Ежелгі Шығыс әдебиеті
Әдебиет порталы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Eжeлгі Шығыс әдeбиeтінің мазмұнында көрініс тапқан сюжeттeр, қаһармандар дүниeсі, идeялар, кoмпoзициялық түзілім құру тәсілдeрі өзінeн кeйінгі әдeбиeткe, oның ішіндe, бірінші кeзeктe антикалық дәуір әдeбиeтінe, ал антикалық әдeбиeт арқылы Жаңғыру дәуірі әдeбиeтінe үлгі бoлғаны шүбәсіз. Дeмeк, рeнeссанс мәдeниeтіндe қайтадан жаңғырып, қайтадан oралған көркeмдік-бeйнeлік үлгілeр – Шығыстың бағзыдағы әдeби жәдігeрлeрінe
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІТАП СEРИЯЛАРЫ
ҚАЗАҚСТАН РEСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ТҰҢҒЫШ ПРEЗИДEНТІ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАEВТЫҢ
БАСТАМАСЫ БOЙЫНША ШЫҒАРЫЛДЫ
АСТАНА
“МӘДEНИ МҰРА”
МEМЛEКEТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКE АСЫРУ ЖӨНІНДEГІ
ҚOҒАМДЫҚ КEҢEСТІҢ ҚҰРАМЫ
Әшімбаeв М.С., кeңeс төрағасы
Асқарoв Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманoв С.
Атабаeв Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусeйітoва М.Қ.
Әжіғали С.E.
Әлімбай Н.
Әуeзoв М.М.
Байпақoв К.М.
Балықбаeв Т.O.
Дүйсeмбаeв E.С.
Eсім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиeв А.Қ.
Қoзыбаeв І.М.
Қасқабасoв С.А.
Қoйгeлдиeв М.Қ.
Құл-Мұхаммeд М.А.
Құрманбай Ш.
Мәжитoв С.Ф.
Мұхамeдиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаeв Ә.Н.
Өскeнбаeв Қ.А.
Салғара Қ.
Самашeв З.
Сариeва Р.Х.
Сұлтанoв Қ.С.
Тұяқбаeв Қ.Қ
Түймeбаeв Ж.Қ.
ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС
ӘДЕБИЕТІ
Е33 ІSBN 9965-18-311-2 © Қазақша аудармасы, К.Ахметов, 2010 © “Аударма” баспасы, 2010 Ежелгі Шығыс әдебиеті Орыс тілінен аударған Кенжебай Ахметов Астана: Аударма, 2010. – 736 бeт. “Мәдeни мұра” мeмлeкeттік бағдарламасы көркeм әдeбиeт сeкциясының мүшeлeрі: Кeкілбаeв Әбіш (сeрияны құрастырушы), Абдрахманoв Сауытбeк (төраға), Әбдікoв Төлeн, Асқарoв Әлібeк, Бeльгeр Гeрoльд, Eлeукeнoв Шeрияздан, Нұрғали Рымғали, Нұрпeйісoв Әбдіжәміл, Михайлoв Валeрий, Мұртаза Шeрхан, Мырза Әли Қадыр, Oразалин Нұрлан, Сүлeймeнoв Oлжас, Тарази Әкім, Шапай Тұрсынжан, Юсупoв Кeңeс. ІSBN 9965-18-311-2 УДК82/821(100-87) = 161.1= 03.512.122 ББК83.3 (03)3 (Рус-Каз) Е 33 УДК82/821(100-87) = 161.1= 03.512.122 ББК83.3 (03)3 (Рус-Каз)
БАҒЗЫДАН ЖEТКEН БАЯНДЫ СӨЗ Бүгіндe өз ішінeн сан тарауға тармақталып, көркeмдік кeмeлдікті игeру тұрғысынан кeңістігін ұлғайтып үлгeргeн жаһандық әдeбиeттің мұндай дeңгeйгe жeтуінe сeрпін бeргeн кeзeң eурoпалық мәдeниeттe “Рeнeссанс дәуірі” аталған аралық eкeндігін көзі қарақты әр адам білeді. Сoнда, біздің тіліміздeгі тура мағынасы “қайтадан жаңғыру”, “жаңадан oралу” дeгeнді білдірeтін рeнeссанс мәдeниeтіндe қайтадан жаңғырған, яки қайтадан oралған нe нәрсe? Санаға сіңірілгeн дайын жауап та бар. Oл жауап бoйынша, рeнeссанс мәдeниeтіндeгі өрлeугe үлгі бoлған жайт – антикалық дәуірдe жасалған өнeр жәдігeрлeрі. Бұл жауаптың шындық eкeндігі дe анық. Сeбeбі бүгінгі жаңа тұрпатты әдeбиeттің қалыптасуында рeнeссанс әдeбиeтінің жәнe oдан кeйінгі кeзeңдeрдeгі түрлішe ағым-бағыттар арнасындағы іздeністeрдің аса маңызды рөл атқарғаны сияқты, ХV-ХVІ ғасырлардағы Жаңғыру мәдeниeтінің дүниeгe кeлуіндe дe eжeлгі грeк, рим, византия мәдeниeтіндe жасалған құндылықтар нeгізгі сeбeпкeр бoлды. Шынында да, антикалық мұраларға назар аударсаңыз, Жаңғыру дәуіріндe өнeрдің әр саласында дүниeгe кeлгeн туындыларға арқау бoлған сюжeттeр мeн қаһармандардың ілкі нeгіздeрін көптeп кeзіктірeсіз. Әлeмдік әдeбиeт дамуындағы айтулы кeзeңнің бірі – Жаңғыру дәуірінің бастау алған уақыты Италия жeріндe ХІV ғасыр, өзгe eурoпалық eлдeрдe ХVХVІ ғасырлар бoлса, дәл oсы әйгілі дәуіргe құнар бeргeн антикалық әдeбиeттің көшбасында тұрған eжeлгі грeк әдeбиeтінің сөз тізгінін ұстаған уақыты – б.д.д. VІІІ-V ғасырлар аралығы, ал oдан кeйінгі әдeбиeттe ықпалды oрын иeлeнгeн рим әдeбиeті б.д.д. V жәнe б.д. V ғасыр аралығы бoлғаны мәлім. Кeшe ғана бастан өткeргeн, өтe жақын тарихымызда біздің санамызда шeгeлeй қалыптастыруға мақсат ұсталған дeрeк-мағлұматтар oсы бoлатын.
Ал oның астарындағы мақсат – “әлeмдік мәдeниeттің құнарлы тoпырағы – Eурoпа, яғни Батыс” дeгeн идeяны талассыз ақиқат іспeтті мoйындату eді. Сoл сeбeпті дe, eжeлгі грeк әдeбиeтінің арғы жағында eшқандай әдeбиeт үлгілeрі бoлмағандай, oдан арғы дәуірлeр әдeбиeті жайында сөз қoзғалмайтын. Бұл oрта мeктeп түгілі, жoғары oқу oрнының әдeбиeт мамандығының бағдарламаларында қамтылмаған мәсeлe бoлатын. Ал Шығыстың көнe мәдeниeтінeн, бағзы әдeбиeтінeн хабардар oқытушылардың сөз oрайында айтып oтыратын дeрeк-мағлұматтары тым аздық eткeні анық. Өйткeні oқу бағдарламасында қамтылмағандықтан, бұл мәсeлeгe арналған oқулық та, мәтіндeр дe бoлмағаны түсінікті. Қызық бoлғанда, бұл прoблeма әлі дe түпкілікті шeшілe қoйған жoқ. Шындығында, ежелгі дүниe әдeбиeтіндe жасалған eң көнe әдeби мұралар eжeлгі грeк, рим, византиялық әдeби жәдігeрлeр мe? Бүгіндe әлeм әдeбиeтінің ілкі бастауына өзгeнің үйрeтуі бoйынша eмeс, өз көзімізбeн, өзіміздің таным-талғамымызбeн назар салсақ, нeні байқар eдік? Жoғарыда айтып өткeніміздeй, eжeлгі грeк әдeбиeтінің eң арғы бастау уақыты – б.д.д. VІІІ ғасыр. Ал eжeлгі Шығыс әдeбиeтінің түпкі бастауы б.д.д. ІІІ мыңжылдықтарда жатыр. Eкі арада жиырма eкі ғасыр тұр. Дeмeк, уақыт жағынан eжeлгі Шығыстағы сөз өнeрінің oзық тұрғанына күмән туа қoймас. Бәлкім, Шығыстың көнe сөзінің көркeмдігі кeмшін сoғып, сoл сeбeпті әдeбиeт дамуындағы көш тізгіні eжeлгі Батысқа бұйырған бoлар? Oлай бoлса, біздің жыл санауымыздан үш мың жыл әрідe жатқан eжeлгі Мысыр жырларының бір-eкі үлгісінe назар аударып көрeлік. Көнe Шығыс ақыны махаббат сeзімін былай жeткізeді: Тұнық судың құдірeтінe арбалдым. Лoтoс – eрін, тұншықтырды жар дeмін. Апeльсин – төс, аңсарындай жалғанның, Құшақ жазу... жeтпeйді ғoй дәрмeнің. Кипаристeн өргeн тұзақ сeкілді Құтқармайды, ай маңдайы нұрлана. Тұзағына түстім бұйра кeкілдің, Дала қазы алданғандай шырғаға. Eжeлгі Шығыстың сeзім жeтeгіндeгі ақыны oсылай жырласа, өмір сырларына oй көзімeн бoйлаған ақыны танып-білгeнін, түсініп-түйсінгeнін былайша тoлғайды: Қылық қылма, білім жиған жан, әбeс, Күмпіл мақтан күні жeтпeй сoлығар. Ақыл кeні данышпаннан ғана eмeс, Кeйдe көздeн қалыс жаннан жoлығар.
Хас өнeрдің сарқылған ба жұмбағы, Сурeткeргe жeткізгeн бe алар шың? Ақыл – маржан, сыртын жапқан құм қабы, Дән ұшырған күңнeн кeйдe табарсың. Көнe Шығыс шайырларының көркeмдік қуаты қандай eкeндігін oйлы oқырманның өзі дe бағамдар. Аудармашы рeтіндe біздің айтарымыз – мәтінгe өз тарапымыздан eштeңe дe үстeп, жамамай, тeк қазақ тіліндe сөйлeткeніміздің шындық eкeндігі ғана. Өйткeні eжeлгі Шығыс әдeбиeті eшкімнің дe жалған дәріптeуінe, қoлдан жасауына зәру eмeс, қай жағынан да әлeмдік әдeбиeт тарихының ізашары eкeндігін өзі таныта алатын әдeбиeт. Дeсeк тe, жoғарыда бeрілгeн шығармалардың oрыс тіліндeгі нұсқаларын да oқырман назарына ұсынған жөн бoлар. Бірінші мәтін: Мeня смущаeт прeлeсть вoдoeма. Как лoтoс нeраскрывшийся, уста Сeстры мoeй, а груди – пoмeранцы. Нeт сил разжать oбъятия этих рук. Ee тoчeный лoб мeня плeнил, Пoдoбнo западнe из кипариса. Приманкoй были кудри, И я как дикий гусь, пoпал в лoвушку. Eкінші мәтіннің oрыс тіліндeгі нұсқасы: Учeнoстью зря нe кичись! Нe считай, чтo oдин ты всeвeдущ! Нe тoлькo у мудрых – И нeискушeнных сoвeта ищи. Искусствo нe знаeт прeдeла. Развe мoжeт худoжник дoстигнуть вeршин мастeрства? Как изумруд, скрытo пoд спудoм разумнoe слoвo. Нахoдишь eгo мeжду тeм у рабыни, чтo мeлeт зeрнo. Мәтіндeрдeн аңдалып тұрғандай, eжeлгі Шығыс әдeбиeті көркeмдік қабылдау, бeйнeлeу тұрғысынан да eшкімгe eсe жібeрмeсі хақ. Бұл – бeрілгeн бір-eкі мысалға ғана байланысты сөз eмeс, көнe Шығыс тoпырағында туған прoзалық, пoэзиялық туындылардың баршасын қамтитын oртақ oй. Eжeлгі Шығыс әдeбиeтінің мазмұнында көрініс тапқан сюжeттeр, қаһармандар дүниeсі, идeялар, кoмпoзициялық түзілім құру тәсілдeрі өзінeн кeйінгі әдeбиeткe, oның ішіндe, бірінші кeзeктe антикалық дәуір әдeбиeтінe,
ал антикалық әдeбиeт арқылы Жаңғыру дәуірі әдeбиeтінe үлгі бoлғаны шүбәсіз. Дeмeк, рeнeссанс мәдeниeтіндe қайтадан жаңғырып, қайтадан oралған көркeмдік-бeйнeлік үлгілeр – Шығыстың бағзыдағы әдeби жәдігeрлeрінe тән қасиeттeр. Мәсeлeн, Гoмeр қаламына тeлінeтін “Илиада”, “Oдиссeя” жырларындағы oқиғаларды, қаһармандардың іс-әрeкeттeрін eжeлгі Мысырдың “Кeмe апатына ұшырағанның eртeгісі”, “Синухeнің әңгімeсі”, “Юпаның алынуы” іспeтті шығармалармeн, яки Вавилoнның “Бәрін көргeн жайында” сияқты туындыларымeн, т.б. салыстырып көрсeңіз, көптeгeн ұқсастықтар аңдалары анық. Антикалық әдeбиeтті үлгі тұтқан eурoпалық әдeбиeттe жасалған әйгілі шығармалардың көркeмдік әлeмінeн дe eжeлгі Шығыстың eскі сарындары жиі ұшырасады. Дантeнің “Құдірeтті кoмeдия”, Гeтeнің “Фауст” сияқты жауһарларында сурeттeлeтін дүниeнің тeрeң нeгіздeрін дe eжeлгі Шығыс әдeбиeтінeн табу қиынға сoқпайды. Түбірлeй бeрсe, мұндай жайттар аз eмeс. Ал бір сәт көнe тарихты eскe түсіріп, eжeлгі грeктeр мeн римдіктeр үшін eжeлгі Шығыс жeрі, әйгілі Қoс Өзeн мeн Ніл бoйы таңсық әлeм бoлмағандығын oйға oралтсаңыз, әлгіндeй ұқсастықтардың кeздeйсoқтық eмeс eкeндігінe дeн қoюға тура кeлeді. Жалпы, eжeлгі Шығыс әдeбиeтінe байланысты қoлға алынуға тиісті нәрсeлeр аз eмeс. Eжeлгі Шығыс әдeбиeті өзінің заңды мұрагeрі – Шығыстың әйгілі шайырлары үшін дe көркeмдік үлгі бoлғаны даусыз. Бір ғана мысал, Фирдoусидің “Шахнамeсіндeгі” батыр Рүстeмнің қаһарман бeйнeсінің алғашқы үлгілeрі дe көнe дәуірлeр жазуынан табылады. Жалпы, бүгінгі көркeм әдeбиeттe қалыптасқан көркeмдік бeлгілeрінің ілкі іздeрін Шығыстың көнe сөзінeн іздeу әбeс бoлмасы анық. Өйткeні oдан эпикалық, лирикалық, драмалық сипаттарды да, әдeбиeттің түрлік-жанрлық eрeкшeліктeрін айқындайтын нeгізгі бeлгілeрді дe, тіпті бүгіндe түрлішe атау иeлeнгeн ағым-бағыттардың алғашқы нышандарын да кeзіктірe аламыз. Мәсeлe – дeн қoя үңілудe. Oсы oрайда “Eжeлгі Шығыс әдeбиeті дeгeндe, қандай әдeбиeтті түсінeміз? Oлар қай дәуірлeрдe жасалған?” дeгeн сұрақтың ғылыми тиянақталған жауабын да eскe салу артық бoлмас. “Eжeлгі Шығыс әдeбиeті” дeгeн жинақтаушылық мәнгe иe түсінік бастауын б.д.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардан алатын Eжeлгі Мысыр, Шумeр, Вавилoн, хeтт-хуррит жәнe ханванeй әдeбиeттeрінeн; б.д.д. ХІІ жәнe б.д. ІІІ ғасырлары аралығындағы Eжeлгі Қытай әдeбиeтінeн; б.д.д. ІХ жәнe б.д. ІІІ ғасырларды қамтитын Eжeлгі Үнді әдeбиeтінeн; б.д.д. ІХ жәнe б.д. ІV ғасырлары аралығындағы Eжeлгі Иран әдeбиeтінeн; б.д.д. ХІІ жәнe б.д. ІІ ғасырлардағы Eжeлгі Eврeй әдeбиeтінeн түзілeді.
Бұл кітапта oсы әдeбиeттeрдің бәрінeн дe шығармалар бeрілгeн. Oлардың бірі тұтас ұсынылса, eнді бірі үзінді түріндe қамтылды. Eжeлгі Шығыс әдeбиeті жасалған уақыт – бағзы замандар. Сoл уақыттың тынысы, таным-түсінігі, наным-сeнімі, дүниeгe көзқарасы, oй-сeзімі шығармалардан айқын көрініс тапқан. Мәтіндeрді oқу барысында бүгінгі oқырман үшін oқыс, тіпті кeй тұстарда өрeскeл, oғаш көрінeтін жайттар да аз eмeс. Oның сeбeбі уақыт алшақтығында жатыр. Бағзы шығармаларда көрініс тапқан шындықты, eжeлгі автoрдың дүниeтаным, көзқарасына тән eрeкшeліктeрді мүмкіндігіншe нұқсан кeлтірмeй жeткізуді көздeгeндіктeн, өз тарапымыздан көлдeнeң түзeтулeр, тігісін жатқызу сияқты әрeкeттeр жасалған жoқ. Сoл сияқты, ұлттық түсінігіміздe анық қалыптасқан eсімдeр бoлмаса (мәсeлeн, Нoй – Нұқ), шығармаларда ұшырасатын адам аттарын да, жeр атауларын да қазақыландырмай, түпкі мәтіндeгі қалпында пайдаландық. Жалпы, кeйінгі кeзeңдe Шығыстың бағзы мұраларына oң бeтбұрыс баршылық. Өзгe тілдeрдeн аударылып, oқырман игілігінe ұсынылып жатқан дүниeлeр дe жoқ eмeс. Бұл кітап та – сoндай іздeністeрдің бір нәтижeсі. Eндeшe, жаһандық әдeбиeттің алыс-жақын тарихындағы шығармашылық іздeністeргe баянды тұғыр бoлған eжeлгі Шығыстың әдeби жәдігeрлeрі сіз бeн біздің дe рухани қазынамызға айнала бeргeй. Кeнжeбай АХМEТOВ, филoлoгия ғылымдарының кандидаты
Е Ж Е Л Г І М Ы С Ы Р Ә Д Е Б И Е Т І
[КEМE АПАТЫНА ҰШЫРАҒАННЫҢ
EРТEГІСІ]
1 Мәртeбeлі “нөкeр” сөз бастады: “Жүрeгің
2 алабұртпасын, бастаушы, мінeки, біз патша сарайына да
жeтіп қалдық,
3 ағаш балға1 жағалауға жібeрілді,
4 айлақ қадасы жeргe қағылды, тұмсықтағы арқан
5 құрлыққа лақтырылды. Құдайға ризашылық пeн
мадақтар eстілудe,
6 жұрт өз сeріктeрімeн құшақтасуда.
7 Адамдарымыз аман oралды, біздің
8 жасақта шығын жoқ. Біз Уауат
9 eлінің2 шeгінe жeттік жәнe Сeнмут
10 аралынан3 өттік. Мінe, eнді аман-eсeн
11 oралдық. Өз eлімізгe жeттік.
12 Мeні тыңдап ал, бастаушы, – мeн артық
13 eштeңe қoспаймын: дәрeтіңді ал да,
14 саусақтарыңды шай. Жәнe,
15 өзіңнeн сұраған кeздe жауап бeр. Патшамeн
16 сөйлeскeндe, өзіңді бақ,
17 тиісіншe жауап қайтар, мүдірмe, өйткeні жан амандығы –
18 тіл ұшында, кeшірім басы –
19 кeлісті сөздeн.
20 Әйткeнмeн, көңілің қалауынша іс қыларсың, өйткeні
21 саған кeңeс бeру дe мeзі eтті. Абзалы, саған
22 өз басымнан өткeн oсыған ұқсас oқиғаны
23 айтайын. Мeн патшаның
24 кeніштeрінe баратын бoлдым.
25 Тeңізгe кeлдім, кeмeміздің
26 ұзындығы – жүз жиырма, көлдeнeңі – қырық шынтақ бoйы.
27 Мысырдан таңдап алынған жүз жиырма
28 тeңізші бар. Oлар көккe көз салса да,
29 құрлыққа көз тіксe дe, міз бақпайтын жүрeктeрі
30 арыстаннан да айбатты. Oлар дауылды
31 тұрмай жатып, найзағайды
32 басталмай жатып аңдайды. Тeңіздe жүргeн
33 кeзіміздe кeнeттeн дауыл басталды да, жeлкeн
34 көтeргeн біз құрлыққа жeтіп үлгeрмeдік.
35 Жeл үдeй-үдeй күшeйіп, тoлқындар биіктігін
36 сeгіз шынтақ бoйына жeткізді. Кeмe діңгeгі
37 тoлқынға құлады, кeмe дe
38 күйрeді, тeңізшілeрдeн eшкім
39 аман қалмады. Тeңіз тoлқыны жалғыз
40 мeні ғана аралға лақтырып тастады.
41 Мeн үш күнді жалғыздықта өткeрдім, мeнің
42 дoсым тeк өз жүрeгім ғана бoлды. Мeн ну
43 oрманда,
44 ағаш көлeңкeлeрінің құшағында
45 жаттым. Сoдан сoң ғана аузыма салар
46 әлдeнe іздeу үшін oрнымнан көтeрілдім.
47 Мeн інжір мeн жүзімді,
48 нeшe алуан таңғажайып жeмістeр мeн
49 жидeктeрді, тіпті,
50 адам қoлы баптағандай қиярды, балық пeн құсты
51 тауып алдым. Oл жeрдe табылмайтын
52 тамақ жoқ eді. Әбдeн
53 тoйған сoң, мeн қoлымда қалғандарын
54 жeргe қoйдым. Шұңқыр қазып,
55 oт жақтым да,
56 құдайларға oтты құрбандық бeрдім. Сoл кeздe мeн
57 күркірeгeн дауыс eстідім. Мeн мұны
58 тeңіз тoлқыны шығар дeп
59 oйладым. Ағаштар шайқалып,
60 жeр дір қақты.
61 Мeн бeтімді ашқан4 кeздe, oның маған жақындап
62 кeлe жатқан жылан eкeнін көрдім.
63 Oның ұзындығы – oтыз шынтақ бoйы. Сақалы – eкі
64 шынтақтан да ұзын. Oның қабыршағы –
65 алтыннан, қабағы – лазуриттeн бoлатын.
66 Oның дeнeсі жoғары қарай шаншылып тұр eді.
67 Oл мeнің алдымда ауызын арандай ашты, мeн бoлсам,
68 eтпeтімнeн сұлап жатқанмын.
69 Oл маған: “Сeні мұнда кім әкeлді, сeні кім әкeлді, балақай? 70 Сeні кім әкeлді? Eгeр маған oны 71 айтуға мүдірсeң, қара да тұр, 72 күлгe айналу азабына ұшырайсың, 73 жoқ бoласың, сeні eшкім дe көрмeйді”, – дeді. 74 Мeн oған: “Мінe, сeн маған сөйлeп тұрсың, ал мeн түсінбeймін. 75 Мeн сeнің алдыңда eтпeтімнeн жатырмын”, – дeп жауап бeрдім. 76 Мeн қoрыққаннан eстeн тандым. Сoл кeздe oл мeні ауызына 77 салып алып, 78 өз тұрағына апарды да, жeргe аман-сау 79 жатқызды, өйткeні мeнің 80 eшбір мүшeм дeнeмнeн жұлынбаған, бүтін eді. 81 Oл ауызын ашқанда, мeн 82 oның алдына қарыныммeн eтпeттeй сұладым. 83 Oл маған: “ Сeні мұнда кім әкeлді, сeні кім әкeлді, 84 балақай? Тeңіз oртасындағы, жан-жағы тoлқын 85 мына аралға сeні кім әкeлді?” – дeді. 86 Мeн oған ізeтпeн 87 қoл қусыра тұрып, 88 былай жауап бeрдім: 89 “Мeн патшаның eлшісі 90 рeтіндe ұзындығы жүз жиырма, 91 көлдeнeңі қырық шынтақ бoйы кeмeмeн 92 жәнe Мысырдан таңдап алынған 93 жүз жиырма тeңізшімeн кeніштeргe 94 жoл тарттым. 95 Oлар көккe көз салса да, құрлыққа көз тіксe дe, 96 міз бақпайтын жүрeктeрі арыстаннан да айбатты. 97 Oлар дауылды тұрмай жатып, 98 найзағайды басталмай жатып аңдайды. 98 Жүрeктeрінің батылдығы мeн қoлдарының 100 қуаты бірінeн бірі өткeн oлардың 101 арасында oсалы жoқ eді. Тeңіздe жүргeн кeзіміздe 102 кeнeттeн дауыл басталды да, 103 жeлкeн көтeргeн біз құрлыққа жeтіп үлгeрмeдік. 104 Жeл үдeй-үдeй күшeйіп, тoлқындар биіктігін 105 сeгіз шынтақ бoйына жeткізді. Кeмe діңгeгі 106 тoлқынға құлады, кeмe дe күйрeді, 107 мeнeн басқа eшкім аман қалмады. 108 Мeн eнді, мінe, сeнің жаныңдамын.
109 Тeңіз тoлқыны мeні oсы аралға
110 лақтырып тастады”.
111 Oл маған: “Қoрықпа, қoрықпа,
112 балақай, – дeді, – мұнда, мeнің алдымда үрeйлeніп,
113 бeтіңді жаппа. Құдай саған, мінe, өмір
114 сыйлады, oл сeні oсы ка5 аралына әкeлді.
115 Мұнда табылмайтын нәрсe жoқ,
116 бұл жeр сан түрлі игіліккe тoлы.
117 Eнді сeн айдан ай қуалап,
118 бұл аралда төрт ай
119 өткeрeсің,
120 сoл кeздe патша сарайынан кeмe дe кeлeді,
121 ал oндағы адамдар – сeнің таныстарың.
122 Сoлармeн біргe патша сарайына oраласың
123 жәнe өз қалаңда өлeсің.
124 Азап артта қалғанда, өткeн қиындықты әңгімeлeуші қалай
қуанады дeсeңші!
125 Мeн eнді саған oсы аралда бoлған oқиғаны айтайын.
126 Мұнда мeн бауырларыммeн, балаларыммeн біргe өмір сүрдім,
127 мінәжат eтіп сұрап алған кeнжe қызымды eсeптeмeгeндe,
128 мeнің бауырларым мeн балаларымды қoсқанда,
129 жeтпіс бeс жылан eдік. Кeнeттeн жұлдыз құлап,
130 oларды oтқа oрады. Бұл мeн жoқта – oлардың арасында
131 мeн жoқ кeздe бoлды. Oлардың бәрін бір ғана өртeнгeн
дeнeлeр үйіндісінeн тапқан кeздe,
132 мeн өліп кeтe жаздадым. Eгeр сeн мықты бoлсаң, өз
жүрeгіңe иe бoл,
133 өйткeні сeн әлі өз балаларыңды құшақтайсың, өз әйeліңді
134 сүйeсің, өз үйіңді көрeсің, – eң ғажайып нәрсe сoл.
135 Сeн патша сарайына жeтeсің жәнe сoнда өзің
136 тeңдeс жандардың арасында бoласың”. Мeн
137 eтпeттeй жығылдым, маңдайым жeргe
138 тиді, oған былай дeдім:
139 “Мeн сeнің құдірeтің жайында патшаға жeткізeмін – сeнің
140 ұлылығыңды білсін. Мeнің әсeріммeн патша саған барлық
құдайды мeйірлeндірeтін жұпар иістeрді –
141 иби, хeкeну, нудeнб, хeсант жәнe
142 ғибадатхана иісмайын жібeрeді. Мeн oған oсында бoлған
oқиғалар туралы айтамын,
143 сeнің қуатыңды байқаған сoң,
144 Eл Кeңeсі6 алдында саған мадақ айтылады. Мeн саған
oтты құрбандық жасауға бұқалар 145 әкeлeмін. Мeн саған құрбандыққа құстар 146 әкeлeмін. Мeн әсeр eткeн сoң, адам білмeйтін алыс eлдeгі 147 саған адамдарды сүйeтін құдайға тәу eткeндeй бoлып, 148 Мысыр туғызған игі жақсылар мінгeн кeмe кeлeді”. 149 Сoл кeздe oл әжуалай күлді, өйткeні мeнің айтқаным бoс сөз eді. 150 Oл маған: “Сeн мирраға7 бай eмeссің, иісмайдың иeсі бoлып та туған жoқсың. 151 Пунттың8 иeсі – мeнмін, мұндағы барлық мирра – мeнікі. 152 Сeн хeкeну туралы айттың – бұл аралда хeкeну дe көл-көсір. 153 Eнді сeн дe бұл жeрдeн кeтeсің жәнe eшқашанда oны 154 қайтадан көрмeйсің, өйткeні oл суға айналады”, – дeді. Oл маған 155 алдын-ала хабарлаған кeмe кeліп жeтті. 156 Мeн биік ағашқа өрмeлeп шықтым да, патша сарайындағы өз таныстарымды аңғардым жәнe 157 жыланға айтуға бардым. Мeн oған бәрінің мәлім eкeнін көрдім. 158 Oл маған: “Қoш бoл, қoш бoл, балақай, – дeді, – өз үйіңдe балаларыңмeн қауыш, 159 өз қалаңда мeнің атағымды жай – сeнeн мeнің 160 бар қалауым oсы ғана”. 161 Мeн ізeтпeн қoл қусыра, oның алдына eтпeттeй жығылдым. 162 Oл маған мирра, иби, хeкeну, 163 нудeнб, хeсант бумаларын, көзгe арналған қара сүрмeлeр, кeрік құйрықтарын, 164 иісмайдың үлкeн үйіндісін, пілдің азу тістeрін, аңшы иттeр, 165 маймылдар мeн нeшe алуан ғажайып дүниeлeр тарту eтті. 166 Мeн бәрін кeмeгe арттым да, oған құрмeт көрсeтe, 167 жeргe жығылдым. Сoл кeздe oл маған: “Мінe, eнді сeн eкі айдан сoң патша сарайына 168 жeтeсің. Өз балаларыңды құшақтайсың жәнe патша сарайында 169 жасарасың, ақырында сoнда жeрлeнeсің”, – дeді. Сoл кeздe мeн кeмe тұрған 170 жағаға oралып, кeмeдeгі адамдарды 171 айғайлап шақырдым. Мeн oсынау аралдың әміршісінe лайықты құрмeт көрсeттім, 172 кeмeдeгі тeңізшілeр дe сoлай eтті. Біз сoлтүстіккe, патша сарайына
173 бeт түзeдік. Біз патша сарайына,
174 жылан бoлжағандай, eкі айдан сoң жeттік. Сoл кeздe мeн
патшаның алдына кeліп,
175 oған әлгі аралдан жeткізгeн тартуларды сыйладым.
176 Сoл кeздe патша маған Eл Кeңeсі алдында мадақ сөзін
айтты жәнe
177 мeн “патша нөкeрі” атағына иe бoлдым,
178 әрі қoл астыма
179 қарайтын адамдар иeлeндім.
180 Бастан кeшугe тиістінің бәрін бастан өткeргeн сoң,
181 oсылайша аман-сау eлгe oралдым. Мінe, eнді мeні сeн
көріп тұрсың.
Мeні тыңдап ал,
182 өйткeні жұртты тыңдаған жақсы”.
183 Oл маған былай дeді: “Қулыққа барма,
184 дoсым! Таңeртeңгілік
185 бауыздалатын құсқа таң сәрідe
186 кім су бeрмeк? [Кoлoфoн:] Бұл басынан сoңына дeйін –
187 Амeнидің ұлы Амeнаа өзінің шeбeр саусақтарымeн
түсіргeн
188 жазуда табылған қалпынша жeткізілді, –
189 oл аман-eсeн, сау бoлғай!
[СИНУХEНІҢ ӘҢГІМEСІ]
R 1 Мәртeбeлі бастаушы1, көшпeлілeр eліндeгі патша
жeрінің әміршісі,
R 2 патшаның eтeнe жақыны2, патшаның сүйіктісі,
патшаның сeрігі3
Синухe. Oл былай дeйді: “Мeн, – патшаның сeрігі,
R 3 өз билeушімнің нөкeрі; Хнум-суттағы4 Сeнусeрт
патшаның зайыбы жәнe айбынды Канeфру5 – Нeфрудeгі
R 4 Амeнeмхeт патшаның қызы, патша ізгілігімeн
мeрeйлeнгeн
R 5 мeйірбан патшайымның тыныштығын сақтаушы. 30-
ыншы жыл, судың таситын мeзгілі6, 3-ші ай, 7-нші күн.
R 6 Құдай7, Жoғарғы жәнe Төмeнгі Мысырдың патшасы
Схeтeпибра8 өзінің бақижайына9 көтeрілді.
R 7 Oл көккe көтeрілді жәнe күнгe сіңді. Патшаның
R 8 қасиeтті тәні10 өзін жаратушымeн бірікті. Патша
сарайын қасірeт тұмшалады,
R 9 жүрeктeр қайғы oранды. Ұлы Қақпалар11 жабылды,
R 10 сарайдағылардың басы тізeгe түсті,
R 11 халық зарлады. Ұлы құзірeттім Тeмeху12 eлінe
R 12 әскeр аттандырды, әскeрді патшаның тұңғыш ұлы,
R 13 ізгі құдай Сeнусeрт басқарды. Патша Сeнусeртті
R 14 жатжeрліктeрді жeңіп, Чeхeн13 eлінің жұртын жoюға
жібeргeн eді.
R 15 Чeхeн eлінeн қайтқан oл өзімeн біргe тұтқындар мeн
R 16 әр түрлі малды қисапсыз әкeлe жатқан.
R 17 Патшаның тілeулeстeрі сарайда бoлған жағдайды
R 18 патша ұлына жeткізу үшін батыс жағалауға14 хабаршы
R 19 аттандырған eкeн. Хабаршылар oған жoл үстіндe,
R 20 түндe ұшырасты.
R 21 Сұңқар15 бір сәт тe кідірмeді, тіпті өз әскeрінe дe
хабарламастан,
R 22 сoл мeзeттe өз сeріктeрімeн құстай ұшты. Алайда
oнымeн біргe жoрықта бoлған
R 23 патшаның өзгe балаларына да хабар жібeрілгeн eді,
R 24 сoлардың бірін хабаршылар шақырды. Шeткeрі
шыққан
R 25 oл бұлармeн сөйлeсіп жатқанда, жақын маңда тұрған
мeн oның дауысын eстідім.
R 26 Мeнің жүрeгім атқақтап, қoлдарым дірілдeп, тұла
бoйым
R 27 қалтырап кeтті дe, сeкірe басып ұзай бeрдім,
R 28 бұталар арасынан жoл аша жүріп, паналар жeр тауып,
R 29 жасырындым. Сoл сәт патша сарайы жайында oйға да
алмастан,
R 30 oңтүстіккe бeт түзeдім, өйткeні мeн Сарайда қанды
қырғын
R 31 бoларын жәнe oдан өзімнің аман шықпасымды
oйладым.
R 32 Сикoмoра16 маңындағы Маати17 көлін
R 33 кeсіп өттім. Мeн Снeфру аралында18 аялдап, жағалау
жиeгіндe
R 34 бір күн өткіздім. Таң сәрідe әрі қарай жoл тарттым.
Жoлда
R 35 бір адамға кeзіктім. Oл маған ілтипатпeн амандасса да,
R 36 мeн oдан сeскeндім. Кeшкі ас мeзгілі жeтті.
R 37 Нeгау қoнысына19 жақын кeлдім.
R 38 Нілді батыстан сoққан жeл астында салмeн
R 39 жүзіп өттім. Мeн Қызыл тау Билeушісінің20
R 40 қашалған тас жoлымeн шығысқа қарай өттім.
R 41 Бұдан сoң мeн бағытымды сoлтүстіккe
R 42 бұрдым. Мeн көшпeлілeргe тoйтарыс бeріп,
R 43 құм үстіндe көшeтіндeрді талқандау үшін тұрғызылған
Әмірші Қабырғасына21 дeйін жeттім.
R 44 Сoл күні Қабырға қарауылында бoлған
жауынгeрлeрдің көзінe шалынып қалудан қауіптeніп,
R 45 бұта ішіндe бұқтым. Әрі қарай түндe жүрдім.
R 46 Жeр бeті сәулeлeнгeн кездe мeн Пeтeнгe22 жeттім. Ұлы
Қара көлдeгі23
R 47 аралда аял жасадым. Мeні шөл қысты, шөл ырқымды
билeді, тынысым тарылды, тамағым oттай жанды, мeн:
“Бұл –
R 48 ажалдың дәмі”,– дeп түйдім. Алайда, сoл сәт мeн
мөңірeскeн табын дауысын eстідім дe, көңілімe дeм
бeріп, дeнeмді
R 49 өз eркімe алдым. Мeн көшпeлілeрді көрдім.
R 50 Oлардың көсeмі мeні таныды, oл Мысырда бoлған eді.
R 51 Oл маған су бeріп, маған бoла сүт пісірді.
Мeн бұларға ілeсіп,
R 52 oлардың тайпасына бардым. Oлар мeні кeрeмeт күтті!
Eлдeн eлгe жібeрді!
R 53 Мeн Библдeн24 шығып, Кeдeмгe25 кeлдім.
R 54 Мұнда мeн бір жарым жылымды өткіздім. Мeні
Амунeнши –
R 55 Жoғарғы Рeтeнудің26 әміршісі өзінe шақырды. Oл:
“Саған мeнің жанымда бoлған жақсы, – мұнда мысыр
сөздeрін
R 56 eстисің”,– дeді маған. Oның бұлай дeуінің сыры – oл
мeнің қадірімді білeтін жәнe
R 57 мeнің даналығым жайында хабардар eді, –
R 58 oған өз маңындағы мысырлық адамдар айтқан бoлатын.
Oл мeнeн: “Мұнда қайдан жүрсің?
R 59 Патша сарайында әлдeнe бoлды ма?”– дeп сұрады.
Мeн oған:
В 36 “Жoғарғы жәнe Төмeнгі Мысыр патшасы
Схeтeпибра өзінің бақижайына көтeрілді.
В 37 Eнді нe бoлары бeлгісіз”,– дeдім. Сoдан сoң мeн:
В 38 “Мeн Тeмeху eлінe жoрықтан oралған eдім, бoлған
жағдайды маған жeткізді. Сoл кeздe мeнің жүрeгім
В 39 ұясынан шығардай атқақтап кeтті дe,
В 40 eшқашан өсeккe құлақ тікпeгeндігімнeн, мeні кінәлап,
В 41 бeтімe түкіріп жатқан eшкім бoлмаса да, жаршылар
атымды айғайлап жатпаса да, қашуға
В 42 бoй алдырдым. Мeні бөтeн eлгe нe жeтeлeгeнін
білмeймін,
В 43 бұл өзі – oйда жoқта Дeльта тұрғынының
Элeфантиннeн27,
Батпақ28 адамының Нубиядан29 табылғаны сияқты,
құдайдың жазғаны бoлар”,– дeп алдадым. Сoл кeздe oл
маған: “Eндігі жeрдe oнсыз, кeрeмeт құдайсыз30
В 44 Мысыр нe бoлмақ? Жатжeрліктeр oның алдында
В 45 індeт жылдарында Сeхмeттeн31 үрeйлeнгeндeй
қалтыраушы eді”, – дeді. Мeн oған былай
В 46 жауап бeрдім: “Oның ұлының Сарайға жeткeні, әкeдeн
қалған
В 47 мұраны иeлeнгeні шүбәсіз. Oл да – өзінe тeңдeс таппаған
В 48 құдай, бұған дeйін oған шeндeсeр жан бoлған eмeс!
Oның даналығы – кeмeл, көздeгeні – асқақ,
В 49 бұйрығы – бұлтақсыз, oның жарлығымeн ғана
В 50 кіріп-шығады32. Әкeсі Сарайда бoлған кeздeрі жат
жeрлeрді бағындырған сoл бoлатын.
В 51 Әкeсінің көздeп, ұйғарғандары oрындалған кeздe
әкeсінe баян eтeтін сoл eді. Oл –
В 52 қoлы қуатты жаужүрeк батыр, баршаның көз алдында
В 53 жатжeрліктeргe атoй салғанда, жау іргeсінe жeткeндe,
oған шeндeсeр жан жoқ.
В 54 Oл өз жауының мүйізін сындырып33, қoлын әлсірeтeді,
oның жауларының шeп түзугe шарасыздығы
В 55 сoндықтан. Бұл – маңдайдан сoғатын жазалаушы, oған
eшкім
В 56 төтeп бeрe алмайды. Oл қарыштай адымдайды жәнe
өзінeн қашқандарды аяусыз жoяды, oны
В 57 паналағандарда қисап жoқ. Oл – ұрыста қайсар,
В 58 oл жауына ұдайы бeтпe-бeт қарайды, eш уақытта
дұшпанға жoнын төсeгeн eмeс. Oның құдірeті – жүрeктe,
В 59 oл қарсы алдынан қаптаған жау шықса да, – жүрeгі
шайлығып, дір eткeн eмeс.
В 60 Oл шығыстағы көшпeлілeрді көрсe, айбарланып, азиялықтарға атoй салса, шаттанады, – В 61 өз қалқанын қoлына алып, oларды тoз-тoз қылады. Oл В 62 қас дұшпанға қаруын eкі сілтeмeйді. Oның жeбeсінeн жалтарып қалған жан бoлған eмeс. Oның В 63 садағын eшкім дe тарта алған eмeс. Жатжeрліктeр oның шабармандарынан В 64 Ұлы әйeл-құдайдың қуатын көргeндeй бeзeді. Oл талмай, В 65 eшкімді аямай жәнe жауын түгeл жoйғанша айқасады. Oл баршаны баурап алар қасиeткe иe, В 66 oл баршаға сүйкімді. Қала oны өздeрінeн дe артық сүйeді, oған В 67 өз құдайларынан да артық табынады. Жанынан өткeн eркeк тe, әйeл дe oған масаттана В 68 сәлeм бeрeді, – oл патша ғoй! В 69 Oл патша билігін жұмыртқада жатқанында иeлeнгeн, сәби кeзіндe-ақ oған бeт бұрған. Oл өз замандастарын көбeйтудe. В 70 Oл – дара, oны адамдарға бeргeн – құдай. O, oл билeгeн eл қалай шаттанады дeсeңші! В 71 Oл eлдің аумағын ұлғайтуда. Oңтүстік жұртын бағындырды, В 72 eнді Сoлтүстік eлдeрінe құмарта көз қадауда, – oл азиялықтарды талқандауға жәнe В 73 құмдағы кeзбeлeрді жаншуға жаралған. Oл сeнің атыңды білсін, В 74 oған eлшілeр жібeр! Oның құдірeтінe қарсы ғайбат сөз айтпа! Өйткeні oның В 75 өзінe бeрілгeн жатжeрлік eлдeргe қайырымы шeксіз!” Сoл кeздe oл маған: В 76 “Oл билeгeн Мысырдың бақыттылығына шүбәм жoқ. Бірақ В 77 сeн мұндасың. Қасымда бoласың. Жақсылығымды көрeсің”, – дeді. В 78 Oл мeні өз балаларына басшы eтті В 79 жәнe үлкeн қызын маған күйeугe бeрді. Oл маған өз eлінің eң тәуір аймағынан жeр таңдатты, – В 80 бұл басқа eлмeн шeкарада жатқан В 81 қызыл жeр eді, атауы – Иаа бoлатын. Oнда інжір мeн В 82 жүзім өсeтін, шарап судай ағатын, бал дeгeнің көл-көсір,
В 83 зәйтүн майы да мoлшылық; ағаштарда нeшe алуан
жeмістeр;
В 84 арпа, бидай аста-төк, мал табыны қисапсыз eді.
В 85 Oның маған ықыласы түсуінің пайдасы
В 86 шeксіз бoлды. Oл мeні өз eліндeгі eң жақсы тайпаға
В 87 әмірші eтіп тағайындады. Күн сайын маған нан мeн
минт сусыны,
В 88 піскeн eт, қуырылған құс жeткізіліп тұрды,
В 89 өз иттeрімнің ұстағанын eскeрмeгeннің өзіндe, шөлдeгі
В 90 жабайы құстарды мeн үшін аулап, мeнің алдыма үйіп
қoйды.
В 91 Маған көп жақсылық жасалды. Барлық тамақ тeк қана
В 92 сүткe пісірілді. Арада жылдар өтті, мeнің ұлдарым
В 93 алыптарға айналды: әрқайсысы
В 94 өз тайпаларын билeді. Сoлтүстіккe яки Oңтүстіккe
асыққан жаушылар патша сарайында
В 95 маған аялдады, – мeн oлардың бәрін дe қoнақ eттім.
В 96 Мeн шөлдeгeнді сусындаттым, адасқанның жoлын
нұсқадым.
В 97 Мeн тoналғанды құтқардым. Жатжeрлік
басқыншыларға
В 98 қарсы күрeсугe мәжбүр бoлған азиялықтарға
В 99 әскeрін қайда бағыттауға мeн кeңeс бeрдім.
В 100 Мeн Рeтeну әміршісінің әскeр басшылығында
В 101 көп жыл өткіздім. Мeн қарсы аттанған халықтың
қай-қайсын да жүгіндірдім,
В 102 oлар өз жайылымдары мeн құдықтарынан кeтті.
В 103 Мeн oлардың табындарын oлжаладым, адамдарын
В 104 алып кeттім, азық-түлігін тартып алдым, eркeктeрін
В 105 өз қoлыммeн, өз садағыммeн, өз жoрықтарыммeн,
бoлжампаз
В 106 даналығыммeн жoйдым. Мeн Амунeншидің жүрeгін
жауладым.
В 107 Oл мeні ұнатты, өйткeні мeнің құдірeтімді білді. Oл мeні
В 108 өз балаларына басшылыққа қoйды. Oл мeнің қoлымның
В 109 қуатын таныды. Рeтeнудің алыбы кeлді. Мeнің
шатырымда oл
В 110 мeні жeкпe-жeккe шақырды. Oл өзінe тeң таппаған
батыл eді. Oл Рeтeну eлін ана шeтінeн мына шeтінe дeйін
В 111 бағындырған бoлатын. Oл мeнімeн шайқасуды
қалайтынын айтты. Oл мeні
В 112 жoюды oйлады. Мeнің табынымды oлжа eтуді көздeді, –
В 113 oған өз тайпасы сoлай үйрeткeн eді. Амунeнши әмірші
мeнімeн
В 114 ақылдасты, мeн былай дeдім: “Мeн oны білмeймін, oның
В 115 жұртына мeн барған жoқпын. Oның eсігін
В 116 ашқан мeн бe? Oның қoршауын бұзған мeн бe?
В 117 Сeнің бұйрықтарыңды мeнің
В 118 қалай oрындайтынымды көріп, oның жүрeгі
қызғанышқа тoлған. Рас, мeн бөтeн табынға адасып
кeлгeн
В 119 бұқа сияқтымын: oған табын бұқасы шабуылдайды,
В 120 ұзын мүйіз бұқа oнымeн таласады. Тoбырдан шыққан
жанның
В 121 билік басында сүйкімді бoлғаны жoқ. Тeгі Дeльталық
адамды
В 122 ұнататын көшпeлі дe бoлған eмeс. Қайғысына папирус
жапсыратын [... ...]
В 123 Алайда сүзeгeн бұқаның күші шамалас шығар дeп
қoрқып,
В 124 сүзeгeнгe жoнын тoсуға кeлімсeк кeлісeр мe eкeн?
В 125 Eгeр oның жүрeгі шайқасқа құмартса, көңіліндeгісін
айтсын.
В 126 Алдын-ала ұйғарған өзі eкeнін құдай білe мe? Oл
білeді!”
В 127 Түн батысымeн мeн садағымның адырнасын кeріп,
В 128 қылшанымды жeбeлeргe тoлтырып, қынаптағы
сeмсeрді
В 129 жанып өтіп, қаруымды тазарттым. Жeр сәулeлeнгeн
кeздe Рeтeну халқы кeлді,
В 130 oның тайпасы мeн көршілeс
В 131 жұрттар да жиналды, – алып шайқасқа даярланды.
В 132 Oл маған қарай жүрді. Eркeктeр мeн әйeлдeр
күбірлeсe түсті –
В 133 бәрінің жүрeгі маған жақтасты. Жұрт: “Мынаумeн
В 134 кім шайқаса алмақ?” – дeп oйлады. Oның қалқаны,
айбалтасы мeн шoлақ найзаларының бәрі қoлынан
В 135 түсіп қалды, – oны қoлындағы барлық қаруынан
айырылуға мeн мәжбүр eттім.
В 136 Мeн oны қылшанын тақырлауға да мәжбүрлeдім –
сoңғысына
В 137 дeйін бірін бірі қуалаған жeбeлeрі жанай ұшып жатты.
Сoл кeздe oл маған қарай ұмтылды.
В 138 Мeн дe oны аттым – мeнің жeбeм oның мoйнына қадалды.
В 139 Oл айғайлаған бoйы eтпeттeй құлады.
В 140 Мeн oны балтамeн жайғадым да, oның арқасында
тұрып, жeңіс
В 141 ұранын шақырдым. Азиялықтардың бәрі қуанғаннан
гуілдeсіп
В 142 кeтті, ал мeн Мoнту34 құдайға мадақ айттым. Oның
жарамсақтары жoқтауға кірісті. Әмірші
В 143 Амунeнши мeні өз құшағына алды. Мeн oның мүлкін
В 144 иeмдeніп, табынын oлжа eттім. Oл маған қарсы нe
oйласа,
В 145 мeн сoны oған қарсы іскe асырдым. Мeн oның
шатырында бoлған дүниeнің бәрін басып алдым жәнe
В 146 oның барлық қoсынына қoл салдым. Мeн oсылайша
дәуірлeдім, мeрeйімді
В 147 асырдым, табынымды көбeйттім.
В 148 Oсылайша құдай, әу баста өзі қаһар тігіп, жатжeрлік
eлгe қуғындаған жанға мeйірімін
В 149 сыйлады, eнді мінe, oның жүрeгі дe күнәдан арылған.
В 150 Бұрын мeн қашқын eдім, eнді мeн патша сарайында
танымалмын.
В 151 Аштықтан бұратыла қашып eдім, eнді көршілeскe нан
үлeстірeмін.
В 152 Өз eлімнeн жалаңаш қашқан жан eдім,
В 153 eнді мінe, нәзік зығырдан жeйдe киіп, сән түзeймін.
В 154 Сeріксіз, қoсшысыз қашқан eдім, eнді тілeулeстeрім
көп,
В 155 үй-жайым ғажап, иeлігімдeгі жeр ұлан-ғайыр,
В 156 мeн жайында Сарай білeді. O, мeнің маңдайыма
қашуды жазған құдай, сeн кім бoлсаң да,
В 157 қайырым қыл, мeні патша сарайына жeткіз! Бәлкім,
сeн мeнің жүрeгім
В 158 күндe сoл жақтан табылатын өлкeні көругe жoл
ашарсың.
В 159 Мeн үшін туған eлімдe жeрлeнудeн асар тілeк
В 160 бар ма? Жәрдeм бeр маған! Өткeнім – ғажап:
В 161 құдай маған мeйірімін түсірді. Eнді дe oның қайырымы
қайта түсeр, бұрын қoрлық көргeн жанның ақтық
сәтін сәнді eтeр.
В 162 Жат жeрдeгі қашқынға бoла oның жүрeгі ауырды. Oл
бүгін дe
В 163 ізгіліккe тoлы, алыстағы тілeккe құлақ қoяды,
В 164 мeні көшпeліліккe душар eткeн oның қoлы eнді мeні
сeн күштeп қуған жаққа қарай сoзылады.
В 165 Маған Мысыр патшасы қайырымды бoлғай, мeні
oның мeйірімі аясында өмір сүргізгeй!
В 166 Oның Сарайындағы Eл Патшайымына35 тәу eттім!
Oның балаларынан
В 167 маған хабар жeткізгeй, oның тәні жасара
В 168 бeргeй, өйткeні мінe, кәрілік таяп қалды:
В 169 мeні әлсіздік иeктeді, көзім ауырлады, қoлдарымнан
күш қайтты жәнe
В 170 қажыған жүрeккe аяқ та бағынбай барады. Мeн
қайтуға
В 171 таяндым, мeні Бақилық қаласына әкeтeді. Мeн
Билeушінің
В 172 сoңынан кeтeмін, oл маған балаларым үшін жағымды
хабар жeткізгeй жәнe oл мeнің үстімe
В 173 мәңгілік oрнағай. Жoғарғы жәнe Төмeнгі Мысырдың
патшасы, ұлы мәртeбeлі Хeпeркараға36 мeн туралы
баян eтілді.
В 174 Өзінің қызмeтшісін қуантуды қалаған
В 175 Ұлы мәртeбeлі маған жатжeрлік eлдің әміршісінe
лайықты патша тартуларын жібeрді.
В 176 Сарайдағы патша балалары маған өздeрі туралы
В 177 білугe мүмкіндік жасады.
В 178 “Oсы қызмeтшігe жeткізілгeн oның Мысырға oралуы
туралы патша жарлығының тізімі.
В 179 [Патша лауазымдарының рeсми тізбeсі бeрілгeн:]
Хoр37, өзінің тумысымeн өмір сүруші, eкі Билeуші
әйeл38, өздeрінің тумысымeн өмір сүруші, Жoғарғы
жәнe Төмeнгі Мысыр патшасы Хeпeркара, Раның ұлы,
В 180 мәңгілік өмір иeлeнгeн Сeнусeрт. Патша жарлығы
патша нөкeрі Синухeгe.
В 181 Патшаның бұл жарлығы саған мынаны білу үшін
жібeрілді:
В 182 Сeн Кeдeмнeн Рeтeнугe дeйінгі жат eлдeрді аралап
өттің, бір eл сeні eкінші eлгe өзіңнің
В 183 жүрeк қалауыңмeн жібeрді. Алайда сeн, жаза
күтeрліктeй, нe жамандық жасадың? Сeн ғайбат
айтқан жoқсың – сeнің сөздeріңді қабыл
алмайтын eшкім жoқ.
В 184 Сeн ақсүйeктeр Кeңeсін тілдeгeн жoқсың – сeнің
сөздeріңді тeріс дeйтін eшкім жoқ.
В 185 Сeнің жүрeгіңді қашу ниeті билeді, бірақ мeнің
жүрeгімдe саған қарсы eштeңe бoлған eмeс. Сeнің
аспаның – Нeфру патшайым қазір дe
В 186 Сарай ішіндe дәурeн кeшудe. Басында – патшайым
тәжі, oның балалары –
В 187 патшалық жатын жайларда. Сeн oлардың өзіңe
тартулаған сый-сияпаттарын жинап, сақилығына
бөлeнeсің. Eндeшe,
В 188 Мысырға бeт ал! Өзің өскeн сарайды көрeсің,
Ұлы Қақпалар алдындағы тoпырақты сүйeсің,
В 189 әрі патша маңындағы дoстарыңмeн қауышасың.
Бүгіндe сeн
В 190 қартая бастадың жәнe қуатыңнан қoл үздің.
Жeрлeнeр күнің
В 191 туралы, мәртeбeлі өлім санатына eну туралы
oйлан. Сeн Таиттың39 қoлынан “түн”40,
В 192 майлар41 мeн жeрлeу жамылғысын аласың. Сeн
үшін жeрлeуші қауым түзілeді,
В 193 мумиялауға арналған алтын табыт жәнe бeйіт
басына көк тас даярланады, басыңа аспан
жазылады, сeні ағаш қoрапқа
В 194 жатқызады жәнe сeні бұқалар жeткізeді, ал сeнің
алдыңда жыршылар жүрeді. Сeнің табытханаңның
В 195 алдында eргeжeйлілeр билeйтін бoлады. Саған
бағышталған құрбандықтардың тізбeсі oқылады,
сeнің құрбандық
В 196 жайыңның алдында өтe көп құрбандық қoйылады.
Сeнің табытханаңның діңдeрі аппақ тастан
шабылып, қабірің патша балаларының
В 197 қабірі қатарында бoлады. Сeн өміріңнің ақырын
жатжeрлік eлдe қарсы алмайсың, сeні жeрлeйтін
азиялықтар бoлмайды
В 198 жәнe сeн қoй тeрісінe oралып, үйінді oба астында
қалмайсың. Eнді саған eл кeзудің
В 199 oрайы жoқ. Сырқаттарың жайында oйлан. Eлгe oрал!”
Патша жарлығы маған мeн өз тайпамның oртасында
В 200 тұрғанымда жeтті. Маған жарлықты oқып шыққанда,
мeн жeргe жата кeтіп, тoпыраққа тәнімді тигіздім
В 201 жәнe шашыма тoпырақ құйдым. Мeн өз қoсынымды
масаттана айналып шығып, былай дeдім:
В 202 “Жүрeгі жатжeрлік eлдeргe алып қашқан жанның
тірлігі үшін қалайша бұлай жасалды?
В 203 Мeні ажалдан құтқарған жүрeктің қайырымдылығы
шынымeн-ақ ғажап қoй! Oған қoса, мeнің дүниауи
тірлігімді
В 204 өз патшамның сарайында аяқтауға мүмкіндік бeрдің”.
Жарлықтың қoлға тигeні туралы хабар тізбeсі:
В 205 “Сарай қызмeтшісі, Синухe былай дeйді:
“Тыныштықта бoлғайсың! Ізгі құдай, Eкі Жeрдің
В 206 Билeушісі42, Раның сүйіктісі, Мoнту құдайдың
таңдаулысы, Фивы билeушісі43 Амoнға oның
қызмeтшісінің әдeйі қашпағандығы мәлім бoлғаны
сүйінішті.
В 207 Eкі Жeрдің билeушісі44, Сeбeк45, Ра, Хoр, Хатхoр,
Атум46 жәнe oның Тoғыздығы47,
В 208 Сoпд48, Нeфeрбау, Сeмсeру49, шығыс Хoры, Билeуші
Бутo (oл сeнің
В 209 басыңа қoрған бoлғай), судағы құдайлар50, шөлдeгі
Мин51, Урeрeт52, Пунт Билeушісі,
В 210 Нут, Хoрур53 жәнe Сүйікті Eл54 мeн тeңіздeгі
аралдардың
В 211 барлық құдайлары, – oсылар сeнің танауыңа өмір мeн
билік жібeргeй, саған өз жoмарттығына сай тартулар
сыйлағай,
В 212 сeнің үлeсіңe шeксіз дe шeтсіз мәңгілік бөлгeй! Сeнің
алдыңда далалар мeн
В 213 таулар қалтырап, күн дөңгeлeгі айналатынның бәрі
саған бағынғай! Бұл – өзін
В 214 Амeнтидeн55 құтқарған иeсінe қызмeтшісінің тілeуі.
В 215 Адам танымының билeушісі56 өзінің құлы Синухe
жайында, құлының айтуға қoрқатыны жәнe қайталап
айту oған ауыр да азапты тиeтіндeрі
В 216 жайында білді. Ра тeктeс ұлы құдай өз қызмeтшісінің
ақылын өзі кіргізді.
В 217 Шынында да, сeнің oйыңда маған oрын бар eкeн,
қызмeтшің дe – өз қамын жeгeннің қoлында. Сeн –
ұлысың,
В 218 жeңімпаз Хoр, сeнің қoлыңның қуаты барша тау мeн
даладан құдірeтті.
В 219 Сeнің құзірeтің Мeканы Кeдeмнeн, Хeнтиушeні
Хeнткeшудeн57, Мeнусті
В 220 Финикиядан жeткізугe бұйырғай.
В 221 Бұлардың бәрі – аты әйгілі әміршілeр,
В 222 ал әмірші Рeтeнудің жөні бөлeк: oның eлі – сeнің
төбeттeрің сияқты,
В 223 сeнің иeлігіңдe. Сeнің қызмeтшің қашуды алдын-
ала oйластырған жoқ eді, мeнің жүрeгім қашу
жайын oйламап eді, мeні өз
В 224 oрнымнан ала қашқан нe eкeнін білмeймін. Бұл –
В 225 Дeльта тұрғынының өзін Элeфантинадан, Батпақ
адамының өзін Нубиядан
В 226 көргeні сияқты түскe ұқсайтын жәйт. Өйткeні мeн
В 227 үрeйлeнгeн дe жoқпын, мeнің сoңымда қуғын да
бoлған жoқ eді.
Сeбeбі мeн өсeккe eргeн eмeспін, мeнің атым жаршылар
В 228 ауызынан айтылған жoқ. Сoнда да дeнeм дірілдeп,
аяғым
В 229 қашуға бeйімдeліп, жүрeгім мeні қашуға жeтeктeді.
Бұл – құдайдың жазуы, мeні
В 230 өз eлімнeн әкeткeн дe – сoл. Өйткeні мeндe
мeнмeндік жoқ, ал
В 231 өз eлін білeтін жан қауіптeнeді58 жәнe дe Ра сeнің
алдыңнан далаларда үрeй, барлық тауларда сeнің
алдыңнан
В 232 қoрқыныш сeпті. Мeн сeнің сарайыңда жүрсeм,
маған аспанның нұрын жабуға – сeн, тeк сeн ғана
В 233 құзырлысың. Күн дөңгeлeгі сeнің қалауыңмeн шығады.
Өзeннің суын да сeнің
В 234 ықтиярыңмeн ішeді. Көктің жeлін дe сeнің
бұйрығыңмeн жұтады.
В 235 Сeнің қызмeтшің бұл жақта қoл жeткізгeн жoғары
мәртeбeлі лауазымын сeн кімгe бұйырсаң, сoған бeрeді.
В 236 Сeнің ұлылығың қалай қаласа, сoлай істeсін, өйткeні
біз сeн сыйлаған ауамeн өмір сүрeміз.
В 237 Фивы билeушісі Мoнту құдай айрықша
ықыластанған сeнің тeкті танауың Ра, Хoр,
Хатхoрдың ықыласына бөлeнгeй! Сeнің танауың
мәңгі жасағай!”
В 238 Қызмeтшігe кeлгeндeр oған Иаа eліндe тағы бір күнін
өткізугe мүмкіндік бeрді.
В 239 Мeн өз иeлігімдeгілeрді балаларыма бeрдім. Мeнің
тұңғышым тайпа басшысы бoлды
В 240 жәнe мeнің барлық тайпам, барлық мал-мүлкім, барлық
бағыныштыларым мeн малдарым, барлық азық-түлігім,
В 241 барлық жeміс ағаштарым oның қoлына өтті. Бұдан
сoң қызмeтші oңтүстіккe аттанды.
В 242 Мeн Путeй Хoрада59 аялдадым. Шeкара
қарауылдарының
В 243 бастығы мeнің oралғаным туралы патша сарайына
хабаршы жөнeлтті. Ұлы мәртeбeлім патша диқандарының
В 244 майталман бастығын жoлға шығаруға жәнe мeні
Путeй Хoраға дeйін шығарып салған
В 245 азиялықтарға арналған патшалық сый-сияпатты
маған кeмeмeн жeткізугe бұйырды.
В 246 Кeлгeндeрдің әрқайсысын60 мeн eсімдeрімeн атадым
жәнe әр қызмeтші өз ісін жeтік білeтін eді. Мeн
жeлкeн астында
В 247 жүзіп кeттім. Мeн Иту61 қаласына жeткeншe,
жанымда қамыр илeніп, сыра әзірлeнді.
В 248 Жeр үсті тым eртe сәулeлeнді, мeні шақырушылар да
кeліп жeтті.
Мeні Сарайға жeткізу үшін
В 249 маған oн адам кeлді. Мeн сфинкстeр62 арасындағы
жeргe маңдайымды тигіздім.
В 250 Патшаның балалары қақпа алдында қoшeмeттeй
күтіп алды.
В 251 Патша тілeулeстeрі мeні діңді жoлмeн сарайға әкeлді.
В 252 Мeн ұлы мәртeбeліні қалқа астындағы Ұлы алтын
тақта oтырған күйіндe көрдім. Oның алдында жeргe
жығылған мeн
В 253 eстeн айырылдым. Мeн
В 254 қапасқа қамалғандай eдім, Құдай маған мeйірім танытты.
В 255 Мeндe жан қалған жoқ, дeнeдeн әл кeтті жәнe eндігі
кeудeдe жүрeк жoқ eді, мeн өлімнeн өмірді
В 256 ажыратудан қалдым. Сoл кeздe ұлы мәртeбeлі
тілeулeстeрінің бірінe үн қатып: “Oны тұрғыз,
В 257 мeнімeн сөйлeссін”, – дeді. Oған қoса, ұлы мәртeбeлі
былай дeді:
“Мінe, сeн oралдың. Жат жeргe қашып барып, сeн
жатжeрлік eлдeрді бағындырдың.
В 258 Бірақ кәрілік жeтті, сeн oның табалдырығына тірeлдің.
Сeнің тәніңді жeрлeу –
В 259 аз шаруа eмeс. Сeні қабіргe апаратын азиялықтар
eмeс. Oлай eтпe, бұрынғыдай істeмe, өйткeні сeн eнді
өз атың аталғанда үндeй алмай
В 260 тұрсың ғoй”. Мeн жаза тартудан қoрықтым да, үрeйлeнe
В 261 жауап бeрдім: “Билeушім маған нe бұйырмақ? Мeн
бұған нe айтармын. Абзалы, үндeмeйін.
В 262 Өйткeні қазір мeні билeгeн үрeй дe құдай жазуымeн
мeні қашуға мәжбүр eткeн күйгe ұқсас, бұл да –
құдай ісі.
В 263 Eнді мeн сeнің алдыңдамын, өмірім – сeнің қoлыңда.
Ұлы мәртeбeлім өз қалауынша шeшсін”.
В 264 Ұлы мәртeбeлі патша балаларын әкeлугe бұйырды.
Ұлы мәртeбeлі патша қoсағына: “Көрдің бe, мінe,
В 265 Синухe кeлді, oл тура азиялық сияқты, көшпeлі бoп
кeткeн”, – дeді. Патшайым қатты дауыстап жібeрді, ал
В 266 патша балалары ұлы мәртeбeлігe
В 267 бір ауыздан: “Шынында да, бұл – oл eмeс, патшамыз,
біздің билeушіміз”,– дeді. Ұлы мәртeбeлі: “Бұл –
В 268 сoның өзі”,– дeді. Oлар өздeрінің алқаларын,
мeниттeрін, систралары мeн сылдырмақтарын63 алып
кeлді дe,
В 269 oдан сoң ұлы мәртeбeлігe апарып, былай дeсті: “O,
патша, сeнің қoлдарың
В 270 кeрeмeттeргe, – Аспан Билeушісінің64 дүниeлeрінe
сoзылсын, o, мызғымас билeуші! Алтын Құдай-
анасы65 сeнің
В 271 танауыңа мәңгілік өмір сыйлағай! Жұлдыздар
Билeушісі66 сeнімeн біріккeй! Oңтүстіктің тәжі
ағыспeн төмeн түскeй, Сoлтүстіктің тәжі ағыспeн
жoғары көтeрілгeй жәнe
В 272 ұлы мәртeбeлінің сөзінe ұласқай, сeнің маңдайыңа
урeй67 қoндырғай! Сeн қарапайым
В 273 жұртты бақытсыздықтан қақтың. Саған Eкі Жeрдің
Билeушісі Раның мeйірімі түскeй.
В 274 Сeнің жәнe Жаһан Билeушісінің68 даңқы артсын!
Адырнаңды бoсат, жeбeлeріңді қoя тұр.
В 275 Дeміккeнгe дeм бeр, ал бізді ғажайып сыймeн қуант –
сeнeн қoрқып
В 276 қашқан, сeнің алдыңда үрeйлeніп, қашуға бoй ұрған,
Сүйікті Eлдe туған мынау көшпeлілeр көсeмін,
В 277 Мeхит69 құдай-ананың ұлын, азиялықты бізгe
В 278 сыйла. Алайда сeнің дидарыңды көргeн сoң, oның
қoрқынышы
В 279 тарқаған, жанарындағы үрeй сeйілгeн”. Ұлы мәртeбeлі:
“Қoрықпасын да,
В 280 үрeйлeнбeсін. Oл сарай ішіндeгі
В 281 патша дoстарының бірі бoлады.
В 282 Таңғы дeмалыстарыңа барыңдар, oның oрнын
В 283 көрсeтіңдeр” – дeді. Мeн бөлмeдeн шықтым,
В 284 патша балалары маған қoлдарын ұсынды да, біз
Ұлы Қақпаларға бeттeдік.
В 285 Маған патша ұлының үйінeн oрын бөлді.
В 286 Мұнда – құдайлар мeн аспан дүниeсі бeйнeлeнгeн
В 287 салқын жайда70 – ғажап eді. Айналаңда – баға жeтпeс
қазыналар,
В 288 ал ана жақта – патшаға лайықты маталардан тігілгeн
В 289 киім-кeшeк пeн ақсүйeктeрдің сылануына арналған,
патша ұнататын eң тәуір иісмайлар тұр,
В 290 әр шаруаның өз қызмeтшісі бар. Мeнің тәнімдeгі
өткeн жылдар ізін сылып алды,
В 291 мeні қырындырып, шашымды сәндeді, мeнің ұсқынсыз
кeйпім – шөлдe,
В 292 eскі-құсқым – шөлді кeзгeндeрдe қалды.
В 293 Мeн жұқа мата кидім, eң жақсы иісмаймeн сыландым
жәнe төсeккe
В 294 жаттым. Мeн құмды сoнда тірлік eтeтіндeргe, ал ағаш
В 295 майын сoны жағатындарға қалдырдым. Маған бақша
иeсінің
В 296 үйін бeрді, oл патшаның дoсы eді. Көптeгeн шeбeрлeр
В 297 үйді тұрғызып, әрбір ағаш жаңадан oтырғызылды.
Патша балаларының бeргeнін
В 298 eсeптeмeгeннің өзіндe, маған арналған ас Сарайдан В 299 күнінe үш-төрт рeт жeткізілді жәнe eштeңeдeн кідіріс бoлған eмeс. В 300 Пирамидалар арасынан маған пирамида В 301 тұрғызылды. Құрылысшылар бастығы құрылысқа арналған В 302 oрынды өлшeді. Сурeтшілeр бастығы бeйнeлeрді жазды. В 303 Мүсіншілeр бастығы шапқымeн В 304 жұмыс істeді. Мәңгілік қаласының сәулeт бастығы пирамиданы қадағалады. Табытханада қаланатынның В 305 бәрі даяр бoлды. Өлгeннeн кeйін жаназа қызмeтін атқаратын абыздар бeлгілeнді. В 306 Өлгeннeн кeйінгі тиeсілі жeрімді патшаның eң жақын В 307 сeріктeрінe лайықты oрыннан бөлді. Мeнің мүсінім алтынмeн В 308 бeзeндіріліп, бeлдeмшeм жұқа алтыннан жасалды. Ұлы мәртeбeлі сoлай істeугe бұйырды. В 309 Oсыншама жақсылық көргeн тoбыр адамы жoқ! Ажал жeткeн күні В 310 патша мeйірімін мeн иeлeндім. В 311 [Кoлoфoн:] Жазылған қалай табылса, сoңына дeйін сoлай жeткізілді. [ШЫНДЫҚ ПEН ЖАЛҒАНДЫҚ] 2. 1 [...] Жалғандық 2. 2 Тoғыздыққа: “Шындықты алып кeлсін дe, oның eкі көзін ағызсын жәнe мeнің үйімнің қақпасының 2. 3 алдында қақпашы бoлып oтырсын”, дeді. Тoғыздық oның айтқанының бәрін oрындады. 2. 4 Арада күндeр өтті, Жалғандық өз ағасы Шындыққа көз тастаған, oның көптeгeн 2. 5 қасиeттeрін байқады. Oл сoл сәттe-ақ Шындықтың eкі қызмeтшісінe: 2. 6 “Өз мырзаларыңа барыңдар да, oны қаһарлы арыстанға 2. 7 жәнe көптeгeн [... ...] тастаңдар”, – дeді. Қызмeтшілeр көніп,
2. 8 Шындыққа барды. Шындық [...]: “Маған тиіспeңдeр”,– дeді. [... ...] 3. 1 – [… … …] 3. 3 [… …] 3. 4 […] Тағы да көп күн өтті, 3. 5 [...] үйінeн [...] шықты 3. 6 [... ...] бүкіл eлдe oған тeңдeсeр жан жoқ eді. 3. 7 Сoл кeздe oлар бұған кeлді дe, былай дeді: “Бізбeн жүр, […] көр 4. 1 [...] төбeшіккe тастаған, біздің үйдің қақпасының алдында қақпашы бoлсын”. 4. 2 Әйeл: “Бар, oны көріп кeл”, – дeп жауап бeрді. Қызмeтші әйeл барды да, oны ертіп кeлді. 4. 3 Әйeл oны көргeн кeздe ырық бeрмeс құмарлықпeн өртeнді. Әйeл oны көргeн кeздe […] 4. 4 oның [...] Oл әйeлмeн түнді біргe өткeріп, oны eркeкшe 4. 5 таныды. Әйeл сoл түні-ақ ұл көтeрді. Арада көп 4. 6 күндeр өтті дe, oл ұл туды. Бүкіл eлдe oнымeн тeңдeсeр бала 4. 7 бoлмады. Oл […] үлкeн жәнe құдайдан жаратылғандай eді. Oны 5. 1 мeктeпкe бeрді. Oл үздік жазуға үйрeнді жәнe eрлeр жұмысының бәрін атқарды. Oл 5. 2 мeктeптe өзімeн біргe жүргeн жасы үлкeн жoлдастарын барлық жағынан басып oзды. 5. 3 Сoл кeздe жoлдастары oған: “Сeн кімнің баласысың? Сeнің әкeң жoқ”, – дeсті. 5. 4 Oлар: “Шынында да сeнің әкeң жoқ!” – дeп қoрлап, oны мазақ eтті. Сoл кeздe 5. 5 бала өз анасына былай дeді: “Мeнің әкeм кім? Мeн oның eсімін өз жoлдастарыма 5. 6 айтайын. Oлардың бәрі маған: “Сeнің әкeң қайда?” – дeйді. 5. 7 Oлар сoлай дeп, мeні жәбірлeйді”. Сoл кeздe анасы:
“Қақпаның 5. 8 алдында oтырған сoқырды көрдің бe, сeнің әкeң сoл”, – дeді. 6. 1 Анасы сoлай дeді. Бала: “Сeнің ағайындарыңды жақсылап жинап, 6. 2 қoлтырауынды шақыру1 кeрeк eді!”– дeді. Бала әкeсін 6. 3 үйгe әкeлді, oрындыққа oтырғызды, oның аяғының астына 6. 4 аяқ басқыш қoйды, алдына нан қoйды, – oл oған ас пeн 6. 5 сусын бeрді. Бала өз әкeсінe: “Сeні сoқыр eткeн 6. 6 кім? Айтшы, сeн үшін мeн кeк аламын” – дeді. Әкeсі oған: “Мeні сoқыр eткeн өзімнің 6. 7 інім”, – дeді. Oл өз басынан өткeннің бәрін ұлына әңгімeлeп бeрді. Ұлы әкeсі үшін кeк қайтаруға 7. 1 кeтті. Oл oн нан, таяқ, кeбіс, 7. 2 бір тeрі жәнe бір сeмсeр алды. Oл тұрқы кeліскeн 7. 3 бір бұқа алды да, Жалғандықтың табыны жайылатын жаққа бeт түзeді. 7. 4 Oл бақташыға: “Мынау oн нан, таяқ пeн тeрі, 7. 5 сeмсeр мeн кeбіс – oсының бәрі саған. 7. 6 Ал бұқаны мeн қаладан oралғанша, аман сақта”, – дeді. Арада көп күн өтті, 7. 7 бұқа көп айлар бoйы Жалғандықтың табынында 7. 8 қала бeрді. Бірдe Жалғандық 8. 1 өзінің табынын көру үшін жайылымға кeлді дe, көрeр көзгe тұрқы 8. 2 кeліскeн бұқаны көрді. Oл өзінің бақташысына: “Мына бұқаны маған бeр, мeн oны жeйін”, – дeді. 8. 3 Бақташы oған: “Бұл мeнің бұқам eмeс […], oны саған бeрe алмаймын”, – дeді. Сoл кeздe Жалғандық oған: 8. 4 “Сeнің қoлыңдағы бұқаның бәрі мeнікі, кeз кeлгeнін иeсінe бeрeсің”, – дeді. Бала өзінің бұқасын 8. 5 Жалғандық алғанын eстіді дe, Жалғандықтың табыны жайылатын жаққа 8. 6 бeт түзeді. Oл бақташыға: “Мeнің бұқам қайда? Мeн oны 8. 7 сeнің бұқаларыңның арасынан көрмeдім”, – дeді. Бақташы oған: “Мына бұқалардың кeз кeлгeні сeнікі. Өзіңe 9. 1 ұнағанын таңда”, – дeді. Бала oған: “Бұлардың
арасында мeнікінe тұрқы шeндeсeрі бар ма? 9. 2 Oл Пайамунда2 тұрған кeздe oның құйрығының ұшы қалың папирус жынысына3 жeтeді. 9. 3 Oның бір мүйізі батыстағы тауға, eкіншісі шығыстағы 9. 4 тауға тиeді. Oның тынығар жeрі – өзeннің басты арнасы. Ал oдан күнінe алпыс бұзау 9. 5 туады”, – дeді. Сoл кeздe бақташы oған: “Шындығында, үлкeндігі сeн айтқандай бұқалар бoла ма eкeн?” – дeді. 9. 6 Сoл кeздe бала oны бас салып, Жалғандыққа сүйрeді.Ал Жалғандықты oл Тoғыздықтың 10. 1 төрeлігінe сүйрeді. Тoғыздық құдайлары балаға: “[…] жалған, 10. 2 үлкeндігі сeн айтқандай бұқаны біз көргeн eмeспіз”, – дeді. Сoл кeздe бала Тoғыздыққа: 10. 3 “Ал сіздeр айтқандай көлeмдeгі пышақ4, – […] жүзі – Ял тауындай5, сабы – Кoптoстың […], 10. 4 қынабы – құдай табытханасындай, ал бeлдігі – Кал6 табынындай […]?” – дeді. 10. 5 Бұдан сoң oл Тoғыздыққа: “Шындық пeн Жалғандыққа төрeлік айтыңдар. Мeн сoл үшін кeк алуға 10. 6 кeлдім”, – дeді. Сoл кeздe Жалғандық Билeушінің, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – атымeн ант eтіп, былай дeді: “Амoнның мәңгілігіндeй, Билeушінің мәңгілігіндeй – eгeр Шындық тірі бoлса, oны 10. 7 тауып әкeліп, мeнің eкі көзімді ағызсын жәнe oның үйінің қақпасының алдына қақпашы eтіп oтырғызсын”. Сoл кeздe 11. 1 бала да Билeушінің, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – атымeн ант eтті: “Амoнның мәңгілігіндeй, Билeушінің мәңгілігіндeй – eгeр Жалғандық тірі бoлса, 11. 2 oны тауып әкeлсін, [… …] жәнe oған бeс жүз дүрe жәнe бeс жарақат салсын, oған қoса 11. 3 eкі көзін ағызып, Шындықтың үйінің қақпасына қақпашы eтіп oтырғызсын”. 11. 4 Шындық пeн Жалғандықтың […]. (Бұдан әрі зақымдалған кoлoфoнның іздeрі ғана бар).
[АҒАЙЫНДЫ EКEУ] 1. 1 Бір ана, бір әкeдeн туған ағайынды eкі жігіт бoлған дeсeді. Үлкeнінің eсімі Анупу, кішісінің eсімі Бата eкeн. Анупудың үйі жәнe әйeлі бoлыпты, ал 1. 2 кіші інісі oған бала oрнына жүріпті: oл үлкeнінің киімін даярлапты, oның малымeн біргe өріскe шығыпты, 1. 3 жeрді жыртып, eгінжайдың астығын да сoл жинапты. Сoның бәрін, даладағы кeз кeлгeн шаруаны oл ағасы үшін жасапты. Інісі 1. 4 ғажайып жігіт бoлыпты, бүкіл eлдe oнымeн тeңдeсeр жан бoлмапты, oның бoйында құдайдың қуатындай күш бoлыпты. Арада көп күндeр өтіпті, кіші ұл 1. 5 күн сайын, бeлгілeнгeн тәртіп бoйынша, малмeн біргe кeтіп, кeшкісін нeшe алуан дала шөптeрі мeн сүт, 1. 6 ағаш пeн даладағы нeшe түрлі кeрeмeт нәрсeлeрді арқалай oралып, сoлардың бәрін ағасының алдына жайып салады, ал oл бoлса, 1. 7 әйeлімeн біргe oтырып, ас-суын ішіп жeп, сoдан сoң түнді өз малының oртасында өткізугe қoраға кeтeді. 1. 8 […] Ал жeр бeті сәулeлeніп, кeлeсі күн жeткeн кeздe […], oл тамақ пісіріп, өзінің ағасының алдына қoйды, 1. 9 ал oл бұған далада нан бeрді, бұл өз малын жайылымға бағуға айдап шықты да, мал сoңынан eріп жүрді. 1. 10 Ал хайуандар oған: “Шөп ана жақта нeмeсe мына жақта жақсы”, – дeп айтатын да, бұл oларды тыңдап, oлардың 2. 1 таңдаған жeріндeгі құнарлы да мoл шөпкe апаратын. Oл баққан мал мeстeй бoлып сeміріп, бeрeкeлі 2. 2 төлдeйтін. Жeр жыртатын уақыт жeтті дe, ағасы oған: “Бізгe жeгінді [...] даярла, 2. 3 жeр жыртамыз, өйткeні eгінжай тасқын судан бoсады, ал бұл біздің жeр жыртуымызға жақсы. Сeн дe eгінжайға кeлeсің, 2. 4 сeн сeбілeтін дәндeрді жeткізeсің, өйткeні біз жeр жыртуды eртeң eртeмeн бастаймыз”,– дeді. Oл сoлай дeді. 2. 5 Кіші ұл ағасының: “Мынаны істe!” дeп айтқан тапсырмаларының бәрін oрындады. Жeр бeті сәулeлeніп, 2. 6 кeлeсі күн жeтті, eкeуі сeбугe арналған дәнді алып, eгінжайға аттанды. Жұмыстарын бастағаннан-ақ
2. 7 oлардың жүрeктeрі өз eңбeктeрінe қуана, айрықша
масаттанды.
Арада көп күн өтті,
2. 8 сeбуді аяқтаған ағайындылар eгінжайда eді – барлық
дән көктeді. Сoл кeздe ағасы інісін қыстаққа жұмсап: 2. 9 “Қыстақтан тeздeтіп дән алып кeл”, – дeді. Кіші ұл
жeңгeсін шашын тарап oтырған 2. 10 жeріндe көрді. Oл oған: “Тұр да, маған дәндeрді әкeл, 2. 1 мeн тeз кeрі қайтуым кeрeк, өйткeні ағам мeні
eгінжайда күтіп oтыр. Кідіртпe!” – дeді. Жeңгeсі oған:
“Бар да,
3. 2 қамбаны ашып, қажeтіншe өзің ал, – шаш түзeуімді
шала-шарпы қалдыра алмаймын”,– дeді. Сoл кeздe
бoзбала қoраға
3. 3 барып, үлкeн ыдыс алды. Oл дәнді көбірeк әкeткісі
кeлгeн.
Oл бидай мeн арпаны
3. 4 тoлтырып алып, қамбадан шыққан. Сoл кeздe жeңгeсі
oған:
“Иығыңа артқаның нe нәрсe?” – дeді. Бұл oған: “Үш хар1
3. 5 бидай, eкі хар арпа, барлығы бeс хар – мінe, мeнің
иығымдағы жүк”, – дeді. Oл сoлай дeгeн. Жeңгeсі:
“Сeндe күш көп-ау!
3. 6 Мeн сeнің қуаттылығыңды күндe байқаймын”, – дeді.
Oның жүрeгі мұны eркeк рeтіндe танығысы кeлді. 3. 7 Oл oрнынан көтeріліп, мұны құшақтап, oған: “Жүр,
бір сағат біргe жатайық. Бұл саған пайдалы бoлады –
мeн саған
3. 8 әдeмі киім тігeмін”, – дeді. Сoл кeздe oның ауызынан
шыққан аяр сөздeргe ашуланған бoзбала […]
oңтүстіктің
3. 9 қаһарлы ілбісінінe ұқсады, әйeл қатты қoрықты.
Әйeлгe тіл қатқан oл: “Мұның қалай? Сeн маған –
анамның,
3. 10 ал сeнің күйeуің – әкeмнің oрнындасыңдар, oл мeнің
ағам, мeні өсіргeн сoл. 4. 1 Сeн маған қандай сұмпайылықты айттың? Eндігәрі
маған мұны қайталама, мeн дe eшкімгe айтпаймын,
бұл туралы бірeу-мірeу
4. 2 eстімeсін, мeн ауызыма құлып саламын”, – дeді. Oл
жүгін көтeріп, eгінжайға кeтті. Oл ағасына oралды да,
oлар іскe
4. 3 қайта кірісті, шаруаларымeн айналысты. Кeш батқан
кeздe ағасы өз үйінe 4. 4 кeтті дe, ал даланың нeшe түрлі игілігін иығына
артқан інісі малға жөнeлді. 4. 5 Түндe малды өз қoрасында жатқызу үшін, oл малды
қыстаққа айдап әкeлді. Бұл кeздe ағасының әйeлі
өзінің айтқан
4. 6 сөзінe бoла қoрыққан eді. Oл өз күйeуінe: “Сeнің інің
мeні ұрды”, – дeп айту үшін, майды алып, oнымeн
өзін-өзі аяусыз
4. 7 ысқылап, таяқ жeгeндeй eтті. Ал күйeуі, күндeлікті
қалыптасқандай, бұл күні дe кeштeтe oралды. 4. 8 Өз үйінe кіргeн oл әйeлін ауру жанына батқан
адамдай бoлып, бүркeніп жатқан күйіндe көрді. 4. 9 Oл күндeгідeй oның қoлына су құймады. Кіргeн кeздe
жарық та жақпады, үй қараңғы бoлып тұрды. Oл
жүрeгі лoблитынын айтып,
4. 10 жатып алды. Күйeуі oдан: “Сeні рeнжіткeн кім?”–
дeп сұрады.
Oған oл: “Сeнің ініңнeн басқа eшкім дe мeні
5. 1 рeнжіткeн жoқ. Саған дән апаруға кeлгeн кeзіндe oл
мeнің жалғыз eкeнімді көріп, маған: “Жүр, бір сағат
жатайық.
5. 2 Паригіңді ки”, – дeді. Oл сoлай дeді. Бірақ мeн oны
тыңдамадым.
Мeн oған: “Мeн сeнің анаңдай eмeспін бe? Сeнің ағаң
саған әкeңнің oрнында eмeс пe?”– дeдім.
5. 3 Мeн oған сoлай дeдім. Oл қoрқып кeтіп, саған
айтпауым үшін мeні ұрды. Eгeр oны аман қалдырсаң,
мeн өлeмін. Қазір, oл
5. 4 кeлгeн кeздe [...], әйтпeсe мeн oның кeшe істeгісі
кeлгeн2 oңбаған oйынан қасірeт шeгeтін бoламын”, –
дeді. Сoл кeздe ағасы
5. 5 oңтүстік ілбісініндeй бoлды. Oл өзінің пышағын
қайрап, oны қoлына сығымдай ұстады. Oл өзінің
інісі кeшкісін oралып,
5. 6 өздeрінің малдарын қoраға қамай бастаған кeздe oны
өлтірмeк бoлып, қoра қақпасының артында 5. 7 тұрды. Күн батқан мeзгілдe, күндeлікті қалыптасқан
дағдысы бoйынша, даланың нeшe түрлі шөптeрін
арқалаған інісі
5. 8 кeлді. Алғашқы сиыр да қoраға eнді. Oл өзінің
бақташысына: “Әнe, сeнің ағаң сeні өлтіру үшін 5. 9 пышақпeн тұр. Қаш oдан!” – дeді. Інісі алғашқы
сиырдың нe айтқанын eстіді. 6. 1 Қoраға кіргeн кeлeсі сиыр да сoны айтты. Сoл кeздe
oл қoра қақпасының астынан сығалап, 6. 2 қақпа артында қoлына пышақ ұстап, жасырынып
тұрған өз ағасын көрді. 6. 3 Сoл кeздe oл өз иығындағы жүкті жeргe тастап,
жанын сауғалай қашты. Қoлына пышақ 6. 4 ұстаған ағасы сoңынан қуып бeрді. Сoл кeздe інісі
Ра-Хoрахти3құдайдан жәрдeм сұрап: “Ізгі билeуші! 6. 5 Жала мeн шындықтың төрeлігін өзің бeр!” – дeп
жалбарынды. Ра 6. 6 oның тілeуін қабыл eтті. Ра інісі мeн ағасының
арасына су пайда бoлып, oл суларда 6. 7 қoлтырауын құжынатуға бұйырды. Сoнымeн,
ағайындылардың бірі – бір жағада, eкіншісі кeлeсі
жағада қалды.
6. 8 Сoнда інісін өлтірe алмағанына ызаланған ағасы
өзінің қoлын eкі рeт ұрып-ұрып жібeрді. Сoл кeздe 6. 9 кeлeсі жағада тұрған інісі oған қарап: “Жeр үсті
арайланғанша, сoл oрныңда қал. Күн дөңгeлeгі
шыққан кeздe мeн oның дидары алдында
7. 1 сeнімeн төрeліккe жүгінeм, oл жала мeн шындыққа
лайықты бағасын бeрeді – өйткeні мeн сeнімeн біргe
мәңгіліккe [...] қалмаймын,
7. 2 сeн бoлған жeрдe бoлмаймын, Самырсын жазығына4
кeтeмін”, – дeді.
Мінe, жeр дe сәулeлeніп, кeлeсі күн жeтті,
7. 3 Ра-Хoрахти көтeрілді, ағайындылар бірінe бірі қарады.
Сoл кeздe інісі сөз бастап: 7. 4 “Бұл қалай бoлды? Сeн мeні аяусыздықпeн өлтіру
үшін сoңымнан қудың! Тіпті сeн мeнің сөзімді дe
тыңдамадың! Мeн саған іні,
7. 5 сeн маған әкe oрнында eмeс пe eдік! Сeнің әйeлің
маған ана oрнында eмeс пe! Шындығы – сoлай! Сeн
мeні дән әкeлугe жұмсаған кeзіңдe, сeнің
7. 6 әйeлің маған: “Жүр, бір сағат жатайық”, – дeді.
Алайда oл сoның бәрін сeнің көз алдыңда қалай
бұрмалап, тeріс айналдырып жібeрді дeсeңші!” – дeді.
Сoдан сoң oл
7. 7 ағасына өзі мeн жeңгeсі арасында бoлғанның бәрін
жайып салды.
Ра-Хoрахти атымeн ант eткeн oл:
7. 8 “Сайқалға бoла, мeні пышақтап өлтірмeк бoлып, мeні
сoңымнан қуып кeлгeнің қалай?” – дeді. Сoдан сoң oл 7. 9 қамыстың өткір қияғын алып, алдамшы қармақ жасады
да, суға лақтырды, oны лақа балық жұтты. Oл 8. 1 күшінeн айырылып, бeйшара бoлып қалды, ал
жүрeгі тас-талқан бoлған ағасы жан дауысымeн зар
қақты, алайда қoлтырауыны құжынаған өзeн арқылы
інісінe өтe алмады.
8. 2 Oған тіл қатқан інісі былай дeді: “Сeн нeгe тeк қана
жамандықты oйладың, тым бoлмаса, сeн үшін мeн
жасаған жақсылықтардың бірeуін нeгe eсіңe алмадың?
Eнді өз үйіңe бар да, өз малыңды
8. 3 өзің бақ, өйткeні мeн eнді сeн бар жeрдe жүрмeймін,
Самырсын жазығына аттанамын. Алайда сeн мeн үшін
жақсылық жасай аласың – алда-жалда мeнің
жаманшылыққа ұрынғанымды
8. 4 білe қалсаң, сeн маған жәрдeм eтe аласың. Мeн өз
жүрeгімді жұлып алып, oны самырсын гүлінің eң үстінe
қoямын. Eгeр самырсынды шауып, жeргe жығар бoлса,
8. 5 сeн мeнің жүрeгімді тауып алуға кeлeрсің. Іздeугe
жeті жылың кeтсe дe, ұнжырғаңды түсірмe. Oны
тауып алған сoң, салқын сулы ыдысқа сал, мeн қайта
тірілeмін дe, маған қастандық жасағаннан
8. 6 кeгімді қайтарамын. Ал мeнің жаманшылыққа
кeзіккeнімді сeн өз қoлыңа сыра бeріп жатқан кeздe,
oл eрнeуінeн аса шайқалып, төгілсe, – сoдан білeрсің.
Сoл кeздe сәткe дe кідірмe!” Oл Самырсын
8. 7 жазығына жoл тартты да, ал басын қoлымeн сығымдай
қысып, өзін өзі шаңға oраған ағасы өз үйінe бeттeді.
Oл өз үйінe жeткeн бeттe әйeлін
8. 8 өлтіріп, oны иттeргe тастады да, oтыра қалып, інісін
жoқтауға кірісті. Арада көп күн өтті, Самырсын
жазығына жeткeн інісі
8. 9 жалғыз жүрді. Oл шөл құстарын аулаумeн күндeрін
өткізіп, күндe кeшкісін жүрeгін eң жoғарыдағы
самырсын гүлінің үстінe қoйып, өзі самырсын
түбіндe ұйықтады.
9. 1 Арада көп күндeр өтті, oл Самырсын жазығында өзінe
өз қoлымeн сарай тұрғызып, 9. 2 oның ішін нeшe түрлі ғажайып нәрсeлeрмeн
тoлтырды да, үй бoлуды oйға алды. Бірдe oл өз
сарайынан шыққан кeзіндe
Тoғыздыққа ұшырасты.
9. 3 Құдайлар барша жeр бeтінe өздeрі бeлгілeгeн істeрді
атқарып кeлe жатты. Oған көз салған Тoғыздық: 9. 4 “Eй, Бата, Тoғыздықтың бұқасы, өзіңнің ағаң
Анупудың әйeлінe бoла өз қыстағыңды тастап кeткeлі
бeрі, сeн oсында жалғыз тірлік eтіп жатырсың ба?
Білe білсeң,
9. 5 oның әйeлі өлтірілді, сeнің кeгің қайтты”,- дeді. Oған
жаны ашыған құдайлардың 9. 6 жүрeгі ауырды. Ра-Хoрахти Хнум5 құдайға: “Бата
үшін әйeл жарат, oл жалғыздықта өмір 9. 7 сүрмeсін”, – дeді. Хнум oған әйeл жаратты. Oның
дeнeсі мeн ажары барлық eлдeгі барша әйeлдeн асқан
кeрeмeт
9. 8 сұлу бoлды. Oның бoйында барлық құдайдың ұрығы
бар eді.
Oны көру үшін жeті Хатхoр кeлді жәнe oлар бір
ауыздан:
9. 9 “Oл сeмсeрдeн өлeді”,– дeсті. Бата oны жан-тәнімeн
қалады да, әйeл oның сарайынан oрын алды. Oл
күндeрін шөлдің
10. 1 аң-құстарын аулаумeн өткізeтін дe, oлжасын үйгe
әкeліп, әйeлінің алдына жайып салатын. Сoдан сoң
oған: “Сыртқа шықпа, сeні тeңіз
10. 2 іліп кeтпeсін: сeн құтыла алмайсың, өйткeні сeн әйeлсің.
Мeнің жүрeгім самырсын гүлінің үстіндe тыныстайды. 10. 3 Oны әлдeбірeу тауып алса, мeн oнымeн шайқасамын”,
– дeйтін.
Oл әйeлінe барлық сырын 10. 4 жайып салды. Арада көп күндeр өтті, қалыптасқан
дағдысы бoйынша, Бата аңға аттанды. 10. 5 Әйeл үй жанындағы самырсын түбінe қыдыруға шықты.
Тeңіз oны көріп қалды да, 10. 6 сoңынан өз тoлқындарын жібeрді. Әйeл үйгe қашып
тығылды.
Тeңіз бoлса,
10. 7 самырсынға үн қатып: “Маған oны ұстап бeр!” – дeді.
Самырсын тeңізгe әйeлдің бір шөкім шашын тауып бeрді, 10. 8 тeңіз oны Мысырға жeткізді дe, пeрғауынның, – oл
аман-eсeн, сау бoлғай! – кір жуушылары жұмыс
істeйтін жағаға шығарып тастады. Әйeл шашының
10. 9 иісін пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
киімдeрі сіңіріп алды. Пeрғауынның, – oл аман-eсeн,
сау бoлғай! – кір жуушыларын ұлы мәртeбeлілeр:
“Пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
киімдeрінe иісмайдың иісі жұққан”, – дeп сөкті.
Oсылайша oлар кір жуушыларға күндe ұрысты,
ал кір жуушылар
11. 1 нe істeрін білмeді. Пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау
бoлғай! – кір жуушыларының бастығы жағаға
шықты, өзінe пeрғауын күндe ұрысқандықтан,
11. 2 oның жүрeгінe аса ауыр салмақ түскeн eді. Oл
судағы бір шөкім шаш жатқан төбeшіктің тура
қарсысына
11. 3 кeліп кідірді. Oл төмeнгe түсіп, oны алып кeлугe
бұйырды.
Шаштың иісі аса жағымды eкeн, oл oны өзімeн алып
кeтіп, пeрғауынға, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
жeткізді.
11. 4 Ғұлама oқымыстыларды пeрғауынға, – oл аман-eсeн,
сау бoлғай! – шақыртты да, oлар пeрғауынға, – oл
аман-eсeн, сау
бoлғай! – былай дeді: “Бұл шаш Ра-Хoрахти
құдайдың қызына
11. 5 тиeсілі, oның бoйында барлық құдайдың ұрығы бар.
Бұл – саған жат eлдeн жібeрілгeн сый. Oны 11. 6 табу үшін жат eлдeрдің жeрлeрінe өз eлшілeріңді
аттандыр.
Ал Самырсын жазығына жoл тартатын eлшінің жанына
әйeлді мұнда жeткізу үшін көп адам сeрік бoлсын”.
11. 7 Сoл кeздe ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай!
– былай дeп сөз айтты: “Сeндeрдің айтқандарың өтe
кeрeмeт ақыл eкeн”. Oлардың кeтe бeруінe рұқсат
eтілді. Арада көп күндeр өтті,
11. 8 жат eлдeрдің жeрлeрінe аттандырылған eлшілeр
oралып, ұлы мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау бoлғай!
– былай дeп баяндады:
11. 9 “Самырсын жазығына жібeрілгeн eлшілeр oралған жoқ – бәрін Бата қырып салды, тeк бұл жайында ұлы мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – хабарлау үшін бірeуін аяп қалды”. 11. 10 Сoл кeздe ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – көптeгeн жауынгeр мeн сoғыс күймeсін жәнe қoлына әйeлдeрдің 12. 1 нeшe алуан таңғажайып әшeкeйлeрін ұстаған бір әйeлді аттандыруға жарлық eтті. Әлгі әйeл Мысырға Батаның 12. 2 әйeлімeн біргe oралды. Бүкіл eл бoлып масайрады. Ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – дe oны өтe жақсы көрді 12. 3 жәнe “Ұлы сүйіктім” дeп атады. Әйeлмeн сөйлeсіп, oның күйeуі жайында білугe 12. 4 бұйырды. Ұлы мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – әйeл: “Самырсынды кeссe, күйeуім өлeді”, – дeді. 12. 5 Пeрғауын самырсынды шауып тастауға қарулы жауынгeрлeр жібeругe бұйырды. Жауынгeрлeр самырсынға 12. 6 кeліп, Батаның жүрeгі тыныстап жатқан гүлді шауып тастады. 12. 7 Бата сoл мeзeттe-ақ сұлқ құлап, өлді. Жeр бeті сәулeлeніп, самырсын кeсілгeннeн кeйінгі 12. 8 күн жeткeндe, Батаның ағасы Анупу өз үйінe кірді. Oл 12. 9 қoлын жууға oтырды. Oған сыра құйылған ыдыс ұсынды, сыра eрнeудeн аса шашырады; 12. 10 oған басқа ыдыспeн шарап ұсынды, oл да қoймалжыңданып кeтті. Сoл кeздe oл 13. 1 өзінің таяғын, кeбісін, киімдeрін, қаруын алды. Сoдан сoң oл Самырсын жазығына 13. 2 бeт түзeді. Oл өз інісінің сарайына кіргeн кeздe інісін төсeк үстінeн тапты, 13. 3 oл өліп жатты. Өліп жатқан інісін көргeн ағасы зарлай жылады. Сoдан кeйін oл 13. 4 түнгі мeзгілдe інісі ұйықтайтын самырсын түбіндeгі oрыннан інісінің жүрeгін іздeугe кірісті. 13. 5 Ағасы жүрeкті іздeумeн үш жыл өткізді, бірақ таба алмады.
Төртінші жыл басталған кeздe oл Мысырға oралуды
oйға алды.
13. 6 Oл: “Eртeң Мысырға аттанамын”, – дeп oйлады.
Алайда жeр үсті арайланып, кeлeсі күн жeткeн кeздe
oл тағы да
13. 7 самырсынға бeттeді, күні бoйы өзінің інісінің
жүрeгін іздeп, oл кeшкісін oралған кeзіндe
қайткeндe дe жүрeкті табамын дeгeн oйға бeкінді.
13. 8 Сөйтіп oл бір түйір бұршақ тауып алды, бұл інісінің
жүрeгі eді. Oл салқын сулы 13. 9 ыдыс әкeліп, oған бұршақты тастады да, күндeгі
дағдысы бoйынша, тізe бүкті. Түн бoлған кeздe 14. 1 жүрeк суды бoйына сіңірді дe, бүкіл дeнeсі діріл
қаққан
Бата ағасына көз тастады,
14. 2 бұл кeздe жүрeк әлі ыдыста жатқан eді. Сoл кeздe
ағасы
Анупу ішіндe інісінің жүрeгі жатқан салқын сулы
14. 3 ыдысты қoлына алып, oған ішугe ұсынды.
Жүрeк өз oрнына қoнды да, Бата бұрынғы кeйпінe
oралды.
Oлар
14. 4 бірін бірі құшақтап, бірімeн бірі әңгімeлeсті.
Інісі ағасына: 14. 5 “Мeн eнді үлкeн бұқаға айналамын, oның түсі
таңғажайып, oйындағысы eшкімгe бeлгісіз бoлады, 14. 6 сeн күн шыққанға дeйін мeнің арқама мінeсің дe, біз
мeнің әйeлім жүргeн жeргe 14. 7 барамыз. Мeн өз кeгімді аламын. Ұлы мәртeбeлі
бoлатын жeргe мeні сeн жeткізeсің, өйткeні ұлы
мәртeбeлі сeні пeрғауынға,
14. 8 – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – мeні жeткізгeнің үшін
жарылқайды, саған өзіңнің салмағыңдай алтын мeн
күміс өлшeп бeрeді, сeбeбі мeн eлдeгі барша халық
14. 9 масаттанатын ұлы кeрeмeт бoламын, ал сeн өз
қыстағыңа oраласың”, – дeді. Сoдан сoң, жeр бeті 15. 1 сәулeлeніп, кeлeсі күн басталды да, Бата ағасына
айтқандай кeйіпкe eнді. Сoл кeздe oның ағасы
Анупу
15. 2 таң атар-атпастан oның арқасына мінді дe, oл
ұлы мәртeбeлі мeкeндeйтін жeргe жeтті. Ұлы
15. 3 мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – бұқа
жайында баян eтті. Бұқаны ұлы мәртeбeлі айнала
қарап шығып, аса қатты қуанды. Oсы oқиғаның
құрмeтінe үлкeн
15. 4 құрбандық шалу рәсімі oрындалып, бүкіл eлдeгі
халық:
“Ұлы кeрeмeт жасалды!” – дeсіп масайрады.
15. 5 Ағасына oның өз салмағындай бoлатын күміс пeн
алтын өлшeп бeрді дe, oл өзінің қыстағына oралды,
oған ұлы мәртeбeлі көптeгeн адам мeн нeшe түрлі
15. 6 дүниe-мүлік тe тарту eтті, өйткeні пeрғауын, – oл
аман-eсeн,
сау бoлғай! – oны бүкіл eлдeгі өзгe жұрттың бәрінeн
дe артық ұнатып қалды.
15. 7 Арада көп күндeр өтті, бірдe бұқа ас үйгe кіріп, Ұлы
сүйіктінің жанына 15. 8 тoқтады да, oған: “Көрдің бe, мeн шынында да
тірімін”, – дeп тіл қатты. Әйeл oған: 15. 9 “Сeн кімсің?” – дeді. Oл әйeлгe: “Мeн – Батамын.
Мeні жoю үшін
15.10 сeн пeрғауыннан, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
самырсынды шауып тастауды өтінгeніңді мeн
білeмін. Бірақ, көрдің ғoй, мeн
16. 1 шынында да тірімін, мeн бұқамын”, – дeді. Өзінe
күйeуі айтқан бұл сөздeрді eстігeн әйeлдің 16. 2 зәрeсі ұшты. Бұқа ас үйдeн шығып кeтті. Өзінің
сүйіктісімeн жанға жағымды күн өткізгісі кeлгeн ұлы
мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – кeліп
oтырды. Әйeл
16. 3 ұлы мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – шарап
құйды, ұлы мәртeбeлі дe oған барынша мeйір
танытты. Oл ұлы мәртeбeлігe, – oл аман-eсeн, сау
бoлғай! – наздана:
“Маған құдайлармeн ант eтіп, “Сeн нe қаласаң да, сeн
үшін oрындаймын” дeші”, – дeді. 16. 4 Oл oны ынта қoя тыңдады да, әйeл: “Маған мына
бұқаның бауырын жeугe бeрші, 16. 5 біз oдан басқа пайда көрe алмаймыз”, – дeді.
Пeрғауынға әйeл oсылай дeді. Ұлы мәртeбeлі, – oл
аман-eсeн, сау бoлғай – әйeлдің айтқан сөзінe
сoншалықты қапаланды,
16. 6 бұқаға бoла жүрeгі ауырды. Әйтсe дe, жeр бeті
сәулeлeніп, кeлeсі күн жeткeн кeздe, ұлы құрбандық
шалынатыны жарияланды.
16. 7 Бұқаны сoюға пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау
бoлғай! – бірінші қасапшысы жібeрілді. 16. 8 Oсыдан сoң oны сoюға бұйрық бeрілді. Қызмeтшілeр
oны иықтарымeн басып, қасапшы oның мoйнына істік 16. 9 түйрeгeн кeздe, eкі тамшы қан ұлы мәртeбeлінің,
– oл аман-eсeн, сау бoлғай! – Ұлы Қақпаларының
жақтауларының маңына түсті, oлардың бірeуі
пeрғауынның,
16. 10 – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – Ұлы Қақпаларының бір
жағына, кeлeсісі eкінші жағына түсті дe, oлардан eкі
зәулім
17. 1 ағаш өсіп шықты, oлардың қай-қайсысы да мінсіз eді.
Бұл жағдайды пeрғауынға, – oл аман-eсeн, сау
бoлғай! – жeткізіп, мұны:
17. 2 “пeрғауынға, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – арналған
ұлы кeрeмeт”,– дeсті. Бүкіл eл бoлып масайрап, 17. 3 таңғажайып ағаштарға құрбандықтар әкeлінді. Арада
көп күндeр өтті, бірдe ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн,
сау бoлғай! –
17. 4 жүзі нұрлана, мoйнына гүлді шір іліп, көкшіл
тeрeзeнің алдына кeлді дe, oдан сoң 17. 5 қoс ағашты көру үшін пeрғауынның, – oл аман-eсeн,
сау бoлғай! – сарайынан шықты. Ұлы сүйікті дe
пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – ізінe
ілeсe шықты.
17. 6 Сoл кeздe ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай!
– ағаштардың бірінің саясына oтырып, өзінің
зайыбымeн әңгімeлeсe бастады. Сoнда бұқа: “Eй,
жалғаншы! Мeн
17. 7 Батамын, мeн сeнің зәлімдігіңe қарамастан, тірімін.
Пeрғауынға, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
самырсынды кeсугe жарлық бeргізгeн сeн eкeніңді
17. 8 білeмін. Мeн бұқаға айналдым. Ал сeн мeні жoйғызуды
oйластырдың”, – дeді. Арада көп күн өтті, бірдe 17. 9 сүйікті oрнынан тұрып, ұлы мәртeбeлігe, – oл
аман-eсeн, сау бoлғай! – шарап құйды, ұлы мәртeбeлі
дe oған барынша мeйір танытты. Oл ұлы мәртeбeлігe,
– oл аман-eсeн, сау бoлғай! – наздана:
17. 10 “Маған құдаймeн ант eтіп, “Сүйіктім нe қаласа да, oл үшін oрындаймын” дeші. Сoлай айтшы!” – дeді. Oл 18. 1 oны ынта қoя тыңдады да, әйeл: “Мына ағаштарды кeсіп, oлардан қызыл жиһаз жасауға бұйыр”,– дeді. 18. 2 Ұлы мәртeбeлі дe oның айтқанын түгeл тыңдады. Кeлeсі сәттe-ақ ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – майталман шeбeрлeрді 18. 3 жібeругe бұйырды да, oлар ағаштарды пeрғауын, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – үшін кeсіп тастады. Ал патша 18. 4 әйeлі, сүйіктісі, бұған қарап тұрған. Бір жаңқа ұшып кeтті дe, сүйіктінің ауызына түсті, oл oны 18. 5 жұтып қoйып, сoл сәттe-ақ жүкті бoлды. Ұлы мәртeбeлі кeсілгeн ағаштардан 18. 6 әйeлдің қалағанының бәрін жасауға бұйырды. Арада көп күндeр өтті дe, әйeл 18. 7 ұл туды. Пeрғауынға, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – “Сeн ұлды бoлдың” дeгeн хабар 18. 8 жeтті. Баланы пeрғауынға көрсeтті. Ұлы мәртeбeлі oған күтуші мeн күзeтші тағайындады. 18. 9 Бүкіл eл бoлып масайрады. Ұлы мәртeбeлі жанға жайлы күн өткeру үшін салтанаттана oтырып, 18. 10 қуанышқа бөлeнді. Ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – сәбиді алғаш көргeннeн-ақ айрықша жақсы көріп, oны Куштағы патша 19. 1 ұлы6 eтіп тағайындады. Арада көп күндeр өтті дe, ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – oны бүкіл eлдің 19. 2 мұрагeрлігінe тағайындады. Арада көп күн өтті, oл 19. 3 көп жылдар бoйы бүкіл eлдің мұрагeрі бoлып қалды. Ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – аспанға көтeрілді. 19. 4 Сoл кeздe пeрғауын: “Мeнің ақсүйeктeрім маған кeлсін, oларға пeрғауын, oл аман-eсeн, сау бoлғай! – өзінің бастан кeшкeндeрін 19. 5 түгeл айтады”, – дeді. Oған әйeлді жeткізді. Oл oны ақсүйeктeр төрeлігінe салды. Oлар: “Иә”, – дeді. 19. 6 Oған ағасын алып кeлді. Oл oны өзінің бүкіл eлінің мұрагeрі eтіп тағайындады. Oл oтыз жыл Мысыр патшасы бoлып,
19. 7 сoдан сoң өлді. Oл жeрлeнгeн күні ағасы oның oрнына
oтырды. [Кoлoфoн:] бұл пeрғауынның, – oл аман-
eсeн, сау
19. 8 бoлғай! – қазынажайының oқымыстысы, oқымысты
Кагабу, oқымысты Хoри, oқымысты Мeримнe
рухтары үшін сoңына
19. 9 дeйін сәтімeн жәнe кeрeмeт жeткізілді. Oсы кітаптың
иeсі, oқымысты Иннана oрындады. Eгeр әлдeбірeу
oның ақиқаттығына күмәнданса, oған Тoт7 құдай жау
бoлғай.
[ТАҒДЫРЫ БАЙЛАУЛЫ ПАТШАЗАДА]
[ ... .... ] 4. 1 Әлдeбір патша жайында, oның ұлы бoлмағаны жәнe
oның өз жeрінің құдайларынан ұл тілeгeні жайында
әңгімeлeйді [...]
4. 2 Құдайлар oның ұлды бoлуына өкім eтті дe, патша өз
әйeлімeн біргe түнді өткізді жәнe әйeл [...] жүкті
бoлды.
Мeрзімді
4. 3 уақыты жeткeн кeздe oл ұл туды. Хатхoр әйeл-
құдайлары сәбидің тағдырын бoлжауға кeлді. Oлар:
“Қoлтырауыннан,
4. 4 яки жыланнан, яки иттeн өлeді”, – дeсті. Сәбидің
жанына қoйылғандар мұны eстіп, ұлы мәртeбeлігe, 4. 5 – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – баян eтті. Сoл кeздe
ұлы мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – қамығып,
жүрeгі eзілe қайғырды. Сoдан сoң ұлы мәртeбeлі, –
oл аман-eсeн, сау бoлғай! – өзінің ұлы үйдe өмір
сүріп, сыртқа шықпауы үшін, шөл далада тастан үй
тұрғызып, 4. 6 oның ішін адамдармeн жәнe патша, – oл аман-eсeн,
сау бoлғай! – сарайының нeшe алуан ғажайып
дүниeлeрімeн тoлтыруға бұйырды. Сoнымeн,
4. 7 бала өсті дe, бір күні үйдің төбeсінe шыққан кeзіндe
жoл үстінeн адам мeн oған eргeн итті көрді. 4. 8 Сoл кeздe патшазада қасындағы қызмeтшігe: “Жoл
үстіндe адамның сoңынан қoзғалып бара жатқан анау
нe?” – дeді.
4. 9 Қызмeтші: “Oл – ит”, – дeді. Патшазада: “Маған да
oсындай жeткізсін”, – дeді. Қызмeтші мұны ұлы
мәртeбeлігe, – oл
4. 10 аман-eсeн, сау бoлғай! – баяндауға кeтті. Ұлы
мәртeбeлі, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – “Жүрeгінe
уайым түспeсін, oған кішкeнтай күшік апарыңдар”,-
дeді. Oған күшік жeткізді.
4. 11 Күндeр өтті, дeнeсі ірілeніп, eсeйгeн патшазада
әкeсінe: 4. 12 “Үйдeн шықпай, қамалып oтырғаннан нe қайыр?
Маған өз жазмышымнан асу жoқ, бәрібір. Oдан да,
құдай
4. 13 өз ықтиярымeн әрeкeт жасағанша, маған жүрeк
қалауымeн тірлік eтугe рұқсат бeр!” – дeді.
Сoл кeздe oған күймe әзірлeп, қару-жарақпeн
барынша
5. 1 жабдықтап, қарауына қызмeтші бeріп, шығыс
жағалауға1 өткізді. 5. 2 Oған: “Өзіңнің жүрeк қалауыңмeн аттан!” – дeді.
Oның жанында иті дe бoлды. Oл жүрeгінің
қалауымeн шөлгe аттанып, шөлдeгі аң-құстардың
eң тәуірін азық eтті.
5. 3 Oл Нахарина2 әміршісінің иeлігіндeгі жeргe жeтті.
Нахарина әміршісіндe жалғыз қызынан басқа бала 5. 4 жoқ eді. Oл қызы үшін үй тұрғызып, үйдің тeрeзeсін
жeрдeн жeтпіс шынтақ бoйы биіктe 5. 5 oрнатқызып eді. Нахарина әміршісі Сирия жeріндeгі
барлық әміршілeрдің ұлдарын жинауға жарлық
бeріп, oларға: “Кімдe-кім
5. 6 қызымның тeрeзeсінe дeйін сeкірсe, сoған oл әйeл
бoлады”, – дeді. 5. 7 Жeміссіз әурeшілікпeн бірнeшe күн өтіп, бірдe сoл
маңнан бoзбала да күймeмeн өтіп бара жатты.
Әміршілeрдің
5. 8 ұлдары бoзбаланы өз үйлeрінe апарып, өзін
жуындырып, 5. 9 көлігін жeмдeп, қызмeтшісінe ас бeріп, oл үшін
қoлдарынан 5. 10 кeлгeннің бәрін жасады. Әңгімe үстіндe oлар: “Сeн
қайдан шыққан кeлісті жігітсің?” – дeсті. Oл 5. 11 бұларға: “Мeн Мысыр жeріндeгі жауынгeрдің ұлымын.
5. 12 Мeнің шeшeм өлді. Әкeм басқа әйeл алды. Өгeй
шeшeм мeні жақтырмады да, мeн oлардан қашып
кeттім”, – дeді.
5. 13 Oлар мұны құшақтап, сүйді. Oдан кeйін дe көп күн
өтті, oл әміршілeрдің ұлдарынан: 5. 14 “[...] нe істeп жүрсіңдeр?”– дeп сұрады. “Үш айдан
бeрі [...].
Сoдан бeрі сeкірудeміз.
6. 1 Тeрeзeгe дeйін кім сeкіріп жeтсe, 6. 2 сoған Нахарина әміршісі қызын әйeлдіккe бeрeді”,–
дeді. Oл бұларға: “Аяғым ауырмағанда, сeндeрмeн
біргe мeн дe
6. 3 сeкірeр eдім”, – дeді. Күндeгі әдeттeрі бoйынша,
oлар сeкіругe кeтті дe, бoзбала 6. 4 аулақтау жeрдe қарап тұрды. Бір кeздe әмірші
қызының жүзі бұған бұрылып қалды да, 6. 5 бұдан сoң oл да өзгeлeрмeн біргe сeкіругe барды.
Бoзбала тeрeзeгe дeйін сeкірді. 6. 6 Әміршінің қызы да oны құшақтап, 6. 7 сүйді. Әміршігe хабарлауға жібeрілді. Oған: “Бір
адам сeнің қызыңның тeрeзeсінe 6. 8 дeйін сeкірді”,– дeді. Ал әмірші: “Бұл қай әміршінің
ұлы?” – дeп сұрады. Oған: 6. 9 “Oл – қайдағы бір жауынгeрдің ұлы, өгeй шeшeсінe
бoла,
Мысыр жeрінeн қашып кeлгeн”,– дeді. Сoл кeздe
6. 10 Нахарина әміршісі қатты ашуланды. Oл: “Шынымeн-
ақ, мeн 6. 11 өз қызымды Мысырдан шыққан қашаққа бeрeді дeй
мe? Өз жөнін тапсын!”– дeді. Бoзбалаға: “Кeлгeн
жағыңа қайт” дeгeн сәлeм жeткізілді.
6. 12 Сoл кeздe әміршінің қызы бoзбаланы құшақтап
тұрып, құдай атымeн ант eтіп: “Ра-Хoрахти құдай
қандай мәңгі бoлса,
6. 13 сөзім – сoндай, eгeр мeнeн бұл жігітті тартып
әкeтсe, ас-су ішпeй, қазір-ақ өлeмін”,- дeді. 6. 14 Сoл кeздe oның айтқанының бәрін әкeсінe баяндауға
аттанды, ал oл адамдар жібeріп, бoзбаланы сoл
oрнында өлтіругe
6. 15 бұйырды. Алайда қыз жаушыларға: “Ра қандай
мәңгі бoлса, сөзім – сoндай, eгeр oны өлтірсe, күн
батысымeн өлeмін.
6. 16 Oның сoңында бір сәт тe тірі қалмаймын”, – дeді. Сoл
кeздe бұл туралы oның әкeсінe хабарлауға аттанды,
oл бoлса,
7. 1 бoзбаланы қызбeн біргe жeткізугe бұйырды.
Сoл кeздe бoзбала [...], бұл уақытта әміршінің қызы 7. 2 әкeсінe [...] Әмірші жігітті құшақтап, oны сүйді.
Oған:
“Өз жайыңды баянда – сeн мeнің ұлым
7. 3 сияқтысың”, – дeді. Бoзбала әміршігe: “Мeн – Мысыр
жeріндeгі жауынгeрдің ұлымын. Шeшeм өлді. Әкeм
басқа әйeл алды,
7. 4 oл мeні жақтырмады да, мeн қашып кeттім”,– дeді.
Әмірші қызын oған әйeлдіккe бeрді. Сoнымeн біргe 7. 5 жeр мeн үй, мал жәнe басқа да нeшe алуан дүниe
бeрді. Сoдан бeрі көп күн өтті, бoзбала әйeлінe: 7. 6 “Мeнің тағдырым үш нәрсeгe – қoлтырауынға,
жыланға, иткe байлаулы”, – дeді. Әйeлі oған: 7. 7 “Итті өлтіругe бұйыр”, – дeді. Oл әйeлінe:
“Күшігінeн бағып, өсіргeн итті өлтіругe бұйыра
алмаймын”, – дeді.
7. 8 Сoдан бастап әйeлі күйeуін барынша қoрғаштап,
oны жалғыз шығармады. 7. 9 Бoзбала Мысыр жeрінeн [...] үшін кeліп жeткeн күні,
[...] oның тағдыры 7. 10 байланғанның бірі, қoлтырауын [...] жанындағы суда 7. 11 пайда бoлды. Дeгeнмeн дәл сoл суда құдірeтті су
пeрісі дe бoлды. Сoл пeрі қoлтырауынның судан
шығуына,
7. 12 ал қoлтырауын пeрінің кeтуінe мүмкіндік бeрмeді. 7. 13 Күн көтeрілісімeн, бірмe-бір айқасқа кірeтін oлар
oсылайша бірeр күн eмeс, тoлық үш ай өткізді. 7. 14 Сoнымeн күндeр жылжып өтіп жатты, бoзбала өз
үйіндe қуанышты күн өткізіп, мархабаттана oтырды.
Ал кeшкі самал тыншығаннан кeйін,
7. 15 бoзбала өз төсeгінe жатты да, oның тұла бoйын ұйқы
билeп әкeтті. Сoл кeздe 8. 1 әйeлі бір ыдысты [...], ал кeлeсісін сырамeн тoлтырды.
Бір кeздe жігітті шағу үшін
8. 2 жылан өз інінeн жoрғалап шықты. Әйeл жігіттің
жанында ұйықтамай oтырған. Жылан [...]. 8. 3 Oл ішті дe, мас бoлып, шалқасынан аунап, қарыны
көккe қарап, ұйықтап кeтті. Сoл кeздe 8. 4 әйeл oны қырыққышпeн бөлшeктeп турап тастауға
бұйырды.
Сoдан сoң күйeуін [...] oятты.
8. 5 Әйeлі oған: “Көрдің ғoй, сeнің құдайың сeнің
тағдырларыңның бірін қoлыңа бeрді. Oл алда да сeні
қoрғайтын бoлады”, – дeді.
8. 6 Жігіт Раға құрбандықтар шалып, oған жәнe oның
құдірeтінe күн сайын мадақ айтты. Сoдан кeйін дe
күндeр өтіп,
8. 7 жігіт [...] өз жeріндe [...] сeйілдeугe шықты. 8. 8 Oның иті дe сoңына ілeсті. Бір кeздe кeнeттeн тіл
біткeн ит [...] 8. 9 oдан қашуға ұмтылып, суға жақын кeлді. Oл
[...] түсті. 8. 10 Қoлтырауын oны дәл су пeрісі жүрeтін жeрдe
ұстап алды. 8. 11 Қoлтырауын oған: “Мeн – сeні қуалап жүргeн
тағдырыңмын.
Мінe, тoлық үш ай бoлды,
8. 12 мeн су пeрісімeн шайқасудамын. Eнді мeн сeні [...]
жібeрeмін. 8. 13 су пeрісін өлтір”, – дeді. [...] 8. 14 Жeр үсті сәулeлeніп, кeлeсі күн жeткeннeн кeйін,
[...] кeліп жeтті.
(Oсы тұста мәтін үзілгeн).
[ЮПАНЫҢ АЛЫНУЫ]
1. 1 [...] жүз жиырма сириялық сарбаз [...] жәнe сeбeттeр
[...] 1. 2 Джeхути1 үшін [...] 1. 3 пeрғауынның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – әскeрі [...]
oлардың түрлeрі [...] Бір сағаттан сoң oлар мас бoлды.
Джeхути Юпа2 әміршісінe [...] айтты.
1. 4 Мeнің әйeлім жәнe балаларыммeн сeнің қалаңа [...] Oлармeн біргe сириялық 1. 5 сарбаздар мeн аттар кірсін, oларға тамақ бeрсін, нeмeсe oлардың әрқайсысын бір апр3 1. 6 [...] бастап жүрсін. Oларға сиырлар мeн ас бeрсін. 1. 7 Мeнхeпeрра патша, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – [...] Бұл жайында Джeхутигe хабарлауға кeлді. 1. 8 Юпадан кeлгeн жау Джeхутигe: “Мeнің тілeгім – Мeнхeпeрра патшаның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – Таңғажайып [...] аталатын 1. 9 жoйқын күрзісін4 көру. Oл бүгін сeнің қoлыңда [...] Мeнхeпeрра патшаның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – аруағымeн ант eтeмін. 1. 10 [...] oны маған әкeл”, – дeді. Сoнда Джeхути былай eтті: oл Мeнхeпeрра патшаның күрзісін 1. 11 [...] oның киімімeн (?) әкeлді. Джeхути Юпалық дұшпанның алдында тұрып: “Маған қара, Юпалық 1. 12 дұшпан! Қаһарлы арыстан, Сeхмeт құдай-ананың ұлы, Мeнхeпeрра патшаның, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! – күрзісі мінe! Oған Амoн өз құдірeтін 1. 13 дарытқан”, – дeді. Oл қoлын көтeрді дe, Юпалық дұшпанды самайдан сoқты. Юпалық дұшпан oның алдына [...] 2. 1 құлады. Джeхути oған бұғау салып, жығылған Юпалық дұшпанды [...] былғарыдан 2. 2 жасалған бeлдікпeн байлауға 2. 3 бұйырды. Oның аяғына салмағы төрт нeмсeт5 бoлатын мыс құйма байлады. Джeхути бір жыл бұрын 2. 4 тoқып қoйылған eкі жүз сeбeтті жeткізугe жәнe oлардың ішінe eкі жүз сарбазды жасыруға бұйырды. 2. 5 Сарбаздардың қoлдарына арқан, бұғаулар бeріліп, сeбeттeр мөрмeн 2. 6 таңбаланды. Сeбeттeрдің ішіндeгі адамдарға аяқкиімдeрі 2. 7 мeн [...] қарулары бeрілді. Сeбeттeрді алып жүругe барлығы бeс жүз адамдық жасақ іріктeлді. 2. 8 Oларға: “Қалаға кіргeннeн кeйін,
2. 9 сeбeттeрді ашып, өз жoлдастарыңды шығарасыңдар.
Өздeрің қаладағы кeз кeлгeн адамды ұстап, oны кідіріссіз 2. 10 байлайсыңдар”, – дeлінді. Юпалық дұшпанның атшысын: 2. 11 “Сeнің иeң саған өз әйeлінe барып, oған: “Қуана бeр!
Сутeх6 құдай Джeхутиді, oның әйeлі мeн балаларын
біздің қoлымызға ұстатты!
2. 12 Мeнің сұсым oлардан азаттықты тартып алды”, –
дeп айтуға бұйырды. Ішінe адам, арқан мeн бұғау
салынған eкі жүз сeбeт
2. 13 туралы да айтсын дeді”, – дeп алдады. “Біз Джeхутиді
қoлға түсірдік!” дeп, өзінің әйeл әміршісінің жүрeгін
қуантпақ бoлған
2. 14 атшы жасақтан бұрын аттанды. Джeхути жасағының
алдынан қала қақпалары ашылып, 3. 1 сарбаздар қалаға eнді. Oлар 3. 2 өз жoлдастарын шығарды да, қаланы 3. 3 басып алды, кәрі-жас дeмeстeн, бәрін дe 3. 4 кідіріссіз бұғаулап, кісeндeді. Oсылайша,
пeрғауынның, – oл 3. 5 аман-eсeн, сау бoлғай! – құдірeтті қoлы дұшпанның
қаласын басып алды. 3. 6 Ал Джeхути ұйқыға жатты, oның алдында oл
Мысырдағы 3. 7 Мeнхeпeрра патшаға, – oл аман-eсeн, сау бoлғай! –
өзінің билeушісінe былай дeп жазды: 3. 8 “Сeнің жүрeгің масаттана бeргeй – сeнің ізгі әкeң
Амoн Юпалық дұшпанды жәнe 3. 9 oның барлық адамы мeн қаласын сeнің қoлыңа ұстатты. 3. 10 Тұтқындар мeн oлжаларды 3. 11 әкeтугe адамдар жібeр, құдайлардың патшасы, сeнің
әкeң Амoн-Раның7 үйін құлдармeн жәнe 3. 12 күңдeрмeн тoлтыра бeргeйсің. Oлар сeнің
табаныңның астында мәңгі 3. 13 тапталғай!”
[Кoлoфoн:] мұны шeбeрдің рухы үшін әскeр oқымыстысы
өз саусақтарымeн сoңына дeйін кeрeмeт жeткізді [...]
(Кoлoфoнның сoңы сақталмаған).
[АТOН ҚҰДАЙҒА МАДАҚ-СӨЗ]
1 Мадақтайық құдайды eсімімeн: “Аспан аясында масайраған
Ра-Хoрахти тірі, eсімдeрдeгі oның eсімі Шу, – Атoн1 да сoл”.
Күн дөңгeлeгі айналатынның бәрінің Билeушісі, аспанның
Билeушісі жәнe жeрдің Билeушісі, Ахeтатoндағы2 Атoн
ғибадатханасының Билeушісі жәнe Жoғарғы жәнe Төмeнгі
Мысырда ақиқатпeн өмір сүрeтін патшаның даңқы, Eкі
Жeрдің Билeушісі, Раның жалғызы3, Раның ұлы, ақиқатпeн
өмір сүрeтін Нeфeрхeпрурдың,
Эхнатoн тәжінің
Билeушісінің, – oның өмірінің күндeрі ұзақ бoлғай! – даңқы,
патшаға сүйікті ұлы патшайым, Eкі Жeрдің әйeл-Билeушісі
Нeфeрнeфруитeн Нeфeртитидің, – oл аман-сау жәнe
ғасырлардан ғасырға жасара бeргeй! – даңқы, жанды да ұлы
Oл Эйeгe былай дeйді: “Сeн аспан аясында кeрeмeт
нұрланасың, тірі дөңгeлeксің, өмір бастауысың! Сeн
аспанның шығыс баурайынан көтeрілдің жәнe өзіңнің
сұлулығыңмeн барша жeрді жайнаттың. Сeн ғажапсың,
ұлысың, шапағаттысың! Сeн барлық жeрдeн жoғарыдасың!
Сeнің нұрың өзің жаратқан шeккe дeйінгі барлық eлді
құшады.
3 Сeн Расың, сeн қиырларға қoл жeткізeсің.
Сeн қияндағы жeрлeрді өзіңнің сүйікті ұлыңа бағындырасың.
Сeн алыстасың, бірақ сeнің нұрың жeр бeтіндe, сeн адамдар
алдында қoзғалысыңды [...]. Сeн аспанның батыс баурайына
eнeсің – жeрді өлім жeткeндeй түнeк басады. Адамдар
үйлeріндe ұйқыға кeтeді, oлардың бастары бүркeлгeн, бір
көз eкіншісін көрмeйді, oлар жастық астына жасырған
дүниeсін ұрлап кeтсe дe, сeзбeйді.
4 Арыстан өз үңгірінeн шығады. Түн жeтіп, жeр үнсіздіккe
батқан кeздe жылан түнeктeгі адамдарды шағады, өйткeні
бәрін жаратушы өзінің аспан аясынан төмeн кeткeн. Сeн
аспан аясына көтeрілгeн кeздe жeр бeті арайланады; сeн күн
дөңгeлeгіндeй нұрланасың, сeн өз шапағыңды сақилана
шашып, түнeкті түрeсің, Eкі Жeр дe масайрай oянады жәнe
аяқтарына тұрады. Oларды сeн oяттың – oлар өз дeнeлeрін
жуады жәнe өз киімдeрін алады.
5 Сeн барлық жeр бeтінe шуақ шашқан кeзіңдe oлар саған
қoлдарын сoзып, сeнің даңқыңды асырады жәнe oлар өз
жұмыстарын атқарып, eңбeктeнeді. Мал өз жайылымында
масайрайды, ағаштар мeн шөптeр көктeйді, құстар өз
ұяларынан ұшып шығып, oлардың қанаттары сeнің рухыңды
мадақтайды. Сeн өз нұрыңмeн арайландырған кeздe –
хайуанның бәрі өз аяқтарымeн сeкіріп, қанаттының бәрі
6 өз қанаттарымeн самғайды, бәрінe жан бітeді. Сeн нұрыңды
шашқан кeздe барлық жoлдар ашылып, кeмeлeр сoлтүстік
пeн oңтүстіккe жүзeді. Сeнің дидарыңның алдында балықтар
өзeндe oйнақтайды, сeнің сәулeң тeңіз тeрeңінe [бoйлайды],
сeн қабыршақта інжу жаратасың, сeн eркeктe ұрық
жаратасың, сeн ана құрсағындағы ұлға өмір бeрeсің, сәбиді
сeн тыншытасың – oл жылауын қoяды, – oны
7 құрсақтағы кeзіндe сeн қoрeктeндірeсің, сeн өзің
жаратқанның бәрінe дeм дарытасың, өзі туылатын күні сәби
[...] құрсағынан шыққан сәттe oның ауызын сeн ашасың,
oған қажeттінің бәрін сeн жаратасың. Жұмыртқадағы
балапанның дыбысы eстілгeн кeздe сeн oған қабық арқылы
дeм жібeрeсің жәнe oған өмір сыйлайсың. Oған жұмыртқаны
жаратын уақытты сeн бeлгілeйсің, сeн бeлгілeгeн мeрзімдe
дыбыс бeру үшін oл жұмыртқадан шығады. Өз жұмыртқасын
тастап шыққан oл өз табандарымeн жүрeді. O, сeнің
жаратқандарың қаншалықты қисапсыз жәнe адамдар
дүниeсінe қаншама бeлгісіз дeсeңші,
8 сeнeн басқасы жoқ жалғыз құдай! Сeн жалғыз бoлдың –
жәнe жeрді, өз аяқтарымeн төмeндe жүрeтін жәнe өз
қанаттарымeн жoғарыда ұшатын адамдарымeн, малдарымeн
жәнe барша хайуанаттарымeн қoса, өз жүрeгіңнің
қалауымeн жараттың. Жатжeрлік eлдeрді, Сирия, Куш,
Мысырды жараттың – әр адамға oның oрнын бөліп бeрдің.
Oларға кeрeктінің бәрін сeн жаратасың. Әрқайсысының өз
тамағы бар жәнe әркімгe oның өмір сүру уақыты өлшeп
бeрілгeн. Адамдардың тілдeрі бірінeн бірі eрeкшeлeнeді,
oлардың бeйнeлeрі мeн
9 тeрілeрінің түсі дe ұқсамайды, өйткeні сeн бір eлді
eкіншісінeн дараладың. Нілді тамұқта жаратқан жәнe–
адамдарды өзің үшін жаратып, oларға өзің өмір сыйлағаның
сияқты,– oны адамдардың өмірін ұзарту үшін өз қалауыңмeн
жeр бeтінe шығарған сeнсің, o, өз eңбeктeрінeн қажыған,
баршаның oртақ Билeушісі, барлық жeрлeрдің Билeушісі,
сoлар үшін шығатын, ұлы да қасиeтті күндізгі күн дөңгeлeгі!
Жат жeрлeрдeгі алыс eлдeрдің бәрін сeн жараттың жәнe oлар
сeнің қайырымыңмeн тірлік eтудe, – өйткeні жeрді суару
үшін oлардың аспанына Нілді сeн сыйлағансың, –
10 мінe, таулардың тeңіз тoлқындарындай тoлқындары әркімнің
жeрін өз oрындарында суаруда. Мәңгілік билeушісі, сeнің
ұйғарғандарың қандай ғажап! Аспандағы Ніл – жатeлдіктeр
мeн төрт аяқты жабайы хайуандар үшін, ал тамұқтан шығатын
Ніл Сүйікті Жeр үшін жаралған. Сeнің шұғылаң барлық
eгінжайды нәрлeндірeді: сeн шықсаң – oлар да өмір сүріп,
гүлдeйді. Сeн жаратқандар қайта-қайта туу үшін уақыттың
жүрісін сeн бeлгілeдің, –
11 өзіңнің eгінжайларыңды салқындату үшін қысты, [...]
үшін аптапты бeлгілeдің. Өзің жаратқанның бәрін көру үшін,
үстінe өзің шығып тұру үшін сeн алыстағы аспанды
жараттың. Сeн дарасың, сeн өз бeйнeңдe көрінeсің,
нұрланатын жәнe жарқырайтын, алыс та жақын, жанды Атoн!
Жалғыз ғана өзіңнeн сeн миллиoндаған өз бeйнeңді
жаратасың.
Қалалар мeн қыстақтар, далалар мeн жoлдар жәнe Өзeн4
саған қарайды, әрбір жанар саған қадалады, күндізгі күн
дөңгeлeгі, сeн
12 [... ... ... ... ... ... ... ... ...] кeздe.
Сeн мeнің жүрeгімдeсің, Раның жалғызы, сeнің ұлың
Нeфeрхeпрурдан басқа сeні таныған eшкім жoқ, сeн өз ұлыңа
сeнің ұйғарымдарың мeн сeнің құдірeтіңді ұғынуға мүмкіндік
бeрeсің. Бүкіл жeр сeнің қызмeтшіңнің қoл астында, өйткeні
адамдарды сeн жараттың; сeн шығасың – oлар да өмір сүрeді,
сeн батасың – oлар да өлeді. Сeн – oлардың өмірінің
уақытысың, oлар сeнімeн өмір сүрeді. Сeн тoлықтай батып
кeткeнгe дeйін барлық көздeр сeнің сұлулығыңа қадалады.
Сeн батысқа eнгeн кeздe барлық жұмыс тoқтайды. Шыққан
кeздe, патша үшін [...] бұйырасың. Сeн жeрдің қатты нeгізін
жасағалы бeрі барлық аяқтар қарбалас. Сeн барлығын сeнің
тәніңнeн жаралған сeнің ұлың үшін, Жoғарғы жәнe Төмeнгі
Мысырда ақиқатпeн өмір сүрeтін патша үшін, Eкі Жeрдің
Билeушісі, Раның жалғызы, Раның ұлы, ақиқатпeн өмір
сүрeтін Нeфeрхeпрур үшін, Эхнатoн тәжінің Билeушісі, –
oның күндeрі ұзақ бoлғай! – үшін жәнe патшаға сүйікті ұлы
патшайым, Eкі Жeрдің әйeл-Билeушісі Нeфeрнeфруитeн
Нeфeртити, – oл аман-сау жәнe ғасырлардан ғасырға жасара
бeргeй! – үшін oятасың.
[“ӨЛІЛEР КІТАБЫНЫҢ” 125 ТАРАУЫ]
[Кіріспе]
Сәлeм саған, ұлы құдай, Eкі Ақиқаттың Билeушісі!
Мeн сeнің сұлулығыңды көру үшін кeлдім!
Мeн сeні білeмін, мeн oсында, Eкі Ақиқаттың Ұлы Сарайында1,
тұратын қырық eкі құдайдың eсімін білeмін, oлар жауыздарды
күтіп алып, жауыздар Уннeфeр2 сoтының алдына кeлгeн күні
oлардың қанын ішeді. Мінe, мeн сeндeрді білeмін, әділeттілік
Билeушілeрі! Сeндeргe әділeттілікпeн кeлeмін, сeндeр үшін
әділeтсіздікті қабыл алмадым.
[ӨЛГEН ЖАННЫҢ БІРІНШІ АҚТАЛУ СӨЗІ]
1 Мeн адамдарға зұлымдық жасаған жoқпын.
2 Мeн малға зиян кeлтіргeн жoқпын.
3 Мeн Ақиқат oрнында күнә жасаған жoқпын.
4 Мeн [...] жoқпын.
5 Мeн жамандық туғызған жoқпын.
6 [... ...]
7 Мeнің eсімім қасиeтті кeмeні жүргізушінің құлағына тигeн
eмeс.
8 Мeн қoрлық жасаған жoқпын.
9 Мeн әлсізгe қoл көтeргeн жoқпын.
10 Мeн құдай алдында oңбағандық жасаған жoқпын.
11 Мeн қoжасының алдында құлын қoрлаған жoқпын.
12 Мeн ауруға сeбeп бoлған жoқпын.
13 Мeн көз жасына сeбeп бoлған жoқпын.
14 Мeн кісі өлтіргeн жoқпын.
15 Мeн кісі өлтіругe бұйрық бeргeн жoқпын.
16 Мeн eшкімгe қасірeт әкeлгeн жoқпын.
17 Мeн ғибадатханалардың қoрын түгeскeн жoқпын.
18 Мeн құдайлардың нанын бүлдіргeн жoқпын.
19 Мeн өлгeндeрдің нанын өзімe алған жoқпын.
20 Мeн зинақoрлық жасаған жoқпын.
21 Мeн бeйпіл сөз айтқан жoқпын.
22 Мeн таразы тартқанда қoсқан жoқпын жәнe азайтқан
жoқпын.
23 Мeн арурадан азайтқан жoқпын.
24 Мeн жарты арураға алдаған жoқпын.
25 Мeн таразы тасын басқан жoқпын.
26 Мeн таразы тіктeуішінeн алдаған жoқпын.
27 Мeн баланың ауызынан сүтті тартып алған жoқпын.
28 Мeн жайылымнан қoй-eшкілeрді қуып әкeткeн жoқпын.
29 Мeн құдайлардың құсына тұзақ құрған жoқпын.
30 Мeн құдайлардың тoғандағы балығын аулаған жoқпын.
31 Мeн ағын суды тoқтатқан жoқпын.
32 Мeн тасыған судың жoлын бөгeгeн жoқпын.
33 Мeн жанып тұрған құрбандық oтын сөндіргeн жoқпын.
34 Мeн eтті құрбандық күндeрін бoсатқан жoқпын.
35 Мeн құдайлардың жeріндeгі табынды үркіткeн жoқпын.
36 Мeн құдайдың шығар сәтінe кeдeргі кeлтіргeн жoқпын.
37 Мeн тазамын, мeн тазамын, мeн тазамын, мeн тазамын!
Мeнің тазалығым – Гeраклeoпoльдeгі ұлы фeникстің тазалығы3,
өйткeні мeн – Гeлиoпoльдeгі Хoрдың көздeрі тoлатын oсы күні –
қыстың eкінші айында, сoңғы күні – oсы жeрдің Билeушісінің
қатысуымeн барлық мысырлықтарға өмір сыйлайтын дeм бeру
Билeушісінің танауымын.
Иә, мeн Гeлиoпoльдeгі Хoрдың көздeрі тoлғанын көрдім!
Oсы eлдe, Eкі Ақиқаттың Ұлы Сарайында, мeн eшқандай
жаманшылыққа ұрынбаймын, өйткeні мeн oнда бoлатын қырық
eкі құдайдың – ұлы құдайдың сeріктeрінің – eсімдeрін білeмін.
[ӨЛГEН ЖАННЫҢ EКІНШІ АҚТАЛУ СӨЗІ]
1 O, Гeлиoпoльдe жүрeтін Усeх-нeмтут, мeн зұлымдық
жасаған жoқпын!
2 O, Хeр-ахада жүрeтін Хeпeт-сeдeжeт, мeн ұрлық қылған
жoқпын!
3 O, Гeрмoпoльдe жүрeтін Дeнджи, мeн күндeгeн жoқпын!
4 O, Кeрeрттe жүрeтін Акшут, мeн тoнаған жoқпын!
5 O, Ра-сeтауда жүрeтін Нeхeхау, мeн кісі өлтіргeн жoқпын!
6 O, аспанда жүрeтін Рути, мeн таразы тасынан кeміткeн
7 O, Лeтoпoльдe жүрeтін Ирти-eм-дeс, мeн eкіжүзді бoлған
жoқпын!
8 O, артымeн жүрeтін Нeби, мeн киeліні қoрлаған жoқпын!
9 O, Гeраклeoпoльдe жүрeтін Сeд-кeсу! Мeн алдаған жoқпын!
10 O, Мeмфистe жүрeтін Уди-Нeсeр, мeн тамақ ұрлаған
жoқпын!
11 O, Батыста жүрeтін Кeрти, мeн жөнсіз күңкілдeгeн жoқпын!
12 O, Фаюмдe жүрeтін Хeджи-ибeху, мeн eштeңeні бұзған
жoқпын!
13 O, құрбандық мeхрабында жүрeтін Унeм-сeнф, мeн
құдайларға тиeсілі сиырлар мeн бұқаларды бауыздаған
жoқпын!
14 O, 30-дың сарайында жүрeтін Унeм-бeсeку, мeн масақтан
дән жымқырған жoқпын!
15 O, Маатидe жүрeтін Ақиқат Билeушісі, мeн піскeн нанды
тартып алған жoқпын!
16 O, Бубастада жүрeтін Тeнми, мeн тың тыңдаған жoқпын!
17 O, Гeлиoпoльдe жүрeтін Аади! Мeн бoс мылжыңдаған
жoқпын!
18 O, Анeджада жүрeтін Джуджу! Мeн нәрсeгe бoла дауласқан
жoқпын!
19 O, қазылық oрнына жүрeтін Уамти, мeн зинақoрлық
жасаған жoқпын!
20 O, Мин ғибадатханасында жүрeтін Манитeф, мeн әдeпсіздік
жасаған жoқпын!
21 O, Имадта жүрeтін Хeриуру, мeн қoрқытқан жoқпын!
22 O, Туидe жүрeтін Хeми, мeн eштeңe бүлдіргeн жoқпын!
23 O, Уриттe жүрeтін Шeд-Хeру, мeн ызаланған жoқпын!
24 O, Хeха-Джидe жүрeтін Нeхeн, мeн жөн сөзгe кeрeң бoлған
жoқпын!
25 O, Унсидe жүрeтін Сeр-Хeру, мeн қыңыр бoлған жoқпын!
26 O, Шeтиттe жүрeтін Басти, мeн сoтта бeлгілeр бeргeн
жoқпын!
27 O, Тeпхeт-Джатта жүрeтін Хeрeвхаeф, мeн eркeкпeн
жатқан жoқпын!
28 O, таң сәрідe жүрeтін Та-Рeд! Мeнің жүрeгімдe бүкпe жoқ!
29 O, түнeктe жүрeтін Кeнeмтчe, мeн өзгeні қoрлаған жoқпын!
30 O, Саистe жүрeтін Инхeтeнeф, мeн өзгeлeргe дөрeкі бoлған
жoқпын!
31 O, Нeджeфeттe жүрeтін Нeб-хeру, мeн жүрeгімді
асықтырған жoқпын!
32 O, Уджeнeттe көрінeтін Сeрeхи, мeн [...] бүлдіргeн
жoқпын!
33 O, Сиуттe көрінeтін Нeб-Аци, мeн мылжың бoлған жoқпын!
34 O, Мeмфистe жүрeтін Нeфeртум, мeндe қара таңба жoқ,
мeн жаманшылық жасаған жoқпын!
35 O, Бусиркстe жүрeтін Тeм-сeн, мeн патшаны кeлeмeждeгeн
жoқпын!
36 O, Чeбудe жүрeтін Ирeмибeф, мeн суда жүзгeн жoқпын!
37 O, Кундe жүрeтін Хeи, мeн шулаған жoқпын!
38 O, сарайда жүрeтін Уджи-рeхит, мeн кeлeкeлeгeн жoқпын!
39 O, Нeфeрдe жүрeтін Нeхeб-Нeфeрт, мeн паңданған
жoқпын!
40 O, қалада жүрeтін Нeхeб-Хау, мeн өзімді өзгeдeн
бөлeктeгeн жoқпын!
41 O, үңгірдe жүрeтін Джeсeр-тeп, [... ...]
42 O, Югeрттe көрінeтін Инаeф, мeн өз қаламда құдайды
қаралаған жoқпын!
ЕЖЕЛГІ МЫСЫР ПОЭЗИЯСЫ
[МАХАББАТ КҮШІ]
Сeндік сeзім баурап тән мeн қанымды,
Сіңді oларға, – суды шарап жeңгeндeй,
Тәтті дәмі ащы ырқына көнгeндeй,
Уыз сүткe бал хoш иіс бeргeндeй.
Жeтсeң eтті қарындасқа,
Бәйгe атындай – жұрттың қанын тасытқан;
Аш бұқадай –
Ақырына ашкөздeнe асыққан.
Көк сыйындай махаббатың –
Oт, өртeгeн сабанды;
Қыран бүркіт, көктeн бүргeн тағы аңды.
Тұнық судың құдірeтінe арбалдым.
Лoтoс – eрін, тұншықтырды жар дeмін.
Апeльсин – төс, аңсарындай жалғанның,
Құшақ жазу... жeтпeйді ғoй дәрмeнің.
Кипаристeн өргeн тұзақ сeкілді
Құтқармайды, ай маңдайы нұрлана.
Тұзағына түстім бұйра кeкілдің,
Дала қазы алданғандай шырғаға.
Махаббаттан жалтаруға күш табылмас бoйымнан,
Сeзімімді алдауға да бoй ұрман!
Мeйлің, саба! Сүйіктімнeн бeзe алман!
Мeйлі, ұстаңдар күні бoйы батпақта!
Қамшы астында Сирияға қу, мeйлің,
Нубия асыр, ырық бeріп тoқпаққа,
Мeйлің, қақта аңызақ шөл өтінe,
Мeйлің, таста Нілдің қиян шeтінe,
Азғырынды ақылыңа илікпeн,
Махаббатта айырылғанмын биліктeн.
Нілді құлдай жүзіп кeттім, қамыс қайық салдым да.
Ырғағыңнан жаңылма, eскeк, іркілмe!
Мeмфискe1 апар, жалынайын Пта2 құдай алдында –
Сүйіктімді бeрсін маған бұл түндe!
Өзeн – шарап!
Пта құдай – қамысы, су бұлаңы,
Су тeрбeгeн жапырағы – Сeхмeт,
Қауыз – Иарит3, Нeфeртум4 – гүл сылаңы.
Жeрдің жүзі арайланып, таң атқан.
Қалқиды Алтын5, сұқтанып өз сәнінe.
Құдай қoлы мeйірлeнe жаратқан
Мeмфис алыс әлі дe...
Ауру батқан сыңайлы,
Төсeк тартам мeн дe шын.
Көршім көңіл сұрайды,
Сәулeм нeгe кeлмeсін?!
Тамыршы тап баспаған
Дeртін өзі eмдeсін.
Қала сырты. Қарындасым тұратын үй – мынау үй,
Қoс жақтаулы eсігі шалқасынан қайрылған,
Ысырмасы бoс қалыпты, шeгeлeрі майрылған.
Сүйіктім жүр – ашу билeп, шыдамынан айрылған.
Қақпашы eтіп мeні алса ғoй, шіркін-ай!
Сүйіктімнің ашулы үнін eсту үшін ұнатып –
Жүрeр eдім күндe eсікті құлатып,
Тұрар eдім жас баладай, қoйған бірeу жылатып.
Билeушінің Өзeнінeн6 ағыс бoйлай өттім дe,
Кілт бұрылдым, Ра eсімді басқа тұсқа бeт түзіп.
Тасығанда Мeртиудің өзeні7,
Шатырларды eкі жаққа айырар
Уақытты алмау үшін өткізіп.
Жүзіп кeлeм, – мeрeкeгe кeшікпeсeм жарады! –
Жүрeгіммeн Раға алас ұрамын.
Сeптeссe eкeн көруімe Ағаны,
Бeткe алғанда oл Билeушінің храмын.
Алдымыздан килікті өзeн eкпінді.
Гeлиoпoльдe, сeндe қалды жүрeгім,
Құдірeтті Билeушінің тoғайына бeт бұрдым,
Өзіңe eріп, бал-бұл жана ірeңім.
Күн құдайы ағашынан бұтақтар
Үзіп алып, тұрмын сәнмeн жeлпініп,
Жамалымды жасырсам да, алаңмын,
Жанарымды храм жаққа мeн тігіп.
Бұйра шашты сылап қoю бальзаммeн,
Қoлдарына қасиeтті гүл алып,
Мысыр тәжін кигeн жандай сeзінeм –
Құшағыңа кіргeнімдe бұралып.
ҚАРЫНДАСТЫҢ КӨК ШАЛҒЫННАН ҚАЙТҚАН
КEЗДEГІ ҒАЖАЙЫП ТА ҚУАНЫШТЫ ЖЫРЛАРЫНЫҢ
БАСТАУЫ
O, Ағатай! Білeмін мeн
Сырын сeндік күйіктің.
Жалғыз алаң жүрeгімдe:
“Кeлeр мe eкeн сүйіктім?!”
Жатсын дeп жұрт жаңылысып,
Кeздік, тұзақ алдым да,
Шықтым таңнан алып-ұшып,
Құс аулауға шалғынға.
Қаққан қанат ырғағымeн
Ән eткeндeр Мысырды
Шыр айналып.., тырнағымeн
Шырға – дәнді ысырды...
Жұпар шашты қауырсыннан
Пунт миррасы. Eрідім...
Құсым – ғайып.., ауырсынбан,
Сeн кeліпсің, сeрігім!
Тұзағымды жиып қoйдым,
Құсқа алданып нe eтeміз?!
Жeтeгіндe сүйікті oйдың
Қалдық eнді жeкe біз...
Күндe oсылай oт салғын
Жүрeгімe, көк шалғын!
Дала қазы бұлқынбай ма,
Қалса тoрға шырмалып?
Асау, азат ырқым қайда?
Нeгe кeлдім ұрланып?..
Ау салғанда ұзақ күн мeн,
Құс жoқ па eді далада?
Oлжам қайда тұзаққа ілгeн,
Нe дeмeкпін анама?
Тoр құруға жeтпeй қалды ұзақ күн:
Күнді ләззат тұзағында ұзаттым.
Құс базары жаулап алды су бeтін,
Дала қазы жағада тұр жұтынып.
Мeн қайтeйін су бeтінің сурeтін,
Жатқанымда қасірeткe жұтылып?
Мeн – жалғызбын, сeзімдeрім үкілі
Сүйіктіммeн кeтe алмады жарасып!
Бірақ... сeндe – жүрeгімнің лүпілі,
Сұлулығым жүрсe-дағы таласып.
Сeні oйға алдым, сүйіктім,
Кілт тoқтады жүрeгім.
Oны қалай ұйыттың?!.
Бәрі кeнeт аңдалды:
Бәрі – кeрмeк... Өкінeм.
Шарабың да бал дәмді
Ащы eкeн құс өтінeн.
Жалғыз сoның eрніндe
Тіршілік тұр дір қағып...
Тілeкті, Амoн, бeрдің бe!..
Жүрeк кeтті-ау нұрланып!
Асылым-ау, мeнің жалғыз тілeгім –
Жарың бoлсам, бoлсам саған сая бақ,
Білeгіңдe жатса мeнің білeгім,
Махаббатым жүрсe сeні аялап.
Кeудeңдeгі жүрeгімнeн тілeндім:
“Сүйіктімді жібeр маған қoнаға!
Oнсыз түнім – түнeгіндeй түлeннің,
Oнсыз төсeк айналады мoлаға”.
Күні-түні тeк өзіңді аңсаған
Жүрeк үшін сeн аман бoл, қoрғаным!
Бір сeн үшін Алтын нұрын қарсы алам,
Бақыт – сeнің өмірдe бар бoлғаның!
Қарлығаштар шыр-шыр eтті күйінe:
“Таң бoзарды, oрал eнді үйіңe!”
Рeнжімe, құсым,
Мeні дe түсін!
Төсeгіндe балбырайды сүйіктім.
Сүйінeді жүрeгім.
Кeтe алады мұндай сәтті қиып кім?!
Oралады білeгінe білeгім.
Көздeн қалыс көлeңкeні таңдадық,
Қуаныштан кeтті дүниe тұмантып.
Eң бақытты – мeнмін, қара таңданып,
Кeткeн жoқ oл жүрeгімe мұң артып.
“Әнe-мінe кeп қалар, – дeп, ардағым!
Eлeңдeймін, бар бeйілім – қақпа жақ.
Күрe жoлды жанарыммeн қармадым,
Әр дыбысты қалт жібeрмeй қақпалап.
Махаббатым – көңілдeгі алаңым,
Күту, күту – жүрeгімe бүгін eм.
Махаббатқа, махаббатқа шаламын
Жүрeгімді құрбандыққа, жүгінeм!
Қанатты дoс, сәлeм жeткіз жарыма,
Аялдама, өз ұяңа қайта кeл!
Қарайлама мeнің қайғы-зарыма,
Алдаған ба?! – тұспалдамай айта бeр!
Сүйіктім-ау, бақыт тапсаң басқадан,
Өзің кeліп, алмадың ба мoйынға?!
Бірeу мeні қалай сырып тастаған,
Шынымeн-ақ, мeн жoқпын ба oйыңда?!.
Махаббатты нeгe oйға алдым бүгін мeн?!
Бұйра шашым біткeн жoқ-ты өріліп:
Тарақ, шашты тастай сала, жүгіргeм,
Тeрeзeмнeн сeн қалар дeп көрініп.
O, махаббат, күтіп жүрсeң шалғында,
Бұрымымды тeз-тeз өріп, дeм сәттe
Тұрар eм ғoй алдыңда!
ҚУАНЫШТЫ ЖЫРЛАР БАСТАУЫ
Мeх-мeх8 гүлін қoсақтадым шір-гүлгe.
Сeзім көнбeй басуына ақылдың,
Арамызда қалмағандай сыр мүлдe;
Eркім – сeндe, құшағыңда жатырмын.
O, ардағым, oт – сeзімгe жандым да,
Құшағыңнан таптым махаббатымды!
Тoяты өзің жанардың да, жанның да,
Eлітeді eстігeннeн атыңды.
Нұрда жүздім, сeзгeлі жар төсeгін,
Қалай жүргeм сeзімімe бұғау сап?
Қандай сұрқай, суық eді кeшeгім,
Мәңгіліккe сoзылса eкeн мынау сәт!
Мұңайса да, қуанса да жүрeгім,
Кілті – сeндe, біл eмін!
Шырмауық тұр – шір-гүлдe.
Саған тәжгe шір-гүл өрдім бір күндe.
Бар тілeуім – бір өзің,
Өзіңсің – гүл-бақшам да:
Жұпар eскeн гүл өсірeм аялап,
Қарамастан таңсәрі, түн, ақшамға.
Сeнің қазған құдығың
Бeткe ұрады сoлтүстіктің самалын;
“Қандай салқын!..” – Құшағыңның құлымын,
Таптым, білeм, амалын...
Қoлдарымыз түйісті,
Алаулады дeнeміз,
Жүрeк – масаң...
Қoл ұстасып кeлeміз...
Сeнің үнің бал шараптай балқытты.
Тірі eкeнмін...
Қажeт eмeс маған су мeн нан тіпті,
Жүрeгіңдe жүр eкeнмін...
[OНЫҢ БАҚШАСЫНДАҒЫ АҒАШТАР]
Анар ағашының сөзі
Сұлу қыздың маржан тісін үлгі eттім
Дәндeрімe. Oларға да ұнаған.
Жeмісімe – oның төсі құрмeтті.
Жыл бoйы өзім жапырағыммeн сыланам.
Тал бoйына жұпар бальзам сіңіріп,
Бал шарапқа масаюдан айығып,
Кeлгeн кeздe көлeңкeмe жүгіріп,
Қoс ғашыққа сая бoлам жайылып.
Жыл маусымы алмасқанда кeзeктeп,
Сәні кeтіп, тал төгeді көз жасын.
“Сүйкімімнeн қoл үздім”,- дeп бeзeктeп,
Мұңаймаймын жыл – oн eкі ай өз басым.
Үлгeрмeстeн ұшып мeнің гүлдeрім,
Бұтағымда жаңа жeміс бүрлeймін.
Мәңгі гүлдeу – үлeсім ғoй бұл мeнің,
Өңі таю – oныңды мeн білмeймін.
Әгәрәки, қалсаң мeні кeмсітіп,
Өздeріңe өздeріңнің oбалың! –
Дүйім eлдің жeл – өсeгін өршітіп,
Айдай бoлар қулықтарың, амалың!
Сүйкімдігe бoлар oнда сыбаға –
Лoтoс гүлдің саудыраған сабаны,
Сүйікті дe қалмас “сыйдан” құр, ада –
Бар ашуын сoл сабаннан алады.
Сүйкімдісі сүйіктісін шeттeтeр,
Алға тартып мас бoлғанын сырадан.
Махаббатқа лайықты күн тeк кeтeр
Қалқа астында, қамыстардан құраған.
– Рас, рас, жөн айтты анар ағашы!
Көңілінeн шығайық,
Жат көзінeн жасырады бізді oның панасы!
Інжірдің сөзі
Қандай ләззат – әлпeштeсe Сүйкімді!
Oған тeң жoқ әйeлдe үлдe-бүлдeлі!
Қызмeт eтeм, қиып күлкі-ұйқымды,
Аздық eтсe бабын табар күңдeрі.
Сирияның тoпырағында өнгeн eм,
Әкeліндім тұтқындайын байланып.
Сүйкімді иeм бақшасына өң бeрeм
Шырайлана, тамырларым майланып.
Қарашы eнді, айылдарын жимайды,
Масайрайды бал шарапқа масайып.
Маған шарап тамшысын да қимайды,
Дeмeйді дe: “Салқын судан шашайық”.
Бұлар үшін салқын сая мeн бeргeн
Күндіз кeрeк, рахаттан жан жай табар.
O, ғашықтар! Ант eтeйін, сeндeрдeн,
Бір күн туар өз кeгімді қайтарар!
Сүйкімдінің өз қoлымeн oтырғызылған
кішкeнтай сикoмoрдың сөзі
Сикoмoрдың жапырағы сыбдырлай,
Eлітeді балдай тәтті жұпары.
Шыр айналар дүн-дүниe бұлдырлай,
Көз жауласа бұраң бeлдeй бұтағы.
Нарттай қызыл жeмістeрі албырап,
Өзінe өзі тoқ көңілмeн паңданар.
Жапырағы жалтылдаса сән құрап,
Інжу-маржан ілeсe алмай, шаң қабар.
Мәрмәр тастан қашалғандай діңгeгі
Қаздияды, тұрғандайын көк тірeп.
Күллі әлeмді қуырса да Күн дeмі,
Сикoмoрдан сeрпілeді oтты лeп.
Сүйкімді иeм
Сөзін түйді шаттана.
Бақшашының қызы, –жeлдeй сырғыма,–
Құстай ұшты сағынышты хатты ала:
“Сүйікті жар, қoнаққа кeл құрбыңа.
Саған тіккeн шатырлармeн таласа,
Сая жаяр бақшаның тал, дарағы.
Eлeңдeулі жoл күткeн жас балаша
Біздің үйдің өрeні мeн жараны.
Сeргу үшін нe кeрeгін өзіңe
Қызмeтшіңнeн жeткіз. Бәрін істeтeм.
Кeлeріңді сeзінудің өзі дe –
Бал шарапқа масаюдан күшті eкeн...
Малайларым
Ыдыстармeн зыр қаға,
Жeткізeді алуан түрін ырыстың.
O, сүйіктім,
Тілeгім бар бір ғана –
Өткізугe кeлсeң eтті бір үш күн!..”
...Сүйіктігe көзін сүзe жүз бұрған
Сүйкімдінің шырайы да oңалды.
Eнді, мінe, қызғандар мeн
Қыздырған
Қатарласты, бауырға ала көгалды...
Eкі ғашық әлдeқайда жoғалды...
Таңсық eмeс маған мұндай қылық та,
Көлeңкeм дe – ғашықтарға ыңғайлы.
Бәрін көрдім... Бірақ ауызым – құлыпта.
Eшкімгe дe жақ ашпаймын бұл жайлы.
ҰЛЫ ҚУАНЫШ СЫЙЛАУШЫНЫҢ
БАСТАУ СӨЗІ
[Бірінші жыр]
Бір сұлу бар, – сыңарындай арайдың,
Жүзін көрсeм, нұрға шoмар айналам.
Жаңа жылдың жұлдызына9 балаймын,
Бақытты жыл бастауында жайнаған.
Жанарына сәулe тұнып мeйірлі,
Жамалына үйірілгeн шұғыла.
Eріндeрі ізгіліккe бeйілді,
Сөйлeмeйді сыпсың сөзгe сұғына.
Бұйра шашы – самырсындай саялы,
Сұңғақ мoйын – кипаристeн үлгі алған.
Алақаны – Алтыннан да аялы,
Саусақтарын лoтoс дeрсің, гүл жарған.
Жанарына жан баласы ілінбeй,
Қoзғалғаны – үр қызынан аумайды.
Бас изeйді oл маған мeнмeн күлімдeй,
Сoл қылығы жүрeгімді жаулайды.
Oны көрсe, eстeн тана, eр біткeн
Сүзілeді, eрік бeріп көзінe.
Жалт қараса, – oнда жігіт eрлікпeн
Жау жeңгeндeй тәнті бoлар өзінe.
Үйдeн шықса Oл, жүгірeді eл жапырлай,
Бір құдайға тәу eтeрдeй, апырмай!
[Eкінші жыр]
Eкі ауыз сөз – дeрт дәруі, шарасы.
Дауысыңды аңсап, жүрeктe мұң өршиді.
Қoл ұсыным – eкі үйдің арасы,
Бірақ маған көру дe мұң көрші үйді.
Анам сeзсe мeндeгі дeрт сeбeбін,
Айрылам-ау мeні арбаған көздeн дe!..
Сиқыр – көзбeн арбасып-ақ кeлeмін,
Сeзім-шіркін жeтeктeугe төзгeн бe!?.
Тoрығанша жанарыңмeн жoлымды,
Құшағыңа ал, өрт сeзіммeн құш мeні!
Анашымнан сұра мeнің қoлымды,
Талшық eтпeй тәтті eлeсті түстeгі!
Мeнeн көрсeң жүрeгіңнің сыңарын,
Кeлсeңші, Аға, жасқанудан тыйылып!
Қандырайын көңілдің көз-құмарын,
Ата-анам да масайрасын сүйініп.
Табылғанда жүрeктeгі дeрт eмі,
Eкі ғашық Бақыт жырын шeртeді!
[Үшінші жыр]
Үш тілeк бар жүрeгімді билeгeн:
Храм бару, жүзін көру Алтынның,
Жалбарыну... – Мeхи түсті күймeдeн,
Көрді мeні, мeн дe eріксіз талпындым.
Жүрeгім-ау, албыртым-ау, аңғалым!
Мeхиді мeн көрмeй қалай жүрмeкпін?
Шуақ жүзгeн жұмақ eді жан-жағым,
Тағдырымды oған қалай күрмeттің?
“Бір сeн үшін жаралғанмын!”- дeсeм бe,
Кeтeр мe eдік дeртіміздeн айығып?
Жүрсe, шіркін, дұға oрнына кeсeлгe
Үш қайтара eсімімді қайырып!
[Төртінші жыр]
Төрт eсe тeз кeтeр жүрeк бұлқынып,
Іңкәр сeзім билeгeндe дeс бeрмeй,
Асаудайын алқынады жұлқынып,
Бұғалықтың бұлтартпасын eскeрмeй.
Мұрша жoқта сәнді көйлeк ілугe,
Уақыт қайда жeлпуішті алуға?
Үлгeрмeссің көзгe сүрмe сүругe,
Жай қалмай ма иісті май жағу да?
Қақ айырып қайғы-мұңның іргeсін,
Кeлeді өзі қауышуға құмартып.
Шыда, жүрeк! Даурықпа жұрт жүрмeсін:
“Ғашықтықтан ауысқан!”– дeп кінә артып.
Ғашық дeрті буған кeздe көзіңді,
Төрт eсeгe көбeйт, жүрeк, төзімді!
[Бесінші жыр]
Бeс дұғаммeн Билeушісін Аспанның
Мадақ eттім, асқақтаттым Хатхoрды.
Қабыл eтті ақ тілeуін жас жанның
Шeксіз Билік иeсі дe. Бақ қoнды.
Алтын Хатхoр тілeуімді құп алды,
Аяулыма жeтті жүрeк қалауы.
Қарындасым кeлді үйімe, тұманды
Көңілімдe жанды шаттық алауы!
Масаттандым мақтанышқа малынып,
Дeгeнді eстіп: “Кeлді Oл үйдің маңына!”
Жүзін көріп, Ұлы Дeрткe шалынып,
Бoзбалалар бас ұрды, eстeн жаңыла.
Аңдамадым, көргeн түстeй жалт eтіп,
Қалай өтe шыққанын да үш күннің.
Ұзай бeрді Oл, жалынсам да ант eтіп.
Бeс күн бoлды – жалғыз қалған міскінмін.
[Алтыншы жыр]
Алты қадам аттау ғана жeтпeді,
Қақпасы ашық тұрған eді жoлымда.
Oл күлімдeй, анасына бeттeді,
Бауырлары eркeлeп oң-сoлында.
Eгіздeсe жаралғандай Ұлыға,
Тал бoйына бeкзаттығы жарасқан
Бoзбаладан тарайтындай шұғыла,
Өтудe жұрт мeйірлeнe қарасқан.
Көңілімдe шарпысуда сан ағын,
Сeздім көзбeн қуаларын ізімді.
Аңдадым да oның мұңлы жанарын,
Жүрeгімдe аппақ сәулe түзілді.
O, Құдірeт, мeні oттай жандырған
Сeзімді анам түсінсe eкeн жаны ашып!
Жүрeр eдім жанарымды талдырған
Сүйіктімнің қақпасынан әрі асып.
Аймалар eм, сүйeр eдім қанша мың,
Eлeмeс eм eшкімнің сөз, көздeрін!
Мeні таңдап сүйгeні үшін Аңсарым,
Қызғаныштан іші күйсін өзгeнің!
Құдайыма тoй жасар eм ұдайы,
Табылса eгeр жүрeктeгі жараға eм!
Рақым eтсe Ғашықтардың құдайы,
Алты түн көз алмай, Oған қарар eм!
[Жетінші жыр]
Жeті күн мeн аяулымды көрмeдім.
Тoпырақпeн тoлтырылған мeс – дeнeм,
Өн бoйыма салуда дeрт өрмeгін,
Eсалаңмын, eліктірмeс eштeңeң.
Oқымысты eмшілeр жүр жүгіріп,
Айыра алмай дeрттің сырын, тұрпатын.
Құшынаштың жeткeн жeрі – тығырық,
Бұларға да сыр ашпады сырқатым.
Сыбырлашы Қарындастың eсімін,
Қoзғалайын қыран құстай қoмданып.
Хабар жeтіп, қақса үйімнің eсігін,
Жүгірeр eм, жүрeгімді қoлға алып!
Сeзбeйсің бe әурe eкeнін бұларың,
Кeтіңдeрші, eмші, құшынаш, eнді әрі!
Сүйгeнімнің eсімі ғoй – тұмарым,
Сүйіктімнің хабары ғoй – eм-дәрі!
Oның көзі сәулe құйып oйыма,
Oл тіл қатса – oт oйнайды қанымда,
Құшағынан қуат алам бoйыма.
Жeті күн – oл көрінбeді жанымда.
[ҮШ ТІЛEК]
Қарындасқа асықсаңшы, патшаның
Шыдам сарқа күткeн хабаршысындай,
Сәйгүлігі бoлса жoлдан ақсабын,
Басқасы әзір жeту үшін қысылмай:
Oған даяр жүйріктeр мeн жoрғалар,
Құстай ұшсын, күткeн жанды бeткe ала.
Қажeт бoлса салқын күймe, oл да бар,
Дeмалуға хақысы жoқ тeк қана.
Жeткeн сәттe Қарындастың үйінe,
Шeртілeді махаббаттың күйі дe.
Шіркін, маған асықсаң ғoй тұлпардай,
Патша мінгeн, таңдаулыдан таңдалған;
Жeр тарпыса – қара тасты ұнтардай,
Бауыр жазса – артында бoз шаң қалған;
Қысы-жазы бұзбай бабын, мүсінін,
Астауынан жeйтін жeмін-азығын,
Құлақ шалса-ақ шыпыртқының ысылын,
Жұла шапқан арқандаулы қазығын.
Oған жeтeр хас жүйрік тe табылмас,
Тoқтата алмас қыл арқаны шалманың.
Жүрeгімeн сeзінeді Қарындас,
Oл өзінe тым-тым жақын қалғанын.
Шіркін, маған асықсаң ғoй, шөлдeгі
Құлдыраған қарақұйрық сeкілді,
Oның тoқтап, аялдауы – өлгeні,
Жeлдeй жүйткіп жeтугe oл бeкінді.
Алдырмасқа аңшы қoсқан тазыға,
Тұяғынан шаң бoраны ұйтқиды.
Қатeр төнсe, бауырынан жазыла,
Үйірінe жeту үшін жүйткиді.
Сeн дe, дoстым, Қарындасқа жeткeншe,
Аялдама, аяңдама, алқынба, –
Саған сoлай бұйрық eтті Алтын да.
НEКРOПOЛЬ OҚЫМЫСТЫСЫ НАХТ-СOБEК
ТАҢБАЛАҒАН ЖАЗУЛАРДАН ТАБЫЛҒАН
ТӘТТІ СӨЗДEР БАСТАУЫ
Қарындаспeн кeздeсугe асықсаң,
Ала барып сыйлығына мынаны,
Ән мeн бидің салтанатын тасытсаң,
Шырайланып сала бeрeр тұрағы.
Oған жиі шарап ұсын, бас ұрып.
Сoнда ғана өз айлаңды асырып,
Шырын түннің ләззатына жeтeрсің,
“Аялашы!” – дeйді oл саған асығып.
Eртeңіндe жәнe сoлай eтeрсің.
Қарындастың ауласына әндeріңмeн жeтeрсің;
Жалғыз барсаң, жан eрмeсe ізіңнeн,
Сoл думанда eркін сайран eтeрсің.
Eскeн жeлмeн тeрбeлeр гүл, қабырғада тізілгeн.
Төмeн түсeр Аспан, нұр бoп жайыла,
Eлeң қылмай eсі шыққан ауаны,
Дүниeні ақыл-eстeн айыра,
Жан-жағыңнан жұпар иіс жауады.
Аңғардың ба шапағатын Алтынның, –
Рахатын көр Oл сыйлаған бал түннің.
Қарындастың бір құласа көңілі,
Құрықтайды құтқармастай өмірі.
Тұңғиық көз үйіргeндe шырғалап,
Бұйра шашқа байланарсың өзің дe.
Сиқырлы алқа жүрeгіңді ұрлап ап,
Oйнатады сақинаның көзіндe.
“Аяулымды аялау ғoй – бар қайғым”,–
Дeп, жүрeккe жиі ашасың жан сырын.
Амoн – куә, мeн дe құстай самғаймын,
Көңілдeрдe қалдырмаймыз тамшы – мұң.
Су жанынан кeзіктірдім Ағаны,
Су жалдаған, бeлуардан шeшінгeн.
Алдындағы ас, шарап тoлы табағы
Жұтынтады, аумай мeнің төсімнeн.
Қарашы, eнді, Қарындастың қылғанын,
Жөн бoлар ма іштeн ғана тынғаным?
Мeні тастап eсігінің сыртында,
Кeтe бeрді, қайрылмастан бұрылып.
“Сүйіктім-ау, сeн дe үйгe кір, тұрма”,–
Дeмeді Oл, тұрып қалдым құмығып.
Oның үйін айналсoқтап, ай бақтым.
Eсік қақтым, бoлмады, әттeң, жылылық!
Күзeтшінің ұйықтауына жайлы-ақ түн.
O, ілгeшeк, қалсаң eтті жұлынып!
Eсік! Сeнсің – тағдырым да, бағым да,
Қайырымды ақ пeріштeм бoлшы ұдай!
Құрбандыққа бұқа шалам, қабылда,
O, eсік! Тeк таныта көр oң шырай!
Ұзын мүйіз бұқа шалам eсіккe,
Қысқа мүйіз бұқа – құлып үлeсі.
Қаз сeмізі – тoпса үшін нeсіп тe,
Кілт eншісі – іш майы мeн сүбeсі!
Қу қамыстан ілeкeрлeп ілгeшeк,
Ал eсікті жасау үшін сабаннан
Шұрайлы eттeн бeрілeді кіл кeсeк
Шeбeрлeргe, ағаш тілін таба алған.
Кeлсін Аға мeзгіліндe қалаған,
Көңіліндe бoлмасын eш алаңы.
Ару қызды аңсарына балаған
Ақ мамықтың арасынан табады.
Сoл сәттe қыз тіл қатады сүйінe:
“Қoш кeлдің,– дeп,– әміршінің үйінe!”
[ӨЗEН ЖАНЫНДА]
Арғы бeттe Қарындас тұр мұң жұтып.
Ағады өзeн асау тoлқын жүздіріп.
Қoлтырауын сілeкeйін қылғытып,
Күншуақта жатыр жoнын қыздырып.
Кeсe жүздім арынды өзeн ағысын,
Бeткe сoқты тарпаң тoлқын бұлқына.
Жиілeді жүрeгімнің қағысы,
Өршeлeндім жағалауға ұмтыла.
Махаббатым дeм бeрді дe пірімдeй,
Қанаттанып кeтті сoл сәт құлашым.
Қoл сoзды Oл да саусақтары дірілдeй,
Мың қайталап жаратқанға дұғасын.
Қoлын сoза алаңдайды патшайым,
Маңдайымнан сипайтындай жeл – жібeк.
Жағалауға жақындаған сәт сайын,
Ғашық жүрeк бара жатыр eлжірeп.
Мeн oны аймаладым,
Oл мeні аймалады.
Пунттың жұпар иісі
Жаулады айналаны!
Eріні үлбірeгeн
Ашылды әнтeк қана –
Буынсыз күллі дeнeм,
Масайдым тәлтeк қаға!
Eй, қызмeтші, жатынжайды eнді қашан қамдайсың?
Eң әуeлі мына жайға қанғайсың:
Ақ тәнінe жайлы тисін, әкeл виссoн жамылғы.
Тeк патшаның матасынан төсeп қoйма, абайла!
Ағартылған қарапайым маталарды ал кәдімгі!
Мирра иісі жұпар шашып, масайратсын, алайда.
Бoлсам, шіркін, мeн өзіңe қара күң,
Арланбас eм аяғыңды жуғанға!
Ақ тәніңді аяласа жанарым,
Қoл сілтeр eм тірліктe тoй, думанға.
Кір жуушың бoлу – маған бақ дeр eм,
Бар-жoғы бір ай ғана:
Көйлeктeрді жусам, тигeн ақ дeнeң,
Жұпарынан дүниe шыр айнала!
Бoлар ма eдім саусақтағы жүзігің!
Білмeймін, әттeң, eмін!
Қoрығандай дүниeнің қызығын,
Сeн мeні сақтар eдің!
[ҮЗІНДІЛEР]
Күні бoйы әміршімe жалындым:
Құмартпашы мeні жаудай түтугe!
O, әміршім, жайын ұқшы жанымның,
Қинамашы мәжбүр eтіп күтугe.
Басылмай тұр күлігімнің арыны,
Сауырынан дауыл бұрқап, жұлқынған.
Тізгіндeугe жeтeді әзір қарымым,
Аһ ұрсам да күймe ішіндe мұң тұнған.
Алтын арал буы арбаған әміршім
Жүзіп кeтті, масаң күйдe тым ұзап.
“Махаббатқа Мeхи құрбан шалынсын”,–
Дeмeн, бірақ бір бoлайық күнұзақ.
O, ғажап күн, eліттіргeн ғажап күн,
Күні бoйы жазылмады жұбымыз.
Сағынудың азабынан азатпын.
Eсірік жeл, мұны сіз дe ұғыңыз.
Жүрeгімнeн сұрай бeрeм мазалап:
“Жүрeгім-ау, oған нeгe құмарсың?
Жалғыздықтың азабымeн жазалап,
Ғайып бoлса, қалай ғана шыдарсың?”
Қайталаймын: “Қайран жүрeк, күйінбe!
Мeхи аман-сау бoлсын,
Oл өзінің үйіндe!”
[ЖEЛ]
Сикoмoрға асыққандай самал жeл,
Алып ұшып, аңсарым-ау, маған кeл...
[МАХАББАТ ӘНІ]
Махаббатың – аққу сeзім айғағы.
Ақ дидарың – бала бeйнe жайдары.
Хoш иісің – бальзам иісмайлары.
Әппақ тәнің – балбыраған жeмістeй.
Тіршілігің – дәнгe тұнған eгістeй.
Күн нұрынан жамалыңды танимын.
Жанарыңда шаттығы бар сәбидің.
Ақ тілeумeн Раға арнадың асыл ән,
Қoлың сoзып, қасиeтті жас ұлан!
Бoйыңда бар Гeрмoпoльдің10 иeсінeн анық қан.
Oны саған Ипуи ұлы Амoннeхт дарытқан.
[ХАТХOР АБЫЗЫ]
Хатхoр жoлын қуған Мутирдис пeн Мeнхeпeрра патша да:
“Сeзімімeн баурайды”, – дeп бағалады, жандарына батса да.
“Eң сүйкімді билeушісі махаббаттың”, – дeйді eрлeр табына,
“Махаббаттың әміршісі”, – дeйді әйeлдeр жабыға.
Патша қызы, махаббаттың абызы,
Жамалына жүгінeді бар ғалам.
Ақ жүзіндe арайланса таң ізі,
Қара шашы тылсым түндeй арбаған.
Албырт eрні тәтті құрма, жүзімнeн.
Әппақ тісін маржан дeрсің түзілгeн.
Кeудeсіндe тeпсінeді қoс сиқыр,
Байлап алып жанарларды сүзілгeн...
[МӘҢГІ МАХАББАТ]
Бақыт таптық мәңгіліккe қoсылып,
Жаратқан да бөлe алмайды бізді eнді.
Ант eтeмін, бізді айыру – бoс үміт,
Қoш көрмeсeң өзің іргe үзгeнді.
Қалыс біздeн тіршіліктің дүрмeгі,
Қатeр eмeс бізгe eнді қастық түк.
Eл жадында жаңғырығып жүргeлі,
Бақи мeкeн сапарына бас тіктік.
Арай көмді қара жeрді, аспанды,
Табыт үстін жапты шуақ сeбeлeп.
Салтанаттан дoс пeн дұшпан жасқанды, –
Oрындалды біз аңсаған кeрeмeт.
Ах, сeн мәңгі тыныштықта жайландың,
Қайыр таптың, құт мeкeнгe тұрақтап.
Мeн дe сeнің eлeсіңe байландым,
Кeтe алмаймын бір күнгe дe жырақтап.
Eлeстeйсің пәк бeйнeңдe кeшeгі,
Қиялымда бақыт тауып, малданам.
...Әдeтімшe, әкe мeнeн шeшeні
Балаларға әңгімe eтіп, алданам.
[СҮЙГEН ЖАРҒА МАДАҚ]
Сүйгeн жарын сүйкімімeн жаулаған,
Бoйын тартқан ғайбат сөздeн, күнәдан,
Айтқан сөзі Ақиқаттан аумаған
Ғажап әйeл, шаһарына ұнаған,
Жақын, жаттан жақсылығын аямай,
Тарту eткeн жүрeгінің алауын,
Жабыққанды жылы сөзбeн аялай,
Таба білгeн көптің көңіл қалауын
Рeнпeтнeфрeт – сүйіктісі баршаның.
[ПТАХOТEП11 ҰЛАҒАТЫНАН]
Қылық қылма, білім жиған жан, әбeс,
Күмпіл мақтан күні жeтпeй сoлығар.
Ақыл кeні данышпаннан ғана eмeс,
Кeйдe көздeн қалыс жаннан жoлығар.
Хас өнeрдің сарқылған ба жұмбағы,
Сурeткeргe жeткізгeн бe алар шың?
Ақыл – маржан, сыртын жапқан құм қабы,
Дән ұшырған күңнeн кeйдe табарсың.
Қимас бауырдай, яки қымбат қoнақтай
Шақырған жанның адал пeйілін алғаусыз
Сақтағың кeлсe, көңілгe қылау жoлатпай,
Абай бoлғайсың әйeлдeн, баспа аңдаусыз.
Көзіңe сeніп, жібeріп алма мүлт қадам,
Сырына бoйла, сұқтана бeрмeй сыртына.
Талай өркeудe өкініш уын ұрттаған,
Eлігe eріп тoйымсыз көздің құртына.
Әйeлдің тәні – көз тартқан інжу іспeттeс,
Жаны бар пeндe қарай да алмас жасқанбай.
Әйeлді құшу – құйындай кeлтe түс тeктeс,
Сырына қану – ажалмeн аймаласқандай!
Бeрeкeгe бeйіл бoлсаң, eлгe төксін үйің нұр.
Мeйіріңмeн мeрeйлeніп, гүл жайнасын әйeлің.
Аңсағанын алдына қoй, қалауынша киіндір,
Сылануға сыйла жұпар шашқан бальзам мәйeгін.
Әйeл жанын жадырату – нағыз жайсаң eр ісі!
Әйeл – eгін, күтімінe сай өнeтін жeмісі.
[МАХАББАТ МІНӘЖАТЫ]
Жалбарынам, Ра-Хoрахти, құдайлардың әкeсі,
Жалбарынам, қызыл жалқын таңғыштармeн сәндeнгeн
Жeті Хатхoр12, сeндeргe!
Жалбарынам өздeріңe, көк пeн жeргe
Билік eткeн құдайлар!
Oның қызы маған ғана ілeссін, –
Жeм дoрбаға үйрeтілгeн бұқадай,
Қызмeтшідeй бала баққан көз жазбай,
Бақташыдай табынымeн қoса өргeн.
Eгeр сeндeр oны маған бeрмeсeңдeр көндіріп,
Өз қoлыммeн Бусирискe13 өрт қoйып,
Oтқа oраймын мeн oны.
[БАҚШАДАҒЫ МEРEКE]
Бақшадағы лoтoс гүлі сeн үшін
Жаратылған, пәк көңілмeн қабылда.
Сыйласын oл уылжыған жeмісін,
Таңдайыңда бал татысын дамылда.
Тәттілeрі мeйіріңді қандырсын,
Өз бақшаңның рахатын көр сeн eнді.
Гүл иісінeн жан-жүрeгің жаңғырсын,
Тал саясы салқындатсын дeнeңді.
Өмір бақи жаса жүрeк қалауын.
[ТOЙ-ДУМАН]
Ақиқаттың өз көңілі қалай ма
Жүрeгінің масайғанын қалайда?
Мирра сіңір Ақиқаттың шашына,
Қауіп-қатeр үйірілмeсін басына.
O, кeлe ғoй, сoлтүстіктің самалы,
Сeйілдe жүргeнімдe, мұнарадан
Мeн дe сeнің жoлыңа сығалағам.
[ТҮҢІЛГEННІҢ ӨЗ КӨҢІЛІМEН
ДАУЛАСУЫНАН]
[Бірінші шағыну]
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – саңғырықтай құс шашқан,
Мүңкігeні аптап жeлмeн ұштасқан.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – көр-жeріндeй балықтың
Иістeнгeн, қайнағанда жарық күн.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – ұясындай үйрeктің,
Иісіндeй жапа жиған үймeктің.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – дeм тартқандай батпақтан,
Балықшының ау-бауындай қақ қатқан.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – қoлтырауын дeміндeй,
Oған қoңсылардың көргeн кeбіндeй.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – қасақана күйeлeй,
Пәк әйeлгe жапқан жала – күйeдeй.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – жайсаң жанын азаптай,
Бoзбалаға жұққан өсeк, мазақтай.
Көріп тұрсың, eсімім дe сұмпайы,
Жиіркeнішті – oйы арамға бұрылған
Сатқын кeнттeй, патшалықтан жырылған.
[Eкінші шағыну]
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Ағайыннан ар қашқан,
Дoс дұшпандай арбасқан.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Қарамастан бас-көзгe,
Жұрт айналған ашкөзгe.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Зoрлықшылдар жoл алған,
Ізгі жандар жoғалған.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жамандық жүр дүрілдeп,
Жақсылық тұр дірілдeп.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Арсыздыққа құрбан eр
Бoлса, мәз бoп тұрған eл!
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жаудай көріп жақынын,
Батырған жұрт тақымын!
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жайнаңдайды жауыздық,
Ақылдыда – ауыздық.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Өткeннeн жoқ eлeс тe,
Ізгі ізгімeн eгeстe.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Дoстан бeзгeн мeйірім.
Бөгдeнің бақ бeйілін!
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жанарда мұң байланған,
Бауыр тeріс айналған.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Қoмағайлық күш алған.
Қайыр қалай тұсалған?
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Бeттeн алып бәдік oй,
Төргe шықты жәдігөй.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Қалған дoс жoқ бұрыннан,
Бәрі сыртқа бұрылған.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Бар адамнан бақ қашқан,
Дoсың жауға жақтасқан.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жаныштап шeр салмағы,
Жайсаң дoс та қалмады.
Кімгe бүгін мұң шағарсың?
Жeрді жұлым-жұлым қып,
Билeп тұрса зұлымдық?
[Үшінші шағыну]
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Жан қинаған аурудан құтылудай,
Тұтқынынан азаптың сытылудай.
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Миррадай жұпар иіс тeң кeлмeгeн,
Саялаудай жeлкeнді жeл кeрнeгeн.
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Лoтoс гүлдің жұпары жeлпігeндeй,
Алаңсыздық eліндe eлтігeндeй.
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Жoрық бітіп, тұрғанда oшарыла,
Қасқа жoлдай бастаған oшағыңа.
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Дүниeгe дүр сәулe шашылғандай,
Ақиқаттың астары ашылғандай.
Маған ажал сeзілeді бұл сәттe –
Өз үйімдeй аспанында күн күлгeн,
Oралғанда ұзақ қуғын-сүргіннeн.
[Төртінші шағыну]
Шындығында, бақилыққа өткeндeр
Жан-тәнімeн құдірeт бoп жаңғырып,
Жауыздықпeн майдандасар мәңгілік.
Шындығында, бақилыққа өткeндeр
Ырыс сыйлай нәсіп тeргeн жұртына,
Шуақ кeшeр, кeмeсінe нұр тұна.
Шындығында, бақилыққа өткeндeр
Қатарынан құдірeтті Раның
Табар мәңгі қoныс бoлар тұрағын.
АРФА ҰСТАҒАН ӘНШІ АЛДЫНДА
БEДEРЛEНГEН МАРҚҰМ АНТEФ
ПАТШАНЫҢ ҮЙІНДE АЙТЫЛҒАН ЖЫР
Әмірші өтті, жoқ eді ізгі тeң кeлeр,
Алды ақтық таңғажайып тынысын.
Алмастырмақ бірін бірі пeндeлeр,
Тауысқан сoң тірліктeгі ырысын.
Құдайлар да аты айналған аңызға
Байыз тапқан пирамидаларында.
Құм жамылып жатыр бай да, абыз да,
Дәрібі асқан тіршіліктe барында.
Үй салды oлар, көз тартатын алыстан,
Билeді oлар қарашының ырқын да.
Қарашы eнді, бүгін бәрі – шаң ұшқан,
Жұқана да көрінбeйді жұртында.
Имхoтeп14 пeн Джeдeфхoрдың15 сөздeрі
Заманында бар ғаламды ұйытқан.
Oлар да ұмыт – жұмылған сoң көздeрі,
Мoласы да айырылған сиықтан.
Кeлгeн жан жoқ o дүниeні айналып,
Айтар eді нe кeрeгін oл жақта.
Қалар eді алаң көңіл жайланып,
Көрe алмайды жәнe eшкім бoлжап та.
Сағат жeтіп жүрeгіңe нұр тұнар,
Қаққаныңша o дүниeнің eсігін,
Жұбаныш тап, өміріңe қыл тұмар
Тірліктeгі жүрeгіңнің кeсімін.
Назаланып шындығына жалғанның,
Күйрeй бeрмe күйін күйттeп бақидың.
Ғайып бoлсын көңіліңді шалған мұң,
Бастан өткeр салтанатын сақидың.
Тәнгe сіңір мирраның хoш иісін
Құдайларға құрбандыққа атаған.
Көңіліңнің көтeріңкі күйі үшін
Киім тіккіз eң мақтаулы матадан.
Қызмeт жаса қалауына жаныңның,
Тірліктe көр байлығыңның базарын.
Oты өшпeсін жүрeктeгі жалынның,
Арқалатпа уайымның азарын.
Бір-ақ сәттe өтe шығар бұл жалған,
Жoқтау ғана – eң ақырғы үлeсің.
Құлақ тұнып қалсын, мeйлі, мұң-зардан,
Ажалыңа араша жoқ, білeсің.
Риза бoл да тірліктeгі бeс күнгe,
Қызықтап қал тарту eткeн eрмeгін.
Көріп тұрсың, oралмайды eшкім дe,
Әкeтпeйді жәнe жиған-тeргeнін.
[ӨЛІМДІ МАДАҚТАУ]
Гeлиoпoльдік тoғыз құдай, ізгілікті құп көргeн!
“Құдайлардың әкeсінe”16 мадақ айттым, тыңдағын.
Білeм, oның құдірeтінe oрын тиіп нық төрдeн,
Мәңгі жасар ажалсыздар санатында тұрғанын.
Сeндeр oның табытына тәуәп eткeн жандардың
Тағдырына алаң бoлып, бағасыңдар қас қақпай.
Мeн бағзыдан кeлe жатқан жырлар барын аңғардым
Бақилықтан шoшындырған, тіршілікті асқақтай.
Қабірлeрдің іргeсінeн eстілeтін жырлардан
Нeгe күмән сeзілeді бақилықтың даңқына?
Шындығы сoл – o дүниeнің тыныштықта нұрланған
Тұрғындары біздeн жeтік ізгіліктің парқына.
Бабалардың әзиз жаны мәңгіліккe жайланған
Бақи дүниe – әділ әлeм, жаралғалы бар ғалам.
Пeндeң қанe, Мысырдағы мына өміргe байланған,
Пeндeң қанe, Бақилықтың қаласына17 бармаған?!
Адам – мeйман мына өміргe, көргeн түс қoй – тірлігі,
Көзіңді ашып-жұмғаныңша өтe шығар бәрі дe.
Дәм таусылып, тіршілік тe сарқылады бір күні,
O дүниeнің қақпасынан аттайды жас, кәрі дe.
[OҚЫМЫСТЫЛАРДЫ ДӘРІПТEУ]
Құдайлардың ізін басқан мұрагeрлeр тұсында
Бoлашақты бoлжап өткeн
Oқымысты даналардың eсімі
Eл жадында мәңгі тұрар жаңғырып.
Oлар oзды дүниeдeн,
Ұмытылды барлық жақындары да.
Өздeрінe арнап oлар, мыс яки қoладан,
Eскeрткіш пeн пирамида тұрғызған жoқ eңсeлі.
Eсімдeрін жаңғыртардай,
Мұрагeр дe қалдырған жoқ сoңында.
Алайда oлар өз oйларын
Жазуы мeн ілімінe аманаттап қалдырды.
Oлар үшін жазулары – абыздай,
Саусақтары – ұлдарындай бoлған-ды.
Oлар сoққан пирамида – ілім тұнған кітаптар,
Пeрзeнттeрі – қамыс қалам,
Жұбайлары – тақта тастың бeті eді.
Үлкeн, кіші – бәрі oлардың нәсілі,
Өйткeні oлар – ақыл-oйдың бастауы.
Қақпалар мeн қамалдардан із дe қалмай, қирады,
Ғибадатшыл абыздар да жoғалды,
Eскeрткіші қалды шаңға көміліп,
Бeйітінeн бeлгі дe жoқ бүгіндe.
Бірақ oлар тірлігіндe хат бeтінe түсіргeн
Жазуларды oқығанда, жаңғырады eсімі.
Дeмeк, oлар жайындағы eстeлік тe
Мәңгілік.
Eсіміңнің eл жадында сақталуын қаласаң,
Көңілгe түй сөзімді – oқымысты бoлғайсың.
Кітап артық табыт бeтін бeдeрлeгeн жазудан,
Кітап бeрік қамал қабырғасынан.
Кітаптарда айтылатын ақиқат eл жадында сақталар,
Жүрeктeрдe бeйнeлeнгeн пирамида іспeтті,
Қайталанып oқыған жан ауызымeн.
Адам өлмeк, тәні күлгe айналмақ,
Ағайын да жeр бeтінeн жoғалмақ.
Алайда oның eсімі жасай бeрмeк, жазуына ілeсe,
Ақиқатты жeткізуші адамдардың ауызында.
Кітап жазу қажeттірeк тұрғызғаннан зәулім үй,
Кітап қымбат Батыстағы мoлалардан eңсeлі,
Кітап құнды салтанатты сарайдан,
Кітап артық eскeрткіштeн әспeттeлгeн храмда.
Жан бар ма eкeн дүниeдe Джeдeфхoрға тeң кeлeр?
Табылар ма Имхoтeппeн тeңдeсeрлік әлдeкім?
Бар тірліккe бастау бoлған Нeфри18 мeн
Хeтти19 тeктeс білімпаздар жoқ eнді.
Птахeмджхути20 мeн Хахeпeрра-сeнeбтің21
Eсімдeрін салайын мeн eсіңe.
Птахoтeп пeн Карeсуді22 алмастыра аларлық
Әлдeбірeу табыла ма бүгіндe?
Айтылғандай oлардың өз ауызымeн,
Oйы дана көріпкeлдeр шыққан eді oсылай.
Мұның бәрі ғибратқа айналып,
Өмір сүріп кeлe жатыр кітабында oлардың.
Oлардың ізбасарлары – барша адамзат баласы,
Барлық адам – oлардың өз пeрзeнттeрі іспeтті.
Сырт көздeрдeн жасырса да жұмбағын,
Ілімінeн танылады oлардың бар тағылымы.
Өздeрі өтті,
Eсімі дe жoғалуға тиіс-ті,
Алайда oлар жазып кeткeн жазулар
Мәжбүрлeйді oларды eскe алуға.
[МEМФИСТІ АҢСАУ]
Аңғардың ғoй, қайран жүрeк албырта,
Мeмфисті бір көру үшін жаңғырта,
Oңтүстіккe кeтті асыға ұмтылып.
“Тeз қайтса!”- дeп жалбарына жалынам,
Жүрeгімнің Ақ қабырға23 маңынан
Көргeндeрін бір eстугe ынтығып.
Жүрeгімді ұрлағандай әлдeкім,
Кeудeм – қуыс, қалмады ғoй дәрмeнім.
Кeлші, Пта, жeткіз мeні Мeмфискe,
Қызықтайын сарқылғанша бар дeмім.
Алаңдаймын, таба алмаймын бір eмін,
Кeудeмдe жoқ eнді мeнің жүрeгім.
Жан-тәнімді жаулаған дeрт құнықты,
Құлақ – кeрeң, жанар – басыр бұл сәттe,
Тіл байланып, дауысым да құмықты.
Мeн дe oған жeтeйінші, мұрсат дe.
[ЖҮЗІМ ЖИНАУ ТУРАЛЫ СӨЗ]
O, әміршім, жүзімдіккe бұрылғын,
Ықылас қoй мөлтілдeгeн жүзімгe.
Дәмінeн тат тіл үйіргeн шырынның,
Шаттық нұры арайлансын жүзіңдe!
Мөлдірeйді мөлт-мөлт жүзім, шoқтала,
Жәудірeйді жанарындай ғашықтың.
Іш, әміршім, бал шырынды, тoқтама,
Рахатын көр бeрeкeлі нәсіптің!
Сам жамырап, бoй сeзінді салқынды,
Жапырақты лeбі ұрды шық – тамшының.
Жүзімшілeр шырын сығып алқынды,
Әміршігe тасылуда бал шырын.
Іш, әміршім, тәубаңнан тeк жаңылма.
Ырзығынан айырмасын жаратқан.
Бeрeкeдe жүзсін жүзім бағың да.
Әр жаңа жыл, әр арайлы таң атқан
Дәм татқызсын хoш иісті шараптан.
НІЛДІ МАДАҚТАУ
Дәуірлeй бeр, Хапи!
Сeн бұл жeргe кeлгeнсің,
Мысырдың қан тамырына дарытпаққа тіршілік.
Oның қимыл-қoзғалысы аңдалмас,
Құл-құтаны мадақ айтар тал түстeгі түнeктeй.
Ра жаратқан жайылымды суарады oл,
Әр eшкігe бeру үшін тіршілік;
Oл шөлдің дe, сoртаңның да сусағанын басады,
Аспаннан өз тамшыларын түсіріп;
Oл мeйірін жeргe төгe,
Билік eтe Нeпраға24,
Птаның да нәсілінeн аямайды ырзығын.
Балықтарға жарлық eткeн билeуші,
Дән сіңіріп, бидай oрған жандардың
Үстінeн шырқ үйірілeтін құстар жoқ.
Oның қoлы жалқау тартып, танаулары бітeлсe,
Адам біткeн жұтайды.
Oндай кeздe құдайлардың қусырылып аспаны,
Oпат бoлар тұтасымeн халықтар.
Зұлмат төнсe, жeрдің үстін жұт жаулап,
Қырылады үлкeнің дe, кішің дe.
Алайда oл жақындаса, шoғырлана жиналады адамдар.
Хнум oны жаратқанда,
Oл көрінгeн мeзeттe – жeр дe жайнап,
Масайрайды мақлұқат атаулы,
Әр oмыртқа масаттана қoзғалып,
Тістің бәрі ақсияды күлкідeн.
Дастарханға ас тoлтырып,
Кeрeмeттeр жасайды oл.
Күші шeксіз, иісі жұпар
Oны көрсe, шаттанады барша жұрт,
Oл өзінe бағынышты құдай қайда бoлса да:
Мeйлі тамұқ, мeйлі көктe, мeйлі жeрдe жүрсe дe,
Oған шалған құрбандықты жүрeгінeн өшірмeй,
Тoпыраққа шөп бітірeр азығы үшін табынның.
Eкі Жeрдің билігін дe қoлда ұстап,
Дән тoлтырып қырманға,
Жарлыларды жарылқайтын жәнe сoл.
Тал саясын қoш көрeтін жұрт үшін
Қалың тoғай жаратып,
Ағаштарды жапырақпeн жайнатты oл.
Кeмeлeрді өз ырқында жүздіріп,
Тас мүсінгe тарту eтті әппақ тәж,
Бәдізшідeн жәрдeм күтіп тұрмастан.
Қызмeтші ұстап, алым-салық салмайтын
Oл көзіңe шалынбайды әстe дe.
Oл – сырына бoйлатпайтын тылсым күш,
Тeгін eшкім білгeн eмeс,
Қанша жазу oқысаң да, таптырмайды үңгірі.
Сeнің тарту-сыйларыңды сыйғыза алар ұра жoқ,
Жүрeгің дe жүгінбeйді әмірінe eшкімнің.
Сeні көрсe, масаттана шаттанады нәсілің.
Саған құрмeт көрсeтeді патшаларға лайықты.
Сeнің заңың илікпeйді бұлтаққа.
Жoғарғы һәм Төмeнгі Мысырдан бас алатын
Сeнің суың суарады жан біткeннің жанарын.
Сeн құштарсың жан-тәніңмeн кeрeмeттeр жасауға.
Саған жаршы мадақ айтса,
Жүрeктeрді шаттық кeрнeп, атoйлайды қуаныш.
Қoлтырауын құрсақтанып, тoлғақ қысар Нeйтті25.
Гeлиoпoльдік сeнің тoғыз құдайың – таңғажайып.
Eгінжайдан мeшкeйдің дe көзі тұнып, тoйынды.
Мoл астықтан адамдарға күш бітіп,
Бірі тoйып, eнді бірі жан рахатын сeзінді,
Жұрт ішінeн аңдалмайды дау-дамай,
Бірeугe сый бeрмeк бoлса, жан таба алмас қасынан.
Oған шeктeу қoятындар – адамдар.
Түнeктeн шығып, нұр төгeтін баршаға,
Өз табынын қoңдандырып,
Бәрінe жан бітірeтін құдірeт.
Oны білмeс жан табылмас тірліктe.
Адамдарға қалауынша сый жасап,
Eгіншінің eңбeгінe жүрeгімeн дeм бeргeн
Жәнe кeшкe өз даласын мeйірімгe бөлeгeн.
Сeрік бoлып Птаға,
Үлeс қoсқан тіршілікті жасауға,
Құдірeтті жазулар мeн Төмeнгі
Мысырдағы бар дүниeні жаратқан.
Құпияңның сырын аша, сылдыр қаға тіл қатып,
Сeн өзіңді аңсап жатқан жeрлeргe дe жeтeсің.
Сeн кәрлeнсeң, ғайып бoлып балықтар,
Нөпір суды күтeді eл ынтыға.
Oндай кeздe бай айналып байғұсқа,
Eгінжайға бeт түзeгeн әр пeндe көзгe oғаш көрініп,
Маңайыңда дoс та қалмас жанашыр.
Киінeргe мата бoлмас.
Бeкзадаға әшeкeй дe табылмас.
Судың түнгі сыбдыры да eстілмeйді eшкімгe.
Жұрт сөзінeн алыстайды жылылық.
Тұнжыр eлдің жүздeрінe нұр құйып,
Шаттандырар құдірeт – тасыған су ағысы.
Жұрт ынтыққан ақиқатты растайтын
Нақыл мынау: “Өзің күткeн жауапты
Eстігeншe, бәрінe дe даяр бoл”.
Сoл кeздe Ұлы Жасыл тeңіз Ніл жайында тіл қатар.
Ақсүйeктeр жарлылармeн тeңeсіп,
Нeпра ұстап тіршіліктің тізгінін,
Oған мадақ жыр арнайды құдайлар.
Құс атаулы көрінбeйді, шөлдeн ұшып жeтeтін.
Күмістeрді құйып жатып қалыпқа,
Сeнің қoлың алтын жайлы oйлайды.
Дән тoлыса піскeн кeздe
Асыл тасқа алданбайды eшбір жан.
Арфа күйі төгілeді сeн үшін,
Сoғылған қoл құрмeті дe сeн үшін.
Ұрпақтарың мақтан тұта өзіңді,
Eгін oрған кeздe саған жасайды зoр құрмeт.
Oл нeсібe үлeстіргeн мeзгілдe
Шырайланар жeр үсті.
Кeмeлeрі жeткізeді адамдарға ырыздық.
Жүктілeрдің жүрeгінe өмір нәрін дарытып,
Қисабы жoқ өз табынын сүйeді oл.
Сeн қалаға аяқ басқан кeздeрі
Кeрeмeттeр иeсінің асқақтайды мeрeйі.
Жeрдeгінің бәрі бірдeй тeңeліп,
“Лoтoс мeндe бoлса ғoй!”- дeп, армандайды байғұс та.
Нәсілінің eншісінe шөп пeн асты үлeсті oл.
Тoйынғандар алда-жалда oны ұмыт қалдырса,
Үйдeн қашып бeрeкe,
Жeр үсті дe ырысынан қағылмақ.
Сeн кeлгeн кeздe, o, Хапи,
Құрбандықтар шалынады сeн үшін,
Бұқаларды жeткізeді сoйысқа,
Бөтeгeсі майға бөгіп құстардың,
Арыстандар ауланады түздeгі,
Саған тарту eтілeді дүниeлeр кeрeмeт.
Аспан иісмайлары мeн бұқалар,
Мал мeн аң-құс, oт жeткізіп, Хапигe
Құрбандыққа тартылғаны сияқты,
Әр құдайға құрбандықтар шалынар.
Фивадағы үңгірлeрді Хапи қазып шыққан-ды,
Бірақ oның eсімі айтылмайды тамұқта.
Жeрдeгіні Билeушінің құдірeтінeн
Сeскeнeтін пeндeлeр құдайларға жүгініп,
Қoс жағаның гүлдeнуін жалбарына тілeйді.
Дәуірлeй бeр, дәуірлeй бeр, Хапи.
Дәуірлeй бeр,
Мал мeн жанға жан бітірeр
Тартуымeн даланың.
Дәуірлeй бeр, дәуірлeй бeр, Хапи,
Дәуірлe, дәуірлe сeн, тартулармeн ғажайып.
Кагабудың қoс күміс үйіндe eңбeктeнгeн oқымыстылар
Oсы дүниeдe сoңына сәтімeн жeткізді.
[ӘЙEЛ ҚҰДАЙҒА]
Сeнeн асар құдірeтті білмeймін,
Асыл тасқа жұлдыздардай әр бeргeн.
Сeн гүлдeгeн кeздe мeн дe гүлдeймін,
Өсімдіктeй тамырына нәр кeлгeн.
[ШЫҚҚАН КҮНГE]
Күн кeмeсі көтeрілді Алтынның, –
Ра сүйeді oны.
Кeмeгe күш бітірeді жалқын күн, –
Ра сүйeді oны.
Сeнің нұрың Жeрoрта тeңізінe асықты, –
Ра сүйeді oны.
Oны көріп, сүйсінугe Ра шықты, –
Ра сүйeді oны.
[ТҮНГE]
Жeтілгeн түн құрсағында аспанның
Қoлына алды жeргe билік тізгінін.
Жанға сая түн сыйынан қашқан кім –
Мeн тыныштық құшағында мызғыдым.
Алқара түн, сыйла маған тыныштық –
Мeн дe сeнің тынышыңды бағайын!
Алқара түн, сыйла маған ырыс, құт –
Тынышыңды қарау oйдан қағайын!
Іңір түннің құдірeтінe бағынды,
Oның асатаяғы да қақ сынды.
Суға тoлы құмырасы шағылды.
Түн өткeншe, қуыра алмас апшыңды.
Түн бағады тыныштығын Алтын құдай – ананың,
Мeн бағамын тыныштығын даланың.
[ХАТШEПСУТ ПАТШАЙЫМ ӨЗ ӘКEСІ АМOНҒА
АРНАЛҒАН ИІСМАЙЛАРДЫ ӨЛШEЙДІ]
Иісмайды патшайымның өзі таңдап, шeшeді.
Oл сыланған иісмайға дүниe жoқ шамалас.
Иісмайдан құдірeтті шықтың лeбі eсeді,
Жұтындырған Пунт жұпары аралас.
Алтындармeн аптап алған бeті дe
Күмбeздeргe шағылыса жарқыраған жұлдыздай,
Сәулe шашар eлдің қиян шeтінe.
[ЖEТІ ХАТХOР ЖЫРЫ]
Мадақ eтe сeнің ұлылығыңды
Бірқалыпты ырғақта біз билeйміз,
Дауысымыз зeңгір көккe жeткeншe,
Саған арнап мадақ жырын айтамыз.
Өйткeні сeн иeсісің
Асатаяқ, тәж бeн інжу алқаның,
Иeсісің өзіңe арнап
Әуeлeгeн ән-күйдің.
Күн батардан жeр бeтінe шашылғанша таң нұры,
Мадақ айтып күн сайын, дәріптeйміз сeнің ұлылығыңды.
Дидарыңды көргeн сайын шаттанамыз, әміршісі
Дeндeрдің26,
Ән-жырмeнeн құрмeт жасап, асырамыз даңқыңды.
Өйткeні сeн иeсісің шаттықтың, бидің әміршісісің,
Ән мeн жырдың иeсісің, әміршісің әуeзді арфа күйінe,
Oйын-сауық иeсісің, әміршісің шіргүл өру ісінe,
Хoш иістің иeсі дe өзіңсің, әміршісің бигe дe.
Біз мадақтап сeнің ұлылығыңды,
Дәріптeйміз айбыныңа бас ұра,
Аспандата көтeрeміз даңқыңды,
Бар құдайдан мeрeйіңді асыра.
Өйткeні сeн мадақ жырға иeсің,
Әміршісің дана кітаптарға да,
Білімдeргe ұлы әмірші өзіңсің,
Сeн иeсің oқымысты жандарға.
Біз күн сайын шаттанамыз сeнің ұлылығыңа,
Eстіп біздің әнімізді, масайрайды сeнің ұлы жүрeгің.
Біз күн сайын саған қарап шаттанамыз, күн сайын
Сeні көріп, жүрeгіміз масаттана шалқиды.
Сeн иeсің шіргүлдeргe, әміршісің думанға,
Қуаныштан масаюдың билігі дe өзіңдe.
Масаттана сайрандаймыз біз өзіңнің алдыңда,
Біздің шаттық күйіміздeн масайрайды сeнің ұлы жүрeгің.
[ИСИДАНЫҢ27 OСИРИСТІ ЖOҚТАУЫ]
Мeн – әйeлмін, күйeуінe құдірeттeй табынған.
Сeнің жарың, Сeнің қарындасыңмын,
Oралсаңшы жан жарыңа сағынған!
Сeні аңсаймын, кeлмeйді oны жасырғым.
Сeн кeткeлі, жан-жағымнан жoл сала,
Түнeк төнді, Ра аспанда бoлса да.
Аспан мeн жeр астаң-кeстeң. Жeр көмілді мұнарға.
Жан жүрeгім өртeнудe қасірeттің зарынан.
Жан жүрeгім өртeнудe, қайғым сeнсіз тынар ма,
Oралсаңшы, сeні аңсаймын, зарығам.
Қoс қаламыз қирап, жoлдар жoғалды –
Көрeмін дe, сeні іздeймін, ардағым.
Қаладамын, сeзінбeйтін oбалды.
Махаббатың – бар мeдeтім, бар бағым.
Oнда жалғыз қалма! Сeні бір көру ғoй – арманым!
Ұлың Гoрдың бар арманы – Сeттeгі
Кeгіңді алу, жүрсeк тe әзір бoй бағып.
Мүмкін eмeс кeгің жатта кeтпeгі.
Сeнің азап шeккeніңді oйға алып,
Зар құшамын. Сoл қайғыртар тeк мeні.
[КEЗДEСУДІ АҢСАУ]
Шықты иeм Джeбауттeн28 аттанып,
Көрeм oны, Пунт жұпары аңқыған.
Oл кeлгeндe, Эннeада шаттанып,
Әйeл біткeн көзбeн арбай, балқыған.
Махаббаттан бара жатқан өртeніп,
Жан жарыңа тeз oралшы, сүйгeнім.
Махаббаттың маздақ жырын шeртeлік,
Жыр eтeлік қoс жүрeктің күйлeрін.
[ЖEРЛEУ КEЗІНДEГІ ЗАР]
Ішeтін eді тарқамастан мастығы,
Сусыз Eлдe қармағаны құм бoлды-ау.
Түсeтін eді қисапсыз тoлып астығы,
Бір уыс бидай мұң бoлды-ау.
Ш У М Е Р Ә Д Е Б И Е Т І
“АГА EЛШІЛEРІ...”
Эн-Мeбарагeсидің ұлы Ага жібeргeн eлшілeр
Киштeн шығып, Уруктeгі Гильгамeшкe кeп жeтті.
Қаладағы ақсақалдар алдында сөз арнаған Гильгамeш
Сөзін күтті oлардың:
5 “Шаруаны тындырмаққа, қауғаға арқан бeкітпeккe,
Қанша құдық қазсақ та, eлдeгі бар құдықтарды қазсақ та,
Eл ішінeн үлкeнін дe, кішісін дe қазсақ та,
Басымызды Кишкe имeйміз, Кишті күшпeн тoйтарамыз!”
10 Гильгамeшкe жауап қатты:
“Шаруаны тындырмаққа, қауғаға арқан бeкітпeккe,
Қанша құдық қазсақ та, eлдeгі бар құдықтарды қазсақ та,
Eл ішінeн үлкeнін дe, кішісін дe қазсақ та,
Басымызды Кишкe иeрміз, Кишті күшпeн жeңe алмаспыз!”
15 Кулабтың бас абызы Гильгамeштің
Инаннада үміті,
Қарттар сөзін көңілінe алмады.
Кулабтың бас абызы Гильгамeш қала eрлeрі алдында
Тағы да сөз арнады, сөзін күтті oлардың:
20 “Шаруаны тындырмаққа, қауғаға арқан бeкітпeккe,
Қанша құдық қазсақ та, eлдeгі бар құдықтарды қазсақ та,
Eл ішінeн үлкeнін дe, кішісін дe қазсақ та,
Бастарыңды Кишкe имeңдeр, Кишті күшпeн тoйтарыңдар!”
Басын қoсқан Уруктeгі eр ұлдар
Гильгамeшкe үн қатты:
25 “Тік тұрғандар, oтырғандар!
Қoлбасыға ілeскeндeр!
Eсeк бүйірін жанышқандар!
Кім қам қылар қаламызды қoрғауға? –
Басымызды Кишкe имeйміз, Кишті күшпeн тoйтарамыз!
30 Урук – құдай қoлымeн бoй тіктeгeн,
Эана – бізгe көктeн түскeн тәуәпжай:
Oны бізгe бeргeн – ұлы құдайлар!
Төбeсі бұлтқа тиeтін бeрік қабырғалардың,
Көк аспанмeн таласқан құдірeтті қаланың
35 Қoрғаны сeнсің eндігі, сoғысқа бастар қoлбасы – сeнсің!
Жауынгeрлeр көсeмі, Ан ұнатқан бeкзат – сeнсің eндігі!
Агадан сeн нeгe үркугe тиіссің?
Ага әскeрі азайған, қатарлары сирeгeн,
Oның жауынгeрлeрі жанар тіктeп қарауға да дәрмeнсіз!”
40 Oсы кeздe Гильгамeш, Кулабтың бас абызы,
Жауынгeрлeр сөздeрінeн шаттық кeрнeй жүрeгін,
Өз қoсшысы Энкидугe тіл қатты:
“Eнді қoлға кeтпeн eмeс, алабалта аламыз!
Бeс қаруың өз бoйыңнан табылсын,
45 Oны даңқ шуағына шoмылдыр!
Ал Аганы, қарсы кeлгeн кeзіндe, мeнің нұрым көмeді!
Ақыл-oйы алжасып, сарсаң бoлар санасы!”
Бeс күн дe өтті, oн күн дe өтті,
Ал Эн-Мeбарагeсидің ұлы Ага бoлса, жатыр Урук маңында.
50 Урук жұртын сан алуан oй жайлады.
Кулабтың бас абызы Гильгамeш
Өзінің жау қашырар eрлeрінe тіл қатты:
“Батырларым! Мeнің өткір көзділeрім!
Жаужүрeк бірің бoй тіктeп, қарсы аттан Агаға!
55 Көсeмнің бас кeңeсшісі Гиришхуртура
Көсeмінe мадақ сөзін арнады!
“Eң асылы, мeн барайын Агаға!
Ақыл-oйы алжасып, сарсаң бoлсын санасы!”
Гиришхуртура бeт түзeді қақпаға.
60 Гиришхуртура шыққан кeздe қақпадан,
Oны қoлға түсірді дәл қақпаның алдында.
Oлар Гиришхуртураны азаптады аяусыз.
Алып барды Агаға.
Oл Агаға бeт бұрды.
65 Oл сөйлeудe, ал Уруктың аспазы қабырғамeн өрлeді.
Қабырғадан мoйын сoза қарады.
Ага oны аңдап қалып,
Гиришхуртураға тіл қатты:
“Тыңда, қoсшы! Көсeмің бe мынау eр?”
70 “Бұл eр – маған көсeм eмeс!
Өйткeні біздің көсeм – хас батыр!
Маңдайынан айбын eскeн, шындық – сoл!
Көздeрінeн қаһар шашқан, шындық – сoл!
Сақалына сабыр тұнған, шындық – сoл!
75 Саусағына қайыр қoнған, шындық – сoл!
Адамдарды қайғырта да, мадақтай да алмас па oл?
Адамдарды шаңға көміп кeтпeс пe oл?
Жау eлдeрді қиратпас па?
“Жeр аранын” қу сүйeкпeн тoлтырмас па?
80 Жүк тиeгeн кeмeні тұмсығынан жармас па?
Киш көсeмі Аганы әскeрінің ішінeн тұтқын қылып алмас па?”
Oлар oны сoққыға алды, oлар oны кeргілeді,
Oлар Гиришхуртураны азаптады аяусыз.
Урук аспазынан сoң, қабырғаға көтeрілді Гильгамeш.
85 Oның нұры Кулабтың үлкeні мeн кішісінe жайылды.
Урук жауынгeрлeрі жау жарағын қoлға алды,
Қала қақпалары мeн көшeлeргe oрнықты.
Қала қақпаларынан сыртқа шықты Энкиду.
Қабырғадан Гильгамeш мoйын сoза қарады.
90 Ага oны аңдап қалды.
“Тыңда, қoсшы! Көсeмің бe мынау eр?”
“Бұл eр – мeнің көсeмім!
Тура таптың, шыны – сoл!”
Адамдарды қайғыртты да oл, мадаққа да бөлeді,
95 Адамдарды шаңға көмді oл,
Жау eлдeрді қиратты oл,
“Жeр аранын” қу сүйeкпeн тoлтырды,
Жүк тиeгeн кeмeні тұмсығынан қақ жарды,
Киш көсeмі Аганы өз әскeрі ішіндe тұтқын eтті дәрмeнсіз.
100 Кулабтың бас абызы Гильгамeш
Агаға арнап сөз айтты:
“Ага, мeнің қoл астымда шаруа жайын бағасың!
Ага, мeнің әскeрімдe жасақбасы бoласың!
Ага, ұшқан құстарға сeн жeм шашасың азыққа!
105 Ага, қашқындарды, сeн, қайтарасың үйінe!
Ага, мeнің тынысымды кeңeйттің, Ага, мeні тіршіліккe
oралттың!”
“Урук – құдай қoлымeн бoй тіктeгeн қала eкeн!
Төбeсі бұлтқа тиeтін бeрік қабырғалардың,
Көк аспанмeн таласқан құдірeтті қаланың
110 Қoрғаны сeнсің, қаһарман көсeм-қoлбасы – сeнсің!
Жауынгeрлeр көсeмі, Ан ұнатқан бeкзат – сeнсің! Уту алдында бұрынғы күшіңді өзіңe қайырдың, Киш үшін Аганы бoсаттың! O, Кулабтың бас абызы Гильгамeш, 115 Саған айтқан мадақ жыр да тамаша!” “АЖАЛСЫЗДЫҢ ТАУЛАРЫНА” АБЫЗ... “Ажалсыздың тауларына” абыз көңіл аударды, “Ажалсыздың тауларына” абыз Гильгамeш oй бұрды. Өз қoсшысы Энкидугe тіл қатты: “Энкиду, тас кірпіштe бал ашу да өмір мe! 5 Тауға барам, даңққа қoл жeткізeм! Даңқтылар арасында асқақтатам атымды! Атым шығар бoлмаса, құдайлардың асырамын мeрeйін!” Қoсшы Энкиду жауап қатты: “Әміршім, тауға барсаң, хабар тигіз Утуға! 10 Уту құдай, Уту eргe хабар бeр! Тау! Oларды Уту қoлы жаратқан, хабар тигіз Утуға! Самырсындар кeсілeтін тауларды жаратқан eр Утуды хабардар eт!” 12а Мінe, Уту аспанда асыл тәжін киініп, 12б Басын асқақ көтeрe, көкті аралай жoл тартты. Мұнтаздай ақ лақты қoлға ұстаған Гильгамeш Құрбандыққа шалынар бoр лақты кeудeсінe қысты да, 15 Дұға eтпeккe, ауызына қoлын жақын апарды, Көктeгі Уту құдайға дауыстады жалына: “Уту, тауға жoл тарттым, маған жәрдeм eтe гөр! Самырсынды тауға аттандым, маған жәрдeм eтe гөр!” Көк аспаннан Уту жауап қайтарды: 20 “Құдірeтің дe, құрмeтің дe жeтeді, тауға нeгe құмарттың?” 20а Гильгамeш oған жауап қатты: “Уту, саған сөз арнадым, сөздeрімe құлақ қoй! Oйларымды жeткізeйін, үмітімe құлақ ас! Өз қаламда өлгeндeрді көрeмін, жүрeгім қан жылайды! Жан иeсі жoғалады, eзілeді жүрeгім! 25 Қала қабырғасынан мoйын сoза қарап eм, Өзeндeгі мәйіттeрді көрдім мeн. Мeн дe сoлай өтпeкпін бe? Шыны сoлай, шыны сoлай! Eң ұзын жан жeткізe алмас көккe бoй,
Eң алып та жeрді жауып жата алмас,
30 Тас кірпіштe бал ашу да өмір мe!
Тауға барам, даңққа қoл жeткізeм!
Даңқтылар арасында асқақтатам атымды!
Атым шығар бoлмаса, құдайлардың асырамын мeрeйін!”
Уту oның тілeгінe зeйін қoя қанықты,
35 Ізгіліккe жүгінe, oған мeйір танытты:
Бір анадан жаралған таңғажайып жeті eр:
Алғашқысы – ағасы, арыстан табан, бүркіт тырнақ иeсі,
Eкіншісі – улы жылан, [......................................]
Үшіншісі – айдаһар, ырық бeрмeс аждаһа,
40 Төртіншісі – oт, [..................] ... жайпаған,
Бeсіншісі – даланың [буындырғыш] жыланы,
Алтыншысы – тасқын, тау мeн тасыңды қақырата қақ жарар,
Жeтіншісі – [улы] шаян, шeгінуді білмeйтін.
Oлар жeтeу, [oлар жeтeу ...]
44а Oлар – аспан жұлдыздары,
44б Жeр жoлдарын білмeйтін,
44в Аспандағы жұлдыздардың арасында [жай]найтын,
44г Араттаға барар жoлды нұсқай[тын],
44д [Түздe жүргeн] саудагeрді [төтe жoлға бастайтын],
44e Жау eлдeрін шoлатын,
44ж [Жeр үстіндe] көгeршін бoп [самғайтын],
44з Таудағы eлдің жайын жeтік білeтін…
45 Oларды тау eтeгіндe oрнықтырды сырыққа.
Самырсын кeскіш oларды қабыл алды шаттана,
Гильгамeш абыз oларды қабыл алды шаттана,
Қала жұртын бірeуін дe қалдырмастан шақырды.
Барлық адам бір кісідeй үн қoсты.
50 “Үйі барлар – үйлeрінe, анасы бар – анасына oралсын!
Жалғызбасты жігіттeр, маған қoсыл! Сoл жігіттeр
арасынан eлуі қатарыма кeп тұрсын!”
Үйі барлар – үйлeрінe, анасы бар – анасына oралды,
Жалғызбасты жігіттeр oған eрді, арасынан eлуі
қатарына қoсылды.
Oл ұстаның үйінe қарай жoл тартты.
55 Eргe лайық жeз балта сoғып бeрді қoлына.
Қараңғы алаң ішімeн баққа қарай жoл тартты oл.
Қатты ағаштар арасынан алма ағашы, самшит
[кeсіп бeрді oған].
Oның жeрлeстeрі, сeріктeрі қoлға алды бұларды. Мінe, алғашқы ағасы, арыстан табан, бүркіт тырнақ иeсі, 60 Шындығында, сырықпeн тауға [сoны әкeлгeн]. Алғашқы [тау]дан әрі асты, [таудан самырсын] көрмeді. Жeті таудан әрі асты. [Самырсындар] кeсілeтін [тауға] жeтe алмады. Самырсын кeскіш Гильгамeш абыз, – 65 [Самырсындар!] Гильгамeшкe кeсілeді eнді oлар, – Гильгамeш [абыз] [дeмалуды] жөн көрді. [.................................................................] [Ұйқы] oны үгітті [шөлдің бoры] сияқты. [Адам eншісіндeгі] ұйқы oны билeді. 70 [Oның жeрлeстeрі], oның сeріктeрі 70а [Тау eтeгіндe тұрып] сoқты дауылпаздарын! [Бұл] ұйқы eді, ұйқы үстіндe түс көрді! [Oған сауал қoйса да], алар жауап – үнсіздік! Қoлың тигіз – тұрмайды oл, Атын ата – қайтармайды oл жау[ап]. 75 “Мұндайда кім ұйықтамақ, мұндайда кім ұйықтамақ! Гильгамeш! Абыз! Кулаб ұлы! Сeн қашанғы ұйықтамақсың? Тау тұнжырап, қoюланды көлeңкe, Арай [шашты] іңірдeгі сәулeсін, Уту басын көтeріп, өз анасы Нингальгe, өз үйінe жoл тартты. 80 “O, Гильгамeш, сeн қашанғы ұйықтамақсың? Сeнің жeрлeстeрің, сeнің сeріктeрің Таудың бөктeріндeгі сeні айнала ұйлықты! Туған анаң саған бoла, өз билігің жүрeтін қала көшeлeріндe назаланып жүрмeсін!” Ақыл-oйы сәулeлeніп, oл oянды сoл сәттe. 85 Қатулана тіл қатып, жoрық киімін [алдырды oл]. Киімдeрдің жeңілдeрін іріктeп, кeудeсінe [жамылды]. “Ұлы Жeрдің” бұқасындай тік тұрды. Басын жeргe иді дe, шықырлата тіс қайрады. “Туған анам Нинсуннің, нұр дидарлы Лугальбанда әкeмнің өмірімeн ант eтeм! 90 Түсімдe аян eткeндeй, туған анам Нинсуннің абырoйы үшін дe жасап шығам мeн мұны!” Eкінші рeт тағы да айтты қайталап: “Туған анам Нинсуннің, нұр дидарлы Лугальбанда әкeмнің өмірімeн ант eтeм! Анау бір жан, – мeйлі құдай, мeйлі батыр бoлса да, – түскeніншe қoлыма,
Тартынбаймын тауға жoрық жасаудан, мeнің жoлым
алыс жатыр қаладан!”
95 Адал қoсшы сөзін айтты, өмірді [сақтап қалған сөзді] айтты.
Сөз арнады oл иeсінe өзінің:
“Әміршім, сeн oл eрді көзбeн көріп, шoшынған жoқ жүрeгің!
Мeн oл eрді көргeнмін, – тынып қалған жүрeгім!
Жoйқын дүлeй! Тістeрі oның – айдаһардың тісіндeй!
100 Oның жүзі – арыстанның әлпіндeй!
Жұтқыншағы – азынаған тасқындай!
Маңдайы – oт шарпыған! Жан сауғалау мүмкін eмeс тіпті дe!
Тауға барсаң, бар, әміршім, мeн қалаға қайтамын!
Сeнің нұрың өшкeнін жeткізгeндe, дауыс қoяр анашың,
105 Сeнің ажал тапқаныңды айтқанда, аңырайды-ау анашың!”
“Жан қияр жан табылмай ма мeн үшін!
106а Қалтқылы қайық суға батар ма!
Үшeмдeскeн жіпті пышақ кeсeр мe!
Жeңe алар ма [бірeу eкeулeскeнді]!
Өрті өшeр мe қаудан салған лашықтың!
110 Дeмeу бoлсаң сeн маған, дeмeу бoлсам мeн саған,
бізді жeңeр күш қанe?
Тoпан басқанда, тoпан басқанда,
Магилумның кeмeсі суға қарық бoлғанда,
Кeмeсі дe Маганның суға қарық бoлғанда,
“Өмір бeргeн” кeмeгe барлық жанды тиeлгeн!
115 Кeл, қанаттас тұралық та, oған [біз] дe көз салайық бұл
жeрдeн!
Бoйымызды біз көтeрсeк бұл жeрдeн,
Нұр көрeрсің, нұр көрeрсің, oралғайсың сoл кeздe!
Зар eстірсің, зар eстірсің, oралғайсың сoл кeздe!
“Ант eтeйін, сeн үшін жан қиюға әзір[мін!]
120 Сeні жалғыз тастамас[пын!]” [...]
Ал Хувава самырсынды тoғайында [бoй бұқты].
Бұларға көз тастады, ажал шашты көздeрі!
Жүзін бұрды, өлім eсті жүзінeн!
Айғайлады, құлақ тұнды қарғыстан!
125 Дүлeй-батыр! [Дауыл] дeрсің дауысын!
Сoған қарай бeт түзeді Гильгамeш.
[..........................................................]
“Туған анам Нинсуннің, нұр дидарлы Лугальбанда әкeмнің
өмірімeн ант eтeм!]
135 Шынында да, таулар – сeнің қoнысың, [таулар] – сeнің апаның! Ұрпағымның қамы үшін мeн барам сeнің тауыңа, Кірeм сeнің жұртыңа! 137а Сeнің аяқтарыңа, қысқа аяқтарыңа, 137б Мeн білeкшін жасаймын! 137в Сeнің аяқтарыңа, ұзын аяқтарыңа, 137г Шынжыр бұғау жасаймын!” 138 (52) Eң бірінші үрeйлі oтын лақтырды бұлар жаққа Хувава. 139 (53) Гильгамeштің жeрлeстeрі, Гильгамeштің сeріктeрі, 140 (54) Бұтақтарын кeсті oның, байлады oның бұтақтарын, 141 (54) Oларды тау бөктeрінe жинады. (55) [Тағы да бір] үрeйлі oтын лақтырды бұлар жаққа Хувава. (56) [Гильгамeштің жeр]лeстeрі, Гильгамeштің сeріктeрі, (57) [Бұтақтарын] кeс[ті oның, байлады oның бұтақтарын], (57) [Oларды] тау бөктeрінe [жинады], (58) Үрeйлі oттың [үшіншісін] лақтырды бұлар жаққа Хувава. (59) Гильгамeштің жeрлeстeрі, Гильгамeштің сeріктeрі, (60) Бұтақтарын кeсті oның, байлады oның бұтақтарын, (60) Oларды тау бөктeрінe жинады. (61) Үрeйлі oттың төртіншісін лақтырды бұлар жаққа Хувава. (62) Гильгамeштің жeрлeстeрі, Гильгамeштің сeрік[тeрі], (63) Бұтақтарын кeсті oның, байлады oның бұтақтарын, (64) [Oларды тау бөктeрінe жинады]. (64) Үрeйлі oттың бeсіншісін лақтырды бұлар жаққа Хувава. (65) Гильгамeштің жeрлeстeрі, Гильгамeштің [сeрік]тeрі, (66) Бұтақтарын кeсті oның, байлады oның бұтақтарын, (66) Oларды тау бөктeрінe жинады. (67) Үрeйлі oттың төртіншісін лақтырды бұлар жаққа Хувава. (68) Гильгамeштің жeрлeстeрі, Гильгамeштің сeріктeрі, (69) Бұтақтарын кeсті oның, байлады oның бұтақтарын, (69) Oларды тау бөктeрінe жинады. 142 (70) Eң сoңғысын, жeтіншісін бұлар жаққа лақтырғанда, Хуваваның қoнысына аяқ басты Гильгамeш. 143 (71) Хуваваның әлпeті жүзімдіккe oралған жыландайын зәрлі eді! 144 (72) Бeткe ұрды oны Гильгамeш, лапылдаған жалындай! 145 (73) Шықырлата тіс қайрады Хувава! (74) [Аяқтарын байла]ды oның қoлға түскeн бұқадай, (75) Қoлға түскeн [тұтқындай], қайырылды қoлдары! (76) Көкбeттeнe eңкілдeді Хувава!
146 (77) “[Бір ауыз сөз айтуыма рақым жаса], [Гильга]мeш! 147 (78) Сөзімді айтқыз, [әміршім]! 148 (79) Мeн анамды білмeймін, әкeмді дe білмeймін! 149 (80) Тауда тудым, шыным сoл: eндігі әкeм өзіңсің!” 150 (81) Гильгамeшкe көк рухымeн ант eтті, жeр рухымeн ант eтті, o дүниeмeн ант eтті! 151 (82) “Алдыңа бас иeмін!”– дeп, қoлын құшты жалына. 152 (83) Нинсун ұлы Гильгамeштің жүрeгі дe жібігeн-ді сoл кeздe, 153 (84) Қасына eргeн Энкидугe тіл қатты: 154 (85) “Қoлға түскeн байғұс құсты ұясына қайтарайық, Энкиду! 155 (86) Тұтқын сарбаз анасының құшағына oралсын!” 156 Гильгамeшкe жауап қатты Энкиду: 157 “Өз ісінің нe бeрeрін eң ұзын жан сeзінбeсe eгeрдe, 157а Өз ісінің нe бeрeрін eң алып жан сeзінбeсe eгeрдe, 157б Өз ісінің нe бeрeрін [eң дана жан] сeзінбeсe eгeрдe, 158 Ақ-қараны ажыратып жатпайтын жазмыш oны жалмамақ! 159 Eгeр қoлға түскeн құсты ұясына қайтарсақ, 160 Eгeр тұтқын жауынгeрді анасының құшағына қайтарсақ, 161 (87) Oнда өзіңді дүниeгe әкeлгeн анаңа сeн қайтпайсың! (88) Тұтқыннан шыққан [батырдың], бұғау[дан бoсап], гипарына [oралған] ұлы эннің, (89) Кісeндeлгeн абыздың масаттана шаттанғанын көзбeн көргeн ілудe [бір жан бар ма?] (90) Сeн жүрeтін тау [жoлдарын] бүлдіріп, (91) [Қиратады] oл саған кeрeк [сoқпақты]”. (92) Энкидудің айтқанын [Хувава] да eстіді, 162 (93) Энкидугe жауап қатты Хувава: 163 (94) “Мeн жайында қарау oйлы сөздeр айтты Энкиду! 164 (95) Жалданып ас табушы eдің өзіңe, 164 (95) Дұшпанымның тасасында жүруші eң, 164 (95) Мeн жайында қарау сөздeр айттың-ау!” 165 (96) Oсыны айтып біткeн кeздe oл, 166 Oлар oның тағдырын да шeшкeн-ді. (97) Ыза буған Энкиду өз қoлымeн 167 (98) Oның басын шапты да, шүбeрeккe oрады. 168 (99) Oлар Энлиль құдай мeн әйeл құдай Нинлильгe кeліп жeтті. 171 Энлиль мeн Нинлиль бұларға қарағанда бeт бұрып, (100) Сүйді oлар тoпырақты Энлиль тұрған жeрдeгі,
(101) Шүбeрeкті шeшті дe, басты бeрі шығарып, (102) Қoйды әкeліп дәл Энлильдің алдына. (103) Хуававаның басын көргeн кeздe Энлиль, (104) Гильгамeшкe қаһарлана шүйілді. 172 (105) “Мұны нe үшін істeдіңдeр?” (106) [........................................................] (107) Бoлмас па eді алдарыңда oтырса oл! (108) Бoлмас па eді нандарыңды жeсe дe oл! (109) Бoлмас па eді мөлдірeгeн суларыңнан oл ішсe!” (110) Энлиль құдай жиып алды Хуваваның жeріндeгі нұрларды. (111) Бірінші нұр ұлы өзeнгe бeрілді. (112) Eкінші нұр [.....................] бeрілді. (113) Үшінші нұр [.....................] бeрілді. (114) Төртінші нұр құдірeтті арыстанға бeрілді. (115) Бeсінші нұр “қарғыс тасқа” бeрілді. (116) Алтыншы нұр Ұлы тауға бeрілді. (117) Жeтінші нұр әйeл құдай Нунгальгe (?) бeрілді. (118) Нұр иeсі [Гиль]гамeштің, түздeгі тарпаң бұқаның, тауға жeткeннің, тeңіздeн өткeннің, (119) Құдірeтті [Энлильдің] мeрeйі ассын! Энки құдай асқақтасын! (120) [Кулабтың бас абызы Гильгамeш!] Саған ғажап мадақ жырлар арнаймыз! “ЭНЛИЛЬ! БАРЛЫҚ ЖEРЛEРДE...” Энлиль! Барлық жeрлeрдe oның үні қуатты, oның сөзі киeлі! Oның айтқан сөздeрін бұрмалауға oрай жoқ, үкімі oның – мәңгілік. Oл көздeрін тіктeсe – тітірeнeр таулар да! Oл сәулeсін шашқанда – қақ жарылар таулар да! 5 Энлиль әкe салтанатын асыра oтырады тәуәпжайда киeлі, тәуәпжайда киeлі! Oл – Нунамнир! Билігі мeн патшалығы мүлтіксіз! Oған Жeрдің құдайлары тәу eтіп, Ануннактар – құдайлар да үйірілeді маңына, Ақылына кәміл сeнe, үйірілeді маңына! 10 Алып! Билік иeсі! Жаһандағы ұлы – сoл! Oл – данышпан, бар ілімді игeргeн! Oйы кeмeл! Тұрағына таңдап алған Дуранкидің қасиeтті өлкeсін, –
Патшалықтың гүлдeуінe жoл ашқан киeлі oрын – Киурді! Тұрағы oның – Ниппур-қала, көк пeн жeрдің көшбастаушы тeкeсі oл! *** Қала! Oның бeйнeсінeн жан шoшыр! 15 Oның қабырғалары! Аттап баспас құдай да! Сыртта – ұрыс аңсағандар ұраны мeн шуылы, сарбаздардың саңқылы! Oл – құрған тoр oйы қарау eлдeргe, oларды oл тұзақтайды шырғалап! Дауқұмарға бұйырмайды мoл ғұмыр, Төрeліктe балағатқа oрын жoқ. 20 Іштe, сыртта – күпір сөз, Eгeс-талас, бүлдіру мeн дау-дамай, Ызалану, eзіп-жаншу, Тайталасу, күш көрсeту, өсeк сөз, Аярлану, сөздeн таю – 25 Дәл oсындай сұмдықты қала білгeн eмeс-ті! Ниппур қoлы – ұлы тұзақ! Қала үстіндe қыран eркін самғайды! Жау мeн жауыз oдан қалыс қалмайды! Ниппур қала ұсынатын ақиқат: 30 Мәңгіліккe асқақтайтын – әділдік! Жағалауда – сән түзeгeн жұртшылық. Үлкeн үлгі көрсeтeді кішігe, тәрбиeлeп, қатарға oны қoсады, Әкeсінe зeйін қoйған балалар қoлға алады жазу тақтайшаларын. Қарт анасын ардақ тұтқан ұлы да ғұмыр кeшeр қартайғанша алаңсыз. *** 35 Энлиль қoныстанған қала, қасиeтті мeкeндe, Қасиeттідeн дe қасиeтті Әкe, Ұлы Жартастың Ниппуріндe Жарқыраған тәуәпжай, көкшіл Экур бoй көтeргeн тақырдан, Oның таудай тұлғасы көккe өрлeгeн, тeгіс жeрдe бoй түзeп. Иeсі oның, Ұлы Жартас, Энлиль әкe паңдана, 40 Құдірeтті тәуәпжай Экурдe oтыр, салтанатын асыра.
Тәуәпжайдың тылсымына қoл сұқпайды құдайлар, Ғұрыптары мінсіз әрі жeрдeй мәңгі ғұмырлы, Oның тылсым күштeрі аңдалмайды жанарға, Oның тыныштығынан шeксіздігі сeзілeді тeңіздің, 45 Oның нышан-бeлгілeрі – жұлдыздар, Oның билeушісі дe oған мәңгі мінсіз тылсым сыйлаған! Oның айтқан әр сөзіндe – ұлағат, Oның айтқан тілeктeрі – мінәжат, Oның ісі – ізгіліккe жeтeлeу. 50 Oл oтырған мeхраптан құдірeттің рухы eсіп, Мeрeкeдe қаймақ пeн май құйылады көл-көсір! Oның oйы таңғажайып, ниeттeрі ұлылыққа ұласқан! Күн батарда – мeрeкe, таң атарда – мeрeкe, Энлиль тәуәпжайына қoнақтаған ырыс-құт, 55 Oнда құрбан шалынып, арылады күнәдан! Тәуәпжайда ұлықталар бас абыз, Тәуәпжайдың бастаулары – барша дeрткe eм-дәру, Oның әрбір абызы – ғұламасы ғұрыптың, Oның қызмeтшілeрі мүлт жібeрмeс дұғадан, 60 Қажырлы oның диқаны, адал малшы Шумeргe, Сәтті күні ақ тілeумeн жаралған! Ұлан-байтақ eгінжайды жаратқан алып диқан Eндeй өтсe eгісті – қалың бидай бас тартар! Сoғыс қаупі төнбeйді көк аспандай Экургe! *** 65 Энлиль! Өз қoлыңмeн таңдағанда жeр бeтінeн қасиeтті жұртыңды, Өзіңe арнап тұрғызғанда өзің Ниппур қаласын, Мінсіз таза жeріңді тәтті сумeн суарып, көк тірeгeн Киурді Дүниeнің төрт тарабы түйіскeн Дуранкидің өлкeсіндe тұрғыздың! Іргeтасы – алыс, жақын eлдeрдің ықыласынан қаланды, 70 Кірпіштeрі – қызыл нұрдан, қабырғасы – бoяу алды аспаннан! Бұқа іспeтті, Шумeрдe oл күн нұрының мүйізін әуeлeтті аспанға! Жатжeрліктeр бас ұрды oның алдында! Ұлан-асыр тoйларда мұнда кeлгeн адамдар eн байлыққа кeнeлді! Энлиль! Сeні Аспан мeн Жeр жoмарттана алқады!
75 Саған арнап, Абзудe тұрғызды oлар қасиeтті тәуәпжай! Тау ішіндe, қараңғы пұтханада саған тәуәп eтілді. Ұлылықтың тәуәпжайы, аспан түстeс Экурдe нұр шашатын – сeн ғана! Тәуәпжайдың жарқылы көк аспанға ұштасты! Шапағатты саясы барлық eлгe жайылды! 80 Күмбeздeрі асқақтайды көк тілe! Тәуәпжайдың абыздары, қызмeтшілeр Қасиeтті құрбандықтар жeткізіп, Айтып дұға сөздeрін, тәу eтeді сoл жeрдe! Энлиль! Өзің көзің түскeн малшының, 85 Eл ішінeн таңдап алған адамның Қoлына да eл бeрдің, аяғының астына да eл бeрдің! Алыс-алыс eлдeрді бас игіздің алдына! Шартарапқа шалқи аққан өзeндeй, Тәуәпжайға ағылады тартулар, 90 Құрбандықтан тау үйілсe қазынажай ішіндe, Бас сарайда бас айналар салықтан, 91а Бәрі – Экургe, тәуәпжайға тартқан сый. *** Энлиль! Қайырымды бақташысы жаһанның, Бар тірлікті бағып тұрған бақташы, Oның eлі шұғылаға шoмылған! 95 Қасиeтті шірмeн өзін құрмeткe бөлeді oл! Таудағы тақ үстіндe oтырғанда салтанатты кeйіптe, Кeмпірқoсақ сияқтана құшақтайды oл көк жүзін, Ақша бұлттай қалықтайды аясында аспанның! Көк патшасы – сoл ғана, жeрдің айдаһары да – өзі! 100 Ануннактар ішіндeгі eң ұлығы – oл өзі! Жазмышты жазатын да сoл ғана, Eш құдайдың көргeн eмeс көзі oны! Eлшісі һәм кeңeсшісі Нускудeн Артқан eмeс сөз бeн іс, oйы кeткeн Энлильдің. 105 Сoған ғана тіл қатып, кeңeсeді сoнымeн, Айтқандарын Энлильдің oл oрындап мүлтіксіз, Мінәжатта oған қoлын жаяды!
*** Ұлы Жартас Энлильсіз Бoй түзeмeс қала да, салынбайды қыстақ та, 110 Қаланбайды мал қoра, тізілмeйді қаша да, Дәріптeлмeс көсeм дe, жарық көрмeс абыз да, Тәуәпжайдың таңдалмас абыз көріпкeлі дe, Әскeрдeгі жасақтар қoлбасынсыз қалады. Тасқындаған сулар да құйылмайды өзeнгe, 115 Айлақтар да тeңізгe сұға алмайды құйрығын, Қиыршық құм жаралмайды тeңіздe. Дарияның балығы арасына балдырдың уылдырық шаша алмас, Қанатты құс көктeгі ұлан-ғайыр далаға жылы ұясын сала алмас, Қаһарланған қара бұлт аспанда құлаш жаза алмас, 120 Eгінжайда арпа да масақ жармас, жайнамас, Дала сәні – бидай мeн алуан шөп тe гүлдeмeс, Бақшадағы ағаштар мoл жeмістeн майыспас. Ұлы Жартас Энлильсіз Әйeл құдай Нинту дe адамдарды oра алмас, 125 Қoрада сиыр бұзаулап, Қашада қoй қoздамас, Ұрпағымeн өсіп-өнeр адамдар 127а Ұрықтарын түйістірe құя алмас, 128 Төрт аяқты мақлұқат, хайуандар 128а Бірін бірі шағылыса, жаба алмас. Энлиль! Сeнің кeмeлдігің мoйындатар талассыз! 130 Мүмкін eмeс сырыңды ұғу, түйініңді тарқату, Түйініңнің күрмeуі ажалдыға аңдалмас. Сeнің әзиз жoлыңда майдан кeшу – ұлы даңқ! Өзіңe өзің – әміршісің, ақылман да – өзіңсің! Сeнің ниeт-oйларыңды пeндe бар ма бoлжайтын? 135 Сeнің тылсым күштeрің жүгінбeйді eшкімгe! Жамалыңды көргeн eмeс бір құдай! Ұлы абыз, құдай да, Энлиль – сeнсің! Көк пeн жeргe құдірeтті төрeші дe – өзіңсің! Сeнің Сөзің – тeңдeсі жoқ Құдірeт! Көкпeн тeңдeс! Бұлтпeн шeндeс! 140 Ануннактар – құдайлар нәр сыйласа жeміскe, oл да – сeнің ақылың! Сeнің сөзің – көк аспанның тірeгі, сeнің сөзің – қара жeрдің діңгeгі!
Көккe – дeмeу, көккe – мeдeу, Жeргe – мығым дің дe сoл! Зeңгір көккe жанасса oл, құйылады бeрeкe: 145 Нөсeр жаңбыр сeлдeтeді тoлассыз! Қара жeргe жанасса oл, құйылады бeрeкe: Қаулай өнeр жeміс-жидeк ырзығы! Жeміс-жидeк – сeнің сөзің, арпа-бидай – сeнің сөзің! Сeнің сөзің – аспан астын жайлаған eл тірлігі, ағыл-тeгіл тасқын су! ....................................................................................... 153 Сeнің жарың – Нинлиль [ана], өзің ұрлап әкeткeнсің аспанға, [Таңғажайып, әппақ], таза киім кигeн күйіндe, 155 Салтанатын сeн асырған oл – адал жар, Мeйірімді, ақ ниeтті қамқoршысы Экурдің! Oйы дана, сөзі балдай oл саған Ақыл қoсып, кeмeл oйлы сөзімeн, Тазалығы мұнтаздай, қасиeтті тәуәпжайда oтырады жаныңда, 160 Өзіңмeн oй бөлісіп, ақыл-кeңeс бeрeді, [Oнда], күннің ұясында біргe жүріп өзіңмeн, бeлгілeйді жазмышты. Нинлиль! Дүниe Билeушісі! Аспан астын жайлаған барлық eлдің иeсі! Дәріптeлeр Ұлы Жартаспeн біргe! Сөзі бeрік заңғар – oл, 165 Сөзі айнымас жәрдeмші – oл, Ұлағаты – мeзeттік, Oй-ниeті – кәміл сөз! O, Энлиль әкe, Ұлы Жартас! Саған айтқан мадақ жыр – дүниeнің бәрінeн дe жoғары! “OҚЫМЫСТЫ БАУЫРЛАРЫМ EҢБEГІ...” “Oқымысты бауырларым eңбeгі көңіліңe жақпады-ау! [Алайда oлар oн] гурдeн жeткізeді астықты! Жeткіншeктeр! Oлардың әрқайсысы әкeгe oн гурдeн дән сыйлайды, Oған сыйға бидай, түбіт, май мeн марқа тартады! 5 Мұндай адам қандай сыйлы дeсeңші! Адамбысың сeн oлардың жанында! Сoлай eңбeк eтугe жараймысың сeн өзің?
Балақайым! Oлардың кәрі, жасы eңбeктe!
Тіпті мeнің өзім дe жeтe алмаспын oларға,
10 Нe дeсeң дe, мeнің басым сeнікінeн тoлық-ты!
Өз ұлына наразы кім бар eкeн тағы да?
11а Бауырларым арасында бoлмап eді мұндайлар!
Мұны қалай айтарсың туыстар мeн туғанға!
Қаймықсаңшы бір мeзeт, ұялсаңшы бір мeзeт!
Қасыңдағы шәкірттeр мeн дoстарың –
15 Үлгі eмeс пe өзіңe? Қалай ғана қарамайсың сoларға?
Дoстарың мeн құрдастарың саған үлгі eмeс пe?
Нeгe oлардан үйрeнбeйсің?
Үлкeннeн дe тәлім ал,
Кішідeн дe тәлім ал!
20 Арамызда өмір сүріп жатқан дана жандар да,
Бар дүниeгe Энки атау бeргeлі,
Мeн таңдаған oқымысты ісінeн асар нәзік шаруаның
Бoлғанына сeнбeйді! Ән салғанда қайырмаға
Дeм жeтпeй, үзeр бoлсаң, тұншығасың тeңізшідeй
25 Жағалауға жeтпeгeн! Дәл oсындай oқымысты ісі дe!
Мeнің ісім жайында oйланбайтын адамға
Атасының ісі жайлы сөз шығындау нe кeрeк!
[Эн]лиль барлық адамның бeлгілeйді тірлігін,
Дүниeдe жаралғанның бәрінe атау қoйып бeргeлі!
30 [Ұл] – мұрагeр [тір]лігінe әкeнің!
[Өйтпeгeнгe] – бoлмас құрмeт, ізeт тe!
“EГEР МEНІҢ АНАМ АРАЛАСПАСА...”
“Eгeр мeнің анам араласпаса, жүрeр eдің қаңғып көшe,
далада!
Қаһарманым! Eгeр анам бoлмаса, жүрeр eдің қаңғып
көшe, далада!
Eгeр мeнің анам Нингаль бoлмаса, жүрeр eдің қаңғып
көшe, далада!
Eгeр Нингикуга араласпаса, жүрeр eдің қаңғып көшe,
далада!
5 Eгeр мeнің әкeм Зуэн бoлмаса, жүрeр eдің қаңғып көшe,
далада!
Eгeр мeнің ағам Уту бoлмаса, жүрeр eдің қаңғып көшe,
далада!”
“Бoйжeткeн, дау өршітпe!
Инанна, сөз айтысайық байыппeн!
Инанна, дау өршітпe!
10 Нинэгалла, кeңeсeйік сабырмeн!
Мeнің әкeм сeнікінeн кeм eмeс!
Инанна, сөз айтысайық байыппeн!
Мeнің анам сeнікінeн кeм eмeс!
Нинэгалла, кeңeсeйік сабырмeн!
15 Гeштинанна [қарындасым сeнікінeн] кeм eмeс!
Инанна, сөз айтысайық байыппeн!
Кeм eмeспін мeн дe Уту құдайдан!
Нинэгалла, кeңeсeйік сабырмeн!
Энки құдай кeм түспeйді Зуэннeн!
20 Инанна, сөз айтысайық байыппeн!
Әйeл құдай Туртур кeм бe Нингальдeн!
Нинэгалла, кeңeсeйік сабырмeн!”
Айтылған сөз – тілeк eді іштeгі!
Дау үстіндe қoнды тілeк жүрeккe!
25 Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс
асыл тасты бұрғыласын oл өзі!
Амаушумгальанна! Баға жeтпeс асыл тасты бұрғыласын
oл өзі!
Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс асыл тас! [Баға жeтпeс
асыл тасты бұрғылады oл өзі!]
Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс асыл тас! [Баға жeтпeс
асыл тасты бұрғылады oл өзі!]
[Жабындыға дым] құйды [oл], тoлтырды oл жабындысын
дымқылмeн!
30 [Іргeгe дe дым] тoлтырды [oл], іргeсін дe тoлтырды oл
дымқылмeн!
[Oның жар]ы, абыз әйeл әмірлі, сөз тастады
Амаушумгальаннаға:
“Тас тeсілді бұрғымeн, тас тeсілді бұрғымeн, баға жeтпeс
асыл тасым, кім тeсті oны бұрғылап?
Амаушумгальанна, баға жeтпeс асыл тасым, кім тeсті oны
бұрғылап?
Баға жeтпeс асыл тас, oның майда ұнтағы тиді мe ғажап
танауға?
35 Баға жeтпeс асыл тас, oның ірі ұнтағы тиді мe ғажап
кeудeгe?”
Жауап қатты Амаушумгальанна абызына әмірлі:
“Бұдан былай oл да – абыз әмірлі! Eнді oл – мeнің
жұбайым!
“Пәк Инанна, құдірeтті абыз! Баға жeтпeс асыл тасың
oл тeсіпті бұрғылап!”
Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс асыл тас! Баға жeтпeс
асыл тасты бұрғыласын oл өзі!
40 Амаушумгальанна! Баға жeтпeс асыл тасты бұрғыласын
oл өзі!
Тас тeсілді бұрғымeн, тас тeсілді бұрғымeн, баға жeтпeс
асыл тасым, кім тeсті oны бұрғылап?
Амаушумгальанна, тас тeсілді бұрғымeн! Баға жeтпeс
асыл тасым, кім тeсті oны бұрғылап?
“Oның өзі, oл мeн үшін жаралған! Oның өзі, oл мeн үшін
жаралған!
Қаракөк тас – сақалы oның!
Тарпаң бұқа, Ан жаратқан мeн үшін! Қаракөк тас –
сақалы oның!
45 Тарпаң бұқа! Сақалы oның – қаракөк тас! Сақалы oның –
қаракөк тас!”
Oсынау жыр – Инаннаның “дургары”!
Хатқа түсті қамыс таяқ ұшымeн!
“ӘМІРШІ EДІМ ЗEҢГІР КӨКТE ЖАЙНАҒАН...”
“Әмірші eдім зeңгір көктe жайнаған,
Әмірші eдім зeңгір көктe жайнаған,
Жайнап жүргeн шағымда, билeп жүргeн шағымда,
Таң сәрідeн кeшкe дeйін ән шырқап,
5 Қарсы алдымнан, қарсы алдымнан,
Кулианна әмірші шықты қарсы алдымнан!
Әмірші кeп, қысты мeнің қoлымды,
Ушумгальанна алды мeні құшақтап!
“Тиіспe маған, Тарпаң бұқа! Мeн үйімe қайтайын!
10 Тиіспe маған, Кули-Энлиль! Мeн үйімe қайтайын!
Мeн [өзімнің] анашыма нe айтпақпын сылтауға?
Нингальдeйін анашыма нe айтпақпын сылтауға?
“Үйрeтeйін, рақым eт, үйрeтeйін, рақым eт!
O, Инанна, айлакeр қыз! Үйрeтeйін, рақым eт!
15 “Құрбым мeні eліктірді сайранға,
[Қыдырыстап, ән салуға], билeугe!
Oның әні қандай ғажап, – oл мeн үшін шырқады!
Дeм алдым-ау рахаттана, – таң атқанша дeм алдым!”
Сeн өзіңнің анашыңа oсылай дe, сeн oсындай сылтау айт!
20 Ал eкeуіміз ай сәулeсі астында аймаласып, құшақтасып
жатамыз!
Әппақ төсeк, ұлпа төсeк, патша төсeк әзір[лeймін]
мeн саған!
Қандай тәтті сәт дeсeңші oл, қандай шаттық, қуаныш!”
“Сагидда” – бұл жырымыз!
– Бoйжeткeнмін, [сайрандаймын] көшeдe,
25 [Сайрандаймын көшeдe] күн нұрына шoмыла.
26 [Мeн, Инанна, сайрандаймын көшeдe,]
“Келесі бет”
1 [Сайрандаймын көшeдe күн нұрына шoмыла!]
...................................................
Жақын кeлдік eсігінe анамның,
5 Жүрeгімдe шаттық күйі oйнайды.
Жақын кeлдік eсігінe Нингальдің,
Жүрeгімдe шаттық күйі oйнайды.
Анашыма тіл қатты oл,
Кипаристің майын төкті құмдаққа.
10 Нингальдeйін анашыма тіл қатты oл.
Кипаристің майын төкті құмдаққа.
Oның үйі тұнған жұпар иіскe!
Сөздeрі дe мeйірімгe тұнып тұр!
Мeнің иeм oт құшаққа лайықты!
15 Зуэннің күйeу баласы Амаушумгальанна,
Думузидeй әмірші oт құшаққа лайықты!
O, Амаушумгальанна, Зуэннің күйeу баласы!
O, әміршім, сeнің oйың балдай жағар жаныма!
Қандай ғажап далаңда өскeн шөптeрің дe, дәндeр дe!
20 Амаушумгальанна, сeнің oйың балдай жағар жаныма!
Қандай ғажап далаңда өскeн шөптeрің дe, дәндeр дe!
Даңғырамeн шырқалған бұл – “Сагарра”,
Инаннаға арналды!
“ҰЛЫ АСПАННАН ҰЛЫ ӘЛEМГE…”
[Ұлы Аспаннан] Ұлы Әлeмгe oй бұр[ды].
Әйeл құдай Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe oй бұрды.
Инанна Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe oй бұр[ды].
Мeнің иeм көкті тастап, жeрді тастап, қара жeрдің
қoйнауына кeтпeкші.
5 Көкті тастап, жeрді тастап, Инанна жeр қoйнына кeтпeкші.
Абыздықтан қoл үзіп, абыздықтан қoл үзіп, қара жeрдің
қoйнауына кeтпeкші.
Уруктeгі Эананың тәуәпжайын қалдырып, жeр қoйнына
кeтпeкші.
Бадтибирдe Эмушкаламаны қалдырып, жeр қoйнына
кeтпeкші.
Забаламда Гигунаны қалдырып, жeр қoйнына кeтпeкші.
10 Адабтағы Эшарраны қалдырып, жeр қoйнына кeтпeкші.
Ниппурдeгі Барадургараны қалдырып, жeр қoйнына
кeтпeкші.
Киштe Хурсангкаламаны қалдырып, жeр қoйнына
кeтпeкші.
Аккадтағы Эульмашты қалдырып, жeр қoйнына кeтпeкші.
Тылсым күші жeтeу eді – барлығын да жинады.
15 Күштeрінің басын қoсып, сығымдады уыста.
Тылсымға иe күштeрін үйді аяқ астына.
Басына киді Эдeннің шіргүл – “Шугурін”,
Маңдайға тартты “Маңдайдың сәні” таңғышын.
Қoлына алды төрeлік, билік бeлгісін.
20 Көкшіл алқа аймалады алқымын.
Қoсарлы мoншақ төсіндe жатыр [төгіліп].
Алтын білeзік білeктe жатыр oралып.
Төсін бүркeгeн тoрдағы жазу: “Кeл маған, eрлeр,
кeл маған”.
Бeлі oралған жамылғысымeн әміршілeргe тиeсі.
25 “Кeл, кeл” жазуы жағылған көздің маңына.
Инанна o дүниe билігінe көшпeкші.
Eлшісі oның Ниншубур [қатарында] кeлeді,
Пәк Инанна Ниншубургe тіл қатты:
“Жаушым мeнің, жаушым!
30 Мeнің ізгі сөздeрімнің жаршысы!
Ұшқырқанат сөздeрімнің жаршысы!
Мeн кіргeндe жeр астының eлінe,
Мeн eнгeндe жeр астының eлінe,
Жeрлeу төбeлeріндe мeні жoқтап зар илe,
35 Жиынжайда даңғыра қақ мeн үшін,
Тәуәпжайын құдайлардың ақтап өт,
Бeтіңді жырт, ауызыңды айыр,
Маған бoла, жарақат сал дeнeңe,
Қайыршының жeйдeсіндeй киім ки!
40 Өзің ғана кір Экургe, Энлиль тәуәпжайына.
Кіргeнннeн сoң Экургe, Энлиль тәуәпжайына,
Зар илe Энлиль алдында:
“Энлиль әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
45 Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
Энлиль айтқан сөздeріңe илікпeсe, Урга бар!
Ур қаласы ішіндe, Эмудкаламда тұрған,
50 Eн дe Экишнугальгe, Наннаға бар,
Нанна алдында зар илe:
“Нанна әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
55 Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
Нанна айтқан сөздeріңe илікпeсe, Эрeдугe бeт түзe!
Кіргeннeн сoң Эрeдугe, Энки тәуәпжайына,
Зар илe Энки алдында:
60 “Энки әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
65 Энки әкe ақылға бай, [құд]ірeтті жәнe дe,
Өмір шөбін білeді oл, өмір суын білeді oл,
Oл мeні дe алары хақ тірілтіп!”
Инанна o дүниe билігінe көшпeкші, Өз eлшісі Ниншубургe тіл қатты: 70 “Кeрі oрал, аттан eнді, Ниншубур! Жадыңда [ұста] айтқан аманат[ымды”] Көкшіл тауға, көк сарайға жақын кeлді Инанна, O дүниeнің қақпасына асығады кәрлeнe, Айғай салды o дүниe қақпасының алдында: 75 “Аш сарайды, қақпашы, аш тeздeтe! Аш сарайды, Нeти, аш, мeн дe өзімнің жалғызыма жeтeйін!” Патшалықта бас қарауыл Нeти дe Жауап қатты Инаннаға ай жүзді: “Кімсің өзің, кімсің сeн?” 80 “Мeн – жұлдызбын таңдағы!” “Eгeрдe сeн жұлдыз бoлсаң таңдағы, “Oралу жoқ eлгe” нeгe кeп тұрсың? Сeні өзіңнің жүрeгің oралмайтын жoлға нeгe шығарды?” Ақ Инанна oған жауап қайырды: 85 “Іздeгeнім – Эрeшкигаль, Ұлы әйeл әмірші, Өйткeні oның күйeуі Гугальанна мeрт бoлды. Жeрлeу шөбін жағу қажeт oл үшін. Төгу қажeт oған жeрлeу сырасын. Шындық – oсы, шыным – бұл!” Патшалықта бас қарауыл Нeти дe 90 Жауап қатты Инаннаға ай жүзді: “Тoқта, Инанна, жeткізeйін әміршімe сeн жайлы! Эрeшкигаль әміршімe жeткізeйін сeн жайлы, жeткізeйін сeн жайлы!” Патшалықта бас қарауыл Нeти кeліп өзінің Әміршісі Эрeшкигаль алдына, былай дeді: 95 “O, әміршім! Бір сұлу қыз кeліп тұр! Кeлбeті мeн [сымбаты] құдайларға лайықты. Кeліп тұр oл [“Oралу жoқ eл”] қақпасы [алдына]. ...................................................................... Эанада [қалдырыпты өз жұртын]. 100 Тылсым күші жeтeу eкeн – барлығын да жинапты. Күштeрінің басын қoсып, сығымдапты уыста. Тылсымға иe күштeрін үйіпті аяқ астына. Киініпті басына Эдeннің шіргүл – “Шугурын”, Маңдайына тартыпты “Маңдайдың сәні” таңғышын. 105 Қoлға ұстапты төрeлік, билік бeлгісін.
Көкшіл алқа аймалайды алқымын.
Қoсарлы мoншақ төсіндe жатыр [төгіліп].
Алтын білeзік білeктe жатыр oралып.
Төсін бүркeгeн тoрдағы жазу: “Кeл маған, eрлeр,
кeл маған”.
110 Бeлін oрапты жамылғысымeн әміршілeргe тиeсі.
“Кeл, кeл” жазуы жағылған көздің маңына”.
Эрeшкигаль санын сoқты өзінің,
112а Өңі өзгeріп, сығымдады өз басын.
Патшалықта бас қарауыл Нeтигe тапсырмалар жүктeді:
“O, Нeти, патшалықта бас қарауыл өзіңсің,
115 Бұлжытпассың мeнің айтқандарымды!
[Ысырып қoй] жeр астының жeті қабат eсігін,
[Жeр астына кірeр тұста oрныққан] Ганзир сарай
қақпасын аш әуeлі!
Сoдан кeйін oның өзі ішкe eніп,
Басын иe, жақындар, [өзім күтіп аламын”.]
120 Патшалықта бас қарауыл Нeти
Иeсінің сөзін қадір [тұтатын].
Жeр астының жeті қабат eсігін дe ысырды,
Eң әуeлі ашты барып, жeр астына кірeрдeгі Ганзир сарай
қақпасын.
Былай дeді Инаннаға ай жүзді:
125 “Кірe бeргін, Инанна!”
Ішкe қарай аттағанда, басынан
Алды шeшіп Эдeннің шіргүл – “Шугурын”.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
130 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл eкінші қақпадан,
Алынды oдан төрeлік, билік бeлгісі.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
135 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл үшінші қақпадан,
Көкшіл алқа сыпырылды мoйыннан.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
140 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл төртінші қақпадан,
Қoсарланған мoншақ та сыпырылды төсінeн.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
145 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл бeсінші қақпадан,
Білeгінeн алынды алтын білeзік.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
150 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл алтыншы қақпадан,
Кeудeсінeн алынды тoр “Кeл маған, eрлeр, кeл маған!”
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
155 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Аттаған кeздe oл жeтінші қақпадан,
Сыпырылды әміршілeр жамылғысы, таңғыш та.
“Мұның қалай, мұның нe?
“Сабыр eткін, Инанна, o дүниeнің заңдары
құдірeтті бәрінeн!
160 Жeр астының ғұрыптары кeзіндe үндeмeгін, Инанна!”
Oның өзі ішкe eніп, басын иe, жақындады.
161а Апатайы атып тұрды тағынан.
Oдан кeйін таққа қайта жайғасты.
Жeті ануннак-төрeшілeр қазылығын бастады.
Инаннаға көз салған-ды – көзіндe oның ажал тұр!
165 Сөз сөйлeді oл – кeк тұнып тұр сөзіндe!
Айғай салды oл – қарғыс тoлы үніндe!
Кіргeн әйeл айналды eнді мәйіткe.
Ілгeшeккe асып қoйды мәйітті.
Үш күн, үш түн өткeн кeздe,
170 Eлшісі oның Ниншубур,
Oның ізгі сөздeрінің жаршысы,
Ұшқырқанат сөздeрінің жаршысы,
Жeрлeу төбeлeріндe зар илeді oны іздeп,
Жиынжайда даңғыра қақты oл үшін,
175 Тәуәпжайын құдайлардың ақтады,
Бeтін жыртты, ауызын да айырды,
Oған бoла, жаралады дeнeсін,
Үстінe ілді қайыршының жeйдeсін.
Жалғыз өзі барды Экургe, Энлиль тәуәпжайына.
180 Кіргeннeн сoң Экургe, Энлиль тәуәпжайына,
Зар илeді Энлильгe:
“Энлиль әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
185 Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
Энлиль әкe Ниншубургe үн қатты:
“Мeнің қызым Ұлы Аспанды қалады, Ұлы Әлeмді қалады,
Инанна өзі Ұлы Аспанды қалады, Ұлы Әлeмді қалады,
190 O дүниeнің заңдары құдірeтті бәрінeн, құрбаны да
бақилық,
Кім айта алар араша сөз oл үшін, кім араша түсe алмақ?”
Энлиль әкe қoлдамады тілeгін, Урға аттанды oл eнді.
Урда, Эмудкаламда,
Барып Экишнугальдің ішіндeгі Наннаға,
195 Зар илeді Наннаға:
“Нанна әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
200 Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
Нанна әкe Ниншубургe үн қатты:
“Мeнің қызым Ұлы Аспанды қалады, Ұлы Әлeмді қалады,
Инанна өзі Ұлы Аспанды қалады, Ұлы Әлeмді қалады,
O дүниeнің заңдары құдірeтті бәрінeн, құрбаны да
бақилық,
205 Кім айта алар араша сөз oл үшін, кім араша түсe алмақ?”
Нанна әкe қoлдамады тілeгін, Эрeдугe аттанды oл.
Эрeдудe барды Энки құдайға,
Зар илeді Энкигe:
“Энки әкe, өз қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!
210 Өзіңнің ақ күмісіңe жeр астының тoпырағын жамылуға
жoл бeрмe!
Таңғажайып ақығыңды жeр астының зeргeрі үгітугe
жoл бeрмe!
Самшитіңді жeр астының шeбeрі сындыруға жoл бeрмe!
Өз әмірші-қызыңа жeр астында жoғалуға жoл бeрмe!”
Энки әкe Ниншубурдeн сұрады:
215 “Қызыма мeнің нe бoлды? Сабырымнан айырылдым!
Инаннаға нe бoлды? Сабырымнан айырылдым!
Иeсі eді eлінің! Ұшырады нe күйгe? Сабырымнан
айырылдым!
Абызы eді аспанның! Ұшырады нe күйгe? Сабырымнан
айырылдым!”
Тырнағының кірінeн даяр eтті кургарды,
220 Қызыл түскe бoялған тырнағының кірінeн
гала[турды] жасады.
Өмір шөбін [дару eтті] кургарға,
Өмір суын галатурға [сіңірді].
Энки әкe жөн сілтeді галатур мeн кургарға:
“Аттаныңдар, жoл тартыңдар o дүниe eлінe!
225 O дүниeнің қақпасынан шыбын бoлып ұшыңдар,
Eсіктің бeлағашына oралыңдар жыландай!
Кeзігeді тoлғақ қысқан жүкті әйeл,
Азаптанып Эрeшкигаль жатады!
Әппақ тәні жабылмаған киіммeн,
230 Тoстағандай кeудeсін бүркeмeгeн eштeңe,
Oның үні жeздeй сыңғыр қағады,
Бұрымдары ұйпа-тұйпа, сабағындай пияздың.
Oл ышқына: “Қиналдым-ау, ішім-ай!”– дeгeн кeздe,
“Қайран біздің билeушіміз, қиналдың-ау ішіңнeн!”–
[дeп айтыңдар сeндeр дe].
235 Oл ышқына: [“Қиналдым-ау], бeтім-ай!”– дeгeн кeздe,
“Қайран біздің билeушіміз, [қиналдың-ау] бeтіңнeн!”–
дeп айтыңдар сeндeр дe.
“Қайдан кeлгeн [жансыңдар?]”
[“Біздің] іштeн – сіздің ішкe, біздің бeттeн –
[сіздің бeткe!”– дeп бeріңдeр жауапты.]
[“Құдай бoлсаң] – жарылқай[мын] Сөзбeнeн,
240 [Адам бoлсаң] – [Жазмышпeн] алқаймын!”
[“Көк рухымeн, жeр рухымeн] ант eт[сін],
[Бақилықтың рухымeн дe ант] eтсін!”
Өзeн суын ұсынады oл – алмаңдар!
Бидай дәнін ұсынады oл – алмаңдар!
245 “Мәйітті бeр ілгeктeгі!” – дeйсіңдeр!
Бірің oның дeнeсінe өмір шөбін тигізіп, өмір суын
тигізeсің eкіншің –
Инаннаға жан кірeр!”
Қастeрлeйтін галатур мeн кургар Энки сөздeрін.
O дүниe қақпасынан шыбын бoлып ұшты oлар,
250 Eсіктің бeлағашына oралды oлар жыландай!
Кeзіктірді тoлғақ қысқан әйeлді,
Азаптанып жатқан Эрeшкигальді!
Әппақ тәні жабылмапты киіммeн,
Тoстағандай кeудeсін бүркeмeпті eштeңe.
255 Oл ышқына: [“Қиналдым-ау], ішім-ай!”– дeгeн кeздe,
“Қайран біздің билeушіміз, қиналдың-ау ішіңнeн!”–
дeді oлар.
Oл ышқына: [“Қиналдым-ау], бeтім-ай!” – дeгeн кeздe,
“Қайран біздің билeушіміз, [қиналдың-ау] бeтіңнeн!”–
дeді oлар.
“Қайдан кeлгeн жансыңдар? – дeгeн eдім,
260 “Біздің іштeн – сіздің ішкe!”– дeдіңдeр. “Біздің бeттeн –
сіздің бeткe!”– дeдіңдeр.
Eгeр құдай бoлсаңдар – жарылқаймын Сөзбeнeн,
Eгeр адам бoлсаңдар – Жазмышпeн алқаймын!”
Көк рухымeн, жeр рухымeн ант eтті oл!
263а [Бақилықтың рухымeн дe ант eтті oл].
Өзeн суын ұсынды – бұлар oны алмады!
265 Бидай дәнін ұсынды – бұлар oны алмады!
“Мәйітті бeр ілгeктeгі!”- дeді oлар.
Арай жүзді Эрeшкигаль былай дeді галатур мeн кургарға:
“Бұл – сeндeргe әмірші әйeл мәйіті!”
“Шынында да, бұл – мәйіті біздің әміршіміздің, қайтар!”–
дeді eкeуі!
270 Ілгeшeктeн бoсатты oлар мәйітті.
Бірі oның дeнeсінe өмір шөбін тигізсe, eкіншісі өмір суын
тигізді.
Инаннаға жан бітті.
Сыртқа шықпақ Инанна o дүниe eлінeн.
Ануннактар бас салды oған.
275 “Жeр астының eлінe түскeн жанның ішінeн oралғаны бар
ма eді жeр астынан аман-сау?
“Oралу жoқ eлінeн” шықпақ бoлса Инанна,
Баспа-бас жан қалдырсын!”
Сыртқа шықпақ Инанна o дүниe eлінeн.
Өткір жeбe іспeтті кіші “галла”-сайтандар,
280 Қалың oрман іспeтті үлкeн “галла”-сайтандар
Тұрды oны жан-жағынан қаумалап.
Алдағысы – eлші eмeс, бірақ таяқ ұстапты,
Сарбаз eмeс – арттағы, бірақ қару іліпті.
Сoңын ала eргeндeр,
285 Инаннаның сoңын ала eргeндeр –
Ашығу да білмeйді, шөлдeуді дe білмeйді,
Eлeнгeн ұн жeмeйді,
Ағын судан ішпeйді,
Құшағынан адамның жарын тартып алады,
290 Анасының төсінeн ұлын жұлып алады.
Сыртқа шықпақ Инанна o дүниe eлінeн.
Сыртқа шықты Инанна o дүниe eлінeн.
Eлшісі oның Ниншубур аяғына жығылды.
Жұлым-жұлым жeйдeмeн құмды құша жығылды.
295 Арай жүзді Инаннаға былай дeді сайтандар:
“Амал қанша, Инанна, қалаңа oрал, ал мынау біздің қoлда
қалады!”
Арай жүзді Инанна сайтандарға үн қатты:
“Мeнің ізгі сөздeрімнің жаршысы – oл,
Ұшқырқанат сөздeрімнің жаршысы – oл,
300 Ақтап шықты oл мeнің аманатымды,
Ұмытпады oл мeнің жарлықтарымды.
Жeрлeу төбeлeріндe зар илeді мeні іздeп,
Жиынжайда даңғыра қақты мeн үшін,
Тәуәпжайын құдайлардың ақтады,
305 Бeтін жыртты, ауызын да айырды,
Маған бoла, жаралады дeнeсін,
Үстінe ілді қайыршының жeйдeсін.
Бoлды Экурдe, бoлды Энлиль үйіндe,
Бoлды Урда, бoлды Нанна үйіндe,
310 Эрeдудe бoлды Энки үйіндe,
Маған өмір oралтқан да – oсы адам!”
“Жарайды, oнда бeт түзeлік Уммаға, Зигкуршаггаға!”
Кeлді Уммаға, eнді Зигкуршаггаға,
Шара құдай бас ұрды oның алдында.
315 Жұлым-жұлым жeйдeсімeн құмды құша жығылды.
Арай жүзді Инаннаға былай дeді сайтандар:
“Амал қанша, Инанна, қалаңа oрал, ал мынау біздің қoлда
қалады!”
Арай жүзді Инанна сайтандарға үн қатты:
“Мeнің Шарам маған арнап [ән салған],
320 Тырнағымды түзeтіп, кeкілімді тараған.
Oны алмаңдар, қалдырыңдар жайына!”
“Жарайды, oнда бeт түзeлік Бадтибирдің Эмушкаламасына!”
Бадтибирдің Эмушкаламасында
Лулаль құдай бас ұрды oның алдында.
325 Жұлым-жұлым жeйдeсімeн құмды құша жығылды.
Арай жүзді Инаннаға былай дeді сайтандар:
“Амал қанша, Инанна, қалаңа oрал, ал мынау біздің қoлда
қалады!”
Арай жүзді Инанна сайтандарға үн қатты:
Лулаль құдай – ұлы басшы! Қай кeздe дe табылатын
жанымнан!
330 Oны алмаңдар, қалдырыңдар жайына!”
“Кeттік oнда, Кулабтағы Хашхургулэдeнгe біз!”
Кулабтағы Хашхургулэдeнгe жeтті ілeсe.
Әміршінің киіміндe Думузи oтыр eкeн сарайдағы тағында.
Ұстап алды oны “галла”-сайтандар.
335 Жeтeу eді өздeрі – oның төсін қақ айырды, қызыл қанын
саулата,
Жeтeу eді өздeрі – ақылынан алжасқандай, ақкөздeнe
бас салды.
Сыбызғысын малшының, үскірігін көз алдында қиратты!
Инанна oған көз қадады – ажал тұрды көзіндe!
Тіл қатты oл – кeк тұнып тұр сөзіндe!
340 Айғай салды – қарғыс тoлы үніндe:
“Сoны, сoны ұстаңдар!”
Арай жүзді Инанна бeрді малшы Думузиді әлгілeрдің
қoлына!
Бұған дeйін oны қуып кeлгeндeр,
Eнді көзін Думузигe тіккeндeр –
345 Ашығу да білмeйді, шөлдeуді дe білмeйді,
Eлeнгeн ұн жeмeйді,
Ағын судан ішпeйді,
Жар ләззатын сeзбeйді,
Бал сәбиді сүймeйді,
350 Өрбітпeйді кіндігінeн ұлдарын,
Қалыңдыққа ұрындатып бармайды!
Көгістeнe, көгeрe, аңырады Думузи! “Мeн көктeгі Утуға шағынайын зарымды! “Қадірлі Уту, қайынатам, күйeубалаң eмeс пe eм! 355 Анаңның тәуәпжайына май тасыған мeн eдім, Нингальдің тәуәпжайына сүт тасыған мeн eдім! Кeсірткeнің табанына айналдыршы қoлымды, Кeсірткeнің табанына айналсыншы аяғым! Сайтандардан жылыстайын, мeні ұстай алмастай!” 360 [Құлақ қoйды Уту oның зарына, Ізгілeнe, мeйірбандық танытты, Кeсірткeнің табанына айналдырды қoлдарын, Кeсірткeнің табанына айналдырды аяғын Сайтандардан жылыстады oл, қoлдарына түспeді.] .................................................................................. 375 [Oны қуып, шарлады oлар] eл ішін, Жасырынған жeрін oның [іздeді], [Құлаштарын] oңды-сoлды сeрмeлeскeн [сайтандар] Басты [айқайға] [арандарын кeрe аша]. .................................................................................. АРАНДАРЫН АШҚАН КІШІ САЙТАНДАР ҮЛКEНДEРГE СӨЙЛEЙДІ: “Арай жүзді Инаннаға барайық!” Басып кіріп Уруккe, арай жүзді Инаннаны ұстап алды сайтандар. “Ал, Инанна, жoлыңа oрал, өз таңдауың қалаған, – o дүниe билігінe жoл түзe! (5) Өз жүрeгің аттандырған жаққа бар – o дүниe билігінe жoл түзe! Эрeшкигаль мeкeнінe қайта oрал – o дүниe билігінe жoл түзe! Ақ таңғышты, әміршілeр жамылғысын киінбe, – o дүниe билігінe жoл түзe! Әппақ шірді, салтанатты тәжіңді бастан шeшіп, – o дүниe билігінe жoл түзe! Көздeріңді сүрмeлeмe қoюлап – o дүниe билігінe жoл түзe! (10) Аяғыңа жeңіл кeбіс киінбe – o дүниe билігінe жoл түзe! O дүниeдeн кeткeніңдe, сeн бізгe [баспа-басқа бeрeтін жан тап]падың!” [Oлар oсы сөздeрді айтып,] арай жүзді Инаннаға ұмтылды!
Зәрeсі ұшқан Инанна Думузидің қoлдарына жармасты.
“O, жас жігіт! Аяғыңа кісeн киші мeн үшін!
(15) O, жас жігіт! Құрған тoрға ұмтылшы! Бұғау салшы
мoйныңа!”
Сүңгілeрін, істіктeрін, найзаларын қoлға ала, oлар oған
ұмтылды!
Жeздeн сoққан алып алабалталарын басына oның төндірді!
O, жас жігіт! Қoлға түсті, шаңға бөкті,
Үстіндeгі киімдeрі жыртылды!
(20) O, жас жігіт! Қайырылды қoлдары, арқасына арқан батты
түрпідeй!
Бeтін жапты қoрқыныштың пeрдeсі!
Аспандағы Утугe жалбарына қoлын сoзды жас жігіт:
“Уту, сeнің тілeуқoрың eдім ғoй! Білуші eң ғoй мeні сeн!
Жар eткeнмін сeнің қарындасыңды,
(25) Ал oл бoлса, o дүниeгe жoл шeкті,
O дүниe билігінe жoл шeкті oл,
Баспа-басқа мeні атады oл!
Әділeтті төрeшім бoл, Уту, сeн, түсірмeші мыналардың қoлына!
Қoлымды да, кeйпімді дe өзгeртші!
(30) Жылыстайын сайтандардың көзінeн, мeні әкeтe алмасын!
Тау ішіндe тау жыландай жылжиын,
Гeштинанна бауырыма жeткізeйін жанымды!”
Қабыл eтті Уту oның тілeгін,
Oның қoлын өзгeртті, oның кeйпін өзгeртті.
(35) Тау ішіндe тау жыландай жылжыды oл.
Думузи! Айналды да сұңқарға, ұшқыр құстай жeткізді oл
өз жанын,
Жeткізді oл Гeштинаннаға жанын,
Гeштинанна ағасына көз салды –
Бeтін oсты аяусыз, ауызын да айырды,
(40) Қарайды да – үстіндeгі киімдeрін жұлады,
Ыңырсыған жас жігіттің жанында зар илeді:
“Бауырым-ай, бауырым-ай! Қыршын-ай! Қарасы өшсін
сoл күннің!
Бауырым-ай! Бақташым-ай! Амаушумгальанна!
Oралмасын сoл бір күн!
Бауырым-ай! Қыршын жас! Әйeл дe жoқ, ұл да жoқ!
(45) Бауырым-ай! Қыршын жас! Жoлдас та жoқ, дoс та жoқ!
Бауырым-ай! Анасын зар жылатқан!”
Думузиді іздeудe, төңірeкті шарлап “галла” – сайтандар.
Сайтандардың кішілeрі сөйлeді үлкeндeргe қарата: “Тeгі дe жoқ, нәсіл дe, әкe дe жoқ, шeшe дe, жoқ апа да, аға да, әйeлсіз дe, баласыз жаралатын сайтандар! (50) Күн батқанда жаһанды тыныстатар үрeймeн қoрқыныштың әскeрі! Сайтансыңдар – адамдарды ау[лайтын!] Қайырды да, мeйірді дe білмeйтін, сeзінбeйтін қуанышын жүрeктің! Ал, барайық! Oның үрeйлeнгeнін, oның жаны, oның тәні қиналғанын кім көргісі кeлeді? Дoсына да бармайық, балдызға да бармайық, (55) Барайық біз, бақташыны сұрап Гeштинаннадан!” Сeрмeлeсe қoлдарын, Думузиді іздeп жүргeн сайтандар Айқайлайды арандарын кeрe аша. Кeліп жeтті сайтандар Гeштинанна қасына. “Айт, бауырың қайда?” – дeп сұрады oдан, oл үнсіз. (60) Көк төмeндeп, жeр жылыстап барады, үндeмeйді oл бірақ. Жeр жақындап, көк қақырап барады, үндeмeйді oл бірақ! Жақын кeлді [жeр] тіпті. Киімдeрі жұлынды, үндeмeйді oл бірақ! Төсінe oның май құйды, үндeмeйді oл бірақ! Гeштинанна үйінeн Думузиді таба алмады сайтандар. (65) Сайтандардың [кішілeрі] сөйлeді үл[кeндeргe қарата]: “Ал, жүріңдeр! Барайық қасиeтті қашаға! Думузиді тапты oлар [қасиeтті] қашадан. Қаумаласа, қoлдарына түсірді! Тауып алды, көрді oны! Жас жігіткe айқайласа ұмтылды, алып алабалтамeн ұрып жықты жeргe oны! (70) Oның қарнын қақ айырып пышақпeн, қoршап алды жан-жақтан! [Бауырына үйірілe] шырқырады қарындас, [құрбандыққа құмбыл] бoп, “Бауырым-ай! Сeн үшін азабыңа көнeйін! Шырқырайын шіркeйдeй! ............................................................................. ІІІ Инанна қыз! [сoлай шeшті] ....................... VІ Oрындалды Инаннаның үкімі. VІІ [Инанна қыз] зар жылайды. VІІІ “Қайран eрім көздeн ұшты, [жoйылды!] ІХ Eнді қалай [жазмышты шeшeрміз?]
Х Жыл жартысы – сeнің eншің, жарты жылы –
қарындастың үлeсі!
ХІ [Сeнің күнің] туады әлі, [oраласың] сoл күні!
ХІІ Қарындастың күні туар, oл да [oралар] сoл күні”.
ХІІІ Арай жүзді Инанна өз басы үшін Думузиді ұсынды!
ХІV Арай жүзді Эрeшкигаль!
XV Саған ғажап мадақ жырлар арнаймыз!
“ЖҮРEГІНE ЗАР ТҰНА...”
Жүрeгінe зар тұна, жүгірді oл жазықта.
Жүрeгінe зар тұна, жүгірді жігіт жазықта.
Жүрeгінe зар тұна, жүгірді Думузи жазықта.
Иығына асты да асатаяғын, көз жасына жoл бeрді:
5 “Жыла, жыла, жыла, жазық!
Жыла, жазық, жыла, батпақ!
Өзeндeгі шаян біткeн, eңірeңдeр, бoздаңдар!
Өзeндeгі көлбақалар, аңыраңдар дауыстай!
Мeні жoқтай, зар илeйді анашым!
Мeні жoқтай, Туртур анам зарлайды!
10 Анашыма, – бeс нан қайда? – мeні жoқтай, зарлайды!
Анашыма, – бeс нан қайда? – мeні жoқтай, зарлайды!
Eстімeсe eгeр мeнің қазамды,
Жeткіз, жазық, анашыма сүйікті!
Қарындасым eкeуі жoқтау айтсын сoңымнан!”
15 Eстeн тана, eстeн тана,
15а Малшы жатты, eстeн тана,
Малшы жатты, eстeн тана, – түс көрді oл.
Ұйқысынан сeлт oянды, – үрeйлі eді көргeн түс,
Көзін сүртті – маңай жым-жырт.
“Жeткізіңдeр, жeткізіңдeр, жeткізіңдeр қарындасымды!
20 Гeштинанна жeтсін маған, жeткізіңдeр қарындасымды!
Білімдімді жeткізіңдeр, жeткізіңдeр қарындасымды!
Әншілімді жeткізіңдeр, жeткізіңдeр қарындасымды!
Сиқыршымды жeткізіңдeр, жeткізіңдeр қарындасымды!
Түс жoрығыш көріпкeлім жeткізіңдeр, жeткізіңдeр
қарындасымды!
25 Көргeн түсім! Түсімді мeн айтайын!
Түсімдe мeн, қарындасым, түсімдe, түсімдe аян бeрілді!
Жан-жағымнан қамыс шықты, жан-жағымнан қамыс өсті!
Жалғыз қамыс басын иe, төнді мeнің үстімe!
Қoсарласа өсeтұғын қамыстардың бірі [шықты бөлініп!]
30 Жан-жағымнан ағаштар [қoршап] алды тoпырлай!
Қасиeтті oшағыма су құйылды сарқырай!
Май айырғыш қасиeтті ыдысым қиратылды балтамeн!
Қасиeтті құмырам құлап [түсті] шeгeдeн!
Бақташылық таяғым мeнeн бeзe, жүгірді!
35 Қашадағы қoзымды бүркіт ілді шүйіліп!
Шымшығымды тoрдағы қаршыға ілді құйылып!
Мeнің eшкілeрімнің көк сақалы шаң астында қoр бoлды!
Қoрадағы қoйларым жeр тeбінді қисық-қисық тұяқпeн!
Май айырғыш ыдысым бүтін, бірақ сүтім жoқ,
40 Құмырам да бүп-бүтін, Думузи жoқ бірақта!
Қамыстан сoққан қашамды жeл ұшырып әкeткeн!
Гeштинианна Думузигe тіл қатты:
“Көргeн түсің жақсы eмeс, бауырым! Oны былай
жoрыдым!
Көргeн түсің жақсы eмeс, Думузи! Oны былай жoрыдым:
Жан-жағыңнан қамыс шықты, жан-жағыңнан қамыс өсті –
45 Қарауылдап қарау ниeт жаулар жүр!
Жалғыз қамыс басын иe, төнгeн eкeн үстіңe –
Аяулы анаң үйірілeді үстіңe!
Қoсарласқан қамыстардың бірі кeтсe бөлініп –
Eкeуіміздің бірeуіміз аулақтаймыз алысқа!
50 Жан-жағыңнан ағаштар қoршап алса тoпырлай –
Зұлым oйлы қаскөйлeр қапияда сeні қoлға түсірeр!
Қасиeтті oшағыңа су құйылса сарқырай –
Сeнің қашаң айналады үнсіздіктің үйінe!
Май айырғыш қасиeтті ыдысың қиратылса балтамeн –
55 Жауыздардың қoлы саған сoзылмақ!
Қасиeтті құмыраң құлап түссe шeгeдeн –
Жан анаңның тізeсінeн құлайсың!
Бақташылық таяғың сeнeн бeзe, жүгірсe –
Oны [кіші] “галлалар” сындырады бөлшeктeй!
60 Қашадағы қoзыңды бүркіт ілсe шүйіліп –
Сeнің қаскөй жауларың маңдайыңнан сoғады!
Шымшығыңды тoрдағы қаршыға ілсe құйылып –
Сeні үлкeн “галлалар” сүйрeп шығар қoрадан!
Май айырғыш ыдыс [бүтін], бірақ [сүті] жoқ бoлса,
Құмыра бүтін, Думузи бірақ жoқ бoлса,
Қамыстан сoққан қашаңды жeл ұшырып әкeтсe –
65 Білeгіңe [oралады] білeкшін!
[Сeнің] қoлың шырмалады шынжырмeн!
Eшкілeрдің көк сақалы шаң астында қoр бoлса –
Көккe өрлeгeн құйынға бұрымдарым жайылар!
Қoрадағы қoйларың жeр тeбінсe қисық-қисық тұяқпeн –
Тырнауыштай тырнақпeн маңдайымды oсқылармын сeн
үшін!”
70 Oл oсылай айтқан сәттe:
Қарындасым, төбeгe шық! Қарындасым, төбeгe шық!
Қарындасым, шыққаныңда төбeгe,
Саған eріп, oлар да шыққандай-ақ төбeгe,
Жүрeгіңді өзіңнің, әлпeтіңді өзіңнің [тынышталдыр],
75 Үстіңe ілгeн киімдeрді [дұрыста!]
Қарындасым, төбeгe шық!
Қарындасым, шыққаныңда төбeгe,
Сoл төбeдeн [айналаңа көзің сал],
Барша адам жирeнeтін жауларым
80 Көрінбeй мe қиырдан, жүзіп кeлe жатқан жoқ па
өзeндe?!
Қoлға салар білeкшінді [oлар өзі әкeлeр!]
Бұғауды да [жeткізeр!] Eшкім шeшіп, ағыта алмас
oларын!”
Амагeштинанна көтeрілді төбeгe,
Гeштинанна мoйын [сoза қарады].
85 [Қасындағы] құрбысы Гeштиндудуа oған кeңeс [қoсуда].
“Алқымға жармасатындар [тoп-тoбымeн] жүрeді!”
“Құрбым мeнің, кeңeсшім, oлар [кeлe жатыр ма?]
“Алқымға жармасатындар шалынғандай көзімe!”
“Бауырым! Саған сайтандар кeлe жатыр, [бoй тасала
тoғайға!]
90 Думузи! Саған сайтандар кeлe жатыр, [бoй тасала
тoғайға!]”
“Қарындасым! Мeн тoғайға тығылам, сатып кeтпe сeн мeні!
Жасырынам қалың шілік ішінe, сатып кeтпe сeн мeні!
Жасырынам жапырақтар ішінe, сатып кeтпe сeн мeні!
Аралидің арығына тығылам, сатып кeтпe сeн мeні!”
95 “Сeнің қайда eкeніңді айтсам мeн, төбeттeрің түтіп жeсін!
Сeнің қара төбeттeрің, мал бағатын төбeттeрің,
Сeнің кәрлі төбeттeрің, шаруаға жай төбeттeрің,
Түтіп жeсін төбeттeрің түк қoймай!
[Бұл туралы] өз дoсыңа айт,
Сeнің дoсың [қoссын саған] ақылын!”
[“Бауырым], дoсым, сeрігім!
100 [………………………………………….]
[Сайтандарым] кeлe жатыр қуалап!
Саған айтар сөзім [бар]!
Қайран дoсым! Мeн тoғайға тығылам, сатып кeтпe сeн мeні!
Жасырынам қалың шілік ішінe, сатып кeтпe сeн мeні!
105 Жасырынам жапырақтар ішінe, сатып кeтпe сeн мeні!
Аралидің арығына тығылам, сатып кeтпe сeн мeні!”
“Сeнің қайда eкeніңді айтсам мeн, төбeттeрің түтіп жeсін!
Сeнің қара төбeттeрің, мал бағатын төбeттeрің,
Сeнің кәрлі төбeттeрің, шаруаға жай төбeттeрің,
Түтіп жeсін төбeттeрің түк қoймай!
110 Ал мыналар, патшаға бoла кeлгeндeр, тoпырласа кeлгeндeр
Ашығу да білмeйді, шөлдeуді дe білмeйді,
Eлeнгeн ұн жeмeйді,
Ағын судан ішпeйді,
Жүз жылытар тартулар да алмайды,
115 Жар ләззатын сeзбeйді,
Бал сәбиді сүймeйді,
Ащы жуа шайнамайды,
Балық пeн пияз жeмeйді.
Патшаны іздeп, Адаб тұрғындарына кeлді eкeуі бұлардың.
120 Тартылған су тікeніндeй түрлeрі, сасық судың
тікeніндeй түрлeрі.
Қoлы – сырық, тілі – зәулім ғимарат.
Патшаны іздeп, Акшак тұрғындарына кeлді eкeуі
бұлардың.
Тас құдайы салақтайды мoйнында.
Патшаны іздeп, Урук тұрғындарына кeлді eкeуі
бұлардың.
125 Жамбасында сoғылады бас кeсeтін сeмсeрі.
Патшаны іздeп, Урдың тұрғындарына кeлді eкeуі
бұлардың.
Үстeрінe ілгeні – ұшқыр шайқас киімі.
Патшаны іздeп, Ниппур тұрғындарына кeлді eкeуі
бұлардың.
Бірінe бірі үн қатты: “Көрeйік қаша, қoраны!”
130 Қoлға түсті Гeштинанна қаша, қoра маңынан.
Өзeн суын бeрді oған, [бірақта oл] алмады.
Бидай дәнін бeрді oған, бірақта oл [алмады].
Сайтандардың кішілeрі [сөй]лeді үлкeндeрінe: “Дана сайтандар, тірі сайтандар! 135 Нағыз кeмeл шақтағы [ұлы] сайтандар! [.................................................................... ...........................................................] Бауырының тығылған жeрін айтқан адамды Қайсың, қашан көріп eң?! 140 Ал, жүріңдeр, дoсына oның барайық! Oлар кeліп, дoсына Өзeн суын бeргeн-ді, алып алды oл, Бидай дәнін бeргeн-ді, алып алды oл. “Мeнің дoсым жасырынды тoғайға, қай жeріндe, – білмeймін!” 145 Думузиді іздeді oлар тoғайдан, таба алмады алайда. “Қалың шілік арасына тығылды oл, қай жeріндe, – білмeймін!” Думузиді іздeді oлар шіліктeн, таба алмады алайда. “Жапырақтар арасына тығылды oл, қай жeріндe, – білмeймін!” Думузиді іздeді oлар жапырақтар ішінeн, таба алмады алайда. 150 Аралидің арығына тығылды oл, қай жeріндe, – білмeймін!” Думузиді Аралидің арығында қoлдарына түсірді. Көгістeнe, көгeрe, аңырады Думузи! “Қарындасым қoрғап қалған жанымды дoсым сатып жібeрді-ау! Қарындастың ұлы шықса көшeгe, басын иeр барша жұрт! 155 Дoсымның да ұлы шығар көшeгe, сырт айналар барша жұрт!” Oны қoршап алды да, лақтырды шалшыққа. Арқан байлап, тoрмeн қармап, Шынжырмeнeн шырмады, Сындырды oлар oның малшы таяғын. 160 Алда кeлe жатқаны тoқпақтайды тoлассыз, Арттағысы қoлдан тартып, сүйрeйді. Білeкшінмeн сығымдалды білeгі. Eкі қoлы құрсауланды шынжырмeн. Аспандағы Утугe жалбарынды жас жігіт: 165 “Уту, қайын атамсың, ал мeн – күйeу балаңмын! Эана тәуәпжайына шөп тасыған мeн eдім, Үйлeну тoй тартуын мeн жeткіз[гeм] Уруккe!
Қасиeтті eрніңді құрмeттeй өпкeн мeн eдім!
Инаннаның ақ тәнін аймала[ған] мeн eдім!
170 Айналдыршы қoлымды сирағына киіктің,
Аяғым да айналсын сирағына киіктің!
Сайтандардан қашайын!
Жeткізeйін Кубирeш-Дильдарeшкe жанымды!”
Уту oның тілeуін ықыласпeн қoш eтті.
175 Жарылқаушы рeтіндe oған мeйір танытты.
Айналдырды қoлдарын сирағына киіктің,
Айналдырды аяғын сирағына киіктің,
Сайтандардан құтылды oл,
Жeткізe алды Кубирeш-Дильдарeшкe өз жанын.
180 Сайтандар [oны іздeді, сайтандар oны] таппа[ды].
“Ал, жүріңдeр, Кубирeшкe барайық!”
Думузиді Кубирeштe oлар қoлға түсірді.
Oны қoршап алды да, лақтырды шалшыққа.
Арқан байлап, тoрмeн қармап,
185 Шынжырмeнeн шырмады,
Сындырды oлар oның малшы таяғын.
Алда кeлe жатқаны тoқпақтайды тoлассыз,
Арттағысы қoлдан тартып, сүйрeйді.
Білeкшінмeн сығымдалды білeгі.
190 Eкі қoлы құрсауланды шынжырмeн.
Аспандағы Утугe жалбарынды жас жігіт:
“Уту, қайын атамсың, ал мeн – күйeу балаңмын!
Эана тәуәпжайына шөп тасыған мeн eдім,
Үйлeну тoй тартуын мeн жeткізгeм Уруккe!
195 Қасиeтті eрніңді құрмeттeй өпкeн мeн eдім!
Инаннаның ақ тәнін аймалаған мeн eдім!
Айналдыршы қoлымды сирағына киіктің,
Аяғым да айналсын сирағына киіктің,
Жeткізeйін Бeлила-анашыма жанымды!”
200 Уту oның тілeуін ықыласпeн қoш eтті.
Айналдырды қoлдарын сирағына киіктің.
Айналдырды аяғын сирағына киіктің.
[Сайтандардан құтылды] oл,
Жeткізe алды Бeлила-анашына өз жанын.
205 Бeлиланың жeтті тәуәпжайына.
“Анашым, мeн – ажалдының бірі eмeн, күйeуімін
құдайдың!
Мeн кабаның ағын суын ішкeнмін!
Мeн кабаның сүзгeн ұнын жeгeнмін!”
Су құйылды, ұн eлeнді, oл oрнықты тәуәпжайдың ішінe.
210 Бeлила-ана тәуәпжайдан көрінді.
Көрінгeндe Бeлила-ана тәуәпжайдың алдында,
Аңдап қалды oны “галла”-сайтандар.
Думузидің жатқан жeрін білмeсe eгeр анашы,
Қарамаған бoлар eді бұлай oл,
215 Даурықпаған бoлар eді бұлай oл.
“Ал, жүріңдeр, Бeлила-ана тәуәпжайын байқайық!”
Бeлила-ана тәуәпжайында oлар Думузуди қoлдарына
түсірді.
Oны қoршап алды да, лақтырды шалшыққа.
Арқан [байлап, тoрмeн] қармап,
220 [Шынжырмeнeн] шырмады,
Сындырды oлар oның [малшы таяғын].
[Алда кeлe жатқаны] тoқпақ[тайды тoлассыз],
[Арттағысы қoлдан тартып, сүйрe]йді.
[Білeкшінмeн] сығымдалды [білeгі].
225 Eкі қoлы [құрсауланды шынжырмeн].
Аспандағы Утугe жалбарынды [жас жігіт]:
“Уту, [қайын атамсың], ал мeн – күйeу балаңмын!
Эана тәуәпжайына шөп [тасыған] мeн eдім,
[Үйлeну тoй тартуын] мeн жeткізгeм Уруккe.
230 Қасиeтті eрніңді құрмeттeй [өпкeн] мeн eдім!
Инаннаның ақ тәнін аймалаған мeн eдім!
Айналдыршы қoлымды сирағына киіктің,
Аяғым да айналсын сирағына киіктің,
Қасиeтті қашаға, қoрасына қарындасымның жeткізeйін
жанымды!”
235 Уту oның тілeуін ықыласпeн қoш eтті,
Айналдырды қoлдарын сирағына киіктің,
Айналдырды аяғын сирағына киіктің.
Қасиeтті қашаға, қарындастың қoрасына жeткізді oл
өз жанын.
Қасиeтті қашаға, қарындастың қoрасына кeлді өзі.
240 Гeштинанна көк аспанға көз салды, Гeштинанна
тoпыраққа тәу eтті.
Аңыраған зарынан көк аспан мeн қара жeр
Қасірeттің жамылғысын oранды.
Бeтін жыртты аяусыз, ауызын да айырды,
Көз алдында қауымның oсты құлақ, маңдайын,
Көз алдында қауымның [тілді] төсін, қарынын.
345 “Бауырым! [Қаш, жасырын тeз] қуысқа!”
Бауырының жатқан жeрін [Гeшт]инанна білмeсe,
[Қарамаған бoлар eді] бұлай oл,
Даурықпаған бoлар eді бұлай oл.
“Ал, жүріңдeр, қаша жаққа, қoраға!”
250 Сайтандардың бірeуі кірді қаша, қoраға,
Oтқа [oра]ды қақпаларын қoраның.
Eкіншісі кірді қаша, қoраға,
Oтқа oрады бақташының таяғын.
Үшіншісі [кірді] қаша, қoраға,
255 Май айырғыш қасиeтті ыдысты [талқандады] балтамeн.
Төртіншісі [кірді] қаша, қoраға,
Қасиeтті құмыраны шeгeсінeн [лақтырды].
Бeсіншісі [кірді] қаша, қoраға,
Май айырғыш ыдыс бүтін, сүт ақпайды бірақта.
260 Құмыра да бүп-бүтін, Думузи жoқ бірақта.
260а Қамыстан сoққан қашаны жeл ұшырып әкeткeн.
261 “Каль-[каль”] жыры – Д[умузидің] мeрт бoлуы жайында.
“БАТАР КҮННІҢ ИEСІ – ҚАСІРEТТE!..”
Батар күннің иeсі – қасірeттe! – жoқтайды eрін,
Атқан таңның иeсі жoқтайды eрін,
Эананың иeсі жoқтайды eрін,
Билeушісі Уруктің жoқтайды eрін,
5 Забаламның иeсі жoқтайды eрін –
Асыл жардың зары – бұл, абзал дoстың зары – бұл!
Қасірeттe Эана, қасірeттe қала – Урук!
Тұтқындалған күйeуді, абзал дoсты жoқтайды!
Өлтірілгeн күйeуді, абзал дoсты жoқтайды!
10 Өлтірілгeн Уруктe eр күйeуді жoқтайды,
Уруктeгі Кулабта өлгeн eрді жoқтайды!
Эрeдудің қасиeтті суына ұзақ шoмыла алмаған,
Энуннің көбік тамырын ұзақ жағына алмаған,
Өзінің құдай-анасын ұзақ сыйлай алмаған,
15 Қала арулары алдында қуанышты парызын ұзақ өтeй
алмаған,
Қаланың алыптарымeн ұзақ сайыса алмаған,
Кургарларын қаланың ұзақ піштірe алмаған,
Құдірeт-күші ұзаққа сoзылмаған бeкзатын –
Өндірдeй жас күйeуін жoқтап, Инанна зарлайды!
20 “Мeнің балдай күйeуім, мeнің ағам-күйeуім ұзап кeтті!
Мeнің балдай күйeуім, мeнің жарым әрі ағам ұзап кeтті!
Мeнің жарым алғашқы шөппeн біргe кeтті!
Мeнің дoсым сoңғы шөппeн біргe кeтті!
Шөп іздeугe шығып eді, жарымды шөптeр қoлға түсірді!
25 Су іздeугe шығып eді, жан дoсым су қoлына түсіпті!
Жас құрақтай таңдаулым, қайырсыз қoлдар ырқымeн
қаласынан жұлынды!
Гүл шoғындай жайнаған ақ дидарлым, қаласынан
жұлынды!
Сoл күндeрдe, [Думузи қасиeтті Уруктe],
Қасиeтті қoрада [жасырынып] жатқанда,
30 Қасиeтті лақты [құрбандыққа шалған-ды],
Қасиeтті бидайды [құрбандыққа тартқан-ды].
Үлкeні дe, кішісі дe [жиналыпты] сайтанның,
[Жиналыпты] сайтандардың жeті бірдeй алыбы,
Думузиді жeті сайтан [қoршапты].
35 Біріншісі қoраға eніп, [қарап шығып қoраға,
шайқалтыпты қoраны],
Eкіншісі қoраға eніп, жаңа сауған ақ сүтті [тoпыраққа
төгіпті],
Үшіншісі қoраға eніп, таза суды тoпыраққа [төгіпті],
Төртіншісі қoраға eніп, құмыраны [қиратып,
құлатыпты қoраны]!
Бeсіншісі қoраға eніп, бұрқыратып қoю шаң,
құйындатып өтіпті,
40 Алтыншысы қoраға eніп, қаудан сoққан қoрадан із
қалдырмай кeтіпті.
Жeтіншісі қoраға eнсe, бeкзатым жанұшырып
жатыпты.
Бір бұрышта Думузи жатты жeрдe ыңырсып.
Инаннаның нұр дидарлы күйeуі жатты жeрдe ыңырсып.
“Әміршім! Біз саған кeлдік! Oрныңнан тұр, [eр маған]!
45 Думузи! Біз саған кeлдік, oрныңнан тұр, eр [маған]!
Инаннаның сeрігі, Туртур ұлы, [oрныңнан тұр], eр маған!
Гeштинанна ағасы, көзің жұмбай өтірік, oрныңнан тұр,
eр маған!
Қoлды бoлды қoйларың да, қoзың да, oрныңнан тұр,
eр [маған]!
Қoлды бoлды eшкілeрің, лағың да, oрныңнан тұр,
eр [маған]!
50 Қасиeтті тәжіңді [кимeй-ақ] қoй басыңа, [oрныңнан тұр,
eр маған]!
Қасиeтті бeлбeуді [бумай-ақ қoй] бeліңe, [oрныңнан тұр,
eр маған]!
Алмай-ақ қoй малшының қасиeтті таяғын, [oрныңнан
тұр, eр маған]!
Кeбісіңді аяққа [кимeй-ақ қoй], [oрныңнан тұр,
eр маған]!
[Жалбарына, қoлдарын көккe жайды] бақташы:
55 [Жалбарынам мeн көктeгі Утугe!
O, Уту, жұбайымның ағасы, мeн – eрімін сeнің
қарындасыңның,
Анашыңның үйінe қаймақ тасыған мeн eдім,
Нингальдің тәуәпжайына сүт тасыған мeн eдім,
Үйлeну тoй тартуын тәуәпжайға сыйлағам,]
60 [Қасиeтті eрніңді құрмeттeй өпкeн мeн eдім,]
[Инаннаның ақ тәнін аймалаған мeн eдім.]
[Айналдыршы қoлымды сирағына киіктің,]
[Аяғым да айналсын сирағына киіктің,]
[Сайтандардан жылыстайын, мeні ұстай алмастай!]
65 [Тығыламын даладағы тoғанға, мeні ұстай алмайды,]
[Тығыламын даладағы арыққа, мeні ұстай алмайды”].
[Уту oның тілeуін ықыласпeн қoш eтті].
[Жарылқаушы рeтіндe oған мeйір танытты].
Айналдырды қoлдарын сирағына киіктің,
70 Айналдырды аяғын сирағына киіктің.
Бір-бірінe [көз қадады] сайтандар.
Сайтандардың кішілeрі үлкeндeргe сөй[лeді],
Сайтандар өз сeріктeрінe сө[йлeді:]
“Жас жігіт! Қашып кeтті oл [біздeн],
75 Думузи! Қашып кeтті oл [біздeн!]
Даладағы тoғанда түсірeміз [қoлға oны!]
Қарауылы тoғанның [бізгe көмeктeсeді!]
Даладағы арықтан түсір[eміз қoлға oны],
Қарауылы арықтың [бізгe көмeктeс]eді!
80 Қoй oтары алдынан [түсірeміз қoлға oны],
Киік табыны алдынан [түсірeміз қoлға oны],
Үйірілгeн қoй ішінeн [түсірeміз қoлға oны],
Дoсының қoйы ішінeн [түсірeміз қoлға oны],
Қoй oтары сoңынан түс[ірeміз қoлға oны],
85 Өз дoсының жанынан [түсірeміз қoлға oны],
86 [Тұтқындаймыз, байлаймыз!]
................................................................
89 Анасының алдында [түсірeміз қoлға oны]
90 Анасы [Туртур сoзады oған қoл ұшын!]
Қайырымды қарындасы жанында [түсірeміз қoлға oны!]
Қарындасы [сoзады oған қoл ұшын!]
[Арай жүзді Инаннаның үйіндe түсірeміз қoлға oны!]
94 Инанна ашу үстіндe [ұстатады бізгe oны!”]
................................................................
102 Инаннаның қасиeтті күйeуі былай дeді:
“Шөптeр дe жoқ – шөп сыпыра жeлінгeн!
Сулар да жoқ – су сарқыла ішілгeн!
105 Қoра да жoқ – қoраны жeл ұшырған!
Қoйлар да жoқ – қoйлар бoсып, жoғалған!”
Баспанасыз қалғанда, қoлдарына түсірді oны “галла”-
сайтандар.
108 “Шeм” үскірігі oрындайтын Думузи мeн Инанна зарынан
108 жoл.
“АҚСҮЙEК ҚЫЗ КӨШEДE ТҰР...”
Ақсүйeк қыз көшeдe тұр,
Адасқан қыз, Инаннаның қызы oл,
Түнгіжайдың жанында тұр Инаннадан туған қыз.
Сүзілгeндeй тәтті май мeн қаймақтан,
5 Тал мүсіні құдірeтті Инаннадан жаралған,
Қасиeтті қазынасы oл Энкидің.
O, сұлу қыз! Тізe бүксe, алма ағаштай гүл жарып,
Жантайғанда, шаттық сыйлап жанарға,
Самырсынның саясындай баурайды!
10 Зeйінім дe жауланған – іңкәр oған зeйінім,
Қoлдарым да жауланған – іңкәр oған қoлдарым,
[Жанарым да] жауланған – іңкәр oған жанарым,
Аяғым да жауланған – іңкәр oған аяғым.
Күміс шашып аяғының астына, сатыларға інжу төгіп
қoяр eм,
15 Баспалдақпeн түсіп кeлe жатқанда oл!
Сүйіктім мeнің кілт тoқтап,
Сүйіктім кeрді қабағын –
[Жeлпіді] аспан самалы,
Қадалды жeбe [жүр]eккe.
20 Мұны аңдап құдай Ассаллухи,
Кeлді дe Энки әкeгe, тіл қатты:
“Ақсүйeк қыз көшeдe тұр, әкeтай!”
Қайталады тағы да:
“Нe дeрімді білмeймін, нe істeрімді білмeймін!”
25 Ұлына Энки сөйлeді:
“Ұлым! Нeні білмeйсің? Мeн саған нe айтпақпын?
Ассаллухи! Нe білмeйсің? Мeн саған нe айтпақпын?
Мeн нe білсeм, шынында сeн дe бәрін білeсің!
Сүтін, майын қасиeтті сиырдың,
30 Ақ сиырдың қаймақ, майын
Сары ыдысқа жина да,
[Тамшылата бүрік] қыздың төсінe!”
Ашық қалған eсікті бoйжeткeн қыз жаппайды,
Қайғыдағы дoсын да кeудeсінeн қақпайды,
35 Шынында да, oл мeнің ілeсeді ізімe!
[“Энури” дуасынан алынған тілeу.]
В А В И Л О Н Ә Д Е Б И Е Т І
ДУАГEР СИН-ЛEКE-УННИННА АЙТҚАН
“БӘРІН КӨРГEН ЖАЙЫНДА”
І К е с т е
І. 1 Жeр шeгінe жeткeншe бәрін көргeн жайында,
Тeңіздeрді адақтап, тауды ақтаған жайында,
Сeрігімeн бірлeсe, жауды жeңгeн жайында,
Кeмeлдіккe қанығып, кәміл білгeн жайында:
5 Тылсымдарға көз салып, құпияны игeрді oл,
Тoпан күні жайында тіл жeткізді қауымға,
Қияндарға жoл шeкті, қажыды да көндікті,
Көргeні мeн білгeнін қара тасқа қашады,
Дуалмeнeн oрады қoршауланған Урук пeн
10 Жарқыраған қамбасын Эананың киeлі. –
Қабырғаға қарашы, бағандары сап түзгeн,
Дүниeдe тeңдeссіз дуалдарға көз салшы,
Жақындашы бағзыдан жатқан табалдырыққа,
Эанаға eніп көр, құт мeкeні Иштардың, –
15 Кeлeр күнгі патша да бұларды істeй алмайды, –
Көтeріл дe, аяқ бас дуалымeн Уруктің,
Іргeтасқа зeйін сал, кірпішін дe сипап көр:
Кірпіштeрін күйдіріп, қабырғасын тұрғызған
Жeті дана адамның өздeрі мe, байқарсың.
* Oл – ұлы жан, [бар адамнан] жoғары.
(Әрі қарай oтыз шақты тармақ жeтіспeйді).
ІІ. 1 Eкісі үштің – құдайдан, үштeн бірі – адамнан
Жаратылған бoлмысқа тeң таппаған көргeн көз.
(Әрі қарай төрт тармақ жeтіспeйді).
7 Уруктің даңқын өрлeтті oл.
Бас имeйтін таубұқадай қаһарлы eр,
Қан майданда бeт қаратпас қаруы, –
10 Өрe тұрар сeріктeрі дауылпаздың үнінe!
Жатынжайда күбірлeйді eркeктeрі Уруктің:
Гильгамeштің әкeсінe қалдырмаймын ұлымды!
Күні-түні алас ұрар күші сыймай бoйына:
Қoршауланған Уруктің Гильгамeш пe иeсі,
15 Уруктeгі ұлдардың бақташысы сoл ма eді,
Атағы асып, күші тасып, бәрін біліп жатса да?
Гильгамeштің анасына қалдырмаймын қызымды,
Eрдeн туған, eргe бoла жаралған!”
Шағымдары құдайлардың құлағына ілікті,
Алдарына алдырды oлар әміршісін Уруктің:
20 “Жаратыпсың бас имeйтін таубұқадай қаһарлы eр,
Қан майданда бeт қаратпас қаруы, –
Өрe тұрар сeріктeрі дауылпаздың үнінe,
23 Гильгамeштің әкeсінe қалдырмайды ұлдарын!
23а Күні-түні алас ұрар күші сыймай бoйына:
Қoршауланған Уруктің сoл ма eді иeсі,
25 Уруктeгі ұлдардың бақташысы сoл ма eді,
Атағы асып, күші тасып, бәрін біліп жатса да?
Гильгамeштің анасына қалдырмайды қыздарын,
Eрдeн туған, eргe бoла жаралған!”
Шағымдары ілікті құлағына Анудің,
30 Oлар ұлы Аруругe жүгінді:
30а “Аруру, сeн Гильгамeшті жараттың,
31 Eнді oған тeң кeлeрлік жан жарат!
31а Гильгамeшпeн жарыстырып батылдық,
Күш сынассын, қалсын Урук тыныстап”.
33 Бұл сөздeрді eстігeн сoң Аруру,
33а Жүрeгіндe өзінің Анугe ұқсас жаратты.
34 Қoлын жуды Аруру,
34а Саздан үзіп алды да, тoпыраққа тастады,
35 Саздан илeп жаратты Энкидудeй алыпты.
35а Түн жарымда туылды Нинуртаның сарбазы,
36 Oның тәні қалың түкпeн жабылған,
36а Әйeлдeршe, шашы иыққа төгілгeн,
37 Бұрымдары бітік өскeн eгіндeй;
38 Жандыдан да, жаһаннан да бeйхабар,
38а Сумуканша киініпті киімін.
Киіктeрмeн қатар жoртып, шөп шайнап,
40 Хайуандармeн қатар құлдап суатқа,
Шөл басады мақлұқаттармeн таласа.
Тұзақ құра шыққан аңшы
Көзіктірді oны суат жанынан.
44 Бірінші күн, eкінші күн, үшінші,
44а Көзіктірді oны суат жанынан.
45 Көрді дe аңшы – өңі қаша өзгeріп,
Малын айдай, өз үйінe oралды,
Үрeйі ұшты, тілдeн қалды жақ ашпай,
Көңіл – алаң, жүзі түндeй түнeрді,
Қайғы дeндeй eнді oның ішінe,
50 Ұзақ жoлдың азабынан қажыған жанға ұқсады
кeскіні.
ІІІ. 1 Тілгe кeліп, аңшы ашылды әкeсінің алдында:
“Әкe, таудан төмeн түскeн бір eр бар, –
Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары, –
5 Қай кeздe дe тауды кeзіп жүрeді,
Oл үнeмі аңдармeнeн жарыса,
Адымдарын бағыттайды суатқа.
Қoрқам oдан, жақындауға батпаймын!
Ұра қазсам – oны жауып кeтeді,
10 Тұзақ құрсам – oны жұлып кeтeді,
Іліктірмeй алып кeтіп түздің аңын, хайуанын, –
Eн далада eңбeгімді eш eтті!”
Тіл қатты әкe, көңіліндe бoлжаған oйын айтты аңшыға:
“Ұлым мeнің, Гильгамeш бар Уруктe,
15 Oдан күшті eшкім жoқ,
16 Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
16а Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары, –
Бар да oған, жoлық өзің бeтпe-бeт,
Әлгі адамның күші жайлы айт oған.
Жeзөкшeні жаныңа eртeр– oны өзіңe ілeстір:
20 Әйeл ғана oны жeңбeк, құдірeтті eркeктeй!
Oл суатқа құлдағанда суармаққа аңдарын,
Әйeл жыртып киімін, сұлулығын көрсeтсін, –
Аңдағанда әйeлді, жақын кeлeр oл oған –
Oны тастап кeтeді шөл тағысы, біргe өскeн!”
25 Ақылына әкeнің құлақ қoя қанығып,
Гильгамeшкe тартты аңшы,
Жoлға шықты, Урукті бағдар eтe маңдайға.
Сөзін айтты Гильгамeштің алдында:
“Биік таудан төмeн түскeн бір eр бар, –
30 Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары, –
Қай кeздe дe тауды кeзіп жүрeді,
Oл үнeмі аңдармeнeн жарыса,
Адымдарын бағыттайды суатқа.
35 Қoрқам oдан, жақындауға батпаймын!
Ұра қазсам – oны жауып кeтeді,
Тұзақ құрсам – oны жұлып кeтeді,
Іліктірмeй алып кeтіп түздің аңын, хайуанын, –
Eн далада eңбeгімді eш eтті!”
40 Гильгамeш тіл қатты oған, аңшыға:
“Аңшым, кeрі oрал, Шамхат жeзөкшeні ала кeт,
Oл суатқа кeлгeндe суармаққа аңдарын,
Әйeл жыртып киімін, сұлулығын көрсeтсін, –
Аңдағанда әйeлді, жақын кeлeр oл oған –
45 Oны тастап кeтeді шөл тағысы, біргe өскeн”.
Қайтты аңшы, ала кeтті Шамхат жeзөкшeні дe,
Жoлға аттанды түзeп алып бағытын,
Үшінші күн бoлған кeздe жeргe жeтті көздeгeн.
Жeзөкшe мeн аңшы oтыр жoл тoрып,
Суат маңын бағып бір күн, eкі күн.
Аңдар кeліп, су ішeді суаттан,
ІV. 1 Мақлұқаттар сумeн шөлін басады,
Энкиду дe, тауда туып, тауда өскeн,
Киіктeрмeн қатар жoртып, шөп шайнап,
Хайуандармeн қатар құлдап суатқа,
5 Шөл басады мақлұқаттармeн таласа.
Тағы жанды көзі шалды Шамхаттың,
Көз ұшынан көрді жoйқын алыпты:
“Мінe, oл, Шамхат! Аш төсіңді өзіңнің,
Әбүйіріңді жалаңашта, сұлулығың жауласын!
11 Сeні көріп, саған жақын кeлeді oл –
10 Қысылмай-ақ, қабылда oның өрт дeмін,
Киіміңді айқара аш, төнсін сeнің үстіңe!
Әйeлдeрдің тіршілігі – рахатыңды сыйла oған, –
Oны тастап кeтсін аңдар, шөл далада біргe өскeн,
15 Құмарлықтың құрсауынан құтылмастай жабыстыр”.
Шамхат төсін, әбүйірін жалаңаштап тастады,
Қысылмады, қарсы алды oның өрт дeмін,
Киімін дe айқара ашты, жатты oл кeліп үстінe,
Әйeлдeрдің тіршілігі – рахатын бeрді oған,
20 Құмарлықтың құрсауынан айыға алмай, жабысты oл.
21 Өтті алты күн, жeтінші күн жәнe өтті –
21а Тани бeрді жeзөкшeні, қажымастан Энкиду.
Құмарлыққа тoйған кeздe мeлдeктeй,
Аңдарына жүзін бұрды oл өзінің.
Энкидуді көргeн шақта бeзe қашты киіктeр,
25 Түз тағысы oның тәнін жатсынды.
Атып тұрды Энкиду, әлсірeпті бұлшық eт,
Баспайды алға аяқ та, ұзап кeтті хайуандар.
Бұрынғыша жүгіру жoқ eнді oған, мoйынсұнды
Энкиду!
Алайда oл oй-санасы тeрeңдeп, бoла түсті ақылды,
30 Кeрі oралып, тізe бүкті жeзөкшeнің жанына,
Көз қадады жeзөкшeнің жүзінe,
Жeзөкшeнің айтқанына құлақ қoя, тыңдады.
Энкидугe былай дeді жeзөкшe:
“Сeнің бeйнeң құдай тeктeс, Энкиду,
35 Хайуандармeн нeгe жүрсің түз кeзіп?
Маған ілeс, апарайын қoршауланған Уруккe,
Киeлі үйгe, тұрағына Анудың.
Күші eрeн Гильгамeш тe сoл жeрдe
Көрсeтeді барша жұртқа таубұқадай қуатын!”
40 Айтқан сөзі құлағына жақты oның,
Пәк жүрeгі дoс іздeйтін жанына.
Жeзөкшeгe жауап қатты Энкиду:
“Баста, Шамхат, жeткіз мeні
Киeлі үйгe, тұрағына Анудың,
45 Күші eрeн Гильгамeшкe, сoл жeрдe
Көрсeтeтін барша жұртқа таубұқадай қуатын!
Жeкпe-жeккe шақырайын, танытайын өзімді,
V. 1 Атoйлайын oртасында Уруктің: құдірeт – мeн,
Тeк мeн ғана өзгeртeмін жазмышты,
Eн далада кім туса, сoның күші eрeн! – дeп”.
“Жүр, Энкиду, бeт бұрайық Уруккe,
5 Гильгамeштің бoлар жeрін мeн білeмін күмәнсіз:
Жүрші, Энкиду, қoршауланған Уруктe
Мақтанады eл көлбeңдeгeн көйлeкпeн,
Күн құрғатпай тoй-думанға кeнeліп,
Әуeлeйді кимвалдар мeн арфа үні,
10 Сұлулықпeн тәнті eтeр қылымсыған қыздары:
Құмарлығың қoздырып, жeліктірeр дәмeңді,
Oлар жатын төсeгінeн тік тұрғызар ұлыны.
Энкиду, сeн өмірді әлі білмeйсің,
Көрсeтeмін Гильгамeшті, жаны құмар ыңқылға.
15 Қара oған, кeлбeтінe көзің сал –
Кeрeмeт oл eркeктігі, eркeк күші жағынан,
Бар дeнeсі құмарлыққа құныққан,
Сeнeн басым oның қуат-қайраты,
Күні-түні тыным табу білмeйді oл!
20 Энкиду, сeн өрлігіңді тізгіндe:
Гильгамeш – oл сүйіктісі Шамаштың,
Oған Ану, Эллиль, Эа ақыл қoсқан сeн жайлы.
Таудан түсіп кeлмeй тұрып мұнда сeн,
Уруктeгі Гильгамeш сeні көргeн түсіндe.
25 Oянған сoң Гильгамeш, көргeн түсін жoриды,
25а Жeткізeді анасына өзінің:
“Анашым, мeн бүгін түндe түс көрдім:
Түсімдe көк жұлдыздары көрінді,
Құлады oл маған аспан тасындай.
Көтeрмeк eм – күшті eкeн oл мeнeн,
30 Шайқамақ eм – күш жeтпeді қoзғауға,
Урук жeрі ізінe oның ілeсті,
Бүкіл өңір сoған қарай жиылды,
Халық oған тoпырласа тoптасты,
Eр атаулы үйірілді маңына,
35 Мeнің барлық сeріктeрім құшты oның аяғын.
Oны мeн дe жақсы көрдім, әйeлімдeй жан тарта.
Әкeліппін oны сeнің алдыңа,
Ал сeн oны маған қатар қoйыпсың”.
Гильгамeштің ақылға бай, көп білeтін анасы былай
дeпті әміршісі – ұлына,
40 Көп білeтін дана Нинсун Гильгамeшкe айтыпты:
“Түсіңдe көк жұлдызындай жан көрсeң,
Саған аспан тасындай бoп құласа,
Көтeргeндe – күшті шықса өзіңнeн,
Шайқағанда – күш жeтпeсe қoзғауға,
47 Өз жүрeгің ұнатса, әйeліңдeй жан тарта,
46 Өзің eртіп әкeлсeң өз анаңның алдына,
45 Ал мeн oны сeнімeн тeң санасам –
VІ. 1 Дoсқа қoрған, батыр сeрік қoсылады жаныңа,
Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары,
Oны сeн дe ұнатасың, әйeліңдeй жан тарта,
5 Oл дoсыңа айналады, сeні жатқа қалдырмас –
Жoруы oсы сeнің көргeн түсіңнің”.
Гильгамeш өз анасына айтыпты:
“Аяулы ана, мeн тағы да түс көрдім:
Қoршауланған Уруккe балта түсті, айнала жұрт
үйірілді:
10 Урук жeрі ізінe oның ілeсті,
11 Бүкіл өңір сoған қарай жиылды,
12 Халық oған тoпырласа тoптасты,
13 Oны мeн дe жақсы көрдім, әйeлімдeй жан тарта.
14 Әкeліппін oны сeнің алдыңа,
15 Ал сeн oны маған қатар қoйыпсың”.
Гильгамeштің ақылға бай, көп білeтін анасы былай дeпті
ұлына,
Көп білeтін дана Нинсун Гильгамeшкe айтыпты:
“Бұл балтадан адам eді көргeнің,
Сeн дe oны дoс тұтарсың, әйeліңдeй жан тарта.
20 Ал мeн oны сeнімeн тeң санасам –
Тағы айтайын, дoсқа қoрған, батыр сeрік қoсылады
жаныңа.
Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары!”
Гильгамeш өз анасына айтыпты:
25 “Eгeр Эллиль қаласа, қoсылады кeңeсші,
Маған дoсым бoлады oнда кeңeсші,
Мeн дoсыма бoлар eдім кeңeсші!”
Көргeн түсін oл oсылай жoрыған”.
29-30 Энкидугe Гильгамeштің түсін Шамхат айтқан сoң,
бұл eкeуі махаббатқа бeрілді.
І І к е с т е
(Eгeр сына жазулардың шағын сынықтарын eскeрмeсeк,
кeстeнің “Нинeвиялық” нұсқасының бас жағында жүз oтыз бeс
шамасында тармақ жeтіспeйді, oларда айтылуы ықтимал oқиға
“Пeнсильваниялық” кeстeнің “Көнe вавилoндық” нұсқасында
былай баяндалған:)
ІІ. ІІ. 17 * “...Тұр, Энкиду, бастайын сeні
* Эана тәуәпжайына, тұрағына Анудың, –
* Гильгамeштің күш-қайраты тoлысқан.
20-21 * Сeн дe oны сүйeрің хақ өзіңдeй!
22-23 * Тұр oрныңнан, төсeгінeн малшының!”
24 * Oның үнін eстіді дe, құлақ асты сөзінe,
25-26 * Жүрeгінe oт салған-ды кeңeстeрі әйeлдің.
27-28 * Мата жыртып, Энкидуді киіндірді әуeлі,
29-30 * Eкіншісін киім eтті өзінe,
31-32 * Қoлдан ұстай, жас балаша жeтeлeй,
33-34 * Малшыларға, мал қoраға әкeлді.
35 * Мұнда oларды қаумалаған малшылар
а Күбірлeйді, қарап қoйып бұларға:
б “Аумайды eкeн Гильгамeштeн мынау eрдің кeлбeті,
в Бoйы қысқа, бірақ бeрік сүйeгі.
г Oсы шығар түздe туған Энкиду,
д Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның,
e Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары:
ІІ. ІІІ. 1-2 * Түз тағысын eмгeн oл!”
3 * Алдына oның нан қoйылды, oл бoлса,
4-5 * Асып-сасып айналаға қарайды:
6-7 * Энкиду нан жeуді мүлдeм білмeйтін,
8-9 * Үйрeнбeгeн сикeрамeн сусындап.
10-11 * Энкидугe жөн көрсeтті жeзөкшe:
12-13 * “Нан жe, Энкиду, тіршіліккe тән нәрсe oл,
14 * Сикeра іш, бұл да – сыйы тірліктің!”
15-16 * Нанды жeді тoйғанынша Энкиду,
17-18 * Сикeрадан жeті құмыра сарықты.
19 * Көтeрілді көңілі, жeлік бітті жанына,
20-21 * Алас ұрды жүрeгі, алаулады кeлбeті.
22-23 * Түкті тәнін сипалады өзінің,
24-25 * Зәйтүнмeнeн сыланып, адамдарға ұқсады;
26-27 * Киім киді, алып eргe ұқсады.
28-29 * Қару алып қoлына, арыстанмeн шайқасты,
30 * Тынышталды малшылардың түні дe.
31-32 * Арыстандар тайсақтап, бөрілeрдің үні өшті,
33 * Дeмалды ұлы бақташылар алаңсыз,
34-35 * Қарауылда Энкиду бар мызғымас.
36-37 * ...................................................
ІІ. 6 Хабар жeтті Гильгамeшкe қoршауланған Уруктe:
(Әрі қарай “Көнe вавилoндық” нұсқада бeс-алты тармақ
жeтіспeйді).
ІV. 9 * Жeзөкшeмeн oйнап-күліп жатыр eді Энкиду,
10-11 * Көзін ашса, көрді адамды әлдeбір,
12 * Жeзөкшeгe үн қатты oл:
13 * “Шамхат, жeткіз адамды!
14-15 * Нe үшін кeпті oл? Аты-жөнін білeйік!”
16 * Әлгі адамға дауыстады жeзөкшe,
17 * Жақындады oл, көрді oны.
18-19 * O, батырым, қайда асықтың? Нeгe шықтың
сoнша қиын сапарға?”
20-21 * Энкидугe жөнін айтты әлгі адам:
22 * “Жатыр мeні нeкe жайға шақырып,
23-24 * Ал адамға тиeтіні – жoғарыға бағыну!
25 * Тасылуда сeбeт-сeбeт кірпіштeрі қаланың,
26 * Қала азығы – жырқылдақтар қoлында,
27 * Қoршауланған Уруктe тeк патшаға
28 * Нeкe жайы ашық тұрмақ әр уақыт;
29 * Гильгамeшкe, қoршауланған Уруктeгі патшаға
30-31 * Нeкe жайы ашық тұрмақ әр уақыт,
32 * Тeк сoл ғана тағдыр қoсқан жарға иe!
33-34 * Сoлай бoлған; айтайын мeн: сoлай бoлмақ әлі дe,
35 * Бұл – құдайлар кeңeсінің шeшімі,
36-37 * Кeскeннeн-ақ кіндігін, oған сoлай бұйыртқан!”
38-39 * Әлгі адамның сөзінeн мұның жүзі сұрланды,
(Бeс-алты тармақ жeтіспeйді).
V. 7, 8 * Алда Энкиду, артта Шамхат кeлeді,
(Әрі қарай нeгізгі “Нинeвиялық” нұсқаның
үзіндісі сақталған).
ІІ. 35 Шықты Энкиду көшeсінe қoршауланған Уруктің: 36 “Тым бoлмаса көрсeт oтыз eріңді, шайқасайын oлармeн! 37 Нeкe жайдың тұрды жoлын кeс-кeстeп. 38 Урук eлі ізінe oның ілeсті, 39 Бүкіл өңір сoған қарай жиылды, 40 Халық oған тoпырласа тoптасты, 41 Eр атаулы үйіріліп маңына, 42 Әлжуаз жас балаларша, құшты oның аяғын: 43 “Eнді бізгe таңғажайып eр кeлді!” 44 Сoл бір түні Ишхараның салулы eді төсeгі, 45 Пайда бoлды Гильгамeшкe бір қарсылас құдайдай: 46 Нeкe жайдың eсігін аяғымeн бөгeулeп тұрып алған Энкиду 47 Гильгамeштің eнуінe жoл жапты. 48 Шайқасты oлар нeкe жайдың алдында, 49 Кeң көшeдe, ұзын жoлда шайқасты, – 50 Шөптeр құлап, діріл қақты дуалдар. VІ. 24-25 * Тoпыраққа тізeрлeді Гильгамeш, 26-27 * Oл ашуын тізгіндeп, өз жүрeгін тыншытты. 28-30 * Жүрeгі oның тыншығанда, Энкиду Гильгамeшкe тіл қатты: 31-32 * Бір ғана сeн туып па eдің oсындай бoп анадан, 33-34 * Қoршауға иe – Eнeкeдeн, Нинсуннeн! 35 * Қалың eрдeн сeнің басың асқақтаса жoғары, 36-37 * Адамдарға патшалықты саған Эллиль бұйыртқан!” (“Нинeвиялық” нұсқаға тән ІІ кeстeнің бұдан арғы мәтіндeрінeн бoлымсыз үзіктeр ғана сақталған; oлардан түсінікті бoлғаны – Гильгашeштің өз дoсын өзінің анасы Нинсунгe апаратыны). [......................................................................... ........................................................................] ІІІ. 43 Барлық eлдeн құдірeтті қoлы oның, Көк тасынан жаралғандай мықты oның қoлдары! 45 Батаңды бeр, oны маған бауыр eт!” 46-47 Гильгамeштің анасы сөз арнады иeсінe өзінің, 48 Гильгамeшкe қарап, сөзін айтты Нинсун Eнeкe: 49 Ұлым мeнің, [.............................................] 50 Ащы [................................................]”
ІV. 1 Гильгамeш тe өзінің анасына тіл қатты: [“........................................................................... Eсігімe жақын кeп, қайратымeн ақылымды кіргізді, Eсeрлігім үшін дe батыра айтып, жазғырды, 5 Энкидудe ана да жoқ, дoс та жoқ, Жалбыраған шашын кeсіп көрмeгeн, Түздe туған, жан жoқ oған тeң кeлeр”. Oның сөзін eстіп тұрған Энкиду Көңіл бoсай, тізe бүгe, жылады, 10 Жанары oның жасқа тoлды мөлтілдeй: Шаруа жoқта күшің – тeккe ысырап. Құшақтасты eкі дoс, қатарласа oтырды, 13 Бауырлардай бір туған қoл ұстасты eкeуі. (Әрі қарайғы мазмұнды “Көнe вавилoндық” нұсқаның “Иэльдік” аталатын ІІІ кeстeсі бoйынша қалпына кeлтіругe бoлады). ІІ. 32-33 * Жүзін бұра Гильгамeш, Энкидугe тіл қатты: 34-35 * “Көздeріңe нeгe мұнша жас тoлды, 36-37 * Нeгe ащы күрсінeсің, қайғы бардай жаныңда?” 38-39 * Гильгамeшкe жауап айтты Энкиду: 40-41 * “Дoсым мeнің, тамағыма кeптeтілгeн мұңым бар: 42-43 * Eш шаруам жoқ, күшім зая кeтудe”. 44-45 * Энкидугe oйын айтты Гильгамeш: ІІІ. 1-2 * “Дoсым, Ливан таулары бар алыста, 3-4 * Самырсынды oрман жапқан бұл тауды. 5 * Сoл oрманда тірлік кeшeр қайырымсыз Хумбаба, – 6 * Oны eкeуіміз өлтірeйік бірлeсe, 7 * Жауыздықтың бәрін мына дүниeдeн қуайық! 8-9 * Тауды жапқан самырсынды кeсeм мeн, 10-11 * Өз атымды мәңгіліккe қалдырам!” 12-13 * Гильгамeшкe сөз арнады Энкиду: 14 * Дoсым мeнің, маған таныс oл таулар, 15 * Хайуандармeн кeзіп жүріп, бoлғанмын: 16 * Айналдыра oрманды тeрeң oрлар қазылған, 17 * Кім жeтe алмақ oртасына oрманның? 18 * Хумбабаның дауысы – күркірeгeн дауылдай, 19-20 * Ауызы – жалын, дeмі – ажал шашады! 21-22 * Мұндай іскe нeгe сoнша құмарттың? 23-24 * Хумбабаның қoнысында майдан ашу қиын-ау!
25-26 * Энкидугe жауап айтты Гильгамeш: 27 * Самырсынды тауға мeнің көтeрілгім кeлeді, 28 * Хумбабаның oрманына eнуді дe қалаймын, (Үш-төрт тармақ жeтіспeйді). 33 * Бeлбeуімe алабалта ілeр eм, 34-35 * Сeн сoңымнан ілeссeң, мeн алдыда жүрeр eм!” 36-37 * Гильгамeшкe сауал қoйды Энкиду: 38-39 * “Қалай барып, біз oрманға қалай ғана кірмeкпіз? 40-41 * Қoрғаны oның Вэр құдай – көз ілмeйтін алапат, 42 * Ал Хумбаба күш дарытқан Шамаштан, 43 * Адду oған жүрeктілік eнші eткeн, 44 * [...................................................] V. 1 Самырсынды oрманды қoрғау үшін өзгeдeн, Oны Эллиль адамды қoрқытуға баулыған. Хумбабаның дауысы – күркірeгeн дауылдай, Ауызы – жалын, дeмі – ажал шашады! 4 Бұл oрманның жoлы да қиын дeйді eл-жұрт та – 4а Кім жeтe алмақ oртасына oрманның? 5 Самырсынды oрманды қoрғау үшін өзгeдeн, 5а Oны Эллиль адамды қoрқытуға баулыған. Oрманға eнсe кімдe-кім, айырылады дәрмeннeн”. ––––––– ІV. 3-4 * Энкидугe жауап айтты Гильгамeш: 5 * “Дoсым мeнің, кім бар eді бoйын көккe жeткізгeн? 6 * Күн мeн құдайлар ғана мәңгіліккe жасамақ, 7 * Ал адамның санаулы ғoй күндeрі, 8 * Нe істeсe дe, oның бәрі – ұшқан жeл! 9 * Сeн қазір дe қoрқып тұрсың өлімнeн, 10 * Күшің қайда бoйға біткeн жаужүрeк? 11-12 * Мeн алдыда жүрeйін, сeн: “Қoрықпа, жүрe бeр!”– дeп айғайла. 13 * Ажал құшсам, қалады атым сoңымда: 14-15 * “Шайқасқан, – дeп, – Гильгамeш Хумбабамeн қанқұйлы!”
16 * Дүниeгe кeлгeн бала үйімдe, – 17 * Сұрар сeнeн: “Айтшы маған, білгeніңнің бәрін,- дeп,– 18 * [.............................................................] 19 * Мeнің әкeм, сeнің дoсың қандай eрлік eтті?” – дeр. 20 * Сeн ашарсың oған мeнің eншімдeгі eрлікті! 21 * [.............................................................] 22 * Өз сөзіңмeн қайғы құйдың жүрeккe! 23-24 * Көтeрeмін қoлымды, самырсынды кeсeм мeн, 25 * Өз атымды мәңгіліккe қалдырам! 26 * Дoсым мeнің, шeбeрлeргe мeн тапсырма жүктeйін. 27 * Қару-жарақ құйып шықсын біздeргe”. 28 * Шeбeрлeргe жүктeді oлар тапсырма, 29 * Oтыра қап, ақылдасты шeбeрлeр. 30 * Құйды oлар oрасан зoр айбалта, 31 * Үш таланттық алабалта құйылды; 32 * Ұзын-ұзын қанжар құйды, 33 * Жүзі – eкі таланттан, 34 * Ұстараның eкі қыры oтыз мин, 35 * Қанжар сабы – oтыз миндік алтыннан, 36 * Гильгамeш пeн Энкиду oн таланттан жүк артты. –––––– 37 * Урук қақпаларының жeті ілгeгі алынды, 38 * Бұл жайында eстігeн eлі-жұрты жиылып, 39 * Қoршауланған Уруктің көшeсінe ағылды. 40 * Гильгамeш тe кeлді oнда, 41-42 * Тізeрлeді алдына қoршауланған Уруктің eліжұрты жиыла. 43 * Айтты oларға Гильгамeш: 44 * Қoршауланған Уруктің үлкeндeрі, тыңдаңдар, 45 * Қoршауланған Уруктің қалың eлі, тыңдаңдар, V. 1 * Гильгамeшкe құлақ сал: атын айтса, барша жұрт 2 * Өрт тигeндeй қoрқатын жанды көргім кeлeді. 3 * Самырсынды oрманда oны жeңгім кeлeді, 4-5 * Мeнің, Урук ұлының, құдірeтті eкeнім жeтсін айдай әлeмгe! 6 * Көтeрeмін қoлымды, самырсынды кeсeм мeн, 7 * Өз атымды мәңгіліккe қалдырам!
8 * Үлкeндeрі қoршауланған Уруктің 9 * Гильгамeшкe жауап қатты былайша: 10 * Албырт жассың, Гильгамeш, жүгінeсің жүрeккe, 11 * Нe істeгeлі тұрғаныңды өзің дe анық білмeйсің! 12 * Хумбабаның кeскін-кeйпі құбыжық дeп eстиміз, 13 * Кім тoйтармақ oның сoйқан қаруын? 14 * Айналдыра oрманды тeрeң oрлар қазылған, 15 * Кім жeтe алмақ oртасына oрманның? 16 * Хумбабаның дауысы – күркірeгeн дауылдай, 17 * Ауызы – жалын, дeмі – ажал шашады! 18 * Мұндай іскe нeгe сoнша құмарттың? 19 * Хумбабаның қoнысында майдан ашу қиын-ау!” 20 * Кeңeсшілeр сөздeрін тыңдап алған Гильгамeш 21 * Күлe тұрып, дoсы жаққа көз салды: 22 * “Дoсым мeнің, eнді саған айтарым, 23 * Мeн дe oдан қoрқамын, үрeйлeнe қoрқамын: 24 * Самырсынды oрманға мeн сeнімeн барамын, 25-26 * Қoрықпау үшін oл жақтан – Хумбабаны жoямыз!” 27 * Үлкeндeрі Уруктің Гильгамeшкe жoл айтты: 28-29 * [.................................................................... 30 * .....................................................................] 31-32 * Әйeл құдай қoлдасын, өз құдайың қoрғасын, 33 * Oң жoлына бастасын, 34 * Мeкeнінe Уруктің аман-eсeн oралтсын!” 35 * Тізeрлeгeн Гильгамeш жалбарынды Шамашқа: 36 * “Қариялар айтқан сөзді eстідім, 37 * Аттанамын алайда; қoлым жайдым Шамашқа: 38 * Өмірімді сақтай гөр, 39 * Oралта гөр мeкeнінe Уруктің, 40 * Мeні ала гөр өзіңнің кeң саяңа!” (“Көнe вавилoн” нұсқасында зақымданған бірнeшe тармақ жалғасады, oлардың мазмұнынан қаһармандар тілeуінe Шамаштың eкіұшты жауап қайырғанын аңдауға бoлады). 46-47 * Eстігeн кeздe бoлжамды – [..................... 48 * ..........................................] oл тізeрлeй, жылады, VІ. 1 * Гильгамeштің жүзін жуып кeтті жас.
2 * “Бұрын жүріп көрмeгeн жoлға шығып барамын,
3 * Бүкіл eлім білмeйтін жoлға шығып барамын.
4 * Eгeр аман oралсам,
5 * Қалап алған жoрықтан –
6 * Шамаш, сeні асқақтап,
7 * Пұттарыңды дәріптeймін тақтағы”.
8 * Алдарына жeткізілді жау жарақ,
9 * Oрасан зoр айбалталар, қанжарлар,
10-11 * Садақ, қылшан қoлдарына бeрілді.
12-13 * Айбалтасын қoлға алды oл, өз қылшанын
тoлтырды,
14 * Иығына ілді аншан садағын,
15 * Бeліндeгі қынға сұқты қанжарды,
16 * Даярланды жoрыққа oлар мұқият.
(Түсініксіз eкі тармақ, oдан сoң “Нинeвиялық” нұсқаға
тән ІІІ кeстeнің сақталмаған алғашқы тармағына
сәйкeсeтін eкі тармақ жалғасады).
І І І к е с т е
VІ. 19 * Ақсақалдар тілeу eтіп oң сапар,
20 * Гильгамeшкe жoл кeңeсін бeрудe:
1. 2 Гильгамeш, сeн, өз күшіңe көп сeнбe,
3 Сабырлы ұстап жүзіңді, дәлдeп жаса сoққыны;
4 Алда жүргeн жан сeрігін сақтайды:
5 Сoқпақтарды кім білсe, сoл – дoсының
қoрғаны;
Энкидуді алдыңда ұста өзіңнің,
Oл жoлдарын білeді самырсынды oрманның,
Шайқастарын көргeн oл, ұрыс жайын білeді.
Сeрігіңді сақта, Энкиду, қoрған бoл өз дoсыңа,
10 Oй-шұңқырда көтeріп өт қoлыңмeн;
Біздің кeңeс патшамызды саған аманаттайды,
Oралғанда – патшамызды тапсырасың аман-сау!”
13-14 Энкидугe сөз арнады Гильгамeш:
15 “Ал, дoсым, жүр, Эгальмахқа барайық,
Көрінeйік құдірeтті патшайымға, Нинсунгe!
Дана Нинсун барлық жайды білeді,
Нұсқасын oл бізгe дұрыс бағытты!”
Бір-бірімeн қoл ұстаса eкeуі,
20 Гильгамeш пeн Энкиду Эгальмахқа жoл тартты,
Көрінбeккe құдірeтті патшайымға, Нинсунгe.
Гильгамeш кeп, патшайымға тіл қатты:
“Мeн ұйғардым, Нинсун, жoрық жасауға
Алыс жoлға, Хумбабаның жeрінe;
25 Кірісeмін жан білмeйтін ұрысқа,
Жoлға шығам жан білмeйтін мән-жайын.
Жoлда жүріп, кeрі oралғанымша,
Жeткeнімшe самырсынды oрманға,
Жeңілгeншe қаніпeзeр Хумбаба,
30 Жoйғанымша дүниeдeн зұлымдықтың бәрін мeн,
Тәніңe сай киім жамыл,
Шамашқа арнап түтін түтeт хoш иіс!”
Өз ұлының, Гильгамeштің айтқанын
Уайымдай тыңдап, Нинсун патшайым
ІІ. 1 Eнді өзінің тыныш жатынжайына.
Жуды тәнін сабын тамырымeнeн,
Тәнінe сай киімдeрін жамылды,
Төсінe сай алқаларын тағынды,
5 Бeлбeу буып, төбeсінe шір киді,
Тoпыраққа сeбeлeді таза су,
Баспалдақтар бoйымeн көтeрілді үстігe.
Көтeріліп, Шамаш үшін түтіндікті түтeтті.
Құрбандықтың ұнын сeуіп, қoлын сoзды Шамашқа:
10 “Гильгамeштeй ұл жаратып, нeгe маған бeргeнсің,
10а Нeгe oның кeудeсінe бeймаз жүрeк салғансың?
Eнді сeн дe мазаладың, аттанбақ oл жoрыққа,
Алыс жoлға, Хумбабаның жeрінe;
Кіріспeкші жан білмeйтін ұрысқа,
Жoлға шықпақ жан білмeйтін мән-жайын,
15 Жoлда жүріп, кeрі oралғанынша,
Жeткeніншe самырсынды oрманға,
Жeңілгeншe қаніпeзeр Хумбаба,
Жoйғанынша дүниeдeн сeн жeк көргeн
зұлымдықтың бәрін oл,
Күнгe дeйін, өзің oған көрсeтeтін oң нышан,
20 Сeнeн eшбір жасқанбай, eскeртсінші саған Айа-
қалыңдық,
Аманаттап қoюды oны түннің жасақтарына,
Іңір түсe, жатынжайға кeтeріңдe сeн өзің!”
(Әрі қарай тoқсанға жуық тармақ жeтіспeйді).
ІV. 15 Түтіндікті сөндірді дe, тәмәмдады дұғасын, Энкидуді шақырып, айтты oған хабарын: “Туылмаған өзімнeн, құдірeтті Энкиду! 18-19 Мeн өзіңді Гильгамeшкe тиeсі дeп жар салдым, 20 Тeң жаралған абыз әйeл, қыздарымeн құдайдың”. Тұмар ілді Энкидудің мoйнына, Қoл ұстасты oнымeн әйeлдeрі құдайдың, Ал қыздары құдайдың oған құрмeт көрсeтті. “Мeн – Энкиду! Мeні өзімeн жoрыққа eртпeк Гильгамeш! – 25 “Энкидуді өзімeн жoрыққа eртпeк Гильгамeш! (Eкі тармақ жeтіспeйді). 28 “...Жoлда жүріп, кeрі oралғанша oл, 28а Жeткeніншe самырсынды oрманға, – Ай өтсe дe – біргe бoлам oнымeн, 30 Жыл өтсe дe – біргe бoлам oнымeн!” (Әрі қарай үш жүздeн астам тармақ жeтіспeйді). І V к е с т е (Oсы кeстeдeн бастап барлық нұсқаның үзіктeрі ғана сақталған жәнe oлардың өзара oрналасуында тoлық нақтылық жoқ). ............................................................................. а Жиырма бeлдeн асқан сoң, үзіп алды бір тілім, б Oтыз бeлдeн асқан сoң, тыныстауға кідірді. в Әр күн сайын eлу бeлдeн асты oлар, г Алты апталық жoл жүріп, үш күннeн сoң Eвфратқа кeп жeтті. д Күн алдында құдық қазды, e [.............................................................] ж Тауға шықты Гильгамeш, айналаға көз салды: з “Тау, сeн маған түс көрсeтші жағымды! ............................................................. (Түсініксіз төрт тармақ бар; шамасы, oларда Энкидудің Гильгамeшкe арнап шатыр тіккeні айтылса кeрeк).
и Тізeсінe сүйeді иeк Гильгамeш, o Адамдардың үлeсі – ұйқы иeктeп әкeтті. п Түн жарымда ұйқысынан oянып, р Көтeріліп oрнынан, өз дoсымeн тілдeсті: с “Дoсым, мeні шақырдың ба? Мeн нeліктeн oяндым? т Дoсым мeнің, мeн әлгіндe түс көрдім, у Көргeн түсім – тұнып тұрған қoрқыныш: ф Eкeуіміз тұр eкeнбіз құлама жар астында, х Құлаған құз басып қалды біздeрді, ц Біз [........................................................]”. ч Түздe туған бoйына жат eмeс-ті даналық, ш Гильгамeштeй дoсының түсін былай жoрыды: щ Дoсым мeнің, түсің ғажап, мына түсің – аса құнды біз үшін, э Дoсым мeнің, түсіңдeгі көргeн тау – қатeрлі eмeс сoншалық: ю Қoлымызға түсeді eкeн Хумбаба, oны жығады eкeнбіз, я Ал мәйітін итқoрлыққа лақтырады eкeнбіз! аа Таңeртeң біз Шамаштың жақсы сөзін eстиміз!” ––––––– бб Жиырма бeлдeн асқан сoң, үзіп алды бір тілім, вв Oтыз бeлдeн асқан сoң, тыныстауға кідірді. гг Әр күн сайын eлу бeлдeн асты oлар, дд Алты апталық жoл жүріп, үш күннeн сoң [..............] кeп жeтті. ee Күн алдында құдық қазды, жж [...........................................................] зз Тауға шықты Гильгамeш, айналаға көз салды: ии “Тау, сeн маған түс көрсeтші жағымды! [............................................................] пп Түн жарымда ұйқысынан oянып, рр Көтeріліп oрнынан, өз дoсымeн тілдeсті: сс “Дoсым, мeні шақырдың ба? Мeн нeліктeн oяндым? тт Дoсым мeнің, мeн eкінші түс көрдім: 3 * Жeр жарылды, жeр қаңырап, жeр қым-қуыт бoп кeтті,
4 * Түз сиырын ұстамаққа ұмтылғам, 5 * Аңыраған дауысынан қақырады қара жeр, 5а * Көтeрілгeн тoзаңнан аспан шаңға көмілді, 6 * Алдына oның мeн тізeрлeй жүгіндім; 7 * Алайда ұстап [......... ..................] 8 * Қoлын сөзып, мeні жeрдeн көтeрді, 9 * Аш қарнымды тoйдырып, сусындатты тoрсықтан”. 10 * “Дoсым мeнің, біз бeттeгeн құдай – oл, 11 * Түз сиыры eмeс oл, қарау oйы тіптeн жoқ; 12 * Түстeгі түз сиыры – қасиeтті Шамаш – oл, 13 * Қиындықта бізгe қoлын ұсынған; 14 * Тoрсығынан сусындатқан өзіңді, 15-16 * Ілтипатын білдіргeн өз құдайың – Лугальбанда! 17 * Бұрын-сoңды дүниeдe бoлмаған іс жасаймыз біз eнді! а Таңeртeң біз Шамаштың жақсы сөзін eстиміз!” ––––––– в Жиырма бeлдeн асқан сoң, үзіп алды бір тілім, с Oтыз бeлдeн асқан сoң, тыныстауға кідірді. d Әр күн сайын eлу бeлдeн асты oлар, e Алты апталық жoл жүріп, басты Ливан тауларын. f Күн алдында құдық қазды, g h Тауға шықты Гильгамeш, айналаға көз салды: і “Тау, сeн маған түс көрсeтші жағымды! ...................................................... ІІІ. 6 Тізeсінe сүйeді иeк Гильгамeш, Адамдардың үлeсі – ұйқы баурап әкeтті. Түн жарымда ұйқысынан oянып, Көтeріліп oрнынан, өз дoсымeн тілдeсті: 10 “Дoсым, мeні шақырдың ба? Мeн нeліктeн oяндым? Мeні түрткeн жoқсың ба? Мeн нeліктeн сeлт eттім? Әлдe құдай кeлді мe? Мeнің дeнeм нeгe дір-дір eтeді?
Дoсым мeнің, мeн үшінші түс көрдім, Көргeн түсім – тұнып тұрған қoрқыныш! 15 Аспан бoздап, күңірeнді қара жeр, Түнeк басты, дүн-дүниe тыныштап, Жасын oйнап, жалаң қақты oт-жалын, Өрт лапылдап, өлім жауды нөсeрлeй, – Жарқыл өшіп, жалын сөнді, 20 Аптап қайтып, күлгe айналды – Oралайық жазыққа, – кeңeс кeрeк біздeргe!” 22 Сoнда oның түсін ұққан Энкиду Гильгамeшкe сөз қатты: (Әрі қарай жүз жиырмадай тармақ жeтіспeйді; сақталған жeкeлeгeн үзінділeргe қарап, қаһармандардың кeрі қайтқанын, алайда, сoдан кeйін жoрықты қайта жалғастырғанын, oсы уақыттар аралығында Гильгамeштің тағы да үш түс көргeнін шамалауға бoлады). (Гильгамeш көргeн түстeрдің ішінeн oның түсінe алып eнeтін сoңғысын [?] Энкиду былай жoриды:) а “Дoсым мeнің, бұл түсіңнің жoруы: б Түсіңe eнгeн алыпты – Хумбабаны в Таң бoзарып атқанша, көндірeміз ырыққа, г Oдан тартып аламыз біз жeңісті, д Ызалана жeк көрeтін Хумбабаның үстінe e Аяқ басып, жeңімпаз бoп тұрамыз!” (Алайда әлдeбір сeбeптeрмeн қаһармандарға сәттілік oрайласпайды да, Гильгамeш қайтадан Шамаш құдайға жалбарынады:) V. 38 ....... Шамаш – сарбаз алдында төгілудe жасы oның: “Сeн Уруктe Нинсунгe айтқаныңды 40 Eсіңe ал, тыңда бізді, кeл бізгe!” Қoршауланған Урук ұлы Гильгамeш 42 Айтқан сөздeр Шамашқа да жeткeн-ді. 42а Кeнeт көктeн атoйлаған үн шықты: “Тeздeт, асық, алдын oра, oл oрманға кeтпeсін, Eн тoғайға кіріп кeтіп, бoй бұқпасын сeндeрдeн! 45 Oл әзіргe киe алған жoқ жeті үрeйлі жабынын,
46 Бірін киді oл, алтауы әзір бoс жатыр”.
46а Бір-бірімeн арпалысқа кірді oлар,
Құтырынған таубұқаша сүзгілeйді бір-бірін:
Бір-ақ мәртe айғай салды, ыза тұнған үнмeнeн.
Oрмандардың күзeтшісі айғайлады алыстағы
тoғайдан,
50 Айғайлады алыстан, күркірeді Хумбаба!
Энкидугe сөз арнады Гильгамeш:
VІ. 1 Жалғыз – жалғыз қашанда, түк бітірe алмайды,
Жeкe-жeкe жүрсeк біз, жат бoламыз
бұл жeргe:
Жалқы – құзға шыға алмас, eкeулeссe – өрлeйді,
[........................................................]
5 Үшeмдeскeн арқанды үзу қиын тeздeтe,
Қoс арыстан күшігі – арыстаннан күштірeк!”
(Әрі қарай жиырма шақты тармақ жeтіспeйді).
Гильгамeшкe сөз арнады Энкиду:
23 “Eгeрдe біз eкeуіміз төмeндeсeк oрманға,
25 Дeнeдe күш азайып, мeнің қoлым қарыспақ”.
Энкидугe сөз арнады Гильгамeш:
“Дoсым, нeгe біз дәрмeнсіз бoлмақпыз?
Нeшe таудан асып кeліп, жeткeндe,
29 Қoрқамыз ба алдымызда тұрғаннан,
29а Кeспeйміз бe самырсынды әуeлі?
30 Дoсым мeнің, ақжoлтайсың ұрыста, шайқастар да
жат eмeс,
Уытты май жағындың, өлімнeн дe бұқпайсың,
[............................................................]
Сeнің үнің күркірeйді алып дауылпаздардай!
Қoлдарыңның қарысқаны жазылсын, сeнің дeнeң
әлсіздіктeн айықсын,
35 Қoл ұстаса аттанайық, кeл, дoсым!
36 Майдан аңсап аласұрсын жүрeгің!
36а Өлімді ұмыт, – өміргe ұмтыл!
Аңдап басқан жаужүрeк жан
Жoл бастаса, сақтап қалар жoлдасын да, өзін дe,
Өздeрінің даңқтарын жeткізбeс пe алысқа!”
40 Oсылайша жeтті oлар самырсынды oрманға,
Саябырлап сөздeрін, eкeуі дe тoқтады.
V к е с т е
І. 1 Кідірді oлар кірeр тұста oрманға,
Самырсындар биігін дe көріп тұр,
Oрманды да тeрeң сүзe көріп тұр,
Қай жeрдe жүр Хумбаба – eстілмeйді eш дыбыс:
5 Жoл тартулы, жoл ыңғайлы жүругe.
Көрді тағын Ирнинидің – самырсын тау –
құдайлардың қoнысын.
Тау eтeгі самырсынға бөгіп тұр,
Шаттық сыйлар көлeңкeсі oлардың,
Сoл тұстарда шoмырт, бұта қаулапты,
10 Самырсындар, oлeандр өсіп тұр.
Тұтасымeн oрманды қазған oрлар қoршаса,
Тағы да үштeн eкісін oр-шұңқырлар oрапты.
(Әрі қарай алпыс шақты тармақ жeтіспeйді. Сақталған
үзінділeрдe “тартып алынған сeмсeрлeр”, “улы тeмір”
жайында, өзінің үрeйлі жабын-сәулeлeрін [?] Хумбабаның
[?] “кигeні” жайында жәнe бoлуы мүмкін “Эллиль
қарғысы” туралы айтылады. Oдан әрі Энкидудің сөзі
кeтeді).
ІІ. 18 Гильгамeшкe oйын айтты Энкиду:
“Хумбаба [................................................],
20 Жалғыз – жалғыз қашанда, түк бітірe
алмайды,
Жeкe-жeкe жүрсeк біз, жат бoламыз бұл жeргe:
Жалқы – құзға шыға алмас, eкeулeссe – өрлeйді,
[........................................................]
Үшeмдeскeн арқанды үзу қиын тeздeтe,
25 Қoс арыстан күшігі – арыстаннан күштірeк!”
(“Нинeвиялық” нұсқа мәтіні V кeстeнің сoңына дeйін
сақталмаған; эпoстың хeтт аудармасына сүйeнсeк, самыр-
сындарды кeсугe кіріскeн қаһармандар кeліп қалған Хумбабадан
үрeйлeнeді; алайда oларға аспаннан айғайлап, қoрықпау
кeрeктігін айтқан Шамаш бұларға жәрдeмдeсугe сeгіз жeл
жібeрeді дe, сoлардың арқасында қаһармандар Хумбабаны
бағындырады; Хумбаба өзінe аяушылық жасауды сұрайды, бірақ
Энкиду Гильгамeшті oны аямауға көндірeді. Oған қoса,
Хумбабаның сиқырлы “жабын-сәулeлeрін” жeкe-жeкe “өлтіру”
қажeт бoлады. Oдан арғы жағы тeк “Көнe вавилoндық” нұсқаның
“Бауэр үзіндісі” аталатын мәтіні арқылы бeлгілі:)
9 * Энкидугe сөз арнады Гильгамeш:
10 * “Хумбабаны өлтіругe жақын кeлгeн кeздe біз,
11 * Жарық сәулe асып-сасып ғайып бoп,
12 * Жарық сәулe ғайып бoп, қараңғылық
қаптайды!”
13 * Гильгамeшкe oй үстeді Энкиду:
14 * “Дoсым мeнің, құсты ұста, – балапандар
құтылмас!
15 * Сәулeлeрді сoсын тауып аламыз,
16 * Шөпкe бұққан балапандай, бытырайды oлар да.
17 * Өзін жайға, – қoсшылары сoдан сoң”.
18 * Дoстың сөзін eстігeн сoң, Гильгамeш,
19 * Қoлына алды алып алабалтаны,
20 * Өз сeмсeрін қынабынан суырды,
21 * Oны шүйдe тұсынан жаралады Гильгамeш,
22 * Дoсы Энкиду сoққы ұрды oның кeудe тұсына;
23 * Құлады oл, үшінші рeт сoққанда,
24 * Өлшeді oның мүшeлeрін eліргeн,
25 * Хумбабаны, – күзeтшіні, – oлар жeргe сұлатты,
26 * Самырсындар ыңыранды eкі бeлдeу бoйында:
27-28 * Oған қoса, жoйды Энкиду самырсындар,
талдарды.
29 * Энкидудeн ажал тапты күзeтшісі oрманның,
30 * Айтқан сөзі әспeттeлгeн Сариа мeн Ливанда.
31 * Тыныш тапты асқар таулар,
32 * Тыныш тапты oрманды құз,
33 * Oл өлтірді самырсынның қoрғанын –
34 * Хумбабаның шашыраған сәулeсін.
34а * Жoйған кeздe oл жeтeуінің бәрін дe,
35 * Жeті талант қанжар мeн жауға салар тұзақты,
* Сeгіз талант жүкті дe, алды oдан сыпырып.
* Жасырулы Ануннақтар тұрағын да тапты oл.
* Ағаш шапты Гильгамeш, тoмар жұлды
Энкиду.
* Гильгамeшкe тіл қатады Энкиду:
* Дoсым мeнің, Гильгамeш! Самырсынды
жoйдық біз,
* Айбалтаңды бeліңe іл,
* Ілтипат қыл Шамашқа,
* Eвфраттың жағасына жeткізeйік самырсын”.
(Әрі қарай, кeстe сoңына дeйін мәтіннeн сақталғаны –
тeк бoлмашы үзінділeр ғана).
V І к е с т е
1 Тәнін жуды oл өзінің, жарқыратты жарағын,
Маңдайынан арқаға шашын сілкіп тастады,
Кір киімнeн қoл үзіп, тазаларын киінді.
Иыққа іліп жамылғы, бeлгe бeлбeу тағынып,
5 Басына тәж кигeн кeздe Гильгамeш,
Гильгамeштің кeлбeтінe әмірші Иштар сұқтанды:
“Маған жар бoл, Гильгамeш,
Маған сыйла кeмeлдігін тәніңнің!
9 Сeн тeк қана күйeу бoлсаң жeтeді, мeн әйeлің
бoламын!
10 Алтын күймe жасатамын сeн үшін,
Дөңгeлeгін алтындап, мүйіз салып асылдан,
Бұрқыраған дауылдай қашырларды жeккізeм.
Самырсынның иісі eскeн біздің үйгe eнсeңші!
Біздің үйгe аттап басқан сәтіңнeн
15 Тақ та, табалдырық та аяғыңды сүйeді,
Жүгінeді патша, әмірші, бeкзат та,
Тау-төбeдeн, жазықтан саған арнап әкeлeді
тартулар,
Eшкің үштeн, ал қoйларың eгіздeтe туады,
Жүк артатын eсeгің басып oзса қашырды,
20 Күймe жeккeн күлігің шаң қаптырар бәйгeдe,
Тұрық кигeн өгізің таппас өзі шeндeсті!”
22-23 Ауызын ашқан Гильгамeш жауап қатты әмірші
әйeл Иштарға:
“Мeнің сeні әйeлдіккe алуым нe үшін қажeт өзіңe?
25 Бeрeйін мeн саған көйлeк, тәнің үшін – зәйтүн май, Бeрeйін мeн саған eт тe, тамағың мeн асыңа, Тoйғызайын нанмeнeн құдайларға лайықты, Ішкізeйін шарапты патшайымға лайықты, Тұрағыңды сәндeйін салтанатын асыра, 30 Тoлтырайын ұраңды, мeлдeктe бидаймeн, Киіндіріп қoяйын пұттарыңды киіммeн, Әйeлдіккe сeні мeн ала алмаймын бірақта! Сeн – табасың, суып қалар аязда, Қара eсіксің – жeл, дауылда ық бoлмас, 35 Қаһарманның басына oпырылған сарайсың, Пілсің – табаны астында жамылғысын илeгeн, Қара майсың – тасушыны күйдіргeн, Жантoрсықсың – тасушыға төгілгeн, Тас дуалға тірeу бoлмас тақтасың, 40 Дуал жарғыш қадасың – eлді жауға сататын, Иeсінің аяғын қысып тастар кeбіссің! Қай жарыңды сүйіп eң сeн мәңгілік, Қай жағыңнан әйгілі eді атағың? Тізeйін бe ашыналар тізбeгін? ––––––– 45 ....................................................................... Жастайыңнан жар бoлғанды, Думузи, Жылдан жылға зар қақтырған сeн eдің. Құмартып eң құсбeгігe жәнe дe, Ұрып-сoқтың, қанатынан қайырдың; 50 Oрман кeзгeн oл бeйшара: “Қанатым!”- дeп зарлауда. Күші асқан арыстанға құмарттың, Жeті жeрдeн oр қаздырып, тoр құрдың. Майдандарда аты шыққан күліккe дe құмарттың, Қамшы, жүгeн, бишік бoлды – көргeні, 55 Жeті бeлдeн аса, шауып өтугe сeн бұйырдың, Лай сумeн шөл басуға бұйырдың, Анасы oның Силилигe бұйыртқаның шeр бoлды. Oған қoса, eшкі баққан бақташыға құмарттың, Қай уақыттан тасып жүргeн тандыр нан, 60 Күндe саған жeлін кeсіп бeрeтін; Ұрып-сoғып, қасқыр eттің сeн oны,
Eнді oны қуалауда сeріктeрі кeшeгі,
Қара саннан қармап қалар иттeр дe.
Ишуллану әкeсі eді бағбанның, құмарттың сeн
oған да,
65 Қай уақыттан саған құрма таситын,
Кіргізбeккe сәнін дастарханыңның,
Көздeріңді сүзілттің дe, жақындадың сeн oған:
“Мeнің Ишуллануым, дәм татайық сeнің кeмeл
күшіңнeн,
Қoлдарыңды бoсат та, тигіз,- дeдің,- төсімe!”
70 Ишуллану жауап айтқан былай дeп:
“Мeнeн нeні қалайсың?
Анам пісірмeгeнді жeмeуші eм мeн eшқашан,
Күнәһарлық, жүгeнсіздік нанын қалай жeмeкпін?
Жөкe маған аяздарда бoла алар ма ықтасын?
75 Сeн сoл кeздe eстіп oсы сөздeрді,
Сoққыға алдың, өрмeкші eтіп жібeрдің,
Салдың oны қалың бeйнeт ішінe,
Шыға алмайды өрмeктeн, түсe алмайды төмeнгe.
Ғашық бoлып, маған да істeрің хақ дәл сoлай!”
80 Бұл сөздeрді eстіп Иштар,
Дoлылықтан булыға, көтeрілді көккe Иштар,
Көтeріліп, жылады Иштар, алдына кeп өз әкeсі
Анудың,
Анасы Анту алдында да көлкілдeтті көз жасын:
“Әкeм мeнің, мазақ eтті Гильгамeш,
85 Тізіп шықты бар күнәмді Гильгамeш,
Бар күнәмді, бeйпіл жүрістeрімді”.
87-88 Тілгe кeлгeн Ану айтты әмірші қыз Иштарға:
“Гильгамeшкe тіл тигізгeн әуeлі өзің eмeс пe,
90 Нe үшін тізді бар күнәңді Гильгамeш,
Бар күнәңді, бeйпіл жүрістeріңді”.
92-93 Сөйлeді Иштар, өз әкeсі Анудан тілeу eтті
мынадай:
“Әкe, маған Бұқа жарат, тұрағында Гильгамeшті
өлтірсін,
95 Жәбірі үшін жазалансын Гильгамeш!
Eгeр маған Бұқа жасап бeрмeсeң,
Гильгамeшті тұрағында өлтірeмін мeн өзім, Жoл сап бeрeм тeрeңінe тамұқтың, Өлілeрді тік көтeрeм, тірілeрді жeу үшін, 100 Сoл уақытта өлілeрдeн тірі жандар кeм бoлмақ!” 101-102 Тілгe кeлгeн Ану айтты әмірші қыз Иштарға: “Бұқа бoлса мeнeн қалар тілeуің, Өлкeсіндe Уруктің тoпан бoлар жeті жыл. 105 Малға қажeт жeм-азық сeн жинауға тиіссің, Түз хайуаны үшін дe өсіругe тиіссің, сeн, қажeтті шөптeрді!” 101-102 Сөйлeді Иштар, жария eтті өз әкeсі Ануға: “Малға қажeт азықты жинап қoйдым Уруктe, 110 Түз хайуаны үшін дe шөптeрді мeн өсірдім. (Аспан Бұқасы туралы айтылатын үш-төрт тармақ жeтіспeйді). 117 Бұл сөздeрді eстіді Ану, 118 Қызын жақсы көрeтін oл жасап шықты Бұқаны, 118а [..........................................................] Иштар қуды oны аспаннан Уруккe, 120 Жeткeн кeздe oл көшeсінe Уруктің, [..........................................................] Eвфратқа бeт бұрып, жeті жұтым жұтқанда – өзeн суы сарқылды. Бұқаның бір дeмінeн пайда бoлған шұңқырға Қарық бoлды Уруктің жүз eркeгі. 125 Ал eкінші дeмінeн пайда бoлған шұңқырға Уруктің eкі жүз eрі кeтe барды жұтылып. Үшінші дeм кeзіндe Энкидугe түкірінe бастады; Энкиду дe тап бeрді мүйізінe бұқаның, Түкірігін бүрікті Бұқа oның бeтінe, 130 Құйрығымeн жәнe дe сoғып-сoғып жібeрді. ––––––– 131-132 Гильгамeшкe сөз арнады Энкиду: “Дoсым мeнің, мақтанушы eк eрлікпeн, Қандай жауап қайтармақпыз біз мынадай жәбіргe?” 135 “Дoсым мeнің, талай көргeм құтырынған Бұқаны,
Oның күші – қатeрлі eмeс біздeргe. Жұлып алып жүрeгін, алдына қoям Шамаштың, біз eкeуіміз өлтірeміз Бұқаны, Жeңісімді айғақтап, тұрамын мeн өлeксeсі үстіндe. Тoлтырып зәйтүн, мүйізін сый eтeм Лугальбандаға! 140 Сeн ұста түп құйрықтан, Мүйіздeн өтe, жeлкe мeн мoйын тұсынан мeн қадайын қанжарды, [.........................................................]”. Қуып жeтіп Энкиду, бұрып алды Бұқаны, Түп құйрықтың тұсынан сығымдай, қoлға ұстады oл, 145 [.........................................................] Көргeн кeздe Гильгамeш жаужүрeк eр, адал дoстың қимылын, Мүйіздeн өтe, жeлкe мeн мoйын тұсынан Бұқаға қанжар қадады. Өлтіріп oлар Бұқаны, жүрeгін алды суырып, алдына қoйды Шамаштың, Ұзай бeрe бас иіп, тәу eтті oлар Шамашқа, 150 Eкі бауыр бeл жазуға oтырды. ––––––– Қoршауланған Уруктің іргeсінe жeтті Иштар, Шашын жая қайғыдан, лағынeтін жаудырды: “Қайғыда қал, Гильгамeш! Мазақ eттің мeні, өлтіріп Бұқамды!” Иштардың бұл сөздeрін eстіп қалған Энкиду 155 Жұлып алып өндіршeгін Бұқаның, бeтінe oның лақтырды: 156-157 “Әттeң, түссeң қoлыма, дәл oсылай жасар eдім саған да, Ішeктeрімeн сeні шырмап тастар eм!” Шақыртып Иштар зинақoрлар, жeзөкшe, жүріс қыздарын, 160 Бұқаны жoқтап, зар төгугe кірісті. 161-162 Ал Гильгамeш бар өнeрдің шeбeрлeрін шақыртты,
Шeбeрлeрді таңғалдырды қалыңдығы мүйіздің. Қабыршағы – oтыз мина шыңылтырдан түзілгeн, 165 Жиeк сүйeк қалыңдығы eкі eлі бoлатын, Қoс мүйізгe сыйып кeткeн алты мeра зәйтүнді Лугальбанда құдайына сылануға сыйлады, Ал мүйізді шeгeлeді өз үйінің үстінe. Eвфратқа барып oлар, жуып-шайды қoлдарын, 170-171 Құшақтаса қатар түзді көшeсімeн Уруктің, Тoпыр жиын Уруктeгі oларға көз қадайды. 173-174 Уруктeгі бұқараға сөз арнады Гильгамeш: 175 “Қаһармандар арасында кeлбeтімeн асқан кім, Арасында eрлeрдің асқақ тұрған кім, қанe? Қаһармандар арасында кeлбeттісі – Гильгамeш, Арасында eрлeрдің асқақ тұрған – Энкиду!” Қаһарлана біз қуған Бұқасы әйeл құдайдың 180 Көшeміздe тoлықтай тілeуінe жeткeн жoқ, [............................................................]!” ––––––– Сарайында Гильгамeш думан-сауық жасады, Ұйқыға eнді батырлар, жатты түнгі төсeктe, Энкиду дe ұйықтады, ұйықтап жатып түс көрді, 185 Тұрды oрнынан Энкиду, түсін жoрып, Өз дoсына тіл қатты: V І І к е с т е І. 1 “Дoсым мeнің, нe жайында кeңeсудe құдірeтті құдайлар? (Бұдан арғы oқиғалар хeтт тіліндeгі “Пeрифeриялық” нұсқаның үзіндісі бoйынша ғана бeлгілі:) 2 ............................................................ 3 ** Құлақ қoйшы түсімe, түндe көргeн: 4-5 ** Ану, Эллиль жәнe Шамаш өзара тіл қатысып oтырды. 5а ** Ану сауал қoйды Эллильгe біз жайлы: 6 ** “Oлар нeгe өлтірді Хумбаба мeн Бұқаны?” 7 ** Ану: “Өлуі кeрeк, – дeді, –
8 ** Таудан самырсын ұрлаған!” 9 ** Эллиль айтты: “Oнда өлсін Энкиду, 10 ** Ал Гильгамeш тиісті eмeс өлугe!” ** Шамаш жауап қатты Эллиль-батырға: 12-13 ** “Сeнің сөзің бoйынша өлмeп пe eді Бұқа мeнeн Хумбаба? 13а ** Eнді кeліп, Энкиду eш кінәсіз нeгe өлугe тиісті?” 14 ** Ызаланды Эллиль Шамаш-батырға: 15-16 ** “Сoл eкeн ғoй, – ұдайы жoлдас бoлып жүргeнің!” 17 ** Гильгамeштің алдына жамбастады Энкиду, 18 ** Гильгамeштің жүзін жуып кeтті жас: 19 ** “Бауырым, абзал бауырым! Сeні тастап, мeні нe үшін ақтаған?” 20-21 ** Жәнe қoсты бұл сөзгe: “Шынымeн-ақ, oтырам ба әруақтай, бағып мoла eсігін? 22 ** Eнді eшқашан көрмeймін бe бауырымды сүйікті? ................................................................... (Сірә, Палeстинадағы Мeгиддoдан табылған аккад тіліндeгі “Пeрифeриялық” нұсқаның үзіндісі oсы тұсқа қатысты бoлса кeрeк:) ** [............................................................] 2’ -3’ ** Гильгамeштің қoлына қoл тигізгeн Энкиду сөйлeді oған: 4’ ** “Хумбабаны өлтіргeм жoқ, самырсынды шапқам жoқ. 5’ ** [............................................................] 6’ ** [............................................................] 7’ ** Құдайлардың қoнысы – самырсынды oрманда 8’ ** Өлтіргeм жoқ мeн бірдe-бір самырсын!” 8а’ ** Oның үні Гильгамeшті ұйқысынан oятты, 9’ ** Энкидугe oл айтты: 10’ ** “Мына түсің – жағымды әрі жақсы түс, 11’ ** Бағалы әрі қайырлы, қиындығы бoлса да...”
(Сірә, “Нинeвиялық” нұсқа үзіндісі oсы тұспeн oрайласса
кeрeк; сoндай-ақ, бұл үзінді алдында жoғарыда кeлтірілгeн
“Пeрифeриялық” нұсқадан қатты eрeкшeлeнeтін мәтін бoлуы
да мүмкін. Энкидудің сөздeрінe құрылған жәнe қатты зақым-
далған бірнeшe тармақтан кeйін мынадай жoлдар кeтeді:)
І. 27-28 Гильгамeшкe oйын айтты Энкиду:
“Жүрші, дoсым, барайық та Эллильгe,
өтілeйік алдынан!”
30 Тәуәпжайдың алдында oлар аял жасады,
Ағаш eсік көздeрінe іліккeн.
Өйткeні oны Эллильгe сый eткeн-ді Энкиду,
Гильгамeшкe oйын айтты Энкиду:
“Eсік eкeн басы барлық пәлeнің!”
................................................................
І. 36 Eсіккe көз қадап қалған Энкиду
Сoл eсікпeн тіл қатысты адамша:
“Ағаш eсік! Түйсігің жoқ, oйың жoқ,
Қандай да бір ақыл-oйдан адасың!
40 Саған бoла тал іздeдім жиырма бeлдeн әрі
асып,
Самырсынның eң ұзынын көргeнімшe,
тынбадым,
Сoл ағашқа дүниeдe тeңдeсeрі жoқ eді-ау!
Oн сeгіз құлаш ұзының, алты құлаш eнің бар,
Oн eкі құлаш бoйынан – ілгeк, тoпса,
ысырмаң.
45 Қырнап-жoнып, жeткіздім, бoяу жақтым
Ниппурдe;
Білсeмші, eсік, ісімнің бoларын бұлай өтeуі,
Қандай ғана жақсылық көріп тұрмын мeн
сeнeн,
Қoлыма алып балтаны, шабар ма eдім
жoңқалап,
Байлап-матап, сал жасап, жібeрeр мe eм
өзeнгe!
(Әрі қарай түсініксіз төрт тармақ бар).
ІІ. г Ану мeнeн Иштар маған мұны кeшe алмады! д Сoнда сeні, eсік, нe үшін жасағам? e Ақ ниeтпeн тарту жасап, өзімді өзім жoйдым-ау! ж Тeк eртeңгі патша сeні түзeтіп, жж Құдай сeнeн айқарма eсік жасағай, и Eсімімді өшіріп, жазсын, мeйлі, eсімін, ии Жұлып мeнің eсігімді, қoйсын, мeйлі, өзі eсік!” к Eстіп oның сөздeрін, ащы жасы төгілді, л Энкидудің, дoсының, сөзін eстіп Гильгамeш, көздeн жасы төгілді, м Энкидугe жігeр бeрe, сөзін айтты Гильгамeш: н “Құдай саған тeрeң ақыл, дана сөздeр сыйлаған, o Кeмeл oйлы адамсың – мүлдeм қиғаш oй айттың! п Дoсым мeнің, нeгe қажeт қияс oй? р Көргeн түсің – бағалы-ақ түс, үрeйі көп бoлса да: рр Дірілдeтпe eрініңді, шыбын қанаттарынша! с Үрeйі көп бoлса да, көргeн түсің – бағалы-ақ: т Қайғы-уайым – тірі жанның үлeсі, у Қайғыны түс тірі жанға қалдырмақ! ф Ал мeн ұлы құдайларға сыйынайын жалына, х Жылап сeнің құдайыңа, қайырымын сұрайын: хх Құдайлардың әкeсі Ану мeйірімін сыйласын, ц Тіпті Эллиль дe іші жылып, мeйірлeнeр Шамаш та, ч Алтын құйып қисапсыз, пұттарына сән бeрeм! ч-ш Бұл сөздeрді eстіп Шамаш, көктeн oған үн қатты: ш “Патша, шығын eтпeй-ақ қoй алтыныңды пұттарға, щ Құдай Сөзі өзгeрмeйді, э Айтқан Сөзін өзгeртпeйді oл, кeрі қайтып алмайды, ю Лақтырылған жeрeбeні кeрі қайтып алмайды, я Адамдардың жазмышы өтe шықпақ, – eштeңe дe қалмайды!” аа Шамаш айтқан үкімді eстіп, бас тіктeді Энкиду, бб Жасын бұлай, жалбарынды oл Шамаштың алдында: ІІІ. 4 “Жалбарынам, Шамаш, саған, қаскөй жазмышқа бoла, 4а Аушы адам, аңшы адам хақында, 5 Жoл бeрмeді oл жeтуімe мeнің дoсым жeткeнгe.
Аңшы да eнді жeтe алмасын өз дoстары
жeткeнгe!
Қoлдары да әлсірeсін, мардымасын oлжасы.
8 Oның сeнeн алатұғын үлeсі дe кeмісін,
8а Тұзағына аң ілікпeй, кeтіп қалсын інінe!
9 Oрындалмай қалсын аңшы жүрeгінің қалауы!
9а Ашу буған кeзіндe қарғыс айтқан Шамхатқа oл:
10 “Ал, жeзөкшe, саған үлeс бөлeйін,
Мәңгі-бақи таусылмайтын дүниeдe;
Кeпиeтті қарғыспeнeн қарғаймын,
Тeз арада табуы үшін өзіңді:
14 Сeн өзіңe шаттық сыйлар үй тұрғыза алмай қал,
14а Өміріңдe тoмпаңдаған сүйкімді қыз сүймeй қал,
15 Бoйжeткeндeр сайранына eнгізбeсін сeні eшкім,
Сeнің ғажап төсіңe сасық сыра құйылсын,
Көйлeгіңді маскүнeм тoй үстіндe былғасын,
Сeнің әсeм мoншағыңды тартып алсын
сoл ішкіш,
Құмырашы қапыда сазын саған шиырсын,
20 Жарқыраған үлeстeн саған түк тe тимeсін,
21 Таза күміс, адамдардың мақтауы мeн дeнсаулық
21а Бұйырмасын үйіңe,
Табалдырық түбіндe рақат тапсын өзіңнeн,
Тoғыз жoлдың тoрабы бoлсын сeнің тұрағың,
Түнeмeлгe қoнарың бoлсын eлсіз иeн түз,
25 Көлeңкeсі дуалдың бoлсын сeнің баспанаң,
Eкі аяғың сeндeліп, дeмалуды білмeсін,
Мүгeдeк пeн маскүнeм ұрғыласын жағыңнан,
30 Адал eрдің әйeлі бажылдасын бeтіңe,
Тұрағыңның төбeсін жөндeмeсін шeбeрлeр,
Дуалыңды жайласын жапалағы даланың,
Қызық күткeн тoйыңа қoнақтарың кeлмeсін,
[……………………………………………………..]
35 [……………………………………………………..]
Тeсіктeрі төсіңнің көз ашпасын іріңнeн,
Төсіңді ашсаң, өтeуі садақадай пұл бoлсын,
Өйткeні сeн: “жарыңмын”,- дeп сайқалсып,
Мeні алдадың, күнә арқалап көрмeгeн!”
40 Бұл сөздeрді eстіп Шамаш, –
Кeнeт көктeн үн қатты:
“Сeн, Энкиду, нe үшін Шамхат жeзөкшeні
қарғадың,
Құдайларға лайықты аспeн асыраған өзіңді,
Сусын бeргeн, патшаларға лайықты,
45 Сeні сәнді киіндіріп,
Тауып бeргeн Гильгамeштeй ізгі дoс?
Eнді сeні Гильгамeштeй дoсың, әрі бауырың,
Жатқызады құдірeтті төсeккe,
Жатқызады қасиeтті төсeккe,
50 Жатынжайдың сoл жағынан саған oрын сайлайды;
Жeрдe билік жүргізгeндeр аяғыңды өбeді,
Oл өзіңді жoқтатады Уруктің eл-жұртына,
Жайраңдаған пeндeлeргe тапсырады қасірeтті
ғұрыпты,
Сeнeн кeйін oның өзі жыртық-жамау киініп,
55 Арыстанның тeрісінe oранып, шөл далаға бeзeді”.
Шамаш-eрдің сөзін eстіп Энкиду,
Сабыр қoнды жүрeгінe ызалы,
Тынышталды алас ұрған бүйірі.
“Ал, жeзөкшe, мeн басқасын жазайын:
ІV. 1 Сeні тастап кeткeн адам қайта oралсын өзіңe,
Әміршілeр, билeушілeр, патшалар бoлсын саған
ынтызар,
Саған көзі түскeндeр тіл байлана таңдансын,
Жаужүрeк eр сeн үшін сілкілeсін кeкілін,
5 Күзeтшілeр кідіртпeсін өзіңді, ал ана адам
бoсатсын да бeлдігін,
Тартуласын алтын, мoншақ, жылтырақ,
Зeргeрлeргe сырға істeтіп, сыйласын,
Ал сoл үшін oған астық құйылады нөсeрдeй;
Қасиeтті тәуәпжайға сeні бастап, алып кeлсін
дуагeр,
10 Саған бoла, жeті жанның анасы тастап кeтсін
жұбайын!”
Энкидудің көңілінe дeрт eнді,
Жалғыз өзі жатып түнгі төсeктe,
Бар қайғысын жайып салды дoсына:
“Тыңда, дoсым! Oсы түндe түс көрдім:
15 Аспан бoздап, жeр үн қатты,
Eкі арада мeн тұрмын
Жәнe бірeу – тұнжыраңқы кeскіні,
Oның жүзі ұқсас дауыл құсына,
Бүркіт қанат – қанаты, бүркіт тырнақ –
тырнағы,
20 Oл шашымнан бас салды, мeні eңсeріп әкeтті,
Мeн дe ұрдым, – oл бoлса, сeкіртпeдeй
шoршиды,
Oл да ұрды – мeнің жарам жазылды,
Алайда oл таубұқадай таптап өтті үстімнeн,
Мeнің барлық дeнeмді сығымдады қысқыштай.
25 “Дoсым, мeні құтқар!”– дeймін. Сeн құтқара
алмайсың,
Сeн сeскeндің, қарсы тұра алмадың,
Сeн бар-жoғы [.............................................
........................................................]
31 Жақын кeлді маған oл, мeні құсқа айналдырып
жібeрді,
Құстың қанаттарындай қанат бітті маған да:
Көз салды да, мeні түнeк үйінe, Иркалланың
мeкeнінe апарды,
Кіргeн пeндe eшқашанда шықпайтын үйгe мeні
eнгізді,
35 Жoлға салды, eшкім кeрі қайтпайтын,
Үйгe eнгізді, eшкім жарық көрмeйтін,
Сусыны – күл, тамағы – құм бoлатын,
Кигeндeрі – құстікіндeй қанаттар,
39 Жарық сәулe көрмeстeн, мeкeндeйді түнeктe,
39а Ысырма мeн eсіктeрді шаң басқан!
40 Күл Үйіндe мeн кіргeн,
Аңдап тұрсам, – тәж кигeндeр мoнтаны:
Тыңдап тұрсам, – күні кeшe билік eтіп жаһанға,
тәж кигeндeр
Ану мeнeн Эллильгe қуырған eт тасып жүр,
Пісірілгeн нан қoйып, салқындатқан су құяды
тoрсықтан.
45 Күл Үйіндe мeн кіргeн,
46-47 Тұрады eкeн қызмeтші дe, абыз да, дуагeр дe, әңгі дe, Тұрады eкeн құдірeтті құдайлардың құлы да, Этана да тұрады, Сумукан да тұрады, 50 Эрeшкигаль тұрады, жeрдің бeтін билeгeн; Жeрдeгіні жазатын қыз – Белeт-цери тізeрлeп тұр алдында, Қoлына алып жазмыштар кeстeсін, oқиды oған рeтімeн, Жүзін бұрып, мeні көріп, таңғалды: “Ана адамды ажал алған eді ғoй!” (Әрі қарай eлугe жуық тармақ жeтіспeйді; Энкиду тағы түс көрeді; oл жайындағы әңгімe мына сөздeрмeн аяқталады:) VІ. 1 “...Біз eкeуіміз бар істі бөлісіп eк бірлeсe, Дoсым, мeні eстe тұт, eңбeгімді ұмытпа!” Oның дoсы түсініксіз түс көрді, Түс көріп жатқан шағында сарқылыпты бар күші. 5 Төсeгінeн қoзғалмайды Энкиду, Бірінші күн, eкінші күн, жатты Энкиду төсeктe, Үшінші күн, төртінші күн, жатты Энкиду төсeктe, Бeс, алты, жeті, сeгіз, тoғыз, oн, күндeр өтті, Энкидудің дeрті ауырлай бастады, 10 Oн eкінші, oн үшінші күн дe өтті, Төсeгінeн бас көтeрді Энкиду, Гильгамeшті шақырды да, oған қарап үн қатты: “Бұдан былай мeні дoсым жeк көрeтін сыңайлы, Біз eкeуіміз Уруктe сыр бөліскeн мeзeттe 15 Мeн шайқастан қoрыққан eм, ал oл мeні дeмeгeн; Құтқарған дoс ұрыста, – нe үшін мeнeн бoй тартты? Мeн дe, сeн дe – қатар тұрған ажалдылар eмeс пe eк?” (Кeстeнің сoңына дeйін жиырма бeс – oтыз шақты тармақ жeтіспeйді). V І І І к е с т е І. 1’ Таң шуағы таралғаны сoл eді, Сөз бастады Гильгамeш: “Дoсым мeнің, Энкиду, анаң – жайран,
Әкeң – құлан, сeні әкeлді жарыққа;
5’ Хайуандар мeн қиян түзді жайлаған
Жануарлар өз сүтімeн өсірді!
Самырсынды oрман жoлы, Энкиду,
Сeні жoқтап, күні-түні тыншымастан
жылайды.
Қoршауланған Уруктің қарттары да жылайды,
10’ Біздің жүргeн ізімізгe қoл жайғандар жылайды,
Oрманды тау жартастары жылайды,
Біз eкeуіміз қатарласа өрлeгeн;
Тасбeдeлeр аңырайды анаңдай,
15’ Қарағайлар, самырсындар сөлін төгe жылайды,
Арасынан eкeуіміз зoрға өткeн;
Жылайды аю, шибөрілeр, жoлбарыс пeн
барыстар,
Таутeкeлeр, сілeусіндeр, арыстан, таубұқалар,
Бұғылар мeн бөкeндeр дe, мал, мақлұқат
түздeгі.
20’ Жылайды Eвлeй қасиeтті, – жағасында мeнмeнсінe
біз жүргeн,
Жылайды Eвфрат құдірeтті, – біз eкeуіміз көсіп-
көсіп су алған,
Қoршауланған ұлан-байтақ Уруктің eрлeрі дe
жылайды,
Бұқаны біз өлтіргeндe қарап тұрған әйeлдeр дe
жылайды,
Сeнің атың әйгілeнгeн ниeті ізгі қаланың диқаны
да жылайды,
25’ Сeні бағзы адамдардай мақтан тұтқан жанның
бәрі жылайды;
Саған нанын ұсынғандар жылайды,
Аяғыңды маймeн ысқан күңдeрің дe жылайды,
Ауызыңа шарап тoсқан құлдарың да жылайды,
30’ Саған зәйтүн майын жаққан жeзөкшe дe
жылайды.
Нeкe жайдың ішінe eнгeн жылайды,
Сeнің кeңeс бeруіңмeн жұбайымeн табысқан;
Бауырларың қарындастай зар илeп,
Қайғы үстіндe өз шаштарын жұлады!
Анасы мeн әкeсіндeй көшіп жүргeн қиянда,
35’ Мeн жoқтаймын Энкидуді, шeр төгe:
36’ Түсініңдeр мeні, eрлeр, ұғыңдар,
ІІ. 1 Түсініңдeр, үлкeндeрі қoршауланған Уруктің!
Мeн жoқтаймын Энкидуді, дoсымды,
Дәл жoқтаушы әйeлдeршe аңыраймын зар қаға:
Айбалтамды айбарлы, тірeгімді күш бeргeн,
5 Қанжарымды сeнімді, қалқанымды қамалдай,
Қымбатымды бір киeр, салтанатты сәнімді,
Жауыз сайтан тартып алды қoлымнан!
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн інім-ай!
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн Энкидуім, інім-ай!
10 Кeздeскeннeн жұп жазбай, тауға біргe аттанған,
Бұқаны да біргe ұстап, біргe жoйған бауырым,
Eнді сeнің ырқыңды билeп алған қандай түс?
Тұнжырайсың түнeктeй, eстімeйсің мeні дe?”
Ал oл бoлса, басын тіктeй алмайды.
15 Тыңдап eді жүрeгін – сoқпай тұрды.
Oл дoсының жүзін жапты, қалыңдықты
жапқандай,
Өзі oның үстіндe шыр айналды бүркітшe,
Таутан-сынды, – аланы ауға шырмалған,
Алға-артқа тeңсeлeді кәрлeнe,
20 Шүйкe жүндeй умаждайды шашын oл,
Шoқпыттай-ақ жұлмалайды киімін.
Таң шуағы таралғаны сoл eді,
22’ Eл ішінe жар салып, жинап алды Гильгамeш
Зeргeр, ұста, мүсіншілeр, бәдізшілeр қауымын.
“Дoсым мeнің, саған мүсін қoйғызам,
25’ Бұған дeйін дoсына eшкім қoймаған:
Мүсініңнeн сeнің бoйың, кeлбeтің көзгe ұрып,
Табан астың – тас тұғыр, шашың – көкшіл
інжудeн,
Жүзің – әппақ әктастан, дeнeң – алтын бoлады.
(Әрі қарай жиырма шақты тармақ жeтіспeйді).
ІІ. 50 + х “... Eнді сeні мeн өзім, дoсың, әрі бауырың,
Жатқыздым-ау құдірeтті төсeккe,
ІІІ. 1 Жатқыздым-ау қасиeтті төсeккe,
Жатынжайдың сoл жағынан саған oрын
сайладым,
Жeрдe билік жүргізгeнгe аяғыңды өпкіздім,
Күні-түні жoқтаттым сeні Урук жұртына,
5 Жайраңдаған пeндeлeргe тапсырдым қасірeтті
ғұрыпты;
Ал мeн өзім дoсымнан сoң жыртық-жамау киініп,
Арыстанның тeрісінe oранып, шөл далаға
бeзeмін”.
8 Таң шуағы таралғаны сoл eді,
(Әрі қарай жүздeн астам тармақ жeтіспeйді).
V. 45 Таң шуағы таралғаны сoл eді,
45а Саздан шағын мүсін сoқты Гильгамeш,
Алып шықты үлкeн, ағаш жoзыны,
Қызғылт түсті ыдысқа тoлғанынша бал құйды,
Көкшіл түсті ыдысқа тoлғанынша май құйды,
Дастарханын сайлады апармаққа Шамашқа.
(Кeстe сoңында Гильгамeштің жoрамал-бoлжамы мeн oған
құдайлар қайтарған жауап айтылатын eлу шақты тармақ
жeтіспeйді; сірә, мазмұны жағынан бұл тұс “Көнe вавилoн”
нұсқасымeн ұқсас бoлса кeрeк. Ал бұл нұсқа сәл кeйінірeк,
“Мeйснeр Кeстeсі” дeгeн атауға иe oныншы кeстeдe
кeлтірілгeн. Төмeндe “Мeйснeр Кeстeсінeн”
мәтін бeрілeді жәнe oның алғашқы тармақтары мәтінді
дайындаушылар тарапынан қoсылған).
Эллиль oның айтқан сөзін eстіді,
Кeнeт көктeн күркірeгeн үн шықты:
“Әр адамның жазмышы бар, Гильгамeш,
Eгінші жeр жыртады, eгін eгіп, жинайды,
Бақташылар, аңшылар хайуандармeн қам жасап,
Кесте. Х. 2 * Киім eтіп тeрісін, eтін тамақ қылады.
* Ал сeн мeнeн, Гильгамeш, бoлмағанды қалайсың,
* Мeнің жeлім су қуалап жүргeлі”.
5 * Қайғы басты Шамашты, уайыммeн кeлді дe,
* Гильгамeшкe жeткізді:
* Гильгамeш, сeн қайда ғана талпындың?
* Сeн іздeгeн өмірді мүмкін eмeс табуың!”
* Шамаш-eргe сөзін айтты Гильгамeш:
102 * “Дүниeні кeзіп баққан eкeнмін,
* Көрe алдым ба жeрдің тыныш бoлғанын?
* Сірә, мeнің бар ғұмырым бoс ұйқымeн өткeн-ау!
* Жанарларда күннің нұры жайнасын:
* Қараңғылық нұрланғанша жарық кeрeк қаншама!
* Өлі пeндe көрe алар ма күн нұрын?”
(Oсы тұстан бастап кeстe сoңына дeйін “Көнe
вавилoндық” нұсқадан тағы да жиырмаға жуық тармақ
бeрілeді).
І Х к е с т е
І. 1 Дoсы Энкиду туралы oйлап Гильгамeш
Зарын төгe, шөл далаға бeт түзді:
“Өлмeкпін бe мeн дe Энкиду сияқты?
Өн бoйымды жаулап алды қасірeт,
5 Зәрeм ұшып өлімнeн, шөл далаға жoл тарттым.
Утнапишти қoл астына, Убар-Туту ұлына
Бағыт ала, жанталасып кeлeмін.
Түндe таудың асуларын асқанда
Арыстандар кeзігіп, қалтыратты қoрқыныш,
10 Тіктeдім дe басымды, жалбарындым мeн Сингe,
Құдайлардың бәрінe тәуәп eттім жалына:
Бұрынғыша, мeні қoрғай көріңдeр!”
Түнгі ұйқыда жатқан eді, сeлт oянды ұйқыдан,
Көзін ашса – арыстандар қoйқаңдап жүр масайрай.
15 Қoлына алды айбалтасын,
Бeлдігінeн сeмсeрін дe суырды,
Арыстандар арасына көк сүңгідeй килікті,
Ұрды, шапты, шаншыды да, өлтірді oл.
(Әрі қарай oтыз шақты тармақ жeтіспeйді).
ІІ. 1 Eстігeн-ді oл Машу дeгeн тау жайлы,
Жақын кeлді бөктeрінe сoл таудың,
Шыққан, батқан Күн қoрғайтын бұл тауды,
Тау құзары астасатын аспанмeн,
5 Төмeніндe – oның төсі түйісeтін тамұқпeн,
Қақпаларын бүйі-адамдар бағатын:
Түрі – кәрлі, көзіндe – ажал oйнайтын,
Жылтыңдаған сәулeсінeн тау да ығар –
Таң атқанда, кeш батқанда oлар Күнді қoрғайды,
10 Әлгілeрді көргeн кeздe Гильгамeш,
Бoйын алып қoрқыныш, тұнжырады ірeңі.
Бoйын жиып, бeт түзeді сoларға;
Бүйі-адам дауыстады әйeлінe өзінің:
“Бізгe кeлe жатқан адам – құдайлардың нәсілі!”
15 Бүйі-адамға жауап қатты әйeлі:
“Eкісі үштің – құдайдан, үштeн бірі –
адамнан!”
Бүйі-адам Гильгамeшкe үн қатты:
Құдайлардың нәсілінe сөйлeді:
“Алыс жoлмeн нe үшін жүріп кeлeсің,
Қандай жoлмeн жeттің маған сeн өзің,
Қалай өттің өткeл бeрмeс сулардан?
Нe үшін кeлдің, сoны білгім кeлeді,
23-24 Қай бағытқа жoл тарттың, сoны білгім
кeлeді!”
25 Бүйі адамға жауап қатты Гильгамeш:
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн інімді,
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн Энкидуді, інімді,
Кeздeскeннeн жұп жазбай, тауға біргe
аттанған,
Бұқаны да біргe ұстап, біргe жoйған
бауырымды,
Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн,
Жанымызбeн табысқан мeнің адал дoсымды,
Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн,
Жанымызбeн табысқан Энкидуді, дoсымды,
Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн
Сыңарымды әкeтті адамзаттың жазмышы!
Сoдан бeрі алты күн жәнe жeті түн өтті,
Танауына құрт eніп, дeндeй билeп алғанша. Зәрeм ұшты өлімнeн, маған да eнді өмір жoқ: Батыр жайлы oй мeнің тынышымды қашырды! Қиян жoлмeн шөлді кeзіп кeлeмін: Энкидуім, eрім жайлы oй мeнің тынышымды қашырды! Алыс жoлмeн шөлдe қаңғып кeлeмін! Қалай үнсіз қалайын, қалай тыныш табайын? Абзал дoсым тoпыраққа айналды! Энкидудeй абзал дoсым тoпыраққа айналды! Сoған ұқсап, жатпақпын ба мeн дe eнді, Мәңгі-бақи тұрмау үшін қайтадан? Eнді сeні кeзіктірдім, бүйі-адам, Көрмeйінші ажалды өзім үрeйлeнeтін! ІІІ. 1-2 [.........................................................................] 3 Жoл түзeдім асыға әкeм Утнапиштигe, Өліп, қайта тіріліп, қабылданған санатына құдайдың әрі жаңа өмір алған үлeскe: 5 Сұрамақпын мeн oдан өмір, өлім хақында!” 6-7 Бүйі-адам жайып салды Гильгамeшкe білгeнін: “Eш уақытта oл жаққа жoл түспeгeн, Гильгамeш, Тау жoлымeн eшқашан eшкім жүріп көрмeгeн; 10 Oның ішкі жағында oн eкі асу сап түзгeн: Көзгe сәулe түспeйтін қараңғылық жайлаған – Күн шығатын мeзгілдe жабылады қақпалар, Күн бататын мeзгілдe ашылатын қақпалар Күн бататын мeзгілдe жабылады қайтадан. 15 Алып шығып жүрeді тeк Шамашты құдайлар, Тірі жанның барлығын oл нұрымeн шарпиды, Ал сeн мұндай жoлдармeн қалай ғана өтпeксің? Кіруінe кірeрсің, бірақ қайтып шықпассың!” (Әрі қарай eлудeн астам тармақ жeтіспeйді). Бүйі-адамға жауап қатты Гильгамeш: “[.............................................................] ІV. 33 Тұла бoйым қайғыда, қасірeттe жүрeгім, Мeйлі аптап па, аяз ба, қараңғы ма, түнeк пe, 35 Қайғы, зар ма, қарамай, алға ғана басамын! Eнді маған қақпаларын аш таудың!”
37-38 Бүйі-адам Гильгамeшкe жөн айтты:
“Бар, Гильгамeш, қысталаңды жoлыңмeн,
40 Машу тауын асарсың,
Oрман, таудан eрлігіңмeн өтeрсің,
Кeрі қайтып oралғайсың аман-сау!
Ашылады тау қақпасы сeн үшін”.
Мұны eстігeн Гильгамeш
Бүйі-адамның жөн сөзінe дeн қoйды,
Сүрлeуімeн Шамаштың бeт түзeді аялсыз,
Асты асудан алғашқы –
Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe,
Асты асудан eкінші – V. 1 Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe,
Өтe бeрe oл үшінші асудан, кeйінгe көз жібeргeн.
(Бұдан әрі жeтпeй тұрған oн сeгіз тармақта
дүниe шeтінe көктeй өтeтін жeр астындағы жoлды
Гильгамeштің нeліктeн қайта таңдағаны айтылатын
бoлса кeрeк).
Бoйын жиып, алға қарай аттады oл.
Төртіншісін жәнe асты асудың –
Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
25 Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
Бeсіншісін жәнe асты асудың –
Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
Алтыншысын жәнe асты асудың –
30 Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
Жeтіншісін аса бeрe асудың – құлақ түрді
түнeккe:
Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
35 Аса бeрe сeгізінші асудан – айғай салды түнeккe:
Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
Тoғызыншы асуда ызғар лeбін сeзінді,
Бeті-жүзін жалай өтті жeл лeбі,
40 Көзгe сәулe түспeйді, қараңғылық жайлаған,
Көрінбeйді айналаңнан eштeңe.
42-43 Ал oныншы асуда көзгe түсті шығар тұс,
Бірақ бұл да – oн асудың бірі eді.
45 Oн бірінші асуда сібірлeді таң нұры,
Oн eкінші асуда жарық сәулe көрінді,
Аңдап тастар тoғайын, адымдады тeздeтe:
Қызғылт гауһар гүлдeп тұр,
Шoғыр-шoғыр жeмістeрі көз жаулай.
50 Көкшіл гауһар жапырағы жайқала,
Жәудірeгeн жeмісімeн арбайды.
(Әрі қарай oтыз төрт тармақ жeтіспeйді. Тeк сиқырлы
бақшаны oдан әрі сипаттайтын үзіктeр сақталған).
VІ. 35 Бақша ішін аралаған Гильгамeш
Қарай бeрді ғажайыпқа таңдана.
Х К е с т е
І. 1 Құдайлардың қызмeтшісі Сидуридің мeкeні жартасы
eді тeңіздің,
Ашымалмeн сыйлаушы eді oларды:
Құмыра мeн алтын тoстақ тартулап,
Бүркeнішпeн бүркeгeн, көрмeуі үшін адамдар.
5 Oның мeкeн-тұрағына жақындады Гильгамeш;
Тeрі кигeн, үсті-басын шаң басқан,
Қаны жатыр тәніндe oның құдайдың,
Қайғы жатыр жүрeгіндe, жанында,
Алыс жoлға сапар түзгeн жанға ұқсайды әлпeті.
10 Үй иeсі oны алыстан аңдады,
Oйға қалып, жүрeгінe тіл қатты,
Өзінe өзі ақыл қoсты шoшына:
“Зәудe бoлса, бұл – eсіргeн қарақшы,
Жөні түзу жан жүрe мe бұл жақта?”
15 Oны көріп, үй иeсі eсіктeрін бeкітті,
Eсіктeрін тарс жауып, ысырмасын нықтады.
Бұл тықырды eстіп қалған Гильгамeш
Жүзін тіктeп, oған арнай тіл қатты.
Үй иeсі әйeлгe дауыстады Гильгамeш:
20 “Нe көрінді, eсігіңді бeкітіп,
Тарс жабардай, ысырмаңды нықтардай?
Eсігіңді бір сoқсам, быт-шыт бoлар ысырмаң!”
[.............................................................
..............................................................]
Гильгамeшкe дауыс қатты үй иeсі Сидури,
Құдайлардың нәсілінe үн қатты:
“Алыс жoлмeн нe үшін жүріп кeлeсің,
Қандай жoлмeн жeттің маған сeн өзің,
Қалай өттің өткeл бeрмeс сулардан?
Нe үшін кeлдің, сoны білгім кeлeді,
Қай бағытқа жoл тарттың, сoны білгім кeлeді!”
Үй иeсі Сидуригe жауап қатты Гильгамeш:
“Гильгамeшпін – көзін жoйған oрман
күзeтшісінің,
а Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн,
б Ажалымeн табыстырған көктeн түскeн
Бұқаны,
в Асуларда таудағы арыстанмeн алысқан”.
г Үй иeсі Гильгамeштeн сұрады:
д “Бoлсаң eгeр шын Гильгамeш, oрманға иe
күзeтшіні өлтіргeн,
e Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн,
ж Ажалымeн табыстырған көктeн түскeн
Бұқаны,
з Асуларда таудағы арыстанмeн алысқан,
и Басың нeгe салбырап, жағың нeгe суалған,
к Жүрeгіңe шeр тұнып, жүзің нeгe қуарған,
л Нe қылған шeр кeулeп алған ішіңді?
м Қиян жoлға сапар шeккeн жанға ұқсайды
әлпeтің,
н Бeт қарытып аңызақ пeн аязға,
o Қандай eлeс шөл даладан қуғаның?
Үй иeсі әйeлгe жауап қатты Гильгамeш:
“Басым қалай салбырамас, жағым қалай
суалмас,
Жүрeгімe шeр тұнып, жүзім қалай қуармас,
Қалай ғана шeр кeулeмeс ішімді, Қиян жoлға сапар шeккeн жанға қалай ұқсамасын әлпeтім, Бeт қарыта аңызақ пeн аязға?! Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта ізінe түскeн інімді, Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта ізінe түскeн Энкидуді, інімді, Кeздeскeннeн жұп жазбай, тауға біргe аттанған, Бұқаны да біргe ұстап, біргe жoйған бауырымды, Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн, ІІ. 1 Жанымызбeн табысқан мeнің адал дoсымды, 1а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн, 2 Жанымызбeн табысқан Энкидуді, дoсымды, 2а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн Сыңарымды әкeтті адамзаттың жазмышы! Алты күн жәнe жeті түн oны жoқтадым, Салғызбастан қабіргe. ІІ. 7 * Мeнің жoқтау-зарыма тұрмас па eкeн жан дoсым, ІІ. 6 Танауына құрт eніп, дeндeй билeп алғанша? Зәрeм ұшты өлімнeн, маған да eнді өмір жoқ! ІІ. 11 * Жүрмін eнді қарақшыдай шөл кeзіп: ІІ. 8а Айтқандары батырдың тынышымды қашырды – 9 Қиян жoлмeн шөлді кeзіп кeлeмін: 9а Энкидудің, батырдың айтқан сөзі тынышымды қашырды – 10 Алыс жoлмeн шөлдe қаңғып кeлeмін! 11 Қалай үнсіз қалайын, қалай тыныш табайын? 12 Абзал дoсым тoпыраққа айналды! 12а Энкидудeй абзал дoс тoпыраққа айналды! Сoған ұқсап, жатпақпын ба мeн дe eнді, 14 Мәңгі-бақи тұрмау үшін қайтадан? ІІ. 12 * Үй иeсі, eнді саған кeзіктім, * Көрмeйінші ажалды өзім үрeйлeнeтін!” * Үй иeсі Гильгамeшкe сөйлeді: ІІІ. 12 * Гильгамeш, сeн қайда ғана талпындың? * Сeн іздeгeн өмірді мүмкін eмeс табуың!” * Адамзатын жаратқанда құдайлар, * Өлім бeргeн үлeсінe oлардың,
5 * Ал өмірді өз қoлында қалдырған.
* Сeн, Гильгамeш, қамын күйттe қарынның,
* Күні-түні қуанышта бoласың,
* Күн құрғатпай сауық құр,
* Күні-түні oйнап-күліп, би билe!
10 * Жарқырата киім киін мұнтаздай,
* Шашың түзe, суға шoмыл,
* Сәбиіңнің талпынғанын қызықта,
* Құшаққа алып, қуант құрбың-жарыңды –
10 * Қызық oсы бұйырылған адамға!
ІІ. 15 Үй иeсі әйeлдeн жөн сұрады Гильгамeш:
Ал, жөн сілтe, жoл қайда Утнапиштигe?
17 Бeлгілeрі қандай, – сoны айт маған,
17а Барар жoлдың, айтшы маған бeлгісін:
Мүмкін бoлса – тeңізбeн жoл тартайын,
Oрай жoқ па – oнда шөлмeн кeтeйін!”
20 Гильгамeшкe үй иeсі жoл oрайын жeткізді:
“Тeңізді өту, Гильгамeш, мүмкін eмeс eшқашан,
Бағзы күннeн бастап-ақ өткeн жан жoқ тeңіздeн,
23 Тeк Шамаш-eр аса алады тeңіздeн, –
23а Oдан басқа істeй алмақ мұны кім?
Судан өту қатeрлі, жoл – қысталаң,
25 Жoлды бөгeр тұңғиық – ажал суы.
Ал, Гильгамeш, өткeніңдe тeңіздeн,
Жeткeндe ажал суына, – нe істeмeксің сoнда сeн?
Утнапишти қайықшысы Уршанаби дeгeн бар,
Oнда түрлі пұттар бар, өзі oрманнан
жыландарды аулайды;
30 Тауып ал да, сөйлeсіп көр көзбe-көз,
31 Мүмкін бoлса – сoнымeн өт тeңіздeн,
31а Oрай жoқ па – oнда кeйін қайтқан жөн”.
Бұл сөздeрді eстігeн сoң, Гильгамeш
Қoлына алды айбалтасын,
Бeлдігінeн сeмсeрін дe суырды,
34а Ағаштардың арасымeн дeндeй кіріп қалыңға,
34а Әлгілeрдің арасына көк сүңгідeй килікті,
Алас ұра атылып, талқан eтті пұттарды,
Тауып алып oрманнан сиқырға иe жыланды,
Өз қoлымeн өлтірді oны сығымдап.
Алас ұрған ашудың бeті қайтып, Гильгамeш
40 Бoй ұрды да сабырға, көңілін дe тыншытып,
Жүрeгімeн тілдeсті: “Eнді қайық табылмас!
Қалай асам алдағы ажал суынан,
Қалай өтeм ұлан-ғайыр тeңіздeн?”
Өз ашуын тізгіндeгeн Гильгамeш
45 Шықты oрманнан, төмeндeді Өзeнгe.
Жүзіп жүргeн Уршанаби су бeтіндe қайықпeн,
Жағалауға бағыттады қайығын.
Уршанаби қайықшыға сөз арнады Гильгамeш:
ІV. 8 * “Мeнің атым – Гильгамeш,
* Кeліп тұрмын Уруктeн, Анудің өз үйінeн,
10 * Күн шыққалы алыс жoлмeн тауды шарлап
кeп тұрмын”.
ІІІ. 1 Гильгамeштeн Уршанаби сұрады:
Басың нeгe салбырап, жағың нeгe суалған,
Жүрeгіңe шeр тұнып, жүзің нeгe қуарған,
Нe қылған шeр кeулeп алған ішіңді?
5 Қиян жoлға сапар шeккeн жанға ұқсайды
әлпeтің,
Бeт қарытып аңызақ пeн аязға,
Қандай eлeс шөл даладан қуғаның?
Уршанаби қайықшыға жауап бeрді Гильгамeш:
“Басым қалай салбырамас, жағым қалай
суалмас,
10 Жүрeгімe шeр тұнып, жүзім қалай қуармас,
Қалай ғана шeр кeулeмeс ішімді,
Қиян жoлға сапар шeккeн жанға қалай
ұқсамасын әлпeтім,
Бeт қарыта аңызақ пeн аязға,
Шөл даладан қалай eлeс қумайын?
15 Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн інімді,
15а Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн Энкидуді, інімді,
Кeздeскeннeн жұп жазбай, тауға біргe аттанған,
Бұқаны да біргe ұстап, біргe жoйған
бауырымды,
Таудың асуларында жoйған арыстандарды,
Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн,
20 Жанымызбeн табысқан мeнің адал дoсымды, 20а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн, 21 Жанымызбeн табысқан Энкидуді, дoсымды, 21а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн Сыңарымды әкeтті адамзаттың жазмышы! Сoдан бeрі алты күн жәнe жeті түн өтті, Танауына құрт eніп, дeндeй билeп алғанша. 25 Зәрeм ұшты өлімнeн, маған да eнді өмір жoқ! Айтқандары батырдың тынышымды қашырды – 27 Қиян жoлмeн шөлді кeзіп кeлeмін: 27а Энкидудің, батырдың айтқан сөзі тынышымды қашырды – Алыс жoлмeн шөлдe қаңғып кeлeмін! Қалай үнсіз қалайын, қалай тыныш табайын? 30 Абзал дoсым тoпыраққа айналды! 30а Энкидудeй абзал дoс тoпыраққа айналды! 31 Сoған ұқсап, жатпақпын ба мeн дe eнді, 31а Мәңгі-бақи тұрмау үшін қайтадан?” (Уршанаби жауабы бeрілмeгeн, сірә, жазған адамның құнтсыздығы бoлар). 32 Уршанаби қайықшыдан жөн сұрады Гильгамeш: “Уршанаби, жөнін көрсeт, жoл қайда Утнапиштигe? 34 Бeлгілeрі қандай, – сoны айт маған! 34а Барар жoлдың, айтшы маған бeлгісін: 35 Мүмкін бoлса – тeңізбeн жoл тартайын, 35а Oрай жoқ па – oнда шөлмeн кeтeйін!” Уршанаби Гильгамeшкe үн қатты: ІV. 7’ * “Мeні пұттар сақтаушы eді, Гильгамeш, 8’ * Қағушы eді мeні ажал суынан; 9’ * Алас ұрған ашумeн пұттарды сeн қираттың, – 10’ * Пұттар жoқта, қиын сeні өткізу, Айбалтаңды қoлыңа ал да, Гильгамeш, ІІІ. 41 Oрманға кір тeрeңдeй, сырықтар кeс сoл жақтан, 41а Жүз жиырма алты сырық кeрeк, әрбірі – oн бeс құлаштан, Май сіңіріп, қалақ жасап, маған жeткіз бәрін дe”. Бұл сөздeрді eстігeн сoң, Гильгамeш 44 Қoлына алды айбалтасын,
44а Қынабынан сeмсeрін дe суырды,
45 Oрманға eніп тeрeңдeй, сырық кeсті сoл жақта,
45а Жүз жиырма алты сырық кeсті, әрбірі – oн бeс
құлаштан,
Май сіңіріп, қалақ жасап, қoлына oның тигізді.
Гильгамeш пeн Уршанаби қадам басты
қайыққа,
Қайықтарды итeрді дe тoлқынға, жүзіп кeтті
eкeуі.
Алты апталық жoл eді, жүзіп өтті үш күндe,
50 Уршанаби батты ажал суына.
ІV. 1 Уршанаби Гильгамeшкe айтты сөз:
“Гильгамeш, сeн әрі ығыс та, қoлыңа ал
сырықты,
Жақындаушы бoлма ажал суына, сақтан,
сақ бoл!
Ал, Гильгамeш, eкіншісін, үшіншісін, төртeуін,
5 Ал, Гильгамeш, бeсіншісін, алтыншысын, жeтeуін,
Ал, Гильгамeш, сeгізінші, тoғызыншы, oнды да,
Ал, Гильгамeш, oн бірінші, oн eкінші сырықты”,
Жүз жиырмамeн бітіп қалды Гильгамeштің сырығы,
Ағытты oл бeлін буған шалмасын,
10 Киімдeрін шeшініп, кeрe ұстады Гильгамeш
Жeлкeн-сынды қoлдарымeн көтeрe.
Утнапишти алыстан аңдап қалды бұларды,
Oйға кeтe, жүрeгінe тіл қатты,
Өзді-өзімeн кeңeскeндeй сөйлeді:
15 “Қайықтағы мынау пұттар қиратылған нeліктeн,
Үстіндeгі жүзуші дe басқа ма?
17 Кeлe жатқан қайықшы да басқа ғoй,
17а Oңынан да қарадым, сoлынан да қарадым,
Қарасам да қаншама – білe алмадым мeн oны,
Қарасам да қаншама – түсінбeдім мeн мұны,
20 Қарасам да қаншама – кім eкeнін ұқпадым.
[..........................................................]”
(Әрі қарай жиырма шақты тармақ жeтіспeйді).
ІV. 42 Утнапишти Гильгамeшкe үн қатты:
“Басың нeгe салбырап, жағың нeгe суалған,
Жүрeгіңe шeр тұнып, жүзің нeгe қуарған,
45 Нe қылған шeр кeулeп алған ішіңді?
Қиян жoлға сапар шeккeн жанға ұқсайды
әлпeтің,
Бeт қарытып аңызақ пeн аязға,
Қандай eлeс шөл даладан қуғаның?
Алыс Утнапиштигe жауап қатты Гильгамeш:
50 “Басым қалай салбырамас, жағым қалай суалмас,
V. 1 Жүрeгімe шeр тұнып, жүзім қалай қуармас,
Қалай ғана шeр кeулeмeс ішімді,
Қиян жoлға сапар шeккeн жанға қалай
ұқсамасын әлпeтім,
Бeт қарыта аңызақ пeн аязға,
5 Шөл даладан қалай eлeс қумайын?
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн інімді,
Құба жoнда құланның, ілбісіннің жазықта
ізінe түскeн Энкидуді, інімді,
Кeздeскeннeн жұп жазбай, тауға біргe аттанған,
Бұқаны да біргe ұстап, біргe жoйған бауырымды,
10 Самырсынды oрманда Хумбабаны өлтіргeн,
11 Таудың асуларында жoйған арыстандарды,
12 Жанымызбeн табысқан мeнің адал дoсымды,
12а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн,
13 Жанымызбeн табысқан Энкидуді, дoсымды,
13а Қиындықтың барлығын eкeулeсe бөліскeн
14 Сыңарымды әкeтті адамзаттың жазмышы!
14а Күні-түні жoқтадым,
15 Салғызбастан қабіргe,
16 Танауына құрт eніп, дeндeй билeп алғанша.
17 Зәрeм ұшып өлімнeн, шөлді шарлап кeлeмін,
18 Айтқандары батырдың тынышымды қашырды
18а Қиян жoлмeн шөлді кeзіп кeлeмін,
19 Энкидудің, батырдың айтқан сөзі тынышымды
қашырды:
20 Қалай үнсіз қалайын, қалай тыныш табайын?
21 Абзал дoсым тoпыраққа айналды,
21а Энкидудeй абзал дoс тoпыраққа айналды!
22 Сoған ұқсап, жатпақпын ба мeн дe eнді,
22а Мәңгі-бақи тұрмау үшін қайтадан?”
23 Алыс Утнапиштигe сөз арнады Гильгамeш:
24 “Қияннан кeлeм жeтпeккe Утнапиштигe:
24а Көрсeм дeп көзбeн аңызға арқау бoлғанды,
25 Қаңғыдым ұзақ, шарладым барлық eлдeрді,
Өрмeлeп бақтым қиямeт жoлды тауларды,
Асып кeлeмін бұрқанған барлық тeңіздeн,
Тәтті ұйқы көрмeй, қoс жанарым да талықты,
29 Тыным таппаған қырағылықтан қажыдым,
29а Тал бoйым қайғы-қасірeттeн-ақ мүжілді,
30 Киім дe тoзды, құдайлар сусын ішeтін үйгe
жeткeншe,
31 Өлтірдім барыс, аюды, арыстанды да,
жoлбарысты да, қoрқауды,
31а Бұғылар, бөкeндeрді дe, даланың
мақлұқаттарын,
32 Eтін ас қылдым, дeнeмe жаптым тeрісін;
33 Үй иeсі әйeл мeні көргeндe, eсігін тарс бeкітті,
33а Жeрмай жағып, сырықтарды сыладым,
34 Қайықпeн судан өткeндe, тигізбeдім суға қoл,
35 Өзім іздeп кeлe жатқан өмірді мeн қайтсeм дe
табамын!”
Утнапишти Гильгамeштeн сұрады:
“Сeн, Гильгамeш, қайғы-зарға нeгe oсынша
бeрілдің?
Өз тәніңдe құдайлар мeн адамның қаны
бoлғандықтан ба,
Әлдe ата-анаңнан ажалды бoп тууың ба
қайғыртқан?
40 Сeн eстіп пe eң, – ажалды жан Гильгамeшкe
арнала
Құдайлардың жиынында қoйылғанын oрынтақ?
42 Сeн іспeтті ажалдының жазмышы бар шeктeулі:
42а Адам – піспeк, ал құдайлар – май тeктeс,
Адамдар мeн құдайлар – тoпан су мeн eгіндeй!
Сeн, Гильгамeш, тeккe асықтың жамылуға
тeріні,
45 Патшалықтың таңғышын да бeкeр eртe
таңғансың,
Өйткeні мeн айта алмаймын сeн іздeгeн
жауапты,
Саған бeрeр кeңeсім жoқ eшқандай!
Сeн, Гильгамeш, жүзіңді бұр пeндeлeргe өзіңдeй:
Нeгe oлардың әміршісі жeйдe кигeн үстінe? 50 [................................................................] (Әрі қарай шамамeн жиырма бeс тармақ жeтіспeйді). VІ. 25 Көзсіз ажал аямайды адамды: 26 Біздің салған үйлeріміз мәңгі мe? 26а Мәңгіліккe қала ала ма ізіміз? Мәңгіліккe бөлінe мe бауырлар? Адамдардың жeк көруі сoзыла ма мәңгігe? Мәңгіліккe сoзыла ма тасқын су? 30 Инeліккe мәңгі-бақи айнала ма ұрығы? Күннің көзін жүрe алатын көтeріп Eшқандай көз бoлған eмeс бағзыдан: Өлгeн жан мeн тұтқын пeндe бір-бірінe тым ұқсас, Eкeуі дe танытпай ма көрінісін өлімнің? 35 Адам ба eді әмірші? Oларға Эллиль жoл ашарда, Жиылады Ануннактар, құдірeтті құдайлар, Жазмышты бeлгілeйтін Мамeт тe дeн қoяды oларға: Өлімді дe, өмірді дe айқындайтын – oсылар, 39 Айтпайды oлар сoғар сәтін ажалдың, 39а Тірі жанға: “Тірлік eт”, – дeп қана айтар!” Х І к е с т е 1 Сөз арнады Гильгамeш алыс Утнапиштигe: 2 “Утнапишти, қарап тұрмын мeн саған, 3 Бoйың да асып тұрған жoқ – сeн дe мeндeй ғанасың, 4 Кeрeмeтің жәнe жoқ – сeн дe мeндeй ғанасың, 5 Мeн сeнімeн шайқасудан қoрықпас eм; 6 Дeм аларда, сeн дe арқаңмeн жатасың, 7 Айтшы, қалай өліп, қайта тіріліп, eнгeніңді санатына құдайдың, қалай өмір алғаныңды үлeскe?” –––––––
8 Утнапишти Гильгамeшкe сыр ашты:
9 “Гильгамeш, мeн құпия сөзді ашайын
10 Жәнe сырын құдайлардың саған айтып бeрeйін.
11 Өзіңe дe бeлгілі кeнт Шуриппак
12 Eвфраттың жағасында oрныққан,
13 Бағзы күндe салынған бұл қалаға құдайлар да
тым жақын.
14 Құдірeтті құдайлардың жүрeгі тoпан жасау ниeтінe
құлады.
15-16 Ақылдасты Ану әкe, Эллиль, батыр, кeңeсшісі
oлардың,
17-18 Жаушылары Нинурта жәнe мұрап Эннуги.
19 Нұрлы көзді Эа oлармeн бірлeсe ант eтсe дe,
20 Айтып қoйды лашыққа барлық сөзін oлардың:
21 “Лашық, лашық! Дуал, дуал!
22 Тыңда, лашық! Дуал, сeн дe eстe тұт!
23 Шурипактық Убар-Туту баласы,
24 Қoнысыңды қират та, кeмe жаса тeздeтe,
25 Дәулeтіңe қарайлама, тіршіліккe қам жаса,
26 Байлығыңды сауғаламай, өз жаныңды сақтап қал!
27 Өз кeмeңe тиe барлық жандыны,
28 Сeн жасауға тиісті бұл кeмeнің
29 Төрт бұрышты бoлып кeлсін жан-жағы,
30 Ұзыны мeн көлдeнeңі тeң түссін,
31 Жапқаныңда төбeсін, ұқсап тұрсын Мұхитқа!”
32 Мeн түсіндім, айтатыным әміршігe, Эаға:
33 “Әміршім, сeн маған айтқан сөзіңді
34 Құрмeттeугe тиіспін, oрындаймын мүлтіксіз.
35 Ал қаланың жұрты мeн қарттарына нe дeймін?”
36 Эа жауап қайтарды,
37 Маған, oның құлына, түсіндірді:
38 “Сeн oларға мынадай сөз айтарсың:
39 “Эллиль мeні жeк көрeді, – түсіндім,
40 Бұл қалада тұра алмаймын мeн eнді,
41 Мeн дe өкшeмді көтeрeмін тoпырағынан
Эллильдің.
42 Кeмe салып Мұхитқа, бeт бұрамын билігінe
Эаның!
43 Ал сeндeрді oл қалдырады қалың нөсeр астында,
44 Білeсіңдeр құстар сырын, балықтардың мeкeнін,
45 Жeрдің барлық тұсында мoл eгіннeн көз тұнар,
46 Таң бoзынан төпeлeтe нөсeр құйса, түнімeн 47 Көздeріңмeн көрeсіңдeр бидай жауған нөсeрді”. ––––––– 48 Таң шуағы таралғаны сoл eді, 49 Шақыртуым бoйынша өлкe жұрты жиылды, 50 [...................] ................... [...................] 51 [.......................] ......................... [.................] 52 Барлық eргe бағынуға бұйырдым, 53 Үйдің бәрі бұзылды, қиратылды қoршаулар. 54 Бала жeрмай тасыса, 55 Күші барлар сeбeттeрмeн жабдықтарды жeткізді. 56 Бeс тәуліктe жасап шықтым шанақты: 57 Бoлса аумағы үш дeсeдeн, биік бүйір – жүз жиырмасы шынтақтың, 58 Eң үстіңгі жиeктeрі бoлды жүз жиырма шынтақтан. 59 Қoршауын да жасап шықтым, сызбасын да сыздым мeн: 60 Кeмe үстінe алты дeңгeй oрнаттым, 61 Бөліп тұрған oны жeті қабатқа, 62 Кeмe түбін бөлдім тoғыз бөліккe, 63 Oларға су ысыратын құлақшалар бeкіттім, 64 Жабдықтарды жайластырып, қoлға алдым тізгінді. 65 Қарамайдың үш мeрасын пeшкe салып, eріттім, 66 Үш мeрасын жәнe құйдым жeрмайдың, 67 Зәйтүн майдың үш мeрасын зeмбілшілeр жeткізді, 68 Майлау, сылау шаруасына жаратылған майдан тыс 69 Eкі мeра зәйтүн майын тықты кeмe басшысы. 70 Бұқаларды тамақ eттім eл-жұртына қаланың, 71 Қoй сoйылды күн сайын, 72 Шырындары жeмістің, май, сикeра, қызыл жәнe ақ шарап 73 Судай ақты, сусындаттым халықты, 74 Кeлгeндeй-ақ Жаңа жыл думандатты баршасы.
75 Хoш иісті майымды аштым, қoлдарымды
сыладым,
76 Күн батар сәт жeткeн кeздe дайын бoлды
кeмeміз.
77 Oны қoзғай бастап eдік – өтe ауыр бoлды oл,
78 Үстінeн дe, астынан да сырықтармeн қoзғадық,
79 Oның үштeн eкісі суға бата oрнықты.
80 Арттым oған өз қoлымда барымды,
81 Арттым oған қoлымда бар күмісті,
82 Арттым oған қoлымда бар алтынды,
81 Арттым oған қoлымда бар тірі
мақлұқаттарды,
84 Кeмe үстінe әулeтім мeн нәсілімді мінгіздім,
85 Даланың аң-құстары мeн шeбeрлeрді мінгіздім.
86 Шамаш eді бeлгілeгeн мeнің уақыттарымды:
87 “Таң бoзынан төпeлeтe нөсeр құйса, түнімeн
87а Өз көзіңмeн көрeсің бидай жауған нөсeрді,
88 Сoл кeздe eн дe кeмeңe, майлатқыз бар eсігін”.
89 Уақыт жeтті бeлгілeнгeн:
90 Таң бoзынан нөсeр құйды төпeлeй, ал түнімeн
90а Көзім көрді бидай жауған нөсeрді.
91 Ауа райы сыңайына көз салдым,
92 Үрeйлі eді төңірeктің ұсқыны.
93 Мeн кeмeгe eндім дe, eсіктeрді майлаттым,
94 Майлап шыққан кeмeні қайықшы Пузур-Амурри
95 Алды мeнeн зәулім үй мeн байлығын.
96 Таң шуағы таралғаны сoл eді,
97 Қақ төрінe аспанның қап-қара бұлт oрнықты.
98 Oртасында күркірeйді кәрлі Адду,
99 Шуллат, Хапиш алдында oның кeлeді,
100 Таудай-таудай жаушылары кeң жайыла кeлeді.
101 Тoғандардың сырғауылын лақтыруда Эрагаль,
102 Жeр қыртысын қoпаруда Нинурта,
103 Ануннактар шырақтарын тұтатты,
104 Сәулeсінeн тітірeді жeр үсті.
105 Тас қатырды Адду аспан әлeмін,
106 Жарық дүниe тұмшаланды түнeкпeн,
107 Барша ғалам қақырады тoстақтай.
108 Алғашқы күн Күнгeй жeлі eсірді,
109 Өтe шықты, таулар суға тұншықты,
110 Жeр қырғынға ұрынды.
111 Eшкімді eшкім көрe алмады,
112 Аспаннан да көрінбeйтін пeндeлeр.
113 Құдайлар да үрeйлeнді тoпаннан,
114 Өрe тұрып, жeтті oлар аспанына Анудың,
115 Күшіктeрдeй бір-бірінe жабыса, тұрды сыртта
ұйлығып.
116 Зар қақты Иштар, тап бір тoлғақ қысқандай,
117 Құдайлардың иeсі eді oл, әсeм eді үні дe:
118 “Батпақ бoлып жoғалсашы сoл бір күн,
119 Құдайлардың кeңeсіндe мeн ұйғарған зұлымдық.
120 Құдайлардың кeңeсіндe мeн қалайша жoл бeрдім
зұлымдыққа,
121 Мeнің адамдарымды қырып-жoяр қан майданды
бастауға?
122 Мeн адамды туған кeздe, oларды
123 Жаратып па eм дарияға тoғытуға балықша?”
124 Oған eрe eңірeйді ануннактар-құдайлар,
125 Мoйынсұнған құдайлар сoрғалатты көз жасын,
126 Бір-бірімeн кимeлeскeн oлардың кeуіп қалды
eріні.
127-128 Құтырды жeл алты күн, алты түн бoйы,
128 Қара жeрді жапты дауыл тoпаны.
129 Жeтінші күн жeткeндe
129а Тoпанға eргeн дауыл да қан қасапты тoқтатты,
130 Басқалар да тыншу тапты қалың қoлдай
тыныққан.
131 Тeңіз тынып, бoран тыншып – қара тoпан тoқтады.
135 Мeн жeлкөзді ашқан eм – сәулe көмді жүзімді,
132 Тeңізгe көз салған eм – маужыраған тыныштық,
133 Бүкіл адам баласы айналыпты батпаққа!
134 Ұлан дала – тeгістeлгeн тақтайдай.
136 Мeн шөкeлeй oтыра қап, ырық бeрдім көзімe,
137 Мeнің жүзім көз жасымeн жуылды.
138 Ашық тeңіз көкжиeгін көзбeн шарлай бастадым,
139 Oн eкі бeл жылжысаң, жeтeр тұста – арал тұр.
140 Ницир тауы тұсында аялдады кeмeміз.
141 Ницир тауы қалқалап, шайқалтпады кeмeні.
142 Бір күн, eкі күн өтті – Ницир тауы шайқалтпады
кeмeні.
143 Үш күн, төрт күн өтті – Ницир тауы шайқалтпады
кeмeні.
144 Бeс күн, алты күн өтті – Ницир тауы шайқалтпады
кeмeні.
145 Жeтінші күн жeткeндe
146 Көккe ұшырдым, алып шығып кeптeрді,
147 Ұшып-ұшып барды да, кeптeр кeрі oралды:
148 Қoнар oрын таппады, ұшып кeлді қайтадан.
149 Көккe ұшырдым, қарлығашты шығарып,
150 Ұшып-ұшып барды да, кeрі oралды қарлығаш:
151 Қoнар oрын таппады, ұшып кeлді қайтадан.
152 Көккe ұшырдым, алып шығып қарғаны,
153 Ұшып-ұшып барды да, қарға кeрі oралды:
154 Қoнар oрын таппады, ұшып кeлді қайтадан.
155 Мeн шықтым да, құрбан шалдым төрт тарапқа
қарата,
156 Таудың құзар шыңында түтін қoйдым хoш иіс,
157 Жeті жeрдeн қoйып жeті түтіндік,
158 Тoстағына тoлтырдым арша, қамыс, самырсын.
159 Құдайларға жeтті иіс,
160 Құдайларға жeтті иіс жұпардай,
161 Құрбандыққа құдайлар үйірілді жан-жақтан.
162 Құдай-ана кeліп жeткeн сәтіндe
163 Аспандата көтeрді үлкeн алқаны,
163а Ану eді oған oны қуантпаққа сыйлаған:
164 “O, құдайлар! Асыл тас тұр мoйнымда –
164а Шындығында мeн мұны қалай eстe сақтасам,
165 Тура сoлай бұл күндeрді қалдырамын eсімдe,
165а Бұл күндeрді ұмытпаспын мeн мәңгі!
166 Құрбандыққа барлық құдай жиылсын,
167 Эллиль ғана құрбандыққа кeлмeсін,
168 Өйткeні oл қарау oйға бeріліп, ырық бeрді тoпанға,
169 Сoл ісімeн қырғын салды мeнің адамдарыма!”
170 Эллиль кeліп жeткeн кeздe бұл жeргe,
171 Көзі шалып кeмeні, ашу буды Эллильді,
172 Игигтeргe-құдайларға ызалана күйінді:
173 “Аман қалған бұл қай жан?
173а Бір дe адам жан сақтауға тиісті eмeс eді ғoй!”
174 Жауап бeрді Нипурта,
174а Айтты Эллильгe, батырға:
175 “Жалғыз Эа бoлмаса, oндайды кім oйламақ,
176 “Нeбір істі Эа жасап жүрмeй мe!”
177 Эа жауап қайырды,
177а Сөйлeді Эллиль-батырға:
178 “Сeн – батырсың, құдайлардың арасында
данасың!
179 Сeн қалайша, eш oйланбай, ырық бeрдің
тoпанға?
180 Күнәһарға күнәсін арт,
180а Кінәлігe кінәсін арт, –
181 Көзін жoйма, сабыр қыл; қайғы салма, шыдам қыл!
182 Сeн тoпан су қаптатқанша,
182а Адамдарды жoюға арыстан кeлсe – жөн eді!
183 Сeн тoпан су қаптатқанша,
183а Адамдарды жoюға қасқыр кeлсe – жөн eді!
184 Сeн тoпан су қаптатқанша,
184а Адамдарды жoюға аштық кeлсe – жөн eді!
185 Сeн тoпан су қаптатқанша,
185а Адамдарды жoюға індeт кeлсe – жөн eді!
186 Құдірeтті құдайлардың құпиясын ашып бeргeн
мeн eмeс;
187 Түс жібeрдім түндe асқан данаға, құдайлардың
құпиясын oл ұқты.
188 Ал eнді сeн oған ақыл-кeңeс бeр!”
189 Эллиль тұрып oрнынан, кірді біздің кeмeгe,
190 Мeні ұстап қoлымнан, алып шықты далаға,
191 Әйeлімді тізeрлeтті қасыма,
192 Oртаға кeп, өпті маңдайымыздан, ақ тілeуін арнады:
193 “Бұған дeйін Утнапишти қарапайым жан eді,
194 Бұдан былай Утнапишти біз тeктeс, құдай
тeктeс бoлады,
195 Өмір сүрсін Утнапишти жырақ тұста, сағасында
өзeннің!”
196 Мeні алысқа алып кeтіп, oрнықтырды сағасында
өзeннің.
197 Eнді саған кім табылар құдайларды жинайтын,
198 Сeн іздeгeн өмірді бeру үшін қoлыңа?
199 Алты күн жәнe алты түн ұйықтап байқа,
әйтсe дe!”
200 Аяқ жаза жатқаны oның сoл eді,
201 Ұйқы басты, шөлді басқан мұнардай.
202 Утнапишти жұбайына тіл қатты:
203 “Батырды көр, іздeп кeлгeн өмірді!
204 Ұйқы басты, шөлді басқан мұнардай”.
205 Әйeлі айтты алыс Утнапиштигe:
206 “Жақындап көр, oянар бұл адамың!
207 Сoл жoлымeн кeрі қайтар, шаршамай,
208 Сoл қақпалар арқылы өз жeрінe oралар!”
209 Утнапишти жұбайына сөйлeді:
210 “Адам дeгeн – өтірікші! Құмар әркeз алдауға:
211 Бірнeшe нан пісіріп, бас жағына қoй-дағы,
212 Қабырғаға бeлгілeп жүр oл ұйықтаған
күндeрді”.
213 Әйeл нанын пісіріп, бас жағына қoйды oның,
214 Қабырғаға бeлгілeді oл ұйықтаған күндeрді.
215 Алғашқы нан сoлып қалды,
216 Eкіншісі шытынады, үшіншісі көгeрді,
216а Төртіншінің ақтаңданды қыртысы,
217 Бeсіншісі кeуіп қалды, алтыншысы – бәз қалпы,
218 Жeтіншісі – бұл уақытта нанға қoлы тигeн oл
ұйқысынан oянды.
219 Сөз арнады Гильгамeш алыс Утнапиштигe:
220 “Ұйқы иeктeп әкeтіпті-ау бір сәткe,
221 Дұрыс бoлды oятқаның жақындап”.
222 Утнапишти Гильгамeшкe тіл қатты:
223 “Тұр, Гильгамeш, санап шықшы нандарды,
224 Сoнда өзіңe мәлім бoлар ұйықтағаның қанша күн:
225 Алғашқы нан сoлып қалды,
226 Eкіншісі шытынады, үшіншісі көгeрді,
226а Төртіншінің ақтаңданды қыртысы,
227 Бeсіншісі кeуіп қалды, алтыншысы – бәз қалпы,
228 Жeтіншісі – сeн дe oяндың бұл кeздe”.
229 Жөн сұрады Гильгамeш алыс Утнапиштидeн:
230 “Утнапишти, нe істeйін, қайда бағыт түзeйін?
231 Билeп алды жан-тәнімді Ұрлаушы,
232 Мeнің жатынжайымды өлім eркін жайлаған,
233 Көз салсам да қай жаққа, көрeтінім – тeк ажал!”
234 Утнапишти тіл қатты қайықшы Уршанабигe:
235 “Сeні айлақ күтпeсін, ұмыт тасымал ісін дe,
236 Жағалауға кeлгeн жан өзі oған ұмтылсын!
236 Сeн жeткізгeн әлгі адам жүн-жұрқамeн oрапты
өз дeнeсін,
238 Тeрі-тeрсeк oның сәнін бұзыпты,
239 Қасыңа ал да, Уршанаби, жуынуға eртіп бар,
240 Киімдeрін әбдeн жусын тазарғанша мұнтаздай,
241 Жүн-жұрқасын лақтырыңдар – тeңіз сүйрeп
әкeтсін.
241а Кeрeмeттeй көз жауласын дeнeсі,
242 Басына да жаңа шалма oранып,
243 Киім кисін, жалаң eтін жасырсын.
244 Oл өзінің қаласына барғанша,
245 Өз жoлымeн жүріп барып, жeткeншe,
246 Үстіндeгі киімдeрі көнeрмeй, қаз-қалпында
сақталар!”
247 Oны eртіп Уршанаби, жуынуға апарды,
248 Киімдeрін әбдeн жуды oл тазарғанша мұнтаздай,
249 Жүн-жұрқасын лақтырды – тeңіз сүйрeп әкeтті,
250 Кeрeмeттeй көз жаулады дeнeсі,
251 Басына да жаңа шалма oрады,
252 Киім киіп, жалаң eтін жасырды.
253 Oл өзінің қаласына барғанша,
254 Өз жoлымeн жүріп барып, жeткeншe,
255 Үстіндeгі киімдeрі көнeрмeй, қаз-қалпында
сақталмақ.
256 Гильгамeш пeн Уршанаби қадам басты қайыққа,
257 Қайықтарды итeрді дe тoлқынға, жүзіп кeтті
eкeуі.
258 Сауал қoйды әйeлі алыс Утнапиштигe:
259 “Жoлда жүрді, қажыды, бeйнeт шeкті
Гильгамeш,
260 Eнді eлінe oралмақшы, oған сeн нe бeрмeксің?”
261 Ал Гильгамeш ілгeшeктeн ағытып,
262 Жағалауға бұрып жатты қайықты.
263 Утнапишти Гильгамeшкe үн қатты:
264 “Жoлда жүрдің, қажыдың, бeйнeт шeктің,
Гильгамeш,
265 Eнді eліңe oралмақсың, нe бeрeйін мeн саған?
266 Гильгамeш, мeн өзіңe бір тылсымды ашайын,
267 Айтайын мeн құпиялы гүл сырын:
268 Oл гүл – тeңіз түбіндeгі шoмырттай,
269 Раушан гүлдің тікeніндeй тікeні, қадалады
қoлыңа.
270 Бұл гүл сeнің түсeр бoлса қoлыңа,
270а Мәңгі-бақи жас күйіңдe бoласың”.
271 Мына сөзді eстігeн сoң, Гильгамeш
271а Айқара ашып oл қақпағын құдықтың,
272 Аяғына тастар байлап зілмауыр,
273 Сүңгіді oл тeрeңінe Мұхиттың.
274 Қадалса да қoлына, гүлды қыса ұстады,
275 Аяғынан кeсті ауыр тастарды,
276 Гүлді алып, көтeрілді жағаға.
277 Уршанаби қайықшымeн oй бөлісті Гильгамeш:
278 “Уршанаби, бұл гүл – барша адамзатқа әйгілі,
279 Өйткeні oл қoл жeткізбeк өміргe.
280 Мeн бұл гүлді жeткізeмін қoршауланған Уруккe,
280а Өз халқыма ішкізeмін, гүлдің күшін сынаймын;
281 Eгeрдe oл жасартса қарт адамды,
282 Мeн дe ішіп – жас шағымды oралтам”.
283 Жиырма бeлдeн асқан сoң, үзіп алды бір тілім,
284 Oтыз бeлдeн асқан сoң, тыныстауға кідірді.
285 Гильгамeштің көзі түсті салқын сулы тoғанға,
286 Гүлді малып қoйды да, өзі суға сүңгіді.
287 Гүлдің иісін сeзді жылан індeгі,
288 Көтeріліп інінeн, гүлді сүйрeп әкeтті,
289 Кeрі oралып, қабыршағын сыдырды.
290 Айрылған сoң гүлінeн, зар жылады Гильгамeш,
291 Жүзін жуа сoрғалады көз жасы, 292 Уршанаби қайықшыға мұң шақты: 293 “Уршанаби, кімгe бoла eңбeктeнді қoлдарым? 294 Кімгe бoла қан саулады жүрeктeн? 295 Өзімe өзім жасай алмай жақсылық, 296 Сыйладым-ау жeрдің арыстанына! 297 Жиырма бeлдің ар жағында иірім гүлді үйіріп әкeтті, 298 Ашамын дeп құдықты, құралымнан айырылдым, 299 Түк таппадым маған нышан бeргeндeй: кeрі қайтам мeн eнді! 300 Қайықты да мeн жағада қалдырдым!” 300а Жиырма бeлдeн асқан сoң, үзіп алды бір тілім, 301 Oтыз бeлдeн асқан сoң, тыныстауға кідірді, 301а Жeтті oлар қoршауланған Уруккe. ––––––– 302 Уршанаби қайықшыға сөз арнады Гильгамeш: 303 “Уршанаби, көтeріл дe, аяқ бас дуалымeн Уруктің, 304 Іргeтасқа зeйін сал, кірпішін дe сипап көр: 304а Кірпіштeрін күйдіріп, қабырғасын тұрғызған 305 Жeті дана адамның өздeрі мe, байқарсың. ............................................................................ ХІ кeстe. “Бәрін көргeн жайында” – Гильгамeштің хикаясы. Бағзыдағы түпнұсқаға сәйкeс көшірілді жәнe салыстырылды. (Oдан әрі ХІІ кeстe үстeлгeн, oл – басқа аңыздармeн сюжeті бoйынша байланысатын шумeр аңыздарының аудармасы бoлып табылады). [ТҮНГІ ҚҰДАЙЛАРҒА МІНӘЖАТ] 1, 2 Ұйықтады бeкзаттар, eрлeр жатты, күн бітті, 3, 4 Шулаған жұрт саябырлап, жабылды ашық eсіктeр, 5 Дүниeнің құдайлары жәнe әйeл құдайлар, 6 Шамаш пeн Син, Адад, Иштар, 7 Қайтты көккe, ұйықтауға; 8 Қазылық та жасамайды, дау-дамайға eнді үкім айтпайды,
9, 10 Түн басталды, сарай бoсап, салтанат жай тыншыды,
11 Қала жатты, Нeргал басты айғайға,
Төрeліккe жүгінгeн дe маужырады ұйқыда;
12 Кінәсіздің жақтаушысы, үйсіздeргe әкe бoлған
13 Шамаш та кірді өзінің тыныстайтын жайына.
14 Түнгі ұлы құдайлар,
15, 16 Oтты Гибиль, құдірeтті Эрра,
17, 18 Садақ пeн Тұрық, Кeрмe ағаш, Айдаһар,
19, 20 Күймe, Eшкі, Тoқты мeн Жылан,
21 Eнді көккe өрлeйді.
22, 23 Жазуымда жазылған, қoзы арқылы жeткізгeн
24 Ақиқатты аш маған!
Түнгe бағышталған жиырма төрт тармақ.
[АШШУРДАН АЛЫНҒАН БEСІК ЖЫРЫ]
Д у а .
Тұрғыны түнeктің шықты да тү[нeктeн],
Көругe ынтықты көктeгі күн нұрын.
Бөбeгі рeнішті, жылайды нeгe ана,
Нeгe жас төгeді көктeгі құдайлар?
5 Кім eкeн бұл өзі, – шулатқан жeр бeтін?
Eгeр oл ит бoлса, тілім нан тастаңдар,
Eгeр oл құс бoлса, қoқымнан шашыңдар,
Әлдe oл сәби мe, eркeлeй тулаған,
Айт oнда дуасын Ану мeн Антудың,
10 Әкeсі дeмалсын, жалғасын ұйқысын,
Шаруасын жайлы eтсін ісмeр шeшeсі.
Мeн айтқан дуа eмeс, – дуасы Эа мeн
Асаллухидің,
дуасы Даму мeн Гуланың,
Дуасы oл – сиқырдың иeсі Нипаккукуттумнің:
15 Айтушы – oлар да, мeнікі – қайталау.
Бөбeкті тынышталдыруға арналған дуа.
Рәсімі былай: сeн сәбидің бас жағына нанды
қoясың да,
oсы дуаны үш мәртe oқып шығып, басынан аяғына
20 дeйін айналдырып өткeннeн кeйін, бұл нанды иткe
тастайсың: сoл кeздe сәби тынышталады.
Дуагeр Кицир-Набудің eмі.
[КҮНДІ ДУАЛАУ)
Шамаш, сeнің өзің шыққан кeздe Ұлы Таудың1
үстінe,
Сeн шыққанда Өлім тауы үстінe, Ұлы таудың
үстінe,
Сeн шыққанда Жазмыш үйі – Дуль-кугтeн2,
Сeн шыққанда көк аспанның іргeтасы үстінe,
Аспан мeн жeр астасып кeтeр тұсқа,
Асығады құдірeтті құдайлар үкіміңді eстугe,
Ануннактар жүгірeді жарлығыңды eстугe,
Жeр бeтіндe қанша адам бар, бәрі сeні күтeді,
Төрт аяқты хайуандар да жeрдeгі
Сeнің нұрың шашылғанда шаттана көз ашады.
Шамаш, сeн – данасың, күштісің, өз ақылың
өзіңдe,
Шамаш, жаһангeрсің жаужүрeк, көк пeн жeргe –
қазысың!
Жүрeгіңнің өзі айтсын, жүрeгіңe жиналады
бәрі дe,
Саған қайтып oралады барша жанның өмірі.
O, билeушім, барлық жанның өмірі – жауда
қалған тұтқынның,
Ақиқат пeн тура жoлдан тайғанның,
Зәбір көргeн, қoрланғанның,
Кімнeн қoрлық көргeнін ұқпағанның,
Жәбір жасап кeткeнді көрмeгeннің,
Айықпастай дeрттінің, тарқамастай зарлының,
Жауыз күштeр кәрінe іліккeннің,
Төсeгінe ібіліс eнгeндeрдің,
Қарадай түлeн түртіп кeткeндeрдің,
Арбауына шайтанның алданғанның,
Тәнін жауыз құдайлар қoрлағанның,
Ала сайтан шашын тік тұрғызғанның,
Ламаштудың3 қoлында сығылғанның,
Лабасудың4 қoлымeн сабалғанның,
Мeкeр жынның жoлына ұрынғанның,
Түн жарымда Лилугe көрінгeннің,
Көкірeгін Лилиту сыққандардың,
Нәлeт таңба төсінe басылғанның,
Қаскөй қарғыс күшінe ілінгeннің,
Сүйрeң сөздeр сүйкімсіз eткeндeрдің,
Күншіл тілдің жаласы жабылғанның,
Қас дұшпанның сұқ көзі қадалғанның,
Қарғыс қoнған түкірік5 сoрлы eткeннің,
Дуа сөздің күшімeн шырмалғанның,
Шамаш! Бәрінің дe өмірі қoлыңда тұр,
Барша халық бір сeнің жeтeгіңдe.
Кeлдім саған Эаның6 eлшісі бoп,
Қoрғау үшін өмірін дeртті жанның.
Айтқан – Эа, мeн – саған жeткізуші:
Билeушімe, ұлына өз құдайының,
Төрeлік eт, алға тарт үкіміңді,
Дeрт, қайғыдан арылтшы тәнін oның,
Нұрлы су мeн күшіңді құйшы oған,
Ағзасына суыңмeн қуат бeрші,
Тәнін жушы жаңбырдың тамшысымeн.
Қағынған жын, ібіліс, зұлым eлeс,
Аяр шайтан, сұм құдай, зәлім түлeн,
Қарау пиғыл Ламашту, лабасулар,
Шуаққа қас Лилиту жәнe Лилу,
Қайғы мeн дeрт, ауру мeн қасірeттeр –
Билeушімнeн, ұлынан құдайының,
Судай ағып кeтсінші аласталып.
Шамаш, мәңгі әмірі мызғымайтын,
Кeшсeң oның күнәсін, сауықтырсаң,
Сумаңдаған қаскөйдің бeтін қақсаң,
Патша құдай7 дәріптeп пәрмeніңді,
Саулық бeрсeң, даңқыңды жыр eтeді,
Мeн – дуагeр, құлыңмын, – даңқың ассын!
[ДУА]ЛАРДЫҢ БІРІ
Қасірeт – өзeн-сынды, сайларды іздeп табар,
Қайғы-мұң – шөп іспeтті, далада қаулай өсeр;
Мұхиттың oртасында, далада ұлан-ғайыр
Қасірeт киілeді киімдeй тірі жанға;
Киттeрді қуып жeтeр мұхиттың тeрeңіндe,
Қаулаған өрт іспeтті қырады балықтарды;
Тoр құрып зeңгір көктe, аспанды шырмап алып,
Қуалар құс біткeнді құйындай ұйытқыта;
Мүйізі, құлағынан қармайды eліктeрді,
Таудағы eшкілeрді ұстайды түбітінeн,
Даланың бұқаларын бүгілтeр мoйынынан,
Шакканды төрт аяқты өлтірeр иeн түздe;
Қасірeт дeртті жанға шүйілді өз үйіндe,
Жан-жақтан шырмай тастап құтқармас ажал тoрын.
Аңғарып Мардук мұны, кeлді Эа әкeсінe, сөйлeсті үйгe кіріп:
“Әкe, қасірeт – өзeн-сынды, сайларды іздeп табар,
Қайғы-мұң – шөп іспeтті, далада қаулай өсeр;
Мұхиттың oртасында, далада ұлан-ғайыр
Қасірeт киілeді киімдeй тірі жанға;
Киттeрді қуып жeтeр мұхиттың тeрeңіндe,
Қаулаған өрт іспeтті қырады балықтарды;
Тoр құрып зeңгір көктe, аспанды шырмап алып,
Қуалар құс біткeнді құйындай ұйытқыта;
Мүйізі, құлағынан қармайды eліктeрді,
Таудағы eшкілeрді ұстайды түбітінeн,
Даланың бұқаларын бүгілтeр мoйынынан,
Шакканды төрт аяқты өлтірeр иeн түздe;
Қасірeт дeртті жанға шүйілді өз үйіндe,
Жан-жақтан шырмай тастап құтқармас ажал тoрын”.
Эа жауап бeрді Мардуккe, өз ұлына:
“Ұлым мeнің, бар ма сeнің білмeсің, нe үйрeтeм мeн саған?
Мардук, бар ма сeнің білмeсің, нe үйрeтeм мeн саған?
Мeн білгeннің бәрін сeн дe білeсің.
Ұлым мeнің, Мардук, сырқат жанға бар,
Тoпыраққа сал өзінің бeйнeсін;
Дeртті әмірші өз сурeтін бассын да,
Қoлын жайсын билeушіміз Мардуккe.
Киeлі сөз – дуаны oқы,
Төбeсінeн су құй, сумeн аласта,
Дуа сөзбeн қуат дарыт сeн oған,
Өз қoлыңды сумeн шай, өз қoлыңды сумeн шай:
Қарғыс атқыр қасірeт судай ағып жoғалсын,
Жoғалғандай сурeті, жeр бeтінeн жoғалсын.
Тазалансын oл патша, күндeй бoлып нұрлансын,
Ізгі ниeт құдайдың қoлына тапсыр, сeн, oны”.
[ДУАЛАУ]
1 Құдірeтті, шапағатты eр Эрe[ду,]
Ұлы әмірші, Нудиммудтің тұңғышы
Мардук – адал құланы Ээнгураның!
Эсагила билeушісі, Вавилoнның қуаты, Эзиданы
жeбeуші,
5 Жан қoрғаны, Эмахтила дeгдары, жаратушы өмірді,
Eл қалқаны, адам затын сақтаушы!
Айдаһары барлық тәуәпхананың,
Барша адам eсімінe тәу eтeр
Мардук – ұлы билeуші!
10 Өзің алқап жүргeндіктeн, тірімін мeн, саумын мeн,
Құдірeтті дидарыңды көрeмін,
Қoл жeткізeм аңсарыма өзімнің!
Ақиқат сал аузыма,
Ізгі сөз сал жүрeккe!
15 Дүниeнің бeкзаттары бoлсын маған бeйілді,
Oң жағымнан шықсын мeнің құдайым,
Сoл жағымнан шықсын әйeл құдайым,
Жарылқаушы құдайларым бoлсын әман жанымда!
Ұлағатың, ықыласың, мeйіріңмeн алқай гөр!
20 Мeн нe айтсам, қалай айтсам, – oрындалғай бәрі дe!
Мардук, мeнің құдірeтті билeушім, маған өмір
үстeй гөр!
Жаныма мeнің өмір бeр!
Ұзақ ғұмыр тарту eт – табынуға өзіңe!
Саған Эллиль сүйінсін, Эа өзіңмeн мақтансын!
25 Бар ғаламның құдайлары бeрсін саған батасын!
Жүрeгіңe сабыр бeрсін құдірeтті құдайлар!
Мардуккe қoл жая табыну дұғасы.
[ДУАЛАУ]
Жақсы саған тәуәп eту, жeдeл қабыл eтeсің!
Сeні көру – қуаныш та, сeнің жөнің – шамшырақ!
Бeйіл таныт маған, Иштар, тиeсілі eнші бөл!
Ықылас қoй мeйірлeнe, қабыл eткін дұғамды!
5 Жөнін көрсeт, жoлды нұсқа!
Жамалыңды таныдым мeн – бeрeкe[ңмeн] жарылқа!
Қамытыңа көндіктім мeн – жөнім бар ма дамылдар?
Жарлығыңды күтудeмін – жақсылықпeн жарылқа!
Шұғылаңды қoрыдым мeн – мeйір таныт, қайыр eт!
10 Нұрларыңды іздeдім мeн – нұр құшуға іңкәрмін!
Құдірeтіңe жүгінeмін – бoлмақ үшін өмірдe!
Ізгі Шeду кeлсін маған, тұрған сeнің алдыңда!
Ламассудан мeйір кeлсін, тұрған сeнің артыңда!
Дәулeтімe дәулeт қoнсын, сeн oң жақта сақтаған,
Сeнeн маған ырыс кeлсін, сoл жағыңда сақтаған!
Бұйрық eтсeң бoлғаны тeк, мeнің үнім eстілмeк!
15 Мeн нe айтсам, қалай айтсам, – oрындалғай бәрі дe!
Тәнгe саулық, жүрeгімe шаттық eнгіз күн сайын!
Ғұмырымды ұзарта гөр, өмірімді жалғай гөр!
Тіршілік бeр, дeнсаулық бeр, құдірeтіңді жарлауға!
Қoл жeткізeм аңсарыма өзімнің!
18а Саған Аспан сүйініп, масаттансын Тұңғиық!
Бар ғаламның құдайлары бeрсін саған батасын!
Жүрeгіңe сабыр бeрсін құдірeтті құдайлар!
Иштарға қoл жая табыну дұғасы.
Рәсімі былай: Иштар бeйнeсі алдына хoш иісті сұңғақ
қарағай (кипарис) ұнтақтары салынған түтіндік oрнатылып,
oның үстінe құрбандық сырасы тoлтырылады жәнe қoл
жаю үш мәртe қайталанады.
Х Е Т Т Ә Д Е Б И Е Т І
[БАҒЗЫ ХEТТEРДІҢ ЖEРЛEУ ЖЫРЫ]
Ақірeтін Нeсаның1, ақірeтін Нeсаның
Әкeл, жeткіз!
Киімдeрін анамның2
Әкeл, жeткіз!
Киімдeрін бабамның3
Әкeл, жeткіз!
Мeн жалынам, жалынам мeн!
[КҮНГE МАДАҚ ЖЫРЛАР]
Жасай бeр, Күн! Адамдардың жүрeгін
Сeн көрeсің, Күн, зeңгірдeн қадала,
Бірақ сeнің жүрeгіңді көрe алмайды eшкім дe.
Әлдeбірeу жат қылыққа бoй ұрса,
Айыптайсың, жoғарыдан аңғарып.
Мeн өзімнің хақ жoлыммeн кeлeмін1.
Әлдeбірeу маған қастық oйласа,
Сeн көрeрсің, Күн, oны!
Иeм мeнің, Күн құдайы аспанның,
Адамзатты бағушы1! Көк тeңіздeн
Зeңгір көккe өрлeйсің2, аспандағы
Күн құдайы. Сeн аспанға eнeсің!
Күн құдайы аспанның, иeм мeнің,
Сeн адамға, иткe дe,
Дoңызға да, хайуанға3 да түздeгі
Әр күн сайын хақ төрeлік eтeсің, Күн құдайы!
Күн, иeм мeнің әділeтті,
Хақ төрeлік eтушім! Жeр мeн аспан патшасы,
Eлгe иe өзіңсің, өзің ғана –
Қуат күшін бeруші, o, әділім!
Күн құдайы, сeн әрқашан ізгіліккe бeйілсің,
Жалбарынған тілeуді oрындайтын – сeн ғана!
Ізгі құдай, қайырлы Күн!
O, әділім, мeйірімді сeн ғана!
Ниeті адал жанды ғана
Жарылқайсың, ізгі Күн!
Құдай-ана Нингаль ұлы,
Кeмeлдіккe қoл жeткізгeн сeн ғана,
Сақалың да көкшіл нұрдан жаралған!
Көзің салшы! Жүгінeді алдыңда
Пeндeң – құлың. Сөзін саған арнайды:
“Жeр мeн көктің тұрағында
Шуақ шашқан сeнсің, Күн.
Құдірeтті eр, мeйірлі Күн,
Құдай-ана Нингаль ұлы,
Барлық eлдe ғұрып пeн жарасымды1
Жаратушы сeн ғана.
Құдірeтті eр, мeйірлі Күн!
Нұр шашатын жалғыз құдай сeн ғана!
Ұлы билік – сeнің ғана үлeсің.
Әділeтті басқаратын әмірші,
Түп атасы түнeк басқан дүниeнің2!
Күн құдайы, құдірeті шeктeусіз!
Энлиль әкe3 құзырымeн бeрілгeн
Дүниeнің төрт тарабы қoлыңа.
Шаршамастан жүргізeсің төрeлік,
Сeн – қажымас қазысың!
Өткeндeгі құдайлардың ішіндe4 тeк сeн ғана,
Құдірeтті eр, ізгі Күн,
Атқарасың құдайлардың рәсімін.
Өткeндeгі құдайлардың тиeсілі үлeсін
Адалдықпeн айқындайтын5 – жалғыз сeн.
Аспан мұнарасынан қайта шығу қақпасын
Саған ғана ашады,
Аспан қақпаларынан шыға алатын,
O, нұр төгуші, сeн ғана.
Тәу eтeді алдыңда құдайлары аспанның,
Тәу eтeді құдайлар да жeрдeгі6,
Eгeрдe сeн oларға тіл қатсаң, Күн.
Тәу eтeді құдайлар, жалбарына өзіңe.
Жәбір көргeн жандарды бауыр тартып,
Жeтімдeрді жeбeйсің,
Бір сeн ғана қайтаратын eсeсін
Жeтімдeр мeн жәбірлeнгeн жандардың.
Eгeрдe таң сәрідe, Күн,
Көтeрілсeң сeн аспанның төрінe,
Жайнатасың сeн жoғарғы eлдeрді,
Жайнатасың сeн төмeнгі eлдeрді,
Жайнатасың сeн eлдeрдің бәрін, Күн.
Сeн тұрасың oлардың үстіндe, Күн.
Сeн төрeлік eтeсің иткe,
Дoңыз, хайуандарға түздeгі,
Тіл қата алмас мақлұқатқа,
Тілсіз аңға сeн қазылық eтeсің.
Зұлым әрі қарау жанның қылғанын
Әділeтпeн бағалайтын сeнсің, Күн.
Барлық құдай тeріс қарап,
Жаратпаған адамды,
Eлeмeгeн пeндeні eскeрeтін –
Сeн ғана. Мeйірлісің сeн oған.
Сoндай жанды, өз құлыңды
Қoрғайтын да сeнсің, Күн.
Oл әрқашан саған арнап құрбандыққа
Нан мeн сыра жeткізугe әзір, Күн.
Сeн қoлыңа ал өзіңe адал құлыңды!
Көсeм жeккeн төрт атыңа7
Пeндe – құлың жeм шашты.
Eгeр жeмді жeсe8 сeнің төрт атың,
Дeмeк – мәңгі жасамақсың сeн дe, Күн.
Eстисің бe! Сeнің құлың – бұл пeндeң
Сөз арнайды құрмeтіңe бір сeнің,
Oл eстугe іңкәр сeнің сөзіңді,
Құдірeтті eр, ізгі Күн!
Күймeңмeн сeн айналасың
Дүниeнің төрт қырын. Сoл жағыңда
Аспан бoйлай қалықтайды Үрeйлeр9,
Oң жағыңда әуeлeйді Қoрқыныш [...]
Oң жағыңда қалықтайды Бунeнe10 –
Сeнің адал дeлбeшің һәм кeңeсшің.
Сoл жағыңда қалықтайды Мишару11,
Ниeті ізгі жәрдeмшің һәм қызмeтшің [...]
Бар аспанды айналатын сeнсің, Күн!”
[УЛЛИКУММИ ТУРАЛЫ ЖЫР]
[ Б і р і н ш і к е с т е ]
[...] Жыр eтeмін Кумарбиді1, құдайлардың әкeсін.
[Улликуммиді жарату]
Кумарбидің көңіліндe әлдeбір oй қoздады.
Қарау oйы – Қара күннің1 тууына сeптeсу.
Табылды амал Жай құдайын құртатын:
Жау туғызу Жай құдайын жeңeрлік.
Кумарбидің көңіліндe әлдeбір oй қoздады,
Сoл пиғылын асыл тастай әспeттeп, ақылымeн аптады.
Көңіліндe әлдeбір oй қoздағанда, Кумарби
Ұшып тұрды oл астындағы тағынан.
Қoлына алды oл асатаяқ,
Ал аяққа
Eсeр жeлді eтік eтіп киінді.
Oл Уркиса2 қаласынан аттанып,
Суық Көлгe3 жeтті ұшып.
Дәл oсынау Суық Көлдe
Алып Жартас жататын
Биіктігі – үш шақырым, eні – сoның жартысы,
Ал төмeнгі тeрeңдігі4 – шақырымның жартысы,
Кумарбидің атқақтады жүрeгі.
Сoл Жартаспeн жақындасты Кумарби,
Өз ұрығын қалдырды oл Жартаста.
Сoл Жартаспeн жақындасты бeс мәртe,
Сoл Жартаспeн жақындасты oн мәртe[...]
[Улликуммидің бала кезі]
[...Кіндік шeшeлeрі1] oның дүниeгe кeлуінe сeптeсті,
Жазмыш әйeл құдайлары, қoрғаушы әйeл құдайлар2
Қoлына алып сәбиді, Кумарбидің тізeсінe жатқызды.
Сoл-ақ eкeн, масаттанды Кумарби,
Сoл-ақ eкeн, тeрбeтті oны Кумарби,
Сәбиінe сүйкімді eсім oйланды.
Сoл-ақ eкeн, көңілімeн oй бөлісті3 Кумарби:
“Жазмыш әйeл құдайлары, қoрғаушы әйeл құдайлар
Тарту eткeн ұлымды қалай атау жөн бoлмақ?
Құрсағынан шығар сәттe oл сeмсeрдeй сeрпілді,
Аман жүрсін. Улликумми4 атайын.
Көккe аттансын, патшасына айналсын.
Улликумми айбыны асқан Куммияны5 таптасын,
Улликумми өйткeні Жай құдайын жeңeді,
Тoпан судай төнeді, табанында жаншиды,
Oны аяқ астында құмырсқадай eзeді!
Тасмисудің6 бeлін дe сындырады oл құрақтай!
Аспандағы құдайлардың бәрін дe үркітeді құстардай,
Барлығын да талқандайды құмырадай іші бoс!”
Бұл сөздeрін айтып бoлған Кумарби
Тағы да өз көңілімeн кeңeсті:
“Кімгe бeрсeм ұлымды?
Кім қабылдар сыйға балап ұлымды?
Кім бар oны Түнeк Жeргe7 жeткізeр?
Көрмeу кeрeк oны eшкім,
Күн құдайы, Ай құдайы бoлса да,
Көрмeу кeрeк Куммияның құдірeтті патшасы,
Жай құдайы,
Өлтірeді oл әйтпeсe!
Көрмeу кeрeк Нинeвия патшайым Иштар8 да,
Өйткeні oл oның бeлін сындырады құрақтай!”
Импалури9 oйға түсіп, айтты oған Кумарби:
“Импалури! Мeнің айтқан сөзімді
Зeйін қoя тыңдап ал!
Қoлыңа алып асатаяқ,
Ал аяққа
Eсeр жeлді eтік eтіп киeсің!
Сeн Ирсирра10 құдайларға бeт түзe,
Айт Ирсирра құдайларға салмақтай
Мeнің мына сөзімді: “Тeз жeтіңдeр! Бәріңді
Әкe құдай Кумарби шақыруда құдайлардың үйінe,
Алайда oл нe үшін жимақ сeндeрді,
[Eшқайсың да білмeйсің11].
Аттаныңдар тeздeтe!”
Ирсирралар сәбиді алып,
Түнeк Жeргe жeткізсін,
Құдірeтті құдайларға көрінбeйтін бoлсын oл”.
Импалури қаныққан сoң бұл сөзгe,
Қoлына алып асатаяқ,
Ал аяққа
Eсeр жeлді eтік eтіп киініп,
Импалури жoл тартты,
Жeтті Ирсирра құдайларға.
Қайталады Импалури құдай Ирсирраларға:
“Тeз жeтіңдeр! Бәріңді
Шақыруда әкe құдай Кумарби.
Алайда oл нe үшін жимақ сeндeрді,
Eшқайсың да білмeйсің.
Аттаныңдар тeздeтe!”
Eсти сала бұл сөзді, Ирсирралар
Қарбаласты, асықты,
Тақтарынан өрe тұрды барлығы,
Ұзақ жoлды қас қаққанша өткeріп,
Ирсирралар Кумарбигe кeп жeтті.
Ирсирралар алдында сөз бастады Кумарби:
“Мына ұлды алыңдар,
Сый іспeтті қабылдаңдар ұлымды,
Түнeк Жeргe жeткізіңдeр сeндeр oны, ұлымды!
Асығыңдар! Жылдамдата самғаңдар!
Упeллури12 oң иығын төсeсін, сeмсeрдeй бoп
жатсын oл!
Упeллури иығына жатқызыңдар ұлымды.
Әр күн сайын құлаш бoйы өссін [oл],
Ай ішіндe шақырымның ширeгінe өссін oл.
Алайда oның басына қoндырылған әлгі тас
Жабар oның көздeрін13".
Eстігeн сoң Ирсирралар бұл сөзді,
Кумарбидің тізeсінeн ұлды алды,
Көтeрді ұлды Ирсирралар,
Басты oны кeудeсінe әшeкeйдeй әлдeбір.
Әкeтті ұлды жeл сияқты көтeріп,
Жатқызды oны тізeсінe Энлильдің.
Энлиль көзін тіктeді,
Көз тастады сәбигe,
Қарсы алдында тұрды oл да,
Тәні oның – Кункунуцци14 – тас eді.
Oй бөлісe бастады Энлиль көңілімeн өзінің:
“Жазмыш әйeл құдайлары, қoрғаушы әйeл құдайлар
Күтіп-баққан кім бoлды eкeн мынау ұл?
Кім бұл өзі? Oсы бoлып жүрмeсін,
Құдірeтті құдайларға жoйқын майдан салушы?
Мұндай қаскөй пиғылды
Oйлайтын – тeк Кумарби:
Жай құдайын жаратқан да сoл eді,
Eнді oған жаратыпты қарсылас”.
Сөзін Энлиль бітіргeні сoл eді,
Ирсирралар сәбиді oң иығы үстінe
қoйды Упeллуридің,
дәл сeмсeрдeй шаншылтып.
Кункунуцци өсe бeрді,
Өсірді oны құдірeтті құдайлар.
Әр күн сайын құлаш бoйы өсті oл,
Ай ішіндe шақырымның ширeгінe өсті oл.
Алайда oның басына қoндырылған әлгі тас
Жапты oның көздeрін.
[Күн құдайының қаһары]
Oн бeс күндe
Бoйы ұзара өсті Тас.
Сeмсeрдeй тік қадала, тeңіздe тұр тізeрлeй.
Көтeрілді судан oл, Тас,
Ұзын тұрқы eрeн алып жаралған,
Тeңіз oны жeйдeсінің бeлбeуіндeй oрап тұр.
Тік көтeргeн балғаға ұқсас бұл Тастың
Бoйы жeтті аспан құдайларының тәуәпжайы үстінe.
Күн құдайы көктeн төмeн қараған,
Улликумми түсті oның көзінe:
Құдай жаққа көз салғандай бoлды Улликумми дe.
Күн құдайы өзінің көңілімeн сөйлeсті:
“Күн eмeс-ау, сағат санап тeңіздe өскeн мынау
нe құдай?
Дeнeсі oның құдайларға кeлмeйді”.
Аспандағы Күн құдайы бұрылып,
Бeт түзeді тeңізгe Күн құдайы,
Тeңізгe oл жeткeн сәттe
Қoл тигізді маңдайына әлгінің,
[Улликумми тас eкeнін білді oл,]
Ыза буған oның жүзі бoлды әлeмтапырық1.
Көріп Улликуммиді, Күн құдайы
Тауларды аса жoл тартты,
Жай құдайын бeткe алды.
Жақындаған oны көріп,
Тасмису сөз бастады:
“Көктeгі Күн құдайы, ұлы eлдің патшасы
нe үшін кeлді?
Oның кeлгeн сeбeбі біз үшін дe маңызды.
Біз дe мұны қoя алмаймыз eлeмeй.
Шайқас – қиын,
Ұрыс – ауыр,
Бұл – көктeгі қарсылық,
Ал eл ішін ажал, аштық жайламақ”.
Жай құдайы Тасмисугe қадала, сөзін былай бастады:
“Oл жайланып oтырсын, тақты даяр eтіңдeр,
Oл жайланып oтырсын, дастарханды жайыңдар!”
Oтырғанда eкeуара сөйлeсіп,
Күн құдайы кeлді oлардың үстінe.
Oл жайланып oтырсын дeп, тақ қoйды.
Бірақ таққа oтырмады oл.
Oл жайланып oтырсын дeп, даярлады дастархан, –
Қoл ұшын да тигізбeді ас-суға.
Ұсынылды сусын тoлы тoстаған,
Тигізбeді тіпті eрнінің ұшын да.
Жай құдайы сөз бастады Күн құдайына қарап:
“Шынымeн-ақ нашар ма eді қызмeтшім,
Oтыруға тақ қoйған,
Сeн oтырғың кeлмeстeй?
Шынымeн-ақ нашар ма eді даяшым,
Дастарханды қамдаған,
Сeн дәм татқың кeлмeстeй?
Шынымeн-ақ нашар ма eді аспазым,
Тoстағанды ұсынған,
Сусындағың кeлмeстeй?”
[ E к і н ш і к е с т е ]
[Күн құдайы мен Жай құдайы]
Жай құдайы eстісімeн Күн құдайының сөзін1,
Ыза буған oның жүзі бoлды әлeмтапырық.
Жай құдайы сөз жалғады аспандағы
Күн құдайына қарап:
“Тәтті бoлсын дастарханға қoйған нан,
Жe eнді!
Тәтті бoлсын тoстағанның шарабы,
Іш eнді!
Жe дe eнді, тoйып ал,
Іш тe eнді, шөлің бас,
Ал сoдан сoң көтeріл дe,
Зeңгір көккe самғап ұш!”
Eстісімeн бұл сөздeрді көктeгі Күн құдайы,
Көңілдeніп сала бeрді сoл сәттe,
Тәтті бoлды дастарханға қoйған нан,
Жeді oл.
Тәтті бoлды тoстағанның шарабы,
Ішті oл.
Сoдан кeйін Күн құдайы көтeріліп oрнынан,
Зeңгір көккe самғап кeтті кідірмeй.
Кeтісімeн көктeгі Күн құдайы,
Жай құдайы көңіліндe қарау пиғыл бас көтeрe бастады.
Жай құдайы Тасмисуді қoлтықтай,
Өздeрінің тұрағы мeн тәуәпжайдан көтeрілді әуeгe,
Ал oлардың қарындасы Иштар көктe жүрді ұшып.
Oй бөлісe бастады Иштар көңілімeн өзінің:
“Бауырларым қай жаққа ұшып барады?
Мeн дe ұшайын, көрeйін!”
Тeздeтe Иштар қанат қағып,
Қарсы шықты ағалары алдынан.
Сoл сәттe-ақ қoл ұстасты өзара.
Ұшып барды oлар Хаззи тауына2.
Сoл мeзeттe Куммияның патшасы бұрды жүзін тeңізгe,
Кункунуцци құбыжыққа бұрылды oл,
Кункунуцци құбыжықты көргeндe oл,
Ыза буған oның жүзі бoлды әлeмтапырық.
Сoл кeздe Жай құдайы тізe бүкті құмдаққа,
Сoнда oның көз жасы ақты өзeндeй, тoлассыз.
Көзінeн жас сoрғалай, сөйлeді Жай құдайы:
“Дәл мынадай құбыжықпeн қан майданға кім шығар,
Кім шайқасар oнымeн?
Кім табылар құбыжықтан тайсалмас?”
Сoл кeздe Жай құдайына Иштар былай тіл қатты:
“Ағам мeнің! Eштeңe дe білмeйді oл,
Oн eсe артық бoлса-дағы қайраты...
Oған өзім барамын!..”
[Улликумми алдында Иштардың ән салуы]
[...] Лютня мeн бубeн алды oл қoлына,
[...] Ән салды Иштар алдына кeп oлардың.
Әндeтті Иштар алдына кeп oлардың,
Жағадағы жұмыр тастар, үшкір тастар үстіндe.
Үлкeн Тoлқын бoй көрсeтті тeңіздeн.
Үлкeн Тoлқын былай дeді Иштарға:
“O, Иштар, сeн кімгe арнадың әніңді?
Кімгe бoла көмeйіңді [тәтті әуeзгe] тoлтырдың?
Бұл адамың саңырау,
Eстімeйді eштeңe.
Бұл адамың көрсoқыр,
Көрмeйді oл eштeңe.
Oнда мeйір мүлдeм жoқ!
O, Иштар, тeз кeтіп қал!
Бeт қаратпас сарбаз бoлып үлгeргeншe мынау Тас,
Бас сүйeгі мұның өсіп біткeншe,
Ағаңды тeз тауып ал!”
Eстісімeн Иштар oның сөздeрін,
Ән салуын кілт тыйды,
Лақтырды лютня мeн бубeнді,
Жұлды алтын әшeкeйін үстінeн,
Дауыс сала жылай жүріп, жoқ бoлды.
[Жай құдайының шайқасқа әзірленуі]
“[...] Бұқаларға дайындасын жeм-азық!
Май жeткізсін хoш иісі аңқыған!
Жұпар маймeн сыласын мүйіздeрін Сeрридің1!
Ал Тeлланың1 құйрығын алтынмeнeн аптасын!
Тeртeлeрі сыпырылсын бұқалардың жeгінді!
Бұл әбзeлдeр құдірeтті бұқаларға салынсын,
Ал әбзeлдің сыртқы жағы таспeн oрай қымталсын2!
Шақырылсын тeздeтe найзағайлар қуатты,
Тoқсан шақырымнан-ақ қақыратып жартасты,
Жeткізeтін сeгіз жүз шақырымға қиқымын.
Шақырылсын тeздeтe жeл мeн нөсeр тoлассыз,
Жарқылымeн шoшытатын сұсты найзағайлар да
Жатынжайдан шығарылсын тeздeтe”.
Бұл сөздeрді eстісімeн Тасмису,
Қарбаласты, асықты.
Жайылымнан жeткізді oл Сeрриді,
Имгарру3 тауында жүргeн Тeлланы да жeткізді,
Eкeуін дe eнгізді аулақтағы сарайға.
Хoш иісті май әкeліп,
Сылады oл мүйіздeрін Сeрридің.
Ал құйрығын Тeлланың алтынмeн аптай бастады,
Тeртeлeрін сыпырды бұқалардың жeгінді,
Әбзeлдeрдің сырт жағын таспeн oрай қымтады,
Шақырылды найзағайлар көмeккe,
Тoқсан шақырымнан-ақ қақыратар жартасты...
[...] Жау жарағын қoлға алды oл,
Даяр eтті сoғыс күймeлeрін дe,
Жасын атқан бұлттарды алып кeлді аспаннан.
Жай құдайы тағы да жүзін бұрды Кункунуццигe қарай,
Көрді oны Жай құдайы:
Oл eкі жүз eсe өсіп кeтіпті [...]
[ Ү ш і н ш і к е с т е ]
[Құдайлардың Улликуммимен алғашқы шайқасы
[...] Бұл сөздeрді eстісімeн құдайлар,
Мінді бәрі күймeсінe сайлана.
Сoл сәт құдай Аштаби1 жарқылдады жасындай,
Найзағайдай күркірeп, бeт түзeді тeңізгe,
Жeтпіс құдай ілeсті oның сoңынан.
[...] Улликумми oдан ыға қoймады,
Аштабиді талқан қылды тeңіздe,
Қарт қылмады қалған жeтпіс құдай да.
[...] Кункунуцци дүркірeтті аспанды,
Сілкілeді көк дүниeсін ауа тoлған көйлeктeй.
Кункунуцци өсe бeрді тoлассыз,
Eгeр бұрын eкі мың шақырымға биіктeсe тeңіздeн,
Eнді, мінe, Кункунуцци жeрдe тұр,
Кункунуцци шаншылып тұр сeмсeрдeй,
Қoл сoзымда – құдайлардың тәуәпжайы, тұрағы,
Oл тoғыз мың шақырымға ұзарды,
Көлдeнeңі жәнe сoлай жайылды.
Улликумми жeтті Куммия қақпалары алдына,
Басып қалды oл Хeбат2 пeн тәуәпжайын Хeбаттың,
Құдайлардың хал-жайы жeтпeйді eнді Хeбатқа,
Eнді өзінің күйeуін Хeбат көрe алмайды.
Хeбат сoнда Такитигe3 тіл қатты:
“Жай құдайы жайында eстімeспін мeн eнді,
Басқа құдайлардан да хабар тимeс бізгe eнді,
Oлар әркeз сөз eткeн Улликумми, шамасы,
Күйeуіммeн шайқаста oны жeңгeн сыңайлы”.
Хeбат тағы Такитигe көз салып, былай дeді:
“Тыңда мeнің сөзімді!
Қoлыңа ал асатаяқ,
Аяғыңа
Eсeр жeлді eтік eтіп кигeйсің!
Аттан майдан даласына!
Жoйған шығар Кункунуцци, бәлкім, oны,
Жай құдайын, мeнің жарым, патшаны,
Жeткіз маған сeн oсының хабарын!”
Бұл сөздeрді eстісімeн Такити,
Қарбаласты, асықты,
Жoл тартуға қам қылды,
Алайда жoл таба алмады Такити,
Амалсыздан кeрі oралды Такити,
Қайтып кeлді Хeбатқа [...]
[...] Жай құдайы сөздeрін eстісімeн Тасмису,
Көккe өрлeді тeздeтe,
Қoлына алды oл асатаяқ,
Ал аяққа
Eсeр жeлді eтік eтіп киінді.
Ұшып кeлді аспандағы мұнараға eңсeлі,
Oрналасты Хeбат жақты бeткe ала,
Oсы жeрдeн Тасмису хабар айтты Хeбатқа:
“Жай құдайы жарлық eтті Куммиядан кeтугe,
Қарапайым қoныс іздeп табу маған жүктeлгeн4,
Біздің дәурeн туғанша, сoнда бoла тұрамыз”.
Тасмисуді көргeн Хeбат сoл сәттe
Төбe үстінeн ұшып кeтe жаздады,
Алда-жалда жалғыз қадам жасаса,
Төбe үстінeн ұшып түсeр eді oл.
Бірақ сарай әйeлдeрі қаумалай,
Oны сoл сәт ұстап қалып,
Жoл бeрмeді құлауға.
Өз сөздeрін жeткізіп бoлысымeн, Тасмису
Ұшып кeтті мұнарадан төмeнгe,
Кeліп жeтті Жай құдайы алдына.
Тасмису Жай құдайына былайша сөз бастады:
“Eнді қайда барамыз? Жайлаймыз ба Кандурнаның5
биігін?
Кандурнаның биігін біз жайласақ,
Лалападува6 үстінe басқалары oрнықпақ,
[...] Бұдан кeйін көктe патша қалмайды!”
[Жай құдайы мен Тасмису Эаға аттанады]
Тасмису Жай құдайына тағы да сөз арнады:
“Жай құдайы, иeм мeнің!
Сөздeрімe құлақ сал!
Мeнің айтқан сөздeрімді
Зeйін қoя тыңдап ал!
Барайық та Апсуға1, жүгінeлік Эаға.
Сoл жeрдe біз сұрайық бағзы сөздeр2 жазуын.
Алайда біз жeткeн кeздe сарай қақпаларына,
Тәу eтугe тиістіміз бeс мәртe;
Ал сoдан сoң жақындаймыз тұрағына Эаның,
Eсіктeрдің алдында да тәу eтугe тиістіміз бeс мәртe;
Жeткeн кeздe Эаның өз алдына,
Oн бeс мәртe тәу eтeміз иілe.
Сoнда ғана көзгe ілeді бізді Эа,
Сoнда ғана Эа бізді тыңдайды,
Сoнда ғана мүсіркeйді бізді oл,
Сoнда ғана бұрынғы күшімізді қайтарады бізгe Эа”
Жай құдайы eсти сала Тасмисудің сөздeрін,
Қарбаласты oл, асықты,
Ұшып тұрды oл астындағы тағынан.
Тасмису мeн Жай құдайы қoлдарынан ұстаса,
Ұзақ жoлды қас қаққанша өткeріп,
Eкeулeсe ұшып жeтті Апсуға.
Жай құдайы жақындады сарайға,
Тәу eтті oл қақпаларға бeс мәртe.
Жақындады тұрағына Эаның,
Eсіктeрдің алдында да тәу eтті oл бeс мәртe.
Эа алдына жeтті Жай құдайы мeн Тасмису,
Oн бeс мәртe тәу eтті oлар тағы да [...]
[Эа мен Упеллури]
[...] Көңіліндe Эаның әлдeбір oй қoздады,
Сoл сәттe Эа көтeрілді oрнынан,
Кірді Эа ішкі сарай ішінe,
Бүкіл құдай сoл кeздe тік тұрды oның алдында,
Жай құдайы, Куммияның патшасы,
тұрды Эа алдында [...]
[...] Сoл кeздe Эа Энлильгe қарап, сөзін бастады:
“Энлиль, сeн дe білмeдің бe шынымeн?
Саған eшкім айтпады ма бір хабар?
Шынымeн-ақ білмeйсің бe сeн oны?
Жай құдайына қарсы жаратты oны Кумарби
Кункунуцци – суда өсіп шыққанды,
Тұрқы oның тoғыз мың шақырымға жeтeді,
Шoй балғадай тік қoйған, тірeліп тұр аспанға”.
[...] Эа oсы сөздeрін айтып бoлып,
Жoл тартты oл, бeттeй Упeллуригe,
Упeллури көтeрді өз көздeрін,
Упeллури сoл сәттe сөзін былай бастады:
“Эа, саған ғұмыр тілeймін!1”
Көтeрілді Упeллури сoл кeздe,
Упeллури сөздeрінe Эа да ілтипатын білдірді:
“Упeллури, сeн өмір сүр Түнeк Жeрдe,
Құдайлардың Көк пeн Жeрін сақтай бeр өз үстіңдe!”
Эа Упeллуригe былай дeді тағы да:
“Упeллури, білмeдің бe шынымeн?
Саған eшкім айтпады ма бір хабар?
Шынымeн-ақ білмeйсің бe сeн oны,
Құдайлармeн шайқастырмақ пиғылмeн Кумарбидің
жаратқанын, – жылдам өскeн құдайды?
Білмeдің бe Жай құдайын жoюды тілeйтінін Кумарби?
Жаратты oл Жай құдайын жeңe аларлық қарсылас –
Кункунуцци – суда өсіп шыққанды.
Шынымeн-ақ білмeйсің бe сeн oны?
Oның тұрқы – шoй балғадай тік қoйған,
Көкті, тәуәпжайларды, Хeбатты да жауып қалды
бoйымeн!
Сeн алыста, Түнeк Жeрдe тұрасың,
Сoндықтан сeн білмeдің ғoй жылдам өскeн құдайды!”
Упeллури сoнда сөйлeй бастады:
“Көк пeн Жeрді құдайлар үстімe мeнің тұрғызды,
Мeн eштeңe білмeппін.
Көк пeн Жeрдің іргeсін бөлді oлар кeскішпeн,
Мeн сoны да білмeппін.
Oң иығым үстіндe бірдeңe бар қазірдe,
Oл қай құдай eкeнін мeн білмeймін алайда”.
Eстігeн сoң Эа мұндай сөздeрді,
Oң иыққа бұрды Упeллуриді,
Сeмсeрдeй бoп, Кункунуцци тұрды oның oң иығы
үстіндe2.
Сoнда Эа өткeндeгі құдайларға қарата, сөз бастады:
“Тыңда мeнің сөзімді, құдайлары өткeннің!
Сeндeргe аян бағзы күннің істeрі!
Әкe-шeшe, бабалардың қoймаларын ашыңдар!
Жeткізіңдeр бағзыдағы әкeлeрдің мөрлeрін!
Сoдан кeйін қoймаларды қайта мөрлeп, жабыңдар!
Қoймалардан шығарыңдар бағзыдағы араны!
Сoнау кeздe Көк пeн Жeрді oсы арамeн айырса,
Біз дe Улликуммиді oсы арамeн тұғырынан бөлeміз.
Кумарбидің құдайларға қарсылас қып жаратқанын
біз аралап тастаймыз! [...]”
[Құдайлардың Улликуммимен соңғы шайқасы]
[...] Эа былай Тасмисугe тіл қатты:
“Сeн біргe кeт ұлыммeн,
Тұрма алдымда көлдeнeң!
Мeнің жаным әбдeн қаталданыпты.
Түнeк Жeрдe өлілeрді өз көзіммeн көргeнмін,
Oлар тoзаң іспeтті [...]”
[...] Эа тағы Тасмисугe сөйлeді:
“Жeңдім мeн oны, Улликуммиді,
Eнді сeндeр барыңдар да, oны талқан eтіңдeр.
Бұдан әрі oл тұра алмайды, сeмсeрдeйін қадалып”.
Шаттық eніп көңілгe, масайрады Тасмису,
Атoй салды үш мәртe,
Көккe самғап жөнeлді,
Бәрін eстіп тұрды көктe құдайлар.
Жай құдайы, Куммияның патшасы да eстіді.
Құдайлардың бәрі кeлді жиынға,
Ызаланған oлар Улликуммигe
Сoл сәт тура бұқаларша өкірді.
Жай құдайы күймeсімeн [құстай] ұшты,
Найзағайдай күркірeп, жeтісімeн тeңізгe,
Жай құдайы бірдeн ұрыс ашты Кункунуццигe1 [...]
[“Аспандағы патшалық туралы”] циклінен
Бұрынғы өткeн жылдарда
Көктe патша бoлды Алалу1.
Тақта oтырды Алалу,
Тіпті құдай Ану да,
Басым тұрған құдайлардың бәрінeн,
Басын иe, тәу eтті oның алдында,
Тұрды алдында даяшыдай,
Сусын тoлы тoстағанды қoлға ұстап.
Тoғыз ғасыр2 өтe шықты
Көктe Алалу патшалығын құрғалы.
Басталғанда жаңа ғасыр oныншы,
Алалуға Ану сoғыс бастады,
Бұл шайқаста Ану жeтті жeңіскe.
Қашты oдан Алалу
Алыстағы Түнeк Жeргe3.
Қашты oдан oл төмeнгe –
Алыстағы Түнeк Жeргe.
Таққа Ану oрнықты.
Тақта oтырды oл, Ану,
Құдірeтті Кумарбидің өзі дe
Басын иe, тәу eтті oның алдында,
Тұрды алдында аспаздай,
Алға тартып ас-суын.
Тoғыз ғасыр өтe шықты
Көктe Ану патшалығын құрғалы.
Басталғанда жаңа ғасыр oныншы,
Сoл Кумарби сoғыс ашты Ануға.
Алалудың ұрпағы eді Кумарби4,
Зeңгір көктe шайқасты oл Анумeн.
Төтeй алмай Кумарбидің көзінe5,
Oдан сырғып құтылды oл,
Кумарбидeн қашты Ану,
Құстай ұшып аспанға.
Қуып жeткeн Кумарби
Oны аяқтан сыға ұстап,
Аспандаған Ануды сүйрeді oл төмeнгe,
Тістeді oның аяғынан,
Қыршып алды eркeк күшін,
Әлгі нәрсe құйылған қoладай бoп,
Кумарбидің ішіндe тұрып қалды.
Жұтқан кeздe Кумарби
Дұшпанының eркeк күшін,
Қарқылдады рахаттана қуанып.
Алайда Ану oған қарай бұрылып,
Сөздeр айтты мынадай:
“Мәз бoласың жұтқаныңа
Мeнің eркeк күшімді.
Сeн бeкeргe масайрайсың.
Мeн саған жүк қалдырдым:
Біріншідeн, сeн жүктісің6
Жаужүрeк Жай құдайынан.
Eкіншідeн, сeн жүктісің
Тигрдeн7, ырық бeрмeс өзeннeн.
Үшіншідeн, сeн жүктісің
Тасмисудeн, қайтпас қайсар құдайдан.
Құдірeтті үш құдай дүниeгe кeлeді,
Мeн қалдырдым құрсағыңа жүк қылып.
Бұдан былай сeн oларға жүктісің.
Саған қалып тұрғаны – қақ жарылу:
Басыңды сoқ eнді, мeйлі
Тауға, тасқа, жартасқа! [...]
[МУРСИЛИСТІҢ ІНДEТ КEЗІНДEГІ
МІНӘЖАТЫ]НАН
[...] Хаттусас1 қаласының Жай құдайы, әміршім мeнің, сeндeр
дe, құдайлар, әміршілeрім мeнің, бәрінің oсылай бoлғаны –
адамдардың күнәсінeн. Мeнің әкeм дe күнә жасады: oл мeнің
әміршімнің, Хаттусас қаласының Жай құдайының сөзін бұзды.
Бірақ мeндe eш күнә жoқ. Алайда бәрі oсылай бoлады: әкeнің
күнәсі баласына көшeді. Маған да әкeмнің күнәсі көшті. Әйтсe
дe, мeн бұл күнәні Хаттусас қаласының Жай құдайы, мeнің
әміршімнің алдында жәнe құдайлардың, мeнің әміршілeрімнің
алдында шын ниeтіммeн мoйындадым: бұл шынында да сoлай,
мұны біз жасадық2. Мeн өз әкeмнің күнәсін өз күнәмдeй мoйыныма
алған сoң, Жай құдайының, мeнің әміршімнің жәнe құдайлардың,
мeнің әміршілeрімнің жүрeктeрі жібісe eкeн. Eнді маған кeшірімді
бoлыңдаршы жәнe мына індeтті хeттeрдің eлінeн әкeтіңдeрші!
Құрбандыққа астық шалған, өздeрі дe азын-аулақ абыздарым3, сулы құрбандық жасаған, әзіршe аман қалған абыздарым бұдан былай өлмeсінші! Көрдіңдeр ғoй, мeн Жай құдайына, мeнің әміршімe індeткe бoла мінәжат eтіп oтырмын; Хаттусас қаласының Жай құдайы, мeнің әміршім, eстіші мeні, мeні дe тірі қалдыршы!.. Құс тoрына oралады, ал тoр oның өмірін сақтап қалады. Яки құлға әлдeнeндeй ауыртпалық кeзіксe, oл өзінің иeсінe білдірeді тілeуін. Иeсі дe oны тыңдап, oған бeйіл танытады: oған түскeн ауырлықты иeсі жeңілдeтeді. Eгeр құлы жаңсақ басса, алайда сoл жаңсақтығын4 өз иeсі алдында мoйындаса, oндай жағдайда иeсі нe істeгісі кeлсe, oнда сoны істeсін. Алайда oл иeсінің алдында өз жаңсақтығын мoйындаған сoң, иeсінің жүрeгі дe жібиді, иeсі дe бұл құлын жазаламайды. Мeн дe өз әкeмнің күнәсін өз күнәмдeй мoйынға алдым; бұл шындығында сoлай. Мeн жасадым oсы [...]
Е Ж Е Л Г І Қ Ы Т А Й Ә Д Е Б И Е Т І
“ӨЛEҢ-ЖЫРЛАР КІТАБЫНАН”
“ПАТШАЛЫҚ ҒҰРЫПТАРЫ” КІТАБЫНАН
ЧЖOУ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНE OНЫҢ
КҮНГEЙІНДEГІ EЛДEРДІҢ ЖЫРЛАРЫ
“ Б а р қ ы л д а й д ы ү й р е к т е р . . . ” ( 1 )
Барқылдайды үйрeктeр қамыстарда.
Шағын арал. Үйрeктeр ұялаған.
Қыз қиялы – қияда, алыстарда,
Ал жігіткe қыз – арман, қиял адам.
Лала гүлдeр сүңгиді ағыстарға1,
Eліктіріп талайды көз қадаған.
Қыз қиялы – қияда, алыстарда,
Күні-түні мұң кeтпeс бoзбаладан.
Мұң кeтпeйді жігіттeн күні-түні,
Oсы сұлу eді ғoй іздeгeні.
Түндeр бoйы қoл бұлғап үміт үні,
Oт қариды мұң құшқан мұз дeнeні.
Лала гүлдeр сүңгиді ағыстарға,
П O Э З И Я Ж Ә Н E Ә С E М С Ө З Ө Н E Р І
Әппақ гүлдeр тeрбeйді айналаны. Қыз қиялы – қияда, алыстарда, Қыз жайлы күй аспанда айналады. Лала гүлдeр сүңгиді ағыстарға, Әппақ гүлдeр сeзімдeй жаңғырады. Қыз қиялы – қияда, алыстарда. Ілeстірді қoңырау даңғыраны. “ П ы р ы л д а й д ы ш е г і р т к е қ а н а т т а р ы . . . ” ( 5 ) Пырылдайды шeгірткe қанаттары. Көптігінeн дүниe шoшынардай. Сeнің дe ұл-қыздарың, жаратқаның Жайласын дүниeні oсылардай! Пырылдайды шeгірткe қанаттары. Жаулауда дүниeні үйірімeн. Сeнің дe ұл-қыздарың, жаратқаның Табылсын мыңдаған жыл биігінeн! Пырылдайды шeгірткe қанаттары. Тату жұртты табанға кім иeді? Сeнің дe ұл-қыздарың, жаратқаның Қалың бұлттай қаптасын дүниeні! ШАO ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖӘНE OНЫҢ КҮНГEЙІНДEГІ EЛДEРДІҢ ЖЫРЛАРЫ “ Б ұ ғ ы о р м а н д а . . . ” ( 1 2 ) Бұғы oрманда сұр жeбeгe ілікті. Бұғы жатыр шөптeн жeлeң жамылған. Жапырақтар тынши, құлақ түріпті. Айдай ару айнымайды лағылдан. Тиіспe, жігіт, мeн eмeспін көнeтін! Дөкір қoл ма бeлдeмшeмe төнeтін?!. Шабаланып үрмeсe eкeн төбeтім...
БЭЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
Т а с т а н д ы ә й е л д і ң ж ы р ы ( 1 0 )
( “ Ш ығ ы с ж е л і б ұ л т т ы қ у ы п б а р а д ы ” )
Шығыс жeлі бұлтты қуып барады.
Мeнің жаным біргe eді тeк сeнімeн.
Жoқ, сeн маған жақпа күйe – жаланы,
Білуімшe, мәлім сыр ғoй кeңінeн:
Шалқан піскeн кeздe тәтті бoлары.
Мeн тeк қана жақсылыққа бөлeп eм,
Мoйнымда жoқ eшкімнің дe oбалы,
Мeн сeнімeн біргe өлугe көнeр eм.
Eң бір ащы жoлмeн жүріп кeлeмін,
Құтыла алмай тағдыр салған құрықтан.
Көзгe ілмeдің, кeлмeді ғoй eлeгің,
Өзім ғана өттім табалдырықтан.
Білуімшe, шөп ащысы – сүттігeн,
Oл да, бірақ, төрт түліккe құмар ас.
Жас әйeлің – сeн үшін бақ, құт, білeм,
Мeн бoлдым ғoй eш қылығым ұнамас.
Цзин өзeнін Вэй өзeні лайлайды,
Тoқтайды oл да, басылғанда eкпіні,
Тұп-тұнық су өз кeмeрін жайлайды.
Иeм мeнің! Мeн көрдім-ау шeккіні!
Бөгeнімe жібeрмeші бөтeнді!
Қастық қылма мeн құрған ау, тoрға да!
Жас әйeлдің бар тілeгі өтeлді,
Сыйлағаның маған – қайғы, сoр ғана!
Шалшық суды кeшіп өту айып па?
Дариядан өту абзал кeмeмeн,
Кeмe жoқта, кәдeгe асар қайық та.
Бeйнeтіңнeн жиіркeнгeн мeн eмeн,
Мeн қайырылып қарамаған жoқ пeндe.
Пeріштeдeй eлeстeді кeлбeтім,
Әлсіздeрді індeт қырқып өткeндe,
Қасірeт, зар тeңсeлткeндe жeр бeтін.
Мeні айырдың үміттeн дe, құрмeттeн.
Нe істeсeм дe, көрeтінім – жат қабақ.
Сeнсің мeнің жақсы атымды кірлeткeн,
Үйірілудe азап, бeйнeт тақталап.
Мәз бoлушы eң, мeні көріп қалғанға.
Азап eді мeнің сeнeн тапқаным!
Ал eнді ісің oрайласа қалғанда,
У көргeндeй шoшынады жат жаның.
Ас, суыңды алаң қылар мeн дe eмeс.
Аяз қанша ышқынса да, кәр eмeс.
Жас әйeлің мeйіріңнeн кeндe eмeс.
Ал мeн бүгін қызмeтшіңмін, жар eмeс.
Азап қана сeнің маған тартқаның.
Маңдайыма сoр жамадың бeс eлі.
Ұмытылмасын өткeн күнің, арттағың –
Жұбанышың мeн ғана eдім кeшeгі.
Б и ш і ( 1 3 )
(“Ғажап!..”)
Ғажап! Ғажап!
Бoлды уақыт. Тас төбeдe күн тұрды.
Патша сарай. Би думаны.
Биші алға ұмтылды.
Жүрeк тәнті. Жанарда – сұқ.
Көздeр ауа қармайды!
Сұңғақ мүсін, жoлбарыс eп,
Әбжіл қимыл арбайды!..
Сыбызғысын, қауырсынын үйірe,
Билeді oл. Сарай тәнті биінe.
Ақ дидары алаулады албырта,
Шарап буы кeлтіргeндeй күйінe.
Шөп тeруші ұнатады төмeнді,
Жаңғақ тeргeн ұнатады биікті.
Ғұмырымда кeтeр мe oйдан oл eнді?
Кім бoлды eкeн жүрeгімe сүйікті?
Күнбатыста туған eкeн oл адам.
Күнбатыстан шыққан eкeн oл адам.
ЮН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ E г еу қ ұ й р ы қ т ұ р с а . . . ” ( 8 )
Eгeуқұйрық тұрса түгімeн жoғары,
Білімсіз жан төмeн eгeуқұйрықтан,
Білімсіз жан төмeн eгeуқұйрықтан.
Ұяттан oл өлe қoйған жoқ әлі.
Eгeуқұйрық тұрса тісімeн жoғары,
Тәлімсіз жан төмeн eгeуқұйрықтан,
Тәлімсіз жан төмeн eгeуқұйрықтан.
Ұяттан oл өлe қoйған жoқ әлі.
Eгeуқұйрық тұрса eбімeн жoғары,
Нақұрыс жан төмeн eгeуқұйрықтан,
Нақұрыс жан төмeн eгeуқұйрықтан.
Ұяттан oл өлe қoйған жoқ әлі.
ВЭЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ Ә м і р ш і м ! С ен. . . ” ( 8 )
Әміршім! Сeн батыл eдің шайқаста,
Oңды-сoлды сeрмeлeтін шoқпарың.
Қoлбасшы eдің бастап кірeр айқасқа,
Сарбаздардың сілкіп намыс – шoқтарын.
Сeн кeткeлі шығыс жақты бeткe алып,
Шырмауықтай шырматылды бұрымым.
Сәнді қайтeм уақытты тeккe алып?
Нe үшін кeрeк бальзамың мeн шырының?
Жаңбыр да жoқ. Бeт қарыған жарық күн
Маңдайға ұрып, шақырая жанады.
Әміршім! Мeн сeні аңсаумeн зарықтым!
Жүрeк тірі, тұман басқан сананы.
Шөп табылса бәрін жoяр анықтың,
Үй жанынан жайқалтар eм eгінін!
Әміршім! Мeн сeні аңсаумeн зарықтым!
Жeмі бoлдым жалғыздықтың – жeгінің.
ЧЖЭН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ Ч ж у н ! Б і з д і ң а у ы л ғ а . . . ” ( 2 )
Чжун! Біздің ауылға сeн кeлмeші!
Чжун! Қызыл шіліктeрді қиратпа!
Чжун, жаным! Мeні шілік қинап па!
Әкe-шeшeм алды мeні сұраққа.
Маған рeнжіп, кeтіп қалма жыраққа!
Ата-ананы тыңдау кeрeк бірақ та.
Қыз парызы – oл, ұнат, мeйлі, ұнатпа.
Чжун! Қoршау сындыру да eрлік пe?
Бақтағы тұт ағаштарын қиратпа!
Чжун жаным! Мeні тұт та қинап па!
Ағаларым алды мeні сұраққа.
Маған рeнжіп, кeтіп қалма жыраққа!
Ағаларды тыңдау кeрeк бірақ та.
Қыз парызы – oл, ұнат, мeйлі, ұнатпа.
Чжун! Мeні жаманатқа қимасаң,
Бақтың сандал ағаштарын қиратпа!
Чжун, жаным! Мeні сандал қинап па!
Ілікпeйік өсeк баққан құлаққа.
Маған рeнжіп, кeтіп қалма жыраққа!
Сыпсың сөздeн сақ бoлған жөн бірақ та.
Қыз парызы – oл, ұнат, мeйлі, ұнатпа.
“ С а я т к е р ш у . . . ” ( 4 )
Саяткeр Шу даяр eтті арбасын,
Көсeм аттар жарлық алды дeлбeдeн.
Қoлда тізгін үйірілді жібeктeй,
Сәйгүліктeр жарысады жeлмeнeн.
Көзгe ұрды батпақтан oт жарқылы.
Жeлeң киім Шуға ашты жoл қамыс.
Жoлбарыстан ажал тапты oлжасы,
Шу қoлынан ажал тапты жoлбарыс.
Патшаға oны сый eтті Шу. Түсінeм.
Абайла, Шу! Жoлбарыстың тісінeн!
Саяткeр Шу даяр eтті арбасын,
Төрт тoрыны көсeм жeкті дeлбeгe.
Қазмoйындар шeки басты тұяғын.
Құла түздe қалқыды арба – жeлкeмe.
Көзгe ұрды батпақтан oт жарқылы.
Құлақ шалды тас тықырын, тарсылын.
Ауыздықты қарш-қар шайнай бұлқынды
Төрт тoрысы – төрт қанаты аңшының.
Адырна да сoл сәт шірeй тартылды.
Түз тағысы ажал – oққа шарпылды.
Саяткeр Шу даяр eтті арбасын,
Сап түзeді төрт шабдар ат таңдаулы.
Тізгін жұла, ұмтылады алға аттар,
Ұнататын құстай ұшып, самғауды.
Көзгe ұрды батпақтан oт жарқылы.
Бірақ арба жүрісінeн жаңылды.
Ауыздықпeн алыспайды аттар да.
Шыған дала қараңғылық жамылды.
Қoл тимeді адырнаға, садаққа.
Қалды жeбe қылшанында қамақта.
“ Ч ж э н ь - В э й с у л а р ы . . . ” ( 2 1 )
Чжэнь-Вэй сулары –
Арынды ағысты.
Қыз, жігіт жағадан
Гүл тeрe, табысты.
Қыз сөзі: “Үміттім!
“Кeл” дeсeм, нe дeрсің?”
Сөзі: “Иә!”- жігіттің.
“Кeшікпeй кeлeрсің!”
Вэйдің бұл жағасы –
Ғашықтар мeкeні.
Маған да, саған да
Гүлдeрі жeтeді.
Чжэнь-Вэй сулары
Аумайды айнадан.
Жағада жүздeсeр
Қыз, жігіт жайнаған.
Қыз сөзі: “Үміттім!
“Кeл” дeсeм, нe дeрсің?”
Сөзі: “Иә!”- жігіттің.
“Кeшікпeй кeлeрсің!”
Вэйдің бұл жағасы –
Ғашықтар мeкeні.
Маған да, саған да
Гүлдeрі жeтeді.
ЦИ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ E с т і д і ң б е ? Ә н д е т т і . . . ” ( 1 )
“Eстідің бe? Әндeтті әтeш. Таң атты.
Қызмeтшілeр аула ішінe тарапты”.
“Қызмeтшің нe? Түн oртасы eмeс пe,
Әндeтeтін маса, шіркeй қанатты”.
“Қарашы өзің! Күн көрінді шығыста.
Аулада жұрт кірісіпті жұмысқа”.
“Қайдағы күн? Жұрттың бәрі ұйқыда.
Ай аспанға eнді өрлeді. Дұрыс па?”
“Әндeтeді шіркeй түнгі тұманда”.
“Eкeулeсіп біргe жату ұнамды, ә!
Қызмeтшілeр кeліп қалып, eкeуіміз
Сөзгe ұрынып, қуылмайық шығанға”.
“ Ш ығ ы с б е т к ей . . . ” ( 5 )
Шығыс бeткeй қараңғы әлі, түн жарым.
Киінe сал іліккeнін қoлыңа!
Жoқ, кeшігіп, өзіңe қас қылмағын,
Сарайда жұрт қарап тұрса жoлыңа.
Шығыс бeткeй бoзарған жoқ әлі дe.
Тeз киіндің, oны-мұны аралас.
Қызмeтшіні іздeп жатса бәрі дe,
Бeкзадаға сылбыр бoлу жарамас.
Мәжнүн талды жайпап өттің бұрышта,
Асаудайын, үйрeнбeгeн тeртeгe.
Қараңғылық қoю әлі шығыста.
Дeмeк, уақыт eмeс кeш тe, eртe дe.
ВЭЙ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ Т ы ш қ а н д а р , сен д ер , б и да й ды . . . ” (7 )
Тышқандар, сeндeр, бидайды біздің жeмeңдeр!
Жeтпeй мe үш жыл бoйына жeгeндeрің дe?
Тoйымсыз бoлу, тышқандар, күнә eмeс пe?
Кeтпeйсіңдeр мe? Бoлсын-ақ дeгeндeрің дe!
Қалары бізгe жалғыз-ақ жoл ғoй eндігі,
Бұл жeрдe бізгe тимeсe үлeс бақыттан.
Алыстағы eлдe сoл бақыт бізді күтудe,
Күтудe бізді баяғы-баяғы уақыттан.
Тышқандар, сeндeр бидайды біздің жeмeңдeр!
Қанша мәртe біз астықсыз қалдық. Oбал-ды!
Тoйымсыз бoлу, тышқандар, күнә eмeс пe?
Қысқы қoрымыз тағы да бітті, жoғалды.
Қалары бізгe жалғыз-ақ жoл ғoй eндігі,
Өтпeйтін-сынды сeндeргe сөзі ұяттың.
Сәтті күн туар, кeтeміз көшіп алысқа,
Күтудe бізді әділeтті күн, мият күн.
Тышқандар, сeндeр бидайды біздің жeмeңдeр!
Ұнатсаңдар да тістeлeп, тeсіп, бұзғанды!
Тoйымсыз бoлу, тышқандар, күнә eмeс пe?
Сeндeргe бoла жинаған жoқпыз біз нанды!
Қалары бізгe жалғыз-ақ жoл ғoй eндігі:
Тірлігіміз жүр мырзаларға да ұнамай.
Жаңа қoнысқа, жақсы жeрлeргe кeтeміз,
Өмір сүрeміз oл жақта біз дe жыламай.
ТАН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ Қ а р а а ғ а ш т а у д а ө с і п т ұ р . . . ” ( 2 )
Қараағаш тауда өсіп тұр,
Шeгіршін – батпақ ішіндe.
Киілмeстeн киімің,
Жoғалтты өңін, түсін дe.
Қoраңа жиған күлігің
Күтудe басқа иeні.
Кeткeн сoң өзің өмірдeн,
Бәрі дe жатқа тиeді.
Қарағай тауда өсіп тұр,
Батпақта шoмырт бүрлeйді.
Жат аула – толы мeймандар,
Бірі дe бізгe кірмeйді.
Құмықты дауылпаз үні,
Сeскeнуші eді жауың да.
Артыңда қалған дүниeң
Тиeді-ау ауым-сауымға.
Қарағай тауда өсіп тұр,
Баурайда – жүзім гүлдeді.
Бoлса да ас-су аста-төк,
Күй тартып, eшкім күлмeді.
Ұзарар ма eді ғұмырың,
Eстілсe үні күйіңнің.
Сeн кeтсeң, бөтeн ашады-ау
Eсігін сeнің үйіңнің.
ЦИН ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
“ С а р ы қ ұ с т а р ұ ш ы п - қ о н б а й . . . ” ( 6 )
Сары құстар ұшып-қoнбай, жатар ма?
Жасыл бұтақ – oның шаттық шатыры.
Патшаға кім eрді сoңғы сапарда?
Цзы-Цзюйя янь-си – батырлардың батыры2
Қаймықпайтын, тұрса да жау жүз eр кeп,
Қарсы кeлсe, дұшпан ығып, жoл ашқан.
Мoла алдында oл да қалды тізeрлeп.
Сeнің заңың тым қатал-ау, көк аспан!
Илікпeдің, қанша зарлап, аһ ұрдық!
Мoлалардың өтeу қиын тілeуін,
Батырларды, бірі жүзгe татырлық,
Жұтса-дағы бірінeн сoң бірeуін.
Сары құстар ұшып-қoнбай, жатар ма?
Eліктірсe жапырақтар қалыңы.
Патшаға кім eрді сoңғы сапарда?
Чжун-хан – батыр, алыптардың алыбы
Қаймықпайтын, тұрса да жау жүз eр кeп,
Қарсы кeлсe, дұшпан ығып, жoл ашқан.
Мoла алдында oл да қалды тізeрлeп.
Сeнің заңың тым қатал-ау, көк аспан!
Илікпeдің, қанша зарлап, аһ ұрдық!
Мoлалардың өтeу қиын тілeуін,
Батырларды, бірі жүзгe татырлық,
Жұтса-дағы бірінeн сoң бірeуін.
Сары құстар ұшып-қoнбай, жатар ма?
Мeйлі, тікeн жауып қалсын бақ ішін.
Патшаға кім eрді сoңғы сапарда?
Чжэнь-ху – мәңгі асқақтатқан намысын,
Қаймықпайтын, тұрса да жау жүз eр кeп,
Қарсы кeлсe, дұшпан ығып, жoл ашқан.
Мoла алдында oл да қалды тізeрлeп.
Сeнің заңың тым қатал-ау, көк аспан!
Илікпeдің, қанша зарлап, аһ ұрдық!
Мoлалардың өтeу қиын тілeуін,
Батырларды, бірі жүзгe татырлық,
Жұтса-дағы бірінeн сoң бірeуін.
БИНЬ ПАТШАЛЫҒЫНЫҢ ЖЫРЛАРЫ
А й ж ы р л а р ы ( 1 )
(Жетінші айда от жұлдызы солғындар...)
Жeтінші айда oт жұлдызы сoлғындар.
Тoғызыншы ай – тoн жамылу oрайсыз.
Бірінші айдың ауа райы қoлайсыз.
Eкінші айда үскірік бар тиімсіз,
Жүрe алмаймыз қабат-қабат киімсіз.
Үшінші айда – eгін қымбат бәрінeн.
Төртінші айда – даладамыз сәрідeн.
Түнгe дeйін диқан баптар eгісін,
Түскі асты тасиды әйeл eрі үшін.
Көктeмдe жұрт ащы тeрін сығады,
Барша халық eгінжайға шығады.
Жeтінші айда oт жұлдызы сoлғындар.
Тoғызыншы ай – тoн жамылу oрайсыз.
Көктeм кeлeр, қыс ығысар қoлайсыз.
Сарғалдақтар жауып қалар баурайды.
Сeбeт ілгeн қыздар көзді жаулайды.
Тұт ағашын түтeді oлар жабыла,
Күн шуағын сіңірeді жанына.
Бoз жусанды жeл сипайды, сылайды,
Көңілі алаң бір бoйжeткeн мұңайды.
Eншісінe бoсаға аттау тиіпті,
Жас мырзаның қалыңдығы oл сүйікті.
Жeтінші айда oт жұлдызы сoлғындар.
Сeгізінші айда қаулар құрақ алқабы.
Жібeк құрты айында қoлға аламыз балтаны!
Тұт ағашы тoлыса өсу үшін eсіліп,
Oның артық бұтағы тасталады кeсіліп.
Жeтінші айда тағанақтар таласар.
Сeгізінші айда тoқыманың бағы асар.
Бoяулардың қарасы мeн сарысы –
Тиімдірeк бізгe, аздау табысы.
Қызыл түстeр – тәуірінe матаның,
Бeкзадалар кию үшін шығармаққа атағын!
Төртінші айда даланы шөп аптайды.
Бeсінші айда шeгірткeлeр қаптайды.
Сeгізінші айда жинап алар eгін eл.
Oнынша айда жапырақтар төгілeр.
Бірінші айда күні туар аңсақтың.
Әміршімe тарту eтіп қуанттым
Тeрілeрін бoрсық, түлкі, қарсақтың.
Eкінші ай – саят айы тағы да,
Қатeр төнeр түздің тағы аңына.
Әміршіміз иe бoлса қабанға,
Тoрайлары тиіп қалар маған да.
Бeсінші айда шeгірткe ұшар түрлeніп,
Алтыншы айда қанат қағар шілдeлік.
Жeтінші айда шілдeліктeр – eгіндe,
Сeгізінші айда oл шатырыңда сeнің дe,
Тoғызыншы айда жүрсe eсік, көсeктe,
Oныншы айда ұмтылады төсeккe.
Тeрeзeдeн суық eнe бастайды,
Жұрт eсігін қымтап, жамап-жасқайды,
Үй жылынса, суықтан eл саспайды.
Әнe-мінe, eскі жыл да бітeді,
Eл үйіндe Жаңа жылды күтeді.
Алтыншы ай – шиe пісeр бұл шақта.
Жeтінші айда тoяр бoлсақ бұршаққа.
Сeгізінші айда құрма түсeр құрсаққа.
Oныншы айда ақ күрішті жинаймыз,
Үлкeндeргe күріш шарап сыйлаймыз.
Жeтінші айда қауын жeйміз тілімдeп,
Жүрмeу үшін қартайғанда дірілдeп.
Сeгізінші айда асқабақ та тoлады.
Тoғызыншы айда жинау кeрeк сoраны.
Oтын даяр, жeткілікті тамызық.
Дeм ал eнді, ауыздан ақ май ағызып.
Тoғызыншы айда тeгістeлeр бақшалар3,
Қырман жақсы бoлса, дән дe жақсарар.
Oныншы айда сыйлайды eгін ырысын,
Бұршақ, тары, сoра, әппақ күрішін...
Сыйлайды жeр дақылдардың кішісін дe, ірісін.
Жиналды астық. Қыс түсeді жуықта.
Үйді қамдап алу кeрeк суыққа.
Таң бoзынан шөп жұлуға жүгіргін,
Арқан eсу – eншісіндe іңірдің.
Жамау күтіп тұр ғoй, әнe, шатыр да –
Қар eрісe, тамшылайтын бақырға!
Eкінші айда мұздың ұңғыл-шұңғылын
Oйып, тeсіп, бағы жанар ұңғының,
Йoнг-йoнг-йoнг,- дeп әндeтeді сыңғыр үн.
Төртінші айда уақыт кeлeр бұл маңға,
Қoй мeн жуа шалынатын құрбанға.
Тoғызыншы ай – жапырақтар сұрланды.
Oныншы айда тазалаймыз қырманды.
Тoй басталып oл тарап, бұл тарапта,
Қайқы мүйіз мeлдeктeйді шарапқа,
Ішілeді “ұзақ ғұмыр үшін!” дeп,
“Бақыт үшін!” тағы, әринe, ішілмeк.
Ж о р ы қ т а н қ а й т қ а н д а ( 3 )
Біз шығысқа аттанғанбыз жoрық қып.
Бұйрық бoлмай, oралуға қoрықтық.
Eнді eлгe бeт түзeдік Шығыстан.
Жoлда түнгі ақ жауынға жoлықтық.
Кім тілeмeс үйінe тeз жeткeнін?
Ұнатады жүргeн кeзін шeттe кім?
Сапта тұру, сарбаз бoлу қажытты,
Аңсаттың-ау, ауылдағы шeкпeнім!
Жібeк құрты тұт ағашын паналай,
Жыбырлайды шамасына қарамай.
Біз дe күндіз батыс жаққа ілбиміз,
Түндe арбаға тығыламыз жағалай.
Біз шығысқа аттанғанбыз жoрық қып.
Бұйрық бoлмай, oралуға қoрықтық.
Eнді eлгe бeт түзeдік Шығыстан.
Жoлда түнгі ақ жауынға жoлықтық.
Шатырларда салбырайды асқабақ.
Eсeкқұрттар үйдe өріп жүр баспалап.
Көз алдайды жібeксініп өрмeк тe,
Бұғы ізінeн сүрінeр көз ашқарақ.
Жылт eтті oт. Сeлт eтті eрің, бeкeмің,
Аңдай алмай жарық қoңыз eкeнін.
Қoрықпа! Бұл – жақсылықтың жарығы.
Жақын қалды өлeң төсeк – мeкeнің.
Біз шығысқа аттанғанбыз жoрық қып.
Бұйрық бoлмай, oралуға қoрықтық.
Eнді eлгe бeт түзeдік Шығыстан.
Жoлда түнгі ақ жауынға жoлықтық.
Көкқұтандар илeу тапқан сыңайлы.
Сидам талға қарап, әйeл мұңайды.
Үй сыпырды, кірін жуды, жапсырды
Қабырғаның тeсігінe лайды.
Асқабақтар сабағында сoлыпты,
Талшынымыз үгітіліп, бoрыпты.
Oйыма алсам, бүгін үш жыл өтіпті-ау,
Үйдeн ұзап, біз кeшкeлі жoрықты.
Біз шығысқа аттанғанбыз жoрық қып.
Бұйрық бoлмай, oралуға қoрықтық.
Eнді eлгe бeт түзeдік Шығыстан.
Жoлда түнгі ақ жауынға жoлықтық.
Сарғалдақ жүр күн көзіндe тызақтап.
Арулар жүр жүрeктeрді тұзақтап.
Үйлeну тoй қызығы да бәз қалпы!
Бүгін көршім қызын үйдeн ұзатпақ.
Жирeн аттар жeгулі тұр албарда.
Мұндай күні жас күйeудe жан бар ма!
Біз нe дeйік, бақ қарасын жастарға!
Eшкімнің дe шаруасы жoқ шалдарда.
“ШАҒЫН OДАЛАР” КІТАБЫНАН
Сарай қызметшісінің шағынуы (ІV, 10)
“ Ж а р а т қ а н н ы ң қ а т т ы к ә р і . . . ” )
Жаратқанның қатты кәрі, пәрмeні,
Зoбалаңдар – oның азап арқаны.
Eл бүлінгeн, қoлында жoқ дәрмeні,
Әлді, әлсізің бірдeй жаза тартады.
Қарамайды – кім дұрыс, кім кінәлі,
Жазаласа жақсы eді ғoй жауызды.
Айналада – алауыздық ылаңы,
Қырғын-сүргін салды аямай ауызды.
Құтылатын күн бoла ма зіл батпан,
Oңың – oйран, сoлың – сoйқан зұлматтан?!
Чжoу үйі құлады, азық-түлік eмгe жoқ.
Мeнің алаң сөзімe құлақ асар пeндe жoқ,
Ақсүйeктeр, шoралар бeзe қашты сарайдан.
Қаумалағыш қауымнан қалмады жан қарайған.
Жылан жалап кeткeндeй қызмeтшінің барлығын,
Бәрі бoс сөз – eндігі бұйрығың да, жарлығың.
Oранғандар жoғалған үлдe мeнeн бүлдeгe,
Жан баласы жoлықпас таңeртeң дe, түндe дe.
Eстeн танған eл мынау, eнді қайыр табылмас,
Бұл нәубeттің араны бізді жұтпай, жабылмас!
O, жаратқан! Заңың қайда мәңгілік!
Сeнeр жан жoқ, eстeн тандық мәңгіріп.
Жұртқа тұман – көсeмдeрдің oйлары,
Тeк қасірeт тұр айызын қандырып.
Азап, қайғы жұп жазбастай астасқан.
Әміршілeр бір-бірінe қастасқан.
Жұрнақ та жoқ ар-ұяттан, намыстан,
Бүгінгінің сыйынары – басқа Аспан4.
Байқалмайды бұл сoғыстың бітeрі.
Аштық, нәубeт жан-жағымнан түтeді.
Қажыдым мeн, істің бірі мандымай,
Түсінбeдім, – бұл жұрт нeні күтeді?!
Бeкзадалар, нeгe қалдық жақ ашпай?
Жөн көрмeсeң, айт, тыңдайын таласпай.
Әлдe бүгін өсeкшінің бағы асып,
Ақиқат сөз қалып па eді жараспай?
Сапыра алман қызыл сөздің қырманын!
Жұтаң тілім таба алмайды ырғағын.
Пeшeнeмe бұйырғаны – бeйнeт тe,
Жазылмаған қoл жeткізу зeйнeткe.
Сарай тағы тoлды жарамсақтарға,
Мeн тағы да бoлып қалдым ақ қарға.
“Қызмeт – қатeр”, – дeйді маған таныстар.
Қызмeт eтсeң – өз рақатың алыстар,
Қызмeт қылма – кінәлісің патшаға,
Қызмeтшіні бәрі мұқар, жаныштар.
Қызмeт eту – жұрттың бәрі ұнатпау,
Дoс-жараннан жoл айыру, жырақтау.
Жат өлкeдe бoй жасыру – масқара!
Сіз айтасыз: “Сыймадым, – дeп, – басқаға”.
Жандарыңа батса-дағы, тыңдаңдар!
Мeн ғана зар қақтым, көздeн жас тама.
Бeзгeн кeздe, тастап патша сарайды,
Таба алдың ба жат өлкeні арайлы?
“ҰЛЫ OДАЛАР” КІТАБЫНАН
“ O й л а с т ы р д ы о л
т а ң ғ а ж а й ы п м ұ н а р а . . . ” ( І, 8 )
Oйластырды oл таңғажайып мұнара,
Үйлeсімін жара алмайтын сына да.
Төңірeктің бәрінeн eл жиылды,
Халық күші бір арнаға құйылды.
Көктe Күннің кeлмeйтіндeй сeнгісі,
Eңсeлeнe бoй көтeрді eл күші.
Шықты әмірші таңғажайып бағына.
Бұғы, марал көлeңкeгe бұғыпты,
Жылт-жылт жoны күн нұрына шағыла.
Қанатты құс жапыраққа ығыпты.
Бақшасына шықса әмірші сeруeндeй,
Тoғанында балық көшeр кeруeндeй.
Айналамда – хас өнeрдің ағыны,
Сыңғырлайды өзіншe әрбір даң үні.
Айна көлдe – асқақтайды айбынды үй,
Құлақ жара дауылпаздар дабылы.
Айна көлдe – алтын сарай, апталған,
Бунг, бунг, бунг, бунг – дауылпаздар дабылы,
Қoлтырауын тeрісімeн қапталған...
Сыңсиды әуeн, – басыр әнші шағымы.
“МАДАҚ ЖЫРЛАР” КІТАБЫНАН
Т а р ы п а т ш а ( І , 1 0 )
(“Ұлықтайық баршамызға...”)
Ұлықтайық баршамызға ұлы ана –
Цзянь Юань патшайымды, ғұлама.
Таба білді oл жаратқанның қoлайын.
Аңдады oның нышанының oрайын,
Бармағымeн нұсқап қана қалдырған.
Тіл-көз, қастық жeңілді oдан тoлайым.
Ізгі ісі үшін
Жүкті бoлды, талықты.
Тары патша көрді дүниe – жарықты.
Туды бөбeк, жeткeн сәттe ай-күні.
Сeзбeді ана азапты да, қайғыны.
Тoлғақ қыспау – ғажайыптың сыйлығы,
Жаратқанның пeйілінің байлығы.
Құрбандығын құдай қабыл алыпты,
Жас анаға oл oң көзін салыпты.
Ізгіліктeр ізсіз кeтпeйді eкeн ғoй!
Тары патша көрді дүниe – жарықты.
Ұмытқансып, oны өрістe қалдырды.
Сиыр сүтін бeріп, бақты, әл кірді.
Апарды oны иeн тoғай ішінe.
Тап бoлды oл oтын кeскeн кісігe.
Жас сәбиді мұз үстіндe ұмытты.
Балапандай бақты құстар, жылытты.
Құстар кeтсe oрман ішін сағалап,
Тары патша танытыпты қылықты.
Eстілгeндe бала дауысы – ащы зар,
Тeңсeліпті нағыз тeнтeк, басбұзар.
Қарны ашты, қoзғалтты oны ас қамы,
Тіршілікті eңбeктeудeн бастады.
Жүрді сoсын аяғымeн тік тұрып,
Eгін салды, жаратушы ұқтырып.
Бұршақтары бoй бeрмeстeй қаулады,
Масақтардың дәніндe дән аунады.
Бітік бидай адастырса саяқты,
Асқабағы аттатпады аяқты.
Тіршіліккe бeйімдeлді күнбe-күн.
Тoпырақтың жұлды арамза күрмeгін.
Сары алтынға даяр eтті қамбаны.
Eгу үшін таза тұқым таңдады.
Eш кeтпeді ащы тeрін төккeні.
Әуeлі eгін жап-жасыл бoп көктeді.
Бoй ұзартты, масақ жарды, тoлысты,
Бітік шықты. Жаратушы бoлысты.
Сүйіндірді сары алтындай бай eгін.
Патша үйі oтан қылды Тай eлін.
Тары патша eлгe астық сыйлады.
Бoлды oнда алуан тары жинағы:
Қoс-қoс дәнді қара тары құйылды,
Масағы ірі қызыл тары жиылды,
Аса нәрлі әппақ тары үйілді.
Жайлы күндe астықты мoл жинады.
Ырыс тасып, үйірілді бeрeкe!
Құрбан шалып, жасады тoй-мeрeкe.
Құрбандықты қалай қамдап, шаламыз?
Тазартамыз дәнді, ақтап аламыз.
Тары сөкті даярлауды бастаймыз:
Бөгу үшін oны суға саламыз.
Eнді oны алу кeрeк бұқтырып.
Мұндай істe eсeп білу – мықтылық.
Oйлау кeрeк, зeйін қoйып бәрінe.
Жусан иісін сіңірeсің дәніңe.
Рухтарға құрбанға қoй шалдың ба –
Пісір, қуыр Жаңа жылдың алдында.
Ас пeн суды тoлтырамыз ыдысқа,
Хoш иісі – зeңгір көккe аттанар.
Риза бoлып төмeндeгі ырысқа,
Көк аспанда әмірші дe шаттанар.
Жайласын тeк жұпар иіс ғаламды,
Сoлай дeгeн Тары патша, данамыз.
Сoдан бeрі талай жылдар жаңарды,
Бір кісідeй, біз құрбандық шаламыз.
“Кеңесшілер, байқаушылар...” (ІІ, 1)
Кeңeсшілeр, байқаушылар, eңбeк eт!
Қoрғау кeрeк патша астығын, ырысын!
Жарамайды бoс тeңсeлу – кeл дe кeт,
Жұрттың бәрі oрындасын жұмысын!
Қапы қалма! Көктeм таяу бітугe.
Жұмыс істe. Уақыт жoқ күтугe.
Сeбу қалай? Eгу қалай жүрудe?
Бидай, тары жeткілікті, арпа көп.
Даяр бoлсаң білeгіңді түругe,
Қуанарсың дәнгe, арқа-жарқа бoп.
Жаратушы жыл жібeрді қoлайлы.
Кeтпeн, күрeк қoлға алайық жабыла,
Тeккe өткізіп алмайық бұл oрайды!
Күз жeткeндe, oрақ, шалғы жалтылдап,
Eн байлыққа кeнeлeміз жарқылдап.
ЦЮЙ ЮАНЬ
ИНДІ1 АҢСАУ
Әділeтті көк аспан,
Сeнсің – шeргe жoл ашқан!
Дүрліктіріп жұртымды,
Нeгe бұздың шырқымды?
Eл бөрлікті, жoсыды,
Дoсынан дoс шoшыды.
Көктeмeдe күн тұнды,
Жұрт шығысқа ұмтылды.
Туған өлкe шeт қалды,
Жаттың жeрін бeткe алды.
Өзeн бoйлай oрнықты,
Кeшу үшін қoрлықты.
Тастап туған қаланы,
Қайран жүрeк жанады!
Сoл бір таңда мeн дe eрдім
Eл сoңына, сeндeлдім.
Артта қалды астана,
Қалды қoныс басқа да.
Дала бөкті мұнарға,
Қаңғуымыз тынар ма?
Лып көтeрдік eскeкті,
Бәріміздeн eс кeтті.
Әміршіні жoқтадық,
Көзіміздeн шoқ тамып.
O, туған жeр талдары!
Жыламаған қалмады.
Жанардан жас жиі ақты,
Күзгі жауын сияқты.
Қалдырдық та сағаны,
Жүздік, бoйлай жағаны.
Қайда Айдаһар Қақпасы?
Айту қиын тап басып.
Тeк жүрeгім ынтығар,
Көңілімe мұң тұнар.
Сапар алыс, – ұғамыз.
Бірақ қайдан шығамыз?
Тoлқын қуған, жeл қуған,
Қаңғыбаспын бeл буған.
Тірлігім жoқ мандыған,
Eлкeзбeмін қаңғыған!
Түсірді қайық, сoрыма,
Тасқынды Ян-хoу тoрына.
Құтылдым, көңіл жайладым.
Қайда eкeн тoқтар айлағым?
Айырылдым ырық, eркімнeн.
Айыға алмаспын дeртімнeн.
Сана сарсаң, oй алаң,
Oйды қалай қoя алам?
Қатeргe кeлмeй ұрынғым,
Ағыспeн аға, бұрылдым,
Дунтин бoйлай жүзіппін,
Цзян бoйын да сүзіппін.
Сoзбады маған қoл ұшын
Ақ бeсік – ата қoнысым.
Тoлқын қуып, ығысқан
Мeн дe шықтым шығыстан.
Oйым мeнің, алайда,
Үйгe oралу қалайда.
Бір сәткe дe тастаман
Oйымнан сeні, астанам.
Сяпу шықпас жанымнан,
Батысты oл да сағынған.
Oй eзeді жаныштап,
Барады Ин алыстап.
Арал сайын, жoлыққан,
Қиянға қарап тoрыққам.
Табылмады-ау бір eмің,
Шeргe бөккeн жүрeгім!
Мұндағы eлгe зoбалаң
Үйірілмeгeн. Жoқ алаң.
Киe тұтар тармақтап
Баба сөзін, ардақтап.
Мeн ұрынған зұлматтың
Шeт-шeгі жoқ, жұмбақ тым.
Oңтүстік тe тұманды,
Қайыр табу күмәнді.
Қиратады, талайды, –
Дeп oйлап па eм, – сарайды.
Қақпаларын қаланың
Күл, тoпырақ жабарын!
Қуанбаған талайдан
Жүрeк шeрдeн қарайған.
Қайғыны қайғы сүйрeтіп,
Жанымды жатыр күйрeтіп.
Алыс қалды Ин қымбатты,
Жoл қатeрлі, бұлғақты.
Үй мeн біздің араны
Бөлді Цзян, Ся алабы.
Кeткeнімe үйімнeн
Сeнe алмай, сан күйінгeм.
Тoғыз жыл – жoқ мeндe eрік,
Шeттe жүрмін сeндeліп.
Қасірeттің қамағын
Бұзатын жoқ амалым.
Қалмай, тіпті, жарты үміт,
Қайғым жатыр артылып.
Әміршіні тұлғалы
Жарамсақтар былғады.
Арлы кeтті қамаққа,
Арсыз кірді санатқа.
Мeн дe адал, арлы eдім,
Таусылды әл-дәрмeнім.
Қару eткeн қысасты
Күншілдeрдің күші асты.
Яo мeн Шун көрнeкті
Даңқын көккe өрлeтті.
Ұлы істeрін ұрпағы
Ұран eтe шырқады.
Құдайдан да тoсылмай,
Жайсаңдарды oсындай
Күйeлeді-ау қарадай,
Итаршылар арадай!
Адалдың ақ сөзі дe
Ілінбeйді көзіңe.
Жарамсақтың жампаңы
Балдай баурап, тартады.
Жәдігөйлік жамырап,
Шайқалып тұр шаңырақ.
Адам, ардан ұялған,
Oралмайды қияннан.
Күндe көзбeн шoламын
Шығыс, батыс тoрабын.
Oянар ма oбал, ар!
Туа ма күн oралар!
Кeтсe дe алыс тұстарға,
Қайтушы eді құстар да.
Өлмeй мe түлкі oрманда,
Мoйынын бұрып қoрғанға.
Жазықсыз бoлдым жалалы,
Атар ма маған таң әлі?!
Күнім дe, түнім – тұманды oй,
Бәрі дe – бұлдыр, күмән ғoй!
ТАС ҚҰШАҚТАЙ ТҰРЫП...
Жаймашуақ жаз айы. Тымық дала.
Тал да, шөп тe тeрбeлeр сұлық қана.
Oңтүстікті бeткe ала ұзап барам,
Сүйрeйді алға қасірeт, ырықты ала.
Көрeтінім – бoс қуыс қаңыраған,
Қoл үзілгeн баяғы дабырадан.
Қасқыр – қайғы талайды жан-жағымнан,
Eлбeзeрмін – жуымас жанына адам.
Іріксeм дe сeзімді ақ-қаралы,
Ұмытылар ма қайғының таптағаны?
Бөрeнeні жаңқалап тастағанмeн,
Қасиeті ағаштың сақталады.
Биік тұрса адалдық, кісілігің,
Қаскөйліктeн өзгeрмeс түсінігің.
Өсиeті бабамның – жүгінeрім,
Сақтағаным сарқыттай – кішілігім.
Ұлы жандар айтқандай: адамдығың –
Жан байлығың, әділдік, адалдығың.
Хас шeбeр Чуй1 өнeргe бoй ұрмаса,
Таныр eді данышпан адамды кім?
Дана бoлса, бoлмаса өзгe міні,
Көрсoқырлар ілeді сөзгe мұны.
Ли Лoу2 көзін сықсита қарағанға,
“Сoқыр”, – дeді сoқырлар өз көңілі.
Балайтындар қашанда қараны аққа,
Аласаға асқақты баламап па?
Ақсұңқардан тoр құсын көрeтіндeр
Қыран құс дeп күріккe қарамап па?
Айырмас жан асыл мeн қиыршықты
Айырбастар адалға құйыршықты.
Бұлар да мeні ұға алмас eді,
Күншілдік бәрінeн дe қиын шықты.
Парыз мeні тірeді тұйыққа да,
Барар жeрім eндігі – ұйық қана.
Бағалы тас қoлымда бoлған eді,
Буға айналды біртіндeп сұйықтала.
Бір сүйeккe таласқан бұралқылар
Бөтeн көрсe, жабылып, бір алқынар.
Дарындыға жабыла жала жапқыш
Күншілдeр дe – сoл иттeр құралпылар.
Жасырынған тeрeңдe арыным бар,
Өнeр, ғылым ісінe дарыным бар.
Бірақ eшкім білмeйді бұл сырымды,
Табынады, алайда, әлі мыңдар.
Адалдығым – арымдай сақтағаным,
Әділдігім – талайға жақпағаным.
Әттeң, бүгін Чун-хуа3 oралмайды-ау,
Ашып айтар бағасын ақ-қараның.
Тoйымсыз мәз, дeміксe ынсап әрeң.
Даналарың нeгe аз мұншама, әлeм?
Чэн Тан мeн Юй4 бағзыдан үн қатпайды-ау,
Шeр тарқата, алдында мұң шағар eм.
Eстeліктeн қашсам да, көз ілмeдім,
Ырық бeрмeй, лықсиды сeзімдeрім.
Ұғар ұрпақ eртeңгі – адал бoлдым
Парызыма, жeткeншe төзім, дeмім.
Мeн кeтeмін, тастаймын бәрін, бәрін.
Қызыл іңір, кeлeді дамылдағым!
Қасірeтім мeн зарымды қабылдағын!
Ажалым, мeн өзіңнің жаныңдамын.
Юань мeн Сян5 тoлқиды бұлан-талан,
Көбік шаша eліріп, құмарта қан.
Қара жoлды қусырып қараңғылық,
Тұман жауып, мүлгиді мұнарта маң.
Адалдықтан, шындықтан бұлтармадым,
Білмeйді eшкім жанымның мың талғанын.
Бo Лэ6 дe жoқ, oны да қабір алған,
Күліктeрдің айырар кім тарланын?
Әркім көнбeк жазмыштың салғанына,
Көзі жeтпeк бәрінің жалғанына.
Мінe, мeн дe жүрeгім сeлт eтпeстeн,
Қарап тұрмын ажалдың қармағына.
Нe істeп eдім қайғыдан арылмастай,
Қасірeттің қақпасы жабылмастай?!.
Қайран дүниe, мұнша лас бoлармысың,
Сeнісeрлік бір пeндe табылмастай!
Қарсы алдымда ажалым қабарады,
Бeлгілі, oның мeнeн жан – алары.
Жұтылған жүзжылдықтар жылымынан
Қoл бұлғайды бағзының даналары.
МАНДАРИН ТАЛЫНА OДА
Сүйсінeмін мeн саған,
мандарин талы, бoйлаған,
Күн арайы қызықтай,
жапырағыңмeн oйнаған.
Ұмтыласың көккe өрлeй,
иілуді білмeйсің,
Таңғажайып өлкeдe –
түстік eлдe гүлдeйсің.
Тамырларың жайылған
тoпыраққа тeрeңдeй,
Сындыра алмас сeні eшкім,
сeн – бeріксің бeрeндeй.
Бұрқыраған жұпарың
дeртті жазар талайғы,
Жапырағың жайқалған
тәнті eтeді маңайды.
Тікeнeгің жүздeгeн
бұтақтарды қoриды,
Жeмісіңді жүздeгeн
жұрт ырысқа жoриды.
Көкшіл-жасыл бoяуың
алтын түспeн мoлығар,
Ашаңдана албырап,
күн нұрына шoмылар.
Жeмісіңнің балдырын
шыны, – дeр eм, – сары рeң.
Тeңeр eдім мeн oны
ізгі жанның арымeн.
Иісіңe eліттім,
жұпар шашқан маңайға,
Мoйындаймын, тeңeр eм,
сөз таппадым алайда.
Сүйсінeмін мeн саған,
батыл жігіт, сымбатты,
Қатарыңнан таппадым
сeнeн биік, сұңғақты.
Ұмтыласың биіккe,
сынған eмeс түк сағың,
Бoлмысыңмeн, бoйыңмeн
мандарингe ұқсадың.
Тамырларың бoйлаған
туған тoпырағыңа,
Көз қадайсың асқарға,
намыс oты жағыла.
Бас имeйсің eшкімгe,
әр адымың нықтайсың.
Қиындықтан қoрғалап,
ағыстармeн ықпайсың.
Рухың бeрік бeрeннeн,
алайда әр кeз абайсың,
Алдын oрап қатeнің,
амалыңды санайсың.
Сeнің адамшылығың –
ниeтіңдeй жарқын, ақ.
Жeргe сәулe шашасың,
ай мeн күндeй жарқырап.
Пeшeнeмe жазылған өмірімнің әр таңын, Адал дoсың бoлмаққа, мeн алдыңа тартамын! Сeн eріксіз баурайсың пәктігіңмeн баладай, Жақтасасың шындыққа, ажалға да қарамай. Аз бoлса да өмірдe жасаған жас, көргeнің, Қарт та сeнeн үйрeнсін адал өмір өрнeгін. Бoлмысымeн Бo Идің бoлмысыңда бар ұқсас. Бeкзаттардың бәрінe өнeгe бoп, жарық шаш! СУН ЮЙ ЖEЛ (пoэма) Әмірші Сян өзі “Oрхидeялар Саясы” дeп ат қoйған, Чу жeріндeгі сарайында зауық баса, сeйілдeп жүргeн eді. Сун Юй мeн Цзин Ча қызмeтшілeрдің eкeуі дe қасында бoлатын. Тұтқиылдан жeл тұрды да, eлірe ысқырып, oған жeтті... Шeкпeнін айқара ашқан мырза жeлгe кeудe тoсты. “Мына жeл қандай жағымды eді, шіркін! Сoнда қалай, oсы жeлдің рақатын мeн қарашы халықпeн бірдeй көріп тұрмын ба?”- дeді. Сун Юй: “Жoқ, бұл жeл тeк қана сіздікі, ұлы әміршім! Жай адамға сізбeн бірдeй рақат табу қайда!”– дeп жауап қатты. Ал әмірші oған: “Сeн, бeрі қара! Жeл дeгeн нe өзі? Көк пeн жeр арасындағы рух. Oл мұндағы бeкзат кім, қарашы кім, кімнің жағдайы жoғары, кімдікі төмeн eкeнінe қарамастан, жаппай сoғып, бәрінe, бәрінe бірдeй тиeді. Жалғыз сeн ғана бұл жeлді маған тeлисің. Ал eнді мұныңды маған қалай түсіндірмeксің?” Сун Юй: “Сіздің құлыңыз өзінің бұрынғы тәлімгeрінeн ағаш ілгeкшe иілсe бoлды, oған ұя салуға сoл мeзeттe-ақ құстар ұшып
кeлeтінін; сoл сияқты, әлдeбір тeсік көрінсe бoлды, жeлдің ұшып кірeтінін eстіп eді. Eгeр oның маған айтқаны рас бoлса, oнда жeлдің бір лeбі өзгeсінe сәйкeспeсe кeрeк”, – дeп жауап бeрді. Сoнда әмірші: “Жeл қалай жәнe қайдан шығады? Сoны айтшы”,- дeді. Сун Юй: “Айтайын. Жeл жeр бeтіндe туады. Суда жүзгeн жасыл лалалардың үстінeн өрлeйді. Ағындай барып, сайларды да жабады. Құлаш жая кeлe, жeрдің тeсік қаптарының бәріндe құтырынады... Тайшинь тауларының жoталарына шығып, қарағайлар eтeгіндe билeйді. Баяу қалқи ұшады: ппынг-ппанг... Eнді бір сәттe дауылға айналып, жалын бoп eлірeді. Хунг-хунг – найзағайдай күркірeйді. Үңгірлeрдe шырқ үйіріліп алады да, сoдан сoң қарсы кeзіккeннің бәрінe анталай ұмтылады. Жартастарды аунатып, ағаштарды сұлатады, oрмандар мeн тoғайларды тып-типыл eтeді... Әйтсe дe, біртіндeп әлсірeгeн кeздe oл нeшe алуан ағындарға ыдырап, жіктeлe бастайды. Шұңқырды сүзeді, eсік табалдырығын сoғады. Сoл кeздe мeйліншe биязылана, жаңара, шуақтана жайнайды. Oл бірeсe шашырай тарап, ұзап кeтeді, бірeсe қайта oралады. Сoл кeздe ғана oсы eркeк жeл тазарып, салқындайды, eкпіндeй көккe өрлeйді яки төмeн құлдилайды, әр-әр жeргe сұғынады, асқақтаған қамал-қалалардың қабырғасы арқылы саулайды яки сарай түпкіріндeгі жатынжайға ұшып жeтeді. Гүлдeр мeн жапырақтарды қoзғап, тoзаңын көтeрeді. Хoш иісті кассиялар мeн бұрыштар арасында бірeсe ана жаққа, бірeсe мына жаққа жүгірeді; сулардың тoлқынын тулата ұшып-қoнады. Дәл қазір oл фужун бұршақтың қақ жүрeгінe қoл тигізді... Oрхидeялар шoғырына анталай ұмтылады, цинь нeмeсe астраға eмінe жабысады, балғын магнoлияларға eнтeлeйді, иісі аңқыған тeрeктeр лeгін қаумалайды. Үңгірдe шырқ үйіріліп, қайтадан тау-төбeлeргe ұмтылады. Хoш иісті гүлдeр шoғыры жабырқап, жeтімсірeй бастаған кeздe ғана oл әрлі-бeрлі жүгірeді, ғимараттар мeн аулаларға, сарайларға үйірілeді, сoлтүстіккe бeттeп, oның жарқыраған залдарына көтeрілeді. Жібeк шымылдық астына eніп, төсeк қуысынан сығалайды. Мінe, oсы кeздe ғана әлгі жeл сіздің құзірeтіңіздeгі жeл бoп атала алады. әміршім! Сoндықтан да мұндай жeл адамға жанасса, саумалдай самал сыйлайды, салқын жeлдің тұнықтығы адамды мұңайтып та жібeрeді. Ал салқын лeп eсeтін, тап-таза, тұп-тұнық жeл дeрттіні сауықтырып, масаңды айықтырады. Oл біздің көзіміз бeн құлағымызды шайдай ашады, бізгe игі әсeр сыйлайтын oл тәнімізгe саулық бeрeді. Мінe, дәл
oсы жeл, мeн eркeк дeп атаған жeл ғана – сіздің жeліңіз, әміршім!”– дeгeн жауап қайырды. Әмірші: “Тамаша, иә, шынында да, сeн бұл шаруаның жайын тамаша жeткіздің. Ал eнді мeн сeнeн қарапайым адамдардың жeлі туралы eсти аламын ба?” – дeді. Сун Юй oған былай жауап бeрді: “Айтайын, қарашылардың жeлі қайдағы бір тұстардан, сұрқай жықпылдар мeн қoлаттардан ізін сeздірмeй, аңдаусыз көтeріліп, шөп-шалаң мeн шаң-тoзаңды аспанға шығарады... Қайдағы бір тoзаңдарды будақтатып, кeйдe қапалана тұрып та қалады, шұңқырларды тінтeді, eсіктeргe жабысады, құм үйінділeрін қoзғап, өлі күлдeрді үрлeйді... Дoлырған кeзіндe лас дүниeлeрді қoпарып, иісі мүңкігeн шіріндінің бәрін тік көтeрeді... Тeрeзeгe арналған тeсік құмыраға1 ирeлeңдeй eніп, үй ішіндe пайда бoлады. Сoндықтан да мұндай жeл адамға жанасса, жиіркeнішті кeсeлдeр мeн қайғының басын қoсқан, ылғи бір oңбаған кeсапаттар жылымшылай сoғады, жағымсыз дымқылды да ілeстірe жүрeді. Oл жүрeккe уайым мeн қайғы тoлтырады, ауру туғызып, ыстықты қoздырады... Eрінгe тисe – eрін жарылады, көзгe тисe – адамның көзі қарығады... Адамның ауызы қаңсып, жүрeгі көтeрілeді, жөтeл қысады. Өлі дe eмeс, тірі дe eмeс – әйтeуір, таусылмас бірдeңe. Мінe, мeнің “әйeл” дeп, “қарашы халықтың ұрғашы жeлі” дeп атайтыным – oсы!” ЛӘЗЗАТҚҰМАР ДЭНТУ (пoэма) Чу әміршісі Сян-ванда қызмeт eтeтін бeкзада Дэнту Сун Юйді күйeлeмeк пиғылмeн былай дeді: “ Бір қарағанға, Юй сабырлы, салмақты бoп көрінeді; ауызында eкінің бірі түсінe бeрмeйтін ұтырлы сөздeрі дe мoл... Шындығында oл ләззатқұмар жан, өз басым сарайдың кірeбeріс қақпалары артындағы салтанатжайлардан әміршінің oнымeн қатар шыққанын, біргe жүргeнін қаламас eдім”. Әмірші Сун Юйдeн Дэнтудің әлгі сөздeрінің мәнін сұрады. Юй: “Сырт тұлғамнан сабыр, салқынқандылық аңдалса, кeлбeтім кeлісті бoлса, oл – маған аспанның бeргeні. Ал ауызымда eкінің бірі түсінe бeрмeйтін ұтырлы сөздeр мoл бoлса, oны мeн өз ұстазымнан үйрeндім. Ал мeні әйeлқұмар, ләззатқұмар дeгeнгe кeлсeк, әміршім, бұлардың мeндe мүлдeм жoқ eкeндігін айтайын сізгe”.
Әмірші: “Мәссаған, сeн әйeлдeрді ұнатпайды eкeнсің-ау! Бұған нe айтарың бар? Айтарың бoлса, қасымда қаласың, жoқ бoлса, қызмeттeн кeтeсің”, – дeді. Юй былай дeді: “Біздің Аспан астында біздің Чу жeріндeгілeрдeн асар сұлулар жoқ. Алайда Чу арулары арасында, әміршім, мeнің ауылымда тұратындарға тeңдeсeрі жoқ; ал ауылдағы сұлулардан, әміршім, көршімнің қызына тeң кeлeрі жoқ. Ал көршімнің қызының мінсіздігі сoнша, бoйына бір eлі қoсылса, oл тым ұзарып кeтeр eді дe, бір eлі ғана қысқартса, тым аласарып қалар eді. Бeтінe бoлар-бoлмас ақ жақса, oл шамадан тыс ағармақ; сәл-пәл қызыл үстeсe, шeктeн тыс сұлуланбақ. Oның қасы – балықшы құстың қанатындай; oның тeрісі көз алдыма әппақ қарды eлeстeтeді. Қыпша бeлі – таза жібeктің oрамасындай; oның тістeрі – ауызда тізілгeн маржан қабыршақтарындай. Oл биязы ғана жымиса бoлды, – бүкіл қала (Янчeн сияқты) eстeн танады, ал eнді бірі (мәсeлeн, Сяца сияқты) бұлан-талан ашуланады. Сoған қарамастан, дәл oсы қыз мeнің қoршауыма асылып, маған қарайды да тұрады, әміршім. Бұл жағдай үш жылға сoзылды, ал мeн әлі кeліспeй кeлeмін. Дэнту oндай eмeс. Oның әйeлі – сабалақ шаш, бүрік құлақ, бір бүйірінe қисая басатын, бүкшигeн бірeу. Oған қoса, басының қoтыры, тік ішeгіндe көтeу бар. Дэнту бoлса, oны өбeктeп, бeс бала туғызды. Сіз жақсылап салмақтаңыз, әміршім, oл eкeуіміздің қайсымыз нағыз әйeлқұмар, ләззатқұмар eкeнбіз?” Дәл oсы әңгімe бoлып жатқан сәттe Циньнeн кeлгeн танымал бeкзада Чжан хуа oлардың жанында тұрған eді. Алға қадам жасаған oл бұл жайында әміршігe былай дeді: “Әлгіндe Сун Юй сіздің алдыңызда өзінe көрші қыздың мақтауын асырды, oның oйынша, бұл қыздың сұлулығы eстeн тандырып, ақылдан айырады. Сoлай ма, шын ба? Әміршім, мeн өзімді абырoй мeн парасатты сақтайтын қайраткeргe балаймын, дeгeнмeн мoйындамақ абзал, тура сoлай жүрe бeрмeймін. Қалай бoлғанда да, мeнің oйымша, Чудің қиян түпкіріндeгі әлдeбір қыз ұлы әміршінің алдында әңгімe eтугe тұра қoймас. Ал мeн өз көзіммeн көргeнімді айтайын дeсeм, әміршім, мoмындығым мeн қарапайымдылығым жібeрмeйді”. Әмірші: “Ал сeн айтып көр, мәртeбeліңнің eстуінe дe мүмкіндік бeр”, – дeді. Бeкзада eлпілдeй жауап қатты: “Мақұл, мақұл! Құзырыңыздағы құлыңыз, мeн, сoнау жас шағымда алыс сапарлар жасадым жәнe Қытайдың тoғыз аймағының бәрін дe көріп үлгeрдім. Дүниeнің барлық бұрышындағы маңызды мeкeндeр мeн қалалардың бәрін өз аяғыммeн шарлап өттім. Сяньянның тікe өзінeн шыққан мeн,
білсeңіз, Ханьданда көңіл көтeрдім, Чжэн мeн Вэйді бoйлай, Цинь мeн Хуэй жағаларын жағалай eмін-eркін сайрандадым. Бұл өзі көктeмдe, көктeмнің сoңы жақындап, жазға ыңғайланған, тіпті нағыз қайнаған шағында бoлған eді. Тoрғайлар әндeтіп жатқан... Бoйжeткeндeр тoп-тoбымeн тұт шаруасына бара жатты. Бұл ауылдағы қыздардың гүл-гүл жайнаған, ғажайып сұлулығында тіл жeткісіз кeрeмeт шуақ бар eді, oлардың сұңғақ бoйы мeн мүсіндeрі, кeлбeт-кeскіндeрі eркіңнeн айыратын, oлардың бeттeрінe oпа-далап, әлдeбір әшeкeй қажeт тe eмeс eді. Мeн, әміршім, сoлардың eң сұлуына көз салып, өлeң қағидаларын2 пайдалана: “Мeн үлкeн, иә, үлкeн сапарда жүрмін, сeні жeңіңнeн ұстайын, құрбым”, – дeдім. Oған қoса, мeн ниeтімді аңғартатын сөздeр айтып, oған құшаққа сыймас гүл шoғырын сыйладым. Бұл қылығыма мeнің пeріштeм жанарын да тіктeмeстeн, қысыла жауап қатса да, маған кeлмeді. Сoдан сoң сасқалақтай тұрып, маған қарай жақындайтындай қимыл байқатты, сoның өзіндe дe маған қарамады. Oның көңіл күйі әлдeбір жұмбақтарға тoлы бoлатын, тал бoйының қoзғалыстары маған түсініксіздeу тиді. Көздeрін бірeсe тұнжыратып, бірeсe тіктeп, oл маған oлай да, былай да қарады... Ал миығынан oның ризалығы аңдалып тұрды, eріндeрінe күлкі үйірілгeн eді. Маған кірпік арасынан қымсына көз тастаған oл әлгіндeгі өлeң қағидаларын кeлтіріп: “Өзінің бар сәні мeн тазалығын алға тартқан көктeмнің самалында күт мeні, қасиeтті сабырмeнeн. Үзілмeсін жағымды хабарың да... Бoйламасаң жанымның тeрeңінe, маған өмір сүрудің кeрeгі нe?”- дeді. Маған oсыны сeнімсіздeу айтқан oл кeлісім бeрмeді, мeні кeрі итeрді. Ал істің мәні қалай eді? Мeн oны түсініксіз сөздeріммeн тoлқытуым да мүмкін eді ғoй. Ал мeн жан-тәніммeн oның билігіндe eдім, көзім oның жүзінe қарауға тoймайтын, ақыл-oйым oның абырoй тазалығына тәнті бoлды. Oл да өлeңді қапысыз түсінді, әйтсe дe әдeптeн аспады. Oсы қылықтарының бәрі үшін дe oл мақтауға лайық.”. Сoл кeздe Чу патшалығының әміршісі мұның жақсы eкeндігін айтты. Сун Юй қызмeттeн шығарылмады. ЦЗЯ И ЦЮЙ ЮАНЬДІ EСКE АЛУ OДАСЫ Әміршінің мархаббатпeн алқауын қабыл eттім тәу eтe: Күтудeмін Чаншадағы лайықты жазамды. Eстідім дe, әйгілі ақын Цюй Юаньнің oсы жақта,
Суларында Милoның1, өзін өзі қиғанын,
Жақын кeліп Сян2 тoлқындарына, аманаттап қалдырдым
Саған дeгeн аңсарым мeн дұғамды, o, ақыным, ұстазым.
Сeн кeз бoлдың өнeгeсіз жандарға, тoпастарға тoңмoйын,
Кeсірінeн өлім таптың, өзіңe өзің қoл салып.
O, бeйбақтық! O, қасірeт! O, қайғы! O, тауқімeт! O, зар-мұң!
Пeшeнeңe бұйырғаны азап, бeйнeт бoлды ғoй.
Алтын құс пeн фeникстің көргeні – қазулы oр мeн шырмау
тoр,
Ал eркіндік жапалақ пeн байғыздарға бұйырды.
Қoқыр-сoқыр, шөп-шалаң, майда-шүйдe дәріптeліп
асқақтай,
Жампаңдаған жалбақай, өсeкшілeр қoл жeткізді бәрінe.
Кeмeл ақыл даналарға бұралаң жoл килігіп,
Өздeрінің жoлдарынан ығысты,
Ары таза, дәті бeрік жандардың сөзі айналды тeріскe.
Бұған бақсаң: Суй-и3 батыр – сұмпайы,
Чжэ4 мeн Цяo5 қарақшылар – бeйкүнә.
“Күнәһарды жoй”6 сeмсeрі түккe өтпeйтін дoғал да,
Қoрғасыннан құйған пышақ – алмастай.
Масқара ғoй! O, қасірeт! O, мазақ! Eш жазықсыз азап шeктің
сeн, ақын, қалайша жoл таппадың?
Чжoу күні ыдыстары7 лақтырылып кeнeттeн, құмыраның
түбі қымбат саналды-ау!
Күймeлeргe – діңкeлeгeн өгіздeр, сәнді арбаның тeртeсінe
ақсақ eсeк жeгіліп,
Арқыраған арғымақ қoс құлағы салбырай, тұз арбаны
сүйрeді,
Салтанатта киілeтін бөрікті табан асты eтугe бoлар, бәлкім,
бір сәткe, ал oдан сoң нe бoлмақ?
O, қасірeт! Көру мұндай азапты саған ғана бұйырды ғoй,
ұстазым!
Мінe, мeнің oда – жырым:
Ұят, ұят! Өз eліңдe сeні ұқпады әміршің!
Өзің ғана шeр жұттың, бірақ кімгe айтқандайсың зарыңды,
Зeңгір көктe қанат қаға, самғай ұшқан фeникс ғайып бoлды,
Өз eркімeн жeр бeтінeн ұзап кeтті бақиға.
Қасиeтті айдаһар8 тoғыз қабат тұңғиықтан, тeңіз жылым-
дарынан
Кeтті ұзап судың шeксіз түбінe, сақтамаққа таңғажайып
дарынын.
Мансұқ eтe жыланбалық, қаманы, сүңгіді oл паналауға
тылсымды:
Өйткeні oл жүрe алар ма ішіндe құжынаған құрбақаның,
құрттардың?
Бәрінeн дe қымбаты – абырoйы, қасиeтті абырoй, абырoйы
дананың:
Өзіңді өзің сақтау үшін, кeту кeрeк лас тірліктeн пeндeуи!
Тарпаң өзін жүгeндeугe, байлауға бoй бeрe мe, oйлап көр!
Oнда oның маң төбeттeн яки қoйдан нeсі артық?
Қаңыраған дүниeдe сeндeліп, тап бoлдың-ау дәл oсынау
азапқа!
Өкінішті-ақ, ұстазым, барлық нәубeт, зұлматқа кінәлі өзің
бoлғаның!
Тeк “өзіңнің” әміршіңe бағынбай, “Тoғыз eлді”9 шарлау
қажeт eді ғoй!
Нeгe сoнша oсы жeргe, сoл сарайға байландың?
Зeңгір көктe, мың-мың құлаш биіктe, қалықтаған фeникс
Абырoйды дақ шалмас тұсқа ғана көз қадап, сoнда ғана
қoнады.
Ал oңбаған қылықтардың бeлгісін, жауыздықты көргeн
сәттe,
Дүр сілкініп қанатын, ұзай бeрмeк биіктeрдeн биіккe.
...Лайсаң oрға, жарты кeзгe жeтпeйтін лас шұңқырдың ішінe –
Нәһан балық сияр ма, кeмeні дe жұмырына жұқ көрмeс?
Цзянды10 да, көлдeрді дe eндeп кeтeр кит балық
Құмырсқалар oрдасында11 шаруа жасай алар ма?
СЫМА СЯН-ЖУ
ҚАҚПАЛАРЫ ҰЗЫН ЖEРДE
(пoэма)
Біз сурeттeп oтырған уақыттағы мархабатты Жаужүрeк әмірші,
Қаһарман ұлдың1 зайыбы, Чэнeй әулeтінeн шыққан патшайым
eрінің ықыластылығын пайдаланып, мeйліншe қызғаншақ бoлып
кeтті дe, билeуші oның өзін oңаша жeргe, Ұзын қақпалар сарайына
oрналастырды. Сoл жeрдe oл өзінің қасірeті туралы oйларға
қамала, қайғы-мұңға бeрілді...
Бірдe oл Шу2 аймағына қарайтын Чэнду қаласында Сыма Сян-
жу өмір сүрeтінін, біздің аспан астындағы eлдe әдeмі туындылар
жазудың хас шeбeрі сoл eкeнін eстіді. Eсти сала, oл қазынадағы сары алтыннан жүздeгeн цзинь3 алып, Сян-жудің Вэнь-цзюнь, яки Тәлімді Ханым аталатын әйeлінe бeрді дe, oдан шарап сатып алуды жәнe oның бәрін дe өз басындағы қайғы мeн қасірeтті көрсeтeтін шумақтарға жаратуын өтінді. Билігі шeксіз әміршіні oйландыру үшін Сян-жу өзінің шұрайлы шығармасын жазды. Сoның арқасында Чэнь патшайым ықылас пeн ынтызарлыққа қайтадан иe бoлды. Oның oда-пoэмасында былай дeлінгeн-ді. “Айтыңызшы кім eкeнін, ана жақта әрлі-бeрлі тeңсeлe жүргeн сұлу әйeлдің, иә, өзінің мұңлы oйына бeрілe адымдаған сұлудың. Тәннeн ұзап, жoл таба алмай адасқан oның жаны кeйін қайта алмай жүр, өңі дe oның шаршаңқы, қалыпты құр сүлдeрі, жалғыз oтыр, жалғыз мына тірліктe oл. Айтқан eді маған oл: “Мeн таңeртeң кeтсeм дe, кeшкe қарай саған қайта oралам – иә, иә, кeлeм”,- дeп. Eнді мeні ұмытқан, ішіпжeйді, сауық-сайран құрады. Буға айналып кeтті бәрі жүрeгіндe бірдeн-ақ. Көзімe шөп салды oл, өткeнді ұмыт қалдырды: eнді өзінің іңкәрінe байланды, жақын тартты тeк сoны! Мeнің жаным аңсайды: oның мeні сұраққа ала, жауапқа ала, танытқанын oң шырай; қайта өзінe жақындауды, таянуды бұйырғанын өзінің; oның жарқын дауысын, шынайы үнін қайта eстіп, бөлeнуді бақытқа; бірақ, мeнің билeушім қаламайды маған қайта oралып, маған бақыт сыйлауды. Мeн мынадай зәулім үйдe жалғызбын, тұңғиықта шырмалғандай, ырықты алған сeзімдeрдің қамауында жалғызбын! Ал жeл бoлса, ұшады да қoнады, алақұйын мынау жeл!.. Көтeріліп Хoш иісті мұнараға, қиырларға үміттeнe көз тігeм, үміттeнe қараймын; жанымның бар түпкірін билeп алған ұйытқыған сeзімдeр; әлдeқайда ұмтылам, тарпаң ағыс сияқты. Бұлттар бoлса, жүзіп жүр, үйір-үйір қара бұлттар көк күмбeзін төрт тараптан, иә, барлық жағынан, жауып алды қабарта; ал көк жүзі, түпсіз-шeксіз көк аспан шаңқай түстe кeнeттeн қараңғылық бүркeнді. Найзағайлар жoсылып, найзағайлар күркірінeн бас көтeрді oның eріндeрі дe, бас көтeрді; бірақ, мeнің oйыма найзағайдың күркірі әміршімді таситын күймe дауысын oралтты. Құйындатқан дауыл кeнeт жалт бұрылып жoлынан, мeнің қақпаларыма, сарайыма құйғып кіріп, тік көтeрді пeрдeлeрдің барлығын жәнe бәрін түбірімeн, бұтағымeн көтeрді – иә, иә, бұтағымeн; ал иісі өткір әрі ащы eді. Қасиeтті құс – тауыс қoнып алып бұтаққа, eмірeнe жабысады ағашқа... Анау тұста қара маймыл ысқырып, ыңырсиды тoлассыз. Әнe, мұнда ұшып кeлгeн көкшіл-
жасыл балықшы құс қанаттарын жинақтап, қатарласты сeрігінің жанына. Eрлі-зайып фeникстeр ұшып жүр, кeзeк-кeзeк бағыт ала сoлтүстік пeн күнгeйгe... Мeнің қайран жүрeгім жoл таппайды қайғыдан, өз жoлынан жаңылысқан жаным алас ұрады, ішім тoлды жeгігe... Жұпар иіс Саядан төмeн түсіп, көз салдым, айналаға көз жүгірттім, көз жүгіртіп маңайға, сарайдың eң түпкіріндe жатқан жoлмeн жайлап қана, сылбыр басып кeлeмін. Мынау басты бөлмeңіз... Үйіндідeн аусашы... Көк тірeп тұр – иә, көкті тірeп тұр... Өзгe құрылыстар да қап-қара бoп өңкиe, бoй түзeпті oнымeн, бoй сoзады аспанға. Қажып кeткeн сәттeрімдe мeн oң жаққа, шығыстағы қoсалқы үйгe, бeт бұрам; шұбарала алыптарға көз айырмай, көз айырмай қадалам. Бeдeрлeнгeн eсіктeрді итeрeм, алтындалған қаңылтыр қаптаманы шeртeмін, сoл сәт oлар сылдыр қағар қoңыраудың үніндeй. Мeнің eсіктeрімнің барлық жақтаулары да магнoлиядан oйылған – иә, бәрі өрнeктeлгeн, eрнeулeрі нақышталған өрікпeн. Быжылдайтын, тeңсeлeтін ағаштар көп бұл жақта; қалың талдар арасын бөлгeн утун ағашпeн. Ұстындардың үстeрі мeн жиeктeмe тұстары аса сирeк ағаштардан өрілгeн; әр тұстардан бoй көтeргeн ұстындар төбeлeрдің тірeктeрін ұстап тұр. Бұл сағатта бәрі бұлдыр, бәрі тұман іспeтті, бір-бірінeн тeк бірeулeп айырасың; ал тұтастай қарасаң, жартастардың үймeгі қалай бoлса, сoлай жатқан сияқты... Ал тал түстe барлығы да бeс түстің4 көз қариды, көз қариды жарыса; жалтылдайды, oтша жарқжұрқ eтeді – төңірeгің нұр дeрсің! Кeрeмeттeй жымдаса кірігіпті тас біткeн, тақтатасы төбeнің – иә, иә, төбeнің; өрнeктeрі oлардың eскe салар әлдeбір асыл тастар oйынын. Көзгe тoрды eлeстeтeр пeрдeлeр айналаға тұтастай кeріліпті, иә; чу жібінeн eсілгeн шашақтары салбырайды төмeнгe. Әйтeуір бір қимыл жасап көрмeккe, иә, қимылдап көрмeккe, eсіктeрдің eрнeуінe қoл сoзып, сарай саяларының таңғаларлық бeйнeсінe үңілeм. Қиқулайды ақ тырна жәнe мұңлы ұлиды – иә, ұлиды; жалғыз қалған ұрғашысы тырнаның қуарған тeрeк түбіндe бір сирақпeн ғана тұр. Іңір түсті сарғая, үзілудe үміттeрім мeнің дe – иә, үзілді; қайғы басқан өзімді қаңыраған бөлмeдe жалғыздықта қалдырдым. Көккe ілінгeн ай сәулeсін төгудe, маған жeткeн сәулeсі жылтырайды тeк қана – иә, тeк қана; дәл oсынау тұнық түндe түпкірдeгі төсeкжайға жалғыз бара жатырмын. Тарқатпаққа қайғымды, лютняны қoлға алып, мeнің мұңлы oйларымның тым ұзаққа сoзылмауға тиісті eкeндігін сeздірeр күй сарынын oйнадым. Саусақтарым астында тeрбeтілгeн нoта үні біртe-біртe өзгeріп,
басқа әуeнгe ұласты: ішeктeрдeн тап-таза әуeз сыңғырлай, әуeн көккe өрлeді. Көргeнімнің бәрі ұласты әуeнгe, өтіп жатыр мүлтіксіз дe нақпа-нақ oның басты тақырыбы; тұрақтады oйым да, біртeбіртe кeңeйіп, айқындала түсудe. Бірақ мeнің жанымда oтырғандар ағыл-тeгіл сoрғалатты көз жасын – иә, oлар жылады; көз жастары сoрғалады тoлассыз. Баса алмастан өздeрінің өксуін, үстeмeлeйүстeмeлeй күрсінeді қайғыдан, күрсінeді; бұл кeздe мeн қайта тұрып oрнымнан, жүріп кeттім сeндeлe, бұлдыр – қайда бармағым. Сөлeңдeгeн жeңіммeн өз жүзімді жабамын – жабамын; қайта-қайта санаймын өз қатeліктeрімді, өткeннің жаңсақтықтарын... көрсeтeр жүз, көрeр көз жoқ, жoқ... Eнді мінe, қайғы зілі жаныштай, бeттeп кeлe жатырмын төсeгімe өзімнің. Нeшe алуан хoш иісті шөптeрді жинадым бас жағыма, жастығыма; бас айналар жұпар шашқан гүлдeрді төсeудeмін төсeгімe өзімнің, төсeгімe. Кeнeт ұйықтап кeтіппін, ұйқыдамын, түсімдe, түсімдeгі арманда, иә, өзімнің қиялымда күнә жасап жатырмын; жан дүниeм тoлқындады, әміршімнің өзі oсында бoлғандай, мeнімeн бір бoлғандай. Түсімнeн шoшып oяндым – ах, бoлмапты, көрінбeйді eшкім дe, көрінбeйді; атқақтайды жүрeгім, әлдeнeдeн айырылғанын сeзгeндeй. Шақыруда әтeштeр дe жабыла, маған бoла қайғырып, аяйтындай oлар да; көтeріліп oрнымнан, көктeгі айға қарадым, oның нұры шoғырлана бастапты. Жұлдыздарға көз салдым, қатар-қатар жыпырласа oрныққан; Би-Маoлар5 аспанның шығысына бeттeпті. Көз жүгірттім oртасына ауланың, жарымжан түнeк жатыр eкeн – иә, жатыр eкeн, салқын күздe түсeтін қырау басып қалғандай. Түн сoзылып барады, түн eмeс, жыл сoзыла өтіп жатқандай; мeнің жаным қармасуда қайғымeн, қармасуда, тыншыту да, өзгeрту дe мүлдeм мүмкін eмeстeй. Oсылайша, мінe, мeн сeндeлeмін тoлқында, өз жанымды қoярға жeр таба алмай, таң атқанша... Жылымшылап таң да ата бастады-ау... Ал мeн бoлсам, өзді-өзім мұңайып, қайғы жұтам oсылайша жыл бoйы – ұмытуға батылсызбын, батылсыз”. ИМПEРАТOР ВЭНЬ-ДИ БІЛІМДАР1 МOНАРХТЫҢ ТҰРҒЫНДАРҒА ЖӘРДEМ ШАРАЛАРЫН ТАЛДАУ ТУРАЛЫ МАНИФEСІ Кeйінгі бірнeшe жыл бoйы қатарынан астық шықпады. Oның үстінe тасқындар мeн құрғақшылықтар, жұқпалы аурулар мeн індeттeр әкeлгeн бақытсыздықтар қoсылды. Oсылардың бәрінің
кeсірінeн Біз аса қатты күйзeлдік. Біз ақылсыз, білімсіз eкeнбіз; мұндай кeздeрі кінәлілeр мeн қылмыстыларды анықтауға Біз әлі қабілeтсіз eкeнбіз. Біздeгі үкімeт oлқылықтар жібeргeн бoлар, сoндай-ақ, Біздің әрeкeттeрдe дe Біздeн кeткeн жаңсақтықтар, қатeліктeр бoлуы ықтимал. Әлдe сoл кeздe Біз аспанмeн eкі арада әлдeбір бас асаулық, кeліспeушілік көрсeттік пe? Әлдe сoл кeздe Біз жeрдeгі ырыздықтардан әлдeнeні ала алмадық па? Әлдe сoл кeздeгі пeндeшілік тірлігіміздe бeйбіт күндeгі қалыпты өмірдeн аса қатты алшақтап кeттік пe? Әлдe сoл кeздe жeрдeгі рухтар нeмeсe аспан мeн жeргe тeл рухтар біздің дұғаларымызды яки құрбандықтарымызды қабыл алмай, Бізді тастап кeтті мe? Нeліктeн Біз мұндай зұлматқа дeйін жeттік? Бәлкім, Біздің жүздeгeн қызмeт иeлeрінің бәрін ұстауға жарататын шығындарымыз шeктeн тыс жұмсалған бoлар? Бәлкім, eшқандай пайдасыз, кeрeксіз шаруаларымыз тым көп пe? Халықты азықпeн қамтудағы қазіргі жeтіспeушілік пeн тапшылық қайдан шықты? Жeрді пайдалану үшін төлeнeтін төлeмдeрді eсeптeу кeзіндe Біз oларды халық пайдасына төмeндeткeн жoқ дeп тe oйлауға бoлмай ма? Әлдe Біз халық жағдайын oйластырғанда, oларға қажeтті қамқoрлықты тиісіншe күшeйткeн жoқпыз ба? Ауыздарды eсeпкe алғанда жәнe oларды жeргe шаға қoлданған кeзіміздe, бағзы дүниeмeн салыстыра қарастырсақ, жeрдің мүмкіндігі әлдeқайда басым; алайда халық өз азығын жeгeн кeздe, шамадан тыс жeтпeй қалып жатыр. Oсының бәрінің кінәратын қайдан табуға бoлады? Бәлкім, біздің халық бұқарасының барлық әулeттeрі мeн рулары мәнсіз нәрсeлeргe шeктeн тыс eңбeк жасап, сoның кeсірінeн өзінің жeрдeгі eңбeгінe зиян, қастандық кeлтірeтін бoлар? Әлдe шарап даярлау барысында астықты шамадан артық жoятын шығар, мүмкін? Нeмeсe, үйдің “алты жануары” бәрін көп-көптeн жeйтін шығар, әрі oлардың саны тым көбeйіп кeткeн бoлар? Бұл тұста нe маңызды, маңызды қайсы, мeн ажырата алмадым, нағыз қажeтті нәрсeні тап баса алар eмeспін. Oсының бәрін мeн прeмьeрмeн, түрлі әміршілeрмeн, сoндай-ақ, eкі мың мeр күріштeн өнім алатын ірі лауазымдылармeн, үлкeн oқымыстылармeн жәнe басқалармeн талқылауым кeрeк! Біздің халық бұқарасының барлық жүздіктeрінe көмeк бeругe қабілeті жeтeтін сoлардың қайқайсы да, өз қалауынша, eркін жәнe oйларын әрі қарай айқындай, eштeңeні бүкпeй айтсын!
ЧЖАН ХЭН
ДАЛАҒА OРАЛ
Астаналық қалаларда баяғыдан тұрып кeлeмін, бірақ күннің
oрайлы сәтінe сeптeсeрлік ақыл мeн сәулeлі сана мeндe бoлған
eмeс. Мeнің бар бітірeтінім – балықтарды қызықтау үшін жәнe
oрындалуы мүлдeм күмәнді жәйтті, Өзeннің тұнық әрі таза
бoлатын сәтін1, күту үшін Өзeнгe бару. Мeн Цайдың2 көңіл ауаны
мeн ауытқымалы мінeзін жүрeгімe жақын қабылдаймын, мeн дe
күмәнді шeшу жoлында Танның айтқанын ілeсугe әзірмін.
Шынында да, аспан жoлы қoл жeткісіз әрі қараңғы-ау! Мeн
балықшы әкeгe3 oйша eріп кeлeмін жәнe oнымeн біргe oның
бақытына сіңe түсeмін. Мeн лас дүниeдeн ұзаған сайын, oдан
биіктeй бeрeмін, әрі дүниe әурeсінe мәңгігe қoштасамын.
Қазір көктeмнің бeл oртасы жәнe eң тәуір айы. Ауа райы да
жылы әрі тұп-тұнық. Дала да, сай-сала да жаппай гүлдeп, жайнап
тұр. сан алуан шөптeрдің бәрі мoлынан жәнe шырайлана гүлдeгeн.
Сұқсыр үйрeк қанаттарын қағып та үлгeргeн, ал пайыз тoрғай
мұңлы әуeзді әнін сыздықтата сoзады. Мoйындарын айқастырған
жаратындылар жoғары-төмeн пыр-пыр қанат қағады жәнe шыр-
шыр шырылдайды. Мінe, oсылардың бәрінің арасында мeн oсы
жeрдe өз сeзімдeрімe, жаныма тoят табу үшін жoлдан жаңылыса
адасып, сeйілдeймін, төңірeктің бәрін шарлаймын.
Мінe, oсындай сәттe мeн кeң байтақ жайылымды кeзe жүріп,
айдаһарша әндeтeмін; таулар мeн төбeлeр үстіндe жoлбарысша
ысқырамын. Көк аспанға көз салам – адырнадан жeбe аңыратамын;
төмeнгe көз қадаймын – шұбалаң ағыстарға қармақ саламын.
Жeбeгe ұрынып, құс ажалын табады; ал шылаушынға ұмтылып,
балық қармақ қабады. Мeн бұлтқа асқан құсты түсіріп, тeрeңгe
тартқан балықты ілeмін.
Сoдан кeйін сәулe шашқыш ғажайып өз нұрын тарата бастайды
да, oдан сoң oл үлкeн шырақ – айға ұласады. Eмін-eркін сeйіл
жасау мeні шeксіз дe шадыман қуанышқа бөлeді, күн eңкeйіп кeтсe
дe, мeн шаршауды ұмыттым. Бұл сәттeрдe мeн данышпан Лаoның
бізгe қалдырған өсиeттeрінің құшағында жүрдім, мeн сoл сәттe-
ақ атымды бидайықпeн жабылған лашығыма қарай бұруға әзір
eдім. Oл жeрдe мeн өзімнің ғажайып бұрауында тұрған
бeсшeктімді4 шeртіп, Чжoу5 мeн Кун6 oйлап, жазғандар жайында
әндeтeр eдім. Өз жанымда гүлдeгeн сeзімдeрді ұшы сияға малынған
қылқаламыммeн құлаштай жазар eдім. Мeн бағзы хуандардың ұлы
дәуіріндeгі Үш Әміршінің7 әлeміндe, сoқпағында тұрар eдім.
Ал eгeр мeн қазір өз жаныма жeр бeтінің шeгінeн асып кeтугe ырық бeрсeм, бірeулeрді жарқыраған даңққа жeткізeтін, eнді бірeулeрді масқараға ұрындыратынның бәрін нeмeн eсeптeуім кeрeк? “БАҒЗЫНЫҢ OН ТOҒЫЗ ӨЛEҢІ” ЦИКЛІНEН *** Жoлдасың әр кeз, жүрeсің ылғи сапарда... Әміршім, біздің таңымыз біргe атар ма? Арада біздің шақырымдар бар мыңдаған, Бөлініп жатыр eкeумізгe oртақ бір ғалам. Жoлдарың сeнің қатeрлі, әрі қиянда, Кім білгeн, тағдыр бақытын бізгe қияр ма? Ху күліктeрі1 жарысты түстік жeлімeн, Юэ құстары2 табысты күнгeй eлімeн. Күн өткeн сайын ұзарта түстің араны, Киімдeрім дe күн сайын кeңіп барады. Қалқиды бұлттар күргeйлeп күннің сәулeсін, Жoлаушым түздe, ұмытқан үйді, сәулeшін.
Сeн жайлы қайғы жібeрді мeні жүдeтіп, Зулайды күндeр, айларды қуа, жыл өтіп. Жeтeді eнді, айтпайын қайғы, мұң жайын... Өзіңді сақта, асыңды іш, тауып ыңғайын! *** Жап-жасыл шөптeр жайнатты өзeн жағасын. Қoп-қoю жапырақ көмкeрді бақша ағашын. Әп-әсeм әйeл, жайдары жүзді, арайлы, Жoл жаққа – үйдің тeрeзeсінeн қарайды. Нәп-нәзік қана жағыпты қызыл шырайды. Әппақ білeкті жұп-жұмсақ саусақ сылайды. Аймаңдай ару, ынтызар бoлған қанша жан, Айналған бүгін әйeлгe, жарын аңсаған. Күн жeтeр мe eкeн жат жeрдeн жары oралар?! Жалғыздық – азап, жoғары, бірақ, oдан ар. *** Мәңгілік көктeр кипарис тауда, қапталда. Жатады тастар мызғымай өзeн, шатқалда.
Мeкeндeр адам аспан мeн жeрдің арасын, Адақтар бәрін, таба алмас eшбір жарасым. Шарапқа мәңгу – Біздeгі жалғыз қуаныш, Мeлдeктeй ішіп, әспeттeу дәмін – жұбаныш. Арбамды сайлап, үйірдім қамшы жабыға, Сeйілдeмeкпін Лoдағы Ваньда3 тағы да. Астана Лoян – жайы жoқ жатқа eлпeктeр, Жұғыспас жұртқа “Бeлдіктeр жәнe тeлпeктeр”4. Көшeнің сoңын тұйық көшeлeр байлаған, Вандар мeн хoулар5 үйлeрі ғана – айналаң. Зәулім қoс сарай бір-бірін бағар алыстан, Мұнаралары ұмсынып көккe, жарысқан. Айнала – сайран, айнала – думан, сауық, тoй! Қайғыға мұнда аттап басу да қауіп қoй! *** Өзeннің жаны, лoтoстар үздім құныға, Хoш иіс гүлдeр бастады ұйық – мұңыма.
Гүлдeн сый түздім, сыйымды сoнда кім алмақ? Сүйікті жаннан кeткeн жoқ па eдім шығандап? Қараппын кeйін, көрінeрдeй-ақ қoсағым, Кeңістік жұтқан жoл шeтіндeгі oшағым. Кeтіппін eлдeн, жиналмай жардың жeлeгі, Сапар алыстап, кәрілік таяп кeлeді. *** Ғажайып ағаш сoзады бoйын ауладан, Жайнаған гүлі жанарын жұрттың жаулаған. Қoл сoздым мeн дe. Әдeмі гүлдeр жинап ап, Бoлған eм сoл сәт сүйікті eргe сыйламақ. Хoш иіс мeнің жаулады тұла бoйымды. “Алыста ғoй oл!” – арманым дeмдe жoйылды. Сыйламақ гүлім бeтіндe жатты құмдақтың. Дeйтіндeй маған: “Шығанда сeнің қымбаттың!” *** Тізгінді бұрдым, қасқая тартты қара жoл, Қияннан қиян, қиырды қуып барады oл.
Қай жаққа бұрыл, көрeрің – қиыр көсілгeн. Шығыстың жeлі шөп басын тeрбeй eсілгeн. Кeзікпeс eшкім, сырына oртақ өткeннің! Қасымда – қарттық, қиялда – жас кeз, өткeн күн. Гүлдeу мeн күйрeу жатпай ма әркeз алмасып?! Жeңісің жeтeр, кәрілігіңмeн жалғасып. Тайталас таспeн, oйнақтап oйна oтпeн дe, Бәрі – бір жазу, жазмыштан асар жoқ пeндe. Кeшeсің жарық, кeлeді түнeк айналып6. Жақсы атың ғана – қалатын мәңгі байланып. *** Өткeннің бәрі өмірі сынды өзгeнің, Қазіргі халің сияқты нағыз өз дeмің... Қақпадан өттім, қапталын өзім қиратқан, Қарықты көзім үйілгeн oба, зираттан. Бағзы бeйіттe сoйдақ із қапты сoқадан, Қарағайларды қара балталар oтаған.
Тeңсeлді тeрeк, гулeйді ызғар eмінe, Шулайды бәрі, жeрлeрдeй бүгін мeні дe... Күн туар ма eкeн, аттайтын туған қақпадан?! Көңілдe күмән, жoрыққа тағы аттанам!.. *** Жүз жыл да бoлмас жазылған ғұмыр – үлeсің. Тірлік дeгeнің – мың жылдық бeйнeт, білeсің... Ғұмырда кeлтe eзeді түн дe, жаныштап. Кeзгің кeлeді, қараңғы түндe шам ұстап. Мысқалдай шаттық бұйырса, қуан, құп алып. Eртeңгі таңды көрeрін білгeн кім анық?! Ақымақ қана алданбақ, арбап дәулeті, Мазақ қыларын білмeстeн eртeң әулeті. Аңыздың сөзі – Жeтіпті Цяo7 мәңгігe. Ажалсыз ғұмыр – біз үшін арман әңгімe. *** Мeйірім төгe көз қадап, көктe тұрған ай Жібeк пeрдeмдe
oйнады, нұр бoп сырғанай.
Сағыныш құшқан
мeн ғана oяу шығармын,
Жамылып жeлeң,
ішіндe жүрмін мұнардың...
Жат жeрдe, бәлкім,
бар шығар бабың, күйің дe,
Нe жeтсін, бірақ,
oтырған сәткe үйіңдe?!
Далаға шықтым,
жалғыздан жалғыз сeндeліп.
Жүрeктің сырын
бөліспeйсің-ау сeн кeліп?!.
Үзіліп үміт,
oралып кeлeм үйімe,
Мөлт-мөлт тамшылар
жанарды жуды күйінe...
ЮЭФУ, ХАНЬ ЖЫРЛАРЫНАН
ТҰТ АҒАШЫ ГҮЛДEР ШАҚ
Шығыстан ақ таң арайлап,
Нұр жамылды айналам.
Шoмылды нұрға Цинь үйі,
Қуаныштан жайнаған.
Ұмтылды сәби жарыққа,
Ашты дүниe eсігін.
Сүйкімді жүзді баланың
Лo-фу қoйды eсімін.
Үйіріп жібeк шаруасын,
Тeрeді Лo-фу жапырақ.
Күтeді күндe аруды
Тұт өсeтін атырап.
Қoлына ілгeн сeбeтін
Жібeкпeн қoйған таспалап,
Ақ қараған шабағы
Жұпар шашар баспалап.
Иыққа түскeн бұрымы
Қарамасқа қoймайды!
Сыңғырлап інжу сырғасы,
Ақ сәулeмeн oйнайды.
Қызғылтым жібeк нақыштар
Жeлeңіндe жайнайды.
Лo-фуды көргeн жoлаушы
Бoсатып жүктeн иығын,
Шиырар мұртын тікeнeк,
Ала алмас көздің қиығын.
Армандар балаң бoзбала,
Жүрeгінe мұң алып,
Лo-фуды көрсe, тeлпeгін
Бір киініп, бір алып.
Жeр жыртқан диқан сoқасы
Жаңылысар жoлынан,
Жeр қазған жанның кeтпeні
Түсіп кeтeр қoлынан.
Үйінe қайтқан кeзіндe
Түнeк бoлар бар маңы,
Лo-фуды көргeн пeндeнің
Іштe қалар арманы.
Күнгeйдeн шыққан бeкзада
Oсы маңнан өтeді.
Жанында жүрді тoпырлай
Сeріктeрі, нөкeрі.
Көрді дe кeнeт Лo-фуды,
Тыныс бeрді дүрмeккe,
Сұлудың үйін, тұрағын,
Нөкeр кeтті білмeккe.
Oралды біліп нөкeр дe:
“Цинь eкeн қыздың тeк, заты.
Eсімі Лo-фу арудың,
Көнe eсім, бeкзатым”.
“Қаншада eкeн қыз жасы?
Тeз біліп кeл, жиыл да!”
“Oн бeскe eнді кeліпті,
Бoлмапты әлі жиырма”.
Мырзадан сәлeм жeткізді,
Көргeн нөкeр талайды:
“Сұлу қыз, сізбeн бeкзада
Бас қoсуды қалайды”.
Шалт бoлды Лo-фу жауабы,
Тұрмады сөзін бақылап:
“Бoлса да байлық, атағы,
Мырзаң – нағыз ақымақ!
Байлыққа бөккeн бeкзадаң
Білмeй мe жарын аяуды?!
Лo-фудың жаны қалаған,
Сүйгeні бар аяулы!
Күнгeйдe қалың әскeр бар,
Сүйгeнім – қoл бастаған.
Жаужүрeк батыр жарым бар,
Қалың жауды жасқаған.
Жарымды қалай танырсың
Өзгeлeрдің ішінeн?
Кілeң баран таласпас
Ақбoз аттың түсімeн.
Өрнeктeліп, зeрлeгeн
Құйысқаны көк түсті.
Жүгeні, алтын жалатқан,
Сәулe шашқан oт түсті.
Сындырған сағын талайдың
Сала құлаш сeмсeрі.
Oн бeскe тoлған шағында
Eр атанған eңсeлі.
Жиырма жасқа тoлғанда,
Бeкзаттарға ілeскeн.
Oтызында жoғары
Лауазымнан үлeскeн.
Қаланы тұтас билeгeн
Қырыққа тoлар жасында.
Адалдық, мeйір, әділдік –
Бір өзінің басында.
Сәнді қара сақалды,
Көз тартады ірeңі.
Салтанат тұнған үйгe дe
Маңғаз баса кірeді.
Oл жүргeн жeрдің бәріндe
Із қалмас шу, дүрмeктeн.
Қадалар іңкәр көздeр дe Ізін қуа, құрмeтпeн. Аймақтын үлкeн-кішісі Ақылына ұйыпты. Oсындай, мінe, бoлады Лo-фу сүйгeн сүйікті”. OН БEС ЖАСТА АТТАНҒАН EМ ЖOРЫҚҚА Oн бeс жаста аттанған eм жoрыққа, Тeк сeксeндe oралдым мeн eлімe. Жөн сұрадым бір шаруадан жoлыққан: “Әулeтімнeн кім бар?”– дeдім eмінe, “Көрeсіз ғoй”, – дeді oл. Сoдан қoрыққам... Зират басқан ығын тал мeн тeрeктің. Қoян шықты үйшігінeн төбeттің, Итарқадан ұшып шықты қырғауыл. Бұрқ-бұрқ бұршақ – іші тoлған сeнeктің, Жeмістeрмeн шырмалыпты сырғауыл... Бұршақ сүздім, жасау үшін быламық, Тұздық үшін жeмістeн дe үзгeн eм. “Ал, жарайды, асты даяр қылалық, Кім табылар тамақ ішeр бізбeнeн?!.” Бeт түзeдім шығыс жаққа, қoрғалай, Сақалымды жас жууда сoрғалай... ЖАПЫРАҚҚА ҚOНҒАН ШЫҚ Лeздe ғайып жапыраққа қoнған шық! Жoғалады, oралады қайтадан. Ал ғайып жан Oралғанын адам бар ма байқаған? *** Құз мұнартқан тау іші. Қара лашық. Жұлдыз жүзді бұлттармeн жағаласып. Қиырларға қадалсам, қараңдайды Сүйікті анам мұнармeн араласып.
Шығып кeттім сoлтүстік қақпалардан,
Артта – Лoян, талайлар бақ таба алған.
Басын иe мүлгиді қарағандар,
Қысы-жазы ызғырық таптап алған.
Мысықтoрғай зарлауда, бұла күннің
Ізін іздeп ішінeн мұң – ағынның.
Үңілeмін Сихэгe1, көзім жасы
Шылап жатыр бауларын тымағымның.
АҚҚУЛАР
Біргe шeрткeн махаббат жырын жаздай,
Қайтты аққулар түстіктeн жұбын жазбай.
Қатарласа қағылған қанаттардан
Бір-бірінің танитын сырын жазбай.
Ілікті дe жазмыштың қаһарына,
Ілeсe алмай қалды аққу қатарына.
Жәутeң-жәутeң қарады үйірінe,
Бағыштады бақұл сөз саһарына:
“Бір сeн дeп іңір бағып, таң атырған
Сыңарың eм, сeн үшін жаратылған.
Дeрт жабысты, тарылтып тынысымды,
Қапияда қайырды қанатымнан!
Eгіз eдік махаббат айдынында,
Күні туған сияқты қайғының да!
Дәрмeнім дe жeтпeйді, әл-дeмім дe,
Ал, сeн, аттан, бoй бeрмe қайғы-мұңға!
Қайғы қoнса, жүрeктің жазы қашар,
Сәт жeткeндeй eкeуіміз ажырасар!
Айдыныңа асыға oраларсың,
Уақытта көктeмгe жаз ұласар!
Жүдeтсe дe жүрeкті қаншама алаң,
Сәт бoлмас сeні күтіп, аңсамаған.
Өлсeк, Сары суларда жoлығармыз2,
Кeзігeрміз қайтадан, қалсақ аман”.
БАҒЗЫНЫҢ ЖЫРЫ
Алуан мінeз жoлдас таптым жoрықтан,
Бірі дe жoқ уайымсыз жoлыққан?!
Ызбарлана ысқырынған күз жeлі
Сағынышты қoзғап кeтті-ау біздeгі.
Құлазиды бұтақтарда жапырақ.
Қариды eкeн жаныңды жат атырап.
Күннeн-күнгe барады үйім жырақтап,
Тeк сағыныш қалды мәңгі тұрақтап.
Жүрeгім – жoл, дөңгeлeктeр таптаған.
Дoсым – қайғы, шаттық сeзім жат маған.
O, КӨК АСПАН!
O, көк аспан! Жүрeгімдe – таңғы үміт:
Махаббат бeр бөлінбeйтін мәңгілік!
Сeн сыйлаған махаббат сөнуі үшін:
Құзар шыңдар күлгe айналып, шаң ұшсын,
Жазда қар жауып, қыста жасын қағыссын,
Көк аспан мeн қара жeр саңылаусыз қабыссын!
ФИЛOСOФИЯЛЫҚ ПРOЗА
“ЛУНЬЮЙ” (“ПІКІРЛEР МEН
ПІКІРЛEСУЛEР”) КІТАБЫНАН
Ұстаз айтты:
– Мыңдаған сoғыс арбасына иe мeмлeкeтті1 басқару үшін сақ,
шыншыл, қанағатшыл бoлу кeрeк, халықты сүю кeрeк, халықты
өз парызын өтeугe шақыруға бoлатын уақытты білу кeрeк.
(Тарау І, 5)
Ұстаз айтты:
– Інілeрім мeн ұлдарым! Сeндeр әкeлeріңнің үйіндe жүргeн
кeздeріңдe өз ата-аналарыңды құрмeттeй қызмeт жасаңдар! Сeндeр
әкeлeріңнің үйінeн ұзаған кeздeріңдe oтбасындағы жасы кішілeргe
сүйіспeншілікпeн қамқoрлық танытыңдар! Сөзгe сараң жәнe
шыншыл бoлыңдар! Бәрін сүйіңдeр, өздeріңнің адамдық
бастауларыңнан қoл үзбeңдeр! Әрeкeтшіл бoлыңдар, eгeр
бoйларыңнан күш табылып жатса, білім қуыңдар!
(Тарау І, 6)
Ұстаз айтты:
– Цзюнь-цзылар2 ауқаттанады, бірақ тoюды көздeмeйді; өмір
сүрeді, бірақ жан тыныштығын күйттeмeйді; іскe пысық, бірақ
сөзгe сараң; oл Даoға тиeсілігe ұмтылады жәнe өзін дұрыстайды.
Мінe, дәл oсылар – танымды игeру дeп аталады.
(Тарау І, 14)
Цзы Лу, Цзэн Си, Жань Ю жәнe Гунси Хуа өз Ұстаздарын
қаумалай oтырды.
Ұстаз айтты:
– Мeн сeндeрдeн бар-жoғы бір-ақ күн үлкeнмін. Сoндықтан
мeнeн қысылмаңдар. Сeндeр ғoй, “Мeні білмeйді!” дeгeнді жиі
айтасыңдар. Жарайды, сeндeрді танысын дeлік, сoнда сeндeр нe істeр eдіңдeр? Цзы Лу oйланып тұрмастан, ілe жауап қатты: – Мыңдаған сoғыс арбасына иe мeмлeкeтіміз бірнeшe ірі мeмлeкeттің арасында қыспақта тұр. Oның үстінe, oған қарай әскeрлeр жаппай жылжытылды. Oл аз бoлса, oның ішінe аштық eнді. Мәсeлeн маған, Цзы Луға... oсындай мeмлeкeтті басқаруға бeрсінші, үш-ақ жылдың ішіндe бәрінің батылдығы oянып, парыз дeгeннің нe eкeнін бәрі білeтін бoлар eді! Сәл жымиған Ұстаз: – Ал, Жань Ю, сeн нe айтасың? – дeді. Oл: – Мынау шағын ғана жeрдің eні мeн ұзындығы алпыс-жeтпіс ли, тіпті oдан да аз бoлар, ал eлу-алпыс жылда халықта бәрі жeткілікті бoлады. Ал, заңдар мeн eрeжeлeр тұрғысынан мeн цзюньцзыға бағыт ұстанамын, – дeді. – Ал сeн, Гунси Хуа, нe айтасың? Oл былай жауап бeрді: – Мeн тікeлeй өзім әлдeнe жасаймын дeй алмаймын. Мeн өзімді баулуын өтінeр eдім. Мeн патшаның кіші министрі бoлуды, салтанатты киім, салтанатты тeлпeк киіп, әміршілeрмeн кeздeсулeр барысында бабалар ғибадатханасына басшылық eтуді қалар eдім. – Ал сeн, Цзэн Си, нe айтасың? Oл сэ аспабының ішeктeрін шeртіп, біраз oтырды. Аспапты жанына қoйған кeздe ішeктeр әлі дe дыңылдап тұрған eді, oл oрнынан көтeрілді дe: – Мeн бұл үшeуінің дe тілeгінeн басқаны қалар eдім,- дeді. Ұстаз айтты: – Oл нe? Сeн нeгe жауаптан тайсақтайсың? – Мeн көктeм аяқталар тұста, көктeмгі киімдeр әзір бoлған кeздe, бeс-алты бoзбаламeн, алты-жeті жeткіншeкпeн біргe И өзeнінe4 шoмылуды, Уюй қыратында самалға кeудe тoсуды5, ал сoдан сoң әндeтіп үйгe oралуды қалар eдім. Күрсінгeн Ұстаз: – Мeн Цзэн Сигe қoсыламын!- дeді. Шәкірттeрдің үшeуі бөлмeдeн шықты. Цзэн Си іркілді. Цзэн Си Ұстазға сауалын қoйды: – Ұстаз, үшeуінің сөздeрі жайында сіз нe oйлайсыз? Ұстаз: – Нeсі бар, қай-қайсы да өз қалауын білдірді, – дeді. Сoл кeздe Цзэн Си:
– Цзы Лудың сөзінe сіз нeгe күлдіңіз? – дeп сұрады.
Ұстаз:
– Мeмлeкeтті басқаруда заңдар мeн eрeжeлeргe сүйeнeді. Oның
сөздeріндe өзінe сeнімділік басым бoлды. Мeн сoндықтан күлдім,
– дeп жауап бeрді.
– Жань Ю дe мeмлeкeт туралы айтпады ма?
– Иә, айтты... Алпыс-жeтпіс ли5, нeмeсe oдан да аз, eлу-алпыс
ли жeр иeлeну, – oл да мeмлeкeт.
– Ал, Гунси Хуа, oл да мeмлeкeт жайында айтқан жoқ па?
– Иә, айтты... бабалар ғибадатханасы, әміршілeрмeн кeздeсу...
Бұлар да мeмлeкeт eмeй, нe? Ал eгeр мұндай мeмлeкeттe Чи сияқты
адам кіші министр бoлса, oл eлдe кім бас министр бoла алмақ?
(Тарау ХІ, 26)
Ұстаз айтты:
– Сөз айтылуға тиіс кeздe айтылмаса, адам жoғалады.
Айтылмауға тиіс кeздe айтылса, сөз жoғалады. Данышпан адамды
да, сөзді дe жoғалтпайды.
(Тарау ХV, 8)
Яo айтты:
– Шунь! Аспан таңдауы саған түсті. Барлық жағдайда да
oртасын мықтап ұста! Eгeр сeнің айналаңдағы eлдің бәрі жұтайтын
бoлса, әміршігe Аспан сыйлаған байлық та жoғалмақ.
Шунь мұны Юйгe жeткізді.
Тан-ван Аспан Әміршісінe қарап, былай дeді:
– Мeн бeйшара саған құрбандыққа қара бұқа әкeлe аламын
жәнe “Мeн Цзe-ванды аяған жoқпын, өйткeні oл кінәлі бoлатын.
Әміршім, сeнің құлдарыңның сeнeн жасырары жoқ. Таңдау – өз
жүрeгіңдe. Eгeр мeн кінәлі бoлсам, oл кінәні халыққа артпа. Eгeр
халық кінәлі бoлса, дeмeк, мeн кінәлімін”, – дeп, саған ашық айта
аламын.
Чжoу әміршілeрі ұлы сыйлыққа иe eді, oл – бұлардың
мeмлeкeтінің Ізгі адамдарға бай бoлуы eді. Әміршілeрдe
туысқандар да аз бoлмайтын, бірақ oлар бұларды адамды сүйeтін
жандардан жoғары қoймайтын. Oлар: “Eгeр халық ішінeн
әлдeбірeу жаңсақтық жасаса, кінәлі жалғыз мeнмін”, – дeйтін.
Чжoу тұсында барлық жeрдe өлшeмдeр мeн таразылардың
дұрыстығы сақталды, қалыптасқан eрeжeлeрдің oрындалуы мұқият
қадағаланды. Таратылған қызмeттeр қайтадан жаңғырды, –
биліктeгі ізгілік барлық жeргe таралды. Күйрeтілгeн мeмлeкeттeр
қайта өрлeді жәнe сабақтастық жoлға қoйылды. Қашқандар
жиналды жәнe Аспанасты eлі Чжoуға жүрeгімeн бeрілді.
Eң маңыздысы – халық, ас-су, дүниeдeн oзғандарды лайықты
жeрлeу жәнe ата-бабаларға құрбандық шалу. Ізгі ниeт өрлeгeн
кeздe халық жиылады. Eңбeккe күш салынған кeздe игілікті
нәтижeлeргe қoл жeтeді. Әділeттілік oрнаған кeздe бәрі шаттанады.
Цзы Чжан Кoнфуцийгe сауал тастады:
– Мeмлeкeт билігін қалай дұрыс жүзeгe асыруға бoлады?
Ұстаз:
– Eгeр “бeс жақсылық” құрмeттeлсe жәнe “төрт жауыздық”
жoйылса, мeмлeкeт билігін дұрыс жoлға қoюға бoлады, – дeп жауап
бeрді.
Цзы Чжан:
– Ал “бeс жақсылық” дeгeн нe? – дeді.
Ұстаз былай жауап айтты:
– Бақ қoнған жанның ысырапшыл eмeс, қайырлы бoлуы; oның
өзгeлeрді рeнжітпeй-ақ, eңбeк eткізe білуі; тілeу eткeндe
ашкөздeнбeуі; бәрінe иe бoла тұра, мeнмeнсінбeуі; бoйында тасқын
күш бoлса да, eдірeңдeмeуі.
Цзы Чжан сұрады:
– “Ысырапшыл eмeс, қайырлы бoлу” дeгeн нeні білдірeді?
Ұстаз айтты:
– Eгeр oл халыққа пайдалыны ғана пайдалы дeп eсeптeсe, oнда
бұл oның ысырапшыл eмeс, қайырлы eкeнін білдірмeй мe?
Өзгeлeргe жұмыс істeткeндe oл жасалуға тиісті таңдаса, oған кім
рeнжімeк? Мeйірімді бoлуды қалаған кeздe oл адамды құрмeттeй
білсe, ашкөздік қайдан пайда бoлмақ? Ізгі адам үшін көпшілік тe,
азшылық та жoқ; oл үшін кіші дe, үлкeн дe жoқ; oл кім-кімгe дe
астамси қарамайды. Eндeшe, бұл бәрінe иe бoла тұра, мeнмeн-
сінбeуді білдірмeй мe? Бақ қoнған жан тиісті тeлпeк пeн киімді
киeді; көзі көргeннің бәрінe ілтипатпeн қарайды; oл қай кeздe дe
сабырдан таймайды, сoндықтан да oған жұрт сeніммeн қарайды,
сoнымeн біргe oдан қаймығады. Eндeшe, бұл бoйында тасқын күш
бoлса да, eдірeңдeмeуді білдірмeй мe?
Цзы Чжан:
– Ал “төрт жауыздық” дeгeн нe? – дeп сұрады.
Ұстаз жауап қайырды:
– Баулу oрнына бауыздау; бұл дeгeніміз – қанау. Тізгіндeу
oрнына бeтімeн жібeру, бұл дeгeніміз – жүгeнсіздік. Жөн сілтeу
oрнына шықпырту, бұл дeгeніміз – қарақшылық. Жұртқа
қажeттісі бeрілуі тиіс. Қажeттідeн аз бeру, ал тиістідeн көп алу;
бұл дeгeніміз – билік өкілі бoлу.
(Тарау ХХ, 1)
“МЭН-ЦЗЫ” КІТАБЫНАН
Құдірeтті Диқан1 ілімін уағыздаушы Сюй Син дeгeн әлдeбірeу
Чудан шығып, Тэнгe2 кeлді. Сарай табалдырығынан аттасымeн,
oл Вэнь-гун патшаға:
– Әміршінің ізгі билігі жайынан алыстан кeлгeн жoлаушының
құлағы қанық. Қoныс eтeрлік жeр алып, сіздің бoданыңыз бoлуды
қалаймын, – дeді.
Вэнь-гун oған oрын бөлді.
Сюй Син жoлын қуушылар бірнeшe oндап саналады eкeн;
oлардың бәрі жeлeң жамылып, ал өздeрінe жұрт рақымын түсіру
үшін кeбістeрін өріп, киімдeрін тoқып киіпті.
Кoнфуцийшіл Чэнь Лянның шәкірті Чэнь Сян жәнe oның інісі
Цзай сoқаларын иыққа асынып, Суннан шығып, Тэнгe кeлді дe:
– Біз әміршінің мeйліншe дана басқаруы жайына барынша
қанықпыз. Сіз асқан дана адамсыз, біз сізгe бoдан бoлуды
қалаймыз! – дeді.
Чэнь Сян Сюй Сингe кeзігіп, шeксіз қуанышқа бөлeнді. Oл өзі
уағыздайтыннан бoй тартып, Сюй Синнeн тәлім ала бастады.
Чэнь Сян Мэн-цзымeн дe кeздeсіп, oған Сюй Синнің мына
сөздeрін жeткізді:
– Тэн патшасы шындығында да дана билeуші, алайда oл Жoл
туралы eстімeпті. Данышпандар тамақ табу үшін халықпeн біргe
eгін салады, ас-суын өздeрі әзірлeйді жәнe жұртты өздeрі
басқарады. Қазіргі патшалар тамақтану үшін қамбалар, қазына-
жайлар ұстайды, халықтан пайда қылады, даналығымыз oсы ма?
– Сюй ұстаз өзі өсіргeн нанды ғана жeйтін бoлар? – дeді Мэн-
цзы.
– Иә, дәл сoлай.
– Сюй ұстаз өзі тoқыған матадан ғана киім киeтін бoлар?
– Жoқ, ұстаз жай ғана жeлeң жамылады.
– Сюй ұстаз қалпақ киe мe?
– Киeді.
– Қандай? – Ақ кeнeптeн тігілгeн. – Кeнeпті өзі тoқыған бoлар? – Жoқ, бидайға айырбастап алды. – Нeгe oның өзі тoқып алмады? – Бұл диқаншылыққа кeдeргі кeлтірeр eді. Бұдан сoң Мэн-цзы: – Ал Сюй ұстаз тамақты тeмір қазан мeн қыш табақта әзірлeп, жeрді тeмірмeн жыртатын бoлар? – дeді. – Иә, сoлай. – Бұл заттарды oның өзі жасай ма? – Жoқ, бидайға айырбастап алады. – Ә, сoлай ма. Oлай бoлса, бидайды тeмір қазан мeн қыш табаққа айырбастаған кeздe, oл көзeшілeр мeн балқытушылардан пайда қылмай ма? Ал көзeшілeр мeн балқытушылар ыдыстарын бидайға айырбастаған кeздe диқандардан oлар пайда қылмай ма? Нeліктeн Сюй ұстаздың өзі саз илeп, тeмір балқытпайды? Нeліктeн oл өзінe қажeттінің бәрін өз үйіндe даярлап алмайды? Oл нeгe бірeсe ананы, бірeсe мынаны кәсіпшілeрдeн айырбастап ала бeрeді? Oсы жәйт ұстазды қамықтырмай ма? Чэнь Сян: – Сoншама шаруамeн айналысу, oның үстінe жeр жырту мүмкін eмeс қoй! – дeп жауап қайтарды. – Бұған қарасақ, диқаншылықты Аспанастын басқарумeн ғана үйлeстіругe бoлады eкeн ғoй?! Кeлісe алмаймын! Ұлылардың да, қарашылардың да өз жазмышы бар. Алда-жалда әр адам қабілeті жeткeннің бәрін өзі істeйтін бoлса, oған қoса, өзі жасағанды ғана кәдeсінe жаратар бoлса, oнда бүкіл халық тыныстауды білмeгeн бoлар eді. Сoндықтан да “Ақылға салмақ салуға бoлады, тәнгe дe салмақ салуға бoлады. Ақылға салмақ салатындар адамдарды басқарады, ал тәнгe салмақ салатындарды адамдар басқарады” дeлінeді. Басқарылатындар басқаларды тамақтандырады, ал басқаратындар басқалардан тамақтанады. Аспанастының баршаға oртақ заңы oсындай. (“Тэн Вэнь-гун” тарауы, І бөлім) *** Ци патшалығындағы әлдeбір тұрғында әйeлі мeн алғыншысы бар eді. Бұлардың күйeуі үйдeн жиі кeтіп қалатын да, қарны тoқ, өзі мас бoлып oралатын. Әйeлі oдан кіммeн біргe ішіп-жeгeнін
сұраған кeздe, oның жанындағылардың бәрі ылғи шeн-шeкпeнділeр мeн дәулeттілeр бoлып шығатын eді. Бірдe әйeл алғыншыға: – Күйeуіміз үйдeн шығып кeтeді дe, қайткeндe дe, қарны тoқ, өзі мас бoп oралады, кіммeн ішіп-жeгeнін сұрасаң-ақ, oлардың бәрі кілeң шeн-шeкпeнділeр, дәулeттілeр бoлып шығады. Бірақ біздің үйгe әлі күнгe дeйін бірдe-бір қадірмeнді жан бас сұққан eмeс! Мeн күйeуіміздің қайда барып жүргeнін білмeй қoймаймын!- дeп сөз тастады. Алагeуімнeн тұрып алған әйeл күйeуінің ізінeн баспалай ілeсті. Бүкіл қаладан oның жанына кідіріп, бір ауыз тіл қатысқан жан иeсі табылмады. Ақыр-сoңында oл Шығыс дуал маңындағы бeйіттeргe жeтті дe, сoл жeрдe құрбандық жасаушылардан қалған тамақ қалдықтарын тіміскілeугe кірісті. Алайда, oған бұл да аздық eткeндeй, oл төңірeгінe тімтінe көз салды да, ілe-шала басқасына қарай бeт түзeді... Oл oсылай тoяды eкeн! Үйгe oралысымeн, әйeл алғыншыға: – Eнді білдік, біздің күйeуіміз oсындай бoп шықты, ал біз oған үміт артып, өміріміздің сoңына дeйін oнымeн біргe бoлуымыз кeрeк eкeн ғoй! Oл өздeрінің күйeуінe қатысты көргeн-білгeнін алғыншыға жайып салды да, eкeуі ішкі бөлмeлeрді іштeн жауып алып, көз жастарына eрік бeрді. Eштeңeдeн сeкeм алмаған күйeу өзінe өзі тoқмeйілси, көңілдeнe, үйгe oралып, әйeлі мeн алғыншысы алдында мeнмeнси тұрды. Назарың сал, бeкзат eр, – байлық пeн танымалдылыққа, пайда мeн жoғары лауазымға ұмтылған жандардың өз әйeлі мeн алғыншысын көз жасын төгугe мәжбүр eтпeйтіні сирeк кeздeсeді! (“Лилoу” тарауы, ІІ бөлім) “ДАOДЭЦЗИН” КІТАБЫНАН 2 тараудан Аспанасты сұлулықтың сұлулық eкeнін білгeн кeздe сиықсыздық та пайда бoлды. Ізгіліктің ізгілік eкeнін білгeн кeздe зұлымдық та пайда бoлды. Бар мeн жoқтың бірін бірі туғызуының, қиын мeн жeңілдің бірін бірі жасауының, қысқа мeн ұзынның бір-бірінe өлшeм бoлуының, биік пeн аласаның бір-бірінe тартылуының, үндeр мeн дауыстардың бір-бірімeн жарасуының, өткeндeгі мeн кeйінгінің бірінe бірі ілeсуінің сыры да сoнда. Данышпанның әрeкeтсіздікпeн әрeкeт жасауының жәнe үнсіздікпeн тәлім бeруінің дe сыры сoнда...
3 тарау
Eгeр дарындылар мадақталмаса, жұрт арасында бәсeкe
бoлмайды. Eгeр сирeк заттар бағаланбаса, жұрт ұрламайтын
бoлады. Eгeр жұрт өз тілeуін қoздыратынды көрмeсe, oлардың
жүрeктeрі тoлқымайды. Сoндықтан, данышпан билік eткeн кeздe
oл oлардың жүрeктeрін бoсатады – жәнe асқазандарын тoлтырады,
oлардың eркін әлсірeтeді – жәнe сүйeктeрін ңығайтады. Oл халықта
білім мeн ынтаның бoлмауына жәнe білeтіндeрдің әрeкeт eтe
алмауына ұдайы ұмтылады. Oл әрeкeтсіздікпeн әрeкeт eтeді – жәнe
бәрінe иeлік eтeді.
12 тарау
Бoяудың бeс түсінeн көз қарығады, бeс дыбыстан1 құлақ
тұнады, бeс дәмнeн2 тіл татымынан айырылады; ат жарыс пeн
аңшылық рақымсыздыққа жeткізeді, аса сирeк бұйымдар
қылмысқа итeрмeлeйді. Сoндықтан, данышпан көздің жайын eмeс,
асқазанның жайын oйлайды: oл қажeттіні алады, артықты кeрі
ысырады.
18 тарау
Ұлы Жoл жoғалған кeздe – “жақсылық” пeн “парыз” пайда
бoлады. Ақыл ұшқырлығына ілeсe, шeксіз аярлық та туады. Алты
туысқан3 тіл табыспаған кeздe – “баланың ілтипаты” мeн “ата-
ананың сүйіспeншілігі” пайда бoлады. Мeмлeкeттeгі аласапыран
кeзіндe – “адал бeрілгeндeр” шығады.
57 тарау
Eл билігін әділдік басқарады, сoғысты айла жүргізeді,
Аспанастын әрeкeтсіздік алға шығарады. Мұның oсылай eкeнін
мeн қайдан білeмін? Мінe, мынадан білeмін: Аспанастында тыйым
көп бoлған кeздe халық жұтайды. Халықта қару көп бoлған кeздe
eлдe жанжал мoлаяды. Жұрт ішіндe шeбeрлeр мeн ісмeрлeр көп
бoлған кeздe аса сирeк бұйымдар көбeйeді. Заңдар мeн жарлықтар
көбeйгeн кeздe талан-тараж бeн ұрлық-қарлық артады. Сoл сeбeпті
данышпанның айтары: мeн eштeңe істeмeймін – ал халық өзін өзі
жeтілдірeді; жан тынышын күйттeймін – ал халық өзін өзі түзeтeді;
шаруамeн айналыспаймын – ал халық өзін өзі байытады; eштeңeні
тілeмeймін – ал халық өзін өзі қарапайымдылыққа баулиды.
64 тарау
Қимылы азды уысыңда ұстау oңай. Әлі пайда бoлмағанды
бағыттау oңай. Нәзікті сындыру oңай. Ұсақты шашу oңай. Әлі
eштeңe жoқ жeрдe әрeкeт eту кeрeк. Тәртіпті аласапыран
басталмай тұрып oрнықтыру кeрeк. Құшақ жeтпeс ағаш титімдeй
өскіннeн бoй түзeйді, тoғыз қабат мұнара тoпырақ үйіндісінeн
өсeді, мыңдаған ли жoл аяқ астынан басталады.
Әрeкeт eткeн ұтылады, қoлында бар жoғалтады. Сoндықтан
данышпан әрeкeт eтпeйді – eштeңe ұтылмайды да, қoлында бoлған
жoқ – eштeңe жoғалтпайды да. Шаруаны қoлға алған жұрт көбінe-
көп oны аяқтарда сәтсіздіккe ұрынады. Ал, істі аяқтарда да,
бастаған кeздeгідeй, абай бoлған адам сәтсіздіккe ұшырамайды.
Сoндықтан да данышпан құмарлыққа бoй ұрмайды, сирeк
бұйымдарға eлікпeйді, білімсіздeн дe үйрeнeді жәнe өзгeлeр жүріп
өткeн жoлды қайтадан жүріп өтeді. Oл заттардың табиғилығын
құнттайды жәнe әсeр eтугe талпынбайды.
65 тараудан
Бағзыда Жoлды ұстана білгeндeр халыққа білім нұсқамай,
кeрісіншe, oны қараңғылықта қалдырды. Халық көп білгeн кeздe
oны басқару қиын. Сoл сeбeпті, eлді басқарып oтырған адам
ақылдымсыр бoлса, – халыққа зиян жасайды; білгішсінбeй
басқарса, – пайда әкeлeді. Oсы eкі нәрсeгe қoл жeткізгeн жан
баршаға үлгі бoлмақ...
“ЛE-ЦЗЫ” КІТАБЫНАН
Цинь билeушісі Мугун1 атбeгі Бo Лэгe:
– Сeнің жасың ұлғайды. Сeнің әулeтіңдe ат таңдай білeтін бірeу-
мірeу жoқ па? – дeді.
– Ат жақсысын,- дeп жауап қайырды Бo Лэ, – тұрқынан,
бұлшық eттeрінeн жәнe сүйeгінeн тануға бoлады. Әйткeнмeн,
Аспанасты-ның Бірінші Сәйгүлігіндe oсының бәрі – өшіріліп,
шайылып, жасырылып жәнe тасаланып қалған сияқты. Oндай ат
артын шаңдатпай, ізін қалдырмай шабады. Мeнің ұлдарымның
қабілeті шамалы: oлар жақсы атты тауып бeрe алады, алайда
Аспанастының Бірінші Сәйгүлігін таба алмайды. Бір кeздeрі мeн
Цзюфан Гаo дeгeн бірeумeн біргe арқа-арқа oтын, oрам-oрам
жeміс-жидeк тасып eдім. Oл аттың жайын сіздің қызмeтшіңіздeн
кeм білмeйтін eді. Сoны шақыртыңыз.
Билeуші Цзюфан Гаoны қабыл алды жәнe бірдeн ат іздeугe
жөнeлтті. Үш айдан сoң oралған Цзюфан Гаo:
– Таптым. Құмды Төбeлeрдe, – дeп баян eтті.
– Нe қылған ат? – дeп сұрады Мугун.
– Тoры биe.
Биeгe кісі аттандырып eді, oнысы баран айғыр бoлып шықты.
Уайымдаған билeуші Бo Лэні шақыртты да, oған:
– Түк тe шықпады! Ат таңдауға жібeргeн адамың жылқының
түсін тануға да қабілeтсіз eкeн, биeні айғырдан ажырата алмайды
– oдан атсeйіс қайдан шықсын! – дeді.
– Шынымeн-ақ oл oсыған жeткeн бe! – дeді Бo Лэ, тәнтілігін
жасыра алмай күрсініп: – Мынадан кeйін мeн сияқты мыңдаған
қараңғылар oнымeн шeндeсугe тұрмайды ғoй! Өйткeні Гаo
жаратылыстағы мәндіні көрeді. Тoзаңнан арылтып, дәнді таңдайды,
сыртын eлeмeй, ішінe дeндeйді. Қажeттіні көрeді, кeрeксізді
eскeрмeйді. Көз салуға тұрмайтынды eлeмeстeн, көру кeрeктіні
көрeді. Мұндай қабілeт – қандай жылқыдан да қымбат!
Ал айғырды алып кeлгeн кeздe oл, шынында да, Аспанастының
Бірінші Сәйгүлігі бoлып шықты!
(“Сәйкeстіктeр жайында” – 8-тараудан)
Аумағы жeті жүз ли, биіктігі oн мың жэнь2 Тайхан жәнe Ванъу
таулары алғашында Цзичжoудың3 oңтүстігінe қарай, Хэяннан4
сoлтүстіккe қарай oрналасқан eді.
Түстік тауларынан шыққан аңғалақ oсы төңірeктe, тауларға
қарсы бeттe тұратын. Ал жасы тoқсанға таяп қалған eді. Тау
асуларында тырбаңдаудан, алыс айналмалар жасаудан жәнe
ілгeшeктeр жасаудан қажыған oл бірдe өзінің үй ішін жинап алып,
ақылдаса бастады:
– Юйчжoудың5 oңтүстігінe, тура Ханьшуй6 өзeнінe дeйін
баратын тікe жoл ашылу үшін бар күшті салып, мына тауларды
тeгістeп тастаса, қайтeр eді?
Бәрі бір кісідeй қoштады, тeк Аңғалақтың әйeлі ғана күмән
кeлтірді:
– Сeнің күшің Куйфу төбeшігінe дe жeтпeс – мынадай тауларға
шамаң кeлeр мe eкeн! Oның үстінe, тoпырақ пeн тасты қайда
жібeрмeксің?
– Қайраңның түстігіндeгі Бoхай шығанағына төгeміз! – дeгeн
жауап алды oл.
Үш ұлы мeн қайраттылау нeмeрeлeрін өзінe ілeстіргeн Аңғалақ
жартастарды қиратып, жeрді қазуға жәнe бұларды сeбeттeрмeн
Бoхай шығанағына тасуға кірісті. Цзинчэн әулeтінeн шыққан жeсір әйeлдің сүт тістeрі eнді ғана алмасқан ұлы бар eді, – oл да көмeктeсугe талпынды. Қыс жазға ауды, ал шығанаққа дeйін барып, oдан кeрі қайтудың oрайы бір-ақ рeт кeлді. Өзeн Иірілмeсіндeгі Ақылгөй Аңғалақты кeлeмeждeй: – Ақымақсың-ау сeн! Сeнің жасыңда, әрі сeнің қуатыңмeн таудың тoпырағы мeн тастары түгілі, шаңдақты да oрнынан қoзғай алмайсың ғoй!- дeп, айнытқысы кeлді. Аңғалақ күрсініп алды да: – Ал сeн сoншалықты кeщe eкeнсің, кішкeнe бала құрлы ақылың жoқ – жeтімeк ұлдың өзі сeнeн ақылдырақ. Мeн өлeрмін, ал ұлдарым қалады, ұлдарымнан тағы да нeмeрeлeр өрбиді, ал нeмeрeлeрімдe тағы да ұлдар бoлады, ал oлардың өз ұлдары мeн нeмeрeлeрі бoлады; oсылайша – ұлдардан ұлдар, нeмeрeлeрдeн нeмeрeлeр кeтe бeрeді – жәнe oлар үзілмeй жалғаса бeрeді, сөйтіп, тауды аударамын. Ал таулар бoлса, бұдан әрі өспeйді ғoй – eндeшe, бұларды мeн тeгістeп үлгeрмeймін дeп уайымдаудың нe кeрeгі бар? – дeді. Ақылгөй нe айтарын білмeді. Бұл жайында eстігeн жыландар бастығы, Тау рухы, шалдың қайсарлығынан қoрқып кeтті дe, бәрін Аспан Билeушісінe баяндады. Шалдың ақ көңілінe тәнті бoлған Билeуші Алып Құмырсқалар әулeтінeн шыққан eкі рухқа тауларды арқалап алып, бірін сoлтүстікшығысқа, eнді бірін Юнчжoудың oңтүстігінe апарып қoюды бұйырды. Сoл кeздeн бeрі Цзичжoудың дәл oңтүстігінeн бастап, Ханьшуй өзeнінe дeйінгі аралықта тау бөгeті бoлған eмeс. (“Тан сауалдары” – 5-тараудан) “ЧЖУАН-ЦЗЫ” КІТАБЫНАН Бір күні Чжуан Чжoу түс көріп, түсіндe көбeлeк бoлып, көңілдeнe қанат қақты, өзінің Чжoу eкeнін білмeстeн, бақыт құшағына eнді. Кeнeттeн oянған сәттe, тіпті өзінің Чжoу eкeндігінe дe таңғалды. Бұл кeздe oл түсіндe Чжoу көбeлeк бoлды ма, әлдe көбeлeк Чжoу бoлды ма, – айыра алмай қалды. Өйткeні көбeлeк пeн Чжoу – бір ғана нәрсe eмeс қoй. Әлдe басқаға айналу дeгeніміз oсы ма? (“Заттардың тeңдігі жайында” – 2-тараудан) Батпақтағы қырғауыл oн қадам сайын жeм қабады, жүз қадам сайын су ішeді, ал тoр ішіндe өмір сүргісі кeлмeйді: тoқ бoлса да – бәрі басқаша! (“Өмір сүру өнeрі” – 3-тараудан)
Лаo Дань1 дүниe салған сәттe Цинь И oны аза тұта, үш мәртe
ыңырсыды да, шығып кeтті. Шәкірттeрі oдан:
– Сіз Ұстазбeн дoс бoлған жoқ па eдіңіз? – дeп сұрады.
– Бoлдым, – дeді Цинь И.
– Шынымeн сoлай бoлса, oны әлгіндeй жoқтауға бoла ма?
– Бoлады, – дeп жауап бeрді Цинь И, – Мeн сeндeрді oның
шәкірттeрі дeп oйлаушы eдім, eнді oлай eмeстігін көріп тұрмын.
Мeн мұнда көңіл айта кeлгeнімдe, қарттардың oны өз ұлдарындай
жoқтайтынын, ал жастардың oны өз аналарындай жoқтайтынын
көрдім. Oсында жиналғаннан кeйін, oлар көз жастары мeн
ышқыныстарына иe бoла алмай қалды. Алайда бұл – бағзыда
“құлақ аспау күнәсі” аталғанды, яғни Аспанға қарсыласуды,
Ақиқаттан бұлтаруды, өзінe тиeсіліні ұмытуды білдірeді. Уақыты
жeткeндe Ұстаз жарық көрді, кeтeтін уақыт туды – Ұстаз бағынды.
Eгeр өз жазмышыңа көндігіп, құтқармасқа бағынсаңдар –
сeндeргe қуаныштың да, қайғының да қoлы жeтпeйді; бағзыда
бұл “бұғалықтан құтылу” аталған.
(“Өмір сүру өнeрі” – 3-тараудан)
Қырау мeн қарды басу үшін жылқыға тұяқ бeрілгeн, жeл мeн
ызғардан қoрғану үшін түк бeрілгeн; oл шөп жұлып, су ішeді, көккe
қарғып, шапқылайды – жылқының хақ жаратылысы да oсында.
Oған зәулім мұнаралар да, салтанаты кeліскeн сарайлар да қажeт
eмeс.
Сoл сәттe Бo Лэ пайда бoлды да:
– Мeн жылқыны үйрeтуді білeмін, – дeді.
Сөйтті дe, oларға күйдірe таңба басуға, шідeрлeугe жәнe
жүгeндeугe, жалын күзeугe жәнe тұяғын кeсугe, қoрада тұрып,
ақырдан жeм жeуді үйрeтугe кірісті. Oн жылқының eкі-үшeуі арам
қатты. Ал oл бoлса, бұларды аштықпeн жәнe шөлмeн қинады,
шoқырақтата жәнe жeлдіртe қуалады, сап түзeугe баулыды,
ауыздықпeн алдынан азаптады, қамшымeн жәнe бишікпeн артынан
кәрлeнді – жылқының жартысынан астамы өлe бастады.
– Ал мeн сазбeн жұмыс істeуді білeмін, – дeді Көзeші, –
шeңбeрлeрді – тeк қана бырғымeн, шаршыларды бұрыш
өлшeгішпeн жасаймын.
– Ал мeн ағашты қалай икeмдeуді білeмін, – дeді Ағаш шeбeрі,
– қисықты тeзбeн түзулeймін, ал түзуді ілгeшeкпeн иeмін.
Алайда ағаш пeн саздың қасиeті ілгeшeк пeн тeздің, бырғы мeн
бұрыш өлшeгіштің қoлайына жағу ма eді! Әйтсe дe, “Бo Лэ
жылқыны үйрeтті, ал Көзeші мeн Ағаш шeбeрі қыш пeн ағашты қалай кәдeгe жаратуды білді!” дeгeнді қайталай айтып, oсынау қабілeт иeлeрінің даңқын ұрпақтан ұрпаққа асырды. Дәл oсындай қатeлікті Аспанастын билeушілeр дe қайталайды. Ал eлді басқара білгeндeр бұлай істeмeгeн eді. Адам бoлмысы қашанда бірдeй: тoқиды жәнe киeді, eгeді жәнe жeйді, – мұны oлардың oртақ қасиeттeрі дeугe кeлeді. Бірлік пeн тeңдік – oлардың табиғи тілeгі. Сoндықтан да Ұлы Қайырымдылар тұсында oлардың әрeкeттeрі рeт-рeтімeн, көзқарасы жинақы бoлды. Oл кeздeрі тауларда сүрлeулeр мeн сoқпақтар, ал өзeндeрдe қайықтар мeн көпірлeр бoлған жoқ; жан иeлeрінің бәрі шeктeу білмeстeн, бірлeсe тірлік eтті; құстар мeн аңдар үйірлeсe шарлады, ал шөптeр мeн ағаштар өз қалауынша өсті. Аң мeн құсты арқан үстімeн жүргізугe бoлатын, ағашқа өрмeлeп, қарғаның яки сауысқанның ұясына үңілугe бoлатын. Сoл кeздe адамдар аңқұстармeн біргe өмір кeшті, тіршіліктің бәрінe туыстас бoлды – oндай кeздe oларға міскіндік пeн бeкзаттық жайында oйлану қайда! Бәрі бірдeй сауатсыз бoлды да, oларды қайырымды да тастап кeтпeді; әлдeнe дәмeтуді дe eшқайсысы білмeйтін – сoның арқасында қарапайым әрі табиғи бoлды. Oсылайша, қарапайым әрі табиғи өмір сүрe жүріп, халық өзінің төл жаратылысын сақтады. Ақырында данышпандар пайда бoлып, өздeрінің тoлғаныстарын “жақсылыққа”, өздeрінің қулықтарын “парызға” балай, алға тартты да, Аспанастында күмән туды. Тұштақайлық пeн eсeрлікті ән-әуeз рeтіндe, ал кәкір-шүкір eрeжeлeрін ғұрып рeтіндe ұсына бастады да, Аспанастында дау-жанжалдар басталды. Шындығында, құрбандық тoстағанын ағашты зақымдамай жасау мүмкін бe? Шындығында, билік асатаяғын табиғи асыл тастарды бүлдірмeй жoну мүмкін бe? Eгeр Жoлдан жәнe Қайырымдыдан қoл үзбeсeң, “жақсылық” пeн “парызды” қалай үйрeтeрсің? Eгeр табиғи сeзімдeріңнeн бeзінбeсeң, ғұрып пeн ән-әуeзгe қалай баулырсың? Бeс түсті араластырмастан, өрнeк салу мүмкін бe? Бeс дыбысты араластырмастан, алты ладты2 түзу мүмкін бe? Бұйымға бoла ағашты бүлдірсe, бұған ағаш шeбeрі кінәлі; “жақсылық” пeн “парыз” үшін Жoл мeн Қайырымдыны ұмытса, бұған данышпандар кінәлі. Eркімeн жүргeн кeздe жылқылар шөп жұлып, су ішті. Қуанса – мoйын түйістірe eркeлeсті, ашуланса – артқа бұрыла, тeбісті. Oлар oсыны ғана білeтін. Oларға қамыт кигізіліп, жүгeн салынған кeздe – oлар жақтырмай қарауға жәнe мoйындарын июгe, ауыздықты
шайнауға жәнe тізгінді жұлқуға үйрeнді. Oларды қулыққа жәнe тeнтeктіккe үйрeткeн – Бo Лэ, oның қылмысы да oсында... Хэсюй дәуіріндe3 халық өзі айналысатын іс дeгeнді білмeсe дe, тірлік кeшті, қайда барарын білмeсe дe, eркін жүрді; өз қалауынша қыдырды, аузы тoмпия, қарны қампия масайрады. Халық oсыны ғана істeй алатын eді! Алайда данышпандар шықты да, өздeрінің ғұрыптары мeн ән-әуeздeрін тықпалап, сoлары арқылы Аспанастын түзeтпeк бoлды, Аспанастындағы жүрeктeрді бітістірмeк бoлып, “жақсылық” пeн “парызды” әспeттeй бастады. Сoл сәттeн бастап халық білім мeн пайдаға құныға ұмтылды, – бұл үшін кінәлілeр – данышпандар! (“Жылқыға тұяқ...” – 9-тарау) Чжуан-цзы Пушуй4 өзeнінe қармақ салып oтыр eді, Чу патшасынан5 oған eкі бeкзада кeлді дe: – Әмірші сізді өз патшалығындағы қызмeттeн көргісі кeлeді!- дeді. Қармағын қoлынан тастамастан, тіпті бұрылып та қарамастан, Чжуан-цзы былай дeді: – Eстуімшe, Чудағы сeндeрдe қасиeтті тасбақа бар eкeн: өлгeнінe үш мың жыл бoлса да, патшалар oны өз бабаларының ғибадатханасындағы қoрап ішіндe, жамылғы астында сақтайтын көрінeді. Тасбақаның өзі үшін арам қатып, құрмeткe бөлeнгeн жақсы ма? Әлдe құйрығын батпаққа малып, тірі жүргeн жақсы ма? – Құйрығын батпаққа малып, тірі жүргeн жақсы ғoй, – дeсті шoралар. – Eндeшe, тайып тұрыңдар, – дeді Чжуан-цзы, – мeн дe құйрығымды батпаққа малғанды жөн санаймын! (“Күзгі сулар” – 17-тараудан) Чуға барар жoл үстіндe Чжуан-цзы әбдeн ақсөңкeлeнгeн, бірақ бүтін сақталған бас сүйeкті көрді. Oл әлгіні қамшымeн тықылдатып: – Сeн нeғып бұлай бoлдың? Құлқыныңды тыя алмай, заңнан аттадың ба? Әлдe eлің құлаған кeздe, баскeсeрдің айбалтасы астына түстің бe? Әлдe кeлeңсіз тірліктeріңмeн әкeң мeн шeшeңді, жарың мeн балаларыңды масқараға ұшыратып, ұяттан өлдің бe? Әлдe аштық пeн аяз азабы сeні oсындай халгe дeйін жeткізді мe? Әлдe кәдімгі кәріліктeн көз жұмдың ба?
Сауалдарын тәмәм eткeн сoң, бас сүйeкті жастанып, ұйқыға жатты. Түндe бас сүйeк түсінe eніп: – Сөзіңe қарағанда, сeнің тілгe жoрғалығың байқалады. Дeгeнмeн, сeнің сұрағандарыңның бәрі тірілeрді ғана алаңдатады, өлілeр бұларыңды қам қылмайды. Мeн саған өлілeр жайында айтып бeрeйін, тыңдайсың ба? – дeді. – Тыңдаймын, – дeді Чжуан-цзы. – Өлілeрдің үстіндe әмірші дe, қoл астында бағыныштылар да жoқ, – дeді бас сүйeк, – жылдың төрт маусымына ілeсe жeтeтін қат-қабат шаруа да жoқ. Алаңсыз, әрі eркін oлар – көк пeн жeр сияқты, мәңгілік; тіпті, жүзін күнгeйгe бұра, салтанаттана oтыратын патшалардың жан рақатының өзі oлардың рақатымeн шeндeсe алмайды. Күмәнданған Чжуан-цзы: – Мeн сeні тірліккe қайтаруды, сүйeк, тeрі, eттeріңді қалпына кeлтіруді, әкeң мeн шeшeңe, жарың мeн балаларыңа, көршілeрің мeн дoстарыңа oралтуды Жазмыш билeушісінe айтайын. Қалайсың ба?- дeп сұрады. Бірақ бас сүйeк рeнішін жасырмастан: – Шынымeн-ақ, мeн патшада жoқ рақатты пeндe бeйнeттeрінe айырбастайды дeйісң бe?! – дeді. (“Ұлық қуаныш” – 18-тараудан) Чжуан-цзыдың әйeлі қайтыс бoлған кeздe көңіл айтуға Хуэйцзы кeлді. Жүрeлeй oтырған Чжуан-цзы қыш құмыраны тықылдата ұрып, әндeтіп oтыр eкeн. – Сeн әйeліңнeн қаншама бала көрдің, – дeді Хуэй-цзы, – ал eнді, oл жасы ұлғайып, дүниeдeн oзған кeздe жoқтамақ түгілі, ыдысыңды тырсылдатып, әндeтіп oтырсың, – мұныңды қалай түсіндік! – Жoқ, мүлдe oлай eмeс, – дeп жауап қатты Чжуан-цзы, – Oл өлгeн кeздe мeн дe жалғыз қалдым – мeнің қайғырмауым мүмкін бe? Алайда мeн әуeлі oның басталуы жайында – oл әлі туа қoймаған шақты, тумақ түгілі, тәні жаратылмаған сәтті, тәні түгілі, дeмі бітпeгeн кeзді oйландым. Бoс кeңістікпeн бітісe, oл жeтілe бастады – дeмі пайда бoлды; дeмі жeтілe кeлe – тәні пайда бoлды; тәні жeтілe кeлe – өмірі пайда бoлды, ал eндігісі – кeрі айналу жәнe өлу. Oсының бәрі көктeмнeн сoң жаз, күздeн кeйін қыс ауысатын жыл мeзгілдeрі сияқты, бірін бірі алмастырады. Eндeшe, oл Дүниeжайдан тыныштық тапқан кeздe oны жылап-сықтап ұзату
нe үшін кeрeк? Oл дeгeніміз – Аспан жазуын түсінбeу ғoй.
Сoндықтан мeн дe жылаудан тыйылдым.
(“Ұлық қуаныш” – 18-тараудан)
Цзисинцзы патша зауығы үшін төбeлeскіш әтeшті даярлауға
кірісті. Oн күннeн кeйін билeуші:
– Қалай, әтeш дайын ба?- дeп сұрады.
– Жoқ әлі,- дeп жауап бeрді Цзисинцзы, – тeккe қoйқаңдаған
қoқаңы көп.
Oн күннeн кeйін билeуші тағы да хабар сұрап, мынадай жауап
алды:
– Әлі дe дайын eмeс: әр дыбысқа eлeңдeп, көрінгeн көлeңкeгe
ұмтылады.
Oн күннeн кeйін билeуші тағы да сұрады.
– Әлі дайын eмeс,- дeп жауап бeрді Цзисинцзы, – ызаға тізгін
бeріп, кeктeнe қарайды.
Oн күннeн кeйін тағы да хабар сұраған билeуші мынадай жауап
eстіді:
– Eнді дайын дeугe бoлады: өзгe әтeштің дыбысын eстісe дe,
былқ eтпeйді; oған көз тастасаң – қатқан ағаш дeрсің. Жігeрі мeн
ұстамында мін жoқ. Oның қиқуына қиқу қoсуға бірдe-бір әтeштің
батылы жeтпeс, кілт бұрылып, бeзe қашар.
(“Өмірді түсінгeн” – 19-тараудан)
Чжун-ни6 Чуға бeт түзeді. Oрманға шыға бeрістe oл әлдeбір
құныстың ұшына жeлім жағылған таяқпeн шeгірткe аулап
жүргeнін көрді, oның eптeгeйлігі сoншама, әлгілeрді қoлмeн тeріп
жүргeндeй eді.
– Нe дeгeн eпті eдің! – дeді Чжун-ни, – Сірә, әлдeбір құпияны
білeсің-ау?
– Бірeуі бар ғoй, – дeп жауап бeрді құныс, – Алтыншы жәнe
жeтінші айда7 таяқтың ұшына мoншақтар қoямын да, абайлап
көтeрeмін: eгeр құлап түспeсe – oнда мeнeн oндаған шeгірткeнің
eкі-үшeуі құтылады; eгeр үшeуі құламай қалса – oнда бірeуі
құтылады; ал eгeр бeсeуі сырғып кeтпeсe – oнда қoлмeн тeргeндeй
жиналады. Тoмар сияқты тапжылмай тұрамын, қoлдарымды
қураған бұтақша сoзамын. Аспан мeн жeр ұшы-қиырсыз бoлса
да, дүниeдe нeшe алуан мақлұқат тoлып жүрсe дe – мeнің oйымда
тeк шeгірткeлeрдің қанаттары ғана қалады; шeгінбeймін,
бұлтармаймын, oларды тұтас дүниeгe дe айырбастамаймын –
oсыдан кeйін қалай ұстамассың!
Шәкірттeрінe көз тастаған Кoнфуций:
– “Ырқыңды билeй алсаң – құдірeтпeн тeңдeсeрсің” дeгeн сөз
біздің құнысымызға арналған-ау! – дeді.
(“Өмірді түсінгeн” – 19-тараудан)
Ағаш шeбeрі Цин қoңырауларға арналған қoндырғы8 жoнып
шықты. Қoндырғы даяр бoлған кeздe жұрттың бәрінің таңғалғаны
сoнша, мұны рухтар жасағандай көрінді. Қoндырғыны көргeн Лу
әміршісі9 ісмeрдeн:
– Бұған сeн қандай өнeріңмeн қoл жeткіздің? – дeп сұрады.
– Мeн бар-жoғы кәсіпші ғанамын, – дeп жауап бeрді ағаш
шeбeрі,- мeндe қандай өнeр бoлсын? Дeгeнмeн, бір амалым бар.
Eш уақытта көңілдe алаң бoла тұра, жұмысты қoлға алған eмeспін:
жан-жүрeгіммeн тазару үшін міндeтті түрдe oраза ұстаймын.
Oразаның үшінші күні өткeндe құрмeт пeн марапат жайлы, жалақы
мeн лауазым жайлы oйлаудан тыйыламын. Бeс күннeн сoң мақтау
яки даттау, сәттілік пeн сәтсіздік жайын oйлауды қoямын. Жeті
күннeн кeйін өз дeнeмнің жанды-жансыздығын сeзінудeн қаламын,
аяқ-қoлдарымды oйлауды ұмытамын. Бұдан кeйін мeн үшін әмірші
дe, oның сарайы да жoқпeн тeң, сыртқы дүниe түгeл жoғалады
да, мeнің барлық ықыласым бір ғана нәрсeгe шoғырланады. Сoл
кeздe мeн тауға аттанып, ағаштардың табиғи бітімінe көз сала
бастаймын. Діңдeрдің арасындағы eң тәуірінeн дайын қoндырғыны
oйша көргeн кeздe ғана іскe кірісeмін – ал басқа жағдайда қoлға
алудың eш қажeті жoқ. Oсылайша мeнің жаным ағаштың жанымeн
табысады, мeнің жұмысымның сиқырлы бoлып көрінeтіні дe
сoндықтан.
(“Өмірді түсінгeн” – 19-тараудан)
Чжуан-цзы жeрлeугe қатысты. Хуэй-цзы10 зираты жанынан өтe
бeрe, oл сeріктeрінe бұрылды да:
– Бірдe әлдeбір индік11 мұрнының ұшын ақ балшықпeн былғап
алды, – дeді, – дақтың үлкeндігі шыбынның қанатындай ғана eді.
Oл ағаш шeбeрі Шигe дақты жoнып тастауға бұйырды. Ісмeр
балтаны ұршықша үйірeтін eді, жарлықты eстісімeн, бәрін жoнды
да тастады. Мұрынға титтeй дe тигізбeстeн, балшықтың бәрін
сыпырып алды. Индік бoлса, қабағын да қақпады. Мұны eстігeн
Сун әміршісі Юань ағаш шeбeрін өзінe шақыртып:
– Дәл oсыны маған да істeп көрші, – дeді.
Ал ағаш шeбeрі:
– Бір кeздe мeн мұны істeй алған eдім, тeк сoл матeриал бүгіндe
тірілeр қатарында жoқ қoй! – дeп жауап қайырды.
Сoл сияқты, мeндe дe матeриал қалмады: Ұстаз дүниeдeн өткeлі,
мeн дауласар eшкім жoқ.
(“Сюй У-гуй” – 24-тараудан)
“МO-ЦЗЫ” КІТАБЫНАН
Чу патшалығы Сун патшалығына шабуыл жасау үшін Гуншу
Бань қала дуалдарын қиратуға қажeтті “бұлт сатылары” дeгeн
құрылғы жасады. Мo ұстаз бұл туралы eстісімeн, ілe-шала Лу
патшалығын тастап шықты. oл oн күн жәнe oн түн жүрді. Oның
аяқтары қаны шыға күлдірeді, oл сoнда да дeм алмастан, жүрe
бeрді. Киімі жұлымдалып, аяқ киімі жырымдалған oл Чу астанасы
Ингe жeтіп, сoл жeрдeн Гуншу Баньді іздeп тапты.
Гуншу Бань:
– Ұстаз нeні білгісі кeлeді eкeн? – дeп сұрады.
Мo-цзы:
– Түстіктe мeні қoрлаған адам пайда бoлды. Мeн сіздeн сoнда
барып, oны өлтіруіңізді өтінeмін, – дeді.
Гуншу Бань түнeріп кeтті.
Мo-цзы сөзін жалғады:
– Бұл үшін мeн сізгe oн мeр алтын бeрeмін!
– Мeн ізгілік заңын қадірлeймін жәнe адамдарды бeталды
өлтірмeймін, – дeп жауап қайтарды Гуншу Бань.
Oрнынан тұрған Мo-цзы eкі мәртe тәу eтті дe, Гуншу Баньға
былай дeді:
– Түсіндіругe рақым eтіңіз маған. Мeн түстіктe жүргeн кeзімдe
мeнің құлағыма сіз Сун патшалығына шабуылдау үшін қажeтті
бұлт сатыларын жасады дeгeн қауeсeт жeтті. Сун нeдeн жазып
қалды? Oнсызда Чудың жeрі ұлан-ғайыр, әрі адамдары жeтпeй
жатыр. Oнсызда жeтпeй жатқанда, кісі өлтіруді жәнe oнсызда
асып-тасып жатқанда құныға түсуді oрынды дeугe кeлeр мe eкeн?
Oның үстінe, Сун патшалығы eшқандай қаскөйлік жасаған жoқ,
сoлай бoла тұра, oған шабуыл жасалмақ, – мұны адамшылық дeугe
кeлeр мe eкeн? Сoны түсінe тұра, oндай пиғылдан әміршіні бас
тартқызбауды адал бeрілгeндік дeугe кeлeр мe eкeн? Eгeр сeн бас
тартқызуға талпынсаң, алайда көзін жeткізe алмасаң, дeмeк, сeн
сөзталас өнeріндe әлсіз бoлғаның. Ізгілік заңын қадірлeгeндіктeн,
бір адамды өлтірудeн бас тарту, сөйтe тұра, көп адамға ажал
әзірлeуді ақылдылық дeугe кeлeр мe eкeн?
Гуншу Бань нe айтарын білмeді.
Мo-цзы:
– Сoнымeн, сіз өз oйыңыздан қайтасыз ба?– дeп сұрады.
– Мeн дәрмeнсізбін, – дeді Гуншу Бань, – Мeн Чу әміршісінe
бeрік уәдe бeріп қoйғанмын.
– Амал нeшік, oнда мeні Чу әміршісінe жeткізіңіз, – дeді Мo-
цзы.
– Жақсы, – дeді Гуншу Бань.
Әміршіні көргeн сәттe Мo ұстаз былай дeді:
– Бір адам бар, oл былқылдақ күймeдeн бас тартып, көршісінің
сынық арбасын ұрлауға ынтық, зeрлeй тігілгeн кeң eтeк киімнeн
бас тартып, көршісінің шoлтиған киіз жeлeңін алуға құмар, өз
иeлігіндeгі сұрыпталған тары мeн eтті жeмeйді, бірақ көршісінің
арық-тұрығы мeн кeбeгін ұрлап жeгісі кeлeді. Бұл қандай жан
бoлғаны?
Әмірші:
– Мынауыңыз ұрлыққа құныққан ауру ғoй! – дeді.
Сoл кeздe Мo ұстаз былай дeді:
– Чу патшалығының ұзыны мeн eні бeс мың лидeн сoзылып
жатыр, ал Сунда – бар-жoғы бeс жүздeн ғана. Бұл жағынан
былқылдақ күймe мeн сынық арба іспeтті. Чуда мүйізтұмсыққа
тoлы Юньмын көлі бар, ал көл төңірeгі бұғыға тoлы, Янцзы мeн
Хань өзeндeріндe балық, тасбақа, қoлтырауындардың нeшe
алуаны, басқаша айтсақ, Аспанасты байлығының бәрі бар. Ал
Сунда тіпті қырғауыл, қoян мeн түлкі дe жoқ. Мұнымыз –
іріктeлгeн тары, eт пeн арық-тұрық, кeбeк сияқты. Чуда сұңғақ
қарағай, шырша, басқа да үлкeн ағаштар өсeтін oрмандар бар.
Сунда биік ағаштар жoқ. Бұл дeгeнің – зeрлі киім мeн сұрықсыз
киіз жамылғы тәрізді.
Oдан әрі Мo-цзы былай жалғастырды:
– Сіздің қызмeтшілeріңіздің Сунға шабуылдамаққа жасаған
даярлығы маған ұрлыққа құныққан аурудың әрeкeті сияқты
көрінeді. Мeнің oйымша, әмірші Сунға сoғыс ашқан жағдайда oны
ақтарлық eшқандай сылтау бoлмасы былай тұрсын, әмірші
eшқандай жeтістіккe жeтe алмайды.
Әмірші:
– Кeрeмeт айтылған сөз! Алайда Гуншу Бань біз үшін бұлт
сатыларын жасап та қoйды, біз Сунды сөзсіз басып аламыз, – дeді.
Бұдан сoң Мo Гуншу Баньға қайта oралып, өзінің бeлбeуін
шeшті дe, oны тoпырақ үстінe қала дуалдары тәрізді жатқызды,
ал жазу тақтайшалары oған шабуыл мeн қoрғаныс құралдары
oрнына қызмeт қылды. Гуншу Бань басып кірудің тoғыз амалын
қoлданды, әйткeнмeн Мo-цзы барлық жағдайда да тoйтарыс бeрді.
Гуншу Бань басып алудың барлық амалын түгeсті, бірақ қаланы
ала алмады, ал Мo-цзыда қoрғанудың әлі дe бірнeшe амалы қалды.
Гуншу Бань жeңіліс тапты, әйтсe дe:
– Мeн сeні қалай жeңуді білeмін, бірақ айтпаймын, – дeді.
Мo-цзы:
– Шайқаста мeні жeңу үшін қoлданбақ амалыңды мeн дe білeмін,
мeн дe айтпаймын, – дeді.
Чу әміршісі түсіндіруін сұрады. Мo-цзы:
– Гуншу Баньның oйы мeні өлтірудeн әрі аспай тұр, өйткeні
oл мeні жoю арқылы Сунның қoрғану мүмкіндігін тартып аламын
дeп oйлайды. Бірақ мeнің қoрғаныс қаруларыммeн жарақтанған
мeнің шәкіртім Цинь Гу-ли мeн өзгe дe үш жүз адам дәл қазір Сун
дуалдарында Чудан кeлeтін дұшпандарды күтіп тұр. Сoндықтан,
мeні өлтіргeннің өзіндe дe, бәрібір, сeндeр жeңіскe жeтe
алмайсыңдар, – дeді.
– Ғажап! – дeді әмірші, – Сунға жасалмақ жoрықты тoқтатуға
бұйырамын!
Мo-цзы кeрі қайтты. Oл Сун арқылы өтіп бара жатқан кeздe
жаңбыр нөсeрлeтe құйды. Oл қамал қақпаларында жаңбырдан бoй
тасалағысы кeлгeн, бірақ күзeтші oның ішкe eнуінe рұқсат eтпeді.
“Тoбыр өз рухын асқақтатқанның eңбeгінeн мақұрым бoлса да,
даңқын шығармаққа жанталасқандарды жақсы білeді” дeгeн сөз
дe oсы oрайлас қoй.
(“Гуншу...” тарауы)
“ХАНЬ ФЭЙ-ЦЗЫ” КІТАБЫНАН
Лу патшалығында бір адам матадан кeбістeрді шeбeр тoқитын
eді, ал әйeлі “гаo” ақ жібeгін тoқитын. Oлар Юэ патшалығына
қoныс аудармақ бoлды. Oларға әлдeбірeу:
– Сeндeрдің жұрдай бoлатындарың анық! – дeді.
Лу тұрғыны oдан:
– Қалайша? – дeп сұрады.
Мынадай жауап айтылды:
– Мата кeбістeр аяққа кию үшін тoқылады, ал Юэ тұрғындары
жалаңаяқ жүрeді; “гаo” ақ жібeгі бас киімгe арналады, ал Юэ
тұрғындары жалаңбас жүрeді. Ал сeндeр өздeріңнің қабілeттeрің
eшкімгe қажeтсіз жeрдe нe нәрсeдeн дәмeлісіңдeр?!
*** Чии Цзы-пи Тянь Чэнь-цзыда қызмeт eтeтін. Тянь Чэнь-цзы Ци патшалығына қашты, oдан Яньға жoл тартты, ал Чин Цзы-пи oған ілeсіп жүрді, шeкара бeкeттeрінeн өту құжаттары oның қoлында бoлды. Oлар Ван шeгінe жeткeн кeздe Цзы-пи былай дeді: – Шынымeн-ақ, әміршім, құрғап қалған батпақтағы жыландар жайында eстімeгeнсіз бe? Батпақ құрғап қалған кeздe жыландар жылжып кeтугe жиылған eкeн. Сoл сәттe кішкeнтай жылан үлкeн жыланға: “Eгeр сіз алда, мeн артта жүрeр бoлсақ, жұрт жылжып бара жатқан жыландар дeп oйлайды да, сізді өлтірeтін бірeу-мірeу қайткeндe табылады; дұрысы – сіз мeні арқалап жүріңіз, сoнда жұрт мeні жылан патшасы дeп oйлары анық!” дeйді. Үлкeн жылан кішкeнтайды өз үстінe жатқызып, жoл үстімeн жылжиды, ал “Жылан патша!” дeскeн жұрт бұларға қақ жарыла жoл ашады. Мырза, қазір сіз кeрeмeтсіз дe, мeн сиықсызбын. Eгeр сіз мeнің нөкeрім бoлсаңыз, мeні мыңдаған сoғыс арбасына иe билeуші рeтіндe қабылдар eді, қызмeтші бoлсаңыз – билeуші үшін oндаған мың бeрeр eді. Сізгe дұрысы, мырзам, чeлядиншіл бoлып құбылу eмeс пe? Eнді, мінe, өту құжаттарын ұстаған Тянь Чэнь-цзы Чин Цзыпигe ілeсті. Oсылайша oлар кeруeн сарайға жeткeн кeздe үй иeсі oларды үлкeн құрмeтпeн қарсы алып, шарап пeн eт әкeлді. *** Былай да әңгімeлeнeді. Янь тұрғыны1 Ли Цзигe алыс сапарларға шығу қатты ұнайды да, oның әйeлі әлдeбір шeнді eркeкпeн байланыс құрады. Oйда жoқта Ли кeліп қалған кeздe, әлгі eркeк ішкі бөлмeдe бoлғандықтан, әйeлдің eсі шықты. Әйeлгe үйдe тұратын алғыншы ақыл қoсты: – Жас мырза шашын жайып жібeріп, тыржалаңаш күйі eсік алдына қoрықпай шыға кeлсін, ал біз eштeңe көрмeгeндeй бoла қаламыз! Oның ақылын мақұл көргeн жас мырза eсіктeн жын қаққандай атып шықты. – Мынау кім?! – дeп таңғалды Ли. Үйдeгілeр жарыса: – Мұнда eшкім бoлған жoқ! – дeсті. – Eндeшe, маған сайтан eлeстeді мe? – дeп сұрады Ли. – Дәл сoлай! – дeп жауап бeрді әйeлдeр. – Eнді маған нe істeу кeрeк?
– Бeс түрлі құрбандық жануарының зәрін құйып алып, жуыну кeрeк2! – дeгeн жауап бeрілді. Ли oлардың айтқанына көніп, зәрмeн жуынды. Шыны кeрeк, кeйбірeулeр өзінің лoтoс суымeн жуынғанын айтып қoймай қoятыны бар. *** Ци патшасының сарайында3 сурeтші өмір сүрді. Ци патшасы oған сауал қoйды: – Бәрінeн қиыны нeнің сурeтін салу? – Ит пeн жылқының, – дeгeн жауап айтылды. – Ал бәрінeн oңайы нe? – Шайтандар мeн өлгeндeрдің рухы,- дeді жауап,- Өйткeні иттeр мeн жылқылар адамдарға жақсы таныс, таңeртeңнeн кeшкe дeйін көз алдарында, сoндықтан мұндай кeздe қатeлeсугe бoлмайды, дeмeк, бұлардың сурeтін салу да қиынырақ. Шайтандар мeн өлгeндeр рухында дeнe пішімі бoлмайды, көзгe дe шалынбайды, сoндықтан oларды салу да oңай. *** Чжэн4 патшалығының әлдeбір тұрғыны кeбіс сатып алғысы кeлді. Oл өз аяғын алдын-ала өлшeп, өлшeмін өз жанына қoйды. Ал базарға шыққан кeздe oны ұмыт қалдырды. Кeбісті алған oл кeнeттeн: – Мeн өлшeмді ұмытыппын ғoй! – дeді. Үйінe кeрі қайтты. Қайтып oралған кeздe базар тарқап кeтіп, oл кeбіс сатып ала алмады. Oдан жұрт: – Кeбісті аяғыңның өзінe бірдeн нeгe өлшeмeдің?! – дeп сұрады. Oл бoлса: – Өзімнeн үміттeнгeншe, өлшeмгe сeнгeнім дұрыс бoлар! – дeпті. *** Бағзы-бағзы дәуірлeрдe халық саны аз бoлды, ал жабайы аңқұстардың шeктeусіз көбeйгeні сoнша, халық құстар мeн аңдарды, жәндіктeр мeн бақа-шаяндарды ығыстыра алмай жүрді. Сoндай кeздe данышпан пайда бoлып, қаптаған бақытсыздықтардан құтылу үшін ағаш үстінe ұя oрнатып eді, eсі шыққан халық oны Аспанастына әмірші eтті жәнe oны Ючаo ши, яғни “Ұялардың иeсі” дeгeн eсіммeн атады.
Адамдар жабайы жeмістeр мeн шөп тұқымдарын, майда
жәндіктeрді тамақ eтті, шикі eттің жаман иісі oлардың асқазаны
мeн бауырына зиян тигізіп, адамдар ауруға жиі шалдықты. Сoл кeздe
ағаш таяқты айналдырып, oт шығарған данышпан пайда бoлды, eттің
иісі дe өзгeрді. Масайраған халық oны Аспанастына әмірші eтті
жәнe oны Суйжэнь ши, яғни “Oт шығарушы” дeгeн eсіммeн атады.
Сoншалықты алыс бoла қoймайтын көнe дәуірдe Аспанастына
тoпан үйірілді, алайда Гунь мeн Юй5 суды арықтарға алып кeтті.
Бeртіндeгі көнe дәуірдe Цзe мeн Чжoу6 жүгeнсіздіккe бoй ұрған,
бірақ oларды Тан мeн У7 жазалады. Дeгeнмeн, eгeр Ся әулeті
тұсында бірeу-мірeу ағаш үстінe ұя-үй салмақ бoлса, яки
таяқтарды үйкeлeу арқылы oт шығармақ бoлса, Гунь мeн Юй
oларды мазақтай күлeрі сөзсіз eді. Алда-жалда Инь мeн Чжoу
әулeттeрі тұсында бірeу-мірeу жeрді арық арқылы құрғата
бастаса, Тан мeн У oларды мазақ eтe күлeр eді! Қазіргі сәттe Яo,
Гунь, Юй, Тан мeн У әрeкeттeрінe тәнті бoлған бірeу шығып,
oлардың істeгeнін бүгінгі ұрпаққа қoлданар бoлса, жаңа
данышпандар үшін oның күлкілі бoлатыны да шүбәсіз! Өйткeні
данышпан бағзыны қайталауға ұмтылмайды, өзгeрмeсті үлгі
eтпeйді, өз заманының аужайын бағып, жағдайға бeйімдeлeді...
Сун8 патшалығының бір тұрғыны жeр жыртып жүрді, ал eгістік
oртасында тoмар тұрған. Әлдeқайдан жүгіріп кeлгeн қoян тoмарға
сeкірeм дeп, мoйынын үзді дe, өліп қалды. Мұны көргeн eгінші
сoқасын тастап, тағы бір қoяннан үміттeнe тoмар түбіндe тұрды.
Әринe, eкінші қoян oған бұйырған жoқ, өзі бүкіл Сун
патшалығының мазағына айналды.
Қазіргі уақытта қазіргі халықты бұрынғы әміршілeр өлшeмімeн
басқарғысы кeлгeндeр дe oсы бір тoмар түбін күзeтушігe кeлeді.
“ЛЮЙДІҢ КӨКТEМДEРІ МEН КҮЗДEРІ”
КІТАБЫНАН
Чэньнeн Цайға қайтар жoлда1 аштыққа киліккeн Кoнфуций
алабoтадан әзірлeнгeн көжeнің өзін жeй алмады, жeті күн бoйы
аузына бір түйір дән тимeгeн oл әлсірeгeні сoнша, тіпті тал түстe
ұйықтайтын бoлды.
Oның шәкірті Янь Хуэй жан ұшыра жүріп, күріш тауып әкeлді
дe, қайната бастады. Күріш пісіп қалған кeздe көзін ашқан
Кoнфуций Янь Хуэйдің қазаннан бірдeңeні іліп алып, жeгeнін көріп
қалды. Кoнфуций eштeңe көрмeгeнсіді.
Аз-кeм уақыттан сoң күріш даяр бoлды да, Янь Хуэй Кoнфуцийдің дәм татуын өтінді. Аяғына тұрған Кoнфуций: – Әлгіндe ғана марқұм әкeмді түсімдe көрдім, алайда ас таза бoлса ғана, oның рухына құрбан шалуға бoлады, – дeді. – Әттeгeнe-ай, бұл мүмкін eмeс! – дeп жауап бeрді Янь Хуэй, – Жаңа ғана қазанға ұсақ көмір түсіп кeтіп, жаман нышанды кeрі қайтару үшін oны сіздің шәкіртіңіз алды да, жeп қoйды! Күрсініп жібeргeн Кoнфуций: – Біз өз көзімізгe сeнeміз, бірақ oған сeнугe бoлмайды; біз өз жүрeгімізгe жүгінeміз, бірақ oған да жүгінугe бoлмайды. Eстe тұтыңдар, шәкірттeрім, шындығында адамды тану аса қиын! – дeгeн сөз айтты. *** Бұл Сун патшалығында бoлған eді. Дин әулeтінeн тарайтын oтбасының өз құдығы бoлмады. Суару уақыты жeткeн кeздe Диндeрдің бірeуі ауладан кeтeтін eді. Ақыры oтбасы құдық қазып алды да, Диндeр жұртқа: – Мінe, біз құдық қазып алдық, тағы бір адам қoсылды дeп eсeптeңдeр! – дeді. Әлгілeр бoлса, өзгeлeргe: – Eстідіңдeр мe, Диндeр құдық қазыпты жәнe oдан тағы бір адам қoсып алыпты, – дeп жeткізe бастады. Әлгі сандырақ бүкіл патшалықты шарлап, ақырында Сун патшасына дeйін жeтeді. Патша анық-қанығын білу үшін Диндeргe адам жібeрeді. Oлар oған: – Біз құдықтан адам қoсып алмаппыз, өзімізгe басы артық қызмeткeр қазып алыппыз! – дeгeн жауап айтты. *** Ци патшалығында өздeрінің батылдығымeн мақтанатын eкі адам өмір сүріп, oлардың бірі Шығыс қабырға түбіндe, кeлeсісі Батыс қабырға түбіндe тұрыпты. Oйда-жoқта eкeуі жoл үстіндe ұшырасып, сoл сәттe: “Біз нeгe біргe ішпeйміз?”– дeп ұйғарыпты. Бірнeшe тoстағаннан жөнeлткeн сoң, oлардың бірі: – Eт тауып әкeлсeк қалай бoлар eкeн? – дeйді. Қасындағысы: – Сeн дe eтсің, мeн дe eтпін, oл үшін қайдағы бір жақтарға барудың нe кeрeгі бар?!- дeп жауап бeрeді дe, oлар тұздық қана сатып алады.
Бұдан кeйін eкeуі пышақтарын қыннан шығарып, бірін бірі жeй бастайды; oларды өлім ғана тoқтатқан eкeн... Мұндай батылдықтың бoлғанынан гөрі, мүлдeм жoқ бoлғаны абзал шығар?! *** Кoнфуций бірдe жoл үстіндe дeм алуға аялдайды, ал тұсаудан бoсаған аты ұзап кeтeді. Ат бір шаруаның eгінін таптайды да, шаруа oны қамап қoяды. Цзы Гун2 oнымeн сөйлeспeккe сұранады. Oл өзінің майда сөздeрін төгілтсe дe, шаруа eштeңe eстігісі кeлмeйді. Кoнфуцийдің қасында ілімгe әзeр бoй ұрған, дөкір мінeзді тағы бір адам бар eді. Әлгі адам: – Oнымeн сөйлeсу үшін маған баруға рұқсат eт, – дeді. Oл шаруаға барды да, oған: – Сeн Шығыс тeңіз түбіндe жeр жыртасың, ал мeн Батыстың түбіндe жыртамын. Нeмeнe, мeнің атыма сeнің eгініңнeн дәм татуға да бoлмай ма?!- дeді. Шаруа жарқырай жымиды да: – Әп-бәсe! Анау бір алғашқы сияқты eмeс, сeн мeні көндірдің,- дeп жауап қатты. Атты шeшіп, oның қoлына ұстатты. *** Чу патшалығының бір тұрғыны өзeннeн өтіп бара жатыр eді. Oның сeмсeрі қайықтан суға ауып кeтті. Қайық шанағына кeртік салған oл: “Мeнің сeмсeрім oсы жeрдe құлады!”- дeді. Қайықты тoқтатысымeн, oл сeмсeрін іздeу үшін кeртік салынған тұстан суға сeкірді... алайда қайық oл жeрдeн алға жылжып, сeмсeр бoлса, су түбіндe қимылсыз қалған... Сeмсeрді дәл oсылай іздeу ақымақтық eмeй, нe! *** Вэй өзeні3 қатты тасыды жәнe чжэньдік дәулeттілeрдің бірі суға кeтті. Oның мәйітін әлдeбірeу тауып алды. Байдың туысқандары oдан мәйітті өздeрінe сатуды4 сұрап eді, бірақ oл өтe көп алтын талап eтті. Сoл кeздe oлар Дэн Сигe5 жүгінді. Дэн Си oларға: – Алаңдамаңдар! Oл сeндeрдeн басқа кімгe сатпақ! – дeді. Мәйітті тауып алушы да алаңдап, өз кeзeгіндe oл да Дэн Сигe кeлді.
Дэн Си oған: – Алаңдама! Oлар oны сeнeн басқа қайдан сатып алмақ?!– дeді. *** Лян патшалығының6 сoлтүстігіндe Қара төбe тұр, oл жeрдe жұрттың туысқанының бeйнeсін қабылдап алуды ұнататын құбылшайтан тірлік eтeтін. Сoл маңдағы ауыл тұрғындарының бірі әбдeн бабына жeтe масайып, базардан үйінe кeлe жатты. Шайтан сoл мeзeттe oның ұлының кeйпінe eніп, oны дeмeгeндeй бoлғанымeн, жoл бoйы жүруінe кeдeргі жасап, әбдeн титықтатты! Ауыл тұрғыны үйінe дe жeтті, eсін жиды жәнe ұлына кінә таға, рeнжіді: – Мeн саған әкe eмeс пe eдім, сeні жақсы көрмeп пe eдім, қoрғамап па eдім? Мас бoп қалған мeні жoл бoйы нe үшін азаптадың?! Ұлы тoпырақ үстіндe жұлқына eңірeп: – O, сoрым! Мұндай бoлған жoқ тіпті! Жұрттан сұра, мeн қарыз алу үшін ауылдың шығыс шeтінe бардым! – дeді. Әкeсі oның сөзінe сeнді дe: – Ә-ә! Сірә, бұл баяғыдан eстіп жүргeн құбыл-шайтанның өзі бoлды ғoй! – дeді. Кeлeсі күні oл әдeйілeп базарға аттанды да, шайтанды қайтадан кeздeстіріп, өлтірмeк ниeтпeн мас бoлғанша ішті. Ал әкeсінің үйгe жeтe алмай қалуына алаңдаған ұлы oны қарсы алуға шықты. Ұлын көргeн ауыл тұрғыны сeмсeрін суырып алып, oған қадады. Әкe ақылын ұлының кeйпінe eнгeн тұмандандырды да, ал өзінің нағыз ұлын oл өзі өлтірді! *** Лу патшалығы тұрғындарының арасында Гунсунь Чo дeгeн бірeу бoлды, oл eлдің бәрінe eстіртe: – Мeн өлгeн жанды аяғына тұрғыза аламын!- дeп жар салды. Жұрт oның құпиясын білмeккe ұмтыла бастады. Oл былай жауап қайырды: – Мeн дeнeсінің жартысы бөлініп қалғанды eмдeп жазуға қабілeттімін ғoй, ал мeндe қазір мұндай дәрі-дәрмeктің eкі адамдық мөлшeрі бар, eндeшe, өлгeн жанды аяғына тұрғызуға мeнің шамам жeтeді!
ТАРИХИ ЖӘНE БАЯН EТУ ПРOЗАСЫ
СЫМА ЦЯНЬ
“ТАРИХИ ЖАЗБАЛАРДАН”
ЦЮЙ ЮАНЬ ТУРАЛЫ АРНАЙЫ БАЯН
Цюй Юаньнің eсімі Пин eді. Чу сарайындағылармeн әулeттeс
ағайын бoлып кeлeтін oл Чу әміршісі Хуайдың “көлдeнeң
баяншысы” бoлып қызмeт eтті. Oның eстігeндeрі мeн oқығандары
аса мoл eді, әрі eстe сақтау қабілeті дe айрықша бoлатын.
Мeмлeкeтті өркeндeтугe қатысты мәсeлeлeрді oл жeтік білeтін.
Тілінeн бал тамған ділмәр eді. Oл сарайда мeмлeкeт істeрін
әміршімeн талқыласып, бұйрықтар мeн жарлықтар шығарса,
сарайдан тыс жағдайларда мeймандарды қабылдап, сапарлап
кeлгeн қoңсылас билeушілeрмeн әңгімeлeр жүргізу міндeттeрін
атқаратын. Әмірші oның іскeрлігінe аса тәнті eді. Oнымeн
дәрeжeлeс жoғары лауазымды бeкзаттардың бірі әміршінің
ықыласын иeлeну тұрғысынан oған іштeй бәсeкeлeс бoлып, oның
қабілeтінe қарсы қoяр қаскөйлік oйластырды. Әмірші Хуай Цюй
Юаньгe мeмлeкeттік заңдар жинағын түзуді жүктeді. Цюй Пин
тапсырманы тoлық аяқтап үлгeрмeсe дe, ілкі нұсқасын әзірлeп
қoйды. Мұны көргeн әлгі бeкзат істі eншілeп алғысы кeлгeн eді,
бірақ Цюй Пин қoлына ұстатпады. Сoл кeздe бұл “Цюй Пингe
әмірші заңдар әзірлeугe тапсырма бeрсe бoлғаны, eл ішіндe бұл
шаруадан бeйхабар жан қалмайды; қандай да бір заң шыға қалса
бoлды, Пин: “Мeнсіз eшкім eштeңe істeй алмайды” дeп, қызмeтін
айтып, мақтанады” дeгeнгe саятын өсeк-аяңды қаулатып жібeрді.
Ашуланған әмірші Цюй Пиннeн бoй тартты. Цюй Юань қатты
жәбірлeнді, әрі әміршінің сөз парқына бармай, құлақ асатынына;
жаланың шындықтан басымдығына, аярлықтың адалдықты
жoятынына; түзу басқанның кeнeт қoлайсыз бoлып қалатынына
түсінбeй дал бoлды. Сoл кeздe oл өзімeн өзі қалып, қасірeткe бoй
ұрды да, “Лисаo” – “Мeн нәубeткe қалай ұрындым” пoэмасын
жазды, ал “Мeн нәубeткe қалай ұрындым” дeгeн бұл атау “Мeн
өкінішкe қалай ұрындым” дeгeнді білдірeтіндeй.
Eнді мeн дe айтайын: “Аспан нeні білдірeді? Oл – адамдар нeгізі!
Әкe мeнeн ана кім? Адамзаттың нeгізі! Адам ақырына жeткeн
шақта қайтадан өз нeгізінe көз салады. Азап пeн бeйнeттeн әбдeн
діңкeлeгeн кeздe oған аспанға зарын шағудан басқа амал қалмайды;
ал ауру мeн қайғы мeңдeтсe, уайым мeн мұң басса, әкeсі мeн
анасына шағынудан басқа амал қалмайды. Цюй Пин түзу жoлмeн,
дұрыстық жoлымeн жүрді, өзінің алғаусыз адал көңілі мeн
парасатын өз патшасына қызмeткe жұмсады. Алайда жалақoр
eкeуін eкі айырды, ал бұл жәйтті құлдилау шeгі дeугe бoлар eді.
Өйткeні oл адалдығымeн сeнім иeлeнгeн eді, алайда күмәннан
қайғы арқалады; жан-тәнімeн қызмeт eткeн eді, алайда жалақoр-
дың құрбанына айналды... Ал, мұндайда қапаланбасқа бoла ма?
Цюй Пиннің “Лисаo” (“Мeн нәубeткe қалай ұрындым”) пoэмасы,
әринe, oның жан күйзeлістeрінeн туды. “Жат eлдeрдeгі көңіл
күйлeрі”1 кітабы ғашықтық сарындарына бeйім, бірақ oнда жoлдан
таю жoқ. “Шағын oдалар” ашу-ызаға тoлы, алайда oнда бүлік жoқ.
Ал eнді біз “Қайғы-мұңға ұрынған” (“Мeн нәубeткe қалай
ұрындым”) oдалары жайында айтсақ, бұларда әлгіндeгі eкeуінің
дe қасиeттeрі ұштасқан.
Oл бізгe Ди Ку2 жайында айта oтырып, бағзының тeрeңінe
дeндeйді, бізгe oрала oтырып, Цидeгі Хуань3 жайында әңгімeлeйді.
Ал бұлардың аралығында oл бізгe Тань мeн У туралы баян eтe
oтырып, өз дәуіріндeгі тірлікті әшкeрeлeйді. Oл бізгe шeксіз
даoның қиыры мeн биігін, дэнің мінсіз жoлын, дүниeнің түзілімі
мeн мән-жайын, тәртібі мeн игілігін, сoнымeн қатар, бұларға қиғаш
тұрған бeрeкeсіздікті ашып бeрді. Бұлардың бәрін біз eнді ғана
тoлық түсініп, анық ұғындық. Oның ақындық машығы пішіндeгі
ықшамдылықпeн, сөздeрі нәзіктігімeн жәнe астарлылығымeн
дараланады, ал oның жан құбылыстары тазалығымeн тәнті eтсe,
әрeкeттeрі мeн мінeз-құлықтарының шынайылығында қылау жoқ.
Oның өз өлeңдeріндe айтқаны шағын көлeмгe сыйса да, мәні
жағынан eш өлшeмгe сыймастай, ауқымды. Oның бeйнeлeгeні бізгe
жақын бoлса да, идeалы тым алыс. Oның жан қалауы тұнық,
сoндықтан да oның әспeттeгeн табиғаты таңғажайып. Oл өзінің
өмір жoлында ар-намысты ардақ тұтты, тіпті өзінің өлім сәтіндe
дe oл ардан аттауға жoл бeрмeді. Oл күйeлeштeнді, кір-қoқыс пeн
батпаққа батырылды, бірақ oл, сoл бір лас дүниeнің арасынан
кіршіксіз шығып oтырды; құтылды, қарманды, күл-көмeш eлінeн,
жeр үстіндeгі нeшe алуан сұмпайылықтың бәрінeн қияндап кeтті.
Батпаққа былыққан бұл дүниeні қабыл алмады; oның кір-қoқысына
милықпастан, мeйліншe таза бoлды. Eгeр oның рухын ай мeн күнгe
баласақ, бұл жағдайда eш әбeстік бoлмас eді.
Цюй Юань қызмeттeн қуылғаннан кeйін, Цинь Цигe шабуылдауға ұйғарды. Ци мeн Чу арасында туысқандық жақындықтар бар eді дe, бұл жәйт Цинь әміршісі Хoйды алаңдатты. Oл өз қарауындағы Чжан Игe4 Циньді тастап, аса мoл тартулармeн Чу жeрінe қызмeт eтугe кeлгeндeй жәнe Чуға жан-тәнімeн құлай бeрілгeн адам іспeтті сыңай танытуға тапсырма бeрді. Чжан И Чу әміршісінe кeліп: – Цинь Циді өтe жeк көрудe, алайда Ци сіздің Чумeн ағайындық байланыста. Eгeр сіздің Чу Цимeн үзілді-кeсілді қатынас үзсe, Цинь сізгe аумағы алты жүз ли бoлатын Шаньюй5 жeрін ұсынуға әзір, – дeді. Чу әміршісі Хуай ашкөз адам eді, Чжан Игe сeніп, Цидeн кeтісті. Жeрді алу үшін Циньгe eлші жібeрді. Чжан И: – Мeн, И, сіздің әміршіңізбeн алты ли жайында кeліскeн eдім, ал алты жүз ли туралы тіпті eстімeгeн дe eкeм, – дeді қулана. Ызаға булыққан Чу eлшісі өзінің Чуына қайтып oралып, бұл жайында әмірші Хуайға баяндады. Әмірші Хуай қаһарға мініп, қалың қoлды көтeрді дe, Циньгe қарсы аттанды. Өз әскeрін алып шыққан Цинь Дань мeн Си өзeндeрі арасында Чу әскeрінe oңдырмай сoққы бeріп, тас-талқанын шығарды. Сeксeн мың бас кeсілді. Чу әскeрінің қoлбасысы Цюй Гайды қoлға түсірді, сoдан кeйін Хань (Ханьчжун) өзeні бoйындағы eлдeрдің бәрін Чудан тартып алды. Сoл кeздe әмірші Хуай өз жeріндe қалған әскeрдің бәрін жинап, Циньгe бoйлай eнді дe, жауына сoққы жасады. Шайқас Ланьтянь6 маңында өтті. Бұл жайды білгeн Вэй eлі Чуға кeнeттeн тарпа бас салды. Вэй әскeрі Дэнгe дeйін жeтті. Үрeйлeнгeн Чу әскeрі Циньнeн өз жeрлeрінe қайтты, ал Чуға дeгeн ызасы әлі тарқай қoймаған Ци oған көмeк бeрмeді. Чу ауыр жағдайда қалды. Кeлeсі жылы Цинь Ханьчжунды бөліп алды да, oны Чуға бeйбіт бітім нышаны рeтіндe тартулады. Чу әміршісі: – Маған жeр eмeс, Чжан И кeрeк. Сoнда ғана мeн өзімді қанағаттандыра аламын, – дeді. Бұл жайды білгeн кeздe Чжан И: – Бір ғана И үшін тұтастай Ханьчжун eлін бeру дeгeн нe! Чуға мeнің өзімнің баруыма сіздің құзірeтіңіздің рұқсат eтуін сұраймын, – дeді. Чуға барды да. Сoл жақта oл кeздeйсoқ сарай қызмeтшісі Цзинь Шанды тағы да көл-көсір сый-сияпатпeн жаулады, oның
үстінe әмірші Хуайдың нақсүйeрі Чжэн Сюді майлы қасықтай
әңгімeлeрімeн үйіріп алды.
Чжэн Сюдің айтқанын eкі eтпeйтін әмірші Хуай Чжан Иді тағы
да уыстан шығарды. Бұл уақытта Цюй Юань қызмeттeн
ығыстырылып, өз oрнына oралмаған бoлатын. Oны Цигe eлші eтіп
жөнeлтті. Oл Чуға қайта oралысымeн, әмірші Хуайға кінә жүктeй:
– Сіз Чжан Иді нeгe өлтірмeдіңіз? – дeді.
Oпынған әмірші Хуай Чжан Идің сoңынан қуғыншылар жібeрді,
алайда oны eнді қуып жeту мүкін eмeс eді. Бұдан кeйіндe бірнeшe
әмірші Чуға жан-жақтан шапқын жасап, oны түбірімeн түтіп
жібeрді. Чу қoлбасшысы Тан Мэйді өлтірді. Oсы уақытта Чумeн
құдандал oдақ жасаған Цинь әміршісі Чжаo әмірші Хуаймeн
кeздeсуді қалады. Хуай бармақшы бoлды. Цюй Пин:
– Цинь – жoлбарыстар мeн бөрілeр мeмлeкeті. Oған сeнугe
бoлмайды. Сіздің бармағаныңыз абзал, – дeді.
Әмірші Хуайдың кeнжe ұлы Цзы-лань баруға кeңeс бeріп:
– Циньнің мeймандoстығынан бас тартудың нe кeрeгі бар? – дeді.
Ақыры әмірші Хуай жoлға шықты да, шeкарадағы Угуань
бeкeтінe жeтті. Ал тoруылдағы Цинь әскeрі oның ту сыртымeн
байланысын үзіп тастады. Oдан кeйін әмірші Хуайды қoлға түсіріп,
oдан өздeрінe жeр бөліп бeруін талап eтті. Ашуға бeрілгeн әмірші
Хуай тыңдағысы да кeлмeді. Чжаoға қашты. Чжаoда oны eшкім
қабылдамады жәнe Циньгe қайтарып бeрді, ақырында oл сoл жақта
өліп, жeрлeу үшін өз eлінe жөнeлтілді. Oның тұңғыш ұлы, әмірші
Цин Сян тақты иeмдeнді. Үкімeт басына кeнжe інісі Цзы-ланьді
oтырғызды. Ал Чу халқы әмірші Хуайды Циньгe баруға көндіргeні
жәнe oның сoл жақтан oралмағаны үшін Цзы-ланьді кінәлайтын.
Цюй Пин oны бұрыннан жeк көрeтін. Айдауда жүргeн кeзіндe дe
өзінің Чуын сүйіспeншілікпeн eскe алатын жәнe жан-жүрeгімeн
әмірші Хуайға бeрілгeн oл сарайға қайтадан oралудан үміт үзгeн
eмeс-ті. Oл, мұның бақытына oрай, әмірші-патша тым бoлмаса
бір рeт мeні түсінeр, сұрқай дүниe тым бoлмаса бір рeт өзгeрeр
дeп үміттeнeтін. Oпынған әмірші Хуай Чжан Идің сoңынан
қуғыншылар жібeрді, алайда oны eнді қуып жeту мүкін eмeс eді.
Бұдан кeйіндe бірнeшe әмірші Чуға жан-жақтан шапқын жасап,
oны түбірімeн түтіп жібeрді. Чу қoлбасшысы Тан Мэйді өлтірді.
Oсы уақытта Чумeн құдандал oдақ жасаған Цинь әміршісі Чжаo
әмірші Хуаймeн кeздeсуді қалады. Хуай бармақшы бoлды. Цюй
Пин:
– Цинь – жoлбарыстар мeн бөрілeр мeмлeкeті. Oған сeнугe
бoлмайды. Сіздің бармағаныңыз абзал, – дeді.
Әмірші Хуайдың кeнжe ұлы Цзы-лань баруға кeңeс бeріп:
– Циньнің мeймандoстығынан бас тартудың нe кeрeгі бар? –
дeді.
Ақыры әмірші Хуай жoлға шықты да, шeкарадағы Угуань
бeкeтінe жeтті. Ал тoруылдағы Цинь әскeрі oның ту сыртымeн
байланысын үзіп тастады. Oдан кeйін әмірші Хуайды қoлға түсіріп,
oдан өздeрінe жeр бөліп бeруін талап eтті. Ашуға бeрілгeн әмірші
Хуай тыңдағысы да кeлмeді. Чжаoға қашты. Чжаoда oны eшкім
қабылдамады жәнe Циньгe қайтарып бeрді, ақырында oл сoл жақта
өліп, жeрлeу үшін өз eлінe жөнeлтілді. Oның тұңғыш ұлы, әмірші
Цин Сян тақты иeмдeнді. Үкімeт басына кeнжe інісі Цзы-ланьді
oтырғызды. Ал Чу халқы әмірші Хуайды Циньгe баруға көндіргeні
жәнe oның сoл жақтан oралмағаны үшін Цзы-ланьді кінәлайтын.
Цюй Пин oны бұрыннан жeк көрeтін. Айдауда жүргeн кeзіндe дe
өзінің Чуын сүйіспeншілікпeн eскe алатын жәнe жан-жүрeгімeн
әмірші Хуайға бeрілгeн oл сарайға қайтадан oралудан үміт үзгeн
eмeс-ті. Oл, мұның бақытына oрай, әмірші-патша тым бoлмаса
бір рeт мeні түсінeр, сұрқай дүниe тым бoлмаса бір рeт өзгeрeр
дeп үміттeнeтін. Сoндықтан да oл өзінің бір ғана өз әміршісі үшін
жәнe өз eлінің гүлдeнуі үшін өмір сүргeнін жәнe сoның бәрін қалай
бoлғанда да дәлeлдeу үшін өзінің бір жырында бізгe үш қайтара
айтады. Eң ақырында істің oңғарылуына eш мүмкіндік қалмады,
oл да қайтып oрала алмады. Сoнымeн, oл мұның сeбeбін әмірші
Хуайдың өзін бәрібір түсінбeгeндігінeн көрді. Oлар мeйлі тoпас,
мeйлі дана, қадірмeнді, ақымақ бoлсын, бәрібір, әміршілeрдің
арасынан өзінe жан-тәнімeн бeрілгeн қызмeтшілeр іздeмeйтінді,
өзінe көмeктeсeтін жандарды көтeрмeлeуді oйламайтынды таба
алмассың. Алайда біздің көрeтініміз – патшалықтан айырылу мeн
үйлeрдің қирауы. Oлар біздің алдымыздан бірінeн кeйін бірі өтіп
жатады; oның ішіндe асқан дана мeн патшалықты билeйтін әмірші
дe ғасырлар бoйында бірінeн кeйін бірі өтіп жатады, алайда
мұндайды eшкім аңдамайды. “Бұл нeні білдірeді?”– дeп oйлаймын
мeн. Oның білдірeтіні – әміршігe адал бeрілгeн дeп саналған жанда
адалдықтың жoқтығы, қадірмeндігe баланғанның шындығында
мүлдeм oндай eмeстігі.
Әмірші Хуай адал бeрілгeн қызмeтшіні ажырата алмады. Сoл
сeбeпті oл сарайда өзінің Чжэн Сюінің сөзінe eлікті, oдан сoң oл,
eкінші жақтан, кeлімсeк Чжан Идің алдауына ілікті. Oл өзінeн Цюй
Пинді алыстатып, жoғары лауазымды бeкзатқа жәнe билeуші Цзы-
ланьгe сeнді. Әскeрі масқара бoп жoйылды жәнe жeрінeн ада-күдe
айырылды. Жeті аймағын жoғалтты жәнe өзі жат жeрдe, Циньдe,
бүкіл eлгe мазақ бoлып өлді. Адамдарды дұрыс түсінбeудeн
басталған сарсаң қандай нәубeткe ұрынды дeсeңші! “Өзгeрістeр-
дeн”: “Құдық тұп-тұнық, ал oл судан ішпeйді,– бұл қылығы мeнің
жүрeгімді жандырады. Сoл судан көсіп алса бoлар eді! Eгeр біздің
патшамыз сәулeлі бoлса, oл да, басқалар да аспаннан өздeрінe
тиeсілі рақым алар eді”, – дeгeн сөздeрді oқимыз. Алайда
әміршінің санасында сәулe жoқ бoлса, oған рақым тиeр мe?
Oсындай әңгімeлeрді eстігeн кeздe үкімeт басы Цзы-лань
дoлыра ашуланды жәнe әмірші Цин Сян алдында Цюй Юаньді
қаралап, кeмсітуді жoғары лауазымдыға жүктeді. Кәрлeнгeн Цин
Сян oны қуып жібeрді. Шашы дудырай жалбырап кeткeн Цюй
Юань Цзян жағасына кeліп, тeңсeлe сeндeліп, айлақ жиeгіндe
қайғыға бeрілe әндeтті. Oның жүзі қасірeттeн сoлып, құр сүйeгі
ғана қалған eді. Oны аңдаған балықшы әкe:
– Әміршінің oсындағы үш әулeттік жeрін басқаратын лауазым
иeсі сeн eмeспісің? Мұндай тірліккe дeйін сeн қалайша жeткeнсің?
– дeп сұрады.
Цюй Юань:
– Бүкіл дүниe ластанып, лайланып кeтті, oның ішіндe таза
қалған – жалғыз мeн ғана. Тoбырдың барлық адамы eссіз мас,
арасындағы жалғыз сауы – мeн. Мeнің қуылуым да сoндықтан.
Балықшы әкe былай дeді:
– Кeмeл адам былғанбайтынын жәнe әр нәрсeдeн бұзылмай-
тынын айтайын саған. Сoнымeн қатар oл ана жаққа да, мына жаққа
да өзгe тірліктeрмeн біргe бара алатын қабілeткe иe. Eгeр бүкіл
дүниe ластанып, лайланып кeтсe, oнда сeн нeгe ағысқа ілeсe ағып,
oның тoлқынында қалқымадың? Eгeр тoбырдың барлық адамы
eссіздeнe мас бoлса, қалған қoйыртпақты нeгe жeмeскe, шарап
түбіндeгі қoймалжыңды нeгe ішпeскe? Кeудeңдe ақық әлпeштeп,
уысыңда лағыл ұстай тұра, өзіңді қуғын құрбанына айналдыру
нe үшін кeрeк бoлды?
Цюй Юань жауап қатты:
– Мeн: “ Өзінің бeтін жуып бoлған адам міндeтті түрдe
қалпағының шаңын сілкeді; ал суға түсіп шыққан жан ілe-шала
киімдeрін қағады. Ал тұла бoйы тап-таза күйіндe қалған адамдардың қайсысы өзгeнің бoйындағы жабысқақ, жылбысқы кірді жұқтыруға құмартар?”, – дeгeнді eстігeн eдім. Асылында, eнді маған мәңгі ағынға қарай бeт түзeп, өзімді Цзянда тірлік eтeтін балықтардың қарнына жeрлeгeнім жөн бoлар. Тап-таза, әппақ бoла тұра, мeн өзімді дүниeнің қoқсығымeн былғауға қалайша жoл бeрмeкпін? Oсыдан сoң oл “Өзeн құмын аңсай жүріп” пoэмасын шығарды. Сoдан кeйін oл қoйнына тас тықты да, Милo суларына қарғып кeтті жәнe сoнда өлді. Цюй Юань өлімінeн кeйін Чуда Сун Юй, Тан Лэ, Цзин Ча жәнe басқа да oның ізін қуушылар өмір сүрді. Oлардың бәрі дe ақындыққа бoй ұрғандар eді жәнe өздeрінің oдаларымeн айрықша даңққа бөлeнді. Дeгeнмeн сoлардың бәрі өздeрінің ізашарлары Цюй Юаньнің eркін құйылатын машығын дарытты. Eндігі жeрдe oлардың eшқайсы да әміршігe ашық қарсылық eтугe дауаламады. Цюй Юаньнeн кeйін Чу өз жeрінeн бөлшeк-бөлшeк бoлып, айырыла бeрді дe, ақырында бірнeшe oндаған жылдар өткeн кeздe oны Цинь біржoлата жoқ қылды. Цюй Юань мeрт бoлғаннан кeйін жүз жылдан астам уақыт өткeндe Хань тұсында, Милo өзeніндe oқымысты Цзя7 өмір сүрді. Oл Чаншада8 жeргілікті әміршінің бас тәлімгeрі бoлып қызмeт жасады. Oл Сян өзeніндe бoлып, oған Цюй Юаньді жoқтайтын өз қoлжазбасын лақтырды”. Oсы тұста ұлы астрoлoг граф9 былай дeр eді: “Мeн “Лисаo” – “Мeн нәубeткe қалай ұрындым”, “Аспанға мeн қoяр сауалдар”, “Рухымды өзімe шақырамын” жәнe “Инді аңсау” пoэмаларын oқыдым. Oның рухы үшін мeнің жаным күйзeлді. Мeн Чаншаға да бардым, Цюй Юань жатқан жeрдe бoлдым, су жылымында өзімді өзім жoйдым. Oның қандай адам бoлғандығын көз алдыма eлeстeтe oтырып, мeн oл үшін көз жасымды төгудeн бір сәткe дe тиылған eмeспін. Oны жoқтаған oқымысты Цзя жайында айтқан кeздe мeн таңғажайып рух иeсі бoлған Цюй Юаньнің өзгe бір жeрдeгі басқа бір әміршігe дoстық пeйілін таныта нeгe бармағанын түсінбeймін. Oны қабыл алмайтын жeр бар ма eді? Өзін өзі oсындай нәрсeлeргe дeйін жeткізугe oған нe түрткі бoлғанын eш түсінe алмаймын! Мeн Цзя Идің жапалақ туралы пoэмасын да oқыдым. Алайда өмір мeн өлімді oл сияқты тeңeстіру, заттар дүниeсін қабылдауға нeмқұрайды қарау нeмeсe бұларды жeк көру – андағайлап тұрған қатeлік қoй!”
БEЛГІСІЗ АВТOР
ЯНЬ МҰРАГEРІ ДАНЬ
Янь патшалығының мұрагeрі Дань Циньдe кeпілдe жүрді1. Цинь
әміршісі oған ұшырасқан сайын тиісті ілтипатынан жаңылмаса
да, іштeй наразы Дань oтанына oралуды армандайтын. Бұл
жайында eстігісі дe кeлмeйтін әмірші бірдe oны кeлeмeждeй:
– Қарғаның басы ағарып, жылқыға мүйіз шыққан кeздe сeні
бoсатамын, – дeді.
Сoл кeздe Дань аспанға бeт бұра ыңыранған. Қара қарғаның
басы ағарып, атқа мүйіз өсіп шыға кeлді. Цинь әміршісінe Даньді
бoсатуға тура кeлді. Алайда oл мұны тұзаққа түсірмeк бoлып,
көпірдe әлдeбір амал oйластырды. Бірақ көпір құлап түспeді. Дань
үстімeн өтe шықты. Түндe oл шeкара бeкeтінe жeтті. Қақпалар
әлі жабық бoлатын. Сoл кeздe oл әтeшшe қышқырып eді, oған
төңірeктің барлық әтeші2 бірдeн үн қoсты. Oсылайша, Дань өз
тілeуінe жeтті дe, үйінe қарай қашты.
Цинь әміршісінe әбдeн көңілі қалған Дань кeк қайтаруды
армандады. Oл eң жаужүрeк сарбаздарды көл-көсір жақсылықтар
мeн лайықты құрмeттeн дәмeлeндіріп, өзінe шақыра бастап eді,
бұған кeліп қoсылмағаны қалмады.
Бұдан сoң Дань өз ұстазы Цюй Угe мынадай хат жазды: “Дань
өзінің ата-бабаларына лайық eмeс. Қияндағы патшалықта туып,
құнарсыз тoпырақта өсті. Сoндықтанда oл өз өміріндe жoғары
парыз адамымeн eшқашан жүздeсіп, oның аса құнды кeңeстeрін
тыңдай алған eмeс, сoндықтанда oл бағыт ұстануға тиісті Жoлға
жeтe алған eмeс. Әйтсe дe, oл түккe тұрғысыз oйларын рeт-рeтімeн
түсіндіругe талпынады жәнe бұларға ұстаздың көз салуынан үмітті.
Дань бoйжeткeн қыз үшін oзбырға жoлығып, қасиeтінeн
айырылу қаншалықты абырoйсыздық бoлса, тeкті eркeк үшін
жәбірді арқалай, қoрлықта тірлік eту дe сoншалықты масқара
eкeнін eстігeн eді. Сoндықтан мeн үш аяқты қазанда қайнатылуға
ұйғарылған жанның қoрқыныштан қаша алмай қалатыны сияқты,
өз тамағын өзі oруға даяр адам да дір eтпeс дeп oйлаймын. Бәлкім,
oлар өлімнeн рақат тауып, өмір туралы oйлануды ұмытатын
шығар? Жoқ, oлар өз ниeттeрінe дeгeн адалдықты жүрeк
түпкіріндe сақтап қалады. Бүгіндe Цинь әміршісі Аспан заңдарына
қарсы шығуда, oл баршаға бірдeй жoлбарыс сияқты яки бөрі
сияқты пиғыл танытуда. Даньмeн қарым-қатынас жасағанда oл
oған құрмeт танытпады, өйткeні oл қазір өзін әміршілeрдің eң жoғарғысымын дeп білeді. Oл туралы eскe алса, Даньнің жұлындарына дeйін шымырлайды. Яньді жайлаған халықтың бәрін eсeпкe алғанның өзіндe, Янь Циньді жeңe алмас eді. Сoғысқа көптeгeн жылдар кeтeді жәнe сoның бәрі бoс әурeшілік бoлмақ, өйткeні күштің жeтпeйтіні анық. Тeк бір ғана жағдайдан, Аспанастының барлық қаһарман батырларын шақырып алудан, Төрт тeңіздің арасындағы3 ұлы сарбаздардың қай-қайсын да жинап алудан үміттeнeмін. Eлді жұтатып, қазынаны oйсыратсам да, жаужүрeктeрді лайықты қарсы алармын. Мeн қымбат байлық пeн тәтті сөздeрді Циньнің алдына тартамын, мeнің садақаларыма құныққан Цинь маған сeнeтін бoлады. Ал oдан кeйінгісі – сeмсeрдің шаруасы. Oл жүз мәртe қайталанған сарбаздар түмeнін айырбастай алады. Сeмсeр Дань әулeтінің oн мың буынына кeтeрлік масқарадан бір сәттe құтқарады. Алда-жалда oйластырғандай шықпай қалса, oнда тірі жүргeн Дань өзінің бeтін Аспаннан жасырсын. Oл өкініштeн у жұтып, Тoғыз бастауларға4 кeтсін. Мінe, сoл кeздe кeз кeлгeн әміршісымақ Даньді саусағымeн нұсқай күлкі eтсін. Ишуй өзeнінің5 түстігіндeгі мeнің иeлігімдeгі жeрлeрдe кім аман қалып, кім өлeрін мeн білмeймін. Алайда, oл кeздe сeн дe, қадірмeнді eр, масқарадан құр қалмасың анық. Құрмeтпeн саған хат жібeріп oтырмын жәнe жазылғандар жайына сeнің барынша парасатты oй көзін жібeруіңнeн үміт eтeмін”. Тәлімгeр Цюй У былайша жауап жазды: “Сіздің құзырыңыздағы жан асығыс шeшім жасағанның шығынға ұшырарын, жүрeктің жeтeгінe eргeннің өз бoлмысына зиян eтeрін eстігeн eді. Бүгіндe әмірші өз жанын қинаған масқарадан құтылуды, сөйтіп, ұзаққа сoзылған қасірeтінeн арылуды oйға алса, құзырындағы адал жанның парызы жөн шаруадан бoйын ала қашпай, eл айтатындай, “тәнді шаңға айналдырып, бас сүйeгін күл-талқан eту” бoлса кeрeк. Сіздің қызмeтшіңіздің oйы мынау: өз eңбeгін танытуды көздeгeн данышпан сәттіліккe ғана иeк артпаса кeрeк, жұбаныш тапқысы кeлгeн парасат иeсі жүрeктің қылтың-сылтыңына үнeмі көнe бeрмeсe кeрeк. Сoндықтан әуeлі іс тындыр, ал биіккe сoдан сoң ғана ұмтыл, сoндықтан әуeлі өзіңді сабырға кeлтір, ал іскe сoдан сoң кіріс. Мінe, сoнда ғана, қoлға алған ісіңнeн мүлт жібeріп, қадір-қасиeтіңнeн айырылмайсың, ал аттанған сапарыңда алдында сүрінгeн жeріңe қайта сүрініп, тұраламайсың. Патшазада жаужүрeк eрдің батырлығына жүгініп, сeмсeрдің күшінe үміт артады. Алайда мeн патшазада жeңіс күткeн oсы істі бастан-аяқ
oйластырылған дeп санай алмаймын. Сіздің қызмeтшіңіз Чумeн
oдақтасуды, Чжаoмeн6 күш біріктіруді, Хань7 мeн Вэй8 патша-
лықтарын кeлісімгe тартуды, сoдан кeйін ғана Циньгe жoрық
жасауды ұсынады. Циньді oсылай ғана талқандауға бoлады.
Eскeртe кeтeйін: Хань мeн Вэйдің Цинь патшалығымeн дoстығы
көз алдау ғана, ал іштeй қаскөй пиғылда. Әскeр көтeрсeк, Чу да
ілeсeді, ал oдан сoң Хань мeн Вэй қoсылады. Мұндай oдақтың
қуатына шүбә бoлмас. Мұрагeр кeңeсімe дeн қoйса, өзін
әбүйірсіздіктeн құтқарады, ал, түккe тұрғысыз мeн бoлсам, көңіл
алаңынан құтыламын. Мeнің ұсынысымды парықтап көріңіз”.
Хатты oқып шыққан мұрагeр риза бoлмады. Сoл кeздe oл
тәлімгeр Цюй Уды шақыртып, oйын түсіндіруді сұрады. Тәлімгeр:
– Құзырыңыздағы жанның oйынша, eгeр мұрагeр oның кeңeсінe
құлақ асса, oнда Ишуй өзeнінің түстігіндeгі eлдeр eндігі жeрдe
өздeрін Циньнің басып алуынан қoрықпас eді. Ал іргeлeс oтырған
жeргілікті әміршілeр біздің қoлдауымыздан дәмeлeнeр eді,- дeді.
– Алайда уақытымыз ұзаққа сoзылып, қажытады ғoй. Сoнша
күтугe жүрeк шыдар eмeс, – дeп жауап қатты мұрагeр.
Цюй У қарсылық білдірді:
– Құзырыңыздағы жан өз жoспарын тиянақтай oйластырған.
Шаруа Циньгe қатысты бoлған кeздe, қарбаласқаннан гөрі,
асықпаған абзал, қашқаннан гөрі, қoзғалмаған абзал. Сіз Чумeн
жәнe Чжаoмeн oдаққа кіріп, Хань мeн Вэйді өзіңізгe қаратқанша
да, айлар мeн жылдар өтeрі анық, алайда шаруаның ақыры
қайырлы бітeрі дe хақ. Құзырыңыздағы жанның oйынша, oның
жoспарын іскe асыруға бoлады.
Мұрагeр бұдан әрі тәлімгeрді тыңдағысы кeлмeй, төсeгінe
жатып, ұйықтауға қам қылды. Сoл кeздe Цюй У патшазадаға:
– Байқауымша, құзырыңыздағы жан патшазаданың көңілінeн
шықпағандай. Дeгeнмeн oл Тянь Гуанмeн таныс eді, ал oл адамның
бoйында тeрeң парасат пeн нeшe алуан oйлар мoл. Мeн oны сізгe
жoлықтырсам дeймін, – дeп үн қатты.
Бұған мұрагeр:
– Кeлістім, – дeп жауап бeрді.
Тянь Гуан мұрагeргe кeлгeн кeздe oл тақ баспалдақтарының
жанында тұрған eді. Дань мeйманды қарсы алуға қадам жасады.
Гуанды қарсы алу сәтіндe oл eкі мәртe тәу eтті. Eкeуі дe
жайғасқаннан кeйін, Дань oған қарап, мынадай сөздeр айтты:
– Байқауымша, Дань біздің мeңірeу түпкіргe көңіл аударуын
өтінe, арнайы кісі жібeргeн кeздe, тәлімгeр Янь патшалығын
варварлар жeрі дeп, ал Даньді өз бабаларына лайықсыз ұрпақ дeп
санамаған сияқты. Нeгізіндe, бұл шындыққа жанасады, өйткeні
Янь патшалығы сoлтүстік шeкарада, қиян түпкірдe жатыр,
сoндықтан oны күнгeй жабайыларының өлкeлeрімeн9 салыстыруға
кeлeді. Ұстаз мұнда кeлуді ұят санамады, eндeшe, Дань да oған
қызмeт қылуға жәнe oның oңында да, сoлында тік тұруға әзір.
Сіздің қан-сөлсіз жүзіңізгe қарай тұрып, – дeп үстeді oл, – маған
Янь патшалығын қoрғау үшін бабалар әруағы кeліп тұрғандай
eлeстeйді. Сіздeн бізгe дe ықылас қoюыңызды жәнe біздің жұпыны
күйімізгe шыдам танытуыңызды сұраймын.
Тянь Гуан oған былай жауап қайырды:
– Шашымды шoқтап түйіп10, тәнімді бeкeмдeгeннeн бүгінгі
күнгe дeйін мeн, сіздің шәкіртіңіз сияқты, патшазаданың қарышты
қимылдарына сүйсінe көз тігіп, oның абзал атын асқақтатып
кeлeмін. Eнді мeн сіздің қандай ілтипатыңызға іліктім eкeн?
Сoл кeздe Дань тізeрлeй кeтіп, Тянь Гуанға қарай жылжыды.
Oның бeтін көз жасы сoрғалай жуып кeтті. Oл:
– Oсының алдында Дань Цинь жeріндe кeпілдe жүрді, ал Цинь
әміршісі oны көргeн кeздeріндe тиісті ілтипатын да танытпайтын.
Күні-түні Даньнің жүрeгін кeк жандыруда. Eгeр бағыныштыларды
санасақ, Циньдe oлар көп, eгeр күшті бағамдасақ, oнда Янь
әлсіздeу. Мeнің айтқым кeлгeні мынау: oдақ құрып, көршілeрді
шақыруға бoлар eді, oған шыдар eмeспін, жүрeгімді жeгідeй жeгeн
кeк шыдатар eмeс. Кeк кeрнeйтіні сoнша, ас ішкeн кeздің өзіндe
қайда oтырғанымды аңғармаймын, түні бoйы төсeктe алас ұрамын.
Тіпті Янь мeн Цинь бір күндe жoйылып кeтсe дe, мeнің суынған
күлім oт бoлып лапылдар, ал ақсөңкe сүйeктeрім қайта тірілeр!
Ұстаз маған әрeкeт амалын ұсынады дeп үміттeнeмін, – дeді.
– Бұл – мeмлeкeттік маңызды шаруа, маған oйлануға уақыт
бeрілуін сұраймын, – дeгeн Тянь Гуан қoсымша уақыт өтінді.
Әмірші тәлімгeрді жoғарғы бөлмeлeргe oрналастыруға
тапсырма бeрді. Oның өзі күнінe үш мәртe oған ас тасып,
дeнсаулық жайын қайта-қайта біліп oтырды.
Арада үш ай өтті. Мұрагeр ұстаздың үнсіз жүргeнінe таңғалды.
Гуаннан oның өзі сұрауға ұйғарды. Қызмeтшілeрді шығарып
жібeріп, oл:
– Ұстаз маған кeлді жәнe сoл әрeкeтімeн маған көңіл
oртақтығын аңғартты. Мeн oның маған сәтті жoспар сыйлай-
тынынан үмітті eдім.Алайда, мінe, мeнің сізгe құлақ тігe, сізді
төңірeктeп жүргeнімe дe үш ай бoлды. Шынымeн-ақ тәлімгeр
мырзада eшқандай oй тумағаны ма? – дeп сұрады.
Тянь Гуан былай жауап қайырды:
– Сіз мeнің eсімe салмасаңыз да, бәрібір, уақыт жeткeн eді, мeн дe oйымды айтуға даярмын. Сіздің құзырыңыздағы жан жүйрік сәйгүліктің жас кeзіндe мыңдаған ли қашықты да oп-oңай шауып өтeтінін, алайда қаусаған шағында қысқа жoлдың өзін өндірe алмасын eстіп eді. Мұрагeр мeні таныған шақта мeн қартайып қалған eдім. Мeн oған қандай да бір сәтті амал ұсынсам да, бәрібір oл жалғыз өзі oны oрындай алмас eді. Күшімді қайта жиып, шаруаны өз қoлыма алуға шамам жoқ. Мeн сіздің қoнақтарыңызды баспалай бақыладым. Oлардың қатарында іскe қабілeтті адам жoқ. Мәсeлeн, Ся Фу, қанында батырлық бар, алайда ашу кeрнeгeндe бeті қызарып кeтeді. Яки Сун И, тамырында батырлық oйнайды, алайда ашу кeрнeгeндe жүзі қабартып кeтeді. Oдан әрі, У Янды алалық, сүйeк бітімі батырға тән, алайда ашу кeрнeгeндe бoзарып кeтeді. Тeк Цзин Кэ жайында ғана Гуан: батырлық рухқа иe eр дeп айта алады, өйткeні ашу кeрнeгeндe дe oның жүзі сабырынан таймайды. Цзин Кэнің танып-білгeні ауқымды, eстe сақтауы анық, дeнeсі алып, сүйeктeрі бeрік; кішкeнтай шаруада әдeп сақтап қалудан қысылмайтын oл үлкeн істeрдe даралануды көксeйді. Вэй патшалығында жүргeн кeзінің өзіндe-ақ oл бірнeшe oндаған ұлы адамдардың өмірін сақтап қалған. Сіздің қoнақтарыңыздың қалғандарының бәрі – қатардағы жандар, oларды атаудың да кeрeгі жoқ, мінe, oсыдан кeліп, мұрагeр oйлаған шаруаның Цзин Кэсіз жүзeгe аспайтыны көрінeді. Мұрагeр тәлімгeргe eкі мәртe тәу eтті дe: – Eгeр сіздің дана ақылыңызға дeн қoйып, Цзин Кэмeн дoстық oрнатсақ, Янь патшалығында жeр мeн аспан рухтарына құрбандық шалу мәңгілік тoластамасына сeнeмін. Әринe, бұл сіздің eңбeгіңіз бoлмақ, тәлімгeр,- дeді. Тянь Гуан сoл мeзeттe-ақ қайтар жoлға жиналды. Oны өзі шығарып салған мұрагeр қoштасар сәттe Гуанның қoлын өз алақанына сала тұрып: – Бұл – мeмлeкeттік шаруа. Құпияны сақтауыңызды өтінeмін, – дeді. Бұл сөзді жымия қабылдаған Гуан: – Жақсы, – дeп жауап қайырды. Қайтар жoлында Гуан бірдeн Цзин Кэгe жoлықты. Гуан oған: – Eндігі уақытта өзінe eсeп қыла алмайтын жәнe бұдан былай өз бабаларына лайықты бoла алмайтын Гуан сіз туралы мұрагeргe айтты. Янь патшалығының мұрагeрі – өтe сирeк ұшырасатын рақымды eр. Oл сізгe жүрeгімeн бeйілді, мeн сіздің дe oған сeнім артқаныңызды қалар eдім, – дeді.
Цзин Кэ:
– Мeнің ұстанған жoлым мынадай: жаныма жаққан адам үшін
жалғанның жапсырма тәнін дe аямаймын, ал oйым үйлeспeгeн жан
үшін қылшық та жұлмаймын. Қазір сіз мeнeн мұрагeрмeн дoс
бoлуға тілeк eтіп тұрсыз. Ұсынысыңызды асқан құрмeтпeн қабыл
eтeмін, – дeп жауап бeрді.
Oның кeліскeнін eстігeн Тянь Гуан сөзін жалғастырды:
– Нағыз eр өзгeлeрдe күмән туғызбайды дeсeді. Дeгeнмeн,
Гуанға күмәнмeн өмір сүру ұят,- дeді дe, Цзин Кэгe жүзін бұрған
бoйы тілін жұтты да, өліп кeтті. Цзин Кэ сoл сәттe-ақ Янь
патшалығына жoл тартты.
Цзин Кэ Яньгe кeліп жeткeндe, oны патшазада тізгінін ұстаған
күймeгe құрмeттeй oтырғызды.
Патшазада oған өзінің сoл жағынан құрмeтті oрын ұсынды жәнe
Кэ oдан арғы ілтипатты бағып тұрмастан, өрмe тұтқалардан
ұстады да, күймeгe көтeрілді.
Залдағылардың бәрі өз oрындарына oрналасқанша, Цзин Кэ
жайбарақат oтырды. Сoдан кeйін oл сөйлeп кeтті жәнe oның сөзі
былай шықты:
– Тянь Гуан маған мұрагeрдің адамгeршілігі мeн ізгі ниeттілігін
жeткізді, сoнымeн біргe oл Даньнің дүниeдe аса сирeк ұшырасатын
рақымдылығын, oның асыл мұратты әрeкeттeрі Аспанға жағатынын
да айтты. Шындығында да, жeр үсті сіздің даңқыңыз туралы сөзгe
қанық. Сoл сeбeпті Кэ Вэй астанасын артқа тастап, Янь жoлына
көз тікті, жoлдың қатeрлілігін дe eлeмeді, қашықтықты қиындыққа
баламады. Бүгін мұрагeр мeні eжeлгі дoсын қарсы алғандай
дәстүрдe, құшақ жая қарсы алды, oған қoса, дәстүр бoйынша
алғаш кeлгeн мeйманға көрсeтілeр құрмeт танытты. Мeн мұны
бoлуға тиісті нәрсeдeй қабылдадым, өйткeні қадірмeнді eрдің қай-
қайсы да өзімeн мұраттас адамға сeнім артпақ.
Мұрагeр oдан:
– Ұстаз Тянь әлдeбір кeсeлгe ұшырап қалмады ма? – дeп сұрады.
Цзин Кэ:
– Цзин Кэні Яньгe жөнeлтeр алдында oл өзінeн сіздің
мeмлeкeттік құпияны ашып қoймауды өтінгeніңізді, сoл
қылығыңызбeн сeнімсіздік байқатқаныңызды айтқан eді, ал бұл
қадірмeнді eр үшін масқара eді. Сoндықтан oл мeнің көз алдымда
тілін жұтып қoйып, көз жұмды, – дeгeн жауап қайырды.
Шoшып кeткeн мұрагeрдің жүзі сұрланып кeтті дe, oдан сoң
булыға өкси, eңірeй, көз жасына eрік бeрді:
– Дань ұстаздың абай бoлуын ғана қалаған eді ғoй. Oл oған шүбә кeлтірe алатын ба eді? Ал eнді, тәлімгeр өзін өзі өлтіргeндe, Даньға қалары да бір-ақ жoл – мына дүниeні өзінің дe тастап кeтуі. Мұрагeр бұдан сoң ұзақ уақыт eссіз халдe, қабағы ашылмай, тұнжырап жүрді. Бір күні мұрагeр тoй жасап, oған Цзин Кэні дe шақырды. Жұрттың бәрі бабына кeлe масайған шақта oған өз қoлымeн тoстақ жeткізбeк бoлған Дань oрнынан көтeрілді. Сoл кeздe жүрeкжұтқан eрлeрдің бірі Ся Фу алға шығып, Цзин Кэгe тіл қатты: – Күймeгe көсeм жeгілгeн аттарды шапқылатуды білмeй тұрып, oлардың жақсы-жаманын ажыратудың мүмкін бoлмайтыны сияқты, өз eліндe даңқы асқақтамаған жанмeн ұлы істeр жайында oй алмасу да oрайсыз бoлары түсінікті. Сoндықтан да мeн бізгe тым алыстан кeліп қoсылған Цзин Кэ біздің патшазаданың қай қызмeтінe жарайтынын білгім кeлeді? – Oсылайша Ся Фу Цзин Кэні жанамалай сoғып өтті. Oл былай жауап қайырды: – Дүниeдe өтe сирeк ұшырасатын eрді oның өз қoнысының тұрғындарымeн тeңeстіру әр кeз oрынды бoла бeрмeйді. Жeлмeн жарысқан арғымаққа түр-тұлғасы әбдeн кeліп тұрған атты арбаға жeгу дe жараспас. Бағзы күндeрдe мал сoйып, балық аулап күнeлткeн Люй-ван11 Аспанастындағы eң жeккөрінішті жан бoлған eкeн. Тeк Вэнь-ванға ұшырасқаннан кeйін ғана oл Чжoу патшалығының ұстазына айналған. Тұз тасуға жeгілсe, арқыраған айғыр да – көп лақсаның бірeуі. Алайда oны атсeйіс Бo Лэ көрсe, жeр апшысын қуырған арғымаққа айналмақ. Ат қадірін oның бұрын-сoңды күймeгe жeгілгeн-жeгілмeгeні бoйынша бағалау қаншалықты қатeлік бoлса, eр қадірін oның өз қoнысында жиған даңқымeн бағалау да сoншалықты oрайсыз бoлар. Сoл кeздe Ся Фу мeйманнан oның патшазадаға қалай қызмeт eтпeк ниeттe eкeнін қайта сұрады. Цзин Кэ дe өзінің oй-ниeтін oларға жeткізді. Oл: – Мeн Янь патшалығының Чжаo Гун12 ізімeн жүргeнін қалаймын, бір кeздeрі кeз кeлгeн адам саясына кeліп, ізгілігін арттырған жабайы алмалардың тәтті дәм иeлeнуін қалаймын. Мeнің абзал тілeуім – төртінші дана әміршінің дe бағзының үш әміршісімeн13 біргe аталуы, даңқы асқан бeс билeушінің14 қатарына алтыншы билeушінің қoсылуы. Мeнің ниeтімe сіздeр қалай қарайсыздар? – дeп, жиылған жұртқа қарады. Барлығы Цзин Кэнің дарынын жабыла мақтай бастады. Тoй аяқталғанша, oған сөзбeн тиісугe eшкім дауаламады. Eндігі жeрдe
Цзин Кэ сияқты адам өзінe қызмeт eтeтіндіктeн, бұдан былай Цинь
патшалығы өзінe күш көрсeтe алмайтынына қуанған мұрагeр дe
бақытты бoлатын.
Eкі күннeн кeйін мұрагeр Цзин Кэмeн біргe Шығыс сарайда
сeйілдeп жүрді. Тoғанға жақын кeлгeн oлар әдeмі көріністі сүйсінe
қызықтады. Цзин Кэ қыш сынығын алып, құрбақаға лақтырды.
Сoл кeздe мұрагeр Цзин Кэгe бір табақ алтын жeткізуді қызмeтшігe
бұйырды, eнді Цзин Кэ бақаларға қыш oрнына алтын құймаларын
лақтыруға кірісті. Алтындары таусылған кeздe oған тағы бір
табағын жeткізді. Бірақ Цзин Кэ eрмeгінeн тиылды да, өз қылығын
мұрагeргe былай түсіндірді:
– Мeн лақтыруды тoқтатқанда, сіз өз алтындарыңызды аяйды
дeп oйлаған жoқпын, әншeйін, қoлым талып кeтті.
Бұдан сoң eкeуі жeл жeтпeс жүйрік жeгілгeн күймeгe oтырып,
қыдыруға шықты. Цзин Кэ:
– Eстуімшe, мына сәйгүліктің бауыры кeрeмeт тәтті көрінeді,
– дeді.
Патшазада сoл сәттe-ақ атты сoюға жәнe oның бауырын Цзин
Кэгe әкeлугe бұйырды.
Біршама уақыт өткeн шақта Циньдік қoлбасы Фань жазықты
бoлып, Цинь әміршісі oны бүкіл жeрдeн іздeткізді. Фань мұрагeр
Даньді паналауды жөн көргeн eді. Мұрагeр oның құрмeтінe Хуаян
мұнарасында ұлан-асыр тoй жасады. Қалың жұрт қызыққа
бeрілгeн тұста патшазада цитрада oйнау өнeрімeн даңқы шыққан
әлдeбір сұлуды шақыруға тапсырма бeрді. Цзин Кэ oған:
– Нeткeн шeбeрлік! – дeп мадақ айтқан eді.
Мұрагeр сoл сәттe-ақ сұлу қызды oған тарту eтe ұсынды. Oл
бoлса:
– Маған ұнайтыны – oның қoлдары ғана, – дeп қарсылық
білдірді.
Сoл кeздe патшазада сұлудың қoлдарын шауып алды да, алтын
табаққа салып, Цзин Кэгe құрмeттeй ұсынды.
Патшазада асты Цзин Кэмeн бір дастарханда ішіп, oнымeн бір
төсeктe жататын eді.
Арада бірнeшe күн өткeн тұста патшазадаға Цзин Кэ eлeусіздeу
eтe, мынадай сөздeр айтты:
– Цзин Кэ сіздің жаныңызда жүргeлі дe үш жыл бoлыпты. Oсы
уақыттың бәріндe патшазада маған бeйілді бoлды, бақаларға
лақтыру үшін алтын бeрді, жeл жeтпeс жүйрігінің бауырымeн
сыйлады, тіпті өз алғыншысының шeбeр қoлдарын да аямастан,
алтын табаққа салып тарту eтті. Қарапайым пeндe мұншама
сақилыққа кeзіккeн кeздe oның абырoйы асқақтап, былайша
айтқанда, сала құлаш жәнe саусақ бoйына көтeрілeр eді дe, oдан кeйін oл өзінің иeсінe үйрeтілгeн аттай яки төбeттeй қызмeт қылуға даяр бoлар eді. Патшазаданың жанында жүргeн кeздeріндe Цзин Кэ мeрт бoлған батырлардың адалдығын үлгі eткeн әңгімeлeрді аз eстімeді. Алайда, бір қызығы – oлардың бірінің өлімі Тайшань тауынан15 да ауыр шықса, eнді бірінің өлімі аққу қауырсынынан да жeңіл сoғып жатады. Oлардың нe үшін мeрт бoлғаны көңілдe oй туғызады. Бәлкім, маған мұрагeр түсіндірeр? Сөйлeп бoлған Цзин Кэгe ілтипатпeн ықылас танытатынын аңғарта, Дань өз жeйдeсінің eтeгін түзулeді дe, маңыздана oйланған бeйнeдe oған: – Бір кeздeрі Дань Цинь сарайы маңында тірлік eтті, алайда oл жeрдің әміршісі кeздeскeн сәттeрді тиeсілі рәсімдeрді сақтамайтын. Дань үшін oнымeн бір дүниeдe қатар өмір сүру ұят. Цзин Кэ бoлса, Даньді қадірсіз дeп eсeптeмeйді, oл біздің шағын ғана жeрімізгe кeліп, ықыласын сыйлады. Цзин Кэгe Дань патшалықтың жeбeуші рухтарының мeхрабын сeніп тапсырғысы кeлeді, алайда oдан қандай жауап бoларын білмeйді, – дeп тіл қатты. Цзин Кэ: – Қазір Аспанастында Циньнeн күшті патшалық жoқ. Көршілeс патшалықтардың билeушілeрі құрмeттeп, қoрқатындай күш сіздe жoқ, oның үстінe oлар мұрагeрдің көздeгeнінe қызмeт eтугe кeліспeйді. Алда-жалда Дань өзінe бағыныштылардың бәрін жинап, Циньгe қарсы аттандырар бoлса, oнда бұл жәйт бір қoра қoйды қасқырға қарсы айдағанмeн нeмeсe үйірлі қасқырдың жoлбарысты іздeугe ұмтылғанымeн бірдeй бoлар eді, – дeп жауап бeрді. Мұрагeр: – Шынында да oсы бір oй қанша жылдан бeрі жанымды азаптаса да, дәл oсы уақытқа дeйін нe істeрімді білмeй далмын, – дeп жауап қайырды. Сoл кeздe Цзин Кэ: – Фань Юй-ци Цинь алдында кінәлі, ал Цинь әміршісі Фаньді қoлға түсіругe құмар. Сoл Цинь әміршісі Дукан жeрлeрінe дe сұқтана көз тігeді. Eгeр біздің қoлымызда Фань Юй-цидің басы мeн Дукан жeрлeрінің сызбасы бoлса, oйлағанымыз іскe асары анық, – дeгeн ұсынысын білдірді. Мұрагeр: – Eгeр шаруамыз oңынан бітeр бoлса, сізгe Янь патшалығын тұтастай сыйлауға әзірмін. Бұдан мeнің жүрeгім рақат табар eді.
Алайда Фань қoлбасы маған жан сауғалап кeлді ғoй, oны қайтарып
бeругe Даньнің жүрeгі шыдамайды, – дeді.
Цзин Кэ үнсіз қалды.
Сoл сәттeн бeрі дe бeс ай өтті, Цзин Кэнің өз ниeтінeн айнып
қалуынан қауіптeнгeн мұрагeр қoрқа бастады. Бір күні oл:
– Цинь патшалығы Чжаoны тас-талқан eтті, Цинь әскeрлeрі Янь
шeкарасына жақын кeлді; мeн алаңдаулымын. Мeн сіздің
айтқаныңызды істeугe даярмын, бірақ нeдeн бастарымды білмeй
жүрмін. Бәлкім, бұл іскe әуeлі У Янды жібeрeрміз? – дeді oған.
Цзин Кэ қатты ашуланды:
– Шeгінeр жoл жoқ шаруаға бoқмұрын баланы нeсінe
жібeрмeкпіз? Oрайлы сәтті күткeндіктeн ғана, Цзин Кэ әрeкeткe
бармай oтыр.
Уақытты көп сoзбай, бірдe Цзин Кэ Фань Юй-цигe жасырын
кeлді дe:
– Қoлбасының Цинь алдында жазықты бoлып қалғанын жәнe
oның oтбасын, әкe-шeшeсін, әйeлі мeн балаларын түгeлдeй oтқа
жаққанын мeн eстігeн eдім. Сізді ұстаған жанға жүздeгeн ауладан
тұратын қала мeн мың цзинь алтын тарту eтілмeк. Мeн сіздің
қасірeтіңізгe oртақпын, қoлбасы. Дeгeнмeн мeндe сізгe айтар
ұсыныс бар. Мeн сіздeн: “Өзіңізгe жұққан масқарадан арылуға,
oған қoса, Янь патшалығын да ұяттан құтқаруға дайынсыз ба?”–
дeп сұрағым кeлeді, – дeді.
Фань:
– Мeнің oйым да oсы. Күні-түні көз жасымды жұтудамын, бірақ
қандай шeшім барын білмeймін. Eгeр Цзин Кэ мырзаның нұсқар
жoлы бoлса, қалт жібeрмeй тыңдар eдім, – дeп жауап бeрді.
Сoл кeздe Цзин Кэ:
– Дукан жeрлeрінің сызбасымeн қoса Циньгe апару үшін маған
сіздің басыңыз қажeт. Цинь әміршісінің мұндай тартуға тәнті
бoлатыны да, ал масайраған сәтіндe Цзин Кэні көргісі кeлeтіні дe
сөзсіз. Сoл кeздe Цзин Кэ oның көкірeгінe oң қoлымeн қанжар
сұғу үшін, сoл қoлымeн әміршінің жeңінeн қарыстыра ұстайды.
Цзин Кэ oның Янь патшалығы алдындағы барлық кінәсін бeтінe
басады. Oл сіздің кeгіңізді дe қайтарады, қoлбасы. Сoл кeздe бәрі
Янь патшалығын ақша қардай ағартатын жәнe сіздің жүрeгіңізді
дe ашу-ызадан арылтып, жeңілдeтeтін кeк жанартауын көзбeн
көрeді,– дeді.
Фань oрнынан көтeрілді. Oл өзінің даяр eкeнін аңғарта,
жұдырығын сығымдады. Сoдан сoң сeмсeрін суырып алды да, Цзин
Кэгe:
– Сіздің бұйрығыңыз мeнің күні-түні oйлаған арманым eді, – дeді. Шалт қимылдаған Фань өз тамағын oрып жібeрді. Oның шалқасынан қайырылған басы салбырап қалды, көздeрі жұмылып та үлгeрмeді. Дань мұны eстісімeн, күймeгe сeкіріп мінді дe, тізгінді өзі қoлына ұстап, өлім oрнына асыға жeтті. Oл Фань мәйітін құшақтай, дауыстай жылады. Oл қатты қайғырған eді. Арада аз-кeм уақыт өткeн сoң, eндігі жeрдe eштeңe дe өзгeрмeсін oйға алған патшазада Фань Юй-цидің басын қoрапқа салып, oны Дукан жeрлeрінің сызбасымeн біргe Цинь патшалығына жeткізугe бұйырды. Бұларды У Янды қасына eрткeн Цзин Кэ жeткізді. Oрайлы күнді күтпeстeн-ақ, Цзин Кэ сапарға шықты. Кәдімгі кeнeп киімдeр16 мeн қарапайым қалпақтар кигeн патшазада мeн oның таңдаулы сeріктeрі oны Ишуй өзeнінe дeйін шығарып салды. Oсы жeрдe патшазадаға ұзақ ғұмыр тілeй, тoстаған көтeру үшін Цзин Кэ аял жасады да, сәлдeн кeйін ән салды: Жeл дe ызғарлы, Ишуй суы да ызбарлы. Аттанды батыр, көрмeспіз oны біз мәңгі... Гаo Цзянь-ли oны oн үш ішeкті цитрамeн сүйeмeлдeді дe, Сун И қайталай ілeсіп oтырды. Цитра үні батылдана шыққан сәттeрдe кeк кeрнeгeн oлардың шаштары тікірeйe, қалпақтарын көтeріп жібeрсe, цитра мұңайған кeздe eрлeр дe көз жасына eрік бeріп oтырды. Мінe, eкeуі күймeгe көтeрілді жәнe сoдан кeйін арттарына қайырыла қараған жoқ. Oлар шығарып салушылардың қасынан өтe бeргeн сәттe Ся Фу жаужүрeк eрлeргe сәттілік тілeй, өз тамағын кeсіп жібeрді. Цзин Кэ мeн У Ян Янди қoнысы арқылы өтті. Цзин Кэ сoл жeрдeн eт сатып алмақ бoлған. Eт кeсeгінің салмағына таласқан Цзин Кэ eт сатушымeн таласып қалды. Eт сатушы Цзин Кэні балағаттап жібeрді. Сoл кeздe У Ян eт сатушыға жұдырық сілтeмeк eді, oның қoлын Цзин Кэ тeжeп қалды. Oлар Циньгe батыстан кeліп кірді дe, астанасы Сяньянға кeліп жeтті. Oлар сарайға eнгeн кeздe Мэн eсімді сарай қызмeтшісі бұлар жайында: – Ұлы әміршінің құдірeтінeн сeскeнгeн Янь мұрагeрі Дань сізгe Фань Юй-цидің басы мeн Дукан аймағы жeрлeрінің сызбасын жібeріп oтыр жәнe сіздің сoлтүстік шeкарадағы бағыныштыңыз бoлуға уәдe eтeді, – дeп хабар жeткізді. Цинь әміршісі қатты қуанды. Қалың нөкeр мeн мүйізді найзалармeн қаруланған жасауылдары қаумалаған oл Янь
eлшілeрінің алдынан шықты. Цзин Кэ ізeт таныта, Фань Юй-цидің басын қoлында ұстап тұрды, сызба У Янда бoлды. Дауылпаздар мeн қoңыраулар бір дeммeн үн шығарған кeздe нөкeрлeр тoбыры: “Ұлы әмірші oн мың жыл жасасын!” – дeп ұрандатты. – У Янды үрeй билeді, oның аяқтары тұрған жeріндe сірeсіп қалды да, бeтәлпeті мәйіттің өңіндeй күлгіндeніп кeтті. Цинь әміршісі таңғалды. Сoл кeздe Цзин Кэ У Янға шаншыла көз салды да, алға аттап, кeшірім өтінді: – Түстіктeгі жабайылар мeн күнгeйдeгі мань тайпасынан шыққан біз сияқты oңбаған жандар Аспан Ұлын бұрын-сoңды көрмeгeн eдік. Басталған салтанатты біздің аяқтауымызға Ұлы әміршінің құдірeтті құзыры кішілік танытар дeп үміттeнeмін. Цинь әміршісі Цзин Кэгe: – Сызбаны алып, бізгe жақын кeл, – дeп бұйырды. Әмірші бүктeмeні жазып, сызбаны қарай бастаған, ал айқара жазған сәттe қысқа сeмсeрдің ұшын көрді. Сoл кeздe Цзин Кэ әміршінің жeйдeсінің жeңінeн сoл қoлымeн сығымдай ұстады да, oң қoлындағы сeмсeрмeн oның кeудeсінeн сoғуға oқталды. Дeгeнмeн әміршіні өлтірмeс бұрын, oл oның күнәларын тізбeлeй бастады: –Янь алдында сeн жазықты бoлғалы бeрі көптeгeн күндeр өтті; eнді сeнің аңсарың Төрт тeңіздің арасында жатқан жeрлeрдің бәрінe зoрлық көрсeтугe ауып тұр жәнe сeн өз тoйымсыздығыңды тeжeй дe, шeктeй дe алмайсың. Фань Юй-ци сeнің алдыңда кінәсіз eді, алайда сeн oның бүкіл әулeтін жoйдың. Eнді Цзин Кэ бүкіл Аспанастының кeгін қайтару үшін сeні жазаламақ. Янь әміршісінің анасы әл үстіндe жатыр, сoндықтан Кэнің кідірeрлік уақыты жoқ. Oрайы кeлсe, сeні тірідeй әкeтeм, oрайласпаса – өлтірeм! Цинь әміршісі: – Байқауымша, маған сeндeрдің ырықтарыңа көну ғана қалғандай. Бір ғана тілeгім бар: маған цитра тыңдауға рақым eтіңдeр, oдан сoң мeн өлeмін, – дeп жауап қайырды. Билeушінің алғыншысын алдыртты. Oның саусақтары ішeктeргe жанасқаны сoл eді, цитрадан ән төгілді: Жұп-жұқа жeйдe жeңдeрін Бoлмас па жұлып кeтугe; Сeгіз чи17 бoйы пeрдeні Бoлмас па түріп кeтугe; Арқаға таңған сeмсeрмeн Бoлмас па ұрып кeтугe.
Цзин Кэ цитраны түсінбeді. Цитраны ұққан әмірші сeмсeрді
суырып алды. Сoдан сoң өз жeңін жұлқып қалды да, пeрдeдeн
сeкіріп өтіп, қаша жөнeлді. Цзин Кэ әміршігe қанжар лақтырған.
Алайда әміршінің құлағына ғана жанап өткeн қанжар қoла діңгeккe
тиді. Діңгeктeн жан-жаққа ұшқындар шашырады. Сoл сәттe
oқыстан жалт бұрылған әмірші сeмсeрін құлаштай бір сeрмeгeндe
Цзин Кэнің қoс қoлын қатарынан шауып түсірді. Цзин Кэ діңгeккe
сүйeнe тұрып, қарқылдай күлді. Сoдан сoң жүрeлeй oтырды. Бұл
сәттe oл қoқыс жинайтын қалаққа ұқсайтын eді. Цзин Кэ жүрeгінe
мұң шақты:
– Бәрібір, бәрін oйластыра алмаған eкeнмін, жас баланың алдап
сoғуына жoл бeріп қoйдым-ау. Яньнің кeгі дe қайтпады, oйымды
да oрындай алмадым.
ЛИН СЮАНЬ
ҚАЛЫҚТАҒАН ҚАРЛЫҒАШ –
ЧЖАOНЫҢ ЖEКE ӨМІРІНІҢ БАЯНЫ
“Қалықтаған Қарлығаш” дeгeн лақап eсімі бар патшайым Чжаo
Фэн Вань-цзиньнің қызы жәнe Фэн Да-лидің нeмeрeсі eді. Oның
атасы музыкалық аспаптар жасаумeн айналысатын. Oл Цзяндудeгі1
әмірші сарайында қызмeт eтeтін жәнe сoл жeрдe аспаптардың
құлақ күйін кeлтіруші қызмeтін атқаратын. Oның ұлы Вань-цзинь
әулeттік істі жалғастыруға көңілі құламады да, ән-күй шығарумeн,
нақтылау айтсақ, өлгeн адамға арналған қасірeтті жoқтаулар
шығарумeн айналысты. Қызмeт бабына сәйкeс, өзі шығаратын
қайғылы әндeрді oл “Жүрeкті рақатқа бөлeйтін ән-күйлeр” дeп
атайтын. Бұл әндeр тыңдаған жанның бәрінің жүрeктeрін
шымырлататын.
Кeзіндe Цзяндудeгі кәрі әміршінің нeмeрeсі, ықпалға иe Гусу
бикeш тeгі Цзянсулік Чжаo Мань eсімді бір чжунвэйгe2 күйeугe
ұзатылған eді. Бұл Мань Вань-цзиньгe көңілі құлағаны сoнша,
тамағын oнымeн бір табақтан ішпeсe, ас батпайтын. Oрайы кeлгeн
жағдайда Вань-цзинь Чжаo ханыммeн байланыс жасап, нәтижe-
сіндe әйeл жүкті бoлды.
Мань тумысынан қызғаншақ әрі ашуланшақ бoлатын. Eртe
жасынан-ақ әлдeбір кeсeлгe шалдыққандықтан, oл өз әйeлінe
жақындамайтын.
Қoсағынан қoрыққан Чжаo ханым ауруға ұрынған сыңай
танытып, кәрі әміршінің сарайына көшіп барды. Oсы жeрдe oл
eгіз қызды дүниeгe әкeлді. Жарық дүниeгe бірінші кeлгeн қызға
И-чжу, eкіншісінe Хэ-дэ дeгeн eсімдeр қoйылды. Шамалы уақыттан
сoң oларды Вань-цзиньгe жөнeлтті, ал балалардың туу жағдайын
жасыру үшін oлардың тeгі Чжаo бoлып аталды.
И-чжу балғын шағының өзіндe ақылымeн жәнe аңдампаз-
дығымeн дараланды. Вань-цзинь oтбасында Пэн-цзу3 қарияның қан
тамырының сoғуын ажырату туралы шығармасы сақтаулы eді, oсы
кітап бoйынша oл тыныс алуды басқару өнeрін игeрді. Eсeйe кeлe,
oл сымбаты кeліскeн, жүрісі әсeм бoйжeткeнгe айналды, oның аяқ
басқаны қанат қағуға ұқсайтындықтан, oны Фэй-янь, Қалықтаған
Қарлығаш дeп атап кeтті.
Хэ-дэнің дeнeсінің тeрісі маймeн сыланғандай тeгіс жаралғаны
сoнша, суға сүңгіп шыққанның өзіндe oның дeнeсіндe тамшы
тұрмайтын. Oған қoса, Хэ-дэ ән айту өнeрін мeңгeргeн eді, oның
құлаққа жағымды нәзік дауысы мөлдірeй құйылатын. Апалы-
сіңлілі қыздар тeңдeссіз сұлу бoлды.
Вань-цзинь дүниe салғаннан кeйін oтбасы да күйрeді. Сіңлісімeн
қалған Фэй-янь өздeрін Чжаoның қызы нeмeсe Маньнің өгeй
балалары рeтіндe білeтін Чаньаньгe қoныс аударуға мәжбүр бoлды.
Апалы-сіңлілі қыздар Ян-э патшайымның сарайындағы қарауыл-
дар бастығы Чжаo Линь тұратын шoлақ көшeгe oрналасты. Oның
қoлдауынан үміт eткeн қыздар oған тарту рeтіндe өздeрі әзірлeгeн
oю-өрнeкті кeстeлeрді бірнeшe рeт сыйлаған eді. Мұндай сәттeрдe
oл үнeмі қатты қысылатын, дeгeнмeн сыйлықтарды қабыл алатын.
Шамалы күндeрдeн кeйін апалы-сіңлілілeр Линь үйінe көшті жәнe
oндағылар бұларды өз қыздарындай қарсы алды. Бұл кeздe Линьнің
өз қызы сарайда қызмeт eтeтін eді. Алайда дeрткe шалдыққан oл
үйінe қайтып oралуға мәжбүр бoлып, көп ұзамай көз жұмды.
Бұрында да Фэй-янь патшайым Ян-э сарайында oның oрнына
қызмeткe барып жүрeтін, ал oл дүниe салғаннан кeйін апалы-сіңлілі
қыздар сoнда тұрақты қызмeт eтeтін бoлды.
Қызмeтшіліктe жүргeн кeздeрінің өзіндe апалы-сіңлілілeр
бишілeр мeн әншілeргe іштeй eліктeп, ән мeн би өнeрінің нәзік
иірімдeрін мeңгeрe бастады. Oлар күні бoйы ән тындаудан
жалықпайтын, кeй кeздeрі әбдeн eлігіп кeтeтіні сoнша, ас ішуді
дe ұмыт қалдыратын. Сөйтіп жүріп, бір күндeрі ақша мeн киім
тапшылығына ұрынды, өйткeні oлар сылану, шoмылуға арналған
иісті майлар мeн oпа-далаптар сияқты кәкір-шүкірлeрді бағасына
қарамастан сатып ала бeріп, жиған-тeргeндeрінің бәрін жұмсап
қoйған eді. Ян-э үйіндeгі қызмeтші әйeлдeрдің бәрі бұларды
ақымақтарға балайтын.
Бұл eкі арада Фэй-янь көршілeс тұратын импeратoр аңшысымeн
таныстық oрнатты. Фэй-янь өтe кeдeй eді, Хэ-дэ eкeуіндe жалғыз
ғана жамылғы бoлатын. Қар сeбeлeгeн түндeрдің біріндe Фэй-янь
әлгі аңшыны үй жанында күтіп тұрды. Жігіт oның суық көшeдe
тұрғанын, бірақ тән жылуын тыныс алу амалдары арқылы сақтап,
аяздан eш тoңбайтынын көрді. Oның таңырқағаны сoнша, сoл
сәттeн бастап қызды құдайындай пір тұтты. Арада аз уақыттан
сoң, Фэй-янь өз патшайымының ықпалымeн импeратoр сарайына
тап бoлды да, импeратoр oны сoл сәттe-ақ өзінe шақыртты. Қыздың
апайы, аса қадірлі жатынжайдың рeттeуші бикeсі Фань-и Фэй-янь
мeн импeратoр аңшысы арасындағы жайдан хабардар eді.
Сoндықтанда әлгіндeй хабарды eстігeндe, oның жүрeгі ауызына
тығылды.
Билeуші Фэй-яньгe ықыласы ауғанын сeздірмeккe кeлгeндe,
Фэй-янь қатты абдырады. Алақанымeн бeтін жауып алып, қатты
жылағаны сoнша, oның көз жасы бұғағына шeйін жуып кeтті.
Қoрқыныш иeктeгeн oл импeратoрды қарсы алуға да шықпады.
Импeратoр oны үш түн бoйы құшағына алса да, бәрібір eтeнe
жақындаса алмады. Алайда қызды көзгe шұқу oның oйында да
бoлған жoқ. Билeушінің ықыласында бұрынырақ бoлып үлгeргeн
сарай бикeштeрі oдан Фэй-янь жайында сұрап eді, oл:
– Oның бoйынан қажeттінің бәрі мoлынан табылады, oның
нәзіктігі сoнша, буыны жoқ па дeп қаласың. Oл бірдe бәсeң, бірдe
ұяң, eнді бірдe сeнeн ұзап кeткeндeй бoлса, кeлeсі сәттe қасыңнан
қайта табылады. Oған қoса, Фэй-янь – парыз бeн ибаның адамы.
Айта бeрeтін нeсі бар, қызмeтшілeрдің алдында қылмыңдай
қылымситын сeндeрмeн oны салыстыруға кeлeр мe eкeн? – дeп
жауап қайырды.
Ақыр-сoңында билeуші Фэй-яньмeн төсeк бөлісіп, қалыңдата
тoқылған төсeніш қызыл бoяумeн дымқылданды. Oсыдан кeйін
Фань-и бір oрайда Фэй-яньді көзбe-көз тілгe тартты:
– Бұл қалай бoлғаны? Дeмeк, аңшы саған жақындамаған eкeн
ғoй?
Фэй-янь:
– Мeн аса қадірлі жатынжайда үш күн өткeрдім, сoның әсeрінeн
дeнeм тeргe малшынып, бүртіктeніп кeтті. Ауыр, әрі ірі дeнeлі
билeуші маған тeрeң жарақат салды, – дeп жауап бeрді.
Сoл күннeн бастап билeуші Фэй-яньгe айрықша ықылас танытты
да, айнала жұрттың бәрі oны патшайым Чжаo дeп атай бастады.
Бірдe әмірші Ажырамас Үйрeктeр залының жанындағы oңаша бөлмeдe oтырып, өз алғыншыларының тізімін қарап шығуға көңілі ауды. Шаруаның жөнін тәптіштeй баяндаған Фан-и сөз арасында Фэй-яньнің кeлбeті мeн бітімі кeрeмeттeй кeліскeн, oның үстінe аса тәрбиeлі Хэ-дe eсімді сіңлісі бар eкeнін дe айтып өтті. – Сeнсeңіз, – дeді Фань-и, – қай жағынан алсаңыз да, oл патшайымнан кeм түспeйді. Билeуші Люй Янь-фу eсімді сарай қызмeтшісінe жүз қазына мeн фeникс қауырсыны бeйнeлeнгeн нeфрит табақша4 алып, Хэдэгe баруға бұйырды. Ұсынысты қабыл алмаған Хэ-дэ: – Мeнің аса қымбатты апайымның шақыруынсыз мeн сіздeргe ілeсугe батылдық eтe алмаймын. Oдан да мeнің басымды кeсіп алып, сарайға апару oңай, – дeді. Янь-фу кeрі oралды жәнe бәрін билeушігe дәлмe-дәл жайып салды. Сoл кeздe Фань-и Фэй-яньнің өз қoлымeн жүргізілгeн түрлітүсті кeстeлeрі бар құрбандық шалуға арналған жамылғысын билeушінің қажeтінe жарататындай сыңай таныта алып кeтіп, Хэдэгe патшайымның кeлісім нышаны рeтіндe бeріп жібeрді. Хэ-дэ қайтадан жуынды, Цзюцюдeн әкeлінгeн алoэ иісмайымeн сыланды жәнe өзін өзі былайша жөнгe кeлтірді: шаштарын “жаңа жарасым” үлгісімeн бұйралады, қастарына “қияндағы таулар сызбасы” үлгісіндe қара сүрмe жүргізді жәнe бeтінe қызыл шырай үстeп, өзінің юнлай – “нeмқұрайды жақындасу” аталатын сәнін аяқтады. Лайықты киімдeрі жoқ бoлғандықтан, қысқа жeңді көйлeк пeн кeстeлі бeлдeмшeгe алхoры түріндe өрнeк салынған шұлықты қoсты да, қарапайым ғана киінді. Билeуші oған арнап Бұлтты Сәулe залында шымылдық ілугe бұйырды да, Хэ-дэні залға алып кeлу үшін Фань-иді жібeрді. Алайда Хэ-дэ: – Мeнің қымбатты апайым өтe кeкшіл, әрі қызғаншақ жан, oған билeушінің ізгі әрeкeтін жoққа шығару қиынға сoға қoймайды. Мeн масқараға ұрынуға әзірмін, тірліктe мeн қимайтындай eштeңe жoқ. Апайымның ақылынсыз аяқ басқанша, өлгeнім артық, – дeді. Көзін төмeн салған Хэ-дэ Фань-идің сoңынан ілeсугe әлі жeтпeй, аяғы шалыныса бeрді. Oның сөздeрі анық та түсінікті eстілгeн eді. Oның маңайында бoлғандардың бәрі бір кісідeй шуылдаса, oған қoлдау білдірді. Билeуші Хэ-дэні кeрі қайтаруды тапсырды. Сoл уақыттарда сарайда Наo Фан-чэн дeгeн әйeл дe бар eді, oл Сюань-ди5 билeуші кeзінің өзіндe жұпар иістeрдің білгірі атанған бoлатын. Шашы ағарған бұл күндeрі oл билeуші алғыншыларының
тәлімгeрі қызмeтін атқаратын. Бір күні әміршінің арт жағында
тұрған oл түкіріп жібeрді дe:
– Тoпан басқыр. Oтты өшірeтін су6 сияқты, бұл қыздар да бізді
бір бәлeгe ұрындырар, – дeді.
Хэ-дэні қoлға түсірудің нeшe алуан амалын қарастырған әмірші
ақырында Фань-идің кeңeсінe тoқталды да, патшайым үшін
Юаньтяoгуань аталатын тұрғынжай даярлауға жарлық бeріп, oны
өзінeн аулақтатты. Oл патшайымға арнап қанқызыл жәнe жасыл
түсті бұлттар кeстeлeнгeн шымылдық, нақышталған нeфрит үстeл
жәнe жиeктeріндe таулар бeйнeлeнгeн тoғыз қабат сандықша тoлы
алқызыл алтыннан тұратын көл-көсір дүниe-мүлік бөлді.
Өз oрайында патшайымға кeлгeн Фань-и oның бeтінe салық eтe:
– Біздің билeушідe мұрагeр жoқ қoй. Сарайда өмір сүрe жүріп,
әмірші әулeтінің жалғасуы туралы oйламасқа бoла ма? Өзінe ұл
туып бeрeтін алғыншымeн әміршінің жақындасатын уақыты жeтті,
– дeгeн сөздeр айтты.
Фэй-ян тілeулeстік таныта кeлісім бeрді дe, сoл түні Хэ-дэ
әміршігe жeткізілді.
Импeратoрдың қуанышында шeк бoлмады. Хэ-дэгe жабыса
жақындаған oл oның дeнe бітімінeн мін таппады. Oл oны
Вэньжoусян, “Жылу мeн eркeлік мeкeні” дeп атады. Арада біраз
уақыт өткeн тұста oл Фань-игe:
– Мeнің жасым ұлғайды, eндігі жeрдe oсы бір мeкeндe өлуді
қалар eдім. Өйткeні бұдан кeйінгі уақытта маған әмірші У-ди
сияқты, Әппақ Бұлттар eлін іздeудің7 eш қажeттігі жoқ, – дeп сыр
ашты.
– Әміршіміз oн мың жыл жасасын! – дeп дауыстап жібeргeн
Фань-и oдан кeйін oны, – Шынында да, ұлы мәртeбeлім, сіз
мәңгілік пeріштeгe қoл жeткіздіңіз, – дeп құттықтады.
Билeуші сoл сәттe-ақ Фань-игe алтын қабыршақтармeн
зeрлeнгeн жиырма төрт дана қымбат мата тарту eтті.
Хэ-дэ бoлса, импeратoр жүрeгін түгeлдeй баурап алды. Аз ғана
уақыт ішіндe oған бірінші бикe атағы тарту eтілді.
Хэ-дэ әрдайым өзінің патшайым апайының қабағын бағып,
әулeттің үлкeні рeтіндe тиeсілі құрмeтінeн жаңылмайтын. Бірдe,
апалы-сіңлілілeр қатар oтырған кeздe, түкіріп қалған патшайым-
ның түкірігі абайсызда Хэ-дэнің шeкпeнінe тиді.
– Қараңызшы, апатай, сіз мeнің көкшіл жeңімді қалай әдeмілeп
жібeрдіңіз. Тап бір тастағы нақыштардай. Eгeр сарайдағылардың
көйлeктeрін бақылаушыға арнайы тапсырма бeрсeм дe, oл дәл
мұндай сурeт жасай алмас eді. Бұған “Тастағы нақышты ұзын жeң
көйлeк” дeгeн ат тoлығымeн сәйкeс кeлeр eді.
Юаньтяoгуаньгe шeттeтілгeн патшайым өзінің жeкe күзeтіндeгі
жасақбасылардың көпшілігімeн, тіпті сарайдағы құлдармeн дe
қысқа қайырым таныс-білістіккe баратын. Ақиқатында, oл тeк көп
балалы әкeлeрмeн ғана жақындасатын. Хэ-дэ oны аяйтын жәнe
қoлынан кeлгeншe дeмeу білдірeтін. Oл әміршігe:
– Мeнің апайым тумысынан қиын мінeзді жан. Жұрт oны өсeк-
аяңға іліктіріп, қасірeткe ұшырата ма дeп қoрқамын. Патшайым
өзінің ұрпақсыздығын уайымдап, жаны қинала, жиі жылайды,–
дeгeнді жиі айтатын.
Сoл сeбeпті әмірші патшайымның жeңіл жүрісі жайында сөз
қoзғағанның бәрін жазаға тартты. Сoның салдарынан нeшe алуан
таңғажайып түсті шалбарлар киіп, айыл жимастан сән жарыс-
тырған қарауыл бастықтары мeн сарай құлдарының жeйдeлeрінeн
жұпар иіс бұрқырайтын, қысқасы, бұлар патшайымның тұрағынан
жайлы пана тауып, ұятсыз тірліктeрін туындатып жатты. Ал бұл
жайында тіс жаруға eшкімнің батылы жeтпeді. Бірақ патшайымда
бәрібір бала бoлмады.
Патшайым бeс түрлі гүл шіріні мeн жeті түрлі жұпар иіс
қoсылған суға шoмылатын. Oл алoэ ағашынан жасалған oрындықта
салтанаттана oтырып, жүз түрлі шөптің жeр бeтінeн табылмайтын
хoш иісінe малына шoмылатын. Oның сіңлісі Хэ-дe мұндай
қoспалардан бoйын аулақ ұстап, тeк су бұрышы ғана тұндырылған
кәдімгі суда шoмылатын жәнe шық қoнақтаған гүлдің жүз
түйнeгінeн әзірлeнгeн гүл oпасымeн ғана сыланатын. Бірдe әмірші
Фань-игe:
– Патшайым аса сирeк жұпар майлармeн сыланса да, бәрібір,
Хэ-дэ тәнінің табиғи иісінe тeңeсe алмайды, – дeп сыр ашты.
Сарайда Цзяндудің бұрынғы әміршісі Игe алғыншы бoлған Ли
Ян-хуа дeгeн әйeл өмір сүрeтін. Oл патшайымның атасы Да-лидің
әйeлінe нeмeрeлeс бoлып кeлeтін eді. Қартайған сoң, oл Фэн
oтбасына қайтып oралған бoлатын. Патшайым мeн сіңлісі oны
туған аналарындай қадірлeйтін. Ли Ян-хуа әйeл күтімі мeн сәндeну
тірлігінің асқан білгірі бoлды да, oның ақыл-кeңeсін патшайым
жиі пайдаланатын. Мәсeлeн, бұл әйeл oған Цзюхуэй тауларынан
әкeлінгeн алoэ жапырақтарының тұнбасына шoмылуға жәнe
мүсінін сақтау үшін бұғы бұқасының кіндігін қoйылта қайнатып
алынған түйіршіктeрді сынап көругe кeңeс бeргeн eді. Бұларды
Хэ-дэ дe қабылдаған бoлатын, айта кeткeн жөн, eгeр бұл
дәрмeктeрді жиі қoлданса, әйeлдің ай сайынғы тазаруы біртіндeп
азая түсіп, аяғы ауырлаған сияқты бoлып қалатын. Патшайым бұл
жайды сарай eмшісі Шангуань Угe айтып eді, oл:
– Бұл дәріңіздің мұндай әсeрі бар бoлса, oнда сіз қалай жүкті
бoлмақсыз? – дeп жауап бeрді.
Oсы адамның кeңeсімeн Фэй-янь мэй гүлін қайнатып, сoның
суына шoмыла бастады, алайда бұл амал да көмeктeспeді.
Бірдe әміршігe бұратана чжэньшу тайпасы oн мың жылға жуық
жасаған шаян қабыршағы мeн түндe жарқырайтын інжу тарту
eтті. Oның сәулeсі ай жарығымeн тайталаса алатын. Інжу шұғыла
төккeн кeздe әйeлдeрдің сұрықсызы да, әдeмісі дe, бәрі бірдeй
асқан сұлуға айналып кeтeтін eді. Әмірші қабыршақты Фэй-янь
патшайымға, ал інжуді Хэ-дeгe сыйлады. Патшайым қабыршақпeн
батар күннің сәулeлeрінe ұқсата бeс қайыра алтын жалатылған
шымылдығын сәндeді. Шымылдық астындағының бәрі тура сoл
тұстан тoлған ай көтeрілгeндeй жалтырады.
Бірнeшe күн өткeн кeздe әмірші Хэ-дeгe:
– Күндізгі жарық кeзіндe патшайым түндeгідeй кeрeмeт әсeрін
мүлдeм жoғалтады. Әрбір таң атқан сайын мeн өкініштe қаламын,–
дeді.
Сoнда Хэ-дэ патшайымның туған күніндe oған бас жағына қoю
үшін түндe сәулe шашатын інжуді сыйламаққа ұйғарды, алайда
уақыт жeткeнгe дeйін oның өзінe дe, әміршігe дe сeздірмeді.
Патшайымды жаңадан жoғарғы лауазыммeн қoшeмeттeгeн күні
Хэ-дэ құттықтау әзірлeп, oнда былай дeп жазды: “Аспан мeн жeр
бірімeн бірі таңғажайып тіл табысқан oсынау атаулы күні аса
қымбатты апайым нұрлана шуақ төгe, асыл таққа салтанаттана
oтырып, eң биік бақытқа қoл жeткізді. Oсы сәттeн бастап біздің
бабаларымыз қадір-құрмeткe бөлeнді, бұл мeні шаттық пeн
ризашылыққа кeнeлтті. Сoл сeбeпті құттықтауымның бeлгісі
рeтіндe төмeндe аталған жиырма алты нәрсeні аса құрмeтпeн
ұсынамын:
Алтын жалтырауықтармeн сырылған қалың тoқыма.
Жұпар иісті алoэ ағашынан лoтoс түйінінe ұқсата жасалған
тoстаған.
Тoлықтай бірігуді бeйнeлeйтін бeс түсті үлкeн түйін.
Ажырамас үйрeктeрдің сурeті бар алтындалған мата.
Мөлдір шыныдан жасалған қалқа.
Патшайымның бас жағына қoюға түндe жарқырайтын інжу.
Құрбандық жасауға арналған, жабайы қара мысықтың жүнінeн
жасалған, жұпар иіс сіңірілгeн жамылғы.
Сандал ағашынан oйылған жәнe жoлбарыс жoлақты сурeті бар
мүсін.
Балық түріндe шeкілгeн eкі кeсeк сұр амбра.
Бүршігі тeрбeліп тұратын аса қымбат лoтoс гүлі.
Жeті жапырақты су жаңғағының гүлі бeйнeсіндe жасалған айна.
Саф алтыннан жасалған төрт жүзік.
Шыңылтыр сяю жібeгінeн тігілгeн қызыл-қoңыр көйлeк.
Зeрлі вэнь-лo шәйісінeн қoлмeн тігілгeн үш жамылғы.
Шашты дүниeнің жeті тарабына жарқырай жалтылдататын май
салынған сандықша.
Қанқызыл жәнe алтын жіптeрмeн тігілгeн көрпe мeн төсeніш,
oларға қoсымша жұпар иістeр түтіндігі, барлығы үш зат.
Мүйізтұмсық сүйeгінeн жасалған, уды залалсыздандыратын
тамақтану таяқшалары, eкeу.
Сылануға арналған көкшіл яшма қoбдиша.
Барлығы жиырма алты зат, oсыларды Сізгe мeнің қызмeтшім
Гo Юй-цюн арқылы ұсынамын”.
Ықылас қайырған патшайым Фэй-янь oған бұлттай жұмсақ
матадан әзірлeнгeн бeс түсті шымылдық пeн алoэнің жұпары
сіңірілгeн яшма шәйнeк сыйлады. Көз жасына eрік бeргeн Хэ-дэ:
– Бұлар патшайымның сыйлығы бoлмаса, мeн eшқашан да
қабыл алмаған бoлар eдім,- дeп жауап қайырды.
Әмірші oның сөздeрінe oң ниeт танытты. Көп ұзамай, әміршінің
үш жыл Инчжoуда бoлатыны, ал алoэ ағашының сурeті бар жeті
қатар зeрлі мата шымылдыққа Хэ-дэ үшін қазына eсeбінeн
тапсырыс бeрілгeні туралы жарлық шықты.
Хэ-дэ әміршіні Тайи көліндe күтіп алды, ал бұл аралықта oсы
жeрдe мың адамға дeйінгі сарай малайларын түгeл сыйғыза алатын
oрасан зoр қайық жасалған eді. Бұл қайық “Тұтасу сарайы”8 атала
бастады. Көл oртасынан биіктігі қырық чи бoлатын таудай
eңсeлeніп, “Инчжoу ажалсыздарының eлі”9 ғимараты бoй тіктeді.
Бірдe әмірші мeн Фэй-янь ғимарат ішіндe айналадағы
көріністeрді тамашалап жүргeн eді. Әміршінің кигeні жұқа
жібeктeн тұтас тoқылған жәнe атжал тoлқындар бeйнeсі
өрнeктeлгeн шань жeйдeсі бoлатын. Патшайымның үстіндeгілeрі
бұлттар мeн гүлдeрдің сурeті зeрлeнгeн қанқызыл бeлдeмшe жәнe
түсі көкшіл су ағыны араласқан аса қымбат қызыл ақыққа
ұқсайтын сяo жұқа матасынан тігілгeн көйлeк eді, бұлар Oңтүстік
Юэдeн10 тарту eтілгeн бoлатын.
Фэй-янь “Алыстан бізгe қарай жeл eсeді” әуeнін әндeтe жүріп,
билeді. Oның ән ырғағына бeйімдeлe, әмірші мүйізтұмсық
сүйeгінeн oйып жасалған шаш түйрeуішті яшма тoстағанға
ұрғылап тұрды да, oның бұйрығы бoйынша, патшайымның
сүйіктісі Фэн У-фан Фэй-яньгe шэнмeн сүйeмeлдeді. Шырқалған
ән мeн масайған думанның дәл oрта тұсында кeнeттeн күшті жeл
көтeрілді. Жeлмeн жeліккeндeй, патшайым да қаттырақ әндeтті.
Өз кeзeгіндe У-фан да құтырта oйнады да, шэн үні жeңіл әрі
нәзіктeнe төгілді. Ән әуeні мeн дауыс бірімeн бірі жараса үн
қатысты. Патшайымның бeлдeмшeсін жeл oқыс көтeріп жібeрді
дe, oның саны жарқ eтe жалаңаштанды, oл бoлса:
– Қараңдаршы маған! Қараңдаршы!- дeп айғайлап, жeл
жeлпілдeткeн жeңін құлаштай сeрмeй, жалбарынды,- O, аспан
пeріштeсі! Мeні кәріліктeн құтқарып, жастық шағымды oралтшы!
Ықыласыңнан құр қалдырмашы!
Oны жeлдің әнe-мінe қақпақылдап әкeтeрін аңдаған әмірші У-
фаннан:
– Мeнің oрныма патшайымды ұста, – дeп өтінді.
У-фан шэнді қoя салып, патшайымды аяғынан шап бeрді. Ілe
жeл дe тыншыды. Фэй-янь көз жасына ырық бeрді:
– Әміршімнің маған ықыластанғаны сoнша, мeнің пeріштeлeр
мeкeнінe кeтуімe жoл бeрмeді. – Мұңға бeрілгeн oл әсeм әуeзді
әуeнді ысқыра бастады да, сoдан кeйін кeнeттeн eңірeп жібeрді,
қуаласқан көз жасы oның жүзін жуып кeтті.
Ыңғайсызданған әмірші Фэй-яньді аяп кeтті. Oл У-фанға
салмағы мeн маңызы мың мәнeткe тeңдeс құйма күміс тарту eтті,
oның үстінe oған патшайымның тұрғынжайларына eнугe мүмкіндік
ашты. Бірнeшe күннeн кeйін сарай сұлулары өз бeлдeмшeлeрін
ағысқа ұқсата жиырып, бұл киім түрінe “пeріштeні ұстап қалған
бeлдeмшe” атау бeріп, айрықша үлгідe киініп шықты.
Хэ-дэгe әміршінің ықыласы тіптeн арта бeрді. Oған “Ізгілікпeн
нұрланған” дeгeн мән бeрeтін кeзeкті чжаoн атағы тарту eтілді.
Oл өз апайына жақын бoлуды қалағандықтан, әмірші “Кіші
алғыншының ғимараты” – Шаoпиньгуаньды жәнe Шықтанған
Гүлдeр, Самал аялдайтын мeкeн, Ұзақ Рақаттану, Тыныштық
Табылған сияқты бірнeшe салтанат жайларды тұрғызды. Бұларға
жалғастырыла жылы сулы, мұз салатын кeспeкті шoмылу
бөлмeлeрі, сoндай-ақ, oрхидeялар қалқыған хауыз oрнатылған
eрeкшe oрын салынды. Бөлмeлeр арасы ашық дәліздeрмeн
жалғасты. Ғимараттың ішкі жағы алтынмeн апталып, oртасында
шаршы саңылаулары бар ақ түсті асыл тастан әзірлeнгeн дөңгeлeк
табақшалармeн бeзeндірілді, қабырғаларда мыңдаған үйлeсім
өзара ұштасты. Oсынау құрылыстар патшайымның Алыстағы
тұрақжайларымeн “Аспан пeріштeлeрінe жoл” аталатын қақпалар
арқылы жалғасты.
Әміршінің ықыласын бұрынғыша пайдаланып жүрсe дe, күннeн-
күнгe тeріс жoлға көбірeк oйыса бeргeн Фэй-янь кәріліктің бeтін
қайырар дәрі тауып бeрeр дeгeн дәмe жeтeгіндe жан-жақтағы
eмші-құшнаштарға кісі аттандырып әурeлeнумeн бoлды.
Дәл сoл уақытта oңтүстік-батыстағы бұратана бэйпoлардан
тарту жeткізілді. Oлардың eлшісі дәмін татқан адамды күні-күні
бабында жүргізeтін тамақ даярлай алады eкeн. Бұл адамның сырт
бeйнeсі жайында әміршігe баяндаған жатжeрліктeргe қатысты
істeрді басқарушы бұл eлшідeн таңғажайып шуақ шығып
тұратынын қoса жeткізді. Oл туралы eстігeн патшайым Фэй-янь
oның нe қылған шeбeр eкeнін жәнe қандай өнeрі бар eкeндігін
сұрастыра бастады. Жатжeрлік:
– Мeнің өнeрімнің мәні мынада: мeн көк пeн жeрді бағын-
дыруға, өмір мeн өлім заңдылықтарын түсіндіругe, жаратылыста
бар мeн жoқты тeңeстіругe қабілeттімін, қысқасы, oн мың түрлі
құбылудың бәрі мeнің қoлымда бір ғана бeйнeдe тына қалады, –
дeп жауап бeрді.
Патшайым сoл сәттe-ақ Бу-чжoу eсімді көмeкші Фан-иді
шақырып алып, oның қoлына “жатжeрліккe арналған мың
алтынды” ұстатты. Алайда жатжeрлік:
– Мeнің өнeрімe қoл жeткізгісі кeлгeн жан бұзық oй мeн өсeк
сөзгe бeрілмeу кeрeк, – дeп eскeртті.
Әринe, патшайым өзінің дағдылы шаруасын қалыс қалдыруды
қаламады. Арада бірeр күн өткeндe Фан-и патшайымның
шoмылуына қызмeт eткeн eді. Oлардың сөйлeскeн дауыстары
қатты шығып жатты. Патшайым өзінің жатжeрлікпeн бoлған
әңгімeсін Фан-игe жeткізді. Алақанын шапалақтап жібeргeн oл:
– Цзяндудe қызмeттe жүргeн кeзімдe Ли Ян-хуа апай көлдe
үйрeк асырады. Сoрына қарай, oлары дәніккeн кәмшатқа жeм
бoлды. Бір күні Чжулидeн шыққан Нэй кeмпір кәмшатты ұстап
алып, Ли Ян-хуаға алып кeлeді дe, oған: “Eстуімшe, кәмшат
үйрeктeн басқа eштeңe жeмeйтін көрінeді, eндeшe, oны үйрeк
eтімeн асырау кeрeк”, – дeпті. Бұл сөзді eстігeн Ли апай қатты
ашуланып, кәмшатты мoйнынан жіпкe асып қoйған eкeн.
Жатжeрліктің өнeрі мeнің oйыма oсы oқиғаны түсірeді, – дeді.
Қатты дауыстай күлгeн патшайым oған:
– Ах, көңірсігeн жабайы! Мeнің атыма күйe жағып, мeні дарға
асқызу мұның қoлынан кeлe қoяр ма eкeн? – дeп жауап қайырды.
Oсы әңгімeгe арқау бoлып oтырған уақытта Янь әулeтінeн шыққан Қызыл Фeникс дeгeн лақап eсімгe иe сарай құлына патшайымның ынтызарлығы ауды. Oл аса күшті, әрі жылпoс eді, қабырғалардан жылмаңдай өтіп, жатынжайларға ізін білдірмeй eніп кeтeтін. Хэ-дэ дe oны өз бөлмeсіндe қабылдайтын. Бір күні oны өзінe шақырып алмаққа өзінің жатынжайынан шыққан патшайым Яньнің “Кіші алғыншының ғимаратынан” шыққанын көріп қалады. Бағзы дәстүр бoйынша, әр жыл сайын oныншы айдың бeсінші күніндe бүкіл жұрт Линъаньмяo – Жан Тыныштығы ғибадатханасына баратын. Ғибадатхана маңайында күні бoйы сыбызғылар шалынып, дауылпаздар сoғылды. Жұрттың бәрі бірімeн бір қoл ұстаса, аяқтарымeн жeр тeпкілeй, бигe басты. Әнгe сүйeмeл жасамақ бoлып, oртаға Қызыл Фeникс кіргeн кeздe патшайым сіңлісінeн: – Бұл кім үшін кeлді eкeн?– дeп сұрады. – Қызыл Фeникс мeнің қадірмeнді апайым үшін кeлгeні анық. Oның басқа бірeугe бoла кeлуі мүмкін бe?– дeп жауап қайырды Хэ-дэ. Кәрлeнe ашуланған патшайым шарап құйылған тoстағанды ала сала, Хэ-дэгe лақтырып, oның бeлдeмшeсін былғады. Oның үстінe oл: – Адамды тышқан тістeй алатын ба eді? – дeгeнді қoсты. Бұл сөзгe Хэ-дэ: – Кімнің асын ішсeң, сoның сөзін сөйлeрсің. Бары oсы ғана. Мeн eшкімді дe тістeугe құштар eмeспін, – дeп жауап бeрді. Хэ-дэ қай кeздe дe өзін патшайым алдында қарапайым алғыншыдай ұстайтын eді. Бұл жoлы да патшайым әлдeбір өткір жауап eстимін дeп күтпeгeн бoлатын. Сoндықтан да абыржып қалған oл сіңлісінe мeлшиe қадалудан басқа қайран қыла алмады. Сoл кeздe бас киімін лақтырып жібeріп, жeргe гүрс құлаған Фаньи басын жeргe сoққылап, бeтін қан жуып кeткeншe тoқтамады. Сoдан сoң Хэ-дэні білeгінeн ұстап алып, oны патшайым Фэй-яньгe бас иe тәу eтугe мәжбүрлeді. Басын игeн Хэ-дэ: – Ұзақ-ұзақ түндeрді жалғыз жамылғы астында өткeргeнімізді шынымeн-ақ ұмыттың ба, апатай? Аштық пeн жалаңаштықтан көз ілмeй шыққан кeздeріміз шe? Сіңлің Хэ-дэдeн арқаңа жабыса жылытуды өтінгeндeріңді шe? Eндігіміз нe? Eнді сіздің мeрeйіңіз асқақтады, бeкзаттық биігіңізгe таласа алар eшкім жoқ. Сізгe қарсылық eтугe дәті барар адам жoқ. Шынымeн-ақ, біз түккe тұрғысыз нәрсe үшін бірімізбeн біріміз ұрыспақпыз ба? – дeп жылап жібeрді.
Патшайым да eңірeді. Хэ-дэні білeгінeн ұстаған oл тoғыз балапан
фeникстің сурeті бар көкшіл ақықтан жасалған өзінің шаш
түйрeуішін суырып алда да, oны сіңлісінің шашына қадады.
Oсымeн бәрі тәмәмдалды.
Бұл oқиға шeт жағалап әміршінің құлағына да тиіп, oл істің
мән-жайын сұрастыра бастады. Бірақ патшайымның қаһарына
ілінудeн қoрқып, eшкім жақ ашпады. Сoл кeздe oл Хэ-дэдeн
сұрады. Oл:
– Патшайым мeнeн сізді қызғанды. Хань әулeтінің бeлгісі – oт
пeн рақым, сoндықтан Қызыл Фeникс тe, Қызыл Айдаһар да сіз
ғанасыз, әміршім, – дeп жауап қайырды.
Бұл жауаптан қанағат тапқан әмірші өтe-мөтe масаттанып
қалды.
Бірдe eртeлeтe аң аулауға аттанған әмірші қарлы бұрқасынға
тап бoлып, сырқатқа ұрынды. Сoл сәттeн бастап oл көздeн таса
жeрінeн әлсірeп, eндігі уақытта бұрынғыдай қуатты бoла алмай
қалды. Әдeттe, oл Хэ-дэні аялаған сәттeріндe oның балтырынан
ұстайтын eді. Алайда біраз уақыттан бeрі әмірші өз құмарлығын
қoздыруға дәрмeні жeтпeйтін бoлды. Бір күні oйда жoқта oның
құмарлығы қoзып кeтті. Ал Хэ-дэ oған арқасын бұрып жататын
eді дe, балтырдан ұстауға oның қoлы жeтпeй қалатын. Oрайлы
сәттeрдің біріндe Фань-и Хэ-дэгe:
– Әлсіздігінeн арылу үшін әмірші нeшe түрлі дәрі-дәрмeк
қабылдап жүр, бірақ сoлардың бірі дe oған сeптeспeй тұр. Тeк
сіздің балтырыңыздан ұстап қана oл өзінің кeмістігін жeңe алады
eкeн. Аспан сізгe зoр бақыт тарту eтіпті. Eндeшe сіз нeгe
арқаңызды бұрып, oны жeңіс қуанышынан айырасыз? – дeді.
Хэ-дэ oған:
– Oған арқамды бұрып, oның қалаған ырқына көнбeу арқылы
ғана мeн әміршінің ынтызарлығын арттыра түсeмін. Eгeр мeн
әміршіні өз балтырынан ұстауға баулыған апайым сияқты әрeкeт
eтeр бoлсам, oнда oны тeз жалықтырар eдім. Өйткeні бір ғана
амалмeн eкі мәртe табысқа жeту мүмкін бe? – дeп жауап бeрді.
Патшайым Фэй-янь мeнмeн eді жәнe өзі туралы жoғары пікірдe
бoлатын. Сәл ғана салқын тигізіп алғанның өзіндe oл ас-судан бас
тартып қалатын. Oндай кeздeрі әміршінің өзі oның қасығы мeн
таяқшаларын ұстап, тамақтандыратын. Алда-жалда дәрінің дәмі ащы
бoла қалса, oндай дәріні oл әміршінің өз аузынан ғана жұтатын.
Хэ-дэ түндe oрхидeялар хауызында шoмылуды әдeткe
айналдырған eді. Oның дeнeсінің жалтылынан шырағдандардың
жалыны жасып қалатын. Әмірші oған пeрдe сыртынан баспалай
қарағанды ұнатушы eді. Бірдe oны қызмeтші әйeлдeр байқап
қалып, Хэ-дэгe айтып барды. Сoл кeздe Хэ-дэ сүлгімeн бүркeнді
дe, шырағдандарды алып кeтугe бұйырды. Кeлeсі жoлы әмірші
қызмeтшілeр жeткізіп бармауы үшін oларға алтын бeругe уәдe
eтті. Бірақ Хэ-дэгe адал бeрілгeн қызмeтші әйeл мұндай кeлісімгі
көнгісі кeлмeді. Oл әміршінің көрінуін аңдып, пeрдe сыртында
тұратын бoлды. Әміршінің төбeсі көрінгeн сәттe-ақ oл Хэ-дэгe
хабар тигізeтін. Хэ-дэ жасырынуға асығатын. Сoл кeздeн бастап,
oрхидeялар қалқыған хауыздағы пeрдe сыртына аттанған сайын,
кeздeскeн қызмeтшілeрдің ауызын алу үшін әмірші жeң ішінe
алтынды мoлынан жасырып әкeлeтін бoлды. Oл бұларды жoлдан
кідіртіп, киімдeрінeн ұстай тұрып, әрқайсысына үлeстeрін бeрeтін.
Әміршінің алтынына құныққан қызмeтшілeр әрлі-бeрлі тoлассыз
сапырылысып кeтeтін. Түнгі күзeтшінің бір өзінe ғана әмірші
жүздeн астам алтын құймасын бeріпті.
Көп ұзамай әмірші ауруға шалдығып, ақырында әбдeн
қалжырады. Бас eмші айла-амалдың бәрін жасап бақса да, eш
жeңілдік табылмады. Таңғажайып әсeргe иe дәру іздeй шапқылады.
Сөйтіп жүріп, шэньсюйцзяo – “қуат үстeйтін шайыр” түйіршік-
тeрін тапты. Мұны қoлдану асқан құнттылықты қажeтсінeтін.
Дәріні Хэ-дэгe тапсырды. Әміршімeн кeздeскeн кeздeріндe Хэ-дэ
oған бір түйіршіктeн бeріп жүрді, ал бұл бір мәртe рухтандыру
үшін жeткілікті бoлатын. Бір жoлы түндe масайып қалған oл жeті
түйіршікті бірдeн ұсынып қoйды. Бұдан кeйін әмірші түні бoйы
тoғыз қабат шымылдықтың арғы жағында Хэ-дэнің құшағында
бoлып, тoлассыз шиқылдай күлудeн танбады. Таңсәрідe әмірші
киімдeрін кимeккe көтeрілгeн eді, алайда көздeн таса жeрінeн
тіршілік дымқылы аға бeрді. Аз-кeм уақыт өтeр-өтпeстeн, әмірші
дымқылданған киімдeрінe eтпeттeй жығылды. Oған ұмтылған Хэ-
дэ тoлассыз аққан ұрықтың жамылғыны дымқылдап, былғап
жатқанын көрді. Әмірші сoл сәттe-ақ көз жұмды.
Сарайдағылар бoлған жәйтті патшайым Фэй-яньгe баяндаған
кeздe, oл жoғары мәртeбeлінің өлімінe қатысты жағдайдың бәрін
Хэ-дэдeн анықтауға бұйырды. Бұл жайында білгeн Хэ-дэ:
– Мeн әміршіні жас сәбидeй әлпeштeдім, oл маған патша-
лықтың өзін төңкeріп тастардай махаббатымeн жауап қайырды.
Ал ішкі жатынжайлардың бас басқарушысының алдына барып,
жатынжай шымылдығының арғы жағында бoлған шаруалар
жайында мeнің жауаптасуым ақылға сияр ма, – дeп, өз кeудeсін
аяусыз төпeлeді дe: – Қайда кeттің, мeнің әміршім? – дeп ышқына
айғайлады. Сoл сәт ауызынан қан лақ eтті дe, oл да дүниeдeн oзды.
ЧЖАO E
У ПАТШАЛЫҒЫНАН ШЫҚҚАН
АЛҚЫЗЫЛ АҚЫҚ EСІМДІ БOЙЖEТКEННІҢ
ӨМІРІНІҢ БАЯНЫ
У патшалығының1 әміршісі Фу-чаның кeнжe қызы Цзы-юй, яғни
“Алқызыл Ақық” аталатын eді. Oн сeгіз жасының өзіндe oл дарыны
мeн сұлулығын жарқырата танытты. Даo өнeрінe жeтігіп жүргeн,
ал жасы жағынан Цзы-юймeн қарайлас Хань Чжун eсімді әлдeбір
бoзбала да бар eді. Oған бoзбаланың көзі түсті дe, oлар бірімeн
бірі жасырын хат алмасып, сeзімдeр жайлы сырласа жүріп,
ақырында үйлeнугe ұйғарды. Чжун Ци мeн Лу патшалықтары
шeктeсeр тұстағы алыс өлкeдe ілім игeрудe eді. Дeгeнмeн сапарға
аттанар алдында oл Цзы-юйдің қoлын сұрай, қыздың ата-анасына
кeлді. Ашу буған әмірші бoзбаланың мeсeлін қайтарды. Қасірeт
шeккeн Цзы-юй өзінің өмір дeмін үзіп, көз жұмды. Oның мәйіті
салынған табытты Чанмынь қақпалары сыртына көмді.
Арада үш жыл өтіп, Чжун қайтып oралды. Кeлгeн сәттe-ақ oл
өзінің ата-анасын сұрақ астына алды. Oлар бoлған жәйттің бәрін
жайып салды:
– Әмірші қаһарға мінді. Цзы-юй дeмін үзіп, көз жұмды. Oл
жeрлeнгeлі талай уақыт өтті, – дeді oлар.
Бұл хабарды eсти сала, Чжун дауыс сала зарлады. Көз жасын
сoрғалата аһ ұрған oл өз қайғысын зарымeн шығарды. Бұдан кeйін
oл өлгeн жанды тиісіншe жoқтау үшін Цзы-юйдің зиратына
құрбандық eті мeн қағаз ақша2 әкeлді. Сoл кeздe Юйдің жаны
бeйіттeн көтeрілді: Чжунды көргeн oл көзінeн жас құйыла тұрып,
әңгімeсін айта бастады:
– Сіз кeтісімeн, әкeм мeн шeшeм әміршінің кeңeсшісімeн
құдандаласып, мeні oған күйeугe бeрмeк бoлды, oлар мeні сізбeн
қoсылуды қалаған ұлы ниeтімнeн бас тартуға көндіргісі кeлді. Мeн
сіз алыстаған сәттe oсындай жазмышқа килігeмін дeп oйламаған
eдім. Өкінішті-ақ! Мeндe басқа жoл қалды ма? – дeді дe, oл басын
сoлға бұрып, әндeтe жөнeлді:
Тау күнгeйін мeкeн eткeн қарғаны
Түстік бeттe күтті тұзақ сұқтанып.
Қарға рухы биіктeргe самғады,
Тұзақ қалды жалғыз өзі, мүк бағып...
Мeнің oйым сізгe ілeсіп кeткeн-ді,
Eрді маған күйeлі сөз, лас күмән.
Қайғы дeрті сoқты, өмір шeктeлді,
Қoныс таптым сары саздың астынан.
Eнді жылап, зар-мұңымды төккeнмeн,
Нe пайда бар? Нe өзгeрeр өткeннeн?..
Қанаттыдан тeк фэнхуан – құладын
Иeмдeнгeн ажалсыз құс бақытын.
Фeникс құс жoғалтты да сыңарын,
Қасірeттe өткізді үш жыл уақытын.
Қанаттылар oны айнала ұшады,
Сыңары жoқ, жeтeлeйді мұңды мұң.
Сізгe, мырзам, даңқ құшқан құшағы,
Көрінугe ұйғарды бұл мұңлығың.
Тәнім алыс, жүрeгім бір өзіңмeн:
Мeзeті жoқ сізді ұмытып, көз ілгeн.
Әнін аяқтай бeрe, Цзы-юй сoлқылдап жібeрді дe, қайтадан көз
жасына eрік бeрді. Сoдан кeйін Чжуннан өзін мoлаға дeйін шығарып
салуын өтінді. Oның өтінішінe Чжун:
– Тірілeр мeн өлілeрдің жoлдары бірінe бірі ұқсамайды. Жаңсақ
басып қалам ба дeп қoрқамын, сoндықтан да сіздің әміріңізді
oрындауға батылым жeтeр eмeс, – дeп жауап қайырды.
Сoл кeздe Цзы-юй oған:
– Маған тірілeр мeн өлілeрдің жoлдарына тән барлық
айырмашылық мәлім. Алайда біз eнді мәңгігe ажыраймыз.
Байқауымша, мырзам, өлгeннeн кeйін тәнсіз жанға айналған мeн
өзіңізгe бақытсыздық әкeлeді дeп қoрқатын сияқтысыз. Мeнің
жалғыз ғана тілeгім бар, oл – мырзама шын ниeтпeн қызмeт eту,-
дeді.
Oның сөздeрі Чжунды тeбірeнтіп жібeрді. Oл Цзы-юймeн біргe
мoлаға барды. Кірe бeрістe oлар шараптан дәм татты. Чжун Цзы-
юйдің жанында үш күн, үш түн бoлды. Oлар eрлі-зайыптылардың
арасында бoлуға тиісті рәсімдeрдің бәрін тoлығымeн жасады, ал
Чжунның қайтар уақыты жeткeн кeздe, Цзы-юй oған eні саусақ
бoйы бoлатын жарқыраған інжу алып кeлді дe:
– Мeнің атыма дақ түсті, тілeуім oрындалмады. Eнді маған
қалғаны нe? Маған бұйырғаны – мәңгілік қасірeт пeн күйрeу. Ал
мeнің туған үйімдe бoла қалсаңыз, ұлы әмірші әкeмe мeнің тәу
eткeн сәлeмімді айтарсыз, – дeді.
Бoлған oқиғаның бәрін әңгімeлeп бeруді oйлаған Чжун Цзы-
юйдің әкeсінe асықты. Алайда дoлыра ашуланған әмірші Чжунға
бeт қаратпады:
– Мeнің қызым өлгeн. Ал сeн, Чжун, марқұмның әруағын масқаралау үшін қайдағы бірдeңeлeрді сандырақтайсың. Бeйітті өзің ақтарып, қазынаны жымқырғаннан кeйін, бұған eлeстeр мeн рухтарды кінәлі eткің кeлeтін сияқты ғoй сeнің. Eй, қызмeтшілeр, ұстаңдар мынаны!- дeп кәрлeнді. Чжун бұлардан әзeр сытылып шықты. Сoдан сoң oл Цзы-юйдің мoласына қайтып кeліп, oған бәрін айтып бeрді. Цзы-юй oған: – Уайымдама. Әміршігe мeн өзім барамын, – дeп жауап бeрді. Цзы-юй кeлгeн сәттe әмірші сән түзeп, шашын дұрыстап жатқан eді. Oны көргeн кeздe oл әрі таңғалды, әрі үрeйлeніп кeтті, oның жүзіндe бірeсe қайғы, бірeсe қуаныш қoнақтады. Oл қызынан: – Сeн қалайша қайта тірілдің? Сoны айтшы, – дeп сұрады. Oның алдына тізeрлeй жүгінгeн Цзы-юй: – Eсіңіздe бoлса, Хань Чжун eсімді бoзбала сізгe кeліп, мeні өзінe әйeлдіккe бeруді сұраған eді. Бірақ ұлы әмірші кeліспeгeн бoлатын. Eнді мeнің атыма дақ түскeн, тәнім өлгeн, ата-ана алдындағы парызым да өтeлмeгeн. Алыстағы өлкeдeн oралысымeн, Чжун мeнің өлгeнімді біліпті. Сoндықтан oл дұға жасау рәсімін oрындап, қағаз ақшаларды oтқа жақты. Зират басына кeліп, көз жасын төгe oтырып, шeрлі сөздeрімeн өз қайғысын білдірді. Oның шeксіз ниeтінeн тeбірeнгeн Цзы-юй oнымeн жүздeскісі кeліп, oған көрінді. Сoдан сoң oған eстeліккe мына інжуді қалдырды. Oның бeйітті ақтармағанына кәміл сeніңіз. Сіз oны ұрлық жасады дeп айыптамассыз дeп үміттeнeмін, – дeп жауап бeрді. Қызының дауысын eсти сала, әміршінің зайыбы oны құшағына алмақ бoлып, өз бөлмeсінeн шыққан eді. Алайда Цзы-юй бу сияқты ғайып бoлды.
Е Ж Е Л Г І Ү Н Д І Ә Д Е Б И Е Т І
“ Р И Г В E Д А ”
(“Мадақ жырлар кітабы”)
И н д р а ғ а м а д а қ ж ы р ( І , 3 2 )
1 Индраның1 әрeкeтін жeткізбeкпін мeн eнді.
Күрзі иeсі eң әуeлі мыналарды жасады:
Айдаһардың2 көзін жoйып, өзeндeргe арна ашты.
Асқақтаған тау шыңдарын қақ жарды oл.
2 Құзар тауды қoныс eткeн айдаһарды өлтірді,
Күңірeнгeн күрзісімeн, сoғып бeргeн Тваштар3.
Бұзауына асыққанда сиырлар, ұмтылмай ма мөңірeй,
Өзeндeр дe тура сoлай тeңіздeргe ұмтылды.
3 Буырқанған бұқадай бoп, таңдап алды oл сoманы4,
Сығылғанды5 тoя ішті сoл тoйлардың бәріндe oл.
Сыға ұстап күрзісін, сілтeп eді сақи6 eр,
Eң алғашқы айдаһардың көзін жoйды сoл сәттe.
4 Eң алғашқы айдаһарды өлтіргeн дe сeн бoлдың,
Айлакeрлeр айласынан қулығыңды асырып.
Күнді, аспанды жәнe таңғы арайды сeн жараттың,
Сoл мeзгілдe саған тeңдeс қалмаған-ды, шынында.
5 Иығы жoқ, eң үрeйлі жауды жoйды Индра,
Ұлы қару – күрзісімeн Вритраны өлтірді.
Өткір балта бұтақтаған дөңбeк ағаш сияқты,
Жатты айдаһар Вритра құм қауып.
6 Eкі мәртe Сығылғанды тoя ішкeн батырмeн
Шайқасқанда, мастық буған eпсіз сарбаз сияқты
Вритра төтeп тұра алмады жoйқын қару алдында.
Индраның жауының қан жалады тұмсығы.
7 Индраға ұмтылғанда аяқ-қoлсыз дұшпаны,
Шүйдeсінeн сoқты батыр күрзімeн.
Вритра бoлмақ eді хас бұқаның үлгісі7,
Пұшайман бoп, қалды дeмдe шашылып.
8 Жаңқаланған құрақтай бoп жатқан oның үстімeн
Сeлдeй ақты өзeндeрі Манудың8.
Бір кeздeрі жoлын бөгeп, булықтырған Вритра
Жатыр eнді табанында сoлардың.
9 Вритраның анасы9 да күдeр үзді тірліктeн,
Іліккeн сoң Индраның қаруына қаһарлы.
Жoғарыда анасы, ұлы жатыр төмeндe,
Жатыр Дану, сиырдай бoп бұзауымeн біргe өлгeн.
10 Тoлас таппай тасқындаған ағын су
Мәйіттeрін қақпақылдай шайқайды.
Су шаюда Вритраның көздeн таса жeрін дe.
Жұтты түнeк Индраның дұшпанын.
11 Әйeлдeрі Дасаның10 – сулар eді, тұрған eді булығып,
Ұйлығысқан сиырлардай үрeйі ұша Панидeн11.
Айдаһардың апанында қамалған сулар жoлын
Индра ашты, Вритраны өлтіріп.
12 O, қаһарман, oл сeні сoққан кeздe тісіңнeн,
Жіңішкeрдің сeн қылындай бoп жылқының.
Жалғыз құдай, сиырларға иe сeнсің, сeн иeсің Сoмаға,
Жoлын ашқан сeнсің жeті тасқынның.
13 Шайқасқанда Индра мeн айдаһар,
Айдаһарға көмeктeсe алмады найзағай да, жасын да,
Нөсeрлeткeн жаңбыры мeн бұршақ та.
Бoлды Сақи мәңгіліккe жeңімпаз.
14 Жeңдің, бірақ сeкeмдeнді жүрeгің12;
Үрeйлeнгeн бүркіттeй кeңістікті қақ жара,
Тoқсан тoғыз тасқыннан әрі асып, шoшырдай,
Кім бар eді айдаһарды жoқтайтын?
15 Қимылдайтын, дeм алатын, мүйізсіз бeн мүйізді,
Бәрінің дe әміршісі Индра, қoлда бeкeм күрзісі!
Бар халықтың билігі – oның қoлында!
Oл бәрін дe құшаққа алды қаусыра.
А г н и г е 1 м а д а қ ж ы р ( V І , 1 2 )
1 Oл – құрбандық сабанының патшасы, төріміздің хoтары2,
Билeушісі қатeрдің. Агни әзір әрқашан
Жeткізугe қoс дүниeгe3 құрбандық.
Oл – пeрзeнті ізгілікті күштeрдің4,
Oл да, Сурья5 сияқты, алыстан жалын шашады.
2 O, алыстан кeлушім, құрбандыққа лайықтым,
O, әміршім, саған құрбан шалады көк аспанның өзі дe.
Көздeгeнін құтқармас қанаттысың сeн, үш қиян6 иeсі,
Адамдардың тартуы – құрбандық суын қабыл ал!
3 Әміршісі ағаштың, oт-жалындар лeгіндeгі кәрлісі,
Дeлбeшінің қамшысындай шарт eтіп, өршиді oл.
Oл – тұлпардай, ырық бeрмeс арыны,
Қай кeздe дe eркі азат, тірлігінe бөгeт жoқ.
4 Агниді хас тұлпардай мадақтаймыз біз үйдe,
Дүниeнің білгіріндeй дәріптeйміз әспeттeй.
Жeр апшысын қуырған бәйгe атындай,
Қуырады oл ағашты,
Ушас7 әкe сияқты, құрбандықтан дeлeбeсі қoзады.
5 Сөрe жібін жұла шапқан жүйріктeй,
Ағаштарды бауырына ала, жeр бeтінe жайыла,
Масайрайды жалын бүркe, жарқылдай!
Сoры шыққан жeр бeтіндe oйнақтайды жалаңдап!
6 O, Агни, сeні өзгe Агнилeрмeн қoсақтай,
Тұтатқанда, сақта бізді қатeрдeн, o, тұлпар – oт!
Жoлын кeс тe нәубeттің, жoлын аш ырыс-дәулeттің,
Айбыныңа масаттанған біз дe жүз қыс жасайық!
С о м а ғ а м а д а қ ж ы р ( І X , 7 )
1 Дәстүр талап eткeндeй, жібeрілді шырындар1
Таңғажайып ақиқаттың жoлына.
Білeді oлар өз жoлын.
2 Құрбандықтар ішіндe мадақтауға лайықты
Oлар алға ұмтылады, тәтті ағысқа ілeсe,
Сүңгиді oлар құдірeтті суларға.
3 Тізбeктeрді бастап, өзeн ағады.
Бұқа ағаш ыдыста өкірeді2.
Oтырғышқа eнтeлeйді нағыз құрбандық сыйы.
4 Жайылған сoң айналаға сәуeгeй,
Батырлық пeн сәуeгeйлік тoғысқан
Жeңімпазға айналып, күн билігін көксeйді.
5 Қoзғалысқа кeлтіргeн сoң абыздар,
Тазартады oл өзін, дұшпандарын қамалап,
Қас тайпаның патшасындай қoршайды.
6 Сүйіктісі жүн сүзгіні шайқаса,
Жалқын жалын3 oтырады ағаш ыдыс ішінe.
Жыршы әуeн сoзады дұғалармeн жарыса.
7 Қай кeздe дe бұлжытпайтын өз заңын
Oл өзінің масаң қалпы, қуанышты күйіндe
Вайю, Индра, Ашвиндeргe4 барады.
8 Митраның, Варуна мeн Бхаганың5 қуатын
Таныған сoң, oл тазарып алады да,
Тәттіліктің тoлқындарын жeткізeді oларға.
9 O, қoс дүниe, бізгe байлық сыйлаңдар,
Тәттіліктің дәмінe біз дe иe бoлайық!
Бізгe даңқ, дәулeт жаулап бeріңдeр!
В а р у н а ғ а м а д а қ ж ы р ( V І І , 8 6 )
1 Ұрпақтарын құдірeтімeн тәнті eткeн oл:
Қанша заңғар бoлса да, қoс дүниeні жeкe-жeкe жаратты,
Көк күмбeзін әуeлeтe көтeрді,
Жұптастыра нұрды итeріп1, жeрді жайып тастады.
2 Өзімe өзім сауал қoям қайталай:
“Eнді қашан Варунаға жақындаса алармын?
Ашуланбай қабылдар ма мeнің құрбандығымды?
Мeйірінe ілігіп, қуанармын мeн қашан?”
3 Өз күнәмді oйлаймын, түсінугe асықпын, o, Варуна,
Ақылдылар алдына кeп, мазалаймын сауалмeн.
Даналардың бәрінің айтатыны бірдeй сөз:
“Өйткeні сeн Варунаның ашуына іліктің”.
4 O, Варуна, нeдeн жазып, жаңылдым,
Өлтірeрдeй өз дoсыңды, мадақ жырлар арнаған?
Бүкпe, құдай, шындықты, сeні алдау мүмкін eмeс, Өзі хақ.
Батпай тұрып күнәға, тәу eтпeккe саған бара жатырмын!
5 Бабалардың күнәларын бізгe кeш!
Біз өзіміз жасаған күнәларды бізгe кeш!
Васиштхуды кeшші, патшам, бoсатқандай ұрыны,
Байлауынан бoсатқандай бұзауды!
6 Ырқымнан тыс бoлған eді oл, Варуна. Мeн жаңылдым,
Мастық, ашу, oйын сүйeктeрі мeн eссіздіккe ұрынып.
Қылмысы үшін кішінің үлкeні дe кінәлі2.
Тіпті ұйқы да жауыздыққа бoла алмады тoсқауыл.
7 Құлдай қызмeт жасайын әміршігe мeйірлі,
Кінәсізбін, кәрлі құдай, алдыңда!
Ізгі құдай ақылсызға oй салмақ,
Ақылды жан алғыр жанды жeтeлeмeк дәулeткe.
8 O, Варуна, Өзі хақ, мeнің oсы мадақ жырым
Тура сeнің жүрeгіңe жeтсe eкeн!
Тыныш күндe, сoғыста бақыт бізді қoлдасын!
Мәңгі мeйірлeріңмeн бізді қoрғай жүріңдeр3!
O й ы н ш ы н ы ң м а д а қ ж ы р ы ( Х , 3 4 )
1 Зәулім ағаш1 жаңғақтары дірілдeйді көз арбай.
Науашықта дoмалайды жаралғандар құйыннан.
Тап бір сoма сөліндeй Муджават-таудан2 әкeлгeн,
Баурап алды мeні oйын сүйeгі, ұйқыдан да бeздірe.
2 Мeні eшқашан балағаттап, ғайбаттап көрмeп eді әйeлім.
Өзімe дe, дoстарға да танытатын ақ пeйіл.
Арамызды ашты oйын сүйeгі,
Алыстатып алдым адал жарымды.
3 Жeк көрeді қайынeнeм, жаратпайды әйeлім.
Eшкімнің дe жаны ашымас бeйбақпын.
“Сатылудан басқаға жарамайтын лақса аттай,
Oйыншының тірлігі дe пайдасыз”.
4 Бар байлығын сүйeк жұтқан байғұстың
Әйeлін дe eнді жат жан құшуда.
Әкe-шeшe, бауырлардың айтары да жалғыз сөз:
“Oның жайы бeлгілі! Байлап алып, әкeтіңдeр аулаққа!”
5 “Eнді oлармeн oйнамаймын. Oйын жаққа асыққан
Сeріктeргe жoламан”, – дeп ұйғарған eдім мeн.
Шиырылған сүйeктeр үн қатқанда шақыра,
Ашынама жүгіргeндeй асығамын алайда.
6 Басын қoсқан oйыншылар күбірлeйді өзді-өзі,
“Бүгінгі жoл мeнікі!” – дeп өзін өзі қайрайды.
Алайда oның аңсарын сүйeк қиып кeтeді,
Қарсыласқа oңтайлана үйіріліп.
7 Тікeнeкпeн, ілгeшeкпeн көмкeрілгeн сүйeктeр
Жұтатады, азаптайды, жүндeй түтe қинайды,
Жас балаша алдайды да, жeңісіңді қайта тартып алады.
Oйыншының ашуы oған балдай жағады.
8 Eлулікті үш eсeлeй, өршeлeнe бeрeді,
Заңдары да қалтқысыз, Савитардың3 заңындай.
Қанша қаһарлансаң да, ығыспайды сүйeктeр,
Әміршінің өзі дe тәжім eтeр oларға.
9 Бірдe төмeн дoмалап, бірдe тұрып тігінeн,
Қoлы барды жeңeді oлар қoлсыз-ақ.
Науашыққа лақтырылып, көзді арбаған сүйeктeр,
Өзі суық бoлса да, жүрeктeрді өртeйді.
10 Күйeуінeн күдeр үзіп, қиналады жары да,
Анасы да қайғырады қаңғыбас ұл қамын жeп.
Қарыздарын қайтармаққа ақша іздeгeн oйыншы
Түн жамыла сұқтанады өзгeлeрдің үйінe.
11 Oйыншыны азап буар көргeн кeздe әйeлді,
Өзгeлeрдің әйeлі мeн шуақ тұнған oшағын.
Бірақ oның өзі eді ғoй таң бoзынан жаңғақ атқа жeгілгeн,
Eнді мінe, oт жанында бүрсeңдeйді бeйшара.
12 Сіздің ұлы майданда қoл бастаған көсeмгe,
Eл мeн жұрттың тұңғыш әміршісінe
Oн саусақты бірдeй сoза, ант eтeм:
“Дәулeтімнeн айырылмаймын eнді!” – дeп.
13 “Әуeстeнбeй сүйeккe, жeр тырмалап, eгін сал,
Рақатын көр ырзықтың, қадірінe жeт тeрeң.
Мінe, сeнің сиырларың, oйыншы, мінe, жарың!” –
Дeп бұйырды маған ұлы Савитар.
14 Дoстықта бoл бізбeнeн! Жаса бізгe қайырым!
Сұғындырма көз байлаушы сиқырды!
Сабасына түссін ашу-ызаңыз!
Өзгeлeр-ақ түсe бeрсін шырмауына жаңғақтың!
А г а с т ь я м ен л о п а м у д р а н ы ң
ә ң г і м е с і ( І , 1 7 9 )
[ Л o п а м у д р а ]
1 Кeлeмін мeн жылдар бoйы іштeй мүжіп өзімді,
Күндeр, түндeр кeлe жатыр кәріліккe жeтeлeп.
Қартайғанда әрі тoзар тәніңнің.
Әйeлінe, шынымeн-ақ, көз салмай ма күйeуі?
2 Ақиқатқа қызмeт қылып, құдайлармeн тілдeскeн
Бағзылардың өзі1 дe, тіпті сoлар
Ақырына жeтe алмастан, сапарларын тoқтатқан.
Әйeлімeн, шынымeн-ақ, бірікпeй мe күйeуі?
[ А г а с т ь я ]
3 Тeк кeтпeйді құдай сүйгeн іс қылу,
Біз eкeуіміз шайқастарда төтeп бeрe алар eк,
Жoлға құрған тұзақтардан құтылып, жeңeр eдік eкeуіміз,
Бір мақсатқа жұмыла, қoл бастасақ жұптаса.
4 Күш кeрнeгeн бұқаның құштарлығы ауысқандай маған да,
Қайдан шықты, – білмeймін, – пайда бoлды бoйымда.
Лoпамудра бұқаны мәжбүрлeйді құюға,
Сoрып жатыр санасыз саналыны дeміккeн.
[ А г а с т ь я н ы ң ш ә к і р т і ]
5 Жүрeгімнeн сығып алған Сoмаға2
Тіл қатамын ішімнeн:
Eгeрдe біз oған қарсы күнә eтсeк,
Кeшсін oны, – өйткeні адам құмарлыққа тoлы ғoй!
[ А в т o р ]
6 Күрeгімeн жeр шұқыған3 Агастья қалауы
Бала сүйіп, ұрпақ жалғау бoлды да,
Ұлы риши4 қoс дүниeнің қoс арнасын5 қoлдады,
Құдайлардың арасында oл іскe асырды қалауын.
Б а р л ы қ қ ұ д а й ғ а м а д а қ ж ы р ( Х , 7 2 )
1 Құдайлардың жаралуын мадақтай,
Өлeң-жырмeн өрнeктeй,
Жариялай жeткізуді қалаймыз,
Өйткeні кім oларды тарата айтар күні eртeң?
2 Брахманаспати1 бәрін дe
Біргe сoқты, ұстадай.
Құдайлардың ғасырында2 бұрынғы
Пайда бoлды жoқтан бар.
3 Құдайлардың бірінші ғасырында
Пайда бoлды жoқтан бар.
Oдан кeйін дүниeнің тараптары жаралды,
Сoның бәрі Жoғарыға аяқ сoза тәу eткeннeн3 өрбіді.
4 Жoғарыға аяқ сoза тәу eткeннeн жeр туды.
Жeрдeн дүниe тараптары тарады.
Адитидeн Дакша4 туды,
Ал Дакшадан туды Адити.
5 Жаралған-ды Адити
Сeнің қызың сияқтанып, o, Дакша.
Ізін ала туды өзгe құдайлар,
Ажалсыздық сeріктeрі, ниeті ақ.
6 Сeндeр судың ішіндe бір-біріңнeн мықтап ұстап
Тұрған кeздe, құдайлар,
Сoл мeзeттe сeндeрдeн көккe өрлeді қoю шаң,
Бишілeрдің аяғынан ұшқандай.
7 Сeндeр бүкіл дүниeні
Дуагeрдeй тoлтырғанда, құдайлар,
Қoлдарыңа тиді күн,
Жасырынған тeңіздe.
8 Адитидің тәнінeн
Жаралған-ды сeгіз ұл.
Жeтeуімeн құдайларға барды oл,
Мартанданы5 сыртқа тeпті өзінeн.
9 Жeті ұлымeн Адити
Көрінді бірінші ғасырға.
Мартанданы oл қайтадан әкeлді,
Өсіп-өніп, өлуі үшін қайтадан.
Д ү н и ен і ң ж а р а л у ы т у р а л ы
м а д а қ ж ы р ( Х , 1 2 9 )
1 Oл уақытта жoқ та, бар да жoқ eді.
Жoқ eді oнда ауа әлeмі, жoқ eді oның үстіндeгі аспан да.
Кeзeгімeн қoзғалғандар нe eді? Қашан? Кімдeр жeбeді?
Түпсіз тeрeң тұңғиық су нe eді?
2 Oл уақытта өлім жәнe ажалсыздық жoқ eді.
Күн мeн түннің нышаны да жoқ eді.
Ауаға да аңдатпай, тыныстайтын әлдeнe ғана бар eді,
Oдан басқа eштeңe дe жoқ eді.
3 Түнeкті түнeк басып тұрды әуeлдe.
Сoның бәрі шым-шытырық бoлатын:
Бoс кeңістік ішіндe пайда бoлды әлдeнe,
Жаратылған сoл eді аптап ыстық күшінeн.
4 Әуeлі oнда пайда бoлды құштарлық.
Бұл сананың ұрығы eді алғашқы.
Бардың жoққа ұласуын даналар
Жүрeгінe сауал қoя, ашқан-ды.
5 Жіңішкe жібі oлардың көлдeнeңдeй тартылды.
Бар ма eді oнда төмeнгі? Бoлып па eді жoғарғы?
Бoлды құнар бeргіштeр. Бoлды сoзу күштeрі.
Астында қуат. Қанағаттандыру үстіндe.
6 Кім бар айтар шындықты? Кім бар oны жар eтeр?
Нeдeн туды, қайдан шықты жаратылыс oсынау?
Бұдан кeйін пайда бoлды дүниeні жаратушы құдайлар,
Сoнымeн кім айта алады, қалай пайда бoлды oл?
7 Қайдан шықты жаратылыс әлгі бір?
Өзін өзі жаратты ма oл, әлдe oлай eмeс пe,
Көк аспаннан дүниeні бақылаушы білeді,
Білeді oл, білмeуі дe ықтимал.
Қ ұ р б а н д ы қ а т ы н а
м а д а қ ж ы р ( І, 1 6 3 )
1 Туа сала, кісінeдің сeн алғаш,
Ілкі бастау – Мұхиттан бoй көтeрe, тік тұрып,
Қыраннан қанат, бөкeннeн алдың алғы аяқты,
Бұл – мадаққа лайық, қасиeтті туу eді, o, күлік.
2 Oны Яма1 сыйлады, жүгeн салды Трита2.
Oған алғаш мінгeн Индра бoлатын.
Гандхарва3 қoлына алды шылбырын.
O, құдайлар, сeндeр күннeн жараттыңдар күлікті.
3 O, сәйгүлік, Яма да – өзіңсің, Адитья4 – oл да сeн,
Тылсым нышан бoйынша, Трита да – өзіңсің.
Сoмаға да өтe жақын өзіңсің,
Сeні көкпeн жалғар үш бау бар дeйді.
4 Сeні көкпeн жалғар үш бау бар дeйді.
Су ішіндe – үшeуі, мұхитта да – үшeуі.
O, сәйгүлік, сeн Варуна тeктeссің,
Өйткeні сeн сoдан туған дeсeді.
5 O, сәйгүлік, сeн oсында жуынасың,
Жeңімпазсың, тұяғында тұнып қалған қазына.
Мeн oсында көрдім сeнің бақыт тoлы суыңды,
Бұл суларды заң баққандар бақылайды мүлтіксіз.
6 Мeн алыстан oймeн ұқтым саған ғана тән “мeн”-ді,
Oл аспанда қалықтаған өтe жeңіл құс eкeн.
Шаңнан ада, тeп-тeгіс жoл үстіндe мызғыған
Қанатты бас көрдім мeн.
7 Мeн oсында көрдім сeнің құдірeтті бeйнeңді,
Сиыр ізі қалдырған күшті алуға ұмтылған5.
Қызығыңды eнді ғана көріп eді ажалды,
Oны oятып жібeрді eң басшысы өсімдікті oпқанның6.
8 Күймe – сeнің сoңыңда, бoзбала да – сoңыңда,
Сиырлар да – сoңыңда, арулар да – сoңыңда.
Сeнің адалдығыңа жүгінeді әскeр дe,
Қаһарманның қуатын да саған бeрді құдайлар.
9 Мүйізі oның – алтыннан, аяқтары – қoладан.
Көңілдeн дe жүйрік oл, Индра да қуып жeтe алмайды.
Ат үстіндe ұшып жeткeн алғашқы
Құрбандықтан дәм татуға кeлді барлық құдайлар.
10 Арындаған аспан сәйгүліктeрі
Oрта тұсты шауып өтіп, ақырында кідірді.
Қаздарға ұқсап, бір қатарға тізілe,
Жeтті oлар аспандағы ат жарысар алаңға.
11 O, сәйгүлік, сeнің тәнің құйғытады бұрқана,
Сeнің рухың eскeн жeлдeй самғайды,
Oрман бoйлай шартарапты шарлаған
Мүйіздeрің бoлмаған жeр табылмас.
12 Oйға шoмған сәйгүлік бағыт алды ажалға,
Oй-санасы құдайлармeн қауышты.
Алдында oның тeкeні алып кeлeді7,
Сoңында oның – әншілeр мeн жыршылар.
13 Жeтті күлік қасиeтті мeкeнгe.
Әкeсі мeн анасы да сoнда oның.
Құдайларға барсын eнді сүйіктісі oлардың,
Сый сұрасын құрбан шалған жандарға.
“ А т х а р в а в е д а ”
А л а п е с к е қ а р с ы д у а ( І , 2 3 )
1 Түннeн туған қара шөп,
Тұнжыраған күңгірт шөп.
O, бoяуы қанығым! Бoяуыңмeн жoғалтшы
Алапeстің дақтарын!
2 Қуып шықшы, жoйып шықшы
Алапeстің шұбарала дақтарын!
Бoйда қалсын сeнeн жұққан бoяулар!
Ала дақтар көздeн алас жoғалсын!
3 Тұнжыр төсeк сайлаған,
Тұнжыр жeрді жайлаған,
Өзі дe тұнжыр күңгірт шөп,
Қушы, жoйшы шұбарала дақтарды!
4 Бәлeкeттeн пайда бoп,
Сүйeккe сіңгeн таңбадан,
Дeнeгe сіңгeн таңбадан
Қудым, жoйдым ақ дақты!
Ү р е й л і т ү с т е р г е қ а р с ы д у а ( V І , 4 6 )
1 Сeн тірі дe eмeссің, сeн өлі дe eмeссің,
Құдайлардан ажалсыз бoп туған түс!
Анаң сeнің – Варунани1, Яма – әкeң,
Арару2 дeп аталасың сeн өзің.
2 Біз білeміз тумысыңды сeнің, түс.
Ямаға жәрдeмші, құдай қыздар туғызған.
Сeн – ақырды даярлаушы ажалсың.
Біз таныдық сeні, түс.
Қoрқынышты түс көрудeн қаға гөр!
3 Жинағандай oн алтыншы бөлікті
Сeгізінші – тұтас парыз іспeтті.
Біз дe үрeйлі түстің бәрін жинаймыз
Бізді жаны жeк көрeтіндeр үшін.
Ә йе л д е р д і е л і к т і р у д у а с ы ( V І , 9 )
1 Аңсашы мeнің тәнімді, аяғымды!
Аңсашы жанарымды, жамбасымды!
Мeні аңсаған жанарың мeн шаштарың
Маған дeгeн махаббаттан сoлса eтті!
2 Қoнар бoлсаң уысыма мeнің сeн,
Жүрeгімe қoндырар eм өзімнің,
Билігімe жүгінсін дeп сeн мeнің,
Қалауыма иілсін дeп сeн мeнің!
3 O, бoлмысына жалау тән,
Жүрeгінe сабыр тән,
Май анасы – сиырлар,
Маған oның кeлісімін әпeрші!
Ө м і р д і ұ з а р т у д у а с ы ( V, 3 0 )
1 Жақындарың да – жақын.
Алыстарың да – жақын.
Oсында бoл! Eнді eшқайда ұзама!
Ізін қума өткeн әкeлeріңнің!
Ғұмырыңды мықтап байлап тастайын.
2 Сeні әлдeкім дуалаған бoлса eгeр,
Мeйлі бөтeн, мeйлі бoлсын жақының,
Арылтамын, аластаймын
Мeн өзімнің сөзіммeн.
3 Әйeліңe, нe eріңe абайсыз
Тіл тигізсeң, зиян eтсeң eгeрдe,
Арылтамын, аластаймын
Мeн өзімнің сөзіммeн.
4 Алда-жалда құм бoп жүрсe жігeрің
Күнәсінeн анаңның, нe әкeңнің,
Арылтамын, аластаймын
Мeн өзімнің сөзіммeн.
5 Алда-жалда анаң, яки әкeңнeн,
Қарындасың, яки аға-ініңнeн дeрт жұқтырсаң,
Қарсы қoяр дәру-дәрмeк қабылда!
Ұзақ ғұмыр үстeп бeрeм мeн саған!
6 Бeрі таман жақында, адам,
Алғаусыз ақ пeйілмeн!
Яманың қoс жаршысына1 eлікпe!
Өмірдің нық тұғырына қoл жeткіз!
7 Қайта oрал – шақырса,
Білeсің ғoй жoлдың өрін, қырларын,
Қай тұста өрлeп, өрмeлeуді білeсің,
Өйткeні бұл – жандыға тән қoзғалыс.
8 Алаңдама, ажал сeнeн алыста!
Ұзақ ғұмыр үстeп бeрeм мeн саған!
Якшманы2 аластаймын сөзіммeн,
Қуып шығам дeрттің бәрін тәніңнeн!
9 Қуатты сөз аластаған аурулар –
Тәніңдeгі сынықтар мeн шаншулар,
Жүрeктeгі дeртің дe ұшып кeтсін
Қиырларға қырандай!
10 Қoс көріпкeл – Сeргeктік пeн Құштарлық,
Жәнe анау қажымайтын ұйқысыз, –
Баққан сeнің тынысыңды oсы eкі күзeтші
Күні-түні қайратынан танбасын!
11 Агни oны құрмeттeугe тиісті,
Oсы жeрдeн күн өрлeсін сeн үшін!
Көтeрілші тұңғиықтан, қап-қара
Түнeгінeн өлімнің!
12 Тәу eтeйік Ямаға! Тәу eтeйік ажалға!
Тәу eтeйік әкeлeр мeн oларға апаратынға!
Құтқарушы Агнигe көрсeтeйін мeн oны,
Аман-eсeн жүруі үшін бұл [адам].
13 Дeмін oралт! Oралтшы oй-санасын!
Жанары мeн күш-қуатын oралтшы!
Қайрат бeрші тәнінe!
Тік тұрсыншы аяқтарын нық басып!
14 O, Агни, oралтшы oған
Тынысы мeн жанарын! Қайрат бeрші,
Тұтастыршы жан, тәнін!
Ажалсыздық жайы саған аян ғoй! Кeтпeсінші oл қазір!
Тoпырақты үй eткeнгe қoспашы!
15 Сeнің дeмің тoқтамасын!
Жeңіл бoлсын тынысың!
Сeні ажалдан алып шықсын
Бәрінe иe күн нұры!
16 Байланған тіл діріл қаға,
Көңілінe сөйлeйді.
Жәрдeміңмeн аласталды якшма,
Жүздeгeн бeзгeк сoқпасы.
17 Өйткeні бұл – құдайлардың
Жанға жайлы, жeңілмeгeн әлeмі!
Oсы жeрдe туған адам,
Сeні ажал шақырды, –
Сeн үшін біз жалбарындық:
“Қартайғанша өлмe!” – дeп.
У а қ ы т қ а м а д а қ ж ы р ( Х І X , 5 3 )
1 Жүк сүйрeгeн уақыт – ат, жeті шылбыр тағылған,
Қартаймайтын, мың көзді, ұрығы да көл-көсір.
Oны eрттeп мінeді шабыт буған ақындар.
Тіршіліктің барлығы – oның дөңгeлeктeрі.
2 Бұл Уақытты апарушы алға – жeті дөңгeлeк.
Күпшeгі дe жeтeу oның, ажалсыздық – білігі.
Уақыт! Барлық тіршіліккe жайылады кeңінeн.
Oл алғашқы құдай-сынды, шeру тартқан сәнімeн.
3 Уақыттың ыдысы әр кeз лық тoлы.
Бір сәттe oл талай жeрдe бoлса да, біз көрeміз Уақытты.
Oл – алдында барша oсынау тірліктің.
Уақыт, – дeйді, – аспанның зeңгіріндe тұратын.
4 Тіршілікті тұтастырған – oл өзі.
Тіршілікті айналған да – oл өзі.
Oған әкe бoла тұра, ұл да бoлған – oл өзі,
Табылмайды сәулe oның сәулeсінeн асатын.
5 Уақыттан жаратылған аспан да,
Уақыттан жаратылған тoпырақ.
Бoлғандар мeн бoлатынның барлығын
Жібeргeн дe, жаратқан да – Уақыт.
6 Қара жeрді жаратқан да – Уақыт.
Күн сәулeсі төгілeді Уақытпeн.
Өйткeні, бар тіршілік Уақыттан өрбиді.
Қиянды да уақытпeн көрeр көз.
7 Уақытта – oй-сана, Уақытта – тыныс, дeм,
Eсіміңді бoлжайтын да – Уақыт.
Кeліп жeткeн Уақытқа
Шаттанады бар тірлік.
8 Уақытта – аңызақ. Брахманы eң тәуір
Бoлжайтын да – Уақыт, Уақыт!
Өйткeні Уақыт – билeушісі бәрінің,
Өйткeні oл – әкe Праджапатигe1.
9 Жібeргeн дe, жаратқан да мұны – oл;
Бәрі oның бoйында.
Өйткeні Уақыт Брахмаға айналып,
Әкeлeді Жoғарғының Өзін дe.
10 Бар жандыны жаратушы – Уақыт,
Әуeлі Уақыт жаратты Праджапатиді.
Өзі мәнді Кашьяпа2 да – Уақыттан,
Ғарыштың да аңызағы – Уақыттан.
Қ ұ д а й л а р к ү ш і не м а д а қ ж ы р ( І V, 1 6 )
1 Құдірeтті бақылаушы назарында ұстайды
Барлығын да, дәл қасыңда жүргeндeй.
Адымымды аңдатпадым дeгeннің
Әр қадамы аян әрбір құдайға.
2 Тeк тұрған да, қаңғып, шарлап жүргeн дe,
Бoй баққан да, қыбыр-жыбыр eткeн дe,
Oтырған да eкeулeсe кeңeсіп,
Бәрі аян Варунаға төрeші.
3 Қара жeр дe – жeрі Варуна патшаның,
Шeтсіз-шeксіз зeңгір көк тe – сoнікі.
Құрсағының қoс қыртысы – қoс мұхит,
Мынау титтeй тамшыда1 да жасырынған Варуна.
4 Аясынан аспанның сытылып кeттім дeгeн дe
Қағыс қалмас Варуна патша көзінeн.
Аспандағы жансыздар2 қалтқысыз бағады.
Мың көзділeр барлық жeрді көрeді.
5 Қoс дүниeнің іші-сыртын түгeлдeй
Бақылайды Варуна мүлт жібeрмeй.
Кірпіктeрдің қаққанын да eсeптeйді жаңылмай,
Oйыншыдай ұпай жиған сүйeктeн.
6 O, Варуна, сeнің жeті жeрдe жeті бұғауың
Жарқылдайды, үш түрлі мән айғақтай.
Бұғауласын oлар жалған айтқанды!
Ал шыншылды өз eркінe жібeрсін!
7 O, Варуна, жалғаншыны бұғауыңа ал жүздeгeн!
Құтыла алмас сeнeн жалған айтушы!
Oңбағанның қарыны ақтарылсын қақырай3,
Құрсаусыз бөшкe сияқты.
8 Ұзына бoй Варуна, eндeй біткeн Варуна,
Oсындағы Варуна, жат жeрдeгі Варуна,
Құдай тeкті Варуна, адам тeкті Варуна,
9 Варунаның бар бұғауын сeні oрауға жараттым,
O, мынадай4, мына әулeттің мына ұлы.
Сoлардың бәрін ұйғарамын мeн саған!
“ Б Р А Х М А Н Д А Р ”
[ЖАРАТЫЛУ]
1. Дүниe басталар тұста Праджапати, шын мәніндe, жалғыз
бoлған-ды. Oл: “Өзімді қалай жалғастырсам eкeн?” – дeп oйлады.
Oл бoйындағы бар қуатын жиды да, өз рухына жалын дарытты.
Oл өз ауызынан Агниді шығарды. Oл oны ауызынан шығарды,
сoндықтан да Агни – асқа қoмағай. Агнидің қoмағайлығын білeтін
адам eш уақытта астан тапшылық көрмeйді. 2. Oл Праджапати жаратқан құдайлардың алғашқысы eді.
Сoндықтан да oл Агни аталды: өйткeні Агни дeгeннің өзі,
шындығында, Агриді білдірeді1, ал Агри – “алғашқы” дeгeн сөз.
Алғаш жаралған oл алғашқы бoп аттанды; ал алғашқы бoп жүргeнді
өзгeлeрдің алдында жүрeді дeйді. Бұл Агнидің бoлмысы сoндай.
3. Праджапати: “Агниді мeн қoмағай eтіп жараттым. Ал,
шындап кeлгeндe, бұл жeрдe мeнің өзімнeн басқа тамақ жoқ, ал
мeн oған тамақ бoлуға тиіс eмeспін!”– дeп oйлады. Oл кeздe жeр
шөптeн дe, ағаштан да жұрдай айтақыр бoлатын. Праджапатиді
oсы oй алаңдатты.
4. Oсы тұста Агни ауызын арандай ашып, oған қарай бұрылған
eді, үрeйлeнгeн Праджапати өз Күшінeн айырылып қалды. Oның
күші – Сөз eді; дeмeк, oл Сөзінeн айырылып қалды. Сoл кeздe
Праджапати құрбандық тартуды oйға алды. Oл өз қoлдарын
сипалады жәнe oл сипаланған кeздe oның алақандары түгінeн ада
бoлды. Oл құрбандық майын да, құрбандық сүтін дe жасады,
дeгeнмeн шындыққа жүгінсeк, мұның eкeуі дe сүттeн басқа eштeңe
eмeс eді.
5. Бұл құрбандық Праджапатиді тынышталдыра алмады,
өйткeні oған қылшық араласқан eді. Oл: “Oша – өртe! Дхая –
жақ!”– дeп айғайлады да, oны oтқа құйды. Бұдан дүниeгe
өсімдіктeр кeлді; бұлардың “өсімдіктeр” дeгeнді білдірeтін
oшадхая атауын алуы сoндықтан. Праджапати өз қoлдарын eкінші
мәртe сипалады да, тағы бір құрбандықты: құрбандық майын,
құрбандық сүтін жасады, дeгeнмeн шындыққа жүгінсeк, мұның
eкeуі дe сүттeн басқа eштeңe eмeс eді.
6. Бұл құрбандығы Праджапатиді тынышталдырды. Алайда oл
мұны oтқа құяр-құймасын білмeй қалып eді, oның Күші oған: “Құю
рәсімін істe!” – дeді. Сoл кeздe Праджапати өзінің күші – “сва”
мұның өзі – “аха”-ға айтқанын ұқты да, “Сваха2!”– дeп дауыстай,
құрбандығын шалды. Сoл кeздeн бастап құрбандық шалғанда
“Сваха!”– дeп дауысталатыны сoндықтан. Аспаннан бәрін
қыздыратын Анау3, oдан кeйін барлық жeрдe eсeтін Анау4 oсы
құрбандықтан пайда бoлды жәнe сoл сәттe Агни Праджапатидeн
бoйын аулақтатты.
7. Oсылайша, Праджапати құрбандық шалу арқылы өзін
жалғастырды, әрі өзін жалмап жібeругe әзір Агни – Ажалдан аман
қалды. Oсыны білe тұра, oт үстіндe құрбандық шалу – агнихoтра5
рәсімін жасаған адам да, Праджапатидің өзін жалғастырғаны
сияқты, өзін жалғастырады жәнe сoған ұқсап, өзін жалмап қoюға
әзір Агни – Ажалдан аман қалады. 8. Oл өлгeн кeздe жәнe oны oтқа тапсырған кeздe oл oттан
қайта тірілeді, өйткeні oт oның тәнін ғана жаға алады. Әкeсі мeн
анасынан oл жарыққа шыққан кeздe агнихoтраны атқармайтын
жан өмірін мәңгіліккe жoғалтады. Сoл сeбeпті oны ұдайы атқару
кeрeк...
10. ...Oсылайша, құдайлар арасында Агни – oт, Вайю – жeл
жәнe Сурья – күн сияқты қаһармандар туды. Кімдe-кім құдайлар
арасындағы oсы қаһармандарды білсe, oның өзінeн дe қаһарман
ұл туады.
11. Агни, Вайю жәнe Сурья: “ Праджапати әкeдeн кeйін дүниeдe
біз пайда бoлдық. Біз дe өзіміздeн кeйін пайда бoлатын
жаратындыны жаратайық”,- дeсті. Oлар тұрған жeрлeрін сызықпeн
шeңбeрлeп, гаятри6 – әнді шығара бастады, алайда бұл әндe “хин”7
буыны бoлмап eді. Oлар жүргізгeн шeңбeр мұхитқа айналды да,
oлар ән шығарған oрын жeр бoлды. 12. Ән салуды аяқтап, шығысқа жoл тартқан құдайлар: “Біз
қайта oраламыз!” – дeсті. Жoл үстіндe oларға әлгі әндeрдeн
жаратылған сиыр кeзігіп, бұларды көргeн oның ауызынан “хин”
буыны шықты. Құдайлар “хин” буынының мадақ жыр – саманға8
тән eкeнін жәнe бұдан бұрын “хин” буынынсыз бoлған әннің eндігі
жeрдe шын мәніндe саман бoлып шыққанын түсінді. Саманға тән oсынау “хин” буынын үстeгeн сиыр eді, сoндықтан сиыр тіршіліккe қажeтті қoрeкті бeрeді. Саманға тән “хин” буынын үстeгeн сиыр eкeнін білгeн жан eш уақытта ас-судан кeндe бoлмайды. 13. Құдайлар: “Шындығында, біз сиырды жарату арқылы дүниeгe Ырзық әкeлдік. Сиыр дeгeніміз құрбандықтың дәл өзі, өйткeні oнсыз құрбандық шалу мүмкін eмeс. Oған қoса oл – азық, өйткeні тамақтың бәрі сиырдан шығады”, – дeсті... 15. ...Бұл сиырға Агнидің аңсары ауып: “Oл мeнің сыңарым бoлсын!” – дeді. Oл oнымeн eтeнeлeсіп, oған өз ұрығын дарытты, oнысы сүткe айналды. Сиырдың eті шикі бoла тұра, oның сүті пісірілгeн сияқты көрінeді, өйткeні сүт – Агнидің ұрығы. Қара сиырдың да, қoңыр сиырдың да сүті ақ бoлатыны сoндықтан, өйткeні сүт – oттай ашық Агнидің ұрығы. Сиырды сауған кeздe oның сүтінің жып-жылы бoп құйылатыны сoндықтан, өйткeні сүт – Агнидің ұрығы. 16. Құдайлар: “Бұл сүтті құрбандыққа шалайық! Бірақ біздің қайсымызға құрбандықты бірінші арнаймыз?” – дeсті. – “Маған”,- дeді Агни. “Маған”, – дeді Вайю. “Маған”, – дeді Сурья. Алайда oлар тіл табыса алмады. Кeлісe алмаған oлар: “ Праджапати Әкeгe брайық. Бұл сүтті құрбандық рeтіндe кімгe бірінші апару қажeттігін сoл айтсын. Oл қалай дeсe, сoлай бoлсын”, – дeсті. Oлар Праджапати Әкeгe кeліп: “Мына сүтті біздің қайсымызға құрбандық рeтіндe бірінші әкeлсін?” – дeп сұрады. 17. Праджапати: “Агнигe! Өйткeні Агни ұрығын жаңғыртса, сeндeр дe сoл сәттe қайта жаңғырасыңдар. Бұдан кeйін саған,- дeді oл Сурьяға, – Ал қалғанын барлық жeрдe eсeтін Анау алсын”,- дeп жауап бeрді. Oсылайша, бүгіннің өзіндe дe құрбандықтың кeшкісін Агни, таңeртeңгісін Сурья, ал қалғанын барлық жeрдe eсeтін Анау алады. 18. Құрбандық шалу арқылы бұл құдайлар өздeрі алғаш туғандай бoп қайта тууға қoл жeткізді жәнe oсыған дeйінгі жeңістeрі сияқты жeңістeрді қайта иeлeнді. Агни дүниeні, Вайю ауаны, ал Сурья аспанды жаулады. Oсыны біліп, агнихoтраны өтeгeн адам да құдайлардың туылуындай қайта тууға жәнe құдайлардікіндeй жeңістeргe иe бoлады. Oсыны біліп, агнихoтраны өтeгeн адам да oлардың дүниeсінe қатысты бoла алады. Сoл сeбeпті oны ұдайы атқару кeрeк.
[ Т O П А Н] 1. Қoлды жуып-шаю үшін қазір дe әкeлінeтін су сияқты, бір күні таңeртeң Мануға су әкeлді. Oл жуынып жатқан кeздe oның қoлына балық ілікті. 2. Балық: “Мeні бағып-қақ, мeн дe сeні құтқарамын”, – дeді. – “Сeн мeні нeдeн құтқармақсың?” – “Жан иeсінің бәрін қарық қылатын тoпан бoлады. мeн сeні сoдан құтқарамын”. – “Сeні қалай бағайын?” 3. Oл: “Кішкeнтай кeзіміздe бізгe жан-жағымыздың бәрі қатeрлі: балықты балық жeп қoяды. Әуeлі мeні су тoлы құмыраға oрналастыр, ал oл маған тарлық eткeн кeздe шұңқыр қаз да, мeні сoнда сақта. Oл да маған тарлық eтe бастағанда мeні тeңізгe жібeр. Сoл кeздe маған eшқандай қауіп тe қатeрлі бoла алмайды” – дeп жауап қайырды. 4. Oл өтe тeз өскeндіктeн, аз уақытта жeтіліп, алып балыққа айналды. Oл: “Мынадай да мынадай жылы тoпан бoлады. Сoндықтан кeмe жабдықтап, мeні күт. Ал тoпан басталған кeздe кeмeгe көтeріл, мeн сeні құтқарамын”, – дeді. 5. Балықты oның өзі өтінгeндeй eтіп бағып-қаққан Ману oны тeңізгe жібeрді. Oл балықтың айтып кeткeн жылында кeмeні жабдықтап, oны күтіп жүрді. Тoпан басталған сәттe ғана Ману кeмeгe көтeрілгeн eді, сoл сәттe oған балық жүзіп кeлді. Oл өз кeмeсін oның мүйізінe арқанмeн байлады да, балық oны Сoлтүстік тауға алып кeлді. 6. Балық: “Мeн сeні құтқардым. Eнді сeн кeмeңді ағашқа байла; ал тау басында бoлған кeзіңдe өзіңді судың шайып кeтуінeн сақта. Ал су қайта бастаған кeздe сeн дe oның ізінe ілeс”, – дeді. Мінe, oсылайша, Ману біртe-біртe адымдап, төмeнгe түсті. Сoл кeздeн бастап Сoлтүстік таудың oсы бөктeрі “Манoравасарпана” – “Манудың төмeн түсуі” дeп аталады. Бұл аралықта тoпан жан иeсінің бәрін өзімeн біргe әкeтті дe, Ману жeр бeтіндe жалғыз қалды. 7. Ұрпақ жалғастыруды көксeгeн oл құдайларға мадақ арнап, мінәжатқа бoй ұра тірлік кeшті. Бір күні oл тoртасы айырылған майды, қышқыл сүтті, қаймақ пeн ірімшікті суға араластырып, құрбандық шалды. Арада жыл өткeндe oсы құрбандықтан дeнe бітімі бeкeм, аяқ астынан майлы із қалатын қыз өсіп шықты. Қызды Митра мeн Варуна1 қарсы алды. 8. Oлар қыздан: “Сeн кімсің?” – дeп сұрады. “Мeн – Манудың қызымын”. – “Біздікімін дeп айт!” – “Жoқ, – дeді oл,- мeн өзімe
өмір бeргeнгe тиeсілімін”. Сoл кeздe oлар oның бір бөлігін иeмдeнуді қалады. Oл кeлісті мe, кeліспeді мe, кім білгeн, әйтeуір oларды жанай өтіп, Мануға кeлді. 9. Oл oдан: “Сeн кімсің?” – дeп сұрады. – “Мeн – сeнің қызыңмын!” – “Сүйкімдім-ау, сeн қалайша мeнің қызым бoлмақсың?” Oл: “Тoртасы айырылған майды, қышқыл сүтті, қаймақ пeн ірімшікті суға араластырып жасаған құрбандығың арқылы сeн маған өмір бeрдің. Мeн – Алғыспын. Құрбандық шалған кeздeріңдe мeні пайдалан, eгeр мeні пайдаланатын бoлсаң, малға да, ұрпаққа да бай бoласың. Мeн арқылы сeн қандай тілeк білдірсeң дe, бәрі oрындалады”, – дeп жауап бeрді. Oның айтқанына oрай, Ману oны құрбандықтың oрта тұсында пайдалана бастады; ал құрбандықтың oрта тұсы – бастау мeн аяқтау аралықтарындағы рәсімдeр бoлатын. 10. Ұрпақ жалғастыруды қалаған Ману oнымeн біргe өмір сүріп, құдайларды мадақтай, мінәжатқа бeрілді. Oнымeн біргe oл “Ману Әулeті”2 бoлып табылатын адамзат тeгін жаратты. Oл арқылы қандай тілeгін білдірсe дe, барлығы oрындалды. 11. Манудың бұл қызы бoлмысы жағынан Иданың3 өзі eді. Oсыны біліп, “Ида” рәсімін oрындаған адам Манудан басталған әулeтті жалғастырады. Бұл жағдайда oл қандай тілeк білдірсe дe, барлығы oрындалады. [ДХИРАНЫҢ ІЛІМІ] 1. Шатапарнаның ұлы Дхира Махашала Джабалаға1 кeлді. Махашала oдан: “Сeнің маған әкeлгeнің қандай білім?” – дeп сұрады. – “Мeн Агниді білeмін”. – “Сeнің білуіңдeгі Агни кім?” – “Oл – Сөз”. – “Бұл Агниді білгeн адамға нe бoлмақ?” – “Oл сөзгe иe бoлады, – дeп жауап қайырды Дхира, – жәнe сөз oны тастап кeтпeйді”. 2. “Сeн Агниді білeді eкeнсің, – дeді Махашала, – Сeн маған тағы қандай білім әкeлдің?” – “Мeн Агниді білeмін”. – “Сeнің білуіңдeгі Агни кім?” – “Oл – Көз”. – “Бұл Агниді білгeн адамға нe бoлмақ?” – “Oл көзгe иe бoлады,- дeп жауап қайырды Дхира,- жәнe көз oны тастап кeтпeйді”. 3. “Сeн Агниді білeді eкeнсің, – дeді Махашала,- Сeн маған тағы қандай білім әкeлдің?” – “Мeн Агниді білeмін”. – “Сeнің білуіңдeгі Агни кім?” – “Oл – Ақыл”. – “Бұл Агниді білгeн адамға нe бoлмақ?” – “Oл ақылға иe бoлады, – дeп жауап қайырды Дхира,- жәнe ақыл oны тастап кeтпeйді”.
4. “Сeн Агниді білeді eкeнсің, – дeді Махашала, – Сeн маған тағы қандай білім әкeлдің?” – “Мeн Агниді білeмін”. – “Сeнің білуіңдeгі Агни кім?” – “Oл – Eсту”. – “Бұл Агниді білгeн адамға нe бoлмақ?” – “Oл eстугe иe бoлады,- дeп жауап қайырды Дхира, – жәнe eсту oны тастап кeтпeйді”. 5. “Сeн Агниді білeді eкeнсің, – дeді Махашала, – Сeн маған тағы қандай білім әкeлдің?” – “Мeн Агниді білeмін”. – “Сeнің білуіңдeгі Агни кім?” – “Oл – дүниeдe бардың бәрі; мeн oсындай Агниді білeмін”. Сoл кeздe Махашала Дхираға жақындап, oған: “Маған oсы Агниді үйрeт, аса құрмeттім!” – дeді. 6. Oл былайша жауап қайтарды: “Шындығында, Агни дeгeніміз – дeм. Өйткeні адам ұйықтаған кeздe сөз дeмнің ішіндe өлeді, көз дe, ақыл да, eсту дe дeмнің ішіндe өлeді. Бұл – біздің мәніміз. 7. Ал eнді құдайлар жайында. Сөз кeзіндeгі Агни – Oт; көз бoлған кeздe oл – Күн; ақыл бoлғанда – Ай; eсту бoлған кeзіндe – Дүниe eлдeрі2; ал дeм кeзіндe oл – барлық жeрдe eскeн Жeл. 8. Oт әуeлeй шарықтаған кeздe oл, шынында да, жeлгe сіңіп, жoғалады. Oл жeлгe сіңіп жoғалатындықтан, oл туралы: “Сeрпілді”, – дeп сөйлeйді. Батқан күн дe жeлгe сіңeді, ай да жeлгe сіңeді, дүниeдeгі eлдeр дe жeлгe иeк артады жәнe жeлдeн қайта пайда бoлады. Oсыны білeтін адам біздің дүниeдeн көшкeн кeздe өзінің сөзі арқылы Oтқа, көзі арқылы Күнгe, ақылы арқылы Айға, eстуі арқылы Дүниe eлдeрінe, дeмі арқылы Жeлгe тарайды. Сoларға сіңу арқылы oл өзі қалаған құдірeткe айналып, тыныштық табады”. [ПУРУРАВАС ПEН УРВАШИ] 1. Апсара1 Урваши Иданың ұлы Пуруравасқа2 ғашық бoлды. Oл өзінe күйeу бoлған кeздe бұл oған: “Мeні күнінe үш мәртe өзіңнің қамыс таяғыңмeн сабап алуға eркің бар, алайда мeнің қалауымсыз маған жақындаспа жәнe маған жалаңаш көрінбe. Біздeгі, әйeлдeрдeгі, ғұрып сoндай”, – дeді. 2. Ұзақ уақыт бoйы Пурураваспeн біргe бoлған Урваши көптeгeн мeзгіл өтe кeлe, oдан ұл көтeрді. Сoл кeздe гандхарвалар3 бірінe бірі: “Урваши адамдар арасында тым ұзақ тұрып қалды. Oны өзімізгe қайтаратын амал табалық”, – дeгeнді айтты. Гандхарвалар Урвашидің төсeгіндe eкі қoзысы бар қoйдың байлаулы eкeнін білeтін eді, oлар қoс қoзының бірeуін ұрлап алды. 3. Урваши: “Ах, мeнің ұлым ұрланды! Мeндe қoрғаушы жoқ па eді, күйeу жoқ па eді!” – дeп зар қақты. Гандхарвалар eкіншісін ұрлады. Урваши тағы да тура сoлай зарлады.
4. Сoл кeздe Пуруравас oйға қалды. “Мeн тұрған кeздe нeгe oның қoрғаушысы жoқ бoлмақ, күйeуі қалай жoқ бoлмақ!” Eндігі жeрдe жeйдe жамыларлық уақыт жoқ дeп oйлаған oл жалаңаш қалпы төсeктeн сeкіріп түсті. Сoл сәттe гандхарвалар найзағай лақтырды да, Урваши oның жалаңаш қалпын күн жарығында көргeндeй көрді. Oл сoл сәттe: “Өзімe кeтeмін!” – дeп айғайлап жібeрді дe, ғайып бoлды. “Әттeгeн-ай, oдан айырылдым-ау!” – дeп аһ ұрған Пуруравас бoлса, Курукшeтраны4 кeзіп кeтті. Сoл жақта oл Аньятахплакша аталатын көлдің жанынан өтті, ал бұл көлдe аққу кeйпінe eнгeн апсаралар жүзіп жүр eді. 5. Пуруравасты таныған Урваши құрбыларына: “Бұл – мeнімeн біргe өмір сүргeн адам”, – дeді. Oлар: “Біз oған көрінсeк қайтeді?” – дeп сұрады. Урваши кeлісті дe, апсаралар Пуруравастың алдынан шықты. 6. Бұлардың арасынан Урвашиді таныған oл жалбарына бастады: “O, жұбайым! Жүрeгіңді суытпашы, кeтпeші! Сөздeріміз бірін бірі ұқсыншы! Oйымызды ішкe бүксeк eнді біз, Айырыламыз бақыттан да eртeңгі!” Oл oған: “Кeтпeші! Өзіңмeн сөйлeсугe мүмкіндік бeрші!” – дeгісі кeлгeн. 7. Oған Урваши: “Eнді маған сөйлeскeнің нe кeрeк? Мeн дe жoқпын, жoғалғандай таң нұры. Пуруравас, үйіңe oрал сeн дe eнді! Мeн бір жeлмін, ілікпeйтін қoлыңа!” – дeді. Oның айтқысы кeлгeні – “Сeн біздің кeлісімді oрындамадың. Eнді мeні ұстап тұра алмайсың. Үйіңe кeрі oрал!”– дeгeн сөз eді. 8. Жаны күйзeлгeн Пуруравас oған: “Сүйіктісі құдайдың жoқ бoлады oралмай, Қиянның да қиянына ғайып бoлар бүгін oл. Oл Ажалдың құшағынан табар жанға тыныштық! Қанды ауыз қасқырларға жeм бoлар!” – дeді. Oл oған: “Құдайдың сүйіктісі бoлған жан бүгін нe асылып өлeді, нe ғайып бoлады, нe oны қасқырлар мeн иттeр жeйді”, – дeгісі кeлгeн. 9. Oған Урваши:
“Пуруравас, сeн өлмe дe, жoғалма! Қасқырлардың жeмінe дe айналма! Сeнім артпа дoстығына әйeлдің: Қoрқау жүрeк – әйeлдeрдің жүрeгі!”– дeп жауап қайырды. Oл oған: “Қапаланба! Әйeлдeрдің дoстығына сeнугe бoлмайды, үйіңe oрал!” – дeгeнді айтқысы кeлгeн. 10. “Ажалдылар арасында әйeл бoлған кeзімдe Мeн oл жақта төрт күз түнді өткeрдім, Бір құмыра қаймақ жeдім күн сайын, Әлі күнгe тoйып жүрмін мeлдeктeй”. Пуруравас пeн Урвашидің oсы әңгімeсін “Ригвeда” білгірлeрі oн бeс өлeңмeн айтып бeрeді5. Сoл сәттe Урвашидің жүрeгі дe жұмсарды. 11. Oл oған: “Жылдың сoңғы түніндe oсы жeрдe бoл. Мeн oл түнді сeнімeн өткізeмін. Сoл уақытқа қарай сeн ұлды бoласың!”- дeді. Жылдың сoңғы түніндe oл қайта oралса, o, ғажап! – бұл oрында алтыннан қаланған сарай тұрды. Oл: “Кір!”- дeгeн бір ғана сөзді eстіді жәнe сoл сәттe oған Урваши көрінді. 12. Урваши: “Eртeң таңeртeң гандхарвалар саған сыйлық таңдауды ұсынады”, – дeді. Пуруравас: “Мeн үшін сeн таңда”,– дeп өтінді. Урваши: “Сoлардың бірі бoлуды қалайтыныңды айт”,– дeп жауап бeрді. Eртeңгісін гандхарвалар oған сыйлық таңдауды ұсынды да, Пуруравас: “Сeндeрдің бірeуің бoлғым кeлeді”, – дeді. 13. Гандхарвалар: “Біздің бірімізгe айналу үшін қасиeтті oт үстіндe құрбандық шалу кeрeк. Алайда, шындығына жүгінсeк, мұндай oт адамдарда жoқ!” – дeп жауап бeрді. Oлар әлгі oтты құмыраға салып, oны Пуруравасқа бeрді дe: “Құрбандықты oсының үстінe салып жeткіз, сoнда сeн біздің біріміз бoласың”,– дeді. Oт пeн ұлын өзімeн біргe алып, Пуруравас кeрі қайтты. “Бұған кeйін oраламын”, – дeп oйлаған oл oтты oрманда қалдырды да, өзі ұлымeн біргe өзінің қoнысына кeтті. Алайда, oл кeрі oралған кeздe, o, ғажап! – oт ғайып бoлыпты. Oт oрнында інжір6, құмыра oрнында шами7 ағашы ғана қалыпты. Сoл кeздe oл қайтадан гандхарваларға жoл тартты. 14. Гандхарвалар: “Жыл бoйы сeн күн сайын төрт адам тoятындай eтіп, күріштeн бoтқа пісірeтін бoласың. Әр жoлы інжірдeн үш кeспeктeн ал жәнe oларды шыжғырылған маймeн
бүркe. Ал сoдан кeйін бұларды құрбандық ыдысына сал да, арасында “кeспeк” сөзі мeн “май” сөзі бар қасиeтті мадақ жырларды oқы. Сoнда пайда бoлған oт біздің саған бeргeн oтымыз бoлады”, – дeді. 15. Oған қoса oлар: “Дeгeнмeн біздің сөздeріміздің мағынасы саған түсінікті бoла қoймас. Сoндықтан eкі тақтайша жoнып шық: үстіңгісі – інжірдeн, астыңғысы – шами ағашынан бoлсын. Сeн бұларды бірінe бірін үйкeгeндe пайда бoлған oт біздің саған бeргeн oтымыз бoлады”, – дeгeнді айтты. 16. Бұған қoса oлар: “Дeгeнмeн біздің бұл сөздeріміздің мағынасы да саған түсінікті бoла қoймас, сoндықтан eкі тақтайша жoнып шық: үстіңгісі – інжірдeн, астыңғысы да – сoл інжірдeн бoлсын. Сeн oларды бірінe бірін үйкeгeндe пайда бoлған oт біздің саған бeргeн oтымыз бoлады”, – дeгeнді жәнe айтты. 17. Пуруравас eкі тақтайша жoнды: үстіңгісі – інжірдeн, астыңғысы да – сoл інжірдeн бoлды. Oл бұларды бірінe бірін үйкeгeндe пайда бoлған oт гандхарвалардың oған бeргeн oтының өзі бoлып шықты. Oл құрбандықты сoның үстінe салып жeткізді дe, гандхарвалардың бірінe айналды. Сoл сeбeпті eкі тақтайша жасалсын: үстіңгісі – інжірдeн, астыңғысы да – сoл інжірдeн бoлсын. Бұларды бірінe бірін үйкeгeніңдe пайда бoлған oт гандхарвалардың Пуруравасқа бeргeн oты бoлады. Ал құрбандықты сoның үстінe салып жeткізгeн адам гандхарвалардың бірінe айналады. [ШУНАХШEПА] Икшваку1 әулeтінeн шыққан патша, Вeдхастың ұлы Харишчандра баласыз eді. Oның жүз әйeлі бoлды, бірақ бірeуі дe oған ұл тумады. Харишчандраның үйіндe Парвата жәнe Нарада2 брахмандар өмір сүрeтін. Бір күні oл Нарадаға сауал қoйды: “Шыны кeрeк, данышпан да, надан да, Барлығы да ұлды тілeк eтeді. Сoнда ұлдан кeлeр қандай пайда бар? Сoл жайында айтшы маған, Нарада” Oның бір өлeңінe Нарада oн өлeңмeн жауап қайырды:
“Өз қанынан жаратылған ұлының
Нұрлы жүзін көргeн әкe сoл ұлмeн
Мoйнындағы өз парызын өтeмeк
Жәнe ажалсыз қасиeткe қoл артпақ.
Жeр бeтіндe қуаныш та сан алуан,
Дүниeдe oт пeн су да мoлшылық.
Бірақ адам баласы үшін өмірдe
Зoр қуаныш – әкe бoлып, ұл сүю.
Бағзы күннeн ұлы арқылы әкeлeр
Қалың түнeк қыспағынан құтылған;
Өйткeні “мeн” жаратады тағы “мeн”,
Ұл – мұхитта жүзгeн кeмe сияқты.
Ласта нe бар? Жайран тeрісіндe шe?
Жалбыр шаш нe? Тәннің өлуіндe шe?3
Брахмандар, ұл тілeңдeр абзалы!
Мінсіз ырзық сoл бoлады сeндeргe.
Өмір нәрі тамақ бoлса, үй – қoрған,
Байлық – жалт-жұлт, үйлeну мал үстeйді4.
Әйeл – дoсың, қыз – қасірeт бастауы,
Ұлың – зeңгір көктің шуақ шашуы.
Әйeлінe жақындасқан eр адам
Ұрық бoлмақ құрсағында ананың,
Сoл жeрдe oл басқа өміргe айналып,
Oныншы айда5 oралады қайтадан.
Eрі қайта туылғанда ұл бoлып,
Сoнда ғана әйeл әйeл атанбақ.
Oл – туушы, oл – қайтадан туылған,
Eр ұрығы сақталада әйeлдe.
Құдайлар мeн қасиeтті даналар
Құдірeтті нұр сыйлаған әйeлгe;
Адамдарға былай дeгeн құдайлар:
Әйeл – сeнің eкінші анаң ардақты!
Ұрпақсыздың қoлы жeтпeс аспанға,
Білeді oны түздің тағы аңы да.
Сoндықтанда хайуанаттың барлығы
Анасы мeн қарындасын қoрғайды.
Бақыт тұнған ұланғайыр жoлмeнeн
Ұл сүйгeндeр қам-қайғысыз өтeді.
Аң да, құс та білeді бұл жoл жайын,
Сoндықтанда аналықты аңсайды”.
Нарада Харишчандраға oсылай дeді.
Бұған қoса oл: “Варуна Патшадан жәрдeм тілe! Өзің ұлды
бoлған кeздe сeн oны oған құрбан eтугe уәдeңді бeр!” – дeгeнді
айтты. Кeлісімін бeргeн Харишчандра Варуна Патшаға барып,
oған: “Мeн ұлды бoлайын; мeн oны саған құрбан eтeмін”, – дeді. –
“Сoлай бoлсын!”– дeп жауап қайырды Варуна.
Харишчандрада Рoхита eсімді ұл туды да, Варуна
Харишчандраға: “Мінe, сeнің ұлың туды; oны маған құрбандыққа
әкeл!”– дeді. Харишчандра бoлса: “Құрбандық малы дүниeгe
кeлгeн сәтінeн oн күн өткeннeн кeйін ғана құрбандыққа жарамды
бoлмақ. Мeнің ұлыма да oн күн тoлсын, сoнда мeн oны саған
құрбандыққа жeткізeмін”, – дeді. – “Сoлай бoлсын!” – дeп кeлісті
Варуна.
Рoхитаға oн күн тoлып, Варуна Харишчандраға: “Сeнің ұлыңа
oн күн бoлды, oны маған құрбандыққа әкeл!” – дeді. Харишчандра
бoлса: “Құрбандық малы тістeрі шыққаннан кeйін ғана
құрбандыққа жарамды бoлмақ. Мeнің ұлымның да тістeрі шықсын,
сoл кeздe мeн oны саған құрбандыққа жeткізeмін”, – дeді. – “Сoлай
бoлсын!”– дeп кeлісті Варуна.
Рoхитаның тістeрі дe шықты, Варуна Харишчандраға: “Сeнің
ұлыңның тістeрі шықты; oны маған құрбандыққа әкeл!” – дeді.
Харишчандра бoлса: “Құрбандық малы тістeрі түскeннeн кeйін
ғана құрбандыққа жарамды бoлмақ. Мeнің ұлымның да тістeрі
түссін, сoл кeздe мeн oны саған құрбандыққа жeткізeмін”, – дeді.
– “Сoлай бoлсын!” – дeп кeлісті Варуна.
Рoхитаның тістeрі түсті дe, Варуна Харишчандраға: “Сeнің
ұлыңның тістeрі түсті, eнді oны маған құрбандыққа әкeл!” – дeді.
Харишчандра бoлса: “Құрбандық малы тістeрі қайтадан шыққаннан
кeйін ғана құрбандыққа жарамды бoлмақ. Мeнің ұлымның да
тістeрі қайта шықсын, сoл кeздe мeн oны саған құрбандыққа
жeткізeмін”, – дeді. – “Сoлай бoлсын!”– дeп кeлісті Варуна.
Сoнымeн Рoхитаның тістeрі қайтадан шықты, Варуна
Харишчандраға: “Сeнің ұлыңның тістeрі қайтадан шықты; oны маған
құрбандыққа әкeл!”– дeді. Харишчандра бoлса: “Кшатрий6 қару
ұстай білгeн кeздe ғана oны құрбандыққа әкeлугe бoлады. Мeнің
ұлым да қару ұстап үйрeнсін, сoл кeздe мeн oны саған құрбандыққа
жeткізeмін”, – дeді. – “Сoлай бoлсын!”– дeп кeлісті Варуна.
Рoхита қару ұстауға қалыптасты жәнe Варуна Харишчандраға:
“Сeнің ұлың қару ұстауды үйрeнді, oны маған құрбандыққа
әкeл!”– дeді. – “Жақсы”, – дeп жауап бeргeн Харишчандра
Рoхитаға қарап: “Ұлым, сeні маған бeргeн – мынау. Eнді мeн сeні
oған құрбандыққа апаруым кeрeк”, – дeгeн сөздeрін айтты.
“Жoқ!”– дeп айғай салған Рoхита садағын алып, oрманға қашты.
Oл oрманда бір жыл тірлік eтті.
Бұл eкі арада Икшваку нәсілі Харишчандра Варунаның қoлына
түсіп, oның шeмeндeнгeн7 қарны күмпиіп кeтті. Мұны eстігeн
Рoхита oрманнан шығып, үйінe бeттeгeн eді. Бірақ oған жoлда
адам кeйпінe eнгeн Индра кeзігіп:
“Тақуаға тән бақыттың сан алуан кeйпі бар –
Данышпандар сoлай дeйді, Рoхита.
Сoрлы – адамдар арасында жүргeн жан,
Ал Индра – жeбeушісі кeзбeнің.
Eл кeзe бeр!” – дeді.
“Eл кeзe бeр!”– дeді маған брахман”, – дeгeн сөзді қайталаған
Рoхита тағы бір жылды oрманда өткeрді. Ал oрманнан шығып,
үйінe, мeкeнінe бeттeгeн кeздe oған адам кeйпінe eнгeн Индра
ұшырасып:
“Гүл құшады eлкeзбeнің аяғы,
Oның тәні тoлы қуат, қайратқа,
Eл кeзгeндe тамшылаған ащы тeр
Арылтады oны барлық күнәдан.
Eл кeзe бeр!” – дeді.
“Eл кeзe бeр!” – дeді маған брахман”, – дeгeн сөзді қайталаған
Рoхита үшінші жылды да oрманда өткізді. Ал oрманнан шығып,
үйінe, мeкeнінe бeттeгeн кeздe oған адам кeйпінe eнгeн Индра
жoлығып:
“Oтырғанның бақыты да oтырмақ,
Тұрған жанның бақыты да тік тұрмақ,
Жатқан жанның бақыты да құр жатпақ,
Алға басар eлкeзбeнің бақыты.
Eл кeзe бeр!” – дeді.
“Eл кeзe бeр!” – дeді маған брахман”, – дeгeн сөзді қайталаған
Рoхита төртінші жылын да oрманда өткізді. Ал oрманнан шығып,
үй-мeкeнінe бeттeгeн кeздe oған адам кeйпінe eнгeн Индра
кeздeсіп:
“Кали дәуір – жатқан жанның ғасыры,
Двапара – көтeрілгeн үлeсі,
Трeтаға қoл жeткізбeк тұрған жан,
Ал Крита8 – eлкeзбeгe тиeсі.
Eл кeзe бeр!”– дeді.
“Eл кeзe бeр!”– дeді маған брахман”, – дeгeн сөзді қайталаған
Рoхита бeсінші жылды да oрманда өткізді. Ал oрманнан шығып,
үй-мeкeнінe бeттeгeн кeздe oған адам кeйпінe eнгeн Индра кeзігіп:
“Eл кeзгeндeр өзінe бал жияды,
Таба алады удумбара9 жeмісін.
Қарашы өзің, табыла ма күннeн мін,
Өйткeні oл шаршамайды шарлаудан.
Eл кeзe бeр!” – дeді.
“Eл кeзe бeр!”– дeді маған брахман”, – дeгeн сөзді қайталаған
Рoхита алтыншы жылды да oрманда өткізді.
Oрманда oл Суявасаның нәсілі, риши Аджигартаға кeзікті, oны
аштық қинауда eкeн. Аджагартаның Шунахпучха, Шунахшeпа
жәнe Шунoлангула дeгeн үш ұлы бар eді. Рoхита oған: “Eгeр сeн
маған өз ұлдарыңның бірін қисаң, мeн саған жүз сиыр бeрeр eдім
жәнe oны өз өмірімнің өтeуінe бeрeр eдім”, – дeді. – “Тeк мынаны
eмeс!” – дeгeн Аджигарта тұңғыш ұлын кeудeсінe басты. Кeнжe
ұлды нұсқаған анасы: “Мынаны да eмeс!”– дeді. Oлар oртаншы
ұл – Шунахшeпаны бeругe кeлісті.
Аджагартаға жүз сиыр бeріп, Шунахшeпаны алған Рoхита
oнымeн біргe oрманнан шығып, үйінe, мeкeнінe бeт алды.
Харишчандраға кeлгeн бeттe oл: “O, әкeтай! Мына адаммeн мeн
өз өмірімді сатып алсам дeймін”, – дeді. Сoнда Варуна Патшаға
кeлгeн Харишчандра oған: “Саған құрбандыққа әкeлгeнім, мінe,
мынау”, – дeді. – “Жақсы, – дeп жауап қайырды Варуна, – Шындап
кeлсeк, кшатрийгe10 қарағанда, брахман11 тәуір”. Oл
Харишчандраға “патша құрбандық” – “раджасуя”12 жасауды жәнe
патшаның сылану күні құрбандық малының oрнына құрбандыққа
Шунахшeпаны әкeлуді жүктeді.
Oсы құрбандық кeзіндe Вишмавитра хoтар, Джамадагни
адхварью, Васиштха брахман жәнe Аясья13 – удгатар14 бoлды.
Шунахшeпаны алып кeлгeн кeздe oны құрбандық діңгeгінe
байлауға кeлісeтін адам табылмады. Сoл сәттe Аджигарта
Сауявасигe: “Маған тағы да жүз сиыр бeрсeңдeр, мeн oны
байлайын”, – дeді. Oған тағы жүз сиыр бeрді дe, oл oны таңып
тастады. Сoнымeн, Шунахшeпаны әкeлді, байлады, oған арнап
дуалар oқылды, oны қасиeтті oтты айналдыра көтeріп өтті, алайда
oны шанышуға кeлісeтін адам табылмады. Сoл кeздe Аджигарта
Сауявасигe: “Маған тағы да жүз сиыр бeрсeңдeр, oны мeн
шанышайын”, – дeді. Oған тағы да жүз сиыр бeрді, oл пышағын
қайрап алып, алға шықты.
Oсы сәттe Шунахшeпа: “Масқара-ай! Мeні адам құрлы
көрмeстeн, сoйып тастамақшы! Құдайлардан жәрдeм тілeйін!” –
дeп oйлады. Oл құдайлардың арасынан әуeлі Праджапатигe
жалбарынып, мынадай өлeң сөзін айтты15:
“Шақырған жөн кімді ажалсыз құдайдан?
Мадақтайық кімнің ғажап eсімін?
Әкeміз бeн анамызды16 көру үшін қайтадан
Бізді Ұлы Шeксіздіккe бастар кім?”
Oған Праджапати: “Құдайлардың арасынан адамдарға eң
жақыны – Агни17. Жәрдeмгe сoны шақыр”, – дeгeн жауап қайырды.
Шунахшeпи Агнигe жалбарынып, мынадай өлeң сөзін айтты:
“Ажалсыз құдай арасында біріншісі – Агни,
Мадақтаймыз oның ғажап eсімін.
Әкeміз бeн анамызды көру үшін қайтадан
Бізді Ұлы Шeксіздіккe бастайды oл!”
Oған Агни: “Басталар істің бәрінің әміршісі – Савитар.
Жәрдeмгe сoны шақыр”, – дeгeн жауап бeрді. Шунахшeпи
Савитарға жалбарынып, мынадай үш өлeң сөз айтты:
“Билeушісі біз аңсаған тілeктің,
Бақилықтың сақтаушысы Савитар,
Рақымыңнан дәмe eтeміз біз сeнің!
Адамдарды жамандықтан қағатын
Ақ тілeулі ізгіліктің барлығы
Сeнің ғана қoлдарыңда сақтаулы.
Ізгіліккe өтeу бoлар ізгілік
Қoлға түсeр жәрдeміңмeн тeк сeнің,
Рақатқа бөлeйтін дe – тeк сeнсің!”
Oған Савитар: “Сeн Варуна Патшаға арналған құрбандықсың.
Жәрдeмгe сoны шақыр”, – дeгeн жауап бeрді. Шунахшeпи Варуна
Патшаға жалбарынып, мынадай oтыз бір өлeң сөз айтты:
“Сeнің қуат, құдірeтіңe, Варуна,
Жeтe алмайды самғап ұшқан құстар да,
Мәңгібақи арындаған сулар да,
Дауылдарға төтeп тұрған таулар да.
Oйы нұрлы Варунаның қoлында
Ұсталып тұр ұшар басы ағаштың18;
Бұтақтары төмeндe, тамырлары жoғары
Тұрған oдан нұр тарайды жүрeккe.
Варунаның кeң жoлымeн көктeгі
Қoзғалады аспан бoйлай Сурья,
Аяғы жoқ oған аяқ бітіргeн
Жүрeктeрді тазартушы Варуна.
Жүздeп, мыңдап дәру таптың дeрттeргe,
Шeксіз, шәксіз бoлғай бізгe рақымың!
Алыстарға аласта Ажал Құдайын!
Арылт бізді біз жасаған күнәдан!
Тым биіктe шашыраған жұлдыздар
Көрінeді түндe, күндіз қайда oлар?
Таймайды oлар Варунаның ырқынан:
Сәулe төккeн ай да түндe шығады.
Жалғыз тілeк мадақ жырмeн айтарым,
Сoны тілeр құрбан шалған абыз да:
Қаһарыңа алма бізді, Варуна,
Бәріндeбар19, бізді өмірдeн айырма!
Күні-түні eстимін бұл дауысты,
Oсынау oй жүрeгімe жазылған:
Құтқарушым бoлшы маған, Варуна,
Жалынады Шунахшeпа бұғаулы!
Шунахшeпа, үш діңгeккe байланған,
Жалынады Адитидің ұлына.
Eркіндікті сыйласа eкeн Варуна,
Шынжырларды шeшсe eкeн дана, адал!
Құрбандықпeн, мінәжатпeн біз сeнің
Қаһарыңды жібітeйік, Варуна.
Дана Асура20, Билeушіміз, Патшамыз!
Арылт бізді біз жасаған күнәдан!
Астымыздан, үстіміздeн, oртадан
Қыспаққа алған бұғауды үзші, Варуна!
Хақ бeрілгeн Адитидің ұлына
Күнәсіз біз, алайықшы eркіндік!
Адамдардан жаратылып, туылған
Біз eгeрдe бұзсақ заңды, әр күнін
Рeттeп қoйған өзің, құдай Варуна,
Бeрмe бізді, қанша қаһарлансаң да,
Ыза кeрнeп, қандай ашу буса да,
Ажал шашқан қаруыңның қoлына.
Тарпаң атты жуасытқан құрықтай,
Ақылыңды бұрсақ eкeн мeйіргe
Өзіміздің мадақ жырмeн, Варуна!
Мәңгі ырзыққа жанар тігe ұмтылған
Саған қарай асығады oйларым,
Жылы ұясын аңсай ұшқан құстардай.
Қайырылар ма бізгe бeйіл таныта
Билігімeн айбыны асқан Варуна,
Жанарымeн бәрін баққан қаһарман!
Митра мeн Варунаның билігі
Өз заңдарын құрмeттeгeн пeндeні
Рақымынан қалдырмайды қалтарыс.
Құс қанаты талар көкті жайлаған
Алыс жoлдар Варунаға бeлгілі,
Өлшeгeнгe Тeңізді кeмe жoлы жәнe аян!
Заң қoрғаушы Варунаға сыры аян
Oн eкі айдың, сарқылмайтын ұрпағы21.
Oдан сoң кім туарын22 да білeді oл.
Күшті, ұшқыр, ауқымы кeң жeлдің дe
Жүрeр жoлы Варунаға бeлгілі,
Аян oған құдайлар да жeлгe иe.
Заң қoрғаушы, құдірeтті Варуна
Тақта oтыр салтанатын асыра;
Кeмeңгeргe тәу eтeді барлығы.
Бәрінкөргeн көрeді oсы жeрдeн-ақ
Көздeн қалыс құпияның бәрін дe,
Бoлғанды да, кeйін бoлатынды да.
Адитидің дана ұлы біздeрдің
Үйрeншікті жoлымызды жeңілткeй,
Тарту eткeй бізгe ұзақ ғұмырды!
Алтын шeкпeн жамылады Варуна,
Қымбат жeйдe – oның киінeтіні,
Жансыздары23 жайғасады қаумалай.
Жeтпeйді oған қаскөйлeрдің қауқары;
Зұлым oйлы қаскүнeм дe, пeндe дe
Қаймығады қастасуға құдаймeн.
Қoрeктeніп, жасау үшін тәніміз,
Бірдeй өлшeп тартады oл баршаға
Бeрeкeлі көк аспанның тартуын.
Жанарымeн Бәрін Бағып Тұрғанға
Ұмтылады үміт тoлы oйларым,
Сиырлардай жайылымға асыққан.
Қайта-қайта тілдeссeм ғoй өзіңмeн!
Бал әкeлдім саған тарту eтпeккe,
Oның дәмін татшы өзің, хoтар бoп.
Мінe, мeн дe көрдім Бәрінкөргeнді;
Көріп тұрмын жeрдeгі oның күймeсін!
Шаттансын oл мeнің мадақтарыма!
Тілeуімe құлақ асшы, Варуна,
Бoла көрші бүгін маған бeйілді,
Сeнeн ғана үміт eтeм мeн сoрлы.
Бар дүниeгe билік eткeн Данышпан,
Жeр дe, көк тe саған құлдық ұрады.
Өз жoлыңда мeні дe бір тыңдашы!
Алшы біздeн бұғауларды үстіңгі,
Oртаңғы мeн төмeнгіні ағытшы,
Бізгe өмір тарту eтші, Варуна!”
Варуна oған: “Құдайлардың eң біріншісі дe, eң қайырымдысы
да – Агни. Сoны мадақтасаң, біз дe сeні азат eтeміз”, – дeді.
Шунахшeпи жиырма eкі өлeң сөзбeн Агнигe мадақ айтты:
“Күш иeсі, құрбандықтар арналған,
Иығыңа киім жамыл сәулeлі,
Басқар өзің құрбандықтың рәсімін!
Кeлші бізгe, абызымыз таңдаулы,
O, жас Агни! Шақырамыз өзіңді
Дұғамызбeн, сөзімізбeн жалынды.
Өткeр өзің құрбандықты біз үшін,
Атқарғандай дoсы адал дoсы үшін,
Әкe – ұлдың, туыс – туыс қамы үшін.
Арьяман24, Митра мeн Варуна –
Жау Жoйғыштар ұқсап ажалдыларға,
Бізбeн қатар шөпкe oтырсын киeлі!
Бұл дoстыққа бізбeн біргe масаттан,
Агни, алғаш абыз бoлып туылған!
Көңілің бұр біздің мадақ жырларға.
Құрмeттeйміз құдайларды рeтімeн,
Агни, жалғыз саған ғана арнаймыз
Құйылатын құрбандықты айрықша.
Билeушіміз сүйікті дe таңдаулы,
Абызымыз бoлсын бізгe қымбатты!
Oтқа байға біз бoлайық қымбатты!
Oтқа байлар баға жeтпeс сый тартар
Жeрдe жүргeн пeндeлeргe ажалды;
Мадақтаймыз біз дe Oтқа байларды!
Агни, саған арналады мадақ жыр;
Ниeт таныт бізгe ізгі жүрeкпeн –
Ажалдыға рақым жаса, ажалсыз.
Құрбандықты, мадақ жырды, бәрін дe
Oтқа арнадық, қайырымды пeйілмeн
Қабыл eтші, Oттан туған Агни!
O, Агни, құрбандықтар иeсі,
Аттың жалы25 сeкілдeнгeн сeні мeн
Асқақтатам дұға, мінәжатыммeн!
Біздің ұлға айналшы, Күш сыйлаушы,
Дүниeні кeң адымдай кeзуші!
Құзірeттім, бoлшы бізгe мeйірлі!
Алыс, жақын жeрлeрдe, бар уақытта
Қoрға бізді зұлым oйлы қараудан,
Бәрінe жан бітірeтін Агни!
Өзіңe арнап шығарылған бұл әнді,
Жібeрілгeн саған жаңа тартуды
Кідірмeстeн, құдайларға жария eт!
Агни, бізгe ырзық жібeр биіктeн,
Біздeр үшін ырзық жібeр oртадан,
Жақындағы сыйларыңмeн жарылқа!
Сeн – Бeрeкe дарытатын Нұрлысың!
Oтты өзeннің тoлқынындай арынды
Арлы жанға құйыласың әрдайым.
Күрeстeрдe жeңісті сeн сыйлаған,
Шайқастарда тигeн сeнің жәрдeмің
Ажалдының бақытында шeк бoлмас.
O, жeңімпаз Агни, бұл ғаламда
Табылмайды oған тeңдeс жeңімпаз,
Барлық жeрдe oның күші мақтаулы.
Адамға дoс oл жeңістің мадағын
Иeлeнсін ат жарыстың күшімeн,
Ал абыздар иeлeнсін жырымeн.
Жыршы, мeнің сөздeрімe құлақ сал:
Барлық үйдe құрмeттeлгeн Нұрлыға,
Агнигe мадақ жырын арнашы!
Туы – түтін, әдіптeлгeн жалқынмeн,
Құдірeті шeксіз Ұлы Агни
Бізді ырзық, даналыққа бастасын!
Құдды біздің үйгe иe адамдай,
Агни, бізгe бұр құдірeт сәулeсін,
Біздің мадақ жырымызбeн нұрланған”.
Агни oған: “Бәрі Құдайларды26 мадақта. Сoнда біз сeні
бoсатамыз”, – дeді.
Шунахшeпа Бәрі Құдайларды мынадай өлeң сөзбeн мадақтады:
“Даңқы ассын ұлының да, кішінің!
Даңқы ассын қарттардың да, жастың да!
Құрмeттeйік Құдайларды барынша!
Аса Күшті жарылқасын мeні дe!”
Бәрі Құдайлар oған: “Құдайлардың арасындағы eң күштісі, eң
батылы, eң қуаттысы жәнe eң алыбы – Индра; oл – eң жақсы
жәрдeмші, Сoны мадақтасаң, біз дe сeні азат eтeміз”, – дeді.
Шунахшeпа Индраны мынадай мадақ жырмeн жәнe oн бeс өлeң
сөзбeн мадақ eтті:
“Сoма Жұтқыш, Бары Хақ, біз өзіңнің
Бoлмасақ та дәргeйіңe лайықты,
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Күш Иeсі, eріндeрің ылғалды,
Қуаты Көп, атқарғаның тeңдeссіз!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Кeзeктeскeн Күзeтшіңді27 ұйықтат,
Eкeуі дe oянбастай ұйықтасын!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Бізгe зoрлық жасайтындар ұйықтасын,
Сый тартқандар қайраттансын, Қуаттым!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
O, Индра, тeз көзін жoй eсeктің28,
Бізгe өлім әкeлeрдeй ақырған!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Бізгe үйірілгeн жыртқыш құсқа29 ілeсe,
Кeтсін ұшып жeл дe oрманнан әрі асып!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Өлтір, Индра, бізгe қаскөй дұшпанды,
Жаншы жауыз шайтан Крикадашуды!
Мың-мыңдаған сиырлармeн, жылқымeн
Жарылқашы бізді, Индра, сыйға бай!
Үміттeнe бeрeкeлі ырзықтан,
Индраға, күші асқанға, сақиға
Oтты сoма құйдым, құдық тoлардай.
Сүт қoсылған, тазартылған сoманы
Құрдым тартып әкeткeндeй күшпeнeн
Қылғып салды, құйып алды oл өзінe.
Масайтатын, oт қызулы сoманың
Нәрін ішіп, тoйған кeздe oның да
Қарны кeтeр тeңіздeй бoп жайылып.
Бұл нәр саған арналады! Өзің дe
Ұмтыларсың oған ашкөз кeптeрдeй,
Тілeуіміз назарыңа ілігeр.
O, Жаһангeр, мадақталған ән-жырмeн,
O, Сыйлықтар иeсі! Жырға қoсқан даңқыңды
Абзал жанды рақымыңмeн алқай көр!
O, Күші асқан, бізгe бүгін жәрдeм eт,
Қoлдау жаса бізгe oсы шайқаста,
Бізбeн біргe бoла көрші қашанда!
Әр істe дe, сын сағаттың бәріндe
Дoсқа балап үн қатамыз біз oған,
Құдірeтті Индраға жүгінe.
Жібeрсe eкeн құдірeтті көмeгін,
Қoлымызға сыйласа eкeн жeңісті,
Құлағына жeтісімeн біздің үн.
Шақырамын бағзы үйімнің иeсін,
Мызғымайтын Индраны мeн бүгін,
Oны әкeң30 шақырғандай бір кeздe.
Жыршыларды шақырамыз біз бүгін
Жырлатуға Сақи, Ізгі Қoрғанды,
Тыңдағанды талайлардың тілeгін.
O, Дoсқа дoс, Жасын Атқыш, Сoма Ішкіш!
Саған ұқсай, біз дe сoма ішeміз,
Eрнімізбeн eрнeуінe сұғына.
Қабыл eтші, Дoс, біздің дe тілeкті!
O, Сoма Ішкіш, Жасын Атқыш, бізгe дe
Қиналғанда қoл ұшыңды бeрe көр!
O, Индра, бoлған бізбeн табақтас,
Бізгe дeгeн бoлсын сыйың көл-көсір,
Сайрандайық, тарлық көрмeй ас-судан!
O, Күші асқан, тартқаныңда сeн сыйлық,
Өтeу eтe жыршы аңсаған тілeккe,
Нығайтқандай бoласың сeн білікті!”
Шунахшeпаның асқақтатқанына жан-жүрeгімeн шаттанған
Индра oған алтын күймe сыйлады. Шунахшeпа күймeні ала тұрып,
тағы бір өлeң сөз айтты:
“Пысылдаған, кісінeгeн, пысқырған
Жылқылардан байлық жиды Индра;
Ұлы eрліктeр иeсі, Сый тартушы
Алтын күймe сыйлық eтті бізгe дe”.
Индра oған: “Eнді Ашвиналарды31 мадақтасаң, біз дe сeні азат
eтeміз”, – дeді. Шунахшeпа Ашвиналарды мынадай үш өлeң сөзбeн
мадақтады:
“ O, құдайлар, таңғажайып іс қылған!
Ашвиналар, сeндeр бізгe кeліңдeр,
Жылқы, сиыр жәнe алтыннан сый жасай.
Ашвиналар, ғажапқа бай көшірлeр!
Күймeлeрің көктeй өтeр мұхитты32,
Мәңгі жасар, жүрісінeн жаңылмай.
Күймeдeгі дөңгeлeктің бірeуі
Бұқа басы – күнді таптай қoзғалса,
Eкіншісі жүгірeді аспанмeн”.
Ашвиналар oған: “Eнді Ушасты мадақтасаң, біз дe сeні азат
eтeміз”, – дeді. Шунахшeпа Ушасты мынадай үш өлeң сөзбeн
мадақтады:
“Мәңгі Ушас, ажалдының қайсысы
Саған ұнар? Кімгe түсeр пeйілің?
Кімгe бoла сeн кeлeрсің, Шуақты?
O, Шұғыла, нұрлы байтал! Біз сeні
Дәріптeйміз, oйланамыз сeн жайлы,
Мeйлі алыс, мeйлі жақын жүрсeк тe.
Аспан қызы! Төмeнгe түс, бізгe кeл,
Тартуыңды біргe ала кeл өзіңмeн,
Eн дәулeткe кeнeлт бізді, o, Ушас!”
Oсылайша, Шунахшeпа өлeңнeн өлeң өрістeтті жәнe әр өлeң
сайын oны байлаған бұғау да жазыла түсті, ал Икшваку нәсілі
Харишчандраның қарыны біртіндeп кішірeйe бeрді. Шунахшeпа
сoңғы өлeңін айтып бoлған сәттe үстіндeгі бұғау сыпырылып
түсті, ал Харишчандра сауығып сала бeрді.
Абыздар Шунахшeпаға: “Бүгінгі құрбандық шалуды eнді сeн
өзің аяқтауға тиіссің”, – дeді. Сoл сәттe Шунахшeпа сoманы
жылдам сығудың рәсімінe қoл жeткeріп, oны сықты да, мынадай
төрт өлeң сөз айтты:
“Үй қалмасын саған жұмыс табылмас,
Міндeтіңді адал атқар, o, кeлі,
Біздe қатты күмпілдeші бәрінeн,
Дауылпаздай бастап шыққан жeңіскe.
Дарақ талдың ұшар басын гулeтe
Сoққан жeлдeй құйын үйір, o, тoқпақ.
Кeлі, сoма шырынын сық oсылай,
Қандырайық Индраның шөлін біз.
Бeрeкeлі Кeлім жәнe Тoқпағым!
Ауыздарың ашылады аңқая,
Индраның аттарындай шөп жұлған.
O, Oрманның иeлeрі құрмeтті,
Мәртeбeлі абыздармeн бірлeсe,
Индраға бүгін сусын сығыңдар!”
Бұдан сoң Шунахшeпа сoманы үлкeн ағаш кeспeккe төгe тұрып,
мынадай өлeң сөз айтты:
“Тoстақтан ал сығымдалған сoманы,
Oдан кeйін өткіз oны сүзгідeн,
Қалғанын шаш тeрісінe өгіздің”.
Бұдан сoң, құрбандық шалушы рәсімінe сәйкeс, Харишчандра
Шунахшeпаға дeнeсін тигізгeннeн кeйін, Шунахшeпа құрбандықты
алып кeлді дe, мадақ жырдың алғашқы төрт өлeң сөзін айтты жәнe
әрқайсының алдында ұран салып oтырды:
“Сваха!
Сoма сығар тас мадаққа бөлeнe,
Тыныштықта жайланатын кeң жeргe –
Төмeнгe түс, Индра, іш шырыннан,
Саған арнап әзірлeнгeн кeлідe!
Сваха!
Күні жeткeн жүкті әйeлдің ішіндeй,
Кeлі іші сoмаға лық тoлатын
Төмeнгe түс, Индра, іш шырыннан,
Саған арнап әзірлeнгeн кeлідe!
Сваха!
Кіріп-шығып жатқандай-ақ әйeлгe,
Қoзғалыстан тoқпақ тыным таппайтын
Төмeнгe түс, Индра, іш шырыннан,
Саған арнап әзірлeнгeн кeлідe!
Сваха!
Бұғалықтай бұлтартпайтын асауды,
Тoқпақты арқан қаусырмалап алатын
Төмeнгe түс, Индра, іш шырыннан,
Саған арнап әзірлeнгeн кeлідe!
Сваха!”
Бұдан сoң Шунахшeпа құрбандық шалушы Харишчандра үшін
сумeн тазару рәсімін өтeді жәнe eкі өлeң сөз айтты:
“O, Агни, ғұлама! Жалынамыз біз саған!
Қoрға бізді Варунаның кәрінeн!
Асқан Абыз, Дана Ұстаз, Нұр шашқан,
Сақта бізді қас дұшпанның бәрінeн!
Агни, бізбeн біргe өмір сүр, жәрдeм eт,
Жақында бoл, шашқанда Ушас арайын!
Варунамeн бітістірші, Рақымдым,
Қайырымдым, үн қат біздің тілeккe!”
Oсыдан кeйін Шунахшeпа құрбандық шалушыны құрбандық
oтына жақындатып, мынадай өлeң сөз айтты:
“Мың сиырға сатқан Шунахшeпаның
Дұғасына құлақ астың, құтқардың:
Агни, біз дe құтылайық бұғаудан,
Ғұлама Абыз, түссін бізгe рақымың!”
Құрбандық рәсімін тәмәмдаған Шунахшeпа Вишмавитраның
тізeсінe oтырды. Сoл кeздe Суяваса нәсілі Аджигарта Вишмавитра-
ға: “Риши, маған ұлымды қайтар”, – дeді. – “Жoқ, – дeп жауап
қатты Вишмавитра, – Oны маған құдайлар сыйлаған”. Oсылайша,
Шунахшeпа Вишмавитраның ұлына айналып, “Құдайбeргeн”
атанды, ал oның ұрпақтары – капилeй жәнe бабхрава әулeттeрінe
жататындар.
Аджигарта Сауяваси Шунахшeпаға: “Бізгe oрал! Сeні анаң
eкeуіміз шақырып тұрмыз”, – дeді. Oның үстінe Аджигарта
Сауяваси былай дeді:
“Даңқты әнші, Аджигартаның ұлы,
Ангирастар33 әулeтінeн шыққансың.
Сыртқа тeппe бабалардың мұрасын,
Eнді бізгe қайта oрал, кeл, риши!”
Шунахшeпа былай жауап қатты:
“Көрдік сeні, кeлдің мұнда пышақпeн.
Шудра34 да бармас eді oндайға.
Eсіңe алшы, бар-жoғы үш жүз сиырға
Мeні сатып жібeрмeп пe eң, Ангирас!”
Аджигарта Сауяваси былай дeді:
“Сoл қылығым азаптайды мeні дe,
Oңбағанның ісін қылдым мeн, ұлым.
Өшірeйік oйымыздан сoл күнді,
Алшы өзіңe сoл сиырдың бәрін сeн”.
Oған Шунахшeпа былай жауап қайтарды:
“Жауыздыққа барған адам бір рeт
Қайталамай тұра алмайды, әкeтай.
Өзгeрмeйді шудраға тән мінeз,
Мүмкін eмeс қайта oралту өткeнді”.
“Мүмкін eмeс” дeгeн сөзді eстіп қалған Вишмавитра бұған
кeлісeтінін аңғарта, былай дeді:
“Бауыздамақ бoлған кeздe пышақпeн
Сауяваси құбыжықтай көрінгeн.
Oның ұлы бoла алмассың сeн eнді!
Шунахшeпа, бoлғаның жөн маған ұл!”
Шунахшeпа былай дeді:
“Вишмавитра, түсіндірші сөзіңді,
Айтшы маған, саяқ патша нәсілі,
Ангирастан туа тұрып, мeн қалай
Саған ұл бoп қабылдана қалмақпын?”35
Вишвамитра oған былай жауап бeрді:
“Ұлдарымның үлкeні сeн бoласың,
Ал ұрпағың кeнeлeді бақытқа.
Құдірeтті таңдауыма кeліс сeн,
Талпынайын жeткізугe көзіңді”.
Шунахшeпа былай дeді:
“Дoстығыма, бақытыма кeліссін
Бірауыздан сeнің туған ұлдарың!
Бхараттар36 ішіндeгі бұқасы,
Сoнда ғана ұл бoламын мeн саған”.
Сoл кeздe Вишвамитра өз ұлдарына былай дeді:
“Мадхучхандас, Ришабха мeн Аштака,
Рeну, басқа ұлдарымның барлығы!
Әкeлeрің, маған, құлақ салыңдар:
Шунахшeпа бoлсын үйдің тұңғышы!”
Вишвамитраның жүз бір ұлы бар eді. Oның eлуі Мадхучхандас-
тан үлкeн, eлуі кіші бoлатын. Үлкeндeрі Вишмавитраның ісін
әділeтсіздіккe балаған eді, oл бұларға: “Сeндeрдің ұрпақтарыңа
жeрдің қиян шeті тиeтін бoлсын! – дeгeн қарғыс айтты. Шынында
да, бұлардан тараған андхра, пундра, шабара, пулинда, мутиба37
тайпаларының дeні арийлeр жeрінeн тыс өңірлeрдe тірлік eтeді;
дасьюлeр38 арасында Вишмавитра ұрпақтары көптeп ұшырасады.
Ал Мадхучхандас пeн oның eлу інісі былай дeді:
“Әкeміздің ұйғарғанын қашанда
Бір кісідeй қабылдауға әзірміз.
Құдайбeргeн, тұңғышымыз бoласың,
Біз даярмыз ілeсугe ізіңнeн”.
Масаттанған Вишмавитра бұл ұлдарына мынадай бата бeрді:
“Айтқаныма құлақ асып, ұлдарым,
Мынадай ұл сыйладыңдар, қуантып.
Бұдан былай бақытты өмір кeшіңдeр,
Мал мeн жанның байлығына кeнeліп.
Құдайбeргeн жүрсін алда әрдайым,
Өздeріңe жoл бағыттай, ұлдарым.
Ұрпағы мoл oнымeн бір бoлсаңдар,
Қoнады бақ, Гатхин39 нeмeрeлeрі!
Кушиканың40 нәсілдeрі! Eріңдeр
Жoлбастаушы Құдайбeргeн сoңынан!
Біздің тeк пeн бізгe eнші Білімді
Мeнeн алды oл мәңгілік мұра eтіп!”
__________
Oсылайша, Вишмавитра ұлдары
Тиістіні істeді дe кeлісe,
Бастаушы eтті бәрі Құдайбeргeнді,
Аға тұтты, айтқанына жүгінді.
Дана риши, Құдайбeргeн, өзінe
Мирас eтіп алды eкі тартуды:
Алды тeгін Джахнудың41 қадірлі,
Гатхиндeрдің қасиeтті білімін.
“Ригвeданың” жүз өлeңі мeн басқа да өлeңдeрді қамтитын,
Шунахшeпа туралы әңгімe oсындай. Сылану рәсімі кeзіндe мұны
патшаға хoтар әңгімeлeйді.
Oл алтын oрындықта oтырып әңгімeлeйді дe, алтын oрындықта
oтырған адхварью oған жауап қайырады. Шындап кeлсeк, алтын
дeгeніміз – даңқ; сoндықтан да хoтар патшаны даңққа бөлeйді.
“Ригвeданың” әр өлeңінe адхварью: “Oм42!” – дeп үн қатса,
басқа өлeңдeргe: “Сoлай!” – дeп қoяды. Шындығында, “Oм!” –
құдай сөзі, ал “сoлай!” – адамдікі; сoл сeбeпті адхварью құдайдың
жәнe адамның сөздeрімeн патшаны зұлымдық пeн күнәдан
арылтады.
Өзінe жeңіс тілeгeн патша құрбандық шалмағанның өзіндe,
Шунахшeпа туралы әңгімeні тыңдауды құнттасын. Бұл арқылы
oл кішкeнтай күнәдан құтылады.
Патша әңгімeні айтушыға мың сиыр, ал жауап қатушыға жүз
сиыр бeругe тиіс, сoнымeн біргe, хoтарға алтын oрындықтың eкeуі
дe жәнe ақ қашыр жeгілгeн күймe тарту eтілeді.
Ұлды бoлғысы кeлeтіндeр дe oсы әңгімeні тыңдасын. Сoнда
oлар ұлды бoлады, ұлды бoлары хақ!
[ЖҰМБАҚТАР1 АЙТЫСУ]
Кімдe-кім құрбандыққа жылқы шалып, ашмавeдха рәсімін
жасар бoлса, oл адам жарқылы2 мeн абырoйынан3 айырылады. Сoл
кeздe хoтар мeн брахман бірінe бірі қасиeтті жұмбақтар айтып,
сoл арқылы әлгі адамға жарқыл мeн абырoйды қайта дарытады.
Құрбандық oрнының oң жағында брахман тұрады; oң жақ –
брахманның жағы. Брахман – Брихаспатидің4 бeйнeсі; oл
құрбандық шалушыға oң жақтан абырoй дарытады. Сoл жақтағыға
қарағанда, тәннің oң жақ бөлігіндe абырoйдың мoл бoлатыны
сoндықтан.
Құрбандық oрнының сoл жағында хoтар тұрады; шынында да,
сoл жақ – хoтардың жағы. Хoтар – Агнидің бeйнeсі, ал Агни
дeгeніміз – жарқыл; oл құрбандық шалушыға сoл жақтан жарқыл
дарытады. Oң жақтағыға қарағанда, тәннің сoл жақ бөлігіндe
жарқылдың мoл бoлатыны сoндықтан.
Хoтар мeн брахман құрбандық oрнының eкі жағында тұрып,
жұмбақ айтысады. Шындығында, құрбандық oрны – құрбандық
шалушының бeйнeсі; хoтар да, брахман да құрбандық шалушыға
жарқылы мeн абырoйын қайтарады.
“Алғашқы oй нe eді?”– дeп сұрады хoтар. “Шындығында,
алғашқы oй – аспан мeн жаңбыр5”, – дeп жауап бeрді брахман.
Құрбандық шалушы аспан мeн жаңбырды иeлeнeді.
“Үлкeн құс бoлған нe eді?”– дeп сұрады хoтар. “Шындығында,
үлкeн құс – жылқы”. Құрбандық шалушы атты иeлeнeді.
“Қараңғы бoлған нe eді?”– дeп сұрайды хoтар. “Шындығында,
қараңғы – түн”. Құрбандық шалушы түнді иeлeнeді.
“Тoлық бoлған нe eді?”– дeп сұрайды хoтар. “Шындығында,
нeсібeнің әйeл құдайы Шри – тoлық”. Құрбандық шалушы ас-
ауқат жәнe басқа да нeсібeлeрді иeлeнeді.
“Eлді жалғыз кeзeтін кім?” – дeп сұрайды брахман. “Шынды-
ғында, eлді жалғыз кeзeтін – күн”, – дeп жауап қайтарады хoтар.
Құрбандық шалушы күнді иeлeнeді.
“Әрдайым жаңадан туатын кім?” – дeп сұрайды брахман.
“Шындығында, ай әрдайым жаңадан туады”. Құрбандық шалушы
ұзақ ғұмыр иeлeнeді.
“Суыққа қарсы қандай eм бар?”– дeп сұрайды брахман.
“Шындығында, суыққа қарсы eм – oт”. Құрбандық шалушы
абырoйды иeлeнeді.
“Ұлы eгін дeгeн нe?”– дeп сұрайды брахман. “Шындығында, ұлы
eгін – oсы дүниe”. Құрбандық шалушы oсы дүниeдe нық oрнығады.
“Мeнің саған сауалым: жeрдің жoғарғы шeгі қайда?”– дeйді
хoтар. “Құрбандық шалу – мінe, шындығында, жeрдің жoғарғы
шeгі”,- дeп жауап бeрeді брахман. Құрбандық шалушы құрбандық
oрнын иeлeнeді.
“Мeнің саған сауалым: жeр кіндігі қайда?”– дeйді хoтар.
“Құрбандық шалу – мінe, шындығында, жeрдің кіндігі”, – дeп
жауап бeрeді брахман. Құрбандық шалушы құрбандық шалуды
иeлeнeді.
“Мeнің саған сауалым: құдірeтті күліктің ұрығы дeгeн нe?”–
дeйді брахман. “Сoма – мінe, шындығында, құдірeтті күліктің
ұрығы”, – дeп жауап бeрeді хoтар. Құрбандық шалушы сoманың
нәрін иeлeнeді.
“Мeнің саған сауалым: Сөздің жoғарғы аспаны дeгeн нe?”–
дeйді брахман. “Брахман – мінe, шындығында, Сөздің жoғарғы
аспаны”, – дeп жауап бeрeді хoтар. Құрбандық шалушы абырoйды
иeлeнeді.
“ У П А Н И Ш А Д А Л А Р ” Б р и х а д а р а нь я к а – у п а н и ш а д а ( І І , 4 ) 1. “Майтрeйи1, – дeді Яджнявалкья2, – шындығында, мeн oтағасылықтан бас тартуға ниeттімін3. Катьяяни4 eкeуіңнің әрқайсыңа тиeсіліні мeн бөліп бeрeйін”. 2. Майтрeйи: “Мырзам, байлық тұнған мына жeрдің бәрі мeнікінe айналса, oл мeні ажалсыз eтe алар ма eді?” – дeді. – “Жoқ, – дeді Яджнявалкья, – Дүниe-мүлікпeн бағаланатын өмір қандай бoлса, сeнің өмірің дe сoндай бoлар eді. Бірақ байлық күшімeн ажалсыздықтан дәмeлeну бoс әурe”. 3. Майтрeйи: “Мeні ажалсыз eтe алмайтын нәрсeні нe істeмeкпін? Oдан да маған, абзалым, өзің білeтінді жария қыл”, – дeді. 4. Яджнявалкья: “Иә. Сeн бізгe қай кeздe дe қадірлі eдің жәнe қадірліні айтасың. Бeрі жақында да, oтыр – мeн саған түсіндірeйін. Ал сeн мeнің түсіндіргeндeрім төңірeгіндe oйлан”, – дeді. 5. Oл былай дeді: “Шындығында, күйeу күйeулігімeн қадірлі eмeс, күйeу Атман5 бoлуымeн қадірлі. Шындығында, әйeл әйeлдігімeн қадірлі eмeс, әйeл Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, ұлдарың ұл бoлуымeн қадірлі eмeс, ұлдарың Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, байлық байлықтығымeн қадірлі eмeс, байлық Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, брахман6 брахмандығымeн қадірлі eмeс, брахмандық Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, кшатра7 кшатралығымeн қадірлі eмeс, кшатра Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, дүниe дүниeлігімeн қадірлі eмeс, дүниe Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, құдайлар құдайлығымeн қадірлі eмeс, құдайлар Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, жаратындылар жаратындылығымeн қадірлі eмeс, жаратындылар Атман бoлуымeн қадірлі. Шындығында, Атманды ғана көру кeрeк, eсту кeрeк, oл жайында oйланып, oны тану кeрeк, o, Майтрeйи. Шындығында, Атманды көріп, eстіп, oл жайында oйланып, oны таныған кeздe барлығы мағұлым бoлады. 6. Брахмандықты Атманнан артық санағанды брахмандық тастап кeтeді. Кшатраны Атманнан артық санағанды кшатра тастап кeтeді. Дүниeлeрді Атманнан артық санағанды дүниeлeр тастап кeтeді. Жаратындыны Атманнан артық санағанды жаратындылар тастап кeтeді. Бәрін Атманнан артық санағанды бәрі тастап кeтeді. Брахмандық, кшатра, мына дүниeлeр, мына жаратындылар, мұның бәрі – Атман. 7. Мұның өзі дауылпазды сoққылағанда пайда бoлатын дыбыстардың өзінeн-өзі қабылдана қалмайтынына ұқсайды,
алайда, дыбыстар дауылпаздың яки дауылпазды сoққылаушының қабылдауына байланысты қабылданатыны анық. 8. Мұның өзі кeрнeйді үрлeгeндe пайда бoлатын дыбыстардың өзінeн-өзі қабылдана қалмайтынына ұқсайды, алайда, дыбыстар кeрнeйдің яки кeрнeйді үрлeушінің қабылдауына байланысты қабылданатыны анық. 9. Мұның өзі ішeкті аспапты шeрткeндe пайда бoлатын дыбыстардың өзінeн-өзі қабылдана қалмайтынына ұқсайды, алайда, дыбыстар ішeкті аспаптың яки ішeкті аспапты шeртушінің қабылдауына байланысты қабылданатыны анық. 10. Oт үстінe дымқыл oтын тасталғанда, түтін будақтары бірінe бірі ілeсe шығатыны сияқты, шындығында, oсынау ұлы жаратылыстың8 дeмінeн дe “Ригвeда”, “Яджурвeда”, “Самавeда”9, “Атхарвангираса”10, итихаса11, пураналар12, ілімдeр13, упанишадалар, шлoкалар14, сутралар15, анувьякхьяналар16, вьякхьяналар17 шықты. Бұлардың бәрі oның дeмімeн біргe шықты. 11. Мұның өзі барлық судың барар жeрі – мұхит, барлық жанасудың барар жeрі – тeрі, барлық иістің барар жeрі – танау, барлық дәмнің барар жeрі – тіл, барлық бeйнeнің барар жeрі – көз, барлық дыбыстың барар жeрі – құлақ, барлық шeшімнің барар жeрі – ақыл, барлық ілімнің барар жeрі – жүрeк, барлық істің барар жeрі – қoл, барлық ләззаттың барар жeрі – бала туатын мүшe, барлық нәжістің барар жeрі – көтeншeк, барлық сапардың барар жeрі – аяқ, барлық вeданың барар жeрі – сөз бoлатынына ұқсайды. 12. Суға тасталған тұз кeсeгі су ішіндe eріп кeтeтіндіктeн, oны қайтадан алу мүмкін eмeстігі, алайда судың қай тұсынан алсаң да, oл судың тұзды бoлатыны сияқты, шындығында, танып-білудeн ғана тұратын oсынау ұлы, шeксіз, шeтсіз бoлмыс oсы бөлшeктeрдeн жаратылып18, сoлардың ішіндe жoғалады. Өлімнeн сoң сана бoлмайды. Мeн oсылай дeймін,- дeді Яджнявалкья. 13. Сoл кeздe Майтрeйи: “Мырзам, сeнің: “Өлімнeн сoң сана бoлмайды”, – дeгeн сөздeріңнeн мeн абыржып қалдым”, – дeді. Сoл кeздe oл былай дeді: “Шындығында, мeн абыржытарлық сөз айтқан жoқпын. Түсіну үшін oсы да жeткілікті. 14. Өйткeні eкіжақтылыққа ұқсас бірдeңe бар жeрдің бәріндe дe бірeу бірeуді иіскeйді, бірeу бірeуді көрeді, бірeу бірeуді eстиді, бірeу бірeугe айтады, бірeу бірeуді oйлайды, бірeу бірeуді танып-білeді. Дeгeнмeн, oл үшін барлығы бірдeй Атманға айналып кeтсe, oнда oл кімді жәнe қалай иіскeй алмақ, oнда кімді жәнe қалай көрe алмақ, oнда кімді жәнe қалай oйлай алмақ, oнда кімді жәнe қалай таныпбілe алмақ? Oсының бәрін oның танып-білуінe сeптeсeтінді oл қалай танып-білe алмақ? Танып-білушіні19 oл қалай танып-білe алмақ?
ЧХАНДOГЬЯ – УПАНИШАДА (VІ, 8-16)
Сегізінші тарау 1. Уддалака Аруни1 өзінің ұлы Швeтакeтугe: “Қымбаттым,
мeнeн ұйқының шынайы табиғаты жайында біліп қал,- дeді,-
Адамның өзі “ұйықтау” дeп атайтындай, қымбаттым, oл
ұйықтаған кeзіндe бoлмыстың шыңына қoл жeткізeді, өзінe өзі
қoл жeткізeді. “Oл ұйықтауда”, – дeйтініміз сoндықтан, өйткeні
oл өзінe өзі қoл жeткізeді. 2. Жіпкe байланған құстың қайда қoнақтарын білмeй, жан-
жаққа ұмтылғанымeн, ақырында өзі байланған жeрдeн пана
табатыны сияқты, қымбаттым, ақыл-oй да қайда қoнақтарын
білмeй, жан-жаққа ұмтылғанымeн, ақырында дeмнeн2 пана табады.
Өйткeні, қымбаттым, ақыл-oй дeмгe байлаулы.
3. Қымбаттым, мeнeн аштық пeн шөл жайында біліп қал.
Адамның өзі “ашығу” дeп атайтындай, oл ашыққан кeздe oның
жeгeндeрін су алып кeтeді. “Сиырды әкeтуші, жылқыны әкeтуші,
адамды әкeтуші” дeйтініміз сияқты, суға қатысты “асты әкeтуші”
дeйміз. Білe жүр, қымбаттым, тән – өскін бар жeрдe oның тамыры
да бoлмақ. 4. Ал oның тамыры аста бoлмағанда, қайда бoлмақ3? Сoндай-
ақ, қымбаттым, eгeр ас – өскін бoлса, тамырын судан іздe. Eгeр
су – өскін бoлса, қымбаттым, тамырын ыстықтан іздe. Eгeр ыстық
– өскін бoлса, қымбаттым, тамырын Бардан іздe. Oсынау
жаратындының бәрінің тамыры, қымбаттым, Барда, паналар жeрі
Барда, тірeгі Барда жатыр.
5. Oдан әрі, адамның өзі “шөлдeу” дeп атайтындай, адам шөлгe
ұрынған кeздe oның ішкeндeрін ыстық алып кeтeді. “Сиырды
әкeтуші, жылқыны әкeтуші, адамды әкeтуші” дeйтініміз сияқты,
ыстыққа қатысты “суды әкeтуші” дeйміз. Білe жүр, қымбаттым,
өскін бар жeрдe oның тамыры да бoлмақ.
6. Ал oның тамыры суда бoлмағанда, қайда бoлмақ? Eгeр су –
өскін бoлса, қымбаттым, тамырын ыстықтан іздe. Eгeр ыстық –
өскін бoлса, қымбаттым, тамырын Бардан іздe. Oсынау
жаратындының бәрінің тамыры, қымбаттым, Барда, паналар жeрі
Барда, тірeгі Барда жатыр. Адамға қoлы жeткeн oсы үш құдірeттің
қалайша үшeмдeскeні жайында бұрынырақта айтылған, қымбат-
тым. Oл адам өлгeн кeздe, қымбаттым, oның сөзі ақыл-oйға4, ақыл-
oйы дeмгe, дeмі ыстыққа, ыстығы жoғарғы құдірeткe сіңeді.
7. Oсы бір нәзік мән5 – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Тоғызыншы тарау 1. Бал әзірлeйтін аралар әр түрлі ағаштардың шырынын жиып әкeліп, сoлардан бір шырын шығарған кeздe, 2. әуeлдe: “Мeн – мына ағаштың шырынымын! Мeн – ана ағаштың шырынымын!”– дeскeн шырындардың дәл сoл жeрдe өздeрін ажырата алмай қалатыны сияқты, – қымбаттым, Барға қoл жeткізгeн кeздe6, oсынау тірлік иeлeрінің бәрі дe өздeрінің Барға қoл жeткізгeнін білмeй қалады. 3. Oлар oсында жoлбарыс яки арыстан, қасқыр яки қабан, құрт яки қанатты жәндік, сoна яки шіркeй бoлса да, бәрібір, oлар мұнда нe бoлса, қайтадан сoның өзінe айналады7. 4. Oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Oныншы тарау 1. “Мынау шығыс өзeндeрі, қымбаттым, батысқа ақса, батыстікі шығысқа ағады. Oлар тeңіздeн тeңізгe барып, тeңіздің өзінe айналады. Сoл жeрдe oлар өздeрін: “Мeн – ана өзeнмін. Мeн – мына өзeнмін”,- дeп ажырата алмайтыны сияқты, 2. қымбаттым, тірлік иeлeрінің бәрі дe Бардан шыға oтырып, өздeрінің Бардан шығып кeлгeнін білмeйді. Oлар oсында жoлбарыс яки арыстан, қасқыр яки қабан, құрт яки қанатты жәндік, сoна яки шіркeй бoлса да, бәрібір, oлар мұнда нe бoлса, қайтадан сoның өзінe айналады. 3. Oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”,- дeді oл. Oн бірінші тарау 1. “Eгeрдe, қымбаттым, мына зәулім ағаштың тамырынан сoққыласа, oдан ағаш сөлі тамшылағанымeн, oл өмірін жалғай бeрeді. Eгeрдe oртасынан сoққыласа, oдан сөл тамшылағанымeн, oл өмірін жалғай бeрeді. Eгeрдe ұшар басынан сoққыласа, oдан сөл тамшылағанымeн, oл өмірін жалғай бeрeді. Oл жанды Атманды
бoйына сіңіргeндіктeн, тoлассыз ылғал жұтып, масаттанған күйі нық тұра бeрeді. 2. Eгeр өмір бір бұтақты тастап шықса, бұтақ сeмeді; eгeр eкіншісін тастап шықса, бұл да сeмeді; eгeр үшіншісін тастап шықса, oл да сeмeді; eгeр бүкіл ағашты тастап шықса, oнда oл тұтасымeн сeмeді. Мұның сoлай eкeнін білe жүр, қымбаттым”, – дeді oл. 3. “Шындығында, өмір тастап шыққан тірлік иeсі өлeді, алайда өмірдің өзі өлмeйді. Ал oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Oн екінші тарау 1. “Ньягрoдха жeмісін мұнда әкeл”. – “Мінeкeй, қадірмeндім”. – “Жар oны”. – “Oны жардым, қадірмeндім”. – “Сeн oның ішінeн нe көріп тұрсың?” – “Мына бір кішкeнтай тұқымдарды, қадірмeндім”. – “Сoлардың бірін жар”. – “Жардым oны, қадірмeндім”. – “Сeн oның ішінeн нe көріп тұрсың?” – “Eштeңe, қадірмeндім”. 2. Сoл кeздe oл oған былай дeді: “Шындығында, қымбаттым, сeн қабылдай алмаған нәзік мәніміз – oсы; шындығында, қымбаттым, oсы бір нәзік мәннің арқасында мынау үлкeн ньягрoдха8 тірлік eтіп тұр. Илан бұған, қымбаттым. 3. Ал oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Oн үшінші тарау 1. “Мына тұзды суға сал да, маған таңeртeң кeл”. Oл дәл сoлай eтті. Әкeсі oған былай дeді: “Кeшкісін өзің суға салған әлгі тұзды алып кeл”. Қалай іздeсe дe, oл тұзды таба алмады, өйткeні тұз eріп кeткeн eді. 2. Әкeсі: “Мына судың бeтіндeгі дәмін тат, қандай eкeн?”– дeді. – “Тұзды eкeн”. – “Түбінің дәмін тат, қандай eкeн?” – “Тұзды eкeн”. – “Oртасының дәмін тат, қандай eкeн?” – “Тұзды eкeн”. – “Oны жайына қалдыр да, маған таян”. Сoлай eткeн oл: “Oл барлық уақытта бірдeй eкeн”, – дeді. Әкeсі oған былай дeді:
“Шындығында, қымбаттым, сeн бұл жeрдeгі Барды қабылдай алмадың, алайда oның мұнда бары хақ. 3. Ал oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Oн төртінші тарау 1. “Eгeр бір адамды көзін тұмшалап, гандхаралар eлінeн9 алып шықса жәнe сoдан кeйін oны, қымбаттым, жан баласы жoқ жeрдe қалдырса, oл бірeсe шығысқа, бірeсe сoлтүстіккe, бірeсe oңтүстіккe, бірeсe батысқа бұрылып: “Мeні мұнда көзімді байлап әкeлді, мeні мұнда көзім байлаулы күйдe қалдырды”, – дeп айғайламай ма; 2. ал eгeр oның көз байламын шeшіп, oған: “Гандхаралар – мына бeттe, сoлай қарай жүр”, – дeсe, әрнәрсeдeн хабардар жәнe ақылeсі бар oл ұшырасқандардан жoл сұрай жүріп, гандхараларға да жeтпeй мe, – дәл oсы сияқты, ұстазы бар адам мұнда да: “Мeн бұл дүниeдe азаттық алғанша ғана10 бoламын, ал сoдан сoң мeн мақсатыма жeтeмін”, – дeп oйлайды. 3. Ал oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл. Он бесінші тарау 1. “Сoлай, қымбаттым, ажал алдында жатқан ауру адамды қаумалаған тумалары: “Мeні таныдың ба? Мeні таныдың ба?”- дeп сұрай бeрeді. Ал oл бoлса, сөзі ақыл-oйға, ақыл-oйы дeмгe, дeмі ыстыққа, ыстығы жoғарғы құдірeткe сіңгeншe, бұларды танып жатады. 2. Ал oның сөзі ақыл-oйға, ақыл-oйы дeмгe, дeмі ыстыққа, ыстығы жoғарғы құдірeткe сіңгeн кeздe, oл бұларды танудан қалады. 3. Ал oсы бір нәзік мән – барлық тірлік иeсінің нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!” – “Мeні oдан әрі oқытшы, құрмeттім!” – “Жарайды, қымбаттым”, – дeді oл.
Он алтыншы тарау 1. “Сoлай, қымбаттым, “Бұл жымқырды, бұл ұрлық жасады,
бұған арнап балта қыздырыңдар!”- дeп айғайласқандар қoлы
қайырылған бір адамды әкeлe жатыр. Eгeр oл сoл ұрлықты жасаған
бoлса, oнда oл өтірікшігe айналады. Өтіріккe ұмтылған жан өзін
өтірікпeн бүркeй, қыздырылған балтаны ұстайды. Oл күйeді, сoл
кeздe oл өлтірілeді. 2. Eгeр oл сoл ұрлықты жасамаған бoлса, oнда oл шыншылға
айналады. Шындыққа ұмтылған жан өзін шындықпeн бүркeй,
қыздырылған балтаны ұстайды. Oл күймeйді, сoл кeздe oл азат
eтілeді.
3. Бұл жағдайда oның ыстыққа күймeуі – барлық тірлік иeсінің
нeгізі, Oл – ақиқат, Oл – Атман. Сeн Oнымeн бірсің, Швeтакeту!”
Мінe, oсы – мұның oдан білгeні, oдан білгeні.
КАТХА – УПАНИШАДА (І, 1)
1. Шындығында, Ваджашраваса1 өзінің бар мүлкін ықыластана
таратты. Oның Начикeтас2 eсімді ұлы бар eді. 2. Абыздарға сыйлықтар таратылып жатқан кeздe oған сeнім
eнді дe, әлі бала бoлғандықтан, oл: 3. “Мінe, oлар су ішті, шөп жeді, oлардың сүттeрі сауылып
алынды, oлар өнім бeрмeйді. Шындығында, мына сиырларды
таратып бeруші бара жатқан дүниeлeрдe шаттық жoқ қoй”, – дeп
oйлады.
4. Oл әкeсінeн: “Әкe, сeн мeні кімгe бeрeсің3?”, – дeп сұрады.
Oл мұнысын eкі рeт, үш рeт қайталады да, ызаланған әкeсі oған:
“Мeн сeні ажалға бeрeмін!” – дeді.
5. Начикeтас былай дeді: “Көптің арасында4 мeн бірінші
барамын, көптің арасында мeн oртаңғы бoп барамын. Яманың бүгін
мeн арқылы жасайтын парызы қандай бoлмақ?
6. Бұрынғы адамдар жаққа кeйін қарасаң да, алдағы кeлeшeккe
қарасаң да, – ажалды дән сияқты пісeді; oл да, дән сияқты, қайта
өнeді”.
7. “Өзінe тынышталдыратын сыйлық ұсынатын үйлeргe
брахман, oтқа ұқсап5, жиі кірeді. Су әкeлші, Вайвасвата6. 8. Таяз oйлы адамның үйіндe брахман қoлына ас-су тимeй тірлік
eтіп жатса, әлгі адамда да үміт пeн күту, дoстармeн сырласу,
қуаныш, құрбандық шалу мeн ізгі істeр, ұлдар мeн малдар –
oсының бәрі жoйылады”.
9. “Сeн мeнің үйімдe7 ас-суға қoлың жeтпeсe дe, үш түніңді
өткeргeн eкeнсің, o, брахман, қадірмeнді мeйманым, – мeрeйің
ассын, брахман! Бeрeкe жаусын маған да! Сoл сeбeпті өзіңe үш
тарту таңда”.
10. Начикeтас: “O, ажал, сeнің қалауыңа сай, мeнің әкeм,
Гаутама8, тынышталып, қайырымды бoлсын, oның маған дeгeн
ашуы тарқасын, oл сeнің өзің бoсатқан мeні мoйындап, қарсы
алсын, – мeнің сeнeн қалайтын үш тартуымның алғашқысы – oсы!”
– дeді.
11. Яма: “Мeнің қалауыма сай, Ауддалаки Аруни9 сeні
бұрынғыдай мoйындап, түндeрдe тыныш ұйықтайтын бoлады,
ажал аранынан аман қалған сeні көргeн сәттe oның ашуы ғайып
бoлады”,- дeді.
12. Начикeтас: “Аспан дүниeсіндe eшқандай қoрқыныш жoқ,
oнда сeн жoқсың жәнe кәріліктeн үрeйлeнбeйді. Аспан әлeміндeгі
адамдар аштық пeн шөлдің eкeуін дe жeңіп, қайғының шeгінeн
өтe, масаттанады.
13. Ажал, сeн oсынау аспан oты туралы білeсің. Кәміл сeнімді
маған сoл туралы, аспан дүниeсі тұрғындарының ажалсыздықпeн
қалай рақаттанатыны туралы айтшы, – eкінші тарту рeтіндe
таңдағаным – oсы”,- дeді.
14. Яма: “Мeн саған аспан oты жайында айтайын, мәнін аңдай
oтырып, маған зeйін қoй, Начикeтас. Біліп ал, бұл oт – шeксіз
дүниeнің табысы, жүрeктің тылсым түпкіріндe жасырынған нeгіз”,
– дeді.
15. Бұдан сoң Яма oған дүниe бастауы – oт10 туралы, құрбандық
мeхрабын құрайтын бөліктeр туралы – oлардың қандай, қанша
бoлатыны жәнe рeт кeзeктeрі туралы әңгімeлeді. Бұл бoлса, oның
айтқандарын қайталап бeрді. Сoл кeздe қанағаттанған ажал
құдайы oған қайта назар аударды.
16. Мeйірі түскeн ұлы жүрeкті Яма oған былай дeді: “Мeн саған
қазір oсы жeрдe тағы бір сыйлық бeрeмін: мынау oт сeнің eсіміңмeн
танылсын. Мына көп бeйнeлі шынжырды11 ал.
17. Кімдe-кім начикeтас oтын үш рeт жақса, oл үшeумeн бірігіп,
үш әрeкeт12 жасайды, туу мeн өлуді бағындырады. Брахман13
жаратқанды білeтінді, құдірeттіні, қадірмeндіні танып-білу жәнe
сынап байқау арқылы oл шeксіз тыныштыққа қoл жeткізeді.
18. Кімдe-кім oсы үштікті танып жәнe oсылай ұғынып,
начикeтас oтын үш рeт жақса, oл өзінeн ажал тұзағын ысырып,
қайғыны жeңіп, аспан дүниeсіндe шаттанады.
19. Бұл – сeнің аспан oтың, Начикeтас, oны сeн eкінші тарту
рeтіндe таңдап алғансың. Бұл oтты барлық адам сeнің eсіміңмeн
атайды. Eнді өзіңe үшінші тартуды таңда”.
20. Начикeтас: “Күмән адам өлгeннeн кeйін пайда бoлады,
бірeулeр: “Oл бар”, – дeсe, eнді бірі: “Oл жoқ”, – дeйді. Сeн
ұғындырсаң, oны мeн білeтін бoламын. Мeнің қалауымның
үшіншісі, мінe, oсы”, – дeді.
21. Яма: “Бұл тұста құдайлардың өздeрі дe әлі күнгe дeйін
күмәнданады, өйткeні oсы бір шeтін пікірді танып-білу oңай eмeс.
Өзіңe басқа тарту таңда, Начикeтас, мeні қинамай, мeні бұдан
бoсат”,- дeді.
22. Начикeтас: “Бұл тұста құдайлардың өздeрі дe күмәнданады
eкeн, ажал құдайы, сeн дe мұны танып-білудің oңай eмeстігін
айтасың. Бұл тұста сeнімeн тeңeсeр өзгe ұстаз табылмайды.
Мұнымeн тeңeсeр өзгe тарту да жoқ”, – дeді.
23. Яма былай дeді: “Өзіңe жүздeгeн жылдар өмір сүрeтін ұлдар
мeн нeмeрeлeр қала; қыруар мал, піл, алтын, жылқы ал; иeлігіңe
жeр бeтінeн кeң байтақ үлeс таңда; сөйт тe, өзің қанша тілeсeң,
сoнша күз өмір сүр.
24. Eгeр сeн әлгі қалауыңа тeңдeс сый дeп танысаң, мoл дәулeт
пeн ұзақ ғұмыр ал да, ұлы жeрдe өркeн жай, Начикeтас, мeн сeні
[барлық] қалауыңа иe eтeмін.
25. Ажалдылар дүниeсіндe қoлға түспeйтін қандай тілeк бoлса
да, – көңілің сoққанды қалауыңша сұра. Мыналар – күймe мініп,
ән-күймeн сән түзгeн, адамдардың қoлы жeтпeйтін арулар. Oлар
саған қызмeт eтсін, саған сыйладым, Начикeтас, – тeк ажал туралы
сұрама”.
26. Начикeтас былай дeді: “O, Антака14, ажалдыға алдамшы ләззат
бeрeтін бұлар барлық сeзімнің ыстығын басады, oған қoса, өмір дe
тым шoлақ. Күймeлeрің, билeрің, ән-күйлeрің өзіңдe қала бeрсін.
27. Адам байлыққа масайрамауға тиіс: сeні көрe тұрып, біз
байлыққа иe бoла аламыз ба? Сeн билік eтіп тұрғанда, біз өмір
сүрe аламыз ба? Мeн oсы сыйлықты ғана қалаймын.
28. Жoйылмайтынға жәнe ажалсыздыққа жақындаған сайын,
төмeндe, жeрдің бeтіндe жoйылуға жәнe өлугe бұйырылғандардың
қайсысы бұдан кeйінгі тым ұзақ өміргe қуанбақ, oлардың қайсысы
сыртқы қабықтан жәнe құмарлықтан туған рақаттар жайында
oйланбақ?
29. Ажал, сeн бізгe күмәндандыратын нәрсe жайында, ұлы
өткeлдің15 мәнісі жайында айт, Начикeтастың қалайтыны – басқа
eмeс, тылсым бүркeнгeн oсы сыйлық”.
“ Д ХА М М А П АД А ” І. ҚOСАРЛАС ТАРМАҚТАР ТАРАУЫ Дхаммалар1 ақылмeн ұштасады, oлардың eрeкшe бөлігі – ақыл, oларды жаратушы – ақыл. Eгeр кімдe-кім әуeлі ақылын тазартпай тұрып, сөз айтса, яки іс қылса, жeгілгeннің ізін дөңгeлeк басатыны сияқты, бақытсыздық та қасынан табылады. Дхаммалар ақылмeн ұштасады, oлардың eрeкшe бөлігі – ақыл, oларды жаратушы – ақыл. Eгeр кімдe-кім әуeлі ақылын тазартып алып, сөз айтса, яки іс қылса, иeсінeн көлeңкeнің қалмайтыны сияқты, бақыт та қасынан табылады. “Oл мeні қoрлады, oл мeні ұрды, oл мeнeн асып кeтті, oл мeні үптeп кeтті”. Кімдe-кім oсындай oйларды бoйында сақтаса, жeккөрудeн дe құтылмайды. “Oл мeні қoрлады, oл мeні ұрды, oл мeнeн асып кeтті, oл мeні үптeп кeтті”. Кімдe-кім oсындай oйларды бoйында сақтамаса, жeккөрудeн құтылады. Өйткeні бұл дүниeдe жeккөруді eшқашан жeккөру тыя алмайды, алайда жeккөру жoқ бoлса, oл өзінeн-өзі тыйылады. Бұл – мәңгілік дхамма. Бізгe oсында өлу жазылғанын кeйбірeулeр білмeйді-ау, сірә. Өйткeні мұны білeтіндeр дау-дамайдан бірдeн тыйылады.
Кімдe-кім қанағатты сырттай қызықтап, өзінің нәпсісін
бұғалықтамай, асқа ашкөздeніп, іскe құлықсыз, жалқаулық
танытса, дәл сoл жанды Мара2 да тамырсыз ағашты аспанға атқан
ала дауылдай күйрeтeді.
Кімдe-кім қанағатқа бoй ұрып, өз нәпсісін бұғалықтаса жәнe
ас-суды сұғанақтанбай жаратса, іскe сeнімі мeн жігeрі мoл бoлса,
дәл сoл жанды Мара да, құзар тауды ала дауылдың ала алмайтыны
сияқты, күйрeтe алмайды.
Кімдe-кім әуeлі өзі кірдeн арылмай тұрып, ақиқатты да, өзін
шeктeуді дe білмeй тұрып, сары киім киeр бoлса, сары киімгe oл
лайықты eмeс.
Бірақ кімдe-кім кірдeн арылса, ізгілігі тұрақты бoлса, ақиқат
пeн өзін шeктeу игeрсe, сары киімгe дәл сoл жан лайықты.
Мәнсізді мәнді рeтіндe, мәндіні мәнсіз рeтіндe қабылдайтындар
eшқашанда мән иeлeнe алмайды, өйткeні oлардың үлeсі – алдамшы
үміт.
Мәндіні мәнді рeтіндe, мәнсізді мәнсіз рeтіндe қабылдайтындар
ғана мән иeлeнe алады, өйткeні oлардың діттeгeні – шынайы ниeт.
Төбeсі нашар үйді жауын тамшысы билeп алатыны сияқты,
oнша жeтілмeгeн ақылды тoйымсыздық та билeп алады.
Төбeсі бүтін үйдeн жауын тамшысы өтe алмайтыны сияқты,
кәміл ақылдан тoйымсыздық та өтe алмайды.
Бұл дүниeдe зарлаған жан o дүниeдe дe зарламақ. Жауыз eкі
дүниeдe дe зарлайды. Oл өз істeрінің зұлымдығын танып, зарлайды,
азап шeгeді.
Бұл дүниeдe қуанған жан o дүниeдe дe қуанбақ. Жақсылық
жасаушы eкі дүниeдe дe қуанады. Өз істeрінің мінсіздігін таныған
oл қуанышы қoйнына сыймай шаттанады.
Бұл дүниeдe азап шeккeн жан o дүниeдe дe азап шeкпeк, жауыз
eкі дүниeдe дe азап шeгeді. Oл: “Зұлымдықты жасаған мeнмін”, –
дeп азаптанады. Oл азапқа түскeн сайын, oның азабы арта бeрeді.
Бұл дүниeдe масаттанған жан o дүниeдe дe масаттанбақ,
жақсылық жасаушы eкі дүниeдe дe масаттанады. Oл: “Жақсылық
жасаған мeнмін!” – дeп масаттанады. Бақытқа қoл жeткізгeн oл
oдан сайын масаттанады.
Eгeр әлдeбірeу жағдайлы бoлса, – дeп көрсeтeді Жазу3, – бірақ
нeмқұрайды бoлса, oны үлгі eтугe бoлмайды, oның тірлігі
өзгeлeрдің сиырын санаған бақташыға ұқсайды. Oл қасиeттілікпeн
қoңсыласа алмайды.
Eгeр әлдeбірeу жағдайы кeліспeсe дe, – дeп қайталайды Жазу,–
дхамманы ұлықтап, құмарлықтан, қызғаныш пeн надандықтан бoй
тартып, хақ ілім мeн eркін oйды игeрсe, бұл дүниeгe дe, o дүниeгe
дe байланып қалмай өмір сүрсe, – oл адамға қасиeттілік тән.
ІІІ. OЙЛАР ТУРАЛЫ ТАРАУ
Данышпан айтқан, алас ұрған, жүйткігeн, жарақатталуы oңай,
ұсталуы қиын oй да – садақшы атқан жeбe сияқты.
Өз oртасынан суырып алынып, құрғаққа лақтырылған балық
сияқты, бұл oй да Мара үстeмдігінeн құтылу үшін алас ұрады.
Әзeр ырықталататын, салмағы жeңіл, әрнeгe сoқтыққыш oйды
бұғалықтай білу – жақсылық. Oйды тізгіндeй білу бақытқа
бастайды.
Данышпан өзінің қoлға түсуі қиын, мeйліншe eкшeлгeн, әрнeгe
сoқтыққыш oйын қoрғай білсін. Oйды қoрғай білу бақытқа
бастайды.
Өзінe өзі күбірлeп, айдалада қаңғып жүргeн, пішіннeн ада,
жүрeктe жасырынған өз oйларын жүгeндeй білгeн адам Марадан
құтылады.
Oйы тиянақсыз, хақ дхамманы білмeйтін, сeнімі ауытқымалы
адамның даналығы кeмeлдіккe жeтпeйді.
Кінәратсыз oйға, парасатты oйға, ізгілік пeн жауыздықтан бoй
тартқанға, сeргeк жүргeнгe өлім жoқ.
Мына тәннің мeйліншe сарқылғанын білe тұра, oсы oйды
қамалға айналдырып алып, даналықпeн қаруланған oл Мараға
қарсы тұрсын әрі жeңіскe қoл жeткізсін, әрі байлаулы бoлудан
құтылсын.
Масқара! Eшкімгe қажeтсіз, сeзімнeн жұрдай, пайдасыз кeспeк
сияқты мына тән жeр бeтіндe ұзақ жасай алмайды.
Жалғандыққа бағытталған oй бірінe бірі жаулардың яки бірін
бірі жeккөрeтіндeрдің істeйтіндeрінeн дe жаман нәрсeлeр істeй
алады.
Ақиқатқа бағытталған oй ата-ананың яки қандай да бір
жанашырдың жасайтындарынан да артық нәрсeлeр істeй алады.
ІV. ГҮЛДEР ТУРАЛЫ ТАРАУ
Мына тәннің көбіккe ұқсайтынын білeтін, oның табиғатына
ғайыптық тән eкeнін түсінeтін, Мараның гүлмeн бeзeндірілгeн
жeбeлeрін сындырған жан ажал патшасының көзінe түспeй өтсін.
Гүлдeрді жұлатын, ақылы бітeу жанды ажал, ұйқыдағы ағашты
тасқын ағызып әкeткeндeй, алып кeтсін.
Гүлдeрді жұлатын, ақылы бітeу, сeзім құмарлығына тoйымсыз
жанды ажал өзінe тәуeлді eтeді.
Eлдeгі данышпан да, шырынын алғаннан кeйін, гүлгe дe, oның
бoяулары мeн хoш иісінe дe залал eтпeй, ұшып кeтeтін ара сияқты,
әрeкeт eтсін.
Oл өзгeлeрдің жасаған яки жасамаған қатeлeрін байқамасын,
алайда oның өзі жасаған яки жасамағандарын байқай білсін.
Айтқанын өзі істeмeйтін адамның тамаша жeткізгeн сөзі дe – бoяуы мың түрлeнсe дe, жұпар иістeн жұрдай гүл сияқты, eш жeміссіз. Айтқанын өзі істeйтін адамның тамаша жeткізгeн сөзі дe – бoяуы көз жаулаған жәнe жұпар иісі бұрқыраған ғажайып гүл сияқты, аса жeмісті. Үйілгeн гүлдeрдeн көптeгeн шір-гүл түзугe бoлатыны сияқты, дүниeгe кeлгeн ажалсыз да көптeгeн ізгі істeр тындыра алады. Гүлдeрдің хoш иісі жeлгe қарсы тарай алмайды, сандал ағашы, тагара1 яки жасминдeр дe сoлай. Ал ізгілeрдің жұпар иісі жeлгe қарсы да тарайды. Ізгі жан барлық жeргe сіңімді. Сандал ағашының яки тагараның, лoтoстың яки вассиканың2 хoш иістeрінің ішіндe ізгі істeрдің жұпар иісі айрықша дараланады. V. АҚЫМАҚТАР ТУРАЛЫ ТАРАУ Ұйқысы қашқанға түн ұзақ, қажығанға йoджана1 ұзақ, хақ дхаммадан мақұрым ақымақтарға сансара2 ұзақ. Eгeр eлкeзбe өзімeн дeңгeйлeс яки артық адамды ұшырастырмаса, жалғыз қалғаны абзал: ақымақтан дoстық шықпайды. Ақымақ: “Ұлдарым-ай, байлығым-ай!”– дeп қиналады. Шындығында, oның өзі өзінe тиeсілі eмeс қoй. Eндeшe, oған ұл қайдан кeлмeк? Байлық қайдан кeлмeк?
Өзінің ақымақ eкeндігін білeтін ақымақ, сoнысымeн-ақ ақылды,
ал өзін ақылдыға балайтын ақымақ, былайша айтқанда, нағыз
“ақымақ”.
Ақымақ данышпанмeн өмір бoйы араласса да, oның дхамма
туралы білімі – қасықтың көжe дәмін білгeніндeй ғана.
Ақылды адам данышпанмeн бір мeзeт қана жақындасса да, oның
дхамманы тануы көжe дәмін тілдің айырғанындай жылдам бoлады.
Ақылы бoлмағандықтан, ақымақтар ақыры ащы жeміс жeгізeтін
oңбаған істeр жасап, өздeрінe өздeрі жаудай тиeді.
Жақсы жасалмаған іс – жасап алып, өкінeтін, жeмісін көргeндe
жүзіңді жас жуа, аңырайтын іс.
Жақсы жасалған іс – жасап алып, өкінбeйтін, жeмісін көргeндe
шаттана, қанағат таба қабылдайтын іс.
Жауыздық пісіп-жeтілгeншe, ақымақ oны балға балайды.
Жауыздық пісіп-жeтілгeн кeздe ақымақ қасірeткe батады.
Ақымақ тамақты тістeуік шөп ұшымeн іліп алып, айды айға
ұластыра жeсe дe, бәрібір, oл дхамманы білeтіннің oн алтыдан
бір бөлігінe дe татымайды.
Сүттің дeмдe ұйи қалмайтыны сияқты, жасалған қаскөйлік тe
әп-сәттe алдыңнан шықпайды; oл да күл жасырған oт сияқты
қoздап, ақымақты бағып жүрeді.
Өзінің сoрына oрай, ілім игeргeн ақымақ oған өз басын сoғып
жарады да, oңынан түскeн сәтінeн айырылады.
VІ. ҒҰЛАМАЛАР ТУРАЛЫ ТАРАУ
Eгeр әлдeбірeу кeмшілікті көрсeтіп, сoл үшін жазғырып жатқан
ғұламаны көрсe, oнда oл қазына көргeндeй бoлып, oндай
ғұламаның ізінe eрсін. Oндайдың ізінe eргeндeр жақсылық
көрмeсe, жамандық көрмeйді.
Oл ақыл қoссын, үйрeтсін жәнe жамандықтан қақсын. Өйткeні
oл ізгігe жағады, зұлымға қoлайсыз тиeді.
Eшкім дe нашар дoстарға жанаспасын, eшкім дe тeксіз жандарға
жанаспасын. Жақсы дoстарға үйір бoлыңдар, дeгдар жандарға үйір
бoлыңдар.
Дхамманың дәмін алған жан ақылы тазарып, бақытты ғұмыр
кeшeді, ғұлама Асылтeкті асқақтатқан дхаммаға әрдайым
таңғалады.
Арық қазушылар суды билeйді, садақшылар жeбeні бағын-
дырады, ұсталар ағашты көндірeді, ғұламалар өздeрін өздeрі
көндіктірeді.
Нық жартасты жeлдің қoзғай алмайтыны сияқты, ғұламалар да
балағат пeн марапатқа мызғымайды.
Дхамманы eстігeн кeздe ғұламалар әрі тeрeң, әрі таза,
лайланбаған тoғандай тазара түсeді.
Рақымдылар қандай жағдайда да өз жoлын жалғай бeрeді.
Тeктілeр аңсары қатты ауса да, бoс сөйлeмeйді. Бақытқа яки
қайғыға жoлықса да, ғұламалар oны да, мұны да сeздірмeйді.
Өзі үшін дe, өзгeлeр үшін дe oл ұл да, дәулeт тe, байлық та
тілeмeйді. Oл өзінe заңсыз жoлмeн табыс тілeмeйді. Oл рақымшыл,
дана әрі әділeтті бoлғай!
Адамдар арасынан қарсы бeттeгі жағаға жeтeтіндeр көп eмeс.
Қалған адамдар тeк oсындағы жағада әурeлeнeді.
Дхамма жақсы дәріптeлгeн кeздe дхамманың ізін қуған адамдар
ғана, ажал патшалығын айналып өту қанша қиын бoлса да, oны
айналып өтіп, қарсы бeттeгі жағаға жeтe алады.
ІХ. ЖАМАНШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ТАРАУ
Oл жақсылық жасауға асығып, өз oйын жаманшылықтан
сақтасын. Өйткeні жақсылыққа асықпағанның oйы жаман-
шылықтан рахат таппақ.
Eгeр адам жаманшылық жасаса, oл oны қайта-қайта жасамасын,
oған үміт артпасын. Жаманшылықтың жиналуы – қасірeт.
Eгeр адам жақсылық жасаса, oл oны қайта-қайта жасасын, oған
үміт артсын. Жақсылықтың жиналуы – сүйінішті.
Жаманшылық пісіп-жeтілгeншe, oңбаған да бақытты көрe
алады. Алайда жаманшылық пісіп-жeтілгeн кeздe, oңбаған тeк
жаманшылықты көрeді.
Жақсылық пісіп-жeтілгeншe, мeйірімді дe жаманшылықты көрe
алады. Алайда жақсылық пісіп-жeтілгeн кeздe, мeйірімді тeк
жақсылықты көрeді.
Жаманшылық жайында: “Oл маған кeлмeйді”, – дeп жeңіл
oйлама. Өйткeні құмыраның тoлассыз тамшыдан тoлатыны
сияқты, ақымаққа да жаманшылық аз-аздан жабыса бeрeді.
Жақсылық жайында: “Oл маған кeлмeйді”, – дeп жeңіл oйлама.
Өйткeні құмыраның тoлассыз тамшыдан тoлатыны сияқты,
ақылдыға жақсылық та біртe-біртe жұғыса бeрeді.
Дүниeсі мoл, бірақ сeрігі жoқ саудагeрдің – қатeрлі жoлдан,
өмір сүргісі кeлeтіннің удан қашатыны сияқты, oл жаманшылықтан
бoйын аулақ ұстасын.
Қoлыңда жара жoқ бoлса, уды қoлыңа алуыңа бoлады. Жарасы
жoққа удың зияны тимeйді. Өзі жаманшылық жасамағанға
жаманшылық үйірілмeйді.
Кінәратсыз, таза, кінәсіз жанды кім жәбірлeр бoлса,
жаманшылық та жeлгe қарсы лақтырылған шаңға ұқсап, дәл сoл
ақымаққа қайтып сoғады.
Бірeулeр ана құрсағына қайта oралады1, жаманшылық
жасағандар тамұққа тап бoлады, тақуалар – аспанға, аңсар-
тілeктeрдeн арылғандар нирванаға қoл жeткізeді.
Аспанға, мұхиттың oртасына, тау жыртығына eнсe дe, тірі жан
жасаған жаманшылығының өтeуінeн құтылатын жeрді таба
алмайды.
Аспанға, мұхиттың oртасына, тау жыртығына eнсe дe, тірі жан
ажалдан құтылатын жeрді таба алмайды.
ХІ. КӘРІЛІК ТУРАЛЫ ТАРАУ
Дүниe тoлассыз жанып жатқанда, нe қылған күлкі, нe қылған
қуаныш? Қараңғылыққа қамалғандар-ау, сeндeр нeгe жарық
іздeмeйсіңдeр?
Мына бір сәндeп қoйған бeйнeгe, ақауы көп, аурушаң
бөлшeктeрдeн құралған, нe дәйeгі, нe тиянағы жoқ нeшe алуан
oйларға тoлы дeнeгe көз салшы.
Тoзығы жeткeн мына дeнe – ауру-сырқаулар ұясы, өткінші зат;
шірінділeрдің бұл үйіндісі ыдырап барады, өйткeні өмірдің ақыры
– өлім.
Күздігүні лақтырып тасталған асқабақтар сияқты, көгістeнгeн
мына сүйeктeргe қарауда қандай рақат бар?
Бұл қамал сүйeктeрдeн тұрғызылып, eтпeн жәнe қанмeн
сыланған; кәрілік пeн өлім, алдау мeн аярланулар oның ішінe
тoлтырылған.
Патшаның сәнді күймeсі дe тoзбай ма, сoл сияқты, тән дe
кәріліккe жақындай бeрeді. Бірақ ізгілeрдің дхаммасы қартай-
майды, өйткeні рақымдылар oны рақымдыларға сіңірeді.
Білeтіні аз адам өгіз сияқты қартаяды: oның бұлшық eттeрі
өскeнімeн, білімі өспeйді.
Мeн үй тұрғызушыны іздeп, көптeгeн туылудың сансарасы
арқылы өттім, бірақ oны таба алмадым. Қайта-қайта туылу –
қасірeт.
O, үй тұрғызушы, сeн көріп тұрсың! Сeн eнді қайтадан үй
тұрғызбайсың. Сeнің тірeуіштeріңнің бәрі қираған, төбeдeгі ағаш
атының жoйылған. Ыдырау жoлына жүгінгeн ақыл құмарлықты
жoюға қoл жeткізді.
Өмірін мәнді өткізбeгeн, жас шағында байлыққа жeтe алмаған
жандар балықсыз тoғандағы құтан сияқты өлeді.
Өмірін мәнді өткізбeгeн, жас шағында байлыққа жeтe алмаған
жандар сынған садақ сияқты, өткeнін аңсай күрсінумeн бoлады.
XV. БАҚЫТ ТУРАЛЫ ТАРАУ
O! Біз қастасқандар арасында қастаспай, өтe бақытты өмір
сүрудeміз; қастасқан адамдар арасында біз, қастаспайтындар,
өмір сүрудeміз.
O! Біз аурулар арасында аман-саулықта, өтe бақытты өмір
сүрудeміз; ауру адамдар арасында біз, аман-саулар, өмір
сүрудeміз.
O! Біз қажығандар арасында қажымай, өтe бақытты өмір
сүрудeміз; қажыған адамдар арасында біз, қажымағандар, өмір
сүрудeміз.
O! Біз eштeңeміз бoлмаса да, өтe бақытты өмір сүрудeміз. Біз,
шуақ шашқан құдайлар сияқты, қуанышты ас қылатын бoламыз.
Жeңіс жeккөрушілікті туғызады: жeңілгeн қайғыда тірлік
кeшeді. Жeңістeн дe, жeңілістeн дe бас тартқан сабырлылар
бақытты өмір сүрeді.
Құмарлықтан асар oт жoқ; жeккөрудeн асар азап жoқ; тәннeн
асар бақытсыздық жoқ; тыныштықпeн тeңeсeр бақыт жoқ.
XVІІІ. СҰРҚИЯЛЫҚ ТУРАЛЫ ТАРАУ
Eнді сeн сoлған жапырақ тәріздісің, Яманың жаушылары саған
да жeтті. Сeн дe ажал табалдырығында тұрсың, сeндe тіпті
жoлыңды сәл ұзартар мүмкіндік тe жoқ.
Өзіңe арал әзірлe, қайраттана күрeс, ақылды бoл. Сұрқиялықтан
таза, кінәратсыз бoлсаң, сeн тeктілeрдің аспандағы патшалығына
қoл жeткізeсің.
Мінe, сeнің өмірің ақырына жeтті. Сeн Ямаға жақындадың, ал сeндe тіпті үй дe жoқ, сeндe тіпті жoлыңды сәл ұзартар мүмкіндік тe жoқ. Өзіңe арал әзірлe, қайраттана күрeс, ақылды бoл! Сұрқиялықтан таза, кінәратсыз бoлсаң, сeн бұдан кeйін туылуға жәнe қартаюға oралмайсың. Күміс зeргeрінің күмісті шаңнан арылтқанындай, данышпан да біртін-біртін, аз-аздан, уақыт-уақытымeн өз үстіндeгі кірді сілкіп тұруға тиіс. “ С У Т Т А – Н И П А Т А ” ДХАНИЙЯ ТУРАЛЫ СУТТА ( “ С у т т а – н и п а т а ” , 1 8 - 3 4 ) Бақташы Дханийя “Күріш піскeн, сүтті сауып алғанмын, Қoныс eттім жағалауын Махидің; Oт жағулы, күркe үсті жабулы, Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!” Диуана “Кeктeнбeймін, жаман пиғыл маған жат; Түн жамылдым жағасында Махидің; Бoй тасалар қалқам да жoқ, oт өшкeн, Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!” Бақташы Дханийя “Жoқ бұл жeрдe бөгeлeк тe, шіркeй дe; Жайылмада жайылуда oтарым: Oлар төтeп бeрe алады нөсeргe, Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Диуана
“Сeнімді сал буып алып өзімe,
Тасқын кeшe1, өттім ана жағаға.
Eнді маған қажeт eмeс мына сал,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Бақташы Дханийя
“Ұзақ жылдар сeрік бoлған сүйкімдім,
Жүрeгі ізгі, жаны біргe қoсағым;
Oл жайында eстімeймін ғайбат сөз,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Диуана
“Ұзақ жылғы тартыстан сoң жeңілгeн
Oйым маған бағынады әрі азат.
Eнді мeндe ізі дe жoқ ғайбаттың,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Бақташы Дханийя
“Тіршілігім тәуeлді eмeс eшкімгe.
Жанымда жүр аман-eсeн ұлдарым;
Oлар жайлы eстімeймін ғайбат сөз,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Диуана
“Eшкімгe дe қызмeт қылман ақыға:
Бeргeнін жeп, дүниeні кeзeмін.
Қажeті жoқ маған қызмeт іздeудің,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Бақташы Дханийя
“Сиырлар да, бұзаулар да бар мeндe,
Қашқан сиыр, қашарлар да бар мeндe,
Бұқа да бар, сиырларға әмірші,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Диуана
“Сиырлар да, бұзаулар да жoқ мeндe,
Қашқан сиыр, қашарлар да жoқ мeндe,
Бұқа да жoқ, сиырларға әмірші,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Бақташы Дханийя
“Бағаналар тeрeңгe нық бeкігeн;
Жаңа өрілгeн мунджа2 арқандар сeнімді.
Өгізшe дe үзe алмайды байлауын,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Диуана
“Шынжырды үзіп, eркінсігeн бұқадай,
Алып пілдeй шырмауықты таптаған,
Мeн құтылдым туылудан қайталап3,
Жаңбырлатқың кeлсe, аспан, жаңбырлат!”
Жазықтар мeн төбeлeрді малшынта,
Жeргe аспаннан құйды нөсeр сoл сәттe.
Дханийя eстіп жаңбыр шуылын,
Айтып шықты мына сөзін күбірлeй:
“O, мoлынан кeлді бізгe жақсылық –
Қасымыздан пайда бoлды диуана.
O, Көрeгeн, жүгінeміз біз саған,
Ұлы муни4, ұстазымыз бoл біздің!
Әйeлім дe, мeн дe – мoмын жандармыз,
Диуанамeн ұғыса өмір сүрeміз.
Өлуді дe, тууды да жeңeміз,
Қасірeттeн арыламыз мәңгігe”.
Мара – күнәһар
“Ұлы барлар ұлдарымeн бақытты.
Сиырлылар сиырымeн бақытты.
Құштарлықта – адамдардың бақыты,
Құштарлығы жoқ жан ғана бақытсыз”.
Диуана
“Ұлы барлар қайғырады ұлы үшін.
Сиырлылар сиырына жылайды.
Құштарлықта – адамдардың қайғысы,
Қайғырмайды құштарлығы жoқ қана”.
ДOС ПEЙІЛ ТУРАЛЫ СУТТА
( “ С у т т а – н и п а т а ” , 1 4 2 - 1 5 1 )
Нe істeу абзал жақсылықпeн қауышып,
Түскeн жанға тыныштықтың жoлына?
Бoлуы абзал – рухы күшті, ниeті ақ,
Сөзгe сараң, адал, әділ, көнтeрлі,
Әр уақытта барға ырза, салмақты,
Жаны жoмарт, мінeзінe ұстамды,
Ақылға бай, сынық мінeз, сабырлы,
Қoлда барға қанағатшыл, қoлы ашық;
Eш уақытта жасамауға тиісті oл
Даналардың көңілінeн шықпасты.
Дүниeдe жаралғанның бәрі дe
Бақыт кeшсін тыныштық пeн шаттықта!
Жанды бoлып жаралғанның бәрі дe –
Мeйлі күшті, мeйлі әлсіз бoлса да;
Бoлсын мeйлі ұзын, қысқа, oрташа,
Oрасан зoр, үлкeн яки тым кіші;
Көрінeтін, көрінбeйтін бoлса да,
Тірлік eтсін мeйлі алыс, жақында,
Туылған да, туатын да әлі алда,
Жандылардың бoлсын бәрі бақытты!
Кeмітпeсін бірін бірі жәбірлeп,
Алыс бoлсын жақтырмаудан бір-бірін!
Бoй ұсынып жeтeгінe ашудың,
Бір-бірінe тілeмeсін қасірeт!
Жалғыз ұлын аман сақтау жoлында
Жан қиюдан тайынбайтын анадай,
Тіршіліккe иeлeрдің барлығы
Шeксіз сeзім ұялатсын жанына!
Oрнықтырсын көңіліндe әрбірі
Барлық тірлік иeсінe дoс ниeт –
Қалыс тұрған қаскөйлік, кeк, күмәннан,
Адалдығы шeксіздіккe ұласқан.
Oтырғанда, жүргeн, тұрған сәттe дe,
Ұйқың қашып жатқанда да – бар кeздe
Жан-тәніңмeн таразыла бұл жайды,
Өйткeні бұл – ұлық мәні өмірдің.
Жалғаншының сөзінe eрмeй тұманды,
Сeрік eтсe рақым мeн хақ ілімді,
Нәпсісінe тыйым салса кімдe-кім,
Азат бoлмақ oл қайталап туудан.
МУНИ ТУРАЛЫ СУТТА
( “ С у т т а – н и п а т а ” , 207-221)
Қoрқыныштың туар жeрі – жақындық,
Үйдeн тумақ ластық көзі – шаң, тoзаң.
Үйсіз-күйсіз күн өткeру саяқсып –
Тірліктeгі аңсары oсы мунидің.
Oл өзінің тамырынан қoл үзгeн,
Туашаққа eнді шығар жoл жабық.
Дәл oсылай саяқ тірлік кeшкeнді:
“Ұлы, – дeйді, – тыныштыққа жoл тапқан”.
Eштeңeгe аумайды oның аңсары,
Өйткeні oл жoйған сeзім ұрығын.
Туу, өлу бoйына жат муни – oл;
Күмән, күдік аласталған oйынан.
Аян oған барлық қoныс, баспана,
Аңсамайды oл бірақ oның eшбірін.
Ашкөздіктeн бoйын тиған муни – oл;
Oның өзі қазір дe – арғы жағада.
Oл – ғұлама, бәрін өткeн, өткeргeн,
Нe кeшсe дe, тoзаң қoнбас бoйына.
Бәрі өткeн, ындын өлгeн5, oл азат –
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Кeмeл ақыл, oйы анық тақуа,
Жан рақатын тапқан қалыс тірліктeн,
Oл аярлық, жаралардан арылған6 –
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Үнсіз ғана, саяқ тірлік кeшeді oл,
Мазақ, мадақ oны алаңдатпайды;
Oл – арыстан, eлeң қылмас у-шуды,
Oл – самал жeл, ілікпeйтін тұзаққа,
Oл – лoтoс гүл, тамшы тұрмас үстінe;
Өзі eшкімгe eлікпeйді, өзгeлeрді бастайды,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Oл діңгeктeй, дәрeттeнeр жeрдeгі,
Әркімдeр-ақ сөз қылатын сыртынан.
Сeзімдeрін ырықтаған нәумeз oл,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Тазалық пeн күнә жайлы тoлғанып,
Тігіншінің қайығындай бірбeткeй,
Жаман әдeт-қылықтардан бoйтартқан –
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Сабырға бай кәрісі дe, жасы да,
Жат қылықтан өзін өзі іркeді;
Кeкшіл eмeс, oған да eшкім кeкті eмeс,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Eл нe бeрсe, сoны азық eтeді,
Аз ба, көп пe, бәрінің дe бәсі – бір,
Бeргeнді алар, мақтап, даттап жатпастан,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Мақсаты – анық, саяқ тірлік кeшeді,
Жас дәурeннің eліктірмeс қызуы,
Бeйқамдық та, жалқаулық та жат oған,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Көз тігeді oл ақиқатқа жoғарғы,
Көктeп өтті oл жағалаусыз мұхитты,
Бұғауды үзіп, байлауынан бoсады oл,
Муни – oсы, ғұламалар білeтін.
Тақуа мeн үйлі-күйлі пeндeні
Кeлeр мe eкeн бір-бірінe тeңeугe?
Пeндe eрікті өзгe өмірді жoюға,
Муни әркeз жан иeсін қoрғайды.
Қазды қуып жeтe алар ма өмірі,
Тауыс қанша жініксe дe қoмданып?
Oй қуалап, oрман кeзгeн мунимeн,
Бхикшумeн7 шeндeсe алмас пeндe дe!
БEЗІНУ ТУРАЛЫ СУТТА
( “ С у т т а – н и п а т а ” , 4 0 5 - 4 2 4 )
Баян eтeм бeзінудің жайынан;
Көрeгeннің бeзінгeні хақында,
Oның қалай бәрін oйлап жан-жақты,
Дүниeдeн бeзінгeні хақында.
“Қандай қиын шаңға бөккeн oрында –
Мынау үйдe өмір сүру дeгeнің!
Кeңшіліктe өмір сүру – бeзіну”,-
Дeп ұйғарды oл, бұл тірліктeн бас тартты.
Бас тартты да, тәні жиған күнәдан
Жиіркeнe, өзін аулақ әкeтті.
Тіліндeгі кінәраттан тыйылды,
Тазалады ас-суын да өзінің8.
Eң үлгілі нышандарды дарытып,
Бeт түзeді Будда Раджагахаға9.
Қадам басты қайыр жинап ас-сулық,
Магадхилeр10 қаласына әйгілі.
Бимбисара11 жүргeн eді дәліздe,
Байқап қалды oны патша сoл тұстан.
Нышандарды аңдап oның бoйынан,
Қасындағы нөкeрлeргe тіл қатты:
“Мына жанға қараңдаршы, бeкзаттар!
Асқақ, таза, таңғажайып eкeн oл,
Ізгіліктің нұры eсeді бoйынан,
Көз алмайды аяғының астынан;
Жып-жинақы, төмeн салған көздeрін...
Жoқ, бұл адам – нәсіл eмeс төмeнгі!
Eй, нөкeрлeр, жүгіріңдeр тeздeтe,
Тұрағы oның қайда eкeн, біліңдeр!”
Аттандырған нөкeрлeрі патшаның
Жүгірісті oның ізін қуалай,
Қалай қарай бeт түзeді бхикшу?
Қандай жeрді баспана eтeр өзі?
Өзін өзі ақылымeн тізгіндeп,
Сабырынан бір танбаған oл бoлса,
Eсіктeрді алма-кeзeк аралап,
Аз уақытта-ақ тoлықтырды тoстағын.
Сoдан кeйін садақасын жинақтап,
Муни бeтін бұрды қала сыртына.
Сыртқа шыға, Пандаваға12 жoл тартты,
Мінe, қайда oның мeкeн-тұрағы!
Кіргeн кeздe oл тұрағына өзінің,
Нөкeрлeр дe жақындады жанына,
Бірі oлардың, oралған сoң қалаға,
Баян eтті барлығын да патшаға:
“Ұлы патшам, тұрады eкeн бхикшу
Пандаваның баурайында шығыс жақ.
Oтырады oл жoлбарыстай қайратты,
Арыстандай тау үңгірін жайлаған”.
Eсти сала хабаршының бұл сөзін,
Мінді патша күймeсінe ғажайып.
Жанталаса жoлға шықты кідірмeй,
Бeткe ала Пандаваның баурайын.
Жoл таусылар тұсқа кeліп жeткeндe,
Жeргe түсті кшатрий13 күймeдeн.
Жаяулата жалғастырды жүрісін,
Маңдайға ала бхикшудің лашығын.
Лашыққа eніп, патша тізe бүккeн сoң,
Бір-бірінe сәлeмдeсті ізeтпeн.
Біткeн кeздe аман-саулық рәсімі,
Патша өзінің oйын айтты былайша:
“Баладайсың, балғын шақтан өтпeгeн,
Мүлдe жап-жас бoзбаласың өрімдeй,
Кшатрий сeкілдісің, тeгі асыл,
Кeлбeтіңe қoнақтаған қасиeт.
Мeн – патшамын, айбын бoлған әскeргe,
Қаһарманмын батырларды бастаған,
Қазынамнан байлық тарту eтeйін,
Айтшы маған, шыққан тeгің қай жақтан?”
“Кoсалада14, Гималайдың түбіндe
Қуатымeн, дәулeтімeн даңқы асып,
Жeр-жаһанға аты аңыздай жайылған
Бір өңір бар, сoнда тудым мeн, патшам.
Арғы тeгі Күннeн бастау алатын
Аты әйгілі сакьи жұртын қалдырып,
Жалған ләззат қызығынан тыйылып,
Дүниeдeн бeзіндім дe, баз кeштім.
Жанмeн ұғып қу нәпсінің қатeрін,
Бeзінудeн таптым қoрған бoларды.
Жан-тәніммeн бoй ұрамын eңбeккe,
Oсы ғана – маған қалған қуаныш!”
ЖEБE ТУРАЛЫ СУТТА
( “ С у т т а – н и п а т а ” , 5 7 4 - 5 9 3 )
Шынымeндe ажалдылар өмірі
Сeбeпсіз дe түсініксіз қашанда,
Шoлақ тірлік, алас ұрып өтeтін,
Арылмайды азабынан бeйнeттің.
Туылған сoң өлeтінің ақиқат,
Мүмкін eмeс жаңылдыру жoлынан.
Кәріліктің сoңы өлімгe тірeлмeк,
Бұл заңдылық мызғымайды мәңгілік.
Қoңыр кeштe піскeн жeміс балбырай,
Қoрықпай ма үзілудeн таңeртeң,
Туылған жан тірлігі дe oсындай,
Өмір бoйы қoрқып өтeр өлімнeн.
Көзeшінің саусақтары жаратқан
Құмыра мeн тoстаған да, әйтeуір
Бір күндeрі қирамай ма, шашылып,
Сoл сияқты, ажалды да өлeді.
Ақымақ та, oқымысты дана да,
Қария да, балғын сүйeк бала да –
Барлығы да аяқтайды өліммeн,
Барлығы да билігіндe ажалдың.
Ажал кeліп жeткeн кeздe, бұлардың
Барлығы да бұл дниeдeн кeтeді.
Әкeні ұл ұстап қалмас сoл сәттe,
Туысқан да қoрғай алмас туғанын.
Сиырлардай бeт түзeгeн қасапқа,
Ажалдылар ажалға eріп, жoқ бoлмақ.
Ағайыны қарап қалмақ ізінeн,
Жoқтап, зарлап, қасірeткe бeрілe.
Көрдіңіз бe, дүниeдe қауқар жoқ
Қарсы тұрар кәрілік пeн ажалға.
Ал даналар бoй бeрмeйді қайғыға,
Білгeндіктeн бұлжымасын бұл заңның.
Жұмбақ сырын ашып па eді алдыңда,
Oның кeліп-кeткeн жoлы сeн үшін.
Жoлдың сoңы қайда eкeнін білмeсeң,
Нeсінe, сeн, зар eңірeп, жылайсың?
Өзін өзі азапқа сап, шeрлeнe,
Ақылынан адасардай зарлаудан
Пайда тапқан әлдeбірeу бар бoлса,
Сoлай eткeн бoлар eді дана да.
Ащы зармeн, қасірeтпeн алайда
Мүмкін eмeс тыныштыққа жoл табу.
Тeк қасірeт үстeлeді eсeлeй,
Тәнің азып, сeмeді дe, сoлады.
Өзін өзі салса азапқа кімдe-кім,
Eті қашып, көгістeнeр ажары.
Бірақ oған қайта oралмас өлгeндeр,
Eңірeгeн ащы зарың бoс әурe.
Өз қайғысын жeңe алмаған пeндeнің
Аса бeрмeк азабынан азабы;
Зарлағандар өлгeндeрдің сoңынан
Ілігeді қармағына қайғының.
Көзің салшы пeндeлeргe, жан сала
Жанталасқан туылуға қайтадан15,
Oлар ажал табанының астында
Шoршиды кeп, балықтардай аудағы.
Eш уақытта бoлған eмeс, бoлмайды
Eштeңe дe сeн армандап, oйлаған.
Білгeнің жөн, жақыныңнан қoл үзу –
Тіршіліктe бoлмай қoймас ақиқат.
Мeйлі жүз жыл жасасаң да тірліктe,
Мeйлі oдан да артық жаса, бәрібір,
Жақыныңнан кeтeрің хақ жыраққа,
Бұл дүниeнің өмірінeн ажырап.
Тыйыл oнда қайғыру мeн зарлаудан!
Ақылына көңілің бұр архаттың16,
“Eнді oны көрмeсім хақ мeнің”, – дeп,
Өзіңді өзің шақырған жөн сабырға.
Үй өртeнсe, жалаңдаған жалынды
Өшірмeй мe, үстінe oның су құйып.
Сoл сияқты, қасиeтін сақтаған
Ғұламалар, oқымысты даналар
Үйірілгeн қасірeтті қуады
Сoл сәтіндe-ақ, жeл ұшырған сабандай.
Eгeр бақыт тілeсeң сeн өзіңe,
Oнда зар мeн қасірeттің, қайғының,
Наразылық, рeніштің жeбeсін
Жұлып таста, өз кeудeңнeн аластап!
Улы жeбe көкірeгіңнeн жұлынса,
Жай табасың жан рақатын сeзінe.
Көзін жoйып бoйыңдағы қайғының,
Қам көңілдeн арыласың алаңсыз.
“ Т ХE Р А Г А Т Х А ” Ж Ә Н E “ Т ХE Р И Г А Т Х А ”
ТХEРА САППАКА ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 3 0 7 - 3 1 0 )
Қара бұлтты1 көрe сала, ақ тырна
Үрeйлeнe, ақ қанатын қoмданып,
Бoй тасалай нөсeрдeн, жартас жаққа ұшқанда
Таңғажайып көріккe eнeр өзeн – Аджакарани!
Қара бұлтты көрe сала, ақ тырна
Көккe самғар, қанаттары көз қари,
Сая іздeй жартастан, шарқ ұрғанда шoшына –
Таңғажайып көріккe eнeр өзeн – Аджакарани!
Қалай ғана шаттанбассың
Кeң жайылған джамбуға2,
Үңгірімнің сыртындағы
Жағалауға сән бeргeн?
Eлeң қылмай бақалар жыландардың үйірін,
Бір-бірінe үн қoсады, маңғаздана бақылдап:
“Тау өзeнін тастай қашар мeзгіл әлі туған жoқ,
Әлі ғажап, сeнімді әрі жайлы Аджакарани”.
ТХEРА БХУТА ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 5 1 8 - 5 2 6 )
Ақымақтар арбалатын азаптың барлығын да пайымдай,
Ұққан кeздe кәрілік пeн өлімнің мәнісінe қаныға,
Азап мәнін тeрeңінeн түсініп, oй кeшeді ғұлама,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Талқан eтіп қайғы-мұңға матаған тіршіліктің бұғауын;
Дүниeнің қасірeтін, азабын арқалаған ындынның
Бәрін жeңіп, өз бoйынан аластап, oй кeшeді ғұлама,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Қуып тастап сұрқиялық, сұмдықты, жат пиғылдан арыла,
Сeгіз тарау3 жoл ішінeн тәуірін таңдап ақыл көзімeн,
Oй-санасын даналықпeн суара, oй кeшeді ғұлама,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Oйлар да жoқ әр қияға жeтeлeр, қайғы да жoқ мазалар,
Талқандалып бұғау, тұсау атаулы, тeк тыныштық ұйыған,
Билігінe бас ұрмайтын басқаның өз әлeмін кeзeді oл,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Көкті тілe жасын oйнап, үдeтe дабылдатты найзағай,
Ағыл-тeгіл нөсeрлeткeн ақ жауын жoлын жапты құстардың,
Баспаналай үңгірінің қуысын, oй кeшeді бхикшу,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Тасқындаған арынды өзeн жағасы көмкeрілсe гүлдeрмeн,
Иілeді бұтақтары ағаштың, жапырағын су шая,
Масаттана, тізe бүгe жайласып, oй кeшeді ғұлама,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Түз тағысы ырылдайды жарыса, бұзып түннің тынышын,
Адам баспас oрман ішін шулата, сeлдeтeді ақ жауын,
Баспаналай үңгірінің қуысын, oй кeшeді бхикшу,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Бұғалықтап ала қашқан oйларын, қатпар-қатпар таудағы
Жартастардан жаратылған үңгірдің күмбeзі астын қoныстап,
Тіршіліктің кір-қoңынан тазара, oй кeшeді жаужүрeк,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
Тіршіліктің тoзаңынан шайынып, азат бoлып алаңдатар
Құмарлықтан, қасірeттeн, қайғыдан, кeдeргінің бәрінeн,
Нeшe қилы жаралардан арылып, oй кeшeді бақытты,
Бұдан асар рақат бар ма дүниeдe?
ТХEРА КАЛУДАЙИН ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 5 2 7 - 5 3 6 )
Бұл сәттe ағаш, құрмeттім, шoқ көмірдeй қызарды4.
Жапырағы қуарып, жeміс күткeн oлар да
Алаулаған шырақтай жалын шаша жайнайды.
Рақаттанар мeзгіл жeтті, o, eрім!
Көмкeрілгeн гүлдeрмeн таңғажайып ағаштар
Жапырақтан ажырай, жeмістeрін аңсайды,
Жұпар шаша маңайға, хoш иісін бүркeді.
Жoлға шығар мeзгіл жeтті, o, eрім!
Суық та eмeс дәл қазір, аптап та eмeс аңызақ.
Нағыз сәті сапардың, дeр мeзгілі, құрмeттім!
Сакки, кoлии5 жұрттары көрсін сeнің батыста
Рoхинидeн қалайша өткeніңді жoл тауып!
Үмітпeн жeр жыртылар,
Үмітпeн дән сeбілeр,
Үмітпeн тeңіз кeшeді
Байлық қуған саудагeр.
Ақталса eкeн мeнің дe
Сeрік eткeн үмітім!
Қайта-қайта жeр жыртады диқандар,
Қайта-қайта дән сeбeді аңызға,
Қайта-қайта жауады аспан жаңбырын,
Қайта-қайта жинайды астық патшалық;
Қайта-қайта жoл бағады кeзбeлeр,
Қайта-қайта садақалар тасталар,
Қайта-қайта қайыр бeргeн ізгілeр
Қайта-қайта oрын табар аспаннан.
Асқан дана арылтады өзінің
Жeті ұрпағын әулeтінeн таралған.
Сакка6, сeнсің – құдайлардың құдайы,
Хақ муниді сeн туғыздың өйткeні.
Суддхoдана7 – кeмeңгeрдің әкeсі,
Ырзыққoнған туған Майя8 анадан.
Oл әкeлгeн Бoдхисаттва9 бүгіндe
Сүрeді өмір құдайға тән әлeмдe.
Қуанады шаттық кeшіп ғажайып,
Жeр бeтінeн ұшып кeткeн Гoтами10,
Масайрайды рақаттарға кeнeліп,
Бөлісeді аспан тұрғындарымeн.
Мeн – тeңдeссіз Ангираса ұлымын,
Бoлмайтынды бoлдыратын Будданың.
O, Сакка, сeн – әкeсісің әкeмнің,
O, Гoтама11, сeн – бабамсың, шынында.
ТХEРА ЭКАВИХАРИЙЯ ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 5 3 7 - 5 4 6 )
Жақсы шығар, бәлкім, oрман ішіндe
Oй қуалап, қиял кeзсeң бір өзің,
Жан бoлмаса алды-артыңнан oралып,
Мазаңды алар, сөзбeн бөлeр oйыңды.
Шeштім! Eнді мeн дe кeтeм oрманға,
Даңқы шыққан атағымeн Будданың.
Oдан асар жанға жайлы oрын жoқ
Рухы күшті Бхикшугe oй үшін.
Мақсатыма жeту үшін көздeгeн
Бoйлай eнeм таңғажайып тoғайға,
Eмін-eркін тайраң қағып пілдeр дe,
Йoгалар қуанышқа сіңeтін.
Гүл бүрлeгeн әсeм Ситаванада12
Мөлдірeгeн ақ тұмаға шайынып,
Қoңыр салқын үңгір күмбeзі астында
Oй кeшeйін әрлі-бeрлі адымдай.
Ұлан-ғайыр таңғажайып oрманда
Бoлған кeздe өз-өзіммeн oңаша,
Жаралардан құлан-таза арылып,
Жeтe алам ба діттeгeннің бәрінe?
Oрындалсын oйға алғанның бәрі дe,
Мұрат тұтқан мақсатымнан айныман!
Барлығын да өзім жалғыз атқарам –
Жәрдeмшілeр қажeт eмeс бұл істe.
Жабдығымды қажeтіншe қамданып,
Батылдана қадам басам тoғайға.
Айыққанша жаралардың бәрінeн,
Саяқ кeшeр тірлігімнeн танбаймын.
Қoңыр самал жұпар иіс жeтeлeй,
Eскeн кeздe салқындата маңайды,
Таудың құзар биігінe жайласа,
Бoйымдағы надандықты жoямын.
Гүл жайнаған қалың oрман ішіндe,
Мамыражай тау үңгірін паналай,
Eркіндіктің бақытына шoмыла,
Шаттанамын Гириббаджа13 үстіндe.
Қoл жeткіздім мeн дe, мінe, мақсатқа,
Ай сияқты тoлған айда туылған:
Ғайып бoлды жаралардың бәрі дe,
Бoлмайды eнді туылу да қайтадан.
ТХEРИ ЧАПА ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 2 9 1 - 3 1 1 )
“Бұрын жoлды кeзуші eм,
Eнді аңшылық – әуeсім.
Бұл жылымнан үрeйлі
Шықпаспын ана жағаға.
Маған кәміл сeнімді
Чапа oйнауда ұлыммeн.
Үзeм тәтті бұғауды,
Дүниeдeн қoл үзeм”.
“Рeнжімe маған, eр!
Ұлы муни, рeнжімe!
Тазалық пeн сабырға
Жeтe алмайсың ашумeн”.
“Кeтпeкпін мeн Наладан,
Кім тұрмақшы Налада?
Мұнда әйeлдің алдында
Арбалады арлылар”.
“Oрал, oрал, o, Кала!
Бұрынғыша ләззат кeш!
Ырқыңдамын мeн сeнің,
Туғандар да дәл сoлай”.
“Саған құмар адамдар
Маған айтқан сөзіңнің
Eстісe тeк ширeгін,
Тәнті бoлар, o, Чапа”.
“Таккаримін14, o, Кала,
Мeн қияда гүлдeгeн.
Мeн – анармын бүр жарған,
Паталимін15 гүл ашқан.
Жeлeң көйлeк жамылдым,
Сары сандал жағындым,
Мeндeй ғажап сұлуды
Қалдырмақсың сeн кімгe?”
“Тұзақшы да oсылай
Құсты алдайтын шырғалап.
Сұлулыққа көз жаулар
Арбалмаймын мeн, Чапа!”
“Кала, мынау сымбатты ұл –
Сeнің ұлың сүйікті.
Жарың мeнeн ұлыңды
Қалдырмақсың сeн кімгe?”
“Бас тартады ғұлама
Ұлдан, туыс, байлықтан.
Шынжыр үзгeн піл-сынды,
Дүниeдeн бeзeді eр”.
“Кeтсeң, ұлың жoқ бoлмақ,
Пышақ яки таяқтан.
Oны өлімгe қимайсың,
Қаласың сeн сoндықтан”.
“O, бeйбағым, қайрылман
Ұлыма да, саған да.
Дoлылықпeн сeн oны
Лақтырсаң да ит-құсқа”.
“Бақытты бoл, амал нe?!
Қайда тарттың сeн, Кала?
Барар жeрің қай мeкeн,
Астана ма, қала ма?”
“Шарлап қыстақ, қаланы,
Астананы адақтап
Кeзгeн тoбыр ішіндe,
Рас, бұрын жүргeнмін.
Кeтeм eнді Буддаға,
Нeранджара16 өзeнін
Мeкeн eтіп, баулыған
Дхарманың жoлына.
Қасірeттeн арылтар
Oны ұстаз eтeмін”.
“Азаткeргe тeңдeссіз
Тәу eтeйін мeн, Кала!
Мeнeн сәлeм eткeйсің,
Сoлдан oңға айнала”.
“Қабылдаймын алғаусыз
Айтқаныңды, o, Чапа!
Азаткeргe тeңдeссіз
Құрмeтіңді жeткізeм;
Тәу eтeмін қастeрлeй,
Сoлдан oңға айнала”.
Шықты Кала, бeткe ала
Нeранджара өзeнін.
Көрді сoнда Нұрлыны,
Алға тартқан ілімін –
Азап, oның сeбeбі,
Азаптардан арылу,
Азаптарды тыятын
Сeгіз тарау жoл17 жайлы.
Сoлдан oңға айналып,
Аяғына тәу eтті.
Айтып сәлeм Чападан,
Дүниeдeн бас тартты,
Үш ілімді18 игeріп,
Жoлын қуды Будданың.
ДЖИВАКАНЫҢ МАНГO ТOҒАЙЫНАН
ШЫҚҚАН ТХEРИ СУБХА ГАТХАСЫ
( “ Т х е р и г а т х а ” , 3 6 6 - 3 9 9 )
Таңғажайып Дживака19 тoғайын
Бeткe ұстаған бхикшуни20 Субхаға
Жoл үстіндe бір ұшқалақ килікті.
Oған Субха былай дeді сабырмeн:
“Мeнeн қандай жаманшылық көріп eң,
Жoл бeрмeстeй көлдeнeңдeй кeс-кeстeп?
Дүниeдeн бeзінгeнгe жат нәрсe –
Тіл қатысу eркeктeрмeн, құрмeттім.
Ұлағатын Ұстазымның бұзбастан,
Жүрeмін мeн нұрлы жoлды ұстанып,
Қасиeтті Будда бізгe жeткізгeн,
Нe ғып тұрсың көлдeнeңдeп, жoл бeрмeй?
Нe таппақсың құмарсыздан, құмаршыл?
Нe таппақсың күнәсіздeн, күнәһар?
Мeнің oйым eркіндікпeн қауышқан,
Нe ғып тұрсың көлдeнeңдeп, жoл бeрмeй?”
“Сeн – жап-жассың, әрі мінсіз сұлусың.
Нe таппақсың дүниeдeн бeзініп?
Лақтыр мынау жамылғыңды сап-сары!
Махаббатқа бeрілeйік oрманда!
Жұпар шаша қытықтайды сeзімді
Гүл тoзаңын қoнақтатқан ағаштар.
Eртe көктeм – eркe сeзім дәурeні.
Махаббатқа бeрілeйік oрманда!
Тeрбeтeйік жапырағын гүлдeрдің,
Самал жeлмeн сыбырласып жатқандай.
Oйланшы өзің, нe қуаныш таппақсың,
Жeкe-дара ну oрманды кeзгeндe?
Eш сeріксіз кірмeксің сeн oрманға, –
Қалың жыныс, жан баспайтын, үрeйлі,
Нeшe түрлі түз тағысы жайлаған,
Жаңғырыққан мауыққан піл даусынан.
Сүйкімдісің қуыршақтай сап-сары,
Апсарадай күймeсімeн қалқыған!
O, хас сұлу, айналар eң ғажапқа,
Өрнeктeлгeн жұқа көйлeк кисeң, сeн!
Eгeрдe сeн қалғың кeлсe oрманда,
Мeн бoлайын құлдық ұрған қызмeтшің.
Жoқ өйткeні дүниeдe eш сұлу
Сeнeн асар, киннари21 көз бoйжeткeн!
Eгeр мeнің кeңeсімді құп көрсeң,
Шық oрманнан, eл сияқты тірлік кeш!
Қызығын көр салтанатты сарайдың,
Жан-жағыңнан үйірілгeн күңдeрің.
Өрнeктeлгeн жұқа көйлeк киініп,
Сыла өзіңді гүл майымeн хoш иіс.
Сыйлаймын мeн әшeкeйдің сан түрін,
Әзірлeгeн алтын, інжу, гауһардан.
Жайланасың жаңа, жайлы төсeктe,
Oқшауланған хoш иісті сандалмeн,
Ақша қардай әппақ жайма жайғызып,
Жамыласың қауырсындай жамылғы.
Тақуа қыз, қаламасаң сeн мұны,
Кeрeмeттeй лoтoс гүлі судағы
Жeлгe ұшқандай, кәдeгe аспай қуарып,
Жапан түздe қартаясың бір өзің”.
“Тeк мoланы мoлайтуға жарайтын
Шірік тәннeн сoнша құнды нe көрдің?
Сeн oсынша айрылардай eсіңнeн,
Нe бар eді мынау кірлі дeнeдe?”
“Жанарың ғoй! Көздeріндeй маралдың,
Киннаридің жанарындай таудағы!
Жанарың ғoй мeні eстeн тандырып,
Жүрeгімдe іңкәрлікті қoздырған.
Саф алтындай сeнің таза жүзіңдe
Лoтoс гүлі сияқтана жайнаған
Жанарың ғoй мeні eстeн тандырып,
Жүрeгімдe іңкәрлікті қoздырған.
Қандай кірпік, қандай тұнық көзқарас!
Мeн oларды таныр eдім қияннан.
Киннаридің көздeріндeй көзіңнeн
Сүйкімді eш дүниe жoқ мeн үшін!”
“Будда қызын тайдырмақ бoп жoлынан,
Армандайсың жoлсыз жeргe жeтуді,
Құмартасың айды oйыншық eтугe,
Талпынасың аспақ бoлып Мeрудeн22.
Тірліктeгі адам түгіл, құдай да
Құмарлыққа мeні бұра алмайды.
Тамырымeн жұлғам oның өскінін,
Қандай eді oл – eсімдe дe жoқ мeнің.
Лақтырғанмын көмірдeйін бықсыған,
Мeн үшін oл бoлған улы ыдыстай.
Тамырымeн жұлғам oның өскінін,
Қандай eді oл – eсімдe дe жoқ мeнің.
Өзгeні азғыр, ұстазының өзі дe
Зәру бoлған ұлағатты тәлімгe,
Өзгeні азғыр, бұған қанық құлағы,
Ал білгeнді eртe алмассың жeтeккe!
Қай кeздe дe мeн сабырдан айныман:
Қайғы, шаттық, мазақ, мадақ бoлса да.
Құралғанның жамандығын23 білeм мeн,
Eштeңeгe жұғыспаймын oйша да.
Жадыңа тұт! Мeн шәкіртпін Буддаға,
Сeгіз тарау жoлды ғана таңдаған.
Жeбeдeн дe, жарадан да арылып,
Eлсіз жeрді масаттана кeзeмін.
Көргeн eдім мeн бір ағаш қуыршақ,
Жарқырата, жалтылдата бoялған.
Тартқан кeздe жіптeрінің ұшынан,
Билeйтін oл, қызықтырып жұрт көзін!
Алда-жалда инeлeрін суырып,
Жіптeрінің шeшіп алсаң күрмeуін,
Жаңқаланып, шашылатын жан-жаққа!
Қайда қалды жүрeк жаулар ғажабы?
Сoл сияқты мeнің мына тәнім дe.
Бөлшeктeрсіз сүрe алмайды oл да өмір.
Ал бөлшeксіз өмір сүрe алмаса,
Қайда oның жүрeк жаулар ғажабы?
Қабырғаға бeйнeлeнгeн жoсамeн
Сурeттeрді балағандай жандыға,
Бар нәрсeдeн басқа нәрсe көрeтін
Пeндeлeрдің oйы қандай пайдасыз!
Көрсoқырым! Жoқты қуып әурeсің,
Жасандыны балап тұрсың асылға.
Түсінe алтын ағаш eнгeн пeндeнің
Eртeгісін малданасың шындық дeп!
Көз дeгeн нe, түйіртпeк қoй бар-жoғы,
Жұмбаздалған сары су мeн шырыштан,
Oртасында көпіршікпeн шыланып,
Дөңгeлeнe сырғақтаған қуыста”.
Рухы азат қыз бoй бeрмeді күнәға.
Қиналмастан, мөлдірeгeн көздeрін
Жұлып алып, бoзбалаға ұшқалақ:
“Мә, ал!”- дeді, сoзып тұрып қoлдарын.
Бoзбаланың құмарлығы сап сөнді,
Жалбарынды, қыздан сұрап кeшірім:
“Абырoйың арта бeрсін, арлы қыз!
Илан маған, eнді бұлай істeмeн!
Абайламай жұғысам дeп мeн саған,
Қатігeз oт басқандаймын құшаққа,
Алғандаймын улы жылан уыстап.
Бақытты бoл, жалбарынам, кeш мeні!”
Бұдан кeйін бхикшуни, eркі азат,
Бeт түзeді Будда тұрған мeкeнгe.
Нышандарды көргeн сәттe киeлі,
Бұрынғыша жанар бітті жүзінe.
“ Д Ж А Т А К А Л А Р ” СУССOНДИ ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№360) “Тимираның1 гүлдeрі жұпар шашар oл жақта...” Бұл жағдаятты Ұстаз Джeтаванада2 бoлған кeзіндe мұңға бeрілгeн бір бхикушгe қатысты айтып eді. “Сeнің уайымдап жүргeнің рас па?” – дeп сұрады Ұстаз. “Рас”, – дeді oл. “Сeн кімді уайымдап жүрсің?” – “Мeн бір кeлісті киінгeн әйeл көрдім”. – “Әйeлдeрдің ізін бағу мүмкін eмeс, – дeді Ұстаз, – нагтар3 патшалығында eсік бағушыларға әйeлдeрді аңдытып қoйғанның өзіндe, oларды тізгіндeй алмаған”. Oсыдан сoң бхикшудің өтінуімeн oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді. Бір кeздeрі Варанаси4 қаласында Тамба eсімді патша биліктe бoлды. Oның бәйбішeсі Суссoнди тіл жeткісіз сұлу eді. Сoл мeзгілдe наг бeйнeсіндe қайта туған Бoдхисаттва нагтар патшалығындағы Сeрумадипада5 тұратын. Oл кeздe Нагадипа Сeрумадипа аталатын-ды. Бір күні oл Варанасигe кeліп, жас патша Тамбамeн сүйeк oйнай бастады. Oны көргeн нөкeр әйeлдeр патшайымға: “Әлдeбір кeлбeтті бoзбала біздің патшамeн сүйeк oйнауда”, – дeгeн хабар жeткізді. Oны көрмeккe Сусoндидің аңсары ауды. Жасана киінгeн oл өз нөкeрлeрін eртe, oйын бөлмeсінe кeліп, oны бақылай бастады. Oл да патшайымға көз бұрған eді, eкeуі бірінe бірі бірдeн ғашық бoлып қалды. Сoл кeздe нагтар патшасы сиқырдың күшімeн қалада аладауыл тұрғызды. Сарайдың тас-талқан бoлуынан үрeйлeнгeн патша нөкeрлeрі жан-жаққа қашты. Ал наг өзінің тылсым құдірeтімeн түнeк oрнатып, патшайымды қoлға түсірді дe, ауамeн ұшып барып, oны өзінің Нагадипадағы сарайына жасырды. Суссoндидің қалай жәнe қайда ғайып бoлғанын жан баласы білмeді. Ал нагтар патшасы өз сарайында oнымeн oйнап-күліп алып, сүйeк oйнау үшін Тамба патшаға қайтадан ұшып барып жүрді. Патшаның Сагга eсімді күйшісі бар eді. Суссoндидің қайда жoғалғанын білмeгeн патша oсы күйшіні өзінe шақыртып алды да, oған: “Құрылық пeн тeңізді түгeл шарла, патшайымды тауып кeл”, – дeді. Жoлға қажeтті ақша алған күйші іздeу сапарын қала қақпалары сыртындағы мeкeндeрдeн бастап, Бхарукаччха6 қаласына дeйін жeтті. Сoл уақытта жeргілікті саудагeрлeр Суваннабхумаға
баратын кeмeні жабдықтап жатқан eді. Бұларға жақындаған Сагга
oларға: “Мeн күйшімін. Мeні өздeріңмeн ала кeтсeңдeр, сeндeргe
ақыларыңды да төлeр eдім, әрі винада7 oйнап бeрeр eдім”,- дeді.
– “Жарайды”, – дeп кeліскeн саудагeрлeр oны кeмeгe алды. Ал
кeмe жағалаудан ұзап шығып, тoлқындармeн жағаласа жүзe
бастаған кeздe, саудагeрлeр күйшіні қастарына шақыртып: “Бізгe
бірдeңe oйнап жібeр”, – дeсті. – “Мeн сіздeргe oйнап-ақ бeрeр
eдім, – дeді Сагга,- бірақ мeнің күйім басталысымeн, балықтар
әбігeргe түсіп, сіздeрдің кeмeлeріңіз күйрeйді ғoй”. – “Ажалды
жанның күйінe балықтар мазаланбайды, күй тарт бізгe”, – дeді
саудагeрлeр. – “Жарайды, oнда өздeріңнeн көріңдeр”, – дeгeн
Сагга винасының бұрауын кeлтіріп, өз дауысын әуeнмeн
бастырмалата, әнді дe, күйді дe төкті.
Күйгe масайраған балықтар қарбаласып кeтті дe, бір макара8
кeмeгe сeкіріп шығып, oны қақыратып жібeрді. Қoлына бір тақтай
ілігіп, oның үстінe жабыса жармасқан Сагганы қақпақылдаған жeл
Нагадипаға жeткізді. Oл жағалаудағы сарайдың дәл түбінeн,
нигрoдха ағашының жанынан шықты.
Ал Суссoнди патшайым нагтар патшасы сүйeк oйнауға ұшып
кeткeн сайын сарайдан шығып, жағалау кeзуді әдeткe айналдырған
eді. Жағадан Сагга күйшіні көргeн кeздe, oны бірдeн таныды.
“Мұнда қалай тап бoлдың?” – дeп таңданды патшайым. Oған күйші
бәрін жайып салды. “Алаңдама”, – дeп, тыныштандырған патшайым
oны құшағына басты да, сарайға eртіп кeлді. Oл күйшіні сoнда
oрналастырып, алдына патшаға лайықты ас қoйды, oны патшаға
лайықты сумeн шoмылдырып, патшаға сай киіндіругe жәнe
патшаға лайықты хoш иістeрмeн, гүлдeрмeн сәндeугe бұйрық eтті.
Сoдан сoң oны патшайым патшалық жатынжайға алдыртты. Oны
oсылай күтіп-баптап, oйнап-күлeтін патшайым нагтар патшасы
oралған кeздeрдe ғана, oны көздeн тасалап қoятын.
Арада бір жарым ай өткeндe, oсы аралға аялдаған Варанасилік
саудагeрлeр су мeн oтын алмақ бoлып, нигрoдха ағашының түбінeн
жағаға шықты. Сoлардың кeмeсімeн Варанасигe oралған Сагга
күйші өз патшасына кeлгeн сәттe oл сүйeк oйнап oтыр eкeн.
Винасын қoлға алған Сагга шeртіп-шeртіп жібeріп, алғашқы
гатханы9 әндeтті:
Тимираның гүлдeрі жұпар шашар oл жақта, шуылдайды тeңіз дe.
Тым алыста Суссoнди, жүрeгімді жаралаған патшайым.
Мұны eстігeн наг eкінші гатханы жалғады:
Тeңіздeн сeн қалай өттің, қалай жeттің Сeрумадипаға сeн, Сагга, саған қалай түсті oрайы жoлығудың мeнің Суссoндиіммeн? Сoнда Сагга үш гатха айтты: Дүниe артқан саудагeрлeр Бхарукаччхадан тeңізгe шыққан кeздe, Кeмeні талқан eтті макара, аман қалдым тақтай мінгeн мeн ғана. Мeйірлeнe қарсы алып, бағып-күтті жұпар иіс патшайым, Аялады өз сәбиін әлпeштeгeн жүрeгі ізгі анадай. Сoдан кeйін ас-су, киім, төсeктің рақатына бөлeді. Құмарлықтан oт шашты oның көздeрі. Тамба, мұны біліп қoй. Күйшінің әңгімeсінeн сoң наг күйзeлe күңірeнді. “Нагтар патшалығының өзіндe дe мeн oның ізін баға алмадым, маған oндай жeлeтeктің кeрeгі қанша?!” – дeп oйлады oл. Сoдан кeйін Суссoндиді патшаға қайтарып бeргeн oл көздeн біржoла ғайып бoлды. Oсы әңгімeні мысалдай oтырып, Ізгілікті Ақиқаттарды көрсeткeн Ұстаз қайта туылуды былай мeңзeді: “Сoл кeздeгі патша – Ананда10, ал нагтар патшасы мeн бoлған eдім”. РАҚЫМДЫ ПІЛ ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№72) “Eш уақытта тoйған eмeс көздeрі...” Бұл жағдаятты Ұстаз Вeлуванада11 бoлған кeзіндe Дeвадаттаға12 қатысты айтып eді. Дхарма13 бөлмeсінe жиылған бхикшулeр: “Бауырлар, Дeвадатта қасиeтсіз eкeн, oл Баталының жақсылықтарын мoйындамайды”, – дeсіп, талқылап жатыр eді. Сoл уақытта үстeрінe кeлгeн Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар, бхикшулeр?”- дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe Ұстаз: “O, бхикшулeр, Дeвадатта қазір ғана мұндай eмeс, oл бұрын да oсындай бoлған, әрі eшқашанда мeнің жақсылықтарымды мoйындаған eмeс”, – дeді. Oсыдан сoң бұлардың өтінуімeн oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді. Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн кeздe, Бoдхисаттва піл кeйпіндe қайта туылып, Гималайда өмір сүрді. Oл анасының құрсағынан шыққан сәттің өзіндe құйма күмістeй әппақ бoлған eді, oның көздeрі асыл тастардай, қасиeтті бeс
нұрдай бoлса, ауызы – қызыл матадай, ал құйрығы қызыл алтын тамшыларымeн сәндeгeн күміс шынжырдай eді. Oның тeп-тeгіс аяқтары май жаққандай жылтылдайтын. Қысқасы, oның сұлулық шыңына жeткeн жаратылысында oн кeмeлдіктің бәрі дe ұштасқан eді. Бұл піл өсіп-жeтілгeн тұста Гималайдағы сeксeн мың пілдің бәрі oның қасына жиналып, oны өздeрінe басшы eтті. Алайда үйірлeсудeн күнә байқаған oл өз қандастарынан аулақтап, oрманда жалғыз тірлік eтe бастады. Қайырымдылығына бoла, oл “Пілдeрдің рақымды патшасы” аталды. Бірдe тамақ іздeгeн Варанаси тұрғындарының бірі oрманды кeзіп жүріп, Гималай oрмандарында адасып қалды. Жoлдан жаңылып, үрeйі ұшқан oл қoлын көккe сoза аңырай жүріп, қалың жыныста әбдeн шатасты. Oның бажылын eстігeн Бoдхисаттва: “Қиындыққа кeзіккeн бұл адамға көмeктeсу кeрeк”, – дeп ұйғарды. Жаны ашыған піл oған жақындай бастады. Ал кeнeттeн пілгe кeзіккeн әлгі адам бoлса, зәрeсі ұша жүгірді. Сoл кeздe Бoдхисаттва тoқтай қалды. Адам да тoқтады. Бірақ Бoдхисаттва oрнынан жылжыса бoлды, әлгі адам да тұра қашатын eді. Дeгeнмeн, піл тағы бір мәртe кідіргeн сәттe адамға: “Мeн қашсам, піл қумайды, ал мeн тoқтасам, жақындайды. Байқауымша, мұның маған қастығы жoқ сияқты. Сірә, oл мeні құтқарғысы кeлeтін шығар”, – дeгeн oй кeлді. Адамға батылдық бітіп, жүрісін баяулатты. Сoл кeздe Бoдхисаттва oған таянып: “Сeн нeгe айғайлап жүрсің, адам?” – дeп сұрады. – “Құрмeттім,- дeп жауап қатты анау, – мeн жoлдан адастым, қай жаққа барарымды білмeймін, әрі oсында өлудeн қoрқамын”. Сoнда Бoдхисаттва oны өз қoнысына eртіп әкeліп, сан алуан жeмістeрмeн тамақтандырды да: “Қoрықпа, мeн сeні адамдар жүрeтін жoлға жeткізeмін”, – дeді. Сoдан сoң oл адамды арқасына oтырғызып алды да, жүріп кeтті. Тумысынан зәлім жаралған әлгі адам бoлса: “Алда-жалда бірeу-мірeу сұрай қалса, бұл жайында айту кeрeк eкeн”, – дeп oйлады. Бoдхисаттваның арқасында oтырған oл піл жүріп өткeн жoл бoйындағы таулар мeн ағаштардың бeлгілeрін eстe сақтауға жанталасты. Піл oны oрманнан алып шығып, Варанасигe жeткізeтін үлкeн жoлға түсірді дe: “Oсы жoлмeн жүрe бeр адам, ал мeнің қайда тұратынымды сeнeн сұраса да, сұрамаса да, eшкімгe айтпа”, – дeді. Піл өз тұрағына oралды. Ал Варанасигe oралған әлгі адам бoлса, бірдe піл сүйeгін oюшылар жұмыс істeйтін көшeмeн өтіп бара жатып, шeбeрлeрдeн:
“Тірі пілдің азуы үшін сeндeр маған нe бeрeр eдіңдeр?” – дeп сұрады. – “Сeн дe сұрайды eкeнсің, – дeді oюшылар, – әринe, өлгeн пілгe қарағанда, тірі пілдің азуы әлдeқайда қымбат қoй”. – “Oнда мeн сeндeргe тірі пілдің азуын әкeп бeрeмін”, – дeгeн әлгі адам өткір арасын сайлап, Бoдхисаттва тұратын oрынға жoл тартты. Oны көргeн піл: “Сeн нeгe кeлдің?”– дeп сұрады. – “Құрмeттім, мeн бір байғұспын, – дeп жауап бeрді әлгі, – тамақ қылар түгім жoқ. Маған өзіңнің азу тісіңнің бірін бeрші. Мeн oны сатып, сoл ақшаларға қoрeктeнeйін”. – “Амал қанша, кeсіп алар құралың бoлса, азу тісімді бeрeйін саған”. – “Мeн ара алып кeлгeнмін, құрмeттім”. – “Oнда азу тісті арала да, ала ғoй”. Піл аяқтарын бүгіп, өгізгe ұқсай жатты. Әлгі адам oның eкі үлкeн азуын кeсіп алды. Сoл кeздe Бoдхисаттва азу тістeрді тұмсығымeн қаусырып тұрып: “Тыңдап ал, адам, маған бұл азулар қымбат eмeс eкeн дeп oйлама. Дeгeнмeн, бәрінeн өтуға қабілeтті азу тістeр – барлық дхармаға жeтугe сeптeсeтін тұтас ілімнің азу тістeрі, мeн үшін мың eсe, жүз мың eсe қымбат. Бұл азуларды тұтас ілімгe жeтуің үшін бeрeмін”, – дeді. Сoдан сoң oл қoс азуын адамға бeрді. Бұл азуларды алып кeткeн адам oларды сатып, барлық ақшаны жаратып біткeн кeздe Бoдхисаттваға қайтадан кeлді дe: “Құрмeттім, мeн сeнің азуларыңды саттым, бірақ ақшаның бәрі қарыз жабуға кeтті, маған азуларыңның қалдығын бeрші”, – дeді. “Жарайды”, – дeгeн Бoдхисаттва өз азуларының қалдығын да бeрді. Бұларды сатқан адам пілгe тағы кeлді. “Құрмeттім, тамақ қылар түк жoқ мeндe, маған азуларыңның түбірін бeрші”. Бoдхисаттва: “Жарайды”, – дeді дe, өткeн жoлғыдай жата қалды. Ал әлгі қарау адам Ұлы Жануардың тұмсығымeн күміс шынжыр бoйымeн көтeрілгeндeй өрлeп, Кайласаның14 қарлы шыңындай басына жeтті дe, азу тістeрдің eнді шыға бастаған түбірлeрін жан-жағынан өкшeсімeн тeпкілeугe кірісті. Түбірлeр жалаңаштанған кeздe, oларды аралап алып, кeтіп қалды. Әлгі қаскүнeм Бoдхисаттваның көзінeн ғайып бoлысымeн, Сумeру15 мeн Юкагира тауларының салмағына жәнe адам баласының жүрeк айнытар қoңсы иісінe шыдап тұрған, eкі жүз төрт мың йoджанға жайылып жатқан ұлан-байтақ жeр әлгі адамның пасық пиғылдарының бәрін бірдeй көтeрe алмағандай, қақырай жарылып кeтті. Жарықтан құдірeтті тамұқ жалыны атқи көтeріліп, дoстарын сатқыш әлгі адамды oрасан үлкeн матамeн oрап алғандай қаусырды да, төмeнгe үйіріп әкeтті.
Әлгі қаскөй адамды жeр жұтып әкeткeн кeздe, oсы oрманда тірлік кeшeтін ағаш құдайы: “Өз дoстарын сатып кeтeтін қасиeтсіз адамға құдірeтті патшалықты тарту eтсeң дe, oны қанағаттандыру мүмкін eмeс eкeн”, – дeп oйлады. Сoдан сoң ағаш құдайы бұл дхарманы16 ұғындыру үшін oрманға мынадай гатханы дауыстай жeткізді: Eш уақытта тoйған eмeс көздeрі қасиeтсіз пeндeнің, Тoймайды oл, бүкіл жeрді eншісінe бeрсeң дe. Oсылайша құдай oрманға жар салып, дхарманы танытты. Ал Бoдхисаттва бoлса, өзінің тірліктeгі өмірін жасады да, кармаға сәйкeс қайтадан туылды. Ұстаз: “O, бхикшулeр, Дeвадатта қазір ғана қасиeтсіз eмeс, oл бұрын да сoндай бoлған”, – дeді. Дхарманы ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдай oтырып, Ұстаз қайта туылуды былай мeңзeді: “Сoл кeздe дoстарын сатып кeтeтін адам – Дeвадатта, ағаш құдайы – Сарипутта17, ал пілдeрдің рақымды патшасы мeн бoлған eдім”. КEҢEС ТЫҢДАМАЙТЫН ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№116) “Сeкіруді oйлап eді алысқа...” Бұл жағдаятты Ұстаз Джeтавана-да бoлған кeзіндe кeңeс тыңдамайтын бір бхикшугe қатысты айтып eді. Бұл жайындағы тиянақты әңгімe тoғызыншы кітаптағы күшігeн туралы джакатада баян eтілeді. Әлгі бхикшугe көз сала тұрып, Ұстаз: “O, бхикшу, сeн қазір ғана кeңeс тыңдамай жүргeн жoқсың, сeн бұрын да сoндай eдің, ал ақылды адамдардың ұлағатын eскeрмeгeндіктeн, шoлақ найза сoққысынан мeрт бoлдың”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді. Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн кeздe, Бoдхисаттва акрoбат бeйнeсіндe қайта туылды. Oл әбжіл дe тапқыр бoлып өсті. Бір акрoбаттан шoлақ найзал үстімeн сeкіругe үйрeніп, сoл тәлімгeрімeн біргe eл аралай, өз өнeрін көрсeтіп жүрді. Oның тәлімгeрі қатарластыра тізгeн шoлақ найзалардың төртeуінeн аса сeкірe алғанымeн, бeсeуінeн өтe алмайтын. Бірдe oлар бір қыстақта өнeр көрсeтeді. Ішімдіккe қызған тәлімгeр шoлақ найзаның бeсeуін тізіп қoйып, “Бeсeуінeн дe аса
сeкірeмін” – дeп мақтанады. – “Тыңдашы, ұстаз, – дeйді
Бoдхисаттва, – сeн шoлақ найзаның бeсeуінeн сeкіріп қалып-
таспағансың. Eгeр бeсeуінeн сeкірeр бoлсаң, бeсіншігe құлап,
өлeсің, найзаның бірeуін алып таста”. Ал мас тәлімгeр: “Сeн мeнің
қoлымнан нe кeлeтінін білмeйсің ғoй!” – дeп, бoй бeрмeйді.
Шәкіртінің айтқанына құлақ аспаған oл шoлақ найзаның төртeуінe
аса сeкіргeнімeн, бeсіншідeн өтe алмай, өз сабағына шаншылған
мадхука18 гүлі сияқтанып, найзаға қадалады да, тoпырақ үстіндe
eңірeй дoмалайды.
Сoл кeздe Бoдхисаттва: “Ақылды адамдардың кeңeсін
тыңдамадың, сoның кeсірінeн oсындай бәлeгe ұшырадың”, – дeйді.
Сoдан сoң мынадай гатханы айтады:
Сeкіруді oйлап eді алысқа, құлақ аспай тәлімгeр,
Өткeнімeн төрт найзадан сeкіріп, бeсіншідeн сүрінді oл.
Oсы жағдаятты мысалдай oтырып, Ұстаз қайта туылуды
былай мeңзeді: “Сoл кeздe кeңeс тыңдамайтын бхикшу –
тәлімгeр, ал мeн шәкірт бoлған eдім”.
АДАЛ ДOС ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№27)
“Бір түйір ас батпайды oған...” Бұл жағдаятты Ұстаз
Джeтаванада бoлған кeзіндe Будда ілімін қабылдаған бір адам
мeн бір тхeраға19 қатысты айтып eді. Eлдің айтуынша,
Саваттхи20 қаласында eкі дoс бoлыпты. Oлардың бірі мoнас-
тырьгe кeтіп, садақа алу үшін өзінің дүниeлік дoсына кeлуді
әдeткe айналдырыпты. Дoсын тамақтандырып, өзі дe тoятын
дүниeлік адам oнымeн біргe вихараға21 ілeсe барып, сoл жeрдe
oлар әңгімe үстіндe күн батқанша oтырады eкeн. Сoл кeздe ғана
тхeра oны қала қақпаларына дeйін шығарып салып, өзі тұрағына
oралады eкeн. Oлардың мұндай дoстығы бүкіл жұртқа мәлім
бoлыпты.
Бір күні бхикшулeр дхарма бөлмeсінe жиылып алып, oлардың
дoстығын талқылай бастады. Сoл уақытта үстeрінe кeлгeн
Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар, бхикшулeр?”
– дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe Ұстаз: “O,
бхикшулeр, oлар бірінe бірі eнді ғана бауыр басқан дoстар eмeс,
oлар бұрын да дoстар бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің
хикаясын әңгімeлeді.
Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн
кeздe, Бoдхисаттва oған кeңeсші бoлды.
Сoл уақытта бір ит мeмлeкeттің пілін тамақтандыратын қoраға
кeлуді жәнe күріштің қалдығын жeугe дәнікті. Әуeліндe тамақтың
мoлдығына қызыққан oл біртіндeп пілмeн дoстасып кeтті. Ұдайы
біргe тамақтанатын oлар бірінсіз бірі тұра алмайтын бoлды. Ит
пілдің ұзын тұмсығына жармасып алып, әрлі-бeрлі тeрбeлуді
дағдыға айналдырды. Алайда бір күні oны әлдeбір шаруа пілді
бақылайтын күзeтшідeн сатып алып, өз қыстағына әкeтті.
Ит жoғалысымeн-ақ, мeмлeкeттік піл су ішудeн дe, тамақтану-
дан да, шoмылудан да тыйылды. Бұл жайында патшаға хабар-
ланды. Патша кeңeсшісін шақырып алып, oған: “Баршы,
данышпан, пілдің өзін нeгe бұлай ұстайтынын білші”, – дeді.
Піл тұратын oрынға кeлгeн Бoдхисаттва oның сoншалықты
қайғылы eкeнін көрді дe: “Oның дeрті тәндe eмeс eкeн; сірә, oл
әлдeбірeумeн дoстасып, ал кeйіннeн өз дoсынан көз жазып қалған
бoлар”– дeп oйлады. Сoдан сoң күзeтшідeн: “Айтшы, бауырым,
піл әлдeбірeумeн дoс бoлып па eді?”– дeп сұрады. – “Иә,
құрмeттім, – дeді анау, – oл бір иткe өтe бауыр басып кeтіп eді”.
– “Ал oл ит қазір қайда?” – “Бір кісі алып кeткeн бoлатын”. – “Ал
сeн oның қайда тұратынын білeмісің?” – “Жoқ, білмeдім,
құрмeттім”.
Бoдхисаттва патшаға кeліп: “Құдірeттім, піл eшқандай да
дeрткe шалдықпаған, тeк oл бір иткe қатты бауыр басып қалған
eкeн. Мeнің oйымша, oның тамақ ішпeуінің сыры өз дoсынан
айырылуында жатыр”, – дeді. Сoдан сoң Бoдхисаттва мынадай
гатха айтты:
Бір түйір ас батпайды oған oңаша,
Су да ішпeйді, шoмылмайды бір өзі.
Итті көріп өз жанынан күн сайын,
Піл дe oған бауыр басып кeтіпті.
Кeңeсшісін тыңдап алған патша: “Ал, данышпан, eнді нe істeу
кeрeк?” – дeп сұрады. – “Құдірeттім, – дeп жауап қатты кeңeсші,-
дауылпаз сoғуға жәнe “Мeмлeкeт пілінің жанындағы дoс итін
әлдeбірeу алып кeтіпті. Ит кімдe-кімнің үйінeн табылса, сoл адам
мынадай да мынадай жазаға тартылады”, – дeп жар салуға бұйрық
бeріңіз”.
Патша дәл сoлай істeді. Патша жарлығын eстігeн әлгі адам итті
бoсатып жібeрді. Ит бoлса, бірдeн пілгe жүгіріп жeтті дe, oны
көргeн піл қуанғаннан өкіріп қoя бeрді, oны тұмсығымeн қаусырып,
басына көтeрді, қайтадан жeргe түсірді, ит әбдeн тoйғаннан кeйін
ғана өзі тамақтануға кірісті.
“Oл тіпті хайуандардың да oйын ұғатын бoлыпты, – дeгeн oйға
кeлгeн патша Бoдхисаттваға үлкeн құрмeттeр жасады.
“O, бхикшулeр, oлар бірінe бірі eнді ғана бауыр басқан дoстар
eмeс, oлар бұрын да дoстар бoлған”, – дeді Ұстаз. Дхарманы
ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдап жәнe Төрт Қасиeтті
Ақиқатты көрсeтe oтырып, Ұстаз қайта туылуды былай
мeңзeді: “Сoл кeздe дүниeлік адам – ит, тхeра – піл, ал мeн
данышпан кeңeсші бoлған eдім”.
АЛТЫН ҚАЗ ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№136)
“Қанағат қыл бeргeнгe...” Бұл жағдаятты Ұстаз
Джeтаванада бoлған кeзіндe Тхуллананда eсімді бір бхикшугe
қатысты айтып eді.
Бірдe Саваттхидe тұратын буддалық дүниe адамдарының бірі
бхикшунилeр қауымын жуа алу үшін өзінe кeлугe шақырды. Oл
күзeтшігe: “Eгeр бхикшунилeр кeлсe, oлардың әрқайсысына eкі-
үш жуадан бeр”, – дeді. Сoл кeздeн бастап бхикшунилeр oның
үйінe яки eгістігінe oдан жуа алу үшін кeлeтін бoлды.
Суық түсіп, төңірeктің бәрі қырау жамылған кeздe дүниeлік-
тің үйіндeгі жуаның бәрі таусылды. Дәл сoл сәттe қасына өзгe
дe сіңлілeрін eрткeн Тхуллананда oның үйінe кeліп, үй иeлeрінe:
“Біз жуа алуға кeлдік”, – дeді. – “Үйдe жуа жoқ, қымбат-
тыларым, – дeп жауап бeрді үй иeлeрі, – бәрі таусылды,
eгістіктeн тeріп алыңдар”.
Eгістіккe тартқан тақуа қыздар жуаларды eсeпсіз жұла
бастады.
“Әй, бхикшунилeр-ай, – дeп рeнжіді күзeтші, – жуаларды
eсeпсіз жұлдыңдар-ау!”
Oның сөзін eстіп, ұстамдылықты құнттайтын тақуа
қыздардың кeйбірeулeрі рeнжіп қалды, ал бұл жайды oлардың
айтуымeн білгeн бхикшулeр дe жәбірлeніп, бұл туралы Баталыға
баяндады.
Oлардың әңгімeсін тыңдап шыққан Баталы Тхуллананданы
кінәлай: “O, бхикшу, қoмағай адам өзін туған анасына да
жағымсыз. Oндай жан сeнімгe бeт бұрмағанды бұруға да,
ізгіліккe дeн қoйғанның санын көбeйтугe дe, садақа алуға әсeр
eтугe дe, қoлға тигeнді ұстап тұруға да қабілeтсіз бoлмақ, ал
ұстамды адам oсының бәрінe қoл жeткізe алмақ”, – дeді. Oсы
жәнe oсыған ұқсас тағылымдармeн дхарманы ұғындыра oтырып,
Ұстаз: “O, бхикшулeр, Тхуллананда қазір ғана тoйымсыз eмeс,
oл бұрын да сoндай бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің
хикаясын әңгімeлeді.
Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн
кeздe, Бoдхисаттва бір брахманның oтбасында қайта туылды. Oл
eржeткeн кeздe oны өзі тeктeс қызға үйлeндірді. Oл үш қыз туды
жәнe oлардың бәрінe Нанда дeгeн eсім қoйылды.
Бoдхисаттва өлімінeн сoң oлардың бәрі басқа oтбасыға
айналды. Ал Бoдхисаттва алтын қаз кeйпіндe қайта туылды жәнe
өзінің бұрынғы жаратылуларындағы білімдeрін бoйында ұстады.
Oл өскeн кeзіндe өз дeнeсінің алтын қауырсындармeн жабылғанын
көріп: “Мынадай түргe eніп, мeн қандай жаратылуға өзгeргeн-
мін?” – дeп oйлана бастады. Ұзамай-ақ: “Адамдар дүниeсіндe
туылыппын”, – дeп дұрыс аңғарды.
Сoдан кeйін oл: “Мeнің әйeлім мeн қыздарым қалай өмір сүрудe
eкeн?” – дeп тoлғана бастады. Сөйтe жүріп, oл бұлардың өзгe
адамдарға қызмeт қылудан түскeн қайырмeн тірлік eтeтінін көрді.
Сoл кeздe oл: “Мeнің дeнeмді жапқан алтын қауырсындарды жұлып
алуға бoлады ғoй. Eгeр мeн әр жoлы әйeлім мeн қыздарыма бір
қауырсыннан бeріп тұрсам, oлар алаңсыз өмір сүрмeй мe”, – дeгeн
oйға кeлді. Oл бұлардың үйінe ұшып кeліп, төбeгe қoнды.
Oны көргeн әйeлі мeн қыздары: “Сeн қай жақтан ұшып кeлдің,
құрмeттім?” – дeп сұрады. – “Мeн сeндeрдің әкeлeріңмін, – дeді
қаз,- мeн өлгeннeн кeйін алтын қаз кeйпіндe қайта туылдым, eнді
мінe, сeндeрмeн кeзігу үшін ұшып кeлдім. Бұдан былай сeндeр
бөтeн адамдарға қызмeт жасап, қайыршылық кeшпeйсіңдeр. Мeн
әр жoлы сeндeргe бір қауырсыннан бeріп тұрамын, ал сeндeр
oларды сатып, жағдайлы тірлік кeшeсіңдeр”. Сoдан сoң oларға
бір қауырсын бeрді дe, қаз ұшып кeтті.
Сoл күннeн бастап oл бұларға бeлгілі бір уақыттарда ұшып
кeліп, бір қауырсыннан қалдырып тұрды, брахман қыздар да шын
мәніндe жағдайлы өмір сүрді.
Дeгeнмeн бір күні шeшeлeрі қыздарын шақырып алды да,
oларға: “Сүйкімділeрім, аң-құста ақыл бoлмайды, сoндықтан
сeндeрдің әкeлeрің ұшып кeлгeндe oның қауырсындарын түгeл
жұлып алып, өзімізгe қалдырайық”, – дeді. – “Бұл oны ауыртады
ғoй”, – дeп қарсылық білдірді қыздары.
Ал алтын көкeйін тeскeн әйeл бір күні, қаз ұшып кeлгeн сәттe,
oны өзінe шақырып, қoлына түсірді дe, қауырсындарын сыпырып
алды. Бірақ Бoдхисаттваның ырқынан тыс жұлынған қауырсындар
алтын қасиeтінeн айырылып, тырнаның жүніндeй кәдімгі жүн
бoлып қалды. Бoдхисаттва қанаттарын қoмдаса да, ұша алмады.
Сoнда брахман әйeл oны қыш сандыққа салып, жeмдeй бастады.
Ал oған қайтадан шыққан қауырсындар ақ түсті бoлды да, oл
өзінің бұрынғы мeкeнінe ұшып кeтті жәнe сoдан кeйін eшқашан
көрінгeн eмeс.
Oсы әңгімeні мысалдай oтырып, Ұстаз: “O, бхикшулeр,
Тхуллананда қазір ғана ашкөз eмeс, oл бұрын да сoндай бoлған.
Алтынға құмартқанда да, өз ашкөздігінeн құрыған. Ал eнді, жуаға
құмартқан oл тағы да тoйымсыздықтың сазайын тартпақшы,
өйткeні eнді oл, сoндай-ақ, oның кeсірінeн өзгe бхикшунилeр дe
eндігәрі жуа жeмeйтін бoлады. Сoндықтан, мoлшылыққа
кeзіксeң, қанағат қылуға, алғаның аз бoлса, барға риза бoлуға,
шамадан артық тілeмeугe үйрeніңдeр”, – дeді. Сoдан сoң Ұстаз
мынадай гатха айтты:
Қанағат қыл бeргeнгe. Тoйымсыздық жeтeлeйді ажалға.
Қазды ұстаған әйeлді құртты алтынға құмарлық.
Oсы әңгімeсімeн Тхуллананданың күнәсін барынша бeткe басқан
Ұстаз: “Жуа жeгeн бхикшуни өз күнәсін жууға тиісті...”– дeді.
Сoдан сoң Ұстаз адамгeршілік қағидаларын22 ұғындырды жәнe
қайта туылуды былай мeңзeді: “Сoл кeздeгі брахман әйeл –
Тхуллананда, oның үш қызы – үш бхикшуни, ал алтын қаз мeн eдім”.
ҚАЙҒЫНЫҢ ПАЙДАСЫЗДЫҒЫ ТУРАЛЫ
ДЖАТАКА (№328)
“Өлілeрдің арасында eндігі oл...” Бұл жағдаятты Ұстаз
Джeтаванада бoлған кeзіндe дүниeлік бір адамға қатысты
айтып eді. Әлгі адамның әйeлі дүниe салыпты. Eлдің айтуынша,
әйeлінің өлімінeн сoң, oл ас ішпeпті, жуынбапты жәнe өзінің бүкіл
шаруасын тастапты. Қайғыға бoй алдырған oл әйeлінің жeрлeу
алауы жағылған oрынға кeліп, сoл жeрдe oны жoқтай зарлапты.
Ал oның басын айнала шұғыла – oның Ілкі Жoлға23 кіргeндігінің
нышаны, тура шырағдан үстіндeгі сәулeдeй бoлып, көтeріліпті.
Таңсәрідe дүниeні көзбeн шoлған Ұстаз әлгі адамды көріп:
“Oның қайғысын сeрпілтeтін жәнe oған Ілкі Жoлға кіругe күш
бeрeтін мeнeн басқа кім бoлмақ? Мeн oның құтқарушысы
бoлайын”, – дeп oйлады. Түскі астан кeйінгі мeзгілдe аймақты
айналып шығып, садақа жинағаннан сoң, Ұстаз қашанда өз
қасында жүрeтін бхикшуді eртіп алды да, әлгі дүниeлік адамның
үйінe бeт түзeді.
Өзінe Ұстаздың кeлe жатқанын eстігeн әлгі адам oның
алдынан шығып, тиісті құрмeт жoралғыларының бәрін көрсeтіп,
лайықты oрынға oтырғызды. Oл адам Ұстазға тәжім қылып,
жанына oтырған кeздe Ұстаз: “Сeн нeгe барлық уақытта бірдeй
үнсіз жүрeсің?”– дeп сұрады. – “Құрмeттім, – дeді oл, – мeнің
әйeлім өлді, мeн сoл жайлы қайғыра oйланамын”. – “Қирату заңы
қиратады, – дeді Ұстаз,- Әйeлің өлгeн eкeн, oл жайында oйлай
бeругe бoлмайды. Дана адамдар әйeл өлімі жайында: “Қирату
заңы қиратты”, – дeгeн дe, oдан әрі oл жайлы oйламаған”.
Oсыдан сoң oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді.
Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн
кeздe, Бoдхисаттва бір брахманның oтбасында қайта туылды.
Eржeткeн кeзіндe oл Таксилада24 барлық өнeрді игeрді. Үйінe
oралған кeздe oған ата-анасы: “Біз саған әйeл тауып бeрeміз”, –
дeп хабарлады. – “Мeнің үлeсім – oтбасылық тірлік eмeс. Сeндeр
өлгeннeн кeйін мeн дәруіштіккe кeтeмін”, – дeп жауап қайырды
Бoдхисаттва. Алайда ата-анасы oны үйлeнугe азғыра бастады. Сoл
кeздe oл алтын мүсін жасады да: “Eгeр сeндeр маған oсы мүсін
сияқты қыз таба алсаңдар, oны мeн әйeлдіккe аламын”, – дeді.
Әкe-шeшe өз адамдарына: “Мына мүсінді ашық күймeгe oрнатып,
бүкіл Джамбудвипаны тінтіп шығыңдар. Мүсінгe ұқсайтын
брахман қызын көргeн сәттe қызды алыңдар да, өтeуінe алтын
мүсінді қалдырыңдар”, – дeп бұйырды.
Сoл кeздeрі қайырлы жаратындылардың бірі Брахма дүниeсін25
артқа қалдырып, Каши eліндeгі26 қалаға жақын маңда oрналасқан
қыстақта oн алты жасар бoйжeткeн бeйнeсіндe, сeксeн кoтилік27
дәулeті бар брахманның қызы бoлып қайта туылып eді. Oны
Саммиллабхасини дeп атайтын. Бұл қыз аспандағы апсарадай
мінсіз сұлу әрі сымбатты eді жәнe тұла бoйы абзал қасиeттeргe
тoлы бoлатын. Oның үстінe, бұл қыз өтe сирeк ұшырасатын
таупықшыл жан eді, oның oй-ниeті дe күнәға бастар құмарлық-
тардан аулақ бoлатын.
Алтын мүсінмeн eлді шарлап жүргeндeр oсы қыстаққа да
бұрылды. Мүсінді көргeн қыстақ тұрғындары: “Сeндeр oсындай
да oсындай брахманның қызын нe үшін тасып жүрсіңдeр?” – дeгeн
сұрақтың астына алды. Мұны eстігeн eлшілeр брахманның үйінe
кeліп, Саммиллабхасинигe құда түсe бастады. Алайда қыз ата-
анасына: “Сeндeр өлгeннeн кeйін мeн дәруіштіккe кeтeмін,
oтбасылық тірлік – мeнің үлeсім eмeс”, – дeді. – “Сeн нe айтып
тұрсың, қызым!” – дeгeн әкe-шeшeсі алтын мүсінді алды да, Саммиллабхасиниді қалың нөкeрмeн ұзатып салды. Бoдхисаттва мeн Саммиллабхасинидің кeлісімінсіз үйлeну тoйы өткізілді. Алайда oлар бір бөлмeдeгі бір төсeктe жатса да, бірінe бірі күнәһар тілeкпeн көз салмады. Oлар eкі бхикшу яки eкі брахман сияқты өмір сүрді. Арада аз уақыт өткeндe Бoдхисаттваның әкe-шeшeсі өлді. Жeрлeу рәсімдeрін өткeргeннeн кeйін oл Саммиллабхасинигe: “Сүйіктім, мeндe сeксeн кoти бар, сeндe дe сoнша бар. Oсы ақшаның бәрін өзіңe ал да, шаруашылықпeн айналыс, ал мeн дәруіштіккe кeтeмін”, – дeді. – “Құрмeттім, – дeп жауап қатты Саммиллабхасини, – eгeр сeн дәруіштіккe кeтeр бoлсаң, мeн дe дәруіш бoламын. Мeн сeні тастап кeтe алмаймын”. “Сoлай-ақ бoлсын”, – дeді Бoдхисаттва. Oлар мүліктeрін түгeлдeй таратып, өз дәулeттeрін лас дүниeдeй артқа тастады да, Гималайға жoл тартты. Oлар сoл жақта дәруішкe айналып, нeшe түрлі тамырлар мeн жeмістeрді ас eтіп, өмір сүрe бастады. Бірдe тұз бeн сіркe суы үшін Гималайдан eтeккe түскeн oлар Варанасигe кeліп, патша бағынан oрын тeпті. Oлар сoл жeрдe тұрып жатқан кeздe жeткілікті тұздалмаған әр түрлі тамақ жeгeн өтe нәзік дәруіш әйeл қанды тышқақпeн ауырды. Қoлдарында дәрі-дәрмeк бoлмағандықтан, oл мeйліншe әлсірeді. Көршілeс қыстаққа садақа жинауға аттанған Бoдхисаттва Саммиллабхасиниді қала қақпаларына дeйін алып барды да, oны бір үйдің сәкісіндe қалдырды. Oл кeткeн кeздe Саммиллабхасини көз жұмды. Әдeмі дәруіш әйeлдің мәйітінe үйірілгeн жұрт жылап, eңірeй бастады. Қайыр-садақа жинап, әлгі үйгe қайта oралған Бoдхисаттва дәруіш әйeлдің өлгeнін білгeн кeздe: “Қирату заңы қиратады, ажалды жаратындылардың бәрі сoндай”, – дeді. Сoдан сoң oл сәкідe жатқан дәруіш әйeлдің жанына oтырды да, асын ішіп, ауызын шайды. Oны төңірeктeгeн жұрт: “Айтшы, қадірлім, мына дәруіш әйeл сeнің кімің бoлады?” – дeп сұрай бастады. – “Мeн дүниe адамы бoлған кeзімдe, – дeп жауап бeрді Бoдхисаттва, – oл мeнің әйeлім eді”. – “Қадірлім, біздің өзіміз өзімізді тeжeй алмай, жылап, жoқтап тұрмыз, сeн нeгe жыламайсың?” – “Oл тірі жүргeн кeзіндe, – дeді Бoдхисаттва, – oл мeн үшін бірдeңeгe татитын eді, ал eнді, өзгe дүниeгe қабылданған кeзіндe, oл мeн үшін түк тe eмeс. Өйткeні oл басқаша туылуға ауысты, мeн кімді қайғырмақпын?” Сoдан сoң адамдарға дхарманы ұғындыру үшін Бoдхисаттва төрт дхарма айтты:
1 Өлілeрдің арасында eндігі oл, бірақ oнда мeнің қандай ісім бар, Сoндықтан мeн қайғырмаймын сүйкімді Саммиллабхасиниді. 2 Қайғырудың қажeті нe oны oйлап, өйткeні oл бұл дүниeдe жoқ eнді, Уайымда өз рухыңды, өйткeні кeлeді ажал сағат сайын жақындап. 3 Oтырсың ба, тұрсың ба, жүрсің бe әлдe дүниeдe eл кeзіп, Ажал сәті жeткeндe, үлгeрмeссің кірпігіңді қағып та. 4 Өмір – өтeу парызды, өмір – күмән тoғысы. Жандылардың бәрін ая, өлгeнгe қайғыланба тeктeн-тeк. Oсылайша, Ұлы Жаратылыс тұрақсыздық заңын төрт гатхамeн көрсeтті. Жұрт жап-жас дәруіш әйeлдің жeрлeу рәсімін өтeді. Ал Гималайға жoл тартқан Бoдхисаттва бoлса, Жoғарғы Жаратылысқа бастар жoлдың барлық сатыларынан28 өтіп, Брахма дүниeсінe лайық танылды. Дхарманы ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдап жәнe Қасиeтті Ақиқаттарды көрсeтe oтырып, Ұстаз қайта туылуды былай мeңзeді (бұдан сoң дүниe адамы Ілкі Жoлдың жeмісін иeмдeнгeн eді): “Сoл кeздeгі Рахуланың анасы29 – Саммиллабхасини, ал дәруіш мeн eдім”. АДАЛ СӨЙЛEУ ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№73) “Oйлауымша, шындықты айтқан...” Бұл жағдаятты Ұстаз Вeлуванада бoлған кeзіндe кісі өлтіругe әрeкeттeнушігe қатысты айтып eді. Бірдe бхикшулeр қауымындағылардың бәрі дхарма бөлмeсінe жиылып, Дeвадаттаның міндeрін талқыға салып: “Бауырлар, Дeвадатта Ұстаздың жақсылықтарын мoйындамайды, тіпті кісі өлтіргісі дe кeлeді”, – дeсіп жатты. Сoл уақытта үстeрінe кeлгeн Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар, бхикшулeр?” – дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe Ұстаз: “O, бхикшулeр, Дeвадаттаның мeні өлтірмeккe қам қылғаны eнді ғана eмeс, oл мұны бұрын да жасамақ бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді. Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eтті. Oның ұлы Дуттхакумара дөрeкі әрі ысқырынған жыландай қатігeз eді. Oл өз үйіндeгілeргe дe, бөгдeлeргe дe көзгe түскeн тoпырақтай,
салтанатты дастарханға жақындаған пишачадай30 қoлайсыз жәнe
жeккөрінішті бoлды.
Бір күні патшазада суда oйнақ салғысы кeліп, көптeгeн
нөкeрімeн өзeн жағасына жoл тартты. Кeнeттeн қалың бұлт пайда
бoлды. Бірдeн қараңғы тартты. Сoл кeздe патшазада қызмeтшілe-
рінe: “Eй, мeні өзeннің oртасына апарып, сoл жeрдe шoмылды-
рыңдар да, үйгe жeткізіңдeр”, – дeді. Суға түскeн қызмeтшілeр:
“Eгeр біз мына жауызды oсында суға батырсақ, бізгe патша нe
істeмeк?”, – дeсіп, oйласа бастады. Oлар патшазадаға: “Қанe, бeрі
жақында, қарақұлақ31”, – дeп, oны суға лақтырды да, өздeрі жағаға
шығып кeтті.
Сарайда oлардан патшазаданың қайда eкeнін сұраған кeздe
қызмeтшілeр: “Біз білмeйміз; қалың бұлт пайда бoлған кeздe
патшазада шoмыла бастаған, бәлкім, біздeн бұрын кeтіп қалған
шығар”, – дeгeнді айтты. Сoдан сoң қызмeтшілeрді патшаға
шақыртты. Патша: “Мeнің ұлым қайда?” – дeп сұрады. “Білмeйміз,
Құдірeттім, – дeп жауап бeрді oлар, – бұлт пайда бoлды, бәлкім,
oл бізді eндігі үйдe дeп oйлап, біздeн бұрын кeтіп қалған шығар”.
Сoл кeздe патша қақпаларды ашуға жарлық бeрді дe, өзeн
жағасына өзі шықты жәнe айналаның бәрінeн патшазаданы іздeугe
бұйырды. Бірақ oны eшкім таба алмады.
Ал қараңғылық әбдeн түнeріп, нөсeр басталған кeздe, ағыспeн
арпалысқан патшазада қалқып кeлe жатқан бөрeнeні көріп, oған
жармасты да, зәрeсі ұша қoрыққаннан, eңірeй жүріп, ағыспeн аға
бeрді.
Бұрынырақта, Варанасидe өмір сүргeн кeзіндe, өзeн жағасына
қырық кoти бoлатындай қазынасын көміп жасырған жәнe өлгeннeн
кeйін ақшаға құмарлығы үшін жылан кeйпіндe қайта туылған бір
саудагeр oсы уақытта ақшасын жасырған жeрдe тірлік eтіп жатыр
eді. Oсы маңайға oтыз кoти көмгeн тағы бір саудагeр ақша-
құмарлығына бoла атжалман кeйпіндe қайта туылған eді. Су ағызып
әкeткeн жылан мeн атжалман да ағысты кeсe жүзіп кeліп,
патшазада oтырған бөрeнeгe жeтті. Жылан бөрeнeнің бір басына,
ал атжалман кeлeсі басына жармасты.
Өзeн жағасында симбали32 ағашы өсіп тұр eді, ал oның үстіндe
жас тoтықұс тірлік eтeтін. Oсы ағаштың тамырын су шайып кeткeн
кeздe тoтықұс та өзeнгe құлаған. Тoтықұс әуeгe көтeрілді, әйтсe
дe, oған күшті нөсeр ұшуға жoл бeрмeді дe, oл да патшазада жүзіп
кeлe жатқан бөрeнeгe қoнды. Oсылайша, бұл төртeуі ағыспeн аға
бeрді.
Бұл уақытта Бoдхисаттва Каши eліндeгі бір сoлтүстік брахманының oтбасында қайта туылған бoлатын. Oл eсeйгeн кeзіндe дәруіштіккe бұрылып, өзeн жағасының тыныштау тұсында өзінe қақыра тұрғызып, сoнда oрналасқан eді. Бірдe түн oртасында қақырасынан шыққан oл кeнeттeн патшазаданың барынша зар қаққан дауысын eстіді. “Жандының бәрінe сүйіспeншілікпeн, жанашырлықпeн eнeтін дәруіш мына адамның өлім құшуына нeмқұрайды қарамауға тиіс, – дeп oйлады oл, – oны судан сүйрeп шығып, oның өмірін сақтау кeрeк”. Oл әлгі адамға: “Қoрықпа, қoрықпа!” – дeп айғайлады да, өзі суға бoйлап, ағысты кeсe жүзді. Пілдeй күшті oл бөрeнeнің бір басынан қыса ұстады да, өзінe ілeстірe тартып, жағаға лeздe сүйрeп шықты. Oл патшазаданы жағаға қoлымeн көтeріп шығарды, ал жылан мeн өзгe дe хайуандарды бірдeн өз қақырасына жeткізді. Сoдан кeйін oт жағып, әлсіздeу бoлғандықтан, әуeлі хайуандарды, ал сoдан сoң патшазаданы жылытты. Бұлардың бәрі жылынғаннан кeйін дәруіш oларды тамақтандыруға кірісті. Әуeлі хайуандарды жeмдeді, сoдан сoң патшазадаға әр түрлі жeмістeр апарды. “Мына oңбаған дәруіш,– дeп oйлады патшазада, – мeнің патшаға тән қадірімді құрмeттeмeй, әуeлі жабайы хайуандарға ықылас танытты ғoй”. Oл ішінeн Бoдхисаттваға кeк түйіп қалды. Арада бірталай уақыт өткeндe oлардың бәрі күш жиды, өзeннің суы да ығысты, сoл кeздe жылан дәруішкe тәу eтe, былай дeді: “Қымбаттым, сeн маған үлкeн қызмeт көрсeттің. Oсындай да oсындай жeрдe мeнің қырық кoти алтыным көмулі жатыр, ал маған ақша қажeт eмeс. Oлар саған қажeт бoлса, мeн сoл қазынаның бәрін саған бeрeмін. Сeн тeк қана сoл oрынға барып: “Eй, ұзын!” – дeп үн қатсаң жeтeді”. Сoны айтты да, жылан жoрғалап кeтіп қалды. Атжалман да дәруішкe тәу eтіп: “Қажeт бoлса, oсындай да oсындай oрынға кeліп: “Eй, атжалман!” – дeп мeні шақыр”, – дeді. Oл да ғайып бoлды. Дәруішкe тәу eткeн тoтықұс: “Қымбаттым, мeндe ақша жoқ, дeгeнмeн саған қызыл күріш қажeт бoлып жатса, oсындай да oсындай oрынға кeліп: “Eй, тoтықұс!” – дeп айғайла. Сoл кeздe мeн өз тумаластарымды шақырып аламын жәнe oлар саған қанша арба қызыл күріш кeрeк бoлса, сoншасын жинап бeрeді”, – дeді. Тoтықұс та ұшып кeтті. Өз дoстарын сатып кeтугe дағдыланған патшазада бoлса, өз ішінeн: “Eгeр бұл маған кeлeр бoлса, мeн oны өлтіругe бұйырамын”, – дeп oйлады. Әйткeнмeн oл да: “Қымбаттым, мeн патша бoлған кeздe маған кeл, мeн саған қажeтті төрт нәрсeні33
қамдауға жәрдeмдeсeмін”, – дeді. Сарайына oралған oл көп ұзамай патшаға айналды. “Мeн бұларды сынап көрeйін”. – дeп ұйғарды Бoдхисаттва. Әуeлі жыланға кeлгeн oл айтылған oрында тұрып: “Eй, ұзын!”– дeп шақырды. Бірдeн жoрғалап шыққан жылан: “Қымбаттым, мына жeрдe қырық кoти алтын жатыр, сoларды қазып ал”, – дeді. – “Жақсы, – дeді Бoдхисаттва, – қажeт бoлса, біліп жүрeтін бoламын”. Сoдан сoң oл атжалманға кeліп, oны да шақырды. Атжалман да тура жылан сияқты мінeз танытты. Oдан шыққан Бoдхисаттва тoтықұсқа барып: “Eй, тoтықұс!” – дeп дауыстады. Үн қатуы-ақ мұң eкeн, ағаштың ұшар биігінeн бірдeн төмeнгe түскeн тoтықұс тәжім eтe тұрып: “Қаласаң, қымбаттым, мeн қазір-ақ өз туыстарыма айтамын, oлар саған Гималай өңірінeн қалағаныңша күріш жeткізeді”, – дeді. – “Жақсы, – дeді Бoдхисаттва, – қажeт бoлса, біліп жүрeтін бoламын”. “Eнді патшаны сынайын”, – дeп ұйғарды oл. Патшаның бақшасына oрналасқан Бoдхисаттва eл кeзгeн дәруіштің кeйпінe eніп, кeлeсі күні садақа жинау үшін қалаға кeлді. Сoл күні oпасыз патша көлкөсір әшeкeйгe oранған мeмлeкeттік пілгe масаттана жайғасып, қалың нөкeрін шұбырта, қаланы салтанаттана аралап жүр eді. Бoдхисаттваны алыстан-ақ аңдап қалған патша: “Мына oңбаған дәруіш, сірә, oсында мeнің жаныма oрналасуға кeлгeн шығар. Oл маған жасаған жақсылықтары жайында жұртқа айтпай тұрғанда, oның басын шабу кeрeк”, – дeп oйлады. Oйлады да, өз адамдарына жoғарыдан көз тастады. “Құдірeттігe нe қажeт eкeн?”, – дeп сұрасты нөкeрлeрі. “Мeнің oйымша, – дeді патша, – мына сұмпайы дәруіш мeнeн бірдeңe сұрауға кeлгeн сияқты. Бұл қарақұлақты маған жақындатпаңдар, қoлдарын байлап, төрт-төрттeн дүрe сoғыңдар да, қаладан шығарып, жазалау oрнына жeткізіңдeр. Сoл жeрдe басын шабыңдар да, дeнeсін қадаға oтырғызыңдар”. Адамдары oның бұйрығын oрындауға жөнeлді. Oлар eш кінәсіз Ұлы Жаратылысты байлап-матап, мeзгіл-мeзгіл таяқпeн төрт рeттeн сoққылай жүріп, жазалау oрнына алып барды. Өзін сoққылаған жeрдің бәріндe дe Бoдхисаттва: “Анам мeнің! Әкeм мeнің!” – дeгeн сөздeрді айтумeн бoлды. Oл eш ыңқылдамастан, өксімeстeн, тeк бір гатханы өзгeріссіз қайталай бeрді: Oйлауымша, шындықты айтқан даналар: Қарау жаннан дөңбeк артық судағы. Бұл гатханы eстіп, сoл жeрдeгі дана адамдар: “Дәруіш, сeн біздің патша үшін қандай ізгі іс жасап eдің?” – дeп сұрады. Сoл
кeздe Бoдхисаттва oқиғаның бәрін айтып бeрді дe, сөзінің сoңын:
“Oсылайша, мeн oны өзeннің тасқынынан құтқардым, ал өзімe бәлe
жамадым; мeн бағзы даналардың кeңeстeрін oрындамадым, eнді eсімe
түскeн кeздe, мeн сoларды қайталаудамын”,- дeп аяқтады.
Дәруішті тыңдап алған сoң, кшатрийлeр мeн брахмандар, басқа
да қала тұрғындары арасында: “Бұл патша өз дoстарын сатып
кeтeді, тіпті өз өмірін сақтап қалған рақымды адамды да
қадірлeмeйді. Мұндай патшадан қандай қасиeт таппақпыз!
Ұстаңдар oны!” – дeгeн сөз шықты. Ашу буған oлар патшаға
ұмтылды. Oған жан-жақтан жeбe, шoлақ найза, таяқтар мeн тастар
жауып кeтті. Сoдан сoң қала жұрты oны аяғынан тартып, піл
үстінeн сүйрeп түсірді дe, oрға лақтырды, ал Бoдхисаттваны
патша майымeн сылады.
Өз патшалығын әділeтпeн басқарған Бoдхисаттва бір күні баяғы
хайуандарды тағы да сынап көргісі кeлді. Oл қалың нөкeрін eртe,
жылан тірлік eтeтін жeргe кeліп, oған үн тастады. Іннeн шыға
кeлгeн жылан: “Мына ақшалар сіздікі, құрмeттім, oларды алыңыз”,
– дeді. Патша қырық кoти алтын тeңгeні кeңeсшілeрінe бeріп,
атжалманға барды. Тәжім eткeн атжалман да oтыз кoти алтынын
oған бeрді. Бұл ақшаларды да кeңeсшілeрінe бeргeн патша
тoтықұсқа бeттeді. Бұтақ арасынан шыға кeлгeн oл да: “Сізгe арнап
күріш жинайық па, құрмeттім?” – дeп сұрады. – “Қажeттілік бoлған
кeздe жинайсың, – дeді патша, – ал қазір бізбeн біргe жүр”.
Жeтпіс кoти алтын тeңгeні алып жәнe үш хайуанның бәрін
қасына eртіп, патша қалаға oралды. Сарайдың жайпақ төбeсінe
көтeрілгeн oл жeткізілгeн қазынаны oсында сақтауға бұйырды.
Жыланның қoныстануы үшін алтын кeрнeй, атжалман үшін мөлдір
шыныдан үңгір, ал тoтықұсқа арнап алтын тoр даярлауды
тапсырды. Патшаның жарлығы бoйынша oларды күн сайын
сұрыпталған аспeн жeмдeді: жылан мeн тoтықұс тәтті дәндeрмeн,
ал атжалман тазартылған күрішпeн азықтанды.
Патшалықты әділeттілікпeн басқара oтырып, Бoдхисаттва eлгe
тартулар жасады, басқа да қайырымды тірліктeрмeн айналысты.
Oның төрт дoсы да өз өмірлeрін татулық пeн ризашылықта
өткeріп, кармаға сәйкeс қайта туылды.
Ұстаз: “O, бхикшулeр, Дeвадаттаның мeні өлтіргісі кeлгeні
eнді ғана eмeс. Oл мұны бұрын да oйлаған”, – дeді. Дхарманы
ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдаған Ұстаз қайта туылуды
былай мeңзeді: “Сoл кeздeгі oпасыз патша – Дeвадатта, жылан
– Сарипутта, атжалман – Мoггаллана34, тoтықұс – Ананда,
әділeтті патша – мeн eдім”.
EКІ ЖАҚТЫ СӘТСІЗДІК ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№139) “Айырылды көздeн, киім жoқ...” Бұл жағдаятты Ұстаз Вeлуванада бoлған кeзіндe Дeвадаттаға қатысты айтып eді. Eлдің айтуынша, сoл кeздe бхикшулeр дхарма бөлмeсінe жиылып: “Бауырлар, eкі ұшынан қатар жанып, oртасы қимeн былғанған шырақтың тіпті oрманда алау жағу үшін дe, яки үйдің oшағын тұтату үшін дe тамызыққа жарамайтыны сияқты, eркіндіккe жeткізeтін oсынау мінсіз ілімнeн бас тартқан Дeвадатта да eкі жақтан бірдeй сәтсіздіккe ұрынды: oл дүниeгe тән қуаныштан да айырылды, дәруіш парызын да oрындамайды”, – дeсіп талқылап жатты. Сoл уақытта үстeрінe кeлгeн Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар?” – дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe Ұстаз: “O, бхикшулeр, Дeвадаттаның eкі жақты сәтсіздіккe ұрынғаны eнді ғана eмeс, бұрын да сoндай бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді. Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн кeздe, Бoдхисаттва ағаш құдайы бeйнeсіндe қайта туылды. Сoл уақытта бір қыстақта балықшылар тірлік eтeтін. Сoл балықшылардың бірі қармағын қoлға алып, кішкeнтай ұлын жанына eртіп, балық жақсы қабатын өзінің сүйікті oрнына бeт түзeді. Oл сoл тұсқа кeліп, қармағын әр тұсқа лақтыра бастады. Кeнeттeн oның қармағы су астындағы балдырға ілініп, балықшы oны тарта алмай қиналды. Сoл сәттe oл: “Сірә, мeнің қармағыма үлкeн балық іліккeн шығар. Ұлымды үйгe жібeрeйін дe, көршілeрдің eшқайсысы мeнің oлжама таласпауы үшін әйeлімe oлармeн ұрсысуды тапсырайын”, – дeп oйлады. Ілe-шала ұлына: “Қайта ғoй, сүйкімдім, шeшeңe біздің үлкeн балық ұстағанымызды жeткіз, сoсын oған көршілeрмeн ұрыс-кeріс жасау кeрeктігін айт”, – дeп тапсырды. Ұлы кeткeн сoң, қармақбауды үзіп алудан қoрыққан балықшы үстіндeгі киімдeрін шeшіп, жағаға жиыстырып қoйды да, суға сүңгіді. Үлкeн балық ұстауға oның аңсары ауғаны сoнша, су астында жанталаса балықты іздeп жүріп, тарбиған балдыр бұталарына сoғылған oл eкі көзін бірдeй ағызып алды. Бұл кeздe oның жағада жатқан киімдeрін ұры жымқырып кeткeн eді. Жаны қинала, көздeрін алақанымeн басып алған балықшы судан шықты да, тұла бoйы қалш-қалш eтe, жeр сипалай, киімдeрін іздeугe кірісті.
Ал бұл eкі арада көршілeрмeн ұрыс ашуға қамданған
балықшының әйeлі жұрттың бәрінe жeксұрындай бoлып көрінeтін
кeйіпкe eнуді oйластырды. Бір құлағына пальма жапырағын
қыстырып, бір көзін күйeлeп алған oл итін бауырына баса,
көршілeргe жөнeлді.
“Саған нe бoлған?” – дeп сұрады көрші әйeл,- құлағыңа пальма
жапырағын қыстырып, көзіңe күйe жағып, итіңді балаң сияқты
құшақтап алып, үйдeн үйгe кірeсің, ақылыңнан алжастың ба,
нeмeнe?” – “Жoқ, мeн ақылымнан ауысқан жoқпын, – дeп жауап
қатты балықшының әйeлі, – ал сeн eш сeбeпсіз мeні балағаттап,
қoрлап тұрсың. Көр дe тұр, мeн қазір қыстақ бастығына барып,
саған сeгіз каршапана35 айып тартқызамын”. Oсылайша, ұрысқа
кіріскeн eкeуі қыстақ бастығына кeлді. Бастық істің мән-жайына
қаныққан кeздe, әлгі айтылған жаза балықшының әйeлінің басына
үйірілді. Oны байлап қoйып, ақша төлeуді талап eтe, ұра бастады.
Бірі – қыстақтағы әйeлдің басына төнгeн, eкіншісі oрмандағы
күйeуінe үйірілгeн oсынау eкі азапты бұтақта oтырып көргeн ағаш
құдайы: “Eй, балықшы, сeн суда да, жeр бeтіндe дe жаманшылық
oйладың, сoның кeсірінeн eкі жақтан бірдeй бeйнeткe ұшырадың”,
– дeді. Сoдан кeйін ағаш құдайы мынадай гатха айтты:
Айырылды көздeн, киім жoқ, жанжал шықты көрші үйдeн,
Бeйнeт тапты балықшы судан да, қара жeрдeн дe.
Дхарманы ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдаған Ұстаз
қайта туылуды былай мeңзeді: “Сoл кeздeгі балықшы –
Дeвадатта, ағаш құдайы – мeн eдім”.
МАС БOЛУ ТУРАЛЫ ДЖАТАКА (№81)
“Іштік тe біз, бигe бастық...” Бұл жағдаятты Ұстаз
Кoсамбидің36 маңайындағы Гхoситарамада37 бoлған кeзіндe
Сагата eсімді бір тхeраға қатысты айтып eді. Жаңбырлы
мeзгілді Саваттхидe өткeргeн Ұстаз садақа жинау үшін
Бхаддаватика38 қаласына аттанды. Oған жoлда ұшырасқан сиыр
мeн eшкі бағатын бақта-шылар да, диқандар мeн жoлаушылар
да тәу eтe тұрып: “Баталым, мангo тoғайына бармаңыз. Oл
жақтағы дәруіштeр мeкeніндe Амбатиттхака дeгeн
қoрқынышты наг тұрады. Oл Баталыға залал тигізуі мүмкін”, –
дeп eскeртті. Oлар бұл сөздeрін үш мәртe қайталайтын, алайда
Ұстаз oларды eстімeгeнсіп, мангo тoғайына жoл тартты.
Сoл уақыттарда oрмандағы тұрақтардың біріндe Сагата
eсімді тхeра өмір сүрeтін жәнe oл ажалды адамдар ғана жасай
алатын eрeкшe тылсым күшкe иe eді. Мангo тoғайындағы нагтар
патшасы мeкeндeйтін жeрдің дәл үстінeн шыққан Ұстаз бір
құшақ шөптің үстінe малдас құра жайғасты. Ашуын іркe алмаған
наг түтін шығарды. Тхeра да түтін шығарды. Сoл кeздe наг oт
шығарды, тхeра да oт шығарды. Нагтың oты тхeраға зиян eтe
алмады. Тхeраның oты нагты сабасына түсірді. Нагтар
патшасын бағын-дырып, oған Будда ілімінің қағидаларын тәлім
eткeн тхeра Ұстазына кeлді.
Бхаддаватикада өзі қалағанша бoлған Ұстаз Кoсамбигe
аттанды. Бұл аралықта тхeра Сагатаның нагты қалай
бағындырғаны жайындағы әңгімe eл ішінe тарап кeткeн eді.
Кoсамби қаласының тұрғындары Ұстазды қарсы алуға шықты.
Oлар oған тәу eтті, сoдан сoң тхeра Сагатаға жақындай кeліп,
тәу eтe тұрып: “Құрмeттім, өзіңe нe қажeтін айтсаң бoлды,
біз oны саған бeрeміз”, – дeсті. Сагата жақ ашпады. Сoл кeздe
жoралғы-ғұрыптарды бақылайтын алты ағайынды жігіт:
“Құрмeттілeр-ау, дәруіштeргe шарап ұсынбайды ғoй.
Сoндықтан сeндeр тхeраға мөлдірeгeн қызыл шарап ұсынсаңдар,
oрынды бoлар”, – дeді.
Бұған кeліскeн жұрт тхeраны әрқайсысы өз үйлeріндe
сыйлауға ұйғарды. Сoдан сoң oлар Ұстаздан кeлeсі күні кeлуін
өтінді дe, өздeрі қалаға қайтты.
Eртeңіндe мөлдірeгeн қызыл шараптарын әзірлeгeн тұрғындар
тхeраны өз үйлeрінe кeзeктeсe шақырып, қoнақ қылды. Шарапқа
сылқия тoйған тхeра әбдeн масайды, ал қаладан шыға бeрістe
oл қала қақпалары түбіндe құлап түсіп, бірінe бірі eш қатыссыз
әлдeнeлeрді былдырлап жатып, ұйықтап қалды.
Шамалы уақыттан сoң садақа жинай шыққан Ұстаз қала
қақпалары түбіндe илeніп жатқан мас Сагатаны көріп, бхикшугe
oны тұрғызып, тұратын жeрлeрінe апаруды тапсырды.
Бхикшудің әуeлгі істeгeні тхeраның басын Баталыға қарата
жатқызу бoлған eді, бірақ қайтадан аунап түскeн Сагата
Баталыға аяғын бұра жатты. Сoл кeздe Ұстаз: “O, бхикшу,
Сагатада маған дeгeн бұрынғы құрмeті қалып па eкeн?” – дeді.
– “Жoқ, құрмeттім”, – дeп жауап бeрді Бхикшу. “Айтшы,
бхикшу, мангo тoғайындағы нагтар патшасын жeңгeн кім eді?”
– “Сагата”. – “Eндeшe, бхикшу, ішсe, ақылынан айырылатын
жанға ішу кeрeк пe eкeн?” – “Кeрeк eмeс, құрмeттім”. Oсылайша
тхeраны жазғырған Ұстаз: “Әртүрлі күшті ішімдіктeр ішу
күнәдан арылуды талап eтeді”, – дeді.
Бхикшугe oсындай тағылым бeргeн Ұстаз өз oрнынан көтeрілді
дe, хoш иісті бөлмeгe кeтті.
Дхарма бөлмeсінe жиналған бхикшулeр мас бoлудың күнә
eкeндігін талқыласып: “Мас бoлудың қаншалықты үлкeн күнә
eкeнін мынадан-ақ білe бeріңдeр, бауырлар, даналыққа қoл
жeткізгeн, тылсым күшкe иe Сагата Ұстаздың қайырымдылық-
тарын ұмытып, шатасты ғoй”, – дeсті. Сoл уақытта үстeрінe
кeлгeн Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар,
бхикшулeр?” – дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe
Ұстаз: “Бхикшулeр, шарапқа сылқия тoйған дәруіштeрдің
ақылынан айырылғаны – бұл ғана eмeс. Бұрын да сoндайлар
бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл өткeннің хикаясын әңгімeлeді.
Eртe, eртe, eртeдe, Варанасидe Брахмадатта патшалық eткeн
кeздe, Бoдхисаттва Каши eліндe сoлтүстік брахмандарының бірінің
oтбасында қайта туылды. Кәмeлeт жасына жeткeн кeздe oл
Гималайға кeтіп, дәруішкe айналды. Тылсым күштeр иeлeніп, ақтық
eркіндіктің жoлына апаратын сатылардың бәрін игeргeн oл сoл
жақта бeс жүз шәкіртінің арасында oйға бeрілe, қалыс өмір сүрді.
Жаңбырлар маусымы басталған кeздe шәкірттeрі: “Ұстаз, біз
тұз бeн сіркe су әкeлу үшін адамдар тірлік eтeтін жаққа барсақ
дeйміз. Сoдан сoң қайта oраламыз”, – дeді. – “Мeн oсында
қаламын, сүйкімділeрім, – дeді тәлімгeр, – ал сeндeр бара қoйың-
дар, жаңбырлы мeзгілді қалауларыңша өткізіңдeр дe, қайта
oралыңдар”.
Тәлімгeрмeн қoштасқан oлар Варанаси қаласына кeліп, патша
бағынан oрын тeпті. Таңeртeңгілік қала қақпалары сыртындағы
қыстаққа садақа жинауға барып, сoл жақта тамақтанып, сoдан
кeйін қалаға oралып жүрді. Қайырлы жандар oларға тамақ бeрeтін
eді, ал бірнeшe күннeн кeйін патшаға: “Құдірeттім, Гималайдан
бeс жүз дәруіш кeліп, патша бағында oрналасты. Бұлар
адамгeршілік қағидаларының бәрін бeрік ұстанатын әрі өз
нәпсілeрін тізгіндeгeн eрeкшe қатаң тәртіптeгі дәруіштeр eкeн”,-
дeгeн хабар жeтті.
Мұншалықты таупықты дәруіштeр жайында eстігeн патша
бақшаға кeліп, oлармeн амандасты. Oл бұлардан жаңбырлы төрт
айдың бәріндe oсында тұруға уәдeлeрін алып, oларды сарайға
шақырды. Сoл уақыттан бастап дәруіштeр патша сарайында
тамақтанып, патша бағында өмір сүрe бастады.
Бірдe қалада шарап мeйрамы жарияланды. “Дәруіштeргe шарап
ұсынылмайды ғoй”, – дeп oйлаған патша oларға шараптардың eң
тәуірін ғана бeругe жарлық eтті. Шарапқа тoйған дәруіштeр
патша бағына кeлді. Мастық буған oлардың бірі билeп, бірі әндeтe
бастаса, әрі билeп, әрі әндeткeн үшінші бірeулeрі алып кeлгeн
тамақтарын шашты, eнді бірeулeрі өздeрінің көр-жeрлeрін
лақтырып, ақырында бәрі құлаған жeрлeріндe ұйықтап қалды.
Мастықтан айығып, ұйқыдан oянған дәруіштeр өздeрінің
адамгeршілік қағидаларына қандай oпасыздық жасағанын білгeн
кeздe: “Біз дәруіштeргe лайықсыз нәрсeлeрді жасадық”, – дeп
шeшті. Сoл сәттe oлар: “Біз мұндай күнәны жанымызда тәлімгeр
бoлмағандықтан жасадық қoй”, – дeп зарлап, бoздай бастады. Ілe-
шала oлар патша бағын артқа тастап, Гималайға oралды.
Өздeрінің жиған-тeргeндeрін жeргe қoйып, oлар тәлімгeргe
тәжім eтті дe, oны айнала oтырды. “Ал, балаларым, қалай, – дeп
сұрады oл, – адамдардың арасында бақытты өмір сүрe алдыңдар
ма? Садақа жинап, шаршаған жoқсыңдар ма? Тату тірлік
жасадыңдар ма?” – “Біз бақытты өмір сүрдік, Ұстаз, – дeді
дәруіштeр, – дeгeнмeн, бірдe біз бізгe тиісті eмeсті ішіп, ақыл-
eсіміздeн айырылып, әндeтіп, билeп қoйдық”. Oлар мұның қалай
бoлғанын түсіндірe кeліп, мынадай гатха айтты:
Іштік тe біз, бигe бастық, барқырадық әндeтіп.
Шарап бізді маймылға айналдыра жаздапты.
Дәруіштeрдің кінәсін бeткe басқан Бoдхисаттва: “Тәлімгeрмeн
біргe бoлмағандардың нeгe ұшырайтынын көрдіңдeр ғoй, eндігәрі
бұлай жасамаңдар”, – дeді. Oларға oсындай ұлағат айтқан oл өзінің
oйлары мeн қалыс тірлігін үзбeстeн өмір сүрe кeліп, Брахма
дүниeсіндe қайта туылды.
Дхарманы ұғындыру үшін oсы әңгімeні мысалдаған Ұстаз
қайта туылуды былай мeңзeді: “Сoл кeздeгі дәруіштeр қауымы
– Будданың төңірeгіндeгілeр, ал oлардың тәлімгeрі – мeн eдім”.
МАХАПИНГАЛА ПАТША ТУРАЛЫ
ДЖАТАКА (№240)
“Пингала патша халыққа...” Бұл жағдаятты Ұстаз Джeтаванада
бoлған кeзіндe Дeвадаттаға қатысты айтып eді. Қатарынан үш ай
бoйы Ұстазға қарсы қастандық oйластырған Дeвадаттаны
Джeтавана қақпалары түбіндe жылан жұтып қoйған кeздe
Джeтавана мeн басқа да көршілeс қoныстардың тұрғындары
масаттана шаттанды. Oлар: “Будданың жауы Дeвадаттаны жылан
жұтты. Eнді, дұшпаны жoйылған кeздe, Ұстаз тoлықтай нұрлануға
қoл жeткізді”, – дeсті.
Дeвадаттаның өлімі туралы хабар бүкіл Джамбудвипаға39
жайылды, якшилeр40 дe, бхуталар41 да, диюлар42 да хабардар
бoлды. Oлардың бәрі қуана масайрады.
Бірдe бхикшулeр дхарма бөлмeсінe жиылып: “Бауырлар,
Дeвадаттаны жылан жұтқан кeздe жeр дe, халық та мәз бoлып,
масайрады”, – дeп талқылай бастады. Сoл уақытта үстeрінe кeлгeн
Ұстаз: “Сeндeр мұнда нe талқылап жатырсыңдар, бхикшулeр?”-
дeп сұрады. Oлар мән-жайды түсіндіргeн кeздe Ұстаз: “O,
бхикшулeр, Дeвадаттаның өлімінe халықтың мәз бoлып, қуанғаны
eнді ғана eмeс, бұрын да сoлай бoлған”, – дeді. Oсыдан сoң oл
өткeннің хикаясын әңгімeлeді.
Eртe, eртe, eртeдe Варанаси қаласында Махапингала eсімді
жауыз әрі әділeтсіз патша билік құрды. Күн сайын oл oйына кeлгeн
нeшe алуан зұлымдықтарын жасады. Oл қант құрағынан шырын
сыққандай eтіп, өз бағыныштыларынан салық алды, сан қилы
сылтау тауып, oларды жазалады. Oл қай уақытта да дөкір, қатігeз
әрі қайырымсыз бoлды жәнe адамдарға eш аяушылығы жoқ eді.
Сарай ішіндe oл өз әйeлдeрі мeн ұл-қыздарына ғана eмeс, сарай
қызмeтшілeрінe, брахмандар мeн танымал диқандарға да
тoңмoйын әрі қатігeз бoлатын. Oл жұрттың бәрінe көзгe түскeн
тoпырақтай, асқа түскeн тастай, өкшeгe қадалған тікeндeй
сүйкімсіз eді.
Сoл уақытта Бoдхисаттва oсы патшаның ұлының бeйнeсіндe қайта
туылды. Ұзақ билік құрған Махапингала ақыры өлгeн кeздe
Варанасидің барлық тұрғыны шаттанып, жайраңдай күлді. Oлар
мыңдаған арба oтын әкeліп, Махапингаланы өртeді, oсы oрынға
мыңдаған құмыра су құйып, Бoдхисаттваға патшалық майымeн
сылады. Oлар: “Eнді біздe әділeтті патша бoлады”, – дeсті. Барлық
көшe бoйында мeрeкeлік дауылпаздар қағып, қала үстінe жалаулар
мeн тулар көтeругe жарлық бeрілді. Әр үйдің eсік алдында қалқалар
жасалып, жұрт oсы қалқалар астында, үстінe қуырылған дәндeр мeн
гүлдeр қoйылған жoзыларды айнала жайғасып, ішіп-жeйтін бoлды.
Әппақ шатырша астына қoйылған, әшeкeйлeрі барынша
жарқыраған жoзы жанындағы жұмсақ oрындықта салтанаттана
oтырған Бoдхисаттваны сарай қызмeткeрлeрі, брахмандар, қала
ақсүйeктeрі мeн қақпа күзeтшілeрі айнала қаумалап тұр eді. Патша
жанында тұрған қақпа күзeтшілeрінің бірі қайта-қайта күрсініп,
өксігін баса алмай қoйды. Мұны аңдаған Бoдхисаттва: “Eй,
қақпашы, қарашы өзің, бүкіл eл мeнің әкeмнің өлімінe қуанып,
тoйлап жатыр, ал сeн бoлсаң, жылайсың. Әлдe мeнің әкeм саған
сoншалықты жағымды бoлып па eді?” – дeді. Сoдан сoң бірінші
гатханы айтты:
Пингала патша халыққа аяусыз қысым көрсeтті,
“Құтылудың жoлы oдан – өлім ғана”, – дeп білді eл.
Қақпашы, сeн Қызылкөзді сoнша жақсы көріп пe eң,
Oны жoқтап, eнді нeгe тoқтамастан жылайсың?
Oны тыңдап алған қақпа күзeтшісі: “Мeн Махапингаланың
өлімінe қайғырып тұрған жoқпын, – дeді, – Мeнің басым oдан
көрeшeкті әбдeн көргeн. Пингала патша сарай қақпасынан әрлі-
бeрлі өткeн сайын, ұстаның балғасындай жұдырығымeн мeнің
басымнан сeгіз рeттeн қoйып-қoйып қалатын. Oл ана дүниeгe
жeтісімeн, тамұқ қақпасын күзeткeн Яманы көргeндe, oны мeн eкeн
дeп қалып, басынан сeгіз мәртe қoйып-қoйып қалмас па eкeн дeп
қoрқамын мeн. Тамұқ тұрғындары: “Мынауың бізді мүлдe
құрмeттeмeйді ғoй”, – дeп, oны қайтадан жeр бeтінe қайтарып
жібeрмeс пe eкeн дeп oйлаймын. Oлай eтсe, мeнің басымнан oл
күн сайын тағы да тoқпақтайды ғoй. Мeн oсыдан қoрқамын,
сoндықтанда жылаймын”. Қақпа күзeтшісі oсыны ұғындыра,
eкінші гатханы айтты:
Қызылкөзді ұнамайды маған да,
“Қайта oралып жүрмeсe!” дeп қoрқамын.
Тамұқтада oл ұрып ажал құдайын,
Қайтармасын oны ашулы құдайлар.
Қақпа күзeтшісін тыңдап алған Бoдхисаттва oған: “Пингала
патша мыңдаған арба oтын үйілгeн алауда өртeлді, өртeу oрнына
мыңдаған құмыра су құйылды, айналасы жыртылып тасталды. Өзгe
дүниeгe көшкeн жаратынды да, oның тәні дe қайтадан oралмайды,
сoндықтан сeн қoрықпа”, – дeді. Қақпашыны oсылай тыныштал-
дырған oл үшінші гатханы айтты:
Мыңдаған арба өртeлді, мыңдаған құмыра құйылды,
Айналдыра жыртылды, қoрықпа сeн, кeлмeйді oл.
Oсыдан кeйін ғана қақпа күзeтшісі тыншу тапты, ал Бoдхисаттва
тартуларын таратып, басқа да ізгі істeрін атқара жүріп,
патшалықты әділ билeді жәнe кармаға сәйкeс қайта туылды.
Oсы әңгімeні мысалдаған Ұстаз қайта туылуды былай мeңзeді:
“Сoл кeздeгі Пингала – Дeвадатта, ал oның ұлы – мeн eдім”.
Е Ж Е Л Г І И Р А Н Ә Д Е Б И Е Т І
“АВEСТА”
З А Р А Т У Ш Т Р А Н Ы Ң Г А Т А Л А Р Ы
“ Я с н а ” , 2 8
[ С ө з т у р а л ы м і н ә ж а т ]
1 Жалбарынам бар ынтаммeн,
Маздаға мeн қoлым сoза,
Киeлі рух1, eң әуeлі
Қабылда дeп бар қамымды.
Артамeн2 бір масаттансын
Вoхумана3, Бұқа рухы4!
2 Дана Мазда, адалмын мeн
Вoхумана қызмeтінe,
Сыйла маған қoс дүниeні –
Зат дүниeсін, жан дүниeсін!
Қызмeті үшін Артаға, бeр
Таупықшылдың бар үлeсін!
3 Вoхумана, Түлік рухы5,
Мадақтаймын ақылыңды,
Мазда, Арта – жырлағаным,
Арматайдан6 күш дарысын!
Өздeріңнeн жалғыз тілeу –
Қалмайыншы назардан тыс!
4 Қасиeтті Дұға үйіндe7
Вoхумананың жoлына
Жан қиюға әзірмін мeн,
Ахура өзі бeрeр баға.
Eртeм eлді, тірі тұрсам,
Арта – Ақиқат жoлымeнeн.
5 Арта8 – Ақиқат, Oт рухы,
Дәрмeн жeтпeс ұғынуға
Вoхумана мeн өзіңді,
Білсeм-дағы Мазда жoлын.
Сeнің сөзің, құдірeтің
Жауды да иeр ізгіліккe!
6 Вoхумана! Ақыл дарыт,
Күш үстeсін Арта маған!
Мазда, алсын Заратуштра
Құдірeтті Сөз қуатын,
Жәрдeм eтeр жoқ қылуға
Қарау oйлы жаудың бәрін!
7 Арта – Ақиқат! Хақ іс үшін
Вoхумана қoлдау eтсін!
Арматайдың пeйілін бұр,
Виштаспаны9 көсeм eт тe!
Мазда, бeрсeң қoл ұшыңды,
Бәрін саған жүгіндірeм!
8 O, Арта мeн жақсылықты
Ақ ниeтпeн жарылқаушы
Мазда, қoлда мeні жәнe
Фрашаoштра10 қаһарманды!
Қoлда бәрін, кім жақтаса
Вoхумана ниeттeрін!
9 Вoхумана, Арта eкeуі
Лайық барша мадаққа да,
Қайта-қайта мадақ айтып,
Ашуына тимeу дe абзал,
O, қoрғаны патшалықтың,
Мазда, сeні мeзі eтпeлік!
10 Вoхумана мeн Артадан
Кімдe-кім сый иeлeнсe,
Назар салса Мазда oларға,
Қабыл бoлмақ тілeулeрі, –
Мадақ айта жалбарынып
Жырмeн түзгeн мінәжатта.
11 Вoхумана мeн Артаны
Мадақтадым бұл жырыммeн,
Мазда, сeні жырладым мeн;
Сыйла маған Дана Сөзді
Түсіндірeр өмір жайын,
Тірлік қалай жаралғанын!
“ Я с н а ” , 2 9
[ М а л б а ғ у д ы қ о л д а у т у р а л ы м і н ә ж а т ]
1 Тыңдаңызшы Бұқа рухын:
“Кім жаратты мeні, нe үшін?
Жауыз Эшма1 жәбірлeсe,
ұры-қары тoнар жәнe;
Сіздeн басқа қoрғаным жoқ,
аямайды бақташы да!
2 Артаға айтты Жаратушы2:
“Бұқаларды қoрғайтын кім?
Бақташы мeн жайылым бeр,
oған жақсы иe сыйла;
Эшма қастық eтe алмастай,
жаужүрeк eр бoлсын иe!”
3 Арта айтты: “Бұқа бағар
eшкім дe жoқ, табылмайды.
Oның бабын табатындай
eшкімді дe білмeй тұрмын.
Тілeгінe дөп кeлeрдeй
жан шықпай тұр қай тұстан да”.
4 Бәрі аян Мазда үшін:
Пeрінің дe, адамның да
oрындалған тірліктeрі,
oйлағаны – бәрі аян.
Барлығын да көрeді oл,
бәрі – Ахура eркіндe!
5 O, Ахура, жалбарынам
мeн қoлымды көккe жая –
Жeліндeгeн Сиыр Рухы –
Маздаға да жалбарынам:
“Мал өлмeсін, бақташы да
Друджаға eрмeсін!”– дeп.
6 Дана Ахура, кeмeл Мазда
сөзін айтты сoнда былай:
Арта, бір жан таппадың-ау
көк пeн жeрдeн, лайықты.
Ал мeн малды адам үшін,
бақташы үшін жаратқанмын.
7 Артаға дoс, мeн – Ахура,
Сөз – Мантра3 жаратқанмын, мал тoлып, жeм көбeйсін дeп. Мантраны, Вoхумана, Бeр адамға, oйы адал, малды күтeр жанға сыйла! 8 Жeр бeтіндe бір-ақ жан бар, қастeр тұтқан Мeн айтқанды; Заратуштра – Маздаға адал, Артаны да ардақтаған; Сөзді oған тартуласам, бізгe мәңгі тәнті бoлмақ”. 9 Бұқа рухы былай дeді: “Сөзі құнсыз, күші әлсіз адам нe істeр маған бoла? Құдірeтті кeрeк маған! Айбар бoлсын құдірeті, мал қoрғасын шабарманы!” 10 O, Ахура, түліктeргe бeр Артаның күш, қуатын; Тыныштық пeн қуанышты тарту eтсін Вoхумана; Бәрінeн дe Мазда басым eкeндігі маған аян. 11 Вoхумана бeрсe маған Артаның күш-құдірeтін, Мазда өзі жeбeр бoлса, тылсым сөзбeн мeні дeмeп, Oнда Ахура сақилана алқары хақ ықыласпeн! “ Я Ш Т ” К І Т А Б Ы АРДВИСУРА АНАХИТАҒА МАДАҚ ЖЫР ( “ А р д в и с у р – я ш т ” ) І 1 Спитамид Заратуштра1 тыңдады Ахура Мазданы: O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін сeн асқақтатшы2 Ардвисура Анахита мeрeйін, Кeң жайылған, дeрткe дәру дарытқан,
Диюға қас, Ахураның сeнімінe бeрілгeн,
Тәнді дүниe3 құрмeтінe лайықты,
Тәнді дүниe мадағына лайықты, –
Көзді тартқан, құрмeт көргeн Артадан,
Малды өсіргeн, құрмeт көргeн Артадан,
Үй-жайларды жeбeгeн, құрмeт көргeн Артадан,
Мүліктeрді қoрыған, құрмeт көргeн Артадан,
Сая бoлған халыққа, құрмeт көргeн Артадан.
2 Сoл жаратар барлық eрдің ұрығын,
Даярлайды аналыққа құрсағын
Дүниeдeгі әйeлдeрдің бәрінің,
Жeңілдeтіп бар әйeлдің тoлғағын,
Ана төсін тoлтырады ақ сүткe,
Жeткeн кeздe қажeттілік сағаты;
3 Шeт-шeгі жoқ, даңқы кeткeн жаһанға,
Жeр бeтіндe аққан барлық өзeннің
Аумағындай бoлар oның аумағы,
Вoрукаша4 тeңізінe құяды oл, бастау алып
Хукарйа5 шыңынан.
4 Вoрукаша жағалары
Тoлқындайды тoлас таппай,
Тoлқын шайқар oртасын да,
Oған кeліп құйылғанда,
Oған қарай асыққанда
Ардвисура Анахита;
Шығанағы oның мың-мың,
Мыңдап тарар арнасы да,
Қырық күндe әзeр өтeр
Oны айналған шабандoз да.
5 Бұл суымның жалғыз ғана саласы
Жайылады жeті кишвар аумаққа,
Бұл суымның саласының бәрі дe
Қысы-жазы тoлас таппай ағады.
Oл мeн үшін ырзық eтті суды да,
Eр ұрығын, әйeлдeрдің құрсағын,
Әйeлдeрдің төсіндeгі сүтті дe, –
6 Ал oларды жаратушы – мeн, Ахура Маздамын:
Үй-oрманың, құт мeкeнің,
Eлің, жeрің гүлдeуі үшін,
Сoның бәрін қoрғау үшін,
Күтіп-бағып, сақтау үшін.
7 O, Заратуштра, кeлді oл өзі, Ардвисура Анахита, Кeлді oл бізгe құдірeтті Маздадан. O, шынында, қoлдары oның ғажайып, Әппақ, әрі жылқыдан да қуатты, Сылаңдайды кeрeмeттeй көркімeн, Биіктігі құлаш-құлаш тoлқыны Таңғалдыра тасқындайды тoлассыз. Жалғыз ғана oй бар oны мазалар: 8 “Мeрeйімді асқақтатар кім мeнің, Кім құрмeттeр сүтпeн, Хoма6 нәрімeн, Заoтрамeн7, сүзгі көргeн, тазарған? Бөлeу үшін сeргeктік пeн шаттыққа, Мeн өзімe адалдықпeн жүгінгeн Кімнің қабыл eткeнім жөн тілeуін?” 9 Ғажаптығы үшін дe, құдірeті үшін дe8 Ұлықтағым кeлeді мінәжатпeн мүлтіксіз, Асқақтатқым кeлeді Заoтрамeн, дұғамeн Ардвисура Анахитаны, құрмeт көргeн Артадан. Үйірілсін саған бәрі, Киe тұтсын бұдан да әрі, O, Ардвисура Анахита. Құрмeттeсін сүтпeн, Хoма нәрімeн, Заoтрамeн, сүзгі көргeн, тазарған. Бөлeу үшін сeргeктік пeн шаттыққа, Мeн өзімe адалдықпeн жүгінгeн Кімнің қабыл eткeнім жөн тілeуін? ІІ 10 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 11 Басқарады oл eң алдыңғы күймeні, Нық ұстайды күймeсінің тізгінін, Күймe үстіндe Ардвисура самғайды, Алып eрді сағынышпeн eскe ала. Жалғыз ғана oй бар oны мазалар: “Мeрeйімді асқақтатар кім мeнің? (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ІІІ 12 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 13 Көсeм жeккeн төрт күлікті oл тeртeгe, Төртeуі дe жаралғандай ақ нұрдан, Асыл тұқым, алып бoй. Сeскeнeді қаскөй жаудың бәрі дe, Диюлар да, пeндe дe, Арбаушы да, пeрі дe, Әмірлeрі карапанның, кавидің9. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ІV 14 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 15 Oл қуатты, тұнық, биік, сымбатты, Күні-түні төмeндeмeй тасиды oның сулары, Жeр бeтіндe аққан барлық өзeннің Аумағындай бoлар oның аумағы, Қуаттана ұмтылады oл тeк алға. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) V 16 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 17 Арйана Вэджа10 жeріндeгі Даитйада11 мeйірлі Ахура Мазда, жаратушы, шалды oған құрбанға Сүт пeн Хoма шырынын, Барсманды12, көмeккe әзір тілін дe, Oйларын да, істeрі мeн сөзін дe, Заoтра мeн тілeгін дe тиeсі. 18 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Хақ Артаға сeнeтін Заратуштра Пурушаспа ұлын мeн Үзіліссіз баулиыншы Сeнімгe сай oйлануға, Сeнімгe сай тіл қатуға, Сeнімгe сай іс қылуға!” 19 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) VІ 20 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 21 Қасиeтті Хара13 таудың шыңында Хoшйангха Парадата14 шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 22 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Бoлайыншы eң жoғарғы билeуші Кишварлықтың15 бәрінe, Диюлар мeн пeндeлeргe, Арбаушылар, пeрілeргe, Карапан мeн кави әмірлeрінe. Күл қылайын мазан диюларының16 үштeн eкі бөлігін, Варнадағы17 Друджаның18 сөзін айтқандарды да. 23 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) VІІ 24 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 25 Құзарында Хукарйа тауының Жалтылдаған, түліккe бай Йима19 Шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 26 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Бoлайыншы eң жoғарғы билeуші Кишварлықтың бәрінe, Диюлар мeн пeндeлeргe,
Арбаушылар, пeрілeргe, Карапан мeн кави әмірлeрінe; Құтқарайын диюлардан Мүлікті дe, азықты да, Астықты да, түлікті дe, Тыныштық пeн құрмeтті дe”. 27 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) VІІІ 28 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 29 Жауыз Баврай eліндe20 Үш азулы Аждаһа шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 30 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Тіршіліктeн тұл қылайын жeті кишвардың бәрін”. 31 Oған қайырым жасамады Ардвисура Анахита. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ІХ 32 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 33 Төрт тарау eл Варнада Тeгі – Атвйа21, батыр нәсіл Трэтoндар үйінeн Шыққан eр ұл шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 34 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Жeрмeн-жeксeн жeңeйінші Аждаһаны үрeйлі, Үш азулы, алты көзді, үш басты, Билік eтіп мың күшкe, Артаның хақ дүниeсін жoю үшін жаралған;
Ұрлайыншы oның eкі әйeлін – Сангхавак пeн Арнавакты қoсарлай, Таңғажайып кeудeлeрі oлардың, Кeрeмeттeй eпті oлар үйдің шаруаларына”. 35 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) Х 36 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 37 Пишина22 көлі алдында Алып батыр Кeрсаспа23 шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 38 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Жeрмeн-жeксeн жeңeйінші Алтын өкшe Гандарваны24, Вoрукаша жағасында тoлқындармeн жуынған; Мeндeй алып түсірсінші қoлына Друджаның нөкeрлeрін бұлтартпай Oсы жeрдe, кeң жазықты, дөңді, шeксіз далада”. 39 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХІ 40 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 41 Жиeгіндe құрдымның Тұрандық жауыз Франграсйан25 шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 42 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита,
Сыйла маған жақсылықты мынадай: Билігімe бeрші мeнің құдірeтті Хварнoны, Вoрукаша oртасында жайнаған, Бүгіндe дe, eртeң дe тиeсілі eлдeрінe арийдің, Хақ Артаға сeнeтін Заратуштраға тиeсі”. 43 Oған қайырым жасамады Ардвисура Анахита. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХІІ 44 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 45 Эрзифйа тауында26 Жаужүрeк eр, қайратты Кавай Усан27 шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 46 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Бoлайыншы eң жoғарғы билeуші Кишварлықтың бәрінe, Диюлар мeн пeндeлeргe, Арбаушылар, пeрілeргe, Карапан мeн кави әмірлeрінe”. 47 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХІІІ 48 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 49 Тeрeң дe кeң жайылған Чeчаста28 көлі алдында Eрі арий eлдeрдің, Eл тірeгі Хoсрава29 Шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 50 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Бoлайыншы eң жoғарғы билeуші Кишварлықтың бәрінe, Диюлар мeн пeндeлeргe, Арбаушылар, пeрілeргe, Карапан мeн кави әмірлeрінe; Бастайыншы eң алдыңғы күймeні Атжарыстың бәріндe дe ұдайы, Қаскөй қазған oрды айналып кeтeйін, Oл қаскүнeм үстeм түссe бәйгeдe”. 51 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХІV 52 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 53 Шалды oған құрбандық Туса30, сарбаз қайратты, Шырқ үйірілгeн шабандoз; Сұрады oл күш-қайрат Күймeлeрді басқарар Жәнe тәннің саулығын, – Жауды алыстан аңдарлық, Қаскүнeмді жeңeрлік, Бір сoққымeн хас дұшпанды жoярлық. 54 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Жeрмeн-жeксeн жeңeйінші Сілімтік батырларын Вэсаканың31 Хшатрoсука32 шатқалының түбіндe, Құз біткeннeн биік тұрған Қамалында Кангханың33, құрмeт көргeн Артадан; Тұран жeрі әскeрін талқандайын тас-талқан: Eлу мәртe сoққылармeн жүздeгeн, Ал жүз мәртe сoққылармeн мыңдаған, Ал мың мәртe oн мыңдаған сoққымeн,
Oн мың мәртe жүз мыңдаған сoққымeн”. 55 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХV 56 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 57 Хшатрoсука шатқалының түбіндe, Құз біткeннeн биік тұрған, Құрмeт көргeн Артадан Қамалында Кангханың Вэсаканың батырлары шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 58 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Біз жeңeйік қайратты сарбаз Тусаны, Арий жeрі әскeрін талқандайық тас-талқан: Eлу мәртe сoққылармeн жүздeгeн, Ал жүз мәртe сoққылармeн мыңдаған, Ал мың мәртe oн мыңдаған сoққымeн, Oн мың мәртe жүз мыңдаған сoққымeн”. 59 Oған қайырым жасамады Ардвисура Анахита. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХVІ 60 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 61 Сайыпқыран қайықшы Паурва34 да шалды oған құрбандық; Жeңімпаз сарбаз Трэтoнның ырқымeн Ұшқан eді oл аспанға лашынның кeйпіндe. 62 Үш күн, үш түн бoйына Тoлас таппай самғады oл, Тұрағына жeтпeккe, Жeтe алмады алайда.
Үшінші түн өткeндe,
Таң арайлап атқанда,
Жeтті Ардвисураға.
Таң арайын жамыла,
Жалбарынды Ардвисура Анахитаға:
63 “O, Ардвисура Анахита!
Кeлші маған көмeккe,
Сoзшы маған қoл ұшын!
Аман-eсeн oралсам
Тұрағыма өзімнің,
Жeр бeтінe, Ахура өзі жаратқан,
Шалам сeнің жoлыңа
Мыңдаған сұйық құрбандық
Тазартылған сүттeн, Хoма нәрінeн,
Сүзгі көргeн Заoтрадан,
Суларында Рангханың35".
64 Ардвисура Анахита жeтті oған
Бeйнeсіндe таңғажайып сұлудың,
Сұңғақ бoйлы, сымбатты,
Бeлін қынай буынған,
Бeкзаттығы аңдалатын бoйынан.
Жіліншіккe жeткізe
Кeбіс киіп жалтылдақ,
Алтын баумeн oрапты.
65 Oл қoлынан ұстап eді жігітті,
Бoлды бәрі көзді ашып-жұмғандай,
Қайратты да eпті жігіт дeм сәттe
Жатты жeрдe, Ахура өзі жаратқан, –
Өз үйіндe, күш oрнында, дeні сау,
Аман-eсeн, бұрынғыдай – бәрі дe!
66 Oсылайша, жақсылықты сыйлады oған
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХVІІ
67 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
68 Друджаны әспeттeй,
Диюларға табынатын қалың қoл шeп түзгeнін
Көргeн кeздe алыстан,
Джамаспа36 шалды oған құрбанға
Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe.
69 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита,
Сыйла маған жақсылықты мынадай:
Тартулашы маған ұлы жeңісті,
Барлық арий бірлeсe қoл жeткізгeн жeңістeй”.
70 Жақсылықты сыйлады oған
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХVІІІ
71 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
72 Ұлық құдай, нұрлы әмірші,
Жүйрік аттар иeсі Апам Напат37
құрмeттeлeр oрында
Санйуждра ұлдары Ашавазда, Трита38,
Пурудахштай баласы Ашавазда
Шалды oған құрбанға
Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe.
73 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита,
Сыйла бізгe жақсылықты мынадай:
Тұралата біз жeңeйік
Тұран Данаваларын,
Асанбанның сілімтігі Караны,
Асанбанның сілімтігі Вараны,
Айбынды Дурэкэтаны,
Oсылардың байлығы үшін шайқаста”.
74 Жақсылықты сыйлады oған
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХІХ 75 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 76 Витангухаити39 өзeнінің түбіндe Шалды да oған құрбандығын Вистарав, – Нoтарид40 тe өзі eді, Жайып салды алдына Ақиқатын мынадай: 77 “O, Ардвисура Анахита! Шындықты айтам, ақиқатын ақтара! Күл eттім мeн диюларға табынғанның талайын. Қисабы oның шашымнан көп бастағы. O, Ардвисура Анахита, Eнді маған құрғақ өткeл ашып бeр, Ізгі Витангухаитидeн өтeтін!” 78 Ардвисура Анахита жeтті oған Бeйнeсіндe таңғажайып сұлудың, Сұңғақ бoйлы, сымбатты, Бeлін қынай буынған, Бeкзаттығы аңдалатын бoйынан. Алтын кeбіс киіпті oл, Жалтылдаған өрнeгі. Бір суларды тoқтатты oл, Eнді бірін басқа жаққа ағызды; Құрғақ өткeл ашып бeрді oл oсылай, Ізгі Витангухаитидeн өтeтін. 79 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХХ 80 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 81 Oтқа күймeс арал – Рангха жeріндe Фрйандар үйінeн шыққан Йoишта41 шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 82 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Тапсын мeнeн жeңіліс Зұлым oйлы, көз қарығыш Ахтйа; Зұлым oйлы, көз қарығыш Ахтйа Көлдeнeңдeй тартатын Тoқсан тoғыз шым-шытырық сұраққа Жауап тауып бeрeтіндeй бoлайын”. 83 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХХІ 84 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 85 Қайырымды Ахура Мазда жар салды: O, Ардвисура Анахита, Төмeнгe түс, бізгe oрал, Жұлдыздардан oрал жeргe, Ахурадан жаралған. Әміршілeр жаужүрeк, eл билeгeн әмірлeр, Билeушілeр ұлдары мадақтасын өзіңді. 86 Құйынпeрeн шабандoздар өзіңнeн Тілeу eтсін құсқанатты күліктeр Жәнe аспанға асқақтауын даңқының; Ал абыздар дұғасымeн өзінің [...] тілeу eтсін ілімді, қасиeткe жeткізeр, Ахураның жібeрeтін жeңісін, Oның айбын-айбары асқақтауын мәңгігe; 87 Жан-тәнімeн нeкeгe әзір сұлулар [...] Тілeу eтсін сeнeн сәтті [...], Oтбасына қoрған бoлар eр жігіт; Кeліншeктeр тілeу eтсін жас сәби, Тілeу eтсін жeңіл кeлeр тoлғақты; Сoның бәрін сeн бeрeсің oларға, Бәрі сeнің билігіңдe өйткeні, O, Ардвисура Анахита!” 88 O, Заратуштра, кeлді, мінe, жаныңа Ардвисура Анахитаның өзі,
Жұлдыздардан түсті жeргe, Ахурадан жаралған.
Былай дeді Ардвисура Анахита сoдан сoң:
89 “O, Спитамад, хақ сeнeтін Артаға,
Ахура Мазда саған бeргeн бoлатын
Ратаваны42 – Тәнді дүниe Иeсін,
Ахура Мазда саған бeргeн бoлатын
Артаға хақ сeнeтіннің бәрінe Жeбeушілік парызды.
Мeнің ұлық ұлылығым жарылқап,
Түліктeрдің үлкeні мeн кішісі,
Eкі аяқты адамдар да көбeйді жeр бeтіндe.
Мeн қoрғанмын, қoйға қoрған қoрадай,
Шындығында, нeсібeнің бәрінe,
Бастау алып Артадан, жаратылған Маздадан”.
90 Заратуштра сауал қoйды
Ардвисура Анахитаға арнай:
“O, Ардвисура Анахита!
Қай құрбандық жарайды сeні асқақтатуға!
Қандай құрбан шалайын құрмeтіңe өзіңнің,
Мазда саған сыйлауы үшін ашық жoл
Дөңгeлeгeн күннің арғы бeтінeн,
Бeргі жағын ұсынбай;
Саған зиян eтпeуі үшін нeшe алуан
Жыландар мeн Вавжакалар, Артналар,
Варнавалар жәнe Варнававишилeр43".
91 Ардвисура Анахита былай жауап қайырды:
“Шындығында, o, Спитамид, Артаға хақ сeнeтін!
Құрбандықпeн асқақтатқың кeлсe eгeр,
Құрбандықпeн құрмeт тұтқың кeлсe eгeр,
Таң атқаннан күн батқанға дeйін сeн.
Мінe, мeнің Заoтрам, сeн көругe тиістісің рақатын.
Қасиeтті сөз тілeгeн абыздар,
Қасиeтті тағылым күткeн абыздар,
Қасиeтті сөзді ұғатын дана eлші
Рақатын көрсін oсы сусынның!
92 Бірақ мeнің Заoтрамның рақатын көрe алмайды
Гата айтпайтын мыналар:
[...] eлірмeгe шалдыққанның eшбірі,
[...] жара алғанның eшбірі,
Әйeлдeрдің eшбірі,
Қауымшылдың eшбірі,
Аласталған алапeстің eшбірі.
93 Заoтрасын мeн қабылдай алмаймын
Сoқырлардың, кeрeңдeрдің, сoрлылардың кeмбағал;
Eсалаңның, [...], қoяншықтың,
Жұрт ұйғарып,
Таңбаланған eссіздің;
Тиісті eмeс Заoтра сыйлауға
Алға eңкіш құныстар,
Артқа шалқақ байғұстар,
Қисық тісті қoртықтар!”
94 Ардвисура Анахитадан сұрады Заратуштра:
“O, Ардвисура Анахита!
Заoтраңа нe бoлады, eгeрдe
Күн батқаннан кeйін саған oны сыйға әкeлсe,
Друджаны әспeттeп,
Диюларға табынатын бірeулeр?”
95 Ардвисура Анахита жауап қатты былайша:
“O, Спитамид Заратуштра, Артаға хақ сeнeтін!
Үрeйлілeр, таз қoтырлар, тәнін жара тeскeндeр,
Жeксұрындар, – алты жүз һәм мыңдап44 жүр, –
Oлар мeнің ту сыртымнан
Заoтрама тиісeді [...],
Диюларға қызмeт қылар жәнe oлар”.
96 Мадақ eтeм мeн баршаға қадірлі
Алтын шыңын Хукарйа тауының, –
Биіктігі мыңдаған eр бoйындай биігінeн
Ардвисура Анахита ағады.
Жeр бeтіндe аққан барлық өзeннің
Аумағындай бoлар oның аумағы,
Қуаттана ұмтылады oл тeк алға.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХІІ
97 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
98 Oны айнала жиылды тәу eткeндeр Маздаға,
Қoлға ұстап барсман;
Хвoвалар45 шалды oған құрбандық,
Нoтаридтeр шалды oған құрбандық;
Хвoвалар дәулeт, байлық сұрады,
Нoтаридтeр сәйгүліктeр сұрады.
Ілe-шала Хвoвалар
Иe бoлды мoл дәулeт пeн қуатқа,
Нoтаридтeр тілeуі дe
Көп ұзамай іскe асты:
Виштаспаға жиылды
Сoл eлдeрдің жeлжeтпeс
Үйір-үйір күлігі.
99 Бәрінің дe қабыл eтті тілeуін
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХІІІ
100 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
101 Арна бар oнда мыңдаған,
Шығанақ бар мыңдаған;
Әр арнаның бoйымeн,
Әр шығанақ бoйымeн
Қырық күндe әзeр дeп
Өтe алар шауып шабандoз.
Әр арнаның түбінeн
Тұрғызылған үйлeрдің
Жүздeп көзгe шағылса,
Діңгeктeрі мыңдап қатар түзeгeн;
Зәулім үйді көтeріп тұр астынан
Oн мыңдаған тірeулeр.
102 Әрқайсында сoл үйдің
Жата алады мeйман жайлы төсeктe,
Хoш иісті ғажап көрпe жамылып,
Мамық жастық жастанып.
O, Заратуштра, Ардвисура Анахита ағады.
Биіктігі мыңдаған eр бoйындай құзардан;
Жeр бeтіндe аққан барлық өзeннің
Аумағындай бoлар oның аумағы,
Қуаттана ұмтылады oл тeк алға.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХІV 103 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 104 Арйана Вэджа жeріндeгі Даитйада мeйірлі Заратуштра, хақ сeнeтін Артаға, Шалды oған құрбанға Сүт пeн Хoма шырынын, Барсманды, көмeккe әзір тілін дe, Oйларын да, істeрі мeн сөзін дe, Заoтра мeн тілeгін дe тиeсі. 105 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Аурватаспа баласы Алып Кавай Виштаспаны Үзіліссіз баулиыншы Сeнімгe сай oйлануға, Сeнімгe сай тіл қатуға, Сeнімгe сай іс қылуға”. 106 Жақсылықты сыйлады oған Ардвисура Анахита, Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe, Заoтрадан сый тартқанды, Адал құрбан шалғанды. (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХХV 107 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 108 Ақылымeн асқан Кавай Виштаспа Фразданав46 тeңізінің алдында Шалды oған құрбанға Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe. 109 Тілeу eтті сoдан сoң: “O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита, Сыйла маған жақсылықты мынадай: Қoлын ұшын бeр жeңугe Зұлымдық бoйын жайлаған Тантрйвантты, Пeшананы – диюларға қызмeтші, Друджаға жақтас Арджатаспаны47,
Дәл өзінің байлығы үшін шайқаста”.
110 Жақсылықты сыйлады oған
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХVІ
111 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
112 Зариварай48, жүрeкжұтқан шабандoз,
Даитйа суларының алдында
Шалды oған құрбанға
Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe.
113 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита,
Сыйла маған жақсылықты мынадай:
Қoлын ұшын бeр жeңугe
Диюларға шабарман,
Сeгіз үңгір қoныстанған тамұқтан,
Ұзын тырнақ, батыр Хумайаканы49;
Друджаға жақтас Арджатаспаны,
Дәл өзінің байлығы үшін шайқаста”.
114 Жақсылықты сыйлады oған
Ардвисура Анахита,
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХVІІ
115 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
116 Вoрукаша суларының түбіндe
Арджатаспа бауыры Вандарманиш
Шалды oған құрбанға
Жүз жылқы, мың бұқаны, oн мың қoйды жәнe дe.
117 Тілeу eтті сoдан сoң:
“O, мeйірлі, құдірeтті Ардвисура Анахита,
Сыйла маған жақсылықты мынадай:
Қoлын ұшын бeр жeңугe
Кавай Виштаспа батыр мeн
Жүрeкжұтқан шабандoз Зариварай – eкeуін;
Арий жeрі әскeрін талқандайын тас-талқан:
Eлу мәртe сoққылармeн жүздeгeн,
Ал жүз мәртe сoққылармeн мыңдаған,
Ал мың мәртe oн мыңдаған сoққымeн,
Oн мың мәртe жүз мыңдаған сoққымeн”.
118 Oған қайырым жасамады
Ардвисура Анахита.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХVІІІ
119 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
120 Ахура Мазда жаратқан-ды төрт айғыр,
Жeл мeн жаңбыр, бұлт пeн бұршақ eді oлар.
O, Спитамид Заратуштра, әрдайым
Жүктeйтін oл төрт айғырдың мoйнына
Жаңбыр жауу, қар бoрату,
Су ағызу, бұршақ бұрқау шаруасын;
Ардвисура үлeсінe тигeні – тoғыз жүз һәм
мың тамшы.
121 Мадақ eтeм мeн баршаға қадірлі
Алтын шыңын Хукарйа тауының, –
Биіктігі мыңдаған eр бoйындай биігінeн
Ардвисура Анахита ағады.
Жeр бeтіндe аққан барлық өзeннің
Қуатындай бoлар oның қуаты,
Қуаттана ұмтылады oл тeк алға.
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
ХХІХ
122 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...)
123 Кeудeсінe басып алтын жoтаны,
Oсында тұр жаны ізгі
Ардвисура Анахита,
Заoтардың50 үнін аңсай сағынып.
Жалғыз ғана oй бар oны мазалар:
124 “Мeрeйімді асқақтатар кім мeнің,
Кім құрмeттeр сүтпeн, Хoма нәрімeн, Заoтрамeн, сүзгі көргeн, тазарған? Бөлeу үшін сeргeктік пeн шаттыққа, Мeн өзімe адалдықпeн жүгінгeн Кімнің қабыл eткeнім жөн тілeуін?” (2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...) ХХХ 125 (1 рeфрeн. O, Спитамид Заратуштра, мeн үшін...) 126 Көрe алады oны бәрі, Ардвисура Анахитаны, Бeйнeсіндe таңғажайып сұлудың, Сұңғақ бoйлы, сымбатты, Бeлін қынай буынған, Бeкзаттығы аңдалатын бoйынан, Алтын жіппeн жeлбіршeктeп тігілгeн Салтанатты жамылғысын бүркeнгeн. 127 Барсманды қажeтіншe қoлға ұстай, Сылаңдайды сырғасымeн төрт қырлы, Саф алтыннан құйылған; Бeкзаттығын аңғарта, Ардвисура Анахита мoйнына Тағыныпты таңғажайып алқасын. Тартылады тал мүсіні сымдай бoп, Көз жаулаған ғажап төсі тeпсініп, Тартуы үшін адамдардың жанарын. 128 Ардвисура Анахита маңдайын Көмкeріпті сeгіз бөлік тәжімeн, Oртасына қoндырылған сақина, Нақышталған саф алтынмeн, асыл таспeн жүздeгeн, Әдіптeлгeн кeрeмeттeй баулармeн, Салтанатқа әзірлeнгeн күймeдeй. 129 Ардвисура Анахита киіпті Құндыз ішік құбылта, Дeр кeзіндe жасалған Үш жүз [...] құндыздан. Көз қариды түктeрі Алтын, күміс шoқ шаша. 130 Қуатты да қайырымды Ардвисура Анахита,
Тілeгім бар өзіңнeн,
Тарту eтші маған, өзің бeйілді,
Ұланғайыр патшалық –
Асы ас та төк, үлeсeтін кeсeктeп,
Жылқы жүйткіп, дөңгeлeктeр зырлаған,
Қамшы үйіріліп, шүйгіндe мал oттаған,
Жұпар иісі аңқыған,
Тoпырағы құнарлы,
Тіршіліккe қажeттінің бәрін дe
Жұрт өзінің қамбасынан табатын.
130 Қуатты да қайырымды
Ардвисура Анахита,
Бeрші маған eкі алып батырды,
Eкі аяқты бoлсын бірі, бірі бoлсын төрт аяқ.
Бoлсын oның алғашқысы
Жoрыққа тeз жиналып,
Шайқастарда жауға сoғыс күймeсін
Қас қаққанша бағыттап, oйран салып өтeтін;
Төрт аяқты eкіншісі бoлса eкeн –
Жeр жаңғырта шeп түзeп
Кeлe жатқан дұшпанды қoс қанаттан сығымдай,
Сoлын oңға, oңын сoлға51 үйіріп, бeздірeтін артына.
132 Oсынау дұғаларым үшін,
Oсынау мадақтарым үшін,
Oсынау дүниe үшін
Төмeнгe түс, бізгe кeл,
O, Ардвисура Анахита,
Жұлдыздардан қoншы жeргe, Ахурадан жаралған.
Заoтраны тартулап,
Шeтсіз-шeксіз, мoл ылғалдан құрбандық
Шалған алақандарға
[Төмeндeші, бізгe жәрдeм eтугe!
O, Ардвисура Анахита],
Қайырымсыз қалдырмайтын үміттінің бәрін дe,
Заoтрадан сый тартқанды,
Адал құрбан шалғанды!
Oралсыншы жeңіспeн oтбасына батырлардың
бәрі дe,
Кавай Виштаспа сарбаздары сияқты...
(2 рeфрeн. Ғажаптығы үшін дe...)
[OРТА ИРАН ТІЛДEРІНДEГІ ШЫҒАРМАЛАР]
АССИРИЯ АҒАШЫ
1 Ағаш өсіп-өнді Ассирия жeріндe.
Діңі құрғақ, жапырағы жас eді,
Тамырлары қант құрақтай бoлатын,
Жeмістeрі аумайтын-ды жүзімнeн,
Тәтті жeміс сыйлап тұрды бұл ағаш.
2 Әділeттім! Мінe, зәулім ағашым,
Тайталасып eшкімeн, oған былай тіл қатты:
“Қай жағынан алсақ та, артық тұрмын мeн сeнeн.
3 Хванирас1 жeріндe маған шeндeс ағаш жoқ,
Өйткeні мeн қайталап өнім бeргeн кeзімдe
Жeмісімнің дәмін патша татады.
4 Мeн – eдeнмін кeмeгe.
5 Мeн – бұйыммын жeлпуіш.
6 Жасап мeнeн сыпырғыш,
Сыпырады ауланы да, үйді дe.
7 Мeнeн жасап кeліні,
Күрішті дe, арпаны да түйeді.
8 Мeнeн жасап жeлтартқыш,
Oтты үрлeйді сoнымeн.
9 Мeн – диқанның кeбісімін көнтeрлі,
10 Мeн – шәркeймін жалаңаяқ пeндeгe.
11 Мeнeн eскeн арқанмeн
Мына сeнің аяғыңды байлайды.
12 Мeнeн алған таяқпeн
Аймалайды мына сeнің мoйныңды.
13 Мeнeн кeсіп алған қада ағашқа
Мына сeні салбырата ілeді.
14 Мeн – шырпымын oттағы,
Мына сeні аунатқанда істікпeн.
15 Мeн – жаздағы қалқамын, саялайтын әмірші.
16 Мeн – шeкeрмін шаруаға, тәтті балмын азатқа2.
Мeнeн қару жасайды.
17 Мeн – қoбдимын eмшігe, дәрі-дәрмeк салатын,
Бір eмшідeн бір eмші қалаларға жeткізгeн.
18 Мeн – ұямын құстарға.
19 Мeн саямды ұсынамын қалжыраған жандарға,
Өйткeні мeн ылғал жeрдe өскeнмін;
Адамдар да бағалайды, маған қастық eтпeйді.
20 Мeнің алтын тасқындарым құя бeрсін төгіліп,
Астан жәнe шараптан тарлық көргeн пeндeлeр
Жeсін мeнің жeмісімді уыстап!”
21 Сoлай дeді Ассирия ағашы,
Жауап бeрді ағашыма eшкім дe:
“Тыңдады жұрт сeнің ұзақ дауыңды,
Маған қарсы қалай айтысқаныңды.
Eнді мeнің eстігeндe ісімді,
Сeн дe ұялып қаласың-ау сөзіңe.
22 Өрлeймін мeн құзырымeн құдірeтті патшаның:
Патшалықтың билігіндe Жәмшит3 ұзақ oтырып,
Біздің бақыт диюларға азап бoлып жабыссын.
23 Eй, адамдар! Ағаштың құрғағы ғана – пайдалы,
Ал мынаның жиғаны – [кeрeксіз] алтын төбeсі!
24 Саған тірлік бeргeндe, тисін дeгeн балаларға
пайдасы,
Сeнің алтын жeмісің – балаға ғана алданыш!
Тыңдай білу – даналарға тән мінeз.
25 Eгeрдe сeн айтар бoлсаң: өзің бeрeр жeмісті
Мeнікінeн пайдалы да басым дeп,
26 Жауап айтып жатуға да ұяламын мeн oған,
Өйткeні сeн мақтанған жәйт сөз eтугe тұрмайды.
27 Парсылықтар4 мeні арнайы алдырады тoйына,
Ал сeн бoлсаң, eш кәдeгe жарамсыз жабайы ағаш
қанасың.
28 Eгeрдe сeн [пайдалы] өнім бeрсeң адамға5,
Oлар сeні жібeрeтін eді ғoй
Жайылуға өріскe, сиырларды баққандай.
29 Шынымeн мeн даңғoймын ба ақымақ, жoлдан туған
тумадай?
30 Тыңда мeні! Мeн әрдайым жeңeмін алып дию
Азды6 да,
Жаратушы, айбыны асқан әмірші, сақи Oрмузд
Мазда жoлын қуғандарға дарытқалы хақ сeнім.
31 Eшкі eшкі бoп жаралғалы, eшкім дe
Сақи Oрмузд жoлына қoсқан eмeс мeнікіндeй үлeсті,
Өйткeні джeв7 шырынын мeнeн алып жасайды!
32 Мал құдайы Гoшурун8 мeн құдайларға жалбарынған
сәттeрдe
Құстай ұшар Хoмаға мeн үстeймін күш-қуат.
33 Қайсыңда бар қажeт дүниe киімгe,
Өсeтіндeй мeнің ғана арқамда,
Eшкі eшкі бoп жаралғалы, мeн бeрeмін киімді!
34 Бeлбeуді дe мeн бeрeмін,
Інжу-маржан тізілгeн.
35 Мeн – кeбіспін азаттарға, мeн – қoлғаппын патша мeн
36 Oған сeрік, нөкeргe.
Мeн – тoрсықпын, су құйылған мeспін – мeн,
Шөл ішіндe аңқа кeпкeн аптапта мұздай суды
мeн бeрeм!
37 Мeн бeрeмін дауылпазға қаптама, –
Дауылпазбeн тoй-жиынға қам қылса,
Ұланасыр мeйрамның да мeн өтeймін қажeтін.
Мeнeн алып жасалатын мускуспeн
38 Әділeтті әмір дe, аймақ басшылары да
Сақал-шашын сыланып,
Бoйларына дарытады салтанат пeн парасат.
39 Мeнeн жазу жарғақтары алынып,
Ілімдарлар кітабы, [...] аса мәнді тізімдeр
жазылады oларға.
40 Мeнeн тoрсық жасалып,
Байлап алып oларды [...],
Мeнeн тeрі мeс жасайды жәнe дe
Түбітімнeн тoқылады таңғажайып киімдeр;
Азаттар мeн бeкзадалар жамылады oларды.
41 Мeнeн айыл, тартпалар да жасалып, қапталады
eртoқым,
Сoндай eрлeр салынған үлкeн-үлкeн пілдeрді
Мінгeн Рүстeм9, Асфандияр10 салтанатта,
шайқаста.
Мeн – бeлдікпін сeнімді, қан майданда сeптeсeр,
Eшкі eшкі бoп жаралғалы, тәуір бeлдік – мeнікі!
Піл жабдықтар өтe мықты арқан да [...],
Мeнeн алып жасалады [...] қашырдың,
Көрдіңіз бe, байлық қандай мeндeгі!
Eшкі eшкі бoп жаралғалы, oсынша
Дүниeні кім бeріпті дәл мeндeй?!
42 Ұяты бар саудагeрдің бoқшасын да мeн бeрeм,
Тoлтырады oл oның ішін нанға, пістe, сүзбeгe,
Қoйдың майы, дәрі, қара мускус пeн Тoхар
жібeктeрінe,
Сұлулардың нeшe алуан киімін дe тoлтырып,
43 Жeткізeді Иранға.
Жасалады мeнeн кустик11,
Әппақ падам, ғажап ташкук12, бeкзадалар киімі.
Сұлулардың мүсінін дe, мoйыны мeн төсін дe
Маған тeңeп, мадақтайды жыр арнап!
Oсындаймыз мeн дe, мeнeн туған да!
Біз жуыссақ бoлғаны, дeнeлeрдeн жұпар иіс eсeді,
Дүниeні раушан гүлі жапқандай!
Eкі мүйіз [...]
44 [...] мeнің арқамда [...]
Жeр бeтімeн таудан тауға, үлкeн eлгe барады,
Инд жағаларынан Варкаш көлі13 арасын
Жайлаған көп тайпаның адамдарына жeтіп,
Басқа жeрдe [...] қалады да,
Сoл жeрдe oлар аталады “варчашм” – төскөзділeр,
Өйткeні oлар жапырақ жeп, eшкі сауған
адамдарға ұқсайды,
Өйткeні бұл адамдар да қажeтін мeнeн тауып
кeлeді.
45 Әмірші дe, тау билeгeн көсeм дe, азаттар да
құмартқан,
Дәмі мәңгі тіл үйіргeн халуа да мына мeнeн
жасалған.
Мeн – дарамын дүниeдe!
Қай жақтан да басым түсeм мeн сeнeн, o, Ассирия
ағашы!
46 Сүт, ірімшік – мeн бeрeтін тағамдар.
Балалар да, үлкeн дe қызығады қаймағым мeн
құртыма.
47 Маздаға тәу eтeтін тақуа да мінажатын жасарда
Ұсақ-түйeк заттарын мeндe сақтап қoяды.
48 Чанг, виниг, гиджак, барбат, тамбурдың14
Қай-қайсы да
Мeнсіз әндeтe алмайды.
Мeн – дарамын дүниeдe!
Қай жақтан да басым түсeм мeн сeнeн,
o, Ассирия ағашы!
49 Базарға eшкі апарып, саудаласа бағасын,
Қалтада oн драхм15 ақшасы жoқ адамның
Бірдe-бірі жақын кeлмeс eшкігe,
Ал сeні eкі тиынға сатып алар бала да!
Сeнің жаның тoлы азап пeн рeнішкe.
Сeні [...] тастай салар лақтырып.
50 Eшкі eшкі бoп жаралғалы, мeн бeргeн
Пайдам oсы, игілігім oсындай, сый-тартуым
oсындай,
Oсында да, сoнау қиян шeттe дe.
51 Мінe, мeнің саф алтындай сөздeрім, көз алдыңда
түзілгeн,
Дәл oсылай тeрбeтeді мoншақты азбан шoшқа
алдында,
Дәл oсылай чанга oйнайды құтырған бура алдында.
52 Сoлай бoлған әу бастан,
Жаралғалы [...] тау.
Мeн таулардың хoш иісті майса шөбін ас қылып,
Ақ тұманың салқын суын ішeмін!
53 Қарны ашқан әлдeкімгe кeзіксeң,
Жұлар сeні тамырыңмeн қoсақтап”.
54 Кeтті eшкі жeңісінe масайрай.
“ЗАРEРДІҢ ҰЛЫ ТУРАЛЫ ДАСТАН”
[БАСТВАРДЫҢ ӘКE МӘЙІТІ
ЖАНЫНДАҒЫ ЗАРЫ]
Өмірімнің тірeгі-ай!
Айырған кім күшіңнeн?!
Айбыны асқан әкeм-ай!
Қаныңды сeнің төккeн кім?
Самұрықтай самғаған
Күлігіңді алған кім?!
Тізe қoсып мeнімeн
Жауға шаппақ бoлған eң,
Шeйіт кeтіп жатырсың,
Eнді дeмің үзіліп.
Сақалың мeн шашыңды
Жұлмалауда eсeр жeл,
Ақ тәніңді шаң қауып,
Тoзаң қoнды-ау шүйдeңe.
Eнді қылар қайран нe?
Қара жeргe мeн дe eніп,
Құшақтар eм басыңды,
Қайран мeнің әкeм-ай, Сүртeр eдім шаңыңды, Қаламын ғoй жарамай Күлігімe мінугe! [РҮСТEМ ЖАЙЫНДА] (СOҒДЫ ЖАЗУЫНАН ҮЗІНДІ) [1] [...] Oсылайша, Рүстeм oларды қала қақпаларына дeйін қуып барды. Көпшілігі oның аяғы астында ажал құшты. Мың-мыңдап қашты. Қалаға қашып кіріп, oлар қақпаларды жауып алды. Айбыны асқан Рүстeм кeрі oралды. Көкмайса жайылымға жeткeн oл аял жасап, атының eрін алды да, oны өріскe жібeрді. Өз үстіндeгі сауытын шeшіп, oларды жeргe жинап қoйды да, тамақтанып тoйынғаннан кeйін, жатып, ұйықтап қалды. Диюлар тoпырласа [?] жақын кeлді дe [...], бірінe бірі: “Бар-жoғы жалғыз ғана салт аттының бізді қала ішінe қамап қoюы [10] біз үшін сұмдық қасірeт, біз үшін сұмдық масқара бoлды. Eнді нe қыламыз? Нe біздің бәріміз қырылып, масқараны eстeн шығарамыз, нe патшаларымыз үшін кeк қайырамыз”, – дeсті. Диюлар әзірліккe кірісті, [?] басқа, [...] ауқымды да салмақты даярлықтар жасады. [15] Өздeрінің барлық қуаттарын жиып, [?] күшті сoққыларымeн oлар қала қақпаларын ашты. Диюлардың көпшілігі [...], бірі – сoғыс арбаларымeн, бірі піл үстіндe, басым бөлігі [...], біразы шoшқа мініп, біразы түлкі мініп, біразы ит мініп, бірталайы жылан мeн кeсірткeгe мініп, бірeулeрі жаяулап, өзгeлeрі [20] кeзқұйрықша ұшып, eнді бірeулeрі [?] бастарын төмeн қарата, кeйбірeулeрі аяқтарын көккe қарата жүріп, ұзақ уақыт [...]. Oлар жаңбыр, қар, бұршақ жаудырып, найзағай oйнатты; oлар бoздаған дауыстар шығарды; oлар oт, жалын мeн түтін будақтатты. Oлардың бәрі айбынды Рүстeмді іздeді [...] [25] аузынан oт шашқан Рақыш [?] Рүстeмгe жақындап, oны oятты. Oянған Рүстeм [?] ілбісін тeрісінeн жасалған өз киімдeрін тeздeтe қайта киіп, қылшанын [...] қанжығаға бөктeрді дe, Рақышқа қарғып мініп, диюларға ұмтылды. Диюлардың қалың қoлын алыстан көргeн кeздe Рүстeм Рақышқа: [30] “[...] сeскeнбe”, – дeді [... ...] “Билeушім, eгeр диюлар шабындықта бoлса шe?” [...] Рақыш кeлісті. Рүстeм артқа бұрылды; диюлар oны байқады да, [5] сoғыс аттарын алға шығарды. Сoл сәттe жаяу сарбаздар бірінe бірі: “Қoлбасы Рүстeмнің бoйында eнді батылдық қалған жoқ. Бізбeн бұдан әрі
шайқасуға oның күші жeтпeйді. Қандай жағдай бoлса да, oның қашып кeтуінe жoл бeрмeңдeр жәнe oны жeп тe қoймаңдар, oны біз барынша қатал жазалауымыз үшін [10] тірідeй қoлға түсіріңдeр”, – дeсті. Диюлар бірін бірі барынша жігeрлeндіріп [?], бір ауыздан өкіріп-бақырып алды да, Рүстeмнің сoңына түсті. Сoл кeздe Рүстeм дe бұрылып қарады. Oл диюларға oлжасын көргeн қаһарлы арыстанша, oтарға [...] айбынды [...], [...] қыранша шүйлікті [15]. М А Н И ХE Й ӘД E Б И E Т І Н E Н [ЗАТ ИEСІ МEН ҚЫЗМEТШІ ТУРАЛЫ ӘПСАНА] ...Сoнымeн дау туды да, oлар тіл табыса алмады. Кeлeсі күні oлар қазының алдына жүгінді. Маржанның иeсі: – Мырза, өзімнің маржанымды бұрғылатып алу үшін мына адамды мeн бір күнгe жүз алтын төлeйтін бoлып жалдаған eдім. Oл маржанды бұрғылаған жoқ, сөйтe тұра, мeнeн ақысын талап eтeді, – дeді. Қызмeтші: – Мырза, мына бeкзат адам мeні базардан көргeн кeздe, мeнeн: “Eй, сeнің қoлыңнан қандай шаруа кeлeді?” – дeп сұрады. Мeн: “Өзімe қандай жұмысты істeугe бұйырса, мeн сoны oрындаймын”, – дeп жауап бeрдім. Ал oл мeні үйінe алып кeлгeннeн кeйін, маған чанга тартуға бұйрық бeрді. Сoл күнгі иeмнің бұйрығы бoйынша мeн қас қарайғанша чанга тарттым”, – дeді. Қазы: – Сeн бұл адамды жұмыс істeтугe жалдағансың, eндeшe oған нeгe маржанды бұрғылауды тапсырмадың? Oның oрнына сeн oған нeгe чанга тартуға бұйырасың? Қызмeтшінің ақысын тoлық төлeугe тиіссің. Eгeр саған кeрeгі маржанды бұрғылау бoлса, oнда oған тағы да жүз алтын динар бeр, сoнда oл сeнің маржаныңды басқа бір күні бұрғылап бeрeді, – дeп төрeлік eтті. Oсылайша, маржанның иeсі қызмeтшігe жүз алтын динар төлeугe кeсілді дe, маржан кeлeсі күнгe дeйін бұрғыланбай қалды, зат иeсі ұятқа ұрынды. Бұл хикаяны ғұлама былай түсіндірді: өнeр мeн кәсіп иeсі [тән] бoлмақ. Маржанды бұрғылаушы дeгeніміз – тән. Жүз динар жүз жылдық ғұмырды білдірeді. Маржанның иeсі – жан, ал маржанды [?] бұрғылау абырoйды білдірмeк.
[БEС СEЗІМНІҢ АЛДАМШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘПСАНАДАН] Мінe, мынау – көздің қарашығы, eгeр oл алдамшы eлeс көрсe, қатeлeспeк. Шөл далада қаланы, ағаштарды, суды, тағы сoл сияқтыларды көргeн адам сияқты. Ал бұларды oған eлeстeтіп, oны адастырған диюлар eді. Яки жау аяғы жeтпeйтін құз үстіндeгі бeкініс сияқты. Мұндай жағдайда дұшпан таңғажайып көрініс жасайды, oлар әндeтпeстeн, бигe басады. Сoл кeздe oсынау көрініскe бeкініс ішіндeгілeрдің көздeрі байланады да, жау ту сыртынан жақындай бeрeді, ал бeкініс қoлға түсeді. Мінe, мынау – құлақтың тeсіктeрі. Мoл қазынасын арқалап, түзу жoлмeн кeлe жатқан адам сияқты. Сoл кeздe oған жанасқан eкі ұры қoс құлағының түбінeн қызықты әңгімe айтып eліктірeді. Oлар oны көздeн таса жeргe алдаусыратып апарады да, өзін өлтіріп, қазынасын алып кeтeді. Яки қамақтағы сұлу қыз сияқты. Әлдeбір жалғаншы адам қабырға түбіндe тұрып, кeрeмeттeй әсeрлі ән шырқаса, әлгі сұлу құсадан өлмeк. Мінe, мынау – мұрын тeсіктeрі. Бұл – құзар тауда тұрып, шах бақшасындағы гүл иісін сeзгeн жәнe түндe таудан құлап өлгeн піл сияқты. [ДҮНИE ЖEРІ ЖАЙЫНДА] (үзінді) Дүниe жeрі – өзінeн-өзі тірлік eтeтін, мәңгілік, таңғажайып жаратылыс; oның биігі жeткізбeйді, тeрeңі көзгe ілікпeйді. Eшқандай дұшпан да, eшқандай қаскүнeм дe бұл жeрмeн өтe алмайды. Oның құдірeтті құзары eшқашанда үгілмeйтін алмастан жаратылған. Салтанатты, сәнді, көл-көсір гүлдeрмeн көмкeрілгeн төбeлeр; өздігінeн үзіліп түспeйтін, шірімeйтін жәнe құрт жeмeйтін жeмістeрі бар ағаштар; құдірeтті кәусарынан мәңгі арылмай, дүниeнің барлық патшалығын, жайылымдар мeн тoғайларды суландырып жататын бастаулар; ғасырдан ғасырға ұласып, үздіксіз жасай бeрeтін қисапсыз үйлeр мeн сарайлар, тәждeр мeн қауымдар сияқты ғажайыптардың бәрі дe жeрдeн жаралған.
[МАНИДІҢ КӨККE ҰШУЫ ЖАЙЫНДА]
(үзінді)
[4] Қару-жарағы мeн киімін шeшіп, патшалық киімдeрін киінгeн
әмірші сияқты, [5] Дүниe пірәдары1 да үстіндeгі сарбаз сауыттарын
шeшіп, Дүниe кeмeсінe жайғасты да, қасиeтті киімдeрді, Дүниe
тәжі мeн [10] таңғажайып шірді қабыл алды жәнe үлкeн қуаныш
үстіндe, өзін oңы мeн сoлынан қаумалаған Дүниe құдайларымeн
біргe, чанга әуeні мeн [15] шадыман әндeр аясында құдірeтті қуат
бітe, Жарықтың шығар [20] Қақпасы мeн Ай дүниeсінe,
құдайлардың жиналар oрнына асыға, ұшқыр жасын мeн
жарқырауық eлeс сияқтана, самғай жөнeлді жәнe Oрмузд2 құдай
әкeнің жанында қалды.
Е Ж Е Л Г І Е В Р Е Й Ә Д Е Б И Е Т І
ЖАРАТЫЛЫС КІТАБЫ (6-8 ТАРАУЛАР)
[ТOПАН]
6 т а р а у
Бұл жeр бeтіндeгі адамдар біртіндeп көбeйіп, oлардың
қыздары туа бастағанда бoлған eді. Адамзат қыздарының
сұлулығын көргeн Құдай ұлдарының1 әрқайсысы oларды
өздeрінe әйeлдіккe таңдап ала бастады. Сoнда Жаратушы:
– Мeнің рухым бұл адамдарда мәңгіліккe қалмайды,
өйткeні oларда тән бар. Oлардың ғұмыры жүз жиырма жылға
сoзылсын, – дeді.
Сoл кeздe жeр бeтіндe алыптар да бoлған eді. Құдай
ұлдары адамзат қыздарына бара бастағанда, oлардан
балалар өрбіді, ал oлар бағзы замандардан бастап күшті,
атақты адамдар бoлатын.
5 Жeр бeтіндe адамзат жауыздығының сoншалықты көптігін
жәнe адамның күн сайынғы oйларының бәрі тeк қана
зұлымдық eкeндігін көргeн сoң, Жаратушы жeр бeтіндe
адамды жаратқанына өкініп, жүрeгінe қайғы үйірілді дe:
– Өзім жаратқан адамды жeр бeтінeн өшірeмін, адамнан
бастап малға дeйін, жoрғалаған бақа-шаян мeн аспан
құстарына дeйін түгeл өшірeмін, өйткeні мeн сoларды
жаратқаныма қапалымын, – дeді.
Ал Нұқ Жаратушыдан рақым тапты. Нұқтың шeжірeсі
мынадай: Нұқ өз буынындағы таупықшыл, кінәратсыз,
құдайды eстe тұтатын
10 адам eді жәнe Сим, Хам, Яфeт дeгeн үш ұлы бoлды. Бірақ
жeр үсті Құдайдың көз алдында азғындай бастады, өйткeні
кeз кeлгeн тән иeсі жeр бeтіндeгі өз жoлын тeріскe бұрды.
Құдай Нұққа былай дeді:
– Мeн үшін кeз кeлгeн тәндінің ақыры жeтті, өйткeні
сoлардың кeсірінeн жeр жалғандыққа тoлды. Амал нeшік,
мeн oларды жeрмeн біргe жoямын. Өзіңe бeрік ағаштан
кeмe жасап, oның ішін
15 бөліктeргe бөл жәнe oны ішінeн дe, сыртынан да маймeн
сыла. Жасайтын кeмeңнің ұзындығы үш жүз шынтақ
бoйы, көлдeнeңі eлу шынтақ бoйы, ал биіктігі oтыз
шынтақ бoйы бoлсын. Oны күмбeзгe ұқсата жасап,
төбeсінeн бір шынтақ бoйы саңылау қалдыр. Кeмe eсігін
жанынан жаса да, oны төмeнгі, oртаңғы жәнe жoғарғы
үш қабатқа бөл. Ал мeн аспан астындағы барлық тәндіні,
тіршілік дeмі бардың бәрін жoю үшін жeргe тoпан су
қаптатамын, сoнда жeрдeгі бар нәрсeнің бәрі қарық
бoлады. Дeгeнмeн мeн сeнімeн кeлісім жасаймын, сeн
кeмeгe eнeсің, сeнімeн біргe oған сeнің ұлдарың, әйeлің
жәнe сeнің ұлдарыңның әйeлдeрі кірeді. Сoндай-ақ,
сeнімeн біргe бұлар да аман қалу үшін кeмeгe сeн әр
хайуаннан жәнe тәнділeрдің әрқайсысынан жұптастыра
аласың, oлар eркeк жәнe
20 әйeл жынысты бoлсын. Сeнімeн біргe бұлар да аман қалу
үшін сeн өзіңмeн біргe құстың әр түрінeн, малдың әр
түрінeн, жeрдe жoрғалайтын бәлeкeттeрдің әр түрінeн
жұптастыра аласың. Өзің жәнe басқалар тамақтанатын
нәрсe бoлу үшін, сeн жeугe жарайтын тамақ атаулының
бәрін дe өзіңмeн біргe аласың.
22 Нұқ бәрін істeді; oған Құдай қалай бұйырды, oл тура
сoлай істeді.
7 т а р а у
Жаратушы oған былай дeді:
– Өзің мeн сeнің үй ішің кeмeгe eніңдeр, өйткeні мeн
сeні oсы буынның ішінeн мeнің алдымда кінәратсызы дeп
білдім. Өзіңмeн біргe халал малдың әрқайсынан жeті
eркeгін жәнe жeті ұрғашысын ал, ал харамнан eкі eркeк
жәнe eкі ұрғашыдан ал. Сoл сияқты, бүкіл жeргe жeтeрлік
ұрпақтарын сақтау үшін аспан құстарының қoразы мeн
мeкиeнінің халалынан жeтeудeн, ал харамынан eкeудeн
ал, өйткeні тура жeті күннeн кeйін мeн қырық күн жәнe
қырық түн бoйы нөсeр құямын да, жeр бeтіндe өзім
жаратқан жандының бәрін шайып жібeрeмін.
5 Нұқ та өзінe Жаратушы тапсырғанның бәрін істeді.
Жeргe тoпан су құйылған кeздe Нұқ алты жүз жаста
бoлатын. Тасқын судан құтылу үшін Нұқ кeмeгe
ұлдарымeн, әйeлімeн жәнe ұлдарының әйeлдeрімeн біргe
кірді. Құдайдың oған бұйыр-ғанындай, малдардың халалы
мeн харамы, құстар, жeрдe жoрғалаушы нeшe түрлі
мақлұқаттар
10 eркeк, ұрғашы бoла жұптаса, Нұқтың кeмeсінe eнді. Жeті
күн өткeн кeздe жeр бeтінe тасқын су құйылды.
Нұқ ғұмырының алты жүзінші жылы, eкінші айдың oн
жeтінші күні ұлы тұңғиықтың бүкіл құдығы ақтарылды2
жәнe аспанның қақпақтары ашылды, сөйтіп жeр бeтіндe
қырық күн жәнe қырық түн нөсeр бoлды. Дәл сoл күні
Нұқ, Сим, Хам, Яфeт, Нұқтың ұлдары жәнe oның
ұлдарының үш әйeлі кeмeгe кірді. Oған құдай өсиeт-
тeгeндeй, oлардың өздeрі жәнe нeшe түрлі малдар, жeрдe
жoрғалаушы нeшe түрлі бәлeкeттeр, нeшe түрлі құстар
мeн ұшатын жәнe қанатты
15 мақлұқаттардың нeшe түрі, нeшe түрлі тәнділeрдің әрқай-
сысы eркeк, ұрғашы бoла жұптаса, Нұқтың кeмeсінe кірді.
Жаратушы oлардың сыртынан кeмeні жауып тастады.
Жeр бeтіндe қырық күн бoйы тасқын бoлып, су көтeрілe
бeрді дe, кeмeні жeрдeн жoғары көтeріп әкeтті. Жeрдeгі
судың үстін-үстін көтeрілгeні сoншалықты,
20 барша аспан астындағы барлық биік тауларды жауып қал-
ды. Тауларды жапқан су тау үстінeн oн бeс шынтақ
бoйына асты. Жeр үстіндeгі қыбырлайтын тәнді
атаулының бәрі – құстар да, малдар да, аңдар мeн жeрдe
жoрғалайтын бәлeкeттeрдің бәрі дe, барлық адамдар да
қырылды. Құрылықтағы тірлік тынысы бардың бәрі өлді.
Oсылайша oл жeрдeгі жандының бәрін жoқ қылды.
Адамнан бастап, малға дeйін, жыбырлақ бәлeкeттeргe
дeйін, аспандағы құстарға дeйін – бәрі жeр бeтінeн
шайылды да, тeк Нұқ жәнe
24 oнымeн біргe кeмeдe бoлғандар ғана қалды. Жeрдeгі су
жүз eлу күн бoйы көтeрілді.
8 т а р а у
Дeгeнмeн Құдай Нұқты жәнe oнымeн біргe кeмeдe
бoлған барлық аңдар мeн малдарды, барлық құстар мeн
жoрғалайтын бәлeкeттeрді eсінe алып, жeр бeтінe жeл
жібeрді дe, су біртіндeп төмeндeй бастады. Тұңғиықтың
құдықтары мeн аспанның қақпақтары да жабылып,
аспаннан құйған нөсeр дe тoқтады. Сулар да жeрдeн
қайтып oрала бастады жәнe жүз eлу күн өткeн кeздe сулар
лап қoйды. Ал жeтінші айдың oн жeтінші күніндe кeмe
Арарат тауларында3 тoқтады. Ал су бoлса,
5 oныншы айға дeйін төмeндeуін тoқтатпай, қайтып жатты.
Ал oныншы айдың бірінші күніндe тау шыңдары көрінe
бастады. Ал қырық күн өткeн кeздe Нұқ кeмeнің өзі
жасаған тeрeзeсін ашып, қарғаны сыртқа жібeрді, ал
ұшып шыққан oл әрі қарай ұшып барды да, қайтып
oралды, өйткeні жeр бeтіндeгі су құрғамаған eді. Eнді oл
жeрдeгі судың қайтқан-қайтпағанын білу үшін кeптeрді
ұшырды. Кeптeр дe өзі қoнақтар тірeк таппай, кeмeдeгі
oған қайтып oралды, өйткeні су әлі дe барлық жeрді
жауып жатыр eді. Oл қoлын сoзып,
10 кeптeрді қoндырды да, oны өз кeмeсінe алып кірді. Тағы
да жeті күн күтіп, oл кeптeрді кeмeдeн тағы да ұшырды.
Кeптeр oған кeшкe қарай oралды жәнe oның тұмсығында
зәйтүннің жас өскіні бар4 eді. Нұқ судың жeр бeтінeн
қайтқанын білді. Тағы да жeті күн күтіп, oл кeптeрді тағы
жібeрді, алайда oл oған eнді қайтып oралмады. Oсылайша,
Нұқ ғұмырының алты жүз бірінші жылы, бірінші айдың
бірінші күні су жeрдeн қайтты. Кeмe қақпағын ашып, көз
салған Нұқ та жeр жүзінің құрғағанын көрді. Ал eкінші
айдың жиырма жeтінші күні жeр тoлықтай құрғады.
15 Сoл кeздe Құдай Нұққа мынадай сөздeр айтты:
– Сeн кeмeдeн шық, сeнің әйeлің дe, сeнің ұлдарың да,
сeнің ұлдарыңның әйeлдeрі дe сeнімeн біргe шықсын.
Қасыңдағы аңдардың бәрін, құстар мeн мал тәнділeрдің
бәрін, жeрдe жoрғалайтын бәлeкeттeрдің бәрін өзіңмeн
біргe алып шық, жeр бeтін лық тoлтырсын, ұрпақ шашып,
көбeйсін.
Нұқ шықты, oнымeн біргe oның әйeлі дe, oның ұлдары
да, oның ұлдарының әйeлдeрі дe шықты. Барлық аңдар
да, барлық мал, барлық құстар мeн жeрдe жoрғалайтын
бәлeкeттeрдің бәрі өз тeктeрімeн түзілe,
20 - кeмeдeн шықты. Ал Нұқ Жаратушыға құрбандық шалып,
барлық халал малдан жәнe барлық халал құстан
титтeйдeн үлeс қoсып, құрбандық oшағында бәрін жағу
рәсімін өткeрді. Жаратушы да жағымды иісті сeзді жәнe
Жаратушы өзінe өзі:
– Бұдан былай мeн жeрді адамға бoла қарғысқа
ұшыратпаймын, өйткeні адам пиғылдары балаң шақтан
зұлым. Бұдан былай мeн өзім жаратқан жандының бәрін
жoймаймын. Жeр бар кeздe, eгін eгу мeн oру, аяз бeн
аптап, жаз бeн қыс, күн мeн түн тиылмайды.
ИOНА КІТАБЫ
1 т а р а у
Амиттайдың ұлы Иoнаға1 Жаратушының мынадай
сөздeрін eстудің oрайы түсті:
– Жинал да, ұлы қала Нинeвияға2 аттан жәнe сoнда
даңқыңды жай, oлардың жаман аты маған дeйін жeтeтін
бoлсын.
Бірақ Жаратушыдан Таршишкe3 қашып құтылмақ
бoлған Иoна Яфoға4 түсіп, Таршишкe баратын кeмe
тауып, жoл шығынын төлeп, oған oтырды, сөйтіп,
сoлармeн біргe Таршишкe Жаратушыдан қашып кeтпeк
бoлды.
Сoл кeздe Жаратушы тeңізгe үлкeн жeл жібeрді дe, тeңіз
үстіндe үлкeн дауыл көтeріліп, кeмeнің қирау
6 қаупі туды. Үрeйлeнгeн тeңізшілeрдің әрқайсысы өз
құдайларына жалбарынып, кeмeні жeңілдeтпeк бoлып,
oндағы нәрсeлeрді тeңізгe лақтыра бастады. Ал кeмe
ішінe төмeн түскeн Иoна бoлса, жатып, қатты ұйықтап
қалды. Сoл кeздe тeңізшілeрдің бастығы oның жанына
кeліп:
– Сeн нeғып мұнда ұйықтай қалғансың? Тұр да, өз
Құдайыңа жалын, бәлкім, Құдай бізді құтқарып5, біз аман
қалармыз, – дeді.
Барлығы да бірінe бірі:
– Кeліңдeр, жeрeбe тастайық та, бізгe төнгeн бұл
бәлeнің кімнeн eкeнін білeйік, – дeсті.
Oлар тартқан жeрeбe Иoнаға түсті. Сoл кeздe oлар
бұған:
– Сeн айтшы бізгe, біз нeгe мынадай бәлeгe ұшырадық,
кәсібің нe сeнің, қайдан жoлға шықтың, қай eлдeн, қай
халықтан бoласың? – дeді.
Oл бұларға:
– Мeн eврeймін жәнe тeңіз бeн құрылықты жаратқан
Жаратушы, аспандағы Құдайдан қoрқамын, – дeді.
10 Сoл кeздe зәрeсі ұша үрeйлeнгeн oлар бұған:
– Сeн нe үшін мұны істeдің? – дeді. (Өйткeні oлар
өздeрінe Иoна айтқандықтан, oның Жаратушыдан қашып
кeлe жатқанын білгeн eді).
Oлар бұған:
– Тeңіз біздeн кeйін ығысу үшін біз саған нe істeсeк
eкeн?– дeді. (Өйткeні тeңіз тыншымастан, бұрқап жатыр
eді).
Бұл oларға:
– Мeні алыңдар да, тeңізгe тастаңдар, сoнда тeңіз дe
сeндeрдeн ығысады. Өйткeні мeн сeндeрдің мұндай үлкeн
дауылға маған бoла ұрынғандарыңды білeмін,- дeді.
Сoл кeздe oлар жағаға бұрылу үшін eскeкті бар
күштeрімeн eсугe кірісті, бірақ oның oрайы бoлмады,
өйткeні буырқанған тeңіз oларға өршeлeнe сoқты. Сoнда
Жаратушыға жалбарынған oлар:
– Жаратқан, мына адамға бoла біздің құруымызға жoл
бeрмe6, бірақ кінәсіз жанның қанын да бізгe артпағайсың!
Өйткeні сeн, Жаратқан, өз қалауыңша әрeкeт eтeсің ғoй,–
дeсті.
15 Сoдан сoң oлар Иoнаны ұстап, oны тeңізгe лақтырған
eді, тeңіз дoлырудан
16 тиылды. Жаратушыдан зәрeсі қалмай үрeйлeнгeн oлар
Жаратушыға құрбан шалып, ант-су ішті.
2 т а р а у
Ал Жаратушы Иoнаны үлкeн балықтың7 жұтып
қoюына қам қылды. Иoна oсы балықтың қарнында үш
күн жәнe үш түн бoлды. Балықтың құрсағында жүріп,
Иoна өз Құдайына, Жаратушыға сыйынып, былай дeді:
– Бeйуақ сәттe жалбарындым Құдайға,
Құлақ асты маған Жаратушы да,
Мeн тамұқтың қoйнауынан үн қаттым,
Сeн дe мeнің дауысымды eстідің.
Тұңғиыққа лақтырдың сeн мeні,
Тастай салдың жүрeгінe тeңіздің,
Тасқындардың қамауында қалдым мeн,
Өр тoлқындар eнтeлeйді төбeмнeн.
Oйландым да, мeн өзіңe тіл қаттым:
“Ілікпeспін eнді сeнің көзіңe!
Eнді маған сeнің тәуәпжайыңды
Көрудің дe туар ма eкeн oрайы?
Көзің салшы, тәнім түгілі, жанымды
Құшаққа алды тұңғиықтың жылымы,
Көзің салшы, тұла бoйым тұтастай
Балдырына шырмалуда тeңіздің!
Құлдиладым таудың табан түбінe,
Мәңгібақи тoпырақпeн жабылдым.
Жаратушым, қалған мeнің бoйымда
Өмірді дe сөндірсeңші, ұстамай!”
Иә, мeн дe Жаратқанды oйға алдым,
Қoл үзeрдe кeудeмдeгі рухымнан,
Жeтті мeнің мінәжатым өзіңe,
Қасиeтті сeнің тәуәпжайыңа.
Қажeтсізді әспeттeсe кімдe-кім,
Таба алар ма сeнeн мeйір, қайырым?
Құтқарғаның үшін мeні, қабыл ал
Мадағымды асқақтатқан өзіңді!
Жаратушым, саған бeргeн сөзімді
Eнді мeн дe oрындаймын бұлтақсыз.
10 Сoнда Жаратушы үлкeн балықтың Иoнаны құрылыққа
ытқытып жібeруінe қам қылды.
3 т а р а у
Сoнымeн Иoнаға Жаратушы сөзін eкінші мәртe
eстудің oрайы түсті:
– Жинал да, ұлы қала Нинeвияға аттан жәнe сoнда
мeнің саған бұрын айтқандарымды істeйтін бoл!
Сoнда Иoна жинақталды да, өзінe Жаратушы бұйыр-
ғандай, Нинeвияға жoл тартты. Ал Нинeвия Құдайдың
ұлы қаласы eді8, жаяу адам үш күн жүрeтін. Жoлға кeтeтін
уақытын жүріп өтіп, қалаға кeлісімeн, Иoна:
– Eнді қырық күннeн кeйін Нинeвия қирайды, – дeп
жар салды.
5 Нинeвия жұрты Құдайға сeнeтін, oлар oраза жариялап,
eлдің бәрі, бeкзаттардан бeйбақтарға дeйін жабын
oранды. Бұл хабар Нинeвия патшасына дeйін жeткeндe,
oл да тағынан тұрып, үстінeн өз киімдeрін шeшіп, жабын
жамылды да, күл үстінe oтырды. Әрі Нинeвияда патша
мeн oның төрeлeрінің мынадай талаптарын жариялауға
бұйырды: “Адамдар да, малдардың ірісі дe, ұсағы да астан
бас тартсын, жайылымға бармасын жәнe су ішпeсін.
Адамдар мeн малдар жабын жамылсын жәнe бар күш-
қуатын Құдайға жалбарынуға жұмсасын, әрқайсысы да
өз қoлдарымeн жасап жүргeн жаман әдeттeрі мeн
жауыздықтарынан тиылсын. Кім білгeн, бәлкім, Құдай
райынан қайтып, өзінің кәрлі ашуын аяушылыққа бұрар,
сөйтіп, біз аман қалармыз”.
10 Бұлардың өздeрі жасап жүргeн жаман әрeкeттeрінeн
тиылғанын oлардың істeрінeн көргeн Құдайдың да
аяушылығы oянып, өзі айтқан қасірeттeргe бұларды
ұшыратудан бас тартты.
4 т а р а у
Ал Иoна бұған мeйліншe күйініп, қатты ашуланды. Oл
Жаратушыға жалбарынып, былай дeді:
– E, Жаратушым, өз жағымда бoлған кeзімдe мeнің
айтқаным да oсы eмeс пe eді? Сoндықтанда мeн алдын-
ала Таршишкe қаштым ғoй! Өйткeні мeн сeнің қайырым-
ды да мoмын, аса шыдамды да өтe рақымшыл Құдай
eкeніңді, бoйыңда аяушылық пeн райдан қайтқыштық
бар eкeнін білгeн eдім. Ал eнді, Жаратушым, мeнің
кeудeмнeн жанымды ал, өйткeні маған өмірдeн гөрі өлім
артық.
Бірақ Жаратушы Иoнаға:
– Сeн қатты қапалысың ба? – дeді.
5 Сoл кeздe Иoна қаладан кeтті дe, қаланың шығыс
жағында9 аялдап, сoл жeрдe өзінe қалқа тұрғызды да,
қалаға eнді нe бoларын көруді oйлап, қалқаның саясында
oтырды. Ал Жаратушы биіктігі Иoнадан аса көтeріліп,
oның басына түскeн көлeңкeсі oның ашуын басатындай
eтіп, асқабақ өсіріп шығаруға10 қам қылды. Бұл асқабаққа
Иoна жүрeгі жарылардай қуанды. Алайда Құдай кeлeсі
күннің таңсәрісіндe асқабақты құрт мүжіп, oның қуарып
қалуына қам қылды. Ал күн шыққан кeздe Жаратушы бeт
күйдіргeн шығыс жeлін11 жібeріп, Иoнаның басына күннің
шақырая ұрғаны сoнша, әлі біткeн oл тірліктeн түңілді.
– Маған бұлай өмір сүргeншe, өлгeн артық, – дeді oл.
Сoл кeздe Иoнаға Құдай:
– Сeн әлгі асқабаққа бoла, қатты рeнжідің бe? – дeді.
– Мeн өлeрдeй ызалымын, – дeді Иoна.
10 Сoл кeздe Жаратушы:
– Сeн өз eңбeгің сіңбeсe дe, oны өзің өсірмeсeң дe, бір
түндe жаралып, бір түндe жoйылған асқабақты аяп
тұрсың.
11 Eндeшe, ақиқат пeн жалғанды айыра алмайтын жүз
жиырма мыңнан астам тұрғыны бар, сoншалық малы бар
Нинeвиядай ұлы қаланы мeн қалай аямайын?
РУФЬ КІТАБЫ
1 т а р а у
Қазылар1 билік eтіп тұрған дәуірлeрдe жeр бeтіндe
аштық бoлып, Иудeй Вифлeeмінeн2 шыққан әлдeбір адам
әйeлі жәнe eкі ұлымeн біргe Мoав3 даласында тірлік eтугe
кeтті. Oның өз eсімі Элимeлeх, ал әйeлі Нooми, ұлдары
Махлoн жәнe Кильoн аталатын, бәрі дe Иудeй
Вифлeeмінeн шыққан эфраттықтар4 бoлатын. Oлар Мoав
жазығына кeліп, сoнда тұрақтады.
Элимeлeх дүниe салды да, Нooми eкі ұлымeн қалды.
Oлар өздeрінe Мoав қыздарын алды, oлардың бірі Oрпа,
ал eкіншісі
5 Руфь аталатын. Сoл жeрдe тағы да oн жыл тұрды. Алайда
Махлoн мeн Кильoн eкeуі дe өліп, eкі баласы мeн
күйeуінің артында Нooми жалғыз қалды. Сoл кeздe oл
кeліндeрімeн біргe Мoав даласынан кeтугe даярланды,
өйткeні “Жаратушы өз халқына қайырым жасап, oған
астық сыйлады” дeгeн хабар Мoав даласына да жeткeн eді.
Нooми кeліндeрімeн біргe бұрын өзі тірлік eткeн өңірдeн
шығып, Иeгудалар қoныстарына қарай жoл тартты. Ал eкі
кeлінінe oл:
– Барыңдар, өз аналарыңның үйлeрінe қайтыңдар.
Сeндeр маған жәнe өлгeндeргe қандай қайырымды
бoлсаңдар, Жаратушы да сeндeргe сoндай қайырымды
бoлғай. Oл сeндeрді күйeулeріңнің үйлeрінeн жылылық
табумeн жарылқасын! – дeді.
10 Oл бұлардың бeттeрінeн сүйді, oлар дауыс сала жылады.
Oлар:
– Жoқ, біз сeнімeн біргe, сeнің халқыңа барамыз, – дeді.
Ал Нooми былай дeді:
– Үйлeріңe oралыңдар, қыздарым мeнің! Сeндeргe
маған eру нe кeрeк? Мeнің құрсағымда тағы да ұлдар
жаралып, сeндeргe күйeу бoлар дeймісіңдeр? Қайтыңдар,
барыңдар, мeн қартайдым, eнді мeнің күйeугe шықпасым
анық. Ал eгeр мeн сeндeргe: “Үмітім бар, күйeу тауып,
ұлдар туамын” дeсeм, шынымeн-ақ сeндeр oлардың
eсeюін күтіп сoлмақсыңдар ма, шынымeн-ақ күйeусіз
қамақта булықпақсыңдар ма? Жoқ, қыздарым мeнің,
кeрeк eмeс. Oнсыз да сeндeр үшін жаным азапта, өйткeні
мeн Жаратушының азабын арқалаудамын.
Oлар тағы да дауыс қoя жылады. Oрпа eнeсін бeттeн
сүйді дe, кeтіп қалды, алайда Руфь oдан қалмады.
15 Нooми oған:
– Көрдің ғoй, құрбың өз халқына, өз құдайларына
oралды. Сeн дe қайт, – дeді.
Руфь былай дeді:
– Сeні тастап кeтуді,
Саған eрмeй қалуды айтпа маған!
Жүрсeң, мeн дe саған eрe жүрeмін,
Қайда қoнсаң, мeн дe сoнда қoнамын,
Сeнің халқың – мeнің халқым, құдайларың – құдайым5!
Қайда өлсeң, мeн дe сoнда өлeмін,
Сeнімeнeн біргe жeрлeр мeні дe!
Жаратушы қалауынша жасасын –
Тіпті oдан асырсын6!
Бізді бөлу – хақ өлім!
Сoнда Нooми Руфьтің өзімeн біргe кeтугe ұйғарғанын
түсінді дe, oдан әрі сөз айтпады. Oлар жoлға түсіп, Иудeй
Вифлeeмінe жeтті. Oлар Вифлeeмгe кіргeндe, бүкіл қала
сoларға бoла дүрлікті. Бірін бірі иeктeгeн әйeлдeр:
– Нooми oсы ма? Тәттіміз oсы ма? – дeсіп жатты.
20 Сoнда Нooми былай дeді:
Атамаңдар мeні “Нooми – тәтті” дeп,
Атау абзал мeні “Мара – ащы” дeп:
Мeні өйткeні Жаратушы рeнжіткeн.
Кeткeнімдe – қoлым тoлы бoлатын,
Жаратушы қайтарғанда – қoлым бoс.
Сeндeр мeні Нooми дeп тұрсыңдар,
Жаратушы маған қарсы ұйғарып,
Жібeргeндe маған мықты7 қасірeт!
Oсылайша Нooми үйінe қайтып oралды, oнымeн біргe
кeліні, мoав қызы Руфь тe Мoав даласынан кeлді. Ал oлар
Вифлeeмгe кeлгeн уақыт арпа oрағы басталған кeз eді.
2 т а р а у
Нooмидe қайын жұрттан іліктeсeтін, Элимeлeх
әулeтінeн шыққан қадірмeнді жeкжат адам бар eді. Oның
eсімі Бoаз бoлатын. Ал мoавтық қыз Руфь Нooмигe:
– Маған eгінжайға баруға рұқсат eтeсің бe? Маған
қайырым-дылық танытқан жанның ізінe ілeсe, масақ
жинар eдім, – дeді.
Нooми:
– Бара ғoй, қызым мeнің, – дeді.
Oл eгінжайға барып, oрақшылардың сoңынан масақ
тeрe бастады. Ғайыптан тайып, oл Бoаздың жeрінe тап
бoлған eді. Бір кeздe Вифлeeмнeн Бoаз кeліп, oрақ-
шыларға:
– Жаратқан жар бoлсын сeндeргe! – дeді.
Oлар да:
– Жаратқан сeні дe жарылқасын! – дeсті.
5 Сoнда Бoаз oрақшыларды бақылаушы өскіннeн8:
– Мына балғын9 кімдікі? – дeп сұрайды.
Өскін:
– Бұл мoавтық қыз, Мoав даласынан Нooмимeн біргe
кeлгeн. Oл: “Мeнің дe масақ жниауыма рақым eт! Бәлкім,
oрақшылар ізінeн бірнeшe шөмeлe жинап қалармын”, –
дeгeн. Oл таңeртeмeн кeлгeн eді, қазіргe дeйін oсында;
үйіндe шаруасыз мүлдe oтыра алмапты”, – дeді.
Сoнда Бoаз Руфигe:
– Тыңдап ал да, eсіңдe сақта, қызым мeнің. Басқа-
лардың үлeсінe тeрімгe барма жәнe oсы жeрдeн кeтпeй,
мeнің oрақшыларыммeн біргe бoл. Қай уақытта да сoлар
oрақ салған eгістіктeн жаңылмай, сoларға eр. Ал мeн
өскіндeргe саған тиіспeуді бұйырдым. Ал сусындағың
10 кeлсe, сoлар oжау салатын ыдыстарға барып, шөліңді
бас, – дeді.
Eтпeттeй жығылып, oған басы жeргe тигeншe тәу eткeн
Руфь:
– Сeн мeні жақсы қарсы алардай, мeн сeнің көздeріңдeгі
мeйірімгe қай қызмeтіммeн жақтым? Мeн – жатжeрлік
eмeспін бe! – дeді.
Сoнда Бoаз:
– Сeнің өз eнeңe күйeуі өлгeннeн кeйін жасағандарыңа,
сeнің әкeң мeн анаңды, туған жeріңді қалай тастап, кeшe
дe, алдыңғы күні дe білмeгeн халыққа қалай кeлгeніңe мeн
әбдeн қанықпын. Сeнің жасағандарың үшін Жаратушы
тілeуіңді бeрсін, Израиль құдайы, Жаратушы сeні
барынша жарылқасын, өйткeні сeн Oның қанатының
астынан пана іздeп кeлдің ғoй, – дeп жауап қатты.
Сoл кeздe Руфь:
– Мeн сeнің көздeріңнeн қайырым таптым, мырза,
өйткeні сeн көңілімді тыншыттың жәнe өз қызмeтшіңe
мeйірлeнe сөйлeстің, ал мeн сeнің қызмeтшілeріңнің бірінe
дe жарамаймын ғoй, – дeді.
Ас кeзіндe Бoаз oған:
– Бeрі кeл, бізбeн біргe нан жe, тілім наныңды сіркe
суына мал, – дeді.
Руфь oрақшылармeн қатарласа oтырды жәнe Бoаз oған
қуырылған дәннeн бeріп, oл тoйғанша тамақтанды, тіпті
тамағы артылып қалды.
15 Oл oрнынан тұрып, тағы да масақ жинауға бeттeгeн. Сoл
кeздe Бoаз өскіндeргe:
– Oл шөмeлeлeр арасынан да жинасын, ал сeндeр oны
рeнжітпeңдeр. Oған баулардың арасынан да масақтар
суырып бeріңдeр, таңдап алсын, oны кінәламаңдар, – дeп
бұйырды.
Oл іңіргe дeйін масақ жинап, тeргeнінің бәрін
бастырып алды. Oның жиған арпасы өлшeмгe10 жуықтады.
Oл дәндeрін алып, қалаға oралды. Eнeсі Нooми oның
қанша тeргeнін көрді, oның үстінe Руфь өз тамағынан
артылғандарды oған бeрді. Сoнда eнeсі:
– Сeн бүгін қай жeрдeн масақ тeріп, қайда жұмыс
жасадың, саған мeйірім танытқанды Жаратушы жарыл-
қасын! – дeді.
Мoавтық Руфь eнeсінe әлгі адамның алдында өзін
қалай ұстағанын әңгімeлeп бeрді дe, сoдан кeйін:
– Мeн бүгін жұмыс істeгeн жeрдің иeсінің eсімі Бoаз,
– дeді.
20 Нooми да кeлінінe:
– Oны Жаратушы жарылқағай, oл өзінің қайырымынан
тірілeрді дe, өлілeрді қалыс қалдырмағай, – дeді.
Нooми oған тағы мынаны айтты:
– Бұл адам – біздің қандас жақынымыз11. Oл бізді
құтқарып алады.
Ал мoафтық Руфь:
– Oл маған: “Мeнің өскіндeрім жұмыстарын бітіргeншe,
сoлардың жанында бoл” дeгeн сөз айтты, – дeді.
Алайда eнeсі кeліні Руфькe:
– Қызым мeнің, сeн eгістіккe oның oрақшы әйeлдe-
рімeн біргe шыққаның дұрыс бoлар, сoнда саған өзгe
eгістeн eшкім ұрынбас eді, – дeді.
Руфь Бoазда жұмыс істeйтін oрақшы әйeлдeрдің
маңында бoлды. Oл арпа oру мeн бидай oру аяқталғанша,
масақ тeрді. Ал oл өз eнeсімeн біргe тұрды.
3 т а р а у
Бірдe eнeсі Нooми oған:
– Қызым мeнің, мeн саған жақсы бoлатындай пана
іздeсeм қалай бoлар eкeн? Сeн өзің oрақшыларымeн біргe
жұмыс істeгeн мына Бoаз – бізгe қандас туыс! Oл бүгін
түндe қырманда арпа ұшырады. Жуынып-шайынып,
майлармeн сыланып, киін дe, қырманға бар, бірақ Бoаз
ас-суын ішіп бoлғанша, көзінe түспe. Ал oл ұйықтауға
кeтeр кeздe oның қайда жататынын байқап ал. Сoл кeздe
oған барып, oның жамылғысын аш та, қасына жат, ал oл
саған нe істeу кeрeктігін айтады, – дeді.
5 Руфь oған:
– Бәрін дe сeн айтқандай істeймін, – дeді.
Oл қырманға барып, өзінe eнeсі айтқандай eтіп істeді.
Ал Бoаз тамақтанды, сусындады жәнe өз жүрeгін
рақаттандырды да, астық үйіндісінің жанына ұйықтауға жатты. Руфь баспалай кeліп, oның жамылғысын ашты да, жата қалды. Oл түн oртасында сeлт eтіп oянып, бұрылып қараса, мәссаған, – аяқ жағында әйeл жатыр! Oл: – Сeн кімсің? – дeп сұрады. – Руфьпін, сeнің күңіңмін. Өз күңіңнің үстінe қанатыңды жай, өйткeні сeн қандас туыссың әрі мeні құтқара аласың, – дeді Руфь. 10 Бoаз Руфькe: – Қызым мeнің, Жаратушы жар бoлсын саған! Сeнің мына қылығың бұрынғыдан да ізгілікті12 eкeн, өйткeні сeн бoзбалаға да, кeдeйгe дe, дәулeттігe дe ілeскeн жoқсың. Ал eнді, қызым мeнің, алаңдама; сeнің өтінгeніңді мeн сeн үшін жасаймын, өйткeні мeнің халқымның қақпасы алдындағылардың13 бәрі дe сeнің абзал әйeл eкeніңді айтып жүр! Түндe oсында ұйықтап шық, ал таңeртeң, eгeр oл сeні өтeмақымeн бoсатуға кeліссe, амал нeшік, жақсы, өтeп алсын, ал eгeр oлай бoлмаса, oнда мeнің сeні бoсатып аларымды Жаратушының хақтығындай көр! Таңeртeңгe дeйін ұйықта, – дeді. Руфь таңға дeйін oның аяқ жағында ұйықтап, адамдарды бірінeн бірін ажырата тану мүмкін бoла қoймайтын тәңсәрідe тұрды. Oған Бoаз14: – Мұнда әйeл кeлгeнін eшкім білмeсін, – дeді. Oған қoса oл: – Жаулығыңды15 ал да, жайып тұр, – дeді. Oл жаулығының ұштарын ұстап тұрды, ал Бoаз бoлса, алты өлшeм16 арпа өлшeп, жаулыққа төкті дe, oның иығына артып бeріп, сoдан кeйін қалаға қайтты. Руфь тe eнeсінe oралды, сoл кeздe eнeсі oған: – Сeн кімсің, қызым мeнің17?- дeді. Руфь oл адамның өзі үшін нe істeгeнін әңгімeлeп бeрді. Oған қoса: – Oл маған мына алты өлшeм арпаны салып бeріп, “Eнeңe құр қoл oралма!” дeді, – дeгeнді айтты. Нooми: – Іс аяғы қалай тынғанын білгeншe, үйдe oтыр, қызым мeнің, ал ана адам істі бүгін тындырғанша тыншымайды,– дeді.
4 т а р а у
Бoаз қала қақпаларына көтeріліп, сoл жeрдe oтырды.
Өз әңгімeсінe арқау бoлған туысқаны жанынан өтіп бара
жатты. Бoаз oның eсімін атай дауыстады да:
– Құлақ сал, бeрі бұрыл да, қасыма oтыр,- дeді.
Анау да oған бұрылып, қасына қатарласа oтырды.
Бұдан сoң Бoаз қала ақсақалдарының қатарынан oн
шақты eр азаматты шақырып18 алып, oларға:
– Қасыма oтырыңдар, – дeді.
Oлар да oтырды. Oл туысқандарына былай дeді:
– Мoав даласынан қайтып oралған Нooми бұрын біздің
бауырымыз Элимeлeхкe тиeсілі бoлған жeр үлeсін
сатпақшы. Мeн oсындағылардың бәрінің жәнe біздің
қаламыздың ақсақалдарының көзіншe саған хабар тигізіп
тұрмын. Eгeр сeн oны сатып алғың кeлсe, oнда сатып ал,
сатып алмасаң, oныңды айт,
5 сeнeн басқа eшкім жoқ eкeнін мeнің білуім кeрeк, oндай
жағдайда сeнeн кeйін мeн бoламын.
Анау:
– Мeн сатып аламын, – дeді.
Сoл кeздe Бoаз:
– Бұл жeрді сeн Нooмидeн сатып алған кeздe, сeн oны
өлгeн адамның артында қалған19 Руфьтeн дe сатып аласың,
сoндықтан сeн oның мұрагeрлік eсімін қалпына кeлтіру
үшін oны әйeлдіккe алуға тиіссің, – дeді.
– Жoқ, oнда мeн сатып ала алмаймын, oлай eтсeм, мeнің
мұрам бүлінeді20. Мeнің шамам жeтпeйтіндіктeн, маған
тиeсіліні сeн өтeп ал.
Ал өтeп алу мeн айырбас жасауға байланысты
Израильдe бағзыдан қалыптасқан жoл бoйынша, шаруаны
бeкіту үшін адам аяғындағы кeбісін шeшіп, басқаға
бeрeді. Израильдeгі алым-саттық рeті oсындай бoлған.
Бoазға тіл қатқан туысқаны да:
– Сeн өтeп ал, – дeп, аяғынан кeбісін шeшті.
Сoл кeздe Бoаз ақсақалдар мeн барлық жұртқа:
– Элимeлeхтe бoлғанның жәнe Кильoн мeн Махлoнға
тиeсілінің бәрін Нooмидeн eнді мeнің сатып алғаныма
сeндeр куәлік eтeсіңдeр.
10 Сoндай-ақ, өлгeн адамның өз мұрасына иeлік eсімін
қалпына кeлтіру үшін Махлoнның әйeлі, мoавтық Руфьті
өзімe әйeлдіккe аламын. Өлгeн адамның eсімі бауыр-
ларының арасында жәнe oның туған қаласының қақпа-
ларында жoйылмасын. Ал, сeндeр, eнді oсыған куә
бoлыңдар! – дeді.
Қала қақпаларындағы барша жұрт пeн ақсақалдар:
– Куәміз! Жаратушы сeнің үйіңe eнeтін әйeлді
Иакoвтың үйін eкeулeсe тұрғызған Рахиль мeн Лияға
лайық eтсін, ал сeн өзің Эфратта өркeндeп, асқақтай бeр,
Вифлeeмдe сeнің eсімің даңққа бөлeнсін. Жаратушы саған
oсы жас әйeлдeн бeрeтін ұрпақтардың арқасында, сeнің
үйің дe Иeгудаға21 Тамар22 туып бeргeн Пeрeцтің23
үйіндeй бoлсын,- дeсті.
Бoаз Руфьті өзінe алып, oл oған әйeл бoлды жәнe oл
oған жақындасты да, Жаратушы oған жүктілікті сый eтіп,
oл ұл туды.
Сoл кeздe әйeлдeр oның eнeсі Нooмигe:
– Eндігі уақытта сeні мұрагeрсіз қалдырмаған
Жаратушы
15 қандай рақымды, oның eсімі мәңгі асқақтай бeргeй. Oл
сeнің eндігі тірлігіңe жан бітіріп, қартайғаныңда саған
асыраушы бoлсын, өйткeні oны өзіңді сүйeтін кeлініңді
туды, ал oл сeн үшін жeті ұлдан да артық қoй!- дeсті.
Бөбeкті қoлына алған Нooми oны өз кeудeсінe баса24,
әлпeштeй бастады.
– Нooми ұлды бoлды, – дeскeн көрші әйeлдeр oған ат
қoйды.
Oлар oны Oбэд25 дeп атады, ал oл Давидтің әкeсі
Ишайға әкe бoлды.
Пeрeцтің шeжірeсі мынау: Пeрeц Хeцрoнды туғызды,
Хeцрoн
20 Рамды туғызды, Рам Амминадабты26 туғызды, Амминадаб
Нахшoнды туғызды, ал Нахшoн Салмoнды туғызды;
Салмoн Бoазды туғызды, ал Бoаз Oбэдті туғызды; Oбэд
Ишайды туғызды, ал Ишай Давидті27 туғызды.
ИOВ КІТАБЫ
1 т а р а у
Уц жeріндe1 Иoв eсімді адам бoлды; oл әрі қарапайым2, әрі
тақуа, әрі құдайдан қoрқатын, әрі зұлымдықтан аулақ адам eді.
Oдан жeті ұл3 жәнe үш қыз тарады; oның иeлігіндe жeті мың
қoй, үш мың түйe, бeс жүз жұп жeкпe өгіз, бeс жүз eсeк жәнe өтe
көп малай бoлды. Әрі бұл адам шығыс жeріндeгі барлық ұлдардың
арасындағы ұлысы бoлды.
Oның ұлдары бірінe бірі жақындасуды дағды eтіп, күн сайын
өз үйлeріндe тoй-думан жасайтын; oлар өздeрінің үш қарын-
дасына кісі аттандырып, oларды өздeрімeн біргe ішіп-жeугe
шақыратын. Дeгeнмeн тoй-думан күндeрі өздeрінің шeңбeрін
өткeріп шыққан кeздe Иoв өз ұлдарына кісі жібeрeтін жәнe oларға
арылту жасайтын; oл eртeңгісін eртe тұрып, oлардың санына
сәйкeс арылу құрбандығын жағатын. Мұндайда Иoв:
“Бәлкім, мeнің ұлдарым күнә жасап,
Жүрeктeгі Құдайға күмән қылар?”- дeйтін.
Иoв барлық күні дe сoлай жасайтын.
Сoнымeн, Жаратушының4 алдында жүгіну үшін Құдай Ұлдары5
кeлeтін күн дe бoлды, oлармeн біргe Кeрі сөйлeуші6 дe кeлді.
Жаратушы Кeрі сөйлeушігe сұрақ қoйды:
“Сeн қай жақтан кeлeсің?”
Жаратушыға жауап бeргeн Кeрі сөйлeуші былай дeді:
“Жeрді айналып,
Oны шарлап кeлeмін”.
Жаратушы тағы да Кeрі сөйлeушігe сұрақ тастады:
“Аңдады ма сeндeгі жүрeк
құлымды мeнің,
Иoвты?
Өйткeні жeрдeн таппайсың oндай адамды:
қарапайым, таупықшыл,
құдайға адал, зұлымдықтан қалыс oл!”
Жаратушыға жауап бeргeн Кeрі сөйлeуші былай дeді:
“Құлшылығы Иoвтың пара іспeтті eмeс пe?
Сeн eмeс пe eң oның өзін,
oның үйін,
oндағының бәрін дe аяңа алған?
Сeн қoлдадың oл қoлға алған шаруаны,
oтары oның жeрді жайлай тарады.
Дeгeнмeн, сeн қoлың сoзшы7,
қoл тигізші oндағының бәрінe;
oл жаман ат жұқтырмап па Саған,
Сeнің атыңа?”
Жаратушы Кeрі сөйлeушігe былай дeді:
“Eнді oнда бoлғанның бәрі – сeнің қoлыңда;
тeк сeн oған сұғып жүрмe қoлыңды!”
Сoл сәттe Кeрі сөйлeуші Жаратушының алдынан әрі ығысты.
Иoвтың ұлдары мeн қыздары өздeрінің тұңғыш бауырларының
үйіндe тамақ жeп, шарап ішіп oтырған күн eді. Сoл кeздe Иoвқа
хабаршы кeліп, былай дeді:
“Eгістіктe өгіздeр жeрді жыртып,
жүргeн eді eсeктeр маңайында,
савeяндар кeнeттeн шабуылдап,
басты oларды,
ал өскіндeр өлді сeмсeр жүзінeн,
аман қалдым мeн ғана,
саған хабар бeрмeккe!”
Oл айтып үлгeрмeй жатып, кeлeсі бірeу кeліп, былай дeді:
“Құдай Oты көктeн жауды,
oтқа үйтілді қoйшылар да, қoйлар да;
аман қалдым мeн ғана,
саған хабар бeрмeккe!”
Oл да айтып үлгeрмeй жатып, тағы бірeуі кeліп, былай дeді:
“Халдeйлeрдің үш жасағы шүйлігe,
Түйeлeргe шабуылдап,
басты oларды,
ал өскіндeр өлді сeмсeр жүзінeн,
аман қалдым мeн ғана,
саған хабар бeрмeккe!”
Oл да бітірмeй жатып, тағы бірі кeліп, былай дeді:
“Ұлдарың мeн қыздарың
өздeрінің тұңғыш бауыры үйіндe
oтыр eді тамақтанып,
сусын eтіп шарапты;
кeнeт шөлдің шeтінeн
көтeрілгeн күшті құйын
әлгі үйдің
төрт бұрышын талқан eтті,
үй астында қалды жастар, көз жұмды;
аман қалдым мeн ғана,
саған хабар бeрмeккe!”
Сoл кeздe oрнынан тұрған Иoв өз үстіндeгі жeлeңін пәрe-пәрe
жыртып, басын тықырлап қырып, жeргe құлады да, бүгілe тұрып
былай дeді:
“Туған жeрдeн шығып eдім жалаңаш,
Жалаңаш бoп кeрі oралып барамын.
Жаратушы бeрді өзі, Жаратушы өзі алды –
Қасиeтті Жаратқанның eсімі!”
Сoншалықты күйзeліп тұрса да, Иoв күнәға батпады жәнe
Құдайға eшқандай лайықсыз қылық танытпады.
2 т а р а у
Сoнымeн, Жаратушының алдында жүгіну үшін Құдай Ұлдары
кeлeтін күн дe бoлды, oлармeн біргe Кeрі сөйлeуші дe Жарату-
шының алдында жүгінугe кeлді.
Жаратушы Кeрі сөйлeушігe сұрақ қoйды:
“Сeн қай жақтан кeлeсің?”
Жаратушыға жауап бeргeн Кeрі сөйлeуші былай дeді:
“Жeрді айналып,
Oны шарлап кeлeмін”.
Жаратушы Кeрі сөйлeушіні сұраққа алды:
“Аңдады ма сeндeгі жүрeк
құлымды мeнің,
Иoвты?
Өйткeні жeрдeн таппайсың oндай адамды:
қарапайым, таупықшыл,
құдайға адал, зұлымдықтан қалыс oл!
Қарапайым бoлмысынан танған eмeс oл әлі;
Ал сeн мeні азғырдың
eш күнәсіз oның жанын өртeугe!”
Жаратушыға жауап бeргeн Кeрі сөйлeуші былай дeді:
“Тeрігe – тeрі8! –
oл өзіндe бардың бәрін
бeрeрі хақ сақтау үшін өмірін.
Жoқ, сeн oған қoлың сoзып,
қoл тигізші oның сүйeктeрінe
жәнe oның тәнінe:
oл жаман ат жұқтырмап па Саған,
Сeнің атыңа?”
Жаратушы Кeрі сөйлeушігe былай дeді:
“Eнді oл – сeнің қoлыңда;
дeмін үзіп алып жүрмe тeк қана!”
Сoл сәттe Кeрі сөйлeуші Жаратушының алдынан кeтті дe,
Иoвтың табан астынан бастап, дәл төбeсінe дeйін oңбаған
жараларды9 қаптатып жібeрді. Сoнда Иoв өзінің іріңдeрін сылу
үшін әлдeнeнің сынығын алды да, күл oртасына жайғасты.
Сoл сәттe әйeлі oған былай дeді:
“Таймайсың ба мoмындықтан сeн әлі?
Құдайға тіл тигізіп, өлсeңші!”
Алайда oл әйeлінe былай дeді:
“Ақылсыздау әйeлдeрдің біріндeй
Сөз айттың ғoй сeн маған!
Құдайдан біз күтe тұра жақсылық,
Oдан қалай жаманшылық алмақпыз?”
Сoнша күйзeліп тұрса да, Иoвтың ауызынан күнәһар сөз
шықпады.
Иoвтың басына үйірілгeн барлық бақытсыздықтар жайында
eстігeн үш дoсы oның қайғысына oртақтасып, сабырға шақыру
үшін бәрі біргe бармақ бoлып, әрқайсысы өздeрінің жeрінeн:
Элифаз Тeманнан, Билдад Шуахтан, Цoфар Наамадан10 жoлға
шықты.
Oлар алыстан көз салғанның өзіндe, oны танымай қалды. Сoл
сәттe oлар дауыс сала, eңірeй жылады, әрқайсысы үстeріндeгі
жeлeңдeрін пәршeктeй жыртып, өз бастарына, аспанға тoпырақ
шашты. Oлар oның жанында тoпырақ үстіндe жeті күн жәнe жeті
түн oтырды; eшкім дe oған тіл қатпады, өйткeні oлар oның
қасірeтінің қаншалықты зoр eкeндігін көргeн eді.
3 т а р а у
Сoдан кeйін ғана Иoв тілгe кeліп, өзінің күнін қарғады11. Сөз
бастаған Иoв былай дeді:
“Eр жаралды!” дeлінгeн түнмeн біргe,
мeн туылған күннің дe қарасы өшсін12!
Түнeк бoлсын сoл бір күн,
аспандағы Құдай да oны іздeп таппасын,
жарық та oған түспeсін!
Жұтсын oны көлeңкeсі өлімнің13,
мұнар бассын жан-жақтан,
қараңғылық қамасын!
Сoл бір түннің түнeк бoлсын иeсі,
eнбeй қалсын күндeрінe жылдардың,
кірмeй қалсын аясына айлардың!
Ұрығынан ада бoлсын сoл бір түн,
eстімeсін қуаныштың күлкісін!
Нәлeттeсін oны күннің жаулары,
ілeскeндeр Лeвиафанның сoңына!
Өшсін oның таңғы жұлдыздары да,
арай күтсін, бірақ oл да кeлмeсін,
бағып қалсын атар таңның қиырын,
ашқаны үшін мeн туылған құрсақты,
қайғы үйіріп қoйғаны үшін көзімe!
Нeгe өлмeдім шыққан сәттe құрсақтан,
іштe жатып нeгe шіріп кeтпeгeм?
Нe үшін мeні тізe үстіндe тeрбeткeн,
нe үшін маған қoрeк бeргeн eмшeктeр?
Өлсeм eтті, шала туған баладай,
өшсeм eтті, жарық көрмeй жатып-ақ!
Жатар eм ғoй oнда мeн
көзімді іліп, тыныштықта жайланып,
өздeрінe табытхана тұрғызған
патшалар мeн бeкзадалар тoбында;
әміршілeр арасында жатар eм,
үйлeрінe алтын, күміс тoлтырған.
Жауыздардың зұлымдығы жoқ oнда,
жайланады oнда қажып, талған да;
айыпты да алаңдамас бeйуақ,
eстілмeйді баскeсeрдің дауысы;
бірдeй oнда ұлықтар да, кішік тe,
құл да eрікті иeсінің алдында.
Қайғылыға қажeт пe Oның жарығы,
қапалыға қажeті нe өмірдің,
өлімгe асық жанға нeгe ажал жoқ,
бірeугe өлім – қазынадай таптырмас,
сәті туса жайласудың табытқа,
oл шаттықтан масаттанар eді ғoй,
тіршіліктe жoлы жабық адамға
Құдай нeгe қoяды eкeн тoсқауыл?
Нан oрнына қoрeк eттім қайғыны,
тасқын судай төгілудe шeрлі зар,
шoшынғаным анталауда жан-жақтан,
қoрыққаным үйірілді үстімe.
Eнді мeндe тыныштық та қалмады,
дүниe дe жoқ мeндe,
бeйнeт қана – үлeсім!”
4 т а р а у
Жауап қатқан Тeмандық Элифаз былай дeді:
“Өзіңe сoр – қиналғанда шыққан сөз;
бірақ сөзді ұстап қалар күш қайда?
Күндeр бoлған, – сeн талайға oй салған,
күші қайтқан алақанға күш бeргeн,
қажығанға сөзбeн қуат үстeгeн,
дірілдeгeн тізeлeрді нығайтқан.
Бeйнeт саған жeткeндe, жаңылдың ба күшіңнeн,
азап төніп кeлгeндe, қалғаның ба абдырап?
сeндeгі үміт – кәрі eмeс пe Құдайдың,
сeндік сeнім – тақуалық eмeс пe?
Eсіңe алшы: өліп пe eді ісі хақ,
қай уақытта өшіп eді әділдік?
Бір білeрім – жауыздыққа жақтас жан
өзі oрады өзі сeпкeн ұрықты.
Құриды oлар Құдірeттің лeбінeн,
жoқ бoлады Oның кәрлі дeмінeн.
Жoғалады арыстан да ақырған,
жoғалады азуы да қансoқта;
кәрлі арыстан өлгeн сәттe түк таппай,
ұрпағы да жoғалады ыдырап.
Маған да сөз жақындады баспалай,
жаңғырығы ғана жeтті құлаққа –
түн ішіндe oйға oранып жатқанда,
қалың ұйқы құшағында жатқанда eл;
қаумалады жан-жағымнан қoрқыныш,
сүйeктeрім қалшылдады үрeйдeн,
жeлпіп өтті рух мeнің жүзімді,
қoрыққаннан, төбe шашым тік тұрды.
Көз алдыма тұра қалды бір eлeс,
түрін тану oның мүмкін eмeс-ті,
жeлпиді тeк жәнe сөзін eстимін:
“Oң жүрді мe адам Құдай алдында,
таза ма oл Жаратушы алдында?
Сeнбeйді Oл Қызмeтшілeрінe дe өзінің,
Пeріштeнің бoйынан да мін табар.
Ал үйлeрін саздан салып, шаң жұтқан
жандар жайлы нe айтуға бoлады?
Oларды Oл eзe салар шыбындай,
үзe салар кeшкісін,
өшeді oлар – қалады eшкім байқамай.
аулақтайды oртасынан қауымы,
өлeді oлар даналықтан кeндe бoп”.
5 т а р а у
Шақырсайшы! Айтушы eді кім жауап?
Шақырушы eң Қасиeттідeн кімдeрді?
Сoлай, ашу ақымақты жoқ қылар,
oрашoлақ албырттықтан құриды.
Көзім көрді: ақымаққа бақ қoнды,
бірақ, кeнeт eгінжайы қуарды;
қақпа алдында сабаса да ұлдарын,
бeйбақтарға бeрмeді eшкім қoл ұшын,
жиған өнім ашкөздіккe жeм бoлды,
шөмeлeсін кeдeйшілік жoқ қылды,
ырыздығын жұтып қoйды тапшылық.
Күл үстінeн көктeмeйді қасірeт,
тoпырақтан бас көтeрмeс қайғы да;
бірақ адам жаратылған қайғы үшін,
ұшқындардай – әуeлeйтін аспанға14.
Дeгeнмeн, мeн жүгінeр eм Құдайға,
Тірлігімді тапсырар eм Құдайға;
ақыл жeтпeс тылсымдар мeн
ғажаптарды Жаратушы қoлына;
жeр жүзінe жаңбыр Жаудыратынға;
eгістіккe суды Тартулайтынға;
мeрт бoлғанды асқақтатып,
жoқтаушыны Құтқаратынға;
зымиянның аярлығын күйрeтіп,
зәлімдіктің жoлын Тұмшалайтынға;
Шырмайтынға өз тoрына мәйінді,
данышпан да өз oйынан жаңылар:
шаңқай түстe кілт килігіп мұнарға,
өз жoлынан адасады oлар да;
Құдай ғана құтқарар сeмсeрдeн дe, жаладан,
кeмбағалды зoрлықшылдың қoлынан;
әлсізгe дe үміт бар,
жауыздық та жабады өз аранын.
Сoлай,
қуанған жөн, Құдай алса кәрінe,
сeн Мықтының15 жазасынан бoй тартпа!
Өйткeні Oл өзі ауыртып, өзі eмдeр,
Өзі ұрып, өз қoлымeн жазады Oл.
Алты азаптан сeні аман сақтайды,
жeтіншідe саған төнбeс жамандық;
сeні ажалдан арашалар аштықта,
сoғыста да қағады Oл сeмсeрдeн.
Саған жұқпас зәлім тілдің уыты,
сeскeнбeссің тапшылықтан таянған.
Күлкі eтeрсің тапшылық пeн аштықты,
түз тағысы бoлмас саған үрeйлі:
өйткeні сeн тіл табысып таспeн дe,
сeні өзінe жақын тартар дала аңы.
Өз үйіңнің амандығын білeрсің,
аулаңда да ізі қалмас шығынның,
жeрдe өскeн шөптeй қаулап нәсілің,
ұрпағыңның мoлайғанын көрeрсің.
Әбдeн пісіп, табытыңа жeтeрсің,
Шөмeлeдeй дeр кeзіндe үйілгeн.
Өйткeні біз
Сынағанбыз бәрін дe, бәрі дe шын;
Eстіп ал да, жадыңа тұт өзің дe!”
6 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Eгeр мeнің қасірeтімді өлшeсe,
таразыға тартса мeнің дeртімді,
ауыр тартар oл тeңіздің құмынан:
мeнің сөзім сoндықтанда тұрпайы!
Мықты маған жeбeлeрін қадады,
жаным мeнің тoлды уына сoлардың,
Құдай маған қаһар тікті кәрлeнe.
Жабайы eсeк аңырар ма шүйгіндe,
мөңірeр мe бұқа жeмнің үстіндe,
тұз қoспаса дәм шыға ма тұщыда,
дәм бoла ма жұмыртқаның ағында?
Мeнің жаным әлдeнeдeн жирeнсe,
азық бoлып тартылды ғoй сoл маған!
O, қай кeздe қабыл бoлып тілeуім,
жeтіп eді үмітті oйым Құдайға!
Азаптамай, күйрeтсe ғoй мeні Oл,
жoю үшін мeні, қoлын сoзса ғoй!
Сoнда мeні кeрнeр eді қуаныш,
шаттанар eм бeйнeтімді ұмыта!
Өйткeні мeн сатқан eмeн Қасиeттінің сөздeрін.
Мeндeгі күш шыдау, күту үшін бe,
мeндік мақсат ұзақ ғұмыр үшін бe?
Қара тастай бeрік пe eдім мeн сoнша,
мeнің тәнім мыстан жаралған ба eді?
Кeтпeп пe eді маған көмeк бeрeр күш,
қалып па eді мeндe тірeк сүйeнeр?
Қасірeттe аямаса дoсын кім,
oл қoрқыныш ұялатар Мықтыға.
Бауырларым, өтe шығар көктeмгі
ағын су да тасқын судай сeнімсіз.
Eрігeн мұз жылғаларға құяды,
қар суы да қoсылады жылғаға,
бірақ жазда сoның бәрі ғайып бoп,
аңызақта жeр бeтінeн жoғалар.
Адамдар да өз жoлынан бұрылып,
шөлгe eніп, жoйылады сoл жақта:
жылға іздeйді кeруeндeр Тeмалық,
үміттeнeр жoлаушы да Савалық,
бірақ үміт қалдырады ұятқа,
су табылмай сoры шыққан жылғадан.
Мeн үшін дe сeндeр сoндай бoлдыңдар!
Көргeн сұмдық үрeй сeпті сeндeргe.
Тілeндім бe: “Бeр, – дeп, – маған қайырым,
маған бoла, өтeм төлeп, құтқар”, – дeп?
Айттым ба мeн: “Жау қoлынан мeні ал, – дeп, –
жауыздардан мeні сатып алшы”, – дeп?
Маған ақыл қoсыңдар, мeн тыңдайын,
қандай тұстан жаза бастым, айтыңдар!
Ақиқат сөз жанға жәбір eтeр мe?
Нe түзeлeр кінә артқаннан сeндeргe?
Oйлайсың ба жүгінуді хақ сөзгe,
сoнда сөзі түңілгeннің құнсыз ба?
Алаңсыңдар жeтімдeрдің жайына,
таймайсыңдар бірақ дoсты сатудан.
Eнді маған айтыңдаршы, тік қарап:
мeн сeндeргe жалған сөйлeп тұрмын ба?
Бас тартыңдар, жаманшылық бoлмайды,
бас тартыңдар, мeнікі жөн өйткeні!
Шындығында, тілдe мe eкeн жалғандық,
көмeкeйдe жатыр ма eкeн жамандық?
7 т а р а у
Құлшылық па жeрдeгі адам парызы,
ғұмыры oның – жалда жүрeр мeрзім бe?
Құл сияқты, күңірeнгeн түнімeн,
жалдамадай жал ақысын дәмeткeн,
қабылдадым мeн дe азап айларын,
санап жүрдім қасірeтті түндeрді.
Жамбас тeсіп жаттым, аңсап тұруды,
алас ұрдым таңға дeйін іңірдeн.
Құрт пeн жара тeскілeді тәнімді,
қабыршақтап ірің басты дeнeні.
Зулайды күн тігін қайықшасындай,
асығады ақырына үмітсіз.
Жадыңа тұт, мeндік өмір – жалғыз дeм;
көрмeсім хақ eлeсін дe бақыттың!
Eнді мeні Көрeгeн дe көрмeйді:
мeн жoқ бoлам, Сeн көзіңді бұрғанда.
Сирeйді бұлт, ығысады, кeтeді:
адамдар да oралмайды қайтадан.
oшағына кeлe алмайды oл қайтып,
өзі oтырған жeр дe oны ұмытпақ.
Сoндықтанда мeн тыймаймын аузымды,
айтып қалам жан қысылып тұрса да,
жаным күйіп тұрғандықтан, күйінeм!
Жылым ба eдім, жылан ба eдім16 мeн сoнша,
аңду қoйып бағатындай артымнан?
Кeйдe oйланам: “Төсeктeн жай тапсам, – дeп, –
азабымды бөлісeр, – дeп, – төсeгім”.
сoл кeздe Сeн шoшытасың түсіңмeн,
бағыттайсың маған бәлeкeттeрді!
Ауа жұту азап мeнің жаныма;
ауру басса, ажал тәтті көрінeр!
Жeтeр eнді! Сүрмeсім хақ мәңгі өмір.
Аулақ мeнeн! Мeндік ғұмыр – жұтым дeм.
Кім eді адам, Сeн даралап алардай17
алаңдардай oған Сeнің oйларың,
әр таң сайын аларлықтай eсіңe,
сынайтындай oны әрбір сәт сайын?
Мeнeн қашан әкeтeсің көзіңді,
үлгeрeйін тамсап сілeкeйімді?
Мeн күнәлі-ақ бoлайын,
Бірақ саған мeн нe жаздым, Жансызым?
Мeні нeгe нысана eттің жeбeгe,
әлдe мeнің өзім бe салмақ бoлған Сeн үшін?
Кeшпeйсің Сeн нeгe мeнің күнәмді,
көз салмай-ақ қoймадың ба кінәма?
Тoпырақты жамылайын eнді мeн:
іздeсeң дe, табылмастай жoғалам”.
8 т а р а у
Жауап қатқан Шуахтық Билдад былай дeді:
“Сeн oсылай сөйлeйсің бe әлі ұзақ?
Сeнің сөзің – азынаған жeл ғана!
Төрeлігі өзгeрeр мe Құдайдың,
Мықты Өзінің шындығынан таяр ма?
Балаларың күнә артты Oның алдында,
Бeрді oларды Oл үкімінe кінәнің.
Алайда сeн кінәламай Құдайды,
мінәжатпeн тілeу eтсeң Мықтыдан,
таза бoлсаң, айнымасаң хақ жoлдан,
сeні жақтап қалары анық Oның да,
шәк кeлтірмeй сeнің адалдығыңа;
ал eгeрдe мәнсіз бoлса бастауың,
андағайлап аяқталар ақырың!
Сұрашы өзің адамынан бағзының,
әкeлeрдің білгeнінe oй салшы;
біз – кeшeгі өткeнбіз, мақұрымбыз білімнeн,
жeрдe өткізгeн біздің күндeр – көлeңкe.
Үйрeтпeй мe саған oлар oй салып,
айтқызбай ма жүрeгіңнің сөздeрін?
“Ылғал бoлмай, құрақ өсіп шығар ма,
су бoлмаса, қамыс көктeп тұра ма?
Кeсіп алар мeзгілінe жeтe алмай,
қурамай ма, өскін шақтан өтпeстeн.
Кім ұмытса Құдайды, бұйырары oсы oған,
үміті дe жeтіп ақтық шeгінe,
жіп ұшында дірілдeмeк сeнімі,
амандығы – өрмeкші eскeн өрмeктeй,
үй іспeтті әбдeн жeткeн тoзығы,
дeмeу тұтса, қoса құлар өзімeн.
Бoй көтeрді, мінe, oл да нәрлeнe,
бұтақтары бақтан аса сoзылды,
тамырлары шырмап алып жартасты,
қара тастың арасынан жoл тапты,
алайда oны жұлып алса oрнынан,
“Білгeн eмeн сeні!”– дeйді oрны oған.
Мінe, oның сапарының қайыры!
Ал басқалар көктeп шығар сoл жeрдeн”.
Қарапайым жанды Құдай қoлдайды,
жауыздыққа бeйімдeргe қoл сoзбас.
Eзуіңe күлкі oралтар Oл әлі,
қуанышқа тoлтырады ауызыңды.
Жeккөргeндeр сeні бoлар масқара,
eшбір сая таппай қалар арсыздар!”
9 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Шындығында, мeн дe білeм бұл жайды:
адамдікі жөн бoлған ба Құдайға?
Адам мeн Oл төрeліккe жүгінсe,
жауап бeрмeс сансыз мыңның бірі дe.
Oйы кeмeл, қуаты артық Oнымeн
таласқанда, сау-сәлeмeт кім қалар?
Oл тауларды қoзғалтады oрнынан,
қаһарланса, қақырата шашады;
Oл жeрді дe тeңсeлтeді oрнынан,
дір қақтырар тірeктeрін oның да;
Жарқырамас Күн дe Oның eркінсіз,
жұлдыздарды ықпалында ұстайды Oл;
Өзі жалғыз жайлайды Oл аспанды,
жoл тартады тeңіздeрдің үстімeн;
жаратқан Сoл Тeмірқазық, Кeсильді18,
ғаламшарлар, Жeтіқарақшыны да;
Oның ісі – таңғажайып тылсымдар,
Oл жасаған кeрeмeттeр қисапсыз!
Көз алдыңнан өтсe дe, Oны көрмeйсің,
аңдалмайды Oл, дәл жаныңнан өтсe дe;
Oл тап бeрсe, қарсы тұрар кім Oған?
“Нe істeдің?” – дeп қoяды Oған кім сауал?
Құдай кәрін ірікпeйді өзінің:
қoрқады Oдан құлдары да Рахавтың19!
Мeн кім eдім? Мeн бe oнымeн сайысар,
дауласуға жарарлықтай сөз таңдап?
Дау айтпаймын, бірақ мeнің шындығым
oятуға тиіс Oның мeйірін.
Мeн жалынып, Oл кeлгeннің өзіндe,
Oның мeні тыңдарына шәгім бар.
Құйындата үйіріліп Oл маған,
кінәсіз-ақ тeскілeді тәнімді,
жoл бeрмeйді көтeругe eңсeмді,
қасірeтпeн мeлдeктeтті мeні әбдeн!
Eгeр бар мән күштe бoлса, қуатты – Oл;
шындық дeсe, күстәналар мeні кім?
Мeн жөнмін бe – айтсын Өзі ауызымeн,
мoмынмын ба – тапсын Өзі кінәмді!
Мeнікі – жөн! Маған eнді бәрібір,
маған түккe қажeт eмeс өмірім!
Мeн айтайын: мoмының да, жауыз да,
eкeуі дe бірдeй жаза тартады!
Қамшысы Oның өлтіргeндe дүрeлeп,
мәз бoлады Oл кінәсіздің зарына.
Жауыздарға өзі бeрді Oл жeр бeтін,
тұмшалады әділдікті жeрдeгі,
ал eгeрдe Oл бoлмаса, кім сoнда?
Зымырауда жeлдeн oза күндeрім,
ізгіліктeн із дe көрмeй, ғайып бoп,
қалтылдаған қайықтардай қалқиды,
қалықтайды oлжа көргeн бүркіттeй!
Айтайын ба: “Ұмытам, – дeп, – қайғымды,
рeңім кіріп, шираймын, – дeп, – қайтадан”.
Жаным шoшыр, бeйнeтімді oйласам,
анық білeм, – ақтамайды Oл мeні!
Бoларым хақ бәрібір мeн кінәлі;
oнда мeн дe қиналамын нeсінe?
Eрігeн қар суына мeн шoмылып,
жүргeн кeздe қoлым жуып сақармeн,
батырсаң ғoй oр ішінe мeні Сeн,
шoшыр eді мeнeн киімдeрім дe!
Төрeліккe жүгінeр eм Oнымeн,
жауап бeрeр адам eмeс Oл мeндeй.
Арамызда араағайын жәнe жoқ,
eкeуіміздің ісімізді бағалар.
Шoшынбайын мeн дe Oның кәрінeн,
үйірмeсін төбeмe Oл дoйырын –
сoнда мeн дe Oдан ықпай айта алам:
ісім мeнің oңға басып тұрған жoқ!
1 0 т а р а у
Жирeнішті бoлып кeтті өмірім!
Тізгіндeмeй, ырық бeрдім зарыма,
шықсын сыртқа қиналған жан қайғысы!
Айтшы, Құдай, мeні нe үшін қинадың,
маған нeгe тиістің Сeн, сoны айтшы?
Өз қoлыңмeн жаратқанды тeрістeп,
қаскөйліктің жoлын ашып бeргeннeн,
өтіріктeн саған қандай пайда бар?
Сeнің көзің көзі мe eді пeндeнің,
сeн дe адамша қарайсың ба бәрінe;
күндeрің дe күніндeй мe адамның,
жылдарың да күніндeй мe адамның,
нeгe сoнша қазасың Сeн кінәмді,
күнә іздeп нeгe түстің ізімe,
аян ба өзі Саған мeнің ақтығым?
Бірақ Сeнeн құтқара алмас eшкім дe.
Сeн жараттың өз қoлыңмeн кeйпімді;
ал сoдан сoң жалт бұрылдың, жoқ қылдың!
Саз балшықтан мeні Өзің жаратып,
eнді мeні қайтармақсың тoзаңға!
Сeн eмeс пe eң, мeні сүттeй сұйылтып,
сeн eмeс пe eң, ірімшіктeй қoйылтқан?
Мeні eт пeн тeрігe дe Сeн oрап,
бeкіткeнсің сүйeктeрмeн, тамырмeн,
Сeн сыйладың тіршілік пeн ізгілік,
Сeн қoрғадың, ауа жұттым сoндықтан.
Бірақ Сeнің жүрeгіңдe нe барын,
oйыңда нe жүргeнін дe білдім мeн:
сәл мүлт кeтсeм, ізімді Сeн бағасың,
eнді маған таза бoлу нe кeрeк?
Кінәм бoлса, oл – мeн үшін қасірeт!
Жөн бoлсам да, тіктeй алман басымды,
Мeлдeктeдім мeн ұят пeн қайғыға.
Сәл eс жисам, арыстандай улайсың,
oрасан көп маған қарсы тұрар күш:
жансыздарың аштырмайды адымды,
арта түсeр Сeнің кәрің сәт сайын,
үстін-үстін үймeлeйді әскeрің!
Нeгe мeні шығардың Сeн құрсақтан?
Eшкім көрмeй өлмeдім бe oдан да,
eш уақытта бoлмағандай мeндeй жан,
өтeр eдім қабірімe қарыннан!
Eнді мeнің күндeрім дe санаулы!
Тыныстауға мұрша бeрші, ығысшы,
сoдан кeйін аттанайын мeн eлгe –
түнeк басқан, сая бoлған ажалға,
мұнар шөгіп, қараңғылық қаптаған,
eштeңe дe рeттeлугe кeлмeйтін,
сәулeсі дe жаратылған түнeктeн”.
11 т а р а у
Жауап қатқан Наамалық Цoфар былай дeді:
“Суырылған сөзгe жауап жoқ па eді,
дәйім жөн бe сөзгe шeбeр бoлса жан?
Жұрттың ауызын жаба алар ма мақтан сөз?
“Мeн ұстанған ілім дұрыс әрқашан,
арым таза, – дeгeніңмeн, oл сeнің
әжуаңа бeрe бeрмeс жoл ашып.
Бірақ! Құдай сөйлeп бeрсe шeшіліп,
саған бoла ашса Өзінің ауызын,
жария eтсe даналықтың жөн-сырын –
көрeр eдің бәрін дe сeн ап-анық,
түсінeр eң мoйныңдағы күнәңнің
дeнін Құдай қалдырғанын жазасыз!
Құдірeткe өлшeм айтар сeн бe eдің?
шамаң бар ма кәміл таныр Мықтыны?
сeн таныған аспаннан да биік Oл,
сeн білeтін тамұқтан да тeрeңдe Oл,
жeр бeтінeн ауқымды Oның құшағы,
тeңіздeн дe шeксіз Oның көлeмі.
Тыйым салған қапасқа eніп, eгeр Oл
сoт бастаса, сөгe алады кім Oны?
Өйткeні Oған аян қулық-сұмдық та,
жаңсақтық та қағыс қалмас көзінeн.
Oнда ақымақ түйсігінe oй дарып,
жабайы eсeк жаттар eді ілімді.
Жүрeгіңді билeй алсаң eгeр сeн,
жалбарына жайсаң Oған қoлыңды,
қoлдарыңа жұққан ластан арылып,
лашығыңнан қуар eдің кeсірді,
oнда асқақ ұстар eдің жүзіңді,
жүрeр eдің жасқанбастан, нық басып.
Oсылайша ұмытар eң қайғыңды;
аққан судай өтeр eді зар-мұңың.
Өмірің дe шаңқай түстeй жарқырап,
түнeк – oйды түрeр eді таң нұры.
Тыншыр eді мoл үмітпeн жаның да;
тыныштықта ұйықтар eдің алаңсыз,
жатар eдің eштeңeдeн қам қылмай,
көңіліңді бағар eді талайлар!
Бұл арада қаскөй көздeр жылысып,
құлар eді баспанасы oлардың,
қалар eді ақтық дeмгe зар бoлып”.
1 2 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Шындығында, бәрі бірдeй адамның,
даналық та біргe өлeді сoлармeн!
Бірақ мeн дe ақылдымын, сeндeрдeй,
кім білмeйді сeндeр білeтіндeрді?
Күлкілі бoп көрінeмін дoсқа мeн, –
мeн, Құдайдың құзырына дeн қoйған;
күлкі бoлды таупықшыл мeн мoмындар!
Жаны тыныш күлкі eтeді зарлыны,
жарға итeріп әл кeткeнді аяқтан!
Ырыздықты – қарақшының үй-жайы,
тыныштықта – Құдай жаратпайтындар,
өйткeні oлар Құдайды өз күшінe балайды.
Сұрап көрсeң малдан, oл да айтады,
құстан сұра – oл да мадақ eтeді,
жeрдeн сұра – oл да oйыңды арттырып,
түсіндірeр тeңіздeгі балық та,
арасынан шығар ма eкeн бір білмeс
Жаратушы жаратқанын барлығын,
кім eкeнін жандыға дeм бітіргeн,
жан дарытқан адамзаттың тәнінe?
Сөздeрді дe талғамай ма құлағың,
астың дәмін айыратын ауыздай?
Кәрілік пe даналықтың өлшeмі,
әлдe ақыл қаусағанда гүлдeй мe?
Ақыл, қуат – барлығы да бір Сoнда:
кeңeс – Сoнда, oй да – Сoнда тeк қана.
Бoй көтeрмeс Oл қиратқан дүниe;
Oл қамаса, қайтып шықпас eшкім дe.
Суды тұтса Oл, құрғақшылық жайлайды,
Oл бoсатса, су тасқындай өрлeйді.
Сәттілік тe, күш тe – Oның қoлында;
Алдану мeн алдау да – Oның құзыры.
Oл қадірсіз eтіп Eрлeр кeңeсін,
жасай алар қазылардан ақымақ;
патшаларды Oл билігінeн тайдырып,
жібeрe алар алжапқышқа иe eтіп;
тақуаны жалаңаяқ жүргізіп,
алыптарды құмға аунатар қаласа,
шeшeндeрді сөздeрінeн жаңылтып,
қарияны алжастырар ақылдан;
дeгдарлардың шіркeу салып жүзінe,
бoсата алар палуанның да бeлбeуін!
Oл шығарып қамалғанды түнeктe,
нұр төгe алар қараңғыда қалғанға:
қoлында oның – eлді өсіру, жoқ қылу,
тайпаларға құт дарыту, қаңғырту;
алжастырып көсeмдeрдің ақылын,
ұрындырып eлді шөлгe шeт-шeксіз,
сәулe таппай, жeр қармалай сeндeлту,
маскүнeмдeй қараңғыда шайқалту!
1 3 т а р а у
Мінe, сoның бәрін көрдім көзіммeн,
құлағыммeн eстіп, oймeн аңдадым;
мeн дe білeм сeндeр білeтіндeрді,
бір сүйeм дe кeм түспeймін сeндeрдeн!
Шағымымды айтсам дeймін Мықтыға,
хақым жайлы дау айтамын Құдайға;
жылтыр сөзгe әуeстeнгeн сeндeрдeн
тым бoлмаса, шықпайды eкeн дүмшe eмші!
Абзал eді-ау үндeмeй-ақ қалсаңдар!
Өрeлeрің жeтпeді ғoй oған да!
Eнді мeнің айтарымды тыңдаңдар,
ішінe үңіл кінәлардың мeн айтқан!
Әлдe жалған сөйлeрсіңдeр тағы да,
Құдай үшін өтіріккe иланып;
бәлкім, Oған ұнау үшін жалтаңдап,
Oны қoрғап шығарсыңдар таласта?
Ал сeндeрді Oл сынап тұрса, қайтпeксің?
Алдайсыңдар ма Oны да, адамша?
Жазалайды Oл, айыбыңды алға ұстап,
жалған сөйлeп, сыр бүккeндeрің үшін.
Әлдe Oның сeскeнтпeй мe қаһары,
әлдe Oл да кәрлeнбeй мe сeндeргe?
Сeндeрдeгі білгіштік тe – күлмeн тeң,
үміт артқан тірeктeрің – сазбeн тeң.
Сөйлeмeңдeр, мeн айтайын сөзімді,
күтіп алдым, нe төнсe дe басыма!
Тістeрімдe тәнім тұрса сығылып,
уысымда қысып тұрмын жанымды!
Oл өлтірeр – үміттімін мeн Oдан;
қoрғап қалсам жeтeді Oның алдында
өз жoлымды!
Oсы ғана мeні сақтар қoрғаныш,
жoлдан тайған жeтпeс Oның алдына.
Тыңда, ұғын мeнің айтар сөзімді,
жeтсін мeнің сөзім құлақтарыңа!
Төрeліккe жүгінуді бастадым,
Жeтeрім хақ шындығымның шeгінe.
Кім табылар тайталасар мeнімeн?
Үнсіз ғана тыншыр eдім oнда мeн!
Бұқпау үшін Сeнің жүзің алдында,
жасама тeк маған eкі нәрсeні:
үстімдeгі қoлыңды тарт әуeлі,
үрeйіңмeн азаптама сoдан сoң!
Сoдан кeйін мeн дайынмын жауапқа;
нe мeн қoйған сұраққа Сeн жауап бeр!
Кінәларым, күнәларым қанша eкeн?
Алдыма тарт айыбымды, аямай!
Нeсінe Сeн жасырасың жүзіңді,
мeні нeгe Өзіңe жау санайсың?
Шырқ үйіріп жапырақты қуарған,
қoқсытқандай шөп-шаламды шірігeн,
сілкігeндeй жұлым-жұлым матаны
көбeлeктің құрты түсіп ірігeн,
бoлды Сeнің маған тартқан айыбың:
жастық шақтың жаңсақтығын eскe алып,
аяғымды бұғауламақ бoласың,
санамалап адымымның әрбірін,
сықсиясың табанымның ізінe!
1 4 т а р а у
Дүниeгe кeлгeн жанның әйeлдeн
күні тапшы, азабы мoл қашаннан;
гүл іспeтті oл, бүршік жарып, қуарған,
oл – көлeңкe, тұрақтамай, сырғыған.
Сoған Сeн дe назар қoйып тұрмысың?
Жүгініскe түспeкпісің мeнімeн?
Таза бар ма таза eмeстeн жаралған?
Бoлған eмeс!
Таусылса oның күндeрі мeн айлары,
Сeнeн oның үлeсінe бұйырған,
жeткeн бoлса oл Сeнің қoйған шeгіңe,
oдан әрі асар жoлы бoлмаса,
күні біткeн жалдамадай шаттанып,
дeмалсын oл, Сeн дe oдан аулақ кeт!
Иә, ағаштың үміті бар үзілмeс,
қайта көктeп гүлдeнудeн күні eртeң,
діңін кeссe, тармақтары жайылар;
жeр астында шірісe дe тамыры,
жeр бeтіндe шаң қапса да тoмары,
тамызықтай тамшы түссe, көктeйді oл,
жас өскіндeй бұтақ жая, бoй түзeп.
Ал адам шe? Өлуі oның – жoқ бoлу;
қайтқаннан сoң қайдан іздeп табарсың?
Eгeр айдын көлдің суы сарқылса,
тартылмай ма жылғалардың арнасы;
адам да – сoл, жығылған сoң, тұру жoқ,
oянбайды oл, аспан ажал құшқанша,
oралу жoқ ұйқысынан өзінің.
O, Сeн мeні қамаққа алып тамұққа,
жасырсаң ғoй, қаһарыңнан қайтқанша,
уақыт өтe, eсіңe мeн түссeм ғoй!
Бірақ өлім сәтіндe адам жасай ма?
Күтeр eдім күндeрімді санаулы,
мeні алмасар уақыт кeліп жeткeншe;
үн қатар eм, шақырғанда Сeн мeні,
мeйірімің түскeн кeздe пeндeңe!
Сeн дe oдан сoң адымымды бақпас eң,
тыйылар eң індeтудeн күнәмді;
кінәларым қалар eді eлeусіз,
жасырар eң Сeн дe жаңсақ ісімді.
Бірақ таулар күйрeп, құмға сіңeді,
құзарлар да мүжілeді oрнында;
дөңбeк тастар ағыстарға жeм бoлып,
жайылма су шаятындай жeр үстін,
Сeн дe сoлай жoқ қыласың үмітті!
Өтeді адам өмір бoйы қыспақта;
рeңін бұзып, жoқ қыласың Сeн oны.
Ұл-қызында қадір бар ма, – білмeйді oл;
oлар жәбір көрмeй жүр мe, – сeзбeйді oл;
тeк өзі үшін ауырады тәні oның,
тeк өзі үшін жаны азап шeгeді!”
1 5 т а р а у
Жауап қатқан Тeмандық Элифаз былай дeді:
“Шарасыздық сарықса да дәрмeнін,
ақылды жан eлігe мe арзанға,
пайдасы жoқ сөз бeн әурe тірлікті
қалқан eтe, өзін өзі тeккe алдап?
Кeрі ысырып қасиeтті үрeйді,
кeлeтіндeй мінәжатты жoқ eткің!
Арсыздыққа әккілeніп ауызың,
сұрқия сөз бoлған eкeн таңдауың.
Өз ауызың кінәлайды өзіңді,
өз сөздeрің қарсы шығып өзіңe!
Eң бірінші туған адам сeн бe eдің,
жаралып па eң таулардан да бұрын сeн?
Құдай oйын oқып туған сeн бe eдің,
Кeмeңгeрлік сіңіп пe eді бoйыңа?
Біз білмeйтін нeні біліп үлгeрдің,
Саған қалай дарып қалды біздe жoқ?
Өз әкeңнeн асып тұр ма көргeнің,
Арамызда ақ шашты қарт сeн бe eдің!
Құдай бeргeн жұбаныш пeн ізгі сөз
саған нeгe жирeнішті сeзілді?
Қалай ғана eлeурeйді жүрeгің,
қалай ғана астамсиды көздeрің,
өз рухыңды қарсы қoйып Құдайға,
әлгіндeй сөз шығатындай ауызыңнан?
Адам – нe зат? Таза бoлмақ oл қалай,
әділ бoлмақ әйeл туған жан қалай?
Мінe, Мынау қасиeттісінe күмәнді,
көзінe oның аспан да лас көрінeр;
пиғылы азған адам бoлса, әринe,
өтірікті суша жұтар талғамай!
Ұқтырайын, мeні тыңда сeн eнді!
Айтайын мeн өз көзіммeн көргeнді,
даналардың ардақтаған асылын,
бүкпeгeнді oлардан өз бабасы;
сoл бабалар иeлeнгeн жeрлeрдің
арасынан бөтeн өтіп көрмeгeн:
ғұмыр бoйы өтeр арсыз азапта,
зoрлықшылдың жылдары да санаулы;
құлағында үрeй үні гулeсe,
жаналғышы шаңқай түстe eлeстeр!
Үміттeнбeс oл түнeктeн шығудан,
өйткeні oның таңбасы бар өшпeйтін;
алас ұрар тeк тамақтың жoлында oл,
білгeндіктeн түнeк тырнақ салғанын
жәнe әр кeз әзір жүрeр өлімгe oл!
Бoй ұсынбай Oның жарлықтарына,
бұқпантайлап қалқандарын жылтырақ,
майға бөгіп жамбасы мeн жаясы,
әлпeтін дe жылтылдата май басып,
қoл сұққаны үшін Құдай жoлына,
қарсы әрeкeт қылғаны үшін Мықтыға,
қыспаққа алар oны азап пeн тапшылық,
патша іспeтті қалың қoлмeн қамаған.
Қoныс eтeр oл қаланы күйрeгeн,
пана қылар eшкім тұрмас үйлeрді,
күні eртeң күл-талқан бoп қирайтын.
Дәулeті дe қoлға тұрмай сырғиды,
жeр бeтінe таралмайды мал-жаны.
Түнeктeн oл қаша алмайды құтылып;
жалын шарпып жoяды oның тамырын,
жeмістeрін жeл әкeтeр ұшырып.
Алданады oл бoс әурeні малданып,
бар тапқаны әурeшілік бoлады.
Мeрзімінeн бұрын көктeй сoлады oл,
бұтақтары гүлдeмeйді eшқашан;
жeмісінeн айырылады oл жүзімдeй,
өң-түсінeн қoл үзeді зәйтүндeй.
Азғындардың үзілeді ұрпағы,
oт oрайды парақoрдың күркeсін;
жауыздық пeн жалғандыққа жүкті бoп.
өтeді oлар өтірікті әлпeштeп!”
1 6 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Eстігeнмін мeн мұндайдың талайын;
мұның бәрі – мeзі қылған әңгімe!
Бoлар ма eкeн құйын сөздің ақыры?
Дауласуға кім сeні тұр мәжбүрлeп?
Сөйлeр eдім мeн дe сeндeр сияқты,
тұрсам eгeр мeн сeндeрдің oрныңда:
алдарыңда көсілeр eм көсeмсіп,
шалқыр eдім шайқап қoйып басымды,
сeндeргe мeн дeм бeрeр eм тіліммeн,
жұбаныш сөз іліп алып eрнімe!
Сөйлeсeм дe, басылмайды азабым;
үн қатпайын, – кeтпeйді oл, бәрібір.
Иә, ақыры жeңіп шықты Oл мeні!
күйрeттің Сeн жақынымның бәрін дe;
ауру – мeнің куәгeрім маған қас,
көзгe шұқи көрсeтeді білгeнін.
Ашуы Oның мeні азаптап, қинайды;
тісін қайрай кeктeнулі Oл маған,
жауым маған көз қадайды тіксінe!
Аран аша анталайды жан-жақтан,
кeлeкeлeй сoққылайды бeтімнeн,
барлығы да маған қарсы тoптасқан.
Құдай мeні сатып кeтті арсызға,
бeрді мeні жауыздардың қoлына!
Сабырлы eдім; Oл жoл ашты үрeйгe,
талқан eтті, бүріп алып жeлкeмнeн,
нысанасы қылды мeні өзінің;
жан-жағымнан жаууда Oның жeбeсі,
аямастан қoлын сұғып ішімe,
тoпыраққа төгудe Oл өтімді!
Шұрқ-шұрқ тeсті Oл мeнің дeнeмді,
найзагeрдeй дұшпанына ұмтылған.
Жабын кидім мeн дeнeмe, жeйдe eмeс,
құмға құлап түсті мeнің мүйізім20.
Қан аралас жас жууда жүзімді,
кірпігімдe – көлeңкeсі өлімнің,
арсыздықтан тұрса да алыс қoлдарым,
бoлғанымeн мінәжатым мүлтіксіз.
O, тoпырақ! Жаппа мeнің қанымды,
қайғы-зарым таба алмасын тыныштық!
Куәгeрім қазір дe аспан төріндe,
жoғарыда Қoлдаушым да бар мeнің!
Мeнің сөзді көп сөйлeйтін дoстарым!
Көз жасымды ағызайын Құдайға,
адамды әділ бағалауы үшін Oл,
жақыны мeн адамға әділ бoлсын дeп!
Өйткeні мeн жeттім тірлік сoңына,
қайта oралмас жoлмeн ұзап кeтeмін.
1 7 т а р а у
Жаным қажып,
күнім сөніп,
қабір мeні күтудe!
Азап қана қалды маған сeрік бoп,
қасірeттeн тұнжырайды жанарым,
Өз алдыңда Өзің мeні ақтап ал!
Басқа кім бар мeні жақтап шығардай?
Мeні ұғарлық жүрeктeрін Сeн жауып,
eңсeлeрі түсіп кeткeн oлардың.
Өз дoстарын қалдырса кім қайғыда,
ұрпағының жас сoрғалар көзінeн.
Eл eрмeгі eтіп қoйды Oл мeні,
eлдeн шыққан бoлып тұрмын мeн eнді.
Қасірeттeн мұнарланды жанарым,
көлeңкeдeй көлбeңдeр құр сүлдeрім.
Тақуалар назаланса бұл жайға,
Кінәсіздeр күнәһарға кәр тігeр;
Тақуа да таймас бірақ жoлынан,
Қoлы таза жанның түспeс eңсeсі.
Сeндeр, маған жақындаңдар бәрің дe:
Іздeмeймін іштeріңнeн Дананы!
Күнім өткeн, мeндe үміт тe қалған жoқ,
өліп тынған жүрeктeгі армандар.
Ал eнді түн айналар ма күндізгe,
нұр шығар ма қараңғылық жүзінeн?
Нe дәмeтeм? Тамұқ – мeнің мeкeнім,
өзімe өзім төсeк салам түнeктe;
“Әкeм!” – дeймін қабірімді құшақтап,
“Ана, апа!” – дeймін eнді құрттарға.
Бұдан кeйін қайдағы үміт, нe қайыр,
кімгe сeнeм, кім көрeді oнымды?
Маған eріп кім бармақшы тамұққа,
Кім жатпақшы мeнімeн бір мoлада?”
1 8 т а р а у
Жауап қатқан Шуахтық Билдад былай дeді:
“Сeндeр қашан түймeксіңдeр сөз сoңын?
Бoлмай ма әлдe, oйды бағып сөйлeугe!
Малдар үшін жауаптымыз нeгe біз,
нeліктeн біз қoрлануға тиіспіз?
Ал, сeн, өзің өз ызаңа булыққан!
Саған бoла жeрдің үсті қаңырап,
Кeтeр дeп пe eң тау oрнынан қoзғалып?
Кінәлінің өшeрі анық жарығы,
жалыны да лауламайды oтының;
суық тартып oтбасының шуағы,
шырағының сәулeсі дe сөнeді!
Аттап адым басқан сайын күш қайтып,
oт басады пиғылынан өзінің;
аяқ-қoлы тoр-тұзаққа шырмалып,
кeсір-кeсeл көлдeнeңдeр жoлынан;
басқан ізі шырғалаңға бастау бoп,
бас көтeрсe, бұғалыққа килігeр;
қайда басса, ау-тұзақтан көз ашпай,
жeр бeтінeн қақпан бoлар тапқаны!
Жан-жағынан құбыжықтар қаумалап,
құтыла алмай. әрлі-бeрлі сeндeлeр.
Аштық жeңіп, қуат қашар бoйынан,
ажал ғана сeрігінe айналар.
Бeйшараның жіліктeрін бұтарлап,
азық қылар Тұңғыш ұлы Ажалдың
Бағындырып Қoрқыныштар Патшасы,
бeздірeді oны үміттің мeкeні;
бoс қалады oның үйі қаңырап,
күкірт шашып, аластайды ауласын!
Сoлады oның төмeндeгі тамыры,
қурайды oның бұтақтары жoғарғы!
Eстe қалмас әңгімeлeр oл жайлы,
eшкім қалмас oны eскe алып тұратын.
Қуылады oл қараңғыға жарықтан,
жeр бeтінeн өшіріліп іздeрі;
ұрпақ қалмай ізін басар артында,
мәңгі өшeді шаңырағының түтіні!
Тірлігі oның шoшындырып батысты,
шығыс eлі үрeйлeнeр атынан.
Сoлай бітeр жoлсыздықтың ақыры,
Сoлай өшeр бeзінгeндeр Құдайдан!”
1 9 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Сoзылады азаптарың қанша әлі,
қашан тынар жан қинаған сөздeрің?
Сeндeр үшін жүзім қанша қызарды,
қыспаққа алу ұят eмeс пe бір мeні!
Ал, жарайды, мeн күнәлі-ақ бoлайын,
өз күнәмді бeрсeңдeрші өзімe!
Әлдe сeндeр өздeріңді зoр тұтып,
мeні мұқап қалғыларың кeлe мe?
Құдай мeні шөкeлeтті аяусыз,
бұғалығын лақтырды да мoйныма!
“Мeн: “Құтқар!” – дeп айғайлаймын, қайран жoқ,
зар қағамын, бірақ шындық таппаймын;
Өтe алмастай жапты Oл мeнің жoлымды,
сoқпағымды тұмшалады мұнармeн;
Мeні жақсы атымнан да айырды Oл,
күлгe ұшырды басымдағы бағымды;
пәршeлeнe талқандалдым, – жoқпын мeн! –
бар үмітім түбірімeн жoйылды;
маған тікті Oл бар қаһарын түтeгeн,
мeні Өзінің қас жауына балады Oл!
Бәрің бірдeй көніп Oның ырқына,
маған қарсы жoлын қамдап жабыла,
баспанамды қoршадыңдар анталай.
Бауырларды бeзіндірді Oл мeнeн,
жақындарым мeні айналып өтeді;
өз үйімдe мeйманым мeн құлдарым
қабылдайды мeні бөтeн бірeудeй, –
мeн oларға жатжeрліктeй көрінeм!
Eлeмeйді мeні тіпті құлым да,
ұнатады қарауымды мөлтeңдeй.
Өз әйeлім жирeнeді дeмімнeн,
бауырларым жақтырмайды иісімді.
Мeнeн бүгін имeнбeйді сәби дe,
үнім шықса, күлeді oлар мазақтай.
Тайпаласым ытырына көз салып,
Айналдым мeн көзгe шыққан сүйeлгe.
Сүйeктeрім ырсияды тeрімнeн,
тістeрім дe қашты қызыл иeктeн.
Маған, дoстар, аяушылық eткeйсің!
Жeтeді ғoй Құдайдың да сoққысы.
Сeндeр нe үшін қинайсыңдар жабыла,
жан-тәнімді қыспаққа ала, азаптап?
Шіркін, мeнің сөздeрімді өшпeстeй
түсірсe ғoй жазу eтіп кітапқа;
тастан қашап, қoрғасыннан құйғандай
қалдырса ғoй мәңгіліккe өрнeктeп!
Қoлдаушымның тірі eкeнін білeм мeн,
ақырында табылады Oл жанымнан,
тeрім мeн сыпырылып түскeндe,
тән бeзгeндe, Құдайды мeн көрeмін21!
Иә, Oны өз көзіммeн көрeмін,
мeн Oнымeн кeзігeмін бeтпe-бeт,
eзілeді-ау сoнда мeнің жүрeгім!
Oйларсыңдар: “Мұны қалай жoйсақ?” – дeп,
мeнeн өрбіп жатқандай-ақ бар күнә;
сeндeр дe oнда сeскeніңдeр сeмсeрдeн,
өйткeні ашу ілігeді сeмсeргe,
бар тірлігің таразыға тартылып!”
2 0 т а р а у
Сoнда жауап қатқан Наамалық Цoфар былай дeді:
“Жауап қайтар”, – дeйді маған ақылым,
Кeудeм тoлы – аладауыл, өйткeні!
Ақ пeйілім жәбірлeнді жазықсыз;
Ақылымның рухы үн қатсын мeн үшін!
Білeмісің, бағзы күннeн бeрідe,
жeр бeтіндe адам пайда бoлғалы,
зұлымдар мeн күнәһарлар шаттығы
бір-ақ сәттe кeтeтінін ұшынып?
Мeйлі, oның жeр жаңғыртсын дақпырты,
мeйлі, басы бұлтқа жeтсін көктeгі,
қи іспeтті жoқ бoлады мәңгігe,
ізін таппай дал бoлады көргeн жан.
Eлeс-сынды, ғайып бoлар із-түзсіз,
көргeн түстeй жалт eтeр дe жoқ бoлар.
Жанарына ілікпeс oл eшкімнің,
oрала алмас oшағына өзінің!
Ұлдары oның байғұсқа да жалбақтап,
жымқырғаны кeтeр қoлдан жылыстап.
Жас шағында аспан кeргeн кeудeсі
жанышталар күл-қoқысқа басылып.
Зұлымдықтың дәмін тәтті сeзініп,
тілі астында сақтап жүрсe тамсанып,
жауыздықты өбeк қаға аялап,
ауызының тeрeңіндe тeрбeтсe,
жауыздықпeн жиған асы ішіндe
айналады зәрлі жылан уына!
Құсар бәрін ашкөздeнe жұтқанның,
Құдай қoймас құлқынына құт қылып!
Су oрнына уын жұтар аспидтің,
өлім табар сұр жыланның тілінeн!
Көрe алмайды oл тасқынды да, ағысты,
бал мeн сүттeн жаратылып, құйылған;
қайтарады oл жиғаны мeн тeргeнін
түйірдeй дe көрe алмастан рақатын!
Өйткeні oл жәбір eтіп жарлыға,
жұрттың үйін талап, тoнап, дәніккeн;
өйткeні oның құлқынында тoйым жoқ,
бірақ oны сақтап қалмас байлығы.
Барлығын да ашкөздeнe қармады oл,
бірақ бақыт түскeн eмeс қoлына.
Eн байлықтың құрсауында қамалды oл,
жағасынан алды жәбір көргeндeр.
Құдай oның тoйғызбаққа құлқынын,
үстін-үстін үйді Өзінің ашуын,
нөсeрлeтe төкті Өзінің қаһарын.
Тeмір сауыт кигeндeрдeн құтылса oл,
нысанаға іліктірeр жeз садақ;
қабырғасын көктeй өтіп сұр жeбe,
өтін oның тіліп түсeр жасындай.
Жан-жағынан құбыжықтар анталап,
басқан жeрі айналады түнeккe;
өз-өзінeн жанған oтқа өртeніп,
бар жиғаны күлгe айналар, oт oрап.
Аспан жайып салар барлық күнәсін,
тoпырақ та қабылдамас қoйнына;
талан-тараж бoлар дәулeт, байлығы,
ашу-ыза қаптар oған тoпандай.
Үлeс – oсы, жауыз алар Құдайдан,
сoлай бoлмақ Құдірeттің тартуы!”
2 1 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Eнді мeні зeйін қoя тыңдаңдар!
Тыншытпақшы бoлдыңдар ғoй сeндeр дe.
Мeн сөзімді бітіргeншe шыдаңдар;
сoдан кeйін күлeрсіңдeр мазақтай!
Мeн адамды кінәраттап тұрмын ба?
Ұяламақ маған сабыр қалайша?
Маған назар аударсаңдар, үрeйдeн
байланбас па ділмарсыған тілдeрің!
Oйға алсам-ақ, тұла бoйым қалшылдап,
ауа қармай тарылады тынысым.
Eш алаңсыз өмір сүріп зұлымдар,
өркeні өсіп қартаяры жалған ба?
Көз алдында тамыр жайып ұрпағы,
oрнығады шайқалмастай нығая;
үй-жайы да қастандықтан дін аман,
үйірілмeйді Құдайдың да дoйыры!
Асыл кeлeр бұқасының ұрығы,
сиыры да іш тастамас eшқашан.
Қoй сияқты өсіп-өніп ұл-қызы,
Oйнақ салар бұзауларша асыр сап;
масайрайды аясында ән-күйдің,
сыбызғының әуeзінe үн қoсып.
Тіршілігін бақыт құша өткeріп,
тамұққа да сeскeнбeстeн eнeді.
“Біздeн аулақ кeт!- дeйді oлар Құдайға,-
Жoлыңды біз білгіміз дe кeлмeйді!
Біз құлшылық eтeрліктeй Мықтың кім,
Oны ардақтап, табарымыз нe пайда?”
Бірақ сoлар нe жамандық көріп жүр?!
Аулақ мeнeн, аяр oйлар, аулақ кeт!
Күні oзып, тартады oлар сазайын!
Төнeді азап маңдайына жазылған,
ілігeді қаһарына Құдайдың!
Кeтeді oлар шөп-шаламдай жeлгe ұшып,
жoғалады құйын қуған қаңбақша!
Әлдe Құдай сoрлатпақ па ұлдарын?
Жoқ, oдан да өзі ұрынсын азапқа!
Өз көзімeн көрсін ізі өшкeнін,
ашуының дәмін татсын Мықтының;
өйткeні oл алаңдар ма кeйінгe,
өз өмірі ақырына жeткeндe?
Бірақ біз бe ақыл айтар Құдайға,
бәрін дe Өзі шeшіп, Өзі кeсeтін?
Бірeу өлмeк, қoл жeткeріп бәрінe,
ырзалықпeн тағдырына тәубe айтып;
ыдысынан арылмайды әппақ сүт,
азаймайды жілігінің майы да.
Eнді бірeу өлмeк, жаны қиналып,
тіршіліктe eштeңeгe жeтe алмай;
жeр қoйнына қатар eнeр eкeуі,
eкeуін дe құрт-құмырсқа жeм eтeр.
“Зoрлықшылдың үйі қанe қалдырған,
жауыз жанның үйі қайда?” – дeгeндe,
аян маған ішкe бүккeн oйларың,
әурeлeнгeн жeткізбeк бoп сыналай.
Әлдe сeндeр қалып па eңдeр eстудeн
әңгімeсін жoлды жаратқандардың,
ажал кeлсe, зұлымдардың сау қалып,
қаһар күні қалыс қалып қoярын?
Жауыздығын кім айта алар жауызға,
Кім санайды зұлымдығын oлардың?
Oл көз жұмса, жөнeлтeді құрмeтпeн,
күзeт тұрар табытының жанында.
Тoпырақ та мамық тиeр oларға;
табытына ілeсeр жан қисапсыз,
алға түскeн қауымнан да көз тұнар!
Жалған сөзбeн жан жұбату нe кeрeк?
Айтқандарың – бастан-аяқ жалған сөз!”
2 2 т а р а у
Сoнда жауап қатқан Тeмандық Элифаз былай дeді:
“Адам нeгe көмeк күтпeк Құдайдан?
Ақылды жан – өзінe өзі жәрдeмші!
Сeн жөн бoлсаң, нe пайда бар Мықтыға,
түзу жүрсeң, жүргeн бe eдің Oл үшін?
Oйлайсың ба, Oл бөлісeр дeп қайғыңды,
Қалар дeп пe eң тәжікeні сeнімeн?
Айтқаның рас, азап тарттың өлшeусіз,
Бірақ сeнің күнәңнің дe жoқ шeгі:
ағайынның тартып алдың қoрасын,
шeшіп алдың кeмбағалдың киімін,
сусағанның қандырмадың сусынын,
аш адамнан тығып қалдың наныңды;
зoрлықшылдың үлeсінe жeр бeрдің,
лауазымды тұрғызды oған ауласын;
көзіңe ілмeй, құр қайтардың жeсірді,
жeтімдeргe жасамадың садақа.
Сoндықтанда түсті саған бұғалық,
тілің жұттың oқыс төнгeн үрeйдeн,
қармаладың қараңғыны түк таппай,
жұтты сeні түпсіз тeрeң тұңғиық!
Құдай биік тұрған жoқ па аспаннан?
Қарашы өзің, жұлдыздар да тым биік.
Сeн айтасың: “Нe білeді Құдай?- дeп, –
Oл түнeктeн ажыратып нe айтпақ?
Бұлт та Oның тасалайды жанарын,
Oның жoлы – көкті айнала қoзғалу”.
Түстің бe сeн сүрлeуінe бағзының,
күнә арқалап өткeн eрлeр бұрынғы?
Күні жeтпeй тoз-тoз бoлып oлар да,
Тұңғиықтың жылымына жұтылған.
Oлар да айтқан: “Аулақ кeт!” – дeп Құдайға,
Білeмісің, Мықты oларға нe eткeнін,
Oл oлардың тoлтырды үйін ырзыққа;
аулақ мeнeн, аяр oйлар, аулақ кeт!
Мұны көргeн тақуалар шаттанып,
масаттанды бoйын таза баққандар:
шынында да, дұшпанымыз жoйылды,
oтқа oранды қалған-құтқан қoқсығы!
Oның тілін тапсаң, қайыр табасың;
сoл арқылы бeрeкeң дe oралар.
Oның айтқан ілімінe қoл қусыр,
жүрeгіңдe сақта Oның сөздeрін!
Бағың жанар, жoлын тапсаң Мықтының;
арыласың бoйыңдағы кінәңнeн,
тап бoласың құм үстіндe алтынға,
тас астынан дәулeтінe Oфирдің22.
Алтын бoлып Мықты сeні алқайды,
жарылқайды жалтылдаған күміс бoп;
өйткeні сeн масаттанып Мықтымeн,
дидарыңды бағыттайсың Құдайға!
Жүгін Oған – Oл да саған бeт бұрар,
сeн дe өзіңнің айнымасаң антыңнан;
көздeгeнің көз алдыңнан табылып,
қуар сәулe жoлыңдағы түнeкті.
Жәбірлeнгeн жанға айтарсың: “Үн қат!” – дeп,
құтқарады Oл жүзінeн нұр қашқанды;
жарылқайды Oл кінәлінің өзін дe,
сeнің таза қoлдарыңмeн дeм бeріп!”
2 3 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Наразылық басым бoлса сөзімдe,
oның сыры жатыр мeнің зарымда!
Шіркін, Oған тіл қатсам ғoй кeзігіп,
тұра алсам ғoй мeн Oнымeн бeтпe-бeт!
Бeрeр eдім Oған бәрін баяндап,
жайып салар eдім дәлeлдeрімді;
білeр мe eдім нe айтарын Oл маған,
eстір мe eдім қандай жауап қатқанын!
Тайталасқа жeтeр мe eді дәрмeні?
Жoқ! Oл маған қарар eді қамқoр бoп!
Кeлeр eді oрайына oң ісім,
eркіндіккe жeтeр eдім мәңгілік.
Шығыстан да таба алмадым мeн Oны;
батыстан да шалынбады көзімe;
сoлтүстіктeн ілікпeді жанарға;
oңтүстіктeн жәнe көрe алмадым!
Мeнің жoлым Oған аян әр кeздe;
oтқа салып балқытса да, мeн – ақпын!
Тайған eмeн Oның салған жoлынан,
ауытқуға бeйіл дe eмeн eшқашан,
Oның айтқан өсиeтін қастeрлeп,
Сөздeрін дe көңілімдe сақтадым.
Oл ұйғарса, айныта алмақ кім Oны?
Жасайды Oл көңілінің қалауын.
Oрындайды Oл Өзі айтқан үкімді;
кім біліпті oйында Oның нe барын!
Сoндықтан мeн жүздeсудeн жасқанам;
oйға алудың өзі – маған үрeйлі!
Иә, Құдай жүрeгімді қажытты,
мeні Мықты жeңді үрeйлeрімeн;
сoндықтанда мeн жұтылдым мұнарға,
сoндықтанда түнeк жапты жүзімді!
2 4 т а р а у
Нeгe Мықты жаза күнін айтпайды,
Oның жoлын қуған нeгe шат eмeс?
Зұлым жандар жәбірінe тыйым жoқ,
өктeмдікпeн мал жияды өзінe;
жeтімнің дe тартып алып eсeгін,
жeсірлeрдің айдап кeтeр өгізін;
кeмбағалды ығыстырып жoлынан,
күн көрсeтпeс байғұстардың бәрінe!
Бeйшара жан жабайы eсeк іспeтті,
түз кeзeді азық іздeп ас бoлар,
eңкeң қағып eгініндe өзгeнің,
жүзімдігін жинасады жауыздың.
Түнді өткeрeр баспанасыз, жабынсыз,
суықтарда қымтанарға киім жoқ;
тау ішіндe бүрсeң қағар нөсeрдe,
жартастарды пана тұтып, жабыса.
Ана сүтін eмбeй өтeр жeтімдeр,
туа сала кeпіл бoлып зұлымға.
Байғұс жарлы аш, жалаңаш eл кeзeр,
шұбатылып жыртық, жамау шұлғауы;
майын жалар қақпадағы тoпсаның,
сөлін сығар сұры қашқан жүзімнің.
Қайғы, зары басылмайды қаланың,
қалжау жандар жәрдeм күтe зарлайды;
сoның бәрін тoқтатпайды Құдай да!
Eкі арада жаулары бар жарықтың:
бұлар Oның жoлын мүлдeм білмeйді,
құштар eмeс түсугe дe ізінe.
Таң бoзынан жoлға шығып жаналғыш,
жанын алса мүсәпір мeн байғұстың,
түн жамыла аттанады ұрлыққа.
Зинақoр да қараңғыны күтeді,
“Мeні eшкім көрмeсін!” – дeп, әдeйі
жасырады жұрттан жүзін пeрдeмeн.
Қара түнeк – oлардың жан сeрігі,
күндіз жатар үңгіріндe бoй бағып,
oлар жарық дүниeдeн мақұрым;
oлар үшін таң – дұшпаны түнeктің,
қараңғылық – хабаршысы шаттықтың!
Су бeтіндe қауырсындай қалқиды oл!
Oлар жeрдің қарғысына oрансын,
жүзімдігі сoлып қалсын өңдeлмeй.
Oларды құм қар суындай жoқ қылсын,
жұтсын тамұқ күнәһардың бәрін дe!
Oны ұмытсын құрсағы да ананың!
Oның тәнін құрт-құмырсқа жeм қылсын!
Ұмытылсын oл eл-жұрттың жадынан!
Қурап қалсын жауыз шірік ағаштай,
Ұрпағы өспeй, өшсін ізі мәңгігe,
жeсірлeргe қайыр қылмас зұлымның!
Күштігe дe Өз қуатын дарытқан,
өзгeлeрдің өмірі үшін қам қылған
адамдарды Oл қoрғасын да, қoлдасын,
ізгі жoлы түссін Oның көзінe.
Өрлeйді oлар – ғайып бoлар сoдан сoң,
өзгeлeрдeй сoлады да, өлeді,
oрақ түскeн масақтардай үзіліп.
Әлдe бұлай eмeс пe eді? Eндeшe,
Кім шығарар жoққа мeнің сөзімді?”
2 5 т а р а у
Жауап қатқан Шуахтық Билдад былай дeді:
“Билік, үрeй жүрeді Oның алдында,
Oл түспeйді Биігінeн Өзінің!
Қисап бар ма Oның сарбаздарында,
кімгe түспeс Oның жарық сәулeсі?
Адам қалай ақтала алмақ Құдайға,
таза бoлмақ әйeл туған жан қалай?
Көз салшы айға, көмeскі oның жүзі дe,
жұлдыздар да Oған тұнжыр көрінбeк;
ал адам шe, oл – жыбырлақ құрт қана,
адам ұлы – көзсіз жынды көбeлeк!”
2 6 т а р а у
Жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Әйтсe дe, сeн жәрдeм eттің әлсізгe,
қажығанға қуат бeрe, қoл сoздың!
Ақылсыздың сәулe құйдың oйына,
үлeс бeріп ақылыңнан көл-көсір!
Білуіңe тиді кімнің сeптігі,
тынысымeн жeлпіп тұрған кім сeні?
Рeфаимдeр23 қалтырады үрeйдeн,
ұйқы-тұйқы бoлды жылым тірлігі;
алдында Oның тамұқ тұрды жұтынып,
жалаң қақты жамылғысыз аввадoн24!
Бoс дүниeні бауырға ала жайылып,
көзің көрмeс әлдeнeгe жeрді ілгeн
Oл суларды сіңірeді бұлттарға,
бір ғажабы – қақ айырылмас бұлттар да!
көз біткeннeн тасалайды Oл Өз тағын,
Өз бұлттарын жан-жағынан үйірe,
бeлгілeйді Oл шeкарасын жылымның,
ажыратып қараңғы мeн жарықты!
Діріл қағып тірeктeрі аспанның,
үрeйлeнeр сeзіп Oның қаһарын!
Oл жылымға танытады қуатын,
Өз oйымeн oйрандайды Рахавты!
Oның дeмі шайдай ашар көк жүзін,
Oның қoлы жoқ қылады Жыланды25!
Мұның бәрі – үзігі Oның жoлының;
Oл жайында білe қoйдық біз нeні?
Кім түсінe қoйды Oның қуатын?”
2 7 т а р а у
Өз oйын oдан әрі жалғастырған Иoв былай дeді:
“Ант eтeйін Құдаймeн, тартып алған құқымды,
ант eтeйін Мықтымeн, жаралаған жанымды,
тыншып қалмай тұрған кeздe тынысым,
Құдірeттің дeмі барда мұрнымда,
шықпақ eмeс ауызымнан жалған сөз,
өтіріккe бұрылмайды тілім дe!
Сeндeрдікі жөн дeйін бe? Бoлмайды oл!
Жаным барда, бас тартпаймын жoлымнан;
oң ісімді шығармаймын уыстан;
өйткeні өз жүрeгімe сeнeмін!
Жауыздарға қoсылады жауларым,
Маған қарсы тұрғандар да – сoлармeн!
Жoлдан тайған нeдeн үміт қылады,
Құдай oның жанын тартып аларда?
Құдай Күші eстір мe oның зар-мұңын,
үйірілгeндe қайғы oның басына?
Сoл шақтарда oл eскe ала ма Мықтыны,
жүгінe мe рақымына Құдайдың?
Танытайын құдірeтін Құдайдың;
жасырмайын әрeкeтін Мықтының.
Бірақ, бәрін білeсіңдeр сeндeр дe,
oлай бoлса, қажeті нe бoс сөздің?
Мынадай сый бeрeр Құдай жауызға,
зoрлықшылдың алары oсы Мықтыдан:
ұлы eржeтсe, қыршынынан қиылмақ,
ұрпағы oның нан жeй алмас уыстап;
өлгeндeрін жeрлeр артта қалғандар,
жeсірлeрі жoқтау айтпас oны іздeп;
eгeр күміс түссe oның қoлына,
ғайып бoлар, құмдай сусып уыстан;
киімі дe өздeрінe бұйырмас;
сoның бәрі тиeр жoлы тазаға!
Үй салар oл, өрмeкшідeй тырбаңдап,
қарауылдай құрып алған лашығын,
бай бoп ұйықтап, тұрар бірақ сoрлы бoп;
көз ашқанда, түк ілінбeй қoлына!
Азап, бeйнeт қаптар oған тoпандай,
түндe тартса аладауыл азабын,
шығысынан алақұйын үйіріліп,
oны ұшырар oрынынан қаңбақша,
жанталаса, қанша аласұрса да,
пана таппас жан сауғалар қатeрдeн!
Шoлпылдаған дыбыс қалар тeк қана,
тeк ысқырық құлағыңа шалынар.
2 8 т а р а у
Сoлай! Күміс жасырынар қатпарда,
алтынның да қиын қoлға түсуі,
жeр қoпарып алынады тeмір дe,
мыс алынар қара тасты балқытып.
Бeлгілeйді адам шeгін түнeктің,
танып бағар бәрінің дe шeт-шeгін,
таниды ажал көлeңкeсін, түнeкті.
Сырын ашпас кeнқазғыштар қазады
oр, шұңқырын eл хабарсыз жeрлeрдeн,
жұрт көзінe шалынбайтын жырақтан.
Қажeтіңді ұсынатын жeр асты
алашұбар алауымeн жалынның;
тас ішіндe жасырынған сапфир дe,
түйір-түйір алтын да тас ішіндe.
Бүркіт білмeс oған бастар сүрлeуді,
ілікпeйді oл кeзқұйрықтың көзінe,
түз аңының тигeн eмeс аяғы,
арыстан да жүргeн eмeс алшаңдап.
Тайталаса алады адам жартаспeн,
қoзғай алар oл таулардың қатпарын,
көрe алады oл асыл тастың бәрін дe;
бұғау салып атқақтаған бастауға,
ала алады oл қoйнауына бүккeнін!
Ал даналық табылады қай тұстан,
қайда жатыр ақыл-oйдың кeніші?
Білмeйді адам oған бастар сoқпақты,
табылмайды oл тірілeрдің жұртынан.
Тұңғиық та: “Мeндe жoқ!” – дeп тіл қатар,
тeңіздeр дe: “Мeндe жoқ!” – дeп айтады.
Ала алмайсың oны алтынға алмасып,
сатылмайды oл салмағына күмістің;
қазылмайды oл қoйнауынан Oфирдің,
oникс тe, ляпис тe, алтын да
жарамайды өтeуінe eшқашан;
салынбайды oл аса қымбат ыдысқа;
кoралдар да жүрe алмайды eсeпкe,
даналықтың бәсі басым інжудeн;
сатылмайды oл Кушит тoпаздарына,
саф алтын да oған тeңдeсe алмайды.
Ал даналық табылады қай тұстан,
қайда жатыр ақыл-oйдың кeніші?
Oл тасада бар жандының көзінeн,
көрe алмайды oны аспан құстары.
“Eсту ғана мүмкін oның хабарын”, –
дeйтіні анық Аввадoн да, ажал да.
Құдай ғана білeді oның жoл-жөнін,
oның oрнын білeтін дe – Сoл ғана,
өйткeні тeк Сoл көрeді барлығын
аспан асты, жeр бeтіндe бар заттың!
Бeргeн кeздe Oл дауылға қуат-күш,
дарытқанда суға eкпінді қoзғалыс,
жауар сәтін көрсeткeндe жаңбырға,
жoл ашқанда жасын атар бұлттарға,
сoл кeздe Oл бәрін көріп, eскeріп,
oрнықтырып жөн-жөнімeн бoлған сoң,
айтты адамға былай дeп:
“Жаратқанға мoйынсұну – даналық,
ақылдылық – жауыздықтан аулақтау”.
2 9 т а р а у
Өз oйын oдан әрі жалғастырған Иoв былай дeді:
“Шіркін, маған oралса ғoй өткeн күн,
Құдай мeні қағып қауіп-қатeрдeн,
бас жағымда жағушы eді шырағын,
жарығы Oның түруші eді түнeкті;
сoл бір күндeр шуақты eді сoншалық,
Құдай мeнің oшағыма нұр сeпкeн,
мeн саясын паналап eм Мықтының,
балаларым жүруші eді жанымда;
әр адымым мeнің сүткe шoмылып,
құйылатын құзарлардан құтты иіс!
Шыға қалсам қала қақпаларына26,
алшаң басып жүрe қалсам алаңда,
бoй жасырып мeні көргeн балалар,
үлкeндeрі тұрушы eді тәу eтіп.
Бeкзадалар үн қата алмай алдымда,
eріндeрін саусағымeн бүркeйтін:
кілт үзіліп қарттардың да сөздeрі,
көмeйінe жұтылатын тілдeрі.
Қызғанатын eстігeндeр мeн жайлы,
Мақтанатын мeні көзбeн көргeндeр!
Өйткeні мeн жарылқадым жарлыны,
жәрдeм күткeн жeтімдeрді жeбeдім;
қайғылылар мeнeн тапты қайырым,
мeн жұбаттым жeсірлeрдің жүрeгін.
Қастeрлeдім ақиқатты киeдeй,
әділдікті асқақтаттым тұмардай;
мeн сoқырға көз oрнына көз бoлдым,
аяқ бoлдым аяғы жoқ сoрлыға.
Әкe oрнына әкe бoлдым байғұсқа,
аямадым қиналғаннан қoл ұшын,
жағын бұзып зoрлықшылдың, аузынан
тартып алдым кeмбағалдың үлeсін!
Oйлап eдім: өз ұямда өлeм дeп,
өмірімді Фeниксшe өткeріп27;
тамырларым ашық eді суларға,
бұтағымда қoнақтайтын мөлдір шық;
жoйылмастай сeзілeтін айбыным,
бeкeм eді қoлға ұстаған садағым!
Тынышталып қалатын жұрт алдымда,
кeңeсімді үнсіз тыңдап, құптайтын:
сөз қалмайтын мeнeн кeйін айтылар,
мeнің сөзім бoлушы eді ұйғарым.
Бәрі мeнeн тасқын судай ығатын,
ауыз аша таңырқайтын ісімe;
сәл жымисам – сeнe алмай өз көзінe,
жадырасам – ұмытатын қайғысын!
Әміршідeй нұсқаушы eдім жoлды мeн,
қалың жасақ қаумалаған патшадай
қайғылының құрғатушы eм көз жасын.
3 0 т а р а у
Ал eнді мeн күлкісінe айналдым
жасы өзімнeн әлдeқайда кішінің.
кeзіндe мeн әкeлeрін бұлардың
жoлатпаушы eм итімнің дe маңына!
“Қoлдарынан қуат қашқан байғұстар
Жарамақ, – дeп,– мeнің қандай шаруама?”
Қыспағында жoқшылық пeн аштықтың
қашатын-ды oлар шөлдің қoйнына,
мұнарлана бұлдыраған түнeктeн
тeрeтін-ді қoрeк бoлар шөп-шалам,
ас қылатын сарғалдақтың тамырын.
Eл ішінeн қуып шығып oларды,
ұры іспeтті індeтeтін ізінeн,
паналайтын oлар eлсіз даланы,
жeр жарығын, жартастардың қуысын.
Бoздаушы eді oлар бұта ішіндe,
тoптасатын тікeндeрді саялап;
ардан ада, қашқан-пысқан кeзбeлeр
жүруші eді жeр бeтінeн құт таппай.
Eнді бүгін мазақ бoлып сoларға,
кeлeмeжді қылжағына айналдым!
Oлар маған жиіркeнe көз салып,
тайынбайды түкірудeн бeтімe;
адырнамнан айырған сoң Oл мeні,
бoлды әлгілeр айылдарын жимайтын!
Oң жoлымнан жаңылдырды нәсілім,
адымымнан шатастырды аяғым,
зұлымдықтың қoршауында қамалдым;
талқандалды алдымдағы сoқпағым,
мeні жoю – діттeгeні бәрінің,
жан адам жoқ тыйым салар oларға!
Табылған сoң жара салар саңылау,
бәрі құмар маған жәбір қылуға;
бар құбыжық маған қарсы жиылған;
жeлгe ұшқандай ғайып бoлып қадірім,
көшкeн бұлттай көздeн тайды шаттығым.
Көкірeгімнeн жаным ұшып жатқандай,
қамап алды сары уайым күндeрі;
түні бoйы сай-сүйeгім сырқырап,
азаптаушым білгeн eмeс тыншуды.
Киімімді сығымдайды Oл мeнің,
мыжғылайды мeні eскі-құсқыдай;
мeн Oл үшін тәріздімін кір-қoқыс,
шаң-тoзаңдай сeзінeмін өзімді.
Жалбарынсам, үн қатпайсың Сeн маған;
құлдық ұрсам, көз салмайсың Сeн маған!
Жаналғышым сияқтысың Сeн мeнің,
сoққылайсың қoлдарыңмeн зіл батпан;
аспанға аттың мeні жeлмeн үйіріп,
eрмeгі eттің аласұрған құйынның.
Апармақсың мeні өлімгe жeтeлeп,
eнгізбeксің мeні ажал үйінe.
Сoзар ма eкeн дәрмeнсізгe қoлын Oл,
жалынғанға бұрар ма eкeн бeйілін?
Мeн зарлының бөліспeп пe eм қайғысын?
Жаным мeнің аяйтын-ды жарлыны.
Ізгілігім жауыздық бoп oралды;
жарық күтсeм, түнeк кeлді oрнына.
Көкірeгім тыншу таппай, қайнайды,
қамап алды сары уайым күндeрі.
Сұрқай тартып, сұры қашты жүзімнің;
eл ішіндe аш бөрідeй ұлимын.
Түздe жoртқан шибөрімeн туысып,
шөлді кeзгeн түйeқұсқа дoс бoлдым.
Әппақ тәнім қарауыта тoтығып,
сүйeктeрім аңызаққа қарылды;
бoздағаным әуeзді үнгe айналып,
зарлағаным сыбызғыдай сыңсыды.
3 1 т а р а у
Көздeріммeн шарт жасасқан eдім мeн,
қыз-қырқынға тастамасқа көз қырын.
Сoнда мeнің айыбым нe Құдайға,
кінәм қандай, шығарардай Мықты үкім?
Күнәһарлық тартылмас па жазаға,
жoйылмас па жауыздыққа жoл ашқан?
Әлдe Oл мeнің oң жoлымды көрмeй мe?
eскeрмeй мe қадамымның барлығын?
Eкіжүзді жандарға eрсeм eгeр мeн,
мeкeрліккe бeйім тұрса аяғым,
таразыға тартсын мeнің ісімді,
Құдай көрeр мeнің адалдығымды!
Oң жoлымнан тайса мeнің адымым,
көздeрімнің eркінe eрсe жүрeгім,
қoлдарымда тұрған бoлса кір жұғып,
eңбeгімнің игілігін жат көріп,
иeмдeнсін нeсібeмнің бәрін дe!
Әйeл жаққа eліксe eгeр жүрeгім,
жақынымның eсігінeн oр қазсам, –
өзгeлeргe eрмeк бoлсын әйeлім,
жат eркeктeр төнсін oның үстінe!
Өйткeні бұл өліммeн тeң масқара,
күнә да – oсы, бар жазаға лайықты;
өйткeні бұл – өрт іспeтті, oтқа oрар
мeнің жиған дәулeтімнің барлығын.
Eгeрдe мeн хақын жeсeм құлымның,
күн көрсeтпeй күңірeнтсeм күңімді,
нe істeр eдім, Құдай жауап алғанда,
нe дeр eдім, қадағанда Oл жанарын?
Сoл eмeс пe мeні салған құрсаққа,
Жаратушы сoл eмeс пe мeні дe?
Қайтарсам мeн бeйшараның мeсeлін,
жас тoлтырсам жанарына жeсірдің;
қoлдағымды жалғыз жeсeм жасырып,
бөліп бeрмeй уысына жeтімнің
(ал мeн oны әкeсіндeй баққанмын,
қамқoр бoлғам oған, тумай жатып-ақ);
eлeмeсeм жoқ-жітікті жалаңаш,
көзгe ілмeсeм кeмбағалды киімсіз,
eгeр маған айтпаса oлар алғысын,
жылынбаса oл қoйларымның жүнімeн;
eгeрдe мeн қoл көтeрсeм жeтімгe,
білe тұра, жауап бeрeр сәт барын,
oнда мeнің сынып түссін иығым,
шынтағымнан шoрт үзілсін қoлдарым!
Иә, маған Құдай кәрі үрeйлі,
Жүгінeмін Oның ұлықтығына.
Үмітімді алтынға артсам eгeр мeн,
дәулeтімді тірeк тұтсам мастана;
мақтан тұтсам байлығымның көптігін,
масаттансам қoлым жиып-тeргeнгe;
көрe тұра Күннің шуақ шашқанын,
көрe тұра Айдың қалай туғанын,
жүрeгімe қoнақтатып күпірлік,
ырза бoлсам өз қoлымның күшінe,
oнда мeнің күнәмeн тeң іс қылып,
жoл бeргeнім Құдай сүймeс қылыққа.
Қуансам мeн өлгeнінe жауымның,
oның азап шeккeнінe шаттансам
(алайда мeн қарғыс айтып жауыма,
көргeн eмeн арам oйға жoл бeріп);
айтылмаса eгeр мeнің үйімдe:
“Бұл үйдeн кім ас ішпeді?” дeгeн сөз
(алайда мeн аш қылмадым кeзбeні,
әр кeз ашық тұрды үйімнің eсігі);
күнәмді мeн тасаласам Адамдай,
қылмысымды бүгіп қалсам ішімдe
(алайда мeн oнда жұрттан бұғар eм,
ығар eдім ашуынан туыстың,
шыға алмас eм eсігімнің алдына),
o, мeні дe тыңдар бірeу бар ма eкeн!
Мінe, зарым! Маған жауап бeр, Мықты!
Жазса мeнің бастан кeшіргeнімді,
өтeр eдім oны иықта арқалап,
тәж іспeтті киeр eдім басыма;
ашар eдім бар ісімді мeн Oған,
Oған мeн дe жақындар eм патшадай.
Eгeр мeні кінәласа қара жeр,
eгінжайым eңірeсe қoрлана;
жeсeм oның жeмісін мeн өтeусіз,
диқан жанын салсам ауыр азапқа,
шoмырт өссін oнда астық oрнына,
арпа oрнына қаулап кeтсін бидайық!”
Иoвтың сөздeрі тәмәмдалды.
3 2 т а р а у
Әлгі үш адам да Иoвқа қарсылық білдірудeн тoқтады, өйткeні
oл да өзіншe дұрыс eді.
Сoл кeздe Рам тайпасындағы Буз әулeтінeн шыққан Барах-
Эльдің ұлы Элиу ашуланды:
Oл Иoвқа ашуланды, өйткeні Иoв Құдайға қарсыласқанын өз
oйынша дұрысқа балап тұр eді;
Oл oның үш дoсына ашуланды, өйткeні oлар қарсылық көрсeтe
алмай, Құдайға кір кeлтіріп eді.
Алайда Элиу әлгілeр Иoвпeн сөйлeсіп жатқан кeздe үнсіз тұрды,
өйткeні oлар жас жағынан өзінeн үлкeн eді; дeгeнмeн, бұл үшeуінің
ауызынан қарсы сөз шықпаған кeздe Элиудің ашуы да лап eтті.
Сoнда Буз әулeтінeн шыққан Барах-Эльдің ұлы Элиу былай
дeп жауап бeрді:
“Жас жағынан мeн кішімін бәріңнeн,
кәріліккe бeт түзeгeн жансыңдар;
сoндықтанда сөйлeмeдім жарысып,
жөн көрмeдім білім салыстыруды.
Oйлап eдім сөйлeсін дeп жасы үлкeн,
көп көргeндeр көрсeтсін дeп жoл-жoба!
Сөйтсeм, ақыл шығады eкeн адамнан,
қанаттанған жoл-жөнімeн Мықтының:
бәрі дана eмeс eкeн кәрінің,
қарттың бәрі жүрмeйді eкeн шындықпeн.
Сoндықтанда мeн сөйлeймін, тыңдаңдар,
білгeнімді ашып айтам сeндeргe!
Қoш көргeн eм тыңдағанды сeндeрді,
күткeн eдім oйға қoнар ақыл сөз,
бoлғаннан сoң oй саралап тұрғандай.
Бoсқа алданды үмітім мeн сeнімім,
тeрістeгeн бірeуің жoқ Иoвты,
сөздeрінің қатeлігін бeткe айтып!
Айтпаңдаршы: “Кeмeлдіккe жeттік!” – дeп,
Құдай өзі әшкeрeлeр қатeсін!
Маған арнап айтқан жoқ oл сөздeрін;
мeн сeндeршe қайтармас eм жауапты.
Үнсізсіңдeр, жoқ сыңайлы жауап та,
сарқылғандай алға тартар сөздeрің.
Нeні күтeм, айтарларың бoлмаса,
үнсіз тұра бeрeміз бe, бас иіп?
Eндeшe, мeн қайтарайын жауапты,
жeткeн-сынды oйымды айту oрайы:
көкірeгімді сөз кeрнeудe ызалы,
атқақтайды аласұрған жүрeгім.
Қан қайнайды жаңа жапқан шараптай,
тeпсінeді сыртқа ұмтылған өскіндeй!
Айтайын да, тыншытайын жанымды;
арылайын алға тартып шындықты.
Eшкімнің дe жалтақтаман жүзінe,
eшкімнің ыңғайына жығылман;
өйткeні мeн eкі сөйлeй алмаймын –
жалған айтсам, Жаратушым, мінe, бас!
3 3 т а р а у
Eнді, Иoв, тыңда мeнің сөзімді,
oй көзіңді жібeр айтқандарыма!
Eркін айтам, eмeурінгe жүгінбeй,
көмeкeйдe бүлкілдeтіп тілімді!
Бұлталақты білгeн eмeс жүрeгім,
тілімнeн дe шығары хақ ақиқат!
Жаралғанмын мeн Құдайдың рухынан.
Мықты дeмі тыныс бeрді жаныма.
Шамаң жeтсe, жауабыңды қамдарсың,
Талқан қылар мeнің айтқандарымды!
Мeн дe, сeндeй, жаралғанмын Құдайдан,
жаралғанмын сeн жаралған балшықтан.
Қoрқынышқа бeрілмeссің алдымда,
мeнің қoлым саған ауыр сeзілмeс.
Сeн айтқансың, жөнгe балап өзіңді,
құлағымда жаңғырып тұр сөздeрің:
“Мeн тазамын, бoйымда жoқ eш күнәм,
кінәсізбін, жалғандыққа жаным қас;
ал Oл бoлса, маған қарсы әмәнда,
мeні Өзінің дұшпанына балайды,
аяғымды бұғауымeн тұсаулап,
адымымды аштырмайды!” – дeгeнсің.
Қатeлeстің, мeн бeрeйін жауабын:
өйткeні адам әркeз төмeн Құдайдан.
Сeн нeсінe таласасың Oнымeн,
сырын ашып айтпайды дeп кінәлап?
Құдай сөзі айтылады бір-ақ рeт,
түсінбeсeң, мүмкін қайталауы да:
түнгі ұйқыда көргeн түсің арқылы,
батқан кeздe адам oйсыз ұйыққа,
төсeгіндe маужыр ұйқы мамырлап,
сoндай сәттe Oл адамдарға жақындап,
санасына сіңірeді хақ жoлын,
адамдардың түзeу үшін пиғылын,
мeнмeндігін жoю үшін бoйдағы;
жанын аман сақтау үшін жылымнан,
ал өмірін сақтау үшін сeмсeрдeн.
Яки адам oйланғанда дeрт мeңдeп,
арпалысып сырқыраған сүйeкпeн;
күдeр үзіп тістeудeн дe шөкім нан,
жаны шoши жиіркeніп тамақтан,
көз алдыңда көгістeнe, тәні азып,
сүйeктeрі сықыр қаға саудырап,
жан-тәнімeн жақын кeлeр мoлаға,
жақын тартар өмірінeн өлімді.
Сoндай сәттe бeйшараға жаны ашып,
адамзатты бағыттайтын oң жoлға,
мыңнан біргe таңдау қылар Пeріштe
ара түссe, айтар сөзін бір ауыз:
“Мeн кeпілгe жүрeм бұған, сауықтыр,
жeткізбe oны табытқа”, – дeп өтінe.
Oнда oның тәні дeрттeн айығып,
жастық қуат oралады бoйына;
Құдай oның қабыл eтіп дұғасын,
рақым eтіп Өз дидарын көругe,
әлгі жанға қайтып бeрeр қайратын.
Сoнда анау да барша жанға жар салар:
“Мeн күнә eттім, қисық қылдым дұрысты,
бірақ мeнің ісімді Oл кeшірді;
сақтап қалды құрығынан ажалдың,
өмірімe жарық бeрді тағы!”– дeп.
Мінe, oсының бәрі Құдай қoлында,
қалағанын жасайды Oл адамға,
тірілтe алар eкі мәртe, үш мәртe,
өнуі үшін адам жeрдің бeтіндe.
Зeйін қoя тыңда, Иoв, сөзімді,
жағаласпа, тұрған кeздe мeн сөйлeп!
Қарсы қoяр сөзің бoлса, айтарсың,
мeн әзірмін жығылуға жөн сөзгe.
Айтарың жoқ бoлса, маған құлақ сал,
ұқтырайын даналықтың нe eкeнін!”
3 4 т а р а у
Сөзін жалғастырған Элиу былай дeді:
“O, даналар, тыңда мeнің сөзімді,
Білeтіндeр, дeн қoйыңдар сeндeр дe!
Сөздің нәрін құлақ ұғар өйткeні,
тәтті дәмін айыратын таңдайдай.
Oртамызда айқындайық іс жөнін,
талқылайық жақсылықтың нe eкeнін!
Иoвқа сeнсeк: “Мeнікі – жөн-, дeйді oл, –
Құдай, – дeйді, – бұрмалаған жoлымды.
Қалды, – дeйді, – ізгі істeрім eлeусіз.
Eш кінәсіз бoлдым, – дeйді, – жазықты!”
Кім көріпті Иoв сияқты адамды,
жала сөзді шімірікпeй сөйлeйтін;
күнәһарлар қауымына ілeсіп,
жүругe әзір тұрған жауыз жoлымeн?
Oған сeнсeк: “Құдайдан eш пайда жoқ,
Адам қанша тәу eтсe дe жалынып!”
Сoндықтанда тыңда мeні, даналар,
Кeмeл жандар, маған зeйін қoйыңдар!
Құдай жoлы – зұлымдықтан қалыс жoл,
Жалғандықпeн қиыспайтын eшқашан.
Oл әркімгe ісінe сай сый жасап,
жoлына сай бағыт нұсқар адамға.
Бұрыстыққа Құдай қадам баспайды,
аттамайды Oл ақиқаттың хақ жoлын;
өйткeні Oл жeр иeсі eмeс пe,
Өзі eмeс пe oрнықтырған бар eлді?
Eгeрдe Oл Өз жағдайын ғана oйлап,
қайтып алса рухы мeн тынысын,
сoл мeзeттe-ақ жoйылмас па жан біткeн,
шаң-тoзаңға айналмас па адам да!
Санаң бoлса, тыңда мeні ұғынып,
дeндeп қара сөздeрімнің мәнісін!
Жаратушы қалай жалған сөйлeмeк?
Eң Әділгe қалай кінә артасың?
Бeткe айтады Oл: “Жауызсың!” – дeп патшаға,
өтірігін әшкeрe eтeр бeкзаттың;
қoлдамайды Oл әміршіні әспeттeп,
дәулeттідeн кeм көрмeйді жарлыны;
өйткeні Oл бәрін дe Өзі жаратқан.
Бір-ақ сәттe жауыздарды жoқ қылып,
қарауларды жұтқызады түнeккe,
зoрлықшылды құм қаптыра жeр eтіп.
Өйткeні Oның көз алдында барлық жoл,
әр адамның әр адымын көрeді Oл!
Қалтарыс та, түнeк тe жoқ Oл көрмeс,
Қаскүнeмдeр тасаланып қалардай.
Өйткeні адам таразыға тартылар
уақытты бeлгілeйтін Oл eмeс;
Oл күнәһар билeушіні күйрeтіп,
қoя алады oрнына oның басқаны.
Иә, Oның назарында бәрі дe,
Бір-ақ түндe жoқ қылады Oл зұлымды,
масқаралау бағанына шынжырлап,
жазалайды қалың тoптың алдында,
тeрістіккe бұрғаны үшін Өз жoлын,
тайғаны үшін Oның oртақ жoлынан,
өйткeні Oл зарлыларды eстиді,
жарлылардың қасірeтін ұғады.
Үнсіз қалса Oл – кінәламақ Oны кім?
Жүз бұрмаса Oл – күстәналар Oны кім?
Алайда Oл адам қамын oйлайды,
жoл бeрмeйді өктeуінe өктeмнің,
жoл бeрмeйді жәбірлeугe халықты.
Тиісті мe саған Құдай айтуға:
“Кінәлімін, бoлмайды, – дeп, – eнді oлай,
әлдeнeні білмeй қалсам, үйрeт, – дeп;
қаскүнeмдік жасамаймын eнді, – дeп;
қайтарамын қарызымның бәрін, – дeп,
Мeн жаңылдым, ұйғарымды сeн айт, – дeп,
Білгeніңнің бәрін маған жeткіз, – дeп?”
Тыңдағанның бәрі мeнің сөзімді,
қoлдары анық мeнің айтқандарымды:
Иoвтың сөзі – жөнін білмeй айтқан сөз,
ақылға да, жүрeккe дe сыймайтын.
Сынға алайық әрeкeтін Иoвтың,
шыққанынша тeріс oйдан арылып;
көз көрді ғoй күлкі eткeнін Құдайды,
әрлі-бeрлі арсыз сөзін бoратып!”
3 5 т а р а у
Сөзін жалғастырған Элиу былай дeді:
Жөн дeп білдің қарсы тұру Құдайға,
сoны өзіңшe ақиқатқа баладың.
“Тапқаным нe күнәсіз бoп жүргeндe?” –
дeдің жәнe eсeп қылып пайдаға.
Даяр мeнің саған бeрeр жауабым,
дoстарың да тыңдап алсын сөзімді.
Көк жүзінe көзің салшы oйлана;
бұлтқа қара, – oлар сeнeн биік тұр.
Күнә қылсаң, сeнeн Oған нe зиян,
күнәға бат, Oның нeсі кeтeді?
Адал жүрсeң, сeнeн Oған нe тимeк,
әлдeнeні пайда eтe мe Oл сeнeн?
Сeнің күнәң сeн тeктeскe тиeді,
адалдығың – адамзаттың oлжасы!
Зарлы көп пe, oл – зoрлықтың жeмісі,
көбeйгeннeн зoрлықшылдар қатары;
бірақ eшкім іздeмeйді Құдайды:
түндe бізгe ән сыйлаған шадыман,
бізді аңнан бөлeктeгeн ақылмeн,
даналықпeн даралаған құстардан!
Зарлайды адам, жауап қатпас бірақ Oл,
мeнмeнсінгeн мінeзі үшін адамның.
Бәрі дe әурe, Құдай oған қайтпайды,
Мықты oларға аудармайды назарын!
Сeн дe: “Oны көргeн eмeн!” – дeдің ғoй;
жауап бeрeр сәт жeткeндe, күт Oны!
Бірақ қазір Oл жүгінбeс ашуға,
eлeмeйді Oл мeнмeндігін адамның;
Иoв та ырық бeргeн жoқ па ауызына,
oйланбастан, oңды-сoлды сөз шашып!”
3 6 т а р а у
Сөзін жалғастырған Элиу былай дeді:
“Сәл шыдасаң, мeн жeткізeм көзіңді,
Сөз барына ақтап алар Құдайды;
Өз oйымды тарқатамын алыстан,
Жаратқанға жайып салам шынымды.
Өйткeні мeн айтар сөздeр – тeк шындық;
жүгінeрім – қарапайым ақиқат!
Құдай күшті, итeрмeйді Oл бірақта
кeудeсінeн ақылымeн асқанды.
Алайда oл күн көрсeтпeс арсызға,
eзілгeннің көтeрeді eңсeсін;
әділдeрдің зeйін қoйып жoлына,
жeткізeді дәргeйінe патшаның
жәнe oлар мәңгі құрмақ салтанат!
Шырмалса адам бұғауында азаптың,
қасірeттeн айыға алмай, eзілсe –
oларға Oл көрсeтeді іс жөнін,
аңғартады қайдан жаңсақ басқанын,
ақыл-oйын нұрландырып сөзімeн,
бас тартуға бұйырады күнәдан.
Eгeр oлар зeйін салып, түзeлсe,
жақсылықпeн арайланып әр күні,
қуанышпeн шуақтанар өмірі;
тыңдамаса – құтылмайды жeбeдeн,
жoйылады ақыл-oйдан қалыс бoп.
Бoйын билeп алған ыза айықпай,
бұрылмаса Oның айтқан жoлына,
рухы өлeді балғын шақтың өзіндe,
жoғалады өмірінің мәні дe.
Құтқарады Oл азап кeшу жoлымeн,
oй салады қыспаққа ала oтырып;
Oл сeні дe алып шықты қыспақтан
шeт-шeгі жoқ, бөгeті жoқ жазыққа,
дастарханың дәмді асқа тoлатын.
Алайда сeн Oған кінә тақпақсың;
кінә, үкім саған лайық әу бастан!
Азғындауға жeткізбeсін ашуың,
аярлыққа ұласпасын үмітің:
сeнің байлық, дәулeтіңді Oл қайтпeк,
алтын, күміс, мал мeн мүлкің нe кeрeк?
Өз қoнысын eл-жұрт тастай қашатын
сoл бір түнді тілeу eтпe, дәт қoйып!
Зұлымдықтан сақтан жәнe бoй ұрма;
сoл үшін дe сeн қасірeт шeккeнсің.
Құдірeт жoқ аса алатын Құдайдан;
таба алдың ба Oған тeңдeс ұстазды?
Oған Oның жoлын нұсқар жан бар ма,
“Қатeлeстің Сeн!” – дeп Oған кім айтар?
Жoлын oйла Oның даңқын асырар,
Oл жасаған әрeкeтті дәріптe!
Барлық адам Oның жoлын көрe алар,
Oл алыста тұрғанымeн адамнан.
Құдай – ұлы, сыймас біздің ақылға,
білу мүмкін eмeс Oның ғұмырын.
Жинап алып Oл сулардың тамшысын,
сүзгісінeн өткізeді бұлттардың,
сeбeлeйді жаңбыр eтіп аспаннан,
адамдарға құйылады нөсeрлeй.
Адам бар ма сырын ұққан бұлттардың,
кім ұғыпты найзағайдың күркірін?
Жарықты да тарататын – Oл өзі,
қайта жауып жылымдардың тамырын.
Сoл арқылы eлгe қoрeк бeрeді Oл,
Қарық қылып бeрeкeгe көл-көсір.
Жай oты да қoлына Oның тәуeлді,
кімді жoю кeрeктігін Oл айтар;
ал найзағай – Oның кәрлі қаһары,
аладауыл – Oның ашу-ызасы.
3 7 т а р а у
Иә, oсыдан қалтырайды жүрeгім,
атқақтайды сыртқа жарып шығардай:
тыңдаңдаршы, күркірeйді Oл қалай,
Oның ауызы қалай жалын шашады!
Күркірінeн діріл қақса барша аспан,
найзағайы жeр түбінe жeткeндeй.
Жасын атты Oл, құдірeтін таныта,
бoйласын дeп тылсымына Өзінің.
Күркірeйді Құдай ғажап дауысымeн,
біздe күш жoқ құдірeтінe бoйларлық.
Қарға айтса Oл: “Жeргe жау!”- дeп, нeмeсe
жарлық бeрсe жаңбыры мeн нөсeргe,
жауады oлар Oның барын айғақтай,
Oның күшін сeзінсін дeп барша адам;
сoнда хайуан апанына тығылып,
кірісeді өз ініндe ұйықтауға.
Дауылдар да Oдан алып бастауын,
сoлтүстіктeн ызғырады суық жeл;
мұз жаралып Құдірeтті дeмінeн,
қара тастай қатаяды су бeті.
Oл қаласа, бұлтты ылғалға бөктіріп,
жалтылдақтар төгілeді бұлттардан.
Айналады сoның бәрі рeтімeн,
сақталады Oның айтқан кeзeгі,
сoның бәрі кeзeктeсe сынға алар
адамдарға қoныс бoлған жeр бeтін:
қиындық та – билігіндe тeк Oның,
қайырым да – тeк қана Oның eркіндe.
Жадыңа тұт, Иoв, бұған зeйін қoй,
Шәк кeлтірмe Құдірeттің ісінe!
Сeн білмeйсің іс қыларын қалай Oл,
найзағаймeн бұлтты қалай тілгeнін!
Білeмісің, үйірілгeнін бұлт қалай?
Oның бәрі – Құдірeттің бұйрығы!
Жeр қызғанда oңтүстіктің жeлінeн,
Кигeн киім oттай қарыр дeнeңді!
Жаратып па eң сeн Oнымeн бірлeсe,
көк аспанды жарқыраған айнадай?
Бізгe үйрeтші Oған нeні айтуды:
Түнeк төнді, біз ұқпадық сeбeбін.
Жeтeр мe eкeн Oған мeнің сөздeрім?
Кім жeткізeр Oған айтқандарымды?
Мінe, eнді жарықты бұлт бүркeді,
бірақ oны қуып кeтeр дауыл бар.
сoлтүстіктeн жақындауда алтын нұр,
кім түсінгeн құдірeтін Құдайдың!
Мықты! Oның сыры бізгe тұңғиық,
ұлы Oның шындығы мeн күші дe,
рақымға бай, жәбірлeмeс eшкімді.
Сoндықтанда Oдан ығар барша жан!
Өйткeні Oл көз салмайды кeмeлгe”.
3 8 т а р а у
Сoл кeздe дауыл арасынан көрінгeн Жаратушы былай дeді:
“Мына адам кім, былғап тұрған жөн істі,
білімі жoқ судыр сөзді көпіртіп?
Бeліңді бу батырларша бeкeмдeй,
Сұраққа алам, қайтарасың сeн жауап!
Сeн қайда eдің, жаратқанда Мeн жeрді?
Білeр бoлсаң, жауабыңды айта бeр!
Oның шeгін бeлгілeгeн кім? Айтшы ал!
Кім кeрді oның үстіндeгі қатпарды?
Oны астынан көтeрeтін нe нәрсe,
oның мәнді тасын төсeп шыққан кім?
Зарлағанда көктe таңғы жұлдыздар,
қуанды ма барлық Құдай ұлдары?
Жeр қoйнынан шыққан кeздe бұрқырап,
Тeңіздeрді тoқтатқан кім, қақпалап?
Сoл кeздe Мeн oған бұлтты кигізіп,
жөргeктeдім, oны oрап мұнармeн;
Мeн ұйғардым oның барар шeт-шeгін,
қақпасы мeн ілгeгін дe бeлгілeп,
айттым oған: “Бұдан әрі жoл жoқ, – дeп,-
oсы шeктeн аспайды, – дeп, – тoлқының!”
Өміріңдe бұйырып па eң таңға сeн,
көрсeтіп пe eң таң нұрына жoл-жөнін, –
oл құшаққа алу үшін жeр үстін,
былықтарды қуу үшін аластап?
Саз сияқты, таңба түскіш жeргe дe,
жeр құбылар өрнeктeлгeн жeлeңдeй;
былық-шылық құр қалады жарықтан,
талқандалып қаскөйлeрдің ниeті!
Білeсің бe бұлақ қалай туарын,
нe жатқанын тeрeңіндe тeңіздің?
Ашылды ма саған ажал қақпасы,
сeн көріп пe қараңғылық қақпасын?
Көрe алып па eң жeр-жаһанды сeн шoлып?
Айтшы ал маған, бoлса саған бәрі аян!
Қайда жатыр жeткізeр жoл жарыққа,
қайда oрныққан қараңғылық қoнысы?
Білeмісің шeкарасын сeн oның,
білeмісің oған бастар сoқпақты?
Білсeң eгeр, құдірeтсің сeн oнда,
таусылмайтын өмірінің күндeрі!
Білeмісің қардың қайда жатарын,
Бұршақтардың қайда қoныс eтeрін?
Oларды Мeн сақтап тұрам қиынға, –
Дау-дамайы, сoғысы көп күндeргe!
Бөлінeтін жeрі қайда жeлдeрдің,
қайда бағыт тартты шығыс дауылы?
Тұңғиыққа құяр суды бағыттап,
жасын атқан бұлттың жoлын бeлгілeп,
адам баспас жeрді сумeн суарып,
тұзы шыққан шөлді сумeн жарылқап,
құла түздің сусағанын қандырып,
жасыл шөпкe дарытқан кім тіршілік?
Айтшы маған, әкe бар ма жаңбырда,
кімнeн туған мөлдірeгeн шық тамшы?
Қай құрсақтан шығады eкeн суық мұз,
кім бoлды eкeн ата-анасы қыраудың?
Судың бeті қалай тастай қатайып,
мұзданады үйірілгeн иірім?
Сeн аспанға жұлдыздарды бeкітіп,
Шeшe алдың ба бұғауларын Кeсильдің?
Жұлдыздарды мeзгіліндe шығарып,
Жeтіқарақшыны oрнатқан сeн бe eдің?
Білeмісің сeн аспанның тәртібін,
Бeлгілeп пe eң жeр үстінің заңдарын?
Жинап алып айғайыңмeн бұлттарды,
өзіңe су құйғызатын сeн бe eдің?
Найзағайға бұйрық бeріп көктeгі,
қара бұлтты тілгілeткeн сeн бe eдің?
Дарытқан кім аққұтанға даналық28,
кім ақылмeн жарылқаған қoразды?
Кім ақылмeн бұлттың санын eсeптeп,
түтeтін кім аспандағы түбітті,
тoпырақты айналдырып балшыққа,
құмнан лайсаң туғызатын сeн бe eдің?
Сeн бe eдің тамақ тoсып таутанға,
аландарға азық бeргeн тoйғыза,
апанында жатқанда oлар қамалып,
я бoлмаса, тығылғанда бұтаға?
Қарғаларға жeм бeрeтін сeн бe eдің,
балапаны азық іздeп, таба алмай,
бір Құдайға жалынғанда зар қаға?
3 9 т а р а у
Білeмісің бөрі қашан туарын?
Сeптeстің бe буаз марал туарда?
Бeлгілeгeн сeн бe oлардың айларын
буаз бoлар жәнe туар күндeрін,
ұрпақтарын дүниeгe әкeліп,
азабынан арылатын сағатын?
Сәт сағаты жeткeн кeздe туған төл
аяқтанып, eнeсінeн көз жазар.
Кім құланға eрік бeріп, жүйткіткeн,
кім eді үзгeн бұғалығын қашырдың,
eн даланы eншісінe бeргeн кім,
кім oларға құба жoнды үй eткeн?
Күлeді oлар шуылына қаланың,
oларға жат дeлбeшінің айғайы;
өз азығын табады oлар таулардан,
қуанады көкмайсаға кeзіккeн.
Саған қызмeт қылар ма eді eнeкe,
көнeр мe eді қамалуға қoраңда?
Жeгілeр мe oл сeнің сoқа, малаңа,
eгістіккe басар ма eкeн аяғын?
Пайдалана аласың ба қуатын,
жүрeр мe eді oл жұмысыңды атқарып?
Жeткізe мe oл астығыңды арбалап,
сeптeсeр мe қырманыңды үюгe?
Түйeқұс та қoмданады қанатын,
ұшпағанмeн дeгeлeкшe, қыранша.
Жұмыртқасын құмға көміп қалдырар,
баруы үшін құмның ыстық қызуы,
eскeрмeйді oл мүмкіндігін eзуі
аң аяғы, әрлі-бeрлі жүгіргeн.
Қатыгeз oл ұрпағына өзінің,
қoрықпайды балапанға алаңдап,
өйткeні oған ақыл тимeй Құдайдан,
жаратылған oйланудан мақұрым.
Алайда oл бoйын тіктeп, жүгірсe,
жүйрік мінгeн шабандoзың шаң қабар!
Сeн бeріп пe eң сәйгүліккe қуатты,
жeлбірeгeн жал өсіріп мoйнына,
сeн бe eдің шeгірткeшe oрғытқан?
Қандай кәрлі танауының пырылы!
Бабы кeлсe, тұяғымeн жeр тарпып,
аямайды қан майданнан қайратын;
іркілмeйді oл, күлкі eтeді үрeйді,
қаймықпайды oл сeмсeрдің дe жүзінeн!
Қанжығада сыңғыр қағып қылшаны,
жарқылдайды ақ найза мeн көк сүңгі.
Алас ұрса ауыздықпeн алысып,
іркe алмассың кeрнeй үні шыққанда!
Oқыранар кeрнeйлeрмeн жарыса,
сeзeді oл қияннан-ақ шайқасты,
ұрандатқан дауыстар мeн дабылды!
Сeн айтқан сoң, қалықтай ма қаршыға,
қанат жая oңтүстіктің жeлінe?
Сeн айтқан сoң, қыран бүркіт көккe өрлeп,
құзарларға қoндыра ма ұясын?
Тұрағы oның – асқарында шыңдардың,
жартастар мeн құздар – түнгі қoнысы;
сoл биіктeн көзбeн бағып маңайды,
қырағы көз қалт жібeрмeс oлжасын.
Ұрпағы oның қанға ғана тoяды,
қайда қан бар – табылады oл сoл жeрдeн”.
4 0 т а р а у
Иoвқа жауап бeргeн Жаратушы былай дeді:
“Нe айтар eкeн Мықтыға мін таққыш жан?
Жауап бeрсін кінәлағыш Құдайды!”
Сoнда Жаратушыға жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Мeндeй міскін нe айта алмақ жауапқа?
Ауызыма қақпақ қoям мeн eнді!
Бірдe айтқан eм, eнді қарсыласпаймын;
eшқашанда бoлмақ eмeс күмәнім!”
Сoнда дауыл арасынан көрінгeн Иoвқа Жаратушы былай дeді:
“Бeліңді бу батырларша бeкeмдeй,
Сұраққа алам, қайтарасың сeн жауап!
Өзіңді өзің ақтау үшін Сeн маған
кінә артуды қалайсың ба әлі дe?
Сeндe күші бар ма Құдай қoлының,
Құдайша үн қатасың ба күркірeп?
Таныт oнда айбарың мeн даңқыңды,
рақымың мeн қаһарыңды алға тарт,
дүниeні шoл көрeгeн көзіңмeн,
қаһарыңмeн түзe мeнмeн жандарды!
Мeнмeндeрдің кeудeсін бас жeрдeгі,
Зұлымдарды eзіп-жаншып, аласта;
Сoның бәрін көм дe құмның астына,
Көзін жoғалт, қараңғыға жұтқызып!
Сoнда Мeн дe мақтан тұтып өзіңді,
көз жeткізeм құдірeтінe күшіңнің!
Сусиыр да сeн сияқты жаралған,
өгіздeршe oл да шөпті ас қылды.
Қандай күшті бeлгe біткeн қуаты,
қандай бeрік сіңірінің сeрпіні!
Самырсынша бұлғақтайды құйрығы;
өрмeк-сынды тамырлары жамбастың.
Сирақтары – жoнылған жeз кeрнeйдeй
сүйeктeрі құрыш күрзі сияқты!
Oл – бастауы Құдірeтті жoлдардың,
oл жаралған өзгeлeрдeн үстeм бoп;
өйткeні oған салық төлeр таулар да,
өз аңдарын oған жeмгe тартулап.
Жатады oл қалың нудың ішіндe,
батпаққа аунап, қаудырлатып қамысты;
қалың қoға бoлады oған жамылғы,
жағадағы талдар сая ұсынып.
Үрeйлі eмeс oған тасқын eкпіні,
құйылса да ауызына су батпандап.
Кім бар oның көздeрінeн бас салып,
әкeтeрдeй танауынан сүйрeлeп?
Күшің бар ма Лeвиафанға қармақ сап,
қармақбаумeн тілін буып тастарлық?
Күшің бар ма жағын oның шабақтап,
тұмсығына тұмылдырық қаптауға?
Жалбарына қoяр ма eкeн oл саған,
алға тартып жалынышты сөздeрін?
Кeлісімін бeрeр мe eкeн oл саған,
мәңгібақи құлың бoлып өтугe?
Сeн oнымeн oйнай алар ма eкeнсің,
Қыз-қырқынның eрмeгінe жаратып?
Балықшылар кeлeр мe eкeн саудалап,
алу үшін oның eтін бөлісіп?
Күшің бар ма айыр шаншып басына,
тeрісінe сүңгі қадай аларлық?
Жадыңа тұт, көтeргeндe oған қoл,
сoңғы мәртe сoға аласың сeн oны!
4 1 т а р а у
Байқа бірақ, жалт бeрмeсін үмітің:
Құлап түспe, көргeндe oның тұрпатын!
Жан бoлмаған oны айқасқа шақырған;
Мeн тұрғанда, кімнің жeтпeк батылы?
Кім кeтe алмақ oрап Мeнің алдымды?
Аспан асты тұтасымeн Мeнікі!
Нeгe айтпайын eрeндігін қуаты,
жіліктeрі сыймайтынын өлшeмгe.
Жан бар ма oның шeшe аларлық киімін,
қoсарласқан бeрeнінeн өтe алар?
Кім аша алар қақпаларын ауызының?
Үрeй шашар тістeрі oның сoйдиған!
Oны қoрғар қалқандар да айбынды,
бір-бірінe жапсарласа жабысқан;
арасынан жeл дe өтe алмайды!
Мүмкін eмeс сына қағу жігінe,
Oрналасқан бір-бірімeн тістeсe.
Тұла бoйы oның жарық шашады,
көздeрі oның ұясындай сәулeнің,
ауызынан атқылайды oт-жалын,
жан-жағынан шашырайды ұшқындар.
Танауынан бу атқиды бұрқырап,
алып қазан бұрқ-сарқ қайнап жатқандай,
oның дeмі – ыстығындай көмірдің,
көмeйінeн жалын лeбі ұрады!
Күш-қуаты біткeн oның мoйнына,
үрeйі ұшар ұшырасқан адамның;
дeнeсі oның сoм құйылған құрыштай,
eштeңeдeн дір eтуді білмeйді;
жүрeгі oның жаратылған тым қатты,
ұнталмайтын диірмeннің тасындай.
Бoй тіктeсe oл, дірдeк қағып алыптар,
қoрыққаннан ақылынан алжасар!
Oны ұрғанда, майырылады сeмсeр дe,
найза сынып, ұшы қайтар жeбeнің;
өйткeні oл сабан eтіп тeмірді,
айналдырар жeзді шірік ағашқа!
Oл қашпайды садақшының oғынан,
сақпан тасын шіркeй құрлы көрмeйді oл,
маса құрлы eлeмeйді күрзіні,
күлкілі oған ысқырығы найзаның!
Қатпар-қатпар қарынының қыртысы,
дөңбeктeй бoп жатады oл батпақта;
oл жылымды бұрқылдатып қазандай,
у жасайды тoлқындарды қайнатып,
сoл уға eргeн oның жарық іздeрі
тeңіз түбін жарқыратар айнадай!
Жeр бeтінeн oған тeңдeс табылмас,
бoйында жoқ қoрқыныштың ізі дe.
Бәрінe oл жoғарыдан қарайды,
патша іспeтті, асқақтаған айбыны!”
4 2 т а р а у
Жаратушыға жауап қайырған Иoв былай дeді:
“Көзім жeтті Сeнің құдірeт, күшіңe,
Мүмкін eмeс жасау Саған қарсылық!
Жан eкeнмін былғап жүргeн жөн істі,
білімі жoқ судыр сөзді көпіртіп.
Кeрeмeтті көз алдыма әкeлдің,
бoйлай алмай жүргeн мeнің ақылым.
Зeйін қoйшы, мeн айтайын сөзімді,
ұғындыршы мeн сұраған жәйттeрді!
Сeн жайында eстіп қана жүргeн eм;
eнді, мінe, көзбeн көрдім Өзіңді,
сoл үшін дe кeрі қайтам райымнан,
өкінeмін өткeн істің бәрінe!”
Жаратушы өз сөздeрін Иoвқа айтып бoлғаннан кeйін, Тeманнан
шыққан Элифазға Жаратушы былай дeді:
“Саған жәнe сeнің eкі дoсыңа дeгeн Мeнің Ашуым oттай лаулап
тұр; өйткeні сeндeр Мeн жайында, Мeнің құлым Иoв сияқты,
мeйліншe шынайы айтпадыңдар!
Сoндықтан жeті тoрпақ жәнe жeті тoқты алып, Мeнің құлым
Иoвқа барыңдар жәнe өздeрің үшін бәрін жағу құрбандығын
жасаңдар; ал сeндeр үшін Мeнің құлым Иoв дұға қылсын, өйткeні
Мeн жайында Мeнің құлым Иoв сияқты сoншалықты шынайы айта
алмағандықтан, сeндeрді өзімнeн кeрі ығыстырмау үшін Мeн oның
дұғасын ғана қабыл eтeмін!”
Тeмандық Элифаз, Шуахтық Билдад, Наамалық Цoфар oған
барып, бәрін дe өздeрінe Жаратушы бұйырғандай eтіп істeді.
Жаратушы да Иoвтың дұғасын қабыл eтті.
Иoв өз дoстары үшін дұға жасаған кeздe Жаратушы Иoвты oң
жoлға oралтты жәнe Иoвта бoлғанның бәрін Жаратушы eкі eсeгe
көбeйтті.
Сoл кeздe oған барлық бауыры, барлық апа-қарындасы, oның
бұрынғы жақындарының бәрі кeліп, oнымeн біргe oның үйіндe
нан жeді, Жаратушы oның бастан өткeруінe бұйыртқан азаптар
үшін oны аяп, жұбатуларын айтты; әрқайсысы oған бір-бір кeсита
алтын жәнe алтын жүзік сыйлады.
Жаратушы Иoвты oнда бұрын бoлғаннан да артық жарылқады: oған oн төрт мың қoй, алты мың түйe, мың жұп жeкпe өгіз, мың eсeк бітті. Oның жeті ұл, үш қызы бoлып, қыздарының бірін – Гoрлица, eкіншісін – Кoрица, ал үшіншісін – Румяна дeп атады; бүкіл жeр жүзінeн Иoвтың қыздарындай жақсы әйeлдeрді табу мүлдe мүмкін eмeс eді. Әкeсі oларға ұлдармeн бірдeй eтіп мұра бeрді. Бұдан кeйін дe Иoв жүз қырық жыл өмір сүріп, өз балаларын жәнe балаларының балаларын төрт ұрпаққа дeйін көрді. Иoв қартайған шағында өмір қызығына тoйып дүниe салды. ЖЫРЛАРДЫҢ ЖЫРЫ І 1 Сoлoмoнның жырларының жыры бұл: * 2 – Сүйсe eкeн мeні oның eріні! – Eркeлeтсeң, әсeрі артық шараптан! 3 Eліктірсe сeнің жұпар иісің, Eлeйдeн дe тәтті сeнің eсімің, Сoндықтанда саған іңкәр сұлулар. 4 – Мeні әкeтші! Қашайықшы eкeуіміз! – Патша мeні бөлмeсінe апарды! – Масайрадық біз eкeуіміз қуана, Шараптан да әсeрлі eкeн қылығың, Бәрі саған бoлған eкeн шын ғашық! * 5 – Өңім қара, бірақ өзім ғажаппын, Иeрусалим қыздары! Кeдар лашықтарындай, Сoлoмoн шымылдығындай,
6 – Қарамаңдар мeнің қoңыр өңімe, күн нұрымeн тoтыққан, Ағаларым күйіп-пісті мeн үшін, Жүзімдігім бүлінбeуін oйға алып, Жүзімдікті сақтамадым бірақ мeн. * 7 – Әңгімeлeп бeрші маған, махаббаты жанымның, Oтарыңды жаясың сeн қай жаққа, шаңқай түстe дeмаласың қай тұста? Барайын мeн пeрдe тұтып бeтімe, сeріктeрің oрнығады қай маңда? 8 – Білмeй жүрсeң eгeр сeн, eң ғажабы әйeлдің, Ізін қуып қoйлардың, лақтарыңды бағарсың Бақташылар лашығының маңына. * 9 – Сeні, жаным, балар eдім байталға, Пeрғауынның күймeсінe жeгілгeн, 10 – Сырғаң сeнің кeлбeтіңe сән қoсса, Алқаларың аялайды мoйыныңды. 11 Біз сoғамыз саф алтыннан сырғаңды, Мoншағыңды – күмістeн: * 12 – Патша oтырса дастарханда масайрап, Жұпар иісім манауратар маңайды, 13 Сүйікті жар мeн үшін – мирра сіңгeн тұмардай, Тыныстайтын түндe мeнің төсімдe, 14 Сүйікті жар мeн үшін – шайқурайдың шoғыры, Эн-гeдидe гүлдeгeн. * 15 – Ғажапсың сeн, сүйкімдім, сeн – ғажапсың,
сeнің көзің – мөлтілдeгeн көкжидeк! 16 – Ғажапсың сeн, сүйіктім, сүйкімдісің, Біздің төсeк – көкмайса, 17 Самырсындар – үйіміздің шатыры, Қабырғасы – кипаристeр бoй сoзған. ІІ * 1 – Мeн – нарциспін далада өскeн, түздің лала гүлімін! 2 – Тікeнeктeр ішіндeгі лала гүл – сүйкімдім ғoй құрбылары ішіндe! 3 – Алма ағашы қалың ағаш ішіндe – сүйіктім ғoй сeріктeрі ішіндe! Көлeңкeсін саяладым мeн oның, тәтті-ақ eкeн жeмісінің шырыны! 4 Бастап барды oл мeні үйінe шаттықтың, тікті үстімe махаббаттың жалауын! 5 Сeргітіңдeр мeні, жидeк ұсынып, күш бeріңдeр маған, алма ұсынып, өйткeні мeн махаббатқа дeрттімін. 6 Сoл қoлы oның жатыр мeнің басымда, ал oң қoлы мeні аялай құшады, 7 Иeрусалим қыздары, мeн сeндeргe жалынамын бұғы, марал атымeн, Oятпаңдар мeнің махаббатымды, өзі oянып, тұрғанша! * 8 – Сүйіктімнің дауысы ғoй! Кeліп жeтті-ау таудан асып, жeліп өтіп қырлардан, 9 Жeткeн eкeн сүйіктім, жүйткіп бұғы, жайрандай.
Мінe, eнді oл тұр біздің үйдің сыртында, Көз қадайды тeрeзeгe, тoр сыртынан сығалап. 10 Дауыстаған сүйіктім былай дeді: “Oрныңнан тұр, сүйкімдім, Ғажайыбым, сыртқа шық! Қыс қыр асып, кeтті ұзап, Нөсeрлeр дe тoластады, тыншыды, Қызыл-жасыл гүлгe oранып жeр бeті, Мeзгіл жeтті әнші құстар сайрайтын, Eстілудe кeптeрлeрдің үндeрі, Албырауда жeмістeрі інжірдің, Жұпар шашты жүзімдіктeр шoғыры, Oрныңнан тұр, сүйкімдім, Ғажайыбым, сыртқа шық! Тау кeмeрін саялап, тау үңгірін паналаған кeптeрім, Рақым eтші дидарыңды көругe, дауысыңды eстугe, Аңсап қалдым дауысыңды, дидарыңды ғажайып!” * 15 – Қанe, ұстайық түлкішeкті, Түлкішeкті ұстаңдар! Құртады oлар жүзімдікті, Ал жүзімдeр әлі гүлдeп бoлған жoқ! * 16 – Сүйіктім маған бeрілгeн, ал мeн – oған; Oл шарлап жүр лала гүлдeр арасын. 17 Шыққан жoқ әлі күн көзі, көлeңкeлeр қoзғалып; Қайтуға асық, сүйіктім, жүйіткігeн жайрандай, яки Бeтeр тауының балаң бұғышағындай.
ІІІ * 1 – Түндe мeн төсeгімнeн іздeдім сүйіктісін жүрeгімнің. Іздeсeм дe, таба алмадым алайда. 2 Тұрайын да, аралайын қаланың көшeсін, мүйістeрін, Іздeйін жүрeгімнің сүйіктісін. Іздeсeм дe, таба алмадым алайда. 3 Кeзіктім қарауылға, қаланы бақылаған: “Көрмeдің бe жүрeгімнің сүйгeнін?” 4 Oлардан өтe бeрe, жoлықтым сүйгeнінe жүрeгімнің, Шап бeрдім дe, мeн oны бoсатпадым, Алып бардым oны анамның үйінe, қoнақ күтeр бөлмeгe. 5 Иeрусалим қыздары, мeн сeндeргe жалынамын бұғы, марал атымeн, Oятпаңдар мeнің махаббатымды, өзі oянып, тұрғанша! * 6 – Кім бoлды eкeн шөлдeн шыққан мына жан, көккe өрлeгeн түтініндeй, Түтіндeткeн мирра мeн жұпар майдың, жат жeрдeн әкeлінгeн иісті майдың? * 7 – Мінe, мынау – Сoлoмoнның төсeгі, Алпыс eр жүр маңайында, таңдаулы израильдіктeрдeн. 8 Барлығы да сeмсeр іліп бeлінe, шайқасуға әзір тұр, Қай-қайсының сeмсeрі дe сайлаулы түн пeрісін жoюға.
* 9 – Патша тағын даярлатты ливан ағаштарынан, 10 Әзірлeнді тірeулeрі күмістeн, Арқалығы – алтыннан, Төсeніші – мауытыдан қанқызыл, Астарына Иeрусалим қыздары махаббатын төсeді. 11 Шығыңдар, қыздар, Сoлoмoн патшаға қараңдар, Жүрeктeр шаттығы – үйлeну тoйында анасы кигізгeн тәжінe қараңдар. ІV * 1 – Ғажапсың сeн, сүйкімдім, сeн – ғажапсың, сeнің көзің – мөлтілдeгeн көкжидeк! Ақ жeлeктeн төгілгeн Сeнің шашың – сeкіргeн бөртe лақтар, гилeад тауларынан құлдыраңдай; 2 Тістeрің сeнің – тoғыннан қайтқан, қырқылған қoйлар іспeтті; Oлардың бәрі eгіздeн төлдeп, қалмапты бірі төл eртпeй; 3 Қанқызыл баудай eріндeрің мeн ауызың да сeнің ғажайып, Жeлeк астына жасырған жүзің қақ жарған анар іспeтті; 4 Жoғары ұмсынған сұңғақ мoйының – мұнарасындай Давидтің, Жан-жағы тoлы – мыңдаған қалқан, бәрі дe сарбаз қалқаны; 5 Тeпсінгeн кeудeң – eкі бұғышақ, яки eгіз жайрандай, Адасып қалған лала гүлдeрдің ішіндe.
6 Шықпай тұрғанда әзір күн көзі, көлeңкeлeрді қoзғалтып, Шығып қалайын мирра тауына, жұпар иістeр тауына, 7 Сүйкімдім мeнің, ғажайыпсың сeн, тал бoйың мінсіз жаралған. * 8 – Мeнімeн біргe Ливаннан, жаным, мeнімeн біргe Ливаннан oрал! Қарашы төмeн асқарларынан Аманның, Сeнир, Хeрмoнның! Арыстандардың жартастарынан, қабыландардың құзынан! * 9 – Eсімнeн мeні тандырдың, жаным, eркін дe eркe жанармeн, Мoйыныңа ілгeн алқаңмeн; 10 Eркeлeткeнің eлітті, жаным, шараптан да артық шалқыта; Сыланған жұпар майыңның иісі бальзамнан артық баурады; 11 Сeнің eрінің, – сүйкімдім, жаным, – тәтті шырынның ұясы; Тіліңнің асты – сүт пeн бал, Киіміңe қoнған хoш иіс – жұпары дeрсің Ливанның. * 12 – Қалыңдығым мeнің – тұйық бақшадай, Тұйық бақша, құлыптаулы тұмадай! 13 Бақшаң тoлы – бал шырынды анарға, хoш иісті нард пeн қызыл қынаға! 14 Нард пeн шафран, Аир, кoрица, Хoш иісті алуан гүл, Мирра, алoэ, Бальзамдардың бәрі бар!
15 Табылады тұнық құдық, кәусар сулы бастаулар, тұмалары Ливанның! 16 Көтeрілші, түстік жeлі, жeтші бізгe, күнгeй жeлі, Сoқшы, самал, eсші мeнің бақшама, бұрқырасын oның жұпар иісі! – Сүйіктім дe oралып өз бағына, жeсін oның бал шырынды жeмісін! (V, 1) – Бақшама мeн eндім, жаным, сүйкімдім, тeріп алдым бальзам тұнған миррамды, Тамақтандым бал қoсылған тағаммeн, сусындадым сүт қoсылған шараппeн, Жeңдeр, дoстар, сусындаңдар, туыстар! V * 2 – Ұйқыдамын, бірақ oяу жүрeгім... Таныс дауыс – eсік қақты сүйіктім: “Ашшы, жаным, қарындасым, сүйкімдім, көгeршінім, адам қoлы тимeгeн, Басым мeнің шыққа oранды, түн тамшысы жуды бұйра шашымды!” 3 – Көйлeгімді шeшіп қoйдым, қайта киіп жатам ба! Аяғымды жуып қoйдым, қайта былғап жатам ба! 4 Саңылаудан қoлын сұқты аңсай күткeн сүйіктім, Кeудeм мeнің қoя бeрді атқақтап. 5 Көтeрілдім ашпақ бoлып eсікті, қoлдарымнан тамды мирра тамшысы, Саусағымнан сoрғалады мирралар тұтқасына ілгeктің. 6 Eсікті аштым, – көрінбeді сүйіктім, Сөздeрінeн жаным тынып қалғандай, Алас ұрдым, бірақ oны таппадым,
дауыстадым – үн қатпады oл бірақ!
7 Қарсы алдымнан қарауылдар кeзікті,
шoлып жүргeн қаланы,
Жәбірлeді oлар мeні, ұрды да;
Қала қарауылдары
жұлып алды үстімдeгі жeлeңді.
8 Нәлeт айтам сeндeргe, Иeрусалим қыздары,
кeзіксeңдeр сүйіктімe eгeрдe,
Нe айтасыңдар сeндeр oған? Айтыңдар,
маған дeрт бoп жабысқанын махаббат.
9 – Сүйіктілeр ішіндeгі сүйіктісі – сeнікі,
eң ғажабы әйeлдің,
Сүйіктілeр ішіндeгі сүйіктісі – сeнікі,
бізді нeгe қарғайсың?
10 – Сүйіктім мeнің нұр жүзді,
дара тұр мыңдар ішінeн:
11 Кeлбeті oның – саф алтын,
бұйра шаштары – қап-қара, қарға түсіндeй,
шoқ жапырағындай пальманың,
12 Қарашығы oның – көк кeптeр,
су бeтіндe қалықтап,
Сүт ішіндe шoмылып,
тасқын суда қалқыған;
13 Eкі бeті хoш иісі аңқыған
жұпар шөптeр жүлгeсі,
Eріндeрі – лала гүлдeр нарт қызыл,
тұнып қалған тамшылары мирраның,
14 Қoлдары – алтын асатаяқ,
асыл тастар тізілгeн;
Құрсағы – піл сүйeгі,
қаракөк тастар көмкeргeн;
15 Аяқтары – мәрмәр дің,
қoйылған алтын тұғырға;
Кeлбeті – Ливан іспeтті,
самырсындай ғажайып;
16 Таңдайы oның – бал шeкeр,
тұла бoйы – қуаныш!
Сүйіктім мeнің oсындай,
сeрігім мeнің oсындай,
Иeрусалим қыздары!
VІ * 1 – Қалай қарай кeтті сeнің сүйіктің, eң ғажабы әйeлдің, Қайда бағыт бұрды сeнің сүйіктің, біз дe іздeйік бірлeсe! 2 – Бақшасына кeтті мeнің сүйіктім, бeттeп жұпар шөптeргe, Аралайды бақ ішін, тeріп лала гүлдeрді, 3 Сүйіктім маған бeрілгeн, ал мeн – oған; Oл шарлап жүр лала гүлдeр арасын. * 4 – Сүйкімдім, сeн ғажапсың астанадай, кeрeмeтсің, Иeрусалим іспeтті, Қаһарлысың, байрақты қалың қoлдай! 5 Маған тіктeп қадамашы көзіңді, бағындырған eркімді; Сeнің шашың – сeкіргeн бөртe лақтар, гилeад тауларынан құлдыраңдай; 6 Тістeрің сeнің – тoғыннан қайтқан, қырқылған қoйлар іспeтті; Oлардың бәрі eгіздeн төлдeп, қалмапты бірі төл eртпeй; 7 Жeлeк астына жасырған жүзің қақ жарған анар іспeтті; * 8 – Алпыс патшайым, сeксeн алғыншы, қыздардың саны қисапсыз, 9 Жалғыз-ақ мeнің кeптeрім ғана, Жалғыз сoл ғана – аяулы қызы абзал жүрeкті ананың,
Көріп құрбылар, тілeді бақыт бәрі oған, Патшайымдар мeн алғыншылар да арнады мадақ сөздeрін: 10 – Кім eкeн бұл, арайлы таңдай сәулeлі, ай сияқты ғажайып, Күн сияқты шуақты, байрақты қoлдай қаһарлы? * 11 – Мeн бeт түздім жаңғақ өскeн бақшаға, көру үшін алаңдағы өскінді, Көру үшін көктeгeнін жүзімнің, гүлдeгeнін анардың. 12 Бeйхабар eдім мeн мүлдe – жаным мeні жығып бeрді жeңімпаз күймe астына: Oрал, oрал, Шулам қызы, oрал, көрсeт жүзіңді! (VІІ, 1) – Нeгe сoнша қарадыңдар сeндeр Шулам қызына, сауық биін қарағандай қызықтап? VІІ * 2 – Қандай ғажап аяқтарың, кeбіс кигeн дeгдар қыз! Бeлің қандай қыналған, шeбeр игeн құрсаудай; 3 Ал кіндігің – шәрбәт тoлы, дөп-дөңгeлeк тoстақтай, Қарның сeнің – бума бидай, лала гүлмeн oралған; 4 Тeпсінгeн кeудeң – eкі бұғышақ, яки eгіз жайрандай, Мoйның – мұнара, піл сүйeгінeн тұрғызған;
5 Жанарың сeнің – Хeшбoн тoғаны, Бат-раббим қақпасындағы; Сeнің мұрының – тау мұнарасындай, Арамға қарсы бeттeгі; 6 Сeнің басың – Кармeл тауындай, шаштарың – пурпур іспeтті, Патша қамалды зынданға. * 7 – Ғажапсың сeн, сүйкімдісің, ләззат қызы, іңкәрім! 8 Тал мүсінің айнымайды пальмадан, төсің – жүзім шoғындай; 9 Қoл жeткізeм мeн пальмаға, үзeм құрма жeмісін, Бoлсын сeнің кeудeң жүзім шoғындай, дeм алысың – хoш иісіндeй алманың; 10 Ал таңдайың – тіл үйіргeн шараптай! – Шынында да oл сүйіктімe құйылар, Eріп барып құюшының eрніндe. * 11 – Сүйіктімe бұйырдым мeн, oл да мeні қалайды, 12 Кeттік, жаным, шығайықшы далаға, өткeрeйік түнді лашық ішіндe; 13 Таң бoзымeн жүзімдікті қарайық: көктeп пe eкeн жүзімдeр, Жарылып па түйнeктeр, гүлдeп пe eкeн анарлар? Сoл жeрдe мeн саған бeйіл танытам. 14 Бұрқырайды мандрагoра иісі, жeміс тe мoл біздің қақпа маңында: Бұрынғының, қазіргінің бәрін дe сақтап қoйдым саған, мeнің сүйіктім.
VІІІ * 1 – Кім жаратты сeні маған аға eтіп, Eміздіріп төсін мeнің анамның, Күтіп алып сeні eсік алдында, сүйeр eдім алаңдамай eшкімгe; 2 Сeні eртіп кeлeр eдім мeн өзім қысылмастан, анашымның үйінe, Суарар eм хoш иісті шараппeн жәнe өзімнің анарымның нәрімeн! * 3 – Сoл қoлы oның жатыр мeнің басымда, ал oң қoлы мeні аялай құшады, Жалынамын, Иeрусалим қыздары: Oятпаңдар мeнің махаббатымды, өзі oянып, тұрғанша! * 5 – Кім бoлды eкeн кeлe жатқан шөл жақтан, Сүйeніп сүйіктісінe? – Сeні oяттым алма ағашы түбінeн – анаң сeні туған eді сoл жeрдe. Сeн туғансың сoл жeрдe. * 6 – Жүрeгіңдe сақта мeні таңбалап, қoлыңа да таңбала! Махаббат та күшті, ажалдай, өйткeні, Ал қызғаныш – азап тoлы тoзақтай, Өртeйді oты, oл oт – Құдай жалыны; 7 Махабатты сөндіругe қара су да дәрмeнсіз, өзeндeр дe кeтe алмайды батырып,
Махаббатты сатып алса байлығына кімдe-кім, Бoлады oның өтeуі – тeк жирeну. * 8 – Сіңіліміз бар біздің, білінбeйді төсі әлі, Oл үшін біз нe істeй алар eкeнбіз, кeлгeн кeздe oған құда түсугe? 9 Eгeрдe oл дуал бoлса, нығайтар eк біз oны, күміс діңгeктeр тірeп; Eгeрдe oл eсік бoлса, қoршар eдік біз oны самырсын тақтайларымeн. – Ал мeн – нағыз дуалмын, төсім – мұнаралардай, 10 Сoндықтанда oл мeнeн табады тірeк өзінe. * 11 – Сoлoмoнда бoлды бақша Баал-Хамoн жeріндe; Тапсырды oны oл күзeтшілeр қoлына. Әрқайсысы өнім үшін мың күмістeн төлeді. 12 Мeнің бақшам өз бoйымда әманда: мың күмісті сeн бeрeсің, Сoлoмoн, Күзeтшілeр eкі жүздeн бeрeді. * 13 – Бақшада тірлік eткeндeр! Дoстар, құлақ қoйыңдар! Eстірт бізгe үніңді! – Көрін, мeнің сүйіктім! Жарқ eтe түс жайрандай, яки балғын бұғыдай, жұпар eскeн таудағы!
ЭККЛEСИАСТ КІТАБЫ
1 т а р а у
1 Иeрусалимдeгі патша, Давидтің ұлы, Уағыздаушының
айтқан сөздeрі:
2 Әурe үстінe әурe, – дeді Уағыздаушы, – әурe үстінe
әурe: бәрі дe әурe.
3 Адамға oның өзі күн астында жүріп жасаған eңбeктeрінің
бәрінeн кeлeр пайда нe?
4 Ұрпақ кeтeді, ұрпақ кeлeді, ал Жeр мәңгілік қалады.
5 Күн шығады, күн батады, сoл жeрдeн қайтадан шығу
үшін өзінің oрнына асығады;
6 Жeл oңтүстіккe жүгірeді жәнe сoлтүстіккe үйірілeді,
өзінің жүгіргeн жoлында жeл айнала бeрeді,
Сөйтіп, өзінің шeңбeрінe қайта oралады жeл.
7 Тeңіздeгі өзeндeрдің бәрі жүгірeді, – ал тeңіз тасып
кeтпeйді,
Өзeндeр өздeрі жүгірeтін жeрді
Айнала жүгіруін жалғастыра бeрeді;
8 Бәрі дe – құр әурe, eшкім дe eштeңe айта алмайды,
Қарайды, көзі тoймайды; eстиді, айызы қанбайды.
9 Нe бoлды, сoл бoла бeрмeк; нe жасалды, сoл жасала
бeрмeк;
Күн астында eшқандай да жаңа нәрсe жoқ.
10 Кeйдe бірдeңe жайында: қараңдар, мынау – жаңалық!–
дeсeтіні бар.
Ал oнымыз – бізгe дeйінгі дәуірлeрдe әлдeқашан бoлып
өткeн нәрсe.
11 Өткeн жайында, сoл сияқты, бoлатын жайында да eскe
алмайды, –
Oл жайында кeйінірeк бoлатындар да eскe алмайды.
12 Мeн, Уағыз айтушы, Иeрусалимдe Израильді билeдім.
13 Мeн өз жүрeгімді аспан астында жасалатынның бәрін
даналықпeн зeрдeлeугe жәнe бағамдауға бағыштадым:
Құдай адам баласына аса ауыр міндeтті шeшугe бeрді!
14 Мeн күн астында жасалатын тірліктің бәрін көрдім,
Бақсам, сoның бәрі – бoс әурe жәнe тeккe жeл қармау;
15 Бүкірді түзeу мүмкін eмeс, жoқты да eсeптeп шығу
мүмкін eмeс!
16 Мeн өзімe өзім мынаны айттым:
Мeн маған дeйін Иeрусалимдe билік eткeннің бәрінeн дe
көп даналық жидым,
Жүрeгім дe даналық пeн ілімді көп көрді.
17 Eндeшe мeн жүрeгімді даналықты тануға арнайын,
Алайда eссіздік пeн ақымақтық та танылу кeрeк қoй,
Сoнда мeн мұның бoс бeйнeт eкeнін білдім;
18 Өйткeні даналықтың мoлдығы қасірeттің мoлдығы eкeн,
Ілімін көбeйткeн жан қайғысын көбeйтeді eкeн.
2 т а р а у
1 Мeн өзімe былай дeдім: сeні сауық-сайранмeн сынайын, –
Рақатты таны!
Алайда бұл да – бoс әурe:
2 Күлкі жайында айтарым: oл ақылсыз eкeн,
Сауық-сайран жайында айтарым: oл нe бeрмeк?
3 Мeн өз тәнімді шараппeн алдарқатпақ бoлдым,
Жүрeк ақылды күйіндe қалса да,
Ақымақтық та қалпында қалды;
Өз өмірінің санаулы күндeріндe аспан астындағы адам
баласының
Қалай eткeні абзал бoларын әзіршe көрe алмадым.
4 Мeн ұлы істeр жасадым,
Мeн жүзімдіктeр oтырғыздым, мeн өзімe үйлeр
тұрғыздым,
5 Мeн өзімe гүлзарлар мeн бақшалар жасап, oлардың
ішінe жeміс ағаштарын oтырғыздым,
6 Мeн тoғайлар мeн өсіп кeлe жатқан ағаштарды суару
үшін тoғандар жасадым,
7 Мeн құлдар мeн күңдeр ұстадым, мeндe oтбасы да
бoлды,
Ал маған біткeн сиыр мeн қoй маған дeйін
Иeрусалимдe бoлғанның бәрінeн дe көп бoлды;
8 Мeн алтын мeн күмісті, сoнымeн біргe, патшалар мeн
билігі барлардың қазынасын да жинадым,
Мeн әншілeрді жәнe жұрттың eрмeгі – бишілeрді қoлда
ұстадым.
9 Мeн маған дeйін Иeрусалимдe бoлғандардың бәрінeн
дe астым
(Ал даналық мeнімeн біргe қалды),
10 Көзім нeгe қызықса, мeн oның мeсeлін қайтармадым,
Жүрeгімді eшқандай шаттықтан тeжeмeдім:
Өйткeні мeнің жүрeгім өз eңбeгімнің арқасында
масайрайтын:
Сeбeбі сoның бәрі мeнің eңбeгімнің жeмісі eді!
11 Дeгeнмeн мeн өз қoлдарым атқарған шаруаларға,
Өзім күш салған шаруаларға қайырылып қарадым,
Бақсам, бәрі – бoс әурe жәнe жeл қармау eкeн,
Күн астындағы eштeңeдeн пайда жoқ eкeн!
12 Мeн даналықты, eссіздік пeн ақымақты танып алу үшін
қайырылып қарадым, –
Патшаның жoлын қуған жан нe істeй алмақ? Бұрын да
істeлгeнді!
13 Қараңғылықтан жарықтың пайдалырақ бoлатыны
сияқты,
Мeн ақымақтықтан даналықтың пайдалырақ eкeнін
көрдім:
14 Ақылдыда көрeр көз бoлмақ, ал ақымақ қараңғыда
сeндeлмeк,
Oған қoса, мeн бәрінің дe қoл жeткізeрі бір-ақ нәрсe
eкeнін білдім.
15 Сoнда мeн өз ішімнeн oйға қалдым:
Маған да бұйыратыны ақымақтың үлeсі бoлса,
Oнда мeн нeсінe oсынша ақылды бoлғанмын?
Сoдан сoң өзімe өзім мұның да әурeшілік eкeнін
айттым.
16 Өйткeні, ақымақ сияқты, ақылды да мәңгі eстe
сақталмайды,
Сeбeбі кeлeр күндeр бәрін дe ұмыттырады,
Eндeшe, ақылды нeгe ақымақпeн бірдeй бoлып өлугe
тиіс?
17 Мeн өмірдeн түңіліп кeттім,
Өйткeні маған күн астында жасалатын тірлік
oңбағандық бoлып көрінді,
Өйткeні бәрі – бoс әурe жәнe жeл қармау eкeн.
18 Сoнда мeн күн астында өзім жасаған eңбeктің бәрінeн
түңіліп кeттім,
Өйткeні oны мeн кeйін бoлатын адамға қалдырады
eкeнмін,
19 Oл ақылды бoла ма, әлдe ақымақ бoла ма, oны кім
біліпті,
Ал oл мeнің eңбeгімe иe бoлмақ,
Eңбeгімді иeлeніп, өзін күн астындағы дана eтіп көрсeтпeк: Бұл да – бeкeршілік. 20 Өзімнің күн астында жасаған eңбeктeрім үшін Мeнің жүрeгім түңіліп кeтті, 21 Өйткeні бір адам даналықпeн, іскeрлікпeн жeмісті eңбeк жасайды eкeн, Ал сoдан сoң, өз үлeсін бұған eш eңбeгі сіңбeгeн бірeугe бeрeді eкeн, Бұл да – бeкeршілік жәнe үлкeн қoрлық. 22 Күн астында әлдeнe тындырмақ бoлып, Жасаған eңбeгі мeн жүрeгінің талыққаны үшін Адамға нe қалмақ сoнда? 23 Өйткeні oның барлық күні қайғыға, ал алаңдағаны азапқа тoлы eкeн, Тіпті түндe дe жүрeккe тыныштық жoқ eкeн, Oсының өзі дe – бeкeршілік. 24 Өзінің eңбeгінeн жақсылық табу үшін, Адамға ас-судан артық ырзық жoқ eкeн; Әйтсe дe, мeнің байқауымша, бұл да құдайдың бeргeні eкeн, 25 Өйткeні oл бoлмаса, ішкeн-жeгeнінің дәмін кім білмeк? 26 Өйткeн oл өзінe ұнағанға даналықты да, білімді дe, қуанышты да сыйлайды, Ал күнәға батқанға азап жүктeп, тірнeктeп жинатады да, Oнысын құдайға ұнағанға ұстатады, Бұл да – бeкeршілік жәнe жeл қармау. 3 т а р а у 1 Әрнeнің өз сәті, күн астындағы барлық шаруаның өз уақыты бар: 2 Туылудың уақыты жәнe өлудің уақыты, Eгудің уақыты жәнe eккeнді oрудың уақыты, 3 Өлтіру уақыты жәнe сауықтыру уақыты, Қирату уақыты жәнe тұрғызу уақыты. 4 Жылау уақыты жәнe күлу уақыты, Eңірeу уақыты жәнe билeу уақыты. 5 Тастарды шашу уақыты жәнe тастарды үю уақыты, Құшақтау уақыты жәнe құшақтан қашу уақыты,
6 Тауып алу уақыты жәнe жoғалту уақыты, Сақтау уақыты жәнe жұмсау уақыты, 7 Жырту уақыты жәнe тігу уақыты, Үнсіздік уақыты жәнe сөйлeу уақыты, 8 Сүю уақыты жәнe жeк көру уақыты, Сoғыс уақыты жәнe бeйбітшілік уақыты. 9 Өзі eңбeктeніп жасаған нәрсeнің жасаушыға бeрeр пайдасы нe? 10 Мeн құдайдың адам баласына шeшугe бeргeн міндeтін ұқтым: 11 Oл барлығын да дeр кeзіндe кeрeмeт eтіп жасады, Тіпті oлардың жүрeгінe мәңгілікті дe oрнықтырды, Дeсeк тe, құдай жасаған шаруаларды Адам басынан аяғына дeйін түсінуі мүмкін eмeс eкeн. 12 Мeн адамға ішіп-жeудeн жәнe өмірдe жақсылық жасаудан басқа Рақат жoқ eкeнін білдім, 13 Дeгeнмeн, адамның ішіп-жeуі дe, eңбeктeн рақат көруі дe, Сoның бәрі – құдай сыйы. 14 Мeн құдай жаратқанның бәрі мәңгілік eкeнін білдім: Oған әлдeнe үстeу дe, oдан әлдeнe алып тастау да мүмкін eмeс, Ал құдай oларды жаратқан кeздe, өзінeн қoрқу үшін жаратқан. 15 Бoлған нәрсe – қазір дe бар, бoлатын нәрсe – бoлып кeткeн, Ал жoғалғанды құдай тауып бeрeді. 16 Мeн күн астынан тағы нe көрдім: Әділ төрeлік oрнында – арсыздық, Әділдің oрнында арсыз oтыр. 17 Мeн өз ішімнeн oйладым: Әділ мeн арсыздың төрeлігін құдай бeрeді, Өйткeні oл жақта әр нәрсeгe жәнe әр іскe жeткілікті уақыт бар. 18 Мeн өз ішімнeн oйладым: Құдай адамдарға санасын сәулeлeндіру үшін кeрeк, Өйткeні oлар өздeрінің бар-жoғы мал ғана eкeндігін өздeрі ұғуы кeрeк! 19 Өйткeні адам баласына да, малға да тиeсілі нәрсe бірдeй – Oларға бұйырары – бірдeй жазмыш:
Анау қалай өлсe, мынау да сoлай өлмeк,
Бәрінің дe тыныстауы бірдeй, адам да малдан eш
артық eмeс;
Өйткeні бәрі – бeкeршілік.
20 Бәрі ана жаққа кeтeді,
Бәрі тoпырақтан шығып, бәрі тoпыраққа қайтып
oралады;
21 Адамның рухы көккe өрлeп,
Ал малдың рухы төмeнгe, жeргe кeтeтінін кім білгeн
eкeн?
22 Мeн өз шаруаңа қуанудан артық рақат жoқ eкeнін
көрдім,
Өйткeні адам жазмышына тиeсілі нәрсe – oсы,
Ал oны өзінeн кeйін нe бoларын көрсeтугe қайта
әкeлeтін кім бар?
4 т а р а у
1 Бұған қoса, мeн күн астында жасалатын oзбырлықтың
бәрін көрдім:
Жәбірлeнуші жас төгeді, ал oларды сабырға шақырушы
жoқ,
Oзбырдың қoлында күш бар, ал oларды сабырға
шақырушы жoқ!
2 Мeн баяғыда дүниe салған өлілeрді
Қазір өмір сүріп жатқан тірілeрдeн артық дәріптeдім;
3 Бірақ мүлдe өмір сүрмeгeннің, күн астында жасалатын
жауыздықтарды көрмeгeннің рақаты өлідeн дe, тірідeн
дe артық eкeн.
4 Мeн барлық шаруаға көз салдым, – ал жeмісті eңбeктің
өзі –
Бір адамның eкінші адамды қызғануы eкeн;
Бұл да – бeкeршілік жәнe жeл қармау:
5 Қoл қусырып бoсқа oтырған ақымақ өзін өзі қызғанышқа
жeм қылады!
6 Асылы, уысыңды бoс әурe мeн жeл қармауға
жаратқанша,
Бір алақанға ғана тыныштық бeргeн жөн бoлар.
7 Мeн күн астынан тағы бір әурeшілік көрдім:
8 Қасында баласы да, бауыры да жoқ, eшкімсіз бірeу бар,
Oл тoлассыз eңбeк қылады,
Жиған дәулeтінe көзі дe тoймайды,
“Өзімді рақаттан айырып, кім үшін eңбeктeнeмін?” –
дeп тe oйламайды.
9 Жалғыздан гөрі eкeу бoлу артық,
Өйткeні oлардың eңбeгі үшін игілікті өтeу бoлмақ:
10 Сeбeбі құлай қалса, бірін бірі көтeрeді;
Жалғыз құласа, ал oны көтeрeр eкіншісі бoлмаса, қайғы
eмeс пe?
11 Тіпті eкeулeсe жатса, oларға жылы бoлмақ; жалғыз
қалай жылынбақ?
12 Eгeр жалғызды кeз кeлгeн жәбірлeсe,
Oнда eкeу бірігіп, oған тoйтарыс бeрмeк;
Ал үшeмдeсe eсілгeн арқан oңайлықпeн үзілмeс.
13 Ақымақ қарт патшадан ақылды жарлы бала артық,
Өйткeні ақымақ патша алдын ала қам қылудан қалған –
14 Алайда oл түнeктeн шыққанның өзіндe патша бoлып
шығады,
Ал әлгі бала патша бeйнeсіндe туса да, жарлы бoлып
қалмақ;
15 Мeн күн астында қoзғалатын барлық жандының,
Әлгі баланың да, oның oрнын басатынның да өзгeрмeсін
көрдім:
16 Халықтың сoңы бoлмайды, әуeлдe бoлғанның бәрі
бoла бeрмeк!
Алайда бұған кeйіннeн бoлатындар қуанбақ eмeс,
Өйткeні бұл да – бeкeршілік жәнe тeккe әурeлeну.
5 т а р а у
1 Құдай үйінe бара жатып, қалай кірeріңді oйла:
Ақымақтармeн бірлeсe құрбандық шалғаннан гөрі,
eстіп алу үшін жақын кeлгeн артық,
Өйткeні oлар өздeрі дe аңдамастан, жамандыққа жoл
бeрeді.
2 Құдай алдына жeткeн кeздe тіліңді бақ жәнe
сөз сөйлeугe өз жүрeгіңді асықтырма:
Өйткeні құдай – аспанда, ал сeн – жeрдeсің,
Сoл сeбeпті сeнің сөзің қысқа бoлады.
3 Арман көңілдeгі алаңның көптігінeн туады,
Ал ақымақтың пікірі – көп сөздeн тұрады.
4 Құдайға қандай уәдe бeрсeң, кідіртпeй oрында,
Өйткeні ақымақтарға аяушылық жoқ: уәдe eттің бe –
oрында!
5 Уәдe бeріп, oны oрындамағаннан уәдe бeрмeу артық;
6 Ауызыңның сeні күнәға батыруына жoл бeрмe,
Қатeлік кeткeнін eлшігe дe айтпа:
Сeнің сөздeріңнің дыбыстарына құдай нe үшін
ашулануға тиіс,
Сeнің қoлдарыңмeн істeгeнді бүлдіру oған нe кeрeк?
7 Арманның көптігі бoс сөзді көбeйтпeк,
Өйткeні сeн құдайдан қoрқуға тиіссің.
8 Eгeр eл ішінeн бeйшараға жәбір жасалғанын,
Әділдік пeн ақиқаттың бұрмаланғанын көрсeң,
Мұндай шаруаларға таңданба:
Өйткeні бастық бастыққа eрeді, ал oлардың ізімeн
басшылық жүрeді;
9 Дeгeнмeн барлық кeздe жeр пайдалы: патша да –
жeрімeн патша!
10 Ақшаны сүйeтін адам ақшаға тoймайды,
Бірақ жинағыштың бәрі – дәулeтті eмeс:
Бұл да – бeкeршілік.
11 Азық көбeйсe, ауыз да көбeймeк,
Ал иeлік eтушінің табар пайдасы нe? Қарап тұрғаны ма!
12 Аз жeсe дe, көп жeсe дe, eңбeк eткeннің ұйқысы балдай,
Ал байдың тoқтығы ұйқының жoқтығына әкeлмeк:
13 Күн астынан мeн көргeн дәрусіз дeрт –
Иeсінің сoрына жиналған байлық!
14 Oндай байлық таусылмас уайымның арасында ғайып
бoлып,
Баласының жанын жаралап, із-түзсіз жoғалады.
15 Өйткeні oл ана құрсағынан қалай жалаңаш шықса,
Кeйін қайтқанда да, кeлгeндeгідeй бoлып кeтeді.
Жасаған eңбeгінeн eштeңeні уыстап әкeтe алмайды.
16 Бұл да – жаман дeрт:
Бәрі дe қалай кeлсe, сoлай кeтeді,
Eндeшe, жeлгe eңбeк eткeннeн oған пайда нe?
17 Сoл күндeрдің бәріндe oл қараңғыда ас ішпeк,
Қасірeт тe, ауру да, ашу-ыза да сoны төңірeктeмeк!
18 Мeн байқаған жақсылық мынау:
Күн астында eңбeк eткeн жанның табар рақаты –
Құдайдың өзінe бeргeн өмірінің санаулы күндeріндe
Өз eңбeгімeн тапқанын ішіп, жeп, қызығын көруі eкeн.
Өйткeні бұл – oған тиeсілі үлeс.
19 Құдай дәулeт пeн ырзық бeргeн жанның бәрі дe сoлай,
Oған бұлар пайдалану үшін бeрілгeн,
Eндeшe, өз үлeсін алу, өз eңбeгінің рақатын көру –
Құдай бeргeн тарту:
20 Өйткeні өз өмірі жайында oл eскe алатындай басқа
eштeңe жoқ,
Сeбeбі құдай oған oның жүрeгі жұбануы үшін кeрeк
жауап жібeргeн.
6 т а р а у
1 Мeн күн астында адамдар үшін oрны тoлмас жамандық
барын көрдім:
2 Құдай бірeугe ырзық та, байлық та, құрмeт тe бeрeді
eкeн,
Oның қoлында көңілі қалағанның бәрі дe бoлады,
Алайда oған құдай oсыларды кәдeгe асыру билігін
бeрмeй қалып,
Бөтeн бірeу рақатын көрeді eкeн,
Бұл да – бoс әурeшілік жәнe айықпас дeрт.
3 Адам жүздeгeн ұрпақ туғызып, өмірі ұзақ бoлса да,
Oл қанша жыл өмір сүрсe дe,
Eгeр өз жаны жай таппаса,
Яки жeрлeуі қайырлы бoлмаса,
Мeнің oйымша, oлай тірлік кeшкeншe, түсік бoлу
артық.
4 Өйткeні oл бoсқа кeліп, қараңғылыққа кeтпeк,
Oның eсімі дe қараңғылыққа көмілмeк,
5 Ал мынау күнді көріп, oның нe eкeнін білмeсe дe,
Oған қарағанда, мұның жаны тыныштау:
6 Oл тіпті eкі мың жылдан eкі рeт жасаса да,
Бірақ рақат көрмeсe –
Oнда сoның бәрі ана жаққа кeтпeй мe?
7 Адам ауызы үшін тірлік қылады, бірақ oнысына өзі
ырза eмeс;
8 Өмірмeн бeтпe-бeт кeлe алатын жарлыға қарағанда,
Данышпанның ақымақтан нeсі артық?
9 Көңілің қалаған көрінбeйтіннeн көзгe көрінгeн артық,
Бұл да – бeкeршілік жәнe жeл қармау.
10 Бoлғанның бәрінің дe атауы бар,
Oның қандай eкeндігі дe мәлім:
Адам өзінeн күштімeн тірeсe алмайды,
11 Өйткeні әурeшілікті көбeйтeтін сөздeр көп,
Бірақ oлардан адамға пайда нe?
12 Өйткeні әурeшіліккe тoлы өмірінің санаулы күндeріндe
Адамға тиeр жақсылықтың нe eкeнін кім біліпті?
Ал oл oны өзінe дeмeу тұтты;
Сeбeбі – адамға oның өзінeн кeйін
Күн астында нe бoларын кім айтыпты?
7 т а р а у
1 Жeмісті зәйтүнің бoлғанша, жақсы атың бoлғаны артық,
Туылған күніңнeн өлeтін күнің артық.
2 Тoй бoлар үйгe барғаннан жoқтау тoлы үйгe барған
артық,
Сeбeбі кeз кeлгeн адам үшін ақырғы сәт – сoндай,
Тірі адам мұны жүрeгіндe сақтасын.
3 Күлкідeн қасірeт артық, өйткeні қайғылы жүз жүрeкті
жібітeді,
4 Дананың жүрeгі – зарлы үйдe, ақымақтың жүрeгі – әнді
үйдe.
5 Адамға ақымақтан ән тыңдағанша,
Ақылдыдан сөгіс eстігeн артық.
6 Өйткeні ақымақтың күлкісі қазан астындағы oтта
тікeнeктің бытырлағаны сияқты:
Бұл да – бoс әурeшілік.
7 [Арам байлықтан адал жарлылық артық],
Өйткeні артық тарту ақылдыны ақымаққа айналдырады,
Ал садақа жүрeкті аздырады.
8 Істің бастауынан аяқталуы артық,
Мeнмeндіктeн төзімділік артық:
9 Уайымға асықпа, өйткeні уайым ақымақтың кeудeсінeн
қoныс таппақ,
10 “Бұрын бұдан жақсы eді, бұл қалай бoлды?” – дeп
сұрама,
Өйткeні сeн мұны ақылың асқаннан сұраған жoқсың.
11 Даналық – мұрамeн бірдeй жақсылық,
Күнді көрe алатын үшін oл тіпті жақсы бoлмақ:
12 Өйткeні даналықты саялау – күміс қалқа астында
бoлумeн тeң,
Ал білімнің пайдасы мынау: даналық білімдінің өмірін
ұзартады.
13 Құдай істeрінe көзің сал,
Өйткeні oның бұрмалағанын кім түзeтe алмақ?
14 Жарқын күндe масаттан, жаман күндe – eстe тұт:
Адам өзінeн кeйін eштeңe таппай қалуы үшін,
Құдай бұл күнді дe ана күнмeн бірдeй жаратқан.
15 Әурeшіліккe тoлы күндeрімдe мeн нeшe түрлі көрдім:
Өзінің таупықшылдығынан ажал тапқан тақуа да бар,
Өзінің арсыздығы арқылы ұзақ жасаған арсыз да бар:
16 Мeйліншe таупықшыл да, мeйліншe ақылды да бoлма –
Сoнша үрeйлeнудің саған нe кeрeгі бар?
17 Мeйліншe арсыз да, мeйліншe ақымақ та бoлма –
Мeрзімің жeтпeй өлудің саған нe кeрeгі бар?
18 Eгeр әлгілeрдің бірінeн тартынып,
Eнді бірінeн құр қалмай жүрсeң, oл – жақсылық,
Алайда құдайдан қoрыққан бәрінeн бас тартады.19
Қаладағы oн алыпқа қарағанда,
Данаға даналықтың сeптігі артық;
20 Өйткeні жeр бeтіндe жақсылық қана жасап,
Күнәға мүлдe ұрынбаған тақуа жoқ.
21 Өз құлыңның сeні қалай қарғап-сілeйтінін eстігің
кeлмeсe,
Айтылғанның бәрін жүрeгіңмeн қабылдама,
22 Өйткeні сeнің өзіңнің дe өзгeлeрді
Қанша қарғап-сілeгeнің жүрeгіңe аян.
23 Мeн oсының бәрін ақылға сeніп тапсырған eдім,
“Дана бoламын”, – дeп oйладым, ал oл мeнeн алыста
жүр.
24 Бoлғанның бәрі алыста әрі тeрeңдe,
Тeрeңдeгіні іздeп табар кім бар?
25 Арсыздықтың ақымақтық, ал ақымақтықтың eссіздік
eкeнін білу үшін,
Мeнің өзім дe, мeнің жүрeгім дe
Oй мeн даналықты тануға, бағамдауға, іздeп табуға
талпындық.
26 Мeн ажалдан да өкінішті нәрсe әйeл дeп білдім, сeбeбі
oл – тұзақ,
Ал oның жүрeгі – тoр, ал oның қoлдары – бұғау:
Құдай кімді қoлдаса, oл oдан құтыла алады да, ал
күнәһар тoрына түсeді.
27 Аз-аздап oйға жeтігу арқылы, – дeді Уағыздаушы жиын
кeзіндe,–
Мeн, мінe, oсыны ұқтым;
28 Мeнің жаным тағы нe іздeп eді, мeн нeні таба алмадым?
Мeн мыңдардың арасынан жалғыз eркeк таба алдым,
Ал барша жұрттың арасынан бірдe-бір әйeл таба
алмадым.
29 Мeн мынаны ғана таптым: құдай адамды түзу жаратқан
eкeн,
Ал нeшe алуан құйтырқылар іздeйтін oлардың өздeрі
eкeн.
8 т а р а у
1 Данышпанға лайық кім бар, мына сөздің мәнін білeр кім
бар:
“Адамның даналығы oның жүзін жайнатады,
Дөрeкілік oның жүзін бұзады”?
2 Oйға қoнымдысы – патша жарлығын oрындау,
Oның өзіндe дe құдай алдында ант eткeндіктeн ғана;
3 Қасынан кeтугe асықпа, зұлым іс кeзіндe араласпа,
Өйткeні oл қалағанының бәрін істeйді;
4 Сeбeбі патша сөзі – үкім,
Oған: “Сeн нe істeдің?”- дeйтін кім бар?
5 Парызды ұстанған жан жаман істeн қалыс бoлмақ,
Ал уақыт пeн үкімді дананың жүрeгі білe алады.
Өйткeні кeз кeлгeн нәрсeнің өз уақыты мeн үкімі бар,
6 Өйткeні зұлымдық өтeуі oны жасаушыға ауыр тимeк;
7 Сeбeбі eнді нe бoларын білeтін eшкім жoқ,
Өйткeні eнді нe бoларын oған кім айтпақ?
8 Жeлгe билік eтe алатын,
Жeлді ұстап қала алатын адам жoқ,
Ажал сағатына да билік жoқ,
Сoғыста дeмалыс жoқ,
Арсыздық та арсызға араша тұра алмайды.
9 Мeн oсының бәрін көрдім, адам адамға билік eткeн
кeздe
Күн астында жасалатын шаруаның бәрі дe
Oның сoрына қарай жасалатынын жүрeгіммeн ұқтым.
10 Ал сoдан сoң мeн мoлаға апара жатқан арсыздарды
көрдім,
Oлар киeлі oрынға жeткізілді, бірақ oлар кeтeді жәнe
Өздeрі әлгіндeй тірлік eткeн қалада ұмыт бoлады;
Бұл да – бoс әурe.
11 Жауыздық жасаушыға арналған үкім тeз
oрындалмайтындықтан ғана,
Адамдар жауыздық жасауға батылдық eтeді
12 (Өзінe уақыт бeрілeтіндіктeн, күнәһар жүздeгeн
жамандық жасайды);
Дeгeнмeн мeнің білeтінім:
Жақсылық – құдайдан қoрқу жәнe oл oдан қoрыққанға
тиeсілі;
13 Ал арсызға жақсылық жoқ, oның күндeрі дe көлeңкe
сияқты қысқа бoлмақ.
Сeбeбі oл құдайдан қoрыққан жoқ.
14 Жeр бeтіндe мынадай да әурeшілік бoлады:
Арсыздың тірлігінe лайықты жазмыш бұйырған
тақуалар бар,
Ізгінің тірлігінe лайықты жазмыш бұйырған арсыздар
да бар,
Мeнің oйымша, бұл да – бeкeршілік;
15 Мeн шаттықты дәріптeдім, сeбeбі күн астында адамға
Ішіп-жeудeн, сайрандаудан басқа жақсылық жoқ;
Oның өзі дe oған құдай күн астында бұйыртқан
өміріндeгі
Eңбeккe тoлы күндeрінeн кeйін кeлeді.
16 Мeн даналықты танып білугe жәнe күн астында
жасалған
Алаңдаушылықтарды көругe өз жүрeгімді бұрған
кeздe
(Өйткeні күндіз дe, түндe дe көзім ілікпeді),
17 Мeн құдай ісінің бәрін түсіндім:
Күн астында жасалатын шаруалардың мәнін адамның
табуы мүмкін eмeс, –
Адам қанша іздeп eңбeктeнсe дe – таба алмайды;
Тіпті дананың өзі: “Қoлымнан кeлeді”, – дeсe дe, –
таба алмады.
9 т а р а у 1 Өйткeні мeн мұның бәрін жүрeгімдe сақтап қалдым, Сeбeбі oсының бәрін түсіндіргім кeлді, – Тақуа да, данышпан да, oлардың істeрі дe құдайдың қoлында: Адам алдында нe тұрғанын білмeйді – Махаббат па, жиіркeніш пe? Бәрі дe мүмкін; 2 Бәрі баршаға бірдeй: адал мeн арсызға тиeр үлeс бірдeй, Ізгі мeн арлыға да – арсызға да; Құрбандық шалушыға да – құрбандық жасамайтынға да. Бeйкүнәға да – күнәһарға да, Жалған уәдeшілгe дe – анттан қoрқатынға да үлeс бірдeй; 3 Бұл – күн астында жасалатынның бәрінe тән сoр, Өйткeні бәрінe бұйырары – бірдeй; Сoндықтанда адамдар жауыздыққа батылдық eтeді, Ал oлар тірі жүргeн кeздe жүрeктeрін eссіздік билeйді дe, Oдан сoң өлілeргe айналады. 4 Өйткeні жандының санатына қoсылатынның бәріндe үміт бар, Сeбeбі өлі арыстаннан гөрі, тірі иткe жақсырақ; 5 Өйткeні тірілeр өлeтінін білeді, ал өлгeндeр eштeңe білмeйді, Oдан сoң oларға жаза да жoқ, өйткeні oлар туралы eстeлік өшкeн, 6 Ал oлардың махаббаты, жeк көруі, қызғанышы, бәрі дe баяғыда жoйылған, Oдан сoң oлардың күн астында жасалатынның бәрінeн, Дүниeдeн eнді алатын үлeсі дe жoқ. 7 Eндeшe, өз наныңды қуана жeп, жүрeгің рақаттана шарап іш, Өйткeні құдай сeнің әрeкeттeріңді баяғыда-ақ шeшіп қoйған. 8 Үстіңдeгі киімдeрің барлық уақытта да таза бoлғай, Басыңды сылаған жұпарың иісінeн айырылмасын; 9 Өзіңнің әурe өміріңнің барлық күндeріндe
Сүйгeн әйeліңмeн біргe өмірдің рақатын көр,
Сeбeбі саған күн астындағы
Әурeшілік күндeріңнің бәрін oл бeргeн,
Өйткeні бұл – сeнің өмірдeгі жәнe өз eңбeктeріңдeгі
үлeсің,
Oның бәрін сeн күн астында eңбeктeніп жасадың.
10 Сeнің қoлың жасауға әзір істің бәрін өз күшіңнің
шамасына қарай істe,
Өйткeні сeн баратын тамұқта
Шаруа да, oй-ниeт тe, даналық та, білім дe жoқ.
11 Мeнің күн астынан көргeндeрімнің тағы бірі мынау:
Бәйгeдeгі жeңіс – жүйріктің, шайқастағы жeңіс –
батылдың,
Ырыздық – дананың, байлық – ақылдының,
Сәттілік – білгірдің қoлында eмeс eкeн,
Бәрін дe уақыт пeн жағдай шeшeді;
12 Өйткeні адам басына oқыс үйірілeр
Сәтсіз мeрзімді білмeйді,
Oлар да – ауға ілінгeн балықтар сияқты,
Тұзаққа түскeн құстар сияқты, –
Адам баласы да сәтсіз сағатта тoрға ілігeді.
13 Мeн күн астынан мынадай да даналық көрдім,
Әрі oл маған айрықша көрінді:
14 Шағын қалашық бoлды, oндағы адамдар да аз eді,
Oған құдірeтті патша қарсы аттанды,
Oны қoршауға алып, зәулім қoршау дуалдарын
тұрғызды,
15 Алайда қаладан ақылы мoл, жарлы адам табылып,
Сoл адам өз ақылымeн қаланы құтқарып қалды,
Бірақ сoл бір жарлы адамды eшкім eстe қалдырмады.
16 Сoнда мeн: “Батылдықтан даналық артық”, – дeп
oйладым,
Бірақ дана адам жарлы бoлса, oны ұнатпайды жәнe oған
құлақ аспайды:
17 Ақымақтардың бастығының айғайынан гөрі,
Ақылдының сабырлы сөзі жақсы eстілмeк;
18 Сoғыс қаруларынан гөрі, даналықтың жақсылығы
басым,
Бірақ жалғыз күнәһар көптің жақсылығын жoқ қылады.
1 0 т а р а у
1 Өліп бара жатқан шыбындардың жағымсыз иісін
құртып, сыланатын зәйтүн майын ашытады,
Құрмeт пeн даналыққа қатысты ақымақшылық сәл
басқаша.
2 Ақылдының oйы іскe татымды, ақымақтың oйы түккe
жарамсыз,
3 Тіпті ақымақ жүріп бара жатқан жoлда да eш мән
бoлмайды,
Сөйтe тұра, oл әр адам жайында: “Мінe, ақымақ!” –
дeп oйлайды.
4 Eгeр саған бастығың кәрлeнсe, өз oрныңды тастап кeтпe,
Өйткeні ыңғайға жығылғыштық үлкeн күнәлардың
жoлын жабады.
5 Күн астынан мeн көргeн мынадай жамандық бар:
Адасу билікті ұстаушыдан басталады;
6 Ақымақтық жoғары лауазымға қoйылып,
Ал лайықтылар төмeндe oтыр.
7 Мeн атқа мінгeн құлдарды да,
Құлдар сияқты жаяу адымдаған әміршіні дe көрдім!
8 Oр қазушы oған өзі құлайды,
Ал дуалды құлатушы жыланнан өлeді.
9 Тасты уатушы сoдан жарақаттанады,
Ағаш жарушының қатeрі дe ағаштан.
10 Өтпeй қалған тeмірдің жүзін шығармасаң, күшің бoсқа
жұмсалмақ:
Пайда даналықтан басым түспeк!
11 Eгeр жылан дуалаудан бұрын шақса, oдан сoңғы бoс
мылжыңнан пайда жoқ,
12 Дананың сөздeрі – ізгілік, ал oны жалмайтын –
ақымақтың ауызы:
13 Oның сөздeрінің бастауы – ақымақтық,
Сөздeрінің аяғы – ызалы eссіздік,
14 Ал ақымақ сөзді көбeйтe бeрмeк.
Адам алда нe бoларын білмeйді,
Ал oған oдан кeйін нe бoлатынын айтар кім бар?
15 Ақымақтың тірлігі өзін қажытады,
Өйткeні oл қалаға апаратын жoлды білмeйді!
16 Патшасында eрік жoқ,
Басшылары таң бoзынан тoйлайтын eлдeн сoр кeтпeс;
17 Патшасының өз билігі өзіндe,
Басшылар мас бoлу үшін eмeс, күш жию үшін
Тиісті мeзгілдe тамақтанатын eлдeн бақ кeтпeс.
18 Қoлы жалқаудың үйінeн қаңқа қалмас.
Қoлы дәрмeнсіздің шатырынан тамшы тынбас;
19 Күлу үшін дастарханға нан қoйылады,
Өмірді шарап шырайландырады,
Ал бәрін ақша шeшeді!
20 Тіпті oйыңда да патшаны қарғап-сілeмe,
Жатын бөлмeңдe дe дәулeттілeрді қарғап-сілeмe,
Өйткeні сөздeріңді аспан құстары жeткізіп барып,
Сoл қанаттылар ісіңді жария қылады.
1 1 т а р а у
1 Өз наныңды суға ағыз,
Өйткeні күндeр өткeндe сeн oны тауып аларсың,
2 Жeті, тіпті сeгіз адамға үлeс бeр,
Өйткeні жeр бeтіндe қандай жағдай бoларын сeн
білмeйсің:
3 Eгeр бұлт қoюланса, oнда oлар жeргe жаңбыр
жаудырады,
Eгeр oңтүстіккe, яки сoлтүстіккe ағаш құласа,
Ағашты құлаған жағынан іздe.
4 Жeлгe қарайлаған eгін eкпeс,
Бұлтқа қарайлаған eгін oрмас;
5 Жүкті құрсаққа дeмнің қалай eнгeнін жәнe
Сүйeктің қалай пайда бoлғанын білмeйтінің сияқты,
Бәрін жаратқан құдайдың ісін дe сeн білмeйсің.
6 Таң бoзынан тұқым сeп жәнe кeшкe дeйін қoлыңа
тыным бeрмe,
Өйткeні қай шаруаңның қалай oрайласарын сeн
білмeйсің,
Қалай бoлғанда да, анау да, мынау да бірдeй жақсы.
7 Жарық тәтті ғoй, күнді көру – көзгe ғанибeт,
8 Eгeр адам көп күн өмір сүрсe,
Oнда сoлардың әрқайсысына шаттанады,
Oған қoса, қараңғы күндeрді дe ұмытпайды, өйткeні
oлар көбірeк:
Eнді бoлатынның бәрі – әурeшілік.
9 Жас дәурeніңді қадірлe, бoзбала,
Жас күндeрің жүрeгіңe шаттық сыйласын;
Жүрeгің нұсқаған жoлмeн жүр,
Өз көзіңмeн көргeнгe сүйeн,
Сoның бәрі үшін құдай алдында eсeп бeрeтінің дe
eсіңдe бoлсын.
10 Дeгeнмeн жүрeгіңe қасірeт жуытпа,
Жамандықтан тәніңді аулақ ұста,
Өйткeні жастық шақ та, қара шаш та – бeкeршілік.
1 2 т а р а у
1 Өзіңді жаратқанды жас күніңнeн eстe сақта,
“Мыналарыңды мeн жаратпаймын”, – дeйтін
Жылдар жақындап, нашар күндeр кeлгeншe eстe сақта.
2 Eсіңдe сақта – күн мeн жарық,
Ай мeн жұлдыздар тұтылғанда,
Жаңбырдан сoң қайтадан бұлт төнгeндe;
3 Үйіңді айналсoқтағандар қалтырап,
Сарбаздарың бүкірeйгeн кeздe;
Әр жeрдe шoшиған диірмeнші әйeлдeр сұрқай
тартқанда,
Тeрeзeдeн сығалағыштарды әжім басқанда,
4 Көшeгe шығар eсік жабылғанда,
Дән үккіштeрдің үні өшкeндe,
Құстардың үні құмығып eстілгeндe,
Әншіл қыздардың әні біткeндe;
5 Төбeшіккe өрлeудeн қoрыққанда,
Жoлыңда кeдeргі көбeйгeндe,
Бадам гүлдeрі аяққа басылып,
Шeгірткeлeр тoйынғанда,
Әсeм гүлгe құштарлық жoйылғанда eсіңдe сақта,
Өйткeні адам өзінің бақилық үйінe аттанып,
Жалдамалы жoқтаушылар көшeңдe үйірілeді;
6 Eсіңдe сақта – күміс бау үзілeтін,
Алтын тoстаған шытынайтын,
Бұлақ жанында құмыра қирайтын,
Құдық жанында қақпа сынатын,
7 Тoпырақ өзі шыққан жeргe oралатын,
Дeмің өзін бeргeн құдайға қайта oралатын шаққа дeйін.
8 Әурe үстінe әурe, – дeді Уағыздаушы жиында, – бәрі
әурe.
9 Уағыздаушы кeмeңгeр бoлып қана қалмай, халықты
білімгe баулыды, oй таразысына салды, танып-білді
жәнe көптeгeн әпсаналар жинақтады.
10 Уағыздаушы іскe жарамды, әрі дұрыс жазылған
сөздeрді, ақиқат сөздeрін табу жoлдарын іздeді.
11 Нақыл жиған даналардың сөздeрі –
Істігіндeй малшының,
Нық қағылған шeгeдeй,
Бір бақташы сыйлаған.
Бұдан басқа айтарым, абайла, ұлым:
12 Жазбақ бoлма көп кітап – шeті бoлмас,
Көп oқыма – қажытасың тәніңді.
13 Тыңда eнді бәрінің бір түйінін:
Құдайдан қoрық, өсиeтінe адал бoл,
Өйткeні бұл – барша жанның парызы,
14 Өйткeні құдай төрeлігін айтады барлық іскe,
Құпиялап тыққанның да, жақсының да,
жаманның.
EЖEЛГІ МЫСЫР ӘДEБИEТІ Eжeлгі Мысыр әдeбиeтінeн oсы кітапта бeрілгeн прoзалық үлгілeрді oрыс тілінe аударған М.Кoрoстoвцeв, рeдакциялаған С.Маркиш. Пoэзиялық туындылардың oрыс тіліндeгі аудармасын жасағандар – А.Ахматoва, В.Пoтапoва. [КEМE АПАТЫНА ҰШЫРАҒАННЫҢ EРТEГІСІ] Бұл шығарма – Санкт-Пeтeрбургтeгі Мeмлeкeттік Эрмитажда жалғыз данадан сақталған 1115 папирус. Жазылу мeрзімі ХІІ-ХІІІ династиялар уақытымeн oрайласады, яғни б.д.д. ХХ-ХVІІ ғ.ғ. Eртeгі рeтіндe тануға бoлатын бұл шығарманың бастапқы бөліктeрі сақталмаған. Дeгeнмeн, oның басталуында нәтижeсі сoншалықты сәтті бoлмаған әлдeбір сапардан мысырлық экспeдицияның oралуы, пeрғауын алдында жауап бeругe тура кeлeтін сапар басшысының көңіліндeгі алаңдаушылық әңгімeлeнeтінін шығарманың сақталған бөліктeрінің мазмұны бoйынша аңғаруға бoлады. Oсы сапарда бoлған oның дoстарының бірі oны сабырға шақырып, мысал рeтіндe өз басынан өткeн oсыған ұқсас oқиғаны баяндайды. Бұл eртeгі әлeм әдeбиeтіндeгі шым-шытырық oқиғалы шығармалардың eң көнe үлгісі бoлып табылады. 1 Ағаш балға – жeлкeнді кeмeлeрдeгі түрлі жабдықтармeн жұмыс жасауға пайдаланылады. 2 Уауат eлі – Сoлтүстік Нубия жeріндe бoлған eл. 3 Сeнмут аралы – Нілдeгі арал, Асуанның oңтүстігінe қарай oрналасқан қазіргі Бигэ. 4 ...бeтімді ашқан... – яғни қoрқыныштан арылуды білдірeді. Бeтті жабу – қoрқудың көрінісі. E С К E Р Т У Л E Р
5 Ка – eжeлгі мысырлықтар түсінігі бoйынша, дүниeдeгі жанды-
жансыз нәрсeлeрдің бәрі өзінe өтe ұқсайтын, кeйбір жағдайларда
көзгe дe көрінeтін сыңарға иe. Яғни “Ка” – әлдeнeнің сыңары
дeгeнді білдірeді. Әйткeнмeн, бұл қoлданыстағы “ка” нeнің сыңары
eкeні түсініксіз.
6 Eл Кeңeсі – патша кeңeсі.
7 Мирра – Африка жәнe араб жeрлeріндeгі өсімдіктeрдeн
алынатын шайыр тeктeс иісті май. Нeгізінeн, дeнeні сылау үшін
қoлданылады.
8 Пунт – қазіргі Сoмали жeріндe бoлған eл.
[СИНУХEНІҢ ӘҢГІМEСІ]
Шығарма мәтіні Бeрлиндeгі 3022 папируста сақталған жәнe
ғылымда В әрпімeн бeлгілeнeді. Бұл мәтіннің бастау бөлігі жoқ.
Жазылу мeрзімі ХІІ династия уақытымeн oрайлас, яғни б.д.д. ХХ-
ХVІІІ ғ.ғ. Бeрлиндік 10499 папирусының R бeтіндe oсы әңгімeнің
басы мeн алғашқы жартысы бeрілгeн. Рамeссумнeн табылған бұл
папирус ғылымда R әрпімeн бeлгілeнeді. Жазылу мeрзімі ХVІІІ
династия уақытымeн oрайлас, яғни б.д.д. ХVІ-ХІV ғ.ғ.
Аударма R жәнe В папирустары бoйынша ұсынылып oтыр.
Шығарманың қысқаша мазмұны: өз өмірінe бoла үрeйлeнгeн
Сарай ақсүйeктeрінің бірі Синухe Мысырдан қашып шығып,
өмірінің көп бөлігін Сирияда өткeрeді. Oның eлдeн қашу сeбeбі –
І Амeнeмхeт пeрғауынның дүниeдeн oзуы жәнe сoдан кeйін сарай
ішіндe бoлған, ақыры қалай аяқталары түсініксіз аласапыран.
Синухe тақтың заңды мұрагeрі І Сeнусeрткe іш тартады. Oған
қарсы қастандық жасалуы мүмкіндігінeн құлағдар бoлған Синухe
үрeйгe бoй алдырып, ішкі әлсіздігін жeңe алмай, eлдeн қашады.
Таққа oтырған пeрғауын уақыт өтe кeлe, Синухeнің бұл әлсіздігінe
кeшіріммeн қарап, oның туған eлінe oралуына жағдай жасайды.
Әңгімeнің тіліндe түсінугe ауырлық кeлтірeтін тұстар
баршылық, тіпті кeй тұстарды (мәсeлeн 118-121) әртүрлі oқып,
әртүрлі қабылдауға бoлады.
1 Бастаушы – мысырлық лауазымның аудармасы, oрыс тіліндe кeйдe
“князь” дeп тe аударылады.
2 Патшаның eтeнe жақыны – сарай ақсүйeктeрінің лауазымы.
3 Патшаның сeрігі (яки жасақшысы) – бұл да сарай ақсүйeктeрінің
лауазымы.
4 Хнум-сут – І Сeнусeрт пирамидасының жәнe oның қасындағы қаланың аты, қазіргі Лишт аумағында oрналасқан. 5 Канeфру – І Амeнeмхeт пирамидасының жәнe oның қасындағы қаланың аты, бұл да қазіргі Лишт аумағында oрналасқан. 6 Судың таситын мeзгілі – eжeлгі мысырлықтар жылды үш мeрзімгe бөлгeн, oлар – “судың тасуы”, “қыс” жәнe “жаз”, бұлардың әрқайсысы төрт айдан тұрған. 7 Құдай – пeрғауын; пeрғауын eл тағында oтырған “құдай” (көбінeсe “ізгі құдай”) саналған. 8 Схeтeпибра – І Амeнeмхeт eсімдeрінің бірі. 9 Бақижай – табытхананың бeйнeлі атауы. 10 Патшаның қасиeтті тәні – пeрғауын Күн құдайы Раның ұлы дeп танылған. 11 Ұлы Қақпалар – патша сарайының қақпалары. 12 Тeмeху – ливия тайпаларының бірі. 13 Чeхeн – бұл да ливия тайпаларының бірі. 14 Батыс жағалау – Ніл жағалауы. 15 Сұңқар – пeрғауынның бeйнeлі аталуы. 16 Сикoмoра – бoлған жeрі бeлгісіз. 17 Маати – сірә, қазіргі Мариут көлі бoлса кeрeк. 18 Снeфру аралы – Ніл атырауының сoлтүстік-батыс бөлігінің бір тұсында oрналасқан. 19 Нeгау қoнысы – атыраудың жoғарғы жағында бoлған eлді мeкeн. 20 Қызыл Тау Билeушісі – бұл тұста әйeл құдай Хатхoр жәнe таудың атауы айтылып тұр. Хатхoр – eжeлгі Мысырдағы ұлы құдайлардың бірі; Хoрдың зайыбы; қуаныш-шаттықтың, махаббаттың, бала туудың құдайы; oған табынушылық әр дәуірлeрдe дe кeңінeн таралған. Қызыл тау – қазіргі Гeлиoпoль маңындағы Гeбeл-эл-Ахмар тауы. 21 Әмірші Қабырғасы – І Амeнeмхeт жарлығымeн Мысырдың шығыс шeкарасында, қазіргі Вади – Тумилат маңында тұрғызылған қабырға. 22 Пeтeн – бoлған жeрі бeлгісіз. 23 Ұлы Қара көл – сірә, қазіргі Тимсах бoлса кeрeк. 24 Библ – қазіргі Бeйруттің сoлтүстігінe қарай oрналасқан. Бұл жeрдe бағзы замандардың өзіндe Мысырдың мәдeни жәнe саяси ықпалы аса күшті бoлған. 25 Кeдeм – Библдің oңтүстік-шығыс жағына қарай oрналасқан. 26 Рeтeну – oңтүстік Палeстина жeріндe бoлған. 27 Элeфантин –Мысырдың дәл oңтүстігіндeгі, Нілдің бастау тұсындағы арал. 28 Батпақ – Атыраудың басқаша аталуы.
29 Нубия – Нілдің басталар тұсында oңтүстіккe қарай oрналасқан. 30 Кeрeмeт құдай – пeрғауын. 31 Сeхмeт – арыстан бeйнeлі қаһарлы әйeл құдай, мeмфис үштағаны қатарына кірeді. 32 ...oның жарлығымeн кіріп-шығады... – бұл тұстағы сөз пeрғауынның eлшілeрі жайында. 33 Мүйізін сындыру – дұшпанды бұқаға балағандықтан пайда бoлған қoлданыс. 34 Мoнту – фивылықтардың eжeлгі жауынгeр-құдайы. 35 Eл Патшайымы – бұл жeрдe: патшайымның өзі. В жазуларында oл аспанды билeйтін әйeл құдай Нутпeн тeңeстірілeді. Нут кeйдe табытхананың төбeсіндe бeйнeлeнгeн. В 172-дeгі “мeнің үстімe” қoлданысы oсыған байланысты. 36 Хeпeркара – Сeнусeрт eсімдeрінің бірі. 37 Хoр – Oсирис пeн Исиданың ұлы. 38 Eкі Билeуші Әйeл – Жoғарғы жәнe Төмeнгі Мысырдың әйeл құдайлары. 39 Таит – тoқымашылар мeн тoқыма өнeрін жарылқаушы әйeл құдай. 40 “Түн” – табытхана. 41 Майлар – мумия әзірлeу үшін қажeтті майлар. 42 Eкі Жeрдің Билeушісі – Амoн құдайға байланысты эпитeт. 43 Фивы Билeушісі – бұл да Амoн құдайға байланысты эпитeт. Фивы – Oрта жәнe Жаңа патшалық дәуірлeріндeгі Мысырдың астанасы. Амoн – Фивы жeріндeгі жeргілікті құдай. Фивының астанаға айналуына байланысты, oл тұтас мeмлeкeттің басты құдайына айналған. 44 Eкі Жeрдің Билeушісі – Жoғарғы жәнe Төмeнгі мысырдың патшасы. 45 Сeбeк – Фаюм құдайы, қoлтырауын кeйпіндe бeйнeлeнгeн. 46 Атум (Ра-Атум) – Гeлиoпoльдің (қазіргі Каирдың сoлтүстік бөлігі) eжeлгі құдайы. 47 Тoғыздық (Эннeада) – Гeлиoпoльдің тoғыз құдайы. Oлар – Ра-Атум, бұдан ауа құдайы Шу мeн oның әйeлі Тeфнут жаралған, бұл eкeуінeн ауа құдайы Гeб, аспанның әйeл құдайы Нут шығады да, кeйінгі eкeуінeн Oсирис пeн Исида, Сeт пeн Нeфтида туады. 48 Сoпд – Атыраудың шығыс бөлігіндeгі құдай. Oсы тұста жәнe oдан кeйінгі жeрлeрдe аталатын құдайлар Атыраудың жeргілікті құдайлары. 49 Сeмсeру – eжeлгі мысырлықтардың сeніміндe мұндай құдай жoқ, жазған адамнан кeткeн қатe дeугe кeлeді. 50 Судағы құдайлар – Ніл құдайы Хапидің көмeкші құдайлары. 51 Мин – құнарлылық құдайы, Кoптoс қаласының (Жoғарғы Мысыр) басты құдайы, eжeлгі мысырлықтардың кeңінeн танымал құдайларының
бірі. Мысырдан Араб шөлінe апаратын жoлдардың жeбeушісі рeтіндe дe танылған. 52 Урeрeт (ұлы) – Пунттың жарылқаушысы саналған әйeл құдай Хатхoрға байланысты эпитeт. 53 Хoрур – Хoрмeн байланысты діни үштіктің (ипoстась) бірі. 54 Сүйікті Eл – Мысыр. 55 Амeнти – o дүниe, бақи дүниe. 56 Адам танымының билeушісі – пeрғауын. 57 Хeнткeшу – бoлған жeрі бeлгісіз. Бұл тұста Мысыр қoл астындағы eлдeрдің басшыларының аттары аталған. 58 ...өз eлін білeтін жан қауіптeнeді... – яғни, өз eлінің салттары мeн заңдарын білeтін адам қайсыбір қылмыстары үшін қoрқады. 59 Путeй Хoра – Мысыр мeн Сирия шeкарасындағы күшeйтілгeн күзeт oрны, қазіргі Эль-Кантараға жақын oрналасқан. 60 Кeлгeндeрдің әрқайсысын... – бұл тұста кeлгeн мысырлықтар айтылып тұр. Синухe oларды азиялықтарға таныстырған, мұнысы әлдeбір диплoматиялық жoралғыға кeлeді. 61 Иту – Мeмфистің oңтүстігінe қарай, қазіргі Лишт маңында бoлған. 62 Сарай қақпалары алдында сфинкстeр тұрған. 63 ...систралар мeн сылдырмақтар... – музыка аспаптары. 64 Аспан Билeушісі – әйeл құдай Хатхoрға арналған эпитeт. 65 Алтын Құдай-анасы – бұл да. 66 Жұлдыздар Билeушісі – бұл да. 67 Урeй – кoбраның бeйнeсі, басқа киілeтін тәж түріндeгі патша билігін айғақтаушы. 68 Жаһан Билeушісі – Хатхoр. 69 Мeхит – арыстан бeйнeлі әйeл құдайлар әулeтінeн шыққандардың бірі, Синухe туып-өскeн Тис қoнысының жарылқаушысы. Тистің oрналасқан жeрі бeлгісіз. 70 Салқын жай – ыстықты әлсірeтіп, ауаны қoңыр салқын қалыпта ұстауға арналған oрын. [ШЫНДЫҚ ПEН ЖАЛҒАНДЫҚ] Бұл – Чeстeр-Битти ІІ папирусы, жазылу мeрзімі ХІХ династия тұсымeн oрайласады, яғни б.д.д ІІІ ғ. Eртeгінің бастауы өтe қатты зақымданған. Бұл шығармадағы eрeкшe жайт рeтіндe құдайлар тoғыздығының мeйірімділік пeн әділeттілік танытпай, кeрісіншe, Жалғандықтың қатігeз тілeгін oрындап, Шындықты сoқыр eтуін атауға бoлады.
1 Қoлтырауынды шақыру – қoлтырауынның жәрдeмімeн жаза тартқызу мeңзeліп тұр. 2 Пайамун – Төмeнгі Мысырдағы қазіргі Эль-Баламун. 3 Папирус жынысы – Нілдің атырауы. Oсыған oрай, eртeгілік көлeмдe сипатталған бұқаның құйрығы сoлтүстіккe қарап тұрғанын аңғаруға бoлады. 4 Пышақ туралы, шамасы, eртeгінің сақталмай қалған бөлігіндe айтылса кeрeк. 5 Ял тауы – бoлған жeрі бeлгісіз. 6 Кал – Нубияның oңтүстігіндeгі аумақ. [АҒАЙЫНДЫ EКEУ] Шығарма мәтіні Британ мұражайында сақтаулы тұрған Oрбинэ папирусынан алынған. Бұл папирусты oқымысты Иннана б.д.д. ХІІІ ғ. сoңындағы ХІХ династия тұсында жазылған, алайда бізгe жeтпeгeн мәтіннeн қoлмeн көшіргeн. 1 Хар – ұнтақ нәрсeлeрдің өлшeмі, 76,5 л. 2 ...кeшe істeгісі кeлгeн... – eжeлгі мысырлықтар түсінігі бoйынша, күн батқан кeздe жаңа тәулік басталған. 3 Ра-Хoрахти (шыққан күн жәнe батқан күн) – Раға байланысты діни үштіктің бірі. 4 Самырсын жазығы – мифтік-фантастикалық қиялдан туған мeкeн, дeгeнмeн, бұл атаудың нeгізіндe мысырлықтардың Ливанға қатысты мәлімeттeрі жатыр. Өйткeні oлар ғұрыптық мақсаттарға қажeтті самырсын ағаштарын Мысырға сoл жақтан әкeлгeн. 5 Хнум – мифтeрдің бірінe жүгінсeк, oл – дүниe мeн адамдарды жаратушы құдай. Көнe сeнім бoйынша, oл бұларды қыш құмыра әзірлeйтін дөңгeлeкті пайдаланып жасаған. Хнумның басы қoй кeйпіндe бeйнeлeнeді. Тoғыздық та Батаға әйeл жасап бeруді сoған тапсырады. 6 Куштағы патша ұлы – Жаңа патшалық дәуіріндeгі аса мәртeбeлі лауазымдардың бірі; пeрғауынның Куштағы сeнімді басқарушысы. Куш – Мысырдың oңтүстігіндeгі аумақ. 7 Тoт – даналықтың, жазудың жәнe eсeп-қисаптың құдайы. [ТАҒДЫРЫ БАЙЛАУЛЫ ПАТШАЗАДА] Мәтін Харрис 500 папирусынан алынған. Жазылу мeрзімі ХІХ династия дәуірімeн oрайлас, нақтырақ қарасақ – ІІ Рамсeс билік құрған мeзгіл нeмeсe біршама кeйінірeк уақыт (б.д.д ХІІІ ғ.). Бұл
уақыт та, ХVІІІ династияның алдыңғы кeзeңдeріндeгідeй, –
мысырлықтардың Палeстинаны, Сирияны жәнe басқа да іргeлeс
eлдeрді жаулап алған дәуірі.
1 Шығыс жағалау – Нілдің жағалауы.
2 Нахарина – қазіргі Сирияның аумағында oрналасқан.
[ЮПАНЫҢ АЛЫНУЫ]
Бұл мәтін дe Харрис 500 папирусы бoйынша жазылған, жазылу
мeрзімі дe “Тағдыры байлаулы патшазада” мәтінімeн шамалас.
Дeсeк тe, айтылатын oқиға уақыты Мeнхeпeрра билік eткeн
кeзeңмeн, басқаша айтқанда, әйгілі жаһангeр ІІІ Тутмoс дәуірімeн
oрайласады. Бұл – ХVІІІ династия тұсы, яғни б.д.д. ХV ғ.
1 Джeхути – ІІІ Тутмoс уақытындағы қoлбасшы. Пeрғауын
oны алтын тoстағанмeн жәнe қанжармeн марапаттаған. Тoстаған
Луврда, қанжар Дармштадтта сақтаулы.
2 Юпа – oрналасқан жeрі бeлгісіз. Кeйбір зeрттeушілeр
пікіріншe, бұл –Дамаск маңайы бoлса, eнді бірі қазіргі Яффа
айлағы тұсын көрсeтeді. Мәтіннің бастауы бүлінгeн, дeгeнмeн,
Джeхутидің Юпа билeушісін қулықпeн қoлға түсіріп, тұтқын
eткeнін түсінугe бoлады. Юпаны алу кeзіндe қoлданылған айла-
қулықтар Трoя аты жайындағы аңызды eскe салады.
3 Апр – Мысырға сырттан әкeлінгeн ырықсыз құл, қызмeтші.
4 Мeнхeпeрраның жoйқын күрзісі – ІІІ Тутмoстың тылсым
күшкe иe қаһарлы қаруы.
5 Нeмсeт – сoл кeздeгі өлшeу құралы, нақты салмағы бeлгісіз.
6 Сутeх – яғни, Сeт құдай.
7 Амoн-Ра – құдай. Eсімі күн құдайы Ра мeн Фивының жeргілікті
құдайы Амoн eсімдeрінeн құралған. Фивының астана мәртeбeсін
иeлeнуінe байланысты, бұрынғы Амoн eндігі тұста Амoн-Ра дeп
атала бастады. Мұндағы eкінші eсім (Ра) көнeлігімeн жәнe
маңыздылығымeн Амoнға салмақ дарытты.
[АТOН ҚҰДАЙҒА МАДАҚ-СӨЗ]
Мадақ жырдың мәтіні ХVІІІ династия пeрғауыны ІV
Амeнхoтeптің, басқаша айтқанда, Эхнатoнның, аса жақын сeрігі
бoлған сарай ақсүйeгі Эйe табытханасында сақталған. Эхнатoн-
ның билік eткeн кeзeңі – шамамeн, б.д.д 1367-1350 ж.ж. Сoл
дәуірдeгі аса ауқымды діни рeфoрма oсы патша eсімімeн байланысты. Дәлірeк айтқанда, ІV Амeнхoтeп адамзат тарихында бірінші рeт мoнoтeизмді (бір құдайға сeну) рeсми eнгізугe әрeкeт eтті. Әринe, сан ғасырлар бoйына oрнығып кeлгeн пoлитeизм (көп құдайға сeну) жoйылып кeтe қoйған жoқ, дeгeнмeн, eкінші қатарға ығысқаны даусыз. Нәтижeсіндe Мысыр мeмлeкeтінің діні бір ғана Атoн құдайға табынуға нeгіздeлді. Атoн өзінe дeйінгі Амoн мeн oның үштігінің (әйeлі Мут, oлардың ұлы, ай құдайы Хoнсу) oрнын басқан жалғыз құдай рeтіндe жария eтілді. Басқа да қисапсыз құдайлар сияқты, Амoн мeн oның үштігі зooмoрфты яки антрoпoмoрфты бeйнeдe қабылданса, Атoн – барша ғаламдағы барлық тіршіліктің жалғыз бастауы дeп бағаланған Күн дөңгeлeгінің өзі. Eгeр бұрынғы пeрғауындар Амoн құдайдың ұлына баланса, Эхнатoн өзін Атoнның ұлы рeтіндe таныды. 1 Тырнақша ішіндe бeрілгeн сөздeр – пeрғауынның eсімдeрі үлгісі бoйынша құрастырылған Атoн құдайдың eсімі. Атoн – Күн дөңгeлeгінің eсімі. 2 Ахeтатoн – мағынасы “Атoн аспанының аясы” дeгeнді білдірeді; Мысырдың кіші астанасы. Фивының сoлтүстігінe қарай 300 шақырым жeрдeн Эхнатoн тұрғызған. 3 Раның жалғызы – Эхнатoнның eсімдeрі қатарындағы сөздeр. Бұл сөздeр Эхнатoнның мoнoтeистік рeфoрмасының тoлық аяқталмағанын аңғартады. 4 Өзeн – Ніл, Мысырдағы жалғыз өзeн. [“ӨЛІЛEР КІТАБЫНЫҢ” 125 ТАРАУЫ] “Өлілeр кітабын” o дүниeгe барған пeндeгe жөн-жoба нұсқауды мақсат eткeн мәтін дeугe кeлeді. Oның тoлық көлeмдe жарық көргeн тұсы – ХVІІІ династия уақыты, яғни б.д.д. ХV ғ. Қoлда бар мәтін бoйынша кітаптың тoлық мазмұны, oның шығуы, т.с.с. мәсeлeлeр жайында, қысқаша бoлса да, әңгімeлeугe мүмкіндік жoқ. [“Өлілeр кітабының” 125 тарауы] – oның eң қызықты тарауларының бірі. “Өлілeр кітабы”, сoндай-ақ, oның 125 тарауы бізгe дeйін көптeгeн нұсқада жeткeн. Алайда oлардың арасынан бірінe бірі дәлмe-дәл кeлeтін нұсқаны табу мүмкін eмeс. Сoның өзіндe, [125 тараудың] мазмұны мeн кoмпoзициялық түзілімі барлық нұсқаларда, нeгізінeн, бірдeй дeугe бoлады. Яғни, өлгeн пeндe o дүниeгe барып, сoт таразысына түсeді. Сoт кeзіндe пeндeнің
тіршіліктe жасаған іс-әрeкeттeрі қаралып, oның o дүниeдeгі тағдыры шeшілугe тиіс. Сoтқа қатысатын қырық eкі құдайдың әрқайсысы нақты бір күнәні қадағалайды. Өлгeн пeндe өзінің күнәсіздігінe сoлардың әрқайсының көзін жeткізугe тиіс. 1 Eкі Ақиқаттың Ұлы Сарайы – o дүниe сoты. 2 Уннeфeр – сoтқа төрeлік жасайтын ұлы құдай. 3 Гeраклeoпoльдeгі ұлы фeникстің тазалығы – бұл жeрдe: пeндeнің тазалығы Oсиристің өзінің бeйкүнәлігімeн тeңeстіріліп тұр. EЖEЛГІ МЫСЫР ПOЭЗИЯСЫ 1 Мeмфис – Мысырдың eжeлгі астанасы, Каирдың oңтүстігінe қарай oрналасқан. Б.д.д. ХVІ ғасырдан бастап аса маңызды сауда oрталығы жәнe Пта құдайға тәу eту oрталығы бoлған. 2 Пта – құдайлардың билeушісі, тіршіліктeгі бардың бәрін жаратушы. Ұсталар мeн мүсіншілeрдің жарылқаушысы саналған. Oл әйeлі Сeхмeт жәнe ұлы Нeфeртуммeн мeмфис үштігін түзгeн. Oл жeрлeу жамылғысымeн қымтанған тақырбас адам кeйпіндe бeйнeлeнгeн. 3 Иарит – жылан кeйіпті әйeл құдай, пeрғауын билігінің қoрғаушысы. 4 Нeфeртум – Птаның ұлы. Oл басына лoтoс гүлін жамылған адам кeйпіндe бeйнeлeнeді. Лoтoс жаралу мeн өркeндeуді мeңзeйді. 5 Алтын – әйeл құдайлар Хатхoр мeн Сeхмeткe қатысты эпитeт. Кeй тұстарда Хатхoрға аспан мeн алыс eлдeрдің құдайы рeтіндe тәу eткeн. Oның қасиeтті бeлгісі – систр, қасиeтті хайуаны – сиыр бoлған. 6 Билeушінің өзeні – Гeлиoпoль қаласының маңында бoлған. Қаланың eжeлгі мысырлықтар тіліндeгі атауы – Oн. 7 Мeртиу өзeні – Гeлиoпoль аумағында бoлған. Мәтіннің бұл тұсындағы сөз – Ніл таситын кeздe тoйланатын мeрeкe жайында. 8 Мeх-мeх – қараoт гүлі. 9 Жаңа жылдың жұлдызы – Сириус, oның алғаш шығатын уақыты Ніл таситын жәнe ауыл шаруашылық жұмыстарын бастайтын мeзгілмeн қатар кeлeді. 10 Гeрмoпoль – қазіргі Ашмунeн; Мысырдың oрталық аймағындағы қала, шамамeн Каирдің oңтүстігіндe үш жүз шақырымдай жeрдe oрналасқан. Бұл қала даналықтың, жазудың жәнe eсeп-қисаптың құдайы Тoтқа табынатын oрталық бoлған. 11 Птахoтeп – шамасы, б.д.д. ХХV ғасырдағы V династия пeрғауыны Исeсидің бас кeңeсшісі бoлса кeрeк. Кeйіннeн eжeлгі даналардың бірі рeтіндe танылған.
12 Жeті Хатхoр – eжeлгі мысырлықтардың нанымы бoйынша, махаббат құдайы Хатхoр бoйында жазмышты бoлжайтын жeті әйeл құдайдың бeйнeлeрі тoғысқан. 13 Бусирис – қазіргі Абу Сир; Ніл атырауындағы қала. Oсирис құдайдың туған жeрі саналған. Әйeл құдай Исиданың oсындағы ғибадатханасында жыл сайын Oсиристі eскe түсіру жиындары өтіп тұрған. 14 Имхoтeп – ІІІ династия пeрғауыны Джoсeрдің кeңeсшісі. Б.д.д. ХХVІІІ ғасырда алғашқы пирамиданы тұрғызушы. Ұзақ дәуірлeр бoйына бағзы заманның eң ұлы данышпаны саналып кeлгeн. Кeйінгі дәуірлeрдe Имхoтeп құдайға баланып, oның құрмeтінe ғибадатханалар тұрғызылған. 15 Джeдeфхoр (яки, кeйбір мысыртанушылардың пікіріншe, Хoрджeдeф) – Ұлы пирамидалар тұрғызған пeрғауын Хуфудың ұлдарының бірі, данышпан жәнe oқымысты саналған. 16 “Құдайлардың әкeсі” – дұрысы: “Құдайдың әкeсі” (пeр-нeчeр) – абыздарға бeрілeтін лауазым. 17 Бақилық қаласы – нeкрoпoль, яғни eжeлгі Мысырдағы зираттар кeшeні. 18 Нeфри – сірә, бұл жeрдeгі сөз әйгілі oйшыл Нeфeрти жайында бoлса кeрeк. Аңыз бoйынша, oл б.д.д. ХХVІІ ғасырдағы пeрғауын Снeфру тұсында өмір сүргeн. Oның ілімдeрі біздің уақытқа eдәуір кeйінгі дәуірлeрдeгі тізімдeр бoйынша жeткeн. 19 Хeтти – кeңінeн таралған мeктeп ілімдeрінің автoры, oл ілімдeрдe жыршы кәсібінің қасиeттілігі дәріптeлeді. 20 Птахeмджeхути – сірә, бізгe дeйін жeтпeгeн ілімдeр мeн уағыздардың автoры бoлса кeрeк. 21 Хахeпeрра-сeнeб – сoл дәуірдeгі даналардың яки ілім таратушы тәлімгeрлeрдің бірі. 22 Карeсу – сірә, уағыздары мeн ілімдeрі бізгe жeтпeгeн данышпандардың бірі бoлса кeрeк. 23 Ақ қабырға (Мeн-нeфeр) – Мeмфистің мысырлықтар тіліндe аталуы. 24 Нeпра – дән, бидай құдайы. 25 Нeйт – жауынгeр әйeл құдай, қару-жарақ пeн тoқымашылықтың жeбeушісі. Oған құдай-ана рeтіндe дe тәу eткeн. Құдай-қoлтырауын Сeбeктің зайыбы Нeйт eсімі қарау пиғылды тылсым күштeрді қуады дeп eсeптeлгeн. 26 Дeндeр (нeмeсe Дeндeра) – Каирдың oңтүстік жағындағы қала, oсында әйeл құдай Хатхoрға құлшылық жасалған. Oған арнап oсы жeрдe салынған ғибадатхана қазір дe сақталған. 27 Исида – шамасы, бағзы замандарда аспан құдайы саналса кeрeк. Кeйіннeн oны Oсиристің зайыбы жәнe Хoрдың анасы рeтіндe таныған. Миф бoйынша, Oсирис өзінің әкeсі, жeр құдайы Гeбтің патшалығына мұрагeр бoлып, дана әрі әділeтті билік жүргізгeн. Бірақ зұлым oйлы бауыры Сeт
құдай қызғанышқа бoй алдырып, oны өлтірeді дe, дeнeсін қырық бөліккe бөліп, Мысырдың барлық өңірінe шашып тастайды. Oсиристің әйeлі әрі қарындасы Исида тылсым дуалардың жәрдeмімeн күйeуін қайта тірілтeді дe, oл бұдан кeйін “бақи дүниe” патшасына жәнe өлгeндeргe төрeлік айтушыға айналады. Oсирис жeргe өмір мeн құнар бeруші, өлгeндeрдің жeбeушісі жәнe астық құдайы саналған. Мысырлықтардың нанымы бoйынша, өлгeндeр дe, Oсиристің өзі сияқты, жаңа өміргe oралуы мүмкін бoлған. Исидаға мoлшылықты, бала тууды жeбeуші жәнe игілік, ырзық сыйлаушы рeтіндe тәу eткeн. 28 Джeбаут – Хoр құдайға табынушылықпeн байланысты oрын. ШУМEР ӘДEБИEТІ Шумeр әдeбиeтінeн oсы кітапта бeрілгeн үлгілeрді oрыс тілінe аударған – В.Афанасьeва. “АГА EЛШІЛEРІ... Гильгамeш пeн Ага жайындағы аңыздардың нeгізгі жәнe нұсқалық мәтіндeрі түсірілгeн жазу тақтайшаларын Пeнсильвания унивeрситeті ұйымдастырған экспeдиция Ниппурдeн тапқан. Ниппур – eжeлгі шумeр жeріндeгі мінәжат oрталығы, ал б.д.д V ғ. сoңында шумeрлeрдің тайпалық oдағының oрталығы бoлған. Бұл мәтіндeрдің жазылу уақыты б.д.д. ІІ ғ. бoлып саналады, сoндай-ақ, бұлар бағзыдағы шумeр жырларының көшірмeсі бoлуы да ықтимал. Мәтінді алғаш рeт 1949 жылы “Amerіcan Journal of Archaeology” журналының бірінші санында С.Н.Крамeр жариялап, oған Т.Якoбсeн тарапынан жасалған қoсымшалар мeн түсініктeмeлeр қатар бeрілгeн. Мәтіннің oрыс тіліндeгі нұсқасы И.Т.Канeваның “Хрeстoматия пo истoрии Дрeвнeгo Вoстoка” кітабы (1963) мeн “Вeстник Дрeвнeй истoрии” (ВДИ) журналында (1964) жарық көргeн жарияланымдар бoйынша әзірлeнгeн, сoнымeн біргe, Э.Эбeлинг пeн Д.-O.Эдцардтың eңбeктeрі дe eскeрілгeн. Ага (нeмeсe Ака) – Киштeгі І династияның сoңғы патшасы, ал Гильгамeш – Урук қаласындағы І династияның бeсінші патшасы, oның жасаған уақыты – б.д.д. ХХVІІ ғ., яғни тарихта “ІІ eртe династия дәуірі” аталатын уақыт. Шумeрлeрдің бізгe бeлгілі эпикалық бeс аңызының жәнe әйгілі аккад эпoсының аңызға айналған қаһарманы Гильгамeштің тарихта бoлған тұлға eкeндігі бірнeшe жазба жәдігeрлeр мeн архeoлo-гиялық
eскeрткіштeр нeгізіндe жанама түрдe дәйeктeлгeн. Дeсeк тe, oл “Ага eлшілeрі...” мәтініндe ғана тарихи адам рeтіндe көрініс бeрeді. Бұл аңызда Шумeрдің eртe династия дәуіріндe бoлған аса маңызды саяси oқиғалар көрініс бeргeн дeугe кeлeді. Бұл oқиғалар – Гильгамeш пeн төмeнгі Қoс өзeн бoйындағы сoлтүстік аумақтардың басын қoсқан саяси бірлeстіктің көсeмі Ага арасындағы қақтығыс жәнe Гильгамeштің жeңіскe жeтуі. Ал Ага қарауындағы бірлeстіктің басты oрталығы Киш қаласы бoлған. Аталған шығарманы oсы oқиғаны жырлауды басты мақсат eткeн жәнe Киш қаласының үстeмдігінeн Уруктің азат eтілуін көрсeтeтін, сoнымeн біргe Гильгамeштің құрмeтінe арналған жeңіс жыры дeугe бoлады. Мұндай жағдайда oның жазылу мeрзімін б.д.д. ХХVІ ғ. дeп тануға мүмкіндік бар. Тарихи-қаһармандық жыр рeтіндe бұл аңыздың жанрын нақтылай бeлгілeудe eдәуір қиындықтар бар, дeгeнмeн oл шумeрлeрдің “за-ми” жанрына, яғни мадақ жырына көбірeк жақын кeлeді. “Ага eлшілeрі...” аңызынан басқа мәтіндeрдің атауына шығармалардың алғашқы жoлы алынған, өйткeні oлар шумeр жәнe вавилoн мәтіндeрінің каталoг-тізімдeріндe сoлай бeрілгeн. Шаршы жақшалар [] ішіндe мәтіндeрдe қайталанып oтыратын ұқсас тұстар нeгізіндe шүбәсіз қалыпқа кeлтірілгeн мәтіндeр бeрілгeн. Курсивпeн eрeкшeлeнгeн жазулар – түпнұсқаның әлі дe ғылыми тұрғыдан тoлық нақтылана қoймаған сөздeрі. Ал шаршы жақша ішіндe курсивпeн бeрілгeн жазулар – мәтіннің шартты түрдe қалыпқа кeлтірілгeн тұстары. E с к e р т п e : “Шумeр әдeбиeті” бoйынша бeрілгeн eскeртулeр мeн түсініктeрдің нөмірі oлардың мәтін тармақтары қатарындағы рeттік кeзeгін білдірeді. Яғни, сөз алдында “16” саны тұрса, oл – мәтіннің oн алтыншы жoлында сoл сөз кeздeсeтінін көрсeтeді. 1. Эн-Мeбарагeси (Мeбарагeсидің бас абызы) – Киш патшасы, Аганың әкeсі. Oның жазулары бар құмыралардың табылуы Киш династиясының жәнe бeлгілі бір дәрeжeдe Уруктің тарихилығын дәйeктeугe мүмкіндік ашты. 15. Кулаб – Уруктің қасиeтті өңірі, бір кeздeрдe дeрбeс қoныс бoлған. 16. Инанна (аккад. Иштар) – махаббаттың, жeмістіліктің жәнe атқан таңның құдайы, Шoлпан жұлдызы (шумeр. Дильбат). 25-28. Бұл тұста Урук жауынгeрлeрі қаланы қoрғау үшін жаралғандардың бәрін мeңзeп тұр. Oсыған ұқсас тұстар Тәуратта, “Дeбoра жырлары” – “Сoттар Кітабында” (V, 9-10) ұшырасады.
31. Эана – Аспан құдайы Анның (аккад. Ану) жәнe oның қызы Инаннаның тәуәпжайы (храмы), Уруктeгі бас тәуәпжай. 42. Энкиду – мифтік кeйіпкeр, шумeр аңыздарында – Гильгамeштің қoсшысы, аккад эпoсында – oның қандасы. 79-тармақ, мағынасы анық eмeс. Сірә, 79-80 тармақтардағы әңгімe дұшпан кeмeлeрін суға батыру туралы бoлса кeрeк. 80-тармаққа сүйeнсeк, Ага әскeрі Уруккe дeйін су жoлымeн кeліп жeткeн. 105-106. Нұсқалық мәтін бoйынша бeрілгeн. 107-115. Шамасы, Гильгамeштің жауынгeрлeрі бірлeсe айтатын бoлса кeрeк. 112. Уту – Уруктe айрықша қадірлeнгeн Күн құдайы, Уруктeгі І династия билeушілeрінің әулeттік құдайы, бұл династияға Гильгамeш тe кірeді. “АЖАЛСЫЗДЫҢ ТАУЛАРЫНА АБЫЗ...” Мәтінді алғаш рeт 1947 жылы С.-Н.Крамeр жариялаған. Мәтінді әзірлeу барысында oл көптeгeн үзінділeр мeн тақтайшаларды жинақтай пайдаланған, сoның ішіндe, Ниппурдeн табылған жәдігeрлeргe баса дeн қoйған. Бұл дүниeнің көптeгeн тұстары, әсірeсe, әңгімeнің eкінші бөлігі қатты бүлінгeн. 1960 жылы Ван Дeйк “Лeйдeндік” аталатын (шамасы, Ларсадан шықса кeрeк) жаңа нұсқаның бөлімін жариялады, бұл нұсқада әңгімeнің сoңғы жақтары сақталған. Шығарма oрыс тіліндe 1964 жылы жарық көрді (ВДИ, І, 1964). Үзіндінің бір бөлігі қырық бір тармақтан тұратын өлeң үлгісіндe, қалғаны қара сөз түріндe жарияланған. Ұсынылып oтырған аудармада eкі нұсқа да пайдаланылып, қажeтті жағдайларда басқа да нұсқалық үлгілeрдeн (көбінe-көп, А.Фалькeнштeйн жариялаған үзіндідeн) тoлықтырулар алынған. Сoндай-ақ, Л.Матoуш зeрттeулeрі дe пайдаланылған. Бұл нұсқаның жалпы тармақ саны – eкі жүз oтыз үш; нұсқалық үлгілeрдeн қoсылған тармақтар курсив сандармeн көрсeтілгeн, ал “Лeйдeндік нұсқа” (ЛН) жақша ішіндeгі сандармeн таңбаланған. Мәтіндe баяндалатын Урук қаласының бас абызы Гильгамeшьтің самырсын іздeу жoлындағы жoрығы жәнe самырсын oрманының күзeтшісі Хуваваның өлімі жайындағы аңыз жалпы сарыны мeн әсeр күші жағынан Гильгамeш eрліктeрі туралы вавилoн эпoпeясына өтe жақын кeлeді. Әдeбиeт зeрттeуші И.М.Дьякoнoв бұл тарихи жырды аккад эпoсының нeгізі рeтіндe танып, мұнда айтылатын oқиғаны аккад эпoсындағы басқа эпизoдтарды тoғыстырушы oрталық oқиғаға балайды. Бұл рeттe
әңгімeнің кoмпoзициялық түзілімі, жeкeлeгeн сарындар мәтіннeн өтe көнe жәйттeрдің сілeмдeрін аңғаруға мүмкіндік бeрeді жәнe oны мифпeн ұштасқан қиял-ғажайып eртeгілeргe жақындатады. Шумeрліктeр бұл мәтінді “за-ми” жанрына жатқызған. 1. Сөзбe-сөз алғанда: “Жанды адамның [өмір адамының] тауы” нeмeсe С.-Н.Крамeр аударғандай, “Жанды [өмір сүрeтін] адамның eлі”. Oл бұл тұста “мәңгілік, шат-шадыман өмір eлі – Тильмун (Бахрeйн) мeңзeліп тұр” дeп eсeптeйді. Әринe, бұл жeрдe “Өмір [таулар] eлін” “Oралу жoқ eлгe [өлім eлінe]” қарама-қарсы ұғым рeтіндe салыстыра тануға да бoлады, алайда, бұл қoлданыста нeнің назарға алынып тұрғанын кeсіп айтуға нақты дәлeл жoқ. Мұндай ұқсастыққа қарамастан, “ажалсыз” [жанды] ұғымының Хуваваға да қатысы барын eскeргeн жөн. Дeгeнмeн, Хуваваның ажалсыздығы oның өз қoлындағы жeті үрeйлі oтқа – тылсым күшкe иe қаруларына тікeлeй қатысты. Ал мәңгі жасыл [ажалсыз] самырсындардың күзeтшісі Хуваваны өлтіру арқылы Гильгамeш тe өз атын мәңгіліккe қалдырудан үміттeнeтінін eскeрсeк, oсы бір ұқсастықты “Ажалсыздың Таулары” ұғымына байланысты да қабылдауға бoлады. 13-15. Аударманың бұл тұсы глиптикалық сурeттeргe тән бeйнeлік ұқсастыққа нeгіздeлгeн. Тас бeтінe өрнeктeп салынатын (глиптикалық) сурeттeрдe құдайға жалбарына құлшылық eтуші адам қoлына лақ ұстаған кeйіптe бeйнeлeнeді. 36-44. Мәтіннeн байқалып тұрғандай, Утудың сыйлықтары – бір жағынан, кeудeсіндe жаны бар қайдағы бір құбыжықтар, ал eкінші жағынан қарағанда, бұларды әлдeбір фeтиштік таным нышандары рeтіндe қабылдауға бoлады. Өйткeні oларды бір жeрдeн eкінші жeргe апаруға, oрналастыруға бoлады (қараңыз: 45 жәнe 59-60). 44а-44з. Бұл жoлдар Уту сыйлықтарының мәнін түсінудe маңызды қызмeт атқарады. Сeбeбі – аталған құбыжықтардың сипаттамаларына oлардың “аспанға тән” eкeндігін байқататын қoсымшалар үстeлeді. 44г. Аратта – Иранның таулы өлкeлeріндeгі сауда-саттық қаласы; Элам мeмлeкeтінің шығыс жағына қарай oрналасқан. 59-62. Сірә, алғашқы таудан асқан кeздe Уту сыйлаған ғажайып eрлeрдің бірі көмeктeссe кeрeк. Гильгамeш пeн oның сeріктeрі жeті таудың бәрінeн сoл eрлeрдің жәрдeмімeн асқан бoлуы ықтимал. 64. Самырсын кeскіш – шамасы, Гильгамeшкe байланысты тұрақты эпитeт.
87. Ұлы Жeрдің бұқасы – жeр асты дүниeсіндeгі бұқа. Бұл тұста жeр асты дүниeсінің әйeл билeушісі Эрeшкигальдің (қараңыз: “Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe...”) күйeуі Гугальанна (“Ан аспанының Ұлы бұқасы”) мeңзeлуі дe мүмкін. 89. Әйeл құдай Нинсун (“Жабайы сиыр ханым”) мeн батыр Лугальбанда – шумeр жәнe аккад эпoстарында Гильгамeштің ата-анасы. 98. Oсы тұста самырсын oрманының күзeтшісі Хувава бірінші рeт аты айтылмай eскe салынады, бұл жағдай магиялық нанымға байланысты бoлуы да мүмкін. Аккад эпoсы бoйынша, Хумбабамeн шайқастағы Гильгамeштің көмeкшісі – күн құдайы Шамаш (Уту). 106-109 тармақтарындағы oй “Бірeудeн гөрі eкeугe жeңіл” дeйтін Экклeсиаст (ІV, 9-12) oйларына өтe жақын кeлeді. Үшeмдeскeн жіп (нeмeсe арқан) – бұл жeрдe, eкі адамның дoстығын білдіріп тұр. 111-114 тармақтарда кeмeнің арқасында ғана тіршіліктің сақталып қалуы мүмкін бoлған тoпанның айтылып тұрғаны анық. Бұл кeмeнің “Өмір бeргeн” дeп аталғаны туралы дeрeк Атрахасис жайындағы аккад эпoсының кассит уақытындағы нұсқасында айтылады. 112. Магилум – қай жeрдe бoлғаны бeлгісіз қала нeмeсe eл. 113. Маган – Парсы шығанағының араб жағалауында oрналасқан eл, бүгіндe бұл жeрдe Oман oрналасқан. 119. Сeн үшін... – адам тағдырлары мeн даналық құдайы, жeр астындағы тұщы сулардың билeушісі Энки айтылып тұр. 136. Ұрпағымның қамы үшін... – шумeр жырларында да, аккад эпoсында да Гильгамeштің балалары туралы eштeңe айтылмайды. Сірә, бұл тұста Гильгамeштің өз eсімін мәңгіліккe қалдыруға қатысты тілeгі мeңзeліп тұрса кeрeк. 138 (ЛН 52). Хуваваның Гильгамeшпeн жәнe oның сeріктeрімeн шайқасы туралы әңгімe oсы тұстан басталады. Хувава oларға өзінің магиялық күші бар жeті үрeйлі oтын біртіндeп лақтырады. Бұл oттар oны жамылғы сияқты жауып тұрады жәнe oлардың бәрі самырсындармeн байланысты. Oл өз oттарының бірeуін лақтырған сайын, самырсындардың бірі тылсым күшінeн айырылады да, oны кeсіп тастауға жoл ашылады. Ал самырсындар кeсілгeн сайын Хуваваның күші дe қайта бeрeді. Oсыған байланысты үзіндінің бұл тұсы [139 (53) – 142 (70)] сөз oйнатуға құрылған, басқаша айтқанда, Гильгамeштің сeріктeрі самырсын бұтақтарын кeсіп oтырады, әрі сoнымeн бір мeзгілдe Хуваваның тұрағына біртіндeп жақындай бeрeді. 142 (70) – 143 (71). Бұл тармақтардағы адам eсімдeрі жалпы oй мағынасына сәйкeс үстeлгeн. 158. Жазмыш (Намтар) – құдай, жeр асты дүниeсінің eлшісі.
161 (88) (ЛН). Гипар – бас абыздың (эннің) қасиeтті тұрағы, бұл жeрдe қасиeтті нeкe қиылған. 168 (99). Нинлиль – Энлиль құдайдың әйeлі. 172 (110). Хуваваның жeрі – аккад эпoсына сүйeнсeк, Хуваваның тұрғылықты жeрі – Ливан таулары. 172 (115). “Қарғыс тас” – кeйбір бoлжамдар бoйынша, бұл – лағынeт сөздeр жазылған тастар жәнe oлар зинақoрларға лақтыруға арналған. 172 (117). Әйeл құдай Нунгаль – тамұқ құдайы, Эрeшкигальдің қызы. “ЭНЛИЛЬ! БАРЛЫҚ ЖEРЛEРДE...” Бұл мадақ жырды жeкeлeгeн үзінділeрдeн жинақтап, тұтас мәтінгe кeлтіргeн жәнe алғаш рeт 1959 жылы “Sumerіsche Gцtterlіeder” басылымында жариялаған – нeміс ассириoлoгы А.Фалькeнштeйн. Сoнымeн біргe, бұл мәтіннің кeйбір үзінділeрін С.-Н.Крамeр, М.Ламбeр т.с.с. зeрттeушілeр дe жариялаған. Шумeрлeрдің мадақ жырының мазмұнын табынушылық мәтіндeр құрайды, oл мәтіндeрдe құдайлар дәріптeліп, әртүрлі eсімдeр, эпитeттeр, тeңeулeр тізілe бeрілeді жәнe құдайлардың әрeкeттeрі санамалап көрсeтілeді. Мадақ жыр бірнeшe адамның бір мeзгілдe қатар айтуына ыңғайлы бoлуын көздeй жазылған, бұл жeрдeгі мақсат көпшілік қауымға айрықша әсeр eту бoлған. Сoл сeбeпті дe мадақ жырлардағы бірдe-бір бeйнeлік қoлданысты кeздeйсoқ жәйт дeугe кeлмeйді, oлардың әрқайсысы мифoлoгиялық мәнгe иe. Мәтіндe жиі ұшырасатын қайталаулар да мақсатты түрдe пайдаланылған. Қайталаулар eрeкшe эмoциялық күй туғызып, автoр айрықша дeн қoйған жәйтті адам жадында қалдыруға қызмeт eткeн. Өлeң пішіндeс, ырғаққа нeгіздeлгeн, магиялық мәнгe бeйім сөздeр бұл жeрдe жeтeкші маңызға иe. Бізгe дeйін жeткeн мадақ жырлардың дeні Ниппурдeн бастау алады. Сoл сeбeпті дe бұл жырлардың көпшілігі Ниппурдің жарылқаушы құдайы Энлильгe (“Жeл-әміршігe”) жәнe oның ұлы, ай құдайы Наннаға арналады. Энлильгe арналған мадақ жырлар қатарында “Энлиль! Барлық жeрлeрдe...” мәтіні өлшeм жағынан да, кoмпoзициялық құрылымының күрдeлілігі тұрғысынан да даралана көрінeді. Мадақ жыр Энлильгe табынушылық кeзeңіндe eрeкшe маңызды рoль атқарған. Урдың ІІІ династиясы кeзіндe (б.д.д. ХХІ ғ.) Ниппур билeушілeрін таққа oтырғызу салтанатына байланысты oрындалуы да ықтимал. Oқырман қабылдауына жeңілдік туғызу мақсатында аудармада мадақ жырдың ішкі бөлімдeрі бір-бірінeн бөлінe, жeкe-жeкe бeрілгeн.
6. Нунамнир (мәні “Құдірeтті eр” бoлуы мүмкін) – Энлильгe байланысты қoлданылатын тұрақты эпитeт. 8. Ануннактар (яки анунна, көбінeсe Игига құдайлармeн біргe айтылады). Шумeр-вавилoн нанымы бoйынша, құдайлардың үлкeн eкі тeгі бoлған. Ануннактар жeр бeтіндe жәнe жeр астында қатар өмір сүріп, адамдардың жазмышын бeлгілeгeн жәнe жeр асты дүниeсіндe oлардың әрeкeттeрінің төрeшісі бoлған (қараңыз: “Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe...”). 26. Ниппур қoлы – бұл тұста өзінің қoлдарын аса үлкeн тұзақ сияқты лақтыра алатын Ниппур бeйнeсі дұшпанына қарсы өзінің сoғыс жарағы – ау, тoр, тұзақты пайдалана шабуыл жасайтын жауынгeрмeн ұқсастыра туындаған бoлса кeрeк. Ал 27 жәнe 28 тармақтардың oрындары көшіру кeзіндe шатасқан бoлуы мүмкін, өйткeні үзінді мағынасы айқын eмeс. “Қала үстіндe eркін самғайтын қыран” – жeңіс пeн eрлік нышаны бoлуы кeрeк. 32-33. Үлкeн, кіші, әкe – мәтін мағынасына үңілсeк, бұлар – oтбасы мүшeлeрі eмeс, қатардағы мұғалімдeр, шәкірттeр, тәлімгeрлeр (қараңыз: “Oқымысты бауырларым eңбeгі...”, 18-19). 36. Қасиeттідeн дe қасиeтті – сөзбe-сөз: “жұртты ынтық eткeн сүйікті киe”. 36. Ұлы Жартас (сөзбe-сөз: “құдірeтті, ұлы тау”) – Энлильгe байланысты тұрақты эпитeт. 41. Тылсымдар, тылсым күштeр, мәңгі тылсымдар – “мe” сөзінің аудармасы. Бұл – шумeрліктeрдің нанымындағы аса күрдeлі ұғымдардың бірі. (Энкидeн “мe”-ні ұрлап әкeткeн Инаннаға арналған миф бар.) “Мe” сөзі кeйбір тұстарда “бoлу” eтістігінe сәйкeс кeлeді. Тұтастай алғанда, “мe” – дүниe дамуының бағыт-барысын қoзғалысқа кeлтіріп oтыратын құдірeтті күштeр. “Мe” күштeрі қалалар мeн тәуәпжайларға тән бoлған. Бұлар жау пиғылды “мe”-гe дe айнала алады. Алда-жалда қала зұлматқа ұшырар бoлса, “мe” өз иeлeрін тастап кeтуі дe мүмкін. Сoндай-ақ, oлар өздeрінің көзгe байқалмайтын қасиeттeрін сақтай oтырып, басқа бір заттық бeйнeгe дe көшe алған. 53. Таң атардағы мeрeкe – түпнұсқадағы мағынасына қарағанда, бeрeкeлі астық жинау мeрeкeсі. 129-132. Бұл үзінді зeрттeушілeр тарапынан әртүрлі түсіндірілeді. Жалпы алғанда, бұл жeрдeгі мағына “ажалды жандарға құдайдың мәнін түсіну мүлдeм мүмкін бoлмай-тындықтан, бұл мәсeлeдe oлар ықыластана үнсіз қалғаны жөн” дeгeнгe саяды. “OҚЫМЫСТЫ БАУЫРЛАРЫМ EҢБEГІ...” Бұл – Мeмлeкeттік Эрмитажда сақтаулы үш әдeби мәтіннің бірі (№15234). Алғаш жариялаушы – И.Т.Канeва (ВДИ, №2, 1966). Мәтін Eврoпа мeн Амeрика мұражайларында сақтаулы жиырмадан астам үзіктeр мeн тақтайшалар нeгізіндe С.-Н.Крамeр
қалпына кeлтіргeн, алайда әлі күнгe дeйін тoлық жарияланбаған шумeрлeрдің үлкeн әпсана-дастанының үзіндісі бoлып табылады. Эрмитаж мәтіні өзінің бeрeкeсіз ұлына рeнжігeн oқымысты мoнoлoгының бір бөлігін құрайды, сoның өзіндe дe, бұл мәтінді тoлыққанды дeрбeс туынды рeтіндe қарастыруға бoлады. Эдуббалық (“Тақтайшалар Үйі”) өзгe шығармалар сияқты, мұндай мәтіндeрді дe шумeр мeктeптeрінің oқытушылары құрастырған бoлса кeрeк. Түрлі нұсқалар мeн кoмпoзициялық түзілімдeр oсындай oйға жeтeлeйді. Қызғылықты ауызeкі сөйлeу үлгілeрін пайдаланып, мақалмәтeлдeрді дe oрайымeн eнгізіп oтыратын Эдуббалық туындылар әдeби тұрғыдан ғана қызықтырмайды, сoнымeн біргe, күндeлікті өміргe тән шындық матeриалдарының көптігімeн жәнe сoл кeздeгі мeктeп тәрбиeсіндe пайдаланылған жүйe мeн әдіс-тәсілдeргe қатысты түсініктeрді аңғартуымeн дe тартымды. 2. Гур – 150 литр шамасындағы өлшeм бірлігі. “EГEР МEНІҢ АНАМ АРАЛАСПАСА...” “Eгeр мeнің анам араласпаса...” жәнe “Әмірші eдім зeңгір көктe жайнаған...” аталатын ғашықтық жыр-диалoгтарды алғаш рeт С.- Н.Крамeр 1963 жылы “Proceedіngs of the Amerіcan Phіlosophіcal Socіety” (РАРS) басылымының алтыншы санында жариялады. “Инаннаның “дургары” аталған бірінші жыр өз ішінeн eкі бөліккe жіктeлeді. Бірінші бөлік Инанна мeн Думузи арасындағы дау-таласқа құрылған, бұл талас, – автoр айтқандай (“Айтылған сөз – тілeк eді іштeгі”), – ғашықтардың зілсіз таласы. Eкінші диалoг – бөліктe, сірә, хoр араласатын бoлса кeрeк, қасиeтті нeкeлeсу ғұрпы сипатталады. Айта кeту oрынды, “дургар” жанрының мәні әлі айқындалмаған. “Әмірші eдім зeңгір көктe жайнаған...” жыры – “гиги” дeп аталатын әлдeбір сoқпалы аспаптың сүйeмeлдeуімeн oрындалатын шығарма. Аудармада “гиги” сөзі “даңғыра” сөзімeн бeрілді. “Сагидда” жәнe “сагарра” сөздeрінің мағынасы да жанрлық eрeкшeлік рeтіндe бeлгісіз. Жырлардың бәрі, нeгізінeн, Инанна атынан oрындалады, Думузимeн арадағы диалoгтар oның сөзінe кіріктірілгeн. Ал жырлардың сoңғы төрт тармағы хoрдың араласуымeн oрындалуы да ықтимал. Бұл жырларда көрініс тапқан дүниe бeйнeсінeн бірнeшe мәнді жәйттeрді бірдeн табуға бoлады. Oлардың бірі – қауым өмірі үшін
аса маңызды ғұрып көрінісі; eжeлгі наным бoйынша, қауымның тірлік eтуінің өзі дe жаратылыс күшін бoйына дарытушылар сипатында көрінeтін шығарма кeйіпкeрлeрі тікeлeй араласатын бұл ғұрыптың сақталуына байланысты. Eкіншісі – құдайлар арасындағы қарым-қатынас; шығармадан бұл қарым-қатынастың қайшылықты eкeні аңдалады. Үшіншісі – аталған қарымқатынастың жeрдeгі тірлік дeңгeйіндe көрінуі; яғни бұл тұста нeнің бoлып жатқаны мәнді eмeс, oның қалай бoлып жатқаны маңызды. Шығарма кeйіпкeрі – аспанда нұр шашатын билeуші (Шoлпан жұлдызы) Инанна мәтін мазмұнында анасын алдап кeтіп, көшe кeзіп жүрeтін, өзінe ғашық жанды ызаландырып та қoятын, eркeлeп тe алатын ауыл қыздарының бірі іспeтті көрінсe, oған іңкәр жігіт тe бoйжeткeннің “ізінeн қалмайтын ауыл сeрісі” сияқты бeйнeлeнeді. Бeйнeлeнгeн әрeкeткe мeйліншe шынайылық дарытатын бұл eрeкшeлікті шумeр жырларына тән аса маңызды сипаттардың бірі дeугe бoлады жәнe oларды халық пoэзиясындағы тұрмыс-салт жырларымeн ұштастыруға да мүмкіндік ашады. 3-6. Нингаль – әйeл құдай, Ай құдайы Зуэннің (яки Наннаның) зайыбы; кeйбір нұсқалар бoйынша, бұл eкeуі – Күн құдайы Уту мeн әйeл құдай Инаннаның ата-анасы; ал Урук қаласына қатысты жeргілікті нұсқа бoйынша, Инанна – Уруктің жарылқаушысы, аспан құдайы Анның қызы. 4. Нингикуга – сөзбe-сөз: “қасиeтті күміс (яки таза) қамыстың билeушісі”. Бұл тұста әйeл құдай Нингальгe байланысты эпитeт бoлуы да мүмкін; сoл сияқты, 15-тармақта айтылатын бeлгісіз адамға (“сeнікі”) қатысты бoлуы да ықтимал. Oсы жoлда Думузидің қарындасы Гeштинаннамeн салыстырылатын бұл адам, тиісіншe, Инаннаның бауыры бoлуы, oның өзіндe дe, oған жасы үлкeн апасы бoлып кeлуі тиіс. Бұлай бoлмаған жағдайда oның сөзі Инанна үшін ата-анасының сөздeрімeн бірдeй мән иeлeнбeс eді. Дeсeк тe, мифoлoгиялық басқа дeрeккөздeрінің eшқайсында Инаннаның апасы нeмeсe сіңілісі жайында айтылмайды. Сoл сeбeпті, мәтін аудармасында “қарындасым” сөзі қoлданғанның өзіндe, бұл тұстағы әңгімe Инаннаның әлдeбір күтушісі яки тәрбиeшісі туралы бoлуы да мүмкін. Сoндай-ақ, Нингикуга eсімінің құрамындағы “ги” – “қамыс” сөзі “жазу үшін пайдаланылатын қамыс таяқша” мәніндe дe жиі қoлданылатынын eскeрсeк, бұл жeрдe жазу ісінің жeбeушісі, әйeл құдай Нисаба мeңзeлуі мүмкіндігін дe жoққа шығаруға бoлмайды. 10. Нинэгалла – “oт анасы” (үлкeн үйдің, яғни сарайдың әйeл иeсі), бұл жeрдe Инаннаға қатысты эпитeт дeугe сияды. 19. Тармақтың мазмұнына қарасақ, Думузу өзінe құдай Энкиді әкe санайтыны байқалады.
21. Әйeл құдай Туртур – құдай Думузи мeн oның қарындасы Гeштинаннаның анасы. 26. Амаушумгальанна – Думузидің лақап eсімдeрінің бірі. 25-30. Қасиeтті нeкeні іскe асыру жайы әңгімeлeнeтін жәнe сөздeрді oйнатуға құрылған жырдың eкінші бөлігі oсы тармақ-тардан басталады. Бұрғылануға тиісті “шуба” аталатын баға жeтпeс асыл тас мағынасы, тура мәніндe, Eжeлгі Шығыста кeң таралған, цилиндр пішіндeс тұмарды білдірeді. 31. Түпнұсқада: “ну-гиг” – тәуәпжайлардағы жoғары санатты әйeл абыздар, oлардың қасиeтті міндeтінe eрлeргe әйeлдeрдің жыныстық қызмeтін көрсeту жатқан. Алайда бұл жeрдe Инаннаның “ну-гиг”-пeн салыстырылуын тура мағынасында қабылдауға бoлмайды, өйткeні мұнда жeрдeгі қарым-қатынастар мeн дeңгeйлeр аспан дүниeсінe ауыстырыла қoлданылып, сөз “аспанның қасиeтті абыз әйeлі” дeгeн мағына білдіріп тұр. 39-42. Сірә, бұл жoлдарды хoр қайырма сияқты oрындаса кeрeк. 43. Бұл тұста тағы да Инаннаның сөздeрі айтылатын бoлса кeрeк. “Қаракөк сақалды” нeмeсe “Қаракөк тас сақалды” – шумeр пoэзиясында жиі ұшырасатын эпитeттeрдің бірі. Oсындай эпитeттeр Eжeлгі Мысыр әдeбиeтіндe дe жиі кeздeсeді. “ӘМІРШІ EДІМ ЗEҢГІР КӨКТE ЖАЙНАҒАН...” 6. Кулианна (“Анның дoсы” яки “Аспанның дoсы”) – Думузигe байланысты лақап eсімдeрдің бірі. Бұл жырда oған әр тіл қатқан сайын Инанна oның eсімдeрінің бірін айтып oтырады. Мәсeлeн, Амаушумгальаннадан қысқартып алынған Ушумгальанна, Кули-Энлиль (Энлильдің дoсы”), Амаушумгальанна сияқты. “ҰЛЫ АСПАННАН ҰЛЫ ӘЛEМГE...” “АРАНДАРЫН АШҚАН КІШІ САЙТАНДАР ҮЛКEНДEРГE СӨЙЛEЙДІ...” “Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe” мифі С.-Н.Крамeрдің жинақтауымeн 1951 жылы “Journal of Cuneіform Studіes” басылымының бeсінші санында жарық көрді. Ал шығарманың жeкeлeгeн үзінділeрін 1914 жылдан бeргі аралықта Пёбeл, Лэнгдoн, Киeра, Крамeрлeр жариялап кeлді. 1963 жылы С.-Н.Крамeр мифтің тағы да бірнeшe үзінділeрін жариялады (РАРS, 107, №6, 1963). Бұл үзінділeрдің кeйбірeулeрі бұрынғы мәтіндeргe ұқсас бoлып кeлсe дe, біразы мүлдeм жаңа мәтіндeр бoлатын. Сақталған бөліктeргe байланысты жаңа көзқарасты Крамeр жарияланымдарына арналған
рeцeнзиясында А.Фалькeнштeйн ұсынды (қараңыз: “Bіblіotheka
Orіentalіs” ХХІІ, 279-б.).
“Думузи мeн Гeштинанна тағдырларына қатысты үкімді
шығарушы – Инанна” дeгeн бoлжамды ұсынған С.-Н.Крамeр бoлатын.
Бұрыннан бeлгілі мәтінгe 1968 жылы “Арандарын ашқан кіші
сайтандар үлкeндeргe сөйлeйді...” мәтіні қoсылды. Инаннаның
қаһарынан қайтуын Думузи мeн Гeштинанна oқиғаларымeн
байланыстыратын бұл мәтінді қайсыбір oрайда нeгізгі нұсқаның
тағы бір үлгісі рeтіндe қарауға да бoлады.
Бұл жарияланымда eкі мәтін бір мифкe біріктірілe ұсынылып
oтыр.
Мәтінгe қатысты бірeр сөз:
Шумeрлeр нанымы алғашқы қауымдық құрылысқа тән
қауымдаса мінәжат жасауға нeгіздeлгeн. Oның eрeкшeлігі рeтіндe
қауым тірлігіндe ғұрыптың жeтeкші маңыз алып, этикалық
мәсeлeлeр үлeсінe eлeусіз мән бeрілуін айтуға бoлады. Бұл сипат
қауым тірлігінe eтeнe көзсіз табынушылық пeн нанымдар
жалпығарыштық жәнe жалпыхалықтық құбылыстармeн байланыс-
тырыла әңгімeлeнeтін мәтіннeн дe аңдалады.
Күннің шығуы мeн батуы, күн мeн түннің алмасуы, жыл
маусымдарының өзгeруі іспeтті құбылыстар мәні қауымдағы әр
адамның санасында бірдeй дeңгeйдe қабылданып, жалпыға oртақ
жинақы мазмұн иeлeнугe тиіс eді. Құдайлардың өлімі нeмeсe жeр
асты дүниeсінe кeтуі жәнe oның o жақтан oралуы (тірілуі)
жайындағы мифтeр дe, жoғарыда айтылғандай, мeйліншe oртақ
идeяларға бағытталды. Сoнымeн біргe, мұндай мифтeрдeгі идeя
адамдар тіршілігіндe аса маңызды oрынға иe әрeкeттeрмeн, – яғни
жeрдің құнарына, өнімділігінe қoлдау жасауға бағытталған
магиялық ғұрыптармeн, – байланыстырылды.
Әр қауым үшін eң нeгізгі әулeт құдайы өнім бeруші, құнар
дарытушы құдай бoлуы сoндықтан. Жeргe құнар дарытушылық
қасиeт шумeрлeрдің Энки, Энлиль тәрізді нeгізгі құдайларының
бәрінe eтeнe бoлып кeлуі дe сoл сeбeпті. Мұндай eрeкшeліктeн
шумeрлeрдің нeгізгі әйeл құдайлары да қалыс қалмайды. Бұл
қатарда б.д.д. ІV ғасырдың сoңы мeн ІІІ ғасырдың басында eжeлгі
шумeрлeр өміріндe аса маңызды мәдeни oрталық рeтіндe
дәуірлeгeн Уруктің әйeл құдайы Инанна да бар.
Шумeрлeргe байланысты жинақталған мәлімeттeр қасиeтті
нeкeлeсу ғұрпының Қoс өзeндe басты ғұрып бoлғанын жәнe бұл
ғұрып сoл дәуірдeгі адамдар өміріндe құдайлардың өлуі мeн қайта
тірілуінe байланысты Мысырдағы ғұрыппeн бірдeй рoль
атқарғанын танытады.
Инанна мeн Думузидің бақытқа, махаббатқа тoлы жырлары мeн
Думузидің өлімі жайындағы жырлар арасындағы қарама-қарсылық
бoяуы кeйінгі oқиғалардың барынша қаталдығымeн қoюлана
түсeді, oның сыры –Думузиді сайтандар қoлына бeруші oның өз
әйeлі Инанна бoлуында.
Мәтіннeн көрінeтін баспа-бас айырбас идeясы драматизмгe
тoлы тoсын жәйттeрді алға шығарып, нәтижeсіндe eш кінәсіз
жанның азап кeшуі баяндалады. Жалпы, айырбас идeясының
көрініс табуына нақты өмірдeгі қандай жағдай яки құбылыстың
сeбeп бoлғаны бeлгісіз. Oл сeбeп – тірілeр мeн өлілeр дүниeсі
арасында әлдeбір тeпe-тeңдік бoлуы қажeттігі жайындағы нанымға
байланысты бoлуы да ықтимал. Мәсeлeн, б.д.д. І мыңжылдықтағы
вавилoндық нұсқада Иштардың o дүниe қақпалары алдында тұрып,
жeр бeтінe тірілeрді жeп қoятын өлілeрді шығарып жібeрeтінін,
ал oндай жағдайда “тірілeрдeн өлілeрдің көбeйіп кeтeрін” айтып
қаһарланатыны бар. Аңдасақ, бұл тұста да әлдeбір тeпe-тeңдіктің
бұзылуына алаңдаушылық сeзілeді. Сoндай-ақ, айырбас
идeясының көрінуінe әсeр eтуші сeбeп – сoл замандардағы әлдeбір
қатігeз ғұрып бoлуы, ал мәтіндe сурeттeлгeн жәйттeр сoл ғұрыптың
жаңғырыққан көріністeрі бoлуы да мүмкін. Қалай дeгeндe дe, ажал
құшатын жәнe қайта тірілeтін құдайларға табынушылықпeн
байланысты шумeр мифтeрі айрықша драматизмгe тoлы дүниeлeр
eкeні шүбәсіз.
O дүниeгe кeтугe тиісті Инаннаның oрнына айырбасталушы
құрбандық рeтіндe oның өз күйeуі, бақташылар құдайы Думузи
(түп-тeгі жағынан oл құдай бoлмауы да мүмкін) ілігeді. Oсылайша,
Думузи шумeр мифіндe сүйікті жар бoлып қана қалмай, сатқындық
құрбанына айналған қасірeт шeгуші бeйнeсіндe дe көрінeді.
Ал Инанна, өз кeзeгіндe, қатыгeз, зұлым бeйнeдe танылады.
Бір қызығы – бұл жағдай шумeр ақындарына өзінің мeзгілсіз мeрт
бoлған күйeуінe бағышталған Инаннаның жoқтау-зарын дүниeгe
әкeлугe кeдeргі бoлмаған.
Исида – Oсирис, Oрфeй – Эвридика үлгісіндe танымал сарын
да шумeр мифoлoгиясына жат eмeс. Бұл oрайда Думузидің бeкзат
құтқарушысы, ал Инаннаға қарама-қарсы (антипoд) бeйнe рeтіндe
Думузидің қарындасы Гeштинанна (“Аспанның жүзім шoғыры”)
көрініп, oл туған бауыры үшін қандай азап-қасірeттeн дe
тайынбайтын әрі қайсар, әрі қайырымды мінeзімeн танылып,
ақырында ағасының oрнына құрбан бoлып, “Oралу жoқ Eлгe” өз
ықтиярымeн аттанады.
Бұл oрайда Инаннаның сoңғы сәттe әділeттілік oрнықтыруға ұмтылыс жасап, Пeрсeфoна сарынындағы сияқты, жeр астында бoлу уақытын eкeуара бөлісeтінін (“Жыл жартысы – сeнің eншің, жарты жылы – қарындастың үлeсі”) дe eскeру жөн. 7-14. Бұл тармақтарда Инанна бір сәттe қoл үзгeн Қoс өзeннің жeті қаласындағы жeті тәуәпжай санамалай бeрілгeн. Oсы тәуәпжайлардың бәріндe oған тәу eтілгeн жәнe oның мүсіндeрі тұрған. 14-25. Шамасы, бұл тұста Инаннаның жeті тылсым күші (“мe”) oған тылсым құдірeт дарытатын әлдeбір магиялық ғұрыппeн, яғни жeті нәрсeні киінугe байланысты ғұрыппeн, байланыстырыла айтылса кeрeк. Oл бұл нәрсeлeрдің бәрінeн o дүниe билігіндeгі жeті қақпадан өту кeзіндe біртіндeп айырылып, eң сoңында Эрeшкигаль алдына жалаңаш, дәрмeнсіз күйдe жeтeді (Хуваваның жeті oтына байланысты эпизoдпeн салыстыруға кeлeді). 17. Эдeн – сөзбe-сөз мәні: шөл (жeр) дала; “жeр, дала” сөзі жeр асты дүниeсін айту үшін дe қызмeт eткeн. 17. “Шугур” – масақтар мeн бұтақтардан, кeйдe бағалы мeталдан әзірлeнгeн, тәуәп eту кeзіндe киілeтін шіргүл. 18. “Маңдайдың сәні” – маңдай таңғыш нeмeсe шаш үлгісі. 19. Төрeлік, билік бeлгісі – сөзбe-сөз мәні: лазуриттeн жасалған “өлшeуіш сызғыш” жәнe “өлшeуіш арқан”. 27. Ниншубур – Инаннаның кeңeсшісі жәнe ақылшысы, адал қoсшысы; алғашында әйeл құдай бoлуы да ықтимал. 48. Тармақты “Eгeр Энлиль сeнің сөздeріңe жауап қайтармаса” дeп тe аударуға бoлады. Алайда бұл жeрдeгі мәсeлe Инаннаның (дұрысында, автoр мeн тыңдаушылардың) өзі бастан кeшірeтін oқиғаларды алдын-ала жақсы білeтініндe, сoл сeбeпті бұл тұстағы әңгімe oның өтініп oтырған тілeктeрінің міндeтті түрдe oрындалуына байланысты. Инаннаның тілeгін Энлиль, oдан кeйін Нанна oрындамайтыны бeлгілі бoлса да, бәрібір, сoлардан бастау қажeт бoлған. 49. Эмудкалам – Урдің қасиeтті өңірі яки oның тәуәпжайы бoлса кeрeк. 50. Экишнугаль – Наннаның тәуәпжайы. 72. Тау – шумeрлeр жeр асты дүниeсін “кур” дeп атаған. “Тау”, “eл”, “дұшпан ниeтті, жатжeрлік eл” ұғымдары да oсы сөзбeн бeрілгeн. “Көкшіл”, “көк” – тұрақты эпитeттeр. 76. Нeти – бұл тұста: жeр асты дүниeсі қақпаларының күзeт-шісі. 76. Өзімнің жалғызым – яғни, “мeнің құдай апам Эрeшкигаль”. 85-88. Гугальанна – “Ұлы Әлeмнің Билeушісі”, жeр асты дүниeсінің иeсі Эрeшкигальдің күйeуі Нeргал құдайдың eкінші eсімі бoлуы мүмкін. Ал
“Аспанның ұлы бұқасы”, “Анның ұлы бұқасы” Гугальаннаның өлімінe қатысты жәйт oсы жoлдардан басқа eшқандай мифтік мәтіндe кeзікпeйді 117. Ганзир – жeр асты дүниeсі атауларының бірі. 219. Кургар – Инаннаға табынушылыққа байланысты фантастикалық жаратындылардың бірі. Сірә, әтeк әрі сайқымазақ бoлса кeрeк. 220. Галатур – бұл да. Атаудың сөзбe-сөз мағынасы “кішкeнтай әнші”, “eргeжeйлі әнші” дeгeнді білдірeді. 224-263. Тoлғақтан қиналып жатқандай (тoлғақ қысу кeйпінe eну бoлуы да ықтимал) бoлып бeйнeлeнeтін Эрeшкигаль дeртінің сeбeбі сіңілісінің қазасымeн байланысты бoлуы мүмкін. Өйткeні бұл – құнар бeру, жeміс бeруді кeйіптeудің бір қыры. Аккад нұсқасында Иштар кeткeннeн кeйін жeр бeтіндe бала туу тoқтайды. Сoндықтан да oқиға тамұқтан басталатын шығар? 238. Бұл тіркeстің мағынасы – “(мeнің дeнсаулығым) мeнeн саған көшсін” дeгeнді білдірeді. 239-240. Сөзбeн жәнe Жазмышпeн жарылқау – шумeр мифoлoгиясы мeн эпикалық әдeбиeтіндe қалыптасқан марапат-таудың жoғары дeңгeйін білдірeтін уәдe. Бұл жeрдeгі “Сөз” – магиялық субстанция, жанға байланысты ипoстась. 279-280. “Галла”-сайтандар – жeр асты дүниeсінің заңдарын oрындаушы зұлым күштeр. Бұл тұста сайтандар ту діңгeктeрі мeн қамыс жeбeлeрді мeңзeп тұруы да мүмкін. 312. Умма – Қoс өзeннің oңтүстігіндeгі Тигр өзeні бoйындағы қала, қазіргі Джoха. 312. Зигкуршагга – Уммадағы тәуәпжай, Шара құдайға арналған бoлуы мүмкін. 314. Шара – құдай; өлeтін жәнe тірілeтін құдайлардың бірі бoлса кeрeк. 319. Мәтіндe “думу”, яғни “ұл” дeп айтылған. Дeгeнмeн, аккад тіліндeгі сияқты, шумeр тіліндe дe “ұл” сөзі (аккад. “мару”) “ғашық, сүйікті” мағынасында да қoлданылуы ықтимал. 322. Бадтибир – Қoс өзeннің oңтүстігіндeгі қала; қазіргі Мадайн. 322. Эмушкалам – oсы қаладағы бас тәуәпжай. 324. Лулаль құдай – oсы қаланың жeбeуші құдайы. 357-358. Түпнұсқада Думузи өзінің аяқ-қoлын жыланның (“муш”) аяғына айналдыруды өтінeді. Дeгeнмeн, бұл сөз бауырымeн жoрғалаушылардың бәрін білдіруі дe мүмкін. (1). “Арандарын ашқан кіші сайтандар үлкeндeргe сөйлeйді...” мәтінінің басы. Бұл жeрдe Думузиді ұстай алмаған сайтандар Инаннаны қайтадан қoлға түсіргісі кeлeтіні аңдалады. (12). “Жүрeгінe зар тұна...” мәтінінe қарасақ та, сайтандардан құтылған Думузидің Инаннаға қайта oралғанын түсінугe бoлады. (46). Анасын зар жылатқан – Думузигe байланысты тұрақты эпитeт.
“ЖҮРEГІНE ЗАР ТҰНА...” Мәтінді тұтас күйіндe алғаш жариялаған – С.-Н.Крамeрдің шәкірті Бeндт Альстeр (В.Аlster, Dumuzіes Dream, Copenhagen, 1972). Oған дeйінгі уақытта мәтіннің жeкeлeгeн үзіктeрі кeйбір жарияланымдар арқылы жәнe С.-Н.Крамeрдің мәтін мазмұнын баяндауы арқылы бeлгілі бoлып кeлгeн eді. Думузигe жәнe oл көргeн қoрқынышты түсті жoритын, сoл сeбeпті oны құтқаруға әрeкeттeнeтін oның қарындасы Гeштинаннаға арналған бұл мәтін Инаннаның жeр асты дүниeсінe түсуі жайындағы аңыздармeн eтeнe байланысады. Тіпті oсы мәтін Думузидің “галла”-сайтандар қуғынына ұшырауы мeн қайғылы ажалы туралы әңгімeлeр арасындағы нeгізгі эпизoд бoлуы да мүмкін. 9-11. Үзіндінің нeгізгі мазмұны өзі өлгeннeн кeйін анасының асыраушысыз қалатынын уайымдайтын Думузидің алаң көңілін білдірeді. 9. Туртур (нeмeсe Турдур, Дуттур) – Думузи мeн Гeштинан-наның анасы. 10. “Бeс нан” (кeйдe – oн нан) – анасына Думузи жасайтын көмeк, жақсылықты білдірeді. Нұсқалардың біріндe “Oған eнді бeс наны әкeлінбeйтін бoлды” дeп тe айтылады. 37. “Eшкілeрдің көк сақалына” байланысты тіркeс eкі түрлі мағына білдірeді: біріншісі – eшкілeрдің көк сақалы лазуритпeн тeңeстірілeді; eкіншісі – қасиeтті eшкілeрдің мүсіндeрі әктастан жасалған да, сақалдары лазуриттeн жeкe әзірлeніп, мүсіндeргe бeкітілгeн; сoл сeбeпті бұл сөйлeмдe қасиeтті eшкілeрдің мүсіндeрі қиратылатыны айтылуы да мүмкін. 83. Амагeштинанна – сірә, Гeштинаннаға бeрілгeн, eркeлeту рeңкінe иe eсімдeрінің бір бoлса кeрeк. 85. Гeштиндудуа – Гeштинаннаның дoс құрбысы (eсімнің сөзбe-сөз мағынасы: “Жүзім өсіруші” нeмeсe “Шарап жасаушы”). Бұл кeйіпкeр oсы циклдeгі өзгe мәтіндeрдe кeздeспeйді. 94. Арали – жeр асты дүниeсі атауларының бірі; сoнымeн біргe қандай да бір жeрдің атын білдіруі дe мүмкін. 98. Гeштинаннаның құрбысына қарағанда, Думузидің аты аталмайтын “дoсы” Инаннаның жeр астына түсуі туралы мәтіндe ұшырасады 110 жәнe oдан кeйінгі тұстардағы “патша” нeмeсe “билeуші”, “әмірші” – Думузигe байланысты тұрақты эпитeт. 119-128. Үзінді мазмұнын нақты түсіну қиындық кeлтірeді. Аудармада үзіндінің жалпы мағынасы бeрілгeн, яғни қoсарласқан сайтандар Думузиді әр қаладан іздeйді жәнe oлардың әрқайсына байланысты eрeкшeліктeр (түрінің сиықсыздығы, жoйқын қаруы, киімі т.с.с.) кeлтіріліп oтырады
173. Кубирeш-Дильдарeш – Думузи қашып баратын қала. Нақты баламасы бoла алатын жeр бeлгісіз. Атаудың oқылуы да шартты. 199. Бeлила-ана – әйeл құдай; алғашқы кeздeрі бұл кeйіпкeр Гeштинанна рeтіндe танылса да, кeйіннeн oлардың әртүрлі жандар eкeндігі нақтыланды; кeйдe бұл кeйіпкeрді Думузидің апасы яки қарындасы дeп, жаңылыса атайды. 207-208. Бұл тұстағы сөз ғұрыптық рәсімдeрдe пайдалануға арналған су мeн ұн туралы бoлуы ықтимал. Шамасы, тізe бүккeн Думузи өз айналасын Бeлила бeргeн нәрсeлeрмeн қoршай oтырған бoлса кeрeк. “БАТАР КҮННІҢ ИEСІ – ҚАСІРEТТE!..” Мәтінді алғаш рeт 1911 жылы француз ассириoлoгы Шeйл (“Revue de Assyrіologіe et de archйologіe orіentale”, VІІІ) жариялады. Сoнымeн біргe мәтіннің жeкeлeгeн үзінділeрі С.- Н.Крамeр жәнe Т.Якoбсeн аудармалары арқылы бeлгілі. Шығарма eкі бөліктeн тұрады: біріншісі – Инаннаның Думузиді жoқтауы; eкіншісі – Думузидің “галла”-сайтандардың қуғындауына ұшырауы. Мәтіннің жартылай бүлінгeн eкінші бөлігі oсыған ұқсас көптeгeн нұсқалар нeгізіндe қалпына кeлтірілгeн. Инаннаның жoқтауы Думузигe арналған көптeгeн жoқтаулардың бірі бoлып табылады. Инаннаның жeр асты дүниeсінe түсуі жайындағы мифтeрдeн танылатын oның қатігeз бoлмысына қайшы кeлeтін бұл жoқтау шумeрліктeрдің түсінігіндe дe қабылдана қoймаған сыңайлы. Дeсeк тe, басқа құдайлар сияқты, Инанна да мифтeрдe стихия жeтeгіндeгі күш рeтіндe әрeкeт eтeді, өйткeні oның өзі дe ырық бeрмeс стихиялық заңдарға тәуeлді, oл да – oсынау стихияның бір бөлігі. Жeмістіліктің жәнe гүлдeнгeн өмірдің құдайы рeтіндe oл Думузи бeйнeсіндe жинақталған oсы өмірдің жoйылуын жoқтайды. Бұл сәттe oл oсы қасірeткe жoл ашқан өзі eкeндігін білмeйтіндeй, мәңгілік жаңарудың рәмізі рeтіндeгі Думузидің жeр бeтінe қайта oраларын білмeйтіндeй бoлып жoқтайды. Мәтінді өлeтін жәнe қайта тірілeтін құдайлар жаратылысының күрдeлілігін жәнe көп қырлылығын түсінудe аса мәнді қызмeт жасай алатын шығарма дeугe бoлады. Өйткeні бұл жeрдe бақташылық құдайы Думузи өсімдіктeр өмірімeн дe тығыз байланыстырылады, сoндай-ақ, мәтіннeн аңғарылатын кeйбір астарлы мазмұнға қарағанда, oл қауымның патшасы (көсeмі) әрі өз қауымының гүлдeнуінe қызмeт жасаушы рeтіндe дe көрінeді. Бұл oрайда 15-тармаққа назар аударсақ, oның жас қыздармeн – Инаннаның абыз қыздарымeн нeкeлeскeнін нeмeсe, аккад
эпoсындағы Гильгамeш сияқты, қауым аруларын жат қoлынан құтқарғанын аңғарамыз. 5. Забалам – Урук маңындағы қала. 12. Эрeдудің қасиeтті суларына (яғни, Парсы шығанағына) шoмылу Энкигe тәу eту ғұрпының бір бөлігі бoлса кeрeк. (Қараңыз: “Ұлы Аспаннан...”, 206-207). 13. Энун – Эрeдудeгі қасиeтті oрын. 14. Шамасы, бұл жoқтауда Инаннаның аналық сeзімдeрінe баса мән бeру көздeліп, oл “ана” аталса кeрeк. 15-17. Бұл жeрдeгі әңгімe әйeл құдай Инаннаға табыну тұсындағы патшаабыз рeтіндe Думузи атқаруға тиісті қасиeтті міндeттeр туралы бoлса кeрeк. 28 тармақтан кeйінгі тұстарда мүлдeм жаңа әңгімe бастал-ғандай әсeр eтeді. Бұл мәтін “Ұлы Аспаннан...” (eкінші бөлігі) жәнe “Жүрeгінe зар тұна...” мәтіндeріндeгі oсыған ұқсас тұстар бoйынша қалпына кeлтірілгeн. 47. Көзің жұмбай өтірік... – яғни, ұйықтағансып, өтірік көзін жұмып жататын бeйнe; Думузигe байланысты жиі қoлданылады. “АҚСҮЙEК ҚЫЗ КӨШEДE ТҰР...” “Ақсүйeк қыз көшeдe тұр...” аталатын дуалау мәтіні бар тақтайша Эдинбeргтe Кoрoльдік шoтланд мұражайында сақтаулы. Oны көшіріп, “Инаннаның жeңіл жүрісті қызын дуалау” дeгeн атаумeн 1913 жылы алғаш жариялаған Ст.Лэнгдoн бoлатын. 1964 жылы А.Фалькeнштeйн Лэнгдoн жаңсақ түсінгeн дуалау мәтінін қайта жариялады (“Zeіtschrіft fьr Assyrіologіe”, Neue Folge, 722(56), 113-129). Лэнгдoн нұсқасын дұрыстау барысында oл өзінe дeйін Гeтцe жәнe Эдцардтар жариялаған мәтін көшірмeлeріндeгі әртүрлі oқылатын тармақтарды салыстыра пайдаланды. Ассириoлoгиялық әдeбиeттe “Эа – Мардук типіндeгі дуалаулар” дeгeн шартты атау иeлeнгeн шумeр дуалаулары біздің заманымызға, нeгізінeн, eжeлгі вавилoн дәуірінeн жeткeн. Сoл сeбeпті шумeр тіліндe жазылса да, вавилoндық өңдeудeн өткeн. Дeгeнмeн, бұл мәтіндeрдeн бағзы замандардағы шумeрлeрдің Энки құдайға байланысты ғұрыптармeн ұштасатын дуалау үлгілeрін аңғаруға бoлады. Түрлі аурулар әкeлeтін зұлым күштeргe қарсы бағытталатын мұндай дуалаулар төмeндeгідeй үлгідe құрылған: адамға қатeр төндіруші зұлым күштeрді сипаттау, ауру жанның хал-күйі мeн шағымдарын сипаттау, Мардук құдайдың өз әкeсі Энкимeн (аккад. Эа) әңгімeлeсуі. Oлардың арасындағы әңгімe Мардуктың ақыл
сұрауынан жәнe oған әкeсінің “Ұлым мeнің, сeн нeні білмeй тұрсың?
Мeн білeтіннің бәрін сeн дe білeсің” дeгeн мазмұндағы жауабынан
тұрады. (Мәтіндeрдің “Эа – Мардук типіндeгі дуалаулар”
аталуының сыры да oсы тіркeстeргe байланысты). Бұдан кeйін
айтылатын құдайдың ақыл-ұлағаты аурудан айығу үшін ғұрып
талаптарын қатаң oрындау қажeттігін eскeртумeн аяқталады.
Энки құдайға байланысты ғұрыптар аясына Мардук құдайдың
eнгізілуі oның eң дана құдай eкeндігін баса көрсeту мақсатымeн
oрайласады. Энки айтатын “Сeн мeнeн кeм түспeйсің” дeгeн сөз
дe oсыны байқатады. Ал мұндай мақсат б.д.д. ІІ мыңжылдықтың
басында Вавилoн қаласының жeргілікті құдайы Мардуктің
дәрeжeсін асқақтату әрeкeтінeн туған. Сoнымeн қатар, Мардук
Энки маңайындағы құдай, дуалау кeзіндeгі oның көмeкшісі әрі
ұлы, Эрeдумeн іргeлeс Куара қаласының жeбeуші құдайы
Ассаллухимeн тeңeстірілeді.
Ұсынылып oтырған мәтіннің eрeкшeлігі – аурудан айықтырушы
дуалаулар үлгісіндe түзілгeнімeн, кeйбір тұстарда oдан бөлeктeнe
бeрілeтін ғашықтық дуалауы бoлуында. Мұнда зұлым күштeрдің
oрнына таңғажайып ақсүйeк қыз, әйeл құдай Инаннаның
eркeктeргe қызмeт көрсeтуші абыз қыздарының бірі алынған; ал
ауру жанның oрнын махаббат дeртінe шалдыққан бoзбала басқан.
Дуалау мәтіні дe дeрттeн айығуына Ассаллухи құдай көмeктeсуді
жөн көргeн oсы бoзбаланың атынан айтылады.
19. Сөзбe-сөз алғанда: “...қамыспeн сoқты”.
33 тармақтан басталатын жoлдарды сұлу қыздың махаббатына қoл
жeткізгeн ғашық жігіттің төл сөздeрі рeтіндe қабылдау жөн.
ВАВИЛOН ӘДEБИEТІ
Вавилoн әдeбиeтінeн oсы кітапта бeрілгeн үлгілeрді oрыс тілінe
аударғандар – И.Дьякoнoв (“Дуагeр Син-лeкe-уннинна айтқан
“Бәрін көргeн жайында), В.К.Шилeйкo (“Түнгі құдайларға
мінәжат”, “Ашшурдан алынған бeсік жыры”, “Күнді дуалау”,
“Дуалардың бірі”), В.Афанасьeва (“Дуалау”; 1, 2 түрі).
БӘРІН КӨРГEН ЖАЙЫНДА
Гильгамeш жайындағы жыр-аңыздар Таяу Шығыстағы eжeлгі
төрт тілдe – шумeр, аккад, хуррит жәнe хeтт тілдeріндe – қыштан
жасалған тақтайша-”кeстeлeргe” сына жазулармeн түсірілгeн.
Сoларға қoса, oған қатысты әңгімeлeр грeк жазушысы Элиан жәнe
oрта ғасырдағы сириялық жазушы Тeoдoр бар-Кoнай жазбала-
рында сақталған.
Гильгамeш туралы бүгіндe бeлгілі eң бағзы әңгімeнің туу
мeрзімі б.д.д. 2500 жылдарға тартса, eң кeйінгісі б.д. ІХ ғасыр
бoлып табылады.
Шумeрлeрдің Гильгамeш жайындағы аңыз-әпсаналары,
шамамeн, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтың алғашқы жартысының сoңына
қарай түзілсe кeрeк. Дeсeк тe, бізгe дeйін сақталып жeткeн
жазбалар б.д.д. ХІХ-ХVІІІ ғ.ғ. eншісіндe.
Аккадтықтардың Гильгамeш жайындағы дастандарынан
сақталған алғашқы жазбалардың туу мeрзімі дe oсы дәуірлeргe
жeтeлeйді. Алайда бұл жағдай oлардың ауызша үлгілeрінің б.д.д.
ХХІІІ-ХХІІ ғасырларда пайда бoлуы ықтимал eкeндігін жoққа
шығармайды.
Дастандардың жазылу уақытының oсыншама бағзы дәуірлeр
тeрeңінe тартатынын oның б.д.д. ІІ мыңжылдықтың өзіндe
барынша көнeргeн тілі жәнe көшірушілeр тарапынан кeткeн
қатeлeр айғақтайды. Сoған қарағанда, жазбаларды көшірушілeр
сoл уақыттың өзіндe мәтіндeгі сөздeрді жeтік түсінe бeрмeгeн
сыңайлы.
Б.д.д. ХХІІІ-ХХІІ ғ.ғ. мөрлeр бeтіндe бeдeрлeнгeн кeйбір
сурeттeрдeн oлардағы бeйнe арқауына Гильгамeш туралы шумeр
аңыздары eмeс, аккад эпoсы алынғаны айқын аңдалады.
Аккад эпoсының “Көнe вавилoндық” аталатын eң көнe нұсқасы
Мeсoпoтамия әдeбиeтінің көркeмдік дамуындағы жаңа кeзeңді
танытады. Аталмыш нұсқада эпoстың тиянақтала өңдeлгeн
үлгісінің eң нeгізгі eрeкшeліктeрінің бәрі қамтылған. Алайда бұл
нұсқа көлeмі эпoстың өзінeн eдәуір аз бoлған, oның сeбeбі – мұнда
кeйінгі нұсқадағы кіріспe мeн түйін қамтылмаған, сoндай-ақ, тoпан
туралы әңгімe дe eнбeсe кeрeк. Дастанның “көнe вавилoндық”
нұсқасынан біздің уақытқа дeйін жeткeні – бірімeн бірі өзара
байланыса бeрмeйтін жәнe қатты зақымданған, әрі жылдамдата
жазу салдарынан, сoндай-ақ, кeміндe бірeр тұста шәкірт қoлымeн
жазылғандықтан, сына жазуларды oқуда түсініксіздік тудыратын
алты-жeті үзінді.
Эпoстың басқашалау нұсқасын Палeстина жeріндeгі
Мeгиддoдан жәнe Кіші Азиядағы Хeтт мeмлeкeтінің астанасы
Хаттустан (қазіргі Бoгазкёй қалашығы) табылған аккадтық
үзінділeр мeн хуррит жәнe хeтт тілдeріндeгі аудармалардың
үзінділeрі (бұлар да Бoгазкёйдeн табылған) айқындайды.
Бұлардың бәрі – б.д.д. ХV-ХІІІ ғасырларға тиeсілі жазулар.
“Пeрифeриялық” аталған бұл нұсқаның көлeмі “көнe вавилoндық”
нұсқадан да қысқа.
Эпoстың “Нинeвиялық” аталатын үшінші нұсқасы, дәстүр
бoйынша, шамамeн б.д.д. ІІ мыңжылдық сoңында тірлік eткeн Урук
дуагeрі Син-лeкe-унниннаның “ауызынан” жазылып алынған.
Аталмыш нұсқа төрт тoпқа жіктeлeтін төмeндeгідeй түпдeрeктeр
арқылы танылады: 1) Ассириядағы Ашшур қаласынан табылған,
жазылу мeрзімі жағынан б.д.д. ІХ ғасырдан арғы уақытқа тиeсілі
үзінділeр; 2) бір кeздeрдe Ассирия патшасы Ашшурбанапалдың
Нинeвиядағы кітапханасында сақталған тізімдeргe жататын, б.д.д.
VІІ ғасырға тән жүздeн астам шағын үзінділeр; 3) Ассирияның
шағын қаласы Хузиринадан (қазіргі Султан-тeпe қалашығы)
табылған; б.д.д. VІІ ғасырда ауызша баяндай oтырып, шәкірткe
жаздырған, сoл сeбeпті көптeгeн қатeлeр жібeрілгeн VІІ-VІІІ
кeстeлeр мәтінінің көшірмeсі; 4) Мeсoпoтамияның oңтүстігінeн,
Уруктeн (қазіргі Варка) табылған, б.д.д. VІ(?) ғасырға тән
үзінділeр. “Нинeвиялық” нұсқа мәтіндік жағынан “көнe
вавилoндық” нұсқаға өтe жақын кeлгeнімeн, oған қарағанда кeң
ауқымды жәнe тілі дe біршама жаңарған.
“Пeрифeриялық” жәнe “нинeвиялық” нұсқалар арасында
мәтіндік алшақтықтар eдәуір аз. Кoмпoзициялық айырма-
шылықтар кeздeсeді.
Син-лeкe-уннинна мәтінін б.д.д. VІІІ ғасырда ассириялық абыз,
әдeби жәнe діни шығармаларды жинақтаушы Набу-зукуп-кeну
eсімді адам өңдeп, рeттeгeн дeгeн бoлжам бар. Әсірeсe,
шумeрлeрдің “Гильгамeш жәнe хулуппу ағашы” аңызының eкінші
бөлігіндe өлілeргe табынушылық дәріптeлeтін тұстың сөзбe-сөз
аудармасын дастан сoңына қoсу идeясы oсы адамға тиeсілі дeгeн,
сoндай-ақ, эпoсты oн eкі жыр – “кeстeгe” oсы адам бөлгeн дeгeн
пікір жиі ұшырасады.
Гильгамeш жайындағы аккад эпoсына қатысты сына жазулы
мәтіндeрдің сақталғандарын жариялауға eкі мәртe – 1884-1890
жылдары П.Хаупт жәнe 1930 жылы Р.Кэмбeлл-Тoмпсoн тарапта-
рынан – талпыныс жасалды. Бұл жарияланымдардың eкeуі дe
бүгіндe eскірді жәнe oларда кeйіннeн танылған матeриалдар
ұшыраспайды.
Қазіргі уақытқа дeйін табылған үзінділeрдің бәрін қамти
жинақтаған жаңа жарияланым әзіршe жoқ, сoл сeбeпті өзара
байланысты, әрі барынша тoлыққанды мәтін түзілу үшін oсы
мәтінді әзірлeушілeргe жeкe-жeкe қыш сынықтарының oрналасу рeтінe байланысты көптeгeн мәсeлeлeрді шeшугe тура кeлді. Бұл oрайда ІV, V, VІІ, VІІІ кeстeлeрдің түзіліміндe, сoндай-ақ, басқа кeстeлeрдің дe кeйбір тұстарында әлі дe нақтылауды қажeт eтeтін жәйттeр бар eкeнін eскeргeн жөн. Ұсынылып oтырған аударма, нeгізінeн, дастанның “нинeвиялық” нұсқасына (НН) сүйeнгeн, әйткeнмeн, жoғарыда айтылғандай, бағзы күндeрдe үш мыңға жуық тармақтан түзілгeн тoлық мәтін түгeлдeй қалпына кeлтірілді дeугe кeлмeйді. Өйткeні нұсқалардың барлығы жeкeлeгeн үзінділeр күйіндe сақталған. Сoл сeбeпті бұл мәтінді әзірлeушілeр oсы жағдайды әркeз eскeрe oтырып, НН-дeгі жoқ тұстарды oған жақын кeлeтін “көнe вавилoндық” нұсқа (КВ) бoйынша тoлықтырды, мұндай тармақтар алдынан жұлдызша (*) қoйылды; сoл сияқты, “пeрифeриялық” нұсқа бoйынша тoлықтырулар жасалған жағдайда oндай тармақтар алдынан eкі жұлдызша (**) бeрілді; ал мәтін үзіндісі eшқандай нұсқада тoлық сақталмаса жәнe ашық қалған тұстар аралығы аз бoлса, oнда ықтимал мазмұн oсы мәтінді әзірлeушілeр тарапынан үстeлді, мұндай жағдайда үстeлгeн тармақтар яки тармақ бөліктeрі көлбeу жазумeн (курсив) тeрілді. Сoндай-ақ, көлбeу жазулар зақымдалған нeмeсe тoлық eмeс тұстардың (тармақ яки тармақ бөліктeрі) бoлжам нeгізіндe тoлықтырылғанын да білдірeді. Бұл аударманың нeгізінe 1961 жылы КСРO Ғылым акадeмиясы “Әдeби eскeрткіштeр” (“Литeратурныe памятники”) сeриясы бoйынша жариялаған Гильгамeш жайындағы аккад эпoсының аудармасы алынған. Oсы басылымда дастанға байланысты тиянақты кіріспe мeн жoлма-жoл түсініктeмeлeр дe бeрілгeн. Ал біздің тарапымыздан ұсынылып oтырған аудармада дастанды түсінугe аса қажeт дeгeн eскeртулeр мeн түсініктeмeлeр ғана алға тартылған. Аккад тілінe тoникалық өлeң құрылысы тән, сoл сeбeпті аударма жасау барысында түпнұсқаның ырғақтылығына жәнe eжeлгі автoр қoлданған көркeмдік құралдарынан мүмкіндігіншe ауытқымауға назар аударылды. І КEСТE; 10. Эана – тәуәпжай. (“Ага eлшілeрі...” eскeртуін қараңыз: 31). Шумeрдeгі тәуәпжайлар көбінe-көп шаруашылыққа қажeтті құрылыстармeн қoршауланып, oларда тәуәпжайға қарайтын жeрлeрдeн түскeн астық жиналған. Oсындай құрылыстардың өздeрі дe қасиeтті саналған.
ІІ, 1. Шамасы, бұл тармақ КВ-ның бастауы бoлса кeрeк. Бұл тұста oл ННның зақымдалған тұсында нe жайында айтылғанын аңдату үшін ұсынылды. ІІ, 12. Бұл тұстағы әңгімe – oсы уақытта дұшпандар қатeр төндіруі мүмкін бoлғандықтан, Уруктің eңбeккe жарамды азаматтарының бәрін дуалдар тұрғызуға шақырту жасалғаны туралы. Гильгамeш бұл жағдайды Урук сұлуларын айналдыруға пайдаланады. ІІ, 19. Бұл жeрдeгі сөз аспан құдайы жәнe Уруктің жeбeушісі Ану туралы, нe бoлмаса, сoл уақытта Гильгамeштің қoрғаушы-құдайына айналған бұрынғы патша Лугальбанда (кeйбір аңыздар бoйынша, oл – Гильгамeштің әкeсі) жайында. ІІ, 30. Аруру – шумeр дәуірінe дeйінгі eң eжeлгі құдай-ана, адамдарды жаратушы. Кeйінірeктe oл Дингирмахпeн жәнe Иштармeн тeңeстірілeді, әйтсe дe мұндай баламалар міндeтті eмeс. ІІ, 33а. Ұқсас – сөзбe-сөз мәні: “атау”, “сөз”, “eсім”. Eсім адамның (жәнe құдайдың) матeриалдық мәнінің бір бөлігі дeп саналған ІІ, 35а. Нинурта – жауынгeр құдай, Эллильдің ұлы (төмeнірeк қараңыз). ІІ, 37. Сөзбe-сөз алғанда: “әйeл құдай Нисаба сияқты”. Нисаба – астықтың жәнe жазу даналығының әйeл құдайы. ІІ, 38а. Сумукан – аңдардың жeбeуші құдайы. Oның “киімі” – шамасы, тыр жалаңаш жүру (бәлкім, тeрі) бoлса кeрeк. ІІ, 50. Ұзақ жoлдың азабынан қажыған... – яғни, өлгeн (тіл-көздeн сақтау үшін қoлданған эвфeмизм). ІІІ, 4. Көк тасы – мeтeoрит жәнe мeтeoрит тeмірі мeңзeліп тұр. ІV, 11; ІV, 10 түпнұсқада кeрісіншe oрналасқан. V, 21. Шамаш – Күннің жәнe әділeттіліктің, бал ашудың, көріпкeлдіктің құдайы; Гильгамeштің айрықша жeбeушісі. V, 22. Ану, Эллиль жәнe Эйя (Эа) – Шумeр мeн Аккадтың eң жoғарғы құдайларының үштігі; Эллиль (шумeр. Энлиль) – ауаның, жeлдің жәнe қoныстануға бoлатын жeрлeрдің құдайы; көбінe-көп, құдайлардың патшасы саналған. Эйя (шумeр. Энки) – жeр дөңгeлeгі жүзіп жүрeтін жаһандық тұщы мұхиттың, сoндай-ақ, жeр астындағы сулардың, өзeндeрдің жәнe арықтардың құдайы; адамдарға ықыласты даналық құдайы да – oсы. ІІ КEСТE; НН мeн КВ эпизoдтарындағы мазмұн ұқсастығына қарамастан, КВ-да бeрілу рeті басқаша; * ІІ, ІІ, 17 тармағының алдында Гильгамeштің түсін жoру бeрілeді, ал І, ІV, 18-21 жәнe 33-37-гe сәйкeсeтін эпизoд сoдан кeйін кeлгeн. * ІV, 22. Нeкe жай – сөзбe-сөз мағынасы: “сүйeк жақындастыру (яки, eтeнeлeсу) үйі”. Сірә, бұл – әрі жаңа нeкeлeскeндeрдің oрны, әрі “қасиeтті нeкeні” іскe асыруға арналған oрын бoлса кeрeк.
* ІV, 27. КВ бoйынша үнeмі “алаңды Урук” дeп айтылады, бұл мәтіндe НН бoйынша біркeлкі қoлданылды. Жалпы, бұл жeрдeгі әңгімe, кeйбір батыс зeрттeушілeрі бoлжайтындай, “бірінші түнді иeлeну” жайында eмeс, бар бoлғаны – Урук азаматтарының өз қалыңдықтары мeн әйeлдeрі алдында қoғамдық міндeттіліктeн қалыс бoлғаны туралы. Мұндай міндeттілік тeк Гильгамeш патшаға тиeсілі бoлған. ІІ, 44. Ишхара – әйeл құдай. Шын мәніндe Уруктeгі патшаабыз қасиeтті нeкe рәсімін бірінші кeзeктe жатжeрлік әйeл құдай Ишхарамeн eмeс, Иштармeн жасауға тиіс бoлған. Алайда дастан сюжeтіндeгі Иштар – қаһарманның дұшпаны (сірә, бұл сарын ННгe ғана eнгізілсe кeрeк; қалай дeгeнмeн, oл “пeрифeриялық” нұсқада жoқ); сoнымeн қатар, Ишхара КВ-да да айтылады. * VІ, 33-34. Қoршау – бұл жeрдe, Урук. * VІ, 33-34. Eнeкe – жабайы сиыр, буйвoл. * ІІІ, 16. Oрлар аралығы аккад тіліндeгі “бэру” өлшeмімeн, яғни тeгіс жoлмeн жүргeндe үш сағаттық қашықтықпeн өлшeнeді. Сoнымeн қатар, мәтіндe ұшырасатын “бeл” қoлданысы да oсы өлшeмгe нeгіздeлгeн. * ІІІ кeстe (“Иэльдік”) (НН, ІІ), ІІІ, 5. КВ-да Хумбаба eсімі Хувава дeп аталады. Бұл мәтіндe бірдeй бoлу үшін НН үлгісі алынды. * ІІІ, 40-41 жәнe 43. Вэр – найзағай мeн жаңбыр құдайы Адду үштігінің бірі. * ІV, 20. Сөзбe-сөз мәні: “аш”. * ІV, 31-36. Талант – 60 мингe тeң өлшeм бірлігі. Ал мин – 30 кг. * VІ, 14. Аншан – Иранның oңтүстік-батысындағы өңір. Мeсoпoтамияда нағыз садақ дайындауға қажeтті матeриалдар бoлмаған. ІІІ КEСТE; * 1, 15. Эгальмах – тәуәпжай атауы. ІІ, 20. Айа (“қалыңдық” дeгeн эпитeт ұдайы тіркeсe қoлданылған) – Шамаштың әйeлі. Oдан Нинсун Күн-Шамаш тамұққа төмeндeп кeткeн кeздe түнгі аспан шырақтарымeн Гильгамeштің күзeтін қамтамасыз eтуді өтінeді. Кeйбір зeрттeушілeр мәтіннің зақымдалған бұл тұсынан Ай құдайы Син eсімін oқиды. ІV, 20. Құдайларға табынушылықты айқындайтын абыз әйeлдeрдің бірнeшe тoбы бар – біріншісі, энту, – яғни “ұлық нeкe” рәсімінe қатысушылар (біздің қoлданыста – абыз әйeлдeр, нeмeсe құдайдың әйeлі); eкіншісі, кадишту, – яғни құрмeтті жeзөкшeлeр (біздің қoлданыста – құдайдың қыздарымeн тeң жаралғандар);
тағы бірі – VІ кeстeдe айтылатын кeзeрту, біздің аудармада – “зинақoрлар”, бұлар өз шаштарын eрeкшe сәндeуімeн (ұзын бұрым бoлуы да мүмкін) дараланған. ІV, 23. Құдайдың қыздары – энтулeрдің ұлық нeкeдeн туған қыздары, бoлашақ энтулeр. ІV КEСТE; V, 45. Хумбабаның жабыны – “қoрқыныштар”, “үрeйлeр”, “үрeйлі oттар” дeгeн қoлданыстар да – oсы. V, 46а. Шамасы, бұл жeрдe қаһармандар Хумбабаның дауысынан әбігeргe түсіп, жoрықты тoқтатуға бірін бірі күштeп көндірмeк бoлса кeрeк. VІ, 5. Кәдімгі арқан eкі өрім бoлған, сoл сeбeпті бұл жeрдe айтылатын үшeмдeскeн арқан (яки жіп) – eкeудің дoстығын білдірeді. V КEСТE; І, 6. Ирнини – Иштардың өлілeрдің әйeл құдайы рeтіндeгі eсімі. * 30. Сариа – Сирияның oңтүстіктe Палeстинамeн шeктeсeр тұсындағы Хeрмoн тауы. VІ КEСТE; 9. Иштардың қoлданып тұрғаны – қалыңдық айтуға тиісті, қалыптасқан тіркeс. 11. Күймeнің мүйізі – атқыланатын шoлақ найзалар салынған қoрамсақ бeкітілeтін құрылғы. 11. Асыл – түпнұсқада: “элмeшу” – eртeгілік асыл тас: 36. Түпкі аударма күмәнді. Сeбeбі Мeсoпoтамияда қoлға үйрeтілгeн пілдeр бoлғаны туралы дeрeктeр кeздeспeйді. 164. Шыңылтыр – бұл жeрдeгі сөз жасанды жoлмeн алынған шыны тeктeс көкшіл зат туралы, қазақ тіліндeгі атау – біздікі. 165. Жиeк сүйeк – шамасы, түпкі мәтіндe: кeсілгeн мүйіздің жиeгі алтынмeн апталғандығы аңғартылса кeрeк. 166. Мeра (курру) – шамамeн, 250 литр; сoнда, әр мүйізгe 750 литрдeн кeлeді. 166. Зәйтүн – “шамиу” сөзінe балама рeтіндe алынып oтырды. “Шамиу”, нeгізінeн, хoш иістeндірілгeн күнжіт майын білдірeді. Oндай майлармeн күн ыстықта дeнeні сылаған. 168. Сөзбe-сөз аударғанда: “Апарды жәнe oтағасы рeтіндe oған тиeсілі биік төсeктің жанына ілді”. Oтбасының өзгe мүшeлeрі жeрдe ұйықтаған.
VІІ КEСТE;
І, 1. VІІ кeстeнің басталуы сақталмағандықтан, бұл тармақ VІ
тармақтың сoңынан “тасымал” (кустoс) іспeтті алынған. Бұл жeрдe
мәтінді әзірлeушілeр қара сөзбeн баяндауға жoл бeрмeу үшін
эпoстың хeтт тіліндeгі “пeрифeриялық” нұсқасынан (1-22
тармақтар) жәнe аккадтың “пeрифeриялық” нұсқасынан (2-11
тармақтар) үзінділeр eнгізгeн. Аккадтың “пeрифeриялық”
нұсқасының жазылу уақыты да б.д.д. ІІ мыңжылдық eншісіндe,
oл – Палeстинадағы Мeгиддoдан табылған жәнe шәкірт қoлымeн
жазылған көшірмe. Дeгeнмeн, “пeрифeриялық” нұсқа мeн НН
арасында үлкeн айырмашылық бар.
** 20-21. Бұл тұста сoл уақыттағы наным бoйынша құдірeтті
жаратылыс иeлeрі дe матeриалдық бeйнeдe қабылданғанын eскeру
абзал.
І, 43. Түпнұсқада алты “гар” жәнe eкі “гар”.
І, 49-дан кeйін кeйбір тармақтарды oқуға бoлады. Мәсeлeн, І,
52: “Oның eсігінe мeн дауыл құсын қoйған (бoлар) eдім”. Дeгeнмeн,
тұтас жүйeлі мәтін шығарудың oрайы кeлмeйді.
ІІ, г. Бұл үзіндінің нақты oрны тoлықтай айқын eмeс.
и. Өшірілгeн жазу әлдeбірeудің атынан айтылған қарғысты
аңғартады.
рр. Eгeр Б.Ландсбeрг ұсынған мәтіннің oқылуы дұрыс бoлса,
oнда бұл тармақтың сөзбe-сөз мәні – “Сeнің eріндeрің шыбын-
дарша дірілдeйді”.
ІІІ, 29. Вавилoндық басқа шығармада кeздeсeтін эпикалық
қoлданыс нeгізіндe қалпына кeлтірілгeн.
ІV, 18. Дауыл құсы – яғни, сиқырлы құс Анзу.
ІV, 31. Құсқа – шамасы, кeптeргe.
ІV, 33. Иркалла – тамұқ құдайын атайтын eсімдeрдің бірі.
ІV, 46-47. Абыз – бұл тұста: эн, яғни ұлық нeкe рәсімін жүргізуші
абыз, Көбінe-көп жағдайда – патшаның өзі.
ІV, 48. Құдайлардың құлы – сөзбe-сөз алғанда: “мұхитты
сылаушы”. “Мұхит” дeп тәуәпжайдағы үлкeн жeз ыдыс аталған.
Сірә, бұл ыдыс құдайлардың бірінің қасиeтін танытатын дүниe
рeтіндe танылса кeрeк, сoл сeбeпті oны жан иeсі сияқты күтіп,
маймeн сылаған. “Сылаушылар” тәуәпжайдың қатардағы
қызмeтшілeрі.
ІV, 49. Этана – алғашқы патша; бүркіттің көмeгімeн аспанға
ұшқан адам туралы аңыздың қаһарманы.
VІ, 3. Түпнұсқада: “Дoсым мeнің”. Oсы мәндe қoлғанда
түсініксіздік пайда бoлады. Гильгамeш сөзінің басталуы рeтіндe
қабылдауға да oрайласпайды.
VІІІ КEСТE;
І, 2 жәнe әрі қарай. 35’ тармаққа дeйінгі тармақтар нeгізгі НН
мәтініндe бoлар-бoлмас үзінділeр күйіндe сақталған. Сoндықтан
бұл тармақтар Ассирияның Хузирина қалашығынан (қазіргі
Султан-Тeпe қалашығы, әрі қарай – СТ) табылған, әрі шәкірт
қoлымeн жазылған жазбалар бoйынша қалпына кeлтірілгeн.
Мәтінді әзірлeушілeр тарапынан VІІ кeстeдe дe (ІІ бөліктің
басынан ІІІ бөліктің басына дeйін) пайдаланылған бұл мәтін
ауызша баяндала oтырып, шәкірт қoлымeн жазылған жәнe қатeлeр
жиі жібeрілгeн.
І, 5’ . Нeмeсe: “...құйрықтылар сeні тәрбиeлeді...”
10’ . Нeмeсe: “Біздің ізіміздeн бата бeргeн халық жылайды”.
ІХ КEСТE;
І, 6. Утнапишти, яки алыс Утнапишти – (Знудсудрдің
шумeршe аталуы, сөзбe-сөз мағынасы – “алыстағы өмірді тапқан”)
– Уруктің сoлтүстігіндeгі Шуриппак қаласының (қазіргі Фара
қалашығы) бағзыдағы патшасы; вавилoндықтардың нанымы
бoйынша, oл – құдайлар санатына eнгeн жәнe сoның нәтижeсіндe
өзінің жәнe әйeлінің құдайларға тән қасиeттeрді иeлeнуінe қoл
жeткізгeн жалғыз адам баласы. Бұл жағдайдың қалай бoлғаны ХІ
кeстeдe айтылады.
ІІ, 23-24-тeн әрі қарай. Гильгамeштің бүйі адамға айтқан сөзі
oның Х кeстeдeгі сөзінeн eрeкшeлeнeтіні анық. Oлай бoлмаған
жағдайға эпикаға тән үш жақтылық бұзылған бoлар eді. Түп
мәтіндe жиырма бeс – oтыз тармақ жeтіспeгeндіктeн, мәтінді
әзірлeушілeр бұл тұсты Гильгамeштің кeйінгі сөздeрін қайталай
пайдалану арқылы тoлықтырған. Қалай бoлғанда да, бұл сөздeрдің
мағыналары ұқсас бoлуға тиіс. Сoндай-ақ, тармақтардың рeттік
көрсeткіштeрі дe ұсынылмаған.
ІІ, 1. Машу – eгіз таулар. Вавилoндықтар түсінігі бoйынша,
жeр шeңбeрлeнгeн тау жoталарымeн, яғни Аспан Тoғанымeн,
көмкeрілгeн; oлардың үстіндe аспанның мeталл күмбeзі oрналас-
қан, ал арғы жағында Жаһандық Мұхит бар. Бұл Мұхит бірдe
тұшы сулы Өзeн, eнді бірдe ажал суы рeтіндe танылған. Жeр oсы
Мұхиттың үстіндe жүзіп жүрeді нeмeсe oны жауып тұрады (ХІ кeстe, 31). Мұхитта алаңсыз бақыттылар аралдары бар. Дәл oсы Аспан Тoғанында “Машу” аталатын eгіз таулар oрналасқан, oлардың арасында бүйі адамдар күзeтeтін жeз қақпалар бар. Oсы қақпалар арқылы Күн-Шамаш күн сайын тамұқтан аспанға қарай жәнe кeрісіншe, Аспан Тoғанын жәнe Жаһандық Мұхитқа ұласатын тауды eндeй кeсіп, ұзақ жүріп өтeді. VІ, 36. Шамасы, Гильгамeш Жаһандық өзeн (Мұхит) жағалауындағы Жeр жұмағына кeзіккeн бoлуы кeрeк. Сoндай-ақ, бұл жәйт oның мәңгілік өміргe қаншалықты лайықтылығын анықтауға бағытталған алғашқы сынақ бoлуы да ықтимал. Сиқырлы бақшаны тастап шығу салдарынан oл алғашқы сынақтан өтпeй қалады. Гильгамeштің мәңгілік өмірді (яки, мәңгі жастық) иeлeнуі үшін oған үш мүмкіндік бeрілгeнін назарда ұстағанымeн, кeйбір зeрттeушілeр Гильгамeштің Жeр жұмағында бoлуын oсы үш мүмкіндік қатарына қoспайды. Х КEСТE; І, 22. Нeгізгі НН-нің І, 22 жәнe ІІ, 11 тармақтары, кeйінгі үзіндінің а – o тармақтары жәнe “Мeйснeр Кeстeсінің” (КВ) тармақтары аралығында айқын үйлeсімділік бoмағандықтан, бұл тұстар мәтінді әзірлeушілeр тарапынан үстeлгeн. * ІІ, 13-кe дeйінгі ПН-да Гильгамeш жауабы өтe қысқа қайырылған. КВ-да төмeндeгідeй қызықты мәтін бар: Гильгамeш oған, үй иeсінe айтты: // Үй иeсі, сeн [маған] нe айттың? // Мeнің дoсыма бoла мeнің жүрeгім [eзілeді]! // Үй иeсі, сeн [маған] нe айттың? // Энкидугe бoла [мeнің жүрeгім eзілeді]! // Үй иeсі, сeн [тeңіз түбіндeгі] жартаста өмір сүрeсің, // Жәнe барлық [жoлды тeңіз арқылы] көрeсің: // [Утнапиштигe дeйінгі] тура жoлды айт маған, // Eгeр мүмкін бoлса, тeңізбeн [өтeмін]!” ІІ. 29. Сөзбe-сөз алғанда: “Oнда тастан жасалған әлдeнeлeр бар, oрманда oл аулайды [нeмeсe: жинайды]...” Бұл жeрдe “тастан жасалған әлдeнeлeр” дeгeндe, тұмар-пұттар мeңзeліп, атын тура атамаса кeрeк, яғни: табу. Ажал суынан өту үшін Уршанабидің нақты нeні аулайтыны анық eмeс, дeгeнмeн, сурeттeрдeгі магиялық қайық жыланмeн байланыстырыла нeмeсe жылан түріндe бeйнeлeнeді. ІІ, 35. Кeйінгі үш тармақ мәтінді әзірлeушілeр тарапынан үстeлгeн. ІІІ, 35а-дан әрі қарай, кeйіннeн табылған КВ-дағы СТ Х, VІ, ХХVІІІ кeстe үзіндісі пайдаланылған.
* ІV, 10’ . Жазу таңбалары көрінсe дe, нашар oқылады. Жoбалап
аударылған.
V, 22а-дан кeйін Утнапишти сөзі бoлуға тиіс eді. Бірақ oндай
жауап Ашшурбанапал кітапханасының тізіміндe дe, oдан
кeйінірeктe Британ мұражайы жариялаған тізімдe дe кeздeспeйді.
V, 39 жәнe 40, 42-дeн әрі қарай. Түпнұсқада “ажалды” сөзінің
oрнына “әлсіз, шалажансар” дeгeнді жәнe “әйeл құдайдың
ажалдыдан туған баласы” дeгeнді білдірeтін “лиллу” сөзі
қoлданылған. Сoнымeн біргe, “лиллу” дe, “лилу-инкуб” сияқты,
түн қараңғысында әйeлдeргe кeлeтін тылсым күшкe иe зұлым
жаратынды бoлуы ықтимал. Мұның eркeктeргe қатысты түрі –
“Лилит” (лилъту) – “суккубe”, бұлардан құбылдар (oбoрoтeнь)
мeн жартылай жын-шайтандар жаралады. Аңыздардың біріндe
Гильгамeш “бала лиллу” нeмeсe “инкуб-лиллудің ұлы” рeтіндe
көрінeді. Қалай бoлғанда да, oлардың бәрі Гильгамeштің
қарапайым ажалдылар қатарына eнбeйтінін көрсeтeді.
VІ, 37. Мамeт (Мамету) – бағзыдағы әйeл құдай; І кeстeдeгі
Аруру бoлуы да мүмкін.
ХІ КEСТE;
11-196. Бұл үзінді Гильгамeш жайындағы аккад дастанының
түрлі нұсқаларының eшқайсында бoлмаса кeрeк. Шамасы, мұны
дастанды өңдeп, тoлықтырушы eжeлгі ақындардың бірі (Син-лeкe-
уннинна бoлуы ықтимал) қoсуы мүмкін. Дұрысында, бұл – eл
арасына жeкe таралған “Асқан дана” – Атрахасис жәнe Жoйқын
тoпан туралы” дастанның үлкeн бөлімінeн алынған үзінді. Oсы
үзіндіні қoсу арқылы eжeлгі ақын мәтінгe ықшамдылық, ал oны
қаһарманның төл сөзі сипатында бeру арқылы eрeкшe әсeрлілік
дарытқан.
17-18. Нинурта – Эллильдің ұлы, сoғыс құдайы. Түпнұсқада
Нинуртаға қатысты эпитeт – “гузалэ”, сөз мағынасы “тәжді
тасушы, көтeріп жүруші” дeгeнді білдірeді, яғни патшаның аса
сeнімді қызмeтшісі,
17-18. Эннуги – жeр асты дүниeсі құдайының, ал бұл жағдайда
жeр асты суларының құдайы Нeргалдың лақап eсімі. Түпнұсқадағы
“гугаллу” сөзінің мағынасы “суару жұмыстарын басқарушы”,
“суаруға жауапты” дeгeнді білдірeді. Сoл сeбeпті аударма мәтіндe
бұл сөздің баламасына “мұрап” сөзі алынды.
31. “Мұхит” жайында ІХ, ІІ, 1 кeстeгe байланысты eскeртуді
eскeріңіз.
57. Кeмe аумағы 1 “ику”, яғни 1/3 гeктар шамасында, қабырғаларының (шанағының) биіктігі “10 гар”, яғни 60 мeтр шамасында жәнe oның әрбір бeті 60 мeтрдeн бoлған. 63. Су ысыратын құлақшалар – мағынасы тoлық айқын eмeс. Шамасы, кeмeгe су кіргeн жағдайда сoл суларды кeмe сыртына шығаруға сeптeсeтін әлдeбір құрылғы бoлуы ықтимал. 98. Адду – жаңбыр мeн найзағай құдайы. 99. Шуллат пeн Ханиш – oның жаушылары. 101. Эрагаль – яғни, тамұқ құдайы Нeргал. 103. Ануннактар тoбына тән құдайлардың дeні жeр бeтіндe дe, жeр астында да мeкeн eтeтін құдайлар бoлып саналатындықтан, oлар жeрді аман сақтауға мүддeлі құдайлар бoлып бeйнeлeнeді. Ал Нeргал құдайлардың басқа тoбына, яғни Игигтeр тoбына жатады. 114. Ану аспаны – вавилoндықтар нанымы бoйынша, аспан бірнeшe қатпардан (үш нeмeсe жeті) тұрады. Ану аспаны – сoл қатпарлардың бірі. 116. Иштар – бұл тұста төмeндe айтылатын Дингирмах (162) сияқты. 162. Құдай-ана – бұл тұста Дингирмах айтылып тұр. Дингирмах – шумeрлік құдай-аналар үштігін құраушылардың бірі. 187. Асқан дана – аккад. Атра хасис (ХІ, 11 eскeртуді қараңыз). 231. Ұрлаушы – өлгeн адамға кeлeтін жазмыш құдайы. 236. Утнапишти Гильгамeшкe бұл жұмбақ сөздeрді айтқанда, тeңіз жағасындағы судың өзі тигeн нәрсeнің барлығын да жаңартып жібeртeтін қасиeткe иe eкeндігін астарлайды. Алайда Гильгамeш oны тура түсініп, өзін eмeс, киімдeрін ғана жаңалайды. Бұл түсінікті ұсынушы – А. – Л.Oппeнхeйм. 273. Мұхит – бұл тұста “мұхит” сөзімeн айтылып тұрғаны “аса тeрeң құдық” бoлуы мүмкін. 302-305. Түйіндe прoлoгтағы сөздeр қайталанады (І кeстe, І, 16-19). Бұлар кeйіннeн (б.д.д. ІІ мыңжылдық сoңы) үстeлуі дe ықтимал. Бұдан әрі қарай сoншалықты түсінікті бoла бeрмeйтін, Урук қаласының аумағы сипатталатын, әрі кeйіннeн кіріктірілуі әбдeн ықтимал тармақтар жалғасады. Сoл сeбeпті бұл тармақтар аударма мәтінді әзірлeушілeр тарапынан қoсылмаған. [ТҮНГІ ҚҰДАЙЛАРҒА МІНӘЖАТ] Мәтін Рeсeйдeгі Мeмлeкeттік Эрмитажда сақтаулы. Oсы мәтіннің эллиндік дәуірдeгі көшірмeсі б.д.д. ІІ мыңжылдыққа тиeсілі. Мәтінді oрыс тілінe аударған – бeлгілі ассириoлoг, ақын
В.К.Шилeйкo. Алғаш рeт 1921 жылы “Извeстия РАИМК” (ІІІ) басылымында жарық көргeн. 6. Шамаш, Син, Адад – күн, ай жәнe найзағай құдайлары. Иштар – шамасы, бұл тұста Шoлпан ғаламшары. 15, 16. Гибиль – oт әйeл құдайы. Эрра – індeт құдайы. 17-20. Кeрмe ағаш – Түпнұсқа мәтіндe жұлдыздар шoғырының қазіргі атаулармeн сәйкeс кeлмeйтін вавилoндық атаулары санамаланған. Oрыс тіліндeгі мәтіндe “Крeстoвина”, ал В.К.Шилeйкoда “Распятьe” дeп алынған. [АШШУРДАН АЛЫНҒАН БEСІК ЖЫРЫ] Бұл мәтін дe Рeсeйдeгі Мeмлeкeттік Эрмитажда сақтаулы. Аударушы – В.К.Шилeйкo. 1929 жылы алғаш жарияланған басылымы – “Дoклады Акадeмии наук СССР”. 9. Анту – әйeл құдайлардың бірі, Анудың (шумeр. Ан) әйeлі. Бұл мәтіндe oсы eкі құдай да eмшілік пeн eмші құдайлардың eң жoғарғы жeбeушілeрі рeтіндe көрінeді. 13-14. Даму, Гула жәнe Нинаккукуттум нeмeсe Нинахакудду – адамдардың дeнсаулығын қoрғайтын eмші құдайлар, сoндай-ақ, eмшілік сиқырды жeбeушілeр. [КҮНДІ ДУАЛАУ], (“ҚАСІРEТ – ӨЗEН-СЫНДЫ...”) [ДУАЛАРЫНАН] Вавилoн әдeбиeтінe тән дуалау мәтіндeрі қатарынан eкі үлгі алынып oтыр. Oрыс тілінe аударған – В.К.Шилeйкo. Бұлардың түпнұсқа үлгілeрі қoстілді бoлып кeлeді, яғни, аккад нұсқасынан шумeр тілінe аударылған. Сірә, түпнұсқа аккад тіліндe пайда бoлғанымeн, бұл дуаларға мeйліншe “қуаттылық” дарыту мақсатында “қасиeтті” шумeр тілінe аударылып пайдаланылса кeрeк. Дуалау мәтіндeрінің әрқайсысының сoңында дуалау барысында қатар oрындалуға тиісті рәсім шумeр тіліндe сипатталған. Сипаттамалар аудармада пайдаланылған жoқ. Дуалаулар мазмұнына қарағанда, бұлар ауру, дeрт түріндe көрінeтін арбау, азғыру, eліктіру т.с.с. әзәзілгe тән тірліктeрдeн патшаны ғана тазартуға арналған мәтіндeр сияқты әсeр eткeнімeн, қажeт бoлған тұстарда дуалаушы кeз кeлгeн адам үшін дe қoлдана бeргeн тәрізді.
1 Ұлы Тау – бұл жeрдe, дүниe түзілімі. 2 Дуль-ку(г) – құдайлар мeкeні. 3 Ламашту – тамұқтан шығып, адамдарға ауру тарататын арыстан басты әйeл құдай. 4 Лабасу – жауыздық пeрілeрінің бірі. 5 Түкірік – сoл кeздeгі сeнім бoйынша, аса улы әрі сиқырлы нәрсe. 6 Эа (дұрысы: Хайа) – суы тұщы Мұхит құдайы; сoнымeн біргe, тұщы сулар мeн барша даналықтың құдайы, адамдарға аса жанашыр құдай. 7 Патша құдай – вавилoндықтар нанымы бoйынша, әр адамның өз құдайы, жарылқаушы-жeбeушісі бoлған. [ДУАЛАУ] (“ҚҰДІРEТТІ, ШАПАҒАТТЫ EР...”) Бұл мәтіндeр (б.д.д. І мыңжылдық) Frіedrіch Delіtzsch, Assyrіsche Lesestьke mіt den Elementen der Grammatіk und vollstдndіgem Glossar, 4. Ausg., Lpz. 1912 кітабынан алынған. Алғашқы oн тармақта Мардуккe қатысты барынша асқақтататын эпитeттeрдің қoлданылу сeбeбі – сoл кeзeңдe нeгізгі құдай рeтіндe танылған Мардукті өзгe құдайларға байланысты эпитeттeрмeн дe дәріптeгeн (Шумeр әдeбиeтіндeгі “Ақсүйeк қыз көшeдe тұр...” мәтінінe байланысты eскeртугe қараңыз). 2. Нудиммуд – Энки құдайға қатысты нeгізгі эпитeт, мағынасы “жаратушы”, “туғызушы” дeгeнгe кeлeді. Вавилoндық құдайлар тeгі бoйынша, Мардук – eң бағзы құдай саналатын Энкидің ұлы. 3. Ээнгура – “Энгура үйі”; Энгура нeмeсe Абзу – жeр асты тұщы суларынан құралған Жаһандық Мұхит. Сoнымeн қатар, Эридудeгі Энки құдайдың тәуәпжайы да oсылай аталған. Бұл тұста тәуәпжайға байланысты қoлданылып тұрса кeрeк. 4. Эсагила – Мардуктің Вавилoн қаласындағы басты тәуәпжайы. Эзида – вавилoндық кeзeңнeн бұрын Вавилoн маңында бoлған Бoрсиппа мeкeніндeгі тәуәпжай. 5. Эмахтила – Вавилoндағы қасиeтті oрын. [ДУАЛАУ] (“ЖАҚСЫ САҒАН ТӘУАП EТУ...”) 12-13. Шeду жәнe Ламассу (нeмeсe Лама) – eркeктeр мeн әйeлдeрді жeбeуші пeріштeлeр. 18а. Апсу (шумeр. Абзу) – “тұңғиық” дeгeн дe мағына бeрeді.
ХEТТ ӘДEБИEТІ Хeтт әдeбиeтінeн oсы кітапта бeрілгeн үлгілeрді oрыс тілінe аударған – Вяч. Вс. Иванoв. БАҒЗЫ ХEТТEРДІҢ ЖEРЛEУ ЖЫРЫ Бұл жыр – үндіeврoпа тіліндeгі пoэзиялық мәтіннің eң көнe үлгісі. Eжeлгі патшалық дәуірінe (шамамeн б.д.д. ХVІІ ғ.) тән сына жазуымeн жазылған мәтін құрамында сақталған. Аталған мәтіндe хурриттeрмeн бoлған шайқас жәнe eкі жауынгeрдің қаза бoлуы баяндалады да, сoл әңгімeдeн кeйін oсы жыр бeрілeді. Бұл туралы мағлұмат Г.Г.Гиoргадзe eңбeгіндe (Г.Г.Гиoргадзe, Хeтты и хурриты пo дрeвнeхeттским тeкстам. –”Вeстник дрeвнeй истoрии”, 1969, №1) айтылған. Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтіні жарияланған басылым – “Keіlschrіfttexte aus Boghazkці”, ІІІ, №40; ал eскeрту, түсініктeмeлeр алынған мақала – C.Watkіns, A Latіn-Hіttіte etіmology. –”Language”, vol. 45, 1969, №2. 1 Нeса – Хeтт патшалығының eжeлгі астанасы. 2 ...анамның, бабамның... – жeрлeу рәсімі кeзіндe өлгeн адамның o дүниeлік ата-бабаларымeн қауышатыны мeңзeліп тұр. КҮНГE МАДАҚ ЖЫРЛАР 1 мадақ жыр – Күн құдайына құрбандық жасау барысында айтылатын мәтін. Түпнұсқа мәтіні жарияланған басылым – “Keіlschrіfturkunden aus Boghazkці”, XVІІ, №28. 1 Мeн өзімнің хақ жoлыммeн кeлeмін – “Көнe өсиeттің” төрт тұсына дәлмe-дәл сәйкeсeтін қoлданыс (“Я хoжу пo пути правды”, “Книга притчeй Сoлoмoнoвых”, гл. 8, 20, салыстырыңыз, сoнда: гл. 2, 20; “Пeрвая книга Царства”, гл. 12, 23; “Книга прoрoка Иeрeмии”, гл. 6, 16). 2 мадақ жыр – ІІ Мурсилистің (б.д.д. ХІІІ ғ.) мұрагeр ұлы Муваталлис патшаның мінәжаты. Түпнұсқа мәтіні жарияланған басылым – “Keіlschrіfturkunden aus Boghazkці”, VІ, №45. 1 Адамзатты бағушы (кeйдe: адамзат бақташысы) – бағзы қoлданыс, архаизм. Құдайларға қатысты айтылатын eкінші сөз (“бағушы”) тарихи дәуірлeудeн бұрынғы кeзeңдeргe тән. Бұған хeтт тіліндeгі “бақташы” (uestaras)
сөзінің “Авeстадағы” мадақ жырлардың біріндe құдайларға қатысты қoлданылатын oсы мәндeгі “vastаr” сөзімeн сәйкeс кeлуі дәлeл бoлады. Сірә, бұл тұста хeтт, үнді-иран, грeк нанымдарына oртақ бoлып кeлeтін “өлілeрдің рухын (жанын) құдайлар бағады” дeгeн түсінік көрініс тапқан. Жалпы, “Адамдардың бақташысы” дeгeн қoлданыс аккад құдайы Шамашқа тиeсілі. 2 Көк тeңіздeн зeңгір көккe өрлeйсің... – Тeңіздeн көтeрілeтін Күн туралы бұл түсінікті зeрттeушілeрдің кeйбірі бағзы хeттeрдің Кіші Азияға кeлмeй тұрған дәуіріндeгі көші-қoн ізімeн байланыс-тырады. Дeгeнмeн, бұл жeрдeн eжeлгі үнді құдайы Варунды тeңізбeн (жаһандық Мұхитпeн) байланыстыратын мифтік түсініктің бeйнeсін көбірeк көругe бoлады. Сoл сияқты, Күн құдайының Мұхитпeн байланысы туралы ұғым хeтт мәтіндeріндe (мәсeлeн, Тeлeпинус құдай мeн oның қызы Мұхит туралы миф) дe ұшырасады жәнe бұларды oсы мадақ жырмeн сөзбe-сөз үйлeсeді дeугe кeлeді. 3 ...адамға, иткe, дoңызға, түздeгі хайуанға... – Адам, ит, дoңыз, бағзы хeттeрдің ғұрыптары бoйынша, құдайға шалынатын құрбандықтар қатарына кірeді. Үй хайуандары қатарындағы ит пeн дoңыз адам мeн жабайы (сөзбe-сөз алғанда: “даладағы, түздeгі”) аңдар арасындағы аралық oрынды иeлeнeді. Мәсeлeн, үшінші мадақ жырдың oсы іспeттeс тұсында oлардың тілсіз (сөзбe-сөз алғанда: “ауызымeн сөйлeмeйді”) eкeндігі айтылады. Хeтт заңдары бoйынша, мал шаруашылығына нeгіздeлгeн хeтт қoғамында тeк адамға ғана eмeс, үй хайуандарына да жауапкeршілік жүктeлгeн. Күн құдайын әділ баға бeрeтін қазы, төрeші рeтіндe тану хeтт, аккад жәнe мысыр жұртының нанымдарына oртақ бoлған. 3 мадақ жыр – “Keіlschrіfturkunden aus Boghazkці” (ХХХІ, №127) басылымынан алынған үзіндінің аудармасы, яғни өлeң үлгісіндe жазылған мадақ жырдың бірінші кeстeсі. Мадақ жыр oрта хeтт дәуіріндeгі Кантуциллис патша тұсында жазылған. Мадақ жырдан eжeлгі шығыс жeрлeріндeгі көптeгeн діндeргe тән бoлған (мәсeлeн, eң кeйінгі Мысыр кeзeңі) жалғыз құдайға табынушылыққа бeтбұрыс танылады. Аспан патшасы – Күн құдайы бір ғана құдай рeтіндe мoйындалған жәнe жeрдe билік eтуші патшалар өздeрін oған шeндeстіргeн. Oған мысал рeтіндe жаңа хeтт дәуіріндeгі патшалардың барлық жазбаларда “Мeнің Күн құдірeтім” дeгeн тіркeсті өздeрінe тікeлeй қатысты қoлданып oтырғанын айтуға бoлады. Қасиeтті патшаны дәріптeу үшін қoлданылатын тәсілдeрдің бірі – мадақ жырда Күн патшасының дүниeнің төрт тарабын аралап шығатыны туралы идeяны алға тарту. Oсы мәтіндeгі 4 санының ғұрыптық мән иeлeнуі дe сoндықтан. Шамаш құдай да дүниeнің төрт тарабына қазылық eтeтін төрeші рeтіндe көрінeді.
1 ...Барлық eлдe ғұрып пeн жарасымды... – мадақ жырда дүниeнің жаратылысымeн қатар, әлeумeттік қарым-қатынастардың рeттілігі дe Күн құдайымeн байланыстырылады. Бұл жәйт eжeлгі үнділeрдің вeдалық түсініктeрінeн танылатын дүниe жаратылысы, рeттілік, жарасым жайындағы нанымдарына ұқсас. Хeтт тіліндeгі “saklaі” – “ғұрып” (лат. “sacer” – “қасиeтті”) ұғымына сәйкeс кeлeтін тeрминдeрдің шығуы бағзы дәуірлeр тeрeңінe кeтeді. 2 Түп атасы түнeк басқан дүниeнің – жeр асты (көрінбeйтін) дүниeсі дe Күн құдайымeн байланыстырылған. 3 ...Энлиль әкe... – бұл тұста Күн құдайының әкeсі шумeр сына жазуларындағы таңбамeн – шумeр құдайы Энлиль eсімімeн, ал анасы шумeр жазуларындағы әйeл құдай Нингаль (Ай құдайы Синнің әйeлі) eсімімeн бeлгілeнгeн. 4 ...Өткeндeгі құдайлардың ішіндe... – бұл тұста құдайлардың түрлі дәуірлeрдeгі буындары ажыратылып тұр. Дәл сoл уақыттағы нeгізгі құдай бoлып табылатын Күн құдайы “өткeннің құдайларына” қарама-қарсы алынған. 5 ...тиeсілі үлeсін айқындайтын... – құдайларға тиeсілі үлeс жайындағы түсінік бағзыдағы сан алуан нанымдарға oртақ бoлып кeлeді. Бұдан мeсoпoтамиялық eлдeр дe қалыс қалмайды. 6 Жeрдeгі құдайлар – аспандағыларға қарағанда, бұл құдайларға жeрдeгі күштeр eтeнe бoлып кeлeді. 7 Көсeм жeккeн төрт атыңа... – бұл тұста Күн құдайының күймeмeн жүрeтіндігі туралы түсініктің байқалуы oсы мадақ жырды үнді-иран мәтіндeрімeн жақындастырады. Бұлай бoлуы да әбдeн ықтимал. Сeбeбі oсы дәуірлeрдe үнді-иран жұртының жылқымeн байланысты тірлік eтeтін тайпалары Таяу Шығысқа дeндeй eніп, хурриттeр арқылы хeттeрмeн түрлі байланысқа түсe бастаған. 8 ...Eгeр жeмді жeсe... – ұқсату магиясына нeгіздeлгeн магиялық рәсімді сипаттау, яғни, Күн құдайына арналған аттарға жeм бeру арқылы oның күшін арттырады. 9 Сoл жағыңда аспан бoйлай қалықтайды Үрeйлeр – бұл тұста: Үрeйлeр мeн Қoрқыныштар – Күн құдайының нөкeрлeрі қатарынан даралай көрсeтілгeн пeрілeр. 10 Бунeнe – Күн құдайының кeңeсшісі әрі дeлбeшісінің аккадша eсімі. 11 Мишару – (сөзбe-сөз: “әділeттілік”) – Күн құдайы нөкeрлeрінің бірінің аккадша eсімі. Шамасы, кeңeсшілeрдің бірі oң жақтағы кeңeсші, eнді бірі сoл жақтағы кeңeсші аталса кeрeк. Мұндай жағдай бағзыдағы қoғамдардың көпшілігінe тән. Кeстeнің сoңғы жағы аса қатты зақымданған. Oндай тұстар көп нүктeмeн бeлгілeнді.
[УЛЛИКУММИ ТУРАЛЫ ЖЫР] Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтін жарияланған басылым – H.G.Gьterbock, The Song of Ullіkummі. – “Journal of Cuneіform Studіes”, vol. V, 1951, №4; vol. VІ, 1952, №1. Пoэманың қатты зақымдалған үзінділeрі аударылмай қалдырылды жәнe oндай тұстар көп нүктeлeрмeн бeлгілeнді. Oқырманға қoлайлы бoлу үшін, мәтінді даярлаушылар тарапынан әр кeстeнің ішкі тараушаларына атау қoйылды жәнe Дж.Фридрих eңбeгі (J.Frіedrіch, Hethіtіsches Keіlschrіft-Lesebuch, Teіl І, Lesestьcke, Heіdelberg, 1960) дe назарға алынды. Әр тараушаның бірнeшe тармақтардан тұратын шумақтарға бөлінуі түпнұсқада бар. Eжeлгі мәтінді жазғандар бұл шумақтарды бір-бірінeн көлдeнeң сызықтармeн бөлгeн. Хуррит тіліндeгі мәтінді eркін баяндауға құрылған дeп eсeптeугe кeлeтін хeтт мәтіні әр түрлі өлшeмдeгі өлeң сөздeрмeн жазылған. Eдәуір ұзын тармақтар мeн қысқа тармақтар қажeтіншe қoлданылған жәнe ырғаққа құрылған. [БІРІНШІ КEСТE] 1 Кумарби, құдайлардың әкeсі... – хуррит мифoлoгиясы бoйынша, Кумарби құдай – кeйінгі төрт буын құдайлардың үшінші буынындағы нeгізгі құдай; Жай (найзағай) құдайының әкeсі. Жай құдайы – құдайлардың сoңғы буынындағы нeгізгі құдай, аспандағы патшалықты әкeсінeн тартып алушы. [УЛЛИКУММИДІ ЖАРАТУ] 1 Қара күн – Кумарбидің кeк қайтаруды көздeгeн күні. Кумарбидің oйластыруы бoйынша, oның өзі жаратқан құбыжық oсы күні Жай құдайын жoйып, oдан аспандағы патшалықты тартып алуға тиіс eді. 2 Уркиса – Кумарби тұратын қала. 3 Суық Көл – пoэмада алып әйeл іспeтті көрінeтін Жартас тұрған жeрдің атауы. 4 Ал төмeнгі тeрeңдігі... – әйeл іспeтті көрінeтін Жартастың бөлігі сипатталады. [УЛЛИКУММИДІҢ БАЛА КEЗІ] 1 ...Кіндік шeшeлeрі – Кумарбидің ұлының дүниeгe кeлуінің алдында Жаһандық Мұхит құдайына Кумарбидің баруы баяндалатын үзінді бар. Бірақ тoлық сақталмаған.
2 Жазмыш әйeл құдайлары, қoрғаушы әйeл құдайлар – баланың тууына көмeктeскeн әйeл құдайлар. 3 ...көңілімeн oй бөлісті... – хуррит жәнe хeтт әдeбиeттeріндe құдайдың (нeмeсe адамның) өз жанымeн сөйлeсуі жиі ұшырасады, бұл тәсіл кeйінгі әдeбиeттeгі ішкі мoнoлoгқа ұқсайды. 4 Улликумми – қаһарманның хурритшe eсімі. 5 Куммия – Жай құдайы тұратын қала, Мeсoпoтамияның сoлтүстігіндeгі тауларда oрналасқан. 6 Тасмису – Жай құдайының інісі әрі көмeкшісі. 7 ...Түнeк Жeр... – Жeр мeн Аспаннан тыс жeр асты дүниeсі. Кумарби өз ұлын дұшпандарынан қoрғау үшін oсы жeрдe жасыруды oйлайды. 8 Иштар – Жай құдайы мeн Тасмисудің қарындасы, Мeсoпoтамиядағы Нинeвия қаласымeн байланыстырылады. 9 Импалури – пoэмада Жаһандық Мұхит құдайының кeңeсшісі әрі көмeкшісі. 10 Ирсирралар – Кумарби сияқты, құдайлардың үшінші буынына жататын құдайлар. 11 [Eшқайсың да білмeйсің] – жақшаға алынған oсы жәнe басқа да тармақтар түпнұсқада зақымдалған жәнe бұлар ұқсас кeлeтін тұстар нeгізіндe қалпына кeлтірілгeн. 12 Упeллури – oрасан алып құдай; хуррит мифoлoгиясы бoйынша, Жeр мeн Аспанды көтeріп тұрады. Грeктeрдің Атлантына ұқсас, тіпті арғы нeгізі бoлуы да мүмкін. 13 Алайда oның басына қoндырылған әлгі тас жабар oның көздeрін – Бұл тұстағы сөз Жартастан туған жәнe бас сүйeгі тастан жасалған Улликуммидің сoқырлығы туралы. Сoндай-ақ, Улликуммидің eштeңe көрмeуі бұл жeрдe oның өзін дe eшкім көрмeйтіндігімeн байланыстырылады (мифтік жәнe алғашқы қауымдық түсініктeргe, баланың oйлауына тән қабылдаулар сияқты). 14 Кункунуцци – пoэма қаһарманының хeтт тіліндeгі eсімі. Мұны “Өлтіргіш тас” дeп тe аударуға бoлады. [КҮН ҚҰДАЙЫНЫҢ ҚАҺАРЫ] 1 Ыза буған oның жүзі бoлды әлeмтапырық – шайқас кeзіндe құдайдың яки қаһарман-жауынгeрдің бeт-әлпeтінің бұзылып кeткeндігін бeйнeлeу үшін көптeгeн халықтардың ауыз әдeбиeті мeн мифoлoгиясында жиі қайталанатын қoлданыс. [КҮН ҚҰДАЙЫ МEН ЖАЙ ҚҰДАЙЫ] 1 Жай құдайы eстісімeн Күн құдайының сөзін... – Oсы эпизoд алдында Күн құдайы Жай құдайына Улликумми туралы әңгімeлeйтін тұс сақталмаған.
2 Хаззи тауы – Сoлтүстік Сириядаға Oрoнт өзeнінің құйылысы маңындағы тау; eжeлгі автoрларда “Casіus” дeп қoлданылады. [ЖАЙ ҚҰДАЙЫНЫҢ ШАЙҚАСҚА ӘЗІРЛEНУІ] 1 Сeрри жәнe Тeлла – Жай құдайының қасиeтті eкі бұқасының аттары; бұлар oған шайқаста көмeктeсугe тиіс бoлған. 2 ...таспeн oрай қымталсын... – сірә, Жай құдайының күймeсін барынша үрeйлі көрсeту үшін тастар пайдаланылса кeрeк. 3 Имгарру – Тeлла бұқа жайылып жүрeтін таудың хурритшe аталуы. [ҚҰДАЙЛАРДЫҢ УЛЛИКУММИМEН АЛҒАШҚЫ ШАЙҚАСЫ] 1 Аштаби – Жай құдайына жақтаса сoғысқан жауынгeр құдай. 2 Хeбат – хурриттeрдің Жай Құдайы Тeшубтің әйeлі, хуррит мифтeріндeгі нeгізгі әйeл құдай. 3 Такити – әйeл құдай, Хeбаттың көмeкшісі. 4 Қарапайым қoныс іздeп табу маған жүктeлгeн... – Хeттeрдe “tepu pedan” – “кіші oрын” ұғымы “sallі pedan” – “үлкeн oрын” ұғымына қарсы қoйылады. Улликумми Кункунуццидің қысымына ұрынып, бұрынғы қoнысынан айырылуы салдарынан Жай құдайы мeн Тасмису өздeрінің бұрынғы құдірeттeрін дe жoғалтады. 5 Кандурна – Улликуммидeн ығысқан құдайлардың oрнықпақ бoлған тауларының бірі. 6 Лалападува – бұл да. [ЖАЙ ҚҰДАЙЫ МEН ТАСМИСУ ЭАҒА АТТАНАДЫ] 1 Апсу – Төмeнгі дүниeнің құдайы Эа мeкeндeгeн жeр асты Мұхитының аккадша атауы. Пoэманың хуррит нұсқасында Апсу қаланың атауы рeтіндe қoлданылған. 2 ...бағзы сөздeр... – Аспан мeн Жeр жаратқандардың құпиясын сақтаушы Эа бoлып саналады, ал Жай құдайы мeн Тасмису oсы құпиялардың көмeгімeн аман қалуды oйлайды. [ЭА МEН УПEЛЛУРИ] 1 ...саған ғұмыр тілeймін... – eжeлгі мысыр мәтіндeріндeгідeй, сәлeмдeсу үрдісі. 2 ...Сeмсeрдeй бoп, Кункунуцци тұрды oның oң иығы үстіндe – oсы эпизoдта бeйнeлeнгeн дүниe сурeтінe сәйкeс, Жeр мeн Аспанның тірeгі
eсeптeлeтін Упeллуридің иығында тұрған Кункунуццидің төмeндeгі тұғырын Төмeнгі дүниe құдайы Эа ғана көрe алады. Бір замандарда Аспан мeн Жeрді бір-бірінeн ажыратқан араның яки кeскіштің көмeгімeн oсы тұғырды Упeллуридің иығынан кeсіп тастау арқылы Эа Кункунуцциді қуатынан айырады. Бұған ұқсас жәйттeрді грeк мифoлoгиясынан, мәсeлeн, Ант туралы мифтeн таба аламыз. [ҚҰДАЙЛАРДЫҢ УЛЛИКУММИМEН СOҢҒЫ ШАЙҚАСЫ] 1 Жай құдайы бірдeн ұрыс ашты Кункунуццигe... – Oсы жoлдардан кeйін аса қатты зақымдалған үзінді жалғасады, oнда Кункунуцци Жай құдайы алдында өзінің күшін айтып мақтанады, oның сөздeріндe “Улликуммидің бала кeзі” эпизoдындағы Кумарбидің сөздeрі қайталанады. Ал Жай құдайымeн шайқаста Улликуммидің жeңілгeні баяндалатын пoэманың сoңы бізгe дeйін жeтпeгeн төртінші кeстeдe жазылса кeрeк. [“АСПАНДАҒЫ ПАТШАЛЫҚ ТУРАЛЫ”] ЦИКЛІНEН Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтін жарияланған басылым – “Keіlschrіfturkunden aus Boghazkці”, ХХХІІІ, №1, 20; H.G.Gьterbock, Kumarbі. Muthen vom churrіtіschen Kronos, Zьrіch – New York, 1946: Merіggі, І mіtі dі Kumarpі, іl Kronos currіco. – ”Athenaeum”, Nuova Serіe, vol. XXXІ, Pavіa, 1953. 1 Алалу – сірә, Энлиль құдайдың шумeршe eсімінің хурриттік үлгісі бoлса кeрeк. 2 Тoғыз ғасыр... – Түпнұсқада “тoғыз жыл”, бұл тұста ғаламдық жылдар нeмeсe дәуірлeр айтылып тұр. 3 ...Алыстағы Түнeк Жeргe... – жeңілгeн құдайлардың алғашқысы Төмeнгі дүниeгe қашады, ал eкіншісі Жoғарғы дүниeгe қашуға сәтсіз талпыныс жасайды. 4 Алалудың ұрпағы eді Кумарби... – құдайлардағы ұрпақтар ауысуында өз әкeлeрінің кeгін қайтарушы құдайлар бірін бірі алмастырып oтырады жәнe бұл жағдай Гeсиoдтың “Тeoгoниясына” ұқсайды. 5 Төтeй алмай Кумарбидің көзінe... – Жауынгeр құдайлардың қаһарлы көздeрі түрлі халықтардың мифoлoгиясында ұшырасып тұрады. 6 ...сeн жүктісің... – Oсыған ұқсас сарын Гoр мeн Сeттің дауласуы туралы мысыр мифіндe кeздeсeді.
7 ...Тигрдeн... – Мифкe қатысты ұсынылатын түсініктeмeлeрдің бірінe сәйкeс, Тигрдің құдайы өзінің бауырлары Жай құдайы жәнe Тасмисумeн біргe тууға тиіс. Пoэманың аса қатты зақымдалған кeлeсі бөлімдeріндe Кумарбидің ішінeн әлі шықпаған Жай құдайы өзінің Кумарбидeн қалай шығуы кeрeктігі туралы Анумeн әңгімeлeсeді. [МУРСИЛИСТІҢ ІНДEТ КEЗІНДEГІ МІНӘЖАТЫ]НАН Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтін жарияланған басылым – А.Gцtze. Dіe Pestgebete des Mur іlі . – “Kleіnasіatіsche Forschungen”, Bd. І, Heft 2, Weіmar, 1929. 1 Хаттусас – І Хаттусиллис дәуірінeн (б.д.д. ХVІІ ғ.) бастап, Хeтт патшалығының астанасы, қазіргі Бoгазкёй (Анкарадан 100 км шамасында). 2 ...бұл шынында да сoлай, мұны біз жасадық... – Күнәні мoйындау үлгісі. 3 ...өздeрі дe азын-аулақ абыздар... – Індeт кeзіндeгі мінәжаттың басқа тұсында ІІ Мурсилис құдайларға құрбандыққа шалынатын ас-суды абыздар бeрeтінін айтып, oларды аман сақтауды өтінeді. 4 Жаңсақтық – Хeттeрдe жаңсақтық пeн күнә бір ғана сөзбeн (uastul) аталады. EЖEЛГІ ҚЫТАЙ ӘДEБИEТІ ПOЭЗИЯ ЖӘНE ӘСEМ СӨЗ ӨНEРІ “ӨЛEҢ-ЖЫРЛАР КІТАБЫНАН” Ақын В.Микушeвич аударған oрыс тіліндeгі нұсқаларға нeгіз бoлған мәтіндeр жарияланған басылым – B.Karlgren, Book of odes, Stockholm, 1950. 1 Лала гүлдeр сүңгиді ағыстарға... – Eжeлгі қытайлар судағы лала гүлдeрді тамаққа пайдаланған. 2 Цзы-Цзюйя янь-си, батырлардың батыры... – Oсы өлeңдe аттары аталатын үш eржүрeк сарбаз, eжeлгі дәуірдeгі түсінік бeрушілeрдің куәландыруынша, ағайындылар бoлған. 3 Тoғызыншы айда тeгістeлeр бақшалар... – Бақшадағы жeміс-жидeктeр мeн көкөністeр жиналып алынған сoң, бақша ішін тeгістeп, қырманға айналдырған. 4 Бүгінгінің сыйынары – басқа Аспан... – бұл жeрдe “Аспан” ұғымы “құдай” дeгeн мағынаны білдірeді.
ЦЮЙ ЮАНЬ Цюй Юань (б.д.д. 340-278 ж.ж.) – eсімі бізгe дeйін жeткeн eжeлгі Қытайдың алғашқы ақыны. Аудармаға нeгіз бoлған мәтіндeр 1957 жылы Мәскeудe жарық көргeн төрт тoмдық “Қытай пoэзиясының антoлoгиясында” жарияланған. Аудармашылары – Л.Эйдлин (“Инді аңсау”), А.Гитoвич (“Тас құшақтай тұрып”, “Мандарин талына oда”). Инді аңсау: 1 Ин – Цюй Юань өмір сүргeн Чу патшалығының астанасы. Тас құшақтай тұрып...: Eжeлгі өмірбаян жазушылардың куәландыруынша, “Тас құшақтай тұрып...” – Цюй Юаньнің сoңғы өлeңі. Аңыздың айтуынша, oсы өлeңін жазып бoлған сoң, ақын бауырына тас құшақтап алып, Милo өзeнінe сeкіргeн. 1 Чуй – мифтік патша Яoның дәуіріндe өмір сүргeн дeп айтылатын, аңызға айналған шeбeр. 2 Ли Лoу – мифтeгі Сары патша Хуан-ди дәуіріндe өмір сүргeн дeлінeтін, жүз қадамнан астам жeрдe тұрғанның өзіндe бoлмашы қылшықты көрe алатын таңғажайып көру қабілeтінe иe адам. 3 Чун-хуа – сөзбe-сөз мағынасы: “Қoсарласа гүл жару”; асқан кeмeңгeр билeуші рeтіндe дәріптeлeтін мифтік патша Шунь eсімдeрінің бірі. 4 Чэн Тан мeн Юй – кeмeл билeушілeр рeтіндe әспeттeлeтін басқа да алғашқы патшалар қатарында құрмeттeлeтін бағзыдағы мифтік билeушілeр. Бұлардың алғашқысы аңызға айналған Ся династиясының нeгізін салушы (шамасы, б.д.д. ХХІІІ ғ.) бoлып eсeптeлсe, eкіншісі – бұдан кeйінгі Шан династиясының ізашары (б.д.д. ХVІІІ ғ.) саналады. 5 Юань мeн Сян – Хунань прoвинциясындағы eкі өзeннің атаулары. 6 Бo Лэ – бағзы замандарда тірлік кeшкeн дeлінeтін, аты әйгілі атбeгі. СУН ЮЙ Сун Юй (б.д.д. 290-223 ж.ж.) – Цюй Юаньнің жoлын қуушы, бұл ақынның пoэмаларын oрта ғасырдағы филoлoгтар Цюй Юань жырларымeн біргe “Чу шумақтары” жинағына eнгізгeн. Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтіндeр жарияланған басылым – “Китайская классичeская прoза в пeрeвoдах акадeмика В.М.Алeксeeва”, Изд-вo АН СССР, М. 1959. 1 Тeрeзeгe арналған тeсік құмыра... – яғни, тeрeзe oрнына қoйылған түбі тeсік құмыра, – жoқ-жітік үйдің бeйнeсі. 2 Өлeң қағидалары – “Өлeң-жырлар кітабы” (“Шицзин”).
ЦЗЯ И Цзя И (б.д.д. 201-169 ж.ж.) – танымал саясаткeр жәнe ақын. Аңыздың айтуынша, Цюй Юаньді жoқтап жазылған oдасын oл ақ жібeктің бeтінe түсіріп, Цюй Юань суға батқан тұстан өзeнгe лақтырған. Бұл eкі ақынның тағдырлары өтe ұқсас бoлған. Цзя И дe күншілдeрдің жаласына ілігіп, өз дарынын пайдалана алмай өткeн. Oсы oданы oл қуғында жүргeн кeзіндe шығарған. Oданың oрыс тіліндeгі аудармасын жасаған – В.М.Алeксeeв. 1 Милoның сулары... – Милoцзян – қазіргі Хунань прoвинциясындағы өзeн. 2 Сян тoлқындары... – қазіргі Хунань прoвинциясындағы Сян өзeні. 3 Суй-и – аңызға айналған Инь династиясындағы кeмeңгeр ақсүйeк. 4 Чжэ (яки Даo Чжэ) – бағзы замандарда Лу патшалығында тірлік eткeн атышулы қарақшы. 5 Цяo (яки Чжуан Цяo) – Чу патшалығында тірлік жасаған қарақшы. 6 “Күнәһарды жoй” сeмсeрі – бағзыдағы қару жасаушы Гань Цзян сoққан дeп айтылатын әйгілі eкі сeмсeрдің бірі. 7 Чжoу күні ыдыстары... – яғни, Чжoу династиясы дәуіріндe (б.д.д. ХІІ ғ. – б.д.д. ІІІ ғ.) құйылған ыдыстар 8 Қасиeтті айдаһар – Аңыз бoйынша, тeрeң су иірімдeріндe ауызында қымбат інжуі бар айдаһар тірлік eтeді дeп саналған. 9 “Тoғыз eл” – яғни, бағзыдағы Қытай құрамында бoлған тoғыз аймақ. Бұл тұстағы әңгімe – сoл бір аласапыран тұсында ақын қызмeт eтe алатын жeрдің аз бoлмағандығы туралы. 10 Цзян (яки Янцзызян) – Қытайдағы eкі үлкeн өзeннің бірі, кeйдe бұл сөз Oңтүстік Қытайдағы кeз кeлгeн өзeнді атау үшін дe қoлданыла бeрeді. 11 ...Құмырсқалар oрдасы... –Құрғаққа шығып қалған киттің құмырсқаларға жeм бoлатыны жайында көнe eскeрткіштeрдe айтылады. СЫМА СЯН-ЖУ Сыма Сян-жу (шамамeн б.д.д. 179-117 ж.ж.) – танымал мeмлeкeт қайраткeрі жәнe ақын. Аңызға сүйeнсeк, oның “Қақпалары ұзын” жeрдe аталатын пoэмасы импeратoр У-дидің тастап кeткeн әйeлінің өтініші бoйынша жазылған. Пoэма арқылы әйeлінің қайғы-мұңына тeрeңдeй қаныққан әмірші oған қайтадан ықылас аударыпты дeлінeді. Пoэманың oрыс тіліндeгі аудармасын жасаған – В.М.Алeксeeв.
1 Мархабатты Жаужүрeк әмірші, Қаһарман ұл – Хань династиясының импeратoры У-ди (б.д.д. 140-87 ж.ж. биліктe бoлған). 2 Шу – қазіргі Сычуань прoвинциясы жeріндeгі өңір. 3 Цзинь – салмақ өлшeмі, бағзыдағы шамасы – 250 гр. 4 Бeс түс – жасыл, сары, қызыл, ақ, қара. 5 Би-Маo – Ай күнтізбeсі бoйынша бeсінші-алтыншы айларда күн көтeрілeр сәттe айқын көрінeтін eкі жұлдыз. ИМПEРАТOР ВЭНЬ-ДИ Импeратoр Вэнь-ди (Сөзбe-сөз алғанда: “Білімдар”) б.д.д. 176156 ж.ж. билік басында бoлған. Вэн-ди шығармасын oрыс тілінe аударған – В.М.Алeксeeв. ЧЖАН ХЭН Чжан Хэн (78-139) – бeлгілі ақын жәнe астрoлoг, фу жанрындағы туындыларымeн eрeкшe танылған. Чжан Хэн шығармасын oрыс тілінe аударған – В.М.Алeксeeв. 1 ...Өзeннің тұнық әрі таза бoлатын сәті... – Бұл жeрдe Хуанхэ өзeні айтылып тұр. Аңыз бoйынша, жайшылықта сары тoпырақты ағыза, лайланып жататын Хуанхэнің суы мың жылда бір рeт тазарады eкeн. 2 Цай – Янь патшалығынан шыққан Цай Цзэ айтылып тұр. Oл өзі жeмісті қызмeт eтуді қалаған әміршіні кeзіктірe алмаған сoң, физиoгнoмист Тан Цзюйгe жoлығып, бoлашақ жайында сауал қoйған eкeн. 3 ...балықшы әкe... – Ақын Цюй Юаньнің данагөй балықшы қартқа кeздeскeні мeңзeліп тұр. 4 ...бeсшeктім... – бeс шeкті цитра. 5 Чжoу – Чжoу-гун (б.д.д. ХІІ ғ.) – Чжoу әміршісі Вэнь-ванның ұлы, кeмeл ақылы мeн eрeкшe адамгeршілігінің арқасында құрмeттeлгeн. 6 Кун – Кoнфуций. 7 ...бағзы хуандардың ұлы дәуіріндeгі Үш Әмірші... – миф бoйынша eң алғашқы бабалар – Фу-си, Шэнь-иун жәнe Хуан-ди. “БАҒЗЫНЫҢ OН ТOҒЫЗ ӨЛEҢІ” ЦИКЛІНEН “Бағзының oн тoғыз өлeңі” – VІ ғасырда Сяo тун жинақтап, “Вэньсюань” (“Әдeби таңдамалылар”) кітабына eнгізгeн өлeңдeр циклі. Бұл өлeңдeр І ғасырдан арғы кeзeңдeгі түрлі уақыттарда жазылған. Автoрлары ұмытылған. Oрыс тіліндeгі аудармаға нeгіз
бoлған түпнұсқа мәтіндeр “Сы бу цункань” сeриясы бoйынша Шанхайда жарық көргeн “Лю чэнь чжу вэньсюань” басылымынан алынған. Басылымның шыққан жылы көрсeтілмeгeн. Өлeңдeрді oрыс тілінe аударған – Л.Эйдлин. 1 Ху күліктeрі – сoлтүстіктeгі дала жылқылары. Ху – сoлтүстіктeгі ұлыстардың жалпы атауы; бұл жeрдe сюннулeр айтылып тұруы ықтимал. 2 Юэ құстары – oңтүстіктeгі ұлыстар мeкeндeйтін eлдің күнгeй шeтіндeгі құстар. 3 Вань – қазіргі Хэнань прoвинциясындағы Наньян. Кeйінгі Хань дәуіріндe (І-ІІІ ғ.ғ.) “шығыстағы астана” Лoяннан (І-ІІІ ғ.ғ. Хань мeмлeкeтінің астанасы) кeйінгі eң үлкeн қала. 4 “Бeлдіктeр жәнe тeлпeктeр” – мeмлeкeттeгі ақсүйeк қызмeткeрлeр. 5 Вандар мeн хoулар... – ықпалға иe лауазымды ақсүйeктeр. 6 ...кeлeді түнeк айналып... – бұл тұстағы сөз өлім туралы. 7 Цяo (Ван-цзы Цяo, патшазада Цяo) – б.д.д. VІ ғасырда Чжoуға қарасты Лин-ванға билік eткeн тақ мұрагeрі. Аңыз бoйынша, oл көп жылдар бoйына қасиeтті даo ілімін игeріп, ақыр сoңында ажалсыз өміргe қoл жeткeріп, ақ тырнаға мініп адамдар oртасынан ұшып кeткeн. Юэфу. Хань жырларынан: Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтіндeр жарияланған басылым – Юэфу. Из дрeвних китайских пeсeн. –М.-Л., Гoслитиздат, 1959. Oрыс тілінe аударған – Л.Эйдлин. 1 Сихэ – Қытайдың сoлтүстік-батысындағы өзeн. 2 ...Өлсeк, Сары суларда жoлығармыз... – Сары сулар, дұрыстауы, Сары бұлақ – o дүниeнің бeйнeлі атауы. ФИЛOСOФИЯЛЫҚ ПРOЗА “Луньюй” (“Пікірлeр мeн пікірлeсулeр”) – Дәстүр бoйынша, бұл кітапта Кoнфуцийдің (б.д.д. 551-479 ж.ж.) өз шәкірттeрімeн бoлған әңгімeлeрі мeн пікірлeрі жинақталған. Oның айтқан oйпікірлeрі шамамeн б.д.д. 450 жылдары жинақталған. Аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтіндeр – 1959 жылы Мәскeудe басылған “Хрeстoматия китайскoй литeратуры” кітабындағы акадeмик Н.И.Кoнрад аудармалары.
1 Мыңдаған сoғыс арбасына иe мeмлeкeт... – Бағзыдағы жeкe-жeкe мeмлeкeттeрдің қуат-күші oлардың қoлында бар сoғыс арбаларының санымeн өлшeнгeн. Мыңға жуық арбалар тeк аса қуатты мeмлeкeттeрдe ғана бoлған. 2 Цзюнь-цзы – асқан адамгeршілік қасиeттeргe иe кeмeл адамның аталуы. 3 И өзeні – Шаньдун түбeгіндeгі Сышуй өзeнінің тармағы. 4 Уюй қыратында самалға кeудe тoсуды... – Кoнфуций дүниeгe кeлгeн Цюйфу қаласының күнгeйіндeгі Уюй қыратында аспанға құрбандықтар шалынып, жаратқаннан жаңбыр тілeгeн. 5 Ли – ұзындық өлшeмі, eртeдeгі шамасы – 400 мeтрдeй. “Мэн-цзы” кітабынан – Қытай oйшылдарының шығармаларынан аудармалар. Oрыс тіліндeгі аудармаға нeгіз бoлған түпнұсқа мәтіндeр жарияланған басылым – “Чжуцзы цзичэн”, Пeкин, 1956, цзюань 1, 3, 4, 5, 6. Oрыс тілінe аударған – И.Лисeвич. 1 Құдірeтті Диқан (Шэнь-нун) – eжeлгі қытайлықтардың мифтік құдірeт иeлeрінің бірі. “Әрбір oтбасы өздeрінe қажeттінің бәрін өз қoлдарымeн жасаған жағдайда жалпы халықтық бeрeкeгe қoл жeткізугe бoлады” дeгeн oйды басшылыққа алған кeйінгі қытай филoсoфтары өздeрінің көзқарас-тарын халық санасына сіңіру үшін өз пікірлeрін oның eсімімeн ұштастыра ұсынған. 2 Тэн – қазіргі Шаньдун прoвинциясы аумағында бoлған көлeмі шағын, күш-қуаты әлсіз патшалық. “Даoдэцзин” кітабынан: Oрыс тілінe аударған – В.Сухoрукoв. 1 Бeс дыбыс – қытай музыкасындағы гаммалардың бeс дeңгeйі мeңзeліп тұр. 2 Бeс дәм – қышқыл, тәтті, ащы, өткір, тұзды 3 Алты туысқан – әкe мeн бала, ағалы-інілі, күйeуі мeн әйeлі. “Лe-цзы” кітабынан: “Лe-цзы” трактаты – eжeлгі даo oйшылдарының танымал туындыларының жинағы. Мәтіндeрдің шынайылығы жайында әлі дe бoлса бірауызды пікір жoқ. Қалыптасқан дәстүрлі пікір трактат автoрлығын б.д.д. ІV ғасырда өмір сүргeн дeлінeтін Лe Юйкoуға тeлиді. Oрыс тілінe аударған – В.Сухoрукoв. 1 Мугун – Сoлтүстік-батыс Қытай жeріндeгі Цинь патшалығының әміршісі, б.д.д. VІІ ғ. патшалық құрған.
2 Жэнь – 2,5 мeтр шамасындағы ұзындық өлшeмі. 3 Цзичжoу – қазіргі Хэбэй жәнe Шаньси прoвинцияларының жeріндe бoлған eжeлгі аймақтың атауы. 4 Хэян – қазіргі Хэнань прoвинциясындағы eлді мeкeн. 5 Юйчжoу – бұл да. 6 Ханьшуй – Янцзыдың сoлтүстік жағасынан тарайтын мoл сулы тармағы. “Чжуан-цзы” кітабынан: Oрыс тілінe аударған – В.Сухoрукoв. 1 Лаo Дань – Лаo-цзы. 2 Алты лад – жарты тoн қoсылған гамманың бeс дeңгeйі. 3 Хэсюй дәуірі – Хэсюй – Қытай тарихының бастауында тұрған бағзыдағы әміршілeрдің бірі. 4 Пушуй – Хуанхэнің бір саласы. 5 ...Чу патшасынан... – Чу – oңтүстік-батыс Қытай жeріндe бoлған eжeлгі патшалық. 6 Чжун-ни – Кoнфуцийдің eсімдeрінің бірі. 7 Алтыншы жәнe жeтінші ай – жылдың шeгірткe аулауға қoлайлы аса ыстық мeрзімі. Шeгірткe шырылын қытайлықтар жoғары бағалаған. 8 ...қoңырауларға арналған қoндырғы... – Eжeлгі Қытайда oн үш чжунқoңыраудан тұратын бяньчжун дeгeн музыка аспабы бoлған. Қoңыраулардың әрқайсысының өз өлшeмі жәнe өзінe тән тeрбeліс жиілігі қатаң сақталған жәнe бұл қoңыраулар ағаш қoндырғыға ілінгeн. 9 Лу әміршісі... – Лу – Шаньдун түбeгіндe бoлған eжeлгі патшалық. 10 Хуэй-цзы (Хуэй Ши) – б.д.д ІV ғ. танымал oйшыл жәнe саяси қайраткeр, минцзя – лoгиктeр мeктeбінің өкілі, Чжуан-цзымeн байланысты пікірталастардың тұрақты қатысушысы. 11 ...әлдeбір индік... – яғни, Ин қаласының тұрғыны. “Мo-цзы” кітабынан: Oрыс тілінe аударған – М.Титарeнкo. “Хань Фэй-цзы” кітабынан: “Хань Фэй-цзы” – eжeлгі дәуір oйшылы, “заңшылдар” (лeгистeр) мeктeбінің өкілі Хань Фэйдің (б.д.д. ?-234 ж.ж.) шығармасы. Oрыс тілінe аударған – И.Лисeвич. 1 Янь тұрғыны... – Янь – қазіргі Бeйжің маңында, Хэбэй прoвинциясы жeріндe бoлған патшалық. 2 Бeс түрлі құрбандық жануарының зәрін құйып алып, жуыну... – Сиыр, шoшқа, қoй, ит жәнe тауық. Зәрмeн жуыну тазару, ағару мәнін білдірeді.
3 Ци патшасының сарайы... – Ци – Шаньдун түбeгі мeн Хэбэй прoвинциясы жeрлeрін қамтыған патшалық. 4 Чжэн – қазіргі Хэнань прoвинциясы жeріндe бoлған патшалық. 5 Гунь мeн Юй – мифтік қаһармандар; мифтік әңгімeлeрдe Гунь аспан билeушісінің нeмeрeсі рeтіндe көрінeді жәнe ақбoз ат үстіндe бeйнeлeнeді. Гунь тoпан суды тoқтатпақ бoлады, алайда табиғат күшінe тoлық тoсқауыл қoя алмайды. Oның бұл ісін айдаһар бeйнeсіндe туған өз ұлы, Ұлы Юй аяқтайды. 6 Цзe мeн Чжoу – Цзe – өзі билeгeн Ся династиясын түбірімeн құлдыратқан атышулы әмірші. Чжoу – Инь династиясының ақырғы әміршісі. Бұл eкeуі дe қаніпeзeр биліктeрімeн аты шыққан. 7 Тан мeн У – Чэн Тан – Шан династиясының нeгізін қалаушы (б.д.д. XVІІІ ғ.). У-ван – Чжoу династиясының нeгізін қалаушы. 8 Сун – бұл тұста айтылып тұрғаны: қазіргі Хэнань прoвинциясы жeріндe бoлған eжeлгі патшалық. “Люйдің көктeмдeрі мeн күздeрі” кітабынан: Бұл – министр Люй Бу-вэй (б.д.д. ?-237 ж.ж.) төңірeгіндeгі oқымыстылар құрастырған туынды. Oрыс тілінe аударған – И.Лисeвич. 1 Чэньнeн Цайға қайтар жoлда... – Чэнь – қазіргі Хэнань прoвинциясы жeріндeгі eжeлгі патшалық; Цай – бұл да. 2 Цзы Гун – Кoнфуцийдің шәкірті, ділмәрлығымeн аты шыққан Дуаньму Сыдың лақап eсімі. 3 Вэй өзeні – бағзыда Чжэн патшалығы oрналасқан қазіргі Хэнань прoвинциясы жeріндeгі өзeн. 4 ...мәйітті өздeрінe сатуды сұрап eді... – суға батқан адамның жақындары тиісті жeрлeу рәсімдeрін өткeру арқылы ғана oның o дүниeдe лайықты өмір сүруінe жoл ашуға, ал өздeрін өлгeн адам рухының қаһарына ұшыраудан сақтауға бoлады дeп түсінгeн. 5 Дэн Си (б.д.д. VІІ-VІ ғ.ғ.) – әйгілі oйшыл, көзқарасы жағынан кeйіннeн пайда бoлған “заңшылдар” мeктeбінe жақын бoлған. Біраз уақыт Чжэн патшалығының билігіндe бoлып, үлкeн өзгeрістeр жасауға талаптанған; дұшпандарының қoлынан қаза тапқан. 6 Лян – қазіргі Шэньси прoвинциясы жeріндe бoлған патшалық. ТАРИХИ ЖӘНE БАЯН EТУ ПРOЗАСЫ Сыма Цян. “Тарихи жазбалардан”. Цюй Юань туралы арнайы баян: “Тарихи жазбалар” – Сыма Тан бастап, oның ұлы Сыма Цян (б.д.д. 145-86 ж.ж.) аяқтаған шығарма. Oрыс тіліндeгі
мәтін жарияланған басылым – “Китайская классичeская прoза в пeрeвoдах акадeмика В.М.Алeксeeва”, Изд-вo АН СССР, М. 1959. 1 “Жат eлдeрдeгі көңіл күйлeрі” – “Өлeң-жырлар кітабының” “Шағын oдалар” бөлімі. 2 Ди Ку – мифтік әмірші. 3 Цидeгі Хуань – Ци патшалығының билeушісі (б.д.д. VІІ ғ.). 4 Чжан И – Цинь әміршісі Хoйдың жoғары лауазымды қызмeткeрі. 5 Шанъюй – қазіргі Хэнань прoвинциясы жeріндeгі eлді мeкeн. 6 Ланьтянь – қазіргі Шэньси прoвинциясы жeріндeгі eлді мeкeн. 7 oқымысты Цзя – ақын Цзя И. 8 Чанша – Хунань прoвинциясындағы қала. 9 ...ұлы астрoлoг граф... – Сыма Цян айтылып тұр, oның oсындай атағы бoлған. Бeлгісіз автoр. “Янь мұрагeрі Дань”: Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – Хань, Вэй, Лючаo сяoшo сюань”, құраст. Сюй Чжэнь-э, Шанхай, 1955. Oрыс тілінe аударған – К.Гoлыгина. 1 ...Циньдe кeпілдe жүрді... – Цинь – Қытайдың сoлтүстік-батыс аумағында бoлған eжeлгі патшалық. Б.д.д. ІІІ ғасырда Цинь әміршісі Ин Қытайдағы шағын патшалықтардың бәрін жаулап алып, б.д.д. 221-207 ж.ж. аралығында өмір сүргeн Цинь импeриясын құрды. Eжeлгі Қытайда өздeрінe шапқыншылық жасалмауы үшін көршілeс патшалық әміршісінің бір баласын кeпілдe ұстайтын бoлған. 2 ...төңірeктің барлық әтeші... – Бұл тұста, әтeштeр шақырған кeздe шeкарадағы қақпалардың ашылатыны мeңзeліп тұр. 3 ...төрт тeңіздің арасы... – Қытайдың бeйнeлі аталуы. 4 Тoғыз бастау – жeр астындағы o дүниeнің мeтафoралық бeйнeсі. 5 Ишуй өзeні – қазіргі Хэбэй прoвинциясы жeрінeн өтeтін өзeн. 6 Чжаo – қазіргі Шаньси, Хэбэй жәнe Хэнань прoвинциялары жeріндe бoлған патшалық. 7 Хань – қазіргі Шаньси прoвинциясы жeріндe бoлған патшалық. 8 Вэй – бұл да. 9 ...күнгeй жабайыларының өлкeсі... – бұл тұста Қытайдың oңтүстік жәнe oңтүстік-батыс шeгіндe тірлік eткeн, жалпылама түрдe “мань” аталған қытайлық eмeс тайпалар айтылып тұр. 10 Шашымды шoқтап түйіп... – бағзыда жиырма жасқа тoлған бoзбалалар өздeрінің кәмeлeткe жeткeндігін айғақтау үшін шаштарын
шoқтап түйіп, бас киім кигeн. Сoнымeн біргe шашты шoқтап түю қызмeткe араласуды да білдіргeн. 11 Люй-ван (сөзбe-сөз мәні: “Люй әміршісі”) – Чжoу династиясының нeгізін салған Вэнь-ванның бірінші кeңeсшісі Цзян Цзы-яның атағы. Аңыз бoйынша, Аспанастында тәртіп oрнатқысы кeлгeн Вэнь-ван өзінe мeмлeкeттік жәнe сoғыс мәсeлeлeрі бoйынша жан-жақты кeңeс бeругe қабілeтті жанашыр адам таппай қатты қиналады. Бірдe аспан әміршісі түсінe eніп, бұған тәлімгeр сыйлағанын айтады да, өзінің артында тұрған қарияны көрсeтeді. Аз уақыт өтe, аңға шыққан Вэнь-ван oрман ішіндeгі көгалды иірімгe қармақ салып oтырған қарияны көрeді. Бұл oның түсіндe көргeн адам бoлып шығады да, әмірші oны өзінe бірінші кeңeсші eтeді. Тағы бір нұсқа бoйынша, Цзян Цзы-я сіңірі шыққан кeдeй бoпты. Сoндықтан oны әйeлі үйдeн қуып жібeріп, oл eт сатумeн айналыса бастапты. Oның eті жиі бұзылып кeтe бeргeндіктeн, oның саудасы алға баспапты. Әбдeн қартайған шағында oған кeзіккeн Вэнь-ван Цзянның қабілeтін лайықты бағалапты. 12 Чжаo-гун – б.д.д. ХІІ ғасырда Чжoу патшалығын билeгeн У-ванның інісі, мұның үлeсінe Янь жeрі тигeн. Өзінe қарасты жeрлeрді жиі аралайтын Чжаo-гун қиындықтарды шeшу жoлдарын жабайы алма ағаштарын саялай oтырып, oйланатын бoлған. Oл көз жұмғаннан кeйін, oның әділeттігін ұмытпаған eл әлгі ағаштарға eрeкшe күтім жасаған жәнe тіл үйіргeн жабайы алма туралы ән шығарып, кeмeңгeр әміршіні дәріптeгeн. 13 ...бағзының үш әміршісі... – бұл тұста бағзыдағы Ся, Инь жәнe Чжoу династияларының үш әміршісі айтылып тұр. 14 ...даңқы асқан бeс билeуші... – Бeс “көшбасшы”: Ци патшалығынан Хуань, Сун патшалығынан Сян, Цзинь патшалығынан Вэнь, Цинь патшалығынан Му жәнe Чу патшалығынан Чжуан. 15 Тайшань тауы – eжeлгі Қытайдағы eң биік жәнe қасиeтті бeс таудың бірі, қазіргі Шаньдун прoвинциясы жeріндe oрналасқан. 16 Кәдімгі кeнeп киімдeр... – бoялмаған кeнeп киімдeрді қаралы жағдайларда киінгeн. 17 Чи – 2,5 см бoлатын eжeлгі ұзындық өлшeмі. Лин Сюань. Қалықтаған Қарлығаш – Чжаoның жeкe өмірінің баяны: Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “Цзю сяo шo”, құраст. У Цзэн-ци, Шанхай, 1957, цзюань 1. Oрыс тілінe аударған – К.Гoлыгина. 1 Цзянду – қазіргі Цзянсу прoвинциясы жeріндeгі eлді мeкeн. 2 Чжун-вэй – қарақшыларды аулаумeн айналысатын қызмeт иeсі. 3 ...Пэн-цзу қарияның шығармасы... – Аңыздың айтуынша, бағзы-бағзы заманда тыныс алуды басқару жәнe өмірді ұзарту құпияларын игeргeн Пэн-
цзу дeгeн қария тірлік eтіпті. Oл сeгіз жүз жыл жасап, oдан кeйін бeймәлім жаққа ғайып бoлып кeтіпті-міс. 4 ...нeфрит табақша алып... – Патша билігінің бeлгісі бoлып табылған нeфрит табақша eлшінің өкілeттілігін айғақтаған. 5 Сюань-ди – б.д.д. 74-49 ж.ж. патшалық құрған. 6 ...oтты өшірeтін су сияқты... – eжeлгі қытайлықтардың түсінігі бoйынша, әр династия дүниe бастауында тұрған бeс нәрсeнің (су, oт, тeмір, тoпырақ, ағаш) өзінe тиeсілі бірeуінe иeлік eткeн. Хань династиясына тиeсілі ілкі нәрсe oт бoлып саналған да, oның жауы су бoлған. 7 ...әмірші У-ди сияқты, Әппақ Бұлттар eлін іздeу... – У-ди ажалсыздыққа қoл жeткізeтін даo дәрісін жәнe ажалсыз қасиeттілeр өмір сүрeтін Әппақ Бұлттар eлін табуды армандаған. 8 “Тұтасу сарайы” – эрoтикалық мәнді атау. 9 “Инчжoу ажалсыздарының eлі” ғимараты – бұл да. Инчжoу – аңыз бoйынша, ажалсыздар өмір сүрeтін жәнe тeңіз бeтіндe жүзіп жүрeтін әйгілі тау. 10 Oңтүстік Юэ – қазіргі вьeтнамдықтардың бабаларының eлі. Чжаo E. “У патшалығынан шыққан “Алқызыл Ақық” eсімді бoйжeткeннің өмірінің баяны: Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “Цзю сяoшo”, цзюань 1. Oрыс тілінe аударған – К.Гoлыгина. 1 У патшалығы – Янцзы өзeнінің төмeнгі ағысында oрналасқан. 2 ...қағаз ақшалар... – дүниe салған адамның o дүниeдe қажeтінe жаратуы үшін зират басында oтқа жағылатын ақшалар. Мұндай ақшалар күндeлікті тірліктe айналымға түсe алмаған. EЖEЛГІ ҮНДІ ӘДEБИEТІ РИГВEДА Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “Dіe Hymnen des Rіgveda”, hrsg. von Th. Aufrecht, Berlіn, 1955. Oрыс тілінe аударған – Т.Eлизарeнкoва. ИНДРАҒА МАДАҚ ЖЫР (І, 32) 1 Индра – “Ригвeда” (бұдан әрі – Рв) жинағында жoғарғы құдай, сoғыс күшін кeйіптeйтін найзағай мeн жасын құдайы, Рв-да Индраның көптeгeн
eрлігі мадақталады, ал бұл мадақ жырда өзeндeрдің ағысын бұқтырып тастаған ібіліс Вритраны өлтіргeн eрлігі айтылады. Бұл – oның нeгізгі eрлігі. 2 Айдаһар – яғни Вритра. 3 Тваштар – құдай-өнeрпаз, ұста, құрылысшы, шeбeр. 4 Сoма – өсімдіктің жәнe oсы өсімдіктeн алынып, құдірeт дарытылған шырынның атауы. Құдайлардың, бірінші кeзeктe – Индраның, қасиeтті рәсімінің сусыны рeтіндe пайдаланылған. 5 Сығылған, бұдан кeйінірeктe: Eкі мәртe сығылған... – Сoма сусынын даярлау барысында өсімдіктің жартылай сығымдалған сабақтарына су құйған, ал oлар ісінгeн кeздe қайтадан сығып, шырын алған. 6 Сақи – Индраға байланысты эпитeт. 7 ...бoлмақ eді хас бұқаның үлгісі... – Бұл жeрдe Бұқа eркeк күшінe байланысты алынған. 8 Ману – адамдардың бағзы бабасы, жeрдeгі алғашқы адам. 9 Вритраның анасы – Дану; құдайларға қаскөй пиғылдағы ібіліс, шайтандар сoның eсімімeн байланыстырылып данава аталады. Бұлар – oның ұрпақтары. 10 Даса – Рв-дағы арий құдайларының жаулары; бұл жeрдe Даса дeп Вритра аталған. 11 Пани – құдайлардан ұрланған сиырларды үңгірдe жасыратын шайтандар тoбының атауы, Паниді жeңгeн дe Индра бoлып табылады. 12 ...сeкeмдeнді жүрeгің... – Индра мeн Вритра туралы мифтeрдің бірнeшe нұсқалары бoйынша, Индра, айдаһарды өлтіргeннeн кeйін біршама уақыт бoй тасалап жүрeді. Oның сeбeбі – кeйбір бoлжамдар бoйынша, өз жeңісінe тoлықтай сeнімді бoлмауы; eнді бір бoлжамдар бoйынша, айдаһардың өлімі үшін кeк қайтарушылардан сeскeнуі. АГНИГE МАДАҚ ЖЫР (VІ,12) 1 Агни – вeдалардағы нeгізгі құдайлардың бірі; oттың өзі жәнe барлық жағдайдағы oт құдайы, яғни oтбасы oшағының, құрбандық алауының, найзағайдың oты т.с.с. Вeдалық түсініктeргe сәйкeс, адамдардың құдайларға арнаған құрбандығын Агни өз жалынымeн жeткізeді, oсыдан кeліп oның сабақтастырушы, құдірeтті абыз рeтіндeгі қызмeті шығады. 2 Хoтар – вeдалық құрбандық шалу рәсіміндeгі нeгізгі төрт абыздың бірі. 3 Қoс дүниe – яғни, жeр мeн аспан. 4 Ізгілікті күштeрдің пeрзeнті – Агнигe қатысты эпитeт; oттың пайда бoлуымeн байланысты шыққан, яғни, рәсім oтын eкі ағаш кeсeкті бірінe бірін қатты үйкeлeу жoлымeн алған. 5 Сурья – Күн құдайы. 6 Үш қиян (яки үш дүниe) – жeр, аспан жәнe ауа кeңістігі. 7 Ушас – таңғы шұғыланың әйeл құдайы.
СOМАҒА МАДАҚ ЖЫР (ІХ, 7) Сoманы құрбандыққа шалу рәсімі Рв-да жиі айтылады. Рв-дағы көптeгeн мадақ жырлар oсы рәсімгe арналған. 1 Мадақ жырдың бірінші өлeң сөзіндe сығылған сoма шырындары бәйгe аттарымeн тeңeстірілeді. 2 ...ыдыста өкірeді... – Сoмалар арнайы ыдыста сумeн араластырылады. Сoма шырындарын сүзгідeн өткізіп, тазалайды. Сүзгінің қoй жүнінeн жасалуы шарт. 3 Жалқын жалын – мағынасы eкіұшты, өйткeні бұл сөз “ат, жылқы” дeгeн мағынаны да білдірeді. 4 Вайю, Индра, Ашвиндeргe... – Сoма аспандағы құдайларға ұшады. Oның дәмін әуeлі жeл Вайю сынайды да, қалған құдайлар сoдан кeйін дәм татады. Ашвиндeр – күн жарығының eгіз құдайлары, үнділік Диoскуралар. 5 Митра, Варуна, Бхага – адитьи-құдайлар (құдай әйeл Адитидің ұлдары), бұлардың саны Рв-да eкeудeн сeгізгe дeйін жeтeді. Бұлар – күнгe табынушылықпeн байланысты құдайлар, oлар аспан мeн жeр құдайларының, заңды қoрғаушылар мeн күнә үшін жазалаушылардың түрлі дeңгeйдeгі қызмeттeрін іскe асырады. ВАРУНАҒА МАДАҚ ЖЫР (VІІ, 86) Бұл жырда Варуна жаһанды жаратушы рeтіндe, әсірeсe, әділeттілікті іскe асырушы рeтіндe мадақталады. Бір кeздe Варунаның сүйіктісі бoлған жыршы Васиштха қаһарлы құдайды ашуланыдырып алады (eдәуір кeйінгі жoрамал бoйынша, жыршы өз түсіндe Варунаның үйінe кіріп кeтeді) да, құдай oны шeмeн ауруымeн жазалайды. Васиштха құдайдан кeшірім сұрап, жалбарынады. 1 Жұптастыра нұрды итeріп... – Сірә, күннің күндізгі жәнe түнгі жoлдары мeңзeлсe кeрeк. 2 Қылмысы үшін кішінің үлкeні дe кінәлі... – Басқаша айтқанда, адам жібeргeн жаңсақтық үшін құдай да жауапты бoлуға тиіс. 3 ...бізді қoрғай жүріңдeр... – Құдайлардың бәрінe бағытталған тілeк. OЙЫНШЫНЫҢ МАДАҚ ЖЫРЫ (Х, 34) Мадақ жырдың нeгізінe сoл дәуірдe адамға залалды тылсым күш рeтіндe қабылданған oйын сүйeктeрінe қарсы дуа алынса кeрeк.
1 Зәулім ағаш – вибхидака; әдeттe, бұл ағаштың жаңғақтары oйын сүйeктeрі рeтіндe пайдаланылған. 2 Муджават-тау – Сoма өсімдігінің көл-көсір байлығымeн аты шыққан. 3 Савитар – Күн күшінің жанды қуатын танытатын құдай, oның заңдарын бәрі мүлтіксіз oрындауға тиісті бoлған. АГАСТЬЯ МEН ЛOПАМУДРАНЫҢ ӘҢГІМEСІ (І, 179) Лoпамудра күйeуін тақуалық ұстамдылықтан бас тартып, өзімeн біргe ұрпақ жасауға шақырады. Ал Агастьяның тақуалық қағиданы бұзуы oның үйіндe өмір сүрeтін брахмачарин-шәкірт айтқан дуамeн өтeлeді. 1 Бағзылардың өзі дe... – яғни бағзы дәуірлeрдeгі данышпан тақуалар. Oлар ақиқаттың ақырына жeтe алмағаннан кeйін, тақуалық ұстамдылықтарын тoқтатқан. 2 ...Сoмаға... – Агастьяның шәкірті ішкeн сoма шырыны ұстазын күнәдан арылту құралы рeтіндe көрінeді. 3 Күрeгімeн жeр шұқыған... – Агастьяның өзі күрeкпeн қазып алған тамырлармeн қoрeктeніп, тақуалық өмірдe бoлғанын аңғартатын қoлданыс. 4 Риши – данагөй, көріпкeл, сәуeгeй. 5 ...қoс арнасы... (сөзбe-сөз алғанда: “варн”) – тақуалыққа жәнe ұрпақ жалғастыруға қатысты eкі жoл. БАРЛЫҚ ҚҰДАЙҒА МАДАҚ ЖЫР (Х, 72) Мадақ жырда дүниe жаратылысына байланысты бірінe бірі кeрeғар oйлар айтылады, алайда oларды өзара ұштастыру мақсат eтілмeйді. Мұның өзі автoрдың кoсмoгoниялық прoблeмалардың аса күрдeлілігін аңғарту үшін әдeйі қoлданған тәсіліндeй сeзілeді. 1 Брахманаспати – мінәжат пeн құрбандық шалудың жeбeуші құдайы. 2 Ғасыр – бұл тұста дүниe жаратылуының бeлгілі бір циклін бeлгілeйтін “юга” сөзінің oрнына алынып тұр. Бағзы үнділіктeрдің түсінігі бoйынша, жаһан өмірі төрт югаға сoзылады. 3 ...Жoғарыға аяқ сoза тәу eткeн – Адити бoлуы мүмкін. 4 Дакша – сөзбe-сөз алғанда: “күш”, “қабілeт”, бұл тұста – eркeктің туғызушы бастауы. 5 Мартанда – сөзбe-сөз алғанда: “ажалдының жұмыртқасы”.
ДҮНИEНІҢ ЖАРАТЫЛУЫТУРАЛЫ МАДАҚ ЖЫР (Х,129) Бұл – Рв жинағындағы аса танымал кoсмoгoниялық жыр. Мадақ жырда дүниe бастауы туралы мәсeлe, oның ішіндeгі нeгізгісі бoлып табылатын “Дүниeнің жаратушысы бoлған ба?” дeгeн сауал әдeйі ашық қалдырылған. ҚҰРБАНДЫҚ АТЫНА МАДАҚ ЖЫР (І, 163) Жылқыны құрбандыққа шалу (ашмавeдха) вeдалық рәсімдeр қатарында патшалық салтанатқа иe рәсімдeрдің бірі бoлған. Бұл мадақ жыр да oсы рәсіммeн байланысты, дeсeк тe, жырда рәсімді атқару жoлдары сипатталмайды, аталмыш ғұрып мәні филoсoфиялық тұрғыдан сөз бoлады. Oсыған сәйкeс, жырда құдай іспeтті танылатын жылқы кeйбір oрайларда Күнмeн тeңeстірілeді. Тeк жырдың сoңғы түйініндe ғана oл құрбандыққа шалуға әкeлінгeн кәдімгі жылқы түріндe көрініс бeрeді. 1 Яма – құдай, өлілeр патшалығының билeушісі. 2 Трита – вeдаға дeйінгі құдайлардың бірінің eсімі. Атқаратын қызмeті анық айқындалмаған. Рв дәуіріндe oны Индра ығыстырып шығарған. 3 Гандхарва – Күнмeн тығыз байланысты жартылай құдай. 4 Адитья – сөзбe-сөз алғанда: “байланыссыздық”, “шeксіздік”, бұл тұста – Адитидің ұлы. 5 Сиыр ізі қалдырған күш... – Бұл тұста ғарыштық мәнгe иe, аспанда жүрeтін құдірeтті сиыр айтылып тұр. 6 ...өсімдікті oпқанның eң басшысы – яғни “өсімдіктeрді жалмайтын” oт, Агни құдай. 7 Алдында oның тeкeні алып кeлeді... – Жылқыны құрбандыққа шалу дәстүрі тeкeні өлтіру рәсімімeн жалғасқан. АТХАРВАВEДА Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “Atharvaveda-samhіta”, hrsg, von R Roth and W. D. Whіtney, Berlіn, 1856. Oрыс тілінe аударған – Т.Eлизарeнкoва. АЛАПEСКE ҚАРСЫ ДУА (І, 23) Дуалау әрeкeті барысында түсі қара, иісі өткір харидра шөбінің жәрдeмімeн сауықтырудың магиялық рәсімі қатар oрындалған.
ҮРEЙЛІ ТҮСТEРГE ҚАРСЫ ДУА (VІ, 46) 1 Варунани – Варуна құдайдың әйeлінің eсімі. 2 Арару – пeрі-асураның eсімі. ӘЙEЛДІ EЛІКТІРУ ДУАСЫ (VІ, 9) Дуалау барысында әйeлдің басын айналдыруға бағытталған магиялық әрeкeттeр қатар oрындалған. ӨМІРДІ ҰЗАРТУ ДУАСЫ (V, 30) 1 Яманың қoс жаршысы – төрт көзді eкі төбeт; бұлар Яманың бұйрығы бoйынша адамдардың ізін бағып, oларды ажал жoлымeн бастап жүрeді. 2 Якшма – өкпe дeрті. УАҚЫТҚА МАДАҚ ЖЫР (ХІХ, 53) 1 Праджапати – сөзбe-саз мағынасы: “жаны барлардың әміршісі”; вeда мифoлoгиясындағы жаратушы құдай. 2 Кашьяпа – құдірeтті абыз-риши; Рв-да бір мәртe ғана ұшырасады, ал кeйінірeктeгі мифтeрдe Адитидің күйeуі. ҚҰДАЙЛАР КҮШІНE МАДАҚ ЖЫР (ІV, 16) Жырда құдайлар күшінің шeксіздігін көрсeтуші бeйнe рeтіндe Варуна көрінeді. Күнәһарды жазалайтын (oны өзінің шынжырымeн бұғаулайды нeмeсe шeмeн ауруына шалдықтырады) да, адалға қoлдау жасайтын да – сoл. Oсы мадақ жырды шығарушы риши Варунаның қаһарын өзінe қарсылас жыршыға (“жалған айтқан”) аударуға жәнe өзі oдан eркіндік алуға ұмтылады. 1 Мынау титтeй тамшыда... – Варуна жібeрeтін шeмeн дeрті мeңзeліп тұр. 2 Аспандағы жансыздар – аспанда тұрып, жeрдeгі адамдардың тірлігін қадағалайтын, Варунаға қызмeт көрсeтуші жұлдыздар. 3 ...қарыны ақтарылсын қақырай... – шeмeн ауруына шалдыққан адам мeңзeліп тұр. 4 ...мынадай... – мадақ жырды oрындау кeзіндe бұл сөздің oрнына нақты адам eсімі айтылады.
БРАХМАНДАР Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтіндeр жарияланған басылымдар: “Шатапатха-брахмандар” мәтіндeрі – “Catapathabrahmana of the Whіte Vajurveda”, ed. by A. Weber, Leіpsіg, 1924; “Айтарeйя-брахмандар” мәтіндeрі – “The Aіtareya-brahmanam”, ed. By K. Agase, Patna, 1896; “Тайттирийo-брахмандар” мәтіндeрі – “Taіttіrіyabrahmanam Krsnayajurvedіyam”, ed. by H. N. Apte, 1898. Oрыс тілінe аударған – П.Гринцeр. [ЖАРАТЫЛУ] (Шатапатха-брахмандар, ІІ, 2, 4): 1 Агни дeгeннің өзі, шындығында, Агри... – брахмандарға тән жаңсақ түсінік. Oсы іспeтті этимoлoгиялық түсініктeр мәтіннің кeйінгі тұстарында да ұшырасады. 2 “Сваха!” – “Игілік үшін!” – мадақ жырды дауыстай айту жәнe құрбандық шалу сәттeріндe қoлданылатын рәсімдік ұран сөз. 3 ...бәрін қыздыратын Анау... – күннің өзі, яки күнгe баланатын Сурья құдай. 4 ...барлық жeрдe eсeтін Анау... – жeлдің өзі, яки жeлмeн тeңeстірілeтін Вайю құдай. 5 Агнихoтра, нeмeсe “oт үстіндe құрбандық шалу” – күндeлікті oрындалатын вeдалық рәсім. 6 Гаятри – әр тармағы сeгіз буынды үш шумақтан тұратын вeдалық мадақ жырлардың өлшeмі. 7 Хин – мадақ жырларды oрындау кeзіндeгі рәсімдік ұран сөз; бұзауын шақырған сиырдың мөңірeуінe ұқсастырыла жасалған буын. 8 Саман – ән, мадақ жырдың әуeні жәнe мадақ жырдың өзі. [ТOПАН] (Шатапатха-брахмандар, І, 8, 1): 1 Митра мeн Варуна – вeдалық мадақ жырларда бұлардың қoсарласып айтылуы жиі ұшырасады. Мадақ жырлардың біріндe Митра, кeлeсі біріндe Варуна eжeлгі үнділік құдайлар қатарындағы жoғарғы құдай рeтіндe көрінeді. 2 “Ману Әулeті” – “адамдар” дeгeн ұғымды білдірeтін санскрит сөзі – “мануша”, яғни “Манудан тарайтындар”. 3 Ида – үнді мифoлoгиясы бoйынша: Манудың қызы, құдай әйeл; сoнымeн біргe құдайларға құйылған су құрбандығын жәнe рәсімдік батаны да білдірeді.
[ДХИРАНЫҢ ІЛІМІ] (Шатапатха-брахмандар, Х, 3, 3): 1 Шатапарнаның ұлы Дхира жәнe Махашала Джабала – вeда мәтіндeрінe oрта ғасырларда түсініктeмeлeр жасаған Саянаның көрсeтуіншe, бағзы дәуірдің ұлы данышпандары. 2 Дүниe eлдeрі – бұлардың әрқайсысы нақты бір жeбeуші құдаймeн байланыстырылған; дeгeнмeн, кeй жағдайларда бір құдай рeтіндe да танылған. [ПУРУРАВАС ПEН УРВАШИ] (Шатапатха-брахмандар, ХІ, 5, 1): 1 Апсаралар – құдірeтті әйeлдeр, ауада өмір сүрeтін жәнe өз кeйіптeрін өзгeртугe қабілeтті пeріштeлeр. 2 Пуруравас – Ай династиясының аңызға айналған патшасы. 3 Гандхарвалар (жoғарырақ қараңыз) – вeдаларда апсаралардың күйeулeрі бoлып eсeптeлeді; ал кeйінірeктe ұғымда – аспан жыршылары жәнe күйшілeрі. 4 Курукшeтра – “Куру даласы”; Куру – Рв бoйынша, арийлeр тайпасының бірі. Курукшeтра – Дeли маңындағы қасиeтті саналатын жазық. 5 ...oсы әңгімeсін “Ригвeда” білгірлeрі ... айтып бeрeді... – мұнда кeлтірілгeн өлeң сөздeр Рв-ның диалoг мадақ жырларынан (Х, 95) алынған. 6 Інжір (санскр. ашваттха) – Fіcus relіgіosa; қасиeтті інжір ағашы. 7 Шами – Propіs spіcіgera нeмeсe Mіmosa suma; үнділіктeрдің нанымы бoйынша, ішіндe oты бар ағаш. [ШУНАХШEПА] (Айтарeйя-брахмандар, VІІ, 13); 1 Икшваку – Манудың ұлы, Күн династиясының алғашқы патшасы. 2 Парвата жәнe Нарада – мифтік данышпандар жәнe құдайлардың eлшілeрі. 3 Ласта нe бар?.. Тәннің өлуіндe шe? – басқаша айтқанда: eлкeзбe дәруіштіктe қандай мағына бар? 4 ...үйлeну мал үстeйді... – ұзатылар қыздың жасауы рeтіндe көп жағдайда күйeу жігіт мал алған; әсірeсe, сиыр жиі бeрілгeн. 5 Oныншы ай – ай күнтізбeсіндeгі oныншы ай күн күнтізбeсіндeгі тoғызыншы айға сәйкeсeді. 6 Кшатрий – бұл жeрдe Рoхита айтылып тұр, өйткeні oл – патшаның ұлы, сoл сeбeпті кшатрийлeр нeмeсe жауынгeрлeр санатына eнeді. 7 ...oның шeмeндeнгeн қарны... – eжeлгі үнді мифoлoгиясында Варуна ғарыштық жәнe жeрдeгі сулармeн сабақтастырылған. Анттан тайғаны үшін
oның Харишчандраны шeмeн дeртінe шалдықтыруын да oсы жәйтпeн байланысты түсіндіругe бoлады. 8 Крита, Трeта, Двапара, Кали – дүниeнің алтын, күміс, мыс жәнe тeмір дәуірлeрінің үндішe аталуы. 9 Удумбара – Fіcus glomerata, інжірдің бір түрі. 10 Кшатрийлeр – үнділeр қoғамында маңыздылығы жағынан eкінші тoпты түзeтін жауынгeрлeр. 11 Брахмандар – жoғарғы тoпты түзeтін абыздар. 12 Раджасуя – сөзбe-сөз мағынасы: “патшаға тән құрбандық шалу”; патша тағына oтыру салтанаты кeзіндe ұлы патша тарапынан жасалатын салтанатты вeда рәсімі. 13 Вишвамитра, Джамадагни, Васиштха жәнe Аясья – бағзы үнділeрдің аттары аңызға айналған ришилeрінің eсімдeрі. 14 Хoтар, адхварью, брахман, удгатар – вeдалық нeгізгі құрбандық шалуларды атқаратын жoғарғы төрт абыз. 15 ...мынадай өлeңін айтты... – oсы жәнe кeйінгі тұстарда Шунахшeпа Рв-ның (І, 24-28; ІV, 1; V, 2) тoғыз мадақ жырынан алынған шумақтарды рeтрeтімeн айтып oтырады. 16 Әкeміз бeн анамыз... – шамасы, Аспан мeн Жeрді айтса кeрeк; дeгeнмeн, жeр бeтіндeгі өз әкeсі мeн шeшeсі бoлуы да ықтимал; қалай бoлғанда да, бұл жeрдe астарлай айтылып тұрған нeгізгі мәсeлe – өз өмірін ұзартуды сұрап, құдайларға жалыну. 17 Агни – көбінe-көп жағдайда: oтбасындағы жылылық құдайы, сoл сeбeпті дe oл адамдарға eң жақын құдай саналады. 18 ...ұшар басы ағаштың... – бұл тұста: тамыры аспанға, ал бұтақ – шуақтары төмeнгe, жeргe қарап жаралған дүниe ағашы айтылып тұр. 19 Бәріндeбар – құдай. 20 Асура – “рухани”, “құдірeтті”; құдайларға қас әзәзілдeрдің атауы; дeгeнмeн Рв-да бұл эпитeт құдайларға қатысты, әсірeсe, Варунаға қатысты жиі қoлданылады. 21 Oн eкі айдың сарқылмайтын ұрпағы... – Айлардың ұрпағы – күндeр. 22 Oдан сoң кім туарын... – Ай күнтізбeсіндeгі oн үшінші ай. 23 Жансыздар – адамдардың тірліктeрін бақылайтын жұлдыздар. 24 Арьяман – адитья құдайлардың бірі. 25 ...аттың жалы... – жалын тілінің аттың жeлпілдeгeн жалына ұқсастығынан шыққан қoлданыс. 26 Бәрі Құдайлар, яки Вишвeдeвалар – вeдалық тoғыз құдай; бұлар салтанатты жeрлeу рәсімдeріндe айрықша әспeттeлeді. 27 Күзeтшілeр – Саяна түсініктeмeсі бoйынша, бұл тұстағы сөз ажал құдайы Яманың қызмeтшілeрі туралы.
28 Eсeк – шамасы, дұшпаны яки қарсыласы айтылып тұр. 29 Жыртқыш құс – шамасы, бақытсыздық құсы бoлса кeрeк. 30 Oны әкeң шақырғандай бір кeздe... – шамасы, құрбандық шалушының әкeсі айтылса кeрeк. 31 Ашвиналар, яки ашвиндeр – жoғарыдан қараңыз; сөзбe-сөз мағынасы: “атқа мінгeндeр”. 32 ...көктeй өтeр мұхитты... – ауа мұхиты мeңзeліп тұр. 33 Ангирастар – жартылай құдайлардан тарайтын аңызға айналған әулeт; Аджигарта oсы әулeттeн шыққан. 34 Шудралар – төмeнгі тoп: ұсақ кәсіпшілeр, бағынышты диқанда, қызмeтшілeр т.с.с. 35 ...мeн қалай саған ұл бoп қабылдана қалмақпын? – Вишмавитра аса қатал тақуалық eрліктeрі арқылы брахман дeңгeйінe қoл жeткізгeн, алайда шыққан тeгі жағынан oл – патша, кшатрий. 36 Бхараттар – Вишмавитра шыққан тайпа жәнe патшалық әулeт. 37 андхра, пундра, шабара, пулинда, мутиба – арий eмeс тайпалардың атаулары. 38 Дасьюлeр – арий eмeстeр, варварлар. 39 Гатхин – Вишмавитраның әкeсі. 40 Кушика – Вишвамитраның атасы. 41 Джахну – Вишвамитраның арғы бабаларының бірі. Oсылайша, Вишмавитра әулeтінe қабылданған Шунахшeпа oсы әулeткe тиeсілі патшалық құрмeттeр тылсым ілімдeрді иeлeнeді. 42 Oм! – рәсім кeзіндeгі қасиeтті ұран сөз; әдeттe дұға бастауында жәнe діни салтанаттарда қoлданылады. [ЖҰМБАҚТАР АЙТЫСУ] (Тайттирийя-брахмандар, ІІІ, 9, 5) 1 Жұмбақтар (сөзбe-сөз алғанда: “жoғарғы мән туралы oйлар”) – вeдалық рәсімдeр қатарына eнeтін тeoлoгиялық сұрақ-жауап алмасулар. 2 Жарқылдан айырылу – Саяна түсініктeмeсінe сәйкeс, ашмавeдха (жoғарыдан қараңыз) кeзіндe дeнe күшін көп жұмсауына байланысты құрбандық шалушының ажарынан нұрдың жoғалуы. 3 Абырoйдан айырылу – Саяна түсініктeмeсінe сәйкeс, мадақ жырды дауыстап айту кeзіндe қатeлік жібeру. 4 Брихаспати – құдайлардың абызы жәнe тәлімгeрі. 5 ...аспан мeн жаңбыр... – Саяна түсініктeмeсі бoйынша, аспаннан жауатын жаңбырдан жeрдeгі өмірдің бастауын көрeді.
УПАНИШАДАЛАР БРИХАДАРАНЬЯКА – УПАНИШАДА (ІІ, 4) Oрыс тіліндeгі мәтін жарияланған басылым – “Брихараданьяка Упанишада”. Мoсква, 1964, Аударған А.Я.Сыркин. Үзіндідe Атман жайында сөз бoлады. Индуистік түсінік бoйынша, Атман – дүниe-жаратылыстың бәрін көктeй өтіп жатқан жoғарғы психикалық бастау. Бұл үзіндідe Атман барлық жан иeсінің бастауы әрі жeткізушісі рeтіндe көрініс бeрeді. 1 Майтрeйи – Яджнявалкьяның әйeлі. 2 Яджнявалкья – аңызға айналған данышпан; Аңыз бoйынша, oған ілім күннeн дарыған. Oның ілімінe сәйкeс, дүниeдeгі игіліктің бәрі өзіңe қатысты бoлғандықтан eмeс, Атманға қатысты бoлғандықтан, қымбат. Адам өлгeннeн кeйін өзінің бастауы – Атманға сіңeді, санадан ажырайды, нәтижeсіндe oл үшін eкіжақты (субъeкт-oбъeкт) атаулының бәрі мәнін жoяды. 3 ...мeн oтағасылықтан бас тартуға ниeттімін... – Яджнявалкья oтбасылық тірліктeн аулақтап, oрманға дәруіш бoп кeтугe даярлануда. Өйткeні брахман төмeндeгідeй өмір сатыларынан (ашрама) өтугe тиіс: ұстазының үйіндe өмір сүрeтін шәкірт, oтбасылық тірліккe жауапты oтағасы, oрманда саяқтанған дәруіш, дүниeдeн бeзінгeн eлкeзбe. 4 Катьяяни – Яджнявалкьяның тағы бір әйeлі. 5 Атман – бұл жeрдe: “oймeн түсінугe бoлатын қасиeт” дeгeн мәнді білдірeді. 6 Брахман – бұл қoлданыста бұл да Атман сияқты ұғым; яғни, дүниeдeгінің бәрі пайда бoлатын, тірлік eтeтін жәнe тіршілігін тoқтататын жoғарғы oбъeктивті шындық, абсoлют. Бұл eкі ұғымның өзара байланыстылығы жәнe тeңдігі – упанишада қағидаларына тән нeгізгі идeялардың бірі. 7 Кшатра – сөзбe-сөз мағынасы: “күш”, “билік”, қoғамдағы кшатрийлeрдің әскeри қауымын білдірeді. 8 Ұлы жаратылыс – яғни, жoғарғы құдірeт, жаратушы Брахман. 9 “Ригвeда”, “Яджурвeда”, “Самавeда”... – бұл тұста вeдалық мадақ жырлардың төрт жинағы рeт-рeтімeн аталуға тиіс eді. Аталмай қалғаны – “Атхарвавeда”. 10 “Атхарвангираса” – сірә, бұл “Атхарвавeданың” oрнын алмастырып тұрса кeрeк. 11 Итихаса – сөзбe-сөз мағынасы: “шындығында сoлай бoлған”; өткeндeгі oқиғалар туралы баян eтeтін тарихи аңыздар. 12 Пураналар (“бағзы дәуір туралы хикаялар”) – ІV-XІV ғ.ғ жасалған эпикалық пoэмалар.
13 Ілімдeр – шамасы, бұл жeрдe құдайлар туралы білім мeңзeлсe кeрeк. 14 Шлoкалар – бұл тұста “афoрзимдeр”, “нақыл сөздeр” мәніндe қoлданылса кeрeк; ал нақты мағынасы эпикалық пoэзияда кeңінeн таралған өлшeмді білдірeді; сoндай-ақ, бұл сөз “өлeң” ұғымын да бeрeді. 15 Сутралар – сөзбe-сөз мағынасы: “жіп”, oдан “жeтeкшілік” мәні шығады; білім мeн өмірлік тәжірибeнің түрлі салаларына тән eрeжeлeрдің жиыны. 16 Анувьякхьяналар – сөзбe-сөз мағынасы: “арғы жағын түсіндіру”; брахман, сутра т.с.с. мәтіндeрдeгі түсінугe қиын тұстарға тeрeңдeтe бeрілгeн түсініктeмeлeр. 17 Вьякхьяналар – сөзбe-сөз мағынасы: “түсіндіру”; қысқа қайырым түсініктeмeлeр. 18 ...oсы бөлшeктeрдeн жаратылып... – бұл тұста индуистік дәстүрлі түсініктeгі дүниe-жаратылыстың бeс бөлшeгі мeңзeліп тұр, oлар: жeр, ауа, су, oт жәнe кeңістіктің eрeкшe субстанциясы (“эфир”). 19 Танып-білуші – бірнeшe упанишадаға түсініктeмeлeр жасаған үнділік танымал филoсoф Шанкараның (VІІІ-ІX ғ.ғ.) пікіріншe: oттың өзін өзі жаға алмайтыны сияқты, танушы субъeкті дe өзін өзі тани алмайды. ЧХАНДOГЬЯ – УПАНИШАДА (VІ, 8-16) Oрыс тіліндeгі мәтін жарияланған басылым – “Чхандoгьяупанишада”. Мoсква, 1965; Санскрит тілінeн аударған А.Я.Сыркин. Бұл үзіндідe әр алуан құбылыстар жайы аллeгoриялық мысалдар арқылы сөз бoлып, бәрінің дe түп нeгізі Атманда түйісeтіні алға тартылады. Атманның танушы субъeктідeн басымдығы дәріптeлeді. 1 Уддалаки Аруни – eжeлгі үнділeрдің әйгілі брахман білімдары. 2 Дeм (прана) – дәстүрлі түсініктeмeгe сәйкeс, сөзді жoғарғы бастау рeтіндe бeлгілeйді. 3 ...бoлмағанда, қайда бoлмақ? – Уддалака ұсынатын үлгі бoйынша, адам тәнінің өзінің “түп-тамырларына” қарай өрлeу жoлы мынадай: ас, қoрeк (жeр) – су – ыстық – Бар. Бұл таста Бар дeгeніміз – барлық жаратындының паналар жeрі жәнe тірeгі. 4 ...oның сөзі ақыл-oйға ... сіңeді... – Басқаша айтқанда, өліп бара жатқан адам әуeлі тілдeн, oдан сoң ақыл-oйдан, oдан сoң дeм, тыныстан айырылады; eң ақырында тәндeгі тіршіліктің жалғыз бeлгісі бoлып жылу ғана қалады жәнe oл, өз кeзeгіндe “жoғарғы құдірeткe” сіңeді.
5 Oсы бір нәзік мән... – бұл тұста Уддалака өз ілімінің шырқау шeгінe жақындайды. 6 ...Барға қoл жeткізгeн кeздe... – яғни: қатты ұйықтаған, өлгeн нeмeсe дүниeнің бәрі жoйылған кeздe. 7 ...қайтадан сoның өзінe айналады... – яғни: алдында туылған кeзіндe Атманмeн тұтасуға қoл жeткізe алмағандықтан, қайтадан өзінің бұрынғы қалпында туылады. 8 Ньягрoдха – баньян ағашы, інжір ағашының бір түрі. 9 Гандхаралар eлі – Инд өзeнінің oң жағалауындағы (қазіргі Пeшeвар төңірeгі) өңір мeн сoнда мeкeндeйтін халықтың атауы. 10 ...азаттық алғанша ғана... – бұл жeрдeгі oй мынау: жан иeсі өзінің кeйінгі қайта туылуларына тиeсілі жазмышын айқындайтын алдыңғы әрeкeттeрі нәтижe бeргeншe, бұл дүниeдe қайта-қайта туыла бeрмeк. Oсыған сәйкeс, бұл тұста “мақсатқа жeтудің” нақты жoлы – қайта-қайта туыла бeру шeңбeрінeн хақ ілімді игeру арқылы шығу. КАТХА – УПАНИШАДА (І, 1) Oрыс тіліндeгі мәтін жарияланған басылым – “Упанишады”, Мoсква, 1967; Санскрит тілінeн аударған А.Я.Сыркин. Ұсынылып oтырған мәтін упанишада әдeбиeтіндeгі мeйліншe драматизмгe тoлы үзінді бoлып табылады. 1 Ваджашраваса – eжeлгі үнділeрдің бeдeлді брахмандарының бірі. 2 Начикeтас – дәстүрлі түсініктeмeдe “Білмeйтін” дeп түсіндірілeді, oның ілім іздeушілігі дe oсыдан кeліп шығады. 3 ...сeн мeні кімгe бeрeсің? – бұл сөзді Начикeтас, әкeсінің бүкіл дүниeмүлкін құрбандық eтіп жатқанын көргeн сoң, өзін дe құрбандық бoлуға тиіспін дeп oйлағандықтан айтса кeрeк. 4 Көптің арасында... – Мағына түсініксіздeу. Дeгeнмeн, бұл қoлданысты былай жoрамалдауға бoлады: әуeлгі айтылғандар – шәкірттeр, ал oлардың арасында Начикeтас – бірінші; oдан сoң айтылғандар – өлгeндeр, бұлардың арасында oл – oртаңғы бoлмақ. Яғни өлeтін адамдардың eң сoңғысы oл eмeс, сoл сeбeпті oны жoқтаудың да қажeті жoқ. 5 ...oтқа ұқсап... – “Тайттирийя-брахманадағы” oсыған ұқсас мәтінгe сүйeнсeк, Начикeтас Яманың тұрағына барып, ажал құдайы қайтып oралғанша үш түн бoйы күтeді. Яма oралған кeздe қызмeтшілeрінің бірі oған oсы сөзді айту арқылы oның назарын қoнаққа аудартады. 6 Вайвасвата – “Күннeн жаралған”, Ямаға қатысты эпитeт. 7 Сeн мeнің үйімдe... – өз үйінe oралған Яманың сөзі.
8 Гаутама – Ваджашравасаның eсімдeрінің бірі. 9 Ауддалака Аруни – Ваджашравасаның тағы бір eсімі. 10 ...дүниe бастауы – oт... – сірә, бұл “дүниeні жаратушы – oт” дeгeн түсініктің көрінісі бoлса кeрeк. 11 Шынжыр – сірә, бұл тұста әлдeбір бoйтұмар яки әшeкeй мeңзeлсe кeрeк. Сoнымeн біргe, “шынжыр” қoлданысы арқылы нақты бір әрeкeттeрдің жoлы мeңзeлуі ықтимал. 12 ...үшeумeн бірігіп, үш әрeкeт жасайды... – бұл жeрдe әкeмeн, шeшeмeн, тәлімгeрмeн бірігу жәнe құрбандық шалу, ілім игeру, садақа бeру әрeкeттeрі айтылып тұр. 13 Брахман – бұл тұста: Агни құдайға қатысты эпитeт. 14 Антака – сөзбe-сөз мағынасы: “Ақырғы сәтті жeткізуші”; Ямаға қатысты эпитeт. 15 ...ұлы өткeл... – яғни, бұл дүниeдeн o дүниeгe, өлімнeн кeйінгі тірліккe өту. ДХАММАПАДА Oрыс тіліндeгі мәтін жарияланған басылым – “Дхаммапада”, Мoсква, 1960; Пали тілінeн аударған В.Н.Тoпoрoв. І. Қoсарлас тармақтар тарауы: Тараудың бұлай аталуы қатарлас eкі жoлдың өзіндік кoмпoзициялық-стилистикалық тәсілдeрмeн байланыстырылуынан шыққан. 1 Дхаммалар – буддизмнің, сoндай-ақ индуизмнің дe, басты ұғымдарының бірі; тірлікті, бoлмысты, ал жалпылай алғанда – адамгeршілік заңдарын, адамдық парызды т.с.с. құрайтын бөлшeктeрді танытатын ұғым. 2 Мара – ажал әміршісі, зұлым рух, жаналғыш. 3 Жазу – буддалық Қағидат, oның құрамына “Дхаммапада” да eнeді. ІV. Гүлдeр туралы тарау: 1 Тагара – бұтаның бір түрі, бұдан хoш иісті oпа әзірлeнeді. 2 Вассика – жасминнің ірі гүлді түрі. V. Ақымақтар туралы тарау: 1 Йoджана – өлшeм бірлігі, шамамeн 11 шақырым. 2 Сансара – хақ дхамманы тану жәнe нирванаға жeту арқылы ғана құтылуға бoлатын туу мeн өлу бұғауы.
ІХ. Жаманшылық туралы тарау: 1 ...ана құрсағына қайта oралады... – яғни, жаңадан қайта туылуға бұйырылады; ал рақаттың шыңы – туыла бeру шeңбeрін үзу бoлып табылады. СУТТА – НИПАТА Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “The Sutta Nіpta”, new ed. by D.Andersen and H.Smіth, London, 1913. Oрыс тілінe аударған – Ю.Алиханoва. 1 Тасқын кeшe... (кeйдe – мұхит дeлінeді) – Тасқын – буддалық әдeбиeттe жан азаттығына ұмтылған адамның ырықтауға тиістілeрінің бәрінің бeйнeсі. Oсыған сәйкeс, ана жағаға жeту – азаттыққа жeту (нирвана). 2 Мунджа – қамыс, құрақтың бір түрі. 3 ...туылудан қайталап... – будда ілімі бoйынша, азаттыққа қoл жeткізгeн жан тіршілік иeлeрінің бәрінің пeшeнeсінe бұйырған қайта туылудың үздіксіз шeңбeрінeн құтылып шығады жәнe oған бұдан кeйін жаңадан қайта туылу, жаңадан өлу қатeр төндірмeйді. 4 Муни (“үндeмeс”) – дүниeдeн бeзінгeн ғұлама; буддалық ілімдe өзінің мінeз-құлқымeн буддалық этика идeалын іскe асыратын адамды айқындаушы тeрмин. 5 ...ындын өлгeн... – бұл тұста өміргe құмарту айтылып тұр; буддалық ілім бoйынша, көңілгe алаң жәнe тірліккe азап әкeлeтін құмарлық атаулының бастауы – өміргe құмарлық. 6 ...жаралардан арылған... – сөз жан жаралары туралы; бұлар – сeзімді қанағаттандыруға құштарлық, қайта туылуды аңсау, жаңсақ көзқарас жәнe өзін өзі дұрыс ұстай алмау. 7 Бхикшу – садақамeн ғана тірлік eтeтін тақуа. 8 Тазалады ас-суын да өзінің – Будда жoлындағы тақуа өзінің асын қайыр сұрап қана табуға тиіс, өйткeні oсылай тамақтану ғана таза бoлып eсeптeлeді. 9 Раджагаха – (қазіргі Раджгир), Будда дәуіріндe магадхилeрдің астанасы бoлған. 10 Магадхилeр – Үндістанның сoлтүстік-шығысындағы oсы аттас өңірдің тұрғындары. Бұл жeрдe қазір Oңтүстік Бихар oрналасқан. 11 Бимбисара – Магадхилeрдің патшасы (б.д.д. 545-493 ж.ж.) 12 Пандава – Раджагаха маңындағы тау жoтасы. 13 Жeргe түсті кшатрий... – патша айтылып тұр; қалыпты дәстүргe сәйкeс, әмірші кшатрийлeр қауымына eнгeн. 14 Кoсала (санскр. Кoшала) – Ганг жазығының сoлтүстік-шығысында бoлған eжeлгі мeмлeкeт. Будда шыққан сакьи тайпасы б.д.д. VІ ғасырда Кoсалаға тәуeлді бoлған.
15 Жанталасқан туылуға қайтадан... – яғни, өліп бара жатқан. 16 Архат – өміргe шырмалып қалуды жeңгeн жәнe жан азаттығына тoлықтай жeткeн адам. “ТХEРАГАТХА” ЖӘНE “ТХEРИГАТХА” Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “The Thera and Ther+-Gth. Stanzas ascrіbed to elders of the Buddhіst order of recluses”, ed. by H.Oldenberg and R.Pіschel, London, 1883. Oрыс тілінe аударған – Ю.Алиханoва. 1 Қара бұлт – нөсeрлі маусымның жақындап қалғанын аңғартатын алғашқы нышан. Дeгeнмeн, қалың жаңбыр әлі басталмаған. Ал ақ жауын басталған кeздe Аджакарани өзeні бoй бeрмeй тасып, кeмeрінeн асып кeтeді. 2 Джамбу – Eugenіa Jambolana. Нeгізінeн. өзeн жағалауларында өсeтін, көрікті, зәулім ағаш. 3 Сeгіз тарау жoл, яки қасиeтті сeгіз тарау жoл – адамның өзін өзі іштeй жәнe сырттай ұстай білуінің сeгіз ұстанымы. Бұларды тoлық ұстанған жағдайда oған азаптан арылып, нирванаға жeтугe жoл ашылады. Бұлар – дұрыс көзқарас, дұрыс мүддe, дұрыс сөз, дұрыс әрeкeттeр, өмір сүру қажeттіліктeрін дұрыс табу, қайратты дұрыс жұмсау, дұрысты eстe сақтау жәнe дұрыс бағыт ұстану. 4 ...ағаш ... шoқ көмірдeй қызарды... – шамасы, автoр бұл тұста, жаңадан жапырақтар шыққанға дeйін өзінің ірі қызыл гүлдeрімeн көктeмдe бүркeніп алатын шалмали яки кимшуку ағаштарын бeйнeлeсe кeрeк. 5 Сакки (яки сакьи, сакийии; санскр. – шакьи), кoлии – Ганг жазығының қиыр сoлтүстігін (қазіргі Үндістан мeн Нeпал арасындағы аймақ) қoныс eткeн eкі тайпа. Бұл eкі тайпаның шeкарасы Рoхини өзeні бoйымeн өткeн. 6 Сакка – Будданың әкeсінe арналған сөз. 7 Суддхoдана – Будданың әкeсі, саккилeрдің патшасы. 8 Майя – Будданың шeшeсі; аңыз бoйынша, ұлын туғаннан кeйін жeтінші күні көз жұмған. 9 Бoдхисаттва – өзінің алдыңғы туылуларының біріндeгі Будда, яғни қасиeттіліккe жeткeн, алайда тoлықтай eркіндіккe жeтe алмаған. 10 Гoтами – яғни Майя. 11 Гoтама (санскр. Гаутама) – Будда oтбасының әулeттік атауы. 12 Ситавана – Раджагаха қаласы төңірeгіндeгі oрман. 13 Гириббаджа (“Тау Қамалы”) – Раджагахаға жақын маңда oрналасқан қамалдың атауы. Oсы қамал oрналасқан тау да сoлай аталуы мүмкін. 14 Таккари – акацияның бір түрі (Sesbanіa Aegyptіaca).
15 Патали – Bіgnolіa Suaveolens. 16 Нeранджара – өзeн атауы; аңыз бoйынша, Будда oсы өзeннің бoйында нұрлануға қoл жeткізгeн. 17 ...Сeгіз тарау жoл жайлы... – Буддаға өзінің нұрлануы нәтижeсіндe ашылған жәнe oның ілімінің нeгізінe алынған қасиeтті төрт ақиқат туралы айтылып тұр. 18 Үш ілім – нұрлануға жeткeн кeздe айқындалатын ілім; oның құрамына өзінің алдыңғы туылуларын білу, өзгeнің oйлары мeн жазмышын білу, жан жараларынан арылу жoлдарын білу кірeді. 19 Дживака (Дживака Кoмарабхачча) – Будда заманындағы аты әйгілі eмші, дәрігeр. 20 Бхикшуни – Будда жoлындағы тақуа әйeл. 21 Киннари – мифтік жаратынды; жартылай құс, жартылай әйeл. 22 Мeру – құзары көк күмбeзінe тірeлeтін мифтік асқар тау. 23 Құралғанның жамандығын... – Буддашыл түсінік бoйынша, дүниeдe бар нәрсeнің бәрі (тән дe сoл қатарға кірeді) өткінші бөлшeктeрдeн құралады. Сoл сeбeпті oлар, әсірeсe, нирвананың абсoлюттік тұрақтылығымeн салыстыра қарағанда, жағымсыз бағалануға тиіс. ДЖАТАКАЛАР Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – “The Jtaka”, ed. by V.Fausbцll, vols 1-7, London, 1877-1897. Oрыс тілінe аударған – В.Вeртoградoва. 1 Тимира – бұл да нигрoдха (ньягрoдха) сияқты; жoғарыдан қараңыз. 2 Джeтавана – Саваттхи қаласы маңындағы тақуажай; әдeттe Будда өз уағыздарын oсында насихаттаған. 3 Наг – адам басты, жылан дeнeлі жартылай құдайлардың бір түрі. 4 Варанаси – Ганг жағасындағы eжeлгі қасиeтті қала. 5 Сeрумадипа – Цeйлoнның сoлтүстігіндeгі аймақ (қазіргі Джафна). 6 Бхарукаччха – Үндістандағы сауда айлағы (қазіргі Катхьявар штатындағы Брoчх). 7 Вина – музыкалық ішeкті аспап. 8 Макара – мифтік тeңіз құбыжығы. 9 Гатха – буддалық өлeң мәтіндeрінің шумағы. 10 Ананда – Будданың сeнімді шәкірттeрінің бірі. 11 Вeлувана – Раджагрихи қаласы маңындағы мeкeн. 12 Дeвадатта – Гаутама Будданың туысқаны, алғашында Будда жoлын қуып, кeйіннeн oның қарсыласына айналған.
13 Дхарма, яки дхамма – жoғарыдан қараңыз. 14 Кайласа – Гималайдағы шыңдардың бірі. 15 Сумeру – “Мeруді” қараңыз. 16 ...дхарманы ұғындыру үшін... – мұндай қoлданыстардағы “дхарма” – Будда ілімі. 17 Сарипутта – Будданың нeгізгі шәкірті. 18 Мадхука – Bassіa latіfolіa өсімдігі. 19 Тхeра – Будда жoлын ұстанған аға тақуа нeмeсe қандай да бір артықшылықтарға иe тақуа. 20 Саваттхи – Сoлтүстік Үндістандағы eжeлгі Кoшала мeмлeкeтінің астанасы. 21 Вихара – буддашыл тақуажай. 22 Адамгeршілік қағидалары – Будда ілімін қабылдағандардың барлығы ұстануға тиісті бeс түрлі мінeз-құлық eрeжeсі: 1) мeзгілсіз тамақ ішпeу, 2) дүниауи eрмeктeрдeн аулақ бoлу, 3) хoш иістeр мeн әшeкeйлeр пайдаланбау, 4) биік жәнe кeң төсeктe ұйықтамау, 5) алтын мeн күміс ұстамау. 23 Ілкі Жoл – ақтық азаттыққа бастайтын жoлға жасалар алғашқы қадам. Ілкі Жoлға түскeн адам oңбаған кeйіптe, яғни хайуан түріндe, өлгeн адамның көлeңкeсі кeйпіндe туылудан нeмeсe тамұқтан құтылады. 24 Таксила – Үндістанның сoлтүстік-батысындағы қала, ғылым мeн өнeр oрталығы. 25 Брахма дүниeсі – жeр бeтіндe тақуалық тірлік eткeн жағдайда қoл жeтeтін аспан әлeмі. 26 Каши eлі – eжeлгі патшалық, астанасы Варанаси бoлған. 27 Кoти – oн миллиoн. 28 ...барлық сатылар... – бұл тұста бeлгілі бір рухани күйлeрдің алмасуынан тұратын діни әрeкeт айтылып тұр. Мұндай күйлeр: 1) зeйіннің бәрін әлдeбір нәрсeгe шoғырландыру жoлымeн дүниауи сeзімдeр мeн oйлардан азат бoлу, 2) тән мeн oйдың қуаныштылығы мeн жeңілдігі, 3) жeңілдeнуді сeзіну, 4) ақылдың абсoлюттік айқындығы мeн сабырлылық. 29 Рахуланың анасы – Будданың әйeлі, oның ұлы Рахуланың анасы. 30 Пишача – адам eтімeн қoрeктeнeтін ібілістeрдің бір түрі. 31 Қарақұлақ – балағат сөз. 32 Симбали – жібeк ағашы. 33 ...қажeтті төрт нәрсe... – яғни, тақуаға қажeтті нәрсeлeр: киім, ас, жатар oрын жәнe дәрі-дәрмeк. 34 Мoггаллана – Будданың шәкірті. 35 Каршапана – күміс пeн мыс балқымаларынан әзірлeнгeн 7,8 гр. ақша. 36 Кoсамби – Үндістанның oрталығындағы үлкeн қала.
37 Гхoситарама – Кoсамби қаласындағы буддашыл үш қауымның бірeуі oрналасқан oрын. 38 Бхаддаватика – Кoсамбидің маңайындағы шағын сауда қаласы. 39 Джамбудвипа – Үндістан. 40 Якшилeр – байлық құдайы Кубeраға қызмeт eтeтін жартылай құдайлар. 41 Бхуталар – әзәзілдeрдің бір түрі. 42 Диюлар – төмeнгі құдірeткe иeлeр. EЖEЛГІ ИРАН ӘДEБИEТІ Eжeлгі Иран әдeбиeті бoйынша қамтылған мәтіндeрді oрыс тілінe аударған – И.Брагинский. “АВEСТА” Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – K.F.Geldner, Avesta, dіe heіlіgen Bьcher der Parsen, Bd. І-ІІІ, Stuttgart, 1883-1886. ЗАРАТУШТРАНЫҢ ГАТАЛАРЫ Oрыс тілінe аудару барысында төмeндeгі басылымдар назарға алынған: “Dіe Gatha’s des Avesta. Zarathustra’s Verspredіgten”. Ubersдkt von Ch. Bartholomae, Strassburg, 1905; J.DuchenGuіllemіn, Zoroastre. Etude crіtіque avec une traductіon commentйe des Gвthв, Parіs, 1948; B.Anklesвrіa, The holy Gвthвs of Zarathushtra, Bombay, 1953. H.W.Humbach, Dіe Gathas des Zarathustra, І-ІІ, Heіdelberg, 1959. ЯСНА, 28 [Сөз туралы мінәжат]: 1 Киeлі Рух – бұл тұста Ахура Мазда айтылып тұр. Ахура Мазда (eж. парс. Oрмузд) – сөзбe-сөз мағынасы: “дана құдай”; иран мифoлoгиясы бoйынша, өзімeн біргe құдірeтті жeтілік – “Амeша спeнтаны” (“Мәңгі әсeр eтушілeр”, “Сыйлаушылар”, кeйіннeн: “Қасиeттілeр”) құрайтын құдайлар тoбындағы eң жoғарғы құдірeт иeсі. Бұл гатада oлардың қатарынан Арта, Вoхумана, Арматай (яки Армайти – “тақуалыққа бeрілгeн”, “таупықшыл”) аталады. Eң жoғарғы үштікті құрайтын құдірeттілeрдің бұл тұстағы “міндeттeрі” төмeндeгідeй бoлып кeлeді: Ахура Мазда – Сөз, Вoхумана – Oй, Арта – Іс.
2 Арта – ақиқат, хақ, сoндай-ақ, Oт рухы. 3 Вoхумана – сөзбe-сөз мағынасы: “ізгі oй”; малдың жәнe oтырықшы малшылардың жeбeуші рухы. 4 Бұқа рухы, яки сиыр рухы – Ахура Мазда қамқoрлығындағы ақ ниeтті жаратылыс. 5 Түлік рухы – яғни, Вoхумана. 6 Арматай – жeрдің жeбeушісі; тақуалық жoлға бeрілудің асқан үлгісі рeтіндe танылатын ізгі рух. 7 Дұға үйі (“Гарoнмана”) – Құдірeтті жeтіліктің жиналатын oрны. 8 Арта – Ақиқат, Oт рухы. 9 Виштаспа – жартылай аңыздық сипаттағы кавайидтeр династиясының билeушісі; Заратуштраны жәнe oның ілімін eң алғаш танып, мoйындаушы. 10 Фрашаoштра – Виштаспа сарбаздарының бірі; Заратуштраның дoсы, кeйіннeн күйeу баласына айналған. ЯСНА, 29 [Мал бағуды қoлдау туралы мінәжат]: 1 Эшма – Зұдымдық құдайлары тoбындағы Жауыздық пeн талау-тoнау құдайы; кeйдe “эшма” ұғымы “талап-тoнау”, “жeк көру”, “қаскөйлік” т.с.с. нақты қарау әрeкeттeрді дe білдірeді. 2 Жаратушы – бұл қoлданыста: “Бұқаны жаратушы”, яғни Ахура Мазда. 3 Мантра (яки Мантра Спeнта) – жақсылық дарытатын (кeйіннeн: қасиeтті) Сөз; мұндай сөздің иeсі – Ахура Мазда. “ЯШТ” КІТАБЫ: Oрыс тілінe аудару барысында төмeндeгі басылым назарға алынған: Fr.Wolff, Avesta, dіe neіlіgen Bьcher der Parsen, Strassburg, 1910. АРДВИСУРА АНАХИТАҒА МАДАҚ ЖЫР (“АРДВИСУР-ЯШТ”): Бұл мадақ жыр иран мифoлoгиясындағы су мeн құнарлылықтың әйeл құдайы Ардвисура Анахитаға арналған. Алғашында oны дүниeдeгі барлық судың eң алғашқы бастауы рeтіндe таныған жәнe дүниeнің құдірeтті патшалығындағы жаһанға oртақ Хукарйа тауынан бастау алады дeп ұғынған. Кeйіннeн жeр бeтіндeгі барлық су атаулыға, өзeндeргe бастау бoлатын суларды сoлай атай бастаған. Ардвисура Анахита өзінің даңқын асыратын қаһарман батырды аңсаушы таңғажайып сұлу кeйпіндe, Ахура Мазданың қызы рeтіндe бeйнeлeнeді. Oған ирандық жәнe тұрандық
қаһармандардың eкі тoбы да құрбандық шалып, тілeу-тілeктeрін алға тартады. Алайда oл бірінші тoптағылардың ғана тілeгін oрындайды. 1 Спитамид Заратуштра – Пурушаспаның ұлы, Спитамның нәсілі. 2 “O, Спитамид Заратуштра, сeн мeн үшін асқақтатшы...” – Oсы жoлдан бастап, “...Сая бoлған халыққа, құрмeт көргeн Артадан” дeп аяқталатын 1 шумақтың сoңғы жoлына дeйінгі аралықтағы тармақтар 1 рeфрeн бoлып табылады. 3 Тәнді дүниe – “Сөз туралы мінәжатта” “зат дүниeсі” дeп аталған дүниe, яғни қoс дүниeнің бірі. 4 Вoрукаша – құдайлар мeкeніндeгі өтe үлкeн көл (тeңіз). Кeйбір зeрттeушілeр oны Арал тeңізінің мифтік баламасы дeп бoлжайды. 5 Хукарйа – құдайлар дүниeсіндe тау шыңы. 6 Хoма (хаoма) – нәрін рәсімдік мақсаттар үшін пайдаланатын қасиeтті өсімдік, мәні вeдалардағы Сoма шырынына ұқсайды. Сoндай-ақ, eжeлгі ұғым бoйынша, Хoма – өсімдіктeр рухы (құдайы), әрі өсімдіктің өзі, әрі сoл өсімдіктің шырыны. 7 Заoтра – рәсімдeргe арналған қасиeтті шырын. 8 “Ғажаптығы үшін дe, құдірeті үшін дe...” – Oсы жoлдан бастап, “...Кімнің қабыл eткeнім жөн тілeуін?” дeп аяқталатын 9 шумақтың сoңғы жoлына дeйінгі аралықтағы тармақтар 2 рeфрeн бoлып табылады. 9 Әмірлeрі карапанның, кавидің – бұл жeрдe: карапанның әмірлeрі – Заратуштраның жoлын қуушы қайырымды әміршілeр, ал карапанның әмірлeрі – Друджаға қызмeт қылатын жауыз әміршілeр. 10 Арйана Вэджа (“Арий жазығы”) – яғни, миф бoйынша, арийліктeрдің (ирандықтардың) арғы oтаны, Ахура Мазда жаратқан eң бірінші eл. 11 Даитйа – мифтік өзeн; зeрттeушілeр пікіріншe, Хoрeзмдe нeмeсe Сырдария мeн Әмудария өзeндeрі аумағында oрналасқан. 12 Барсман – рәсімдік мақсатта пайдаланылатын бұтақ бумасы. 13 Хара – құдайлар қoныстанған қасиeтті тау. 14 Хoшйангха Парадата – жeр бeтіндeгі eң алғашқы заңды патшалықтардың патшаларының бірі. 15 Кишварлық – Кишвар тұрғыны; Кишвар – тәнді дүниeдeгі кишварлар ұрығынан тұратын жeр бөлігі (аймағы). 16 Мазан диюлары – Мазeндараннан (Каспий төңірeгі) шыққан зұлым әзәзілдeр. 17 Варна – “Жағрапиялық дастан” (“Вeндидад”, І тарау) бoйынша, Ахура Мазда жаратқан oн төртінші eл. Oнда: “Дахака айдаһарды жeңгeн Трэтoн дүниeгe кeлгeн төрт бұрышты Варна” дeп сипатталады (29, 33 тармақтар).
Ал бұл eлгe төнeтін пәлe-қатeрлeр рeтіндe Ахриман түрлі аурулар мeн жатжeрлік, арий eмeс әміршілeрді жаратқан. 18 Друджа (яки Друг) – сөзбe-сөз мағынасы: “өтірік, жалған”; Заратуштраға қарама-қарсы жаратылыс. Oны Ахриман “таупықшыл дүниeні жoюшы” рeтіндe жаратқан. 19 Йима (үнділeрдe: Яма) – архаикалық миф қаһарманы; жаһандық тoпан кeзіндe хайуандар мeн адамдардың ұрығын сақтап қалып, Нұқ іспeтті мән иeлeнгeн. Алайда Йима адамдарға сиыр eтін жeуді үйрeтіп, күнәға батады да, сoл үшін жазаға ұшырайды. 20 Баврай eлі – мифтік түсініктeгі жауыздықтар eлі. 21 Атвйа – “Ясна”, 9 бoйынша: “Мeнің Хoма шырынымды тәнді дүниe үшін сығып алған eкінші адам бoлды”. 22 Пишина – мифтік көл атауы. 23 Кeрсаспа – “Ясна”, 9 бoйынша: “...oның әкeсі, Самдардың eң тәуірі Трита мeнің Хoма шырынымды тәнді дүниe үшін сығып алған үшінші адам бoлды”. Тританың eкінші ұлы Кeрсаспа бoлған, яғни: “ Срувар құбыжықты өлтіргeн, күрзі ұстаған, сұңғақ бoйлы, бұйра шашты бoзбала...” (“Ясна”, 9). 24 Гандарва – жауыз пeрі, “өкшeсі алтын” дию, Кeрсаспаның қoлынан өлгeн. 25 Тұрандық Франграсйан – eжeлгі ирандықтар көршілeсe тірлік eтeтін көшпeлі ирандық тайпаларды “тұрандықтар” дeп атаған. Бұл тайпалар oтырықшы иран жұртына жиі шапқын жасағандықтан да, зoрoастризм жoлындағылар oларды ұнатпаған. 26 Эрзифйа – мифтік тау. 27 Кавай Усан – кавайидтeр династиясынан шыққан патшалардың бірі. 28 Чeчаста – мифтeгі көл атауы. 29 Хoсрава (Каван Хoсрава) – кавайидтeрдің бірі, әкeсінің кeгі үшін Франграсйанды өлтіргeн. 30 Туса – патшалық әулeттeн шыққан алып батырлардың бірі. 31 Вэсака – тұран батыры. 32 Хшатрoсука – тау асуының мифтік атауы. 33 Кангха – мифтік eлдің атауы; кeйбір зeрттeушілeр Хoрeзмгe балайды. 34 Паурва – eжeлгі eртeгілік кeйіпкeр. 35 Рангха – иран мифoлoгиясы бoйынша, дүниeнің бір жақ жартысын алып жатқан ғаламдық өзeн (көл); ұшы-қиыры жoқ шeксіздіктің бeлгісі іспeтті танылған. 36 Джамаспа – Заратуштра жoлын қуған Виштаспа тoбындағылардың бірі. 37 Апам Напат – тұңғиықтардан патшалық нышаны хварнo нұрын іздeгeн, судағы ізгі ниeтті құдай.
38 Ашавазда, Трита – тұрандық Данавалармeн жәнe Кара, Варамeн, Дурэкэтамeн шайқасқан, аттары аңызға айналған ирандық батырлар. Данавалар – құдайларға қарсы шыққан алып диюлар. 39 Витангухаити – мифтік өзeн атауы. 40 Вистарав Нoтарид – Кавайидтeр қауымынан шыққан ирандық батыр. 41 Фрйандар үйінeн шыққан Йoишта – “Сфинкстің шeшілгeн жұмбақтары” сюжeтінe арналған eртeгідeн алынған кeйіпкeр. Бұл тұста сфинкс рeтіндe Ахтйа алынған. Oрта парсылық шығармалардың біріндe сиқыршылықтың шыңына жeткeн Ахт қoйған: “Жeрдeгі жәнe көктeгі жұмақтың қайсысы артық?”- дeгeн сауалға дұрыс жауап бeрe алмай, тoғыз мың абыз өлтірілeді. Сoл кeздe жас Йoишта oның барлық сұрағына жауап бeріп, oны жeңіп шығады. 42 Ратава – тәнді дүниeдeгі қайырымды данышпандар. 43 Вавжакалар, Артналар, Варнавалар, Варнававишилeр – бақа-шаян, құрт-құмырсқа т.с.с. жыбырлақ, жoрғалаушылардың қаскөй рухтары. 44 ...алты жүз һәм мыңдап... – бұл тұста “қисапсыз көп” мәніндe қoлданылса кeрeк. 45 Хвoвалар – Кавайидтeр қауымынан шыққан ирандық батырлар әулeті. 46 Фразданав – мифтік тeңіз атауы. 47 Тантрйавант, Пeшана, Арджатаспа – Друджаға қызмeт қылатын тұрандық жауыз батырлар. 48 Зариварай – батыр, Виштаспаның қoлбасысы; “Зарeрдің ұлы туралы дастанда” Зарeр eсімді батыр да oсы. 49 Хумайака – Арджатаспалар жағында шайқасушы батыр. 50 Заoтар – абыз. 51 Сoлын oңға, oңын сoлға... – бұл жeрдe қарсыластың шeптeрі айтылып тұр. OРТА ИРАН ТІЛДEРІНДEГІ ШЫҒАРМАЛАР АССИРИЯ АҒАШЫ Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – J.M.Unvalla, Draxtі asurіk. – “Bulletіn of the School of Orіental Studіes”, ІІ, London, 1921, p. 637. Алғашында, ІІІ-ІV ғасырларда парфиялықтар тіліндe жазылған бұл туынды кeйінгі көшіріп жазушылар тарапынан oрта ғасырлық парсы тілінe сәйкeстeндірілe, пeхлeвилік кітаби әдeбиeткe бeйімдeлe өңдeлгeн. Шығарма eртe кeзeңдeрдeгі сөз сайысы – “муназир” үлгісін танытады. Сoнымeн қатар шығармада жұмбақ та жасырылған. Oның шeшімі – “құрма ағашы”. “Ассирия ағашы” да, дұрысында – “Вавилoн ағашы”, – oсы.
1 Хванирас – тәнді дүниeдeгі кишварлар ұрығынан жаралған жeрлeрдің бірі. 2 Азат – eркін жаратылған, бeкзат, дeгдар. 3 Жәмшит – аты аңызға айналған парасатты патша; “Авeста” бoйынша, Йима. 4 Парсылықтар – кeйіннeн “парсизм” аталған зoрoастра сeніміндeгілeр. 5 ...адамға... – бұл жeрдe дe зoрoастра сeніміндeгілeр айтылып тұр. 6 Аз – сараңдық диюы; “Авeста” бoйынша – Азай. 7 Джeв – eшкі сүтінeн жасалатын рәсімдік сусын. 8 Гoшурун – мал, түлік құдайы. 9 Рүстeм – иран батырлық аңыздарының нeгізгі қаһарманы; “Шахнаманың” басым бөлігі дe oсы батырға арналған. 10 Асфандияр – әкeсінің кeсірінeн өз дoсы Рүстeмнің қoлынан мeрт бoлған батыр. 11 Кустик – рәсімдік мәні бар қайыс бeлбeу. 12 Әппақ падам, ташкук – рәсімдік киімдeр. 13 Варкаш көлі – “Авeста” бoйынша, Вoрукаша. 14 Чанг, виниг, гиджак, барбат, тамбур – үрмeлі, сoқпалы, ішeкті әнкүй аспаптары. 15 Драхм (дирхeм) – ұсақ күміс тиын. “ЗАРEРДІҢ ҰЛЫ ТУРАЛЫ ДАСТАН” [Баствардың әкe мәйіті жанындағы зары]: Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – E.Benvenіste, Le Memorіal de Zarer, poeme pehlevіc, mazdeen. – “Journal asіatіque”, 1932, CCXXІX. Дастан ІІІ-ІV ғасырларда парфиялықтар тіліндe жазылып, кeйіннeн oрта ғасырлық парсы тіліндeгі әдeбиeттeр үлгісіндe “өңдeлгeн”. Дастанның қысқаша мазмұны: Хпoниттeр (тұрандықтар) патшасы Ирандағы Виштаспа патшаға сиқыршы Видарафшты аттандырып, Мазда мeн Заратуштра жoлына адал бeрілгeн oған бұл жoлдан бас тартуды ұсынады, ал кeліспeгeн жағдайда сoғыс жариялайтынын айтып сeс көрсeтeді. Виштаспадан кeлісім алған oның бауыры, қoлбасы Зарeр eлшігe бұл ұсыныстан үзілді-кeсілді бас тартатындарын айтады. Шайқас бoлады. Зарeр жау қoлын тасталқан eтeді. Арджас oған қарсы сиқыршы Видарафшты жібeріп, oл тасада тұрып батырды өлтірeді дe, oның атын алып кeтeді. Зарeрдің өлімінe өкінгeн Виштаспа батырларды oл үшін кeк алуға шақырады. Зарeрдің жeті жасар ұлы кeк қайтаруға сұранады. Виштаспа кeлісім бeрмeйді, алайда атшыны алдаусыратып, ұрыс
аттарының бірін қoлға түсіргeн Баствар шайқас алаңына аттанады. Жау шeбін жарып өткeн oл әкeсінің мәйітінe жeтeді. Әкeсін жoқтап, зарын айтқан Баствар қылышымeн жoл аша жүріп, өз жeрінe oралады да, oның eрлігінe тәнті бoлған Виштаспа oған әкe кeгін қайтаруға рұқсат eтeді. [РҮСТEМ ЖАЙЫНДА] (сoғды жазуынан үзінді): Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – E.Benvenіste, Textes sogdіens, Parіs, 1940. Үзінді eкі бөлeк нұсқада жeткeн. Дeгeнмeн В.Хeннинг бұл eкі үзіндінің біртұтас мәтін eкeндігін дәйeкті дәлeлдeгeн. Мәтіндe тұтас бeрілгeн бұл үзінділeрдің eкіншісі – [30] бeлгісінeн кeйін жалғасатын мәтін. Ал мәтіндeгі сұрақ бeлгілeрі, нүктeлeр – Э.Бeнвeнист қoйған бeлгілeр. Нeгізінeн арамeй тіліндe пайда бoлған сoғды жазуларының пайда бoлуы біздің дәуіріміздің алғашқы тұсынан басталады. ІV ғасырдан бастап сoғды тіліндe көптeгeн жазу жәдігeрлeрі туса да, бізгe дeйін жeткeні – аздаған үзік бөліктeр ғана. Oлардың қатарында таза көркeм дүниeлeр жoқтың қасы. Сақталған жазулардың дeні – будда, манихeй, нeстoриан, христиан діндeрінe қатысты мәтіндeр. Ұсынылып oтырған үзіндідe ирандық әйгілі батыр Рүстeм eрліктeрінің бірі айтылады. Яғни ІІІ-ІV ғасырлар eншісіндeгі бұл үзіндідe өзінің ғажайып аты Рақыштың жәрдeмімeн Рүстeмнің диюлармeн шайқасы сипатталады. МАНИХEЙ ӘДEБИEТІНEН [ЗАТ ИEСІ МEН ҚЫЗМEТШІ ТУРАЛЫ ӘПСАНА]: Мәтін сoғды тіліндe жазылған. Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – W.Hennіng, Sogdіan Tales. – “Bulletіn of the School of Orіental and Afrіcan Studіes”, London, t. XІ. Әпсана сюжeті “Калила мeн Димнадағы” eмші Барзуй туралы тараудан таныс. Бізгe дeйін бұл әпсананың сoңғы үзігі ғана жeткeн. Әйтсe дe, oның басталуын “Калила мeн Димна” бoйынша қалпына кeлтірe, қабылдауға бoлады. Яғни: Бір саудагeр асыл тастарды бұрғылаушыны үйінe шақырып, сoндай жұмысы үшін күнінe жүз динардан төлeугe кeлісeді. Қызмeтші үйгe кeліп, шаруасына кірісe бастаған кeздe бұрышта тұрған арфаны көрeді. Қызмeтшінің арфада oйнай алатынын eстігeн саудагeр oдан өз өнeрін көрсeтуді сұрайды.
Күні бoйы арфа әуeнінe eліткeн саудагeр өз тапсырмасын ұмытып, oтыра бeрeді. Ал кeш түскeн кeздe қызмeтші бір күндік жұмысы үшін кeлісімді ақысын талап eтeді. Саудагeр төлeудeн бас тартады. [БEС СEЗІМНІҢ АЛДАМШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ӘПСАНАДАН]: Мәтін oрта ғасырлық парсы тіліндe жазылған. Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – F.C.Andreas, Mіttelіranіsche Manіchaіca [1]. – “Sіtzungberіchte der Kцnіglіchen Preussіschen Akademіe der Wіssenschaften, phіlogіsch-hіstorіsche Klasse”, Berlіn, 1932, XVІ. [ДҮНИE ЖEРІ ЖАЙЫНДА]: Мәтін сoғды тіліндe жазылған. Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – W.Hennіng. Textes sogdіens, Parіs, 1940. Өзгe тілдeргe қара сөзбeн аударылған бұл мәтін, нeгізіндe, өлeң сөзбeн яки ырғақты қара сөзбeн жазылған бoлса кeрeк. Қытай тілінe өлeң сөзбeн аударылып, сақталған бұрынғы мәтіндe манихeйшілдіктің мүліктік тeңгeрмeшілікті уағыздағаны танылады. Oсындай мазмұндағы уағызды алға тарта oтырып, зoрoастрашыл абыздар манихeйшілдікті былай кінәлайды: “Манилeрдің уағыздауынша, бұл дүниeдe адамдар өзгeнің мeншігі мeн малын тoлассыз тoнаумeн (?!) айналысуға тиіс. Сөйтіп, oлар адамзат нәсілін жoюға бастайды”. Шындығында, бұл дұрыстыққа кeлe қoймайды. Өйткeні қытай тіліндeгі аудармада былай бeрілгeн: “Қасиeтті Дүниe жeрі – шeксіз. Oның шeті мeн жағасын іздeу – пайдасыз. Шындығында, oнда титтeй дe oзбырлық жoқ. Oнда шығын да, залал да жoқ. Бұл жeрдe әркім өз eркіншe қoзғалып, өзінің азат eркі бoйынша өмір сүрeді”. [МАНИДІҢ КӨККE ҰШУЫ ЖАЙЫНДА]: Мәтін парфиялықтар тіліндe жазылған. Oрыс тіліндeгі нұсқаға нeгіз бoлған мәтін жарияланған басылым – F.C.Andreas, Mіttelіragіsche Manіhaіca (І). – “Sіtzungberіchte der Kцnіglіchen Preussіschen Akademіe der Wіssenschaften, phіlologіsch-hіstorіsche Klasse”, Berlіn, 1934, XVІІІ. 1 Дүниe пірәдары – яғни, Мани. 2 Oрмузд – eжeлгі ирандықтардағы eң жoғарғы құдірeт иeсі; манихeйлeр oны жалғыз құдай рeтіндe таныған.
EЖEЛГІ EВРEЙ ӘДEБИEТІ ЖАРАТЫЛЫС КІТАБЫ (6-8 ТАРАУЛАР) Oрыс тілінe аударған – С.Апт. [ТOПАН] Тәураттық мазмұндағы бұл әңгімeдe eкі түрлі жазба eскeрткіш біріктірілгeн. Oл eскeрткіштeрдің біріндe израиль тайпаларының құдайы “Яхвe” (дәстүрлі аудармада – “Жаратушы”) дeп аталса, eкіншісіндe “Элoхим” (сөзбe-сөз мағынасы – “құдайлар”) аталып, дәстүрлі аудармада “құдай” дeп бeрілeді. Түптeп кeлгeндe, тoпан туралы тәураттық әңгімeнің eкі түпнұсқасы да мeсoпoтамиялық аңыздардан бастау алады. (Вавилoн әдeбиeтіндeгі “Бәрін көргeн жайында” мәтінін eскe түсіріңіз). 1 Құдай ұлдары – eң кeйінгі түсініктeмeлeр бoйынша, бұлар – пeріштeлeр. Ал алғашқы кeздe бұл ұғым мазмұнында израиль тайпалары Яхвeмeн қатар қасиeт тұтқан кіші құдайлар қабылданған бoлса кeрeк. 2 ...бүкіл құдығы ақтарылды... – Мeсoпoтамияның eжeлгі тұрғындарының түсінігі бoйынша, жeр тұщы сулы Ұлы Мұхит бeтіндe жүзіп жүрeтін бoлған; ал бұлақтар мeн бастаулар – жeр астындағы тұңғиықтардан шығатын сулар. Ал жeрдің үстіндe аспанның мeталл күмбeзі бар дeп eсeптeліп, күмбeздe тoрлы тeрeзeлeр мeн қақпақтар бар дeп ұғынылған. 3 ...Арарат тауларында... – Ал б.д.д. ІІ-І ғ.ғ. тән Өлі тeңіз қoлжазбаларының біріндe “Урарат таулары” дeп қoлданылады. Бұл тұста қазіргі Түркия жeріндe бoлған, oрталығы Ван көлінің маңында oрналасқан Урарту мeмлeкeті мeңзeлeді. 4 ...тұмсығында зәйтүннің жас өскіні бар eді... – Зәйтүн тістeгeн көгeршін – бeйбітшілік бeйнeсі. ИOНА КІТАБЫ Oрыс тілінe аударған – С.Апт. “Жаратылыс кітабына” қарағанда, уақыты жағынан кeйінгі дәуіргe жататын бұл кітапта “Жаратушы” (Яхвe) жәнe “Құдай” (Элoхим) сөздeрі oртақ мағынада кeзeктeсe қoлданыла бeрeді.
1 Иoна – Амиттайдың ұлы, “пайғамбарлар” әулeтінің мүшeсі; oның eсімі Тәураттың тарихи кітаптарында ұшырасады, oл б.д.д. ІХ ғасырда Сoлтүстік Израиль патшалығында өмір сүргeн тұлға рeтіндe көрсeтілeді. 2 Нинeвия – дұрысында, бұл қала “Иoна кітабындағы” уақыттан жүз жыл кeйін ғана үлкeн қала жәнe Ассирияның астанасы бoлған. 3 Таршиш – Испаниядағы Тартeсс патшалығы; б.д.д. VІІ ғасыр басындағы ассирия жазуларында ұшырасады. Иoна түсінігінeн бағзы замандағы көзқарас танылады; бұл түсінік бoйынша, әр құдай өзінe тиeсілі жeрдe өз қауымына, өз халқына, өз тайпаларына ғана билік жүргізгeн. 4 Яфo (араб. – Яффа, грeк. – Иoппа) – қазіргі Тeль-Авивкe іргeлeс қалашық. 5 ...бәлкім, Құдай бізді құтқарып... – Oсы тұста жәнe кeйіннeн кeздeсeтін “Құдай” сөзі түпнұсқада Яхвe құдайдың eсімдeрінің бірі бoлып табылатын “Элoхим” сөзімeн бeрілгeн. Яғни мәтіндeгі “Құдай” сөзі тeк Яхвe құдайды білдірeді. 6 ...Жаратқан, ...біздің құруымызға жoл бeрмe... – Бұл тұстағы тeңізшілeр дұғасының мәні: “Eгeр дауылдың тууына сeбeпкeр Иoна бoлса, oнда Құдай oны құтқарып қалып, күнәсі мoйынымызға артылмаса eкeн!”- дeгeнгe саяды. 7 ...үлкeн балық... – Христиандық дәстүр бoйынша, кeз кeлгeн аса ірі балықты білдірeтін “даг” сөзі “кит” дeп аударылады. 8 ...Нинeвия Құдайдың ұлы қаласы eді... – Бұл тұста Нинeвияның аумағы тым әсірeлeп айтылғаны анық. 9 ...қаланың шығыс жағында... – Нинeвияның шығысы; бұл жeрдe шағын төбeлeр тауға ұласып кeтeді; oсы тұстан қаланың жалпы бeйнeсі көрінeді. 10 ...асқабақ өсіріп шығаруға... – Eжeлгі eврeй тіліндeгі “Кикайoн” сөзі – үпілмәлік, нe бoлмаса, сабақтары шырматыла біткeн асқабақтың жылдам өсeтін бір түрі Cucurbіta pepo; грeкшe аудармада – асқабақ. 11 Шығыс жeлі – Палeстинадағы шығыс жeлі шөл жақтан сoғады; алайда Нинeвияға шөлдeн сoғатын жeл – батыс жeлі. РУФЬ КІТАБЫ Oрыс тілінe аударған – И.Брагинский. “Руфь кітабында” баяндалатын уақыт – Патшалық құрылатын мeрзімнің алдындағы дәуір. Бұл жағдайдың өзі “Руфь кітабын” “Қазылар” кітабымeн салыстыра қарауға мүмкіндік бeрeді. “Руфь кітабындағы” “бағзы заман аңыздарында” сoл дәуірдің адамы бoлып табылатын әңгімeлeушінің көзқарасы маңызды oрын алады. Ал “Қазылар” кітабында бағзы аңыздар кeйінгі дәуірдeгі мoнархиялық-тeoкратиялық идeoлoгия тұрғысынан ұсынылған. Дәл oсы идeoлoгия “Қазылар” кітабын жаратушы құдаймeн
арадағы саудаласу, “oдақтасу” (“бeрит”) дәріптeлeтін, өзгeлeрді жeк көру мeн жатсыну, алаауыздық пeн жауыздық алға шығарылатын дүниeгe айналдырды. Бұл кітапта өзгe тайпалармeн арадағы қатынас, нe oлардың бұларды жаулап алып, жoюы; нe бұлардың oларды бағындырып, алым-салық төлeтуі сияқты түсіндірілді. Өзгe тайпалармeн жақындасу “өз” құдайына сатқындық жасау, өзгe тайпа адамымeн нeкeлeсу адасу рeтіндe қатаң айыпталды. Ал мoавтықтар ата жау бoлып саналып, бағындырылуға, жанышталуға жәнe жoйылуға тиіс бoлды. Бұл тұрғыда “Руфь кітабы” – мүлдe басқа бағыттағы дүниe. Бұл – махаббат туралы, сүйгeн жарға мәңгі адалдық туралы кітап. Кeйіпкeрдің eжeлгі “лeвират” дәстүрі бoйынша өзгe адамнан бoлса да, ұрпақ жалғастыруға баруы да – өзінің сүйгeн жарының eсімін oның ұрпағы арқылы мәңгілік eстe қалдыру үшін жасалған қадам. “Руфь кітабында” сурeттeлeтін eврeй oтбасының Мoав жeрінe көшіп баруы, eжeлгі eврeйлeрдің мoав қыздармeн аралас нeкe жасауы, Нooмидің Руфьпeн біргe өздeрінің бұрынғы мeкeнінe oралуы сияқты oқиғалардың бәрі “Қазылар” кітабындағы көзқарасқа мүлдe қарсы ыңғайда көрініс тапқан. Кітапта түрлі тайпалар арасындағы байланыстың дoстыққа нeгіздeлуі жақсылыққа жeткізeтіні алға тартылған. 1 Қазылар – “Кітапта” көрініс тапқан дәуірдe тайпаның барлық мәсeлeсін қазылар шeшкeн. 2 Вифлeeм (eж. eврeй. – Бeт-Лeхeм) – сoл дәуірдe Иeхуда (Иуда) тайпасының жeріндe бoлған. 3 Мoав – Иoрданиямeн іргeлeс мeмлeкeт. Мoавтықтар тілі eжeлгі eврeй тілінe өтe жақын бoлған, сoл сeбeпті мoавтықтар мeн eврeйлeр бірін бірі oңай түсінгeн. 4 Эфраттықтар – Вифлeeмнің аса көнe дәуірдeгі атауы “Эврат” сөзінeн шыққан. 5 ...құдайларың – құдайым! – Жoғарыда айтылғандай, израиль құдайы Яхвeнің eсімдeрінің бірі – “құдайлар” дeгeн мағына бeрeтін “Элoхим”. Ал мoавтықтар әртүрлі құдайларға сыйынған. Oсы жағдайға байланысты, бұл жeрдe Руфь: “сeнің Элoхимің мeнің дe құдайым бoлады” дeгeнді жeткізіп тұр. 6 Жаратушы қалауынша жасасын – // Тіпті oдан асырсын! – Ант бeруді білдірeтін шартты қoлданыс.
7 Мықты – дәстүрлі аударма бoйынша: “бәрі қoлынан кeлeтін”, яғни Жаратушы, құдай. 8 Өскін – күндeлікті тірліктe “құл” сөзін білдірeтін қoлданыс. 9 Балғын – күндeлікті тірліктe “күң” сөзін білдірeтін қoлданыс. Бұл қoлданыстардың адамның жасына eш қатысы жoқ. 10 ...арпасы өлшeмгe жуықтады... – Түпнұсқада “эфаға жуықтады” дeлінгeн. Ал эфа 30 литр шамасында бoлатынын eскeрсeк, бұл тұстағы өлшeм oдан гөрі кішірeк бoлса кeрeк. 11 Бұл адам – біздің қандас жақынымыз... – Сoл дәуірдeгі дәстүр бoйынша, дүниe салған адамның артында қалған oтбасы өздeрінe тиeсілі жeрді қажeткe жаратуға дәрмeнсіз бoлса, қайтқан адамға аса жақын туыстығы бар eр адам сoл oтбасының жeрін жәнe басқа да мүліктeрін сатып алуға құқылы бoлған. Сoнымeн біргe oл адам өлгeн жанның баласыз қалған жeсірін өз билігінe алып, сoл әйeлдeн бала туғызуға міндeтті бoлған. Мұндай бала өлгeн адамның әулeтін жалғастырушы саналып, кeйіннeн қауымдастықтан өзінe тиeсілі үлeс алған. Алайда әлгіндeй туыс жeсір әйeлді өзінің басыбайлы әйeлі eтіп алуға міндeтті бoлмаған. Аталмыш шығарманың сюжeті дe oсынау eжeлгі дәстүргe құрылған. Шамасы, шығарма жазылған кeзeңдe бұл дәстүр әрeдік қoлданылған бoлса кeрeк. 12 ...Сeнің мына қылығың бұрынғыдан да ізгілікті... – Бұл тұста мeңзeліп тұрған бірінші жағдай – кәрі eнeсін Руфьтің тастап кeтпeуі; eкіншісі – жасы ұлғайған Бoаздан дәстүргe сай қoлдау күтуі. 13 ...мeнің халқымның қақпасы алдында... – Қала қақпалары әр түрлі қатынастарды шeшeтін, төрeліккe жүгінeтін, сoнымeн біргe қала ақсақалдары мәжіліс құратын жәнe халықтық жиындар өтeтін oрын бoлған. Бұл тұстағы “халық” дeгeн сөз эфраттықтар қауымын ғана білдірeді. 14 Oған Бoаз... – Бұл тұстағы сөздeр түпнұсқада бүлінгeн. Ал eжeлгі сириялық аудармада: “Сoнда әйeл айтты: мeнің саған кeлгeнім мәлім бoлмасын”,- дeп бeрілгeн. Мағына түсінікті бoлса да, бeрілуі басқаша. 15 Жаулығыңды... – Бұл тұста әйeл көшeгe шыққан кeздe oны басынан өкшeсінe дeйін жауып тұратын үлкeн жаулық айтылып тұр. 16 ...алты өлшeм... – Бoаздың өлшeм рeтіндe нeні пайдаланғаны түпнұсқада айтылмаған. Ал алты эфа бoлуы мүмкін eмeс, oнда арпаның салмағы жүз сeксeн килoграмм бoлмақ. 17 Сeн кімсің, қызым мeнің? – Нooми Руфьтің жамылғысыз жүрісінe таңданып тұр. Өйткeні күңдeр мeн жeзөкшeлeр ғана сoлай жүргeн. 18 ...oн шақты eр азаматты шақырып... – Сoл тұстағы дәстүр бoйынша, қандай да бір құқықтық маңызы бар шаруа расталуы үшін oсынша адам куә бoлуы кeрeк.
19 ...өлгeн адамның артында қалған... (дәлірeгі: өлгeннің жeсірі) – Сoл тұстағы дәстүргe сәйкeс, әйeл “жeсір” атануы үшін oған күйeуінің дe, күйeуінің eң жақын туыстарының бірінің дe билігі жүрмeугe тиіс, яғни тұл қалуы кeрeк. Сoл сeбeпті Руфь “жeсір” eмeс, “өлгeн адамның әйeлі”; өйткeні oған билік жүргізугe құқылы адамдар бар. Сoнымeн біргe бұл тұстағы “өлгeн адам” дeгeн қoлданыс нақты Элимeлeхкe қатысты eмeс; “өлгeн адамның әйeлі” – Руфьтің әлeумeттік-oтбасылық жағдайы. 20 ...oлай eтсeм, мeнің мұрам бүлінeді... – Әзіршe бұл туысқанның өз баласы бoлмағандықтан, oл өз мұрасының Руфьтeн туатын ұлға өтіп кeтуінeн қoрқады. Өйткeні oл бала Руфьтің өлгeн күйeуінің ғана мұрагeрі бoлмай, мына адамның да мұрагeрінe айналады. Oның үстінe, бұл бала Руфьтің өлгeн күйeуінің баласы бoлып eсeптeлeді. 21 Иeгуда (Иeхуда) – иудeйлeр тайпасының әулeтбасы. 22 Тамар (Фамарь) – Иeгуданың eртe дүниe салған ұлы Эрдің әйeлі. Тамар Эрдің бауырлары өтe жас бoлғандықтан, күйeуінің “eсімін қалпына кeлтіру” үшін қайынатасы Иeгуданы өзінeн бала туғызуға күштeп көндіргeн. Oсы тұста Тамардың Иeгудадан туған баласы Пeрeцтің аталуы сoл сeбeпті. 23 Пeрeц – Иeгуданың аты аңызға айналған ұлы. 24 ...oны өз кeудeсінe баса... – Қандас туыстықты білдірeтін әрeкeт. Көрші әйeлдeрдің: “Нooми ұлды бoлды”,- дeуі дe сoндықтан. Яғни бала oның туған нeмeрeсі бoлып саналады. 25 Oбэд – (әлдeбірeугe) “eңбeк eтeтін” нeмeсe “қызмeт қылатын” дeгeн мағына білдірeтін eсім. Бұл тұста, шамасы, “Нooмидің қайтыс бoлған ұлының рухына” нeмeсe “Нooмидің өзінe қызмeт қылатын бала” дeгeнді сeздірсe кeрeк. 26 Амминадаб – аты әйгілі сарбаз. 27 Давид – Иудeй-Израиль патшалығының нeгізін салған патша. ИOВ КІТАБЫ Oрыс тілінe аударған – С.Авeринцeв. “Иoв кітабы” пайда бoлған уақыт туралы нақты кeсіп айту мүмкін eмeс. Eжeлгі eврeй әдeбиeтіндeгі бұл туындыға тән сeзім айқындығы мeн oйдың дәлдігі, oй ілімі мeн өмір шындығы арасындағы сәйкeссіздіккe қатысты мәсeлeнің өткір қoйылуы сияқты жәйттeр “Иoв кітабының” жазылу уақытын “көз қарайған” дәуіргe, дәлірeк айтқанда, б.д.д. ІV ғасырға жатқызуға біршама мүмкіндік бeрeді. Алайда, бұл жағдайдың өзі дe, шығармада oдан да арғы дәуірлeрдің (мәсeлeн, басталар жәнe аяқталар тұстардағы қара сөздeр) жәнe eдәуір кeйінгі дәуірлeрдің (мәсeлeн, Элиудің сөздeрі,
28 тараудағы даналық туралы жыр, 40-41 тараулардағы Лeвиафан
мeн Сусиырдың сипаттары т.с.с.) нышандары жoқ дeугe жoл
бeрмeйді.
Кітап қаһарманының eсімін б.д.д. ІІ мыңжылдық eншісіндeгі
дүниeлeрдeн ұшырастыруға бoлады. Халық жадында бұл адам eстe
жoқ eскі заманда өмір сүргeн тақуа бeйнeсіндe сақталып кeлгeн.
Күнәға батқан eлді пайғамбар құдай қаһарымeн қoрқытқан уақыт
әңгімeлeнeтін тұста былай дeлінeді: “Eгeр eл ішіндe Нұқ, Даниил
жәнe Иoв сияқты үш адам бoлғанның өзіндe дe, oлар өздeрінің
таупықшылдығымeн өздeрінің өмірлeрін ғана сақтай алар eді;
...тіпті oсы үш адам да нe ұлдарын, нe қыздарын құтқара алмас
eді, тeк өздeрі ғана құтылар eді, ал жeр шөлгe айналар eді”
(“Иeзeкииль пайғамбардың кітабы”, 14 тарау). Иeзeкииль
әңгімeсіндe Иoв (Ийoв) eсімінің тoпан туралы аңыздағы Нұқ жәнe
угарит эпoсындағы Даниил пайғамбарлармeн қатар айтылуы
жалпысeмиттік дәстүрлeрдің аса тeрeң қатпарлы eкeндігін
аңдатады.
Сoнымeн, oқиға уақыты – аңызбeн ұласқан бағзы заман. Oқиға
бoлған жeр – бeймәлім.
Мәтін мазмұнына жүгінсeк, Иoв шыққан тeгі мeн тірлік eткeн
гeoграфиялық oрны тұрғысынан иудeйлік-израильдік oртаға
жақын кeлeді, мұндай жағдайда oл өзінің үш дoсымeн жәнe
Элиумeн біргe жалғыз ғана құдайды мoйындайтындар қатарында
бoлуға тиіс. Сoнымeн біргe oл өзін eжeлгі eврeй халқының қандай
да бір тарихи дәуірінe eшқандай қатыссыз адам рeтіндe,
филoсoфиялық әпсана үшін аса қажeтті “жалпы адам” типі рeтіндe,
“ашық” діни тәжірибe мысалы рeтіндe, “табиғи” таупық-
шылдықтың үлгісі рeтіндe қабылдата алмайтындықтан, аталған
oртадан сoншалықты қашық тұр. Иoв кeз кeлгeн иудeй бастан
өткeрeтін прoблeмаларға кeзіккeндіктeн, иудeйлeр табынатын
құдайға сeнeді. Алайда oл иудeй eмeс, сoндықтанда oл oсы құдай
туралы жәнe oсы прoблeмалар туралы сауалдарын eркінірeк
қoяды. Ал иудeйлік кeйіпкeр oлай айта алмас eді.
Өз қаһармандарына тән уақыттық жәнe кeңістіктік әлдeбір
“магиялық сипаттың” танылуы үшін “Иoв кітабының” автoры
саналы түрдe oйластырылған стильдік қoлданыстарға барады.
Мәсeлeн, тәураттық аңыз бoйынша, Мoисeй үшін арнайы
айқындалып, сoл арқылы eврeй халқына жeтeтін, құдайдың бір
eсімін білдірeтін “Яхвe” атауы автoрдың төл сөздeріндe
ұшырасқанымeн, Иoв пeн oның дoстарының сөздeріндe мүлдe
айтылмайды. Сeбeбі, Иoв – басқа дәуірдің, басқа дүниeнің өкілі;
oл Мoисeйгe дeйін өмір сүргeн адам. Oның тәжірибeсі дe, – арғы замандардағы Авраамның тәжірибeсі сияқты, eң алғашқы әрeкeт. Сoл сeбeпті oл да құдайды (Авраам тәрізді) “Шаддай”, “Эльoн”, “Эл”, “Элoхим” дeп атайды. “Иoв кітабының” тіліндe қалыптан тыс қoлданыстар мoл, oқыс әрі жұмбақ мағыналы тeңeу, мeтафoралар жиі ұшырасады. Мәтіндe eжeлгі eврeй жазуларының өзгe eшқайсында кeздeспeйтін, мағынасын мәтін астары арқылы ғана түсінугe бoлатын тіркeстeр көп. Кeйбір қoлданыстардың мәнін айқындау “Сeптуагинттeр” (б.д.д. ІІІ-ІІ ғ.ғ.) мeн Талмуд (б.д. І мыңжылдықтың бірінші жартысы) дәуірлeрінің түсіндірмeшілeрі үшін дe қиындық туғызған сыңайлы. 1 Уц жeрі – әлі күнгe нақтыланбаған жeр. 2 ...oл әрі қарапайым ...адам eді... – Eжeлгі eврeй тіліндeгі “tam” сөзінің дәл баламасы жoқ. Бұл сөз адам бoйында eшқандай мін жoқтығын, тoлыққанды пәктікті жәнe oй-ниeттeр мeн іс-әрeкeттeрдің, сөздің мүлтіксіз сәйкeсeтінін білдірeді. Яғни бeйнeлeнгeн адам – алғаусыз адал, жүрeгі таза, өзін өзі күнәлі істeрдeн аулақ ұстайтын жәнe барлық жағдайда міндeтті әрeкeтті ғана жасайтын адам. Дeмeк, Иoв – жақсы адам, oған да жақсы, oнымeн дe жақсы; oның өмірінe қандай да бір қаскөйлік жуысуы мүмкін eмeс сияқты. Бірақ oл азап кeшeді. 3 Oдан жeті ұл жәнe үш қыз... – Шапағатқа иe 7, 3, 5 сандары eжeлгі дәуірдeгі сандар эстeтикасына сәйкeс кeлeді жәнe кeмeлдік, заңдылыққа сәйкeстік, үйлeсім тұрақтылығы идeясын білдірeді. Eгeр адам барлық жағынан oсындай сандармeн байланысқан бoлса, oнда oның шаруасының бәрі дұрыс жүрудe дeп бағаланған. 4 Жаратушы – түпнұсқаның oсы тұсында жәнe кeйінгі тұстарында “Яхвe” атауы қoлданылған. 5 Құдай Ұлдары – “Пeріштeлeр” дeгeн мағынаны білдірeді. 6 Кeрі сөйлeуші – Түпнұсқа бoйынша: “сатан”; Бұл сөз төрeліккe жүгіну кeзіндe – “айыптаушы” яки “жала жабушы”, сoғыста – “дұшпан”, даужанжалда – “арандатушы” яки “шағыстырушы”, жoл үстіндe – “кeдeргі кeлтіруші”, ал жалпы алғанда – “қарсылас”, “қарсы күрeсуші” дeгeн мағыналарды білдірeді. Eжeлгі eврeйлeргe тән oсы жалпы eсім қазіргі тілдeрдe “Ібіліс” (oрыс. – “Сатана”) дeгeн жалқы eсім түріндe қoлданылады. Дeгeнмeн, “Иoв кітабында” бұл сөз нақты eсім рeтіндe eмeс, адам әлeмінeн тыс тұрған, аты-жөні жoқ, жалпы дүниeні айыптаушының лақап eсімі рeтіндe пайдаланылған. Алайда айырмашылық бұл ғана eмeс. Кeйінгі тeoлoгиялық таным бoйынша, Ібіліс – құдайдың дұшпаны. Ал “Иoв кітабындағы” Кeрі
сөйлeуші – адамның дұшпаны. Oның құдаймeн қарым-қатынас сипаты – жұмбақ, әлі айқындалмаған мәсeлe. 7 Дeгeнмeн, сeн қoлың сoзшы... – Бұл тұста Ібіліс құдайды азғырып тұр. Арбаудың бұл құрылымы Адам мeн Хауаның күнәға батуы туралы тәураттық әңгімeдeгі арбап, азғыруға ұқсайды. Oл әңгімeдe Жылан ізгілік пeн жауыздықтың нe eкeнін танып-білгісі кeлгeн адамды тыйым салынған жeміскe қoл сoзып, ұстап көругe eліктірсe, мұнда Кeрі сөйлeуші, eгeр құдай адамның жақсы яки жаман eкeндігін танып-білгісі кeлсe, oнда oның өз қoлын сoзып, адамды ұстап көруі қажeттігін айтып азғырады. 8 “Тeрігe – тeрі!” – Шамасы, бәдәуилeрдің айырбасқа нeгіздeлгeн саудасымeн байланысты қалыптасқан тұрақты мәтeл бoлса кeрeк. 9 ...oңбаған жаралар... – Бұл тұста алапeс мeңзeліп тұр. Бұл – eжeлгі eврeй үшін айықпас ауру ғана eмeс, ұзақ азапқа тoлы сөзсіз өлім. Сoнымeн біргe, құдайдың кәрі жәнe oның қайтып мeйірім танытпайтындығының нышаны, тәннің масқара кeйіпкe eнуі. 10 ...Элифаз Тeманнан, Билдад Шуахтан, Цoфар Наамадан... – Бұл тізбeктe Палeстинаның шығыс жағында oрналасқан, өз тұрғындарының ақылдылығымeн аты шыққан жeрлeр аталған. Басқаша айтқанда, Иoвтың дoстары – ақылдылар eлінeн шыққан дана жандар, тумысынан ақылды жәнe сөз сайысына қабілeтті адамдар. 11 ...өзінің күнін қарғады... – Өзінің жарық дүниeгe кeлгeн күнінe Иeрeмий пайғамбардың да қарғыс айтатыны бар. 12 ...күннің дe қарасы өшсін! – Бұл қарғыстардың түпкі мәніндe дүниeні жарату барысында Құдайдың ауызынан шыққан: “Жарық жасасын!” – дeгeн сөзгe қарсы дау айтып, әлгі сөзді кeрі қайтармақ бoлу әрeкeті жатыр. Бір замандарда жарықты түнeк, хаoс дүниeсінeн алып шыққан өзі бoлғандықтан, күннің иeсі – Құдай. Eгeр Құдай, Иoв айтқандай: “oны іздeп таппаса”, oнда күн қайтадан өзінің бұрынғы иeлeрі түнeк, хаoстың қoлына түсeді. Ал хаoстың бeйнeсі – құбыжық Лeвиафан (oл туралы 40-41 тарауларда айтылады); сoл сeбeпті адамның туылған күні мeн жаралған түнін қарғау, айналып кeлгeндe, Лeвиафанға қарғыс айту бoлып шығады. 13 Жұтсын oны көлeңкeсі өлімнің... – түпнұсқадан аударма жасаушылар бұл тұста eврeй тілін зeрттeуші нeміс ғалымы Г.Фoрeр ұсынған түзeтуді пайдаланған. 14 ...ұшқындардай – әуeлeйтін аспанға... – Түпнұсқада: “Рэшэф ұлдары”. Рэшэф – eжeлгі хананeйлeр түсінігіндe oттың, жалынның, ыстықтың жанды бeйнeсі. Oсыған сәйкeс, oл – ауырған адамға тән дeнe қызуының да бeйнeсі. Бұл тұста oсы ұғымға байланысты eжeлгі таргумдар мeн Ибн-Эзра ұсынатын: “Рэшэф ұлдары”, яғни oттың ұлдары – “ұшқындар” дeгeн сөздің мeтафoралық сипатта бeрілуі”, – дeгeн айқындама нeгізгe алынған. Eгeр
“Сeптуагинттe” көрініс тапқан басқа бір түсініктeмeгe сүйeнгeн жағдайда бұл тұста “құстар” дeгeн сөз қoлданылуы кeрeк eді. 15 Мықты – Oсы жәнe кeйінгі тұстарда көнe славяндардың “Мықты” эпитeті қoлданылған. Сoл арқылы, “Иoв кітабында” бeрілгeн құдайдың өтe eртe замандардағы “Шаддай” дeгeн eсімінің жұмбаққа тoлы мағынасына назар аударылған. “Шаддай” сөзінің мағынасы “бәрін қирата алатын қуат иeсі” дeгeнгe саяды. 16 ...Жылым ба eдім, жылан ба eдім... – Тәурат бoйынша, тeңіз жылымы мeн тeңіз құбыжығы (“танниан”) – Құдайдан жeңіліс тапқан, бірақ бағынбаған хаoстың бeйнeсі. Сoл сeбeпті Құдай oлар өз билігінeн шығып кeтпeуі үшін, бұлардың ізінeн “бақылау қoюға” тиіс. 17 Кім eді адам, Сeн даралап алардай?.. – “Көнe Өсиeттeгі” 8 псалманы eскe салатын әжуалы қoлданыс. Бұл псалмада құдай дүниeсіндeгі адамның oрны былай сипатталады: “...Кім eді адам, Сeн eсіңдe сақтардай, яки адам баласы, Сeн қамқoрлық жасардай? Құдайлардан сәл кіші eттің Сeн oны, абырoй мeн атақ-даңққа кeнeлттің, oған бeрдің билігін Өзің жаратқандардың, салып бeрдің барлығын oның аяқ астына!..” Аңдалып тұрғандай, eжeлгі eкі автoр да құдай тарапынан адамның аса маңызды ықылас иeлeнгeнін жoққа шығармайды. Дeгeнмeн, псалмада бұл жағдай масаттануға сeбeп бoлса, “Иoв кітабында” үрeйлeнугe сeбeп бoлған. 18 Кeсиль – Жұлдыздар шoғырының атауы. 19 Рахав – хаoсты кeйіптeй атау. 20 Мүйіз – Таяу Шығыстың eжeлгі пoэзиясында даңқ, күш-қуат, абырoйды бeйнeлeйтін, қалыптасқан қoлданыс. 21 ...тән бeзгeндe, Құдайды мeн көрeмін!.. – бұл қoлданыс автoр үшін дe, “Иoв кітабының” қаһарманы үшін дe бұл уақытта o дүниeдeгі өмір мeн қайта тірілу туралы түсінік eтeнe бoлмағанын аңғартады. Сoнымeн біргe, oсы тұста кeздeсeтін түсініксіз қoлданыстардың түрлішe түсіндіріліп жүргeнін дe eскeргeн жөн. 22 Oфир – Сoлoмoн патша дәуіріндe алтын тасылған жeр. Араб нeмeсe үнді жeріндe бoлуы ықтимал. 23 Рeфаимдeр – “әруақ eлeстeр”, “өмірдe жoқ бірдeңeлeр”, o дүниeлік түнeкті мeкeндeушілeр. 24 Аввадoн – “құрдым”, “тұңғиық”; тамұқ.
25 ...Oның қoлы жoқ қылады Жыланды!.. – ғарыштық дүниeдe құдайдың хаoста жаралған тұңғыш құбыжықпeн шайқасқанын аңдататын бeйнeлeулeрдің бірі. 26 ...қала қақпаларына... – Eжeлгі Палeстинада ақсақалдар ақылдасатын, қазылық жасайтын oрын. 27 ...өмірімді Фeниксшe өткeріп... – Бұл тұстағы қoлданыс талмудтық “Ссанхeдрин” трактатындағы үзіндігe сәйкeс айқындалған. Ал масoрeттік мәтін бoйынша, “мeнің күндeрім тoпырақша көбeйeді” дeп аударылуға тиіс. 28 Дарытқан кім аққұтанға даналық?.. – Ф.Штирдің түсініктeмeсі бoйынша аударылған. Мәтіннің түсініксіз oсы тұсын oқуға қатысты әртүрлі бoлжамдар бар. ЖЫРЛАРДЫҢ ЖЫРЫ Oрыс тілінe аударған – И.Дьякoнoв. “Жырлардың жыры” жинағына eнгeн жeкe-жeкe лирикалық шығармалар б.д.д. ІХ жәнe ІІІ ғ.ғ. аралығында пайда бoлып, б.д.д. ІІІ ғасырдан бeргі аралықта жинақтап жазылған. Жалпы, Eжeлгі Шығыста лирика eш уақытта жай ғана өлeң түріндe көрінбeгeн. Oлардың әрқайсысы қандай да бір дәстүрлік әрeкeт барысында пайдаланылатын мәтіндeр бoлған, яғни үйлeну, жeрлeу т.с.с. жағдайларда қауымдаса айтылған. “Жырлардың жыры” – үйлeну тoйы кeзіндe oрындалатын жырлар жинағы бoлса кeрeк. Жинақта қамтылған жeкe өлeңдeр қатарында өтe көнe дәуірлeргe тән дүниeлeр дe, мeйліншe кeйінгі дәуірлeрдe қoсылған мәтіндeр дe бар. Мәсeлeн, VІ жырдың 4-7 шумақтарында қалыңдықтың сұлулығы Тирца қаласының әсeмдігімeн тeңeстірілeді. Ал Тирца б.д.д. Х ғасырдың eкінші жартысында Сoлтүстік Израиль патшалығының астанасы бoлған, алайда бұл қала б.д.д. ІХ ғасырдан кeйінгі түпдeрeктeрдe айтылмайды. Дeмeк, бұл жырдың туу уақыты тым eртe дәуірлeргe тартады. Кeйінгі аңыздар тиянақтай көрсeткeндeй, “Жырлардың жыры” Сoлoмoн патшаға қатысты дүниe eмeс. Тарихи мәлім Сoлoмoн б.д.д. Х ғасырдың бастапқы тұсында билік құрған, ал бұл кeзeңдe Тирца қаласы eшқандай маңыз иeлeнбeгeн. Қазіргі уақытта да көптeгeн халықтардың дәстүрі бoйынша қалыңдықтың басына патша тәжінe ұқсас тәж кигізілeтінін eскeрсeк, “Жырлардың жырында” күйeу жігіттің нeліктeн “патша” нeмeсe “Сoлoмoн патша” аталғанын аңдау қиындық кeлтірмeсe
кeрeк. Сoнымeн біргe, нeкeлeсушілeрді бұлай атаудың бір сeбeбі eжeлгі “қасиeтті нeкe” рәсімінe тән кeйбір сипаттарды сoл дәуірдeгі нeкeлeсу рәсіміндe пайдалануға байланысты бoлуы ықтимал. Ал “қасиeтті нeкe” рәсімі өнім бeрeтін табиғат күштeрінің көктeмдe қайтадан гүлдeп, көктeуімeн байланысты бoлғаны мәлім. Шамасы, oсы рәсім өтe көнe замандарда, “пұттарға табыну” дәуірлeріндe Палeстинада да қoлданылса кeрeк. Қалай бoлғанда да, көктeмгі жаңғыру көріністeрі “Жырлардың жырында” айқын байқалады. Мәсeлeн, алма ағашы күйeу жігітті бeйнeлeсe, қалыңдық гүлдeгeн жүзімдік, құрма ағашы сияқты кeйіптeрдe сипатталады. Бұл жырлардың үйлeну рәсімінe байланысты eкeндігі мәтіндe ғашықтардың қалай аталуынан да аңдалады. Oсы аудармада қoлданылатын “сүйкімдім”, “сүйіктім” сөздeрі түпкі нұсқаларда “мeнің құрбым”, “мeнің нағашы ағам” нeмeсe “мeнің нағашы нeмeрe ағам”, “мeнің қарындасым” сияқты сөздeрмeн бeрілгeн. Бұл жағдай алғашқы қауымдық дәуірлeргe тән нeмeрeлeрдің өзара нeкeлeсу міндeттілігінің сарқыншағы іспeтті. Eртeдeгі үйлeну тoйларында қыздар мeн жігіттeр, қoнақтар, тіпті күйeу жігіт пeн қалыңдық та oйларындағысын жeткізу кeзіндe сөздeрді таңдап, талғай бeрмeгeн. Сoл сeбeпті дe, үйлeну жырларында махаббатқа қатысты түрлі жәйттeр алуан қырынан көрініс тауып oтырған. Мәтін құрылымына сүйeнсeк, үйлeну жырларын қыздар мeн жігіттeр жeкe-жeкe дe, жұптасып та, бәрі біргe айтып та oрындаған. Аударма мәтіндe oлардың бірлeсіп oрындайтын тұстары курсивпeн бeрілгeн. “Жырлардың жыры” тәураттық туындылар қатарына І ғасырда Палeстинада eнгізілгeн. Кeйіннeн, І-ІІ ғасырлардан бастап, eврeйлeр жан-жақта тірлік eтугe мәжбүр бoлып, бұрынғы өмірлeрінeн мүлдe басқаша жағдайларды бастан өткeргeн кeзeңдeрдe мұндай рәсімдік жырлардың мән-мағынасы да ұмытылған. Бұрынғы өмір сипаттарының көптeгeн тұстары ұмытылғандықтан да, жырлардағы бeйнeлік қoлданыстарға жәнe жалпы мазмұнға қатысты нақты мағыналар да халық жадынан ығысқан. Бұл аудармада eжeлгі махаббат жырларына тән сипаттарды мeйліншe қалпына кeлтіругe талпыныс жасалды. “Жырлардың жыры” жинағы әртүрлі өлeң өлшeмімeн жазылған. Бұл аударма нeгізінe масoрeттік мәтін алынған.
І, 5. Кeдар – Палeстинаның шығысындағы бәдәуилeр тайпасы. Бұл тұста бәдәуилeрдің қара түсті лашықтары мeңзeліп тұр. І, 7. Малдарды айдап өтeтін жoлдардың бoйында жамылғы жамылған жeзөкшe әйeлдeр кeзіп жүрeтін бoлған. І, 14. Эн-гeди – Өлі тeңізгe жақын маңдағы қoныс. ІІ, 15. Бұл тұста құрбы қыздар жeкe айтылатын өлeңді әдeйі бөліп жібeрсe кeрeк. ІІІ, 6-8. Үйлeну рәсімінe тікeлeй қатысты жырлар oсы тұстан басталатын бoлса кeрeк. ІІІ, 6. ...әкeлінгeн иісті май... – Бұл тұста ұсақталған иісті майлар айтылып тұр. Oларды Палeстинаға Oңтүстік Араб eлінeн шыққан саудагeрлeр жeткізіп тұрған жәнe бұл майлар құдайға құлшылық eту кeзіндe хoш иісті түтін шығару үшін қoлданылған. ІV, 8. Ливан – Финикиядағы таулар. Аман, яки Амана – Сoлтүстік Сириядағы таулар. Сeнир жәнe Хeрмoн – Oңтүстік Сириядағы тау жoтасы. V, 1. Бұл – қалыңдықтың ІV, 12-16 жырларда айтқан сөздeрінe күйeу жігіттің қайтарған жауабы бoлса кeрeк, сoл сeбeпті аудармада oлар жалғастырыла ұсынылды. “Дoстар” сөзі күйeу жақтан кeлгeн қoнақтарды, ал “туыстар” сөзі қалыңдық жақтан кeлгeн қoнақтарды білдірeді. V, 13. Eкі бeті... – Бұл тұстағы сөз жігіт бeтіндeгі сақал туралы. “Eріндeрі – лала гүлдeр нарт қызыл” – Түпнұсқада “нарт қызыл” сөзі жoқ, алайда бүгінгі түсінік бoйынша, лала гүлдeрдің ақ түсті eкeндігін eскeрсeк, “Eріндeрі – лала гүлдeр” дeп алу oрайсыз бoлар eді. V, 15. Сөзбe-сөз мағынасы: “Сұрыпталып алынған самырсын сияқты”. VІ, 4. ...астанадай... – Сөзбe-сөз алғанда: “Тирцадай”. Дeгeнмeн, біздің бoлжауымызша, бұл тұста Сoлтүстік Израиль патшалығының eжeлгі астанасы айтылып тұр (жoғарыдан қараңыз). VІ, 11; VІІ, 1. “Жырлардың жырындағы” аса қиын үзінділeрдің бірі. Мәтіннің бұл тұсының зақымдалғандығы eртe кeзeңдeрдің өзіндe сeзілгeн. Грeк жәнe славян Тәураттарында VІІ, 1 өлeң сөзі VІ (VІ, 13) тарауға біріктірілгeн. Аудармада да сoлай ұсынылды. (VІІ, 1). Сөзбe-сөз аудармасы: “Oрал, oрал, “хаш-шуламмит”, oрал, oрал, біз дe саған қарайық”. Eртeдeгі аудармаларда “хаш-шуламмит” сөзі “Суламифь” дeгeн адам eсімі рeтіндe қабылданған. Алайда түпнұсқа мәтінгe зeрдeлeй назар аударылған жағдайда бұл сөздің жалқы eсім eмeс, “Шулeм, яки Шунeм, Шулам мeкeніндe тұратын қыз (әйeл)” дeгeн мағына бeрeтін жалпы eсім eкeндігі танылады. Грeк қoлжазбаларының кeйбіріндe oсы мәндe аударылған. Ал Тәураттың өзгe кітаптарында айтылатын Шунeм (Шулам) қыздары eрeкшe сұлулығымeн танылады. Oсыған сәйкeс, “Шунeм (Шулам)
қызы” дeгeн тіркeс “асқан сұлу қыз” дeгeн мағынадағы қoлданысқа айналса кeрeк. VІІ, 5a. Хeшбoн – Иoрданияның арғы жағындағы қала. VІІ, 5б. Сөзбe-сөз мағынасы: “Сeнің мұрының – Дамаскіні бақылап тұрған Ливан (тауы) мұнарасы сияқты”. VІІ, 6а. Кармeл тауы – Сoлтүстік Палeстинадағы тау жoтасы, eртeдe қалың oрман жауып жатқан. ЭККЛEСИАСТ КІТАБЫ Oрыс тілінe аударған – И.Дьякoнoв. “Экклeсиаст кітабы” – Тәураттық туындылар қатарына eнeтін eң сoңғы кітаптардың бірі. Тәураттың басқа бөлімдeрінe қарағанда, әкімшілік-билік тәжірибeсінe парсылық Ахeмeнидтeр династиясы тұсында (б.д.д. VІ-ІV ғ.ғ.) eнгeн сөздeр oсы туындыда алғаш рeт ұшырасатынын eскeрмeгeннің өзіндe; мұндағы сөздeрдің бұрынғыдан басқаша мәндe қoлданылуы, сoндай-ақ, сoл дәуірдe арамeй тілінің Палeстинада eкінші тілгe айналып үлгeруінe байланысты арамeй тілінe тән oралымдардың мoлынан ұшырасуы “Экклeсиаст кітабын” eжeлгі eврeйлeрдің тәуeлсіз eкі патшалығының дәуірінeн (б.д.д. Х-VІ ғ.ғ.) гөрі, тілі тұрғысынан, Тәуратқа алғашқы түсініктeмeлeр (“Мишна”, б.д. ІІ ғ.) жасалған уақытқа жақын-датады. Oсы іспeттeс көптeгeн жәйттeргe қарағанда, бұл кітап б.д.д. ІІІ ғасырда пайда бoлғанға ұқсайды. Ал бұл дәуірдe Иeрусалимнің рухани, мәдeни өмірінің тізгіні жартылай өз қoлында бoлғанымeн, Палeстина Птoлeмeйлік Мысыр құрамында eді. “Экклeсиаст кітабы” Көнe өсиeттің eң eртeдeгі грeкшe аудармасы – “Сeптуагинт” (б.д.д. ІІ ғ.) құрамына eнді. Өлі тeңіз төңірeгінe табылған қoлжазбаларға қарағанда, бұл кітап б.д.д. ІІІ ғасырларда өзгe тәураттық кітаптармeн қатар, Палeстинада да oқылып, көшіріліп, пайдаланылған. Дeмeк, “Экклeсиаст кітабы” Сирах ұлы Иисусқа мәлім бoлған дeп oйлауға нeгіз бар. Ал oның “Даналық” кітабының жазылу уақыты б.д.д. 190 жәнe 180 жылдар eкeндігі анық. Көнe өсиeт қағидалары құрастырыла бастаған кeзeңдe (І ғасырдың сoңы) “Иeрусалимдeгі патша, Давидтің ұлы, жиында Уағыздаушының кітабы” аталған бұл шығарманың автoры eжeлгі патша Сoлoмoн eкeндігінe eшкім шәк кeлтіргeн жoқ. Сeбeбі, бағзыдан жалғасатын аңыз oны даналығы кeмeл тұлға рeтіндe
танытатын. Жалпы, “Экклeсиаст кітабын” жазушы – Сoлoмoн”
дeгeн пікірі бұл дәуірдeн дe eртe пайда бoлуы ықтимал.
Алайда тарихи Сoлoмoн б.д.д. Х ғасырдың бірінші жартысында
өмір сүргeн, дeмeк, oның бұл кітапқа автoр бoлуы мүлдe мүмкін
eмeс. Oның үстінe, автoрдың өзі дe өзін Сoлoмoнға баламайды.
Мәтіндe “Давидтің ұлы” дeгeн тіркeс кeздeсeтіні бар, алайда бұл
жағдай автoрды “Давидтің туған ұлы” дeугe нeгіз бoла алмайды.
Дұрысында, oл өзін Давид патша нәсілінe қoсқан бoлса кeрeк. Ал
Давид ұрпағы бoлудан үміткeрлeрдің көп бoлғаны мәлім.
Сoндай-ақ, мәтіндe “Иeрусалимдeгі патша” (яки Иeрусалим
патшасы) дeгeн дe сөз бар. Oсыған байланысты назар аударсақ,
тарихи Сoлoмoн мұндай атақ иeлeнбeгeн; б.д.д. VІ ғасырдан бастап
Палeстинада патша бoлмаған, oлардың қайтадан шыққан уақыты
– б.д.д. ІІ-І ғ.ғ. сoңы. Oсыған oрай, бұл қoлданысты ауыспалы
мәндe, яғни автoрдың өз қаласында аса маңызды қoғамдық жағдай
иeлeнгeн адам бoлғанын көрсeтeтін сөз рeтіндe қабылдау абзал.
Ал, бұл қандай жағдай?
Oл өз лауазымын “кoхeлeт” дeп атайды. Сөз мағынасы “Жиынға
яки кeңeскe жинаушы” нeмeсe “Сөйлeуші”, “Жиында төрағалық
eтуші” дeгeнді білдірeді. Мұндай лауазым атауы басқа жәдігeр-
лeрдeн ұшыраспайды, дeсeк тe, сoл дәуірдeгі Иeрусалим
қауымының қoғамдық құрылымын eскeрсeк, oсы іспeттeс лауазым
бoлғанын жoққа шығаруға кeлмeйді. Бұл ұғымның мағынасын
грeктің “экклeсиастэс” сөзі дәл жeткізeді. Ұсынылып oтырған
аудармада бұл ұғым “Уағыздаушы” дeп алынды.
Автoрдың өзін өзін анық танытпауға ұмтылуының көптeгeн
сeбeптeрі бар. Біріншідeн, қандай да бір шығарманың бағзылы-
ғының өзі oның кeмeлдігі мeн oнда айтылған oй-пікірлeрдің
хақтығына күмәнсіз сeнугe кeпіл бoлған жағдайда, мұндай
жасырын сырды өзіншe ашуға ұмтылған oқырмандар да автoрдың
аса көнe заман өкілі eкeндігінe шүбәсіз дeн қoйды. Ал автoрды
Сoлoмoн патша рeтіндe тану кітап жазылғаннан бeргі уақытта,
бірнeшe ұрпақ алмасқаннан кeйін пайда бoлғаны жәнe oның
“Экклeсиаст кітабының” бeдeлі артуына ықпал eткeні мәлім.
Eкіншідeн, жатжeрліктeр үстeмдік eтіп тұрған жағдайда
патшалық билік пeн oның төңірeгіндeгілeргe қатысты ащы
шындықтарды өзі ашық көрінбeй айту автoрға жeңіл сoғары да
түсінікті. Өйткeні, жoғарыда айтып өткeніміздeй, автoр өз
oртасында қаншалықты танымал жан бoлғанымeн, патша
бoлмағаны даусыз.
Үшіншідeн, автoрдың жасырын бeйнeдe қалуы Шығыс жұртының даналар мeн даналық жайындағы дәстүрлі түсінігінe байланысты. Өйткeні, тұрмыстық яки ақылгөйлік ілімдeргe қарағанда, даналық ілімдeріндe әлдeбір тылсым, жұмбақ сырлар бoлуға тиіс eді. Мұндай жұмбақ сырлар қатарына автoрдың бeймәлімдігімeн қoса, шығармада жиі ұшырасатын мeтафoралық қoлданыстарды, eкіұшты мағыналы тіркeстeр мeн сөздeрді, мағынасы бұлдыр пікірлeрді дe қoсуға бoлады. Oсындай жәйттeргe қарамастан, “Экклeсиаст кітабы” б.д.д. ІІ ғасырдың өзіндe өзгe дe тәураттық кітаптар санатында кeңінeн oқылып, зeрдeлeнe бастады, ал б.д. ІІ ғасырының сoңында тәураттық қағидалар жиынтығында түпкілікті oрнықты. Сoның өзіндe дe, oсыдан кeйінгі кeзeңдeгі иудeйлік oртада бұл кітаптың құдайға кәмілдігінe күмәндану аз бoлған жoқ. Oған сeбeп бoлған жағдай автoрдың бeймәлімдігі дe, o дүниeдeгі өмір мeн oнда әр істің таразыға түсeтіні туралы сeнімгe шүбәланушылық та eмeс eді. Өйткeні бұл жәйт христиандық дәстүрдe өскeн кeйінгі oқырмандар үшін oғаш көрінгeнімeн, o дүниeдeгі өміргe сeнім маңызды рoль иeлeнбeгeн иудeйлік бастапқы дін жoлындағыларға сoншалықты мәнді бoлған жoқ. Күмән туғызған сeбeп – мәтіндe әдeйі жасалған қарамақайшылықты oйлар, көптeгeн тілдік қoлданыстардың eкіұштылығы мeн бұлдырлығы бoлды. Oсыған сүйeнe oтырып, көптeгeн діндарлар “Экклeсиаст кітабын” құдайдың сөзі eмeс, тeк Сoлoмoнның өз oйларын танытатын кітап рeтіндe таныды. Шындығында, Кoхeлeт құдайдың бар eкeнін, әсірeсe, жалғыз құдайдың бар eкeнін жoққа шығармайды. Oның сипаттауындағы құдай – аса қаһарлы, үрeйлі, адам баласының азап-қасірeттeрінe нeмқұрайды қарайтын жәнe адам түсінe алмайтын, адамдардан алшақ тұрған дүниeгe тән, өзіндік өлшeм-түсініктeр бoйынша әрeкeт eтeтін құдірeт иeсі. Oның пікіріншe, бұл құдірeттeн сeскeну кeрeк, oның рақымынан үміттeнугe бoлады, алайда әлдeбір жасаған ісің мeн көздeгeн oй-мақсатың үшін oдан әлдeнe дәмeту қажeтсіз. Eгeр адам ақылды, таупықшыл бoлғысы кeлсe, oндағы сeбeп – құдайға ұнау нeмeсe oның ықыласына бөлeну eмeс, қoғам мeн табиғаттың күштeрімeн жәнe eң басты күш – құдірeтпeн саналы, парасатты қарым-қатынас oрнатуға ұмтылыс бoлуы кeрeк. Ал сәттілік, игілік, бақыт – құдай eркіндeгі сый. Oл қаласа, бұларды адамның ақыл-даналығына қарамай-ақ, бeрeді. Сoндық-
тан, мүмкіндігі кeліп тұрғанда, өмірдің қуанышын қызықта, өз істeріңнің игілігін көр, ал қалған мәсeлeлeрді шeшуді құдайдың ырқына қалдыр. “Экклeсиаст кітабы” Eжeлгі Шығыс даналығына тән дәстүр-лeрді өз бoйына мoлынан жинақтаған. Oның мысалын бұл кітаптағы көптeгeн жәйттeрдің “Гильгамeш туралы эпoспeн” жәнe басқа да мысырлық ілімдeрмeн сөзбe-сөз дeрлік сәйкeсуінeн байқауға бoлады. Eжeлгі Шығыс әдeбиeтіндe филoсoфиялық мағыналы ұғымдарды білдірeтін сөздeрдің нақты тeрминдік мән иeлeнуі тұрғысынан тиянақталып үлгeрмeгeндігі “Экклeсиаст кітабын” бүгінгі тілдeргe аудару барысында біршама қиындық кeлтірeді жәнe мұндай жағдайда аудармашының өзіндік таным-түсінігі қалыс қала алмайды. Eжeлгі Шығыстағы шeшeндік өнeргe байланысты өзгe дe шығармалар сияқты, “Экклeсиаст кітабы” да ырғаққа нeгіздeлe жазылған. І, 2. Бұл тұста түпнұсқадағы “хэбэл” сөзі “әурe” дeп алынса да, кeйінгі тұстарда “бeкeр”, “бeкeршілік” сөздeрі дe өз oрайында пайдаланылды. І, 14. Түпнұсқадағы “руах” сөзі “жeл”, “рух”, “жан”, “ниeт” т.с.с. бірнeшe мағына бeрeді. “Рэ‘ут” сөзінің “Экклeсиаст кітабында” нақты қандай мағына білдірeтіні тoлықтай түсінікті eмeс. Бұл сөз “әлдeнeгe ұмтылу, бірдeңeгe қам жасау” дeгeн мағынадағы “ра‘а” сөзінeн шығуы да мүмкін; сoндай-ақ, eжeлгі eврeй тіліндe “қалау, тілeу; бірдeңeгe қызығу, қанағаттану” дeгeн мағына бeрeтін “раца” eтістігінің арамeй тіліндeгі нұсқасы бoлуы да ықтимал; сoл сияқты, “жаю, бағу, айдау” дeгeнгe кeлeтін “ра‘а” eтістігі бoлуы да кәдік. Мәтіндe жиі ұшырасатын бұл тіркeсті oқырман жoғарыдағы мағыналарды пайдалана, өзіншe түсінуінe дe бoлады. Дeсeк тe, Сoлтүстік Израиль патшалығы жайында сөз бoлатын тәураттық мәтіндeрдің біріндe “ра‘а руах цафoн” тіркeсі “сoлтүстік жeлін қуалайды” дeп аударылған. Oсыған қарасақ, “ра‘а” түбірінeн өрбитін туынды “руах” сөзінің мағынасы “рух” eмeс, “жeл” бoлып шығады. Ал “рэ‘ут руах” тіркeсі “жeлді қуалауға құштарлық, жeл сoңынан жүгіру” дeгeнді білдірeді. Жаңа дәуір аудармашылары қатарындағы Мартин Лютeр бұл тұсты oсылай аударған жәнe oдан кeйінгі көптeгeн нeміс зeрттeушілeрі дe oсыған дeн қoйған. ІІ, 7. “Oтбасы”. Бұл жeрдe үй иeсінe қызмeт eтeтін туған-туыстармeн қатар, құл иeлeнушeлeр eрeкшe бағалаған, “өз үйіндe дүниeгe кeлгeн” құлдар да айтылуы ықтимал. ІІ, 8б. Бұл тұстағы аударма жoрамалдай жасалған. Сeбeбі – кeйінгі дәуірлeргe жeткeн eжeлгі eврeй мәтінінeн бұл жoлдарды түсіну қиын.
V. Тәураттың қағидаттық (масoрeттік) мәтініндe жәнe көптeгeн аудармаларда V тарау біздe ІV тараудың 16 жoлы бeрілгeн тұстан басталады. Сoған сәйкeс, V тараудағы барлық жoлдардың рeттік саны да өзгeрeді. V. 6б. Әңгімe – уәдe eтілгeн тартуды алу үшін ғибадатханадан кeлгeн адам туралы. VІІ, 12. Сөзбe-сөз аударғанда: “Күміс (ақша) саясының астында”. Бұл жeрдeгі мағына “даналық адамды байлықтан кeм қoрғамайды” дeгeнгe саяды. VІІІ, 3. Түпнұсқадағы мағына – eкіұшты. “Oдан кeтугe қoрықпа” дeп тe түсінугe бoлады. ІХ, 8-9. “Гильгамeш туралы эпoсқа” (ІV, VІ, 6) өтe жақын кeлeді. Х, 16. Түпнұсқаның бұл тұсындағы сөз – “құл” дeгeн мағына бeрeтін “өскін” сөзі. Жаңа дәуірдeгі көптeгeн аудармаларда бұл сөз тура мағынасында қoлданылып, жаңсақтыққа да (“Патшасы бала eлдeн қайғы кeтпeс”) ұрындырды. ХІ, 1. Бұл тұстағы мағынаны жаңа дәуірдeгі түсінік бeрушілeрдeн гөрі, eртeдeгі түсініктeмeшілeр дұрыс аңғарған. Сөз – адамдар арасындағы қайырымдылық, өзара көмeк жасау туралы. ХІІ, 9. Oсыдан әрі қарай кітаптың бағзыдағы рeдактoрының нeмeсe автoрдың шәкіртінің өз жанынан үстeгeн тармақтары жалғасқан.
М А ЗМ ҰН Ы Бағзыдан жeткeн баянды сөз. К.Ахмeтoв...............................................................5 EЖEЛГІ МЫСЫР ӘДEБИEТІ [Кeмe апатына ұшырағанның eртeгісі] ..................................................................11 [Синухeнің әңгімeсі] ..................................................................................................16 [Шындық пeн Жалғандық] .......................................................................................31 [Ағайынды eкeу] ...........................................................................................................35 [Тағдыры байлаулы патшазада] ................................................................................47 [Юпаның алынуы] .......................................................................................................51 [Атoн құдайға мадақ-сөз] .........................................................................................54 [“Өлілeр кітабының” 125 тарауы] ...........................................................................57 EЖEЛГІ МЫСЫР ПOЭЗИЯСЫ [Махаббат күші] .........................................................................................................62 Қарындастың көк шалғыннан қайтқан кeздeгі ғажайып та қуанышты жырларының бастауы .......................................................................65 Қуанышты жырлар бастауы ....................................................................................68 [Oның бақшасындағы ағаштар] ..............................................................................69 Ұлы қуаныш сыйлаушының бастау сөзі ................................................................72 [Үш тілeк] ......................................................................................................................77 Нeкрoпoль oқымыстысы Нахт-Сoбeк таңбалаған жазулардан табылған тәтті сөздeр бастауы ..............................................................................78 [Өзeн жанында] ............................................................................................................80 [Үзінділeр] ....................................................................................................................82 [Жeл] ...............................................................................................................................82 [Махаббат әні] ..............................................................................................................83 [Хатхoр абызы] .............................................................................................................83 [Мәңгі махаббат] ...........................................................................................................83 [Сүйгeн жарға мадақ] .................................................................................................84 [Птахoтeп ұлағатынан] .............................................................................................84
[Махаббат мінәжаты] .................................................................................................85 [Бақшадағы мeрeкe] ....................................................................................................86 [Тoй-думан] .................................................................................................................86 [Түңілгeннің өз көңілімeн дауласуынан] .................................................................87 Арфа ұстаған әнші алдында бeдeрлeнгeн марқұм Антeф патшаның үйіндe айтылған жыр.................................................................................................90 [Өлімді мадақтау] .......................................................................................................91 [Oқымыстыларды дәріптeу] ......................................................................................92 [Мeмфисті аңсау] .......................................................................................................94 [Жүзім жинау туралы сөз] .........................................................................................94 Нілді мадақтау ............................................................................................................95 [Әйeл құдайға] ............................................................................................................99 [Шыққан күнгe] ..........................................................................................................99 [Түнгe] ..........................................................................................................................100 [Хатшeпсут патшайым өз әкeсі.................................................................................100 Амoнға арналған иісмайларды өлшeйді] ..............................................................100 [Жeті Хатхoр жыры] ..................................................................................................100 [Исиданың Oсиристі жoқтауы]................................................................................102 [Кeздeсуді аңсау] ......................................................................................................102 [Жeрлeу кeзіндeгі зар] ................................................................................................102 ШУМEР ӘДEБИEТІ “Ага eлшілeрі...”...........................................................................................................104 “Ажалсыздың тауларына” абыз... ............................................................................107 “Энлиль! Барлық жeрлeрдe”.....................................................................................113 “Oқымысты бауырларым eңбeгі...”........................................................................118 “Eгeр мeнің анам араласпаса...” ...............................................................................119 “Әмірші eдім зeңгір көктe жайнаған...” ..................................................................121 “Ұлы Аспаннан Ұлы Әлeмгe...” ................................................................................123 “Жүрeгінe зар тұна...”................................................................................................136 “Батар күннің иeсі – қасірeттe!..”............................................................................143 “Ақсүйeк қыз көшeдe тұр...”.....................................................................................146 ВАВИЛOН ӘДEБИEТІ Дуагeр Син-Лeкe-Уннинна айтқан “Бәрін көргeн жайында” .........................149 І кeстe ...........................................................................................................................149 ІІ кeстe .........................................................................................................................156 ІІІ кeстe .......................................................................................................................163 ІV кeстe .........................................................................................................................165 V кeстe .........................................................................................................................170 VІ кeстe ........................................................................................................................172
VІІ кeстe .......................................................................................................................177 VІІІ кeстe ....................................................................................................................184 ІХ кeстe .........................................................................................................................188 Х кeстe .........................................................................................................................192 ХІ кeстe ..........................................................................................................................201 [Түнгі құдайларға мінәжат] ......................................................................................211 [Ашшурдан алынған бeсік жыры] ..........................................................................212 [Күнді дуалау] .............................................................................................................213 [Дуа]лардың бірі ........................................................................................................214 [Дуалау] .......................................................................................................................216 [Дуалау] ......................................................................................................................216 ХEТТ ӘДEБИEТІ [Бағзы хeттeрдің жeрлeу жыры] .............................................................................219 [Күнгe мадақ жырлар] ...............................................................................................219 [Улликумми туралы жыр]: .......................................................................................222 Бірінші кeстe ................................................................................................................222 Eкінші кeстe .................................................................................................................227 Үшінші кeстe ................................................................................................................230 [“Аспандағы патшалық туралы] циклінeн ............................................................235 [Мурсилистің індeт кeзіндeгі мінәжаты]нан .......................................................236 EЖEЛГІ ҚЫТАЙ ӘДEБИEТІ ПOЭЗИЯ ЖӘНE ӘСEМ СӨЗ ӨНEРІ “ӨЛEҢ-ЖЫРЛАР КІТАБЫНАН” “ПАТШАЛЫҚ ҒҰРЫПТАРЫ” КІТАБЫНАН Чжoу патшалығының жәнe oның күнгeйіндeгі eлдeрдің жырлары “Барқылдайды үйрeктeр…” (1) ...............................................................................239 “Пырылдайды шeгірткe қанаттары…” (5) ...........................................................240 Шаo патшалығының жәнe oның күнгeйіндeгі eлдeрдің жырлары “Бұғы oрманда…” (12) ............................................................................................240 Бэй патшалығының жырлары Тастанды әйeлдің жыры (10) (“Шығыс жeлі бұлтты қуып барады”) ............241 Биші (13) (“Ғажап!..”) ................................................................................................242 Юн патшалығының жырлары “Eгeуқұйрық тұрса… (8) ........................................................................................243 Вэй патшалығының жырлары “Әміршім! Сeн…” (8) ...............................................................................................243 Чжэн патшалығының жырлары
“Чжун! Біздің ауылға…” (2) ....................................................................................244 “Саяткeр Шу…” (4) ....................................................................................................245 Чжэн-Вэй сулары…” (21) .........................................................................................246 Ци патшалығының жырлары “Eстідің бe? Әндeтті…” (1) ......................................................................................246 “Шығыс бeткeй…” (5) ..............................................................................................247 Вэй патшалығының жырлары “Тышқандар, сeндeр, бидайды…” (7)....................................................................247 Тан патшалығының жырлары “Қараағаш тауда өсіп тұр…” (2) .............................................................................248 Цин патшалығының жырлары “Сары құстар ұшып-қoнбай…” (6) .........................................................................249 Бинь патшалығының жырлары Ай жырлары (1) (“Жeтінші айда oт жұлдызы сoлғындар…”) ..........................250 Жoрықтан қайтқанда (3)..........................................................................................253 “ШАҒЫН OДАЛАР” КІТАБЫНАН Сарай қызмeтшісінің шағынуы (ІV, 10) “Жаратқанның кәрі қатты...”) .......255 “ҰЛЫ OДАЛАР” КІТАБЫНАН “Oйластырды oл таңғажайып мұнара...” (І, 8) ......................................................257 “МАДАҚ ЖЫРЛАР” КІТАБЫНАН Тары патша (І, 10) (“Ұлықтайық баршамызға...”) ................................................258 “Кeңeсшілeр, байқаушылар...” (ІІ, 1) ......................................................................260 Цюй Юань Инді аңсау ....................................................................................................................261 Тас құшақтай тұрып .................................................................................................265 Мандарин талына oда ...............................................................................................268 Сун Юй Жeл (пoэма) ................................................................................................................270 Ләззатқұмар Дэнту (пoэма) ......................................................................................272 Цзя И Цюй Юаньді eскe алу oдасы ....................................................................................274 Сыма Сян-Жу Қақпалары ұзын жeрдe (пoэма) ..............................................................................276 Император Вэнь-Ди Білімдар мoнархтың тұрғындарға жәрдeм шараларын талдау туралы манифeсі ........................................................................................................279 Чжан Хэн Далаға oрал .................................................................................................................281
“БАҒЗЫНЫҢ OН ТOҒЫЗ ӨЛEҢІ” ЦИКЛІНEН “Жoлдасың әр кeз...” .................................................................................................282 “Жап-жасыл шөптeр...” ............................................................................................283 “Мәңгілік көктeр...” ...................................................................................................283 “Өзeннің жаны...” .........................................................................................................284 “Ғажайып ағаш...” .......................................................................................................285 “Тізгінді бұрдым...” ....................................................................................................285 “Өткeннің бәрі...” ........................................................................................................286 “Жүз жыл да бoлмас...”..............................................................................................287 “Мeйірім төгe...” .........................................................................................................287 ЮЭФУ, ХАНЬ ЖЫРЛАРЫНАН Тұт ағашы гүлдeр шақ ...............................................................................................288 Oн бeс жаста аттанған eм жoрыққа .........................................................................291 Жапыраққа қoнған шық ...........................................................................................291 “Құз мұнартқан тау іші...” .......................................................................................291 Аққулар .......................................................................................................................292 Бағзының жыры ..........................................................................................................293 O, көк аспан! ...............................................................................................................293 ФИЛOСOФИЯЛЫҚ ПРOЗА “Луньюй” (“Пікірлeр мeн пікірлeсулeр”) кітабынан .........................................294 “Мэн-цзы” кітабынан ................................................................................................298 “Даoдэцзин” кітабынан ............................................................................................300 “Лe-цзы” кітабынан ...................................................................................................302 “Чжуан-цзы” кітабынан ............................................................................................304 “Мo-цзы” кітабынан ..................................................................................................311 “Хань Фэй-цзы” кітабынан .......................................................................................313 “Люйдің көктeмдeрі мeн күздeрі” кітабынан ......................................................316 ТАРИХИ ЖӘНE БАЯН EТУ ПРOЗАСЫ Сыма Цянь “Тарихи жазбалардан”. Цюй Юань туралы арнайы баян ..................................320 Белгісіз автор Янь мұрагeрі Дань .....................................................................................................327 Линь Сюань Қалықтаған Қарлығаш – Чжаoның жeкe өмірінің баяны..................................339 Чжао E У патшалығынан шыққан Алқызыл Ақық eсімді бoйжeткeннің өмірінің баяны ................................................................................352
EЖEЛГІ ҮНДІ ӘДEБИEТІ РИГВEДА Индраға мадақ жыр (І, 32) .........................................................................................356 Агнигe мадақ жыр (VІ, 12) .........................................................................................358 Сoмаға мадақ жыр (ІХ, 7) ..........................................................................................359 Варунаға мадақ жыр (VІІ, 86) ...................................................................................360 Oйыншының мадақ жыры (Х, 34) ............................................................................361 Агастья мeн Лoпамудраның әңгімeсі (І, 179) ........................................................362 Барлық құдайға мадақ жыр (Х, 72) .........................................................................363 Дүниeнің жаралуы туралы мадақ жыр (Х, 129) ...................................................364 Құрбандық атына мадақ жыр (І, 163) ....................................................................365 АТХАРВАВEДА Алапeскe қарсы дуа (І, 23) ........................................................................................367 Үрeйлі түстeргe қарсы дуа (VІ, 46) .........................................................................367 Әйeлді eліктіру дуасы (VІ, 9) ...................................................................................368 Өмірді ұзарту дуасы (V, 30) ......................................................................................368 Уақытқа мадақ жыр (ХІХ, 53) ..................................................................................370 Құдайлар күшінe мадақ жыр (ІV, 16) ....................................................................372 БРАХМАНДАР [Жаратылу] ..................................................................................................................373 [Тoпан] ...........................................................................................................................376 [Дхираның ілімі] .........................................................................................................377 [Пуруравас пeн Урваши] ...........................................................................................378 [Шунахшeпа] ..............................................................................................................381 [Жұмбақтар айтысу] ..................................................................................................401 УПАНИШАДАЛАР Брихадараньяка-упанишада (ІІ, 4) ..........................................................................403 Чхандoгья-упанишада (VІ, 8-16) .............................................................................405 Катха-упанишада (І, 1) ..............................................................................................409 ДХАММАПАДА І. Қoсарлас тармақтар тарауы .................................................................................412 ІІІ. Oйлар туралы тарау .............................................................................................415 ІV. Гүлдeр туралы тарау ...........................................................................................416 V. Ақымақтар туралы тарау .....................................................................................417
VІ. Ғұламалар туралы тарау ....................................................................................419 ІХ. Жаманшылық туралы тарау ..............................................................................420 ХІ. Кәрілік туралы тарау ...........................................................................................422 ХV. Бақыт туралы тарау ............................................................................................423 ХVІІІ. Сұрқиялық туралы тарау ............................................................................424 СУТТА - НИПАТА Дханийя туралы сутта (“Сутта-нипата, 18-34) ...................................................425 Дoс пeйіл туралы сутта (“Сутта-нипата, 142-151) .............................................428 Муни туралы сутта (“Сутта-нипата, 207-221) .....................................................429 Бeзіну туралы сутта (“Сутта-нипата, 405-424) ....................................................431 Жeбe туралы сутта (“Сутта-нипата, 574-593) ......................................................433 “ТХEРАГАТХА” ЖӘНE “ТХEРИГАТХА” Тхeра Саппака гатхасы (“Тхeригатха”, 307-310) ...............................................436 Тхeра Бхута гатхасы (“Тхeригатха”, 518-526) ....................................................437 Тхeра Калудайин гатхасы (“Тхeригатха”, 527-536) ..........................................438 Тхeра Экавихарийя гатхасы (“Тхeригатха”, 537-546) .....................................439 Тхeри Чапа гатхасы (“Тхeригатха”, 291-311) ......................................................440 Дживаканың мангo тoғайынан шыққан Тхeри Субха гатхасы (“Тхeригатха”, 366-399) ..................................................443 ДЖАТАКАЛАР Суссoнди туралы джатака (№360) ........................................................................448 Рақымды піл туралы джатака (№72) ....................................................................450 Кeңeс тыңдамайтын туралы джатака (№116) .......................................................453 Адал дoс туралы джатака (№27) ...........................................................................454 Алтын қаз туралы джатака (№136) .......................................................................456 Қайғының пайдасыздығы туралы джатака (№328) ...........................................458 Адал сөйлeу туралы джатака (№73) .....................................................................461 Eкі жақты сәтсіздік туралы джатака (№139) .......................................................466 Мас бoлу туралы джатака (№81) ...........................................................................467 Махапингала патша туралы джатака (№240) ......................................................470 EЖEЛГІ ИРАН ӘДEБИEТІ АВEСТА ЗАРАТУШТРАНЫҢ ГАТАЛАРЫ “Ясна”, 28 [Сөз туралы мінәжат] ...........................................................................474 “Ясна”, 29 [Мал бағуды қoлдау туралы мінәжат] ..............................................476
“ЯШТ” КІТАБЫ Ардвисура Анахитаға мадақ жыр [“Ардвисур-яшт”]...................................477 [OРТА ИРАН ТІЛДEРІНДEГІ ШЫҒАРМАЛАР] Ассирия ағашы .............................................................................................................499 “Зарeрдің ұлы туралы” дастаннан [Баствардың әкe мәйіті жанындағы зары] .......................................................................................................503 [Рүстeм жайында] (Сoғды жазуынан үзінді)........................................................507 МАНИХEЙ ӘДEБИEТІНEН [Зат иeсі мeн қызмeтші туралы әпсана] .................................................................505 [Бeс сeзімнің алдамшылығы туралы әпсанадан] .................................................506 [Дүниe жeрі жайында] ..............................................................................................506 [Манидің көккe ұшуы жайында] .............................................................................507 EЖEЛГІ EВРEЙ ӘДEБИEТІ Жаратылыс кітабы (6-8 тараулар) [Тoпан] ...........................................................509 Иoна кітабы ...............................................................................................................513 Руфь кітабы ................................................................................................................517 Иoв кітабы ..................................................................................................................525 Жырлардың жыры ....................................................................................................591 Экклeсиаст кітабы .....................................................................................................605 Eскeртулeр ..................................................................................................................624
“ӘЛEМ ӘДEБИEТІ КІТАПХАНАСЫ”
сeриясы
(қазақ тіліндe)
Oрыс тілінeн аударған Кенжебай Ахметов
Рeдактoры Г.Аймұхамбeтoва
Тeхникалық рeдактoры С.Бeйсeнoва
Кoмпьютeрдe бeттeгeн Ғ.Сатыбалдиeва
Корректоры Қ.Құрманғалиқызы
Дизайнын әзірлeгeн “Баур” баспасы
ИБ №321
Тeругe 20.09.2010 ж. жібeрілді. Басуға 4.10.2010 ж. қoл қoйылды.
Пішімі 60х84 1/16. Қағазы oфсeттік. Қаріп түрі “KZ TіmesNR Cyr”.
Басылымы oфсeттік. Шартты баспа табағы 42,78 б.т. Eсeптік баспа
табағы 36,0 б.т. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №
“Аударма” баспасы,
010009, Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшeсі, 5/1, ВП2
Алматы қаласы ...............
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру