TELEGEI

Home

Тартыс. Пьеса

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Тартыс. Пьеса

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

ТАРТЫС

(пьеса)

Сегіз суретті, эпилогты пьеса

УАҚИҒАҒА АРАЛАСАТЫНДАР:

Хасенов Сыдық — қазақ институтының директоры.
Атырауов Есен — институттағы партия ұясының хатшысы. Жасы 25-26-да.

Жағыпаров Ғани — кіндік өкілі, өлкелік партия комитетінің мүшесі. Жасы 30 шамасында. Жантеміров Әбіш — ірі қызметкер. Партия ұясының бюро мүшесі, бір жағынан оқытушы.

Малдыбаев Иса — жастар ұйымының хатшысы.
Қадиша-ұя бюросының мүшесі, батырақтан шыққан талапкер оқушы.

Жәлел әфенді — түбі бұқаралық, жүргені, көргені көп, өте жырынды адам. Европаша зор

Темірбеков Белсенді жастар, партия жағындағы
Оспанов оқушылардың басшылары.
Лала Көпжасарова — жақында ВУЗ бітірген.
Мүсілім Көпжасаров — Лаланың күйеуі, ұйымсыз маман.

Р а қ ы ш (Рахила) — медичка, жас, сұлу студентка.
Алашорда адамдары, бұрын іс

Ниязов Сейткерей — жасы 42-де басында болған Жамантаев Батырша — 48-50-де белгілі ұлтшылдар Бейсенов Сабыр — 35 жастарда, бұл күнде осы мектеп оқытушылары.

Ниязова Сара — Сейткерейдің қатыны.
Гүлжәмила (Гуля) — Сараның сіңілісі, Әбішке тиген.
Қарпықов Мақсұт - ұйымсыз. Ұлтшыл оқымысты, бұл да оқытушы.
Сүлейменов Оқытушы жастар, ұлтшылдың

Сұлтанов ықпалына түскендер
Сүлейменов басқа ВУЗ-да оқиды,
комсомол мүшелері.
Юсуф қари (Қареке) — 45-50 шамасында. Атақты милләтші, ферғаналық.

білімді ғылым қызметкері, 33-те, сұлу жігіт.
Шайханашы, оқушы жастар, суретші, биші, әнші әйелдер, (орыс әйелдері).

БІРІНШІ СУРЕТ

1-көрініс

Шайхана. Нар үстінде кілем, паластар. Қабырғалары қызыл-жасыл. Ілулі дутар, тамбыр. Жерде қазан-ошақ. Қазанда палау. Шайханашы анда-санда келіп қарап, аударыстырып кетеді. Нардың бергі бір шетінде кішкене үстел қойғызып, Жәлел, Сабыр шахмат ойнап отыр. Жақсы киінген суретші әйел шайхананың суретін салады. Жәлел анда-санда ымдап шақырып алып қарап, күліп, қайтадан орнына жібереді. Нардың төріне таман жер төсек. Студент Оспановтың төсегі. Ж ә л е л (ойланып). һа... а... не істесем екен сізбен? Есіңізде қалатын бір нәрсе істеуіме керек...

С а б ы p. Сіз оригинальный болуды тілейсіз, мен білсем.

Ж ә л е л. Әлбетте, әлбетте. Мен бұл жерде Толстой сөзіне қол көтеремін. Хақиқат: әрбір адам неповторимая комбинация1. Мен де Шоралар хүкіметінің2 "Пушка" папиросын жасап шығаратын фабригінен шыққаным жоқ (Күледі.)

С а б ы р. Рас, сіз ескі фирмадан шыққансыз (Күледі.) Ж ә л е л. Иә, стандарт адамды жасап шығару методын большевиктер таппай тұрған кезде істеліп қалған ескі бір дана (Күліседі.) С а б ы p. Құп, олай болса сол фирмаңыздың маркасын оправдать етіңіз. Өзгеше, өзгеше жүріс шығарыңыз... Ж ә л е л (бір жүріс жүреді. Сабыр қарсы жүреді). Ә, сіз де менікін дұрыс дейсіз бе? (Сынап қарайды. Бұл кезде Оспанов шығып, төсегіне етбетінен жатып, кітабын оқиды.)

2-көрініс

С а б ы р (Жәлелге күле қарап). Әрине! Талапты ерге нұр жаусын! (Күліседі.) "Безумству храбрых поем мы славу!"3 дейміз. Ж ә л е л. Эмма, авторыңыз удачный емес (Бір атты ұстап.) Сол қатаңыз үшін мен сізді жазалаймын... Шах!.. (Сабыр сасқалақтап королін тайдырады. Жәлел жылдам жүріп.) Шах и гарде!.. Ха-ха-ха... Сабыр (шұғыл қиналып, өкініп). О-х-х! Қап, қап!.. (Басын шайқап.) Қайыр, сіздің атыңыз бір күшті дерт. Шипасыз дерт. Ж ә л е л (мақтана күліп). Мен өзім де аттарымды бек қымбат бағалаймын... (Сабыр Оспановқа сенімсіз қарайды. Жәлел сезіп, жаңа шыққан тамбыршыларды шақырып, "тарт " деп ымдайды. Екі тамбыршы Оспанов пен бұлардың аралығына отырып тартады. Суретші қыз тез соларға қарайды. Жәлел оған тамбыршыларды нұсқап, "суретін сал" дейді.) Бұл аттар өмірдегі, әсіресе бүгінгі біздің өмірдегі көп жүрістердің әдісін үйретуі керек... С а б ы p. Сіз бөгеуілді жеңіп, барьерден аттап жүргенді ұнатасыз. Түзу, жатық жолмен жүруді қанағат қылмайсыз, солай ма? Ж ә л е л. Түзу... жатық... Ол сіздердің тілейтін жолдарыңыз. Әмма, сіздерге тиген жол емес. Ол выдвиженецтер жолы... Ә, бізге шахмат атының жүрісін машық қылумен қабат... бұнда ғибрат көп (Күледі.) С а б ы p. Жарқ етіп көрініске шығып, артынан тасаға түсу... Тағы шығып, тағы түсу... солай ма?.. Ж ә л е л. Иә, әр кезде керегінше, мүмкінінше... (Ойланып күліп.) Талмай, қалмай, салпылдай беруге біз қуатын карьера жоқ... С а б ы p. Жоқ, карьера тілесең де бұл ғұмырда оправдать етілген, бәлки мақтаулы да жол. Біздің қазақтың бір ескі ойшыл адамы айтқан: "Биік мансап — биік жартас... Ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады" деп. Ж ө л е л. О-о-о.. Міне, міне... Жақсы айтылған... қайтпайтын, көнбейтін күшті жалғыз!.. Протестімен жалғыз тұрып қалатын демоническая натура!4 Суретші әйел. Бұл өзіңіз туралы ма? Какое самомнение? Ох, какое у вас самомнение, Жаляль Жафарович! (Жәлел күліп, "қой " деген ишарат жасайды.)

3-көрініс

Оспанов оқытпағанға ызаланып, бір кітабын тастап, екіншіні алып, атып тұрып, декламациямен.

О с п а н о в.
Ше тәдбри, ей, муслманан?
Кемн һудра не миданам!
Не баһрим, не бәрин әм,

Не тәрса, не яһуди әм,
Не әз мүлки Ырақи әм!
Не әз һаки һорасан әм!
Не гәбрәм, не муслман әм...5

(Барлық жұрт аңырып қарайды. Жәлел күледі.)
С а б ы p. He дейді мынау?.. Қазақ өзі.

Ж ә л е л (күліп). Жас жігіт өзін мұсылман да, кәфір де емеспін, насырани, яхуди де емеспін, қорасан, ырақтан да емеспін, кіммін дейді. Меніңше, ол шарық пакөлтесінің талабасы (күліп) сөзі.. Ирандағы өзінше декаденттеу болған бір шағирдың айтқаны.

С а б ы р (күліп). Қара мұны!..
Ж ә л е л (Оспановқа). Барадар, шама бирбан парси мигоин?6
О с п а н о в. Айя, айқай, мән кәм-кәм мигой-әм!7
Ж ә л е л. Хұқ, бысыйар хұп әст!8

Шайханашы (Оспановқа сүйсініп қарап, күліп). Афірин!.. Жігіт сән! О с п а н о в (шайханашыға қарап қарқылдап күліп). Ой, түрсіз! Олай дегенше палау бермейсің бе? Шайханашы (сүзгімен майлы палауды қазаннан көтеріп, қызықтырып). Мәйлі, бераман! О с п а н о в. Әпкел. (Қасына келеді. Шайханашы ақша деп қолымен белгі қылады. Оспанов қалталарын қарайды.) Шайханашы (күліп). Мазасызданба, мазасызданба, мағлұм, онда жоқ... Онда шамал еседі (Күледі. Жәлелдер ақырын сөйлесіп отырады.)

О с п а н о в. Енді не аласың? Аш отырам ба мен?..
Шайханашы (Оспановтың етігін көрсетіп). Беш күн аш бараман!
О с п а н о в. О-ой, түрсіз... Сен менің барымды алдың.
Шайханашы. Мән түгіл, өзләрі ашады куу...

О с п а н о в. Етігімді ақшаға сатам... Кел ал... 30 сом... (Шайханашы басын шайқайды.) Болмаса 30 күн палау бер... (Шайханашы күледі. Палауды көтеріп, көлбектете береді.)

С а б ы р. Әй, сенің ақшаң жоқ па? Мә, мен ақша берейін.
О с п а н о в. Сіз кімсіз?
Сабыр. Кім екенімді не қыласың? Ал...
О с п а н о в. Әуелі айтыңыз...

Сабыр. Бейсеновпын...
О с п а н о в. Ә, қазинституттағы тіл молдасы...
Сабыр (кекетіп). Молдасы...
О с п а н о в. Енді не, ғалымы ма?

С а б ы р. Е, ол көп пе?

О с п а н о в. Көп, әрине... Қазақ тілінің бүгінгі тексерілуі мектеп грамматикасының ғана көлемінде ғой. С а б ы p. He дейсің, ой?.. Мынаның кеудесі қалай?.. Фарсы, орыс тілдері ғана ғылым дейсің ғой!

О с п а н о в. Әрине, олар ғылыми тексерілген.
С а б ы р. Мынау ше?!
О с п а н о в. Бишаралық стадиясы (Жәлел күледі.)

Сабыр. Ырымың жақсы екен, шырағым... Тіпті неткен ойшылсың, жаным-ау?.. Тағы дәлелдеп көрші. О с п а н о в (шұғыл сырт беріп). Уақытым жоқ (Аналар күледі.) Е, тағы әлі кездесеміз... мен доказатьтаймын, обосноватьтап берем әлі бәрін (Жәлел, Сабыр күледі.)

С а б ы р. Жарайды. Ақша ал...

О с п а н о в. Жоқ, алмаймын ғой мен сізден... (Шайханашыға.) Әй, түрсіз... 20 күн... (Шайханашы басын шайқайды. Оспанов бұрылып кетіп, төсегіне барып отырып алып.)

Эз асман ше миһуаһи,
Дәр зәмин ше мижуби?
Гунбир зұлым әст ән!
Шадр һайал әст ин9

Ж ә л е л (күліп). Ха-ха-ха! Үлкен оригинал мынау... Палаусыз қалдырған күнаһкар жерге Лермонтов гонениесін жасайды... Суретші әйел. Өте интересный студент... Мен суретін саламын (Бұрылады, салмақ болады.)

Оспанов (шұгыл теріс бұрылып, кекетіп). Neіn, meіne Frau, іch Nіll nіcht!10 Ж ә л e л (күліп). Тәжірибе... тәжірибе. Бар білгенін қолданып көреді. Sіs sprechen auch Deutsch, genossen?11 Оспанов (mepіc қараған бойымен). Іch spreche Deutseh, aber іch spreche nіcht Russіsch12. Ж ә л е л (күліп). Қызық... жақсы нөмерлер тастайды (Суретші әйелге.) Ол ырза емес.

Суретші әйел (күліп). Мен бәрібір саламын суретін.
О с п а н о в. Түрсіз, мынау қоя ма, қоймай ма?..
Ж ә л е л (әйелге). Сала беріңіз! (Күледі.)

О с п а н о в (шұғыл бұрылып, шарта жүгініп, екі мықынын таянып, танауын ежірейтіп, көздерін бажырайтып отыра қалады). Ал, сала ғой! (Жұрттың бәрі күледі.) Суретші әйел (сала алмай, күліп отырып). Мен бәрібір осы қалпыңызды саламын. Ах, какой вы смешной! И чего вы испугались?13

О с п а н о в. Мен орысша білмеймін.

Суретші әйел. Неправда! Бәрібір мен саламын. Сіз осы күйіңізде журналға басыласыз... О с п а н о в. Е, түрсіз! (Күліп, шалқасынан түсіп, қызға қарсы бір аяғының үстіне бір аяғын қойып, кітабын оқып жатып алады. Жұрт күледі.) Ж ә л е л (тамбыршыларға белгі жасайды. Олар тартады. Сабырға). Жә, институттарыңда қалай? Кадр даярлауға жақсылап кірістіңіздер ме?

С а б ы p. Кірісіп жатыр жұрт. Иә, даярлаймыз кадр.

Ж ә л е л. Рас, бұларға кадр, кадр керек. Сенбейді сіз бен бізге... Өздері соғып шығарған, әрбір винті белгілі стандарт құрал керек оларға...

С а б ы р. Ол құралды біз де даярласамыз ғой! (Күліседі.) Ж ә л е л. Мәселе сонда. Ал кадр жалғыз оларға ғана керек емес... Бұнда осындай көп институт бар. Тәжік, түркпен, біздің өзбек мектептері.

Сабыр. Иә, оларда қалай істеледі?

Ж ә л е л. һәммасында да ойланып, есептеп істейтін көп-көп істер бар. Білесіз бе, бұның қандай шебер іс, қызық іс екенін?

С а б ы p. Бұл майдан... Тартыс!..

Ж ө л е л. Міне, дұрыс айттыңыз... Бұның үстіңгі беті емес. Ол шаулап, жалтылдап барсын барсын... Тереңірек сүңгіңіз. Подводное течениесін сіз, сіздер меңгеру керек. С а б ы p. Біраз шикізат, сырье көп. Өнімді еш нәрсе шығады дейсіз бе? Басқа өнімдірек... Ж ә л е л (күліп, жарыса). Сіз министр емес, педагогсіз, Сабыр әфенді! Аздан үлкен, оңайдан қиын. Бұлардың бірде-бірінің түйіні белгісіз, байқаусыз, өзінен өзі болады...

С а б ы p. Көп күту, ақсақ қойдай көп бағу керек қой.

Ж ә л е л. Солай. Бірақ әр жерде почва қажет. Сонда ат жүрісінің тәжірибесін пайдалану керек.

С а б ы p. Бұл оригиналдықты іздеу болмас па?

Ж ә л е л. Оригинал, бірақ реальный іс... (Оспанов тұрып, шайханашыға келеді.)

Оспанов. Жә, болдың ба?
Шайханашы. Беш күн аш бераман.

Оспанов. Жиырма күн (Шайханашы басын шайқайды. Палауды аударыстырады.) Ей, түрсіз (Шайханашы теріс бұрылып, күліп, басын шайқай береді.) Бері қарашы (Аздан соң.) Жә!.. Мә, әпкел. Бес күн (Етігін шешіп береді. Бір табақ палау салып алып, орнына қарай шайханашыны құшақтап алып келе жатып, тамбыр күйіне билейді. Орнына отырып, жеп жатады.)

С а б ы р. Мен сізді біздің саясатшылармен таныстырам.

Ж ә л е л. Құп, һәммасымен де. Мен мұндағы партийный қазақ жігіттерін және Батыршаларды білемін...

С а б ы p. Ә, солай ма?..

Ж ә л е л. Мен білмейтін кісілер Орта Азияда аз. Жаңада келген сізлерді ғана білмеймін... білмесем... Сабыр. Дұрыс, таныс еместеріңізді айтарсыз... Сөйлесіп көріңіз олармен де... Ж ә л е л. Қазақ интеллигенциясы мені интересовать етеді. Біздерде олардан қашатындар да бар... Әмма мен ондай емеспін. Сабыр. Бізде де әртүрлісі бар. Көрерсіз. Бірақ тіл, емле, термин жайы, институттар тәжірибесі... Ортақ мәселе көп қой... істесе көрерміз, танырсыз.

Ж ә л е л. Біздің Юсуф қари да сіздің адамдармен танысуды тілейді.
С а б ы р. Ә, ол осында ма қазір?
Ж ә л е л. Осында.
С а б ы р. Тіпті жақсы, онда бәрімізді де таныстырыңыз...

(Темірбеков кіреді. Сабырмен басын шұлғып амандасып етеді, Оспановқа барып, күлісіп, әзілдеседі. Қасық әкеліп, оған да. палay жегізеді.)

4-көрініс

Сабыр (Жәлелге). Мынау жайсыз адам... ананың да беті байқалды енді.
Ж ә л е л. Ә. (Күліп.) Ол қызық, қызық жігіт...
С а б ы р. Мен кеттім (Қоштасып кетеді.)

Ж ә л е л (суреші әйелдің қасына келіп, салғандарын қарап, студенттерге естірте). Міні, дұрыс. Орта Азия баспасының бетінде бұндай әсәрләр басылса дұрыс. Кеңес баспасына лайықты реальный шырық. Көп суретшілер не істейді? Шикари, паранжы, минарет. Буржуазный Еуропаның обыватель воображениесі14 керек қылған экзотика шырқын суреттейді...

Суретші әйел. Сіз маған дүниені тануға көп жәрдем етесіз, Жәлел Жафарович! Ж ә л е л. Айя, сіз бен біз нашар союзник боламыз. (Қолтығынан алып ) Сол үшін сіз маған редакциядағы ортақлардың жаңалық секреттерін айтыңыз. Мен олардың бәрін білем ғой. Жүріңіз... (Артына бұрылыңқырап.) Ә, мына студентті салдыңыз ба? (Күледі. Оспанов теріс қарайды, Темірбековке де теріс қара деп, теріс қаратады.) Суретші әйел (күліп). Жоқ, салдырмады... чудак. Қош болыңыз, студент (Оспанов саусағының үшін сілтейді. Кетеді.)

5-көрініс

Темірбеков (бұрылып отырған қалпында күліп). Бұ не бұйрығың? (Оспанов тез бұрылып, палауды өзі соғып жатады.) Енді қашан... Бұрылуға бола ма, жоқ па?

Оспанов (өтірік кейіген болып). Тұра тұрмайсың ба, түрсіз. Кетсін... Темірбеков (бұрылады, палау желініп қойған). Бұның нең, әлгілерге неге олай істейсің?

Оспанов. Е, сүйкімсіз кісілер... Жақсы жігіт болмай-ақ қоям соларға.
Темірбеков. Мына Жәлел де ғылым қызметкері ғой.

Оспанов. Иә, Бейсенов те солай. Сонымен ашына жай көрінеді... Кешегі саясат құрған алашорда бүгін ғылымдағы алашорда болған ғой...

Темірбеков. Ә, институттарды торыған бөрілер дейсің ғой.

Оспанов. Мен олардың "ғылымым, табысым, еңбегім" дегеніне табынғым келмейді. Искренный ісі жоқ. Қай саланы ұстаса да, пұшпағынан ұстап бір үңгірге тартады (Күліп.) Сондықтан мен кейбіреулерімен кездескенде әдейі шаптарына от тастап қоям. Тулататын сөздермен!.. Темірбеков. Мәселе сөз дегенде емес. Оған мәз болма енді, істе кездесуге тура келер. Мен сені әдейі Есенге ертіп барып сөйлескелі келдім.

Оспанов. Немене, мен онда қызметте жоқпын ғой...

Темірбеков. Жоқ, болсаң енді боласың. Біз басқа ВУЗ-дарды бітірген, бітіруге айналған комсомол, партейцтер активін жаңа институт айналасына тартпасақ болмайды...

О с п а н о в. Е, хасеновшілер де қыбырлай бастады ма?

Темірбеков. Қыбырласын-қыбырламасын, бәрібір қам керек. Жүре сөйлесеміз... жүр... Оспанов. Жүр (Тұрып қамданысады. Оспанов жүріп бара жатады. Аяғында галифе шалбарына киген шебелет.)

Темірбеков. Ой, мынауың не? Етігің қайда?

О с п а н о в. Е, жүре бермейсің бе, бас-аяғыма қарап, түрсіз, сені қатындыққа алғалы тұрған кісі ме мен... Темірбеков (тоқта). Өй, безобразие мынауың... етік қайда дейім? (Пауза.) Айт!.. Оспанов (тоқтап). Етік пе, етік қазір (Шайханашыға қарап, көзін қысып.) Ташмат ака, екеумізде шын обороттағы капитал!.. (Саусақтарын айналдырып.) Товар — ақша, ақша — товар... Палау — етік, етік — палау... (Екеуі де күліседі.) Темірбеков. Тағы да ма... Түу, без-з-образие!.. Жарайды, бітсін енді бұл. Білдің бе, соңғы рет. Немене елге, жұртқа күлкі боп (Шайханашыны шақырып aп, ақша беріп, етікті әпереді.) Оспанов (киіп жатып, кекетіп). Сонғы рет... Құдды мен ішіп қойған кісі... Кінәлі мен деп білесің бе?

Темірбеков. Енді кім?

Оспанов. Стипендия жібермейді. Наркомпрос, түрсіз! (Күліседі. Шығып кетеді.)

Шымылдық.

ЕКІНШІ СУРЕТ

Сахна екі бөлме. Оң жақтағысы — партячейка хатшысы Есеннің кабинеті. Екіншісінде — жастар ұйымының хатшысы Малдыбаев. Бөлмелер арасында есік. Бұдан басқа екеуінен сыртқа шығатын есіктер де бар. Қабырғаларда көсемдердің суреттері. Уақиға екеуінде кезек-кезек. Жарық та солай өшіп отырады. Әуелде Есен бөлмесінде жарық жоқ. Малдыбаев өз бөлмесіне келіп, қатуланған жүзбен қағаздарына түйіледі. Аздан соң Әбіш Жантеміров кіреді.

1-көрініс

Ә б і ш. Не хабарлар?
М а л д ы б а е в. Ә, Әбеке, бұнда біраз әңгіме бар. Отыр.
Ә б і ш. Қош (Отырмайды. Үстелге етбетінен артыла жатады.)

М а л д ы б а е в (ақырындау). Жаңа Темірбеков пен Есен оқушылардың барлығын қайта қарастырып шығамыз. Приемда арамсирақтар толыпты деген әңгіме шығарып отыр.

Ә б і ш. Өздері бастай ма, нұсқау бар дей ме?

М а л д ы б а е в. Кіндіктен қағаз бар дейді. Бірақ мәселе онда емес. Темірбековке бір белсенділік көрсетіп көрінуі керек сияқты.

Ә б і ш. Себебін, дәлелдерін айта ма?

М а л д ы б а е в. Сөйлес, айтар өзіңе.Тегі Темірбековтен мұндай іске бөгет шықпаса, көмек шықпайды. Ә б і ш. Шұғыл байлау жасамай тұра тұр. Аңысын андау керек шығар. Қорытынды жасауға ертерек. Бұл сондай мәселе емес пе?

М а л д ы б а е в. Е, ол рас қой. Мен де қарсымын дегенім жоқ.
Ә б і ш. Иә, ол солай, ортақ15, өзгелері не дер екен? Ашылады ғой.
Малдыбаев. Өзіңнің пікірің қалай? (Күледі.)
Ә б і ш. Ойлану керек. Жеңіл мәселе емес (Лала кіреді.)

2-көрініс

Ә б і ш (шұғыл бұрылып, салғырттау әзілқой пішінмен). Ә-ә... мархаба... мархаба16 (Екі қолымен орындықты көрсетеді.) Мүсілім ұзатып салды ма бұл жерге шейін, жоқ жападан жалғыз өзіңіз келдіңіз бе, әлде тағы да (Бәрі күліседі.)

Л а л а. Қо-ойыңызшы, Әбіш! Қоймайды екенсіз тіпті бір нәрсені.
Ә б і ш. Е-е, ұзатып келетіні бекер ме еді? Соны ғана айтам, ортағым Лала.
М а л д ы б а е в. Ұзатса не айыбы бар екен. Даулассаңызшы, Лала!..
Ә б і ш. Әлбетте, әлбетте... Келсе ере келген өзінің ері.

Л а л а. Бүйте берсеңіз мен ренжимін сізге, Әбіш. Шын айтам. Немене сіз мені преследовать ете бересіз17? Ә б і ш (Күліп, құбылып, Лаланың алдына иіліп, көзіне қарап). Алла сақтасын, олай демеңіз. Преследовать деген үлкен ғайып, біраз кемітуіңізге болмас па екен? (Күледі.) Л а л а (Қоса күліп, еркеленіп). Болмайды... болмайды... Айыптысыз. Кешірім жоқ (Түрекеліп жақындап.) Білесіз бе? Ә б і ш (Жарыса, түсін салқындатып). Сіз комсомол кандидатысыз. Партиялық жолдасымыз барабарында. Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды. Біз кейбір сондай жайларды айтуға мәжбүрміз де, ортағым... (Арқасымен Малдыбаевты тасалап, Лаланың бояулы ерінін нұсқап.) Мәселен... мәселен... (Жөткіреді.) Айнаңызды алып қараңызшы!

Л а л а (Қырланып). Вы опять за старое?18 Ә б і ш. Ну, возможно ли?19 Айтпап па едім, қазір партия мен комсомолдың біріккен жиналысы (Лала айналып кетіп, айнасына қарап, ерінін сүртіп жатады. Әбіш теріс айналып, ақырын сылқ-сылқ күледі.) Л а л а (Қайта айналып). Әбіш, мен сізбен сөйлеспекші едім (Әбіш салқындау жүзбен айналып, Малдыбаев қасына барып ақырын сөйлесіп тұрады. Бір қағаздарды бірге қарасады. Лала дал болып тұрып, төменшіктеп басылып қалады. Бөлмеге екі-үш комсомол кіреді. Малдыбаевқа жақындайды. Бұл бөлмеде жарық өшеді. Есен бөлмесі.)

3-көрініс

Бөлмеде Есен, Темірбеков, Оспанов қағаз қарасып отыр. Осында директор Сыдық кіреді. Сұр костемі бар, ақ жағалы, салмақты, нығыз. Отырғандар орындарынан тұрып қол беріседі.

С ы д ы қ. Наркомпростың кешегі қағазы не?
Есен. Мінеки, Темірбековте, оқып танысарсың! (Темірбеков үндемей ұсынады.)
С ы д ы қ. Не дейді бұлар?

Е с е н. Оқушылардың составын тыңнан анықтап зерттеңдер дейді. Қолайсыз болса іріктеңдер дейді. С ы д ы қ (кекетіп). Жарайды. Барлығы Қазақстан ағарту орындарына келсе, жаңа ғана аз-мұздап оқушы санын құрап іске кірісіп отырсақ, енді тағы қиқы-жиқы қылмақ қой.

Е с е н. Оқып шықсаңшы, сөйлесерміз!..

С ы д ы қ. Бір тәуір істі тұтасымен тәуір қылып істеп шығу мүмкін бе? Не қылса да бір жерін бірдеме қылып былықтырып, қиралаңға салу керек қой... Ниеті тазарту жүргізбек шығар?! Т е м і р б е к о в. Оны дәлді айтпапты, бірақ сондай қорытынды шығаруға болады. С ы д ы қ. Жо-о-қ. Ондай қорытынды шығарылмайды. Бұл ВУЗ совпартшколы емес! Мұны да әлденеге ұқсатып, ертең "анау бай баласы, мынау ақсүйек баласы" деп, оқушылар бірін-бірі көрсетіп, пәле-жала жауғызсын дейді ғой... Бірінің үстінен бірі. Біздің бастауыш, орта мектептер ең алдымен сондай тәрбиеге үйрететін оқушыларын... О с п а н о в (Темірбековті салып қалып). Апырай, бұл ВУЗ дегенің осындай қасиеті болады екен-ау. Бұ жарықтық?

С ы д ы қ (Тітірейіп). Е, не бопты?..

О с п а н о в. Жоға, дейім-ау... (Темірбековке) Директор жолдастың айтуынша, бұрын рауи сайтан әке-шешеміз болыс, би бола қалған болса, енді бәрі салауат екен ғой... Мұнда келген соң тегі арылады екеміз ғой багаж пәлесінен? Бұл, ВУЗ атмосферасы деген осы екен-ау, тегі (Темірбековті түртіп.) Солай ма, ей, айтсаңшы сен, түрсіз?! С ы д ы қ. Иә, атмосфера болса сол, бәсе... ВУЗ ең алдымен тос табандаған еңбек, талап, ілім іздеу атмосферасын жасап алсын. Сайлау басы, штат таласына мұны айналдырмау керек. Т е м і р б е к о в. Бұның бәрі артық сөз емес пе? Тазарту керек болса, ол партияның нұсқаған бағытынан кеңес тәрбиесінің көздеген мақсұтынан тумай ма? С ы д ы қ. Орыс ВУЗ-ындағы тәжірибені бізге қолдану түгіл, әзір сөйлеуге де ерте. Оны істеуден бұрын әуелі ВУЗ тұрғызып, соны 5-10 жыл жасатып, жетілтіп ал.

Е с е н. Әуелі оқып таныс. Пікір алдысармыз.

С ы д ы қ. Бұны даурықтырып жарияламаңдар... Мен крайком, культпрофқа, Наркомпросқа хат жазып анықтаймын, шешемін. Е с е н. Біз мұны партия ячейкасында талқылаймыз. Коллектив қорытындысы содан кейін белгілі болады...

С ы д ы қ. Ә, солай дейсің бе?.. (Пауза.)
Бірнеше шәкірттер кіреді. Жарық өшеді. Малдыбаев бөлмесіне ауысады.

4-көрініс

Бұрынғы үшеуі.
Ә б і ш (Лалаға). Менде жұмысым бар дедіңіз бе?

JІ а л а. Иә, мен сізбен әлгі Мүсілімнің інісін стипендияға алу туралы сөйлеспекші едім (Есік ашылады. "Ә-ә, мұнда екен ғой" деген дауыстардан соң Батырша, Сейткерей, Сабыр кіреді. Күлісіп, жайраңдасып келеді. Бәрінде де көзілдірік.)

Ә б і ш (Лаладан сырт айнала беріп). Қазір...
JІ а л а. Әбіш, тыңдап бітірсеңізші!

Ә б і ш (Лалаға). Сабыр, ортағым, сабыр (Келгендерге күліп.) Қош келіпсіздер, комсомол жолдастар (Тегіс күліседі.) Б а т ы р ш а (көзілдірігі арқылы сүзе қарап). Әй, Сейткерей-ай, қылдың-ау сен-ақ! Айтпап па ем комсомолдар үйіне қайдан барам деп (Малдыбаевты көрсетіп.) Тек мына Иса отырған соң ғана келдім. Әйтпесе Темірбеков отырсыншы... осы үймен үйірлігім жоқ тіпті, үйір болмаймын да және (Күліседі.) С е й т к е р е й (ақсиып күліп, Малдыбаев пен Әбішке төніп). Бұл кісі баяғы жасым өтіп кетті, маған не қылады, кәрі өтіп жатқан жоқ дейді ғой, байқаймысың, Иса! (Батыршаға Есен бөлмесін көрсетіп.) Мынау үйге қалайсыз? Кәне, шыныңызды айтып көріңізші ол туралы (Күліседі.)

М а л д ы б а е в. Иә, айтқан соң ол үй туралы да айтыңыз... Б а т ы р ш а. Жо-о-қ, айтпайым ол үй туралы (Күлісіп.) Сендер пәлеге итересіңдер-ау кісіні. Қалайсыңдар өздерің? Ә б і ш (монтансып күліп). Әлгі бір сөзіңізді біз ғана естиік-ау, тегі (Ақырын күледі.)

Б а т ы р ш а. Қарашы тіпті бұлармен қалжыңдауға да болмайды... С е й т к е р е й (жүзін томсартып Исаға). Жә! Әлгі соңғы бес баланы не қып сандалтып қойдыңдар, қарағым-ау? М а л д ы б а е в (Есен бөлмесін көрсетіп). Шешпей отырған мына жақ. Жаңа да сөйлестім, кейін-кейін деседі.

С е й т к е р е й. Бұ не өзі?

Ә б і ш. Олар жайы басқа бір тыңдау әңгімемен қосылатын көрінеді. (Қатар бөлмені көрсетіп.) Бұл жақта анықтау керек. Мен білейінші сол жайларды (Есен бөлмесіне қарай басады.)

С а б ы p. Жүріңдер, біз де барайық (Жорта күледі.)
Б а т ы р ш а. Е, сенің не ақың бар онда, қалай осының өзі?

С а б ы p. Маған еріңдер, жүріңдер... (Иса барлығы Есен бөлмесіне кіреді. Лала Әбішті бөгеп қалады. )

Л а л а. Әбіш, маған не айтасыз? Тыңдағыңыз келмей ме мені, немене? Ә б і ш (күліп жіберіп, жылы ұшырап). Мыналар әңгімесімен бірге шешіледі ғой. Апырай, маған дегенде ылғи өкпеңізді қолыңызға ұстап тұрасыз-ау... Л а л а (өңі жылынып). Білесіз бе, өкпелемеймін ғой мен сізге (Бір нәрсе дәметкендей жақындай береді.) Ә б і ш (шұғыл салқындап, бұрылып). Қайыр, әзірше! (Лала оңашада тұтанып, қиналып қалады. Бұнда жарық өшеді. Есен бөлмесінде.)

5-көрініс

С е й т к е р е й (Есенге келіп). Шырақтарым-ау, әлгі бір бес баланың әңгімесін неге шешпейсіңдер?

Т е м і р б е к о в. Шешілмес дейсіз бе? Шешілер, неге асықтыңыз? С е й т к е р е й. Жақсы ғой олай жұбату. Сол баланың бірі менің үйімде жатыр. Оның фамилиясы Ниязов болғаны болмаса менің жақын інім емес. Алмасаңдар айтыңдар. Мен қайтарамын. Бірақ естеріңде болсын, ол да, ана басқа төртеуі де өте жақсы оқиды. Зейінді балалар.

Ә б і ш. Иә, бәрінің де әзірлігі жақсы, шетінен зерек балалар көрінеді. М а л д ы б а е в. Оқытушы орыс профессорларының да олар туралы отзывы жақсы.

Т е м і р б е к о в. Әрине, ол солай болады ғой...

С е й т к е р е й. Құдайдың құдіреті-ау, бұл енді не әуре? Біресе бала табылмайды. Зейінді, жақсы дайындалған балалар табылса, сынықты сылтау қылады? Т е м і р б е к о в. Сейткерей ағайдың інісі болса, әрине, жақсы дайындалған болар (Күледі. Қадиша кіріп отырады.) С е й т к е р е й (қатайып). Е, қарағым, дертің сол болса, айта отырсаңшы сүйтіп. Мен ВУЗ-ға оқытушы болсам, ол менің туысқандарымның стипендияға, мектепке алынбауына себеп болса, ол бір жақсы тәртіп қой. Тегі... Жалпы тәртіп бойынша ғылым қызметкерлерінің балалары жұмысшы балаларымен қатарға жуық алынады. Б а т ы р ш а. Орыс ВУЗ-дарының тәртібі сол. Бұл, тегі, бәрімізге тиетін әңгіме. Ашып айтыңдар. Сондағы жол қалай болмақ өзі? С е й т к е р е й. Егер бәріңнің пікірің осы болса, мен онда бұл мәселені кіндіктің, Наркомпростың алдына қоятын боламын. Әйтпесе бұл не өзі? Тегі, бізге қызмет істеу мүмкін бе, жоқ па деген әңгіме келеді ғой түбінде... Сөздің шынын айту керек қой. Б а т ы р ш а. Рас. Баламыз, інімізді оқытуға бөгет жоқ деп жүрміз. Көріңіздерші, орыстың профессорларын! Кімін аласың. қаніки! Өз баласы былай тұрсын, айта берсең қатыныңның барлық жақындары да солардың атымен оқиды. Ал, кім еді олар? Бәрі де кешегі орыстың ақсүйектері, черносотенцы, айта берсең...20

С а б ы р. Ал, дауласыңдаршы Батырша ағаймен.

Е с е н. Дауласпай-ақ қояйық. Сіздер үйіп-төгіп талайды айтып жатырсыздар. Бірақ мәселе бұл арада ғана шешіле қалмайды.

С е й т к е р е й. Енді қашан шешіледі, қайда шешіледі?
Е с е н. Шешілгенше әзірше оқи берсін...

С ы д ы қ. Оқи берсін де әзірше. Түбінде жақсы оқитын нәрлі оқушылар қаңғырып қалмайды ғой. Қалдырмайды. Тегі, бұл алғашқы наборымыз дайындық жағынан жаман емес. Орыс профессорлары тегіс мақтайды.

Ә б і ш. Бәрінің де оқуға талабы, құмарлығы ерекше. Жігіт тегіс... Б а т ы р ш а. Е, ол солай болу керек қой. Қазақтан ой қызметіне табанды, зейінді елі жоқ қой түріктің. Әлі көрерсің, 4-5 жылда осының көбі ғылым қызметкері боп шығады.

М а л д ы б а е в. 4-5 демейік, 10 жыл дейікші.

Б а т ы р ш а. Жоқ, тіпті бес те жетеді. Болады бәрі де ғылым адамы. Солай деп миландыра беріңдер қайта... С ы д ы қ. Рас, сенімін өсіріп отыру керек. Әйтеуір Қазақстанның бүгінгі барлық ісінің осыдан үлкен игілігі жоқ. Осы істің бірде-бір керегіне жарағанымыз өзімізге зор жұбаныш, зор мақтан. Б а т ы р ш а. Рас, 7-8 жылдың ішінде қазақта да ВУЗ туып үлгірді. Бұдан артық не тілейміз революциядан... Ә б і ш (күліп). Өздеріңізше жақсы-ау, бірақ осы "қазақ, қазақ" дей беретініңізді қайтсек екен? Өзіңіз мақұлдаған революцияның бірден-бір негізі интернационализм екенін байқамай кететініңізді қайтеміз? Б а т ы р ш а. Онысын өздерің қоса бересің ғой (Күліседі.) Әй, сендер тіпті болмайды екенсіңдер.

С е й т к е р е й. Ылғи кісіден сығып аласыңдар да отырасың деңіз (Күледі.) М а л д ы б а е в. Неге, наоборот, біз сығып алмай, өздеріңіз айтатын болыңыздар...

Б а т ы р ш а. Әй, білмеймін, қарағым, айттым ғой мен әйтеуір...
Ә б і ш. Әй, жарықтық-ай, баса алмайсыз да тұрасыз-ау...
С е й т к е р е й. Иә, кібіртіктеп мұз басатындай болып (Күліседі.)
Ә б і ш. Сабыр не дер еді? (Сабырға.) Қане, сөйлесеңші?

С а б ы р. Мен бе?
Б а т ы р ш а. Иә, сен, қане, жассың ғой, сен айтшы...

С а б ы р (салмақпен). Мен айтсам шынымды айтам. Оқыса қазақ оқысын. Өзгенің қамын жеп не жыным бар (Өзгелермен бірге күліп.) Мен коммунист емеспін: анда-санда қазаққа деп тиген бір болымсыз сыбаға болса соны да бұйырыңыз деп үлкен ауылға ұсынбаса тамағынан ас өтпейтін.

Б а т ы р ш а. Ақырын-ақырын, сен тіпті ұзап кеттің ғой...
Ә б і ш. Бұл болса сөйтеді. Тегі, осыдан бойыңызды аулаққа салыңыз.

С е й т к е р е й (күліп). Рас, осының отына күйем бір күні. Жолдастар, міне айтқаным, мыналарыңнан аулақпыз. Емдеңдер осыны, қарашы айтып отырғанын! Б а т ы р ш а. Мынау құбыжық екен. Мен кеттім мынадан. Ал, міне, куә болыңдар...

Ә б і ш. Үрікті ғой мына кісілер шетінен сенен (Күліседі.) С а б ы р (қалжақтап). Үндеме, біздің өзара саясатымыз қандай екенін қайдан білесің. Бұл кісілер солай дұспан көзі қылмаса болмайды. Рөлім солай (Бәрі күліседі.)

С ы д ы қ (күліп, Батыршаға). Ал, енді қайттыңыз...

Б а т ы р ш а. Япырай, мынау не деген күйелі көсе еді. Мен білмеймін, танымаймын бұл Ақмола, Семейіңді... Мұның тілін мына Сейткерей біледі. С е й т к е р е й (күліп). Жарайды... жарайды (Сабырға.) Ал мына кісі үйтетін болса, тағы не десіп едіңдер. Шығар бәрін де... (Сабыр ақырын күле береді.)

Т е м і р б е к о в (сағатына қарап, Есенге). Жә, жиылыс бола ма, жоқ па?
Б а т ы р ш а. Әй, мыналардың жиылысы бар екен ғой, кетпейсіңдер ме?
С е й т к е р е й. Иә, кету керек...

О с п а н о в (кекетіп). Жоқ, кетіп қайтесіздер... (Қадишаға жауырынын қисаңдатып қалжақтап.) Тілеуің бергілер, мәз қып тастады-ау өзімізді күлдіріп (Қадишаға.) Солай ма... менің арқамда өркешің өсіп қалмады ма екен... байқашы... (Сейткерейлер қозғалады.) Жо-жо... кетпеңіз... (Қадишалар күледі.) С а б ы р (Сейткерейлерге өтірік түсін суытып). Кеткен несі? Отырыңдар, әңгімелесейік, қайда барасыңдар?.. О с п а н о в. Бәсе, бәсе, оңаша сөздері болса шығып кетіп сөйлессін өздері, әйтпесе неменесі бар? Сөйлесе 162 берсін осында. Солай дейсіз ғой... (Жұрт күлед. Сейткерейлер кете береді.) Отырың... отырыңыз... (Аналар шығып бара жатқанда.) Е, түр... түр... түріңіз жоқ (Ұйымсыздар кетеді.)

С ы д ы қ (Есенге). Мен біраздан соң келемін, бастай беріңдер (Кетеді.)

6-көрініс

Қалғандар.

Қ а д и ш а. Жиылысқа ана жақтан келіп отырғандар да бар ғой, мұнда сыймаспыз. М а л д ы б а е в (шығуға ыңғайланып). Рас, со жақта босын, мен қазір сонда келемін (Кетеді. Оспанов, Темірбеков, Қадиша да кетеді. Есен, Әбіш артта кетіп бара жатқанда Гуля мен Рақыш кіреді.)

7-көрініс

Г у л я (Әбішке). Ә, сен мұнда екенсің, біз іздеп жүрміз.

Ә б і ш (Рақышты Есенмен таныстырады). Мынау Рақыш, танысыңдар. Мына Гуляның жақыны. Менің бір жақсы оқитын балдызым (Рақыш жақсы киінген, сұлу, әдеппен амандасады.)

Е с е н. Рақыш туралы естіп едім...
Г у л я. Иә, анада мен айтқан едім ғой.
Е с е н. Гуля, бұл кісі сіздің жақын туысқаныңыз ба?
Г у л я. Неше ата болса жақын дер едіңіз? (Күліп.) Рақыш неше ата едің?

Р а қ ы ш (күліп). Білмейім, бірқатар бар шығар.

Е с е н. Япырай, атаны мен айтқан жоқ едім. Өз воображениеңізбен қосып ап, маған күлесіз-ау. Міне, коварство...21 (Бәрі күліседі.) Жарайды, әйтеуір ескілікті сөккеніңіз ғой. Арыла берейік сөйтіп ескіліктен...

Г у л я (күліп). Бәлі... ниетіңіз дұрыс-ақ, қадамыңыз қайырлы болсын! Е с е н. Жалғыз менікі емес, сіздікі қоса қайырлы болсын! Мен Рақыштың туысқандығы жақын ба, подругалығы жақын ба дегенді ғана сұрамақ едім.

Р а қ ы ш. Сол соңғысы жақын.
Е с е н. Ә-ә, дұрыс, қалай, жақсы орналастыңыз ба?
Р а қ ы ш. Рахмет, әзірше теріс емес.

Ә б і ш (Рақышқа). Мінеки, осымен ашна болдыңыз. Енді ағалардан жәрдем керек болса, осылайша келіп тұрасыз, кенайы...22

Р а қ ы ш. Не дейсіз, ұқпадым... Өзбек боп кеткенсіз бе өзіңіз, қалайсыз? Ә б і ш. Аллаға шүкір, өзләрі әм шұндақ болса ғажап түгіл, кенайы Рақыш! (Күліседі.) Г у л я (Әбішке). Біз саған келген едік. Біразырақ шаруа бар. Мойын бұрсаңыз не етер екен?

Е с е н. Бәсе, неге келдің, не жөнің бар деп сұрамас па, тіпті.... Г у л я. Дәрежелеріңізге қарай нығыздық болады ғой сіздердің бәріңізде де... Тек сізді бір мықтап қолға алатын келін табылса екен.

Ә б і ш. Сүйт, сүйтіп өшіңді ал Есеннен.

Е с е н. Сүйтіп бір көрсеңізші, Гуля, бірақ сол күнде де кім жеңері екі талай! (Күліседі.)

Г у л я (Әбішке). Қане, жолдас, мүмкін бе екен сізді?

Ә б і ш (тағызым етіп). Алдияр ханым! (Күлісіп Рақыш, Әбіш, Гуля бір кетеді. Есен шыға бергенде Темірбеков, Оспанов, Қадиша қайта кіреді.)

8-көрініс

Е с е н (тұрған бойында). Жә, жолдастар, желдер қай жақтардан қалай-қалай еседі?.. Мен әдейі бүгін сендер көлемін көре түссін деп қарсы ескем жоқ! Ал, осындай құйындарға қарсы дайын ба біздің парустар!?

О с п а н о в. Иә, бұл кемешілер тілінде открытое плавание.

Қ а д и ш а. Таң емес... Сыдық Хасенов директор, содан бәрі шешіледі. Хасеновшілдік бұнда да ұяламақ... Т е м і р б е к о в. Ол ғана болмас әлі, одан көрі тереңірек қарау қажет шығар... Е с е н. Рас... Түп тамырына шейін көрінсін, сондықтан өлі де біз бұның өрістегенін көре тұрайық... Бірақ тартыс басталды... енді төрт көзді түгел тігіңдер.

Т е м і р б е к о в і Рас, рас.
Қ а д и ш а

Е с е н. Ал, жиналысқа жүріңдер (Ана үшеуі шығып кетеді. Есен бөгеліп қалады. Шам өшеді.)

9-көрініс

Малдыбаев бөлмесіне жарық түседі. Мүсілім, Лала кіреді.
М ү с і л і м. Мынау қайда? Жоқ қой.

Л а л а. Тоса тұрайық... келер (Есен шығады. Мүсілім, Лала екі жағынан жалпылдап, жағына келіп қол беріседі.)

М ү с і л і м. Біз сені, сізді көрмекші едік...
Е с е н. Иә, не айтасыз?

М ү с і л і м. Менің осында бір ағайыным бар ғой. Көпжасаров ол да. Соны стипендияға алғызуларыңызды сұрмақпыз... Өз әке-шешесі кедей... Л а л а (Мүсілімнің соңғы сөздерімен жарыса). Біздің пәтеріміз тар ғой. Өзіңіз білесіз.. бізде тұруына мүмкін емес.

М ү с і л і м (жарыса). Барар жері тағы жоқ. Өте қиын боп тұрғаны.
Л а л а. Тіпті қиын боп тұр.
Е с е н (Лалаға). Сіз қазір комсомолдар жиылысына бармайсыз ба?
Л а л а. Е, иә, әрине... барам ғой... барам.

Е с е н. Е, барсаңыз сонда сөйлесерміз... Қазір асығыс.
Л а л а. Жақсы, жақсы...
М ү с і л і м. Лелечка! Сенің әлі собранияң бар ма еді.
Л а л а (құбылып). Ну да, конечно! (Қырынан қарап.) Я же говорила тебе?

М ү с і л і м. Қашан айттың?

Л а л а (қабағын шытып). Ну вот еще! Тағы бір нәрсе айтарсың? (Есенге күледі.) Қайда баратынның бәрін міндетті ме айта беруге мен саған?

Е с е н. Бәсе, десеңізші (Жүре береді.) Л а л а. Ну, идемте, олай болса! (Артынан ере береді. Есен кеткеннен кейін Мүсілімге бұрылып, ашумен жерді теуіп қалып.) Только и знаешь ставить в неловкое положение, что подумает?.. А еще претендует кого-то разыгрывать из себя!23 М ү с і л і м (өңі қуарып сасқалақтап). Ну, Лялечка, Лялечка! (Лала тілін шығарып ашумен мазақ қып, шұғыл бұрылып, есікті тарс беріп жауып шығып кетеді. Мүсілім аңырып, күрсініп тұрып қалады.)

Ш ы м ы л д ы қ.

ҮШІНШІ СУРЕТ

Сыдықтың пәтеріндегі кабинеті. Аздаған кітаптар. Салмақпен тартқан пианино даусы естіліп тұрады, күй "Елім-ау". Есік қағылады.

1-көрініс

С ы д ы қ. Кіріңіз. (Малдыбаев.) Есенбісің, Иса! (Тұрып, қолын береді.)
М а л д ы б а е в. Мен бірер мәселе туралы сізбен пікір алысайын деп келем.
С ы д ы қ (қасына отырып). Иә, алысайық. Не туралы?

М а л д ы б а е в. Әңгіме мына Есен мен Темірбековтер көтеріп жүрген мәселе туралы. С ы д ы қ. Иә, қош (Малдыбаевтың иығынан ұстап.) Рас, менің алдын ала айтып қоятыным: қазір бір бармақ жерім бар. Қазір қысқаша ғана сөйлесейік, кейін бұл туралы мен сенімен толық сөйлесемін. Иә, айта бер... М а л д ы б а е в. Олар бұл күнде мәселені тереңдетіп барады. Биылғы институт наборын қайта сұрыптау, алынғанның бірталайын шығару дегенді бір айтып еді...

С ы д ы қ. Иә, енді тағы не дейді?

М а л д ы б а е в. Енді осындағы басқа ВУЗ-дар да, мынадай — барлығында тазарту жүргізуді қажет дегенді сөйлейтін бопты.

С ы д ы қ. Жастар көпшілігі қалай қарайды бұған? Өздерің не ойлайсыңдар?
М а л д ы б а е в. Бізше кіндік осыны қажет деп білсе бір басқа!

С ы д ы қ. Кіндікке дұрысы мынау болу керек дегенді айтамыз ғой... Өздерің не дейсіңдер, соны айтшы? М а л д ы б а е в. Бізге сіз бет нұсқасаңыз деп ем. Дирекцияның бағыты қалай болады? Соны білу керек еді? С ы д ы қ. Сендерге бет нұсқаудан бұрын әуелі өздеріңнің көзқарас, оценкаңды білу керек емес пе? Айтып көрші, кәніки? М а л д ы б а е в. Меніңше, қайдан да болса оқушының басын құрау керек болғанда, мынау орынсыз сияқты. Өнерлі елге босқа еліктеу. Орыс істесе саны мол. Жұмысшы жастар бізде тегі жоқ. Одан басқаның бірінен бірінде қаншалық зор айырмасы бар? Тәрбие мен оқыту, баулумен барып бәрінің де бағыты, пікірі өзгереді, түзеледі емес пе? С ы д ы қ. Міне, мұның негізі, дұрыс пікір. Әрқашан жұмысшының өзінен де жұмысшы маскасын киген қызыл болады. Шын төңкерісшілден де сол төңкерісшіл болып көрінем дейтін езу жыртқыш алып-қашпалар қызылырақ болады. Оңай жол сол жол. Бірақ бұл әсіре қызылдықта шындық жоқ. Алғашқы — ауыр жол. Ауыр да болса өнімді жол. Шын төңкерісшілердің өрісті, мағыналы жолы сол. М а л д ы б а е в. Рас айтасыз. Біз мұны өзіміздің айналамыздан да көріп отырмыз. С ы д ы қ. Сен сол жаңағы айтқан жолыңды ұстан. Дирекцияның бағыты да сол болады.

М а л д ы б а е в. Дұрыс. Маған осындай бір анықтық керек еді. С ы д ы қ. Мынандай әңгімелерде өздеріңді көрсетіңдер. Үлгі болыңдар. Әсіресе қызыл болып жер сүзбеңдер... Бірақ анандай желікпелерге қарсы жастар күшін құрап алып, қорықпай қатты отпор беріңдер. Дұрыс па осы? Қалай дейсің? М а л д ы б а е в. Әбден дұрыс, менің өз ойым, сізге айтпағым да осы еді (Шығуға ыңғайланады.)

С ы д ы қ (тұрып). Ә, бұл туралы Әбішпен сөйлестің бе?
М а л д ы б а е в. Сөйлестім, бірақ еш нәрсені ашып айтқан жоқ.

С ы д ы қ. Менің пікірімді оған айтпай, өз сөзің қып сөйлеп, бетін аңғаршы. Ол өз позициясын ашпай жүр...

М а л д ы б а е в. Айтайын, бірақ сыр бермес... қу ғой. Ашпайтын сияқты. С ы д ы қ. Ашпас, ашпас... Әйтсе де жаңағыдай ашық қойып көр. Содан отношениесі анықталады.

М а л д ы б а е в. Жарайды (Кетіп бара жатады.) С ы д ы қ. Маған нәтижесін айтарсың... (Шығарып салады. Аздан соң Сүлейменов кіреді.)

2-көрініс

Сыдық Сүлейменовпен күліп, көңілді амандасады.
С ү л е й м е н о в. Малдыбаев келіп кетті ме сізге?
С ы д ы қ. Келді. Иә, бұны сендер қалай бағалайсыңдар?

С ү л е й м е н о в. Бұл бұрын біздің ұйымсыз жастарға жайсыз болған. Бірақ осы күнде түзелген боп жүр.

С ы д ы қ. Сендер құр алыстан үрке бермеңдер. Бұл қазір дұрыс сияқты.
С ү л е й м е н о в. Рас, бұл күнде тіпті ұлтшылдың ар жағында.
С ы д ы қ (күліп). Ұлтшылдың ар жағында дейсің, өздерің қай жағындасыңдар?

С ү л е й м е н о в. Мен сізге шынымды айтам. Өзгемен олай сөйлеспес ем. Айтайын айт десеңіз. С ы д ы қ (күліп). Айтшы, кәні, саясатқа бәрің төселгенсің-ау. Кесеспей сөйлеспейсің.

С ү л е й м е н о в (күліп). Солаймыз, оның рас.
С ы д ы қ. Ал, кәні, айтшы шыныңды...

С ү л е й м е н о в. Шынымқысқа! Бір-ақ сөз: ұлтшылмын және біздің дәуірімізде бұл тарихы жағынан даусыз қажет. Ел оны керексіз қылатын дәрежеге жетсе, сонда ұлтшылдық керек емес десек дерміз. Бірақ бұл күнде оны тастауға ерте!.. С ы д ы қ. Неге ерте? Бүгінгі системаның уақытында біз залалды дейміз ұлтшылдықты, оған не дейсіндер? С ү л е й м е н о в. Ел надан. Шаруасы іргесіз. Даласында заттан құрылған мәдениет жоқ. Өзгенің бәрінен таяқ жейді. Барлық көршісінің артында қалған. Бұны жетілтеді деген орыс еңбекшілері болса, оның көпшілігі өз бойындағы осындай ұлттарға арналған зоологическая ненавистьті өлі жеңіп болған жоқ. Сенбейді. Жиіркенеді. Жек көреді әуелі. Сүйтіп тұрғанда бізге не бопты? Біз ұлтшылдықтың тамырын дәл осы жерге көмеміз (Күліседі.) Почва! С ы д ы қ. Жә! Айттың, айттың: Енді осы пікір қай ұлтшылдан жұқты? Бұны кім айтты? Соны да айт!

С ү л е й м е н о в (күліп). Өз пікірім, біреуге пәле жапқалы отырсыз ба? С ы д ы қ. Есіңде болсын. Мұндайды байқап айт. Жапқанда пәлені мықтап жабады. Онда сен былай қаласың. Осындағы Сейткерей, Батыршаларды басады. Сүлейменов. Жо-о, мен бұл айтқан кісілеріңізбен дәл мұндай сөйлескем жоқ (Күліседі.) С ы д ы қ. Екеуімен де ме? Қой, шыныңды айт! Мына сөздеріңнің төркінін танып отырмын. С ү л е й м е н о в. Ол кісілер саясатшымыз дейді. Сақ қой. Алыстан орағытқаны болмаса, дәл бұндай конкретный қорытындыны өздері айтпайды.

С ы д ы қ. Енді кім? Кімісімен сырласасың ұлтшылдардың?
С ү л е й м е н о в. Айтпаймын сізге.

С ы д ы қ (өтірік түсін суытып). Шын айтамысың? (Аз тым-тырыстан соң күліп.) Өзім айтайын ба кісінді?

С ү л е й м е н о в. Кәні, айтып көріңіз....

С ы д ы қ. Бұл Қарпықов Мақсұттың сөзі. Одан соң біздің Сабырдан да қосылған сөз бар. Сендерге жуықтайтын солар ғой. Сейткерей сақ. Батырша қу. Олар сендерден де коммунист, комсомолдарды жақсы көретін сияқты сырты... С ү л е й м е н о в. Бұныңыз рас болуға мүмкін. Бірақ меніңше, Батырша саясатты қазақшаға қулықпен байланыстырған адам. Сейткерей олай емес. Ана кісі қулық табысының көбін өз қамына жұмсай ма, басқаларға жұмсай ма, ол жерін білмеймін. Білу өте қиын. Бірақ біз ол кісіні уважать етеміз. Ал, Сейткерей коммунистердің қалына қызығады. Солардың орнында болып, өндіртіп іс істер ме еді деп ойлай ма дейім. Ол кісі талантты адам ғой. С ы д ы қ. Рас, мезгілінің жоқтығы болмаса, ірі адам ғой Сейткерей. Бірақ қалайда олардай атақты болмаса да, кейін өскен, кейін шыққан мына Мақсұт, Сабыр батым сияқты.

С ү л е й м е н о в. Ә-ә, солай деңіз. Біз өзіміз де солай бағалаймыз.
С ы д ы қ. Бізің кім? (Қадалып қарайды.)

С ү л е й м е н о в. Болад та осындай жастар... мені өзіңіз тори бересіз-ау. С ы д ы қ. Жоқ, торымаймын. Мына соңғы екеуін мақтағаныңды мен де ұнатам. Тегінде, айналаны жақсы танып, заман ғылымын жақсы біліп, үстіндегі қалды қатты сынау керек. Соның өзінен де туады жаңағы айтқаныңның қажеттігі... міне, шырағым, біздің сізге айтатын сыр.

С ү л е й м е н о в. Дұрыс. Жақсы айттыңыз...

Есік қағып Сабыр, Сейткерей, Жәлел кіреді. Сабыр Жәлел мен Сыдықты таныстырады.

3-көрініс

С а б ы р (Сүлейменовке қалжақтап). Саған не бар мұнда? Жүрісі қалай жаман-ей, мынаның өзінің? Ақырындап бір директив алғалы жүрмісің әлде! (Күліседі.)

С ү л е й м е н о в. Мына кісі қалай еді, япырай? (Жәлел күле береді.) С а б ы р (түсін өтірік суытып). Рас айтам. Үлкендер келгенде бала деген отырмас болар бүйтіп. Ендігәрі есіңде болсын. Қазір үйіңе қайт. Бар (Сүлейменов күліп түрегеледі.) Бар енді, отырма! Тымағың қайда еді?

С ү л е й м е н о в. Ал, кетпейім десем қайтесіз? (Қайта отырады.) С а б ы р (өтірік ашуланып). Не дейді мынау өзі? (Жабық есікті көрсетіп.) Мынада кім тұратынын білемісің? Қазір шақырайын Темірбеков пен Есенді. Сен бізбен мәжілістес болайын деген екенсің. Көрейін мен бұны (Жабық есікке қарай аяңдайды, аналар күледі. Сүлейменов күліп, шығып бара жатады.) Е, сүйтсеңші бағанадан бері (Күліседі. Сүлейменов кетеді.)

4-көрініс

С ы д ы қ. Бұл осындағы жастардың ішіндегі ең бір жақсысы.
С а б ы р. Уа, бұл ма, бұл маңдай жігіт болады...
Ж ә л е л. Олай болса неге қудыңыз, Сабыр әфенді.
С а б ы р. Е, сонда да барсың, бара тұрсын.

С ы д ы қ. Бұлар осы заманның өзінде өсіп, өзінде қалыптанған. Заманға ерсе де тұтасымен ереді. Ермей, елікпей қалса да тұтас, бүтін противоречениені ала жүрушілер боп қалады. Жаратылысы цельный.

Ж ә л е л (күліп). Сыдық әфенді, сіз диалектикамен дәлелдейсіз ғой бұны? С ы д ы қ. Диалектика емес. Өмір, тәжірибе, исторический процесс солай қылады. С е й т к е р е й. Е, сол тарихи процесс туралы толық шешу айтатын диалектика емес пе? Неге қашамыз? (Күледі.)

Ж ә л е л. Иә, диалектиканың ашық қостаушысы Сейткерей әфенді... С е й т к е р е й (қалжыңдап күліп, Сыдыққа қарап). Жоқ, біздікі кісі көлігіне қызығу ғой. Оны мына кісі айтсын (Күліседі.) С ы д ы қ. Шынды айтсақ, диалектиканы да жайдақтап шаба-шаба болдық, тоздырдық білем... Қолданбайтын жеріміз, аузына алмайтын кісіміз жоқ. Не жаны шыдасын (Күліседі.)

Ж ә л е л. Иә, диалектиканы аяуға болады. Бірақ обалы кімге дейік?
С е й т к е р е й. Кәні, өзіңіз айтыңызшы!

Ж ә л е л. Гегельден басқа (күліп) кім болсын! Сол қозғамаса әлі де бірер ғасыр аман тұрар ма еді?.. С е й т к е р е й (күліп). Сіз берірек келмейсіз, жырып бергеніңіз Гегель ғана болды (Қуланып күліп.) Ол баяғы себептің себебі сол деп терең қарағаныңыз шығар, солай түсінейік пе? (Мағыналы күлкімен. күліседі.) С а б ы p. Сыдық дұрыс айтады. Диалектика дегеніңді мен өзім толық білмеймін... Бірақ қалайда осы сөз де мағынасынан айырылып, баяғы "демагогика", "агитка" деген сөздермен барабар боп барады құлаққа... С ы д ы қ. Құр страсти разжигать етеді. Қойыңдаршы соны! Ә, Сүлейменовтер қалайда қызық мағыналы буын. Ж ә л е л (күліп). Ә, Сабыр әфенді олай түсінгісі келмейді. Оларды өзінен қуғанды тәуір көрсе керек.

С ы д ы қ. Е, бұлар алашорда ғой. Жұғыспай-ақ қойсын бұларға (Күліседі.) С е й т к е р е й. Жарайды, біздің маркамызды жапсырмай-ақ қойсын... Бірақ жаңағыдай жайды жақсы түсінгендер аз емес. Ішкі запросы үлкен жастар көбейіп қапты. Олар жалғыз ұйымсыздар ғана емес. ВУЗ-да оқитын комсомол, партия жастарының ішінде де бар. Қалайда культурное накопление көбейіп келеді. Бұл жағынан қарағанда біз сендердің өздеріңді де осы ретке қосамыз (Күліседі.) С а б ы p. Бізді тайдырса (күліп), орнымызды басатындар даярсыңдар, әйтеуір. Солардың бір тобы Сүлейменов сияқтылар болса, ол әлі алашорда атымен жүре тұрады... Біз неге құр кетейік! С ы д ы қ (тұжырып). Жарайды. Сен: "алашордашыл" бұрынғы алашорда өкіметінде ғана болушылар емес, бүгін туған баладан шығуына да мүмкін" деушілердің сөзін ақтайын дейсің ғой (Жәлел күледі.) Ж ә л е л. Сейткерей, Сабыр әфенділер, сіздерге орын босатуға тура келеді... Жастық сіздердің дарвазаңызды қағып, орын босатуыңызды сұрап тұр... Не айтасыз? (Күліседі.) Бізлерде әм солай...

С ы д ы қ. Иә, сіздерде қалай?

С а б ы p. Бұл кісілермен біздің әрбір қал, өрбір ісіміз қанаттас, іргелес екен ғой өзі! Тіпті бүгінгі институт қалы да қолмен қойғандай, бірдей... Латын, тіл, емле, термин, хатта Темірбековтері де өзіміздікі сияқты (Күліседі.) С е й т к е р е й. Ақырып (Жабық есік жақты көрсетіп.) Мыналар өлі бар ғой?.. (Сыдық басын изейді.) Үйлерінде ғой?!. Япырай, сөйлесуге жайсыз жер! Ж ә л е л (шахматты алып, бірнеше фигура, дойбыларды таратып қойып). Міні мынау сізге жұмбақ, екі жүрісте мат!.. Ойлай отырыңыз... (Сейткерейге қояды. Сабырға.) Алайда, Сабыр әфенді, қазақ термині, қазақ мәдениеті деген нәрселердің барлығын сіз өз практикаңызда — Орта Азиядан, өзге түрік жұрттарынан жырып алып, оқшау жалғыз жүргізесіз. Сіз білсеңіз Мәскеуді ғана білгенсіз. Бұныңызға не оправдание бар?..

С е й т к е р е й. Рас, бұл негізді әңгіме.

С ы д ы қ. Шын, бұл көп ойланатын, кең қарайтын мәселе... Біздің тәжірибеде бірбеткейлік болса керек... С а б ы р. Неге? Біздің тіл мәселесінде ойланған, өлшенген нық жолымыз бар. Оны оп-оңай бере қоймаймыз. Өзің жағымын айт. С ы д ы қ. Жарайды... тіл, терминге келсе болды, бұл шұғыл бұрылып тұра қалады... біздің тілшілер мүйізін бір-ақ шайқайды (Күледі.) С е й т к е р е й. Біз осы елдер арасындағы неше алуан ішкі взаимодействие және преемственность әңгімесін... содан әрі көп жайдағы органический байланысын, бірге беттеу әңгімесін сөз қылмаймыз... Ойламай келеміз... Ж ә л е л. Бәрекелле, дұрыс гәп (Сабырға.) Сіздікі қазаққа деген жекелік жолы. Ол қаншаға апарады? Ал, сіз оз қазақ тіліңіздің еңселігін, біз өзіміздің, қырғыз өзінікін, тәжік һәм сондай... тереңдеттік, вьшячивать еттік...24 Бұның бәрі жеке, ұзақ, әлсіз единицалардың санын көбейтеді... әмма тұтас шарық, хатта Орта Азия жағрафиялық атау болып қана қалады... Сол кімге пайда, кімге зиян?

С а б ы р (аңырып). Бұл жағынан келсе... әрине...
С е й т к е р е й (күліп). Бәлі, жаңа ғана түсінген бопты... бәсе...

Ж ә л е л. Білесіз бе, сіз косвенно: түрі ұлттық мәдениет деген ұранға қызмет етіп келесіз. С а б ы p. Қой... мен тіпті өзіме-өзім құбыжық боп барам ғой, мынаның айтуында! (Жәлел күледі.)

С е й т к е р е й. Е, сен болам деймісің? Тұра тұр. Бірақ тыңдап ал... Ж ә л е л (тұрып). Рас, ол ұран: түрлі — тіл дейді. Тіл әр елде басқа-басқа... Сол басқалықтары тереңдеп, топ-топтар жазылып, айрылысып алып, әрқайсысы жеке-жеке бір-ақ ортаға қарасын дейді. Олай болса мәселенің негізі неде?.. Ол ориентацияда, Орта Азия ориентациясында...

Есік шұғыл ашылып, Темірбеков, Оспанов кіріп, тұра қалады.

5-көрініс

Ж ә л е л (саспай құбылып, халыққа қарап бірер басып, жылдам). Жарайды, мен енді созбайын, хайыр. Ладья һ2-һ25 (Қолын қағып.) Жюри, жюри, не дремать!26 (Сабыр да тұрған. Жүріп, Оспановтарға қарсы кеп тұрады.) С е й т к е р е й. Әфендім! (Ладьяны жүргізіп.) Дремать етсек, айтсаңызшы тым құрмаса! (Күледі.)

С ы д ы қ (келгендерге). Бері келіңдер, отырыңдар...

С е й т к е р е й. Мынау бір жатқа ойналып жатқан партия (Сабырға.) Кәні, (зеки) сіз не дейсіз? (Күледі. Темірбековтер отырмайды. Оспанов Сабырдан көзін алмай қадалып тұрады.)

С а б ы р (күліп). Жарайды... Конь f7-h6!

О с п а н о в. Ха-ха-ха!.. Это ход Марабу!26 (Жәлел күліп жібереді.) Бұл шұбар ала тақтайдың жүзінде ондай жүріс болып көрген емес... Ж ә л е л. Дұрыс (Күліп.) Жақсы айттыңыз... Сіз һәманда оригиналсыз... (Оспанов Темірбековке кетейік деп белгі қылады.)

Т е м і р б е к о в. Малдыбаев мұнда келген жоқ па?
С ы д ы қ. Кетіп қалды... Отырсаңдаршы.

Т е м і р б е к о в. Қап, керек еді... жүр, үйінен іздейік (Шығып кетіседі.)

6-көрініс

С е й т к е р е й. Апырай, жайсыз-ау осылары.

С а б ы p. Бұл бір қолайсыз жер (Қатты.) Шах корольға (Ақырын.) Олар тыңдап тұрады. Кәні, жүріңіз, Жәлел. С е й т к е р е й (Сыдыққа, ақырын). Рас, осы Темірбековтерге тоқтау айтыла ма, жоқ па? Өрлетіп бара жатқан көрінеді ғой.

С а б ы p. Малдыбаевтың өзін алмақ... Тартыс іздеп жүр...

С ы д ы қ. Малдыбаев әзір бұдан әлді... Бірақ Әбіш бет көрсетпей жүр... (Аздан соң.) Рас-ау, менің бір бармақ жерім бар еді бір кісімен.

С а б ы р. Әй, мен білемін-ау сол кісіні!
С ы д ы қ. Білмей-ақ қой (Күліседі.)
С е й т к е р е й. Жарайды, кетейік онда... олар...

С а б ы р (Сыдыққа). Кетейік пе, кетпейік пе, қайсысын тәуір көресің... айта ғой (Күліседі.)

С е й т к е р е й. Қой енді, сезген бірдеңеге қадала бермей, кетейік.
С а б ы p. Тоқта, әлі кетпе дейтін шығар. Мына Сыдық...

С ы д ы қ (күледі). Әлі айтыла қойған жоқ қой. Түбі кім біледі? (Аналар күлісіп шығып кетеді.)

7-көрініс

Сыдық шашын тарап, шөткеленіп баптанады. Есік қағылады. Рахила.
Р а қ ы ш. Ұрысқан жоқсыз ба, кешіккен жоқпын ба мен...

С ы д ы қ (үйіріліп). Жоқ, кешіккен жоқсыз. Келіңіз, шешініп біраз отырыңыз. Әлі аз уақыт бар...

Р а қ ы ш. Жоқ, Сыдық, болмайды. Шешінбеймін. Одан да тез киініңіз.
С ы д ы қ. Неге, неге, не қылған асығыстық?

Р а қ ы ш. Маған Есен де барайық деп еді. Сізге келдім. Бағана уәде бергендіктен... Жүріңіз, кеттік.

С ы д ы қ. Иә, келдіңіз, енді не асығысы бар?

Р а қ ы ш. Сол, асығу керек. Және сіз семейный кісі (Күліп.) Алыста жатса да жеңгей біліп қойса, жақсы болмайды, білесіз бе оны. Меніңше, флирт тегі жақпайды сізге.28 С ы д ы қ (пальтосын киіп жатып). Қойыңыз ол әңгімені. Оны ауырсынбай-ақ қояйық... Ол бір басқа сөз... Ал, сіз Есеннің шақырғанына барсаңыз, мен қайтер едім, білесіз бе? Р а қ ы ш. Қайтер едіңіз?.. (Бөркін әперіп, киіндіріп жатып.) Кәні, айтыңызшы?

С ы д ы қ. Қайтер едім?.. Қимас едім сізді?!
Р а қ ы ш (есікке қарай басып). Байқаңыз, оған сіздің правоңыз жоқ.

С ы д ы қ (тоқтап, Рахиланың қолтығынан ұстап). Тоқтаңыз, бұл бір кекті сөз сияқты. Кім бермейді маған ол правоны?

Р а қ ы ш. Оған... оған... мен бермеймін. Жеңгей бермейді...
С ы д ы қ. Және?
Р а қ ы ш. Және басқа обстоятельстволар да...

С ы д ы қ. Белгісіз ол праволарды мен признавать етпеймін (Күліседі.) Жарайды, жүре шешейік. Р а қ ы ш (шығуға ыңғайланып). Сізге белгісіз ол әңгімені мен жүре шешкізбеймін, тегінде... С ы д ы қ (өтірік құбылып). Однако, как вы опытны!29 (Күліседі.) Жарайды, барып, орнығып отырып-ақ шешейік. Мақұл ма?..

Р а қ ы ш. И да, и нет! (Шығып кетіседі.)

Шымылдық.

ТӨРТІНШІ СУРЕТ

1-көрініс

Сейткерейдің пәтеріндегі кабинеті. Іші жақсы, кең жұмсақ диван, кітап шкафтары, алтын рамкалы суреттер, кілемдер. Бұл кішілеу бөлме. Төрде әйнекті үлкен кең есік. Ар жағында күшті жарық. Ол қонақ үй. Содан дабыр-дабыр дауыс, күлкі, шыны ыдыстардың салдыры естіледі. Қонақ үйдің залға көрінетін шетіне Есен, Рақыш, Сыдық келіп отырады. Күлкі-әзіл... Қастарынан екіден, үштен жүрген көңілді әйелдер, еркектер тобы өтеді. Бұлардың ішінде Батырша, Гуля, Сабыр, Лала, Мүсілім, Жәлел, Мақсұт бар. Бұл екеуі өзгеден ерекше қара киімдер киген. Салмақпен жүріп, келелі кеңес құрғандай. Шымылдық ашылғанда пианино ойнап жатады. Күй біткенше көпшілік өз күйін ым, қас-қабақ, күлкі, қозғалыстармен білдіреді. Бірталай жұрт ішкендік салдарынан қызулау, мастау. Біраз уақыт күйге қосылған хор естіледі. Көзімнің қарасы. Аздан соң күй тоқтайды. Пианино тартқан үй иесі Сараға көпшілік қол шапалақтап қошемет жасайды. Сара бас иіп, желпініп, бергі бөлмеге шығады. Қасына қошемет қыла Мүсілім, Лала ере келеді. Л а л а. Ә, Сара ханым, сіздердің жаңада алғызған кабинеттеріңіз мынау екен ғой. С а р а. Иә, көрген жоқ па едіңіз? (Лала, Мүсілім диван, шкафтар, үстел, орындықтарды сипап қарайды.)

Л а л а. Не деген жақсы нәрселер. Мықты да , сұлу да екен бәрі де.
М ү с і л і м. Рас, жақсы екен.

Л а л а. Бұл қаладан табылмайды. Сол Ленинград, Мәскеуден ғана табуға болады ғой, бұндай бұйымдарды қазірде... С а р а. Әрине, бұдан қайдан табылсын. Ленинградтан да үлкен қиындықпен таптық қой.

Л а л а. Бағасы да онша қымбат емес қой. Мың сом деп пе еді? С а р а (кешірімді пішінмен күліп). Бағасын да біліпсіз ғой. Мен бәрінен де пианино тауып алғанымызға өте ырзамын. М ү с і л і м (күліп). Иә, бұйым басты бола бастапсыз Сейткерей ағай екеуіңіз. Пәтеріңіз де жай кісінің пәтеріндей емес.

С а р а. Енді қандай? Неменесі бар, Мүсілім?

Л а л а. Иә, пәтерлеріңіз де кең. Бөлмелері жақсы. Сіздер жұрттың бәрінен де жақсы орналасқансыздар. С a р a. Теріс емес, әйтеуір әзірше, парадный есігі бар. Районы қала центрі. Әсіресе бұл қалада сирек болатын нәрсе: өзінің ванная және жылы уборнаясы да бар ғой... Л а л а. Иә, онысы үлкен жайлылық қой (Мүсілімге кіналағандай қарап.) Ә, біз әлі күнге бір-екі кішкене бөлмеден шыға алмай келеміз. Мынандай нәрселер былай тұрсын... М ү с і л і м. Бұл жерден бұндай нәрселер табылмайды ғой, өзің білесің. Значит, не істеуге болады?

Л а л а. Бізде тиісті способность жоқ, значит!

С а р а (бұрынғыша күліп). Причем тут способности, Ляля!30 Шынында маған, Саид-Гирейге мәңгі холостяцкий халде жүре беруге болмайды ғой. Мынау болса: қызмет қылуға лайық обстановка, шарт керек, сол ғана ғой.

М ү с і л і м. Бұл ол ғана емес... үлкен ценность та бар ғой мұнда... С а р а(күліп). Әрине... мүмкін шығар... но менің ойымша, Саид-Гирей ондай скромный нәрселерді заслуживать ететін шығар деймін (Тым-тырыстан соң.) Қалайда бұрынғы істерінен ВУЗ-ға шыққанын ұнатам мен... М ү с і л і м. Әрине, бұнысы қай жағынан болса да жаман емес. ВУЗ жақсы условие жасап беріп отыр. Жалақысы да жаман емес (Күледі.) С а р а. ВУЗ шарты тегі жаман емес. Оның үстіне Әбіш бар, басқа жігіттер бар, даже Есен де Саид-Гирейге жақсырақ условие жасап бермек болысты ғой. Л а л а. Иә, Есен, Әбіш ілесе жақсы жәрдем істей алады ғой. Бірақ есеппен сұрау қиын...

М ү с і л і м. Әбішпен жақсы ғой, ол айтса қарсы болмайды... С а р а. Әбішке қарсы шықпайды. Мұндағы жастар мен партейцтердің арасында Әбіштің влияниесі бәрінен күшті емес пе? Ол ондайлық дәрежеге достойный да ғой (Күліп.) Солай ма, Лала? Мен сіздердің партия, комсомол адамдарының жайына да кіріп кеттім-ау (Қырланып күледі.) Л а л а (қысылыңқырап күліп). Айтыңыз, айта беріңіз... Меніңше, дұрыс айтасыз (Гуля кіреді. Тыңдайды.)

2-көрініс

М ү с і л і м. Рас, Әбіштің авторитеті жақсы. Оны қайсысы боса да қымбат бағалайды. С а р а. Солай, дұрыс айтасыз (Гуляға қарап күлімсіреп.) Для нас это очень лестно, неправда ли, Гулечка!31 (Күліседі.) Г у л я (күліп). Сіздер, жалғыз-ақ тілеулеріңізді берсін, бұл сөзді Әбіштің өзіне айтпаңыздар. Әйтпесе (қолымен көрсетіп) мұрнын көтеріп кетеді (Күліседі.) Иә, айтпақшы, (Сараға) сен білдің бе? Әбіш жақында командировкаға баратын бопты.

С а р а. Қайда? Мен әлі есіткем жоқ.
Г у л я. Ет дайындау науқанына, ауылға дейді...
С а р а (кейіп). Не дейсің, жаным-ау... Әй, осынысы-ақ жаман.

Г у л я (Мүсілім мен Лалаға қарап). Неге? Партейц ондайға қазір болмаса бола ма? С а р а (сезініп түзеліп). Жәй ауылда ауру көп, тиф те бар шығар... Науқастанып қалса жәрдем де жоқ. Содан қорқам...

М ү с і л і м. Бұл жақтағы қазақтың қысқы тұрмысы қандай жаман және!.. С а р а. Первобытный жабайылар қалы ғой. Жаль, жаль... Ну, қайтеміз?.. Таныс врачтармен сөйлесіп, жолына жақсы аптечка жасап берейік. М ү с і л і м. Ет науқанына Темірбеков те бармақшы. Басқа егіс науқаны деген тағы бар, оған Малдыбаев, Оспанов, тағы басқа комсомолдар да шықпақшы. С а р а. Ә,ә, солай ма екен? (Таңдықпен күлімсіреп.) Мүсілім, сіз һаммасынан хабардарсыз (Есен мен Рақыш шығады.)

3-көрініс

С а р а (тамашалаған кісі болып). Қандай жақсы пара! (Рақышқа.) Міне, бұны мен түсінемін, мақұлдаймын... Р а қ ы ш (қызарып күлімсіреп). Иә, мақұлдамайтын жеріңіз бар ғой, тегі, Сара жеңгей? Оныңыз не еді? Оны да айтыңыз... С а р а. Мақұлдамайтыным бар (Күліп.) Оны өзіңіз табыңыз... (Есенге.) Сізге де, Есен, үнемі іс адамы, үнемі салқын бола бермей, кей-кейде осылай да болу керек қой... Л а л а. Рас, анда-санда жерге де түсіп, жәй пенделер қалына да келу керек (Күліседі.) Е с е н. Мен (күліп, Сараға) ұға алмай тұрмын. Алғашқы мақұлдауыңыз айыптауға айналып кетті ме, немене? (Күліседі. Әбіш, Сейткерей келеді.)

4-көрініс

С а р а (күліп). Жоқ, мен мақұлдаймын (Әбіш пен Сейткерейге.) Неправда ли, жақсы пара емес пе? (Рақыш, Есенді көрсетеді.)

Р а қ ы ш (күліп). Қоймайды екенсіз сіз, Сара жеңгей!
Е с е н (күледі). Сіз бізді смущать етесіз.

С е й т к е р е й (қоса күліп, Сараға). Сенікі рас. Дұрыс айтасың... (Аздан соң Сараға.) Сен Сабырдың әйелін шақырмағанбысың? Өзім ертіп алып келдім... Әйелі естімеген сияқты... (Рақыш, Есен оқшауырақ кетеді.) С а р а. Шақырғаным жоқ... Саид-Гирей, мен саған айтпап па едім, мені Мариямның обществосынан құтқар деп.

Ә б і ш. Неге, оныңыз не?

С а р а. Мен оған екі жүзділігін, сплетнясын кешіре алмаймын. Ол ретті адамның барлығын оскорблять ету керек.

С е й т к е р е й. Қойшы, артық сөзді...
С а р а. Қойылмайды. Және вообще!
С е й т к е р е й. Немене?

С а р а. Және мен, тегі, сол Сабырларыңның обществосын оншалық (Әбішке қарап) қымбат санай алмаймын.

С е й т к е р е й. О не дегенің!

С а р а. Сен өзің білесің оны (Күліп жалтарып.) Олардың бәрі де унылый, мрачный. Әйелдерге олармен бірге болу ауыр, іштерін пысырады (Сабыр, Сыдық шығады. Сабыр мастау. Әңгімеде Сабырдың Сараға көзі түседі. Тыңдайды. Мүсілім арғы бөлмеге кетеді. Рақыш, Есен Сараның қасына жақындайды.)

5-көрініс

С а р а (күліп). Айтсаң, міне, Әбіш пен Есендерді айт. Әрқашан көңілді... Бұлармен әйелдерге де көңілді...

С а б ы р (Сыдыққа). Бүгін мұнда Юсуф қажы да келеді. Көріп пе ең бұрын. С ы д ы қ. Жоқ, көргенім жоқ-ты. Сен таныссың ғой, солай ма? (Сабыр басын изейді.) С а б ы р (Сыдыққа). Тоқташы, мыналар Рақышты Есенге теліп жүр. Ит жынымды түсіреді. Құрып жүрген үйшіктерін талқан қылшы. С ы д ы қ. Рас па, бірақ Есен бұлардың торына түспейді. Изучать етеді қайта бұлардың өзін... С а б ы p. Білемін. Елтітіп жүрміз деп мыналар ойлайды ғой. Сейткерей де тіпті ұсақтап кетеді кейде... мещаншылап...

С ы д ы қ. Анау тым орнықты кәпір... Өрісін ұзақ көрем осының. С а б ы р (күліп). Жарайды, олардың балуаны сол-ақ болсын. Мен сені шығардым, бар (Күледі.)

С ы д ы қ. Жә, кімді жазалаймыз?

С а б ы p. Өз обалың өзіңе, комиссар, коммунист құмар қазақ қызын толковайть қып жібер... білсін.

С ы д ы қ (күлігі). Сен мені тіпті қайда итересің өзің?

С а б ы p. Әйтеуір біреудің забавасы ғой қызыл бет қыз... Әйда, сенің керегіңе жарасын... удовольствиені Есен көргенше, сен көр... Ал, бар, жорытқанда жолың болсын. Бісмілдә, алла әкпар... (Бетін сипайды. Күліседі.) С ы д ы қ (Рақышқа кеп). Рақыш, сіздің мойыныңызда маған төлейтін бір борышыңыз бар. Ұмыттыңыз ба, жоқ па? Е с е н (кеңдікпен күліп). Ә, несие жиюшыңыз келіпті ғой. Өзі Сықандай мәнді кісі екен... Жарайды, шаруаңызды атқарыңыз (Күліп, кетіп қалады. Әбіш, Сабыр ере кетеді. Лала мастау, арғы бөлмеден келе беріп, Әбішке қолтығын төсеп, қайта кетеді.)

С ы д ы қ. Иә?!..
Р а қ ы ш. Жоқ, ұмытқам жоқ...

С ы д ы қ. Рахмет оныңызға, жүріңіз олай болса, ойнап беріңіз... (Сара жақтырмай қарап қалады. Ертіп кетеді.)

6-көрініс

Сара, Сейткерей.
С а р а. Қонақтың бәрі ана жақта ғой, жүрсеңші, біз де солай барайық.

С е й т к е р е й. Барайық (Жақындап.) Бірақ сенің есіңе салайыншы, бағанағыдай сөзді байқап сөйлесеңші.

С a р a. Несі бар? Мен шынын айтқам жоқ па?

С е й т к е р е й. Жоқ, ол дұрыс емес... Бөгде кісілер барын байқау керек қой... Және мен Сабырлар туралы олай қарамаймын. Дұрыс емес... С а р а. Бекер айтасың. Саид-Гирей, сен де солай қарайсың. Шынын айту керек қой... Ә, сен әзір өзіңе-өзің де признаться еткің келмейді.

С е й т к е р е й (күліп). Жарайды, біз екеуміз екі тілмен сөйлессек керек.
С а р а. А все же Әбіштер средасын жақсы көруіңді мен қостаймын.
М а қ с ұ т (есіктен Сейткерейге). Юсуф қари келді (Сара тұрады.)
С а б ы р (шыға беріп). Қонақ келді. Юсуф қари...

С е й т к е р е й (Сараға). Жарайды... кейін... (Екеуі де кетеді.)

7-көрініс

Мақсұт, Жәлел, Сүлейменов әңгімелесіп шығады. Сөйлескенде айналасына жалт-жұлт қарасып тұрады. Мақсұт, Жәлел екеуі де Сүлейменовке сөйлейді. М а қ с ұ т. Ет науқаны, eгіc науқанына бірталай жастар жүргелі жатыр. Осыны пайдалану керек. Коллективизация қалай жүріп жатыр. Ел настроениесі қалай. Көру, білу, мұндағы сенімді жастарға соны білдіру, жеткізу қажет (Сабыр бұларды қарап кетіп, ана жақта ән-би бастайды.) Ж ә л е л. Жалғыз емес. Өздеріңе қауым жасап, среданы формировать етуде де бүгінгі компанияның барлығын пайдалану керек. Біліңіздер, әрбір істің оң беті, сол беті бар. Үстіңгі қыртысы, астыңғы терең тамырлары бар... М а қ с ұ т. Ол рас қой. Бірақ қазіргі күнде ең ірі нәрсе мыналар. Жастардың ел ішіндегі фактіні өз көздерімен көріп, содан жасаған қорытындысы — олардың бетін белгілейді. Бізге сонда қолайлы бағытқа қарай направлять ете білу керек... Тартыс осы жерде... Ж ә л е л. Бұнда өзбек, түрікпен, қырғыз бәрінде де осындай компаниялар қатты жүріп жатыр... Биылғы жыл — зор тартыс жылы... Енді екі аралықта қалушылар аз болады... Кімнің тобына болса да көп-көп, активті қауым қосылатын болады. Сол өзгелердің тәжірибесін де біле, білдіре отырыңдар... С ү л е й м е н о в. Өзге компаниялардан нені атауға болады?.. Жұрттың бәрі командировкаға шықпайды... Қалғанын қандай мәселе үстінде обрабатывать ету дұрыс? М а қ с ұ т. Ол ашық... тіл, латын, әдебиет, коренизация, Орта Азия елдерін білу, осылармен неше алуан взаимодействие содан...

Ж ә л е л. Ориентация!
С ү л е й м е н о в. Иә, түсінікті, отар теориясы.

М а қ с ұ т. Бірақ мәселенің бәрі әдісте... подходта... білдің бе?! Мен осыны көп айтам... Бадырайтып, батыршаларша түрік, қазақ... ұлт деп топас қоюдан қашу керек. Ж ә л е л. Иә, бұ қатта мәселе... Упорды әрқашан комсомол, кейбір партия активіне жасай алсаңдар... зор табыс сол. М а қ с ұ т. Ол үшін Маркс, Энгельс... хатта Ленинді де жақсы штудировать етіп, әрбір жайдың иығын цитатамен соған сүйей беріңдер... Ж ә л е л (күліп). Тұғры гәп... цитатоядный деген болады бұлар... Дұрысында ол бұл заманда ашылған ең пайдалы витамин (Күліседі).

М а қ с ұ т. Ә, талайды семіртетін жақсы ас...

С ү л е й м е н о в. Иә, мәселе жақсы цитатоядный болуда ғой. Да, айтпақшы, осы мына Малдыбаев сияқтыларың аналар соңына түсіп жүр... М а қ с ұ т. Жегізбеу керек. Олар шиеленіскен сайын мынаның авторитетін көтере беріңдер... Қанша керекке жарайды, көрерсің... Әзірше осыны көтеріңдер... С ү л е й м е н о в. Аналардың өзін тайдырса дейім... ВУЗ-да тамырланбай тұрған кезінде... Ж ә л е л. Әрине, дұрысы сол... Ондайларды алып тастап отыру да испытанный әдіс... М а қ с ұ т. Жоқ, әзір шумиха жасап керек емес... Кіндікке жетіп қалса қазынып тімтіне береді. Аты, атағы жоқ, белгісіздер ғой... Немене жеңбейтін... тұра тұрсын...

8-көрініс

Батырша, Юсуф қари, Сабыр шығады. Бұрынғы үшеуі әндетіп, билеп кетеді. Мыналар диванға отырысады. Ю с у ф қ а р и. Мән сіләрнің қазақ қардашларының зиялыларына ғади бір рухы недур шоны раһымлай алмам... һалідә қатлы алынған тәсір шоңарға оқшаске, әлбәттә не тоғры болған қалатта ғапу етәрсіз, әмма сіләр ысламияттан ерақлашқансыз, шоның білән барабар рослашу ғаламаты көбәйә барғанға оқши... Бір единый духны зиялыларыңыздан табып болармын шол? Б а т ы р ш а (ойланып). Сіздің осыныңыз дұрыс сөз. Тіпті шынды айту керек, бізде өзі бір лицо жоқ... Бірақ халқымыз біздің діндар... Исламшы... (күліп) біздің Кіші жүзде ишандар, руханиларымыз күшті болған өз уақытында, айтсын мына Сабыр... Бірақ біздің мына басқа жақтағы оқығандарымыз ислам, күншығыс, түрік дегеннің бәрінен қашқан ғой. Енді біліп келеді, түге... Ә, біз өзіміз басынан басқамыз. Ю с у ф қ а р и. Халқымыз діндар... ғамма, ғамма... Силәрники — әм өзбек, әзербайжан ғұсманли түрік ғаммасына оқши. Аларның ғаммәсінде (кеудесін түртіп) ысламият рухы бар... Алайда, силәргә, зиялыларға — әм Әзербайжан, Татарстан, Өзбекстан зиялылары сыңғары камалат тапыш сапары. Шоғаммаңызның апкар ғұмуми, ғумуми pyx, ғұмуми һисы иолыда барыш төгилмини? Бұһ һоқалғад мүһем мәселе төгілміни. Әмма сіләрнің матбағаңыз, әдеплеріңіз, ғалымлеріңіз хатта қазірде өжудке шыққан дарылпынуніңіз — әм бұл қалаттан ыйрақта. Иа русшілік, иа айрым қазақшылық. Ә, бұ күннен күн рағғалиаты, һікумі арта барған системда қаршы, біздің Шарықның әмма "біз" де хас болған бір һапты, лицасы керек, керек-дүр бәлки. С а б ы p. Мәселе негізде ғой... Сіздер келе жатқан жолмен біз де келеміз... Соған әдебиет,ғылым, тіл, мектеп, саясат — бәрінде де бір бет ұстанамыз... Бірақ келетін жолымызда біраз басқашалық болады. Біз қазақ жолымен келеміз...

Ю с у ф қ а р и. Яғни?

С а б ы p. Яғни, мәселен (Оспанов, Темірбеков кіреді. Батырша жөткіреді. Сабыр айналып қарайды... Оспановтардың артынан Жәлел, Мақсұт, Есен бір топ, Сейткерей, Әбіш бір топ, Малдыбаев, Сыдық, Рақыш бір топ боп шығып, әр жерге отырысады. Әрқайсысында өзара сөздер белгісі. Сыдық, Есендер топтарында күлкі, қалжың бар.)

9-көрініс

С а б ы p. Яғни, мәселен... Біз ғылым, мәдениет, жақсы әдебиет, мәдени тарих — барлығын осы қазақ тілінде де жасауға болады, жасаймыз дейміз... Барлығын өз топырағымызда, өз пішінімізде, өздігімізді көрсете отырып жасаймыз дейміз... (Мақсұт, Жәлел ұнатпаған гримаса жасайды.) Қазақ тілін орыс тілінің, я бір Европаның қанжығасына байлау керек деп мына балалар, Оспановтар ғана айтады (Күліседі. Оспановқа.) Әй, сен бері келіп, бізге аралас. Кел... кел... осы тіл жайындағы пікіріңді айтшы...1Түнеугі бір шайханадағы аяқ тастасың жақсы көрініп еді... О с п а н о в. Айтысудан не пайда деп тұрғаным... Болмаса менікі дұрысында дау жоқ.

С а б ы р. Айт, айт... кәніки... (Өзгелер де күлісіп, "айт" деседі.) О с п а н о в (жұрттың бәрі тыңдай қалады. Өзара әңгімелерін тоқтатады). Тіл бізге средство, а сізге самоцель. Сол ретте әдебиет, матбұғат, ғылым тілі — мына өзіңіз істеп отырған жоғарғы мектепте сондай ғана құрал. Сондықтан бұл саланың барлығын біз бір ерекшелікпен тауып алып, оның атын "Қазақ жолы" қойып, соның басында жусап қал демейміз, жусатпаймыз. Қайта бұның бәріне тез икемдел де, артта қалған елдің еңбекшісін пролетариаттың интернационал мәдениетіне тез, төте жолмен жеткізуге ыңғайлан дейміз.

С а б ы р. Ал, дейсіз.

О с п а н о в. Бірақ сіз бен біз бұл ретте келіспейміз де ұғыспаймыз... Сіз өз жолыңызда қағулы діңгектей тұрдым деген кісісіз ғой... Не береке табасыз. Маңдайыңызға жазғаны мен болар... Жалғыз-ақ сол: өзгешем, ерекшем, елде жоғым, өзіңді жарытпаймын, бөтенге қоңсы болмаймыз, таза сақтайым деген тіліңіз туралы ғана бір айтайын деп ем...

С а б ы p. Е, жаңа жеттің ғой... кәні...кәні...соны айт...

О с п а н о в. Айтыңызшы, тілеуіңізді берсін, осы қазақ тілін мағынаға, атауға бай деп айта аламыз ба, ол жоқ. Талай түсінік, талай зат — мағына тегі жоқ. Сондықтан да ол ел надан. Словарының өзі көп емес. Көп нәрсені суреттеп айтады. Ол өзінше жаз деді, суретпен жазған дәуір. Клиническое письмо, иероглиф! Ескілік. Артта қалған шикілік белгісі. Ал, благозвучно дей аласыз ба?.. Жоқ (Күліп.) "Жизнь!" Не дейміз біз бұны... "Өмір" (мазақтап), "көмір" деген сияқты саңырау, мақау. Құлаш керу, дауыс созу мүмкін емес сақау, шолақ дыбыспен. Өзгені былай қояйық: санашыл, сыршыл, дарашыл өздерің-ақ айтшы. Осы "любовь" деген сөз бар ма? (жұрт күледі.) Сол любовь тіпті атағы да жоқ. Тілінде "любовь" мағынасы болмаған ел де өзгешелігім дей ме жаным-ау... (Кекетіп.) "Жақсы көрем..." Уай, шікін-ай, хорошо вижу... (Жұрт күледі.) "Қарға баласын аппағым" дейді десеңші одан да... Өзгешелігім... өз жолым... деймісіңдер, со ма?.. Одан да өнерлі елдің жолымен солардан үлгі алып, жамап-жасқап кемтігін толтыр! Дұрыстап іске жарат! Тілдің өзі үшін де мәденилену қажет, өзгешелену қажет емес, идеализация керек емес... Пайдалы керекке жарау қажет. Әйтпесе не? Сендердің негізің реакция, немесе зиянкестік... Мен болдым (Темірбековке қарап.) Ал, жат со сыйыңмен. Ж ә л е л. Ха-ха-ха, жігіт... Сол керек Сабыр әфендіге... (Сабыр ашулы. Оспанов қолын бір-ақ сілтеп жүріп кетеді.) Е с е н (Жәлел мен Мақсұтқа). Рас айтады. Осы объективно, тарихы жағынан алғанда біздің ұлтшылардың ұранының барлығы да 20-ншы ғасырда келіп, оқымысты боп алып, өте бір артқа тартқан реакция, консерватизм болып шығады. Шынында саясат, социальный тұрмыста майданға шыққан, алашорда бастаған барлық ұлтшылдар патша қызметінің ротмистрі болған Шоқан Уәлихановтан сонағұрлым консервативный. Қазақты неде болса мәдениетті тұрмысқа тез жеткізу дегенге келгенде анау өз заманында бұлардан әлдеқайда прогрессивный болған.

М а қ с ұ т. Иә, мынау бір үлкен шабуыл екен...

Е с е н. Сол сияқты тілде де қазақ баласын жарым орысша, жарым қазақшамен оқыт, тілесең итшілеп оқыт, бірақ әйтеуір білім бер, мәдениетке жеткіз деген анау миссионер Ильминскиймен бірге істеген Алтынсарин да мына тіл мамандарымыздан көп прогрессивный.

М а қ с ұ т. Е, бұл бетінде ешкімді аман қалдырмассың... тағы да... Е с е н. Бар ұлтшыл ақын, жазушының қиялымен сағымдандырып идеализировать етіп жүрген Шыңғыс, Темір, Тұраны сал, би, батырлары (күліп) қазақ Парнасы бар. Ол не? Ол күншығыстың барып тұрған азиатчина, тирания, жабайы ру общинасы. Бұлардан өз заманына қарағанда Абай әлдеқайда прогрессивный. Ол жаңағының бәрінен отталкиваться еткен. Өйткені оның таптық тілегі феодалдықтан кетіп, либерал буржуазияның бағытына қарай бой ұрған тілек еді. С а б ы р. Ал енді, бір таяқты тілеп тұрған мына Батырша ағайлардың жөні... кәні... Е с е н. Бұл кісілер не дейді? Баяғы бақташы қазақ баға берсін, көшпелі қазақ көше берсін... Әйтеуір жабайы елсіз, меңіреу далаға жан жуымасын, мәдениетке баспасын дейді. Объективно сол... 100 жыл, 500 жыл, 1000 жыл бұрын не болса сол бола берсін дейді. Әйтеуір бір өз пішіні, өздік қалпы өзгермесін...

О с п а н о в. Мінеки, дұрыс, толық сын...

Е с е н. Осылай болу себебі не? Білім бар, претензия зор, шетіңнен сыншысың. Әсіресе кеңес системасын қандай сынайсың...

Ж ә л е л. Иә, себеп не?

Е с е н. Себеп, жаңағы Шоқан, Алтынсарин, Абайлар қалай айтсаң да өз заманындағы передовой пікірдің, бастаушы сананың аңғарынан адаспаған. Сонымен қыбыласы бір болған, бірге өрген... Ал, біздің мына қауым заманның передовой санасына оппозицияға шықты... Сондықтан ерікті ме, еріксіз бе бәрібір, реакцияға кетті. Және бар салада солай кетті. Үйткені төңкерісшіл пролетариат шыққан соң бұлар беттерін еріксіз ашты. Ашылғанда реакционный, бай таптың досы болып ашылды. Сонымен бірге бар ескіліктің жоқшысы, санашылы боп шықты. Бұлардың сущностын осылайша ашқан тап тартысы... Пролетариаттың һұжұмы болды... М а қ с ұ т (басын кекесінмен изеп). Болар... болар... болар... (Жәлелге қарап.) Не дерің бар ма?

Ж ә л е л (күліп). У-у, бұл оригинальный сын екен...

М а қ с ұ т. Оригинальный ғана емес, бірталайдың артына шиыртпақ тағу да болар... Бұл қуғынды ізге салу ғой...

Е с е н. Қалай десең олай де...

С а б ы р. Е, бұның сенен шыққаны тіпті жақсы ырым ғой! Институттың саяси басшылығы қолыңда болсын да, бізге үстіп натравливать ет! Е с е н (күліп). Институт үшін объективный, тарихи сын керек емес деп сіздерге кім айтты? Ал, сіздердің өздеріңізге келсек: істей білсең шындықтан қорықпауды да біл... О с п а н о в (Темірбековке). Жақсы айтты... Дұрыс... (Әр топ өзді-өзі сөйлеседі.) Ә б і ш. Есен ашып айтты, дұрыс айтты. Шынында, енді бізбен болған, бізбенен болмағандар қарсы шығады. Октябрьдің 11-12 жылында әлі де бұқпантайлап, жылға-жылғамен жүру ме? Жұлып кету, тартып кету ме? Жоқ, аужал бола бермейді. Бұл қауымның көпшілігін бізге үгіттеу, тарту мақсұт емес... Біз оны тілемейміз... Олармен алыс-тартысты ғана білеміз (Сейткерейге.) Бірақ, ішінде бірен-саран түзелем дейтіндерің болса, енді ашылып шығуға міндеттісіңдер. С е й т к е р е й. Рас айтасың... Ашылғанда да біз өз алдымыздағы дилемманың не екенін түсінуіміз керек. Ашық қойғанда империализммен бе? Социализммен бе? Қай системамен біргеміз, соны ашу керек. Мен өз алдымдағы таңдауды солай деп ғана түсінемін.

Ә б і ш. Бәсе, олай болса не істеу керек?

С е й т к е р е й. Менің өзім бұрынғы дерттен арылып, сендердің бетіңе қарай шын түзелуім керек.

Ә б і ш (тұрып). Ал, сіздікі әзір құр сөз ғана боп келеді!

Т е м і р б е к о в (Батырша, Юсуф қариға жақындап кеп). Иә, сіздер неге пікір айтпадыңыздар? (Юсуф қариға.) Қари-әке, сіз қалай қарайсыз бұған?

Ю с у ф қ а р и. Иә, ортағым, мән бұ тұғырыда гәп қымағанны афзал көрәм...

Оспанов Неге... неге?!
Темірбеков

Ю с у ф қ а р и. Халбуке, біздің меһрабымызда язылған бір паршада: "Құл алхир уәла фискут" дейді...32 Гәпырма, болмасам иміш гәпыр...

Т е м і р б е к о в (айнала беріп). Поповщина!

С а б ы р (арғы бөлмеден келе жатып, мастау). Әй, сен немене мұрыныңды көкке көтересің осы! Қазақтың ең алғашқы көрген тілмашы өзім ғана деп білемісің осы?

Т е м і р б е к о в. Не дейсің, тілмашың не?..

С а б ы р. Дәлелдеймін! Сендер де тыңдаңдар... Бағанадан бері сендер анасын алай, мынасын былай лақтырдыңдар. Сондағы кеудеңе нан пісіріп жүрген тиянағың, күшің не?

О с п а н о в. Ал, сен айтшы...

С а б ы р. Ояз қасындағы тілмаштан күшті жан болмайтын. Оның сенетіні не екені мәлім еді ғой! Сенікі де сол сияқты ғой... Соған сеніп кердеңдейсің емес пе? Өз ойың, өз ойың жоқ қой сендерде. Т е м і р б е к о в. Неткен надансың... (Оспановқа қарап.) Шыны тіпті осыдан басқа жауап жоқ...

С а б ы р. Оттама, құдай ұрған құнсыз...

Темірбеков (ұмтылып). Оттамасаң оттама, жерге қағып жіберермін (Жұрт жүгірісіп ұстасады.) С а б ы р. Адырағал... Бар, жаз доносыңды, әкеңе барып айт... (Жұрт Темірбековті алып шығып кетеді.) Ю с у ф қ а р и. Пайғамбарымыздың "Фис сабр сабирун жәмиләтун" деген сөзін айтамын мән сізге, Сабыр әфенді... Ж ә л е л. Білесіз бе, не деген сөз? "Терпите красивейшим терпением"33 дейді (Күледі.)

Ю с у ф қ а р и. Ишытсаларда хұласа ясамасалар фазлият әна, шунда... Сейткерей, Саралар жұрттың бәрін ішейік, көңілденейік деп анда ертіп кетеді. Малдыбаев, Сыдық артта.

М а л д ы б а е в. Сіз неге сөйлемедіңіз?

С ы д ы қ. Е, кітаптан оқып алған формула. Бүгін бірін оқып, былай сөйледі. Ергең бір формуланы оқыса, екінші түрлі... негіз, тұрақ бар ма? Айтысып, формуламен айтысам ба? М а л д ы б а е в. Әбішті байқадыңыз ба? Ол да ашық кетейін деп жүр ме өзі, қалай? С ы д ы қ. Солай көрінді ғой... Байқадың ғой... (Малдыбаев шыға береді. Рақыш қарсы келеді. Сыдық бірге қалады. Мастау Лала Әбішпен бірге шығады.)

10-көрініс

Сыдық, Рақыш, диванда ақырын сөйлеседі. Ана екеуі бөлек. Әбіш күле береді. Лала аймалақтап, жабысады. Л а л а. Әбіш, сіз қандай жақсысыз. Білесіз бе, мен сізге ғана айтпақшы боламын (Сара есікке келіп, екі жаққа күліп, кезек қарап тұрады)

Ә б і ш. Сіз қонақсыз... Және сіз массыз, мен сөйлесе алмаймын сізбен... Л а л а (өтірік ашуланған болып). Сөйлемеңіз, олай демеңіз. Мен мас емеспін. Маған әншейінде не айтпақ боласыз, соның бәрін қазір айтыңыз... Мен... мен хочу этого...

Ә б і ш. Япырау (Күліп.) Еш нәрсе айтпақ емеспін деймін, сізге не болған? Л а л а (жылдам). Жоқ, жоқ, сенбеймін... сенбеймін... Бар сізде, айтасыз... мен, мен требовать етем... Ә б і ш (күліп). Не айтайын? Не айтпақ едім... Өзіңіз бірдемені аузыма салыңызшы, тым болмаса! (Сара күліп тұрады.)

Л а л а. Жоқ, жоқ, тыңдамаймын. Бар сізде, айтыңыз...
Ә б і ш (күліп). Мен Мүсілім мас болды демек едім...

Л а л а (ашуланған болып теріс айналып). Жоқ, ол емес! Не нужно мне вашего Муслима!

Ә б і ш (күліп). Покорно благодарю, менің Мүсілімім! Мәссаған! Л а л а. Білесіз бе? (Ұмтылып қиналып.) Какой вы хороший! Мен айтайын деп ем: какой вы милый! Келіңізші, мен сізді сүйейін (Құшақтап, Әбіштің кеудесіне жығылмақ, болады.) Ә б і ш (күліп, орнынан атып тұрып, қашқалақтап). Міне саған махаббаттың һұжұмы (Сыдыққа қарап, бірге күліп.) Но я вынужден отступать... бір кісі позорно қашты дейді (Күліп жөнелді. Қатты күліп тұрған Сараға кездеседі.) С а р а. Абиш! Я вами восхищена просто! Жүріңіз! (Қолтығынан алып ертіп кетеді.) Л а л а (жұлқынып қалып, тақтай теуіп, әрлі-берлі бұрқ-сарқ етіп жүріп-жүріп, арғы бөлмеге қарай ұмтыла беріп). Муслим! Муслим! (Кетеді.)

11-көрініс

С ы д ы қ (Рақышқа). Сіз менің сөзіме бекер қарсы боласыз. Сеніңіз, менің сізден жасым да, тәжірибем де көп. Дауласпаңыз. Дүниедегі ең рахат, ең қымбат нәрсе — әрқашан минут мезгілі, дәурені қысқа нәрселер...

Р а қ ы ш. Иә, сондықтан не демексіз?

С ы д ы қ. Сондықтан менің дүниеде бас иетін рахатым, тілейтін қызығым да сол. Не дейсіз? Р а қ ы ш (ойланып). Мені ол қанағаттандырмайды. Рахатым деу үшін өмірі ұзақтығына көзім жетуі керек. С ы д ы қ. Бұл минут қадірін танымағаныңызды білдіреді (Оң қолын алып сипап.) Рұқсат етіңізші, минут емес, секунд, мен соны дәлелдейін...

Р а қ ы ш. Қалайша? (Бұрылып жақындап, күлімсірейді.)
С ы д ы қ. Рұқсат па?
Р а қ ы ш. Мен... ұқпадым.

С ы д ы қ (қолын жоғары сипап кеп). Міне (Аз қарасып тұрады. Сыдық шұғыл құшақтап алып, ұзақ сүйеді.) Р а қ ы ш (аздан соң босанып, түрекелігі). Бұған рұқсат болған жоқ-ты. Не істедіңіз? Ұзаққа ма, жоқ па? Жауап беріңіз...

С ы д ы қ. Дұрыс, тілегеніңізше... Мен сіздік! (Екеуі қайта сүйіседі.)

Ш ы м ы л д ы қ

БЕСІНШІ СУРЕТ

Институт қорасы. Бақша. Жеміс ағаштары. Сахнаның бір шетін ала гүл шарбақтарының біраз бөлімі көрінеді. Сол шарбақты айналып жүретін аллея. Сейіл қылғандар сахнаға аллеямен аз көрініске шығып, әрі айналып кететін болады. Авансценада — бірі бері, бірі арырақ қарама-қарсы тұрған екі бақша, орындығы бар. Мезгіл кеш, түнге жақын. Сахнаға ай жарығы мен электр жарығы екі жақтан түседі. Кезекпен бірі күшейіп, бірі әлсіреп қайшыланып, әр алуан бояулар береді. Шымылдық ашылғанда шарбақты айналып ақырын сөйлесіп, бірнеше топтар өтеді. Екіден, үштен жүрген оқушылар — қыздар, жігіттер. Ерсілі-қарсылы ию-қию жүрістер де болып қояды. Алғашқы жалпы көріністен байқалатын хал: ылғи бір айқыш-ұйқыш жүріс, жалпы дағдарыс, өз әлінше сергелдең сияқты қыбыр-жыбыр, сыбыр-сыбыр, күңкіл-шүңкіл сөз. Араларына жік кірген. Бірінен-бірі сақтанып, бірін-бірі аңдысқан, сеніспеген қимыл, қабақ білінеді. Бұл суретте мылқау сахна. Ұзақ паузалар жалпы халды айқын сездіруі керек.

1-көрініс

Жәлел, Сабыр шығады.

Ж ә л е л. Иә, Сабыр әфенді, сізлердің райондарыңызда не хабар? Кампанияларға кеткен жігіттер қайтты ғой?

С а б ы p. Қайтып жатыр. Көбі сырын айтпайды ғой.
Ж ә л е л. Сонда да бірен-сараны не дейді екен?
С а б ы р. Не десін, хал жаман болса керек. Өзім әлі сөйлескем жоқ.
Ж ә л е л. Иә, естуіңізше?!

С а б ы р. Байдың малын аламыз, кулакты жоямыз деген боп қазақ шаруасын бүлдіріп жатыр дейді. Қысқасы, ел ісін атап сұрамаңыз. Басталды ғой бір трагедия...

Ж ә л е л. Ал, ел не ғып реагировать етеді дейді?

С а б ы р. Ел не қылсын. Іштен тынады. Елдің жақсы, білікті адамының барлығы орнынан тайдырылған. Ел дегенде де қызық қалмаса керек өзі. Кедей құтырып алған, тегіс колхоз боламыз дейд дейді... Бірақ наразылық көп болса керек.

Ж ә л е л. Конкретно?
С а б ы р. Сол, басқа конкретно еш нәрсе ести алмадым...

Ж ә л е л. Ха-ха-ха... Сабыр әфенді, сіз бүгінгі әңгімелерден отстать еткенсіз.

С а б ы p. Иә, немене? Тегі, қызық бар ғой бір? Айтыңызшы.
Ж ә л е л. Мақсұт әфендімен сөйлеспегенсіз бе?
С а б ы p. Жоқ, әлі ешкіммен сөйлескем жоқ. Енді шығып ем білгелі...
Ж ә л е л. Олай болса, бір сұрақ, Қызылқұм уақиғасын...

С а б ы р (еліріп). Иә, онда? (Пауза.) Шын ба? Япырай, ел ғой... Мына қазағың онда...

Ж ә л е л (күліп). Сіз сол жайларды әуелі біліп алыңыз.

С а б ы p. Бәсе, мен айтпап па ем сізге (Қолын сермеп.) Біздің ел... біздің қазақ ішінде де аталы, шынжыр қатар қайыңның шұбар бездері бар деп... Кәні, айтыңызшы подробностьтарын...

Ж ә л е л (артына қарап). Жүріңіз онда, былай басайық (Кетіседі.)

2-көрініс

Батырша, Сейткерей әңгімелесіп шығады.
Б а т ы р ш а. Малдыбаев, Әбіштер келді ме осы?

С е й т к е р е й. Келіпті. Өзге ана Темірбеков жөне егіс науқанына кеткен жастар да тегіс қайтып кепті ғой... Б а т ы р ш а. Иә, келген. Бәрі де қайтты. Бірақ мен ешқайсысымен сөйлескем жоқ. Сұрасаң өзі бір пәле тіпті. Солардан сұраймын дедім сондайды. Иә, мына екеуі не айтады екен? Жер-жердің барлығы бірдей күйзеу деген хабар жан-жақтың бәрінен келіп жатыр деседі. Рас па екен? Сұрадың ба жай-күйді?

С е й т к е р е й. Сұрадым, жай белгілі ғой...
Б а т ы р ш а. Сонда да не дейді?

С е й т к е р е й. Оның, әсіресе Малдыбаевтың елдегі халдан қарны ашып, жүдеп қайтқан көрінеді. Б а т ы р ш а. Иә, өз көзімен көрген, жай-жапсарды сынай, тани біледі... Жә, мына компаниялар қалай өтіп, не қып жатыр дейді? С е й т к е р е й. Атап сұрамаңыз (Артына бұрылып, айналаға қарап.) Былай жүрсеңізші, мына біреу жайсыз шәкірттер жүрген көрінеді... Б а т ы р ш а. Оның рас, бұ жерден кетейік. Тіпті біреуіміздің пәтерімізге барсақ қайтеді? С е й т к е р е й. Жоқ, былайырақ, оқшауырақ барып сөйлессек болар. Үйткені мен қазір Есенге жолықпақшы ем...

Б а т ы р ш а. Немене, не туралы?
С е й т к е р е й. Әлгі бір шығарамыз деп жүрген балалар туралы...
Екеуі де шығып кетеді.

3-көрініс

Сұлтанов, Сүлейменов, тағы бір үндемес студент шығады.
С ү л е й м е н о в. Ә, ә, ақыры істеп пе айтқандарын! Өзгелерді қайтіпті?

С ұ л т а н о в. Өзгелерді де аяр деймісің? Әнеугі тізімге кірген 10 студентті чисткамен шығарамыз депті.

С ү л е й м е н о в. Қаулы жасалып па?

С ұ л т а н о в. Жасамақ дейді. Ертең, бүрсікүні қаралмақ... Біз жоқта жікшілдік көбейіп, студенттер арасына разложение кіріпті дейді Темірбеков, Оспановтар...

С ү л е й м е н о в. Иә, ол оның ішінде біз де бармыз ғой!
С ұ л т а н о в (күліп). Сіз түгіл біз де бармыз. Қайт дейсің!
С ү л е й м е н о в. Шын ба, ой?
С ұ л т а н о в. Шын болмай, өтірік болушы ма еді?

С ү л е й м е н о в. Бәрі Малдыбаевтың әлсіздігінен. Басынан осы Темірбеков, Оспановтарға қарсы сендердің күшіңді мықты қып құрап алып, қатты отпор беруі керек еді. С ұ л т а н о в. Рас, солай ашық тартысу керек еді. Сонда тергеу болғанда кімнің кім екені ашық-ашық айтылар еді... С ү л е й м е н о в. Іздейік, жинайық әлі олардың үстінен материал... Енді қатты тартысу керек. Ең болмаса солардың өзін ала кету керек... Талмаңдар, тартыс енді ғана қызып келеді (Айналаны көрсетіп.) Тереңдету, тереңдету керек мыналардың арасындағы істі... Бір бұл ма, талай-талай іс бар... С ұ л т а н о в. Дұрыс... Кіндік Малдыбаевты білмесе, Темірбеков, Оспановты да білмейді. С ү л е й м е н о в (күліп). Салмағы күшті, шын большевик, шын батырашка — Қадишаны қайтесің? С ұ л т а н о в. Иә, соның желіккенін айтсаңшы? Бетім-ай, бетім-ай (Күліседі.) С ү л е й м е н о в. Былтыр ғана "бауырсақ мұрын, бүйрек бет, қаймақ қабақ қара қыз" еді (Күліседі.) Биыл тіпті көп нәрсе біліп, белсенді боп құтырып кетіпті...

С ұ л т а н о в (күліп). Жаңа не дедің, өй, ол кімнің сөзі?
С ү л е й м е н о в. Мағжандікі...

С ұ л т а н о в (күліп). Ә-әй, көнтекең... қайдағы ұлтшыл, байшылдың сөзін тізіп, теріп жүресің-ау. Қап, мына Темірбеков, Қадишалар сендерге қосты-ау бізді енді әкеп. (Күліседі.) С ү л е й м е н о в. Тоқта әлі, осылай маңдайыңа тас тиіп, талайың келерсің. С ұ л т а н о в. Келетін де бар, келмей, сол Қадишалардан қызу алып, үдеп салатындар да болар... С ү л е й м е н о в. Тоқта, оған шындап кірісерміз енді. Өздерің келдіңдер. Бәрі де дайын боп қалды өзі мұнда. Шәкірттер настроениесі бүгінде жаман емес. Жә, оны қоя тұрайық...

С ұ л т а н о в. Иә, басқа не бар?

С ү л е й м е н о в. Әңгіме, сен екеуің де елді көрдің. Практиканың қазақ елі ішінде не күйге соғып жатқанын таныдың... Жә, енді осыдан не вывод ойлайсыңдар... Соны сұрайын деп ем... (Екеуін екі жақ қолтығынан алады.) Жүріңдер, былайырақ басайық. Әңгіме айтыңдар. С ұ л т а н о в (алдыңғы жақтарына қарай көрсетіп). Былай жүреміз бе, жоқ, былай қарай жүреміз бе? С ү л е й м е н о в. Әне біреулер келеді екен. Жүріңдер, былай басайық... (Шығып кетіп бара жатқанда алдарынан Жәлел, Мақсұт кездесіп, күлісіп амандасады.)

4-көрініс

Мақсұт, Жәлел шығады.

Ж ә л е л. Жә, енді сіз есіттіңіз бе? Бұл уақиға жалғыз қазақ ішінде ғана емес... М а қ с ұ т. Әлбетте, наступление бар жерде бірдей ғой. Бәрінде де коллективтеу... Мен қырғыз ішінде біраз уақиғалар болыпты деген жалпы хабар есіттім...

Ж ә л е л. Бәсе, қырғызда — Ош уақиғасы...
М а қ с ұ т. Иә, рас... тағы қайда?
Ж ә л е л. Тәжікстан жақта Ибраһимбек харакетін білесіз.
М а қ с ұ т. Әрине... оқыдым ғой.

Ж ә л е л. Ол Бұхар әмірінің харакеті... Бұл іс адамы болды... Онан соң Түрікпенстанда Иранға қарай мал иесі көп байлардың ат қашопкесі бар... Білесіз, ол жақта қарт Жөнейт әлі де қалғымайды... М а қ с ұ т. Осының бәрі шарыққа жасалған, ауылға жасалған шабуылға қарсы берілген жауаптар... Ә, достойный, жақсы жауаптар... Ж ә л е л (күліп). ha, мен сізге де бір шын сұлу жауапты айтайын... Білесіз бе, паранжы мәселесінің халын?

М а қ с ұ т. Иә, әлгі хүкімет декреті ме?

Ж ә л е л. Ха-ха-ха. Декрет әліге шыққан жоқ. Қышлақлардың жауабын білдіңіз бе? Ферғана, Бұхарада көп қышлақтарда паранжы тастаған, тастауда фағалла көрсеткен қатын, қызларны масқаралап өлтіріп, дарақ башларына ұят жерлерінен іліп кету фактілері көбейген, ха-ха-ха (Екеуі де күлісіп, шығып кетеді.)

5-көрініс

Қадиша, Темірбеков, Оспанов әңгімелесіп шығады.

Қ а д и ш а. Осының көбі жалғыз бізге, Есенге ғана қарсы емес. Ішінен ұйымға да, тіпті бүгінгі кеңес құрылысына да қарсылық ойлайды. Т е м і р б е к о в. Бұның рас. Оған бірі ашық барса, бірталайы соқыр құрал боп байқамай барады.

О с п а н о в (Қадишаға). Ал, соның себебі не дейсің?

Қ а д и ш а. Сырттан жылтырап жүргенде бірталайын кеңесшіл, белсенді жас деп, кейбірін тіпті лениншіл жас комсомол деп ек. Міне, енді басталып, қызып еді, тап тартысы ауылда, кейбірінің ондағы тамырларына балта тиіп еді... Қарашы, шынын айтқанын (Күліседі.)

О с п а н о в. Шындары не екен?
Қ а д и ш а. Не екен? Көрмеймісің?

О с п а н о в. Не, өзің айтпайтұғынбысың? Түрсіз екесің де, жүдә... (Өзгелері күледі). Қ а д и ш а. Шындары: басынан біздікі емес. Жат таптың баласы. Түсін бояп қана жүрген. Ал, бүгін... О с п а н о в. Бәсе... міне, міне... бүгін (күліп, айналаны қолымен шолып өтіп) көріңдер тамашаны. Ылғи бір ыбыр-жыбыр, сыбыр-сыбыр. Қарашы, осы тоғайдың ішін. Дәл бір ұйым жасап жүрген шайка... (Мазақтап.) Ыж-ж-ж-ж!.. Қозғалған араның ұясы! Жоқ... бұны көріп қана қоюға болмайды... Т е м і р б е к о в. Рас, жетті енді... Бұның да тамырына балта шабу... Дәл жуан тамырларын тауып, соған шабу керек.

Қ а д и ш а. Рас, әңгімені бар көлемімен үлкен мәселе қып қою керек. Т е м і р б е к о в. Үлкейсін. Шын дерттің қайда екенін кіндікке де, ұйымға да танытуымыз керек.

О с п а н о в. Бәсе, ал, осыны енді Есенмен сөйлесу керек.

Т е м і р б е к о в. Дұрыс. Ол өзі де мезгіл жеткен сияқты деп жүр. Мені әдейі бүгін осы бақшаны көр деп еді...

Қ а д и ш а. Маған да сүйдеген. Ал, соны табайық...

Оспанов. Қазір... қазір... Қайда жүр өзі. Түрсіз... Жүріңдер, табайық... (Шығып кетіседі.)

6-көрініс

Есен, Рақыш, Сейткерей шығады.

С е й т к е р е й (Рақышқа). Рақыш, сен тегі қоғамдық әңгімелерден оқшау қалып жүрме! Р а қ ы ш. Иә, неге олай дейсің? Маған қандай (күліп) саяси бағыт, у-у-һ, тұтын дейсіз?

Е с е н (күліп). Иә, ағаңыздан саяси тәрбие алыңыз...

С е й т к е р е й. Е, мен теріс бағыт береді деймісің? Япырай, көлеңкеге қарай тон пішуге дайын тұрасыңдар-ау!..

Е с е н (күліп). Япырау, мен еш нәрсе айтқам жоқ қой. Неге секем алдыңыз? Р а қ ы ш. Сейткерей аға, кәні, айтыңыз... Мен сіздің мәслихатыңызды қымбат санаймын. С е й т к е р е й. Олай болса әлеуметшіл, белсенді комсомол жастардың арасында болуың керек. Солардың салт-санасын қабылдап ал да, өмірде солардың машығын қолдан. Ендігі тұрмыста, келешекте табаны нық басылған, мықты, керекті адамдар солар болады.

Е с е н (Рақышқа). Иә, кәні, бұған не дейсіз?

Р а қ ы ш (күліп). Мен комсомол болайын ба сүйтіп? Ал, Есен, олай болса мені алғызыңыз... Мен кіремін (Тым-тырыс.) Ну? Неге үндемейсіз? Не айтасыз?

Е с е н. Жоқ... сіз кірмейсіз. Мен болсам алғызбас ем және...
Р а қ ы ш. Ә, ә, сүйтіңіз, шыныңызды айтыңыз... Неге?

Е с е н (шапшаң). Лучше уж барышня боп қалыңыз. Сіздің прошлыйыңыз, бүгінгі қалпыңыз соған жақсырақ подготовить етілмеген.

7-көрініс

Сыдық шығып, қол ұстасып амандасады. Сол кезде Темірбеков, Қадишалар шығады.

Қ а д и ш а. Есен, сен боспысың?
Е с е н. Иә, немене!
О с п а н о в. Немене дегенше, бері жүрмеспісің, түрсіз!..
Кетіседі. Сейткерей өз бетімен кетеді.

8-көрініс

Сыдық, Рақыш үндеспей тұрып.
Р а қ ы ш. Иә, настроениеңіз дұрыс емес пе? Неге мұндайсыз?
С ы д ы қ. Неге олай дейсіз? Менің настроением cay...

Р а қ ы ш. Оныңыз жақсы екен... Олай болса айтыңызшы, маған неге жат қарайсыз? С ы д ы қ. Ә, қабақты айтасыз ба? Бұ да жақсы екен. Біз қабақ танысатын боппыз ғой. Р а қ ы ш (күліп). Жарайды енді, жазаламай, шенемей-ақ айтыңыз. Мойныңызға алдыңыз ғой... Қабағыңызға не болды? С ы д ы қ. Япырай, біздің әрбір кездесуіміз осындай бір тартыстан басталатыны қалай?.. Қойшы енді, сіз-ақ арбаңыз... Мен тура шынымды айтайын...

Р а қ ы ш (күліп, қасына кеп, қолтығынан алады). Иә, кәне, сөйтіңіз... С ы д ы қ. Қабағым бұзылғанда кейбір таныстықтан арыла алмағаныңызға бұзылады... Р а қ ы ш. Ә, ә, ананы айтасыз ба? Ол менің көңілімді қозғамай ма екен... Бірақ... (Тоқтайды.)

С ы д ы қ. Иә, айтыңыз...
Р а қ ы ш. Арыла алмай, екі жаққа да бірдей болса не шара?..

С ы д ы қ (қолтықтаған бойынша). Жүріңіз олай болса, сөйлесейік... (Шығып кетеді.)

9-көрініс

Сүлейменов, Сұлтанов, Мақсұт шығады. Мақсұт ортада.

С ү л е й м е н о в. Темірбековтер жалғыз бұл институт емес, ана басқа ВУЗ-дардағыларды да шығартамыз дейді...

М а қ с ұ т. Е, үдетіп барады екен ғой...

С ұ л т а н о в. Атамаңыз... Не істейміз енді? Өздеріне қарсы материалдарды біз де жинап жатырмыз... Бірақ онымен өндіру қиын. С ү л е й м е н о в. Осыларға тыю салып, өздерін реті келсе осы орындарынан тайдырып жіберсек, мына институт түгел қолға шығуға болады... Ар жағындағы жұмыс көп емес. М а қ с ұ т (ойланып). Ә, онда бұларды материалын көбейтіп, жолдан алып тастау керек екен. Осы күнгі үлкен әдістің бірі осы. Бұны мұндағы ұлттар өз белсенділеріне тегіс қолданады: Қалайда бір-ақ нәрсені мықты ұстаңыздар: алыспа, алыссаң — ұстаған жерде қолың, тістеген жерде тісің кететін боп алыс (Батырша шығады.)

10-көрініс

Асығып жылдам басып келіп
Б а т ы р ш а. Әй, есіттіңдер ме? Сабырды жаңа арестовать етіп алып кетті?

Сүлейменов Аресть?!. Аресть?!
Сұлтанов

М а қ с ұ т. Ә, келді ме?.. Енді кімге келер екен? Жә, олай болса тарайық (Осыдан соң ерсілі-қарсылы кездесу. Батырша Сейткерейге кездесіп, "арес", "Сабыр"деп әкетеді. Сыдыққа Сүлейменов, студенттер бір-біріне "Сабыр... Сабыр... ареске... ареске... "деген сөздер ию-қию айтылып, бақша ішінде жүрістер шапшаңдап, судыр-судыр өсек-сыбыр құжынайды.) М а қ с ұ т (оқшау жалғыз тұрып, басын шайқап). Ғажап! (Айналаға қарап.) Жан-жақтың бәрі!.. Осы тоғай іші түгел сусылдап тұр ма, не өзі? Ысқыра ма, әлде нетеді? (Тоқтап.) Жақсы белгі ме?.. Жаман ба?.. (Салбырап ақырын басып шығады.)

АЛТЫНШЫ СУРЕТ

Түн. Кеш мезгіл. Қала бақшасының ішіндегі ашық ресторан. Жарықтар күшті. Бір жақ бұрышта ресторанның кішкене ашық сахнасы. Айналаны қоршай біткен ағаш. Жағалай жасыл шарбақ. Ортада үлкенді-кішілі гүл ағаштары. Ақ қызғылт түсті розадар, қызыл-күрең және ақ түсті астралар. Ең көрнекті ортада үлкен-үлкен пиондар. Гүлдердің көбі ағаш шелектерге орнатылған... Бұл ресторанның сахнаға жақын бұрышы. Ақ жаулық жабылған екі үстел ғана көрінеді. Айналаларыңда орындықтар. Жасыл шарбақтың бір есігі залға қарсы. Екі үстелдің біреуінде Батырша. Сейткерей, екіншісінде Жәлел, оның қасында биші цыған қызы... сахнаға шығатын киімі бар... Шымылдық ашылғанда Сейткерейлер астарын ішіп болып қалған. Сыртта көп дауыс "бис", "бис" деп қол шапалақтайды. Жәлел мен қасындағы қызы да қағады. Сахнаға әнші қыз шығады. Пианиномен "Минуточка" әнін жырлайды... Жұрт тағы қол соғады...

1-көрініс

Дауыстар. Червонная, Червонная!! Просим, просим, Червонная!
Б и ш і қ ы з (басын ұстаз). Еще раз?! Ой, не хочу! Ни-ни!

Ж ә л е л (қасындағы қызына қарсы қол шапалақтап). Просим, просим! Аду, Аду!

Б и ш і қ ы з (қиланып). И вы хотите этого, Желял Жафарович!
Ж ә л е л (қол қағып). Ну, как же, как же! Ха-ха-ха!

Б и ш і қ ы з (тұра беріп, қылымсып). Разве я могу отказать, если вы хотите! Ж ә л е л. Огня, побольше огня! Ада! Знаете, вы меня чаруете в такие моменты! (Күледі. Қыз кетеді... билейді... билеп жүріп оркестрге "ча-а-щ-щ-е" деп айғайлап қояды. Жәлел оған күліп, қол ұра тұрып, Батыршалар үстеліне кетеді.)

Ж ә л е л. Білесіз бе, уақытында Баше сақауды Англия неге таңдаған?
Б а т ы р ш а. Иә, неге?

Ж ө л е л (күліп). Просто, ол тәжік! Ал, Ауғанның біз жақтағы көршісі тәжік... Ананы әдейі сондай бетке көрініске шығарып, біздің тәжіктерге шырға қылмақ саясаты еді... С е й т к е р е й. Е, ол ана арабтың, ауғанның надан руларына қарсы ем болған шығар... Бізге онысы қона алмайды... (Күліп.) Онысымен біздің тәжікті ала алмайды, білдің бе, Англияңыз... Ж ә л е л. Ә, оны кім біледі?.. Олай деп ғана қоймаңыз. Бұ да зор саясат, шырықты терең зерттеуден алынған тәжірибе!.. (Қыз билеп болады. Қасына келеді. Әнші қыз да келеді. Жәлел тұрып, екеуін екі қолтығына алып, кетуге айналады.)

Б а т ы р ш а (күліп, Жәлелге). Қайдан тізіп алғансыз?

Ж ә л е л (күліп). һа, менің сіздер күтпеген талай таныстарым болады (Қоштасып кетеді. Шыға бергенде Мақсұт кездеседі. Жәлел оралып амандасады.)

Ж ә л е л. Жаңа жеттіңіз бе? Мен тосып отырдым!
М а қ с ұ т. Иә, кетеміз бе бұл жерден?
Ж ә л е л. Кетейік, жүріңіз.
М а қ с ұ т (әйелдер туралы). Мыналардың не керегі бар?

Ж ә л е л (күліп, таныстырып). Жүріңіз, о, бұлармен болу жақсы болады. Сөйлесе береміз! (Мақсұт бір қызды алады, кетіседі.)

2-көрініс

Сейткерей (жүруге ыңғайланып, ақша төлеп болып). Біртүрлі хабары көп, білмейтұғыны жоқ... Б а т ы р ш а. Мен білмеймін әйтеуір қалай екенін, жүрістері анау! Мақсұттар әне. С е й т к е р е й. Құданың құдыреті, өзі бір шет жұрттың шпионы сияқты әсер етеді маған.

Б а т ы р ш а. Е, қой, өзбектің басты кісісімін деп жүрген жоқ па? С е й т к е р е й (күліп). Мен әйтеуір аяқты тарттым өзінен!.. (Шығып кетіседі. Музыка.)

3-көрініс

Рақыш, Сыдық. Рақыш көңілді, жеңіл басып кеп, бір үстелге Сыдыққа қарсы отырады. Жоғарғы жағындағы сирень гүлінің бұтағын қолымен басып кеп иіскеп, артынан Сыдыққа иіскетеді. Сыбырласып, күліп, кейде күлген бойларында шалқайысып кетеді. Сыдықтың қолы бұның үстел үстіндегі қолын сипайды.

Р а қ ы ш (күліп). Менің күйеуім, білесіз бе, қандай болу керек?
С ы д ы қ. Иә, кәні, айтып көріңіз.

Р а қ ы ш. Ең алдымен атағы, салмағы бар қоғам қызметкері болсын (Құбылып күледі.)

С ы д ы қ. Иә, ортақшыл болуға бола ма, күйеуіңізге?
Р а қ ы ш. Әлбетте, олай болса тіпті жақсы.
С ы д ы қ. Және?
Р а қ ы ш. Және? (Тоқтаңқырап.) Бір жағынан светский адам да болсын.

С ы д ы қ. Ортақшылға мына шартыңыз ауырырақ болмаса не қылсын? (Күліп.) Онда ұйымсыз лайық болмас па еді? Р а қ ы ш (торыққан пішінмен). Оларда күш-салмақ аз, өздері жалынышты ғой (Күліп.) Удобный күйеу шықпайды ғой дейім. С ы д ы қ (қоса күліп). Жарайсыз... жарайсыз (Тоқтап.) Жә, сізге күйеуге мұншалық есеппен тию мәселесін кім түсіндірді? Соны айтыңызшы. Р а қ ы ш. Кім түсіндірсін, өзімдей өзге оқыған әйелдер, оқыған қазақ қыздары... Солардың күйеу таңдауын, өмірін байқап, сынап көрмеймін бе? Және Сара жеңгей, Гулялар да жақсы сабақ бере алады. Сіз оны білесіз бе?

С ы д ы қ. Білмесем де сеземін.

Шарбақты айналып келе жатқан үш жігітгің бастары көрінеді. Бұлар есіктен кіріп, мыналарды көріп тоқталаңдайды. Сүлейменов, Сұлтанов және үндемес студент, үшеуі де мастау.

4-көрініс

С ы д ы қ (күліп амандасып). Иә, қош келіпсіңдер, балалар!
С ү л е й м е н о в. Сыдық ағай, рұқсат па сіздерге қосылуға?

С ы д ы қ. Е, келіңдер... келіңдер... (Келіп отырысады, тегіс жазғы жақсы киіммен.)

С ұ л т а н о в (күліп). Айыпқа бұйырмаңыздар, біз кішкене ішіп алдық... С ы д ы қ (күліп). Иә, бұйырмаймыз, бұйырмаймыз... Қорықпай-ақ қой. Солай емес пе, Рақыш?

Р а қ ы ш (күліп). Білмейім.

С ү л е й м е н о в. Мына жерден өтіп бара жатып, жаңа Мақсұтқа кездесіп сөйлесіп ек, содан сіздерді көріп әдейі келдік. Бәріміздің толып жатқан шеріміз бар...Сондықтан ішіңкіреп жүрміз (Даяшы бөтелке, стакандар қояды. Сыдық құяды, ішіседі.) С ы д ы қ. Шер... не қылған шер? Еш нәрсеге шерлену де, впечатляться ету де керек емес... С ұ л т а н о в. Біз де оншалық салбырап жүргеміз жоқ. Жалғыз емеспіз. Бірқатар шәкірттің ішкі настроениесі біз жақта... Жаңа да талаймен сөйлестік... С ү л е й м е н о в. Өйткенімен көбі көріне алмады ғой бүгінгі мәжілісте. Есіттіңіз бе? (Сыдыққа.) Бүгін кешке шейін жалпы студенттер жиылысы боп, әнеугі тізімдегі 10-ымызды чисткамен шығаратын қаулы жасады... Жасатқан Есен, Темірбеков, Қадишалар... Өзіміз тәуір-ақ айтыстық... С ұ л т а н о в. Бірақ, тәуір студенттің көбінің бұғып қалғаны рас. Бой көрсете алмады... С ү л е й м е н о в. Енді не істейміз? Өстіп басқа өрлете береміз бе? Жоқ, бір қайыру бола ма бұларға да... Не айтасыз?.. С ы д ы қ. Саспаңдар... Сендердің мәселеңді де, олардың мінезін де кіндік алдына қоямыз.

С ұ л т а н о в. Соған мезгіл әбден жетті енді...

С ы д ы қ (күліп). Жалғыз-ақ сендер жікшіл болып кетпеңдер, тегі... Өздеріңнің жайларыңды және ана басқарушылардың мінездерін шәкірттер арасына ашық қойып, ашық сөйлеңдер... С ү л е й м е н о в. Білеміз әйтеуір, бұлардың ісі тереңдеп барады. Тіпті осындағы бәрлеріңе қарсы харакет қылып жүр Темірбеков. С ы д ы қ. Істесін. Қайта сондайларын ашыңдар. Онда жікшіл олар болып шығады. Солай өз қаруын өздеріне қарсы төсеңдер... Ал, біз үшін сендер қауіп қылмаңдар (Күліп.) Құдай сақтар... Қадиша, Есен, Темірбеков кіреді. Қолдарында папка, портфельдері. Түстері деловой. Білектері сыбанулы. Жұмыс істеп, шаршап шыққан кісінің ажары бар. Орын қарасып тұрады.

5-көрініс

С ұ л т а н о в (бұларға қарап, мастау қозғалыспен). Ә, ә, қош келіпсіздер... Темірбеков, міне, мына жақта бос орын бар.

С ы д ы қ. Иә, мұнда, мінеки, бос орын бар, келіңдер, Есен!

Е с е н (қозғалып). Дұрыс, отырсақ отыра салайық. (Отырысады. Анау үстел ішіп-жеп жатады.Мыналарға даяшы сыра, закуска әкеледі.) С ұ л т а н о в (ішіп алып, Сүлейменовпен ымдасып, Есендерге сұрлана қарап). Е, Темірбеков, қалайсың?

Т е м і р б е к о в (салқын жүзбен). Иә, не демексің?

С ұ л т а н о в. Не, дейін? Жәй әншейін күйіңді сұраймын. ЬІлғи тұтанып тұрасыңдар-ау.

Т е м і р б е к о в. Ұқпаймын мен ондай сөзді. Ізденіп отырсың ғой өзің!
Қ а д и ш а. Тұтанған деген не деген сөз? Соқтығу ма бұл?

С ұ л т а н о в. Іздену, соқтығу болушы ма еді біздей кісіде? Сендердің беттеріңе кім шыдасын! С ү л е й м е н о в (сөзін бітіртпей). Қолдарың қанданып, ауыздарың майланып тұрған жоқ па? Е с е н (Сүлейменовке). Азамат, ішсең бетіңмен іш. Мынандай қисынсыз жерде қалай болса солай сөйлеме!

С ү л е й м е н о в. Иә, не бола қапты? Бұл жерде бөтен кісі жоқ! Е с е н (жылдам).Кісі болсын, болмасын (Қатаңдау.) Немене елдегі атқамінердің бұралқы сөзін әкеп отырсың бұл жерге!.. С ұ л т а н о в. Атқамінер... бұралқы... Солай деу үшін әуелі өзің аман ба екенсің сондайдан. Оны да бір байқау керек-ау, тегі. С ы д ы қ. Қой, ондай керексіз, жайсыз сөздерге барыспаңдар (Даяшы келеді, ақша төлеп жатады.). Е с е н. Жоқ, тоқтатпа, айтсын, айтып болсын. Иә, ағыт әр жерден жиып-тергенің болса... С ү л е й м е н о в. Жиып-теретін біз емес, сендерсің, әркімді сауырлап, қуып, тың тыңдап... Қ а д и ш а. Сенің ниетің: еркіңе жіберіп, шәкірттер арасын бүлдіртіп қойса дейсің ғой... Біз үйткізе алмаймыз.. Әрине, қуамыз...

С ы д ы қ. Қойсаңшы, шырағым, сен...

Т е м і р б е к о в. Неге қояды? Қоймайды (Сүлейменовтерге.) ВУЗ-дан қумақ түгіл, басқа жерлерден де аластап шығарамыз. С ұ л т а н о в. Адырағал... өстіп құтыра берем дейтін шығарсың. Аяғың аспаннан келіп қалып жүрмесін...

Қ а д и ш а. Мыналар бүгін соқтығуды тілеген екен!..

Е с е н (үстелді қатты қағып). Соқтығып қара... Білемін мен сенің сырыңды. Төркініңді де танимын. Сүйенішің бар шығар сеніп жүрген... бірақ ол ініңе де су құйылады. Кеңес өкіметі ешкімді де бос шолжандатпайды, өйтіп. С ы д ы қ (сұрланып). Ол не деген сөз? Не жұмбағың ол? Өзің талайды қағытып отырсың ғой?!. Е с е н (орнынан тұрып). Қағытамын. Керек болса міне, шынын да айтамын (Қолын Сыдыққа созып нұсқап тұрып.) Мыналардың бәрін кеңес тәрбиесінің жолынан тайғызып, азғындыққа жеткізген міне сенсің, Хасенов? Институттың ісшіл, дұрыс тіршілігі бұзылды. Соған кіналы сенің мінезің, сенің теріс салт-санаң! С ы д ы қ (тұрады, өзгелер де бірге тұрады ). Ей, жолдас, сандырақтама. Қазақтың игілігіне арналған істі Хасенов өмірінде бірде-бір рет бұзып көрген емес. Ол бар қазаққа мәлім. Сенің оттаған сөзің керек емес. Мен сенімен салғыласуды бойыма мін деп санаймын, білемісің? Сондықтан сөйлеспеймін де сенімен! Е с е н (кекетіп). Иә, саған ұсынса қол жете ме? Сен ірісің ғой! (Ол үстелді саусағымен қатты қағып.) Жетті. Болды енді. Институт іші сенің мінезіңнен сайлау басына айналды. Мектеп ылғи күбір-күбір, жыбыр-жыбыр пәле ұясы, контрреволюцияның мекені болды. Қанатыңның астында кімдер жоқ сенің?.. Танымайтын, сезбейтін шығармыз? Жетті... ертең мен білдіремін кіндікке осының бәрін. С ы д ы қ. Мен сендейдің сандырағына жауап бермеймін, бергім келмейді. Сен түгіл сенен зорын да менсінуім екі талай, білдің бе? Ә, сенің жазбаған доносың ғой... Әрине, сендер соны істемей, нені істейсің? Істе, істе... (Жүре береді, қасындағылар бірге кетеді.) Е с е н (ұмтылып). Ой, дұшпан! (Қасындағылар ұстап жібермейді. Ұйқы-тұйқы.) Дұшпан... (Сыдық естіп бара жатады.) Дұшпансың сен! (Жолдастарына Сыдықты нұсқап тұрып.) Міне, жаулықтың жуан, терең тамыры!..

Ш ы м ы л д ы қ.

ЖЕТІНШІ СУРЕТ

Институт клубының бір бөлімі. Бұнда жиналыс. Сахнаның жартысы, клуб сахнасы. Онда жиылыс басқармасы: Есен, Қадиша, Әбіш, Оспанов. Оң жақта, төменірек — залдың бір шеті. Қатар-қатар орындықтарда оқушылар. Араларында, алдыңғы қатарда Лала мен Мүсілім. Екінші қатарда отырған Сыдық, Мақсұт, Батырша, Сейткерейлер де көрінеді. Авансценаға жақын трибуна. Шымылдық ашылғанда Жағыпаров Ғани сөз сөйлеп тұрады.

1-көрініс

Ғ а н и. Иә, біз қазір шынның шыны, сынның сыны айтылып, сырдың да сыры ашылатын ұлы өткелге келдік. Ғасырлар, тарихтар бойына тамырын терең жайған, терең көмген тәртіпке селдей соққыны жасамақпыз. Қазақстан топырағында бұл азиятщина, жабайылық, надандық, қараңғылық тамырына балта шабу... Алып қадаммен, берік, нық басқан қадаммен ғана біз ескіліктің бәрін серпіп тастап, жаңа өмір, жаңа дәуір — социализм заңына бет түзейміз... Ауылдағы капиталшылдық, ұрушылдық, бектік, байлық тамырын қырқамыз... Бұл ұлы кезең біздің ішімізді сұрыптайды. Алдына сенбеген, артын қимаған, қиындықтан қорыққан қобалжуы көп, тайғақ дос бізбен болмайды. Осы іздену, тартысу, қиналу арқылы жаңа күнге өтемін деп өзіне-өзі сенген, пролетариатты ісімен сендірген адам ғана бізбен ереді. Қобалжушылар партияда болсын, жастар ішінде болсын, өзгеде болсын, енді бізден айырылады. Жабысам десе де жабыса алмайды. Жыртылып айрылады. Міне, осындай заманда сондай майданның азаматы болады деп тәрбиелеп келе жатқан еңбекші, кедей қазақ жастарын әлдекімнің жетегіне, арбауына бере алмаймыз біз... Алдаймын, адастырамын дегенді кім болса да аластаймыз, қуамыз... Білеміз біз, ондайдың бәрі сендерге келгенде өтірік қамыққан, қайғырған боп келеді. Қазақ үшін қан жылап, түн ұйқысын төрт бөліп жүрген кісім боп келеді. Ұлтшыл, ұйымсыз барсың, ұлтшыл жастар және ұлтшыл ортақшылдар барсың... Иә, бұл жасырын емес... Білеміз барсыңдар... Міне, бүгін партия, өкімет атынан айтамыз: болды енді, ол сияқты ертегі заманның жырлары. Тұтынғаның сол болса сен жаңағы азиятщина, жабайылық, реакция тобындасың... Өзің не десең үй де, бірақ объективно, тарихша сен сондасың. Алға бастаған өмір, тарих ұранын қостау орнына, отрицать ету сенің бар мазмұныңды ашады... Енді міне, айтыңдар, кімдіксіңдер? Міңгірлемей, беттеріңді ашыңдар. Біздік болған бізбен, біздік еместерің шық, шығасың қарсы бетке (Қолындағы запискаларды жоғары көтеріп.) Міне, маған берген запискалардың кейбірінен көріп отырмын, кейбір жастарды осында ұя салған дерт адастырған, қаңғытқан көрінеді. Білесіңдер ме, мұнда төңкеріс дұшпандарының сөздеріне шейін сөйлеп отырғандар бар. Кім сөйлетті, кім адастырды, не деп адастыңдар, — қазір ашып айтыңдар... Бұғып қалам, білінбей қалады екем демеңдер... Мұндағы жастар бар... Сол жастарды бастаған, атағы болмаса да пролетариат ісіне, партия ісіне тазалығы, беріктігі күшті болған жолдастар бар. Солардың көзі бәріңді де көреді. Табады... Атағы, аты бар асқақ жау біздің ол жастарды елеусіз, атақсыз, тәжірибесіз әлдекім деп санаған шығар. Бірақ біздің партияның, большевик партиясының: қатардағы, құба төбел көптің бірі боп жүрген адамдардың ішінен, мықты жауға "табандап ұрып тап жығатындай" нық соққы, большевик соққысын бере білген адамның шығуы қандай жақсы!.. Қандай белгі!.. Біле білсе біздің күшіміздің қандай берік, сенімді күш екенін соның өзі де танытуы керек. Пролетариат тобының әрбір звеносы пролетариатша, болат, құрыш екенін соның өзі де сездіруі, таныстыруы керек. Иә, рас... Бұның өзі де сабақ жатқа... Жауға... Оған қарсы сенің кейбіріңнің сеніп жүрген күшің бар шығар... Бірақ ол сендер көріп жүрген күштің бәрі бізбен, партиямен ғана күшті... (Қолымен үстелді қағып.) Егер партия жолынан жырылып, қиқақтап көрсін. Күшінен, түсінен не қалар екен? Біз мұнда үлкен тазарту жүргіземіз... Ол тазарту бастан аяққа дейін болады. Институттың бүгінгі тірелген тығырығы еріксіз соны керек қылады. Бұл тығырық терең тамырлы көрінеді. Осыған қарай талайдан бұрмалап әкеле жатқан, сендерге белгілі де, белгісіз де, көрінбей істейтін де, қыңыр-соқыр күштер болған көрінеді. Енді соның бәрін тазартамыз... Ашыңдар, ат салысыңдар... Өз міндеріңді сонымен түзеңдер... Алдымен сөз сендердікі, адасқан жастар!.. (Тоқтайды. Қол шапалақтау. Орнында бір тұрып, бір отырып, Лала көп шапалақтайды. Ғаниға бейілін көрсетуге тырысады. Басқарма өзара сөйлеседі. Ғани барғанда барлығы бір нәрсені айтып, Ғани мақұлдайды.) Е с е н. Жолдастар, Ғани жолдастың баяндамасы да, сұрақтар, запискалар бойынша берілген жауабы да осымен тамам болды. Сөйлеймін деп жазушылар саны 90. Енді басқарма айтысқа кірісуден бұрын он минут үзіліс жариялауды мақұл көреді.

Д а у ы с т а p. Дұрыс... дұрыс...

Е с е н. Қарсы кісі жоқ па? ("Жоқ ", "жоқ " деген дауыстар.) Олай болса он минут перерыв! (Залда, басқармада да қозғалыс. Тұру, жүру. Сыдық Ғаниға жақындайды. Ғани қасынан орын көрсетеді. Сүлейменов, Мақсұт оқшауырақ.)

С ү л е й м е н о в. Бізге шығу керек пе, жоқ па? Сөйлесек қайтеді осы?
М а қ с ұ т. Жоқ, керек емес. Шиеленістіру қажет емес.
С ү л е й м е н о в. Батыршаларды шақырыпты Жағыпаров сөйлеспек.

М а қ с ұ т. Солай ма? Ендеше (күліп) қатасын мойнына алып, солар сөйлеуі керек. Сейткерей сөйлесе тіпті шынын айтар. Өзгеріп жүрген кісі ғой. Тыңдайық, не қызық болар екен! Тыңдай беріңдер!

2-көрініс

Ғ а н и (бір записканы Сыдыққа беріп). Міне, қарашы мынаны... Бұның аты не?
С ы д ы қ (алып жатып, салқындау) . Немене, не депті?

Ғ а н и. Не дегені сол... Қазақстанның ағылшын отарынан не айырмасы бар, хатшының ағылшын жандаралынан не өзгелігі бар дейді? Міне, не үйренген оқушыларың! Мұны не деп ақтайсың?.. Айтшы, кәні? С ы д ы қ (қарап шығып). Ең әуелі мұндағы жастың бәрі бала емес. Көпшілігінің әр алуан жап-жақсы дайындығы бар. Өздерінің әр нәрсеге сыны, шарты бар қоятын.

F а н и. Иә, сондықтан?
С ы д ы қ. Сондықтан бар сөзін үйретінді деуің орынсыз!
F а н и. Қайдан алды бұл пікірді? Бұл настроение неден туды?

С ы д ы қ (таңданған боп). Айналадағы өмірден алған шығар. Қайдан алушы еді? Сендер бірбеткей, ойланбай, арттарыңа қарамай, бұрап, майлап қойған машинадай, бұйырған бетпен шауып келесің. Бірақ осы ойланамысыңдар? Ғ а н и. Иә, партиядан қыңыр жайылатын ойды неге ойламайсың дейсің ғой? Әйтпесе Хасенов те, хасеновшілдік те болар ма еді? С ы д ы қ. Әрине, жоғарыдан айдар тағып беріп, осының артынан қалма деген соң, сен сенімін ақтамасқа болар ма ? (Әбіш келіп тыңдайды.) Бірақ ат қоя білетін сен ғана екем деп ойлама. Өз атың кім сенің, білемісің?

F а н и. О не деген сөз? Ашып айтшы, кәне?..

С ы д ы қ. Осы орынға отырып, дәрежеге ие болып көтерілгеннен бері қарай үлкен мәселеде бірде-бір өз пікірің, өз бетің болып көрді ме, осы? Сондайың болса, соны жарыққа шығарып, атап тартысып көрдің бе? Олай болса сенің атың кім болады? F а н и. Ата, айт... мен сендей өз бетімше байшыл, ұлтшылдар пікірін тасымаймын. Өтірік айтпаймын... Айтсам партиямен бірмін. Партия мақұлдаған пікірді айтамын. С ы д ы қ (кекетіп). Япырай, не қылып ғана туа қалған десеңші? Партия жолынан бірде-бір уақыт не артық, не кем түспес болар ма? Бірақ сонда шын үлкен, шын іргелі мәселені сенімен сөйлесе ме әуелі... айтып көрші? F а н и. Ә, бәсе, солай сөйле... менің сенімен де сөйлесуім керек еді. Жақсы аштың арманыңды... Сен ұйым адамдары, ұйым тәртібі туралы жау айтатын сөзге көшкен екесің. Бетіңнен жарылғасын... Енді, біл бірақ, сенің жолың ашық залалды... айқын жаулық жолына ауысыпты (Записканы көрсетіп.) Келген, келтірген нәтижең міне... Сенімен кімше сөйлесу керек... ашылды... С ы д ы қ. Аяма, қорқытам дейтін шығарсың. Шырағым Хасеновтің ол үйренген қоқайы... Ондай сөз саған ғана құбыжық... F а н и. Әрине, сенің жақсы мен батырың ұйым адамы, еңбекші жоқшысы болмасқа керек. Білеміз... Қайта кім соларға қарсы болса, соны батыр дейсің. Рас, біз ондай емеспіз. Ол сандырақтан кеткеміз... шүкірлік. Онда қазақтың саналы еңбекшілі, бағыты дұрыс партейці де кеткен бұ күнде... Қазір дерттен арылып келеміз. Сен қалсаң соны мақтаныш қылатын шығарсың, бірақ игілікке қарай сен көп емессің?.. (Әбішке қарап.) Солай ма, Әбіш? Сен не дейсің?

Ә б і ш. Маған Сыдықтың бұл пікірлері жат. Мақұлдай алмасақ керек.
С ы д ы қ (Әбішке). Ә, солай ма? Солай шығар, әрине...
Ә б і ш. Әрине, бұлай деу адасу, шектен асу.

С ы д ы қ. Айтарсың... айтарсың... (Ғаниға.) Бірақ сыншылымыз кейінгі өсетін жастар, кейінгі партейцтер болар. Олар сендер ғана соғылып шыққан қалыпқа соғылып шықпас.

F а н и . Ә, дәмеміз алыста... әрине...

С ы д ы қ. Мезгіл пісіріп, толтырып шығарсын соларды. Сонда талай сені мен біз сияқты асылдар қайта бағаланар... Сонда көрерміз... F а н и (күліп). Партейц деп бояған боласың. Одан да шыныңды-ақ айтсаңшы. Ұлтшылдар тарихшысы болса осы заманның тұрғысы мен емей кім дейтін сенсің ғой... Бірақ біз тарихтан жеке орын аламыз деп мақсұт қылмаймыз... Ескерткішім еңбекшінің, партияның бірігіп тұрғызған ұлы дүкені болса, бізге мақтан да, бәйге де сол (Батырша, Сейткерей шығады.) Жарайды біз бір-бірімізге қандық қой. Бұдан басқа сөзің жоқ қой?

С ы д ы қ. Жоқ...
F а н и. Ендеше, тоқтайық...
С ы д ы қ. Тоқтатсаң тоқтат!.. (Сызданып жалғыз кетеді.)

3-көрініс

F а н и (Батырша, Сейткереймен амандасады). Иә, мен сіздердің екеуіңізбен де сөйлеспекшімін.

Батырша. Иә, бізді жаңа сіз керек қылады деген соң келдік.

F а н и. Мұндағы жайды сіздерге қайталап айтудың қажеті жоқ. Сіздер бұрынғы алашорданың басы қып жүрген адамдарының бірісіздер. Соны көре-біле тұра біз сіздерге мүмкіндік бердік. Жағдай жасадық... Ол сын еді... Және пайдалы іс істей алса істесін деген сенім де еді... Ал, бүгін мынандай үлкен іс шықты. Жұртшылық көзіне сіздер бұдан оқшау тұрған кісі боп саналмайсыздар. Ол мүмкін емес... байланыстысыздар... С е й т к е р е й. Қалайша, немен байланысады? Тағы көленкеге қарап тон пішу ме, жоқ дәлел бар ма? Әлде біздің. жайымызға келгенде дәлел деген керек емес болады ма? F а н и. Өйтіп ақталу сізге де дағды болған шығар. Бірақ онымен ақталып, аршылып кету қиын. Сөздің қысқасы...

Б а т ы р ш а. Иә, бізден не тілейсіздер, соны айтыңызшы?..

F а н и. Октябрь төңкерісінен бері 11 жыл болды. Содан бері сыртпен сыпайы кісі болып, ішті бөлек салып жүрген еп пен айла, мақта мен білте дегендердің өрісі бітті. Енді бетті ашасыз. Шынды айтасыздар... өздеріңнің кеңес ісіне кіріскеннен бергі: жалпы бағыттан басқа боп, өздерің боп тығып, тығылып , қарсылық істеп жүрген жайларыңды айтасың. Бұл күнде сол жаңағыдай бар Қазақстан жұртшылығына мәлім жүрістеріңді теріс деп түсінесіздер ме, жоқ па? Түсінсеңіздер, соның төңкеріс үшін теріс, залалды мінез, залалды настроение екенін ашып айтасыздар... жараймысыңдар... бармысыңдар осыған... жоқпысыңдар... соған қазір ашық жауап керек... С е й т к е р е й. Бұл шарт қой... Олай болса ашып айтарсыз, істелмесе не демексіз?.. Ғ а н и. Істелмесе біз өз қорытындымызды жасаймыз. Бұл шарт, бірақ сауда емес... Біздің сіздермен бұл соңғы сөзіміз... Және бұған келтіріп отырған сіздердің іс мінездеріңіз. Ең ақыры міне, мына бүгінгі институт мәселесі... Кәні, не дейсіздер? (Батыршаға.) Мысалы, сіз не дейсіз? (Есен келіп тұрады.) Б а т ы р ш а. Сіздің бізге ғана қадалғаныңыз қалай? Тіпті ұлтшыл біз емес (Өтірік күліп.) Осындағы өздеріңнің коммунистерің десек не дейсіз? Ал, тіпті (Күледі.)

Ғ а н и (салқын). Ол өз бетімен. Қазір сөз сіздер туралы.

Б а т ы р ш а. Олай болса шынды айтайын. Мен өзіміздің бұл сөзіңізді дұрыс көрем. Тіпті осы жұрттың жаласы ылғи алдымен бізге жабылатын болса (күліп), одан да солардан аулақ болам... Тек сұрайтыным: бұдан соң не айтсаңдар, өзім істеген істі айтыңдар... Мен жасыңды да, коммунисіңді де білмеймін (Күліп.) Тегі, осы не өзі? Кім ұлтшыл боп шықса соның түбі біз боламыз да отырамыз... Міне, мен айтамын енді... бірақ ендігәрі ұлтшылдарыңды менен аулақ тарт (Күледі.)

Ғ а н и. Дұрыс... қазір соныңызды сөйлейсіз ғой онда?
Б а т ы р ш а. Қазірге тым тығыз болды ғой... Дайындалуым керек еді.
F а н и. Дайындалу қанша қажет?.. Сөйлейсіз... дұрыс па?
Б а т ы р ш а. Дұрыс...

Ғ а н и (Сейткерейге). Кәні, сіз не дейсіз?

С е й т к е р е й. Мен не дейін. Мына кісі сөйлемек болды ғой... сол жетер... Б а т ы р ш а (күліп). Жоқ, мен сен үшін сөйлемеймін... Менен аулақ, шырағым... С е й т к е р е й. Жоқ, қалжыңдамаңыз... Шын айтам, әрқайсымыз бірдей исповедоваться ете бермей-ақ қояйық та... Б а т ы р ш а. Жоқ, мен де шынын айтам, өз сөзіңді өзің айт (Өтірік күліп.) Өзім топ деген жаладан құтыла алмай жүргенде сенің мынауың бір пәле ғой, жаным. Е с е н. Е, солай, өзіңізге ермей бұлтақтаймын деген болса, жырып тастаңыз...

Ғ а н и (Сейткерейге). Кәні, не дейсіз?

С е й т к е р е й. Менің бұл шәкірттерге адал, таза қызметтен басқа жазығым жоқ. Сондықтан бұл жерде шығып, жоқ қатаңды мойыныңа ал деу орынсыз деп білемін.

Ғ а н и. Сіз қияламай, анық жауап беріңіз...

С е й т к е р е й. Анық жауап болса, мен бұл жерде сөйлемеймін. Сөйлесем Қазақстанда болатын өлкелік съезд, конференциясының бірінде сөйлеймін. Жалпы ұйымсыз оқығандардың, соның ішінде өзімнің де бұл күнге шейін болған мінез, ісіміз туралы жаңа көзқарас, жаңа сыным бар. Соны жұртқа түгел естілетін қылып, толық айтамын. Е с е н. Ол керек болса, уақытында оны да айтасыз. Қазір мұнда да керек. Онда айтам деп бекінгенде енді мынадан қашасыз ба? Бұл түсініксіз ғой. F а н и. Сіздердің тіл емізулеріңіз жетсе керек осы. Толқуыңыз — бетті ашпау... Оныңыз да бүгін бізге қосыла алмағаныңызды көрсетеді. Не дейсіз?.. С е й т к е р е й. Жоқ, шәкірттер алдында сөйлей алмаймын. Бұнда кіналы емеспін.

F а н и. Солай ма?
С е й т к е р е й. Солай... Аяқтағы суға ағып өле алмаймын.

F а н и. Е, оны көрерміз... (Сөзді тоқтатып, Есенге.) Кәні, жаңағы жолдастар бар ма, сөйлесейік! (Сейткерейлер тұрып кетеді.)

4-көрініс

Е с е н (сол жаққа қарап). Ей, жолдастар, бері келіңдер! (Әбіш, Оспанов, Қадиша, Темірбеков шығады.) F а н и. Жә, жолдастар, қазір біз біраз сөйлесіп алайық... Мәселе осының бәрінен шығарылатын қорытынды мен жаңа адамдар туралы...

О с п а н о в. Иә, шет жағасы шешілді ғой өзі...
Е с е н. Шет жағасы емес, бәрі де шешілді.

F а н и (үстелді қарындашпен тықылдатып). Сөздің қысқасы: біз директорды түсіріп, орнына әзірше мына Әбішті қалдырамыз... Жиылыс ашылған соң бұл естіртіледі. Екінші: жастар ұйымының хатшылығынан Малдыбаевты шығарып (бәрі Қадишаға қарайды), Қадиша жолдасты ұсынамыз... Ә, хатшылығында баяғы Есен өзі қалады. Оспанов директор орынбасары, Темірбеков әрі бюро мүшесі, әрі бар институттың әр жерінің керекті пресі (бәрі күледі) болады. Солай ма, жолдастар? Қ а д и ш а. Солай. Ал, тазарту туралы қалай болмақ? Ол жайынан не айтылады? F а н и. Тазарту: әнеугі бұдан шығарылған алты шәкірт, онан соң үлкен тізім бойынша өзге ВУЗ-дан 10 студент тазартылады...

5-көрініс

Малдыбаев келеді. Бұлар оған қарап тоқтайды.
F а н и. Иә?

М а л д ы б а е в. Мен осы жиылысқа біраз сөз айтсам деймін. Соны сіздермен согласовать етсем деп ем.

Е с е н. Иә, не айтпақ ең?

М а л д ы б а е в. Мен қаталастым... Мына Хасеновтің әсерімен ұйым жолынан алыстаңқырап, адасып кеттім... соны мойныма алғым келеді... Қ а д и ш а. Ә, ә, солай ма? Мен сенің мінезің туралы бәрібір сөйлемекшімін қазір. Кеш те болса есіңе түскен екен... Т е м і р б е к о в. Сөйлегені теріс болмас... Айтсын тыңдайық (Өзгелерге қарайды.) F а н и. Сөйле, жарайды, тыңдайық. Сенің мысалың бұл жұртқа жақсы сабақ болуы керек.

М а л д ы б а е в. Білгенімді айтпақшымын өзім де ...

Ғ а н и. Жарайды... жарайды... Онда сөйлейін... Не айтатыныңды өзің біл. Біз нұсқамаймыз... Иә, әзірше... (Тоқтайды. Малдыбаев кетеді.) Қ а д и ш а. Жә, осымен қатар мұндағы ұлтшыл ұйымсыздар туралы да бағыт беру керек қой. О с п а н о в. Онан соң жаңағы Малдыбаевтай болмаса да, (күліп) ол өзімен кетсін, түрсіз, (Әбішке қарап) отағасы, шәкірттердің сізге қарап та біраз бөксе басты болғаны бар-ау... Сөздің шыны керек те, мәселенки. Сондықтан сіз де біраз өз жайыңыздан выступатьтау дұрыс болмас па екен? Ғ а н и. Рас айтады. Әбіш, сен ең болмаса барлық уақиғаға салғырт қарап, шабандап қалғансың.

Қ а д и ш а: Ол рас... Сөйлеп өту керек.
Е с е н (Әбішке). Иә, оны жұртқа айтқызбай, өзің істеу керек.
Т е м і р б е к о в. Бұл қажет.
Ә б і ш (басын изеп, салмақпен). Білемін. Мен оны өзім де ойлап жүрмін.

Ғ а н и. Сол... (Тоқтап, Қадишаға.) Ал, анау ұлтшылдармен бұндағы ұлтшылдық, байшылдық туралы бәріміз де сөйлейміз. Әлгі Батырша сөйлемек, ол сөйлесін. Бірақ шын ниет жоқ. Қулық. Бәрібір оның да құны шамалы. Тегі, бұлармен құдалық сөйлесе беруді тоқтатармыз.

Қ а д и ш а. Рас... Жетті, осылармен арбаса беру.
Е с е н. Түбі дұрысы сол шығар.

Ғ а н и. Әзірше беттерін ашып, істерін жастарға әйгілете беріңдер... Жә! Енді осымен тоқтаймыз ғой.

Е с е н. Болды енді... Меніңше басқа сөз жоқ...
Ғ а н и. Кәне, аш олай болса қайтадан жиылысыңды.

Е с е н (қоңырауды шалдырлатып қағады). Жолдастар... жолдастар... орындарыңа, жолдастар! (Алдыңғы қатарға жұрт отырып жатады. Қоңырау.)

Ш ы м ы л д ы қ

СЕГІЗІНШІ СУРЕТ

Сахна екі қатар. Жоғарғысы күн түсіп тұрған үлкен балкон. Жиегі перила. Төменгі қатар кішілеу коридор. Институт үйінің бір бөлімі. Жоғарғы балкон бойында қызулы, көңілді жастар. Топ-топ болып күліп, ойнап, ән салысып, ерсілі-қарсылы өтеді. Үстерінде мейрам киімдері. Анда-санда пионерлер топтары да өтеді. Бұларға комсомол жастары бастық. Төменгі коридордың жоғарғы жиегінде әндетіп жүріп, ұрандар жапсырып жатқан комсомол қыздар, жігіттер топтары бар. Бір шетте жұпыны киім киген Оспанов бояуымен ұран жазып жатыр. Анда-санда Темірбеков, Қадишалар да келіп, ұран жапсыруға жәрдемдесіп кетеді. Ұрандар бірінші май мейрамыныкі. Балкондағы жастардың барлық қозғалысында 5-суреттегі көрініске қарсы шын үлкен ынтымақ, бірлік, қуаныш көрінеді. Шымылдық ашылғанда біразға шейін астыңғы коридор бос. Аздан соң Сүлейменов, Сұлтанов шығып, аңырып тұрысып, ақырын күбірлеседі.

Екінші жақтан (төменде) Батырша, Сейткерей шығады.

1-көрініс

Сейткерей (қол ұстасып амандасып, Сұлтановқа). Иә, комсомолға қайта ал деп арыз бермек емес пе ең, бердің бе? Не деседі?

Сұлтанов. Берген болып ем (Күліп.) Алмаймыз дейді.

Сейткерей. Е, кіндікке арыз беру керек. Іздену керек қой. Құр не шығар деп қала бермей, тартысу керек емес пе? Сұлтанов. Соған тіпті жабыса бермек ниетім де жоқ. Шынына келсек (қозғалып), осы күнде ойымыз қайта басқа жақта... Сіздермен сөйлесейік дегеніміз соның жайы.

Батырша (Сейткерейге). Сен қаламысың? Мен кетемін (жүруге ыңғайланады.)
Сейткерей. Жо, мен кетем... Кішкентай тұра тұрсаңызшы...
Сүлейменов. Біз сіздермен аз сөйлеспекші едік.
Б а т ы р ш а. Не сөйлесесіңдер? Не сөз болушы еді?

Сұлтанов. Болады ғой азын-аулақ сөз. Үркесіздер ме өздеріңіз бізден? (Күліп.) Қалайсыздар? Батырша. Ой, шырағым, бұл күнде ондай сөзді не қыласың. Тіпті үркетініміз рас... Көрмеймісің? (Жалтақтап) Сендермен енді сөйлесуге де болмайды тіпті. Өздерің білесің ғой... Сүлейменов. Е, құдай-ай, солай екен деп өле қалайық па? Бізді бәрібір сіздерге байлады. Біз қаша алмаймыз. Бұрын да қашқан емеспіз. Бізге қашпаған соң сіздер қашасыздар ма? Батырша. Қашу бәріміз үшін керек, білдің бе? Қашпағанда не таптық? Табасың кәні, айтшы? Кешегі институт жыйналысында мені сөйлеткенің бе? Айтар сөзім бе еді сол менің? Табысың сол ма?.. Не боп, не боп барамыз? Сүлейменов. Е, ол табыс болмаса да, залал емес... Тіпті де залал емес... Несі бар? Сейткерей. Жоқ, бұның бәрі олай емес... Впрочем, қалайда артық сөзге жол бермейік, тегіс сақ болу керек. Ол рас. Одан бәрі де жасырын бірдеңе істеп жүрген кісі жоқ. Мен солай деп түсінемін. Сондықтан, әрине, таныстықтан қашуға болмайды... Сұлтанов. Біз құр ғана таныстық емес... Сіздерді бұрынғыша саяси басшымыз, сол мағынада ағамыз деп білеміз. Және сөздің шыны, қазіргі айтпағымыз тіпті солардың жаласын ақтайық дейміз.

Батырша (жылдам). О не деген сөзің?
Сұлтанов. Ол мынау: біз әзір азбыз... Бірақ...
Сейткерей (күліп). Аз болғанда үшеу-ақпыз десеңші.
Сүлейменов. Жоқ, бар шығар, табылар тағы да!..

Сұлтанов. Иә, аз болсақ та біз сияқты наразы жастардың пікірін, көзқарасын бір араға жыйып, жүйе жағына негіздеп, дәлелдеп, түп бағытымызды айтып, бір саяси бет белгілемекпіз. Осыған не дейсіздер?

Батырша. Шырағым, сен не айтып тұрсың өзі? Мен ұқпайым ондай сөзді... Сүлейменов (саспай, салқын). Қалайша дейсіз? Бүгін ұқпай қапсыз. Кеше ғана емес пе еді, осы дәл сіздің мынау Сұлтановтарды жақсы жігіт деп мақтағаныңыз? Сұлтанов. Ол ғана емес. Сөздің шынына келсек, мен осы настроениені сіздерден алдым. Осы бағытым сіздердің сөздеріңізден туған бағыт десем не дейсіз? Батырша. Қой... қой... шырағым... Тіпті мына жастар қалайсыңдар сендер өздерің? Сүлейменов. Япырай, олай сөйлеспейік те!.. (Қалтасынан қаттылау қағаз шығарып алып, Батырша, Сейткерейге ұсынып) Міне, осыны оқып, пікір айтыңыздаршы.

Батырша (шошынып). Бұл не?
Сүлейменов (саспай). Бұл әлгі мына Сұлтанов айтқан!..
Сейткерей. Қой, мыналарың не?.. Пәле ғой, шырақтарым, мыналарың.

Батырша. Жоғалт... жоғалт. Шапшаң (Taп беріп қағазға, Сүлейменовпен тартысып, бір шетін қос-қолдап уқалап.) Ендігі қалғаның жазылған документ беру ме?!. Сұлтанов (Taп беріп Батыршаның қолынан ұстап). Е, қойыңыз әрі... (Қағазды босатып жұлып алып.) Сіз тіпті көлеңкеңізден қорқатынға жеткен екенсіз... Сүлейменов (басын шайқап күліп). Ә, өз жемісіңіз бұған жеткенде у көрінді ме? Бірақ осымен бізді жемдегеніңізді не етейік!?. Калечить ету ме еді ниетіңіз?! Батырша. Мен мұндай сөзге жоқпын. Айтқаным жоқ, мінеки... Егер сөйлесем десе мына Сейткереймен сөйлесе беріңдер... (Кетуге ыңғайланады.) Сейткерей (күліп). Тоқтаңыз... тоқтаңызшы... (Ананы тоқтатып, өзі де жүруге ыңғайланып.) Сендер үркітіп жібердіңдер ғой (Батыршаға.) Бір минут, мен де сізбен бірге кетем... (Жастарға.) Сендер бұндай сөзді қойыңдар... Бұл негізінде орынсыз, теріс. Біз, әрине, сендерге сенеміз, сондықтан айтамыз бұл маслихатты да. Бұларың қай жағынан болса да ылайық емес...

Батырша. Жүр... жүр енді... Менің бір асығыс жұмысым бар...

Сейткерей. Ал, кеттік (Жастарға.) Иә, солай, шырақтарым (Екеуі де кетіп бара жатады.) Сұлтанов. Жарайды... жарайды... (Сүлейменовке) Сенген қойым сен болса-а-ң... (Ысқырады.) Сүлейменов. Осыны да "аға, аға" деп, пәленнің бастығы, пәлендей атағы деп кісім қып жүрді-ау... Не қасиеті үшін?.. Жұмбақ (Екеуі де үндемей тұрысады. Дағдарыс.)

2-көрініс

Балконға Темірбеков, Қадиша шығады. Маңайларына бірталай жастар оралады. Арттарынан шұбылтып қоса еріп жүрген Лала, Мүсілім енді Қадишаларға келеді.

Л а л а. Бүгін Сыдық Хасенов кеткелі жатыр екен!

М ү с і л і м. Иә, жұрттың бәрі-ақ тастап кеткен көрінеді. Өзінде де бұрынғы нығыздықтың бәрі қалыпты...

Л а л а. Как же.
Қ а д и ш а (Мүсілімге). Олай болса сіздер қайдан білдіңіздер?
Л а л а (жылдам). Біз жаңа Рақышты көріп едік... Сол айтты.
Т е м і р б е к о в.Жұрт тастапты дейсіңдер... Рақышты қайтесіңдер?

М ү с і л і м (күліп). Әй, білмейім, ол да қанша барқадар тапты екен...
Т е м і р б е к о в. Е, не бопты?..
М ү с і л і м. Есітерсіңдер. Онша көңілді хал болмаған-ау дейім!..
Л а л а. Қойшы, Мүсілім! Сплетня айтқан кісі сияқты боп не керек!

М ү с і л і м. Жоқ, мен әшейін кеткелі жатқанын айтам...
Л а л а. Ну, кетсе скатертью дорога. Бізге не керек.
М ү с і л і м. Өзінің ісі контрольный комиссияға беріліпті ғой...

Л а л а. Ну, айттым ғой, скатертью дорога! (Қадишаға.) Көні, енді болсаңыздаршы, жүрейік те демонстрацияға... Қ а д и ш а. Қазір, қазір, жолдас Лала... Е, бәсе, осыны айтыңыз. Бірақ ана Оспанов бір ұранды бітіріп бола алмай жатыр... (Лаладан басқалары ұранды алып шығып кетеді.) Л а л а (жүгіріп үлпілдеп Оспановтың артына келеді). Қашан бітер екен лозунгіңіз!?. О с п а н о в (артымен құбылып, артисте). Бітер еді сіз вдохновить етсеңіз... Л а л а (қиналып күліп). Қойыңызшы, сіз тіпті ылғи өстіп тұрасыз мені көрсеңіз (Жақындайды.)

О с п а н о в (бұрынғыша құбылып). Білесіз бе, сүйтіп кетем тіпті... Л а л а. Бітіріңіз (Жақындап, иығына ентелеп.) Бітіріңіз енді... Однако, сіз қандай жақсысыз!.. О с п а н о в. Қо-о-йыңызшы (Шұғыл бұрылып, кисточкасын Лаланың бетіне жағатындай былғалақтатып, мұрнына төсеп.) Любить қыламысың? Сүй!..

Л а л а (қиланып шалқалап). Ах!.. Сіз неткен тентек.
О с п а н о в (омыраулап). Сүй... мұрнымнан (Төсейді.)
Л а л а. Милый! (Шап етіп құшақтап, бетінен сүйеді.)

О с п а н о в (жұлқынып, теріс айнала беріп мазақтап). "Милый", ой, түрсіз! (Қадиша шығады. Лала жүгіріп кетеді.) О с п а н о в (Қадишаға). Ал, ұрандар бітті. Мен үйге барып киініп, майша киініп, директор-миректорлар бол-болса алдыма салып, сендер шыға бергенде қосыламыз.

Қ а д и ш а. Жарайды... (Кетіседі.)

3-көрініс

Төменде, алғашқы екі жігітке Мақсұт келеді.

М а қ с ұ т. Иә, жайларың қалай? Оқшауланып қалыпсыңдар ғой өздерің? (Күледі.) С ү л е й м е н о в. Оныңыз рас... Жалпы күй сондай болса, оның үстіне жаңа Батырша мен Сейткерейді көріп, онан сайын қарнымыз ашып қалды... М а қ с ұ т. Е, олардан не шығушы еді, тәңір... Бір нәрсе күтулерің өзі балалық қой. Маған айтқан сөздеріңді де айттыңдар ма оларға?

С ү л е й м е н о в. Иә, солайлау деп едік.

М а қ с ұ т. Тегі, сол жазба белгіні жасауларың қата... Керек емес... бұрын да айтқамын. С ұ л т а н о в (қалтасынан шығарып). Өзін оқыдыңыз ба?.. Таныссаңыз қайтеді? М а қ с ұ т. Жарайды, кейін. Әзірше өзінде тұра тұрсын. Иә, олар қорқатын шығар...

С ұ л т а н о в. Ат-тонын ала қашады.
С ү л е й м е н о в. Қорыққанмен жан қалады дейді ғой.

М а қ с ұ т. Мен басқа қазақ болмаса бұл жүрген ұйымсыздарыңның ішінде көңіл тоятын кісі тапқаным жоқ. Шын саясат адамы жоқ. Ондай адам, ондай топты уақыт туғызады.

С ү л е й м е н о в. Е, сондай уақыт енді туған, болған жоқ па? М а қ с ұ т. Бәсе, болса өзгеге сенбе, сондай қасиетті өздеріңнен тап, өздеріңнен туғызыңдар... білдің бе? (Бәрінің бастары түйіседі.)

Сүлейменов

Сұлтанов Иә, иә, рас.
Сахнаға әскери сұр киім киген үш кісі шығады.

4 көрініс

М а қ с ұ т (оларды көрген жерден Сұлтановқа). Жырт!.. Жытыр!.. Сұлтанов алып жырта бергенде үшеудің біреуі келіп қолынан ұстайды да, Мақсұтқа бір қолымен ордер береді.

Ә с к е р и. Сіз ғой, Қарпықов?
М а қ с ұ т. Бәсе, осылай болса керек қой. Иә, мен! Не бұйырасыз?

Ә с к е р и (ордерді көрсетіп). Оқыңыз!.. (Сүлейменовке.) Сіздің фамилияңыз кім?

С ү л е й м е н о в. Сүлейменов!

Ә с к е р и. Сұлтанов сіз бе?.. (Анау басымен белгі жасайды.) Міне, олай болса. (Екеуіне екі ордер береді. Сұлтановтың қағазын алып, қалтасына салады.)

М а қ с ұ т. Дұрыс... Пәтерімізге барасыздар ма, жоқ па?
Ә с к е р и. Ол кейін... әзір жүріңіз!
Үшеуін де алып шығып кетеді.

5-көрініс

Балконда Темірбеков, Қадиша, Оспановтарға Лала, Мүсілім жақындап келеді. М ү с і л і м. Жаңа бір әскерлер Мақсұт пен Сүлейменов, Сұлтановты сұрап жүр...

Л а л а. Г...П...У... формасы бар үстерінде.

Т е м і р б е к о в. Е, олай болса жаппақ шығар... (Бірталай жастар, пионерлер сахнаға шығады.) Сахна ұзын террас. Шет-шеттерінде бірен-саран жемістің ағаштары (шапталы, сирень.) Террас шарбағының екі жақ шетінде бойлап шыққан шырмауық. Залға қараған беттерінде қызғылт гүлдер. Террастың артқы қабырғасы терезелер, есіктер. Терезелер шілтерлі. Алдарында құмыраға өсірген, гүл вазаларына орнатылған әр алуан гүл, букеттер. Террасқа үш пәтердің үш есігі шығады. Сыдық, Әбіш, Есен пәтерлері. Оң жақтағы есік Есендікі, ортада Әбіш, сол жақтағы Сыдықтікі. Әр есіктің жанында ақ асжаулық жабылған кішілеу үстелдер. Айнала екі-үштен орындықтар. Әбіш пәтерінің тұсындағы орындықтар тоқыма.

Л а л а Қойшы, қойыңызшы...
М ү с і л і м

Қ а д и ш а. Е, несі бар еді? Дұрыс... барсын, ұлтшыл оқығандардан шынымен біржолата отказаться ететін уақыт жетті... Біз жаңа өмірдің жаңа адамын, жаңа оқыған ғалым, жаңа маманды оларсыз өзіміз жасаймыз... (Жастарды көрсетіп) Мыналардан жасаймыз. Т е м і р б е к о в. Ал, кеткен кете берсін. Біз (арттағы пионерлерді көрсетіп) жаңаның мына уыз көк балдырғанымен өзіміздің күншуақты бірінші майымызға барамыз... Қуанышымызды қарсы аламыз... Қамданыңдар... (Бәрілері желікпен жеңіл басып жөнеледі. Аттарында Мүсілім, Лала салбырап қорқып тұрып қалады.)

Шымылдық

ЭПИЛОГ

Бұлардың ішінде, Есен үй жағында тоқыма качалка да бар. Шымылдық ашылғанда Әбіш качалкада газет оқып отырады. Есен пәтеріне тиісті үстелдің жанында залға сыртын беріп, сәнді аппақ киім киген адам аяғына бәтеңкесін киіп жатады. Біреуін киіп, екіншісін бір аяғының басына іле беріп, үстел үстінде жатқан газетке көзі түседі де, соны бетіне алып, сырт қараған бойында отырып оқып қалады. Аздан соң ортаңғы есіктен Гуля жүгіріп шығады. Шашы, түс-қозғалысы асығып, үріккендікті білдіреді.

1-көрініс

Г у л я (есіктен атып шығып, айналаға жалт-жұлт қарап, Әбішті тауып). Әбіш! (Жылап.) Білдің бе не болғанын?

Ә б і ш (саспай). Иә, не бопты?
Г у л я. Сейткерей жездем мен Батыршаны жаңа арестовать етіпті.

Ә б і ш (қолымен белгі қып). Ыш-ш-ш!.. Болды, тоқтат, тілеуіңді берсін... (Теріс қарап отырған жігіт тыңдайды.) Г у л я. Керегі жоқ сақтығыңның... Бұл қорқақтық! (Жылап.) Сара тәтем кеп жылап отыр. Ә б і ш (нервіленіп). Сақтығың не өзіңнің? (Гуля қарайды.) Тоқтат, тыңдағым келмейді оның жәйін, білдің бе? Г у л я. Не дейсің, Әбіш? Жездеме, маған істеп отырған мінезің осы ма? Қалай едің?

Ә б і ш. Не тілейсің өзің? Не сөйлеп тұрғаныңды түсінемісің толық? Г у л я. Жарайды... Ең болмаса Сара тәтеме жұбату сөзің де табылмай қалғаны ғой... жақын-ақ екесің...

Ә б і ш. Оныңды әсіресе тыңдамаймын. Айтушы болма маған бұл сөзді!..
Г у л я. Неге, не бола қалды? Не болған өзіңе?

Ә б і ш. Әйелімсің, сөйлеспей болмайды... бірақ екеуміздің арамыз бітеу, меңіреу қабырға ғой, тегі (Кекетіп.) Не бола қалды? Сенше бола қалды ғана ғой... Ежелден, ертеден Сейткерей кім, мен кім?.. Әлде екеуі бір кісінің қыздарын алды, болды деймісің?

Г у л я. Е, тіпті өзің-ақ судить еткелі тұрсың ғой? Не үшін?
Ә б і ш (қатал). Менің сотым емес... Бұл күшті сот, тарих соты...
Г у л я. Соңғы уақытта не істеп еді? Не кінасы бар еді?

Ә б і ш. Рас, соңғы уақытта онда іштей бізге қарай толқу бар еді. Бірақ істе сытылып шыға алмады. Бұрынғы машығында қалды. Ана керексіз меңіреу тобынан үзіліп кете алмады... толқу ғана...

Г у л я. Оларды жек көруші еді ғой... Тым құрмаса сонысын білуші ең ғой! Ә б і ш. Іштей, онысы да іштей ғана шығар... Міне, енді барлық басқан із, жүрген жолдың айқын, әділі, қажет нәтижесі...

Г у л я (жылап). Не болады?.. Не болады енді...

Ә б і ш. Онысын өздері біледі... өз ішінен күш, сенім тауып, перелом жасауға жараса, сындырып қайта жасағандай: шығысы — батыс, батысы — шығыс болғандай өзгеріп, пайдалы боп шығуға жараса, кеңес соты жау туғызуға отырған сот емес.

Г у л я. Сол-ақ па? Барың осы ма?

Ә б і ш. Сол... Впрочем, оның жайындағы сөз осымен бітті... Енді біржолата доғар... Г у л я. Әбіш, не дейсің? (Жылап.) Япырай, мен қалай қаталасқамын сен туралы. Ә б і ш (террас шетіне кеп, бір шетке қарап). Болды енді... Бітті сөз...Онан соң әне бір Жәлел деген келеді... Айт, ашып айқын ғып айт, мен принимать етпеймін... (Есеннің пәтеріне кетеді. Отырған жігіт мақұлдағандай басын изейді.) Г у л я (жалғыз). Қысылғандағы... (жылап) жақын... Не қылған қаттылық! (Отырған жігіт сыртымен үнсіз ақырын күліп отырған жайын көрсетеді.)

2-көрініс

Жәлел шығады.

Ж ә л е л (жымиып тұрып Гуляға иіледі. Гуля салқын, зорға амандасады). Әбіш әфенді үйде ме екен? Көптен көрмеп ем. Бір жұмысым бар еді.

Г у л я. Жоқ, үйде жоқ...

Ж ә л е л (жымиып тұрып). Иә, Сейткерей әфенді де алынған ба? (Күліп.) Основательно, основательно басталған бұл тазарту...

Г у л я (ашуланып). Иә, неменеңізге мәз боласыз? Мазақ па?

Ж ә л е л (күлген бойында). Ә, ғафу етіңіз... Юсуф қари да арестовать етілген!.. Г у л я. Маған оның бәрібір! (Теріс қарайды Жәлел күлген бойында иіліп шығып кетеді.) Табалай ма өзі?.. Мазақ ете ме?.. Оңбаған!.. (Бұрқырап, ашулы басып үйіне кетеді. Отырған жігіт басын шайқап, "ха-ха-ха" деп күледі.)

3-көрініс

Сыдық пәтерінен есікті қатты ашып, Рақыш шығады да, ренішті, ашулы жүзбен есікті жаппай, үйдің ішіне сөйлеп тұрады.

Р а қ ы ш. Қайтіп қана ұялмайсыз? Мен ғажап болам...

С ы д ы қ (көрініп, есік аяғына кеп, саспай). Дауыстамаңыз, Рақыш, естіп қояды мыналар... Р а қ ы ш (қатты). Керегі жоқ маған... Мен сізді аяп, күтіп болғам... Білсін қайта жұрт. С ы д ы қ. Рақыш, Рақыш! Мен сізге ренжимін. Ойланыңыз не айтып тұрғаныңызды... Нені білсін дейсіз?

Р а қ ы ш. Сіздің қиянатшыл, опасыздығыңызды білсін деймін... С ы д ы қ. Ол ауыр сөз... Оны айту ерте шығар, әлде... Қайдан білдіңіз... Өзіңіз үйге кіріңізші... (Қолынан ұстамақ болады.)

Р а қ ы ш (қолын тартып). Ұстамаңыз... жетер енді.

С ы д ы қ. Неге айқайлайсыз? Сізге не болған өзі? Маған жолға қамдану керек. Уақыт боп қалды. Кіріңізші үйге! Мен сөйлесіп кетпекпін сізбен... Р а қ ы ш (қиналып). Не сөйлесуге, не айтысуға болады енді сізбен? Не істедіңіз? Не істедіңіз?..

С ы д ы қ. Не істеппін!?
Р а қ ы ш. Не істемедіңіз... Алдадыңыз. Кетіп, қашып барасыз енді.

С ы д ы қ. Мен әйелім, балам барын айтпап па ем сізге? (Тоқтап.) Сонда да...

Р а қ ы ш (қатты). Немене сонда да?
С ы д ы қ. Сонда да айрыламыз деп тұрмын ба бүгін?
Р а қ ы ш. Солай демей не дедіңіз? Ісіңіз нені көрсетіп тұр?

С ы д ы қ. Мен ойланам деп ғана айттым... Сіз неге аяғына шейін тыңдамайсыз?

Р а қ ы ш (жылап). Не қалды енді сізде тыңдарлық?

С ы д ы қ (қолынан алып сипап, үйге таман апара жатып). Жүріңіз, үйге жүріңізші, сөлесейік... Мен бұл күйде қалдыра алмаймын сізді... Аяймын. Р а қ ы ш (тез өзгеріп, салқын, қатаң, кекеткен жүзбен). Ә-ә-ә, солай дейсіз бе енді? Мейірімді кісінің маскасын кимексіз ғой. Жоқ, мен жанашуды керек қылмаймын. Мен сізді танып болдым. Кетерде бір-екі ауыз жылы сөзге нем кетеді деп, сонымен ерітіп кетпексіз ғой! (Суық күліп.) Мен неге жылайым әлі... Аярлық, қимастық еш нәрсе де жоқ... Міне, ақымақтық (Салқын.) Жә, хайыр (Қолын береді.)

С ы д ы қ (қолын алып, жібермей). Жоқ, кетпеңіз... Мен қимаймын сізді... Р а қ ы ш (қолын тартып алып). Жоқ, болды... Жетті... Қош (Жылдам басып жүріп кетеді.) С ы д ы қ. Рақыш! (Артынан бір-екі басып.) Рақыш!.. (Анау кетіп қалады. Сыдық ойланып тұрып қалып, баяулау.)

Все, что мило,
Все мимо, мимо...
Впереди
Неизвестность пути...

Незабвенно, неизгладимо,
Неповторимо,
прости!34

Солай ма? Солай емес пе? (Тағы кейін басып.) Солай ма, солай емес пе? Ә, контрольная комиссия, партследователь!?.. (Үйге кіріп кетеді.)

Отырған жігіт. Уа, дариға! Блок... ха-ха-ха!
Бұрынғыдан қатты күледі.

4-көрініс

Гуля шығып, ойланып отырып қалады. Күрсінеді. Аздан соң извозчик кіріп, Сыдықтың чемоданын алып шығады. Артынан бір түйіншекпен Сыдық өзі. Г у л я (көріп, бұрылып тұрып). Ә, жүрдіңіз бе? Уақыт, жағдай өзіңізге мәлім, лайықты ретпен шығарып сала алмадық... С ы д ы қ. Жо-жоқ... бәрі мәлім ғой... (Тоқтап.) Әбіштің өзін көре алмадым. Бірақ бәрібір сізге айтып кетейін... Мен осында көрген барлық қауымның ішінде аз ренжісем Әбішке ренжимін. Мен өзіме туыстас көруші ем. Олай боп шықпады. Соңыма түскендердің басы болмаса да, солардың тобына кетті. Мен жеңілейін... бірақ менімен бірге не жеңілді? Кім тоналды?.. Сіздердің айызыңыз қана алар ма екен соған... Г у л я (жылап отыра кетіп). Әй, жездемді де ол аямайды (Жылап қалады. Сыдық "хайыр " деп кетеді. Гуля да үйге жүгіріп, кіріп кетеді.)

5-көрініс

Отырған жігіт "ха-ха-ха"деп күліп тұрып, халыққа бұрылады. Ол Оспанов.
Оспанов (күлген бойында декламациямен).
О, Клим!
Дела твои велики.

Но кто их хвалит.
Родня да два заики.

Ха-ха-ха... (Тоқтап.) Жә, осыны мен қазақшылайыншы! (Ойланып, қолымен жест жасап, ілгері басып.)

Па, шіркін, Клим!
Ісіңнің сенің толысы-ай,
Бірақ мақтанышы кім?
Туғаның екі кекеш болыс-ай!..

Ха-ха-ха... (Қолымен кеудесін қағып.) Күреп жіберсе, бізден бәлки ақындығыңыз да шығып кетер... білдіңіз бе... Ха-ха-ха...

Бұл күліп тұрғанда Есен, Әбіш шығады. Екеуі де майша жақсы киінген.

6-көрініс

Ә б і ш. Сен немене жалғыз күліп тұрғаның?
О с п а н о в. Жәй, осында террасы да, гримасы да...
Е с е н. Өзің өлеңмен сөйлейсің ғой тіпті...
О с п а н о в. Иә, бүгін бізге ұйқастар қызып тұр...

(Күліседі.) Е с е н (Әбішке). Иә, сонымен институт тіршілігінің түлегендей өзгеріп, серпіліп, тазарып, ісшіл боп кеткенін көремісің... О с п а н о в (аяғын сарт еткізіп, өзін көрсетіп). Учебный частьке рапорт беруге рұқсат етіңіз: апрельде сабаққа келу 100 процент, бір кешігу, бір прагулсыз. Қоғамдық міндеттерді атқаруда екпінділік... Комсомол белсенділігі үш есе артты. Оқу белгілері бұрынғыдан жағалай 30 процент көтерілді... Оқушылар арасында қағысу, даушағым біржолата жойылды. Е с е н. Міне, тәжірибе де нәтиже!.. Әсіресе осыларды өсіре, асыра отырып, өзіміз де өсеміз... Ә б і ш. Дәл айттың... Жеке басымызда әлі сыналмай, қалмай келе жатқан бірталай орасан міндет бар... Содан арыламыз... (Топтың әні, пионерлер барабаны, музыкасы естіледі. Ән қазақша.)

Е с е н. Шықты, міне, институт! Ал, жүрмейміз бе?

О с п а н о в (тыңдап тұрып). Ақырын айтады... Солай ма екен? (желпініп, шырқап әндетіп.)

Е-ей, шырқап сал...
Е-хе-ей, шырқап сал
Қадірлі майдың әніне!..
(Бәрі күледі.) Солай айта ма екен, түрсіз?

Ә б і ш. Ал, кірдік тобына, ердік соларға!.. (Үшеуі де жүре береді.)

Ш ы м ы л д ы қ.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙