TELEGEI

Home

Слесардың механоқұрастыру жұмыстарының анықтамалығы

Б.С. Покровский

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Слесардың механоқұрастыру жұмыстарының анықтамалығы

Механоқұрастыру жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын материалдар, құралдар, аспаптар және технологиялық жабдықтар жайлы мәліметтер берілген. Қозғалмайтын ажыратылмайтын және ажыратылатын қосылыстарды, мойынтірек түйіндерін, әртүрлі механизмдерді жинау кезіндегі негізгі операциялар қарастырылға...

Покровский

БАСТАПҚЫ КӘСІБИ БІЛІМ

1

Құрметті оқырман!
Алғысөз
1- Бөлім
ҚОЗҒАЛМАЙТЫН АЖЫРАТЫЛМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЖИНАУ

2-Бөлім

ҚОЗҒАЛМАЙТЫН АЖЫРАТЫЛАТЫН

ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ҚҰРАУ

3-Бөлім

МОЙЫНТІРЕКТІ ТҮЙІНДЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

4-Бөлім

ҚОЗҒАЛЫС БЕРІЛІСІ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖИНАУ

5-Бөлім
ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ ТҮРЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ
6-Бөлім

ТЕРБЕЛМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫС

МЕХАНИЗМДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

7-Бөлім

ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ЖЕТЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

8-Бөлім

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ МОНТАЖДАУ

9-Бөлім

ЖҮККӨТЕРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

Анықтамалықта келтірілген кестелер тізімі
Әдебиеттер тізімі
Мазмұны
Оқу құралы

Покровский Борис Семёнович

БАСТАПҚЫ КӘСІБИ БІЛІМ

Б.С.ПОКРОВСКИЙ

«Білім беруді дамыту федералдық институты» Федералдық мемлекеттік ұйымымен бастауыш кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесіне оқу құралы ретінде ұсынылған.

Пікірдің тіркеу нөмірі 412,

2009 жыл, 2 шілдеФМҰ «ББДФИ»

Мәскеу
«Академия» баспа орталығы

2013

ӘОЖ 683.3(075.32)

ББК 22.2я722 П487
Пікір берушілер:

Г.Н.Мартыненко МББҰ ОКБ «Политехниалық колледж № 42» технологиялық пәндер оқытушысы, Мәскеу қаласы; Б. М. Солоницын,АМО «ЗИЛ» Технологиялық басқарудың технологиялық бөлім бастығы, Ресей Федерацясына еңбегі сіңген технолог

Пехальский А. П.

П316 Автокөлік құрылғылары: Бақылау материалдары: орта кәсіби білімберу мекемелерінің студенттеріне арналған/А.П.Пехальский, И.А.Пехальский.2- басылым, тарал. - М.: «Академия» баспа орталығы 2014. - 128 б.

ІSBN 978-5-7695-4966-3

Механоқұрастыру жұмыстарын орындау кезінде қолданылатын материалдар, құралдар, аспаптар және технологиялық жабдықтар жайлы мәліметтер берілген. Қозғалмайтын ажыратылмайтын және ажыратылатын қосылыстарды, мойынтірек түйіндерін, әртүрлі механизмдерді жинау кезіндегі негізгі операциялар қарастырылған. Тұрақты жұмыс орнында жабдықтарды монтаждау бойынша негізгі талаптар келтірілген. Оқу құралы ФМББС БКБ сәйкес 151903.02 «Слесарь» мамандығының кәсіби цикліне енетін пәнаралық курстарды меңгеру кезінде қолданылуы мүмкін. Бастауыш кәсіби білім мекемелерінің білімалушылары үшін. Өндірісте жұмысшыларды дайындау кезінде қолданылуы мүмкін.

ӘОЖ 683.3(075.32)

КБЖ 22.2я722 Осы басылымның түпнұсқасы «Академия» баспа орталығының жекеменшігі болып табылады және оны құқық иеленушінің келісімінсіз қандай-да бір жолмен басып шығаруға тиым салынады

ІSBN 978-5-7695-4966-3

© Покровский Б.С., 2013
© «Академия» Білімберу-баспа орталығы, 2013
© Рәсімдеу «Академия» баспа орталығы, 2013

Құрметті оқырман!

Бұл оқу құралы «Слесарь» мамандығы бойынша оқу-әдістемелік кешеннің бір бөлігі болып табылады. Жаңа толқынның оқу-әдістемелік кешені жалпы білім беру және жалпы кәсіби пәндер мен кәсіби модульдерді оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, дәстүрлі және инновациялық оқу материалдарын біріктіреді. Әрбір кешенде жұмысберушінің талабын ескере отырып жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға қажетті оқулық және оқу құралы, оқыту және бақылау құралдары бар. Оқу басылымы электрондық білім беру ресурстарымен толықтырылады. Электрондық ресурстар интерактивті жаттығулар мен жаттығулар құрылғысы бар теориялық және практикалық модулдерден, мультимедиялық нысандардан, Интернеттегі қосымша материалдар мен ресурстарға сілтемелерден тұрады. Оған терминологиялық анықтамалық пен электрондық журнал кіреді, онда оқу процесінің негізгі параметрлері: жұмыс уақыты, бақылау және практикалық тапсырмаларды орындау нәтижелері тіркеледі. Электрондық ресурстар оқу процесіне жеңіл енеді және әртүрлі оқу бағдарламаларына бейімделуі мүмкін. Оқу-әдістемелік кешен кәсібін есепке алғанда, бастауыш кәсіби білім үшін Федералды мемлекеттік білімберу стандартының негізінде жасалған.

Алғысөз

Слесарлық-құрастыру жұмысы машиналар мен жабдықтарды құрастырудың өндірістік процесінің соңғы қорытынды кезеңі болып табылады және өндірілетін өнімнің сапа деңгейін жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді, өнімді жасауда оның жалпы еңбек сыйымдылығы 40%-ға жетеді, ол механоқұрастыру жұмыстарының слесарын дайындауға қойылатын жоғары талапты көрсетеді. Механоқұрастыру жұмыстарының слесарлары өнеркәсіптік жабдықтардың әртүрлі түйіндері мен механизмдерін жинау тәсілдерін білуі, құрастыру жұмыстарын орындау барысында қазіргі заманғы құралдарды, жабдықтар мен аспаптарды білуі және қолдануы, орындалатын жұмысқа сәйкес оларды таңдай алуы, сонымен қатар қазіргі заманғы өлшеу құралдарын қолданып жинауға қажетті бөлшектерге кіріс бақылауын жүзеге асыруы қажет. Осы мәселелерді шешу үшін механоқұрастыру жұмыстарының слесарына техникалық жабдықтарды таңдау кезінде талап етілетін мәліметтерді тез табуға мүмкіндік беретін, жинаудың технологиялық процесін рационалды орындауды қамтамасыз ететінанықтамалық материалдар қажет. Анықтамалықта слесарлық-құрастыру жұмыстарын орындау үшін қажетті негізгі мәліметтер, оның ішінде механоқұрастыру жұмыстарын жасауға және жинауға қажетті бөлшектерге кіріс бақылауын жүргізуге қолданылатын құралдар, жабдықтар мен аспаптар туралы мәліметтер енгізілген.

1- Бөлім

ҚОЗҒАЛМАЙТЫН АЖЫРАТЫЛМАЙТЫН ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЖИНАУ

1.1. ЖЕЛІМДІК ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЖИНАУ

Желімдік қосылыстарды машина бөлшектерін металл және металемес материалдардан құрастырған кезде қолданады. Әртүрлі материалдардан бөлшектер қосылыстарын құрастыру кезінде желімдерді қолдану бойынша ұсыныстар 1.1 -кестеде келтірілген.

* Егер материал термотұрақтылығы жоғарыда көрсетілген желімдеудің температуралық режимінен жоғары болса, белгіленген желімдер аталған материалдарды желімдеу үшін ғана жарамды. Әртүрлі маркалы же лімдердің қасиеті мен қолданылу облысы 1.2. - кестеде келтірілген

Кесте 1.2 жалғасы

Кесте. 1.2 соңы

Желімдеудің типтік технологиялық режимдері 1.3- кестеде келтірілген.

Құрсау типтес қосылыстарды қолданып, құбырөткізгіш жүйелерді жинау үшін, желімдік қоспаларды қолданған кезде, қабысатын құбырлардың соңын мата материалдарымен орап, оны одан әрі желіммен сіңіру арқылы жасалған желімдер кеңінен қолданылады. Құбыржелісін желімдеу үшін 1.4.- кестеде көрсетілген материалдар қолданылады.

Кесте. 1.4 соңы

1.2.ДӘНЕКЕРЛЕУШІ ҚОСЫЛЫСТАР

Дәнекерлеу – балқытылған аралық металдар немесе құймалар көмегімен екі металл бөлшектерін жалғастыру процесі, ол дәнекер деп аталады және жалғастырылатын бөлшек материалдарына қарағанда төмен балқу температурасына ие болады. Балқу температурасына тәуелді дәнекер жеңіл балқитын (жұмсақ, балқу температурасы 450°С төмен) (Кесте 1.5) және қиын балқитын (қатты, балқу температурасы 850 °С жоғары) (Кесте 1.6).

Кесте. 1.5 соңы

Жоғары сапалы дәнекерлеуге күміс дәнекерлерді қолдану арқылы қол жеткізуге болады (кесте 1.7), алайда оларды басқа арзан дәнекерлерді қолдануға болмайтын кезде ғана қолдану қажет.

Кесте 1.7. соңы

Берік қосылыс алу үшін, дәнекер, жалғастырылатын бөлшектердің бетін жақсы дымқылдап, сонымен бір уақытта осы бөлшек материалдарымен өзара жақсы әрекеттесуі қажет. Дәнекермен жалғастырылатын бөлшектердің дымқылдануына және қосылыстың беріктілігіне құрастырма саңылау әсер етеді, оны қолданатын дәнекер мен жалғастырылатын бөлшек материалына тәуелді таңдайды. Мәлімет 1.8 -кестеде келтірілген.

Кесте 1.8. соңы

Қосылыстар үшін дәнекерлерді, 1.9 – кестені пайдаланып, жалғастырылатын бөлшектер материалдарына тәуелді таңдайды.

Кесте. 1.9 соңы

Ескерту. + + — ұсынылады; + - — ұсынылмайды, бірақ шектеулермен рұқсат етіледі; - - —рұқсат етілмейді. Оксидті қабықты жоюды жеңілдетуге арналған материалдар – қождамалар ретінде мырыш хлориді, канифоль (шайыр), бура, бор қышқылы және басқада материалдар қолданылады. Қождамаларды төментемпературалы (Кесте 1.10) және жоғарытемпературалы (Кесте 1.11) дәнекерлеу үшін деп бөледі.

1.3. ШЕГЕНДЕУШІ ҚОСЫЛЫСТАР

Берік және тығыз бөлшектерді жалғастыруда басқа әдістерді қолдану мүмкін болмаған кезде шегендеуші қосылыстар қолданылады. Мысалы, жоғары және төмен температуралар кезінде жұмыс жасайтын, қарқынды діріл мен соққылы жүктемелерді қабылдайтын құрастыруларда, сонымен қатар металл емес бөлшектерді металдармен берік жалғастырған кезде.

Сур. 1.1. Жартылай дөңгелек бастиекті тойтарма: D – орныққан бастиек диаметрі; H - орныққан бастиек биіктігі; R - бастиек радиусы; L – өзек ұзындығы; d – өзек диаметрі; l - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру бөлігінің ұзындығы; r - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру радиусы

Сур. 1.2. Жасырын бастиекті тойтарма: D-і - орныққан бастиек диаметрі; Н1 - орныққан бастиек биіктігі; L - өзек ұзындығы; d - өзек диаметрі; l - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру бөлігінің ұзындығы; г1 - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру радиусы; а - орныққан бастиек конусының бұрышы Тойтармаларды жартылай дөңгелек (МЕМСТ 10299 - 80) (сур. 1.1), жасырын (МЕМСТ 10300 - 80) (сур. 1.2) және жартылай жасырын (МЕМСТ 10301 - 80) бастиекті етіп жасайды. Тойтармаларды болаттан, мыстан, жезден және алюминийлі құймалардан дайындайды, олардың маркалары 1.12- кестеде, өлшемдері 1.13- кестеде келтірілген.

Кесте. 1.12 соңы

Ескерту. Көрсетілген шектегі L өлшемін қалыпты өлшемдер қатарынан таңдау қажет: 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; (11); 12; (13); 14; (15); 16; (17); 18; (19); 20; 22; 24; 26; 28; 30; 32; 34; 36; 38; 40; 42; 45; 50; 52; 55; 58; 60; 65; 70 мм. Жақшада рұқсат етілген, бірақ ұсынылмаған өлшемдер көрсетілген.

Сур. 1.3. Қуысты тойтармалар: а – дөңгелектенген бастиекті; б – жасырын бастиекті; D, D1 – бастиек диаметрі; H, Н1 – бастиектер биіктігі; r, r1 - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру радиусы; S – тойтарманың қуысты өзегінің қабырғасының қалыңдығы; d – тойтарма өзегінің диаметрі; L - тойтарма өзегінің ұзындығы Металл емес металдардан жасалған бөлшектерді жалғастырған кезде қуысты тойтармалар қолданылады (сур. 1.3, а және б, кесте 1.14).

Кесте. 1.14 соңы

Сур. 1.4. Жартылайқуысты тойтармалар: а – жартылай дөңгелектенген бастиекті; б – жалпақ бастиекті; D, D1, D2 - бастиек диаметрі; H, H1, H2 H3 - бастиектер биіктігі; l - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру ұзындығы; r - орныққан бастиекті өзектің түйіндестіру радиусы; r1, ra, r3 - орныққан бастиекті сфераның радиусы; d - өзек диаметрі; d1 - тойтарма өзегіндегі тесік диаметрі; h - тойтарма өзегіндегі тесік тереңдігі; L- тойтарма өзегінің ұзындығы Жалғастыруды орындау барысында соққы жүктемесі білінбейтін болса, ондай кездерде жартылай қуысты тойтармалар қолданылады (сур. 1.4. а және б, кесте 1.15).

1.15- кестенің жалғасы

Тұйықтаушы бастиекті қалыптастыру үшін тойтарма ұзындығы жалғастырушы бөлшектің қалыңдығынан үлкен болуы керек. Тойтарма өзегінің ұзындығы келесі теңдеумен анықталады:

L = 1,18(S + d),

Сур. 1.5. Шегелеу астындағы тесіктердің диаметрлері мен тойтарым өзегінің ұзындығын анықтауға арналған жартылай дөңгелекті (а) және жасырын (б) бастиектері бар шегендеулі қосылыстардың сызба-нұсқасы: S — шегеленетін бөлшектердің қосынды қалыңдығы; D — тұйықталған бастиектер диаметрі; d — тойтармалар өзегінің диаметрі; d0 — тойтарма асты тесігінің диаметрі; h — тұйықталған бастиек биіктігі; L — тойтармалар өзегінің ұзындығы мұндағы: L - тойтармалар өзегінің ұзындығы, мм; S - шегеленетін бөлшектердің қосынды қалыңдығы, мм; d - тойтарма диаметрі, мм. Тойтарма астындағы тесікті алдын-ала бұрғымен теседі, сонан соң кеңейтеді немесе күшейтеді. Жабыстырып тойтарылған бөлшектер бір- біріне тығыз жабысуы қажет, сонда тойтарма жіктің шеткі тесігіне уақытша бұрандаларды орнатуға мүмкіндік туады. Жабыстырылатын бөлшектерді жалғастырғаннан соң қалыңдығы 0,3 мм қуыс бұрғы пакеттің бөлшектері арасына 20 мм аспайтын тереңдікте өтпеуі керек. Тойтарма астындағы тесік диаметрін (сур. 1.5, а және б) 1.16- кестеде келтірілген мәндер бойынша таңдайды.

Тойтару қолмен немесе механизирленген аспап көмегімен, сонымен қатар арнайы баспақтарда жүзеге асуы мүмкін, оның техникалық сипаттамасы 1.17 -кестеде келтірілген. Қолмен тойтару тойтарма аспаптар – сықпа (сур. 1.6, кесте 1.18), тіреу (сур. 1.7, кесте 1.19), босағалар, қаққылар (сур. 1.8, кесте 1.20), безеубастар, жинау тығындары, бұрандама қысқыш

Сур. 1.8. Қол қаққы: d – жұмыстық бөлік диаметрі; d1 і – ауыспалы бөлік диаметрі; L – қаққы ұзындығы; l - жұмыстық і бөлік ұзындығы; l1 - ауыспалы бөлік ұзындығы

Сур. 1.9. Параллель бұрандама қысқыш: h

1, 2 – енсіз жұқа тақтайлар; 3, 4 - 1 винттер; L – бұранда қысқыш енсіз жұқа тақтайларының арасындағы ең көп

ұзындығы; l - енсіз жұқа тақтайлар ұзындығы; l1 және l2 – винттер ұзындығы; d – винт бұрандасының диаметрі; h - енсіз жұқа тақтайлар қалыңдығы; b - енсіз жұқа тақтайлар ені.

Сур. 1.10. Қапсырма тәріздес бұрандама қысқыш:

H - бұрандама қысқыш биіктігі; Н1 – бекітетін бөлшектің максималды; Н2 – қапсырма аузының биіктігі; Н3 – қапсырма биіктігі; В – винт осінен қапсырма қабырғасына дейінгі арақашықтық; h – қапсырма қалыңдығы; L – қапсырма ұзындығы; d – винт бұрандасының диаметрі

(сур. 1.9 және 1.10, кестелер 1.21 және 1.22) арқылы жүзеге асады.

Кесте. 1.21 соңы

Қолмен тойтаруды механикаландыру үшін тойтарма балғалар қолданылады, ол диаметрі 3... 32 мм тойтармалармен шегелендеуге мүмкіндік береді. Тойтарма балғалардың техникалық сипаттамалары 1.23- кестеде берілген.

Тойтармалар термиялық өңделген күйде жеткізіледі (кесте 1.24), бірақ тапсырыс берушімен келісім бойынша термиялық өңделмей-ақ жеткізілуі мүмкін.

1.4. ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ПІСІРУГЕ ДАЙЫНДАУ

Машинажасауда электр-доғалы, түйіспелі, газдық пісіру және үйкеу арқылы пісіру ең жиі қолданылады. Қосылыстарды пісірудегі негізгі слесарлық жұмыстар келесі операциялардан тұрады: бөлшектерді пісіруге дайындау, оларды жинау, термиялық өңдеу және жіктерді тазалау. Пісірілетін қосылыстар жіктерінің түрлері және пісіруге дайындалатын бөлшектердің жиек формасы 1.25 - 1.27- кестелерде келтірілген.

Сур. 1.11. Газдық пісіру кезінде түйіскен жіктер астында жиекті бөлшектеу: а - көмкерумен; б - параллельді; в - V-тәрізді; г - Х-тәрізді

Сур. 1.12. Доғалы пісіру кезінде түйіскен жіктер астында жиекті бөлшектеу: а - параллельді; б - V-тәрізді; в - Х-тәрізді

Сур. 1.13. Доғалы пісіру кезінде айқас және таврлы жіктер астында жиектерді бөлшектеу: а - перпендикулярлы; б - параллелді; в – бір жақты қиғаштықпен; г – екі жақты қиғаштықпен; s – жік ені

Пісіру қосылыстары үшін бөлшектердің жиегін бөлшектеу егеу немесе төмендегі механикаландырылған қол аспаптары көмегімен жүзеге асады: иілгіш білікті ажарлағыш қол машина (кесте 1.28); ажарлағыш қол машина (кесте 1.29); пневматикалық ажыратқыш балғалар (кесте 1.30).

Кесте. 1.28 соңы

Кесте. 1.30 соңы

1.5.КЕПІЛДЕНГЕН ТАРТЫЛЫСТЫ ҚОСЫЛЫСТАР

Құрастыруды бекіту сығымдалып қамтылған бөлшекті сығымдап қамтумен немесе термикалық әсер етуден, қамтылған бөлшекті қыздыру арқылы немесе қамтылған бөлшекті суыту арқылы кепілдендірілген тартумен орындалады.

Баспақтарды, престеуге қажетті күшке байланысты таңдайды (кесте 1.31).

Кесте. 1.31 соңы

Құрастыру және жөндеу жұмыстарында пневматикалық иінтіректі және гидравликалық баспақтар кеңінен қолданылады. Пневматикалық баспақтардың техникалық сипаттамасы 1.32- кестеде берілген.

Құрылыс және жол машиналарын құрастырудың БҒЗИ-на жеткізілген гидравликалық баспақтар, келесі параметрлермен сипатталады:

Ең үлкен күш, тс………………………………………………..10
Соташық жүрісі, мм……………………………………….....500

Үстелден соташыққа дейінгі арақашықтық, мм: минималды…………………………………………………………………….325

максималды……………………………………………………825
Соташықтың ұшып шығуы, мм……………………………300

Соташықтың тірелгенге дейінгі жүріс диапазоны, мм …………………………………………………………………....825..25

Үстелдің габариттік өлшемдері, мм ………………..520 х 450
Үстелдің еден үстінен биіктігі, мм…………………………..760
Жұмыстық жүрістің ең үлкен жылдамдығы, м/мин ….3,25
Кері жүрістің ең үлкен жылдамдығы, м/мин …………...6,4

Габариттік өлшемдер, мм:
ұзындығы …………………………………………………....2 800
ені………………………………………………………………850

Масса, кг....................................................................................2 020 Термиялық әсер ету әдісімен кепілденген тартылыспен қосылыстарды жинау кезінде, олардың қосылысқа талап етілетін орнатуын қамтамасыз ету үшін қосылыстар бөлшектерінің сызықтық кеңеюін есепке алу қажет. Кепілденген тартылыспен қосылыстар үшін қолданылатын материалдардың сызықтық кеңею коэффициенті, 10-6 м/(м • К)

Көміртекті болат ……………………………………………. 8,5
Сұр шойын…………………………………………………….8,6

Таптауға көнгіш шойын ......................................................... 8,5

Мыс………………………………………………………………………………… 14,4 Қола ........................................................................................... 14,2

Жез…………………………………………………………………………………. 16,7 Алюминийлі құймалар......................................................... 18,6

Магнийлі құймалар……………………………………………21 Орамды бөлшектерді қыздыруды жоғары жиілікті токтарды қолданып арнайы құрылғыларда немесе май ванналарында жүзеге асырады. Майда бөлшектерді қыздыруға арналған электрқондырғының техникалық сипаттамасы 1.33-кестеде келтірілген.

* Диаметр.

Коррозияға төзімді материалдар бөлшектері кептіргіш шкафта қыздырылуы мүмкін, оның техникалық сипаттамасы 1.34 және 1.35- кестелерде келтірілген.

Кесте. 1.35 соңы

Престеу алдында суыту үшін арнайы құрылғылар қолданылады, оның техникалық сипаттамасы 1.36- кестеде келтірілген.

Ұсақ бөлшектерді суыту үшін, сұйық оттегі немесе сұйық азотты буландыру есебінен төмен температура алынатын Дьюар ыдысы (кесте 1.37) қолданылады, жұмсалу шығыны нормасы 1.38 -кестеде көрсетілген.

1.6.ПЛАСТИКАЛЫҚ ПІШІН ӨЗГЕРТУ ӘДІСІМЕН БӨЛШЕКТЕРДІ ЖАЛҒАСТЫРУ

Пластикалық пішін өзгерту әдісімен бөлшектерді жалғастыруды жалғастырушы элемент – шетмойын көмегімен орындайды, оның формасы жаншып қақтау аспабы осінің айналасында домалату немесе илеуге мүмкіндік береді. Шетмойын - бөлшек саңылаулары арқылы өтіп, пластикалық пішінін өзгертеді де, тұйықталған бастиек түзеді, ол екі немесе оданда көп бөлшектерді бекітуді қамтамасыз етеді. Жаншып қақтаудың екі түрі болады: шектік және бекіту. Жаншып қақтаудың техникалық сипаттамасы 1.39 және 1.40- кестелерде келтірілген.

Ескерту. Сызық үстінде құбырдың ішкі диаметр өлшемдері, сызық астында - сыртқы диаметр өлшемдері берілген.

Кесте. 1.40 соңы

Ескерту. Сызық үстінде құбырдың ішкі диаметр өлшемдері, сызық астында - сыртқы диаметр өлшемдері берілген. Жез және болаттан жасалған шырайналдырғыш өлшемдері 1.41- кестеде келтірілген.

2-Бөлім

ҚОЗҒАЛМАЙТЫН АЖЫРАТЫЛАТЫН

ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ҚҰРАУ

2.1. БҰРАНДАЛЫ ҚОСЫЛЫСТАР

Бұрандалы қосылыстар бөлшектеріне бұрандалар, винттер, түйрегіштер және сомындар, сонымен қатар тығырықтар мен сіргелер жатады.

Бұрандалы саңылаулары жоқ бөлшектерді қосу үшін бұрандалар қолданылады, оның бір басында бұралатын металл өзек, екінші басында бастиек болады. Қолданылуына тәуелді бұрандалар бастиектерінің келесі формалары кездеседі:

алтықырлы қалыпты және диаметрі 6...48 мм дәлдігіне дейін дөрекі кішірейтілген (МЕМСТ 15589 - 70* және МЕМСТ 15591 - 70*);

диаметрі 48...160 мм дәлдігіндегі алтықырлы қалыпты (МЕМСТ 10602 - 94 және МЕМСТ 7898 - 70*);

диаметрі 1,6...48 мм дәлдігі жоғары алтықырлы (МЕМСТ 7805 - 70*);

алтықырлы бастиегі кішірейтілген қалыпты және диаметрі 8...48 мм дәлдікті (МЕМСТ 7796 - 70* және МЕМСТ 7808 - 70*) және диаметрі 48.160 мм (МЕМСТ 18125 - 72*) дәлдікті;

алтықырлы бағытталған бастиекті және кішірейтілген бастиекті қалыпты дәлдікте (МЕМСТ 7795 - 70*) және жоғары дәлдікті (МЕМСТ 7811 - 70*).

Бір бұрандалы саңылауға ие бөлшектерді қосу үшін винттер мен түйрегіштер қолданылады.

Винттердің екі түрі бар: бекіткіш және шектік.

Бекіткіш винттер жинайтын түйіндерде бөлшектердің өзара бекуін қамтамасыз етеді. Бекіткіш винттердің функционалдық қолданылуын

Сур. 2.1. Бекіткіш винттердің артқы бөліктерінің құрылысы: а - цилиндрлі; б - конусты; в - бұрғыланған; г - жалпақ; д - сатылы; е - табандатқыш олардың артқы бөліктерінің құрылысы арқылы анықтайды (сур. 2.1), ол жинайтын түйіндерде бөлшектерді бекіту жағдайын қамтамасыз етеді. Бекіткіш винттер бұрандалы өзекке және әртүрлі формалы бастиектерге ие. Бекіткіш винттердің артқы бөліктерінің құрылысы және олардың бекітілген диаметрлері 2.1 -кестеде келтірілген.

Кесте. 2.1 соңы

Ескерту. Белгілі бір шектерде винттер ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін және келесі қатардан таңдалады: 3; 4; 5; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 20; 25; 30; 40; 45; 50; 55; 60; 65; 70; 75; 80; 90; 100 мм. Бекіткіш винттер жинайтын түйіндерде бөлшектерді бекітуге арналған, олардың бір-біріне сенімді бекуін қамтамасыз етеді. Бекіткіш винттердің шектіктен ерекшелігі бастиектердің әртүрлі құрылысына ие болады: Түйрегіштер екі жағынан бұрандасы бар металл өзек (МЕМСТ 22032 - 76*, МЕМСТ 22033 - 76*, МЕМСТ 22043 - 76*). Стандарттар қалыпты және жоғары дәлдікті А және Б типті түйрегіштерді дайындауды қарастырады. Артқы бұралатын қосылыс бөлшегін бұрау ұзындығы мен сомындағы түйрегіштің бұралатын бөлігінің ұзындығы әртүрлі. Болат, қола, жезді бөлшектерді және титанды құймалардан жасалған бөлшектерді жинау кезінде түйрегіштің кесілген бөлігінің бөлшектің бұрандалы саңылауына бұралатын ұзындығы оның диаметріне тең болады. Қақтауға төзімді және сұр шойындардан жасалған бөлшектердің бұранда диаметрі 1,25 құрайды. Жеңіл құймалардан жасалған бөлшектер үшін бұл қатынас 2-ге тең. Түйрегіштер бұрандасының бекітілген диаметрі 2...100 мм шегінде ауытқиды. Бұрандалы саңылауы жоқ бөлшектерді жалғастыруға арналған түйрегіштердің бұрандалы бөлігінің ұзындығы бірдей болады. Мұндай жағдайда түйрегіштің бұралатын екі басына да сомындар бұрау қажет. Түйрегішті бұранданың кетуі қатайғанша бұраған кезде бұралуын тоқтату үшін түйрегіштің бұрандалы саңылауын қатты тарту керек.. Сомындар бұрандалар немесе түйрегіштерге бұралатын, ішкі жағында бұрамасы бар бұрандалы қосылыстар бөлшегі. Құрылысына байланысты сомындардың келесідей түрлері болады: бұранда диаметрі 1.48 мм дәлдігі жоғары (МЕМСТ 5927 - 70*); бұранда диаметрі 20... 48 мм дәлдігі дөрекі (МЕМСТ 15526 - 70*); бұранда диаметрі 8...48 мм дәлдігі қалыпты кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 15521 - 70*); бұранда диаметрі 8...160 мм дәлдігі жоғары кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 2524 - 70*); бұранда диаметрі 160 мм дәлдігі төмен қалыпты (МЕМСТ 5916 - 70* және МЕМСТ 10607 - 94);

бұранда диаметрі 8,48 мм дәлдігі төмен үлкейтілген (МЕМСТ 5929 - 70*); бұранда диаметрі 8.48 мм дәлдігі қалыпты төмен кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 15522 - 70*); бұранда диаметрі 8...160 мм дәлдігі жоғары төмен кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 2526 - 70*, МЕМСТ 10610 - 72*);

бұранда диаметрі 6...48 мм дәлдігі жоғары қалыпты (МЕМСТ 15523 - 70*);
бұранда диаметрі 3...48 мм дәлдігі жоғары үлкейтілген (МЕМСТ 15524 - 70*);
бұранда диаметрі 8...48 дәлдігі аса жоғары қалыпты (МЕМСТ 15525 - 70*);
бұранда диаметрі 8...48 дәлдігі аса жоғары үлкейтілген (МЕМСТ 5931 - 70*);

бұранда диаметрі 4...48 мм дәлдігі қалыпты (МЕМСТ 5918 - 73*); бұранда диаметрі 4...48 мм дәлдігі үлкейтілген (МЕМСТ 5932 - 73*);

бұранда диаметрі 6...48 мм дәлдігі төмен қалыпты (МЕМСТ 5919 - 73*);
бұранда диаметрі 6...48 мм дәлдігі төмен үлкейтілген

(МЕМСТ 5933 - 73*);

бұранда диаметрі 8...48 мм дәлдігі үлкейтілген кесілген төмен кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 5935 - 73*); бұранда диаметрі 52...160 мм дәлдігі тәжді қалыпты (МЕМСТ 10606 - 72*); бұрандадиаметрі52...160ммдәлдігіүлкейтілгентәжді кішірейтілген өлшемді «толық аяқталған» (МЕМСТ 10609 - 72*); 14. шеңберлі:

қапталында саңылауы бар (МЕМСТ 6393 - 73*) (сур. 2.2, б, кесте 2.3);
оймакілтекті (МЕМСТ 11871 - 73) (сур. 2.2, в, кесте 2.4);

Сур. 2.2. Радиалды орналасқан саңылауы бар шеңберлі сомындар (а), қапталында саңылауы бар шеңберлі сомындар (б) және оймакілтекті ойықтар (в): D – сомынның сыртқы диаметрі; d – «толық аяқталған» саңылау диаметрі; l - «толық аяқталған» саңылау тереңдігі; H – сомындар биіктігі; с -жүзі; d – бұранданың бекітілген диаметрі

Кесте. 2.3 соңы

□ Саңылаулы құлақты сомын және бұранда диаметрі 3...24 мм саңылаусыз құлақты (МЕМСТ 3032- 76*);

□ қалпақты (МЕМСТ 11860 - 85*) (сур. 2.3, кесте 2.5).

Сур. 2.3. Қалпақты сомын:
D – қалпақ диаметрі; Н – сомын биіктігі; S-«толық аяқталған» өлшемі

Тығырықтар арнайы металл сақиналар, оларды бұрандалы қосылыстардың тірек аудандарын ұлғайту үшін бұрандалар мен сомындардың бастиектеріне енгізеді, ол олардың өз бетімен ағытылып кетпеуінен сақтайды.

Тығырықтардың келесідей түрлерін дайындайды:

Сур. 2.4. Кәдімгі жалпақ тығырық: S – тығырық қалыңдығы;
D - сыртқы диаметр;
d - ішкі диаметр

Рис. 2.5. Стопорные многолапчатые шайбы:

D — диаметр шайбы по наружным поверхностям лапок; D-, — диаметр шайбы по внутренним поверхностям лапок; d — диаметр винта (болта); d-і — внутренний диаметр шайбы; b и b — ширина лапки; m — расстояние от внутренней лапки до образующей поверхности отверстия шайбы; b2 — ширина паза под лапку шайбы на поверхности винта (болта); t — расстояние от дна паза под лапку на поверхности винта (болта) до его образующей; S — толщина шайбы

Кесте. 2.7 соңы

Кесте. 2.8 соңы

□Табанмен тоқтатқыш (сур. 2.7, кесте 2.9), сомындар, винттер бастиегі және бұрандамаларды тоқтатуға арналған; □Табанмен тоқтатқыш (сур. 2.8), алтықырлы сомындарды тоқтатуға арналған (кесте 2.10);

Сур. 2.8. Табанмен тоқтатқыш тығырық:

D – тығырықтың сыртқы диаметрі; d – тығырық саңылауының диаметрі; L, L-, және L2 - тығырық саңылауы осінен табанның сыртқы бетіне дейінгі арақашықтығы; r – қосарланған радиустар; S -тығырықтар қалыңдығы; B – табан ені

Сур. 2.9. Ішкі (а) және сыртқы (б) тісті тоқтатқыштар:

D және D-, - тістердің сыртқы және ішкі диаметрлері; d – тығырық саңылауының диаметрі; S – тығырық ені; H – ажыратылған күйдегі тістер ені

Сур. 2.10. Жасырын және жартылай жасырын бастиектермен винттер астындағы тісті тоқтатқыштар: D - тығырықтың сыртқы диаметрі; d - тығырық саңылауының диаметрі; S - тығырық ені; l – тіссіз тығырық биіктігі

Сіргелер (сур. 2.11) өздігінен ағытылып кетпес үшін, бұрандалы қосылыстар бөлшектерінен жасалған, саңылауларға орнатылатын, белгілі бір түрде иілген сымдар кесінділері. Сіргелер жасау үшін көміртекті болаттардан жасалған сымдар қолданылады. Сіргелердің негізгі сипаттамалары кесте 2.13 келтірілген. Сур. 2.11. Сірге: D – ілмектер диаметрі; l – төсейтін бөліктерінің ұзындығы; l1 - ілмектер ұзындығы; l2 – қайырылатын бөліктер ұзындығы; d - сірге диаметрі

2.13- кестенің жалғасы

Ескерту. Белгілі бір шектерде l өлшемі келесі қатардан таңдалады: 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 25; 28; 32; 36; 40; 45; 50; 55; 60; 70; 80; 90; 100; 110; 125 мм. Жабдықтардың корпусты бөлшектері бар табақ материалдан жасалған жалғастырғыш бөлшектер үшін өзі қиятын винттер қолданылады (сур. 2.12, а -в, кесте 2.14).

Сур. 2.12. Жасырын (а), жартылай жасырын (б) және жартылай дөңгелекті (в) бастиектері бар өзі қиятын винттер: L – винт ұзындығы; d – бұранда диаметрі; D, D1 – винт бастиектерінің диаметрлері; H, H1, h, h1, h2 және h3 – винт бастиектерінің параметрлері; b – винт бастиегіндегі бұрауышты оймакілтектің ені; R және R1 – винт бастиегі сферасының радиусы

2.14- кестенің жалғасы

Ескерту. Белгілі бір шектерде L өлшемі келесі қатардан таңдалады: 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 25; 30; 35; 45; 50 мм. Бұрандалы қосылыстарды қолмен жинау әртүрлі құрылысты сомынды бұрайтын кілттер көмегімен жүзеге асырылады (сур. 2.13 - 2.16), негізгі сипаттамалары 2.15 - 2.18 кестелерде келтірілген.

Мүйізшелі кілттердің негізгі сипаттамалары (сур. 2.13 қараңыз)

Ескерту. Кілттер корпусын 40 маркалы болаттан, ал еріншелер мен бұрамаларды 40Х маркалы болаттан жасайды. Кілттер корпусы, қозғалмалы еріншелер мен бұрамалардың қаттылығы 40...45 HRC құрайды.

С. 2.15. Тура (а) және иілген (б) қапталдық сомын кілттер:
А – иілген кілт ұзындығы; В – тура кілт ұзындығы; Н – иілу биіктігі

Сур. 2.16. Реттелетін айнала алатын кілт: а - зырылдауық; h – зырылдауық қапталынан бекіткіш осіне дейінгі арақашықтық; D – бастиектер диаметрі; L – кілт ұзындығы; d – сап диаметрі; H – бастиектер биіктігі

Кесте. 2.16 соңы

Бұрандалы қосылыстарды жинау үшін механикаландырылған жабдықтар электрлік және пневматикалық жетекті әртүрлі түрдегі сомын бұрағыштар түрінде беріледі, оның техникалық сипаттамасы 2.18 және 2.19- кестелерде келтірілген.

Кесте. 2.18 соңы

2.2. КІЛТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАР

Құрылысына байланысты кілтекті қосылыстар призмалық, сегментті, бағытталған, сырғымалы және сыналы кілтектер деп бөлінеді.

Сур. 2.17. Призмалық (а) және сегменттік (б) кілтектер: h – кілтек биіктігі; l - кілтек ұзындығы; b – кілтектер ені; r, c – кілтектің бүйір бетінің қосарланған радиусы немесе жүздер ені; R - кілтектің дөңбек бетінің радиусы; d – сегментті кілтек диаметрі; D – білік диаметрі; t – біліктегі ойықтың тереңдігі; K – білік үстінде түзілген кілтектер биіктігі; t1 -күпшектегі ойығының тереңдігі Призмалық кілтектер (сур. 2.17, а, кесте 2.20) турабұрышты қимаға ие және үш орындауды жасалады: жалпақ және иілген соңдарымен. Білікпен кілтекті қосылыстар – қозғалмайтын кернеулі; кілтек тығынының ойығына саңылаумен кіреді.

Кесте. 2.20 соңы

Сегменттік кілтектер (сур. 2.17, б, кесте 2.21) бүйір жағынан жұмыс істейді. Кілтек пен тығын ойығының арасында 0,1 мм саңылау болады. Сегментті кілтектерді де призмалық сияқты білік пен тығын арқылы жалғастырады. Сегменттік кілтектерді аз қуатты беру үшін кіші өлшемді біліктерде қолданады.

Кесте 2.21 соңы

Бағытталған кілтектерде (сур. 2.18, кесте 2.22) кілтекті білікке бекіту үшін винттер бастиектерінде екі саңылау және білік ойығынан кілтекті шығарып алу үшін бұрандалы бір саңылауы болады. Білікпен қосу қозғалмалы тығыз, ал саңылаулы тығынмен қосу - бос. Кілтек білік осінің бойымен араласады, білікті бөлшекпен жалғастыру үшін қолданылады.

2.22- кестенің жалғасы

Сырғымалы кілтектер (сур. 2.19, кесте 2.23) білік бойында айналатын (тығындар, тісті доңғалақтар) бөлшектер саңылауына кіретін цапфаға ие. Білікте бөлшек жағдайының өзгеруі кезінде кілтек білік бойында айналады.

Сур. 2.18. Бағытталған кілтек: b – кілтектер ені; h – кілтектер биіктігі; h1 – бекіту винтінің бастиектері астындағы саңылау тереңдігі; d және d1 - бекіту винттерінің астындағы саңылау диаметрі; d2 - бекіту винтінің бастиектері астындағы саңылау диаметрі; l - кілтектер ұзындығы; l1 - бекіту винттерінің астындағы саңылаудың ось арасындағы арақашықтығы; l2 – жағылатын саңылау осінен кілтектер қапталдарына дейінгі арақашықтық; l3 - бекіту саңылауы осінен кілтектер қапталдарына дейінгі арақашықтық; R – кілтектің қапталды бетінің радиусы; c – жүз

Сур. 2.19. Сырғымалы кілтектер:

L –кілтек ұзындығы; c - жүз; H – бекітілген дөңес биіктігі; l - кілтек қапталынан бекітілген дөңеске дейінгі қашықтық

Кесте. 2.23 соңы

Сыналы кілтектер турабұрышты қимаға ие, 1:100 еңкішті сына. Кілтектер кең қырлармен жұмыс істейді, бөлшекті ось бағытымен қозғалтпай бекітеді. Сыналы кілтектер нашар түзуленеді, бөлшектердің қисық болуы мүмкін, сондықтанда жауапсыз тыныш біліктермен беріледі.

2.3.ОЙМАКІЛТЕК ҚОСЫЛЫСТАР

Оймакілтектердің формаларына тәуелді үшбұрышты, эвольвенттік және тікелей болып бөлінеді. Ең кең таралғаны тікелей оймакілтекті қосылыстар (сур. 2.20, кесте 2.24), оларды сыртқы және ішкі диаметрлері бойынша немесе бүйір қырлары арқылы дәлдейді.

Сур. 2.20. Оймакілтекті қосылыстар:

D – қосылыстың сыртқы диаметрі; d – күпшектегі оймакілтектер диаметрі; в – оймакілтек ені; d-і – біліктегі ойым диаметрі

2.4. СЫНАЛЫ ЖӘНЕ СҰҚҚЫШ ҚОСЫЛЫСТАР

Сынаны 1 (сур. 2.21) бірі-біріне енетін кезде 2 және 3 бөлшектерді қосуда пайдаланады. Мұндай жағдайда қосылыс бөлшектеріне сына кіретін ойық жасайды. Сыналар бірқиғашты және параллель қырлары бар қосарланған қиғашты болады. Сына қимасы – турабұрышты немесе иілген жіңішке қырлы турабұрышты болады. Сына қалыңдығы 0,25...0,5 өзек диаметріне тең деп алынады, ал оның биіктігі 1,1... 1,2 төлке диаметрін құрайды, сына еңкіштігі - 1:100. Мұндай сыналар өздігінен тежелген және жалғастырылатын бөлшектері сенімді ұстайды. Сұққыштар түйісетін бөлшектер саңылауларына орнатылған цилиндрлі (сур. 2.22, а) немесе конустық (сур. 2.22, б) формалы болады. Сұққыштар айналу моментін береді немесе қосылыстардың түйісетін бөлшектерінің өзара жағдайын тіркейді.

Сур. 2.22. Цилиндрлік (а) және конустық (б) сұққыштар: l – сұққыш ұзындығы; d– цилиндрлік диаметрі және ақырғы сұққыштың ең кіші негізінің диаметрі; d1 - ақырғы сұққыштың ең үлкен негізінің диаметрі; c - жүз

2.5.ҚҰБЫР ЖҮЙЕЛЕРІ

Бұрандадағы құбырларды қосу үшін арнайы бұрандалы құбыр жүйелері қолданылады: цилиндрлік (сур. 2.23, а) және конустық (сур. 2.23, б). Цилиндрлік және конустық бұрандалы құбырдың негізгі сипаттамалары 2.25 және 2.26- кестелерде келтірілген.

Кесте. 2.25 соңы

Сур. 2.23. Цилиндрлік (а) және конустық (б) бұрандалы құбыр: D, d, D-, d-і, D2, d2 - сыртқы, ішкі және орташа бұрандалар диаметрі, сәйкесінше; H бұрандалардың шартты бейін биіктігі; Н – бейін биіктігі; R - бұранда тармақтары (бұтақтары) басының радиусы дөңгелектеу және ойыс; S – бұранда қадамы; l – толық бейінді бұранда ұзындығы; l2 – бұрау ұзындығы; ф – конустық бұранда үшін конус бұрышы

Құбыр жүйелерінің бөліктерін бұрандалар көмегімен жалғастырған кезде арнайы қосқыш элементтер – фитингтер қолданылады, ол құбыр жүйесінің құрылысына тәуелді әртүрлі орындаулар жасайды. Құбыр, фитингтер және арматуралардың негізгі сипаттамалары 2.27- кестеде келтірілген.

Бұрандалы қосылыстар көмегімен құбыржүйелері элементтерін жинау әртүрлі құрылысты құбыр кілттерімен жүзеге асады (кесте 2.28).

Ернемекті құбырларды қосу қолданылады, егер үлкен диаметрлі құбырлар немесе корпустық бөлшекті құбырларды жалғастыру қажет болса, құбырды ернемекпен дәнекерлеу, шырайналдыру, көмкеру немесе бұрандамен қосады. Жалғастыратын құбырлардың ернемектері арасынан сұйықтықтардың ағуын ескеру үшін төсеніштер салады, оны жұмыстық орта, максималды температура және құбыр арқылы өтетін сұйықтықтар қысымына тәуелді таңдайды. Төсеніш материалдарының негізгі маркалары және оның техникалық сипаттамасы 2.29- кестеде келтірілген.

Кесте. 2.29 соңы

2.6. БІЛІКТЕР ҚҰРАУШЫЛАРЫН ЖИНАУ

Біліктерді жалғастыру үшін қатты және иілгіш жалғастырғыш муфталар қолданылады, әрі иілгіш муфталар біліктердің өстестіктерден азғана ауытқуын компенсациялайды. Біліктерді жалғастырудың ең қарапайымы кілтектер немесе оймакілтектерді қолданып, төлкелі муфта көмегімен жалғастыру болып табылады. Муфта мен білік кемершігінің арасындағы тесік оның осьтік ығысуын компенсациялауға мүмкіндік береді. Біліктерді жалғастыру кезінде үлкен айналу моменттерін беру үшін ернемекті жалғастырғыштар қолданылады (сур. 2.24, кесте 2.30).

Кесте. 2.30 соңы

Диаметрі 40...560 мм, айналасының жылдамдығы 25 м/с-ке дейін ауыр жүктелген горизонталды біліктерді жалғастыру үшін тісті муфталар қолданылады. Жұлқулар мен соққылар байқалғанда және өстестіктен азғантай ауытқуын компенсациялау талап етілгенде біліктер арасындағы айналуын беру үшін, иілгіш төлкесаусақты муфтылар қолданылады (сур. 2.25, кесте 2.31).

Кесте. 2.31 соңы

Сур. 2.26. Тіркеулік жұдырықшалы муфта:

D - муфтаның сыртқы диаметрі; d - біліктің бекітілген диаметрі; L – муфта ұзындығы; a – қозғалмайтын жартылай муфталар ұзындығы; b – қозғалатын жартылай муфталар ұзындығы; c – монтаждау саңылауы; h – төрткілше биіктігі

Сур. 2.27. Тіркеулік тісті муфта: D - муфтаның сыртқы диаметрі; ф – бунақ диаметрі; b – тіс ені; h – тіс биіктігі Егер тетікті пайдалану процесінде біліктерді әлсін-әлсін қосу және ағыту қажет болса, онда тіркеулік муфталар - жұдырықшалы (сур. 2.26, кесте 2.32) немесе тісті (сур 2.27, кесте 2.33) қолданылады.

3-Бөлім

МОЙЫНТІРЕКТІ ТҮЙІНДЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

3.1. ЖЫЛЖУ МОЙЫНТІРЕКТЕРІМЕН ТҮЙІНДЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

Жылжу мойынтіректерін жоғары пайдалану қасиетін қамтамасыз ету және олардың қызмет ету мерзімін арттыру үшін ішпектерді үйкеліске қарсы материалдардан жасайды, оны 3.1 - 3.3- кестелерді қолданып, пайдалану жағдайларына байланысты таңдайды.

Кесте. 3.1 соңы

Кесте. 3.2 соңы

Кесте. 3.3 соңы

Жылжу мойынтіректері ішпектерінің өлшемі біліктің ішкі диаметріне және біліктің (буылтықпен, буылтықсыз) өзінің құрылысына сәйкес келеді. Қола (сур. 3.1) және шойын (сур. 3.2) төлке-ішпектер өлшемдерін 3.4 және 3.5- кестелерді қолданып таңдайды.

Сур. 3.1. Жылжу мойынтіректері ажырамайтын қола төлке-ішпектер: D - сыртқы диаметр; d - ішкі диаметр; S – қабырға қалыңдығы; L - ұзындық; с, с1 – жүздер.

Сур. 3.2. Жылжу мойынтіректері ажырамайтын шойын төлке-ішпектер: D - сыртқы диаметр; d - ішкі диаметр; d1 – сұққыш астындағы саңылау диаметрі; L ішпек ұзындығы; l1 – көмкеру ұзындығы; с, с1 - жүздер; r – майлау жырашасының радиусы; r1 – төлке-ішпектің ішкі бетімен майлау жырашасының қосарлану радиусы; h - майлау жырашасының тереңдігі

Кесте. 3.5 соңы

Мойынтіректің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін білік мойыны мен ішпектер арасында саңылау жасау керек, ол 3.6- кесте бойынша таңдалады. Ішпекте айналуы кезінде мойынтіректер түйіндері бөлшектері майлауды ұстауы үшін жырашалар жасалады, оның формасы сур. 3.3, а - ж, ал негізгі өлшемдері - 3.7 -кестеде келтірілген.

Сур. 3.3. Ажырамайтын жылжу мойынтіректері төлке-ішпектері майлау жырашасының бейіндері мен өлшемдері: а - в - ішпекте; г – радиалды мойынтіректер үшін білікте; д, е – сырғанау өкшетірегі; ж – соққылы мойынтіректер табанында; d – білік диаметрі; f – жыраша тереңдігі; r – жыраша түбінің радиусы; R - қосарланған радиус; бағдаршамен қозғалыс бағыты көрсетілген

Жылжу мойынтіректегі ішпекті бұрылып кетуден сұққыштың (сур. 3.4, а, кесте 3.8) немесе винттің (сур. 3.4, б) көмегімен тоқтатады.

Сур. 3.4. Ажырамайтын жылжу мойынтіректері корпусындағы төлке-ішпектерді сұққышпен (а) және винтпен (б) бекіту: d – ішпектің ішкі диаметрі; d-і – сұққыш (винт) диаметрі; l - сұққыш (винт) ұзындығы

Ажырайтын жылжу мойын тіректері корпустан, қақпақтан және ішпектен тұрады (сур. 3.5, кесте 3.9).

Сур. 3.5. Ажырайтын жылжу мойынтіректері: 1 - корпус; 2 - қақпақ; 3 - сомын; 4 - тығырық; 5 - түйрегіштер; Нанықт – мойынтірек биіктігі; H – саңылау осінің биіктігі; h – негіздің бекіткіш табандарының биіктігі; D ішпек құрылғысының астындағы мойынтірек саңылауының диаметрі; d„ – біліктің бекітілген диаметрі; d-і – бекіткіш бұрандалар (винт) астындағы саңылау диаметрі; А – бекіткіш саңылаулардың осі арасындағы қашықтық; B – мойынтірек ені; b – мойынтірек қалыңдығы.

Кесте. 3.9 соңы

Ажырайтын жылжу мойынтіректер ішпектерін шойыннан жасайды (сур. 3.6, кесте 3.10).

3.10- кестенің жалғасы

1.13- кестенің жалғасы

Ажырайтын жылжу мойынтіректер корпусында және оның қақпағында жоғары және төменгі ішпектер жағдайын белгілеу үшінбекіту төлкесі қолданылады (сур. 3.7, кесте 3.11).

Сур. 3.6. Ажырайтын жылжу мойынтірегінің шойын ішпегі: 1 – жоғары ішпек; 2 – төменгі ішпек; 3 – бекіту төлкесі; D - ішпек диаметрі; D-, - орталықтанған орталық белдеулер диаметрі; L – ішпек ұзындығы; l – бекітілген бет ұзындығы; h және h – ішкі жағындағы жоғары және төменгі ішпек жартысының қиылысындағы жырашықтың тереңдігі мен ені; h2 – майлау жырашығының тереңдігі; h3 - сыртқы жағындағы жоғары және төменгі ішпек жартысының қиылысындағы жырашықтың ені; b - майлау жырашығының ені; b – монтаждау саңылауы; d – ішпектің ішкі диаметрі; c - жүз; r – төменгі ішпектің сыртқы жағындағы жырашық түбінің радиусы

Сур. 3.7. Ажырайтын жылжу мойынтіректің бекіту төлке ішпегі: d-і – төлке диаметрі; d2 – бекіту винті бастиегі астындағы саңылау диаметрі; d3 -бекіту винті астындағы саңылау диаметрі; h – төлке биіктігі; h-- бекіту винті бастиегі астындағы саңылау тереңдігі

Мойынтіректі түйін және жылжу мойынтіректерімен жиналған мойынтіректі түйін бөлшектері келесідей техникалық талаптарға сәйкес келуі керек:

3.2. ТЕҢСЕЛЕТІН МОЙЫНТІРЕК ТҮЙІНДЕРІН ЖИНАУ

Мойынтірек түйіндерінің және оларға кіретін бөлшектердің техникалық талаптары келесідегідей: Мойынтірек өлшемі, сәйкесінше оның көтеретін жүктемесі белгіленуі мен сериясына тәуелді болады. 3.13-кестеде шарлы бірқатарлы радиалды мойынтіректердің техникалық сипаттамалары келтірілген.

Кесте. 3.13 соңы

Білікке мойынтіректерді орнату кезінде тұғырды 3.14- кесте мәндерін пайдаланып, түйіннің режимі мен жұмыс жағдайына тәуелді таңдайды. Саңылаулар мен біліктің бетін өңдеу дәлдігі және олардың кедір- бұдырлығы 3.15- кестеде келтірілген мәндермен сәйкес келуі керек.

Мойынтіректі корпусқа орнату кезінде корпус құрылысы мен мойынтірек жұмысының режиміне тәуелді 3,16- кестеде келтірілген қондырмаларды қолданады.

Жиналатын түйінге мойынтіректерді орнату алдында, радиалды және өстік саңылауларды машина жасауда қолданылатын өлшеу құралдарын ғылыми-зерттеу және құрастыру институтында (ӨлшеуҒЗИ, Ресей) жасалған арнайы құрылғылар көмегімен тексеру ұсынылады, техникалық сипаттамалары 3.17-кестеде келтірілген.

Түйінге орнатылған мойынтіректерді сұйық немесе қоюланған майлармен майлайды. Мойынтіректердегі майлар деңгейі мойынтіректегі ең төмен теңселетін дененің орталығынан жоғары тұрмауы керек. Барлық жағдайда майлар ағып кетпеуі және шаң-тозаңдар кірмеуі үшін мойынтіректі түйіндерді сенімді тығыздауды қамтамасыз ету қажет. Қою майларды қолданған кезде мойынтірекке корпустан сұйық майдың ақпауын қадағалау қажет. Мойынтіректі түйіндерді тығыздау әртүрлі материалдар мен құрылғылар көмегімен жүзеге асырылады, оларға жататындар:

Сур. 3.8. Турабұрышты қима сақинасы (а) және олардағы жырықшалар (б): D – сақинаның сыртқы диаметрі; D, - тығыздағыш сақина жырықшасы түбінің диаметрі; b – сақина қалыңдығы; b - тығыздағыш сақина астындағы жырықша түбінің ені; b2 - тығыздағыш сақина астындағы жырықшаның жоғары бөлігінің ені; d – сақинаның ішкі диаметрі; d-і – тығыздалаьын мойынтірек корпусындағы саңылау диаметрі; d,,- білік диаметрі

Кесте. 3.18 соңы

Сур. 3.9. Манжеттер: 1 - корпус; 2 - қаңқа; 3 - серіппе; D1 - сыртқы диаметр; d – білік диаметрі; h1 және h2 – манжеттер қалыңдығы

Сур. 3.10. Қозғалмайтын дөңесті сақинамен (а) және айналатын (б) қорғағыш тығырықтар

Сур. 3.11. Корпуста (а, б) және білік пен корпуста (в) орындалған бунақты тығыздаушылар: r – бунақ радиусы; a – корпус қапталынан бірінші бунаққа дейінгі қашықтық; e – корпус саңылауы мен білік арасындағы тесік; d – білік диаметрі; t – білік кемершігінен корпус қабырғасына дейінгі қашықтық

Кесте. 3.20 соңы

Сур. 3.12. Майтойтарғыш бунақтар корпуста (а) және білікте (б) және олардың бейінінде (в) орындалған:

D - білік диаметрі; b – бунақтар ені; t – бунақтар тереңдігі

Сур. 3.13. Майтойтарғыш сақина:

D – сақинаның ішкі диаметрі; D1 – күпшектер диаметрі; D2 – сақинаның сыртқы диаметрі; d – бекіткіш винтке арналған саңылау диаметрі; a – күпшектерсіз сақина қалыңдығы; b – күпшегі бар сақина қалыңдығы; c – күпшек қапталынан бекіткіш саңылау өсіне дейінгі қашықтық

Кесте. 3.22 соңы

Мойынтіректер түйіндерін реттеу – жинау бірлігін монтаждаудағы ең жауапты операция, онда радиалды-тіректі және тіректі мойынтіректер орнатылған (кесте 3.24).

Сур. 3.14. Бірсақиналы (а), көпсақиналы (б) және радиалды (в) шытырманды тығыздағыштар: d – білік диаметрі; е, f - тесіктер

4-Бөлім

ҚОЗҒАЛЫС БЕРІЛІСІ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖИНАУ

4.1.БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТІ ЖИНАУ

Белдіктер көлденең қимасының формасы бойынша бөлінеді жалпақ белдікті, сыналы белдікті, жартылай белдікті, дөңгелек белдікті және тісті белдікті берілістер болып. Белдікті берілістің техникалық сипаттамасы 4.1- кестеде келтірілген.

Жалпақ белдікті беріліс ені қалыңдығынан әжептәуір асатын, көлденең қимасында түзубұрышты болып келетін белдіктермен жүзеге асырылады. Тері, резеңкеленген, мақта-мата кездемесі, жүн маталы және үлдірлі белдіктер қолданылады. Белдіктер соңын тігу, желімдеу және арнайы қыстырғыштармен қыстыру арқылы жалғастырады.

Кесте 4.2-де жұмыс жағдайына байланысты жалпақ жетекті белдікті таңдау бойынша ұсыныстар келтірілген.

Кесте. 4.2 соңы

Әртүрлі материалдардан алынған белдіктердің қысқаша сипаттамасы және қолдану саласы 4.3- кестеде келтірілген.

Кесте. 4.3 соңы

Белдіктің материалына тәуелді олардың соңдарын жалғастыру желімдеу немесе тігу арқылы жүзеге асуы мүмкін. Белдіктің соңдарын жалғастыру тәсілдерінің қысқаша сипаттамасы 4.4-кестеде келтірілген.

Кесте. 4.4 соңы

Жалпақ белдікті берілістер тегершіктері (сур. 4.1) белдік жүргізетін олардың тегершігінен, кілтекті білікте жөнделген күпшектен, тегершікті кілтекпен қосатын шабақ немесе дискіден тұрады. Тегершіктің орташа жалпақтығында белдікті центрлеу үшін оның кұрсауын намалы дөңес етіп жасайды. Тегершіктердің негізгі өлшемдері 4.5-ші кестеде келтірілген. Диаметрі 40...112 мм тегершіктер үшін дөңестік 0,3 мм; диаметрі 125...140 мм тегершіктер үшін - 0,5 мм құрайды.

Сур. 4.1. Жалпақ белдікті берілістер тегершіктері:

D - сыртқы диаметр; d – білік астындағы саңылау диаметрі; B – тегершік ені; h – дөңестік биіктігі; L – тегершік ұзындығы 160...180 мм - 0,6 мм; диаметрлері 250...280 мм тегершіктер үшін - 0,8 мм; диаметрлері 315...355 мм тегершіктер үшін - 1 мм.

Кесте. 4.5 соңы

Тегершіктің дөңестігінің шамасы h оның диаметрі мен еніне тәуелді және 4.6- кестеде келтірілген мәндері бойынша таңдалады.

Диаметрі 355 мм дейінгі тегершіктерге арналған дөңестік шамасы h
h, мм . …….0,43 0,4 0,5 0,6 0,8 1,0
D, мм . …..40... 112 125... 140 160... 180 200...224 250...280 315...355

Сыналы білікті берілістер трапеция формалы көлденең қимасы бар белдік (сур. 4.2). Шексіз сыналы резеңке маталы белдіктердікордматалы және кордбаулы етіп жасайды. Кордматалы белдіктерді салыстырмалы үлкен диаметрлі тегершіктерге арнап қолданады, ал кордбаулы – тегершіктердің аз диаметрі кезінде, сонымен қатар жоғары жылдамдықтар кезінде пайдаланылады. Белдіктің бүйір бетінің арасындағы бұрыш 40° құрайды.

Сур. 4.2. Сыналы белдіктің көлденең қимасы: a – максималды ені; ар – орташа сызық бойынша ені; h – белдік биіктігі Белдіктерді жеті типтік өлшемде дайындайды, олар көлденең қимасының арту өлшемдерімен ерекшеленеді (түрлері О, А, Б, В, Г, Д, Е). Кесте 4.7-де сыналы белдіктердің қима өлшемдері келтірілген, белдіктің есептеу ені ар оның нейтрал сызықтағы еніне жуықтағанда сәйкес келеді, ол кез-келген диаметрлі тегершікте белдіктің иілуі кезінде өзгермей қалатын шама.

Белдікті беріліске орнатқан кезде оның ұзындығының бекітілген өлшемінен ауытқуы және берілістегі белдік ұзындығының ең үлкен айырымы 4.8- кестедегі шамалардан аспауы қажет.

Сыналы белдік қимасын 4.9- кестедегі мәліметтерді қолданып, берілетін қуат пен айналу жылдамдығына тәуелді таңдайды.

Сыналы белдікті беріліс тегершіктері сыналы белдік астында құрсаулы астауға ие болады. Астаудағы бұрыш белдіктегі бұрышқа қарағанда аз етіп алынады (сур. 4.3, кесте 4.10). Бұл белдіктің жырықшаның бүйір бетіне

Сур. 4.3. Сыналы белдікті беріліс тегершігі: dH - сыртқы диаметр; dp – белдіктің орташа сызығының диаметрі; b – түзілген тегершіктен белдіктің орташа сызығына дейінгі қашықтық; h – жырықша түбінен белдіктің орташа сызығына дейінгі қашықтық; M – тегершік ені; l1 – түзілген сызық бойынша жырықша ені; 1р - белдіктің орташа сызығы бойынша жырықша ені; f – тегершік жиегінен жырықша өсіне дейінгі қашықтық; e –көршілес жырықшалар өстерінің арасындағы қашықтық; r – дөңгелектеу радиусы; а – жырықша бүйір қабырғаларының арасындағы бұрыш сенімді жатуын қамтамасыз етеді. Тегершіктерді шойыннан, пластикадан, сирек тапталған болат дискілерден жасайды. Олардың қажетті өлшемдері 4.11- кестеде келтірілген.

Тісті белдікті берілістер жалпақ белдікті және тісті берілістердің жетістіктерін біріктіреді. Белдіктердің жұмыстық бетінде тістер жасайды, ол тегершіктердегі іліністерге тісімен енеді. Тісті белдіктерді майға тұрақты синтетикалық материалдардан немесе майға тұрақты резеңкеден дайындайды және белдікке түсірілетін негізгі жүктемені қабылдайтын болат сым арқанмен арқаулайды. Тісті белдіктерді алдын-ала керусіз орнатады, олар дыбыссыз және жылжусыз жұмыс жасайды. Тісті белдіктердің негізгі сипаттамасы 4.12-кестеде келтірілген.

Жартылай сыналы белдікті берілістер (сур. 4.4) 40 м/с аспайтын жылдамдықтар мен 10-нан аспайтын берілетін қатынасы болғанда қолданылады. Ішкі жағында сыналы дөңесті және кордтан қабатпен келетін резеңкелі белдік – шексіз орындалады. Белдіктің негізгі сипаттамалары 4.13- кестеде келтірілген.

Сур. 4.4. Жартылай сыналы белдіктің көлденең қимасы:

H – белдік қалыңдығы; h – тісаралық ойым тереңдігі; t – тістер қадамы; 5 – ойым түбінен арқауланған бауларға дейінгі қашықтық

белдік қалыңдығы; h – тісаралық ойым тереңдігі; t – тістер қадамы; 5 – ойым түбінен арқауланған бауларға дейінгі қашықтық

Дөңгелек белдікті беріліс кіші қуаттарды берілістер үшін қолданылады. Белдіктер - тері, мақта – мата немесе диаметрі 4...8 мм тоқыма резеңкеленген болады. Тегершіктер жартылай дөңгелек немесе 40° бұрышты сыналы тәрізді жырашықтарға ие. Белдікті берілісті бақылау оны жинау процесінде ғана емес, жинау процесі басталар алдында да жүзеге асырылады. Белдікті берілісті жинау кезінде жетекші және еруші тегершіктердің өстерінің параллелдігін және екі тегершіктің де орташа жалпақтығының сәйкес келуін қамтамасыз ету керек. Тегершіктерді жинар алдында қапталды және радиалды соғуын тексеру қажет, оның нормасы 4.14- кестеде келтірілген. 5 м/с-тан асатын жылдамдықпен жұмыс істейтін тегершіктерге статикалық теңестіру жасалуы қажет, ал тезжүрісті берілістер тегершіктеріне, әсіресе олардың ені үлкен болғанда, динамикалық теңестіру жасалады. Рұқсат етілетін теңгерімсіздік шамасы 4.15- кестеде келтірілген.

4.2. ШЫНЖЫРЛЫ БЕРІЛІСТІ ЖИНАУ

Шынжырлы берілісте әртүрлі типті шынжырлар қолданылады, оларды берілістер құрылысы мен айналмалы қозғалыстың және оның бөлшектерінің сызықтық жылдамдығына тәуелді таңдайды: роликті (сур. 4.5, кесте 4.16), төлкелі (сур. 4.6, кесте 4.17) және тісті (сур. 4.7, кесте 4.18).

Сур. 4.5. Роликті шынжыр: 1, 2 – шынжырдың ішкі және сыртқы тілімі, сәйкесінше; b тілім биіктігі; t – шынжырлар қадамы; d – ролик өсінің диаметрі; B – ішкі тілімнің сыртқы беттері арасындағы қашықтық; D – ролик диаметрі; Вішкі - ішкі тілімдер арасындағы қашықтық; L – ролик өсінің ұзындығы

Сур. 4.6. Төлкелі шынжыр: b – тілім биіктігі; t – тілім қадамы; L – шынжырлар ені; d – ролик өсінің диаметрі; d1 – төлкенің сыртқы диаметрі; B – ішкі тілімнің сыртқы беттері бойынша ені; Вішкі– ішкі тілімдер арасындағы қашықтық

Кесте. 4.18 соңы

Жетекті шынжырлар үшін жұлдызшалар тістерінің саны болуы мүмкін 9; 10; 11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 22; 25; 28; 32; 36; 40; 45; 50; 56; 63; 71; 80 және 40; 45; 40Л; 45Л шойыннан жасалады. Сонымен қатар жұлдызшаларды цементтелген болаттар 12 және 20-дан дайындау рұқсат етіледі. Жұлдызшалар тістерінің формасы және олардың өлшемдері сур. 4.8 және 4.19- кестеде келтірілген. Білікке жұлдызшалар орнатқан кезде олардың өстік бағытта 4.20- кестеде берілген шамаларға елеусіз ығысуына рұқсат етіледі. Берілістерге орнатылған радиалды және қапталды соғу жұлдызшалары, келесі мәндерден аспауы керек:

Жұлдызшалар диаметрі, мм ...120-ға дейін 120...250 250-ден жоғары
Рұқсат етілетінсоғу, мм…………0,2 0.25 0,3

Сур. 4.7. Тісті шынжырлар: 1 – жұмыстық тілім; 2 – бағыттаушы тілім; 3 - тығырық; 4, 6 - ішкі призмалар; 5 – ұзартылған призма; 7 – жалғастырғыш призма; и – тілім қапталынан саңылау өсіне дейінгі қашықтық; b – тілім биіктігі; b1 – тілім тісі шыңынан саңылау өсіне дейінгі қашықтық; l және l1 – әртүрлі қимадағы шынжырлар қалыңдығы; B – тілім жиынтығының қалыңдығы; t – шынжырлар қадамы; S – тілім қалыңдығы

Сур. 4.8. Шынжыр берілістің біртәжді (а - в) және екітәжді (г) жұлдызшалары: B – екітәжді жұлдызшалар ені; b – біртәжді жұлдызшалар тісінің ені; b2 - екітәжді жұлдызшалар тісінің ені; гл - жұлдызшалар тәжі тістерінің жұмырлық радиусы; г2 - екітәжді жұлдызшалар тәжімен жырықшаның қосарлану радиусы; h - жұлдызшалар тісінің биіктігі

4.3. ЦИЛИНДРЛІ ТІСТІ БЕРІЛІСТІ ЖИНАУ

Цилиндрлі тісті дөңгелектер үшін кему ретімен дәлдіктің 12 дәрежесі бекітілген 1 ден 12 (4.21- кесте). Тісті дөңгелектердің дәлдік дәрежесі көліктің пайдаланылуымен және беріліс жұмысының жағдайымен анықталады.

Қалыпты тістелуді қамтамасыз ету үшін екі тісті дөңгелекте бірдей модульге ие болуы керек, оны 4.22- кестеден таңдайды.

Білікке тісті дөңгелектерді орнатар алдында және оларды корпусқа монтаждағанда тісті дөңгелектер параметрлеріне және беріліс корпусындағы қондыратын орынға кіру бақылауын жүргізу қажет (кестелер 4.23 - 4.26 және 4.27 - 4.30).

Ескерту. Тісті дөңгелектердің қосарлану түрі берілістегі бүйір тесігінің кепілденген шамасын анықтайды және кепілденген бүйір тесігінің шамасының арту ретімен латын алфавиті әріптерімен белгіленеді (H, E, D, C, B, А); мұндағы бүйір тесік - тісті дөңгелектер мен жұмыстық бет тістерінің арасындағы қашықтық.

Кесте. 4.28 соңы

Кесте. 4.29 соңы

Ескерту. Модулі 1 мм-ге ерекшеленетін дөңгелектер үшін ортақ нормал ұзындығы 4.29- кестеде анықталғандай, тісті дөңгелектер модулінің ортақ нормал ұзындығына көбейтіндісі түрінде анықталады. Ортақ нормал ұзындығын өлшеген кезде, оның белгіленген мәннен ауытқуы 4.30- кестеде көрсетілген шамалардан аспауы керек. Цилиндрлі тісті дөңгелектердің тәжді тістерінің радиалды соғуын бақылау кезінде бақылағыш роликтер қолданылады, олардың өлшемдерін 4.31- кестеде көрсетілген тістелу модуліне байланысты таңдайды.

Құрастырылған тісті берілісті түйісу дағы бойынша «бояуға» тексереді, оның 4.32- кестеде келтірілген нормаға сәйкес болуы қажет. Тісті берілістің жайлы, қарысып қалмайтындай жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тістердің бүйір беттерінің арасындағы тесікті де тексеру қажет және оның шамасы 4.33- кестеде көрсетілген шамаларға сәйкес келуі керек.

4.4. КОНУСТЫҚ ТІСТІ БЕРІЛІСТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

Құрастыру кезінде конустық тісті беріліс келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:

Кесте. 4.34 соңы

Ескерту: 1. Тісті тәж соғуы шартты конус шыңынан кез-келген бірдей қашықтықта анықталады. 1.Өстердің қиылыспауы – қосарланған тісті дөңгелек айналу өстерінің арасындағы қысқа қашықтық. 2.Бөлгіш конус шыңының шекті ығысуы монтаждау кезінде дөңгелектің өстік ығысуы ретінде анықталады.

Кесте. 4.35 соңы

Ескерту. Бөлгіш конустық қашықтық – оның шыңынан түзілген қосымша бөлгіш конус қиылысына дейінгі түзілген бөлгіш конус ұзындығы.

1.13- кестенің жалғасы

Кесте. 4.36 соңы

Кесте. 4.37 соңы

Құрастырылған «бояуға» берілісті тексеру кезінде түйісу дағы тістің ортаңғы бөлігінде орналасуы қажет және жіңішке соңына оның ұзындығының 0,3-нен аз емес жақындамауы керек. Түйіспе дағының өлшемдері 4.38- кестеде келтірілген.

Кесте. 4.38 соңы

Конустық тісті берілісте бүйір тесікті реттеу кезінде дөңгелектің біреуінің бүйірлі ығысуы есебінен ығысу шамасы 4.39 және 4.40- кестеде келтірілген шамалар шегінен таңдалуы қажет.

Кесте. 4.39 соңы

4.5. ИІРМЕКТІ БЕРІЛІСТІ ҚҰРАСТЫРУ

Құрастыруға түсетін, жиналған иірмекті беріліс және бөлшектер келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

Ескерту: 1. Бұраманың радиалды соғуын бет бойынша анықтайды, ондағы ойым ені мен орам қалыңдығы бірдей, яғни орташа диаметр бойынша. Көп кіретін бұрамалар үшін – әрбір орам үшін жеке-жеке. 2. Дөңгелектің радиалды соғуын оның орташа жазықтығымен анықтайды.

4.6. ҮЙКЕЛІСТІ БЕРІЛІСТІ ҚҰРАСТЫРУ

Машина жасауда кеңінен тарағаны көпдискілі үйкелісті жалғастырғыштар, оларды кіші және орташа айналатын моменттерді берілістерде қолданады. Үйкелісті жалғастырғыштың жұмысқа қабылеттілігінің негізгі критерийі үйкелетін беттерінің тозуы, ол беттегі қысым мен үйкелу коэффициентіне тәуелді болады (кесте 4.46).

5-Бөлім

ҚОЗҒАЛТҚЫШТАРДЫ ТҮРЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

5.1.ВИНТТІ МЕХАНИЗМДЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

Пайдалануға тәуелді ерекшеленеді:

жүктік винттік берілістер, олардың винт орамы мен бұрандалар арасындағы меншікті қысымы 5.1- кестеде келтірілген шамалар шегінен аспауы қажет;

Кесте. 5.2 соңы

Ескерту. Ажырайтын өзекті бұрандалар үшін 5.2- кестеде анықталған қысымды 20 %-ға азайту керек. Орнатылатын винттер түйіндер жағдайын орнатуға және реттеуге, дәл араластыруға қолданылады. Орнатылатын винттер метрлік кесуге ие болады. Мұндай винттерге бұранданың берілісін солқылсыз қамтамасыз ету үшін, оларды қосарлап жасайды. Винттік берілісті құрастыру кезінде жұрістік винтті дайындау дәлдігі тексеріледі (кесте 5.3).

5.2.ҚОСИІНДІ-БҰЛҒАҚТЫ МЕХАНИЗМДІ ҚҰРАСТЫРУ

Бұлғақты құрастыру. Піспекті сұққылар бұлғақтың жоғары бастиегінің мойынтірегіне саңылау кіруі 5.4- кестеде келтірілгендей болу керек.

Бұлғақтың төменгі бастиегінің ішпегі білік мойынының 2/3 аз емес бөлігін қамтуы қажет. Ішпек пен иінді біліктің бұлғақты мойыны арасындағы саңылау 5.5- кестеде келтірілген шамаларға сәйкес болуы керек.

Ішпектер мен бұлғақты мойындар арасындағы саңылау шамасы төсемелердің саны мен қалыңдығының өзгерісімен реттеледі:

Білік мойынының диаметрі, мм…100-ге дейін 100...200 200...300
Төсеме жиынтығының қалыңдығы, мм……2.3. 3.5 5.6
Төсеме саны…………………………5 — 6 6 — 8 8 —10

Төсеме материалы ретінде жез немесе болат алынады. Қапталды саңылауды тексеру, бұлғақты түбіне дейін екі жаққа лақтыру арқылы жүргізіледі. Қапталды саңылау 5 мм-ге дейін болады. Бұлғақтың өсінің цилиндр өсімен салыстырғанда рұқсат етілетін ығысуы келесі шамалардан аспауы қажет:

Цилиндр диаметрі, мм260…375 375...425 425 және аса
Рұқсат етілетін ығысу, мм ………………..1,0 1,4 2,0

Піспекті топтарды құрастыру. Цилиндр қабырғасы мен піспек арасындағы саңылау 5.6 және 5.7- кестелерде келтірілген шамаларға сәйкес болуы керек.

Ескерту. Алюминий піспектерде саңылау 1,5 есе артады.

Ескерту. Екітактылы қозғалтқыштар кезінде саңылау 0,5 мм піспек бастиегінің жағына және 0,1 мм - бағытталушы бөлігіне жоғарылайды. Бу машиналары үшін піспек пен цилиндр қабырғасының арасындағы рұқсат етілетін саңылаулар:

Цилиндр диаметрі, мм ….100 150 200 250 300 350 400 500
Саңылау, мм ..................... 0,15 0,22 0,30 0,38 0,45 0,55 0,60 0,75

Піспекті сақиналар ойықтарға кіріп, айқасып қалмай, олардың бетіне тығыз жатуы керек. Піспек ойығынан сақина 0,3...0,4 мм шығып тұруы қажет. Сақина құлыбы піспектің диаметралды қарама-қарсы жағына газ немесе сұйықтық өтпейтіндей орналасуы керек. Қиылысқан жердегі және сақина биіктігіндегі рұқсат етілетін шама 5.8 және 5.9- кестелерде келтірілген.

5.8- кестенің жалғасы

5.3.ТІРЕУІШТІ МЕХАНИЗМДІ ҚҰРАСТЫРУ

Металл кесетін білдектерде дайындау немесе құралдарды жүйелі беруде тіреуішті механизмдер кеңінен қолданылады.

Сур. 5.1. Тіреуішті дөңгелектер және қырылдақтар: а - ұсақмодулді; б - тоқтататын; D - тіреуішті дөңгелек диаметрі; m - модуль; z – тістер саны; r - тіреуішті дөңгелек тістерінің ойым радиусы; r1 –ілмекшаппа тісі шыңының радиусы; t - қадам; h - тіреуішті дөңгелек тістерінің биіктігі; h1 – қырылдақ тісінің биіктігі; ф – жоспардағы ілмешаппа бұрышы; ф1 – ілмешаппаның сүйірлену бұрышы; d1 - қырылдақ тісінің ұзындығы; a - тіреуішті дөңгелектің шүйделенген тістерінің ұзындығы Бұл механизмнің негізгі элементтері тіреуішті дөңгелек (қырылдақ) және ілмешаппа. Тіреуішті дөңгелек (қырылдақ) және ілмешаппаның әртүрлі түрлері сур. 5.1, а және б көрсетілген, ал олардың негізгі сипаттамалары 5.10 - 5.12- кестелерде берілген.

6-Бөлім

ТЕРБЕЛМЕЛІ ҚОЗҒАЛЫС

МЕХАНИЗМДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

6.1.БАҒЫТТАЛАТЫН СЫРҒУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Бағытталатын сырғулардың ең кеңінен тараған түрлері келесілер:

жалпақ турабұрышты (сур. 6.1, кесте 6.1);

призмалы үшбұрышты (сур. 6.2, кесте 6.2)

сүйірбұрышты («қарлығаштың құйрығы» тәріздес) (сур. 6.3, кесте 6.3).

Сур. 6.1. Қамтылған (а) және қамтитын (б) жалпақ тікбұрышты бағыттауыштар: B - бағыттауыштар ені; m – бағыттаушының ойық бөлігінің қалыңдығы; H - бағыттаушының ойық бөлігінің биіктігі; h – қысатын тақтайша қалыңдығы; S – реттейтін тақтайша мен корпус (тұғырлы) арасындағы саңылау; b - реттейтін тақтайша қалыңдығы; b1 – бағыттаушы мен корпус (тұғырлы) арасындағы берілген саңылауды құруды қамтамасыз етуді реттейтін сына қалыңдығы

Сур. 6.2. Симметриялы (а) және симметриялы емес (б) призмалы үшбұрышты бағыттауыштар: H – бағыттаушының призмалық бөлігінің биіктігі және ондағы ойық тереңдігі; H - призмалық бағыттаушы биіктігі; B - бағыттаушының призмалық бөлігінің ені және ондағы ойық; b - призмалық бағыттаушы шыңының ені және ажарлатқыш шеңберінен шығуға арналған ойық; h - призмалық бағыттаушы үшін ойық тереңдігі; R – қосарланған радиус; а - бағыттаушы беттер арасындағы бұрыш; р - бағыттаушы беттердің иілу бұрышы.

Кесте. 6.2 соңы

Сур. 6.3. Қамтылған (а) және қамтитын (б) сүйірбұрышты («қарлығаштың құйрығы» тәріздес) бағыттаушылар: А – төменгі бөлігіндегі бағыттаушы ені; A және А2 – жоғары бөлігіндегі бағыттаушы ені; А3 - төменгі бөлігіндегі бағыттаушы астындағы ойық ені; А4 - төменгі бөлігіндегі бағыттаушы ені; А5 - жоғары бөлігіндегі бағыттаушы астындағы ойық ені; B – бағыттаушының тірек бөлігіндегі ені; H – бағыттаушы биіктігі; H - бағыттаушы астындағы ойық тереңдігі; b және b – бағыттаушы мен оның ойығының арасындағы реттелетін саңылаулар

A2 = A + 1,4H; A3 = A + 1,4H + bt; A4 = A1 - 1,4H; A5 = A1 - 1,4H + b1. A, A1 және B өдщемдерін келесі қатардан таңдайды: 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 25; 28; 32; 36; 40; 45; 50; 55; 60; 70; 80; 90; 100; 110; 125; 140; 160; 180; 200; 220; 250; 280; 320; 360; 400; 450; 500; 560; 630; 710; 800; 900; 1000 мм.

6.2.БАҒЫТТАУШЫ СЫРҒУМЕН ТҮЙІНДЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

Қозғалмалы түйіндерді бағыттаушыға орнатар алдында оларды «бояуға» тексеру керек, ол үшін тексергіш тақталар, сызғыштар немесе олармен түйісетін түйіндер қолданылады, айта кететін жай, түйісу дағы саны 6.4- кестеде көрсетілген минималды санына сәйкес келуі қажет.

Түйісу дағының қажетті санына бағыттаушыларды қыру арқылы қол жеткізуге болады (кесте 6.5).

Кесте. 6.5 соңы

Қиюластыру жұмысын орындау барысында жалпақ бағыттаушы қыру әдібі 6.6- кестеде көрсетілген шамалардан аспауы қажет.

Сериялық өндірген кезде бағыттаушыларды қиюластыру жұмыстарынсыз, тікелей механикалық өңдегеннен кейін жинай береді. Механикалық өңдеу тәсілдеріне тәуелді бағыттаушыларды дайындау дәлдігі мен оның бетінің кедір-бұдырлығы 6.7- кестеде келтірілген шамалармен сипатталады.

6.3. БАҒЫТТАУШЫЛАРДЫ БАҚЫЛАУ

Жалпақ тікбұрышты және призмалық үшбұрышты бағыттаушылар өлшемін бақылауды әмбебап бақылау-өлшеу жабдықтарын қолданып, тікелей өлшеу әдісімен жүзеге асырады. Сүйірбұрышты бағыттаушылардың («қарлығаштың құйрығы» түріндегі) геометриялық параметрлерін бақылау кезінде сур. 6.4 келтірілген сызба-нұсқа бойынша бақылаудың жанама әдістерін қолданады, олардың шамасы 6.8- кестеде берілген.

Сур. 6.4. Қамтылған (а) және қамтитын (б) «қарлығаштың құйрығы» түріндегі бағыттаушылардың сызба-нұсқасы: A – төменгі бөлікке бағыттаушы ені; A – жоғары бөлікке бағыттаушы ені; F - бағыттаушы енін анықтауға арналған қосымша параметр; d - бағыттаушы енін жанама өлшеуге арналған шар диаметрі.

7-Бөлім

ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ

ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ЖЕТЕКТЕРДІ ҚҰРАСТЫРУ

7.1.ҚҰБЫРӨТКІЗГІШ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ТЫҒЫЗДАУ

Құбырөткізгіштерді тығыздау қозғалатын және қозғалмайтын қосылыстарда қолданылады. Тығыздаулар ұзаққа созылған және өздігінен тартылатын болуы мүмкін. Қозғалмайтын қосылыстарды тығыздауда жұмыстық қысым мен температураның барлық шеңберінде, сонымен қатар олардың тербелістерінде, қолайлы және тез монтаждау немесе қайта монтаждауда ауа өтпеуін қадағалау керек.

Гидравликалық және пневматикалық жетек элементтері бар құбырөткізгіш қосылыстарды тығыздауды дайындау үшін ческого әртүрлі материалдар қолданылады, оларды таңдау жұмыстық ортаға, оның температурасыа және қысымға тәуелді болады (кесте 7.1).

7.2.ГИДРАВЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ТЫҒЫЗДАУ

Гидравликалық және пневматикалық құрылғыларды тығыздау үшін тығыздағыш сақина кеңінен қолданылады (сур. 7.1, кесте 7.2). Сақинаны жырықшаға орнатады, ол қапталды (сур. 7.2, кесте 7.3) немесе цилиндрлік (сур. 7.3, кесте 7.4) беттің қиысатын бөлшектерінің бірінде арнайы орындалады.

Кесте. 7.2 соңы

Сур. 7.1. Тығыздалатын сақина:
d-і – сақинаның ішкі диаметрі; d2 – сақина қимасының диаметрі

Сур. 7.2. көрінбейтін (а) және білік астындағы саңылаулы бөлшектер (б) бар қозғалмайтын қапталды қосылыстар үшін тығыздаушы сақина астындағы жырықшалар: D-і, D2, D3, D4 – жырықша диаметрі; h - жырықша тереңдігі; R – қосарланған радиус

Сур. 7.3. Піспекте (а) және цилиндр корпусында (б) орындалатын қозғалмайтын радиалды қосылыстар үшін сақина астындағы жырықшалар D - цилиндр диаметрі; D1 – піспектегі жырықша диаметрі; D2 - цилиндр корпусындағы жырықша диаметрі; d – піспек диаметрі; b - жырықша ені; r - жырықша түбінің қосарлану радиусы мен бүйір қабырғасы; а – жырықшаның бүйір қабырғасының иілу бұрышы; с, к – өлшемдері

Кесте. 7.3 соңы

Қозғалмайтын өздігінен тартылатын тығыздағыштар үшін майғатұрақты резеңкеден жасалған П түріндегі манжеттер кеңінен қолданысқа ие болды. Мұндай манжеттер әсіресе құбырөткізгіштерді гидравликалық аппарат, сорғы және гидрожетектердің басқада элементтерімен жалғастыру кезінде қолайлы. Қозғалатын қосылыстар үшін майғатұрақты резеңке негізінде жасалған, пластикадан алынған жұмсақ тығыздағыштар кеңінен қолданылады (сур. 7.4, кесте 7.5).

Сур. 7.4. Қысатын (а) және тіректі (б) сақина және резеңкематалы манжет (в): D – манжеттің сыртқы диаметрі; D – сақинаның сыртқы диаметрі; d - манжеттің ішкі диаметрі; d-і - сақинаның ішкі диаметрі; d2 – қырнаудың орташа диаметрі; H – тіректі сақина қалыңдығы; Н2- манжеттер қалыңдығы; Н3 – қысатын сақина қалыңдығы; h – түбін тереңдетуден бастап манжет қапталына дейінгі қашықтық; h-тіректі сақинаның цилиндрлік бөлігінің биіктігі; h2 - манжеттің цилиндрлік бөлігінің биіктігі; h3 - сақиналы түбін тереңдетуден бастап қысатын сақинақапталына дейінгі қашықтық; b - манжеттің терең түбінің ені; B – манжеттер ені; r – сақиналы терең түбінің радиусы; R – манжеттің қапталды бетінің шеңберлі радиусы

Сур. 7.5. Тығыздау түйініндегі манжет жиынтығы:
H – жиынтық биіктігі; B - жиынтық ені; d – манжеттің ішкі диаметрі

Тығыздау түйіндеріндегі манжет саны сырғу жылдамдығы, тығыздайтын піспек немесе тығынжылдың қысымы мен диаметріне тәуелді болады (сур. 7.5, кесте 7.6).

Сур. 7.6. Полиамидті шыршатісті көпқатарлы тығыздау жиынтығы: D – жиынтықтың сыртқы диаметрі; d - жиынтықтың ішкі диаметрі; H – жиынтық биіктігі Піспектер мен соташықтарды тығыздау үшін U-тәрізді манжеттер қолданылады. Мұндай бейінді манжеттер үшін азғантай үйкеліс пен жоғары тасымалдау сенімділігі тән (сур. 7.6, кесте 7.7).

Кесте. 7.7 жалғасы

Кесте. 7.7 соңы

Түйіндерді тығыздау үшін ұсынылатын U-тәрізді манжет санын гидравликалық жүйедегі сұйықтықтың жұмыстық қысымына тәуелді 7.8- кестеде берілген шамалардан таңдайды.

Сур. 7.7. Тікбұрышты қималы резеңке тығыздаушы сақина:

D - сақинаның сыртқы диаметрі; d - сақинаның ішкі диаметрі; H – сақина биіктігі

Күштік цилиндрдің піспек түйіндерін тығыздауға, тікбұрышты қималы тығыздаушы резеңке сақинаны қолдану есебінен қол жеткізіледі, өлшемдері тығыздалатын піспек диаметріне тәуелді (сур. 7.7, кесте 7.9). Піспекте орындалған тікбұрышты қималы тығыздаушы сақина астындағы жырықша өлшемдері (сур. 7.8), 7.10- кестеде келтірілген мәндерге сәйкес болуы керек. Егер сақина астындағы жырықшаны цилиндр қабырғасында орындаса (сур. 7.9), онда оның өлшемдері 7.11- кесте мәндеріне сәйкес болуы керек.

Сур. 7.8. Цилиндрді тығыздауға арналған сақина астындағы жырықша: d-і - цилиндр диаметрі; d2 – тығыздағыш сақина астындағы жону диаметрі; d3 –диаметрі; d4 – қысатын сақина диаметрі; b - тығыздағыш сақина астындағы жону қапталы мен қысатын сақина арасындағы қашықтық; b-і - қорғағыш сақина астындағы жону ені

Сур. 7.9. Тығынжылды тығыздауға арналған сақина астындағы жырықша: D1 – тығынжыл диаметрі; D2 - тығыздағыш сақина астындағы жону диаметрі; D3 - қорғағыш сақина астындағы жону диаметрі; D4 - қысатын сақина диаметрі; b - тығыздағыш сақина астындағы жону қапталы мен қысатын сақина арасындағы қашықтық; b1 - қорғағыш сақина астындағы жону тереңдігі

Кесте. 7.11 соңы

Тығыздағыш сақинаны қорғағышпен бірге қолдану ұсынылады (сур. 7.10, кесте 7.12).

Сур. 7.10. Қорғағыш сақина:

D - сақинаның сыртқы диаметрі; d - сақинаның ішкі диаметрі; S - сақина қалыңдығы

Піспек пен цилиндр қосылыстарын нығыздау үшін нығыздағыш сақинаның орнына жағалық манжеттерді жиі қолданады (сур. 7.11, кесте 7.13).

Сур. 7.11. Жағалық манжет:

D-, және D2 – манжеттердің сыртқы диаметрлері; d1 және d2 - манжеттердің ішкі диаметрлері; H – манжеттер биіктігі; h – манжеттер қапталынан сақиналы тереңдету түбіне дейінгі қашықтық; f - жүз; R1, R2 және R3 – қосарлану радиустары; B – манжеттер ені; h1 – жырашық тереңдігі.

Сур. 7.12. Піспектегі жағалық манжеттер үшін қондыратын орын:
D – піспек диаметрі; D1 - қондыратын орынның

сыртқы диаметрі; d - қондыратын орынның ішкі диаметрі; h - қондыратын орын ені; h1 - қондыратын орын қабырғасының ені; f - жүз; R - бүйір қабырғалы қондыратын орын түбінің түйіндесу радиустары

Сур. 7.13. Цилиндр корпусындағы жағалық манжеттер үшін қондыратын орын: d – цилиндр диаметрі; d1 және d2 – көмекші бунақтар мен қондыратын орын бунақтарының диаметрлері; b - қондыратын орын ені; H - көмекші бунақтар ені Манжеттер астындағы қондыратын орын піспекте орындалады (сур. 7.12, кесте 7.14). Егер гидрожетекте піспектің орнына соташық қолданылса, онда қондыратын орын күштік цилиндр корпусында орындалады (сур. 7.13, кесте 7.15).

Кесте. 7.14 соңы

Кесте 7.15. Жағалық манжет қондырғысының астындағы күштік цилиндрдің қондыратын орнының негізгі өлшемдері, мм

8-Бөлім

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ МОНТАЖДАУ

8.1.ҚҰРЫЛҒЫ ОРНЫН ДҰРЫСТАУ

Құрылғыларды дұрыстау кезінде тірек элементтері ретінде реттегіш винттер, қатты тіректер, винттік тіректер (кесте 8.1), бекітілетін бұрандалар, металл төсемдер қапшықтары (кесте 8.2); тірек тоспалары (сур. 8.1, кесте 8.3); реттелмейтін (сур. 8.2, кесте 8.4) және реттелетін (кесте 8.5) сыналы төсемдер қолданылады.

Реттелетін сығу винттерінің техникалық сипаттамалары

Сур. 8.1. Тірек винттерімен тіректі тоспалар:

H – тоспаның тірек бетінен негізге дейінгі қашықтық; h - тоспаның негізінен тірек винті өсіне дейінгі қашықтық; L – тоспа ұзындығы; L1 - тірек бетінің ұзындығы; B

– тоспа ені; В1 - тірек бетінің ені; d – реттегіш винт диаметрі

Сур. 8.2. Реттелмейтін сыналы төсем (а) және қолдану мысалы (б): h – минималды биіктік; m – максималды биіктік; a – төсем ұзындығы; b – төсемдер ені

8.2.ҰРЫЛҒЫНЫ БЕКІТУ

Көптеген жағдайда құрылғыны бекіту іргетас бұрандамалары көмегімен жүзеге асады, кей-кезде әртүрлі құрылысты қосарлы бөлшектермен бұрандамалар немесе түйрегіштер қолданылады. Технологиялық құрылғыларды бекітуге арналған іргетасты бұрандамалар пайдалану жағдайы, аты, құрылысы, орнату тәсілі және іргетасқа бекітілуі бойынша ерекшеленеді. Ең кеңінен таралған іргетас бұрандамалары анкерлі тақтасы бар бұрандамалар (сур. 8.3) және оқшаулағыш тұрбасы бар алынатын анкерлік бұрандамалар (сур. 8.4). Іргетас бұрандамаларының монтаждық параметрлері (сур. 8.5 - 8.9) одан әріде келтірілген.

Сур. 8.7. Цементтік нақышталған конустық бұрандама:
H – орнату тереңдігі; d – бұранда

ма диаметрі; d0 – іргетастағы саңылау диаметрі; h – конус биіктігі; l – бұрандама ұзындығы; l0 - бұранда ұзындығы

Бұрандамаларға арналған ұңғыманы алмаз бұрғылы станок пен соққы- айналмалы әсер ететін машина көмегімен дайындайды (кесте 8.6 - 8.8), ол арнайы жұмысшы құралдары – алмазды сақиналы бұрғымен, бұрғылау бұрғыбасымен және қатты құймадан жасалған пластинасы бар спиралды бұрғымен жабдықталған.

Сур. 8.10. Бұрғылау бұрғыбасы: а – конусты сағаққа бекітілген; б- бұрандаға бекітілген; в – бұрғыбасының жұмыстық бөлігі ККП, КДШ, КТШ, КДП; D – жұмыстық бөлік диаметрі; d – жалғастыратын бөлік диаметрі; d1, d2 - жалғастыратын конустық саңылау негізінің диаметрі; d3 - жалғастыратын саңылау бұрандасының диаметрі; H – бұрғылау бұрғыбасы биіктігі; h - жалғастыратын саңылау тереңдігі; b - бұрғылау бұрғыбасының кесетін элементінің ені Бұрғылау бұрғыбасылар (кесте 8.9, сур. 8.10) бекітілгеннен 4...6 мм аз саңылау диаметрін алу үшін қайрау мүмкін. Әртүрлі құрылысты бұрандамалар үшін ұңғыма диаметрлері 8.10- кестеде келтірілген.

Кесте. 8.9 соңы

Іргетас бұрандамаларын тартып қысуды екі-үш рет айналдырып(техникалық құжаттарда арнайы нұсқаулықтар болмаған кезде) бірқалыпты жүзеге асыру керек. Айналу моменттерінің мәндері 8.11- кестеде көрсетілген.

Тұрақты жұмыс орынында құрылғыларды орнату сенімділігін қамтамасыз ету үшін, арнайы қоспалар енгізілетін қоспаны құю жүзеге асырылады. Әртүрлі қаттылықтағы қоспалар құрамы 8.12- кестеде келтірілген.

8.3. ДІРІЛОҚШАУЛАУШЫ ТІРЕКТЕРГЕ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ОРНАТУ

Дірілоқшаулаушылар орнатылатын құрылғыларды әдетте бекітпейді. Мұндай құрылғыларды орнату үшін дірілоқшаулағыш тіректер қолданылады (сур. 8.11, кесте 8.13) және дірілоқшаулағыш кілемдер (сур. 8.12, кесте 8.14) қолданылады.

Сур. 8.11. Дірілоқшаулағыш тірек:
D – тірек диаметрі; d – реттегіш винт диаметрі; H – тірек биіктігі

Сур. 8.12. Дірілоқшаулағыш кілем

Кесте. 8.14 соңы

9-Бөлім

ЖҮККӨТЕРГІШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР

9.1.ЖҮККӨТЕРГІШТЕР МЕН ТЕЛЬФЕРЛЕР

Жүккөтергіштерді 10 мм-ден аспайтын биіктікке жүк көтеру үшін қолданады. Жетек түріне байланысты қол (тістегеріш жәнеи иірмекті) және механизирленген (электрлік және пневматикалық) жүккөтергіштер болады. Барлық жүккөтергіштерге жүктің өздігінен түсіп кетпеуі үшін тежегіштер орнатылған. Иірмекті жетекпен қол жүккөтергіштерінің техникалық сипаттамасы (сур. 9.1, а) 9.1 кестеде, ал электрлік - тельферлер техникалық сипаттамасы (сур. б) 9.2- кестеде келтірілген.

Сур. 9.1. Жүккөтергіш (а) және тельфер (б): 1 — ілгек; 2 — иірмекті дөңгелек; 3 — шынжырлы дөңгелек; 4 — жетекті шынжыр; 5 — иірмек; 6 — тартқыш тізбек; 7 — тежегіш; 8 — жұлдызша; 9 — арба; 10 — монорельсті жол; 11 — арқанды атанақ; 12 — иілгіш желі; 13 — басқару тетігі; 14 — электрқозғалтқыш

9.1. ПОЛИСПАСТТАР ЖӘНЕ ШЫҒЫРЛАР

Горизонталды орнын ауыстыратын полиспасттар (сур. 9.2, кесте 9.3 және 9.4) жүктерді көтеруге арналған. Сур. 9.2. Полиспасттар: а – блоктармен, бір қатарға орналасқан; б - блоктармен, жалпы горизонталды өстерде орналасқан;

1, 2 - жылжитын және жылжымайтын блоктар; 3 – иілгіш тартқыш орган; Р – салынатын күш; Q– жүк массасы Берілген жүкті көтеретін полиспасттарды таңдауды кедергі коэффициентін К есепке алып, арқанның тартқыш соңындағы Р күшке жүк массасының Q қатынасы арқылы жүргізеді. Арқанның тартқыш соңындағы күші келесі формула арқылы анықталады Р = Q/К, мұндағы: К - полиспастта қолданылатын аунақшалар санына тәуелді коэффициент.

Сур. 9.3. Иінтіректі жетекпен қабырғалы шығыр Шығырлар қол және машиналы жетекпен, стационарлы және жылжымалы болады. Олардың тарту органдары арқандар мен шынжырлар. Жүккөтергіштігі 0,75; 1,5; 3,0 т қол иінтіректі шығырлар (сур. 9.3, кесте 9.5) жүктерді көтеру және оларды горизонталды және иілген бағытта орын ауыстыруға арналған. Шығырлар тартқышпен іске қосылады, олардың ұзындығы 800... 1 200 мм шегінде өзгереді. Қол атанақты шығырлар (сур. 9.4) монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстарын орындаған кезде горизонталды немесе иілген бағытта жүктерді көтеру, түсіру немесе орын ауыстыру үшін қолданылады. Шығырлардың техникалық сипаттамалары 9.6-шы кестеде келтірілген.

Сур. 9.4. Қол атанақты шығырлар: 1 — тұғыр; 2 — тартқыш; 3 — атанақ; 4 — тісті беріліс; 5 — тұтқыш; 6 — тіреуіш механизм

9.3. ТАКЕЛАЖДЫ ЖАБДЫҚТАР

Кендір арқандар салмағы аз жүктерді қолмен көтеру, сонымен қатар созу және керу үшін қолданылады. Механикалық жетекті көтергіш механизмдерде кендір арқандар қолданылмайды. 9.7 –кестеде кендір арқандар үшін рұқсат етілетін жүктеме мәндері келтірілген.

Кесте. 9.7 соңы

Капронды арқандар ажыратқыш жүктемелерге тәуелді үш топқа бөлінеді: кәдімгі, аса жоғары және жоғары сапалы. Кәдімгі арқандардың техникалық сипаттамалары 9.8- кестеде келтірілген.

Болат арқандар еспе әдістері бойынша бөлінеді – айналдыра тарқатылған және тарқатылмаған; еспе бағыты бойынша – оңға және солға. Жіптердің үзілу кедергісінің есептегіш уақытқа тәуелді болат арқандардың ажыратқыш күш мәні 9.9-кестеде келтірілген.

Кесте. 9.9 соңы

Ұсталған болат арқандар арқанның бір қадамының ұзындығына келетін жіптердің үзілуінің шартты сандары бойынша жарамсыз болып табылады (9.10 - кесте). Арқандардан алты түрлі арқан жіптер дайындайды: 1СК, 2СК, 3СК, 4СК, УСК-1, УСК-2 (кесте 9.11 — 9.14).

Анықтамалықта келтірілген кестелер тізімі

Әдебиеттер тізімі

Анурьев В. И. Машина жасау-құрылымдаушы анықтамалығы / В. И. Анурьев. — 4-е бас., өңделген және тол. — Кітап. 1. — М. : Машина жасау, 1973. — 416 б. Кацеленбоген М. Е. Механикалық цех жұмысшысының анықтамалығы / М. Е. Кацеленбоген, В. Н. Власов.— бас., өңделген және тол. — М. : Машина жасау, 1984. — 240 б. Молодык Н. В. Машина бөлшектерін қалпына келтіру: анықтамалық / Н. В. Молодык, А. С. Зенкин. — М. : Машина жасау, 1989. — 480 б. Покровский Б. С. Слесарь анықтамалығы: баст. кәс. білім беруге арналған оқу құралы / Б.С.Покровский, В.А.Скакун. — 4-е бас., өңд. — М. : «Академия» баспа үйі, 2008. — 384 б. Покровский Б. С. Слесарлы-жинаушы жұмыстар : кәс. білім беруге арналған оқулық / Б. С. Покровский. — 7-е бас., өңд. — М. : «Академия» баспа үйі, 2012. — 352 б. Покровский Б. С. Құрастырушы жұмыстардың негізгі технологиялары: кәс. білім беруге арналған оқу құралы / Б. С. Покровский. — М. : «Академия» баспа үйі, 2004. — 160 б. Покровский Б. С. Механоқұрастыру жұмыстары және оларды бақылау: КТУ арналған оқу құралы — М. : Жоғары мектеп, 1989. — Технологиялық жабдықтардың слесарь–монтаждаушы анықтамалығы / [П. П.Алексеенко және басқ.]. — 2-е бас., өңделген және толықт. — М. : Машина жасау, 2002. — 672 б.

Филиппов Г. В. Кесуші құралдар. — Л. : Машина жасау, 1981. — 392 б. Якунчиков В. И. Механоқұрастыру жұмыстары слесарын өндірістік оқыту :КТУ арналған әдіст. нұсқау /В. И. Якунчиков, Б. С. Покровкий. — М. : Жоғры мект., 1991. — 208 б.

Мазмұны

Алғысөз………………………………………………………………..4 1 Бөлім. Қозғалмайтын ажыратылмайтын қосылыстарды жинау…………………………………………………………………..5

1.1 Желімдік қосылыстарды жинау…………………………..5
1.2 Дәнекерлеуші қосылыстар………………………………..10
1.3 Шегендеуші қосылыстар………………………………….16
1.4 Қосылыстарды пісіруге дайындау……………………….27

1.5 Кепілденген тартылысты қосылыстар…………………..31 1.6 Пластикалық пішін өзгерту әдісімен бөлшектерді жалғастыру…………………………………………………………..36 2 Бөлім. Қозғалмайтын ажыратылатын қосылыстарды құрау…………………………………………………………………40

2.1 Бұрандалы қосылыстар……………………………………40
2.2 Кілтекті қосылыстар……………………………………….61
2.3 Оймакілтек қосылыстар…………………………………..67
2.4 Сыналы және сұққыш қосылыстар……………………..69

2.5 Құбыр жүйелері……………………………………………70
2.6 Біліктер құраушыларын жинау……………………….…75
3 Бөлім. Теңселетін мойынтірек түйіндерін жинау………80
3.1 Жылжу мойынтіректерімен түйіндерді құрастыру….80

3.2 Мойынтіректі түйіндерді құрастыру…………………...92
4 Бөлім. Қозғалыс берілісі механизмдерін жинау……….106
4.1 Белдікті берілісті жинау…………………………………106
4.2 Шынжырлы берілісті жинау……………………………119

4.3 Цилиндрлі тісті берілісті жинау………………………..125
4.4 Конустық тісті берілістерді құрастыру………………..133
4.5 Иірмекті берілісті құрастыру…………………………..139
4.6 Үйкелісті берілісті құрастыру…………………………..142

5 Бөлім. Қозғалтқыштарды түрлендіру механизмдерін құрастыру………………………………………………………….143

5.1 Винтті механизмдерді құрастыру……………………..143
5.2 Қосиінді-бұлғақты механизмді құрастыру………….145
5.3 Тіреуішті механизмді құрастыру……………………...147

6 Бөлім. Тербелмелі қозғалыс механизмдерін құрастыру……………………………………………………………………150

6.1 Бағытталатын сырғу құрылымы……………………….150
6.2 Бағыттаушы сырғумен түйіндерді құрастыру……....154
6.3 Бағыттаушыларды бақылау…………………………….157

7 Бөлім. Гидравликалық және пневматикалық жетектерді құрастыру………………………………………………....……….159

7.1 Құбырөткізгіш қосылыстарды тығыздау……………..159 7.2 Гидравликалық және пневматикалық құрылғыларды тығыздау……………………………………………………………160 8 Бөлім. Тұрақты жұмыс орнында құрылғыларды монтаждау……………………………………………………...….181

8.1 Құрылғы орнын дұрыстау……………………………….181
8.2 Құрылғыны бекіту………………………………………..184

8.3 Дірілоқшаулаушы тіректерге құрылғыларды орнату…………………………………………………………….....…….194

9 Бөлім. Жүккөтергіш құрылғылар………………………..198
9.1 Жүккөтергіштер мен тельферлер………………….…..198
9.2 Полиспасттар және шығырлар…………………………200
9.3 Такелажды жабдықтар…………………………………..204

Анықтамалықта келтірілген кестелер тізімі……………...210
Әдебиеттер тізімі……………………………………………..222
Оқу құралы
Покровский Борис Семёнович

Слесардың механоқұрастыру жұмыстарының анықтамалығы
Оқу құралы
Редакторы Е.А.Омарханов
Техникалық редакторы Н. И. Горбачёва

Компьютерде беттеген: Р. Ю. Волкова
Корректоры С. Ю. Свиридова

Баспа. № 101112562. Басуға қол қойылды 30.04.2013. Пішімі 60x90/16. Қаріп түрі «Ньютон». Офсеттік қағаз№ 1. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 14,0. Таралымы1200 дана. Тапсырыс № «Академия» баспа орталығы ЖШС. www.academіa-moscow.ru 129085, Мәскеу,, Бейбітшілік даңғылы, 101В, стр. 1.

Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.

Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16474 от 05.04.2013. «Саратов полиграфкомбинат» ААҚ баспасынан жеткізілген электрондық тасымалдағыш арқылы басылып шығарылған. www.sarpk.ru 410004, Саратов қаласы, Чернышевск көшесі, 59.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙