TELEGEI

Home

Сакура

Ерлан Аманқожаұлы

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Сакура

Бұл жинақта сонау Тәңір тауының баурайында қалған, ертегідей бір ауылдың қойнына қысқан күллі болмыс-бітімі ақмоншақ жырға айналған. Қасиетті Хан-Тәңірінің қарлы шыңдарынан әлі күнге пері көшін көретіндей, тылсымның әр алуан жұмбақ сырларын сыр қылып шертетін, өтіп бара жатқан өреуіл дәуірдің бойжасау кезіндегі ақтық сөзі, асыл тұмарындай. Қаңтарда да бұрқылдап қайнап жататын қайнардың қатпас суындай ақын сезімі адам

Ерлан АМАНҚОЖА

Өлеңдер

Республикалық «QAZBІLІM» орталығы
Nur-Sultan 2020

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА ӘОЖ 821.512.122 КБЖ 84 (5Каз) А52

А52 АМАНҚОЖА Ерлан
Сакура. Өлеңдер. Республикалық «QAZBІLІM»
орталығы баспасы
Nur-Sultan, 2020. – 128 б.

ІSBN 978-601-332-880-5

Бұл жинақта сонау Тәңір тауының баурайында
қалған, ертегідей бір ауылдың қойнына қысқан күллі
болмыс-бітімі ақмоншақ жырға айналған. Қасиетті
Хан-Тәңірінің қарлы шыңдарынан әлі күнге пері көшін

көретіндей, тылсымның әр алуан жұмбақ сырларын сыр
қылып шертетін, өтіп бара жатқан өреуіл дәуірдің
бойжасау кезіндегі ақтық сөзі, асыл тұмарындай.
Қаңтарда да бұрқылдап қайнап жататын қайнардың

қатпас суындай ақын сезімі адамзат баласына ортақ асқақ
махаббат пен ыстық сағынышқа айналады. Кітап аты
қазақ даласында өспейтін «Сакура» ағашы туралы
болғаны да сол үшін екені шүбәсіз.

Кітап жыр сүйер оқырман қауымға арналады.

ІSBN 978-601-332-880-5

©Республикалық «QAZBІLІM» орталығы

Ерлан АМАНҚОЖА

АМАНҚОЖАҰЛЫНА АҚЖОЛ БОЛСЫН!

Есі түзу, бай, бақытты, бейқам тірлік кешсем,
алаңсыз һәм уайымсыз ғұмыр сүрсем деген адам өлең
деген өзгеше әлемге келмес болар. Мүмкін, мен қателесіп
отырған шығармын. Қателесіп отырмын деуім, шын

талант өлеңге өз еркімен емес, оны Тәңір әкелетіндігі...
Тәңір оның жүрегіне ғаламның орасан мұңын береді
екен. Сұлу да кірпияз дүниені кіршіксіз сүйе алатын
қуатты да ыстық махаббат сыйлайды екен, сонымен

бірге, осы ұлы салмақты көтеріп жүре алатын төзім мен
жанкешті өмірді нәсіп етеді екен.
Жарық нұр қадалып көзіңнен,
Деуге әлім келмеді «сүймеспін».

Өлеңмен ауырған кезімнен
Ауырлау...
Азапты күй кештім...
Бұл мені кітабына алғысөз жазуға ниеттендіріп

отырған Ерлан Аманқожа деген ақын. Кітабының аты –
Сакура. Шыны керек, соңғы кездері назарым ауып
жүрген жас ақындардың бірі – Ерлан.
Ерланның жазғандарына көңіл бөліп, көз қиығын

тастауыма екі себеп болды. Біріншісі – айтыс өнерінде
жүрген ақынның жазба поэзиядағы қарымын байқау
болса, енді бірі – жас жазарманның өзгеге ұқсай
бермейтін өзіндік дара жолға ұмтылысы.

Қыз бейнелі маусым айы туғанда,
Көрген адам ақыл-естен танардай.
Қойбүлдірген көп шығатын бұл маңға,

Ерлан АМАНҚОЖА

Тақиямен іліп ала салардай.

Ағытпаған қозылардай көгеннен,
Көздің жауын алатындай мүсінді.
Қойбүлдірген тәтті еді ғой, дегенмен,
Артық жесең жасытатын тісіңді.

О, балалық, құстар салған ән еді, Сен келмесең, қалушы едім сәл жүдеп. Сенің тұрқың бүлдіргеннен әдемі, Сенің күлкің бүлдіргеннен дәмдірек... Ешқандай бояусыз, қоспасыз, "салқын ақылсыз" өлең! Жас шайырдың тәтті де балаң, бағасы қымбат сезімі. Бұл сезімді Ерлан табиғаттың мың бояулы құбылыстарымен астастырып береді. Бұл қасиет қаламына қарым біткен, жыр жолына төселген ақындарда ғана кезігеді. Ағыл-тегіл төгіле жөнелу, мүмкін, айтыс өнерін мықтап игерген Ерланның бір қыры шығар. Айтыс демекші, айтыстан жазба поэзияға келген бірталай ақын бар. Соның ішінде, қазақ өлеңінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып, бөгенайымен, әсем айшығымен оқырманын тамсантып үлгерген ақынның бірі – Дәулеткерей Кәпұлы. Мен Дәулеткерей жайлы тегін айтып отырғам жоқ, себебі, Ерлан өлеңдерінен де осындай көркемдік, ерен ерекшелік байқалды. Құлай сүйген ақымаққа қонар ма ем, Шарап әкел, қажеті жоқ басқа удың. Сұлуға мәрт сырлас болып Омармен, Ойсыздарға өлең оқып мас жүрмін.

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА Мәйханадан масаң қайтқан түндерде, Туындайды сағынышты нағыз ән. Көбелекке құшағы ашық гүлдерге, Өлмесін деп көз жасымды тамызам... Ерлан жырындағы тағы бір бітім – шығыстық сарын, шығыстың даңқты шайырларына тән асқақтық, ғашықтық, егіле мұңдану, мынау күйкі тірліктен, тіпті, патша тағынан мәрттікті, сұлулықты биік санау. Былайша айтқанда, ақынның ішкі "Менінің" тектілігі. Жоғарыдағы мысалға келтірілген шумақтар соның айғағы! Айғағы ғана емес, бұл – Ерланның ізденіс үстіндегі ақын екендігінің белгісі. Өз басым өлең турасында көпіршіп көп сөз айтуды қаламайтын адаммын. Десе де, жастарға ізденістің, әлемнің шартарабын мүмкіндігінше оқудың сондайлық керек екенін айтар едім. Менің пайымымша, Ерлан көптеп оқып, көкірек көзімен адам жанын, ғалам сырын байқауға талпына бастағандай. Оны Ерлан өлеңін оқыған ойлы оқырман бірден аңғарары даусыз. Бір сөзінде Светқали Нұржан: "Арғы беттен келгендердің көбі ақын, қазақтың таза рухы сақталған жерде солай болады", – дегені бар. Рас айтады! Сол киелі топырақта үлкен әдебиет жатыр, сан ақынды баулыған өлеңнің іргетасы мықты мектебі бар. Әрине, Ерлан да сол мектептің төл шәкірті! Өлеңдеріндегі көркем тіл, ақжарма мінез, өрісті ой, атамекенге махаббат, туған топыраққа сағыныш – осы сөзіміздің айғағы секілді. Жырлағанға жетпей қалар бір өмір, Аңыз жайлап алған жұртты қонысын.

Ерлан АМАНҚОЖА

Перілерге мекен болған бұл өңір,
Біздің елде бақсылар көп сол үшін.

О, перілер,
Перілердің ізгі әні,
Сені қайдам,
Жүрегімді сыздатты.

Ал олардың айдай сұлу қыздары,
Жапыраққа шық жамылып мызғапты.

Мұзарттарға түнеп қайту серуені, Дәурендепті, (Қариялар сан айғақ). Жұмақ түнде жұлдыз кешіп керуені, Аспанменен дүркіретіп мал айдап... Ерлан туған мекенде бақсылардың көп екені шындық. Омарғазының: "Жындардың ұлы Тәңірі, берегөр жирен отыңды!" – деп бақсы қауымынан медетшапағат сұрайтыны бар еді. Қазақ өлеңінің түпкі тегі, ақындықтың алтын арқауы сол Бақсы деп аталар қауымда жатқанын ұлы шайыр тым жақсы сезінсе керек. Біздің де емеурініміз осыған жақын, даласын тәугі шақтың әуендері мен бақсы сарыны, аңыз бен әфсана, қиял мен аңсау, арман мен ынтызарлық кезіп жүрген өлкеден келген Аманқожаұлының ақын болмасқа, ақын болғанда да, жақсы ақын болмасқа қақысы жоқ! Жыр сүйер қауым, менің мақсатым Ерлан өлеңдеріне толықтай баға беру емес екені сіздерге түсінікті болар деп ойлаймын. Ақын шығармасына, өлең

Ерлан АМАНҚОЖА

тағдырына бағаны уақыт береді. Ал, уақыт бағасы қатал
һәм қылжарма әділ болмақ! Біздікі – оқырманға алғашқы
кітабын ұсынып жатқан жас ақынға деген ағалық ізгі
тілек қана.

Ендеше, Тәңір бұйырған ақындық азапты жолың
жемісті болсын, Ерлан ақын!

Мұрат ШАЙМАРАН, ақын

Ерлан АМАНҚОЖА

Бірінші тарау

КӨБЕЛЕК КӨЗІНДЕГІ ЖЫР

Ерлан АМАНҚОЖА

Кездесу

Мен кеткенімде көбелек қуып,
Далдалап қалған ерменді бір түп.
О, бала сезім, керемет тұнық,
Ояттың қайта кеудемді жұлқып.

Жүрегім алғаш құшқан мұңымды,
Есімде мәңгі мен ғашық көктем.
Жолықтырдым сол құштарлығымды,
Тайыншаға мініп белді асып кеткен.

Ол кезім қандай!
(аң-таңмын бүгін,)
Тағдырдан бөлек сый көретінмін.
Отау үйім қып там-тамның түбін,

Күніне үш-төрт үйленетінмін.

Арамызды ешбір бөлмейтін егес,
Пәк іңкәрлікті ұят қалқалап.
Ғұмырлық асым
Өлмейтін елес,

Жасап бергенің қияқтан тамақ...

Уақыттың құнын сезе алмай мүлде,
Беу, солай, қайран, өткен балалық.
Қараймын бүгін көз алмай гүлге,
Кірпігімді ыстық көктемге малып.

Ерлан АМАНҚОЖА

Мен сағыныштың аралы болдым,
Аңсарым сол бір ертегі қыстақ.
Тек қолын бұлғап барады ол күн,
Басқа кеменің желкенін ұстап...

Көбелек көзіндегі жыр

Сонау балғын ғұмырымның үнін сүт,
Жапырақтың жүрегіне тоқимын.
Бәрі-бәрін...
Әжем, ертек, ірімшік...

Уақыттың жанарынан оқимын.

Жаз, көбелек...
Гүлдерде әсем түр-түрлі,
Жайлау үсті тым думанды күйге еніп.
Ұшушы еді сенің сәби күлкіңді,

Қанатына қондырып ап инелік.

Қонақ едік ара жиған шырынға,
(Сезеді онда тіршіліктің сыйын кім?!)
Мен әуес ем қарағайға шығуға,
Сен құмар ең қылығына тиіннің.

Төр жайлауым – ата жұртым ең текті,
Әңгімелер әдемі ғой ондағы.
Сен қайталап әжең айтқан ертекті,
Мен мақтаушы ем атам мінген жорғаны.

Ерлан АМАНҚОЖА

Бұзау қарап бетке шығып күнде кеш,
Балалардан кетуші едік айырым.
Екеумізде қызыл-жасыл гүлді емес,
Ұнатушы ек қарағайдың шайырын.

Талғамымды талқыға сап бөлек бір,
Бала сезім...
Санамда жүр сол өлең.
Іңгәлайды кеудемде әлі бөбек мұң,

Көбелектің жанарына бөлеген.

*** Қыз бейнелі маусым айы туғанда, Көрген адам ақыл-естен танардай. Қойбүлдірген көп шығатын бұл маңға, Тақиямен іліп ала салардай.

Ағытпаған қозылардай көгеннен,
Көздің жауын алатындай мүсінді.
Қойбүлдірген тәтті еді ғой, дегенмен,
Артық жесең жасытатын тісіңді.

О, балалық, құстар салған ән еді,
Сен келмесең қалушы едім сәл жүдеп.
Сенің тұрқың бүлдіргеннен әдемі,
Сенің күлкің бүлдіргеннен дәмдірек.

Ерлан АМАНҚОЖА

Хан болса да өткізердей тіліңді,
Сөйлеуші едің атқан таңдай алаулап.
Шашушы едің сыңғыр-сыңғыр үніңді,
Ынтық болып ақ жүзіңе бар аумақ.

Қауқар кетіп қатарыңда жүре алмай,
Тартушы едім таңғажайып мүлде азап.
Бүлдірген бе, күлкің бе, әлде біле алмай,
Ертек күйге түсуші едім бір ғажап.

Періште шақ,
Болса да ертең жол бұлдыр,
Аңқау, таза...
Жолатпайтын жаны мұң.

Бала күнде дәмін татқан сол құрғыр,
Таңдайымнан кетер емес әлі күн!...

Сакура

Сакура, маған қош келдің...
Мамырым ізгі...
Сағыныштардан нәр алған тамыры күзгі.
Көгаршын – жүрек,

Көңілі көктемнен көктем,
Қарғалдақтардың қостырған әмірі бізді.

Сакура...
Сүю жазбаған өлеңім еді,

Ерлан АМАНҚОЖА

Жібектің жайын жел емес, жебе біледі.
Тіршілік таудан етекке бұлақтай құлап,
Түсіме дәйім тоқтаған кеме кіреді.

Тіріліп қайта сен үшін...
Ерте бүрледім.
Сакурам сұлу таусылмас ертегім менің.
Ғасырлар жауап беретін жүрегімді ойлап,

Көбелектердің аядым келте күндерін...

Сакурам менің...
Қаншама белді асып келген,
Елемей барша жолдарды ел қашық көрген.
Абайдың әнін шырқадым өткен түн тағы,

Сәулесін айдың аймалап сен ғашық көлден.

Ноянның не бір басатын жамалы мысын,
Табиғатыңмен түледі жаралы құсым.
Жұпарың аңқып тұра бер жарық таң сыйлап,
Жан баспас жалғыз жабырқау аралың үшін!

Сакура...

*** Өзі дүрдей сері едім, Сөзі мірдей, Үзім қалқам сен едің өзі гүлдей. Жаның сезіп тұрса да жағдайымды, Жарасады жүргенің көзіңе ілмей.

Ерлан АМАНҚОЖА

Жүрегімді ауыртып бар білгенім,
Қандай ғажап қарамай паң жүргенің.
Қалжыңдасып ойнайды өміріммен,
Өлеңімді сүйетін тағдыр менің.

Ішкен асым бойыма тіпті сіңбей,
Жан-ділімді сыздаттың...
Мықтысың ғой.
Мынау нашар хәлімді сезе тұрып,

Қарайтының керемет түк түсінбей.

Көркем менің сахарам құт дарыған,
Жерұйығы болыпты тіпті арыдан.
Сұлулықтың болғаны осыншама,
Мұздықтардың дейді ғой ықпалынан.

Ол ерісе, қалады жер де қараң,
Белдер аман болсыншы, көлдер аман.
Табиғатым бұзылмай тұрсын десең,
Ери көрме, өтінем, сен де маған...

*** Білесің бе қалқам осы?... Кей түндер, Жанталасып жатады ашып бейітімді ел. Мазамды алып топырлайды төбемде, «Топырағың торқа болсын» дейтіндер.

Ерлан АМАНҚОЖА

Мұздай суық көкірегімде көз өніп,
Тұңғиыққа телміреді кезеніп.
Құрғап қалған тамырыма сіңеді,
Саулап жатқан топыраққа сөз еріп...

Көре білем барлығының түр-түсін,
Тыңдай білем жаңбырдың да күлкісін.
Мыстан кемпір мысық болып келеді,
Менен көріп мезгіл жұлған бір тісін...

Қалқам, менде әлі де бар шамдану,
Азаптану...
Аңсау...
Сүю...

Таңғалу...
Пай-пай, шіркін, рахатқа бөлейді,
Табытымнан таңдайыма тамған у.

Бөтен емес айналамда бар бейне,
Дүние кең...
Ондағылар тар дей ме?!
Бір қызығы өлең жазғым келеді,

Шаршағанда мызғап алам, ал кейде.

Тамырыма сіңген сөздер манағы,
Сүйегімді құмырсқадай талады.
Егіз шаян жарып шығып басымды,
Жанұшыра жарық іздеп барады.

Ерлан АМАНҚОЖА

Күйігіне сені өртеген ездердің,
Көрде жатып осыншама өзгердім.
Жерден гүлің,
Көктен нұрың болуға,

Жүрегіме жүрегіммен сөз бердім!
Қалқа...

*** Алыстап ем қасыңнан аз күн көрмей, Көңіліңді торлады наз мұң нендей? Қаламыңның ұшында тұрған өлең, Мен туралы... Отырсың жазғың келмей.

Бір ашылмай тұнжырап қас-қабағың,
Кіргізбеді білемін ас та дәмін.
Мен көрініп қалғанның кесірінен,
Қолайнаңды сындырып тастағаның.

Білесің бе?
Жоқ қазір сенің мүлкің,
Жаның менде,
Сезімге желінді рухың.

Менің жылап жүргенім сенің жасың,
Сенің күліп жүргенің менің күлкім...

Сәл мұңайсам күйзелтем, күрсіндірем,
Әнге салсам, сыйлаймын тылсым бір ем.

Ерлан АМАНҚОЖА

Ұйықтамайтын болдым мен алатаңға,
Себебі, сен көп ұйықтап жүрсің, білем!

Сағынышын өкпелеп әйгілеген,
Өкпесіне көл тоңып, ай жүдеген.
Жеті түнде аспанды жарып жеткен,
Сенің жазған өлеңің, әй, мына өлең!...

*** Жолың болсын жарқыным... Бізді ұдайы, Күреңітіп күтеді күз мұңайып. Диуананың күйзелдім күйін кешіп, Теңеу таппай ғаламнан сізге лайық.

Бағы күйкі тірліктен қажыған сәт,
Сен ояттың...
Тәп-тәтті нәзік ән сап.
Жыл құстарын асыға күттім биыл,

Өмір менен жүректің жазын аңсап.

Айтар шағым білсем де бұл емесін,
Жүрегім бар...
Мүмкін бе жүдемесім?!
Сәл мұңайған...

Гүлі бар құшағында,
Өзіңді іздеп вокзалда жүр елесім.

Ерлан АМАНҚОЖА

Сағыныштың соқтырған бал жұпарын,
Лебізіңмен емделіп нәр жұтамын.
Жо-жоқ, қалқа...
Сенімен кеттім бірге,

Қимай қарап шарасыз қалды тәнім!...

*** Азаптансам, гүлдер еске түседі, Ләззаттансам, гүлдер еске түседі. Олар менің көз жасым мен күлкімді, Қауызына құйып үнсіз ішеді.

Қиялы өндір шағымнан-ақ тым балғын,
Гүл біткеннің келбетіне құрбанмын.
Әр қырқада ашылғанда, мұңдандым,
Әр табанда шашылғанда, жындандым.

Қызыл гүлдер қызғанышым, күйігім,
Сары гүлдер сағынышым, биігім.
Апарады деп жүріппін жұмаққа,
Осыншама өртенуім, сүюім.

Қайсы гүлдің қауызында өмірім,
Қайсы гүлдің қауызында өлімім?
Көтеремін,
Қотарыңдар көземе,

Бірінің де қалдырмаймын көңілін!

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Нағыз ерлер жыламайды десең де, Нағыз ерлер құламайды десең де, Құласам да, Жыласам да бәрібір, Не керегім қалды менің осы елге?

Жаңбыр жауса, көкек айын күттірмей,
Мен де ішімнен өксігімді жұттым ғой.
Терезеңді тамшы қақса түнімен,
Теріс қарап ұйқыға шом, түк білмей.

Жаңбыр емес, жанарымнан күй төктім,
Ұмыт бәрін,
Тірлігіңді сүй, тектім.
Жүрек деген не, тәйірі, бір кесек,

Сөзін тыңдап не қыламыз шикі еттің?

Ақыл да бар, сезім де бал бір сендік,
Жел үрлемей,
Ел үндемей құр сөндік.
Керімім-ау, мен жылайын кінә артпа,

Жылайды ғой жаны жүдеп, күлсем жұрт.

Біздің көңіл халқын сүйгіш ер еді.
Тағдырына көнбей тұрып көнеді.
Біздің ғұмыр жыламаса, жылайды,
Біздің жүрек ауырмаса, өледі.

Ерлан АМАНҚОЖА

(Бізге соңғы тост айтуға болмайды,)
Кім елесін қойшы, қалқам, ондайды.
Біздің сорды кеше алмайды өзгелер,
Біздің бақты ұшырмаса, қонбайды.

*** Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге, Осыншама азап сыйлап нетесің? Жүрегімнің бар екенін кеудемде, Еске салып кетесің.

Жаңбыр мұңлы әуеніне әніңнің,
Еліте берем...
Жоқ болса да себебі.
Жауқазыны менің көктем жанымның,

Көктеп шыға келеді.

Жазылмаған өмірімнің дастаны,
Келтіретін тірлігімнің мәнісін.
Аман болшы көңілімнің аспаны,
Тағдырымның дәні үшін...

Азаптамай кетсең, сірә, нетеді?
Жыры адасқақ ақымақты біздердей.
Бұл даланың гүл мен шөбі жетеді,
Қурап кеткен күз көрмей!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Кешір, қалқам! Ағаң бүгін мас тағы, Аяқталған әңгімесін бастады. Қасіретін... Қуанышын... Ездігін... Ішіп-ішіп, ішіп-ішіп тастады.

Біріншісін ішті, әрине, сізге арнап,
Өзегінде жанып жатты мұз лаулап.
Екіншісін ішкенімде сезіндім,
Кеткендігін сайқал уақыт бізді алдап.

Үшіншісін, төртін, бесін... жетіні,
Іше бердім...
Іше бердім…
Не түбі...

Жеңілдемей жүрегімнің қайғысы,
Бүтінделмей пиаламның кетігі.

Ішпейсің деп көңілімді жүдетпе,
Басқа өкпеге ұқсамайды бұл өкпе...
Миым тоқтап қалды, қалқам, сүйінші,
Ми тоқтаса еркіндік қой жүрекке!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Қалқам-ау, Не қалды екен біз қимаған? Жапырақ жанымызды күз қинаған. Құлын қуып, гүл теріп қоңыр дөңде, Қонақ үйге толатын, көңіл желге.

Асау өзен тулайтын теріс ағып,
Теріс ағып, мен жүрдім пері соғып.
Мамағаштың басына майшам іліп,
Ақбоз үйге сынатын ай соғылып.

«Әгугигәй екеу-ай» дейтін ақын,
Ауылға аруақтардың бейті жақын.
Атаңның алты қызы тым керемет,
Ал, сенің сұлулығың мүлде бөлек.

Ертөстікке жазсам да жырдың бәрін,
Ертекке сай келмеді құрғыр бағым.
Қалқам-ау,
Айтар сөзім тұр тілімде,

Айтпай-ақ нұр ойнатсын кірпігіңде.

*** Құлай сүйген ақымаққа қонар ма ем, Шарап әкел, Қажеті жоқ басқа удың. Сұлуға мәрт сырлас болып Омармен,

Ерлан АМАНҚОЖА

Ойсыздарға өлең оқып мас жүрмін.

Мейханадан масаң қайтқан түндерде,
Туындайды сағынышты нағыз ән.
Көбелекке құшағы ашық гүлдерге,
Өлмесін деп көз жасымды тамызам.

Сенің атың кеудемдегі елік жыр,
Сырлы көзе ернімдегі мұңлы құс.
Жүрегімді жұлдыздарға теліп жүр,
Қарашығым жұтып алған бір күміс.

*** Жаны жұпар сұлу айым, Сүймеу мүмкін емес еді. “Шуағыңа жылынайын”, Айтып қойдым неге соны?

Күйік жұтсам, күрсініп мен,
Жұбатады өлең адал.
Жалыққанда тіршіліктен,
Өзіңді ойлап өле қалам.

Мінезің де ұяң екен,
Дәрменім жоқ жеңілмеуге.
Қалай, қайтып қияр екем?
Тәттісің-ау өмірден де.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қалқа, құсым, қайда аттандың?!
Аманаттап жырыңды ауыр.
Бармағымды шайнап қалдым,
Өлгеніме бұрында бір!...

*** Адал едік сезімдерге біз қандай, Көктем едік, сезілмейтін күз бардай. Көзің айтып тұрушы еді керімім, Сүю мүмкін еместігін қызғанбай.

Қызғанушы ек сені күннен, сені айдан,
Соның құрты өзегімді жеді, айнам.
Көл қорыған қызғыш құстай жүрекке,
Иілмеген бұл тағдырдан не қайран?!

Бірімізге біреуіміз білгізбей,
Жұлдыздар да санамаушы ек,
Гүл де үзбей...
Қонақтатпай жауған қардың ұшқынын,

Құлай еріп,
Күйіп-сүйді кім біздей?

Сендей жанды жолықтырған сыйы үшін,
Тәңіріме жылушы еді жиі ішім.
Ауаның да болмаушы еді керегі,
Қосылмаған сенің жұпар иісің.

Ерлан АМАНҚОЖА

Құдіретіңді жырыма әр бір қосып ем,
Неге адастық берген серттің көшінен?!
Сенсіз қалай таңым атып жүр, қалқа,
Шыныменен тірімін бе осы мен?!

*** Жаннан асыл, Ханнан асқан құрметтім, Сенсіз, қалқа, қалай ғұмыр сүрмекпін?! Аспаны бар, ауасы жоқ ғаламдай, Жарасы бар, дауасы жоқ бұл дерттің.

Кездесіп ек балғын шақта пәк, бұла,
Жауқазыным жамалына жат күнә.
Ашық күнде ғашық гүлден адастым,
Қапияда қарашығым ақты да.

Сандуғашым, тағдырласым әні асқақ,
Ақылы кем алаөкпе едім, адасқақ.
Мен тұманнан, сен күмәннан айығып,
Жарқыным-ау, жараспай ма жарассақ?

Мінсіз мүсін, мінезіңнің көркемі,
Көзе мұңлы өзегімді өртеді.
Екі ғасыр ел айтатын ертегі,
Сендей гүлдің,

Мендей дүрдің ертеңі!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Жалқы ғұмыр диуана едім жаны шық, Жандырдың-ау жапан түзде кез келіп. Ерніңнен ыстық-ыстық ән ұшып, Қардың бәрі әппақ отқа өзгеріп.

Арпалысып...
Қиял – аспан, ой – түрме,
Қарлығашым, қайдан жүрсің жолы әппақ?
Құрғыр көңіл көбелектің кейпінде,

Домбыраңның құлағына қонақтап.

Қаңтардағы қайың бүрлеп күлкіңнен,
Ажарыңа айдың өзі мастанып.
Әсем, асқақ дауысыңа түн тілген,
Төрде отырып қайыршыдай жасқанып.

«Ғашығымды» тыңдап алып таңғы сәт,
Жүрегімді тіліп-тіліп сол бір үн.
Қоштасқанмен өртенбеген жан құсап,
Қаламына шынын айтқан сорлымын...

*** Көзіңдегі бокал толы үзім шарап көзді арбап, Тілімдегі тіл жетпейтін ең бір шәрбәт сөзді арнап, Бар қиялы мекендеген мамырдағы гүл үстін, Шырын сүйген мен де жомарт шайырымын Шығыстың.

Ерлан АМАНҚОЖА

Жаны жайсаң жазылмаған Румидің өлеңін,
Қызғалдаққа қонақтатып қолыңа әкеп беремін.
Меңің үшін сыйлар едім шайыр өсер Құлжаны,
Кешірерсің, маған біраз қиын, қалқа, бұл жағы.

Құралай қыз құралақан қалдырмаймын десе де,
Шабыт сыйлап, шарап құйып берсең егер кесеме,
Өтінішім, жалындырмай жалғыз мәрте қаласаң,
Ақымақ деп мазақтама, ай жарықта адассам.

Құдіретіне саған арнап Ерлан жазған ғазалдың,
Әлі талай “аһ” ұрады әлі жетпей ажалдың!

*** Тоғысар түбі бағыты бірге, Сен едің ерке өзенім. Ақ маржан шашар шабыты гүлге, Тентек Текестің өзі едім.

Тасты да көміп,
Жарды да көріп,
Жабыққанды жұрт біле ме?!
Екі өзен екі арғымақ едік,

Жарыса шапқан Ілеге.

Қаншама бұлақ тастардан асып,
Тілдесті сенде бай Ілем.
Жұлдызға жуық,
Аспанға ғашық,

Шабыты бұрқы шайыр ем.

Ерлан АМАНҚОЖА

Махаббат едің шықтан да мөлдір,
Сағынышы едің сәуірдің.
Талғамы биік бұлттан да зеңгір,
Табиғатыңа ауырдым.

Көзіңе керім түнеген арай,
Мінезі мамыр маралым.
Асығайықшы Ілеге қарай,
Арнама сыймай барамын!...

*** Сәлем айтпай не самалмен, не хатпен, Жындандырып бітіргесің мені әбден. Өкіндім ғой, ол жақта да өзің жоқ, Өкіндірмей өлсем деп ем сені, әттең.

Көзің маған көктем жайлы айтады,
Өкпелетіп өткен жайлы айтады.
Шалқытатын ұмыттырып барлығын,
Шарап ішіп кетіппін-ау, әй, тағы.

Көрсете алмай сұлулыққа ірілік,
Ғашықтықтың қайғысы үшін құрыдық.
Қабырғасын сөгер елдің жыр оқып,
Қатынсуда жатқан мүрдем тіріліп.

Жауыз дей ме жарты әлемді жалмаған,
Абыз дей ме қарт өлеңді толғаған,

Ерлан АМАНҚОЖА

Қаһарым – өрт,
Шаһары асқақ хан емес,
Қалай ғана ақын болып қалмағам?!

О, Сарөзен, жағаңда әсем гүл көрдім,
Және гүлді сүйе алатын дүр болдым.
Табытымды толқыныңмен өрнектеп,
Мәңгі өлмейтін махаббатпен бірге өлдім.

Ғасыр жырлап,
Жылдар жылар мені іздеп,
Ойламайды махаббатпен егіз деп.
Өзен болып ақтық рет ақтым да,

Кеттім содан сарқылмайтын теңіз боп.

Толғанына қарап алып күзгі айдың,
Қайран, ұлы сағынышым сыздайды.
О, Сарөзен, сен білесің күз жайлы,
О, Сарөзен, сен білесің біз жайлы.

Жалғыз ғана жанар үшін жалты өктем,
Мәрт едім ғой қағанатын тәркі еткен.
Басымды идім махаббатқа және де
Домбыраға шанағынан зар төккен.

Толғанына қарап алып күзгі айдың,
Қайран, ұлы сағынышым сыздайды.
О, Сарөзен, сен білесің күз жайлы,
О, Сарөзен, сен білесің біз жайлы.

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Сүйгендерге сезім биік төзімнен, Бәрін қиған ғашықтарда айып не?! Қылықтым-ау, Нұр боп кіріп көзімнен, Көкірегімде айналасың бәйітке.

Сұлулық деп жанарына жас бұққан,
Ақымақтау мен кім едім?!
О, тәубә!.
Ішем сосын жығылғанша мастықтан,

Қылығыңды құйып алып бокалға.

Дидарыңды жанарыммен ішіп-жеп,
Ғұмыр сүрем,
Басқасында ісім не?!
Жырлап жатам сымбатыңды мүсіндеп,

Тост айтып Хафизбенен түсімде.

Жалқы жүрек қызыл қанға боянып,
Түнде өртенем құштарлықтың отынан.
Ал, таңертең өзіңді ойлап оянып,
Оңашада өлең құсып отырам!

Ғайыптың құсы

Арманым асыл бейне, ерке қылық,
Елесіңді желге айтам ертегі қып.

Ерлан АМАНҚОЖА

Сарғайған жапырақтан нөкер ертіп,
Түн сайын жоқ қараймын, бөрте мініп.

Айналды аңсау, іздеу машығыма,
Қайдасың, көрінсеңші ғашығым-ау!
Жалғыз саған жетуге асығамын,
Жұлдыздардың бұрылмай лашығына.

Жанарларға арбалмай жымыңдаған,
Тұңғиықтан сені іздеп мың ұрланам.
Қарақшы күдіктермен сайысамын,
Сақтауға саған жазған жырымды аман.

Көрсоқыр болып сәтте көргенді әлем,
Тіріледі сұмдықтар көрден бәлем.
Қызыққұмар, қаніпезер қаңқулардан,
Қашып жүріп құтылам өлгенде әрең.

Білмеймін,
Сен қасыма сан келдің бе?!
Аңсаудан арылмадым ал мен мүлде.
Енді таба бергенде елесіңді,

Ғайып болып кетесің таңмен бірге!...

Сенім

Қылығыңды қиялдап әуре, қызық,
Көз алдымда тұрады сәуле жүзіп...

Ерлан АМАНҚОЖА

Жалғанға өгей,
Жаныма жалғыз баян,
Маған сенсіз бақыттың дәурені үзік.

Айналған өзі мұңға,
Үні құсқа,
Жымиғаны жырлауға ұлы нұсқа.
Құдіретіңді дариға-ай жазар едім,

Ғұмырымды қайтемін жібі қысқа?

Жақұт шашқан күлкісі тіптен қырмыз,
Сенсің, білем, бар шайыр күткен бір қыз.
Сұлулыққа жанарын суарғалы,
Саған көзін қадайды біткен жұлдыз.

Сезімі бал әсем ән айдан туып,
Бәрі-бәрі құшағын жайған тұнық.
Сені қалқам қызғанып бұлт жылайды,
Өзіне-өзі аяусыз айбалта ұрып.

Шаттығым деп білетін азабыңды,
Бірақ, мендей сала алмақ назарын кім?!
Жеткізе алмай жан сырын гүлім саған,
Бәрі менің оқиды ғазалымды!

*** Жарық нұр қадалып көзіңнен, Деуге әлім келмеді сүймеспін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Өлеңмен ауырған кезімнен
Ауырлау...
Азапты күй кештім.

Ал содан тау асып, тас басып,
Өлікке айналдым өлмейтін.
Мықтыға өзгердім,
Мас ғашық,

Мәжнүндер шеніме келмейтін.

Мағжанша өтінем, сүй, жаным,
Әңгіме айту да аз қиын.
Ең қымбат бейнеңе сыйладым,
Ең қымбат жанымның наз күйін.

Кеудеге тірейтін кездігін,
Қайтесің Кенжекей амалын?!
Шайырлық қалпымды сез, күнім,
Ақ жаңбыр жаулаған жанарын.

Ерназар тірлік-ай Төстіктің,
Егеуін қалдырған мыстанға.
Ертектен қиындау кештік мұң,
Қызығып қарайтын құстарға.

Басқа өлең жаңғырып санамда,
Жолдардан қажыдым көп қиын.
Шалқұйрық мінбеген адамға,
Егеудің керегі көк тиын...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Ақын ба екем, Жетпейтіні ақылым, Өлмеспін деп қиялдаппын сар таңға, Тереземді баспалап кеп ақырын, Айдан бұрын асып кеттің арқанға.

Соңғы тост,
Оны саған ұсынам,
Көңілім ғой, екіленбей ал, жаным.
Жалған емес,

Жүрегімнің тұсынан,
Жұлдыздардан бұрын тиді қанжарың.

Қателестім,
Шайырлардың күйін ұқ,
Жандары асау, бола алмайтын кісі ұғып.
У құйылған кесеңді үнсіз қиылып,

Күннен бұрын кеттің ептеп ұсынып.

Періштелік ұғымдарға тән ойы,
Жазылмайды екен жырдың жарасы.
Өлтіргелі келгеніңді әдейі,
Өлгеннен соң білгенімді қарашы!...

*** Сүйрегенім жүрегі жоқ дене құр, Тамырымда күлкі ағады сыңғырлап.

Ерлан АМАНҚОЖА

Көре алмайтын күйге салған мені өмір,
Кірпігіме еккен жалғыз гүлді ұрлап.

Самарқанның сұлуындай түпкі аңыз,
Шайыр қылған жүрегімді тілі еркін.
Жарығынан табылмайтын түк маңыз,
Сондықтан да маған фәни кілең түн.

Жанарымды алып ұшқан құсым сен,
Құдірет ең әр таңыма жол ашқан.
Шын сүюдің тоналғышын түсінсем,
Соқыр болып жаралар ем о баста.

Қанағатым сені көрген сыйлы аз күн,
Жер бетінің нағыз мәні арайлым.
Осы күнде қызына да Шираздың,
Түк қызықпай қарашықсыз қараймын.

Жанарымда жалғыз сабақ қуарып,
Паналайды Баян қыздың қабырын.
Таңды іздеймін жасымменен суарып,
Кірпігімнен үзген гүлдің тамырын!...

*** Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып, Гүлін баптап жерден алыс бақшамның. Әр кеш сайын кірпігімнен тал үзіп, Тамырына қадап қоям ақшамның.

Ерлан АМАНҚОЖА

Сосын сені қиялдаймын, ажарлым,
Күлкісінен естіртетін сәби леп.
Ерніне ынтық болған ажалдың,
Түн жатады құшағымда зар илеп.

Адастырып, армандаған аңқау бақ,
Кетті алысқа шырын үміт құс мініп.
Жатырсың ба ерніңді талқандап?
Сен де сондай бір құшақта қыстығып.

Шын сүюді ұғындырған асылым,
Тағдырға ашық айтпағанмен сен өкпе.
Аяушылық білдіресің жасырын,
Құшағыңда ұйықтап жатқан бөбекке.

Бақыттымын,
Өкінемін несіне?
Жаралғам ғой жалғыз сені жырлауға.
Ең алдымен мен түсермін есіңе,

Ошағыңа от жаққалы тұрғанда.

*** Ләйлі – шырын, Сендерді ойлап шеккенім қайғы шылым. Сезім, шарап... Аздан соң боқ дүние, Мен негізі бәріне бай кісімін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Сендер үшін,
Елу ғасыр жырлаймын ең берісі.
Сұлулықтың алдында судай тұнық,
Не, тәйірі, тірліктің өрлі-еңісі.

Отырыңдар!
Тура осылай бір өлең оқығым бар.
Таппайсыңдар күн ертең бұл ғаламнан,
Табынатын шайырды тоты мұңға.

Қызыл гүлім,
Сендер үшін алдырдым жүзім нілін.
Маскүнемнің күні емес масаңдығым,
Алқаштыққа жатпайды қызулығым...

Сөз өнердің,
Хас шебері болсам деп өзелендім.
Әй, қыздар-ай,
Айттырып шындығымды,

Обалына қалдыңдар көзелердің...

*** Жанарыма құйып алып іңірді, Ымырттағы тыныштықты сімірдім. Мызғап жүрмін... Барқыт түнді төсеніп, Жастық етіп сенің мақпал үніңді.

Ерлан АМАНҚОЖА

Өзің жайлы тағы көрдім түсті мен,
Төңірегің әппақ-әппақ құс түгел.
Ақша қардай ұшып келе жатасың,
Ақша бұлттан көйлек киіп үстіңе.

Өзгеше бір көріктеніп түнгі аспан,
Жұлдыз жұмсақ жымияды...
Мұңдас жан.
Шыт бересің жиегіне шашақтап,

Құс жолының күбірінен гүл басқан.

Шытыңдағы махаббаттың жұпарын,
Қармай алмай,
Көзе-көзе жұтам у.
Жатам сосын түтініне тұншығып,

Отқа жағып самырсынның бұтағын...

Сый

Жан дертімді жарып шыққан Еңлігім,
Қандай улы күлкі өңіңе тұнған кез.
Сағыныштан жүзік құйдым мен бүгін,
Тәп-тәтті ғып орнаттым да мұңнан көз.

Таңдайыма тумысынан сор жұққан,
Мәжнүндердің ән шырағын жағамын.
Саусағыңда орны жоқ,
Сондықтан,

Ерлан АМАНҚОЖА

Ақ күмістей әуеніңе тағамын.

“Болды екенмін оқуы үстем ер несін?”,
Деп өкініп,
Мың құбылып қиялы.
“Кесіп айтам бұл жүзікті көргесін,

Сүлеймен де он саусағын қияды”.

Махаббатқа мақтан болған ұлы аруақ,
(бірақ онда сырын айтар дос қайда?!)
Түсер, мүмкін, орнынан бір аунап,
Өсиетін өзгерте алмай Естай да...

Мазаны алар,
Деп бізге де жүзік тақ,
Шығыстағы сұлулар да айтылмыш.
Назаланар,

Қыз біткенді қызықтап,
Саусағы жоқ болғанына Ай тұңғыш.

Сені сүю шайырларға шерлі құт,
Сүйкімді үнім ернінен тамар бал.
Тұрады енді көктен саған телміріп,
Әр түн сайын қызғанышты жанарлар!

Ерлан АМАНҚОЖА

Қаңтарда піскен таңқурай

Аңсарым ауды,
Ақылымды алды,
Қаңтарда піскен таңқурай.
Арпалыстырған ақынын мәңгі,

Таныстың тарпаң тағдырдай.

Керегі бар ма көктемнің кейде,
Сұлулық үшін пәк тәнді.
Шоқтана қалған мөп-мөлдір бейнең,
Ерітіп жатты ақ қарды.

Тамсана бердім,
Таңқурай әнім,
Тамсана бердім...
Таусылдым...

Құйылмас көктен жаңбырды аядым,
Уысында кеткен маусымның.

Сағынып...
Күйіп...
Іздедім...
Жеттім...

Жыладым соңғы назды айтып.
Тамылжып тұрды...
Үзбедім...
Кеттім...

Оралар ма екен жаз қайтып?!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім, Ақ зелен көмген аққу жамалын. Деуші едім саған, неге ұзай бердің? Ақыры міне, таптым жауабын.

Толқи жүзеді сәулесін төгіп,
Біреуі дөңге,
Біреуі көлге...
Қиялдың тәтті әуресіне еріп,

Қыдырып сонда жүремін мен де.

Перідей сұлу назды қылықпен,
Тартады сапар көк теңізінде.
Артынан қуып азғын үмітпен,
Тұрамын қарап өткен ізіне.

Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім,
Ақ зелен көмген аққу жамалын.
Деуші едім саған, неге ұзай бердің?
Ақыры міне, таптым жауабын!...

Ұзату

Екеумізге екі айырық жол нұсқап,
Күрсінді іштей соры қалың сол қыстақ.
Кірпігіңе ай ақ күміс жалатып,
Аяз тұрды ақ бетіңді сорғыштап.

Ерлан АМАНҚОЖА

Ерніңе мұрса бермей қымтанар,
Саусағыңа күртіктерден гүл тағам.
Азабы ауыр табанымнан ән тыңдап,
Ыңырсиды ұйқыдағы ұлпа қар.

Тамырлас боп Жібек жайлы аңызбен,
Тұрдың өртеп қаңтар қызы тамыз дем.
Кілең жақұт шашты бізге шашу қып,
Ақ сақалын түнге малып абыз дөң.

Жанарында сұрау жатқан тәтті айым,
Ұзақ түнде мың аунатқан тәтті айым,
Екеумізбен мұңдас мынау ең соңғы,
Бұтағына қырау қатқан ақ қайың,

Жалғыздықтан жылап жатқан ақ қайың...

Ақ қайыңда,
Сен де,
Мен де жап-жалғыз,
Жалаңдайды қара суық қанжар жүз.

Қойныма тығып жатыр үскірік,
Жанарыңнан сүзіп алып маржан мұз.

Елең болмай бұл қаңтардың түні түк,
Ызғарын да,
Мұз-қарын да ұмытып.
Тұрдық үнсіз ақ шаңытқа оранып,

Сені қиял,
Мені қайың жылытып...

Ерлан АМАНҚОЖА

Опық

Тау, даласы махаббатқа нағыз бай,
Сағынышы тірі адамға құяр бақ.
Хикаясы бір бітпейтін аңыздай,
Мен жатамын сол қыстақты қиялдап.

Сенің балдай үмітіңді жұмбақтар,
Күміс шашқан нәзік күлкің назды тым.
Қара торғын мақпалымен құндақтар,
Шіркін, қандай сұлу еді жазғы түн!

Шексіз тұнық іңкәрліктен бақ тауып,
Талқандаушы ек жазмыштың үкімін.
Барлық сырды көзбен ғана ақтарып,
Сөйлетуші ек жүректердің лүпілін.

Үзілді де шаттығымның соңғы әні,
Құлай бердім...
Тұрдың қарап көз алмай.
Амал қанша осалдығым сондағы,

“Сүйем” дегем үнсіздікке төзе алмай.

Жан сырыңды көзбен айту биік-ақ,
Ей, махаббат,
Мені жылдам өлтірші.
Сол бір сөзді жанарына құйып ап,

Кеткен алып тым асығыс жел тыңшы.

Ерлан АМАНҚОЖА

Пенде бар ма бұл күнәдан тазарған?
Көңілімнен кетер емес бір үрей.
Мен осылай жеңілгенмін ажалдан,
Өзімді өзім ұстап беріп тірідей!...

Түсіну

Күйдіретін отты жебе кірпігі,
Кешпес күнә сендей қызды сүймесем.
Сені көрсем, халге түсіп күлкілі,
Соншалықты аянышты күй кешем.

Қимай үнсіз өртенеді өзегім,
Әніңді ойлап, өлер болдым үздіккен.
Мен кешегі серілердің көзі едім,
Атағына қырылатын қыз біткен.

Сүйіп тұрып, бақыт тілеу жолыңа,
Айықтырмас ғашық жанды бар мұңнан.
Азған ғасыр бұйырды ғой сорыма,
Әйтпегенде кім шығады алдымнан?

Әйел сүю бақытты етпес ақынды,
Ең орынды еш бірінде құшпаған.
Батырлар ғой мұнда нағыз қатынды,
Қатын қылып қадірімен ұстаған.

Жалғыз мұңды аңсатумен жүдеткен,

Ерлан АМАНҚОЖА

Болмайды екен қасіреттің қайыры.
Жырға ғашық,
Нұрға ғашық жүрекпен,
Сені сүйіп нем бар еді, тәйірі!

*** Сәл дірілі талықсытар ернінің, Өлтіреді-ау елік бейнең өжетім. Тыңдай-тыңдай Төлегеннің ерлігін, Өзімді өртеп бара жатыр өз отым.

Балғын жүзің,
Түн бұрымың,
Бал тәнің,
Дегізердей басқа өмірдің қой бәрін.

Елетпестей еркелігің хан тағын,
Таң атқанша таңдай қағып тоймадым.

Батырларға мінгізетін тұлпарын,
Түсіне еніп,
Әулиеге жорытқан.
Сен шығарсың бала күнгі іңкәрім,

Ертектердің парағынан жолыққан.

Күлкісіндей күнге ғашық балбалдың,
Тұра алмаспын құдіретіңе күйместен.
Сыйы болар бақыты бар жандардың,
Ертектегі егейлердей күй кешкен.

Ерлан АМАНҚОЖА

Тағдырына ібілістер тіптен өш,
Пайғамбарлық сұлу ғұмыр ең жетім.
Кешір, қалқа, енді маған түк те емес,
Мәңгілікке жаулап алу жер бетін!

*** “Сапарларың болсын мәңгі ғұмырлы!” Тілек айтып талдар тұрған үзіліп. Ерніне іліп қызғанышын іңірдің, Мұңға батып қалған еді қыз-ымырт.

Баяны жоқ бақыт, сірә, мазақ па,
Жұлдыз неге тіл қатпайды бізге айғақ?!
Салған еді өзін қатты азапқа,
Тамырында мамыр түннің тұз қайнап.

Тұрмап па еді іштей құптап Ай күліп,
Жапырақ та шырқымызды бұзбаған.
Шаттығымды жұтып қойды қай күдік,
Көгілдірдің мамығына мызғаған.

Ерніңнен өзегіме өрт тиіп,
Шоққа айналғам қасіреті мүлде өлмес.
Кеткен ыстық айықпайтын дерт құйып,
Сен бұлақ боп,

Бұлақ сен боп күлген кеш...

Сол бір күлкі...

Ерлан АМАНҚОЖА

Мен естіген ақырғы үн,
Тауқыметті тірлігіме тау сырлас.
Өзімді өзім алдап келе жатырмын,
Елесіңе ертек айтып таусылмас!

*** Сал көңілдің от дәмесін мұз қарып, Күдік торлап қиялымды қым-қуыт. Қиналады қылығыңды қызғанып, Ғазал жүрек тәтті мұңға тым жуық.

Өлең жазу ақынға бақ, гүл үшін,
Өлгенім ғой бұл сезімді өшірсем.
Ең әдемі арулардың бірісің,
Сәл жеңілдеу мінезіңді кешірсем.

Көзіңдегі құдіреттің күй-әнін,
Ақымағым бір тыңдатсаң жетеді.
Өзің жайлы әр кештегі қиялым,
Сәл мызғасам құсқа айналып кетеді.

Сәтке адассам жұлдыз тұнған жанардан,
Үзілердей халде жүрмін бар демім.
Кірпігіңді жүрегіме қадалған,
Суыруға жетпей қалды дәрменім!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Көк Тәңірі басқан мөрін, Ақ періштем нұрлы кеуде... Қалмағандай аспанда орын, Сені жерге кім жіберген?!

Лаң салғалы өмірге осы,
Аңыз жазып өсегімнен.
Бекторының көңілдесі,
Әзәзілдің досы едім мен.

Кетсең, шіркін, сен жақтырмай,
Жынданбас ем қасіреттен.
Тағдыр дейтін кербаққырды-ай,
Есіңді алып ғашық еткен.

Дәруіш ем өлеңі ерек,
Өлтірді ғой уақыт бөтен.
Шексіз сүйем...
неге керек,

Сүйіп қалай бақытты етем.

Екеумізге өкпелі бақ,
Сезім бейбақ оты күшті.
Періштесің...
Көкке бірақ,

Ұшпайтының өкінішті!...

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Ташкенттен шай алдырып демдеген, Сахилардың сахиысың сен деген. Ғашығына шай құйдырып көрмеген, Омар Хайям қалай ғана өлмеген?!

Әуен мұңлы,
Арман асқақ,
Шай дәмді,
Шай таситын түрік қызы қайда әлгі?!

Шарап емес, шайға басым айналды,
Айна ішінен тамашалап айнамды.

Құйшы тағы,
Мөлдіресін пиялам,
Саусағыңнан үлбіретіп ұяң ән.
Бұл далада тек мен ғана адасып,

Бұл қалада тек мен ғана сүйе алам.

Шай ма мынау нұрын қосқан көзіңнің,
Жүрегімнің қаны шығар өзімнің.
Махаббаттың көнбейтінін түсіндім,
Махаббаттың өлмейтінін сезіндім.

Сам жамырап,
Жартыланып туған ай,
Сәл тағдырлы сен тағынған сырғадай.
Жазбай танып күлкімдегі қайғыны,

Даяшының аяп қарап тұрғаны-ай.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қош, қалқатай!
Болмас сірә енді өкпем,
Сендей жанды таппасам да жер-көктен.
Шаһар сыйлап...

Шарап ішіп...
Шайды аңсап...
Шөлі қанбай кеткен жалғыз мен деп пе ең?!

Бесінші кітаптағы өлең

Мәрттік жасап,
Жаратушы тым сараң,
Бәрін бере салған екен бір саған.
Еркіңді алып,

Елжіретіп жаныңды,
Мөлдіреуге бола ма екен мұншама?!

Жұлдыздарды жәудіретіп қиырдан,
Жер бетінің бақытына бұйырған.
Қабырғадан жаралмаған...
Нәп-нәзік

Жүректердің лүпілінен құйылған.

Қатарыңда шәрбәт демді шырайлым,
Жолда қалар сұлулығы күн-айдың.
Тұңғыш рет таңдай қағып, бас идім,
Құдіретті екеніне Құдайдың.

Ерлан АМАНҚОЖА

Жұмақты айтса, сен туралы түс көрем,
Ғарышқа ұшам жасыл қанат құспенен.
Өлең ғой бұл баяғыда жазылған,
Кітаптағы көктен әлі түспеген!...

*** Кешір, тағы кеш жолыққан тағдырым, Өзіңді аңсап кірпігімде жанды мұң. Ескі лашық... Тәтті шарап... Қос көзе... Бірін оған, Саған құйдым ал бірін...

Екі көзе бөлек сәуле төгеді,
Бірінде жыр,
Бірінде мұң көп еді.
Екеуіңе арнап іштім екеуін,

Өзім шарап қойып кеткем себебі.

*** Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның, Мұз үстінде сарқыларын төзімнің, Оттан ыстық болатынын ақ қардың, Қыста жылы болатынын сезімнің...

Тоң жүргенмен қалмайтынын жер тоңып,

Ерлан АМАНҚОЖА

Жалын болып шарпитынын ызғардың,
Ақ боранда махаббатқа өртеніп,
Аяз сорса, лаулайтынын қыздардың...

Дауыл тұрса, ерлейтінін еменнің,
Үскірікте терлейтінін бастаудың,
Жаның тоңса, жанатынын өлеңнің,
Тағдырды айтсаң, балқитынын тастардың...

Сана барда болмайтынын бір ұғым,
Қап-қараңғы еместігін көрдің де,
Бес-ақ күнге сұрап алған ғұмырың,
Кететінін бір сұлудың ернінде...

Кім білген?!

*** Өлең – ғұмыр... Шыққа қонған құсым ең, Нәзіктікті саған қарап түсінем. Қандай қиын үнін есту бақыттың, Күреңіткен күлкілердің ішінен.

Кешір мені!
Сорлы қыстық қаңтары ән,
Адастырды жылан соқпақ сан тарам.
Жүрмін әлі серуен құрып, сенделіп,

Қасіреттің базарында...
Тарқаған...

Ерлан АМАНҚОЖА

Шайыр үшін көзе-көзе у ішкен,
Мерей болмақ...
Пенделіктен мың үстем.
Жетпейді екен саған жырдың ақылы,

Әттең, қайғы, ақындықпен туыс пе ең?!

Сапар шегіп...
Ғұмырымды мұздатып,
Кірпігіме қонақтатып мұз жақұт,
Шаттығымды құйып кеттім сырғаңа,

Періштенің тынысына мызғатып.

Ерлан АМАНҚОЖА

Екінші тарау

ЕРТЕГІ ҚЫСТАҚ ДӘПТЕРІНЕН

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың, Қайықшы өлген байламы ірі, байыпты. Кәрі маяк, капитансыз кемелер, Тозған порттар, ескі бағыт, көне жол. Адасқандар, күдік, күмән, қорқулар, Қақпақылдап ойнайтын тек толқындар. Жолаушылар сапарынан кешіккен, Қарақшылар өздеріне өшіккен. Саудасы жоқ саудагерлер қаптаған, Балшараптар ғасыр бойы сақтаған. Титаниктің қазылмаған қаңқасы, Өшкіндеген Колумбтың картасы. Шарапхана, құмархана, ханалар... Құмай көздер, сылқым қыздар тәні адал. Бұл теңізде ештеңе жоқ, жоқ бұлар, Жағалауы жүдеу, алды көк мұнар. Ескегі жоқ қайықтардың білері, Жағалауға мүрде тасып жүреді. Кемелерде керілмеген желкені, Басталмаған сапарлардың ертеңі. Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың!...

*** Түк көрмегендей таңдай қақтырып тау елін, Айғыздап бірақ әппақ қырқаның сау өңін. Ақ жаңбыр құйды, Айхай дүние,

Ерлан АМАНҚОЖА

Ақпанда...
Әуедегі өлең ақ қардың бұзып әуенін.

Үрейге міндік,
Мезгілсіз жауған нұр сынды,
Тереңнен болжап көкірегімен тылсымды.
Сабырмен қарап алапат мынау жаңбырға,

Бастарын шайқап қариялар үнсіз күрсінді.

Таппады тыным тақылдауменен таңдай түк,
Ақ нөсер тұрды қасиетінен мән қайтып.
Әжем отырды иіріп жеңіл ұршығын,
Бала күнінде шілдеде жауған қарды айтып...

*** Аққан қандай құдірет тамыр бойлап, Қандай күш ақыл-ессіз еркіңді алған. Оңаша отырамын Тәңірді ойлап, Домбыраның үніне сертін жазған.

Сүйе ме осыншама сөзді де адам?
Тұңғиық күшке бұрып тұмса жүзін.
Арылған ой қылмыстан,
Көз күнәдан,

Теңдессіз бұл тағзым.

Тап-таза табиғаты...
Сүре жаттап,

Ерлан АМАНҚОЖА

Тартпайтын түсініксіз тілі жүдеу...
Кінәсіз асылдарым жүрегі әппақ,
Жұмаққа тірі кірер.

Сірә не, о бастағы бізге аманат,
Аққан қандай құдірет тамыр бойлап.
Періште сүйінетін жүзге қарап,
Оңаша отырамын Тәңірді ойлап.

*** Он сегізім... Жалғасы деп жыршының, Жүрегімен сүйді әппақ. Кешіп өтіп мөлдіреген гүл шығын, Құлағаным құй батпақ.

Аманаты таудан ауыр бақшада,
Жолдан тайып тасыдым.
Жібімеуші ем жұлдыз ағып жатса да,
Қарашығым жасыды.

Сейілте алмақ биік шыңның бұлтын кім?
Анталаған жат пиғыл.
Іргемдегі қарашұбар сылқымның,
Жолын кеспей ақ құйдым...

Ібілістің өсиетін ұмытпа,
Ұмытуда бар кесел.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қауға салып қырық құлаш құдыққа,
Жаудырамын ақ нөсер...

Тарихыма тағзым жасап тас үйдім,
Тегімді іздеп безінген.
Мұз үстінде Тәңіріме бас идім,
Жаратылған өзімнен...

Не қалды, қарайғанда қамыс қалды…
халық өлеңі

Сонааау...
Бозторғайдың әуеніне гүл ынтық,
Балдай балғын дәуренімнен жыл үркіп.
Әрі баяу,

Әрі сондай тездікпен,
Мезгіл жатты қуандырып...
Түңілтіп.

Сенде сұлу,
Менде сері,
Маусым жас...
Ұйқы бөтен,

Ит жездешіл,
Тау сырлас....
Күй аңқитын сабадағы қымыздан,

Ерлан АМАНҚОЖА

Сайдың желі дастан айтып таусылмас.

Кім ойлаған аңсауда деп тозбас мән,
Жұлдыздар-ай, жаралғандар көз жастан.
Балалықтың серті адасқан сол түні,
Тұңғыш рет қартайғанын сезді аспан.

Жүректердің судай таза мәз шағын,
Бақытты ақын болар еді жазса кім?!
Оқыранған кербестінің дауысы,
Тағдырындай елестейді Тазшаның...

Періштенің жазылмаған өлеңі,
Жазылмасын...
Жазылған жыр өледі.
Ай құлаған...

Ән шомылған өзенге,
Қайырылып қарай бергім келеді!...

*** Самұрық құс жылады, Кеше... Жаңбыр... Ескі лашық маңынан еседі ән жыр. Жеті ықлым жайында күй тыңдайды, Жетім шырақ нұр құсып көшеде әрбір.

Сансыз қылмыс жасырып жалаңаш түн,

Ерлан АМАНҚОЖА

Өзімді өзім өзімнен ала қаштым.
Дауыл тұрды екпіні бет қаратпай,
Жерге тиіп бұтағы нән ағаштың.

Ысқырық жел басылып...
Қос балапан,
Тағдырына бір тағдыр тосты алақан.
Сол жайында көбірек күбірлейтін,

Өріміне өмірін қосқан атам.

Самұрық құс күліпті...
Қар жауды ерке,
Жамылды әппақ дүние ардан көрпе.
Күлкі жауған түн бүгін...

Қандай ғажап,
Жазбай тұра тұрайын жалғанды ерте.
Самұрық құс күліпті!...

*** Бөлісе алмайтын қуанышыңды, Ортақтаспайтын мұңыңа. Жайлаудың бальзам бұлағы сынды, Шөліркемейтін жырыңа.

Өтірік күліп тұратындарға,
Жылап жатады қу ішім.
Зарығып жүрмін шын ақындарға,
Өлуге даяр у ішіп.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қуаныш досым...
Қаладан жұмбақ,
Сағындым қатты Ақсуды.
Бақытты шақтар санаған қымбат,

Қарайды бүгін жат сынды.

Ақылға көнбес сандуғаш кеудем,
Сағыныш дейді бәр-бәрі.
Тартып барамыз тағдырлас керуен,
Кешігіп жетер арманы.

Жұлдызы көктің неге сиреді?
(Біздер де жерге жат едік.)
Өлең шіркінді өле сүйгенім,
Өкініші жоқ қателік...

*** Сұп-суық дала тоңдырды тағы, Үйі құрғыр да үрейлі. Жындардың қалың болдым ба іңкәрі, Елестер бірге түнейді.

Тағы да шарап ішті үнсіз деме,
Тілдеспей қойсам сол жаман.
Қара көйлекті ұсқынсыз неме,
Ағып түседі моржадан.

Тездегенімен жүрек қағысым,

Ерлан АМАНҚОЖА

Тағдырға мынау көнеді.
Терезе жақтан гүл, от, қар ұшып,
Анау да маған төнеді.

Тынысым кеміп...
Шырмады, буды,
Бар аймалаған өнері.
Саусағы майда,

Тырнағы улы,
Көзі жоқ, бірақ көреді.

Сөйлейді тілсіз...
(Жел күбірледі...)
Сүйеді ұзақ ерінсіз.
Қызғанса екен деп сен бүгін мені,

Қуанып жатам көңілсіз!...

*** Самырсынның отынына пештегі, Көп жылындым , Кейінгі өмір кеш мені. Арманымның жалауындай жанғаны, Үмітімнің білтесіндей өшкені.

Алыс отар...
Ескі қыстау...
Нағыз мән...
Бықсығаны көзімнен жас ағызған.

Ерлан АМАНҚОЖА

Бір тауқымет кеңсірігімді ашытып,
Жылап жүрген жоқпын ба осы бағзыдан?!

Мынау оттың иісін-ай,
Шайыр дәм,
Шалқып шыққан моржасынан байырғы ән.
Ей, ертек күн,

Айтшы қане мені кім,
Сенің ыстық құшағыңнан айырған?!

*** Шаршаудың азабын, Торығу дертінде, Елемес болдым ба шынымен бертінде. Еркіне ешкім де бағынбас ертеден, Еркіндік болғанмен ақынның еркінде.

Жаныңды тербемес айтарға көп қой ән,
Мендегі ұлы арман - ер болсаң, көкте оян.
Өзіңе жауланып қалғанымды ұмытып,
Алжасып жаныңды жаулаймын деп қоям.

Адасқан жандарға жасайды Ай үкім,
Нашарлап кеткендей ерліктің жәйі тым.
Нишапур жерінде қап қалған сияқты,
Қайсы бір өлеңге жерленіп мәйітім.

Адамға айтқаннан азапкер ар мұңын,

Ерлан АМАНҚОЖА

Өлеңмен шешейік шәйірдің тағдырын.
Барлығын сатуға болады, әрине,
Тек сатып алуға болмайды барлығын.

Қанатын сабалап жаралы қарға түн,
Жылайды күздей мәрт налалы жарлы ақын.
Кешуге міндетті емессің сен мені,
Ал, менің күнәмді кеш деуге бар хақым!...

*** Шеше, Ұлың ем зор бағы, Көзіне күн сайын түнеп шық, Сен жайлы ойласам болғаны, Кептеле қалады бір өксік.

Тағдыр ма?
Тағдыр ол қабағы
Қаталдау,
Қартайған кісі ғой.

Мың жерден мұң болып жанады,
Мың түрлі кіріп ап ішіме ой.

Тілегің тамыздық нұры әппақ,
Ошақтың отына мен жаққан.
Тірліктің дәмі бар бір аптап,
Тонардың нанында сен жапқан.

Ерлан АМАНҚОЖА

Десем де барлығын арнайын,
Тек маған арналған қандай бақ?!
Ұлыңа бересің әрдайым,
Наныңа жағып ап балқаймақ.

Шеше, аман болыңыз!

Таңдану

Жанарға мұң,
Көкірегіне шер тұнғыш,
Тоғытатын дарияның толқынын.
Осы өлкеден ақын көрдім мен тұңғыш,

Таңдайында сыңғыры бар шолпының.

Шын адамды танытатын кейпі ұлы,
Өз елі үшін өзегімен қайғырып.
Бақ ішінде жалғыз ғана кей түні,
Отыратын кірпігіне айды іліп.

Көмейінен кептер өлең дүр етіп,
Дауысынан таудың бұлты көшетін.
Мейханада шарап ішсе ол жыр оқып,
Кесесінен қыздың үні есетін.

Ұнататын ұлылардың кеңесін,
Сосын өзі тың хикая бастайтын.
Мағынасыз пенделердің егесін,
Түкірікпен тұншықтырып тастайтын.

Ерлан АМАНҚОЖА

Ессіздерге ұқтыра алмай ақылын,
Көзбен емес,
Жүрекпенен жылайтын.
Атасының атын айтып ақырын,

Ана тілін құшақтап ап құлайтын...

Шын адамды танытатын кейпі ұлы,
Өз елі үшін өзегімен қайғырып.
Бақ ішінде жалғыз ғана кей түні,
Отыратын кірпігіне айды іліп.

Ақын көрдім мен тұңғыш!

*** Хас батыры боп ертегілердің, Әділдік үшін дұшпанды өлтірдім. Жұмбақ қайғыға өртеніп өлдім, Елесі қуып мыстан кемпірдің.

Ақылға жақын аядым миды,
Отаса алмайтын жүрек күшімен.
Арғымақ сенімнің аяғын қиды,
Жалмауыз күндер күрек тісімен.

Адасып қалдым серуен өмірден,
Сергелдеңімен сері қылықтың.
Жындылық сайтан кеудеме мінген,
Самалы тиіп пері күдіктің.

Ерлан АМАНҚОЖА

Тарих бетіне сау көшірілген,
Аспанға айтамын жаһанның зәрін.
Тербелем түнде тау бесігімде,
Құшағыма алып Ақанның зарын.

Безіндім сенен қақпайшыл өлкем,
Көзімнің жасын мекенім ішіп.
Қош, ақымақтар, таппайсың ертең,
Құбыжық мініп кетемін ұшып!

*** Мезгілдің удай шарабын іштік, Түніне құйып тамыздың. Тарихтың жалғыз парағын ыстық, Сұп-суық мұңға ағыздым.

Қуарған терек лебіз білдірді,
Қарт көкірегін көзе ғып.

- Жоғалттым, - деді, - егіз құрбымды,

Үнінде тылсым сөз өліп.

- Жоғалттым, - деді, - аңыздай күнді,

- Жоғалттым, - деді, - бәр-бәрін.

Кейіпке еніп абыздай мұңлы,
Айта алмай тынды аржағын...

Барамыз түге шермені ауырлап,
Біреуіміз жоқ мінезі оң.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қыстығып қатты жерге бауырлап,
Жылады-ай ұзақ ұлы өзен.

Таппаспын білем тұнығымды енді,
Азғалы қашан бөрілер?!
Құстардың неге тілі күрмелді,
Тіріні жоқтап өлілер...

Бокалымды алдым,
Кесімді дүрдей,
Көрейін бе деп соғысып.
Қалыппын сосын есімді білмей,

Қойдым-ау, сірә, көп ішіп!...

*** Бір уыс құм... Алақаным тесіліп, Түйіршіктер қалды жылап сусыған. Ақымақпын өзімді өзім кешіріп, Айналамнан өп-өтірік қымсынам.

Көкірегім көк аспанды жүгендеп,
Қара қоста ғалам жайлы ойланам.
Бар өнерім жұлдыздарды түгендеп,
Көкке қарап қой бағам.

Құс қондырып,
Суды ұйықтаттым жырласам,

Ерлан АМАНҚОЖА

Жел толтырып шұрық тесік дорбама.
Әр таң сайын «әлауләйлап» қырды асам,
Жеткен жерім сол ма, аға?!

Темекімнің түтінінде шер мен мұң,
Күйкі өмірдің күйігіне сүйіндім.
Батыр өлген...
Жалғыз ақын – ол менмін,

Ханың қайда, биің кім?!

Дүрсілдейді қабірлердің жүрегі,
Жылдар жайлы сөйлемекке кешегі.
Құрығымның көлеңкесі біледі,
Мың жылдықтың есебін...

*** Мың бір түн деген отына мұңлы, Өртеген сұлу өлеңім. Бала күнімде оқығанымды, Көзіммен көріп келемін.

Жапырақтарды жаны жаралы,
Ханзадаларды қаһарлы.
Сыбызғы көңіл кәрі даланы,
Саудагері көп шаһарды.

Тамыздың таза таңындай жарық,
Шайырдың кірсіз түр-түсін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Санаға қонған сағымға айналып,
Сайқалдың сатқын күлкісін.

Көлгірсулерді көріп келемін,
Қайыршылардың назындай.
Қор болып, қайран, көрікті өлеңім,
Ғайыпқа кетті жазылмай.

Не десең досым, сүзіп алған бұл
Мөрлі құмыра дию бар.
Неден қорқады қызып алған дүр?
Тығынын алып құйыңдар!

*** Мейхана, Елтіп әніне, Төрінде Ли Байдың суреті. Қаттырақ сілтедік бәрі де, Шығыстық шайырдың құрметі.

Ауырлау,
Өңі де тым суық,
Төрдегі ноянның арманы.
Орнынан тұрды да күрсініп,

Балқашқа бір тост арнады.

Қарсы кеп отырған алдына,
Лаулатып шабыттың үмітін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Көзесін көтере салды да,

- Жоқ, – деді,

- Жас пері жігітім.

Естіліп өзгеден үні ерек,
Көзінен тамшылап күйі ішкі.
Қос батыр орнынан түрегеп,
Қос бокал қаттырақ түйісті...

Бара алмас сырына мүлде ешкім,
Суық ой қыдырып түн ішін.

- Соңғысы болсын, – деп, – бұл кештің,

Көтеріп жіберді...
Кім үшін?!

*** Ақбастаудың тұмасындай шымырлап, Тамырымнан қайнап шығып мың ырғақ. Жыр оқыдым жапырақтың тілінде, Қоңыр түннің құлағына сыбырлап.

Тыңдады ма?
Тұра берді ол үнсіз,
Ақтерек те көп күрсінді көңілсіз.
Ары аунады тостыма төзе алмай,

Ай жымиып қарады да болымсыз.

Ертеңіме жасай алмай нақ кесім,

Ерлан АМАНҚОЖА

Көп ішіппін...
Шықты білем қатты есім.
Айға қарап ақын түсті есіме,
Аймалаған ақырғы рет ақ төсін.

Айға қарап арылмаспын, әй, мұңнан,
Пері едім ғой шаттығым да,
Қайғым да ән.
Жағасында күттім ұзақ өзімді,

Айды сүйіп ақын батқан айдыннан.

Отар – Тағдыр
(досымның әңгімесі)

Ауру ақпан,
Хал-жағдайы сәл, бірақ...
Жыр оқыса жаңылмайды тіркестен.
Қарғалардың қарқылында қар жылап,

Қаратаудың қабағынан күлкі ескен.

Дел-сал отар,
Өкпелі жүз, мал, малшы,
Иен аңғар,
Мағынасыз ит үрген.

Бағып жүрген жанның өзі алдамшы,
Сайқал тірлік айырылған сүйкімнен.

Жұмбақ шоқы,

Ерлан АМАНҚОЖА

Мерекелеп мың ұлар,
Кәрі құлжа қорадағы қойды аңсап.
Тозақ оты...
Жоғалғандар жылынар,

Тамшы өксиді шопан жігіт тойған шақ.

Қорғасындай уысыңа құйылып,
Тасбастаудың кеудесінде Ай жанған.
Жетім бұғы жезтырнаққа бұйырып,
Таңға жақын тау өртенді...

Әй, жалған!

Сайрам

Сайрам, Сайрам,
Сені мезгіл мұңайтты,
Ақынсың-ау қайғысына күлдірген.
Бір махаббат болған дейді,

Кім айтты?!
Бір сағыныш қонған дейді,
Кім білген?!

Мазмұны жүректі езген келбетті ең,
Өксігіңді қызықтауға жұрт үйір.
Қайсы құрлық тағдырыңды шерлі еткен,
Қай теңіздің көз жасы едің бір түйір?!

Сыңғыры деп болжағандар шолпының,

Ерлан АМАНҚОЖА

Алжасты ғой,
(сезеді оны қу ішің.)
Түсінбеймін,
Сондай сұлу толқының,

Түсінемін,
Сондай ауыр тынысың!...

Ғазанама – пенделердің күйкі ісі,
Мәңгілікті жалғанда деп сенетін.
Ақылдысың келмей жатқан ұйқысы,
Ақымақсың оянғысы келетін!...

Хан-Тәңір

Ерімес мұз-қары,
Тоңдырмас ызғары.
Аспанда тігілген қосым бар,
Ей, перінің қыздары,

Сендермен кездесем тосыңдар...

Мыңдаған ғасырлық қар төсеп,
Мызғаймын,
Алты қат жамылғы көрпем бұлт.
Кеудемде құрлықтың жүрегі сыздайды,

Сұп-суық жымиып қарайды көркемдік.
Ежелден...
Ызғарлы көркемдік отына өртендік.

Ерлан АМАНҚОЖА

Жүзімді аймалап сүйеді таң алғаш,
Ернімнен өбеді кеш бұрын.
Қолымда жарқылдап жай оты – ақ алмас,
Көзімнен саулайды жылымшы ескі мұң.

Хан-Тәңір,
Хан-Тәңір,
Хан-Тәңір...
Аспанға тігілген қосым бар.

Бұл ауыл – жыр ауыл,
Мәрт ауыл,
Перінің қыздары тосыңдар!...

Күрілдеме*

Мені кешір,
Мен ғой сені кешірем,
Қобыз төрім бақ құзыры бақсының.
Баяны өлмес махаббаттың бесігі ең,

Моласына айналдың-ау нәпсінің.

Сұп-сұлу қып судан бұрым өруші ең,
Қара жылан болып кетті енді ол күн.
Атам берген ақ батадай көруші ем,
Мұңсыздардың қарғысына жем болдың.

Жусан күндер...
Оттың табын сүй енді,

Ерлан АМАНҚОЖА

Қарлығаштың мұңы сіңген таусылды ән.
Киік таңдар үркіп атып, кие өлді,
Сәби жылап күрілдеген даусыңнан.

Ғашықтарға тұрақ болған ертеде,
Әй, әй, қайдам,
Жұртым аңқау,
Ескі аңыз.

О, сүюдің арасаны өртеме,
Біздің елде шежіре жоқ...
Өшті абыз...

Сүйкімді өлең сиқыр болып жырланды,
Ұжымақтан алынған деп ауасы.
Сенің суық топырағыңда ұрланды,
Алтын құйрық құлындардың науасы.

Мен ғайыптан келген күні...
Таңғы шық.
Сен ғайыпқа кеткен күні...
Өлген сұс.

Көкірегімде үшкірілмей қалды ұшық,
Адастыру – ояу жүріп көрген түс!

*Күрілдеме – жер аты.

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА *** Тоқташы желікпе жел құйын, Тынышымды кетірген қай зарлы ән?! Айта алмай жанымның шер күйін, Келемін гүл кешіп... Найзам қан...

Келемін шықтарды құлатып,
Сор іздеп...
Тірліктен тойған бақ.
Көбелек сезімін ұнатып,

Түгеттім өзімді ойрандап.

Кеудемді ақырғы нұр есіп,
Соңғы рет тулады сол ағын.
Қарақшы қиялға ілесіп,
Обалсыз өзімді тонадым.

Қош енді, шуақтым, көзі күн,
Құдіреті қалмады көркіңнің.
Қасқырға жолдас боп төзімім,
Өзімді өлтірдім!...

*** Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай, Күймелі көште түймелі қыздың назындай, Қаймағы қалың Қайнардың сұлу жазындай, Бір өлең қалды,

Ерлан АМАНҚОЖА

Бір өлең қалды жазылмай!

Арыстан ердей азуын айға білеген,
Хан-Тәңірімдей қалпағын бұлтқа тіреген,
Үлкен армандай үн-түнсіз аққан Ілемен,
Жазылмай қалды,

Жазылмай қалды бір өлең!

Салмағы ауыр болса да қанша ақылдың,
Жүдеді құсым,
Жүрегім үшін “аһ” ұрдым.
Бар болса қане шақырғын досым, шақырғын,

Бір өлең енді жазғалы жүрген ақын кім?!

Елес
(Мағжан Жұмабаевқа)

Тайганың төсі ну орман,
Ну орман бітпес жыр еді.
Арғымақ мініп ту алған,
Елестер кезіп жүреді.

Қарағай, қайың көкке өрлеп,
Ақ қаншық боран қыңсылап.
Көкірегімді от кернеп,
Аязы беттен шымшылап.

Әр сөзі қымбат ақ жамбы,

Ерлан АМАНҚОЖА

Дәл ондай ақын болған ба?!
Мағжанды көрдім, Мағжанды,
Жүр екен әлі орманда,
Жүр екен әлі сол маңда...

Байлаған атын шынарға,
Қолында қалам, қағазы.
Жыр оқып отыншыларға,
Қасқайып отыр сабазың.

Сол Мағжан әлі баяғы,
Сол бұйра шашы толқынды.
Саңқылдап сөйлеп қояды,
Үніне ұйып жел тынды.

- Өлтірді, – дейді, – өлтірді...

Өкпелі сынды заманға,
Айтары бардай жұртына.
Өкпелі сынды маған да,
Қарайды көзі сыр тұна.

Көкірек керіп дауылға,

- Қош, туған елім, қормалдар.

- Айта бар, – деді, – ауылға,

Ұқсамайды деп ормандар...

Әр сөзі қымбат ақ жамбы,
Дәл ондай ақын болған ба?!
Мағжанды көрдім, Мағжанды,

Ерлан АМАНҚОЖА

Жүр екен әлі орманда,
Жүр екен әлі сол маңда...

*** Кім кетті, Кім келді?... Жұрт білмес, Осыны неліктен ұқтым кеш? Сағыныш жел текті еседі, Махаббат аспаншыл бұлтқа үндес.

Кім едім,
Кім едің,
Кім білмек?!
Білемін дейтіндер бүлдірмек.

Адамдар, адамдар бір-бірін,
“Білемін” дегені құр дүрмек...

Сен кімсің,
Тәкаппар тоты ірең?!
Мен кіммін,
Жүректе оты кем?!

Сен жайлы өзіңнен сұрайын,
Мен жайлы айтпашы өтінем.

Сен жайлы сезімнен наз ұғып,
Мен жайлы,
Мен жайлы аз ұмыт.

Ерлан АМАНҚОЖА

Өлімнен қорқамын,
Мен жайлы
Арнаулар кетер деп жазылып.

Күлкілі,
Күлкілі,
Күлкілі,
Жақсылық әкелмес бұл түбі...

Мен жайлы айтамын,
Айтармын,
Мастыққа сүйеніп бір күні!
Күтіңдер!...

*** Қаңтар айы... Түн ызғар, Үміт күшті, Қонақтатып қайыңға қырық құсты. Түс жорытып отырмын... “Қолымдағы Қайқы қылыш ортамнан тіліп түсті”.

- Шуламаңдар, тыңдайын бірден-бірден.

- Біреуің жоқ мәнісін білген мүлдем.

Қырық түрлі жорамал...
Жалған, жалған,
Осы ма еді бақытым іздеп жүрген?!

Ерлан АМАНҚОЖА

Жалғыз сауал...
Жауабы қырық түрлі,
Әй, құрысын мыналар былықтырды.
Мазамды алмай тараңдар болды осымен,

Сендерсіз де шешуін біліп тұрмын.

Қайт барлығың,
Және де жалғыз қалам,
Мынау менің баяғы қар-мұз далам.
Мен осынау қайыңды құшаққа алып,

Сан өртеніп, сан жылап, сан мұздағам.

Қаңтар айы,
Ақ қайың...
Өмір...
Гүл...

Жел...
Арпалысқан өтті ғой не бір күндер.
Арпалысқан күндерде арман қалды,
Әй, өңшең ақымақтар, не білдіңдер?!

*** Ескі сүрлеу, Есірік жол кешегі, Ессіз дәруіш қайтқан мүлде меселі. Түні бойы пенде сүйгіш перілер, Неге менің көз алдымнан көшеді.

Ерлан АМАНҚОЖА

Перілерім – сар сүйегім, бас құдам,
Құрметіңе атап сойып жас құлан,
Бүгін тағы ғашық етіп қызыңды,
Бүгін тағы пейіліме мас қылам.

Тост айтам ерлеріңе дүр есіл,
Пай-пай, шіркін, сұлуларың гүл есім.
Тілегі бал, жүрегі бар көшпендім,
Тура өзімдей ғашық бола білесің.

Бүгін бірге мас жылауға болады,
Сұлуыңмен бас құрауға болады.
Сені қалай риза етсем, япыр-ай,
Сәруәр көңіл сахараның қонағы.

Ескі сүрлеу,
Есірік жол кешегі,
Неге менің көз алдымнан көшеді?
Әттегені...

Алдым қолдан түсіріп,
Боз биенің қанын құйған кесені.
Кешіріңдер, Перілер!

*** Мен өлгелі туылдым, Туылу үшін деп сен өлдің. Айта алмай аузым буылды, Құдіретін сезгелі өлеңнің.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қабірлер ертерек қазылған,
Мықтардың тағдырын түсінем.
Кітаптар өтірік жазылған,
Күрсініп қояды ішінен.

“Кітаптар киелі...”
Жарайды,
Ал менің неліктен мұз ішім.
Мазмұндар мүсіркеп қарайды,

Надандық үйренген біз үшін...

Хат жазып қалдырмай тасты ойып,
Шырқамай шындықсыз соқыр ән.
Мен мынау далама бас қойып,
Кітапқа жазылмай оқылам!...

Алжыған шалдың әңгімесі

Қойдың үсті... Бозторғай... Ән, Шырыл, Мұң, Баяулаттым тор төбелдің желісін. Қапалы құс, Ұясына бұрылдым, Мамыршақтың санағалы жемісін...

Ерлан АМАНҚОЖА

Қойдың үсті,
Мамық ұя,
Салды ойға...
Үш жұмыртқа өлең болып үш түрлі.

Тамағынан тағдыр тамып әр қойға,
Зәу биіктен зарын айтып құс тұрды...

Үш жұмыртқа,
Біріншісі жарылып,
Балапаны...
(қарамаңыз күмәнді.)

Мүмкін жарық дүниені сағынып,
Кеткен шығар...
Арғы жағы тұманды.

Шайқалмастан шіріп кеткен ал бірі,
Күлімсі иіс,
Суық тірлік,
Жыр ыстық...

Өлі бақыт,
Ажуалы тағдыры,
Жаралы әуен...
Гүлге сіңген тыныштық!

Ғапу етер тыңдарманым көз көрген,
Таба алмадым жұмыртқаның соңғысын.
Өң мен түстің арасындай өзгерген,
Қимай-қимай қош айтыстым сор құсын!

Ерлан АМАНҚОЖА

Кері қайттым,
Сапарым бұл айныған,
Аспандағы сұлу жоқтау іш тырнап.
Қойдың үсті, суық ұя, қайғылы ән,

Үш жұмыртқа,
Шешуі жоқ үш жұмбақ!...

Аспанмен ағатын бұлағым

Таңғы үш...
Тағы да ояумын,
Жиренше көңілім шер қуған.
Ғарыштан түсетін аяулым,

Күттірме, кел жылдам.

Айта бер, өзіңде құлағым,

- Жо, жо, жоқ...

Емеспін тұңғыш ер.
Аспанмен ағатын бұлағым,
Мен де бір құмды шөл.

Сен де іштей ойлайсың білдірмей,
Дертіңе түн тоңып,
Ай терлеп...
Теңізге жетуге үлгермей,

Жоғалсам қайтем деп.

Мен кіммін?...

Ерлан АМАНҚОЖА

Тәні нұр,
Жаны жыр,
Кепілмін, келе бер өлмейсің.
Ғарышта қалғанмен бәрібір,

Жақсылық көрмейсің.

Тағдыры Ақандай “сорлылау”,
Салымың салбөксе аңшыдан.
Қона алмай кететін болдың-ау,
Құйрықсыз қаршығам.

*** Көктем маған қыста келген, Жазға тағы жүзім жат. Жырларымды құсқа берген, Күбірлейді күз ұрлап.

Алды алдамшы, арты уайым,
Түбі бәрі кірлейді.
Ауылдағы жалқы қайың,
Жүдеп, күтіп тұр дейді.

Даласынан сері кеткен,
Ескі түнде түсі әппақ.
Шашын жайып пері көктем,
Көп жылапты құшақтап.

Бақсы біткен бір тойлапты,

Ерлан АМАНҚОЖА

Мырза мұрты майланып.
Көсе жырау бұлт айдапты,
Қалпағына ай қонып...

Күй толғапты...
Көңіл қаңғып,
Сабыр, тағат таусылған.
Құшағымда өмір қалғып,

Селт етемін даусымнан...

*** Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ, Өлең – тағдыр, Тағдыр бірақ сайқал-ақ. Жазбен қыстай өрнектедік ғұмырды, Тағдыр мені... Мен өлеңді қайталап.

Бірі өмірді аңыз етіп жазады,
Ал бірінің мен тартамын азабын.
Күлкі бояу, күбір-күбір әңгіме,
Тағдыр менің,

Өлең елдің мазағы.

Жалқы жұлдыз жегідей жеп жанымды,
Құс жолына құлаш ұрып сабылдым.
Бірі тасты жарып шыққан тамырлы,
Бірі ертеңді бағындырар әмірлі...

Ерлан АМАНҚОЖА

Құлагерді жетекке алып ноқталы,
Құба белге бұрын да бір тоқтадым.
Мынау менің айтып алған ариям,
Мынау менің жүріп өткен соқпағым.

Өлең – тағдыр...
Соның жүгін көтердім,
Кешегідей...
Бүгініме бөтенмін.

Бұл өлеңді жазып алғам...
Тәйірі,
Бұл өмірді сүріп алған екенмін!...

*** Айтпайтын ашып-жарып елге сырын, Аташым жаны тылсым... Шерлі есілім. Тойтық қара жорға атын астындағы, Үкісіне байлаған кенжесінің.

Құдасы да жылы екен топқа түсі,
Қайтарған жан серігін “ноқта ақысы”.
«Құдеке, сіздей жайсаң қарияның,
Атын басқа мінуге жоқ хақысы».

Қойған ба атам ертеңгі жолын барлап,
Көп ештеңе айтпады көңілді аулап.
Жорға қара қайтадан мінілмеді,

Ерлан АМАНҚОЖА

Сойдырды сол жылы қыс соғымға арнап.

Келер күз бірге ілесіп көшкін күнге,
Атам кетті...
Түсінбей ешкім мүлде.
Өзегімді өртеген зіл қайғыны,

Тырнаның әуеніне қостым бірге.

Жорға қара...
Қия алмай ішкем мұңын,
Себебін көп іздедім іштен мұның.
Түсінбей жүрмін әлі...

Ей, дүние-ай...
Атамның аттан неге түскендігін!...

*** Кетпеді мұнар... Көгі мұң, Сол жылы біздің ауылдан. Қызға аумай тұрып көңілім, Жүрегім алғаш ауырған.

Күдірлі жолда бұралаң,
Сән қалмайды екен жорғадан.
“Алқаш” деп “сенің бір ағаң”,
Парталас құрбым қорлаған.

Ойнатып атын аулада,

Ерлан АМАНҚОЖА

Есікке басын тіреген.
Кіжініп сөйлеп дәу қара,
Қамшысын бізге білеген.

Басынды десем бұл неге?!
Аташым, тауым, беделім.

- Үндеме, – дедің, – үндеме...

Өзің де ләм-мим демедің.

Үндеме балам...
Тездеп мін,
Қойып кел дедің атымды.
Арқалатқаныңды сезбеппін,

Аманатыңды ақырғы!...

Әжемнің жыры

Алқам да, салқам таулардың,
Аржағы дейтін шұрайлы.
Жүзінен тылсым саулар мұң,
Тау көрмей кеткен сыңайлы.

Төрі ғой жұмсақ төркіннің,
Бар еді бальзам бұлағы.
“Қыз күні болған кемпірдің...”
Кемсеңдеп әжем жылады.

Суреттей алсын көркін кім,

Ерлан АМАНҚОЖА

Көлі бар дейді тым ыстық.
Түсінбей түк те мен тұрдым,
Қинайды-ақ екен туыстық...

Қидырып көкжал сіңірін,
Бөлініп жұрттың сапынан.
“Жылаған еді сіңлім,
Құлаған сәтте атынан...

Айтпадым әлі сырды бұл,
Татпадым қайта бұлақтан.
Жанымды езді бір ғұмыр,
Бір әуен кетпей құлақтан”.

Ақтарып солай шын сырын,
Бір өлең айтты термелеп.
Иірді сосын ұршығын,
Дүние жатты дөңгелеп!...

Мұзқаракөк
(Цикл)

І Ақбозүйге жинап кілең жастарды, Керім жайлау, Керемет кеш басталды. Тарттық солай өңшең сері бозбала, Балағаздың ауылында “бастаңғы”.

Ерлан АМАНҚОЖА

Келді десті Битән салда сұрбойдақ,
Гүл-гүл жайнап,
Гүлді сүйіп,
Жырды ойлап.

Аунап түсті,
“Үһ” – деді де атамыз,
Әжеміздің қос жанары нұр жайнап...

Баяу қалқып балғын қыздың дауысы,
Жан толқытты,
Жаман емес шабысы.
Күмбір-күмбір қоңыраудай сыңғырлап,

Күміс үнге мүлгіп тұрды тау іші.

Битән салдың өндір шағы өрімдей,
(Қыздан қалып құры отыру өлім ғой).
“Жұлдызым...” деп шарықтата шырқады,
Байтақ жайлау нағашының төріндей.

Асқақ әуен қырдан асып жүгірді,
Кештің жалғыз жүйрігі бүгінгі.
Таудан асып әнге елтіп әппақ таң,
Жұлдыз сиреп,

Түн іргесі түрілді.

Бике жайлау,
Битән сері,
Жол бұраң...
Таңмен бірге қозғалды жұрт орнынан.

Ерлан АМАНҚОЖА

Сіңіп жатты жұлдызы жоқ аспанға,
“Жұлдызым...” деп шырқалатын сол бір ән.

ІІ Бозбала шақта көкпар бермейтін сетер ұл, Тақымға серке баспай кеткелі неше жыл... Қайнардың басы, Кертөбел атын ойнатып, Бөрідей тиіп бөріктірді елді кеше бір.

Қақпақыл қылып тайыншадай бітеу серкені,
Шеніне келмей Тұйықтың түге еркегі.
Құйындай шауып, құлама тіктен құйғытып,
Құрысын жазып құйқасы майлы өлкенің.

Адуын ердің алдынан шығар кісі жоқ,
Қайқаңға салса Кертөбел аттың күші үдеп.
Екпіні бөлек елеңдеп соңғы дүбірге,
Қайыңға ілген қу бастар тегіс кісінеп.

Таңдайын қағып,
Аужайын бағып тұрды ауыл,
Тілеуін тілеп ақ еділ аға, дүр бауыр.
Түңлігін желпіп,

Ұйқыдағы елді оятып,
Битәнбай солай соқтырып өтті бір дауыл!...

ІІІ Рауғаш пейіл,

Ерлан АМАНҚОЖА

Атқасын таңы арайлап,
Баяғы қалпы...
Битән бай біздің жарайды-ақ.
Аттанды тағы Ағаяз алыс отарға,

Тоғанақ алып,
Қосар ат мініп, мал айдап.

“Болуы мүмкін биыл да тағы қыс қатты”,
Есік пен төрдей кертөбел атын ұстатты.
Таң шеті жаңа сөгіле бере әндетіп,
Белді асты ары...

Көңілі қунақ құс бапты.

“Қараша келсе,
Сүйетін сұлу туса айым,
Даярлап тұрар жол бойы жұртым бір шайын”.
Мал айдап көшер төрт күндік осы сапарды,

Күтеді үлкен сағынышпенен жыл сайын.

Жылы жақ іздеп көшуге болар жермен де,
Бұйырған ол бақ тек қана нағыз ерлерге.
Битән бай салған қосылып жатты асқақ ән,
Аспанның төсін қоңыраулатқан керуенге.

Отарға тартты,
Тау-дала сүйіп талғамын,
Ағаяз білер ұлы сапардың ар жағын...
Аптадан аса ауылға қайта оралды,

Алдыға салып айдап алыпты бар малын.

Ерлан АМАНҚОЖА

Қызық болжамдар қыдырып кетті ел-елді,
Байекең біздің не көрді, сірә, не болды?!
Ештеңе де айтпай...
Кертөбел атқа қамшы ұрып,

Түлігін жинап қыстауға айдай жөнелді.

ІV Битән бай, Биыл серік болатын балдыз жоқ, Әуреленбей, асарға келер жанды іздеп, Қыстаудың шөбін бір өзі шауып тастамақ, Бір уаққы асқа бір қойдың етін жалғыз жеп.

Шөмеле тартып,
Жұмысқа көмбіс азбанды,
Сатып жібермей, мінгенін ойлап мәз болды.
Күн батпай тұрып даярлап алмақ кешкі асын,

Майшамға құяр керосин құрғыр аз қалды.

Көлеңке дендеп,
Баяғысынша кеш кірді,
Жаңқалап жарған самырсынды әкеп пешке ұрды.
Қазанын асты,

Қабағы сәл-пәл түсіңкі,
Кездестіре алмай Ойға баратын ешкімді.

Сөйлейтін күнде қоңыр домбыра күмбірлеп,
Сырласып көрді,
Ашылмай қойды міңгірлеп.

Ерлан АМАНҚОЖА

Отырған жайы құйқа терісі құрысып,
Сәскеден бері көк темекіге ділгір боп.

Мұрны қышып,
Шыдатар емес құмары,
Шауып барғанға Тілеудің үйі тым ары...
Құрғақ тезек пен қу жапырақты үгітіп,

- Атаңа нәлет!...

Қайқайтып бірді бұрады.

Таршылық көріп байтақ қыстауда бай ізгі,
Дүние боқтан күдерін бүгін, әй, үзді...
Қисая кетті, қазандағы етке қарамай,

- Қараң қалғырдың қандырмағаны-ай айызды!...

V Қайнар басы дөңгелек ну самырсын, Ер белін тәуекелге буса бір сын. Бел буды сетер жігіт бармақ болып, Ақ нөсер әппақ жүзін жуса жусын.

Битән бай сері туған балдызды ойлап,
Қонаққа шақырады әр күз жайлап.
Битән бай бай емес, ол жолбарыс қой,
Бір тауды жатқан бүгін жалғыз жайлап.

Сағынысып жолығып жыр тыңдайды,
Аңқылдап әңгіме айтып бір тынбайды.
Балдызын шатастырып алмақ болып,

Ерлан АМАНҚОЖА

Әпекесін “жеңгең” деп қутыңдайды.

“Қалмады қыстау жақтың, сірә, сәні,
Сағындым көршілерді, құдашаны.
Мына тау иен қалды иен қалғыр...”
Сөз арты көк түтінге ұласады.

Балдызы мұңайдың деп неменесін,
Айтады Ойдағы елдің өнегесін.
Қыза келе қалдырмай жеткізеді,
Карта ойнаған шалдардың төбелесін.

“Балдызжан, мен тауымды сүйем қанша,
Осында болсам деп ем күй ауғанша.
Айныдым, көп кешікпей кетем мен де,
Бәрібір иен қалсын, иен қалса!...”

Ақтөс

Сен аулада үресің...
Ай мен жырдың,
Арасында адасып, әй, мен де үрдім.
Екеуміз еріксіз ит болдық-ау,

Ортасында күн кешіп бай мен құлдың.

Сен аулада үрмейсің...
Жел білмейді,
Өлең ойлап өтірік мен де үрмеймін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Асыранды Ақтөсім тура өзіңдей,
Адал ермін,
Кірлесем, тең кірлеймін!

Сен аулада тағы үрдің...
Тағы да үрдің,
Қаңғып жүрген қаншықтың жаны кірді.
Үргеніне шулайтын ауыл біткен,

Бейбақ едік не деген халі мұңлы.

Үрмейікші Ақтөсім...
Қалайтыным,
Бұралқылар түрі бар талайтұғын.
Қателестім...

Әй, болды, үрейікші,
Жуынды ішпей жүреміз қалай тірі?!

Сұр қаншық

Тартуы екен әкеме бір кісінің,
(Ит сыйламау жолдасқа білгіш ұғым).
Достықтары не болды бейхабармын,
Қаншық ит болды, есейіп сұр күшігім.

Маңайынан жүрсін деп әркім аулақ,
Қоя бермей, өсірдік қарғыбаулап.
Аяқасты ит қаптап ауламызға,
Сұр қаншықтың үйшігін алды жаулап.

Ерлан АМАНҚОЖА

Бәрін қудым...
Көрсін деп кім тиісіп,
Қайтып жатты төбеттер бұртиысып.
Сұры қашып сұр қаншық жүдеп кетті,

Өлі жүні үстінде үрпиісіп.

Қыңсылады түнімен ол мұңайып,
Алғыс алмай, мен тарттым орнына айып.
Қарғыбаудан амалдап сытылыпты,
Ертесінде ауылдан болды ғайып...

Итім қайда,
Айыбым неден болды?!
(Жоғалғанын көрші атай менен көрді).
Ауық-ауық достарым жеткізеді,

Шулатып жүргендігін төменгі елді.

Апта өткенде оралды...
(Жымың қағып),
Жақсылыққа әйтеуір ырымдадық.
Қарға аунаған түлкідей түгі жайнап,

Сұр қаншығым кетіпті сұлуланып.

Төбеттер де тоқтатты аңдығанды,
Күшігін қалап кейін әркім алды.
Обал-ай деп қоямын бейшараға,
Жүдеген қаншық көрсем қарғыбаулы.

Ерлан АМАНҚОЖА

Көктөбет

Сенің ит болғаныңа бөрілер кектенеді,
Менің ит болғанымды перілер жек көреді.
Автор

Көк төбетім күзетіп қора маңын,
Үйшігіңе түн бойы жоламадың...
Мен де қаңғып түн бойы,
Таңға жақын

Ине жұтып ілмиіп ораламын.

Биыл ит-құс қаттырақ дейді қауым,
Өз малының бәрі де жейді қамын.
Қора-қора мұңымды торып жүрген,
Ит-құс едің сен де бір, ей, құмарым...

Сен бе,
Мен бе,
Білмеймін кім налалы?!
“Ерке барыс есікті тырмалады”.

Қарға шаншып кетіпті құйрығыңды,
Текебұрқақ басталған түн, қаралы.

Өткен күннің тұз сеуіп ойға бәрі,
Көп айландым ертесі қой қораны.
Білесің бе көктөбет?
Бұл ауылда,

Мұндай ұлы өлімдер тойланады.

Ерлан АМАНҚОЖА

Келмесіңді білсем де мүлде қайтып,
Сені іздеймін...
Жұрт сөзін тыңдамай түк.
Елеңдеймін қойлардың ауызына,

Сен туралы қалардай бірдеңе айтып.

*** Көршіміздің бір есегі болды, Жаңғырып тұрар тау іші. Жеңгелерімнің өсегі болды, Ұзынқұлақтың дауысы.

Бүршіктер елдің көңілі қайың,
Ауылды басса жетім шу...
Құбыры дайын, көмірі дайын,
Тасымайды әсте отын-су.

Қауымға мәлім аты мұндағы,
Көршімді көбі “дүр” дейді.
Моторлы көлік тақымындағы,
Қарыс жерге оны мінбейді.

Ауладан шықпай жаны жаралы,
Есекең болды хас батыр.
Ертелі-кеш аңырағаны,
Азанның дауысын басты ақыр...

Әңгімесіне қосып көкемді,

Ерлан АМАНҚОЖА

Абыр да сабыр тау бүгін.
Алқаш досым да тост көтерді,
Есектің тілеп саулығын!

Ақырғы жүздесу

Жүрек қаным деп білген жырды нағыз,
Сұңғыламыз...
Қалдырған мың бір аңыз.
Кілең жампоз жиналған керім кеште,

“Өлем” деді тосаттан Нұрдын абыз.

“Өлем” деді,
Қолында күміс шара,
Сары қымыз шайқалды...
Ырыс, нала...

“Осы кештен қалмаймын, кетем”, – деді,
Қош деместен ел-жұртқа, туысқа да.

Шара толы қымызын тартып алып,
Жыр толғады абызым шалқып анық.
Ақ жүзімді күйдіріп бара жатты,
Жанарымнан қорғасын балқып ағып.

Қимай қарап,
Қиналып досы тұрды,
Күңіреніп күй кешіп қосы сырлы.
Үзілмесе арқауы ұлы жырдың,

Ерлан АМАНҚОЖА

Өтпесе деп тіледік осы түнді.

Таң атыпты...
Жеңілдеп жебір қайғы,
Тарап жаттық қондырып көңілге айды.
Қайран абыз қапия тірі қалып,

Айтпайтын болды кейін өлім жайлы!...

*** Төгіліп түсіп сарғыш айдан бұрым, Сиқырланып ағады Қайнар бүгін. Ей, менің елжіреген ақ жүрегім, Ей, менің мөлдіреген қайран жырым.

Ғашық болып бір ақын,
Ал, тағы бір
Дүр туып таққалы жүр алқалы жыр.
Қайталанбас мұғжиза сыйлап кетті,

Қайғысы да сұп-сұлу қалқа ғұмыр.

Қаланып махаббатқа кесек тұғыр,
Кеше сенде ғаламат кеш өтті бір.
Ақ маржан тұмаңды ішіп қымбаттады,
Арзан күлкі...

Айтылмай өсек, күбір...

Аңызға бай...
Өлеңге ақылды аймақ,

Ерлан АМАНҚОЖА

Ақын болғым келеді атыңды ойлап.
Сімірейін суыңнан...
Басар ма екен?
Жүрегімде жанартау жатыр қайнап!

Махаббат

Қайнар басы...
Хан қызы...
Арманы өлген,
Бұрымын бұлаққа кеп, талдап өрген.

Секем алып қарайды сонадайдан,
Бір топ киік суатқа таңда келген.

Шөлдеп жеткен елемей топ киікті,
Жалғыз басы аңсайды жоқ биікті.
Мұздай судан ішеді...
Кеудедегі

Басар ма деп жандырған шоқ күйікті.

Хан әке тіліне ерген уәзірдің,
(Дәрменсіздің тыңдайды уәжін кім?)
Ханшаның тағдырын саудаламақ,
Көңіліне қарамай құлазулы...

Хан біледі сүйсе де, сүймесе де,
Маңызды емес, жанына үйлесе ме?
Шертілетін шежіре бүгін тағы,

Ерлан АМАНҚОЖА

Күмбір-күмбір тартылған күй кеше де.

Тербеліп Қайнар басы мұңлы бесік,
Дала тұрды самалын жырғып есіп.
Хан қызы тауға қарай тартты кенет,
Топ киіктің соңынан бірге ілесіп...

*** Бебеулетіп сағыныш домбырасын, Бейнесі жоқ бір ғұмыр болдыратын. Қайнар бастау басына кешке таман, Ат суарып келеді сол бір ақын.

Бөлесе де қыр елі әнге кешін,
Мезі болды тірліктен әбден осы.
Қайнар бастау басына отырып ап,
Су ішінен іздейді әлденесін.

Бұл бастаудың әр күні оған мәлім,
Сонда да әсте келгенін доғармады.
Құрдастары айтады баяғыда,
Жақұт көзді жүзігі жоғалғанын...

Жеміс үзіп мың түрлі миуа бақтан,
Кенелтіпті достары сыйға батпан.
Саусағына тағыпты дүр ақынның,
Алтын жүзік алдырып Хиуа жақтан.

Ерлан АМАНҚОЖА

Табылған ба, әй, бірақ мұңның емі,
Аңсағанын қоймапты қу жүрегі.
Олқы келіп қалған деп алтын жүзік,
Айтып жүр ғой ағайын...

Кім біледі?!

Тағдыр

Дәулет сері осы елдің күй табағы,
Домбыра алса төредей сый табады.
Моцарт болып ойнайды күй сандықты,
Табылды боп сайратып гитараны.

Сол сері келемін деп қырды айналып,
Бір байға түстеніпті құлдай барып.
Қарсы алыпты ет асып, қымыз құйып,
Байекеңнің жүзіне нұр байланып.

Шабытты ердің шыққасын тынбай әні,
Бәйбішесі кіріпті сырлы аяңы...
Жылы ұшырай беріпті,
(Кім еді өзі?!)

“Ғашық болған қызым ғой бұл баяғы”.

Сөз таба алмай тар жерде айтарға епті,
Қайран ерге ескі дерт қайқаң кепті.
Жүрек тездеп,
Басына қымыз шығып,

Ерлан АМАНҚОЖА

Қыза келе...
“Қатынды қайтар” депті.

Білгесін мына сөзі ұнамасын,
Аттаныпты атының бұра басын.
Байекең жалғыз жепті қазандағы,
Серіге арнап салған сыбағасын...

*** Жырлағанға жетпей қалар бір өмір, Аңыз жайлап алған жұртты қонысын. Перілерге мекен болған бұл өңір, Біздің елде бақсылар көп сол үшін.

О, перілер,
Перілердің ізгі әні,
Сені қайдам,
Жүрегімді сыздатты.

Ал олардың айдай сұлу қыздары,
Жапыраққа шық жамылып мызғапты.

Мұзарттарға түнеп қайту серуені,
Дәурендепті,
(Қариялар сан айғақ).
Жұмақ түнде жұлдыз кешіп керуені,

Аспанменен дүркіретіп мал айдап.

Екі қауым бірге тірлік кешіпті,

Ерлан АМАНҚОЖА

Бір-бірінің бақытына бал ашып.
Біздің шалдар талай төбелесіпті,
Тау басында тас үңгірге таласып.

Көкпен жерді жалғауды ұлы ғұрып біліп,
Бұйырыпты баға жетпес нәсіп-құт.
Ұрын барған дүр жігіттер бұлт мініп,
Айбатына аруларын ғашық қып.

Намысты ұлға,
“Көкте қал!” деп қатыны,
Көнбепті оған...
Нағыз ерге бет керек.

Махаббаттың кесірінен ақыры,
Ауа көшіп кеткен дейді өкпелеп.

*** Ертегі елім, сен ие бай талғамға, Шежіреңді хақым жоқ айта алмауға. Дала қоңыр, Осыдан сәл ертерек, Көп болыпты бұл маңда сайтандар да.

Айғай-шу болып тау-тас, киік айдап,
Тіршілігі жатыпты жиі қайнап.
Үй маңына түн сайын көп келіпті,
Жал-құйрығын жылқының түйіп ойнап.

Ерлан АМАНҚОЖА

Бірде әйел,
Ал бірде ешкісі боп,
Ғашық болған сыңайлы ес-түсі жоқ.
Біздің барлық тұрмысқа еліктепті,

Байғұстар қазақ болып кеткісі кеп.

Қоныс болып бәріне киелі аймақ,
Берекенің шалқыпты күйі арайлап.
Айдалаға ақбоз үй тігіп қойып,
Шакеңдер де жатыпты бие байлап.

Дүйсәділ қарт: - Жұртпын, - деп, - іргем тұнық,
Алған шақта көңілі дүр желпініп.
Күлін көкке ұшырып қайтады екен,
Тәубасына бәлемді бір келтіріп.

Аталар жоқ дуалы,
Абыз жанды...
Шайтандар жоқ,
Артында аңыз қалды...

Көз алдында жүретін қариялардың,
Қайран сол бір күндер-ай нағыз мәнді.

Шайтандар, сендер жайлы көп естідім,
Қайдасыңдар?!
Бәрі де елес бүгін.
Танып қалам кейде осы адамдардың,

Көздерінен өздері еместігін.

Ерлан АМАНҚОЖА

Айтылмаған аужар
(Досымның түсі)

Жайлау үсті,
Жалқы қос қоңыр біздің,
Қоңыр қоста жайнаған өмір қызғын.
Берекелі ақ дәмі апамыздың,

Қосымыз тар,
Жайлаудай көңіл біздің.

Татулықтың жалауы көршімізбен,
Бөлінбеген ежелден еншіміз кең.
Төрімізді сыйлаймыз жолаушыға,
Кім болса да, бәрібір келсін іздеп.

Қонақ келсе,
Маздатып жүрек отын,
Біздің үйде шағын той, гүл өнетін.
Кешке қарай мені апам қонып кел деп,

Көршіміздің үйіне жіберетін.

Көршіміздің қызы бар...
Қосар әнім,
Сырттай сүйем,
(Баламын, тосам әлі...)

Жеті түнде өтірік ұйқысырап,
Сипайтынмын ақырын қос анарын.

Жанымды өртеп ыстық дем, жалын арай,

Ерлан АМАНҚОЖА

Шыдайды екен адамның жаны қалай?
Баяу ғана қолымды сырып тастап,
Аунап түсіп кететін ары қарай.

Жайлаудағы аяқтап өмір қызығын,
Тоғыспады қайтейін көңіл біздің.
Ол бойжетті...
Бір күнде,

Бір-ақ күнде,
Кетті қашып аяғы қоңыр күздің...

Қош енді,
Қош-есен бол,
Қош қарағым,
Осы болды сағынып қосқан әнім.

Қосымызға қонатын қонақ келсе,
Көрші қызды алдымен еске аламын.

*** Келін тағы кеудеден шер тулатты, Есер тұрмыс билеген еркін қатты. Ері кеткен ертемен тауға шығып, Тал бесікте бөлеулі кемпір жатты.

Алжығанда бөлейтін ұтқыр ұғым,
Жүз жасында алдынан шықты күліп.
Шөлдейді ме,
Аңсай ма бірдеңені?

Ерлан АМАНҚОЖА

Жылағанын қоймады тіпті бүгін.

Иен қырқа,
Жалғыз үй,
Жыр – дария...
Ағылып жолаушыға тұрған ұя.

Алыс сапар аттанып бара жатқан,
Кештетіп келіп түсті бір қария.

Ақ шәйнек, сар самаурын қатты қайнап,
Кең дастарқан жайылды шаттық ойнап.
Қонағасын жегесін,
Атын қойып,

Төрдегі төсекке қарт жатты жайлап.

Бесік тұрды ғасырлық сыр тұнбалы,
Келін жатты жүдеген, мұң тұлғалы.
Шам сөнді,
Шырылдаған сәби дауысы,

Түн ортасы болғанша бір тынбады.

Жас келін бесік тербеп,
Келбетінде
Шаршау бар...
Ұйқы қатты меңдетуде.

Қарт тұрып:
“Келінжан, сен демалшы” деп,
Рұқсат алды бесік тербетуге.

Ерлан АМАНҚОЖА

Есі кетіп енесі алжығалы,
Келін байқұс қажыды, қалжырады...
Таң атыпты...
Қонақ жоқ...

Бесік тыныш...
Тәтті ұйқы...
Тамаша өмір арғы жағы!...

*** Суы қатпайтын Көлбұлағымда, Қауымы қайда Қайнардың?! Ертегі болған ел құлағында, Есіл жұртымнан айналдым.

Қайнардың басы саялы маңы,
Бар еді ғажап терек бір.
Бабаларымыз баяғыдағы,
Шертіпті соған бөлек сыр.

Қайнардан ішіп...
Таңдайы кеуіп
Қалғанда алған бір тыным.
Ілетін болған арнайы келіп,

Кесілген басын жылқының.

Күреңнің басы,
Қасқаның басы,
Қараның, жирен, құланың...

Ерлан АМАНҚОЖА

Терек сырласы,
Таста мұңдасы,
Құлазып қарап тұрамын.

Жаралған таудай әппақ анадан,
Терегім бөлек тұлғасың.
Ғасырлар бойы сақтаған аман,
Арғымақтардың қу басын.

Санамда сырлы алаңдап түрлі ой,
Жапырақ сүйді жасымды.
Жылқы болып та жаралмаппын ғой,
Іліп кетер ем басымды.

Ақбастау қасіреті

Нұр қаулап ғажап белдерге,
Қауашақ жарып әр түрлі.
Қызғалдақ жаңа өнгенде,
Ақбастау кенет тартылды.

Ақбастау судың кәусары,
Татсаңыз, кетпес таңдайдан.
Ақбастау деген тау сәні,
Суығы өтер маңдайдан.

Байлығы теңіз өлкеде,
Біз талай таңға жыр салдық.

Ерлан АМАНҚОЖА

Басына соның ертеде,
Алтын көміпті бір сандық.

Қызықпас кімдер шіркінге?
Қазына болар бек қымбат.
Аңыз қалдырып бір түнде,
Алтынды біреу кетті ұрлап.

Жол сілтеп алтынды іздеуге,
Қалдырған тасқа жазу да.
Білеміз оны біздер де,
Қол тимей қалды қазуға.

Аяқталмаған күй балладасы

Қосқайың деген ғашықтар елі,
Атағы жұртқа әйгілі.
Сал-сері солай асыққан еді,
Ақбозға мініп...

Қай жылы...

Асыққан еді арқасы кеңіп,
Бүлдірген көктен жауған шақ.
Алабұртқанды аңқасы кеуіп,
Кербұғыдайын тауды аңсап.

Қосқайың деген,
Жырдың бұзылмай

Ерлан АМАНҚОЖА

Сақталған жері көзінің.
Сұлуы болды үрдің қызындай,
Ақыны болды өзінің.

Сал-сері келді,
Дастан-жыр еккен,
Жайлауға тегіс жар салды.
Жұмақадыр бай аспан жүрекпен,

Бағлан сойып қарсы алды.

Айтылды ән-жыр,
Домбыра бұлбұл,
Өткенін еске түсірді...
Аңыз болсын деп соңғыға бұл бір,

Бәстесіп қымыз ішілді.

Қосқайың, шіркін,
Айға асылды арман,
Жырлатты жүйрік ақынын.
“Дариға сол қыз, қайдасың, жалған?!”

Әніне басты ақырын.

Әніне басты,
Күй еді бірақ...
Күй еді мұңлы баяғы.
Домбырасының тиегі құлап,

Айтылмай қалды аяғы!...

Ерлан АМАНҚОЖА

Борыш
(аңыздың ізімен)

Бабамның самғап кеше құсы биік,
Жаулары бармақ тістеп, іші күйіп...
Жүргенде Қаратаудың басын жайлап,
Жолығып қалған дейді кісікиік.

Еркелеп оны қалап,
Мұны өтінбей,
Беріліп еркіменен түк өкінбей.
Жүрегі ел мақтаған ерді танып,

Олар да ғашық бола білетіндей.

Жетелеп батыр еркін дауыл бір күш,
Мінезбен бар жандыны бауыр білгіш.
Жатыпты бабам солай отандасып,
Қайтару қыз талабын ауыр қылмыс.

Құс салып,
Қасқыр аулап,
Шылда қуып,
Жатыпты орда тігіп,

Сырлап уық.
Келмейтін жан баласы иен тауда,
Екеуі өмір сүрген жылға жуық.

Ешкім жоқ өрт қоятын, өсек теріп,
Бақыт деп, бар тапқанды жесек бөліп.

Ерлан АМАНҚОЖА

Бала туып беріпті кісікиік,
Бір жылдық махаббаттан есеп беріп.

Заман ол тегі тұнық ер елге адал,
Алынған сондықтан да нелер қамал.
Ақыры ойдағы жұрт ат шаптырып,
Келіпті елге қайтсын деген хабар.

Қалдырып таудағы ұлы бекінісін,
Қамданған батыр елге кету үшін.
Серігі тұрыпты үнсіз көзбен айтып,
«Кетпеші» деген нәзік өтінішін.

Үйреніп ләззатты балдай күнге,
Тұрмысқа бірге кешкен қанбай мүлде.
Батыры аттанғанда...
Арт жағынан

Айғайлап ілесіпті қалмай бірге.

Болғасын бөлінбейтін тілегі елмен,
Қатыгез кейіпке еніп жүрегі өлген.
Серігін тастап тауға,
Еріп алса,

Мылтығын кезеп, сес қып жүре берген.

Батырдан күтпей ешбір жақсылықты,
Көзіне серігінің жас тұныпты.
Соңғы рет тауды өлтіріп бір айғайлап,
Баласын сирақтан ап тасқа ұрыпты.

Ерлан АМАНҚОЖА

Мекендеп жүрміз бүгін сол даланы,
Сәбидің әнін кешіп сор-налалы.
Самал жел жоқтайды әлі қырдан ескен,
Тірі жетім бақпайтын соңғы ананы.

Соңғы хат

Көрік болған гүл текті,
Дидар болған таң нұрлы,
Аспан болған аласа,
Маусым болған жаңбырлы.

Жүрек болған жаралы,
Ақын болған ақымақ,
Қолдан жасап алатын
Жан төзгісіз тағдырды.

Бабасы да тым аңғал,
Бақытты іздеп сордағы,
Сорқұдықтың басы екен жоғын іздеп қонғаны.
Айтқанына көнгіштеу,

Тәңіріне өкпелі,
Асау өзен булыққан айдаһардай тордағы.

Ақ кебінін сүйретіп,
Қашып шығып моладан,
Өлген бақсы айлы түн тірілерді қуалаған.
Тауға сіңіп кетіпті,

Көрге кірмей қайтадан,

Ерлан АМАНҚОЖА

Арбаң-құрбаң жүгіріп алпамсадай сол адам.

Тауда қалған атасы қатын алған қасқырдан,
Арасанның суы екен аруақты ерді мас қылған.
Жезтырнақтың еліне сапар шегіп кетіпті,
Жарты ғасыр бұрынғы жетімді іздеп тасқа ұрған...

Қашқан қауым аруақтан тығылыпты қораға,
Өлік қуған шулатып...
(Тірілерге обал-ақ).
Көшпелі алтын бар екен, көрініпті талайға,

Аруағынан айрылып иен қалған молада.

Таңдай қағып жатты жұрт, жетпесе де нарқына,
Айықпайтын тұмандай қонды уайым жалпыға.
Күлкісінен айырды,
Ұмыттырды ұйқысын,

Жетім мола маңайы жеті түнде жарқырап.

Көшпелі алтын,
Бос мола...
Еспе жұрттың аңсары,
Түніменен ұйықтамай,

Дем алады таңсәрі.
Асау өзен ақыры шайып кетті бір түнде,
Бұзып-жарып арнасын,
Бағытына қарсы ағып...

О, құдірет, құдірет,

Ерлан АМАНҚОЖА

Өзен қалай өрге аққан,
Өзен емес, жо, жо, жоқ...
Кесел шығар кербаққан.
Түпсіз көлге телміріп, бармақтарын шайнады,

Үміті өлген жанарлар,
Көкіректер шер қатқан,
Өзен қалай өрге аққан?!

Қалды өзеннің астында аруағы жоқ бос қабір,
Қайран алтын жоғалды тауқыметі тасқа ауыр...
Дүниенің барлығы кететіндей өзгеріп,
Секем алып қарайды бір-біріне дос-бауыр.

Қашқан аруақ...
Көшпе алтын...
Иен мола су басқан...
Өзен емес, жетімнің көз жасы екен ту баста.

Қай ғасырдан адасып келгендігі беймәлім,
Қасқырлардың тілінде айтылатын бұл дастан!...

Ерлан АМАНҚОЖА

АВТОР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Ерлан Аманқожа

ҚХР, Іле қазақ автономиялық облысы, Өртекес
ауданы, Суықтоғай сахарасында 1988 жылы 5 қарашада
дүниеге келген. Халықаралық, республикалық, облыстық
ақындар айтысының жеңімпазы.

Ерлан АМАНҚОЖА

МАЗМҰНЫ

Аманқожаұлына ақжол болсын! (Алғысөз)……………3

БІРІНШІ ТАРАУ. КӨБЕЛЕК КӨЗІНДЕГІ ЖЫР

Кездесу...................................................................................9 Көбелек көзіндегі жыр........................................................10 Қыз бейнелі маусым айы туғанда......................................11 Сакура...................................................................................12 Өзі дүрдей сері едім............................................................13 Білесің бе қалқам осы?.......................................................14 Алыстап ем қасыңнан аз күн көрмей................................16 Жолың болсын жарқыным.................................................17 Азаптансам, гүлдер еске түседі.........................................18 Нағыз ерлер жыламайды десең де.....................................19 Самғап ұшар аспаны жоқ ерлерге.....................................20 Кешір, қалқам……………………………………………..21 Қалқам-ау.............................................................................22 Жаны жұпар сұлу айым......................................................23 Адал едік сезімдерге біз қандай.........................................24 Жаннан асыл........................................................................25 Жалқы ғұмыр диуана едім жаны шық..............................26 Көзіңдегі бокал толы үзім шарап көзді арбап..................26 Тоғысар түбі бағыты бірге……………………………….27 Сәлем айтпай не самалмен, не хатпен…………………...28 Сүйгендерге сезім биік төзімнен………………………...30 Ғайыптың құсы…………………………………………....30 Сенім.....................................................................................31

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА Жарық нұр қадалып көзіңнен............................................32 Ақын ба екем.......................................................................34 Сүйрегенім жүрегі жоқ дене құр………………………...34 Жапырақтан жалғыз тамшы ағызып………………….…35 Ләйлі – шырын…………………………………………....36 Жанарыма құйып алып іңірді……………………………37 Сый.………………………………………………………..38 Қаңтарда піскен таңқурай..................................................40 Мен бүгін көктен егіз Ай көрдім………………………...41 Ұзату.....................................................................................41 Опық.....................................................................................43 Түсіну...................................................................................44 Сәл дірілі талықсытар ернінің...........................................45 Сапарларың болсын мәңгі ғұмырлы.................................46 Сал көңілдің от дәмесін мұз қарып...................................47 Көк Тәңірі басқан мөрін………………………………….48 Ташкенттен шай алдырып демдеген.................................49 Бесінші кітаптағы өлең.......................................................50 Кешір тағы кеш жолыққан тағдырым…………...…........51 Шұғылалы нұрға бөлеп ақпанның……………………….51 Өлең – ғұмыр.......................................................................52

ЕКІНШІ ТАРАУ. ЕРТЕГІ ҚЫСТАҚ ДӘПТЕРІНЕН

Бұл теңізде ескегі жоқ қайықтың………………….…….55 Аққан қандай құдірет тамыр бойлап.................................56 Он сегізім.............................................................................57 Самұрық құс жылады…………………………………….59 Бөлісе алмайтын қуанышыңды……………………...…..60

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА Сұп-суық дала тоңдырды тағы…………………………..61 Самырсынның отынына пештегі………………………...62 Шаршаудың азабын………………………………………63 Шеше………………………………………………………64 Таңдану................................................................................65 Хас батыры боп ертегілердің………………………….....66 Мезгілдің удай шарабын іштік…………………………..67 Бір уыс құм..........................................................................68 Мың бір түн деген отына мұңлы………………………...69 Мейхана……………………………………………………70 Ақбастаудың тұмасындай шымырлап…………………..71 Отар – Тағдыр......................................................................72 Сайрам..................................................................................73 Хан-Тәңір.............................................................................74 Күрілдеме.............................................................................75 Тоқташы желікпе жел құйын…………………………….77 Бозінген мұңлы сыбызғының жетім сазындай.................77 Елес.......................................................................................78 Кім кетті?………………………………………………...80 Қаңтар айы...........................................................................81 Ескі сүрлеу………………………………………………...82 Мен өлгелі туылдым……………………………………...83 Алжыған шалдың әңгімесі.................................................84 Аспанмен ағатын бұлағым.................................................86 Көктем маған қыста келген………………………………87 Жаныма іңкәр пері қыздай ай тамақ…………………….88 Айтпайтын ашып-жарып елге сырын…………………...89 Кетпеді мұнар......................................................................90 Әжемнің жыры....................................................................91

Ерлан АМАНҚОЖА САКУРА Мұзқаракөк..........................................................................92 Ақтөс....................................................................................98 Сұр қаншық.........................................................................99 Көктөбет.............................................................................101 Көршіміздің бір есегі болды............................................102 Ақырғы жүздесу..............................................................103 Төгіліп түсіп сарғыш айдан бұрым.................................104 Махаббат…………………………………………………105 Бебеулетіп сағыныш домбырасын……………………...106 Тағдыр................................................................................107 Жырлағанға жетпей қалар бір өмір…………………….108 Ертегі елім, сен ие бай талғамға………………………..109 Айтылмаған аужар............................................................111 Келін тағы кеудеден шер тулатты……………………...112 Суы қатпайтын Көлбұлағымда…………………………114 Ақбастау қасіреті...............................................................115 Аяқталмаған күй балладасы.............................................116 Борыш.................................................................................118 Соңғы хат...........................................................................120 Автор туралы мәлімет.......................................................123

Ерлан АМАНҚОЖА

Ерлан АМАНҚОЖА

Сакура
Өлеңдер

Редакторы: Аятжан Ахметжан
Корректоры: Арай Байысхан
Көркемдеуші: Тоқтар Жетпісбай

Республикалық «Qazbіlіm»
орталығы редакциясында қаралды

Баспаға 14.08.2020ж. берілді. Формат А5.
Ұсыныс, пікірлеріңізді kazbіlіm@gmaіl.com
электронды мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.
Таралымы 500 дана.

Тапсырыс берушінің дайын файлынан
басылып шықты.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙