TELEGEI

Home

Л.Н.Толстой

Мұхтар Әуезов

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Л.Н.Толстой

Қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы XX ғасырдың қайталанбас құбылысына айналды. М.Әуезов шығармаларында халықтың тыныс-тіршілігін, арман-мақсатын, тарихи болмысы мен бүгінгі келбетін көрсетіп берді. Алғашқы жылдары жазылған көркем туындыларында елдің тұрмыс-т...

(1828-1910)

Толстойдың жазушылығын тексергенде, алдымен айтып кететініміз — халықшыл жазушылардың шығармаларындағы сияқты, Толстойдың шығармаларында да көрнекті орын алатын мәселе "шаруа" мәселесі. Бірақ ақсүйектік ортадан шыққан суретші Толстой бұл мәселені бүтіндей басқаша қояды.

ТОЛСТОЙДЫҢ ӨМІРІ

Толстойдың өмірі іздену, қайшылықтарға лық толы.

Толстой 1828 жылы 28 августта, Тула қаласының маңындағы Ясная Поляна деген өзінің ата қонысында туған. Толстойдың әкелері ескі ақсүйек тұқымынан. Кішкентай бала Толстой өзінің аға-інілері, апа-қарындастарымен ақсүйек үйде, тәрбиеші әйелдердің бағуында өскен. Крепостнойлық тұрмыстың жалаңаш әділсіздіктерін, зорлық-зомбылығын Толстой бала күнінде көрмеген. Ол тұрмысты әдемі тұрмыс деп түсініп өскен. Он алты жасында Толстой Қазан университетіне түскен. Бірақ екі жылдан кейін деревнеге барып, шаруа болам деп оқуды тастайды, одан кейін қызметке кірмек болады, университетке емтихан ұстамақ болады. Кешікпей бұл талаптардан да қайтып, жігіттік, салдық өмірге беріледі. Бірақ бұл думан өмірді тағы да кенеттен тастай беріп, "Кавказдағы соғыс армиясына" барып түседі. 1855 жылы Толстой әскер қызметін тастап, Петерборға келіп, бірінші рет әдебиет, саясат дүниесіне талантты жазушы есебінде араласқан. Толстой өз заманындағы алдыңғы қатар әдебиеттік, саясаттық ағымдардың біріне де қосылмаған. Кейде ол тіпті кертартпа, реакциялық пікірлер де айтады. Дегенмен, төңкерісшіл демократияға қарсы бола тұрса да, Толстой либералдарға да, ескішілдерге де қосылмайды. Ол билеуші, төрешілдер табынан да аулақ. Оны жаратылыста жақын усадьба тұрмысы қызықтырады. Петерборда бір кіші да тура алмай, Толстой усадьбаға кеткен. Әдеби-саясаттық тартыстан теріс айналып, қалалық мәдениетті жамандап, Толстой өмір "шынын", өмір "мағынасын" ескі ақсүйектік іргесін қайта құрып, содан табам деп сенеді. 1862 жылы Толстой үйленеді. Өмірінің бұл кезеңін өзі былайша суреттеген: "Мен дұрыс, таза үй-іші тұрмысымен тұрдым... менің бар әрекетім үй-ішімді дұрыс ұстауға жұмсалды, байлық арттыруға, әдебиеттік даңқ алуға, түрліше рақатқа жетуге жұмсалды" дейді. Бүйте тұрса да, үйлі-баранды помещиктің бұл бақыты кешікпей-ақ Толстойды жирендіре бастайды. 80-жылдарда Толстой іштей үлкен дағдарысқа ұшырайды, өзін-өзі өлтірмекші де болады. Меншікті мүлкінен безбекші болады, жабайыланып, қара шаруамен араласпақ болады. Толстой шаруаша киініп, шаруа жұмысын жасайтын болды, өзінің бастас адамдарының тұрмысын қатты шеней бастады. 1887 жылы Мәскеудегі маскүнемдер, қорғансыздар үйлеріне барып жүреді. Адамның жанын шошытатын кедейлік, жоқтық суреттері Толстойдың тоқ адамдар тұрмысына дұшпандығын бұрынғыдан да күшейтті. Алайда, өз табының өмірін "байлар мен залымдар" деп қарғай тұрса да, Толстой саяси күресте оларға қарсы шықпайды, төңкерісшілдерді жамандайды, залымдыққа күшпен қарсы тұрма дегенді насихат қылады. Толстой "орыс халқы", "халық еңбекшілері" деп төңкерісшіл күрестен сырт қалатын, ақ сақалды, қараңғы қара шаруаны ұғады. Ол батыл күресте беті қайтпайтын пролетариатқа сенімсіз көзбен қарайды. Толстой өз табынан жігін айырып, шаруа жағына шықты. Сондықтан ол 1905 жылғы төңкерісті түсінбеді, жақтырмады. Толстой қарны тоқ байларды қаламағанмен, өзінің "Залымдыққа қарсыласпа" деген үгіті арқылы барлық қанаушылардың үкіметін нығайтуда солардың қолындағы шоқпары болып кетті. Қайшылық деген осы. Толстой өзінің қара басының өмірін өзінің жаңа көзқарасына толық түрде үйлестіргісі келеді. Үйінен, отбасынан кеткісі келеді, бірақ Толстойды үйімен байланыстырған жіп тым күшті. Көпке дейін байланысын үзуге батылы бармайды. Алайда, ақыр аяғында үйіне енді қайтып келместей болып, безеді. Үйінен кетпестен бір жеті бұрын Новиков деген қара шаруамен сөйлесіп отырып былай деген: "Мен осы үйде дозаққа күйгендей күйіп жүргенімді сіздерден ешқашан жасырғаным жоқ, ылғи тоғайға, сыртқа не бір деревняға кетіп, бір-бірімізге көмек беріп жүруімізді тілеп, ойланып, кетуге ынтық болып жүретінмін. Бірақ отбасымнан әкететін күшті тәңірі маған бермей жүретін". "Үйден кетсем" деген ертеден ойын іске асырып, кетіп бара жатқанда жолшыбай ауырып, Рязань-Орал темір жолының бойындағы Астапов деген станцияда қайтыс болады (Бұл күнде ол станция "Лев Толстой" деп аталады). "Той тарқар". Бұл әңгіме 1903 жылы жазылған. 1903 жылы 18 июньде Толстой күнделігіне мынандай деген сөз жазыпты: "Бір (полковник) тойда бір сұлу қызбен би билеп жүріп, ерте кетіп қалғанын білдім. Ондағысы ертең таңертең солдаттықтан қашқан бір татар солдатты өлімге аттандырып, түскі тамаққа үйіне келмек еді" дейді. Осы сөз ол әңгіменің тақырыбы. Жазушы өлгенше қатаң мекер полковниктің ішкі пердесін ашып көрсетеді. Тойда қызымен бірге жүреді. Әңгіменің басы "құрметті Иван Васильевич, бұл анау полковниктің сұлу қызы Варенькаға ғашық. Иван бақытты кісі; дүниені құшағына сыйғызады; ғашықтығын төңірегіне салып сынайды; әсіресе Вареньканың әкесі полковникті құрметтейді. "Оның әкесінде бір түрлі еркелік күлкі бар. Оның үстіне тіксінген нәзік бір сезім барлығын байқадым..." дейді. Оқушы жазушының жазғанына қарап көңілді сұлу, ерке, қайырымды полковникке өзі беріліп кетіп отыр деп түсінуінде сөз жоқ. Бірақ нақ осы арада кемеңгер суретші бірден серпіліп "бүкіл, барлық бет пердесін ашады". Анығында қатал сұм жендеттік бейнесі оның сұлу сыртын сылап қана сезілмей тұрады екен. Тойдағы көріністен соң жазушы оқушыларды бірден полковниктің үйі тұрған далаға аударып жібереді. Иван Васильевич дал ада жүріп, тойдағы әдемі күйді есітеді. Бірақ, артынша ол тәтті күйді "басқа бір түрпідей жаман күй тырнайды". Ашық көрінген бұл оқшау күй сәл болмай сезіледі. Ол татар солдатының қуғыны екен. Ұстап алып оны келістіріл тұрып сабаған: "әрбір дүре соққан сайын, қуанған кісідей, қайталап айтып, ашулы жүзімен, тісін ақситып, даусы шыққан жаққа қарап тұрды" дейді. "Бауырларым, аясаңдаршы" деген үн шығады. Бірақ барлықтары "аяған жоқ". Шынында аяуды дәметуге де болмай тын еді. Полковник біресе аяғына, біресе жазалыға қарап өлін жүр едің.

ТОЙ ТАРҚАР

– Сіздер, адам өздігінен ешнәрсенің жақсы-жаманын айыра алмайды, мәселе ортада, ортасы оны билейді-илейді дейсіздер. Менің ойымша, істің көбін көз билейді. Міне, мен өз жайымды айтайын... — деп Иван Васильевич сөз бастады. Бұл бәрімізге кәдірлі адам еді. Арамыздағы әңгіме: жеке адам ірілеп, бас қасиетін тапқанда немен табады? — деген жайдан болатын. Біз адамды өсіру үшін, оның жағдайын өзгерту керек деп едік. Адам өздігінен, жақсы мен жаманды айыра алмайды дегенді біздің ешқайсымыз да айта қойған жоқпыз. Бірақ, Иван Васильевичтің дағдысы: біреумен пікір алысу ретінде туған өз пікіріне өзі жауап беріп, содан өз өмірінің бір оқиғаларын айта отырушы еді. Көбінесе, ол сол әңгімесін неден бастағанын да ұмытып қалатын. Өз әңгімесінің қызығы жетектеп кетеді. Ал, әңгімелері, тегінде, шындықпен айтылған жанды әңгімелер болатын. Қазірде де сонысын істеді.

– Мен өз жайымды айтайын, менің өмірімнің осылай құрылуы ортадан емес, тіпті бір басқа нәрседен болды.

Біз:

– Ол не нәрсе еді? — дестік.

– Е, ол ұзақ тарих. Түсіндіру үшін көп әңгіме айту керек.

– Айтыңыз олай болса.

Иван Васильевич ойланып қалды да, басын шайқады.

– Ия, барлық өмірімнің басқаша болуына бір-ақ түн, жоқ тіпті бір күннің таңертеңі ғана себеп болды, — деді.

– Не болды сонда?

– Болғаны сол, мен ол кезде барынша асық едім. Тегінде көп рет асық болдым, бірақ, мынау солардың ішіндегі ең күштісі еді. Өткен оқиға ғой. Кәзір одан туған қыздар күйеуге де тиіпті. Ол Б... я, Варенька Б... еді, - деп Иван Васильевич бір фамилияны атады. Ол елу жасында да тым сұлу болатын. Ал, жас күні он сегіз жасында ғажап еді. Биік, сұңғақ, нәзік және маңғаз, шын маңғаз еді. Бойын тіп-тік ұстайды, басқаша ұстауға болмайтын сияқты. Иегі көтеріңкі, басы аз шалқалай тұрады. Сонысы ұзын бойы мен сұлу жүзіне қарасып, біраз арықтығын, сүйектілігін білдірмей тұратын барлық қалпына бір ханзаданың реңкінен береді реңкінен жұрт қаймыққан да болар еді. Оған көрмейтін — сұлу, нұрлы көзі мен езуіндегі ерке, ашық тіпті және сүйікті жас тұлғасының барлық нәзік еркелігі.

Иван Васильевичтің суреттеуі қалай еді! Қалай суреттесең де, оның қандайлық екенін сендер қып беру мүмкін емес. Бірақ, мәселе онда емес деген әңгімем 40-жылдарда болды. Мен, бір өлкедегі университеттің студентімін. Жақсы, жаман дерімді білмеймін, әйтеуір ол кезде біздің университетте ешбір үйірме, жүйе деген болмайтын. Бәріміз жас едік. Сол жастық шаңы бойынша, оқумен, сауықпен тіршілік ететінбіз. Мен сауық қой, өжет жас едім. Және бай бола тұғым. Судай бар, қыздарды қасыма алып жорға салдыртам (шәңгі онда жайылған жоқ). Жолдастармен іше тұғым (ол кезде бөтенді ішпейміз; ақша жоқ болса ішпейміз, арақ ішу жоқ). Бірақ менің ең зор қызығым тойлар болатын. Өзім жақсы билеймін, түсім де жексұрын емес-ті. Мәжілісіміздегі бір әйел: Жарайды, момынсынбай-ақ қойыңыз. Біз сіздің баяғы суретіңізді білеміз ғой. Жексұрын емес қана дейсіз, сұлу емес пе едіңіз. Сұлу болмаса, сұлу болайын, я, мәселе онда емес. Мәселе, сол әйелге барынша ғашық болып жүргенде соңғы күні бір тойда болдым. Той иесі губернатор түйсіктерінің басшысы. Өзі бай, қонақшыл, өзі кемеңгер, ІІ көңіл шал еді. Қонақты қабыл алушы, өзіне ұқсаған ақ бәйбішесі. Үстінде қызыл күрең барқыт киімі бар, бриллиант орнатқан орамалы. Қартаң тартқан, толық, кеудесі ашық, Елизавета Петровнаның суретіне ұқсайды. Той ғажап болды. Зал тамаша. Музыка тартушы, қой бір алпауыт байдың құл крестьяндары, заманындағы атақты күйшілер. Ac жақсы, шампанский килдей. Мен шампанскийге тегі құмар болсам да, ішпедім. Үйткені, арақсыз-ақ ғашықтыққа мас едім. Естен тана билегенім, неше алуан би болды. Оның ішінде вальс, кадриль, полька. Әрине, мүмкін болғанша, Варенькамен тілеймін. Оның кигені ақ киім. Орай буған ақ қызыл белбеушесі бар. Қолына ақ лайка перчатка киген. Мұның жиегі сүйірлеу ашаң шынтағына жетер-жетпес қана. Аяғында ақ атлас башпағы бар. Мазурканың тұсында менен бұрын, сүйкімсіз инженер Анисимов қағып әкетті. Мен оған сол кінәсін, әлі күнге дейін кешпеймін. Ол қыз келген жерде мазуркаға шақыра қойыпты. Мен шаштаразға барып, перчатка алам деп кешігіп қаппын. Сонымен, мазурканы онымен билемей, бір кішкене неміс әйелімен биледім. Мұнымен де бұрын біраз таныстығым болушы еді. Бірақ дәл сол кеште оған әдепсіздік істесем керек, өзімен сөйлеспедім, жүзіне де қарамадым. Жалғыз көргенім ұзын, сұлу бой, ақ киім, қызғылт белбеу, күн сәулесі жарқыраған, қызарған жүз және ерке сүйкімді көздері. Жалғыз мен емес, оған жұрттың бәрі қарап, бәрі тамашалады. Еркек қана емес, әйел де тамашалады. Өздерінің барлығын ананың нұры басып кетсе де қызғаныспай, шын тамашалады. Өйтпеске шара жоқ. Заң жолын айтсақ, мазурканы онымен билегем жоқ. Ал, болған халдың өзін алсақ, мен ұдайы сонымен биледім. Ол қысылып-қымсынбастан, бар залды басып маған қарай жүреді. Мен орнымнан атып тұрып шақыруды күтпей-ақ қарсы барам. Ол менің сезгіштігіме, жымиған күлкісімен тәңір жарылқасын білдіреді. Екеумізге біраз бөгеуіл болып қалса, қолын басқа біреуге бере тұра, ашаңдау иығымен қымсынып әрі өкінген, әрі жұбатқан пішінмен маған қарап жымияды. Мені көңіліне алмасын дегендей. Мазурканың өрнектерін вальспен келтірген жерде, мен онымен ұзақ билеп қалам. Сонда, жиі дем алып, күліп қарап "анкор" дейді. Мен вальсті тағы да билеймін. Өз денемді сезінуден таңғандаймын.

– Қалайша сезбейсіз. Менің ойымша, мықтап сезген шығарсыз, әсіресе, оны тал бойынан құшып жүрсіз ғой. Өз денеңіз былай тұрсын, оның денесін де сезген-ақ шығарсыз, — деп қонақтың бірі сөз қатты. Иван Васильевич бұған тез қызарып, ашуланып, ақырыңқырап та жіберді.

– Ия, міні, сендер солайсың, бүгінгі жас. Сендер денеден басқа түк көрмейсіңдер. Біздің уақытымызда олай емес болатын. Мен неғұрлым күштірек сүйсем, соғұрлым ол әйел тәнсіз көрінетін. Сендер аяғын, қалтасын, тағы әлденесін көре қоясыңдар. Сүйген әйеліңді, жалаңаштай сүйесің. Маған, Альфонс Карр айтқандай, ол жақсы жазушы еді, үстінде жеңілмейтін қоладай, ауыр киім турады. Өзіміз шешу былай тұрсын, өзі жалаңаш тұрғанын адал ұлындай болушы едік. Бірақ, бәрі бір түсінбейсіңдер.

Оны тыңдамаңыз, ия, сонан ары... — дедік біреуіміз.

Ия, сонымен көбінесе Варенькамен биледім. Уақыттың қалай өткенін де байқамаппын. Музыкашылар талса келді. Бірақ, тойдың аяқ кезінде болатын бір қалып бар ғой, тапса да, қажыса да, ақырғы күштерін салып құлшынып тар. Мазурканың мықты бір күйін әлі соқтырады. Қонақ үйде, карта үстелінде отырған әке, шешелер де тұрыпты. Кешкі, күтіседі. Даяшылар да бір нәрселерді тасып жүгірісе ме талды. Сағат үшке қарай кетті. Соңғы минуттармен пайдаланып қалу керек. Мен оны қайта таптым да, залдан жүзінші мәртебе билеп өттім.

Сонымен, астан кейінгі кадриль менікі, — дедім орнына таман апара жатып.
Ол жымиып:

– Әрине, мені алып кетпесе, солай болады, — деді.

– Мен сізді бермеймін, — дедім.

– Желпуіш берсеңізші...

Бір арзан, ақ желпуішті беріп жатып:

– Беруге қимаймын, - дедім. Ол:

– Аясаңыз, мынасын сіз алыңыз, — деді де, желпуіштің бір қауырсынын жұлып алып маған берді.

Мен қауырсынды қолыма алып, алғысымды, қуанышым да көзіммен білдірдім. Құр көңілді, құр көтеріңкі ғана емеспін.

– Мен бақытты, рақат күйдемін. Бір түрлі мейірімділік біткендей, өзіме өзім де таңсықпын. Жер үстінің бәндесі емес, амандықты білмеймін, игіліктің ғана досы сияқтымын; ауырсынды перчаткама сұғып, қасынан кете алмай тұрып қалдым.

– Қараңыз, әкеме биле десіп жатыр, — деп маған ұзын бойлы, сымбатты бір полковникті көрсетті. Әкесі сол. Иығында күміс эполеті бар. Есік жанында, үй иесімен бір топ әйелдің барғасында тұр екен. Бір мезгілде маңдайында бриллиант тасы дап, Елизавета шықпас бәйбішенің зор дауысын есіттік, ол:

– Варенька, бері келіңіз, — деді. Варенька есікке қарай басты, артынан мен де келдім.

– Әкеңізді сізбен бір рет билеп өтуге көндіріңізші, ма шер! — деді де полковникке қарап: — Кәне, енді, Петр Владиславич! — деді.

Вареньканың әкесі өте сұлу, сымбатты, зор, жас өнді шал екен. Оның беті қызғылт. Ақ мұртын Николай патшаша ширатып қайырып қойған. Жағының ақ сақалын мұртына жеткізе жіберіпті де, иек сақалын қырған екен. Самай шашы алдына қарай тараулы. Жарқыраған көзі мен езуінде, қызының күлкісіндей қуаныш күлкісі бар. Кең төсінде шен аз ғана, бірақ әскерлерше керіліп, төстигендік бар. Иығы тұтас, аяғы ұзынша, сымбатты. Ол Николай үлгісін алған кәрі қызметші, ескі әскер басы. Біз есікке жақындап келгенде полковник көнбей тұр екен, биді ұмытқан шығармын дейді. Бірақ, солай деп тұрып, жымиды да, бір қолын сол жағына жіберіп, бауынан қылышын суырып алды. Оны қасындағы әдепті, жас жігітке беріп, оң қолына замшы перчатканы киіп жатып: "бәрі өз заңынша болсын" — деп күлді де, қызының қолын алып, қырындай тұрып, күйдің ырғағын күтті. Мазурка күйінің басы бастала бергенде, бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып, немесе табанымен тақтай теуіп, зал бойымен жылжып берді. Вареньканың нәзік сұлу бойы қасында ілесе жүзіп келеді. Кішкене, ақ, атлас аяғының адымын мезгілімен, кейде қысқарта басады. Барлық зал бұл пардың бар қозғалысына тесіле қарап тұр. Мен сүйсіну былай тұрсын, ерекше бір қуанышпен елжірегендей де едім. Екеуіне солай қарадым. Мені, әсіресе, оның етігі жұмсартты. Жақсы опойка етігі жаңа мода үшкір тұмсық емес, ескі үлгілі бұзау тұмсық, өкшесіз екен. Тегі оны тігуші батальон етікшісі болса керек. "Сүйген қызын киіндіріп, ертіп шығу үшін жаңа моды етік сатып алмай, қолдан тігілген етік киеді екен-ау" — деген өйкелді. Ол бұзау тұмсық етік мені әсіресе мейірлендірді. Бір кезде бұл кісі жақсы-ақ билеген сияқты. Бірақ қазірде ауыр тартқан. Сұлу, жылдам оралатын ырғақты жақсы шығарам деп тырысса да, аяғы бұрынғысындай икемді бола алмайды. Сонда да екі кругты жақсы айналып шықты. Бір уақытта, екі аяғын жазып жіберіп қайта қосты да, ауырлау тартқан салымнан бір тізелеп, шөге қалды. Қызы, әкесі іліп кеткен жымиып түзей жүріп, қалқығандай боп, әкесін алып шықты. Сол уақытта жұрттың бәрі тарс-тұрс қол соғып жіберді.

Әкесі қиналыңқырап көтеріліп, нәзік жарастықпен қызын Қашан құшақтап, маңдайынан сүйді де, маған ертіп әкелді. Мені мен билейтін шығар десе керек. Жігіті мен емеспін дедім. Бәрі бір ғой, енді мұнымен сіз билеңіз, — деп ерке күліп, қылышын бауына қайта салып жатты. Бөтелкеден тамған бір тамшының артынан ішіндегі сұйық менің қалғаны сорғалап жөнеледі ғой, сол сияқты менің ішімде Варенькаға арналған ғашықтық, бойымдағы жалпы арналған салақ аяттың бәрін ақтарып кеткендей болды. Ол күні өз махаббатыммен бар дүниені құшып тұрғаным болдым. Мен бриллиант тасты Елизавета түсті бәйбішені де, оның байын да, қонақтарын да, даяшыларын да және ішті маған бұртиып жүрген инженер Анисимовты да тұтас жақсы көрдім. Үйде тіккізген етігі бар, Вареньканікіне ұқсап күлкісі бар әкесіне, сол түнде менің көңілім ерекше. Мазурка бітті. Үй иелері қонақтарды асқа шақырды. Бірақ полковник Басқа қарамады. Ертең ерте түру керек деп, үй іштерімен қоштасып, жүріп кетті. Мен қызын ала кетеді екен қап ем, олай болмады, шешесімен екеуі қалып қойды. Астан кейін мен онымен бірге уәделі кадрильді биледім. Бұл күні бақытым шексіз мол көрінсе де, дүркін-дүркін өсе берді. Ғашықтық туралы біз ешнәрсе айтысқамыз жоқ. Ол мені сүйе ме, жоқ па, бұл туралы одан да сұрамадым, өзіме сұрау қойғам жоқ. Өзім сүйемін, сол әбден жеткілікті сияқты. Бар қорыққаным бір нәрсе, осы бағымды бұзбаса екен деймін. Үйге қайтып келіп, шешініп, ұйқыны ойлап көріп ем, ол үшін мүмкін емес болды. Қолымда желпуішінің бір қауырсыны мен тұтас бір перчаткесі бар. Мұны жерде пәуескеге әуелі шешесін отырғызып, артынан өзін отырғызып жатқанымда берген еді. Осы екі нәрсеге қарап, көзімді жұмбай-ақ тұрып, оны көз алдыма келтіріп тұрмын. Екі бозбаланы салыстырып тұрып, менің сипатымды таңдағандай болып, жан еріткен даусымен: "тәкаббарлық солай ма?" — деп қолын маған қуана берді. Тағы бір минутты көремін. Онда ас ішіп отырып, бір пиала шампанскийді көтеріп салып, еркелеткен көзін маған төңкере қарайды. Көбінесе әкесімен билеген кезін көремін. Қасында қалқып, қозғалып келе жатып, әкесін де, өз көркін де мақтан, қуаныш етіп, анталап тұрған жұртқа көз тастап қояды. Екеуі еріксіз тұтасып, қосылып тұрған сияқты. Ол кезде, марқұм ағаммен екеуміз ғана тұрушы ек. Ағам жарқыраған топты сүймейтін. Той атаулыға бармайды. Және бұл уақытта кандидат экзаменіне әзірленіп, бір қалыпты тыныш қана өмір өткізетін. Ол ұйықтап жатыр екен. Қарасам, басы жастыққа көмілген де, үстінде жұмсақ көрпе жатыр екен. Қарап тұрып, махаббатты мейіріммен жаным ашыды. Менің бақытыма ортақ бола алмай, мақрұм жатқанына жаным ашыды. Құл крестьяннан алған күтушіміз Петруша мені шаммен қарсы алып, шешіндірмекші болып еді, оны орнына жібердім. Маужырап ұйқы басқан бет-аузы мен ұйысқан шашына қарап тағы да мейірленіп, жаным ашыды. Дабырламайын деп аяғымның ұшымен басып, өз бөлмеме келдім де, төсегіме отыра кеттім. Жоқ, мен ерекше бақыттымын, ұйықтай алмадым. Пешін қыздыра жаққан үйде онан сайын отыра алмаймын. Киімімді шешпестен, ақырын басып алдыңғы үйге шығып, сырт киімімді киіп, сыртқы есікті аштым да, көшеге шықтым. Тойдан сағат беске қарай кеткенде қайтқанмын. Үйге келіп отырып, қайта шыққанымша тағы екі сағаттай өткен. Кәзір тыста таң атыпты. Ауа райы нағыз масленкеге лайықты, тұман. Су кеулеген қар, жол үстінде еріп жатыр. Шатырлардан да тамшылап түр. Бұлар қаланың шетінде бір үлкен алаңның жанында тұратын. Алаңның бір жағы сейіл орны да, екінші жағы қыздар институты болатын. Мен өзіміздің жүргінші аз көшемізден өтіп, үлкен көшеге шықтым. Жаяулар мен отын тасыған ломабайлар кездесе бастады. Шаналарының табаны қар астындағы тасты сызады. Жылтыр доғалардың астында суланған бастарын шұлғи басып келе жатқан аттар да, жүк жанында үлкен етіктерін салпылдатып басып келе жатқан жөке жамылған извозчиктер де, тұман ішінде өте биік көрініп тұрған үйлер де, бәрі де маған бір түрлі жақсы, бір түрлі мағыналы көрінеді. Қыздың үйі бар алаңға шығып қарасам, сейіл болатын жақта бір үлкен қарайған көрінеді. Сол жақтан күй, барабан еді. Менің ішім толған жыр сияқты, анда-санда күйі де естілгендей болатын.

Бірақ, мынау естіліп тұрған әлде қандай басқа, қатаң, емес күй. "Бұл не екен?" деп ойладым да, алаңның ортасындағы имен сол күй естілген жаққа қарай жүрдім. Жүз қадамдай жүрген соң, тұман ішінен қарауытқан көп адамды көрдім. "Ойын үйреніп жатыр ғой" — деп қадым да, жүре түстім. Қасымда бір ұста келе жатыр екен. Бірақ, туғандар рақым етпеді. Жүргіншілер өзіме қатарласқанда, қарсы алдымда тұрған солдат нық басып алға шығып, татардың арқасына қолындағы шыбығын ысқырта кеп салып кеткенін көрдім. Татар ілгері сүрініп кетті, бірақ, унтер-офицерлер ұстап қалды. Сондай шыбық екінші жағынан да тиді, анадан тағы, мынадан тағы... тиіп жатты. Полковник қатарында келеді. Біресе аяғының астына қарап, біресе жазалыға қарайды. Демін ішіне тартып алып, екі ұртын толтырып, қайта шығарғанда еріндерін томпита шығарады. Жазалы, мен тұрған жерден қиып өте бергенде, қатар тұрған жұрттың арасынан жауырынын бір көріп қалдым. Бұл бір шұп-шұбар, дымы шыққан қып-қызыл, өзгеше бір түрге айналыпты. Адам денесі бұндай да болады екен-ау, деп көргеніме сене алмадым. Қасымда тұрған ұста:

– Алдай, - деді.

Жүргіншілер ұзай бастады. Сүрініп, қабынып, құрысқан адамға соққы екі жақтан жауып жатты. Барабан мен күй бұрынғысынша лепіріп тұр. Полковниктің биік сымбатты бойы да, әуелгісіндей нық басып, жазалының қатарында жүріп барады. Бір уақытта полковник тоқтады да, солдаттың біріне жетіп келіп:

– Мен саған көрсетемін жұмсақтауды?! Мә жұмсақ! Мә жұмсақ! — деген ашулы дауысын естіп тұрдым

Соны айта тұрып, замшы перчатке киген мықты қолымен аласа бойлы, үрейлі, әлсіз солдатты бетке-бетке ұрып-ұрып жіберді. Жазығы татардың арқасына оның шыбығы жұмсақ тиіпті.

– Әпкел, жаңа шыбық! — деп ақырып жіберіп, артына айнала қарай беріп, мені көрді. Бірақ мені танымайтын кісі болып, түйіліп, ызамен түксиіп, тезінен ары қарап кетті. Мен жерге кіргендей ұялдым. Бір масқара қылмыспен ұсталған адамдай боп, қайда барарымды да білмедім. Ақыры көзімді төмен салып тезірек үйге жөнелдім. Жол бойы құлағыма барабан дүрсілдеп, күй сартылдап тұрған сияқты. Біресе: "Туғандар, рақым етсеңдерші" — деген сөз келеді. Тағы біресе, өзіне сенген полковниктің ашулы дауыспен ақырған: "Мә жұмсақ, мә жұмсақ" — дегені келеді. Сонымен қатар тиімді шаншып қысқан, қатты лоқсытқан бір уайым пайымды. Қысылғаннан жолға бірнеше тоқтадым. Көрген әсер, ішіме бір дерттей жабысып, кәзір құстырып Үйге қалай жетіп, қалай жатқанымды мінбеймін. Көзім ілініп бара жатқанда әлгінің бәрін тағы, тағы есітіп, орнымнан атып тұрамын.

Полковник туралы ойлағаным, "тегі ол мен білмейтін білетін шығар", - дедім, — егер ол білгенді білсем, көргенім мені қинамас еді" — дегендей едім. Бірақ, ойласам да, полковниктің білгені не екенін таба алмаспын. Содан бір жолдасыма барып, мас бола ішіп алып, қайтып кеп, кешке ғана ұйқыға кеттім. Жоқ, сіздер не ойлайсыздар? Мен сол көрген нәрсемді аман іс деп ойлады дейсіздер ме? Тіпті де олай емес. "Егер сөздер, сондай істі соншалық сенімділікпен істеп, соншалық -деп көпшілік түсініп отырса, онда олар мен білмейтін білгені ғой дедім де, соны білуге тырыстым. Бірақ тырысайын, бәрі бір кейін де біле алмадым. Соны алмағандықтан, әскери қызметке де түспедім, бұрын оған ешкім келуші еді. Кейін, тіпті әскерден ғана емес, басқа кейбір қызметке де түспедім. Ақыры, міні, көресіңдер, түкке тарамайды екем.

– Жарайды, түкке жарамауыңыз қандайлық екенін, біз әлсіз. Одан да, сіз болмасаңыз қанша адам, шынында, түкке тарамай қалар еді, соны айтыңыз, — деді бізден біреу.

Иван Васильевич шын түңілген пішінмен:

– Бәрекелді, бұларың тіпті бос сөз, — деді.

– Ал махаббат не болды? — дестік.

– Махаббат па? Махаббат сол күннен бастап жүдеуге шпалды. Қыз өзінің дағдысы бойынша, жымия отырып ойға кетсе-ақ болды, мен алдыңғы полковникті есіме түсірем. Сол ішіме жайсыз, ауыр тиеді. Сондықтан, сирек көрісе бастаттым. Ақыры махаббат құрып бітті. Міні, осындай іс болады ішкен де, содан адамның барлық өмірі өзгеріп, бақыты да басқа боп кете барады екен. Ал сендер бүйдейсің... - деп, тимесін тамам етті.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙