TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 64 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 64 том

«Бабалар сөзі» сериясының 64-томына бұрыннан таныс жұмбақтармен қатар, ел аузынан жазылып алынған, қолжазбалар мен басылымдардан терілген жұмбақ өлеңдер, жұмбақ айтыстар, қара сөз жұмбақтар енді.

«МӘДЕНИ МҰРА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН

ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ

Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А, жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.

Аяған Б. Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.

Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.

Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.

Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.

Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.

Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.

Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.

УДК 398

ББК 82.3 (5 Қаз)

Б 12

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Кенжалин Қ., Әзібаева Б.,

Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:

Әзібаева Б., Әлібеков Т. (жауапты редактор), Қасқабасов С.

Томды құрастырып, баспаға дайындаған:
филология ғылымдарының докторы, профессор Керім Шамшәдин
Жауапты шығарушы:
Т.Әкімова

Б 12  Бабалар сөзі: Жүзтомдық.—Астана: «Фолиант», 2010. Т. 64: Жұмбақтар. — 432 бет. ІSBN 978-601-292-097-0 «Бабалар сөзі» сериясының 64-томына бұрыннан таныс жұмбақтармен қатар, ел аузынан жазылып алынған, қолжазбалар мен басылымдардан терілген жұмбақ өлеңдер, жұмбақ айтыстар, қара сөз жұмбақтар енді.

УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)

ІSBN 978-601-292-097-0 (т. 64)
© Әдебиет және өнер институты, 2010

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов
атындағы
Әдебиет

және
өнер
институты
Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық

көретін «Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басы­
лымын әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін баспаға ұсынылған алпыс үш томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы

болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек
айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір
томы, тарихи жырлардың он бір томы, батырлар жырының

жиырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы
әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы
Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 64-том жұмбақтар­ға

арналды.
Жұмбақтар—ежелден келе жатқан әрі қазіргі қоғамда тәрбие­
лік мәнін жоғалтпаған, халық мұрасының арналы бір саласы.
Қазақ жұмбағын жинауда біршама шаруа атқарылған,

әртүрлі қолжазба қорларындағы ертелі-кеш хатқа түскен ау­
қым­ды жұмбақтардың біразы қалың көпшілікке жол тартып үл­
гер­се, кейбіреулері қауымның игілігіне айналмай келеді. Оқыр­
ман­ға ұсынылып отырған томда түрлі қорлардан, ел аузынан

алынып, алғаш рет айналымға қосылып отырған үлгілер аз емес.
Басылымды әзірлеу барысында жұмбақтардың көп вариант­
тық нұсқаларын да қамтуға тырыстық. Топтамада мәтіндерді
неғұрлым толығырақ қамту мақсаты қойылғандықтан, екі

шешімі бар жұмбақтарды әдейі енгіздік.
Күні бүгінге дейін жұмбақ топтамаларын құрастырушы­
лар мәтіндерді мазмұнына карай тақырыптарға бөліп беруді,

жұмбақтар
не мәтіннің басқы жолындағы бірінші сөзін бағдарда ұстап,
әліпбилік тәсілмен жүйелеу тәсілін қолданып келеді. Бұл
кітапта мәтіндер алдыңғы тәсіл, яғни тақырып бойынша топ­

тастырылды.
Жұмбақ
топтамасын
даярлау

барысында
халықтық
жұмбақтардың авторлы дүниелермен біте қайнасып, кейде
араласып жататыны қосымша қиындық туғызды. Өйткені

бұрынғы жұмбақ топтамасына кірген не ел аузынан хатқа
түскен кейбір мәтіндерді қазіргі ақындардың жинақтарынан
кездестіруге болады. Бұның себебін екі жақты қарау керек.
Біріншісі, халық аузында айтылып келе жатқан жұмбақтарды

ақындардың иемденуі; екіншісі, авторлы жұмбақтардың ел
арасында жатталып, айтылып жүруі. Айтушы жұмбақты жа­
дына ұстағанымен оның авторына мән беріп жатпайды. Әдеби
жұмбақтардың ұжым иелігіне көшуі—көз алдымызда жүріп

жатқан процесс. Сондықтан кейбір жұмбақтың халықтыкі, не
белгілі ақындыкі екенін тап басып, үзілді-кесілді шек қоя ажы­
рату оңайға соқпайды.
Жұмбақтың әр алуан жанрлармен астаса келіп, аралық жанр

түзетін мазмұндық-түрлік құрамын жан-жақты көрсету үшін
байлауы мен шешімі де өлең түрінде келетін мәтіндер және
халықтық айтыс жұмбақтар жеке топтастырылды, әрі «қара
сөз жұмбақтар» деген тақырыппен логикалық қисындағы, есеп

жұмбақтар да қосылды.
Ұсынылып отырған томда қазақ жұмбақтары толыққанды
сипатта жинақталып, ғылыми талапқа сай тұңғыш рет дайын­
далды. Томға енген жұмбақтардың саны—екі мыңнан астам.

Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жұмбақтар­
ға жазылған түсініктемелер, мәтіндерде кездесетін тарихи
тұлғалар туралы түсініктер, жер-су атауларына сипаттамалар,
жұмбақты айтушылар мен жинаушылар туралы мәліметтер,

пайдаланылған әдебиеттер тізімі, том туралы орыс және
ағылшын тілдеріндегі қысқаша мазмұндама қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және Орталық ғылыми кітапхананың

қолжазбалар қорында сақталған түпнұсқалар негізінде дайын­
далды.
Томның көлемі—27 б.т.

Халық мұрасының үлкен бір мәуелі бұтағы—жұмбақтар.
Жұмбақтар телегей-теңіз фольклорлық дүниеліктер арасында
ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып
келе жаткан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, казіргі уақытта да

тарих сахнасынан сыпырылып қалмай, жаңа даму кезеңін бас­
тан өткеріп отырған бағалы жауһарлар санатына жатады.
Әрбір жанрдың алғашқы даму тегі, бастау алатын көзі,
оның поэтикалык, өзгеше түр ретінде қалыптасу кезеңдері бар.

Жұмбақ бір күнде пайда бола салған құбылыс емес.
Адамдар
ертеректе
өзін

қоршаған
ортаның,
табиғат
сырларының байыбын жете түсінбеген. Осындай дәуірлерден

бастау алатын жұмбақ сандаған буынның көркемдік талап-
тілектеріне жауап беріп, қилы сатылық дамуды бастан өткеріп
келе жатқан түр.
Қазақ жұмбағы жайында М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Әбжанов,

Ж.Адамбаева, Н.Оңғарбаева т.б. бағалы ой-тұжырымдар жа­
сайды.
Қазақ
жұмбақтарын

қағаз
бетіне
түсіріп,
жариялау

XІX  ғасырдың аяғында басталып, XX ғасыр басында жандан­
ған болса, кейін Кеңес үкіметі тұсында жалғаса түсті.
Ел аралап, жер кезсек, халық аузында жүрген, әлі хатқа
түспеген сан алуан жұмбақтарды естиміз. Ұлттық Ғылым

академиясының кітапханасында және М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорында әр
кезде халық арасынан жиналған, бірақ көпшілікке бей­
таныс жұмбақтар өте көп. Осы аталған материалдарды ек­

шеп, жүйелеп, бұрынғы жинақтарға қосып халық назарына
ұсынатын кез жетті.
алғы  сөз

жұмбақтар
Жұмбақтың екі жағы бар: бірінші тыңдаушының көз алдын­
да тұратын сурет те, екіншісі—тыңдаушы назарына ұсынылған
бір зат, не құбылыс. Осы астарлы бүркемені білу үшін болжал­

дап, ой жүгірту керек.
Жұмбақтың композициялық құрылымы, әдетте, екі бөлікті
болып келеді. Оны қазақ дәстүрінде «жұмбақтың байлауы»
және «жұмбақтың шешуі» дейді. Шешуі болмаса—жұмбақ

мағынасыз. Әрине, әдейі адамдарды адастыру үшін ойлап
табылған әзіл үлгілері де кездеседі.
Әрбір жанрдың пайда болуы кажеттіліктен туындаған,
қоғамдық өмірдің мұқтаж талап-тілектеріне орай өрістеп

отырған, қоғамдық сұранымға ие болмаған рухани құбылыс
дамуын тоқтатқан. Жұмбақтың тәрбиелік уытты қызметі
бүгінгі танда да солғын тарта қойған жоқ. Десек те бұрын жұм­
бақ айтысуға жас-кәрі түгел қатысып белсенділік байқатса,

қазір балаларға ғана бағышталған түрге айналған. Жұмбақ
жасөспірімдердің дүниетаным көкжиегін кеңейтіп, ойын
ұшқырлап, тұспалды сөздің мәнін ұғынуға септігін тигізіп,
тапқырлығын шыңдайды.

Жұмбақ қоршаған ортаны, заттарды көркем тілмен бейне­
леп, адамдардың әсемдік талғамын оятады. Тыңдаушының
сезімін қозғап, сүйсіндіреді де, баурап та алады. Онда карапай­
ым заттардың өзі асқақ поэтикалық толғаныспен бейнеленеді,

демек, эстетикалық қызметі де тегеурінді деген сөз. Жұмбақ­
тың тілі қарабайыр тіл емес, образды сөз, одан бір кездердегі
халықтың сұлулыққа құштар талғам-түсінігін аңдаймыз. Бір
ғана мысал: киіз үй—көшпелі қазақтың қатты қадірлеген,

күтіп ұстаған ең бағалы мүлкі. Оның іші-сыртын көз тартар­
дай етіп безендіруге, ою-өрнектермен, кілем-киіздермен, түрлі-
түсті бояулармен сәндендіруге көңіл бөлген. Қазақта киіз үй,
оның түрлі бөліктері, жиһаздары туралы жұмбақтар мол. Киіз

үйді жай суреттей салмай:
Бұғы, бұғы ұзын,
Бұғыдан да бойы ұзын.
Алтын қошқар мүйізі,

Аба киік терісі,—
деп ерекшелесе, оның жиналу, құрылу сәттерін:

алғы  сөз
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады.
Құсша қонады,—

деп елестетеді. Ал керегені:
Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,

Бірін жерге түптедім,—
деп те сипаттайды.
Киіз үйді бірде айдаһарға балап, «ішіндегі сүйектері
бақша-бақша, жарқылдар жалғыз көзі төбесінде» деп сурет­

тесе, енді бірде «ұзын-ұзын әулие, төбесін құрт жеп қойған
тұғыр төбе әулие» деп кестелейді. Бұл жұмбақта шаңырақ пен
уық тұспалданған. Енді бірде киіз үйдегі уық санының отыз
болатындығы—отыз

омыртқа,
керегесі—қырық
қабырға,
шаңырағы—ауыз омыртқа деген тамаша ауыстырулармен

меңзеледі.
Осылайша, тұрмыстағы мүлік-заттарды жарастықта бейне­
леуді мақсат еткен.
Жұмбақта байламының қасиеттері, қимылы, жеке бөлік­­

тері басқа бір құбылыспен салыстырыла отырып сипатта­ла­ды.
Адам айналасындағы, әлемдегі шексіз құбылыстар мен зат­
тарды бір-бірімен салыстыру арқылы таниды, салыстыра­тын
нәрсе­лер­дің жеке жақтары мен қасиеттерінің аралығын­дағы

заңды бай­ланысты табады.
Жұмбақ кейде бір затты, не құбылысты ғана нысанаға алу­
мен шектелсе, кейде бірнеше нысананы арқау етуі мүмкін.
М.Әуезов атап өткендей: «Жұмбақтың көп кездесетін тағы

бір ерекшелігі—заты шағын нәрселерді қосарлап, парлап
айту. Қол мен аяқ, қыс пен жаз, күн мен түн, күн мен ай деген
сияқты».
Бұл құбылыстар өзара ұқсас, тектес, ортақ қасиеттері бар

немесе қызметі жағынан бірдей болады. Мысалы:
Бір бие желіні егіз тапқан,
Айғыры туар күні үйірін тапқан.

жұмбақтар
Бірі ұлпал, ласының бірі жаңқа,
Япыр-ай, неткен зерек мұны тапқан.

(Саба, піспек, май, құрт)
Бір зат не құбылыстың жеке бөліктерін санамалап өтеді.
Киіз үй хақындағы жұмбақтар осы сөзіміздің айғағы:
Әлім, шәлім,

Екі байдың қызы екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.
Буы-буы, буы ұзын,

Буынан да қолы ұзын,
Аба киік терісі,
Алтын қошқар мүйізі.

(Бау, құр, екі үзік, төрт туырлық,

түндік, кереге, уық, киіз, шаңырақ)
Мәселен, түйе туралы жұмбақта түйенің өркеші, шудасы,
құйрығы, төрт аяғы, құмалақ тастауына дейін сөз болады.
Мәтіндегі сипаттамадан тұспалды құбылысты таба қою

әрдайым оңайға соқпайды, жұмбақ байламын оның логикалық
қалыптарын жіті ұғынып меңгерген адам сипаттама көмегі­
мен сезініп, тез көз алдына келтіреді. Жан-жақты білімді,
дүниетанымы, ой-өрісі кең, ұшқыр адам кез келген жұмбақты

жеп-жеңіл шеше алмауы мүмкін, өйткені оған да белгілі
дәрежеде дайындық, дағды керек-ті. Ести, тыңдай келе адам
жұмбақтың логикалық қалып түрлерін меңгереді, оны ше­
шуге машық калыптасады. Соны логикалық қалып түріндегі

жұмбақты шешуде адамның ойы әр саққа жүгіріп, іркіліп ка­
латыны да сондықтан.
Жұмбақтарда құбылыстың негізінен жанды-жансыздығы,
адам не хайуан екендігі, кеңістіктегі орны мен мекені, ауыр не

жеңіл қасиеттері нұсқалады.
Жұмбақта заттың түр-түсі, көлемі, қасиеті ауызға алыну­
мен қатар, оның атқаратын қызметі немесе қимыл-әрекеті
тілге тиек етіледі. Самаурын турасындағы жұмбақтардағы:

алғы  сөз
«Халықты айналдырып жиып алып, ол ердің бергеніне жұрт
қанады»; «Бір адамды қинайды, көп адамды сыйлайды»;
«Үлкен-кіші жиналса, отырады қасында»; «Ішіндегі қазинасы

сол сары алтын, жақсылар бөліп алады бәрі болып», «Өзіне көп
адамды асық қылған»; «Хан да жақсы көріп отырады қасында»
деген жолдар оның адамдар арасындағы қызметін паш еткен­
дей. Бұл жұмбақтар жай айтыла салмай нақышпен, жан беріле

суреттеледі. Самаурын адамға ұқсатылып, ер адам, келіншек,
ақ сәлделі қожалар кейпіне енеді, оған бөрік, тақия, камзол
кигізеді, екі иініне екі үкі тағады, самаурын сары айғыр, алтын
сандық не жәндікке ұқсатылады.

Бір зат қаншалықты көп жұмбақтардың өзегіне айналса,
әр жұмбақта нысана алуан түрлі өрнекпен бейнеленіп, алуан
белгілері төбе көрсетеді. Оның себебін адам танымының шек­
сіз мүмкіндігінен іздеу мақұл, айналадағы құбылыстар мен

заттардың қасиеттері ұшан-теңіз, адамның ой-өрісі кеңейген
сайын әр құбылыстың бұрын байқалмаған сыр құпиялары
ашылып, ол жайлы мағлұматтары мен түсінік шеңбері кеңейе
түспек. Демек, құбылыстардың қыр-сыры неғұрлым көп бол­

са, соғұрлым жұмбақталу ықтималдығы мол. Жұмбақшыға
биік ой-өремен бірге титімдейге дейінгіні қалт жібермей, дәл
көретін байқағыштық керек.
Жұмбақ өзі тұспалдаған заттың барлық қасиетін толық

қамтып, тұтас кескіндей алмайды. Жасырушы байламның бес
саусағындай білетін сан қасиеттер мен ерекшеліктерінің іші­
нен өзі қажет, маңызды, мәнді дегенін таңдап, талғап алады.
Осы тұста байлам мен образдың сәйкестігі, бірін-бірі ауыстыра

алатындай үйлесімділігі, логикалық қисындығы, көркемдік
сипаты ескеріледі. Жұмбақ—таным құралы, бір құбылысты
түрлендіре құбылту арқылы әр тарап, сан қырынан тануға бо­
лады.

Байламның қасиетін суреттеуде адамның барлық сезім
мүшелері ат салысады, өйткені адам айнала болмыспен
сезім мүшелерінің жәрдемімен қатынасқа түседі, көру, есту,
иіскеу, дәм тату көмегімен бір заттың екінші затқа ұқсас,

дара қасиеттерін ажыратады. Жұмбақта көру сезімі арқылы
білінген нысананың тұрпаты, көлемі, түр-түсі, кеңістіктегі
орны, қимыл-әрекеті көрінсе, басқа сезім мүшелері арқылы
қабылданған дыбыс шығару, ащы, тәтті, қышқыл дәмдері,

жұмбақтар
жақсы, жаман иістері, ыстық, суық, ауыр, жеңіл, қатты,
жұмсақ секілді толып жатқан белгілері мен мұндалайды. Бірде
жұмбақтар құбылыстардың сыртқы көзге көрініп, не сезілетін

қасиетін айтудан қашқақтап, тек ойлауға, қисынға негіздел­ген
қасиеттерін арқау етеді.
Кейде жұмбақ шешуінің нақты белгісі тым елеусіз болып,
абстракциялық логикамен ғана емеурін сәттері бар.

Мысалы:
Алпыс аттың етін жер,
Жілігін шақпай майын ішер.

(Алты ай қыс)
Жұмбақ ұлттық болмыс, дүниетаным, менталитеттен бастау
алатын кұбылыс болғандықтан, оның кейбір үлгілерінің басқа
этнос өкілдеріне түсініксіз, кілтін таптырмайтын, құпиясын

ашпайтын құлып болып қалуына таңданбаймыз.
Бұдан шығатын қорытынды: бағзы жұмбақтардың шешуін
табу үшін сол халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын да жақсы
білу қажеттілігі.

Жұмбақтың нақышты да айшықты образдарына, алмасты­
руларына арқау болатын нәрселер—адамдардың күнделікті
тұтынып, қолмен ұстап жүретін заттары, айналасында байқап
жүрген құбылыстары. Халықтық жұмбақтарымызда қазіргі

жас ұрпақ үшін беймәлім, ескілікті этнографиялық айғақтар
да қылаң береді.
Мысалы:
Ашамайын арта салдым,

Айыл жібін тарта салдым,—
дегендегі «ашамай»—сиырға салынатын ер. Не шыбынды
«қарқаралы қара құс» деген бейнелі жолдармен кестелейді.
Қарқара—қыздың сәукеле тәрізді бас киімдерінің сәндік үшін

қадалатын құс қауырсыны.
Сондай-ақ көшті кие тұтқан қазақ шаңырақ артылған
түйенің үстіне бірнеше шоқ қауырсыннан жасалған қарқара ор­
нататын болған. Ондай көшті «қарқаралы көш» деп, салтанат

тұтқан. Қарқара деген құстың да аты. Демек, жоғарыда аталған

алғы  сөз
образдың қазіргі оқырманға бейтаныс этнографиялық астары
бар.
Сандығымның ішінде сақам бар,

Бүк екенін, шік екенін білмеймін,—
деген жұмбақта әйелдің ішіндегі баланы меңзеп отыр. Мұн­
дағы «бүк» және «шік» сөздері ұлттық асық ойындарымыз­дан
туындаған атаулар. Жұмбақ байлауында «бүк», «шік» деп ұл не

қыз екенін емеурін еткен.
Әрбір жұмбақ—өз дәуірінің жемісі. Оларда сол дәуірдің бол­
мысы сәулеленеді, сол уақыттың шындығы бейнеленеді, осы­
лайша, жұмбақтар адамдардың шаруашылық, тіршілік тыны­

сынан, тұрмыс халінен мағлұматтарды жайып салады.
Мәселен:
Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан,

Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан,—
деген жұмбақтан Ресей патшалығы даламызда жүргізғен
отаршылдық нәтижесінде пайда болған әкімшілік жүйенің

таңбасы сезіледі. Дуан—аймақ, облыс деген мағынада, қазіргі
оқырманға жат архаизм.
Жұмбақтар көшпелі тарихты, жағдаяттарды суреттеуді
мақсат етпейді, оқиғаларды да баяндамайды, тек адам

айналасындағы зат-құбылыстарды тілге тиек етеді, олардан
образдарға нақыш боларлықтай өрнектер табады. Жұмбақтар­
дың қоршаған орта құбылыстарының, объектілерінің жеке
бөліктеріне назар аударатынын байқаймыз. Мәселен, адамның

дене мүшелерінен құлақ, мұрын, ауыздан басталып, айтыл­
майтын дүние қалмайды.
Жұмбақтың тақырыптық аясы өте кең. Кейінгі кезде
дәстүрлі тақырыптардың арнасы оқу-білімді, ғылым мен тех­

ника жаңалықтарын өзек еткен жұмбақтармен толыға түсті.
Жұмбақ тек заттарды сипаттаумен шектелмей, құбылыс
қозғалыстарды да көрсетеді.
Ескі кезеңдерде жұмбақтардың дені көшпелі өмір, қазақ­тың

байырғы, төл кәсібі—мал шаруашылығына қатысты объек­

жұмбақтар
тілерді көбірек қаузап, өзек етті. Жаңа дәуірде жұмбақ жа­ңа
зат, құбылыстарды бейнелеуде елгезектік танытты, бұрынғы
қорымыз отарба, ұшақ, ғарыш т.б. туралы жұмбақтармен байы­

ды. Адам танымының кеңеюімен байла­нысты құбылыс­тар­
дың ғылым арқылы айқындалған қасиеттерін суреттеу де өpіc
алды, мәселен, жер туралы жұмбақтарда оның домалақ­тығы,
қозғалатындығы тұспалданатын болды.

Абстрактілі құбылыстар туралы жұмбақтар сирек. Оның
себебі жұмбақтың дәлдікті, дәйектілікті калайтындығынан,
жанр дерексіз, бұлдыр қасиетті құбылыстардан әдейі қашып,
керісінше, қолға ұстарлықтай, көзге көрінердей нақты белгісі

бар заттарды бейнелеуге үйір. Абстракцияға негізделген
жұмбақтар адамның ойлау жүйесі марқая биіктеп, дамыған
кезеңдерде дүниеге келген.
Жұмбақтың айтылатын жері—көбіне ойын-сауық үсті,

той-думан, ол шілдехана кезінде көңіл көтерудің, сейілдеудің
құралы болған. Бұрын магиялық, ғұрыптық-діни нанымды
білдірсе, кейін мұндай сипатынан айрылған.
Жұмбақты дұрыс шешпеген кісілерді көпшілік күлкіге

айналдыра отырып, намысына тиіп, қалайда сайысқа даяр
болуға, есесін жібермеуге үйретеді. Қиын-қыстау жерде абыр­
жып, ыңғайсыз жағдайларға түсіп, тәлкекке ұшырамас үшін
жұмбақтың образдық өрнегіне, айтар тұспалына ойлы көзбен

қарауға, тапқырлық пен сергектік танытуды жүктейді.
Қазақ халқы жұмбақты адамдардың білім шарқын, параса­
тын байқататын үлкен өнер деп есептеген. Сондықтан жар таң­
даған қыздар, ақындар ғана емес, ел ішіндегі шешен, би тағы

басқа данагөй, қадірменді адамдардың бір-біріне жұмбақ жол­
дап, ақыл-ой сынасып, білім жарыстырып, таным салысты­ра­
тын да жарасымды өнегесі болған. Өзінің бастау көзін, өсіп-өр­
кен­деу жолын фольклор қойнауынан алатын жұмбақ бүгінде

жазба әдебиетімізде жалғастық тауып отыр. Жазба әдебиеті­
міз­дің көрнекті өкілдері—Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт т.б.
жұмбақ жанрларында қалам тартты.
Қазіргідей заманда көптеген фольклорлық жанрлар өмір­

ден ығысып, біржола өшіп жатқанда жұмбақ өміршеңдік
таны­туда. Дегенмен мәні біршама өзгеріп, басқаша оң сипатта
ғұмыр кешіп отыр. Әуелде халықтық жұмбақтар ауызша туып,
ауызша таралып, сақталып келсе, енді оқырман жұмбақтар­

алғы  сөз
мен кітап, газет-журнал беттерінде қауышады. Бұрынғыдай
фольклорлық жұмбақтар үздіксіз дамып, ұдайы тоқтаусыз
жаңа нұсқалар туып жатыр деп айту қиын. Өйткені ертеректе

ересектер өзара сынасатын болса, осы бір жарасымды дәстүр
ұмытылып бара жатыр. Жастар түрлі жиын-отырыстарында,
сауық кештерінде жұмбақты сирек айтатын болып жүр.
Қазіргі уақытта ересектер жұмбақты балаларға бағыштап

айтады. Демек жұмбақ тәрбиелік мүддеге толықтай бағын­
дырылған жанрға айналған. Жасөспірімдер қиял-ғажайып
әлеміндей ертегіні, қимыл-әрекет қажет етер ойынды жан
дүниесімен қандай сүйсе, жұмбақты соншалықты ұнатады.

Аталған жанрда белгілі бір өлеңдік қалып сақталмайды.
Оның ырғақтық-ұйқастық құрылымы сан түрлі өрнектеледі.
Олардың ішінде төрт аяғын тең басқан өлең түріндегі үлгілер­
мен қатар, қарапайым қара сөзбен келетіндері аз емес. Жұмбақ

жанрына тән басты ерекшелік—көлемі шағын, құрылымы
жағынан жұп-жұмыр, шымыр болып, аз сөзбен көп нәрсені айта
білуге бейімділігі. Кейде образбен өрілген кішкене ғана ұғымды
білдіретін сөйлем, не сөз тіркесі түрінде кездеседі. Осы жағы­

нан алып қарағанда мақал-мәтелге қатты ұқсайды. Жұмбақ
ішіндегі ассонанс пен аллитерация қатарласа, кабаттаса орна­
ласып, методикалық негіз жасайды, әуезділікке, саздылықка
жол ашады, әрі ойнақылық, жеңіл серпін туғызады. Мұндай

дыбыстық үндестіктер жол ішінде де ұшырасады.
Жұмбақтың көркемдігі жайында сөз қозғаған ғалымдар­
дың дені оның ең басты поэтикалық құралы ауыстыру.
(метафора) деп түйеді. Жұмбақ байламының бөлек, оқшау

тұратын, оның өзіне ғана тән, өзгелерде қайталанбас қасиетін
тайға таңба басқандай етіп ұсыну ауыстыруға тәуелді. Ауыс­
тыру құбылысты даралап, оның басқа құбылыстарда жоқ белгі­
сін көрсетуі қажет. Жұмбақта тұспал дап-дайын, ап-айқын

күйінде көрінбей, емеурінмен елес береді. Міне, ауыстырудың
дәнекерлік қызметі осы тұста. Ауыстыру арқылы байламның
сыңар бейнесі сомдалады, оның бейнесі басқа құбылысқа
көшіріледі. Яки ол тұспал мен байламның арасын байланыс­

тыратын «көпір» тәрізді міндет атқарады. Ауыстыруға түсер
салмақ—тұспал заттың ішкі, не сыртқы қасиетін тыңдарман
құлағына жеткізу, көзіне елестету.

жұмбақтар
Ауыстыруға арқау болған сөздер жай ғана алына салынған
баламалар емес, өмірден алынған нақтылы әсерлер, тәжірибе­
лерге сүйеніп, екі нәрсе, құбылыстардың ұқсастығын айқын

аңдап байқаудың нәтижесінде дүниеге келген.
Жұмбақтың тілдік өрнектерінде халықтың тарихи-қо­
ғамдық өміріндегі, тұрмыс-тіршілігіндегі өзгешеліктерді та­
нытатын, солардан туындаған нақыш-өрнектер, ауыстырулар

өте мол. Көбіне көзбен көріп, қолмен ұсталған, тұтылған заттар
ауыстыруларға желі болады. Ауыстыруларға ұйытқы, тірек
сөздер алуан түрлі, олар сан саналы табиғат құбылыстарына,
тұрмыс пен шаруашылық, әдет-ғұрып қоғамдық қатынастарға

байланысты лексиканы қамтиды. Желілік өзекті бейне ретінде
көрінетін аңдар мен құстар дүниесіне қатысты атаулар да
қисапсыз. Оларға аспан әлемі, өсімдік дүниесі, табиғаттың
мыңдаған құбылыстары арқау болады. Мәселен, жануарлар­

дан қоян—айнаға, ақ аю—түтінге, есек—арыстанға, ақ күшік
түкірікке ұқсатылады. Өсімдіктерге байланысты туындаған
ауыс­тырулар кем ұшырасқанымен, айрықша суреттілікке ие.
Қырғауылды «бір топ жыңғыл ішіндегі бір жапырақ қызыл

гүл» деп емеурінмен сездіру—сәтімен табылған образ. Не­
месе жылды бәйтерекке балап, оның жапырақтарының саны
арқылы он екі ай, күн, ай, түнді пернелеп жеткізуде кандай
жарасымдылық бар десеңізші.

Төмендегі жұмбақтың көркемдігі, адам сезіміне тигізер әсе­
рі де күшті.
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз иіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
Жұмбақ нысанаға алған аспан мен көк әлемін ғажайып алып
қарбыз күйінде әсерлеп беріп отыр.

Ауыстыруларға діңгек болатын заттар мен құбылыс атау­
лары өте көп: олардың кейбіреулері жұмбақ мәтіндерінде үнемі,
тұрақты қолданылса, екіншілері арагідік ұшырасады.
Салыстырулардың молдығы—халық қиялының сергекті­

гін, аңғарымпаздығын танытады, ойының ұшқырлығын мә­
лім­дейді. Әр тараптағы құбылыстардың арасынан ұқсастық

алғы  сөз
тауып, оларды теңестіру нәтижесінде пайда болған ишара
тыңдаушының ой сезімін қозғайды, көңіліне ұялап, ассоциа­
ция туғызады.

Қазақ жұмбақтарының ішінде адам, оның дене мүшелерін
өзек еткен жұмбақтар көп. Адам бірде бәйтерекке, тауға салыс­
тырылады. Адамның дене мүшелерін араб әліпбиіндегі оның
белгілеріне ұқсатылуы да қызғылықты:

Бір «әліп» мұнарадай көрім керген,
Екі «мәт», екі «сәкин» оған ерген.
Болғанда «иа» ден камал, нұрдан гауһар
Болады данышпандық мұны білген.

(Адам, көз, жас, екі құлақ)
Бұл жұмбақ Қытай қазақтарының арасынан жазылып
алынған. Қытай қазақтарының күні бүгінге дейін араб әліпбиін
қолданып отырғаны мәлім.

Әліп, яки «алиф»—араб әліпбиінің алғашқы әрпі, ұзын
таяқша түрінде оған адам ұқсатылады, мәт, яки «мадда»—сөз
басы мен сөз ортасында екі алиф қатар келгенде қойылатын
белгі, көзге баланған, сәкин—«сукун» екі дауыссыз арасында

дауысты дыбыс болмаса, бірінші дауыссыздың үстіне «сукун»
қойылады. «Сукун» көзден аққан жасқа, арабтың «иа» әрпі
құлақка теңестіріледі.
Кейде

жұмбақ
қалыпты
өмірді
әсерлеп,

асқақтатып
бейнелеуі мүмкін. Тұрмыстағы қарапайым жай заттардың
өздері де көркем, әдемі, жанды суреттеледі. Жұмбақтың тілі—
сөзге қанат бітіретін нақысты, бейнелі тіл.

Халық әдебиетінде жиі ұшырасатын айқындау алтынға
байланысты. Қазақ жұмбақтарында «алтын» айқындауы әсер­
лілік үшін заттың, не құбылыстың ерекше касиетін аңғарту
мақсатында жұмсалады. «Алтын» сөзі күнге байланыс­ты

жұмбақтарда «алтын бесік», «алтын бәкі», «алтын алма» деген
тіркестердің құрамында келіп, күннің нұрлы, шашақты түсін
бейнелейді.
Айдын көлде алтын тас,

Ау салса да алынбас,—
2-298*

жұмбақтар
деген жұмбақта «алтын» деген айқындау тістің саф таза,
жарқыраған түсін елестету үшін алынған.
Метафора кейде кейіптеу түрінде бой көрсетеді. Жұмбақ

табиғат құбылыстарын құдды тірі адамдай суреттеп, оған жан
бітіруге бейім. Жұмбақ неғұрлым қиын болса, оны шешу де
соғұрлым күрделі. Осыны күрделендіру мақсатымен көбіне
жанды зат болса, оны жансыз затқа теңестіріп айтады. Керісін­

ше, жансыз затты жанды затқа балап, соның қасиеттерін да­
рыта бейнелейді.
Қазақ жұмбақтарында тек табиғат құбылыстары ғана емес,
сонымен бірге тұрмыстағы заттар, шаруа құралдарына қызық-

қызық қимылдар жасатып, тың шырай беру мәнері өрістеген.
Жұмбақ жансызды қимылдатып қана қоймайды, сонымен бірге
сөйлетеді де. Кейбір заттар адамша сөйлеп, адамша ойлайды,
хатты «аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ сөйлейді» деп астарлап

сөйлеу—осы ойымызға айғақ.
Жұмбақта адам ойына келмейтін оқыс, шындықтан шалғай
құбылыстарды бейнелеп көрсете беру қалыпты машық болып
табылады. Осылайша, тыңдаушыны жауапты тап басудан адас­

тырады.
Мысалы, найзағай туралы:
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті,—

деген жұмбақты алайық.
Әрине,
аспаннан
күбінің

түсуі—өмірде
болмайтын,
қисынсыз, адам сенбейтін сурет. Оқыс сурет адамды бей­жай
қалдырмайды, шешуін іздеп, басын қатыруға жетелейді. Не­

месе:
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың

Бетіне бетегесі шығып жатқан,—
деген
шумақтағы
образды

жолдар,
күрделі
ауысты­
ру тыңдаушыға ой салмай қоймайды. Қырым—жер аты,

казақтың дәстүрлі фольклорында ежелден бар бір кездегі та­

алғы  сөз
рихи жағдаяттарды, Алтын Орда, Ноғайлы дәуірлерін еске
түсіретін атау. Қырымдағы құдық ауызға алынады, алайда
оның суының шілде күні, жаздың ыстығында мұз боп қатуы

кісіні иландырмайды, десек те тындаушыны селт еткізеді, ой-
қиялын әр тарапқа жүгіртеді. Образды ой одан әрі үстемелене,
еселене түседі. Сіресіп қатқан мұздың бетіне бетегесі шығып
жатуы қалай? Жұмбақтың шешуі күнде ішіп жүрген айраны­

мыз. Алайда оның шешуін табуға ойы ұшқыр болмаса, кез кел­
ген кісінің зердесі жете қоймайды. Жұмбақ әлгіндей оқыс су­
рет, парадокстарға әдейі ұрынады.
Жұмбақта құбылтудың бір түрі әсірелеу, яки гипербола­

ны кездестіреміз. Әсірелеу дегеніміз—ойды көркем, бейнелі
жеткізу үшін бір затты немесе құбылысты әдеттегісінен гөрі
үлкейтіп, асқақтата, әсерлеп беру тәсілі:
Алып соғып арс етті,

Даусы Самарқанға жетті,—
дегендегі «алып»—мылтық, оның даусының құлақ жарар­
дай қаттылығымен бір қиырдағы Самарқанға жетеді деу адам
сенгісіз, тек әсерлік үшін алынған. Екінші бір жұмбақта

мылтықтың даусын былайша ұлғайтып суреттейді:
Қара күшігім қаңқ етті,
Даусы Бұқараға жетті.
Немесе:

Шешесі мәсісін кигенше,
Қызы Мәскеуге барып калды,—
деген жұмбақта түтіннің жылдам қозғалысы ақылға сыймай­
тын шамада бейнеленген. Осылайша ұлғайту арқылы тыңдау­

шы­ны оқыс сурет, образбен елең еткізуді, көңілін аудартуды
мақ­сат етеді.
Қазақ жұмбақтарының көркемдігін сипаттайтын және бір
қасиеті—формулалық қайталама жолдардың, тұрақты об­

раз жолдардың молдығы. Әлгіндей дайын машық, жаттамалы
жолдар жұмбақтың ауызша туу табиғатымен байланысты, олар

жұмбақтар
қолма-қол суырып айтуға мүмкіндік туғызады. Енді осындай
көп қайталанып келетін ұйтқы образдардың кейбіреулеріне
тоқталып өтелік. Сондай тұрақты ауыстыру—құдық. Көшпелі

қазақтың тұрмыс-тіршілігі құдықпен байланысты. Құдық де­
генде ең алдымен су көз алдымызға тұра қалады, су—тіршілік
негізі. «Кішкене құдығымның суы тәтті»—деген жіліктің ма­
йын меңзеген. Жұмбақ көлемі шағын болуына қарамастан, тар­

тымды. «Суы тәтті» дегеннің тасасынан жілік майының ерекше
дәмділігі аңғарылады, әрі дараланып, әрі шұрайлы беріледі.
Дәуіттегі сияны құдық ішіндегі суға балайды:
Жапанда бір құдық бар суы тәтті,

Ішінде бір бәйтерек бек айбатты.
Жаралған десең болар қандай шебер,
Адамзат не бол десе, сол болыпты.
Дәуіттің сыртқы пішінін, қасиетін құдыққа ұқсатуы

байқағыштық, сия—су тәрізді сұйық зат, құдық та сауыт та
сұйықты сақтайтын орын, ал құдықтағы бәйтерек—ұзын
қаламның тұспалы. Бұл екеуінің сыртқы тұрпатынан сәйкес­тік
тапқан.

Жалғанда бір құдық бар суы тәтгі,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты,—
деп мал саууды құдықтан қауғамен су тартуға салыстыруы шы­
найы, құдық суы да, сүт те—сұйық, екеуі де тәтті, құдық—

иініп тұрған мал, су тартатын қауға—сүт құятын шелек, ал бес
бәйтерек—сүт сауған бес саусақты елестетеді. Бірнеше ауыс­
тырулар тізбектесе келіп күрделі ауыстыруға айналған.
Жұмыртқаны құдыққа ұқсатып, оның ішіндегі уызын суға

балағанда да уыз бен судың сұйық екендігіне негізделеді.
Бір құдықтың екі алуан суы барды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
Жұмбақ парадокс тәсіліне жүгінген. Құдық суының екі

алуан болуы логикалық тұрғыдан қисынға томпақтау, адам­

алғы  сөз
ды таң тамашаға қалдыратын оқыс көрініс, осынысымен ойға
жетелейді.
Бір тастың қақбасында құдығы бар,

Құдықтың айналасы бәрі де жар,—
деп білте шаммен құдықтың сыртқы пішінінен ұқсастық іздейді.
Жоғарғы мысалдар жұмбақтың тұрақты ауыстыруларды сан
құбылтып, тосын мағына беріп қолданатындығын көрсетеді.

Жұмбақтағы бүркеме зат адамның күнделікті өмірден көріп-
біліп жүрген заттарымен ұқсатылғанда тартымды, әсерлі бола
түспек. Құдық бақташылық кәсіппен шұғылдану, еңбек әрекеті,
тұрмыс қажеттілігі арқасында қазаққа етене жақындығы­мен

жұмбақтың ұдайы ауыстырылуына өзек болған.
Дария—казақ жұмбақтарында белсенділік танытқан об­
раз. Дария деп ағып жатқан үлкен ағынды су, өзенді атайды.
Сондықтан қазан ішіндегі сорпаны—дарияға, пісіп жатқан

етті дарияда жүзген жайынға теңеуі нанымды, ауыстырулар
кішірейту, яки литота тәсілімен берілген.
Дария—тоқтаусыз қозғалыс үстіндегі сұйық, сол себепті
жұмбақ диірменге салынып, содан тоқтаусыз ақ ұн болып

шығып жатқан бидайды дарияға теңеуінде қисын бар. Дария
сөзі жұмбақ мәтіндерінде өзінің нақты мағынасына қосымша
ұғым-түсініктер жамап алады.
Дүниеде бір дария беті қатқан,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.
Қараса, сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың суын татқан.
Бұл жерде дария—шетсіздіктің өлшемі. Жұмбақ оқу, білім

алуды жасырып отыр. Оку-білім іздеу «инемен құдық қаз­
ғандай» тынымсыз еңбектенуді тілейді, соңына түскен адамға
ұшы-қиыры жеткізбейтін шексіз, сарқылмас қазына, мұнда
байламның ішкі мәнін айтпақ. Жұмбақтың кең, шетсіздікті

оқу-білімнің соңына түсудің киындығымен қиюластыру көр­
кем­дік ассоциация.
Дария арқылы меңзелген оку-білімнің ауырлық ұғымы
келесі жолдағы құдық ауыстыруымен толықтырылады, екі

жұмбақтар
образ бір-біріне сәуле шашып, тізе қосып мазмұнды аша­
ды. Құдық түбіне қарасақ, көз жетпейді, демек, түпсіз терең,
оқудың түбі шыңырау, оны қазған адам тұңғиығына жет­пейді,

осы екі құбылыс көркемдік ассоциация жолымен тоқай­лас­
қан. Құдық дегенде оның суы болатыны айтпаса да түсінікті,
бірақ жұмбақта су ауызға алынбаған, эллипсис тәсілімен тас­та­
лып кеткен. «Құдықтың дәмін тату»—оқу-білімге бет қоюдың,

рухани жетілудің ишарасы. Кеңестіктің көлденең алғандағы
шексіздігі—дария, тігінен алғанда тереңдігі құдық ауысты­
руларымен нұсқалған. Дария, кұдық ауыстырулары мәнді,
мағыналы тұжырымдарды әсерлі жеткізген.

Демек, руханият дүниесіне қатысты абстрактілі, дерексіз
ұғым нақты зат-құбылысқа.
(құдық, дария) баланып, көрнекті сипат алады, деректілік
күйге енеді, нәтижесінде рухани құбылыс материалдық сипат­

пен елестейді.
Жұмбақ жан-жағын жалмап, тып-типыл етіп өте шығатын,
тілсіз жау—өртті жалмауыз, мешкей, адамзатқа залалды
айдаһар кейпіне көшіреді. Өртке күйіп, шаруаға қол-аяғы жа­

рамай қалатын адамды:
Аузына айдаһардың түскен елдер
Жарамай іске енді деп бара атыр,—
деп суреттейді. Жұмбақ нысананың өзі қалаған, сүйіп, ұнатқан

қасиетін дөп басуға ұрымтал образдар іздейді.
Ертегілерде айдаһар аузы ерекше үлкен болып көрсетіледі.
Ол оянып кетіп, ысқырып аузын ашқанда, адам болсын, ұшқан
құс болсын, мал болсын, аң болсын—бәрі домалап жұтылып

кетеді. Көріктің от шашқан қалпын айнытпай жеткізу
мақсатымен жұмбақ оны «аузын ашқан айдаһарға» ұқсатады.
Қақпанның «иір тілі», қармақтың «жалғыз тілі»—айдаһар
тіліне жанастырылуы нанымды. Қақпан мен қармақ өзіне

жақындаған, сүйкенген жандыларды айдаһар тәрізді «тірі
жібермейді», ажал құштырады. Ертегілердегі айдаһар—көп
басты мақұлык, Қайшыны жұмбақ екі басты айдаһарға балай­
ды. Алдына келгенді турап түсетін өткір бәкіні де суреттеуде

мифтік ұғымды тірек етеді:

алғы  сөз
Айдаһар жылан көрдім екі басты,
Бір басы бір басынан екі елі асты.
Аузына қанша нәрсе түссе дағы

Аптығып өз-өзінен жұта алмас-ты.
Нысананың қасиеттерінің толық ашылуы ауыстыруды
қыбын тауып ұсынуында. Жұмбақ бәкінің тек кесіп, жеушіге
даярлауға көмектесетін қызметін «аптығып өз-өзінен жұта

алмас-ты» деп даралайды.
Қазақ жұмбағының шабыттана, кең камтып кестелеген
тақырыбы—аспан әлемі, күн, ай, жұлдыз, найзағай т.б. Әсіресе
ай бейнесі жан-жақтан, әр тараптан жарқырай ашылып, алуан

ауыстырулардың өзегіне айналған. Нақтылай айтсақ, жарты
күлше, ақтоқым, ақ үйрек, түйір қалам, кепкен бауыр, жарты
нан, дуадақ, тайдың ізі, бір қалаш т.б.
Жұмбақтың айды «күндіз жатып, түнде шығар айдаһардай»

деп бедерлеуі де әсерлі, бағалы айқындауларға артылар жүк
тұспалды нысананың ішкі-сыртқы көріністерін тыңдарман­ның
көз алдына елестетумен шектелмейді, әрі селт еткізер, қиял
қозғар, ойды оятардай тегеурінді образ сомдау қоса жүктеледі.

Айдаһарға тұрақты ауыстыруы жұмбақ байламдары тура­сында
мәлімет жеткізіп қана қоймай, оны бейнелі, ғажайып сурет­ті
етіп кескіндейді.
Жұмбақтағы хайуанаттар дүниесінен алынған үйреншікті

образ—құс. Жарғанат пен үкі туралы жұмбақта құс бала­
масының қолданылуы тегін емес. Осы балама тындаушыға
тұспал бейнені құстар әлемінен іздеуге жетелейді. Жарға­нат­ты
«ішкен асын жан білмейді, адамға жұмыртқасын көрсетпей­

ді» деп жалпылай нұсқаса, үкінің өзгеше қасиеттерін «тұмсы­
ғы—имек, көрмейді күндіз көзі, шарықтап көкті кезіп, күндіз
ұшады» деп қолға ұстатады. Жәндіктерден сары маса мен шы­
бынды құсқа теңестіруінде де логикалық қисындылық бар.

Сары маса мен шыбын да құс тәрізді қанатты, әрі ұшады.
Масаның адамзат пен жануарларды шағып тыным бермес
қасиетін төмендегідей жолдармен даралайды:
Барлығы мақұлықтың ығыр болып,

Даусын естігендер зыр қағады.

жұмбақтар
Жансыз заттар мен құралдардан құсқа ұқсатылатындар:
қайшы, пароход, телефон, қалам, айна, ұршық, вело­сипед,
киіз үй, атылған оқ, баспа машинасы, түндіктің бауы.

Пароход пен атылған оқ қасиеті мен кеңістіктегі орны­
на қарай құспен ауыстырылған: Пароходтың суда құсша
еркін жүзетіні, ал атылған оқтың құсша аспанда зымырап
ұшатыны мәлім. Ал аты жоғарыда аталған заттар мен құсқа

сыртқы пошымы жағынан ұқсатылып отыр. Киіз үйдің өзін
құсқа теңеумен бірге оның шаңырағы мен түндігін де құс
бейнесіне ендіреді.
Қазақы тымақты сыртқы түріне қарап құсқа балауында да

нанымдылық байқалады:
Басы жоқ, құста біткен екі қанат,
Адамнан қалмаймын деп қылдым талап.
Ішінде қанатының екі жіп бар,

Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.
Бас киімді—тымақты құс кейпінде берудің үлгісін «Ко­
декс—куманикустен» де оқимыз. Дойбы тастарының тақ­та
үстінде тізіліп қойылуын «бір топ қонған құс» ретінде сурет­теуі

де шындыққа жанасымды.
Бесік ішінде аяқ және көкірек тұсынан баумен шандып
байланған бүлдіршін бала кейпін тебіренерліктей бейнелейді.
Ағай, ағай, ағай құс,

Аяғынан танған құс.
Көгей, көгей, көгей құс,
Көкірегінен танған құс.
Ағай, көгей—мағынасы жоқ айқындаулар, осы сөздердің

үш рет жол соңында құс ауыстыруының еселенуі жұмбақка
ырғақтық, өлеңдік әуезін дарытады.
Халық ұғымында жорға—жүйріктіктің, алғырлықтың
бейнесі, дестіге сөз бермейтін шешенді жорғаға теңестіреді.

Жорға деп жылқының төрт аяғын тең салып, ырғатыла, тайпа­
ла басқан жайлы жүрісін айтады. Міне, сондықтан түйенің маң-
маң басып келе жатқанын «боз жорғаға» теңестіреді. Жорға­ның
басқа жылқы түрлерінен өзгешеленер тұсы—жүргіш­тігін­де,

алғы  сөз
ұзақ шабатын шыдамдылығында. Боранды «ақбоз жорға»,
«бозжорға» бейнесінде алғанда оның қозғалыс жыл­дам­ды­ғын
суреттемек ниетте. Инені «табаны үшкір көк жорға» дегенде

жылдам, сумаң-сумаң еткен қимыл шалттығын көрсет­пек­
ші. Қаламның қағаз үстінде жазу жазғанын жылқының жорға
жүрісіне балайды. «Бесеу ара бір ат» дегенде қалам ұста­ған бес
саусақ көз алдымызға келе қалады. Шананы да жорғаға са­

лыстырып, былайша кестелейді:
Тайпаңдайды бүгілігі құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе де,

Иіліп жерден шөпті жемес сонда.
Бұрыннан сыр мінез жорға заманамен келген жаңалықты,
аэропланның талмас, қайтпас суретін бейнелеуге келген­
де икемділік байқатады. Мотоциклді жорғаға теңеуінде де

шындықка жанасымдылық бар.
Жұмбақтардағы тұрақты қыз ауыстыруы тұспалды сипат­тан
хабар беріп қана қоймай, оны реңді етіп, шырайландыра түсетін
образ. Қыз—сұлулықтың, әдеміліктің, тазалықтың белгісі.

Бойжеткен сымбаты, ең алдымен, қыпша белімен, сұңғақ бойы­
мен көз тартады. Сондықтан тұлабойы жып-жинақы, белі бір­
неше жерден қылдай байланған сыпырғышты шашын тарап,
бетін жуған нәзік белді, талдырмаш қызға теңестіруі әрі дәл

һәм ұғымға қонымды.
Жұмбақ өзі жасырған нысананың ұзын да жіңішкелігін
баса көрсету үшін қызға ұқсатады. Сөзімізге айғақ етіп жы­
ланды, сәбізді, шалғының шөп шабуынан қалған ізді қызға

айналдырғанын айтар едік.
Құлпырған терісімен көздің құртын жер қызыл түлкіні
қызға теңеу халық ауыз әдебиетінде бұрыннан бар. Міне, осы
дағдылы образ жұмбақта ауыстыру түрінде қайта жаңғырады.

Қыз сөзі ауыстыруларда түпкі мағынасынан алшақтап, сан
қилы қосымша бұрма мағыналар үстемелеп алған. Қыз қол
жетпес құштарлықтың, адамды алдаусыратар құмарлықтың
символына айналған. Халық жұмбағы аруды ауызға ала оты­

рып, кісіні сағымдай тартып, арбайтын жан рахаты—сейіл
құрып, аңшылықка шығуды ымдайды. Қызды айту арқылы

жұмбақтар
аңшылық кезінде түлкі оңай олжа, жеңіл сауға болмайды
дегенді нұсқайды:

Бір қыз бар дүниеде шынарланған,
Со қызға елдің бәрі құмарланған.
Бір адам, бір хайуан, бір жануар,
Ақыры сол қызды үшеуі алған.

Жұмбақ дүниеге ақынша карап, нәзіктікпен қабылдайды,
қоршаған орта, табиғаттан жарастық, сұлулық іздейді. Мәселен,
аспандағы самсаған жұлдыздардан әдемілікті көріп, сезінеді,
оларды қыз бейнесіне көшіреді.

Шыбындарды да «бір топ қыз» кейпінде ендіріп, олардың
салқын түсе жоқ болатынын, жаз шыға қайта пайда болаты­
нын:
Қырға барып қырылдық,

Уағында тірілдік,—
деген жолдармен тұмшалайды.
Жұмбақтардың тағы бір стильдік ерекшелігі—экспрессивті
бояуы күшті, модальдік реңкі бар сөздерді образ үшін кәдеге

жаратуы.
Мұндай
мақсат—ойға
алған

заттың
белгісін
тыңдаушыға дәл әрі сезіміне әсері тиетіндей етіп жеткізу.
Осы орайда еліктеуіш сөздерді жатсынбай пайдаланатынын

баса көрсеткен жөн. Еліктеуіш сөз деп табиғатта ұшырасатын
сан алуан құбылыстар мен заттарды бірін-біріне қақтығысу-
соқтығысуларынан туған дыбыстарды есту қабілеті арқылы
белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаулардан болған және

сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айта­
мыз.
Мысалы, қамырды «былқ-былқ, былқ семіз», ал түтінді
«елбең-елбең етеді» дегендей бейнелеуіш сөздермен жандан­

дыра суреттейді. Бұл мысалдар көзбен көруге арналған образдар
болса, төмендегілер дыбысқа еліктеуден туған сөздер: самау­
рынды «салдыр-салдыр сары айғыр», есікті «әрі лап-лап, бері
лап-лап», кілтті «кірт етіп кіріп кетті, сырт етіп шығып кетті»

деген еліктеуіш сөздермен береді.

алғы  сөз
Жұмбақтардың ішінде өлең түрінде келетіні де аз емес.
Образдық жүйесінде ең көп қолданылатын поэтикалық құрал—
ауыстыру. Бұл жанрда тұрақты формулаға айналған образдар,

сөз тіркестері баршылық.
Көптеген жұмбақтардың ұзақ уақыт өміршеңдікпен халық
жадында ұмытылмай сақталуының сыры неде? Себеп—
жұмбақтардың сүрең, қарабайыр жолдар болып келмей, мар­

жандай тізілген ашықты, әсем образды сөздерге толы бо­луын­
да. Қиыннан қиысу, ықшамды, қысқа болуына қара­мастан,
ойнақы, сыңғырлаған поэзиядай сұлулық—жұмбақтарға тән
қасиет.

Жұмбақ әр алуан жанрлармен араласып, тоғысып жата­
ды, аралық жанр да түзеді. Зерттеу барысында төмендегідей
аралық түрлер айқындалды: жұмбақ сауал, санамақ жұмбақ,
шешендік жұмбақ, мақал жұмбақ, өлең жұмбақ, әбжад жұм­

бақ, есеп жұмбақ, түс жұмбақ, ертек жұмбақ т.б. Эпостық жыр­
ларымыз бен ертектеріміздің ішінде жұмбақтар мол табыла­ды,
кейіпкерлер жұмбақ арқылы тілдесіп, ақыл-ой сынасады.
Ертегілердің сюжеттік желісінде жұмбақтардың белгілі

дәрежеде орны бар, көркемдік айшықтаушылық құрал ретінде
де жұмсалады. Жұмбақтар ертегінің сюжеттік композиция­лық
желісінің шымыр өрілуіне септеседі.
Төл мұраларымызды Алтай түріктерінен бастап Анадо­

лы түріктеріне дейінгі аралықтағы қандастарымыздың жұм­
бақтарымен салыстыра қарағанымызда, егіздің сыңарындай
ұқсастықтар мен ортақ қабаттарға айрықша бай екендігіне
көзіміз жетті. Мысалы, жұмбақтардың туысқандықты өзек

еткен логикалық қисындағы түрі тек қазақтарда ғана емес,
қарашай, түрік жұрттарында да таралғандығын аңғардық.
Жұмбақты топтасып жасыру, шешу ғұрпы, шеше алмағандар­ды
жазалау, мазақ ету үрдістері түркі бауырларымыздың біразын­

да үндесіп жатады.
Айтыс арқылы қазақ жұмбағы жаңа биікке көтеріліп,
іргесі беки түскен. Суырып салма ақындар жай сөзбен бірін-
бірі жеңе алмаған жағдайда жұмбақ айтысына көшіп, білік,

ой таластырған. Жұмбақ айтыс жазбаша сипатта да дамып,
ақындардың хатпен жұмбақ жолдау салты да жайылған. Ай­
тыс­қа ұласқан жұмбақтың тақырыптық аясы кеңейді, қоғам­
дық, әлеуметтік мәселелерді көтеруге икемділігі байқалды.

жұмбақтар Ақын­дар жұмбақтардың күрделі әрі тізбекті түрлерін пайдалануға көңіл аударып, әрі көркемдік жағынан ұштай түсуге мән берген. Бүгінгі авторлар қолынан шыққан жұмбақтарда жанрдың байырғы үрдісі, орныққан қалпы, сыннан өткен тәсілі шаң беріп қалады. Қазіргі жұмбақтар белгілі жас шамасындағы мектеп оқушыларына, балаларға арналады, сол себепті олардың жасы, қабылдау мүмкіндігі ескеріледі. Балаларға бағыштап өлең, ертегі, жұмбақ жазатын қаламгерлер халық тәжірибесінен тәлім алып, оның жақсы жақтарын бойға сіңіруге ұмтылады. Авторлы жұмбақтарға көңіл аударғанымызда халықтық жұмбақтардың ізімен туғандай әсер беретіні де жасырын емес. Қорытындылай айтар болсақ, жұмбақ ұлттық фольк­лоры­ мыздың қанаттанып дамыған, үлкен орны бар саласы болып есептеледі. Шамшәдин Керім, филология ғылымдарының докторы, профессор

Төңірегі тең көрініп,
Теген жатыр төңкеріліп,
Жас та сиған, кәрі сиған,
Астына оның бәрі сиған.

(Аспан)
Күндіз беті таза,
Түнде бетін әжім басты.

(Аспан)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

(Көк, аспан)

Бір түкті кілем,
Бірі түксіз кілем.

(Аспан, жер)

Жапанда жайнап тұрған бір бәйтерек,
Заты бар бұтақ сайын жанға керек.
Балта, шөміш, түрен мен мойынтұрық-
Төртеуін таңдап алдым ерекше елеп.

(Түнгі аспан, үш арқар, жетіқарақшы,

көк­бозат, ақбоз-ат, арқан, таразы

жұлдыздары) Аспан әлемі 1. 2. 3. 4. 5.

жұмбақтар
Түбі көк дария,
Іші мұнара,
Отыз шешегі.

(Аспан, отыз күн)

Екі тері,
Екеуі де кең тері.

(Аспан, жер)

Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.

(Аспан, жер)
Бір қоян қайың тауды арқалаған,
Ертерек қоян еді марқалаған.
Жолында алтын гауһар толып жатыр,

Еш адам ала алмайды балталаған.

(Күн мен сағым)

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,
Екеуі қызықтырған талайыңды.
Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,
Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

(Ай, күн)

Су ішінде екі жайын,
Бірі кетсе, бірі дайын.

(Ай, күн)

Айтайын мен жұмбақ сексен сегіз,
Шешуі қиын емес ескерсеңіз.
Болады бірі өткір, бірі өтпес,
Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз.

(Ай, күн)

Тең,тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Арасында киіздің
Сайрандаған қос мүйіз.

(Ай, күн) 6. 7. 8. 9. 10. 11. 12. 13.

аспан  әлемі
Біреудің бір ұлы бар және қызы,
Біледі ол екеуін дүние жүзі.
Ұйықтайды ұлы түнде, қызы күндіз,

Жүргенде білінбейді басқан ізі.

(Күн мен ай)

Алтын кетті,
Күміс келді.

(Күн мен ай)

Дарияда жайын жүзер дөп-дөңгелек,
Қанаты асты қара бір көбелек.
Жанады бір шаһардан сансыз шырақ,
Адамға қиын екен санап білмек.

(Ай, күн, күндіз, түн, жұлдыздар)

Бір анасы, бір атасы,
Бірнеше мың баласы.

(Ай, күн, жұлдыздар)

Көрінді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі арық, бірі семіз,
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

(Аспан, он екі ай, бір ай ораза, үркердің

бірде жеті,бірде сегіз болып көрінуі)
Ай далада ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.

(Аспан, күн)

Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.

(Күн) Табан, табан, табан ақ, Табаны жалпақ қоян ақ. 3-298* 14. 15. 16. 17. 18. 19. 20. 21.

жұмбақтар
Күлген көзі күмістен,
Келе жатыр қоян ақ.

(Күн)
Ар жағында орманның,
Ар жағында таулардың,
Алтын кеспек домалар.

(Күн)

Дүниеде бір алыпты көрдім күшті,
Бар салмақ дүниедегі соған түсті,
Құнарлы қуатынан тояттанып,
Әртүрлі жер бетінде жеміс пісті.

(Күн)
Көк жиекті шай табақта
Алтын алма тербелер.
Кейде бүркер алма жүзін

Ұлпа мақта пернелер.

(Күн)

Қызыл күлше тау асады,
Ыстық нұрын шашады.

(Күн)

Аспанда бір айна бар,
Әлемді көріп айналар.

(Күн)

Ұзын-ұзын сырғанақ,
Ұшығына кім жетер?
Асыл бесік күйкентай,
Жұмыртқасын кім табар?

(Күннің батуы, шығуы)

Ақ сандығым ашылды,
Ішінен дүрлер шашылды.

(Күннің көзі)

22. 23. 24. 25. 26. 27. 28.

аспан  әлемі
Ақ сандығым ашылды,
Қызарып жалын шашылды.

(Күн)

Жалғанда бір нәрсе бар аяқ қапты,
Ұшады кешке дейін дамыл таппай.

(Күннің көзі)

Керегенің басында кепкен жаулық,
Кет десем де кетпейді, неткен жаулық?

(Күннің кереге басына түскен сәулесі)
Бір анасы,
Бір атасы,
Бірнеше мың баласы.

(Ай, күн, жұлдыздар)

Көк жүзіне қарасаң, төбеңде тұрады,
Көл бетіне қарасаң, төменде тұрады.

(Күн, ай, жұлдыздар)

Ғажайып сылақтаған бір арғымақ,
Бірі алтын, бірі күміс екі құлақ,
Болғанда жеті әйелмен аямай-ақ.

(Күн, ай, отыз күн, апта)

Қарындасы қонаға
Ағасын іздеп келгенде,
Ағасы қашып кетеді,
Үйден шығып бір жерге.

(Ай мен күн)

Ақырған айдаһардай арыстаным,
Айтысып тағы жұмбақ қалыспағын.
Екі өркеш, жеті башпай жұмбағым бар,
Осыны ойламай тап, данышпаным.

(Ай, күн, апта)

29. 30. 31. 32. 33. 34. 35. 36.

жұмбақтар
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,

Таңырқап қарап тұрсам суретіне.

(Ай)
Төсек астында жарты нан.

(Ай)

Жабық астында жарты күлше.

(Ай)
Үй астында ақ тоқым.

(Ай)

Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.

(Ай)

Көп моншақ ішінде бір түйір қалам.

(Ай)

Керегенің басында кепкен бауыр,
Кесіп алса таусылмас неткен бауыр?!

(Ай)

Айдаһар күндіз жатып, түнде шығар,
Қаһарлы қалыбына әркім құмар,
Болыпты туғаннан-ақ күнмен талас,
Күнді көрсе, айдаһардың жүзі солар.

(Ай)

Күндіз әйнегі сынады,
Түнде орнында тұрады.

(Ай)

Кішкентай нан барша ғаламға жетеді.

(Ай)

37. 38. 39. 40. 41. 42. 43. 44. 45. 46.

аспан  әлемі
Жабықта жарты нан.

(Ай)
Көк көрпенің ішінде жарты нан.

(Бұлт ішіндегі ай)

Қонақтап күнде келер су бетіне,
Пар келмес гауһар заты келбетіне.
Сәулесі су жүзінде дірілдейді,
Тамаша қарап тұрсаң суретіне.

(Ай)

Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын.

(Ай)

Кейде орта, кейде толы бір тегене,
Көрінер кейде күндіз, кейде түнде,
Бетіне ақ шағыдан перде тартқан,
Балалар, ойлап қара, бұл немене?

(Ай)

Он төрт—он бес жасында
Адамның басындай.
Бір және отыз жасында
Адамның қасындай.

(Ай)

Тап-тап, табан ақ,
Табаны жалпақ қоян-ақ,
Тайшыағардан су ішіп,
Туып тұрған дуадақ.

(Ай)
Көп бауырсақ ішінде бір қалаш.

(Ай)
Қырда қылыш жарқырайды,
Ойда атан бұрқырайды.

(Ай, өзен) 47. 48. 49. 50. 51. 52. 53. 54. 55.

жұмбақтар
Тақырда тайдың ізі,
Айналасы қойдың ізі.

(Ай мен жұлдыз)
Әуелі айтатыным асыл шөлмек,
Бір толып, бір азайып қайта келмек.
Сарайда жанып тұрған сансыз шырақ,

Адамға оңай емес санап білмек.

(Ай мен жұлдыз)

Тақырда Аймағамбет өліп жатыр,
Қасында есек жемі толып жатыр.

(Ай мен жұлдыз)

Үй үстінде ұсақ тас.

(Жұлдыз)
Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем алынбас.

(Жұлдыз)

Көп моншақ үй үстіне қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.

(Жұлдыз)

Біреуде отряд көп сан жетпейді,
Күндіз олар ешкімге көрінбейді.
Мізбақпай ұзақ түнде күзетте боп,
Тұруға бір орында ерінбейді.

(Жұлдыз)

Етегім толы сөк,
Ерте тұрсам жоқ.

(Жұлдыз)

Тақиям толған сөк,
Ерте тұрсам дым да жоқ.

(Жұлдыз) 56. 57. 58. 59. 60. 61. 62. 63. 64.

аспан  әлемі
Шым-шытыр,
Шиедей қотыр.

(Жұлдыз)
Біз, біз, біз едік,
Отыз арба қыз едік,
Бір тақтайға жиналдық,

Таң атқанда жоқ болдық.

(Жұлдыз)

Таң атқанша тары шаштым.

(Жұлдыз)

Бірталай тары шаштым там басына,
Әуре болып толтыра алмай қамбасына,
Қиыстырып өлеңмен жұмбақ қылдым,
Ойлағандар мәнісін аңдасында.

(Жұлдыз)

Бір байдың мың қойы қоздайды екен,
Біреуі біреуінен озбайды екен.
Болғанмен алтын астау, күміс күндеу,
Болғанша қиямет қайым тозбайды екен.

(Жұлдыз)

Атасы мен анасы,
Миллионнан көп баласы.

(Жұлдыз)

Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.

(Жұлдыз)

Көкте күлімдейді,
Қолға ілінбейді.
Бірінен бірінің
Қашықтығы білінбейді.

(Жұлдыз)

65.

66. 67. 68. 69. 70. 71. 72.

жұмбақтар
Күн батқан соң жайылдық,
Таң атқанша тойындық.
Таң атып жарық түскен соң,

Тойынып алып жойылдық.

(Жұлдыз)
Шым-шытыр, шиедей қотыр,
Оның ішінде әкем отыр.

(Жұлдыз бен ай)
Қиырсыз бір теңіз бар ол немене,
Құбылып қалқиды алтын бір тегене,
Сансыз құс жүзеді ортасында,

Алты қаз, жеті үйрек, үш бөдене.
Оқшау жүр ақ шағала, көк шағала,
Теңіздің ортасында күміс кесе.

(Аспан әлемі, жұлдыз)

Алтын бәкі,
Күміс сәкі,
Қырық қысырақ,
Бір сәуірік.

(Күн, шолпан, жұлдыз, ай)
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым, дайым,
Ішінде шынар терек, үш қарағай,

Өңгесін айта беріп не қылайын?
(Шолпан, жеті қарақшы, үркер, үш таразы)
Аспанда ұшып жүрген жеті торғай,
Барады бір-біріне қосыла алмай.

(Жеті қарақшы)
Жеті ағам жерге түспейді.

(Жеті қарақшы)

Алты қаз, жеті үйрек, бір бөдене, Кейде орта, кейде толы сары тегене, 73. 74. 75. 76. 77. 78. 79. 80.

аспан  әлемі
Тұнық пенен лайдың арасынан,
Бір аққу ұшып шықты қанат кере.

(Жеті қарақшы Шолпан, үркер, күн)
Алты қоян қашады бұдан былай,
Жеті лашын қуады ұдай-ұдай.
Артынан екі бүркіт тағы кетті,

Шешіп бер жұмбағымды қарап тұрмай.

(Үркер, жеті қарақшы, ай, күн)
Мен бір жұмбақ айтайын асыл досқа,
Бір сарай толып тұрған ақ күміске,
Болғанда алты тауық, жеті тақ-тақ,

Баршасы қорқады екен тоты құстан.

(Үркер, жеті қарақшы, Шолпан)
Бап-бап, басы бар,
Алтын ердің қасы бар,
Бұны тапқан адамның

Жүз жиырма да жасы бар.

(Шолпан)

Байладым бір қазыққа екі жылқы,
Екі жігіт ала алмай болды күлкі,
Жетеуі бір қызға ғашық болып,
Ағарды қасіреттен сақал-мұрты.

(Темірқазық, ақбозат, көкбозат,

Жеті қарақшы, Шолпан жұлдыз)

Туғанда алтау едім,
Өле-өле жетеу болдым.

(Үркер)
Аспанда ұшып жүрген алты торғай,
Өмірбақи жүреді жерге қонбай.

(Үркер)

Бар ма, жоқ па, анық білмейсің,
О жоқ жерде өмір сүрмейсің.

(Ауа) 81. 82. 83. 84. 85. 86. 87.

жұмбақтар
Бір нәрсе жер мен көктің арасында
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да,
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.

(Ауа)
Салмағың бар өлшесем,
Көрінбейсің көзге сен.

(Ауа)
Аппақ жолға қараймыз тамсанып,
Сүтін төгіп кеткен кім, жол салып?

(Құс жолы) 88. 89. 90.

Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем.

(Жер)
Өлшеусіз піштім,
Жіпсіз тіктім.

(Жер)
Зер, зер кілем, зер кілем,
Көтерейін десем зор кілем.

(Жер)
Қағар, қағар, қағар кілем,
Қағайын десе ауыр кілем.

(Жер)
Бір жатқан зор кемеңгер қара кісі,
Қимылдар сол кісіден елдің тісі.
Талқандап беті, жүзін тырнасаң да,

Бір ауыз неге үйттің деу емес ісі.

(Жер)
Жамандық қып, шапқылап жарсаң басын,
Жақсылық қып аямас сенен асын.
Күні-түні сонда да тепкілейсің,

Айтпайсың оған тәңір жарылқасын.

(Жер) Жер, табиғат құбылыстары 91. 92. 93. 94. 95. 96.

жұмбақтар
Жаһанда бір алыпты көрдім күшті,
Барлық салмақ дүниеде соған түсті.
Қандайын дүниеде барлық жеміс,

Солардың атырабында құрап пісті.

(Жер)

Көк жүнді бір өгіз бар еті қара,
Тілгіле өне бойын етіп пара.
Етін жеп жатсам дағы майын сорып,
Болмайды өлмек түгіл титтей жара.

(Жер)

Көкторғын көрдім мен
Көп асыл қадаған.
Адам жоқ өмірде
Асылын санаған.

(Жер)

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.

(Жер)

Жүресің-жүресің, ұшын таппайсың,
Ары жүрсең, қайтып келесің.

(Жер)

Жайы-жайы, жай кілем,
Жайылып жатқан бір кілем,
Түр-түр кілем,
Төгіліп жатқан кір кілем.

(Көктемдегі жер)

Аждаһа жерден шығып көкке өрлер,
Қысылып өзгелерден бұрын терлер.
Түрі бар аждаһаның неше түрлі,
Алады қолы жеткен мініскерлер.

(Жер) 97. 98. 99. 100. 101. 102. 103.

жер,  табиғат құбылыстары
Ұзын кілемім бар,
Көтеріп ала алмаймын.
Ұзын арқаным бар,

Оны жиып ала алмаймын.

(Жер мен жол)

Үлкен, үлкен түйені
Тастапты атам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.

(Тау)
Өркешіне мұз артқан,
Шудасынан су аққан,
Мынау неткен қара нар,

Күншіліктен мұратқан?

(Тау)

Көтеріп орман, тоғай, тастың бәрін
Жапанда шөгіп жатыр үлкен нарым.

(Тау)

Ақ жылан аяғы жоқ, көзі де жоқ,
Сөйлеген не бір ауыз сөзі де жоқ.
Тоқтамай қысы-жазы кезе берер,
Үстінде бір жапырақ бөзі де жоқ.

(Өзен)

Күлің, күлің, күлің ат,
Күліп өтті, көрдің бе?
Көлеңкесін көрсетпей
Жүріп өтті, көрдің бе?

(Өзен)
Дедектейді, зырлайды,
Артқа мойын бұрмайды.

(Өзен)
Шыққанда шығыны жоқ,
Жауса жауын бүйірі тоқ,
104.

105.
106.
107.
108.

109.
110.
111.

жұмбақтар
Қыста жылтыр қақ болар,
Түртінектеп тынымы жоқ.

(Өзен)

Бар-бар, атым бар,
Жүйрік қана затым бар.
Жылқыға ұқсап кісінемес,
Қолға ұстасам, тістемес.

(Арықтың суы)

Бір шұқырда көп шұқыр,
Іштен түртіп көп шұқыр.

(Бұлақ суы)

Ақ боз атым арынды,
Ақ көйлекке малынды,
Таудан тасты атқылап,
Таудан түсті шапқылап.

(Тау бұлағы)

Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.

(Су)
Ұзын-ұзын ұз келеді,
Ұзын бойлы қыз келеді.
Қасы қалтырап,

Көзі жалтырап.

(Су)

Қара атым қалтырауық,
Қабырғасы жалтырауық.

(Су)

Бір жылан жол салыпты әрбір сайға,
Сай түгіл жол салыпты әрбір жайға.

(Су)
Бар-бар, бар атым,
Бар бойынша жорға атым.
112.

113.
114.
115.
116.

117.
118.
119.

жер,  табиғат құбылыстары
Ажырақ көрсең, тістеме,
Байтал көрсең, кісінеме.

(Су)
Аяғы жоқ жүреді,
Сылқ-сылқ күледі.

(Су)

Қасқанасы қылтылдап,
Көз қарасы жылтылдап.
Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.

(Ағынды су)
Бар екен бір мақұлық өзі жансыз,
Келеді кей жері әлді, кей жері әлсіз.
Кеудесі жерден шығып, жерге кірген,

Шешуін мұның біраз ойланарсыз.

(Аққан су)

Базардан әкелген бұлымыз,
Жон терісін тіліңіз.
Еті арам, сорпасы адал,
Мұны не деп біліңіз.

(Құдықтың суы, топырақ)

Қайда қазған,
Тағдырда жазған,
Барлық жұртқа бір ана.

(Су, дария)

Отқа жанбас,
Суға батпас.

(Мұз)

Суда жаралады,
Суда жоғалады.

(Мұз)
120.
121.
122.

123.
124.
125.
126.

жұмбақтар
Отқа күймейді,
Суға шөкпейді.

(Мұз)

Адам тимей қағанағым жарылды.

(Мұз)

Қыста өседі ақ сәбіз
Төбесінде үйлердің.
Дәнегі жоқ шақсаңыз,
Соның үшін тимедім.

(Мұз)

Арқалық салмай үй жаптым,
Суықта жылжымай жаттым.

(Мұз)

Қарағайсыз, тақтасыз,
Көпір салдым балтасыз.

(Мұз)
Шешесі-су да, әкесі-суық,
Көктемде өлер, күз күні туып.

(Мұз)

Төмен қарап өседі,
Күн жылына өшеді.

(Сүңгі)

Қыстыгүні аппақ,
Жаздыгүні сұп-сұйық.

(Қар, су)

Ақ қойым тұрып кетті,
Қара қойым жатып қалды.

(Қар мен жер)

Қыста бар да, жазда жоқ,
Ол көп болса, көңіл тоқ.

(Қар)
127.
128.
129.

130.
131.
132.
133.

134.
135.
136.

жер,  табиғат құбылыстары
Ақ сиыр туып кетер,
Қара сиыр жатып қалар.

(Қардың кетуі)
Мамықтай ұлпа,
Қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

(Қар)

Жер жиһанға ұн шаштым.

(Қар)

Жерге қонған аспаннан көп көбелек,
Жазда іздесем, бірі де жоқ көбелек.

(Қар)
Бір көрпем болушы еді ақ бәтестен,
Кім екен ыстық қолмен оны сөккен.
Төсекке көк пүліштен кілем салып,

Ғайып боп кетті өзі жер мен көктен.

(Қар)

Аппақ етіп айналаны,
Ақ көбелек айналды,
Әбден қонып болған соң,
Жер әлемде жайланды.

(Қар)

Ақ жібек асыл көрпедей,
Қыс болса жерді жабады.
Жазғытұрым болғанда,
Су болып сайға ағады.

(Қар)

Батырмай жерге қонады,
Жердің беті оңады.
Қыста ғана тұрады,
Ұстасаң, қолың тоңады.

(Қар)
4-298*
137.
138.

139.
140.
141.
142.

143.
144.

жұмбақтар
Бір түйем жүре алмайды майы көптен,
Ол түйем тойынбайды жеген шөптен.
Егер де осы түйем өліп қалса,

Сүйегі табылмайды жер мен көктен.

(Қар)
Бөркін ағай киеді ошырайтып.

(Томарға түскен қар)

Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,
Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер, көңіл қойып, ойлаңыздар.

(Қар)

Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.

(Қысқы ақ қар, жазғы қара жер)
Жездекем жезді қамшысымен жер шұқылайды.

(Тамшы)

Тама-тама тас тескен.

(Тамшы)

Мұрынсыз шымшық мұз теседі.

(Тамшы)

Шолақ мылтық жер теседі.

(Тамшы)

Жазда болмайды,
Қыста болады.
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.

(Қырау)

145.
146.
147.
148.

149.
150.
151.
152.

153.

жер,  табиғат құбылыстары
Құлағы мен көзі жоқ,
Жоқ тіпті қол мен аяғы.
Бірақ ғажап өнерпаз,

Мәнерлеп ою ояды.

(Қырау)
Мөлдіреген жүзімді,
Ұстап едім үзілді.

(Шық)

Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.

(Аяз)

Есіктен кірді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.

(Аяз)

Терісін жыртпай етін жеген,
Жілігін шақпай майын жеген.

(Аяз)

Қуып едім мойнын бұрмады,
Ұстайын деп ем қолға тұрмады.

(Боран)

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.

(Боран)

Қыс болса, қыр мен ойды аралайды,
Жаз болса, қозғалуға жарамайды.

(Боран)

Ұстасаң, қолға ілінбес,
Қарасаң, көзге көрінбес.
Жүрсе, ізі жоқ,
Көретін көзі жоқ.

154.
155.
156.
157.

158.
159.
160.
161.

162.

жұмбақтар
Гулесе, күші бар,
Таңғаларлық ісі бар.

(Боран)
Қолтықтан кірер қоңқайып,
Төрге шығар томпайып.

(Боран)

Қусам да жеткермеді, тұра қашты,
Барды да бұрыш қаптың аузын ашты.

(Боран)

Жер түбінен боз жорға ат келеді.

(Боран)

Ақ боз жорға,
Күн бұрын ойламасаң,
Кезігерсің көп сорға.

(Боран)

Жол үстінде семіз тоқты,
Құйрығын көтере алмай жерге соқты.

(Боран)
Шөміші жоқ, теңізді сапырады,
Кебісі жоқ, егінді жапырады.

(Дауыл)
Жоқ аяғы, жоқ қолы
Жұрттың бәрін сілкілейтін көк долы.

(Дауыл)

Қол-аяғы жоқ болса да,
Қақпа есікті аша алған.

(Жел)
Жерде емес, аспанда емес, арасында,
Қол жетпес ұсынғанмен саласына.
163.

164.
165.
166.
167.

168.
169.
170.
171.

жер,  табиғат құбылыстары
Өзінің ұшқырлығы құстан жүйрік,
Ойланып бұл жұмбақты табасың ба?

(Жел)
Бар екен бір мақұлық боздайтұғын,
Жұлқынып төңіректі қоршайтұғын.
Жаһанды жалпағынан басып өтіп,

Ұшқан құс, жүгірген аң озбайтұғын.

(Жел)

Бір нәрсе көрінбейді, бар ғой өзі,
Адамзат ол нәрсені көрмес көзі.
Жансызды қимылдатып жанды қылар,
Ызылдап, ызың қағар айтқан сөзі.

(Жел)
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүретұғын жолы жоқ.
Мінезі де жеңілтек,

Тіл алмайтын бір тентек,
Шөпшілердің шөбін шашты,
Қалпағымды ала қашты.

(Жел)

Желіп кетсе, жеткізбес,
Жерге түссе, табылмас.

(Жел)

Әне барады өзі,
Көрінбейді ізі.

(Жел)

Құйрығы, екі мүйізі,
Түбінде шидің шықпаған.
Ту қоян жатыр тумаған,
Шыбықпен ұрсам, шықпаған,

Қарғыды тамнан соқпаған.

(Жел)

172.
173.
174.
175.

176.
177.

жұмбақтар
Алдымнан өтті бұлдырлап,
Тұра қалдым жолында.
Ұстайын деп ойладым,

Ілінбеді қолыма.

(Жел)

Бір нәрсеге қарап тұрсаң, дүбірлейді,
Алыстан көзің салсаң, күлімдейді,
Екпіні сонша қатты болса дағы,
Ұстасаң, қолыңызға білінбейді.

(Жел)

Бір нәрсе жер мен көкті шарлап тұрған,
Дамылсыз бәйіт айтып зарлап тұрған.
Тамаша қылығына қарап тұрсам,
Арасын жер мен көктің барлап тұрған.

(Жел)
Ашуланып бұртиды,
Аузы көпіріп құтырды.
Ашушаң ақымақ,

Кез келгенді ұшырады.

(Құйын)

Өрге қарай құтылды,
Сырына келіп қосылса,
Өз-өзінен құтырды.

(Құйын)

Жұмбағым жұтылды,
Ойға қарай құтылды.

(Құйын)

Бір хайуан елге мәшһүр таңғажайып,
Жүреді кейде көп боп, кейде азайып.
Барлығы көпке мәлім болса дағы,
Еш адам ұстай алмас ебін тауып.

(Құйын)

178.
179.
180.
181.

182.
183.
184.

жер,  табиғат құбылыстары
Қу талақай үйірілген,
Желден шүйке иірілген.

(Құйын)

Бір нәрсе көруге көп, ұстауға жоқ,
Жаздыгүні көп болар, қыстауға жоқ.
Тұрмайды бір мекенде қарауытып,
Қаншама жалынып, жалпайсаң жоқ.

(Сағым)

Алтын аяқ,
Жете алмадым,
Жалаң аяқ.

(Сағым)

Кейде аққан судай,
Кейде қалың нудай.
Жақындасаң жоқ,
Алыстасаң бар.

(Сағым)

Үстінде шөлдің,
Толқыған көлмін.

(Сағым)

Алдымнан өтті бұлдырап,
Тұра қалдым жолына.
Ұстайын деп ойландым,
Ілінбеді қолыма.

(Сағым)

Көз алдымда көк теңіз.

(Сағым)
Бір нәрсе көруге бар, ұстауға жоқ,
Тұрады көк шәлідей шымылдық боп.

(Сағым)

185.
186.
187.
188.

189.
190.
191.
192.

жұмбақтар
Толқып-толқып судай ағып,
Ешбір жанды кетпес қағып.
Көз көрсе де, қол ұстамас,

Жаратылған мұнша нағып?

(Сағым)

Бір кеме аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Қолына ұстап алған таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кезіп кетер,
Не екен ол ешбір жерде саяғы жоқ.

(Бұлт)

Қанатсыз құс жақын барады,
Көзінен жас тамып барады.

(Бұлт)

Көк көрпенің мақтасы,
Әр жерде жүр бытырап.
Біріктіруге қол жетпес,
Болды-ау шіркін ысырап.

(Бұлт)

Бір нәрсе жердің бетін шыр айналған,
Мақұлық біз білмейтін қайда барған.
Арасын жер мен көктің мекен етіп,
Байлаусыз бір арада тұра алмаған.

(Бұлт)

Торғын көкте ағып құс,
Ағылып ұшып барады.
Айналасын қарайтып,
Күннің көзін жабады.

(Бұлт)
Бірде селбір жабағы,
Бірде теңбіл жабағы.

(Бұлт)
Будақ түтін түсі аппақ,
Көк жүзіне тұзақтап.
193.

194.
195.
196.
197.

198.
199.
200.

жер,  табиғат құбылыстары
Қойғандай-ақ жылжымай
Тауды өбеді құшақтап.

(Ақша бұлт)

Бесірдегі бес бие,
Бесеуі де құлынды.
Құлындары торлы ала,
Құйрықтары сары ала.

(Ала бұлт)
Жардай дәулер соғысты,
Жарқ-жұрқ етіп оқ ұшты.

(Бұлт пен найзағай)

Аспандағы көлеңке,
Жерге суын себеді.

(Бұлт пен жаңбыр)

Көк көрпенің ішінде жарты нан жүр.

(Бұлт арасындағы ай)
Қырда қылыш жарқылдайды.

(Найзағай)

Аспанда бір нәрсе бар жылмаңдайды,
Тау басында жүгіріп қылмаңдайды.
Жанына жан иесі жақын келсе,
Бақырып бас салуға тайынбайды.

(Найзағай)

Айдаһар аузын ашса, арс етеді,
Гауһары жерге түссе, жарқ етеді.

(Найзағай)
Арыстан арқырады,
Айнала жарқырады.

(Найзағай)

Бір нәрсе етегі кең, найзасы бар,
Қосылған адамзатқа хайласы бар.
201.
202.

203.
204.
205.
206.

207.
208.
209.

жұмбақтар
Мекені жерде емес, көлде емес,
Адамға әр уақытта пайдасы бар.

(Найзағай)
Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында

Сабалап төменге су ағып тұр.

(Найзағай, жаңбыр)

Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.

(Күннің күркіреуі)

Мені ешкім көрмейді,
Дауысымды есітеді.

(Күннің күркіреуі)

Сарайдағы сары айғыр,
Сарнап-сарнап кісінер.

(Күннің күркіреуі)
Тау тарс етсе, тағы үркер,
Таудағы елдің малы үркер.
Қырдағы жылқы үркер,

Жортып жүрген түлкі үркер.

(Күннің күркіреуі)
Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.

(Күннің күркіреуі)

Аспандағы әсем белбеуді
Алып, белге буынсам.

(Кемпірқосақ)

Көкке шықса, бұлт,
Жерге түссе, шаңыт.

(Тұман)
210.
211.
212.

213.
214.
215.
216.

217.

жер,  табиғат құбылыстары
Қара таудың басында
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы баурына

Тиіп кетіп барады.

(Тұман)

Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде
Өңі кірер даланың.

(Жаңбыр)
Көкте туып,
Жерде өледі.

(Жаңбыр)

Ата-екем жерге пышағын шанышты.

(Жаңбыр)

Әуеде қызғыш, жерде бұзғыш.
Қызғыш айтады: «беремін» деп,
Бұзғыш айтады: «аламын» деп,
Берсе—барлық,

Бермесе—қаһарлық.

(Жаңбыр, егінші)

Таудан топ түсті,
Аяқ-қолы жоқ түсті.

(Бұршақ)

Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне жеткен соң
Ғайып болып кетеді.

(Бұршақ)

Ақ моншақтар сабалар,
Қалмайды олар жанды аяп.
218.
219.

220.
221.
222.
223.

224.
225.

жұмбақтар
Жатып-жатып жоғалар,
Ешкім жинап алмай-ақ.

(Бұршақ)

Аспаннан жауды ақ бидай,
Үйге қарай жүгірдім.
Ызғарына шыдамай,
Сүмелектеп бүгілдім.

(Бұршақ)

Бір нәрсе жоғарыда от жағып тұр,
Дабылдатып дабылын ол қағып тұр.
От жағып, дабыл қағып тұрғанында
Сабалап төмен қарай су ағып тұр.

(Жаңбыр, найзағай)
226.
227.

Жүруге жоқ, шығуға жарар жаны бар,
Тәртіппенен тұратын өз әлінше сәні бар.
Керек болар кейін деп түйіп алған,
Азық қылар бір азырақ дәні бар.

(Егін)
Жеп жатарда жасқанбай бірді берсең,
Ондап-жүздеп аларсың, егер көрсең.
Еш уақытта еңбегің еш болмайды,

Әрекет қып, беріп ал, тіліме ерсең.

(Егін)
Біздің ел сұратады сегізіңді,
Бұғыдай мойны жуан семізіңді.
Алдынан алақанын төсеп алып,

Тартады тойғызам деп негізіңді.

(Егін)
Ұстарамен алынбас,
Ұйысып тұрған қалың шаш.

(Егін)
Қар астында қыстағаны,
Жасыл бөрік тыстағаны.

(Күздің егіні)
Жасынан тәрбиелеп бала бақтым,
Өсіріп ол баланы жұртқа жақтым.
Егіс және өсімдіктер

228.
229.
230.
231.

232.
233.

жұмбақтар
Күніне екі-үш рет көрмей тұрсам,
Болмайды бұл дүниеде менің нақтым.

(Егін, ішкен тамақ)

Алтын аяқты,
Алтын десем—азығы жоқ,
Ол жоқ болса—алуы жоқ.
Дүние толған адамның

Баршасы да теп-тегіс,
Біріне-бірі қарауы жоқ.

(Астық пен аштық)

Желі басында бес бие,
Бесеуі де жас бие.
Құлындары құла ала,
Құлақтары сары ала.

(Масақ)

Аласа терек,
Алпыс бұтақ,
Бұтақ сайын ұя,
Ұя сайын жұмыртқа.

(Масақ)

Мысық мұртты,
Өрмек басты.

(Бидай)

Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.

(Бидай)

Екі жағы бүртік,
Ортасы сызық.

(Бидай)
Қызыл керіш тас боп түседі,
Ақ ұлпа қар боп шығады.

(Бидай)
234.
235.
236.

237.
238.
239.
240.

егіс  және  өсімдіктер
Аласа ғана бойы бар,
Қойнына тыққан наны бар.

(Бидай)

Өзі қызық,
Бауырында бар
Жалғыз сызық,
Бұған жұрттың бәрі де ынтық.

(Бидай)
Пісер күнін сарылып,
Күтіп жүрдік сағынып.
Күз келгенде болыпты

Салиқалы сары мұрт.

(Бидай)
Біреуін бердім
Онын тердім.

(Бидай тұқымы мен өнген дәні)

Бек тұрған,
Белін буып,
Тік тұрған.

(Бау бидай)

Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан.

(Бидайдың масағы)

Қызыл күріш тас болып түседі,
Ақ ұлпа қар болып шығады.

(Бидай ұн)
Табаны суды сүйеді,
Қабығы күнге күйеді.

(Алқаптағы күріш)

241.
242.
243.
244.

245.
246.
247.
248.

жұмбақтар
Бала, бала, балалар,
Мүйізінен су ішіп,
Таяғынан балалар.

(Тары)

Бір бұтаның қырық ұясы бар,
Қырық ұяда қырық мұрасы бар.

(Тары)

Мынау неге мұңаяды,
Бір жағына қыңыраяды.
Аузы-басын түк басып,
Тұмсығы неге қызарады.

(Тары)

Пәре-пәре болды,
Басы айналып жара болды.
Бастарына жүн шығып,
Басымызға бәле болды.

(Жүгері)

Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.

(Жүгері)

Жерден шығар көгеріп,
Беліне қылыш байланып.

(Жүгері)

Қол басындай ағашта
Сансыз адам байлаулы,
Санасаң, саны бар,
Аяғында жаны бар.

(Жүгері)

Мұнда тау,
Онда тау,
Ортасында көп шөп.

(Пісте)
249.
250.
251.

252.
253.
254.
255.

256.

егіс  және  өсімдіктер
Сары қызым көгенде тұрып семірген.

(Жалбылша)

Көк лағым көгенде тұрып семірген.

(Қарбыз)
Біреу-ақ анасы,
Мың шақты баласы.

(Қарбыз)

Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.

(Қарбыз)

Бір шар бар кіріп шығар есігі жоқ,
Су ішер, нан жемейді, тамағы тоқ.
Ішінде көп балапан етер мекен,
Ас қылып сойып жесең, балдай екен.

(Қарбыз)

Өзі аласа, семіз, майы жоқ,
Терісі қалың, жүні жоқ.

(Қарбыз)

Жерде жатып желіндейді,
Күзге дейін желінбейді.
Үндеместен төлдеп жатыр,
Су бермесең, шөлдеп жатыр.

(Қарбыз)
Көкала бешпет киеді,
Күннің көзін сүйеді.

(Қарбыз)

Ара-арасы ақпа тіл,
Арасынан тастап тіл.

(Ала қарбыз)

Қолымда сақинам бар алшығарай,
Қойды қасқыр жейді екен қан шығармай.
5-298*
257.

258.
259.
260.
261.

262.
263.
264.
265.

266.

жұмбақтар
Бұл жұмбақты қайсы жігіт табады,
Сол жігітке тиемін мал шығармай.

(Қарбыздың тіліктері, қарбыз, пышақ)
Алуан түрлі түсі бар, сырты қатты,
Адамзат жеуге құмар, өзі тәтті.
Тоқсан күнде толықсып, күні бітіп,

Есепсіз ақты-қара бала тапты.

(Қауын, қарбыз)
Көктемде тұзақ құрғанмын,
Қолайлы деген қырға бір.
Тамызда барып жинадым,

Бір арба қызыл қырғауыл.

(Қауын)
Байлап қойдым қойымды,
Желіде жатып тойынды.

(Қауын)

Сусыз піскен ас көрдім,
Домаланған бас көрдім.

Бауыздасаң, қан орнына су ағар.

(Қауын)

Бір арқанда отыз қой байлаулы жатыр.

(Қауын)

Атасынан бұрын баласы базарға барады.

(Қауын)

Құдай-ай, құдіретіңнің панасынан,
Таңым бар мен Құдайдың бар күшіне,
Анасы туады екен баласынан.

(Қауын)

Ұзын-ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
267.
268.

269.
270.
271.
272.

273.
274.

егіс  және  өсімдіктер
Тораңғылдың түбінде
Теңкиіп жатқан әулие.

(Асқабақ)
Атан түйе тұралап,
Аштан қатып қалған ба?
Бір-ақ уыс құмалақ

Шықты қарнын жарғанда.

(Асқабақ)
Кіп-кішкене қазан,
Іші толы тағам.

(Жаңғақ)

Ояғы тау, бұяғы тау,
Ортасында бұжыр тау.

(Жаңғақ)

Сырты тас, іші қуыс бөлек-бөлек,
Базардан оны сатып алса керек.
Алған жанға тағамдық пайдасы бар,
Шешіп бер, жұмбағымды болсаң зерек.

(Жаңғақ)

Асты тас, үсті тас,
Шағып жесең, піскен ас.

(Жаңғақ)

Алыстан қарасам, әңгір-күңгір,
Қасына келсем, қаптаулы темір,
Ашып қарасам, аппақ,
Жеп қарасам, тәп-тәтті.

(Жаңғақ)

Кішкене қозымның асы дәмді.

(Пісте жаңғақ)
275.
276.
277.

278.
279.
280.
281.

жұмбақтар
Қозыларым көгендеулі күн ұзын,
Су ішкенмен шөп жемейді бір үзім.

(Қияр)

Мәуе ішінде тас,
Тас ішінде ас.

(Өрік) Ас, Астың ішінде тас, Тастың ішінде және ас.

(Өрік)

Бар еді бір жұмбағым аты бүрлен,
Шіркінді нәпсі қойып шешіндірген.
Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген,
Оны аламыз деп қылдық талап.

Алалмай бір қыдыру тұрдық қарап,
Отыз кісі жиылып алсақ қарап,
Нәрсесі ішіндегі доп-домалақ.

(Өрік)

Домалақ қана албар,
Ішінде қатты дәні бар.

(Анар)

Кішкентай ғана құтша,
Іші толы мықша.

(Анар)

Алма дерсің, түсіне қарап,
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң, тәтті, бал шәрбәтті.

(Анар)
Қышқыл қызыл бытыра
Тығып алып ұртына.
282.

283.
284.
285.
286.

287.
288.
289.

егіс  және  өсімдіктер
Тымырайып тұрғаны,
Түк шығармай сыртына.

(Анар)

Үлкендігі алмадай,
Сырты жанған қызыл от,
Ішін жарып қарасаң—
Майда, майда қызыл шоқ.

(Анар)
Өзі қызыл, өзі қызық,
Ортасында бір сызық.

(Шабдалы)
Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр.

(Қызылша)
Жер бетінде селдір шаш,
Жер астында жұмыр бас.

(Қызылша)

Үлпершекке қан құйып,
Үріп талға байладым.

(Бүлдірген)

Қыналы бармақ,
Жез оймақ.

(Бүлдірген)

Болған соң түсі қызыл, түсі шұбар,
Адамзат жеп көруге оны құмар.
Тегінде өне бойы болып тұрмас,
Біраз ғана боп тұрар уақтысы бар.

(Бүлдірген)

Біз, біз, біз едік,
Біз де бір топ қыз едік.
290.
291.

292.
293.
294.
295.

296.
297.

жұмбақтар
Бізді бізіп қойды,
Бір жіпке тізіп қойды.

(Шие)

Ирек-ирек әкесі бар,
Желбіреген шешесі бар,
Тәттібике деген қызы бар.

(Шие)
Түрі шар сияқты,
Түсі қан сияқты,
Дәмі бал сияқты.

(Шие)
Арбайған әкесі бар,
Тарбайған шешесі бар.

(Шие ағашы)

Атасы бүкір қожа,
Анасы жайма шелпек.
Баласы шырын, шекер,
Бір сабақта ғұж-ғұж жентек.

(Жүзім)

Бір анадан жүз бала,
Жүзі де боз бала.

(Жүзім)

Бұты, бұты ұзын,
Бұтынан да қолы ұзын.

(Жүзім)
Қыста—мазар,
Жазда—базар..

(Жүзім)

298.
299.
300.
301.

302.
303.
304.

егіс  және  өсімдіктер
Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті.

(Жүзім)

Аспай піскен,
Қайнамай түскен.

(Жеміс)

Отырған мекен етіп жапан дала,
Бір талай мақұлыққа болған ана.
Мезгілі жеткен шақта жүкті болып,
Алты айда табады екен сансыз бала.

(Алма ағашы)

Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа.
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала-шаға.

(Алма ағашы)

Әрі қызыл әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

(Алма)
Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.

(Алма)

Гүлсіз миуа піседі,
Көп жесең, тіл жарады.
Ай сияқты дөңгелек,
Бұны кім табады?

(Әнжір)

Сырты қызыл, іші ақ,
Ортасында бір таяқ.

(Жиде)

305.
306.
307.
308.

309.
310.
311.
312.

жұмбақтар
Сары қапта бір қап ұн,
Ұн ішінде бір ұстұн.

(Жиде)

Болат жапырақ шешесі бар,
Тәтті бике қызы бар,
Тастай қатты баласы бар.

(Жиде)

Әңкүр-мәңкүр әкесі бар,
Жайлы шыбық шешесі бар,
Сұлу бикеш қызы бар,
Арамзада ұлы бар.

(Жиде тал)

Жер астында темір қазық.

(Сәбіз)
Жер астында қызыл қыз отыр.

(Сәбіз)

Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық.

(Сәбіз)

Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.

(Сәбіз)

Сары балам ішкері,
Сақалдары тысқары.

(Сәбіз)
Өзі жерде бұғып жатыр,
Сақалы сыртқа шығып жатыр.

(Сәбіз)

313.
314.
315.
316.

317.
318.
319.
320.

321.

егіс  және  өсімдіктер
Қызыл, қызыл, қызыл қыз,
Бұрымы кеткен ұзын қыз.
Өзі ұйқыға батады,

Бұрымы сыртта жатады.

(Сәбіз)

Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым.

(Сәбіз)

Жер астына түседі,
Сап-сары боп өседі.

(Сәбіз)

Тоғыз қабат қызыл торқасында,
Өседі екен ақ сүйрік ішінде.

(Сарымсақ)

Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.

(Сарымсақ)

Қанттан ақ, бүйірі тоқ,
Жерден алар керегі көп.
Киетіні қызыл, жасыл көйлектер
Ол не екен, кәне, достар, ойлап көр?

(Пияз)

Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.

(Пияз)

Жер астында ақбоз ат,
Терісі бар он қабат.
Жалынан ұстап соярсың,
Жей бастасаң, жыларсың.

(Пияз)
Бар екен жер астында түйме басты,
Мәнісін адам тауып айта алмасты.
322.

323.
324.
325.
326.

327.
328.
329.
330.

жұмбақтар
Өзінің кемеліне әбден келіп,
Басына көріктей ғып ығыр шашты.

(Жуа)

Бір күмбездің ішінде мың күмбез.

(Жуа)

Формы бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап.
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.

Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ.

(Картоп)

Кіргенде жерге сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.

(Картоп)
Ана ауылдың кемпірі өлді деген немене,
Топыраққа томпайтып көмді деген немене.
Анасы сол күйінде өліп қалады,

Балалары шуылдап толып болады.

(Картоп)

Аласа ғана бойы бар,
Қабат-қабат тоны бар.

(Капуста)

Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма.

(Помидор)

Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.

(Ағаш)
Қозғалмай бір орында қарап тұрар,
Адамның қажетіне жарап тұрар.
331.

332.
333.
334.
335.

336.
337.
338.

егіс  және  өсімдіктер
Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп,
Және де көбеймекке талап қылар.

(Ағаш)

Жазда жасыл тон киеді,
Күзде сары тон киеді.
Қыста, суық аязда
Жалаңаш тұруды сүйеді.

(Ағаш)

Өсіп тұрған бұл не,
Жаз болса, жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.

Салқын түссе, шешіліп,
Қалады өзі жайрап.

(Ағаш)
Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,

Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.

(Ағаштың жапырағы)

Ол өзі мекен еткен жаһан дала,
Атасы, анасымен біреу ғана.
Қысында бар баласы кетіп бітсе,
Жазында қайта бітер сансыз бала.

(Ағаш және жапырақ)

Айға, күнге көрінбес,
Ағашпенен тепе-тең.

(Ағаштың өзегі)
Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.

(Сексеуіл)
Ұзын-ұзын ұзарады,
Ағарады, бозарады.
339.

340.
341.
342.
343.

344.
345.

жұмбақтар
Өскен сайын басын иіп,
Мұңаяды, қызарады.

(Мәжнүн тал)

Қалтырап жап-жалаңаш,
Тұрғанда терек, қарағаш.
Көк желегін жамылып,
Құлпырар қыста қай ағаш.

(Қарағай)

Жазы, қысы өзгермес,
Жаралған баста түрінен.
Қанша аяз болса да,
Айрылмайды гүлінен.

(Қарағай)
Жаз кигені жаңа нәш,
Қыста жап-жалаңаш.

(Терек)
Тікен, тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте.

(Шырша)

Кескінсіз, талдай,
Миуасы балдай.

(Тұт ағаш)

Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қалпақ киемін.

(Күнбағыс)

Бір сиырым ала бас,
Жан-жағына қарамас.

(Күнбағыс)
Қалпағы бар дөңгелек,
Сары гүлмен қоршаған.
346.

347.
348.
349.
350.

351.
352.
353.

егіс  және  өсімдіктер
Қарай-қарай күнге ерек,
Мойны талып шаршаған.

(Күнбағыс)

Жиып қойсаң анасын,
Жеуге болар шикідей,
Бұл іске қайран қаласың.

(Күнбағыс)
Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып, тілменен

Дәмін татқан ел білер.

(Күнбағыс)

Ол күнді күзетеді,
Күн оны түзетеді.

(Күнбағыс)

Күннен көзін алмайды,
Мойны бірақ талмайды.

(Күнбағыс)

Бір үйде бар мың қақпа,
Бір қақпасы күн жақта.

(Күнбағыс)
Сәл иіліп, сәнденіп,
Бақшада тұр сары бөрік.
Күзде жинап жаншысаң,

Сорғалайды май болып.

(Күнбағыс)

Өзінің жаны жоқ,
Айға, күнге қарайды.

(Айқабақ)

Бір ел бар су ішетін тамақ емес,
Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес.
354.
355.

356.
357.
358.
359.

360.
361.

жұмбақтар
Үстіне жаздыгүні киім киер,
Қыстыгүні жалаңашы ештеңе емес.

(Бақша)

Көгеріп май алдында түрге келген,
Күшімен адамзаттың өсіп-өнген.
Тамыз бен қыркүйекте күні толып,
Әлеумет пайдаланар алып жерден.

(Бақша)
Қырға кілем жайдым.

(Қызғалдақ)
Бес-бес біләлі,
Білектері қыналы,
Жасыл ала тон киіп,

Жайнап шыққан біләлі.

(Қызғалдақ)
Қар астында қыстады,
Жасылмен бөркін тыстады.

(Гүл шешек)
Мұз астында қыстайды,
Жасыл тонын тыстайды.

(Гүл шешек)

Айт десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.

(Шөп)

Ұзын-ұзын ұзарды,
Іші неге қызарды,
Аузы-басын түк басып,
Басы неге мұңайды?

(Қонақ деген шөп)

Әкесінен баласы бұрын туады.

(Шөмеле)
362.
363.
364.

365.
366.
367.
368.

369.

егіс  және  өсімдіктер
Бар екен бір асыл зат жерден өнген,
Кезуге жер дүниені өзі көнген.
Барады дөңгеленіп тор жорғадай,

Айдалада жүруге тым-ақ жөндем.

(Қаңбақ)

Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді.

(Қаңбақ)

Бір-ақ жерде жасында
Тұрды оранып жасылға.
Қартайғанда сарғайды,
Кезіп кетті сай-сайды.

(Қаңбақ)

Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды сай біледі.

(Қаңбақ)
Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.

(Қамыс)

Қатар-қатар тұрғандар,
Түлкі тымақ кигендер.

(Қамыс)

Тоғай толған жандар бар,
Әр жандардың ішінде
Бөлмелеп салған тамдар бар.

(Қамыс)

Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар,
Қойнында құшақтаған баласы бар.
Айтайын мұның жайын сұрасаңыз,
Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.

(Қамыс)

370.
371.
372.
373.

374.
375.
376.
377.

жұмбақтар
Өзі ұзын жіңішке,
Бұтағы жоқ.

(Қамыс)

Өзі өте жіңішке,
Ішінен рулы ел көшіп өтеді.

(Қамыс)

Ұзын терек,
Іші кеуек.

(Қамыс)

Ақ сәлделі молдалар
Ертелі-кеш Аллалар.

(Қамыс)
Көлді жердің
Үкілі аруы.
Өкпек желдің

Саз тартар қаруы.

(Қамыс)
Буын-буын, буыншақ,
Түйін-түйін, түйіншек.
Қырық қыздың шешесі

Әлі, көрсем, келіншек.

(Қамыс)

Қатар-қатар тізілген,
Үкілі бөрік киінген.

(Қамыс)
Тасқа шығар көк,
Бірақ тамыры жоқ.

(Қына)

Онда барып, ондай болдым,
Мұнда келіп, мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.

(Ши)
378.
379.
380.

381.
382.
383.
384.

385.
386.

егіс  және  өсімдіктер
Өз елімде ел едім,
Желпілдеген жел едім.
Қырғызға түстім қиылдым,

Қырық жерімнен буылдым.

(Ши)

Алыстан қарасаң, қара,
Жақындасаң, бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең, тамақ.

(Кеурек)

Ұзақтан қарасам, аппақ,
Қасына барсам, шапшақ
Жеп қарасам, балдай,
Ұстап қарасам, талдай.

(Кеурек)

Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша,
Тыңдама жұмбағымды ұнамаса.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Басында бар шағасы оннан аса.

(Кеурек)

Сырты бүтін,
Іші түтін.

(Саңырауқұлақ)
Аяғынан қаз тұрған,
Қалпағы бар антұрған.

(Саңырауқұлақ)

Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.

(Өсімдіктің өсуі мен қурауы)
6-298*
387.
388.

389.
390.
391.
392.

393.

Бітік көз, салпаң құлақ, қайқы мұрын,
Көріп пе ең мұндай хайуан бұдан бұрын.
Домалақ, алды-арты бірдей екен,
Және де көріп жүрсіз әрбір түрін.

(Шошқа)

Өзі сұр, бөрі емес,
Ұзын құлақты, қоян емес,
Жұмыр тұяқты, жылқы емес.

(Есек)

Әртүрлі, орта бойлы, ұзын құлақ,
Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ.
Бүріскен жарық емес біткен тұяқ.

(Есек)

Жанды «сағат»,
Айқай салады.

(Есек)

Ол надыр құм жануары,
Көзі өткір, көңілі тар,
Басқа ұрсаң, қылмайды намыс-ар.
Қара түгіл, ханда бар,

Қытайда бар, Қырымда бар,
Түркістан, Үрімде бар,
Хоразым, Бұхарада бар.

(Ит)
Жануарлар, мақұлықтар
394.
395.

396.
397.
398.

жануарлар,  мақұлықтар
От басында орайған,
Құйымшағы сорайған.

(Тазы ит)

Үй артында шоңқайма,
Буы шығып тұрмай ма?
Салпаң құлақ келед деп,
Қорқа-қорқа тұрмай ма?!

(Ит)

Төрт аяқты мақұлық
Үй күзетеді ақырып.
Тындырғандай кей жерде
Жата кетер аһ ұрып.

(Ит)

Бір балық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда,
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,
Саны бар, сапасы жоқ сида-сида,

Ибарат да тіршілік ойына алмайды,
Қонып, түнеп, жатады әлде қайда.

(Ит)

От басында құмған,
Екі көзін жұмған.

(Мысық)

Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киерінде шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.

(Мысық)

Шықпайды үйден,
Тоны жібектен.
Күндіз ұйықтайды,
Түнде дамыл таппайды.

Аңға барады,
Сол аңды үйден табады.

(Мысық)
399.
400.
401.

402.
403.
404.
405.

жұмбақтар
От басында бүкір шал,
Құдайына шүкір шал.

(Мысық)

Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.

(Мысық)

Аузы бейне шалғы орақ,
Шөп емес, бірақ мал орады.

(Қасқыр)

Бір күні елден,
Он күні жерден.

(Қасқыр)

Белестен шапқан бесті ат,
Бүкір келген желісті ат.
Бейғам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.

(Қасқыр)

Тоғайда айғыр кісінейді,
Ауылға, сірә, келмейді.

(Қасқыр)

Жол бойында жортқан,
Сыбызғысын тартқан.

(Қасқыр)

Тоң мойынды жуан көк,
Желіп, жортып бүкеңдеп,
Несібесі даладан,
Еңбек қылмай жүрер тек.

(Қасқыр)

406.
407.
408.
409.

410.
411.
412.
413.

жануарлар,  мақұлықтар
Бір нәрсе қайраты көп, болған күшті,
Басынан өткізеді әрбір істі.

(Арыстан)
Жануар мақұлықтың біреуі өзі,
Іркілмей жұмсайтұғын ірі тісті.

(Арыстан)

Бар екен бір айуан көпке таныс,
Мекені жүрер оның тау мен қамыс.
Бұл өзі ойласа көп, шапшаң, епті,
Жүректі бір айуанға қойса бетті.

Қайтпайды жара алмаса, не өледі,
Өлмесе, тынбайды ол алмай көкті.

(Жолбарыс)

Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Айбатты жан шыдамас үндері бар.
Шаршы бой, сұлу құйрық, қысқа құлақ,
Кететін зиян қылып бір жер бар.

(Жолбарыс)

Тауда жүрген құмайды
Көрген адам сынайды.
Жыл айналып толғанда,
Он екі бұтақ болғанда,

Балта тимей құлайды.

(Бұғы, жыл толғанда мүйізі түсуі)

Түсі түйенікі,
Аяқ-басы сиырдікі.
Құйрығы ешкінікі,
Мүйізі ғана өзінікі.

(Бұғы)

Айтайын мен бір жұмбақ тым тамаша,
Тыңдама жұмбағымды, ұнамаса.
Бойы бар бір құлаштан астамырақ,
Басында мүйізі бар оннан аса.

(Бұғы)
414.
415.
416.

417.
418.
419.
420.

жұмбақтар
Төбесінде қу бұтақ,
Алар ма еді, бір бұтап.

(Бұғы)
Есек те емес,
Жылқы да емес.
Екеуінің ұқсастығы

Береді тұрқы елес.

(Құлан)
Пысқыратын не?
Ысқыратын не?

(Құлан, жылан)
Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол.
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,

Мынаны тапқан жанның ақылы мол.

(Аю)
Биік ала бағана,
Жайылып жүр далада.

(Керік)

Ыржияды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.

(Түлкі)

Жақпар тастың астында
Қызыл тонды қыз жатыр.

(Түлкі)

Белестегі бес бие,
Бақылдайды, құрылдайды;
Құйрықтары қара ала,
Қанаттары сары ала.

(Ұлар)
421.
422.
423.

424.
425.
426.
427.

428.

жануарлар,  мақұлықтар
Жылқыны қарнына қыстырып,
Түйені ерніне қыстырып,
Есекті құлағына қыстырып,

Қасқырды ат қып мініп,
Айт дегенде жүре берген.

(Қоян)

Әңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар.

(Қоян)
Жол үстінде қу қазық,
Мергеншіге жол азық.

(Қоян)

Бап, бап, бап екен,
Басқан ізім екен.
Құйрығында меңі бар,
Меңді қайда қоям екен.

(Қоян)

Түйе тістеген,
Итті мінген.
Ешкіні жетектеген,
Есекті басына көтерген.

(Қоян)

Жолсыз жүгіреді,
Адамнан күшті,
Тепсе, ізсіз,
Құлатса, елеусіз.

(Қоян)

Жусаннан аласа, бетегеден биік.

(Қоян)

429.
430.
431.
432.

433.
434.
435.

жұмбақтар
Аппақ қардай тоны бар,
Күдірейген жануар.

(Қоян)

Тауға шықса, жүгірген,
Таудан түссе, сүрінген.

(Қоян)

Есек құйрықты, түйе ерінді,
Ит сирақты, бұғы құйрықты.

(Қоян)

Түйе тұмсық, ит табан,
Көзін жұмбай ұйықтаған.

(Қоян)

Ит мінген,
Есек өңгерген,
Ешкі бөктерген,
Келеді бір мақұлық түйе айдаған.

(Қоян)

Бір мақұлық сар даланы ен жайлаған,
Ит мініп, есек тіркеп, түйе айдаған.
Мұнымды, зерек болса, ойлап табар,
Тапқанша зерек емес жыл айналар.

(Қоян)

Қос құлағы тас төбеде ұзын-ақ,
Сыбдыр сезсе, жөнеп береді зымырап.
Қысты күні қалың қарлы кеуекте
Шөпті азық қып жатады біраз тыным ап.

(Қоян)

Байшағырдың түбінде балалап жатқан дуадақ.
(Қоян)

Ішінде бар жылқысы,
Сыртында бар құлпысы.
436.
437.

438.
439.
440.
441.

442.
443.
444.

жануарлар,  мақұлықтар
Табанымен ит басқан,
Әр нәрседен көп сасқан.
Ши түбінде жемі бар,

Бишараның бас бармақтай меңі бар,
Осыны тапсаң, жеңдің ал.

(Қоян)
Басы бар да шашы жоқ,
Көзі бар да қасы жоқ.
Жүретін аяғы жоқ,

Суықта тоңбайды,
Ыстыққа күймейді.

(Балық)

Қанатты бір мақұлық ұшып жүрмес,
Өңгедей бұл жалғаннан дәурен сүрмес.
Ыстық пен жаздыгүні пәрмені жоқ,
Тоқсанда жаурадым деп үйге кірмес.

Бәрінде жердің жүзін өрт алғанмен
Құданың құдіретімен отқа күймес.

(Балық)

Демсіз-үнсіз,
Жүрсе, үнсіз.
Басса, ізі жоқ,
Жүрсе, жолы жоқ.

(Балық)

Жаны бар, қаны бар,
Бес сағат жерде тұрса,
Жаны да жоқ, қаны да жоқ.

(Балық)

Суда өмір сүреді,
Сусыз жерде шөлдейді.
Абайсызда ұстасақ,
Кетемін деп көнбейді.

(Балық)

445.
446.
447.
448.

449.

жұмбақтар
Құдіреттің бір құсы,
Көкте десем, ізі жоқ,
Мекенінен шықса, өледі,

Оған қылар емі жоқ.
Құлағы жоқ, көзі бар,
Түсі суық ызғарлы,
Аузында айыр бізі бар.

(Балық)
Тәнсіз, жансыз кім,
Қайда тұрады?

(Судағы балық)
Бір нәрсе жүре алмайды жерді басып,
Жерде жоқ бұйыратын оған нәсіп.
Тұрағын ол нәрсенің адам білмес,

Айтпаса түсіндіріп біреу ашық.

(Балық)

Жел, жел, жел бием,
Желіндесе, кім білер.
Жау жапырақ түбінде,
Құлындаса, кім білер.

(Балық)
Бір нәрсе қанаты жоқ ұшқан биік,
Сонда да жүрмейді екен жерге тиіп.
Арасын жер мен көктің өрт алса да,

Кетпейді ешбір жері отқа күйіп.

(Балық)

Алуан дүркін аузында бір әккәр,
Неше жұтқан жануарды көрдім әней,
Сүйегі бақша-бақша тұр дәней.

(Балық)

Бар екен үш қанаты ұшып кетпес,
Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.
450.
451.

452.
453.
454.
455.

456.

жануарлар,  мақұлықтар
Өзінің мекенінен шығып кетсе,
Тіршілік көремін деп үміт етпес.

(Балық)

Өзі шұбар,
Тамағына таққаны—
Екі тұмар.

(Шортан)

Бар екен бір мақұлық дауысы зор,
Қолдары адамға ұқсас, нәсілі сол.
Үйлері тас бұлақтан жаратылған,
Тапқан адам алады бәйгіні мол.

(Бақа)

Ағараңдап аузын ашқан,
Соқыраңдап жерді басқан.

(Бақа)

Жапа-жапа жапалақ,
Дігірманға бақылдап.

(Бақа)

Тарпаң, тарпаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.

(Бақа)

Сасық көлде ит үрер.

(Құрбақа)

Сұм жүзді, құралай көзді,
Киікше секірген,
Бура санды, жолбарыс тонды.

(Құрбақа)

Көл, өзен, дарияны жаны сүйген,
Жасынан қора салып, қамыс шиден.
Қаншама терең суды бойлағанда
Үстіне бір тамшы да су тимеген.

(Ондатр)
457.
458.
459.

460.
461.
462.
463.

464.

жұмбақтар
Текшелеп тебен арттым томашаға,
Домалағы жазылар оңашада.

(Кірпі)

Төрт аяқты,
Мың таяқты.

(Кірпі)

Дегендей ешкім тимесін,
Алыпты қадап инесін.

(Кірпі)
Алпыс кісі аяқтастың,
Ал таңертең таяқтастың.
Бәрін бір жерге жатқызып,

Кейде ұрысып алып қаштың.

(Кірпі)

Шықпайды бір мақұлық қорасынан,
Түгінің ине өтпейді арасынан.
Тап мұндай мақұлықты көргенім жоқ,
Айрылар туа салып анасынан.

(Кірпі)

Ұзамай аз жортад,
Жол жүруге шорқақ.
Үсті толған ине,
Кіріп кетер, тиме.

(Кірпі)

Ағашты орманның түбінен табасың,
Ине шаншылған жөке деп қаласың.

(Кірпі)
Инесі көп,
Тігуге икемі жоқ.

(Кірпі)

Далада жабулы тоқпақ жатыр.

(Кірпі)
465.
466.
467.

468.
469.
470.
471.

472.
473.

жануарлар,  мақұлықтар
Айтайын бір жұмбағым тұңғиықта,
Жаратқан барша жанға бір бұйрықты.
Болғанда қоян құлақ, қой құйрықты,

Болғанда мысық аяқ, түлкі тұмсық,
Айнала тікенек, бір жүні қылшық.

(Кірпі)

Бір түйем бар үстіне жантақ артқан,
Өзі сондай кетеген Құдай атқан.

(Кірпі)
Бір мақұлық бар еді жүрген саяқ,
Кеудесіне қарасам, мүштімдей-ақ.
Түрін байқап қара да, ет тамаша,

Үстінде көтеріп тұр бір мың таяқ.

(Кірпі)

Жәндік көрдім аласа,
Түрі басқа тамаша,
Ешбір жанға қосылмас,
Жүреді өзі оңаша.

Бірі бата алмайды
Қасқыр, аю, жолбарыс,
Ортаға алып қамаса.

(Кірпі)

Жер астында жездем қамшысы жатыр.

(Жылан)

Ұзын-ұзын, ұзын келер,
Ұзын бойлы қыз келер,
Қабақтары қалтырап,
Маңдайлары жалтырап.

(Жылан)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүріп кетсе, жолы жоқ,
Үстіне біткен жүні жоқ,
474.

475.
476.
477.
478.

479.
480.

жұмбақтар
Сыйдырып қойған таспадай,
Сипаласаң, міні жоқ.

(Жылан)
Аттап болмас алтын қазық,
Ұстап болмас темір қазық.

(Жылан)

Жылт-жылт еткен,
Жылға сайын өткен,
Бар адам безген.

(Жылан)
Ізі бар,
Адымы жоқ.

(Жылан)

Төсек астында шылғи қайыс.

(Жылан)

Жапырақ астында қара пышақ.

(Жылан)

Жол үстінде майлы қайыс.

(Жылан)

Шөп арасында ұзын қамыс.

(Жылан)

Ши түбінде шығыршық.

(Жылан)

Айтайын бір жұмбақты сізге батыр,
Өзінің асты кеуек, үсті жалтыр.
Қазандай қара тастың бауырында,
Бір сүйір адам таппас зәрлі жатыр.

(Жылан)
Шел басқан шыбық,
Кетті құмға сіңіп.

(Жылан)
481.
482.
483.

484.
485.
486.
487.

488.
489.
490.

жануарлар,  мақұлықтар
Дүниеде бір найза бар сапталмаған,
Мүлкім деп ешбір адам сақтамаған.
Бұрынғы өтіп кеткен қариялар

Найзаның тиген жерін мақтамаған.

(Жылан)

Айыр-айыр тілі бар,
Шұбар ала түрі бар,
Бәр жәндіктің ішінде
Қауіптісі сол, біліп ал.

(Жылан)
Жап-жалаңаш мақұлық,
Адам көрер түрі жоқ.
Тиіп кетсе, қақсатар,

Қабырғада міні жоқ.

(Жылан)

Жоқ екен бір құйрықтан басқа қару,
Ешқандай кәсіп етпес, пайда табу.
Өзіне жастан болған әдет екен,
Мақұлыққа жақындасқан найза салу.

(Жылан)

Орманнан шығар,
Сырты шұбар.
Ала түрлі,
Кілтең сырлы.

(Жылан)

Кемпір—тіссіз,
Жүрсе—ізсіз,
Тисең—зиянды,
Өлтірсең—қиянды.

(Жылан)

Иір-иір ізі бар.

(Жылан)

Дүнияда кірпіксіз жан не болады?

(Жылан)
491.
492.
493.

494.
495.
496.
497.

498.

жұмбақтар
Ши түбінде шұбар кездік.

(Кесіртке)

Жау келсе, қатты сасады,
Құйрығын тастай қашады.

(Кесіртке)

Сауыттан мықты шапаны,
Жиырылып кейде жатады.

(Тасбақа)
Асты тас,
Үсті тас,
Ортасында шандыр бас.

(Тасбақа)

Айдалада тостаған,
Оны нағып тастаған.

(Тасбақа)

Өмірі шықпай үйден бір,
Өз үйін өзі сүйреп жүр.

(Тасбақа)

Базардан келген көк лөк,
Көк лөктің көзі көк.
Үстіндегі Жәнібек,
Жәнібектің жаны жоқ.

(Тасбақа)

Көк ала бас көк бура,
Сырты сұлу, күмбездей,
Далада оттап жүрсе де,
Бауырын жазып шаба алмас,

Үйірін іздеп таба алмас.
Үстіне киген киімі
Бір жыртылса, жамалмас,
Оны адамзат баға алмас.

(Тасбақа)

499.
500.
501.
502.

503.
504.
505.
506.

жануарлар,  мақұлықтар
Бір нәрсе төрт аяқты, мал басты емес,
Не адам, не дерексіз албасты емес.
Астында бір нәрсесі салбыраған,

Аттың жалы, атанның шудасы емес.

(Тасбақа)

Бір жігіт ақ боз үйден шыға келді,
Үстінде алтай қызыл ішігі бар.
Жалма-жан қол көтеріп сәлем берді,
Жанында кейде нөкер, күшігі бар.

(Суыр)
Жер астында жездекем аты кісінейді.

(Суыр)

Ары жүгір қара шарт,
Бері жүгір қара шарт.
Тал түбіне тасталған,
Жылқыны қарнына қыстырған.

Түйені ерніне жапсырған,
Мұрты бар, сақалы жоқ,
Айт дегенде аяуы жоқ.

(Құндыз)

Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырған тоны бар.
Қанар қапта не болса,
Бәрін жейтін ойы бар.

(Тышқан)

Ат та емес, ит те емес,
Тістейтінін қайтерсің.

(Тышқан)
Буда-буда, буда жүн,
Будаланған шуда жүн.
Сыпырып қойған сұр таспа,

Қоңыр шұнақ құнажын.

(Тышқан)
7-298*
507.
508.

509.
510.
511.
512.

513.

Қырық қылыш, найзалы қай жануар,
Асынған және он екі қанжары бар.
Көңіл жер мен көктің арасында,
Жігіттер, мұны байқап аңғарыңдар.

Болады бұған әуес көп адамзат,
Шежіре көкірегі жазылған хат.
Қолына шынжыр арқан ұстап жүріп,
Астына мініп отыр алтыннан тақ.

Басында құрулы тұр алтын шатыр,
Ғайыптан қызығы бар бұл бір батыр.
Барғанын тіпті аман жібермейді,
Адамзатсыз болмайды әуел ақыр.

(Бүркіт, қырық қылыш—жиырмадан екі
қанаты, он екі қанжар—он екі тал ұзын
құйрығы, сегіз найза—тұяқтары,
шынжыр арқан—аяқ бауы, алтыннан тақ—

тұғыры, алтын шатыр—томағасы)

Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды.

(Бүркіт)

Далаға отау тіктім қонақ үшін,
Қонақ кісім ақылы шолақ үшін,
Қонақ қонып жатқанда үй жығылып,
Үй үстінде қалыпты қонақ кісім.

(Бүркіт)
Құстар
514.
515.

516.

құстар
Таудан тоқым лақтырдым.

(Бүркіт)
Бір нәрсе екі аяқты, сегіз бармақ,
Іліксе, дүниенің бәрін алмақ.
Өзінің тілі бар да, тістері жоқ,

Жұтады көрінгенді алмап-жалмап.

(Бүркіт)

Қара арғымақ мінгенім,
Қыр айнала жүргенім,
Сегіз найза сенгенім,
Он екі қылыш ілгенім.

(Бүркіт)

Айуан екі аяқты, асқан батыр,
Басына о батырдың тіккен шатыр.
Шешерсің, дана болсаң, бұны біліп,
Кел-кел деп, қан майданға шығысқанда,

Бір айла адамзатта болып жатыр.

(Бүркіт)

Елең, елең етті,
Қарға ауылға қона кетті,
Қақтың суын іше кетті.

(Бүркіт)

Жер басқанның жүйрігі,
Аспаннан келер бұйрығы.
Бұйрығы жетіп келгенде
Шошаңдайды құйрығы.

(Бүркіттің қоянды алуы)
Кішкене ғана бойы бар,
Тамақта ғана ойы бар.
Тіршілік құрып жүреді

Шамасы аз жануар.

(Сұңқар)

517.
518.
519.
520.

521.
522.
523.

жұмбақтар
Ерте тұрады,
Жар шақырады.

(Қораз)
Таңертең тұр-тұрлайды,
Кешке жат деп жыр жырлайды.

(Қораз)
Шашы жоқ, тарағы бар,
Егіні жоқ, орағы бар.

(Қораз)

Басы тарақ,
Арты орақ.

(Қораз)

Қызылдан киген киім, басқа қалпақ,
Саусағы төртеу болған, емес жалпақ.
Үстіне неше түрлі тон жамылып,
Басады мас адамша талтақ-талтақ.

(Қораз)

Дүниеде бір молда
Уағында азан оқиды.
Мезгілінде айқайлап,
Қайтып кеп жер шұқиды.

(Қораз)

Бір топ қамыс ішінде
Шақырады жанды гүл.

(Қырғауыл)

Бір топ жыңғыл ішінде,
Бір жапырақ қызыл гүл.

(Қырғауыл)

Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
524.
525.

526.
527.
528.
529.

530.
531.
532.

құстар
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.

(Сауысқан)
Бір мақұлық түспейді екен мұнарадан,
Бір күнде тағам татар әр қарадан.
Басында қара жылтыр кепесі бар,

Белінде белбеуі бар күлпарадан.

(Сауысқан)

Бір құс бар жан білмейтін ішкен асын,
Адамға көрсетпейді жұмыртқасын.

(Жарқанат)

Бар екен бір мақұлық шағын ғана,
Мекені күндіз оның биік жарда.
Ұшпайды ол мақұлық күндіз тіпті,
Ұшады кешке таман күн батқанда.

(Жарқанат)

Әкесі тышқан,
Шешесі құстан.

(Жарқанат)

Күндіз жоқ,
Түнде бар.

(Жарқанат)

Жар басында жарбиған,
Құлақтары қалбиған.
Тышқан, құс аңдып жүреді,
Бұл құсты кім табады?

(Жарқанат)

Күндіз ұшпас,
Түнде ұшар,
Құс қанатты,
Тышқан суретті.

(Жарқанат)
533.
534.
535.

536.
537.
538.
539.

жұмбақтар
Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ,
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады.

(Үкі)
Мысық бастан,
Жапалақ түстен.

(Үкі)

Қайталап атымды,
Көктемде ән саламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа табамын.

(Көкек)

Даланың көріп пе едің молдаларын,
Тыңдаңыз ол сорлының айтқан зарын.
Жиылып бір араға ойбайлайды,
Кез келген дүниеге ол бір жарым.

(Торғай)

Тал басында ағаш үй,
Терезесіз тамаша үй.
Соны мекен етеді,
Қыста алысқа кетеді.

(Қара торғай)

Желіп кетсе, жеткізбейді,
Тап қасында жатса да, адам көрмес.

(Бөдене)
Меңгіл-меңгіл, меңгілше,
Меңгілде бар тарғылша.
Желіп кетсе, жеткізбес,

Жерге түссе, табылмас.

(Бөдене)
540.
541.
542.

543.
544.
545.
546.

құстар
Сөйлесе, сөзді,
Айтса, ауызды,
Тынысы басқа,

Маңдайы қасқа.

(Тоты құс)

Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты.
Аулайды балық күн ұзын,
Түсіреді еске жирафты.

(Балықшы құс)

Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды.
Табыңдаршы, балалар,
Ол қандай құс болады?

(Тоқылдақ)

Қызыл жыңғыл түбінде
Қыздай болып отырмын.
Беті-қолымды жуып алып,
Мұздай болып отырмын.

(Қырғауыл)
Ай астында жортқан,
Күн астында жортқан,
Күміс сырнай тартқан.

(Қаз, қу)

Балпаң-балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады.

(Қаз)

Айтайын бір жұмбақты саған нұсқап,
Басына бөрік киер қара пұшпақ.
547.
548.

549.
550.
551.
552.

553.

жұмбақтар
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Тұрады екі қолын артына ұстап.
(Ала қарға)

Ұзын сирақ, түйе бас,
Жібек жалды қара шаш.
Қарап тұрсаң керуен,
Жасағаны серуен.

(Тырна)
Күні-түні тіл қатпай,
Қол шалғыны өкшелеп.
Шапқан шөпті құрғатпай,

Жинайды ол дестелеп.

(Тырна)

Көлде жүрген көп сиыр,
Жетіп барсаң, жоқ сиыр.

(Үйрек)

Шелектеп құйсаң да, су жұқпас.

(Үйрек)
Судан шықпас,
Су жұқпас.

(Қаз бен үйрек)
Күн батса, қонақтап қалғыған,
Таң атса, жерден жем аңдыған.

(Тауық)

Таңертең қашқан сиыр кеште бұзаулайды.

(Тауық)
Құрықсыз тұлпар ұстадым,
Кеште құр-құрлап.

(Кеште тауықты ұясына қамау)
554.
555.
556.

557.
558.
559.
560.

561.

құстар
Қамысы қара көлдің бунақ-бунақ,
Жел есер қара көлден тулап-тулап.
Мысырға ұзатылған апаларың

Төркіндеп келе жатыр улап-шулап.

(Туған жеріне қайтқан жыл құсы)
Бір керуен аттанады Шам шәріне,
Алыс жол алты айлық хан шәріне.
Қош айтып, қоғалы көл, қом суларға,

Созады ащы даусын таң сәріде.

(Жыл құсы)
Екі рет туады,
Бір рет өледі.

(Құс)

Тал басында түндіксіз отау.

(Ұя)

Ағаш басында,
Тас арасында,
Әр алуан қуыста
Түндіксіз отау.

(Ұя)

Құдай шебер ме,
Құрқылтай шебер ме?

(Ұя)
562.
563.
564.

565.
566.
567.

Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға.
Ұстасақ, үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.

(Көбелек)

Гүл ұшып гүлге қонады,
Гүл бақшам гүлге толады.

(Көбелек)

Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,

Хан басына қонған құс.

(Шыбын)

Иісшіл—ит емес,
Ұшады—құс емес.

(Шыбын)

Бар жұмысы ермегі.
Талмай қанат қағады.
Еңбекті хош көрмейді,
Жат ыдысты бағады.

(Шыбын)

Қыс кезінде ұйықтап жатар,
Жаз мезгілі думан ашар.

(Шыбын)
Жәндіктер
568.
569.

570.
571.
572.
573.

жәндіктер
Қарабай аттан жығылды,
Халық соған жиылды.

(Түкірікке жиылған шыбын)

Аспанда ақ сары құс шу салады,
Жабысып тақыр жерден су алады.
Адамнан су алған тым өзгеше
Дуылдатып денеңе у салады.

(Безгек масасы)

Өзім үшін сені ұрам,
Сен үшін өзімді ұрам.
Сен үшін өзімді ұрсам,
Ағады менің қаным,

Жарылады сенің қарның.

(Маса)

Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы мақұлықтың ығыр болып,
Дауысын естігендер зар қағады.

(Маса)

Аспанда қыран сары кісі алады,
Болғанда кешке жақын ән салады.
Құдайдың құдіретіне қарап тұрсаң,
Түтікпен тақыр жерден су алады.

(Маса)

Бір ғажап төрт аяқты, құс қанатты,
Көреді күндік жерден адамзатты.
Қолында қылдан нәзік күрзісі бар,
Япырай, тиген жері тастан қатты.

(Маса)

Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,

574.
575.
576.
577.

578.
579.
580.

жұмбақтар
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті.

(Шегіртке)

Тайқы маңдайлы,
Сиыр мұрынды,
Балық сыртты,
Жылан бауырлы,

Есек сауырлы.

(Шегіртке)

Ит басты,
Қошқар мүйізді,
Борсық кеуделі,
Бөкен санды.

(Шегіртке)

Айдар ауызды,
Қоян құлақты,
Бөкен санды,
Қылыш құйрықты.

(Шегіртке)

Жаз бойы әндеткен,
Күз болған соң сән кеткен.

(Шегіртке)

Бір мақұлық бар қазық аяқ,
Қарғып-қарғып түседі тазыдай-ақ.

(Шегіртке)

Бар еді бір жұмбағым жүрген сайда,
Қолында қылышы жоқ, екі найза.
Қарымды екі найза болғанменен
Қылыш пен ай балтадай болмақ қайда.

(Бұзаубас)
Біз жаздық аулым қонған текшесіне,
Етіктің жез қақтырдым өкшесіне.
581.

582.
583.
584.
585.

586.
587.

жәндіктер
Айуанда төрт аяқты бір нәрсе бар,
Бөренесін байлаған бөксесіне.

(Инелік)
Екі құйрық,
Алты сирақ.

(Инелік)

Ана таудың басында ұйыған қатық,
Ол қатықты көрмейді дәмін тартып,
Дәмін татқан қалады сеспей қатып.

(Қара құрт)

Бір мақұлық айдалада қорған салған,
Азапты ажалдымен соған барған.
Мен емес бұл жұмысты айтып жүрген,
Бұрынғы азамат ер содан қалған.

(Қара құрт)

Ғажайып бір нәрсе бар қатқан тері,
Өзінің қалың тоғай жатқан жері.
Бір күні аштан өлмей, тоқтан өлер,
Жігіттің мұны табар кемеңгері.

(Түйе кене)

Қарайып ұшты қарғадай,
Бармаған жері қалмады-ай.
Жерге түсті, ін қазды,
Аяғымен тырмалай.

(Қоңыз)

Ұшқанда өлең айтады,
Қонғанда жер қазады.
Мұны да ойлап көріңіз,
Шешуін кім табады?

(Қоңыз)

Әуеде ұшып жүрген аэроплан емес, құс емес,
Арқасына байлағаны ірімшік емес, құрт емес.
588.
589.

590.
591.
592.
593.

594.

жұмбақтар
Бауырға барып ін қазады,
Қасқыр емес, түлкі емес.

(Қоңыз)

Қарайып ұшқанменен қарға емес,
Ін қазғанменен түлкі емес.
Арқасындағы боқшасы
Жинағанмен мүлкі емес.

(Қара қоңыз)

Бір нәрсе алды биік, арты аласа,
Доп илер кешке дейін бір тамаша.
Мылтығын атайын деп оңтайланар,
Өзіне айтқан сыйы ұнамаса.

(Сасық қоңыз)

Көрдің бе бір нәрсе тұр дөп-дөңгелек,
Аз тұрса, сол жерінде болады көк.
Жерінде бір күн тұрған үш күн тұрса,
Өзіндей кетеді екен үш есе боп.

(Кене)

Кішкене ғана түйме тас,
Атан түйе тарта алмас.
(Кене)

Аспаннан ұшып түсті жатқан тері,
Қалың тоғай ну жыныс жатқан жері.

(Кене)
Бір нәрсе әлемде бойы тарбақ,
Ау салып жалғыз өзі тартар қармақ.
Өзінің адамзатқа зияны жоқ,

Табады ойлап- ойлап ердің ері.

(Өрмекші)

Ұзын-ұзын ұзардай,
Ұзыннан аққан сулардай.
Ағаш атқа мінгізіп,
Ұзартып қойған мұнардай.

(Өрмекші)
595.
596.
597.

598.
599.
600.
601.

жәндіктер
Бір нәрсе өзі молда, өзі жорға,
Құрады жібек ауды оң мен солға.
Тартқанда машинасын оң мен солға,

Табады қаражатын сонда зорға.

(Өрмекші)

Дүниеде бір кемпір бар тіпті кәрі,
Жіп төгіп, өрмек құрып, тоқыр шәлі.
Алады айламенен ала бүркіт,
Табыңдар немене екен мұның мәні.

(Өрмекші)

Шидиген ұзын сирағы,
Тастай керең құлағы.
Сөйтіп жүріп көп жерге
Аспалы торлар құрады.

(Өрмекші)

Еңбекші үй ішінде мекендеген,
Сым арқан дүниеге жетер деген.
Қарқара қара құсша түрін жайып,
Дүниеден уайымсыз өтем деген.

(Өрмекші)

Арқасы домалақ,
Аяғы ұзын.

(Өрмекші)

Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.

(Құмырсқа)

Қатар-қатар қара нар,
Аспанменен бара бар,
Алды биік, арты жар.

(Құмырсқа)
Бір шаһар дөп-дөңгелек үлкен үйдей,
Ішінде кәрі-жасы бәрі бірдей.
602.

603.
604.
605.
606.

607.
608.
609.

жұмбақтар
Кәрісін де, жасын да әрқашан айырмасын,
Таңғалған қандай дерек мұны білмей.

(Құмырсқа)

Құйрығы мен бастан белі бөлек,
Кете бере ағарғанды оңай сүйреп.

(Құмырсқа)
Аттанған бір шаһарға қырық мың қосын,
Қолында өзі жаяу, несі болсын.
Қолында еш нәрсесі болмаса да,

Өзіне тауып алар несібесін.
(Құмырсқа)

Белең-белең, белең ат,
Белі нәзік күрең ат.
Тауға мінсе, таймас ат,
Талау тисе, өлмес ат.

(Құмырсқа)

Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,
Күнінде бір отырмас дамыл алып,
Өзінен ауыр жүкті көтереді,
Үйінде жатып жейді рақаттанып.

(Құмырсқа)

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.

(Құмырсқа)
Құздан құласа да, өлмес.

(Құмырсқа)

Айдалада бір базар.

(Құмырсқаның илеуі)
Бір елеуіш жаным бар,
Көтере алсаң, бәрін ал.

(Құмырсқаның илеуі)
610.
611.
612.

613.
614.
615.
616.

617.

жәндіктер
Тыру-тыру тырналар,
Тауға қарай жорғалар.
(Ара)

Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды.
Қозғамасаң, жатады,
Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.

(Ара)
Бір нәрсе өзі нәзік тым-ақ сергек,
Қорқады бала-шаға, әйел, еркек,
Өзінің қаны адал, еті арам,

Мылтықсыз, я қылышсыз ұстайды ептеп.

(Ара)

Біреуге найза түйрейді,
Өзі де содан күйрейді.
(Ара)

Биік-биік тау болар,
Қаршығалар ұялар,
Еті арам болса да, сорпасы адал,
Ол не болар, балалар?

(Араның балы)

Шатыраш-шатыраш тау болар,
Көгершіндер ұялар,
Сорпасы адал болса да, еті арам,
Ол не болар?

(Араның балы)

Бір ұяда жүз бөлек үй.

(Араның ұясы)
Көк төбеде көп болды,
Топырақ жалап тоймайды,
Несібесі неден жоқ болды.

Жетеу еді бедері,
8-298*
618.
619.

620.
621.
622.
623.

624.
625.

жұмбақтар
Он төрт еді аяғы,
Балалықтан айтып жүрген
Жұмбақ еді баяғы.

(Есек құрт)

Домалақ таудың басында
Тоқты қошқар ойнайды.

(Бит)
Бір мақұлық келе жатыр маң-маң басып,
Құтылмас, көзге түссе, жолдан қашып.
Бұл жерде оны табар еш адам жоқ,

Таппаса үлкен молда кітап ашып.

(Бит)
Кішкене ғана мүнтек,
Жұртты жеген тентек.
(Бит)

Кішкене ғана бойы бар,
Адам жейтін ойы бар.

(Бит, бүрге)

Өзі кішкене, өзі өткір,
Қайда барса, сөзі өткір,
Өзі батыр адамға күші жетеді.
(Бүрге)

Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,
Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.
Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,
Іс тігіп көрген де емес еш қызығын.

(Шаян)

Жапырақ жеп сілекей шығарады,
Сілекей жасын шығарады.

(Жібек құрты)

Бекінген бір тау теке тұшалау үйге,
Құдайым оны салды мұндай күйге.
Күн шықса, жатады салқын үйде,
Күн жауғанда кетеді жапан түзге.

(Ұлу)
626.
627.
628.

629.
630.
631.
632.

633.

Бір байдың енші алыпты бір баласы,
Алғаны алпыс тоғыз ірі қарасы.
Төрт жерден түлікке желі қағып,
Үш жерден орнатылған мұнарасы.

(Түйе, алпыс тоғыз-күйісі, төрт желі-
аяқтары, үш мұнара екі өркеші, басы)

Болғанда қоян ерін, шыққан құлақ,
Тұлыбы шоқайғандай жатыр сұлап.
Жүруге қызметкер дайындалса,
Жалшыдай күні біткен кетер жылап.

(Түйе)

Таптым-таптым, тап жорға,
Табаны жалпақ боз жорға.

(Түйе)

Маң-маң басып келеді,
Тапырақтап желеді.
Мойны ұзын, үсті тау,
Ертеден елге бел еді.

(Түйе)

Маң-маң басқан, маң басқан,
Шудаларын шаң басқан.
Екі өркешін қом басқан,
Алабота, теріскен,

Мұрындығы келіскен,
Төрт түлік
634.
635.

636.
637.
638.

жұмбақтар
«Шөк!»—дегенде, «бық!»—деген,
Шешіп үйін жүктеген,
Бұл не деген жануар?

(Түйе)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Мойны ұзын, көзі үлкен,

Бұл не, өзің тауып ал?

(Түйе)

Даусы қоңыр, үні мұң,
Тесіп қойған мұрынын.

(Түйе)
Жіптен тартсаң,
Тау тұрады. (Түйе)

Үш тың-тың,
Екі жылтың,
Төрт тап-тап,
Қап-қара сатпақ,

Бір былғаныш.

(Түйе)

Ұзын-ұзын ұлпаны,
Ішіндегі жұлпаны.

(Түйе, бота)

Дүниеде ақас бар бек жайлаған,
Жанына адам барса, ойбайлаған.
Ақастың адам білер мінезі бар,
Мінгесіп екі бала той тойлаған.

(Түйе және оның өркеші)

Бір тақыт бар дүниеде әркім білер,
Ол тақыт қымбат емес, әркім мінер.
Мінерінде төмендеп келеді екен,
Мінгеннен соң жоғары көтерілер.

(Түйе, оған мінген адам)
639.
640.
641.

642.
643.
644.
645.

төрт  түлік
Екі ауылдың баласы еңбектеп келеді,
Төрт ауылдың баласы төбелесіп келеді,
Бір ауылдың баласы шөпшек теріп келеді.

(Жайылымнан қайтқан түйе,

өркеші, аяғы, ауызы)
Екеуі қарауыл қарап тұр
Төртеуі ұйықтап жатыр,
Біреуі қамыр басып тұр.

(Түйе)

Екі кісі қарауыл қарайды,
Бір кісі шөпшек тереді.

(Түйенің өркеші, ерні)

Дүбір-дүбір төртеу,
Есенгелді екеу.
Жағалбайлы жалғыз,
Оның таңы қарбыз.

(Түйенің аяғы, екі құлағы,

құйыршығы)

Төрт кісі төсек сал дейді,
Екі кісі қарауыл қарайды,
Үлкен әйел есік аш дейді,
Кіші әйел төмпештейді.

(Түйе, төрт аяғы, екі өркеші,

түйенің құмалақ тастағаны)
Бәйбіше есік ашқанда
Тоқал томпиды.

(Түйенің құмалағы)
Төсек астында төрт күлше.

(Түйенің төрт табаны)
Тау көтерген төрт қазық.

(Малдың төрт аяғы)
646.
647.
648.

649.
650.
651.
652.

653.

жұмбақтар
Таудан тас домалайды,
Тас бұршақтай сабалайды.

(Түйенің құмалағы)
Жоғарыдан көп тас домалайды,
Кезектесіп бірін-бірі қуалайды.

(Түйенің құмалағы)

Бір тауығым бар,
Жұмыртқасы көп,
Көп те болса жарылмайды.

(Түйенің құмалағы)
Таудан таяқ тастадым.

(Түйенің құмалағы)

Шашылды маржан,
Бағасы арзан.

(Түйенің құмалағы)

Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз.

(Түйенің шудасы, мойны, көздері)
Апан-апан,
Жаман шапан,
Төрт түйреуіш,

Бір былғауыш.

(Түйенің шудасы, аяғы, құйрығы)

Иір қобыз,
Екі тұтқыш,
Бір қыл жуғыш.

(Түйенің мойыны, екі өркеші, құйрығы)
654.
655.
656.

657.
658.
659.
660.

661.

төрт  түлік
Төрт лаулау,
Екі дің-дің,
Бір шібжің.

(Түйенің аяғы, екі өркеші, құйрығы)
Маң-маң басып барады,
Күлшесі қалып барады.

(Түйенің ізі)
Екі төлдің атынан
Бір төлдің аты шығады.

(Тайлақ)

Үлкен келін есік ашты,
Кіші келін домалай қашты.

(Түйенің құйрығы мен құмалағы)

Төлебайдың баласы төбелесіп келеді,
Егізбайдың өгей ұлы ерегесіп келеді.
Екеуі қарауыл қарайды,
Біреуі шөпшек тереді.

(Түйенің аяғы, өркеші, аузы)

Ермекбайдың екі ұлы ерегесіп келеді,
Төлебайдың төрт ұлы төбелесіп келеді,
Жағалбайдың жалғызы жағаласып келеді.

(Түйенің екі өркеші, құйрығы, аяғы)
Мен көрдім тұтам ақас тау жайлаған,
Тауына тиіп кетсең, ойбайлаған.
Үстіне қара орман артып алып,

Барса да қандай жерге той-тойлаған.

(Жүк артқан түйе)

Жануар бар жапан дала түзде өскен,
Арқасына екі бала мінгескен.

(Қос өркешті түйе)
662.
663.
664.

665.
666.
667.
668.

669.

жұмбақтар
Көріп тұрар бар ауыл,
Бір тауда қос қарауыл.

(Айыр түйенің өркеші)

Тамға таяқ сүйедім.

(Түйенің құйрығы)

Тауға таяқ қыстырдым.

(Түйенің мұрындығы)

Түбірлі төртеу,
Түймемен бесеу,
Ерубай екеу,
Мамық жалғыз.

(Жылқы)

Қоян жақты, тақыр жонды,
Төрт тұяқ, екі аяқты, екі қолды.
Салпы ерін, өзі жүйрік,
Кең омырау, жуан құйрық.

(Ат)

Төрт түп тұт мәуітімен кесіледі,
Үстіне мінген адам есіреді.
Құрдасым, тапқын мұны ойлы көзбен,
Ойласаң тереңірек шешіледі.

(Ат)
Екі бас, алты аяқ,
Жалғыз құйрық.

(Салт атты жолаушы)

Бір нәрсе тумай тұрып бағады,
Тудырып алған соң тіземен қағады.

(Айғыр)
Отырдым мұнан барып оймауылға,
Ілінді екі аяғым байлаулыға.
670.

671.
672.
673.
674.

675.
676.
677.
678.

төрт  түлік
Қолыма екі қайыс ұстап алып,
Жүргіздім қайда барсам айдауыма.

(Мінген ат)

Екеуі елеңдеп келеді,
Төртеуі төбелесіп келеді.

(Аттың екі құлағы мен төрт аяғы)
Ана таумен мына тау соғысып келеді.

(Аттың төрт тұяғы)

Кішкене ғана тостаған,
Көтеріп қана тастаған.

(Аттың тұяғы)

Тасқа тисе, кетілмейді,
Суға тисе, ерімейді.

(Аттың тұяғы)

Алыстан қарасам, бір қара,
Қасына келсем, мың қара.

(Жылқының құйрығы)

Алды қияқ, арты шалғай.

(Аттың жалы)

Ұштым, ұжмаққа шықтым,
Тептім, терекке шықтым.

(Атқа міну)

Қарасам, қайдан келдің,
Малы қара сайдан келдің.

(Аттың тезегі)

Жездем желіп бара жатыр,
Жез қалпағын түсіріп барады.

(Аттың тезегі)

Шауып келе жатып шақшам түсті.

(Аттың тезегі)
679.
680.
681.

682.
683.
684.
685.

686.
687.
688.

жұмбақтар
Шиге қамшы байладым.

(Белбеуге байланған ат)

Алты аяқты,
Екі қарынды,
Екі басты,
Екі қолды,

Төрт көз, төрт құлақты,
Екі мойын, бір құйрықты.

(Ат мінген адам)
Алдымда бар нар қамыс,
Артымда бар нар қамыс.
Отырған жерім ой темір,

Басқан жерім бай темір,
Он қолымда-тең қайыс.
(Ат, үзеңгі, қамшы, атқа мініп отырған адам)
Тау астында төрт бала,

Кезек-кезек ойнаған.
Төрт баланың қолына
Төрт айды әкеп байлаған.

(Аттың төрт аяғы, төрт тұяғы)

Керіп қойған немене,
Көкектеген немене?
Малып қойған немене,
Бал татыған немене?

(Желідегі құлын, піспек, сабадағы қымыз)
Кидең-кидең немене,
Кіріп тұрған немене.
Салпаң-салпаң немене

Салып тұрған немене.

(Құлын, желі, саба, піспек)
Кекендеткен несі екен,
Келіп салған несі екен?
Сорпылдатқан несі екен,

689.
690.
691.
692.

693.
694.
695.

төрт  түлік
Сорқылдатқан несі екен,
Суырып алған несі екен,
Суы тамған несі екен?

(Желідегі биені емген құлын)
Тартыс тамған ас,
Тақ-тақ еткен несі,
Қор-қор еткен несі.

(Науа, жылқы)
Топырақ желді мініп, желді айдайды,
Болғанда түскен жақын көлге айдайды.
Тамшыны жерге тамған керек қылып,

Топырақ өз-өзінен айқайлайды.

(Жылқы, қымыз)
Су өрге қарай ағады.

(Жылқының су ішуі)

Андыру мен мәндіру,
Тігісі жоқ қондыру.

(Ала мал)

Үлгісіз піштім,
Жіпсіз тіктім.

(Ала мал)

Жамаулары болса да, білінбейді,
Жансызға ондай нәрсе ілінбейді.

(Ала мал)

Тоғай-тоғай топтаған,
Тоғай ішін боқтаған.
Біреуі өлсе,
Бәрі жиылып жоқтаған.

(Сиыр)

Төртеу келеді,
Төртеу асылып тұрады,
Екеу жол көрсетеді,
696.

697.
698.
699.
700.

701.
702.
703.

жұмбақтар
Екеу иттен сақтайды,
Енді біреу артында асылып тұрады.

(Сиыр)

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жаптырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.

(Сиыр)

Дауысы—азанда,
Жақсылығы—қазанда.

(Бұзаулы сиырдың мөңірегені)
Екі отауға бір көсеу.

(Сиырдың танауы мен тілі)

Екі ошаққа бір көсеу.

(Сиырдың танауы мен тілі)

Қисық ағашқа қар жұқпас.

(Сиырдың мүйізі)

Бүкір ағашқа қар жұқпас.

(Сиырдың мүйізі)

Ел жатса да, енекем жатпайды.

(Сиырдың мүйізі)

Ел жатса да екі батыр жатпайды.

(Сиырдың мүйізі)

Қисық шағаға су жұқпас.

(Сиырдың мүйізі)

Тырс-тырс тамады,
Бір шұңқырға ағады.

(Сиырдың желіні)

704.
705.
706.
707.

708.
709.
710.
711.

712.
713.

төрт  түлік
Жол үстінде жылтыр жібек.

(Сиырдың сілекейі)

Төсек астында төрт бауырсақ.

(Сиырдың желіні)

Төрт туысқан бір шұңқырға құяды.

(Сиырдың емшегі)

Түйір-түйір төртеу,
Түймеменен бесеу.
Жалғыз тайы жалғыз,
Темір қазық екеу.

(Сиырдың төрт емшегі, кіндігі,

құйрығы, екі мүйізі)
Арқасы бар, аунамайды,
Аузы бар, күйсемейді.

(Сиыр мен ат)

Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

Төрт тағанды бойы бар,
Момындық дұрыс ойы бар.
Кербезденіп жүрмейді,
Айналдырған тоны бар.

(Қой)
Екен, екен, екен жұмбақ,
Екі етегін түрген жұмбақ.
Қазалыға барған жұмбақ,

Қақтың суын ішкен жұмбақ.

(Қой)
Баурындағы бұлағын ел ішеді.
Шабылады жотасынан пішені.

(Саулық қой)
714.
715.
716.

717.
718.
719.
720.

721.
722.

жұмбақтар
Азанда кетер ләйлекен,
Кеште келер ләйлекен.
Түрлі-түрлі жібектен,

Түймесі бар ілгектен.

(Қой, ешкі)

Шапаным да, тоным да
Арқаның жүр жонында.
Атам соның соңында,
Таяғы бар қолында.

(Қой, қойшы)

Ауылдан ерте тұрып, кетер сыртқа,
Көп жанға жалғыз нәрсе болды тұтқа.
Сол жерден аз жұмысын бітіріп ап,
Қайтады қуанышпен бір уақытта.

(Жайылған қой, қозы)

Ерте кетіп, кеш келе,
Тері тонды жануар.
Моншақ төгіп кетеді,
Жылтыраған суы бар.

(Қойдың құмалағы)

Ашылмаған сандықта,
Пішілмеген құндыз бар.

(Қозы)

Байшағырдың түбінде балалап жатқан дуадақ.

(Қоздаған қой)

Абылқайым айтқан жұмбақ,
Айналысып жатқан жұмбақ.

(Ішек-қарын)

Тоғай іші толған жұмбақ,
Ақын жігіт айтқан жұмбақ,
Шешен қатын шешкен жұмбақ.

(Қойдың ішек-қарны және оны аршу)
723.
724.
725.

726.
727.
728.
729.

730.

төрт  түлік
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,

Ақылды кісі шешкен жұмбақ.

(Мал сойған адам)

Төрт аяқ ортасында бүгілі бар,
Сөйлейтін өз алдында пиғылы бар.
Халінше сайманы ғой керек заты,
Көтерген екі дана құрығы бар.

Беретін жақынына жаны ашып,
Ашытқан бір аяқтай қымызы бар.

(Ешкі, төрт аяғы, екі мүйізі, сүті)

Қайырып басын тастаған,
Қайқайып қойды бастаған.

(Ешкі)

Асты пышақ, үсті істік,
Өзіне лайықтап киім пішкен,
Секіріп-секіріп түскен.

(Ешкі)

Төрт аяғы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде екі сақалы бар.
(Ешкі)

Сақалы бар,
Санасы жоқ.
(Ешкі)
Құйрығынан мүйізі ұзын.

(Ешкі)

Бір шал бар ауылымызда барпылдаған,
Басында екі найза жарқылдаған.
Іш майын құмырадан аңқытып ап,
Кімді көрсе, артынан жалпылдаған.

Өзі кәрі болғанменен сылқым сері,
Ақ соқна белбеуі салпылдаған.

(Теке)
731.
732.
733.

734.
735.
736.
737.

738.

жұмбақтар
Айтайын айт дегенде, ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың дәл түбінде,

Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.

(Малдың өті)

Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр.
Тамақ қолдың ішінде,
Айдаһар жегір хан жатыр.

(Малдың өті)
Алтынын алып,
Әбдіресін лақтырдым.

(Жілік)

Он екі қысырағым бар:
Екеуі—жуан буаз,
Екеуі—күмән буаз,
Екеуі—анық буаз,

Екеуі—танық буаз,
Екеуі—жіңішке қысыр,
Екеуі—ат қысыр.

(Екі ортан жілік, екі тоқпан жілік,

екі асықты жілік, екі қары жілік,

екі жамбас, екі жауырын)
Он екі түйе, он жылқы, тоғыз сиыр,
Бес ешкі, бір жарым қоян.

(Малдың төл көтеретін уақыты)

Түрлі-түрлі түр кілем,
Түр аласы бір кілем.

(Малдың шуы)

Түйеде жоқ, ешкіде бар,
Доңызда жоқ, қоңызда бар.

(Мүйіз)
739.
740.
741.

742.
743.
744.
745.

Алпыс екі мәуелі шынар ағаш,
Ағашқа біткен бұтақ жалғас-жалғас.
Және де екі тесік бір мешітте,
Қаланған кірпіші бар іргесінде.

Бір әйнек шыны да емес, темір де емес,
Жасауы сынып кетсе, қолдан келмес.
Жұмбағым тез ойланып тауып берші,
Сен дағы жігіт едің өзім теңдес.

(Адамның жаратылысы)

Бір «әліп» мұнарадай көзім көрген,
Екі «мәт», екі «сәкін» оған ерген.
Болғанда «иа»ден камал, нұрдан гауһар,
Болады кім данышпан мұны білген.

(Адам, көз, жас, екі құлақ, cөз)

Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,
Он екі жанында қаласы бар.
Бау-бақша түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.

(Алпыс сегіз тамыр, он екі мүше)

Ағады алпыс екі бұлақ бір қайнардан,
Он екі бұлағы бар шыр айналған.
Ісіне таң қаламын құдіреттің,
Бәрі де бір нәрсеге ыңғайланған.

(Алпыс екі тамыр, он екі мүше)
Адам және оның
дене мүшелері
9-298*

746.
747.
748.
749.

жұмбақтар
Меккеде бір ағаш бар түбі жуан,
Он екі ұл, алпыс екі қызы бір күні туған.
(Он екі мүше, алпыс екі тамыр)

Бір таудың айналасы жеті тесік,
Құдайым ғайыбынан берген несіп.
Құдайының құдіретімен осы тауға
Тұрады мезгілімен шөптер өсіп.

(Адамның басы)
Бір қария жерде де емес, көкте де емес,
Болғанда түбі терең, аузы кемеш.
Ішіне ит түссе де, арам емес.

(Көз)

Қос әйнек шыны да емес, темір де емес,
Бұзылса, оны адам түзер емес.
Кезінде өзі ашылып, жабылады,
Мағынасы қымбат нәрсе, арзан емес.

(Көз)

Әрі жүрер қараша ат,
Бері жүрер қараша ат.
Су бойында тұнық су,
Таңдап ішер қараша ат.

(Көз)
Жар қабақта екі бастау,
Жапсар тастың астында
Жасыл ала құс жатыр.

(Көз)

Кішкене ғана тостаған
Жер дүниені бастаған.

(Көз)

Көріп едім бір үлкен дарияны,
Барша қыз мекен етіп жатыр оны.
Ішінде ерлі-байлы екі аққу бар,
Жарықтық жеті сарбас балалары.

(Көз)
750.
751.
752.

753.
754.
755.
756.

757.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Кіп-кішкене қараша,
Тұрған жері тамаша.
Бір секундта жер-көкті

Алады шарлап қараса.

(Көз)

Кішкене ғана бетерім,
Жер түбіне жетерім.

(Көз)

Құстан ұшқыр, тездігі оқтан бетер,
Бес жүз жылқы аспанға оқтай жетер.
Ақылменен ойланып қарасаңыз,
Жылдамдыққа нәрсе жоқ онан өтер.

(Көз)

Бір тауда жанады екі шырақ,
Бір жанады, бір өшеді.

(Көз)
Ала арқаным жетпес жер жоқ.

(Көз)

Кішкентай бір мақұлық торы ала,
Ағаштан атырабына соққан қала.
Ішінде сол қаланың өмірі өтер,
Сабыр қып сахараға шықпас жана,

Жаралған өзі ғана артық болып,
Болжайды әр нәрсені айтып шама.

(Көз)

Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді.

(Көз)

Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде,
Бірін-бірі көрмейді.

(Көз)
758.
759.
760.

761.
762.
763.
764.

765.

жұмбақтар
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.

(Көз)

Ала тайынша шаң көтермейді.

(Көз)

Ағайынды екеу болыпты,
Екеуі тату жүріпті.
Ортасында тау болып,
Бірін-бірі көрмепті,

Екеуінің міндеті орындайтын бір бопты.

(Көз бен мұрын)

Көрші отырған көршілер
Бірін-бірі көрмейді.
Қара түнек қос үңгір
Діңгегі асу бермейді.

(Көз бен мұрын)

Қара суда суат жоқ,
Қалың талда бұтақ жоқ.

(Көз бен кірпік)

Сырты қылшық,
Іші былшық.

(Кірпік пен көз)

Ары жүгір қара тай,
Бері жүгір қара тай.
Тал түбіне барғанда,
Тайып жығыл қара тай.

(Көздің қарашығы)

Бір көлде екі түрлі сүт бар.

(Көздің ағы мен қарасы)

Таудан тас құлады.

(Көз жасы)
766.
767.
768.

769.
770.
771.
772.

773.
774.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Таудан тары домалайды,
Оны он екі қаз қуалайды.

(Көз жасы)

Бір таудың екі күзетшісі,
Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.

(Көз, құлақ, тіс)
Жар басында қара бурам шөгіп жатыр.

(Қас)

Қабақта қара бурам шөгіп жатыр,
Етектеп құмалағын төгіп жатыр.

(Қас, көз, жас)

Тұнық суға ши ұстадым.

(Кірпік)

Екі жар бірін-бірі шамалаған,
Тал шығып, жағасына сабалаған.

(Кірпік)

Сәуле астында жүз кісі.

(Кірпік)

Алпыс кісі аяқтасты,
Ертеменен таяқтасты.

(Кірпік)

Күндіз шайқасады,
Түнде айқасады.

(Кірпік)
Етке ет тиеді,
Жүнге жүн тиеді,
Әсіресе түнде тиеді.

(Қас пен кірпік)

775.
776.
777.
778.

779.
780.
781.
782.

783.
784.

жұмбақтар
Дарияның інжу-маржан шеттерінде,
Не кітап, оқу жоқ беттерінде.
Қайың ба, қарағай ма, яки тал ма,

Тармасқан тоғай таудың бөктерінде.

(Адамның бет-аузы, келбеті,

сақал-мұрты, сөзі)
Бір тобықта жеті жыртық.
(Екі танау, екі құлақ, екі көз, бір ауыз)
Беткейде бес есік.

(Екі танау, екі көз, ауыз)

Ағады тау басынан сегіз бұлақ,
Төртеуі ащы, үшеуі тәтті тым-ақ.
Ащы да емес, төртеуі күшті де емес,
Екі жапырақ өспейді тіпті бірақ.

(Екі құлақ, мұрын, екі көз, ауыз)
Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,
Адамның ол нәрсесіз күні болмас.
Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,

Кішкене болса дағы, кемдік қылмас.

(Ауыз)

Бір сарай, бір миыммен тазаланған,
Екі серік бір досы бар қасына алған.
Болғанда еден гауһар, желден самал,
Жер жүзі сайран болған жалғыз талмен.

(Ауыз, сөз, ерін, тіс, таңдай, леп)
Абайлап жүргін алдында,
Аңқайған ұра тұрыпты.
Ол ұраның ішінде

Гауһардан қора тұрыпты.
Ол қораның ішінде
Ақылды дана тұрыпты.
Ол дананың түбінде

785.
786.
787.
788.

789.
790.
791.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Білімді бала тұрыпты.
Асты менен үстінде
Балаға пана тұрыпты.

Барлығына пана болып,
Ата менен ана болып,
Қаулаған сора тұрыпты.

(Ауыз, тіс, тіл, көмекей,

таңдай,сақал мен мұрт)
Бір ұраның аузында
Бір бау сора.

(Ауыз, сақал және мұрт)

Бір төбеде үш бастау,
Біреуінің суы—тәтті,
Біреуінің суы—ащы,
Біреуінің суы—сор.

(Ауыз, жас, сор)

Айтайын мен бір жұмбақ ая батыр,
Болғанда асты гауһар, үсті шатыр.
Қазандай қара тастың сол түбінде,
Бір түрлі адам таппас заһар жатыр.

(Тіл, тіс, ауыз)

Бір отаудың ішінде отыз бөрі,
Бар жалғыз қызметкері өте епті.
Он жігіт алып барып тастағанда,
Отаудың бүлкілдейді екі жері.

(Тіл, тіс, саусақ, ерін)

Мен жұмбақ айтайын табасын ба,
Айналып ақ қаланы шабасын ба?

(Тіл, тіс)
Қыдыр ата тас қойдым,
Қызыл өгізді бос қойдым.

(Тіс, тіл)

792.
793.
794.
795.

796.
797.

жұмбақтар
Екі тақта арасында
Қимылдайды қызыл тақта.

(Тіл)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.

(Тіс, тіл)

Үнемі ауызда бұлтыңдайды,
Бірақ жұтылмайды.

(Тіл)

Қатар-қатар ақ күріш,
Тұрған жері қақтығыс.

(Тіс)

Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да, алынбас.

(Тіс)

Тамға таяқ сүйедім,
Отыз жерден сыр-сырлап.

(Отыз екі тіс)

Үсті тақтай,
Асты тақтай,
Ортасында әбзел тақтай.

(Тіс, тіл)

Ти, ти десем, тимейді,
Тиме десем, тиеді.

(Ерін)
Аймерген Аймергеннен озбайды екен,
Әңгіме түр-түрімен қозғайды екен.
Алтын күрек болғанда күміс қорған,

Қанша күреп тұрса да, тозбайды екен.

(Ерін)

798.
799.
800.
801.

802.
803.
804.
805.

806.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Үлкен ой,
Үлкен ойдың ішінде
Кіші ой,

Кіші ойдың ішінде,
Балуан би.

(Ерін, тіс, тіл)
Үлкен үй,
Үлкен үйдің ішінде
Кішкене үй.

Кішкене үйдің ішінде
Досқана би.

(Ерін, тіс, тіл)

Туғаннан біргемін
Бірақ санын білмеймін.

(Шаш)

Асқар тауда қара орман.

(Шаш)

Томпағымның басында тоқсан қыз бар.

(Шаш)

Жас кезінде қара орман,
Жыл өткен сайын ағарған.

(Шаш)

Басында Қаратаудың қап-қара шөп,
Атаймыз тау демесек әлде не деп.
Ағарып ақырында кете ме екен,
Ол таудың әлде шөбі тұрғанда көп.

(Шаш)

Білмеймін ерке ме екен, есер ме екен,
Қалпынан артық бойлап өсер ме екен.
Өсірме деп біреуге бұйырмасам,
Таудағы тоғайымды кесер ме екен.

(Шаш)
807.
808.
809.

810.
811.
812.
813.

814.

жұмбақтар
Бір тауға әрі қайың,
Әрі тал өседі.

(Шаш, сақал)

Майтөбеде ол сусыз,
Өскен қамыс буынсыз.
(Шаш,бас)
Кішкене ғана тегене,

Сырты толған балауса.

(Шаш, бас)

Беткейге қар жауды,
Кетпеске айналды.

(Шаштың ағаруы)

Қараша тауым қарлы болды,
Бір жауса, кетпейтұғын зәрлі болды.

(Шаштың ағаруы)

Қар жауды тау басына кетпейтұғын,
Аяқ жерге қақ тұрар кеппейтұғын.
Отыз шаһар қаласы ойран болды,
Ел бар ма ебін тауып септейтұғын.

(Ағарған шаш, көздің жасы, отыз түскен тіс)
Қар жауар пәкене таудан кетпейтұғын,
Басында бұлағы бар кеппейтұғын.
Тас қорған тәңірім соққан бұзылмайтын,

Болар ма оны адам ептейтұғын.
(Ағарған шаш, көздің жасы, тіс)
Қар жауды Қаратаудың басына кетпейтұғын,
Етекте екі бұлақ кеппейтұғын,

Бір тауда бір диірмен босқа қалды,
Бар ма екен сол диірменді ептейтұғын.
(Ағарған шаш, көздің жасы, тіл, тіс)

Қар жауды таза жерге кетпейтұғын,
Түбінен қайнар шықты кеппейтұғын.
815.
816.

817.
818.
819.
820.

821.
822.
823.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Алтыннан соққан қала бұзылыпты,
Бар ма жан оны соғып ептейтұғын.

(Ағарған шаш, мұрынның сорасы,

түскен тіс)

Қары бар Қаратаудың кетпейтұғын,
Ішінде бір бұлақ бар кеппейтұғын,
Бұзылып алтын кісен босқа қалса,
Ұста жоқ ол кісенді септейтұғын.

(Ағарған шаш, мұрын сорасы, тіс)
Қара айғырым шабады қамшыламай,
Қара жерге аяғын шаншып алмай.
Бір төбенің басына шығып алып,

Мың қойды қасқыр жепті қан шығармай.

(Ұстара, шаш, бас)

Шығыпты тау басына бір топ раң,
Төбенің бірі—қара, бірі—қылаң,
Қылышын қынасынан жылмаңдатып,
Раңның бірін қырмай, бәрін қырам.

(Шаш, ұстара)

Мың қойым суға кетті,
Байжан ақсақал қуа кетті.

(Шаш, ұстара)

Мың қойымды бір шыбықпен айдадым.

(Шаш, ұстара)

Бір төбеге қойыпты шынар жайып,
Қолына қылыш алды бір ғажайып.
Екі жақта шынардың қалқаны бар,
Кетпесін қалқанына қылыш тайып.

(Шаш, ұстара, екі құлақ)

Алпыс қанат ақ орда,
Алпыс атанға сыймайды.
Алпыс атаным қысқа дейін десем,
824.

825.
826.
827.
828.

829.
830.

жұмбақтар
Таңертең ұшқан құс
Кешке әрең қонады.

(Шаш, тарақ)

Бір тауға әрі қайың,
Әрі тал өседі.

(Шаш, сақал)
Қос бұлақ бір қарауыл салғаны бар,
Мойнында үш жүз алпыс арқаны бар.
Ақ тоғай, қара тоғай қалың ағаш,

Тоғайдың әр мезгіл де тарқары бар.

(Сақал, шаш)

Қарамасаң жайлауға,
Қабан келер шайнауға.

(Бас пен бит)

Бір тауда мекен еткен отыз бөрі,
Ол кісі отызының қызметкері,
Жанында екі адам қарауына
Жүрмейді бірі ілгері, бірі кейін.

Тағы да екі адамнан тыңшысы бар,
Есітіп келіп тұрған әңгімені,
Бірінің ортасында бағлан қозы,
Секіріп ойнап тұрған әрі-бері

Істейді біреуді екеу, қиынды оңай,
Қозыдан пәрменменен шыққан желі,
Сол тауда мекен еткен бөрілердің
Бойы бар ұстап көрсең екі-ақ елі.

Жалмаймын жер жаһанды десе-дағы,
Көрсетпейді, қымтап тұрса екі тері.
(Бас, отыз тіс, екі көз, екі құлақ, тіл, ерін)
Бір таудың басында бар бір топ тоғай,

Ойлаған ақыл-ойға жұмбақ оңай.
Сол таудың етегінде бір сарай бар,
Жүк әкеп түсіреді он бай ноғай.

(Бас, ауыз, қол)
831.
832.
833.

834.
835.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Бір жанды мақұлық көрдім формы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,

Мал жемес, шауып алып неме керек.
Ол таудың ортасында екі өзен,
Астында бұлағы бар, алды кезең,
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,

Адамзат көргені жоқ ондай өзен.
Ол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,

Асыл тас жібереді бәрін қиып.

(Бас, бет, ауыз, тіс)

Бір таудың адам жүрмес қиясы бар,
Екі самұрық, қос қыран ұясы бар.
Бітіпті етегіне құрма ағашы,
Басында бұлбұл құстың ұясы бар.

(Бас, көз, құлақ, тіл, ауыз, сақал)
Үрпек-үрпек тау,
Үрпек таудың астында екі жарық жұлдыз,
Оның астында екі тышқақ тоқты,

Оның астында жатқан тағы бір құндыз.

(Шаш, көз, қас, мұрын, мұрт)
Қалың қамыс, қалың қамыс,
Астында қия қамыс.
Пысылдауық, пысылдауық,

Астында сақылдауық.

(Шаш, қас, мұрын, ауыз)

Бір топ қамыс,
Бір топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған қамыс астында жылтырауық,
Жылтырауық астында пышылдауық,

Пышылдауық астында тебендеуік,
836.
837.
838.

839.
840.

жұмбақтар
Тебендеуік астында қатар-қатар тас,
Ортасында жылмаңдауық.

(Шаш, қас, көз, мұрын, ерін, тіс, тіл)
Асқар бел,
Асқар белдің аржағында ақ өткел,
Ақ өткелдің аржағында кішкене тау,

Кішкене таудың аржағында қиған қамыс,
Қиған қамыстың аржағында мидай дала,
Мидай даланың аржағында қара қопа,
Қара қопаның ішінде қара шошқа,

Қара шошқаны алады жалғыз тоспа.

(Иек, ауыз, мұрын, қас, маңдай,

шаш, бит, тарақ)
Күмбір-күмбір қарағым,
Қартайғанша жарадың.

(Құлақ)
Екі кісі ерегісіп келеді.

(Құлақ)

Ғаудыр-ғаудыр шанашым,
Қартайғанша көрмедім.

(Құлақ)

Құла бетте қисық астау.

(Құлақ)

Тауда жарбайып тұр.

(Құлақ)

Жар басында жарты кепе.

(Құлақ)

Жар басында жарты сыпыра.

(Құлақ)

Қарағай басына қатық ұйыттым.

(Ми)
841.
842.
843.

844.
845.
846.
847.

848.
849.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Қиын-қиын қиялар,
Қияға жұмыртқа ұялар.

(Ми)

Бар екен бір жыланның отыз іні,
Түп-түзу бұл жыланның жоқ дүр міні.
Ғажайып бір мінезі тағы да бар,
Шықпайды бір інінен күндіз-түні.

(Жұлын)

Екі достың бірі ыңғайлы,
Біреуінен ебі жоқ.
Екеуін де бірдей көрем,
Маған артық-кемі жоқ.

(Екі қол)

Қимылда қос шебер,
Талай-талай іс бітер.

(Екі қол)

Бес балалы екі досым,
Біреуінің ебі жоқ,
Екеуінде бірдей көрем,
Маған артық кемі жоқ.

(Екі қол)

Кезек-кезек сермейтін,
Жүргенде қанатым ол.
Түрлі еңбекке икемдейтін,
Ауырсынбай баратын сол.

(Екі қол)

Шашбау,
Шашбаудікі бес бау.

(Қол, бес саусақ)

Бірі үлкен, бірі кіші,
Туысқан бірге бес кісі.

(Бес саусақ)
850.
851.
852.

853.
854.
855.
856.

857.

жұмбақтар
Адам боп жаратылған бес арыстан,
Бойлары бесеуінің бір қарыстан.
Құдайдың құдіретіне таңғажайып

Бесеуінің арасына тас жабысқан.

(Бес саусақ, тырнақ)
Бес сауысқан,
Бес сауысқан басына тас жабысқан.

(Бес саусақ, тырнақ)
Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.

(Бес саусақ, қалам)

Бір күнде туған туыс бес,
Бойлары неге тең емес.

(Бес саусақ)
Бес ат,
Бесеуі де қасқа ат.

(Бес саусақ)
Бес көсеуім басы ақ күміс.

(Саусақ)

Бес адам бір есекке мінгесіп жүр,
Мінгессе де, талай жермен тілдесіп жүр.

(Бес саусақ)

Бар екен бәйтеректе екі аша,
Болмайды бар шақасы оннан аса.
Біреуі біреуінен икемдірек,
Құдайдың құдіретіне қыл тамаша.

(Он саусақ)

Бір тауды мекен еткен отыз бөрі,
Он кісі отызының жұмыскері.
Сол таудың ортасында бағлан қозы,
Масайрап секіреді әрі-бері.

(Он саусақ, отыз тіс, тіл)
858.
859.
860.

861.
862.
863.
864.

865.
866.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Бір тауды мекен еткен он бөрі,
Бес-бестен қызметкері.

(Он саусақ)

Ағайынды он,
Кигені екі тон.

(Он саусақ пен екі қолғап)

Бісміллә онға берді,
Он отызға берді,
Отыз Митанға берді,
Митан Шитанға берді,

Шитан ары қарай итере салды.
(Он саусақ, отыз тіс, көмей, тамақтану)
Оным отызға берді,
Отыз үлпекке берді,

Үлпек шөлпекке берді,
Шөлпек жұтып қойды.
(Он саусақ, отыз тіс, тіл, көмей, тамақтану)

Бес ағайын бар еді,
Бәрі бірдей жас еді,
Біреуі бірақ бас еді,
Бәрінен бойы пәс еді.

(Бас бармақ)

Салдым бесақамды,
Аштым дарбаза үйді.

(Бас бармақ)

Он терек отыз буын нұсқасы бар,
Бірі үлкен, бірі кіші қысқасы бар.
Бәріне лайықты атты қойған
Адамның тілі шешен ұстасы бар.

(Он саусақтағы отыз буын)

Басында тас құдықтың серке ойнаған,
Жегенмен дүниеге еш тоймаған.
10-298*
867.

868.
869.
870.
871.

872.
873.
874.

жұмбақтар
Бар екен бір кісінің он баласы,
Не үшін екеуіне ат қоймаған.

(Екі сұқ саусақ)

Он үйрек, отыз аққу көлде жатқан,
Себеппен қаршыға құс дәмін татқан.
Алыстағы лашын құс ілмей қалмас,
Жақсылар ақылымен білмей қалмас.

(Он саусақ, тіл, тіс, көз)

Ағайынды он,
Кигені екі тон.

(Он саусақ пен екі қолғап)

Қолымда он жүзігім, ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.

(Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі)
Екі батыр қазына іздейді,
Екі батыр жол іздейді.

(Қол мен аяқ)

Болғанда ыран-қыран,
Жабыса кетер сондай қыран,
Бір биікке қатар-қатар жайлайды,
Бірге ұмтылады шықса ұран,

Кейде жым болып түйіледі,
Айтқанына көніп иіледі.

(Оң қол, сол қол)

Жиырма баласы бар, төртеуі ана,
Бірі ұзын, бірі қысқа дара-дара.
Қандайлық істі қоссаң, ерінбейді,
Білімпаз мамандығы болған сара.

(Аяқ, қол, саусақ)
875.
876.
877.

878.
879.
880.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Он айда мен аламын он жаңа айды,
Он жаңа айды алсам да, ол таусылмайды.

(Тырнақ)

Он кемпір мұз арқалап тұр.

(Тырнақ)
Бір үлкен тау бар, басы қара,
Жан-жағында төрт сала бар,
Бәрі дара.

Басында даралардың күміс тәж бар,
Жігіттер, зейініңмен ойлап қара.

(Қол-аяқ, тырнақ)

Он атты, он жаяу, қырық найзалы,
Қыздың сөзі пайдалы.
Асыққаның аяңдай тұр,
Асықпасаң, бір-біріңе таялмай тұр.

(Аяқ, он саусақ, қырық қабырға және тіс)
Бесеуі қашып бара жатыр,
Бұлдырық қуып бара жатыр.

(Башай, өкше)
Бірге жатып бірге тұрар,
Озуға тұра ұмтылар.
Екеуі мәңгі жарысып,

Көрген жоқ әлі қалысып.
(Екі аяқ)

Алпыс аналы қасқыр,
Жетпіс балалы қасқыр,
Ол да көп жүр құр-құрлап.

(Ішек-қарын)

Мысыр деген шаһардың ортасында бір қонақ.
(Кіндік)
Жалама таста
Жалғыз қурай.

(Кіндік)
881.
882.
883.

884.
885.
886.
887.

888.
889.

жұмбақтар
Денеңде бар,
Ойыңда жоқ.

(Кіндік)

Тақырда тайдың ізі.

(Кіндік)

Егіз қозы сүйексіз.

(Емшек)
Бір мезгілде сүйексіз туған екі қой.

(Емшек)
Төбе десем, төбе емес,
Үңірейгенмен ін емес.
Айналасы көкпеңбек,

Мал жейтіндей шөп емес.

(Әйел мүшесінің бірі)

Бір дән бар дастарқанда салынбаған,
Дәмінен татпай ешкім қалынбаған.
Бір ағашқа бітіпті екі бұтақ,
Қанша жан ықтаса да, алынбаған.

(Ананың емшегі)
Аққуды табаққа салған,
Пышақпен кескен жоқ,
Жемеген адам жоқ. (Ананың емшегі)

Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

(Емшек сүті)

Бір жерден кішкене тесік көрдім,
Тесіктен алтын сарай есік көрдім.
Тесіктен бір өгіз дәу шыға келді,
Қайтадан кірем десе, кіре алмады.

(Сөз, лебіз)
890.
891.
892.

893.
894.
895.
896.

897.
898.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Ереймен жерейменнен озбайды екен,
Асы алтын, қасығы күміс болып,
Өмірі бітіп мүлде тозбайды екен.

(Сөз)
Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,

Онсыз тірі ешкім де дәурен сүрмес.

(Сөз)

Еккенім бір танапқа жалғыз бидай,
Аққурай қанасына кетті сыймай.
Біреудің аманатын алсаң дағы,
Тұрасың береріңде көзің қимай.

(Адамның жаны)

Балдан тәтті,
Удан ащы,
Тәрбиесіз, ата-анасыз.

(Жан)

Балдан тәтті,
Мақтадан жұмсақ.
Базарға апарып сатсаң,
Бір тиындық бағасы да жоқ.

(Ұйқы)

Базарда сатылмайды,
Таразыда тартылмайды.
Өзі балдан да тәтті,
Өмірге бір шапағатты.

(Ұйқы)

Суға салсаң—батпайды,
Отқа салсаң—жанбайды,
Жерге көмсең—шірімейді.

(Адамның аты)

899.
900.
901.
902.

903.
904.
905.

жұмбақтар
Өлсең де—өлмейді,
Өлмесең де—өлмейді.

(Адамның аты)

Жаралғанға жабысқан.

(Адамның аты)
Дүниеде бір нәрсенің жоқ мекені,
Затының емес мәлім кім екені.
Мінсең берік, өзі жүйрік бек қашаған,

Апарар қуса Тәшкен сол пендені.

(Көңіл)
Екі атым бар: бірі ақ, бірі қара,
Атқа мінсем, шығамын сахараға.
Жаңылып қара атты міне қалсам,

Түсемін тамашаға дарияға.

(Ақ көңіл мен қара көңіл)
Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді,
Күніне мың шақырым жерге барып келеді.

(Көңіл)

Бір нәрсе кейде сопы, кейде залым,
Сиқырлар бір сағатта жанның бәрін.
Бір уақыт патша болып отырады,
Тар жерде әркімнің де ойлар қамын.

(Көңіл)

Сары ат міндім, саз кештім,
Сарқыты маған тимеді.
Қара мақпал тон піштім,
Қиқымы маған тимеді.

(Түс)

Бір жүйрік ат әркімде бар кетер шауып,
Үстінен ер-тоқымы қалмайды ауып.
Десем де қайда барам лезде барам,
Жартастан жығылмайды, қылып қауіп.

(Ойлаған ой)
906.
907.
908.

909.
910.
911.
912.

913.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,

Ойланып ақылына сыйыстырсаң.

(Ой)
Бір минутта дүнияны аралайды,
Сонда да шаршамайды.

(Ой)
Даладай кең,
Теңіздей терең.

(Ой)

Алты аяқты, төрт көзді,
Екі ауызды, бір сөзді,
Ынтымақ үшін ел кезді.

(Атқа мінген адам)

Арқасы екеу,
Аяғы алтау.

(Үстелде отырған адам)

Бір адам көрдім,
Жүрмей тұрған жабысып.
Түсін танып тұрсаң да,
Жауап айтпас танысып.

(Адамның суреті)

Көрінеді бір бәйтерек басы сыңар,
Сүйкімді адамзатқа ол бір шынар.
Дағ түбінен басынан жеткенінше,
Жүз бұтақ, мың екі жүз ұясы бар.

Төрт басқыштың бұтағы қырық тоғыз,
Мәуесі иіліп, жерге балы тамар.
Бес басып, шыққасын алтыншыға,
Жылымшып аппақ болып жауады қар.

Жеті бұтақ басқанда, жер жарылып,
Жайы қамап болмаса жан қиналар.
914.
915.

916.
917.
918.
919.

920.

жұмбақтар
Сегізін тамам қылып басқан жанның
Артында тоқсан жеті бұтақ қалар,
Үш бұтақтан сақтанса, соған келіп,

Ұясы мың екі жүз тамам болар.

(Адамның бір жастан жүз жасқа

дейінгі мүшел жастары)
Айтайын мен жұмбақ ақыл ойлап,
Қойыпты бір терекке дүлдүл байлап.
Қайнайды ар жағында дария, теңіз,

Тапқанша бір сасарсыз ақыл ойлап.

(Адам, тіл, көңіл)
Қарт басқан қара нар,
Жез бұйдалы нар тайлақ.
Бауыры сүтті сары інген,

Сұм қарағай бұтақсыз,
Мысыр деген шаһардың ортасында бір қонақ.
(Атасы, баласы, емшегі, шаш, кіндік)
Күніне бір өліп, бір тіріледі,

Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойлағанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да, кім біледі.
(Адамның ұйықтағаны, оянғаны)

Көз көрмей қоймайды екен тірі адам,
Ғаламды жұта берер түрі жаман.

(Көр)

Құдайдан басқа адамның баршасы да теп-тегіс,
Адамнан аласы бар, аурудан қаласы бар.

(Жынды)

Бар болса—жоғым дер,
Жоқ болса—барым дер,
Жар жағалап жүрсе де,
Бір шырақтай жаным дер.

(Бишара)
921.
922.
923.

924.
925.
926.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Турасаң да, бөлінбейді,
Қараңғыда көрінбейді.

(Көлеңке)

Жүрсем, жүреді,
Күлсем, күлмейді.

(Көлеңке)
Шапса, шабылмайды,
Көмсе, көмілмейді.

(Көлеңке)

Тепсем, тебілмейді,
Бассам, басылмайды.
(Көлеңке)
Қайда барсаң ереді,

Жер бауырлап келеді.

(Көлеңке)
Өзінің жаны жоқ,
Күнмен бірге жүрер.
(Көлеңке)

Қуып едім,
Мойын бұрмады.
Ұстайын деп едім,
Қолға тұрмады.

(Көлеңке)

Алам аяқ, алам аяқ,
Жүгірсем, жеткізбейді, жалаң аяқ.

(Көлеңке)

Ербекей де,сербекей,
Ауыз үйге кірмейді.

(Көлеңке)

Жаңа-жаңа шекпенім,
Жанымнан қалмас шекпенім.
Ескі-ескі шекпенім,
Бұлтты күні қайда кеткен шекпенім.

(Көлеңке)
927.
928.
929.

930.
931.
932.
933.

934.
935.
936.

жұмбақтар
Жаман-жұман жармағым,
Жанымнан қалмас жармағым,
Ескі-құсқы жармағым,

Есімнен қалмас жармағым.

(Көлеңке)
Жаман жолдасым маңымнан қалмайды.

(Көлеңке)

Ерте, кеште бой жазып,
Дәл талтүсте жантайған.

(Көлеңке)

Сыпырамын, сыпыра алмаймын,
Тазартамын, тазарта алмаймын.

(Көлеңке)

Қараңдап, қусаң қашады, жеткізбейді,
Өзіңнен алыс ұзап көп кетпейді.
Тез өсіп, тез қысқарад жарықпенен
Қолыңа ұстасаң да, ілінбейді.

(Көлеңке)

Тұрсам, тұрады,
Жүрсем, жүреді,
Жатсам, жатады.
(Көлеңке)

Еңкейсем, еңкейеді,
Шалқайсам, шалқаяды.

(Көлеңке)

Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді,
Күнде жаңа, ескеріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунаса да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.

(Көлеңке)

Жаратқанға жабысқан,
Жалпағынан қабысқан.
(Көлеңке)
937.

938.
939.
940.
941.

942.
943.
944.
945.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Артыңнан еріп қалмайды,
Қараңғыда жалмайды.
Кейде ұзын, кейде қысқа,

Шаршамайды, талмайды. (Көлеңке)
Тамға шықсам, қыпша белім талады,
Кет-әй десем, жары жорам қалады.
Екі түрлі ел маған таласып тұр,

Бірін сүйсем, бірінің кеулі қалады.

(Көлеңке)

Қараңғыда біреу едім,
Күн шыққан соң екеу болдым.

(Көлеңке)

Әбен аяқ, тіллә таяқ,
Жүгірдім, жете алмадым.

(Көлеңке)
Сен әрі отыр,
Мен бері отырайын.

(Көлеңке)
Суда жатады,
Өзі батпайды.

(Көлеңке)
Мұрыннан кетпейді,
Қолға түспейді.
(Иіс)

Кішкентай ғана өзі бар,
Мыңнан да көп көзі бар.

(Түкірік)

Ақ күшігім арбадан қарғып түсті.

(Түкірік)

«Аң» десем атып түсер алтын асық,
Келмейді шақырсам да алыс қашып,
946.
947.

948.
949.
950.
951.

952.
953.
954.
955.

жұмбақтар
Түскен соң жерге барып бағасы жоқ,
Жүремін аяғыммен еркін басып.

(Түкірік)

Айдалада ақ тотым,
Жүгіріп барсам жоқ тотым.

(Түкірік)

Топ етті, дөңгеленді,
Ақ мамыққа бөленді.

(Түкірік)

Топ етті,
Тонға оранды.

(Түкірік)

Былқ-былқ, былқ семіз,
Сүйегі жоқ, нық семіз.

(Адамның нәжісі)

Мысыр атты бір шаһар,
Ортасында қырық бұлақ.
Төскейден балық ұстадым,
Құралықсыз құр-құрлап.

(Адамның өмірі)

Көзге түсіп көріне жүрмейді,
Сүйтсе де бірден танып кідірмейді.
Күні-түні барады тынбай жүріп,
Қалғып-мүлгіп бір сағат кідірмейді.

(Өмір)

Сандығымның ішінде сақам бар,
Бүк екенін, шік екенін білмеймін.

(Ана құрсағындағы бала)

Бір нәрсе жатқан жері сондай берік,
Қорығын көреді екен бөліп-бөліп.
956.
957.

958.
959.
960.
961.

962.
963.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Ұйқыдан оянған соң тұра салып,
Кезеді адамзаттың соңына еріп.

(Ана құрсағындағы бала)
Омбыдан ояз келді теңбілменен,
Аяғын қадам басып бір жүрмеген.
Қанша адам құрметіне жүрсе дағы,

Болғанша уақтысы бір жүрмеген.

(Ана құрсағындағы бала)

Ел ішіне келді, аты жоқ,
Ел оған ат берді,
Еті бар, сүйегі жоқ,
Соғымына екі зат береді.

(Жаңа туылған бала)

Құлақ сал, бұл сөзіме, ау жамағат,
Бір күні елге келді көп жамағат.
Бір шақта халық ішіне өзі келді,
Жалаңаш, өзі жаяу бір азамат.

Көрді де бұл адамды, болды шатта,
Құрметтеп құп сыйлайды адамзат та,
Сүйегі жоқ екі қой азық беріп,
Мінгізді ол адамды жалғыз атқа.

(Жаңа туылған бала)

Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты,
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік мәткесі бар, уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,

Құс төсек, мамық жастық, біреу жатыр,
Көңлі уайымсыз жай сияқты.

(Бесіктегі бала)

Ақ қозы,
Құмалағы көп қозы.

(Бесіктегі бала)

964.
965.
966.
967.

968.

жұмбақтар
Ағай-ағай, ағай құс,
Аяғынан таңған құс.
Көгей-көгей құс,

Көкірегінен таңған құс.

(Бесіктегі бала)
Бір өзі іштен шығады тіл білмеген,
Ақ отау тегін берді дүмбірлеген.
Бір күні жолға түсіп жүріп кетті,

Еш бұйым қалдырмады бүлдірмеген.

(Бала)

Қырық жұма қараңғы үйде тұрдым,
Алты жұма ауырып жаттым,
Жиырма жұма мені байлады,
Бір жыл асылып тұрдым.

(Бала)
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке қарай үш аяқты.

(Адамның балалық, есі

кірген, қартайған кезі)
Бақ-бақ бақасы,
Бақылдайды сақасы.
Екі торсық азығы,

Қақаңдайды қазығы.

(Бала, шешесінің екі емшегі)

Сақырлаған шатыры,
Ішіндегі батыры.
Астында киіз қазығы,
Екі торсық азығы.

(Бесік пен бала)

Таудан құлан ұстадым,
Жүген-құрықсыз құр-құрлап.

(Қалыңсыз қыз)
969.
970.
971.

972.
973.
974.
975.

адам  және  оның  дене  мүшелері
Бір атым Оралда,
Не қамым боранда.

(Қалыңдық)
Шықтым далаға,
Қалдым балаңа.
Шықпас едім балаңа,

Қалмас едім балаңа.

(Кедей жерге тұрмыс құрған бай қызы)
Көлдей,
Шөлдей.

(Бай, кедей)
Ақ киік ауа жайлап шиыр қаққан,
Жігіттер, болса әр іс қадір хақтан.
Біреудің асыранды балапаны

Патша еді заманында атайды тақтан.

(Ұзатқан қыз)

Бір қыз бар дүниеде шынарланған,
Со қызға елдің бәрі құмарланған.
Бір адам, бір хайуан, бір жануар,
Ақыры сол қызды үшеуі алған.

(Адам, ат, бүркіт)
Бір нәрсе өзі кербез, өзі тыраш,
Жүреді жан-жағына салып құлаш.
Заласын қарындасқа тигізеді,

Пайдасы айдалада көген алаш.

(Ұры)
Ол не—дүр, кім жүз—дүр бармақты,
Сегіз аяқ астында дүр тұрмақты.
Бес бас, бес тәні, төрт жаны,

Не ғажайып—дүр, бесі барып, төрт қайтпақты.
(Мәйіт, оны көтерген төрт адам)
976.
977.

978.
979.
980.
981.

982.

Төрт қарны бар,
Бір аузы бар.

(Үй)

Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады.

(Киіз үй)
Біреу екен анасы,
Жиырма бес баласы.
Іш жағынан қарасаң,

Хан шаһар-қаласы.
Маңдайында ағы бар,
Түрлі қажет табылар.
Түгел екен тұрманы,

Керек жағы тағы бар.

(Үй іші, жиһазы)
Дүниеде бір айдаһар білесің бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,

Жарқылдар жалғыз көзі төбесінде.

(Киіз үй)
Өзі жүкті,
Сырты түкті.

(Киіз үй) Үй 983. 984. 985. 986. 987.

үй Ұрса, жаны шықпайды, Сойса, қаны шықпайды. Терісін сыдырып алса, Тырысып-тырысып қалады.

(Киіз үй)

Ауып едім,
Ептедім, септедім,
Қара жерді түптедім.

(Киіз үй)

Бір нәрсе өзі берік, іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқыш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жиналғанда бір-ақ уыс.

(Киіз үй)

Бұғы-бұғы ұзын,
Бұғыдан да бойы ұзын.
Алтын қошқар мүйізі
Аба киік терісі.

(Киіз үй)

Ол не екен аузы үңгірдей, қырық қолы,
Адамды тірі жұтты көрдік оны.
Терісін сыпырып ал, тамбас қаны,
Сүйегі салдырап тұр, жоқ қой жаны.

(Киіз үй)

Тұрады жетпіс кемпір жерді басып,
Баласын арқасына арқаласып.
Рақмет ол баланың атасына,
Баласын бағып отыр қолмен басып.

(Киіз үй)

Айдалада атамның үлкен тақиясы түсіп қалыпты.
(Киіз үй)

Бар екен бір мақұлық қаны қашқан,
Сақылдап адам келсе, аузын ашқан.
11-298*
988.

989.
990.
991.
992.

993.
994.
995.

жұмбақтар
Болғанда отыз омыртқа, қырық қабырға,
Мұны тапқан адамның ақылы асқан.

(Киіз үй)

Апан-апанды көрдім,
Жаман шапанды көрдім.
Алпыс аяқтыны көрдім,
Адам жұтқанды көрдім.

(Киіз үй)

Қарыптары каф-дүр, білсең оны,
Қанаттары қатар жатар жаны.
Сүйегі толып жатыр пара-пара,
Терісін сыдырып алса, шықпас қаны.

(Киіз үй)

Бір құс бар қанат жайса, дөп-дөңгелек,
Адамнан ешқашанда жүрмес бөлек.
Ұшса да, қонса дағы еркі адамда,
Жатасың, ыстық болса, көлеңкелеп.

(Киіз үй)

Буын-буын қалтада,
Буы шыққан насыбай.
Мұны тапқан кісінің
Жүз жиырма жасы бар.

Құлындары құла ала,
Құлақтары кез ала.

(Киіз үй)

Айуанға екі қолын артып тұрған,
Белбеуін екі жерден тартып тұрған.
Алдына не тастаса, соны жалмай,
Заһарын төбесіне шашып тұрған.

(Киіз үй)

Дәудің іші өртеніп,
Көзінен бу шықты.

(От жағылған киіз үй)
996.
997.
998.

999.
1000.
1001.

үй Бір топ құс бір қалбада арқандаулы, Ол құстың қол-аяғы бәрі баулы. Ішінде бірақ сұңқар, басшысы бар, Болыпты сол сұңқарменен бәрі даулы.

(Киіз үй, уық, шаңырақ)

Алпыс терек,
Адамға керек.
Алпыс теректің бәрі—ұя,
Тұрған жері—қия.

(Алпыс басты киіз үй)

Әлім-шәлім,
Екі байдың қызы, екі ханым,
Төрт жеңгесі бар екен,
Қызмет қылған немересі.

Буы-буы, буы ұзын,
Буыннан да қолы ұзын,
Аба киік терісі,
Алтын қошқар мүйізі.

(Бау, құр, екі үзік, төрт туырлық, түндік,
кереге, уық, киіз, шаңырақ)
Өзімді жас қайыңнан кесіп алды,
Белімді неше жерден тесіп алды.

Жемейді көк түтінмен ертелі-кеш,
Шықпаған шыбын жанның несі қалды.

(Шаңырақ)

Әупірім, ала, қара құс,
Үсті-басы тарамыс.

(Шаңырақ)

Ұзын-ұзын әулие,
Төбесін құрт жеп қойған
Тұғыр төбе әулие.

(Шаңырақ, уық)

1002.
1003.
1004.
1005.

1006.
1007.

жұмбақтар
Таңертең тұрдым,
Ернімді бұрдым.

(Түндік)
Күндіз ашық,
Түнде жабық.

(Түндік)

Ақ итім арбадан қарғып түсті,
Барлығының басына шыққан кісі.

(Түндік)

Қара таудың басында
Қабылан деген құс отыр.
Қанатына мұз қатып,
Қайрыла алмай ол отыр.

(Түндік)

Қара тоқтыны қайырып соқтым.

(Түндіктің ашылып, жабылуы)

Алпыс атым ала аяқ.

(Уықтың қаламы)

Отыз омыртқа,
Қырық қабырға,
Бәрін ұстап тұрған—
Ауыз омыртқа.

(Уық, кереге, шаңырақ)

Әкесі баласын көтеріп тұр,
Баласы бөркін көтеріп тұр.

(Кереге, уық, шаңырақ)

Алтынменен аптадым,
Күміспенен күптедім.
Бірін өрге шығарып,
Бірін жерге түптедім.

(Уық, кереге)
1008.
1009.
1010.

1011.
1012.
1013.
1014.

1015.
1016.

үй Біреуде қырық ұл бар, Қырқының қырық аяғы бар.

(Уық, кереге)
Қырық қой қырқылдақтан су ішіп жатыр.

(Уық, шаңырақ)

Жоғарғы ауылдың баласы ашамайға мінеді,
Төменгі ауылдың баласы тесік тастан өтеді.
(Уық, шаңырақ)

Ай құшақ,
Ай құшақ,
Жиылып келсем, бір құшақ.

(Кереге)
Иір-иір ыңыршақ,
Жиып қалсаң, бір құшақ.

(Кереге)

Алпыс атым ала аяқ,
Жетпіс атым жел аяқ.

(Кереге)

Жүз жігіт жер тіреп жатыр.

(Кереге)

Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр,
Алпыс кемпір ат байлап жатыр.

(Кереге мен уықтар)

Былайғы елдің баласы
Ашамайын мініп тұр.

(Керегенің басындағы уық)
Мың қарабас қойымның бәрі шұнақ.

(Керегенің басы)

1017.
1018.
1019.
1020.

1021.
1022.
1023.
1024.

1025.
1026.

жұмбақтар
Үйдің іші толған мыс кене.

(Керегенің көгі)

Артыңда әкең жұдырығын түйіп тұр.

(Керегенің көгі)
Үйде бір жұдырық,
Сыртта бір жұдырық.

(Керегенің көгі)

Ала күшік үй айнала жүгіреді,
Екі басы ішке кіреді.

(Басқұр)

Үй айнала қан төктім.

(Басқұр)

Әуеден көтен түсті,
Көтеннен бөтен түсті.

(Желбау)
Көтерем тайым құйрығы салбырап тұр.

(Желбау)
Ана ауылдың қойларының бәрі ала аяқ.

(Уық бау)

Үй үстінде төрт шыбық,
Төртеуі де тең шыбық.

(Түндіктің төрт бауы)

Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.

(Тоқыған ши)

Жерімде ер едік,
Жез бұйдалы қыз едік.
1027.
1028.

1029.
1030.
1031.
1032.

1033.
1034.
1035.
1036.

1037.

үй Қытайға кеп қырылдық, Қырық тұзаққа тығылдық.

(Тоқылған ши)
Ана ауылдың,
Мына ауылдың бұқасы
Шартылдайды мүйізі.

(Тоқылған ши)
Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.

(Тоқылған ши)

Жорға жаққа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.

(Ши тоқу)
Өз елімде бек едім,
Желкілдеген жек едім.
Келдім де қыспаққа түстім,

Отыз екі тұзаққа түстім.

(Тоқыған ши)

Әуелінде шөп едім,
Жерге өскен көк едім.
Қолға түстім, ойылдым,
Он жерімнен буылдым.

(Ши)

Мен елімде дегендім,
Жирен атты бек едім,
Елімнен келіп мұндай болдым,
Белімді байлаған құлдай болдым,

Тонымды жырттырдым,
Сақалымды қырықтырдым.

(Ши)

Ақ атым аспанға қарайды.

(Ши)
1038.
1039.
1040.

1041.
1042.
1043.
1044.

жұмбақтар
Баяғыда бай едім,
Ақ сақалды шал едім.
Мұнда келіп сондай болдым,

Қысылған қындай болдым.

(Ши)

Ұзын, ұзын, ұздар-ай,
Ұзын бойлы қыздар-ай.
Бізді Құдай айдады,
Белімізден байлады,

Тірідей сорым қайнады.

(Ши)

Ерте тұрдым,
Алып ұрдым.

(Есік)

Дүниеде бір нәрсе бар өзі жансыз,
Жоқ оны ұрмайтұғын адамзатта.

(Есік)

Адам кірсе, ашылады,
Сыртқа шықса, жабылады.

(Есік)

Әрі лап-лап, бері лап-лап,
Қанша үлкен болса да,
Орнына келер, жапсақ.

(Есік)

Мекені жол үстінде тұрар жері,
Бар екен алты жерде қаққан зері.
Қандайлық қызметті атқарады,
Адаммен бірге жүрер әрі-бері.

(Есік)

Күндіз сырп-сырп,
Түнде жым-жырт.

(Есік)
1045.
1046.
1047.

1048.
1049.
1050.
1051.

1052.

үй Көк итім қабаған, Артына киіз жамаған.

(Киіз есік)

Қызыл сиырымның жоны жалпақ.

(Есік)

Үлкен өгіз бар,
Жалғыз көзі бар.

(Там үй, оның есігі)

Арыстан аузын ашса, арс етеді,
Таңдайы жұтып қалса, тарс етеді.
Омыртқасы тұтас та қабырға жоқ,
Екі көзі маңдайында жарқ етеді.

(Есіктің ашылып, жабылуы)

Аузын ашсаң,
Өкпесі көрінеді.

(Есік пен от)

Аяғы жоқ жүрмейді,
Үй бағады, үрмейді.

(Құлып)

Қаппайды, шаппайды,
Үйіңді қорғайды.

(Құлып)

Жолда бір бұзау өліп жатыр,
Аузына қолын тықса, күліп жатыр.

(Құлып)

Ә, керемет, бір ит бар,
Үй бағады, үрмейді.
Аяғы жоқ, жүрмейді,
Көмейіне тықсаң, сөйлейді,

Тілін адам білмейді.
1053.
1054.
1055.

1056.
1057.
1058.
1059.

1060.
1061.

жұмбақтар
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.

(Құлып)

Шешесі үйде қалады,
Баласы кісіге ереді.

(Құлып, кілт)

Жоғарыдан айдаған,
Белін берік байлаған.
Сидам құлға жолықсаң,
Өз еркіне қоймаған.

(Кілт)

Шырт-шырт етеді,
Шыртылдап барып, кіріп кетеді.

(Кілт)
Алыстан қаңғыр-күңгір,
Жақыннан бұрау темір.

(Кілт)

Жол бермес жүрейін деп жалынсаң да,
Естімес айтқан сөзді бағынсаң да,
Қақпақты қаққан қазық иір тұмсық,
Ешқандай жақындамас бөтен жанға.

(Кілт)

Күндіз салбырап тұрады,
Түнде тесігін табады.

(Күршек)

Есік ашады,
Есіктің артына қашады.

(Топса)

Екі басы жұмырықтай,
Ортасы қылдырықтай.

(Тұтқа)
1062.
1063.
1064.

1065.
1066.
1067.
1068.

1069.

үй Жансызда бір нәрсе бар формалданған, Аузын кейде ашып, кейде жұмған, Ішінен жылтыраған мөлдір көзі, Өмірде ұйықтамайды бұл не қылған?

(Үй, әйнек, есік)

Біреу екен анасы,
Жиырма бес баласы.
Іс жағына қарасаң,
Хан шаһардың қаласы,

Маңдайында ағы бар,
Түрлі қажет табылар.
Түгел екен тұрманы,
Керек жағы тағы бар.

(Үйдің іші, тамағы)

Жүруге аяғымен ерінеді,
Нәрсеге өз-өзінен телінеді.
Адамға қашан болса пайдасы бар,
Бір мезгіл жарық болып көрінеді.

(Терезе, әйнек)

Есікте екеу отыр өлемін деп,
Төрде төртеу отыр төремін деп,
Ортада біреу отыр көмемін деп.

(Босаға, кебеже, құман)

Күндіз бай,
Түнде кедей.

(Жүк)
Айқайлаған жау келсе,
Айыр сақал атам тоқтатады.

(Бақан)
1070.
1071.
1072.

1073.
1074.
1075.

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

(Дастарқан)

Мен көрдім бір теңізден темір қайық,
Әр пенде сол қайықты көруі лайық.
Үстіне түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.

(Поднос, дастарқан)

Қараңғы үйде белін буған бек жатыр.

(Сыпырғыш)

Жалпақ бетті батыр,
Белін буып жатыр.

(Сыпырғыш)

Жақсы жерде жүреді,
Жаман жерде жатады.

(Сыпырғыш)

Белін берік байлаған,
Босағадан жай алған.
Лас, қоқыр, шаң-тозаң,
Қосақтап бәрін айдаған.

(Сыпырғыш)

Базардан белбайлау қыз әкелдім.

(Сыпырғыш)
Үйдің керек-жарақтары
және жиһаздар
1076.

1077.
1078.
1079.
1080.

1081.
1082.

үйдің  керек-жарақтары  және  жиһаздар
Бір қыз қарап тұр,
Шашын тарап тұр.
Белін буып тұр,

Бетін жуып тұр.

(Сыпырғыш)

Белі бір, белбеуі он бір,
Кетпейді өмір бойы бетінен кір.

(Сыпырғыш)

Бір үйден бала көрдім басы жалпақ,
Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ.
Тымтынып үй ішінде жүгіреді,
Ерте-кеш, анда-санда, уақ-уақ.

(Сыпырғыш)

Сақалы жоқ, шашы бар,
Бет-аузы жоқ, басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқсықты қоймай айдаған.

(Сыпырғыш)

Бес жерінен буынған,
Еңбек десе жұмылған.

(Сыпырғыш)

Үйде жездем жатыр,
Жез белбеуін орап жатыр.

(Сыпырғыш)

Күндіз бай,
Түнде кедей.

(Жүк)

Кіруге адам батпайды,
Затыңды аман сақтайды.

(Сандық)

Бір нәрсе төртпақтасып ұйықтап жатыр,
Қарнына көрінгеннің бәрін жұтар.
1083.
1084.

1085.
1086.
1087.
1088.

1089.
1090.
1091.

жұмбақтар
Адамзат қажеттісін іздегенде,
Қаңқ етіп ала ғой деп аузын ашар.

(Әбдіре)

Төрт бұрышты,
Бір ауызды.
(Әбдіре)

Бір итім қабаған,
Аузына темір жамаған.
(Әбдіре, кебеже)

Бір нәрсе төрт аяқты, екі басты,
Көтеріп адамзатты көңіл ашты,
Бір адым жерге өзі бара алмайды,
Аяғы болса дағы қозғалмас-ты.

(Кереует)

Көп жерде кездеспейді осы шұбар,
Шұбарға мінген жанның бәрі құмар.
Жүк артып мінсе дағы қанша оны,
Сонда да арықтамас ол жануар.

(Кереует)

Болғанда беті гүлді, асты сырлы,
Жинаған арасына жүн-жүбірді.
Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ,
Халінше адамзатқа пайда қылды.

(Көрпе)

Бір нәрсе өзі жансыз керіледі,
Қампиып қарны торсық көрінеді.
Ісі бар және о дағы таңғажайып,
Сабаса екі жақтап семіреді.

(Құс төсек)
Болғанда бір ауызға екі қақпақ,
Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ.
Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,

Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.

(Шкаф)
1092.
1093.
1094.

1095.
1096.
1097.
1098.

үйдің  керек-жарақтары  және  жиһаздар
Дүниеде бір қақпас бар құйған қыштай,
Ішінде түрлі аң жатыр іші пыспай.
Қапастан сол аңдарды шығарған соң,

Отырар құрмет етіп ұстай-ұстай.

(Шкафтағы зат)

Жайсам, жамшыдай,
Жисам, қамшыдай.

(Шымылдық)

Түнде түйедей,
Күндіз түймедей.

(Шымылдық)

Жайса, көлдей,
Жиса, жеңдей.

(Шымылдық)

Жатса, қояндай,
Тұрса, түйедей.

(Шымылдық)

Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Көйлегі көк, қарны тоқ.

(Жастық)
Керегенің басында
Мақпал қоржын.

(Тұтқыш)

Кішкентай ғана мінтас,
Алып ұрсам сынбас.

(Тұтқыш)

Табан-табан, табан-ай,
Табаны жалпақ қоян-ай.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған қоян-ай.

(Айна)
1099.
1100.
1101.

1102.
1103.
1104.
1105.

1106.
1107.

жұмбақтар
Қарап тұрсаң өзіне,
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды

Дәл қазіргі кезіңе.

(Айна)

Бір көл бар, мөлдір емес, лас емес,
Ішіне ит түссе де, арам емес.

(Айна)

Адамды тартып алар көрсе өзі,
Мелшиіп қарап тұрар болмай сөзі.
Жанына барған кісі екеу болар,
Бетіне түртіп қалсаң, шығар көзі.

(Айна)

Егіз екі қарсы келді,
Арасына көк мұз түсе берді,
Біреуі жанды, біреуі жансыз.

(Айна)

Алдыма келіп бір сағым,
Көрінді менің көзіме.
Бұл қалай деп сенбеп ем,
Дәл келтірді өзіме.

Байқап тұрсаң, бір ғажап,
Аждаһадай тұлғасын
Сиғыздыра әкелген
Алақандай көзіне.

(Айна)

Әрі отыр ләйлім құс,
Бері отыр ләйлім құс.
Көлеңкесі күмістен,
Күліп тұрған ләйлім құс.

(Айна)

Бір дария жерде емес, көкте де емес,
Дарияның аузы көмеш, түбі төгеш.
1108.
1109.

1110.
1111.
1112.
1113.

1114.

үйдің  керек-жарақтары  және  жиһаздар
Суының мөлдірлігі таңқалғандай,
Ішіне ит түссе де, арам емес.

(Айна)
Күнде оған қараймын,
Қара шашым тараймын.

(Айна)

Сүңгідім суға қарап етпетімнен,
Артыма бір қарадым кеткенімнен.
Әлгі су сүңгіп кеткен мұз боп қатты,
Тағы да шығар-шықпас еркі өзімнен.

(Айна)

Көлеңкесін көріспек,
Көріп тұрсаң, күліспек.

(Айна)

Үстінен ажырамас ағаш енді,
Қарасаң күлкісіне, тамаша енді.
Сұлулық, көркемдікке әуес болған,
Адам менен өзі жүрер таласа енді.

(Айна)

Бір нәрсе су ішінде болды пайда,
Дарияға оны алатын дәурен қайда.

(Айнадағы сурет)

Басы жоқ, төрт аяқты, жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ, бейне бір ат.
Жүк артсаң, әсте белі майыспайды,
Құйрық-жалсыз бұл өзі не қылған зат.

(Үстел)

Дөңгелек айналасы, үсті тегіс,
Табылар тарапынан түрлі жеміс.
Төртеуі ағайынды тату екен,
Олардан аулақ жүрер ұрыс-керіс.

(Үстел)
12-298*
1115.
1116.

1117.
1118.
1119.
1120.

1121.

жұмбақтар
Төрт келінге бір орамал.

(Үстел)

Арқасында азығы,
Бауырында қазығы,
Күнде шүлен тарқатар,
Оның неден жазығы?

(Үстел)

Бір нәрсе дөңгеленген төрт аяқты,
Көтерген үш уақыт барлық затты.
Жем беріп, сол уақытта келгендерге,
Етеді көңілін шат, әрі ауқатты.

(Ас ішетін үстел)

Бір дария жерде де емес, көкте де емес,
Төрт тіреу төрт жағынан тұрады егес.
Үстіне алуан түрлі жеміс шашып,
Бірнеше үйрек келіп қонады еміс.

(Үстел, тамақ, шыныаяқ)

Төрт аяқты болса да, жүре алмайды,
Өздігінен еш нәрсе біле алмайды.
Жайылған дүниеге бір ғажайып,
Тік көтеріп отырар адамдарды.

(Орындық)

Бір нәрсе ет жемейді, су ішпейді,
Үстінен оның, сірә, жан түспейді.
Шаршамас, белі талмас, сондай мықты,
Тұруға жалықпайды, беріспейді.

Міні жоқ, бойы сұлу болғанменен,
Таңырқап оны адам көріспейді.
Мінезі сол нәрсенің сондай жуас,
Бір-бірін бөтен малдай тебіспейді.

Жұмысын салтаң мініп бітірмесе,
Жегуге арба шана көніспейді.

(Орындық)

1122.
1123.
1124.
1125.

1126.
1127.

үйдің  керек-жарақтары  және  жиһаздар
Адам жоқ, салмақ салмаған,
Орны жоқ, кезіп бармаған.
Тізе бүкпей әлі тұр,

Сонда да таяғы талмаған.

(Орындық)

Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан.
Жаны жоқ кеудесінде болса дағы,
Қалмайды көп жиылған ұлы дудан.

(Шылапшын)

Өзі кірді ашады,
Суға салсам, қашады.

(Сабын)

Бұдан кір қорқады,
Судан бұл қорқады.

(Сабын)

Бір нәрсе екі түрлі заттан болған,
Адамзат шығарады істеп қолдан.
Жұмсаймыз уақытымен тазалыққа
Өмірі ақырында бітер содан.

(Сабын)

Дүниеде күйме көрдім төрт аяқты
Дөңгелек екі басы ай сияқты.
Төрт есік, мәткесі бар, уығы жоқ,
Үзік жоқ, туырлық жоқ, түндігі жоқ,

Құс төсек мамық жастық, біреу жатыр,
Көңілі уайымсыз жай сияқты.

(Бесік)

Бір жігіт үш белбеу байланады.

(Бесік)
1128.
1129.
1130.

1131.
1132.
1133.
1134.

Шаршамас кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістеп алған шиден таяқ.
Жүрген сайын белбеуін қабаттайды,
Беріпті әсемдікті аямай-ақ.

(Ұршық)

Ақ күшігім жүгіре-жүгіре буаз болды.

(Ұршық)

Жалғыз ғана көзі бар,
Алтыннан белбеуі бар,
Жыңғылдан таяғы бар.

(Ұршық)

Мұрның-мұрның, мұрынды,
Мұрның неден жырылды?
Аузы-басын түк басып,
Сені неден жын ұрды?

(Ұршық)

Көк лағым көген сүйреді.

(Ұршық)

Көрінген жол үстінде доғалай бас,
Қолы жоқ, аяғы жоқ бұл қалай бас?
Жағынан шапалақпен сипап ұрсаң,
Атындай жолаушының жорғалай бас.

(Ұршық)
Қол ісі
1135.
1136.

1137.
1138.
1139.
1140.

қол  ісі
Зырлайды күшік әжемнің,
Қолынан сүйек кеміріп.
Күн асқан сайын ақ күшік

Барады мүлде семіріп.

(Ұршық)

Жиһанда бір құс көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені қылдан таяқ.
Бір ұрсаң шапалақпен, семіреді,
Белбеуі бар белінде сансыз қабат.

(Ұршық)

Бар екен бір мақұлық жалғыз аяқ,
Аузына тістегені шетен таяқ.
Құдайдың құдіретіне таңғажайып,
Белбеуі беліндегі тоқсан қабат.

(Ұршық)
Әрмен жүгір қараша ат,
Бермен жүгір қараша ат.
Ор түбіне келгенде

Тайып жығыл қараша ат.

(Ұршық)

Ақ лағым арық еді,
Құйымшағы сымпиған.
Әжем бір күн бағып еді,
Семіз болды бұлтиған.

(Ұршық)

Шыр көбелек айналар,
Беліне жіп байланар.

(Ұршық)

Бөркі бар жақсы басында,
Он кісі бар қасында.
Бұйда тағып жетектеп,
Үйреттім өзім жасында.

(Ұршық)
1141.
1142.
1143.

1144.
1145.
1146.
1147.

жұмбақтар
Іші қуыс,
Тысы тас.

(Ұршық бас)

Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.

(Ине)

Сүйегі бар, еті жоқ,
Көзі бар, беті жоқ.

(Ине)

Тап-тап, тап жорға,
Табаны үшкір көк жорға,
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас.

(Ине)

Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
Балдырған безген,
Кентті кезген.

(Ине)

Бір кішкене балауыз,
Ол балауыз шығып болса,
Жұрттың бәрі жалауыз.

(Ине)

Кішкене темір,
Шидеректің о жағынан,
Бұ жағынан өтеді.

(Ине)

Байлап едік тайлақты,
Мұрнынан арқан өткізіп.
1148.
1149.

1150.
1151.
1152.
1153.

1154.
1155.

қол  ісі
Байласам да тұрмайды,
Шыр айналып жүгіріп.

(Ине)
Жылт-жылт етеді,
Жүгіріп өтеді.

(Ине)

Кірш-кірш етеді,
Ішіне кіріп кетеді.

(Ине)

Жылмаң-жылмаң етеді,
Жылмаңдатып сайдан өтеді,
Із-міз тастап өтеді.

(Ине)

Мұрнында байлауы бар,
Адамның айдауы бар.

(Ине)

Дүниеде бір жебір құрт бар,
Артында бір жібі бар.

(Ине)

Дүниеде бар екен жалғыз көзді,
Киімін үйіп тастап, күдер үзді.

(Ине)

Жүгіріп кетсе, жүйрік бір,
Лып-лып етіп ойнаған.
Кереметі құйрық бір,
Құтаймай-ақ қойды оған.

(Ине)
Әйдей-әйдей бесеуі
Темірден екен көсеуі.

(Бес саусақ пен ине)

1156.
1157.
1158.
1159.

1160.
1161.
1162.
1163.

жұмбақтар
Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,
Мойнында ұзын арқан сүйретілген.

(Ине, жіп)

Бір тышқанда екі құйрық.

(Ине, жіп)

Сығайған—сенікі,
Сулап салған—менікі.

(Ине, жіп)

Үйрегім ұзақ сүңгіді,
Құйрықсыз қалды бір күні.

(Ине, жіп)
Уқалап-уқалап тұрғыздым,
Сулап-сулап кіргіздім.

(Ине, жіп)
Аузы менен көзі бар,
Сүйретіп досын ертіп жүр.

(Ине, жіп)
Сулап-сулап тұрғыздым,
Итеріп-итеріп кіргіздім.

(Ине, жіп)

Бастайды көп жыланды бір көк жылан,
Бір нәрсе жыландармен соғыс қылған.
Көк жылан бір нәрсеге көнек болып,
Тауысып барлығын да тыныш қылған.

(Ине, жіп)

Жансыз бір зат адамның айтқанын қылғызады,
Семсерін сермеп, найзаға тік тұрғызады.
Шағылысуы бар, баласы болмайды,
Күндіз шағылысады, түнде дем алады.

(Ине, түйме, түймені тігу)

1164.
1165.
1166.
1167.

1168.
1169.
1170.
1171.

1172.

қол  ісі
Сүйрей, сүйрей сүйреткімді жоғалттым.

(Сабақты ине)
Пісіп алса, ілінбейді,
Қайта тартса, ешнәрсе ілінбейді.

(Біз)

Ін қазып тұмсығымен жып-жып еткен,
Арқаны жүреді артта қалмай ерткен.
Жыбырлап істегені тез өнеді,
Іс қылып алғыс алар талай көптен.

(Біз, тарамыс, етікші)

Екі басты жалмауыз,
Кейіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер
Өзінен-өзі қашады.

(Қайшы)

Бір әйеки құс екі қанатының
Ұшында екі көзі бар,
Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.

(Қайшы)

Тіс деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді.

(Қайшы)

Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып.
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.

(Қайшы)

Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
1173.
1174.

1175.
1176.
1177.
1178.

1179.
1180.

жұмбақтар
Өзі жансыз жандының себебімен,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.

(Қайшы)

Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық,
Жейді екен бір жайынның басын қыршып.
Жесе де ол жайынның тояры жоқ,
Қарасаң ішін ашып, шөп пен қылшық.

(Қайшы)

Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын аждаһадай ашқан кезде,
Өлектеп атып тастар ішкен асты.

(Қайшы)

Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе, жоқ тыныш.

(Қайшы)

Сызылған жолға түседі,
Бойына шақ қып пішеді.

(Қайшы)

Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді.
Екеуі бірге жүрмесе,
Жоқ қой бізге керегі.

(Қайшы)

Бір шұқырда мың шұқыр.

(Оймақ)

Мылжа басты,
Мың көзді.

(Оймақ)

1181.
1182.
1183.
1184.

1185.
1186.
1187.

қол  ісі
Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.

(Оймақ)

Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.

(Өрмек)

Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе, жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе, жарасар.

(Өрмек)

Қылмаң-қылмаң етеді,
Қаға берсең, жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең, жарасар.

(Өрмек)

Жүріп келем, жүріп келем,
Екі етекті қусырып ұрып келем.

(Өрмек тоқу)

Қосақтап серпе бердім,
Соңынан жорта бердім.

(Өрмек тоқу)

Сөкі басын сөлкитіп соға берсең, бітеді,
Екі бұтын талтайтып ұра берсең, бітеді.

(Өрмек тоқу)

Міне, шашым, Аллаға,
Бақан, қылыш, қолға ала,
Қолымда қамшы орама
Қылыш салдым тамақтан,

Тамшы да жоқ қан аққан,
1188.
1189.
1190.

1191.
1192.
1193.
1194.

1195.

жұмбақтар
Өлтіріп әбден болғанда
Көргеннің бәрі жаратқан.

(Өрмек тоқу)

Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа.
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.

(Өрмек тоқу)

Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім.
Оң қолымдағы найзаны
Олай-бұлай сермедім.

(Өрмек тоқу)
Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,

Отыратын күндер бар.

(Өрмек, шекпен тоқу)

Сиыр сойдым жұртыма,
Сымпылдаттым бұтыма.

(Өрмек және оны тоқушы әйел)

Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар.
Тоқыса, жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.

(Иірілген жүн, жіп)

Шым шиедей қотыр.

(Кесте)
1196.
1197.
1198.

1199.
1200.
1201.

Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Сипаты бек асып тұр, көрсең, жаңа.
Ішінде шығар жері қиын екен,
Егер де қолға түссе, болар пана.

(Пұшпақ ішік)

Бір нәрсе менен биік,
Кейде менен аласа.
Мұндай қызық дүниеде,
Көріп пе едің тамаша.

(Бөрік)

Атамдікі—шошақ,
Апамдікі—жалпақ.
(Атамның тымағы мен апамның кимешегі)
Төрттен қосқан басы бар,

Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Салпылдайды сабағы.

(Тымақ)

Дөп-дөңгелек басы бар,
Маңдайында шашы бар.
Өзің көрген баяғы,
Сапылдайды сабағы.

(Тымақ)

Киім-кешек
1202.
1203.
1204.

1205.
1206.

жұмбақтар
Ашамайды арта салдым,
Айыл жібін тарта салдым.

(Тымақ)

Жансызға бітеді екен құйрық қанат,
Адамнан қалмаймын деп етер талап.
Ішінде қанатының екі жіп бар,
Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.

(Тымақ)

Үшеуі салпы,
Бірі таңқы.

(Тымақ)

Алды ұзын, арты қысқа,
Беттері өзіне сай әрбір тұста,
Суықта да, жылыда да пана болар,
Таппасаң, басыңдағыны қолыңа ұста.

(Тымақ)

Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат,
Адамнан қалмаймын деп қылдым талап.
Ішінде қанатының екі жіп бар,
Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.

(Тымақ)

Керегесі тыртық, уығы қысқа,
Керек болған үй екен біздің тұсқа.
Отарға мал айдасам, жолға шықсам,
Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.

(Бөрік)

Шылдыр-шылдыр жүгенім,
Сұлу қара құнаным.
Көлеңкесі көсіктей,
Ауырлығы асықтай.

(Сәукеле)

Сылдыр-сылдыр кісенім,
Сылдырлайды кісенім,
1207.
1208.

1209.
1210.
1211.
1212.

1213.
1214.

киім-кешек
Құлағында құлпы жоқ,
Құдіретті кісенім.

(Сәукеле)

Сұлу-сұлу құнаным,
Сылдырлаған жүгенім,
Аяз күнде мінбеген,
Аяғы жерге тимеген.

(Сәукеле)

Құйын, құйындікі түйін.

(Шашбау)

Биік таудың басында қара лашық,
Түңлік жабық болғанмен есік ашық,
Қайда жүрсең қажетің соған түсіп,
Құтылмассың керексіз деп одан қашып.

(Бас киім)

Бір жануар бар екен өзі сұсты,
Себеппен ортасында сызық түсті.
Бір жігітті тұрады буындырып,
Дүниеде көрмедім ондай күшті.

(Сақина)

Жайсам, жамшыдай,
Жапсам, қамшыдай.

(Қолшатыр)
Күрке ғой көрсең алыстан,
Астында адам қорғалар.
Ұстасаң бір тал қамыстан,

Төбеден суы сорғалар.

(Қолшатыр)

Бір нәрсе, өзі биік іші қуыс,
Ол заттың сүйегі көп айқұш-ұйқыш.
Көзі бар жарқыраған төбесінде,
Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс.

(Қолшатыр)
1215.
1216.
1217.

1218.
1219.
1220.
1221.

жұмбақтар
Япырмай, отау көрдім есігі жоқ,
Өзінің күн түсетін тесігі жоқ.
Көтерген шаңырақты жалғыз бақан,

Уығының байлауы бар, шешуі жоқ.

(Қолшатыр)
Баяғыда біреу болыпты,
Көтінде тіреу болыпты.
Тіреуі түсіп қалыпты,

Көті бүрісіп қалыпты.

(Қолшатыр)

Талтаймашқа мен талтайдым,
Талтаймаш маған талтайды.

(Шалбар)

Таңертең тұрдым,
Айырыма міндім.

(Шалбар)

Күндіз толады,
Түнде солады.

(Шалбар)

Азанда тұрдым,
Екі сайды қудым.

(Шалбар)
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.

(Шалбар)

Тұла бойы тыста,
Екі қолы іште.

(Белбеу)

Қара үй,
Қара үйдің ішінде ақ үй,
1222.
1223.

1224.
1225.
1226.
1227.

1228.
1229.
1230.

киім-кешек
Ақ үйдің ішінде бес бала,
Бесеуінің қолында бес айна.
(Етік, ақ байпақ, бес башпай, бес тырнақ)

Үлкен үй,
Үлкен үйдің ішінде кіші үй,
Қоян сүйегі.

(Етік, байпақ)
Барады, барады,
Аузын ашып қалады.

(Кебіс)

Аузы аңқайып қалады,
Босағада тұрады.

(Кебіс)

Сырты қара, іші қызыл,
Сұғып алсаң, жып-жылы.

(Галош)

Шалқасынан салдым,
Малып-малып алдым.

(Галош пен аяқ)

Ерте тұрдым, керек қылдым,
Қажетімді өтеп алып,
Босағаға тастадым.

(Галош, кебіс)

Он екі тесігі бар, жалғыз тілі,
Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні.
Көтерер адамзатты қиналмай-ақ,
Жоқ екен күштілікке ешбір кемі.

Сап алар аузын буып қапшығына,
Өзінде дайын екен арқан жібі.

(Бәтеңке)

13-298*
1231.
1232.
1233.

1234.
1235.
1236.
1237.

жұмбақтар
Ағайынды төрт кісі
Бір қалпақты киеді.
Төрт кісіні төрт жерден

Төрт ғашығы сүйеді.

(Сандал)
Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен

Аулақтатып қашасың.

(Етік)

Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар,
Жігітке пайда болар бір жайы бар.

(Қолғап)

Бес ін,
Бес іннің аузы бір ін.

(Қолғап)

Көсеуді бесеуге сұқтым.

(Қолғап, саусақ)
Жүндіге жүнсіз кіреді.

(Қолғап, қол)

Дөңгелек айналасы, төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.

(Түйме)

Жырығыңа жұмалағым.

(Түйме)

Жүнсіз қолым жүнді жеңге кірді.

(Тонның жеңі)

1238.
1239.
1240.
1241.

1242.
1243.
1244.
1245.

1246.

киім-кешек
Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек,
Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек.
Бөлмесіне көп түлік еркін сияр,

Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.

(Қалта)

Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды,
Аузында екі тісі жылтылдайды.
Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ,
Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.

(Қалта, ақша салғыш)

Кірт етіп кіріп кетті,
Сырт етіп шығып кетті.

(Қаптырма)

Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасамас.

(Киім)

Артында құйрығы бар,
Төреден бұйрығы бар.

(Жаулық, кимешек)
1247.
1248.
1249.

1250.
1251.

Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.

(Шалғы)

Алдын ойпар,
Жанын жайпар.

(Шалғы)

Жалғанда бір нәрсе бар боз құнандай,
Өзінің ұзындығы оқ жыландай.
Жапырып шөпті бұзып кетеді екен,
Өзінен кейінгіге жол қылғандай.

(Шалғы)

Жаһанда бір айдаһар иір тілді,
Серуендеп сахараға серуен құрды.
Нақақтан өз басына пайдасы жоқ,
Алдына бет келгеннің бәрін қырды.

(Шалғы)

Ұзын-ұзын із кетті,
Ұзын бойлы қыз кетті,
Қабырғасы қалт етті,
Омыртқасы жалт етті.

(Шалғының шөп шабуы)

Өзі бүкір,
Бүтін қырды таусады.
Шаруашылық құралдары
1252.

1253.
1254.
1255.
1256.

1257.

шаруашылық  құралдары
Қырдан қайтып,
Үйде бір жыл жатады.

(Орақ)

Көк өгізім көл жапырып бара жатыр.

(Орақ)

Тісі көп, аузы жоқ.

(Ара)

Басы жоқ, екі беті, тісі бар,
Қақ бөлер бөренені күші бар.

(Ара)

Елу аяқты,
Екі қолды.
Салады елу аяқпен
Жалғыз жолды.

(Ара)

Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды,
Қозғамасаң, жатады,
Ештеңеден саспайды.

Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.

(Ара)

Бас аяғы теп-тегіс боп біткен,
Селкілдесе, денесі дір-дір еткен.
Өзіне қандай жуан кез келсе де,
Күшімен қақ айырып бөліп кеткен.

(Ара)

Қаңылтыр қара мейіз, мыстан шеге,
Келбеті бұл жұмбақтың келер неге?

(Ара)

Тізіле өскен тісі бар,
Көп істеген ісі бар.

(Ара)
1258.
1259.
1260.

1261.
1262.
1263.
1264.

1265.

жұмбақтар
Жетпіс аяқ бауырында,
Екі қолы жауырында,
Тындырады істі ол,

Жеңілін де, ауырын да.

(Ара)

Бір итім бар қабаған,
Маңдайына темір жамаған.

(Шапашот)

Тоғайға барса, ауылға қараған,
Ауылға қайтса, тоғайға қараған.

(Балта)

Жансыз жарады,
Жанды ұрады.

(Балта)

Кішкене ғана келіншек,
Төбесінде түйіншек.

(Шеге)

Тістегені түспейді,
Отқа салсаң, піспейді.

(Қысқаш, кемпірауыз)

Ыстықты да ұстайды,
Суықты да ұстайды.
Егер бұйрық болмаса,
Еш нәрсені қыспайды.

(Қысқаш, кемпірауыз)

Болғанда жалпақ табан, жалғыз тісі,
Қолында адамзаттың барлық күші.
Үстінен бірер қабат жүріп кетсе,
Нәрсенің астындағы кірер түсі.

(Сүргі)

Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.

(Тез)
1266.
1267.
1268.

1269.
1270.
1271.
1272.

1273.
1274.

шаруашылық  құралдары
Тәует бауыр,
Бота тірсек.

(Тез)
Үй артында жауыр бұқа.

(Тез)

Қу тізе қу ағашқа құндақтаймын,
Аузымда сегіз тісім жылмақтаймын,
Бірін мініп, біреуін қыстап алып,
Үстінде анда-мында ырғақтаймын.

(Талқы)

Базардан сатып алған боз арғымақ,
Белінде тартпасы бар будақ-будақ.
Басын артып, шылауын тартып қалсаң,
Кетеді жануарым зулап-зулап.

(Шарық)

Екі адам аға-іні, ағайынды,
Бірі үлкен, бірі кіші бар айыбы.
Дос-жаран ағасы ұстап, інісі ұрып,
Қанын шашты, айтпады қояйын да.

(Төс, балға, қызған темір)

Бір қарыс қана бойы бар,
Әр нәрсеге айналса,
Аламын деген ойы бар.
Тізіліп тұрған тісі бар,

Бір ағаш бар мұртында,
Тістің бәрі сыртында.

(Егеу)

Керегенің басында кетпен құйрық,
Кесіп алса, таусылмас кепкен құйрық.

(Қайрақ)

Жалғыз тіс, екі қолы, қос құлағы,
Бар екен барлығының ынтымағы.
1275.
1276.

1277.
1278.
1279.
1280.

1281.
1282.

жұмбақтар
Иесі ашуланып айдаса оны,
Бұрқырап бөтен жерден жол салады.

(Бұрғы)

Бар екен бір айдаһар аузын ашқан,
Көргенде адам пенде заһар шашқан.
Кетеді, ашуланса, таудай болып,
Қайнатып қара тасты ашу басқан.

(Көрік)

Өзінің жалғыз аузы бар,
Лебімен от шайнайды,
Гүрілдеп демін алғанда
Алтын ұшқын ойнайды.

Ағаштан күйген ас жейді,
Адамның қолы тигенде
Еңсеріле дем алып,
Кезек-кезек үрлейді.

(Көрік)

Ұзын-ұзын қос таяқ,
Өрмелейміз ұстап ап,
Келте-келте көп таяқ.

(Саты)

Аждаһа дию көрдім аузын ашқан,
Келгенде жем жерінде қарсыласқан.
Мінеді ағаш атқа темір қамшы,
Көр қазір, қатты жүрсе, тозаң шашқан.

(Диірмен)

Қараңғы үйде қабан күркірейді.

(Диірмен)

Сырты бүтін,
Іші түтін.

(Диірмен)

Шаңы жоқтан шаң шығады.

(Диірмен)
1283.
1284.
1285.

1286.
1287.
1288.
1289.

шаруашылық  құралдары
Арқасында аузы бар,
Тұмсығында құйрығы бар.

(Диірмен)

Күйсеп жатқан тас көрдім.

(Диірмен)

Бір нәрсе керегесіз дөп-дөңгелек,
Қозғалса, жүгіреді зыр дөңгелеп.
Аузына керек асын салып қойсақ,
Шығарат мына жақтан екі бөліп.

(Диірмен)

Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
Өзінің жұтатұғын көмейі жоқ,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.

(Диірмен)

Елу аяқты,
Екі шолда,
Салады елу аяқпен жалғыз жолды.

(Қол диірмен)

Бір нәрсе асты-үстілі алты қақпақ,
Бар пенде ырызығын онан таппақ,
Бұлт алып айналасы күркіресе,
Қар жауып арасынан болады аппақ.

(Жел диірмен)

Қайнап жатқан тас көрдім,
Тұзсыз піскен ас көрдім.

(Диірмен мен ұн)
Апам астында жатыр,
Атам үстінде жатыр.
Қызылы кіріп жатыр,

Ағы шығып жатыр.

(Диірмен, бидай, ұн)
1290.
1291.
1292.

1293.
1294.
1295.
1296.

1297.

жұмбақтар
Дария күркірейді көбік атып,
Әркім-ақ іздеп барар жүгін артып.
Дарияның әрі-бері өткелі жоқ,

Біреуі кеткен емес тірі қайтып.

(Диірмен, бидай)

Бір топ қой бір көпірден өтіп жатыр,
Астында бір қобдиға кетіп жатыр.
Өзгеріп заңдары да басқаланып,
Будалап әрбір жоққа жетіп жатыр.

(Диірменге түскен бидай)

Есік,
Ортасы тесік.

(Құдық)

Өзі тоқ,
Көлеңкесі жоқ.
(Құдық)
Аузы үстінде,

Көзі түбінде.

(Құдық)

Өзі бар,
Көлеңкесі жоқ.
(Құдық)

Дүниеден бір құжыра көресің бе,
Жалғыз көзі көрінер төбесінде?
Өзіне барған мақұлық құр қайтпайды,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.

(Құдық, су алу)

Салбыратып салдым,
Тамшылатып алдым.

(Қауға)

Ашықса, құлайды,
Тойынса, жылайды.

(Қауға)
1298.
1299.
1300.

1301.
1302.
1303.
1304.

1305.
1306.

шаруашылық  құралдары
Ұзын құйрық сауысқан,
Бір көлдің суын тауысқан.

(Қауға)

Құс бар өзі жансыз, бауы аспанда,
Кетеді айқайласып тау асқанда.
Қасымда аңдып тұрған бір адам бар,
Кетеді іліп алып жанасқанда.

(Қауға)

Құдыққа мың қойым түсіп кетті,
Манақбай-санақбайымен түсіп кетті.

(Қауға)

Су тамнан суырып алдым.

(Қауға)

Бір нәрсе басы төмен, бауы аспанда,
Құс келер бір адамға тау асқанда.
Бір адам қарсы алдыңда уәзір боп тұр,
Кетеді іліп алып жанасқанда.

(Қауға)

Қырық кез оқ,
Қарағай садақ,
Қырық дуадақ,
Бір арықтан су ішеді.

(Шығыр)

Үй артында бүкір терек,
Күресуге кісі керек.

(Иінағаш)

Бір құс бар басы төмен, бауы аспанда
Көзінен жас ағады тау асқанда.
Өзінің аңдып тұрған бір жауы бар,
Кетеді іліп-алып жанасқанда.

(Қауға шелек)

1307.
1308.
1309.
1310.

1311.
1312.
1313.
1314.

жұмбақтар
Боз атым кетті қамшылап,
Тұра алмас оған жан шыдап.
Кіреді де шығады,

Басынан суы тамшылап.

(Қауға шелек)

Болғанда басы біреу, көп-көп тісі,
Сабақтап есіп қойған өткір ұшы.
Ертеден шөп жесе де, бір тоймайды,
Томпайып көрер көзге шықпайды іші.

(Орақ)

Бір бұтақ,
Бір бұтақта
Төрт бұтақ.

(Айыр)

Төрт мүйіз, бір құйрықты,
Тындырады бұйрықты.
Көктен бөрік киеді,
Көктен таулар үйеді.

(Айыр)

Бір дәу жалғыз тұрып қарғылдайды,
Қызметін екі жендет бар қылады.
Ысқырып қызыл жалын шыға келсе,
Келдекпен бір-ақ ұрып дал қылады.

(Күрек)

Жұмылмайтын жұдырық,
Бүгілмейтін білек.

(Күрек)

Алғашқы темір саптаған,
Жұқартып ептеп баптаған.
Керек қылар диқаншы,
Нағыз керек кезінде,

Сат десең де, сатпаған.

(Кетпен)
1315.
1316.
1317.

1318.
1319.
1320.
1321.

шаруашылық  құралдары
Ойдым-ойдым, ойдым жер,
Ойдым жердің шөбін жер.
Жабағылы көк қойды

Жалбыратып қасқыр жер.

(Қырықтық)
Ұзыны ұзын жатқан,
Балалары түзу жатқан.

(Мәтке)

Тұтам ағаш тау жайлаған.

(Мұрындық)

Отырған жері ой-шұңқыр,
Басқан жері бай-шұңқыр.
Алдымда қылқан,
Артымда қылқан.

(Ер, үзеңгі, аттың жалы, құйрығы)
Екі темір, бес ілгек,
Ортасында селкілдек.

(Жүген)

Бір нәрсе бес буынды, тиегі бар,
Темірден салбыраған иегі бар.
Болғанда бірі қолда, бірі белде,
Адамға әрқашанда керегі бар.

(Жүген)

Балдыр-балдыр басынан алыпты,
Тәңірберген тамағынан алыпты,
Құдайберген құйрығынан алыпты,
Ең мықтысы белінен алыпты.

(Жүген, сағылдырық, құйысқан, тартпа)
Жәндікке барып жабысар,
Асаумен де алысар.
Бағыт сілтеп адамға

Көмекші болып алысар.

(Жүген, ноқта)
1322.
1323.
1324.

1325.
1326.
1327.
1328.

1329.

жұмбақтар
Алдында екі аяғы,
Артында бір аяғы.

(Шідер)

Бір нәрсе екі аяқты, бөксесі жоқ,
Қолы бар, белі нәзік, кеудесі жоқ.
Тамаша ұстағанын жібермейді,
Әркімнен қуаты артып, көңліне тоқ.

(Шідер)

Аттан биік, иттен аласа.

(Ер-тоқым)

Отырса аттан биік,
Тұрғанда аласа.
Ойлап көріңіз,
Бұл не деген тамаша?

(Ер-тоқым)

Ұзын еді кестім,
Қысқа еді керттім,
О қылдым, бұ қылдым,
Көтіңе үлгі қылдым.

(Ер)

Ұзын еді кестім,
Жуан еді жондым.
Құдай мұндай қылар ма,
Отыруға ыңғайлы болар ма?

(Ер)

Таппақ, табыспақ,
Тай үстіне жабыспақ.
(Құйысқан)

Отырғаным оба жер,
Басқаным бақыр шанақ.

(Үзеңгі)

Кішкене ғана тостаған
Лақтырып мені тастаған.
(Үзеңгі)
1330.

1331.
1332.
1333.
1334.

1335.
1336.
1337.
1338.

шаруашылық  құралдары
Тептім, терекке шықтым.

(Үзеңгі)

Аяғыңнан алады,
Көтеріп жерден салады.
(Үзеңгі)

Білесің ғой жарты айды,
Міне, осындай төрт айды.
Екі он екі шеге геп,
Қойды тасқа шегелеп.

(Таға)

Жүгіріп келе жатып,
Шақшам түсті.
(Таға)

Бір күмбездің ішінде мың күмбез.

(Таға)

Бір қыздың жүз жиырма түймесі бар,
Бес аспап дөңгелексіз күймесі бар.
Құдайдың құдіретін қарап тұрсаң,
Астында төсек, үстінде көрпесі бар.

(Күмістелген ер-тоқым)

Жансыздан алты жігіт дос болыпты,
Бөгдеден біреу келіп еш болыпты.
Мұрнын тесіп өткізіп тұйық бұйда,
Жетектеген адамдар хош болыпты.

(Қамшы)
Желе-желе, желе келе,
Қамқа тонын піше келе,
Қанден суын іше келе.

(Қамшы)
Мәулім-мәулім бастан,
Орта мәулім төстен,
Құлама ет құйрық ұстайды,

Ең жаманы бақай ұстайды.
(Аттың жүгені, айылы, құйысқаны және тұсауы)
1339.
1340.

1341.
1342.
1343.
1344.

1345.
1346.
1347.

жұмбақтар
Бауырым баштар,
Ала бауыр тоштар.
Құламет құйрық ұстар,

Пайғамбар паш еткізер.

(Аттың саймандары)

Бір нәрсе иілмейді күйеу дейін,
Болады қанша жанға сүйеу дейін.
Бармақтай басқан ізі сол хайуанның,
Басады аттап-аттап түйе дейін.

(Таяқ)

Басқан жері бармақтай,
Аттаған жері атандай.

(Таяқ)

Бойы түйедей,
Ізі түймедей.

(Таяқ)

Барады да, барады,
Теңгедей жерді алады.

(Таяқ)

Пышақ емес, біз емес, кетпен емес,
Шот емес, темір емес, сабы бар.
Саптағанның жаны бар,
Тұтамнан асқан сабында

Жалғыз-ақ бау табылар.

(Бұйда)

Қолы төрт, аяғы екеу, белі бір кез,
Ешнәрсе оған тура келмейді кез.
Қолына түскен жанды жібермейді,
Оншама кетпейді де, жүгіріп тез.

(Шідер)

Албыр-жалбыр бір тамыр.

(Көген)
1348.

1349.
1350.
1351.
1352.

1353.
1354.
1355.

Қабақта қара бурам шөгіп жатыр.

(Қазан)

Түгел айтсаң не барын,
Төрт құмалақта бір қарын.

(Қазан)

Болғанда бір атасы, төрт баласы,
Адамзат толған қоршап айналасы.
Қойсаң да айдаһардың аузын ашып,
Адамға қызмет ету бар шарасы.

(Қазан)

Бір мешкей бар төрт құлақты,
Қою, сұйық жегізіп жұртқа ұнапты.

(Қазан)

Аяғы жоқ, қарны тоқ,
Құлағы бар, басы жоқ.

(Қазан)

Бір нәрсе көлге қарап аузын ашқан,
Түседі аузына талай қашқан.
Болғанмен басы қиын, түбі рақат,
Онымен талай адам жағаласқан.

(Қазан)

Атқа мінді,
Отқа қырды.

(Шойын ыдыс)
Ыдыс-аяқтар
14-298*
1356.

1357.
1358.
1359.
1360.

1361.
1362.

жұмбақтар
Аузын тартса,
Демін тартқан сөзі бар.

(Шәугім)

Бір нәрсе жансыз, аяғы жоқ,
Су мен шөптен басқа тамағы жоқ.
Ішін ашып қарасаң әрбір кезде,
Тұрады жегендері жабағы боп.

(Шәугім)

Мұрыны бар кеудесінде ұзын тұрғы,
Салғаны құлағына үлкен сырға.
Басында кемерленген кепесі бар,
Бейнеті арылмайтын бір бишара.

(Шәугім)

Айтайын мен бір жұмбақ табасың ба,
Таба алмай аң-таң болып қаласың ба?
Дарияның ортасында қоңыр үйрек,
Құйрығы дарияның жағасында.

(Қазан, қазанның

ішіндегі шөміш)

Беті үлкен тым-ақ өзге денесінен,
Бұлаңдап түсіп шығар кемесінен,
Ішіне қарын-қарын суды құйып,
Шығады сүңгіп-сүңгіп денесімен.

(Ожау)

Бір таудан бір таудың басы биік,
Тұрады ортасына бәле жиып.
Бәленің зардабына шыдай алмай,
Жіберді бұтына сиіп-сиіп.

(Самауыр, керней, суы)

Тұрады кісі келсе сары болып,
От пен су тұрады жары болып,
Ішінде қазынасы сол сары алтын,
Жақсылар бөліп алады бәрі болып.

1363.
1364.
1365.
1366.

1367.
1368.
1369.

ыдыс-аяқтар
Түйенің төрт табанындай табаны бар,
Мойынына сәлде салады кәрі болып,
Өзінде ашып кірер есігі бар,

Дәм татып шығатұғын тесігі бар.

(Самауыр)

Жансызда төрт аяғын басып тұрған,
Аузынан гауһар отын шашып тұрған.
Айналып машинасы келгенінде,
Өзіне көп адамды асық қылған.

(Самауыр)

Ақ сәлделі қожалар,
Зікір салып сұңқылдар.
Өз тамағы тойған соң,
Бейне жынды бұлқылдар.

(Самауыр)

Көрінер анадайдан сары болып,
Қайнайды от пен су сары болып.
Өзінің ұстайтұғын құлағы бар,
Және де ағызатын бұлағы бар.

(Самауыр)

Сары ағаштан сарайым,
Ішінде жаққан қалайым.
От пен су бір жерде
Табылып тұр бір жерден әрдайым.

(Самауыр)

Бір таудан бір тау көрдім биік тұрған,
Ішіне от пен суын жиып тұрған.
Не қылған мейірімді зат біле алмадым,
Тиіп кетсең, желіні иіп тұрған.

(Самауыр)

Қарны қартас,
Мұрны бұртас,
1370.
1371.

1372.
1373.
1374.
1375.

жұмбақтар
Атқа мінбес,
Жаяу жүрмес.

(Самауыр)

Бір ердің қарнында от жанады,
Қарамай өлгеніне шоқ салады.
Халықты айналдырып жиып алып,
Ол ердің бергеніне жұрт қанады

(Самауыр)

Көрдім бір зат расында,
Ақ қалпағы басында.
Үлкен-кіші жиылса,
Отырады қасында.

(Самауыр)

Төрт аяғы астында,
Ақ сәлдесі басында.
Нелер жақсы келгендер
Ұялмай ішер қасында.

(Самауыр)

Анау тұрған нар ма екен,
Нар ботасы бар ма екен?
Табанында тас қойып,
Дәрет алған бар ма екен.

(Самауыр)

Бір жәндік айдалада жүрген неғып,
Киімін мінсіз қылып пішкен неғып?
Киімі: бөрік, тақия, бір қамзол,
Алып тұр екі иініне үкі тағып.

(Самауыр)

Бір нәрсе аш жыландай жылап тұрған,
Көзін жұмып, ақырын бұлап тұрған.
Төбесінен азырақ алтын құйсаң,
Бұрқыраған бұлағы құлап тұрған.

(Самауыр)
1376.
1377.
1378.

1379.
1380.
1381.

ыдыс-аяқтар
Ішпей-жемей тұрады суға тойып,
Жар басынан кетеді құдық ойып.

(Самауыр)

Кішкене ғана келіншек,
Екі шелек су ішеді.
Бір адамды қинайды,
Көп адамды сыйлайды.

(Самауыр)

Базардан алып келген алтын сандық,
Он жігіт омыраудан кілт салдық,
Су ішіп, көмір жеп, күл түскен.

(Самауыр)
Су келеді сылдырап,
Қос қоржыны жанында,
Қоңыр телпек басында,

Ұзын бойлы қарадан,
Жолдасы бар қасында.
Бұрқан-талқан болады,
Шыдамаса ашуға.

(Самауыр)
Айуан төрт аяғын басып тұрған,
Аузынан заһар отын шашып тұрған.

(Самауыр)
Айтайын бір жұмбағымды саған нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне ақ бешпетін киіп алып,

Жүреді екі қолын артына ұстап.

(Самауыр)

Ғаламат төрт аяғын басып тұрған,
Сырғасын құлағына асып тұрған.
Ысқырған айдаһардай айбыны бар,
Аузынан гауһар отын шашып тұрған.

(Самауыр)
1382.
1383.
1384.

1385.
1386.
1387.
1388.

жұмбақтар
Жылғасы жоқ, саясы жоқ,
Су ағар жылтырап.
Ортасында бір нәрсе

Қызарады қылтырап.
Дәлекей қалпақ басында,
Екі бала қасында.
Қайда тақыр көрінсе,

Қақаяды қасында.

(Самауыр)

Қоқан бөркі басында, қос қоржыны қолында,
Хан да жақсы көрініп отырады қасында.
Өзен емес, көл емес, су ағады жылпылдап,
Ортасында бір нәрсе қызарады қылтылдап.

(Самауыр)

Арығы жоқ, жабы жоқ,
Су ағады сыртылдап.
Ортасында бір нәрсе
Қызарады жылтылдап.

(Самауыр)

Аузы бар арқасында иегі жоқ,
Далаға кіріп шығар тірегі жоқ.
Күл менен жаңқа жеп, су ішеді,
Байғұстың онан басқа қорегі жоқ.

(Самауыр)

Көзіме көрінеді сары болып,
Ішінде от пен су жары болып.
Төрт аяғы түйенің табанындай,
Екі құлағы шошқаның қабанындай.

(Самауыр)

Сылдыр-сылдыр сары айғыр,
Ашуланса кісінер.
Құлындары құла ала,

Құйрық жалы қара ала.

(Самауыр, шәй, шыныаяқ)
1389.
1390.
1391.

1392.
1393.
1394.

ыдыс-аяқтар
Адамға қарайтұғын қабағы жоқ,
От пенен судан басқа тамағы жоқ.
Біраздан соң қарасаң аузын ашып,

Ішіндегі қалады жабағы боп.

(Шәйнек, шәмбі)

Бір нәрсе өзі жансыз, аяғы жоқ,
Су менен шөптен басқа қорегі жоқ,
Ішін ашып қарасаң бір мезгілде,
Тұрады жеген жемі жабағы боп.

(Шәйнек)

Мұрны ұзын, аузы көрдей қара кемпір,
Төркіні Бұқар жақта, өзі жесір.
Бір күні бұл қашып кетер-ау деп,
Сыртынан бес кісіні қойдық кепіл.

(Құман)

От басында бүкір шал,
Тірлігіне шүкір шал.

(Құман)

От басында таукешік.

(Құман)

От басында омпиған,
Омырауы томпиған.

(Құман)

Бір қарыс, екі тұтам бойы бар-ды,
Өзінің сақилықтан ойы бар-ды.

(Құман)

Таңертең тұрып шатырымды құрдым.

(Шайтабақ)
Ерте тұрып шатыра жайдым.

(Шыныаяқ)

1395.
1396.
1397.
1398.

1399.
1400.
1401.
1402.

1403.

жұмбақтар
Тұтқасы бар ұстайтын,
Алақандай жерге қыстайтын.
Сағат болмай көшеді,

Тиіп кетсең, ұшады.

(Шыныаяқ)

Он екі аққу, бір тақыр,
Бір тақыр көлді жағалайды.

(Шыныаяқ, поднос)

Кішкене ұлым бар,
Кірген-шыққан сүйеді.

(Кесе)

Ымпиттым да жымпиттым,
Жүнін алып сымпиттым.

(Мес)

Аузы бар да, тілі жоқ,
Құйрығы бар да жүні жоқ.

(Мес)

Бір нәрсе аяғы бар, тұяғы жоқ,
Мойны бар, басы менен құлағы жоқ.
Артында бір көлденең ағашы бар,
Сонда да мал секілді сияғы жоқ.

(Мес)

Көк өгізім гүрілдейді,
Жансыз ағаш дірілдейді.

(Саба піспек)

Екі малта, бір көсік,
Екеуінің бірлесіп
Көтергені бір көсік,
Үшеуінің аңдығаны бір тесік.

(Саба, қос бүйректі піспек)
Бір бием желіні жетіп егіз тапқан,
Айғыры туар күні үйірін тапқан.
1404.

1405.
1406.
1407.
1408.

1409.
1410.
1411.
1412.

ыдыс-аяқтар
Бірі ұлпал, ласының бірі жаңқа,
Япырай, неткен зерек мұны тапқан.

(Саба, піспек, май, құрт)

Түнде буаз, күндіз қысыр,
Күндіз буаз, түнде қысыр.

(Саба, етік)

Айдаһар жылан көрдім екі басты,
Бір басы бір басынан екі елі асты.
Аузына қанша нәрсе түссе дағы,
Аптығып өз-өзінен жұта алмасты.

(Бәкі)

Буынын басса, былқ етер,
Тайып кетсе, шық етер.

(Бәкі)

Үлкен келін есік ашты,
Кіші келін ұрып қашты.

(Келі мен келсап)
Кішкене ғана келіншек,
Бет моншағы төгілшек.

(Келі мен келсап)

Аузы бар да тісі жоқ,
Оны ұрмаған кісі жоқ.

(Келі)

Жансызда бір жансыз бар тоймайтұғын,
Қолында шоқпары бар қоймайтұғын.
Белінде үш-төрт жерден белбеуі бар,
Өзі өлмесе, белбеуі тозбайтұғын.

(Күбі)

Кең балақтың ішінде
Кетпен сап болады.

(Күбі)
1413.
1414.
1415.

1416.
1417.
1418.
1419.

1420.

жұмбақтар
Бір ағаштан үй тіктім, тиып-қиып,
Ішіне неше мың жан кетер сыйып,
Тек біріне ғана сен тиіп қалсаң,

Баршасына кетеді бүлік тиіп.

(Күбі)
Кең шалбардың ішінде
Кертік басым ойнайды.

(Күбі, піспек)

Тамаша құстар көрдім құйған қыштай,
Қапаста жатыр алтау іші пыспай,
Қапастан сол алтауы шыға келсе,
Қылады әркім құрмет қолын ұстай.

(Кесе қап)

Жоғарыдан асқан,
Ортасына көр-жөр басқан.

(Аяқ қап)

Ана беттен бір ұрды,
Мына беттен бір ұрды.
Апам ұра берген соң
Аппақ тозаң құйылды.

(Елгезер)

Тап-тап етеді,
Астынан керуен өтеді.

(Елгезер)

Аласа үйден қар борайды.

(Елгезер)

Үйге біткен бәйтерек,
Жапырағы жыртық терек.
Жапырағы жыртық болса да,
Бәйбішеге сол керек.

(Елгезер)

1421.
1422.
1423.
1424.

1425.
1426.
1427.
1428.

ыдыс-аяқтар
Кішкене ғана аран,
Асты толған боран.

(Елеуіш)

Көз алмассың жүзінен,
Үй өткерер көзінен.

(Елеуіш)

Өзі—жаңа,
Өзі—тесік.

(Елеуіш)

Бір жансыз, өзі жаңа, дөп-дөңгелек,
Жұтатын қисабы жоқ тамақ керек,
Өзіне керек асын бере берсең,
Қылады ірілі-уақты екі бөлек.

(Елеуіш)

Жаңа табақ түбі тесік,
Тақ-тақ етті,
Астынан керуен өтті.

(Елеуіштен өткен ұн)

Ішкен суын шұңқырға құяды.

(Шөміш)

Үйректің өзі тереңде,
Ақ құйрығы ернеуде.

(Шөміш)

Басы ұяда,
Құйрығы қияда.

(Шөміш)

Асқа бармайды,
Аспаздан қалмайды.

(Кепсер)

1429.
1430.
1431.
1432.

1433.
1434.
1435.
1436.

1437.

жұмбақтар
Сүбелі, бүйірі бар, қабырға жоқ,
Жүреді екі қолымен омыртқа жоқ,
Ал өзі өмір бойы жер баспайды,

Бақай, тірсек, тілерсек, тобық та жоқ.

(Оқтау)

Аппақ, ұзын қозғалмай жатыр сулап,
Сол нәрсе қолға түссе, кетер турап.

(Пышақ)

Бір хайуан ұзын түсіп, жатыр сұлап,
Адамзат көтермесе кетер құлап.
Бетіне келген жанды тіліп тастап,
Қозғалар адамнан тек көмек сұрап.

(Пышақ)

Басына темір киген, қос құлағы
Бар екен адамзатпен ынтымағы.
Жүрмейді өздігінен сүйремесең,
Мекені отыратын тамақ жағы.

(Қазан)

Мен көрдім бір теңізден темір қайық,
Әр пенде сол қайықты көрер лайық.
Үстінде түндігі жоқ үйді тігіп,
Кетеді риза болып барша халық.

(Поднос, кесе)

Бар екен бір асыл зат белін буған,
Қаншама жиренбейді лас судан.
Кеудесінде жаны жоқ болса дағы
Қалмайды көп жиналған ұлы дудан.

(Шылапшын)

Аузы бар да, тілі жоқ,
Терісі бар да, жүні жоқ.

(Тістеуік)
1438.
1439.
1440.

1441.
1442.
1443.
1444.

Бір нәрсе зында деген онан да әрі,
Жауады бұршақ-бұршақ оның қары.
Сол қары көк соқта боп ерігенде,
Үміткер татайық деп жанның бәрі.

(Елеген ұн, иленген нан)

Ағарып кіреді,
Қызарып шығады.

(Нанның тандырға кіріп шығуы)

Үсті тас, асты тас,
Ортасында піскен ас.

(Таба, нан)

Үсті темір, асты темір,
Ортасын ал да, кемір.

(Таба, нан)

Былқ-былқ, былқ семіз,
Қабырғасы жоқ семіз.

(Қамыр)

Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе, ебі келмес.
Барлық ел аттарға тегіс бірдей,
Көтерсең, ешнәрседен жеңіл емес.

(Тұз)

Тамақтар мен сусындар
1445.
1446.
1447.

1448.
1449.
1450.

жұмбақтар
Судан шығар жарқырап масаттанып,
Тіл шықса, дүниені қылар жарық.
Қайтадан суға түсе ғайып болар,

Адамзат керек қылар рақаттанып.

(Тұз)

Бір нәрсе өзі нәзік керек еді,
Қолынан жерде жатса не келеді.
Дариға ағып жатқан салса тастан,
Сонымен даражаға тең келеді.

(Тұз)

Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ таппайсың.

(Тұз)

Алыстан қарасам, аппақ,
Татып қарасам, тәтті-ақ.

(Қант)

Аппақ қардай өңі бар,
Тамақ болар түрі бар.
Одан қашар адам жоқ,
Төрт бұрышты қыры бар.

(Қант)

Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң, балдай.

(Қант)

Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.

(Жұмыртқа)

Кішкене ақ шыныда екі түрлі су.

(Жұмыртқа)

Бір құдықтың екі алуан суы бар-ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.

(Жұмыртқа)
1451.
1452.
1453.

1454.
1455.
1456.
1457.

1458.
1459.

тамақтар  мен  сусындар
Құдайдың құдіреті көп болады,
Бір кеседе екі түрлі сүт болады.

(Жұмыртқа)

Суға қайнап сорпасы шықпас.

(Жұмыртқа)

Ғалымдар сөз сөйлесе ұқтырады,
Ішінде бір қалбырдың сүт тұрады.
Ол сүттің бірі жанды, бірі жансыз,
Жансыздар жаны барын жеп тұрады.

(Жұмыртқа)

Бір нәрсе ақ пен сары, екі қабат,
Құдайым керемет берген аямай-ақ.
Ісіне құдіреттің таңғаласың,
Кетеді біраздан соң тарап-тарап.

(Жұмыртқа)
Су көрдім реңі екеу бір қазанда,
Қақпағын аша алмайды ешбір жан да.

(Жұмыртқа)

Бір бөдененің ішінде екі түрлі суы бар.

(Жұмыртқа)

Айдалада ақ сандық,
Аузы-мұрны жоқ сандық.

(Жұмыртқа)

Бір үй бар әйнегі жоқ һәм есігі,
Ішінде Алла берген бар несібі.
Болады бір жанды, бір жансыз,
Сандықтың табылады өз кәсібі.

(Жұмыртқа)

Әуеден ұшқан біл дейді,
Білдің бауыры зіл дейді.
1460.
1461.

1462.
1463.
1464.
1465.

1466.
1467.
1468.

жұмбақтар
Тіріден өлі шыққан,
Ақылың болса, біл дейді.

(Жұмыртқа)

Ашылмаған сандықта жыртылмаған пұл жатыр.
(Жұмыртқа)

Ақ сандық айналадан тауып алдым,
Ішінде не бар, не жоқ таба алмадым.

(Жұмыртқа)

Айдалада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау.
Отыз күнде сол отау,
Айдалада жоқ отау.

(Жұмыртқа)

Ақ отаудың есігі де жоқ,
Тесігі де жоқ.

(Жұмыртқа)

Аузы бітеу ақ отау.

(Жұмыртқа)

Есіксіз, түндіксіз отау.

(Жұмыртқа)
Екі аяғы да жоқ,
Белінде таяғы да жоқ.

(Жұмыртқа)

Ашып қарасам, аппақ,
Жеп қарасам, тәп-тәтті.

(Жұмыртқа)

Пісірсең, ас болады,
Пісірмесең, құс болады.

(Жұмыртқа)

1469.
1470.
1471.
1472.

1473.
1474.
1475.
1476.

1477.

тамақтар  мен  сусындар
Әуеде жұмсақ,
Отта қатты.

(Жұмыртқа)

Аппақ қана домалақ,
Жейді сыртын тазалап.

(Жұмыртқа)

Қазық басына қар тұрмас.

(Жұмыртқа)

Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?

(Шай)

Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар.
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?

(Кесе, шай)

Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып-тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ.

Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.

(Қымыз, саба, піспек)

Сылдыр сұйық, су емес,
Ішсең, сусын қанады,
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады?

(Сүт)

Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.

(Емшек сүті, бес саусақ)
15-298*
1478.
1479.

1480.
1481.
1482.
1483.

1484.
1485.

жұмбақтар
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

(Айран)
Құйып қалып құйыртпағын шығардым,
Салып алып сара бала туғыздым.

(Қатық, сары май)

Әрі сусын әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.

(Қымыз)

Секірме тастың үстінде
Сексен қойдың ізі бар.

(Шылапшын үстіне жайылған құрт)

Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң, дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай-ақ домалақ.

(Құрт)

Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.

(Көже мен шөміш)

Кішкентай құдығымның суы тәтті.

(Жіліктің майы)

Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.

(Жіліктің майы)

1486.
1487.
1488.
1489.

1490.
1491.
1492.
1493.

тамақтар  мен  сусындар
Қызартып салдым,
Бозартып алдым.

(Қазанға салынған ет)
Бір дария қайнайды екен көбік атып,
Ішінде жайын да жүр мехнат тартып.
Өткелі бар, дарияның аралы жоқ,

Келе ме, білсе жайын, оған қайтып.

(Қазанда асылған ет)

Дастарқанға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді.

(Ана сүті)

Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса, болады
Ұлпадай жұмсақ жабағы.

(Тоң май)

Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ.
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.

(Өсімдік майы)

Аппақ қардай,
Дәмі балдай.

(Балмұздақ)

Қол ауызға берді,
Ауыз жауызға берді.
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.

(Ішкен тамақ)

Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем, емен жолы төмен екен.
1494.
1495.

1496.
1497.
1498.
1499.

1500.
1501.

жұмбақтар
Білімді ақын болсаң, мен айтайын,
Құраннан бір жас үлкен немене екен?

(Нан)

Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам жәбірленіп тұрғанында,
Біреу кеп ар жағынан әрі тартар,

Алып барып онан соң қинап жанын.
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін,
Ләззатын сол сайлары алып қалып,
Шығарып тастайды екен ғазиз тәнін.

(Тамақ, асқазан)
1502.

Бір нәрсе ұшқан сайын жоғарылаған,
Бір ұшса, жерге қайтып қона алмаған.
Орнында баяндайтын бір мақлұқат,
Оларға тиген жандар сау қалмаған.

(От, түтін)

Дүниеде бір айдаһар жылан бар,
Жан-жағын жеп барады,
Ішіне бітеу сүйек көп барады.

(От пен отын)
Қызыл сиырды байлап салдым,
Көк сиырды айдап салдым.

(От, түтін)

Бір жансыз бір жансыздың жанын алар.

(От)

Жалт-жұлт етеді,
Жалмай-жалмай жұтады.

(От)

Жаурағанды күлдірер,
Аяғы жоқты жүргізер.
Өз еркіне жіберсең,
Дүниені бүлдірер.

(От)

От жағу, жарық қылу
1503.
1504.
1505.

1506.
1507.
1508.

жұмбақтар
Қуыста қызыл әтеш билейді.

(От)

Там-там тобылғы,
Тамылжыған тобылғы,
Көлеңкесі көк майса,
Күліп тұрған тобылғы.

(От)

Көзі жайнай қарайды,
Қазан түбін жалайды.

(От)

Өткірлігі өлімнің нақ зәріндей,
Өзінен басқалардың бәрін жейді.
Жейтұғын ешбір нәрсе таба алмаса,
Өзін-өзі жейді де, көрінбейді.

(От)

Бір нәрсе өз киімін қорек еткен,
Сау емес оның өзі кесепеттен.
Нәрсені қолға түскен жалмап жұтады,
Мен оның мешкейлігін айтып жетпен.

(От)

Бар екен бір жалмауыз жалғанда артық,
Жүреді, жүрген шақта өзі шалқып.
Темір мен топырақ, тас, суды жемес,
Басқаны жеп қояды, қойсаң артып.

(От)

Бір сұлу бар ел бәрі айналысты,
Адамға әлгі сұлу байланысты.
Сол сұлу жақсылығының арқасында,
Ет пен тамақ, нан мен су қайнап пісті.

(От)

Зәредейін жанданған,
Бара-бара жалданған,
1509.
1510.

1511.
1512.
1513.
1514.

1515.
1516.

от  жағу,  жарық  қылу
Бұйра-бұйра жалы бар,
Жал астында қаны бар.

(От)

Сары аттың сиген жеріне шөп шықпайды.

(Оттың орны)
Қызыл ешкі жатқан жерге шөп өспес.

(Оттың орны)

Есіктен кіреді,
Тесіктен шығады.

(Оттың жануы)

Қара сиырым қарап тұр,
Қызыл сиырым жалап тұр.

(Қазан мен от)

Бір қара өгізге екі теңдей-теңдей жүк арттым,
Бір бала үстіне мінгізіп шылым тарттым.

(Пеш, мұржа)

Боп, боп, бопылдақ,
Бопылдақ үсті үш тармақ.
Үш тармақта соқыр шақ,
Соқыр шақ үсті жез қармақ.

(Күл, ошақ, қазан, тамақ, шөміш)

Бап, бап, бапанақ,
Бапанақ үсті арғымақ.
Арғымақ үсті қызыл тақ,
Қызыл тақ үсті қу шұнақ.

(Қазан, ошақ, от)

Болғанда қиған қалпақ, қырсау құрық,
Мінгені үш аяқты қызыл жүйрік.

(Қазан, ошақ, от)

Басына қара таудың бітер қорған,
Онда жоқ бекітерге айыл-тұрман,
1517.
1518.

1519.
1520.
1521.
1522.

1523.
1524.
1525.

жұмбақтар
Қасына төрт нөкерін ертіп алып,
Үстіне қайырлы бай мініп тұрған.

(Қазан, ошақ)

Үш балада бір қармақ.

(Мосы)
Арық кісі ашаңдайды,
Бұтындағысы шошаңдайды.

(Мосы)

Дыбыстасаң қарамас,
Болса дағы құлағы.
От-жалынмен аралас,
Тату-тәтті тұрады.

(Қазан, от)

Бар екен арасанның үш төресі,
Жайлауы бір апанның кенересі.
Асты зерден болғанда, үсті балдан,
Адамзаттың, ойласақ, неменесі!

(Қазан, ошақ)

Қара тайым мықты,
Қара бием сүтті.

(Қазан, ошақ)

Үш адам қара киген қарағымды,
Бар еді үшеуінің арғымағы.
Үшеуі үш жағынан қарғыса да,
Жетпейді адым жерге қарғығаны.

(Қазан, ошақ)
Әкесі баласын көтеріп тұрады.

(Қазан, ошақ)

Қайнап жатқан көлге
Темір үйрек сүңгиді.

(Қазан, ожау)
1526.
1527.
1528.

1529.
1530.
1531.
1532.

1533.

от  жағу,  жарық  қылу
Үш қыз «өлем» деп отыр,
Әкесі қаба сақал «көмем» деп отыр.

(Ошақ, қазан)
Үш аяғы үш жақта,
Төрт құлағы қалқиған.
Ретін таппай жұмсаса,

Ыңғайына жантиған.

(Темір ошақ)

Үш атқа мінгесіп тұр, жалғыз көрдім,
Соларға тамаша етіп қарап тұрдым.
Жандыны жансызбенен күрестіріп,
Жансызды бір уақытта алып ұрдым.

(Ошақтың үш бұты, қазан)
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.

(Жалын, қазан)

Жер жүзін бір айдаһар жеп барады,
Аузынан бітеу сүйек боп барады.
Айдаһардың аузына түспей қалса,
Енді іске жарамаймын деп барады.

(Өрт, ағаш)

Анасы—жуан,
Қызы—қызыл.

(Пеш)

Тап-тап, тап балшық,
Тап-тап соққан сор балшық.
Іші қызыл қиямет,
Сырты сұлу әлемет.

(Пеш)

Қос белбеу, мауыт шекпен, қазан қалпақ,
Нәрседей жылан сорған қарны жалпақ.
1534.
1535.

1536.
1537.
1538.
1539.

1540.
1541.

жұмбақтар
Бір жерден қозғалмайды сабыр етіп,
Қылмайды сабырсыздық, етсе жалтақ.

(Пеш)
Заттардың қуаңына өр құмар,
Үстінде күйіп піскен нәрсе тұрар.
Орнынан аузын ашып, ұмтылса егер,

Тығылар берген тамақ ұмар-жұмар.

(Пеш, отын)

Сырты қап-қара,
Іші қып-қызыл жара.
Әлсін кіріп шығады,
Бір жалаңбас бала.

(Пеш, от, кесеу)

Бір нәрсе төрт бұрышты, доп-домалақ,
Үстінде тыныш тұрақ, бір сабалақ.
Өзінің бір ұшы жерде, бір ұшы көкте,
Тоймайды бес жүз түйе баққан шөпке.

Әркімдер көтерем деп ойласа да,
Келмейді, сірә, тегі тіпті епке.

(Пеш, түтін)

Ұзын құрығым үйге сыймайды.

(Пештің мойны)

Қозғалмайды, үш аяқпен тұрады,
Ауыл көшсе, шаңырақта тұрады.

(Ошақ)

Аузы іште, мойны сыртта,
Бар жылуын берер жұртқа.

(Пеш)
Қуаты ыссы керемет,
Үйге лебін жаяды.

(Пеш)
1542.
1543.
1544.

1545.
1546.
1547.
1548.

от  жағу,  жарық  қылу
Қыста тамаққа тоймайды,
Жазда ұйқысын қоймайды.

(Пеш)

Аузы қара індікеш,
Түбі қара қиямет,
Ән шақырған Мұхаммед.

(Пеш, мұржа, түтін)

Мың дозақ қиямет дерсің,
Ішіне нанды пісіріп жерсің.

(Тандыр пеш)

Үсті бүтін,
Іші түтін.

(Тандыр пеш)

Іші қызыл әлеумет,
Сырты қызыл керемет.
Тыңдап тұрып дәл ұрсаң,
Пайғамбарға сәлем ет.

(Тандыр пеш)

Аузы қара,
Түбі жара.
Сулап салсаң,
Шығады сары бала.

(Тандыр пеш)

Арқаға міндім, хан болдым,
Үйге келдім, құл болдым.
Отқа жандым, күл болдым.

(Отын)

Шешесі мәсісін кигенше,
Қызы Мәскеуге барып қалды.

(Түтін)

1549.
1550.
1551.
1552.

1553.
1554.
1555.
1556.

жұмбақтар
Атасы аяғын кигенше,
Ұлы базарға барып қайтар.

(Түтін)

Ұзыннан ұзақ,
Көкке тұзақ,
Балапан жапырақ,
Батпан топырақ.

(Түтін мен күл)

Көк лағым көлеңкеде сүйретіліп барады.

(Түтін)

Көк өгізім жүреген,
Мүйізін көкке тіреген.

(Түтін)

Көк итім көкке қарап ұлиды.

(Түтін)

Ана ауылдың бурасы,
Мына ауылдың бурасы,
Желкілдейді шудасы.

(Түтін)

Жұмбағым жұтылды,
Көкке қарай тұтылды.

(Түтін)

Үй үстінде ақ аю билеп тұр.

(Түтін)

Қарны жуан қампайған,
Серейіп бойы талтайған.
Ерте-кешке бір жазық,
Тапа-тал түсте жантайған.

(Түтін)

Көк көйлекті жеңешем
Көлбең-көлбең етеді,
1557.
1558.

1559.
1560.
1561.
1562.

1563.
1564.
1565.
1566.

от  жағу,  жарық  қылу
Артындағы баласы
Елбең-елбең етеді.

(Түтін)
Сандық толы қызыл алма,
Жей алмайсың, амал бар ма?

(Шоқ)
Құп-құрғақ,
Жанбайды ол бірақ.

(Күл)

Болат жапырақ,
Батпан топырақ.

(Шоқ, күл)

Пеш ішінде отырмын,
Өзім шикі қотырмын.
Қотырыма тимеңдер,
Өлейін деп отырмын.

(Шала жанған қоламта)

Тас таяқ қағысар да соғысар,
Ортасында бөдене, қырғи келіп қағысар.

(Шақпақ тас)

Кішкентай ғана сандығым,
Өмірге керек жабдығым.
Сандығыммен бітірем,
Керегімнің барлығын.

(Сіріңке)

Бір қорада қамалған сансыз жануар,
Әрқайсысының басында тұрған панар.
Аңдаусызда сүйкеніп тиіп кетсе,
Тыз етіп сол жануар от боп жанар.

(Сіріңке)

1567.
1568.
1569.
1570.

1571.
1572.
1573.

жұмбақтар
Елу тентек тып-тыныш,
Бір сарайда жатады.
Тысқа шықса біреуі,

Жарқ етіп от шашады.

(Сіріңке)
Кішкентай ғана арық,
Іші тола балық.

(Сіріңке)

Кішкене ғана мүсәтір,
Ол мүсәтір жоқ болса,
Елдің бәрі мүсәпір.

(Сіріңке)

Бір бөлмеде көп тентек,
Әрқайсысы отпен тең.
Жатпайды олар біз-сіз деп,
Шыға келер шыж-быж деп.

(Сіріңке)

Бір үйде тұрады екен елу батыр,
Үй сыртына сүйкенсе-ақ, өліп жатыр.

(Сіріңке)

Ағаштан үй салдырдым аузы ашық,
Ішінде елу жігіт қылар кәсіп,
Біріне ажал жеткен уақытта
Кетеді жанып, елге пайда шашып.

(Сіріңке)

Сен өзің сандықсың ба, сарайсың ба,
Қайтадан мүлік болып жарайсың ба?

(Сіріңкенің қорабы)

Өзі ала,
Жан-жағы қара,
Ортасында бала,
Баласының басы қара.

(Сіріңке)
1574.
1575.
1576.

1577.
1578.
1579.
1580.

1581.

от  жағу,  жарық  қылу
Қамалып бір сарайда солдат жатқан,
Далаға шыққандары мылтық атқан.
Салмағы аз бұл сарайдың солдатында

Ойланып милы кісі мұны тапқан.

(Сіріңке)
Іші алпыс, екеу екен сырттан қабы,
Байланыс тіршілікпен мұның жаны.
Сырты да әкесінен ажыраса,

Ешқандай болмайды екен мұның сәні.
Пайдалы адамзатқа болғаннан соң,
Қолынан тастамайды елдің бәрі.

(Сіріңке)

Бір нәрсе төрт бұрышты білесіз бе,
Жаны жоқ қимылдауға денесінде.
Ішінде жансыз шоқпар тығулы тұр,
Қажетін кешке жақын білесіз де.

(Сіріңке)

Кілті жоқ суырмалы бір сандық бар,
Ішінде елу екі тайлағы бар.
Тайлақты қасына алып еңбек еткен,
Адамға оның өте керегі бар.

(Сіріңке)

Кең балақтың ішінде
Кетпен сап болады.

(Сіріңке)

Үйге кіріп ақ бала,
Болып шықты қап-қара.

(Көсеу)

От басында ұзын темір.

(Көсеу)

Жұмбағым жұты қара,
Таба алмаған кісінің беті қара.

(Көсеу)
1582.
1583.
1584.

1585.
1586.
1587.
1588.

1589.

жұмбақтар
Іші қара,
Тысы ақ.

(Мұржа)

Дүниеде бір сұлу бар жылтыраған,
Көргенде жел мен суды қалтыраған.
Сен оны қасына алып жүре қалсаң,
Нәрсе жоқ қараңғыда табылмаған.

(Шам)

Бір тон бар өте әлді болған түзік,
Ешкімге қарамайды түсін бұзып.
Жаман-жақсы пайдасы көпке бірдей,
Сол себепті біз көрдік қанша қызық.

(Шам)

Ақ тауға бір бәйтерек қарсы біткен,
Басына бір адамзат мекен еткен.
Әділдігі елге бар, өзіне жоқ,
Ақырында өз басына өзі жеткен.

(Шам)

О жағы дуалша,
Бұ жағы дуалша,
Ортасында молда бала.

(Шам)

Бір нәрсе әділ етті,
Әділ етті де, өліп кетті.

(Шам)

Жапанда бір бәйтерек жалғыз біткен,
Басына бір азамат мекен еткен.
Пайдасы жұртына бар, өзіне жоқ,
Басынан алтын шоғы ұшып кеткен.

(Шам)

Бір тастың қақ басында құдығы бар,
Құдықтың айналасы бәрі де жар.

(Білте шам)
1590.
1591.
1592.

1593.
1594.
1595.
1596.

1597.

от  жағу,  жарық  қылу
Бір тілім ет не қаны жоқ,
Азғана май қорегі,
Тапсаң ойлап, тез шешіп,

Жауабын кім береді?

(Шам)

Арықтаса сөнеді,
Адам үшін көнеді.
Мінезі жаман өзінің,
Білдірмей тебеді.

(Шам)

Ақ шатыр, ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Қызыл көзді шал жатыр.

(Шам)
Мекен қып бұ жиһанды падиша өткен,
Ол падиша алтын тақты мекен еткен.
Басында падишаның алтын тәжі,

Сол тәжі ақырында түбіне жеткен.

(Шам)

Бір түйем бар қамыстың басын жейді,
Шу-шулесең жануар бір жүрмейді.
Қағып-соғып шандаққа шөгерсем де,
Төс табаны, сірә, бір жер тимейді.

(Шам)

Бір түйем өлді арықтап майы көптен,
Жануар семірмейді жеген шөптен.
Ол түйем зәудеғалам өліп кетсе,
Сүйегі табылмайды жерден, көктен.

(Майшам)

Сығырайып қарады,
Аласарып барады.

(Майшам)

16-298*
1598.
1599.
1600.

1601.
1602.
1603.
1604.

жұмбақтар
Жіңішке жуан емес, өзі арық,
Тілі шықса, дүниені қылар жарық.
Сүйегі жоқ, денесі жұмсақ өзі,

Суға салса, батпайды сондай парық.

(Майшам)

Бір жылан су ішінде жуан қарын,
Басы аппақ, тілінен шығар жалын.
Түн ішінде адамға пайдасы көп,
Күзетіп бақылайды адам халін.

(Майшам)

Судан шығып жалаңдайды бір жалын,
Аузында алтын балық жарқыраған.
Жыланның тіршілігі суыменен,
Су құрыса, балық өлер әрі жылан.

(Шамның білтесі, жалыны, керосин)
Білтесі жоқ, майы жоқ,
Жарқырап от жанады.
Тұтанады шырпысыз,

Өзінен ұшқын шығады.

(Электр жарығы)

Жарығы күндей,
Таңғалдырар адамды,
Жалындап күймей.

(Электр жарығы)

Сыртының сырнайы бар,
Ішінің бүтін айы бар,
Май ішінің өзегі бар,
Бір апта өшеді,

Бір апта көшеді,
Кезегінде керегі бар.

(Шам, білте)

Үй сайын бір-бір құсты қойдық байлап,
Тұрады уақытында көзі жайнап.
1605.
1606.

1607.
1608.
1609.
1610.

1611.

от  жағу,  жарық  қылу
Ішіне бір сырғалы салып қойсаң,
Бар суын ішіндегі шығады айдап.

(Шам)
Бір нәрсе заты тастан, іші қуыс,
Ұстауға қиын екен, қылса жұмыс.
Өтпейді өткір пышақ, шажан қылыш,

Қайтадан күл болады, қылсаң соғыс.

(Шамның шынысы)

Бір жерде бір бәйтерек жеке біткен,
Басында әділ патша мекен еткен.
Неше күн жер астында жатып-жатып,
Жолай алмай қасына қыршын кеткен.

(Шырақ пен шіркелер)

Бір нәрсе тау үстінде мекен еткен,
Басына шарбақталып күмбез тіккен.
Болғанда судан себеп, тастан бөгеу,
Жеріне күрмек шыбық тетік еткен.

Еш нәрсе өз тұсынан істемейді,
Сыртынан бірнәрсе кеп хабар еткен.
Адамға түнде пайда беру үшін,
Дүниеге аты мәлім, даңқы кеткен.

(Керосин, шам)
1612.
1613.
1614.

Ұзын терек,
Саясы жоқ.

(Жол)

Ұзын-ұзын ұз келер,
Ұзын бойлы қыз келер.

(Қара жол)

Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшы қайдан табылар?

(Жол)

Таудан баспағым домалап келе жатыр.

(Қара жол)
Жусаннан аласа, таудан биік.

(Жол)

Адамзаттың баласы,
Менсіз кәсіп қылмас та,
Басымды мен көтерсем,
Аспан көкке жетермін.

(Қара жол)

Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Көмекке елдің көбін қойдым жауып.
Аспанда бұрқырады, топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.

(Қара жол)
Қатынас, жүріс-тұрыс
1615.
1616.

1617.
1618.
1619.
1620.

1621.

қатынас,  жүріс-тұрыс
Бір жолда екеуі жарысады,
Бір-бірінен оза алмай алысады.

(Темір жол)

Бір заттың салмағы ауыр сансыз тонна,
Ұстаған емес оны ешкім қолға.
Пайдасы барлық заттан артығырақ,
Сәнменен кере тартып жатар жолда.

(Рельс)

Бір нәрсе өзі жансыз ырғатылып,
Өзінің аяғы жоқ бір мақұлық.
Жаз болса, көк шалапты сапырады,
Шөмішін бір шығарып, бір батырып.

(Қайық)

Тап-тап, тап басқа,
Табаны жалпақ көк қасқа,
Үйірге салсаң, кісінемес,
Шөптің басын тістемес.

(Қайық)

Адам істеп шығарған бір жануар,
Құрғақ жерде жаны жоқ, суда болар,
Жаз болса, күні-түні су ішінде,
Бұл не еткен жануар, табыңыздар.

(Қайық)

Белдіксіз, дөңгелексіз күймелі арба,
Қозғасам, бара берген жардан жарға.

(Қайық)

Шапсаң, жаңқасы жоқ,
Жүрсең, ізі жоқ,
Кессең, қаны жоқ.

(Қайық)

Сойсаң, қаны жоқ,
Жеуге еті жоқ.

(Қайық)
1622.
1623.
1624.

1625.
1626.
1627.
1628.

1629.

жұмбақтар
Екі басты белі бар, омыртқа жоқ,
Сүбелік бүйрегі бар, қабырға жоқ.
Жүргенде құс табаны жерге тимес,

Бақай, тірсек, толарсақ, тобық та жоқ.

(Қайық)

Бар екен екі басты бір мақұлық,
Жүреді аяғы жоқ ырғатылып.
Жаз болса сары қымыз сапырулы,
Қасығын бір шығарып, бір батырып.

(Қайық)

Тоғайда туып, суда өмір сүреді.

(Қайық)

Тап-тап, табаны ақ,
Табаны жалпақ қоян ақ.
Басып кетсе, ізі жоқ,
Бауыздаса, қаны жоқ.

(Қайық)

Тарыға торғай қонса, сақпан біледі,
Түлкіні түнде жорытқан қақпан біледі.
Бір жұмбақ мен айтайын сіз тыңдаңыз,
Ат құсап шалқасынан жатқан біледі.

(Қайық)

Үсті тақтай, асты тақтай,
Балалары ойнайды,
Барып тоқтамай қоймайды.

(Паром)
Ербегей де сербегей,
Иесіз үйге кірмегей,
Атсыз, сірә, жүрмегей.

(Арба)

Басы жоқ төрт аяқты жансыз бір зат,
Құлағы жоқ, көзі жоқ бейне ол ат.
1630.
1631.

1632.
1633.
1634.
1635.

1636.
1637.

қатынас,  жүріс-тұрыс
Жүк артсаң, белі тағы майыспайды,
Құйрық-жалсыз ол неткен меңіреу зат?

(Арба)

Қырда ағаш,
Ойда ат.

(Арба)

Қадамы жоқ ізінің, аяғының,
Созса, ұшы жетпейді таяғының.
Екі қолын айуанға артып алып,
Әніне салады екен баяғының.

(Арба)

Тарақ сияқты ергенек,
Ай сияқты дөңгелек.

(Арбаның дөңгелегі)

Төрт бала бірін-бірі қуалады.

(Арбаның дөңгелегі)

Елде артын барлайды,
Жүгірсе, артын жарлайды,
Ми айналып қалмайды.

(Арбаның дөңгелегі)

Болғанда екеу аға, төртеу ала,
Жиырма сегіз екен тапқан бала.
Өзімен ол көп жүкті көшіреді,
Қандайлық мықты болған жүзі қара.

(Арбаның екі жетегі, төрт дөңгелегі, шабақтары)

Екі таяқ көтердім,
Ортасынан итердім.

(Арба айдау)

Бір жұмбағым бар, асты қар,
Қадамы жоқ, ізі бар,
Мойнында жібі бар.

(Шана)
1638.
1639.
1640.

1641.
1642.
1643.
1644.

1645.

жұмбақтар
Табаны жалпақ боз жорға,
Тайпалсын десең, сал жолға.

(Шана)

Тайпаңдайды бүгіліп құла жорға,
Маңызданып аяғын басар зорға.
Неше күн дамыл алмай жүрсе дағы,
Иіліп жерден шөпті жемес сонда.

(Шана)

Жол үстінде пөстек,
Оны таппаған естек.

(Көпір)

Жол үстінде төсек,
Оны таба алмаған есек.

(Көпір)

Жалғаған ел ортасын,
Жатыр тосып арқасын.

(Көпір)
1646.
1647.
1648.

1649.
1650.

Белі бүкір,
Алысқа түкір.

(Мылтық)

Бас бармағы бармақтай,
Бақырғаны тайлақтай.

(Мылтық)

Алып соғып арс етті,
Даусы Самарқанға жетті.

(Мылтық)

Дауыстап жаһанда ақырғанда,
Баласы қайта келмес шақырғанға.

(Мылтық)
Бір нәрсе ғажайып, қайран өзі жүйрік,
Онда жоқ ұшатұғын қанат, құйрық.
Өзінің жан алмаған еркі бар,

Жасаған жарасулы етсең бұйрық.

(Мылтық)

Тау тарс етті,
Күн гүрс етті.
Жырадағы жылқы үрікті,
Жымда жатқан түлкі үрікті.

(Мылтық)
Қару-жарақ, аңшы және
аңшы құралдары
1651.

1652.
1653.
1654.
1655.

1656.

жұмбақтар
Темір жатыр ағаштың арқасында,
Жап-жалтыр қара шойын шыға қашар,
Әкесі ашуланса баласына.

(Мылтық)
Қара көк бір нәрсе бар, күміс өңдес
Жүрген жүрісін адам білмес.
Қаһарланып бір сапар ақырғанда

Естіген мақұлық жақын келмес.

(Мылтық)

Бір нәрсе өзі жансыз, жегені құм,
Бозбала табар мұны заманы сұм.
Тән нәсіп қадалғаннан қан алады,
Күніне шаршамайды болса да мың.

(Мылтық пен дәрі)

Көз алдыма әкелсем,
Алыс жерге түкірген.
Ебін тапсаң, инедей,
Айтқан жерден түйрелген.

(Мылтық, оқ)

Өмір-өмір, өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.

(Мылтық, оқ)

Жылт, жылт еткен,
Жырғадан өткен.

(Мылтықтың оғы)

Қуыс қурайдың басынан
Құтырған торғай ұшты.

(Мылтықтың оғы)

Қара күшігім қанқ етті,
Даусы Бұхарға жетті.

(Мылтықтың даусы)
1657.
1658.
1659.

1660.
1661.
1662.
1663.

1664.

қару-жарақ,  аңшы  және  аңшы  құралдары
Бір құс бар сондай ұшқыр, ұшар жерден,
Жалпылдап жанған оты қолын сермер,
Шыңыраудан мойны ұзын шығады екен,

Шошынар жанды мақұлық оны көрген.

(Оқ)

Судыр-судыр жүгенім,
Судыр қара дөненім.
Желіп кетсе, жеткізбес,
Түсіп кетсе, таптырмас.

(Оқ)

Аузы жоқ, қолы жоқ,
Ұшқан құстан озады.

(Оқ)

Ұшса, сырнай тартар,
Қонса, қарап жатар.

(Зеңбіректің оғы)

Тиіп кетсе, тырс етіп қақ жарылған,
Бар тетігі адамзатқа бағынған.
Мерт қылады жақын келген нәрсені,
Қастық қылса, жаудың жайы табылмаған.

(Бомба)

Ашуына басқанда,
Шаң көтерген аспанға.

(Бомба)

Құстай ұшып зыр қаққан,
Түскен жерін қиратқан.

(Снаряд)

Тау астынан күрсілдеп,
Жөтеледі, құсады.
Құсығы жоқ жалынды,
Түскен жерін өрт құшады.

(Пушка)
1665.
1666.
1667.

1668.
1669.
1670.
1671.

1672.

жұмбақтар
Адамның ең қымбатты,
Тастамайтын құралы.
Кішкене ғана қозғалса,

Жапыра жауды қырады.

(Пулемет)

Екі аяқты кеулейді басын созған,
Мойнында жалын қамыт ноқталанған.
Ұзын тұмсық құйрығы келте келген,
Тиіп кетсең, бұрқылдап сыртылдаған.

(Пулемет)

Жорғалаған тасбақа,
Болаттан киген көйлегі.
Жапырып жауды үстінен
Баса-көктеп өтеді.

(Танкі)

Бір нәрсе үш қанатпенен ұшар,
Мысалы аяқпенен аузын ашар,
Өлік құс тірі құстың қанын шашар.

(Садақ)
Ол не дүр басы айыр, түгі бар,
Өзі ағаш, ақ темірден бөркі бар.
Адамзат себеп болып ол дағы,

Алладан пәрмен келсе, өлтірмекке еркі бар.

(Саржа)

Белі қайқы,
Жоны тайқы.

(Қылыш)

Сырты ағашпенен қабатталған,
Ілініп бір бөлігі салақтаған.
Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.

(Қылыш)

1673.
1674.
1675.
1676.

1677.
1678.
1679.

қару-жарақ,  аңшы  және  аңшы  құралдары
Қара күшігім қабаған,
Артына киіз жамаған.

(Қақпан)

Бір нәрсе қимылдамас жүр дегенде,
Көтерілмес орнынан тұр дегенде.
Қарап жатыр десең де, қимылы тез,
Жылдамдығын білдірер білмегенге.

(Қақпан)

Бір нәрсе алты аяқты жүрген өзі,
Ешкімді құтқармайды келсе кезі.
Қызығы әр жәндіктен алып жесе,
Ғажайып маңдайында жалғыз көзі.

(Қақпан)

Шаңырақты, түндікті,
Шіреніп жатқан бір мықты.
Тие көрме құрғырға,
Тиіп кетсең, ырғытты.

(Қақпан)

Жатады көкке қарап аузын ашып,
Жалғанда сағасынан бір-ақ басып.
Ұстайды, жібермейді кім болса да,
Қалады байқамаған асып-сасып.

(Қақпан)

Болғанда қолы біреу төрт саусақты,
Қызметке жақынырақ жүрер жағы.
Жұмсасаң, жібермейді, іркілмейді,
Жаурадым, шөлдедім деп айтпас тағы.

(Қақпан)

Өзі батыр,
Жер астында жатыр.

(Қақпан)

Жандыны алар қағып жансыз нәрсе,
Жанарсың бұл нәрсені көзің көрсе.
1680.
1681.

1682.
1683.
1684.
1685.

1686.
1687.

жұмбақтар
Бір қабат астынан орын теуіп,
Ұстайды кімді болсын, кезі келсе.

(Қақпан)

Кішкене ғана тостаған,
Айдалаға тастаған.

(Қақпан)

Жапанда бір айдаһар бұғып жатқан,
Оятып өз жанынан қаза тапқан.
Нәрсеге, не болса да, өзі тажал,
Аяғы сондай мықты жерге батқан.

(Қақпан)

Ақылы бар, басы жоқ,
Аузы бар, денесі жоқ,
Қолы бар, аяғы жоқ.

(Қақпан)

Бір нәрсе өзі жансыз, жандыны алған,
Оны жұрт киізге орап көрге салған.
Біраз күн көр ішінде жатып-жатып,
Бір күні өзі кетіп орны қалған.

(Қақпан)

Дөңгелек үңірейген тесіктері,
Белгісіз сықырлаған есіктері.
Есігін байқаусызда түртіп қалсаң,
Жібермей ұстай алған кәсіптері.

(Қақпан)

Құдайдың құдіретіне қылдым нәсіп,
Қалады шыққан кезде бір-ақ тасып.
Құдайдан күні-түні тілек тілеп,
Жатады көкке қарай аузын ашып.

(Қақпан)

Қолымда жібек баулы жалғыз таяқ,
Сүйреттім ойдан қырға аямай-ақ.

(Қармақ)
1688.
1689.
1690.

1691.
1692.
1693.
1694.

қару-жарақ,  аңшы  және  аңшы  құралдары
Бар екен бір айдаһар жалғыз тілді,
Ұқсамас еш сипатқа оның түрі.
Өзі жансыз айдаһар жандыны алған,

Жеріне жақындаған кетпес тірі.

(Қармақ)

Салса жұтқыр,
Бермесең, тілейді,
Берсең, «алам» дейді,
Өзің түссең, «қалам» дейді.

(Қармақ)

Бір нәрсе сырты бүтін, іші қуыс,
Айуан жандармен болған туыс.
Бір елдің патшасын ол қаратады,
Қарасаң, бар денесі бір-ақ уыс.

(Томаға)

Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс,
Адамға әр уақытта болар туыс.
Бір ердің мақұлығы тоқтатады,
Адамға мұны таппақ қиын жұмыс.

(Томаға)

Бүтін дейін десем, бүтін емес,
Жыртық дейін десем, жыртық емес.
Жануармен ұрыс салады,
Өне бойы тыртық емес.

(Ау)
Бір нәрсе мен айтайын ойлаңқырап,
Қарны біреу, қанаты екеу, үш жүз құлақ.
Күндіз адамзатқа көрінбейді,

Жатады кешке шығып еннен сұлап.

(Ау)
1695.
1696.
1697.

1698.
1699.
1700.

Ол не дүр бір нәрсе бар ойға зерек,
Жүгірер әрлі-берлі дөп-дөңгелек.
Жай нәрсе өз бетімен түк білмейді,
Қосымша адамзаттың зейіні керек.

(Есепшот)
Бір нәрсе сондай епті жер баспайды,
Аптығып ақылынан бір саспайды.
Данышпан ақылы көп сондай зерек,

Жаңылып басқа жөнге бір баспайды.

(Есепшот)
Бір қалаға қоныпты ұшып келіп,
Топтана сексен сегіз қараша үйрек.
Төртеуден бөлініпті бір сегізі,

Қалғаны кілең оннан-оннан бөлек-бөлек.
Болған соң бес адамның күзетшісі,
Жайылды көк шалғында кейде өрістеп.

(Есепшот)

Көшесі бір, шаһар бар сегіз,
Ішінде сексен сегіз ойнар бала.
Баламен әрі-бері ойын қылса,
Ісіңіз көңілге алған болар дана.

(Есепшот)
Айнала қарағайдан тұр терегі,
Адамға ақыл қосса, бар керегі.
Есеп және сауда

1701.
1702.
1703.
1704.

1705.

есеп  және  сауда
Ол өзі он өзекті жайлап өткен,
Сексен сегіз келеді дөңгелегі.

(Есепшот)
Бір нәрсе бұл дүниеде жоқ дерегі,
Әр жерде ақылдассаң, бар керегі,
Қыстауы, жаз жайлауы он өзенде,

Өзінің сексен сегіз дөңгелегі.

(Есепшот)
Бағылған бір қорада жүздей саулық,
Соғылған қорғаны бар биік тау қып.
Бес қасқыр араласып бастан-аяқ,

Бірін қуып, бірін тартып кетті қайтып.

(Есепшот пен саусақ)
Бітімді төрт бұранда, сегіз сала,
Үстінде ойнақтайды сексен бала.
Еш пенде бұл жұмбақты тапқан емес,

Тауып бер жұмбағымды шапшаң ғана.

(Есепшот)
Айналасы қорған,
Он жігіт бар торыған.
Есебі көңілден,

Арқаны темірден.

(Есепшот)
Бар еді бір жұмбағым сексен сегіз,
Табасың ақылменен ескерсеңіз.
Болғанда бірі-онға, оны-мыңға,

Жауабын кешіктірмей жеткерсеңіз.

(Есепшот)
Қойыма қора соқтым жермен жексен,
Бұл қойым кейде сегіз, кейде сексен.
Сегізді сексен менен қосып салса,

Болады сексен сегіз бөгелместен.

(Есепшот)
17-298*
1706.
1707.

1708.
1709.
1710.
1711.

жұмбақтар
Бірталай құс кеп қонды балағанға,
Болады сексен сегіз санағанда.
Ішінде сексен үйрек, сексен қарға,

Құйрығын жан шыдатпас тарағанда.

(Есепшот)
Сегіз оннан құралған сексен сегіз,
Арасында төрт-төрттен екі сегіз.
Кейде жиып кетеді, кейде тосып,

Шешесіз, ақылға сап тексерсеңіз.

(Есепшот)
Бір нәрсе екі аяқты, сабағы бар,
Жейтұғын дастарқансыз табағы бар.
Жануар не берсең де талғамайды,

Күніне қырық асайтын тамағы бар.

(Таразы)

Қам қамал, қамқам қамал, қамқан кемер,
Бұл қамқан тоқсан алты толып семер.
Құмырсқа қисық жолын түзетеді,
Бар ма екен осыдан да басқа себеп.

(Таразы)
О, Құдайдың бұйрығы,
Төбесінде құйрығы.
Алты аяғы,

Екі табаны бар,
Бір таяғы бар.

(Таразы)
Үш тармақ, басы жұмыр сабағы бар,
Келмейтін дастарқанға табағы бар.
Берсең де қандай нәрсе, жеп қояды,

Тоятын, қырық асаса, тамағы бар.

(Безбен)
Алты аяғы бар,
Талдан таяғы бар,
1712.

1713.
1714.
1715.
1716.

1717.
1718.

есеп  және  сауда
Арқасында құйрығы бар,
Иесінен бұйрығы бар.

(Безбен)

Өзім қызбын, қырыққа келдім,
Бір күн ерсіз жатқаным жоқ,
Күнәға батқаным жоқ.

(Таразының тасы)
Кішкентай ғана безер,
Жер дүниені кезер.

(Күміс ақша)

Дүние аты мәшһүр болған қымбат,
Ықшамды әдемілік, сонда сымбат.
Мақсатың көңіліңдегі табылады,
Адамға ықыласпен қызмет қылмақ.

(Ақша)

Жер жүзінде бір қыз бар,
Қырық ерге тиіпті.
Тиіпті де шығыпты
Және тағы қыз екен.

(Ақша)
Аяқсыз жүреді.

(Ақша)

Кішкентай ғана місіре,
Тамам елдің жесіре.

(Тиын)

Сабы бар екі қарыс, басы қуыс,
Істейді адамзатқа күнде жұмыс.
Бәрінде жан біткеннің бірдей көрер,
Міндетті қызметін етпес бұрыс.

(Метр, өлшеуіш)

Бір адам кейпі жаман, жалпақ бетті,
Тауыпты ерге тимей қырық перзентті.
1719.
1720.

1721.
1722.
1723.
1724.

1725.
1726.

жұмбақтар
Әрқайсы тоқсан алты бала туып,
Ол өзі жансыз талай мыңға жетті.
(Бір, қырық қадақ, тоқсан алты мысқал)

Айтамын мен бір жұмбақ сарасынан,
Мекке мен Мәдинаның арасынан.
Тамаша, сірә, мұндай көрдіңдер ме,
Анасы туады екен баласынан.

(Қалып)
1727.

Бір жайын тынбай жүзер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз бес, алпыс, бөлек-бөлек.
Сөткеде жиырма төрті жұмыртқалап,
Ақ, қара қанаты бар бір көбелек.

Тағы да нұрға толмақ асыл шөлмек,
Таусылып алмағайып қайтып келмек.
Әлемде алты арыстан ысқырғанда,
Жиылып құрт-құмырсқа бәрі де өлмек.

Айтуға сонда қиын болғанмен де,
Тұрады барлығын да заңы билеп.

(Бір жыл, үш жүз алпыс бес күн,

жиырма төрт сағат, бір ай)
Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан,
Қырық сегіз қызды болдым бір алуан.
Қатар өскен бар менің он екі ұлым,

Бір ұлым бар олар да ерек туған.
(Бір жыл, қырық сегіз жұма, он екі ай, бір ай)
Ойдан шықты бұл жұмбақ,
Ойшыл ерлер ойлан тап.

Өзгермейді өзінен
Бұл жаһанда бір дарақ.
Ол дарақтын бойында
Дәл он екі бар бұтақ.

Бұтақтардың басында,
Үш жүз алпыс жапырақ.
Жапырақты қарасақ,
Мезгіл, уақыт

1728.
1729.
1730.

жұмбақтар
Бір жағы қара, бір жағы ақ,
Бұл жұмбақты кім шешсе,
Болсын дейміз жасы ұзақ.

(Жыл он екі ай, үш жүз алпыс күн, күн мен түн)
Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.

(Үш жүз алпыс бес күн, қырық сегіз

жұма, екі айт)
Үш жүз тамырым бар, бәрі жуан,
Он екі ұлым бар еді бір күн туған.
Алтауы өз дінінде

Алтауы кәпір болған.

(Үш жүз алпыс бес күн, он екі ай,

алтауы қыс, алтауы жаз)
Үш жүз алпыс алты анасы,
Қырық сегіз болар баласы.
Он сегіз бөлек ұясы,

Ішінде екі ақ жұмыртқасы.

(Жыл, бір жылдағы апта, күн, ай)

Үй артында бір дуан,
Бір ұлы бар ханға дуан.
Қырық сегіз қызы бар,
Бәрі жуан.

(Бір жыл, бір ай ораза,

бір жылдағы қырық сегіз жұма)
Лұғат жұмбақ қылып, сөз бастадым,
Жаралған бір мақұлық үлкен жайын.
Өзінің басы жеті, қолы он екі,

Отыздан саусағы бар қол бас сайын.
Жиырма төрт құлағы бар бір басында
Жолдас боп жүрер оның кім қасында?
1731.

1732.
1733.
1734.
1735.

мезгіл,  уақыт
Бірі—ақ, бірі—көк, екі көзі
Тұрады бақырайып арқасында.

(Он екі ай, отыз күн, бір күндегі

жиырма төрт сағат, күн мен ай)
Бір ағашта он екі ұя,

Әр ұяда отыз жұмыртқа.

(Жыл мен ай)
Бір ұзын ағаш,
Үстінде он екі ұя.
Әр ұяда төрт тұқым,

Әр тұқымда жеті балапан.
(Бір жыл, он екі ай, төрт апта, жеті күн)

Мен бір қарт,
Он екі балам бар.
Баламның бәрінде де
Отыз-отыздан қызы бар,

Бәрінің жасы бір, аты өзге.

(Жаз, он екі ай, бір айдағы отыз күн)
Тауда дарақ, екі бұтақ,
Біреуі гүлді, біреуі гүлсіз.

(Жыл, жаз, қыз)

Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Отыздан әр бірінде саусағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.

(Жыл, он екі ай, отыз күн)

Атасы мен анасы,
Үш жүз алпыс бес баласы,
Он екі ауыл шамасы,
Отыз ор дуадақ,

1736.
1737.
1738.
1739.

1740.
1741.

жұмбақтар
Бес балақ сан,
Елу екі қарашы.
(Күн мен ай, үш жүз алпыс бес күн, он екі ай,

бір айдағы отыз күн, айлардан тыс алынып
жылға қосылатын бес күн—бес қонақ, жыл
ішіндегі елу екі апта)
Ботасы жоқ нар құр боздайды,

Әр заманда аяғын бір қозғайды.
Әр заманда аяғын қозғаса да,
Ұшқан құс та, жүгірген аң да бір озбайды.

(Жыл мен ай)

Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран қатып.

(Жаз бен қыс)

Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.

Ат мінген бұл екеуі жүгендемей,
Дүниені кетпекші емес түгендемей.
Астында екеуінің аты бар,
Құрығы шолақ болған бөгендемей.

(Жыл, жаз, қыс)

Күзетші бір-екі адам ол жаһанда,
Ораулы он екісі бір шапанда.
Ұстайды он екісі отыз шоқпар,
Қырық құрық даярлаулы қашағанға.

Қарасам, жеңі бесеу ол шапанда,
Көрмедім бұндай шапан бұл жалғанда.
Аузы жеңдерінің бүрмеленген
Анықтап он екі пар түймеленген.

1742.
1743.
1744.
1745.

мезгіл,  уақыт
Апырмай, есебі жоқ толып жатқан,
Қиындық ойлап тұрсам тарау-тарау

бұл не деген?
(Жыл, күн, жұма)
Руымыз—әнжан,
Атқа міндік алты адам,

Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,

Бауыздадық біреуміз,
Мойны шықты қырық сабын,
Бұзаушығы былай тұр.
Терісі шықты алпыс етік,

Қырық ұлтан,
Сыздығы былай тұр,
Мұны өтірік демессің,
Ойланып ал, шыдай тұр.

(Алты ай жаз, бір жыл, бес ай қыс,
қыстан жазға аударылған ай, қырық сабыны—
қырық күн шілде, терісі алпыс етік шықты
дегені—көктемнің екі айы, алпыс күн)

Алты арыстанды үш бөрі сорған,
Жілігін шақпай майын сорған,
Терісін теспей қанын сорған.
(Алты арыстан—алты ай жаз, үш ай тоқсан)

Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр,
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік сол тырнаны жақындастыр.

Бір сирағы тырнаның, ой, жамағат.
Үйге тіреу болғандай алты қанат,
Сол үйдің үлкендігі сондай екен,
Артылар алты нарға қаттап қабат.

Ол нарды кіші десең, ей, жарандар,
Бір үлкен бәйтеректің басын шалады.
1746.
1747.

1748.

жұмбақтар
Бітіпті сол бәйтерек құба жонға,
Түбінен ерте ұшқан бір тұрымтай,
Басына кешке қонар әрең зорға.

Демеңіз күнді қысқа тағы нашар,
Семіз бар таңдағанға көңіл ашар.
Әреңмен кешке барып бұзаулайды,
Болғанда таң мезгілі қашқан қашар.

(Алты ала қасқыр—алты ай
қыс, алты қара қасқыр—алты ай жаз, бір
тырна—бір жыл, бір сирағы—жарты жыл,
алты нары—алты ай, бір нары—отыз күн,

бәйтерек—бір ай, тұрымтай—туған ай,
қашар—шыққан күн)
Алпыс аттың етін жер,
Жілігін шақпай, майын ішер.

(Алты ай қыс)
Аспанда қаһарланған алты терек,
Ұясы алтауының бөлек-бөлек.

(Алты ай қыс)

Жолда кеткен ақ қоян
Жолға қарап отырды.
Қарға менен құзғынды
Ұйқыменен жоқ қылды.

(Қыс)

Онан соң екі-үш мырза тағы келген,
Ғаламнан мырзалығын көзі көрген.
Алдыңа риздықпен нәсіп берген,
Кең болды шарапаты дария, көлден.

(Жаздың үш айы)
Көрсең, реңді, қарасаң, көрікті,
Ол болмаса, жұрттың бәрі
Бір бәлеге жолықты.

(Жаз)
1749.
1750.
1751.

1752.
1753.

мезгіл,  уақыт
Шақырса, келмес,
Жаяу жүрмес.

(Жаз)

Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі—ащы,

Біреуі—тұщы.

(Он екі ай, жаз бен қыс)

Екі үлкен нар көрдім,
Бірінің жақсы нұры бар,
Бірінің жаман түрі бар,
Арасында үзілмес бұйда жібі бар.

(Жаз бен қыс)
Онан соң тағы келген екі-үш сараң,
Бұ келген үшеуінің көңілі жарым.
Алдырып әу бас еңлік,

Ғаламның гүлін алып қылған қараң.

(Күздің үш айы)

Шілдедей шуақ күні бар,
Бұлбұлдайын үні бар.
Көк шалғыны құлпырған,
Масатыдай түрі бар.

Қызықтырған адамды
Неше түрлі гүлі бар.

(Май айы)

Бір адамға он екі егіз,
Бір егізде біреусіз сегіз.

(Ай мен апта)

Бір ұяда жеті жұмыртқа.

(Апта)

1754.
1755.
1756.
1757.

1758.
1759.
1760.

жұмбақтар
Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ,
Мезгілімен ашылып және жаппақ.
Болғанда бірі қара, екіншісі—

Күмістей жарқыраған сүттен де аппақ.

(Күн, түн)
Алдымен қара тұлпар озық келер,
Арғымақ мойнын созып кейін келер.
Соңынан боз арғымақ басып озып,

Айналып бірін-бірі жүре берер.

(Түн, таң, күн)

Баяғыда болыпты екі патша,
Бірі қуып бара жатса, бірі қашса,
Артында он екіден баласы бар,
Үш жүз алпыстан болады тұқым шашса.

(Күн мен ай, он екі ай—үш жүз алпыс күн)

Бірі—ақ, бірі—оның туған қара,
Отыздан он екі рет өскен дара.
Үш жүз алпыс әрбірінің серігі бар,
Жұп қылып бөліп алған екеу ара.

(Күн, түн, он екі ай, әр айдағы отыз күн)

Үш бірдей бағып жүрмін арғымақты,
Біреуі біреуінен қарғымапты.
Үш бірдей үшеуінен қаққан қазық,
Біреуі біреуінен тар болмапты.

(Таңертен, түс, кеш)

Жабысқан жар бетінде көрдім бір зат,
Ай, жұлдыз, күн мен түнді тұрар санап.
Жанында шешен де бар, көсем де бар,
Мүшесі үш жүз алпыс алты қабат.

(Күнтізбе)

Үйрегім бар еді үйде үш жүз алпыс,
Мұнша үйректі санап алу елдің салты.
1761.
1762.

1763.
1764.
1765.
1766.

1767.

мезгіл,  уақыт
Күніне бір үйрегім жоғалады,
Айтшы сен сол үйректі кім алады?

(Күнтізбе)

Бір нәрсе дөңгелейді шыр айналып,
Келеді бір жеріне қайта айналып.
Қызықты мұндай нәрсе бола ма екен,
Отырар, оны көрсе, ер жайланып.

(Сағат)

Желсіз, сусыз айналған бір диірмен,
Шыққан күннен айналып бірдей жүрген.
Қылдан нәзік мойнында бір бауы бар,
Ақылың жетік данасың ойлап білген.

(Сағат)

Өзінен өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен, шіркін-ай, кім иірген?

(Сағат)

Дегенде алпыс бұтақ, алпыс бұтақ,
Бір бұтақта бар екен алпыс жапырақ.
Өзі жансыз, жандыдай қызметі бар,
Үлкендігі түйенің көзіндей-ақ.

(Сағат)

Бір нәрсе күндіз-түні шыр айналған,
Есебін оның айтқан кім ойлаған.
Қарайды анда-санда аузын ашып,
Жаңылмас есебінен қара басып.

Мойнында бір құлаштай шынжыры бар,
Жүреді адамзатпен араласып.

(Сағат)

Келгенде күн төбеге болады түс,
Кезегін ұмытады жаз бенен қыс.
1768.
1769.

1770.
1771.
1772.
1773.

жұмбақтар
Күніне он екі айлық жол жүреді,
Өзінің қанаты бар, бір жансыз құс.

(Сағат)

Өмірді өлшейді,
Ешкімнен сұрамай.
Тіліңді алмайды,
Тетігін бұрамай.

(Сағат)

Бір кісі бар дүниеде,
Шемішке шағып тұрады.
Бұл кісіден әр уақыт
Әркім мезгіл сұрады.

(Сағат)

Шіңгірлеген жеңешем,
Шыр етті де оятты.
Гуілдеген ағекем
Гу етті де ұзатты.

(Сағат, гудок)

Тағы бар өнер біткен асыл шөлмек,
Бір толып, бір басылып, қайтып келмек.
Күні-түн жиырма төрт жұмыртқасы,
Қанаты ақтан сары бір көбелек.

(Сағат)

Сырт-сырт соғады,
Уақыт озады.

(Сағат)

Сырт-сырт сыртылдайды,
Тілі екеу, сөзсіз үн шығады.
Кейде екеу бір жерде,
Қосылып бірге дем алады.

(Сағат)

Болаттан салған жүрегі,
Сырт-сырт соғып жүреді.
1774.
1775.

1776.
1777.
1778.
1779.

1780.

мезгіл,  уақыт
Үйде арқандаулы тұрады,
Тыста кісендеулі жүреді,
Күнді метрсіз өлшейді,

Сөзсіз түсіндіреді.

(Сағат)

Бір нәрсе күні бойы санап тұрады,
Оған жұрттың бәрі қарап тұрады.

(Сағат)

Қозғалады орнынан,
Бір-ақ рет күнінде.
Ел ұйықтаса, ол ояу—
Тыныштық жоқ үнінде.

(Сағат)

Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі.

Шешуін кім біледі?

(Сағат)

Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі.
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.

(Сағат)

Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.

(Сағат)

Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.

Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
1781.
1782.

1783.
1784.
1785.
1786.

жұмбақтар
Су ішіп, жем жемейді,
Сықырлайды жүрегі.

(Сағат)

Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.

(Сағат)

Екі тілді балғалы,
Арқаны бар мойнында.
Арқандамай бос қойсаң,
Жүрмей қалу ойында.

Сұрасаң онан сөйлесіп,
Сөйлеп жауап бермейді.
Қарасаң бетіне тесіле,
Тіліменен сермейді.

(Сағат)

Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байлаған екі шынжыр мықтап мұны.
Жүрісі бір шақта әм тұрысы,
Дауыстап уақытымен шығады үні.

Айтылар шаян, отыз пар шегірткесі,
Шырылдап дамыл таппай күні-түні.

(Сағат)

Бір көл бар он екі қаз жайлаған,
Ішінде екі тырна айқайлаған.
Тырнаның біреуі—би, біреуі—хан,
Ішінде жалғыз үйрек той тойлаған.

(Сағат)

Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байланған шынжырымен мәкемені.
Он екі көз, алпыс өлшемі бар,
Жүгірер дамыл таппай күндіз-түні.

(Сағат)
1787.
1788.
1789.

1790.
1791.

мезгіл,  уақыт
Ей, құрғыр, есермісің, есермісің,
Бұралып тал шыбықтай өсермісің.
Айналып үш жүз алпыс түлкі жұмбақ,

Байлауын жұмбағымның шешермісің.

(Үш жүз алпыс күн)

Үш жүз алпыс шытыра,
Қырық сегіз батыр,
Екі аққу, он екі бұлбұл.
(Үш жүз алпыс күн, қырық сегіз жексенбі,

ай мен күн, он екі ай)

Төрт аққу, қырық сегіз қоңыр үйрек,
Жиналды ойын құмар қалмас сиреп.
Майданда белдескенде кезек-кезек,
Тастайды бірін-бірі ұн қып илеп.

Ойыны қанғаннан соң бәрін жиып,
Зынданға сап тастайды өзін түйреп.
(Бір жыл, төрт мезгіл, қырық сегіз апта)

Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз көлдің суын ішті.
Көрді де сол үйректі он екі арқар,
Үш жүз алпыс қозыға болды ішті.

(Бір тәуліктегі 24 сағат, бір айдағы 30 күн,
бір жылдағы он екі ай, 360 тәулік)
Айнала қорған салдым,
Ішіне жеті бөлме үй салдым.

Жеті үйдің ішіне бір әйнек,
Бір шырақ қойдым.
(Дүниенің төрт бұрышы, жеті күн, ай мен күн)

Он екі үйрек, бір сұңқар,
Жағалап ұшып сымпылдап.
Отыз қызғыш, төрт қыз бен,
Айнала жүріп сұңқылдап.

(Бір жылдағы он екі ай, бір айдағы

төрт жұма, отыз күн)
18-298*
1792.
1793.

1794.
1795.
1796.
1797.

жұмбақтар
Жер үстінде бір бәйтерек,
Оның бар он екі бұтағы.
Әрқайсысында отыз жапырақ,

Отызының бір жағы ақ, бір жағы қара.

(Жыл он екі ай, бір айдағы отыз күн,

бір күндегі күн мен түн)

Он екі көлді жайлар отыз үйрек,
Он екі аққу бір шетте жүрер бөлек.
Қырық сегіз сол көлдердің ұясы бар,
Адамға қиын болар мұны білмек.

(Он екі ай, бір айдағы отыз күн,

бір жылдағы қырық сегіз жұма)
1798.
1799.

Ұйықтап жатып түс көрсем,
Ойымда әрне бар екен?
Көкке шығып қарасам,
Дүние жүзі тар екен.

Сахыбат етіп байқасам,
Мінгенім сонда шар екен.
Кіріп жүрген жөнімде
Жалғыз қарбыз бар екен.

Төрт қабығы көгілдір,
Бес қабығы сары екен.
Ақылы жеткен пендеге
Іші бір толған дән екен.

Тоғызы үлкен бәрінен,
Біреуі шаққан ақ екен.

(Исламның бес парызы)

Бітіпті бір аралға біраз егін,
Қырық дәнін бас-басына берген тегін.
Көнбесең еркіңменен бұл бергенге,
Ақырында падиша алар кегін.

(Қырық парыз)
Қырық кез қарағай садақ бар белімде,
Кім беред жұмбақ шешер бұл шенімде.
Қойдым да үлпершекке ілдім талға,

Шеше ғой, ақын болсаң, қапелімде.

(Қырық парыз) Дін 1800. 1801. 1802.

жұмбақтар
Әлемде мәне болған бір бәйтерек,
Төрт түбірек төңіректе болса керек.
Санасаң жапырағы отыз үш мың,

Табарсың, ақылың кәміл болса зерек.

(Мұхаммед пайғамбар, төрт шадияр,

отыз үш мың сахаба)
Кезек бер мен сұраймын енді сізден,
Ішінде әптиектің «мим» болады,
Замана жылдан-жылға сұм болады.

Болайын әбден сұрап, тақсыр сізден
Солардың ең абзалы кім болады?

(Мұхаммед пайғамбар)
Байқадым жан екенсің ақылың бар,
Бек шашып сыр айтпайсың, ғапылың тар.
Бұрынғы өтіп кеткен уақыттарда,

Жамиғы нешеу екен пайғамбарлар?

(Жүз жиырма төрт пайғамбар)
Құдай берген ақ атан,
Салсам—жүк көтерер,
Жүрсе—ізді,

Панасы—қызды.

(Иман мен адам)

Айнала ақ терек,
Бұтақсыз, жапырақсыз.

(Имансыз)

Біреу екеу болмайды,
Екеу үшеу болмайды,
Үшеу төртеу болмайды,
Төртеу бесеу болмайды,

Бесеу алтау болмайды.
(Бір Аллаһ, ай менен күн, ошақтың бұты,
қазанның құлағы, бес уақыт намаз)

1803.
1804.
1805.
1806.

1807.
1808.

дін Болғанда біреу жалғыз, Екеу егіз. Көзде жоқ, Көкіректе нәрсе сегіз. Әр жерде әрқайсына бір орын бар, Бір нәрсе іші арық, сырты семіз.

(Бір Аллаһ, күн мен ай, сегіз бейіш)
Бір қазыққа он сегіз ат байланған,
Ат байлап жан-жағына қаптайланған.
Астына жеті шапан жайлап тастап,

Үстіне жеті сәлде тағы тайлаған.

(Бір Аллаһ, 18 мың ғалам,

7 қат жер, 7 қат көк)
Дүниеде төрт әулие тірі кеткен,
Солардың біреуінен бірі өткен.
Аттарын төртеуінің тауып берші,

Әбден-ақ ақын болсаң оқып кеткен.

(Ыдырыс, Ғайса, Қызыр, Ілияс)

Шығасың, шығасың—шыға алмайсың,
Қарайсың, қарайсың—көре алмайсың.
Не сұрасаң—баршаға береді.

(Алла)
Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат,
Ат пысқырса, жоқ қылады,
Арқан үзілсе, шоқ қылады.

(Алла)

Бір жанды бұл уақытта неғылып жүр?
Боларын қияметтің сағынып тұр.
Құдайдың құдіретін дұрыс деме,
Үстіне он төрт көрпе жамылып тұр.

(Жер астындағы көк өгіз)

Басы жоқ, жаны жоқ,
От оттатып, су ішкен.

(Мұса пайғамбардың асасы)
1809.
1810.
1811.

1812.
1813.
1814.
1815.

жұмбақтар
Жиылған туған айға бір топ жұлдыз,
Жиылар түнде тарқап, аман күндіз.
Қажеті ақыреттің табылады ол айға,

Қанша мақұлық келсе де жүз.

(Молдаға оқыған бала)

Біссімілдә да біссімілдә,
Біссімілдәсіз бастаған,
Ол біссімілдәні білмеген,
Дозақ отына тасталған.

(Ассалаумағалейкум біссімілдәсіз басталмас)

Үсті—жарық,
Асты—жарық,
Ішіне кірсең адам қалмай,
Сонда да бұған барып болмай.

(Пейіш)

Басы екен өлеңімнің аяқтайын да,
Азырақ мен сізді мақтайын да.
Көсілген көмекейің ақын болсаң,
Пейіштің кім тұрады тақтайында.

(Пейіште иманды адам тұрады)
Жүз он төрт балапан бар бір ұяда,
Сөздері балдан тәтті бек зияда.
Жүз он төрт балапанда бес мың тіл бар,

Білмейді қайбір надан қапияда.

(Құран)

Мекеде бір дария бар беті қатқан,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.

(Құран)
Диірмен-диірмен тасы бар,
Алтын күрек қасы бар.
Оны тапқан адамның

Бір жүз жиырма бес жасы бар.

(Құран)
1816.
1817.
1818.

1819.
1820.
1821.
1822.

дін Қат, қат, қат кигіз, Қатауыл тұрған қай кигіз? Бүк, бүк, бүк кигіз, Бүктеулі тұрған қай киіз?

(Құран, бәкі)

Әлемнің ортасында бір қызыл ту,
Құдайдың құдіретімен базасы бу.
Дарияның ортасында бір бәйтерек,
Қолы жеткен ап ішер бір шыны су.

(Қағба)
Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар,
Өзінің қырық сегіз көшесі бар.
Мұқтажың көңілге алған табылады,

Не керек қандай қажет жұмысың бар?

(Мұхтасар кітабы)

Көрінеді ту алыстан көкше теңіз,
Тырнадан он бірі семіз, бірі арық.
Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып,
Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.

(Аспан, он екі ай, бір ай ораза,

үркер жұлдыздың бірде жеті,

бірде сегіз болып көрінуі)
Намазды бес уақытта бес оқиды,
Құтпанды бәрінен де кеш оқиды.
Мен сенен ақын болсаң сөз сұрайын,

Намазды жыл он екі ай неше оқиды?

(Намаз жылына 1825 рет,

кейде 1820 рет оқылады)
Бадахшанда бір ай бар,
Жер жүзінде бір ай бар.
Ол жүз айдың ішінде,

Масқара болған бір ай бар.
Масқара демей не дейін,
Құранға түскен шырай бар.

(Ораза айы)
1823.
1824.
1825.

1826.
1827.
1828.

жұмбақтар
Отыз дуадақ,
Бес безгелдек,
Бір әдемі атты кісі,

Бір аққу.
(Отыз күн ораза, бес уақыт намаз, күн, ай)
Отыз ор дуадақ,
Қырық қыр дуадақ,

Екі қоңыр үйрек.

(Ораза, шілде, айт)

Отыз ор дуадақ,
Қырық сегіз қысыр дуадақ,
Бес безгелдек,
Бір тоты құс.

(Отыз күн ораза, бір жылдағы

қырық сегіз жұма, бес намаз, құман)
Жалғаннан алтын басты киік бақтым,
Мойнына он сегіз мың арқан тақтым.
Бес қадақ, тоғыз шерік іліп қойып,

Отыздан аяғына шеге қақтым.

(Отыз күн ораза, бес уақыт намаз)

Бір таудың етегінде отыз дарақ,
Тұрады барлық адам соған қарап.
Күніне ол бес рет мәуелейді,
Айтайын қайсы бірін сізге санап.

(Отыз күн ораза, бес уақыт намаз)

Бір үйде отыз кітап,
Бес қалам.
Кім оларды күтсе,
Алладан мархабат көреді.

(Бір ай, отыз күн ораза, бес намаз)

Аяқ сайын бес батпаннан жүгі бар,
Отыз түрлі шоқысы,
Әр түрліден құбылар.

(Отыз күн ораза)
1829.
1830.
1831.

1832.
1833.
1834.
1835.

дін Бір түп әңгелекте он екі әңгелек болады, Он екі әңгелектің біреуін тапқан адамға

сауап болады.

(Ораза айы)
Үш жүз алпыс бес шығыршық,
Қырық сегіз тығыншық,
Аққу жылына екі рет балалайды.

(Үш жүз алпыс бес күн,

қырық сегіз жұма, екі айт)
Қолымда бес алмам бар,
Бес саусақтың саласындай.
Оның үшеуі күнді көріп, күнге піскен,

Екеуі көлеңкенің саясында.

(Бес уақыт намаз)

Қолымда бес сақинам бар шығармай,
Оны тапқан жігітке мен тиемін мал шығармай.
(Бес уақыт намаз)

Бір сарай ішінде көп ағаш,
Бұтағы жиырма төрт, басы құрдас.
Құдайдан бір нұр келді бөліп ал деп,
Бөледі қалайынша ақыл сынас.

Ішінен бес бұтағы шықты басқа,
Сөз айтты ақылменен қарындасқа.
Екеуі күндіз алды нұрдан бөлеп,
Үш бұтақ алды қылып басқа.

Бес бұтақ ортасынан бөліп алды,
Он тоғыз бұтағы мақрұм қалды.
Шығарды Даужан Сұлтан Темірұлы,
Тәубеге көп құрбылар зейін салды.

Қыдыр етсең сол нұрды ықыласыңмен,
Құдайым берер дәулет шыныменен.
Жұмбақтың шешуі сол емес пе,
Баршасын айтып жаздым күніменен.

(Бес уақыт намаз)

1836.
1837.
1838.
1839.

1840.

жұмбақтар
Хақ тағала жаратыпты бес жеміс,
Ол жемістер бір-бірін көрмеміш.
Үшеуі оның түні жүзін көрмеміш,

Егесі оның күн жүзін көрмеміш.
Әркім ол жемістен жемесе,
Мәңгі бақи жұмақ көрмеміш.

(Бес уақыт намаз)
Бір үйде бір қыз көрдім екі есікте
Бір жігіт оған келіп кездесіпті.
Көтеріп қыз аяғын «Cұқыба» айтып,

Екеуі бір кәлиме сөйлесіпті.
Келер жігіт жалғыз келіп еді,
Қайтарда ашты екеуі бір есікті.

(Әзірейіл, жан, адам)

Бір құстың зияны бар адамзатқа,
Шығады мезгілімен әр уақытта.
Еш адам онан қашып құтылмайды,
Құдай-а, сол құсыңнан өзің сақта.

(Әзірейіл)

Ішінде мың қасқырдың бір жолбарыс,
Қасымнан, айқайласам, кетпейді алыс.
Қасқырды қашар деген бар үмітім,
Жолбарыс шаппай кетпес көптен таныс.

(Әзірейілдің жан алуы)

Қолымда сақинам бар ал шығармай,
Екі қасқыр мал жейді қан шығармай.

(Әзірейіл мен Жебірейіл)

Базардан алып келдім ақ сандық,
Ішінде не бар екен деп біз таңғалдық,
Ішін ашып қарасақ:бір торғай, бір қырғи,

бір жылан, бір жас бала,
Төртеуі не ғып отыр біз таңғалдық.

(Жан, көңіл, періште)

1841.
1842.
1843.
1844.

1845.
1846.

дін Бұрынғы уақытта бір хан болған, Лашын, сұңқар, қаршыға, бүркіт салған. Оның төртеуі де қарап болып, Күйкентай отыз үш мыңға барған. (Пайғамбар, төрт шадияр, сахаба) Дүниеде бір жан бар мұздан тайғақ, Өтеді қой мен ешкі одан айдап. Ебі келсе, түйе мен сиырда өтер, Бұл сөзге «хадис» пенен «аят» айғақ.

(Құрбан айт)

Бір таудан қырық екі бұлақ аққан,
Қасында он жеті патшасы бар ақыл тапқан.
Болғанда он екі уәзірі бар, үш шабарман,
Бұларды құрастырған жалғыз хақтан.

(Бір күнгі намаз, қырық екі бас, он жеті—
парыз, он екі—сүннет, үш үтір—уәжіп)
Бауырынан түйе тасың ат жалмайды,
Құдайдан шын тілесең не бермейді.

Бар екен бауырында бес балапан,
Үшеуі күн көрмейді, екеуі түн көрмейді.
(Бес намаз, күн көрмейтін үш намаз—
таң намаз, намазшам, құтбан,

түн көрмейтін екі намаз—бесін, екінті)

Қырық сегіз оқ, садақ бар тал белімде,
Шешенің мені жеңер бар ма еліңде,
Бес бақан, отыз оқ жұмбағым бар,
Таба ғой шешен жігіт қапелімде.

(Бір жылда келетін қырық сегіз жұма,
бес уақыт намаз, отыз күн ораза)
Төрт жүз ат айдадым санамай,
Қырық ат айдадым байламай.

(Дүниенің төрт бұрышы мен

адамның қырық парызы)
1847.
1848.
1849.

1850.
1851.
1852.

жұмбақтар
Бар екен бір ғажайып тіпті өлмеген,
Адамға мына жүрген көрінбеген.
Жұмбақ тұр тіпті қиын таңғалғандай,

Бар ма екен үлкен кісі бұны білген.

(Шайтан)
1853.

Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса, аттама.

(Кітап)
Қабат-қабат қалып,
Іші толған әріп.
Үйретері көп деп,

Құрметтейді халық.

(Кітап)

Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді.

(Кітап)

Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді, тұрсаң қарап, күлгізеді,
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды, тыңдай берсең, кіргізеді.

(Кітап)

Бір құсым бар қаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
Адамменен сөйлесер,
Ақылы бар,

Жаны жоқ.

(Кітап)
Бір су бар Шыршық деген қалқып аққан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Оқу-білім

1854.
1855.
1856.
1857.

1858.
1859.

жұмбақтар
Қарайсың, міне, соған тамашалап,
Сол судың кете алмайды дәмін татқан.

(Кітап)

Сандығым бар өзгеше,
Қолыма алып жүремін.
Ішін ашып ақтарып,
Өмір сырын білемін.

(Кітап)

Ұзын-ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер?

(Кітап)

Жүзі бар сәнді сұлу ондап, мыңдап,
Сыры бар неше алуан тұрсаң тыңдап.
Жүрмейтін жері де жоқ әлемде оның
Қадірі мейлінше зор, ол неткен зат?

Ізінен іздегендер жол табады,
Олжаны аздап емес, мол табады.

(Кітап)

Тілі бар да үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлей туған ішінен.

(Кітап)

Қойған жерінде жатады,
Қолыңа алсаң, өзіңе тіл қатады.

(Кітап)

Көлемі шағын, көп қыры,
Қолдан қолға өтеді.
Өмірдің талай мол сыры
Ішіне сиып кетеді.

(Кітап)
1860.
1861.
1862.

1863.
1864.
1865.

оқу-білім
Бір қойым бар қаны жоқ,
Қанатының жаны жоқ.
Адамменен сөйлесер,

Ақылы бар, жаны жоқ.

(Кітап)

Өзі саңырау,
Һәм айтады,
Һәм үйретеді.

(Кітап)

Адамсыз кетеді,
Айтса, тарих тұрады,
Тағдырда жазған.

(Кітап)

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса, табылар еді не қалаған.

(Білім, кітап)

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық.

(Кітап, оқу)

Ұзын-ұзын, ұзын жол,
Ұшына жеткен бар ма екен?
Түбі терең қара су,
Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың
Қанып ішкен бар ма екен?

(Оқу)

Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
1866.
1867.

1868.
1869.
1870.
1871.

1872.

жұмбақтар
Қараса сол құдыққа, көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан.

(Оқу, білім)

Шамасыз бір жүйрікпен жылдам жарыс,
Кісімен отыз екі болдым таныс.
Ойласаң, ой түбіне жете алмайсың,
Ойласаң, оның түбі тіпті алыс.

(Білім, ғылым)
Сай бойында сары алтын.

(Білім)
Ауыр-ақ, бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ.
Арқалап бірін қоймай көтергеннің

Аяғы ешуақытта талғаны жоқ.

(Білім)

Теңіздей түбі терең,
Сүңгіген жетер әрең.

(Білім)
Оны алмасаң, оңалмайсың,
Алсаң, ұстап көре алмайсың.

(Білім)

Бір сандық пайғамбарым соққан сайлап,
Үміткер таба ма деп әркім ойлап.
Ішінен ол сандықтан дәм татқан жан,
Тұрады періштелеп күнде айқайлап.

(Ғылым)
Шығады би қарадан, алтыннан ту,
Жігіттер, құлшылыққа беліңді бу.
Үстінде дарияның үлкен кеме,

Алып ішер қолы жеткен бір шыны су.

(Ғылым)
1873.
1874.
1875.

1876.
1877.
1878.
1879.

оқу-білім
Бір басты, екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып.
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,

Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып.
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,

Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.

(Қалам)

Қарала аяқ ат міндім қаздаңдатып,
Су ішпесе, жүрмейді қырсау тартып,
Бір аяғын шалшыққа малып алып,
Тар көшеге салдым табандатып.

(Қалам)

Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,
Жем алып қиын жерден аузы толар.
Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,
Шешуі осы сөздің қиын болар.

(Қалам)

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып.

(Қалам)

Қолының бес сопының қызыл аса,
Көрген жан болады екен таң-тамаша.
Өзі жансыз жандының күшімен,
Жансызға тіл береді қимылдаса.

(Қалам)
Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді, тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,

Мүдірмей ойлап тапшы мұны дағы.

(Қалам)

19-298*
1880.
1881.
1882.

1883.
1884.
1885.

жұмбақтар
Бір ат бар бесеу ара, өзі жорға,
Саламын жорғалатып жолдан-жолға.
Найзамен қар үстіне суды құйып,

Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.

(Қалам)

Бір құс бар тап-тамаша тұмсығы ұзын,
Есептеп келеді өзі жердің жүзін.
Салғанда жалтыр мұзда жорғалайды,
Кейбіреу білмейді оның басқан ізін.

(Қалам)

Жирен тұлпар желгенде
Тұяғынан тер тамар.
Аққан тері әшекей,
Қар үстіне жол салар.

(Қалам)

Өзі арық,
Басы жарық,
Жүрген жері көп әріп.

(Қалам)

Басын қырқамын,
Тілін жарамын,
Су беремін,
Сонан соң өзі сөйлейді.

(Қауырсын қалам)

Қара-дүр қасы,
Жарық-дүр басы,
Тұқаң-тұқаң еткенде,
Келеді көздің жасы.

(Дәуіт, қаламсап)

Атыңнан айналайын Әбдіхалық,
Дымдыға дымсыз кірер басы жарық.

(Дәуіт, қаламсап)

1886.
1887.
1888.
1889.

1890.
1891.
1892.

оқу-білім
Тастан құдық,
Біз тұмсық,
Суалар бастау қылып.

Бес солдат күтуші қып итергенде,
Қарайтар ақ жазықты жастау қылып.

(Дәуіт, қалам)
Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,

Көп нәрсені білесің.

(Қалам, жазу)

Ұзын тұмсық сауысқан,
Бір көлдің суын тауысқан.

(Қалам мен сия)
Екі басты айдаһар,
Қара суды ішеді.
Қайта құсып ақ жерге,

Өрнектері түседі.
Онсыз жаңа іс болмас,
Адамның қылар ісі еді.

(Қаламсап)

Қалам шәріп,
Екі тұтам,
Екі елі, басы жарық.

(Қалам, сабы)
Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар,
Өн бойы бір азамат қағаз жазар.
Қасында құдығы бар тастан соққан,

Суарып қолда сайман пайдаланар.

(Дәуіт)

Жапанда бір құдық бар суы тәтті,
Ішінде бір бәйтерек бек айбатты.
1893.
1894.

1895.
1896.
1897.
1898.

1899.

жұмбақтар
Жаралған десең болар, қандай шебер,
Адамзат не бол десе, сол болыпты.

(Қалам, дәуіт)
Бес көл бар айналасы қоршаулы тас,
Сүңгиді жалғыз үйрек екі айыр бас.
Бесжігіт бір өзіне қызмет қылған,

Тамған жерде қалар көзіне жас.

(Дәуіт, қалам)

Бір нәрсе құмырсқа бел, сүйрік тұмсық,
Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық.
Жансызда жалықпайтын соны көрдім,
Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.

(Қаламұш)

Секіріп жүріп сырғиды,
Тетігі бірақ адамда,
Ақылмен, бимен жылжиды.

(Қаламұш)

Бір жорға бар шабысты,
Ақ қағазға жабысты.
Жорғаласа тайпалап,
Келтірер көп табысты.

(Қарындаш)
Қабы сояу,
Тіні бояу.

(Қарындаш)

Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық,
Қарасаң басқан ізі қисық-қисық.
Өзі жансыз, жандының күшіменен
Борайды ат үстінде желдей есіп.

(Қарындаш)

Өзгені бақытты етем деп,
Өзі қажалып кетеді.

(Қарындаш)
1900.
1901.
1902.

1903.
1904.
1905.
1906.

оқу-білім
Тамға таяқ сүйедім,
Отыз екі сыр-сырлап.

(Сауыт қалам)

Бір құс бар екі тілді сайрап тұрған,
Үстінде мәуесі бар жайнап тұрған.
Ішетін суы да көп, ішу де көп,
Құдығы тасбұлақтан қайнап тұрған.

(Қалам, сия)

Сұхбан Алла, сұқтана жат,
Сұғып алып бұқта жат.

(Қалам, сия)

Бір құс бар дарияда тұмсығы ұзын,
Жаны жоқ жанды малдан жүрер бұрын.
Бұл жұмбақ талай жерде айтылып жүр,
Еш адам шеше алмайды бұдан бұрын.

(Қалам)

Үшкір ғана бір нәрсе айыр басты,
Құдықтан көзге сулап төкті жасты.
Кеппейтін мәңгі бақи жастың ізі,
Дүниенің бәріменен араласты.

(Қалам)

Үш адам мініп алып жалғыз жорға,
Үшеуі тәуекел деп түсті жолға.
Ізінен жорғасының тәлім қалып,
Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға.

(Қарындаш)

Бір ыдыс әркімдерге болған аян,
Бір жерде сабыр етіп, қылмас баян.
Әркімнің қолында жүр оның суы,
Ол судан ақыл табар барлық адам.

(Сия)

1907.
1908.
1909.
1910.

1911.
1912.
1913.

жұмбақтар
Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,
Ішінен су шығады мың сан батпан.
Сол құдық сондай-ақ көп болса дағы,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

(Сия)

Ағартуға жоқ,
Қарайтуға әйдік-ақ.

(Сия)

Зерек бала қолданса,
Көңілі тояр.
Жалқау бала қолданса,
Қол-аяғын бояр.

(Сия)
Кішкене құдықтан,
Найза ұшты шыбық
Су ішіп құныққан.

(Сиясауыт)

Он қойым өміріме болады азық,
Инемен суарамын құдық қазып.
Жатсам да, тұрсам дағы өз қасымда,
Өзімнен көрген емес кейін қалып.

(Он саусақ, сия)

Бір кісі он әскермен жүреді ылғи,
Әскері мұздан бөрік киеді ылғи.
Кісі отырып, әскері қызмет қып,
Еңбегі иесіне тиеді ылғи.

(Он саусақ, сия)

Он аққу бір қапасқа қорғалаған,
Су ағып ортасынан сорғалаған.
Үстіне ақтан кілем жайып тастап,
Қоңыр қаз ортасында жорғалаған.

(Он саусақ, ақ қағаз, сия)
1914.
1915.
1916.

1917.
1918.
1919.
1920.

оқу-білім
Бес жігіт сапар шегіп шықты жолға,
Мінгені бесеуінің жалғыз жорға.

(Бес саусақ, қалам)

Бес жанды бір жансызға мінгескен,
Айналып ақ тақырдан із кескен.

(Бес саусақ пен қалам)

Үш батыр қолдарына алды найза,
Су ішіп бір құдықтан етер пайда.
Бірінсіз бірі жұмыс ете алмайды,
Тарайды еңбектері талай жайға.

(Қалам ұстаған үш саусақ)

Бес үйрек суда жүрер саныменен,
Қаршығам төңкерілер айнаменен.
Жұмбақты табар болсаң, ойланбай тап,
Бір аққу жолдас болған бәріменен.

(Бес саусақ, қалам, қағаз)

Бес кісі тәуекел деп түсті жолға,
Сенгені бесеуінің жалғыз жорға.
Басқаны сол жорғаның бітті болды,
Кетеді, қамшыласа, оң мен солға.

(Қол мен қалам)

Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын,
Сөйлесе, келтіреді сөздің нұрын,
Үстіне көкше мұздың жорғалаған,
Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.

(Қағаз)

Ата тегі ағаштан болды,
Ақылын тауып, әсем жанды.
Теңіз беті шимайланды,
Бірақ ойым симай қалды.

(Қағаз, дәптер)

1921.
1922.
1923.
1924.

1925.
1926.
1927.

жұмбақтар
Ақтан қарасы бар,
Қарадан қоясы бар.

(Қағаз сия)

Жер емес, көк емес, өзі ақ,
Үшеуі басында тұрады,
Біреуі жүргізеді,
Екеуі қарап тұрады,

Біреуі бұйырып тұрады.

(Қағаз, бармақ, қауырсын, көз, ақыл)
Бір жанды бір жансызға мінгеседі,
Жүгіріп әр жерлерден із кеседі.
Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп,

Ойлаған бір орынға кездеседі.

(Қағаз, жазу)

Ақ тақырда қара дән,
Қолмен сеуіп, сөзбен көр.

(Жазу)

Ақ тақырда қара тұқым себілген,
О тұқымнан білім дәні егілген.

(Жазу)

Ақ жерде қара тары,
Кім шашса, сол орады.

(Жазу)
Бөлінгенді табыстырады,
Біріктіріп қабыстырады.
Жымдастырады жігін,

Байқатпайды түгін.

(Желім)

Бір нәрсе бетінде жоқ ой менен қыр,
Өзінің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.

(Глобус)
1928.
1929.
1930.

1931.
1932.
1933.
1934.

1935.

оқу-білім
Жұқа тақтай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі.

(Сызғыш)

Жер көрдім қаласы бар,
Үйлері жоқ мекендейтін.
Көп көрдім, өзен көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.

(Карта)

Бір сирағы біз,
Бір сирағы салады із.

(Циркуль)

Болғанда айналасы, түсі қара,
Ілулі көпшілікке тұрған жаңа.
Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр,
Ақылым жете алмай жүр бұған жаңа.

(Карта, тақта)

Алыстан үйде отырып, алдым хабар,
Формалап әрбір жерді бояу жағар,
Айлықпен анда-санда барғай деп,
Тоқтамастан тана тағар.

(Хат)

Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.

(Хат)

Бір мақұлық бар тілі жоқ,
Сөйлегенде міні жоқ.

(Хат)

Әкеміз Ормамбет хан, біз немере,
Ойласаң, ойға түсер әрбір неме.
Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі,
Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?

(Хат)
1936.
1937.
1938.

1939.
1940.
1941.
1942.

1943.

жұмбақтар
Келеді сапар тартып алуан жолдан,
Тамаша қызығы көп түспес қолдан.
Қызығын оқысаңыз тамашалап,

Қаласың хабарласып барлық жайдан.

(Газет)

Үйіне мәңгі қайтпайтын,
Қонақтар түнде келеді.
Іздесе адам таппайтын
Жаңалық айтып беретін.

(Газет-журнал)

Бір патша, екі уәзір бек байланды,
Әрқашан он батырды жауға алдайды.
Құдыққа жіпсіз салып бір адамды,
Бесеуі шығаруға оңтайланды.

(Қол, екі көз, он саусақ,

қалам, дәуіт)

Ақ жерде қара тары,
Кім шашса, сол орады.

(Хат таныған адам)

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың ешкімнің жоқ таласы.
Бірігіп жүр іс қылар, өзің ойлап қарашы.

(29 әріп)

Жансызға жиырма тоғыз болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәлкем шалыс.

(29 әріп)

Бір сайдан жиырма тоғыз бұлақ ағар,
Адамдар ойы терең, билеп табар.
Құяды, оннан асса, көлге барып,
Аяғы көз жетпейтін дария болар.

(29 әріп)
1944.
1945.
1946.

1947.
1948.
1949.
1950.

оқу-білім
Сенде бар, менде бар,
Адамда жоқ.
Жанда бар, ханда бар,

Ғаламда жоқ.
Тиде бар, сыйда бар,
Харамда жоқ.
Шамға бардым, үшеуін көрдім,

Мысырға бардым, біреуі де жоқ.
Жалғаннан біреу, екеу, үшеу,
Төртеуін бір жерден көрген адам да жоқ.

(Араб әріптерінің асты-үстіне

қойылатын ноқаттары)
Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйге жиналыпты,
Қырық екі дос жаран.

(Әліпбидің қырық екі әрпі)
Қырқада бар, қырда бар,
Айранда бар, сүтте жоқ.
Көп ойланбай кім табар,

Мұнда қиын түк те жоқ.

(Әліпбидегі «Р» әрпі)
1951.
1952.
1953.

Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса, көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып.

(Қобыз)
Тиіп кетсе, жылаған,

Даусы көпке ұнаған.

(Домбыра)

Шапқан жоқ, туған жоқ,
Алдына алса, жырлайды.

(Домбыра)
Бір жансыз мойнында бар екі құлақ,
Ойнайды дәл үстінде он шақты лақ.
Белінде сегіз белбеу, қолда екі арқан,

Қояды оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.

(Домбыра)

Қос желі, үш жерінен қазығы бар,
Құбылған қоңыр желден азығы бар.
Желіні сабалайды дыңылдатып,
Байғұстың соншама не жазығы бар.

(Домбыра)
Ойын-сауық,
музыкалық аспаптар
1954.

1955.
1956.
1957.
1958.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Жылқыда ерен жүйрік қара арғымақ,
Мойыны жануардың бунақ-бунақ,
Айылын екі жерден мықтап тартып,

Кетеді, қамшы бассаң, зулап-зулап.

(Домбыра)
Қос қазық екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,

Аралап он екі үйге қонақ болған.

(Домбыра)
Екі құлақты,
Он екі аяқты.

(Домбыра)

Тынбайды жылтыр мұзда екі жорға,
Екеуі құлай жаздап кейде зорға.
Кей уақыт зырлап келіп кілт сүрініп,
Болады құлағандай қазған орға.

Минутта тоғыз бекет аралайды,
Он жігіт қызмет етіп жүрген сонда.

(Домбыра)

Базардан алып келген қара арғымақ,
Бітіпті төбесіне екі құлақ.
Белбеуін тоғыз жерден буынып ап,
Сөйлейді адамзаттан бұрынырақ.

(Домбыра)

Екі құлақ, тоғыз жерден қолы бар,
Күні-түні төбелейді,
Маңдайының соры бар.

(Домбыра)

Құлағы арғымақтың туу басында,
Тізгіні ершігімен бауырында.
Бар екен сегіз айыл денесінде,
Жігіттер, осы сөзге сенесіз бе.

(Домбыра)
1959.
1960.
1961.

1962.
1963.
1964.
1965.

жұмбақтар
Тоғыз белбеу, қос жібек,
Екі мұрын, бір шүмек.

(Домбыра)

Басы бар, денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың, болсаң зерек, осыны тез.
Қозғасаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.

(Домбыра)

Төрт қазық, екі желі, тоғыз ноқат,
Сайрайды бұлбұл құсша адам соқса,
Шешенсіп адам барда тұрса дағы,
Байланар тартса тіл адам жоқта.

(Домбыра)

Қос қазық, екі желі, сегіз ноқта,
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
Тағы да бір мінезі таңғажайып,
Еш уақыт сөйлемейді адам жоқта.

(Домбыра)

Бұлбұлдың сегіз аяқ, бір басы бар,
Тең басқан сегіз жерден таңбасы бар.
Үстіне мініп алып жорғалатсаң,
Салатын әрбір түрлі жорғасы бар.

(Домбыра)

Қарны қабақтай,
Бұты таяқтай.
Тиіп кетсең, жылайды,
Жыласа да, ұнайды.

(Домбыра)

Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер, тапсаң айла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың, білсе айла.

(Домбыра)
1966.
1967.
1968.

1969.
1970.
1971.
1972.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Бар екен бір нәрседе екі құлақ,
Оқиды о да намаз хаққа жылап.
Дүниеде ондай кербез көре алмадым,

Буыпты сегіз жерден белін қынап.

(Домбыра)

Бір тұйғын, екі лашын, бір сандуғаш,
Жиылып жеті қонақ болыпты мәз.
Басында екі кептер қонып отыр,
Бәрінің ұялауы жалғыз ағаш.

(Домбыра)
Мінгенім дайым менің бір арғымақ,
Бітіпті төбесіне екі құлақ.
Тартатын сегіз жерден бедері бар,

Кетеді қол тигенде қатты зырлап.

(Домбыра)

Бір мақұлық бар екен тау жайлаған,
Басына адам бара ойбайлаған.

Екі бала үстіне мініп алып,
Қайда жиын, қайда той, той тойлаған.

(Домбыра)

Бір ағаш, бір ағаштан жорға болды,
Оның да жорғалығы зорға болды.
Арқанмен бас аяғын байлап қойып,
Бір қарға соққылайды оңды-солға.

(Домбыра)

Келемін жоғарыдан күймелемей,
Он жерден омырауды түймелей.
Сегіз қыз, сегіз жігіт ән салады,
Япыр-ай, не екенін білмедім-ай.

(Домбыра)

Мойнына қатар-қатар түйме салдық,
Сегіз қыз, сегіз қызға қосылдырып,
Құбылтып неше түрлі күйге салдық.

(Домбыра)
1973.
1974.
1975.

1976.
1977.
1978.
1979.

жұмбақтар
Базардан алып келген сары сандық,
Он жігіт зорға барып кілтін салдық.
Он жігіт кілтін салып қозғап көрсек,

Сөйлейді әлгі сандық дамбыр қағып.

(Домбыра)
Екі жерде жалы бар,
Күні-түні жолығар.
Күні-түні тоқпақтар,

Маңдайының соры бар.

(Домбыра, он саусақ)
Бір ат бар екі кісі арасында
Жиылған көлеңкесі панасында.
Сегіз сәкін, екі әліп, бірі тәштіт,

Жұмбағым менің сондай табасың ба?

(Домбыра)
Қолымда бір қамшым бар екі өрмелі,
Істеген әшекейлеп әртүрлері.
Бойында сол қамшымның қасиеті көп,

Қолына алған кісі бір сүйсінеді.

(Домбыра, шек, пернелер)
Қазықтан біраз жылқы келдік жиып,
Бір-екеу қарсы алдымнан кетті тиіп.
Кісідей шыбын шаққан шыбыжықтайды,

Тырсылдап, тырс-тырс етіп, кетсе тиіп.

(Домбыра)
Он екі белбеу, екі арқан,
Екі қазық бір басқан.

(Домбыра)
Мойнында тоғыз торы бар,
Аңыраған екі жолы бар.
Күнде тоқпақ маңдайында,

Арылмаған соры бар.

(Домбыра)
1980.
1981.
1982.

1983.
1984.
1985.
1986.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Әргез-әргез,
Мойыны біргез.
Шақырса, келмес,

Қолдан түспес.

(Домбыра)
Параход от жанады таңдайынан,
Жылтырар екі көзі маңдайынан.
Екі арқан, сегіз тең жіп бар белбеуі,

Сөйлесе, тозаң шығар таңдайынан.

(Домбыра)
Салдырттым әсем қара ат, екі жорға,
Он жігіт қызмет қылар әрең зорға.
Күніне жеті бекет жер алғызып,

Әселмен барып келер нұрлы жолға.

(Домбыра)
Ағаш, темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін.
Шырқырап неше түрлі ән салады,

Ішіне толтырып ап барлық жемін.

(Гармонь)
Жансыздан боз шыққан боз арғымақ,
Арқаны бар арқасында жұмақ-жұмақ
Ер ерттеп екі айылын тартып алып,

Қамшыласа, кетеді зулап-зулап,
Мініп ап боз жорғаны күйге салдық.
Он жігіт жол бойында қызмет етеді,
Құбылтып неше түрлі әнге салып.

(Гармонь)
Бір отау сырты әсем, екі баулы,
Он батыр босағада болған даулы.
Ішінде қыз бен жігіт толған екен,

Бәрі ақын көрінеді жез таңдайлы.

(Гармонь)
20-298*
1987.
1988.

1989.
1990.
1991.
1992.

жұмбақтар
Келеді мына жатқан күймелі бай,
Омырауы сары алтыннан түймелі бай.
Екі шал, жеті жігіт ән салады,

Затының кім екенін білмедім-ай.

(Сырнай)
Бойы бір тұтам,
Сақалы қырық тұтам.
Аузы ордай,

Мұрны құрдай.

(Мандолина)
Қалдырмай емге етін,
Қақтаған күн бетін
Астында төмпештің

Атқарар міндетін.

(Барабан)
Аузы оймақтай,
Ерні етектей.

(Керней)
Бір нәрсе көлемі үлкен едәуір зор,
Айтқаны әп-әдемі өлең мен хор.
Әрпі бар доп-домалақ доп сияқты,

Оқыса үйренеді оқыған қол.

(Нота)
Денесі бар, аузы жоқ,
Көмейінен сөйлейді,
Бұл не деген тамаша.

Өлең тартқан кернейі.

(Патефон)
Мұрнында бар инесі,
Бетінде бар түймесі.
Аузын ашса, сөйлейді,

Табыңыздар не осы?

(Патефон)
1993.
1994.
1995.

1996.
1997.
1998.
1999.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Қапасқа бір тотыны қойған байлап,
Отырар қысы-жазы соны жайлап.
Қасына тыңдаушылар жақын барса,

Жіберер қуанғаннан қатты айқайлап.
Өзіне әртүрлі құс келіп тұрар,
Сырты шұбар әдемі келген сұлу,
Әңгіме күні-түні мәжіліс құру.

Қаз мойын көмекейі сақылдайды,
Жиын той көңілденген қызық-қызу.

(Патефон)
Бір шұқып тұмсығымен амандасып,
Айналып ахуалын көріп тұрар.
Бір сағат қарап тұрса, ақыл ойлап,

Күйіне бар денесін толықтырар.

(Патефон)

Жоқтан бар ғып сайратқан,
Тыңдаған жан жай тапқан.
Таңғажайып бір нәрсе,
Үйдің ішін жайнатқан.

(Граммафон)

Жоқтан бар ғып сайратқан,
Жылы тартып жайнатқан.
Тұла бойы тұл жұмбақ,
Елу үш құлын байлатқан.

(Граммафон)

Қария үсті тақтай, асты тақтай,
Үйрегі жиырма төрт қонған баққа-ай.
Ұшқанда бір-біріне қарсыласып,
Соқтықпай ұшады екен қанат қақпай.

(Дойбы)
Бір кеме айналасы бітеу қақпа,
Жүргізген капитаны алтын тақта.
Уәзірі он екіден жиырма төрт,

Отыз екі көлде екен әр уақытта.

(Дойбы)
2000.
2001.
2002.

2003.
2004.
2005.

жұмбақтар
Бір нәрсе төрт бұрышты, түсі шұбар,
Екі адам екі жақтан аңдып тұрар,
Екеуі он екіден әскер алып,

Жерінде ұшан майдан ұрыс салар.

(Дойбы)

Алты пар, он екі қозы,
Жүрмейді рұқсатсыз оның өзі.
Осыған екі қасқыр кеп таласып,
Ақылмен жеңіп алар, жетсе кезі.

(Дойбы)

Бір көлден он екіден қаз ойнайды,
Алсам деп бірін-бірі наз ойлайды.
Келгенде жақындасып, қожаңдасып,
Бір-бірін алмасына еш қоймайды.

(Дойбы)

Жиырма төрт үйрек қонған қиған тасқа,
Орны бар әрқайсының басқа-басқа.
Он солдат оңды-солды ойнатады,
Жиын жоқ адамзатта онан басқа.

(Дойбы)

Қолымнан жиырма төрт үйрек ұшты,
Барды да отыз екі көлге түсті.
Балдыры мен шөбіне әбден тойып,
Бір-біріне жаудай боп қарсы ұшты.

(Дойбы)

Бар екен екі жақты екі дуан,
Он екіден әскері бір күн туған.
Біреуін біреуі арбап, құрбан беріп,
Қан майдан соғыс салып көңілі тынған.

(Дойбы)

Жансызда бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Екі кісі келді де, келді ұрысты.
2006.
2007.

2008.
2009.
2010.
2011.

2012.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Екеуінің он екіден әскері бар,
Жиылды да екеуі қатты ұрысты.

(Дойбы)

Бір топ құс ұшып қонды балағанға,
Үйірі жиырма төрт санағанға.
Ісіне құдіреттің қарап тұрсаң,
Қонады екі бөлініп қарағанға.

(Дойбы)

Жүруші ем жігітімде атты жайлап,
Осы күнде отырмын жұмбақ ойлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Отыз екі жүреді көлді жайлап.

(Дойбы)

Қолыма қалам алдым, қағаз сайлап,
Жүруші ек көшіп-қонып алты ай жайлап.
Қолымда жиырма төрт үйрегім бар,
Жүреді отыз екі көлді жайлап.

(Дойбы)

Асты тақтай, үсті тақтай,
Қонады сол тақтайға үйрек қаптай.
Үйректі екі мерген атамын деп,
Аңдиды тұрғысынан дамыл таппай.

(Дойбы)

Шаһарым бар отыз екі, екі дуан,
Жиырма төрт ұлым бар бір күн туған.
Ішінен екі ұлым қолды шығып,
Өзін- өзі болдырады сол антұрған.

(Дойбы)
Бір шаһар жаратылды бітеу қақпа,
Жүргізіп патша отыр алтын тақта.
Уәзірі он екіден—жиырма төрт,

Әр уәзір алыс жерде әр уақытта.

(Дойбы)
2013.
2014.
2015.

2016.
2017.
2018.

жұмбақтар
Бір дөңде жиырма төрт жан төбелескен,
Қызығы төбелессе, қалмайды естен.
Жері бар отыз екі майдан ашқан,

Білмейді басқа кәсіп төбелестен.

(Дойбы)

Дария үсті тақтай, асты тақтай,
Ұшады жиырма төрт үйрек қанат қақпай.
Жем сұрайды он екісі бөлініп ап,
Жайылмас өз бетімен адам бақпай.

(Дойбы)

Ғажайып жамбыл көрдім төрт бұрышты,
Жиылып патша, солдат көп ұрысты.
Қолында қару-жарақ сайманы жоқ,
Ары-бері ұрысты да жай болысты.

(Дойбы, шахмат)

Таусыз жерде,
Сусыз шөлде
Жансыз жауынгерлер
Қарусыз соғысады.

(Шахмат, дойбы)

Мен көрдім он алты үйрек, бір бидайық,
Қонады бір айдынға қанат жайып.
Өз еркі ұшсын-қонсын мекеніне,
Алты ұра үйректерге тұр лайық.

Бүйірден бидайық кеп тиген кезде,
Табуы ұяны үйрек болар ғайып.

(Бильярд)
Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Сегіздің ортасында төрт әйел бар,

Жүреді жиырма төрт тай жетектеп.

(Ойын картасы)

2019.
2020.
2021.
2022.

2023.
2024.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Бір патша бар екен төрт көзі бар,
Атылас, шайы киген төрт қызы бар.
Қисабы бәрі өзінің отыз алты,

Сегіз ұлы бар жау жарақты.

(Ойын картасы)

Жайлаған бір аралда бір топ киік,
Жүрерге аяғы жоқ жерге тиіп.
Бәрінің қатар жүрсе бойы бірдей,
Біреуінен біреуінің көңілі биік.

Еш адам ол киікті жаратпайды,
Ішінде жалғыз мүйіз еркегі бар,
Бетіне еш біреуді қаратпайды.

(Ойын картасы)

Екі жүз он алты екен қара солдат,
Төсектен отыз алты өреді аңдап.
Балталы батыр бағлан қойған атын,
Олардан басым шыққан сегіз қатын.

Қолына дүние түрлі гүлдерді ұстап,
Түзетіп отырады екен салтанатын.
Бар екен сегізінің сегіз байы,
Төрт текше болады екен оның жайы.

Қорқытқан ол сегізі төрт батыры,
Олардың батырлықтан жоқ-ты жайы.
Бұл сөзім емеурінсіз емес жалған,
Әр жерде болмай ма екен осындайы.

(Карта ойыны)

Дүниеде бір нәрсе бар төрт бұрышты,
Топ кісі жиылып-ап келді, тұрысты.
Әрқайсысының төрт жүзден әскері бар,
Жиылды барлығы, қатты ұрысты.

(Карта ойнау)

Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Келгенде аларманға адам тентек.
Ішінде сол қосынның төрт әйел бар,
Жүреді елу екі қол жетелеп.

2025.
2026.
2027.
2028.

2029.

жұмбақтар
Және де төрт патша басында отыр,
Үкімі сол шіркіннің тым-ақ тентек.

(Карта)

Екі атасы бар,
Он сегіз анасы бар.
Он сегіз анасының әрқайсысында
Тоғыз-тоғыздан баласы бар.

(Тоғыз құмалақ ойыны)

Орай бұты, бөкен сырты,
Іші бар, ішегі жоқ.

(Асық)

Төрт қырлы бір сүйек бар жұмарланған,
Ақылсыз оны жиып құмарланған.
Көп сүйектен бір сүйек таңдап алып,
Жоғалса сол сүйегі, қайғыланған.

(Сақа)
Нәзік белі бұралған,
Ұшы біздей қадалған.
Қар үстінде жорғалап,

Басқан ізін бояған.

(Коньки)

Өзі кішкене дөп-дөңгелек,
Тапшы, қане біле алсаң.
Өзіңнен де биікке асады,
Мықтап жерге ұра алсаң.

(Доп)
Ұрсаң қатты зырлайды,
Жерге қарғып тұрмайды.
Тиіп кетсе басыңа,

Ешбір зиян қылмайды.

(Доп)

2030.
2031.
2032.
2033.

2034.
2035.

ойын-сауық,  музыкалық  аспаптар
Қос аяқ жүрген қуып,
Жел шықтан үрген қуық,
Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып.

(Футбол ойыны)

Жазда жатса тынығып,
Дейді қыста жұмыс тап.
Тауға шықсаң, жетекте,
Қашады алып етекке.

(Шана)

Ақ шатыр,
Ақ шатырдың ішінде
Ақ ала көйлек қыз жатыр.

(Қуыршақ)

Біздің үйде бір қыз бар,
Көзі бар, көрмейді,
Аузы бар, жемейді,
Қолы бар, ұстамайды,

Аяғы бар, жүрмейді.

(Қуыршақ)
2036.
2037.
2038.

2039.

Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді.

(Ұшақ)
Құс сияқты, құс емес,
Самғап ұшқан биікке.
Қанаты бар қақпайды,

Жүрсе де сондай биікте.

(Ұшақ)
Бір жайын көк жүзінде еткен сайран,
Көргендер қызметіне болар қайран.
Зымырай зулағанда ізі түспес,

Қайткенде тиеді деп көпке пайдам.

(Ұшақ)
Бір қыран аспанда ұшып қалықтаған,
Күндіз-түн жердің жүзін шарықтаған.
Қанаты ағаш, кеудесі темір болат,

Ұшса да қанша алысқа, талықпаған.

(Ұшақ)
Әне кетті өзі,
Көрінбейді ізі.
Кімнің күші,

Кімнің ісі?

(Аэроплан)
Техника
2040.
2041.

2042.
2043.
2044.

техника
Бұл жалғанда жаны бар
Міндім қайық.
Көз көрімге кетеді болып ғайып.

(Аэроплан)
Бір балық көк жолында еткен сайран,
Дамылды көрінеді келді қайдан.
Аузына бір шабақты тістеп алып,

Деп айтар жата алмаймын тапсаң, ойлан.
Заулайды қайда барса, ізі түспес,
Мақсаты—тигізем деу көпке пайдам.

(Аэроплан)
Бар екен үлкен жорға қайқаңдаған,
Тұяғы жерге тимес тайпалмаған.
Сағатта мың шақырым жерге барып,

Көңілін еш пенденің қайтармаған.

(Аэроплан)
Пырылдар көкте инелік,
Инелік емес үй делік.

(Тікұшақ)
Бір қалта бар қабат-қабат,
Айналасына жұрт таң қалад.
Көктен жерге лақтырсаң да,

Алып түсер сау-саламат.

(Парашют)
Жоқ оның моторы да, қанаты да,
Сонда да ұшқыштардың санатында.

(Парашют)
Дүниеде бір жүйрік бар,
Жалғыз көзі жайнаған.
Мың кісі сансыз темірді

Арқасына байлаған.
Дем алмастан бақырып,
Жердің жүзін шарлаған.
2045.

2046.
2047.
2048.
2049.

2050.
2051.

жұмбақтар
Тау-тасты қопарып,
Мұрнынан лебі парлаған.

(Паровоз)
Топтанып келе жатыр қара қабан,
Ойлаған жерлеріне тынбай барған.
Аузынан қара көбік бұрқ-бұрқ шығып,

Болдырып шаршамайтын сондай айуан.

(Паровоз)
Бар екен бір нақты зат түсі қара,
Сүйрейді неше мың пұт іліп ала.
Болғанмен жүгі ауыр, жүрісі тың,

Таңданады көрген жандар тамашаға.

(Паровоз)
Бір керуен қатарында өңшең түйе,
Аузынан жалын шығар қара күйе.
Жүрмейді ұрса дағы басқалары,

Бәріне жалғыз бура болған ие.

(Пойыз)
Қара нар қатарынан бір озбаған,
Боз інген ботасы жоқ құр боздаған.
Қызыл ат желмей, жортпай алысқа ұзап,

Аяғын анда-санда бір қозғаған.

(Пойыз)
Ойланып мен жұмбақты енді жазам,
Дүниеде бар бір күшті қара қазан.
Үстіне жанды-жансыз толған мүлік,

Ән салып кетіп жатыр азан-қазан.

(Пойыз)
Ұзын-ұзын жолы бар,
Жолмен жүред жануар.
Дауысы зор әндетсе,

Денесі болат жануар.
2052.
2053.
2054.

2055.
2056.
2057.

техника
Өзі жүрсе, ертеді,
Жолдасын бастап жануар.

(Пойыз)
Жүйрік бар жер бетімен самғайтұғын,
Жол салса, жері бар ма бармайтұғын?
Аяғын жазды күні жерге баспай,

Қыста да қар үстінде талмайтұғын.
Соңына ертіп алған серігі көп,
Зымырай бірге ілесіп қалмайтұғын.
Жануар су ішсе де, шөп жемейді,

Шын жүйрік шабысынан танбайтұғын.

(Пойыз)
Ақырып айқай салар аузын ашып,
Жеп қояр деп ойлама үркіп, сасып.
Адымы бір күншілік жерді басқан,

Жолынан жан мақұлық тұрар қашып.

(Отарба)
Әуелден мұсылманға кәпір дұшпан,
Жанған от сүйекті... бостан.
Өзі жансыз, жансыздық күшіменен,

Барады артық ұшып ұшқан құстан.

(Отарба)
Кезегін жаңылмайды жаз бенен қыс,
Келгенде күн төбеге болады түс.
Күніне жүз шақырым жер жүреді,

Келеді қырық қанатты бір жансыз құс.

(Отарба)
Жаһанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып.
Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық.

(Автомобиль)
2058.
2059.
2060.

2061.
2062.

жұмбақтар
Төрт аяқты, екі көзді,
Өзі жансыз жүреді.
От пен майдан жемі бар,

Құрыш болат жүрегі.

(Автомобиль)
Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,

Жарқырап, түнде жортса, екі көзі.

(Жеңіл машина)
Кеудесінде жаны жоқ,
Тамырында қаны жоқ.
Май жейді,

Су ішеді.

(Машина)
Тау басында кібіт көрдім,
Оны ашатын кілт көрдім.
Екі басты жүйрік-ті,

Ортасына мініп көрдім.

(Машина)
Табаны дөңгелейді, жер баспайды,
Жаңылып қисабынан адаспайды.
Ақылы дана болған азаматтар,

Пар келіп мұныменен таласпайды.

(Машина)
Жүйіткіген дәу үйінде,
Жүйрік деп ел сүйінді.
Тас жолда жұртты тасып жүр,

Жылдамдыққа басып жүр.

(Автобус)
Төбесі сымға тимесе,
Ол ешқашан жүре алмас.
2063.

2064.
2065.
2066.
2067.

2068.
2069.

техника
Өз иесі басқармаса,
Оны ешкім бұра алмас.

(Трамвай, троллейбус)
Жоқ даусы, жоқ сөзі,
Жарқырайды көп көзі.
Жолыңды ашып тұрады,

Бұйрығын жұрт ұғады.

(Бағдаршам)
Бір үйде бір құс отыр мекен еткен,
Он жігіт кезек-кезек қызмет еткен.
Қолына қалам алмай хат жазады,

Келіп тұр түрлі әріп әрбір шеттен.

(Баспа машинка)
Шың етсе, шыңқылдайды әлек-шәлек,
Жыбыр-жыбыр шимайы бөлек-бөлек.
Шырай беріп шимайы барлық жанға,

Несі барын білмеймін көз телміреді.

(Баспа машинка)
Салалы саусағы бар сабақ тарақ,
Тықпалап біреуіне бірін таяп.
Былғаныш қара күйе қарны айналып,

Текшелеп жиып береді сандықтай-ақ.

(Баспа машинка)
Қара атан тынбай жүріп ақырады,
Артынан ертіп алып төрт-бес жанды.
Қыртысын қара жердің қақ айырар,

Күшті де көріп пе едің мұндайларды?

(Трактор)
Қара азбан дем алыс жоқ бақырады,
Қолы көп сансыз саусақ батырады.
Тісімен қара жерді быт-шыт қылып,

Жер үстін борандатып шарқ ұрады.

(Трактор)
2070.
2071.
2072.

2073.
2074.
2075.

жұмбақтар
Денесі ирек-ирек жалғыз тісті,
Бір өзі бітіреді сонша істі.
Тісіне қанша салмақ салса дағы,

Созылғыш әрі сынбас әрі күшті.

(Трактор)
Төрт аяғы бар,
Артқы аяқтарының тұяғы бар.
Сирағы темірден,

Тұяғы болаттан.
Май ішеді бензиннен,
Бұл не деген жануар?

(Трактор)
Гүр-гүр етеді көкірегі,
Жүрсе, көксау секілді,
Күш дегенің өте мығым,

Тасиды кейде егінді.

(Трактор)
Айдалада бір нәрсе көресің бе,
Бар екен жалғыз көзі төбесінде.
Апырай, немене деп барып қалсам,

Жаны бар алқам-салқам денесінде.

(Түнде жер айдап

жүрген трактор)
Отыз аттың күші бар, бір тұлпардың,
Келеді оған әлі топты жанның.
Сом болат тұяғымен тартып жерді,

Табады бір керегін шаруаның.

(Трактор)
Бұрқылдаған қара нар,
Аласұрар шатынап.
Жүрген жері ор болып,

Қала берер қазылып.

(Трактор)
2076.
2077.
2078.

2079.
2080.
2081.

техника
Төрт аяқты, екі көзді,
Кеудесі бар, басы жоқ,
Білегі бар, аяғы бар,

Өзі күшті, қолы жоқ.

(Трактор)
Кеудесі толған күш,
Табаны толған тіс.

(Трактор)
Бір нәрсе ауырлығы алты батпан,
Ызаланса, ашуланып жерді қапқан.
Ұстасы адамзаттың соққан емес.

Бағалап сом темірге күміс жапқан.

(Трактор соқасы)
Бір батыр тамақ берсең, жұта берер.
Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Уатып талқан қылып құя берер.

(Комбайн)
Сабан той бастап,
Салды бір әнді.
Сабанды тастап,

Сыпырды дәнді.

(Комбайн)
Бас салып талқандайды қырқып, кертіп,
Адамзат зыр жүгірер құрмет етіп,
Тамағын тойғыза алмас кешке дейін,

Барша адам жұмыс қылған, қызмет етіп.

(Комбайн, жұмысшы)
Болғанда екі қанат, отыз қолы,
Қалады тап-тақыр боп жүрген жолы.
Бар екен алақандай аралшығы,

Адамзат пайдаланып жүр ғой оны.

(Шөп тырма)
21-298*
2082.
2083.

2084.
2085.
2086.
2087.

2088.

жұмбақтар
Бір нәрсе келе жатыр сондай епті,
Сайраған сақылдаған тісі көп-ті.
Жұтпайды, тістегенмен қайта құсар,

Мал, мақұлық сол құсықтан қорек етті.

(Шөп машина)
Бір нәрсе қозғалады желіп, жортып,
Көзіне көрінгенді жейді жұтып,
Жұтқанын бір ұртынан түсіреді,

Адамзат пайдаланар керек етіп.

(Молотилка)
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.
Аяғы екеу болғанмен, ізі жалғыз,

Сағатта талай жерді қарыштайды.

(Велосипед)
Екі аяқты, бір басты,
Жүгіреді тым қатты.

(Велосипед)
Екі аяқты жануар,
Жаны жоқ, басқан ізі бар.
Үзенгілі, жүгенсіз,

Тартпасы жоқ, ері бар.

(Велосипед)
Бір зымырақ дүниеде екі аяқ,
Күш берген оған дағы аямай-ақ.
Адамды көтеріп ол ұшады екен,

Былқылдап құс төсектей жұмсақ тұяқ.

(Велосипед)
Кем көрмеймін аттан өзін,
Мініп жүрем баптап өзін.
Бірақ аттай жем жемейді,

Болдырмай, шөлдемейді.

(Велосипед, мотоцикл)
2089.
2090.
2091.

2092.
2093.
2094.
2095.

техника
Мысықтан зор бойы бар, бірақ жансыз,
Адамға пайдасы көп тіпті сансыз.
Бірдей қызмет атқарды малменен ол,

Үстіне шығарар ол еш амалсыз.

(Мотоцикл)
Бардым базарға,
Алдым бір жорға,
Жорғалаттым жолдан жолға.

(Мотоцикл)
Дүниеде бір нәрсе бар бек қуатты,
Бойына жиып алған салтанатты.
Төбеде екі түрлі айдары бар,

Жүреді су сабалап құс қанаты.

(Пароход)
Үйрек емес, қаз емес,
Балық емес судағы,
Өзі жүзе біледі.

Жемі көмір және май,
Шешуін кім біледі?

(Пароход)
Судан шықты тасбақа жылмаңдаған,
Қайқайтып ап тұмсығын сумаңдаған.
Денесі болат темір сондай мықты,

Артқы жағы бұрқылдап, сырдаңдаған.

(Моторлы қайық)
Жылдам барып қайтады,
Не айтсам, соны айтады.
Жатырқамайды ешкімді,

Бекер деп кім айтады.

(Телефон)
Бір құсым бар жаны жоқ,
Қанатының саны жоқ.
2096.

2097.
2098.
2099.
2100.

2101.
2102.

жұмбақтар
Кісіге өзі тым жақын,
Сөйлесуге дамыл жоқ.

(Телефон)
Көзге түртсең, сөйлейді,
Көзім ауырды демейді.
Сұрауға жауап береді,

Адамға осы керегі.

(Телефон)
Шыр-шыр етеді,
Құлағыңнан өтеді.
Ұстай алсаң, сөйлеп кетеді.

(Телефон)
Бір жәшік төрт бұрышты сырғасы бар,
Көтерсең сырғасынан, даусы шығар.
Қанша алыс болсаң дағы екі сырға,

Есітіп бір-біріне жақын қылар.

(Телефон)
Бір нәрсе доп-домалақ ақылы зерек,
Қолына ұстағаны ағал терек.
Беліне орағаны мәсен белбеу,

Ауыздан шыққан сөзді білер зерек.

(Телефон мен сымы)
Бір нәрсе қуыс-қуыс болған өзі,
Адамша естіледі айтқан сөзі.
Дауысы анық болып шыққанменен,

Көрінбес бас-аяғы екі көзі.

(Радио)
Бір бұлбұл отырады салып әнді,
Жүруге аяғы жоқ, емес жанды.
Өнері қандай асқан деп ойлаймын,

Әп-сәтте жер түбінен хабар алды.

(Радио)
2103.
2104.
2105.

2106.
2107.
2108.

техника
Адам емес, тілі бар,
Әрбір үйден табылар.
Үй емес жалғыз тұрағы,

Көшеде де тұрады.

(Радио)
Ай болмас айдан айға ауыспаған,
Ақылын пенде біліп тауыспаған.
Дүниеде өзі жансыз, ғажап екен,

Адамзат тиіп кетсе, дауыстаған.

(Радио)
Есіксіз үй кішкене,
Әңгіме айтар кей шақта.
Жан адам жоқ ішінде,

Ән де салады кей уақытта.

(Радио)

Жаны жоқ сөйлеп тұрған денесінде,
Ұмытпай мәңгі қалған сөз есінде.
Тарихтан бұрынғы өткен хабарлайды,
Мәделі тығулы тұр кеудесінде.

(Кино)
Сөйлейді жан жоқ кеудесінде,
Қызықты мағына бар кеңесінде.
Суретін шежіре етіп тартып берер,

Болғанын қанды майдан егесінде.

(Кино)
Қараңғы тамның ішінде,
Ақ төсектің үстінде.
Бір-бір жарым сағат ішінде,

Бір адамның тағдыры шешіледі.

(Кино)
Ән салады чемодан,
Ішінде тұр көп адам.
2109.

2110.
2111.
2112.
2113.

2114.
2115.

жұмбақтар
Естімейді сөзіңді,
Сөйлесең де сен оған.

(Теледидар)
Бүп-бүккіш күміс құйрық, серке санды,
Ой желке жалпақ маңдай, жібек жалды.
Бекініп жар астында жатқан жауға,

Барды да кешікпей-ақ найза салды.
Суарып анда-санда шалдырмады,
Білмейді қысы-жазы арығанды.

(Іс машина)
Жайма жалды, серке санды,
Ұстағанда құйрығын түріп алады.

(Іс машина)
Жоғарыда айдадым,
Белін жіппен байладым.
Сыпыра тақта астында,

Шалып, қағып ойнадым.

(Іс машина)
Жансызды жалғыз аяқ зарлатады,
Аяғын бір көтеріп, бір басады.
Апырмай бұл не екенін біле алмадым,

Айында тітімдей-ақ нәр татады.

(Іс машина)
Ғажайып кемпір көрдім жалғыз аяқ,
Аузына тістегені жалғыз таяқ.
Табаны жалтыр мұздан бір таймайды,

Зырлайды күні-түні аянбай-ақ.

(Іс машина)
Бар екен бір жеңешем қап-қара тас,
Жемейді, ішпейді де, болмайды мас.
Халықтың бәрін тегіс киіндіріп,

Дүниеден өткен өзі жалаңаш.

(Іс машина)
2116.
2117.
2118.

2119.
2120.
2121.

техника
Күміс құйрық, жібек жалды,
Ой желке, қамыс құлақ, серке санды.
Әрі бері жауменен шапқыласып,

Бәрін де қырып-жойып басып алды.

(Іс машина)
Базардан келген бір тайлақ,
Басын қойдым байлап.
Байласам да тұрмады,

Ор текеше ойнап.

(Іс машина)
Ой желке, қамыс құлақ, жібек жалды,
Иесі мәпелейді жануарды.
Суарып анда-санда бір шалдырса,

Білмейді қысы-жазы арығанды.

(Іс машина)
Шұбар ала қызым бар,
Тұмсығында бізі бар.
Келіп кетер тоқтамай,

Артынан түскен ізі бар.
(Іс машина)
Тамыр-тамыр тамаша,
Тұрған бойы аласа.

Дүниенің жүгін бітіреді,
Адамға барып жанаса.

(Іс машина)
Бір нәрсе қатпар қарын гүрілдеген,
Ішінде қуаты бар көрінбеген.
Адамзаттың қолында ықтияры,

Жұмыстан өзі ешбір ерінбеген.

(Ет турайтын машина)
Бар екен бір азырақ іште суы,
Бұл өзі бірталайдан екен қуы.
Бір-ақ қарыс темірді түртіп қойсаң,

Шығады ашуланып сыртқа буы.
(Примус)
2122.
2123.

2124.
2125.
2126.
2127.

2128.

жұмбақтар
Жел жұтады бүйірінен,
Қақалуды білмейді.
Құлағынан май құйса,

Сықылдайды, күледі.
Төбесінен жарқылдап,
Жалындатып күйрейді.
Бәсеңдесе жалыны,

Инеменен түйрейді.

(Примус)
Жапанда біткен көп ағаш,
Көгермейтін қу ағаш,
Асты топырақ, үсті тас,

Бір бұтағына қарасаң,
Петербормен шамалас.
Бір бұтағына қарасаң,
Бұқарамен аралас.

Жаны жоқ десең, жырламас,
Жаны жоқ деп біреуін,
Қылышпен ұрсаң, қанамас.
Екі басында екі адам

Дүние сөзімен хабарлас.

(Телеграф)
Қатар-қатар қоздаған,
Бірінен-бірі озбаған.
Ботасы өлген інгендей,

Аңырап тұрып боздаған.

(Телеграф)
Қаз-қатар қатарынан бір озбайды,
Аяғын анда-санда бір қозғайды.
Бозінген желіп кетсе, желден жүйрік,

Жоқ оның ботақаны құр боздайды.

(Телеграф)
Алыстан хабар алған,
Айтқан сөз жазылған.

(Телеграф)
2129.
2130.
2131.

2132.
2133.

техника
Білмеймін аяқтарын неше мыңнан,
Бір нәрсе арқасында жалғыз қылдан.
Өзінің иелері әмір қылса,

Жер жүзін бір сағатта сайран қылған.

(Телеграф)
Атсыз, жансыз бір нәрсе жаяу жүрген,
Қарына неше жерден шоқтар ілген.
Әрі атсыз әрі жансыз болса дағы,

Халықтың неше түрлі тілін білген.

(Телеграф)
Бір жылан жердің жүзін орап жатқан,
Сұрасаң, сөз айтады бір тараптан.
Ау, жаным, тапқын мұны көп ойламай,

Шығады деп айтып тұрмын көңіл шаттан.

(Телеграф)
Сайда тұрған қу ағаш
Тармақтарын бұрасаң,
Жер шарымен шамалас.

(Телеграф бағанасы)
Қатар-қатар жігіттер,
Қарасаң қайда, міне, бар.
Бір-біріне ұштасқан,

Арасында қылы бар.
Ешбір тамақ ішпейді,
Қолдарында шыны бар.

(Телеграф бағанасы)
Түйесі қатар-қатар бір озбайды,
Ішінде ботасы жоқ құр боздайды,
«Шөк» деп қап бұйдасынан сілкіп қалсаң,

Не түрлі жаңалықтан сөз қозғайды.

(Телеграф бағанасы)
Қатар, қатар, қаздай-ды,
Нар түйеше боздайды.
(Телеграф бағанасы)

2134.
2135.
2136.
2137.

2138.
2139.
2140.

Ойласам, дүние жүзі дөп-дөңгелек,
Бір нәрсе басбармақтай болса керек.
Жалғыз-ақ басқан жерде ізі қалар,
Оны да ойламай шеш, ақылы зерек.

(Мөр)
Есікте жасауыл бар екі қатар,
Барғанда ұрып-соғып қан қақсатар.
Ол адам жәбірленіп тұрғанында,

Біреу кеп ар жағынан әрі тартар.
Алып барып онан соң қинап жанын,
Кездіріп талай өзен сайдың бәрін.
Ләззатын сол сайлары алып қалып,

Шығарып тастайды екен ғазиз тән.

(Тамақ, асқазан)
Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,

Қызыл алтынға батпас жұмбақ.

(Адамның тәрбиесі)

Бір үйде жиырма бас адам тұрар,
Керек болса оларды халық сұрар.
Ашылғанда есігі сол адамның,
Будақ-будақ есіктен бұлар шығар.

(Папирос)
Әртүрлі жұмбақтар
2141.
2142.

2143.
2144.

әртүрлі  жұмбақтар
Ішіне бір қағаздың салдым дәрі,
Көреді оны қазір жанның бәрі.
Көк мұнар бұрқырайды жалын шашып,

Өшіріп отты тастасаң,
От орнында күлі жоқ.

(Электр плиткасы)
Қырдан қырайман көрдім,
Судан Сүлеймен көрдім.
Қайырылып тұрған тас көрдім,

Тұзсыз піскен ас көрдім.

(Диірмен, балық, қауын)
Ал, кемпірім, жатайық,
Домалақты басайық.
Жүнмен жүнді тигізіп,

Шырт ұйқыға батайық.
(Шамды өшіріп, кірпікті жұмып ұйықтау)
Өзі тоқ,
Көлеңкесі жоқ.

(Ұра)

Ошақтай жерге күн түспес.

(Ұра)
Мен тұрып бір таяқты қолыма алдым,
Ішіне қошқыл қызыл бояу салдым.
Қызарып сол бояудан шыққан таяқ,

Ұрғанда созылады, қайран қалдым.

(Темір)
Ары кез, бері кез,
Бойы бір кез,
Шақырса-келмес,

Жаяу жүрмес.

(Қорқор)

2145.
2146.
2147.
2148.

2149.
2150.
2151.

жұмбақтар
Кішкене ғана мүсірет,
Таудан отын түсірет.

(Ұстара)
Төрде мысық жатыр,
Құйрығын қысып жатыр.

(Ұстара)
Маңдайында есігі бар,
Ішінде есебі бар,
Судан суаты бар,

Күлден қуаты бар.

(Насыбай шақша)
Зейнетті көркем сұлу сондай биік,
Бар мақұлық жанды, жансыз алған жиып.
Тарихтан бұрын өткен хабар бермек,

Адамзат жақсы көрген көңлі сүйіп.

(Музей үй)
Қолымда бір айна бар дөп-дөңгелек,
Адасқанға жөн сілтеп, берер дерек.
Екі тісті тілімен төрт бағытты

Керек десең болғаны, тауып берет.

(Компас)
Жанады жалын түтінсіз,
Жатады жайнап қызыл шоқ.

(Темір)
Қарайтып салдым,
Қызартып алдым.

(Темір)
Қараңғы үйге
Қақпан құрдым.

(Иткермес)
2152.
2153.
2154.

2155.
2156.
2157.
2158.

2159.

әртүрлі  жұмбақтар
Бай мен бәйбішені ояттым,
Әдеппен тұр-тұрлап

(Еркіндік заман)
Бар еді бір жұмбағым ойлап қойған,
Үйірі қырық айғырдың байлап қойған.
Ішінде құлын, тайға көз жетпейді,

Сүтіне ауыл тұрмақ, аймақ тойған.

(Роман)
Бар екен жапан түзде бір қу қайың,
Жапырақ тұрды-тұрды біткен дайын.
Көрікті бой түзеген жас арудай,

Тұрады күлімсіреп көрген сайын.

(Дүние)
Батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.

(Ауру)
Мосыға желек жапқан,
Іздегенін дәл тапқан.

(Суретке түсіру)
2160.
2161.
2162.

2163.
2164.

Жалғанда бір нәрсенің үш аузы бар,
Екі аузы тар, бір аузы адам жұтар.
Көз салып айналама қарап тұрсам,
Халайық адамзаттың бәрінде бар?

—Бұл жұмбағың үрейлі салады ой,

Кейбіреулер қорқып та қалады ғой.
Үлкен аузы—шалбардың белі болса,
Кішкене аузы—екі ұзын балағы ғой.
* * *

Адамға қызмет етіп тұр диірмен,
Тұрады ылғи зарлап бір бүйірден.
Ішінде қылдан нәзік жіптері бар,
Тез тауып айтшы, кәне, кім иірген?

—Сағат қой айтып тұрған диірменің,

Соны да адам таппас қиын дедің.
Жіп дегенің серіппелі пружинасы,
Шебердің көрдік талай иіргенін.
* * *

Дүниеде бір ғажайып қатқан сері,
Өзінің тоғай дейді жатқан жері.
Жануар ардан өлмей, аштан өлген,
Жігіттің мұны тапқан кемеңгері.

—Жұмбағың айтпай жатып келеді еске,

Тоғайың түгі қалың тері емес пе.
Ашкөз аштан өлетін,ардан емес,
Жабысқақ жатып ішер кене емес пе.
Жұмбақ өлеңдер

2165.
2166.
2167.

жұмбақ  өлеңдер
* * *
Бар екен бір айдаһар білесің бе,
Жаны жоқ қимылдарға денесінде.

Ішінде сүйектері бақша-бақша,
Жарқырар жалғыз көзі төбесінде.

—Жұмбақтың естігем жоқ қиынын мен,

Айтылмыш айдаһардың иірілген.
Сүйегі—кереге, уық, көзі—шаңырақ,
Қазақы аумайды екен киіз үйден.
* * *

Бір нәрсе дүниені шыр айналған,
Ит мінген, есек өңгерген, түйе айдаған.
Артында жетектеген ешкісі бар,
Еш адам мұны тауып біле алмаған.

—Ит аяқ бір жануар, есек құлақ,

Түйе ерін, ешкі құйрық десек құрап.
Кәдімгі қорқақ қоян шыға келер,
Соны да жұмбағым деп тұрсың сұрап.
* * *

Дүниеде бір кісі бар қалмақ бетті,
Болса да қалмақ бетті әділетті.
Алдыңа тапқыш болсаң, сала айтайын,
Көріпті қатын алмай қырық перзентті.

—Қалмақ бетті тепе-тең қос табағы,

Әділетпен ол әркез дос болады.
Ол таразы кәдімгі, қырық перзенті—
Ауырлықты өлшейтін тас болады.
* * *

Дүниеде бір жәндік бар үйретілген,
Мойнында жібек арқан сүйретілген.
Алдыңа тапқыш болсаң, сала айтайын,
Қолға алсаң, көп жұмысты сол бітірген.

—Үйретілген жәндігің ине емес пе,

Жібек жіпті арқандай сүйремес пе.
Шын шебердің қолында ине мен жіп,
Киім тігіп жылтылдап билемес пе.
2168.

2169.
2170.
2171.

жұмбақтар
* * *
Алыстан көзді тартқан сұр тегене,
Кейде орта, кейде толы бір тегене.

Алдыңа ақын болсаң, сала айтайын,
Тауып көр, тапқыш болсаң, бұл немене?

—Десеңіз сұр тегене, қай тегене.

Құбылмас толып, кеміп жәй тегене
Алыстан қызықтырып көз тартатын,
Кәдімгі аспандағы ай тегене.
* * *

Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқ,
Басына қыстырғаны шиден таяқ.
Жалаңаш қойып тұтас өзге жерін,
Беліне ораныпты аямай-ақ.

—Аямай белге ораған киімімен,

Шешімге жетелейді шиі бірден.
Қолынан түспес шебер әженің,
Кәдімгі ұршық қой бұл иірілген.

* * *
Үлкен үйдің бар егіз ұл мен қызы,
Ол екеуін біледі дүние жүзі.
Ұлы түнде ұйықтайды, қызы күндіз,

Білінбейді жүргенде басқан ізі?

—Айтып тұр деп бөгелмен қай баланы,

Жұмбағыңа жауабым сай болады.
Айтқан үлкен үйіңіз-бүкіл әлем,
Ұлыңыз—күн, қызыңыз—ай болады.
* * *

Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Барлық адам сүйсінер келбетіне.
Айдындағы сипамақ болсаң жүзін,
Бата түсер тереңге тербетіле.

—Тербелді деп су бетін айтпа өкпе,

Сипатпақ па сұлулар саған текке.
Көңілдегі емес көктегі ай сұлу ол,
Мықты болсаң қолыңды жеткіз көкке.
2172.

2173.
2174.
2175.

жұмбақ  өлеңдер
* * *
Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды.

Аяғы екеу болғанымен ізі жалғыз,
Сағатына талай жер қарыштайды.

—Шешеді оңай бұныңды бала-шаға,

Жолға түскен іздерге қараса да.
Қос дөңгелек жалғыз із қалдыратын,
Велосипед десем ел таласа ма.
* * *

Жұмбақтан шеше алсаңыз сөз бастайын,
Жаралған бір мақұлық—үлкен жайын.
Өзі обыр, басы жетеу, қолы он екі,
Отыздан саусағы бар қол бас сайын.

—Қолма-қол бұл жұмбаққа жауап дайын,

Жыл, апта, қолы оның—он екі айың.
Есеңді ал еңбекпен ол обырдан,
Отыз күн—отыз саусақ қол бас сайын.
* * *

Келеді үлкен алып аузын ашып,
Жүреді он екі аяқ қадам басып.
Отыздан әрбірінде бармағы бар,
Құтылмас ешбір адам одан қашып.

—Алыбың аузын ашқан жыл емес пе,

Жер басып он екі аймен жүр емес пе.
Отыз күн—әр айдағы отыз бармақ,
Уақыттан қорқып қашу мін емес пе?
* * *

Қысырақ жоғалады жаз кетіп жырақ,
Көп жүрдім іздеп оны елден сұрап.
Тұр екен дарияның ортасында,
Жете алмай үйге қайттым босқа бірақ.

—Үйірі қысырақтың Үркер деймін,

Мен де оны жазда көктен бір көрмеймін.
Болады ол алты ай көкте, алты ай суда,
Өлеңім осылай жөн сілтер деймін.
22-298*

2176.
2177.
2178.
2179.

жұмбақтар
* * *
Бір көлге жиырма төре қонар үйрек,
Әрбірі айналдырсаң, қалар сиреп.

Ішінде жалғыз туған біреуі бар,
Тұрады соның бәрін жалғыз билеп.

—Үйректі осы көлге адам қояр,

Біреуін бірі тістеп басын жояр.
Кем ақыл, сен білмесең, мен айтайын,
Үйірлік жиырма төрт дойбы болар.
* * *

Бір дария ағып жатыр тартқан сымдай,
Ішінде бір асыл бар жалғыз қылдай.
Бәріне жиылған жан бірдей керек,
Жұмбақты осы сізге айтсам қалай.

—Сарғайып сары белден атады таң,

Бай қызы бой жеткенде болады паң.
Бәріне жамиықтың керек болған,
Қараңғы үйге жанған бір жалғыз шам.
* * *

Көше-көше ауылы көше болар,
Ойынсыз-күлкісіз ел мешеу болар.
Ақын болсаң, сөзіме жауап берші,
Тоқсан иттің емшегі нешеу болар?

—Айт десеңіз айтайын бұған білер,

Аң жүйрігін біледі, қуған білер.
Емшегін тоқсан иттің білетін-ді,
Қолына көнек алып сауған білер.
* * *

Әуеде алтын қазық жылыстаған,
Береді Құдай қашан пейіш саған?
Ақын болсаң, алдыңа сала айтайын
Мұхаммедтің сүйегін кім ұстаған?

—Омар ұстап, сүйегін Осман жуған,

Әбубәкір құманмен суын құйған.
Арыстаны-Құдайдың Әзіреті Әлі,
Иман айтып қасында қарап тұрған.
2180.

2181.
2182.
2183.

жұмбақ  өлеңдер
* * *

—Ерте оқимыз намазды, кеш оқимыз,

Әр күнде бұл намазды бес оқимыз.
Ақын болсаң, жұмбағым шешіп берші,
Он екі айда намазды неше оқимыз?

—Сіз де оқисыз намазды, біз де оқимыз,

Уақыт жетсе, намазды түзде оқимыз.
Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын,
Намазды мың сегіз жүз жылда оқимыз.
* * *

Меккеде бір ағаштың бұтақтары,
Үстінде отыз, отыз жапырақтары.
Жапырақтың асты ақтан, үсті шұбар,
Қыздардың мұны білмес ақымақтары.

—Меккеде бір ағаштың бұтақтары,

Үстінде отыз, отыз жапырақтары.
Асты ақтан, ақ қағаз шұбар жазу,
Молданың болар оқыған кітаптары.
* * *

Айт дегенде айтамын ақбар да ақбар,
Ақбар да ақбар ішінде алпыс қаз бар.
Он екі үйрек, қырық сегіз қазы бар-ды,
Ақын болсаң, құдаша, мұны тап та ал.

—Ақбар, ақбар дегенім—ай мен күн ғой,

Алпыс қазы дегенім—жылдай таң ғой.
Он екі айдың қырық сегіз жұмасы бар,
Шешуі жұмбағыңның сол екен ғой.
* * *

Ақырзаман болғанда ұрады жел,
Мың қарабас саулыққа бір қозы тел.
Мың қарабас саулықты жалғыз еміп,
Қозы неге маңырайды, пәруадігер?

—Жұмбағымның шешуі болар деген,

Осы күнгі ұлықтар пара жеген.
Ақтан да, қарадан да пара алса да,
Көзіне жиған малы көрінбеген.
2184.

2185.
2186.
2187.

жұмбақтар
* * *
Айт дегенде айтамын айда болар,
Таң алдында Шолпан пайда болар.

Ақын болсаң, жұмбағымды шешіп берші,
Ақ меруерт шыққан жері қайда болар?

—Ойнамаса, күлмесе, шыға ма дерт?

Ойын-күлкі бар жердің бәрі де кент.
Сен білмесең, кем ақыл, мен айтайын,
Айдын көлден шығады ақ меруерт.
* * *

Әуелден біреу жалғыз, біреу егіз,
Көзі жоқ көкіректе әсілі сегіз.
Еш адам бұл жұмбақты тапқан емес,
Егер тапса, ақылы бұл адамның ұшан-теңіз.

—Әуелден біреу жалғыз-жаппар Құдай,

Дегенім екі егіз күн менен ай.
Көзі жоқ көкіректен әсілі сегіз,
Ақ шарият ілімін білсек біз.
* * *

Отыз қой, бес жорғаменен түстім жолға,
Бір қылыш жалаңдаған алып қолға.
Қырық нарға қазына артып тара қойсаң,
Патшамыз не берер ет бізге сонда.

—Отызың ораза ғой айтып тұрған,

Бес жорғаң намаз екен мойын қойған.
Қылышың жалаңдаған ол—қызыл тіл,
Қырық нарың—парыз еді орындаған.
* * *

Басында бәйтеректің төрт бұтақ бар,
Төрт бұтақ бүрлесе егер, көп бұтақтар.
Шешіп бер, ақын досым, жұмбағымды,
Төрт бұтақта қанша жапырақ бар?

—Бұлбұлдың әсем үні тілі емес пе,

Бұтағың төрт маусым жыл емес пе?
Бір жылда қырық сегіз жексенбі бар,
Жапырағы үш жүз алпыс күн емес пе?
2188.

2189.
2190.
2191.

жұмбақ  өлеңдер
* * *
Тізілген қалың таяқ бір озбайды,
Жел соқса нар түйедей ол озбайды.

Мойнынан арқан тағып, байлап қойсам,
Неліктен адамзатша сөз қозғайды.

—Таяқты талай көрдің дала байдан,

Қатарлап тізген екен қарағайдан.
Телефонның құлағын бұра салып,
Амандық хабар алдым қала жайдан.
* * *

Бір көл бар, жер де емес, көкте емес,
Ішіне ит түссе де, адам емес.
Телміріп сырлы көлге қарай қалсам,
Жалт қарады бір адам өзім өңдес.

—Көлеңке көл ішінде сағым құмар,

Бұл көлге адамзаттың жаны құмар.
Қай нәрсе қарсы алдына бара қалса,
Айна шында дәл соның сағымы бар.
* * *

Қараңғыдан жарыққа кез келтірген,
Өңірге өмір гүлін өзі өндірген.
Шиден шырақ болғанда матор жалын,
Ғылым мен дүниені безендірген.

—Қозғайды бұл сөзіңді әлмисақтан,

Үміткер болды маймыл болашақтан.
Әлемнің алтын кілті адамзатта,
Төбені ток сымымен жарқыратқан.
* * *

Бар екен бір өсімдік аты бүрлен,
Осыны баптап бағар сырын білген.
Етін жеп, қу сүйегін шаққым келді,
Ішінде бір нәрсе бар дүмбірлеген.

—Осыған мен де болдым талай жерік,

Тістерім қатты ауырады көп жей беріп.
Іші қатты болғанменен, сырты тәтті,
Даланың бауырсағы болар өрік.
2192.

2193.
2194.
2195.

жұмбақтар
* * *
Мен түсімде, құдаша, суға түстім,
Алтын ерлі боз атты міне түстім.

Оң қолыма қаршыға қона түсті,
Меруерт моншақ алдына тола түсті.

—Құдеке, суға түссең, тазалығың,

Боз атың—астыңдағы қалыңдығың.
Оң қолыңдағы қаршығаң—ұл-перзентің,
Меруерт моншақ—бақ дәулетің.
* * *

Басында үш ұясы тағы да бар.
Үш бұтақ иесіне тұрар жылап,
Шынымен бізге қиын болады деп,
Егерде үстімізге кетсе құлап.

—Шешуі жұмбағымның тегі арзан,

Сырты томпақ, іші қуыс оның—қазан,
Қазанның төрт құлағы жиегінде,
Қазансыз үйде ешбір болмас мазаң.
Үш терек үш бұтақты темір ошақ,

Бас жағы дөңгелек қой ұя құсап.
Шықпаған күні-түні жанған оттан,
Кім жылар, ол жыламай балаға ұқсап.
2196.

2197.

Жұмбақ:
Болғанда беті гүлді, асты сырлы,
Жинағына арасына жүн-жүбірді.
Төрт бұрыш, тоқсан жолды торқасымақ,

Халінше адамзатқа пайда қылды.
Шешуі:
Тысының жайы да бар, аласы да,
Жүн салған болса өзінің арасына.

Кәдімгі жамылатын көрпе ғой ол,
О бастан пайдалы адам баласына.
Жұмбақ:
Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала,

Сипаты бек асып тұр, көрсең жаңа.
Ішінде шығар жері қиын екен,
Егерде қолға түссе, болар пана.
Шешуі:

Ол нәрсе өзі түкті шұбар ала,
Суықта киіп алсаң, болар пана.
Теріден сәндеп тіккен ішік қой ол,
Мәуіт тыс, қайырмалы құндыз жаға.

Жұмбақ:
Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс,
Ішіне зат сияды бір-ақ уыс.
Жұмбақ айтыс

2198.
2199.
2200.

жұмбақтар
Желігін бір батырдың баса салар,
Ойсызға мұны табу қиын жұмыс.
Шешуі:

Секілді үлкейтілген сона басы,
Риза бұл теңеуге бол ағасы.
Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс,
Бүркіттің бүріп тіккен томағасы.

Жұмбақ:
Бір түйем бір түйемнен еш озбайды,
Жануар ботасы жоқ құр боздайды.
Бұйдасын анда-санда сілке тартсаң,

Атасы Андрейден күй қозғайды.
Шешуі:
Түйеңіз иір мүйіз-гармоныңыз,
Күй тартып боздауы ән салғаныңыз.

Атасы Андрей деп айтқаныңыз,
Орыстан бұл аспапты алғаныңыз.
Жұмбақ:
Бір нәрсе өзі елеусіз, өзі керек,

Басы жоқ, аяғы жоқ, дөп-дөңгелек.
Жерінде басып кеткен із қалады,
Осыны тапшы, құрбым, болсаң зерек.
Шешуі:

Қару ғой мансаптыға бұ да мықты,
Жеткендер оған қолы қуаныпты.
Дөңгелек, өзі керек, із қалдырған,
Мөр ғой ол растайтын куәлікті.

Жұмбақ:
Таулар бар, жауса, қары кетпейтұғын,
Көлдер бар кернесе, су кеппейтұғын.
Ордасы қызыл үйдің бұзылыпты,

Еліңде ұста бар ма септейтұғын?
2201.
2202.
2203.

жұмбақ  айтыс
Шешуі:
Ағарса қараймайтын шашың болар,
Қартайсаң құрғамайтын жасың болар.

Қызыл үйдің ордасы тісің болар.
Ол бұзылса, желінбей асың қалар.
Жұмбақ:
Бекінген бір тауешкі шошала үйге

Тағдыры салып қойған сондай күйге.
Жатады күн ыстықта көлеңкелеп,
Шығады жауын күні жапан түзге.
Шешуі:

Мүйіз—үйден шықса, ұзаратын,
Біреуді көрсе, бұғып қызаратын.
Жауынды жаны кіріп қыдыратын,
Ұлу ғой бала күнде біз алатын.

Жұмбақ:
Жайлаған бір аралды бір топ киік,
Жүрмейді аяқтары жерге тиіп.
Ішінде теке менен қошқары бар,

Мүйізін көрсетпейді басын иіп.
Шешуі:
Карта ғой аралдағы бір топ киік,
Жамбасы жатыр кейде жерге тиіп.

Емес пе қошқар, теке—тұз бен кәрөл,
Кімге олар бағынбақшы басын иіп.
Жұмбақ:
Мінгені үш адамның жалғыз жорға,

Келеді жорғалатып даңғыл жолда.
Ішінде көпшілікке тәлім қылып,
Кетеді жаппай тарап қолдан қолға.
Шешуі:

Айтқаның қарындаш пен қалам екен,
Үш саусақ бірдей мініп алады екен.
2204.
2205.

2206.

жұмбақтар
Кететін жаппай тарап қолдан қолға,
Ішінде жазу, сызу қалады екен.
Жұмбақ:

Мен көрдім өзі жансыз сегіз еркек,
Оларға үйір болған адам тентек.
Бәрінің ортасында бір әйел бар,
Жүреді дәл жиырма төрт тай жетектеп.

Шешуі:
Емес пе сегіз еркек—кәрөл, балта,
Деп тұрсыз тентек қана ойнар карта.
Төрт әйел ортадағы төрт мәтке ғой,

Жиырма төрт қалғандарын санап байқа.
Жұмбақ:
Жапанда бір бәйтерек бес бұтақты,
Демейді біреуге біреу кес бұтақты.

Ешкім кеп кеспесе де бұтақтарын,
Бұтағы бестен артық өспей қапты.
Шешуі:
Бәйтерек жапандағы қол болады,

Бес бұтақ бес саусағың сол болады.
Бес саусақ бітірмейтін жұмыс бар ма,
Өссе де, кемісе де қор болады.
Жұмбақ:

Бір кезде он екі хайуан басын құрап,
Барлығы бір орыннан тапты тұрақ.
Адалы арамымен кезектескен,
Өзінен әркімдер жүр жасын сұрап.

Шешуі:
Өлеңнің ұзыны бар, қысқасы бар,
Сөздің де айта алатын нұсқасы бар.
Он екі мүшелі хайуанаттың,

Түйеде, көрсең, барлық ңұсқасы бар.
2207.
2208.
2209.

жұмбақ  айтыс
Жұмбақ:
Жүні көк бір өгіз бар еті қара,
Тілгілеп өне бойын еттік пара.

Етін жеп, майын сорып жатсаң дағы,
Тез бітер терісіне түскен жара.
Шешуі:
Жүні—шөп, еті—топырақ, өгізі—Жер,

Тілігілеп етін салар негізінде ел.
Етін жеп, текке майын сора бермей,
Мәпелеп, «Рақмет» дегізіңдер.
Жұмбақ:

Сылаңдап бір бұраң бел елден қашқан,
Қулығы бар болса да жұрттан асқан.
Жол нұсқап қуғыншыға куә болып,
Қол қойып ақ қағазға мөрін басқан.

Шешуі:
Түлкіні бұл жұмбағың салады еске,
Жетерлік қулық онда бар емес пе.
Білдірер қайда екенін қуғыншыға,

Мөрің—із, ақ қағазың—қар емес пе.
Жұмбақ:
Бір құс бар ұшып жүріп ән салады,
Әркімге қонақ болып бір барады.

Барлығы мақұлықтың ығыр болып,
Дауысын естігенде зар қағады.
Шешуі:
Ұшумен әні бірге жарасады,

Ұшып кеп адамға да жармасады.
Жармасқан жерін уы дуылдатқан,
Кәдімгі айтып тұрсың сары масаны.
Жұмбақ:

Жиылар әрбір жерге жұлдыз болып,
Екіден бір бұтаққа қатар қонып.
2210.
2211.

2212.
2213.

жұмбақтар
Қасында Шолпан жұлдыз тағы да бар,
Соларды қарап тұрар басы болып.
Шешуі:

Жұлдызың оқушылар тұрған толып,
Екіден отыратын серік болып.
Шолпан ол дәріс берер мұғалімі
Өскенше оқытатын ақылы толып.

Жұмбақ:
Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойлағанға келісімді шешуі бар,

Ойланбаса, мәнісін кім біледі?
Шешуі:
Ол адамның ұйықтаған, оянғаны,
Сөйтер күнде бойында барда жаны.

Түбінде бір оянбай қояр ақыр,
Өн бойынан жаны кетіп, қалса тәні.
Жұмбақ:
Бір таудың алпыс сегіз саласы бар,

Он екі жанында оның қаласы бар.
Бау-бақша, алуан түрлі өсімдіктер,
Барлығын билеп тұрған анасы бар.
Шешуі:

Алпыс екі тамыр ғой салалары,
Он екі мүше оның қалалары.
Бәрін оның басқарған бастағы ми,
Тапқан адам ақылды саналады.

Жұмбақ:
Дөңгелек айналасы,төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,

Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
2214.
2215.
2216.

жұмбақ  айтыс
Шешуі:
Дөңгелек әлденешеу болса өзі,
Төрт-төрттен әрқайсының болса көзі.

Алысты жақындатып ұстап тұрар,
Түйме ғой, сүйек, темір, болар жезі.
Жұмбақ:
Бір нәрсе өліп жатыр, жетіп ажал,

Малының қисабы жоқ безбенге сал.
Сүйегі көкте де емес, жерде де емес,
Жігіттер, көңіл қойып ойланыңдар.
Шешуі:

Жерге кеп өліп жатқан жетіп ажал,
Санының есебі жоқ ол жауған қар.
Шам алып жер мен көктен іздесең де,
Еритін қарда қайтіп сүйек болар!

Жұмбақ:
Бір мақұлық көрер көзге жүні майда,
Тимейді майдалықтан ешбір пайда.
Қаруы денесінде бір-ақ жерде,

Саны бар, сапасы жоқ сида-сида.
Шешуі:
Кім керек қылушы еді иттің жүнін,
Үрумен мал күзетіп көрген күнін.

Қаруы аузындағы тісі ғана,
Естіген қауіптенер үрген үнін.
Жұмбақ:
Дүниеде бір дүние беті қатқан,

Бетінде бетегесі шығып жатқан,
Түбіне сол құдықтың көз жетпейді,
Құр қалмас нәрін алып дәмін татқан.
Шешуі:

Ол құдығың инемен қазылатын,
Білім ғой оқулықта жазылатын.
2217.
2218.

2219.

жұмбақтар
Жетеді білім алған бір мақсатқа,
Көп ойнап, болмаса тек аз ұғатын.
* * *

Барлы, барлы, барлы тау,
Басына шыққан бар ма екен?
Ұзын, ұзын, ұзын жол,
Ұшына шыққан бар ма екен?

Шоқ, шоқ қамыс, шоқ қамыс,
Басын буған бар ма екен?
Ащы менен тұщыны,
Татпай білген бар ма екен?

—Барлы, барлы тау,

Басына шыққан

—Пайғамбар.

Ұзын-ұзын жол,
Ұшына шыққан—кіреші.
Шоқ, шоқ қамыс,
Басын буған—балықшы.

Ащы менен тұщыны
Татпай білген—білгіші.
2220.

2221.
Жолаушылап келе жатқан Жиренше шешен бір ауылға кел­
генде алғашқы тілдесіп кездескен әйелге:

—Суырып алғаның қалай,

Суын тамшылатқаның қалай,
Осылып жатқаның қалай,
Одырайғаның қалай,
Керілгенің қалай,

Кекеңдегенің қалай?

—десе, әйел тоқтамай жауап қайырыпты:

—Суырып алғаным—құдығым,

Суы тамшылағаным—қауғам,
Осылып жатқаным—астауым,
Одыраңдағаным—жылқым,
Керілгенім—желім,

Кекеңдегенім—құлыным,—депті.
Төле би:

—Көкке тіреу не болады,

Көлге піспек не болады.
Терісін теспей, етін жеген не болады,
Жілігін шақпай, майын сорған не болады?
Ескелді:

—Көкке тіреу күн болады,

Көлге піспек жел болады.
Терісін теспей етін жеген—қаңтар болады,
Жілігін шақпай, майын жеген екі ағайынды болады.
Жұмбақ айтыстар

жұмбақтар
2222.
Баяғы заманда бір сұлу қызды алам деп жігіт келсе, қыз:

—Мен жұмбақ айтам, соны тапқан жігітке тием,—депті.

—Жақсы, айтыңыз жұмбағыңызды,—дейді сонда жігіт.

Қыз жұмбақ айтады:
Балқан тау да балқан тау,
Басына шыққан кім екен?
Жолда тұрған жоңышқа,

Ат семірткен кім екен?
Жез бұйдалы нар тайлақ,
Оны көрген бар ма екен?
Желдеп кеткен жеті атан,

Оны көрген бар ма екен?
Қайта шөккен қарт бура,
Оны көрген бар ма екен?
Егіз қозы сүйексіз,

Оны көрген бар ма екен?
Айдалада желі арқан,
Оны көрген бар ма екен?
Жай, жай кілем, жай кілем,

Оны көрген бар ма екен?
Түр, түр кілем, түр кілем,
Оны көрген бар ма екен?

—Жұмбағыңыз онша қиын емес екен,—деп жігіт шешуін

айтады:
Балқан тау да балқан тау,
Басына шыққан—базаршы.
Жолда тұрған жоңышқа,

Ат семірткен—жолаушы.
Жез бұйдалы нар тайлақ,
Бикешіңіз болмаса,
Желдеп кеткен жеті атан,

Жеті ағаңыз болмаса.
Қайта шөккен қарт бура,
Қайын атаңыз болмаса.
Егіз қозы сүйексіз,

жұмбақ  айтыстар
Екі емшегің болмаса.
Айдалада желі арқан,
Түлкі бақыр болмаса.

Айдалада қу қазық,
Қояныңыз болмаса.
Жай, жай кілем, жай кілем,
Жазылып жатқан жер болар.

Түр, түр кілем, түр кілем,
Түріліп жатқан күн болар.
Таптым ба, тәлім қыз, енді не амалың бар?—дейді жігіт.

—Таптың, жігітім, мен жеңілдім, енді сіз айтыңыз,—дейді.

Жігіттің жұмбағы:
Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,

Бір гауһар қойныңда тұрар жайнап.
Дарияның жағасында құрағы бар,
Жел тисе, жанып кетер оттай қаулап.
Азар білгіш болсаң да, бір сасарсың,

Тауып бер, жұмбағымның бәрін ойлап.
Қыздың шешуі:
Болғанда ақыл—дария, кеудең—дүлдүл,
Басыңда сайрап тұрған тілің бұлбұл.

Қойныңнан шыққан гауһар—екі көзің,
Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің.
Дарияның жанып кеткен құрақтары,
Адамның қатты шыққан ашуы дүр.

Бәрі де адамзаттың денесі екен,
Таптым ба жұмбағыңды енді білдір.
Жігіт:
Он екі көлді жайлар отыз үйрек,

Екі аққу бір шетінде жүрер бөлек.
Ішінде қырық сегізден ұясы бар,
Өзіңе қиын болар мұны білмек.
23-298*

жұмбақтар
Қыз:
Он екі ай, отыз, екі оразасы,
Қырық сегіз он екі айдың бар жұмасы.

Мәнісі осы сөздің болады осы.
Жігіт:
Айбаты айдаһардай арыстаным,
Өлеңге, сірә, менен қалыспадың.

Атасыз төрт нәрсені жаратыпты,
Тауып бер, мұны білсең, данышпаным!
Қыз:
Мұсаға әуел бастан аса келген,

Құрбаннан Ысмағұлды азат қылған.
Ибраһим пайғамбарға қошқар берген,
Салих пайғамбардың түйесімен,
Сүлеймен пайғамбарға жүзік берген.

Жігіт:
Бір жайын тынбай жүрер дөп-дөңгелек,
Ұясы үш жүз алыс болса керек.
Тағы да торға толған асыл шөлмек,

Мағынасы алмағайып қақтан білмек.
Аспаннан алты арыстан ақырады,
Гулетіп миуалар алты терек.
Соларды жапырағымен гүлдендіріп,

Ғаламға он сегіз мың пайда бермек.
Жанады бір сарайда сансыз фонарь,
Пендеге қисап емес санап білмек.
Айдаһар Қап тауынан ақырғанда,

Үйге құмырсқаның бәрі келмек.
Сөзімді мен сөйледім тойдым-тойдым,
Пендеге қымбат болар мұны білмек.
Тауып бер, жұмбағымды бәрін ойлап,

Шешесің сен бір жүйрік, ақылың зерек.
Қыз:
Күн мен ай тынбай жүзген аспандағы,
Ажалдан құтылмайсың қашсаң дағы.

жұмбақ  айтыстар
Есіңе түсірейін, тамаша қыл,
Сол күннің үш жүз алпыс кірер орны.
Жұмыртқа жиырма төрт сағаттары,

Күн мен түн, ақ пен қара қанаттары.
Аспаннан алты арыстан ақырғаны,
Қар жауып, қарға қайтып, қыс болғаны.
Әр нәрсе жаз болғанда мәз болғаны.

Мұң мен тірек жанның барында бары.
Аспанның жеті қат сарайлары,
Ішінде сансыз фонарь жұлдыздары.
Айдаһар Қап тауынан ақырғаны,

Маһшар күні Исрафил соғып сүрең ұрғай.
Сол кезде Исрафил соғып сүрең ұрса,
Қайтады құмырсқадай жанның бәрі.
Мәнісі үшбу сөздің бола ма осы,

Таптым ба жұмбағыңды төре кәні!
Жігіттің жұмбағы:
Он екі көлде жайылар отыз үйрек,
Екі аққу бір шетінде жүрер бөлек.

Ішінде қырық сегізден ұясы бар,
Өзіңе қиын болар мұны білмек.
Қыздың шешуі:
Он екі ай—отыз екі оразасы,

Екі аққу бір шетінде күн сәулесі,
Қырық сегіз он екі айдың жұмасы бар,
Мәнісі осы сөздің болады осы.
Жігіттің жұмбағы:

Бір қайың зинаты бар жүзі аппақ,
Аузында екі ашпалы бар бір қақпақ.
Жанында аңдып тұрған әскері көп,
Ортада құрулы тұр бір алтын тақ.

Қыздың шешуі:
Бір қайың көзіңіз ғой аппақ болған,
Терісі көзіңіздің қақпақ болған.

жұмбақтар
Кірпігім аңдып тұрған әскерің сол,
Мұрныңыз екі ортада тақыт тұрған.
Жігіттің жұмбағы:

Жаратқан ерді сұлу маңдай екен,
Жарылмақ қарағанда қандай екен.
Көсілген көмекейің ақын болсаң,
Сипаты жер мен көктің қандай екен.

Қыздың шешуі:
Жарамас білген сөзді білмен деген,
Қор болмас келешектің қамын жеген.
Аузынан ірің аққан исі сасық,

Жалмауыз қара шеке кемпір екен.
Жігіттің жұмбағы:
Бір үй бар жалғыз есік кірсе тоңбас,
Жиылып мың адам бірде толмас.

Сол үйдің ортасында жалғыз тіреу,
Тоңамын деп, сірә, ойламас.
Қыздың шешуі:
Аспанда жарқыраған күн емес пе,

Болғанда қаңқа басы бір емес пе?
Күн батқан соң қараңғы болады түн,
Сөзімде менің айтқан жалғаны жоқ,
Кітапты ашып көрсең, шын емес пе?

Жігіттің жұмбағы:
Қарағым айналайын, келдің қайдан,
Ала үйрек алма мойын ұшар сайдан.
Білмек үшін бір сөзді мен сұрайын,

Жаралып бұл дүниеге келдің қайдан?
Қыздың шешуі:
Мінгенім дайым менің қарагерім,
Шығады, айта берсем, өлеңдерім.

Кем ақыл, сен сұрасаң, мен айтайын,
Ата-бел, ана-құрсақ келген жерім.

2223.
Құдаша, айтысалық жұмбақ өлең,
Әнім бар алпыс екі жел сөзімде,
Ағаш бар неше түрлі жер жүзінде.

Келіншектің айтқаны:
Қарағай, қайың, жөке, айман ағаш,
Долана, асай-мұсай бір жар ағаш,
Тораңғы терекпенен бітер талас.

Сары ағаш, мықан, жирен ағаш,
Қалды ма бізден ағаш, тамам ағаш.
Жігіттің айтқаны:
Қайнатсаң қарағайдан, болар шайыр,

Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:
Бастаған көп түйені ақсақ майыр,
Ағаштың ұлы менен қызын айыр.
Келіншектің айтқаны:

Ауылымның қонған жері бел қарағай,
Даусындай қарашаның саңқылдатып.
Бір ауыз өлең айтшы, қарағым-ай,
Тобылғы шырша менен шекіршін ғой.

Жігіттің айтқаны:
Алдары есігімнің изен біткен,
Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:
Жұмбақ айтысқан

келіншек пен жігіт

жұмбақтар
Аралас қара матау түзге біткен,
Тобылғы не себептен түзге біткен.
Келіншектің айтқаны:

Алдары есігімнің изең біткен,
Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:
Аралас қара матау түзге біткен,
Тобылғы шекіршіннің қызы екен ғой,

Сондықтан да бұралып түзге біткен.
Жігіттің айтқаны:
Торышам шаба алмады шауып берші,
Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:

Шалғайын шапанымның қауып берші,
Алтыным жерге түскен таптырмайды,
Жиын кеші қайда екен тауып берші.
Келіншектің айтқаны:

Айтамын айт дегеннен әнім тағын,
Алтының жерге түскен таптырмаса,
Аллаға қылған ісім мәлім саған,
Шыққан ғой көкірегіңнен жаның тағын.

Жігіттің айтқаны:
Қолыңа ұстағаның көсеу болар,
Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:
Ер жігіт, ат арыса, мешеу болар,

Тобығы тоқсан аттың нешеу болар?
Келіншектің айтқаны:
Жүзігім, білезігім—ылғи күміс,
Алдында тоғыз-тоғыз байталы бар,

Ұстаға істе десем, о да жұмыс,
Үйірі тоқсан айғыр мың да бір жүз.
Жігіттің айтқаны:
Өлеңге сендей де көп, мендей де көп,

Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын.

жұмбақ  айтысқан  келіншек  пен  жігіт
Халық айтады екеумізді өлеңші деп,
Шөп-шөптің жерге біткен қайсысы көп?
Келіншектің айтқаны:

Өлеңге сендей де көп, мендей де көп,
Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:
Халық айтады екеумізді өлеңші деп.
Шөп-шөпте жерге біткен ақтақ шөп көп,

Ақтақты тауыспайды ешбір мал жеп.
Жігіттің айтқаны:
Айтамын айт дегенде апар-жапар,
Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:

Ішінде бес жүз үйрек жапылтақ бар,
Басында бір төбенің қанша шөп бар?
Келіншектің айтқаны:
Айтамын айт дегенде апар-жапар,

Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:
Ішінде бес жүз үйрек жапылтақ бар,
Басында бір төбенің мың сан шөп бар.
Жігіттің айтқаны:

Торышам шабылмайды шауып берші,
Сенен мен, ақын болсаң, сөз сұрайын:
Шалғайын шапанымның қауып берші,
Шығыпты жылқы қайдан соны білші.

Келіншектің айтқаны:
Базардан алып келген қанша бөз бар,
Бейақыл, сен білмесең, мен айтайын:
Қолында ноғайлардың ылға кез бар,

Шығыпты жылқы желден деген сөз бар.

ЖҰМБАҚ ТІЛДЕСУ

2224.
Жәнібек ханның заманында бір адам: «Осы Жиреншені
әркім мақтайды. Жиренше сөзге жеңілмей, сұраған жауапқа
тоқтаусыз дәлел береді дейді. Осы айтқан адам қандай екен, мен

барып бір жауап сұрайын»,—деп, қанша білгір де болса, бұған
жауап тауып бере алмас деп, Жиреншеге келіп: «Сен, Жирен­
ше, білгір болсаң, тесік тау қайда?—деп айтады. Жиренше:
«Тесік тау мынау тұрған қызыл төбешіктің астында»,—деп жа­

уап беріпті. Ол: «Қызыл төбешік мұнан алыс па?»—депті. Жи­
ренше айтыпты: «Жоқ, мұнан алыс емес, тиіп тұр, жүр екеуміз
үйге барайық»—дейді.
Үйге кірген соң, Жиренше әйеліне: «Мына кісіге сусын

бер»,—депті. Әйелі аяққа ас құйып, Жиреншеге беріп, сонан
соң әлгі қонаққа береді. Сонда Жиренше қолына берген ай­
ранын ұстап тұрып: «Бес тұлпарға мінеді. Қызыл төбешіктің
астындағы тесік таудан өтеді»,—деген екен.

Сонан әлгі кісі: «Мұның тесік дегені тамақ екен ғой. Бес
тұлпар дегені бес саусақ екен ғой. Қызыл төбешік дегені қызыл
тіл екен ғой,—қой, мұны мен жеңе алмаспын!»—деп қайтып
жүре беріпті.

2225.
Мамыр айының мамыражай күнінің бірі болса керек, ауыл
жанындағы көктөбенің басына шығып, бірі әңгіме айтып,
екінші тобы тоғызқұмалақ ойнап отырған жігіттер алыстан

жортып келе жатқан екі аттыға көзі түседі.
Қара сөз жұмбақтар

қара  сөз  жұмбақтар
Жол жаңағы төбені айналып өтеді. Екеудің бірі қарамұртты
жігіт, қасындағы серігі үкілеп тақия киген қыз бала. Екеуінің
аты да жорға, төктіріп келеді. Олар жақындаған сайын екеуінің

түр-түсіне, киім киісіне, жарасымды жүріс-тұрысына, мінген
атына таңданып, ауыл азаматтары аңырап тұрып қалады.
Қарамұртты жігіт он қолын кеудесіне апарып, сәлем бере өтеді.
Сонда жігіттердің бірі:

—Ту, мына жігіттің атының жорғасын-ай, қыздан алған

жолдасын-ай?—дейді.
Сол кезде қыз атының басын тартып тұрып:

—Ей, жігіт! Біліп сөйле, сен жігіт! Бұл жігіттің шешесі—

менің шешемнің қайын енесі, мен бұл жігіттің жан денесі, сон­
да болдым неменесі? Шу, жануар,—деп атын бастырмалата
жөнеледі.
Сонда ауыл жігіттері сөз мәнісін бірден түсінбей, «шынында

неменесі болды»,—деп бір-біріне қарапты.
Мұны байқаған ауыл ақсақалдарының бірі:

—Жігіттің жан денесі болса, қызы болды емес пе?—деген

екен. 2226.  Жә, тай қайда кетер дейсің!

Екі әке, екі шеше және немере іні кездесіп қалды.Әйелдің
бірі:

—Жиенім ер жетіп қалыпты ғой,—деп күлді.

Әкенің бірі оған:

—Балдызым, жиеніңнің ер жетіп қалғаны рас, атаған

тайыңды қашан бересің?—деді.

—Жә, тай қайда кетер дейсің? Кездескен адамдар қандай

туыстықта? Барлығы қанша туыс, үпіптесі қайсы?
Шешуі:  Апалы-сіңлілер ағайындыларға тұрмысқа шыққан
және олардың бір баласы болғаны. Сонда барлығы 5 жан.

2227.  Байламды сөз

Бір кісі екеуді кездестіріп:

—Па шіркін, ерлі-зайыптылардың жүрісін-ай!—деді.

Әйел жынысты адам:

жұмбақтар

—Біз ерлі-зайыпты емеспіз. Мына ер адамның шешесі—

менің шешімнің келіні. Аржағын өзің талда.

—Кездескен екеу қандай туыстық қатынаста болады?

Шешуі:  Бөлелер: ұл мен қыздың балалары. 2228.  Әкеңе сәлем

Жолай кезіккен бір балаға ақ сақалды шал сәлемдесіп тұрып
былай депті:

—Ассалаумағалейкум, жан ұғлан,

Сенімен мен бір туған,
Әкеңе айта бар,

—Шешеңнің шешесінің күйеуімін келіп тұрған.

Сонда бұлардың бір-біріне қандай жақындығы бар?
Шешуі:  шал—нағашы атасы, бала—жиені.

2229.  Қарасақал Ерімбеттің жұмбағы

Қарасақал Ерімбеттің көзі кешкілік буы бұрқырап жатқан
боз жерге түседі.

—Па, шіркін, бір сиырдың терісін тіліп жіберіп, мына бір

буы бұрқырап жатқан жерді өлшеп, егін ексе ғой. Халық қарық
болып қалар еді,—деген екен ойға қалған күйі.
Артынша Ерімбет жұрт жиналған жерге келеді. Көп одан
тың әңгіме, не жұмбақ айтуын қолқалап қоймады.

Сонда Ерекең ойланбастан:

—Сататын сиырым бар өзі семіз,

Үш айда бұзаулайды туып егіз.
Алыңдар сиырымды пұлдан қашпай,
Ат жүзер айранына болып теңіз.
Күйлесе, сиырыма шақ келмейді,

Төрт бұқа, қоссаң дағы атан өгіз,—деп жантая
кетеді.
Тосыннан қиыстырылған жұмбақты шеше алмай, халық
дағдарып қалады. Ақырында жұмбақтың шешуін түсіндіру

Ерімбетке қымбатқа түседі. Ел ықыласын бұзғысы келме­

қара  сөз  жұмбақтар
ген ол бір сиырын сойып, наурыз тойына таратады. Сиырдың
терісінен таспа тіліп, әлгі буы бұрқыраған жерді өлшеп егін
егеді. Төрт бірдей құрдасы, жеделдес ағасы теңіздей жайқалған

егінді күтіп, баптауға ат жинап, төрт құрдасы, жеделдес ағасы
қырманға түседі. Алынған астықты күздей-қыстай армансыз
ішіп-жеп халық тойынады. Ерімбет жиын үстінде кездейсоқ
құрастырылған жұмбағының шешуін осылайша ел алдына паш

еткен көрінеді.
Сататын сиырым бар дегені—ақылымды алыңдар, сиырдың
терісінен таспа тіліп, құнарлы жерді өлшеп, егін ек дегені бола­
тын. Төрт бұқа, атан өгіз дегені—төрт құрдас, жеделдес ағасын

нұсқағаны еді, сонда жұмбақтың шешуі егін болып шығады. 2230.  Жұмбақ есептер

Бір тоқтым бар. Егіз де таппайды, еркек те таппайды, таппай
да қалмайды. Сол тоқтыдан тараған тұқымдарының да қасиеті
сондай. Әлгі бір тоқтым он жылда нешеу болады?
Шешуі:  Егіз

таппайды
дегені—өлім-жітімін
шығарып
тастағаны. Еркек таппайды дегені—сойылмайтындарын есеп­

тен шығарғаны. Соның өзінде бір ғана тоқты он жылда 1024 бас
болмақ. Екі отар қой.

2231.  Әже мен немеренің жасы

—Әже, немереңіздің жасы нешеге толды?

—Оған, айналайын, менің жасым қаншада болса, сонша ай

толды.

—Өзіңіз қанша жасқа келдіңіз?

Немерем екеуіміздің жасымызды қосқанда 65 болады. Енде­
ше, немерем мен менің жасымның нешеде екенін өзің есептеп
шығара ғой, қалқам.
Сонда немересінің және әжесінің жасы нешеде болды екен?

Шешуі:  Әжесі 60 жаста, немересі 5 жаста. 2232.  Әкесі қанша жаста?

Жолдасы Болаттан әкесі қанша жасқа келгенін сұрады.

—Мен әкемнен үш есе кішімін, ал қарындасым Мариядан

үш есе үлкенмін,—деді Болат.
Сол кезде Мария келді де:

—Әкем екеуіміздің жасымызды қосқанда 50 болады, әкем

солай деген,—дейді.
Сонда Болаттың әкесінің жасы нешеде болғаны?
Шешуі:  45 жаста.
Жұмбақ жауап

жұмбақ  жауап 2233.  Өзім де құр қалмадым

Жексенбі күні еді, немерелерім келді. Аймалап сүйіп, асыр
салып ойнап, тыраңдап қалды. Мен де мәзбін. Ақ сандықты
ашып, ішінен бір табақ алманы әкеп, немерелерімнің алдына
қойып едім:

—Ата,

өзіңіз
бөліп
бермесеңіз,
мына

Мұрат
талас
шығарады,—деп, ең кішілерін шаға бастайды.

—Жарайды,—деп алманы оларға екіден бөле бастап едім,

біреуіне жетпей қалды. Бір-бірден беріп едім, бір алма артылып
қалды. Әлгі тентек сіздің сыбағаңыз деп артылып қалған бір ал­
маны аузына тығып жатыр.

—Сонда,—деймін-ау,—менің үйіме келген немерелерім не­

шеу, менің табаққа салып әкелген алмаларым нешеу болған?
Шешуі:  3 бала, 4 алма.

2234.  Жүз жылқы—жүз сом

Ертеде бір ханның ақылды бір уәзірі болыпты. Хан сол
уәзірін сынамақ болып, бір күні алдына шақырып алыпты да,
былай депті:

—Мен сенің қолыңа 100 сом ақша беріп базарға жұмсаймын,

сол ақшаға 100 жылқы сатып әкелесің. Базарда 1 айғыр—1 сом,
1  бие—7 сом, 1 құлын—50 тиын.
Уәзір шарт бойынша осылардан 100 жылқы әкеледі. Сонда
қанша айғыр, қанша бие, қанша құлын әкеледі?

Шешуі:  9 айғыр, 7 бие, 84 құлын. 2235.  Неше алма?

Ертеде бір хан болыпты. Оның жалғыз сұлу қызы болып­
ты. Бір күндерде қыз қатты ауырыпты. Хан қол астындағы
бақсы, балгер, тәуіптерді жинап, қызын емдетіпті. Бірақ ем
қонбапты.

Бір күні бір білгір емші келіп қызды көріп: «Бұл қыздың ау­
руына ем болатын жалғыз нәрсе—Барсакелмес деген жердегі
бақтың алмасы. Ол бақты мыстан кемпір күзетеді. Сыртын­

жұмбақтар
да үш қорғаны, оның үш дарбазасы бар. Әр дарбазасында
күзет тұрады. Сол бақтың алмасын жесе, қызыңыз жазылып
кетеді»,—дейді.

Талайлар талпынғанымен, ешқайсысы алманы қызға әкеліп
бере алмайды.
Бір күні бір жетім бала: «Не де болса бағымды сынайын,
қазам жетсе, өлермін, болмаса тауып әкелермін»,—деп жолға

шығады.
Әлгі бала бір кездері баққа да жетіпті. Ол дарбазалардағы
қарауылдармен келісіп, кемпірге сездірмей ішке кіреді.
Бірақ қарауылдар: «Алған алмаңның тең жартысын, өзіңде

қалғанынан және бір алма қосып беріп кетесің»,—дейді.
Бала келіседі. Сөйтіп, бірінші қарауылға бақтан жинаған
алманың жартысын және бір алма артық береді, екінші және
үшінші қарауылға да соны істейді. Соңында балада бір алма

қалады. Ол алманы қызға әкеп береді. Қыз шипалы алма же­
ген соң ауруынан айығып кетеді. Кәне, ойланып көрелік:
бала бақтан неше алма алды және әр қарауылға неше алмадан
берді?

Шешуі:  бала барлығы 22 алма алып шыққан, бірінші
қарауылға 12, екінші қарауылға 6, үшінші қарауылға 3 алма
берген, сонда қалғаны—1 алма.

2236.  Торғай мен бұтақ

Бір топ торғай бір топ шидің басына қонды,
Бір-бірден шиге қонса, торғай артылады,
Екіден қонса, шидің бірі артылады,
Торғай нешеу, ши нешеу?

Шешуі:  торғай—4, бұтақ—3. 2237.  Төрт жиырма

Баласы әкесіне:

—Маған жұмбақ үйретші,—дейді.

Сонда әкесі:

жұмбақ  жауап

—Сенің жасыңды үш есе көбейтсе, менің жасымдай болады.

Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады.
Сол 20-ға тағы 20 қосып, сонан шыққанын сенің жасыңа қосса,
сен менен 20 жас үлкен болып шығасың. Енді тапшы: мен
нешедемін, өзің нешедесің?

Шешуі:  баласы—10-да, әкесі—30-да. 2238.  Мысықтар

Алты қанат киіз үйге екі мысық келіп кірді де, бірінші
керегенің түбіне екеуі балалап, әрқайсысы алты баладан әкелді.
Олардың бәрі де мысық болып өсті де, екінші керегенің түбіне
барып балалады да, тағы да алты-алтыдан балалады, т.с.с. Осы­

лайша, әр керегенің түбіне барып балалап шықты. Сонда киіз
үйден неше мысық өсіп шығады?
Шешуі:  111972 мысық өсіп шығады екен.

2239.  Үш әділ

Үш ағайынды бала жұмыртқа іздеп көл басына келеді. Көп
жұмыртқа тауып алады. Күн шаңқай түс еді. Балалар қамыстан
күрке тігіп, ішіне шөптен төсеніш салып, дамылдап дем алуға
кірісті. Бір шәугімге толтырып жұмыртқа салды да, жер

ошақтағы шоққа қойып, өздері ұйықтап қалады. Әлден уақытта
үлкені оянса, от сөніп қалыпты. Жұмыртқа пісіп тұр екен.
Шәугімнен жұмыртқаны түсіріп алып санап еді, үшеуіне тең
бөлуге болады екен. Ол жұмыртқаны бірдей қылып үшке бөлді

де, бір есесін өзі жеді. Қалған екі інісінің сыбағасын шәугімге
қайта салып, өзі тағы ұйқыға кірісті. Аздан соң ортаншысы оя­
нады. Пісіп, суып тұрған жұмыртқаны ол да бірдей қылып үшке
бөлді. Бір есесін өзі жеп, қалғанын екі бауырының сыбағасына

арнап, шәугімге салды да ол да ұйықтап қалды. Ең соңында
кенжесі оянып: Е, бұлар да шаршаған ғой, бұлардың да қарны
ашқан шығар»,—деп ойлаған Тазабек қалған жұмыртқаны
тағы үшке бөліп, бір үлесін өзі жеп, қалған 8 жұмыртқаны екі

ағасына алып қойды.

жұмбақтар
Осы кезде үлкені оянады да, жұмыртқаны жеп отырған
кенжесін
көріп,

ортаншысының
сыбағасын
қалдырған,
қалдырмағанын сұрайды.

—Неге қалдырмаймын. Екеуіңнің де сыбағаңды алып

қойдым. Міне, жесең деп, қалған жұмыртқаға қарай ұмтыла
бергенде, үлкені:

—Жоқ, мен өз сыбағамды жеп алғанмын,—дейді.

Екі туысының дауысымен оянған ортаншыға қалған
жұмыртқаны ұсынады.

—Жоқ, мен өз сыбағамды жеп алғанмын. Бұл сыбаға

екеуіңдікі ғой,—дейді ортаншысы.
Сонымен ағайынды үш әділ жігіт болған жайды анықтады
да, 8 жұмыртқаның кімдердің сыбағасы екенін анықтады.
Сонда 8 жұмыртқадан кімге қандай үлес тиді?

Шешуі:  Барлығы—27. Кейінгі жұмыртқаның үшеуі ортан­
шысына, бесеуі кенжеге тиеді. Үлкені өз сыбағасын бәрінен
бұрын жеп алған еді. (9)

2240.  Мұра

Бір адам үш баласына 17 жылқы мұра қалдырып, дүние
салған. Тұңғышына жартысын, ортаншысына үштен бірін,
кенжесіне тоғыздан бірін өсиет еткен. Бұлар үлестерін бөлісе ал­
май, дағдарып отырғанда бір арық атты жолаушы кездеседі. Жо­

лаушы өз атын әлгі жылқыға қосып жіберіп: «Енді үлестеріңді
ала беріңдер»,—дейді. Он сегіз жылқыдан тұңғыш баласы
тоғыз, ортаншысы алты, кенжесі алты жылқы алып бітіседі.
Жолушының арық аты қайда қалады!

Шешуі:  өсиеттің шарты дәл емес. Дұрысы он жетіден—9, он
жетіден—6, он жетіден—2 үлес болуы керек.

2241.  Жүз қаз

Көктем. Жасыл жазираны жайлап отырған ауыл үстінен
терістікке қарай үшбұрыш тәрізденіп бір топ қаз қаңқылдап
ұшып өтеді. Ауыл алдындағы көл жағасына жете бергенде
қаздардың бірі қанаты қайырылып, жерге қаңғалақтап құлап

жұмбақ  жауап түседі. Басқа қаздар кездейсоқ жазымға ұшыраған қанаттасына қайырылмай кете береді. Өз тобынан қалып қойған қаз қайта ұша алмайды. Келесі күні оның үстінен үшбұрыштанып көп қаз баяу ұшып өтеді. Жаны жабырқау жалғыз қаз қанаттастарына: —Сәлемалейкум, жүз қаз,—деп сағынышпен сәлемдеседі. —Уәлейкум уассәләм, жалғыз қаз,—деп үн қатады қаздардың көсемі. —Бірақ біз, сен айтқандай, жүз емеспіз. Жүз болу үшін бізге әуелі өзіміздің санымыздай сан қос, одан сол қосқаныңның жартысын, одан кейін оның жартысын, ең соңында өзіңді қос, сонда бәріміз жүз болып шығамыз. Көл жағасында отырған жалғыз қаз әрі-бері ойланып-толғана келіп,үстінен ұшып өткен қаздардың қанша екенін біледі... Жаз өтіп, күз таянған шақта жалғыз қаз жайлаған көл үстінен оңтүстік жаққа бет алып бір тізбек қаз жіптей созылып өтеді. —Сәлем алейкум, жүз қаз,- деп көлдегі жалғыз қаз оларға ебелектеп сәлем береді. Қаздардың көсемі оның сәлемін қабылдап алысымен үн қатады: —Біз жаздай балапандап көбейдік, енді бес топ болып ұшып барамыз. Артымыздағы қаздар біздей ғана, одан кейінгісі екі есе, одан кейінгісі үш есе, ең соңғымыз төрт есе көппіз. Бәрімізге сен қосылсаң, жүз боламыз. Іркес-тіркес созыла ұшып бара жатқан қаздар тізбегінің соңынан қарап қалған жалғыз қаз олардың әр тобында қанша қаз бар екенін есептеп табады. Мұны жалғыз қаз қалай білген? Шешуі:  Есеп шартына сүйенсек, көктемде ұшып өткен қаздар саны қырықтан кем, отыз үштен артық әрі екіге екі рет. (Төртке) бөлінетін сан. Отыз бен қырық арасында ондай сан—отыз алты. Есептің екінші сұрағына жауап беру үшін күзде ұшып өткен бірінші топтағы қаз санын «бір есе» деп алған ыңғайлы. Көктемде—отыз алты қаз, күзде—бірінші және екінші топтың әрбірінде тоғыз қаздан, үшінші топта он сегіз қаз, төртінші топта жиырма жеті қаз, бесінші топта отыз алты қаз болған. 24-298*

жұмбақтар 2242.  Тоғызтораудағы кездесу Талас өзенінің төменгі бойындағы көк майса жерге тұстұстан тоғыз жол келіп түйіседі. Сондықтан тоғыз жолдың то­ рабы Тоғызторау деп аталады. Әйтеуір бір жылы сондағы құдық басына тоғыз аңшы келіп, бірімен-бірі түгел қол берісіп аманда­ сып шығады. —Бәріміз қанша рет қол алыстық?—дейді сонда жолаушылардың бірі. —Кім білсін, ал мен өзім сегіз адаммен амандастым,—дейді екінші жолаушы. Тоғыз жолаушы біріне-бірі қанша рет қол берісті? Шешуі:  Егер тоғыз адамның әрқайсысы өзінен басқа сегіз адаммен қол алысып шығады десек, онда барлық қол алысу­ лар саны жетпіс екіге тең болар еді. Бұлай есептегенде тоғыз адамның әрқайсысы бір-бірімен екі реттен қол алысқан болып шығады. Сонда бір реттен қол алысу саны отыз алтыға тең. Яғни бірінші адам—өзінен басқа сегіз адаммен, екінші адам—қалған жетеуімен, үшінші адам—алты адаммен, төртінші—бес адам­ мен, жетінші—екі адаммен, сегізінші адам ең соңғы бір адам­ мен қол алысады. Барлық қол алысулар саны—отыз алты. 2243.  Сабантойда Шу бойындағы бір ауылда жазғы жиын терімнен кейін үлкен сабантой болады. Қырманның көл-көсір сабан-топанын қоршап отырған ауыл адамдары өз ортасынан сегіз палуанын шығарып, олардың белдесуін тамашалайды. Сегіз жігіт бірімен-бірі түгел күресіп шығады. Тамашаға қызған ел-жұрт оларды екінші рет күресіп шығуға шақырады. Жігіттер бірімен-бірі түгел күресіп, қауым халықты тағы риза етеді. Бірін-бірі жығып, денесі әбден қызып тұрған жігіттерге енді үшінші рет белдесіңдер деген ұсыныс айтылады. «Ер кезегі үшке дейін» деп, жігіттер күреске қайта шығады.

жұмбақ  жауап
Палуандар күресі аяқталғанда көпшілік ішінен біреу: «Сегіз
жігіт бірімен-бірі барлығы неше рет белдесті екен?»—деген са­
уал қояды.

—Әуелгі бір дүркін күресте біздің жігітіміз жетеуімен

күресті, ал одан соң...

—Екінші дүркін күресте біздің палуанымыз...

—Осылайша санауды қойыңдар,—деп қария қол көтереді.

—Сегіз жігіт үш дүркін айқаста барлығы неше рет белдесті,

соны айтсаңдаршы?!
Шешуі:  Жоғарыдағы есептегідей пайымдау жасалады.
Сегіз жігіт бір дүркін күресте—барлығы жиырма сегіз рет,
үш дүркінгі күресте сексен төрт белдесті.

2244.  Құтты қазықтар

Бір қарияның ержеткен үш ұлы болыпты. Қартайған
шағында малын балаларына еншіге бөліп бергісі келген шал
он екі жерге қаз-қатар қазық қағады да, бірінші қазыққа—бір
қой, екіншісіне—екі қой, үшіншісіне—үш қой, осы ретпен ең

соңғы он екінші қазыққа он екі қой байлайды.

—Ал, балаларым, мына қазықтардың бәрі құтты. Осында

байланған қойларды үшеуің тең бөліп алыңдар,—дейді ол ба­
лаларына.

—Қазықтардағы қойлар саны бірдей емес қой. Сонда қалай

тең бөліп аламыз?—деп қалады үлкен ұл.

—Әрқайсысың төрт қазықтағы қойды ағытып алсаңдар,

еншілерің тепе-тең болады,—дейді қария.
Үш бала қазықтардың ұзына бойына көз жіберіп тұрып, біраз
ойланып қалады. Ақырында балалардың ең кенжесі малды ара­
лап келіп, үшінші, алтыншы, жетінші және оныншы қазықта

байлаулы тұрған қойларды ағытып, бөлек айдап шығады.

—Кенжетайыма жиырма алты қой тиді, енді сен екеуің

еншілеріңді бөліп алыңдар,—дейді шал өзге екі ұлына.
«Қайсымыз қай-қай қазықтардағы қойларды шешіп алсақ
екен?»—деп екі жігіт ойланып қалады. Бұл екеуі қалған сегіз
қазықтағы қойларды қалай бөліп алуы мүмкін?

Шешуі:  Есеп шешуінің үш түрлі жолын көрсетейік.

жұмбақтар
Бірінші тәсілі:  Екі жігіттің біреуі—бірінші, бесінші,
сегізінші, он екініші қазықтарда, ал екіншісі—екінші,
төртінші, тоғызыншы, он бірінші қазықтарда байлаулы тұрған

қойларды шешіп алса, әрқайсысы есеп шартындағыдай төрт
қазықтан барлығы жиырма алты қой ағытып алған болады.
Екінші тәсілі:  Жігіттердің бірі—бірінші, екінші, он бірінші,
он екінші қазықтардағы, ал екіншісі—төртінші, бесінші,

сегізінші, тоғызыншы қазықтарда байланған қойларды алуы
мүмкін.
Үшінші тәсіл:  Бір жігіт—бірінші, төртінші, тоғызыншы, он
екінші қазықтардағы, ал екіншісі—екінші, бесінші, сегізінші,

он бірінші қазықтардағы қойларды шешіп алса, еншілері
түгелденеді. (Есептің басқа шешімдері де бар).

2245.  Құсбегілер аманаты

Орман-тоғайлы, өзен-көлді даланы еркін жайлаған ауылдың
төрт құсбегі аңшысы болған екен. Аң, құс аулауға келгенде
бірінен-бірі өтетін сол кісілер әртүрлі қыран құстарды мәпелеп
баптап, бәрін алғыр етіп өсіреді. Басы артығын базарға апарып

сатып, ақша да тауып жүреді.
Бір күні құсбегілер шаһардағы жәрмеңкеге жүргелі жатқан
жігітке келіп, біздің қырандарымызды тиісті бағасына сатып
кел деп өтінеді. Базаршы жігіт олардың аманатын орындауға

келісе қояды. Құсбегілер оған төрт-төрттен он алты қыран құсты
томағалап алып келеді. Жолаушы жетегіне алған түйенің төрт
қырлы ашамайына бәрін қатар-қатар қондырып қояды.
Ұзақ жолға шыққан жігіт бірер аптадан кейін ауылға олжа­

лы болып оралады. Қыран құстарды түгелдей сатып келгенін
айтқан кезде құсбегілер мәз-мейрам болып, қуанып қалады.

—Балам, қырандардың қайсысы қанша теңгеге өтті?—деп

сұрайды ең үлкен құсбегі.

—Тұрымтай—бір теңгеге, жағалтай—екі, лашын—үш,

бидайық—төрт, күйкентай—бес, пәрім—алты, ителгі—жеті,
сұңқар—сегіз, қырғи—тоғыз, шәулі—он, қаршыға—он бір,
тұйғын—он екі, шөгел—он үш, қараша—он төрт, ал байқасқа
он алты теңгеге сатылды.

—34 теңге болыпты ғой менің қырандарым,—депті тұрымтай

мен байқасқаның иесі.

жұмбақ  жауап

—Біздікі де 34 теңгеден болыпты,—дейді сонда лашын мен

бидайықтың иесі және күйкентай мен пәрімді сатқызған кісі
қатарынан жарыса. Ителгі мен сұңқардың иесі де өзіне тиесілі
отыз төрт теңгесін санап алыпты.
Төрт құсбегінің қайсысы қандай құстарды сатқызған?

Шешуі:  Есеп шартынан әр құсбегінің екі қыран құсы белгілі,
қалған екі құсын табу керек. Тұрымтай мен байқасқа бірігіп,
он жеті сом шығарған, ендеше, оның қалған екі қыраны да он
жеті сом шығаруы керек. Ал оны алты қыранның ішінде екі-

екіден қосып алғанда он жеті сом шығаратынын қырандар мы­
налар: жағалтай мен ақиық. (Екеуінің құны он жеті сом), дәл
осы сияқты лашын мен қараша, бидайық пен шөгел, күйкентай
мен тұйғын, пәрім мен қаршыға, ителгі мен шәулі, сұңқар мен

қырғи. Бірақ есеп шарты бойынша, лашын мен бидайық—екінші
құсбегінікі. (Біз «бірінші», «екінші», «үшінші», «төртінші» деп
шартты түрде алып отырмыз), күйкентай мен пәрім—үшінші
құсбегінікі, ителгі мен сұңқар—төртінші құсбегінікі. Бұдан

бірінші құсбегінің бізге белгісіз болып отырған қырандары
жағалтай мен ақиық екенін көреміз. Осылайша, талдай келіп,
басқа құсбегілердің де сатқызған қырандарын біле аламыз.
Бірінші

құсбегінің
сатқызғаны:
тұрымтай,
байқасқа,

жағалтай, ақиық; екіншінікі: лашын, қараша, бидайық, шөгел;
үшіншінікі: күйкентай, тұйғын, пәрім, қаршыға; төртінші
құсбегінің құстары: ителгі, шәулі, сұңқар, қырғи.

2246.  Тоғыз қап тары

Ертеректе өткен Жартыбай есімді кісі тары егіп, өзінен
артылғанын сатып отырады екен. Жексенбі күні Жартыкең
базарға бір арба тары әкеледі. Ел-жұрттың алуына қолайлы бол­
сын деп, тарыны бірінен-бірі бір пұт артық сыятын тоғыз қапқа

бөліп салады. Қаптың ең кішісі екі пұттық болады.
Осы кезде сатушыға үш адам ентелеп келіп, бұрын келгені:
«Бәрін мен алайын»,—деп, алға қарай ұмсына түседі. Мұны
көрген екінші адам: «Тарының жартысы маған қалсын»,—

деп қалады. Үшінші адам: «Қаншадан келсе де, теңдей бөліп
алайық»,—деген өтініш білдіреді.

жұмбақтар

—Тары үшеуіңе теңдей бөлінеді,—дейді Жартыбай турасы­

на көшіп.

—Тоғыз қап-қапшықтағы астығыңыз төрт түрлі салмақта

екен, қай-қайсысын алғаным жөн?—дейді әуелгі келген адам.

—Он пұттық пен сегіз пұттық алсам, жетпей ме?

—Жоқ, олай алсаң, қалған жеті қап екі адамға тең бөлінбей

қалады,—дейді екінші адам шыр-пыры шығып.

—Онда үшеуімізге өзіңіз барлық қаптарды тең бөліп

беріңіз,—деп өтінеді үшінші алымсақ.
Тұқым алушылардың есепке шорқақтығына іштей күліп
тұрып, Жартыбай әрқайсысына үш қаптың аузын ұстатыпты.
Жартыбай үш адамға тоғыз қапты қалай бөліп беруі мүмкін?

Шешуі:  Есеп шарты бойынша тоғыз қапта барлығы елу пұт
тары бар. Мұны үш адамға тең бөлгенде әрбіріне он сегіз пұт та­
рыдан келеді. (үш қаптан) Есептің жауабы бірнешеу.

1. Бірінші адамға—екі, алты, он пұттық; екіншіге—үш,

жеті, сегіз пұттық; үшіншіге—төрт, бес, тоғыз пұттық қаптар
тиюі мүмкін;

2. Бірінші адамға—үш, бес, он пұттық; екіншісіне—екі,

жеті, тоғыз пұттық; ал үшінші адамға—төрт, алты, сегіз пұттық
қаптар;

3. Бірінші адамға—екі, жеті, тоғыз пұттық; екіншіге—үш,

бес, он пұттық; үшіншіге—төрт, алты, сегіз пұттық қаптар тиюі
мүмкін. (Есептің басқа да шешімдері бар)

2247.  Бау-бау шөп

Ағаш уықты, киіз туырлықты ауыл үйінің бас-аяғы он жеті
малы—жылқысы, сиыры, қойы болыпты. Үйдің ер-азамат бо­
лып қалған баласы дамыл таппай жүріп, қыстау басына мая-мая
шөп жинап алады. Қыс түсіп, мал қолға қараған кезде ол анасы­

нан әр түлікке қанша баудан шөп салайын,—деп сұрайды.

—Күн сайын әр жылқының алдына—алты, әр сиырға—төрт,

қой басына екі баудан салсаң, мал қыста қысыла қоймайды, ба­
лам.

—Жарайды, апа,—деп, бала малдарға шешесінің айт­қа­

нындай етіп бау-бау шөпті салып келеді.

жұмбақ  жауап

—Барлық малға қанша бау шөп салдың, балам?—дейді

шеше ұлына.

—Бәріне қырық сегіз бау шөп кетті,—дейді баласы,—

Барлық жылқыға қанша бау салсам, барлық сиырға да сон­
ша бау салдым, апа. Ал жылқы мен сиырды қоса есептегенде
барлығына кеткен бау саны барлық қойға салынған бау саны­
мен бірдей болды.

—Дұрыс болған екен, балам,—дейді шешесі сонда,—Енді

шөпті малдарға күнде осылай салып тұрғайсың.
Бұл үйдің неше жылқысы, неше сиыры, неше қойы болған?
Шешуі:  Барлық жылқыға салынған бау санын шартты
түрде «бір есе» деп алсақ, барлық сиырға да сонша бау. (бір

есе), барлық қойға—жылқы мен сиырды қоса алғанда кеткен
бау санындай. (екі есе) шөп кетеді. Яғни барлық малға «төрт
есе» шөп салынады—бұл қырық сегіз бау. Ендеше, «бір есе»
дегеніміз—он екі бау. Олай болса, барлық жылқыға он екі бау.

(бір есе), сиырларға да осынша (он екі бау), барлық қойға жи­
ырма төрт бау. (екі есе) шөп кеткен. Енді есеп шартын ескерсек.
(жылқы басына алты бау, әр сиырға төрт бау, әр қойға екі бау
шөп салынған), есептің жауабы шығады.

Екі жылқы, үш сиыр, он екі қой. 2248.  Ешкілі жігіт

Ертеде бір жарлы жігіт жылдар бойы жалданып жүріп, ірілі-
ұсақты біраз ешкі жинап алады. Бұлардың үлкен ешкілерінен
тушалары екі есе көп болады.
Жігіт қыс бойы осы ешкілерін көзінің қарашығындай

сақтап аман-есен бағып шығады. Көктемде шыбыштары—
жалқы, тушалары—егізден, ал үлкен ешкілері үшемнен лақ
табады. Сөйтіп, енді жарлы жігіттің барлық ешкілерінің саны
лақтарымен қосқанда 64-ке жетеді.

Бұл үйде ең алғашында қанша шыбыш, қанша туша, қанша
ешкі болған?
Шешуі:  Егер үлкен ешкінің санын «бір есе» деп алсақ, онда
есеп шарты бойынша, тушалар саны екі есе, шыбыштар саны үш

есе, үлкен ешкінің лақтарының саны үш есе. (үшемнен тапқан),

жұмбақтар
тушалардың лақтарының саны төрт есе. (егізден тапқан), ал шы­
быш лақтарының саны үш есе. (жалқы тапқан) болады. Сөйтіп,
лақтарымен қоса алғанда барлық ешкі саны «он алты есе»—ал

бұл алпыс төртке тең. Ендеше, «бір есе» дегеніміз—төртке тең.
Бұдан әрі есептің жауабын табу қиын емес.
Үлкен ешкі саны—төртеу, олардың лақтарының саны—
он екі, тушалар саны—сегіз, олардың лақтары—он алты,

шыбыштар—он екі, олардың лақтарының саны да он екі. 2249.  Жылқыға жем беру

Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп
жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге—үш
қадақ, құнандарына—екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан
жем береді.

Мал үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жегжатына
әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.
«Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?»—деп,
қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшіпті.

Шешуі:  Бие саны екеуден кем. Өйткені екі бие бар десек,
оған алты қадақ жем керек болады да, қалған төрт қадақ жем
төрт жылқыға. (құнандар мен тайларға) жетпеген болар еді.
Ендеше бие саны—біреу. Сонда бес жылқыға жеті қадақ жем

қалады.
Құнан мен тай санын табу үшін, бие санын тапқандағыдай
пайымдаймыз. Яғни құнан саны—біреу емес, егер біреу бол­
са, онда бес жылқының төртеуі тай болады да, бір құнан және

бір тайға барлығы алты қадақ қана жем керек еді. Ал жем—
жеті қадақ. Дәл, осы сияқты, құнан саны екіден артық та емес
екеніне көз жеткіземіз. Өйткені, айталық, егер үш құнан бар
дейтін болсақ, оларға алты қадақ жем, ал қалған жылқыға (Екі

тайға) екі қадақ жем—барлығы сегіз қадақ жем қажет болады.
Бұл—жеті қадақтан артып кетеді. Осылайша пайымдап, құнан
саны төртеу де, бесеу де бола алмайтынын білеміз. Ал егер екі
құнан бар десек, онда тай саны үшеу болып шығады. Бұларға.

(Екі құнан мен тайға) кететін жем де жеті қадақ.
Бір бие, екі құнан, үш тай.

жұмбақ  жауап 2250.  Тапқыр таразышы Қаланың кішігірім Саудабай деген тапқыр таразышының төрт түрлі салмақтағы тас безбені болыпты. Олардың ең кішісі он қадақтық, екіншісі—үш, үшіншісі—тоғыз, төртінішісі жиырма жеті қадақтық екен. Сол тастармен бір қадақтан қырық қадаққа дейінгі астықты өлшеп тартып беруге әбден машықтанып алады Сәукең. Дүкенге жиі келіп жүретін біреу сатушыдан он төрт қадақ бидай өлшеп беруін өтінеді. Саудабай таразының сол жақтағы табағына жиырма жеті қадақтық тасын, оң жағына бір, үш, тоғыз қадақтық тастарын қойып, оның үстіне бидай салып, та­ разы басын теңестіреді. —Сәуке-ай, оң жақтағы табаққа тастарыңызды көп салдыңыз ғой. Тас салмайтын күніңіз бар ма?—депті бидай алушы. —Ондай да болады. Бидайды қырық түрлі салмақпен сатқанда менің безбен тастарым оң жағына он төрт рет ауыспай­ ды. —Қандай-қандай мөлшердегі астықты алғанда?—дейді би­ дай алушы таразы сырын білгісі келіп. Бірақ Сәукең оған бұл «құпияны» бірден айта қоймайды. «Есептей білсең, өзің де табасың»,—деп, өз шаруасымен шұғылда-нып кетеді. Бидай алушы өз сұрағының жауабын іздеп, ойланып қалған екен. Шешуі:  Төрт түрлі тас безбеннің салмағы: 1 қадақ, 3 қа­ дақ, 9 қадақ, 27 қадақ. Осындай төрт түрлі салмақтағы зат­ ты өлшегенде таразының екінші басына тас салу қажет бол­ майды. Сондай-ақ осы төрт түрлі тасты пайдаланып: 1+3=4, 1+9=10, 1+27=28, 3+9=12, 3+27=30, 9+27=36, 1+3+9=13, 1+3+27=31,3+9+27=39, 3+9+27=40 қадақ салмақты өлшегенде де таразының екінші басына тас салынбайды. Сонда барлығы он төрт түрлі. 1, 3, 4, 9, 10, 12, 13, 27, 28, 30, 31, 36, 39, 40 қадақтық затты өлшегенде таразының екінші жағына тас салынбайды. 2251.  Зергердің бөлісі Жазық даладағы қара жолмен үш жігіт келе жатады. Бір кезде сол үшеудің аласа бойлысы шаңдақ жол үстінен қол ба­

жұмбақтар сындай қалта тауып алады. Аузы буылған қалтаны қағып сілкіп көреді. Қалта ішіндегі салдырлаған тас болып шығады. Жігіттер зергерге келіп, жолдан тауып алған тастарды ал­ дына жайып салады. Он саусағынан өнері тамған ұста оларды түгел көріп шығып, бәрі алтынға бергісіз тоғыз түрлі асыл тас екенін айтады. «Қандай тастар екен?» деген сауалға ол асықпай жауап береді: —Меруерт—жеті тас, феруза—сегіз тас, гауһар—тоғыз тас, ақық—он тас, лағыл—он бір тас, тауыс—он екі тас, інжу— он үш тас, рупа—он төрт тас, жақұт—он бес тас, барлығы тоқсан тоғыз асыл тас. Бұлар тас түрлері бойынша үшеуіңе тең бөлінбейді. —Ондай болса әрқайсымыз үш түрлісінен отыз үш тастан алайық,—дейді ұзын бойлы жігіт. —Солай бөліп беріңіз,—дейді орта бойлысы. —Қалтаны тапқан мен едім, дегенмен солай бөлуіңізге келістім,—дейді тәпелтек жігіт. Зергер тастарды түр-түріне қарай тоғыз қалтаға бөліп салып, әр жігіттің қолына үш қалтадан ұстатады. Қайсымыз қандай түрлі тастарды алдық?—дейді сонда жігіттердің бірі. Шешуі:  Тастарды есеп шартындағыдай етіп бөлудің екі түрлі жолын көрсетейік. Бірінші тәсіл: Бірінші адамға—меруерт, лағыл, жақұт; екіншіге—феруза, тауыс, інжу; үшінші адамға—гауһар, ақық, рупа. Екінші тәсіл: Бірінші адамға—меруерт, тауыс, рупа; екіншіге—феруза, ақық, жақұт; үшінші адамға—гауһар, лағыл, інжу. (Есептің басқа да шешімдері бар) 2252.  Бес саулық Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз ал­ дына отау тігіп кеткен екен. Ақ сақалды кісі төртінші баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойластыра­ ды. Бір күні ол үш ұлының үйлеріне барып, бәрінің қойы қырық бір бас екенін біліп қайтады да, оларды шақырып

жұмбақ  жауап алып: «Әрқайсың өздеріңдегі қойларды төртке бөліп, бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріңдер»,—дейді. Үш жігіт қойларын әке айтуынша бөліп, бөлінбей қалғанын інісіне әкеліп береді. Сөйтіп, кенже жігіт бес саулыққа ие бола­ ды. —Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті,—дейді қой берген үш жігіттің бірі өзгелеріне. Бұл үшеуінің қойлары алғашында қаншадан болған? Шешуі:  Қырық бір қойдан бесеуін шегеріп тастасақ отыз алты қалады. Сонда бес саулықты болған кенже жігіттің үш ағасының әрқайсысында он екі қойдан қалады. Енді кенже інісіне осы үш жігіттің қаншасы қанша қой бергенін табайық. Мына екі жағдайдың біреуі болуы мүмкін: үш жігіттің екеуі бір қойдан—екі қой, үшінші жігіт үш қой беруі неме­ се екі жігіт екі қойдан—төрт қой, үшінші жігіт бір қой беруі мүмкін. Демек, екі жағдайда да үш жігіттің кемінде біреуі бір қой ғана береді. Ендеше, інісіне бір қой берген жігіттің бастапқы қой саны—он үш. (он екі және інісіне берген бір қой) Енді мынаған назар аударамыз. Үш жігіттің бірі. (әрине, қой саны азы) өзге екеуіне: «Екеуіңнің қойың менікінен артық еді, енді теңесті»—дейді. Яғни кенже інісіне берген қойларының саны тең және ол екеуінің де қойы үшінші жігіттікінен артық болған. Бұдан шығатын қорытынды: екі жігіт екі қойдан төрт қой, ал үшінші жігіт бір қой берген. Ендеше, кенже інісіне бір қой берген жігіттің қой саны алғашында он үш, ал қалған екі жігіттің әрқайсысында он төрттен қой болған. 2253.  Көжектер Қалың алаботалы даламен келе жатқан аңшы бала екі інге тап болады. Топыраққа түскен ізге қарап жас аңшы екеуі де қоян іні екенін бірден біледі. Еңкейіп ін аузына кезек-кезек құлақ тосады. Тым-тырыс. Әр нәрсені білуге құмар бала әуелі бірінші інге, содан соң екіншісіне құлаштап қол сұғып көреді. Оң жақтағы іннің көжектері көбірек, ал сол жақтағысыныкі азырақ екен. «Енелері білер ме екен, әлде білмес пе екен?»—деп, ол көжек сандарын өзгерткісі келеді.

жұмбақтар
«Көбін көбейтіңкіреп қояйын»,—деп, бала сол жақтағы
індегі бір көжекті оң жақтағы інге салады. Енді оң жақтағы
індегі көжектер саны сол жақтағысынан үш есе көбейіп кетеді.

«Қой, мұнымды біліп қояр, одан да екі іннің көжектерін
теңестіріп кетейін»,—деп бала оң жақтағы інге қол салады.
Бала үйіне келген соң, мұны шешесіне айтады.

—Бәрі қанша көжек?—деп сұрайды шешесі.—Әуелі әр інде

қанша көжектен жатты екен?
Шешуі:  Екі індегі көжек саны теңестірілуі үшін, оң жақтағы
іннен бір көжек сол жақтағы інге ауыстырып салынғанда оң
жақтағы төртеуі артық болады. Ал есеп шарты бойынша бұл

жағдайда. (төрт көжек артық болғанда) оң жақтағы көжек саны
сол жақтағыдан үш есе артып кетеді. Бұл шарттарды үш пен бес
сандары қанағаттандырады.
Оң жақта—бес көжек, сол жақта—үш көжек.

2254.  Тақияға тағылған тал-тал моншақ

Өнерлі қыз барқыттан тақия тігіп, оның төңірегін айналды­
ра кестелейді. Тақия дайын болған соң, оның маңдай тұсын екі
түсті моншақпен әрлеуге кіріседі. Әр екі ақ моншақтың орта­
сына бір қызыл моншақ тігеді. Моншақтарды осылайша үш-

үштен бірнеше қатар етіп тіккенде жеті қызыл моншақ арты­
лып қалады.
Өз ісіне риза болмай қалған қыз енді моншақтарды қайта
сөгіп алып, әр екі қызыл моншақтың ортасына бір ақ моншақ

қосып тігеді. Бұл жолы алдыңғыдан бір қатар артық кестеленеді
және біраз ақ моншақ артылып қалады.
Қыздың барлық моншағы, оның ішінде ағы мен қызылы
қанша?

Шешуі:  Кейінгі жолы алдыңғы жолғыдан бір қатар артық
кестелеген, демек, қызыл моншақтардың ақ моншақтардан
екеуі артық. Ал алғашқы жолы жеті моншақ артылып қалған
болатын. Мұның екеуі қызыл моншақтың ақ моншақтан артық

саны да, қалған бесеуі алғашқы кестелеу кезіндегі қатар санын
білдіреді. (екі моншақтың ортасына бір қызыл моншақ кесте­
легенде, қанша қатар болса, сонша қызыл моншақ артылып

жұмбақ  жауап
қалған) Сонымен, қыз алғашқы жолы бес қатар, кейінгі жолы
алты қатар етіп кестелеген. Бұдан моншақтар санын оңай табуға
болады.

Он екі қызыл моншақ, он ақ моншақ, барлығы—жиырма екі
моншақ.

2255.  Табақ тарту

Тәттібек деген кісі меймандос адам екен. Бір күні оның үйіне
бір топ қонақ келеді. Үй иесі оларды жылы шыраймен қабылдап,
төріне шығарады. Дастарқан жайылады. Шайдан кейін қазанға
ет салынады.

Тамақ пісіп, табақ тартылар шақта үй иесі меймандарын
көзбен шолып шығады да, сәл ойланып қалады. Ошақ басында
жүрген жұбайына келіп:

—Екеу ара бір табақ тартсақ, онда бір табақ ет жетпей

қалады, үшеу ара бір табақ қойсақ, онда бір табақ ет артылып
қалады, енді не істесек екен?—дейді.
Бұл үйдің меймандары қанша? Үйде бар табақ саны қанша?
Шешуі:  Егер әр адамға бір табақтан қойса, онда үшеу ара

бір табақ қойғандағыға қарағанда екі табақ артық керек болар
еді. Екі адамға бір табақтан тартылса, бұл екі табақ төрт адамға
тартылады. Егер үш адамға бір табақтан тартылса, осы төртеуі
әр табаққа бір адамнан бөлінген болар еді. Ендеше, үштен

отырғанда төрт табақ қажет болады. Онда екіден отырғанда
алты табақ керек.
Адам саны—он екі, табақ саны бесеу.

2256.  Асық саны

Үш бала ойыннан кейін үйлеріне қайтып келе жатады.

—Үшеуімізде де он-оннан асық бар еді ғой. Енді кімде қанша

асық қалды?—деп сұрайды бойшаңдау бала серіктерінен.

—Онша көп ұтқыза қойған жоқпын,—деп ең кіші бала екі

қалтасына қолын сұғады.—Оң қалтамдағы асықтың біреуін сол
қалтама салсам, онда екі қалтамдағы асық теңеледі. Ал егер оң
қалтамдағы асықтың бәрін сол қалтама салсам, оң қалтамдағы
асық сол қалтамдағыдан үш есе көп болады.

жұмбақтар

—Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен

тең екен,—дейді балалардың үлкені.
Ең көп ұтылған мен болдым,—дейді сонда ортаншы бала
үлкеніне,—менде қалған асық саны сенің барлық ұтып
алғаныңның жартысындай ғана екен.

Ойыннан кейін қай балада қанша асық болды?
Шешуі:  Мұнда да жоғарыдағы есептерге ұқсас талдау жа­
салады. Оң қалтадан бір асықты алып, сол қалтаға салғанда
екі қалтадағы асық саны тең болуы оң қалтадағы асықтар сол

қалтадағыдан екеуі артық дегенді білдіреді. Соңғы шарт бой­
ынша, оң қалтадағы асықтың сол қалтадағыдан төртеуі артық,
демек, оң қалтадағы асық сол қалтадағыдан үш есе артық. Егер
сол қалтадағы асықты «бір есе» десек, онда оң қалтадағы асық

үш есе, бұлардың айырмашылығы екі есе, яғни төрт асық бо­
лар еді. Сонда «бір есе» дегеніміз—екі асық. Яғни сол қалтадан
бір асықты оң қалтаға ауыстырып салғанда, сол жақ қалтада
екі асық, оң қалтада төрт асық болады. Ауыстырып салғанда,

сол жақ қалтада екі асық, оң қалтада төрт асық болады. Енді әр
қалтадағы асықты өз орнында қалды десек, есеп жауабын таба­
мыз.
Кіші баланың оң қалтасында ойыннан кейін бес асық, сол

қалтасында үш асық болған. Үлкен балада он сегіз асық, ортан­
шы балада төрт асық қалған.

2257.  Қап-қап бидай

Егіні бітік болып, қырманы қызылға толған диқан барлық
бидайын есік алдындағы тақырға түсіріп алады да, оның біразын
екі ұраға тең бөліп көмуді ойлайды.
Диқан бірінен-бірі бір пұт артық сыятын үш қап дайындайды

да, оның ең кішісін қызына, ортаншы қапты ұлына береді. Өзі
де үлкен қапты алады. Сөйтіп, үшеуі есік алдындағы тақырда
жатқан таза да құрғақ бидайды ұраға құюға кіріседі. Әке екі
ұраның бірін иемденеді де, ұлы мен қызын тап осындай ұраға

жібереді.
Өзара бәсекеге түскен үшеуі бірінен-бірі қалыспай, өз
ұрасына қапшығымен он реттен астық тасығанда екі ұра тола­
ды. Бұдан кейін әкесі ұраға сабау шаншып, бетін топырақпен

жұмбақ  жауап
жұқалап көмеді. Мұнысы астық қызып кетпеу үшін істеген
қамы еді.
Бұлардың әрқайсысының қабы неше пұттық? Қай ұраға

қанша пұт астық құйылған және әркім қанша пұт астықты та­
сып төккен?
Шешуі:  Қыз бен ұл бірігіп бір ретте қанша пұт астық тасыса,
әке жалғыз өзі бір ретте сонша пұт астық таситыны есеп шарт­

тарынан көрініп тұр. Ал әкенің қабына ұлдың қабынан бір пұт
астық сыятыны тағы белгілі. Әкенің қабындағы осы артық бір
пұт—қыздың қабына сыятын астықтың салмағына тең. Демек,
қыздың қабы бір пұттық.

Қыздың қабы бір пұттық, ұлдың қабы екі пұттық, әкенікі
үш пұттық. Он ретте әр ұраға отыз пұттан астық төгілген.
Қыздың тасып төккені—он пұт, ұлдыкі—жиырма пұт, әкенің
тасығаны—отыз пұт.

2258.  Ат пен қашыр

Ескілікті ауызша есептердің бірі мынадай болып келеді.
Ауыр жүк артылған ат пен қашыр қара жол үстінде қатар
келе жатады. Үстіне артылған жүгінің шамадан тыс ауыр екенін
айтып, ат қатты налиды:

—Сен несіне ренжіп келесің?—дейді оған қашыр.

—Егер сенің үстіңдегі бір қапты менің арқама артса, онда

менің жүгім сенікінен екі есе ауыр болып кетер еді.

—Ал егер мен сенің үстіңдегі бір қапты алсам ше?—деп

сұрайды ат.

—Онда екеуіміздікі тепе-тең шығар еді,—дейді қашыр.

Айтыңдаршы, данышпандар, ат үстінде және қашыр үстінде
қанша қаптан жүк болған?
Шешуі:  Мұнда да жоғарғы есептердегідей талдау жасала­
ды. Ат қашырдың үстіндегі бір қапты алса, олардың жүктері

теңеледі, яғни қашырдағы қап саны бұрынғысынан тағы екі
қапқа көбейген. Яғни бұл жағдайда аттыкінен қашырдың төрт
қабы артық болады. Есеп шарты бойынша аттың бір қабын
қашырға артса, қашырдың жүгі екі есе ауырлайды. Қаптардың

салмағы бірдей деп есептейміз. Сонда қашырдың үстіндегі қап

жұмбақтар
саны аттыкінен екі есе артық. Екінші жағынан дәл осы жағдайда
қашырдың аттан төрт қабы артық екенін де білеміз. Осы екі
шарт бір мезетте орындалуы үшін атта төрт қап, қашырда сегіз

қап болуы тиіс. Егер аттың қашырға ауыстырған бір қабын өзіне
қайтарып берсек, есептің жауабы табылады.
Ат үстінде бес қап, қашырда жеті қап.

2259.  Мұрап амалы

Қыстақ диқандары тары суару қамына кіріседі. Тәжірибелі
мұрап егіс іргесіндегі мол сулы арыққа алты жігітті ертіп келеді.
Бәрі кетпендерін жалаңдатып тұрған кезде, мұрап көлденең
жатқан арық пен егін жиегіне дейінгі жерді қадамдап өлшеп

оралады да, бірінші жігітке осы жердің жетіден бір бөлігін
қадамдап өлшеп береді. Екіншіге одан кейінгі жердің алтыдан
бір бөлігі тиеді. Үшінші жігітке одан соңғы жердің бестен бірі,
төртіншіге—қалғанының төрттен бірі тиеді. Төрт жігіт іске

кірісіп кеткен шақта мұрапқа бесіншісі келіп, қазатын жерін
өлшеп беруін сұрайды. Оған төртінші жігіттен кейінгі қалған
жердің үштен бірін қазуды тапсырады. Алтыншысына одан
қалған жердің екіден бірі өлшеп беріледі. Ең ақырында жетінші

болып өзіне үш қадам жер тиеді.
Арқан бойы арық қазылып біткеннен кейін жігіттер бірінен-
бірі әркім арықтың қанша жерін қазғанын сұрайды. «Мен
арықтың жетіден бір бөлігін қаздым»,—дейді әуелгісі. «Алты­

дан бірі менікі болды»,—дейді екінші жігіт. Одан кейінгілері де
қазған жерлерінің мөлшерін айтып береді.

—Ең көп қазғанымыз қайсымыз?—деп сұрайды біреуі.

—Әрқайсыңның қазған жерің дәл менікіндей болды,—дейді

сонда мұрап күліп.
Арықтың ұзындығы қанша адым болған? Оны мұрап
жігіттеріне қалай бөліп берді?
Шешуі:  Егер алғашқы алты адамның қазған жері бірімен-

бірі тең болса, онда мұраппен қосылып бәрінің қазғаны жиыр­
ма бір қадам болатыны түсінікті. Ал алғашқы алты жігіттің
қазған жері өзара тең екенін аңғару қиын емес. Айталық,
бірінші жігіт барлық жердің жетіден бір бөлігін қазды. Екінші

жігіт одан қалғанының. (яғни, барлық жердің алты бөлігінің)

жұмбақ  жауап
алтыдан бір үлесін қазған, ал бұл екінші жігіттің қазғаны да
бірінші жігіттікіндей, яғни барлық арықтың жетіден бір бөлігі
деген сөз. Осылайша, басқа жігіттердің де қазғаны бірінші

жігіттікімен тең екенін көреміз.
Арықтың ұзындығы—жиырма бір қадам. Әр жігіт үш
қадамнан қазған.

2260.  Қашаған ат

Қаратаудың теріскей етегін жайлаған жалбыр тонды кедей
жалғыз атынан айрылып қалады. Ойда-жоқта көзден ғайып
болған атын іздеп әуре-сарсаңға түседі. Ойдан қырға, жоннан
жотаға шығады. Бірақ жоғалған ат табылмайды.

Бірер апта өтеді. Таудың теріскей бетінде қоныс теуіп
отырған біреу жоғалған атты тауып алып, кездейсоқ жолыққан
адамға тоғыз сомға сатып жібереді.
Малдың жаңа иесі атты семіртеді де? Алған құнанынан екі

есе қымбатқа сатады.
Аттың бұл иесі кәнігі бапкер екен. Ол атты баптап бағып,
бәйгеге қосады. Аламан бәйгеде ат бірінші болып келеді.
Бәйгесіне өз бағасынан екі есе көп ақша беріледі.

Ат жаратып бәйге алған адамның қуанышы көпке бармай­
ды, жайлауда жүрген ат жоғалып кетеді. Мал иесі базарға ба­
рып, үш адамға жар салдырады. Әрқайсысына үш сомнан ақша
береді. Бірақ бұдан да ештеңе шықпайды.

Қолдан-қолға өтіп жүрген ат ақырында өзінің ең әуелгі
иесі—жалбыр тонды кедей үйіне қайта оралады. «Жоғалып
табылған мал—олжа» деп, ол қуанғанынан сүйінші сұрап кел­
ген адамға үш сом береді.

Осы әңгімені тыңдағандар «Қашаған аттың өз иесі қанша
пайда тапты немесе зиян шекті?»—деп сауал қоятын болыпты.
Шешуі:  Қашаған аттың өз иесі үш сом зиян шегеді. Өзге үш
адамның әрқайсысы тоғыз сомнан пайда табады.

2261.  Көш жүре түзеледі

Ауыл-аймағына сыйлы Кендібай деген диқан болыпты. Ол
ересек баласымен ерінбей еңбек етіп, мол астық жинап алыпты.
25-298*

жұмбақтар
Әкелі-балалы екеуі астықты бірдей қаптарға тең мөлшерде бөліп
салады. Қаптарды бірі буыршын, екіншісі қоспақ, үшіншісі
нар, төртіншісі атан—барлығы төрт түйеге бөліп-бөліп арта­

ды да, астықты базарға апарып сату үшін жолға шығады. Төрт
түйелі керуеннің басын салт атты әкесі ұстайды. Ал бала өгізге
мініп, түйелердің соңынан еріп жүреді.
Ұзақ жолдың жарымына жетпей бала әкесіне келіп, ең соңғы

атан түйенің үстіне артылған астық ауыр екенін айтады. «Атан
түйенің үстіндігі бір қабын нарға ауыстырып артсақ, екеуінің
қаптары бірдей болар еді»,—дейді. Әке мен бала осы екі түйенің
жүгін теңестіреді.

Жолаушылар тағы бір қозы көш жер жүргенде бала
әкесіне келіп: «Екінші келе жатқан қоспақтың жүгі алдыңғы
буыршындікінен бір қап артық екен»,—дейді. Екеуі енді сол
екі түйені шөгеріп, қоспақтың үстіндегі қаптардың біреуін

буыршынға артады.
Енді біраз жүргенде бала әкесіне келіп, соңғы екі түйенің
жүгі алдыңғы екеуінікінен анағұрлым ауыр екенін айтып,
«Түйелерді түгел шөгерейік»,—дейді. Енді екеуі нар үстіндегі

қаптардың екеуін буыршынға, атанның екі қабын қоспаққа ар­
тып, жолына қайта шығады.

—«Көш жүре түзеледі» деген ғой, балам. Түйе үстіндегі

қаптар теңеліп, түзеледі. Енді әр түйеде сегіз қаптан болды,—
дейді әке баласына.
Әуел баста қай түйеге қанша қап астық артылған еді?
Шешуі:  Ең соңында әр түйеде сегіз қаптан қалған. Мұның

өзі нардың екі қабын буыршынға, атанның екі қабын қоспаққа
ауыстырып арту нәтижесінде теңелген, яғни соңғы теңестірудің
алдында буыршында алты қап, қоспақта да осындай, ал нарда
он қап, атанда да осындай болған. Ал бұған дейін қаптар тағы

да екі рет теңестірілген болатын. Яғни бірінші жолы атанның
бір қабы нарға, екінші жолы қоспақтың бір қабы буыршынға
артылған еді. Демек, осы теңестірулерге дейін. (ең алғашында)
әр түйедегі қаптар саны мынадай болған: буыршында бес қап,

қоспақта жеті қап, ал нарда тоғыз қап, атанда он бір қап.

жұмбақ  жауап 2262.  Тазы мен түлкі

Жапан далада бір жігіт аң аулап жүреді. Ойда жоқ жерде бір
шеңгел түбінен қызғылт түлкі ытқи жөнеледі. Аңшының алғыр
тазысы оны бірнеше арқан бойы жерден қуып береді.
Зымырап қашқан түлкі алты арқан бойы жерге жеткенде,

тазы оның қашқан орнына келеді. Жан сауғалап түлкі тағы сон­
ша жерге ұзағанда тазы оны қуып жетіп, бас салады.
Аңшы ауылға келіп, достарына түлкіні қалай ұстағанын
қыздырмалап әңгімелейді. Тазысын мақтайды.

—Түлкі шеңгел түбінен бастап, ұсталғанға дейін қанша

арқан бойы қашты екен?—деп сұрайды достарының бірі.

—Түлкіні қойшы, тазы қанша арқан бойы қуғанын

айтсайшы,—дейді екіншісі.

—Тазы түлкіден неше есе жүйрік болды екен?—деп үшінші

адам саусақтарын санайды.—Арқан бойы жердің тұсау бойы
төтелігі бар ғой, төтесін айтсайшы.
Тазы түлкіден неше есе жүйрік? Ол түлкіні неше арқан бойы
жерден қуып жеткен?

Шешуі:  Есеп шарты бойынша, тазы түлкінің қашқан жеріне
келгенде түлкі одан алты арқан бойы қашықтықта болатын.
Түлкі тағы да алты арқан бойы жерге барғанда тазы оны қуып
жетеді. Демек, тазы түлкіден екі есе жүйрік. Ал түлкі барлығы

он екі арқан бойы жерге дейін қашып барған. Олай болса, тазы
түлкіні ұстағанға дейін жиырма төрт арқан бойы жерге жүгіріп
барған.

2263.  Әр түліктен нешеден?

Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі бір күні:

—Ендігі жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз—үш,

сиырымыз—төрт, қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін
қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады
екен,—дейді.

—Ол кезде біздің үйдегі жылқының, түйенің, сиырдың,

қойдың әрқайсысы қанша болады?—деп бала әкесіне қарайды.

жұмбақтар
Оны білу қиын емес. Өзің-ақ табасың,—деп әке баласын ой­
ландырып тастайды. Көп өтпей-ақ бала өз сұрағының жауабын
айтады.

Бұл үйдің түйесінің, жылқысының, сиырының, қойының
саны қанша?
Шешуі:  Егер жеті жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, төрт
сиыр, бес қой болатын болса, онда барлығы он төрт мал болар

еді.
Бұл үйде бір түйе, бір жылқы, бір сиыр, бір қой болған. Жеті
жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, төрт сиыр, бес қой болады.

2264.  Жақын да болса—алыс

Үлкен Қаратаудың Тентексайы бойымен ылдиға қарай үш
салт атты: жас жігіт, егде кісі және қос жанарынан айырылған
бір шал келе жатады. Биік құздан түсісімен-ақ, олар бұлым-
бұлым жолға, айналма асуларға тап болады.

—Мына шатқалдан қашан шығар екенбіз?—дейді бала

Қырықішек құлдиына түсісімен-ақ.

—Шыда, інішегім, жол жүрген сайын қысқара береді,—

дейді оған ортада келе жатқан егде кісі.
Үш жолаушы Мойнақсуды айналып өтеді.

—Балам, міне, айналма жолымен алты шақырым жүріп,

Мойнақсудан да өттік,—деп шал екі серігінің алдына шығады.—
Ендігі келетініміз—Тікасу.
Екі серігі зағип шалдың ат басын бірде оңына, бірде солына
бұрып, тастақ жолмен тепең қағып, жол бастап келе жатқанына

қайран қалады. Тағы біраз жүргеннен кейін жолаушылар
Тікасудың төбесіне көтеріледі. Шал қасындағыларға шатқал
аяғындағы жазық даланың қысқа белін қамшы сабымен нұсқап
көрсетеді.

Жолаушылар жотаға шыққанда бала шалдан жолды көзбен
көрмей-ақ қалай жақсы аңғарып келе жатқанын сұрайды.
«Сендердің көздерің таразы болса, менің көңілім қазы»,—деп
жауап қатады шал.

—Шатқал бойы, ақсақал, тік жүргенге қанша шақырым?—

деп сұрайды жігіт.

—Небәрі жеті шақырым.

жұмбақ  жауап

—Ондай болса біз неғып осыншама ұзақ жүрдік?

—Қырықішекте жолымыз үш есе, Мойнақсуда екі есе,

Тікасуда үш есе ұзарды, балам.
Жолаушылар барлығы қанша шақырым жол жүрген?
Шешуі:  Егер Қырықішектің, Мойнақсудың, Тікасудың
әрқайсы­сында жол үш еседен ұзарған болса, онда жолаушылар

айналма жолмен барлығы жиырма бір шақырым жүрген бо­
лар еді. Бірақ Мойнақсудың төте жолынан айналма жолы екі
есе ғана ұзын. Ендеше, жолаушылар жүріп өткен барлық жол
жиырма бірден Мойнақсудың төте жолын шегергенге тең. Ал

Мойнақсудың төте жолы—үш шақырым (өйткені оның екі есе
ұзарған айналма жолы—алты шақырым) Демек, жолаушылар
жүрген барлық жолды білу үшін жиырма бір шақырымнан үш
шақырымды шегереміз.

Жолаушылар шатқал ішімен барлығы он сегіз шақырым
жүрген.

2265.  Ет алушылар неше адам?

Біреу қасапқа жылқы соятынын көрші-қолаңға хабарлайды.
Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Әр жерден ет алушылар
келеді. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен са­
нап шығып, ол сәл ойланып қалады: «Бұлардың әрқайсысына

бір жіліктен берсем, онда үш жілік ет артылып қалады. Екі
жіліктен сатсам, үш адамға ет жетпейді. Енді қандай амалын
табайын?» Ет алуға келгендер неше адам?
Шешуі:  Сойылған малдың барлық етін он екі жілік деп

есептейміз. Ет алуға келгендер тоғыз адам. 2266.  Әр өгіз қанша адым жүрді?

Алқа-қотан отырған төрт-бес ауылдың адамдары айна­
ла төңірегін алыстан шолып отыру үшін биіктігі арқан бойы
мұнара тұрғызуға кіріседі. Бес-алты жігіт кірпіш күйдіретін
құмнан сала бастайды. Тағы бір тобы отын дайындайды. Үш

жігіт балшық илеуге бөлінеді.

жұмбақтар Ауыр жұмысты жеңілдету үшін сол үш жігіт үй орнын­ дай жердің бетін тегістеп, оның қақ ортасына ұзын да жуан бағананы қағып орнықтырады. Сөйтеді де, оның айналасына саз балшықты қалың етіп үйеді. Көл-көсір балшықты бір түн бөктіріп қояды. Келесі күні таңертең үш жігіттің әрқайсысы қорадағы көп өгізден бір-бір өгіз жетектеп келіп, оларды ұзын мойынтұрыққа қосақтайды да, бағананы айналдыра қуып айдайды. Саз балшық қамырдай иленеді. Түске жақын ауыр жұмыстан әбден титықтаған өгіздер мойынтұрықтан босатылады. Оларға қарап тұрып, үш жігіт қай өгіздің жұмысы ауыр болғанын әңгіме етеді. —Жұмыстың ең ауыры менің өгізіме тиді,—дейді кәрі өгіздің иесі,—ол бағанды әр айналғанда он екі адымнан жаса­ ды. —Бекер ренжіп отырсың,—дейді оған ортадағы дөнен өгіздің иесі, сенің өгізің екі аттағанда менікі—үш аттады, ал менің өгізім үш аттағанда мына інішектің өгізі төрт аттап отыр­ды. —Дұрыс айттыңыз. Сонда үшеуі жұп жазбай бағанды жүз рет айналғанда, әр өгіз қанша адымнан жүрді екен?—деп сұрапты ең шеткі құнан өгіздің иесі. Шешуі:  Бағанды бір айналғанда кәрі өгіз он екі рет, ортадағы дөнен өгіз он сегіз рет, шеткі құнан өгіз жиырма төрт рет аттай­ ды. 2267.  Жер жыртып, тұқым себу Диқан жігіт ерте көктемде жалғыз өгізіне орман ағашты тіркеп, жер жыртуға кіріседі. Жер жыртып болғаннан кейін диқан оның ұзыны мен енін қадамдап өлшеп шығады. Ұзыны жүз қадам, ені алпыс қадам болғанына қатты қуанады. Келесі күні диқан арқан баулы қапшығын мойнына асып алып, тұқым себе бастайды. Егістік жердің шеткі бұрышынан ұзынына қарай алғашқы адымын жасап, ол оңына, алдына, солына уыстап бидай шашып жүреді. Диқан шашып сепкен бидайдың ені үш қадам болады. Егістің ұзына бойына жеткен

жұмбақ  жауап
соң ол келесі жүйекке түсіп, егістің бастама жеріне дейін тұқым
сеуіп келеді. Бұл жолы да бидай үш қадамдық ендікке себіледі.
Шаңқай түсте диқан тұқымын сеуіп бітіреді. Содан соң өзі

дөңестеу жерге барып тыныс алады. Егістіктің ұзына бойына
қарап отырып, диқан: «Мен осы жердің бойымен әрлі-берлі
жүргенде қанша қадам жасадым екен?»—деп қас қағым сәттей
ойланып қалады.

Жақсы тынығып алған диқан енді ені бес қадамдық шеңгел
маламен егін үстін малалауға кіріседі. Күн ұясына бір қарыстай
қалғанда диқан егістікті түгел малалап жібереді. Барлық іс-
тіршілігіне іштей риза болған диқан үйіне қайтады.

«Егістік алаптың ұзына бойына әрлі-берлі мала тартқанда
өгізім қанша жер жүрді екен?»—депті диқан үйіне келе жа­
тып.
Шешуі:  Диқан тұқым сепкенде екі мың қадам, ал малалау

кезінде өгіз бір мың екі жүз қадам жасайды. 2268.  Кірпіш құюшылар

Әке мен бала үй тұрғызу үшін кірпіш құюға кіріседі. Әкесі
баласына екі кірпіштен құятын қалыпты береді де, өзі үш
кірпішті қалыпты алады. Еңбекке ынталы бала қолына қалып
тиісімен, лай иленген апанға жүгіріп барып, дереу іске кірісіп

кетеді.

—Мен, міне, сексен кірпішті құйып та қойдым,—дейді бала

қуанып.

—Сені қазір-ақ қуып жетемін,—деп әке қолына қалыбын

алып іске кіріседі.
Әке мен бала бірінен-бірі қалыспай, сәске түске дейін жұмыс
істейді. Бір уақытта әке баласы құйған кірпіш санын қуып
жеткенін айтады.

Бала екі түрлі қалыппен құйылған кірпіштерді санап шығады.
Өзі құйған кірпіштердің саны әкесі құйған кірпіштермен тепе-
тең болып шыққанына таң қалады.
«Нешінші жүрісте әкем мені қуып жетті?»—дейді ол ойла­

нып.
Шешуі:  Әкесі баласын сексенінші жүрісте қуып жетеді.

жұмбақтар 2269.  Аңшыдан шыралғы

Сауыр-сауыр құм етегін жайлаған ауылдың Қали есімді
аңшы жігіті қыс бойы қоян, түлкі, елік аулап, әр жолы олжалы
оралып жүреді. Ол аңнан қайтқан кезде ауылдастары алдынан
шығып, шыралғы сұрауды дағды етіп алады.

«Батырдан—олжа, аңшыдан—шыралғы» сұрау салтын
қатаң сақтайтын жігіт мырзалығымен сыйлы да, сияпатты бо­
лады.
Қалың қарлы күнгі кешкілікте ол үйіне оралады. Алды­

нан шығып, атын ұстаған әке қанжығадағы қояндарды көріп,
азырқанып қалады.

—Балам, бүгін тазының аузы салымды болмапты ғой,—

дейді.

—Тазыда кінә жоқ, әке. Ол көп-ақ ұстады.

—Онда жол-жөнекей шыралғыны көп берген екенсің.

—Әуелгі сұрағанға—әр жетінің бірін, одан кейінгісіне—

қалған қояндардың әр алтысының бірін, одан кейінгіге әр
төрттің бірін беріп келдім...
Әкесі қанжығадағы үш қоянды шешіп алып, сәл ойланып
қалыпты.

—Барлығы қанша қоян ұстағаныңды, төрт адамға қанша

шыралғы бергеніңді енді білдім, балам.
Аңшы жігіт қанша қоян ұстаған, оның қаншасын шыралғыға
берген?
Шешуі:  Аңшы жігіт төрт адамның әрқайсысына бір қояннан

шыралғы берген.
Барлық қоян—жеті қоян, одан шыралғыға бергені—төрт
қоян.

2270.  Қас қағым жер

Жақпар-жақпар таудың терең шатқалында жас аңшы аң
аулап жүреді. Түс ауа берген кезде нөсер жауып, оның көзіне
түскен екі-үш арқар бет-бетіне безіп кетеді. Жауын басылған
кезде қатты өкініп қалған аңшы айқайлап дауыс шығарады.

Оның ащы даусы шатқалдың екі жағындағы аңғардан жаңғы­
рып естіледі.

жұмбақ  жауап
Аңшы тағы бір рет қатты дауыстайды. Оң жағындағы
аңғардан шыққан жаңғырық үш қағым, ал сол жақтағы
аңғардікі бір қас қағым сәтте естіледі.

Екі жақты жаңғырықтың дәл ортасын табайын деп, ол
оңына қарай жүз қадам жүреді де, тағы дауыстайды. Бірақ екі
жақты жаңғырық бір сәтте естілмейді. Енді ол оңға қарай тағы
екі жүз қадам жер жүріп, қатты дауыс шығарады. Бұл жолы екі

жақтың жаңғырығы екі қас қағым сәтте бірдей естіледі.
Екі жақты жаңғырықтың дәл ортасын тапқан аңшы оңы мен
солындағы аңғар жарларына қарап біраз ойланып қалады. «Екі
аңғардың арасы қанша қадам болды екен?»—деп ол өзіне сауал

қояды.
Шешуі:  Аңшы оң жағына қарай үш жүз қадам жүргенде оң
жақтағы дыбыстың естілуі бір қас қағымға кешіккен. Демек,
дыбыс үш жүз қадам жерден бір қас қағым уақытта естілген. Ал

екі аңғардың дәл ортасына дыбыс екі қас қағым уақытта жет­
кен.
Екі аңғардың арасына дыбыс төрт қас қағым уақыт жібереді,
демек, екі аңғардың ара қашықтығы—бір мың екі жүз қадам.

2271.  Әпенді «бағбан»

Қалаға жаңадан қоныс теуіп жатқан бір шаруа ерте көктемде
үй іргесіне жеміс ағаштарын тіккісі келеді. Жексенбі күні
базарға барып, бір құшақ балғын шыбық сатып әкеледі. Олар­
ды түгелімен есік алдындағы арық суына батырып қояды.

Әке тіршілігіне бала-шағасы мен жұбайы мәз болып, қуанып
қалады.
Ертеңіне шаруа әкелген шыбықтарын тігуге кіріседі. Әуелгі
күні шыбықтардың біразын тігеді де, күн батқанда оларды

түгел қайта суырып алып, сол қалпымен қораның бұрышына
әкеліп бөлек жинап қояды. «Тіккен шыбықтарды неге суы­
рып алдың?»—дейді жұбайы аң-таң болып. «Түнде біреу-міреу
ұрлап кете ме деп қорықтым»,—дейді оған отағасы.

Келесі күні таңертең шаруа кешегі суырып алған шыбықтарға
тиіспей, арық ішінен жаңадан тағы бір бума шыбық әкеліп тігеді.
Бұл күнгі тіккені кеше тігіп, қайта суырып алғанынан екі есе
көп болады. Қараңғы түскенде шаруа осы тіккен шыбықтардың

жұмбақтар
қақ жартысын суырып алып, қорадағы шыбықтардың үстіне
қосады. Жұбайы мұнысына ашу шақырады.
Ертеңінде «бағбан» арықта қалған шыбықтарды санап

көріп, сатып әкелген шыбықтардың тең жарымы жатқанын
байқайды. Ол енді арық ішінде жатқан осы шыбықтарды түгел
тігіп шығады да, кешке жақын осы тіккеннің ішінен әр үш
шыбықтың бірін суырып алып, қорадағы шыбықтардың үстіне

тастайды.
Әкенің бұл қылығына үй ішіндегілер түгел күледі. Мазаққа
ұшыраған «бағбан» күндіз тіккен шыбықтарды түнде ешкім
ұрламайтынын біле бастайды. Бірер күн ойланып-толғанып

жүреді де, әр кеште суырып алып, қора бұрышына жинап
қойған шыбықтардың бәрін қайта тігеді. Бірақ осы соңғы күні
тігілген шыбықтардың тең жарымы көктемей қалады. «Қайта-
қайта тігіп жүріп, тоғыз шыбықты қуратып тастадың» деп,

жұбайы ерін жазғырды.
Әпенді «бағбан» базардан барлығы қанша шыбық сатып
әкелген еді?
Шешуі:  Бір рет тігіліп қайтадан суырып алынған шы­

бықтар—барлық сатып алынған шыбықтардың қақ жартысы.
Есеп шарты бойынша, осы «қақ жартының» жартысы, яғни
тоғыз шыбық көктемей қалған. Ендеше, сатып алынған шыбық
саны өспей қалғанына төрт есе көп.

Барлығы—отыз алты шыбық. 2272.  Қылжақбас саудагер

Бір шаһарда қылжақбас саудагер болыпты. Оның базарға
әкелген бидайы, арпасы мен ұны—бәрі қас пен көздің арасында
сатылып кетеді екен.
Бір күні ол базарға салмағы бірдей екі қап астық—бір

қап бидай, бір қап тары әкеліп түсіреді. Таразысын әзірлеп
алғаннан кейін жан-жағына жар салады. «Бұрын келгеніңе—
көп, кейінгіңе кем беремін»,—дейді. Оның даусын естігендер
біртіндеп келіп, сәлден кейін көбейіп кетеді. Саудагер

келгендерді санап шығады да:

жұмбақ  жауап

—Жаңағы айтқан уәдем бойынша бірінші адамға он қадақ

бидай, одан кейінгі әр адамға бір қадақтан кемітіп сата берем.
Ең соңғы адамға бір қадақ қана бидай тиеді,—дейді.

—Жарайды,—деп алымсақтар дорбасын, қоржынын дайын­

дай бастайды. Бір демнің арасында қап түбінде бір қадақ қана
бидай қалады. Ең соңғы бір қадақ бидайды алған адам сатушыға
өкпелі болып қалғанын айтады. «Екінші қаптағы тарыңыздан
көбірек алайын»,—деп өтінеді.

Қылжақпас бидай сатып алғандарды қайта шақырады.
«Жаңағы реттеріңізбен тізіліп тұрыңыздар, бұл жолы бірінші
адамға бір қадақ, одан кейінгіге—екі, одан соңғыға—үш,
сөйтіп, ең соңғы адамға он қадақ тары сатылады»,—дейді.

Қылжақпас тарысын өзінің айтуы бойынша сатып шыға­ды.
Келгендердің бәрі тарысы мен бидайын қосқанда тең мөл­шер­де
астық алып қайтады.

—Бүгін Қылжақпас барлығы қанша қадақ бидай, қанша

қадақ тары сатты? Әр адамға неше қадақ бидай, неше қадақ
тары тиді екен?—депті сонда мұны естіген бір адам.
Шешуі:  Қылжақпас он адамның әрқайсысымен екі реттен
сауда жасап, барлығы елу бес қадақ бидай, елу бес қадақ тары

сатқан. Әр адам бидай мен тарыны қосқанда он бір қадақтан
астық алған. (Он қадақ бидай алған адам бір қадақ тары, бір
қадақ бидай алған адам он қадақ тары, т.с.с түрде бөліскен)

2273.  Алты аласы, бес бересі

Бір кедей жігіт темір ұстасына көрікші болып жалда­
ныпты. Жалақысына ол күн сайын үш теңге алып тұруға
уәделеседі. Бұған жігіттің әкесі мен шешесі қуанып қалады.
«Әрқайсымызға күніне бір теңгеден келетін болды ғой»,—дейді

шешесі мәз болып. «Балам, жылына бір мың сексен теңге ала­
тын болыпсың»,—дейді әкесі.
Жігіт ұстаханада мінсіз еңбек етеді. Көрік басумен қатар,
балға соғады, көмір тасиды, су әкеліп, от та жағады. Ұста

жасаған ат тағаларын, кетпені мен орағын базарға апарып са­
тып, ақшасын әкеліп беріп тұрады.
Ұста мекерлеу адам болып шығады. «Көріктің шанағын
жардың, балғаның сабын сындырдың, көмірді күл етіп

жұмбақтар
жібердің, сатқан бұйымдардың ақшасын түгел әкелмедің»,—
деп ол жігітті әр жолы кінәлай береді.
Жыл өтеді. Есеп айырысатын күн келеді.

—Балам, алты аласың болса, бес бересің де болады,—деп

ұста көрікшіге жарты қалта теңге беріп, арқасынан қағып
шығарып салады.
Жігіт үйге келгенде әкесі мен шешесі одан қанша теңге алып
келгенін сұрайды.

—Ақшаның алты аласын алып, бес бересін беріп келдім,—

депті жігіт сонда.
Ұста көрікші жігітке қанша ақша төлеген?
Шешуі:  Ұста келісім шарттағы бір мың сексен теңгені тең
етіп алтыға бөліп, соның бір бөлігін ғана көрікші жігітке бер­

ген. Басқасын «бес бересі» ретінде ұстап қалған.
Көрікші жігіт бір жүз сексен теңге алған.

2274.  Мал айырбастау

Қойлы шаруа малын ірілендіруді ұйғарады. Түйесі,
жылқысы және сиыры бар ауылдасына барып, оған өз шеші­
мін білдіреді. Ауылдасы келісе кетеді. Сәл ойланып отырып,
ол сауын малының қойға кесімді санын термелеп төгеді.

—Інгенімнің әр жілігі—екі қой, биемнің екі жілігі—үш

қой, ал сиырымның әр аяғы бір қой,—дейді мал иесі.

—Жарайды, келістім,—деп уақ алды шаруа қолын береді.

Келісім бойынша шаруа қойларын айдап апарып береді де,
айырбасқа алған атқа мініп, інген мен сиырды жетелеп үйіне
оралады.
Шаруа айырбасқа барлығы қанша қой берді?

Шешуі:  Шаруа інгенге—жиырма төрт қой, биеге—он сегіз
қой, сиырға—төрт қой, барлығы қырық алты қой берген.

2275.  Жерден жеті қоян тапқандай...

Бір аңшы қартайған шағында қақпанын баласына тапсырады.

—Мына үш қақпан мені қырық жыл асырады,—дейді ол

ұлына.—Бұл үшеуі сенің балаңның баласын да аш қылмайды.

жұмбақ  жауап

—Жарайды, көке,—деп бала үш қақпанды, сонша темір

қазықты, әрқайсысы бір құлаш келетін шынжырды қабылдап
алады.
Бала тұтасқан қалың шеңгелдің ішіне қақпандарын құрып,
бәрін шөп-шаламмен жауып қайтып келеді. Келесі күні

таңертең үш қақпаның біреуіне ғана қоян түседі. Оны алады
да, қақпандарын қайта құрып кетеді. Ертеңіне қақпандарына
келіп, тағы бір қоян алып қайтады.

—Екі күнде әкелгенің екі қоян, жерден жеті қоян тапқандай

қуанасың, бала...,—дейді әке бала тіршілігіне көңілі толмай.

—Қалайша, көкек, бір қақпанға екі қоян түссе де, жеті қоян

болмайды ғой,—дейді бала әке сөзіне таңданып.
Әке сол күнгі түнде қақпанды өзі құрып, жиырма бір
қоян ұстап әкеледі. Бала қоян санын үш қақпанға бөліп,
«әрқайсысына жеті қояннан түскеніне» қайран қалады.

—Олай емес... Екінші қақпанға—бірінші қақпаннан екі

қоян көп, ал үшіншісіне қарағанда екі қоян кем түсті,—дейді
әкесі.
«Қай қақпанға қанша қояннан түсті екен?»—деп бала ойла­
нып қалыпты.

Шешуі:  Ең аз түскені—бірінші қақпан. Бірінші қақпанға
қарағанда, екінші қақпанға екі қоян, ал үшіншіге төрт қоян
артық түскен. Егер үш қақпанға түскен жиырма бір қояннан
алты қоянды шығарып тастасақ, қалған он бес қоян қалған әр

қақпанға тең бөлінеді.
Түні бойы қақпандарды бірнеше рет құрғанда бірінші
қақпанға—бес қоян, екіншіге жеті қоян, үшіншіге тоғыз қоян
түскен.

2276.  Жұмбақ есеп

Көпті көрген қария немересін есепшілікке баулу мақсатымен
жас баланың жадына тез жазыла кететін жұмбақ есептерді
жиірек айтып жүреді.

—Алты аяғы бар, тал таяғы бар, арқасында құйрығы бар. Ол

не нәрсе?—дейді ата бір күні.

—Ол кәдімгі таразы,—деп немересі бірден жауап береді.

жұмбақтар
Шал немересінің тапқырлығына қуанып, тағы бір жұмбақ
есеп айтады:

—Он екі түйе, он жылқы.

Тоғыз сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі.
Таба алмасаң, бол күлкі.
Бала санын есептеп, «бәрі қырық екен» дегенде, шалдың өзі

күліп жібереді.
Қария немересінің нені білмегеніне күлді?
Шешуі:  Атасы немересіне аталған жануарлардың төл
көтеретін мезгілін көрсеткен еді.

2277.  Әбжәд санымен

Ертеректе жеті ауылдың ел-жұрты бас қосқан жерде үлкен
айтыс болады. Жиналған халық аңшы жігіт пен салауатты
қыздың өлеңдеріне барынша ден қояды. Қыз жігіттен қай айда
туғанын өлеңмен сұрайды.

Жігіт:
Сары көлдің бар екен алпыс қазы,
Сол қаздардың екі жүз балапаны.
Тоғыз үйрек, дәл елу қасқалдағы,

Артық-кемсіз айтқаным әбжәд саны.
Ақын қыз әбжәд саны бойынша қай сан қандай әріпті
білдіретінін бірден түсіне қояды. Жігіт жұмбақ өлеңді тез шеш­
кен қыздан қанша жасқа келгенін сұрайды.

Қыз:
Бір қызға жеті жігіт зар болады,
Екі жаман қосылса, сор болады.
Жасымды артық-кемсіз мен айтайын,

«Зальға» «дальды» қоссаңыз сол болады.
Жігіт қай айда туған? Қыз неше жасқа келген?
Шешуі:  Әбжәд саны бойынша алты саны—«с», екі жүз—
«р», 9 саны—«т», елу—«н» әріптерін білдіреді. Әріптердің

оқылуы бойынша бұдан «саратан» айының аты шығады. («а»

жұмбақ  жауап
әрпі қосып оқылады) Ал ескі араб әліппесі бойынша «заль»
әрпінің әбжәдтық саны—тоғыз, «дальдікі»—сегіз.
Жігіт саратан айында туған, қыз он жеті жаста.

2278.  Алаңғасар алып

Ақыртас ғимаратының үнсіз, тілсіз жатқанына талай-
талай ғасыр болды. Бірақ сол ғимараттың ірге тасын қалаған
Алаңғасар есімді алып жігіт туралы әлі де әңгімеленеді. Атан
түйе тарта алмайтын ауыр тасты арқан бойы жерге лақтырып

жіберетін алып жігіт күндердің күнінде Түйме есімді ару қызға
ғашық болып қалады. Бірақ сүйген қызына қосыла алмаған
жігіт қатты күйіктен бері жүр десе, әрі жүретін, отыр десе,
тұратын, кел десе, келмейтін, келме десе, келетін кеселге ду­

шар болады.
Сол заманда Тараз шаһарының іргесіндегі Талас өзені тасып,
халық әбігершілікке түседі. Шаһар әкімі: «Тасқынды Алаңғасар
алып қана тоқтата алады»,—деп, оған адам жібереді. «Алып

маған келмесін, қолына кетпен алмасын, Таласқа тоған байлап,
көпір салмасын»,—деп сәлем айтады әкім.
Арнайы жіберілген адам Алаңғасарға сәлемдемені сол
күйінде айтады. Теріс айтылған сөздің оңына тақ тұратын

алып қолына кетпенін алып, жол серігімен Таразға қарай жол
шегеді. Он екі шақырым жүрген кезде қарсы жолыққан біреу
оған: «Әкім тез келсін деп жатыр»,—дейді. Алып кілт артқа
бұрылып жүріп кетеді. Серігі оны екі шақырым жерде қуып

жетеді де: «Әкім келмесін деген»,—дейді. Енді ол шаһарға
қарай қайта беттеп, бес шақырым жүргенде қарсы жолыққан
тағы біреу: «Әкім келсін деді»,—дейді. Жол серігі қуып жетіп,
«келмесін» деген сөзді қайталап айтады. Енді алып серігімен он

бес шақырым жер жүріп, әкіміне келеді.

—Алып ұзақ жүріп кешігіп келді ғой, қанша шақырым жол

жүрді екен?—депті әкім төңірегінде отырғандарға.
Екі қаланың арасы қанша шақырым? Алаңғасар алып қанша
шақырым жол жүрген?
Шешуі:  Екі қаланың арасы—қырық шақырым. Алаңғасар

әрлі-берлі елу төрт шақырым жүрген.

жұмбақтар 2279.  Қырық қарақшы

Талас өзенінің бойында егде зергер қоныс теуіп отырыпты.
Есепке жүйріктігіне, болжампаздығына қарап, халық оны
Абыз деп атапты.
Бір күні оның үйіне қырық қарақшы келіпті.

—Сенде тай тұяғындай сом алтын бар екен, соны алуға

келдік,—дейді дүрсілдеп қарақшылар нояны.

—Жұдырықтай алтыным бар екені рас,—дейді сонда

Абыз.—Бірақ сендер қырық екенсіңдер, бәріңе бөлгенде ол түк
те болмайды. Кім де болсаң біреуің алыңдар.

—Қалайша?—деп сұрайды қарақшылардың бірі.

—Бәрің көк шалғынға дөңгеленіп отырыңдар. Қатарларыңа

қырық бірінші болып мен де отырайын. Одан соң іштеріңдегі
біреуіңнен бастап оңнан солға қарай бір, екі, үш... деп санай
бастаймын. Кімде-кім он болып шықса, сол алтыннан күдер
үзсін.

Қарақшылар Абыздың ұсынысын қабылдап, бәрі алқа-қотан
дөңгеленіп отырады. Оларға алтын иесі де қосылады. Содан
соң ол оң жағындағы «пәлен» адамды бір деп санап, он болған
адамды орнынан тұрғызды. Одан әрі санағанда тағы бір онын­

шы адам тайып тұрады. Сол тәртіппен қырық рет айналдырып
санағанда Абыздың өзіне он саны келмейді. Уәде бойынша ал­
тын Абызда қалады.
Қырық рет дөңгеленіп санағанда он саны Абыздың өзіне неге

келмеді? Ол санауды қалай жүргізген және өзінен бастағанда
нешінші адамды «бір» деп санаған?
Шешуі:  Абыз өзінің оң жағынан жеті адамды тастап кетіп,
сегізінші «бір» деп, одан, әрі қарай келісілген шарт бойынша,

бірден бастап онға дейін қайталап санай берген. Он саны дәл
келген адам қатардан шығып қалады. Осылайша, онға дейін
әр реткі санағанда қырық қарақшының біреуіне он саны келіп
отырған.

26-298*

Томға енген мәтіндердің  дереккөздері
Қазан
төңкерісінен
бұрын

Ы.Алтынсарин,
Я.Лютш,
М.П.Мелиоранский, А.В.Васильев, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев
т.б. жұмбақ үлгілерін жинап бастырған. Әсіресе Я.Лютш

пен А.В.Васильев жинаған жұмбақтар ауқымды. 1883 жылы
Я.Лютштің құрастыруымен шыққан «Киргизская хрестома­
тия» атты жинаққа Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) маңындағы
қазақтардан жазылып алынған 146 жұмбақ енсе, А.В.Васильев

1900 жылы бастырған «Киргизские загадки» атты кітапшаға
Торғай өңірінен жиналған жүз қырық жұмбақ кірген.
Ертеректе хатқа түскен қазақ жұмбақтары қолжазба
күйінде Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми

кітапханасында тұр. Сондағы жұмбақ мәтіндері сақтаулы
тұрған папка шифрлері—152, 210, 246, 259, 298, 302, 472,
685, 711, 799, 1070, 1071, 1072, 1073, 1075, 1078, 1444, 1885.
Бұлардың ішінде 1448 және 1078 нөмірлі папкалар түгелдей

жұмбақтардан тұратын болғандықтан, осы екеуіне сипатта­
ма беріп өтпекпіз. 1448-шифрлі папкадағы 5 дәптер ішіндегі
жұмбақтар саны жағынан қомақты:
1-дәптер, Ә.Диваев жинаған, араб әрпінде; 2-дәптер,

1927   жы­лы жиналған, араб әрпінде, жинаушысы—Қожантай
деген; 3-дәптер, 1945 жылы түскен, араб әрпінде, жинаушысы—
Қожантай деген; 4-дәптер, араб әрпінде, 1945 жылы түскен,
жинаушысы—Ж.Жантөбетов; 5-дәптер, араб әрпінде, жинау­

шысы—Ілияс Жансүгіров, 1941 жылы қорға өткізген—
Ғабитова Фатима, жұмбақ саны—134.
1078-нөмірлі папкадағы 20 дәптер түгелдей жұмбақтар.
Жинаушылар—М.Хакімжанова, Ә.Марғұлан, Т.Байтаңатов,

С.Әздембаев, Х.Байсов, И.Ұйықбаев, А.Шамкенов, Ф.Ғабитова,

жұмбақтар Т.Әлпейісов, Р.Тоқтаров, К.Байкотов т.б. Дәптерлер ішін­ дегі көлемі жағынан ауқымдысы—15-дәптер, жинаушысы Ф.Ғабитова, қолжазба 1941 жылы түскен, араб әрпінде, жұмбақ саны біршама. Жұмбақтың қыруар үлгілері қатталған орын—М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қоры. Жұмбақ мәтіндері тіркелген папкалар—127(5д); 131(1д); 135(3д); 137(7д); 137(9д); 138(1д); 140(4д); 142(2д); 142(4д); 142(6д); 142(8д); 143(12д); 144(2д); 144(8д); 146(13-14д); 153; 155(2д); 174; 187; 193(5д); 222; 242; 258(4д); 262(10д); 290(4д); 301(4д); 303(6д); 315(12д); 316; 321(6д); 341(13д); 341(24д); 356(2д); 396(1д); 481(1д); 481(5д); 481(15д); 484(3д); 485(3д); 485(5д); 485(8-10д); 526(2д); 611(3д); 611(5д); 612; 613; 621; 622; 669(3-4д); 683(7д); 683(12д); 684(2д); 696(2д); 746(12д); 754(1д); 780(5д); 818; 853(3д); 879(5д); 879/8-9; 879/14; 881(10д); 885; 894(12д); 896; 910/4; 910/5. Бұл жұмбақтарды жинауға түрлі мезгілдерде Б.Ысқақов, С.Ордалиев, Ш.Кәрібаев, Т.Сәрсенбеков, Т.Сыдықов, Н.Төреқұлов, С.Бүкіров, Б.Қасымбаев, Б.Адамбаев, С.Сауытбеков, М.Тілеужанов, К.Тәкежанов, М.Байбатыров, Х.Өтеғұлова, Р.Ахметов т.б. ат салысқан. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының си­ рек кітаптар бөлімінде тұрған 398. Т-29 шифрлі дәптердегі жұмбақтар саны—173. Бұл араб әрпіндегі қолжазба бөлімге 1935 жылы түскен, жинаушысы—Тойшыбайұлы. Венгриялық ғалым, профессор Мандоки Қоңыр Ишт­ ван 1966  жылдан бастап Моңғолияның Баян-Өлгей, Қобда аймақтарында тұратын қазақтар ортасында он үш мәрте болған, соның нәтижесінде жинаған жұмбақтарының қол­жаз­ басы марқұмның қазір Будапештте тұратын жұбайы Айша Мақсұмқызының қолында сақтаулы. Біз М.Қ.Иштван жинаған жұмбақтардың қолжазбасының көшірмесін пайдаландық, оның саны—237, бірақ бұл көшірме толық емес, ал профессор архивіндегі жинақталған жұмбақтар саны бұдан көп. Қазақ жұмбақтарын кезінде Ұлт мәдениеті ғылымизерттеу институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарған белгілі жазушы Зейін Шашкин 1934 жылы баспаға даярлағанмен, шығарып үлгермеген. Басылымға З.Шашкин­ нің өзі алғыс сөз жазған. Оның осы әзір тұрған жұмысын

ғылыми  қосымшалар
жария­лауға репрессияға түсіп, айдалып кетуі себеп болған
тәрізді. Қазір осы еңбектің латын әрпіндегі қолжазбасы Білім
және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында

сақтаулы. З.Шашкин жұмбақтарды ел аузынан жинап беру­
ге көмектескен азаматтардың есімін атайды, олар: Ахметұлы
Мағзұм (Баянауыл ауданы); Бегалыұлы Сапарғали (Қар­қара­лы
ауданы); Сарыбайұлы Жанғали (Алматы).

Осы қолжазбаны 1940 жылы жарыққа шыққан «Қазақ
жұмбақтары» атты кітаппен салыстыра қарағанымызда, екі
нұсқаның арасында көп айырмашылық жоқ екенін аңғардық,
тек кітапта қолжазбадағы діни жұмбақтарға арналған бөлім

алынып тасталған. Кітапты құрастырған—Сәрсен Аманжо­
лов, алғы сөзін жазған—Мұхтар Әуезов. З.Шашкиннің дайын
қолжазбасы пайдаланылғаны айқын байқалады. Ғалымдар
жұмбақ мәтіндерін көпшілік назарына тезірек ұсыну қа­

жеттілігін сезіп, алайда халық жауы ретінде ұсталып кеткен
азаматтың атын ашық көрсете алмай, саналы түрде осындай
қадамға барып, С.Аманжоловқа құрастырушылық міндетін
жүктеуге мәжбүр болған деп шамалаймыз.

1940 жылғы топтамаға 818 жұмбақ кіріп, олар мазмұнына
сәйкес жиырма тақырыпқа жіктелген. Осы кітап 1959 жылы
Телқожа Жанұзақовтың толықтырумен (Мұндағы жұмбақ
саны—929) қайта басылды.

1980 жылы Қытайда «Шынжаң халық баспасынан» шық­қан
«Қазақ жұмбақтары» атты кітап қазақстандық басылым­дарды
қайталаумен шектелген.
1994 жылы Тәшкен қаласынан Қыдырәлі Саттаровтың

құрастырумен жарық көрген жұмбақ топтамасына бұрыннан
мәлім жұмбақтармен бірге, Өзбекстан қазақтары арасынан
және Қазақстанның Оңтүстік өңірінен жиналған 506 жұмбақ
енген.

Томды даярлау кезінде жоғарыда көрсетілген басылымдар
мен қолжазба қорындағы материалдар пайдаланылды. Сон­дай-
ақ «Балдырған», «Мәдениет және тұрмыс» т.б., Қытайда жа­рық
көретін «Шалғын», «Мұра» журналдары беттерінде, Моңғол

қазақтары фольклоры негізінде құрастырылған «Халық жыр­
лары» (Өлгей, 1970, әзірлеген—Кабидаш Қалиасқарұлы),
«Жұмбақтар» (Өлгей, 1976), «Қара өлең» (Алматы, 1989, құ­
растырған Оразақын Асқар), қазақы атаулар мен байламдар

жұмбақтар
(Алматы, 2006, құрастырған Жәрдем Кейкін) атты кітаптарда
басылған материалдар т.б. басылымдар назарда ұсталды.
«Қара сөз жұмбақтар» бөлімінде өзіміз ел аузынан, басылым

беттерінен жиналған материалдардан тыс 1987 жылы жарық
көрген «Қырық қазына» (құрастырған Әкбарбек Доспамбе­
тов) кітабы түгелдей, «Қазақтың ұлттық ойындары» атты
кітабынан (Алматы, 1991, құрастырған Е.Сағындықов) бірен-

саран жұмбақ есептер кіргізілді.
Ш. Керім

Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни
есімдер
Абылай хан (1711-1781)—қазақтың ұлы ханы, мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан,

бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек,
кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бесінші
ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: біріншісі—қазақтан
Уәлибақы, қалмақтан—Тәуке хан туады. Уәлибақыдан Абы­

лай. Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін ба­
тыр болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер
Абылай» атанған. Абылайдан—Көркем Уәли, одан—Абылай
(Әбілмансұр) туады. Ол «Ақтабан шұбырынды» жылдарын­

да жетім қалып, үйсін Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Аш-
жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап,
Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады.
Жаугершілік заманның талабы Абылайдың ел өміріне ерте

араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың
мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан жиырма жасында қан
майданда ерлігімен көзге түскен. Қалмақтың батыры Шарыш­
ты жекпе-жекте өлтіруі абыройының өсуіне себепші болады.

«Абылайлап» жауға қарсы шыққан Әбілмансұрды жеңіс­
тен кейін Әбілмәмбет хан шақыртып алып танысады. Таныса
келе туысқан адам болып шығады да, кейінірек хандық тағын
Абылайға (Әбілмансұр) береді. Абылай қаһарлы хан болуымен

қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған
дарынды күйші ретінде де белгілі. Оның «Ақ толқын»,
«Алабайрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс
жасында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында

қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи
кесенесінде жерленген.

жұмбақтар
Әзірейіл—Аллаға жақын періштелердің бірі, жан алғыш
періштенің есімі. Адамды жаратар алдында Алла жердің әр
тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды. Жер оларға

қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен Ысрапыл да
жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл шаруаны Әзірейіл
ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан алғыш бас
періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті жеткен кез­

де Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан әлгі адамның
есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл қырық күн
мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс.
Ғайса (Иса)—Пайғамбар аты. Құран Кәрімде Иса пайғам­

барға біраз орын берілген, оның анасы Мәриям хазіретке
арналған сүре бар. Алайда, ислам қағидасы бойынша, Иса
[а.с.]—бар болғаны Алланың сүйікті құлы, «кітап түсірілген»
төрт пайғамбардың бірі. Христиандар Исаны Құдайдың ұлы

деп есептейді, оның өзін Құдай дәрежесінде дәріптеп, оған
құлшылық жасайды.
Жәбірейіл—діни ұғым бойынша, Аллаға жақын періш­те­
лердің бірі, Алла мен пайғамбарлар арасында жүріп, оларға

Алланың аянын айтушы. Ол Алла Тағаланың әмірімен
Мұхаммедке (с.ә.с.) келіп Құран аяттарын жеткізген. Жәбі­
рейіл Адам атаға бейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болған,
Нұхтың құтылуына көмектескен және оның ұлы Ыбраһымды

құтқарған. Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға
баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға
Жақияның қашан дүниеге келетінін болжап берген.
Мұса—Пайғамбар, Алла Тағаладан кітап жіберілген төрт

пайғамбардың бірі.
Аңыз бойынша Мұса (ә.с.)—Алла Тағаламен тілдескен және
онымен жүздескен бірінші пайғамбар (Адам атадан соң).
Алғаш рет Алла Тағала Мұса (ә.с.)-ға Мысыр маңында «от»

болып көрінеді. Оны перғауынға (фараон—Мысыр патшасының
атағы, титулы) өзінің елшісі етіп жіберетінін, перғауын елінде
бір Алланың жолын уағыздауы тиісті екенін білдіреді, көмек­ші
етіп, оның бауыры Харонды қосады…

Алла Мұсаға «Өз халқыңды Мысырдан түн жамылып алып
шық» деп бұйырады. Мұса таяқ сермеп қалғанда теңіз қақ жа­
рылып, ашылады. Израилдықтар сол жолмен өтіп шығады.
Перғауын мен оның қалың қолы жеткен кезде теңіз тұтасып

ғылыми  қосымшалар
кетеді де, олар суға батып өледі. Тек күнәсін мойнына алған
перғауын ғана кешірім алып аман қалады. Мұса өз халқын бас­
тап, шөл далаға шығады. Сол жерде таяғының құдіретімен он

екі бұлақтың көзін ашады. Алла Тағала оның тілегін қабыл
алып, адамдарына азық береді.
Мұса Алла Тағаламен екінші рет Синай тауында кездеседі.
Алла Тағаламен сөйлескендіктен, Мұса пайғамбарды Мұса

Кәлим (Алламен тілдесуші) деп дәріптеген.
Мұхаммед—ең соңғы Пайғамбар, ислам дінінің негізін са­
лушы. Мұхаммед (с.ә.с.) 570 жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел­

мес­тен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Алла ел­
шісі алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.ә.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің

тәрбиесінде болған.
Алғашқы уахи хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым
жердегі Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдын­
да рамазан айында түсті. Мұхаммед 610 жылдары 40 жасында

Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—исламды уағыздай
бастайды.
Мұхаммед (с.ә.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық

білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы
Мұхаммед (с.ә.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы
деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау­

дару» деген сөз.
Мұхаммед (с.ә.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласын­да
қайтыс болды.
Салых—Алланың самуд халқына жіберген елшісі. Құранда

көрсетілгендей, ол халықты тек бір Аллаға сиынуға, өзін соның
өкілі деп тануға шақырған. Самудтықтардың азғантай тобы
ғана айтқанына сеніп, болжам жасайтын тоғыз адам басқарған
билеушілерге ерген көпшілік оны жай ғана сиқыршы деп та­

нып, түнде өлтірмек болып келіседі. Алла оларға ешқандай
қастандық жасауға болмайтын белгі ретінде інген жібереді.
Ол емін-еркін жайылып, самудтықтар оны уақытылы суарып
тұруға тиісті болды. Бірақ бұл шартқа көнбей, олардың ішіндегі

жұмбақтар
ең қатыгезі сіңірін кесіп, ақырында жаншып өлтіреді. Салых
олардың үш күннен кейін найзағай ұрып, жазаға ұшырайты­
нын жария етеді, Тәңірі қаһарынан барлығы да жан тапсырады.

Салых пен оның соңына ергендер аман қалған.
Сүлеймен—пайғамбар, Дәуіт пайғамбардың ұлы. Шамамен
б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы Иудей патшалығын билеген
деп есептеледі. Сүлеймен Иерусалим қаласындағы Яхус хра­

мын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған. Бір
күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бірдей
қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,

Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,
дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жануар,

құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Ибраһим (Ыбраһым)—пайғамбар аты. Құдай жолын алғаш
уағыздаушы, арабтар мен еврейлердің ортақ атасы. Ең көп
тараған аты—халил Алла (Алланың досы). Ол жастайынан-ақ

өзінің тайпаластары мен әкесі Азар табынған пұтқа сенудің
мағынасыздығын түсінеді. Ыбраһым әуелі күнге, айға, жұлдызға
сенеді, содан соң бір Аллаға деген сезімі оянады. Ыбраһым
өзінің сезімін әкесіне және халқына түсіндіре алмайды; со­

нан соң қасиетті орындарға кіріп, бірнеше пұтты зақымдайды
да, келгендерге мұны ең басты пұт жасады дейді. Олардың өз
сөзіне сенімсіздігін пұтқа сенімдерінің жалғандығынан деп
түсіндіреді, бірақ оның уағызын олар түсінбейді. Ыбраһымды

патшаларына алып барады, ол оны өртеп жіберуге бұйырады.
Алайда Алла Тағала өзінің пайғамбарын, оған сенген Лұтпен
бірге құтқарып қалып, Палестинаға апарып орналастырады.
Бірде Ыбраһымға Лұт орныққан қаланың опасыз тұрғындарын

жазалауға бара жатқан періштелер келеді. Олар Ыбраһымға
өзінің және әйелінің қартайғанына қарамастан, ұлды бола­
тынын болжайды. Ыбраһым өзінің ұлы Ысмайылмен бірге
Меккедегі әл-Қағбаны салады. Бірде оған түсінде Алла Тағала

өз ұлын құрбандыққа шалу жөнінде аян береді. Ыбраһым да,
ұлы да бұған әзір еді, бірақ Алла олардың сыннан өткендерін
ескеріп, құрбандыққа шалу үшін көк қошқар береді. Ыбраһым
Алладан өлімге жан бітіретін қасиетін көрсетуді сұрайды. Оған

ғылыми  қосымшалар төрт құстың қалдығын төрт тауға апарып қою тапсырыла­ ды. Алла Тағала шақырғанда әлгі төрт құсқа жан бітіп, ұшып келеді. Алла Тағала Ыбраһымды әр кез жебеп-желеп отырады, оған бірнеше пайғамбар шыққан ұрпақ сыйлайды. Ыбраһым есімімен әл-Қағбаға тәжім ету ғана емес, қа­жы­ лықтың барлық рәсімі байланысты. Исмағұл—пайғамбар аты, Ыбраһымның баласы. Ол Алланың әмірімен әкесі Ыбраһым екеуі тасқын қиратқан Қағбаны қалпына келтіреді. Аңыздарда Ысмайылды Ыбраһымның күңі Ажардан туған үлкен ұлы екендігі жайлы айтылады. Әйелі Сараның қыз­ ғаншақтығы мен қастандығынан сескенген Ыбраһым Ажар мен Ысмайылды Арабияға әкетуге мәжбүр болады және оларды сусыз далаға тастап кетеді. Бала қатты шөліркеген соң шешесі ас-Сафа мен әл-Маруа биігінің төбесіне шығып, алыстан құдықты, көгалды жерді көреді. Оларға Жәбірейіл көмекке келеді. Соның әмірімен Ысмайылдың өкшесі тиген жерден қасиетті Зәмзәм бұлағы атқылайды. Ысрапыл—қиямет күнін хабарлаушы періште. Ол Иеру­ салим тауында тұрып, қиямет күнінің келгенін сырнай арқылы жеткізеді. Ысрапыл Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періштелерге хабарлайды.

СӨЗДІК

Айқабақ—күнбағыс
Аят /а/—Құранның бөліктері
Әбжәд—араб әліпбиінің жиырма сегіз әріптерін жаттауға
қолайлы етіп,арнайы, алдын ала топтастырып, құрастырылған

жасанды сегіз сөздің тізбегі
Әлмисақ—ежелден
Әсілі /а/—негізі
Балаған—қабырғалары ағаштан құрастырылып, шөппен

жабылған уақытша баспана.
Баһра—пайда
Бәйіт—екі жолды өлең түрі
Бейіс—бейіш, жаннат

Бесақа—шөп жинайтын айыр
Дарақ /а/—ағаш
Дәуіт—сия құятын ыдыс
Дуан—патшалық Ресей кезіндегі әкімшілік аймақ

Жамбыл—құс аты
Жарбай—түйенің түрі
Жеделдес—тетелес, қатарлас, өкшелес
Елат—ел, халық

Захар /а/—у, улы
Каф—араб әрпі
Күйкентай—құс түрі
Күрзі /п/—шоқпар

Кібіт—құс аты
Қарашы—қара халық, кедей-кепшік, жарлы-жақыбай
Қоя—құстың бөтегесі мен иттің асқазанында жеген асынан
қалып қоятын жүн-жұрқа, қоқсық заттар

ғылыми  қосымшалар
Құжыра /а/—бөлме
Лұғат /а/—тіл
Сахаба /а/—пайғамбар серіктері

Сопы—діндар, тақуа.
Сұқыба—дұрысы
Сұбханәке—дұға аты
Тәует—құс аты

Шадияр—(шаһар/п/—төрт, яр (/т/—жар, серік) тарихта
«аль-Хулафа ар-Рашидун» деген атпен белгілі, араб мемлекетін
бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халиф—Әбу
Бәкір, Омар, Оспан, Әли

Жер-су атаулары Бұхара (санскритше вихара—монастырь)—Б.з. І ғасырында іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында орна­ ласқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазірде Өзбек­ стан Республикасының осы аттас облыс орталығы. Құлжа—Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шың­ жаң Ұйғыр Автономиялы ауданындағы қала. Іле Қазақ авто­ номиялы облысының орталығы. Қырым—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек, Қара теңіздің ку­ рортты, әсем жағалауларының бірі. Қытай—Шығыс және Орталық Азиядағы мемлекет. Қытайда бір миллионнан аса қазақтар тұрады. Мәдина—арабша қала деген сөз. Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала саналады. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбарды����������������������������������������� ң���������������������������������������� 622 жылы Меккеден осында қоныс аударуы­ на байланысты Хижаздағы Ясрибке мұсылмандардың бер­ ген атауы. Мұсылмандардың жыл санауы осы қоныс аудару жылынан (хижра) басталды. Мұсылман мемлекетінің негізі қаланғанда Мәдина оның алғашқы астанасы болды. Мекке—мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда бас мешіт әл-Масжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның негізін қалаушы Мұхаммед (с.ә.с.) осы қалада дүниеге кел­ ген. Мұхаммед (с.ә.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинадағы жаңа құлшылық ету үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның есігін соған қаратты (Құбыла) Мұсылмандардың Меккені 630 жылы жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере түсті. Меккеге барып тәуап ету Исламның бес парызының бірі болып саналады.

ғылыми  қосымшалар
Мысыр—Африканың солтүстік-шығысын және Азия­
дағы Синай түбегін алып жатқан Египет мемлекетінің араб­
ша атауы.

Рұм, Үрім — шығыс халықтары орта ғасырларда Визан­
тияны осылай атаған. Көптеген шығыс халықтарының әдеби-
фольклорлық туындыларында Рұм өте алыс, ғажайып өлкенің
бейнесін елестеткен.

Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі
болған, Зеравшан өзенінің аңғарында орналасқан Орта Азия­
дағы көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының
осы аттас облыс орталығы.

Тәшкен—қала, Өзбекстан Республикасының астанасы, Таш­
кент облысының орталығы. Шыршық өзенінің жағасында орын
тепкен. Өткен ғасырларда Тәшкен—Қазақ хандығының ордасы
болған.

Түркістан—қала, орта ғасырларда Йасы деп аталған. Мұнда
ХІV ғасырдағы шығыс сәулет өнерінің тамаша туындысы—
Қожа Ахмед Йасауи кесенесі сақталған. Шараф ад-дин Әли
Йездидің деректерінде Йасы ХІV ғасырларда осы өңірдің үлкен

қаласы екендігі айтылады.
Хорезм—Орта Азиядағы ертедегі мемлекет. Хорезм тура­
лы алғаш Дарийдің Бехистун жазбасымен «Авестада» айтыла­
ды. Қазір Өзбекстан Республикасының құрамындағы аймақ.

Хорезм—Орта Азиядағы егіншілік мәдениеті жоғары дамыған
ежелгі аймақтардың бірі.
Шам—Сирияны арабтар осылай атаған. Теңеу ретінде шариф
сөзі қосылып, көбінесе «Шам шариф» делінеді. «Шариф» араб­

ша құрметті, қадірлі, ұлы дәрежелі деген мағынаны береді.
Шыршық—Тәшкен қаласының маңындағы өзен.

Томға енген жұмбақтарды айтушы һәм
жинаушылар туралы мәлімет
Васильев Александр Васильевич (1861—1943)—шығысты
зерттеуші ғалым, белгілі ориенталист, миссионер. Қазан гу­

берниясына қатысты Чебоксар уезінің Шутнерево селосында
дүниеге келген. Чебоксардағы діни училищені, кейін Қазан
діни академиясын бітірген. 1899 жылдан үлкен ағартушы
Ы. Алтынсаринның орнына Торғай облысы халық учили­ще­

лерінің инспекторы болып қызмет атқарған.
А.В. Васильев 1894 жылдың жазы мен 1906 жылдың жазы
аралығында он бір рет Қостанай, Торғай, Ырғыз, Ақтөбе аты­
рабын аралап, қазақ фольклоры мен ауыз әдебиеті үлгілерін

жинаған. Ол өзі жинаған үлгілерді орыс тіліне аударған; оның
жинауындағы қазақ ертегілері, мақал-мәтелдері, жұмбақтары,
баталары т.б. басылған.
Ол жиналған материалдар қолжазба күйінде Татарстанның

тарих, тіл және әдебиет институнының архивінде, Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық
ғылыми кітапханасында сақтаулы.
Ғабитова Фатима (1903—1968)—ауыз әдебиеті үлгілерін

жинаушы. Талдықорған облысындағы Қапал селосында туған.
Көп жылдар қазақ мектептерінде ұстаздық қызмет атқарған.
20—жылдардан бастап атақты қазақ ақыны І.Жансүгіровпен
бірге қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған. Әсіресе Ә.Диваев

еңбектерін сақтап, жеткізуде Ф.Ғабитованың сіңірген еңбегі
аса зор.
Иштван Мандоки Қоңыр (1944—1992)—әлемге таны­
мал түркітанушы. Орта мектепті Будапеште, 1968 жылы

Өтвөш Лоранд мемлекеттік университетін бітірген, филология
ғылымдарының докторы, профессор.

ғылыми  қосымшалар Ғалым зерттеулерінің негізгі нысанасы—мажарлар мен құмандардың көне тарихы, түркі-мадьяр байланыстары, көне және бүгінгі қыпшақ жұрттарының тарихы, тілі, мәдениеті мен әдебиеті, фольклоры және этнографиясы болды. 1977 жылдан бастап Қазақстан мен Қырғыстанға жыл сайын ғылыми іссапарымен келіп, Өзбекстан, Түркменстанда, Кавказ бен Қара теңіз аймағында қарашай, ноғай, қырым татарлары, құмықтар ортасында, Башқұртстан мен Татарстанда болып, «көз алдымызда құрып бара жатқан қазыналарды қуат пен қайрат барда қағазға түсіру, хаттап, шоттап, зерттеуге дайын­ дауды» мақсат етті. Қыпшақ текті халықтарды кешенді зерттеу мақсатында 1974 жылдан бастап Батыс Моңғолияның БаянӨлгий, Қобда аймақтарындағы қазақтар арасына он үш мәрте экспедициямен барып, тілдік деректер, диалект сөздер, батыр­ лар жыры, ертегі, қара өлең, айтыс, мақал-мәтел, жұмбақ, шешендік сөздер тәрізді фольклорлық үлгілерді жинаған, бұған қоса көшпелі болмыс, тұрмыс-салтына қатысты бағалы мағлұматтарды хатқа түсірген. Өзі жинаған материалдар бо­ йынша «Моңғолиядағы қазақтардың жұмбақтары» деген атпен ағылшын тіліне тәржімалап кітап дайындағанымен, жария­лап үлгермеген. Керім Шамшәдин—фольклортанушы-ғалым, шығыстану­ шы, филология ғылымдарының докторы, профессор. 1962  жылы туған. Қазақ жұмбақтары туралы зерттеп, ғылыми монография, отызға тарта мақала жариялаған. Қалиасқарұлы Қабидаш—Моңғолия қазақтарының фольк­ лорын жинаушы, филология ғылымдарының докторы, про­ фессор. 1938 жылы туған. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. «Баян-Өлгий қазақтарының ауыз әдебиеті» (Өлгий, 1969), «Халық ақындары» (Өлгий, 1972), «Өскен ортаның өршіл әдебиеті» (Өлгий, 1976) атты зерттеу кітаптарының авторы. Моңғолия қазақтарының фольклоры мен әдебиеті негізінде «Халық жырлары» (Өлгий, 1970), «Өмір өткелдері» (Өлгий, 1970), «Заман жыршылары» (Өлгий, 1989), «Бабиұлы Ақтан­ ның шығармалар жинағы» (Өлгий, 1987) атты жинақтарды құрастырған. 27-298*

жұмбақтар
Лютш Яков (Александр Рудольф) Яковлевич (1854—
белгісіз)—қазақ
фольклорын

жинап
бастырушы.
Санкт-
Петербор университетінің шығыс тілдер факультетінде лекция

тыңдаған. Тәшкен мұғалімдер семинариясының оқытушысы
болған. Ол қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинап,
1883  жылы Тәшкенде «Киргизская хрестоматия» деген ат­
пен кітап етіп шығарды. Онда жұмбақ, мақал, ертегі, терме,

өлеңдерді жеке-жеке беріп, оларды жазылып алынған жер­ле­
ріне қарай (Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата) жік­те­
ген. Ол Ә.А. Диваевпен таныс болған.
Саттаров Қыдырәлі—фольклортанушы-ғалым, филология

ғылымдарының докторы. Оңтүстік Қазақстан мен Өзбекстан
Республикасы Тәшкен өңіріне ұйымдастырылған бірнеше
фольклорлық-этнографиялық
экспедицияларды

басқарған,
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет
және өнер институтының Қолжазбалар қорына тапсырған.
Құрастырушыға жұмбақ берушілер:

Кейкін Жәрдем
Келімбетұлы Ақынжан
Керім Тұрсын
Керімбеков Кенжебек

Қалиұлы Ахметулла
Қасқабасов Сейіт
Қиянатұлы Бабағұмар
Өмірзақ Тоқтасын

Садықов Салы
Сейдімбек Ақселеу

ШАРТТЫ  ҚЫСҚАРТУЛАР

ӘӨИ—М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—Шифр

дәп—дәптер
а—араб
п—парсы
т—түркі

қ—қазақ

Пайдаланылған әдебиеттер 1.  Аймауытов Ж. Жаман тымақ. —Алматы, 1992. 2.  Алекторов А. Е. Киргизские загадки // Астраханские

ведомости.—1893. № 1302. 3.  Алтай табышкактар.—Туулу Алтайдағы бөлуги. 1981. 4.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. — Алматы,

1994. 5.  Алымов Ә. Қарақалпақ халық жұмбақтары. —Нөкис,

1990. 6.  Ана тілі.—1992.—№ 47, қараша. 7.  Аникин В.П. Русские народные пословицы, поговорки и

детский фольклор.—М., 1957. 8.  Ахметов 3. Казахское стихосложение. —Алма-Ата,

1964. 9.  Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті. —Алматы, 1974. 10.  Әлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы. —Алма­

ты, 1991. 11.  Әлімбаев М. Халық кітабына сөзі кірген // Халық кеңесі.

—1994, 27 тамыз.

12.  Васильев А. В. Образцы киргизской народной поэзии.

Вып.2. Киргизские загадки. —Оренбург, 1900. 13.  Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. —Алма­

ты, 1974. 14.  Ел аузынан. —Алматы, 1985. 15.  Загадки (Украінська народна творчість) / Сост. Стойко­

ва Стефана. —Киів, 1962. 16.  Загадкі (Беларуская народная творчасць). — Мінск,

1972.

ғылыми  қосымшалар 17.  Иванов Н. Киргизские загадки // Тургайская газета.

—1900. №9, 10, 12, 14, 17.

18.  Ибрагимов М. Материалы для этнографии Средней

Азии. Киргизские загадки // Туркестанские ведомости.—1870.
№1-6. Материалы для этнографии Средней Азии. Киргизские
пословицы и поговорки, загадки // Туркестанские ведомости.

—1871. № 1.

19.  История казахской литературы. Фольклор. Т.І. —Алма-

Ата, 1968. 20.  Казахский фольклор в собрании Г.Н.Потанина. —Алма-

Ата, 1972. 21.  Кенгэс-Маранда Э. Теория и практика анализа загадок

// Паремиологические исследования. Сборник статей. —М.,
1984.

22.  Керім Ш. Қазақ жұмбағы. —Алматы, 1999. 23.  Киргизские пословицы. Загадки // Ежегодник Турке­с­

тан­ского края. Вып. ІІІ. – СПб., 1874. 24.  Киргизская хрестоматия. Сборник образцов народной

лите­ратуры киргиз Туркестанского края / Сост. Я. Лютш.

—Ташкент, 1883.

25.  Киргизские загадки // Тургайские областные ведомос­

ти. —1900. №18. 26.  Қазақ халқының творчествосы (Ә. Диваев жинаған ма­

териалдар). —Алматы, 1989. 27.  Қазақтың халық жұмбақтары. —Алматы, 1959. 28.  Қазақ әдебиетінің тарихы. Бірінші кітап. ІІ том.—

Алматы, 1960. 29.  Қазақ әдебиетінің тарихы. Екінші кітап. І том.—

Алматы, 1964. 30.  Қазақ жұмбақтары.—Алматы, 1940. 31.  Қазақтың халық жұмбақтары / Құраст. С. Аманжолов,

Т. Жанұзақов. —Алматы, 1959. 32.  Қазақтың халық жұмбақтары. —Тәшкен, 1994. 33.  Қазақ фольклористикасының тарихы. —Алматы, 1988. 34.  Қазыбек Г. Қ., А. В. Васильев—қазақ ауыз әдебиетін жи­

наушы, жариялаушы және зерттеуші. Канд. диссертация авто­
рефераты. —Алматы, 1999.

35.  Қарақалпақ фольклоры. ІІІ том. —Нөкис, 1978.

жұмбақтар 36.  Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. —Алматы,

1984. 37.  Лазутин С. Г. Поэтика русского фольклора. —М., 1989. 38.  Левин Ю. И. Семантическая структура русской загад­ки

// Труды по знаковым системам. Т. VІ. Сб. научных статей в
честь М. М. Бахтина.—Учен. зап. Тартусского ун-та, 1973.—
Вып. 308.

39.  Мәшһүр Жүсіп Көпеев. 2-том. Ел аузынан жиналған

әдебиет үлгілері. —Алматы, 1992. 40.  Мелиоранский М. П. Киргизские пословицы и загадки //

Записи восточного отделения Русского археологического обще­
ства. —1893. Т.7.

41.  Митрофанова В. В. Русские народные загадки. —М.,

1978. 42.  Муканов М. М. О казахском устном творчестве, посло­

вицах, айтысах в их отношении к трактовке интеллектуальной
деятельности (К проблеме их отношений к трактовке интеллек­
туальной деятель­ности) // Психология. Вып. 4. —Алма-Ата,
1976.

43.  Муканов М. М., Нургалиев К. А. Изучение процесса

отгады­вания загадок в зависимости от языка и контекста (К обо­
снованию психологического подхода исследования процесса от­
гадывания за­гадок)//Исследование интеллектуальной деятель­
ности в историко-этническом аспекте. —Алма-Ата, 1987.

44.  Мура.—1987. № 2. 45.  Образцы киргизской поэзии, собранные и переведенные

Т. А. Сейдалиным и С. А. Джантюриным (С художественным
перево­дом П. Н. Распопова)//Записи Оренбургского отдела РГО.

—1875. Вып. 3.

46.  О логической структуре некоторых русских зага­

док (Сооб­щение Н. В. Барабановой, вступительный текст
Г.Л.Пермякова) // Паремиологические исследования. Сборник
статей. —М., 1984.

47.  Паремиологический

сборник:
Пословицы.
Загадки
(Струк­тура, смысл, текст). —М., 1978.

48.  Пермяков Г. Л. Основы структурной паремиологии.

—М., 1988.

49.  Поэтика татарского фольклора. —Казань, 1991. 50.  Рыбникова М. Л. Загадки.— М-Л., 1932.

ғылыми  қосымшалар 51.  Саттаров Қ. Жұмбақтың айтылу тарихынан // Қазақ

тілі мен әдебиеті мәселелері. ІX шығуы. —Алматы, 1972. 52.  Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской

облас­ти. —1895. Вып.4. 53.  Сейдімбеков А. Күмбір-күмбір күмбездер. —Алматы,

1987. 54.  Танишмаклар. —Фрунзе, 1985. 55.  Taylor Archer. Engl�sh�R�ddles��rom�Oral�Trad�t�on���erke�

Englіsh Rіddles Іrom Oral Tradіtіon. Berke­
ley and Los Angeles, 1951.

56.  Turk bіlmegelerі, І-ІІ t., Ankara, 1993. 57.  Төреқұлов H. Қазақ совет поэзиясының жанрлық

ерекшеліктері. —Алматы, 1979. 58.  Узбек топишмаклари. —Тошкент, 1991. 59.  Хусаинова 3. Узбек топишмокдари. —Тошкент, 1966. 60.  Шалғын.—1980. № 1; 1981. № 1-2; 4; 1982. № 2; Мура— 1982. №2; 1984. № 1; 1986. №2. 61.  Шаракшинова И.О. ������������������������������

Загадки�����������������������
. ���������������������
Учебное пособие. —Ир­
кутск, 1981.

62.  Ісламжанұлы К. Рухани уыз.—Алматы, 1995.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства им. М.О. Ауэзова МОН РК
продолжает работу по подготовке и изданию очередных томов
многотом­ной серии «Бабалар сөзі».
Шестьдесят четвертый том серии посвящен загадкам.

Загадки занимают важное место в системе жанров казахско­
го фольклора. В них отражены наиболее важные периоды и эта­
пы развития общества, значительные моменты прошлой исто­
рии народа, приметы настоящего, его обряды и обычаи, быт и

хозяйство.
Народные загадки по структуре лаконичны, богаты разно­
образием художественных приемов и, в большинстве своем, сти­
хотворны. Тематический круг их очень обширен. В целом тема­

тика загадок отражает все стороны жизни казахского общест­ва
разных эпох.
Сбор и публикация загадок начались во второй половине
XІX в. В начале XX столетия эта работа была продолжена, а в

советский период истории Казахстана загадки собирались, пуб­
ликовались и изучались планомерно, как и другие жанры на­
ционального фольк­лора.
В изучении этого жанра большую роль сыграли исследова­

ния М.Ауэзова, А.Маргулана, М.Абжанова, Ж.Адамбаевой,
Н.Онгарбаевой и др., которыми были сделаны ценные наблюде­
ния и выводы.
Первые публикации казахских загадок относятся ко второй

половине XІX века. Большая заслуга в деле сбора и издания их
принадлежит Ы.Алтынсарину, Я.Я.Лютшу, М.П.Мелиоран­
скому, А.В.Васильеву, Г.Н.Потанину, А.Диваеву. Особо надо
отметить сборник Я.Я.Лютша «Киргизская хрестоматия» и

ғылыми  қосымшалар
«Киргизские за­гадки» А.В.Васильева. В сборник Я.Я.Лютша,
опубликованный в 1883 году, вошли тексты 146 загадок, запи­
санные в окрестностях Акмешита, нынешней Кызылорды.

В книгу А.В.Васильева (1900) включено 140 загадок, записан­
ных от тургайских казахов.
В прошлом веке загадки издавались неоднократно. На­
пример, в 1940 году был выпущен сборник «Казахские загад­

ки», предисловие для которого написал М. Ауэзов. Эта книга,
частично дополненная Т.Жанузаковым, была переиздана в
1959  году (число загадок в этой книге—929).
Можно отметить также сборник загадок, составленный

К.Саттаровым, изданный в 1994 году в Ташкенте. В него вошло
всего 506 загадок, в числе которых наряду с ранее известными,
загадки, записанные в Южном Казахстане, а также от казахов,
проживающих в Узбекистане.

Особо надо отметить подвижнический труд венгерского уче­
ного Коныра Иштвана Мандоки по сбору и изучению фолькло­
ра тюрк­ских народов. Начиная с 1966 года он тринадцать раз
выез­жал в Баян-Ульгийский район Монголии, где компактно

проживают казахи, с целью сбора образцов казахского фоль­
клора. Собранные им загадки находятся в Будапеште в личном
архиве ученого. В данное издание вошла лишь часть собранных
им текстов, всего—237 загадок, т.е. в собранной им коллекции

загадок материала значительно больше.
И все же немало загадок, еще не известных читателю, хра­
нятся в рукописных фондах Института литературы и искусства
имени М.О.Ауэзова МОН РК, Центральной научной библиотеки

МОН РК и фондах Национальной библиотеки РК.
Настоящий сборник, впервые составленный в таком объеме,
достаточно полно отражает обширный репертуар народных за­
гадок. Материал в нем сгруппирован по тематическому призна­

ку и рас­положен в таких разделах как: небо; земля и явления
природы; растительный мир; животный мир; человек и др.
В данный том, наряду с уже известными, ранее публиковав­
шимися, вошло значительное количество текстов, извлеченных

из рукописных фондов и личных архивов. Эти тексты впервые
предлагаются вниманию читателей.

жұмбақтар
Многотомный свод «Бабалар сөзі»—научное издание.
Публи­куемые тексты даются в адекватном оригиналу виде, т.е.
исключа­ется любое вмешательство в текст.

Том снабжен научными приложениями, которые включают
в себя: сведения об источниках публикуемых текстов; данные об
исторических и религиозных деятелях, имена которых встре­
чаются в текстах; словарь арабских и персидских слов, а также

географи­ческих названий; сведения о собирателях и публикато­
рах; список использованной литературы; резюме на русском и
английском языках.
Также тому предпослано обстоятельное научное предисло­

вие доктора филологических наук, профессора Ш.Керима, в
котором дана характеристика особенностей этого жанра, пока­
заны пути развития национальной загадки, воспитательная и
художес­твенная ценность их.

Объем тома—27 п.л.

Summary M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and arts, Mіnіstry of educatіon and scіence, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on prep­aratіon and publіshіng of many volume collectіon «Babalar sozy». The sіxty fourth volume of the collectіon іs devoted to rіddles. Rіddles have іmportant part іn the system of genres of Kazakh folklore. They reflect the most іmportant perіods and stages of socіety development, sіgnіfіcant moments of the past hіstory of people, sіgns of present, customs and tradіtіons, everyday lіfe and economy. Folklore rіddles are laconіc and rіch іn varіety of artіstіc meth­ ods and mostly іn verse form. The thematіc cіrcle of the rіddle іs very wіde. Іn general the thematіc of the rіddles reflects all sіdes of Kaza­kh socіety іn dіfferent epochs. Collectіon and publіcatіon of the rіddles started іn the second half of XІX c. Іn the begіnnіng of the XXth century thіs work was contіnued and durіng Sovіet perіod of the hіstory of Kazakhstan rіddles were collected, publіshed and studіed accordіng to the plan as other genres of natіonal folklore. M. Auezov, A.Margulan, M. Abjanov, Z. Adambaeva, N. Ongarbaev and other have contrіbuted much to the study of Kazakh rіddles and made valuable observatіons and conclusіons. Fіrst publіcatіons of Kazakh rіddles belong to the second half of XІX century. І. Altynsarіn, J.J. Lutsh, M.P. Melіoransky, A.V. Vasіlіev, G.N. Potanіn, A. Dіvaev have contrіbuted much to the collectіon and publіshіng of Kazakh rіddles. Especіally collectіon of J.J. Lutsh «Kіr-gіz reader»and work of A.V. Vasіlіev «Kіrgіz rіddles» should be mentіoned. Developed by J.J. Lutsh «Kіrgіz

жұмбақтар reader» was publіshed іn 1883 and іncluded 146 rіddles recorded from the Kazakh people who lіved near Akmeshet. The book of A.V. Vasіlіev «Kіrgіz rіd­dles» (1900) іncludes 140 rіddles collected іn Turgay regіon. Durіng last century rіddles have been publіshed several tіmes. For example, іn 1940 the collectіon «Kazakh rіddles», the foreword was wrіtten by M. Auezov; thіs book was re-publіshed іn 1959 wіth addіtіons made by T.Zhanuzakov (number of rіddles іn thіs book іs 929). Serіes of rіddles can be also mentіoned, compіled by K. Sattarov that was publіshed іn 1994 іn Tashkent and іncluded 506 rіddles together wіth the well known earlіer rіddles and rіddles collected іn South Kazakhstan and from Kazakh people lіvіng іn Uzbekіstan. Especіally should be mentіoned the actіvіtіes of the Hungarіan scіentіst Mangokі Konyr Іshtwan on collectіon and study of the folklore of Turkіc people. Sіnce 1966 he vіsіted 13 tіmes BajanOlgіnsky dіstrіct іn Mongolіa where Kazakh people lіve and col­ lected samples of Kazakh folklore. The rіddles collected by hіm are іn Budapest іn the personal archіve of the scіentіst. Thіs edіtіon іncludes only part of the texts collected by hіm, total number—237 rіddles. Іt means that the collectіon of rіddles collected by hіm, іn­ cludes much more materіal. Many unknown rіddles are kept іn manuscrіpt foundatіons of the M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Art, Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Central Scіentіfіc lіbrary of the Mіnіstry of Educatіon and Scіence, Republіc of Kazakhstan and foundatіons of the Natіonal lіbrary of RK. Present collectіon compіled for the fіrst tіme іn such volume reflects wіde repertoіre of Kazakh folklore rіddles. The materіal іn­ cluded іn іt іs grouped accordіng to the topіc and іs avaіlable іn the followіng sectіons: sky; earth and natural phenomena; plant lіfe; anіmal lіfe; human beіng etc. Thіs volume іncludes well known, earlіer publіshed and also sіgnіfіcant number of texts taken from the manuscrіpt foundatіons and personal archіves. Those texts are suggested to the readers at­ tentіon for the fіrst tіme. Many volume collectіon «Babalar sozі» іs a scіentіfіc edіtіon. The publіshed texts are gіven adequately to the orіgіn, і.e. exclude any іnterventіons іnto the text.

ғылыми  қосымшалар The volume has scіentіfіc annexes that іnclude: іnformatіon aboul publіshed texts and theіr versіons; data on hіstorіcal and relіgіous fіgures whose names are met іn the texts; vocabulary of Arab and Persіan words and geographіc names; іnformatіon on the collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and En­glіsh. Also the volume has a substantіal scіentіfіc foreword that іn­ cludes descrіptіon of the specіfіc features of thіs genre, the ways of the development of the natіonal rіddle, theіr educatіonal and artіstіc: value. The volume sіze іs 27 p.p.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Алғы сөз ............................................................................. 7 Мәтіндер Аспан әлемі ...................................................................... 31 Жер, табиғат құбылыстары ............................................... 43 Егіс және өсімдіктер ......................................................... 61 Жануарлар, мақұлықтар ................................................... 82 Құстар .............................................................................. 98 Жәндіктер .......................................................................106 Төрт түлік .......................................................................115 Адам және оның дене мүшелері ........................................129 Үй ...................................................................................160 Үйдің керек-жарақтары және жиһаздар ............................172 Қол ісі .............................................................................180 Киім-кешек .....................................................................189 Шаруашылық құралдары .................................................196 Ыдыс-аяқтар ...................................................................209 Тамақтар мен сусындар ....................................................221 От жағу, жарық қылу .......................................................229 Қатынас, жүріс-тұрыс ......................................................244 Қару-жарақ, аңшы және аңшы құралдары ........................249 Есеп және сауда ...............................................................256 Мезгіл, уақыт ..................................................................261 Дін ..................................................................................275 Оқу-білім ........................................................................285 Ойын-сауық, музыкалық аспаптар ....................................300 Техника ..........................................................................314 Әртүрлі жұмбақтар ..........................................................330 Жұмбақ өлеңдер ..............................................................334 Жұмбақ айтыс .................................................................343 Жұмбақ айтыстар ............................................................351 Жұмбақ айтысқан келіншек пен жігіт ...............................357

Қара сөз жұмбақтар .........................................................360 Жұмбақ жауап .................................................................364 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндердің дереккөздері ..................................403 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................407 Сөздік ..............................................................................412 Жер-су атаулары ...............................................................414 Томға енген жұмбақтарды айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................416 Шартты қысқартулар ........................................................419 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................420 Резюме ............................................................................424 Summary ..........................................................................427

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 64 том ЗАГАДКИ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э. Заманбек Компьютерге терген: Т. Т. Әкімова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2485 Теруге 05.06.10 жіберілді. Басуға 27.07.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 27,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №298*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙