өз етегін өзі ашқысы
келмеді. Төлектің Назар бастаған біраз ұрысының дүбірі
жер жарған шақ. Ел билері қымыл етсе «Əуелі өз тентегіңді
тыйып ал!» десіп шеруші билерінің аузын ашқызбайтын.

Назардың бір ағасы ұстара өтпеген соң шашын қайшымен
қырыққызып тастап, «Қырыққан бас» атанған əйгілі
адам. Жəнтекей мен ІІІеруші байларын қажытқан Төлек
ұрыларының қылығы онсыз да осы отырғандарға аян. Сөз

бен күшке келсе Ақтай мен Бозтай атасына, малға кел-
се Саңыраудың Пұшықсарысына тоқтайтын заман емес.
Əйтеуір бір қажу бар. Сол жер мен мал дауынан мезі
болғаны анық. Жер еме бастаған Алтай елінде су дауы де-

ген тағы шықты. Шұңқыр шиде Жықаңның тараны бар-
ды. Ауылдар арықтан суды да кезекпен алады. Су екеш
суға таласқан ел түнде суды басқа таранға аударып жіберіп
болмады. Жылқышы өз ауылының су алатын кезегінде басқа

таранға су беретін көмейге ешкім көтере алмайтын үлкен
ақ тасты əкеліп тастайтын. Мал дауын кесе алмай оты-
рып, су дауына қалармын деген Жылқышы көктің нұрына
таласқанды ар көрді. Ақыры, таранын тастап кетті. Ойынан

сергіген Жылқышы енді мəймөңкелеудің керегі жоқ деп
кесті. Кесетіп айтты:

– Мал мен жаны қаулап келе жатқан Керей елі келешек

Алтай өңіріне сыймайды. Артымнан ерер ел болса іргемді

─ 51 ─

бөліп, Қобда бетіне қоныс аударайын деп отырмын. Бірақ, ел
берекесін бұзбаймын!

– «Араздығың бар ма?» деді тағы да салмақты үнмен

Қожамжар төре.

– Араздығым емес, адал ниетім осы. Ұзында өшім,

қысқада кегім жоқ. Елімнің ертеңгі қамы үшін айтамын.
Сөзін Қожамжар төре бұзып кеткен соң тым-тырыс отырған
қарт батыр ойға кезек берген. «Бабам Жəнібек пен Қотырақ
бастаған көш қайдан басталып, қайда тоқтады? Арқадан Алтай

арасында қанша есілдер ақсүйек болды. Бірақ көшті Алтайға
жеткізді. Жетер жері осы болды ма? Əлде жеткен жері осы ма?
Жетер жеріне жеткен болса, бабалар аруағына шет болмаймыз
ба? Жо-жоқ. Мына жұрттың пиғылына қарағанда Жəнібек

айтқан кең түп бұл емес. Əйтеуір оңда ма, сол жақта ма? Бір
көшу тағы да кем тұр-ау деймін. Шеруші үкірдайының сөз
төркіні дұрыс. Елді бұзған бұзықтардың қылығы бастан асты.
Төрт орын тозайын деген екен. Бүйте берсе адамға тыным,

малға алал от бермес бəтшағарлар»деді ішінен. Ол осы ойын
бір бірден суыртпақтамақ болып:

– Он екі керей бір Жəнтекейге сияды деуші еді ұлы

кəрілер. Ал енді, бір жəнтекей он екі керейге сыймауға
айналған түрі бар. Өрісіміз де, пиғылымыз да тарылып
бара жатқан сияқты. Жылқышының сөзі рас. Ағасын
мұқатып, асылын жоймаса жүре алмайтын қылығымыз

бар. Жақындасақ тістесіп, алыстан кісінескен жылқы мінез
қазақпыз. Бір жартымыз қоныс аударып алыстан сыйласып
жүрсек деген ой менде де болған,– деді.
Қожамжар төрелігін көрсетейін деді ме, əлде қарт батыр

сөзінің тағы бір сырын тартқысы келді ме:

– Төрт орын неге тозады. Азулары алты қарыс ұрпақтары

із басып отырған жоқ па? – деді, сөзін нығыздап. Көбеш
іркілген жоқ.

– Төрт орыннан Көкен ғана қалды. Алжасқан биде адал

кесім жоқ. Биқажы іргесін мықты қымтап, Жəдіктерін ғана
бауырына балапандай басады. Керей сөзі төре де, биде де

─ 52 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

емес, Жұртбайда ғана. Оның ұлы Мəми де ұрынарға қара
таппай жүр. Мəми Берекенің кісісі бола ма, жоқ па? Оны
болжау əлі ерте. Жұртбайдың өз ауылынан басқаға көрсеткен
қыспағында қисап жоқ. Тырнадан жасауыл қойсаң басыңнан

қиқу кетпейдінің кебі осы,– деді.
Батырдың сөзі Тілеудіге де майдай жақты білем:

– Жұртбай Қарақастың жалғыз жесір кемпіріне не

көрсетпеді. Сарноқтаға мал бермедің деп ат бауырына алып,
іргесінен қуып тынды. Көңілі қара, діні қатты ондай адам
басқаны қайдан аясын, деп кіжінді. Көбеш бір серпіле түсіп:

– Сарноқтаға байлаған екі мың жылқының қақ жартысы

жарамсыз болған да «Көбештікі» деп көрсетіпті. Бұл елде бұт
көтерер жылқы баласы қалмайтын түрі бар. Манжы-қытай
ханы мен Жұртбайдан басқа ел тайға мініп, тайыншаға жүк
арта ма сонда?! – деді.

Өжекеңнің:

– Қағыс-соғыстан қажығанымыз рас. Оның үстіне манж

ханы мен ұйғыр, дұңған елінің қақтығысы көбейіп барады.
Мүйіз тұғылды, тұғыл басты қысады. Олар да қазақтарды
ығыстыра бастады. Бірдің əлеметі мыңды əкетеді. Өрісіміз
тар дегендерің орынсыз демеймін. Сонда бəріміз үрке

көшеміз бе?деген сөзінде құптаған сыңай бар. Бағанадан
басқаның сөзін барлап, аузын баққан Жуанған үкірдай:

– Сонда Жылқышыға жеті ел ұранхай жерін текке жегізем

деп пе екен? – деді қағытып. Жылқышы да есе бергісі келмей:

– Текке бермесе, епке келер. Мен саған кесірімді ти гіз-

беймін. Жəне де ұранхай жеріне Шерушіден бұрын Мол-
қының ағайынды екі байы Көде мен Шөде жылқы салды ғой.
Ағайынды сол екеуіне арқаңды сүйеп, іргеңді тірерсің, – деді.

– Иə, тіресек тірерміз, сүйесек сүйерміз. Қарақас, Молқы

бір қыс жылқы салып, отарға барғаны рас. Екінші қыс жəне
сыйсақ одан арғысын құдай өзі білер...
Олардың сөзін тағы да Өжекең бөлді:

– Адамның күні адаммен. Жықаң көзге шыққан сүйелдей

болмай, ағайындар айбар болып, алашпен ептесіп-септесіп

─ 53 ─

қонысайық деп отыр ғой. Үй-іші ала болса; кереге басы пəле
болар. Осы жиналғанда береке-бірлік үшін жиналып, көк
қасқаға бата істедік емес пе?! Бірлік болмай тірлік болмай-
ды. Нар тəуекел десеңдер, Жықаңа серік болайық?! – деді.

– Төбеден топ ете түспейік. Елмен ел болысып, жол

жоралғымен барайық дегені ғой, – деді Тілеуді.

– Ендеше жер шолып, Қобда елінің аңысын аңдыған

жөн, деді Жылқышы.
Жас төрелердің пиғылына разы болған қарт батыр Көбеш:

– «Битке өкпелеп тоныңды отқа тастама» деген. Жұрт-

байға өкпелеп мұндағы ағайын береке бірлік, елдігімізден
айырылмайық. Ел төресіз, жер төбесіз болмайды. Қобдаға
қоныс аударсақ ондағы елдің сабағына да бір төре керек.
Төре тұқымынан Қожамжар бауырымды ала кетеміз. Бұған

қалай қарайсыңдар?!– дегенде, қарт батыр көкқасқаның бата-
сын əдейі Өжекеңе істетіп, жолын беріп, кішілік көрсетуінің
мəнісін енді ұққандай. Олар:

– Дұрыс, жөн ғой! – десті.

Қожамжар:

– Көппен көрген ұлы той. Мен Жəнтекей мен Шеруші,

Қара қас пен Молқының жақсы, игі жақын ағайындары
сендердің сөздеріңнен шығып қайда барамын. Қобда елін де
аралап, ұранхай, соён төрелерінің алдынан өтсем деймін. Жер
төркінін көріп жүрмін. Алтайдың арғы бетінің шоқтығы мен

иығы нулы да сулы, дараларының бəрі жайлау. Жайлауына жер
жаннатын бергісіз, жатқан құлын көргісіз. Өрісі кең, тынысы
мол. Ал, қыстау мен күзеу жайы қалай болар екен? Бер жағы
Қобда, ары кетсе Шүйге дейін шолғыншы жіберелік, деді.

– Елшілікке, Өжеке бауырым, өзің бар. Шүйге дейін

шол ғыншыға Жылқышы екеуіміз барайық. Ұранхайдың шы-
ғыс ұлыстарына Бəлекең мен Жуанған барсын. Өріс– қонысы
жақын ауылдар ғой, деді Көбеш батыр. Ортаға сыйлы, жолы
үлкен аға, атышулы батыр – Көбештің сөзі соңғы кесім еді.

Ешкім басқа билік айтпады. Тек Сүйіндік ақынның
күмбірлеген домбырасының үні топты селт еткізді. Үсті–

─ 54 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

үстіне төпелеген төкпе ақын сабасына жаңа түскендей сая-
бырлата, бір саусағын қос ішекте жорғалата келіп əлдебір
термені төгілте жөнелді.
Арғымақтың-а-а-й баласы,

Арыған сайын тың жортар.
Арқа мен қосым қалар деп...
Азамат ердің-а-а-й баласы
Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп...
Қыранның үніндей саңқ етіп басталған ақын даусы
«А-а-й!» деп созылған сайын жіңішкеріп, үзіліп кетер-
ау дегенде «Баласы» деген сөз қайта жалғап, қалықтата

жөнелді. Ақынның сазды үнімен қосыла бебеу қаққан дом-
бырасы бірде күмбірлеп төгіліп-төгіліп алады да, сұңқылдап
жылайды, күңіреніп күрсінеді, толықсып толғанады...
Ұзыннан ұзақ созылған терме аяқталғанда ақын өзі де ауыр

күрсініп, тынысын кең алды. Домбыра да күмбірлеп келіп
тоқтады. Қабағы қатып, шүйілген ақынның еңсесі көтеріліп,
жүзі жадырағанда демін ішіне тартып тына қалған тыңдаушылар
да «үһ» десті. Алқа топ ақынды қошаметтей жөнелді. Қарт ба-

тыр қара бүршік майы бетіне шығып, көпіршіген қымызға толы
шар аяғын ақынға ұсынды. Терілері кеңіп, сарайы ашылған
ұлықтар да сырлы аяқтағы қымызды сіміре бастады. Аяқ түбіне
тұнып қалған қымызын бірер сапыртып, ақырын шайқаған

Жылқышы демалмастан бірақ сілтеді. Ас-су даяр болып қалған
екен. Төбедегі дастарханның жиылу рəсімін тілеген Жылқышы:

– Аумин! – деп бата қайтаруды тіледі.

– Тілегің қабыл, мұратың асыл болсын, бауырым!

Жортқанда жолың болып, жолдасың Қыдыр болғай! Бəріңе
береке, бірлік тілеймін?! – деді Көбеш.

– «Аумин, айтқаныңыз келсін! Өзіңізге де болсын!»

дескен топ, жамырай түрегеліп, дабырласа төбеден түсті.
Оларды орда төрінде астауға салған көкқасқа мен табаққа
тартқан ақсарбастың басы күтуде еді.

─ 55 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ АСУ І Қасына Дайрабай мен Байқозыны ерткен Жылқышы мен Көбештің жүрісі тым суыт. Соңғы жылдары ел жайламаған Алтайдың терісқей бетінің сай-саласы тусып кеткен. Қар жамылған құзар шыңдардан төмен ақпа қорымдар салбырайды. Дара сайларды көктей өскен жыныс-орман іші балауса, саз. Ал сиыркөз, бетеге, изен, жусан аралас өскен қой шөбі мол, сары жондардың қыртысы киіздей қалың. Дарасайларға жетер-жетпес қонатын Соён елі күзде Қобда бойына еңкейген. Елсіз сай, құба жондар құлазып жатыр. Есік пен төрдей ақтабан торы ат мінген Жылқышы басқалардан ат бойы алда. Оның мығым, кесек денесі ат үстінде құрыштан құйғандай нығыз. Əредікте ақтабанды сипай қамшылағаны болмаса бірқалыптан өзгермейді де, қозғалмайды. Ақтабанның əбзеліне де көз тоярлықтай. Жықаңның ертұрманының бəрі алтынмен апталып, күміспен күптелген. Кең мол қара мақпал шапанына ақ күміспен безендірілген кіселі белбеуі де жарасып тұр. Басында үкілі пұшпақ тымақ. Қолында бұзау тіс, сарыала, дырау қамшы. Жылқышы сөзге сараң, өзімен өзі ғана. Көбеш батырды ортаға алған Дайрабай мен Байқозы əлдебір əңгіменің тиегін ағытып, жол қысқартпақ. Дайрабай атақты күйші-сал сері, Байқозы білек құршын қандырған балуан. – Жастық шағыңыздың батырлығынан айтыңызшы, Көбеке, мына жастарға мысал болсын,– деді Дайрабай. Көбеш əдетінше: – Е-е, немене, – деп дүрсе қоя берді. «Ер қартайса аруақ, ат қартайса тулақ. Қартайған соң батырлығыңды айтпа» дейтін қайда?! – Десе де жол қысқарсын? – Е-е, солай ма! Мен енді еріккеннің ермегі болған

─ 56 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

екемін ғой. Аруақ болғаның осы емей немене! Онанда
қанжығаңдағы қаңғырдағыңды соға жүр. Сол ермек болар.

– Жоқ, батыр, ағат кетсем кешіріңіз?! Мына жастар мен

келешек ұрпаққа үлгі болсын деймін. Домбыраға кезекті
қоналқа жерде беріңіз. Əңгімеңіз ұнаса, жаңа күй де туып
қалуы мүмкін. Шынын айтсам өзіңіз туралы толғанысым да
жоқ емес.

– Е-е, бəтшағар! С-о-лай де... Он үшімде қасқырмен алы-

стым. Он төртімде тірі жыланның басын тісіммен қыршып
тастадым. Бұл батырлық па?!

– Япырмау, батырлық емей...

– Қой əрі, былшылдамай! Қасқыр жыртқыш болса да

адамнан сескенеді. Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан бейшарада
не бар. Басбармақтай басы бəріңнің де аузыңа сияды. Бұл –
есалаң, жастық шақтың ісі ғой... Мына біздің ел, мал қуған,
жылқысын ұрыдан қайтарған дегендей, қуғын-сүргін,

ұры-қарылықты да батырлық дейді. Малын ұры алса иесі
босқа жалбарынып отырсын ба. Жоқшылық қысса мына
ел ұрлық қылмай қалай жансақтасын. Атадан көрген сал-
тымыз емес пе? Мұнда батырлық тұрман дəнеңе жоқ. Жа-

ман жігіт ұрлықты ерлік көрген, деді де кеңкілдеп күлді.
Көбеш үнсіз қалған. Дайрабай мен Байқозы батырды одан
əрі қыспақтай алмады. Көктеңбілдің тізгінін қысқа ұстаған
Көбеш үзілген əңгімесін өзі жалғап,

– Ел басына күн туған ұрыс-соғыста мықтылығыңды

көрсетсең, сол – батырлық! Жауды жеңсең, сол – батырлық!
Бізде ненің батырлығы. Атаның аруағы ғой қолдаған, деді.

– Апырмау, ə! – деді қымсынған Байқозы.

Жасы үлкен үкірдайды орынсыз қыспақтап əңгімеге
шақыруға, əсіресе өзін-өзіне мақтатуға жастардың аузы қайтып
бармады. Көбеш батыр мақтан сүймейтін тура мінез адам.
Қыңырлығы да бар. Бұдан əрі тақымдаса бүлдіріп аларын

сыралғы күйші де ұққан. Тағы да Көбеш қарт күңк ете түсті.

– Сонымен жаңа күйді қашан тыңдаймыз, Дайрабай?!

– Осы сапардан қайтқанша бір сəті түсер, Көбеке.

─ 57 ─

– Е-е, ол да болсын. Ал нағыз батырлық анадан шығар

еді. Бірақ, заманы бейбіт, ел іргесі тыныш қой, – деді алда
кетіп бара жатқан Жылқышыны иегімен нұсқап.

– Кəне, аттарыңды тебініңдер. Сол ұлықпен қатар-

ласайык! деген Көбеш батыр сауырынан су төгілмес
көктеңбіл жорғасын тебініп қалды. Дайрабай мен Байқозы
да батырдан қалыспауға тырысты.
Олар осы жүргеннен мол жүріп, Қобда, Жыланды, Соғақ

өзендерінің басын көктеп, үш соён елінің шетін жағалай, ел
сирек мекендейтін жерді шола, Қызыл кезеңнен асып, Ресей
жерінен бірақ шықты. Жолда соённың бай, төре ауылдарына
түстенген жерінде түстеніп, қоналқа болса қонақтап, Алтай

Қобданың ел-жұрт, жер-су, ауа райы жөнінде əңгімелеседі.
Дайрабайға күй шерткізіп, Байқозыға тілмаш істетті. Той-
думан кезіксе оны арысқа да салып бағын сынап, осылайша
жарты ай жол кешті.

Бірақ, орыс жеріндегі жағдай мұндай болмады. Қызыл
кезеңнен аса Ресей əскеріне тап болды. Дыва, ұранхайша
білетін Байқозының тілмаштығы оларға жүрмеді. Ымдап
тіл табысатын түрі жоқ. Мылтық кезеніп, ат шылбырына

жармасқан жасақтар оларды қоршап ұстауға айналғанда
Жылқышы өзіне жармасқан екеуін ақтабанмен өндіршектен
соқтыра, бұзау тіс қамшымен аттарының басына бір-бір
салды. Өрменің өзегіне жүгірткен қорғасын мен қамшыгер

қол жан қойсын ба? Екі ат қатарынын шыңғырып, омақаса
ұшты. Тұмсығынан шаншыла құлаған аттардың иесі де
қалпақтай түсті. Көбеш батыр да, Байқозы да есесін жіберген
жоқ. Апыр-топыр ат пен адам арасынан мылтық даусы гүрс

етті. Шаң-топырақ, дəрінің көк түтінімен араласып аспанға
көтерілді. Жылқышының:
«Қашыңдар» деген үні саңқ етті.
Күн батып көлеңке жабылған кез. Қазақтар тарсылдатып

сонауда селтиген тастарға тартты. Алдынан ұңғыл-шұңғыл,
жыра-ор, тас, томпақ не кезіксе де қайтпайтын ақтабан
көсілтіп барады. Ырғып секіріп те кетеді. Мейіздей қатқан

─ 58 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

көктеңбіл де ор қояндай орғытады. Қарт батыр «Жəнібек!
Қотырақ!» деп бабалар аруағын шақырып келеді. Мылтық
даусы тағы да тарс-тұрс етті. Ышқынып кісінеген ат үні, аһ
ұрған адам дауысымен ұласты. Дайрабай оққа ұшқан еді.

Осыны сезген Жылқышы ақтабанның тізгінін тартып қайта
қайырылды.

– «Шегінбе, серекке тарт!» деп айғайлап қасынан өте

берген Көбешке де құлақ салмады. Атымен қоса құлаған
Дайрабайға ұмтылғанда ақтабан алдынғы екі аяғымен
көкке шапшып, ышқына кісінеді. Атына оқ тигенін сезген
Жылқышы:

– Қайран жануарым-ай, орыстың оғына қор болдың-ау!

– дейді. Ат үстінен иесі де домалап, оң аяғындағы кебісі су-

ырылып үзеңгіде кетіпті.

– Мына атқа мініңіз! – деген дауыс құлағына шалынды.

Жедел жеткен Байқозы екен.

– Өзің қайтесің, қарағым?

– Бол, мініңіз деймін!

Жылқышы төртөбелге баладай секірді. Қайта айланып
олардың қасына келген Көбеш:

– Жылдам, мінгес маған! – деп бұйырды Байқозыға.

Абыр-сабыр арпалыстан үзілген жүріс қайта жалғасып,
аттылар қара серекке де жетті-ау. Гүрсілдеген мылтық даусы
естілгенмен аттылар нысанаға келер қашықтықтан алыстап
кеткен. Құр айбар қылғаны болмаса, орыстар да баса көктеп

қууға дəт қылмады. Серек тастардың тасасына жетіп тізгінін
тартқан Жылқышы:

– Бəрекелді-ау, Дайрабайды тастап кетеміз бе? Өлсе

сүйегін далдалап, өлмесе өзін алып қайтайық?! –деді.

– Қалай алып қайтасың? – деді ентіккен Көбеш.

– Көктеңбілді маған беріңіз. Шапқан күйінде ат үстінен

іліп ала жөнелейін.

– Алуын аласың ғой. Бірақ, бораған оқтан қалай қашып

құтылмақсың? Өзің мерт боласың. Көз байланып қаранғы
түскенше шыдайық.

─ 59 ─

– Бəрекелді, бəрекелді! Ресейдің кіреніне келгенде

шолғыншы шаптырмай. Қап! – деп өкінді Жылқышы.
Олар тағы да алыстап, қара көлеңкені жамылып Дайра-
бай маңын бақылады. Орыс əскерлері жемтікке үймелеген
қарақұстай, оққа ұшқан ат пен Дайрабайды тіміскілеп жүр.

Кешкі қаранғылықта өзгеше ештеңе көрінер емес. Ама-
лы таусылған қазақтар тың-тыңдап көз байланар мезгілді
күтті. Апшысы қурылып асыққан сайын кешкі əр бір сəт
сағаттай сезілді. Сөйтсе де сабыр етпеске шара не? Екі

атты Көбешке ұстатқан Жылқышы мен Байқозы тас-тасты
паналап жақындай келіп, жер бауырлап Дайрабайға барды.
Күйшінің денесі əлде қашан суып қалған. Домбырасы мой-
нынан опырылыпты. Əскерлер ақтабанның ер-тұрманын,

Жықаңның сыңар кебісімен қоса əкеткен сияқты. «Қайран
Дайрекең-ай. Көңіліңдегі күй шертілмей кетті-ау» деп
күрсінді Байқозы. Күйші серігінің басын тізесіне қойып
үнсіз отырған Жылқышы:

– «Обалың менен болды-ау, марқұм. Топрағың торқа

болғыр.
Байқозы,
Ақтабанның
басын

кесіп
алшы?
Дайрабайға серік болсын!» деді тереңнен дем алып.
Олар күйшінің сүйегі мен жүйріктің басын көтеріп

Көбешке келді. «Өлім қайдан болса, топрақ содан, дəм-
тұз таусылған күні бұл дүниемен қоштасасың. Қолыңнан
ештеңе келмейді. Тағдырдың сызығы деген осы...» бұл уағыз
жолаушы үшеуінің де көкейінде сайрап тұр. Сондықтан

жазымышқа қарсы тұруға, өкпелеуге, өкінуге ешбір
құқы жоқ. Белеске таман Дайрабайды жерлеп, бет сипап,
Ақтабанның жарты құлаш басын күншығысқа қаратып,
қара серек төбесіне қойды. Жеті қарақшы төңкеріліп, үркер

төбеге келген екен,

– Ал енді қайтеміз? –деді тарыққан Көбеш.

– Иттің иесі болғанда, бөрінің тəңірісі бар. Дайрабайдың

құнын орыстан алмай кетпейміз. Бейуаз жүрген адамды
бері айтса қаумалап қорқытып, ары айтса атып шабатын не
жаздық бұл елге?

─ 60 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ – Кірен бұзған кесірсің деп бас салмай ма? – Манж, монғол, орыс елдерінің кірені онсыз да ашық. Ұшарын жел, қонарын сай білетін бұл көшпенді халықтар ай, күн демей алысып-берісіп, асысып-қонысып жатқан жоқ па. Болмаса, бір екі ауылдың қонысын сұрайық. Иек астында Шүй жатыр. Жері шүйгін, суы таза, əрі құда-құдандал найман елі болса мынау! – Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылғанның кебін кимесек? Айтқаныңның оңы келсе, құдай асасынан берер. – Тілеуді мен Жуанған ұранхаймен тіл табысса, Өжекең үш соённың қолтығына кіріп кетуі қақ. Қобда басына қонсақ Аққол мен Соғақ бойы сырық тастам жер. Түбінде Соғақ пен Шүйдің бірі жайлау, бірі қыстау болмасына кім кепіл. – Ақ соён мен қара соён ағайындас болып кетсе де, оң жағыңда ұранхай, сол жағыңда дөрбеттер, ортасынан ойып жеп отырасың. Соғақ бойы нағыз ойы-қыры бірдей орнықты мекен болар. Оған жеткізбейді-ау деймін. Неғылса да Қобда басы құлазып бос жатыр ғой... ... Иə, Жылқышының жүрегі бір нəрсені сезді ме? Əлде болжамы бір есепке құрылды ма? Өзі айтқандай ойы-қыры бірдей Ойғырға жете алмады. Бірақ құлазыған Қобда басына тағдыр оны жеткізген. Жетпеген жерін ұрпақтар үлесіне қалдырды... Көп тартысып кеңескен Жылқышы мен Көбеш дəуде болса орыс жеріне тартты. Жылқышының болжамы рас еді. Ол кез орыс-монғол арасындағы дəл бұл жерде пəлендей аты шулы əскери ұйым болған жоқ. Тек Ресейдің ішкі толқуынан сескенген Александр ІІ Шығыс-Сібір Генерал-губернаторын үсті-үстіне қыспақтап жатқан кез. Атыс-шабысы көбейген патша əскерлері Томск, Бийск қамалын басып өтіп, таулы Алтай өлкесіне шолғыншы шаптырған. Жылқышылар қақтығысқан топ солардікі болатын. Кешегі қашып құтылған топтың бүгін əдейі іздеп келгеніне таң қалған əскерлер «құдай айдап келдің бе?», дегендей тарпа бассалып ұстап

─ 61 ─

алды. Қынаптағы пышақ, қолдағы қамшыдан бастап қый-
сыпырды да, алдына салып айдай жөнелді. Жарты күншілік
жер жүрген соң тау қойнындағы бір əскери жатаққа əкелді.
Оларды тосып алған біреуден Жылқышы:

– «Бастығың қайсы, тілмаш бар ма?» дегендей ишарат

білдіріп ымдады. Сақал-мұрты өскен, бұйрабас күрең жігіт:

– Вы казахы? Сен казақсын ба? – деп қадалды.

– Ə, құдай жар бола көр! Қазақпын дейсің бе? Біз де

қазақпыз. Басшыларың қайсы?

– Вот там! «Тілмаш» кішкене дөңбек үйді көрсетті.

Əскерлер қазақтарды сол үйге қарай нұсқады. Шағын
дөңбек үйдің төрінде төрт бұрыш тақтайша бар. Оның ар-
тында офицер киімді, ұзын бойлы, ширатпа мұртты бастық
отыр. Қасында Жылқышының кешегі сыңар кебісі. «Өткен

күнгі оқиғадан бұл орыс хабардар болды ғой» деп ойлады
Жылқышы. «Тілмаш» болған жайды жеткізіп жатыр. Жəне
бастығының сөзін аудара бастады.

– Сен, қазақтарға не керек? – деді тіксінген офицер.

– Біз өлген кісіміз бен ат-көлігіміздің орнына құн алуы-

мыз керек. Қарапайым халықты атып-шапсын деген Ресей
ханының қай статьясында көрсетілген? – деді Жылқышы.

– Солай ма? Ендеше жайын жүрген хан əскерін неге

қамшының астына аласыңдар?

– Біз емес, өздері бастады. Бұлар құсап кісі өлтірсек көздерің

көрмей ме! Оны қойып сыңар етігімді де тартып əкетті...
Орыс офицері кешегі əскерлермен əлденені дабырласып
кетті. Сұстана зекіп те қояды. Өткен күні шолғыншылары
болған жағдайды баяндап, қолға түскен ер-тұрман мен

Жылқышының сыңар кебісін оған əкеліп көрсеткен. Өзінің
екі аяғы қатар сиятын осынау дəу “ботинканың” иесін көруге
құштар болған офицер: «Ханның жасанған əскері бола тұра
жабайы қазақтан таяқ жеген өлімтіктер! Таңасырмай тауып

əкеліңдер!» деп əлек салған. Енді міне бір аяғында мəсісі
бар, еңгезердей ер мен жасы егде тартса да одан сорлы емес,
ақбурыл алдында тұр. Бұл екеуінің пішім-бітісі мен келіс

─ 62 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

кеспіріне, кешегі қылығына көңілі толған офицер аздап
жұмсарып:

– Бірден хан əскеріне қол жұмсаған адам кешірілмеуі

заңды. Сендерді де атып тастауға қақы бар. Өз қарсылығынан
атылған адамға құн төленбейді. Ал ұғыспаған басқа жайды
кешіріңдер? Ер-тұрманың мен етігіңді ал, деді.
Оң аяғының кебісінін киіп жатқан Жылқышы: «Ер-

кек тоқты құрбандық деген. Дайрабайдың құнын даулап
бітпейді, білем. Батыр екеуіміздің тілегімізді қабыл көрсе де
талай Дайрабайдың аруағы риза болар» деп ойлады.

– Бізден де ағаттық болды. Қара теректің тамырындай,

қыңыр өскен сиқымыз мынау. Кешіріңіз, аса мəртебелі
мырза?! Құзыр, пиғылыңызға ризашылық білдіріп,
дидарласқан сəттің белгісі болсын?! – деп қойнынан күміс
тайтұяқ алып ұсынды. Жылқышы шегініп енді Көбешке

жол берді. Көбеш:

– Жасың кіші бала екенсің. Менің жасымды берсін.

Хан иеңнің мəртебесі аса бергей! – деп тағы да бір тайтұяқ
ұсынып сəл иілді. Қазақтардың сый-сияпаты мен мінезін
қош көрген офицер:

– Аттың орнына ат мініңіздер. Басқа не тілектеріңіз бар?

Енді сіздерге бостандық беріледі, – деді. Осы сөзді асыға
күткен Жылқышы:

– Көшіп қонған елміз, өрісіміз тар. Қонысымыз жайлы

емес, Шүйдің бойына мал жайлатуға пиғылыңызды беріңіз?

– деді.

– Кірен, сауда мен жайылым үшін ашық. Тек жергілікті

жердің мына, өздерің сияқты төре, байларымен келісіңдер.
Қажет болса мөрлі қағаз қолдарыңа беремін, – деді.
Рахметті үсті-үстіне жаудыртқан Жылқышы мен Көбеш
Байқозыны ертіп аттануға асықты. Былай шыққан соң

Көбеш:

– Кобда бойына қоныстана алмай жүріп, Шүйге асық-

қанымыз пендешілік болмай ма, күйеу бауырым?– деді күліп.

– Алла қош көрсе асығыс емес. Жайлап, қыстамасақ та

─ 63 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ жылқы отармен келеді. Жоны сарылы, өзені түңкелі өлке екен. Біз жетпесек ұрпақтар бар ғой, – деді Жылқышы. *** Ант ішісіп, ақсарбас жесіп аттанған алыс сапардан Тілеуді мен Жуанғанның да қанжығасы құр қайтқан жоқ. Тек Сүйіндік ақынды жанына алған Өжекеңнің жолына тас байланып қалғандай. Ол қара тас – қара соённың төресі Дімік еді. Атасы Буян-Өлзийден бері оның елі осы өңірді төрт мезгілде баса көктеп мекендеген. Бұл елдің Соён жотасынан басталған ұлы көші Қобдаға келіп тоқтағалы да талай жыл өтіп, ата қонысы болып қалған. Дыва тұқымдас бұл əулеттің соён аталуы да сол ата-бабасының мекеніне байланысты болатын. Бес төлеңгітті қосқанда ақ соён елі: Ауған, сарғылар, тескіріш, Бұргут, Дэлэг, Шуудах, Ойнар дегендей он екі əулет; қара соён: Қарасал, қаратөш, оршах, чанағаш төрт əулет; қызыл соён: жеті іргіт, тоғыз көйік дегендей негізгі екі əулеттен тұрады. Қызыл соён төрелерінің тымақ төбесіне қадаған, лауазым белгісі көк тасына сай қазақтар оларды “көкмоншақ” атап алды. Осынау жиырма шақты əулеттің басын қосып жеті ел ұранхайға ағаласқан үш соён елі Қобданың батыс өлкесін түгелдей иемденген. Құлазыған байтақ өлкені белінен басып жатқан Дімік төре Өжекеңді ауылына түсірмеді. Қосшысы мен ауыл сыртында атын ұстап отырған Қожамжар төренің төзімі таусылып, Діміктің үйіне баса-көктей кірген күйі: – Армысың, асыл төре?! – деп сəлем берді. Өзінен жасы кіші, көк көз, сары түсті қара соён төресі басын көтермеді. Өжекеңнің сəлемін алмады, төрден орын бермеді. Тек оң аяғын көтеріп ишарат білдірді. Бұл күні Дімік төре сайсала толы жылқысына, дала толы қойына мас емес, көктің суындай шарабтың шəрбетіне мас еді. Əрі ызаланып, əрі намыстанған Қожамжар қолын теріс жайып, ішінен əлденені

─ 64 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

күбірледі де:

– Алланың қарғысы тисін. Айықпас дертке жолық!– деп

шығып кетті.
Селт етіп жаңа ғана есін жиған Дімік:

– Қазақтың төресін шақыр! – деп бұйырды, үйдегілерге.

Сыртқа жүгіре шыққан қатын, баласы:

– Қазақ төресі кетіп қалыпты, десті.

Сол кеткеннен мол кеткен Қожамжар төре ауылына келіп
жарты ай өткен соң Сүйіндік ақынды шақыртып алды:

– Дімік төренің тамағында тесік бар ма екен. Біліп кел!

– деп бұйырды. Басы бос басқа сөз болған жоқ. Өжекеңнің

сөз төркінін бағдарласа да қайта сұраудан жүрексінген ақын
үйіне келіп домбырасымен ұзақ толғады. Қабырғасымен
ақылдасты. Өзімен өзі болды. Ақыры ауылымен ақылдасып
ат пен атан бастаған тоғыз-тоғыз тарту алып Дімік төренің

ауылына қайта келді. Тарту-таралғысын үй сыртына түсіріп
сəлем бере кірген Сүйіндік ақын домбырасын күмбірлетіп,
өлеңмен төкпелей, термелей келіп:

– Керейдің төресі орынсыз кəрін төккеніне кешірім

сұрайды. Ат, атан бастаған тоғыз-тоғыз тартуын қабыл
алыңыз?! – деп иіліп кішілік еткен күйі шығуға ыңғайланды.
Ұйқылы ояу, меңзығыр қалпы басын көтерген Дімік:

– Даяннан бері қонбасын! Арғысын өзі білсін! – деді де

тағы да құлап түсті. Сүйіндік ақынның көңілі қош қайтты.
Ол түні қара соённың төресі де алаңсыз ұйқыға кетті. Бірақ
ол таң қылаң бере түсінен шошып оянды.

– Əй, тұр қатын! – деп ақырды ол.

– Не болды сізге? Жай ма?!

– Жай болса жау шапқандай аласұрайын ба?! Түс жори-

тын ақсақалдарды шақыр! – деді зілді де, мұңды дауыспен.
Түңілдік ашылып, от жағылған соң ауыл ақсақалдары да
келді. Төсегінен басын зорға көтерген төре былшықтанған
көкшіл көзін сығырайтып, төр алдындағыларды қиығымен

шолып өтті де:

– Бəрекелді-ай.

Бағым
қайтқан
екен.
Қолымдағы

─ 65 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ бозторғай қойныма кіріп, жеңімнен шықты. Қолыма қайта қонбай шаңырақтан ұшып кетті. Қожамжар төре ұлы Шыңғыс бабамыздың ұрпағынан деуші еді. Əттеген-ай, сол төреге астамшылық еттім-ау?! – деді. Ол өзінің түсін де, түсінің жоруын да өзі айтқан соң төрдегілер жер шұқып, тым-тырыс қалған. Сау екені, мас екені белгісіз төре сол жатқаннан төсек тартып мол жатты, «Дімік төреге ұшық жабысыпты. Жатқан орнынан тұрмайды. Тұрса сөйлемейді. Кіресі– шығасы есі бар. Өжекеңді де құдай бекер жаратсын ба? Тілінің ұшында танадай қара меңі бар деуші еді. Сұғы бар екен ғой. Астағыфираллай!...» десті жұрт. ІІ Төрелер жер шалған сапардан соң тағы бір қыс өтіп, келесі жаз келді. Ел болып Дайрабайдың асын берді. Ауыл өмірінің абыр-сабыр күйбеңі алма-кезек өтіп жатқан жаздың бір кеші. Қой алдына шыққан жастардың ойыны шешекеден басталған. Іңір болып, қараңғы түсе ақсүйек тастауға кірісті. Ажарбикенің есіл-дерті ақсүйекте емес, басқада. Көзі жерге қадалса да, көңілі елеңдеп тың тыңдайды. Лақтырған ақсүйектің соңынан таласа-тармаса жүгірген жастар бытырап, ағарған нəрсе көрінсе болды, тұра ұмтылады. Алакөлеңкеде анаған да, мынаған да тесілген Ажарбикенің көзі бұлдырап кетті. Осы сəт қасындағы құрбы қызы жүгіріп келіп: – Анау, бір топ қарағай ішінде Байқозы тосып тұр. Күтем дейді, деді. Жүрегі лүпілдеген Ажарбике: – Мені іздегендерге «Шешесі сүт пісір деген екен. Ұмытып кетіпті. Асығыс үйіне кетті де», деді. Жастар əдетінше ақсүйек іздеуге кіріскенде келесі шеттен біреудің «Таптым!» деген даусы шығып, төрешіге қарай тасырлата жөнелген дабыр естілді. Сол-ақ екен, екі жақ болып бөлінген жастар оған жабырлап, ақсүйекке таласа кеткені

─ 66 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

сол. Біреуді-біреу білмейді. Шат күлкі, шадыман қуаныш.
Жастықтың мас көңілі. Ажарбике топ қарағайға тартты.
Жүрген сайын жүрегі алқынып, ентіккен қыз артына қарай-
қарай жүгіреді. Оны санға санаған ешкім жоқ. Өз қызығы

өзінде, ырғынға батқан жастар. Қарағай шетіне іліне ентігін
басуға отырған қыз, «Бикем!»деген дауыстан селк етті.
Байқозы үні екен. Қыз түрегеліп орман ішіне қарай аяңдады.
Асыға тосқан ғашық жары, асық жаны оны күтіп тұр.

– Біреу қуған ба? Мұнша неге ентігесің?

– Жоқ. Əншейін...

Ентігін басып, демін алған қызды Байқозы құшағына
тартты.

– Бикем?! – деді тағы да, айтуға сөз таппай ынтызары

ауған жігіт.

– Ау, қалқам?... Қыздың үнінде діріл бар. Арыдан тыны-

стап күрсінген оның ыстық лебізі Байқозының бетін шар-
пып, өзегін өртеп өтті. Ақ мамық тамағынан иіскемек болған
жігіттің бетін Ажарбике қайтарды.

– Неге бетімді қағасың, бикем. Əлде сүймейсің бе?

– Сүйемін. Сүйгенде сырттай ғана емес, жан дүниеммен

сүйемін. Сені сүйгенім үшін өзімді бақытты санаймын.
Бұл дүниеде ешкімді сүймей өтсем жас өмірім не бол-
ды деші? Қалың мал үшін бір шалға кез болсам қайтер
едім деп те шошынамын! Кедей болса да малға сатпай,

«Жалғызымның көз жасына қалмайын» деп ешкімге
құдаласпай ырқыма жүгірген шешем мен əкеме ризамын.
Сенімен жолықтырған тағдырға да шүкір. Сондықтан,
сені сүйгенім үшін қуанамын. Бірақ, келешек махаббат оты-

на күйерімді ойласам жұбанамын.

– Қалайша күйемін дейсің, Бикем-ау?І

– Күймегенде нем қалды. Біздің үй Қобдаға көшпейтін

болды. Əкем: «Аттыға еріп жаяудың таңы айырылған. Неміз
оттамай барады. Төмендегі тараңда қалайық. Ертіс түсіп жер
еміп, егін егеміз» дейді.

– Онда көші-қонның аяғы саябырлағаң соң алып кетемін.

─ 67 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ – Мені алып кеттің дейік. Өлмелі əке-шешем қайтеді? – Əке-шешеңді де ала кетерміз. – Олар қоржынға салатын қой тұяқ емес. Не үшін бізге ереді. Ел бар, жұрт бар. – Ендеше артынан келіп көшіріп аламыз да. – Білмеймін. Күдіктенемін. Кəрі шешеңнен өзге байлығың жоқ саған мына керей елі билік сала ма, жоқ па? Мені алып кетуге шамаң келе ме? Тағдыр оған мұршат бере ме? Сенбеймін. – Сен Бике, маған сенбесең де, Жықаңа сен. «Қорамдағы қос шым болсаң да қоң етімді кесіп берер досым болдың. Жасың кіші болса да құрбымдай көремін. Не тілегің бар айт. Қол ұшын берем!»деген-ді, сонау сапардан қайтқан жолында. – Ендеше көңілімдегі күдігім арылды. Ал сүйе бер?!... Байқозы Ажарбикенің ақ мамық тамағынан, оймақтай қызыл ернінен, күлім көзінен кезек-кезек сүйді. Сүйе берді. Бірақ ынтызары қанбады. Мысы құрып, əлденені тіледі. Оң қолын қыздың өр кеудесіне қойған. Оның қос анарын ақырын сипады. Көзін жұмып, балбыраған қыз қарсы болған жоқ. Керісінше Байқозының сом саусақтарын жібектей жұмсақ алақанымен сыйпап, емірене сүйді. Қызды бауырына қысып, жан жүрегі балқыған жігіт өзегі өрттей жанып, елжірей түсе: – Түнде үйлеріңе барамын,– деді, жалбарынған, рұқсат пиғыл тілеген пішінмен. – Қой, өй-бүй! Қайдан болады?! – деп селт етті Ажарбике. – Болатын жолын мен саған айтайын. Жылқыны іңірлетіп тастап, абыр-сабырда үйлеріңнің іргесін көтеріп жіберіп, сенің төсегіңнің астында жатайын. Əкең мен шешең ұйықтағанша тосамын. ...Қыз мырс етіп күлді де: – Əке-шешемнен бұрын өзің ұйықтап қалсаң қайтесің? – деп сықылықтады. – Ақырын, даусыңды біреу естіп қалмасын! Құдайдай шыным осы, Бике?

─ 68 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ Қыз булығып тағы да біраз күлген соң басын оның кеудесіне сүйеген. – Өйтіп, тентек болма, «Күйеу жігіт». Мен қашанда cенікімін. Сабырлы бол. Сабырдың түбі сары алтын, сабырсыз қалар ұятқа, сабырлы жетер мұратқа демей ме. Адамның қорғаушысы – сабыр, таусылмасы – арман, қымбаттысы ар! Үзілмес сол арманың болайын. Қымбатты арыңмен күт. Қорғаушың сабыр болсын. Мен өзіме-өзім берікпін. Тек тез орал?! – Ақылыңа болайын, Ажарым, асыл Бикем! – Тағы да сабыр тілеймін, Қозыжан. От шаласы өрт, сөз шаласы дерт. Менің осы сертіме сенсең шынбайлы шешіміңді, соңғы кесіміңді айт, жаным. – Сөзім сөз. Асу бекімей қайта ораламын. – Онда қоштасайық. Ел орынға отыратын уақыт жақындап қалды. Апам іздейді ғой. ...Қыз бен жігіт тағы да ұзақ аймаласты. Айырылуға қиыспады. Қиысу да қиын еді. Маралдың егіз лағындай қатар өскен ғашықтар Алтайдың екі жағында қалғалы тұр. Осы күнге дейінгі кешкен өмірі де айдан ашық болған жоқ. Қара көлеңке, бұлтарыста, тасада өтті. Тек сол қараңғылықтан ғана лəззат алды. Бұқтырып, зарықтырып қойған заман-ай десеңші. Дариға-ай, бар құдірет адамның өз қолында болса, нетер еді. Онда бұл өмір нағыз мағынасыз, мəнсіз болар ма? Адам екеш адамдар онда арман, үмітінен, ар намысынан айырылған бір жəдігей, мылқау пенде болып кетер ме?! ІІІ Иə, тынымсыз көш. Қажытып қалжыратқан, сергітіп, сейілткен көш. Көшпесе жұрты тозып, еңсесі көтерілмеген ел ғой, бұл қазақ. Арқадан Алтайға келіп тоқтаған көш дəл бір ғасырдан кейін қайтадан шеру тартты. Тағы да толассыз бір көш басталғандай. – Тəте, шаңырақ артқан ақ атанды кім жетелейді? – дейді бозбала, жеңгесіне.

─ 69 ─

– Төрем-ау, кім жетелегені несі! Əйем тұрғанда басқа кім

жетелеуші еді. Əйемнің көшін ақ атанға тіркеңдер! – деді
жас келіншек. Бүкірлеу кер жорғаға мінген Əйең «Бисмил-
ла, құдай жол бере көр?!» деп ақ атанның бұйдасын қолына
алған соң:

– Көшті тағы қайда баста деп тұрсың? – деді жұбайына.

Ол қайда бастарын білмей тұрған жоқ, қыр көрсетіп
тұрғаны.

– О, қайда болушы еді?! Төскейде малым, төсекте басым

қосылатын елге! Алтайдың арғы беті – Қобдаға баста. Айт-
падым ба, күні бұрын! – деп ақырды Жылқышы. Кір жуып,
кіндік кескен жерден көшуге басынан бастап наразы болған
Əйең тыжырынып:

– Толассыз, тоқтаусыз неткен көш еді. Анадан баланы,

ағадан бауырды айырған лағнет дүние-ай! Жақынды жат
қылып, қонысты алыс қылған бұл көш тоқтайтын күн бар
ма? Барған жерде, бастарың қалғырлар! Сонда ғана бұл
көшке тыным болар! – деді, сөзінің соңын естіртпей...

Жер қайысқан көш Алтайдан Қобдаға тартты. Жылқышы
бəйбішеден едел-жедел төрт қыз көрген. Бой жетіп қалған
Шошахан мен Ботажан көш артынан ере алмай, ат жалын
құшып жылағанда ет бауыры елжіреді. Қыздардың шылбы-

рына оралып, мойнына асылған Ажар бике:
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Кең жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,

Ойнаймын енді кіммен сен кеткен соң, – деп көріскенде
етегі жасқа толып, еңіреген екі қыз одан əрі, іліп алып,
Шабалмас арғымақ ат тер қатқан соң,
Көрген жер, көз жаздырар ай батқан соң.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен сен кеткен соң-ей.
Жолыққанша аман бол,
Амал қанша-ай, ау! – деп əн қосты.

Егіз қозыдай жамыраған əпекелі-сіңлілі қыздардың үні де

─ 70 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

мұңды. Үш қыздың көрісі көш бойын тербеп барады. Қырда
жылқы айдаған Байқозының көз алдынан тізбек-тізбек сал-
танатты көш өтіп жатыр. Құлазыған жайлау, қоқыр– қоқсыға
толы, ұйқы-тұйқы сары жұрттар қалды артта. Қыздардың

сыңсыған даусын еміс-еміс құлағы шалып, көңілі қобалжып,
ана-жұрт, атамекенге қарайлай берді. Амал жоқ, тек, тағдыр
бізді тоғыстырғай, Бикем!... Жолыққанша аман бол, амал
қанша-ай, ау!...» дейді ол да ішінен. Көш бел асты. Белден асқан

бұлтпенен араласты. Иə, көрген жер көз жасымен бұлдырады.
...Жықаң басқа тапшы, ұлға зəру жан. Ажардың əке-
шешесінен бесіктегі ұлын қалап-сұрап алған. Құл мен
күң, қойшы мен қолаңшы деген жоқ. Ғұмыр берсе бір қара

тұяқ артында қалуға ырым болсын деді. Əрі Байқозы мен
Ажарбике жайын қатын, баланың ыбыр-сыбырынан ұққан
үкірдай ағайын арасына «ұзын арқан, кең тұсау болсын»
деп те ойлаған. Осы оқиға Ажарбикенің ет бауырын одан əрі

елжіреткен. Ол бір жағы ата-анасынан тірідей айырылған,
тұлымшағы желбіреген жұдырықтай бауырының тағдырына
мұңайса, екіншіден екі емшегі сыздаған анасының халін
ойлап егілген. Оның үстіне тағдыр көші алыстатқан ғашық

жары – асыл затының күйігі ішін удай өртеп барады. Көш
бараны көз ұшынан үзілгенше үйге сүйеніп телмірген Ажар-
бике, ел қарасы батқанда үй сыртына отыра кетті. Өксіді-
ай келіп. Екі көзі бұлаудай болғанша жылады. Талдырмаш

нəзік денесінен хал кеткен. Оның жұбанышын бөлісетін,
жұбататын ешкім жоқ.
Емшектегі ұлынан айырылған шешесінің мұңы одан
да аз емес. Жылқышы сауынға берген аз ғана қой-ешкісін

қайырып, қолқанатқа жарамаған жас балаларымен бірге үй
маңында күйбеңдеумен күн өткізген əкесі күні бойы күңк
етпеді. Омырауы сыздап бағасы бек кеткен əйел күйеуіне:

– Əй, андағы атты ерттеші! Болмаса құлынымның

маңдайынан бір иіскеп қайтайын. Ұзақ жолда таңдайы кепті
ғой, омырауын бір сорғызайын! – деп теріс қарап көз жасын
төгіп жіберді.

─ 71 ─

– О, сорлы байғұс-ай. Үкірдайдың кəріне қаларсың!–

деп күңк еткен күйеуі белдеудегі торыны үн-түнсіз ерттеді.
Ескі шапанын желбегей іле салған əйел атқа қонысымен
қамшыны басты-ай келіп, Қой торысы бірде шауып, бірде
шоқырақтайды. Шешесінің күйін көріп, жаны ауырған

Ажарбике «битіндей пендені алып келсе екен» деп ойла-
ды. Шешесінің қарасы үзілгенше сары белден көз алған
жоқ. Торы атты үсті-үстіне қамшылаған əйел тізгінін тарт-
пады. Ұзақ шапқылады. Жазық, төскей, бұйра таусылып

жол қысаңды өрлегенде, қозы көш жерден елге жетті. Ол
ешнəрседен тартынған да, тайынған да жоқ. Атының басын
көштің алдынан бірақ тартып, Жықаңның алдынан топ ете
түсті де иіліп сəлем берді.

– Жəйша ма, қарағым? Мұнша неге қапаланып тарықтың?

– деді бір істің болғанын сезген Жылқышы.

– Жəй... Омырауымның сыздағанын бір басайын,

сағыныш сарығы сарқылсын деп келдім. Ағат кетсем
кешіріңіз, тақсыр?!

– Алла кешсе кештім, қарағым. Бесікті алып беріңдер!

Қабағы қатқан Жылқышы ана мен баладан көз айырмай
ойға батып тұр. Терең қабағын түйіп, тобылғы сапты са-
рыала қамшысын мықынына тіреген. Теріс қарап баласын
емізген əйел ұлының қарын шашынан иіскеп, көз жасын

байқатпай төгіп-төгіп жіберді... «Бекер істеген екемін. Ал-
дымда ана тұр ғой. Омырауы сыздағанын айтып ақ сүтін ал-
дыма көлденең ұстады ғой. Ана сүті киелі болар. Пай-пай,
бұл əйел жұртының ісі қандай жіңішке!! Бүгінгі көш қанша

ана мен баланы айырды екен!» деп ойлаған Жылқышы:
«Жоқ!» деді өзіне-өзі. «Мен босасам ел босайды. Түбінде екі
елді қосса бесіктегі осы қарақұлақ ұл қосады. Зарыққан ана,
сағынған жар келсе осы ұл үшін келеді. Сонда ғана ана сүті

ақталып, жетім мен жесірдің көз жасы тыйылар. Еркек ба-
сыммен əйел алдында былқылдамайын, бекиін» деп шешті.
Қамшысын көтеріп ишарат білдірген Жылқышы:

– Болыңдар, көш жылжысын! – деп бұйырды. Ұлықтың

─ 72 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ əмірін екі етуге еркі жоқ əйел омырауын жауып, бесік көрпені бүркеп, баланы Əйеңнің алдына алып берді. Ұзыннан ұзақ созылған көш қайта жылжыды... ІV Айырылысқан елдің сағынышы оңайға салқындасын ба? Ана баланы, аға ініні, қыз төркінін, жігіт қайнын өгейлейді. Көптің қабағы салбыраңқы, жүзі жүдеу екенін ел ағалары аңғарса да іштей тынып, сыр білдірмейді. Иə, бұл қазақ, қатын-баланың қабағына қарамаған жұрт. Ел сөзінің тізгінін екінің біріне қайдан да берсін. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар сынаған ел емес пе. Сөз байласқан күні жақындаған сайын Ажарбикенің күпті көңілі қобалжи бастады. Жұртта қалған бірер үйді Жұртбай би жаз өте Қыранның құйғанына бір-ақ түсірді. Екі көзі төрт болып, ішкені ірің, жегені желім болған Ажарбике жол қараумен күн өткізуде. Қар ерте жауса Алтайдың тіреме асулары қоңыр күзде бекитін. Ойы он жаққа, санасы сан жаққа тартқан қыз: «Япырмау, Қозыжанға не болды! Төренің малы қолына бұғау, аяғына тұсау болды ма екен. Тіршілік тағдыры түйенің қомы, аттың жалында өткен көшпелі бұл халыққа не жоқ... Асу бекіп қалмаса игі. Əлде ол айтқан сертіне жетпегені ме? Жоқ, жоқ!... Қозыжан опасыздық етеді деуге жүрегім дауаламайды. Аузым бармайды оған. Егер солай болса ше? Алда-ай, десеңші! Онда менің көрген күнім не болғаны. Жұртбайдың сілтеуімен қаңбақтай ұшармын. Өйтіп шала жанған тезектей бықсығанша өшіп жоғалсамшы. Сүймеген жанды құшқанша Ертістің иірімін құшармын...» деп налыды. Түнде ұйқы, күндіз күлкіден айырылған қыз жынын алған бақсыдай болды. Көзі кіртиіп, аққұба өңі қуқыл тартқан қыздың күйінен шошынған шешесі: – Не болды, күнім. Көңіліңнен бір қаяу, көкірегіңнен бір

─ 73 ─

мұңның салқынын сеземін. Тұлабойым тұңғышым, бірнеше
қарақұлағымның арасындағы жалғыз тұзым деп бетіңе түзу
қарағаным жоқ. Табаныңа енген шөгір маңдайыма кірсін.
Неге мұңаясың. Айтшы, балам? – деді. Мұңайып ойға батқан

Ажарбике ауыр күрсініп, жер шұқып отырды да қарақат
көзінен жасты жаудыртты-ай келіп. Сөйлей алмай өксіді.
Шешесі бəйек болып одан əрі жалбарынды.

– Жаман ырымды бастап жылама, күнім. Жауқазындай

жасың бар. Үмітің алда. Неге осынша қамығасың. Əлде əлгі
əкең бірдеме деді ме?

– Жоқ. Əншейін...

– Енді бұл не ырым бастағаның?!

– Адамнан жасырсам да анамнан несін жасырайын,

шешетай. Менің тағдырымды алла бұл Алтайдан жазбаған
сияқты.

– Бетім-ау ол не дегенің?! Кір жуып, кіндік кескен Алтай

мен Ертістен өзге қайда жазушы еді тағдырыңды!

– Жоқ, жазбаған сияқты. Ұрса көрме, шешетай! Кеш

мұңлы қызыңды? Кешесің бе, айтшы?!

– Ойпырым-ау не деп келесің!

Шешесі өксіп-өксіп алды да ескі шайы көйлегінің
жеңімен жасын сүртіп, мұрнын қорыс еткізді.

– Кешпей не қылайын...

– Шеше, мен жат жұртқа жаратылған, шашы ұзын,

ақылы қысқа əйел затымын. Қашан да қанжығаңа байлап,
өзің де оң жағыңа отырғызып қоймассың. Қабағыма қарап
осы күнге дейін атастырған жерлерің де жоқ. Пиғылыңды
берсең мен Байқозының етегінен ұстадым.

– Қарашығым-ау, қайтейін. Ақкемпірдің ұлын айтасың ба?

– Иə, шешетай.

– Алтын басты əйелден бақыр басты еркек артық дейді

ғой. Байқозының өз басын кемсінбеймін. Бұл заманың
сиынған тəңіріңнен сүйенген иең күшті болсын деген кез.
Сүйенішсіз қаласың ғой, қарғам.

– Мұнда да сүйенер иеміздің тегі белгілі. Өлмелі екеуің

─ 74 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ кімнің іргесіне кіріптар болмасыңа кепілің бар ма? Құл болсақ та, күң болсақ та жетім мен жесірге көзі түзу Жықаң ауылының іргесіне барайын... Ойға батып, ауыр күрсінген шешесі кібіртіктеп, – Сонда қалай... қашан?.. – деп күмілжіді. – Қозыжан асу бекімей келем деген сөзі бар. – Не дейді, ойбай! Елімді екі бөлді деп жағасын жұлып жеген Жұртбай тірідей түтіп жібермей ме. Не болмаса жесірімді ат сауырына салып əкетті деп атой салар. – Жесір болатын, жегеніміз жоқ. Жұртбайдың жұтқызып қойған қалыңы белгілі. Басым бос қызбын, шеше! – Ойбүй, күнім-ай! Бұл Жұртбайдан қалған қулық бар ма. Сыныққа сылтау іздеген төре сырттай кімге «атастырып» қойғанын қайдан білдің. Бұл төрелер мал бақпаса да ел баққан жандар. Жылқышымен жұлдызы қарсы ол не қылса да бір сылтау табады. Сонау күні жұртта қалдың деп бір табалаған. Енді ел арасын бұздың деп екі табалар. Табалап қана қоймас, жаман əкеңнің төбесіне əңгіртаяқ ойнатады ғой, ол. – Сонда қайт дейсің. Қапа болып, құсадан өл дейсің бе? Қызын қаусыра құшып маңдайынан иіскеген шешесі тағы да көз жасын сығымдап алған соң: – Жалғыз басыңа жамандық ойласам бүйтіп отырамын ба. Өзің білші, күнім. Не көрсек біз көрерміз! – деді. Шешесін əрі аяп, əрі разы болған қыз оны құшып жылап жіберді. *** Қар бір жауса да Байқозыдан хабар жоқ. Енді күн жауса асу бекиді. Қызына жаны ашыған шешесі момын күйеуін тілге көндірді. Күйеуі өзінше жігіттігін көрсетіп едіреңдесе де адуын əйелі, «Мұнда да көз қырын қадаған жан аз емес. Əркім сөз салып та жүр. Арпа ішінде бір бидайыңды сүймеген біреуге қайтып ұстап бересің, қосақтайтын мал емес! Сенің де маған төлеген қалыңыңның тегі белгілі еді

─ 75 ─

ғой. Ақкемпірден алғанымыз да, бергеніміз де жоқ. Қызды
қолымыздан бердік деп қоялық. Жалғыз үйлі жарлыны кім
бағып отыр дейсің!» деп дес бермеді.
Ел күзем алып болған кезде зарықтырып талықтырған

Байқозы да жетті-ау, əйтеу. Бірақ ол түн жамылып келген.
«Қызыңды алуға келдім» дегендей, қайын атасының үйіне
баса-көктеп кіруден жасқанып, Ертістің ыңғыл-жыңғылын
тасалаған жігіт кешкі апақ-сапақта отын су алған баладан

Ажарбикеге белгі берді. Кішкентай бауырының құлағына
сыбыр еткен сəлемін естіген қыздың жүрек лүпілін, қан
жүгіре бастаған ақ құбаша бетін, балқыған қорғасындай
дене ыстығын, дауа таппай шиыршық атқан мінезін кешкі

бейжай мезгілдің ала-көлеңкесі жасырған.
Байқозының келгенін шешесіне айтқысы келсе де əдеп
сақтап, ыңғайын таппаған қыз, ғашық жарын көруге асығып
үйден шыға жөнелді. Ол қайың, қара ағаш, жиде, терек, тал

аралас орман арасын сүзіп, бауыры сілтеген жөнге қарай зы-
тып келеді. Асыға-үсіге жүгірген қыздың жүрек лүпіліне екі
өкпесінің алқынуы қосылып көп ұзай алмады. Оның үстіне
қалай тартса да шытырманға тіреліп, тұйыққа қамала берді.

Сүріне-қабына біраз жүрген қыз үй орнындай алаңқыға
тоқтап, ентігін басуға тырысты. Жүгіргеннен өзегі өртеніп,
өкпесі күйіп тұр. Айнала құлаққа ұрған танадай. Алакөлеңке
жеңген меңіреу кеш. «Қабанға кезігіп мерт болармын» деген

қорқыныш сезім қызды биледі. Қорыққанға қос көрінер де-
гендей, əр ағаштың артында əлдекім көлбеңдеп, əр тұстан
бір нəрсе ербеңдегендей болады. Ентігі басылып, елегізе
бастаған қыз шошиын деді. Осы кезде оң жағында ағаштың

шарт-шұрт еткен дыбысы естіліп, əлдекім:

– Бикем! – деді. Қуанышы қойнына сыймаған қыз:

– Қозыжан! – деп жылап жіберді. Ол тарамдай жас

шілікті жеңімен сиырып, алға ұмтылды. Келесі алаңқыға
шыққанда алдынан атын жетектеген Байқозы көрінді.
Сағыныш, қорқыныштың жасы бетін жуған қыз ғашық
жарының құшағына сүңгіп кетті. «Бикем!», «Қозы!» деген

─ 76 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

нəзік үндер, ыстық құшақтар айқасты. Шерменде көңілдер
табысып, ғашық жастар мейірі қанғанша аймаласты. Сөзге
мұршат бермеген.

– Аманбысың, бикем!?

– Шүкір, əйтеу... Осынша тостырарсың ба, Қозыжан, мені?

– Жылағансың ба, жаным. Мұның не, Бикем?

– Жəй əншейін... Сағындырдың ғой, Қозыжан. Күн өткен

сайын көңілім күпті болып, алақыза түсіп едім. Енді өзіңмен
бірге өлсем арманым жоқ.

– Не қылған өлім? Жаман ырымға бастама. Мен, Бикем,

сен үшін келіп тұрмын, сонау ит арқасы қиядан. Ат арытып,
тон тоздырсам да сені алмай кетпеймін.

– Дидарыңды көріп, пиғылыңа риза болдым. Ал жарай-

ды үйге барайық.

– Үйге дейсің бе? Сонда қалай?...

– Қалайын несіне сұрайсың. Үй сыртына барған соң өзім «то-

сып» аламын. Қолтығыңнан сүйеп түсірген соң атыңды белдеуге
байлайсың. Күйеу-жігіт қоржыныңды түсіресің. Хэ-хэ-хэ...

– Қойшы, Бике, Қалжыңдамай жөнін айтсаңшы, көктен

түсіп, жерден шыққандай тосыннан қалай кіріп барамын.
Көңілім ауса да арым дауаламай тұр.

– Қорықсаң қосты неге тонайсың?

– Тонағам жоқ, өзің шақырдың емес пе, Бике.

– Ендеше үйге жүр деп тұрмын ғой.

– Ажарбикем, Ақбикем! Айтқаныңа көнермін. Бірақ,

албырт сезім, аптықан көңілмен адамдықтан асып кетпейік.
Əке көрмеген мен байғұсқа өз əкең асқар таудай. Анаң өз
анамдай. Қайта кірер есігіңді қатты серіппе демей ме?

– Тағы да разымын пиғылыңа, Қозыжан! Мен бұл жай-

ды шешеме күні бұрын айтып, бетімді ашып алған жан-
мын. Əкем де құптаған екен. Шешінген судан тайынбас.
Шегіншектер жер қалған жоқ бізде!

– Онда, нар тəуекел...

Өзінше ұрын келіп, қайыншылаған жосынды бірақ жолы
өтеген Байқозы сол түні қайын жұртына қонды. Ертеңінде

─ 77 ─

атын орман ішіне матап, көзден тасада күн өткізді де, түн жа-
мылып Ажарбике екеуі аттанып кетті. Көз жасын сығымдап
кемсеңдеген шал мен кемпірге:

– Қайғырып бізге қам жемеңіздер, істің соңы оңалса

келесі жазда көшіріп аламын. Не көрсек те бірге көрерміз,–
деді.
Байқозының кешеуілдеп келуінде де өзіндік есеп бар-ды.
Ол Алтайдың қары қай күні жауып асуы қашан бекитінін ай-

мен емес, күнмен санап біледі. Бике екеуі кеткеннен кейін
бірер күннен соң қар тағы да басып салды. Ой жерге ери
жауған қар жон жерлерде қатқақтап, Алтайдың асу-құздары
қар мен мұзы аралас ақ көрпесін жамылған. Аңнан басқа

тірі жан олардың соңынан келе алмайды. Оның үстіне күзгі
шабындықты жаңа алып, мал қыстағының əуресімен əбігер
болған Алтай елі бірін-бірі білмей, күнделікті өмір күйбеңіне
кіріскен...

Алды-артына ұстаған жалғыз ұлының мұндай қызығын
көрем деген үміт үш ұйықтаса түсінде де, ойында да жоқ
Ақкемпірдің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. «Отымның басы,
суымның тұнығы!» деп Ажарбикені жалғыз қызындай

əлпештеді. Ажарбике де Жықаң үкірдай бауырына басып
əкеткен кішкентай бауырын көріп мауқын басты. Балалы үйдің
ұрлығы жатпайды. Абысын-ажын өсек-аяңсыз бола ма? Қатын-
баланың күбір-сыбыры кешікпей Жықаңа жеткен. Қу іші осы-

лай боларын сезген үкірдай Байқозыны шақыртып алды. Сəлем
беріп босағадан сəл жоғары отырған Байқозы от басын
шұқып жерден көз алмады. Сөзді Жықаң өзі бастап:

– Жə, Байқозы қарағым, шешең екеуіңе «Келін берекелі

болсын» айта алмай жатырмыз. Қосағыңмен қоса қартай.
Мына қатын-қалаштар кіріп шығар! – деді. Мұндай сөз
күтпеген Байқозы тұтқиылдан сөз таппай қарбаңдап аз
отырған соң:

– Кеш тақсыр! Жөн-жосығын ашып айта алмадым.

Жалшыңыз болсам да жалқыңыздай көруші едіңіз. Мен де
əміріңізді екі еткен жерім жоқ сияқты. Арашалар бір Жықаң

─ 78 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

бар ғой деп өзіңізді бел көріп, пана тұтып Ажарбикені алып
келіп едім... деп күмілжіді.

– Е немене. Арашалар артыңда қуғыншы, алдыңда тору-

ыл бар ма еді?!

– Жоқ, тақсыр, жоқ!

– Енді, неңді тұтатып отырсың? Əлде елмен елді, ермен

ерді араздастырар орайың бар ма?

– Ол да жоқ, тақсыр. Атастырған жері жоқ, басы бос

көрінеді. Қалыңсыз қыз, қарымтасыз мал дегендей... Бірақ,
бұтаға қорғалаған торғайдай біз байғұсқа қоқан-лоқы көп
қой. Сорлыға сойыл бұрын тиеді.

– Ие, қайтсін! Пана тұтып отыр ғой... деді Əйең сөзге

араласып. Төрдегі жүкке арқа сүйеп, сол аяғын баса, оң
аяғын сəл көтеріп, жартылай малдас құрған Жықаң оң тізесін
шынтағымен тіреп, салалы ұзын саусақтарын кереқарыс кең
маңдайына қойып, ойға батып отыр. Ешкім лəм-мим деген

жоқ. Үй іші тым-тырыс. Үкірдай тыныштықты өзі бұзды.

– Жұртбай екені рас болса, жұртта қалған жұрынын

жоқтаушы еді. Іргесінен бір шүйкебас қалыңсыз кеткенін
естісе буынып өлер, тəйірі! Темірдің екі басы да ыстық.
Ыңғайына қарай ұстармыз! – деді.
Басқа сөз болған жоқ. Ойға батқан үкірдай тағы да үнсіз қалды.

Сөз біткенін жұбайының ернінің емеуірінен білетін Əйең:

– Бара ғой, қарағым. Келін-кепсектер шашуын алып,

жол-жоралғысымен барар. Мұжықсынып ескермеді демесін,
əлгі шешең!деді. Осы сəтті асыға күткен Байқозы есіктен
қалай шыққанын да білген жоқ.
... Күз аяғында ери жауған қар асу біткенді «сылап» та-

стады. Оған ерте келген қыстың ақ бұрқағы жалғасып,
Жылқышы үкірдай ауылы Қобда ішіне еңкейіп соёндармен
қыстырыла-қымтырыла, аралас-құралас қыстаған. Ұшқан
құстан өзге қатынас жоқ Алтай, Қобда елдері бірер ай болса

да тым-тырыс қалатын кезі осы. Бұл ел екі бөлінгеннен бергі
дағдыға айналған. Ақкемпірдің қара борша үйіндегі тіршілік
те өзгеріп, өз реңін тапқан.

─ 79 ─

Бірақ бұл қуаныштың бір қыстық ғана ғұмыры бар
еді. «Құтыла алмай отырғандай қалыңсыз қыз беріп,
халық сүйегіне таңба салдың!» деп өрекпіген Жұртбай
Ажарбикенің əкесін ат бауырына алған. Асу бекіп

қалғанына назаланған Алтай елінің биіне алты ай алты
жылдай сезілді. Жатса-тұрса өзегі өртеніп, азуын шай-
нады, тісін қайрады. Ақыры асу қары еріп те үлгірмей
көктем ортасында Мəмиді атқосшыларымен шаптырды.

«Атқа жаңа мініп» ел билігін ұстауға құмартқан жас жігіт
əке сөзін екі еткен жоқ. Бірақ ол əдептен аспай, ағайын
аралық дəнекерді ұстана келді. «Іргеде отырған бір елдің
адамын ат сауырына салып əкететіндей Шерушіге не жетті.

Жаман-жақсы болса да төрт бидің біреуінің көзі əлі тірі
екенін ұмытпасын!» деген ата сөзін арқалай келді. «Атам»
дегені бұл күндері жасы жетпісті қусырып, биліктен
қалған, төрт орынның бірі, Жұртбайдың əкесі – Көкен би.

Ол керей гүннің қасынан 1830-жылдары орын алған төрт
бидің біреуі, Жəнтекей ішінен Базарқұл руынан. Алтай елі
оны ескінің көзі деп сыйлайтыны да рас. Сондықтан да
немересі əдейі атасын көлденең ұстап отыр. Жылқышы

жасы кіші Мəмимен əдейі өзі жүздескен. Өйткені тен-
тек өзінікі. Ел іргесін бөліп үдере көшкен жерін тағы да
өзіне томпақ санайтын. Бұл жолы май өкшесін ойлап,
ел берекесі үшін «буынсыз жерге пышақ ұрмайын» деп

бекінген. Сөйтсе де елшілердің тамырын басқысы келіп,
Жұртбай ұлының сөзін тыңдап болған соң:

– Қызды кім алмайды, қымызды кім ішпейді. Атастырған

жері жоқ, керейдің бір қызын бір ұлы алған екен. Ата-анасы
ризашылығын беріп, өз қолынан аттандырыпты. Бұған Ал-
тай елінің несі шығып барады? – деді. Жас Мами жасы үлкен
ағамен шекісуді көздемеген екен. Тек,

– Атам сізге сəлем айтқанда мұндай сөзді ел арасына тасы

деп мені жіберген жоқ, – деді.

– Енді не үшін жіберді?

– Екі ел арасына дəнекер болсын деді сізге!

─ 80 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Дəнекер болмай немене, жауласайық деп отырмыз ба?

Қыз алысып, сүйек жаңғыртып жатқанымыз жоқ па?

– Қыз алғанда жалғаннан жасырып аласыз ба?

– Əкең Жұртбай не дейді?

– Шеруші елі бір қызды ұрлап алатындай тықырға

таянған жоқ еді. Елдігінен айырылғаны осы ма? Қыздың
қалыңын берсін, не қызды берсін деді.

– Е, солай ма?...

Жықаң алған бетінен қайтпаған Мəмиді бастан аяғына
дейін шолып ойға батты. «Жұртбайға тартсаң теріс азу
боларсың-ау. Кəрі биге тартсаң ақылға тоқтарсың. Ағайының
болса дұшпаным жоқ деме. Абысының болса күндесім жоқ

деме. Аузынан «елдігі» түспеген Жұртбай алыстан дұшпан
іздесе нетті. Бұрынғының арты, ендігінің қарты Көкемнің
көзі тірісінде сыйласайын. Одан кейінгісін мезгіл көрсетер.
Отқа қарап, суға сүрініп отырған жоқпыз...» деп түйді.

Сонсоң:

– Қараның қызы болса да хан қызындай көрелік.

Қалыңына қырық байтал алыңдар. Өлмелі əке-шешесі
Байқозыға сүйеніп жан сақтасын. Жаз шыға көшіріп əкеп
беріңдер, – деді.
Жылқышы үкірдайдан жылы жауап аламын деп ойламаған

Мəми жастығынан ба, мастығынан ба, əлде ара ағайындық
көрсетті ме, сөз қуған жоқ. Атқосшы билеріне қарап аға
сөзіне тоқтаған Мəмиге көңілі толған Жылқышы үкірдай:
«болғалы тұрған ұл екенсің. Боларсың да, толарсың. Алдың

ашық болғай...» деп тіледі.

─ 82 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ ЕКІНШІ БӨЛІМ БƏЛЕКЕҢНІҢ БƏЙГЕ ТӨБЕСІ І Көш артынан көш жалғаса берді. Ертіс бойымен Буыршын, Қаба, Қыран құйғанынан, күңгей беттен үздіксоздық көшкен ел бірер жылда Алтай асуының теріскей бетіне нығалып қалды. Алтайдың тіреме асуының күңгей мен теріскей бетін аралас жайлайтын ел күз болса, жылы жақтың құсындай Ертіс пен Қобда бойына жарыла, жапырыла түседі. Кейбір ауылдар Қобда бетіне жайлап Алтайға асып қыстайтын. Соңғы, жылдары Қобда бетіне қоныстанған елдің малы Алтай бетін жерсінбейтінді шығарды. Өжекең төре жазда Даян, Жалаңашты баса көктеп, Қарабұйра, Ыдықойық, Сұмдайрыққа жетті. Қолағаш, Жолты, Құрымтыны жайлайтын Көбеш ауылынының жартысы қыста Қыран Шіңгілді құлдап, Ертіс бойына түссе де өзіне тарап үйлердің көбі Алтайдың теріскей бетінде Сагсай өзенінің жағасында қалатын. Айбарлы батыр, адуын би ұранхай елімен тез тіл табысқан. Шеруші ауылдары əр бағытқа бөлінді. Онда өрістің де, көңілдің де тарлығы бар-ды... Саңырау байлары мен ұсақ рулар жазда Қорымдық, Елікті, Құлынембес, Қом асуларына тірей қонды. Бұл өлке ну орманды, қар көп түсетін болғандықтан күзеу, қыстауға лайықты емес. Сондықтан Саңырау елі үш соён елімен аралас-құралас ойға түсіп қыстады. Жер ыңғайынан Жықаң алпыс үйлі ауылын бытырау-тарау қоныстандырды. Орда маңындағы өз ауылын

─ 83 ─

Өрмегейті, Даянға жайлатып, бірер Жəдік ауылымен бірге
Мыңшұңқыр, Есік, Құйтасты күзеп, қой қоздатты. Қазақтар
үшін жайлау, күзеу кең болса да қыстау қыспақта. Малдың
қысқы бағымының сайда саны, құмда ізі жоқ отыр. Жұт

жылдары Жықаң ауылының іріқарасы Соғақ, Шүйге дейін
сілтеді. «Тау-тауға қосылмайды, ел-елге қосылады» деген
ғой. Екі ел арасы жақындаса бастады. Сөйтсе де, Алтайдың
торғауыты мен Қобданың ұранхай əулеті момын Молқы ау-

ылына тыныштық бермеді. Оның үстіне «Шегіртайда Шөде
бар, көрген жерде Көде бар» десіп, Бекті, Жолты басын жай-
лайтын Бектемір ауылы келесі жылы Бортыға баса қонды.
Бозайдың осы ағайынды екі ұлының жылқысын торғауыт

пен ұранхай ұрылары кезек қуып мазасы бек кетті. Бірақ,
момын рудың ұлығы мен ұлтанды байлары ұстамдылық
көрсетті. Шəй деспей шыдап баққан. Осыдан болар, Жуанған
үкірдай елп етпей Алтайдың күңгей бетіндегі қонысына

қарайлай берді. Ал, ағайынды Шөде мен Көде болса алған
бетінен қайтқан жоқ. Шөденің байлығымен қатар жомарттығы
тағы бар-ды. Оның сол мінезі екі ел арасына дəнекер болған.
Қою қасты, сары жүзді, сарымсақ тұмсық байды замандаста-

ры: «Батыр Тұлғалысың!» деп қолтығына су бүркіп те қоятын.
Мақтан сүйгіш, ақ көңіл бай ала жазда еркек қойды алымсын-
бай дос-жаранға тай сойып тастайтын. Бірнеше ғана шақырым
Қасқа тұмсықтан қайрақ əкеп берген кісіге бесті ат мінгізген

Шөдеге жайылым жерін жалпағынан берген ұранхай əулеті
үшін қоралы қой, табынды сиыр, үйірлі жылқы айдату сөз
емес-ті. Жылы сөйлесе жылан да інінен шығады емес пе. Тағы
бір оқиға оны ұранхай хошуының əкімімен жақындасуға

септігін тигізді. Қоныстас ұранхай əкімі аңшы, сері, балуан,
емқос адам болатын. Бірде ол қосшы-қолаңшысымен аңға
шықты. Тау бөктерін өрлеп келе жатқан аңшыларға бір топ
елік кезігеді. Қосшысы бір елікті көздесе де жыға алмай жа-

ралы жібергеніне назаланып жаман ырым көрген əкім:

– Хайуанның обалына қалдың! – деп аңшы жігітті айып-

таған. Сол жаралы елік төскейдегі бұлақтан күнде келіп су

─ 84 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ ішеді. Сырттай аңдыған аңшылар еліктің жарасы жазылып, үйіріне қосылғанын əкімге айтқан. «Дəу де болса осы бұлақта бір қасиет бар» деп түйген ұранхай əкімі суды көріп «Арасан» екен деген. Шөде ауылына қонып отырған ұранхай төресі оның жас немересінің ешкі қотырын көріп: – «Ағұйты» бұлағы арасан екен. Андағы баланы жеті рет шомылдыр. Содан жазылмаса маған кел! – деген. Арасан басындағы жартас қуысын монғолдар «агуйт» десе қазақтар өз тілінің орайына қарап «Ақүйті» ақыры «ахунты» болдырып алған. Айтқанындай баланың қотыры жазылып, Шөде бай ұранхай төресімен дос болып ат мінгізіп, шапан жапқан. Бұл молқы билерінің ұранхай төресімен қауышуына кесірін тигізген жоқ. Керісінше ел мен елдің арасына дəнекер болды ІІ Қарақастың Тілеуді үкірдайы мен Жалғыз ағаштағы дүңкір мешітінің бас ламасы арасындағы кикілжің көпке созылды. Тілеуді əділдігімен танылған би. Əрі үкірдай. Бұл да «қара көктің» ұрқы. Кезінде əкесі Кенен ешкімнен кем болған жоқ. Нағашысы найман, Қызыл би. Солардың аруағы қолдап жебеді ме? Жасынан билікке араласқан Тілеуді əділ кесімі арқылы «Бəлекең» атанды. Ұл туып, ұрпақ өсірді. Үлкен ұлы Тырқай қайыспас қайқы болат, жеңілмес жез таңдай. Ортаншы ұлы Бітімші ақыл парасатымен биік көрінді. Кіші ұлы Қоңыр қойдан момын, қозыдан сүйкімді өсті. Бірақ, Бəлекең қашанда күпіршіліктен гөрі шүкіршілікке жақын адам. Дүңкір мешіт əміршісінің тəлкегіне көнді. Тышқан мұрнын қанатпай келісуге тырысты. Сөйтсе де хүрээ əміршісі Қарақас елін Жалғыз ағаштағы хүрээ жайлауына жолатпады. Қонған ауылды бақандап, сойылдап бір күн əмір таптырған жоқ. Көшкен елдің жылқысын қуып,

─ 85 ─

шырқын бұзған. Тек дүңкір хүрээ Үш құйғандағы күзеуіне
түскенде ғана құлаққа тыныштық болады. Егер бұл жақтың
əміршілері кең пиғыл көрсетсе Дэлүүн мен Буянт өзендерінің
алқабы ауқымды да, ұшы-қиырсыз. Ел етекке түскен қоңыр

күздің осынау мамыражай бір күні ойда жоқта дүние ойран
асыр болып, қамсыз отырған қазақ ауылының шаңырағы ор-
тасына түсті.
«Жау шапты!», «Ұры əкетті!», «Аттан, аттан!» деп

қиқулаған үн, апақ-сапақ мезгілде атой салған ұранды да-
уыс жайын жатқан елді дүр сілкіндірді. Ес жиып, етек
жапқанша сақадай сайланып қаруланған ұранхай елінің
жасақтары үкірдай ауылын төпеп берді. Шаңырағы ор-

тасына түсіп күйреп қалған үйлер де аз емес. Атой салған
жасақтар өткінші жауынның бұршағындай сабалап-төбелеп
өте шықты. Бір емес, бірнеше мəрте басынған бұл елдің ноян
тайжысы мен ламасына ызаланған Тілеуді ашу шақырып,

аруағына бас ұрды.
Сол аяғын сылтып басатын үкірдай, қиралаңдап үйден
шыққан бойы босағада сүйеулі тұрған бақанды алып, жайдақ
атқа ұмтылды. Ол бозбаладан кем емес жалғызақ секіріп ат

үстіне қонған. Сол-ақ екен:

– Қаптағай! Қаптағай!! Иə, аруақ! Аттан, аттан! – деп

қораны айлана атой салды. Қаптағай Қарақастың ұраны.
Үкірдай даусын естігендердің əуселесі қозып, ыза кек пен
намысы жаңа оянғандай. Атты жаяулы Тілеудінің артынан
ерген азаматтар ұры, жасақтардың соңына түскен. Дара сай-

ды өрлете қуған жылқының көбін арашалап алды. Алтай
ұрыларымен ымыраласқан дүңкір бұзықтары жылқының
алдын шұбама асудан асырып та үлгерген. Жанын қолына
ұстап, жүрек жұтқан кейбір қуғыншылар «мал ашуы,

жан ашуы!» десіп өлеріне қарамай ұрылардың ізіне түсті.
Сойылға жығылған ұранхай азаматтарын да матап-байлап
алысты. Сабасына симай булыққан Тілеуді: «Қарақастың
бойында жаны бар еркегінен бір жан қалмасын! Атқа мінер

қатын-қалаш болса да еркекше киіндіріп əкелсін! Бұл

─ 86 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ кəпір, бұға берсең сұға берейін деген екен. Əмірімді екі еткен ағайын болса айып саламын. Өкпелемесін!» деп кесіп айтып, түні бойы жар салғызды. Ертеңінде күн көтеріле төрт жүздей қол жиналды. Қақ жартысы əйелдер. Тілеуді олардың басын шытпен оратып, сойыл, соқа, бақан, күрек демей қаруландырды. Еркектер алдыңғы шепте. Бірер шиті, бердеңке ұстаған мергендері екі қанатта. Ат жетпегені түйеге мінген. Топ көбейтіп, жер қайысқан қол Тілеуді үкірдайдың соңынан ерді. Шалқар түс. Қаннен қаперсіз жатқан Дүңкір хүрээсі аяқ астынан ат тағанында қалды. Қатын, бала жүк артына тығылып, атқа мінер азаматтары бас сауғалай қашты. Жас жігіттерінің көбі мешіт медреседе отырған. Ол жалаңбұт бəнділер (шəкірт) қол көтеруге жарамады. Көзі қанталап, ашу шақырған Тілеуді үкірдай : – Дүңкір хүрээсі бүгіннен бастап Буянт өзенінен өтсін, бұл бір. Екіншіден, жайын жатқан еліме жаудай шапқанын қойсын. Бұған келіспесе хүрээ имамы тұрысатын жерін айтсын! Жауабын қазір аламын! – деп тақымдады. Тарыққан ұранхай елдерінің басты адамдары ақылдасып, ақыры Тілеуді талабына көнді. Бірнеше күннен кейін қарақас ауылдары дүңкір хүрээнің күзеуіне келіп қонған. Бұл алқап олар үшін əрі күзеу, əрі қыстау. Ал Жалғыз ағаш, Үш сала басы онсыз да жайлауға жарасымды. ІІІ Тілеуді үкірдайдың жанын жегідей жеген бір ой бар. «...Елім бір ілгерлеуі ілгерледі. Бірақ, баянды қоныс болар ма екен? Ұранхай əулетімен жүз шайысып тындым. Бұл да іргелі ел. Берекеге шақыратын қандай жол бар? Мұндай елмен қақтығыса беру əбүйір əкелмес, сірə! Қағажу көбейсе басыңнан қиқу да кетпейді. Ұранхай əкімі ашуға мініп, намысын қорғауға келсе қара бақан, қамшыдан өзге сайман жоқ бұл халқым не күй кешеді. Иə, бұл за-

─ 87 ─

ман білектің күшіне тоқтаудан қалып бара жатыр. Сонда
неге тоқтамақ? Білімге ме, епке ме? Білім-парасат. Оны
екінің бірінің маңдайына жасаған жазбайтын шығар. Еп

– қулық. Ол түбінде қораның аймағынан аспас. Бүгіндік

ғұмыры болса да ертеңдік баяны жоқ, жалған дүние ғой.
Сөйтсе де бұл үшеуінен үзіп-жұлып бойыма сіңіргенім
бар ма екен? Ойланшы, өзіңді өзің парлашы, Тілеуді!
Қатын қарызы ерде, ел қарызы төреде демей ме, халық.

Жел аударған қаңбақтай, су аударған дөңбектей тығырдан
шыққан жеріміз мынау. Түбінде ұрпағым: «Бəлекең ата-
мыз алып берген орын» десіп жүрсе бір сəрі. Кім біледі,
əлі қанша аумалы-төкпелі тағдыр тосып тұрғанын. Əр

ханның тұсында бір сұрқылтай. Не қылғанмен манжы
ханынан қайыр кеткен. Ал монғол ханы не дейді? Оның
өзі манж елінің қабағына қараған күйі анау. Тұрымтай
тұсында, балапан басында. Не де болса шегінбе, Тілеуді.

Сыңға түсіп, сындырғыдан өтетін кезің келді. Соңыңнан
ерген сор маңдай еліңнің, топ көбейткен тобырыңның көз
жасына қалма!...» Көп толғанған Тілеуді бірнеше күн тас
бүркеніп жатып қалды. Тамаққа да тəбеті соқпады. Тіс жа-

рып ешкіммен кеңеспеді.

– Əкəу, сізге не болды? Бұқпа тигендей бұл не

қылғаныңыз?! деген бəйбішесіне:

– Ей, не дейді мына ақымақ! Ірігеннің аузынан шіріген

сөз шығады. Доғар! – деп ақырды.
Одан əрі сөзге келуге бəйбішесінің жүрегі дауаламады,
білем. Тегеуірінді үкірдайдың зілді сұсынан беті қайтып
қалды.

Тек күн еңкейген кезде басын көтеріп, дəретке шыққан
Тілеуді үлкен ұлы Тырқайды шақырып алды да:

– Дүңкірдің бас ламасына барып кел! – деді.

– Жайша ма, əке?

– Неге жайша болсын. Қос күреңді жетегіңе ал. Апарып

белдеуіне байла!

– О, не қылғаның, əке?!

─ 88 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Не қылсам да өзімдікі өзіме жөн. Билігіме араласпа!

Айтқанымды орында!!!

– Кеш, əке?! Сонда қалай? Басқа айтар бір ауыз сəлеміңіз

жоқ па?

– Ие, солай деп сұрасаңшы! Былай де ендеше: «Қазақта

мал ашуы жан ашуы деген сөз бар. Мал ашуымен буынсыз жер-
ге пышақ ұрған жəйімді кешсін де! Адам күні адаммен деген.
Алтайда да Торғауыт пен Ұранхай əулеті біздің ағайындармен
ауылы аралас, қойы қоралас отыр. Шəй десіп, тышқақ лағын

қумадық. Бір баласының шекесіне шерткен жеріміз жоқ.
Мұнда да ағайынды екі ел, елбесіп-селбесіп отырайық. Райы-
нан қайтсын де» деді. Əке мен бала арасында басқа сөз болған
жоқ. Əке бұйрығын екі ететін еркі жоқ ұл жол қамына кірісті.

Тілеудінің көңілі күпті күйі қалды. Өйткені ұранхай хошуының
ысқаяқ əкімі мен сырын жақсы түймеген дүңкір ламасы
құйрығын сыртына салып, төбе шашы тік тұрар ма екен деп
қобалжыды. Бірақ Тырқай жылы жауап əкелді.

– Бас лама құдайдан қорқатын сияқты. «Бізден де қате

кетті. Үкірдай малын қуса да жөнімен қумай, жайын жатқан
ауылын ойран-топыр қылғанымыз томпақтау болды. Құдай
қолдап екі жақтан кісі өлімі шықпағанына шүкіршілік. Бұдан
былай күшпен емес еппен келісейік» деді. Ал, əлгі əкімі бір

сайыпқыран сұмырай көрінеді. Жақсы жібімеді. Білем, бір
илеуі шала қалды! – деген.
Бұл жауапты естіген Тілеуді тағы да тіс жарып сөйлемеді.
Қуанып ағынан жарылмады. Ренжіп қара көңіл болма-

ды. Пікірі ішінде. Тағы да өзімен өзі аз күн болды. Ақыры
ойламаған жерден ат шаптырып, той жасауға жар салды.
Жөн сұраған ағайынға: «Қырықтың бірі қыдыр, мыңның
бірі уəлі» демей ме. Бұл да іргелі ел. Ел болған соң қыдыры

да, уəлісі де болар. Сыйласып, сырласпай қалай қатар отыра-
мыз. Ұранхай елімен тіл табысып ағайын-туыс болысқанның
рəсімі болсын» деді. Тойға ұранхай əкімі мен бас ламасын да
шақырды. Ақсарбас айтылып, аспа-төкпе дастархан жайыл-

ды. Құралайдың көзінен өткізген мергендер сыналып, түйе

─ 89 ─

палуандар күш сынасты. Жорға салынып, ат шаптырылды.
Осының бəріне Алтай, Қобдаға аты-шулы мықтыларды
Тілеуді əдейі астыртын алдырған-ды. Бəйгенің біреуін де
Дүңкір еліне бермеді. Оның да өзіндік сыры бар. Тілеуді

Ұранхай əулетіне Қарақастың сұсын танытып, алдын ала
жүрегін алып, айбар көрсетпек еді. Жүйрік ат шабатын жерді
таңдаған жігіттерге Тілеуді:

– Атты Буянты өзенінен өткізіп жарыстырыңдар. Бүр-

кіт тің қысаңынан жіберіліп, Дэлүүн суының құйғанынан
жоғарғы Көктебеден тосылсын! – деп бұйырды. Жүрексініп,
дүдəмəлданған ел адамдарының кейбіреуі:

– Бəлеке-ау, шыққалы тұрған көзді онан əрі шұқып ал-

маймыз ба? Өз ауылыңыздың өңірі тұрып, ұранхай жеріне
ат шаптырғаныңыз қалай?! – десті. Артық-ауыс сөзі жоқ, кең
ойланып кесіп айтатын Тілеуді үкірдай:

– Жоқ! – деді қолын сілтеп, – Дүңкір жерінде ат тағанын

қалдырамын. Бəйге төбе де келесі ұрпаққа белгі болсын. Жер
алланыкі болса, рыздығы адамдыкі, қазақ пен ұранхайға
ортақ!...
Міне, Тілеудінің бұл қылығының сыры осы еді. Ол –

«Тілеудінің жайлауы, қыстауы», «Бəлекеңнің ат шаптырған
алқабы» деген атақты артқы ұрпаққа қалдырмақ болған. Бұл
бері айтса айбар, əрі айтса тарихқа дəлел кепілдік деп түйген.
Ел іргесін бекіте түсетін бір сылтау осы деп ұққан. Жүз қаралы

жүйріктен Тілеудінің кертөбелі алдымен келді. Екінші келген
ұранхай əулетінің көкаласына бірінші аттың бəйгесін əдейі
бергізді. Əкім мен бас ламаға да үлкен сый-құрмет көрсетіп,
көңілін қош қайтарды. Сол көктөбе бүгінгі ұрпаққа «Бəлекеңнің

бəйге төбесі» деген атпен қалды. Келешекке бел де, белгі де
болған. Осыдан соң, ұранхай ауылдары ат шаптырған алқаптан
бері қонбады. Арада бірталай жыл өткен соң Тілеуді үкірдай
үлкен ұлы Тырқайдың иелігіне Хөндий, Сарговь, Ахунтымен

қоса Үш саланы алып берген. Ұрпағы үшін осыдан артық ама-
нат болсын ба?

─ 90 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ ҮЗІЛМЕГЕН ҮМІТ І Көбеш үкірдай ұзын кірпік, терең қабағының астындағы кəрі көзін алысқа қадап отыр. Қолағаш иығындағы жайлауына жаңа қонған. Ауыл сырты күнде көрген күйкі-күйбең. Көз ұшында Даян көлі мұнартады. Алтайдың ұлы асуларының қаптал, бөктері əлі де аламыш қар. Ойқарағай бөктері мен Сарыбұйра шұңқырына да бірер ауыл келген. Ақбоз үй мен шудаланған көк түтін қарт көзіне көлбеңдеп жақсы көрінбейді. «Ай айдың оты басқа, ілгері салым күнге жетсек ештеңе етпеспіз» деп сіресіп, тарамысқа таспа жалғаған жұрт осы мезгілге зəр болғаны қанша? «Əй, бəтшағар-ай! Малдың жаны қай жерінде тұратын нəрсе. Үһ, əрең іліндік-ау. Шеруші елінің алды да келген бе немене? Жылқышы үкірдайдың көші қашан өтіп кеткен?» деп күбірледі ішінен, таңданған қарт. Оның күрсінуі орынды болатын. Өткен қыс Қобдадағы керей елі үшін бұрынды-соңды болмаған жұт əкелді. Күздің қара басынан ери жауған қарға қатқақ суық жалғасып, шөпті мұзбен сылап тастады. Мал отармен баратын қоныстың бəрін қар басып, ерте шиыр болған қыстау маңы тозып, жайылым кете бастаған. Там-тұмдап алған пішен шөп тайыншаторпақ, тоқты-торымнан аспады. «Жаудан қашқан, жұттан көшкен құтылардың» кебін киген қазақтар сары аязда сабылып қоныс іздеген. Ақ қар, көк мұзда ошарылып елдің алды Шүйге, арты Қобда бойына түсті. Ішінен шөп кетіп, қара суық өткен мал қысқы айдаудан өле бастады. Жағаласса жан қалатын заман. Көшпенділердің жарғақ құлағы жастыққа тимей, жатпай, тұрмай мал қамымен болды. Батыр бір оқтық, бай бір жұттық дегендей қыс аяғы көрінбестен жемтіктен қора салғандар көбейген. Олардың сорына, көктем тағы ұзаққа созылды. Көтерем мал қой қоздататын өлкеге əрең жетті. Қалың жауған қар,

─ 91 ─

сыланған көк мұз оңайға ерісін бе? Қыстай қармен араз
болған ел, тарыққан соң: «қардың басын қар алар жауып,
ханның басын хан алар шауып» деген үмітпен жазғытұрғы
мысал біліне ұлпа қар жаууын тіледі. Бірақ, тілектерін алла

қабыл көрмеді. Көктем қара суықпен басталып, қарттардың
«түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» дейтін мамыражай,
күншуақ көктемі болмады. Оның үстіне мал шұқ туды. Ата-
улы қоныс, айтарлықтай қорасы жоқ ауылдар елдің иесіз,

күн шалған қорасы мен мал жатқан ескі көңіне таласты.
Онсыз да қоңыр қалта тіршілік қолын буған кедей мен жал-
шылар бере ме деп ұмсынып, бермей ме деп қымсынып
бай мен бектің қабағына қарайды. Бермесе де бай жақсы,

жемесе де май жақсы. Көбеш, Жылқышы сияқты көпес
ұлықтардың қолтығына тығылғандар қарап та қалған
жоқ. Қапты құрт, қарынды май болмаса да қаужаңдайтын
бірдемелерімен қарайласады. Сонымен кердеңдей басатын

кекіре əдет ұмтылып, жіңішке үзіліп, жуан созылған, тоқты
тоймас, шөміш кеппес «ұзын сары» бас талды.
Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісін артық
көретін көшпелі жұрт күн райы қайтқанша иініне жөні түзу

киім де іле алмады. Наурыздың айтшылары да сəукілдеп
қыдыруға елдің жайы жоқ. Сүреңі қашқан жабырқаңқы
күндер жұпыны өтіп жатты. «Жұтқан жұтамайды, үрген
қарын шірімейдінің» күнін кешкен ел бұлттың ар жағында

күн бар деген үмітке алданады. Əйтеуір, жетті ғой бүгінгі
күнге!
Биылғы ораза айт та осынау қалыңның жұқарған күн-
деріне

қабаттасты.
Наурыздың
ортасында
басталып,

көкектің сол шамасында аяқталды. «...Сұраушы мен
тілеушінің қотыры осындайда қозбай ма? Бəтшəғар, сол
бір жарапазаншылардың зарқақсаған дауысы-ай! Жау
жағадан алғанда бөрі етектен аладының кейпі ғой. Онсыз да

тұралап, қалжыраған елді тақымдап, қадалған жерінен қан
алмай қойсашы, шіркіндер!..» деп кіжінген Көбеш қарттың
құлағында,

─ 92 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Астымдағы тай еді,

О да жатып барады.

Қасымдағы бала еді,

Бауыры қатып барады... деп өмешегі үзілгенше өзелеңген жарапазаншының жалбарынышы мен қаңқу сөзі əлі ызыңдайды... «Біреу үшін ғұмыр кешкендей бəтір-ай, беттің арын белбеуге түйіп, ындыны кетен заманның зары, нысабы кеткен елдің пиғылы боларсың ба?...» деп күрсінген Көбештің ойын «Шүйіншілеген!» дауыс бөліп кетті. Көкке жаңа тойып, кабырға жүнін толық тастамаған қотыр құнанын тебінген немересі екен. Төбеде отырған атасына асығып келеді. – Шүйінші, шүйінші! – Ой не болды сонша, шірік неме! – Шүйінші ата! Əйем ұл тауыпты – дейді. – Е, кімнің қатыны ұл таппай жатыр. Сол ма еді, осынша бүлініп келгенің?! ... Жас бала ата сөзінен қысылып қалса да ағайын аманатын ұмытқан жоқ. – Жықаң үкірдай тілеуім бар депті! – Е, тілеуі қабыл болсын! – Айтсын, ата. – Шүйіншіңе астыңдағы андағы қоңыр құнанды ат қылып мін. Жарайды, ауылға бар. Қуанышты хабарыңды жеткізе бер... ...Көбеш айтуын айтса да: «Бір ұлға зар болған, түбі бір қарындасымнан Жылқышы үкірдайдың қуанышын артық көрдім бе? Əлгі шірік неме қатын-қалашқа жаңағы сөзімді айтып жүрер...» деп өзінен өзі қымсынды. ІІ Жылқышы төрт қыздан соң көрген ұлының тілеуі үшін дүние-малды аяған жоқ. Бір қызына Ботажан деген ат қойып, «Ботам», «Боташым» десе енді бір қызы Қожаханды

─ 93 ─

«Қошақаным» деп еркелеткен. Қазақ қашанда шаңырақ
басар ұл тууын тілейді емес пе. Ал Жықаңдай ұлық үшін
мұрагер болатын ұл күтуі заңды. Бірақ, Əйең қызды бірінен
соң бірін шұбыртты. Жықаң ұрпақсыз болмағанына шүкірлік

етсе де жат жұртқа жаралған қыздары үшін ерекше қуанған
да жоқ. Кейінгісінің аттарын да əрі-сəрі Шошахан, Бүкірбай
деп қоя салды. Енді жас тоқал айттырудан ойы бар кезде
Əйең ұл тауып, аллаға шүкіршілік етіп, атын да Сүкірбай

қойды. Ақ түйенің қарны жарылып, ағынан риза болған
үкірдай он екі керей елінің жақсы-жайсаңдары мен жауыры-
ны жерге тимеген палуан, атақты бапкер, атқұмарларға, аты
шулы ақын, күйші, қобызшы, сыбызғышы, сырнайшының

бəріне жар салған. Ол ауыл басына арнап ту бие, қысыр
емген жабағымен қоса, жеткен еркек қойлар сойғызып, əр
руға бірнеше үй тіктірді. Өз ауылдарының биесін тұтас бай-
латып, құрама қымыз əзірлетті. Қысқы соғымға сойылған

ту биелердің кепкен терісін құрымға салдырып, жаңа саба
піштірді. Жаңа сабалар қазы, қарта, жал, жаяның майымен
майланып, ысқа ұсталды. Ағаш ожау, тал піспек, үйеңке
астау, ескі көнектердің қаңсығын шығарып, майлап ыстау

дегендей абыр-сабыр дайындықтар басталған. Саумал
құйылған өркеш торсық бөктеріп қор іздеген жастар бие
байлаған ауылдарға шапқыласты. Той хабарын естіген ел
тайлы-тұяғы қалмай жетті. Оның ішінде Сүйіндік ақынның

салтанаты елден ерекше.
Ол сонау Қобда басынан Саңырау тобын өзі бастап келді.
Тойшылардың арасында ашамайға мінгізген жас балалар да
көрінеді. Жал құйрығы өріліп, кекілі түйіліп, кежімделген

сəйгүліктер жетекте алшаңдайды. Олар əредік құлағын
тікірейтіп алысты болжайды да, шұлғып-шұлғып қояды.
Ақынның ер-тұрманының бəрі күмістеліп, өрнектердің бу-
ындарына көк, қызыл түсті асыл тас отырғызған. Сауырынан

су төгілмес, шашасына шаң тұрмас керітөбел жорғасының
тұсауына шылдырмақ шолпы байлаған. Өмілдірік, құйысқан
мен былғары тоқым өрнегінің астына көксауыр төсеп, тұрман

─ 94 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

салпыншақтарын алтын, күміс шоқтармен шашақтаған.
Ақын айырбалақ, оюлы шалбарын мəсінің сыртына салып,
күмістен тіреме отырғызған көксауыр кебіс киіпті. Басын-
да қарала сырма қалпақ. Кəмзəл сыртынан құндыз жағалы,

кеңмол қара мақпал шапанын желбегей салған. Тізгін ұстаған
сол қолының саусағында ақық көзді алтын жүзік, оң қолына
қамшы орнына қаптаулы домбырасын ұстап, мықынынан
төменірек таянған. Күні бұрын тағайындалған ығайда-сығай,

ыспар жігіттер тойшыларды тосып алып, қолтығынан сүйеп
түсіріп, аттарын кермеге байлап жүр. Жер ошақ басындағы
мұнтаздай бес аспап, қылап азаматтар ас-судың қамында.
Қонақтарын үй сыртынан тосып алған Жықаң мен Əйеңе

сəлемдесіп, «Тілеу қабыл болсын. Баланың бауы берік бол-
сын» айтқан Сүйіндік ақын:

– Иə бармасаң алыстайсың деген. Анда-санда өзің басы-

мызды қоспасаң жат болып та кетер ме едік, Жықа! «Бермесең
алыспайсың» деген тəмсіл тағы бар. «Ұлыңның көрімдігі!»
деп үкілеген тығыршықтай жирен тайды көрсетті. Ақынның
атқосшы жігіттері шашуға əкелген қоржын-қопсағы мен

қара саба толы қымызды көтерісіп жатыр.

– Рахмет, ақыным! Көріспегелі көп айдың жүзі болыпты.

Келші, замандасым, төсіңе төсімді тигізейін?
Заманы бір, жасы құрдас ұлық пен ақын қауышып төске
төсін тигізді. Жылқышы қашанда əлекей-шүлекейге құмар
емес. Қоңыр қалта киінетін. Бұл жолы да керей салты-

мен ұзын қоныш саптама етік, шынтақ жең құлын жарғақ,
тақырбарқыт сырмалы қалың шалбар киіп, беліне кіселі
күміс белбеу буынған. Басына керейше пұшпақ тымақ киіп,
сыртынан қайырма жаға қара шапан жамылған. Ал, сары

бəйбіше өзінше сəнденген. Ақжібек шытыра көйлек, өңірін
оқалаған коңырмауыт мешбет, қызыл мақпал шапан бірін-
бірі ашып, жарасып тұр. Шұлауышының құйрығына екі жер-
ден маржан тізген сылдырлауық шолпы тағып, маңдайына

қоңырау салпыншақты, күміс ай түйреуіш таққан. Кимешек
жақтауын шықшытына дейін қызыл жібек жіппен шалып,

─ 95 ─

алдын шыраштап, əр жеріне алтын оқадан ою басқан. Жықаң
мен бəйбішесі екеуі əр ауылдан келген қонақтарды өздері
бас болып осылайша тосып алды. Сай саладан ағылған той-
шылар төбе-төбенің басына ошарылып, арнаулы үйлерге ор-

наласа бастады. Түс ауғанша шұбырған тойшылардың аяғы
кешке жетті. Ауыл жастары алтыбақан теуіп, сағынысқан
құрдастар күліп-ойнап, ақындар сайысы басталған. Бір күн
болса да арқа басы кеңіген ел өткен қыс пен көктемдегі

жұбанышын ұмытып қалғандай. Алтыбақанды Жықаңның
қыздары қыздырып жүр. Ақындар айтысы күн батып кеш
болғанда төбе-төбеден тарап үй-үйге бөлінді. Бүйірі қызып,
терісі кеңіген сөз дүлдүлдері дес беретін емес. Оған ұйтқы

болған Сүйіндік ақын. Сыналғаны сонымен айтысуға
келіскен. Ақындар ұлт, руының байлық салтанаты мен ба-
тыр бағландарын тілге тиек етіп, бір-бірінің кем-кетігін
қазып, одан жеңісе алмағандары жұмбақ айтысқа ауысса,

кейбіреулері тантыраңтап бəдік айтыс төңірегінен шыға ал-
майды. Тайталасқан тартыс таң атқанша жалғасты. Ертеңінде
жүйріктер жіберіліп, палуандар ұрысқа түсті.. Қобда бетінде
Сүйіндікті жеңетін ақын, Байқозыны жығатын палуан онсыз

да жоғын Жылқышы біледі. Бірақта бəйгенің бəрін өзі алуды
бері айтса астамдық, ары айтса ағайынның береке, бірлігіне
дəнекер болмас деп көрген. «Жүйрікті жəнтекейге, жорғаны
қарақасқа, көкпарды молқыға беріңдер! Қалған жолды тағы

да бөлісе жатарсыңдар!» деген ескертіп.
Ат келіп, палуан біткенше жастар қыз қуарға шығып,
жігіттер теңге іліп, көкпар тартып, күш сынасқан тойға
Жылқышының ұзатылған қыздары да келген. Олардың ара-

сында Шошахан да бар. Оның басында айналдыра құндыз
ұстаған, шошақ төбелі кəмшəт бөрік, аяғында көкала кебіс.
Қос етек, ақ жібек көйлегінің сыртынан шынтақ жең, қима
бел, етегі тізеден жоғарылау, екі өңірін оқамен оюлаған,

күрең мақпал камзол киген. Белінде күміс тоғалы, кере
қарыс жалпақ белдік. Екі білегінде қақтаған ақ күміс білезік.
Құлағында шолпы-сырға. Əйеңнің кенже қызы Бүкірбай да

─ 96 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қалыспаған. Бүрме етек, жұқа, қызыл шəйі көйлек сыртынан
жаға, жеңі жоқ, қысқа қызыл мақпал кеудеше мешбет киген.
Дөңгелек сырма тақиясының үкісі шоқпардай.
Кексе келіншектер арасында желегін əлі алмаған жас

келіндер мен сəукелесі қарағайдай жаңа түскен келіншектер
де бұрала басып былқылдайды. Биік төбе күмбез бен маңдай
сүрмесін күміспен зерлеген, екі жақтауына асыл ақық мар-
жанды шолпы, алтын сабақты сұлама сырға салбыратқан,

меруерт салпыншағы тірсек соққан, алдына гауһар көзді ал-
тын алқа ілген, торғын-торқаны алтын, күміс, асыл тастар-
мен безендірген биік сəукелелі келіншек те көз тартады. Ол
да осы ауылдың жаңа түскен текті келіндерінің бірі. Үкірдай

ауылының қыз-келіншектері үйіріліп керме қасына келгенде
күтушілері аттарын көлденең тартып, қолтықтарынан демей
аттандырды. Əбзелі келісті, мейіздей жараған сəйгүліктер
алып ұшып, «жібер мені» дегендей, жер басқысы келмейді.

Қыз келіншектер төбе басына ілінер ілінбестен əлекедей
жаланған жігіт-желеңдер бір-бірден жетектеп қыз қуарға ала
жөнелді. Келесі жақта екіге бөлініп апыр-топыр алысқан жа-
стар көкпар тартысқан. Той тамашалаған ел төбе-төбенің ба-

сына үйіріліп, үйездеген қойша топ-тобымен шоғырланған.
Онда да дастарқан жайылып, сусын құйылған. Ойын-күлкі,
жазғы жайлау, жадыраған көңіл жарасып, жұрт бір серпіліп
қалғандай. Қарттар қаужаңдасып өткен-кеткенді еске алса,

сағынысқан жастар шүйіркелесіп, сыр ақтарысқан. Қыз
төркіндеп, күйеу қайыншылаған. Жалқыны екеу, жарты-
ны бүтін еткен жазғы жайлау, той-думан неге жаман бол-
сын. Көптен кезікпеген абысын-ажындар да от басы, ошақ

қасының ыбыр-сыбыр кеңесін ағытып, өліктен соң бет
көріспегендер «арты қайырлы болғай» айтысып жұбатысады.
Тілеу екі күнге жалғасып, үшінші күні той тарқарда
Жылқышы үкірдай Қожамжар төремен қоса жəнтекей,

қарақас, молқы руларының үкірдайларын алып қалды.
Орда төрінде оңаша қалған ел ағалары көрпе үстінде көсіле
жатып, қою сары қымызды сімірді. Ұлықтарға арналып

─ 97 ─

қайтадан сыбағалы ет асылған. «Ет піскенше көсеу ермек»
дегендей үлкенді-кішілі ұлықтар гуілдесіп əңгіме тиегін
ағыта бастаған.

– Бұрынғы соңғыдан, солды оңдыдан қалған ата мирас

қой, – деп сөз бастаған Жылқышы:

– Байлығымды көрсетіп мақтанайын деген марқа жүрек

емеспін. Əйтеуір мінеу «ұя басар немені» сылтау етіп елдің
басын қосқаным ғой, – деді.

– Жөн ғой. Жарайды, қарағым! – деді Көбеш, ризашылық

ниетпен. Ол сөзін одан əрі жалғастырып, – Елдің басын
қосу деген бекерге айтылмаса керек. Қазақ атаң бір атым
насыбайға алданған халық! – деді. Оның сөзін тосып отырған
Жылқышы:

– Бөлек ақыл, бөтен ойымыз жоқ. Сөйтсе де соңғы кез

ауыл арасы алшақтап барады. Қоныс жайы да солай болды
ма? – деді, үздік-создық сөйлеп. Елең еткен Көбеш қарт:

– Көмекейіңдегі сөзді жұтпа, Жылқышы. Айтпаса біл-

мейтін, ашпаса көрмейтін қарабайырлау халықпыз ғой.
Ойыңдағыны ірікпей түгел айтқын?! – деді.

– Иə, алтау ала болса ауыздағы кетеді. Төртеу түгел бол-

са төбедегі келеді. Айнала қараса, осы елдің төрт құбыласы
төртеуіңсің. Ат байласа, төрт діңгегі сендер. Мұнда айтпаған
сөзді қайда айтасыңдар? – деді Қожамжар.

– Неге төртеу дейсің? Керей баласы сені “төре” дейді. Өз

басым, Өжеке, өзіңді арамыздан алшақ қараған жерім жоқ.
Жақтан құлақты айырмаймын. Халық болып хан көтерген
Қобда керейлерінің төресісің. Белімізді буысып, бесеу бо-
лып келіскеміз. Ел сөзін бесеу болып тыңдалық, шешіселік,

– деді Көбеш батыр серпіліп.

– Менде айтар ел арасының енжар сөзі жоқ, Көбеке! Жай

бір көңілімдегі ойды... деп кібіртіктеді Жықаң.

– Көңіліңді көлеңке шалса, көкірегіңе мұз қатады. Ашып

айт ойыңды? – деді тақымдаған Өжекең. Жылқышы сөзін
жалғастыра жөнелді.

– Бай бір жұттық. Жалғыз қыс жұт көргенде жанымыз

─ 98 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

мұрынның ұшына келді. Бүйте берсе бүйір шыға ішіп, иін
тола киіну оңайға түспес. Барар жер, басар таудың бəрі сана-
улы. Үш көшік болса, ол орнап жатыр. Қарап отырамыз ба?

– деді.

– Қарап отырмай қайтесің. Патшаң кəпір болса əмірін

тұт деген. Ойың орыс, қырың қытай. Бір жағың манжы,
келесі жағың монғол. От алып қопаға түсейін деп пе едің? –
деді, Көбеш. Оның даусында торыққандық белгі бар.

– Қойға келген қотыр ешкідей күніміз мынау. От алмай

елдің сөзін алып барсақ деймін.

– Жағаласпай жан қалмайды. Жылқышының сөзінде

бір нарық бар. Кезекті дүние, кезбелі несібе ғой. Үш көшікті
түсірген манж-қытай елі де кезіп жүріп кез келген жерден
несібесін тасып жатыр. Тіпті орнығып та алды. Алтайдың ақ
қар, көк мұзы қанша жыл қоныс болсын. Қар жамылып, мұз

төсенген жұрт биыл-ақ тіршіліктің түбі неге соғарын сезіп, істің
анық-қанығына көзі жеткендей. Халықтың көз жасына қалмай,
тағы бір талпынып көрсек болмай ма? – деді Қожамжар.
Төренің сөзі əрі талап, əрі сауал сияқты. Үш көшік дегені

соңғы жылдар манж елінен түскен үш қарауыл еді. Олар
кейбір жерге қазақ, ұранхай ауылдары қоныстануға шек
салған. Жолты мен Сүңгітінің алтыны, Асқынтының күмісі,
Усайдың сынабы манж елінің атты əскерлерінің қарауында.

Ел шетіне қарауыл қойып. алтын, күміс, сынабын ат арба-
мен тасып жатыр. Қарауылдан ары тірі пенде аттатпайды.
Алтын мен күміс қазса да көзден таса да, тек ауыр жүкке
арқасы қайысқан ат арбалар ғана манж еліне тыныс-толас-

сыз тартады. Күнді-күн, түнді-түн демейді. Оны да ешкім
тектеп, тексеруге құқығы жоқ. Көз алдында көлбеңдеген
осынау құпия құбылысты ұранхай ұлыстары «хөшиг»
деп атады. Шымылдық дегені. Қазақтар оны ұранхай

ағайындардың атауымен көшік болдырып алған. Жылқышы
мен Қожамжардың көңіліне қаяу түсірген осынау үш көшік
еді. Бағанадан басқаны байсалды тыңдап, сөзге қонақ берген
Тілеуді үкірдай:

─ 99 ─

– Қонысты кепілді болдырған жөн. Өгізге туған күн

бұзауға да туады. Бүгін қазақ, монғол арасындағы қақтығыс
аз емес. Ертең манж гүндері келіп шықбайталдамайтынына
кімнің көзі жетіпті. Осы монғол елінің өзі соларға кіріптар
ғой, – деді. Көбеш үкірдай оған бұрылып:

– Сонда, кімнен қол таңба сұрайсың? – деді, алара қарап.

– Қобда, Хэбэй амбыға барып төрелік сұраған жөн.

Мына монғол-ұранхай ұлыстарымен бірге өсіп, біте қайнасақ
та бірде олай, бірде бұлаймыз. Қабағына қараған бұлтты
күндей. Ал, үлкен амбының аузынан бірауыз сөз шықса ай-
бар емес пе?!

– Тілеудінің сөзі дұрыс. Бірақ, қой қоралас, ауыл аралас

отырған мына іргелес ұранхай, соён төрелерімен де тіл табысқан
жөн, – деп ескертті Өжекең. Жылқышы сөзге кезек алды.

– Керейдің басқа рулары орын теуіп қалған сияқты.

Көбекең қыс болса Сагсайды жалпағынан басып жатыр.
Оған симаса Далакөл де аңырап тұр. Қарақас пен Молқы Бу-
янты асып Дэлүүнге жеттің. Шерушінің бір пұшпағы əлі де
болса сендердің қолтықтарыңда жүр. Ал енді бір бөлегіміз

Шыбарайғыр ауылымен бірге Тұлбаға ойысты. Қалғанымыз
қайда барамыз? Ақкөл мен Соғақ барсам деймін. Дөрбет
ұлығына да аман-сəлем айту қажет болып отыр.

– Жарайды, жолың болсын. Сонда Хэбэй амбынға

қайсың аттанасың? – деп сұрады Көбеш.
Қожамжар төре оған:

– Төңіректің төрт бұрышын тең болжайық. Шұғылаңда

манж амбын болса, сол жағыңда Орыс, Төлеңгіттер жатыр.
Соғаққа жетсең Шүйге барғаның. Ендеше орыс, төлеңгіт
төрелерінің алдынан тағы өткенің түбінде баянды болар! –
деп ақыл қосты.

Төрелер кеңесі түс ауып, көлеңке еңкейгенше жалғасты.
Тай қазандағы ет те пісіп қалған екен. Жылқышының
қабағына қарап отырған сар бəйбіше: «қонақтар қол жуса»
деген ишарат білдірді.

─ 100 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ САПАР І Қоңыр күз. Көкмоншақтың Шар Да атанған ұлығы Очиржавтың ауылы Жыланды өзенінің құйғанына жақын қонған. Қазақтар Сар төре атанған Соён елінің бір ұлығы жеті ел ұранхайдан өзіне тиесі жерді қызғыштай қорыса да Жылқышы үкірдаймен тіл табыса бастаған. Сыртқа шыққан ауыл адамдары: – Жетегінде қос аты бар Жылқышы үкірдай келді деген хабарды төрде отырған Сар төреге жеткізді. – Қос атты болса алысты меңзеген ғой, – деді сабырлы төре. – Мініс ат емес сияқты. Жал-құйрығын өріп үкілеген ат екен. – Е, онда қазақ ұлығы бекерге келмегені. Сыртқа шығып, ит қорыңдар, үйде үймелемей. Діні басқа болса да тілеуі бір. Ұлықты ит қапса қазақ елі ат шапан – айып тағатын əдеті бар. Жықаңды аттан түсіріп алыңдар… Қазақтардың ғұрпын жақсы білетін Сар төренің көңіліне «қалау» деген салт берік ұялаған. – Ат, атан жетелеп, алтын, күміс алақанына салып келген қазақ бір нəрсені қаламай бекерге келмес. Келсе көздегенін алмай тынбас. Бұл үкірдай не сойқан бастағалы жүр екен, деді қу іші əлденені сезген Сар төре. Сырттан сəлем беріп Жылқышы мен атқосшысы Байқозы палуан кірді. Төлеңгіт пен Тыва елінің тіліне дейін қазаққа ұқсастығы мол. Жергілікті адамдар онсыз да тіл табысып, түсінісе беретін. Төре сəлем алғаннан кейін тура қазақшылай жөнелді. – Жол болсын, Жылқышы үкірдай! Қос ат мінгеніңе қарағанда қоналқы жерден қайтпайтын түрің бар. Алған бетіңді айтшы? – Алған бетім өз ауылың. «Айран сұрай келіп шелегіңді

─ 101 ─

жасырма» деген біздің қазекеңдер. Өздеріңдей ағайын туыс
елдің арқасында жайлау мен күзеу кеңісе де қыстау шіркін
қысып барады. Бір қысқы жұтта ақсүйек жинап алуға
тақадық. Көріп отырып ағайынды елді өлтіресіңдер ме?

– Өлсін десек өкпе тұсымыздан орын береміз бе?

Бұл не дегенің Жылқышы?!

– Өткен күннің реніші мен назы ғой! Өзім деп айтып

отырмын.

– Не ренішің бар еді үш соён елінде?

– Ренішім еліңде емес, өзіңде төре. Он екі керей елінің

басын қосып той істеген тілеуіме шақыртып едім, келмедің.
Сөйтсе де кішілік етіп алдыңнан тағы бір өтейінші деп
тойдың дəм-тұзы мен шашуын ала келдім. Жетегім сол
тілеудің кəдесі. Белдеуіңе байладым,– деді тымағын алып оң

аяғын көсіліп орңыға бастаған үкірдай.

– Бəрекелді, алдыңнан қалай орағытсам да аңғал-

дығымнан сүрінер жерімді байқамаппын. Сөзің орынды.
Жеңілдім. Мен босқа теріс жорыған екенмін. Құтты қонағым
бол! Жықаңа мал əкеліңдер! – деп бұйырды. Əзіл-қалжың
аралас əңгіме тиегі ағытылды да кетті. Мал сойылып жа-

тыр. Үкірдай мен төре бірде ілісіп, бірде шалысып ит жығыс
отыр. Көңілінде бір күдік арылмаған төре əңгіменің бетін
аша түскісі келіп:

– Қазақ үкірдайы қайда өндіршектеп келесің, шыныңды

айтшы? – деді жұлып алғандай.

– Өндіршектеп өктемдік еткен жайымыз жоқ. Ежелден

қой қоралас, ауыл аралас өскен, төскейде мал, төсекте басы-
мыз қосылған ағайынбыз. Осыным орынсыз ба?

– Қай жерде мал, басың қосылып еді?

– Міне, мына Алтайды көр. Шіңгіл мен Көктоғайда

ұранхайың, Еренқабырға, Боғдада торғауытың, Тарбағатай
мен Шүйде төлеңгітің аралас отыр. Қыз беріп, қыз
алысқан бабалардың дəстүрі де жалғасып келеді. Тілеуді
мен Көбешті көр, ұранхай төрелерімен Сагсай, Дэлүүнде

─ 102 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

əлдеқашан араласып кетті. Ал, Дімік екеуің бірнеше
ауыл Шерушіні Қобда өзенінен ары асырмадың. Отармен
тозған малшыны көзің көрмей ме? Өтірік пе осыным, айт-
шы өзің?

– Иə, шын. Сонда мен өз қолымды өзім кесейін бе?

– Мойныңды ұсын, қолыңды кес демеймін. Атадан

қалған Алтай саған да ортақ, маған да ортақ! Кеше Соённан
сен көшіп келсең, бүгін Алтайдан мен келіп отырмын. Оның
алдында қай елің көшіп, қайсысы қонып жүргенін кім білсін.
Алланың жері – адамның ырыздығы!

– Сонда не қыл дейсің?

– Күзеуіңе қыстап, қыстауыңа ірі қара мал отармен

апарайын. Жұртыңды жеп, жайылымыңды тоздырмай,
бостықтан тусыған жеріңнің пұшпағын қи деп отырмын.

– Жарайды. Бұйымтай шаруаңды жүрерде айтарсың.

Басқа кеңесің бар ма?

– Манж елі ішінен бүлініп, бітеу жарасы жарыла баста-

ды. Үрімжі, Құлжа ойран-асыр. Ұйғыр, дұңған елі бір қара
көрсетпей тынбас. Сонда Манжының қабағына қараған
Монғол елі тыныш отыра ала ма?

– Бір сиырдың мүйізін қақсаң мың сиырдың мүйізі

сырқырайды деген ғой. Түбі оңайға соқпас.

– Бүгінгі менің киген кебімді ертең сен кимесіңе көзің

жете ме? Оң бүйірден қысқан дерт насырға шауып бара-
ды. Қызғанғаның қызыл итке жем болмасын. Алтын менен
күмісіңді онсыз да тасып жатқан жоқ па?

– Иə, тасып жатыр. Боғда иемнен тартып шамасы келме-

ген нəрсеге боқташақты бір ноян не істеймін? Патшаң кəпір
болса əмірін тұт. Манж саған да, маған да ортақ əмірші!

– Ендеше, үш көшікті бірігіп шабайық. Шаппасақ та

жабайық! Соның өзі тəмам қоныс.

– Жылқышы! Мен қанқұмар жан емеспін. Құлағымның

тыныштығын, ел арасының бейбітін тілейтін адаммын. Үш
көшіктің ар жағында жеті басты дəу жатыр. Ол – Манж

─ 103 ─

хандығы. Отпен ойнаған жанады, сумен ойнаған батады. Бұл
іске ақыл керек...

– Мен қанқұмарлықпен айтып отырғам жоқ. Ата-

дан қалған Алтайды ұранхай мен қазақтан қорығанына
қорланамын. Бұдан артық үстемдік бола ма?!
....Дағдарған төренің салбыраған иіні, түсіңкі қабағы,
ойлы пішінінде тарыққанның белгісі бар. Ол бұл жайды

білмейді емес, біледі. Манж елінің қылығына, баса көктеген
өктемдігіне қанша опық жесе де күресуге дəрмен жоқ. Да
Хүрээде Сандован, Қобдада Хэбэй амбы, Улиастайда Гүан
қолбасшы дегендей манжлар төңіректің төрт бұрышын

иеленген.Азуы алты қарыс арыстандай. Осыны ойлап
қамығып, көңілі жарым болған Сар төре айланып келгенде
қазақтан өзге жақын ағайын да таппағандай. «Əлдеқандай
күн туып, басына іс түссе бақан ала жүгіріп, арашалайтын

осылар» деген үмітте.
Үкірдай мен Төренің əңгімесінің «басы қатты болса да
аяғы тəтті» дегендей ұғысуға апарды. Оларды ұғыстырған
ортақ мүдде, ел арқасына түсіп жауыр қылған ортақ жүк.

Манж елінің жүгі күннен күнге ауырлай түскенін олар сезінді.
Сезінді де келісті. Қона жатып əңгімелескен Жылқышы
үкірдайды ертеңінде аттандырып жатқан Сар төре:

– Биыл қыс елің Қобданы өтіп қыстасын. Ақ соён мен

Қара соён төрелеріне өзім сəлем айтайын. Олар сөзімнен
шықпас, – деді.
Жылқышы үкірдай мен Байқозы палуан осы алған бетінен
қайтпады. Сар төренің кеңесі бойынша күзгі самалды төске

алып Дөрбет еліне беттеген. Онда да ісі теріс болмады.
Соғақтың түлкі жөн жалпақ сазына жүз қора мал сиятын.
Оған жылқы салуға келісті. Одан əрі Шүйге тартты. Найман,
Төлеңгіт елінің төрелерімен келісіп, баяғыдағы орыс əскер

басына сəлемін жеткізген.
Батыс сібір генерал губернаторы қазақ, төлеңгіт ау-
ылдарын бірнеше уез, округқа бөліп, Томск губерниясы

─ 104 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

арқылы билейтін. Қазақтар Семей уезіне, төлеңгіттер Алтай
округіне қарайтын. Жылқышы үкірдай жетсе Семей, Том-
скге дейін жол шекпек еді, тағы сəті түспеді. Таулы Алтай
Төлеңгіт елінің жолы əрі алыс, əрі күдір. Оның үстіне ісі

оңға айналып, Алтай округін билеуші шекаралық əскер ба-
сынан бұйымтайы аспады. Шын мəнісінде Төлеңгіт, Найман
елдерінің төрелері билік ұстаған атағы ғана. Олар тек көшпелі
руларды қауымдағаны болмаса ел, жердің шешуші билігін

əрі айтса Алтай округ билеушісі, бері айтса шекаралық əскер
басы бұлжытпайды. Жылқышы үкірдай атан серке терісінен
илеткен қоржын тола тайтұяқ пен қойтұяқ, күміс жамбы
теңгені аяған жоқ. Шүй мен Қызылкезеңге жылқы салып,

қой отарлатуға ресми рұқсат алды. «Атың барда жер таны
желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп» дегендей Шүй
елінен қос атпен шыққан Жылқышы мен Байқозы Бөхмөрөн
өзенінің басынан Дөрбет жеріне тура түсіп, шетсіз-шексіз

осы алқапты көргенде аң-таң болды. Шөбі жұмыр, суы
тұнық, тынысы кең осы өлкеге жүз айғырлы жылқы салса
да толар емес. Елі де жеріне сай кеңпейіл екен. Бөхмөрөннің
бұлдыраған алқабы сағым қуып қанша жортсаң да бір тау-

сылмайды. Алдыңнан үйіріле үріккен бөкен мен жирен қора-
қорасымен қашады. Ертегідей сипатты қызыл шоқыларында
арқар мен тауешкі қойша өриді. Осынша байлық, кең
алқаптың иесінің де пиғылы қалай тар болсын. Дөрбеттің

Далайхан елі төрт құбыласы тең тұрған шақ.
Жүрген сайын үкірдайдың көзі ашылып, көкірегі
оянғандай. Дөрбет елі Жеті ел ұранхай мен Соённың Ды-
васынан да іргелі екені көрініп тұр. Шыңтуайтында 7 ел

ұранхай мен дывалар осы өлке əкіміне қарасты болып
шықты. Олар осы кеткеннен мол кетіп, бір ай бойы жол
жүрді. Бөхмөрөн даласын көктей өтіп, Өрікті көл, Қызыл
асу арқылы Қарақырқа (Хархира) тауын айналып шықты.

Бұл да мал мен егіншілікке қолайлы кең алқап. Дөрбет
елін аралағанда тап болған тағы бір таңғажайып оқиға

─ 105 ─

Хотындар еді. Жықаң бұл туралы жақсы білсе де Далай-
хан Хотындардың қалін осынша мүшкіл еткеніне қайран
қалды. Қарттары болмаса, жастары тілінен де, дінінен де
айырылып қалған. Далайхан Хотындар үшін қатал заң

шығарған. Ол: «Еркегі мыңнан, ешкісі жүзден асса ба-
сын алу, қазақша сөйлесе тілін кесу, қызын тек дөрбетке
ұзату, ұлын əскерге беру, мұсылманша рəсім істегеннің
шаңырағын ортаға түсіріп, отқа өртеу, жайлау, қыстауын

Қарақырқа белінен асырмау, көші-қон, жүріс-тұрысына
тұсау салу...» сияқтылар. Осыдан: «Хотын ел емес, ешкі
мал емес» деген тəмсіл тарап кеткен. Хотынның тегі
өз қайын жұртының бір сабағы екенін де Жылқышы

біледі. 1836 жылы Қарасеңгірде Сайнноёнхан Жəнтекей
руын шапқанда Жылқышы он жастағы бала. Шақабай
батырдың ұлы Ізғұтты, Қазыбекұлы Иман, Халықбайұлы
Жарқынбайлар дөрбетке қарсы ұрыс салған. Бірақ,

елдің алды көшіп, жұртта қалған бейғам ауылдар жау
қолына түскен. Отыз отауды айдап, Ізғұттының басын
алған жау жеткізбеген. Жолда бейуаз ерлерді өлтіре
бастағанда жау ұспынынан шошыған Беген ауылының

бір малай сарты басына қара жамылып, «Біз қатынбыз!»
деп жалбарына берсе керек. Содан отыз үйлі жəнтекей
ауылы «қотын» аталды. Олардың ішінде Хотанлықтар
да аз емес болатын. Сайнноян хан үшін Хотанлықтар

да “Қотын”, қазақтар да “Қотын”! Қарасеңгірден Қара-
қырқаға дейін ақтабан болып айдалған ауылдың ерлері
қырылып, шал-шақпыт, қатын-балалар ғана тірі қалған.
Ақтабан шұбырынды болған ел неше күндер өтіп Қобда

өзеннің бойы Қаратауға жетті. Ол бүгінгі ұрпаққа
«Қотын қара» деген атпен танымал. Сонда бір үйдің
жалғыз қызы өліп «О,қызым-лап» зарлаған анасының
даусымен ол жер-«Оғзым» аталып кетті. Сормаңдай

қазақ елі бұл тарлан тарихта не көрмеген. Осының
бəрін ойлағанда Жылқышы үкірдайдың өзегі өртеніп

─ 106 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ тұр. «Содан бері елуге жуық жыл өтіпті-ау! «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген. Мына Қотын байғұста мұсылмандық нышан қалмаған-ау! Сұпыты неткен жаман, сүреңі мұндай жөн болар ма?!деп қынжылды Жылқышы. «Ел ішіне Қазақ төресі келіп, Қотын ішіне суық сөз кіріпті» дегенді естіген Далайхан Жылқышы артынан астыртын қуғын салды. Қотын елінен осы сыбысты естіген Жылқышы көп кешігуге дəт қылмай, ел азаматтарына «елдігінен айырылмауды» аманат етіп, түнделете Қобда бойына тартты. ІІ Жылқышы үкірдай қайта оралғанда күзгі қара суық басталып, қазақ ауылдары құлазып қалған. «Тілеуді үкірдай Хэбэй амбыға ұсталыпты» деген қауесет ел ішінде гу-гу! Жылқышылар кешіккенін жаман ырымға жорыған Шеруші ауылдары да елегізген. «Япыр-мау, тірі болса бір хабар келетін уақыт жетті. Үкірдай жолына бір пəле айланбаса игі еді!» деп қобалжыған Көбеш қарт пен Өжекең төре де күн сайын ат шаптырып, кісі жіберіп, тың тыңдаумен екен. Сар төреден тартып Орыс басшылары мен Дөрбет байларына дейін кең пейіл керсетіп, Шүй мен Соғаққа жылқы салуға келісіп, Қобда өзенді құлдай қыстау алғанына ел болып қуанысты. Жылқышыға амандасуға Көбеш батыр мен Қожамжар төре өздері келген. Бір қанаты жайылса да екінші қанаты қайрылғанына қынжылған Қожамжар төре, – Бір бауырым келгеніне қуансам да енді біреуі жат қолында қалғанына қабырғам қайысып отыр. «Төрелер қарап отырып Тілеудіні қаматып қоя ма» деп Қарақастың ақсақалдары да сəлем айтқызыпты. Ол да арқама аяздай батып барады. Не ақылың бар, Жықа? – деді. – Жөн ғой, Өжеке! «Еркек тоқты құрбандық» деп байлап-матап беретін ел басына күн туған жоқ. Иттің иесі болса,

─ 107 ─

бөрінің тəңірісі бар. Түйені түгімен жұтатын Хэбэй амбының
тамағына тас тығылды дейсің бе. Манж төресіне сөзіміз
жүрмесе де бөзіміз өтер, – деді жирен мұртын ширата, биік
қабағын көтеріп, көкшіл көзін қадай түскен Жылқышы.

– Хэбэй амбын сақалға тоқтаса мен барайын. Жасым-

ды сатып отырғаным емес. Бетім қайтса сағың сынады ғой
деймін, – деді Көбеш.

– Тосқандарың мен болсам барайын. Тартынатын жөнім

жоқ. Тілеудінің бетін ертең қайтіп көреміз,– деді Жылқышы.

– Пиғылдарыңа разымын. Кісі керек болса мен де даяр-

мын ғой. Мал керек болса айдап алдына салайық. Үкірдай
басы бір азамат ертіп беріңдер. Ертең жолға өзім шығайын,–
деді Қожамжар төре.
Жылқышы, Көбеш, Тілеуді үшеуі-ру басы болса,

Қожамжар-төре тұқымы, хан ұрпағы болғандықтан-ел басы.
Ол бір саты жоғары тұрғанына қарай ауыр салмақты өз мой-
нына алғанына Көбеш қарт риза болды, білем!

– Жарайсың, Өжеке бауырым! Мен шегінейін демеймін,

білектен күш, жүректен қайратты алған кəрілік қаймықтыра
береді. Асылбек бірге барсын. Малды жолдан қосамын, –
деді. Басын изеп Көбеш сөзін құптаған Жылқышы,

– Ердің құны елу қара ғой. Жамбы-күмісін де қосайық.

Тілеуді бас жарып, көз шығарған жоқ шығар. Төреге
томпақтық істеген жері болса Хэбэй амбын осыған тоқтар.
Жасың тетелес болса да жолың үлкен. Сен биіктен көрінгенің
жөн. Қобдаға мен барайын. Амбыға бір емес екі үкірдай

керек болса, артымыздан іздеуші ие бізге де қажет, – деді
күліп.
Көбеш те еңгезердей екі иығын селкілдете, кеңк-кеңк
күлді. Өжекең: «Оның да орынды. Тілегенің қарныңа» де-

гендей бас изеп,

– Төренің алдында Төре құрақтай құламасын деп отырсың

ғой. Хэбэй амбын бір емес екі үкірдаймен ойнаса біз де қарап
жатпаспыз! Бəрің сау етіп Қобданың қамалына кірмей, іш-

─ 108 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ сыртқа тіл болатын жігіттерді екі ортаға жүргізіңдер. Əуелгі хабар өзіңнен болсын, – деп кесті. Бас төренің кесімі – кесім. Сөзі – сөз!... ІІІ Жылқышы үкірдай елден жинаған елу қараны алдына салып, Сүйіндік пен Байқозыны қасына атқосшыға алып, Қобдаға аттанды. Жолдан Асылбек, Тырқай бастаған ел азаматтары қосылған. Кейбіреуі шиті, бердеңкемен қаруланып, сойыл, шоқпар ұстаған. Жылқышы үшін қашан да бұзау тіс, сарыала дырау қамшыдан өзге қару керек болмаған. Жылқышы тобы араға бір қонып Қобда қаласына жетті. Қара суық жонда тұрғанмен ой жер əлі жылы екен. Қобданың тар көшелері тіпті қапырық. Базарға барып бақ сынаған жұрт. Малын өткізе алмаған қазақ, ұранхай, дөрбет, мыңғыт, захшын, торғауыт, астық сатқан қара қытай дегендей неше түрлі адам қайшалысады. Əр тілде шүлдір-былдыр дауыстан құлақ сасиды. Ұлар да шу, азан-қазан орта. Көкке шаң көтерген мал мен жан. Дүкендер терезесінің қақпағын ашып, жоғарыдан күн қағар тартып қойған. Қазақтар қалың ел қайшалысқан базар мен тар көшелерді көктей өтіп Манж амбынның ақ қамалына тартты. Қамал сыртында да алақанын жайған сұраушы мен қанжыға, мəліш саудагерлер. Иық ағаштың екі басына жүк ілген жаяу саудагерлер дедек қағады. Қос атқа жеккен күймемен қатар жаяу арба сүйретіп, тізесі қалтақтаған арбакештердің алты айрығынан тері сорғалайды. Сөйтсе де дамыл таппайды. Арпалысып, жанталасқан, «қайтсем бұл өмірден өз үлесімді табам» деп талпынған жұрт, қым-қиғаш өмір. Қалалы жердің қат-қабат көрінісі қыр қазақтарына сонша таңсық болмаса да əрі ерсі, əрі жат сияқты. Жылқышы Асылбек пен Байқозыны қамал маңын барлауға қалдырып, алдына салған елу қараны таныс саудагер сарттың қорасына қамап, өзі тас шəй ішіп, аз

─ 109 ─

тынықты. Бірер жігіт мал қарауында. Үй иесінен қаланың
жай-жапсары мен Хэбэй амбының қылығы жөнінде там-
тұмдаған кеңес тыңдап, онымен жолығу жолын қарастырды.
Қамал неше қабат қоршаулы екен. Амбының қонақ күтетін

ордасы да, мешіті де, зынданы да осынау кірпіш камалдың
ішінде болса керек. Аптасына бір рет күймеге отырып, бой
жазады дейді...
Жылқышы көп күнгі жортуылдан бері əлі тыныға ал-

май жүр. Ат соғып, ыстыққа қапалап, шаршап қалған. Үй
иесінің кеңесін тыңдап, қисайған күйі қалғып кетті. Тасыр-
тұсыр дыбыс пен ағаш есіктің шиқылдаған даусынан оянса,
дабырласқан Асылбек пен Байқозы екен. Олар да бусанған.

Киімдерін жеңілдетіп, төртбұрыш кірпіш үйдің оң жағына
қатарласа отырды.

– Қамал сыртында күзетшілермен «Сауда айтысып»

кешіктік, – деді Байқозы.

– Е, немене саудалайды екен?

– Жақсы сөйлессе апиын, темекі сатамыз дейді.

– Тəйт, ондайдан аулақ болыңдар! Жымиып күлген

Асылбек сөзге араласып:

– Біз басқа саудаға келістік, Жықа. Бір қойтұяқ беріп

қарауыл басына сөйлестік. Оған: «Хэбэй амбынға жолығып
аманшылығын білмекпіз. Тартатын тарту-таралғы, сый-
сияпатымыз бар», дедік.

– Иə, жөн! Сонан кейін?

– Оның да көңілін қалтырғамыз жоқ. «Хэбэй амбын

кешікпей Бежінге жүреді, жол дайындығынан мұрша жоқ»,
дейді. Десе де, бір қойтұяқ алған соң күліп жіберді, кəпір!...

– Əй, қу дүние-ай! Алтын менен əйел заты ханды жол-

дан тайдырған деседі, балам. Не болса о болсын, бізді амбын
төремен жолықтырса болды ғой!

– Жолықтыратын болды,– деді Байқозы, – бүгін Хэбэй

амбынмен тілдескен соң пісіріп қояйын, жауабын ертен
тəңертең алыңдар,– деді.

─ 110 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Иə, жаббар жасаған жар болып, əмбием қолдай

көрсін?!

– Айтқаныңыз болсын?!

– Мен екінті оқып алайын. Қалалы жерді сынайтын

емес. Өзіміз де қоралы жанбыз ғой. Мал сойыңдар!

– Жарайды, тақсыр!

...Тырқай бастаған ығай да сығай жігіттер қонақ асы
малды жəркемдеуге кірісті. Кейбіреуі малдың күзетінде.
Мұндай көрініс саудагер сарттардың ауласында күнде бо-
латын. Көшпелі қазақтар қоралы қойды айдап əкеп, күні

бұрын тапсырған затын осы саудагерлерден алып қайтады.
Кейбіреулері қорасына малын қамап, ол өткенше сабы-
лып жүреді. Үкірдай, залың, зəңгі сияқты лауазымы артық
ұлықтар мен бай манаптар бүйтіп біреудің ауласына кіріптар

болмаған. Бұйымтайын сарт-сауандарға күні бұрын тап-
сырады. Олар артынып-тартынып барғанда мал мен жүн-
жұрқа, тері-терсегі дайын, ұлықтардың сый-сияпатына
қарық болған бай саудагерлер əзілі жарасса кедей-кепсек

қазақ қыздарын тоқалдыққа айттырып, бай төрелерден ат-
шапан алып қайтады. Жылқышы үкірдай түскен сарт сауда-
гер де солардың бірі.
Жылқышы Қобда қаласында көп сабылып қамалған жоқ.

Қарауыл басына таңертең барып сөйлесіп, жең ұшымен
жалғасқан Асылбек пен Байқозы жақсы жауаппен келді.
Ертең түсте Хэбэй амбың Жылқышы үкірдайды қабылдауға
келісіпті.

Ол уағдалы мерзімінде үкірдайды қарсы алды. Қамалдың
қабырғасының қалыңдығы сонша, үстінен арбалы ат
жүргендей. Қақпасы екі қабат. Қамалдың іргесін айнала
терең арық ағып жатыр. Одан көпір арқылы өткенде орта-

да бақша, екі жағында екі орда. Екі орданы қосқан қамал
тағы кезікті. Одан əрі үлкен орда, мешіт, тағы тағысымен
қызылды-жасылды, оюлы ауыр қақпалы, еңсесі аласа-
лау, шатырлы үйлер. Үлкен орда қамалдың төрінде екен.

─ 111 ─

Қақпасының өзі бір қабырғадай. Қызыл шаңқан бояулы.
Ала шұбар өрнек, айдаһардың суреті салынған. Білезікше
дөңгелек тұтқасының жуаңдығы білектей. Терезелері шыты-
ра көзді.

Қақпа ашылғанда ұзын кілемше төселген дəліз. Одан
да өтті. Ішкі кішкене қақпадан соң қарала кілем төселген
шағын орда. Хэбэй амбын төрдегі тақта отыр. Басқа ешбір
орындық, тақ жоқ. Уəзір санаттары есіктен кіре тікеден

тік тұрады екен. Қолын кеудесіне қойып иілген Жылқышы
үкірдай қазақша сəлем берді. Торғын-торқаға бөленген
Хэбэй амбын орнынан тұрып сəл иілді. Екі қатар болған
қазақтар амбын алдында қаздай тізілген. Бірінші қанат ал-

дында Жылқышы, екінші қатарды Асылбек бастаған. Аман
сəлем алысып жайғасқан Жылқышы:

– Ұлы манж патшасының құзырына құлдық еткен

халықпыз. Керей деген елміз, өзіміз дегенге кеңбіз, сыйласқанға
бармыз, сенбегенге тармыз. Қонысымыз Алтайдың аржақ,
бержағында. Көшіп-қонып тіршілік еткен жайымыз бар.
Жартымыз осы бетке қоныстанғалы да бірер жыл болды.

Алдыңыздан өтіп амандық сұраспаған біздің қатеміз. Бір аза-
матымыз тентектік қылыпты. Айыбымызды мойнымызға ала
келдік. Ат басындай күміс пен ата дəулетінен елу қара сыйға
əкелдік. Кешу, кешпеуіңізді құзырыңыз білсін ? – деді.

Тілеудінің қамалуы шын мəнісінде Хэбэй амбынға байланы-
сы жоқ-ты. Хэбэй амбын Манж Чин патшасының Қобдадағы
ерікті өкілі. Батыс монғол мен қазақ руларын қабат билейді.
Ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Бөліне көшкен ел соңғы

кез төрт орын, Керей елінің билігін ұстаған Қасымхан мен
Жұртбайға бағынғанды қойған. Манж патшасына төлейтін
сарноқта салығын да бермеген соң, салмақ Жұртбайға түскен.
Осыған ызаланған Жұртбай Қобдаға қоралы қой, табын сиыр,

айғыр үйірлі жылқы айдап əкеліп саудалаған бір жолында Хэ-
бэй амбынға ат-шапан сыйға тартып, Қобда қазақтарын ба-
рынша жамандап баққан. Қолына түссе кешірмеуін тілеген.

─ 112 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Жұртбайдан соң келген Тілеуді қарауылдардың көзге ілмегеніне
ызаланып қиқарлық мінез көрсеткен. «Ханнан қазаншының
пиғылы тар» дендей қарауылдар Тілеудінің «қылмысын» өсіріп,
қылығын тұздықтап əскер басына жеткізген. Пəле басы сол

болып Тілеуді жабылған. Хэбэй амбынға да жолдағылар істің
мəнісін өсіре жеткізді. Жылқышының тартуы Жұртбайдікінен
неше есе асып түскені Хэбэй амбынның пиғылын жұмсартып,
кеуіп қалған кенезесін жібіткендей болды. Сырты түк, іші боқ

елу жылқы қазақтың рулы елі үшін бұйым ғұрлы болмаса да
Манж амбын тамағы тесік пенде емес пе. Жылқышының дəтін
тыңдап аз отырғаннан соң,

– Тағы не тілегің бар? – дегендей сөзге қонақ берді.

– Алдияр тақсыр! Алтайдың қай беті болса да Чин пат-

шасына бəрі бір. Біз болсақ бергі бетіне қоныс аударып,
мал жерсініп, адам үйір болып қалды. Жеті ел ұранхай
мен үш Соён төрелері де əрі кет деген жоқ. Бірінші: осы
қонысымызды кеңейтіп, кепілді болдырып беріңіз. Екіншіде,

Алтайдың арғы беті шалғайлау. Көбінде асу бекіп қалады.
Алым-салықты монғол төрелері арқылы өзіңізге төлеп
тұралық? – деді. Сөзге сараң, қозғалысы аз, бəрін көзімен
бақылап, ойымен болжаған Хэбэй амбын ербиген ұзын

мұртын сұқ саусағының ұшымен немқұрайды сипап, селдір
шоқша сақалын сауып өтті де сəл иіліп, айдарлы тымағының
құндыз маңдайына қолын сəл пəл тигізе.

– Бүгін ордада дем алыңыз. Кешке əлгі тентегіңізбен

бірге құтты қонағым болыңыз. «Тентек болса текті болар»
деуші ме еді қазақтар?

– Иə, сондай бір тəмсіл бар...

– Жарайды. Басқа тілегіңізді ақылдасып, кешкі мəміледе

байлауын айтайын, – деді.
Жылқышы бастаған ел адамдарының жоғарыдағы тілегі
түгелдей қабыл етілді. «Тек монғол төрелерімен тіл табысып,
қақпай-соқпайсыз өмір сүріңдер!» деп ескертті манж амбын.

Сол қанатта Алтай округінің əскери-шекара басынан, оныңда

─ 113 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ Хэбэй амбыннан кепілдік алған Жылқышы: «Жұртбайға енді қамшы ұшын бермеспін» деп ойлады. Ұранхай, дөрбет, дыва, торғауыт төрелерімен тіл табысса осы орны беки берерін ұқты. «Алым-салықты да манж, монғол арасында домалатып, аяғын түйе тайды, сиыр құймышақ болдырып, артын шөмейте түссе ағайын-туыс азғана елінің де арқа басы кеңіп, еңсесі көтеріліп кетер. Манж елінің түрі жаман. «Түбінде Алтай жері ат тағанында тозады-ау» деген атам Ақтайдың өсиеті рас болса, Керей елі түгін сыртына жиып, Алтайдың арғы-бергі бетінде ықтай жалдап, сырттай жүргені жөн. Қытайдың іші үш қатпар. Бірін ашсаң да қалған екеуін аша алмайсың. Ал монғолдар аузын ашса жүрегі көрінетін халық. Осынау ұлыс өзіміздей қоңыр қалта, күштінің қабағына қараған, момын да ел, қойдан қоңыр да ел...» деп түйді ішінен. ТОСЫН ҚОНАҚ І Ел Қобда бетіне қоныс аударғалы табаны күректей он жыл өтті. Сөйтсе де елдің бір тобы қос мекенді құстай Ертіс бойына еңкейіп қыстайды. Шеруші, Қарақас, Молқы ауылдары Қобда алқабына іштеп кірген. Қонысы да, өрісі де осы бетте.1876 немесе тышқан жылының Қыркүйек ортасында сары жұрттан əлі еңкеймеген ел «Орыс жерінен жиһанкез келіпті!», «Жер шенейді екен», «Самырхан төренің ауылына қоныпты. Ет жеп, шай ішпейді дейді. Сонда бұл көк көздер шөп жеп, су іше ме?» десіп гуілдеп кетті. Қатын, баланың сөзінде жан бар-ды. Ауылына жат қонақ келген Самырхан Даян мен Ойқарағайдағы əкесі Қожамжар мен Жылқышы үкірдайға кісі жіберді. Көбеш ауылы онсыз да өзімен жақын Қолағаштағы жайлауында. «Ұлық төрелер мен ел басылары алыстан келген қонақпен табақтас болсын. Алыс-

─ 114 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жақынның жаңалығын естісін» деп ойлаған. Қожамжар
төре Самырхан, Батырхан атты екі ұлды. Екеуі де өзіне
тиесі елді басқарған хан тұқымы. Көбеш пен Жылқышыны
əкесіндей сыйлайтын. Төре ұлы болса да олардың алды-

нан кесіп өткен емес. Замандас төре мен үкірдай барғанда
Көбеш қарт төр алдына əлдеқашан жайғасып та үлгірген.
Оң жағында қапсақал, дөңгелек көз, орта жастағы, қызыл
күрең орыс отыр. Қасында атқосшы, тілмаш, жолшы де-

гендей бірнеше кісілер. Үйдегілер ел басыларына үрке
түрегеліп орын берді. Өжекең мен Жылқышы қапсақал
орыстан кейін орналасты. Қапсақал орысқа атқосшылары
тілмаш арқылы соңғы келген кісілердің аты-жөнін де

білдіріп өтті. Əлгі сақалдының қазақша шай ішерлігі бар
екен. Иіліп, кішілік көрсеткен пішінмен:

– Менің атым Потанин Григорий Николаевич! – деді,

соңғы сөзін бірнеше қайталап. Жат елдің аты жөнін тоқтатып
үлгермеген үйдегілер «Ботамын дей ме?», «Кəдімгі Кіри-көрін
ғой!», «Е, Николой болса орыс ханының ілік-жілік бірдемесі де»
десіп əр саққа жібереді. Самырханның əйелі қазаққұмар сарт.

Дастарханы мол, асы бапты. Қонақ алдындағы дастархан толы
ақ тағамға дөңгелек, төртбұрыш, ширатпа неше түрлі бауырсақ
пен нан, тоқаш қосылған. Қазақ ауылдары үшін мұндай тəтті
тағам таңсық. Аман-сəлем алысып, ас-су ауыз тиген соң

Өжекең мен Жықаң тосыннан келген қонаққа сұрақ жаудыртып
алыс-жақын жаңалығын қазбалай бастады. Жылқышы:

– Орыс патшалығы тыныш па, қарағым? – деді. Өжекең

сөзге қонақ бермей:

– «Қарағым» демекші қауғадай сақалың болса да

қалтиған бойыңа қарағанда жасың үлкен емес сияқты.
Нешедесің? – деді жанамалап.

– Қырық бір! – деп қолын шошайтып, саусақтарын

ербеңдетті Потанин.

– Бəсе, жасың кіші бауырым екенсің. Мына отырған Са-

мырхан менің балам, анау келінім...

– Дə, дə. Мен ұғады!

─ 115 ─

– Ұқсаң сол, ендеше!

– Сонымен жүрген жеріңнің жаңалығын айта бер?!

– Орыс жерінен шыққалы айдан асып кетті.

– Бəрекелді-ау, содан бері ай қарап жүрсіңдер ме?–деп

таңданды ақжарқын Өжекең.

– Дə, дə! Ай қарап, ай болды, – деді орыс қонақ.

– Жоқ-жоқ. Айдан асқанын айттың ғой жаңа. Осынша

неғып жүрсіңдер деймін?

– Алтай елін араладық. Қыранның құйғанында, Ой

шіліктегі Жұртбай бидің ауылында бірнеше күн болдық.
«Жұртбай біледі ме?»

– Е, біледі. Оны білмейтін кім болсын! Əкесінің дені сау

ма екен? «Мынандай сақалды», деп Өжекең Көбеш қарттың
ұзын сақалын меңзеді. Орыс қонақ тағы да қалбалақтап,
əдеттегі бір сөзін тағы қайталап.

– Дə, дə! Жетпіс жетіде. Қарт ауыру, – деді.

– «Дə, дəсі» несі-ей мынаның тақылдаған, – деп қалды

аңғалдау сөйлейтін, морт мінез Өжекең.

– «Иə, иə» дегені ғой.

– Жөн-ақ екен. Алтай елі биыл жұт болады дей ме, не дейді?

– Жұт жөнінде біз білмейміз. Алтай елі егін орып жатыр.

Жұртбайда ат тиірмен бар екен. Мына сіздер неге егін сал-
майсыздар?

– Егін етекке шығады. Біз Алтайдың асқар жонында-

мыз,– деп Жылқышы үкірдай төбесін қолымен көрсетті. –
Олар мына етекте, – деп жерді алақанымен басты.

– Түсінікті. Жұртбай Семипалатинскге екі рет барыпты.

Орыс базарынан пұл əкелеміз дейді.

– Ие, əлгі Семейге ме?

– Дə, дə!

– Ой «дə, дəңнан» айналып кетейін. Сол Семей мен

Сарымсақтыға екінің бірі барады. Біздің мына жастар да жы-
лына бір бармаса көңілі көншімейді.

– Жақсы. Жұртбай Қобдадан келгелі он күн бо-

лыпты. Қоралы қой, қалың мал айдап барыпты. Шай,

─ 116 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

дəйлімбі, астық алатын көрінеді. Сіздерде сондай сауда
бола ма?

– Болғанда қандай. Біздің мына Жықаң үкірдай елу қара

жылқыны апарып текке беріп келді, – деп күлді Өжекең.

– Неге текке береді. Күрек шай, тас шай, астық алмай

ма? Əлде сауда білмей ме?

– Біз сауданың жөнін білмейтін қой артына ерген қоңыр

қалта ел боламыз, – деді Жылқышы Өжекеңнің қалжың ара-
лас сөзінің бетін басқаға бұрғысы келген ниетпен.

– Малдан басқа бұл елде қандай тіршілік бар? Аң аулай-

сыздар ма?

– Жоқ.

– Ендеше мына қалың бүркітті қайтесіздер?-Потанин

босағадағы тұғырда отырған бүркіт пен сұңқарды қолымен
нұсқады.

– Əншейін ермек, саятшылық қой. Қазақ халқы бүркітті

көңіл көтеріп саятшылыққа ұстағаны болмаса кəсіп етпеген
ел. Ата кəсібі – мал.

– Ұғынықты! – деп бас изеген Потанин былғары жандор-

басынан дəптер, қарындаш шығарып əлденені түртіп отыр.
Сөз арасында сұңқар мен бүркітті қалай ұстаудан бастап,
оның бабы, күтімі, жемі, аң аулау тəсіліне дейін тəптештеп
сұрап шықты. Əр сауалдың жауабын қалт жібермей жазып

та отыр. Əңгіме ұзын сонарға кеткен. Орыс жиһанкез керей
елінің ел билеу жүйесі, ру сүйек, ата-тек айырмасы, Қобдаға
қоныс аудару себебінен тартып күнделікті тіршілік жөнінде
де жездей қақтап қояды. Аузында да, қолындағы қағаз бен

қарындашта да тыным жоқ. Осынша жан алқымға алған
сұрауға таң-тамаша болып, əрі сезіктенген Көбеш қарт,

– Жатқанның жанын суырған неткен бəтшəғар еді! –

деп күңк етті. Күзгі семіз бағланның еті пысқанша сыртқа
шыққан қонақтар бие бауды тамашалап қымыз, ақтағам
дайындау дəстүрін де қазбалап жатыр. Қос айғырдың үйірін
қатар байлаған ұзын желі бойында құлын жусап, мама бие-

лер айқасып, өзара қасынысса, жаздай мініс көрген қақпыш

─ 117 ─

құнан, байталдар ауыл төңірегінде құныға жайылады. Ай-
барлы айғырдың сұсынан қорыққан күзгі семіз аттар ана-
дайдан одырайып осқырынса, айғырдан əлдеқашан шыққан
əккі биелер жаман-жəутік азбанды теуіп-тістеп жолатпайды.

Кейбір үйдің сиыры өрістен ерте келіп, кеңес үстінде бұзау
жамыраған. Ауыл сыртының азан-қазан өмірін бақылап
тұрған Потанин əртүрлі шөпті көрсетіп, атын сұрайды.

– Мынау не?

– Сиыркөз. Қой шөбі.

– Мынау?

– Изен. Малға ең жұғымды шөп.

– Мынау ше?

– Теріскен. Ол да.

– Ал, анау жылғадағы?

– Қарақұйрық, Селеу.

– Тауда өсетін шашақ сияқты?

– Жусан...

Потанин мен ауыл адамдары арасындағы мұндай кеңес
көп жалғасты. Бəр-бəрін жазып алды. Ол: «Осынша жылқы,
қой өсірген ел түйе мен сиырға неге тапшы екенін де» сұрап
үлгірді. Жылқышы үкірдай:

– Қой жесең ет, ішсең сүт, дайындасаң тағам, кисең

киім. «Тоғыз қабат торқадан тоқтышақтың терісі артық»,
дейді бұл қазақ. Сиырды тек сауынға, түйені көші-қонға
ғана керектенеді. Түйе жыл аралап туатындықтан өсімі жай
мал ғой,– деді. Потанин іңген түйе жыл аралап туатынын

естігенде таң болды. Ол Қобда өлкесіндегі көл, өзен, жер-
су аттарын да жазып, сызып отыр. Онда қандай құс, балық
өсетінін де сұрайды.

– Даян көлінің жағасына монғолдың бір ханының сүйегі

қойылған,– деді ол сөз арасында.

– Шыңғыс па екен, – деді Өжекең.

– Жоқ, Даян деген хан. Ел аузынан қазақтың ертегі,

аңызын да жазып алдым. Қазақта Қарынбай деген бай бо-
лыпты. Өмірі тағлымды екен.

─ 118 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ – Сараңдық пен қаталдықта не тағлым болады? – Үлкен тағлым бар. Адам қасиеті дүниеге сай қалыптасады. ...Күні бойғы кеңесті шын ықыласымен құлақ салып, құлап отырған, аз сөйлеп, көп тыңдаған Көбеш қарт: – Осынша нəрсені жазып қайтесің, балам? – деді. – Орыс патшасының құзырына ұсынылады. – Патшаңыз Ресей жерінің аң, құсы мен жер-суын суретке түсіріп, хат-қағазға жаза берсе жетер тəйірі! – Орыс жерінде қағазға түспеген нəрсе қалды дейсіз бе? –деді Жылқышы мысқыл-шыны аралас. – Бұл ғылыми маңызы бар үлкен жұмыс. Ғылым-білім талапсыз бітпейді. Көшпелі ел малдан басқаға талаптанбаған жұрт, – деді Потанин. – Рас, біз малдан басқаны байлық көріп, місе тұтпаған халықпыз. Алланың уысында, таудың қуысында қалғанымыз да сол қылығымыз ғой! – деді Жылқышы. Көбеш ақсақал Жықаңның сөзін жақамады білем: – «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ бер» дейтіні қалай атамыздың? – деді. – Алладан бақ тілеу асасынан дайын дүние күту деген сөз. Талап – еңбек, ізденіс. «Мал баққанға бітеді» демей ме. Ол да талап. Талап болмай – бақ қонбайды. Кəпір болса да осы орыстың сөзіне мен құлап отырмын. Біздің қазақ қашанғы салпы етек болып қой артынан ереді. Қашанғы сабылып көшеміз. Жерде де шет, қоныста да есеп бар шығар. Осының нарқын соңғы жылдары бастан кешіп келеміз емес пе? – деді, ойлы пішінмен. Орыс қонақ Жылқышы үкірдайдың сөз нарқын, ой парқын қанша ұққанын кім білсін. Тағы да «Дə-дə-дə!» деп тақылдады. Ол Жұртбайдың ертіп жіберген жершісі Дауайды осы арадан қайтаратынын айтып, Самырханнан жаңа жолшы сұрады. Бағанадан үлкендердің кеңесіне бөгет болмаған Самырхан, енді сөзге араласып: – Қобдаға дейін екі-үш жол бар. Сагсайдың құйғанына түсіп, Тұрғынды басып Тұлба арқылы барасың. Екіншіде,

─ 119 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ Сағсайдың басын орап, Дэлүүнге түсіп, тура тартасың. Соңғысы төтелеу болар, – деді. – Уақыт ұттырмау үшін төтесі жөн ғой. – Қобдада не шаруаңыз бар? – Тағы да осындай əңгіме өткіземіз. Онда да өмірі қызықты көп ұлт тұрады. Жəне Қырғыз көлін зерттейміз. – Бəрекелді-ау, қырғыздар да сол өлкені мекендеген бе? – Иə, бұл Алтай аса қызықты өлке. – Ендеше Қасымды ат қосшыға алыңыз. Жерді де, елді де жақсы біледі, – деді Самырхан. Қасым сарт Самырханның балдызы еді. Айтып айтпай Қобда мен Алтайды сапырған саудагер сарттың бірі. Ол Самырхан ауылында өскен... *** Жат елден келген жиһанкездің қонақасына ортақ болып ауылға кеш қайтқан Қожамжар мен Жылқышы үзеңгілес келеді. – Бұл орыс жайын жатпай Қытай, Монғолда несі бар? Орыс ойына келгенін істейдінің қылығы ғой, – деді Қожамжар. – Жоқ, Өжеке! Орыс не істесе де ойнап істемейді, ойлап істейді. Орыстың тімтінгені жақсы мысал емес. «Жалпақ даласын жөндеп алып, Алтай, Тарбағатай қалып па» дейсіз ғой. Не нəрсені бүлдірсе де, жөндесе де Орыс пен Шүршіттен шығады. Атам Шыңғыстан кейінгі заманды ойлашы. Жоңғар, монғол, ұйғыр, дүңген, сарт-сауан, қанша бүлінсе де, жағаға соғылған сеңдей осы екеуінен аспаған. Əлі де аспайды. – Сонда, бұл кəпірлер жердің құрты мен көктің құсын, көлдің балығын санап, ойдағы орысына қоныс іздеп жүр ме? – Құтты қоныс табылса кім-кімге де артық болмас. Кімнің көңілінде не жатқанын қайдан білейін, ішіне кіріп шыққан емес. «Қандай мал асырасам нендей шөп жейді? Қанша адам əкелсем, қайсы жеріңді мекендеп, қандай байлығыңды қазып, нендей аң, құсыңды азық етеді?» деп

─ 120 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

отырған жоқ па, сол қапсақалың?! – деп күлді Жылқышы.
Сөзінде зіл, жүзінде ой бар еді Үкірдайдың.

– Əй, бұл орыс пен шүршіттің ойына жамандық келмесін.

«Қасқырдың ойына қой жегенді салмасын» демей ме?!

– Иə, «ойда орыс, қырда шүршіт тыныш болсын» деп ба-

бамыз неге жалбарынып өтті дейсің...
Төре мен үкірдай тым-тырыс қалды, əрқайсысы өзімен
өзі, оймен оңаша. Жол екі айырылуға таяған. Бірақ екеуінің
де көңілінде ортақ үміт ұялаған. Ол: «Байтал жусап, бала

ұйықтаған, қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған, жылқы
қоя берсін болған бір заман келер ме еді?» деген аңсау-арман
болатын.

─ 122 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

ДҮРБЕЛЕҢ

«Қара бұта – Бардам» атанған күзеуге жаңа қонған
Жылқышы ауылы ойран-асыр. Күтпеген жерден Алтайдағы
Жəдік руының билері жесір дауымен жалғыз кеш сау ете
түскен. Сөз ұстаған биі Өміртай қажының өзі. Қаннен-

қаперсіз отырған үкірдай тосыннан келген топтан тарықты.
Балта шапқанша дөңбек жол табадының қылығымен
төрелерді бөлек үйге кіргізіп, мал сойып, қымыз құйып,
Қайырдан зəңгі мен Сүйіндік ақынды алдына ұстаған

Жылқышы жан-жаққа дереу ат шаптыртып: «Ата аруағына
шет болмайтын, ат жалын тартып мінер Шерушінің
азаматының бəрі таңсəріден қалмасын!» деп бұйырды. Ел
арасы шалғайда. Саңыраулар – Қобда басында, Бектемір –

Дэлүүнде, Кəрі атаң ауылы – Тұлбада, тағысын-тағы көк
қуған қойдай ел. Ауыл ақсақалдары мен «пəле басы» болған
інісі Бəйімбайды үйіне шақыртып алған Үкірдай:

– Уа, Бəйімбай! Бір емес, бірнеше рет бұл қай шуыл-

датқаның. Қалауын өзің табасың ба, əлде қалыңын төлейсің
бе! Немесе қылша мойныңды талша етіп Жəдіктің алды-
на тосасың ба. Əлсін-əлі ат атандырып, сүйек сындырдың
ғой түге! – деп ақырды. Үкірдайдың ашулы үні аса өктем.

Ашынып та, ұялып та отырған жайы бар. Ауыл арасындағы
сыбысты алдын ала естіген Жылқышы осындай бір пəленің
боларын сезсе де жаздан бергі дымқос дерттен істің алдын
алып үлгірмеген. Оң жақ аяғының ісігі асқынған. Соңғы

кез ат үстіне отырудан да қалып барады. Бəйімбай немере
қызы Жұлдызды өткен жазда Шүйдегі найман еліне ұзатқан-

─ 123 ─

ды. Абысын-ажынның ауыл-үй арасындағы өсек-аяңына
қарағанда: «Бəйімбай қызын Алтайдағы Жəдік ауылына бе-
рем деп жең ұшымен қалың алыпты» десетін. Ақыры міне
айпарадай ашыққа шығып кеше қалың төлеген жəдік билері

бүгін жесірін даулап келіп отыр. Мəмілеге келіп малға
тоқтайтынын, бас жарып, көз шығарып кететінін кім білсін?
Жылқышы үкірдай туысының бүгінгі жылдыртпалатқан
қылығына ашу шақырса, «бір емес бірнеше-рет» деуінде де

сыр бар-ды. Олар бірнеше жыл бұрын Байқозыны жіберіп,
Шүйдегі бір найманның атақты жүйрігі Көзгерді ұрлатып
алған. «Кісі малына ер салма!» деп тапсыратын Жылқышы
Байқозыға бірнеше дүре соқса да, тентек өзінікі болған соң

өз қолын өзі кесе алмаған. Онымен тоқтамай келер жылы
Шүйдегі үлкен тойға Көзгерді кебіндеп апарып, жасырын
қосып бəйге алған. Қазақтар жүйрікке жабатын жамылтақты
кежім деп атаса, жұқа шүберектен тігілген, əр жерінен

жел үрлеп тұратын, аттың көзі мен сирағынан өзге денесін
түгелдей жасыратын кепті «аткебін» дейді екен. Найман
елі Бақаттардың бұл қулығын сезіп, астыртын кісі салып,
Көзгерді таныған соң дау шығарған.

«Көзгер өлген, бұл басқа кері ат» дегеніне де көнбеді.
Аттың орнына ат ал дегенге де келіспеді. Тек: «Көзгерді
ұрлаған кісіні алып бітісеміз. Не, тұрысатын жеріңді айт»
дегенге жеткен. Амалсыздан ұтылған Бақат жігігіттері

қуғыншыларды ертіп Жылқышы үкірдайға жүгінген. Ақыры:
«Ісі теріс жігіт екі жарылған найман елінің арасынан өтсін.
Артынан оқ атпаңдар. Қуып жетіп ұстап алсаңдар құнын
сұрамаймыз. Рулы ел болып бір кісіге жете алмасаңдар

өкпелерің болмасын!» дегенге келіскен. Шеруші болып жер
қиырына мықты, ең таңдаулы жүйрікті Байқозыға мінгізген.
Ат жалын құшып, екі жарылған топтың арасынан ағызып
өткен Байқозы топтан алыстаған соң қырқадан-қырқаға,

қорымнан-қорымға тартып, көз жаздырып үлгірген. Қобда
бетінің есік-тесігін түгел білетін Байқозы ұранхай, дөрбетті

─ 124 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

аралап із тоздырып, көз жаздырып кеткен. Сөз аяғы ескірсе
де «түбі тыныш болсын» деген Жылқышы үкірдай ат иесіне
бір жүйрікті жетектетіп жіберді. Осымен екі ел бітісіп,
тыным тапқан. Көзгердің дауына да себепкер болған осы

Бəйімбай. Жылқышының: «ат атандырып, сүйек сындырдың»
деуінің нарқы осыдан. Ызаға булыққан Жылқышы: «Жəдік кісі
алса өзінді, мал алса жылқыңды беремін! Əуселеңді ертең
көрейін. Атыңды ертте!» деп ақырды. Сүйекке қарысып,

«өлімнен ұят күшті» деген Жықаң ауыруын да ұмытып,
таяғына сүйеніп екі ру билері отырған үйге тартты. Қызыл
кеңірдек болған билер Жылқышы үкірдай келгенде су сеп-
кендей басылып, сүйекке сірессе де, кішілік етсе де əйтеуір

сəлем берісіп, сүлесоқ амандасты. Қымыз құйылды. Үй іші
тым-тырыс. Тек Сүйіндік ақынның домбырасы күмбірлеп
«Кеңес» күйі күңіренеді. Күй иесі аты шулы Бежең би.
Жəдік Қара Оспанның əкесі. Ол қандай қысылтаяң шақта да

істі осы күймен кеседі дейтін. Домбыраға «шамасы» келме-
ген манж төрелері 63 жасқа жаңа шыққан бидің үзеңгісіне
у жағып өлтірген. Қабірі Буыршында. Сүйіндік ақын да
сол бабасының піріне сыйынып отырғандай. Көзін жұмып,

көңілінде əлденені тоқыған. Домбыраның қаз мойнында
саусақтары ғана жорғалайды. Тереңнен дем алып күрсінген
Жықаң сол қолын сəл көтергенде күй үзіліп қалды.

– Сонымен келісімге келе алдыңдар ма? – деді ол. Жəдік

биі «құланның қасуына мылтықтың басуы» дегендей, өзіне
тиген кезекті қалт жібермей:

– Жоқ, Жықа! – деді. – Қазақта отағасы, төрағасынан

тартып, ауыл аға, ана аға, мына ағалар толып жатыр.
Өзіңді ауыл емес ел ағасы, ру басы –үкірдай деп келіп едік.
Ескермедің бе, бұл елдің ағасы жоқ па білмеймін. Залыңмен
келісер бізде сөз жоқ!

– Онсыз да шыққалы тұрған көзді түртіп қайтесің,

Өміртай, пүшек іздемей-ақ қой. Тентек біздікі. Кішілік етіп
отырмыз.

─ 125 ─

– Мен ондай биалай-бикеш, бəймөңкелеген сөзіңді

білмеймін.

– Затың басқа, атың қасқа демей-ақ қой. Арғы жағы бір

атаның баласымыз! Ағайынның береке-бірлігін ойлайық.
Шеруші де отқа қарап, суға сүрініп отырған жоқ. Жəдік еліне
қыз керек болса бір шүйке бас тағы да табылар. Не сырты
түк, іші боқ малға тоқтарсың.

– Мал да, қыз да іздеп келіп отырғаным жоқ. Жəдіктің

арын аяғыңа таптап, аруаққа шет болғаның үшін кек алғалы
келіп отырмын!

– Не дейсің, Өміртай! Елдік пен береке-бірлікті екеуміз

ойламасақ бізден кейінгі ұрпақ не болады?!

– Маған есек дəме жауабың да, бит терісінен биалай

пішкен қылығың да керек емес! Тұрысатын жеріңді айт
шапшаң?!

– Қанжұтып, қапа болма, Өміртай. Жау қуып, жабағыға

сүрініп келген жоқсың. Жесірдің жолымен келіп отырсың.
Келісетін жолын іздейік.

– Тіл тигізіп, тікендей қадалма, Жылқышы! Екі шоқып,

бір қарап, ызбалаған сөзің керек емес маған. Жаным – арым
садағасы. Тұрысатын жеріңді айт, менің қолым қырқаның
астында дайын тұр!

– Не дейді мына би! Жақыннан жау іздеп келіп пе едің?!

– Жау емей неменесің, мына қылығыңмен?!

– «Жауластырмақ жаушыдан, елдестірмек елшіден». Жау

мен жақынның қайсы боларымыз мына екеуімізден болар.

– Көп сөзді мен білмеймін. Басқа кесімім жоқ.

– Көп қорқытып, терең батырады дейсің ғой. Көптігіңді

көрсетпе, Өміртай. Баймын деп мақтанба, көппін деп топ-
танба!

– Мақтанып көзге ілмеген Шерушінің ұлығы өзіңсің.

Рулы елді ит пе, кісі ме демей қалың берген жесірімді най-
ман еліне саудаға салатын не жетті осынша? Жырынды би

– жылпос үкірдай сенің қылығың, осының бəрі!

─ 126 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді. Осынша жерлегенің

жетер сенің де?! Ендеше тілегенің не? Соны айт!

– Аруақты қорлап, ата дəстүрді бұзған өзің! Тірідей

өлтірдің. Жегідей жедің. Ер құнын аламын! Əйтпесе
ауылыңның үстінен ат ойнатып, шаңырағыңды ортасына
түсіремін. Шеруші елімен қанжығада ғана көрісемін! Біздің
кесім осы! Бұл менің кесімім емес, Жəдік елінің шешімі!

Болды біздің сөз!...
...Текетірес көпке созылса да екі үкірдай келісімге кел-
мей ажырасты. Жəдік билерін осынша ерегеске апарған
да Жұртбай еді. Төрт орынның екеуіне Жəдік билері

отырған Ажы төре заманында Жəдіктің Мəлік руынан
шыққан Жантелі ұлы Құлыбек төрт Мəлікпен қоса Итем-
ген, Қарақас, Молқы руларын билесе Байғазы бидің
немересі, Дөнентайұлы Бейсенбі жəдіктің төрт жанаты-

мен қоса шеруші, шұбарайғыр руларын биледі. Құлыбек
пен Бейсембі өлген соң орнына Өміртай мен Оспан отыр-
ды. Бүгін Жылқышы үкірдай бастаған шеруші руы Қобда
бетіне қоныс аударғалы шын мəнісінде жəдіктің мұрагері

Бейсенбі ұлы Оспан үкірдайдың билігінен сытылып кет-
кен. Оның үстіне қалың төлеген жесірін найманға ұзатып
жібергені мынау! Осы кикілжіңді білетін Жұртбай Оспан
мен Өміртайдың қолтығына су бүріккен. Қолды Өміртай

өзі бастап келіп отыр. Жəдік қолы бері аттанарда кейбір
жігіттер Жəдік ауылына келін болып түскен Жылқышының
қызы Қожаханға: «Əкеңнің басын алып, шешеңді күңдікке
əкеп береміз!» деп кекеткен. Бір қыздан болып екі рулы

елдің осынша бүлінгеніне, қайындарынан осынша ауыр
сөз естігенге ренжіп, өзегі өртенген Қожахан: «Шерушіні
де құдай жаратты ғой. Жəдік жау іздесе, шерушіні де əулие
əмбием жебеп, құдай қолдайтын шығар. «Нас басқанды

тас басады». Кеуделеріңді көтерген азаматтар алдың қар
бір жауғанда, артың бір қыстап, келесі көктемде келіп
жүрмеңдер!»деген ашумен. Əйел байғұста бұдан артық

─ 127 ─

қарсылық көрсетер күн қайда?!... Рулы екі елдің қолы
Қарабұта-Бардамнан жоғары Құлатөбенің бауырына жинал-
ды. Бейғам отырған Шеруші елінің алды-арты жиылғанша
Жəдік биі қолын ауылға жақындатып, жаналқымға алды.

«Жасақты күні жау келмейді. Жабдықты күні дос келмейді»
деп қапаланған Жылқышы үкірдай сыналған азаматтарын
аз да болса көптей көріп, топ алдына шығарды. Қолдың екі
қанатына шиті, бердеңке, білтелі қара ұстаған бірнеше мер-

ген жігіттерді айбарға қойған. «Кемедегінің тілеуі бір» десіп
Жəнтекей руы мен Қожамжар төренің осы ауылдан қыз алған
кейбір азаматтары да астыртын кірісіп жүр. Көбеш батыр:
«Көзге шыққан сүйелдей болып біз барғанымыз сөдегейлеу

болар» деп Жəнтекейдің немересі, Сəмембеттің ортаншы
əйелі –Тасбикеден тарайтын Қалмақайұлы Далай мергенді
жіберген. Жылқышы Далай мергенді өз тобының қақ ортасы,
маңдай алдына отырғызды. «Жау көріп жүрегі тоқтасын» деп

он беске жаңа толған жалғыз ұлы Сүкірбайды да сауыт-сай-
ман асындырып аттандырған. Оң аяғын «Уа құрт» шалған
Жылқышы да: «Жаман ит өлімтігін көрсетпес, өлсем үйде
жатып өлмей, ат жалында өлейін» деп Ақтаңкерге ер салды.

Сүйіндік ақын домбыра орнына найза ұстап, саңыраудың
Құбақұс жүйрігіне мінді. Байқозыға Жылқышы ұшпа
қоңырын мінгізді. Жылқышы ауру оң аяғына киіз байпақ
киіп, алдыңғы қанжығасына көтеріп байлатты. Қолына ды-

рау қамшысы мен бос мойын шоқпар алып, көкшегір өткір
көзін қарсылас топқа қадап, алға шықты. Тақаты таусы-
лып, ширыққан Жəдіктің қол басылары да алға шығып, үш
жүзден астам атты кісі сап түзеп қозғалуы мұң екен, найза-

сын шошаңдатқан бір батыры:

– Жекпе-жек! Жекпе-жек! – деп айғайлады. Мұндайда

қызба ерлер не айтып, не қойғанын да білмей қалатын əдеті.
Шерушінің қолының алдында ақ ту байланған, қара шашақты
ұзын найза көтерген Көрінбай батырдың аруағы қозды
білем: «Жекпе-жектеп» тұра ұмтылды. Ол – төртбақ кішкене

─ 128 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

денелі, шапшаң қимылдайтын, қамшыгер, сойылшыл, жау-
дан қайтып көрмеген, ержүрек батырдың бірі. Сол-ақ екен,
қарсыластар жағынан мылтық гүрс етіп, Көрінбайдың тор
аты омақаса құлады. Аттан секіріп үлгерген Көрінбай туын

жықпай, көтерген қалпында тік тұра қалды. Осы сəтті аңдамай
басқан Байқозы ұшпақоңырды борбайға осып жіберіп, екі-ақ
секіртіп жеткен. Атынан секіріп түскен Байқозы ту көтерген
батырды дереу атқа отырғызды. Қарсылас жағынан келіп

қалған жекпе-жекшінің атын Көрінбай бұзау тіс қамшымен
тастөбеден ұрғанда ат ышқынып барып құлап түсті.
Арттағылар Байқозыға ат əкеліп үлгірген. Далай мергеннің
мылтығы гүрс етуі сол екен, Жəдіктің ту ұстаған батырының

аты да, өзі де жер қапты. «Атым Далай, атуым қалай!» деп
өзінен-өзі марқайған мерген жекпе-жектеген біреуін тағы
домалатты. Екі қанаттан кезелген мылтықтар да шаң-шұң,
тарс-тұрс етіп, түтіні бұрқырап көкке көтерілді. Жəдіктер де

атып жатыр. Қарсыластарының алдыңғы қатарынан бірнеше
ат омақаса құлағанын көріп аруағы қозған Жылқышы:

– Байтайлақ! Ақтай! – деп қиқулатып, атой салды.

Қарсыластар туын көтеріп үлгірмей алдыңғы шептер арала-
сып кетті. Байқозы Жылқышыны қорғаштап сойыл дарытпа-
ды. Жылқышы да жастық шағын еске алғандай бұзау тіс дыра-
умен талайдың атын омақастырды. Туы жығылып, алдыңғы

қатардағы батырларының бірнешеуі омақаса құлаған Жəдік
жігіттерінің арты күтпеген жерден тым-тырақай қаша
жөнелді. Оның да өзінше сыры бар-ды. Байқозы бірнеше
жігіттердің атының құйрығын өргізіп əдейі сайлаған. «Екі

жақтың қолы араласа бастағанда келесі топтың сыртын
орап: «қаш-қаштап, зытыңдар!» деп тапсырған. Өйткені
жəдік жасақтары түгелдей атының құйрығын сымпитып
өрген екен. Басқадан өзін айыратын бөгенай белгісі сол.

Байқозы осыны алдын ала білген. Байқозының ылпың-
жылпың жігіттері пысықтық істеп: «Жеңілдік! Қашыңдар,
Шегініңдер!» десіп қиқу сала «қашқан». Жөпелдемеде туы

─ 129 ─

құлап, қол басылары жекпе-жекте жеңілген Жəдік жігіттері:
«Өлген деген осы екен» десіп тым-тырақай қашқаны сол.
Артқы қатары қаша жөнелген Жəдік жасақтары шарасыз
шегінді. «Тоқта, атаңа нəлет, күшіктер! Ой, өңкей өлімтік

иттер!» деп айғайлаған Өміртайдың сөзіне де құлақ асқан
жан жоқ. Қалғанының қатары онан əрі сиреген Жəдік
жігіттерінің соңғы тобы да табанын жалтыратып, құйрығын
қысқан күйі зытты. Сол-ақ екен: «Ие, аруақ! Байтайлақ!

Ақтай!» десіп ұран салған Шеруші азаматтары өрекпи қуды.
«Қашқан жауға қатын мықты» дегендей бағанадан топтың
артында тығылып, қара басын қорғаштаған қорқақтардың
да əуселесі қозып, аруақтанып алған. Қуып жеткендерін

сойылға жығып, кемінде дырау қамшымен дыритып бара-
ды. Қарсылас елдің тобынан жон терісін сыпыртуға жақын
қалған соңғылары да атын шамасынша борбайлатып, жаны
мұрнының ұшында зытты. Шеруші жасақтары сойылға

жығылған, аты болдырған дегендей шабан-шалағай бірнеше
адамдарды қолға түсіріп, байлап-матап алды да, дүркіреген
жауын бел асырып тастады. Шеруші жағынан бір кісі өліп, екі
кісі жараланған. Оның біреуі оң аяғына оқ тиген Шерушінің

бас имамы Тілеуберді молла. Қазіреттің алдынан дəріс алған,
атақты Тоғызақ молланың шəкірті. Жəдік жасақтарынан екі
азамат өліпті. Қолға түскен кейбір азаматтарға «Жемтігін»
көтертіп қайтарған Шеруші үкірдайы өз кісісінің сүйегі мен

жаралыларын зузаға салғызып ауылға əкелді. Екі найза ара-
сын шылбыр арқанмен торлап, үстіне шапан-шақпыт төсеп
жұмсақтаған көтерме төсекшені қазақтар зуза дейді. Төрт
жігіт, екі найзаның ұшын ат үстінен қолдасып жүреді. Не най-

за ұшынан шылбырын байлап, келесі ұшын тақымға басып
отырады. Ауруды да, жаралыны да көшпелі ел осылай алып
жүрген. Жайын жатқан ауылдың астаң-кестеңі шығып, қосақ
арасында кісісі босқа өлген үй қара жамылып, қан жұтты.

Қапаланып қамыққандардың өзегі өртеніп, Жəдік билігін
ұстаған Өміртай мен Оспанға деген өкпесі қара қазандай

─ 130 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

болып қабынды. Ыза-кекке мінді. Ашуымен қолға түскен
бейуаз бір адамның сақалын да кесіп алды. Оның аты Сер-
гекбай екен. Шығынын санап, есебін айыруға ақылдасқан
Жəдік билері жансыздар салып қолға түскендерінің де

жəй-күйін білді. Сол «жансыздар» Сергекбайдың сақалын
кескені болмаса басы аман, малы түгел екенін хабар-
лап, кемпірінен шүйінші сұраған. Қуанғаны, намыстаны,
ызаға булыққаны белгісіз кемпір: «Өзі аман келсе болды

ғой. Сақалымен көтімді сүртейін» депті деген қауесет
кешікпей екі рулы елге де тарап үлгірді. «Əкеңнің басын
алып, шешеңді күңдікке əкеліп береміз!» деген батпан-
дай сөз бетіне басылған Қожахан да: «Айтқаным келді ме,

жоқ па?! Осыдан былай алланы ұмытушы болмаңдар!» деп
есесін алған. Қожаханның айтқанындай қолға түскен Жəдік
азаматтарының алды қар бір жауғанда, арты асу ашылуын
күтіп, Шеруші ауылының отын, суын тасумен қыс өткізіп,

келесі көктемде еліне бет алған. Жəдік елі де қарап жатсын
ба? Асу ашыла өлген екі кісінің құнын жоқтап сөз сала
бастады. Бірақ, Шеруші үкірдайы қамшы ұшын бермеді.
Сонда да Жəдік билері оның алдын алатын бір жол тапқан.

Келер жазда Алтай еліне құдалыққа барған Жылқышы
туысы Туратауды қолға түсіріп, кепілдікке алған. Оның
үстіне «Сақалдан сақалдың артығы жоқ!» десіп Тура-
тауды да «күзеп» тынды. Жылқышы үкірдай ел арасын

шиенелістірмеуді жөн көріп, Жəдік билерімен келісімге
келді. «Жəдіктен екі кісі өлсе, Шерушіден бір кісі өліп,
екеуі жараланды. Кем-кетік болған екі адамның бейнеті
бір кісінің өліміне тең. «Екеуге екеу!» десіп, төлемсіз

бітісті. «Жесірдің орайы» деп Шеруші жағы қалыңсыз қыз
беруге тоқтасты. Сонымен Жəдік пен Шеруші рулы екі ел
қайтадан қыз алысып, қыз берісіп, сүйек жаңғыртқан құда,
сүт ішісіп, ант беріскен ағайын жолына көшті.

─ 131 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ АЛАСАПЫРАН І Қазақ рулары үшін мал дауы онсыз да жетіп жатады. Қоныс аударып, жер дауынан құлақ тыныштала бастаса да жесір дауы үзілмеді. Оның соңы Жəдік пен Шерушінің арасында ер азаматтың қанын төгіскен қаралы іспен тоқтады. Істің түбі насырға шапса ел арасының береке-бірлігіне нұқсан боларын білетін Жылқышы үкірдай соңғы жылдары Алтайдың арғы бетінен ат тонын ала қашып, алыстан сыйласуды жөн көрген. Ол Ертіс бойы, Күшіген, Ой шілік, Шірік ши, Алақақты қыстап қалатын ауылдардың да іргесін бөліп, біржолата асырып алған. Ендігі ойы: «Ат ізін Алтайға сала бермей, асудан қарауыл қарап, аңысын аңдау». Қобда құт мекен. Мал өсіп, жан қосылып, түтін молаюда. Жеті ел ұранхай, үш соён Дыва руларымен тіл табысып, қоян-қолтық өмір кешуде. Бір қанатында төре тұқымы Қожамжар ауылы мен алты шерушінің азғана Ожық, Жаппас, Саңырау, Бақат, Құтымбет, Құрман– аталас ағайындары. Келесі қанатында Алтайдың теріс бетін құлдай қонған Көбеш ауылы Жəнтекей руы жалпағынан жатса, одан əрі Тілеуді үкірдай мен Шөде, Көде ауылы. Жалғызсырар жері жоқ. Оның үстіне орыстың шекара басы мен Хэбэй амбыннан алған хаты бар. Қайтсе де төрт орынның төрешісімін деген Қасымхан мен Жұртбай алдында ықтай-жалдайтын кезі емес. Көкен би дүние салған. Енді Алтай елі де тозығы жеткен жібектей жібі сөгілуге жақын тұр. Жаздан басқа мерзімде Алтай елімен қоныс айқаспайды. Көбінде Алтайдың тіреме асулары берік. Бұлғын, Шіңгілді орап, аяғымен айланбаса жер күдір. Бүйтіп ат арытып, тон тоздырар істің мəнісі белгілі. Жұртбай арқылы сарноқтаға жылқы байлағанды да қойған. Алым-салық та өтелмейді. Салмақ Жұртбайға түсіп, чин патшасының жергілікті əміршісінің үкімі қатайып, мүйіздей

─ 132 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қысқан. Жылқышы, Көбеш, Тілеуді үшеуі: «Ортақ өгізден
оңаша бұзау» десіп, саптаяққа ас құйып, сабынан қарауыл
қарап, Алтайдың арғы бетін алыстан болжайды.
Үзеңгі бауы төрт қабат шіренген Қобда үкірдайларының

осы қылығы Жұртбайға қатты батты. Намысына да ыстық
көсеудей тиген. Əсіресе Көбеш пен Жылқышы үкірдайдың
жоғарыдағы қылығы қитығына тиген Жұртбайдың ша-
бына шоқ түскендей бұлқан-талқан болған. Ол бірнеше

қызыл қойын айдап Еренқабырға-Іледегі Жиан-Жұнға,
Тарбағатайдағы Ши амбысына да барды. Тілінің жеткенінше
Көбеш пен Жылқышыны жерлеп, жамандады. «Тілеген
тілегіңді екі етпей орындаймын» деп Чин патшасының

жергілікті əкім-амбысы мен əскер басына да аманат етіп,
қолтығына суды бүрікті-ай келіп!..
Жықаңның өзіне қарасты алпыс үйлі Бақат ауылдары
Аққорым, Тұйықаша, Ой қарағай, Сарбұйра, Өрмегейті,

Қара бұйраны жайлап отырған. Өжекең ескі мекені болып
қалған Ыдықойық, Сұмдыайрықта. Саңырау руы Қобда
басы Қорымдық, Ақсуға тартқан. Үкірдайдың өз ауылы
Даян көлінің шүмегінде. Аяғының сырқаты қозғалып,

ерте оянған Жылқышы үкірдай аунақшып-дөңбекшуде.
Ол, жаңа алған жас тоқалы Бақтыбаланың отауында.
Бəйбішесі Шөтеден төрт қыз, бір ұл көрген Жылқышы
үкірдай басқа əлі тапшы. Жат жұртқа жаралған қыздары

бой жетіп, кісінің кісісі болған-ды. Жалғыз ұлы Сүкірбай
ер жетсе де артынан ерген інісі жоқ. Бауырына басқан
Ажарбикенің бауыры мен ағайын-туысынан алған бала-
шағасы есейіп кетті. Жас иіске зəру. Оның үстіне дертінің

айығуына себеп бола алмаған бақсы бəлгерлер: «Есігің
тозған екен, Жықа! Төсегіңді жаңғырт!» деген сылтау
айтқан. Жылқышы үкірдайды кейбір бақталас ағайыны
неше саққа жүгіртіп: «Сар бəйбішесінің сұпыты жөн ғой.

Ертіп ел аралағанда бетін өзі опалап береді екен»десіп
мысқылдаса да ел болып «Əйең» атанған бəйбішесін «бе-

─ 133 ─

реке бірліктің адамы» деп құт көретін. Шыққан аруағын
ойласа да «Шақабай батырдың немересі» деп сыйлай-
тын. Осы жасқа келгенше сыйласып өткен. Бірақ, ел
адамдарының да сөзін далаға тастаған жоқ. Алпысқа кел-

ген шағында қыздай айттырып тоқалы Бақтыбаланы алды.
Ол да текті елдің қызы. Жəнтекейдің Сүйіншіəлісінен
туған Көбек сүйекті, Жазықбай байдың қызы. Ерте на-
маз мезгілі жақындап қалған. Үкірдай Бақтыбаланы

тұрғызды. Тоқалы от жағып, мосыға шəйнек ілді. Үйдің
таңертеңгі ызғары арылып, дəрет алатын су да жылын-
ды. Жылқышы сыртқа шыққанда шөп басына болымсыз
шық тұрыпты. Таңертеңгі салқын ауаны көкірегін кере

жұтқан үкірдайдың денесі ширап, серги түсті. Үкірдай
дəрет алып үйге кіргенде азаншының: «Аллаһу əкбар,
Аллаһу əкбарлаған дауысы жер жарып, Əшпəду əн лə-
ілаһə, іллаллаһ! Əшпəду-əннə, Мұхамдедə-Рəсулұллаһ!!»

деп саңғырлаған үні ауыл үйдің бəріне жетті. Жылқышы
үкірдай жайнамазын алып тəңертеңгі ерте намаз – Ас
субх альфаджир салят өтеуге кірісті. Азан-қазан ауыл
үйдің таңертеңгі тіршілігі басталып, шудаланған көк

түтін əр үйдің шаңырағынан шұбатылып, қой өріп, қозы
маңырасады. Күнмен жарыса тұрған қатын-қалаштар
шелегін қол қарына іліп, сиыр саууға бұзау желісіне та-
ман аяңдады. Бие жиған жылқышылар тау бөктерінен бері

жылқы еңкейтіп қиқу салған. Жылқышы үкірдай таңертеңгі
шайға отыра бергені сол еді: «Аттан, аттан! Жау келді, жау!»
деп алқынған жаушының айқайы естілді. Аттандаған жа-
ушы жігіт дүбірлеткен қалпында үкірдай үйінің сыртына

түсті. Сыртта: «Не болды? Жау шапты ма?! Иə, жау» дескен
абыр-сабыр дауыстар жаңғырығады. Айтып ауыз жиғанша
аттандаған жігіт үйге де кіріп үлгірген.

– Ей, не болды? Айтсаңшы босқа өрекпімей!

– Манж атты əскері келіп қалды. Жұртбай ертіп келеді

дейді.

─ 134 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Манж əскерінің не алты аласы бар еді, бұл Шерушіде?

Жұртбай да өз жайына жатқан ел емес пе!

– Жайына жатпай жайпап, жалмап келеді, Жықа!

– Е, Жұртбай бастап келеді де. Жұртбай келсе текке

келмейді. Жұт əкеле жатпаса, құт əкелер дейсің бе? Десе де
не талабы бар екен. Естіген ыбыс-сыбысың болса айтшы,
кəне?!

– Сарноқтадан бас сауғалап қашқан Қобда елінде есем бар

депті Жұртбай. Жəнтекей мен Шерушінің əр қайсысынан бір
түсті мың ат, оның үстіне бес мың қой аламын. Жеті күннің
ішінде жинап алдыма салмаса ел билеген ерінің басын ала-
мын депті əскер басшысы!

– Кісі алса Көбеш екеумізді алар. Даулағаны мал болса

Жəнтекей мен Шеруші құрып қалды дейсің бе! Басқа?!...

– Басқа талабын білмедім, Жықа! Кəпірдің ұспыны не-

ткен жаман, сөзінің төркіні мұндай суық болар ма?!

– Е, манж жүрген жерде жылылық болмайды, қарағым.

Ақпанның аязындай, қаңтардың қарындай қақап, түтеп,
қарып келеді бұл кəпірің. Жəне де Жұртбай сияқты ел
адамдарының жүрген сиқы мынау. От алып қопаға түскен
күйелі ағаш қой, ол. Былғамаса жүре алмайды...

Жылқышы үкірдай от шашқан көкшегір көзін ошақ үстіне
қабат тұрғызған-үшбұт мосыға қадап отыр. «Олай тартсаң
өгіз өледі, былай тартсаң арба сынады. Бір бұтын тартсаң
қираң етіп құлауға дайын тұрған мосыдай, керейдің кейпі

осы болды ғой...»
Алты қанат ақ орда ауыл адамдарына лық толды. Айты-
сып-тартысып отыруға уақыт шамалы. Өмірі аттың жалы,
түйенің қомында, тағдыры пышақ жүзінде. Тағы да жан-

жаққа ат шаптыртты. «Өгізге туған бұзауға да туады. Бүгін
мені шапқан манж əскері ертең саған тап береді. Үш көшік
менің ғана емес сенің де қол-аяғыңды буып, қонысыңды
қори бастады. Кемедегінің тілеуі бір деген. Елдің алды алы-

ста. Қол ұшын берсін?» деп Сар төреге де сəлем айтқызды.

─ 135 ─

Жұртбай мен əскер басына үй тіктіріп, мал дайындатқызды.
Хабаршының арты аттанып үлгірмей жасанған əскерлі
қалмақ пен Жұртбай керме ағашқа ат тұмсығын тіреп үлгірді.
Аман-сəлемге келмеген Жұртбай:

– Үйіңе түспеймін! Төріңе отырмаймын. Шұбар

аттың жүніндей Шеруші мен Базарқұл үкірдайы алла-
дан асып, аруақты қорлауың жетер. Ескінің өзі кетсе
де, көзі кеткен жоқ. Солардың көзі болған Қасымхан əлі
тірі. Көкемнің топырағы да суыған жоқ. Елден безіп,

алманнан аулаққа басыңды салардай не болды?!деп
дүрсе қоя берді.
Тік келсе бүлдірерін білген Жылқышы үкірдай:

– Айтқаның орынды, Жұртбай. Аласұрмай ауылға түс.

Ағайынды елміз ғой. Алыспасақ та берісуге жарармыз. Өз
шаңырағыма түспесең өзіңе арнаулы үйге түс. Басқадан
үлкен болсаң да дəм-тұздан үлкен емес шығарсың. Көрмегелі
көп жыл болды. Өткен-кеткенді де еске алайық. Аруақты ат-

тама, – деді.
Өкпесі алқынып, аласұрған Жұртбай қанша ашулы болса
да аруақ пен дəм-тұздан қорықты ма, жүйеге жығылды ма,
əйтеу тігілген үйге түсті. Ол сонша сəнді киінбейтін. Бұлғын,

сусар мен құндыз қолға түссе, өз бойына ілмейді, сатады.
Ішкен мен кигенге де қолын тартқыш, ат үстіндегі саудагер
мінезді жан. Қара елтірімен жұрындаған, төрт қырлы, жасыл
торғын тысты керей тымағының бір құлағын үнемі ішіне

жымырып кигендіктен тысы май болып қалған. Қара мақпал
қалың шапанына кіселі күміс белбеу байланған.
...Сыртта қысырдың тайына бата істеліп, еркек қой сойыл-
ды. Арнайы тігілген үйдің төріне Жұртбай мен əскер басыла-

ры жайғасып, дастархан жайылып, шай құйылды. Сары қымыз
сапырылды. Сыртта жасанған жау əскері қаздай тізіліп ауыл-
ды қоршап алған. Үй сыртында күзет. Бұрын-соңды мұндай
сөлекет қылық көрмеген ауыл-үй адамдары қылыш асынып,

мылтық кезенген əскерден шошынып, үдірейген. Жылаған

─ 136 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

бала уанып, жынданған сотқар жуасыған. Қарабұта басына
қорғалаған торғайдай халі бар аңқау халық жасағанға жалба-
рынып, «Жықаң үкірдай бір амал істер» деген есек дəме үмітке
алдануда. Жұртбайдың қасындағы дарын – Цагаан гэгээн

атты қалмақ болып шықты. Тегі – торғауыт, Ерен кабырғаны
билеген Сары уаңның баласы екен. Іледегі Жиан-жұнының
əскери өкілі. «Дарын» дегені – Чин патшасының атты əскер
бастығының шені. Бірер ауыз монғолша тіл білетін Жықаң да-

рынмен де арғы-бергісін сұрасып отыр. Байқозыны тілмашқа
салып, ай мен күндей Ажарбикені ас-су басына қойып, əйтеуір
тіл табысуға тырмысып бақты. «Жан бермек оңай ма?» Не де
болса жағаласып қалмақшы. Жау да болса жан емес пе. «Жы-

лы-жылы сөйлессең жылан інінен шығадымен» Цагаан гэгэ-
эн де түгін ту сыртына салған ашуынан аздап қайтты. Керіссе
де керейдің бір ұлы емес пе? Жұртбай жайғасып, дəм-тұз
татқаннан кейін:

– Мойнымда бір Жəнтекей емес он екі керейдің жүгі

бар. Ағайынның араздығы маған да оңай болып отырған
жоқ. Оның үстіне манж үкіметі, чин патшасы аяздай қысып,
үскіріктей қарып барады, – деді.
Малдасын құрып отыра алмай екі жамбасымен кезек

аунап тыныш таппаған дарын неше қабат құс жастыққа
шынтақтап, жаңа жайғасқандай:

– Чин патшасына əділ қызмет етуден бас тартқан кім

болса да аяусыз жаза тартады. Бұл – заң жолы. Одан ешкім
құтыла алмайды. Бұрмалауға біздің де еркіміз жоқ. Тек
орындаймыз! – деді. Жылқышы:

– Чин патшасының үкімін екі етпейміз. Тек көшіп–

қонған етек басты тіршілік пен қат-қабат өмірдің арпалы-
сында жүріп иқуатын таппағандық қой, деп сөз аяғын түйе
тайды етіп, жайлақтатпақ болды.

– Не болса да бір аптаның ішінде бір түсті мың ат, бес

мың қызыл қойды алдыма салмасаңыз өз басыңызға кесірі
тиеді! – деп есқертті, Цагаан гэгээн-дарын. «Бір түсті

─ 137 ─

дейді! Қылаң мен қызыл деуін мына бəтшағардың. Бір мың
ақ атты қос-қосымен күймеге жегер деймісің. Шыдасаң
осы, шыдамасаң қылша мойның талшаның қылығы ғой»
деп күрсінді, іштей тынған Жылқышы үкірдай. Содан соң:

– Қызыл қойды табармын-ау, тақсыр. Бір қылаң түсті

жылқы қайдан табылсын. Əмбе, жасы жеткен ат деп отыр-
сыз. Ол да бұл елден табылмайды. Мың қаралы баран түсті
жылқы салайын алдыңызға. Аты да, дөнені мен бестісі де
аралас болсын. Жетпесе ту бие қосайын.

– Чин патша əмірін мен екі ете алмаймын!

– Ендеше қанға құмартып отырсың ғой. Жұртбай екеуіңе

адам жаны керек болса мені алыңдар. Басымды байладым! –
деді қапаланған үкірдай.

– Оны əлі де келісеміз. Уақыт ұттырмай бұйрықты

орындауға кірісіңіз...
... Дарын мен Жұртбай талабын ауыл ақсақалдарына
жеткізген Жылқышы үкірдай таң атқанша сабылтып, аза-
маттарын тағы да ел адамдарына салды. «Келсе бозғыл

түсті ат пен қызыл қой айдап келсін. Əйтпесе, мені манж
əскеріне байлап берсін» деген сəлемін кесіп айтқызды. Алы-
стан ат өксіткен ел адамдары да ертеңгі бие байлар мезгілде
жетті. Олардың ішінде Бақаттың бас имамы Тілеуберді,

Саңыраудың имамы Уəли хажы, Арық пен Құл атынан
Ұтыбай бай, Саңыраудың байы Құралай, ақыны Сүйіндік
жəне Жылқышы үкірдайдың өз аға-бауырлары бар. Жүз
қаралы жылқы айдаған Сары төренің жігіттері де жеткен.

«Іргеміз сөгілмеген елміз ғой. Ат орнына ат алармыз» депті,
Сар төре. Болған жайды ел ағаларына жеткізген Жылқышы.

– Жеті күнге сиыстырып қылаң түсті бір мың жылқы,

қызыл түсті бес мың қой аламыз. Талабымыз уақытында
орындалмаса кісілей құн аламыз дейді. Жеті күннің екеуі
өтіп барады, – деді.
... Сандалып ошарылған топ опық жеп, отқа түсуге əзер

тұр. Ана-мынаны айтып шуылдап кетті.

─ 138 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Құдіреті күшті құдайым-ау. Манжінікі манжі, мына

Жұртбайдікі не?!

– О заманда бұ заман қылаң жылқы, қызыл қойы несі?

Манж əскерінің тамағынан ақтылы қой, алалы жылқы
өтпеуші ме еді?І

– Қасарысқан қастығы ғой!

– Бұл кəпірге не зауал бар?!

– Жықа, ел сөзін ақырғы рет жеткіз. Қызыл қойы табы-

лар. Жылқы орнына жылқы алсын. Кілең ақ пен қара болма-
са да қылаң, боз, ала-құласын берейік. Осыған келіссін де! –
десті. «Не болса да тəуекел» деген Жылқышы Жұртбай мен
дарындар жатқан үйге тағы да кірді. Көп кешікті. «Үкірдайға

қастық істемесе игі еді?» десіп үй жабығынан сығаламақ
болғандарды əскерлер қақпайлап жолатпады. Анда-санда ас-
су, аяқ-табақ алуға шыққан Ажарбике ғана: «Келісер емес.
Үкірдай атам тартысып отыр» дегенді айтты. Екі сауатын

қой қораға келер мезгіл–түс əлеті болды. Қалай бұраласа
да Жылқышы Цагаан гэгээн дарынды көндіре алмады. Тек
жылқы түсі ала-құла аралас болуға келісті. Салықтың санын
азайтпады. Уақытын созбады. Еңсесін жаңа көтерген елінің

белін қайыстырар ауыр жүк салғанша, не көрсе өзі көрмек
болған үкірдай ауыл адамдарымен ақылдасуға Байқозыны
ертіп сыртқа шықты. Қызыл сары жүзі күреңітіп, жирен
шашының арасына дейін тершіген үкірдайдың самайы-

нан тер сорғалап, барлық денесі бусаңған. Жылқышының
тарығып, болдырғаны сонша, үйден шыққан соң оны
Байқозы қолтығынан демеп алған. Жанын жегідей жеген уа-
құрттың да зардабы батқан. Қабағы түсіңкі, көзі шүңірейген.

Ол сылти басып топ ортасына келгенде төбедегілер:

– Не дейді? Қандай келісімге келді?! – деп сұрақты жау-

дыртты.

– Ешқандай келісім болмады. Салықтың санын азайтпа-

ды. Уақытын созбады. Небəрі бес күн қалды ғой. «Еліңнен
бес мың қой, бір мың жылқы жиып бер, не өзіңнің басыңды

─ 139 ─

аламын!»дейді. Ал жылқы түсі не ақ, əлде бір ыңғай қара
болмаса да, ала-құла аралас баран болуын рұқсаттап отыр.
Кедейдің қақысы мен жетімнің көз жасынан қорқатын ба-
сым келісе алмадым. Арқа басы жаңа босаған елімнің

қабырғасын қайыстырып, омыртқасын опырып, беліне ауыр
жүк салмайын. Не болса да өз басыммен көрейін деген ойға
келдім. Алса мені алсын! – деді, Жылқышы. Сол ақ екен, ат-
тан секіріп түскен Сүйіндік ақын:

– Қайран Жықаңым-ай! Ел болып, ер болысып, төрт

қара көз түгел отырып басыңды байлап, қол-аяғыңды матап
береміз бе? Бүйтіп ел болғаны құрысыншы, онда! Бермейміз
Жықаңды. Шеруші елі, естисіңдер ме сөзімді! – деп айқай
салды.

– Естіп отырмыз!

– Ақынның сөзін қолдаймыз!

– Өліспей беріспейміз!

– Мал керек болса ағын да, қарасын да алсын!

– Жылқысын да, қойын да берейік!

– Діні бөлек, қаны бөлек Сар төре құрлы болмаймыз ба?!

– Қашанда өзіңмен біргеміз, Жықа! Туыңды жықпа,

сағыңды сындырма!...

– Сындыртпаймыз!

...Болдырған Жылқышы үкірдай төбе басындағы топ
ортасына отыра кетті. Ел шешімі, сөз кесімі осы. Сүйіндік
ақынның байлауына тоқтаған ел жан-жаққа тағы шапқылады.
Бірақ, алысқа бармады, жақыннан қармады. Ең жақындағы

Құралайдың жылқысы мен Ұтыбайдың қызыл қойын айдап
əкелді. Кеткенін келтіріп, кемін толтырады. Ағайын ара-
сында есеп болса жата-жастана, қаруын өзара қайтарысуға
тоқтасқан. Мың қаралы жылқы, бес мың қой жеті күнде емес

бас аяғы екі-үш күнде дайын болды. Аларын алып, араздығын
ұмытқан Жұртбай мен Цагаан гэгээн-дарын мыңғырған мал-
ды əскерлерге айдатып, Сүңгіті асуынан асырды. Өздері Қу
үйге ақ отауды тіктіріп, уағдалы мерзім болғанша Көбеш

─ 140 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

үкірдайдың малы келуін тосты. Неше мың қойын жалғыз-
ақ күн жау алдына салып берген Құл руының атақты байы
Ұтыбай: «Болмаса екі аяқ айранға тоятын кісі емес. Қызыл
қойдан кейінгі күн не болар екен?!» деп жылаған. Сөйтсе

де зерделі үкірдай – Жылқышы, Құралай мен Ұтыбайдың
малын айдатып беріп, босқа қарап отырсын ба. Шеруші де
іргелі ел ғой. «Еруліге қарулысын» қайтарған.

ІІ Құрымты басындағы Көбеш ауылының жағдайы өзгеше. Елдің бас-аяғы күдірде болғандықтан тіл де толық жетпеді. Əрі-сəрі болған елден мал да оңайға жиналмады. Оның үстіне қарт батырдың қиқарлығы ұстап қасарысқан бетінен қайтар емес. – Сексеннен асып селкілдеген түрім мынау. Кəрі қойдай жасым бар. Алтай тауындай ақбурыл басым бар. Дарын кісі алса мені алар! – деп сіресті. – Өйтпеңіз, əке! Манж патшасы кəрін төгіп, заһарын шашса көптің қаны төгіледі. Көз жасына қаласың, – деген Асылбектің сөзіне көнбеді. – Малым жаным садақасы болса да Жұртбай бауырымның, қылығы асып тұр. Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді. Тілінің де уы қаныма тарады. – Қазірше бас жарылып, көз шыққан ештеме жоқ. Малын беріп құтылайық. – Ол кəпір мал алғалы отыр ма! Жан тілеп отыр. Мал алса ағы не, қарасы не! Бірыңғай ақкөк жылқы атаңнан бері бітпеген. Көкала жорғаның үйіріне Жұртбайдың көзі түскен ғой. Соған қастық қылғанда бір тышқақ лақ бермеспін! – Елдің көз жасына қаласың ба дегенім ғой... – Ағайынның ақтылы-көктілі жылқысын жосытып алсаң, одан əрі қандай обал болады? Онанша қолыңмен істегенді мойныңмен көтерсең ғаділдік деген сол!

─ 141 ─

Əке мен баланың əңгімесі одан əрі өрістемеді. Əңгіме
төрін тарылтқан қарт батырдың өзі. Ол ақбурыл сақалын сы-
лап, екі мұртын тараған күйде ойға батып отыр. «Қасапшыға
мал қайғы. Қара ешкіге жан қайғы» заман-ай шіркін! Қайғы-

қасірет басыңнан бір арылмаған қайран халқым-ай! Жел-
дей ескен өсек жеріңе жетер, түбінде. Жылқы жусап, түйе
боталаған біраз жылым Жұртбайға артық көрінді ма екен?
Əй бəтшəғар-ай! Ындыны қашуы жаман еді. Бір пəленің ба-

сына бола келген ғой» деді күбірлеп.
Ол жуан саусақтарын арбитып, айқастырған күйі
қолының мойнын қозғап-қозғап қояды. Буыны қатып, сар-
су ұялаған саусақтар күтір-күтір етті. Малдасы құрулы,

кеудесі еңкіш, басы салбыраңқы. Қапталдай ат жақ, ашаң
жүзі тіпті əжімге толып кеткендей. Өзінен өзі налып,
қайғырған. Қабырғасы қайысып, белі бүгіліп отыр. «Қайғы
мен қуаныш алмасқан қайран дүние-ай десеңші. Бір күні

бұлттан жарық етіп күн шықса келесі күні көлеңкесі тосып
тұрғаны. Байға – мал қайғы. Жаманға – жан қайғы. Ерге

– ел қайғы. Менікі сонда қайсысы болмақ. Жоқ, неғылса

да мал мен жан маған қайғы емес. Артымнан ертіп, Ал-
тай асырып əкелген сормаңдай елімнің қайғысы батады.
Солардың көзінің жасы, мұрнының боғына қалмасам
екен!..» Толғанған қарт батыр:

– Ат əкеліңдер! Көкала жорғаны тынышты етіп

ерттеңдер! Цагаан-гэгээн-дарынның уағдалы күні болды.
Кешіксек жайын жатқан елдің ойран ботқасын шығарар. Бір
мылтықтың аузына рулы ел сиған заман ғой. Жасанған жауға
не қыларсың. Іздетпей өзім барайын! – деді. Үйдегілер ұлар-

шу жыласты.

– Өлтіреді ғой ол кəпірлер!

– Көкемді жібермеңдер! – десті.

– Көкеңді құдай алса да бірге барасыңдар ма? Көкеңнің

дəурені біткен. Ұрпақтарыма бақ-дəулет берсе Көкеңде ар-
ман жоқ! – деді Көбеш қарт.

─ 142 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Бағанадан əке-шешелерінің сөзін барлап отырған
Асылбек:

– Ендеше мен барайын! – деді.

– Қайын атаң от пен судың ортасында жатыр. Енді сенің

килігуің қалып па?
...“Қайын атаң” дегені Жылқышы үкірдай. Көбештің
бəйбішесі – Найман қызы, Қырмызыдан Асылбек бастаған
сегіз ұл, тоқалынан бес ұл туды. Қарымбегі өзіне тартқан

қайратты еді. Қарасеңгірде манж əскерлерімен атысып оққа
ұшты. Одан кейін үміт артқан ұлы Асылбек пен Мұрындық.
Əсіресе ел сөзін өзі қартайғалы Асылбек ұстай бастаған.
Қарт оның сөзіне ден қоя құлақ асатын. Асылбектің бетін

қайтару үшін əлгі сөзді айтса да абыржып қалды. Асылбек
тағы да қадаланып:

– Ел болып бір ұл тумаған ба, – дейді ғой, көке! Бəріміз

саумаладай болып отырып қурайдай болған сізді қалай
жібереміз? – деді.

– Мен қурай ма екемін сонда?!

– Қурай болмасаңыз да, қурайдай болған халіңіз мынау.

Ел бар, жұрт бар – намысымыз қайда! Сізді жібермеймін!
Дарын да тірі жанды адам ғой. Мезгілін созып малын алар.
Мəмлеге келер. Өзім барып сөйлесемін!

– Болайын деген ұл едің,

Боларсың да толарсың.
Барарсың балам, барарсың!
Барарсың да келерсің,
Келерсің де кетерсің...

Не дейін сөзің орынды.
Бердім жолымды! – деген қарт күрс етіп отыра кетті.

– Қозым-ау, аман келесің бе, жоқ па, қайдан білейін. Мына

кəпірдің пиғылы тарылып тұр ғой, – деп шешесі кемсеңдеді.
Ауыл болып Асылбекпен жылап қоштасты. Мұрындық
Асылбектің атын əкеп қолтықтап аттандырды. Артында
елі, ақ отауда жары қалды. Көңілі күпті болса да ешкімнен

─ 143 ─

беті қайтып көрмеген өжет ер Ақжал атын өрге салды.
«Сөзге келсе амалын тауып, бір ыңғайын келтірермін» деген
сенімде. Қу үйде шиыршық атып Көбештің малын тосқан
Цагаан гэгээн дарын мен Жұртбай ерте жатып, жай тұрады.

Жазды күні жегені жас жылқының жал мен жаясы. Ішкені
қымыз. Цагаан-гэгээн арағын қоса ішіп, айдаһардай ашуын
шақырады.

– Ажарбикені əкеліңдер, – деп əлекке салды. Берерін

беріп құтылған Шеруші үкірдайы қайтып қамшы ұшын
ұстатпай, «анау-мынау» десіп алдарқатып қояр еді. Бірақ
«Көбеш ауылына кесірі тиер» деген ниетпен Ажарбикені
күтушіге жіберді. Ай қабақ, ақша бет, қызыл ерін Ажарби-

ке дарынның заһарын сəл басты. Есі шығып, мысы құрыған
Цагаан-гэгээн дастархан жаймақ болған Ажарбикенің ақ
білегінен ала түсті.

– Еш нəрсенің қажеті жоқ! Тек сен ғана, – деп тілін шай-

нап, көбік шашып əуре. Суханы ұшқан Ажарбике əскер ба-
сынан сонша жиренсе де сыр білдірмей тырысып бақты. Ца-
гаан-гэгээннен кейін отырған Жұртбайдың да аңсары ауып,
аузынан сілекейі шұбырса да дарынның алдына түсетін ша-

масы жоқ. Жас келіншек пен əскер басы ұмар-жұмар болып
жатқанда сырттан Асылбек келгенін хабарлап күзетші əскер
кірді. Сұлу келіншек құлқынынан өтпей қалғанына ызала-
нып:

– Шық! – деп ақырды. Əскер де зытып берді. Артынан

Асылбек те кірді. Киімін түзеп, кимешек жаулығын көтерген
Ажарбике:

– Төрлетіңіз, төре күйеу?! – деп иіліп сəлем берді. Да-

усында жездесініп сыйлаған қалжыңның нышаны бар.
Асылбекті көре сала ашу шақырған дарын «Мал қайдалап»
дүрсе қоя берді. Аңтарылған Асылбек:

– Кеш тақсыр! Елдің бас-аяғы алыс, мал жиналып

үлгірмеді. Құзырыңызға құлдық. Уақытын енді бір аптаға
созыңыз? – деді, өтінішпен.

─ 144 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Осы күнге дейін етек-жеңін жинауды бір ұқпаған,

неткен сұмырай халықсыңдар! – деп ақырған дарын
мылтығына жүгірді. Əлуетті Асылбек те шегінген жоқ, алға
ұмтылды. Қапыда қалмаса ол да ешкімге есесін жібермес
еді. Амал қанша үлгірмеді. Ажарбике əскер басының аяғына

оратылған. Бəр-бəрі кешіккен екен. Мылтық үні ауыр гүрс
етті. Денесі талмаураған Асылбек жүрегін басқан қалпы оң
жаққа құлап түсті. «Ағалап» жылаған Ажарбикенің даусы
көкке жетті. Сырттан асығыс кірген əскерлерге:

– Басын кесіп, қанжығаңа байлан! – деп бұйырды Цагаан-

гэгээн. Əскерге ұмтылған Ажарбикені дарын теуіп ұшырды.
Қайқы бел, сала құлаш, ақ қылыш қынабынан суырылып,
жарқ етті. Өлік үстінен аттап-бұттап өткен жау, аласұрған ай-
уандай апыл-ғұпыл, абыр-сабыр атқа қонған. Асылбектің ба-

сын бөктерген əскерлер Жаматымен төтелей асып, Қу үйден
Сарсүмбеге тартты. Көзі қанталаған Жұртбай да «екі туып
бір қалғандай» олардан бір елі қалатын түрі жоқ. Жездесініп
қалжыңдайтын арыстай азаматтың жансыз мүрдесінен

шошынды ма, ыза-кек буды ма, əйтеуір шұғыл қозғалған
Ажарбике киіз есікті серпе көтеріп, жалғыз-ақ секірді. Ол
белдеудегі атына міне сала ошарыла қашқан əскерлердің ар-
тынан «Аруақтап» аттан салып келеді. Қайқайыста атының

белі талған бір əскер топ артында борбайлатып барады екен.
Өзі де жібі бостау, жүн жеп, жабағы тышқан бейшара бол-
са керек. Ажарбике оны қуып жетісімен дырау қамшымен
арқадан сыдыртып-сыдыртып өтті. Тас төбеге де салып

қалды. Өлмесе де естен танған əлгі əскер аттан ұшып түсті.
Алды-артына қараған басқа жан жоқ. Өзіне-өзі жаңа кел-
гендей «үһ» деп күрсінген Ажарбике ат жалына моншақтай
жасын төгіп-төгіп жіберді. Өзегі өртеніп, іші-бауыры езіліп

кетердей егілген келіншек ат жалын құшып ауылға қайтты.
Əскерлер əлде қашан кезең асып кеткен. Артында қан
жұтқан қара жер, қайысқан асқар бел, қайғы басқан мұңлы
ел қалды. Ақ отау тігулі қалпында түңілігі желге желпілдесе,

─ 145 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ қара қазан қайнаған қалпында бұрқылдап, желілі құлын байланған күйінде шұрқырайды. ІІІ Өлік шыққан ауылдан жыл уағына дейін кісі үзілмейтіні белгілі. Көбеш ауылы да келімді-кетімді ағайын мен баташылардан бас көтермеген. «Асу бекімей бет көреміз» дескен Алтайдағы ағайыннан тартып Қобда бетіндегі он екі керейлі елдің сабағы тұтастай келісіп-кетісіп жатыр. Көбеш ауылы əлі де Құрымты басында. Даян көлінен бір күншілік жер. Аяғының сырқаты күннен-күнге меңдеткен Жылқышы үшін бір күншілік ат жүрісі оңай болсын ба?! Ат қосшыға Сүйіндік ақынды алып, он бестен он алтыға шыққан Сүкірбайды ерткен. Жылқышы ат үстіне қонса жалғыз ұлы Сүкірбайды жанынан бір елі тастамауында тағы да мəн бар. Былтырғы Жəдік пен Шеруші дүрбелеңінде де жарағын асындырып жасанған жауға салды. Ел арасының дауын шешкенде де қасында болады. Ел аралап қыдырса да тастамайды. Міне, бата жолына да ертіп барады. Тағы бір сылтауы Жəнтекей ауылында жастай атастырған Сүкірбайдың Ықтиярдай жары бар. Кешікпей əкелмек. Жылқышының ойы жалғыз мұрагерін «атаң барда ел таны еріп жүріп, атың барда жер таны желіп жүріп» дегені. Сүкірбай да алғыр, зерек өскен ұл. Сар бəйбіше «Əйең» саба толы қымыз артқан сетік атанның бұйдасын қолына алып, сойысқа апаратын жылқы жетектеген Байқозы мен қой айдаған күтушілердің алдында келеді. Жасыл торғын жамылған жазғы жайлау масатыдай құлпырған. Көл жағалай өскен құрақ, балауса, көк жасаң, гүл бəйшешек, жоңышқа көздің жауын алардай. Көл жақтан ескен салқын самал бой сергіткен. Баташы топ көлдің шығыс бөктерін көктей өтіп бұталы саймен белге қарай тырмысты. Көптен бері үйден шықпаған Жылқышы үкірдай ауыруын ұмытып, бой жазып, ойы сергіген. Сүйіндік ақын екеуі жол

─ 146 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қысқартуға əңгіменің тиегін ағытып, атам заманнан бүгінгіге
дейінгі ана-мынаны алғау етіп келеді.

– Бұл кəпірдің пиғылы тар, ындыны жаман! – деді манж

патшалығын меңзеген Жылқышы үкірдай,-Ұранхай, дөрбет,
қазақ, дыва демей бəрімізді үш көшік ілгері бастырғанды
қойды.

– Үш көшікке зауал болар ма?

– Манж елі билеп-төстеп тұрғанда зауал болмас. Менің

болжауымша Жолтының алтынын, Асғытының күмісін,
Усайдың сынабын алып бітпей бұл «үш көшік» ашылар ма
екен? Əй, ашылмас лағнет!

– «Даладан келіп қора менікі, қораға еніп қой менікінің»

қылығы десеңізші, Жықа-ау!

– Ие, солай деп ұқ.

– Түбі не боларын кім білсін, Жықа. Кəпір өрекпіп

тұр ғой. Қызыл аяқтар шапқан жылы қолұшын бермеген
қыпшақтарға ренжіген Жəнтекейдің бір ақыны:
... Қотырақ батты батпаққа,
Жəнібек өтті шатпақта.

Керей деген бір елді,
Болар ма, қыпшақ сатпаққа.
Сарыарқа жерім-ай,
Керей деген елім-ай.

Қызыл аяқ жау келіп,
Киген сенің кебің-ай... деген екен.
Енді қандай кеп киерімізді құдай білсін?!

– Не кисең де орыс пен шүршіттен киесің. Монғол мен

қазақ жақыннан жау іздемеуі жөн.

– Бəрекелді, тақсыр-ай. Осыны жастар ойында берік

ұстаса ғой! – деп ақын Сүкірбайға бұрылды.

– Жаны кейіген тəңірісін қарғайдының қылығы ғой, жаңағы

ақынның өлеңі. Əйтпесе қыпшақ та, Жəнібек пен Қотырақ та өз
ұрпағына жамандық ойламаған. Керейдің туын көтеріп, елді-ел
болдырған осы тұстас батырлар емес пе?!

─ 147 ─

– Қыпшақ сөйтсе де ертеден елдік, хандық құрған іргелі

ру. Жасы кіші ағайын туысын бауырына тартып біртұтас
ел болдырғанның орнына, етек-жеңін жия алмай, əуелі өзі
тозған ел ме деп ойлаймын.

– О, не дегенің ақын! Қыпшақ – қыпшақ болмаса, қазақ

ел болар ма еді?

– Жаңағы жырдың нарқы алыста. Жəнтекей туралы ескі

жыраулардан қалған деседі.

– Ой, ақыным-ай. Қайдағыны еске саласың. Бір нəрсені

ұмытыпайтының-ай. Кəне, айтшы, сол жырыңды. Жол
қысқарсын.
Сүйіндік ақын мықынын сарыала қамшысымен таянып,
алысқа көз жіберіп, шіренген қалпында;

... Қыпшақта жалғыз ауыл-ай,
Меркіттің өткен дəуірі-ай.
Қоңырат деген бір бала,
Қаңғып жүрген ауыл-ай.

Меркіттен бар бір ауыл бізде қонған,
Қоңырат елестеме бізге жалған.
Жəнтекей ішіндегі Базарқұлым,
Айтбайым, Айтқұл, Тұғыл жандай арман...

...Сүйіндік ақын Меркіт пен Қоңыраттың Қыпшақ
қолтығына тығылған заманнан бастап Жəнтекей, одан
туған Жəнібек, Қотырақ батыр заманына дейін жалғасып,
Көбеш атасы Айтбай, Айтқұл, Тұғылдарға жететін

ұзақ жырдың сүрлеуіне түсіп көп сілтеді. Шежіре-жыр
аяқталғанда самал ауаны жұта жаңа ғана кең тыныс алған
ақын, қабаттап ұстаған қамшысының ұшымен тымағының
шекесін сəл көтерді. Самайы тершіп келеді екен. Терісі

кеңіп, көңілі көншіген осындай шақта домбырасын
қанжығадан шешіп, киіз қабынан шығарған соң, бірнеше
айландырып көреді де, қағып-қағып жіберетін. Ондай
да жаңа жыр туып қалатын. «Өлім жолына бара жатып

өрекпімейінші!» деп өзін-өзі тежеді.

─ 148 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ – Көбекемнің жеті атасын жездей қақтадық-ау. Топырағың торқа болғыр, аруақтар! – деді Жылқышы ойлы пішінде. *** Олар «ой бауырымдап» ауыл сыртына келгенде-ақ орданың алдынан Көбеш қарт өзі тосып алды. Жылқышы мен Сүйіндікті құшақтап кезегімен көрісті. Сүйіндік ақын «сөзді кімнен сұраймын» дейтін емес көріс арасында Асылбектей еріңді алтын ердің қасына, ағайынның басына теңеп, жыр тізбегін төгіп жоқтау айтты. Үйде де ылар-шу көрісіп, жоқтау айтқан қатын, бала. Əйеңді Қырмызы бəйбіше, Сүкірбайды Асылбектің келіншегі құшақтап ұзақ көрісіп, айырылыспады. Көбештің бір келіні жағы сенбей зарлайды. Ол Мұрындық əйелі, Əжекем өтті Жықай-ау, Арым бір пыр-ау Нысай-ау. Айналайын ағакеш, Ұшып бір кеткен құсай-ау. Айналайын Жықай-ау Құрып бір қойған тұсау-бау. Шүршіт деген бір пəле, Аса алмастай қысаң-тау... ...Мұңын Жықаңа шағып, егіліп отыр. Төрдегі молланың «Ағүзбиллаһи» деген өктем үні күңіреніп, құран екі қайта оқылғанда жылағандар зорға уанып, жоқтау толастап барып тоқтады. Жылқышы үкірдай Көбеш қартты жұбатып, «Алды иманды, арты қайырлы болсын» айтып, «Ат тұяғын тай басар» десе, Сүйіндік, «Ие Көбеке, тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Армансыз пенде жоқ!» деп термелей келе ұзақ сонар жұбатуды тақылдатып, тақпақтап өтті. Төрде отырған Алтайдың асқар биігіндей, шоқтығы озық ұлық, төре, молла, ақсақал, қарасақалдар

─ 149 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ əрі жұбатып, көңіл аулап, əрі кеңестің түбін түсіріп күмбірлейді. Ысқат шығарып, құран оқыған моллалар да бір-біріне кезек бермей: – Иа, расул алла! – Əмбие, əулием қолда? – Иə, пəруəр, пəруəрдігар! – Жүз бір атты қатер, мың бір атты пəлеңнен сақта?! – Құдайым сақта, аруағым қолда?! – десіп, бет-бетіне гуілдесіп, өз алдына жалбарынып, іштей: «Атам мұсылман, дінім ислам. Құдай бір, құран шын, пайғамбар қақ! Алланың құлы, пайғамбардың үмбетіміз» десіп, мақшардан үлкен үміт күтіп, жаббарына жалынғандай. Дүмшелеу кейбіреуі төрдегі төбе би, білікті молла алдында күмілжіп, шариғат таласына кірісуден тайсақтап, жауырды жаба тоқыған момақан, түкпіш мінез көрсетіп, мүлəйімсиді. Алдыға ас келіп, тағы да құран оқылып, дастархан соңында ықлас бата қайтарылды. Ел аяғы сиреп, оңаша қалған төрдегілер тағы да күмбірлесіп кеңестің түбін түсірсе, қазан жақта үрпиген қатын-қалаш, абысын-ажындар күңкілдесіп, жыбырласып-сыбырласып өзара, мəре-сəре. Уанған қатын, бала, жұбанған қарт бір сəт болса да қайғысын ұмытып, қасіретін бөлісіп, келер күннің шуағын көңілге медет тұтқандай. «Өлгенге иман, қалғанға қайыр береке» деген осы болса керек. ІV Күз аяғы ұзаққа созылған. Жылқышы үкірдайдың асқынған сырқатына ешнəрсе шипа болмады. Халі күнненкүнге төмендей берген. «Есігіңді ауыстыр, төсегіңді жаңғырт» деп жас қыз айттырып əперген молда, қожалардың кеңесінен де пайда болмаған. Тағы да тəуіптер шақырылып, құмалақ салынды. Ол да дұрыс сөйлемеді. Құмалақ иесі жаңылды ма, құмалақ жаңылды ма, əлде Жықаңның көңілін аулап, қабағына қарады ма,«Жазыласың! Төрдегі сандықта бір асыл

─ 150 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

бар екен. Соны садақаға шығар!»деді. Қол басындай тайтұяқ
күмісті алып ол кеті! Бірақ Жылқышы сергімеді. Ауыл үйден
рулы елге дейін атақты моллаларды əкелді. Олар да дем са-
лып, дұға ішкізіп, батар күнге табынып үшкірді. Көңілге бол-

са да бас көтерген үкірдай бірер күннен кейін тағы да жа-
тып қалған. Қазақ, ұранхайдың білгір тамыршылары көріп:
«Сырқаттың төркіні жаман екен. Уа-құрт деген текті жара бо-
лады. Ыстамай беті қайтпас» десіп тотыйайынның түтініне,

сынаптың буына ыстап, алтынмен аптап, күміспен күптеді.
Халі азайған үкірдай улы емнен есі ауып, «өліп тірілді». Арғы
беттен келген, дұңған, сарт моллалар шөп дəрі беріп күтті.
Бұлттан шыққан күндей селт етсе де сергіп кете алған жоқ.

Ел болып тарыққан, тарыққан да қамыққан. Қолдан келсе бір
Жықаң үшін жанын қиюға жақын Сүйіндік ақын мен заман-
дасы Өжекең де барынша айла-шара іздеді. Бірақ таппады.
Бақсы ойнады, бəлгер келді. Бəрі-бəрінің қасиеті сырқаттың

заһарынан аса алмады. Саңыраудың атақты бақсылары суға
түсіп, отқа күйіп, ыстық темір жалап, айбалтамен кеудесін
соғып, ышқына айқайлап айбарға басып, «бүркіт» жынын
шақырды. Жыны буып өзінен-өзі құтырынған бақсы одан

бетер əлек. Ес кетіп, жан шығуға жақын қалғанда «бүркіт»
жыны жаңа ғана түскен бақсы құстай ұшып шаңыраққа
қонды. Бүркітше піштəктап шақырды. Екі иығын жұлып
ақырды. Қайта жерге қонды. Ел болып есі кетіп, бақсыдан

үрейленген қатын-қалаштар жаббар аллаға жалбарынып,
бала-шағалар үлкендердің қолтығына тығылды. Неше сағат
арпалысып ойнаған бақсының шабыты қайтып, жыны
тарқаған соң сылқ етіп төрге құлай кетті. Алты айрығынан

тері сорғалап, ентіккен бақсы ұзақ жатты. Сонан соң басын
көтеріп, кіртиген көзін зорға ашып «Сусын!» деуге тілі əрең
келген. Суық сүтті аяқ-аяғымен жұтқан. Ауыл адамдары: «Иə
құдай қуат бере көр?! Жықаңның дертіне шипа болса екен!»

десіп шын жүректен тілеу тілесті. Көңілі сергісе де, сенім
үміті туса да бірер күнге бас көтерген үкірдай ағайын туы-

─ 151 ─

старын қуантып тастады. Алтай елінен жолаушылай келген
бір ақсақал:
-Жұртбай би де дардай ауыру. Сырқаты салмақты. Күңгей
бетте бір диуана бар екен, соған ақтатыпты. Жықаң да ақталса

артықтық болмас. Тегі асылдың ұрқы ғой. Бойын буған пірі
бар шығар! – деуі мұң екен үйдегілер гуілдесіп кетті.

– Жұртбай төре не ауру екен байғұс?

– Есі кіресі-шығасылау, жынданған деседі.

– Құдай тілеуін берген екен. Асқанға тосқан емес пе!…

Төсек үстінде аяғын салбыратып, арқасын құс жастыққа
сүйеген Жылқышы:

– Тек, жау болса да жақының ғой. Пендешілік етпе! –

деп зекіді жаңағы қарғыс айтқан адамды.

– Сонымен диуананың ақтауы сəуəп болып па?

– Жоқ. Жағасын жұлып жеп, жақындаған адамды ұрып-

соғып бой бермеуге айналған соң бөлек үйге қамап, сырт-
тай күзетеді екен. Астына атан өгіздің терісін төсепті. Одан
өзгеге төтеп бермейді деседі. Атан өгіз терісінің пұшпағымен
жағаласып жататын көрінеді...

Тағы бір орма ауыз жолаушы ақсақалдың сөзін бөліп:

– Көптің көз жасы текке жіберсін бе? Қарғыс атқан ғой!

– деді.

Ақсақал:

– Осы Шерушіден көңілін сұрай барған бір батыры:

– Жемеңгер ит, жеріңді жеген екенсің! Елдің кеткен есесі

аз емес. Мойныңда қарызым бар. О дүниеге барғанда ала-
мын, деп жағасынан алыпты деген қауесет бар,– деді.

– Жарайсың-ау, тіпті сол батырың ер екен! – деді, əлгі

орма ауыз жігіт. Оның қылығын жақтырмаған Жылқышы:

– Тəйт! Бір емес, бірнеше рет болды ғой енді! Бізді де

кім, не деп қарғап-сілейтінін қайдан білесің! – деп қабағын
түйіп, құс жастыққа қисайды.

– Құдай одан сақтасын! – деді Жылқышы үкірдайды

сыйлайтын жолаушы ақсақал.

─ 152 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Əркімнің несібесі əртүрлі ғой. «Кезекті дүние, кезбелі

несібе» деген. Сіздің өз тілеуіңіз өзіңізде. Ақталыңыз,
Жықа?!.. Ақсақалдың сөзінің нышаны: «Артық айтқан сөзіңіз
бен елдің көңіліне алған кірі болса, ақталған соң шайылар!»
дегенді меңзеп отыр. Ауыл ақсақалдары ақылдасып сол ди-

уананы алдыруға қос атпен кісі жіберді. Асыға күттірген
ақтаушы да араға бірер күн салып жетті. Ақтаушы – ақбоз
ат мініп, аққу терісін басына жамылған, аса таяғын алды-
на көлденең ұстаған, ақбурыл-шоқша сақалды, кішкентай

шал екен. Ол ауыл шетіне таяғанда атын тебініп, желдірткен
күйде:

– Əу, пəлекет кет! Алла тағала пəлеңнен қақ! Əу пəлеңнен

қақ, пəлеңнен қақ! – деп айқай салып үй сыртынан атының
басын бірақ тартты. Үйдегілер: «Құдайым қақ? бісмілла,
бісмілла! Шипа бола көр жасаған» деп жалбарынады. Аса
таяғының шығырық, шылдырмағы шылдырлап, ұшына

байлаған ақтығы желге желбіреген диуана шал:
Ақбоз атқа мінгізген,
Аққу терісін кигізген.
Көндірмеске көндірген,

Қу ағашқа төндірген.
Алпыс бесте жасым бар,
Əуре болған басым бар.
Аһ, Кет пəлекет, кет!

Қақ пəлеңнен қақ?!
Аса таяқ мойнымда,
Алса құдайдың жолында.
Диуана келер есіктен,

Пəлекет кетер тесіктен!
Аһ! Аһ!– деп ақырып, үрпиген қалпында атынан секіре,
үйге жүгірді. «Бісмиллалап» шошынған қатын-балалар,

─ 153 ─

киіз есікті көтеріп, жол берді. «Иə, құдайым сақта! Аруақ
қолда?! Əу, пəлеңнен қақ!» деп айқайлаған диуана аса
таяғын алып, абыр-сабыр үйге кіріп кетті. Тағы да ойнап,
жынын шақырып əлек болуда. Ол да неше түрлі ырым жа-

сап, дем салған суға əлдебір дəрі салып, ішірткі ішкізді.
Күшті дəрі бойына тараған үкірдайдың өзегі өртеніп, өне
бойы бір ысып, бір суыды. Алты айрығынан тер кетіп
ол тағы да талықсып кетті. Қайтып есін жия алмас деп

шошынған сар бəйбіше жылап та жіберген. Жылқышы
екінші рет «өліп-тірілді». Жұртбай өлімін естірте келген
диуана бір қонып қайтты. Алтайда ел билігін Қасымхан
мен Мəми ұстайтын болыпты десті. Онымен ешкімнің

ісі болған жоқ. Тек ел болып Жылқышы үкірдайдың
тілеуін тілеуде. Жылқышы: «өлімге де қайрат керек» деп
қасарысып бақты. Өлсе де бел шешпей отырған қалпында
өлуге серт етті...

Ауру созыла берді. Үміті үзілген ел пері түсіретін бақсы-
молла бар екен десіп оны да əкелді. Одан да жəрдем болмай,
Жылқышы үкірдай үшінші рет «өліп тірілді».
«Жықаң үш рет өліп, үш рет тіріліпті. Қасиетіңнен

айналайын, қайран жарықтық-ай! Өлімге берілмей
отыр екен!» дескен сөз елге тараған. Тек сары төренің
жіберген Ұнзыт гэлэңі ғана: «Аурудың заһары денеңізге
жайылып кетіпті. Біліне бастаған əуелгі кез болса амал-

шара істеуге болар еді. Енді қолымнан келмейді!»
дегенді тура айтты. Айтса да бетің-жүзің демей кесіп
айтты. Оның кесімі: «Өмірден үміт үз. Аллаға кішілік
ет. Астамшылық адам бойына жараспайды. Қайтпас

қайсар болсаң да алланың пендесісің. Пендешілік жол-
мен бұл дүниеге келіп, о дүниеге аттан!» деген хабар-
дай. Көзі жас, көңілі қара елдің еңсесі түскен.

─ 154 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

АМАНАТ

Жылқышы үкірдай Өжекең мен Сүйіндік ақынды
шақыртты. Тамыршы, құмалақшы, бақсы-балгер, диуана,
ақтаушы, емқостардың бірін де үйге жолатпады. Тек Тоғызақ
молла мен Сар бəйбіше-Əйеңді бас аяғына отырғызды. Күн

еңкейіп көлеңке ұзарған мезгілде Қожамжар төре жетті. Ол
үйге кіре ескі досының қолын алып, бетіне салқын бетін
тигізді. Іштей елжіресе де хал үстінде жатқан Жылқышы
«əлі де босай бермейін» деген ниетпен.

– Көңілімді босатпа, бекіте түс, Өжеке досым,–деді.

– Шерушінің бір ұлы десем, басыңды көтермей бұғып

қалғаның не?

– Жарайды, көңілімді осылай көтерсең нетті!

– Ендеше басыңды көтер, Əңгімелесейік.

– Үш өліп, үш тірілсем де оңалмадым. Қасиетім

қайтайын деген екен. Енді өлімді жеңбеспін. Жеңбесем де
жатып тоспай, белімді буынып, күтіп алайын. Басымды
көтеріңдер, – деді.
Иманын үйіріп, аузы күбірлеген Тоғызақ молланың

қолында дұғалық. Өжекең мен Əйең Жылқышының еңсесін
көтеріп, жастығын биіктетті.

– Аллаға қарсылық қылмас болар. Көңіліңде кір кетпесін.

Өкпе назың болса айтып кет? – деді Қожамжар.

– Менің сенде өкпем жоқ. Өкпем Құл мен Арықта. Атам

Көбегенмен бір туысқан сол екі атаның ұрпағы көрінбегелі
көп күн болды, деп күрсінген Жылқышы:
Жақсы көрер бауырым Құл мен Арық
Келмеді ғой бір адам көңіліне алып... деп, тақпақтай

күмбірледі. Жақсы көретін осы ағайыннан Көрінбай батыр
бастаған топ көңілін сұрап қайтқалы айға жуық мерзім өтті.
Күйкі-күйбең тіршілік қамымен соңғы күндері хабарсыз
жатқан. Арық пен Құлдың ұрпағын үкірдай көксеп отырған.

Ондағы ойы төрт қара көзді түгелдей отырғызып айтар

─ 155 ─

арыз-арманы бар-ды. Кешке таман Сүйіндік ақын да келді.
Сағынып қалған ақынымен де қалжыңдасып, өзін барынша
берік ұстаған Жылқышы пұшпақ ішігін киіп, кіселі күміс
белбеумен белін буынып, таяғын ұстай сыртқа шықты. Ол

Қожамжар төрені ерте шыққан. Күзгі салқын ауаға денесі
бір сергіп, бір қалтыраған Жылқышы қора шетіне барғанда
алдынан тайыншадай ақсарбас еркек қой көлденең өтті.

– Əй Сүкірбай! – деп жалғыз ұлын жанына шақырған

Жылқышы:

– Осы ақсарбасты бүгін Өжекеңнің қоналқасына сойғыз!

– деді.

– Жарайды, əке!

Қожамжар төренің сол иығына сүйенген Жылқышы:

– Əттең, Өжеке-ай! Адам ғұмырының қысқасы-ай

десеңші. Осы қойдың төсінің етегі мен екі бүйрегі пысқанша
төзетін ғұмырым қалғандай. Соны өзіңмен бөлісіп жеуге
алла тақат берсін?! – деді.

– О, не дегенің, Жықа. Мен білетін Жықаң сен болсаң

өмірден əлі де үміт үзетін болған жоқсың.

– Айтқаның келсін. Үйге кірейік. Қыстың басы жақын-

ау деймін сірə. Кешкі ызғардың түрі жаман екен...
Олар қолтықтасып үйге кірді. Ауыл ағалары ғана емес
рулы ел Шерушінің атқа мінер, ақсақалдары жиналған.
Жылқышы үкірдай бел шешпеген қалпында төсегінен сəл

жоғары малдасын құрып отырды. Сол отырғаннан аяғын
жазған жоқ. Əңгіме тиегін ағытып отыр.

– Шерушінің жасы үлкен ағасы мен жақсы жайсаң аза-

маттары, менің түрім болса мынау. Торға түскен торғайдай
болдым. Меңдеткен дерттен медет күтер үміт қалмады.
Айналдырған ауру алмай қоймас. Не ақылдарың бар? – деді.

– Құдай сақтар. Аллаға шүкіршілік етелік, Жықа! десті

үйдегілер.

– Шүкіршілік айтсаң да, күпіршілік етсең де, берген

жанын бір құдай алуға жақын тұр. Он басынан мың ба-

─ 156 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

сына дейін сайлаған ата салты бар. Екі аққуға бір басшы
керек. Мен кетсем елдің тізгінін кімге бересіңдер? – деді
Жылқышы. Төрдегілер селк етті. Кейбіреулердің көңілі
босап, көзіне жас алған. Үкірдайдың бетіне тік қарап, тіс

жарған ешкім жоқ. Бəрі қаймығып отыр. Тыныштықты
Жылқышы өзі бұзды.

– Ұл тумақ бар да, ата салтын қумақ бар. Ол дəуір мен

үшін өтіп кетті. Өмірге келмек бар да, кетпек бар. Кезеңге
шығып келелі орынға кеткелі отырған адаммын, – деді.
Жылқышыға етене, үйір болып қалған, қашан да батыл
сөйлейтін Сүйіндік ақын:

– Мына еліңді сонда кімге тапсырасың, тақсыр? – деді

нар тəуекелге тартып.

– Елімді ел адамдары сендерге, еңіреген ерлерге тапсы-

рамын.

– Ойбүй, тақсыр-ай, ер дегенде де «Қырықтан қыдыр,

жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» біреу болмай ма? Лайықты
бір ұлдың атын атасаңызшы?

– Көп жортқан сыншы демей ме. Алтайдың күңгей,

теріскейін сапырып, ел аралап еркелеген сері-ақынсың ғой. Ел
бастайтын ерге лайық қандай қасиет болады? Өзің айтшы?

– Жықа, менің пірім – қос ішекте ғана ғой.

– Ендеше:

Жақынына тартпайтын,
Жауынан қайтпайтын.
Жанын елден аямайтын,
Жарлыны қорламайтын.

Қатын сөзіне ермейтін,
Бала еркіне көнбейтін...
Сондай ерді атаңдаршы? Осыныма толған ер ғана ел
берекесіне дəнекер болады.

...Күмілжіп төмен қараған ел адамдары Жықаңның шын
көңілінен туған талабын қайтарғысы келмей алты рулы
шерушіден сегіз азаматтың атын атады.

─ 157 ─

– Құдай берген мұрагеріңіз Сүкірбай бар ғой.

– Ол əлі жас. Он бесте отау иесі болғанмен он алтыда ел

иесі бола ала ма? Бұғанасы бекіп, қабырғасы қатқан жоқ.

– Қайырдан зəңгі ше?

– Қайырдан пысық болса да, ісік-желігі бар. Тырнадан

жасауыл қойсаң басыңнан қиқу кетпейді.

– Құрманда Майтақ бауырың бар.

– Шолақ мылтық шаңқылдақ деген.

– Бошаң ауылынан атқа мінер Серікбай ғой?

– Діні қатты бауырым шаш ал десе бас алар. Шерушіні

тоздырады білем!

– Ендеше ең ақсақалына тоқталық.

-Жоқ, ол да емес!
Көп жасағаннан не пайда,
Өткен күнді білемесе.
Ерте тұрғаннан не пайда,

Кеткен малды көрмесе!..
Ерте туып не керек,
Ескілікті білмесе.
Ерте тұрып не керек,

Бейсауатты көрмесе...
...Жылқышы үкірдайдың көңіліне ешкім толмағанын
үйдегілер сезді. Сезді де тым-тырыс болды.

– Ұлық ғаділ болмаса ел тозады.

Ұлың жаман болса, əкесін түйенің үстінен ит қабады, –
деген ата сөзі бар. Əлі де кең ойланып, бірақ рет пішіңдер.
Мен-жалғыз, сендер көпсіңдер. Мен кетіп, сендер қалып
бара жатқан елсіңдер. Елдіктен айрылмаңдар, – деді

Жылқышы.
Төрдегілердің көзі қошқар мүйіз, құс мұрын, оюлы
тұскиіз басына ілінген үкірдайдың қара көк тасына түсті. Ба-
балары барқы руының атақты ұстасы Иманқұлға алтыннан

сабақ салғызған қара көк тас көздің жауын алған. «Осы тас
өз үлесіме тиер ме еді?» деп армандаушылар топ ортасын-

─ 158 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

да болса да көптен именді, құдайдан қорықты. Не ойласа да
əркімнің ішінде сақталған...
Аз үзілістен соң Жылқышы үкірдай сөзін жалғады. Ау-
ыру батып қиналса да көкейдегі өсиет, арман, тілегін айтып

қалуға тырысты. Ол əр ойын үш нəрсемен мысал етіп отыр:

– ЬІрыс алды – ынтымақ. Ынтымақ тек дəнекерлікке

тоқтайды. Ынтымақтың үш дəнекері –абысын, ағайын,
ұрпақ. Абысын тату болса ас көп, ағайын тату болса ат көп.
Бала тату болса жат жоқ.
Үш ырыздық бар. Ол бірлік, тірлік, саулық. Сол

ырыздыққа қол жеткізуге үш кемдік бөгет болады. Содан
сақтанғайсыңдар.
Өктемдік – бірінші кемдік. Ол – өрекпіген, марқа жүрек.
Менмендік – екінші кемдік. Мен деген – шөл, біз деген – көл.

Өзімшілдік – үшінші кемдік. Өзім десең – өлерсің, өзгені
білсең желерсің!
Үш жауың бар. Ол – өсек, өтірік, бақталастық. Үшеуі де
сырттан келмейді, іштен шалады. Содан аулақ болыңдар!

Қазақ деген халықтың жауы өзінен шыққан жұрт. Үш досың
бар. Орыс ойдағы орманың, Шүршіт қырдағы қорғаның.
Монғол мұндағы төрің! Үлкен елге қарсы шаппай, ықтай
жалдап өмір сүріңдер. Сыйлассаң үшеуі бірігіп бір қамал

болады...
Жылқышы болдырып екі шынтағына жастық қойғызды.
Шалқалап аз тыныс алды. Өткір шегір көзінің ұшқыны
бəсеңдеп, қабағы тіпті биік көрінген. Салалы үлкен

саусақтарын айқастырып, малдасын құрған қалпында алды-
на қойған. Тістеніп, қарысып отыр. Неғылса да осы түнді ел
ағалары арасында сырласып, өсиет-аманатын айтуға бекіген.
Ол төрдегі Қожамжар төреге сəл бетін бұрып:

– Үш арманым бар еді. Сол өкініш болып қалар, сірə! – деді.

– Айтыңыз, Жықа, Төрт қаракөз түгел отыр ғой. Бізден

болмаса да ұрпақтан қайтар. Ұрпақтан қайтпаса құдайдан
қайтсын?!

─ 159 ─

– Орындалған арман – бақыт. Ал, орындалмағаны өкініш.

Талайым тасып тұрғанда жеткен жерім, шыққан биігім көп.
Құдайға шүкіршілік етемін. Ойымдағы үш арманымды ай-
тып кетейін.

– Айтыңыз тақсыр. Естиік, Жықа? – десті төрдегілер.

– Бірінші арманым үш көшікті шаба алмадым. Қазақ пен

монғолдың түпкілікті жауы сол. Манж елінің түрі жаман.
Содан сақ болғайсыңдар!
Екінші арманым елімді Үшқызға қондыра алмадым. Жер
қамы, ел қамы ғой. Бір жағы ой, бір жағы қыр, түңкелкі ме-

кен. Түбінде, мал тіршіліктің екі көзінің біреуі ғана болмақ.
Екінші көзі егіндік. Үшқыз, Бұлғын сағағы осыған лайықты
жер еді.
Үшінші арманым жақсы əйелдің құнын жаман ерге

теңей алмай кеттім. Ат биеден, ер анадан туған. Амалым
қанша!...
...Жылқышы үкірдай өзінен-өзі күйзеліп те, қиналып
та отыр. Ойына Ажарбике мен Бəтиме келіні түсті.

«Осындай əйелді қайсы ерден төмен санарсың» деп ой-
лады. Ойын ашық айтқан жоқ. Асылбектің басын Манж
əскерлері алғанда Ажарбикенің көрсеткен ерлігін естіп
тек Жылқышы үкірдай емес ел болып разы болған.

Осындай əйел болмаса батыр– бағлан қайдан тусын.
Байқозы екеуі жетектесіп келгенде қолтығына тығып
қорғаштаған өзі еді. Омырауы сыздаған Ажарбикенің ана-
сы бесіктегі баласының артынан шауып жеткенде екі ел

арасына дəнекер болар деп бермеп еді. Сол есептері теріс
болмағанына іштей марқайып, содан кейін Ажарбикеге
деген ықылас-құрметі өскен. Туған келінінен кем көрген
жоқ. Өз туысы Сəйімбай əйелі Бəтиме құй батпаққа түскен

тайлақ түйенің екі өркешінен ырғап тұрып суырып тастай
берген. Сонда қара былғары мəсісінің шажамайы айы-
рылып кеткен. Күйеуі Сəйімбай сабамақшы болып жігіт
мінез көрсеткенде қамшысын жұлып алып тізесіне жалғыз

─ 160 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

басып сындырған. Ақтайдың сол адуын келіні көшкенде
«Жылқышы көшінен озам» деп жүк артқан өгізін қуып
өлтірген. Осындай келіннің ер мінезі мен мықтылығына
риза болған қайын атасы Ақтай: «Бəрекелді, Жылқышыға

айттырып əперетін келін осы ғой! Екі жақсыны
қоспағаным-ай» деп өкінген. Бəтименің мықтылығы мен
өжеттігін Жылқышы да мойындады. Оның қылығы бы-
лайша қарағанда кісіге сөлекет болса да Жылқышы сүйіне

қарап: «Палуан, батыр ұл, қылықты қыз осындайдан туа-
ды. Бəтиме мен Ажарбикені қатынға санап қорлаудың өзі
күнəһарлық болар» деп ойлаған. Сол ойынан соң: «Жақсы
қатынның құнын жаман ерге теңесем» деп армандаушы

еді. Құдай ол тілегіне жеткізбейтін сияқты. Ақыры міне, ар-
ман өкініш болдырып Өжекеңе айтып отыр. Жақсы-жайсаң
қонақтардың əңгіме желісі ұзаққа созылды. Ақсарбас еркек
қойдың еті де пысқан екен, төрт-бес жерден табақ тартылып,

төрге астау толы қоян жон ет келді. Тамақтан сүле ауыз ти-
ген Жылқышы үкірдай қойдың бір майлы бүйрегін өзі жеп,
екіншісін Өжекеңе ұсынды. Қойдың төсін де бөлісіп жеді.
Еркек қойдың басын мұжып екі көзін де бір-бірден аса-

ды. Бұл: «Төстік жеп, төс қағысқан ағайынбыз. Екеумізді
де еліміз осы бүйректей майға орап қадір тұтты. «Өжеке,
Жықаң» деген сол елім қалып барады. Елдің екі көзінің бірі
сенсің. Шеруші еліне көз қырыңды сала жүр?!» дегені еді.

Қожамжар төре Жылқышы үкірдайдың ниетін айтпаса да
ұқты, жүрекпен сезіп, көңілге түйді. Ет желінген соң сор-
па ішіліп, қою сары қымыз сапырылды. Тыншыға алмай
отырған Жылқышы үкірдай:

– Сар төреге сəлем айтыңдар, Түбінде осы екі ел бір-біріне

құт болар. Құй батпақтан атан түйе суырған жігіт шағымның
белгісі еді. Өлсем сүйегімді Құйтастың бөктеріне қойыңдар.
Мүрдем ел шетінде жатса жат жұрт ел ішіне кірмес. Жастарға
бел, ұрпаққа белгі болсын десеңдер елдің шеті менің мəңгі

ұйқыдағы орным болсын? Жерлеген соң үстіме үйдей тас

─ 161 ─

үйіңдер. Кəпір сүйегіме қол тигізе алмасын! Оның үстіне
қазандай ақ тас қойыңдар. Ақ ниетім белгісі болсын. Қабірім
басына ұзын құрық шаншыңдар. Жылқышы екенімді жұрт
содан танысын?! – деді.

…Оның даусында болымсыз діріл бар. Ерні кеберсіп,
жүзі қуаң тартқан. Одан əрі сөйлеуге халі келмеді. Сірескен
қол-аяғы салқындап, тынысы тарылған. Малдасын құрған
Жылқышы түлкінің пұшпағынан тіккен, мақпал қара ішігінің

жоғарғы түймесін ағытып, арқасына сүйеген құс жастықты
болымсыз аласартқызды. Кеудесін кере дем алып, көзін
жұмған үкірдай шалқайып отыр. Үйдегілер оны «тынышта-
лып көз ілер» деген үмітте. Бірақ Шерушінің үкірдайы мəңгі

ұйқыдан қайтып оянбады. Таң бозарып келеді екен. Ол дəл
осы мезгілде шыр етіп ананың құрсағынан жерге түскен-
ді. Бұл дүниеге қонаққа келген керейдің батыр-бағлан,
жақсы жайсаңының бірі Жылқышы үкірдай келмес ұзақ

сапарға аттанғаны сол. Қара жамылған қазақ ауылы тағы
да ұлар-шу болды. Көзінің жасын көл қылып, шашын жай-
ып, қара жамылған əйелдер жоқтау айтып аңырайды. «Ой
бауырымдаған» ағайын, туыс, ілік-жілік, дос-жаран, қосшы-

қолаңшы, ел-жұрты дел-сал!
Ақ орданың белдеуіне қара жауып тұлдаған ақ арғымақ
байланып, ұзын найза алқымына байланған қарашашақты
ақ жалау көтерілді. Ошақтың оты өшті. Он екі керей, алты

шерушіге хабаршы аттанып, «ой бауырымдаған» елдің
қатары молая түсті.
Екі күн еру болған үкірдай мүрдесін үшінші күні таңнан ақ
атанға артқан жұрт, жер қайысқан қол, егілген ел үкірдайдың

өзі атаған Құйтастың бөктеріне қарай қозғалды. Мəуедей
салбыраған елдің алдында Қожамжар төре, Көбеш батыр,
Тілеуді үкірдай, Сүйіндік ақын бар. Ақ атанның бұйдасын
Тоқаң молла атанған Тоғызақ имам ұстаған. Ол кезінде пері

түсірген, киелі имам, шаруасы шамалы, кедей молла. Сүйегі
Жағалбайлы. Тамыршы Смағұл, молла Ысқақ атты екі

─ 162 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

ұлынан өзге байлығы жоқ. Жылқышы көзі тірісінде жаназа-
сын Тоқаң моллаға шығартуды өсиет еткен. Сондықтан да,
ол ақ атанның алдында келеді.
Шұбатылған жұрт Құрғақ қобыда күзеген үкірдай

ауылының сыртынан қозғалғанда қарауытып түнерген
күзгі бұлт көз жасын төгіп те жіберді. Күн күркіреп, қар
мен жаңбыр араласқан бұршақ төпеп тұр. Үй сыртын-
да қара жамылған əйелдер дауыс қылып, өлікті артқан

ақ атанның қарасы төбе басынан асқанша жоқтау айтты.
Күн таласа қозғалған азалы керуен Құйтастың бастау-
ына жақындағанда бұлт сейіліп, күн қайта шықты. Ел:
«Қайран жарықтық Жықам-ай! Көктің нұры тегін кісінің,

өлігінің үстіне жаумайды деуші еді. Иманды болғыр-
ай!» десті. Жылқышы үкірдай өлімі бұл елге қанша ауыр
болғанымен қара жер былқ еткен жоқ. Нелер жақсы-
жайсаңды жалмаған жер қойнын айқара ашқан. Сұр бұлт

қаптап, реңі қашқан аспан да қабағын салбыратып, қайғы
үстіне қара жапқандай, еңсені көтертпейді.

─ 163 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ ХИКАЯ АҚЫРЫ І Алтайда керейдің Қасымхан гүн төңірегіндегі төрт бидің берекесі ыдырап, ықпалы төмендей түскен кез. Сөйтсе де, төрт орынды Жəнтекей мен Жəдік екі-екіден бөліскен қалпында. Жəнтекейден Жұртбай орнын оның көреген ұлы Мəми басып, Жақып амбы орнына Оспан мұрагер болған. Жəдіктен Оспан орнын Кəкен, Өміртай орнын Қылыш мұрагерлері жалғастырған. Керейдің түтіні мыңнан асқан əр руы өз алдына үкірдай сайлап, ортақ өгізден оңаша бұзау дегендей бөліне бастаған. Қобда бетіндегі рулар онсыз да дербес. Жылқышы өлімінен кейін төрт-ақ жылдың арасында Қобда керейлерінің жақсы игі ұлықтарының қатары бірінен соң бірі сирей түскен. Асылбектің қайғысынан болып қайыспас қайсар Көбеш батырдың да белі бүгіліп, қабырғасы сөгілген. Құса боп қапаланған қарт үкірдай сол меңдеткен сырқаттан серги алмай келесі жазда дүние салды. Ел-жұрты оны Сагсай өзені басындағы Жайлау қонысына жерледі. Мың жылқының құйрық жалынан қылшық алып, ақ батпақпен қоса илеп, қорған тұрғызды. Қалған елдің қолынан келер ендігі ісі сол. Көбеш орнына ұлы Мұрындық мұрагер болып, Қобда бетіндегі Жəнтекей үкірдайы атанған. Енді Жылқышы мен Тілеудің орны үңірейіп тұр... ІІ Шерушінің залың, зəңгі, атқа мінер, он басы мен жүз басылары бір емес бірнеше рет əңгіме-дүкен құрып, бір пəтуа байлауға келе алмай қиналса да, ақыры Жықаңның аруағын сыйлап, əлдеқашан отау иесі, ұлдың əкесі атанған, он жетіге келген Сүкірбайды Шеруші үкірдайы болдырмақ мəмлеге келді. Манж ханы ру басыларының

─ 164 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

тек-төркініне қарайтынын да ескерді. Ол кез дербес
рудың үкірдайын Манж ежен ханының Шынжандағы
жергілікті өкілі немесе Қобдадағы Хэбэй амбының
рұқсатымен тағайындайтын. Қайырдан зəңгі бастаған

Шеруші өкілдері дəу де болса үлкен жерінің құзырына
құлдық
етіп,
Жылқышы

мұрагеріне
шен-шекпен
əперуге Сүкірбайды ертіп Үрімжіге аттанған. Оның
үстіне Қасымханның қағажуынан қақпайда, Кəкен мен

Қылыш, Мəми мен Оспандар қатарында өз үкірдайының
мəртебесін жоғары ұстау үшін істеген іс, көрсеткен
қылық болатын. Шеруші өкілдері ат атан, алтын, күміс
бастатқан тоғыз-тоғыздан торқалы тартуын да аяған

жоқ. Чин патшасының жергілікті əміршісі жайы жара-
сып, тарту-таралғыға көңілі көншісе апарған кісінің ба-
ранын көріп қана шен-шекпен бере салуы да ықтимал.
Оның осы мінезі мен құлқынын жақсы білетін қазақ

өкілдері шерушінің мал-дəулетін несіне аясын. Манж
ханының ел басқару ісінде тағы бір сыр барын сырттай
ғана бағынатын қазақ елі болжай бермейді. Чин патша-
сы ұсақ ұлт, руларды төменде өз өкіліне ғана басқартып,

ішкі ісіне көп араласпай, өзімен-өзін соқтырып отыратын,
жең ішінде жасырған қолшоқпардай жымсыма саясатын
көшпелі қазақтар көре бермейтін.
Шеруші ұлықтарының ішінде Жылқышыдан басқа

тереңнен толғап, алысты болжайтын зерделі саясаткерлер
аз еді. Бұл жолы да қаракердің үйірі мен қоралы қызыл
қойына сеніп барды.. Əміршінің есігін торып, Үрімжі
көшесінде тозған Шеруші өкілдері «əзер деп» түйені түгімен

жұтқызған соң ғана жолы оңалды. Қайырдан зəңгі бастаған
топ əмірші ордасына ошарыла кірген соң жоғарыдан төмен
қарай қатарласа отырды. Есіктен кіре иіліп сəлем берген
Сүкірбайдай балаға босағадан орын əрең тиді.

Əміршінің сол қанатында тізіле отырған уəзірлерінің
көзінің сұғы Сүкірбайға қадалды. Əмірші солардың

─ 165 ─

кеңесімен ғана кесетін іс бұл. Алдын ала келісім бойынша
əмірші уəзірлеріне қарады.
Бірінші уəзір бас шайқады. Екіншісі таңдай қақты.
Үшіншісі басын изеді. Ел өкілдерін шығарып жіберген əмірші

уəзірлерінің жаңағы белгісінің сырын сұрады. Біріншісі:

– Түрі сұсты екен. Ел берекесі кетер,– деді. Екіншісі:

– Таңдай

қаққаным
таңданғаным.
Неғайбылдау
халдемін, – деді.

Үшіншісі:

– Болса болар. Алдыңызға иіліп келген кішілігі мен

қырындап шыққан арты ұнады. Түбі тыныш болар, деді.
Манж əміршісі:

– Ендеше үшеуіңнің аралығыңа ұйғарылсын! – деп

бұйырды. Ол ел адамдарын бастап келген Қайырдан зəңгіні
қайта шақыртып алды.
Əміршінің алдынан бір рет пəтуасыз қайтқан Қайырдан
қысылып тұр. Ол:

Қой асығы демей-ақ,
Қолыңа толса сақа қой.
Жасы кіші демей-ақ,
Ақылы асса аға тұт! – деген атамыздан қалған салиқалы

сөз бар, тақсыр?! Чин патшасының құзырына құлдық еткен
ақ сүйек төре, ұлықтың өз тұқымы. «Жас та болса бас болар»
деп əкеп тұрмыз. Пейіліңізді беріңіз?! – деп жалбарынды.
Қабағын шытып, көзін шүйілте, айбарланған патша əкімі:

– Жарайды. Тілегендерің болсын! – деді.

«Ие аруақтап!» күбірлеген Қайырдан зəңгі жұмсақ табан
мəсісімен жүгіре басып майпаңдағанда босағадағы кебісін
киюге де дəт қылмады. Қайта айланып кебісін асығыс ілді
де ордадан шығуға асықты. Сүкірбай Қобдадағы Шеруші

үкірдайына тағайындалып, шен-шекпен киіп, күміс сабақты
күрең тас тағып қайтты.

─ 166 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ ІІІ Тілеуді үкірдайдың əкесі Кенен де сырмақ шетінен кетпеген адам. Шешесі Қызыл би найман қызы. Тілді, ауызды, адуын болды. Үш ұлының ішінде соларға тартқан шешен де, көсем де, алғыры Тырқай болатын. Тілеуді соған үміт артатын. Ол өлер алдында: – Ел құлақтан тозады, көңілден семіреді. Еліңнің бетін қайтарып, сағын сындырма! – деп үкірдайдың мөр таңбасын көзінің тірісінде үлкен ұлы Тырқайға тапсырған. Ұрпақтары мен Қарақастың рулы елі болып, үкірдайды Жалғыз ағаш сайының басындағы Жалпақ саз-жайлауының қасына қойған. Көбеш қабірінен де берік болдырып, шикі ақ кірпіштен күмбез тұрғызып, сыртын сырғауыл ағашпен қоршады. Кезегімен өмірге келген жақсы-жайсаң, ел игілерінің алды осылай, тағы да кезегімен бұл өмірден аттанды. Азғана қарақас ауылын қарауына күшпен алмақ ниетіндегі Мəми төре билікке таласып, көлденеңнен жабысқан көкбауырдай сазарды. Ата мөрін қолдан шығармаған Тырқай, ақыры Хэбэй амбынға жүгінуге, Мəмиді ертіп Қобдаға барды. Тырқай Еженхан, Үрімжі, Сарсүмбе əкім, амбысы тұрғанда Хэбэй амбынға тартуының да мəні бар. Жылқышы Қобда қамалына қамалған Тілеудіні жоқтап елу қара айдап барғанда ел адамдары арасында Тырқай да болған. Жылқышы мен Тілеудіден тарту-таралғы мол алған Хэбэй амбын таныс та, табақтас та еді. Бұл жолы Тырқай сол жағдайды бетке ұстап барды. Хэбэй амбын да Үрімжі мен Сарсүмбеде сонша шаруасы жоқ, Манж ханы атынан Монғолдың Қобда өлкесінде отырған толық өкілетті елшісі. Ол сондықтан, Мəмидің дауын ескермеді. Билікті Тырқайға алып беріп, «Қарақас үкірдайының мөр таңбасын ұстайтын заңды мұрагері – сен!» дегенді кесетіп айтты. Амалсыз ұтылып апшысы қурылған Мəми бейс басқа айла ойлады. Бірақ оның ойы арам еді.

─ 167 ─

Тырқайға еріп өз атқосшыларымен бірге көңіл баяғыдай
елге қайтқан олар сол жолда Буянт мен Дэлүүн өзенінің
аяғы Бүркіт шатына түсіп дамылдады. Мəми кенезесі кеуіп
келе жатқан Тырқайға ай мүйізді үлкен шақшасын ұсынды.

Тырқайдың атқосшы сақшысы көзін қысып, басын шайқады.
Өйткені: «Мəмиде бірі у, бірі насыбай салған екі шақша
болады» десетін. Кеңілі өсіп, мəртебесі көтеріліп қайтқан
Тырқай:

– Мəмидің өзін жеңгенде шақшасынан қорқамын ба?!

– деп масаттана қаракөк темекіні тіл астына атып жіберді.

У қосқан темекі тіл астынан бойға дереу тараған. Тырқай
тіл тартпады, сөзге келмеді. Аяқ асты дағдарып күйзелген
топтың Мəмимен күресер шамасы болмай, алды хабарға
шапса, қалғаны Тырқайды зузаға салып ауылға əкелді.

Мəмидің бұл қылығына ыза болған ел азаматтары атқа мініп
оны шаттың аузынан ұстап өлтірмекке бел буған. Бірақ Мəми
басқа жолмен қырқа асып, Шегіртай сайындағы Молқы ауы-
лы Шөдеұлы Қожатайға тығылған.

– Жасырып, жанымды алып қалсаң қалыңсыз қыз

берейін, – деп жалбарынды. Жүк астынан жер қазып Мəмиді
жасырған Қожатай ел ішіндегі у-шу, ап-сап басылған соң
Алтайға жасырын асырып үлгірген. Мəми қарымтасын
қайтарды, қалыңсыз қыз берді. Бірақ қап түбінде біз жатсын

ба! Мəмидің бұл қылығы айқын болып, ағайынды екі рулы
ел Қарақас пен Молқы арасы қырғиқабақ болса да өз қолын
өзі кессін бе? Кешірісіп, кек қумауға келіскен ел ағалары ке-
лешек ұрпағының ынтымақ-бірлігін ойлаған.

Тырқай жиырма беске жаңа шыққан еді. Күйіктен желігіп
кеткен келіншегі де күйеуінің қырқына жетпей, Ахунт сай-
ына қойылған жас жарының жанына жайғасты. Махаббат
гүлін үзіп табанына таптаған, адамдық жылы сезімге суық

су шашқан, ағайынды екі елді араздастырып, қос үйді қоса
қондырмаған қазақтың бақталас, күншілдігі-ай десеңші!
Жас отаудың түңілігі жабылып, қараң қалды. Бірақ, Қарақас

─ 168 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ елдігінен айырылған жоқ. Қарақастың үкірдай билігін Тырқайдың інісі Бітімші ұстаған. *** Аласапыран күндер артта қалып, Қожамжарұлы Самырхан Қобда бетіндегі Керей елінің төбе биі болған кез. Керей руларының өзара тартысы бір сəт саябырлаған 1890 жыл! Көш көшіп, керуен өтіп, ит үрген өмір доңғалағы өз заңымен айлануда. Ауыр жүкті өмір-арба ақырын болса да ілгері жылжыған. Керейдің аруақты бір ұрпағы өтіп, келесі ұрпақ кезеңге шықты. Алдында қырат-қырат асу, қилы қыстау қырқа, көз жеткісіз, көш өткісіз бұлдыраған сахара, буырқанған дария-шалқар көл, жайсаң жəзира шөл тосып тұр. Келер ұрпақ одан қалай өтері ата аманатын алып жүруіне байланысты. Алдыңғы толқын ағалар, Кейінгі толқын інілер Кезегімен өлінер, Баяғыдай көрінер! Бірақ, қазақтың көші, керейдің керуені бір сəт толастамай, тоқтамай, дамылсыз алға тарта бермек. 1991-1993 жыл. Баянөлгий-Улан-батор

─ 170 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Бұл шығармамды Дəлелхан Сүкірбайұлымен бір ауыл-
да қатар өсіп, бір ұстаздан дəріс алған, Дəкейдің əріптес
қарындасы, анам Миуа Əмейқызының (Əмірəлы) рухына
бағыштаймын.

Автор

АЛҒЫ СӨЗ ОРНЫНА

Аспаған асу – арман.
Шықпаған шың – арман
Жетпеген жер – арман.
Көрмеген қызық – арман.

Алдағы мақсат – арман.
Асыл мұрат – арман.
Аңсаған аяулың – арман.
Өмір – арман.

Орындалмаған арман – өкініш.
Өткен күн – өкініш.
Жақсы түс – өкініш.
Аяқсыз іс – өкініш.

─ 171 ─

Бірінші толғау
Өмірге талай Дəкей келер, бақиға талай Дəкей барар.
Дегенмен біздің Дəкейдің орны оттай ыстық. Оның арман–
мұраты, мақсат ойы, артта қалдырған ізі жүрегіңді жы-

лытып қана қоймайды, жалындай өртейді. Қытай елі оны
«генерал-майор» деп қолпаштады. Мао-Цзе-дун: «Дəлелхан
мəңгі жасайды» деп қинала телеграмма соқты. Коммин-
терн көсемдері: «Коммунист Сүкірбаев» деп қолтығына

су бүрікті. Оған лағнет айтқандар да аз емес. Монғол
үкіметі «Эсэргүү»– үкіметке қарсы тап жауы десе, го-
минданшылар халық жауы ретінде ізіне ит салды. Шы-
нында Дəлелхан олардың ешқайсысы да емес, болымсыз ат

қойып, айдар тақса да оған жараспаған. Ол – біздің Дəкей,
халықтың перзенті, қазақтың маңдайына жазған жарық
жұлдыздарының бірі. Дəкей, тек Дəкей болып қалу керек-
ті. Атасының емес, алаштың ұлы болу керек-ті. Алла оған

сондай тағдырды лайық көрген. Оның пешенесіне алаштың
азаматы болуды жазып, Отан үшін от кешу əрі халқы үшін
ғазиз басын қатерге тігу тағдыры бұйырыпты. Қайран
Дəкей қазір арамызда жоқ. Аллаға медет қылып, мойнына

кісесін сала тілегін тілеп, соңынан ерген өз халқының өзегін
өртеп кете барды. Қара ормандай халқының жүрек төрінен
орын алып, есімі əр қазақтың көңіл түкпіріне ұялады. Оның
зор денесі, биік еңсесі, өр кеудесі, алып пошымы əлі есімізде.

Ашаң жүз, аққұба рең, жұқа қара мұртына жарасқан ойлы
қарақат көзін бізге қадап ұзақ телмірумен тұр. Зерделі
жүзі, тұнық жанарында мұңның сызы байқалғандай. Иə,
ол халықтың мұқтажын арқалап, мұңын жанарына жасы-

рып, көз жасын көкірегіне сақтап кетті. Сөйтсе де, арма-
ны биік азаматтар арын таза сақтаған. Аты да, заты да,
арманы да Алтайдың ақ бас шыңдарындай асқақ, алыстан
бой көрсетеді. Тамыры терең көп салалы байтеректей

гүлдеп, тамыр жайып, тағдырдың талай қара боранына

─ 172 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

төтеп бермек. Сонымен біздің Дəкей кім? Нар тəуекел. Алла
рахым етіп, ақ тілекті қабыл көрсе, Дəкей туралы əңгімеге
ойысалық...
Бірінші əңгіме

Мен: «Дəлелхан туралы есіңізде қалған не бар екен?»
деймін шешеме.
Шешем: «Əй балам-ай! Есі шыққан елдің есінде не
қалушы еді. Əдірə қалды ғой, бəрі» деп күйінетін де, күрсініп

ойға шомып кететін.

– Бақат та бір рулы ел ғой. Десе де ойланыңызшы?

– Бұл елдің ерінің қолына бақан мен шоқпардан өзге

не түсті дейсің! Ақсақалының аузында, ақынының ха-
тында бірдеме қалмаса? Қайдан білейін? (Шешем өзінен
өзі қамығып, əлдекімге ренжісе де кішкентай сарымсақ
тұмсығын шүйіріп, екі көзін қос алақанымен сүртіп тағы да

ойланады).

– Дəкей қазір неше жасқа келер еді?

– Ағам Жүнісханмен түйдей жасты болатын. Жылы – ұлу.

Жыл қайырушы ма едің?

– Ол бізге қайда, шеше.

– Ендеше жаңашамен қусаң да шыға келер.

– 1904-ші жылдың соңы, 1905-ші жылдың басы болар?

– Иə, Қобда ішінде қой қоздап біткен кез екен. Дəкей

туғанда Сүкең (Сүкірбай) əйелінің қалжасына ақсарбас ер-
кек қой мен қысырдың семіз тайын сойыпты.

– Қалжаға жылқы да соя ма?

– Аштық не жегізбейді, мастық не дегізбейді. Байлық не

істетпейді. Əр нəрсе күн күнінде, тұс тұсында. Тұрымтай
тұсында, балапан басында. Бұрынғының байлары етін
жақсы көрсе де өнімнің жас малын соя бермейтін. Қонақ-
қопсақ, ана-мынау сылтаумен ғана мал соятын. Бала

кезімізде төре ұлықтар түстенген үйдің есігін аңдитынбыз.

─ 173 ─

Сондай бір сылтаумен сойған шығар. Тайдың еті қандай
дəмді?..
...«Тайдың еті» дегенде менің ойыма бір оқиға орала
кетті. Бала кезімізде біздің үйдің бір тайын қыста «итқұс»

тартып, əжеміз сойдырып алған. Соны естіген Тоқтаған
шал тайдың сарала жас қуырдағын жеуге ат өксітіп жетіпті.
Шерушінің Саңырау руының Байбол деген атасынан тарай-
тын, шаруасы шағын, жалғыз үйлі Тоқаң қарт ақкөңіл, бала

мінез, аңқау, көгершіндей жан еді, жарықтық. Атжақты, ашаң
жүзді, жапырайған үлкен мұрын, салпы ерінді, жұтқыншағы
жұдырықтай, кесек денелі Тоқаңның қаракүпісінің екі етегі
екі жақта, аяғы ат бауырында, алқам-салқам көрінетін.

Əжемізді «апай» деп жыласып көрісіп, шешеміздің қолын
көзіне басып кемсеңдеп, бір қақпай, қысқа күйді домбыра-
да қайталап отыру Тоқаңның ежелгі əдеті. Шай ішіп кеңіген
соң, ескі ағаш домбыраны қолына алып сол əдетіне баса-

ды. Ол келген бұйымтайын да жасырмай, тайдың жас етін
қуыртты. Қия жапырақтаған, сарала қуырдақтың исі мен
дəмі қандай?..
Мен:

– «Сонымен?» деймін, əңгімені өрбіте түскім келіп.

Шешем:

– Cонымен не болушы еді. Ұл артынын ұл көрген ата-

ана қуанысып, азан шақырып ат қойыпты. Ағасы Дөрбетхан
шеруші елі дөрбеттің ханымен қоныстас болған жылда-
ры туған соң солай атаған екен. Қазақтар баланың атын
қойғанда бір оқиғаға сүйей салмай ма? Сүкең ауылына орыс

консулы келгенде туған мына жаман Көнселханның атын
солай бағыштапты. Біз «көке» дейтін, немере бауырын ше-
шем: «Бақаттың ең жаманы осы», «Жаман Көнселхан» деп
отыратын. Ең жаманы мұндай болғанда Дəкей қандай болды

екен?» десуші едік...

– Құдай ауыздарына салды ма, молдалар азан шақырып ат

қойғанда «Дəлелхан» десіпті. «Ат Алладан, нұр пейіштен»

─ 174 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

демей ме. Атына заты орай болды ғой, шіркіннің! Адам
тегіне тартпай ма. Дəкейдің шыққан жерін кім кемсінер.
Атасы Жықаң марқұм (Шеруші үкірдайы Жылқышыны
айтып отыр) жаманнан қатын алдырмаған, жабыдан айғыр

салдырмаған. Оның ұлы Сүкірбай сол ғадетті сақтаған шығар.
Он жетісінде билік ұстаған ол, текті жерден таңдатып, төрт
əйел айттырыпты. Бұрынғының байлығы да, мақтанышы
да мал мен ұл ғой. Малға ие, елге бас, ағайын мен алашқа

айбар, ұлық орнына мұрагер сол – ұлдар. Көп ұрпақ сүйгісі
келсе, көп əйел алмай қайтсін. Үлкен бəйбішесі Базарқұл
рулы Ықтияр деген кісі. Келесі бəйбішесі – Атантай Өрежан.
Одан кейін қарақастан Секерді айттырды. Қанша қыздай айт-

тырса да, «текті жерден қатын алмадың» деген ағайынның
ала сөзінен болып, ақыры Уақ Ақылбекті жіберіп Алтай-
дан тағы да қыз тандатты. Сонымен Барқы, Жақып амбының
қызы– «сырды қара» атанған Нұриланы алды. Өрежаннан

туған ұлдар Дəлелхан мен Бəделхан, апалары Күмісхан мен
Жуасхан, қарындасы Нəби мен Мəдетхан-ды. Өрежан марқұм
қырмұрынды, қызылшырайлы, сұлуша келген кісі болатын.
Берекенің адамы еді. «Өрежаннан соң, Сүкеңнің бағы қайтты»

деуші еді кейбіреулер, кім білсін? Оның бəрін тек алла білер.
Неғылса да, Дəкей шешесінің ақылымен адамгершілігін бой-
ына сіңірген жан болатын. Ал арғы тегін айттым. Азуы алты
қарыс Ақтай атамның қаны бойында жүгірсе, арыстандай ай-

батты Шеруші мен бақан ала жүгірген тентек Бақаттың баласы
болса, ол неге жаман болсын. Атадан тоғыз, анадан алтау өсті.
Төрті – ұл, бесі – қыз...
...Шешем осыны айтып үнсіз қалды. Терең ойдың түбіне

жетпей отыр. Дəкей туралы ойын бəлкім саралай берсін...
Екінші толғау
Балалық дəурен-ай десеңші. Ананың ақ сүтінен өзге
алаңдауы жоқ, балбыраған балдырған шағын кім үнемі еске

─ 175 ─

алар дейсің. Анадан азамат қалпында туғандай сезінбей
ме. Дəкей де солай сезінген шығар. Демек, ат жалын тар-
тып мінген шағы өзге баладан өзгешелеу болатын. Ол қозы
жайып, қой бағып, қора шетін қорғаштаумен есейген емес,

«Үзеңгі бауы сегіз қабат,шіренген, əрі бай, əрі ұлықтың ба-
ласымын. Екі үш шешенің арасында тел өстім» деп шолжаң
да болмады. Тетелес апаларының артынан еріп ауыл үйдің
маңын торумен де күн өткізген жоқ.

«Əке көрген оқ жанар» демей ме. Ата жолдаста-
ры: Алтайдың асқар шыңдарындай Қожамжар төре.
Жəнтекейдің Көбеш батыры, Қарақас пен Молқының
Тілеуді мен Жуанған сынды үкірдайы болса. Əке жолда-

сы Самырхан, Жəңгір, Адай төре, Мұрындық, Бітімшідей
ұлықтар болса. Өз туысы, шерушінің белді де беделді имам-
дары: Уəли, Қиюбай, Тілеуберді мен аты шулы Қылаң бол-
са, Дəкей қалай ерте оянбасын. Ес білер-білмесінде жау

қуып,жабағыға сүрінген ел 1911 жылы Жалам дүрбелеңінен
үшке бөлініп, Сүкірбай ауылы Алтайға асты.Үш қыстаған
ауыл азып-тозып қайта Қобдаға келді. Дəкейдің балалық
шағы билік таласқан ел ағалары мен бақталасқан ерлердің

осынау,айтыс-тартысы,
дау-жанжалы,күншіл
күнкіл
өсегі, марапат, даңғой-мақтаны, қымыз ішіп қызынған

кеңе сінің топ ортасында өтті. Ол ерте ер жетіп елге-
зек өсті. Оны алаңсыз ер жеткен десек ағаттық болар.
Керісінше, алаңдаумен, елеңдеумен ел ісіне ерте арала-
сты. Дəкей жылқыдай елгезек сезімтал, жүйрік ойлы

болған сияқты. Керейдің бір ұрпағы кетіп, келесі ұрпағы
кезеңге шыққан аласапыран, дүрбелең шақта балалыққа
да,шалалыққа да жол беруге мұршат болмаған шығар.
Балалық өмірдің бəрі балдырғандай бола бермесе керек.

Тосыннан көтерілген қара борандай өмірдің қат-қабат
оқиғасы бұғанасы бекіп, қабырғасы қатпаған Дəкейді іліп
əкетті. Дауылға буырқанған дарияның бұйра толқыны
оны олай да бір, бұлай да бір жұлқып сілкілеп, жағадағы

─ 176 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жарға əкеліп соқты. Жас Дəкей жағада есеңгіреп жат-
пай, күншуақ, өмірге тырмысып, уақыт ұттырмай тез ес
жиып,етек жабуға тырмысты. Балалық шағы əрі қысқа,
əрі ұзақ іспетті. Қысқа болатыны – балалық ойын күлкісі

он бес жасқа дейін ғана жалғасты. Пешенесіне он бесінде
отау иесі ғана емес,ел иесі болуды тағдыр жазған.Ұзақ бо-
латыны – Дəкейдің балалық шағы қуаныш пен жұбанышы
мол,тарихи қат-қабат оқиғалар алмасқан, қысылтаяң,

қарбалас пен арпалыс,алыс-жұлысқа толы еді». Ай батпай-
ын десе де күн қоймайды». Дəкей бала болып алаңсыз жүре
беруіне ерте жүктелген жігіттіктің парызы ерік берме-
гендей. Мұндай асыл парыздың бəрін ердің ері, жігіттің

жігіті ғана көтерер.
Екінші əңгіме
Мен:

– Дəкей бала кезінде қандай болды шеше, деймін, оның

балалық өмірін қызықтай түсіп.
Шешем:

– Дəкейді бала деудің өзіне аузым бармайтын. Ақылы

мен əлует бітімі бала кезінің өзінде-ақ жаман жəутік жігітке
бергісіз еді, дейді.

– Ағаңыздың мақтауын асырып жіберген жоқсыз ба?

– Мақтанғанда мен оны базарға апарып ұстағалы отыр

дейсің бе.Сүйегі əлде қашан қураған аруақты мақтау да, дат-
тау да құдайға жат.

– Əншейін əңгімеңіз орынды болсын дегенім ғой.

– Орынды болмай несінің арнасы бұзылып тұр? Ендеше

менен артық білетін адамыңнан сұрап ала бер!

– Жо, жоқ.

...Мен сасқалақтап қалдым. Шешемнің болымсыз нəрсеге
ренжіп қалатыны да бар. Ал тарих, діни тақырыпта өз ниетін

─ 177 ─

қолдап əңгіме өрбітсең шын ықласымен риза болып балаша
қуанатын. Əңгіменің бетін түзеу үшін мен:

– Дəкей екеуіңіз Соғақтың медресесіңде оқыдыныздар

ма? – дедім.

– Жоға! Біз оқығанда Қобда ішіндегі мешіт өртенген.

Соғаққа мешіт салынбаған. Ол кезде балалар киіз үйдің оң
жағында отырып-ақ оқи беретін.

– Cоғақтың сол мешітін кім бұзып тастаған?

– Кім болушы еді? Шаш ал десе бас алған, кешуін, шолақ

белсенділер емей!

– Неше жаста сабаққа кірдіңіздер?

– Мен алты жасымнан... Дəкей мен əлгі менің жалғыз

ағам Жүнісхан жетіден сегізге ауа кірді. Бəріміз Мешіт Мол-
ладан бірге оқыдық. (Шешем Шерушінің бас иманы Бітіұлы
Тілеубердіні солай атайтын). Жүнісхан мен Дəкей сабақтан
мойны жар берсе күресіп кеп жатқаны. Дəкей зерек те, ерек

те, əлуетті болды. Күрессе баланың бəрін жығатын. Ан-
да-санда Жүнісхан ит жығыс түсетін. Керегі не?! Қайран
арыстарды құдай қоймады. Жалғыз ағамыз жиырмаға жете
жығылды. Одан қалған жалғыз ұл – Кəкеш анау. Ол да əке

жасында кетті. Көрген түстей ғана. Дүние деген бекер-ақ
қой.
(Шешем көзіне іркілген жасты алақанымен сүртеді. Басы-
нан қайғы-қасірет аз кешпеген шешемді аясам да əңгімеден

өзге алданыш жоқ...).

–Біздің Шерушіге қашаннан дуа тимеген ел емес пе!

Ағайынды Бақат пен Саңырау қақтығысқан соң не бар?
Мешіт молладан оқитын үшінші күзде екі рулы Бақат пен
Саңырау соғысты. Сол қылығы ғой бұл қазақтың мандымай-
тыны.Жазда Оңқаты, Жыланды, Кемелек жайлаған Бақат ау-

ылдары күзде Соғақтан Үш ойғырдың басына дейін тараған.
Саңыраулар Сырғалыдан ары қарай сай-саланы жайлап,
Ақши, Қобда бойына жаңа еңкейген кез.
Бір күні 300 кісіден жасақ құрған саңыраулар сау ете

─ 178 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

түспесін бе! Бақаттан жылқы қуып, Қобда өзеннен бері өте,
Қарасу жиегінде қазан-ошақ асып, мал сойып, ұран шақыр-
ған ұлар да шу. Екі-үш күн сес көрсеткен соң екі бөлінген қол
Соғақтағы Бақат ауылына қарай жылжып келеді. Қатын бала

үрей үстіндеміз. Шешеміз Жүнісхан мен Дəкей үшеуімізді
үйден шығарар емес. Рулы елдің қақтығысын қызықтаған
балалар дөдегені түріп босағадан сығалаймыз. Жастық-ай
десеңші! Сүкең Ойғыр басындағы елге хабар-ошар жеткізе

алмай, тұтқиылда 70-80-нен артық қол жиналмаса керек.
Сегізден тоғызға ауған баламын. Бəрі көз алдымда. Əсіресе
шұбарлау жүзі қаратүнек болған Сүкең жарықтық қаһарын
шақырып, күрең атқа қонған. Қара мақпал шапанының беліне

оқшантайлы, алтын кіселі белбеуін буынып, көк маңлық ты-
сты пұшпақ тымағының бауын тас түйін байланып, ердің
қасына шоқпарын іліп, бұзау тіс қамшысын қабаттай ұстапты.
Үкірдай бекерде бешпетінің кеуде қалтасына шынжыр баулы

сағат салып, бір қолына алтын, келесі қолына мөр дүзік іліп,
суыр не пұшпақ ішік киетін салтанаты бұл жолы жоқ. Күрең
ат үстінде құрыштан құйғандай дөңгеленеді. Сол кездегі
орта бойлы, кəзіргі адамдармен салыстырғанда үлкен денелі,

түсі суық, мығым адам еді, жарықтық. «Шыққалы турған
көзді түрткендей боламыз. Бақат баласы кісі өлтірмеңдер!
Əубекір, сен ту ұстаған екеудің атын ат!», деп бұйырыпты.
Құралайдың көзінен өткізетін мергені бұйрықты екі етсін

бе. Туы құлаған топтың абыржыған сəтін пайдаланып Сүкең
қолы «Ақтайлап!» ұмтылғанда қарсыластары дүркірей
қашып Қобда өзенге тіреледі. «Өлген деген осы екен» десіп,
сасқалақтаған саңыраулар тұтқиылдан өткелсіз жерден түсіп

кетіп, су бетіне тымақтары қалқып шыға келген. Əбүйір
болғанда адам шығыны болмаған ғой, əйтеу.
Сүкең жазда күреңді, қыста көк тұлпарын мінетін.
Қыста екеуі де шөпке байланатын. Тəңертең шөп қашадан

шығарғанда қора маңына біраз ойнақтап алып, Соғақ
мойнындағы қызыл қарағанға шауып кетеді де, кешке сұлы

─ 179 ─

жейтін уақытында өздері келетін. Мал да болса сүйкімді жа-
нуар болса игі. Келер жылы күзде Аққолдың Ақшиінде күзеп
отырғанда Алтайдан құдалары ауылшылап келіп, күрең атты
соған жетектетіпті. Ауылдан алыстай бергенде азынаған

күрең аттың даусына ішіміз елжіреп бəріміз сыртқа шықтық.
Иесіне жуық мал екеш мал да ыстық емес па? Сүкеңнің
жақын келіні, Əбілқасымның əйелі Рəзия Сүкең мен күрең
атты жырға қосып жоқтағаны мынау ғой сонда:

Тайыңда атпен жарысқан,
Күрең ат қалды жарыстан.
Тар есікке барысқан,
Айтысқан дауын алушы ед,

Ақылға сүйеп болмастан.
Былғары тоқым жарасқан,
Ауыздықпен алысқан,
Құлады бізден арыстан.

Арыстан демей не дейін,
Азулымен алысқан...

– Құрып қалғыр-ай, ұмытып қалыппын. Адам деген

қартаймайтын-ақ неме. «Қартайған соң қадірің жоқ» деген
осы. Қу кеудеден өзге сөзіңнің де, өзіңнің де байлауы жоқ...
...Шешем өзін-өзі алымсынбай отырғаны болмаса зерек
адам еді. Əр оқиғаны қолмен қойғандай, айдың аты күннің

сəтімен қоса, біреудің туған, біреудің өлген жылымен, əлде
бір оқиғаның мерзімімен шабыстырып, жан-жақты дəлелдеп
беретін. Көптеген адамдардың шыққан тегін, аты-жөнін,
бала-шаға, өрен-жаран, жұрағаттарына дейін, Алтай Қобда

демей айтып отыратын-ды.

– Дəкей əкеден жас қалса да ақылдан бос қалған жоқ деді,

– шешем бір əңгімесінде...

– Шешесі Өрежаннан онға жетпей қалды. Марқұмның сүйегі

Алтайдағы Қазірет атаң мешітінде. Топырағың торқа болғыр.
Албаты кісінің мəйітін Алтай Қобданың дінін басқарған
Қазірет атаңның қастерлі орнына қойғыза ма? О да болса иман

─ 180 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жүзді адамға тиетін үлес. Сүкең өлгенде мен он бірден он екіге,
Дəкей он екіден он үшке шығатын жыл. Ұлықтың ұлы үшін бұл
ержеткен жас. Мен де есейіп, ақыл тоқтатқан кезім.
Ел соғым соярдың алды, желтоқсанның қақаған аязы

жəне басталған. Дəкей менің ағам Жүнісханды құшақтап
жылады-ай келіп. Құрбылас, сырлас болған соң мұңын
шаққаны. Бəріміз уатқанның орнына қосыла жыластық.
Өлген кісі қайта тіріле ме? «Кебін киген келмес, кебенек

киген келер» деген сол. Он екі керей, алты шерушіге түгел
хабар айтылды. Бір күні Қиюбай қырық кісі, жеті молла-
мен келген. «Ой бауырымдап» келе сала, оң жаққа салулы
Сүкеңнің аяғын құшып: «Кеш мені, кеш?! Сен кеткен соң

екі шеруші мені де өлтірер. Мені де, билігіңді де ала кет?!
Билігіңді бердім өзіңе» деп өкіреді. Көзі жас, көңілі жара
Бақаттың қариялары «Тіріде тату болмаған екі арыс өліде
алысып жұлыспасын. Екі рулы ел қайта қауышар күн

туған шығар. Ендігі билікті Қиюбайға қиыңдар?» деседі.
Қиюбай молланың бұл қылығын сүймеген Қылаң ағамыз
«Бақаттың ұлы құрып қалды дейсің бе? Тағы да біреуі туар!»
деп қырыңдай келе, пұшпақ тымағының бауын артына

қайырып тұрған күйде ыржыңдап келеке етті. Сүкірбайдың
сүйегі оң жақтан шықпай жатып от ала жүгірген бұлардың
қылығына күйінген əкеміз: (Əмей хажы) «О не дегенің,
Қылаң, арысың оң жақта құлап жатқанда?! Болмаса үш күнге

шыдасаңдар ғой!» деген. Жиналған жұрт пен ел ағалары да
Қылаңның бұл қылығын қоштамаған.
Көрінбай батыр жұлып алғандай: «Күсеміс деген ағамыз
айтқан екен. Ұлық жаман болса елі тозады. Ұлы жаман бол-

са, əкесін түйе үстінен ит қабады» деп. Қылаң сенің мына
қылығыңнан ел де тозар. Кəрімізді ит те қабар. «Өліде
сыйласпасаң, тіріде жыласпа» деген сөз бар. Қиюбай, сен де
келген жолыңды біл. Қылаң, сен онсыз да қызып тұрған отқа

май ала жүгірме! Кəне, моллалар бүгін аяған салауаттарыңды
езіп ішесіңдер ме?!» деп ақырыпты.

─ 181 ─

Батырдың сөзінен соң, «а құдайлап» шариғат айтқан мол-
лалар дес берсін бе?
Үш күн еру болдырған Сүкеңнің сүйегін Соғақ мешітінің
қасына қойып, ақ кірпішпен сыртын айландыра қорған

тұрғызды.Өмір бойы ешкімге есесін жібермеген қайран
Сүкең бір уыс топыраққа бағынышты болып жатыр. Үһ,
қайран жарықтықтар-ай десеңші!...
...Шешем білдіртпей егіліп, демін ішіне тартты...

Үшінші толғау
Алтын ерден қас кетті. Ауыл үйден бас кетті. Ауыл үй
ғана емес жел жағының панасы, жеке туған данасынан
айрылған алты шерушінің төрі аңырап тұр. Ақылшы жоқ

Дəкейдей ұл ғана жетім емес,басқарусыз ел, құс қонбаған ел
жетім. Қазақ деген ел жақсысының қадірін тірісінде білген
бе?Он жеті жастан, отыз жыл астам ел билеген Сүкірбай
Алтай мен Қобдаға, ойда орысқа, қырда қытайға, мұнда

монғолға атышулы ұлық еді. Дүниені дүр сілкіндірген Чин
патшасының қылышынан қан тамған əкімі (Шыңсай) Ши де
онымен санасты. Сол Щи-Щыңсай (Щи өкілі) Алтай,Қобда
қазағын екі қанатқа бөлгенде керейден туған ең зерделі биі

Мəми бейстен кейін Сүкірбай Үкірдай оң қанатты қолына
алған төбе би атанды. Төрт би,төре де онымен санасты.
Ол кезде керейдің төресі Қасымхан ұлы Жеңісхан, төрт биі

– Жəдіктен Бейсенбіұлы Оспан мен Құлыбекұлы Өміртай,

Жəнтекейден Бопанұлы Жақып амбы мен Жұртбай ұлы
Мəми еді. Чин патшасын тағынан жұлған гоминдан
өкіметі де Сүкірбайды өзіне тартуға тырысты. Қатары
да, қарсыластары да ерекше. Еңсесі биік көк сеңгірдей ер-

лермен иық тіресіп, тізе тиістіре, желдей есіп, көлдей
толқып, жалындай шалқып билік айтты. Азуы алты қарыс
арландармен алысты. Ағат та, артық та айтқан жері
бар. Бірақ, Керейдің бір пұшпағынан айырылмағаны анық.

─ 182 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Ерінің қанын, елінің көз жасын төккен жоқ. Монғолдың
Боғда ханының да құзырына сиып сый-сияпатын көрген.
Ортасынан ойып отырып қоныс алды. Алтай елінің Манж
мен гоминдан билеушілерінен көрген қорлығын Қобда

қазақтары монғол елінен көрмеді. Сүкірбай Қытай, Ресей,
Монғол патшасының заһарынан ықтай жалдап, Алтай мен
Қобданың арасында ауа көшіп, олайда бұлтарып, бұлайда
бұлтарып, əйтеу аласапыран дəуірде ел жұртын аман алып

шықты. Қара ормандай елінің де, қара басты ерінің де,
от басындағы кəрі мен жасының да, бағлан байының да,
бақташы кедейдің де қамын ойлады. Арада туған араздық
та аз болған жоқ. Билігіне қатар өскен замандасы да, бірге

туған көбеңдесі де таласты. Қиюбай мен Қылаң елді үзіп-
жұлып та, бөліп-жарып та көрді. Сөйтсе де шеруші елдігінен,
бірлігінен айырылмаған. Бұған Сүкірбайдай сайыпқыран
саясаткердің дəнекерлігі аз емес-ті. Отыз үш жыл ел билесе де

омыртқасы бір бүгілмеген, ат үстінен түспеген алғыр ер бар-
ша жұртын қалдырып, бақиға аттанғаны сол-ақ екен, бірлікке
ұмтылған елді билікке ұмтылған ерлер тағы да жұлқылады.
1919 жылғы күңіренген күз. Қобда бойынан қақбайлау Шəкен

сайында отырған Бақат аулына ат ойната келген Қиюбай
Арсалаң мен Кемпірдің құнын жоқтады. Кемпір бұдан бірнеше
жыл бұрын Бақат пен Саңырау қақтығысында қосақ ара-
сында сойылға жығылып, Қашарбай мен Ташанбайы жетім

қалған бейуаз, момын жігіт, Арсалаң өткен көктемде Бақат
ауылының жылқысын қуып, кек жолында шоқпар мен сойыл
басын мылжалаған адуын ер. Саңыраудың есесі кеткені рас.
Саңырау мен Төлек руын қауымдап жүрген Қиюбайдың да

намысқа қонғанын жоққа шығарар сылтау аз. Ол елдіктің,
бірліктің ақ жалауын көтере келсе де, аттандар күні рулы
елдің намысына тигені үшін өз басына өзі қаза-қасірет
əкелді.

Ерегескен ел бола ма? Алтау ала болса ауыздағы кететіні
белгілі. Ара бітім, ағайындыққа келісе алмай,екі ұдай ен-

─ 183 ─

жар жүрген Шерушінің ішіне Қытай елінің өкілі Жүдеутай
сонау Алтайдың күнгей бетінде жатып-ақ шоқ тастап
үлгірді. 1920-шы күзде Дəулетше тəйжі, Тілеубай, Қамал
сияқты тілі майда, діні қатты дүмшелерді ерткен Хұйзу

Мадарын жүз əскермен Қобда бойы, Ақши-Жеті өткелде
күзеп отырған Бақат аулына сау ете түсті. Ол «Билікке
қолым шын жетті ме, өтірік жетті ме» деп күманданған
Қылаңның көңілін аулап, жата-жастана «дос» болып

алды. Көңілдегі күдігі арылып, өмірдегі арманы жаңа
«орындалған» Қылаң өз мойнын өзі Мадарын қылышына
тосканын анғармай да қалды.
Бақталасқан Керейдің ұлдарымен баспалдактаған

Қытай билеушілерінің ниеті ұштасқандай. Бас көтерер
ері жоқ, басалқасыз ел ескексіз қайықтай. Жел қалай соқса
солай қалқыған. Қамал бұзса да қашқан жаудың айласына
алданған аңқау қазағым-ай десеңші! Өзгеден аласа болса

да, «өзім шыққан тауым биік болсын» дейтін өзімшілдік-
ай! Керейдің бір рулы елі – Шерушінің түбіне де осы
бақталастық, өзімшілдік, аңқаулық жетті. Алай-дүлей бо-
ран, аласапыран заман қабырғасы қатып бұғанасы бекімеген

келер ұрпаққа келелі міндеттер жүктеді. Əр ханның
тұсында бір сұрқылтай. Əр дəуірдің сипаты өзіне орай.
Жүгі де, міндеті де бір-бірінен асып түспесе, кем болмаған.
Межесі алыс, мұраты биік. Дəкейді еркеліктен жетімдігі

басым,
көптіктен
жалғыздығы
артық,

тоқтықтан
аштығы мол, тəттіден ащылығы көп, қатал дəурен күтіп
тұрған. Сондықтан ол жастықты ұмытып тез ер жетуге
тырысты. Көз аша көрген тағлымы оны ынтымақ, бірлікке

шақырды. Атаның аруағы елдікке, ерлікке жебеді.
Үшінші əңгіме
Монғол елін дүр сілкіндірген жаңа мизам, төңкерістің
дабылы құлақ жарған кез. 1921-ші жылдың күзі. Қобда

─ 184 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

өзенінің екі жағы жайқалып тұр. Күзгі самалдың жұмсақ
лебіне желпінген қарақұйрық, тарлау бедерлене түседі. Өзен
бойы, сай-сала түгелдей шалғын, шаппа. Жаңа түсер келінін
тосқан Сүкең ауылы Шəкен сазыңдағы ескі күзеуінде. Ауыл

абыр-сабыр. Үшкіл, төрткіл жер ошақтардан көк түтін
будақтап, қозы жамырап, қой маңыраған, ұлар-шу. Бұзауын
ерткен сиырлар бастауға үймелесе, желіден жаңа босанған
құлындар ойнақтап, мама биелер жалпақ саздың ортасында

балауса жұлып тұр. Төменгі тік мойнақтан шаңдата шапқан
қозышы баланың: «Шүйінші!», «Шүйінші, Дəкей келіншек
əкелді!», «Шүйінші, құдалар келді!» деген даусы ауыл үстін
жаңғыртты. Шашу толы сар табағын көтерген кемпірлер

сасқалақтайды. Кешікпей торы жорғасын тайпалтып Дəкей
келді. Замандасы Жүнісхан алдынан тосып аттан қолтықтап
түсіріп,атын кермеге байлады. Ауыл үйдің кемпір-кешегі
мен кіші шешелері Дəкейге қарай шашуын жаудыртып

жатыр. Шашуға таласқан жастар апыр-топыр. Дəкейдің
қалыңдығы текті жерден, Қылыш амбының қызы – Ма-
рия. Өміртай қажының немересі. Ел оны Қылыштың емес,
Би қажының қызы дейтін. Талдырмаш, кішкентай денелі,

майысқан, ақ-құбаша қыз екі ұлықтың аулында еркіндеп,
ата-енесі: «Мəрияшым, Мəрияшым» десіп, Мəрия ақыры
Мəрияш атанды. Үлкен үйдің қасына Мəрияштың төркінінен
келген ақ отау тігілді. Ел елеңдеп, халық лоблыққан заманда

отыз күн ойын, қырық күн тойын жасауға мұршат келтірсін
бе? Бірер күн той-думан болған Үкірдай ауылы Қобда ішіне
түсті. «Ескі, жаңа» болып екіге бөліне бүлінген Моңғол елі
өзімен-өзі əуре. Ақ пен қызыл болып атысып, шабысқан

Ресей жұрты əлі тыным таппаған. Керісінше қызылдың
қуғынына түскен ақпатша əскері Алтайды аласапыран етіп,
Қобдаға от алып келеді деген хабар жайын жатқан елдің
шырқын бек кетірді. Қырықпышақ қырғый қабақ Шеруші

рулары ақтың анталаған аш əскері-тонаушыларына бірін
бірі көрсетіп, біріне бірі айғақ болумен əуре. Ендігі кезек

─ 185 ─

Үкірдай аулына келген екен. Келгенде жай келмеді, жал-
мап, жайпап кетті. Қызылдар қуғынынан тозып, гоминдан
түрткісінен құрты қозған ақтың Бəкіш генералы үкірдай ау-
лына аш бөрідей тиді. Қызылдан көрген қорлығы үшін жа-

ралы жолбарыстай арпалысты. Он мың əскері Тарбағатай,
Алтай қазақтарынан он мың қой, үш жүз өгіз, мың ат, мың
түйе талап еткен. Чин үкіметі оңайға түсіп берсін бе. Осын-
ша қыруар малдың төрттен бірін Қобда қазақтарынан алу-

ды сілтеді. Алтай ұлықтары мен Бəкіштің бұл шешімін
бүгінгі мұрагер, Дəлелханның ағасы – Дөрбетхан үкірдай
құптамаған-ды.
Керісінше ол қызылдың əскер бастығы Байкаловқа арқа

сүйеуді жөн көріп, ат көлікпен көмектесуге келіскен. Бұл
хабар ақпатша генералының ішін удай ашытып, қанын
қайнатып жіберді. Осы ызамен Аққолдағы күзеуінде бейғам
отырған Дөрбетхан аулын таң ата басып алды. Қасқыр тиген

қойдай быт шыт болып үріккен елде баға қалсын ба? Біреу
тауды,біреу талды паналаған ел торғайдай тозды.
Аш əскерлер іркітті сабаның аузынан құюға мұрсат
қылмай қылышпен жарып жіберіп, қанды тұмсығын тықты.

Қапты құрт, қарынды май атқа теңделді. Теңнің жібі қиылып,
сандықтың аузы шағылып, жылы киімдер атқа бөктерілді.
Туырлық пен үзік туралып төсеніш болды. Қобда ішіндегі
Дəлелханның ауылы да жау жолынан бұлтарып үлгермей ой-

ран-асыры шыққан. Мəрияштың ақ отауын жау кепілдікке
əкетті. Дөрбетхан мен Дəлелханды екі жақтан əкеліп
қосақтағанда немере ағасы Мұқа: «Жақсының бəрінен қалып
болдым. Жаным Дөрбетхан мен Дəкейден артық дейсің бе?

Енді бұлардан қалған күнім құрсын!» деп өз қолына өзі арқан
салып, қоса айдалып кетті. Сол айдалғаннан үшеуі Тұлбадан
өтіп, Бұраты мойнағына жетті. Ел бұл жерді Бұраты, Жыра-
ты дейтін. Кешкі алакөлеңке қоюлап, қараңғы түсе бастаған

кез. Ақтың екі əскері үшеуін атуға бір шатқал жыраға қарай
айдаған. Күн қараңғылығын жамылып үш жігіт енді ая-

─ 186 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

нар жан қалмағанын сезіп, үш жаққа қашты. Мұқа мен
Дөрбетхан өрлей қашса да қабырға жартасқа қамалып оққа
ұшты. Шегініп, ылдилай жүгірген жас Дəлелхан көз жаз-
дырып үлгірді. Су ішері ме, тағдыр ма? Əлде ақ періштесі

қанатымен қақты ма? Он беске жаңа шығып, жас отаудың
иесі болған Дəлелхан жау оғына ілінбеді. Кебісін қолына
ұстап жеңіл мəсімен жан ұшыра жүгірген Дəкей Қатудың
құзар басына бірақ шықты. Жүгіре берді. Түнімен,таңымен

жүгірді. Түс ауа Соғақтағы ел шетіне ілінді. Жасанған жа-
удан үркіп,тоз-тоз болған елдің алды Шүйге өтіп кетсе де
арты Қобда ішінде қалған. Бақаттар бірақ күнде Көкмойнақ
асып үш Ойғырдың басына тартқан. Меденшіден ат мінген

Дəлелхан кештетіп Көкмойнаққа жетісімен Шалғынбай,
Сүлеймен, Мұқаметбай үшеуін Қосағаштағы қызыл əскерден
көмек алуға жіберіп, екі ағасының мүрдесін алуға кірісті.
Күңіренген ел. Азаланған ауыл. Қара жамылып, шашын жай-

ып, бетін жыртқан қатын, бала. Өз жүгі аз болғандай қайғылы
қазақтың беліне басқаның жүгі батпандай болып тағы да
түспесін бе? Ауыр болса да көтермеске шара не? Сенделіп,
сергелдең болған Шеруші елі екі арысының сүйегін жау

қолынан əзерге алып Соғақтағы Сүкеңнің қорғанына қойды.
Ақ отаудан айрылған Дəлелхан мен Мəрияш кіші шешесі
Нұрила отырған үлкен үйдің оң жағына төсегін салды.
Төртінші толғау

Дүниені дүр сілкіндірген 1917 жылғы қазан төңкерісі
Азия халқын да астаң кестең еткен-ді. Соның ішінде
қазақтың қара қазанын төңкеріп аштық, босқын, қуғын,
сүргінге салған 1920-шы жылдар лаңы мен Монғол елін

жаңа мизамға шақырған 1921-шы жылғы оқиға арт-
та қалған. Ежелгі жолды ескі деп, жаңадан жол іздеп
сандалған орыс пен монғол елінің есі толық кіріп үлгірмеген.
Атыс, шабыс аяқталса да ақ пен қызылдың ат тағанында

─ 187 ─

тозған монғол елі аласапыран күйде. Бұрыңғы билеушілер
билігі үшін кінəлі. Мал дəулеттілер байлығы үшін кінəлі.
Билеушінің озбыры да, момыны да, байдың сараңы да,
көпесі де, молланың жеменқоры да, иман жүздісі де, бəрі

кінəлі. Бəрі тап жауы. Кедейдің жауы – бай. Байдың жауы

– кедей. Бір қазақ екі топқа, екі тапқа бөлінді. «Аузы қисық

болса да байдың ұлы сөйлесін» дейтін əдеттің орнына «кем
кетік болса да кедейдің, жетесіз болса да жетімнің күні
туды». Біреулер: «Нағыз əділдік осы» десе, келесі біреуі:
«Белгісізден би туып, белдеусізден үй шығады» десіп ты-

жырынды. Қарапайым халық дел-сал. Көпшілік заманның
тыныштығын, отбасының амандығын тілейді. Əсіресе,
елдің денін иеленген қара борша тобырлар жаңа мизамға
ден қойып, əділдік пен теңдікті, тыныштық пен тоқтықты

жаңа үкіметтен күткен кез. Жаңа билеушілер де солар-
дан қолдау тапқан. Желкенсіз кеме, ескексіз қайықтай
қамалған қазақ қауымына жаңа мизамшылар жағалаудан
қол бұлғап, құтқарушыдай көрінді. Ежелгі салт болса

Қобда қазақтары əлдеқашан үкірдай сайлап, ұлық орнына
ұл мұрагерлік етер еді. Шеруші елі де: «Керейдің қай руынан
кем едік» десіп, Үрімжі, Бежіңге дейін ат сабылтып жүрері
қақ. Дəкей үшін əрі-сəрі жылдар. Оны ешкім үкірдайға сай-

ламады. Бірақ,ағасы Дөрбетханның таңба-мөрі қолында.
Оған бұрыңғыдай таласқан да, жармасып, жабысқан
да жан жоқ. Біреу «Дəлелхан!» деп зекісе, бірі «Дəкей»
деп еркелетті. Ал, кейбіреулер кеше өткен Сүкірбайдың

аруағын сыйлай ма, мұрагері деп ұға ма, əйтеуір аузым құр
отырмасын дегендей арыз өтініш те айтады. Қыртысы
сүймегендері: «атсыз, атақсыз бұл не билік?» деп тыжы-
рынады. Сөйтсе де, ата даңқы əлі де айбар. Орталықтағы

моңғолдар өз мұң-мұңтажымен əуре! Моңғолдың жаңа
үкіметі шалғайдағы қазақ ауылына жетіп үлгірген жоқ.
Батыс Қобда өлкесі «Чандман уул аймақ» аталғанда
Дəлелхан Шеруші хошууының билеушісі болып қала берді.

─ 188 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Дəлелхан да сергелдеңге түскен панасыз елін иесіз тастауға
дəті бармаған шығар. Жасы үлкенді аға тұтып, өзінен
кейінгілерді іні санап, жол көріп, жөн білетін азаматтарға
сүйеніп, Шеруші елін қауымдап берекеге шақыруға ты-

рысты. Ыңғайы келсе билік те айтып, ақыл-кеңес беруші
еді. Еңсесі түскен ел жұрты да оны «Асылдың тұқымы,
алтынның сынығы» деп ес көріп, медеу тұтқан. Адам аяқ-
қолдан емес бастан тозбай ма. Қара халық қашанда алып

кел мен беріп кел, əпербақан-шабарманнан кемқор болған
жері жоқ. Сойыл соғар содырлар да табылған.
Тек күрескер жұрт үшін көптің күшін қауымдайтын
қолбасшы керек. Жол таппай тұрғанда жөн сілтейтін

көреген көсем керек. Аңыраған елге ақылшы азамат пана емес
пе! Шеруші елі дəл осындай сергелдең болған шақта Дəлелхан
дұшпанға айбар, досқа ақылшы, ел азаматы болып көрінді. Та-
рих оны өз орнына қоя білді. «Ер туса ел ырысы» деген аталы

сөз осындай дəуірде туса керек. Ел болып оны аға тұтып аузына
қарады. Моңғолдың жаңаша үкіметі де көпке сыйлы,халыққа
ықпалды Дəлелханның беделін пайдалана тұруды көздеген.
1922 жылы оны Шеруші хошууының (Уелаят) бастығына

сайлатып «Итгэмжит гүн» (Сенімді гүн) атағын берді.
Ол 1926-шы жылға дейін Шеруші Хошууын басқарды. 1924-
шы жылдың аяғында Да хүрээде шақырылған Моңғолдың
Мемлекеттік Алғашқы Ұлы Құрылтайына Шеруші хошууы

атынан өкіл жіберуді де Дəлелханға тапсырды. Дəлелхан ат-
атақ, жалаң сөзге құмар болса бұл Құрылтайға өзі де барар
еді ғой. Ол, ел сөзін кімге беруді немқұрайды шешпеген. Ойла-
нып, толғанып ақсақалдар алқасынан өткізіп, салмақтаған.

Ақыры Тауданбек ұлы Дəуітбайды таңдады. Дəкей оны
«Дəуең аға» деуші еді. Дəуітбай керей де,соның ішінде шеруші
де емес. Сонау Марқакөлден келген ата жолдас,ағайын, най-
ман сүйекті. Сөйтсе де Дəкей үшін «Дəуең аға» бола алған. Ол

сөзге шешен, іске ыспар. Қысылтаяң шақта ақыл айта алады.
Көргені көп, тоқығаны мол. Орыс, моңғол тіліне де жүйрік.

─ 189 ─

Кезінде Сүкірбай үкірдайдың алып келі мен беріп келіне көп
жүрген, көзі ашық, көкірегі ояу адам. Шеруші елін ақтың
Бəкіш генералының сергелдеңінен аман алып шығу үшін де
төте жол тапқандардың бірі. Жаңашыл, сезімтал, білегінде

күш бар, жүрегінде оты бар, жалынды жан болатын. Əн мен
күйге де əуес, сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Дəкей оны босқа
таңдамаған. Сергелдең болған елдің мұң-мұқтажын Монғол
елінің жақсы игілеріне жеткізе алады деп сенді. Жаңадан

жол таба алады деп үміт артты. Өзіне серік, ақылшы бола-
ды деп ұқты. Дəуең Да хүрээде болған Құрылтайда Моңғолия
қазақтары атынан сөз сөйлеп, тəуелсіздік пен теңдікті, елдік
пен бірлікті кепілді еттіріп, Моңғолия парламентінің Кіші

құрылтай атты төменгі палатасының алғашқы мүшелігіне
сайланып, Цэрэндорж, Ц. Дамбадорж,Т. Рыскұлов сын-
ды белгілі қайраткерлермен тіл табысып қайтты. Бұл
Дəкейдің сенімі жолда қалмағанының, оның болжамының

дұрыс екендігінің дəлелі. Мемлекеттік Ұлы Құрылтайдан соң
Дəкейдің үміт оты қайта тұтағандай. Бабалары ат арытып,
тон тоздырып, талығып таңдап келген Моңғол елі, Ресейге
арқа сүйеп өз шаңырағын өздері көтеріп, қазақтарға еркіндік

теңдік беруге келісті. Бақталасқан қазақ өзіне өзі қарап, бай-
тал жусап бала ұйықтаған мамыражай бір тыныш өмір келе
жатпасына кім кепіл?! Қан кешіп, қайғы жұтқан халқының
көз жасын тəңір көрген шығар!Ұзағынан сүйіндірсе екен-ау!...

Иə, бұл Дəкейдің ғана емес, бері айтса алты ата-
лы Шерушінің, əрі айтса он екі рулы Керейдің, көзі жас,
көңілі мұңлы қазақ деген халықтың мұраты. Бірақ, қанша
сүйіндіріп, аяғы немен тынарып кім білсін!...

Төртінші əңгіме
Дəлелхан 1927 жылы Моңғолдың Мемлекеттік 4-ші Ұлы
Құрылтайына өкіл ретінде қатысып келген соң кешікпей 1928
жылы желтоқсанның 14-нде 5-ші Ұлы Құрылтай Улан батор

─ 190 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қаласында тағы да басталды. Дəкей 2-ші рет Ұлы Құрылтай
өкілдігіне келді. Бұрынғы Да хүрээні 1924 жылғы алғашқы
Құрылтайда Тұрар мен Дəуең ағайлар атсалысып Улан батор
(Қызылбатыр) атап қайтқан. Міне Дəкей Дəуең ағасының

салған сара жолымен тағы да осында келген. Комминтерннің
Моңғолиядағы тұрақты өкілі Тұрармен дидарласатын сəт
түсті. Қобда, Сарсүмбеден өзге отырықты қала көрмеген
22 жасар жас жігіт үшін Уланбатор ұлан-қайыр шаһардай.

Ағаш қамалды, балшық үйлер мен азан-қазан саудаға толы
тар көшелер еңсе көтертпейді. Қысқы сары аязда ауыл үйдің
көк түтіні шудаланып, жер бауырлап бір көтерілсе ше? Ащы
түтін кеш болса көз ашытып, көкіректі тырнайды. Чандмань

Уул аймағының қазақ, урианхай атынан құрылтайға бір қора
жан барған-ды. Урианхай-Да лама Чүлтэм, кексе саясаткер Т.
Сурхбаяр, Базарқұл-М. Байқадам, Шыбарайғыр-Т. Үмбет залың,
Ботақара-Б. Ақтышқан төре, Қошақ молқы-Оразбек хажы бəрі

де Далелханнан жасы үлкен, заңғар ағалар. Шерушіден өзіне
ерткен Дəуеңді (Тауданбекұлы Дəуітбай) ерекше ес көреді.
Келісімі аз керіс сөз бүтін айға жалғасып, ұлы жиын келер
жылы қаңтардың 14-де аяқталады. Ұлы Құрылтайдан Кіші

құрылтай мүшелігіне сайланған 51 адамның ішінде Т.
Сурхбаяр мен Дəлелхан да бар. Кесірі арылмас керіс
сөздің үлкені алда екен. Құрылтай тараған кеш Кіші
құрылтай басқармалары құпия жиналыс шақырды.

Х. Чойбалсан, Д. Догсом, Ө. Бадрах, П. Гэндэн, Б. Эл-
дэв-Очир, тағысын тағы төрт қара көз түгел. Болған əңгіме:
«Феодалдың тамырына балта шабу. Түбірімен құрту. Тізімге
алып өзін ұстау, малын құрау! Төре, ұлық, бай, молла бол-

са тап жауы! Дəлелхан ат төбеліндей аз ғана қазақтан «жау»
іздеп, кімін кімге ұстап бермекші? Өз сұрауына өзі жауап
таппады. Үкіметтік төтенше құпияны сақтауға қол қойып,
зорлықпен ант ішті. Наразы болғандар үшін басқа амал жоқ.

Тек іш пікірі ішінде. Əркім өзімен өзі. Кешкі қараңғылықты
жамыла Дəлелхан Тұрардың бөлмесіне тартты. Ол қалалы

─ 191 ─

елдің еліктеуімен европаша киінген. Күн қағары бар төбесінде
түймелі қара қалпақ киген. Үстінде қайырма, қоңыр жағалы
ұзын қара драп пальто, аяғында көлденең таспамен шандыған
қысқы ботинка. Ол:

– Кеш жарық! – деп кіргенде Тұрар алтын сары жиекті

көзілдірігімен қиғаштай қарап, тұнық қара мұртын сипай,
сəл күлімдеген қалыпта,

– Төрлет! Мен де жаңа келдім, – деді. Дəлелхан:

– Қайтып дəм айқасамыз ба, жоқ па, алла білсін, ауылдың

дəмі еді, – деп орамалға түйген қазы, қарта, жал-жаяны
стол үстіне қойды. Темір тұғырға отырғызған май шамның
жарығы күңгірт. Дастархан жайып, шай əкелген Тұрар
Дəлелханның қасына отырған соң,

– Аллаға сенімің зор ма? – деп сұрады.

– Менде тəңірден өзге табынарым жоқ.

– Ендеше, алла аузыңа сөз салған болар. Қырықтың бірі

қыдыр деген. Неге күмəндісің?

– Күмəндіні қойып, көңілім күпті. Күндіз күлкім, түнде

ұйқым жоғалды. Неге екенін өзім де білмеймін.

– Білмейтін несі бар. Құрылтайдың шешіміне көңілің

толы емес қой.

– Қалай толы болмақ. «Бай мен молла, атқа мінер

азаматтың бəрін құртсақ қазақта жұмыр басты жан қала ма?
Оның мал дəулетінің бəрін сыпырғанда қазақта тігерге тұяқ
қала ма? Əрі айтса мына ел елдігінен айрылмай ма?».

– Өгізге туған бұзауға да туады депті ғой. Сталиннің

Орта Азияға көрсеткенін Моңғолия да көрер-ау, сірə!
Қазақстанның да қалі мүшкіл. Өз басым үшін уайымым жоқ.
Жұмыр басты адамға қайда да бір өлім...

– Жаман ырымды бастамайық. Ақырын алла біледі ғой.

Бірақ, мен бұл шешімді орындауға дəтім жетпес.

– Арамдыққа арың бармасын сеземін. Халықтың обалы-

на қалмаған жөн. Халық қарасуға қаптаған қой мінезді жан-
дар. Алды суға батып жатса да арты үсті-үстіне қаптайды.

─ 192 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Елді елеңдетпей ебін табу керек. Боса жөңкіліп, босқа
алаңдамасын.

– Ойда орысың анау болғанда мұндағы монғолдың сиқы

мынау. Алтайдың арғы бетінен өзге пана бар ма?

– «Маған тиген дерт саған да тиер» депті ғой бір жаман.

Орыс пен қытай ежелден одақтас ел. Сондықтан сынықтан
басқаның бəрі жұғатыны бар. Оның үстіне кірен біткен
жабық. Айналаң қоршаулы тор. Халықты қамауға қарай
дүрліктірсек, жаңағы қарасуға түскен қойдың күнін кешеді.

– Сонда қайтпекпіз? Бақан ала жүгір дейсіз бе?

– Бақан алып байбалам салатын заман өтіп кетті.

Халықтың мұң-мұқтажы, түбегейлі мүддесі үшін аянбай
күресу керек. Əлі де Сталин мырзаға түсіндіру жөн болар.

– Ол кісіге бізден гөрі сіз жақынсыз ғой.

– Сендердің де өз Сталиндерің бар. Тек абай болғайсыздар.

Ел азаматтары ауыз бірлікте болыңдар.

– Бірге келген бірнешеуіміз бірлікте болғанмен тұйықтан

шығатын жолын таппай өзіңізге келіп отырмыз.

– Тығырықтан шығатын жолды табатын данышпаның

мен болсам дүние бұлай болмас еді. Өмір өз көшін өзі ба-
стайды. Сол көш жолында қырағы болайық. Жəрайды, енді
дəм-тұзға бағыналық...
Қос арыстың ең алғашқы жəне ең соңғы əңгімесі ұзақ

жалғасты. Май шамның күңгірт жарығына екі арыстың
аппақ шатырдай жейдесі мен тұнық қара костюмы сəнді
көрінеді. Олар май шам таусылып тұғырына таяғанда стол
артынан тұрып, қоштасты.

Бесінші толғау
«...Біреуді бай, біреуді жарлы еткен жаратушы алланың
ісі. Бай болсын, жарлы болсын, əркімнің өз ағайыны өзіне
ыстық. Өз халқы өзіне мақтаныш. Халықты дəулетіне орай

топқа, тапқа бөлсінші-ақ! Ал, сол топтар өзара жау болаты-

─ 193 ─

ны қалай? Байдың көлеңкесінде күн көріп, өмір кешкен жар-
лы қанша? Кедейге кіріптар болып, малын бақтырып, отын
жақтырған байлар қанша? Адамның күні адаммен деген осы.
Тап жауы деген не? Жұмыр басты адам дұшпансыз болмас.

Ал, бай біткеннің бəрі жарлының жауы дегенге кім сенеді.
Атқа мінер азаматтың бəріне «Жарлының жауысың! Сол
үшін сені атамын, шабамын!» дегенім бері айтса адамның
көкейіне қона ма? Əрі айтса алланың ісіне жата ма? Өз қолын

өзі кеспек жоқ. Бүгін оларға туған күн ертең өзіме тумай ма?
Мен – ұлық десе ұлықтың ұлымын. Бай десе байдың
баласымын. Өзім де отқа қарап отырғаным жоқ. Бүгін
ел азаматтарының мойнына түскен қыл арқан, ертең

өз мойныма оратылмасына кім кепіл?...» Дəкейдің ойы –
осы. Жүйкесін тоздырып, жегідей жеген ой! Ол үшін күн
де, түн де ұзақ. Уақыт өтіп берсейші! Биылғы қыстың
ұзағын айтсаңшы. Сағат күндей, мезгіл жылдай сезілді.

Əлдекіммен əңгіме дүкен құруға да самарқау.
Сөйтпей де қайтсін. Кім болса да аман сəлемнен
соң: «Дəкей-ау, айлап-күндеп жатып келген Да хүреңнің
жаңалығын айтсаңшы? Не көріп, не білдің? Мына жаңа ми-

зам үкіметің не дейді? Ақ орысша атып, шабамыз дей ме?
Қызыл орысша аштан қырамыз дей ме? Бес саулығымызды
қолда қалтыратын ба?» десіп, жеті атаңды жездей
қақтап, тіліңді суыруға əзер. Дəлелхан естіген білгенінің

бəрін жая берейін десе іргелі ел ертең-ақ дүрлігіп лоблыйды.
Сонда оларды қалай тоқтатады. Тығырықтан шығатын
жолды таппай тұрып көпті лоблықтыру жөн емес. Ол тек
елге беделді ақсақалдармен амандасып, киелі шаңырақтарға

ғана түсіп дəм татты. Əркімнен сыр тартып, аңысын
аңдаса алдынан əлгі сұраулар туындайды. Сонсоң: «Ақырын
алла білсін. Аузымызға ақ ит кіріп, көк ит шықты ғой!»
дейді. Бұл мына кейпімізбен оңалмаспыздың белгісі.

Жақын, сырлас дос жарандарына: «Уақытша өз
күндеріңді көре тұрыңдар. Мен мына Алтай еліне

─ 194 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қайыншылап, ондағы жағдайды біліп келейін. Құдай басқа
не салса соны көрерміз...» деген сырын да айтты. Бүгінгі
ділмарсыған «көсемдер» кешегі өткен дəуірге қарай бір ғасыр
шегініп көрейікші?! Өзімізді Дəкейдің орнына қоялықшы!

Алдыңнан анталаған жоғардағы сауалға басқаша жауап
қайтарар ма едік?! Не айта алар едік?!
Дəкейдің көкірегіне түйгені: «Алтайдың арғы бетін ара-
лап көрмек. Мал мүлкі талан-таражыға түсіп, ақ табан

болып босыған Шүй мен Арқаның елінде онсыз да пана жоқ.
Олар орыстың ашса алақанында, жұмса жұдырығында.
Күнгей беттегі керейлер бір сəт тыныш. Қыз алысып
қыз беріскен құдандал ел. Қобда қазағының қара шаңырақ

атажұрт, ежелгі мекені. Ықтай жалдап солай аунап кет-
се, ап-сап басылғанша ел жұртын аман алып қалмас па
екен?... » Соңғы үміті осы.
Ол: «Құдайым сақта. Аруақтарым қолда. Түбі тыныш

болсын» деп іштей жалбарынып, алты аталы шерушімен
ағайындас уақ, найман ауылдарының қара шаңырағын
қыстай қыдырып дəм татты. Салауатты ақсақалдардан
бата алды. «Айлас қатын мұңдас» дегендей урианхай-

Чүлтэм дамен де ақылдасты. Ат қысылса ауыздықпен
су ішер, ер қысылса етігімен су кешер. Ерін жастанып,
тоқымын төсеніп, түн қатып,түнек жамылып, алты мал-
таны ас қылатын сын сағаттар Дəкейдің алдында. Асқар

тау, айдын шалқар көл болса да шегінетін жері жоқ. Ол
іштей тоқыды. Тоқыды да бекіді.
Бесінші əңгіме
Мен:

– Дəкейді кейбіреу 1928 жылы, тағы біреулер 1930 жылы

Алтай асты. Келесі 1931 жылы ел артынан көшті деседі.
Қайсысына сенеміз? – деймін.
Шешем:

─ 195 ─

– Қайсы біреулер жасына жетпей алжиды емес пе,

құрғыр-ай! Бесінші құрылтай қашан болып еді. Мына сен-
дерге сабақта үйретпеген бе?

– Ақпа құлақтан ағып кетті ғой, Мəу. (Біз шешемізді со-

лай атайтын едік) Енді тарихқа үңілсек, мемлекеттік Бесінші
құрылтай 1928 жылы 12-айдың 14-нде ашылып, келер 1929
жылы 1-айдың 14-де аяқталыпты. Бұл тарихи дерек даусыз ғой.

– Ендеше сол 1929 жылы жазда деп ұқ. Мен осы ауылға

келін болып түскеннен кейін 5 жылдан соң, Дəкей 27 жаста
болатын.

– Тағы бір əңгіме тараған. Дəкейді жазда емес күзде

кеткен дейді. Тағы біреулер көктемде Алтайға асқан деп
жазыпты.

– Ой жазбай қалғырлар! Бүгінгі дүние бұлдыр болғанда

кешегі шындықты қайдан табасыңдар. Өзі жоқтың көзі жоқ
деген осы-ау. Дəкейдің көзі жоғалған соң данышпандар
көбейген ғой. Бəрі ат қосшысы болып едік дей ме?!

– Иə, солай деседі. Кəзір Дəкейден артық «Дөкейлер»

көбейді ғой.

– «Жаман Иттің атын бөрбасар қоядының» қылығы да.

Мен білгенде Дəуітбайдан жақын шабарманын көргенім
жоқ. Олардың көзі кеткен соң ел не деп жүргенін қайдан
білейін. Дəкей кеткені көктем өтіп, жаз шыға ғой тəйірі.
Дұрыстап жазып ал ендеше! Ол кезде кірен біткен жабық.

Тірі жанды Сырғалы мен Құлыннан ары өткізбейтін. Елдің
алды Ұзынкөйтен, Баулықтан аспайды. Сүкең ауылы Жы-
ландыдан ілгері ұзаған емес. Сол жылы тағы да Жыланды
құйғанынан жоғарырақ жайлаған...

Шешем өткен күндерді көз алдынан өткізіп əр оқиғаны
айдың аты, күннің сəтімен дəлелдеп, ұзын шиыр əңгімені
бастап кетті...
...Жаз ортасы. Жыланды бойында, Баянжүрек жайлауына

жұрт жаңалап қонған ақ жұмыртқадай ауылдың сыртындағы
төбеде алысты болжап жалғыз отырған Дəлелхан өз шабар-

─ 196 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

маны Байшынұлы Мақымды шақыртты. Зауал уақта босқа
шақыртпағанын сезген Мақым төбе басындағы Дəкейдің
қасына келіп, үнсіз əмірін күтті.

– Мақым, сен қос торы мен қара, алаяқ атты қақпайлау

жерге байлап, ішін тартқызшы! – деді Дəлелхан.

– Жарайды. Алысқа аттанасыз ба?

– Алыс-жақынын маған ерсең, айтамын.

– Дəкей-ау, сен бұйырғанда тартынған жерім бар ма?

– Ендеше аузыңа ие бол. Барлық дайындық құпия істелсін.

Қайда барарымызды құдайдың салған күні білерсің...
Əңгіме осымен бітті. Бірер күннен соң Дəлелхан жатар
алдында кіші шешесі Нұрилаға:

– Үлкен ауылға баратын шаруа шықты. Бірнеше күн сон-

да болармыз. Алаңдамай отыра беріңдер,– деді. Жан жары
Мəрияға да жарып тіл қатқан жоқ. Елге дабыра болмасын
дегені. Жанындай жақсы көретін Дəуең ағамен қоштаса
алмағанына да өкінішті. Бірақ, ешкімге сыр білдірмей

кетпекші.
Көзге түртсе көргісіз қараңғы. Жол күдір. Түнделетіп
аттанған Дəлелхан Баянжүрек жотасында ат ұстап тосқан
Мақымға жеткенше таң бозарып кетті. Олар мініс аттарын

бос айдап жіберіп, қара мен алаяқ атқа мініп, қос торыны
құсбаулап жетегіне алды. Қиырдан қиырға өтіп Есік бұйрасына
келгенде күн шығып та үлгерді. Екі жолаушы аттарын көзден
таса шұңқырға матап,ат көрпесін төсеніп көз шырымын алуға

қисайды. Денесі маужырап ұйқыға кеткен Дəлелханды Мақым
оятуға қимады. Ол төбеге шығып, тас қарақшыны паналай
алысты болжады. Көз көрім жерде тірі жан жоқ. Айналасын
болжап біраз отырды. Қайта оралғанда қағылез Дəлелхан

əлдеқашан оянып, көлшік сумен жуынып, ақторғын орамалмен
бетін сүртіп тұр екен. Екеуі жан торсықтан сусын ішіп, аздап
тыныққан соң аттарына ер салды.

– Кілең өткеліне қарай өрлейміз бе?– деді Мақым.

– Жоқ. Жон жердің бəрі жайлау, елдің көзі. Сырғалыдағы

─ 197 ─

əскери пост жол жөніне жақын. Нар тəуекел Құлыннан
өтіп, Қарабұйра, Ыдықойық арқылы Сұмдайрықпен асуды
ойлайық...
Кешігуге ерік жоқ. Жолаушылар дереу аттанып Сырғалы

көлдің аяғы – Құлын өткелін бетке ұстап суыт жүріп кетті. Ішін
тартып жараған сəйгүліктер құлағын қайшылап, ауыздықпен
алысады. Құлағының түбі, қолтығы мен омырауы жіпсіп, тер
сорғалаған жүйріктер терісі кеңіген сайын шұлғып басып,

алға ұмтылады. Атты екеу аяңдатып жағалауға келгенде бөтен
бастақ ешкімнің қарасы көрінген жоқ. Тоқталмастан өткелге
түсті. Бусанып сусаған аттар тұмсығымен су жарып, жүре
сусындап келеді. Қорым тасы мол өткел ат тұяғымен тасыр-

тұсыр, шалп-шұлп. Қобда өзен тартыла бермеген, су аттың
таңбалығына жетер-жетпес. Ұзын тұралы Дəлелхан екі аяғын
қанша көтергенмен етігімен су соғып отыр. Арасанмен тау
бұлағынан нəр алған, Сырғалыдай таза көлден басталған Қобда

өзені көздің қарасындай тұп-тұнық, мөп-мөлдір. «Кір жуып,
кіндік кескен қайран жер. Қатарыңмен күліп ойнап өскен өлке!
Қайтып қауышар күн туа ма, жоқ па! Шөбі шүйгін, суы бал, ата
жайлау-ай десеңші!» Дəкейдің көңілі қобалжып кетті. Енкейіп

Қобда өзеннің мөлдір айдынынан алақанымен іліп алып
маңдайына басты. Тағы бірнеше іліп сусыны қанғанша жұтты.
Бір сəт сарайы ашылып сергігендей.
Өткелден өте ұңғыл-шұңғылы мол Қарабұйраға же-

туге асықты. Асыққан сайтанның ісі дегендей алдарын-
да бөгет тұр екен. О да болса алланың бұйрығы шығар.
Айналасы қоршаулы əскер. Қашан, қалай сезік алып, жол
торығаны белгісіз. «Чүлтэм Да Алтай асыпты» деген сөз

ел арасын дүбірлеткені жуықта ғана. «Мүмкін содан се-
кем алған шығар». Дəлелхан: «Қол жұмсап қарсыласпа.
Тіл шығарма. Тек менің қимылымды күт»,– деді Мақымға.
Жасанған əскерлер екеуін матап байлап, Даян заставына

алып жүрді.
Күш қазандай қайнайды, күресуге дəрмен жоқ. Неде

─ 198 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

болса оңтайлы сəт тосқаннан басқа амал қанша. Даян за-
ставында үш күн қамалды. Мақым лəм-мим тілсіз мылқау.
Дəлелхан орыс, монғол тілінен хабардар. Ол: «Ел аралап,
жоқ іздеп келеміз» деп аты жөнін айтты. Оның сырт пошы-

мы да ауыл үй арасындағы қалпында. Ұзын қоныш былғары
мəсі, көкала кебіс, шоқпардай үкілі құндыз жұрынды пұшпақ
тымақ, сырмалы шалбар, шынтақ жең мешпет, қара мақпал
шапан киіп, кіселі күміс белбеу буынған. Жасанған құрал-

жабдығы да шамалы. Татымды жауап ести алмаған застава
бастығы үш күннен соң Дəлелхан мен Мақымды жөнсалдау
екі атқа мінгізіп, қаруланған екі əскермен Қобдаға айдатты.
Жасанған жауға не істерсің. Ыңғайлы сəтті тосып келеді.

Жол ұзақ, жүріс баяу. Қотанды құлдап, Құлын өткел тұсына
келгенде Дəлелхан:

– Бой жазып, дəрет сындыруға рұқсат па? – деп өтінді.

Əскерлер қарсы болмады. Бірақ атқа жуымады. Дəлелхан
атын Мақымға ұстатып ұзақ «отырды». Əскерлер тағы
да оғаш мінез көрсетіп одыраймады. Керісінше тасқа
құйрықтарын қойып шылым шекті. «Енді кешіксем өкініш

болар. Ел арасынан ұзаған сайын қыспақ ауырламаса,
жеңілдемес», деп ойлаған Дəлелхан екі əскерге жақындай
келіп шылым сұрады. Бейғам шылым ұсынған əскерді келесі
біреуімен қапсыра ұстай алды. Қапелімде қол жұмсап, бас

көтеріп үлгірмеген екеуін желкесінен қысып, біріне бірін
соқты. Есеңгіреп қалған екеуінің екі карабин мылтығын
Мақым екеуі екі жүз оғымен қолына алды. Жан ұшырған
жас əскерлер шыбын жанына сауға сұрап жалбарынуда.

Дəлелхан мен Мақым əскерлерді судың аржағына қамауға
өткізіп тастады да, аттарын алып Қарабұйра, Ыдықойықтың
ұры шұңқырларымен қарағайды паналай Сұмдайрықтың
асуына тырысты. Мақым:

– Жауды аяған жаралы болар деуші еді. Екі əскерді атып

кетпедік пе? – деді. Дəлелхан:

– Олар жау емес. Қарапайым халықтың баласы. Патшасы

─ 199 ─

не бұйырса қара тобыр соны істейді. Жан ұшырған аяныш-
ты қалдерін көрмейсің бе? Бейуаз адамның қанын төкпеуге
тырыс! – деді.
Алтай мен Қобда арасындағы асу, жолдың бəрі

Дəлелханның көкейінде сайрап тұр. Бала кезінен нағашылап,
қайындап талай жүрген, көзге таныс көңілге жуық жер.
Сұмдайрықтың асуына шыққанда күңіренген Қобда өлкесі
мұнартып артта қалды. Қара орман халқы да қалып барады.

Амал не, алла қайта жолықтыруға жазсын!
Кезеңнен аса қос көк шатыр көрінді. Шатыр сыртын-
да бие байланған. «Дəлелхан келеді»деген астыртын ха-
бармен сегіз жігіт сергелдең болғалы біраз күн өтіпті.

Нағашысы Жақып амбы мен қайын атасы Өміртай амбы
жіберген. Басшылары Өміртайдың кенжесі Махмұт. Ол
казір орта жастағы ер.
Дəлелхан аздап тынығып дамылдаған соң ел азаматтары-

на еріп, жүріп кетті. Сол жүргеннен үш қонып төртінші күні
қайын атасының аулына келді. Шүйінші сұраған жігіттер
күні бұрын кеткен. Ауыл дүрлігіп отыр екен.
Атқа қонған нағашы атасы – Жақып амбы, қайын ағасы –

Қылыш амбы, замандасы – Құйқабай мен Сəлімбақа үкірдай
алдарынан шықты. (Қылыш амбыны Дəкей қайын аға дейтін).
Тосушылар арасында қатын-бала, қыз-келіншек, жеңгелері
Дəкеймен құшақтасып көрісіп, шашу шашылып, ағайын-

жегжат мауқын басқан соң ол үлкен адамдармен керейдің
ежелгі салты бойынша төс қағысып, қауыша сəлемдесті. Одан
кейін ауылға келіп, үлкен амбы Би қажыға сəлем берді.
Дəлелхан мен атқосшысына екі ақ отау тігіліп, күтушілер

қойылып, қымыз құйылды. Алыстан келген арысқа арналған
ақсарбас сойылып, ойын сауық қызды. Уайым қайғыны
ұмытқан бейбіт ел қашанда сауықшыл, сайраншыл болмай
ма. Алтайдың ақиық ақындары мен күміс көмей əншілері,

күмбірлеткен күйшілері де шақырылған. Той-думан, ойын-
сауық бір күн емес, бір жаз бойы жалғасты...

─ 200 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Жаз аяғының жадыраған бір күні Би қажы «Мəжіліс үйі»
атанған ақ ордасына ел адамдарын жинады. Жəнтекей мен
Шерушінің билігін ұстаған игі жақсы төрт қара көз түгел
келген. Кеңеске Дəлелханды да қатыстырды. Əңгіменің

негізгі өзегі де өзі туралы болатын. Дастархан жайылып
қымыз құйылған соң Би қажы:

– Ал ағайын туыстар. Ойда орыс, қырда шүршіт бүлініп,

оның ұшығы Монғолстанға да жетіпті. Қобда керейінің ұясы
бұзылып, күйкентай қуған торғайдай, елдің алды іргемізге
келді. Дəлелхан балам, не білген ойың бар? – деді.

– «Бұрын қонғаннан қоныс сұра, бұрын туғаннан ақыл

сұра» депті ғой бабалар. Жөнін өздеріңіз айтыңыздар.

– Ендеше билігіңе ел бөліп берейік. Атқосшыңа қоса,

қасыңа осы елден тағы бір шабарман ал. Еншің де бізден
болсын!

– Пиғылыңызға рахмет, ата! Артымда егілген елім

бар. Панасыз ағайын, аңыраған ана, асыл жарым қалды.
Қара басымның қамытшылығын қойып, халқыма бір
қайырылайын. Артымнан ергенін асудан асырып алайын.
Содан кейін де сіздердің қамқорлықтан кенже қалмаспын.

– Ол да жөн екен, – деді сөзге жаңа араласқан Жақып

амбы.

– Ер азаматтың үш жұрты бар деген бұрынғылар. Нағашы

мен қайын жұртың осында. Босқа қамкөңіл болып налыма.
Туған жұртың мен артыңнан ерген ағайынмен ақылдас.
Орайы келсе жылы орнын суытпай орнығып та қалар. Егер
орайы болмаса құшағымыз Қобда қазағы үшін əлі де ашық.

Түбі бірге түтпейді. Тегі бірге теппейді. Қорғанбаңдар! –
деді ол.

– Дəкей дос-жаранды аралап, арқа-басы кеңіп тынықсын.

Мына Құйқабай екеуіміз де ауылға бар деп қолқа салып
отырмыз,– деді Сəлімбақа пікірін қостаған сыңаймен.

– Ол да орынды. Қамкөңілденіп жата бермей жолдас-жо-

ра, ағайын-туысты араласын. Іс ескіріп, Қобда беті де ты-

─ 201 ─

нышталсын. Ұмыттырып барып қайрылмаса монғол үкіметі
секем ала берер, – деді.
Төбе билер – Жақып пен Өміртай да өзінен кейінгі
жастардың ақыл кеңесін жөн көрді. Сөз бітіп, мəжіліс үйінен

дүркірей шыққан адамдар жан-жаққа тарасып, Жақып амбы
өзіне арналған ақсарбастың басына бата тілеуге ас ордаға
қарай аяңдады...
...Қозы күземінен соң етекке еңкейген елдің біреуі

шабындықта, бірі қора ойып, қый жинаған, қыстың қамыт-
шылығында. Көшпелі халықтың жылда бір қайта ланатын
дағдылы өмірі. Жақып амбы Би қажыға кісі жіберіп, сəлем
айттырған. Сəлемі сол: «Дəкей сіздің балаңыз болса менің

жиенім. Жігіттің үш жұрты бар дедім ғой сонода. Қайын
жұртын шиырламай нағашы жұртын да көрсін. «Жаман
күйеу қайынсақ» десіп, ел сөгіп жүрер. Бір Дəкейді күтуге
сіздің дəтіңіз жетпейді дегенім емес. Ағайындық ниетім.

Дəкей жер көріп, ел танысын. Сіздің ауылда жайлап, күзеді
ғой. Біздің ауылда қыстасын. Пейіліңізді берсеңіз шын
ықласпен ризамын! Алла жар болсын?!» деген.
Биқажы Жақып амбының сəлемін қош көрді. Дəлелхан

нағашы жұртына келгенде сағына күткен туыстары да
қайын жұртындай алдынан тосып, жыласып көрісті. Ша-
шуын шашып, ақ дастарханын жайды, Ақ ниетімен ақ сар-
басын айтып, ойын тойды қыздырды. Ақын, əнші, күйшіге

қоса сыбызғышыларды да алдырған. Дəлелхан: «Халқыма
бас! Ағайын жұртыма бас! Керейді он екіге бөлген өзіміз
болмаса біреу ғана екен ғой. Аруағыңа бас бабалар-ай. Ду-
мандатып жүріп халқымды, тойлатып жүріп тобырымды

ұмытудан алла сақтасын!? Қара бастың қамытшылығына
алданған пендешіліктен сақтай гөр? Ойын күлкім орынсыз
көбейіп кетті-ау. Астамшылық болмаса игі? Асу болса бекіп
қалды. Келер көктемге алла аман сау жеткізсе қамданайын»

деген ойға келді. Дəлелханның қайын жұрты мен наға-
шылары байлығын да, батырлығын да көрсетейін деген

─ 202 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жоқ. Қамкөңіл Дəкейдің уайымын ұмыттырып, қайғысын
бөлісуге тырысқаны. Қазақтың бір пұшпағының басына іс
түсіп пұшайман болған шақта «мұнда біз бар!» десіп айбар
көрсетіп, елдіктің, бірліктің туын көтергені. Мұндай ағайын

үшін аллаға бір Дəлелхан емес бүткіл қазақ қауымы разы
болса артықшылық етпес, сірə! Жақып амбы Дəлелханға
арнап екі бөлмелі қысқы сарай салғызыпты. Атқосшысы
мен күтушісі қасында. Қыстай ел аралап, ағайын-жегжатты

қыдырған Дəлелхан 1930-шы жылғы көктемді нағашы
жұртында күтті. Ол бір күні нағашы атасына,

– Атағы жер жарған Əлен уаң ауылына жуықта оның

інісі, Шақаң төре келіпті дейді. Бүгін ертең Үрімжіге менің
атым да, дəтім де жетпес. Көзі ашық көкірегі ояу, парасатты
ағамен дидарласып қалуыма дəнекер болыңыз?!деп өтінді...
Көктемгі шуақты бетке алған Жақып амбы Дəлелханды

қасына ертіп, шабарман атқосшыларымен Сауырға тарт-
ты. Əлен төре қысқы ордасында. Ол – мəжіліс орда, қонақ
үй,ас үй, тошала үй, ат қора, мал қора, жем қора дегендей
ағайын-туыс, шабарман, аларманымен қосылғанда кішігірім

қалашық-қыстақ. Əлен төре төбе бимен Дəлелханға үлкен
ықлас, жақсы ілтипат көрсетті. Үш төрт бөлмелі қысқы
сарайдың төріне қарала сырмақ, қалылы кілемдер қабат
төселіп, қонақтардың шынтағына құс жастықтар қос

қосымен қойылды. Мал сойылып қара қазан қойылып жа-
тыр. Топ ортасына Метіке ханым мен Шəріпхан да келді.
Жеңісхан гүн өлген соң билікке Əлен төре отырып, «уаң»
аталса да оның кіші шешесі Метіке ханымның қабағына Əлен

тұр ғой он екі рулы керей елі қарсы қараған емес. Метіке ха-
ным кіріп келгенде Əлен төренің зайыбы – «Қадуан ханым»
аталған Қадиша бəйбіше, кесек денесін зорға билеп,орнынан
тұрып иіліп сəлем берді. Орда толы адамдар дүркірей тұрып

кішілік еткенде Метіке ханым топты жара, Жақып амбы
мен Əлен төре арасынан орын алды. Шақаң төре атанған
Шəріпқанға Дəлелхан өзінен жоғарырақ орын беріп, тізе

─ 203 ─

тиістіре отырды. Метіке ханым сауықшыл адам. Əлен уаң
шешесінің көңілін жықпайын деді ме, əлде алыстан келген
қонақтарға айырықша сый құрмет көрсеткені ме, күйші,
əнші, сыбызғышыларды араға алдырған. Ырғалып орнына

жаңа жайғасқан Метіке ханым төбе бимен сəлемдескеннен
кейін,

– Дəлелхан деген бала сенбісің? – деді.

– Иə, мен боламын, деніңіз сау ма, ханым апа!

– Шүкіршілік. Ел жұртың есен бе?

– Аманшылық. Алтайға келгелі де аз болған жоқ.

Алдарыңыздан өтіп, сəлем бергелі келгенім ғой.

– Жарайды. Жақсыда жаттық жоқ деген. Сүкең жа-

рықтық дəм айқасып жүруші еді. Қалғандарың бір-біріңді
ұмытпағандарың жақсы. Өткендердің арты қайырлы болсын.

– Айтсын, ханым апа!...

Ордаға соңғы келгендер жайғасып шай суан ішкен соң
Метіке ханым тағы да сөздің тізгігін өзі алып,

– Кəне, Əлен қарағым. Əй, Хадуан келін! Отырамыз ба

осылай томсарып. Жолы болар жігіттің жеңгесі алдынан
шығады деген. Үрімжіден Шақаным да келді. Əдейі өгдеп
Жақаң би мен Дəкей де жетіпті. Əн мен күйді бастаңдар! –
деп бұйырды.

Əлен төре байлығын мақтан етсе, Хадуан ханым сауық
сайран құрмаса отыра алмайтын. Енесінің сөзі құланның
қасуына мылтықтың басуындай болды. Метіке ханым жоқ
жерде думанды өзі бастап кететін. Ол-дағы үзеңгі бауы сегіз

қабат Мамырбек төренің қызы. Өзін ешкімнен төмен ұстап
көрмеген. Иек қаққаны сол екен, күй күмбірлеп кетті. Арты-
нан сыбызғы, əн... Əңгіме дүкен қызып, ойын-күлкі жарасқан
кеш қандай тез өтеді. Кешімен түнімен дүрілдеген кеңес, əн-

күйдің бəрі көрген түстей өте шықты. Ертеңгі шайдан соң
Дəлелхан төбе би мен төрені оңаша қалдырып Шəріпханмен
бірге сыртқа шықты. «Шақаң төре» деген атағы жер жарғаны
болмаса Шəріпхан биыл отыздың екісіне жаңадан шыққан

─ 204 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жас жігіт. Сөйтсе де, Дəлелхан үшін Шəріпхан емес Шақаң
төре. Жас жігіт емес, жасамыс аға. Парасат ақылы озық ел
азаматы. Құлазыған көңілге медеу, қобалжыған сезімге ес
көріп, бел тұтады. Дəлелханды да замандастары азаматтың

алыбы деп арқа сүйейтін. Ал, Дəлелхан Шəріпханмен
қатарласа төбеге қарай аяңдағанда оның иығына жетер
жетпестей көрінді. Шəріпханның бойы да, ойы да ерек. Со-
лай болуына анасы Метіке ханымның еңбегі зор. Ол үміт

күткен ұлын оқытып көзін ашуға мал дəулетін аяған жоқ.
Шəріпхан 1898 жылы Қыран құйғанында туған. Шешесі
ұлын ес кіріп, етек жаба білім ғылымға талпынтты. Білəл
қазреттен арапша, Зайсанға барып орысша, Баймолдадай

ағадан ханзу, орысша дəріс алып, тіл ұқты. Білімнен сусаған
Шəріпхан Қазан мен Уфадан орысша, Қазақстаннан крилше,
Шанхайдан ханзу тілінде кітап, журналдар алдырып оқыды.
Қазақстанның көзі ашық ақиық арыстарымен де байланы-

сты болды. Баймолда екеуі қазақ-монғол халқының атынан
өлкеге хат жазып, ағасы Əлен уаңның беделін бетке ұстап,
шешесінің дəулетімен 1922 жылы Үрімжіде өлкелік қазақ-
монғол мектебін ашқызды. Алғашқы 40 баланы да жинасып,

өзі қатар дəріс алды.

– Соның бірі мына сенің нағашы ағаң Махмұт болатын, –

деді ол Дəлелханға.

– Мектеп оқи жүріп Өлке əкімшілігіне қызмет еттім.

Жас адам үшін сегіз түгіл сексен сырлы болсаң да көптік
етпейді. Оқы, талпын! Өлкені Иан-Жан-Жүн басқарып
тұрғанда мені 1927 жылы Бурылтоғой ауданын басқаруға
жіберді. 1928 жылы шілдеде өлді ғой сорлы. Сонсоң өлке

басына мына Жин-Шу-Рин деген шығып, 1929 жыл басын-
да өлке əкімшілігіне қайта апарды. Маған бас тартар дейсің
бе? Оның ойы тереңде, құлқыны арам адам, – деді əңгімесін
жалғастырып.

– Сонда оның ойы нені меңзейді?

– Шынжандағы саяси ақуал ауырлап келеді. Ауыл ара-

─ 205 ─

сында шалқып-тасып жата берсең одан мақұрым қаларсың.
Ел ісіне аралас.

– Сол үшін сіздей ағамен дидарласуға келгенім ғой.

– Ендеше ықласың теріс емес екен. Шынжанда гомин-

дан өкіметінің заһары күшеюде. Алтай Дауиыңы аларман
бола бастады. Құмылдағы ұйғыр мен қазақтар, Боғда мен
Еренқабырғадағы монғолдар бас көтеретін түрі бар. Ұлттар
наразылығын басу үшін Жин-Шурин ықпалды азаматтарды

өз төңірегіне жинамақшы. Оған бола қояр ма екен?

– Сонда аз ұлттар гоминдан өкіметінен не күтеді. Нендей

талабы бар?
-Қыстау, жайлауыңды қысып тарылтса. Алым-салық
көбейсе. Азғана малға қараған көшпелі халықтың күйі не бо-
лар еді?! Оның үстіне «шекара қорғаныс күші» деген желеу-

мен əскери қоқан-лоқы айлап емес, күндеп қатаюда. «Қазақ
пен монғол шыдасаң осы. Шыдамасаң жөніңді таптың»
қылығы ғой бұл! Ашса алақанында, жұмса жұдырығында
бас көтертпей, ақыры ата мекен, ежелгі қоныстан

тықсырып келеді. Құмыл-Баркөл Ханзудың жері ме? Кешегі
ұйғырлардың ата жұрты. Олар бүгін ысырыла бастады.
Өгізге туған бұзауға, ұйғырға туған күн қазаққа тумай ма?
Сондықтан Құмыл ұйғырлары мен Баркөл қазақтары бас

көтеріп отыр. Оған мен сияқтыларды қол шоқпар етпекші.

– Сонда, мына елге не ақыл айтпақшысыз?

– Аз ұлттар үшін бірігетін күн туды, бауырым. Моңғол

мен орыстағы жағдай да осыдан артық бола қоймас. Өз ба-
сым қазан төңкерісі аз ұлттар үшін жаңа бір мысал əкелді деп
сезініп едім. Ендігі жағдайға аң-таңмын. Қолындағы малы
колхозға сыпырылып алынған қазақтар Арқадан Алтайға

аш-жалаңаш босып келеді. Тағы да ақтабан шұбырынды.
Мұндағы сиқымыз болса мынау!

– Қайда барсаң бытпылдық. Үш-төрт ел пұшпағын бөліп

илеген аз ғана қазақ сонда қалай күн көрмек?

– Жыламай балаға емшек бермес. Өз намысыңды өзің

─ 206 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жыртпасаң сені ешкім есіркемейді. Ақ семсерің – əділдік,
туың – елдің намысы болсын! Жауың – өсек, өтірік,
бақталастық екенін де ұмытпа. Əлі де ел арала. Елдің көзі
ашық азаматтарымен жолық. Біреуден екеу жақсы. Күшімізді

қосайық.

– Тағы кімді нұсқайсыз, жолығып ақыл қосуға?

– Шіңгілде Ақыт пен Зуха қажы, Көктоғайда Оспан ағаң

қылышын қайрап отыр. Баймолда мен Бұқаттай қайтпас,
қажырлылар бар. Əйтеу ел арасында күңкіл-дүмпу көп. Сен
əуелі үй-күйіңді əкел. Төр алдында масайрап жатпасаңда үй
болмаған соң, күй болмас. Ойың онға, санаң санға бөлінсе

арманың да бір арнаға түсу қиын. Артыңнан ерер ел болса
оларды да қауымдай кел. Ел ішіндегі ниетің адал болса, жо-
лымызды алла қосар. Тартынба.

– Жəрайды, аға!

– Мен өз басым ақылшы анам мен, ұлағатты ұстаздарым

алдында қарыздармын. Көзімді ашып, көкірегімді оятқан
солар. Енді оның үстіне ел қарызы еңсемді көтерер емес.
«Елдің қарызы ерінде» деген ғой бұрынғылар.
Алтыншы толғау

... Елдік, бірліктің туын көтеріп... «Елім, жерім» деп
еңіреген, «арым жаным садағасы» деп аһ ұрған азамат
Дəлелханды ұйқысынан мүлде оятты. Шəріпхан оған:
«Өмірдің өзі ұстаз. Əлі-ақ шыңдаласың!» деген. Бірақ,

Дəлелхан үшін Тұрардан кейінгі ұлы ұстазы Шəріпхан еді.
Оның өзі бір мектептей сезіледі.
Шəріпханның əр сөзі тасқа басқан таңбадай жадында
қалды. Əсіресе, «Адамның мұраты алыс болғанмен өмірі

қысқа. Тек артыңда атқарған ісің ғана қалар. Айтуға то-
лымды, көңілге қонымды ізің қалсын» дегенін ар алдындағы
аманаттай қабылдады.

─ 207 ─

Алтыншы əңгіме
Көктем шыға Зуханың атағы жер жарып, дүбірі Шіңгіл
бойын дүрліктірді. Əр жерде топ құрған қазақтар Қу мен
Бала Ертіс, Тұрғын, Көктоғай, Секпілтай, Шаңқан, Цага-

ан гол, Шіңгілден Зуха батыр төңірегіне күн сайын сабыла
бастады. Қақтығыс, соғыс күннен күнге жалғасып, айдан
айға ұласып, жиілей түскен. Титығы əбден құрыған гомин-
дан үкіметі Зуханы қолға түсірмей көңілі тыншығатын түрі

жоқ. Алтай қазағы Құмыл ұйғырларымен қол қосса күш
бермей кетуі ықтимал. Аз ұлттар бас көтеріп, алқымынан
алғанда Гоминданның Шынжаңдағы билеушілерінің ты-
нысы тарая түскені анық. Неғылса да Құмыл мен Алтайды

тұншықтырмай оларға тыным жоқ. Ол үшін бас көтерер
бастаушысын жою керек. Ақыры, Сұлубайдай ерлер оққа
ұшып, жер құшты. Өзі сері, өзі əнші, батырдың артында:
... Секпілтай, Шаңқан, Тұрғын-ай,

Деп салған əні – Сұлубай...
деп қоңырлатқан əні үш Ертіс басында мамырлап,
Шіңгілден Қыранға дейін қалықтады. Мұңды саз жүрегіне
жетіп, көкірегін намыс кернеген азаматтар бостандықтың

туы астында беки түскен...
Кешікпей, хажының басын алып келіпті,
... «Сарсүмбеде қара көпірге іліпті...» деген дүбір ел
ішін кернеп кетті. Ел елеңдеген. Ауыл алаңдаған. Күйзелген

үрейлі халық іштей күңіренген. Көкірегінде ыза кек
қайнаған. Шіңгіл мен Көктоғайда Оспан жасақ құра баста-
ды. Қаны қызып, жігері қайнаған ерлер отбасында отыруға,
ауыл арасында күн өткізуге ары бармаса керек. Ат азығын

қамдаған азаматтар «Шіңгіл мен Көктоғай қайдасың» десіп,
тартып отырды.
Дəлелхан асу ашыла, жазға салым Мақымды Қобда
өлкесіне қайтарып, елдің бас аяғын жинап, үй ішін алдырту

қамытшылығын астыртын істеуге кіріскен. Отауын онсыз да

─ 208 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

ақтар ойран-асыр етіп, шаңырағын от басына түсірген. Енді
əке шаңырағын шақтырмаса болғаны. Бірақ, тағдыр оған
да таршылық етіп тұр. Сондықтан: «Ел асуға жақындап
жайлауға шығысымен үлкен үйдің ішін астыртын тасып,

мал мүлікті ептеп асырыңдар. Ешбір адам қылп алатын
болмасын. Күзге салым, ел өзенге еңкейгенде үлкен үй
кейінірек қалсын. Ыңғайын тауып шешем мен Мəрияны
алдырармын. Хабар өзімнен болсын. Ал, Шəкерман мен

Нəбиді ел еңкейе көшкен, абыр-сабырда артта қалдырып
маған қарай асырып жіберіңдер. Шешесінің аяғына
оралтқы болар. Ағайыншылап жүр дерсіңдер» деп тап-
сырды. Шəкерман Дəлелханның кіші шешесі – Сырды

қара атанған Нұриладан туған жалғыз қыз.
Нəби Дəлелханмен бір шешеден туған. Бұл екі
қарындасы түйдей жасты. Атастырып, айттырған жері де
Алтайда. Дəлелхан: «Бұлардың қарызы өз мойнымда. Жан

ұяда тұрғанда құтты жеріне қондырсам» дейтін. Үлкен
үйді алдырғанда топты көбейтіп, аяққа оралтқы болмасын
дегені. Жаз шыға Қобда елі соны жайлау қуып, тіреме асу,
дараларға нығала қонды. Олардың жылдағы əдеті осы.

Барлық жұмыс Дəлелханның алдын ала ойланғанындай
орнына келді. Мал да, мүлік те, екі қарындасы да астыртын
келді. Ендігі ойы үлкен үйін алдыру. Биқажы жиырмадай
жігітпен, жасанған шағын қол жиды. Дəлелхан өз досы,

Ожық үкірдайы –Құйқабайдан пысық шабарманы Əкемиге
қолды бастатуды өтінді. Құйқабай досының тілегін екі
еткен жоқ. Əкеми ел болып Ағажан атаған, сайыпқыран
шабарман. Биқажы ауылы ақсарбас пен көкқасқа сой-

ып, жігіттердің тілеуін тіледі. Сұмдыайрық асуымен
түнделетіп асқан қол таң ата етекке түсіп ну орман, ұры
шұңқырларға бөліне бекініп, жаяу баспалап қарауыл
қарап күн өткізді. Келесі күні Қарабұйраны көктей Қотан

шатына түсіп, Құлын өткелі арқылы Қобда өзенінен өтіп,
таң жарығымен жарыса Мұқырдың ит тұмсығы өткісіз ну

─ 209 ─

орманына жетіп бекінді. Елдің көбі Аққол, Соғақ, Қобда
бойындағы күзеуіне түскен. Бірер ауыл ғана артта. Елсіз
құба жондар құлазып, жазғы сары жұртқа аю түскен.
Күні бойы аспанмен астасқан асқардың ұшар ба-

сынан дүрбілеп, қарауыл қараған Ағажанның азамат-
тары Баянжүректен жаңа көшіп, Жыланды мен Ақсай
құйғаны арасына қонған Сүкең үйінің баранын таны-
ды. Бір ой Ағажанның көңіліне күдік болып, қаратастай

қатып алды. Ол: «Жол болса күдір. Асу сайын əскери
бақылау. Атқа артқан жүкпен ошарылып қалай жүреді.
Көзге түсіп ел арасын бүлдіріп алармын» деген күдік.
Ақыры үйдің қанқасын қаңқайған қалпында тастап,

Дəлелханның шешесі мен əйелін салт əкетуге бел байла-
ды. Келер түні төрт ат қосарлаған екі жігітті ертіп, басқа
азаматтарды ұрымтал жерден тосқауылдауға қалдырды.
Мəрия мен енесі Нұрила азын-аулақ тең жинаған. Қазан-

ошағы да қораш. Киім-кешегін түсте кереге басы, адал
бақанға «дұшпан көз» үшін ілгені болмаса түнде қайта
теңдеп, қоржындайтын. Қараңғы түн құлаққа ұрған та-
надай. Үрерге ит те жоқ. Үй сыртында ат дүбірі естіліп,

үзеңгі сылдырлап, ат ауыздығын күрт-күрт шайнағаны
ап-анық. Осы сəтті екі көзі төрт болғанша күткен жас
келіншек пен енесі елең етті. Мəрия майшам тамыз-
ды. Шамның лапылдаған өлгек сəулесіне үй іші болым-

сыз бозаң тартқан. Киіз есікті еппен көтеріп кірген жігіт
Əкеми екенін Нұрила жобалады. Ол келте сəлемнен кейін
кеуде қалтасынан торғын бет орамал шығарып Мəрияға
ұсынды. Дəлелханға өзі кестелеп берген ақ торғын ора-

малды бассалған Мəрия бетіне басып, құшырлана иіскеп,
жылап жіберді. Нұрила төрге қарай өрлеген Ағажанды
құшақтай алды.

– Амансыз ба, шеше?

– Шүкір. Өлмеген соң отырған ғой əйтеу...

– Жылама, Мəрия, дыбыс шығарма!

─ 210 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Бұл байғұс екеуімізде жыламасқа дəт қалды дейсің

бе?!

– Əлі де берік болыңыздар. Кешігуге мұрсат жоқ. Тура

аттанайық.

– Ақ дəм ауыз тиші, болмаса?

– Жəрəйді...

Бар болғаны сол. Үйдің бірер тең жүгімен киім кешегін
қос атқа теңдеген жігіттер Нұрила мен келіні Мəрияны же-
текке алып аттанды. Артынан құлазып бос қалған сегіз қанат
ақ ордаға қарайлаған ана күрсініп, көзіне жас алды. Ағажан

көзі жас, көңілі мұңды ананың қайғысын сезді де,

– Мал мен мүлік жанның садағасы. Кейімеңіз! – деді.

– Несіне кейиін қарағым. Қайда қалмаған дүние-боқ. Тек

бір рулы елдің шаңырағы бүйтіп адыра қалғанын қайтерсің?!

– Дəкей аман болса, қайта тігіледі. Ұрпақтардың тілеуін

тілеңіз?!

– Тілегенім үшін тастап барамын ғой. Ердің құны, елдің

мұңы аттың жалы, түйенің қомында болған заман-ай. А
құдай, жол бере гөр?! Жасаған жар болғайсың?!
Олар
қараңғыны

жамылып
Қобда
өзенін
өрлей

жөнелді. Мəңгі жалықпай, талықпай аққан асау өзен түн
қараңғылығын онан əрі айбарлы болғызайын дегендей
арқырап, күркіреп алға ұмтылады. Ата мекеннің ақырғы
аманаты да, алыстағы арысқа деген сəлемі де сол сияқты.

Жер күдір. Тас, қия, орман. Ағажан топты екіге бөлді.
Нұрила мен Мəрияны бірнеше жігітпен өзі қорғап, Сырғалы
мойны Кілең арқылы өткізуге бел буып, қалған жігіттерді
бірер күн Мұқырға бекініп жол тосуды бұйырды. Егер

Нұрила мен Мəрия тобының жолы сəтсіз болса Мұқырға
бекіне қарауылдап, Сырғалы мен Дайын заставының маңын
торып, Дəлелханның үй ішін əскерлерден айырып алуға
міндет жүктеген. Түнделетіп жортқан Ағажан тобы таң ата

Шыбырқарағайдағы Дөлденбай аулына жетті. «Жансыздар»
арқылы алдын ала хабардар байдың ауылы да сақадай сай

─ 211 ─

екен. Шалдыққан адамдарды дереу тамақтандырып, Кілең
өткеліне дейін шығарып салды. Көл мойнынан күн шыға
өткен топ Қом асуының тұсындағы ну орманға тығылып
үлгірді. Күні бойы орман ішіне бекінген «Қашқындар»

қараңғы түсе көл жағалай еңкейіп Елікті, Құлынембесті
көктей, шұбама аң жолымен Жағаштай дарасына түсті.
Сұмдыайрық, Екі Түргін, Жағаштай, Қом, Сом, Манты асу-
лары Сырғалы заставының бақылауында болғанымен бір

неше күндік күдір жерді қарауылдау оларға да оңай емес. Тек
салт атты əскерлер күн аралатып шолғыншылап қайтатын.
Ағажан тобы Жағаштайдың ауқымды дарасын өрлеген соң
көңілі орнықты. Таң сəріде арғы бетке еңкейіп те үлгірді.

Келесі топ Мұқыр, Аққорым өңірінде 2-3 күн бекініп, сыбыс
тыңдап, аңысын аңдады. «Жансыздар» арқылы «қашқындар
Құлыннан өтіпті» дегізіп, елдің назарын басқа жаққа бұрып,
із тоздыруға тырысты. Олар ұлы жон, қырқалар арқылы

бірер күннен соң Өрмегейті асып, өз еліне жеткен.
Жетінші толғау
Ойран-топыр отызыншы жылдар. Кəрі Алтайдың көз
жасы көл-көсір.

Алтай-Алтай болғалы не көрмеді.
Кімдер туып баурында, кім өлмеді?!...
Көптің
көкірегін

жарып
шыққан
шындықтың,
мұңлықтың жыры-осы! Еркіндік, теңдік, елдік, бірліктің

жолында құрбан болғандарды жоқтаған жыр, бұл.
Қайран есілдер қайта туар ма? Қанқұйлы дұшпан қанға
тояр ма?Қазақтың басынан не кешпеді. Бала анадан, балғын
жар күйеуден айрылу жəйбір құбылыстай көрінген жылдар

аз ба?Қанша гүл бүршік жармай үзіліп, қанша ұрпақ өмірге
келе алмай ана құрсағында кетті. Осының бəріне кепіл
болған кəрі Алтай, сенсің! Арманы биік арыстардың қанын
бойыңа сіңіріп, мүрдесін қойныңа жасырдың. Сондықтан,

─ 212 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

сенің торғын топырағыңды басудан да қорқамын! Аңыраған
ана мен арулардың көз жасы ағып, сенің мөлдір бұлақ, аспа-
ралы көліңе қосылды. Сондықтан,мен сенің тұнығыңды
ішуге қимаймын. Тек халқымның қуаныш бақытына,

теңдігі мен ерлігіне, еркіндігі мен еркелігіне куə бола гөр,
алтын Алтайым?!
Жетінші əңгіме
Арыстар дүниеге кезегімен келіп, бақиға бірінің арты-

нан бірі аттанды...
1930 жылы Зуха қажы, Сұлубай батыр...
1931 жылы Əліп тəйжі, Жантайлақ үкірдай...
Цзен-Шу-Рин қазақ, ұйғыр, монғол, дүнгеннің қанын

сүліктей сорып, алпыс мың мұсылманның басын алды.
Сонда да қанқұмар көз тояттық таппады. Жүкті əйелдердің
қарны қылышпен жарылып, талай нəресте жарық өмірге
келіп үлгірмей қалды. Кəрі Алтайдың баурына паналаған ел

күнгейінен теріскейіне, теріскейінен күңгейге жөңкілген.
Сонда да тағат табар күн алыс. 1931 жылы көктемде бас
сауғалап Алтайға босқан Қобда қазақтары ойда жоқта,
күтпеген қыспақты тағы көріп алды күзде, арты бір қыстап

1932 жылғы жазда Монғолстанға қайтты. Хами-хандығы
құлап, ұйғыр ағайындар да «Байтал түгіл бас қайғының»
күнін кешуде. Құмыл, Баркөлден қуғын көрген ел Бəйтік,
Қаптыққа ойысты. Онда да сая жоқ. Бір жағынан гоминдан

тықсырса, келесі жақтан монғолдар түрткіледі. Есеңгіреген
ел өлім мен өмірдің, от пен судың арасында.
Əке кегімен өзін өзі қайраған Əліптің үлкен ұлы Елісхан
мен Əліптің інісі Қожақын, ел намысын қуған Қожанияз,

Аянбеттің қолына қосылды. Ар намыстың ақ туын жел-
біреткен Нұрғали мен Құсайын тəйжі де Қожанияздың
соңынан ерген. Алтайда Оспан арпалыс үстінде. Құмыл,
Баркөл, Алтай, Тарбағатай елі өзара сабақтасып, қанатын

─ 213 ─

кең жая бастаған. Оңтүстікте ұйғыр, дұңған, қырғыз,
монғолдар бас көтерді. Шынжанның оң мен солы қосылса
ешкімге ырық бермесі белгілі.
Салқын сыздың осы лебізін сезген Цзун-Шу-Риннің аза

бойы тік тұрып, суқаны қаңбақтай ұшты. Ол жағаласып,
жармасып жатыр. Ерегесумен бірге «ептесу» жолын да
іздеуде. Əуелі Шəріпхан мен Баймолданы Бəйтікке жіберіп,
елді тыныштыққа шақырып, Баркөл Құмылға қайта келуін

өтінді.
Ерегескен ел болсын ба?! Шəріпхан да Қожанияз тобын
іштей қолдайтынын сездіріп, сақтандырып қана қайтқан.
Шəріпханның ізіне ит салудан жалықпай ақыры 1932-

жылы күзде «мырза қамау» деген сыпайы атпен Үрімжіде
түрмеге жапты. Цзун-Шу-Риннің түпкі арам ниетін ерте
сезген Шəріпхан да алдын ала Бұқат бейіс пен өз інісі
Шəймарданға жасырын сəлем жолдап, құлақ түріп отыру-

ды ескерткен. Қараша айының ортасында жасанған қолмен
мырза қамауды қоршап алған Шəймардан жалғыз түнде
Шəріпханды түрмеден босатып əкетті. Шəріпхан Сауырдағы
ауылына келе сала Бұқат пен Оспанға елші шаптырып, Ал-

тай, Тарбағатай, Баркөл, Құмыл көтерілісшілерінің басын
қосып, біріккен күшке айландыру ниетін хабарлап, жатпай
тұрмай қол жинады. Ел басына күн туған шақта Дəлелхан
да көсіліп босқа жатқан жоқ. Шағын қолдан жасақ құрып, ат

көлік, алмас қылышын сайлап, бір тобын Оспанға жіберіп
өзі Шəріпханды тосты.
1933 жылы Шынжан өлкесін түгел өрт шалғандай,
күрес оты алаулап кетті. Оңтүстікте ұйғыр, қырғыздар, цэ-

цэн Гэгээннің кегін қуған монғолдар жаппай көтерілгенде,
Бəйтік Қаптықтағы Қожанияз, Аянбет қолы Баркөлге
ойысқан. Наурыздың алдында Жеменей мен Бурылтоғайды
гоминданнан азат еткен Шəріпхан Алтай, Тарбағатай аза-

маттарын тағы да бірігуге шақырып хат жолдады. Осы
сəтті асыға күткен Дəлелхан асыл ағасымен құлашын жая

─ 214 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

қауышты. Бұқат бейспен күш бірлескен Шəріпхан осы
айдың аяғында Сарсүмбені басып алды.
Шіңгіл мен Көктоғайда Оспан ойранасыр салған-ды.
Тағат таппаған Алтайдың Уй-Дауиыңы Үрімжіге қашып

тынды. Оспан Шығыс Түркістанның уақытша үкіметін жа-
риялады. Ұйғыр, қазақ, қырғыз, дұнған, мұсылмандар күш
қосып, қуаттана бастаған сəтін пайдалану ниетімен дұңған
генералы Ма-Чжун-Ин маусымда Алтайға келді. Хами ханы-

мен сыбайлас, Чанкай-Шиден көмек алған Ма-Чжун-Иннің
түпкі ниеті мұсылмандықты бетке ұстап, қазақтарды өзіне
тартып, Хами хандығын қайта құру еді. Ол мұсылмандық
деген желеумен бейуаз, қытай шаруалары мен қарапайым

орыс, монғол азаматтарын қойша қырды. Бірақ оның шолақ
ойы көптің қолдауын таппады. Гоминдан билеушілеріне
қарсы күресте бірігіп, жаңа ұғыныса бастаған аз ұлттар
өкілі Ма-Чжун-Иннің бұл қылығын жақтырмады. Шəріпхан

да қарсы тұрды. Шəріпханның ниетін қолдаған Бұқат бейіс,
əз залың, Дəлелхандар қол қоса, орыс монғол азаматтары-
мен жасақтарын молайтып, біріккен күш Ма-Чжун-Инға
қарсы күресті. Ма генерал қазақтарға деген сол ызасымен

Шəріпхан мен Биқажының ауылын шауып, Қобық арқылы
Тарбағатайға өтіп кетті. Ма генералдан ежелгі кегін қайтарып,
көтерілісшілерді өзіне тарту ниетімен өлкелік билікке қолы
жаңа жеткен Шың-Ши-Сай губернатор Ма-Чжун-Инді шет

елге қуып шығып, Баркөл қазақтарының ықпалды азамат-
тарын түрмеге жауып, Бұрхан шахи мен Баймолда Қареке
ұлы арқылы Шəріпханға «достық» сəлем жолдады. Оспан
оның содыр қылығынан секем алған. Түлкі мінез, жымсыма

Шың-Ши-Сай Шəріпханды Алтай Дутыңына, Қожаниязды
Өлке орынбасарына тағайындағанын жария етіп, көтерілген
халықты бейбіт келісімге шақырды. Оспан үшін бұл пікір-
опасыздық.

Ол: «Гоминданның билеушісі кім болса да ниеті бір. Ата
жауың-сол! Олардың жыртысын жыртып, жоғын жоқтаған

─ 215 ─

болсаңдар не үшін қан төгіп, қапа болып жүргесіңдер!
Маған түркстан халқының бостандығы ғана қажет!» деп
өз қолын артынан ертіп,ат құйрығын кесіп тайып тұрды.
Шəріпхан Алтай елін билеуден бас тартпады. Дəлелхан екі

арыстың арасында аң-таң, дел-сал. Шəріпхан оған:

– Халық қан жұтқалы 4-5 жыл өтті. Өткен жылғы жұтта

жығылған үстіне жұдырықтай шаруашылық құлап бітті.
Сергелдең болған ел қашанғы хан кешті өмір сүрмек. Аш-
жалаңаштар да аз емес. Елдің еңсесін көтерейік. Би мен
төреге де ел бағынғанды қойды. Елдің басын қосып, береке

бірлікке шақырып жүректің жарасын жазайық. Жастар оқып
көзін ашсын. Ғылым, білімге талпынған басқа елдің нарқын
көрмейсіңдер ме?– дейді. Шəріпханның пікірін ағасы Əлен
төре де, көзі ашық Баймолда мен Бұқаттай ел адамдары

да қостады. Сор маңдай елдің алдағы ауыртпашылығы да
аз емес екен. Өткен жылғы жұт аз болғандай 1933-1934
жылдың арасы тағы да ойылған жұтқа айналды. Жазғы
қуаңшылыққа күздің қара басынан жауған қар жалғасып,

жайылымнан жұтаған малдың шығыны күннен күнге
молайған. «Жау жағадан алғанда бөрі етектен аладының»
кейпі. Етігімен қан кешкен ел белшесінен қар кешуде.
Өткен 1932-1933 жылғы жұтта Қобдаға асып жан

шақырған Ібірəлі, Қайдар, Өртең, Райыс бастаған 600 үй
биыл да Монғол елін паналауға қалды.
«Жаудан қашқан құтылар. Жұттан көшкен құтылар». Ал-
тайдан Богдаға өткен Зəйіп тəйжі Баркөлге ауды. Баркөлдің

Құмыл жағы күңгей, қара от кетпейтін жер. Сарышоқы,
Бисан атты екі сеңгір төңірегінің жайылымы мол. Сай-
саладан аққан бұлақ, бастау болмаса үлкен өзен жоқ.
Баркөлдің солтүстік батысында Ағар, шығысында Тұркөл,

Атөрік, Тал сияқты адырлы өлкелер малға жайлы. Жаз-
да тау өңірін жайлаған ел, күзде етекке түсіп, қыста адыр,
қойнау, күңгейге сіңіп кететін. Құт берекесі кеткен елде не
сын бар. Əркім төтеден жол іздеген шақ. Елісханның елі

─ 216 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

1934 жылы Баркөлден Гансу, одан Цинхайга өтті. Артынан
Солтаншəріп, Құсайын тəйжі бастаған 500 адам тағы жет-
кен. Шынжан мен Гансу арасына əскери бақылау орнаса да
босып жөңкілген елге еш нəрсе тоқтау болар емес. Тағы да

көш. Тағы да шаң боратып босыған ел. 1935 жылы наурыз-
да əскери қорғауды бұзып-жарып босқан 600 үйлі жан тағы
да ақтабан шұбырынды болып Гансудағы елге қосылды.
Үйірінен бөлінген мал. Серігінен адасып, сергелдең болған

ел. Оларға алладан өзге демеуші жоқ.
Монғол елін пана тұтқан 600 үйлі жанның ақ ниетін
ұқпағаны ма, əлде мал мен жанын олжа көрді ме, Монғол
үкіметі жұттан жаңа бас көтерген елді 1934 жылы көктем

шыға ішкері айдады. «Кенжебек айдаған» дейтін аты шулы
бұл оқиға тағы да ананы баладан, арысты жарынан айырды.
Көз жасы арылмаған қазағым-ай, десеңші!
Ыбырайхан үйіне жиналған жігіттер Монғолдың əскер

басшысын өлтіріп,Кенжебекті байлап əкетті. Жазда үдере
көшкен ел Монғол əскерімен қақтығысып, ақыры Тəбік ұлы
Бексұлтанның бір оғы Кенжебектің өліміне себепші бол-
ды. Іс мұнымен тынса тағы бір сəрі. 1934 жылдың күзінде

ежелгі мекені Алтайға тартқан Мағасыл, Байқадам аулын
Монғолдың атты əскері өкшелей қуып, аэропланмен оқты
жаңбырдай боратты. Жазықсыз елдің қаны тағы да судай
аққан, көз жасы көл-көсір. Төзімі таусылған Оспан 1934

жылы ақпанда қайта көтерілген болатын. Ал Шəріпхан
жылаған елді жұбататын жол іздеп, жатпай тұрмай жанта-
ласты. Ол алмас қылыш пен алтын дəуіт қаламын қолына
қатар алған. Оның ойы: «Білекті бірді, білімді мыңды

жеңеді. Қараңғы халқын оятып, көзін ашу керек. Қазақ де-
ген халық енді қой қумай ой қуатын заман. Өнер, білімге
талпынсаң ғана өзгеден оқ бойы озасың. Өнер, білімсіздің
күні қараң!»...

...Шынжан қазақтары үш бəйтеректің көлеңкесін пана-
лап, үш сеңгірді меңзегендей. Сол үш сеңгір мен бəйтеректің

─ 217 ─

біріншісі – Қожанияз, Елісхан тобы. Олар талмай, жалықпай
көшумен ілгері жылжуда. Бірақ өрісі тар, шығындары мол.
Бөліне көшіп, бөріге жем болғандары аз емес.
Екіншісі – Оспан батыр. Ат үстінен түспей шығыс

Түркстан үшін арпалысуда. Мұраты биік,арманы асыл.
Бірақ межесі алыс, жолы күдір, келешегі бұлдыр.
Үшіншісі – Шəріпхан. Тілегі тыныштық. Бейбіт жол-
мен теңдік, еркіндік алмақ. Елінің көзін ашпақ. Дəлелхан

«нартəуекел» деп Шақаң төренің етегінен ұстауға серт етті.
Өйткені оның саясаты көңіліне қонымды, көзіне жылы
танылды. Шəріпхан жаңашыл өзгерістерін бастап кетті.
Қазақ даласында Əлен уаң мен төрт орын – төбе билердің

билігі сахара заңы бойынша жүрсе де, гоминдан үкіметінің
мойындауымен Шəріпхан дутың Алтайға ресми əкімдік
етті. Баркөл, Гансу, Цинхайға бөліне көшкен елдің ендігі
қалғанын қансыратып, қанжылатпауға тырысты.

Шəріпханның өзегін өртеп, жанын жегідей жеген ой-
елін аштықтан құтқару. Бұдан қашып құтылатын амал жоқ.
Арпалысып еңбектену керек. Оның үміті кеңес үкіметі.
Жаңа мисал державаның қанқұйлы ішкі қатпарын ұғып

үлгермеген Шəріпханға Кеңес Одағы жетім мен жесірдің,
кедей мен кепсектің, аш пен жалаңаштың, аз ұлттың араша-
сындай сезілді. Əсіресе, сонау жылдары Зайсанда оқыған
балалық сезімнің жетегіне ілесе берді.

Үкімет пен халықтан жинаған тиын-тебенін беріп,
Зайсанға сауда керуенін толассыз жүргізді. Сарсүмбе мен За-
йсан арасында сабылып, шөміштеп астық артқан сол керуен
«ақ шөміш» атанып, халықты затқа қарық болдыра бастады.

Он жерден қазан асылып аш-жалаңаштар тамақтандырылды.
Панасыз балалар үшін мектеп, өнер үйірмелері ашылды.
Кеңес елімен жасаған сауда, мəдени қатнасы өрістей түсуде.
Ат көлік, сайман, тұқыммен көмектесіп, кедей көшпенді

ауылдарды егіншілікке шақырды. Жин-Шу-Рин тұсында
жабылған қазақ, монғол ұлттық мектептерді қайта көтеріп,

─ 218 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Сарсүмбеде бастауыш жəне орта мектеп пен мұғалімдер
дайындайтын курс ашты... Тамыры терең бəйтеректің
бұтағы да сан-сала...
Күн артынан күн туып, ойды ой қозғайды. Қазақ мекте-

бінен соң ұйғыр, монғол мектебі, қыздар бастауыш мектебі...
Орыс, ханзу тілінде оқитын бөлімдер... Жаңа бетбұрыстың
түр-тұр-паты да өзгеше. Затына сай аты да жаңаша! «Жаңа
кеш», «Жаңа гүл», «Табыс», «Өрнек», «Ғибрат», «Жас

ұлан»...
Осының бəрі оқу-ағарту, өнер-білім ордаларының аты.
Қандай сыршыл арманы биік азамат десеңші. Шəріпхан
аймақ басқарған 1933-1939 ж. арасындағы 6 жылда Алтай

аймағында 75 мектеп ашылып, əр жылы 10000 бала қамтылып
отырған. Үрімжідегі əскери техникумға 300 бала, Ташкент-
ке 20 бала жіберді. Қарайсыз ба? Қазаққа сауатты ұстазбен
қатар салауатты əскери маман да, саясаткер де, тілмаш та,

дипломат та қажет екенін болжай білген. Алтай аймағында
ұлттық баспамен сахналық өнер ұйымын да ашып үлгерді.
«Жаңа Алтай» журналы мен тұрақты газеттер де шығарды.
Осы ұлы істің бастаушысы, ұйымдастырушысы, қолма-қол

іскер қызметшісі де өзі. Орыс, ханзу, ұйғыр, монғол тілі мен
салт-санасына жетік Шəріпхан көп ұлттың ортақ мүддесі
үшін талмай күресті. Ұлы мұрат үшін Алтай халқын ар-
тынан ертіп,əр ауданда қаржы жинайтын «қазак-қырғыз

ұйымын» құрып, жер қайысқан халқының алғы шебінде
кеудесін оққа да, отқа да, ыстыққа да, суыққа да тосты. Кəрі
Алтай ұйқысынан оянып, дүр сілкінді. Мүлгіген ел еңсесін
көтеріп, көзін ашты. Жығылғанды тұрғызып, жылағанды

уату, күллі халыққа қамқоршы болып артынан ерте білу
əркімнің қолынан келмейтін іс. Тек Шəріпхандай ойшыл, па-
расатты, өктем мінезі жоқ, кішпейіл, қарапайым, əділ, іскер
азаматтың, табанды күрескердің ғана пешенесіне бұйырса

керек. Ол халқына азаттық, еліне тəуелсіздік əперетін жол-
ды да іздеген. Көп ойланды. Ұлтының қас жауы – Жапон

─ 219 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ отаршылары, гоминданның қара ниет, қан ішер қол аяғы деп ұқты. Дұшпаннан кек алатын жол таппай қиналды. «Кедей мен жетімге, жұмысшы мен шаруаға, ұсақ ұлттарға еркіндік əкелдік» деп қиқу салған кеңес үкіметі мен «Гоминдан езгісін құлатамыз» деген Маолықтар мешеу қалған қазақ қауымын құтқарушы, жан алатын жабраһилдерді жоюшы күштей көрінді. Тарих, тағдыр, заман заңы: «Мойныңды осыған ұсын! Қолыңды соз!» деп бұйырды. Ұлы арыс тарлан тарихқа тағзым етті. «Шахаң төре» атанған ұлы арыстың мектебінен өтіп, он жылға жуық үзеңгілес жүріп, оны ұстаз, əрі аға тұтқан Дəлелхан алдын кесіп өтпей кішілік ететін. Ұстазы мойындаған тарихи ұсынысты ол да іштей қош көрген. *** Алтай аймағындағы «Шақаң төре бетбұрысы» атанған соңғы алты жылда (1933-1939) Бəйтік пен Баркөлдегі ел бір күн тыныш ұйықтамаған. Шырқы бек кеткен елдің от басы ойран-топыр. 1936 жылы күзде Зəйіп тəйжі, Қасым батыр бастаған үшінші көш Баркөлден Гансуға жетіп, Елісханға қосылған. Манас Қазақтарының көтерілісін бастаған Баймолда Қараке ұлын Монғолдар да қостады. Арпалысып, аласұрған гоминдан үкіметі енді ешкімді аямауға бекінген. Баймолданы 18 ай Үрімжіге қамаса да, оның туын Халықбек қолға алып, көтерілісшілерді бастады. Гансу мен Алтайдың арғы, бергі бетіне ауа көшіп уысына түспеген көшпенді қазақты мықтап бір матау жолын іздеген гоминдан əкімшілігі ақыры Баркөл мен Гансу арасындағы əскери қарауылды көлемді қолға айлдырып, 1936 жылы монғол-қытай шекарасын жаңадан белгіледі. Бұл 1863– жылғы Ресей мен Қытай үкіметінің құпия келісімінен кем

─ 220 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

болған жоқ. Үш пұшпағын үш ел кергілеген қазақ халқы
Алтайдың күнгейі мен теріскейінде, Ресей, Монғол, Қытай
елдерінің боданы болып, көзін жас, көңілін мұң басқаны
осы.

Гоминдан құрсауын қыса түсті. 1937-жылы қазан ай-
ында Гансуға өткен елдің артынан тағы да үдере көшкен
Қожабергеннің 500 үйлі жанын аяусыз соққыға жығып,
Баркөлге қайта қуды. Ел бастаған Ғабдолла, Хайбар,

Сейітнəбиді Үрімжіге түрмеге жауып, қыспақты күннен
күнге күшейтіп, бақылауын бір сəт те толастатпады. 1938
жылы қыркүйекте Бəйтіктегі елді Қытай, Монғол əскері екі
жақтан қысып, қызыл қырғын етті. Босыған ел Бəйтік пен

Қаптық арасындағы үш күндік елсіз, сусыз, сахарада сандал-
ды. Көш бастар 18 азаматы түрмеге жабылып, еңсесі түскен
ел амалсыз Баркөлге келуге мəжбүр болған. Баркөлдегі
елдің бір тобы жыл аяғы-аққар, көк мұзда тағы дүрліге

көшіп, 1939-жылдың басында Гансуға жетті. Торғайдай
тозған елдің алды Цинхай, орта шені Гансу, арты Баркөлде.
Қансыраған дала. Еңіреген ел. Жарын жау жалмап, жетім
қалған жесірлер. Боздақтай ұл, жауқазындай қызынан ай-

рылып, аңыраған ана. Ботадай боздаған бала. Бораған шаң,
безілдеген бозінген. Осы бір іреңсіз, сүреңсіз сурет қазақ
даласын қанша ғасыр жындай жайлады десенші! Ол – ол
ма? Гоминдан үкіметі есеңгіреген елдің еңсесін мүлде

көтертпейтін жымсыма жаңа айла тапты. «Атуды-шабуды
қойдық, ұстауды, жабуды доғардық. Ел басқарған адамдар
мəмілеге келіңдер! Кеңеске шақырамыз?!» десті.
Қансырап қалжыраған, талығып тарыққан, еркіндікті

аңсап, теңдіктен шөлдеген ел, аңқау қазақ алданарын қайдан
білсін. Анталаған азаматтар үлкен үмітпен 1939-жылғы
қыркүйекте Үрімжіге жеткен. Олар алданыпты, «мəміле»
емес, «мырза қамақ» екен. Оның шын мағынасы түрме.

Қазақтан басы – Əлен Уаң болып, Шəріпхан, Қалел тəйжі,
Баянбай үкірдай, Бұқат бейіс, Мəмиұлы Мəнкей, Байқадам

─ 221 ─

үкірдай Дəлелханнан тартып, ру басына дейін, Монғолдан-
Тайвің, Шолтың қостап қырықтан астам кілең ел басшыла-
ры, жақсы жайсаң, марғасқалар.
Басқарусыз елді бас көтертпеу үшін қарашада «Əскери

жəрдем»деген мəймөңке атпен, алым-салық үстіне елден
қоңды аттың бəрін жинап, «Қару жию» деген желеумен
үйдегі мылтықтар құралды. Енді сен бас көтеріп көр!
Жоқ-жоқ! Асау қазақ бұған да көнбеді. Ырысхан,

Ақтеке, Сүлеймен, Есімхан сынды ерлер ат-құралын бе-
руге келіспей Шіңгіл, Көктоғайда тамыздың аяғына дейін
қарсыласты. Гоминдан əскері орасан шығындалып қару
жиғаны сол, мыңдай мылтықтан айырылды. Зымиян Шың-

Ши-Сай қайын атасын көтерілісшілерге жіберіп, келісімге
шақырған. Долданған ел, буырқанған кек оңайға тоқтасын
ба? Шың-Ши-Сай мырза ақыры мырза қамаудағыларды
босатуға келісті. «Мырза қамақ» табаны күректей бір жыл

немесе 1940-жылғы қыркүйекке дейін жалғасты. Өкінішті
жері қазақтың Ақыттай – зерделі ақыны, көріпкел көрегені,
діндар қажысы Шəріпхандай-асқар белі, саялы бəйтерегі,
Баймолдадай ағартушы, қолбасшылары мəңгі оралмасқа

кеткен. Қырықтан аса қыршынынан қиылған Шəріпханның
азасы ары айтса алты алаштың еңсесін түсіріп, бері айтса
ару ананың омыртқасын опырып кеткендей. «Елдің жүгін
көтерер-ау» деп үміт қылған, арысынан айрылған ана –

Метіке ханым:
... Ұядан ұшқан қыран қонарға жоқ.
Іздесем алтын-Алтай оралда жоқ.
Көңілді қалай ғана жұбатамын,

Болмаса құба балшық молаң да жоқ...
деп күңірене, еңірей жоқтады.
Иə, қияда мерт болған қыран тұғырына қонарға жоқ. Ол
алтын Алтайына оралмады. Тек осыдан 7 жылдан соң неме-

се 1947-жылы қазақтың Іле, Алтай, Тарбағатай үш аймағы
жеңіске жеткен соң Шəріпханға ескерткіш тұрғызды.

─ 222 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Артындағы ел жұрты аза тұтып құрметпен еске алды.
Жылаған елдің көз жасы онсызда аз ба еді? Амалың бар ма?
Бұл көпті көсемсіз, дауды шешенсіз, көшті бастаушысыз,
қолды қолбасшысыз болдырудың амалы. Демек, еркіндік

теңдік, ар намысы үшін арпалысқан ел үшін шегінуге жол
жоқ. Қақпанға түскен арлан аяғын шайнаса да босауға ты-
рыспай ма?
Жаралы жолбарыс жолындағы кімді аяушы еді? Шын-

жан елінің күйі бүгін дəл сондай. Қақпан-қамал, тоқырау-
тору. Сергелдең-сенделу. «Көз жұмылса аяқ сүрінер» деп
сақтанған қазақ кегін қайрап, кірпік қақпай қайта атқа
қонды. Жығылып тұрып, өліп тірілді. Құлаған туын қайта

көтерді. Шіңгіл мен Көктоғай азаматтарын күреске бекіте
түкен Оспан батыр, өзі Іле, Тарбағатай қазақтарының басын
қосуға аттанды. Көтерілісшілер талабымен мырза қамаудан
босаған Жəнімхан, Бұқат, Қалел, Дəлелхан бастаған ел бас-

шылары Шың-Ши-Сай үкіметімен Көктоғайда келісімге
отырды. Бітімдері мынау:

1. Көтерілісшілерді жауапқа алмау. 2. Алтайдан ұстаған адамдарды толық босату. 3. Аймақ, аудан басшыларын жергілікті ұлт өкілінен

тағайындау. 4. Алым-салықты азайту. 5. Сақшы мекемелерді тарату. 6. Қолға түскен қару-жарақты қайтару.

Амалы таусылып, апшысы қурылған Шың-Ши-Сай
төңірегін тегіс болжап, асықпай саспай айла іздеді. Жара-
лы жолбарысқа қарсы шаппай өз жарасын өзіне жалатып,
сабырға шақыратын жолды көздеді. Ақыры оны тапты да.

Келісімнен соң Бұқатты Алтай аймақ уəлиіне, Дəлелханды
оның орынбасарына, Жəнімхан мен Тайвің, Рахаттарды
аудан орынбасары (Шиаң-Жан)-на, Назырды Баж мекеме
орынбасарына тағайындады. Басқа ауданда өзгеріс болған

жоқ. Керісінше жоғардағы бітімнің соңғы екеуі құп алын-

─ 223 ─

бай, біраз адамдарды тағы да қолға алды. Шəріпханнан соң
білім парасат алғырлығымен халық арасында Дəлелханның
беделі тез өсті. Ол Монғол тіліне жастай жетік болды да
соңғы жылдары орыс, ханзу, ұйғыр тілін игере бастаған.

Шың-Ши-Сай осындай озық ұлдарды халқына айдап са-
лып, өз қолын өзіне кестірмекші. Қазақтарды бейбіт жол-
мен басқарудың жасырын тұзағын құрды. Цинхайдағы елді
атамекеніне шақырып,бейбіт жолмен басқару ниетімен

Дəлелханды аттандырды. 1934-жылы Баркөл, Құмылда
көтерілген елге Шəріпхан мен Баймолданы жұмсап көрген-
ді. 1940-жылы қарашаның басында Гансу мен Цинхайға кел-
ген Дəлелханның ет жүрегі елжіреп жаны түршікті. 1934–

жылдан бастап босыған жиырма мыңнан астам қазақтан бұл
күндері жеті мыңға жетер жетпесі ғана қалған. Гималайдың
ұлы жондары мен Такламаканның бетпақ даласын жа-
мылып, Үндістанға өтпек болған елдің көбі жол азабына

шыдамай, шөлден, аштықтан, ыстан өлсе, қалғандарын
Гансудың əміршісі Мафуфан атты сатқын дұнған қан кешті
еткен. Ауа көшкен елдің ат, түйесі мен қолдағы қаруын
құрап, ерлерін Лəнжу, Жиу-шанға бекініс салуға айдап, жас

əйелі мен қыршындай қыздарды иемденіп, онсыз да тары-
дай тозған елдің ұрпағын үзуге əзер қалған.
Екі қабат əйелдердің ішін жарып, жас баланы шыбықтай
шауып əскери ойынға айландырады. Ар намысы төгілгеніне

назаланып өзін өзі мерт қылған арулар да аз емес. Шың-Ши-
Сайдан оның артық жері жоқ еді. Дəлелхан Гансу, Цинхайда
сегіз ай сергелдең күн кешті. Қайда барса да қанжылаған ел.
Шиеттей бала, шикі өкпе əйел. Ол: «Бөлінгенді бөрі жейді»

деген осы. Өлсек те, тірілсек те бірге көрейік. Ата мекен-
ге қайтыңдар?! Қайтып қараламауға мен кепіл болайын.
Егер Шың-Ши-Сай опасыздық істесе бүйтіп кісі жерінде
тозғанша, өз елімізде өлейік. Босқа өлмейік, еркіндік,

теңдігіміз үшін күресте құрбан болайық!Адасқанның айы-
бы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң. Сор маңдай халқым-ау,

─ 224 ─ СҰЛТАН ТƏУКЕЙ басымызды қосайықшы?! – деп өтінді. Басқалқадан айрылып, барған жері батпақ сор болған ел оның артынан еруге сүлдері қалмаған еді. Дəлелхан жазықсыздан жылаған елмен күңіреніп қоштасты. Жыласып айрылысты. Тағдырдың салған жүгіне амал нешік? Бауыры елжіреп, сүбесі сөгілген Дəлелхан артында қалған еліне жыр маржанын тастап, ат жалын құшқан күйде Алтайды бетке алды. ...Заңғар тау, мұнарланған көлің қалды, Құлпырған масатыдай жерің қалды. Сай сала шу-шу етіп малға толған, Баласы он екі Абақ елің қалды. Көк өзен, шалғын біткен сазың қалды. Май туа шығатұғын жазың қалды. Түн бойы шуылдасып əн салатын? Майпандап көлге қонған қазың қалды... Иə, адамға бұдан қымбат не болсын. Байтал түгіл бас қайғы болған шақта бəр-бəрі адыра қалды. Жылаған жүректің жыры адырдан адырға асып,құм төбелер арқылы Құмылдың бетбақ даласынан Цинхайдың шөліне дейін жетті. Жібек желмен жүрекке жеткен жыр ыстық жас болып сорғалады. Көзінің жасы арылмаған елім-ай десеңші! *** Алтайдағы жағдай да жетісіп тұрмаған. Дəлелхан ішкері өлкеде болған сегіз айда мұнда да ойпыл-тойпыл, қат-қабат оқиғаға толы болатын. 1941-жылы мамырда əкелі балалы Қалел мен Рахат бастаған қол Көктоғай мен Шіңгілде екі мəрте көтерілді. Шытжаңа əбігерленген ШыңШи-Сай Қайын атасы Фу-фын-Линді тағы да Көктоғайға аттандырған. Ол көтерілісшілерді Əскери күшпен алыстан

─ 225 ─

қоршап, Көктоғайда келісімге отыруға шақырған. Алдана-
рын білген көтерілісшілер бұған келіспесе де қыркүйектің
20-сында үш полк əскер жалғыз түнде оларды басып алып,
Қалел мен оның ұлы Рахатты қолға түсірді. Дəлелхан дəл

осы ырғын үстінде Гансудан Алтайға жеткен. Ол Бұқаттың
құпия хатын алып Қалел тəйжімен бір рет жолықса да, бас
аяғын жиып үлгірмеді,. «Уəлиді қорғау» деген желеумен
касынан бір елі ұзамай қойған Кытай əскерлері Бұқаттың

өрісін жазуға мұрша бермеді. Қазақ қолбасшылардың
жасырын қатнасын сезген Фу-Фын-Лин: «Калел мен Ра-
хат Үрімжіге барып бетін жылытсын. Кешірім сұрауына
сеңдер де кепіл болыңдар» деп Бұқат пен Дəлелханды

бірге жүруге үгіттеді. Зымиян Фу-Фын– Линнің «Ку ішін»
сезген Дəлелхан: «Алыс жолдан арып, шаршап жаңа
келдім. Азды күн тыныққан соң өзім барайын» деп жал-
тарды. Ал, Бұқат уəлиді «Корғаушылары» бұлтартпады.

Ол Қалелмен бірге «Дубанмен бет көрісу» үшін Үрімжіге
жетер жетпесте ұсталып мерт болды. Тағы да алданған
аңқау ел, арысының сүйегін 1956-жылы қазан айында ғана
Алтайға əзер əкеліп қойған-ды.

Сегізінші толғау
Казақтың caxapa,cap даласы ұланғайыр болса да
Дəлелхан үшін барар жер, басар тау қалмағандай. Өрісі тар,
конысы шектеулі. Жолсыз керуен жарға бір, жартасқа бір

соғылған сеңдей тұйыққа тірелген. Ақылшы да, ақсақал да
азайған. Зуха, Сұлубай, Баймолда, Шəріпхан, Aқыт, Бұқат,
Халықбектей ардагер, арыс ағалар бүгін жоқ.
Əліп, Жантайлақ, Мəңкей, Қалел, Баянбай, Байқадам,

Рахаттай беделді ру басшылары да арадан кетті. Хожа-
нияз, Елісхан, Зəйіп, Кұсайын, Солтаншəріп, Қасымдар
елдің бір тобын ертіп шет елге өтіп жатыр. Одыр мінез
Оспан ағасы оның айтқанына көнбейді. Өйткені Дəлелхан

─ 226 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Шəріпханның жолын қуған шəкірті. Ал, Оспан болса өз ал-
дына бір көк сеңгір. Көтерілген ел бір жылт еткен өрттің
ұшқынындай қаулап бір келіп, күш алар сəтінде кайта
сөніп барад. Олардың түбіне жеткен баяғы берекесіз,

ынтымаксыздық. Бөлінген елдің басы кайта қосыла ма,
жоқ па?
Қосылса оған кім дəнекер болмақ? Ел енді Оспан батырға
тоқтаса бір тоқтар. Ол титықтаған елді тыныштыққа

емес, тек күреске ғана шақыруда. Оған ілесуге елде ат та,
атан да, құрал да, қуат та қалған жоқ. Елге демеу, еңсесі
түскен халыққа сүйеу болатын кім бар?
Карабақан сойылдан өзге құралы жоқ халык, дұшпанның

жойқын күшіне төтеп бола ала ма? Шəріпхан ағасы кеңес
үкіметінен көп үміт күтуші еді. Солар қол ұшын бермес пе
екен?...
Дəлелханды осы ой жатпай тұрмай мазалады. Оған

халықтың мұң-мұқтажымен қатар өз өмірінің ауырт-
палығы да аз соққы болмаған. Бір қайғыны ойласаң, мың
қайғыны қозғайды. Аласапыран, арпалыс үстінде аяулы
қарындасы Шəкəрманнан, ару жары Мəриядан айрыл-

ды. Тағдырын əркім таңдап ала ма? Пешенеңе не жаз-
са соған көнесің. Дəлелхан да өмірдің осы қатал заңына
мойынұсынған.
Сегізінші əңгіме

Менің шешем тағы бір əңгімесінде:

– Шəкібас марқұм əрі сұлу, əрі сері еді. Атының шаша-

сына білезік салатын. Бұрын-соңды мұндай сəн-салтанатты
кім көріпті! «Біржан сал мен Ақан сері сөйтеді» десетін
үлкендер. Алтайда айттырған жері Қанапия бейістің аулы
екен. Ғұмыры ұзақ болмады жарықтықтың. Дəкей Шəкібас

дейтін. Соған еріп бүткіл ауыл «Шəкібас» атап кетіп едік.

– Мəрия қашан қайтыс болған?

─ 227 ─

– Дəкей Алтайға асқаннан кейін он неше жыл өткен

соң. Дəл жақсы білмеймін. Ол кезде біз мұнда болдық ғой.
Əйтеу Ресейден кайтқан жолы Қобда бетін толық аралаған.
Соңда өткен кеткенге көңіл айтып, құран оқығанымыз
есімде дейтін шешем...

Ресейден қайтқан жолы демекші! Дəкей Ресейге неге
қашып шықты? Өмірдің қайғы мұңын, өлімнің қазасын
ұмытпақшы болды ма? Жоқ. Ол өз басының кайғысынан
гөрі, қан жұтқан халқының қамын көп ойлады. «Адасқан

елге арашашы сол» деген үмітпен 1940 жылы 10-айдың
10-ы күні жалғыз түнде Жеменей шекарасы арқылы
Кеңес одағына өтіп кетті. Гоминдан билеушілеріне қарсы
халық көтерілісін Қытай коммунистерінің пайдасына орай

жұмсауға сылтау таппай отырған комминтерннің калдығы,
Сталиндей отаршыл көсемнің қолайына Дəлелхан қалай
жақпасын. Ол Ахмажан мен Дəлелханды Москваға дереу
алдырып, «Шығыс түркстан елінің азаттық күресіне қол

үшін береміз! Қамықпа да қаймықпа?!» деп арқасынан
қағып, маңдайынан сипады. Жəне де «Езілген халықтың
қорғаушысы, қызыл күрескер коммунистер ғана. Қытайда
Мао-Цзе-Дун бастаған коммунистер күшеюде. Қолдарыңды

қосып, Чан-кай-шиді талқан етсеңдер еркіндік қолдарыңа
өзінен өзі келер!» деп емексітті. Бостандық аңсап, қол
ұшын берер серік іздеген Дəлелханның көкейіне Сталиннің
«ақылы» қона кетті. Құдай көктен тілегенін жерден

берді. Москвада екі жыл тапжылмай қайта тəрбиеленген
Дəлелхан орыс тілінен дəріс алды. Туада зерек Дəлелхан
үшін орыс тіл үйренуге екі жыл жеткілікті уақыт. Ұлттық
күрес, бостандық туралы тарихи, саяси еңбектермен жете

танысып, орыс жəне əлем классиктерінің əдебиетін құныға
оқыды. «Метрополь» мейманханасында жатқан күндерін
бос өткізбей, жатпай тұрмай ізденді. Тұрар Рысқұловтың
ізіне түссе де таппады. Зеріккенде Москва көшелерін кезіп

кəрі қаланың егжей-тегжейіне дейін танысып, мəдени өнер

─ 228 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

ұйымы мен жұмысшылар заводын да аралады. Оған кеңес
елінің көп ұлтты халқының ынтымақ бірлікпен қимылдаған
күресі, фронтқа деген жанкешті еңбегі, жаңаша өмірі ерек-
ше əсер берді. «Көп ұлтты шығыс Түркістан халқын өз

тəуелсіздігі мен келешегі үшін осылай жұмылдырар ма
едім!» деген арман қиял оны жебей түскен.
Неміс фашистерімен жанталаса соғысқан кеңес үкіметі
оңтүстікте, батыста, шығыста да одақтас күш іздеп,

қажыған елін аман құтқару үшін кіммен де жақтас болуға
дайын болатын. Дəлелхандай сыналған күрескер, парасат-
ты қолбасшы қажет боларын кеңестің КГБ-сі жақсы ұққан.
Қытай коммунистерінің күресін жеңіске жеткізуге Шығыс

Түркістан қозғалысы пайдалы екенін, ол үшін ұйғыр-
Алихан төре, Ахмажан Хасими, татар – Бұрхан Шахиди,
Қазақ – Оспан, Дəлелхан сынды ықпалды қолбасшылар ке-
рек екенін кеңес үкіметі жақсы түсінген. Сталин1943 жылы

қараша айында: «Оспан мен Дəлелханды баурыңа тарт,
қолтартып, еш нəрсе аяма!» деген құпия хатты Дəлелханның
өзіне ұстатып Улан-батардағы Х. Чойбалсанға жіберді.
«Шығыс Түркістандағы ұйғыр мен қырғызға жұмсайтын

кісіміз бөлек. Оларды Ташкент пен Фрунзеден өзіміз та-
бамыз» деген ниетін КГБ Х. Чойбалсанға білдірген жоқ.
Х. Чойбалсанның да одан артық нəрсені тектеуге дəті
жетпейтіні белгілі. Өз басының уайымы өзіне жеткілікті.

Монғол елінің əміршісі, маршал Х. Чойбалсан Дəлелханды
жылы шыраймен қабылдап, ұзақ əңгімелесті. Бірақ, 1929
жылы Монғолдан қашып шығып енді не бетіңмен келдің?!
деуге дəті барған жоқ. Дəлелханның да, Чойбалсанның да

ар жағыңда айдарынан жел ескен Иосиф Виссарионович
Сталин тұр. Сталиннің аржағында коммунистік қиял бар.
Дəлелханның Улан-батарды басып, Алтайға өтуіне байла-
нысты мына деректерді атап өтейік.

Д. Сүрэнжав: (Ол кезде МХР бас уəлиінің бірінші орын-
басары)

─ 229 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ – Кеңес үкіметі басшыларының телеграммасын алғаннан кейін маршалдан, «Бұл Дəлелхан деген кім?» деп сұрадым. Ол маған жауап қатпады. Бір күні «Маршал сізді шақырады» деді оның көмекшісі. Х. Чойбалсанның алдыңғы бөлмесіне келгенімде, көмекшісі: «Маршалда сырттың қонағы отыр. Аздап күтіңіз» деді. Мен алаңсыз күттім. Маршал шет ел адамын жалғыз қабылдамаушы еді. Қонақ қабылдағанда еш нəрсе жазып, белгілемейді. Бəрін ойға тоқитын адам. Кешікпей «шет ел» қонағын ертіп Х. Чойбалсан бөлмесінен шықты. Оның қасындағы бөгде адам европаша киінген, ұзын бойлы, еңселі, жіпсіктеу карақат көзді, ернінің үстінде қысқалау жасаған қара мұртты азамат екен. Маршал Х. Чойбалсан маған бұрылып: «Əлгі Дəлелханың осы. Бүгін жедел Өлгийге жүргізіңдер!» деп бұйырды. Бұйрық екі етілсін бе?!... Д. Жеңісхан: (Сол кездегі Баян-Өлгий аймақ əкімі ) –Чойбалсаннан хат келді. «Дəлелханға 1-2 ай мол айлық беріп, ел аралатып, шығарып сал» депті. Дəлелхан өзі айтқанда: «Ақкөл аркылы келдім» деген. Қайдан келіп, қайдан тұрғанында қақымыз шамалы. Жарлық қатты, жан тəтті кез. Келесі көктемде (1944 жыл) Бұлғын сұмыны, үлкен Жаргаланты арқылы атпен асырып, Оспанның қолына салдым... Н. Рэнцэн: (1982 жылы 80 жастағы қарт) -Мен аймақ əкімі іс басқару орнында «галч зарлага» отынсушы, шабарман болып істейтінмін. Аймақтық қоғамды кауіптен сақтау бөлімі бірер ақсақалды құпия дайындап, «Нағыз Дəлелхан ба? Анықтаңдар» деген тапсырмамен бақылау қойды. Мен Тұрды заманынан шабарман болған адаммын. Дəлелханды танитынмын. Ел адамдары: «Дəкей Ақкөл арқылы келіпті. Уақытша орман шаруашылығында нұсқаушы болып істейтін көрінеді» десті... Шешемнің əнгімесінен: - Дəкей келіпті. Ел аралап, өткен кеткендердің ор-

─ 230 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

нына құран оқытыпты. Үлкен шаңырақтардан дəм татып
жүр екен» деген сөз дүңк ете түсті. Онда осы ауыл Ке-
мелекте. Қой қоздауға жақындап қалған. Бір күні Дəкей
келді. «Апайға сəлем беріп, шаңырақтан дəм татуға

келдім» деді. (Апай дегені – менің ұлы шешем, Көрінбай
батырдың үлкен қызы Шекей. «Шаңырағы» Қобда
бетіндегі уақтардың бір ордасы, менің ұлы əкем Мəмəділ
отырған үй. Т. С.) Мен бəйек болып ет асуға қамданып

едім, Дəкей: «Асығыс жүрмін. Етке қарай алмаймын» деп
өтінді. Ақыры жылқының ораулы санын шауып қуырдақ
қуырдым. Əтиімнің орнына құран оқытты). Ұлы əкеміз
Мəмəділді шешеміз солай тергейтін. Ол кісі 1937 жылғы

нəубатқа ұшырады. Т. С.).
Дəкейдің үстінде қоңыр сусар жағалы ұзын қара паль-
то. Басында сусар малақай. Аққұба жүзі ашаңдау, аздап
шалдыққан сияқты. «Қайдан, қалай келесің? Не ша-

руа істеп жүрсің?» деген ағаңның сұрауына (Өз əкемді
аға дейтінбіз) қалжыңдап, дұрыс жауап бермеді. Екеуі
шамалас болған соң ойнайтын. «Ел жұртың аман ба?
Сырдықараның дені сау ма?» деген Жешемнің (ұлы

шешемізді шешем солай тергейтін) сұрауына; «Ел жұрттан
шыкқалы екі жылдан асты. Ресей деген елден сабақ оқып
келемін. Алла жол берсе елге енді бет алмақпын...» деді.
Отбасындағы əйел адам əңгімеге араласа ма? Бар ұққан,

естігенім осы, балам...
Тоғызыншы толғау
...Дəлелхан аққан жұлдыздай ата мекенін басып,
ақырғы өткені осы. Ол кір жуып, кіндік кескен өлкені соңғы

көруім деп ұқтыма екен? Кім білсін. Не қылғанмен туған
жердің топырағын қимағаны белгілі. Алты алаштың ба-
сын қосқан арыс-əкенің аруағы осында. Сыйласып, жы-
ласып өткен ағайын туысы, күліп ойнаған құрбылары

─ 231 ─

Қобда бетінде. Мəриямен табыстырған тағдыр елесі,
ақ отаудың орны көзіне от жалындай ыстық. Алғашқы
балаларының да кіндік қаны осында тамған. Тағдырдың
тəлкегіне амал бар ма?Туған жер,туған ауылын тастап,

Керей деген елдің бір бөлегінің намысы үшін аттанып ба-
рады. Төрт пұшпағын төрт ел кергілеген керей ел – Ал-
тай, Қобда қазағы қайтып біріге ме, жоқ па? Кім білсін.
Оның арманы ел бірлігі. Орыс, қытай, моңғол елі бір арнаға

түсіп, бір мұратты алға қойса Шығыс Түркстанның
тəуелсіздігіне қызғаныш етпес! Басымыз қосылар! Енді
Оспан ағаның етегінен ұстағаннан тартынбаспын!»
Дəлелханның ойы – осы. Төтеден жол тапқандай,

қуанышпен асығып барады...
Бір күн тыныш ұйықтап дамылдамай қансыраған
еліне жетуге асықты. Артында анасы, жетім бала-
лары, сергелдең болған елі зарыға күтуде. Орыстан

да, Монғолдан да көмек алуға келісті. Тəуелсіздік үшін
күрескен Kытай жұмысшылары мен шаруалары күш алса
Гоминдан билеушісі Чан-Кай-Ши-ді үш-төрт жақтан
тықсырып талқан қылуға шүбə келтірмейді. Сонсоң

Шынжандағы аз ұлттың азаттыққа қолы жетуіне
үміті зор. Осындай үлкен үміт, биік арманның киялына
қонған Дəлелхан қалай асықпасын.
Тоғызыншы əңгіме

Дəлелхан 1944 жылы көктемде Өрмегейті арқылы
асып, үйіне де соқпастан, тура Көктоғай, Шіңгілдегі көте-
рілісшілерге тартты. Шың-Ши-Сай 1942 жылдан кеңес
үкіметінің əскерін Шыңжаннан куып шыққан. Себебі

Гитлердің дүмпуіне кеңес елі төзе ме, төзбей ме белгісіз.
Екіншіде, Жапон əміршілері де Кеңеске қарсы одақ құру
үшін арпалысуда. Енді өз басына Шығыс Түркстанның
көп ұлттарынан гөрі Сталин мен Мао-ның қаупі күшейіп

─ 232 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

келе жатканын ол сезген. Қызыл сақшылар мен
ұлттар көтерілісі қосылса тамтығы да қалмас. Қазақ
көтерілісшілері Оспан төңірегіне топтасқан. Орыс
пен Монғолдың арғы ниетін сезсе де жалғызсыраудан

сақтанған Оспан батыр Орыс пен Монғолға елші шапты-
рып, əскери одақ құруға тырысты. 1943 жылы қазанның
5-де Монғолдың қауіптен сақтау министрінің орынбаса-
ры Дүйнхэржав, Кеңес одағының өкілі-кеңесші Похомов

пен Оспанның Қайырты асуындағы кездесуі, осы жылы
Бұлғында Оспанның Монғол генералы Б. Доржмен дидар-
ласуы, 1944-жылы 23-ші ақпанда Бұлғын, Ала төбедегі
Оспанның Х. Чойбалсан, Б. Дорж екеуімен келісімі, осы

келісімнен 2 күннен соң Оспан мен Чойбалсанның бетпе-
бет оңаша жолығуы, 1944 жылы наурызда Бұлғында
Сүхбаатарұлы Галсанның Оспанға Орыс-Монғол көмегі
ретінде қару-жарақ жеткізуі, соның артынан Оспан Ша-

тыр тастағы ордасына маршал Х. Чойбалсанды қонақ
етіп, қошамет көрсетуі, осының барлығы Оспан батырдың
іскерлігі мен көрегендігінің, Дəлелханның саяси кеңесінің,
Москва менУлаанбаатардағы келісімінің нəтижесі бола-

тын. Х. Чойбалсан Сталинге қылп алғызбауға тырысты.
Бер деген құралын да аяған жоқ. Оның үстіне О. Халха-
бай, Б. Қаби екеуіне басқартып, Монғолдағы жергілікті
қазақтардан 500 адаммен жасақ құрып, «партизандар от-

ряды» деген атпен Оспанға аттандырды.
...Халхабай, Қаби бастаған,
Партизан шықты қазақтан... деп жырлайтын «парти-
зандарымыз» сол. Көмекке жіберілетін əскерлердің алды

Хобдада жасақ құрып жатқаңда 1944 жылы көктемде
Дəлелхан келіп дайындықтарымен танысып, əскерлерді он
басы, елу басы, жүз басы етіп ұйымдастыруды тапсырып,
Шынжандағы саяси ахуалдан əңгіме жасады. Халхын-

гол мен Қобдадағы полктан жаңа босаған, жүздері күнге
тотығып, еріңдері кезерген қазақ жігіттерімен кезіккен

─ 233 ─

Дəлелхан олардың қай ауылдан екенін де сұрамай-ақ та-
ныды. Əркімнің сыртқы бітімі, көз қиығы, мінезі, сөз
лəмі: «Мен мына ауылданмын!» деп тұрғандай.
Осынша көмек бергізгені үшін аржағы Сталин, бержағы

Чойбалсан «Оспанды өзіне тартамыз» деп үміттенген. Ал-
тай елі партизандар отрядының алдынан шығып, үй тігіп,
мал айтып сойып, кара қаптың аузынан шашу шашып,
қошаметпен қарсы алды.

Ағынан жарылып күткен Алтай елі үшін ағайындық ни-
етпен қол ұшын бергендер де, қанын төгіп, жанын қиғаңдар
да аз емес-ті. Екі ел табысқан мерекелі күнде де, жанды
қолға ұстап жанталаса күрескен мезгілде де қарабастың

пендешілігінен аса алмай жау-жардан босыған елдің ма-
лын олжа көріп, астығын теңденіп, қызыл туын тымағына
тыс ету үшін күн кешкендер де кезікті. Өліктің қолынан
алтын-күміс жүзігін сыпырып алғандар да болды. Жеңіс

туын желбіретіп, партизаннан қайтқандар қосарға ат же-
тектеп, бес атар мылтық олжалағаны да мол. Ал, кеңес
үкіметінің құлқыны атпен де, алтынмен де өлшенбей,
тек бір халықтың тағдырымен ұштасып жатқан. Ол үшін

Чойбалсанды жолбике пайдаланды. Чойбалсан да сенімді
серігінің көңілін жықпауға тырысқан. Оспан сыйға сый,
сыраға бал берсе де Шығыс Түркістан Республикасын
ешкімге айырбастамауға серт еткен. Ол да Чойбалсан-

ды ұзын арқан, кең тұсаумен ұстап, «Кімнің кімді сатып
аларын алла білсін» деп түйген. Дəлелхан Москвадан
алған «сабағы» бойынша, халықтың басын қосатын «са-
яси ұйым құру қажет» деп ұққан. Сол тəлімімен «Шың-

Ши-Сай-ға қарсы халық ұйымын» құрып, халыққа ішкі
сыртқы жағдай жөнінде жиі əңгімелеп, оның егжей
тегжейі мен ұлт азаттық қозғалыстың мұратын түсіндіріп,
елді бірлікке үндеп, күрестің саяси ұйымдастырушысына

айналды.
Ұйымшылдығы арта түскен көтерілісшілер 1944

─ 234 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

жылы көкекте Шіңгілді, қыркүйекте Алтайдың 6 ауда-
нынан Бурылтоғайдан өзге 5-еуін азат етті. Қазанда
Бұлғын-Шіңгілде
Дəлелханның

ұйымдастыруымен
өткен халық жиыны «Алтай халық уақытша үкіметін»
12 адаммен кұрып, бастығына Оспанды, орынбасарына,
əрі көтерілісшілер жасағы қолбасшысына Дəлелханды

тағайындады.
Карашада Оспан Іле көтерілісшілерін артынан ертіп,
Шəуешек пен Ілені азат етті. Желтоқсаңда Көктоғай
қаласы Гоминдан қолынан тазарды. Оңтүстікте ұйғыр,

монғол ұлтының көтерілісі жеңіс алған. Тек Хами, Үрімжі,
оңтүстіктегі кейбір аудан ғана Гоминдан қолында. Өмір бойы
бұққан, қорыққан, езілген еріксіз халықка «жеңіс!» деген жа-
лынды сөз қиялдай. Аттың жалы, түйенің қомында жүріп,

азаматының қанын төгіп жеңіске бір жетуі жетті. Енді қалай
ел болады? Ахмажан мен Дəлелхан бұл жеңісті жол бике
біреудің жемі болдырмас үшін елдікті, тəуелсіздікті ресми
жариялау қажет екенін пікір етті. Ұйғыр-қазақтың жақсы

игілері бұл пікірге қосылды. 1944 жылы 15– қарашада
«Шығыс Түркістан Республикасы» деген ел дүниеге келді.
Ел басына өзбек текті, Алихан төрені сайлады. Шығыс
Түркстанның дабыл қағып дүниеге келуіне қарапайым

халық қуанса, кеңес үкіметі жұбанышты еді. Сталин шама-
сы келсе жаңа республиканы кеңестің кең көйлегінің ішінде
ұстамақ. Оған Мао-ның қойған талабы да қатал. Берсе бір
пұшпағы Монғолға да артық болмағандай. Үлкен «идея»,

үлкен ұлт, үлкен отаршылар арасында қашанда мəліш са-
уда, тиын тебен жүрмеген. Бүкіл бір ел, бір халықты олар
түгелдей жалмаған. «Ұлы көсемнің» түпкі саясатын Алихан
төре де, Оспан да, Дəлелхан да сезген жоқ. Тек «елдік, теңдік

деген осы» деп ойлаған. Ұйғыр, қазақ, қырғыз, монғолдан
құралған ұлы қосын жаңа Республиканың біріккен ұлттық
армиясына айналуы Сталинді қатты шошындырды. «Шыны-
мен Шығыс Түркістаннан айрылғаны ма?»

─ 235 ─

Ол 1945 жылы саяси жағынан сенімсіз Алихан төрені
жедел босатып, өзінің сенімді кеңесшілері арқылы «құрал-
сайман беремін» деген «жылы» сөзбен жылдыртпалатып,
Ахмажан Хасимиды Шығыс Түркстанның төрағасына сай-

латты. Саны 30000-ға жеткен ұлттық армия қосынының
қолбасшылығына
Ысқақбек,
бірінші

орынбасарына
Дəлелхан тағайыңдалып, ол генерал-майор атағына ие
болды. Құлжадан қыркүйектің екісінде шыққан ұлттық
армия қосынына Іле, Алтай, Тарбағатайдағы Дəлелхан

бастаған қазақ жасақтары 4 күннен соң қосылды. Олар
гоминдан əскерінің қалдығын Сартоғайда қоршауға алып,
сыртқы Монғолияға қашқан 2000 əскерді Дəлелхан 300-ге
жуық шағын қолмен талқан етті.

Жаудан арылған жер де, ел де мəре-сəре! Арқа-басы
кеңіген ел шығыс Түркістанның жергілікті ұйымдарын
аймақ пен аудандарда жаңадан құрып, Алтай аймағының
əкіміне

Оспан
Сілəмұлы,
орынбасарына
Дəлелхан

тағайындалды.
Қарахан басының қамын ойлауға мұршасы келмеген
Дəлелхан бір сəт болса да «үһ» дегендей. Елдің еңсесі
көтерілген жылдары ол да көңілін аулап, өмірін қайта

құруға талпынды.
Қысқа таман Бурылтоғайда Омихан аулына түстенгені
оның мəңгі есінде. Дəлелхан небəрі 39 жаста болса да өз
қатары оны ел ағасындай көретін. Ет жасап, шəй құйған 18

жасар бойжеткен қыз оның жүрегін қытықтады да тұрды.
Көзге жылы, көңілге жуық сол қызға ол асық жілікті
аш-жалаңаш асық жағынан ұсынды. Жіліктің етті басын
Дəлелхан өзі ұстаған. Жас болса да қағылез, ақылды қыз

келешек жарының кұпия сырын ұқты, білем. Жалынды-
рып зарықтырған жоқ. Ол Дəлелханның камыққан көңілін
жұбатып, жүрегінің жарасын жазуға келіскен, келешек
жары, ару қыз – Зылиха еді.

─ 236 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

* * *
Жаңа ғана шаңырақ көтерген Шығыс Түркістан Респу-
бликасы үшін 1945-1946 жылдар арасы ауыр тиді. Əр аймақ
болып жаңа бетбұрысқа талпынған шақ. Гоминдан үкіметі

кезінде жабылып қалған мектеп, мəдени орындарын 1945
жылы күзден қайта қалпына келтіруге тура келді.
Қыстың басы катайып, Шіңгіл мен Көктоғайдан өзге
аудандарда жайылым тарыла түскендіктен малдың бір

бөлегін арнайы жасақтың қорғауымен Бəйтікке өткізді.
Бір қыс мал отарлатуға Бəйтік пен Қаптықтың Монғолияға
қарасты өлкесінен Дəлелхан қоныс алды. Уақытша
үкімет қасында «Бұхаралық қор» ұйымдастырып, 2000

қой, 200 ірі қара сойғызып, жуан жіңішкеріп, жіңішке
үзілген, жазғы тұрғы ұзын сарыда аш-жалаңаштарды
асырау үшін арнайы қоймаға сақтатты. 1946 жылы көктем
шыға Алтайдағы Кеңес үкіметі консулының жəрдемімен

Зайсанның Қараталынан Жеменей арқылы 1000 тонна би-
дай саттырып алдырып, бір бөлегін елге несиеге бергізіп,
қалғанын Алтай, Буыршын сияқты отырықты жерлерге
ортақ қазан астырып, аш жалаңаштарды күніне 3 рет

тамақтандыруға жұмсады. Ел аузындағы: «Қараталдан
астық алдырып, қазынадан қазан астырған күндер» де-
ген осы.
Ақ молая «Барға жоқты телу» саясатымен кедейлер-

ге байдан сауын бергізді. Еңбек қабілеті бар адамдарды
ұйымдастырып, Ұлыүңгір, Ертіс, Каба, Қыран, Буыршын-
нан балық аулау кəсібін ұйымдастырды.
Босқан елдің иесіз алаңдарын жергілікті шаруаларға

бөліп беріп, егін салуға қол ұшын берді. Кеңес елінен лом,
тесе, күректен тартып кен қазатын сайман алдырып,елдің
бір тобын алтын қазуға жұмылдырды. Жұт жеті ағайынды.
1946-1947 жыл арасында Алтайды жайлаған сүзек ауыруы

да жүдеген елге оңай соққы болмады. Ем дəрі, емдеу орны

─ 237 ─

да шамалы. Жүздеген жетім балалар да жаңа орнаған жас
үкіметке үлкен салмақ.
Оқу ағарту, əдеби баспа, өнер ұйымдарын шыт жаңа
көтеру керек. Бір сөзбен айтқанда бұдан 13 жыл бұрын

Шəріпханның жасаған бетбұрысын шыт жаңадан бастауға
тура келді. Шығыс Түркстан Республикасын аяғынан тік
тұрғызып, нығайту үшінгі саяси жаңа бетбұрыс, қайта құру
мақсаты мылтық ұстап күресуден оңай болған жоқ. Бейбіт

күрестің қиыншылықтарын өзіне қолайлы пайдалану үшін
Шың-Ши Сайдың орнына жаңадан келген Чжан-Цин-
Чжун губернатор уақыт ұттырмай, жөргектегі Түркістанды
алқымдау амалын көздеген...

1946 жылы каңтарда басталған «келісім» атты кер-
мал бү тін 8 айға созылды. Үлкен қалалар мен ша бындық,
жайылымның көбі Гоминдан қолында. Ұлттық валюта,
ақшалай қоры жоқ, шет елдерден пəрменді қолдау таппаған

Шығыс Түркістан үшін аш жалаңаш елін жоқтықтан
құтқару тіпті қиын. Чжин-Цин-Чжуннің пікірі: «Қақтығыс
соғысты доғарайық. Ұйғыр, қазақ аймақтары өздеріңді-
өздерің басқар. Ішкі ісіңде шаруамыз шамалы. Сырттай

біртұтас «елдіктен» айрылмайық деген тұжырым. Ұйғыр,
қазақ көсемдері тағы екі жарылды. Бір тобы 11 бапты
келісім атты құжатқа қол қойды.
Күні оңынан туған Чжин-Цин-Чжун өлкелік үкімет

құрамына Оспан, Жəнімхан, Сəлиді кіргізіп, Алтай аймағы
əкімін əріде жалғастыра беруді Оспанға ұсыныс етті.
Бұл кабырғадан қан кешіп орнатқан Шығыс Түркістанды
жөргекте жоюдың, бұғанасын бекітпей бесікте тұн-

шықтырудың амалы екенін сезген Оспан бұлқан-талқан
болды. Атақ-аброй, мəнсап-лауазым, шен-шекпенге де ады-
ра қалсын айтты. Алтай əкімі билігі 1946 жылы Дəлелханға
берілді. Дəлелхан Чжин-Цин-Чжунмен келісімге келуінің

себебі – ол Кеңес үкіметіне арқа сүйеу саясатын қолдайтын.
Оспан келісімге қол қойғандармен ат құйрығын кесіп,

─ 238 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

«Үш аймақ төңкерісшілері» атанған топқа лағнет айтып,
кайта аттан салды. «Шығыс Түркістанның тəуелсіздігіне
қауіп төнді!» деп ұран көтерді. Амал нешік! Ұйғыр, қазақ
бастаған аз ұлттар құрсау шеңгелге тағы ілінді. Шығыс

Түркістан Республикасының ұлттық армиясының үштен
бірін таратып, 6 полкын ғана Алтай, Тарбағатай, Ілеге
тұруға рұқсаттаған. Бұл шешімге кеңес үкіметінің түрткісі
де əсер етпей қойған жоқ. Өйткені Шығыста орыстың

қолпаштауымен нығая түскен Маоист Қытайдың ұлт
азаттық армиясы Шынжанға қарай шеру тартып келе
жатқан.
Егер Қытайдың ұлт азаттық армиясы Шынжаннан Го-

миндан əміршілерін қуып шықса Шығыс Түркстанды Ста-
лин мен Мао-Цзе-дун саудаға салуға дайын болмақ. Екеуі
бөліп жұтады. Не екеуіне ортақ, пайдалы бітімге келіседі.
Коммунистік идеяның қиялшылдары екі жақтан қосылуға

жақындап қалған. Саяси осы ақуал гоминдан партия-
сын да екі канатқа бөлуге душар болғызды. Бірі Қызыл
күрескерлерді қолдап, ықтай жалдап өз өмірін сақтап
қалуды көздесе, Чан-Кай-Ши бастаған тобы Қытай мен

Орыстың коммунистері өріс алса түбірімен құритынына
көзі жеткен. Бұлар Оспанның Шығыс Түркстан үшінгі
жанкешті күресіне жалғыз жəрдемшідей көрінді. Өз елі
болса тағы да екіге бөлінуде. Жанталасқан жаралы жол-

барыстай Оспанға қол ұшын берсе таудың тарғыл бары-
сы мен аш бөрісі болса да, бəрі бірдей. Ол кешікпей Чан-
Кай-Шимен келісіп, кару-жарақ алып, Үрімжідегі Амери-
ка консулы Пастон мен Макианды 1947 жылы мамырда

Орынбұлақтағы жайлауында қабылдап, Алтай аймағын өз
қарауына қалдыруға қол ұшын беруді өтінді. Америка жағы
«кет ары» емес-ті. Бірақ, дүниенің кілті олардың қолынан
шығып кеткен. Оспан Шығыс Түркстан жасақтарынан

бөлініп, елдің бір бөлегін артынан ертіп Алтайға тартты.
Дəлелханның алдында өзгеше тандау бар еді. Ол:

─ 239 ─

Бірінші: Шығыс Түркстан ұлттық армиясының негізгі
кұрамын сақтай отырып, əлі де кеңес үкіметіне сүйену,
Екінші: Кеңес үкіметіне иек артқан қытайдың ұлт азаттық ар-
миясымен күш қосып, гоминдан үкіметін екі бүйірден соғу,

Үшінші: Гоминданның үстемдігі жойылса ұйғыр, қазақ,
қырғыз, монғол аз ұлттардың көзі ашылғаны сол. Халқының
қанын төкпей, Орта Азия елдерінше тəуелсіздікке бейбіт
жолмен жету.

Тарихи оқиға қалай өрбитінін ол толық болжап үлгірмесе
керек. Онсыз да тарыдай тозған елді қайта бөлген Оспан
ағасымен келіспеді.
Шығыста Қытай шаруалары мен жұмысшыларынан

құрылған ұлт азаттық армияның, батыста басқа аз
ұлттардың қарсылығына душар болып, от пен судың орта-
сында арпалысқан гоминдан үкіметі ең бір тиянақты табан
тірер орын Шынжан өлкесінен айрылмау үшін өлгеннен

басқаның бəріне көнуге əзір. Ұйғыр, қазақ мұсылмандарын
өзіне икемдеу ниетімен Шынжан губернаторына 1947 жылы
Махсуд Сабриді əкеліп, бетін жылтпақшы болды. Оспан оған
да алданбады. Керісінше қытай көтерілісшілерін жақтаған

казақтың үш аймағына ақпан айында атой салып, артынан
ергенін айдап, қарсы шыққанын «Шығыс Түркістанның
мұратын табанға таптағандар» деп қару ала ұмтылды. Ол,
«Халықтың қанын төкпейік! Ықтай жалдап көрейік?» де-

ген Дəлелханның пікіріне құлақ аспай, «Бастың дымы кеп-
пеген балалық, жетесіздік, табансыздық» деп сөкті.
Амал не! Кəрі теректің қарсы бұтағындай екі арыстың
тамыры бір болса да басы қосылмады.

Шығыстан қысқан қытайдың ұлт азаттық армиясының
тегеурініне шыдамаған Оспан көкек айының аяғында
Бəйтікке шегінді. Чан-Кай-Шидің көмегімен мамырда
Шіңгілден 1000 үйлі жанды Бəйтікке айдады. Өйткені оған

қосын да, қойшы да, ат та, азық та керек. Біреу шын ниетімен
батырдың етегінен ұстаса, енді біреулер дүрмекпен ілесе

─ 240 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

көшті. Ал, адуын батырдың айбарынан қорыққаны да бар.
Себебі, Оспан батыр Шығыс Түркістанның тəуелсіздігінен
қарақан басының қамын артық көрушілерді табан астын-
да атып тастауды талап ететін. «Шығыс Түркістан мен

мұсылмандықтың жолында жанын пида еткеннің бəрі құдай
алдында шаһитсың!» дейтін. Аздап ат азықты нығайтып,
қосынның тобын молайтып, Чан-Қай-Шиден қару, құрал
алған Оспан осы жылы қыркүйекте қазақ аймағына кайта

шапты.
Қытайдың ұлт азаттық армиясының бір полкы-
на қосылған Дəлелхан қолы Оспан қыспағынан болып,
ақыры қыркүйектің 16-да Сарсүмбені тастап, Жеменай

арқылы Кеңес үкіметі жеріне өтуге мəжбүр болды. Одан
Тарбағатайға тартып, күш жинаған соң Жеменайды өзіне
зорға қаратты. Сонда да қалған 6 аудан Оспанның билігінде.
Ұлтының бостандығы үшін күрескен ағайынды екі арыс

енді өзара қақтығысқаны сол. Мақсаты бір, жолы бөлек
екеуінің күресі бас араздықтан да, бақталастан да аулақ
еді. Тек елдікті қорғау тəсілі, көз қарасы, амалы бір арнаға
түспегеннен болатын. Дəлелхан қазанның 17-сінде Оспанды

тықсырып, Сарсүмбеден куып шықты. Оспан Бурылтоғай,
Шіңгіл, Көктоғайды баса көктеп, 3700 үйді Богдаға айда-
ды. Ол: «Табан тірер мекені жоқ, жерсіз ел, елдік құра алар
ма?» деп ойлады ма екен сірə?! Ойлауға мұрсаты болмаған

да шығар. Тек, «Халық артымнан ерсе, қас жауды қашанда
аламын! Қара мекенге қайта ораламын!» дегені қақ. Артын-
да Алтайдың үш ауданы құлазып қалды. Жұртта мөңіреген
сиыр, ұлыған ит. Жер ошақта асылған қазан, өшпеген от!

Қанжылаған елдің алды Цинхай, Гансуда, арты Іле,
Тарбағатай, бір бөлегі Үндістанды бетке ұстап із-тозсыз кет-
кен. 1948 жылы Қытай Ұлт азаттық армиясы мен Кеңестің
жасырын отрядына сүйенген Шынжан көтерілісшілерінің

ықпалы күннен күнге күшейе түскені Гоминдан үкіметіне
бесенеден белгілі. Кірерге тесік таппай сасқалақтаған Го-

─ 241 ─

миндан үкіметі ұйғыр Махсуд Сабриден жеріп Татар-Бур-
хан Шахидиді бір рет бет жүздік етуге бел байлады. Олар
қаншама “нартəуекел» еткенмен Шынжан өлкесі жаппай
коммунистер қолына өте бастағандықтан губернатордың

да қолынан келер іс шамалы болатын. Осы сəтті тағы бір
пайдалануға ұмтылған Чан-Кай-Ши өз алдына жаңа үкімет
құрғанын жəне де Шынжан өлкесінің əміршісіне бұрынғы
Құмыл билеушісі Жолбарысты тағайындағанын жарияла-

ды. Қазақ байғұс кімге алданбаған. Оспан тобы солай ой-
ысты. Бірақ, ұлт жанды батыр да, зымиян қолбасшы Чан-
Кай-Ши де кеш қалған. Орыс, қытай саясаткерлері Оспан
мен Чан-Кай-Ши-ді жергілікті халықтан бөліп, жалпақ

дүниеден жаһаннамға жіберуге берік бекінген. Отаршыл
екі елдің «ойыны» аяқтауға жақындап, қанды тұяғы бүріп
келе жатқанын олар сезбеді. Сезсе де бір-біріне айтуға дəті
бармаған шығар.

Келер күннің салқын сызын сезген Дəлелхан Оспандай
арыс ағасын жамандыққа қимады. Ресей мен Қытайдай
екі елдің жойқын күші жеңіске жетуі белгілі. Оған қарсы
тұру халқын тасыған өзенге айдап салғанмен бірдей. Оспан

тағдырдың жазғанынан күшті емес. Осыңдай сын сағатта
ықтай жалдап елді аман алып қалуды ойлаған жөн. Шығыс
Түркістан тəуелсіздігін мылтықтың үні, қылыштың жүзінен
көрі қырағы саясатпен қорғайтын күн туды. Дəлелхан осы

ойын айтып, «Елді аздырмай, тоздырмай ата мекен, қонысқа
өзіңіз бастап келіңіз? Сізді, елді дұшпаннан қорғауға өзім
кепіл болайын...» деген өтініш хат жолдап, 1949-жылы 20-
шы шілдеде елші аттандырды.

Өз басына өзі ноқта салуды Оспандай арда күрең бойы-
на мін көрмесе, кім мін көреді?!
Ол ашу шақырып айдаһардай ақырғысы келді, өйтпеді.
Қасы мол терең қабағының отты көзімен мысқылдай

күліп, қою қара мұртын сипап, түнеріп отырды. Кең иығын
қомдап, кесек денесімен бұрылған күйде елші жігітке:

─ 242 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

– Қазақ елі арыстанның аузынан құтылып, жолбарысқа

жұтылған екен. Інілік жолмен кішілік еткеніне рахмет.
Орыс пен шүршітке ерген ел мұсылмандық құрады деген-
ге өз басым күмəндімін. Əрі сенбеймін де. Менің жаным
Шығыс Түркістан үшін шаһид болған боздақтардан артық

емес! Арым-жаным садағасы. Мен үшін уайымдамай-
ақ қойсын. Кімдікі рас, кімдікі жалғанын құдай алдында
көрерміз. Дəлелханмен бақида жолықтыруға жазсын. Қош
болғай! – деді.

Айтылған сөз – атылған оқ. Оспан екі сөйлейтін
жан емес. Оның айтқаны – айтқан. Кесімі – кесім! Асыл
тас шағылып таусылмаса, егіліп тозбайды. Асылдың
шағылғаны осы. Жүрегінің сыры да, сөзінің шыны да сол!

Азаматтықтан, адамгершіліктен, ұлт тағдырынан, ұлыс
мұратынан бір қадам шегінбеген арыс-ай десеңші! Өткен
күнде белгі бар ма? Туған ай тураған еттей, кетіп жатыр.
Арпалыспен өткен күндер артта қалып, 1949 жылдың қоңыр

күзі келді. Үрімжі Қытайдың Ұлт азаттық армиясының
қолына толық өтті. Малдың түгелдігінен гөрі бастың
амаңдығын ойлаған Бұрхан Шахиди коммунистердің
қол шоқпары болуға келісе кетті. Еруліге қарулы деген

ғой. Ол сондықтан губернаторлықта қала берді. Шынжан
өлкесіне тыныштық орнады. Цинхай, Гансудегі елдің алды
ата мекені, алтын Алтайға қайта оралды. Дəлелхан Жүңго
компартиясының тарихы, мақсаты, болашағы жөнінде қал-

қадерінше зерттеді. Жапон империалистері туралы да аз
оқыған жоқ. Дүние жүзін дүр сілкіндірген екінші соғыс пен
Кеңес одағының бүгінгі бет бұрысын да болжауға тырысты.
Үлкен елдердің бүгінгі кейпін кешегі Гоминдан үкіметімен

салыстыра шабыстырып көрген. Ақыры: «Тыныштық ор-
нады. Елге еркіндік тиді. Бейбіт жолмен тəуелсіз ел бола-
тын қолайлы күн енді туды» деп түйді. Осы тұжырымын
Ахмажан, Ысқақбектерге айтып пікір алмасқан соң елдің

бейбіт өмірін қайта құруға қолма-қол кірісіп кетті. Алтай

─ 243 ─

аймағының əкімі тұрғысынан жергілікті жерге жаңа үкімет
құру, оқу ағарту, мəдени-өнер саласымен шаруашылықты
қайта көтеру, көшіп-босқан елді орнықтыру, аш-жалаңаш,
кедей мен жетімді қамқорлыққа алу, сүзек шалған жас пен

кəріні сауықтыру, жас жанұяны сүйеу, жылағанды уату,
жығылғанды тұрғызу дегендей толғағы жетіп, шешімін
күткен қаншама мəселелерді күндіз-түн демей, үйде де,
түзде де, кеңседе де шешуге бар күшін сарп етіп, ұйқы-

күлкіні ұмытты. Неше жылғы соғыстан қажып, титықтаған
ел казақ ғана емес. Алтайдағы ханзу, орыс, монғол, дұнған,
ұйғыр, қазақ демей көрген күні бірдей. Мұңая қараған
көздің бəрі əділдік, теңдік, жылы лебіз, шынайы қолдау

тілейтін. Оның бір үлкен арманы қазақтың қара күркесіне
электр жарығын жеткізіп, өмір бойы еңсесін көтертпеген
қараңғьлықтың пердесін серпіп тастау. Жаңа үкіметтің
алғашқы жылының қаражатын өзі талқылатып, Қыран

өзеніне су электр станциясын салғызу пікірін көтерді. Өзі
бастаған ұлы іске оқушы, мұғалім, əскер, қызметкер де-
мей жұмылдыpып, тoғaн тарту, тас төсеу ісін екі-ақ айда
тындырып, халық қорымен тек генераторды ғана сатып

алатын мүмкіндік тудырды. 1949 жылдың аяғында əр
қазақтың терезесінен «жымыңдаған» жарық жұлдыздарды,
əн мен күйге бөленген Алтай каласын, мерейі өскен халық
мерекесін көріп, көптің қуанышын бөлісуге алла оған

мұрсат бермеді...
Дəлелхан 1949 жылы тамызда Қоңырқай атты жайлау-
дан əлі көшіп үлгермеген ауылынан аттанды. Қоңырқай
десе қоңырқай. Тарлау, бетеге, жусан күреңдеп, күңіренген

күз. Қоңыр салқын төске алған қоңыржай кез. Алтай, Бу-
ыршын ауданын асықпай аралап, Күрті, Қарасу, Шібелең,
Көкектегі елдің жағдайымен жайбарақат танысып, көптің
көңілін

болжап
жүрген
күндері,тамыздың
17-сінде

Құлжадан Ахмажан Хасимидің құпия телеграммасы жетті.
«Қыркүйектің 10-ыңда ашылатын, бүкіл мемлекеттік са-

─ 244 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

яси кеңестің бірінші жиынына қатынасу үшін Бейжіңге
баратындығын» ескертіп, жедел Құлжаға келуді хабарлаған.
Қобалжып асықкан Дəлелхан түнделетіп Алтайдағы
қыстағына жаңа қонған үйіне келді. Ертеңінде мал сой-

ып ауыл үй, ағайын туыс, дос жарандарын асқа шақырды.
Кеңес түн бойы қызған. Дəлелхан «Жүңго компартиясының
саясаты, оның төрағасы Мао-Цзе-Дунның ұсынысы, ежелгі
Қытай елі, əлемге əйгілі Бейжің шаһары, демократиялық

жаңа мұраттың мəн-мағынасы, Шынжандағы аз ұлттың
көкейтесті арманы, тəуелсіздік, бостандык, ынтымақ бірлік
туралы, Орта Азия елдерінің тағылымы жөнінде ұзақ
əңгіме айтты. Оның сыры да, мұңы да осы еді.

Соңғы əңгіме
Шынжан қазақтары сырттай қарағанда екіге бөлінсе де
шын мəнісінде үш тарапқа тараған. Елдің еңселі тобы Ал-
тай, Іле, Тарбағатайдағы ата мекеніңде. Гансу, Цинхайдағы

елдің көбі Үндіге өтер жолда мерт болып, аз тобыры ғана
Кəшмир мен Пенжавқа тиянақтаған. 1950 жылы Оспан
мен Чан-Кай-Ши көтерілісі жеңіліске ұшырап, Жолбарыс,
Жəнімхан, Солтаншəріп, Сəли бастаған топ Чан-Кай-Шидің

етегінен ұстады. Шақабай рулы Жəнімхан біраз уақыт Чан-
Кай-Шидің кеңесшісі ретінде қатарлас жүріп, Тайванға өтіп
тынды. Ол өлген соң, оның ісін ұлдары Жақып пен Ахмет
жалғастырған. Оспан Чан-Кай-Ши-ге ерген азаматтарға

рұхсатын беріп, ұлт мерейі үшін күрескен ерлерге рахметін
айтып, өзі нартəуекелмен Ханамбал тауының адырын па-
налап калған. Оспан Үнді мен Алтайға екі жарыла көшкен
елінің соңғы тобымен қоштасарда:

– Маған еріп Шығыс Түркістан үшін жанын пида ет-

кен азаматтардың аруағы риза болсын. Қалған ұрпағына
жасаған жар болғай. Сорлы елімді əлі де қандай бейнет
күтіп тұрғанын қайдан білейін. Əйтеу өз басым сен-

─ 245 ─

дер үшін адалмын. Ағат кеткен жерім болса кешіңдер?!
Бойымнан жаным шыққанша сендердің мұңдарыңды
жоқтап өтемін. Оған мына құм төбелер куə болсын! Қош
болыңдар! – деді.

Ол айтқанына жетіп аз қолмен Ханамбалдың канды
бөктеріңде талай дұшпанды жайратты. Аңдыған жау ал-
май қоймас. Аңғал барыс абайсыздан 1951 жылы ақпанның
бірінде Ханамбал тауының Мақай деген жерінде қолға

түсті. Қақпанға түскен жаралы жолбарыс жанталасып бақса
да жүрегіне сарысу толып, ыза-кекке қонған Қытай үкіметі
шеңгелін босатсын ба?!
«Осыдан былай Оспанның күнін жоқтаушының көретін

күні осы!» – деп сол жылы сəуірде, жаңаша көкектің 28-
інде Оспанды Үрімжінің қансыраған көшесінде, көптің ал-
дында жазалады.
Оспан өліміне қан құмар дұшпан марқайса да халықтың

көңіліндегі сыз, мұз болып қатып, бүгінгі күнге дейін
жібімей, кайытпас кектің қайқы болат қанжары қынабында
қала берген...
...Енді Дəлелхан туралы əңгімеге кайта шегінелік.

Ана жұрт, ата мекендегі елдің өмірі шыт жаңа бастал-
ды. Жылаған ананы уатып, құлаған шаңырақты қайта
көтеру оңай болсын ба. Қатал тағдыр қарапайым халыққа
жаңа таңдау, жаңа жол ұсынды. Бағы екенін, соры екенін

кім білсін. Өзіңде дəрмен қалмаған ел не де болса жаңа бет
бұрысқа білек сыбанып кірісіп кетті. Дəлелхан Құлжаға
келіп қораштау қонақ үйге орналаскан соң, қылыш, маузер
асынған маңдайлы қалпақ, генералдық сарыала формасын

ауыстырып, европаша киінді. Сон-ау қыркүйекте өтетін
жиынға бір ай бұрын шақырудың мəнісін Құлжаға кел-
ген соң ұқты. Бейжіңге емес, əуелі Фрунзеге барады екен.
Кұлжадағы Кеңес одағының консулы алдағы күндері бо-

латын əңгіме жайында алдын ала пысықтап, кеңес беріп,
үгіттеп те бақты. Дəлелханның көңілін күдік күпті етсе

─ 246 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

де, алдағы кездесуге үлкен үміт артқан. Ақыры тамыздың
аяғында Ахмажан, Ысқақбек, Дəлелхан бастаған Шығыс
Түркістан Реслубликасының үкімет мүшелері Құлжадан
аттанды. Оларды Фрунзеде Кеңес одағы үкіметі өкілдері

мен əскери адамдар тосып тұр екен. Дəлелхан қара костюм,
ақ жейдеге қызыл шұбар торғын галстук тағып, басына
шляпа, аяғына хром ботинка киген. Аққұба ашаң жүзіне
қуаныштың белгісіндей аздап қан жүгірген. Кесек сұңғақ

бойына жаңаша форымы жақсы жарасқан. Оның үміті əлі
алда. Сол күнді қуанышпен күтуде. Қонақтар тура жабық
мейманханаға келгені белгілі болды.
Айнала

əскери
қоршау.
Басқан-тұрғанның
бəрін

қарапайым адамдар емес, орталықтан келген орыстар
мен сап-сары ала киінген офицерлер басқарады. Əңгіме,
кеңесті де солар жетектейді. Кеңестің нарқы Шығыс
Түркістан мен Кытай халық Республикасының статусы,

өзара қатынасы. Майпаздап бастаған əңгіме суы жеткен бо-
латтай қатая түсіп, ақыры Шығыс Түркістан Қытай Халық
Республикасы құрамына автомиялық өлке дəрежесінде
кіруі қажет екенін мойындауға келіп тірелді. Ар-намысы

тапталуға жақын тұрғанын сезген Ахмажан өкілдерді бөліп
əкетіп, неше мəрте құпия кеңес құрды. Дəлелханның көңілі
құлаған. Жүзі мұңлы, сөзі самарқау. Кеңестің түбі – кер-
мал, келісетін сыңай жоқ. Фрунзеде бір пəтуəға тоқтамаған

дау Алматыда жалғасты. Тағы да бітім болмады. Мұнда да
жабық, жасырын мейманхана. Шығыс Түркістан өкілдері
Кеңес Одағы кеңесшілерінің сөзіне құлақ асқанды қойып
қасқайып карсы тұрды. Ахмажан мен Дəлелхан орысша

тура кетіп бетпе-бет келді.
Дəлелхан:
«Шығыс Түркістан Республикасы тəуелсіз, дербес ел
болудың қолайлы кезі осы. Ең соңғы мүмкіндік болуы да

ықтимал! Басқа пікірді қабылдай алмаймыз», десе Ахма-
жан:

─ 247 ─

«Біздің пікірмен келіспесеңдер Шығыс Түркістан халқы
қолына қару алып, қайта атқа қонуға дайын!» дегенді
ескертті.
Кеңесшілер

кереғар
мінезді
Шығыс
Түркістан

көсемдерін КГБ-ның қарауына берді. Қанқұйлы КГБ– ның
жасырын қақпасының аржағында нендей сойқан болып
жатқанын білген бір де пенде жоқ... КГБ оларды тергеу,
зорлауға ауысқан...

Тек бірер күннен соң «Шығыс Түркістан өкілдері
Москваға ұшатын болды» деген қауесет дүңк ете түсті.
Бейжіңдегі «Ұлы жиынға» қатысатын ел басшыларының
Москвада не шаруасы бар? Шығыс Түркістан елінің

ісінде Москва мен Бейжіңнің не қақысы бар? Бұл əрине,
күштінің арты диірмен тартадының қылығы. Құдайдың
нағыз құлы болсаң күшті болып ту. Не «таудай талап бер-
генше, бармақтай бақ бер» деп тіле. Баба жолы, аға мұраты

осы. Егер бұл тілегің орындалмаса қашанда күштінің
жұмса жұдырығында, ашса алақанындасың. Ұйғыр, қазақ
аз ұлтының пешенесіне тиген үлес тек осы ма? Əйтеу,
күштінің шеңгелінен бір босамай-ақ қойғаны. Бұл жолы

да тарлан тарих осы тағдырды тықпалағандай. Шығыс
Түркістан Республикасының көсемдері сол «уəделі» күні
ұшты ма, жоқ па? Ұшса Москваға ма, Бейжіңге ме? Онда
ешкімнің қақысы болған жоқ. Болса да бүгінгі күнге дейін

ешкім білген емес.
Тек 1949 жылы қыркүйектің 21-де Бейжіңдегі ТАСС-
тың өкілі: «Ил-12» самолеті өз экипажымен қоса 9 адамы-
мен, Байкалдан өтіп, Читадан 60 км қашықтықта апатқа

ұшырады. Олардың ішінде Бейжіңге келе жатқан Кеңес
Одағының кіші консулы Борисов бар!» деген ақпарат жари-
ялады. Шығыс Түркістан Республикасының арыстай алты
азаматының аты да аталған жоқ. Уақыт олардың атын өзі

шығарып келді. Москваға ұшқан самолеттің Читада не ша-
руасы бар?

─ 248 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Алматыдан Бейжіңге тартқаны рас болса айлана
жасырынбақ ойнауы қалай? Самолёт ұшты ма, ұшса апатқа
ұшырағаны рас па? Бəрі жұмбақ. Сөйте тұра самолет
қыркүйектің 23-інде апат болды деген «дəдел» тағы бар...

Қытай Халық Республикасы тарапынан тамыздың 28-
інде деген тағы бір сандырақ айтылды. «Жұмбақ– жұмбақ
жұтылған. Жолға түсіп құтылғанның» тамаша тəмсілі
сияқты. Əлде «күштілер» əлемге жариялау жөнінде

келісе алмай калды ма? Келіссе де «балалы үйдің ұрлығы
жатпайдының» қылығымен, керіскен «ұлдардың» біреуі
кері басып қалды ма екен?
Əйтеуір əлемді шуылдатқан бір дақпырт əр түкпірге жет-

кен. Басшысынан айрылған ел, баласынан қалған ана ары-
стай ұлдарының ар-намысын қалай жоқтамасын! Көптің
талабынан көңілі шайлыққан Жүңго үкіметі «опат» болған
жерге халықтың өкілін əкеліп көрсетті. Ауыл үйдің орнын-

дай орманның өртенген алаңқысында самолеттің алақандай
сынығы да жоқ. Болат құрыш «майдай еріп» «із тозсыз»
болған апаттан алты азаматтың мүрдесі аман қалғаны тағы
бір шешусіз жұмбақ. Халықтың талабы бойынша мүрдені

танитын адамдардан комиссия құрылып, сүйек Кұлжаға
əкелінетін болды. Бір сезікті жері өлікті артқан самолёт
Бейжіңнен емес Москва жақтан, шығыстан емес батыстан
келді.

Самолеттен елдің өкілі емес, ұйғыр халқының сал-
ты бойынша басына азаның ақ шүберегін ораған Қытай
Компартиясының Орталық Комитетінің мүшесі Дин– Ли-
чунь мен Шығыс Түркістан Республикасының Халық

ағарту министрі Сайфуддин Азизи шықты. Жылаған жұрт
елі үшін еңіреген ерлерінің мүрдесін тосып алды. Бет
жүзінде сау тамтық жоқ, төбе сүйегі ойылған мүрделердің
ішінен оң жақ санын оқ тескен тыртығынан Дəлелханның

айдан анық денесін аңдамай таныған ел-жұрт, ағайын-
туысы оның сүйегін Алтайға əкетті. Елдің еңсесі түскен.

─ 249 ─ АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ Тағы да ананың көзі жасты, арудың көңілі мұңды. Дəлелханды Алтай қаласының (Сарсүмбе) өр жақ шетіндегі Ласт (улиаст) сайына жерлеп, мазарының қасына ескерткіштік бағана тұрғызып, оған: «Дəлелхан мəңгі жасайды» деген Мао-Цзе-дунның телеграммадағы сөзі жазылды. Қабір құшқан қайғылы ана, қара шашын жайған жас жар қалды. Сонымен мылтық атып, кылыш асынып көрмеген С. Азизи Автономиялық районның билігін жалпағынан 30 жыл жата-жастана ұстап, 1978 жылы дербес зейнеткер ретінде Бейжіңнің қамқорлығына өткен. Тарлан тарихқа тағы бір үңіліп қapaңызшы?! 1758 жылы Жоңғар мен Ұйғыр мемлекеті тəуелсіздігінен айрылған соң Іледе Қытайдың əскери əкімшілігі құрылған. 1884 жылы Цин Зян (Шынжан) провинциясы 10 аймақпен орнап, ұйғыр, қазақ, қырғыз, монғол аз ұлттары берік шеңгелге түсті. 1911 жылы Чин патшасы құласа да ежелгі аз ұлттарға бостандық,Ұйғыр еліне тəуелсіздік тимей, халықтың мойнына Гоминдан өкіметі мінді. Міне, Шығыс Түркістан Республикасының қарабасы тағы саудаға түсіп, Қытай Халық Республикасы деген атпен Жұңго коммунистері билік алып, Түркстанның тəуелсіздігі үшін талмай күрескен Шəріпхан, Баймолда, Бұқат, Зуха, Оспан, Ахмажан, Дəлелхан, Ысқақбек сынды мыңдаған арыстар арманда өтті. 1928 жылы 2 миллионнан ғана асатын халықтың саны бүгін қытайланып, 16 миллионға жетіп отыр. ІІІығыс Түркістан елінің алдында əлі қандай тосқауыл барын кім білсін. Тарихтың жүгі бұл ел үшін қашанда жеңіл болмағаны шындық. Тек құдай қайырын бергей...

─ 250 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

Соңғы толғау
Бір мақсат, бір мұрат үшін екі түрлі жолмен ұмтылған
халықтың екі түрлі тобының өкілі – Оспан мен Дəлелхан.
Олардың аңсаған арманы, асыл мұраты – Шығыс Түркістан

елінің məуелсіздігі, халықтың азаттық, бостандығы бо-
латын. Бірақ, көзқарасы, күресу тəсілі, таңдаған жолда-
ры өзгеше еді. Оспан Шығыс Түркістан Республикасының
тəуелсіздігі, Шынжан халқының мұсылмандығы үшін бар

өмірін capn emmі. Оның несі оғаш? Сол үшін ол кінəлі ма?Ол
қазақ болып туып, мұсылмандықты мерей етіп, Шығыс
Түркстанның ежелгі Kаpa шаңырағын қайта көтеру үшін
күрескеніне кінəлі ма?! Жоқ.

Ол Орыс, Кытай, Монғол, Гоминдан билеушілерінің
шеңгелі батқан, төрт құбыласы қамау, сегіз қиыр шар-
тарабы бұлдыр, өзін-өзі мерт қылған жаралы жолбары-
стай.

Оспан ешкімге сенбеді. Қандас қарындасы – қазақ пен
ұйғырдың бір тобы бөліне қашса, қанаттас монғолдар
басқаның қолшоқпарына айналса, қанқұйлы Гоминдан ата
дұшпаны болса, Орыс пен Қытай коммунистері алты қарыс

азуын керіп, аузын арандай ашып ұмтылса, кімге сенеді?!
Бəрі шеттетіп, ізіне түсті. Жаралы жолбарыс жантала-
са карсыласты.
Оның сыртқы пошымы қандай болса, ішкі жандүниесі

де солай қалыптасқан. Сом кесек тұлға, терең қабағы
мен отты көзіне сай алла оған алғыр ой, қайтпас жүрек,
өр мінез, ұлт жанды қасиет берді. Монғолдар оны
қарақшы, Қытайлар сатқын, Орыстар ұлтшыл десе де

өз халқы хан көтеріп, халық каһарманы атаған. Тарих
оған: «Шығыс Түркістан елінің тəулесіздігі үшін қасық
қаны қалғанша күрескен, ұлт азаттық қозғалысының
қолбасшысы, көреген көсем, қаһарман батыр, халқының

ардагер, адал ұлы» деген құрметті орынды заңғар
биіктен бермек!

─ 251 ─

Ол халқының тəуелсіздік еркіндігі үшін өз өмірін ғана
сарп етумен тынбай артынан ерген тобымен, өз тобы-
рымен, ауыл, ағайын, ұрпақтарымен бірге жанын пида
етті. Оспанның үш əйелінен көрген 11 ұрпағының 8-і, ет

бауырындай елжіреген 5 інісі, қанаттас өскен немере 6
туысы, ауыл үйі,жүздеген ағайын, мыңдаған азаматтар
майданның маңдай алды-алғы шебінде мерт болуы осыған
дəлел.

Сондықтан ол өлер алдында: «Сор маңдай халқым-
ай! Сенің тəуелсіздігің үшін тайлы-таяғы қалмай, шын
пейілімен күресетін ұл менен өзге табылар ма екен?!” деу-
ге қақысы бар-ды. Бұл Оспанның халқына деген өкпе-назы

да, өзегін өртеген өсиеті де, шаққан мұңы да еді. Өсиетің
аманат болсын, ұрпақтарға!
Дəлелхан оны өлімге қимады. Қатал тағдыр қай-
қайсысын да аямайтынын ұқты ма екен?! Олардың ба-

ратын жер – бақи. Табысатын орны о дүние. Айрықша
айырмасы да жоқ ақырғы шындық сол! Ол жерге екеуі
тағы да екі түрлі, екі айрық сүрлеумен жетті. Сол
сүрлеуге салып, түрткілеуші күш біреу ғана болатын.

Дəлелхан ұлттық тəуелсіздікке, азаматтық азаттыққа
демократиялық, бейбіт жолмен жетуге сенетін. Ол
қан мен көздің жасынан қалжыраған. Тер төгіп, ой
өрістетіп, парасатпен бейбіт өмір кешуге талпынды.

Мұратына жетуге Кеңес, Жұңго коммунистік парти-
ялары қол ұшын береді деп сенді. «Сиынған тəңіріңнен
сүйенген иең күшті болсын!» деген қағиданы ұстаған.
Оған Шəріпхандай сауатты, ұлт жанды ұстазының

əсері зор. Дəлелхан езілген, еркіндік, теңдіктен айрылған
əр ұлтқа əділдікпен тең қарап, жүйкесі тозып сүлдері
босаған халықты дүлей тасқынға қарсы салмай, ықтай
жүзіп, арғы жағаға алып шықпақшы еді.

Ол əділетті ту emіn, кішіпейіл, қарапайымдықтан жаз-
бай, тоң мінездікке жол бермей, аз сөйлеп, көп толғап, арыз-

─ 252 ─

СҰЛТАН ТƏУКЕЙ

тілек айтушыларды ақырына дейін төзіммен тыңдап,
жауабын қолма-қол беріп, халықты мекеме жерінде, үйде
де, түзде де, күндіз-түн демей қабылдап, елмен етене ара-
ласып, іске мұхият қарады. Сондықтан жəбір-жапа шек-

кендер оның үйіне қона жатып, төңірегіне үйріліп айналып
жүретін.
«Теңдіктің күні туды» деп қуанған Дəлелхан үлкен
бар жерде кішілер болатынын, күштілермен қатар

дəрменсіздер жүретінін, адам бар жерде алауыздық
жойылмайтынын, арлыны арсыздар жеңетінін, əділдік,
шындық дегеннің өзі арлы-берлі атау екенін болжады ма
екен?

Азамат ер ақ болған сайын пəк болар, аңқау-аңғал болар.
Сол пəктік, ақтық оның да түбіне жетті. Дəлелханның
мұраты сонша биік болса да қортындысы қолға толым-
ды болмағанын өзі де, елі де білмеген шығар. Оған келер

дəуірдің өзі куə! Сөйтсе де оның арманы аяқсыз қалды
демейміз.
Мұрагерлікке əкім болып, інісі Бəделхан отырды. Ар-
тында абзал ұрпақтары бар. Жиырма екіге жаңа шыққан

жас жары Зылиқа екі баласымен қалды. Үлкені Зəуреш

– Дəкейдің құштар əнінің аты. Ұлы – Табыс. Жаңа тал-

пыныс, жетістігінің белгісі. Адал жары Зылиқа оның
орнын, арын 40 жыл бойы кұрметпен, таза сақтады.
1989 жылы тамызда Дəлелханның саяси қызметінің
40 жылдық мерекесін Алтай елі болып тойлаған. Оның

аруағына бас ұрған халқы қабіріне құшақ-құшақ, гүлдер
қойды. Осы ұлы мереке, торқалы тойда асыл жарының ақ
кірпіш қабірін құшып жылаған Зылиқа қайтып тұрмады.
Жанындай жақсы көргені үшін осыдан артық берілу,

бұдан артық адалдық болар ма?! Тағдырдың шешіміне
қараңызшы!
Кырық жыл тосқан адал жарының мұңын, сағынышын,
тілегін, көз жасын тағдыр бүгін көргендей оған Дəлелханның

─ 253 ─

қасынан орын берді. Кұшақтары айқасып өткен адал жар-
лар мəңгі ұйқыда қатар жатыр. Өмірдің ащы-тұщысын
бір кешіп, бірге өліп, бір төбеден топырақ бұйыруын
тілеу асылдардың арманы болса керек. Орындалған арман

бақыт. Ендеше олар бақида бақытты болғай?! Жаны да
жəннатта бірге болсын?!
Қош, қош, Арыстар!
Арыстардың арманы əрі биік, əлі де алда болмақ.

Улан-батор. 1996 жыл. Желтоқсан айы.

МАЗМҰНЫ Сөз басы.............................................................................3 АРМАН ТАУ (роман) БІРІНШІ БӨЛІМ Көш..................................................................................5 Ана жұрт............................................................................6 Атамекен..........................................................................27 Асу....................................................................................55 ЕКІНШІ БӨЛІМ Жаңа жұрт.....................................................................81 Бəлекеңнің бəйге төбесі..................................................82 Үзілмеген үміт.................................................................90 Сапар..............................................................................100 Тосын қонақ...................................................................113 ҮШІНШІ БӨЛІМ Арман.........................................................................121 Дүрбелең........................................................................122 Аласапыран...................................................................131 Аманат............................................................................154 Хикая ақыры..................................................................163 АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ (роман-эссе)............169

Сұлтан Тəукей

Редакторы Серік РƏСІЛОВ
Ботагөз УАТҚАН
Корректоры Жанар МҰҚАШЕВА
Мұқабасын көркемдеген Б. СЕРІКБАЙ

Беттеген А. АУАНОВА

Басуға 24.05.2013 ж. қол қойылды. Пішімі 84/108 1/32
Шартты баспа табағы 13,4. Есептік баспа табағы 16.
Офсетті қағаз. Офсеттік басылым.
Тапсырыс №

Таралымы 2000 дана.
Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы
«Атажұрт» баспа орталығы
050002, Алматы қаласы, Ш.Уəлиханов көшесі, 43А

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙