Мұқағали Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық
ISBN: 978-601-7505-14-1 Беттер саны: 232 Жанр: Зерттеу Поэзия Лирика
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 978-601-7505-14-1 Беттер саны: 232 Жанр: Зерттеу Поэзия Лирика
Бибіжан БЕГМАНОВА МҰҚАҒАЛИ Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Әдеби зерттеу АЛМАТЫ «ДӘСТҮР»
ӘОЖ 821.512.122.0 (035.3) ББК 83.3 (5Қаз) Б 34 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді Пікір жазған: Филология ғылымдарының докторы, профессор С.Б.Ержанова Бегманова Б. М. Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық: Әдеби зерттеу / Б.Бегманова. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2015. – 232 б. ISBN 978-601-7505-14-1 Әдеби зерттеуде М.Мақатаев поэзиясы бүгінгі тәуелсіздік талаптары туғызып отырған жаңаша көзқарас тұрғысынан сараланады. Ақын лирикасының поэтикалық қуаты, көркемдік тұтастығы, поэзиядағы тақырып пен идея бірлігі зерттеу нысанына алынады. М.Мақатаев поэзиясының ұлттық-идеялық сипаты өзі тұстас ақындармен салыстырыла қарастырылып, жырларындағы ортақ сарындар мен арналар зерделенеді. Сонымен қатар қазіргі қазақ лирикасы дәстүр мен жаңашылдық тұрғысынан сарапталады. Зерттеу еңбек жоғары және арнаулы оқу орындарының филология факультеті студенттеріне, ізденушілерге, зерттеуші мамандарға және әдебиет сүйер қауымға арналады.
ӘОЖ 821.512.122.0 (035.3) ББК 83.3 (5Қаз) ISBN 978-601-7505-14-1 © Бегманова Б., 2015. © «Дәстүр», 2015. © «Каратау КБ» ЖШС, 2015. Б 34
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ПІКІР М.Мақатаев – қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын. Поэзияның жанды өзегі – бейнелі, сәулелі суретті сөз десек, М.Мақатаев өз өлеңдерінде аз сөзге көп ой, мағына сыйғызуға тырысқан ақын. Әр сөзді талдап, талғап барып қолданып, әрбір образда сөздің дәл, ықшам, әсерлі болуына күш салады. Шығармашылық тұлға – жалпы адамзаттық шығармашылық ойдың дамуында белгілі бір мән-маңыз иеленетін құбылыс. Демек, М.Мақатаевтың лирикалық өлеңдері қазақ поэзиясының даму үрдісінде өзіндік орын алары анық. Сол себепті ақынның шығармашылығын зерттеу, объективті баға беру, ғылыми айналымға қосу – уақыт талабынан туындап отырған қажеттілік. Осы тұрғыдан алғанда зерттеуші бұл еңбегінде ақын жырларына ғылыми негізде талдаулар жасаған. Поэзия тек суретті сөзбен өріліп, тек көрікті, айшықты сөзбен бейнеленетін сөз өнері. Ал поэтикалық тілдің көркемдік, образдық сыр-сипаттарын, әдемі айшықтарын, тіл өрнектерінің эстетикалық қызметін де айқындау оңай мәселе емес. Сондықтан зертетуші ақын лирикасының көркемдігін зерттегенде, ақын өлеңдерінің тілдік бояуларына, өлең сөзін өрнектеу, көріктеу, құбылту амал-тәсілдерін айқындаған. Зерттеу еңбекте ой-тұжырымдар, дәлелдер нақты мысалдармен дәйектеліп, зерттеу жүргізген. Зерттеу еңбектің құрылымы негізгі мәселелерді ашуға тиімді қызмет етіп тұр. Зерттеу еңбегінің осы айтылған жетістіктерін бағалай келе Б.Бегманованың ғылыми зерттеу жұмысын әдебиеттану ғылымына қосылған мәнді еңбек деп бағалауға негіз береді. С. Ержанова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық КІРІСПЕ Сөз өнері ықылым заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан құндылықтар құбылысы. Қазақ халқының әр кезеңдердегі тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, басынан өткерген тарихи оқиғалары, елін, жерін жаудан қорғаған батырлар ерлігі мен бір ауыз сөзбен тоқтам жасаған хан, би-шешендердің сөздері жыр-дастандарға айналып бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр. «Басқа халықтар сияқты, қазақ халқының да өзіне тән тарихы, басынан кешкен кезеңдері, өсу, өрлеу сапары, әрбір дәуірге лайық мәдени мұрасы, асыл өнері бар. Сол асыл өнердің таза меруерттері ғасырлар бойы ел өмірімен бірге жасап келеді» [1, 12 б.]. Әр заман өз ақынын тудырады. Әр ақын өз заманының жаршысы. Заман жаршысы болуымен қатар өткенді жалғастырушы, жаңғыртушы, дамытушы өнер иесі. Қазақ халқының ата-бабадан жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін бейнелеген жырларды 60-70 жылдары қалам тербеген ақындар шығармаларынан кездестіруге болады. Қазақ лирикасының шарықтау кезеңі 60-70 жылдар десек артық айтпаймыз. Себебі, бұл бейбітшілік заманның әбден орнығып, халықтың сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығынан ес жиып, білім-ғылымға ден қойып, жалпы руханиятқа талғаммен қарай бастаған кезең еді. Осы жылдары қалам тербеген ақындарымыз алдыңғы аға буыннан тақырыптық жаңашылдығымен, көркемдік ерекшелігімен, поэзиядағы ірі қадамдарымен ерекшелене бастады. Алдыңғы аға буын өкілдері Кеңес Одағының жетістіктерін ұрандатылған өлең жолдарына арқау етті. Бұл сол кезең тұрғысынан қарағанда заңды да еді. Өйткені, халқымыздың ауыр қайғы, азапты жолдардан кейінгі қол жеткізе бастаған табыстарын жыр жолдарына айналдырып, халықтың еңсесін сол жетістіктермен көтеру ке-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рек болды. Ұраншыл тақырыпқа көп қалам тербеуіне тағы бір себеп – тоталитарлық жүйенің идеологиясына де байланысты еді. Кеңес Одағының құрсаулы шеңбері ақындардың еркін тақырыпта жырлауына мүмкіндік бермеді. Үнемі бақылап отырды. Цензураның қатал талабына сай қазақ халқының құндылықтарын, халықтық қасиеттерін танытатын жырлар кеңестік патриоттық тұлғаның бейнесінде көрінді. Әміршіл-әкімшіл жүйенің сеңі 60-70 жылдары біршама жібігендей болды. Алдыңғы аға буын ұшыраған «ұлтшылдық» жаласы жойылып, біраз болса да поэзияда еркіндік орнай бастады. Ұлттық қасиетіміз бен болмысымызды танытатын жырлар дүниеге келіп, халық руханиятының көкжиегі кеңейе түсті. Саяси жүйенің жіби бастаған сеңімен қазақ поэзиясы «жаңа бір жыл келгендей жақсылық әкелген» [2, 446 б.] ақындар қатарымен толықты. Поэзия әлеміне өзіндік жаңалығымен келген бұл кезеңдегі ақындар легіне М.Мақатаевты да жатқызуға болады. Жасындай отты жырларымен келген М.Мақатаев өз жүрегінен туындаған өлең сөз өнеріне қазақ халқының ұлттық болмысын арқау ете білді. Бұл жайт ақынның азаматтық болмысын танытады. Өлең болып өрілген ақынның азаматтық үні елінің мақсат-мүддесімен ұштасып жатты. Елдік мүдденің жаршысы болған ақын поэзиясының идеясы, қуаты, көркемдік ерекшелігі ұлттық таным тұрғысынан бағаланатын уақыт жетті. Сол себепті ақын поэзиясының ұлттық болмыс-қасиетін сол кезеңде өзімен бірге қалам тербеген, үзеңгілес басқа да ақындардың жырларымен салыстыра зерттеу жұмыстың өзектілігін танытады. ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясы көркемдік, құрылымдық ерекшеліктерін зерттеушілер тарапынан ғылыми тұрғыда зерделеген еңбектер қатары баршылық. Атап айтқанда, Ш.Сариевтің «6070 жылдардағы қазақ лирикасы» атты филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жазылған диссертациясында сол жылдары қалам тербеген біраз ақындар поэзиясын көркемдік тұтастығы тұрғысынан зерттеген. Сонымен қатар, 1960-70 жылдары қалам тербеген көптеген ақындардың шығармалары жеке нысанға алынып талданды. Сондай-ақ К.Сейітованың «Поэтические наследие М.Мақатаева», К.Хамидуллаевтың «М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі» атты диссертациялық жұмыстар жазылды. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұрын тоталитарлық кезеңде айтылмаған қазақы салт-дәстүрлер мен ұлттық ерекшеліктерді танытатын жырлар зерттеу нысанына айналып жатты. Бұл тұрғыда қазақ поэзиясының ұлттық сипаты мен ерекшелігіне ғылыми тұрғыдан зерттеу жүргізілген біраз еңбектерді атап айтуға болады. Мысалы, Б.Кәрібозұлының «Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты» атты зерттеу еңбегінде Абай поэзиясынан бастап, 60-70 жылдар поэзиясына дейінгі аралық қамтылса, Т.Шапаевтың «Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы» (70-80 жж.) атты кандидаттық диссертациясында да қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасына жан-жақты талдау жүргізілген. Қазақ поэзиясының ұлттық мінез-құлқын зерттеген Р.Мұқышеваның «Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық характерді бейнелеу жүйесі» (80-90 жж.) атты еңбегін де атап айтауға болады. Аталған ғылыми еңбектерде поэзиялық шығармалардың көркемдігі, ондағы ақындық ізденістер, ақындық шеберлік, тіл құнарлығы, жырлау стилі, өзіндік ерекшелігі талданған. Бірақ М.Мақатаев жырларының ұлттық сипаты толық, жан-жақты негізде зерттеу нысанына алынбады. Біздің бұл еңбегіміздің ерекшелігі 60-70 жылдар поэзиясының ұлттық қасиетін терең зерделей отырып, жан-жақты талдау жасалынады. Алдыңғы ғылыми еңбектерде айтылмаған ақын жырларының ұлттық ерекшелігіне, болмысына, салт-дәстүрге байланысты ұлттық бейнесінің берілуіне салыстырмалы түрде зерделенеді. М.Мақатаев жырла-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ры осы жылдары поэзия әлемінде қатар қалам тербеген басқа ақындар шығармаларымен салыстырыла отырып зерттеу жүргізіледі. Әр ақынның өлең өлкесіндегі ұлттық болмысы да жан-жақты талданады. М.Мақатаев поэзиясы жайлы көптеген ақын-жазушылар, зерттеуші ғалымдар: Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Ә.Кекілбаев, Ә.Нарымбетов, З.Серікқалиев, Ф.Оңғарсынова, С.Әшімбаев, Ж.Әбдірашев, Б.Сарбалаев, Ә.Жәмішев, Ө.Күмісбаев, С.Дәуітов, Қ.Алпысбаев, Б.Кәрібаева, Т.Шапаев және т.б. әртүрлі зерттеулер мен сын-мақалалар жазды. Алайда М.Мақатаев поэзиясының ұлттық сипаты жайлы мәселе бірен-саран айтылған пікірлермен ғана шектеліп, аталмыш тақырып ғылыми негізде жүйелі зерттеу нысанына толық алынбаған еді. Зерттеу еңбегіміздің негізгі нысанына алынып отырған М.Мақатаев жырлары ақынмен үндес Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, С.Жиенбаев, К.Мырзабеков, Қ.Баянбаев сынды ақындардың өлеңдерінде бейнеленген ұлттық нақыштың көріністерімен байланыстырыла қарастырылады. Осы бағытта жүргізілген зерттеудегі ғылыми жұмыс 60-70 жылдар поэзиясын топтастырып, ақындар жырларына арқау болған ұлттық ерекшеліктерді бір-бірімен сабақтастырыла зерттеледі. Нәтижесінде осы жылдардағы ақындар жырларының ұлттық сипаты айқындалады. Зерттеудің дерек көздері ретінде М.Мақатаевтың «Армысыңдар, достарым» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?»(1968), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976), «Өмір-өзен» (1979), «Бәсіре» (1982), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Жырлайды жүрек» (1989), Үш томдық шығармалар жинағы (1993), «Жылап қайттым өмірдің базарынан» (1994), «Аманат» (1999), «Аққудың қанатына жазылған жыр» (2001), Төрт томдық шығармалар жинағы (2001), «Білмеймін, сүйдім бе мен, сүймедім бе?» (2002), Қ.Мырзалиевтің «Дала дидары» (1966), «Ақ отау» (1968), «Алақан»
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық (1977), Екі томдық шығармалар жинағы (1995), Үш томдық шығармалар жинағы (1996), Таңдамалы туындыларының көп томдығы (2001), «Көкейкесті» (2003), Т.Молдағалиевтың үш томдық шығармалар жинағы (1990), Ж.Нәжімеденовтің «Сыбызғы сыры» (1962), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй» (1967), Үш томдық шығармалар жинағы (1996), «Құс сүті» (1996), Ә.Абайділдәновтің «Құс жолы» (1978), «Жүрегімнің шұғыласы» (1982), К.Мырзабековтың «Жолға салдым көшімді» (2002), Т.Айбергеновтің «Бір тойым бар» (1989), Қ.Баянбаевтің «Жол» (1978) пайдаланылды. Қазіргі қазақ поэзиясының ұлттық ерекшелігінің зерттеу нысанына айналуы – заман талабы. Жас ұрпақтың бойына салт-дәстүрді дарытып, ұлттық сезім мен мақтаныш ұғымдарын қалыптастыруда ақындарымыздың поэзиясының өзіндік орны ерекше. Бұл еңбектің басты мақсаты – М.Мақатаев поэзиясының ұлттық идеясын бүгінгі Тәуелсіздік талаптары туғызып отырған жаңаша көзқарас тұрғысынан ғылыми бағытта зерделеу болып табылады. Осы бағытта ұлттық әуезділік, ерекшелік және идея бағыттарын айқындау негізге алынады. Қарастырып отырған 60-70 жылдар поэзиясы туралы пікір-пайымдауларды ескере отырып, аталмыш кезең ақындарының поэзия әлемінің көркемдік дамуына қосқан үлесін, қазіргі қазақ поэзиясынан алатын орны мен жаңашыл сипатын ашып көрсетуді басты мақсат тұттық.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.МАҚАТАЕВ ЖӘНЕ 60-70 ЖЫЛДАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КӨРІНІС В.Г.Белинский «Поэзия өнердің асыл тегі» [3, 25 б.], – деп поэзияға айрықша баға берген. Қазақ поэзиясының тарихы өте ерте заманнан бастау алады. Халқымыздың сан қилы тағдырында ақындық өнердің аса маңызды рөл атқарғандығы анық. Жасығандардың жігерін алмас жырларымен жаныған ғажайып ақындардың қиынқыстау шақтарда сөз ғана емес, қол бастаған сәттері тарихымызда аз кездеспейді. Мемлекет мүддесін қорғаған хандар мен халықтың бейбіт өмірі, тыныштығы жолына өмірін арнаған батырлар бес қаруымен қатар сөз қаруын да қолдана отырып сөздің құдіретін серік еткен. Қай заманның ақындарын қарастырсақ та олардың басты ұраны ұлт тағдыры, ұлт мұраты екендігін айқын аңғарамыз. Сондықтан да біз үшін ақын мен ұлт егіз ұғым. Өлең-жырдың қасиеті оның қай тілде жазылса сол халықтың ұлт байлығы болып қалатындығында болса керек. Ұшқан құстың қанаты талатын ұлан байтақ қазақ даласының тұтастығын сақтауда да ақындық өнердің ерекше орын алғандығын тарихтың өзі баяндап тұрғандай. Олай болса ақын мен ұлтты бөлек қарастыруға болмайды. Қазақ поэзиясының ұлттық әуезділігімен өрілген таңғажайып озық үлгілері аз кездеспейді. Ақындық өнердің ұлтымыздың тағдырында ерекше орын алуында терең мән-мағана бар. Сол себепті қазақ халқының ақын халық аталғаны заңдылық. Белгілі әдебиеттанушы ғалым М.Базарбаев: «Шынын айтсақ, қазақ жері поэзияның туы тігілген жер. Атам заманнан бастап қазақ құлағы өлеңге, сырлы, сұлу сөзге үйренген» [4, 8 б.], – деген тұжырымы өте орынды айтылған. Осы сырлы да, сұлу сөз өнері, қазақтың қара өлеңі Алаш жұртымен бірге ұрпақтан ұрпаққа жалға-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сып, дамып, өркендеп келеді. ХҮ–ХІХ ғасырларда өмір сүрген Шал ақын, Шалкиіз, Үмбетей жыраудың, беріде ұлы Абай, Махамбет, Мағжан сынды ақындардың озық поэзиялары қазақ лирикасын, оның ішінде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық салт-дәстүрлерін және сол кезеңдердегі қоғамдық-әлеуметтік сан алуан проблемаларын айқын танытады. Лириканың өміршең жанр екенін өткен ғасыр ақындарының өлеңдері де дәлелдей түседі. Көрнекті ақын әрі ғалым Ә.Тәжібаев: «Лирика негізі халық өлеңдерінде, әсіресе, сал-сері атанған: Ақан, Біржан, Жаяу Мұса, Ыбырай, Әсеттерде жатыр» [5, 265 б.], – деп атап көрсетеді. Қазақ лирикасы халық өлеңдерімен тамырлас, халық өлеңдерінің әсемдік лирикалық сарын күйлерінен туып дамыған. Әдебиеттанушы ғалым Б.Кәрібаева Ә.Тәжібаев ойын қостай келе: «…бұлар халықтық тіл қазынасының шынайы жалғастырушылары халықтың рухани байлығының шын мұрагерлері еді. Біржан, Ақандар халықтың бай тілдік мүмкіндігін, образдық жүйесі мен ойлау арсеналын тың күшпен молықтырған да тұлғалар» [6, 6 б.], – деп баға береді. Яғни, қазақ лирикасы халықпен бірге жасап, бірге өмір сүріп келе жатқан сырға толы мөлдір де өміршең жанр. Лирикалық өлеңдерде халық өмірінің бар саласы бірдей қамтылған. «Халықтық рух деп біз ән мен жырдағы табиғи және тарихи бояулар мен (яғни көріністермен) дыбыстарды (мелодиялық үндерді) айтамыз. Аспанымыз бен жеріміздің арасын лық толтырған күн жарығы, оған шағылысқан өзен, көлдеріміз, басына бұлт оралған тауларымыз, шөлейт даламыз, сыңсыған орманымыз – түптүгел біздің жан-күйіміздің ұялары. Осы табиғи орта өз құшағындағы тірліктің бәрін адам тілімен ұлы эпостағы, ән-жыр деп аталатын ғажайып өнерге айналдырған: жетім бота, жесір аққу, қанаты қайырылған қыран, жылаған жел, күркіреген көк, атылған найзағай, тасыған сел, үйірілген құйын, қашқан қаңбақ, жеткізбес сағым,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұстатпас елес, атқан таң, батқан күндерімен… барлығы да халық лирикасының сарқылмас мотивтері» [7, 53 б.]. Осы көріністердің барлығы адамның нәзік сезімін тербеп, көңіл-күйін әсерлендіріп сөзбен сурет сала бейнелей отырып, ақын өз көңіл-күйін, өз сезімін, өз ойын табиғатпен тікелей байланыстыра жеткізеді. Лирикалық өлеңдерде жас адамның жан сезімінен бастап, ірі әлеуметтік оқиғалар, ел басына түскен ауыртпалықтың бәрі ақынның шеберлігімен өте нәзік суреттеледі. Қазақ поэзиясының жылдан жылға дамып, өсу барысында қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік оқиғалардың барлығы да қазақ жырларына өз әсерін тигізіп отырды. Соның нәтижесінде қазақ лирикасында саяси лирика басым болып жырлана бастады. Саяси лирикадағы әлеуметтік тартыстың характері әр алуан. Ол қоғам өмірінің барлық салаларын жырға қосады, барлық әлеуметтік сырларды ақтара, айқындығына, үгіттік мәніне баса назар аударғандықтан поэзияда көңіл-күй, махаббат тақырыптарына онша мән берілмеді. Жырланған күннің өзінде сынға алынып отырды. Мысалы, «Майдандағы жауынгерлердің сүйген жарын сағынған сезімдерін берген өлеңдер оп-оңай күйректілікті уағыздаушы болып, елім, халқым деген өлеңдер кейде көпе-көрінеу бұрмаланып «ұлтшылдық» шығармалар қатарына қосылып жатты» [8, 29 б.]. Үгіт-насихат түрінде жырланған өлеңдер белең алды. «Соғыс кезіндегі поэзияның әсерлі күші, саяси әлеуметтік мәні бұрынғыдан әлдеқайда артты. Өлеңдерде публицистикалық сипат, азаматтық сарын кеңінен көрініс бере бастады. Бұл тұстағы поэзияның тікелей орасан зор үгіттік рөл атқарғаны сөзсіз» [9, 19 б.]. Сөйтіп, сұрапыл соғыс кезінде көңіл-күйді білдіретін лирикалық өлеңдер азайып, ұрандатылған өлеңдер көбірек жырланады. Әйтсе де, көңіл-күйге, сырлы сезімге, махаббатқа құрылған өлеңдер жырланбай қалған жоқ. Түрлі кедергілерге қарамастан табиғат сұлулы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ғын, көңіл-күй сезімін білдіретін, махаббат тақырыбына арналған лирикалық жырлар жазыла бастады. Белгілі әдебиет зерттеуші ғалым М.Базарбаев: «Қазақ поэзиясында өнімді өркендеген түр – лирика» [10, 47 б.], – деп атап көрсетеді. Яғни, туған жер тақырыбына, махаббат тақырыбына, табиғат құбылысын, өмір мен өлім арпалысы жайлы өлеңдер де қазақ лирикасының өзекті тақырыбына айналды. Көптеген лирикалық тақырыптардың ішінде ежелден жыр өзегіне айналып, ескірмей жылдан жылға жаңарып, үзілмей келе жатқан тақырыптардың бірі табиғат лирикасы. Табиғат лирикасы әр кезең туғызған ақын жырларында көрініс алып, жалғасын тауып жатты. Табиғат сұлулығымен қоса жыл мезгілдеріне арналған табиғат құбылысының тылсым сырын, жыл мезгілдерінің өзгеруін кейіпкер арқылы бейнелеп, теңей жырланатын лирикалық өлеңдер Абайдан кейінгі әр ақын шығармаларында көптеп кездеседі. Тақырыбы бір болғанымен әр ақын өзіндік ерекшелігімен, ырғақтылығымен, өлең өнеріндегі тапқыр ұйқасымен, мазмұнының мағыналылығымен жырлады. Хакім Абай поэзиясы бүкіл қазақ халқына биік бір белес болып саналады. Абайдан кейін поэзия әлемінде қалам тербеген ақындарымыз ақын поэзиясынан тәлім алып, Абай дәстүрімен жырлаған. Бүгінде қазақ поэзиясында өзіндік орны бар Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Қ.Аманжолов, Ғ.Орманов, Ә.Сәрсенбаев, Ж.Сайн, Д.Әбілев, Қ.Бекхожин сынды белгілі ақындарымыз да әуелі аға буын ақындарын оқып, солардың поэзиясынан нәр алып, кейін өзіндік соқпақтарын салғандар. Әр заман өз ақынын тудырады десек бүгінгі заманымызда да көптеген ақындар поэзия сахнасында өзіндік ерекшелігімен танылғандар. Белгілі ғалым М. Базарбаев: «Адам баласының бүкіл тарих бойына ілгері өсіп дамуы, қаншалықты тынымсыз, толассыз жүріп жатқан процесс болса, көркем бейне жүйесімен ойлау, дүниені образбен танып баяндау,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық суреттеу өнері де тоқтаусыз дамып, жаңаланып, жақсарып келе жатқан құбылыс» [4, 6 б.], – деп айтқан. Шынында да, қазақ лирикасы ғасырдан ғасырға тоқтаусыз жалғасып келе жатқан тарихи процесс. Әлі де ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берері даусыз. Осы ілгері өсіп, жаңаланып, дамып келе жатқан қазақ поэзиясына 60-70 жылдары өзіндік ерешелігімен танылып көптеген ақындарымыз қосылды. Олар М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Бердияров, Т.Айбергенов, Ф.Оңғарсынова, С.Асанов, Ә.Абайділданов, М.Шаханов, С.Иманасов, М.Отарәлиев, Ө.Қожамұратов, Ж.Жақыпбаев, Д.Қанатбаев, Ж.Қыдыров, Ө.Нұрғалиев, М.Айтхожина, З.Тілеужанов, Ж.Әбдірашев, Т.Исмайлов, С.Әбуғалиев, Қ.Сарыбаев, Ө.Сәуірбаев, Д.Стамбеков, Т.Рахимов, т.б. ақындар жыр әлемінде өзіндік болмысымен, өзіндік табиғи жаратылысымен, өзіндік үнімен танылғандар. Осы аталған ақындарымыздың кейбірінің шығармалары әлі күнге дейін терең талданбай, ғылыми айналымға түспей келеді. Бұл жылдарғы поэзияға ғылыми зерттеу жүргізген ғалым Ш.Сариев: «60-жылдардың басында жақсы бір өлеңге ауыз ашып, көз жұматындай таңқалыс сезіммен қарау бой көтерген еді» [11, 75 б.], – деп атап көрсетеді. Себебі, алдыңғы аға буын ақындардың сол кезеңдегі кейбір тақырыптары ұрандатылған өлеңдер сияқты, саяси тұрғыда жырланды. Ал, қан майданға әкелері қатысып, өздерінің балалық шақтары тыл тағдырымен сабақтасып, қабырғалары қатпай жатып соғыстың ауыр қайғысы мен еңбектің ауыр азабын тартқан буын тылдағы қиыншылықты, жетім бала мен жесір ананың мұң-зарын жырлай келді. Бұл кезеңдегі өлең ырғағынан ақын жүрегінің ауыр жарасы, жетімдердің зары, жесірлердің көз жасы мен мұң-зарға толы үнін естиміз. Сол бір дауылды жылдардың ғаламат трагедиясы ақын өлеңдерінде сыршыл нәзіктікпен бейнеленген. Қазақ лирикасының шарықтап көтерілген тұсы 60-70 жылдар аралығы екенін жоғарыда айтып өттік. Бұл жыл-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дары қазақ лирикасы қанаттанып, өрісі кеңейе түсті. Бұл жөнінде белгілі зерттеуші ғалым Б.Кәрібозұлы: «Қазіргі қазақ өлеңінің жапырағын жайқалта түскені 60-жылдардан бергі уақытты қамтиды. Қазақ лирикалық поэзиясының философиялық тереңдігі артып, мазмұнының баюы, түр жаңалықтарына еркін баруы, уақытпен үндестігі – публицистикалық сипатының молаюы, ақындардың даралыққа ұмтылуы, ең бастысы ұлттық дәстүрге бірыңғай бет бұруы – 1960-жылдардан басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан қазақ өлеңдерінің сапалы қасиеттері» [12, 88 б.], – деп баға береді. 60-70 жылдар халықтың көңілі оқу-тоқуға ден қойған, терең зерделеуге айналған кезең. Сонымен қатар, поэзиядағы алдыңғы буынмен салыстырғанда, бұрынғыдан тақырып аясы кеңіп, ақындардың өлең өрімі кең түрде өріліп, ірі қадамдарымен, көркемдік ерекшелігімен, тақырыптық жаңашылдығымен, ұйқас өрімі, тармақ, бунақ, ырғағымен поэзияға жаңа леп әкелді. Яғни, «жаңа кезеңдегі қазақ поэзиясының толыққанды арнасы ретінде дәстүрден жалғасын тауып, жаңашылдыққа бет бұрды» [11, 83 б.]. 60-70 жылдары поэзияға келген ақындар жаңа леппен, жаңалықтарымен келді. Белгілі зерттеуші ғалым С.Қирабаев: «Бұл дәуірді лирикалық поэзияның жаңару, сілкіну кезеңі десе де болғандай. Жаңа адам бойындағы тың сапаларды аша отырып, лирика да рухани өсті, пафосын жетілдірді, өлең мәдениетін көтерді» [13, 20 б.], – деп баға берді. Бұл жылдары қадам басқан ақындарымыздың біраз жыр кітаптары дүниеге келді. Атап айтар болсақ: М.Мақатаевтың «Ильич» (1964 ж.), «Армысыңдар достарым» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Шуағым менің» (1975), «Өмір дастан» (1976), «Өмірөзен» (1979), Т.Молдағалиевтің «Студент дәптері» (1960 ж.), «Кәмила» (1960 ж.), С.Жиенбаевтың «Сыйлық» (1960 ж.), «Дала гүлі» (1961 ж.), Ж.Нәжімеденовтің «Сыбызғы сазы» (1962 ж.), «Өз көзіммен» (1964), «Жарық пен жылу» (1966), «Күй кітабы» (1967), «Мезгіл әуен-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дері» (1968), «Мен туған күн» (1972), Т.Айбергенов «Арман сапары» (1963 ж.), Ф.Оңғарсынованың «Сандуғаш» (1966 ж.), Қ.Мырзалиевтің «Ой орманы» (1965 ж.), «Дала дидары» (1966), «Ақ отау» (1968), тағы басқа да көптеген ақындарымыздың өлең-жырлары кезегімен жарық көріп жатты. Әр ақын поэзияда өзіндік болмысын танытты. Соның әсерінен бұл ақындардың бірі лирик, бірі эпик атанса, келесі бірі салмақты өлең-жырымен ойшыл ақын атанып жатты. Алайда, ақындарымыздың тақырыбы кең болғанымен, өлең-жырларында ұлттық қасиетімізді ашық түрде жырлай алмады. Оған себеп жиырмасыншы–отызыншы жылдары басталған «ұлтшылдық» науқаны 50-60 жылдары да жалғасты. «Өкінішке қарай, кеңес билігі кезеңінде қазақ халқы өз топырағында өнбеген, сырттан таңылған сананың белгі-бедерлерін де ықтиярсыз қабылдауға мәжбүр болды. Әсіресе, «жер үстінің жұмағын» орнатуға уәде берген төңкерістер дәуірінде ұлттық төл таным-түсініктердің тамырына балта шабылды. Өткенді жөнсіз мансұқтау, жаңаға жапатармағай мойынсұну белең алды. Мұның шалығы поэзияға да тиді» [14, 59 б.]. Ұлттық қадір-қасиетімізді, ұлттық мүддемізді танытатын шығармалар кеңестік тоталитарлық тәртіптің қысымына ұшырап жарыққа шықпай жойылып отырды. Кеңестік үрейлі идеология ақындардың алдарында көлденең жатты. Әдеби процесс барынша құрсаулы, шектеулі жағдайда болды. Тіпті, салт-дәстүрімізді танытатын хисса-дастандар, айтыс түрлерінің айтылуына, оқылуына шектеулер қойылды. Осындай қысым мен шектеулердің нәтижесінде ақындарымыз ұлттық ерекшелігімізді танытатын жырларын астарлап жеткізуге тырысты. «Ұлтшылдық деген жаладан аулақ болу үшін ақындар айтайын деген ойын айта алмай, кейіпкерлердің арман-тілегі мен сезім-дүниесін, ой-мақсатын айқын ашуға жалтақтады» [8, 71 б.]. Олардың көк желкелерінде кеңестік «қырағы көздер» қадалып тұрды. Ке-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ңестік идеологияның тарапынан «ұлтшыл» атанып, халық жауы деген жаламен атылып кеткен әдебиетіміздің ерекше тұлғаларының өмірі мен шығармашылықтары еліміз тәуелсіздік алған соң ақтаңдақтардан аршыла бастады. Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сияқты ақындарымыздың шығармаларының жарыққа шығуы поэзиямыздың көркемдік көкжиегінің кеңейе, ұлттық бояуымыздың айқындала түсуіне өз әсерін тигізді. Олардың ортамызға оралуы кездейсоқтық емес, заңды табиғи құбылыс болатын. Көзі жастан кеппеген, көңілінен қайғы-шері кетпеген қам-көңіл дана халқымыз іштен тынған аса ауыр кезеңдер де басымыздан өтті. Шәкәрімдей аса сирек кездесетін алыпты құдыққа тастаған, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Ілияс, Сәкендерін оққа байлаған қаралы жылдар халқымыздың жүрегінде жазылмайтын жара, көңілінде ең бір мұңлы нота болып қалды. Осындай тарихи тағдыры бар қазақ поэзиясы қаншама қилы кезеңдерге төтеп бере отырып, 60-70 жылдары қайта шарықтай түсті. Бұл жылдары поэзия әлемінде қалам тербеген ақындар әр түрлі тақырыптағы жырларымен қатар халқының ұлттық қасиетін, салт-дәстүрін, ұлттық мінезін, ұлттық сипатын танытатын өлең-жырларды да дүниеге әкелді. «Ұлттық колорит – қайсы бір өнердің болсын келбетін мүсіндеп, көркін ашар, оған шытынамас берік ұстын, ұзақ ғұмыр сыйлар қасиет. Ол поэзияда ақынның мінезі мен тілдік қорынан, жырламақ обьектісін таңдап-талғауы мен көру ерекшелігінен құрала келіп, айқын сипатқа ие болады. Туған халқының атынан сөйлеуге толық қақысы бар тұлғалы қаламгерді дүниеге әкелетін де, оның дара болмысын, өзге әдебиеттегі өз тұрғыластары арасындағы орнын сезіндіретін де осы» [15, 139 б.]. Туған халқының тағдырын, салт-дәстүрін халқының атынан сөйлеуге толық қақысы бар қаламгерлер қатарына М.Мақатаевты да жатқызуға болады. Бұл жөнінде әдебиеттанушы ғалым С.Елікбаев: «Өзі тұстас ақындар ішінен оқшау бөлініп
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық шыққан ақынның бірі – М.Мақатаев. Оның сыры тақырыптық қарапайымдылығы және ұйқас жағынан көбінесе етене таныс түрге бой ұрып, сонымен жазатындығында. Елге түсінікті тілмен жырлайтындығы оның артықшылығы болса керек» [16, 25 б.], – деп баға береді. Ақынның ұлттық қасиетімізді, ұлттық салт-дәстүрімізді танытатын жырлары көптеп кездеседі. Солардың бірі «Наурыз айы туғанда» өлеңі. Ақын бұл өлеңінде қазақ халқының арада қаншама жыл үзіліп барып жалғасын тапқан салт-дәстүрі – Наурыз жыл басы туралы, наурыз айының халық арасындағы қадір-қасиеті, халықтың жыл басын күтуі, қасиет тұтуы жайын кеңінен жырлайды. Наурыз айы туғанда, Той болушы еді бұл маңда. Сақталушы еді сыбаға, Сапарға кеткен ұлдарға, Наурыз айы туғанда [17, 55 б.]. Наурыз айында күн мен түн теңеліп, жаңаша күн басталатын кезең. Қасиетті жердің бусанып, табиғат ананың құлпыратын шағы да осы Наурыз айы. Ақын қазақы дәстүрді осы жаңа күнмен, жаңа жылмен байланыстыруы да сондықтан. Сақталған сыбағаның сапарға кеткен иесінің аман-есен оралуына тілектестігі де өлең бойында әдемі суреттеледі. Бұл көрініс қазақтың ұлттық салт-дәстүрін танытады. Сыбаға сақтау, адамдардың бір-бірін қонаққа шақырып сыбағасын беру – бұл ата-бабамызда бұрыннан жалғасып келе жатқан дәстүр. Ақын осы дәстүрді жыр бойына арқау ете отырып, біраз уақытқа дейін үзіліп тойланбай кеткен салтдәстүрді қайта жаңғыртып отыр. Өлең мазмұнынан наурыз айының ерекше қасиетін танисың. Ұзақ уақыт бойы жатып алған мазасыз қыс мезгілінің де бітер сәті, шуақты күн нұрына бөленген атыраптың айнала жасыл желекке малынуы да адам жанын жадыратып, ерекше бір күйге бөлейді. Бұл көріністерді де ақын өлең бойында бейнелі сөздермен өрнектей білген. «Бауыры жылып
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық науат қар», «Бабымен ғана жібиді» деген суретті жолдарда қыс мезгілінің кетуін, қардың еріп, қақаған қыстың жылы шуақты күнге айналуын бейнелесе, «Шашылып ырыс шанақтан» тармағынан көктем мезгілімен келген жаңа жыл, жаңа күннің қуанышын танимыз. Ақын қазақтың бар асыл қасиетін, байлығын «ырыс» сөзі арқылы жеткізіп отыр. Шанақтан төгілген байлық қазақтың тасыған көңіл-күйі, сезімі, қуанышы. Ақын осы қасиеттерді бір ғана ырыс сөзіне кірістіре білген. Салт-дәстүрді жаңғырта жырлауда шеберлік танытқан ақынның өлең соңын түйіндеуі де ерекше. Яғни, осындай қасиетті айда өзінің дүниеге келуін мақтаныш тұтатындай. Келіп ем өмір – орманға, Наурыз айы келгенде [17, 55 б.], – деп жыр соңын ақын өзімен байланыстыра түйіндейді. Өмірді қалың ну орманға теңеуі де ақын шеберлігі. «Ұлттық мінездің қалыптасуында ұлттық әдет-ғұрпы, тұрмыс салты, кәсіптік-шаруашылықтық ерекшеліктері, ұлттық сезім, бәрі де маңызды» [12, 64 б.]. Яғни, халықтың ұстанған салт-дәстүрі, айналысқан кәсібі сол халықтың бойына өзіндік ұлттық ерекшелігін дарытады. Ақынның «Жігіттер, мақтанбалық» өлеңі ұлттық ерекшелікті басқа қырынан аша түседі. Қазақ халқының қанына сіңген қасиеті – сырмінезділігі. Қуанышта да, қайғыда да, басына түскен ауыртпалықты қайыспай көтере білетін – қайсарлығы. Ақын осы қасиетті: Қашаннан қазақ деген сыр мінезді, Мақтаусыз да, мақтансыз жатқан халық [18, 127 б.], деп суреттейді. Жыр жолдарында қазақтың ұлттық мінезіне тән қасиеттері бейнеленген. Сабырмен сабақ алып дәуірлерден, Сабырын сары алтыннан тәуір көрген. Қазаққа мақтансын деп жер бермеген, Жерінің кеңдігіндей сабыр берген [18, 127 б.], – деп қазақы мінезді, ұлттық бейнені аша түседі.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қай жағынан алып қарасаңыз да ұлттық ерекшелігімен, басқа ұлттардан кем түспейтіндігімен дараланатын қазақ халқы мақтануды «әлімсақтан бері қарай жек көрмеген» екен. Өлең бойында бұл көріністі де ақын жеңіл тілмен ұғындыра жырлайды, және ол қасиетін: Дәулет шалқып, ырысы асқанында, Қақысы бар қазақтың мақтануға [18, 128 б.], – деп түсіндіреді. Алайда, дарақы боп, асып-тасып кетпегенін қалайтын ақын сабырлыққа үндейді. Дарақы боп қазағым кетпесін деп, Сабыры тұр күзетіп арт жағында [18, 128 б.], – деп үнемі сабырлықты серік еткен бейне арқылы қазақы мінезді суреттейді. Өлеңнің сыртқы түрінен-ақ ұлттық мінез, ұлттық бейне, ұлттық көрініс, ұлттық психология сезіледі. Ақын ниетін, адал пейілін «Әттең, шіркін» өлеңінен де байқауға болады. Қазақтың пейіліндей кең жазира даласы, асқар таулары, бетегейлі белдері, бұлаң қаққан бұлақтар мен сыбдыр қаққан құрақтары, бәрі де, ақынның қазақ даласына деген сағынышын оятады. «Әттең, шіркін, құс болып жаралмадым» деген ақын жырында үлкен арман жатыр. Қазақ халқының ұлттық мінезінде құс сияқты еркіндік қасиет бар. Ақын осы көріністі өлең жолында нәзік сезімталдықпен жеткізе білген. Кең пейілділік пен дарқандықты қасиет тұтып, еркіндікті сүйе білген қазақ қашанда «ар-намысын аяққа таптатпайды». Бұл да қазақы, ұлттық қасиетіміздің бірі. Бұл көріністі намысшыл лирикалық кейіпкер бейнесімен ақын: Зәр ұсынған кісіге нан ұсынған, Алысудан аулақпын, шабысудан. Ей, қазақтың баласы, есіңде ұста, Өлсем өлем, сірә, мен намысымнан [19, 59 б.], – деп жырлайды. Әдептімін, ұяңмын, именемін, Сыраға – бал, сыйыңа – сый беремін. Аңқау қазақ екен деп, ағайындар,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Намысыма алайда тиме менің! [19, 59 б.]. Ақын өлең бойында қазаққа тән ұлттық мінезді, ұлттық қасиетті ашып беріп отыр. Қазақ халқына әдептілік, ұяңдық мінезбен қатар намысшылдық қасиет те тән. М.Мақатаев поэзиясы жайлы белгілі әдебиет зерттеушісі Т.Шапаев: «Мұқағалиды жалпы қазақ, жалпы жұртына табыстырған мың сан себептің бірі және бірегейі – оның поэзиясындағы уыздай тұнған ұлттық саз дер едік. Бүгінгі поэзия мәдениетінің биігіне шарықтап көтерілген ақын жырларының интонациясы, тынысдірілі, лирикалық «меннің» желпінісі, шалқыған дария көңілі, дархан мінезі, кең пейілі, ақынның шадыман шаттығынан «аһ» ұрып жалын ата күрсінгеніне дейін – бүтін жаратылысы, тұтас болмысы қазақы. Қазақ оқырманы өз бойында бар деп ойламаған, жаратылысындағы көп жақсылықтарды Мұқағали жырларынан танығандай, қайта тапқандай. Бұл қасиет үлкен таланттардың көбіне тән десек те, ұлттық мінездің ең жақсы қырларын, ұлттық ұғымдағы ұлағат-өнегенің қасиеттісін, қадірлісін тауып, талғап жырлаған Мұқағали творчествосының орны бөлектей көрінеді» [20, 130 б.], – деп баға береді. Расында да, Мұқағали қазақы салт-дәстүрді қастерлеп, әр жыр жолдарында дәріптей білген. «Дәстүр немесе ұлттық ерекшелік тек әдебиеттік көрініс емес. Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағды, ғұрып адам мінезі мен тіршілігіне тікелей байланысты. Демек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп немесе жоғалып кететін құбылыс емес. Сол сияқты ұзақ уақыт бойына, тіпті таптық қоғамдардың ауысуына қарамастан өзгермей қалатын кездері де бар» [21, 33 б.]. Ақын Қ.Мырзалиевтің «Қыз қуу», «Көкпар», «Бәйге», «Күрес» жырларын да ата-бабамыздан қалған дәстүр араға қаншама уақыт салып, үзіліп барып жетсе де салт-дәстүрімізді бейнелейтін ойындарды сөз өрнегімен өте шебер суреттеген. Ақын «Қыз қуу» өлеңінде ойын шартын дәл, сөз айшықтарымен нақты бейнелей білген. Өлең бойынан
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық халқымыздың «арым – жанымның садағасы» дейтін намысшылдық қасиеті де үлкен орын алады. Сонымен қатар, көзге көрінбейтін нәзік сезім нақыштарын, жайқалған көк майсалы мөлдіреген көгілдір көктемді кең даламен байланыстырып, суртетеуі де ерекше. Көктемнің кезі, тамаша дала, Көлденең көз жоқ, оңаша дала. Куә ғып ерің, осынау түзді, Бір қуып жетсе, сүйеді қызды [22, 17 б.]. Көктемнің қылықтылығы мен тамаша даланың бейнесі жігіт пен қыздың көңіл күйлері арқылы жасалған әсерлі сурет. Әйтсе де: Арманын қуа алмаған азаматтың Еншісі – ерін емес,– Қамшы ғана! [23, 34 б.]. Өлеңнің өн бойындағы суретті осылайша сәтті жолдармен қысқа ғана түйіндеген. «Арманын қуа алмаған азамат» бейнесі астарлы ойды меңзейді. Ал, өмірдің еншісі арудың уылжыған ерні ғана емес, қатал тағдырдың ащы қамшысы кез-келген сәтте жон арқаңды осып түсуі мүмкін екендігін меңзейді. Ақын өмір шындығын өлең жолдарында шеберлікпен көрсете білген. «Сыртқы дүниенің сырына үңілген дарын иесі көзімен көргендегісін немесе жанымен сезінгендегісін өзінің тілі, діні, әдет-ғұрып, салт-санасы тұрғысынан ой талқысына салады, яғни, шығармашылық ізденісте ұлттық болмыстың атсалысуы табиғи құбылыс» [24, 39 б.]. Ақын қазақтың басқа да ұлттық ойын түрлеріне жататын көкпар, бәйге, күресті өмірдің өзінен ойып алғандай өте сәтті суреттейді. Өлеңдерінің әр жолында оқырманына тәрбиелік мәні бар ой тастайды. Салт-дәстүрімізді өмірдің тартысына, күресіне теңеуі «өзі өмірдің адамды тірестірген» деп салыстыра суреттеуі, ойын мен өмірді байланыстыра жырлауы, бәрі де ақын шеберлігін танытады. Мысалы, «Көкпар» атты өлеңінде:
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Көкпарды, құрбан төліңді, Тартқанмен көңіл хошында, Тартысып өткен елімнің, Таңбасы жатыр осында! [22, 16 б.]. Көкпар екі ел, екі ру арасындағы ойынның бір түрі болғанымен, тәрбиелік мәні зор. Ақын осы тәрбиені ұстанып, намысты «қайтсең де берме өзгеге» деп оқырманына үлкен ой тастайды. Бар өмірі тартыс-шабыста өткен елін ақын: Аман қалған шабуылдан жүздеген, Батыр халық екенбіз ғой біз деген [22, 70 б.], – деп жырлайды. З.Серікқалиев: «Өз халқының өткен жолын, көрген қиыншылығын, қасірет-қуанышын айта келіп, бойындағы бар ащы мерезін де аямай сылып алған ақындық қалам енді бірде қазақтың ерлігі, серілігі, әділет-адалдығы, даладай дархан пейілі мен өнері, жомарттық-жылылығы сияқты елдің тамаша үлгілерін төгілтіп жырлайды» [25, 183 б.], – деп, Қ.Мырзалиев жырларына баға береді. Ақынның халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді өлең жолдарында тылсым табиғатпен байланыстыра жырлауы да сәтті өрнектелген. Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Дархандықты қазаққа дала берген секілді [22, 76 б.]. Осы өлең жолдарындағы суретті сөзбен бейнеленген кең даладай дархандық, тұнық судай мөлдірлік, самал желдей еркелік, күн нұрындай қуаныш, тіпті, қайтпас қайсарлық та қазақ мінезіне тән қасиеттер. Қазақтың бойындағы бар асыл қасиет табиғат анамен астасып жатқандай. Ақын табиғат пен адам өмірінен осындай ұқсастық табады. Халқымызға табиғат-ананың тағы бір тарту еткен сыйы – халқының ашық-жарқын жомарт мінезділігін, суырып салма айтыскер ақындығын, ер жүректі батырлығымен қоса жас баладай аңқаулығын да жыр жолдарында тамаша бейнелеген. Қазақ поэзиясының ұлттық ерекшелігіне терең талдау жасаған әдебиеттанушы ғалым Б. Кәрібозұлы: «Ұлттық мінездің көркем шығармадағы
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өміріне терең бойлау үшін, сол ұлттық мінездің әрбір қырының ұлт өміріндегі пайда болу, қалыптасу себептерін анықтауымыз керек» [12, 39 б.], – дейді. Қазақ халқының бойына біткен мінезі табиғатпен, оның ерекшелігімен тығыз байланысты. Зерттеуші ғалым Р.Мұқышева: «Қазіргі қазақ ақындарында дала ұлттық мінезімізге тән жырланады» [26, 28 б.], – дейді. Яғни, ақын Қ.Мырзалиев табиғат-ананың бар асыл қасиетін адам мінезімен байланыстыра білген. Қ.Мырзалиевтің ақындық ерекшелігінің бірі – аз сөзбен көп мағына бере алатындығында. Өлең жолдарында кездесетін орынды теңеулері, бейнелеуі, кейіптеуі ақын ойының ұшқырлығын, өзіндік өрнегі мен тапқырлығын танытады. Атадан балаға жалғасып келе жатқан шопандық кәсіп те ақындар жырында өте шебер суреттеледі. Мінсе көлігі, кисе киімі болған малды «қазақтың малы –ырысы, малы – бағы» деп өскен халық атадан қалған ала таяғын қасиет тұтып, ата-баба жолымен кәсібін жалғастырған. Малдың жағдайымен қыс қыстауға, жаз жайлауға көшу бұрынғыдан жалғасып келе жатқан салт. Қ.Мырзалиев осы салтдәстүрдің жақсы мен жаман қасиеттерін зерделей келіп: Бір жаманы – тынымсыз көше берген, Бір жақсысы – қимаған даланы кең [22, 75 б.], – деп жырлайды. Сахарадай кең пейілді халықтың кең даланы қимауы да жарасымды. Табиғаттағы бар әсемдік, сұлулық қазақтың бойынан табылғандай. Ақынның «көшіп-қонуды құмнан алған секілді» деп жырлауы сондықтан. Сонымен қатар ақын қазақ халқының өр мінезділігін де жыр жолдарында әдемі суреттейді. Қонысына жау шапса да, көрші қонған жақын ағайынмен сөзге келіп қалса да, қуаңшылық болса да халқымыз қанына сіңген әдетпен қоныс ауыстырып отырғаны тарихымыздан белгілі. Ақын қазақтың осы қасиетін мінезінің тектілігіне балап: Біздей халық жоқ жолды мол таптаған, Сонда да бабам тура жол таппаған! [22, 66 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын халықтың басынан қиыншылықты көп өткізсе де бақытқа барар жол таппағанына налиды, бар қиыншылықтарды жан-жүрегімен сезініп, ақынның нәзік жаны да туған халқымен бірге қиналады. «Қандай ақын болмасын белгілі орта мен дәстүрдің тағылымын көріп, қалыптасады» [27, 33 б.]. Яғни, ұлттық дәстүр, ұлттық қасиет ақын бойына қазақы тіршіліктің, салт-дәстүрдің қасиетін сіңіреді. Белгілі ғалым Х.Әдібаев ақын Қ.Мырзалиев жайлы «Ақын поэзиясының аясы, тіпті, кең шетсіз, шексіз даламызбен, сол далада қайғылы-қасіретті ғұмыр кешкен бабамыз, қатпар-қатпар тарихтың ой-шұқыры, жастың жарқын көңілі мен дананың кермек ойы, шежірелі тарих пен замандастың сырға толы күрделі күндері, махаббат шоғы мен көреген көзді кәрінің ауыр тынысы – Қадыр өлеңдерінің жанды өзегі, тербеліс қылы» [28, 140 б.], – деп баға береді. «Малда – бақыт, малда – құт» дейтін шопанның малдың барлық қасиетін жете меңгергендігін ақын Қ.Мырзалиев «Шопан» атты өлеңінде: Елең етіп, Адасқан қозыларды Енесіндей таниды дауысынан [29, 69 б.], – деп жырласа, М.Мақатаев: Түк көрмеген түлейдей… малды ұра ма?! Жоғал былай, торсықтай салбырама! Серке емес, сен өзің де сескенесің, Сен қылмаған ерлікті мал қыла ма?![30, 44 б.], – деп қазақ халқының малдың кие тұтатын қасиетін ашып көрсетеді. Арқалы ақын көпті көрген көнекөз қарт бейнесі арқылы тәрбиелік мәні зор ой тастайды. Поэзия әлемінде әр ақын стиль ерекшелігімен, ырғақ, ұйқас өрімімен, өзіндік соны соқпақтарымен ерекшеленеді. Әр ақынның өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Өйткені әр ақынға өзінің жүріп өткен өмір жолы, «тар жол, тайғақ кешуі», мұңы, сыры, туған топырағы әсер етеді. Туған жердің әрбір тасы, орман, су, тоғайлары,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық самал желі, жусанды белі, қатал табиғаты, бәрі-бәрі ақынның көкірек көзінен қағыс қалмайды. Шашасына шаң жұқпаған шынайы талант иелері сөзбен жеткізе алмайтын осындай асыл қасиеттер анасының құрсағынан бойларына дарып туады. Сонау балғын кездегі жіңішке ғана соқпақ бара-бара болашақтағы бірнеше мың ғасырларға ұласатын дара жолға айналады. Жайшылықта көзге көрінбейтін әлдебір құбылысты ақын тылсым бір құпия құдіреттің күшімен алыста отырып-ақ сезінеді. Ол халқы қуанса қуанады, қайғырса қайғырады. Кейде жұрты жұбанса да, әлденеге елі үшін көңілі алаңдаған ақын жұбанбауы мүмкін. Оның себеп-салдары да жетерлік. Мұндай ақындар алаш тарихында аз емес, бірақ көп деп айтуға да келе бермес. Міне, сондықтан да алаш жұрты өзінің шынайы шайырларын қадірлеп, қастерлеп отырған. Тарихымыздың сарғайған беттерін парақтағанда біздің көзіміз жеткен ақиқаттың бірі осы. М.Мақатаевтың бір ерекшелігі қазақы малшылық кәсіпкершілікті жыл мезгілдерімен байланыстыра жырлауында. «Жаз болса, жорға мініп жайтақтаған» малшының мінезін жаздың жайлылығымен байланыстыра жырласа, «Күз болса, қойшы жаны жай таппайды» екен. Көктемде барлық жер-дүние жаңарып, тіршілік атаулының бәріне жан бітетін кез. Малшы қауымына бұл мезгіл де өзіндік қасиетімен ерекше. Сабылып келді міне, сәуір айы, Сәуір айы – қазақтың тәуір айы [31, 45 б.]. Табиғаттың тылсым күші мен шаруа тіршілігін тікелей байланыстыра жырлап тың ойларымен поэзияға өзіндік өрнегін салады. Қазақ халқына тән ерекше қасиет – жорамалдық мінезін ақын: Сәуір айы – малшыға сары уайым, Малмен бірге бағады ауа райын [31, 46 б.], – деп өзіндік өрнегімен түйіндесе, ақын Қ.Мырзалиев қарт шопанның тәжірибелігін:
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ауа-райын оқиды ол келер күннің Шыбын-шіркей, шымалдың қылығынан [29, 69 б.], – деп басқаша қырынан танытады. Қарт шопанның «малмен бірге бағатын ауа-райының» мінезін әр ақын өзіндік танымдық қасиеттерімен жырлайды. Халқымыздың атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық аспаптарымыздың бірі – домбыра. М.Мақатаев: Домбырам, жүрегіммен үндес едің, Сенімен сырласымдай тілдесемін. Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң, Өнердің не екенін де білмес едім [31, 51 б.], – деп жырлайды. Домбыра – қазақтың киелі затының бірі. Домбыра көмейінен төгілген күй адам жанының нәзік қылдарын шертіп, жан-дүниесін қозғайды. Ақынның «мазасыз жүрегімнің өзімісің» деп жырлауы сондықтан. Домбыраның үні ақын жүрегімен үндес болуы да қазақы дара мінезге тән қасиет. Домбыраның көмейінен төгілген күйді ақын Қ.Мырзалиев былай суреттейді: О, құдірет, о, ғажап! Отырмын мен қасында: Бүкіл өнер бармақтың ілулі тұр басында! [23, 22 б.]. Күйшінің өнер тамған саусағы мен көңіл шуағы бірігіп, одан көңіл толқытар күй төгілуде. Осы қасиетті дәл таныған ақын «О, құдірет! о, ғажап!» сөздерімен өлеңнің өн бойын аша түскен. Өлең жолдарына ерекше екпін түсіре отырып, оның әсерін арттыра түседі. «Үннен шілтер тоқыған» саусақтың құдіреттілігі сол домбыраның шанағынан әуен емес, тыңдаушысына сұлу да, сырбаз аққу ұшқандай әсер береді. Күмбірлеген күймен бірге көкірегіңе әсем бір нұр құйылғандай. Бұл сезімді келесі өлең жолдарынан көруге болады. Мүмкін емес тыңдауың елжіремей, балқымай, Сөзбен жазбай тарихын,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық күймен жазған халқым-ай! [23, 22 б.]. Халқының тарихын күйден таныған ақынның өлең өрнегімен өрілген жырлары да күймен бірдей әсер берері анық. Қазақтың бір туар ақындарының бірі, поэзиядағы өзіндік соқпағымен, стиль ерекшелігімен, әдемі жырларымен оқырманына етене таныс Ж.Нәжімеденов қаламынан Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Динаның көңіл толқытар күйлері жыр болып төгілді. Ақын талантының тереңдігімен жаныңды әсем сазға бөлейтін күй жыр жолдарында суретті сөзге айналды. Әуезді үнді сөз өнеріне айналдыруы Ж.Нәжімеденовтің ақындық шеберлігі. Ә.Кекілбаев: «Күй ақын трактовкасында – тек музыкалық құбылыс емес, бүкіл бір халықтың көп ғасырлық рухани күйі, сезім тілімен шертілген шежіресі. Әр күйші өз халқының рухани әлемін жарық жалғанға жарқыратып жайып салған бір терезе. Құрманғазы – халықтың асау рухының, Дәулеткерей – жан сұлулығының, Тәттімбет – ойшылдығының терезесі іспетті. Ж.Нәжімеденов қазақ күйінің сазы мен сарынына үңіліп, тек халықтың өткен шежіресін ғана емес, бүгінгі өмірін де көреді. Күй – Ж.Нәжімеденов үшін өз халқы, өз тарихы, өз заманына барынша тереңдеп көз жібере алатын ақиқат айнасы сияқты. Мұнда ақын күй тілімен тебіреніп, күй сазымен сыр шертеді» [32, 102 б.], – деп ақын поэзиясына өте орынды пікір айтқан. Халық арасына кеңінен танымал күйшілердің жан тебірентер күйін ақын талдап, таразылап барып, өлең жолдарына айналдырған. Құрманғазының «Қайран шешем» күйіндегі сезім сөз маржанымен суреттеледі. Ж.Нәжімеденов күйшінің көңіліндегі құпия қалтарысын дәл басып, сезім пернесін жыр жолына айналдыруда шеберлік танытады. Әр адам баласы үшін ананың орны бөлек. Қазақта «анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да қарызынан құтыла алмайсың» деген тәлім-тәрбиесі
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық зор қағида бар. Ана үшін бала әр уақытта перзент. Құрманғазы күйші де анасының аналық мейірімін әлдилеп «Қайран шешем» күйін шертуі де сондықтан. Ал, ақын Жұмекен Нәжімеденов сол күйді өлең жолдарында: Не көрсеттім мен саған? Азапты ойдан өзге не? Көріп едің, анажан, Мен секілді «кезбеден» Әр күн сайын басыңа бір уайым тосылды, Әр түн сайын шашыңа бір уыс ақ қосылды [33, 3 б.], – деп сөз өрнегімен төгеді. Ақын, анасының баласы үшін әр күн сайын тартатын азабын кейіпкер тілімен «қайран шешем, аяулы анам» деп тебіренте бейнелейді. Жыр жолдарына айналған күйдің, мазмұны қайғы-мұңға толы болғанымен, ақын кейіпкер тілімен анасына дем бере, «Қайғырма, ана, серттемін – бал берсе де айныман» деп жігер бере сөйлетеді. Бұл тек күйші бейнесі арқылы сол замандағы барша халықтың мұңын, барша ананың зарын жырлап отыр. Сол мұң-зарды өлең жолдарына айналдырады. Ақын «Ертең кетем» өлеңінде тұтқынның күзетшіге арналған сөзі арқылы болашаққа ұмтылу, үміт отының ұшқынын, яғни, сенімділікті танытса, «Түрмеден қашқан» өлеңінде күйшінің тар қапаста қамалып қалмай, бостандықты аңсауын: Күйші қашты түрмеден, Сыңғырынан бұғаудың, Жыңғылына даланың [33, 7 б.], – деп бейнелейді. Даланың жыңғылын аңсаған күйші бейнесі арқылы қазаққа тән қасиеттер көрінеді. Кең далада самал желмен тербетіліп, дала шөбінің жұпар исімен өскен қазақ үшін еркіндіктен асқан бақыттылық жоқ. Осы көріністі ақын өлең жолында шеберлікпен бейнелеп, аз сөзге көп мағына үстеп көрсете білген. Тар қапаста қамалып, кең дүниеге шыққан күйшінің көңіл-күйін ақын:
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Дала жатыр, Жиылыпты-ау етегі, Кеңдік жатыр өзіне-өзі күш бермей [33, 7 б.], – деп бейнелейді. «Күйшіге тек кеңдік болса – болады» деген күйшінің көңілінде күй калқып, бір әуен оянып келеді. Ақын өлең жолдарында түрмеден қашқан күйшінің бостандықтағы көңіл-күйін әдемі суреттейді. Тар қапастағы көңілді зіл басқан ауыр сезім мен бостандықтағы шарықтаған көңілкүй сезімін дала бейнесімен байланыстыра жырлайды. «Қазақтың сөз өнерін арқау еткен туындыларының қай-қайсысы да адамгершілік негізінің тереңдігімен, көркемдік тінінің өзіндік өрнегімен, өмірге құштар өзекті эмоциялық қуатымен ерекшеленеді, әрі соның бәрі өмірдің шындығын білдіреді, адам жанының, адам өмірінің асыл шындығын ерекше тебіреніспен толғап, өмір туралы үлкен ғибратты ой, философиялық толғам ұсынады. Сондықтан күй сазында үлкен шындық қана емес, үлкен философиялық мән, ғибратты ой жатады» [34, 20 б.]. Ал «Адай» күйін бейнелеген ақын жырынан қазақтың ұлттық қасиетін тануға болады. Күмбірлеген күйден жылқының шабысын бейнелеуі арқылы домбыраның құдіреттілігін ақын өлең жолдарында дәлелдейді. Екі ішек: бірі бостау, қатты бірі, Бес саусақ беретіндей ат дүбірін. Күйшінің қатты ішекте қайраты өсіп, Екінші бостау ішекте ақты мұңы [33, 8 б.]. Күйші домбыраның қатты бұралған ішегінен көп жылқы дүрмегінің көсіле шапқан шабысын бейнелесе, бостау бұралған ішектен көңіл-күйі босап, мұңға батқан кейіпкер бейнесін көрсетеді. Бір сәт кейіпкердің қайраты мен мұңы арпалысып жатқандай. Өлең бойынан жігерлі әрекет арпалыс, тартыс – күресті танисыз. Күйші халық мұңын, халық қайратын айтады. Көк ала дүрмек болып аққан ағысты, шаңқылдап ұшқан шағала
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық – құстың үнін, «ең соңғы жармасқаның жұлынғандай» арпалыс-өмірді ақын: Әйтеуір ала-тарғыл бұл көріністі Ұқпайсың не шаттанып, не мұңайып [33, 8 б.], – деп бейнелейді. Бірде шаттықтан, бірде мұңнан тұратын бұл өмірдің тартысын ақын ала тарғыл деп ауыспалы мағынада сипаттайды. Ақын Ж.Нәжімеденов күйшінің басқа да күйлерінен қазақтың кең пейілді дархандығын, ұлттық қадір-қасиетін, ұлттық сипатын танып, оны өлең жолдарында шеберлікпен суреттей білген. Ақынның бұл қасиетін зерттеуші ғалым Қ.Юсупов: «Жұмекен – күйші-ақын. Ол өзінің бұл ерекшелігін шығармашылығында ұтымды пайдаланған. Оның күйшілігі қазақ әдебиетінің бағы болды десек, артық айтқандық болмас. Әдебиетте күй сазының мазмұнын беруге талпынушылық көптен бар, бірақ дәл Жұмекендей әр саздың тамырын сезе жазу сирек кездесетін құбылыс» [35, 43 б.], – деп бағалайды. Ж.Нәжімеденовтің күйді сырлы сөзге айналдырып, көңіл-күйін дәл басып айта білуі ерекше біткен қасиет. Ақынның: Майысып қос шегіңнен күй өткенде, Ой туар жүрек түгіл, сүйектен де. Домбырам қайран менің, қайран менің, Ризамын сені маған сый еткенге [36, 50 б.], – деген өлең жолдарынан ақынның сезім-күйін аңғаруға болады. «Ғұмыр деген бір ұзақ күй болады» деп сол ғұмырын да кездесетін домбыраның ішегіндей екі дара жолға теңеуі, сол дара жолда өмір соқпақтарын: Тағдыр оған берді-дағы домбыра, Қалды кенет өзі керең болды да. Тағдыр оған жолын берді өрлеген, Сол жолға өзі жатып алды көлденең [33, 15 б.], – деп тағдырдың адамға тартар сыйын әдемі суреттеген. Өлең жолдарында ақын өмірдің қиыншылығы мен қуа-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық нышты сәттерінің алма-кезек ауысып отыратынын, бір қиындықтың бір жақсылығы болатынын түсіндіреді. Атамыз қазақ қасиет тұтқан домбыраны ақын қастерлеп, киелі санайтынын, ұлы мен домбырасын бірдей көріп, теңестіретінін суретті сөзбен келтіреді: Үйден алыс шыққанда екі аманат қалдырам, Бірі, ұлым, өзіңсің, Екіншісі – домбырам [37, 47 б.], – деп, домбырасын бауыр еті баласымен бірдей көруі біріншіден, қазақтың қара домбырасын қасиет тұтса, екіншіден, домбыраның киелілігін өлең жолдарында тағы бір дәлелдей түскендей. Ақын Қ.Мырзалиев халқының көңілін күймен жұбатқан Құрманғазыға: Болғаннан соң, Құреке, өзің кекті, Боран толы домбыраң безілдепті. Жағадан ап сілкетін күйлеріңді Тартсаң болды, ұйқылы ел көз ілмепті [22, 104 б.], – деп жыр арнаған. Екі ақын да күйшінің көңіл-күйін жыр жолдарында әдемі, шынайы кескінмен суреттей білген. Күйдің құдіреттілігін қарапайым халықтың көңіл-күйімен білдіреді. Халықтың сезімін дәл басып, мұң-зарымен мұңдас күйшіні ақын: «келешектен бардың да бір-ақ шықтың» дейді. Ол да сенің ұлылығың, жалыңа қол апартпас асаулығың деп бейнелейді. Ақын Қадыр Мырзалиевтің сөз өнеріндегі тапқырлығы, сөз өрімі ақын өлеңдерінде жатық, нақышты көрсетілген. Қазақтың ұлттық қасиетін, ұлттық сипатын, ұлттық мінезін танытатын өлеңдер Қ.Мырзалиев жырларында көптеп кездеседі. Әр өлең жолдары белгілі бір ырғаққа құрылып, сөз мағыналылығымен ерекшеленіп, ата-баба тарихын, қазақы мінезділікті танытады. Осы орайда ақынның мына өлеңі сөзімізге дәлел бола алар деп ойлаймыз: Қазаққа дала керек, ғарыш керек, Керемет кеңдік керек, алыс керек.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Шайқасса – қоян емес, – барыс керек, Жүйрігін сынау үшін – жарыс керек. Білегін білеу үшін – сайыс керек, Ән салса – аспан толар дауыс керек! [22, 80 б.]. Жүйрік ат, құмай-тазы, қыран құс, қазақ осы үшеуін де қастерлеген халық. Жүйрік аттың жүйріктігін сынау үшін жарыс керек екен, керемет кеңдік керек екен. Ақын «керемет» сөзі арқылы өлең жолын әсірелеп, жай ғана кеңдіктен ажырата бейнелеп отыр. Күштілігін сынауда қоян мен барысты теңеуі де ақын тапқырлығын танытады. Қоян қорқақтығымен танылған аң. Яғни, халықтың күшін қорқақпен емес, жүректі жолбарыспен шайқасқанда сынағанды қалайды. Осы жолдар арқылы халқымыздың ұлттық мінезін сипаттаумен қатар, халықтың рухани жан-дүниесі, қадір-қасиеті туралы философиялық ой түйіндеу екенін өлеңнің күллі болмысы дәлелдеп тұр. Академик З.Қабдолов: «...ұлт ақыны болу оның шығармаларындағы жекелеген ұлттық сипаттарда, бояуларда, өрнектерде ғана жатпайды. Ұлт ақыны болу сол ұлттың сөзі ғана емес, өзіне айналу» [38, 11 б.], – дейді. Бүкіл болмысымен, қазақи қасиеттерімен ұлттық үрдісімізді өлең өрнегіне айналдырған ақындар қатырына Мұқағали Мақатаевты да жатқызуға болады. Ғалым сөзіне сүйене отырып көңілге түйеріміз – М.Мақатаев өмір сүрген ортасының ауыр кезеңіне қарамастан ұлт ақыны бола білгендігін аңғаруға болады. М.Мақатаев лирикасындағы орны ерекше тақырыптардың бірі – ана. Оның ақындық қасиеті ананың ақ сүті, атаның қаны, киелі топырақтың нәрімен дарыған деп айтар едік. Ақынның анаға деген махаббаты жыр жолдарында сезім шынайылығымен өрнектеледі. Анашым! Асыл анам, есіл анам, Елжіреп есіркеймін, есіме алам, Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам [19, 142 б.]. Ананың ақ сүті ешқандай парыздылықпен өлшенбейді. Түн ұйқысын бөлген ана үшін баланың жақсы азамат болып өскенінен артық бақыт жоқ. Ғазиз ананың балаға төккен мейірімі ешқандай жақсылықпен өтелмейді. Ақын келесі өлеңінде «Аяулы анам, қасіретті шерлі анам» деп ақ сүтіңді қашан ақтар екенмін деп ағынан жарылады. Балалық шағынан екі ананың бауырында тел өскен М.Мақатаев әжесін де аңсап сағынғанын лирикалық кейіпкер сөзімен жеткізеді. Ақ кимешек көрсе әжесін елестететін ақын: «Әже, сен бірге жүрсің меніменен» деп есіне алады. Ақынның анасына арнаған өлеңдері ыстық махаббат пен сағынышқа толы. «Ақ кимешек көрінсе, сені көрем, Ақ кимешек жоғалса, нені көрем» деген жолдар ақынның тек қана әжеге, анаға деген емес, ата дәстүрге, әдет-ғұрыпқа деген махаббатын да танытады. Өлең жолдарынан қазақ халқына тән ұлттық ерекшелікті байқайсыз. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерінің бірі – кимешек. Ақын қазақ аналарының осы қастерлі бас киімін өлең бойына арқау ете отырып, ұлттық қасиетті танытып отыр. Ж.Нәжімеденовтің осы тақырыптағы өлеңдері ана өмірімен байланыстырылған. Біздің жыртық көйлекті жамай-жамай, Қалыпсың қартайғаныңды абайламай. Жесірлік өтті, Бірақ қара түндер Ақ шаш боп қоныпты ғой самайға, ана [39, 29 б.], – деп ана өмірінің ауыртпалығын, жалғыздықпен өткізген күндерін жыр жолдарында өрбітеді. Жесірлікпен, жалғыздықпен өткізген қаншама қараңғы түндер ана самайын ағартты. Сонда да баланың болашағынан үміт күткен ана бейнесі өлең жолдарында шынайы, ақындық қасиеттің құдіреттілігімен жырланады. Ақынның тапқырлығы сол – ол бесік тербеткен ана арқылы құмын, тауын, өзенін, елі мен жерін әлдилеген ана бейнесін
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жасайды. Сөйтіп ақын анасы, барша табиғаттың, барша жанның анасына айналады. Бұл Ж.Нәжімеденов қиялының ұшқырлығы, сөз өнеріндегі Жұмекен суреткерлігінің шеберлігі. Ж.Нәжімеденов өлеңдерінде әженің әрбір қимылын, іс-әрекетін, мінез-құлқын, мейірімін лирикалық кейіпкер сөзімен жырлайды. Ақынның ақындық таланттылығы өрілген өлең өрнегінен анық байқалады. Көрмедім мен сиыр айдап, отқа тезек салғанын, Қайран әжем, бір жыл болды, бір жыл болды – көрмедім. Көрмедім мен бурыл шашты кәрі қолдың өргенін Көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін [40,27 б.] деген өлең жолдары әжеге деген сағынышын ғана емес, ақындық шеберлікті де көрсетіп тұр. Ақын бұл жерде әже мен немере байланысын нәзік сезім қылдарымен шерте білген. Бір ерекшелігі ақын «Әжесіне», «Менің әжем», «Әже» өлеңдерінде қазақ әйеліне тән мінезді ұлттық салт-дәстүрімізбен байланыстырып жырлайды. Ақын «Әжеме» өлеңінде сиыр сауып, тезек қалап сүт пісірген, құрт қайнатқан әженің ермегі «көлеңкеге құрып қойған ала жолақ өрмегін» көз алдыңа елестетсе, «Менің әжем» өлеңінде қазақы қонақ жайлық мінезімен кең пейілділік танытып, дастарханға құрт-майы мен бауырсағын төгіп тастаған әже бейнесін суреттейді. «Ауылдағы ақ көңіл, тоқ пейіл, өмірдің ащы, тұщысын көп татқан, сонда да оған ынтықтығы, құштарлығы бәз баяғы қалпынан айнымаған аяулы әже бейнесі көз алдыңа келеді» [41, 33 б.]. Қазақ халқының ұлттық қасиетін бала, немере бойына сіңіріп, қазақы салтты ұстанған, қастерлеген қазақ анасының бейнесін көреміз. Қазақ анасын жыр жолдарында бейнелей отырып, қазақ әйеліне тән ұлттық мінезді ашып көрсетеді. Ал ақынның келесі бір өлеңінде әже бейнесі тіптен басқаша қырынан танылады. Яғни, қарынға сап сақтаған сары майын немересіне атаған әже бейнесі сурет-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық теледі. Немересін сағынған әжеге лирикалық кейіпкер сөзімен: «Қырық бір тас» дорбада күнде шешіп, күнде ашып, Отырсың ба ойдағы әулиеңмен ымдасып? [42, 169 б.]. Қырық бір құмалағымен бал ашқан ырымшыл әже бейнесін ақын өлең жолдарында қазақы салт-дәстүрмен байланыстыра бейнелейді. Ата-бабамыздың ырымын наным-сенімді жыр жолдарында бейнелеу арқылы ақын әже бейнесін аша түседі. Ал, Қ.Мырзалиев барлық дүниені ана бейнесімен байланыстырады. Ана бейнесі арқылы дүниені таниды, ана бейнесі арқылы өмірді көреді. Бәрі де, ана, бір өзіңмен басталды: Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды. Қуандым ба? Өзің бар деп қуандым, Жыладым ба? Өзің жоқ деп жас тамды [43, 18б.]. Ақын жүрегін жарып шыққан анаға деген махаббат осылай жыр жолдарында өріледі. Қуанса да қуанышына ана ортақ. Көзінен таса болса да жоқтап жылайды ақын жүрегі. Осы суретті ақын Қ.Мырзалиев лирикалық кейіпкер тебіренісімен жырлайды. Өмірде қасиетті ана орны бала үшін өте ардақты. Сәби дүниеге келгенде алғаш көретін бейнесі – ана. Ақынның сол суретті өлең жолдарында «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды» деп жырлауы сондықтан. Өмірден алғаш танитыны–ана, сәбидің алғашқы дәмі де – ана сүті. Бұл көріністі: Алғашқы дәм – ол да сендік сүт еді. Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді. Отанымның өзі сенен басталып, Жауларыма жеткен жерден бітеді! [43, 19 б.]. Ақ сүт берген ана, ақ сүтімен бірге бала бойына жақсы қасиеттерді береді. Бала болашағынан үміт күтеді. Ошақ басынан басталған отанда ер жеткен ұл халқының ұлына айналып, жауынан жерін, елін қорғайтын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық қасиетті азамат болады. Осының бәрі ана сүтімен дариды. Ақын өлең жолдарымен ана сүтінен нәр алған әрбір қазақ азаматының патриоттық сезімін оятады. Жырларымен философиялық ой тастайды. Әр түрлі тақырыпқа қалам тербеген С.Жиенбаев жырларының ішінде ерекше жырланатыны – ана тақырыбы. Бұл тақырыпқа арнаған жырлары біршама. Қай өлеңін алып оқысаңыз да анаға деген махаббатқа, сағынышқа толы сезімге құрылған. Өлеңдерінде ананың бүкіл өміріндегі тартқан ауыр бейнеті бейнеленеді. Сонда да перзенті үшін ауырлықтан қашпай, күс тартқан алақанымен аналық махаббатының мейірімін шаша, ұлының маңдайынан сипаған сәтте барлық қиыншылықты ұмытып жүре беретін ана жүрегін ақын сағыныш сезіміне орай жырына қосады. Ол «Ана» атты өлеңінде: Есінде… Ұлын бесіктен Шығарған күні есінде, Ұлының аттап есіктен… Қуанған күні есінде. Ұлының асау тай мініп, Құлаған күні есінде. Зәресі қаша қайғырып, Жылаған күні есінде [44, 174 б.], – деп жырлайды. Ана үшін баланың бүкіл қимылы, іс-әрекеті, алғаш жер басып жүргені, алғаш айтқан сөзі, бәрі де, ана көкірегінде жатталып қалған. Бәрі ананың көз алдында. Ақын осы ана қуанышын жыр жолдарында атап көрсетеді. Баланың әрбір қимылы жадында сайрап тұрған ана бейнесін ақын өлеңмен әдемі өрнектей білген. Сол баланың қаз басып кеткенге дейін, онан кейін де қаншама ауыртпалығын тартты ана. Ақын бұл көріністі өлең жолдарында: Тауысып, нұрын көзінің, Сол үшін талай кешкен от. Сол үшін бәрі… өзінің
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қиналған кезі есте жоқ [44, 174 б.], – деп суреттейді. Ана үшін баланың амандығы – ең басты байлық, қуаныш, тыныштық. Сол үшін де өзінің қиналған сәті есінде жоқ. Ақын айтпақ болған ойы осы. Ақын поэзиясына зерттеуші ғалым С.Ержанова: «Сағи творчествосындағы азаматтық әлеуметтік мақсат пен мұрат бірлестігі жер бетіндегі бейбітшілікті қолдап, тыныштықты қалайтын, адалдық пен әділдікті жақтайтын бағытты танытады» [45, 51 б.], – деп баға береді. Ақынның анаға арналған келесі өлеңі де анаға деген ыстық сезімге толы. Қырық бес жолдан тұратын бұл жырында ананың жүріп өткен бүкіл өмір жолы бейнеленген. Ол жас еді, Секілді еді тал – шыбық, Көктемеді Кетті соғып қар, суық… Сол күндегі Ол көтерген зіл – батпан Тауға түссе, Қалар еді жаншылып [44, 199 б.]. Бүкіл жыр бойындағы ана көтерген ауыртпалық, көрген қиыншылық осы жолдарда дәл, нақты бейнеленген. Ананың жүрегі қашанда кең. Өлең жолдарында ананың жастық шағын тал-шыбыққа теңеуі де сәтті шыққан көрініс. Жастық шақ жас шыбықтай жайқалып, енді көктеп келе жатқанда суық қар соғып кетті. Бұл суық – соғыстың суығы, соғыстың ызғары. Талшыбықтай жайқалған жастық шағы соғыс кезеңіне тура келген ана өмірі ауыр азапты күндермен өтіп кетті. Ақын «көктемеді», «кетті соғып қар, суық» деп бір-ақ ауыз сөзбен бүкіл ана өмірінен хабар беріп отыр. Табиғаттың ызғары да қауіпті жау. Ақын адам баласы ашқан соғыстың суығы мен табиғаттың суығын теңестіре жырлаған. Соғыстың суығына төтеп берген ана бейнесін өлең соңында ақын: Ол шыдады – Отқа салып өз басын, Өмір бойы дерт жүрегін қозғасын,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Аспанның да жылағанын көріп ем, Мен Анамның Көргенім жоқ көз жасын… [44, 199 б.]. Өлең жолдарынан қаншама қиыншылық көрсе де қайыспаған, өмірдің дауылына сынбай, төзе білген ана бейнесін көреміз. С.Жиенбаевтың: Менің анам – Сүйегі асыл, мықты адам, Талай рет жай түссе де, Жықпаған… [44, 198 б.], – деген ананың мықтылығын бейнелейтін көрініс ақын М. Мақатаев поэзиясында да кездеседі. Ақын бұл көріністі поэзиядағы өз өрнегімен: Шеше, Сен бақыттысың! Жыламағын. Жай түсіп жатқанда да құламадың [46, 28 б.], – деп бейнелейді. Екі ақынның да айтпақ болған ойлары бір болғанымен, поэзиядағы жырлау тәсілі, сөз саптауы, ұйқас өрімдері басқа. Әр ақын анаға деген махаббатын өзіндік ерекшелігімен жырлаған. Екі ақынның «Жай түссе де жықпаған», «Жай түсіп жатқанда да құламадың» тармақтары бір ойды білдіреді. Яғни, бұл сұрапыл соғыс өрті. Соғыстың өртін найзағайдың жай отына теңеуі – екі ақынның да поэзиядағы тапқырлық қасиеті. Ал, сол жай отына құламаған, өртенбеген аналар сол кезеңдердің өзіне тән батырлары еді. Қай ақынның өлеңін оқысақ та өлең бойынан халқымыздың асыл мұраты, ғасырлар бойы аңсаған арманы, ұлттық салт-дәстүріміз, ұлттық сипатымыз көрініс табады. Жалпы, 60-70 жылдардың поэзияға қосқан үлесі мол деп айтуға болады. Бұл жылдары поэзияға келген әрбір ақынның балалық шағын сұрапыл соғыстың жалыны шарпыған, қабырғалары қатаймай тыл тағдырымен сабақтасқан еді. Бұл жөнінде белгілі әдебиеттанушы ға-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық лым Ә.Нарымбетов: «Ұлы Отан соғысы жылдардағы қазақ поэзиясындағы халық өмірінің алуан түрлі қырларының суреттері бар. Көптеген өлең жырларда совет адамдарының майдандағы ерлік қимылдары бейнеленсе, бірсыпыра шығармалар тылда жеңіс үшін жанқиярлық еңбек еткен отандастарымыздың патриоттық өміріне айналды» [47, 4 б.], – дейді. Сұрапыл соғыстың тұсында дүниеге келген ұрпақтың қайғы-қасіреті ала бөтен. Жетімдік, жағадан алған жоқшылық, жалаң аяқ өткен балалық шақ, жесірлер зары, жұпыны ауыл, озбырлық, жабылған мектеп, азынаған суық үй, құлазыған дала мен таулар. Қасіретті осы көріністердің барлығы сол кезеңді басынан өткерген ақын өлеңдерінде өріліп жатыр. Аға буын ақындар қан майдандағы қырғынды, жауынгер өмірін жырласа, бұл жылдардағы ақындар қан майдандағы ерен ерлік пен тылды байланыстыра жырлады. Өлеңдерінде жетім баланың, жесір ананың мұң-зары, сағынышын әр ақын өз стиль ерекшелігімен бейнеледі. Ақын Қ.Мырзалиев «Өтірік пен шындық» атты өлеңінде: Майдан жақтан көзін алмай, сәлем хатқа шөлдейтін Ауыл біздің қызық еді, қызық еді ел дейтін. Қара қағаз айтқан сөздің удай шындық екенін Біле тұра иланбайтын, иланғысы келмейтін [48, 169 б.]. «Кебенек киген келеді, кебін киген өледі», деген үмітпен соғысқа кеткен азаматын сарғая күткен аналар қаншама. Сұрапыл соғыстың ылаңы әрбір шаңыраққа қасірет әкелді. Ақын өлеңінде осы көріністі жырлайды. Ауыл тартқан азабы мол сол ауыр күндерді өлең жолдарында сөз маржанымен суреттейді. «Сәлем хатқа шөлдейтін» тіркесінің астарында қаншама сағыныш жатыр. Сағыныштан жақынын сарғая күтуден жалықпаған ауыл бейнесі ақын жырында шебер бейнеленеді. Ақын осы ауыр көріністі «шөл» сөзі арқылы мағынасын тереңдете жырлайды. Қ.Мырзалиев өлеңінде ауыл өмірінің бір көрінісі бейнеленсе, Ж.Нәжімеденов өлеңінде майдан көрінісінен үзінді бейнеленеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Майдан, Балшық. Сұп-сұр жер, Табанынан солқылдатып сорады – Тоңған солдат… шешіп алып шинелін Винтовканың затворын орады [49, 69 б.]. Жауынгердің патриоттық сезімі, отанын сүйген ұлдың жауынгердің ерлігі қазақ поэзиясында үздіксіз жырланып келеді. Ақын жырынан сұрапыл соғыстың екі жағы да бірдей көрініс береді. Қан майдандағы жауынгер ерлігі, Қиын шақтағы ауылдың ауыр өмір, тұрмыс-тіршілігі қатар суреттеледі. «Соғыс деген неткен жайсыз сөз еді» деп әр шаңырақтағы қасіретті жыр жолдарында өрбітеді. Сарғая сағынышпен күткен үзілмес үміт самайларды ағартып, өміріне өшпес із қалдырған сол соғыстың жоғалмайтын суретін – кәрі ананың көз жанарынан көресіз. Соғыс сөзінің өзі қайғы-қасіретке толы ауыр ұғым. Соғыстың ауыр зардабын танытуда ақын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы салмағын арттыра түскен.Бұл көріністі ақынның «Сонау бір соғыс күндері» өлеңінен байқайсыз. Көкбеттеніп тұрды аспан, Құмның жүзі қара-сұр [50, 52 б.]. Аспанның көкбеттеніп көгеруі де, желдің уілдеген ызғары да суық хабар беретін соғыс сөзіне байланысты сияқты. Аспан да, жер де сұрланып, түнеріп алдағы ауыр күннен хабар бергендей. Ақын суық соғыс сөзін табиғаттың суығымен өте шебер байланыстырған. Ал, тылда ауыр еңбек атқарып жүрген аналар мен жас балалардың жағдайын ақын соғыс ылаңымен байланыстыра жырлайды. Қабырғасы қатпаған ойын баласы сегіз жаста колхозшы боп, күннен бұрын оянғанын өлең жолдарына арқау етеді. Сол ауыртпалықты кейбір адамдар өзінше пайдаланғанын да ақын жырынан аңғарамыз. Ел күзетті әкесі жоқ баланы, Шал күзетті жесір қалған келінін.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Күзетті ана нәрестесіз бесігін, Жар күзетті күйеуінің есімін [51, 91 б.], – деп ақын өмір шындығын ащы жырымен білдірсе, ақ ниетті адамдардың көңілін таптаған түндей қара шалдың ісәрекетін де ақын жыр жолдарына арқау етеді. Ақын қара ниетті адамды «қара түндей қара шал» деп өте шебер суреттеген. Соғыс кезіндегі тылдағы ауыр өмірді М.Мақатаев та өз өрнегімен бейнелей білген. «Менен сұра» атты өлеңінде: Менен сұра соғыстың тастап кеткен зардабын, Ауыл қайтіп көтерді қан майданның салмағын [30, 39 б.], – деп жырлаған М.Мақатаевтың балалық шағы сұрапыл соғыс кезеңіне тура келген. Сондықтан да ақын «Жанап өтті балалық, бала болып өспедім» дейді. Соғыстың ауыр қасіретін ақын «Қырқыншы жылдардағы бесік жырынан» атты өлеңінде де жақсы суреттеген. Соғысқа кеткен азаматын сарғая күткен ананың мұң-зарын бесік жырына айналдырып, сол арқылы асыл жардың еріне деген сағынышын, сұрапыл соғысқа айтқан лағнетін нанымды жеткізе білген. Ананың ашынған жанын «Ала жібін адамның, аттамап еді ардағым», «Халықтың кейде алғысы, қарғыстан бетер екен-ау», «Көбісі біздің ырымның, түкке алғысыз екен-ау» деген өлең жолдарынан байқайсыз. Бесік тербеткен ана бейнесі көз алдыңызға келеді. Мұңлы үні құлағыңызға естіледі. Ана зарын, көкірек шерін, ішкі толғанысын шынайы жырлайды. М.Мақатаевтың ұйқас өрімі, образ жасаудағы шеберлігі, халықтың бай тілін орынды қолдануы, елдің тұрмыс-тіршілігіне терең үңілуі, оны іріктеп, екшеп өлең жолдарында қолдануда ақындық шеберлігі байқалады. Айталық, ақынның соғыс жылдарына арналған «Қырқыншы жылдардағы бесік жыры» өлеңінде халықтың ырым-жорамалдарын орынды қолдана білген. Мақалмәтел мен қанатты сөздерді ақын өлеңдерінен көптеп
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық кездестіреміз. «Мақал-мәтел, қанатты сөз, теңеулердің, бейнелі сөздің, өлең сөздің тарихы – ел тарихын ішінен нұрландыратын нәрлі түйіндер» [52, 6 б.]. М.Мақатаев халық ұстанған салт-дәстүр мен ырым, сенім, мақалмәтелдерді өлең жолдарында қолдана отырып, халқымыздың ұлттық болмысын танытады. Соғысқа аттанған азаматының еліне аман-есен оралуын тілеп, ырым етіп, туған жердің бір уыс топырағын түйіп берген, үлкен үйден дәм татқызып, алақан жайып, ақ тілегін білдірген халықтың ырымдарын өлең жолдарына айналдырып, көркемдік мазмұнын ашаып, бір-біріне үйлестіре жырлаған. Белгілі әдебиеттанушы ғалым Р.Бердібаев: «...мақалмәтелдердің, халық өлеңдерінің, ертегілердің, ырымдардың, жырлардың телегей теңіз астары болады» [53, 141 б.], – дейді. Ақын М.Мақатаев осы телегей-теңіз астары бар, мағынасы терең әрбір мақал-мәтелдерді, халықтың ұстанған ырымдарын өлең жолына кіріктіріп, мазмұнын байыта білген. Қазақ халқының ырымдарын қасиет тұтуы оның ұлт ақыны екендігінің дәлелі. Бесік тербеткен ана: «Кебін киген өледі, Кебенек киген келеді,»– Майданға көкең кеткенде, Осылай бәрі деп еді. Әлди, әлди, бөпем-ау, Бәрі де бекер екен-ау! «Сабыр да түбі–сары алтын» Сарғайып қашан жетем-ау?! [54, 229 б.]. Әрбір шаңырақтағы жарын сарғая күткен әйел мен әкесін аңсаған бала бейнесін ақын ана үнімен әдемі жеткізеді. Ақын соғыс жылдарындағы халықтың басына түскен қайғы-қасіретті, ауыл тіршілігінің ауыр азабын, «Қырман басып, егін сап, арба айдаған» әйел-аналар мен қабырғасы қатаймай жатып «Жер жыртып, тоң ашып, аңыздардан масақ терген» жас балалар бейнесін
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық «Көрдік қой біз, өткердік қой, қилы-қилы кездерді» деп таза толғаныспен жеткізеді. Жанды-жансыз бар табиғат түнерген, Әр кеудеде бір шер барын білем мен! Қан майданда ерлік етсе біреулер, Қарсы жауға біз де шықтық түренмен [54, 224 б.], – деп жырлайды ақын. Өлең бойында құрғақ баяндау жоқ. Ақын көңілді зілдей басып түнерген табиғат бейнесін асқан шеберлікпен суреттей білген. Соғыс өрті лаулай жанған уақытта жансыз табиғат та бір ауыртпалықты сезгендей. Әр кеудені шер басып, түнерген жүздерден, қатулы қабақтардан соғыстың ауыр ауыртпалығын сезінесіз. Жеңістің тезірек келуіне еңкейген қарттан бастап жұмысқа жараған жас балаға дейін араласқанын ақын «Қарсы жауға біз де шықтық түренмен» деп білдіреді. Қан майдандағы ерлік істерді тылдағы еңбек адамдары қол еңбегімен қайталағанын «Мен соғысқа бармадым, мен соғыста болмадым, жүрді бірақ майданда мен жіберген қолғабым» деген жыр жолдарымен жеткізеді. Тіпті, бала-періштенің «күлшесін оққа айырбастаған» ниетінен соғыстың тезірек бітуін тілеген ақ тілегін байқайсың. М.Мақатаев бұл көріністі өлең жолында: Майдандағы әкеме оқ жібердім, Айырбастап күлшемді қорғасынға [18, 22 б.], – деп жырласа, ақын Қ.Баянбай бұл көріністі өз өрнегімен: Ең болмаса жасалсын деп Жалғыз оқ Қорғасынын алып бердім сақамның [55, 50 б.], – деп өрнектейді. Екі ақын да бала-періштенің ақ ниетін өлең жолдарында әдемі суреттей білген. Өлең мазмұнындағы ақын ойлары, ақын идеясы бір болғанымен екі ақын да поэзияда салған өз өрнегімен, өз стиль ерекшелігімен, сөз сомдаудағы дара қасиеттерімен лирикалық кейіпкер бейнесін өте шебер суреттейді. Көз алдыңызға сөз маржанымен өрілген бейнелі суреттер елестеп, өлең иірімінің терең түкпіріне тартып әкетеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Белгілі ғалым А.Егеубаев: «Өлең-өнердің өз заңдылығы бар. Олар басынан кешкенді, талайлы тағдырларды, өмірбаянның алуан сырлы қайшылықты парақтарын жырлайды» [56, 97 б.], – дейді. Шынында да, 60-70 жылдары поэзияда қалам тербеген ақындар өзі куә болған, басынан өткерген тылдағы еңбек адамдарының тыныс тіршілігі мен ауыр тауқіметін шынайы, ащы шындықпен жырлайды. М.Мақатаев «Менен сұра» атты өлеңінде: Жоқ, жоқ Жолдас! Біз соғысты көргеміз! Аты солдат болмағанмен, Солдаттардан кем бе біз?! Қызыл аяқ партизандар – қырдан масақ тергеміз, Қалтамызды қағып тұрып, қан майданға бергеміз [30, 36 б.], – деп жырлайды. Ақын өзінің балалық шағындағы қиындықты ғана емес, сол кезеңдегі барлық адам баласының басынан өткен ауыртпалықты жырлап отыр. Тылдағы ерен еңбек қан майдандағы ерлікпен еншілес еді, соғыстың жеңіспен бітуі үшін тылда да, қан майданда да ерлік істер бірдей атқарылған. Осы ерлік істерде қабырғасы қатпаған жас баланың да үлесі бар. «Шаруаның ғұмырын кенедейден кешкен» ақынның «Қалтамызды қағып тұрып, қан майданға бергеміз» деп жырлауы сондықтан. Соғыс ылаңы салған ауыртпалықты ақынның «Қайран жандар» өлеңінен де көре аламыз. Табиғатынан нәзік жаратылғанымен қиын кезеңде бар ауыртпалықты қайыспай көтере білген әйел-аналарға ақын «Қайран жандар» деп сүйсініп, атқарған еңбектерін өлең жолдарында шебер бейнелейді Қайран біздің шешелер Арды ойлаған. Шілік шауып, ши орып, бау байлаған [18, 78 б.], – деп тылда атқарылған еңбектің нағыз ерлігін жырлай келе:
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Шалбарланып көйлегін, Шарт буынып, Шаруаның қостарын тартты буып [18, 79 б.], – деп «Ұйықтамайтын, тек қана көз ілетін» аналардың өмір үшін күресін, өмір үшін тартысын суреттеу арқылы қазақ әйелінің ұлттық характерін ашуда ақын шеберлік танытады. Қайран біздің жеңгейлер, Өскен ерен! Егін орып, бау байлап, дестелеген [18, 79 б.], – деп жырлаған өлең жолдарында да нәзік жандардың тіршілік-тынысының шынайылығы көрініс береді. Ауыр еңбекте қайыспаған әйел-аналар мен қариялардың көкірек түбінде жатқан мұңлы шерін ақын өлең жолдарында нәзік сезімталдықпен жеткізеді. Күні бойы ауыр еңбектен қажыса да бір сәт мұңын шағып, «Хат жазатын кешкісін кестеменен» деп аналар бейнесін ашықтай суреттейді. Өлең бойында қазақ әйеліне тән мінез, сипат көрініс алады. Алғыс айтып тәңірге, қарғыс айтып, Айдалада, аулақта жылап алар [18, 79 б.] – көңіл шерін тарқатқан қарияларды: Жылап алып, Қайтадан қуаттанып, Егінжайға келетін бұлақты алып [18, 79 б.], – деп бейнелейді. Осылай шерін басып, еңбегін қайта жалғастырып жүрген жайсаң жандарды ақын «қайран біздің өмірдің балқаймағы» деп тебірене жырға қосып, өздеріне тән атаумен атайды. Өлең тармақтарындағы буын саны әртүрлі жырланғанымен, дыбыс үндестігі, ұйқас өрімі берік байланысқан. Ұзынды-қысқалы тармақтарда ырғақпен байланыстырып, ақын айтар ойын ықшамды әрі нақты көрсете білген. Ақын өлеңдерінде троптың, яғни, құбылтудың түрлерін қолдануда да үлкен шеберлік аңғарылады. Соғыс-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық қа аттанған жастарды «Орманның бір топ өндір шыбығына», яғни, жайқала өсіп келе жатқан жас шыбыққа теңеуі өлең мазмұнын тереңдетіп, оқырманына оның әсерін күшейте жеткізіп отыр. М.Мақатаев қан майданға аттанған әке бейнесін де жыр жолдарында өте шебер сомдай білген. Мысалы: «1941 жыл. Ақпан» атты өлеңіне назар аударып көрейікші: 1941–жыл ақпандатқан, Сыртта аяз. Ауылымызды ақ қар жапқан. Үңірейген үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан, жерді аттандатқан [57, 22 б.]. Өлең тақырыбының өзі сұрапыл соғыстың ызғарлы суығынан хабар бергендей. Ақын ақпандағы суықты соғыстың суығымен байланыстырып жырлауда да шеберлік танытқан. Әкенің соғысқа кетуі де үй ішіне суық ызғар әкелгендей. Ақпандағы алапат боран мен көкірек түкпіріндегі үңірейген үрейді байланыстыра жырлауы өлеңнің мазмұнын тереңдетіп, оқырманын баурап әкетеді. Өмір бойы егін салған шаруаның кетпенін қаруға айырбастап, елін қорғауға аттануын, аттанар алдында он жасар баласына тапсырған аманатын ақын бейнелі сөз тәсілдерін қолдана отырып жырлаған. Әке аманатын жүрегінде сақтай білген ақын соғыстан оралмаған әкенің өсиетін келер ұрпаққа жеткізуді жырлауын өзінің борышы санайды. Сол асыл әкелердің келешек үшін қан төккенін, елін, жерін ұрпақ үшін қорғағанын жырымен жеткізеді. Сел боп аққан қанмен келген Жеңісті қастерлеуді үндейді. «Болмасын соғыс, болмасын» деп тілейді. Ақын өлеңдерінде сұрапыл соғыс зардаптарын келер ұрпақ көрмесін, елімізде мәңгілік тыныштық орнасын деген үлкен тілек бар. Өлең жолдарына айналған бұл тілек ақын шығармашылығының негізгі мақсатына айналған. Сөйте тұра ақын елімізге осыншама қайғы қасірет әкелген соғысқа қарғыс айтпайды. Қайғы-қасіреті мол сол жылдардың өзіндік бейнетінен қайралып, қайраттанып, шыңдала түскенін айтады.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған, Ғұмырлар бар батқан және батпаған. Әкелгенмен әр адамға бір қайғы, Сол жылдарға қарғыс айту жат маған [54, 224 б.]. Балалық бал дәуренін ұрлаған жылдарға қарғыс айтпауы ақынның азамат екенінің дәлелі. Өлеңімен оқырманына үлкен ой тастап, кешірімді болуын қалайды. Кейінгі ұрпақтан да осыны күтеді. Аңыздардан тере жүріп масақты Рас, рас, көзімізден жас ақты. Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар, Бәрімізден бір-бір батыр жасапты [54, 224 б.]. Ақын өлең жолдарында ауыр жылдарды дауылды жылдар, от жылдар деп күшейтпелі мағынада суреттейді. Соғыс кезеңін бұрқырай соққан дауылға, лапылдап жанған отқа теңеу алапат шақтың нақты көрінісін беріп тұр. «Көзімізден жас ақты» тіркесінің астарында соғыс зардабының ауыр қайғысы жатыр. Ақын бүкіл балалық шақтың ауыртпалығын бір ғана жолға сыйғызып, шебер суреттей білген. Соғыс кезіндегі балалық шағын әр ақын өзінше өрнектейді. Тақырыптары бір болғанымен, лирика тілінде суреттеу тәсілдері әр алуан. Мысалы: Қ.Мырзалиев: Бармақтай боп сол күнде, Жатпаушы едік дем алып. Әр маяның түбінде, Қалды біздің балалық [43, 58 б.], – деп еске түсірсе, М.Мақатаев: Жанап өтті балалық, бала болып өспедім, Шаруаның ғұмыры кенедейден кешкенім. Менен сұра Бидайдың егілгенін, өскенін, Менен сұра Еңбектің қысқа таңын, кештерін [30, 39 б.], – деп жүрекке түскен соғыс қасіретінің зардабын, ауыр еңбектің салмағын өз шеберлігімен жырлайды.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын Қ.Баянбаев жырынан да соғыс зардабының ауыр салмағын көре аласыз. Сонау жылы Жау шапқанда батыстан, Қаршадай боп мен де айқасқа қатысқам [55, 7 б.], – деп қабырғасы қатпаған баланың тұрмыс тауқыметін тартқан бейнесін суреттейді. Ақын жырында елімізге қасірет-қайғы әкелген соғыс лаңы «ауылдағы ерін күткен жарға сын, белі кеткен қартқа сын» болғанын, еңбек адамдарының тылдағы ерлігін өлең жолдарында шынайы баяндайды. Алайда, қилы уақыттың ауыр жүгін арқалап, белін майыстырғанымен, арқаларын тұрмыстың суық аязы қарығанымен, олардың жан-дүниесін жасыта алмағанын, керісінше, тайсалмай, мойымай күресуге, өмірдің дүлей дауылына қарсы жүруге, өрге қарай ұмтылуға үйреткенін, шыңдағанын ақын жырларынан көре аласыз. Академик З.Ахметов: «Жалпы поэзияға тән қасиет – айтылып, баяндалып отырған нәрсе жайлы ұғым түсінік беру емес, оны бейнелі түрде сипаттау, суреттілік десек, осы ерекшелік лирикалық өлеңдерден айрықша байқалады» [58, 13 б.], – дейді. Яғни, 60-70 жылдары қалам тербеген біз сөз еткен ақындар поэзияда шынайы сезімді көрсете білді. Айтар ойын бейнелі сөздермен әрі мағыналы етіп жеткізе білген ақындардың бірі Қ.Баянбаев жырында ұлтымыздың ұлағатты өмірін танытатын, ата-бабамыздың тарихы жатыр. Қазақ халқында небір от ауызды орақ тілді би-шешендер, ер жүректі батырлар, он саусағынан өнер тамған күйшілер мен күміс көмей әнші-жыраулар өмір сүргендігі тарихтан белгілі. Ақын осы би-шешен, күйші, жырау, батырлардың аңызын, ерлігін өлең жолына арқау етіп, ұлттық тарихымызды бейнелеген. Оның жырларынан Майқы бидің көрегендігі, Қорқыт қобызының сарыны, халқына жұмақ іздеп жапан түзді шарлаған Асан қайғының шерлі шеруі, жерін, елін жаудан қорғаған Абылай хан мен «Жай оғындай әр сөзі ер Махамбет» ерлігі, «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай бейнесі көрініс береді. Өлеңде ұлттық
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сарын басым. Әр кезеңді өз өрнегімен өрнектеген ақын жырында артық жол, артық сөз жоқ. Бар-жоғы қырық алты жолдан тұратын бұл өлең бүкіл қазақ халқының ұлттық тарихын паш етіп тұр. Бүкіл қазақтың басынан өткерген тарихын осы қырық алты жолға сыйдырған. Бұл да ақын шеберлігін танытса керек. Қ.Баянбаевтың «Ошақ» атты өлеңінде де ұлттық сипат бар. Өлеңнің тақырыбы қарапайым атау болғанымен, қасиеті мол, қадірлі салтымыздың сырын ашады. Үйдегі ошақ басынан тарайтын жылу адам тәнін ғана емес, жанын да шуаққа бөлейді. Ана шуағы да сол ошақтан тарап жатқандай әсер аласыз. Қасиетті ошақ жанұяның бірлігін, ынтымағын, тату-тәтті өмірін танытады. Сол ошақтан нәр алып, жылуын жан-дүниесімен сезінген ақын: Үйлі жанның ұясындай отбасын Балар едім кішкентай бір Отанға [59, 51 б.], – деп жырлауы да ақын тапқырлығын танытады. «Отанды сүю от басынан басталады» деген қазақ мақалының мағынасын ақын өз өрнегімен көрсете білген. Қазақтың қасиетті бата-тілегін лирикалық кейіпкер аузымен айтқызуы да ақындық біліктілігі. «Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Мұның эстетикалық қасиеті де, тәрбиелік күші де айырықша үлкен. Себебі бұл арада өлеңді жазған адам оқыған адамға айналып, ақын мен оқырманның көңіл-күйлері бір-біріне ұштасып, бірігіп, біте қайнасып кетеді» [60, 310 б.]. Яғни, ақын лирикалық кейіпкер арқылы көңіліндегі ойын айтады. Бұл ой оқырман ойымен ұштасып, ақын поэзиясының оқырман көңілінен шығып жататыны сондықтан. Өлеңдегі ақынның «Өшпесе екен ошақтағы от» дейтін тармағы шаңырақтың шайқалмауын, ұрпағының жалғастығын, азаматтың амандығын тілеген ана тілегі мен ұштасып жатыр. Қасиетті тілекті ақын «өшпесе екен ошақтағы от» деген төрт-ақ ауыз сөзге сыйғызып, аз сөзбен көп мағына беріп тұр. Қазақ анасының тілегі ошақтағы маздап жанған от сияқты өз тілеуін үзбейді. Ақын жыры
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық осындай мағынаны меңзейді. Осы ошақ басындағы қайғыны да өлең бойында нанымды көрсете білген. Қанды соғыс сағымызды сындырды. Қасымызда қарқарадай әке емес, От басында бізбен бірге мұң жүрді [59, 51 б.]. Соғыс салған ылаңның бұл ошаққа да әкелген қайғысын ақын өте сәтті суреттеген. Сағы сынған отбасы, қайғы-мұң басқан шаңырақ бейнелі жыр жолдарымен көз алдыңда көрініс береді. Бұл әрбір шаңыраққа түскен қайғы. «Сағымызды сындырды», «Қарқарадай әке емес», «Бізбен бірге мұң жүрді» тармақтармен ауыр қайғының мағынасын аша түскен. Сонымен бірге қаралы күннің белгісіндей болған «Сүтсіз қара шай», «Қара көже» деген тіркестер ауыр күннен жеткен айшықты суреттер. Ақын өлең соңын да шебер түйіндейді. Тоқшылықта ырысымды тасытса, Жоқшылықта қара сумен жылытқан [59, 51 б.], – деп қазақы қанағатшылық мінезін танытса, жыр соңын: Әр отаудың жылу шашқан ошағын, Болар еді бір кішкентай күн десе [59, 51 б.], – деп қорытындылайды. Ақын қарапайым «ошақ» сөзінің өзіне өте үлкен мағына сыйғызып тұр. Өлең қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қасиетін танытады. Жыр бойында кездесетін «Бір тал үкі бесігіме байланған», «Жөргегімді сол ошаққа жайды анам», «Қара қазан, сары бала», дейтін бейнелі тіркестер қазақ халқының қасиет тұтып, қадірлейтін, ұлттық қасиетімізді танытатын жолдар. Ақын қазақы сөздерді орынды қолдана білген. Өлең жолында бейнелілік басым. Сол арқылы сөз сонылылығымен образ жасауда шеберлік танытады. Ақын Қ. Баянбаевтың «Күрес» атты өлеңі де ұлттық ойынымыздың, салт-дәстүріміздің бейнесін көрсетеді. Ақын бұл жырында қазақтың екі палуаны – бірі жас, бірі үлкен кісі, яғни, жас пен кәрінің күресі арқылы өмірдің өтпелі екенін суреттейді. Өлең бойынан халқымыздың дәстүрлі ойынын көре аламыз. Ақынның жас
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық пен кәрі күресіне үлкен мән бергендігі көрініп тұр. Кәрі палуан өмірдің өткендігін бейнелесе, жас палуанның қимылынан алып-ұшқан көңіл-күй мен өзіне сенімді жігіт тұлғасын көресіз. Ақын жас пен кәрінің күресі арқылы өмір арпалысын көрсетеді. Екеуі де осы арпалыста бақ сынайды. Өлең бойында оқырманын үйіріп әкететін, соңында кім жеңер екен деген сұрақты оймен қызыға оқытатын тартымдылық бар. Ақын оқырман көңілін одан әрі өлеңдетіп: Болғанмен біреуі жас, Бірі кәрі, Белгісіз кім жығылып, Кім жығары [59, 64 б.], – деген жыр жолдары арқылы оқырманын одан әрі қызықтыра түседі. Жыр жолдары екі палуанның айла-әдістері, күшамалдары кезек-кезек өріліп отырады. Өлең мазмұнында екі палуанның алдына қойған мақсатын ақындық тілмен айқын көрсетеді. Жыр соңын бірін-бірі жеңе алмаған екі бейне арқылы: Қарт қалды, Сақалымды сыйлады деп, Жас қалды, Көңілімді қимады деп [59, 64 б.], – деп түйіндейді. Екі палуанның мінез-құлқын ақын осы жолдармен-ақ ашып берген. Өлеңді оқи бастағаннан бірден тартыс, күрес, көз алдыңызға елестейді. Өлең басынан соңғы жолына дейін тартысқа құрылып, суретті сөздермен бейнеленген. Бұл да ақын шеберлігі болса керек. Қорыта айтқанда, 60-70 жылдар поэзиясында қазақ халқының ұлттық ерекшелігі айқын бейнеленген. Ақын жырларында салт-дәстүрді танытатын, қазақы тұрмыс-тіршілікті суреттейтін, сол ұлттық бейнені сомдайтын көріністер өзіндік ерекшелігімен дараланады. Осы жылдары қалам тербеген бір топ ақын жырларын салыстыра зерттеу нәтижесінде олардың поэзиядағы өзіндік ұлттық идеялық сипаты анықталды. Ақындардың әр түрлі тақырыпта жазылған жырлары ұлттық
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық бейне көрінісі тұрғысынан сарапталды. Нәтижесінде қазақ халқының ұлттық ерекшелігі әр ақынның өзіндік стилімен танылады. Мысалы, М.Мақатаев поэзиясынан қазақы ұлттық мінезді, салт-дәстүрді, ұлттық дәстүрді қазақы кәсіппен тікелей байланыстыру шеберлігін аңғарсақ, ал, Қ.Баянбаев қазақ халқының салт-дәстүрін тарихпен байланыстыра суреттейді. Ата-баба дәстүрін, ұлттық ерекшелікті өлең жолдарына арқау ете отырып, қазіргі заманмен тікелей байланыстыра бейнелейді. Қ.Мырзалиев жырларынан ұлттық болмысты нақты бейнелеген көріністі көреміз. Ақын қазақы салт-дәстүрді өмірмен байланыстыра білген. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелеу арқылы оның тарихын танытып, қазіргі ұлттық көзқараспен ұштастыруда өзіндік шеберлігін танытады. Бұл бөлімімізде 60-70 жылдары жыр көгінде самғаған бір топ ақын жырларын сарапқа сала отырып, қазақ поэзиясындағы ұлттық ерекшелікті бейнелеудегі олардың қарымы мен дарынын жан-жақты зерттеуге тырыстық.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.МАҚАТАЕВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ИДЕЯ БІРЛІГІ Белгілі әдебиет зерттеуші ғалым М.Дүйсенов: «Ақын міндеті – сөзге қанат бітіруінде, сөз бен сөзді жалғастырып, қару-қайратын қосып, ойды тербейтін, бойды билейтін поэтикалық образ жасауында. Ақын үніне зейін салмаса, бояу-суреттер тағдырына жіті үңілмесе, өлең өрімдей сұлу болып шықпайды. Халықтың ұшаң-теңіз бай тілін, рухани өмірі мен қазынасын, тұрмыс-тіршілігін, жан-жақты білуімен бірге, оларды ақыл-ой елегімен шебер екшеп алатындай көркемдік қабілеті мен эстетикалық талғамы болуы қажет» [61, 102 б.], – деп атап көрсетеді. Белгілі ғалымның бұл тұжырымын 60-70 жылдары қалам тербеген әрбір ақын өз тараптарынан қадағалауға, көркем поэтикалық образ жасауда осы міндетті қатаң ұстауға тырысқан. Сұлу сөзді өлең жолында қолданғанда оның мағынасын эстетикалық талғаммен зерделеу, әр сөздің салмағын байыптау ақынның шеберлік талантын танытса керек. Академик З.Ахметов: «Поэзиядағы, өлең-жырлардағы бейнелі, өрнекті сөздер әлде қандай бір ерекше сұлулап сөйлеуге әуестіктен емес, эстетикалық сезімнен, образды, бейнелі ойдан, дүниені ақынша, суреткерше қабылдаудан туады. Өлеңге, өлеңмен жазылған шығармадағы әрбір суретке, әрбір сөзге поэзиялық сәулет, поэзиялық нәр, көрік беретін нәрсе – ақындық ойсезімнің тереңдігі мен көркемдігі. Өлең сөз кестесіндегі, поэзия тіліндегі көп ерекшеліктерді дұрыс түсіну үшін, ақындық ойдың көркем ойдың өзгешелігін, дүниені эстетикалық жағынан қабылдап-танудың өзгешелігін жақсы ұғу шарт» [62, 7 б.], – деп өлең өрнегін түсінудегі шарттарды атап көрсетеді. Біз зерттеу ныса-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық нымызға алып отырған 60-70 жылдар поэзия ақындарының бұл шарттарды жете меңгергендерін өлеңдерінен аңғаруға болады. Осы жылдардағы бір топ қаламгерлер арасынан шығармаларының ұлттық сипатын жан-жақты, терең зерттеу нысанына алып отырған ақынымыз М.Мақатаев поэзиясы. Ақын туралы Ө.Күмісбаев: «М.Мақатаев туған халқының өмір тарихын, фольклорын, әнін, күйін, дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұштастыра жырлады. «Армысыңдар, достардан» бастап «Дантенің Құдіретті комедиясына» дейін ол қаншама өсуден, өрістен өтті» [63, 135 б.], – деп баға береді. Расында да, алғаш өлеңі «Советтік шекара» газетіне басылып, араға біраз жылдар салып, 1964 жылы «Ильич» атты алғашқы жыр кітабынан бастап, өмірдің әр кезеңдеріндегі баспалдақтарынан өтті. Ақын қай тақырыпқа қалам тартса да шынайылығымен, тақырыпты терең аша білетін қабілеттілігімен, суреткерлігімен ерекшеленеді. Шығармаларында өз замандастарының ұлы мақсаты мен биік мұратын, ерен ерліктерін, әр түрлі сәттердегі көңіл-күйлерінің иірімдерін, сезім сырларын, асыл арман-тілегін айшықты да әсерлі бейнелей білген. М.Мақатаевтың осындай ұлттық сезім көріністерін терең аша білген тақырыптарының бірі – туған жер тақырыбы. Ақынның туған жерге, елге, Отанына деген ықыласы ерекше. Ол үшін туған жердің әрбір тасы ыстық, бір уыс топырағы қастерлі. Бұл көріністің барлығы да ақын жанын әсем сазға бөлеп, жыр жолдарына айналады. Туған жерге деген махаббаты ақын жүрегінен жыр болып төгілді. Б.Мәжитұлының «Қарасаз, Мұқағали! Бірін айтсақ, екіншісі еске түседі. Қазір бұл мекен қазақ ұғымындағы қасиетті өлке» [64], – деген сөздері өте орынды айтылған. Ақын жырлары арқылы Қарасазды бүкіл қазақ
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық баласы біледі. Туған жері Қарасаз бен ақын аты қатар аталатыны сондықтан. Қарасаздың қасиетті өлкеге айналуы да Мұқағалидай перзентінің тамаша шығармашылығының жемісі десек, М.Мақатаев сынды алып ақынның туылуы Қарасаз топырағының қасиеттілігінен болса керек. Сондықтан да ақын: Мен бақыттымын, Бақытты жерде туылдым. Айналайын Қарасаз, Қасиетіңнен суыңның! [65, 50 б.], – деп жырлайды. Сенің әрбір бұлағың Менің әрбір қан тамырым емес пе? Қасиетті тұрағым, Қасиетіңнен суыңның! [65, 50 б.]. Туған жерінің алтын бұлағын «менің әрбір қан тамырым емес пе?» деп атамыз қазақ ежелден қасиет тұтқан қанға теңеуі де тегін емес. Қазақ халқы кіндік қаны тамған жерді қасық қаны қалғанша жаудан қорғаған. Ақынның туған жердің қадір-қасиетін терең сезінуіне, тебірене жырлауына ата-бабамыздың осы қасиеті сіңсе керек. Жер қойнынан шымырлай шыққан бұлақ көрсе көзін ашатын қазақ даналығын пір тұта жырлауы, ақын даралығын танытады. Туған жерінің топырағында әкенің басқан ізі мен жер анадан алған несібесі жатыр. Әкеге деген сағынышын сол ізге, жүрген жолына қарап басатын ақын әр тау-тасы, балауса көк шалғыны әкесін еске салатын қыр-белесті жыр жолдарына айналдырды. Оның ақындық қасиеттілігі сол – қарапайым сөздің өзіне нәр бере білуінде. Жеке алғанда қарапайым белгілі бір ұғымды ғана беретін «айналайын», «қасиет» сөздері жыр жолдарына түскенде құбылып шыға келеді, өлеңге ерекше мән береді, терең мағына үстейді. Өлеңнің мазмұнын ақынның туған жерге деген ыстық махаббатын білдіреді. «Айналайын» сөзінің өзі мейірімге толы
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жүректен, махаббатқа толы көңілден шығады емес пе? Ақынның туған жерге деген ерекше ыстық махаббаты да жүректен, оның түбіндегі тұнық сезімнен өріліп тұр. Мұқағалидың туған жер тақырыбына арналған бірнеше өлеңдері бар. Қайсысын алып қарасаңыз да, ақын жүрегінен туған жерге деген сағыныш ыстық махаббат төгіліп тұрады. Ақын өлеңдерінен туған жердің әрбір тау-тасы, тал-шыбығы, әрбір белесі, сылдырай аққан бұлағы, жағасында жайқалған жасыл құрағы, бәрі, бәрі көз алдыңызға бейнелі суретті елестетеді. Сондықтан да ол: Туған жер, тұлғаң сенің шықпас естен Болсам да ойы сараң, үміті өшкен. Сүйемін шын сүйемін өлкеңді мен, Себебі: балапанмын сенен өскен [66, 81 б.], – деп толғанады. Ақын жүрегінен жыр болып төгілген риясыз шындық бұл. Сол себепті туған жерді суреттеген өлең жолдары оқырманына әсер беріп, сезімге бөлейді. Туған жердің әрбір тал-шыбығын, көз жетпес көк тіреген шыңырау құзын, тасқындап, таудан құлай аққан өзенін, әрбір тасын еш нәрсеге айырбастамайтын ақын ойын өлең жолдарынан аңғарамыз. Туған жердің шаттығына қуанып, күйігін өзінің қайғымдай көтеремін деген ақын пейілі туған жері үшін жүрегін де жұлып беруге бар. Бұл ақынның туған жерге деген ыстық махаббатынан туған жыр. Өлең жолындағы көріністерден, қуатты сөздерден ақынның жүрегінің соғысының дүрсілін естисіз. Айталық «Қарасаз» өлеңін оқысаңыз көз алдыңызға бейнелі сурет елестейді. Көктем мезгілі. Ақын өлеңнің әрбір сөзін, ішкі ырғағын, ұйқас өрімін жыр жолдарында өз орнымен пайдалана білген. Жылдың басқа мезгілін емес, тек көктем мезгілін таңдап, оны туған табиғатымен байланыстыра жырлауының өзі ақын зерделігін танытады. Көктемде жер дүние жасарып,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жаңа бір кейіпке енген табиғат, ұшқан құс пен қонған қаз, ашық аспан астында тізіле ұшып бара жатқан тырналар, бәрі де ақын көңілін тербеп, көз алдына әдемі бір сурет бейнесін елестетіп, ақын жан-дүниесін жаңа бір күйге бөлеп, жүрегінен жыр болып төгіледі. Таудан биікке самғай ұшқан «қыранның қанатынан қуат алып» күннің нұрына шомылып, жай отындай жарқылдаған ақын: Айналайын! Атамекен, Ақ мекен! Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?! Туған өлке тәтті екен ғой, Тәтті екен! [30, 94 б.], – деп жырлайды. Айдын шалқар көл, ұшып-қонған қаз-үйректер, көгілдір ашық аспанда тізіле ұшып бара жатқан тырналар, сұлулардай сылаң қағып, сылдырай аққан бұлақ. Бәрі, бәрі ұлттық болмысқа бай қазақ ауылының бейнесін елестетеді. Осы көріністер ақын жүрегінен жыр болып төгіліп, суретті сөздермен көрініс береді. Айдын көлден ұшқан үйрек, қонған қаз тыраулаған аспандағы тырналар өлең жолдарында жымдасып, өріліп жатыр. Бәрі де туған жердің табиғатын барынша ашып жанжақты көрсетуге септігін тигізген. Жалпы М.Мақатаев қай тақырыпты жырласа да айтар ойын, көтерер мәселесін сайлап алып, соларға лайықты теңеулерді орынды пайдалана біледі. Ақынның тағы бір ерекше қасиеті – оқырманға әсер, өлеңге әр беретін сөз маржанынан суретті сала білуінде. «Сылқ етіп тілсіз тасқа төсін ұрып» сылаңдай аққан өзен... Жай ғана ағып жатқан суды «сылаңдай» сөзіне теңеуі, әсірелеп, бейнелеуі өте сәтті берілген. Өзеннің сылдырай аққан үнін «сылқ–сылқ» қайталама қос сөзін пайдалана отырып, кейіптеу тәсілімен де шебер жеткізе білген. «Сылқ-сылқ» етіп сылдырай аққан өзен суының әсем
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үні құлаққа естілетіндей әсер аласыз. Ақынның туған жерге деген махаббаты оның табиғатына ғашықтықтан бастау алғандай. Туған жер табиғатының бірі – тау болса, бұл да ақынның ерекше бір тақырыбы. Жырларын оқып отырып-ақ ақын мінезін көк тіреген мұзарт тау шыңына теңеп, «тау тұлғалы ақын» деген баға беріп жатамыз. Алып ақын да алып таудай елестейді. Ақын өзінің «Мен таулықпын» өлеңінде: Тау дейтін алып жүрек Ана туған Мен таулықпын! Таудан мен жаратылған. Киіктің сүтін еміп ержеткенмін, Қуат алып қыранның қанатынан [18, 225 б.], – деп бұл ойымызды бекіте, растай түскендей. Тау мінезді ақынға «Тау ұлымын» десе жарасады. «Тау – менің дәу бесігім» дейді ақын. Сол бесікті таудың самалы әлдилеп, таудан соққан жел бесік жырын жырласа – ол да ақынның құдіреті емес пе? Алып тауды өлеңінде көрнекті сөздермен бейнелеп, жансыз дүниеге жан бітіре жырлайды. Ақын өлеңіндегі «Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам» жолдары да өмірдің кейбір сәттеріндегі көлеңкелі көріністі аңғартып тұр. Бұлттай түнерген қара тұман ақын өміріндегі қиыншылық сәттер. Тек ақынның жеке басының тұманы емес, халқына төнген тұман. Ақын оны өз жеке басының қайғысындай қабылдайды. Халқымен бірге қайғыратын, халқымен бірге қуанатын ақын ғана тән бұл қасиет. «Күн алғашқы сәулесін маған шашып» жолдар таудан шыққан күн нұрын халқына шашқан шуақты күндерге байланыстырып, лирикалық кейіпкер арқылы жеткізеді. «Мен таулықпын! Таудан мен жаратылған. Бұлт бүркеніп, жай отын ала туған. Күн алғашқы сәулесін маған шашып,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Маған келіп түнейді қара тұман [18, 225 б.], – деп жырлайды. Таудай алып жүректі ақын «үйім – халқым» деп халқына еркелесе, енді бірде «үйім – тауым, тауыма сүйенемін» дейді. Таудың басына үйірілген бұлт ақын жүрегін ауыртады. Ақын халқының басына түскен ауыр күнді тау басындағы бұлтқа теңеп, әсірелеп жырлап отыр. Арайлап шыққан күн нұры ақын көкірегіне нұрын себеді. Тау баурайының таңғы шығы да ақынға жақын, сол шықтай мөлдіреген арман сырын қайыңдармен бөлісіп, тасқа өскен гүлдермен мұңдасады. Бұл оның өзгелерден ерекше ақындық қасиеті. Ақынды таудың асқар шыңы тау бесікке салып әлдилемесе, таудан соққан самал-жел жүрегін тербемесе, көңіл сазына бөленген ақын қаламынан әсем де, ырғақты жыр жолдары төгілмес те еді. «Тайсалмай басып тастарын» тау аясында өскен ақын алып тауды өзінің «дәу бесігіне» теңеуі де ақындық тапқырлығы. Таудың қазақ жерінде шығыстан батысқа созыла орналасқан көрінісін де ақын жыр жолдарында шебер суреттейді. Тау – бір аңыз, Тау – дастан. Таусылмаған әу бастан. Ана – жердің төсіне Алып сәби жармасқан [54, 108 б.]. Ақын қасиетті Жер-ананың төсіне жабысқан алып тауды сәбиге теңеуі өте сәтті шыққан көрініс. Өйткені, Жер-ана барлық табиғаттың анасы. Ақын осы қасиетті өлең жолында бейнелі суретке айналдырып, тәкәппар таудың да ана алдындағы періште-сәбидей тазалығын көрсетеді. Алып тау мен жер ана бейнесі арқылы адамдар арасындағы қарым-қатынасты бейнелейді. «Бұлттан бұйда тағынып, көктен көрпе жамылған» тау бейнесі
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ана алдындағы назды, еркелі сәби бейнесін елестетеді. Бұл ақынның табиғат пен адамды байланыстыра жырлауындағы тапқырлығы, ерекшелігі. Ақын М.Мақатаевтың тау туралы өлеңдерінің бірі «Тауда өстім». Ақын қай тақырыпқа қалам тартса да алдымен өзімен байланыстырады. Яғни, лирикалық кейіпкер арқылы табиғат пен адамды салыстыра отырып, халық басындағы оқиғаны бейнелейді. Қазақ қашан да тауды қасиет тұтқан халық. Тауды өз жерім, ата-мекенім деп иемденген халық. Ақын қазақтың осы қасиетін лирикалық кейіпкер бойына дарытып, еркіндікті аңсайтын қазақ мінезімен байланыстыра жырлайды. Тайсалмай басып тастарын, Алқынбай асып асқарын, Құзына шығып қомданып, Ылдиын төмен тастадым [18, 299 б.], – деп жырлайды. Өлең жолдарында қазақ халқына ғана тән мінез бар. Еркіндік, жауынан да тайсалмайтын мінезділік, адам жанын ұға білетін қасиеттілік, сезімділік, сырластық – адам бойындағы қасиеттер. Адам мен табиғат арасындағы ғажайып дәнекерді табуға ұмтылады. Қоршаған ортаның бояулары адам мінез–құлқындағы, көңіл-күйіндегі, өмірге деген көз қарасындағы түрлі өзгерістермен астарласып жатады. Тылсым табиғаттың құпия сырларын адам баласымен байланыстырып, сабақтастырып суретке көшіретін ақындық талант керек. Мұндай талант М.Мақатаев бойынан табылған. «Таудай болғым келеді» деп өмірдің биік белесіне ұмтылған ақын өмір-өзеннің ағымымен ілесіп елден жырақ кетсе де күндіз ойынан, түнде түсінен шықпайтын туған жерін «Болса да бір шақырым жүрмін алыс, амал не, алла ісіне бар ма лажым» деп сағына еске түсіреді. Енді бірде «Мені күтіп кәрінің қалғаны анық,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық халін біліп қайтайын тауға барып» дейді шыдамсызданып. Ақыры тағат таппаған ақын асқар Алатауына жыр сәлемін былайша жолдайды: Көзінің де, көңілінің де нұрын алған талайдың, Алатауға тамашалап таңмен бірге қараймын, Уассалаумағалейкум, аппақ басты арайлым! Шаруа ата секілденіп өміріңді сарып қып, Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып, Аман-есен жатырмысың, айналайын жарықтық? [30, 80 б.]. Осылайша асқар ала тауына перзенттік сезіммен басын иеді. Бұл да таудай алып мінезді ақынға ғана бітетін, жарасатын дара мінез. Апырай, Туған жер-ай! Теңдесер кім, Бұл жерге сен болмасаң келмес едім [65, 86 б.], – деп туған жердің қасиетін мойындап, жырымен ыстық сезімге бөлеп оқырманына сәулелі ой тастайды. Әр оқырман Отанын, халқын, туған жерін ақын сүйген жүрекпен сүйе білсе ақынның арманының орындалғаны деп ойлаймыз. Ақындардың ерекше жырлаған тақырыбы – ауыл тұрмысы мен өмірі. Туған жер сәбидің шыр етіп дүниеге келген, балалық шағын өткерген, есейгенде өмірге, адамға деген көңіл көзін ашқан киелі мекен. Ақынның әр уақыт есінен шықпайтын, сағына еске түсіретін асыл ордасы бұл. Сондықтан да ауыл жайлы, туған жер туралы жырлар сағынышқа толы сезімде жырланады. Мұндай өлеңдер М.Мақатаев поэзиясында көптеп кездеседі. Ақын табиғаты ауыл өміріне жақын. Ауылда тіршілік жасайтын жандардың кең пейілділігін, ықылас-ілтипатын, махаббаты мен құрметін, жан сұлулығын өлең жолдарында аша түсуге талпынады. Ақын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өлеңдері туған жерге деген сағынышқа толы. Ақынға ауыл көрінісінің бәрі ыстық. «Самайын» ақ қырау шалған ақ бас таулар, етегінде бұрқылдай жер қойнынан шығып жатқан «ақ бастау» – бұлақтар, көненің көзі, ауылдың ұйытқысы, ақылшысы – ақбас шалдар, бәрі де ақын жүрегін тербеп, жыр болып төгіледі. Ақын: Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы, Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы [18, 49 б.], – деп жырлайды. Ақын өлеңінен қазақы ауылдың тұрмыс-тіршілігі көрінеді. Ұлттық салт-дәстүрімізді ұстанған қазақы ауылдың «Ақ боз үйдің түндігін желпілдетіп» көшіпқонғаны, төрт түлік малдың дауысы, бәрі де ақын өлеңінің мәнін аша түскен. «Кеудең – кең, жотаң – алып, тасың – найза» деп туған жер көрінісін – кең дала, жоталы қырлар мен найзалы тастарды теңеуін келістіре жырлаған. Бір туған жер тақырыбының өзін ақын М.Мақатаев сан қырынан жырлай білген. Әр тасқа, жел тербеген әрбір шыбықталға, сылдырай соққан жапыраққа жан бітіре жырлаған. Мұндай сезім ақынның туған жерге деген шексіз махаббатынан туған болса керек. Ақын М.Мақатаев ауыл өмірін, ондағы тұрмыс тіршілікті жыр жолдарында өрнектей отырып, ауылдың көнекөз қарияларын да ерекше ілтипатпен жырға қосады. Асылдың сынығы, ақыл-парасаттың кеніші, өнеге – рухани тәрбиенің қайнары дана қарттар ақын жырларындағы басты тақырыптардың бірі. Мен қарапайым қарттарды сүйем, Не деген керім еді! [46, 196 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақынның қарттарға деген сыйластығы өлең жолдарында сәтті өрілген. Қазақ халқы қасиет тұтып, сыйынатын пайғамбарды өлең жолына қосуы, қарттарды пайғамбарға теңеуі қариялар бейнесін асқақтата түседі. Сөтіп, ақыл – парасат иесі қарттарды: Араздасып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса бір ауылда [31, 174 б.], – деп жыр жолдарында өрнектейді. Халқымыз ертеден атадан балаға жалғасып келе жатқан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, үлкеннің жолын кеспеу, ата – ананы ардақтау, сөз асылын қастерлеу сияқты жастарға тәрбиелік мәні зор ұлттық әрі қазақы салт-дәстүрімізді берік ұстанған. Халық арасында ынтымақ пен бірлікті ту етіп, дуалы сөзімен көпті аузына қаратқан, ел арасындағы дау – жанжалды бір ауыз әділ сөзімен тоқтата білген қариялар, би – шешендер аз емес. Ақын әдет-ғұрыпты, ақылымен елді ұстай білген осы дана қарттарды жырлайды. Бұл қариялар «Жалаңашқа шекпенін шешіп беріп», халықтың қамын шын жанашырлықпен ойлайтын нағыз дана, көне көз қарттар. Ауылдың кеніші саналатын қарттарды: Ақиқатты айқындап жариялар, Бара жатыр азайып қариялар [31, 174 б.], – дейді ақын. «Бабалардың баласы – қариялардың» азайып бара жатқаны ақын жанын ауыртады. Тағдырдың қаталдығына күйінеді. Жалпы, ұрпақ басындағы күйінішті өз қайғысындай сезініп жырлау Мұқағали ақынға тән қасиет. Ақын жырларының қайсысын алып қарасаңыз да ұлттық салт – дәстүрімізді танытатын бейнелі тіркестер кездеседі. Қазақтың мақал-мәтелдерін өлең жолдарында да сәтті пайдалана білген. Байырғы аталарымыздан қалған «Ата көрген оқ жонар» деген мақалын өлең жолына арқау ете отырып, әке мінезін өз характерімен байланыстырады. Қазаққа ғана тән дара мінезді әке бойынан көргісі
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық келеді. Яғни, лирикалық кейіпкер арқылы қазақы мінезі қалыптасқан бейнені өлең жолдарында суреттейді. Ақынның ерекшелігі қарттармен тең құрдастарша әзілдесе білетіндігі. Бұл мінезі өлең жолдарында айқын көрінеді. Мысалы: Қарамай сақалыңа, шалдығыңа, Жарасып тұрушы еді қалжыңым да [46, 230 б.], – деп жырлайды. М.Мақатаев өлеңдерінен көнекөз қарияларға еркелей, өзімсінген ақын мінезін танисыз. Қарияларды сыйлауы, ақыл-кеңес алуы, қарттарға деген жүрегіндегі қимастық сезім, бәрі де ақынның әкеге деген сағынышынан туындағандай. Әрбір қарт адамның бойынан әкеге ұқсастықты, әке мінезін іздейді. Әкенің қарттық бейнесін елестетеді. Ақынның «Алпысқа келдіңіздер» атты өлеңінде бұл көрініс айқын жырланады. Ақын алпысқа толған қарттарға қарап, өз әкесінің бейнесін көңілінде суреттейді, оны жыр жолдарына айналдырып: Менің де әкем келер еді алпысқа, Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста. Амал нешік, селдір сақал қарт ұста, Ауылында жүрер еді балта ұстап [46, 195 б.], – дейді ақын. Бұл ақынның әкеге деген сағынышы. Соғыс әлегінен жетім қалған барша баланың көкейіндегі ортақ сағыныш бұл. Көкейіндегі сол сезімді жыр жолдарына айналдырды. Ақын көңілінде арман да жоқ емес: Егер сонау қанды майдан болмаса, Жүрер еді топайкөгі еңбектің [46, 195 б.], – деп жырлайды. Алайда, ақын тағдыр ісіне налымайды, артында ізбасар ұрпағы қалғанына шүкіршілік етеді. Әкенің көзін көрген қариялардан әке қасиетін білгісі келеді. Әкесін-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дей еркелейді, әзілдеседі. Бұл ақын мінезі. Ақынға ғана жарасатын дара мінез. М.Мақатаев қарт пен бала мінезін суреттей отырып, оны лирикалық кейіпкер сөзімен жеткізеді: Айтшы, ата, әкемді көріп пе едің? Ол да мендей жан ба еді желікпелі? [46, 203 б.]. Жыр жолдарынан еркіндігі басым ақын мінезін аңғарамыз. Ауылдың әр бір қариясы ақынға өз әкесіндей жақын, өз әкесіндей ыстық. Сондықтан да ақын қарттарға өз әкесіндей еркелейді, әзілдеседі. Өзін «Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем» деп есептейтін ақынның қарттармен әзілі де, еркелігі де өлең жолдарында әдемі берілген. Өлең бойында артық сөз жоқ. Ұйқас, ырғақ бәрі де өз орнымен байланысқан. Әзілі жарасқан қарттарды ақын әкесіндей сыйлайтынын, құрмет тұтатынын өлең жолдарында лирикалық кейіпкер сөзімен жеткізеді: Мен сені сыйламасам, түсінбесем, Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен. О, менің пайғамбарым! Сен болмасаң, Тірі пенде алдында кішірмес ем [46, 230 б.], – деп жырлайды. Ақынның «Жұмыстан соң» өлеңі алғашқы жолдарынан бастап өлең соңғы тармағына дейін кең пейілділікті, ақ көңілділікті, көңіліне кірбің түспейтін ашық мінезділікті, яғни, қазақ халқының ер азаматына ғана бітетін дара мінезді кейіпкер бейнесін сомдайды. Қазақ қашанда өзімсінген, өзіндей жақын тұтқан адамына ғана назын, еркелгін білдірген ел. Ақын осы қазақы мінезді өлең жолында ашып, тереңдете көрсетуде лирикалық кейіпкер сөзімен «Әкелші, ата, бар болса насыбайың» жолдары арқылы бейнелейді. Атамыз қазақ ежелден насыбайышы халық. Оны ерекше қастерлеп, сәнді шақ-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық шада ұстаған. Қазақта «көңіл бір атым насыбайдан қалады» деген де сөз бар. Яғни, насыбай сұраған қазаққа еш уақытта жоқ деген сөз айтылмаған. Атамыз қазақтың осы қазақы мінезін өлең бойында нанымды көрсетеді. Өлең жалпы, лирикалық кейіпкер сұрақтарынан құрылған. Яғни, ақын өз көкейіндегі сұрақтарын лирикалық кейіпкер аузынан айтқызып, әкенің дара қасиеттерін ашқысы келеді. Лирикалық кейіпкер сұрауына құрылған өлең жолдарына қарияның жауабы айтылмаса да ақын, әке мінезін, әке бейнесін қазақы қасиеттерімен ашып көрсетеді. Ақын сұрағына қарттың көзіне жас алуы да, әке қадірінің салмағын арттыра түседі. Мені жұрт: «Жақсыдан қалған көз», – дейді, «Жақсыдан қалған сөз», – дейді [18, 23 б.], – деп, осы қасиетті сөзге лайық болуға, әке атына кір түсірмеуге іштей бекініп, «Хақым жоқ жаман болуға» дейді. Яғни, жырымен оқушысына тәрбиелік мәні зор ой тастайды. Азаматтық қасиетті жоғары ұстауға үндейді. Ақынның сағынышқа толы жырларының қатарына әкеге арнаған өлеңін жатқызуға болады. Асылы, Мұқағалидың әкеге арнаған өлеңдерінің бәрі де сағыныштан құралған. Соғысқа аттанар алдындағы әке аманатын қабылдаған баланың сол он жасар кезінен-ақ оған деген құрметі сағынышқа ұласып, жыр жолдарына айналған. Әке аманатын ұстанып өскен ол: Әке, сенің тастап кеткен мұраңды, Төрт немерең көрген шақта қуанды. Терің сіңген тақияға жармасып, Алма-кезек бірінен соң бірі алды [54, 214 б.], – деп жырлайды. Жыр жолдары арқылы әкемен сырласқан ақынның сағынышы де сезіледі. Әкенің мұрасына таласа асыр салған немерелерінің әрекетінен атаға деген құрмет
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық байқалады. Ақын бұл көріністі өлең жолында шебер жеткізе білген. Сол көріністен алған әсерін: Мазалаған әлдеқандай бір сезім, Тұрды менің алқымымда түйіліп [54, 214 б.], –деп көрсетеді. Ақын көңіліндегі бұл түйіліп тұрған сезім әкеге деген сағыныш еді. Әкелері соғыстан қайтпай қалған балалардың сағынышы. Ақын сол көріністі қысқа да нұсқа суреттеген. Өлең бойынан ақын арманы да көрініс береді, «Пай, пай, шіркін, орталарында отырсаң, ию-қию базар болып жан-жағың» дейді. «Пай, пай, шіркін» сөзінен ақынның көңіл-күйін аңғарсақ, «Ию-қию базар болып жан-жағың» жолдарында ақынның арманы жатыр. Өзге аталар сияқты, әкесінің де немерелері ортасында қызыққа батып отырғанын ақын жүрегі қалағандай. Сағынышқа, арманға құрылған бұл өлеңін Мұқағали: Ортасында өзің шашқан қоқымның, Өзің жоқсың. Өзіңе ұсап отырмын [54, 215 б.], – деп түйіндейді. Белгілі ғалым Б.Кәрібаева: «Мұқағалида поэзия отын көсейтін «көсеуі» мықты. Ол киліккен әрбір сөз өлең болып маздай жөнеледі. Ондай қол жетпейтін табиғи қасиетті жоғалту не басқа категориямен ауыстыру кешірілмес күнә болар еді. Ақын осыны тереңнен ұққан. Өлеңін ол да үкіледі. Құлагердей баптады. Бірақ өзі айтқандай, «муза мен сені жөндеуге келгенім жоқ» деп, оған қызмет етті. Осының өзінде ақынның ғажайып болмысы тұр» [67], – дейді. Мұқағалидың кез-келген өлең жолдары оның әрбір сөзі лапылдап жанған от тәрізді төңірегін нұрландырып тұрады. Әрбір өлең жолынан мағынасы терең ой түйіндейсің. Ақынның поэзияға жайдан жай келе салмай, үлкен дайындықтан, биік белестерден өткенін жырларынан аңғарамыз. Сол қол жетпес биік белестерден асқан ақын поэзияға сон-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық шалықпен мән беріп, өлең – жырларын философиялық ойға құрайды. Сондықтан да оның әрбір өлеңі оқушысына ой салатын мағыналылығымен де қымбат. Өлең мазмұнының астарында ақын арманы жатыр. Болашақ ұрпақ үшін заманның ағымын ұқтыруға, ондағы ақ пен қараны ажырата білуге күш салады. Ақын бұл ісін жыр жолдарымен өрнектейді. Сол жырларымен ақынның өз болмысы анық байқалады. Ал, ақын болмысы ерекше жаратылыс. Өйткені «Ақын ойы – көптің ойы, ақын сөзі – көптің сөзі. Оның өз ойым деп айтқаны жалпы жұрттың көкейінен шықса, ақын мұратының ақталғаны» [68, 128 б.]. М.Мақатаевтың жаратылысының ерекшелігі сол – ол еш уақытта, қандай жағдай болмасын халқын ұмытқан емес, керісінше халқын, елін жырымен демеп, келер күннен үмітін үзбеуге үндеп отырады. Ақын не айтса да, қандай тақырыпта ой қозғаса да халқының ойы, халқының арманын жырлайды. Өлең бойындағы өз ойым деп лирикалық кейіпкер бейнесімен сомдауының өзі көпшілік қауымның көңіл түкпірінде жүрген ойы, арманы. Ақын осы ойды өлең жолдарында суретті, сырлы сөздерге айналдырып, халқының алдына тарту етеді. Көпшіліктің көңіліндегі күпті болып жүрген ой, яғни, арман сұлу да сырлы сөзге айналып, мағыналылығымен, салмақтана түскен жағдайда ғана ақын көптің, халықтың ақыны болады. М.Мақатаев дәл осындай ақын деп айта аламыз. Бұл сөзімізге ақынның өлеңдері дәлел бола алады. Сонымен қатар ақын мінезінде кеуде соғар көкіректік еш уақытта болған емес. Оның найзағайдай жарқ етер мінезі, кіршіксіз, таза ақ пейілі, жас баладай сенгіштігі, өлеңдерінен көрінеді. Жырларындағы лирикалық бейне арқылы ақынның өз болмысын танимыз. Алып тұлғалы ақынның елі алдында кіші мінез көрсетуі, халқына бас июі де «ұлық болсаң, кішік бол» деген қазақы тектілікті танытса керек. Ақын «қарыздармын халқыма қашаннан
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық да» дейді. Өйткені, халқынан бөлініп, жеке жүріп тапқан бақыты – бақыт емес. Не көрсе де көріп, халқымен бірге қуанышын да, қайғысын да бөліседі. Ақынның бұл дара қасиетін мына өлеңінен тануға болады: Қайғы түссе басына бір ағаның, Қалай ғана шыдап мен тұра аламын. Жасын сүртіп солардың, бірге жылап, Бірге күліп солармен, жұбанамын [18, 28 б.], –дейді. Өлең бойында ақынның өз болмысы тұр. Бұл М.Мақатаев болмысы. Ақынға ғана тән мінез. Ақ пейілді, нәзік жүректі ақын ғана халқының қуанышына шын жүрегімен қуанып, қайғысына қабырғасы қайысып жұртымен бірге қайғырады. Ақынның жанына жақыны да – халқы, досы да халқы. Адам баласына ең жақыны да, жанына серік, демеу болары да жанындағы жан жолдасы, досы. Қиналғанда қолтығыңнан демеп, қайғыңды бөлісер, қуанғанда шаттығыңа ортақтасыр да жаныңдағы жанашыр досың емес пе? Ақынның осындай досы – халқы. Сондықтан да «Дос көп менде, қашаннан досым – халқым», «Доссызбын деп айта алман халқым барда» дейді ақын. Халқым деп соққан ақын жүрегі әрдайым елін есінен бір сәт те шығармайды. «Сенің арқаң – сескенбей есіргенім» деп халқына арқа сүйеп сөйлейді. Халқына арқа сүйеп, көңілі құлай сенген ақын да «Жақсы сөзім – жаны игі халқым үшін» деп шын жүрегімен ақтарыла, тебірене толғайды. Үш бақытының біріне балап: Ең бірінші бақытым – халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің [54, 205 б.], – дейді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық «Бойымдағы бар байлық, сөздің бар асылы халқымдікі. Себебі мен халқыммен біргемін» дейді ақын ойы. «Мұқағали тақырыбының ауқымы кең. Ол қандай тақырыпқа бармасын, не жайында сыр төкпесін, ақынның ішкі дүниесіне тірек боп тұратын оның туған халқына, отанына деген шексіз сенімі мен ыстық сезімі. Жеке басының тағдырында талай сәтсіздіктер мен әділетсіздіктер кездескен, ауру-сырқауға ұшыраған ақын толғауларында қаншама қынжылып, мұң шеккен жағдайда халқынан тиянақ табатындай» [69, 183 б.]. Мұқағалидың қадір тұтып, халқына арнаған өлеңдерінің өзі біршама. Өлеңінің бәрінде де ақынның халқына деген ыстық ықыласы, таза, тұнық судай ниеті, ақ тілегі көрініп тұрады. Өлең бойынан халқына еркелеген ақын бейнесі де көрініс береді. Бар ниетін, бар ықыласын халқына арнаған ақынның көзқарасы, қарым-қатынасы айқын. Әр сөзінің астарында ақын ғана қозғай алар терең ой жатыр. Сол ойға үлкен мағынамен мән беріп, жыр жолдарына айналдырады. «Үш бірдей бақытым бар алақанда» деген ақынның бір бақыты – Отаны. Ол туралы ақын: Бақытым бар үшінші – Отан деген, Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен [54, 205 б.], – деп асқақтата жырлайды. «Отан дегеніміз – үлкен ұғым. Отанды сүю дегеніміз де – үлкен ұғым. Ал, осы ұлы сезім ең әуелі үйіңнің кішкентай отының басынан, ошағының қасынан басталады» [70, 133 б.]. Ақын М.Мақатаев жырларында ошақ басынан, шаңырақ астынан басталатын Отанға деген кішкентай махаббат ұлғайып ұлы сезімге айналған.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Әр адамда өз Отаны болады. Сол Отанның қасиетін терең сезіне білу, қадірін түсіну азаматтың парызы. Ақынның «Отаныңның қадірін білем десең» атты өлеңі осы қадір-қасиетті терең түсіне білуге үндесе, «Отаным» атты өлеңінде байтақ Қазақстанды әрқашан қастерлейтінін, мақтан тұтатынын жырлап, оқырманына Отан туралы ұғымның қасиетін аша түседі. Өлең бойында қазақ тарихынан мағлұмат береді. Сол тарих арқылы, ата-бабамыздың қазақ жері үшін басынан өткерген қиындығын, «мың өліп, мың тірілген» Отан ананың қасиетін сезіндіріп, мәнін тереңірек ұғындырады. Ақынның: Тарихтан белгілі, Тарих – сұңғыла қария [19, 6 б.], – деген өлең жолдарының өзінде үлкен салмақ бар. Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір оқырман қазақ тарихында, жалпы, ата-бабамыздың Отаны, жері, елі үшін басынан өткерген қанды қырғындарын, халқының қамын ойлаған Асан қайғының Желмаяға мініп, жерұйық іздеп жер бетін шарлағанын, жерімізге көз алартқан жаулардан елімізді, Отанымызды қасық қаны қалғанша қорғаған батырларының ерлік істерін біледі деп сенеді ақын. Сондықтан да «Тарихтан белгілі, мен оны қайталап жатпаймын» дейді. Осы қысқа ғана бір ауыз сөздің ар жағында үлкен оқиға көрінеді. Ақын сол оқиғаларды бір-ақ жолмен оқырманына түсінікті етіп жеткізіп отыр. Өлең жолдарына мән бере түссек ата-бабамыздың бүкіл тарихын екі-ақ жолға сыйғызып, ұғындыра отырып, сол арқылы Отан-ана – Қазақстанның қадір-қасиетіне жету керектігін ұығындырады. Мұнда мақсат қандай айқын болса, ақындық тіл де сондай нақты. Қазақ – бауырмал халық. Қазақстанда қаншама ұлт өкілдері өмір сүруде. Сондықтан ақын «Отаным – дос-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық тықтың отаны» дейді. Ақын қазақтың бауырмашыл, кең пейілділігін жыр жолдарында былайша өрбітеді: Ата орыс, аға өзбек – бауырым, Бәріміз бір ғана қауым күш! Бұл – менің, сенің де ауылың, Қанеки, шайымнан қанып іш! [19, 7 б.]. Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың «Мәңгілік дос – бауыр» екенін осылайша жыр жолдарымен жеткізеді. «Халықтар достығы – бұл шабыттың қайнар бұлағы, жыр туы» [71, 53 б.]. Сол достықты жыр жолдарына айналдыра отырып, қазақ халқының кең пейілділігін, қонақжайлығын танытады. Сөйтіп, дархан халықтың дархан пейілін суреттейді. Отаным қасиетті жерім деген ақын жүрегінің дүрсілін естігендей боласың. Өлең жолдарынан үлкен философиялық ой түйіндейсің. Ақын М.Мақатаевтың «Отаным, саған айтам», «Отан», «Көрерміз» т.б. өлеңдерінен де Отанға, туған ел мен туған жерге деген ақын махаббаты анық байқалады. Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем, Өмірден бұл өкінумен кетер ем [46, 13 б.]. Өлең жолдарынан Отансыз өмір сүре алмайтын лирикалық бейнені көресіз. Яғни, саналы адам баласына Отан, туған жер, ел қаншалықты қымбат екенін бейнелейді. Оны лирикалық кейіпкер сөзімен «Отансыз жан өмірінде оңбайды, ондай адам болса, ол «Нағыз сорлы панасыз?» деп бейнелейді . Өлең бойына терең бойламай, көз жүгіртіп оқыған адамға өмірден түңілген лирикалық кейіпкер бейнесі көрінеді. Алайда, ақын түңіле, таусыла жырламайды. Керісінше, оқырманына ой салар салмақты идея тастайды. Оқырманын, кеу-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық десінде қазақпын деп соққан жүрегі, бойында қазақтың қаны бар әрбір азаматын Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Жырымен рух бере сөйлейді. Оқырманының патриоттық сезімін оятатын, Отан сүйгіштікке тәрбиелейтін осындай өлеңдерінің қатарына «Отаным, саған айтам» өлеңін кіргізуге болады. Жүз жетпіс алты жолдан тұратын бұл толғау Отанды, қоғамды, сол қоғамда өмір сүріп жатқан адамдарды, олардың арасындағы қарымқатынасты шынайы суреттейді. Күнделікті тіршілікте пендешілікке салынатын адамдарға кейіп «адамдықтарын алтынмен өлшегендерге ашынам» деп жырлайды. Адал досын сатып кеткен алаяқтарға да ашынады, ақын жанын қинаған мұндай өзекті өртер мәселелер өлең жолдарында жиі ұшырасады. Оқырманына терең философиялық ой тастайды. Ақын лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы өлең бойында сомдалған бейне атынан Отанынан кешірім сұрайды. Ақын бұл көріністі өлең жолдарында былай суреттейді: Отаным, мені кешіргін! Кей-кейде мен де кесірмін. Есімнен шығып сонау кез, Ессіз де –түссіз есірдім [54, 236 б.], – деп ақын бір сәт пендешілік қасиетін мойындай отырып: Кешіргін, Отан, кеше гөр! Еркелеп кейде туласам [54, 236 б.], –дейді. Ақын өлең бойында лирикалық кейіпкер сөзімен өз қателігін, пендешілігін мойындап отыр. Мұндай қасиет тек ақында ғана болса керек. Себебі, кейбіріміз күнделікті тіршілікте жіберген қателіктеріміз бен пендешілігімізді білмей де қаламыз. Бұл тұрғыдан алып қарасақ, ақын өлеңі әрдайым оқушысын адамдық қасиетін жоғалтпай ұстауға үндеп, үнемі есіне салып отырады.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қазақ халқында ақ түс жақсылықтың, қуаныштың белгісі. Ақын өлең жолында өзінің арманын ақ түске балайды. Ақ тілектің ақ түспен бейнеленуі көңілі аппақ қардай кіршіксіз ақынға ғана жарасады. Себебі, ақын жаны да аппақ қардай таза әрі мөлдір ғой. Менде бір аппақ арман бар, Тірлікте кейде алдау бар. Отаным, саған айтамын, Менде бір аппақ арман бар, Ақтығы – алғаш жауған қар. Ақ жырым – аппақ құстарым. Ақ көңілдерге самғаңдар, Бұтаға қонып қалмаңдар! Алдарыңда әлі таңдар бар, Зымырап, құстар, заулаңдар! [54, 237 б.]. Ақынның аппақ ақ арманын алғаш жауған ақ қарға теңеуі сәтті көрініс. Ақ жырының – аппақ құсқа айналып биіктерге самғауы ақ көңілден шыққан ақын тілегі. Қазақ ұғымында әр құс өз қасиетімен ерекшеленеді. Бірі достықтың символы болса, бірі бейбітшіліктің бейнесі. Құсты қастерлеп, ұясын бұзбай қашан балапандары ұшуға жарағанша қорғаған. Ақын қазақтың осы қасиетін өлең жолдарына арқау ете отырып, ақ арманын аспанда қалықтап самғаған аппақ құсқа теңеуі өте сәтті бейнелеген. Адам арманы орындалғанша, алдына қойған мақсатына жеткенше талпынып, еңбектенеді. Ақын осы қағиданы көңіліне тоқып, оны аппақ құс бейнесімен самғата түседі. Ақын жыр-құстарына – орта жолда тоқтап қалмай, шаршамай, шалдықпай ары қарай самғай берсе деген тілек айтады. Ақын бұл тілегін «Бұтаға қонып қалмаңдар» деп өлең жолының тармағына бүкіл арманын, тілегін сыйғыза суреттеген. Арман болашағының үлкен екенін «Алдарыңда әлі таңдар бар» деп бейнелейді. Арманын үлкен дара жолға жетелейді. Бұл
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дара жолда, аппақ арманға бастаған ақ жолда Отанға сенімділік артады. Ақын ол көріністі: Арқаңда сенің ардағым, Ақ нұрға толы жан-жағым [54, 237 б.], – деп нұрға бөленген айнала, ақ таң, бәрі де Отан – ананың арқасы дегісі келеді. Жүз жетпіс алты жолға құрылған өлең жолында Отанымыздың басынан өткерген тарихын, қоғамдық ортадағы кейбір келеңсіз оқиғаларды өткен шақпен жырласа, келер күнді, болашақтың ақ таңын ақ нұрға бөлеп атар күнге үлкен үміт арта отырып келер шақпен жырлайды. Бұл көріністен ақынның алдына қойған мақсаты айқын көрінеді. Ауыртпалықтың, қиыншылықтың бәрін артта қалдырып, болашаққа ақ арманға оранып, аппақ үмітпен барайық деген ақынның ақ ниеті анық аңғарылады. Бұл Мұқағали ғана айта алатын жаңалық. Мұндай қасиет ақын мінезіне ғана тән. Жыр жолдарында ХҮ-ХҮІІ ғасырларда жырланған толғаулардың сарыны байқалады. Сүріну бар да, самғау бар, Ақиқат бар да, алдау бар, Ынтымақ бар да, даулар бар. Бірін-бірі арбау бар [54, 233 б.]. Өлең жолдарынан ата-бабамыздың толғауларын танығандай әсер аласыз. Алайда, ақын ескі сарынға салынып кетпейді. Ата-баба толғауымен сол дәстүрді жалғастырып поэзияда әрі қарай жаңа, соны соқпақ жолға салады. Өмірдің ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан тұратын қасиеттерін термелей келе оны қазіргі заман тынысымен байланыстырады. Яғни, толғауды қазіргі заман тұрғысынан жырлайды. Бұл поэзиядағы М. Мақатаевтың ақындық қолтаңбасы. Өлең өлкесіндегі тапқырлығы. Өткен уақыт пен қазіргі заман бейнесін байланыстыра суреттеуде ақын шеберлік танытқан. Өмірдің өзі қуаныш пен қайғыдан тұратынын ақын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жыр жолдарында айқын бейнелейді. Ақиқат жүрген жерде арамдық, алдау, арбау бұқпантайлап бір жағынан кері тартып жүретінін, ынтымақ пен дау-жанжалдың таразы басында таласа салмақ тартатынын, яғни, дүниенің ақ жағы мен қара тұсы тай-таласта болатынын айтады. Ақын өлең бойында өмір көрінісін, өмір шындығын осылай суреттейді. М.Мақатаев дін тақырыбына да қалам тербеген. Кеңес дәуірінде өмір сүрген ақынның дін туралы жырлауы үлкен жүректілік еді. Кеңестік тоталитарлық жүйе «Дін – басты айналдыратын апиын» деген ұранды сөзді адам баласының миына сіңіріп, сенімін соған иландырған, жанын сол сөзге уландырған заманда «Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын» дейді ақын. Сатқан емен, Сатпаймын дінімді мен, Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем. Алла есімі – жүрегім жұдырықтай, Жүрегімнің соққанын біліп жүрем [19, 77 б.], – деп жырлайды. Ақын Алланы жүрегіне сақтап, соған имандай сенгенін айтады. Бұл ақын жүрегіндегі ұлы сенімділік. Сол сенімділік ақын жанына күш береді, рухтандырады. Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын, Пайғамбарым қолдайды қысылған күн. Алсын тағалам, ант етем, ант етемін, Алла есімін кеудемнен ұшырған күн! [19, 77б.]. Ақын Алланың құдіретіне ешқандай шек келтірмейді. Жаны қысылғанда сыйынары да, жақсылық күтері де, жұбанышы да тек қана Алла. Жаратушы жалғыз ием қуат бер, Азабымды, тозағымды жеңейін. Жаратушы жалғыз ием шуақ бер, Өзіме де, өзгеге де төгейін [19, 78 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Жаратушыдан үмітті болу керектігін жан жүрегімен сезінген ақын бар жақсылықты тек жаратушыдан күтеді, соған сыйынады. Алланың берген күш-қуатымен айналасына жақсылық шуағын төккісі келеді. Адамдарға қуаныш сыйлағысы келеді. Қызғаныш, көре алмаушылықтан сақтанады. Е, Аллам! Адамдарға қас қылма, Сорлы қылма, көк аспанның астында. Я, Аллам! Жауыздықтан сақтай гөр, Жамандыққа, жауыздыққа бастырма! [19, 78 б.]. Ақын арманы адамдардың адалдығы. Бір-біріне қастық ойламай, жамандық жасамай, ақ ниетте өмір сүруі. Сондықтан «Сақтай гөр, соғындырма жат қылыққа» деп шын ниетімен тілейді. Тағдырдың жанына салған жарасы мен ауыр салмағынан жаны қиналған сәтте де сыйынары тек жаратушы. Я, Жаратушы Аллам! Қолдай гөр. Сүйей гөр мені, сүйей гөр! Қолдары да, қорғаны да жоқ жан ем. Жасаған ием! Құлап барам, сүйей бер! Пенделерге табына, табына болған ем [19, 78 б.]. Ақын тек жаратушыға ғана сенеді. Жаны қиналған сәтте жақсылықты тек Алладан ғана күтеді. Айналасындағы пенделердің пендешілік іс-әрекеттеріне жаны күйеді. Сондықтан да сыйынары да, сүйенері де тек жаратушы. Алла ақиқат Аллаға сеніп өтем, Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын Аллама сеніп өтем,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Арамдыққа баспаймын – жөні бөтен! [19, 77 б.]. Ақын Аллаға сенген. Адамды қапас құрдымның құрығынан ажыратып, имандылыққа, тазалыққа, адалдыққа бастайтын осы сенімділік. Ақын Алланы «Адалдық пен ақиқат серігі екен» деуі сондықтан. Аллаға сенсең адаспайсың. Алла сенің жаныңа серік болады. Ол үшін сен де айналаңдағыларға адал, әлсіздерге қайырымды болуың керек. Адамдарға әрдайым көмек көрсетіп, қайырымдылық жасап отыруың керек. Сонда жаратушы саған да мейірімін төгеді, көмектеседі. Жаман жолдан, жаман әдеттерден сақтайды. Ақынның «Адаспаймын Аллаға сеніп өтем» деуі сондықтан. Тағдырдың теперішін аз тартпаған ақын жаны қиналған сәттерінде Аллаға сыйынып, ертеңгі күннен үмітін үзбейді. Келер күннің шашылған шуағымен айналасына жақсылық әкелетінін, сол шуақтан адам жаны жылынып, қуат алып, өмір өткелдерінен қаймықпай өтіп, алға жылжи беретіні, осының бәрі тек жаратушының адамға берген күш-қуатының нәтижесі екеніне ақын сеніп, өзгені де иландырғысы келеді. Оның «Аллаға сенемін, сеніп өтемін, жаратушы бар» деуі сондықтан. Сол сенімділік ақынды алға жетелейді. Қиналған сәттерінде күш-қуат береді, демейді. Ақын М.Мақатаевтың тағы бір ерекше қырын танытатын жырларының бірі диалогқа құрылған өлеңдері. Ақын өлеңді сұрақ-жауап әдісімен екі адамның сұхбаты түрінде жырлайды. Кез келген ақын өз ойын, идеясын өлең жолында ұйқасқа, ырғаққа құрып, лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы жеткізеді. Сөйтіп, арман-тілегін, мұң-шерін жырлайды. Ал, ақын М.Мақатаевтың диалогқа құрылған өлең-жырлары тікелей екі адамның қатысуымен сұрақ-жауап күйінде жырланады. Бұл жөнінде А.Егеубаев: «Диалог, тартыс, өмірге жақындық – өлеңді, сөзді тірілтеді, әрбір сөздің өзін затқа, болмысқа айналдырады. М.Мақатаевтың бүкіл өлеңдерінің
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дені тікелей оқушыға арналуы да осы сипатты. Эмоциялық әсерді күшейткен, оның диалогы сазды, түрі де басқалау. Мұқағали жырларындағы диалог – оқырманмен сұхбат. Тікелей оқырманның өзін әңгіме, сұхбатқа, сырласуға шақырады. Сол сұхбат астарынан азаматтық мақтаныш сезімін де, кейде юморды, кейде ирония, кекесінді, кейде өзіне-өзі налып, кәдімгідей келемеждеуді де оқимыз. Соның бәрі лирикалық қаһарманның өз аузынан естілгенде, соншалықты нанымды, соншалықты келісті. Өзін-өзі танып, өзін-өзі қинап, әжуалай алған кейіпкер – парасатты кейіпкер» [56, 101 б.], – деп баға береді. Шынында да Мұқағалидың диалогқа құрылған жырларынан көтеріңкі көңіл-күй, юморға құрылған жауаптасулар көптеп кездесіп отырады. Ақынның сондай жоғары пафоста жырланған өлеңдерінің бірі «Менің анкетам». Өлең басынан соңғы тармағына дейін сұрақ-жауап түрінде жырланған. Өлең бойында ақынның алуан түрлі сезімдері көрініп жатады. – Туған жерің? – Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. – Туған жылың? – 1931. Құрдасымын Шәмілдің. – Жынысың кім? – Еркекпін ғой, еркекпін! Және дағы тәуірімін… [18, 156 б.]. Диалогты сұрақ-жауапқа құрылған ақынның «Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың» деген жауап астарынан туған жерге деген мақтаныш сезімін байқасақ, шумақ соңындағы тармақтан әзіл – юморды көреміз. Өлең мазмұнынан ақ көңілді, әзілкеш ақын мінезін байқаймыз. – Міндеттісің бе әскерге ? – Міндеттімін. – Біздің әлі жас кеуде.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық – Жауынгердің ұлымын ғой, Жанын қиған Мәскеуге. – Сөгіс алып көрдің бе? – Ол жағынан періште едім дей алмаймын Мен мүлде. Ойлы-қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету, Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де… [18, 157 б.]. Ақын жауаптарында үлкен философиялық түйін бар. Ойлы-қырлы өмірде кездесетін үлкенді-кішілі адам басындағы оқиғалар кім-кімді болса да пенделікке итермелейтіні шындық. Ақынның «Ол жағынан періште едім дей алмаймын» деуі сондықтан. Кез келген адамның «ердің де, ездің де» басына түсетіні сынақ. Ер – тағдырдың салған сынағын бұзып-жарып, жеңіп шығады, ез – езілген қалпында тағдыр «тартуын» көтере алмай жеткен жерінде қалады. Ақынның философиялық түйіні осы. Сондықтан да ақын «Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де» деп жырлайды. Оқырманына асау мінезді өмірдің қыр-сырын тағы да ашып береді. Үлкен ой тастайды. – Мекен жайың? Мекен-жайым – жер менің. Жерде жүрген ақын деген пенденмін. Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған, Мен өмірді жырлау үшін келгенмін [18, 157 б.]. Ақын мына өмірдегі алдына қойған мақсат-тілегін де ашып айтады. Уақыт деген жүйріктің жалына жармасып өмірді, тіршілікті жырлау, жазғандарын қағаз бетіне түсіру, кейінгі ұрпаққа қалдыру – оның негізгі мақсаты осы. Ақын өмірде еш нәрсе бітірмей, үнсіз келіп, үнсіз кетуден қорқады. Сондықтан да «Уақыт бер тек аздаған» деп ойындағы бар арман-тілегін айтып қалғысы, ұрпағына қалдырып кеткісі келеді. Ақын жырларының соңын мөлдір, таза ойлылыққа құрылған ақыл дүниесі-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мен түйіп отырады. Жүгі ауыр поэзия жолын таңдауын орамды жыр жолдарымен үйлестіріп көрсете біледі. Ақынның «Махаббат диалогы» екі ғашықтың таза, шынайы махаббат сезіміне құрылған. Ақын қысқа ғана диалогқа құрылған бұл өлеңінде екі ғашық жүректің бір-біріне деген айнымас, адал сезімін жырлайды. – Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің? – Сені іздеумен мәңгілік өтер едім. – Отқа түсіп өртенсем, не етер едің? – Күл боп бірге соңыңнан кетер едім. – Бұлдырасам сағымдай не етер едің? – Жел боп қуып, ақыры жетер едім. – Қайғы әкелсем басыңа не етер едің? – Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін [46, 35 б.]. Ақын жыры қос ғашықтың сезім шыңының шыңырау биігіне шыққан махаббаттын көңіл-күйдің әр дірілін, тазалығын қалтқысыз көрсетеді. Диалогқа құрып, сұрақ-жауап түрінде жырлау арқылы қос ғашықтың махаббатқа адал, жаны таза, пәк екендігін асқақтатып жырлайды. «Құс боп ұшып жоғалсам», «Отқа түсу», «Сағымдай бұлдырау» тіркестері арқылы қарапайымдылықтан махаббаттың асқар шыңына көтеріле білген. Қарапайым сұрақтар өлең жолдарында ақынның ұшқыр қиялы мен қарышты қаламының арқасында түрленіп, оған берілер жауаптар да өзінің биік мәресінен көріне білген. Сұрақ-жауапқа құрылған диалогты бұл жыр арқылы ғашық жүректердің қандай қиын сәтті де бірге өткеретінін оқырманға жеткізеді. Өлең соңын «Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?» деген сұраққа «Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін» деген жауабымен түйіндеуі де тапқырлық әрі нанымды. Бұл көрініс барлық тәуекелге бел байлаған қос ғашықтың бірлігін, қайтпас қайсарлығын шынайы сүйіспеншілігін бейнелеп тұр. Сонысымен де оқырман жүрегіне жол тауып
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық тұр. Бірін-бірі сүйген, бірге өмір сүруді қалаған қайсыбір жастарға да үлгі-өнеге. Махаббатты осындай тәсілмен жырлау біздің поэзияда өте сирек, тіпті, жоқ десе де болғандай. Ақын бүкіл махаббат сезімін небәрі осы сегіз тармаққа өте шебер сыйғыза білген. Махаббаттың тұрақтылығы, қос ғашықтың бір-біріне деген адал, таза, пәк сезімі, бәрі де, осы өлең жолдарына кірігіп, байланыса жырланған. Өлең бойында ешқандай артық сөз жоқ. Қысқа ғана шумақ екі ғашықтың бойындағы бүкіл махаббат сезімінің шынайылығын, мәңгілігін жырлап тұр. Бұл ақынның кең тыныстылығын, тапқырлығын, шеберлігін көрсетеді. Ақынның басқа да жырлары бастан-аяқ диалогқа құрылмаса да, соған жақын. Өлең бойынан сұрақ туындап немесе сұрақ монолог түрінде айтылады да оған жауап қайтарылады немесе диалогқа жақын түрде жырланады. Яғни, өлеңнің басында болсын, соңында болсын диалог түрінде кездеседі. Әрине, біз, ақынның барлық өлеңдері диалогқа жақын деп айта алмаймыз. Әйтсе де, жырлары арасынан кездестіруге болады. Мұндай тәсілде жазылған жырларында ақын көбінесе диалогты түрде сұрақ қою арқылы, өлең мазмұнын әрі қарай лирикалық кейіпкердің суреттеуімен өрбітіп әкетеді. Немесе өлеңнің басын диалогпен сұрақ-жауапқа құра отырып, әрі қарай өлең мазмұнын ақын өз сөзімен, яғни монологпен дамытып әкетеді. Сондай-ақ мұндай өлең бойындағы қысқа ғана диалог жыр ортасында да, жыр соңында да кездесіп қалып отырады. Сөзімізге дәлел болу үшін ақынның «Адасқанда» өлеңінен үзінді келтірейік. – Әлі жүріп келеміз бе, ей? – Келеміз. – Өстіп жүріп өлеміз бе, ей?
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық – Өлеміз. [19, 30 б.], – деп жыр басы диалогқа құрылады да, әрі қарай ақын монолог түрінде жыр мазмұнын баяндайды. Құзар тауда біз адасып келеміз, Бір жылынып, бір суынып денеміз. Бағыт, бағдар – барлығы да белгісіз, Қап-қара түн өзіңді өзің көргісіз. Ат аяғын шалыс басса болғаны, Құздан құлап, даяр жатқан көрді сүз [19, 30 б.], – деп жырлайды. Көзге түртсе көргісіз қараңғылық көз алдыңызға елестейді. Қара түнектің үрейі мен адам денесін бір суытып, бір ысытып қорқынышты ойға жетелейді. Ақын осы көріністі өлең бойында мазмұнын аша баяндайды. Таудағы түнгі түнекке найзағайдың жарқылы да қосылып қорқыныш суретін одан әрі қоюландыра түседі. Сондай қиын сәттерде жәй күндердегі көрген қиыншылықтың түк емес екенін сезінесіз. Ақын бұл көріністі өлең жолында екі-ақ ауыз сөзбен суреттей білген. «Кемсітсе де кеселі мен өсегі, Қамсыз жүрген қайран күндер кешегі» деп жайма шуақ кезеңді бейнелейді. Ақынның өлең соңын диалогқа құра аяқтауы да ерекше. – Біздер әлі тіріміз бе, әй? – Тіріміз. Жөнсіз, босқа қырта бермей, жүріңіз! – Мені ұнатпай келесің-ау, бастаушым, Түсінбеймін, не болады күніміз?! – Не болушы ед, қорқатұғын несі бар? Өле кетсек, өлгендердің біріміз, Қорықпаңыз, біз әзірге тіріміз [19, 30 б.]. Өлеңнің басында да, соңында да ақын қараңғы түнде адасып кеткен жол бастаушы мен оның серігінің арасындағы диалогты келтіреді. Өлең мазмұнынан екеуінің де көңіл-күйін байқаймыз. Екінші адамның жөнсіз сұрағы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық на жол бастаушының қайтарған қыңыр жауабы «Тіріміз бе, ей?» «тіріміз», «өлеміз бе, ей?» «өлеміз» сөздерінен екі жолаушының да мінез-құлқын айқын байқауға болады. Сұрақ қоюшының шыдамсыздығын, жауап берушінің қырсықтығын аңғарамыз. Алайда, ақын, айдаладағы екі жолаушының мінезін өз сөздерімен білдіреді де, өлең соңын бір мәмілеге түйіндеп аяқтайды. «Өле кетсек, өлгендердің біріміз», «Қорықпаңыз, біз әзірге тіріміз» деп жол бастаушының сөзімен аяқтауы үлкен ойды білдіреді. Қайда, қай жерде болсын жаратушы не бұйырса, сол болады. Тағдыр жазғанды көресің деген үлкен философиялық ой тастайды. «60-70 жылдардағы қазақ поэзиясының кең аспанындағы жарық жұлдыздарының бірі болып саналатын, қайталанбас құбылыс болып, жыр сүйер көпшілік қауымның жүрегінен өзінің лирикалық «мені» кейіпкерлері арқылы тұрақты орын алған Мұқағалидың отты өлеңдері жасқа да, кәріге де бірдей. Жастарға қанатты шабыт беріп, оларды өз дәуірінің қай құбылысына болса да терең философиялық оймен қарап, ақиқат, адал, шындыққа ынтық болып жаңаша сеніммен өмір сүруге эстетикалық жақтан тәрбиелейді. Үлкен жастағылардың да жүрек сырын дәл басып рухани жақтан азық болып, жан дүниесімен ақындық поэтикада сырласып, жанына да, тәніне де жаңаша күш – қуат беріп, өмірге деген құштарлықты, қимастықты, өткінші жалғанда болған пендешілік көзқарасты жан-жақты зерделі ойменен көптеген лирикаларында тебірене суреттейді» [77, 42 б.]. Десе дегендей, ақынның кез-келген өлеңі жас талғамайды. Үлкенге де, кішіге де әсері бірдей, мол. Мұқағалидың егде тартқан оқырманы ақын жырларынан жанына жылу, көңіліне сүйеніш тапса, жастар көңіліндегі көп сұрақтың жауабын ақын өлеңдерінен іздейді. Өмірдің сан қырлы бұралаңынан түзу де дұрыс жолды ақын поэзиясынан анық таниды. Себебі әлі көргенінен көрмегені, білгенінен білмегені көп жас оқыр-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ман ақын жырларымен өмірді ұғынады. Өмір – өзеннің әл бермес асау толқындарын лирикалық кейіпкер аузымен жас оқырманға үлкен сабақ етіп ұсынады. Адам бойындағы асыл қасиеттер – адамгершілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық жайлы жырлары жасамыстардың жанын қайрай түссе, жас ұрпақты адалдыққа, әділеттілікке, шыншылдыққа баулиды. Ақын өлеңдерінен оқырманның өмір жайлы көзқарастары бұрынғыдан да қалыптаса түсіп, үлкен философиялық ой түйіндейді. Ақын адамдарды үлкен, жас деп жіктемей, олардың жан дүниесіне үңіле отырып, нәзік сезімдерін, жыр жолдарына айналдырады. Әрине, Мұқағали жырлары жас пен кәріге бірдей жан-сезімін тербейтін жолдар арқылы берілсе де, ағаның ізеттілігі, інінің құрметтілігі өлеңдерінің он бойында өріліп жатады. Ақынның бұл тақырыптағы жырларының тағы бір ерекшелігі – қарияның қарттық бейнесін, жастық албырттығын суретті сөздермен көркем сомдай білуінде. Мысалы, қарт бейнесін ақын жырларында әр қырынан ашып көрсетеді. «Күзетші» өлеңінде соғыс салған жарадан әлі айықпаған, күні-түні тек тыныштық тілейтін қарт бейнесі суреттеледі. Соғыста төрт бірдей баласынан айырылып, төрт келінің төрт адамға «ұзатқан» қарияның кәріден де, жастан да «тыныштық па» деп сұрауы да орынды. Ақын осы көріністі өлең жолдарында өте шебер суреттеген. Соғыс салған сызаттан әлі арылмаған қарт: Күн күркіреп, шатырласа найзағай, –Тыныштық па? – деп қарайды аспанға [18, 4 б.]. Осы жолдар өлеңнің бүкіл мазмұнын ашып тұр. Соғыстың дүрсілінен жүрегі шайлығып қалған қарт күннің күркірінен де секем алады. Осы жолдар арқылы қария бейнесін дәл, нақты көрсетеді. Қарт бейнесін көркем сомдай білген жырларының бірі «Тау өзені тентек қой тасып жатыр» деп аталатын өлеңі. Ақын қысқа ғана сюжетке құрылған бұл жырында қарт бейнесін тіпті, басқа қырынан суреттейді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Тау өзені тентек қой, тасып жатыр, Ақ көбігін аспанға шашып жатыр Арғы бетке отарын өткізе алмай, Бала шопан айқайға басып жатыр [18, 9 б.]. Ақын жыры осылай басталады. Тау өңірінің көктемгі көрінісі, ақ көбігін аспанға шаша тасқындап ағып жатқан тентек өзен. Өзен де, бала шопан да тентек. Екеуі де ашулы. Ақын осы екі ұқсастықты өлең бойында бірбірімен қабыстыра суреттейді. Яғни, тентек тау өзенінің тасқындауымен іс-әрекет көрініс берсе, сол ісәрекет арқылы жас шопанның мінезі ашылады. Жас шопанның өрескіл қылығы қарт шопанның бой көрсетуіне негіз болады. Қарт бейнесімен қазақы кәсіптің тұрмыс – тіршілігі көрініс береді. Ақын өлең жолдарында осы көріністің бәрін бір-бірімен жымдастырып, оқиғаның бойына сіңіріп жібереді. Ақын М.Мақатаев арнау, мақтау жырларының ақыны емес. Алайда қайсыбір жекелеген адамдарға арналған өлеңдері де бар. Ондай жырларында өнеріне, өлеңіне, дара жаратылысына өзі риза болған тұлғалардың ізгі қасиеттерін жыр етеді. Айталық, «Әбділдаға» атты өлеңінде: Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайың, Мен қалай, Әбе, сені жат санайын. Абыржып асаңды ұстап отырғаның, Ашулы Грозный патшадайын [46, 247 б.], – деп жырлайды. Ақынның бұл жыры көрнекі ақын әрі ғалым Ә.Тәжібаевқа арналыпты. Қыран қиядағыны шалады. М.Мақатаевтың талантын дөп басып, таныған Ә.Тәжібаев Мұқағалиға өнер жолында да, өмірінде де көп қолұшын беріпті. Сондықтан да ақын «Мен қалай, Әбе, сені жат санайын» дейді. Алғаш жазылған жырлары Ә.Тәжібаевтың алғы сөзімен газеттерге басылып, поэзияға келуіне,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жұмысқа орналасуына септігін тигізген қамқоршы адамды өз әкесіндей сыйлайды. Ақынның кейбір мінезін: Сөйлесең, Бурадайын лықсып-тасып, Жаралы жауынгердей сылтып басып, Әбігер боп жүргенің қашан көрсем, Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып [46, 247 б.], – деп нақты суреттейді. Бурадай буырқанып, өзендей асып-тасып жырлау тек ақындарға ғана біткен дара мінез. М.Мақатаев осы қасиетті Ә.Тәжібаев бойынан көреді. Өмірдегі адалдығын, өнердегі әділдігін құрметтейді. Қазақ әдебиеті мен поэзия және өлең үшін атқарған еңбегін ерекше бағалайды. Әділдікті сүйетін мінезін «Жырдағы жалғандықпен мылтықтасып» деп суреттейді. «Мылтықтасып» сөзінің астарынан Әбділда ақынның поэзияға деген адалдығы, шыншыл мінезі аңғарылады. Осы дара қасиетін «мылтықтасып» сөзі арқылы береді. Ақын теңеуі өте дәл әрі әдемі. Өйткені, әділдікті орнату, шыншылдықты жақтау, туралықты дәлелдеу үшін қаншама талас-тартыс, арпалыс қажет. Ақын осы іс-әрекетті бірақ ауыз сөзге сыйғыза білген. Сонымен қатар, Ә.Тәжібаевтың поэзияға қоятын талабын: Бой түзеп, Босқа кетпей сауықпенен, Боз қырау босағасын тауыпты өлең. Жаман жыр жазғанымда, Ақ таяғың Арқамда ойнай ма деп қауіптенем [46, 247 б.], – деп суреттейді. Ә.Тәжібаевтың өнердегі қасиетін, талап қойғыштығын Мұқағали жырында жоғары бағалайды. Сол қасиетін түсініп, сенімін ақтауға, ол үшін «жаман жыр» жазбауға ұмтылады. «Ақ таяғың арқамда ойнай ма деп қауіптенем» деген жолдар біріншіден, жақсы өлең жазуға ұмтылу болса, екіншіден, өнердегі арқа сүйер ала-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық таудай қамқоршысын сыйлағандық, жақсы жырымен ұстазының да оқырманының да көңілінен шығу. Ақынның «Фаризаға» атты өлеңі бұрын-соңды поэзияда ұшыраспаған үлгіде жырланады. Бұл өлеңі ақынның өмірден торыққан, көңілін мұң басқан сезімін бейнеледі. Фариза! Фаризажан, Фариза қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз [46, 251 б.]. Ақындық жалғыздық. Өнердегі, өлең өлкесіндегі жалғыздық. Ақын осы мұңын сыр ғып шертеді. Сен мені білесің бе, білесің бе? Жаралмаған жан екем күресуге, Жылай жүріп өтірік күлесің де, Жүресің де қоясың, жүресің де. Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, Тастағысы келеді күресінге, Фаризажан, сен соны білесің бе? [46, 251 б.]. Өмірдің қатал заңы сол – әлділер күштілік көрсетсе, әлсіздер әлсіздік танытады. Өмір – күрес. Алайда, ақын бір сәт күйініп «Жаралмаған жан екем күресуге» дейді. Өзінің шарасыздығын жасырмады. Бірі аяғынан шалса, екіншісі кеудесінен итерген озбырлыққа төзе алмайды. Сонда да «Жылай жүріп өтірік күлесің» дейді. Мықтылардың заманында өтірік күліп құтыласың. Әйтпесе сені «тастағысы келеді күресінге». Жанарымды тұманмен тұмшаладым, … Серіппесі үзіліп тұр садағым. Жігітінен қазақтың дос таба алмай, Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын. Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім… [46, 252б.]. Ақын жанын ауыртқан мұң-шерін жыр жолына төгеді. Жанарын тұман тұмшалағандықтан еш нәрсе көрмейтінін айтады. Алайда, көзін жұмғанымен өмір тепереші көңілден кетер ме? Көңіл көзімен бәрін де көресің, бәрін де сезесің. Сол ауыртпалықты мұңы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мен шығарғысы келеді. Бетіңе өтірік күліп, ішіңе кіріп, сырыңды алар, орға жығар қазақтың кейбір жігітінен қыздың адалдығын артық санайды. «Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын» деуі сондықтан. Өлең жолының астарынан бір сырды аңғаруға болады. Ол тек Фаризаға мұңын айтып отырған жоқ. Фариза арқылы жалпы халыққа айтқан жан сыры. Айналаға қарайық анық барлап, (Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ) Не туралы жырласақ Фариза қыз, Бағыштайық бәрін де халыққа арнап [46, 252 б.], – дейді ақын. Өмірдің қиын сәттері үнемі аспанды жапқан қара бұлттай түнеріп тұра бермейді. Артынан жарқырап күн шығатындай жақсылық та өзінің жайма шуақ күндерімен оралады. Ақын «Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ» дегенде соны меңзеп отыр. Қаншалықты қиын сәттер болса да келер күннен үміт үзбей, айтарымызды да, жырымызды да халқымызға арнайық дейді. Ақын жыры терең толғанысқа толы. Ақын жанының толғанысы. Белгілі орыс сыншысы Н.А. Добролюбов: «Автордың не айтқысы келгені емес, қайта әдейілеп болмаса да өмір фактыларын дұрыс суреттеудің нәтижесінде не айта алғандығы біз үшін маңыздырақ. Біздің әрбір талантты шығарманы соншалықты қадірлейтін себебіміз – біз мұндай шығармадан өміріміздің фактыларын айқын зерттей аламыз, мұндай шығарма болмаса ол өмір жай адамдардың көзіне оншалықты шалына бермейді» [76, 4 б.], – дейді. Мұқағали өмірде кездесетін ауыр кезеңдерді өлеңіне арқау ете отырып, адам баласына көріне бермейтін күнделікті күйкі тірліктің бет пердесін ашып көрсетеді. Ақынның «Қасым солай болмаса… » өлеңі де үлкен толғанысқа толы жыр. Дейсіңдер-ау: «Қасымның несі басым?» Қасым солай болмаса, несі Қасым?
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің Әммесінен Қасымның десі басым [46, 245 б.], – деп Қасым жырын үлкен азаматтық болмыспен жоғары бағалайды. Қасымның поэзиядағы орнын, ақындығын «ақынмын деп қопаңдап жүргендерден» басым екендігін дәлелдейді. Қуат алып жырына боз даладан Ол жанған. Күні жоқты маздамаған! Өмірінде өнеге болғаны анық, Тірісінде біреуге «жазған Адам …» [46, 245 б.]. Қасымның жыры мәңгілік. Ол жыр жолында халқына қызмет етті. Соңында өшпес мұра қалдырды. Өнегелі іс тындырды. Мұқағали ақын Қасымның сол еңбегін кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. Өзінің емес, өлеңінің қамын ойлаған, өлеңінің өзімен бірге өлмеуін тәңірінен тілеген қайран Қасымның жәй оғындай жасын жырларын дәріптейді. Белгілі әдебиеттанушы-ғалым М.Базарбаев: «Қ. Аманжоловтың ақындық, адамдық қалып-тұлғасы ала-бөтен өзгеше» [77, 162 б.], – деп баға береді. Мұқағали Қасым ақынның өміршең өлеңдерін бағалап, өзіне үлкен өнеге тұтты. «Қасым деген қалғыған жанартау ғой» деп үлкен толғаныспен жырлады. Қасымның даралығын, поэзиядағы талантын мойындап, өзіне пір тұтты. Жырымен сырласты. Ақын өзі де поэзияға табынды. Жанына жақын сезімді поэзиядан іздеді. Ақынның «Музаға» өлеңінен үзінді оқып көрейік. Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам, өкпемнен жел үрлейді, Қаңыраған иесіз диірмендей. Мұздатады жанымды бұйым көрмей. Жел үрлейді желпініп көрік кеудем, Күйім келмей отырмын неліктен мен?!
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық О, муза! Қайдасың сен желік берген? Жалын мен отқа ғана ерік берген Серігім, қайдасың сен сеніп келген? [54, 26 б.]. Өнер әруағы музаға табынып, онымен сырласады. Құдіретті сезім қайығына мініп, зерделі ойдың күшқуатымен қалам тербеді. Жалынды жырларымен поэзияның құдіреттілігін, құпия сырын, кереметін бейнелей білді. Күтемін сенен үміт, сенен жігер, Қисаң маған, биік пен тереңді бер! О, муза! Маған алыс сөреңді бер, Ғайыптан кел де, мені демеп жібер! [54, 26 б.]. Ақын өзі пір тұта табынған музасынан үміттенеді. Өлең ақын жанына жігер құяды. Сол сенімділік, сол қайраттылық ақынды өрге сүйрейді. Мұқағалидың оған артар назы да орынды. Биікке қол созып, тереңнен толғап, поэзияның асылдарын бойына жиғысы келеді. Биікке жететініне ақынның сенімі мол. Себебі табынған муза өзін поэзияда демейтініне, бойына күш-қуат беріп, алға жетелейтініне, сара жолға салатынына күмәні жоқ. Сол сенімділікпен музаға табынып, жалынды жырлар жазды. Терең тебіреніспен, сезімге толы жырлары оқырман көңілінен шығып та жатты. Теориялық тұрғыдан қарағанда өлеңнің жалпы жырлану ерекшелігі басым. Тармақ соңындағы бірыңғай ұйқас, ырғақ ақын жырымен үндесіп, байланысып тұр. Әр түрлі буынға құрылған өлең жолдары да ақын ойын тереңдете түседі. «Ақын – заман перзенті. Олай болса, ақын дауысы заман дүбірімен үндес, заман көңілімен сырлас болуға тиіс. Заманның сағат сайын қояр зауалына берер жауабы даяр болу керек. Бұл қалам қайраткерлерінен сезімталдықты, сергектікті талап етіп отырады. Сондықтан ақын уақыттың қатал талабының үнемі үдесінен шығып отыруы шарт» [78, 6 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақынды туған жердің тарихы, тағдыры, бұрынғысы мен бүгінгісі де ойландырады. Ата-баба дәстүрі, атабаба тарихы ақын көкірегіне сыр болып ұялап, жырға айналады. Сөзіміз дәлелді болу үшін ақынның «Бабаларым, рахмет сендерге» өлеңінен үзінді оқылық. Бабаларым, Рахмет сендерге! Балаларым болмасын деп көр кеуде, Қобызың мен қосып ән мен тіл бердің, Өмірге мен мылқау болып енгенде. Бабаларым, Рахмет сендерге [54, 114 б.]. Ақын тарих беттерінен ата-баба дәстүрін тануда. Атабабамыздан қалған мұрамен танысуда. Қобыздың үні ақын жанына жақын, көкірегінде белгісіз бір күй күмбірлеп, үні құлаққа келетіндей. Қобыздың көмейінен төгілген күй ақын жанын баурап, ата-баба дәстүрін көз алдына әкеледі. Сондықтан да жырымен рахмет айтады. Жыраулардың жазбай кеткен жырларын, Арулардың ашпай кеткен сырларын, Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын, Қобызыңның шанағынан тыңдадым. Құлазыған сенің құла түздерің, Не білмеген, не көрмеген ізгі елім. Жазылмаған тарихымның жолдарын, Ауызекі аңызыңнан іздедім [54, 114 б.], – деп жырлайды ақын. Осы шумақтардан қазақ тарихын, ата-баба дәстүрін танимыз. Қазақтың өзіндей кең байтақ даласы қаншама оқиғаның, тарихтың куәсі болмады дейсің? Сол тарихтағы аңыздардың сырын білуге ұмтылады. «Қобызыңның шанағынан іздедім», «Ауыз екі аңызыңнан іздедім» деп отырғаны тұтас бір тарих. Ата-баба тарихы. Ата-бабамыздың тарихын тасқа түскен таңбадан оқып, домбыраның үні мен қобыздың сарынынан тыңдап, көп нәрсені ұққандай. Сол ата-баба тарихының ізі-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мен оның тарихын жыр жолдарына айналдырады. Соған жүгінеді. Сол тарихтан нәр алады. Тарихсыз дәстүр жалғастығы болмақ емес. Сол тарихқа үңілгенде көкейде жүрген көп сұрақтың түйіні шешілмек. Жыр мазмұны ата-баба тарихының көп сәттерінен сыр шерткендей. Ақын сол сырды ұққысы келеді. Сол сырдың құпиясын іздейді. Ақын ата-бабамыздың бүкіл тарихын не бәрі отыз үш жолға сыйғызып, заманмен байланыстыра білген. «менің мына қайта туған күнімде, сөйле, оркестр, дүрілде бір, дүрілде!» деп ата-баба қасиетін, дәстүрін бүгінгі заман көрінісіне бағыштайды. «Өлеңнің өмірлі болуы – халық тарихының қайталанбас күрделі, мәнді шындығын, замана құбылыстарын, жан толғанысын табиғи ақиқат әрі әсем етіп бейнелеуінде» [79, 200 б.], – дейді көрнекті ғалым Р.Бердібаев. М.Мақатаев жырларының өміршеңдігі қазақы салт-дәстүрімізді, ата-баба тарихының табиғи жаратылысын өлең бойында шынайы, мазмұнды етіп көрсете білгендігінде жатса керек. Қорыта айтқанда, әр түрлі тақырыпта қалам тербеген М.Мақатаев поэзиясын өзімен тұстас өзге де ақын шығармаларымен салыстыра отырып зерттедік. Әр тақырыпта жырлаған ақындардың ұлттық қасиетті бейнелеудегі өзіндік ерекшеліктері қарастырылды. Зерттеу жұмысымыздың негізгі нысаны ретінде алынған М.Мақатаев поэзиясының ұлттық көрінісі кеңінен қамтылады. Туған жерге деген махаббаты, қазақы ауыл өмірі, олардың тұрмыс-тіршілігі, халық арасындағы ынтымақ, бірліктің ұйытқысы болып отырған қарт бейнесі, жастардың патриоттық сезімін оятатын Отанды сүю, туған жерді қастерлеу, оны көз алартқан жаулардан қорғау, қазақ жеріндегі өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің достастығы т.б. тақырыптарға арналған өрнекті де өміршең өлеңдері талдау барасында жан-жақты зерделенді. Қолына қалам ұстаған қаламгерді толғандырмайтын мәселе жоқ. Толғауы тоқсан тіл өнері, соның ішінде поэзияның барлық тақырыпты қамтитыны сондықтан.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын қай тақырыпта қалам тербесе де алдымен айтатын ойы халқы туралы, адам тағдыры жайлы. Ақын жырымен халқының қуанышына ортақтасып, басына түскен қайғысын бөліседі. Халқының басына түскен мұңды өзінің қайғысындай қабылдап, қабырғасы сөгіле жырлайды. 60-70 жылдарда қалам тербеген ақындардың балалық шақтары халық басына қайғылы күн туған сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа тұс келгендіктен, олардың шығармаларында соғыс ауыртпалығы басым бейнеленеді. Соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, нәзік жанды әйел-аналар, белі бүгілген қарттар, қабырғасы қатпай жатып ауыр еңбекке араласқан жас балалар бейнелері қазақы тұрмыс-тіршілікпен байланыстырыла баяндалады. Мұқағали Мақатаев поэзиясын өзі тұстас ақындар жырларымен салыстыра отырып, кеңінен талдадық. Сондай-ақ, әр ақынның жыр әлемінде ұлттық көріністі бейнелеудегі өзіндік ерекшелігі де қарастырылды. 60-70 жылдар поэзиясындағы қазақы қалып пен ұлттық салт-дәстүріміздің өз нақышымен, өз бояуымен өрнектелгенін сол кезең ақындарының жырларынан үзінді келтіре отырып нақтыладық. Сұрапыл соғыс артта қалып, ел тойына бастаған шақты поэзиямызда ұлттық әдет-ғұрпымызға бірыңғай бетбұрыс жасалғанын, соның нәтижесінде қомақты істер атқарылғанын да жасырғымыз келмеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 1960-70 жылдар лирикасындағы дәстүр жалғастығы Жалпы, ақындар поэзия әлеміне келмес бұрын алдыңғы ақындар мектебінен дәріс алған. ХҮ ғасыр ақындарынан бастап, бері де Абай, Мағжан, Сәкен, Ілияс поэзияларынан сусындаған. Солардың дәстүрімен қалам тербеген. Мысалы, Қазіргі поэзиямызда Абай дәстүрімен жазбаған, поэзиясынан нәр алмаған ақын кемде кем. «Ақынның есімі аңызға айналса, одан өткен бақыт бар ма. Қазақта Абай теңдесі жоқ ақын, ал туған халқының жүрегіне ұялаған ақындар саусақпен санарлық. Соның бірі – Мұқағали» [80, 54 б.], – деген пікірге біз де қосыламыз. Мұқағали да Абай поэзиясынан нәр алған. Абай дәстүрімен жыр жырлаған. «Абайдың әлеуметтік армандары таза, қазақы топырақтың тінін танып, тамырын басып отырып, дүние ойшылдарының адамшылық тұжырымдарына құлақ түре жүре түйген өсиет» [81, 211 б.]. Абай өсиетін поэзияда одан әрі дамытқан ақындар оның дәстүрімен жырлағанда ойын, идеясын қайталады деп айта алмаймыз. Олар ұлы Абай салған соқпақпен жүрсе де өз өрнегімен жыр жазды. «Абай дәстүрі – қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна» [82, 16 б.]. Сондықтан да: Қуат алып Абайдың тіл күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге, Абай болып түңілем бір кісіден [30, 118 б.], – деп жырлаған Мұқағали Абай дәстүрін әрі қарай жалғастырады. Поэзия әлемінде өз сара жолын салды. Белгілі қаламгер Ә.Кекілбаев: «Ақынның ақиқатқа барар жалғыз-ақ жолы бар, ол тек өз жүрегінің үстімен өтеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын жырының тек өз жүрегінің терең тебіренісімен тууы–ең басты талап, өлеңнің ең терең табиғаты. Онсыз жерде ақын қаншама ұлы ой, ұлы идеяларды өлеңге түсірсін, бірақ ол бірден көкейіңе қонып, көңіліңе баурар жан сыры болмай, әншейін ұйқастырылған уағыз болып шығады» [83], – дейді. М.Мақатаев та осы талапты мықтап ұстанған ақын. Абай дәстүрімен жырланған өлеңдерінде сырт келбетінде ұқсастық болғанымен, екі ақын да өз жырларын айтар ойын, идеясын өз жүректерінен өткізіп, терең тебіреніспен жазған. Ұлы Абайдың әйгілі «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңіндегі осы тармақты Мұқағали өлеңінің өнбойына арқау етіп алады да ары қарай өз идеясын өлең жолдарына түсіреді. Мұқағали: Жазсам, жазам жырды мен жасырмаймын, Жаралы жүректерді емдеу үшін [30, 118 б.], – деп жырлайды. Ұлы Абайдың өлеңінің идеясы көңіл көзі ашық сергек жастарға ақыл-кеңес беру болса, Мұқағали тіптен басқаша сара жол тауып, адамдардың қуанышын, шаттығын, мұң-наласын өлеңіне арқау етіп, солардың «Жаралы жүректерді емдеу үшін» жырлаймын дейді. Өлең жолына Абайдың: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін [84, 29 б.], – деген тармақтарын Мұқағали өз өрнегіне келтіре: «Ермек үшін немесе өлмеу үшін» деп өлең жырлаудағы негізгі ойы ермек емес екенін ашып айтады да, Абайдың өлең жолындағы өрнегін Мұқағали: Ермек үшін белгілі жырламасым, Ермек десе ел мейлі тыңдамасын [30, 118 б.], – деп өзінше ой түйеді. Бұл өлең жолдарынан Абай мектебінен дәріс алып, Абайша жазуға талпынған, заман бейнесін Абайша жыр жолдарында өрбітуге тырысқан ақын бейнесін көреміз.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Алайда, Мұқағали Абайды қайталады деп айтудан аулақпыз. Екі ақынның да өзіндік жолы екі басқа екенін аңғарамыз. Мұқағали бұл жерде Абайдың ұлылығын мойындап, оның дәстүрін әрі қарай «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» деп жалғастырып отыр. Т.Ахметжанның: «Мұқағали – үлкен философ ақын. Мұқағали философиясын түсіну үшін Абай философиясын бойымызға сіңіре білуіміз керек. Мұқағалидың философиялық ой бастауы Абайдан арна тартады» [85], – деген пікіріне біз де қосыламыз. Абай жырларынан сол замандағы әлеуметтік ортаның жағдайы, қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігі, бай мен кедейдің күн көрісін байқаймыз. Әлділердің әлсізге жасаған озбырлығы, байдың кедейді пайдалануы, басынуы Абай жанын ауыртқан күрделі проблема міне, осылар. Қарапайым халықтың сауатсыздығы да ақын жүрегіне жүк түсіреді. Осы ауыр жағдайды ұлы ақын жыр жолдарына айналдырып, үнемі ақыл-кеңесін беріп отырады. «Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты қараңғылықтан жарыққа сүйреді» [86, 41 б.]. М.Мақатаев өмірді Абайша танып, Абайша түсінгенімен заманына лайық толғаммен жырлайды. Ұлы Абайдың: Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім. Түспеді ер жеткен соң уысыма,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қолымды мезгілінен кеш сермедім [84, 23 б.], – деген өлеңінің «Қолымды мезгілінен кеш сермедім» жолын ақын Мұқағали Мақатаев өлеңіне арқау етіп: Өмірге ерте құлаш сермегенмен, Өзімшіл жас жүректі тербегенмен. Өсиетсіз, сүйеусіз, самарқау жас, Өте алмассың өткелсіз көлденеңнен [66, 57 б.], – деп жырлайды. Ұлы Абайдың арманы айқын. Жастық шағында оқутоқуды, ойшылдардың шығармаларын кеш танығанын, білімнің қадірін кеш түсінгенін ашына жырлайды. «Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?» деп өкінеді. Ақын сол қателігінің орнын баланы оқытумен толтырғысы келеді. Өлең жолдарында ұлы Абай өз заманының қараңғылығын, оқу-тоқудың қазақ даласына әлі де жетпегеніне қиналыс білдіреді. «Ақындық өнері арқылы көрінген Абайдың ақылойы, терең парасаты, орыс мәдениеті мен әдебиетінің жарығына жарқын тілеуі мен ілгерішіл асыл мұраты халқына, туған еліне қызмет етуге, оны өнер-білімге, әлеумет үшін пайдалы еңбекке шақыруға, ар-ождан тазалығына, достық пен ынтымақтастыққа, бірлікке, сүйіспеншілікке баулуға қызмет етті» [87, 9 б.]. Ал, М.Мақатаев өз өрнегіне салып, «Өмірге ерте құлаш сермегенмен», жалқаулық, өсиетсіз, самарқау мінезбен «Өте алмассың өткелсіз көлденеңнен» дейді. Өмірдің бұралаң соқпағы адастырып, асау өзені өткелсіз өткізбес дейді ақын. Сол өткелді табу үшін өзіңе сенімділік және білімділік қажет. «Өмірдің ең қызығы білімді ұста» дейді. Екі ақын да оқырманына теңіздей терең білім керектігін айтады. Осы ақыл-кеңесті Абай менің дәуренім өтіп кетті, сен өткізіп алма деп өткен шақпен жырласа, Мұқағали осы шақтан баяндайды. Абай дәстүрінен жырлаған Мұқағалидың өлең өрімі әдемі, артық сөз жоқ, айтар ойын нақты етіп жеткізген.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Жалпы, ұлы Абай поэзиясынан үлгі алмаған, Абай дәстүрімен өлең жазбаған ақын жоқ. Сондай ақындарымыздың бірі Қ.Баянбаев да ақын өлеңінен үлгі алып, поэзияда өз соқпағын салды. Абай дәстүрін өз өрнегімен, өз ерекшелігімен әрі қарай дамытты. Заманына, өзін қоршаған ортаға көңілі қалған Абай: Күшік асырап ит еттім, Ол балтырымды қанатты [84, 23 б.], – деп жырласа: Қ.Баянбай өз заманының осы көрінісін: Жыландай арбап алған жұмыр басты Кешегі қиялдардан қию қашты. Қолымды жалап өскен күшіктерім Ит болып, Енді өзіммен ырылдасты [55, 17 б.], – деп жырлайды. Ақын Қ.Баянбаев қоршаған ортадағы жақсылыққа жамандықпен жауап қайтарар пасық, көкірегі тар, түсінігі төмен жандар бейнесін жасайды. Ұлы Абай өз заманының бейнесін әрі қысқа, әрі нақты етіп жырлаған. Екі ақын да өлеңінде троптың астарлау тәсілін қолданған. Абай жырында иттің іс-әрекеті нақты бейнеленсе, Қ.Баянбаев осы іс-әрекетке өзінің өкінішін қосып, өзін-өзі қайраған бейнені суреттейді. Ақын өлеңінде әлі де кемшілігін түзеуге алдағы күннен үмітін үзбеген кейіпкер бейнесі бар. Белгілі ғалым Т.Әбдірахманова: «Ақын өзі туралы айта отырып, тек өзі ғана болып қалмайды. Қоғамдық ақылойдың тәжірибесінен, өз замандастарының тәжірибесінен тоқып, білгеніне сүйене отырып, уақыт тынысын, заман сырын, өз қоғамының рухани өмірін бейнелейді. Олай болса, ақын творчествосында, оның әрбір лирикалық шығармасында қоғамдық адам, адам мінезі тұр деп қарауға тиіспіз. Ол – ақынның әрбір өлеңінде адам мінезінің бір қыры бейнеленіп жатады деген сөз» [88, 38 б.], – дейді. Бізде осы пікірді қостаймыз. Қай ақын болмасын халқының, елінің қуанышы мен қайғысын өз қуанышым, өз қайғым деп есептейді. Халықтың басына
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық түскен ауыр күн ақын жүрегін сыздатып, жанын ауыртады. Ақын сол қуанышты, сол қайғыны өз басының оқиғасындай қабылдап, жыр жолдарына айналдырады. Ұлы Абай да өзі өмір сүрген қоғамға көңілі толмай, өкінішті жайттардың бәрін өз басындағы оқиғадай қабылдаған. Ақын жүрегін сыздатқан жеке басының мұңы емес, сол замандағы қарапайым халықтың зары мен қайғысы. Ұлы ақынды осы қасірет мазалайды. Ақын сол қасіретті жыр жолдарына түсіріп, сыры мен мұңын қағаз бетіне төгеді. Поэзиядағы біздің зерттеу объектімізге айналып отырған ақындар да халқының қуанышы мен қайғысына ортақтасқан, олардың басындағы ауыртпалықты жырларымен бөлісе білген майталмандар. Әсіресе, заманының тауқіметін мол тартып, теперішін көп көріп, көңілі қалған Мұқағали тағдыры Абай өміріне ұқсас. Екі ақын екі ғасырда өмір сүрсе де, арадағы өткен уақыт өз талабымен өзгеріп отырса да, олардың мұң-шері, арман-тілегі бірдей. Алайда, идеясы, ойы, арманы, мұң-шері бір болғанымен екі ақын екі ғасырдың өмір сабағынан нәр алып, өз замандарының талабымен жырлайды. Абай заманының тентектері Мұқағали өмірінде де кездескен. Ақын ол туралы «Несіне ойланасың» өлеңінде шебер бейнелеген. «Абайдың басына қамшы ойнатқан» бұзықтар Мұқағалидың да аяғынан шалған. Әйтсе де, ақын өмірден түңілмейді, керісінше, барлығын сабырлықпен, төзімділікпен қабылдайды. «Абайға тән –маған да тән сыбаға» дейді ақын. Ал, К.Мырзабеков бұл көріністі мүлде басқа қырынан жырлайды: Рас, Бізден Абай мұңы бөлек ед, Сол мұң шығар оны ойлантқан керемет [89, 106 б.], деп Абай мұңына ортақтаса, Абай заманы мен өз заманын салыстыра жырлайды. Өлең бойында екі заман бейнесін ақын шендестіре, салыстыра бейнелеген.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Абай мұңы – өз халқының мұңы еді, Ал біздің мұң – адамзаттың тілегі [89, 106 б.], – деп жырлайды. Ақын К.Мырзабеков екі заман бейнесін салыстыра жырлауда өзіндік ерекшелігін байқатқан. Абай заманын, яғни, өткен заманды мұңды етіп суреттесе, қазіргі уақытты қуанышқа, шаттыққа толы күйінде көрсетеді. Күш-жігері тасыған, білімді де білікті қарапайым халық бейнесін шебер сомдай білген. Ақын тапқырлығы – өткен өмірді мұңлы бейнеде, қазіргі таңды қуанышты кейіпте бере білуінде. Бірақ мұңлы заман бейнесін жырлаған ұлы ақын туралы: Десек-тағы, Адам барда ұлы Абай Замандарға зымырайды ілгері [89, 107 б.], – деп күрделі заманды қаз қалпында жырлаған Абайды қастерлеуде үндейді. «Абай поэзиясы – өмір поэзиясы, халық мұңынан жаралған поэзия – ол өмірдің өзіндей құзар, өзіндей өрісті» [90, 82 б.]. Сондықтан да Абай поэзиясы ақын жырларының бастауы, қайнар көзі болып табылады. Қ.Баянбаев «Ғаламның мұңын ұғып, сырын білген» ұлы ақынның қасиетін, өзіне біткен мінез-болмысын табиғи дарындылығын жыр жолдарында әдемі өрбітеді. Заман кейіпкері мен Абай бейнесін салыстыру арқылы «қу заман» мінезін аша түседі. Бақытқа жетеміз деп қалай ғана, Бастарын қатырған ғой талай дана. Қу заман қай жақсыны жарылқаған, Бермеген бәрін бірдей Абайға да [55, 27 б.], – деп Абай өміріндегі ауыр сәттерді, заман қиындығын суреттейді. Өлең жолдарынан Абай қасиетінің тағы бір ерекшелігін аңғарамыз. Ұлтымыздың мақтанышы Абай арқылы қазақ бейнесін танимыз.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақындардың қай өлеңін алып қарасаңыз ұлттық салтымыз бен сипатымызды танытатын жолдар, астарлы сөздер кездеседі. Оны әр ақын өз өлең өлкесінде өзіндік өрнегімен танытады. Мысалы, М.Мақатаев: … Алыста, Абайлардың жайлауында, Жайылып поэзия пырағы жүр [54, 145 б.], – дейді. Ақын бұл жерде, алдымен Абай поэзиясының ерекше қасиетін танытса, екіншіден, қазақтың жайлауын өлең жолына қосып, қасиетті қамбар атаның пырағын поэзияның жайлауына жайуы ақын тапқырлығы деуге болады. Өлеңнен астарлы мағынада айтылған ұлттық қасиетімізді танимыз. «Поэзия пырағы» сөзі өлеңге өзгеше леп, тыныс беріп тұр. Әрі қазақы ұғымды жақын болғандықтан әсері де мол. Біздің зерттеу объектімізге алынып отырған 60-70 жылдардың бір топ ақындары да Абай дәстүрімен қалам тербеген. Махамбет үлгісімен жыр жазған. Барлық жағынан аға буынды қайталаған, көшіріп алған деген пікірден аулақпыз. Әр ақын поэзия дәстүрін жалғастырғанымен өз деңгейінде, өз ерекшелігімен жырлады. Мысалы Ұлы Абай: Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр, Сырымды тоқтатайын айта бермей [84, 40 б.], – десе; Қ.Мырзалиев өз өрнегімен: Ақын болып тұйық жан саналмадым, Көкіректі тас қылып жаба алмадым. Әңгімеде кей сырды жасырсам да, Өлең жырда сыр бүгіп қала алмадым [43, 42 б.], – деп ағынан жарылады. Яғни, ұлы Абайдың «өлең сырыңды ашар, жұртқа жаяр» деп сақтандырғанын, Қ.Мырзалиев: «О-ой өлеңнің аузында сөз тұрмайды, әйтсе де, сырымды жасыра алмадым оқушымнан» дейді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қадыр өлеңінен тасқындаған қызыл сөздің алауын байқаймыз. Бұл қызыл да қызулы сөздер ақын сыры. Тіпті, оқушысынан сыр жасыру мүмкін еместігін де мойындағандай. Белгілі ғалым Ш.Елеукенов: «Өлең ақын жанының небір құпия сырларын ақтарады» [91, 282 б.], – дейді. Абай жүрегінің толғауы да, оның мектебінен дәріс алған басқа ақындар да көңіл түбіндегі құпия сырын өлең өрнегімен жеткізе білген. Поэзияда табиғат лирикасына қалам тербемеген ақын кемде-кем. Жансыз дүниеге жан бітіре жырлау да ұлы Абай дәстүрі. Абайдың жылдың төрт мезгіліне арналған атақты өлеңінің әрқайсысы адам бейнесімен беріліп, адами мінез-құлықпен байланыстырыла жырланған. Бұл дәстүр М.Мақатаев поэзиясында жалғасын тауыпты. Мұқағали да табиғаттағы тылсым күшті адам бейнесімен байланыстыра жырлайды. Сонымен бірге жаңалығы да жоқ емес. Жылдың төрт мезгілін қазақы кәсіп пен салт-дәстүрлерімізбен, ұлттық сипатымызбен сабақтастырып шебер береді. Адамзаттың бүкіл өмірі табиғат аясында өтетіні шындық қой. Сондықтан ақын табиғат пен адам арасына ешқандай шек қоймай бір биікке шығарып, байланыстырып жырлайды. Бұл пікірімізге ақын жырларыннан көптеп мысал келтіруге болады. Ұлы Абайдың атақты «Қансонар» өлеңінде халқымыздың әрі кәсіптік, әрі саяткерлік салтының бірі – аң аулау көрініс табады. «Қансонар» атауының өзі аң аулауға лайық табиғаттың ерекше бір сәтін білдірсе керек. Ұлы Абай: Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдағанға. Жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет, Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға [84, 21 б.], – деп поэзияға өзіндік өрнегімен жол салған. Абай поэзиясының ерекшелігі сөз саптау мен қолдану тәсілі, ұйқас өрімі, өлеңге сөзбен жан бітіруі, бәрі де, оқырманның көз алдына бейнелі көріністі елестетеді. Сұлу таби-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ғаттың суретін сөз өрнегімен өрнектеуде әр ақынның өзіндік қалыптасқан жолы бар. Осы дәстүрді ақындар әрі қарай жалғастыруда өте шеберлік танытқан. Абайдың осы дәстүрінен үлгі алған М.Мақатаев, әрі қарай поэзияда өз тапқырлығымен, өз шеберлігімен ұштай түседі: Күн аяз. Қаңтарда ма, ақпанда ма, Із кесіп, қан сонарға аттанғанда, Қарайсың қырқаларға, қапталдарға, Қарайсың ақ қағаздай жатқан қарға [18, 120 б.], – деп әуелі табиғат көрінісінен хабар береді. Қарш-қарш етіп қалшылдатқан қаңтар мен азынаған ақпан нағыз аң аулайтын маусым. Ақын да осы мезгілдің көрінісін жыр жолдарында әсерлі бере білген. Күн нұрына шағылысқан ақ қағаздай қалың қар. Қар бетіне шырмала түскен аң ізі. Аң ізін кескен құмай-тазы, бәрі де, өлеңде өз орнымен сабақтасып, бір-бірімен әдемі байланысып тұр. Табиғатты суреттеуде көркемдік дәлдік бар. Оқырман ақынның осы шеберлігі арқылы табиғат бейнесін дөп басып тани алады. Ал, Қ.Мырзалиев бұл тақырыпқа басқа қырынан келеді. Қансонарды табиғат көрінісінен бастамай-ақ, бірден арпалыс сәтті баяндайды. Айлакер неме ақылды-ақ, Алдауға дайын ажалын: Лақтырған оттай лапылдап, Барады қашып бір жалын [23, 100 б.]. Айлалы түлкіге ажал болып төнген қаһарлы бүркіт, оның қорғасындай ауыр да салалы тырнағы, қулығын асырып, жан таласып қырдан асып үлгерген түлкі бейнесі өмір мен өлім арасындағы тартыстың нақты көрінісі. Абай «біреуі – көк, біреуі – жер тағысы» деп бүркіт пен түлкіні екі әлемнің бейнесінде жырласа, Қ.Мырзалиев: Жердегі қулық дәрменсіз,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Аспаннан зауал келгенде [23, 100 б.], – деп қыран бүркіттің күш-қуатын дәріптейді. Ұлы Абай да қыранның қасиетін аша түсу үшін, түлкі алған кезін былайша суреттейді: Қыран бүктеп астына дәл басқанда, Құсы да иесіне қоразданар, Алпыс екі айлалы түлкі алғанда [84, 22 б.], – дейді. Айласы аңызға айналған түлкіні тырнағымен бүріп жатқан бүркіт, пұшайман күйге түскен түлкі бейнелері көз алдыңа келеді. Поэзиядағы Абай салған сара жолмен барлық ақындар жүріп өтті, әлі де өте береді. Абай дәстүрімен әлі де көптеген өлеңдер дүниеге келері даусыз. Ғалым З.Ахметов: «Ұлттық поэзияның ең өнімді, ең құнарлы дәстүрлеріне мықтап табан тірей алғанда ғана ақын бұрын ешкім таппаған жаңалық таба алады» [92, 39 б.], – дейді. Ғалымның бұл пікірі өте орынды айтылған тұжырым. Зерттеу объектімізге алынып отырған М.Мақатаев поэзиясы ұлттық сипатымыздың ең құнарлы дәстүрлерінен нәр алған деп ойлаймыз. М.Мақатаевтың табиғат бейнесін суреттеудегі шеберлігіне белгілі әдебиеттанушы ғалым Б.Кәрібаева: «Мұқағали – лирик. Ол барлық мүмкіндігін осы жанрға сарықты. Бұл жанрдың бөлінбес бөлшегі – табиғат ақын сезімінде өзіндік бояу түсімен тіріледі. Бұл – талап құдыреті. Шын мәнінде табиғатты тірілту, онымен тұтасу ірі суреткерлер қол созған үрдіс» [93, 113 б.], – деп баға береді. Кеш келген көктем мезгілінің көрінісін ақын М.Мақатаев Абайдың «Қыс» өлеңі үлгісімен бере білген. Екі дәуірде өмір сүрген екі ақынның табиғатты суреттеу шеберлігі ұқсас. Алайда, М.Мақатаев Абай дәстүрін жалғастырғанымен өз шеберлігімен, өз суреткерлігімен жырлағаны өлең жолындағы сөз саптау тәсілінен анық байқалады. Ұлы Абай «Қыс» мезгілін адам бейнесінде суреттеп: Демалысы – үскірік, аяз бен қар,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды [84, 43 б.], – деп қыс мезгілінің ашуын кәрі құдаға теңесе, ақын М.Мақатаев «Сәуірде» өлеңінде бұл көріністі былай суреттейді: Қырсық шал қиғылықты салды-ау дейсің, Бала жігіт қызарып қалды-ау дейсің. Ақ таяғын тоңға ұрып, аппақ бөркін Ашулы шал бір сілкіп алды-ау дейсің [19, 47 б.], – деп қыс мезгілін қырсық шалдың мінезімен байланыстыра жырлайды. Абай жырында «кәрі құданың» дем алысы үскірік аяз, бұрқыраған қар» болса, М.Мақатаев ашулы шал ақ таяғын қатты ұрып, аппақ бөркін сілкігенде жылынып қалған көктемнің қайта аппақ қарға оранып шыға келген сәтін суреттейді. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сілкісе қар жауып мазаңды алды [84, 43 б.]. Абайдың ашулы «кәрі құдасы» қаншалықты долданса, М.Мақатаевтың кейіпкері де билікті қолдан бергісі жоқ. Ақын оның бұл көрінісін: Әлепет шал әлі де борбайлады, Ұнамайды жігіттің тоңды ойғаны. Дүниені өткізу актісіне, Қасарысып қыңыр шал қол қоймады [19, 47 б.], – деп бейнелейді. Екі ақынның тақырып идеясы бір болғанымен, бейнелеу, суреттеу әдістері екі түрлі. Екі ақында да қыс мезгілі кәрі шал бейнесінде беріледі. Ұлы Абай қыс мезгілін сипаттаса, М.Мақатаев қыс пен көктемнің алмасу кезеңін салыстыра жырлайды. Мезгілі өтіп бара жатқан қыс мезгілін кәрі шалға, келе жатқан көктемді жас жігітке теңеуі де сондықтан. Өлең өріміндегі суретті жолдардың сәтті өрілуі ақын шеберлігін танытады. М.Мақатаев қыс қанша қаһарына мінсе де: Президент сайланып жігіт-көктем, Найзағайдың қолымен расталды [19, 47 б.], – дейді. Күн күркіреп, найзағай ойнауынан көктемде барлық тіршілік
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық атаулының оянып, жер бетінде жаңа өмір басталатынын нәзік сезімталдықпен жеткізе білген. Өлең соңын ақын: Асқар таудың басына шал жерленіп, Президент жылап тұр қуаныштан [19, 47 б.], – деп түйіндейді. Ақын М.Мақатаев өлең жолын юморға құрып, кәрі шал мен жас жігітті арпалыстырып бейнелейді. Кәрі шал ақ тонынан айырылғысы келмейді, жас жігіт көк шекпенін жер бетіне жайсам дейді. Соңында «Әмір келіп аспаннан, туу алыстан» кәрі шал амалсыз тау басына жерленіп, жігіт-көктем жеңісіне қуанғанынан жылайды. Ақын қыс пен көктем арпалысын өмір көрінісімен теңдестіре, әзілмен астарлай жырлаған. М. Мақатаев «Әмір келіп аспаннан, туу алыстан» жолдары арқылы тәңір бейнесін астарлай жырлап отыр. Аспаннан келген әмірге қанша қаһарлы, сұсты да күшті болғанымен кәрі шалдың да бағынуы жаратушының құдіретін мойындауы. Екінші жағынан уақыттың өз дегенімен жүретінін ұғындырғандай. Ақын өлең жолдарына троптың астарлау түрін қолданған. Белгілі әдебиет зерттеуші ғалым Қ.Әбдезұлы: «Тіл өнері бейнелей алмайтын өмір құбылысы жоқ. Сөз өнері басқа өнер түрлері жеткізе алмайтын, бейнесін жасай алмайтын шындық сырларын да тайға таңба басқандай анық танытады» [94, 118 б.], – дейді. Басқа өнер түрлерінен сөз өнерінің ерекшелігі зор. Өмір құбылысын, табиғат таңғажайыптарын немесе адамның көңіл күйін сөз өнеріндей нақ әрі шынайы жеткізетін өзге күш те, құдірет те жоқ. Осы қасиетті М.Мақатаевтың өмірдің сан алуан құбылысын бейнелеудегі сөз шеберлігінен де тануға болады. Ә.Жәмішев: «Ақын жүгі тым ауыр. Заманның талабын өтеуді, уақыт талабын дөп басуды, игілік пен озықтық атаулыны қолдауды, адамгершіліктің асыл қасиеттері мен биік мұраттарын, ұрпақтар бақытын, шындық пен мақсатты өз поэзиясының бүкіл өзегі, бүтін бітімі
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық етуге ұмтылмаған ақын, ең алдымен, өзінің азаматтық ар-ожданы алдында, айнала қоршаған орта мен қоғам алдында қарыздар» [95, 25 б.], – дейді. Ақын М.Мақатаев адам бойындағы асыл қасиеттерді жоғары бағалай білетінділігімен, шынайылығымен, өлең-жырдың парқын қадір тұтатын мінезділігімен халық пен қоғам алдында өз борышын ақтаған азамат-ақын деп айта аламыз. Бұл тұжырымымызға ақынның өлеңдері куә. Қандай тақырыпты жырлап, қандай ойды арқау етсе де өлеңдерінен оның үнінің еркіндігі, кең тыныстылығы, тақырыбын аша білетін шеберлігі мұраты мен асқақ арманы анық көрініп тұрады. Мұқағали мінезінде қулықсұмдық, әдіс-айлакерлік мүлдем жоқ. Шынайы ақынға табиғаттың әсем көріністері де, жапырақтың сыбдыры да, бетіңді ана алақанындай сипайтын тау самалының жылы лебі де, сылдырай аққан бұлақтың сылқ-сылқ күлген толқыны да, айнала табиғаттың гүлденуі де, құстардың әсем үндері де, бәрі – бәрі де, ақын жанына жақын. Ақын осы көріністерді көңіл көкжиегінде гүлдендіріп, түрлендіріп сұлу да сазды, ойлы да назды жыр жолдарына айналдырады. Белгілі ақын Ә.Тәжібаев: «Өлең сөздер – біздің екінші анамыз, екінші ұстазымыз. Ол сөздер болмыстағы көріністерді қайтадан сырлы бояумен жазып шыққан суретші-художник» [96, 94 б.], – дейді. Ақын М.Мақатаев осы болмыстағы көріністі қанық бояуымен шынайы өлең-жырға айналдыра білген суретші-ақын. Белгілі ғалым Қ.Алпысбаев: «Ақын мұраты жақсы өлеңдерімен дүниенің дидарын жылыту, адамдар жүрегіне жақсылық жұпарын себу, ізгі із қалдыру. Ақын отауы мен жамандық атаулының ауылы қатар қонған емес, басқа бір елде, басқа бір жерде бақытсыз жан болса, тілі, түсі басқа ақын жаны соған сыздайды. Жалпы, жақсы ақын болу дегеніміз, алдымен, жақсы адам болу. Сыршыл поэзия шыншыл жүректен шығады. Ақын ақиқатты айту
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық үшін жаралған болса, ол үшін туа біткен адамгершілік, асыл қасиет болуы шарт. Ыстық жүректен қорғасындай балқып төгілген, жаныңды жібек желдей желпитін поэзия – сұлу сезімнің сәулесі» [97, 180 б.], – дейді. Біз зерттеу нысанымызға алып отырған ақындарымыздың жырлары адами асыл қасиеттерге толы тәрбиелік мәні зор жырлар. Мұндай жырлар, әсіресе, М.Мақатаевта көптеп кездеседі. Әрине мәнді өлеңдер басқа ақындар да жоқ, не болмаса аз деген пікірден аулақпыз. Біздің негізгі мақсатымыз М.Мақатаев поэзиясы болғандықтан ақын жырларының қыр-сырын терең зерттеуге, ұлттық ерекшелігін салыстыра отырып талдауға күш салдық. Сол жолда аңғарғанымызды айтып отырмыз. М.Мақатаев жырларынан ауыз әдебиеті үлгілерінің сарынын да аңғаруға болады. «XV ғасыр ақындары көбінесе семсерден бұрын сөз құдіретіне көп жүгінеді. Жауынгерлік пен жыраулықты қатар алып жүрген сөз майталмандарында ел, жер тағдыры көбірек әңгімеленеді. Ерлікті, батырлықты, шешендікті халық мүддесін орындауға жұмсаған екпінді серпінмен төгіліп туған тегеуріні қатты жырларда автордың жан сезімінен, көңіл күйінен бұрын уақыттың үні, бұқараның тілек арманы байқалып отырады» [98, 154 б.]. Бұрынғы ақындар сияқты халық мұқтажын ұзақ сонар толғаумен жырламаса да, ақынның кез-келген өлең астарынан халықтың мұң-шерін, қайғысын, қуаныш-шаттығын қазіргі заман талабымен жырлағанын байқаймыз. Ондай өлеңдері халықтың талап-тілегі. Қоғамдық ортаның іс-әрекеті. Ақын әлеуметтік ортада болып жатқан қайшылықтарды халық атынан жырға қосады. «Ақындар, негізінен, поэзия тілінің қайнар көзі – фольклор тілінен пайдаланады» [99, 222 б.], – дейді. Ақын М. Мақатаев та ауыз әдебиеті дәстүрінен үлгі алып, поэзияда пайдалана білді. Бұл сөзіміз дәлелді болу үшін бірнеше мысал келтіріп көрейік.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда өмір сүрген Ақтамберді жырау: Жағалбай деген ел болар, Жағалтай деген көл болар. Жағалтайдың жағасы Жасыл да байтақ ну болар [100, 58 б.], – деп жырлайды. Жалпы, ауыз әдебиетінде жерді, көлді, ата-мекенді ақындар ұзақ толғауларда маңызды бір ой айтылар алдында қосып жырлаған. Атамекеннің шұрайлы жерлерін жырға қосып мақтаған. М.Мақатаев осы үрдіспен: Ақбақай дейтін көл екен, Аймағы тегіс гүл екен Аймалап атамекенін, Қызғыштар қорып жүр екен [57, 90 б.], – деп жырлайды. Ақынның өлең өрбітуі, сөз саптау тәсілі ауыз әдебиетінен үлгі алғандығын байқатады. Ақтамберді жырау өлеңінің соңғы екі тармағындағы сипаттау, яғни, көлдің айналасының «Жасыл да байтақ ну» екенін суреттесе, ақын Мақатаев өз жырында Ақбақай көлінің «Аймағы тегіс гүл» екенін айтады. Ақынның көлдің айналасын жырымен гүлге орауы да орынды. Ауыз әдебиетінде атамекенін суреттеу тәсілі осы сипатта жырланған. Айталық, «Қулы, нулы көлі бар», «Сондай шүйгін шөбі бар» (Бекетбай ақын), «Қоғалы көлдер, қом сулар» (Доспанбет жырау), «Түн асса, тұтам түгі өскен» (Дулат ақын) деп мақтаған. «XV-XVIII ғасырлардағы жыраулар мен ақындар мұрасы – сол дәуірдің ой-сана әдет-ғұрыптық, тілдік шаруашылық һәм тарихи көріністерін суреттеген көркем шежіре» [101, 78 б.]. Ақын М.Мақатаев осы үрдісті әрі қарай жалғастырып көлді гүлмен көмкереді. Бұл жерде әр дәуірде өмір сүрген ақындардың айырмашылығы –өмір сүрген ортасына қа-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рай өзгеріп отырады. Бұрынғы жыраулар жайлы қоныс, шөптің қалың нулы, шүйгіндігін айтса, ақын М.Мақатаев қазіргі поэзия дәстүрімен сезімге бөлеп жырлайды. Себебі, қазіргі оқырман сезіміне «Қалың нулы шүйгін» шөптен гөрі, айналасы алуан түрлі гүлге толған көлдің әсемдігі әсер етпей ме? Ақын бұл жерде ауыз әдебиеті дәстүрін қазіргі уақытқа сай құбылтып, дамыта білген. Ақын М.Мақатаевтың соңғы тармағындағы «Аймалап атамекенін, қызғыштар қорып жүр екен» деген жолдар Махамбет жырын еске түсіреді. Ақын Мақатаев қызғыш құс бейнесін жырлауда Махамбеттен үлгі алғаны байқалады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінен үзінді келтіріп көрейік. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Ел қорыған мен едім, Мен де айырылдым елімнен, Көл қорыған сен едің, Сен де айырылдың көліңнен [102, 28 б.], – деген жолдардан Махамбет заманының бейнесін көреміз. Елдің, халықтың қамын жеген Махамбеттің хан тарапынан қуғынға түскендегі мұң-зары. Ақын М.Мақатаев осы жырдағы қызғыш құстың бейнесін өз өрнегімен: Аймалап атамекенін Қызғыштар қорып жүр екен [57, 90 б.], – деп жырлайды. Ақын бұл жерде қызғыш құстың Махамбет заманынан қалған бейнесін жыр жолына арқау ете отырып, сол заман бейнесін ашып көрсетеді. Қызғыш құсты өз стилімен, поэзиядағы өзіндік ерекшелігімен жырлайды. Бұл М.Мақатаевтың ақындық шеберлігін танытса керек. М.Мақатаевтың келесі бір өлеңі де Махамбет поэзиясынан үлгі алғандығын аңғартып-ақ тұр: Сен қандайсың? Сен бе? Сен ... Жыландайсың елге сен,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Жүре алмайсың жөнге сен, Құрдымдайсың шөлде сен, Құрымайсың өлмесең [65, 20 б.], – деген өлең жолдары «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны» өлеңіндегі: Хан емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсың, Достарың келіп табалап, Дұшпаның сені басқа ұрсын! Хан емессің, ылаңсың, Қара шұбар жылансың. Хан емессің аярсың, Айыр құйрық шаянсың! [100, 90 б.], – деген жолдарымен үндесіп жатыр. Махамбет поэзиясы жайлы белгілі ғалым Х.Сүйіншәлиев: «Ол – ақындық мақсатын ел мүддесімен ұштастыра білген азамат ақын. Халық қамы үшін атқа мініп, жауына қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен қатар жұмсады. Ақынның өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер, алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді. «Хан жақсылардың» бет пердесін ашып, ақын оларды халық алдында әбден әшкере етті. Көтерілісшілердің көзін ашып, санасын оятты. Ел басына қара түнек орнатушы хан-сұлтандар екенін алғаш ашық түсіндіруші Махамбет болды. Махамбеттің тілегі, ісі, жүрегі халықтан еш уақыт бөлінген емес. Керісінше, халықтың, көтерілісшілердің қалың қауымының мүддесімен ұштасып жатады» [103, 488 б.], – деп баға береді. Өткір өлеңімен де, алмас қылышымен де халқының қамын ойлаған Махамбетті қайталады деп айта алмаймыз. Жалпы, мазмұны, өлең идеясы бір болғанымен әр ақынның өзіндік стилі бар. Ақын М.Мақатаев Махамбетті өзіне үлгі тұтып, сол үрдіспен жырлаған. Екі ақынның да өлең мазмұнынан реніш, жек көру сезімі байқалады. Махамбет жыры Жәңгір ханға арналса, Мұқағали жыры өлең бойында аты анық аталмағанмен, бойында екіжүзділік мінез
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық қалыптасқан, қоғамдағы кейбір керітартпа адам бейнесіне арналған. Махамбет «қасқырсың», «ылаңсың», «қара шұбар жылансың», «айыр құйрық шаянсың» деп өткір тілімен тілгілесе, Мұқағали: Майлы, майда шаңдайсың, Жұғып кетсең, қара майсың, Алпыс айлалы аңдайсың. Адамдарды қорлайсың, Өзгелерге ор қазып, Өз көріңді қамдайсың [65, 20 б.], – деп жырлайды. Мұқағали қазіргі қоғамдағы кейбір адам бойындағы екіжүзділік мінезін сипаттайды. «Алпыс айлалы аңдайсың» деп оны қулық-сұмдығы мол түлкіге теңеп отыр. Өз пайдасын ойлап, өзгелерге үнемі ор қазып жүретін кейбір пасық жандар кез-келген ортада кездеседі. Ақын осындай жандардың іс-әрекетін жырға арқау ете отырып, Махамбет үлгісімен жырлаған. Мұқағали өлең соңын: Барса келмес жолдайсың, Балшықтағы сордайсың, Түбінде сен сорлайсың! Түбінде сен оңбайсың! [65, 21 б.], – деп түйіндейді. Біреуге жаманшылық жасаған адамның, сол ісі айналып келіп өзіне тиетінін «Түбінде сен оңбайсың» деп түсіндіреді. Алдыңғы шумақтағы «Өзгелерге ор қазып, өз көріңді қамдайсың» деген жолдар осы мағынада айтылған. Яғни, біреуді алдап, арбап, жамандық жасасаң, ол сенің алдыңнан шығады. Сол орға түбінде өзің құлайсың дегенді айтады. Ақынның келесі, мына өлеңінде де ауыз әдебиетінің сарыны байқалады. Саралжын жері дүр екен, Сары алтындардың бірі екен. Салттары мүлде ірі екен. Азаматтары да ірі екен [57, 90 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Жалпы «дүр» сөзі фольклор жырларында көптеп кездеседі. Дүр сөзінің бірнеше мағынасы бар. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде бірнеше мағынасы берілген: яғни, атақты, даңқты, аты-шулы, қауырт, күрт, қымбат бағалы тас. Өлеңнін мазмұнына қарай әртүрлі мағынада қолданыла береді [104, 211 б.]. Ақын М.Мақатаев шумағынан байқағанымыз «дүр» сөзін ауыз әдебиеті үлгісінен алып, қымбат, бағалы мағынада қолданған. Яғни, ақын өлең жолдарында туған жердің қасиетін, қадірін, бағасын арттыру мақсатында «сары алтынға» теңей отырып, оның қымбат, бағалы қасиетін танытады. Ақынның «Сал-сал жырым» өлеңінен де ауыз әдебиеті үлгісін көргендейміз. Сал-сал жырым, сал жырым, Ағытыл, алтын сандығым. Сен бар жерде баймын да, Сен жоқ жерде жарлымын. Сал-сал жырым, сал жырым [19, 163 б.]. Ақын өлең жолының мазмұнын тереңдетіп, мағынасын үстеу үшін «сал-сал жырым» тіркесін үстемеле қайталау әдісі арқылы жырлаған. Мұндай қайталаулар жыраулар өлеңінде көптеп кездеседі. Ақын М.Мақатаев ауыз әдебиетінің осы үлгісін қолдана отырып, поэзиядағы өзіндік сара жолмен жырлаған. Тыпыршушы едің кермеде, Тындың да қалдың сен неге? [19, 163б.]. Өлең сөзге жан бітіре, қимыл-қозғалысқа түсіре жырласа, келесі жолдарда самғай ұшқан құстың іс-әрекетін бейнелейді. Қаршыған едің қағынды, Қағынбай қалдың, нағылды? [19, 163 б.]. Поэзияның шырқау биікке көтеріле алмай, қанаты қайырылған құстың бейнесінде суреттеуі ақын шеберлігін танытады. Жыр өлкесінде биікке самғап көтеріле алмаған өлеңін:
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Не болды саған, жолдасым? Қарайсың әзер, болмашы. Қарусыз сенсіз қалдым мен, Тұтқынға түскен қолбасы, Не болды бізге, жолдасым?! [19, 163 б.], – деп бейнелейді. «Тарихи философиялық идея лирикалық кейіпкер – ақынның жүрегінде сүзіліп, санасынан синтезделіп қорытылып шығады» [105, 87 б.]. Өлең жолдарынан ақынның поэзиядағы шынайылығын байқаймыз. Өлең – ақынның қаруы. Бар сырын, бар мұңын соған төгеді, өлеңмен жеткізеді. Өлең болмаған жерде ақын да қарусыз жауынгер сияқты. Сол себепті өлеңінің шарықтап биікке көтерілгенін қалайды. «Салсал жырым, сал жырым» деп үстемелете, шабыт шақыра жырлауы сондықтан. Жалпы, ақын жырларынан оның көп ізденгенін байқаймыз. Ауыз әдебиеті жырларын жете меңгеріп, сол үрдісті өз өлеңінде пайдалануда ақын шеберлік танытқан. Ауыз әдебиетінің үлгісімен жырлағанда оны көшірді, не болмаса сол үрдісті қайталады деп айтпаймыз. Керісінше, ауыз әдебиеті үлгісімен өлең жолына жаңа, тың соқпақ сала отырып, өлең мазмұнын поэзиядағы өз өрнегімен аша түседі. «Ұлттық әдебиеттің асыл қайнарларынан нәр алған, әлемдік әсем сөздің озық үлгілерінен сусындаған Абай пәлсафалық, Мағжан сыршыл, сырлы сөздің қайталанбас шыңдарын жырласа...» [106, 31 б.] Мұқағали жыр әлемінде сол шыңға өрледі. Сол шыңға Абай, Мағжан, Ілияс, Қасым салған сара да дара жолмен көтерілді. Табиғат лирикасы көптеген басқа да көңіл-күй жырларымен мазмұны жағынан ұқсас болып келеді. Әсіресе, туған жер лирикасы табиғатпен байланыстырыла жырланады. Мысалы, М.Мақатаевтың туған жерге арналған өлеңдері тұнып тұрған табиғат. Ал, табиғат құбылысын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық адам мінез-құлқымен байланыстырып жырлауда ақын шеберлік танытады. Айталық, тау басынан асқан бір топ бұлтты «Керуендей адасқан» деп шөл даладағы керуен көшіне, бұрқ-сарқ долы ашуын адам бойындағы мінезқұлыққа, дауылдан кейінгі көктемнің нөсерлі жауынын еңіреп жылаған адам кейпіне теңеуі ақынның адам психологиясын терең меңгергендігін танытады. Жалпы, табиғат лирикасы өте күрделі тақырып. Қалам тербеген ақындардың табиғатқа өлең арнамағаны кемде кем. «Тақырыптық жағынан табиғат лирикасы поэзияның ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, үздіксіз жырланып келе жатқан атамзаманғы байырғы және мәңгілік тақырыбының бірі. Бірақ өзінің осы мәңгілігімен дәйім актуальды, дәйім жаңа тақырып» [107, 53 б.]. М.Мақатаевтың «Түнгі табиғат» өлеңі туған жердің түнгі табиғатының суретін сөзбен өрнектейді. Күндізгі шудан кейінгі маужыраған түн аспан төрінде қалықтаған ай, бір-бірімен жымыңдасқан жұлдыздар, өзен суының сарқыраған үні, бәрі де, табиғаттың бей-жай күйге түсіп тыныстаған сәтін елестетеді. Табиғат жайлы К.Жүнісбекова: «Табиғат, оның таусылмас сыры мен тұңғиығы әлі күнге таң-тамаша қылуда. Өйткені, табиғат қуаныш, бақыт, байлықтың көзі болумен бірге сүйкімді де әдемі, теңдесі жоқ сұлулықтың нағыз өзі ғой» [108, 68 б.], – деп баға береді. «Түнгі табиғаттың» жылы самал желі мен жаныңды жай тапқызар тамаша көрінісінен кейін «Күзгі таң» өлеңі денеңді тітіркентер күзгі ызғарымен ерекшеленеді. Сары түн, сарғайған жапырақ... Сары сөзінің өзі күз мезгілінің белгісі іспетті. Қай ақын болсын, күз мезгілін бейнелегенде сары сөзімен суреттейді. Күзгі мезгілдің сары түске боялуын да ақындар жыр жолдарында шебер суреттейді. Күз мезгілімен бірге белгісіз бір қимас сезім де оянады. «Өмірімнің есейгенін сезінемін күзде мен» дейді ақын. Жалпы күз мезгілі, өткен уақыт, өткен өмір бейнесінен
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық хабар беретіндей. Алайда, ақын өткен күніне өкінбейді. «Күз өткенге кейімеймін, сағынамын бірақ та» дейді. Қайтқан құс, сарғайған жапырақ, салқын ызғар адам көңілін құлазытып, сарғайған сағынышын оятады. Сондықтан ақын адам жанын жадыратар жасыл орман, жасыл алқап, ақ гүлдерді аңсайды. Қазақтың ұғымында көктемгі жасыл шөп жайқала өсіп келе жатқан жаңа өмірді бейнелесе, ақ және ашық түс жақсылық нышаны. Ақынның бұл көріністерді қазақ ұғымымен байланыстыра жырлауы ұлттық рухының биіктігін танытады. М.Мақатаевтың қуаныш сезіміне бөленген көңіл күйін «Біздің көктем» өлеңінен де көруге болады. Көктем мезгілі жер-дүниенің жасарып, тіршілік атаулының басталар тұсы. Табиғат ананың бусанып, айнала әр түрлі гүлдерге көміліп, жасыл желекке бөленер сәті. Басқа мезгілдерге қарағанда көктем осы қасиетімен ерекше. Сондықтан да ақындар көктемді өмірдің, жаңа тіршіліктің басы ретінде жырлайды. Ал, Мұқағали болса: Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі, Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, Асыр сап тентек жігіт – жел еседі [46, 200 б.], – деп жырлайды. Көктемнің келуі бүкіл тіршіліктің басы. Тіршілік атаулыға жан бітіп, жер бусанады. Адамдар да көктемгі жұмысын «дабырлап» бастауда. Дүркірей өскен көкпен төлдің де өсуі заңды. Ақын бұл көріністі «Көкпен бірге дүркіреп төл өседі» деп әдемі өрнектеген. Тіпті, көктемгі желді тентек жігітке теңеуі де әсерлі. Сағым қызбен ойнаған тентек жігіт – желдің ауылға мамырлаған бұлтты айдап келуі де көктемгі көрініс. Ақын бұл көріністерді өлең жолдарында көктемгі тіршілікпен өте әдемі байланыстыра білген. Алғашқы екі тармақтың соңғы буындары
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық егіз ұйқаспен аяқталған. Тармақ соңындағы «мамырлап бұлт», «дабырлап жұрт» бунақтары көктемнің белгілері. Көктемнің бұлтты, жауынды болатынын ақын екі-ақ ауыз сөзбен суреттеп отыр. Сол сияқты, көктемгі тіршіліктің де іс-әрекетін, атқарылар қыруар жұмысын «Дабырлап жұрт» деп қысқа әрі нақты көрсетіп бейнелейді. «Мамырлап бұлт», «дабырлап жұрт» тіркестерімен тармақ соңын әдемі ырғақпен аяқтай білген. Белгілі ғалым С. Негимов: «Поэзияның әрі мен ажары болып табылатын поэтикалық тәсілдердің бірі – ырғақ. Ол – адам санасының нәтижесінде пайда болған аса мәнді құбылыс. Ырғақ еңбек қимылынан, ой жүйелілігінен, сөздердің дұрыс орналасу ретінен туады, дамып жетіледі, сөйтіп сан алуан көркемдік құбылыстармен қарға тамырлы қатынасқа түсіп, берік байланысып, күрделілікке көшеді» [109, 14 б.], – деп түсінік береді. М.Мақатаев жырларындағы ырғақты ұйқастар өлеңнің мағынасымен байланысып астасып жатыр. Ақынның тағы бір ерекшелігі – көктемді қызға теңеуі. Қазақ ұғымында бұрыннан жалғасып келе жатқан қызды гүлге теңеу, оны аялап, мәпелеп өсіруі, сыйлау дәстүрі бар. Дүниенің құлпырған кезеңі – көктемді қызға теңеп, ақын сол дәстүрді өлең-жырына арқау еткен. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, Таң-тамаша дүние жүзге еніпті [46, 200 б.] немесе, Көктем, көктем! Қыз – көктем ауылдағы! Өлең – жыр, әзіл – күлкі ауыл маңы [46, 200 б.], – деп жырлайды. Көрікті қыздың қылығы да көктемгі құлпырған гүлдей. Ақын осы көріністерді бір-бірімен өте сәтті байланыстыра білген. Қыз бен көктемді бір-біріне теңеу арқылы олардың қасиетін аша түскен. Ақынның мұндай теңеу шеберлігін келесі өлең жолдарынан да кездестіреміз. Алайда, онда басқаша қы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рынан көрінеді. Дүниеге келген қызын көктемге теңеп, тіршілік байланысын, табиғат ұқсастығын жырлайды. Ақын: Біздің үйге көктем келді, қыз келді, Қызығың да, тамашаң да бізге енді [46, 179 б.], – дейді. Бұл өлең жолдарынан ақын қуанышын байқаймыз. Дүние есігін жаңадан ашқан сәбиді көктем мезгіліне теңеуі де орынды, қыз бен көктемнің байланыса жырлануында да терең мағына жатыр. Бұл жолдардан ақынның қуанышқа толы әсерін байқасақ, келесі өлең жолдары басқаша өрбиді. Қызым менің, күлкім менің, сауығым, Базарым да, бауырым да, ауылым. Қандай ғажап, қарақаттай көзіңнен Қарап тұрған мен өзімді танимын [46, 179 б.], – дейді ақын. Бұл өлең жолдарынан әкелік мейірім, жан шуағын перзентіне деген сезім әсері аңғарылады. М.Мақатаев секілді Ж.Нәжімеденов те табиғатты адам бейнесімен суреттейді. Ақынның: «Табиғат» өлеңінде: Қасиет бір, қадір бір, – Баста қырау, сақалда ақ: Шыңдар отыр сабырлы, Жөнелердей мақалдап [39, 104 б.]. Қасиет те, қадірлілік те қарт бойынан табылады. Ақын табиғат көрінісін қарт бейнесімен жырлайды. «Баста қырау, сақалда ақ» деген жолдармен таудың, құзар шыңның басынан кетпейтін ақ қарды қарт бейнесі арқылы суреттейді. Адам бойындағы жақсы қасиетті шыңның мәңгі қозғалмайтын сабырлы бейнесімен салыстыра троптың кейіптеу тәсілін қолданған. Тіпті, мақалдап сөйлеу де көпті көрген қарт бейнесіне лайық. Ақын осы қасиеттердің барлығын жинақтап адамды тауға теңеп, жансыз бейнеге жан бітіре жырлауда тапқырлық танытады. Шың-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ның биіктігін рух биіктігіне балап, адамның кейбір мінездерімен байланыстырғанда да ақын шеберлік көрсеткен. Ақын күз мезгілін бейнелегенде де алдағы күннің суықтығын, жайсыздығын «сұп-сұр» сөзімен білдіреді. Бір-бірін тықсыра қуып, күннің көзін жапқан бұлттың түсі де адам көңілін құлазытатындай сұп-сұр, сұп-суық. Бұта да сұр, тас та сұр, тамшы да сұр. Бар дүние бір сәт демін ішіне тартып сұрланып кеткендей. Ақын күзгі бейнені жасауда «сұп-сұр», «сұп-суық» қос сөздерін, өлеңнің мағынасын күшейтуде орынды пайдалана білген. Тек «суық», «сұр» деп қана алса, онда өлең мағынасы оншалықты ашылмас еді. Ақын қос сөздерді қолдану арқылы оқырманына күзгі мезгілдің өзіндік қасиетін аңғартады. Табиғат жаратылысының құпия сырларына үңіліп, жел екпінін, тасқындай аққан судың күшін сезінеді. Табиғаттан жаратылған адам табиғат мінездес келетінін өлеңіне арқау еткен. Ж.Нәжімеденовтің «Кең даладай кеңдік берсе табиғат» деген жолдарын Қ.Мырзалиев өз шеберлігімен дамытады. «Табиғаттан бабамыз ала берген секілді» деп табиғаттың барлық әсемдігін, сұлулығын, мінезділігін қазақ баласының бойынан көреді. Бұл жағынан Ж.Нәжімеденов поэзияда соны соқпақ салады. Ақын қазақ халқының мінез-құлқын табиғат анамен байланыстыра жырлайды. Халқының ұлттық қасиеті мен сипатын, салт-дәстүрін, қазақы кәсібін, бәрін де орайын тауып шебер жеткізе білген. Ақын Қ.Мырзалиев табиғат көрінісін басқа қырынан да аша түседі. Мысалы, ақынның тура мағынада жырламай, толық сенімділік көрсетпеген өлеңдері де өте сәтті шыққан. Ақынның «Шығар» өлеңінде: Құздағы қар кетті дейміз, Ол – көктем келгені шығар. Найзағай жарқ етті дейміз, Ол – оның өлгені шығар [43, 10 б.], – деп жырлайды. Ақын өлеңінің тақырыбы да өзіне сенімсіздікпен қара-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ған кейіпкер сөзімен берілген. Көктем келсе де қыс қаһарын төгіп, қасарысатын кез болады. Ақын сенімсіздігі осы сәтте болады. Алайда, осы лирикалық кейіпкердің өзіне-өзі сенімсіздік танытқаны да жыр жолдарында әдемі суреттелген. Ал, «Көктем» өлеңі басқа қырынан жырланады. Көктемдегі табиғат, жайқалған гүлдер, ауада қалықтап жүрген гүлдердің жұпар иісі, бақтағы сайраған құстар үні, бәрі де ақын жүрегіне жыр ұялатады. Көктемнің қызығына қанар ма қыр! Толғатып береді көк тамарда нұр. Бұлт иіп, күн кісінеп, жасын ойнар, Қыз дала гүл-гүл жайнап алар да бір [110, 8 б.], – дейді ақын. Көктеммен бірге адам да жаңарады, жан-дүниесі қайта түлеп жасарады. Ақынның «жас көктем–тіршіліктің хауанасы» деуі сондықтан. Көктемнің өзіне тән мінезін ақын тіршілік иесімен байланыстыра жырлап, өлең мағынасын тереңдете түседі Қорыта айтқанда, М.Мақатаев қазақ поэзиясындағы дәстүрді жалғастырушы ақын ретінде танылады. Өзінен бұрынғы ақындар мектебінен дәріс алып, сол үрдісті 60-70 жылдар поэзиясында әрі қарай дамытып, өзіндік үнімен жырлай білген. Поэзияда Абай салған сара жолмен барлық ақындармен қатар Мұқағали да жүріп өтті. Ұлы Абайдың асыл арманы – халықтың көңілін оятып, оқу-тоқуға, білім алуға бұру болды. Абай арманын Мұқағали қазіргі заман талабына сай жырлап, білім, оқу, өнерге жалқаулық, самарқау мінезбен жете алмайтындығын айтады. Яғни, оқырманына философиялық мәні бар ой тастайды.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.МАҚАТАЕВ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙ-ТҮЙІНДЕР «Поэзия адамның жаны мен жүрегіне әсер етеді» [111, 226 б.]. Мұқағали Мақатаевтың жаны мен жүрегіне жақыны – өмір тақырыбы. Басқа тақырыптарға арналған өлеңдерін алып қарасаңыз да өлең бойынан ақынның өмір жайлы толғанысын танисыз. Кез-келген өлеңінен өмірге деген көзқарасы, өз ойы байқалады. Ал, арнайы тақырып етіп алып, жыр арнаған өлеңдерін атап айтар болсақ: «Өмірге серт», «Өмір толқыны», «Өмір», «Өмірге ерте құлаш сермегенмен», «Өмірден менің күткен үмітім сол», «Пай-пай өмір», «Өкпелетті дей алман...», «Өміріме», «Өмір дейтін», «Өмір деген біреу бар», «Өмір деген не десем», «Өмір», «Жас өмір, саған өкпем жоқ», «Өмір жайлы», «Өмірімді несіне жек көремін», т.б. Бұл жырларынан ақынның өмірге талпынысын, құштарлығын көреміз. «Кең дүние, құшағыңды аш, мен келемін» деп өмірге жар сала енген ақын өмірдің ащы-тәтті сыйынан да қашпайды. Керісінше, «Жер бетінде жақсы тіршілік етуге» талпынады. Өмірдің күрестен тұратынын мойындап, азабыңмен аянбай-ақ алысам» дейді. Ақын М.Мақатаевтың сондай жырларының бірі «Өмір деген не десем» өлеңінде өмір жайлы ойларын нақты сұрақ-жауапқа негіздеген. Өмір жайлы түсінігін қысқа буындармен түйіндей жырлайды. Өмірге көзқарасын нақты пікірімен білдіреді. Өзіңе-өзің жүк артып, Өмір деген – тер төгу. Бір нәрсеге құмартып, Бір нәрседен жеркену. Біреулерді алдау да,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Біреулерден алдану. Қор боп өтпей жалғанда, Қолдан келсе жан бағу [112, 154 б.], – деп жырлайды ақын. Өмірдің өзі күрестен тұрса өмір сүруде ешкімге алданбай, өзің де алдамай өмір сүр. Ақын жырынан осы ойды ұққандаймыз. «Өмір деген не десем» алдау, арбау, тартыс, күрес, аяқтан шалудан тұрады екен деген таңданысын да жасырмайды. Сөйте тұра ақын: Өмірді несіне жек көрейін, Ауыр-жеңіл болса да өткеремін [65, 25 б.], – дейді. М.Мақатаев өмір жайлы өлеңдерін басқа қырынан да аша түскен. Оның «Өмір жайлы» өлеңі тағдыр тауқыметін көп тартқан бейнені сомдаса, «Өмір» атты жырында жастық шағын тентектікпен өткізген ел ағасын бейнелейді. Ақын шопан жігіт бейнесі арқылы өмірге талпынған балапан құстың тіршілігін суреттеген. Яғни, қарлығаштың тіршілігі астарында үлкен өмір бейнесі көрінеді. Шопан жігіттің сол өмірді бұзуға қиналған жан күйзелісі өлең жолдарында сәтті берілген. Шопан бейнесі арқылы жағымды лирикалық кейіпкер іс-әрекетін аша түскен. Қарлығаштың ұясын бұзуға қимаған лирикалық кейіпкер оған тек құстың ұясы ғана деп қарамай, ар жағында үлкен өмір бар деп сезінеді. Ақын осы көріністі шопан бейнесімен, оның сюжет бойындағы іс – әрекетімен бейнелейді. Ақынның қысқа ғана сюжетте құрылған бұл өлеңі өмірге талпынған құс бейнесі мен шопан іс-әрекеті арқылы ашылса, оқырманына ой тастар мағыналылығымен, салмақтылығымен басым көрінеді. Яғни, құс пен шопан бейнесі арқылы өмірді көрсетеді. Оны өлең жолдарында шынайы көрсетеді. Ақынның шопан мен құс әрекетін бейнелеудегі алдына қойған мақсаты – өмір сүрудің қасиетін терең сезінуге тәрбиелеу. Құс екеш құстың да өмір сүруге талпынған
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық бейнесін сомдай отырып, адамдарға ой салу, өмірдің мәнін терең сезіндіре білу. «Өлеңде ой көмескі нәрсені жарқыратып, бірден жалаулап бетке ұрмай, әрірек, тереңірек жыр астарында жатып та оқушыға құбылыстың құпия сырларын түсінуге жол ашып бере алса ғана өзінің лайықты қонысын, көркемдік мәнін тапқандығы» [113, 52 б.], – дейді белгілі сыншы З.Серікқалиев. Бұл орайда ақын М.Мақатаевтың поэзиядағы талантын, өмір асуларындағы тағдыр теперешін әртүрлі құбылыспен астарлай бейнелеудегі шеберлігін атап айтуға болады. Мысалы, ақын «Жас өмір, саған өкпем жоқ» өлеңінде өмірді табиғатпен байланыстыра жырлайды. Жаратылысы ерекше ақын өмірді табиғатпен бейнелеуде тапқырлық танытқан. Себебі, жүрегі нәзіктікті сезетін әрбір жанға табиғат әр түрлі өмір бейнесін береді. Ақын М.Мақатаев жырларында да көктем мезгілін жастық шаққа, күз мезгілін өткен өмірге теңдестіре бейнелеген өлеңдері көптеп кездеседі. «Жас өмір, саған өкпем жоқ» өлеңінде жастық шақтың алып ұшқан мінезін дәл жеткізген. Өмір өзеннің ағысы алып – ұшқан көңілді тасқа соққанда ғана сананың салмақтанған тұсын лирикалық кейіпкер бейнесімен суреттейді. Жастықтың алып-ұшқан сәтіндегі адамның іс-әрекетін ақын: Қапыда кейде қан құсып, Қасқырмын дедім, қасқырмын!.... Кеудеме мына нан пісіп, Басыммен барып тасты ұрдым [57, 145 б.], – деп бейнелейді. Өлең жолынан жастықтың буымен «Кеудесіне нан піскен» лирикалық кейіпкерді көреміз. Ақын «Өмір» менің уысымда, алақанымда деген түсініктегі лирикалық кейіпкер бейнесін нанымды көрсете білген. Алайда, өмірдің үнемі олай болмайтынын «Басыммен барып тасқа ұрдым» деп түсіндіреді. Аз ғана сөзге көп мағына
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сыйғызып, өмір ауыртпалығын жырға қосады. «Шашырады ұшқын көзімнен» деп ақын лирикалық кейіпкер әрекетін тікелей өмірмен шынайы байланыстырып жібереді. Күнделікті өмірдегі үлкенді – кішілі кездесіп жататын соққыны ақын өмірдің соққысымен өте шебер байланыстырған. Сол соққыдан есін жиған, өмір қасиетін түсінген лирикалық кейіпкер ойын Жасарып ылғи жан-жағым, Тұратын еді көктем боп. Жарқ етіп өткен арманым, Өкпем жоқ саған, өкпем жоқ [57, 145 б.], – деп түйіндейді. Бұл өлең жолдарынан оқушы көптеген тәлім-тәрбие алады. Ақын жырында өмір бейнесі өте әдемі суреттелген. Бұл, біріншіден, оқырманға тәлім-тәрбиесі зор сабақ болса, екіншіден, ақынның өмір мен өлеңді байланыстырудағы шеберлігі. Ақынның лирикалық кейіпкері өмірден көргенін өлең жолында баяндай келе, тәубасына түскен бейнені сомдайды. Сөз тіркестерін де өлең жолдарында орынды қолдана білген. Мысалы: «Кеудесіне нан піскен» тіркесі ешкімді менсінбей, көкірегін көтеріп, өзін ерекше сезінген адам бейнесін береді. Ақын осы сөз тіркесі арқылы жастық шақ бейнесіндегі лирикалық кейіпкердің мінезін аша түседі. Қазақ халқының сөздің мағынасын ұғындырудағы мұндай сөз тіркестері ақынның басқа жырларында да көптеп кездеседі. Жыр жолдарында ақын өмір бейнесін басқа да суретті сөздермен салыстыра берген. Мысалы: Өмір, сені ешкім жетіп алмаған, Сен бір жүйрік кең жаһанды шарлаған. [66, 49 б.], – деп жырласа, өмір жайлы келесі бір өлеңінде: Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай, Өмір деген – көк аспанның күркірі [65, 16 б.], – деп бейнелейді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Өмірді жер жаһанды шарлаған жүйрікке теңеуі де, аспандағы найзағайдың жарқылына балауы да сәтті шыққан. Өйткені, өмірдің жүйріктігі адам баласына жеткізбей, сағымдай сырғып өте шығатын құбылыс екендігі. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол көріністі ақын: Пай, пай өмір! Өтесің-ау бір күні [65, 16 б.], – деп жырлайды. Алайда, ақын өтеді өмір деп таусылмайды, мұңаймайды. Тек қимастығын білдіріп: Шіркін өмір, қымбатсың-ау дегенмен, Алданыш боп біраз күнге келгенмен. Айналсоқтап кете алмайды еш пенде, Жапа шегіп, қасірет уын жегенмен [66, 49 б.], – дейді ақын. Пендеге бақыт пенен сорын қатар тосатын өмір заңы өзгермейді. Сонда да адам баласы «Соқпағы көп сорға лайық» бұл өмірді қимайды. Сондықтан «өмір дейтін – тағатсыз бір қозғалыста» «арпалыспай тіршілікте кім жатсын». Барлық адам баласы өмір үшін күреседі. Ақынның да терең философиялық ойға құрылған өлеңдері өмір арпалысын бейнелейді. Лирикалық кейіпкер бейнесімен сол арпалыстағы өз ойын суретті сөздермен өлең жолдарында өрбітеді. Өмірдің ауыртпалығын қаншалықты көп тартса да, оған деген құштарлығы соншалықты арта түскенін жыр жолдарынан байқаймыз. Ақын еш уақытта қиыншылыққа мойымайды, керісінше, өмірде кездесетін қиындықтан сабақ алып, жанын қайрай түседі. Өмір сүруге ұмтылады. Бұл көріністер ақынның көптеген өлеңдерінде кездеседі. «Өлеңді – өнер деп ұққан адамның рухын тану үшін, оның творчестволық жолын білуге керек. Сонда ақын тек қуанып қана қоймай, уайым-қайғының да дәмін татып, талай рет бас шайқап, бармақ шайнағанын сезінеміз. Сонда ғана ұйқысыз түндер, көңілді кішірейткен кірбеңдер өткенін ұғамыз. Сонда ғана ақын жаны
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дауылсыз, ақын ойы тұмансыз емес; гәп дарын – дарханда, шабыт – шалқарда» [68, 121 б.]. М.Мақатаевтың өмірі өлеңінен көрінетін ақын екенін жырларынан танимыз. Ақын жүрегі нәзік. Өмірдің көлеңкелі тұстарынан жанына жара түсіп, уайым-қайғыдан көңілі ортайып, өкініштен «бармағын шайнаған» кездеріне ақын өлеңдері дәлел бола алады деп ойлаймыз. Алайда, ақын өлеңдері оның жанының нәзіктігімен қатар, қайтпас қайраттылығын, дұшпанына оңай мүжіле салмас мықтылығын танытады. Ақынды ақын етіп биікке көтерген де осы қасиеті. Осы асыл қасиеті жырларынан көрініп, халқының көңілінде жатталып қалды. Әлі де талай жыр сүйер қауымның жанына сая, дертіне шипа, көңіліне демеу болатынына еш шүбә жоқ. Себебі, ақын жыры түбі сарқылмайтын мөлдір бұлақ, тамырын тереңге тартқан алып бәйтерек, таусылмас рухани қазына. Мұқағали поэзиясының өміршең болуы – адам жанының толғанысын, өмір құбылысын уақыт шындығын, замана құбылысын табиғи қалпымен жыр жолдарына арқау ете отырып, ақиқат әрі әсем етіп бейнелеуінде. «Қуатты талант иесі қашан да өз күшін өнердің қилы-қилы қиын түрлерінде сынайды» [114, 68 б.]. Ол өлеңдерінде өмірді өнермен байланыстыра отырып, суретті сөз өрнектерімен маңызын арттыра түседі. Әрбір сөз адамның жан дүниесімен, көңіл күйімен астасып, сезім толғанысымен жырланып, мәні тереңдей түседі. Ақын жырларынан аңғарғанымыз – өзінің де, өзгенің де нәзік көңілдеріне ешбір қаяу салмайды, көлеңке түсірмейді. Керісінше, ақ пейілімен адалдықты, пәктікті сүйетін ақын жаны өмірге ғашық. Ол жарқырап атқан таңға, жер жаһанға нұрын шашқан күнге, барша әлемге, дархан далаға, қыбырлаған тіршілікке ғашық ақын жүрегі. Туысына, досына, өскелең ұрпаққа, бұлақ суындай мөлдір жырларымен елге деген сүйіспеншілігін, сырын телегей теңіз етіп ақтарады. Сезімі сергек ақын жыр-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ларынан жалғандық пен сәуегейліктің бір мысқалын да байқамайсыз. Оның сыртқы әсем үлгіге, ішкі терең тебіреніске құрылған жырларында әрдайым басы артық сөз болмайды, керісінше, ықшамдылығымен, ой тұнығымен, шымырлығымен мазмұнын тереңдете түседі. Ақынның таланттылығы да осында болса керек. М.Мақатаев поэзиясы жайлы белгілі ғалым Б.Кәрібаева: «Мұқағалидың ақындық лабораториясы шынында да күрделі. Өйткені, ол алдымен адам болып өмір сүрді. Онда да от пен судан жасқанбайтын, сәби көңіл, батыр қолды, ақын жанды жаратылысымен өмірлік ситуациялардың қайсысымен болса да бетпе-бет келіп жүрді. Ендеше ол үнемі муза қууға туған жан бола тұра өнерден гөрі өмірмен қоян-қолтықтасуға мәжбүр болды. Ақынның осы адалдығының өзі (өмірге) поэзиясына қолтаңба қалдырды. Ақын образын, стильдік бет алысын айқындады. Ақынды өлтірмейтін негізгі қасиеті – осы. Ақын өз поэзиясымен тірі тұлғасын сомдап кеткендей. Өмір мұраты – адамзат көшінен еш қалмайтын, ескірмейтін мәңгілік мәселе ғой. Осы тұрғыдан Мұқағали мұрасының ғұмыры ұзақ» [115, 130 б.], – деген пікір айтады. М.Мақатаев ғұмыры өлеңімен әлі сан ұрпаққа жалғасары даусыз. Қай жырын алып қарасаңыз да өмірмен етене байланысқан, тіпті, жымдасып кірігіп кеткен. Ол бүкіл творчествосында өмірге ғашық болған жан. Өлеңдері өмірдің өзіндегідей адамды бір жылатып, бір күлдіріп, бір ысытып, бір суытып, оқырманын сан түрлі толғанысқа түсіреді. Оның отты жырларынан өмірге соншама қимас көзбен қарайтын үлкен ақын жүрегінің лүпілін сезгендей боласың. Мұқағалидың жаратылысы, жан дүниесі, сыры мен шыны, мұңы, өмірге көзқарасы, дүниетанымы, азаматтық позициясы, яғни, барлық болмысы оның жырларынан көрінеді. Өмірді өлеңмен өзектестіріп, сырлы да сұлу сөздерге жан біті-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ре өре білген ақынның сезініп, жүрекпен ұғына білу керек. Ақынның барлық қасиеті өлеңдерінде көрініп тұр. М.Мақатаев лирикасының біраз бөлігін достық қарым-қатынасқа арналған жырлары құрайды. «Ақын жырлары адамгершіліктің асыл қазынасына барлау жасайды, оның ең қымбаттылары мен қасиеттілерін паш етеді. Сонда ең бірінші кезекке, ең биік орынға қойылар – адамдар арасындағы достық. Кең дүниенің көркі – тірлік дәнін бөле жарып, бірге жүрген көп достар. Достық – дертке дауа ең күшті дәру, жаныңды жадыратар шұғыла, мұздаған тәніңді жылытар тірлік оты, жүрегіңнің төріне ұялаған махаббат» [93, 200 б.]. М.Мақатаевта достық туын биік ұстанып, қастерлеп оған адамгершілік тұрғысынан қарап, қасиетін терең сезіне білген жан. Оны ақынның өз жырларынан аңғарамыз. Ақын: Досым, саған сенемін. Сеніп өтем! Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен. Достық деген адамның көрігі екен, Достық деген ақылдың серігі екен [18, 39 б.], – деп жырлайды. Бұл өлең жолдарынан ақынның досына деген сенімін байқаймыз. Ақын лирикалық кейіпкер бейнесімен досқа деген ыстық сезімін білдіреді. Дос деген сөзге үлкен мағына беріп, адамның көрігіне теңеуі де ақындық тапқырлығы. Өйткені, айналаңа досыңмен көріктісің. Достық әрдайым адам қуанғанда қуанышқа ортақтасып, қайғырғанда қайғыңды бөлісетін адал, ақ ниетті адамның символы. Шумақтың соңғы «Достық деген ақылдың серігі екен» деген тармағы да үлкен мағына беріп тұр. Өйткені ақын ұғымында достық ақылдың серігі, ақылдың көзі. Ақын осы қасиетті өлең жолдарына сырлы да сұлу сөздермен өрнектей білген. Сөйтіп, өлең мазмұнын тереңдете түседі. «Көрігі», «серігі» сөздері өлеңнің мазмұнын ашып, достықтың мағынасын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық байытады. Өлең бойынан ақынның бір ерекше қасиетін байқаймыз. Ол – достыққа адалдығы. Достыққа деген пәк көңілі. Ақын лирикалық кейіпкер бейнесімен осы қасиеттерін өлең бойында ашып көрсетеді. Айнала көңілді адамдар, той-думан қызып жатқанымен ақын көңілі пәс. Бұл көріністі ақын «Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?» дейді. Ақынның доссыз өткен әрбір уақыты көңілсіз, жабырқау. Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп, Сенің орның құлазып бос тұрғанда [18, 40 б.], – деп досы жоқ жердегі жалғыздық кейпін, думанның ортасында отырып көңілінің құлазыған бейнесін суреттейді. Өйткені ақын орны ойсырап тұрған досын іздейді. Ол жоқ жерде ақын көңілі орта. Ақын «құлазып» сөзін өлең жолына өте шебер қолдана білген. Бір ғана «құлазып» сөзінің өзі басқа сөздерге әр беріп, өлең мағынасын аша түседі. Доссыз өткен әрбір уақытын бос өтті деп санайтын ақын жүрегіне де достың іс-әрекетінен сызат түседі екен. «Кей-кейде мына өтірік» күлген көзіңнен, сұмдық бір жаттық сезінем деп ақын бұл көріністі өлең жолдарында былай бейнелейді: Достарым, риза емен мен сендерге, Аспаннан айды алып берсеңдер де Қайтейін қалған көңіл қабыл алмас, Айламен неше түрлі келсеңдер де. Дос болмай садаға кет сенің бәрің, Сыр ұрлаған сұмпайы өңшең зәлім, Сыртыңнан өліп-өшіп тұрғаныңмен, Білемін, бықсып жатыр, ішің мәлім [66, 96 б.], – деп көңіл қалар іс-әрекеттеріне ренжиді. Олардың қылықтары ақын үшін жат көрініс. «Адамның баласынан жерімеп ем» деп, адалдықты, әділдікті жақтайтын ақынның «У таратып, ылаң сап, арандатқан» кейбір достарынан көңілі қалады. Оқырманына ондай адамдардан «Абай
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық болғын, арыңды нық ұстағын» деп сақтандырады. Алайда, ақын досынан қаншалықты опасыздықты көргенімен жақсы күндерден, келер күннен үмітін үзбейді. Мазалаған, көңілін күпті еткен ойын жолдастарымен бөлісуге дайын. Бұл ойды ақынның «Жолдастарға» атты өлеңінен аңғарамыз. Күндіз көңіл тыншымас, түнде көңіл, Бәрі аян; Еткен тірлік, сүрген өмір. Түнгі ұйқымды төрт бөліп, мазалаған, Көкейімде, жолдастар, бірдеңе жүр [17, 68 б.], – деп жырлайды. Ақын жаны нәзік. Ол жай адамдар көре алмаған нәрсені көре алады, басқалар сезбегенді сезеді. Сол сезімін жыр жолдарында өрбітеді. Ақынның ақындық қасиеті де осында. Белгілі орыс сыншысы Н.Г.Чернышевский: «Лирикалық поэзияда дағдыда автордың өз басы оның сөз қылып отырған адамдарының бәрінен басым болып отырады» [116, 116 б.], – дейді. Яғни, өлең жолдарында алдымен ақынның өз бейнесі жасалынады. Ақын лирикалық кейіпкер арқылы өз бейнесін сомдайды. М.Мақатаевтың да үнемі арпалыста болып, жоқ іздеумен өткені – ақын жанының нәзіктігінен. Өзін қоршаған ортаға көңілі толмаған ақын айналасынан жанын жадыратар жоқты іздейді. Соны кездестіргенше тыным да таппайды. «Жоққа жүйрік жетпейді» десе де, ақын көңілі алаңдаулы. «Мен өмірге келмегем күдікпенен» деп, келер күннен үмітін үзбейді. Молынан маған бермеген, Бермесе қойсын, кенде емен. Аязды аздап көрген ем, Ыстықта аздап шөлдегем, Анасының да ақ сүтін Айызы қанып ембеген,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Мәз бала, достар,мен деген [46, 187 б.], – деп барға қанағатшылық танытады. Бұл да ақынға ғана бітер дара қасиет. Тағдырдың тосқан қуанышына мастанбай, қайғысына үгітілмей барға қанағат еткен ақын қасиеті кезкелген адам бойынан табыла қоймас. Өйткені, өмірдің соқтықпалы, соқпақты сүрлеуі кез-келген пендені жаңылдыруы мүмкін ғой. Алайда, ақынның лирикалық қаһарманы мұндай мінезден ада. Сондықтан да ақын жырлары оқырманына үлгі, тәрбиелік мәні зор сабақ болады. Ақын жырларындағы ең бірінші кезекте айтылатын мәселе – адамдар арасындағы достық. Адамдар арасындағы қарым-қатынас. Бұл туралы Ә.Кекілбаев: «М.Мақатаев – адамдар арасындағы өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. Оның туған ауылына, Алатау табиғатына, сүйген жарына, аяулы әжесіне, балаларына, достарына, сағынышты махаббатына – баршасына арналған өлеңдері де шын тебіреністен, шын шабыттан, шын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Олардың бояу әлемі мен әуен сазын да ақын көкірегінің толғаныс-тебіренісі жасаған; «Бәрі де адамның өз дем, өз тынысындай шынайы, табиғи» [32, 115 б.], – деп өз еңбегінде атап көрсеткен. Ақынның адамдарға арналған жырларынан тек қана жақсылықтың нұрын шашқан ақын бейнесін көреміз. Өмірдің көлеңкелі сәттерінде қиыншылық көріп, кейбір адамдардың опасыз әрекеттерінен жиренсе де, адам баласының жақсы қасиеттерінен үмітін үзбейді. Адам бойын да үнемі адамгершілік, адалдық, әділеттілік, шынайылық сияқты асыл қасиеттердің болуын ақын шын жүрегімен қалайды. Бар екен ғой, Бар екен жақсы Адамдар! Жақсы жоқ деп айтпаңдар, бәтшағарлар! Ренжісең қайсыбір «патшаларға»,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Күл шашпа кір шалмаған ақша қарға [112, 94 б.]. Ақын жырынан ақынның ақ, адал болмысын танимыз. Өмірден түңіліп, баз кешіп, жаны қиналған сәттерінде де адамдар жайлы: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен, Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем [112, 94 б.], – деп жырлайды. Ақын түсінігінде адам бойындағы жақсылықты танып, жақсы қасиеттерін бағалай білу керек. Яғни, жақсылыққа жақсылықпен жауап қайтарып, қолдай білген абзал. Ақынның «Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем» деуі жақсылыққа бір тамшыдай болса да жақсылықпен жауап қайтарғаны. Қазақ ұғымында «Жақсылыққа жақсылық – әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық – ер адамның ісі» деген мақал бар. Ақын осы мақалды көкірегіне тоқып, ұстанған жан. Бұл сөзімізге ақынның кезкелген өлеңдері куә. Ақын өлеңдері бұл тұрғыда кейінгі ұрпаққа өсиет сөздей көрінеді. Ренжісең де күл шашпа дегені, осы қағиданы қолдағаны. Өйткені ақын: Жамандарды іздемен, өзі – ақ табар, Жақсыларды табуың қиын екен?... [112, 94 б.], – дейді. Жамандық әр уақытта да, кез-келген жерден кездесе кетуі мүмкін. Ал жақсыны оңайлықпен кездестіре алмайсың. «Күл шашпа кір шалмаған ақша қарға» дейді ақын. Адам көңілі аппақ, кіршіксіз таза қардай, оны бір кірлетіп алсаң қайта тазарта алмайсың. Ақын осы кір шалмаған ақша қарды таза күйінде сақтай біл дейді. Адамның көңілін аппақ әрі таза ақша қарға теңеуі өте сәтті дүние. Себебі, ақша қарда таза, адам көңілі де таза. Осы тазалықты адам баласы өзі кірлетеді. Ақын осыдан сақтандырады. Келесі шумақтағы теңеуге назар аударайық: Ойладым да суық деп ақша қарды, Суық болып адамдар жат саналды.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Сәл жылыса, Қар дейтін ериді екен, Ағыл-тегіл суарып бақшаларды [112, 94 б.]. Адам көңілі де қардың суықтығындай. Көңілі қалған сәтте суық тартады. Ақынға адамдардың жат көрінгені сондықтан. Алайда «Жақсының ашуы – шәйі орамал кепкенше». Қазақтың осы мақалын көкірегіне ұялатып өскен ақын оны өлең жолдарына қазақтың бай сөздерімен мағынасын көтере жырлайды. Яғни, көңіл де сәл күн жылыса еритін қар сияқты жылы сөзге ери жөнеледі. Жай ғана жібімей ағыл-тегіл еруінің өзінде үлкен мағына бар. Ақын ериді деп қана қоймай, ағыл-тегіл сөзін пайдалану арқылы өлеңінің мазмұнын тереңдете түскен. Өлең жолдарындағы астарлы теңеулер ақын ойының ұшқырлығын дәлелдейді. Троп түрлерін орынды қолдана отырып, өлеңді құбылтып, астарлай жырлайды. Т.Тоқбергенов: «Мұқағалидың өзек жарып айтар ойы – адам тағдыры, адамның тірлігі, мінезі мен құлқы, сезімі мен түйсігі. Ақынның өзі айтпақшы, оның лирикалық «мені» жалпы халық, қауым, заман, қоғам. Қай тақырыпқа барса да, не туралы жырласа да бәрі бір астарында адамның ғұмыры адамның тағдыры, дәуірдің ықпалы жатады. Тіпті, алма-кезек ауысқан табиғат құбылысының қанық бояуын тауып қайырған да жүгінер тәңірі – Адам. «Адам оқитын жырға адамды қатыстырмау – ессіздік» деуші еді ол. Бұл оның азаматтық кредосы, ақындық стихиясы» [68, 155 б.], – деп атап көрсеткен. Расында да ақынның қай өлеңіне көз жүгіртсеңіз жыр астарынан адам өмірін көресіз. Адам тағдырын, адам ғұмырын ақын кез-келген жырына арқау етеді. Ақынның бұл жердегі ерекшелігі жеке бір адамның тағдыры немесе ғұмырын ғана емес, жалпы қоғам, заман, қауымның мәселесін жырлайды. Жалқылықты жалпы тағдырға айналдыра жырлауы да азаматтық қасиеті,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ақындық тапқырлығы. Себебі, адам жанының тылсымына бет қойып, оның ой – аңсар сезім сырларын зерделеп, жеке адам бойындағы осы қасиетті заман, қоғаммен байланыстыра жырға қосу тек қана ақынның қолынан келетін шаруа. Оның «Армысыңдар, адамдар» атты өлеңі де адам бойындағы асыл қасиеттерді тарих беттерімен сабақтастыра жырлайды. Күн батты ма, түн келді ме, таң атты ма қайтадан, Құдіретті тірлігіңе кірістің бе қайта, Адам? Арма өмір, бар әлемді бауырына алып шайқаған? Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар, Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар? Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, Адамдар! [30, 39 б.]. Ақынның он бес – он алты буынға құрылған үш тармақты жолдардан тұратын бұл өлеңінде қазақ даласының тарихын, ата-бабамыздың ерлік жолындағы іздерін күнделікті тіршілікпен байланыстыра жырлайды. Күннің батуы мен таңның атуы, адамдар тіршілігі өлең жолдарында суретті сөздермен өрнектелген. Рауандап таңғы нұрын жер бетіне шаша жаңа атып келе жатқан күнмен тіршілігі біте қайнасқан адамдар өмірінің мағынасын «құдіретті» сөзімен аша түседі. Жәй ғана тіршілік сөзі күнделікті күйбең өмірдің көрінісінен аса алмас еді. Ал, «құдіретті» сөзі күнделікті күйбең тірліктің мағынасын тереңдетіп тұр. Ақын ол мақсатына жетті де: Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық, Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық... Армысың сен, арамызда жалғыз перзент – Тыныштық! [30, 40 б.]. Ата-бабаларымыз еліміз, жеріміз үшін қаншама қиыншылықты басынан өткерді. Қаншама батыр бейбітшілік, тыныштық үшін жанын қиды. Ақында
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық осындай күреспен келген тыныштықты сақтайық деген ой, арман бар. Ақынның бар тілегі, ақ пейілімен ақтарыла айтатыны тек қана тыныштық. Оны жас баладай әлдилеп, тербеткісі келеді. Ақын жанын толқытар мәселе де осы. Сондықтан ақын тыныштықты «Арамыздағы жалғыз ғана перзент» дейді. Перзентке күтім керектігі сияқты, тыныштықты қадірлей білген абзал. Ынтымақпен өмір сүру керек. Ақынның айтпақ болған ойы осы. Сол себепті ол: Әлем – дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар, Қорған емес, салтанатты, сәнді сарай соғыңдар Ей, Адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар [30, 39 б.], – деп ағынан жарыла, барша жанға шын жүрегімен татулық, тыныштық тілейді. Түсіне білген адамға жердің үсті кең. Тек көңілің кең болсын. Әлемнің шексіздігін ақын бір –ақ ауыз жолмен жеткізеді. «Поэзия – адам сезімінің айнасы. Ол адамзатты поэзияға ғана тән белгісіз жұмбақ күш пен сезімнің алуан түрлі рахатына бөлейді, жақсы көру, жек көру, сүйсіну, қуану, мұңға бату – осының бәрі тұтастай алғанда адам жанының табиғи нәрі, рахат сәттері. Өйткені, мұңнын да, қуаныштың да өзіндік ләззаттары бар. Поэзия сезінуге тәрбиелейді, адам жүрегінің кез-келген қара-байыр құбылысқа үн қоса бермейтін нәзік қылына жан бітіреді. Поэзияның жұмбақ та керемет күші, міне, осында» [117, 9 б.]. Адам бойындағы осы жұмбақ құбылысты ақын поэзияға айналдырады. Нәзік сезімдерді өлеңмен қозғайды. Поэзияның «адам сезімінің айнасы» аталуы сондықтан. Адам басында жиі-жиі кездесіп отыратын сағыныш, аңсау, құмарту, сүйсіну, шаттану, қуану, ренжу, мұңаю, өкіну сияқты сезімдерді Мұқағали Мақатаев өлеңдерінен көптеп кездестіруге болады. Ақын жырларының өзі болашақтан үміттеніп, жақсылықты сарғая күткен са-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ғыныштан тұрады. Әсіресе ақын сағынышы туған жерге арналған өлеңдерінде жиі ұшырасады. Туған жер әрбір адам баласы үшін қасиетімен ерекше. Ақын осы қасиетті сағынышына орап, арманына балап жыр жолдарына айналдырады. Туған жерден жырақта жүрсе де оның әрбір тал-шыбығын, найза тасын, жұпар ауасын сағына есіне алып, туған жердің табиғатын өлеңмен өрнектейді. Поэзияға ақын С.Мәуленов: «Поэзия – халқымыздың жан-күйінің жарқылы, сезімінің сырлы шектерінің пернесі, оның эстетикалық көзқарасының сәулелері, оның эстетикалық арманының айнасы. Әрбір шығарма – ақын жанының қайрат-күші, ой-пікірі, тіршілік тынысы, рухани қуаныштары мен күйзелістері, бүгінгі мақсаты, алдағы үміті» [118, 150 б.], – деп баға береді. Ақынның «Жас өмір, саған өкпем жоқ» атты өлеңінде өмір мен көктемді байланыстыра жырлауда троптың түрлерін өлең жолдарына шебер пайдаланған. «Бір жылға тең боп бір күнің», «Көктем боп тұрдың сан жылдар» деген өлең жолдарынан жас ғұмырдың бейнесін көрсек, «Санасыз, ойсыз мас қылдың», «Жүрегін бердің қасқырдың», «Кеудеме мына нан пісіп, басыммен барып тасты ұрдым» деген жолдарынан жастық шақтың албырт мінезін байқаймыз. Шашырады ұшқын көзімнен, Бас осал екен, тас мықты. Ес кіріп сонда сезінген, Өткенін қайран жастықтың [57, 145 б.]. Тағдырдың тасқынымен басын тасқа соққан кейіпкер «Мінезін бермей түлкінің» деп те қынжылады. Жастық шақты көктеммен теңеген ақын өлең жолдарын сәтті байланыстырған. Жаңа келген көктемді қайталанбас жастық шақтың бейнесімен айшықтап, егіздеу тәсілімен, көктем мен жастық шақты жұптап суреттейді. М. Мақатаев қай тақырыпқа қалам тербесе де адам өмірімен байланыстырады. Кез-келген өлеңін
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық оқып қарасаңыз адам өмірі ақын қалам тартқан тақырыппен байланысып, кірігіп кеткен. Тіпті, ұқсастық жағынан да мін таба алмайсың. Тақырып пен адам бейнесі астарласып, паралеллизм тауып жатады. «Қазақ поэзиясы сезімі мөлдір, аспаны көгілдір, білім -пікірі, ой-парасаты байтақ, адамгершілік ары жоғары, гүлдері алуан түсті әсем, табиғаты қазақ даласының бедеріндей таулы, өзенді, құсы да мол, шөбі де жұпарлы, топырағы да құнарлы өлке. Бұл поэзиядан сырқат адам дертіне дауа табады, махаббатқа шөліркегендер жан сусыны қанғанша тұнығынан жүзіп ішеді, бұл поэзиядан заманымыздың күшін, соған лайық қаһармандардың ісін табады» [119, 37 б.], – деп қазақ поэзиясы жайлы құнды пікір айтады. Қазақ поэзиясында расында да, адам жанына жігер, дертіне шипа болар, таңғы ауадай тазалық, самал желдей жылы леп бар. Қазақ поэзиясының мағынасын тереңнен түсініп, бойына сіңіре оқығанда барып осы қасиеттерді түсінеді. Жаны жадырап, көңілі шаттыққа толып, ерекше бір сезімде болады. Қазақ поэзиясында асау сезім, жұлқынған мінезділік, тау суындай тасқындық та бар. Әр оқырман сол асау жігерлілікпен махаббат айдынында жүзе де біледі, көңіл көкжиегінде шарықтай да алады. Оқырманын осындай әсерге бөлейтін жырлар М.Мақатаевта көптеп кездеседі. Әсіресе, махаббат тақырыбына жазылған жырларында ынтық көңілдің ыстық лебізі, сағынған, аңсаған жүректің жалынды оты байқалады. Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың сенің – жан баспаған жапандағы қара орман. Толықсыған тұла бойың шыбық па екен, тал ма екен, Бейнең сенің баяу атқан жазғы шұғыла таң ба екен?
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Күлкің сенің шашылған нұр, сөзің кәусар бал ма екен, Бұл ғаламда сенен артқан, сірә, біреу бар ма екен!? [46, 34 б.]. Ақын жыры асқақ сезімге толы. Дүниеде ғашық жүректің сүйгеніне тең келер еш нәрсе жоқ. Махаббат адамның ең бір асыл да, қасиетті сезімі. Табиғаттың адамға берген қымбат ризығы. Ақын осы табиғат сыйға тартқан ризықты табиғаттың өзімен байланыстыра жырлайды. Сүйгенінің жүзін көкте күнге, жерде гүлге теңеуі, «Қас-кірпігің қарлығаштың қанатындай қапқара», «Үлбіреген жүзің сенің ақ жібек пе, мақта ма» деу, ақын жырының терең тебіреніспен, шынайы сезіммен жазылғандығын дәлелдейді. Ақын арудың үлбіреген жүзін жібекке салыстыра бағаласа, оның ақ жүзін қауызынан жаңа ашылған мақтаның ақтығына теңеп, қыздың сұлулығын асқақтата көрсетеді. Жалпы, сұлулықты сырлы сөзбен бейнелеу халық ауыз әдебиетінен жалғасып келе жатқан дәстүр. Қазақ халқында асқан сұлулығымен, әрі сол көркіне ақылы сай Қыз Жібек, Баян Сұлу сынды қыздарымыздың көркін дәріптеген жырлар бар. М.Мақатаев жырынан да осындай мінсіз сұлу аруды көреміз. Ақын өз поэзиясында сұлу бейнені асқан шеберлікпен сомдай білген. Ғашық жанның бейнесі баяу атып келе жатқан жазғы шұғыла таңға ұқсауы, оның күлкісі айналасына шашылған нұрға бөлеуі ақын жанының толқу-тебіреніс сезімін паш етеді. Ақын өлең соңын асқақ сезімге құрған. Зәмзәм суы сенен арзан, тата алмаған кәусәрім, Сенің әсем мүсініңді сөзбен қалай таусамын?! Мың Мәжнүн мендей, сірә, тебіренбеген шығар-ау, Аппақ құсым, қайдасың сен? Аңсадым-ау, аңсадым… [46, 34 б.]. Ақын жырында ғашық жүректің сезімі асқан шеберлікпен берілген. Өлең басынан соңғы тармағына дейін суретті сезімге құрылған. Сүйген сұлуын ешбір
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық кір шалмаған, ешбір жан көз салмаған, ешбір нәрсе тең келмейтін асылға теңеуі шынайы, таза, пәк көңілдің белгісі. Ақынның келесі бір өлеңі сөзімізді толықтырып, ойымызды дәлелдей түседі. Ғашықпын! Шын ғашықпын сол адамға! Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?! [46, 34 б.], деген жыр жолдарынан ақын жүрегінің шынайылығын, сүйген адамының амандығын өзінен жоғары қоя білетін адал, асқақ сезімін көреміз. Ғашықпын! Қайтып оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам [46, 34 б.]. Ақынның бұл жыры да сарғайған сағыныш сезіміне толы. Шарқ ұрған ақын жүрегі бар ғаламды айнала ғашық жанын іздеуде. Ақын «Шын ғашықтар қосылмайды» деген қағиданы ұстанған болуы керек. Махаббат жырлары тек қана іздену, аңсау, сағыныш сезімдерінен құралған. «Адамға ауа, жарық, от пен су қандай қажет болса, өлең де сондай қажет. Жан түкпіріне жарық түсірер поэзия құпиясын түгел түсініп, оның бүге-шігесін толық ажыратқан шеберлер кемде-кем. Ол – сан құбылған сиқырмен еліктіріп, шексіз кеңістігіне тарта беретін мұнарлы көкжиек сияқты. Поэзия – жұлдыздар әлемі, жер асты жұмбақтары секілді әлі де толық ашылып болмаған тылсым дүние» [119, 57 б.]. Осы сан құбылған сиқырлы, құпиясы мол тылсым дүние ақын М.Мақатаевты да поэзиядағы өз кеңістігіне тарта түскен. Ақын жаны шарқ ұрып, тыным таппай поэзияның тылсым құпиясын іздеуі сондықтан. Сөзімізге дәлел болу үшін ақынның «Поэзия» өлеңінен үзінді келтіргенді жөн көрдік. Поэзия!
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Менімен егіз бе едің? Сен мені сезесің бе, Неге іздедім? Алауыртқан таңдардан сені іздедім, Қарауытқан таулардан сені іздедім. Сені іздедім кездескен адамдардан, Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан. Шырақтардан, оттардан, жалаулардан, Сені іздедім жоғалған замандардан [46, 225 б.]. Поэзия – ақын жүрегінің дүрсілі. Оның әрбір соққан жүрек үнінен, алған тынысынан ақынның поэзияға деген шексіз махаббаты сезіледі. Ақын сол махаббатын жырға айналдырып, көңіл көкжиегінен ұшырады. Ақын жанын мазалаған өлең дертіне емді поэзиядан іздейді. Ақынның бар арманы, асыл сезімі, жанын торлаған мұңы, қайғы-шері поэзияда жыр жолдарымен өріледі. Жанын жадыратар жылы шуақты да поэзиядан табады. «Сені маған егіз ғып жаратқан ба?!» деп жырлауы сондықтан. Өлеңнің осы бір ғана тарауында ақынның бүкіл болмысы көрінгендей. Өлең бойынан өмірден егізін іздеген ақын бейнесі көрініс береді. Алауыртқан таулардан үміт күтіп, қарауытқан таулардың көлеңкесін кезіп қиялымен егізін іздеп шарқ ұрған лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы ақын халін түсінесің. Ақын қиялы шартарапты шарлап «бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан» іздейді. Найзағайдың жарқылына құлақ түріп, ақ нөсер болып төгілген ақ жауынның арасынан іздейді. Екі жастың махаббатынан, олардың арманы мен сағынышынан, жадыраған сәттері мен жабырқаған кездерінен іздейді. Ақын жанының поэзияны шарқ ұрып іздеуі, әр құбылысқа алаңдап, әр сезімнен үміт күтуі өлең бойында өте шебер бейнеленген. Өлең бойындағы алауыртқан таң, қарауытқан тау, бұлақтар, бақтар, алаңдар, шырақтар, оттар, жалаулар, махаббат, сағыныш, арман, бәрі де, поэзия әлемінде ақын жанымен бірге. Ақын жүрегімен үндес.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын бойындағы бұл сезімдер де поэзиямен егіз. Сондықтан да ақын поэзияны осы сезім арасынан іздейді. Махаббаттан іздедім, сағыныштан, Арманымнан іздедім алып ұшқан! Сәттерімнен іздедім жаңылысқан, Сені іздедім жадырау, жабығыстан [46, 225 б.], – деген жыр жолдары ақын жанының шарқ ұрып, ізденген сәттері. Поэзиядағы шынайылығы, оған деген шексіз махаббаты. Сонымен қатар ақынның ерекше қасиеті – поэзияға деген жан сезімін өлең жолында суретті сөздермен сомдай отырып, өлеңнің бунақ, ырғақ, буын сандарын да артық – кемсіз келістіре жырлауында. Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен, Күннен, түннен, гүлдердің бүршігінен. Қуаныштан, түршігу – күрсінуден, Жүректердің іздедім дүрсілінен [46, 225 б.]. Он бір буынға құрылған өлең жолдарының соңғы буыны бірыңғай ұқсас сөздермен аяқталып, әр тармақтың соңы шұбыртпалы ұйқасты құрайды. Жалпы ақын жаратылысы ерекше. Ол қарапайым адамдардың көрмегенін көңіл көзімен көре алады, сезбегінін нәзік сезімталдықпен сезе біледі. М.Мақатаев ақындардың осы ерекше жаратылысын мойындай отырып: Біз деген, досым, Тағдыры қызық халықпыз. Халқының өзі қорғасын құяр қалыппыз. Екінің бірі бармайтын жерге барып біз Жанбайтын жерде жаныппыз Біз деген, досым, Тағдыры қызық халықпыз [46, 26 б.]. Тағдыры ерекше жаратылған халқының бұл қасиетін шабыттана жырлайды. М.Мақатаевтың «Ей, ақындардың жарлары» өлеңінде де ақынның қасиеті, бет-бейнесі
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық шынайы суреттеледі. Бұл жыр бір жағынан ерекше жаратылыс иесінің қасиетін сипаттау болса, екінші жағынан ақын жарларына, ақынды қоршаған ортаға, халқына деген ақыл-кеңесі, өсиеті сияқты. М.Мақатаевтың өлең бойындағы кейіптеу тәсілі де өте әсерлі шыққан. «Ақын деген табиғат қой» деп, табиғаттың әр жыл мезгіліндегі өзіндік ерекшелігін ақын мінезіне, ақын қасиетіне теңей жырлайды. Әр жыл мезгілінің өзіне тән құбылысы – қаһарлы қыс, жайма шуақ жаз, шуақты көктем, мамыражай қоңыр күз, осылардың бәрін ақын бойынан көруі, ақын мінезіне теңеуі өте сәтті бейнеленген. Ақындардың жалғыз тамшы жасынан, Жанға шипа табылар Себебі онда адам ұлы басұрған, Адалдықтың нәрі бар [65, 144 б.], – дейді ақын. Осы бір ғана шумаққа қаншама терең мағына сыйғызған. Ақын жырынан жанға шипа, емге дәру табылатыны шындық. Себебі, ақын адам жанының дәрігері. Дәрігер адам тәнін дәрімен емдесе, ақын адам жанын жырымен емдейді. Ақын жырының адам жанына шипа болар құдіреті – оның шыншылдығы, әділдігі және дәлділігі. Адам баласына бас игізіп, мойындататын да осы – адалдық. М.Мақатаев адалдықты қастерлеп, поэзияда ту етіп көтере білген ақын. Алайда, ақын жанын ауыртып, жүрегін сыздатқан дерт – түсінбеушілік, әділетсіздік, пендешілдік. Ақын да өмірдің бұралаң жолында кездесетін тағдырдың теперішін көп көрген. Сондықтан да: Өмір дейтін тайғанақ мұз айдынында, Жырлап келем, алдымен жылаймын да [65, 88 б.], – дейді. Ақын өмірден қаншалықты қиыншылықты көрсе де, мойымайды. Қайта керісінше шыңдала өзін-өзі қайрай түседі. Қуаныштан мұң жуық мына өмірде «Мұң мен зарға ондайда шаң қаптырам» дейді ақын. Қиыншы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық лықтан мойымас, қайратты жанның бейнесін танисыз. Өлең жолдарындағы қажырлы ақын бейнесі оқырманына да қажымас қайраттылық, өшпес рух танытады. Өмірдің ауыр соқпақтарында мойымас күш қуат береді. Ақын: Ей өлең, қайтсем саған жан бітірем? Жансыз өлең жанымды алды кілең. Бір ойым жүрегімде қаза болып, Бір ойым көмейімді қалды тіреп, Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем? [65, 8 б.], – деп толғанады. Жыр жолдарынан «Қазақтың қара өлеңі құдіретім» деп пір тұтқан ақын бейнесін көреміз. Қара өлеңге жан бітіре жырлаған ақын «Өлеңім, мен өлсем де сен тірі бол!» дейді. Яғни, ақын өз жаны үшін өлімнен қорықпайды. Артында ұрпағына қалдырған жырым өлмесін деп тілейді. Өйткені ақын халық үшін жаратылған жан. Халқының күйінішін мен сүйінішін «Өз үніммен жырласам деген едім» дейді. Елінің арман-тілегі ақын жырында көрініс тауып, қуанышты өмірмен байланыстырыла жырланады. Ақын өзінің «Қазақ жырының бір жылы» атты мақаласында: «Өмірдің өзі тұнып тұрған поэзия дейміз, алайда, сол өмірді, сол керемет табиғатты көретін көз, танитын талант, сезетін сезім керек. Әрине, есі дұрыс, басы жұмыр пенденің бәрінде де сезім бар, сезінбеуі мүмкін емес. Себебі: қуанады, күйінеді, шаттанады, мұңаяды дегендей... Алайда, сезіну бар да, сезімін сезімдерге айтып жеткізу, мойындату бар ғой. Міне, осы тұста адамдар дараланады. Әр халық өзінің сезім дүниесінен енші бөліп, сеніп тапсырып, дүниеге өзінің сезімтал елшілерін жібереді. Оның аты – Ақын» [120, 199 б.], – дейді. М.Мақатаев ақындық жолдың ауыр екенін мойындайды. Себебі, жыр ақынға оңайлықпен келмейді. Алдымен ерекше жағдайда әсер етіп, соның салдарынан
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жыр туындайды. Ақынның «Бірақ та қайғысыз бір толғатпаймын, алдымен жанарымнан жас ағызам» деуі сондықтан. Ақын жанын ауыртып, жанарынан жас ағызатын жағдай – халқының қайғысы. Оны жүрегімен қабылдап, жаны сыздап жырлайды. Халқының қуанышына да еркелеп, «шолжақтаймын» деуі де сондықтан. Мұқағалидың сөзімен айтсақ «Өлең деген тумайды жайшылықта, өлең деген тулайды қайшылықта». Өмірдің жайшылығында емес, қайшылығынан туындаған өлең – нағыз өлең. Өйткені, ол ақын жанын тебірентіп, толғандырып туған дүние. М.Мақатаевтың жырлары сырлы сезімге толы. Оның әр жыр жолдарынан аңсау мен сағыныш немесе қуанышқа, үмітке жетелеген ақын арманын байқаймыз. «Лирикалық шығармаға ақынның ішкі дүниесінің сыртқы себептермен, жалпы ақиқат шындықтың әсерімен аса қатты толқуы, автордың өз басының алуан-алуан нәзік түйсіктері, күйініш-сүйініші тән болып келеді» [121, 315 б.], – дейді академик З.Қабдолов. Яғни, ақын көңіліндегі сезімдер жыр жолдарында көрінеді. Әр жыр жолдары арман мен мұңға, қуаныш пен қайғыға, сағыныш пен үмітке құрылған. Ақын жырларында бұл сезімдер бір-бірімен тамыр байласып, астасып жатыр. Жылату көп, көңілді жұбату жоқ, Қалай жүрсең күйесің, бәрі бір от. Лаулап жанған арманның ұшқынынан, Жүрегімде тұтанып жанады шоқ [66, 31 б.]. Ақын өмірдің бұралаң соқпақты жолдарында кездесетін қиыншылықты жырлап отыр. Адам болып жаратылғаннан кейін сана-сезімі ояу, талабы зор әрбір пенде өмірден өз үлесін алуға ұмтылады. Өрге ұмтылған жанға өмірдің ауыр кезеңдері бірінен кейін бірі ұшыраса бермей ме? Ақын «жылату көп» деп сол ауыр кезеңдерді айтып отыр. Ақын жырында өмірдің теперішіне көп кездескен лирикалық бейне бар. Адам басына жақ-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сылық пен қуаныш оңай келе салмайды. Күн-түн төккен тердің, атқарған еңбектің арқасында ғана бейнетің жанады. Алайда, сол еңбектің өзі қиындықтан құралады екен. Ақынның «Қалай жүрсең күйесің бәрі бір от» деуі сондықтан. Қиындықты қалай да жеңе білуің керек. Өмір деп, тіршілік деп соққан ақын жүрегі өмір үшін арпалысады. Ақын жырында өмірге деген махаббатын асқақ сезіммен жырлайды. Ақынның өмірден түңілген сәттерін де өлеңдерінен кездестіресіз. Қатыгез қайсыбір сағатта, Өмірді келеді тастағың. Сонда да үмітті жоғалтпа, Қаралы күндерден қашпағын [46, 188 б.], – деп жырлайды. Өмірдің қатыгез сәттерінде өмірден безінесің. Алайда, ол уақытша қиыншылық. Үмітіңді үзбе, жақсы сәттер әлі алда дейді ақын. Ал ақынның келесі өлеңін оқып көрейікші: Қараңғы түнді жамыла, Қағазға қарап жалыға, Бақытты түннен күтейін, Алдағы өмір таңына [46, 188 б.], Ақын алдағы күннен үміт күткен бейнені сомдаған. Бұл көрініс оқырманына да көп ойды меңзегендей. Әрбір арайлап атқан таңнан тек қана жақсылық пен қуаныш күткен ақын қараңғы түннің қапасында қалып қоймай, жарыққа, болашаққа ұмтылған лирикалық бейне арқылы өмірді жырлайды. Әлеуметтік өмір мен күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін қиыншылыққа қарамай тек келер күннен үмітін үзбейді. Көретін күнім алдымда, Алдымда көрер таңым да. Алдампаз мынау тағдырға Бағынба, жүрек, бағынба!
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Үміт бар алда, бар арман, Талпына бергін таңдарға. Болымсыз нұрға ағарған, Алданба, жүрек алданба [19, 13 б.], – дейді ақын. Ақын өлеңдерінде оқырманын үнемі алға жетелеп отырады. Болымсыз жылт еткен сәулеге алдану да ақын табиғатына жат мінез. Сондықтан да ақын «Алданба, жүрек, алданба» деп үнемі ақылмен шешіп отырады. Жалған өмірдің болымсыз нұрына алданбай «Талпына бергін таңдарға» деп кеңес айтады. Ақынның «Көңілім» атты өлеңінде көңіл сезімдері тіптен басқаша қырынан танылады. Көңілде – дауыл, Көңілде оттар жанады. Қуаныш – қайғы бірісін бірі жабады. Жүрегім сонда жадырап, сергіп қалады, Дауыл мен оттан рахат, дамыл табады [46, 201 б.], – деп жырлайды. «Поэзияның қымбат қасиетінің бірі – ойдың да емес, сезімнің де өткір шыншылдығы ғой» [122, 60 б.]. Ақынның көңіліндегі дауыл сезім сергелдеңдері. Біресе құйын, біресе боран, біресе самал жел боп тынши қалатын да көңілдегі аласапыран сезім. От болып жанатын да сол. Өмірдің алма кезек сәттері – қуаныш пен қайғы да ақын жүрегінің емі. Сол арпалысты сәттер өмірге баулиды. Ақын жаратылысы ерекше. Жүрегі қайғыны да, қуанышты да бірдей қабылдайды. Қуаныш, бақыт, өкішін, қайғы – бәрі де ой, Көтере берем: көңілім – жердің шары ғой. О, дархан көңілім! Өмірімнің тозбас сәні ғой! [46, 202 б.]. Ақын жүрегі қандай сезімді де көтере біледі. Дархан көңілмен бәрін де бойына сіңіре алады. Бұл ақынға ғана біткен дархандық, кеңдік, дара мінез. Ақын көңілін жер
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық шарының кеңдігіне теңеуі де өте сәтті шыққан. Жер шарына бәрі де сияды ғой. Алайда, өмірдің бар ауыртпалығы көңілге де сыймас. Қуаныш, қайғы, өкініш, мұңшер, бақыт – бәрі де көңілдегі сезім болғанымен, адам жаны бір сәт бәрінен безінер. Тек қана тыныштықты қалар адам көңілі. Сондай сәттерді ақын да өткерген. Мысалыға ақынның «Сәби болғым келеді» өлеңін оқып көрейікші: … Құс та болғым келмейді! Қанатым бар. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған [18, 85 б.]. Өлең бойында қаншалықты сезім бар. Күміс қанатты ақынның көңілі бір сәт дүние есігін жаңа ашқан, еш нәрседен хабарсыз, бейкүнә сәби болғысы келеді. Тыныштықты, сәбилік шақты, балалықты сағыну, аңсау сезімі әдемі бейнеленген. Бұл бір сәттік ақын көңілінің сағыныш сезімі. Ақынның басқа жырларында адам басында жиі-жиі ұшырайтын сағыныш, аңсаумен қатар реніш, қуаныш, шаттану, сүйсіну, мұңаю сияқты сезімдерге оранған өлеңдер көптеп кездеседі. «Қашанда биік сезім ойға жетелейді. Сезім ләззатымен тұншығып қалу ақындарда көп кездесетін жәйт. Мұқағали поэзиясының кеңістігі кеңи түсетіні сол, шырқау сезімнен ой өріс алады. Қанаттанады. Бұл, әрине, талантты ақындарға тән қасиет. Сол ойды түйіндегенде барып ақын жаны тоят тауып, тыныстайды. Ширыққан сезім шешіледі» [115, 128 б.]. Мұқағали сезімі поэзияның көрігі. Өлең мазмұнын арттырып, мағынасын тереңдете түседі. Әртүрлі сезімде жырланған өлеңдері – мейлі қуану, мейлі қайғыру, реніш болсын өз мағынасын аша түседі. Мұқағали сезімінің байлығын өлеңдерінен танимыз. Мұқағалида мұңға батқан өлеңдер көп-ақ. Ақынның қиналған сәттері, айналасындағы кейбір адамдардың іс-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық әрекеті, өмірдің ауыртпалығы бәрі де жырларында кездеседі. Бірақ күйінген сәттерінде көңілі құлазымайды, болашақтан үмітін үзбейді, ақынды үнемі үлкен арман алға жетелеп отырады. Реніш, қайғы-мұңға құрылған өлеңдерінің өзінде ақынның түңіліп кеткен кезі жоқ, керісінше, қайраттанып, үлкен үмітпен алға ұмтылады. Ақынның «Бір ой» өлеңін оқып көрейікші: Сезесің әлденені, сорлы жүрек, Қорқу ма, қуаныш па – нені білед? Соққан тамырдағы жылы қандай, Асқақ ой бірі шығып, бірі кіред. Қорқу ма, қуаныш па келер маған? Арман ба жүректі өртеп жалындаған? Әлде ол үйреншікті мұң мен шер ме? Баяғы тұманды ой ма арылмаған? Болмаса тыңнан келген уайым ба? Білмеймін қуанам ба, жылаймын ба? Кірленген жүрегімді өрт шабытпен Серігім өлеңім мен жуайын да! Мен бір жан іші толған мұң мен шерге, Басымды бұлт басады кей күндерде. Дамылда, жайлап соқшы, сорлы жүрек, Дауылдатып жас жанымды өртей берме [66, 67 б.]. Өлеңді түгел алудағы мақсатымыз ақын сезімі, мұңы, аласұрған жаны өлең шумағының әр тармағында көрініп тұр. Өлең тақырыбының өзі айтып тұрғандай ақын жанын «бір ой» мазалайды. Осы мазасыз ойдың – қуаныш па, әлде қайғы ма, жоқ әлде үйреншікті мұң мен шер ме, бұл жағы ақынға белгісіз. Сол белгісіз ой ақынға маза бермейді. Ақын жүрегін мазалаған ой жыр жолдарында өлең болып төгіледі. Мазасыз ойдан ақынды тек өзінің серігі өлең ғана құтқарады. Мазалаған ой
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өлең болып қағаз бетіне түскенде ғана жаны рахат табады. Жүрегіндегі сезім өлең болып өрілгенде одан алар ләззат шексіз. Алайда, Мұқағали тек өз басын мазалаған ой туралы емес, қоғамға түскен ауыр салмақ жайлы жырлап отыр. Халықтың басына түскен қайғыны өзінікіндей қабылдап, ақын сол үшін мазасызданады. «Суреткер не жазса да өмірден алады. Өмір шындығын бейнелейді. Бірақ ол өмірде бардың көшірмесі емес, ақындық қиял қанатында болашақта болуға тиістінің де көрінісі. Тек қиял қайда бұрады, қалай жетелеп, қалай көрсетеді, гәп сонда. Өйткені, суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырып, сол қоғамның мүддесінен бейтарап қала алмайды. Оның творчествосында сол қоғамға деген көзқарасы, нені құптап, нені мансұқ ететіні көрінбей қалмайды. Ал, бұлардан оның творчествосының халықтық, қоғамдық мәнділігі танылып жатады» [123, 279 б.]. Ақын М.Мақатаевтың да қоғам мүддесінен бейтарап қала алмайтындығына өлеңдері дәлел. Қоғамның, халықтың хал-ахуалы ақын жанын мазалайды. Халқымен бірге жасап, халқының ұлымын дейді өзін ақын. Балалық шағы ауыр бейнетпен өткен М.Мақатаев сол жылдарды да аңсайды, сағынады. Сол, дауыл жылдар, от жылдар жасаған батырлар қатарында еңбекпен шыныққан ақын: Сағынып кеткенім-ай сол жылдарды, Саялап, қуат етіп мол жылдарды. Қосымды егістікке қондырғам-ды, Шық қарып табанымды тоң ұрған-ды. Сонда да сағынамын сол жылдарды, Сабанның арасында орным қалды [46, 72 б.], – деп балалық шағын сағына есіне алады. «Шалғының жүзін жанытып алып қарттарға, таласып біздер тамызда пішен шапқанда» деп ауыр еңбектің бейнетін тартқан ақын сол кезеңді сағына жыр жолдарына айналдыра-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ды. Әр ауыр еңбектің тәтті зейнеті бар. Ауыр жұмыстан қаншалықты қалжыраса да балалығын, бірге жүрген серіктерін сағынады. Өлең бойында сол кездегі адамдардың тату-тәтті тұрмыс-тіршілігі, әдептілігі сағынышты сезіммен әдемі өрілген. Өрекпіп бұлттар өткенде сахна – даладан, Сақтан деп аспан соққанда дойыр – барабан, Бұғынушы едік бәріміз бірге паналап, Балапанға ұсап ұямыз бір түп қараған [57, 82 б.], – деген өлең жолдарынан еңбек майданында бірге жүрген бір топ адамдардың бір үйдің баласындай ұйымшылдығын байқайсыз. Бір ұяның баласындай шүпірлеген балапандардың бір-бірін қорғап, көмектесуін ақын құстың іс-әрекетімен байланыстырады. Нөсерлетіп құйып өткен жаңбырдан тығылған бір топ балапанның бір ұяны паналауы да ынтымақты, ауыз біршілікті көрсетеді. Біріншіден, бұл көрініс ақынның балалалық шағынан хабардар етсе, екіншіден, ынтымақ, бірлік, достық, адалдық тарапынан тәрбиелік мәні зор. Ақынның тағы бір ерекшелігі – сөз айшықтаудағы тапқырлығы. Өлең бойында кездесетін «дала» сөзін жай ғана дала деп пайдаланбай оны сахнаға теңеп қос сөзге айналдыра жырлап отыр. Дала сөзіне сахна сөзін қоса даланың мағынасын тереңдете, өзгеше леп, екпін бере жырлайды. Күннің күркіреуін тіптен басқаша қырынан суреттейді. Аспанның күркірі, найзағайдың жарқылы соғылған барабанның дауысындай әсер етеді. «Сақтан деп аспан соққанда дойыр – барабан» деп өте әдемі суреттеген. Дойыр – барабанның дауысы – найзағайдың күркірі. Ақын өлең жолына найзағайдың күркірі деп алса, ол оқырманына әсер етпеген болар еді. Ерекше әсер алу үшін әдейі «дойыр барабанға» теңеп отыр. Мұнан тағы бір ерекшілігі – дойыр сөзі қазақы ұғымымызға жақын. Бұл тіркестің өзі өлең бойына ерекше екпін беріп, өзгеше леппен айтылады. Бұл да ақын тапқырлығы.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақынның балалық шақты еске ала жырлаған өлеңдерінің бірі «Есіңде ме?»: Шіркін-ай, сол бір өмір мұңсыз өскен, Аңғарсам, адастырған, ізі өшкен. Санаусыз сан ғасырлар өтсе дағы Қызығы балалықтың шықпайды естен [66, 95 б.], – деп жырлайды. Өлең бойында балалық шаққа деген ақынның сағынышы жатыр. Жыр жолдарынан шырын шақтың іс-әрекеті көрініс береді. Алаңсыз бал дәурен шақтағы ойын қызығы ақынды бір сәт балалық шаққа сапар шектіреді. Сол сағыныш өлең болып өріледі. Ақын өлең соңын досына наз ретінде аяқтайды: Достарым, есіңде ме сол бір шағың, Қанат жая өмірге жаралғаның? Бойға рахат жанға азық сол өмірден Бір ескерткіш қалайша ала алмадың? [66, 96 б.], – деп жырлайды. Ақынның өлең соңын түйіндеуі де ерекше. Достарының кейбір іс-әрекетіне көңілі толмаған ақынның ойы. Өйткені, ақын ойынша өткенді ұмытуға болмайды. Әсіресе, балалық шақтағы алған әсерін «Бойға рахат, жанға азық». Ақынның айтпақ ойы осы. «Тебіреніс күшті, шеберлігі жетік сырбаз ақындар қандайлық тақырыпты жыр етсе де, өз жүрегінің лүпілін, өз сезімін жырлап отырған дүниесіне араластырмай қоймайды, өмір құбылыстарына өз төрелігін, өз сүйінішін, өз күйінішін сездірмей қалмайды» [124, 143 б.]. Ақын Мұқағали Мақатаевтың кез-келген өлеңін алып оқысаңыз, одан ақын өмірін көргендей әсерде боласыз. Әр жыр жолдарында елін сүйген ақынның сүйініші, қуанышы, мұң-шері, қайғысы, көңіл-күй сезімі астасып жатады. Мысалы: «Шынымен еткен еңбек еш кете ме, ұрланып есіл өмір босқа өте ме?» жолдарынан ақын жанының күйінішін көрсеңіз, «Жамы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық лып сағыныштың зар шекпенін, сарғайып сенің үшін зар шеккемін» тармақтары сарғайған сағынышын көрсетеді. Сағынышты шекпенге теңейді, жай ғана шекпен емес, «зар шекпен» деп үдемелете жырлайды. Бір ғана «зар» сөзі өлең жолында сағыныштың мағынасын тереңдете көрсетіп тұр. Өлең тармақтарының соңын «зар шекпенін, зар шеккенін» тіркестерімен ұйқас ырғағын әдемі байланыстырған. Ал келесі «Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін, Алынбаған ақым бар сенде менің» тармақтарынан ақынның кең даладай ерке мінезін байқайсыз. Әр адам баласының дүниеге келгеннен кейін өмірден алатын өз сыбағасы бар. Ақын сол тағдыр тартқан сыйды жырлап отыр. Сол еншімнен кенде етпе, менде сенің «жас талыңдай жауқазын бүршік едім» дейді. Өлең жолдарындағы ақын теңеулері де сәтті. «Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенім, бура бұлттар – бусанып терлегенім». Мұндай ерекшелік өмірге ғашық ақынға ғана тән, соған бітетін мінез. Өмірдің бұйрат құмдарына шөлдеп, бура бұлттарымен бусанып терлейді. Терлегенде де ағыл-тегіл сел болып ағады, жаңбыр болып жауады. Өмірге деген шөлін ақын осылай басады. Өлең жолдарындағы ақын теңеулері де ерекше. Өмірге үлкен үмітпен, асқақ арманмен қарайтын ақын көзқарасы да ғажайып теңеулермен ерекшеленіп, жыр мағынасын аша түседі. «Күміс жалды күн дейтін көлікпенен, көріп келем өмірді, көріп келем». Тіршілікте «Күміс жалды күн дейтін көлікпенен» өтуі де ерекше. Ақын жай ғана күнделікті күйбең тіршіліктің мағынасын әсерлеп жал сөзін күміске теңеп, мағынасын арттыра түседі. Күннің күміс жалынан ұстаған ақын: «Кездеседі кей-кейде босаң қайғы», «Кеспек болып алдымды шошаңдайды» деп өмірдің бұралаң соқпақтарында кездесетін қиыншылықтарды жырлап отыр. Өмірдің өзі бір қуаныш, бір үміт, бір өкініштен құралмай ма? Ақын жырлап отырған «босаң қайғы» өмірдің «сыйға тартқан» бір
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өкініші. Сол «әттең-ай» дейтін өкініш адамның осал мінезі. Алайда, ақын ондай осалдыққа мойымастан «Жүгірмей, желмей, жортпай, жорғаламай, өрмелеп шығып келем жонға қарай» дейді. Бұл жолдардан да ақын мінезін байқайсыз. Аласұрып, аптығып, асығып, бермегенді тартып алу ақын мінезінде жоқ. Жай ғана күнделікті тіршілікте кездесетін қарапайым қимыл-әрекетті күрделі өмірдің көрінісіне айналдырып жырлап отыр. Ақын келесі жырында: Аулақ, аулақ, Аулақ менің жанымнан! Қара уайым қара шәлі жамылған. Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған, Бұлбұлымды ұшырағам жоқ бағымнан [18, 66 б.], – деп жырлайды. Бұл шумақтағы теңеулер де ақын ойымен астасып, кірігіп, өлең мағынасын аша түскен. «Қара уайым қара шәлі жамылған» тармағында тағдырдың ауыр белестері бейнеленеді. Ақын бұл көріністі «қара» сөзімен сабақтастыра бейнелейді. Қазақ ұғымында «қара» сөзі қасіреттің, қайғының белгісі. Ақын өлең жолдарында «Қара шәлі жамылған» деп қара қайғыны суреттейді. «Жазбын әлі гүлім жаңа жарылған» жолдарынан жастық шақтың бейнесін көреміз. Адам баласының жастық шағындағы өмірі, жасыл желекке бөленген, алуан түсті гүлдерге толы жадыраған жаздың әсем күндеріндей болмай ма? Ақын осы көріністі жыр жолдарына арқау еткен. «Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан» тармағында да терең ой жатыр. Жалын атқан жастық шақтағы атқарар ісің, алар қамалың, алдыңа қойған мақсатың, қиялдаған арманың бағыңнан бұлбұл құсындай ұшып, қиядан көрініп жатса – мақсатыңның орындалғаны. Ақын мақсаты осы. Сондықтан «қара шәлі жамылған» қара уайымды жанынан қуады. Қиялындағы арманына жету үшін бағындағы бұлбұлын әлі баптау үстінде.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Сондықтан да «Бұлбұлымды ұшырғам жоқ бағымнан» дейді. Ақынның бұлбұлы – көкірегіндегі арманы, жайқалған бағы – жастық шағы. Ақын теңеулері өте сәтті шыққан теңеулер. Сөздерді қарапайым қалыптан гөрі өзгеше ораммен үйлестіре білген. Бұл өлең жолдарына өзгеше леп, жаңа ұғым беріп тұр. Ақын кез келген жырын өмірмен байланыстыра жырлайды. Өмірдің бұралаң жолдары, тағдыр тартысы, күнделікті тіршіліктегі реніш, қамығу, қуаныш сәттері, бәрін де, ақын өмірмен байланыстырып, күрделілендіріп жібереді. Өмірдің бейнесін осы көріністермен көрсетеді. Сазды сөздермен өрнектеп, оқырманына ой тастайтындай әсерлі бейнелейді. «М. Мақатаев өлеңдерінен өмірге соншама қимас көзбен қарайтын үлкен жүректің лүпілін сеземіз. Адамдарға деген ақ ниеттілік, адамға деген ғашық жүрек лүпілін сезгендей болдық. Бізді тірлікке бір табан жақындастырып, ананы сүюге, өмірді сүюге, оны ардақтауға шақырады. Туған жердің әр түп жусанын, әрбір тал гүлін әлпештеуге үйретеді. Құдіретті күннің иненің жасуындай сәулесіне дейін баға жетпес қымбатқа балайды. Оқушы өмірге бар жанымен іштей елжірейді, іштей тебіренеді. Өйткені ақынның әрбір өлең жолдары адам баласын ойлануға ұмтылдырады. Бұл жағдай М. Мақатаевтың қайсыбір өлеңін оқысаңыз да үстемелене береді» [125, 137 б.]. Өмірдің өзі бұлқып, буырқанып, шымырлап, иірімденіп ағып жатқан өзен секілді. Сол асау өзеннің иірімдерін поэзияға өзек етіп нәзік сезімталдықпен жыр жолдарына айналдыру, айналдырып қана қоймай оқушысын әсерге, сезімге бөлеу, «Әрбір тал гүлін», «Әр түп жусанын» тау-тасын, бір уыс топырағын сүюге баулу – ақын М.Мақатаев жырының қасиеті. Ақынның әр жыр жолдарынан осындай сезімге бөленесіз. Өмірді сүюге, өмір құбылысын, өмірдің тарту еткен сыйын ардақтауға тәрбиелейді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Жалпы қазақ халқында қара түс жаман ұғыммен, яғни үрей, қайғының белгісі ретінде қалыптасқан. Тіршілік атаулыда ақ пен қараның тартысы арқылы өмір мен өлім арпалысы, күресі танылады. Ақ пен қара, түн мен күн, жарық пен қараңғылық, яғни, бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар тіршіліктің бітіспес күресіндегі тартыстың мәнін танытады. Бұл тартыс ақын жырында салыстырмалы түрде қолданылған. Ақын адам жанының қайғы-шерін ашып көрсетуде жырларына қара түсті пайдаланған. Қара түс белгілі бір ойды аңғартуға қызмет етіп тұр. Алайда, қара бояудың да өзіндік бейнесін ақын: Қап-қара ғажап сиқырлы Қашпаңдар қара бояудан! [18, 33 б.], – деп көрсетеді. Қара түстің соншалықты қайғы емес екенін, оның да өзіндік орны бар екенін жырлап отыр. Қап-қара түнді көрдім де, Жап-жарық таңға кездестім. Қарасыз, сірә, мен мүлде, Аппақтың нарқын сезбеспін [18, 33 б.]. Ақын жырында оқырман түйер үлкен философиялық ой жатыр. Өмірдің дауылды күндері болмаса, тамаша бейнесін танымас едім, қадірін білмес едім дейді ақын. Ақ пенен қара алмасып, Алмасып тұрса әрдайым. Ақ түске ғана жармасып, Қарадан неге қашайын [18, 33 б.]. Өлең бойында өмір заңы бар. Өмірдің үнемі ақ түстен тұрмайтыны, қара мен ақ кезектесіп өріліп отыратыны бейнеленеді. Яғни жақсы күн – ауыр күндердің жемісі. Тағдырдың ауыр салмағы болмаса жақсы өмірдің дәмі болмас еді дейді ақын. Сондықтан да өмірдің жеңіл жағына ұмтылмай, кездескен ауыртпалықты көтере білу керектігін жыр жолына арқау етеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.Мақатаев қара түсті өлең жолдарында ерекше түске бояп, құбылтып, қазақ ұғымындағы қара бояудың жақсы жағының салмағын арттыра көрсетуде де ерекше тапқырлық танытқан. Жетелеп сонау жылдар қара шалды, Қара сазда жүруші ең, қара шалғы. Қара шалғын ішінде қарт пен сенің, Талай-талай көріп ем тамашаңды [18, 107 б.]. Бұл шумақтағы шал, шалғы, шалғын сөздеріне «қара» сөзін қосып, мағынасын тереңдете бейнелеп отыр. Қара шал – қазақтың көне көз бейнесін білдірсе, өлең жолдарында қара шалға серік болып жүрген қара шалғы еңбек құралының, «қара шалғын» шүйгін шөптің бейнесінде жырланады. Жеке алғанда шал, шалғы, шалғын сөздерімен өлең жолдарының мазмұны ашылмас еді. Сөздердің мағынасын терең бейнелеуде «қара» сөзімен тіркесіп барып, өлең мазмұнын тереңдетіп көрсетіп тұр. «Қара» сөзі арқылы қара шалдың қарт бейнесі, қара шалғының еңбегі, қара шалғынның көк майсалы шүйгін бейнесі ашыла, тереңдетіле бейнеленеді. «Адам жаны – күй сандық. Поэзияның оған тіл бітіретін сиқырлығы – адам бойындағы не асыл, аяулы, асқақ сезімдердің пернесін баса білетіндігінде болса керек. Ол адамға, оның адам деген атына лайық асқар талаптар қояды, сонысымен жүрек отын маздатады, қанат бітіреді, жақсылыққа жетелейді» [126, 167 б.]. Мұндай жырлар ақын М.Мақатаев поэзиясында көптеп кездеседі. Ақын жырлары оқырманын баурап, көңіл көкжиегіне сенімділік ұялатады. Өмірге ғашықтық, арманға қол созу, алдына мақсат қойып соған жетуге талпыну ақын поэзиясындағы басты ерекшелік. Ақынның «Жапанда жалғыз жас емен» атты өлеңінде: Жапанда жалғыз жас емен, Келеді өсіп жаңадан [66, 34 б.], – деп өмірдің үлкен белесіне аяқ басқан кейіпкер бейнесін жапан даладағы
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жайқалып өсіп келе жатқан жалғыз түп емен – ағашқа теңейді. Өмірдің дауылды боранына мойымай, майыспай, қайраттылық таныта білген «Жас емен» кейіпкерінің күйінішін, мұңын ақын: Жапанда жалғыз жас емен, Тұрғандай бейне күйініп. Жабықты екен ол неден?... Мұңаяд басы иіліп [66, 34 б.], – деп суреттейді. Жапырағын самал желге тосып, жайқала көгеріп өсіп келе жатқан жас емен бейнесі арқылы жас адам басындағы мұң-қайғыны өлең жолында бейнелейді. Өлең соңын ақын: Жапанда жалғыз жас емен, Табылар серік қасыңа ! Жаңарып бірге күнменен, Өсе бер толып, жасыма! [66, 34 б.], – деп түйіндейді. Жас жүректің жанын жабырқатқан жалғыздық сезімді үмітпен алмастыра жырлайды. Келер күннен үміт үзбе. Сенің де серігің табылар деп жаны жалғыздық күйін шерткен оқырманына рух береді. Көңіл көкжиегіне сенімділік ұялатады, қиялына қанат бітіріп, алдағы күнге деген үміт отын жағады. Өмірдің дауылды боранынан ықпай, алға қарай қадам басқан сайын мақсатыңа бір қадам жақындайсың. Ақын айтпақ болған ойы осы. Жалпы, өмірмен күрес, өмірдің белестеріне көтерілуге талпыну, мұндай көріністер ақын жырларында өте мол. Мысалы: «Жас жүрек» өлеңінде: Өмір деп, тіршілік деп, келешек деп, Соғады әлсін-әлі қатты үлпілдеп [66, 37 б.]. деп жырлайды. Өмірге талпынған жас жүрекке сабырлық қажет. Өмірдің қыл көпірінде тұрып, аласұрған жас жүректің дүрсілін басып, тура жолға нық қадам басқанда ғана өмір соқпағынан адаспайсың. Ақын жас жүректің өмір сүруге құштарлығын шынайы көрсетеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Кейіпкердің өмірге деген құштарлығын шебер бейнелейді. Жас жүректің талпынысы мен ақын ақыл-кеңесі өлең мазмұнын, мағынасын тереңдете түседі. Жанар тауым бар еді ғой кеудемде, Жалын атып, жана-жана сөнген бе?! Тас шайнатып, жатушы еді от бүркіп, Тастай қатып, тынған ба енді, өлген бе?! [18, 206 б.]. Ақынның жанартауы – жастық шағы. Жастық шақтың алаулаған, албырт кезеңі ұшқан көңіл, күш-қуаты кеудесіне сыймай, соққан жүрек, бәрін ақын сәтті өрбітеді. Ақын «Тас шайнатып, жатушы еді от бүркіп» деп қайраты мол кезеңдегі іс-әрекетін, жастық шағын есіне алады. Өлең жолдарына «тас шайнап», «от бүркіп» тіркестерін өте сәтті пайдаланған. Осы тіркестер өмірдің ауыр кезеңдерінің көрінісін, бейнесін көрсетеді. Бұл кезең кез келген адамның басынан өтетін ауыртпалық. Ақын сол ауыртпалықты өлең жолына арқау ете отырып, өмір бейнесін ашып көрсетеді. М.Мақатаевтың поэзиядағы алдына қойған мақсаты – шындық, адалдық, сезім, ой, сенім. Осы қасиеттерді ақын бүкіл шығармаларына өзек етті. Қай жырын оқысаңыз да, өлеңдерінің өн бойынан осы қасиеттердің исі аңқып тұрады. Адалдықпен арын таза ұстап, шындықты пір тұтып, өлеңге терең ой мен ыстық ықыласты дарытып, сезіммен көріктендіре жырлайды. Оқырман ақынның бұл қасиеттерін бағалады. Себебі ақын, адам бойындағы әрбір қасиетті өз бойындағы қасиеттей көріп, оны жыр жолдарына айналдыра біледі. «Өлеңдегі өнер тақырыбы – өмірі өлмейтін тақырып, өйткені өлеңнің өзі өнер емес пе! Қандай бір тақырып болмасын, оның көркем дүниеге айналуы әмәнда шеберлікке байланысты екені хақ» [74, 100 б.]. Олай болса, қандай тақырыпқа қалам тербеп, оқырман көңілінен шығып жатса ол да ақынның үлкен шеберлігі, жырла-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рының құдіреті. Кез келген оқырман көңілінен шығатыны әр жыр жолдары терең философиялық ойға құрылғандығынан. Ақынның «Сырласу» өлеңіне назар аударып көрейік. Аспан мен Жер, Уақыт, заман жайлы, Өзім жайлы, Сен жайлы, анау жайлы, Бүгінгі ұрпақ, Бүгінгі Адам жайлы, Азды – көпті алдыңда айтылған сыр, Сотыңнан сенің сақтап қала алмайды. Соны ойлап сорлы көңіл алаңдайды. Білесің бе? Жыр жазу – маған қайғы! Мысалы, Анам жайлы Сөзбенен сурет салып, ой түйсем де, Анамдай бәрі бір ол бола алмайды. Мен ішімнен өртеніп, алаулаймын, Өз отыма жылынып, манаураймын. … Шындықтың ауылында қазына бар, Шыр айналып, соны іздеп алаңдаймын [57, 126 б.]. Ақын жан сырын өлең жолында өрбіткен. Ақынның қасиеті оқушысымен ашық сырласады. Көңіліне еш нәрсені бүкпей, ойындағысын ашық айтады. Поэзиядағы сыршыл мінезімен оқырманын баурап әкетеді. Аспан, жер, уақыт, заман, бүгінгі ұрпақ, бәрі де, ақын көкірегіндегі күрделі тақырыптар. Ақын солар жайлы ойланады, толғанады. Қоғам кемшілігіне алаңдайды. Ол ойын оқырманына жыр жолдарымен сыр етіп шертеді. «Ондай алаң көңілмен «Жыр жазу – маған қайғы» дейді. Сол қоғамның өзекті мәселелері ақын жанын өртейді, ол поэзияға айналады. Қаншалықты сөзбен сурет салғанмен, сөздің асыл маржанын тізбектегенмен,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық «Анамдай бәрі бір ол бола алмайды» деп толғанады. Жер бетінде анаға тең келетін еш нәрсенің жоқтығын жырымен ұқтырады. Ақын бұл жерде ана қасиетін жалпы ортақ мағынада алып отыр. Жер, су, аспан, адам, заман мағынасын ортақ бір арнаға, тоғыстырып, әлемнің анасына балайды. Жалқылықтан жалпылыққа көтеріліп, бүкіл әлем анасының бейнесін жырлап отыр. Мұқағалидың поэзиясына терең бойлаған сайын оның өлеңдері өзінің бүкіл өмірімен біте қайнасып, байланысып жатқанын көреміз. Ақын жыры өз басының қайғы-мұңы, шаттық, қуанышы болғанымен, бүкіл адам баласының басындағы оқиғадай жырланады. Бұл ақындық қасиеті. Оның ішкі жан дүниесінің кеңдігі – жомарт жүректі адам баласының бойындағы қасиет. Осы қасиетті өлең жолдарына нәзік сезімталдықпен сыналап кіргізіп жібереді. Ақын әрбір өлеңінде адам мінезінің бір қырын бейнелеп, өлең мағынасын сол қасиетімен үстемелеп отырады. Ақын өлеңдерінің оқырман көңілінен шығып үндесіп жататыны сондықтан. «Ірі ақын әр кез өмір шындықтарын типтендіріп, халық атынан, қоғам атынан ой түйеді, пікір айтады» [127, 63 б.]. М.Мақатаев өзінің көптеген жырларында адамгершілік тұрғысынан философиялық ойлы түйін жасап, адамдар арасындағы кездесетін жағымсыз, ұнамсыз жат мінездерді әшкерелеп жырлайды. Олардың жағымсыз мінезін өлең жолдарында көркем бейнелейді. Келесі бір жырында: Азамат едің тәп-тәуір, Барасың болып жат бауыр. Жалт беріп, сырғып кеткенің Жаныма менің батты ауыр [112, 63 б.], – деп адам баласының бойындағы мінез-құлықтың өзгерулерін жырлайды. Адам бойындағы ұнамсыз, жағымсыз мінездерді көкірек көзімен көріп, саналы ой елегінен
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өткізіп, оны жырында жан-жақты бейнелеп, әшкерелеп отырады. Ақынның арман, қиял, бақыт тәрізді адам баласына тән қасиеттер өмір шындығымен байланыстырыла, адамдардың арманы мен тілегін бейнелі түрде асқақтата жырлайды. Әрбір адамда арман бар, алдына қойған мақсаты бар. Сол арманына ұмтылып, мақсатына жетуге талпындырады. Белгілі мақсатпен өмір сүруге үйретеді. Ақынның «Арманда, ұлым» өлеңінде: Ақылымды тыңда, мейлің, тыңдама, Тілегім бар бір ғана: Шығып ал да арманыңның шыңына, Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана [54, 177 б.], – дейді. Ақын бұл жырында бір-ақ нәрсені айтқысы келеді. Ол – арманның шыңына шығу, соған ұмтылу, өрге қарай жүру. Соның нәтижесінде алға қойған мақсатыңа жету. Болса ақылың біл мынаны: жалғанда, Жолай көрме арманы жоқ жандарға! [54, 177 б.]. Армансыз адамның өмірде бар жоғы да белгісіз. Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Қанаты жоқ құс аспанда самғап ұшпаса несіне құс боп жаратылған. Міне, армансыз адам да сондай. Өмірге келгеннен кейін ең болмағанда құс сияқты самғай біл. Бір нәрсені армандап, соған қол жеткізуге ұмтыл дейді ақын. Келесі бір жырында ақын: Адам, сірә, бақытын місе еткен бе, Армандайық, армансыз кісі өткен бе. Байламы жоқ бақытқа құлдық ұрмай, Не жетсін арман қуып іс еткенге [54, 96 б.], – деп жырлайды. Адамның арман-тілегі оны алға жетелейді. Тек сол бос қиял болмай, жемісін жегізетін арман болсын дейді. Армандаймыз, аңсаймыз, қиялдаймыз,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Мына думан өмірге сия алмаймыз, Бос қиялмен өтпесек жарар еді, Көктемеген егінді жия алмай біз [65, 87 б.], – деп арманның жолында қиял қуып кетпеуін айтады. Ақын жыры оқырманына ой салады, мағынасы тереңде. Адамды жеткен жерінде қанағат тұтып, отырып қалмай, одан әрі биікке ұмтылып, самғай білуге баулиды. Өмір өз орнында тұрмайды. Өмір ағысына еріп, келесі биіктерге ұмтылу керек. Себебі «Бір арманның беліне мінгеніңмен, бір арманың бұлаңдап алдан шығар. Ақынның айтпақ болған ойы осы. Бұл идеясы оқырман көңілін тауып, одан терең ой түйері даусыз. Ақын арманды өмірдің өзімен байланыстыра жырлап отыр. Құр қиял қуып, қол жетпес арманға ұрынбауын реалистік тұрғыдан, яғни, өмірде орындалар, қол жеткізер мақсаттарға бой ұруға шақырады. Ақын жыры бұл көріністерді өмірдің ауыр бейнесімен астастыра жырлайды. Мысалы: Арман-ай! Орындалар болармысың, Қолыма қалай етсең қонар құсың? Әлде сен әр қиядан із соқтырған Олжасыз, опығы мол сонармысың? [19, 24 б.]. Жыр бойында арман бейнесі жалпы мағынада жырланған. Ақын екі ұдай сезімде баяндайды. Арман оңайлықпен қол жеткізбес биіктік қой. Ақын сол биіктікті аңшылыққа да теңейді. Қыстың күнгі қан сонардағы аңның қиядан ізін шалдырып, бірақ жеткізбей қинайтын сәтіне ұқсатады. Өмір суреті арман бейнесін дәл ашып береді. Ақын сол бейнені ашуда сазды, суретті сөздермен көрсете білген. Бұл тұрғыда ақын шеберлігі, өлең-өнеріндегі қарымы, сөз саптау тәсілі, бәрі де бірбірімен тығыз байланысқан. М.Мақатаев поэзиясының ерекшелігі – адам көңілкүйінің сезімдерін дөп басып жырлай білетіндігінде.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Мұндай жырлар ақын өлеңдерінде молынан ұшырасады. Ақын өлеңдері өмір шындығынан құралып, қоғам көрінісін, ондағы адамның көңіл-күйін философиялық түйінмен шынайы әрі нақты бейнелей біледі. Мұқағали адам көңіліндегі ойды, мінезіндегі байсалдылықты, күйгелектілікті бойынан дәл байқап, көре алады. Сол көрініс ақын қиялында жырға айналып, оқырманның басындағы сезім, көңіл-күймен астарласып, бірден баурап әкетеді. Жырларында ақын бар болмысымен оқырманымен сырласып, өзінің көңіл сырымен бөлісіп отырғандай әсер етеді. Мысалы ақынның: Сауығып келем, Жинап та келем есімді, Сағынып қалдым, Саламат өмір кешуді [30, 107 б.], – деп шын жүрегімен ақтарыла, өзінің көңіл-күйін сенімен бөліскендей жырлайды. Бұл көріністен ақын оқырманның ең жақын сырласындай көрінсе, келесі жырында: Қасқа бұлақ, қасыңнан неге кеттім?! Не деген жел айдаған көбелекпін. Еркіндік, еркелікті місе тұтпай, Тасқа әкеп өзімді өзім шегелеппін [31, 83 б.], – дейді. Бұл шумақтан ақын өкінішін сеземіз. Сағыныш, еркіндік, туған жеріндегі еркелік, қимастық сезімі бәрі астасып жатыр. Қасқа бұлақ – туған жерге деген сағынышы. Сол сағынышты өршіткен – ақын жанына түскен дерт. Аурухана төсегіне жіпсіз байланып, қасқа бұлағын аңсаған ақын жанының тебіренісі. «Тасқа әкеп өзімді өзім шегелеппін» тармағынан ақынның қаладағы өмір-тіршілігін байқайсыз. Ақын бұл көріністі «тасқа» теңеп өте шебер суреттей білген. Ауру меңдеп, жаны қиналған сәтінде де ақын өмірден, өлеңнен күдерін үзбейді, өмірге деген сенімін жоғалтпайды. Қиын ғой. Қиын…
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Көшіңді жолға доғарған, Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған, Жаға алмай сөнсең жалын мен отты, Сол арман, Жалындап тұрып, Өртеніп кетсең, жоқ арман! [30, 108 б.]. Ақын арманы – көкірегіндегі жырын айтып кету. Барлық асыл арманын халқына арнау, жырымен жеткізу. Қиналатыны «Көшіңді жолға доғарған» дейді. Яғни, қамал бұзар шағыңда орта жолда қалған жаман. Көкірегіңдегі барлық арманыңның іске аспағаны өкінішті. Ақын тек осыдан қорқады. «Жана алмай бықсып» шала жанған ағаштай, ісің орта жолда қалса, одан өткен азап бар ма? Одан да жас та болсаң «Жалындап тұрып, өртеніп кетсең, жоқ арман» дейді. Ақын бар арманын жырымен жеткізді, сөйтті де өзі армандағандай «өртеніп кетті». Нағыз кемел жасында жалындап барып, жоқ болды. Алайда, артында мол қазына өзі жанындай жырлаған жырлары қалды. Ақын жыры - ақын жүрегінің сыры. Поэзия мен ақын сыры өлең жолдарында астасып, біріктіріле жырлады. Ақынның ішкі сұлулығы өлең бойына құйылып, поэтикалық ойымен астасып сол арқылы жалындаған поэзия құдіретін танытады. Ақын жалын атқан сезімін «Хал сұрама, жыр сұра» өлеңінде былайша танытады: Сен менен хал сұрама, жырды сұра! Ырзамын өміріме, тұрмысыма. Жырды сұра! Ілесіп кетем бір күн, Қайтадан оралмайтын жыл құсына. Айдын көлден ажырар сағатында, Арман кетер аққудың қанатында. Арман қалсын, алайда жыр қалмасын, Жердің мына жетіқат қабатында [46, 62 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын өмірдің өтеріне қорықпайды, мазасы кетіп қамықпайды. Өмірдің заңы солай екенін сабырлылықпен түсіне біледі. Сондықтан да артында жырым қалса деп армандайды. Бас қатырып несіне күн кешемін, Бәрі де өтер… Ешкім де білмес емін. Күнім батпай, алдымен жырым батса, Бір сағат та жер басып жүрмес едім [46, 63 б.]. Ақын өмірдің бітуін кешкі күннің батуына әдейі теңеген. Өткен өмір батқан күнмен бірдей. Оның емін ешкім де білмейді. Алайда, күнінен бұрын жыры батса, онда ақын үшін өмірдің босқа өткені. Ақын үшін алдымен өмір емес, артында қалар жыры қымбат. Ақын поэзияның қымбат екенін жырлары арқылы дәлелдейді. Ақынның сезім күйіне шырмалып, өмірдің ауыртпалығын жаны ауыра сезінген сәттерін мына өлеңінен де байқаймыз. Еш нәрсенің керегі жоқ! Керегі жоқ, шаршадым! Басымда ұйып тұрып алды әлемдегі бар сағым, Өніп-өскен топырағыма апарыңдар, Тастаңдар, Тауларымды, Қара суды, Қарасазды аңсадым [31, 98 б.]. Ауру меңдеп, дертпен алысқан ақын, бір сәт өмірдің қатыгездігінен жаны ауыра, оған емді поэзиядан іздейді. Өлең ақын дертінің емі. Поэзияның құдіреті арқылы жанға дауа, дертке шипа табады. Бар сырын өлеңге айтып, мұңдасқанда ақын көңілі күн шуаққа бөленіп, жеңілдікті сезінеді. Ақын өлеңімен туған жердің қасиетін бейнелейді. Туған жер ақын үшін ең ыстық, жүрегіне жақын қасиетті жер. Ақын емінің шипасын көңілінің дауасын туған жерден іздейді. «Өніп-өскен топырағыма апарыңдар» деуі сондықтан. Оның ақын-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дық шеберлігі жыр дүниесінің болмысын туған жердің қасиеттілігімен байланыстыра жырлай білуінде. Жаны қиналса да, ақындық құдіретпен өлеңнің мазмұнын әлсіретпей, көркемдік құнын төмендетпей, керісінше, бар күшін айтар идеясын терең ашуға жұмсап, жырлайды. Дерт қысқан ақынның туған жерді аңсауы мазмұны жағынан терең ашыла түскен. Енді емделсем, Туған жердің топырағымен емделем, Ескек желмен ентігімді Басқанымды жөн көрем. Неге керек сән-салтанат, ию-қию, той-думан, Таудың ерке тағысымын, тағысымын Мен деген [31, 98 б.]. Туған жердің қасиетін бар болмысымен жоғары бағалап жырлайды. Таудан соққан желдің самалы ақын көңіліне демеу, дертіне дәру, жанына шипа. Ақын өзін «Таудың ерке тағысымын» дейді. Өлең бойында ақынның туған жерге деген сағыныш сезімі өріліп жатыр. Ақын болмысын, жаны, жүрегі ауыра күйзеліске түсіп, қиналған бейнесін «Шаршадым білем» өлеңінен байқауға болады. Алайда, бұл көрініс өмірден баз кешіп, безініп кету емес, керісінше, өлеңге, өмір сүруге өзін-өзі қайрау, қайраттылық таныту деп түсінеміз. Себебі, ақын үнемі ізденіс үстінде. Оқырманның көңілін дөп басатынын жырлары жанданып, түрленіп, өзіндік бояуымен айқындала түседі. Поэзиядағы асқақ үнімен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген. Үнемі тыным таппай ізденіс үстінде болғандықтан өлең-өнердің ауыр соқпақтарындағы қиындықтардан шаршаған ақын: Шаршадым білем, Жантая кеткім келеді. Миыңды жеген, құрысын бүйткен өлеңі! Күйзеліп тапқан көңілімдегі көрікті ой,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Аузымнан түссе, адыра қала береді [65, 90 б.], – деп жырлайды. Ақын бір сәт «миын жеген» өлеңнен дем алғысы келеді. Бұл жолдар ақын осалдығын емес, керісінше, өлеңге деген жауапкершілігін, көзқарасының тереңдігін танытады. Өлеңнің «қиыннан қиыстыру» жолдарының қаншалықты ауыр екенін сезінесіз. Ақын осы жолдардан өткен. Поэзияға жеңіл-желпі қарамай, терең сезіне отырып, өлең – сөздің сан түрлі құпия – қалтарысына үңіліп, ақындық сезімталдықпен, көкірек көзінің көрегендігімен жырлағанын аңғарасыз. Поэзияға деген үлкен талап, ыстық махаббат зор жауапкершілік жүктейді. Ақын соны сезінген, сондықтан да: Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба? Білер едің, Ақынмын ба? Жоқпын ба?... [30, 123 б.]. Екі жырда ақынның екі түрлі сезімі жырланған. Алғашқы жырында өлең-өнердегі ақынның үнемі ізденіс үстіндегі бейнесін көрсек, екінші жырынан поэзиядағы алаулап жанған ақын мінезін байқаймыз. Ақын бар сырын «Сырым да – осы, жырым да – осы, алдыңда» деп шын жүрегімен ақтарыла жырлайды. Бағасын халықтың еншісіне қалдырады. М.Мақатаев қазақтың қара өлең үлгісін терең ұғынып, оның ұлттық, жанрлық құдіретті сырын жетік меңгере білген ақындардың бірі. Поэзияда қара өлеңді ой мен сезімге байыта жырлады. Өрелі өріске көтеріп, қара өлең үлгісімен қалам тербеді. Бұл жөнінде белгілі ғалым Б. Сарбалаев: «Қара өлең және Мұқағали Мақатаев. М. Мақатаев оны алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан іздейді, кездескен адамдардан, желбіреген жалаулардан іздейді. Оны теңізге аққан бұлақтардан, лапылдап жанған шырақтардан да іздейді, көктемгі гүлдердің бүршігінен, кеудедегі жүректердің
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық дүрсілінен де іздейді. Яғни ақын үшін ұсақ – түйек, маңызсыз нәрсе жоқ. Жанын не нәрсе терең тербесе, бәрі – парасатты поэзия арнасы» [128, 40 б.], – деп баға береді. Ақын өзінің әйгілі «Қара өлең» атты жырында: Қалқам, Мен Лермонтов, Пушкин де емен, Есенинмін демедім ешкімге мен. Қазақтың қара өлеңі – құдіретім, Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген [30, 105 б.], – деп қазақтың қара өлеңін құдірет тұтады. Өзі сол жолда көп ізденеді. Қазақ халқының басынан өткен бүкіл тарихының сыры осы қара өлең бойынан табылғандай. Сондықтан да: Жат жерді жастанғанда жазатайым, Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым. ... Қасиетіңнен, қара өлең, айналайын, Қазақтың дәл өзіндей қарапайым [30, 105 б.], – деп жырлайды. Қазақтың қарапайым мінезіне тән жырында да бүкіл тарихтың суреті бар. Ақын сол суретті тарихты өлең жолына арқау етіп отыр. Туған жерін, Отанын жаудан қорғау әрбір азаматтың борышы болса, қазақтың сол ерлік ісі қанымен қара өлең болып тарихта қалды. Ақын «Аңызыма неге нәр тамызбайын» деп ата – бабамыздың қанымен жазылған ерлік істерді қара өлең үрдісіне айналдыра жырлайды. «Қара өлең жер бетінде тақсірет – қасірет мұхитын қаһармандықпен кешкен, тағдыр зобалаңынан ғибратты тағылымдар түйіп, ұрпағына өсиет етіп қалдырған ата – бабаларымыздың ауыз өнері. Солай болғандықтан әрқайсысымызға арналған сөз. Қара өлеңді естігенде жетпістегі қария да, жетідегі бала да көңіл көзін тігіп, зерде сандығының қақпағын ашатыны содан» [129]. М.Мақатаев ата-бабамыздың
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өсиет етіп қалдырған осы өнерін жалғастырушы. Бұл жөнінде ақын: Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. ... Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын... [30, 105 б.], – деп жырлайды. Қазақтың қара өлеңін жалғастыру ақын құдіреттілігі. «Жыр – ошақтың өтемін отын үрлеп, қара өлеңі қазақтың сөнбесін» деген ақын жыры бұл сөзімізге толық дәлел болады. Жыр бойы тұнып тұрған қазақы салт, қазақы ұғым. Осы салт –дәстүрді жыр жолына айналдыруда ақын шеберлік танытады. Жалпы М.Мақатаев жырларының азаматтық үні күшті, ішкі қуаты зор, сөздері айқын, ойы сергек, шарқ ұрған сезімге толы. Ол асқақ ой-пікірлерін бейнелі мәнмағынамен поэзия күші арқылы көкке көтереді. Ақын жүрегінің поэзияға деген сезімі де жыр жолдарында айқын, бедерлі. Поэзияның рухын биікке көтеріп, асқақтата жырлау, жүрегіндегі сезімін, көңіліндегі сырын жыр жолдарына төгу, ақиық ақынға ғана біткен қасиет. Сол қасиетімен баурап, адам жанын зерттеген. Адам жүрегіне үңіліп, оның жаратылысының қыр – сырын білуге ұмтылған. Поэзияның адам жанын баурап алар сиқырлы күші оның айтар ойы мен берер мағынасында. Сол қасиетті сиқырлы сөздермен өрбіте білуінде. Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан, Күнделікті тірлікке бой суытпа [65, 72 б.]. Өлеңнің өмірге келуі де жас сәбидің дүниеге келуіндей. Ойланады, толғанады. Қайшылық сәттерді ой безбенінен өткізіп барып өмірге өлең келеді. Алайда,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық осы сәттерді басынан өткерген ақын, күнделікті күйкі тірліктен бойын аулақ салады. Ақындық көңіл көзімен алыс сапарларды шолып, терең де мағыналы өлең туғызады. Ақынның «Алысқа аттан» деп меңзеуі осы ойды білдіреді. Айшылық жол ... Шөлдейсің, зарығасың, Армандайсың, аңсайсың, сағынасың, Жол азабын көресің, көресің де, Ашынасың, біресе бағынасың [65, 72 б.]. Ұзақ жолға аттанған адамның жол сапарында кездесетін қиындықтарды суреттеу арқылы өлең сапарының ауыртпалығын меңзеп отыр. Жолаушының басынан өткерген қиыншылығы, өлең әлемін қиялымен жолаушылап жүрген ақынның да басынан өтеді. Ақын сол қиыншылықты жырлап отыр. Азапты жолда армандау, аңсау, сағыну сезімі кім-кімнің де болса басынан өтері анық. Ақын бұл көріністі өлеңнің мағынасын терең ашып көрсетуде әдейі қолданып отыр. Сол сияқты қиналған сәтіңде бір нәрсеге ашыну, амал жоқ нәрсеге бағыну, мойындау сезімдерін ақын өлең жолдарында сәтті бейнелеген. Сол арқылы өлеңнің ауыр тағдырын танытады. «Даламен жүресің, тау асасың», «Сезесің биігін де аласасын» деп өлең өлкесіндегі биік-биік асулар мен азапты жолдарын суреттейді. Биік таулар мен сайын дала, елсіз мекенді басып өту алыс сапарға шыққан жолаушы міндеті. Ақын осы көріністі поэзияның ауыр да азапты тағдырын бейнелеуде сәтті пайдалана білген. Жолаушының тартқан жол азабы, қиналған сәттердегі басынан өткерген теперіші арқылы поэзияның бұралаң жолын, ақынның сезімін бейнелейді. Міне, осылай өлеңнің кілті деген, Құйттай жүйең қалмайды сілкімеген. Аттанам деп алысқа, айдалада Адаспаса болғай-ды шіркін өлең [65, 72 б.].
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Поэзия тағдырының қиындығын, ауыр кезеңдердегі белестерін жырлай келе, сол жолда адаспауын, дұрыс жолды таңдай білуін тілейді. Поэзияның дара жолында теріс кетпей, түзу, тік жүріп, биіктерден көріну-ақын арманы. Ақынның алдына қойған мақсаты да осы. Басқаларға айтпақ ойы да, ақылы да осы. Ақын жүрегі буырқанған жырға, көңілі алабұртқан сезімге толы. Көңіліндегі асау толқынды жыр жолдарымен өрбітеді. Бар сезімін ақтара, шынайы көңілмен жырлайды. Жанымда менің Жасырын жатқан вулкан бар, Жалынын атпай жасырын ғана бұрқанған [46, 270 б.]. Ақын жүрегіндегі вулкан – ақын жыры. Жанын тебіреніске толтырып, атылуға шақ тұрған вулкан – поэзия вулканы. Поэзиядағы ақын жанының буырқанған сәтін жанар таудан атқылаған вулканға теңеуі өте орынды. Ақынның поэзиядағы жырларының вулканша атқылауы ақын шабытының бейнесі. Ақын шабытын атқылаған вулканға теңеуі, сол арқылы поэзияның құдіретін танытуы ақын тапқырлығын танытады. Жанымда менің Атылмай жатқан жасын бар. Өзендер жатыр, Мұршасы келмей тасуға. Ғаламнан үлкен осынау жұмыр басымда, Жеңісе алмай, Зарядтар жағаласуда... [46, 270 б.]. Ақын бейнесі тұнып тұрған, тасқындап төгілгелі тұрған поэзия. Аспаннан жарқылдап жанып түскелі тұрған жасын – ақын жүрегінен шабыттана тасыған өлең селі. Буырқанған шабыт көңілде алас ұруда. Өлеңнің буырқануын өзеннің тасқындауымен байланыстыра кейіптейді. Жұмыр бастың ғаламнан үлкендігі де поэзияның
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық буырқана шабыттанған кезі. Пісіп жетіліп, төгілгелі тұрған өлең шумақтары ондағы оқиғалар желісі. Ақынның айтар ойы, көңілі ғаламға сыймас тасқын сияқты. Сондықтан да «ғаламнан үлкен» деп бейнелей жырлайды. Көңіл толқынындағы «жеңісе алмай» жатқан да поэзия бейнесі. Ақын бұл көріністі де арпалыс үстінде, өлеңнің тартысын, яғни, ақын ғаламында пісіп – жетіліп, төгілгелі тұрған поэзия бейнесін суреттейді. Өлең жолдары басынан соңғы тармағына дейін поэзияның ақын көңіліндегі арпалыс бейнесі. Бірде бұйығып үнсіз қалған шабыт, бірде тасқындап ағыза жөнелетін өзендей бейнеленіп, екі жақтың бір-бірін аңдысып ала алмай, бір-біріне бағынбай жатқан бейнесі. Алайда, бұл көрініс поэзиядағы заңды құбылыс. Аласұрған, тасқындаған көңілден тумаған поэзия ақынның шын болмысын танытпас та еді. Ақын сондықтан да көңіл көкжиегінде сапырып, араластырып, «жұмыр басында» пісіріп барып, дүниеге әкеледі. Жырым көп менің әлі жазылмаған, Кенім көп әлі менің қазылмаған [54, 121 б.]. Ақын бойындағы талантын, халқына арнар жырын айтып отыр. Бар айтарын жырымен айтқысы келеді. Бойындағы әлі айтылмаған сыры, ашылмаған талантын «Кенім көп әлі менің қазылмаған» деп кейіптеуі де сондықтан. Кен жеріміздің байлығы, халықтың қазынасы. Ол да үлкен еңбектің арқасында іске асырылады. Ақын осы көріністі өзінің бойындағы талантымен, әлі айтылмаған, ойындағы айтсам деген жырларымен байланыс Ғашық әнімді айтайын өмірге мен, Құлақ естіп көздерге көрінбеген. Нөсерім тұр көгімде төгілмеген, Жемісім тұр бағыма себілмеген. Бермей кетпен бәрін де тегінде мен [30, 106 б.]. Өмірге ғашық ақын жүрегі бар арманын, көкірегіндегі бар асыл қасиетін жырымен жеткізгісі келеді. Бо-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық йындағы жырын төгілгелі тұрған нөсерге теңеуі де жарасымды. Ақын жыры да бұлтша буырқанып, төпеп құйып өтетін нөсер сияқты көңіл көкжиегінен сырлы сөздермен төгіліп, бар ойы, арманы жырмен бейнеленеді. Әлі айтылмаған, көкірегінде пісіп-жетіліп тұрған поэзиясын «Жемісім тұр бағыма себілмеген» деп жырлайды. Ақын бұл суреттеуінде поэзияны талдау нысанына алып отыр. Бақта пісіп жетілмеген жеміс – ақын қиялындағы жыры. Әлі толық жетілмеген. Ақын көкірегінде қайнап, қорытылып барып жырға айналып, қағаз бетінде өріледі. Бұл көріністен поэзияға деген ақын жауапкершілігінің салмақтылығын байқаймыз. Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін, Оңбайсың сөз өнерін тежегенің! Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар, Бұл тірліктен бір күнде безер едім [30, 106 б.]. Бұл шумақ та ақынның поэзияға деген адалдығының куәсі. Поэзияға тиген жерін тіліп түсетін өткір алмас пен қанжардай сөз керек. Ақын жырларында мұндай көріністер көптеп кездеседі. Не нәрсені суреттесе де көп сөзділікке бармай, сиқырлы сөзбен дәл, нақты бейнені бере алады. Сондықтан да «Оңбайсың сөз өнерін тежегенің» дейді. Яғни, тек шындықты айтып, шынайы қалпыңды жоғалтпауың керек. Поэзияға терең мазмұн беретін жыр керек. Сонда ғана жыры шынайы болады. Ақын айтпақ болған ойы осы. Өмірінің ақырғы шағында саналы ойлар толғап, дана жырларымен халқына берерін поэзия арқылы жеткізгісі келген ақын бір сәт өлең туралы толғанады. Өміріммен өтер болды-ау бұл өлең, Бір маза жоқ, кілем тоқып, гүл өрем. Асқар тауға ақша бұлт боп қонақтап, Қара жерге қара аспандай түнерем. Өміріммен өтер болды бұл өлең [31, 252 б.], – деп жырлайды.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ақын жанын мазалаған, жүрегінде маздап жанған поэзия құдіреті асқақтатып аспанға да көтереді, шарықтатып қияларда да самғатады. Ақында жайбарақат сезім, көңілінде маза жоқ. Көңіл көкжиегіндегі өлеңнің әсерімен «Асқар тауға ақша бұлт боп қонақтап» жүр. Бұл көрініс поэзия құдіретінің ақын көңіліндегі сезімі. Өлең жолында ақын тебіренісі, ақын сезімі өте әдемі суреттелген. Ақын шалқар шабытқа бөленгенде қиялымен қырға шығып гүл де тереді, алуан түрлі гүлдерден кілем де тоқиды. Тіпті, найзағайдай жарқылдап, түнерген бұлт болып та өлеңнен нөсер төгеді. Бұл жүрегін өлең жаулап алғандағы ақын бейнесі. М.Мақатаев осы сәтті басынан өткеріп, оны өлең жолдарына айналдыруда шеберлік қасиетін шыңдай түскен. Ақынның шынайы бейнесін келесі шумақтардан да көреміз. Өлеңімсіз өмір сүрмес болыппын, Өлеңімсіз өмір де жоқ, борықпын. Ақындық бір жазылмайтын дерт екен, Ақындық бір ауру екен соны ұқтым. Ақын деген лапылдаған өрт екен, Ақындарға жанып өту серті екен. Бықсымаспын, шалам қалмас артымда, Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем [31, 252 б.]. Өлең бойында ақынға ғана тән қасиет бар. Ақындық дертпен ауыратын ақын жүрегі ғана шынайылығын осылай танытады. Ошақтағы шала жанған оттан ғана күйелеш күл қалады. Ақындық қасиет бықсымай, лапылдай жанғанда барып, одан адам жанын баурап, жүрегіне шоқ түсірер таза поэзия қалмақ. М.Мақатаев осындай өлеңді өміріне серік етеді. Поэзияда шоқтай жайнап, лапылдап жанып өтуге серт етеді. Бүгінде ақынның бұл арманы орындалды да. Жалынға оранған жырлары оқырманның ыстық ықыласына бөленіп, өз бағасын алды.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық «Поэзия – ғылым. Зерттеу керек. Адам өмірінің, адам жанының зерттелмеген, қалам тартылмаған несі қалды? Соны табу, соны зерттеу керек. Адам сезімін жанжақты зерттейтін құдірет болса, ол тек – поэзия. Басқа ешқандай да ғылымның қолынан келмейтін шаруа бұл!» [130, 8 б.]. Адам баласының сезімін, ашылмаған құпия қыр-сырларын оқып, поэзияда өлеңдерімен зерттеді. Адам жан дүниесінің тылсым сезімін жырға айналдырды. Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар адам жанын зерттеуден? [54, 133 б.], – деп адам жаратылысының тылсым дүниесін, оның бойындағы қасиетін зерттеді. Адам жан дүниесінің сезімін өлеңмен өрнектеді. Ақынның адам бойынан тапқан дүниесі поэзияға айналды. Ақын осы поэзияны бай қазынаға балап: Қазынам бар. Қисапсыз шектеледі. Қызғанады біреулер, жек көреді. Бермеймін де сатпаймын, көрсетпеймін! Алам десең, Алдымен зертте мені… [46, 223 б.], – деп жырлайды. Адам жанының қыр-сырын жырға қосып, өлеңге айналдырған ақын поэзиясы жан-жақты зерттеліп жатыр. «Бар сырымды түгел әлі ашқам жоқ, дүлдүліме әлі қамшы басқам жоқ» деп өзі жырлағандай поэзиясының сыры неғұрлым терең зерттелген сайын әр қырынан таныла береді. Біз бұл зерттеу еңбегімізде ақын поэзиясын түгел жан-жақты зерттеп бітірдік деп айта алмаймыз. Ақын поэзиясы ғылыми тұрғыдан әлі талай зерттеліп, сан қырынан ашыла берері даусыз. М.Мақатаев поэзиясындағы адамгершілік, адалдық, әділдік сияқты адам бойындағы асыл қасиеттер ақын жырларында кең тақырыпқа айналған. Ақын лирикалық кейіпкер арқылы қызғаныш пен сүйініш, пәктік
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық пен асқақтық, безбүйректік пен бауырмалдық, зиянқорлық секілді жұмыр басты пендеге тән іс-әрекет иелерінің бейнесін көрсетеді. Белгілі ғалым М. Дүйсенов: «Ақын жанының бар тебіренісі, ойының бар тереңдігі оның лирикалық кейіпкерінің характерін аша түсу үшін қажет» [131, 99 б.], – дейді. Яғни ақын лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы терең толғаныспен өмір күресінің алуан тартысын көрсетеді. Өмір шайқасындағы адамдардың кесірткедей өңін өзгерткен қуыс кеуделердің іс-әрекеттеріне, тоғышарлыққа, безбүйректікке, жандайшаптарға, даңғой мен енжар ездікке ақын жаны қас. Ақын ондай мінезді адамдардан жиренеді. Оны өлеңдерінде ашық сынға алады. Ақынның осы ашық мінезділігі, «Көкірегіне кір жасырмай», арамдық пен екі жүзділіктің, көзге күліп, сырттай кесек лақтырып көлгірситіндердің, үндемей жүріп, іштен шалатын, жала жабатын арызқойлардың мінезін әшкерелейді. Ақынды бір сәт өмірдің бұралаң жолдары шаршатқанда адал жаны әділдікті шарқ ұрып іздеген сәттерін, өмірден торыққан кездерін өлеңдерінен аңғарамыз. «Өмірде шындық пен қиянатшылдық бір-біріне қарама-қарсылықты құбылыстар» [132, 12 б.]. Әйтсе де, ақын қаншалықты қиыншылық көріп, өмірдің өгей баласындай шетқақпай тартса да, өмірге өкпесі жоқ, керісінше, ақынның өмірге деген талпынысы, өмір сүруге ұмтылу, тағдырдың алдына тартқан бар сыйына ризалығын ақын жыр жолдары арқылы білдіреді. Ақын өлеңдерінен өзін-өзі қайрап, қиындыққа төтеп бере алатындай, күш-қайрат жиып, күресу жолын таниды. Бір сәт күншілдік, пендешілікті ұмытып, бір-бірімізді күндемейтін күн кешейік деп жырлайды. Адамға өмір бір-ақ рет берілетінін, сол өмірдің көп уақытын пендешілікке салынып, күндестікпен өткізіп жіберетінін жыр жолдарында өте шебер бейнелей келе, қас-қағым сәтте өте шығатын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық «Мына жарқын өмірден» жауласпай жүріп өтелік дейді. Алайда, ақын бар кінәні өзгелерге аудармайды. Желіктіріп, су бүркіп сайтан маған, Кезім болды әділдік айта алмаған [46, 18 б.], – деп бір сәт пендешілікке салынып, әлсіздік танықтанын мойындайды. Ақын өлең бойына таза, пәктік бейнесі – періште мен жамандық, қара ниетті бейнелейтін – сайтанның мінез-құлықтарын қоса жырлап отыр. Қазақта періште – пәктіктің, сайтан, ібіліс – жамандықтың бейнесі. Сайтанның да, күнәсіз періштенің, Бал мен уын талғамай неге ішкемін? [46, 19 б.], – деп ақын бір-біріне кереғар қарама-қарсы екі адамның ниетін періште мен сайтан бейнесі арқылы олардың ісәрекетін ашып көрсетеді. «Несіне ердім сайтанға жат көрінген» деп өкінішін білдіре, оқырманына ой тастайды. Ақын өлеңі басынан бастап адам өміріндегі болып жатқан оқиғалардың түйінін шешіп, түзу жолға бет бұрған кейіпкер бейнесін сомдайды. Әйтсе де ақынның лирикалық кейіпкері: Адалсың деп көңілімді көпсітпе, Адалдықты ала келгем анамнан. Арамсың деп өмірімді өксітпе, Жұмыр басты пенде болып жаралғам… [65, 24 б.], – деп пендешілік қасиетін мойындайды. Өмірдің ауыртпалығын ақын лирикалық кейіпкер аузынан айтқызады. Бірге жүрген досы, жолдасынан көңілі қалса да, «Жолдассыз, доссыз өткерген өмір өмір ме» дейді. Пендешілік жасап аяғынан шалған досын бәрі бір қимайды ақын. Өлең бойындағы осы көріністер лирикалық кейіпкер мінезінің кеңдігінен хабар береді. Жамандыққа жақсылық тек кең пейілді, көңілі таза адамдардың ғана қолынан келетінін көрсетеді. «Білемін, керемет бір күн келеді» деп ақын алдағы күнге үміт артады.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.Мақатаев поэзиясына белгілі ақын Ф.Оңғарсынова: «Мұқағали поэзиясы – азаматтық пен адамгершіліктің симфониясы. Әр шумақ, әр өлеңнен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің жанталас үні естіледі» [133, 305 б.], – деп баға береді. «Ақиқаттың ауылы» атты өлеңінде ақиқат, адалдық, достық, бауырмашылдық, шындық – адам бойындағы осы жақсы қасиеттердің барлығы басқаша қырынан көрінеді. Өлең бойында барлық жақсылық бірігіп, айлакер, қу, арамзалардың тапталғанын жыр жолдарында ақын ақиқаттың ауылын ерекше ілтипатпен жырлаған. Ақиқаттың ауылында шыныққан қасиеттер жамандық атаулыны жолатпайды. Тек қана жақсылықпен, тату-тәтті достықпен өмір сүретін ақиқат ауылын жыр жолдарында өте шебер суреттейді. Бар жақсылықтың ұйытқысы саналатын: Ақиқаттың ауылы – Ұлы Отаным, Атқызып тұр шындықтың құла таңын [46, 47 б.], – деп Отан-ананың қасиетін де жыр жолдарында паш етеді. Жақсылықтың бастауы – Отанда, бірліктің, ынтымақтың берекесі – отанда. Ақын жырлары арқылы оқырманын отансүйгіштікке тәрбиелейді. Табиғаты ерекше жаратылған ақынның өмірі де қарапайым адамдардан басқаша. Оның бойындағы күшжігері мен ақындық қуаты ала бөтен. Ақын өмірінің ерекше өткенін сырға, мұңға толы өлеңдерінен байқауға болады. С.Ақатаев: «Мұқағали өзі қалай жазды, не турасында жазды, солай өмір сүргені де белгілі. Басқаша айтқанда, Мұқағали поэзиясының басты кейіпкері – ақынның өз басы, тұла бойы» [134], – дейді. Ақынның жеке басының проблемасы – халықтың проблемасы, сол ортада өмір сүріп жатқан адам проблемасы. Ақын осы жағдайды өз басынан өткеріп, лирикалық кейіпкер бейнесімен сомдайды. Мұқағали сомдаған лирикалық
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық кейіпкер адамзаттың кешегі мен келешегіне ой толғап, ұдайы тебіреніс, қимыл үстінде көрініп, бүгінгі күннің жақсылығы мен жамандығын сараптап, жанашырлығын білдіріп отырады. Заманның жақсылығына сүйеніп, әділетсіздікке күйіне жырлайды. Мынау өмір – әділдіктің тұрағы, Мынау дүние әділдіктен тұрады. Ал Адам ше? Адам неге жылады? Біреулерден біреу неге ығады? Біреулердің сағы неге сынады [65, 9 б.], – деп жырлайды. Табиғат ананың жаратылысы бір-біріне әділ, адалдық танытқанда адамдар неге бір-біріне адал емес, неге күншілдігі басым? Ақын жанын осы сұрақ қинайды. Әділдік бар ғаламға, әлемге ортақ. Жер де, күн де, тау да, орман да бір-бірінен қуат алып, бір-біріне сүйеніш. Адамдар да осылай өмір сүрсе, жер бетінде арамдық, қулық-сұмдық болмаса деген ақын арманы өлең жолдарына айналады. «Жақсы адам әлеуметтік ырыс, жаман адам – керіс, екеуінің арасы жер мен көктей. Жақсы мен жаман ойнап күле алмайтыны, жақсы мен жаман бірге жүре алмайтыны –міне осыдан. Бірақ жаманды жақсы ету әлеуметтік парыз, жақсының қоғамдық міндеті» [134], – дейді. Мұқағали да жаманшылдыққа жақсы қасиеттерді үйретуді, оның бойына жақсылықтың нұрын себуді парызым деп түсінген. Талай жамандыққа жақсылықпен жауап қайтара білген. Оған ақын өлеңдері дәлел бола алады. Адамның бүкіл айыбын Арқалап алып, Азабын өзім көрер ем [65, 85 б.], – деп жырлайды. Жамандыққа жаны қас, жалғандықты сүймейтін ақын: Бүкіл дүние жамандықтарын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Артыңдар маған көтерем! Қарызым болсын өтеген, Жауыздық біткен менімен ғана бірге өлсе, Бүгін-ақ өліп кетер ем [65, 85 б.], –деп жырлайды. Қорыта айтқанда, поэзиядағы ақынның ақындық тұлғасы айқын. Қазақтың қара өлеңіне табынып, оған жан бітіре жырлаған М.Мақатаев өлеңді өмірмен тікелей байланыстыра бейнелейді. Ақынның өмір жайлы толғанысы, көзқарасы оқырманына үлкен философиялық ой тастайды. Адам көңіліндегі аласұрған сезім, қуаныш, бақыт, сағыныш, аңсау, өкініш, күйініш, қайғы, мұң, бәрі де лирикалық кейіпкер бейнесі арқылы өлең бойында айқындала түседі. Яғни, ақын лирикалық «мен» арқылы өз ойын, өзіндік болмысын танытады. Ақын қандай тақырыпқа қалам тербесе де, не жазса да өмірден алады. Адам бойында кездесетін адамгершілік, адалдық, әділдік сияқты асыл қасиеттер М.Мақатаев поэзиясының басты элементтері. Оның поэзиясы осынысымен құнды әрі өміршең.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі Ақынның тұтас бір әлемге айналуы кез келген таланттың, тіпті, кейде тегеурінді таланттың да маңдайына біте бермейтін құбылыс. Әрине, ақын тұтас бір творчестволық әлемде бағы жанып, жолы болып кеткендіктен немесе әлдеқандай бір желеп-жебеушілердің қолынан тартып, қолтығынан демегендігінен айналмайды. Өйткені ақын ол творчестволық әлемді өзінің талант, зейін-зерде, ілім-білім, маңдай тер қуатымен дүниеге келтіреді. Қазақ поэзиясына өлшеусіз үлес қосқан ақынның бірі М. Мақатаев деп атап айта аламыз. ...Батырлар дүбірлеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер... [135]. Өткен мен бүгінді, бүгін мен келешекті байланыстыру қай қаламгердің де назарынан тыс қалмайтын нәрсе. Бірақ соны өрнекті жырмен көркем бейнеге айналдырып жырлау барлық ақынның қолынан келе бермейді. Ал М.Мақатаев осы үш уақытты, яғни өткенді тарихтан айтпайды, бүгінді құрғақ мадақтамайды, келешек туралы сәуегейлеп, көсемдікке салынбайды. Мұның барлығы оның өлеңдерінде тұтас болмысымен көрінеді. Қазақ жерінің қасиетін оның тарихымен, бүгінімен ұштастыра білген. Сүйемін мен жерімнің Топырағын, тасын да. Сүйемін думанды елімнің, Кәрісін және жасын да.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Сүйемін, өскен Отаным, Жылысып өткен жылыңды. Қарыздармын сондықтан Беремін талай жырымды [135]. ақын халықтың тағылымдарды тығыз ұштастырып, суретті сөз жасайды. Қазақ жерінің киелілігі, қазақ елінің біртұтастығы ақынды қуантады. Сондықтан да ақын киелі топырықтың қасиетіне тәнті болады. Кез келген ақын қаламынан туған жырларда әсемдікке тамсанған, болмыс-бітімді суретті сөзбен сомдаған жырлар төгіліп тұрса, М.Мақатаевта қай тақырыпта болсын өлең жолы сыртқы сұлулықпен ішкі түйсік үйлесім табады. Ақынның «Жездіде» өлеңінде: Жер асты – көгілдір тау, құлама жар, Жер үсті – көк тіріген мұнаралар. Қазақ жерінің қай аймағы болсын өз құндылығымен ерекше. Осы баға жетпес құндылық ақын жырларында сыртқы сұлулық пен ішкі тереңдіктен өзара үндестікпен құралған, өлеңдерде адам, болмыс ұғымдары туралы ақынның кесек-кесек ойлары сұлу өрнекпен берілген. Өлеңдер адам жүрегіне шуақты сезім құяды, өмір – болмысты, адам – болмысты жаңа қырынан танытуымен нәрлі, әрі ажарлы. Жеті қат жер астына енгеніңде, Ұқсамайды тозаққа, көрге мүлде. Ғұлама кеншілерді көргеніңде, Көк тастың найза ойнатып өңменінде, Кенші болғың келеді сен де бірге [135.146 б.]. Ақынның айтқысы келген ойы өлеңнің соңғы тармағында көрініс тапқан. Жеті қат жер астындағы жұмыскер-кеншінің ерен еңбегін ақын шеберлікпен сомдаған. Өлеңнің әр тармағы өлшеусіз еңбекке, сан жетпес қай-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық раттылыққа толы еңбек адамының болмысын аша түсетіндігі айқын. Ақынның осы жыры әрбір еңбек адамының болмыс-бітімі арқылы үлкен ойға жетелейді. Ел қамы үшін тыным көрмей жүрген ерлердің нар тұлғасы осы өлең жолдарының ішінде тұр. Ақындардың барлығы да ой айтуы немесе ойландыруға міндетті. Бірақ көпке белгілі қисық қағиданы қайталауға ойсыз, нәрсіз шумақтарды ішектей шұбыртып, оқырманның көзін үйрететін қасиет М.Мақатаевта жоқ. Ақын өлеңдері әлгідей іш пыстырарлық әлсіз әдістен іргесі бөлек. Ақын өлең жолдарында айтар ойын ұтымды көрсете білген. Сан алуан тақырыпқа қалам тербеген ақын поэзиясында табиғаттың орны ерекше. Ақын ұғымында табиғат адам баласымен егіз ұғымда сипатталады. Адам баласы үшін туған жердің орны бөлек. Ал Мұқағалида табиғат пен туған жер тақырыбы бірін-бірі толықтырып, бір-бірімен байланысып, қабыса тұтасқан егіз тақырып. М.Мақатаев жырлары тек қазақ жерінің әсем табиғатын ғана танытып қоймайды. Оның астары философиялық ойға құрылған. Күн көзінен төгіліп, тамған нұрдан, Бүкіл тірлік оянып, арман қуған. Күннің шипа шуағы сипап өтсе, Кәрі еменді қуарған жандандырған. ...Оятуда барлығын күн шуағы, Ойға түсті, қыр асты, тыншымады [135.269б.]. Таңның атуы мен күннің батуы – тәуліктің белгілі бір мерзімі ғана емес, ол адамның алуан мінезі, өмірдің сан қилы құбылыстары. Күннің көзі жер әлемді нұрландыратын, тіршіліктің тынымсыз әрекетінің көзі іспетті. Жанды-жансыз дүние атаулының барлығының тынысы
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық секілді. Ақын тіршілік көзін айналасына шуақ шашқан күн нұрымен байланыстыра отырып, үлкен ойға жетелейді. Көктемде қарсы алып шуақ күнді, Көк пен жерге керемет қуат кірді. Жасыл шапан жамылып мауытыдан, Ескі тонын ер өлкем лақтырды. Шағылысып бастаудың тұнығымен, Бірде ойнайды құлынның тұлымымен. Жасантқалы жайлауды бара жатыр, Бірде ілесіп жылқышы құрығымен [135.269б.]. Ақын жырында табиғаттың әсем бейнесі жыл мезілімен сабақтастырыла бейнеленген. Адам баласының тынысымен, өмірімен тығыз байланыста суреттелетін жыл мезгілдерінің қай қайсысы болса да өз ерекшелігімен құнды. Алайда соның ішінде көктем мезгілінің ақын поэзиясындағы орны ерекше. Көктем тіршіліктің бастауы. Көктемде құлпырған табиғатпен бірге барша тіршлілік иесінің оянар сәті. Осы ой ақын жырларының арқауы. Тіршілік атаулының тынымсыз әрекеті табиғат-ананың болмысымен тығыз байланыста жырлануы ақынның ақындық шеберлігі деп білуге болады. Ақын тіршіліктің тынымсыз әрекетін көктем мезгілімен байланыстыра, астарлы, мағыналы ойға құра білген. Ақынның соны ізденістен туған көңіл-күй лирикалары, әртүрлі тақырыптағы туындылары тың өрнекпен өріліп, толғандырар ойларымен елітеді. Расында да оның өлеңдері тайға таңба басқандай ой айтқанда ғана емес, сезімнің ыстық лебімен өріліп жатқан дүниелер. Мәселе, шығарманың көлемінде немесе тақырыбында емес. Ең бастысы өлеңдік қасиетінде, өмірдің өзіндей шынайылығында болса керек. Әр ақын замандастар жанының жыршысы, арман-тілегінің мұңшысы болуға
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық тиіс. Бұл орайда М.Мақатаевты өз заманының жаршысы бола білген ақын деп айта аламыз. Жырда шекара жоқ. Жыр – өмір сәулесі. М.Мақатаев қандай тақырыпты жырласа да оқырманға жан жүрегінің жылуын, жан сырын жайып салып, ашыла ақтарады. Ақын өлеңдері өмірдің өзінен ойып алғандай мұңлы сарын мен астарлы ойды меңзеп отырады. Ақын жырларының оқырман қауымға жақын болуы да осында. Әр халық өз поэзиясымен ерекшеленеді. Жер жүзі халықтарының тіліндегі бедерлі, айшықты, әсерлі тармақтарды зердеге сақтап, одан шын мәніндегі көркем поэзия жасауға талпынғанымен әр халықтың өзінің төл ұғымынан туындайтын ұлттық бояуы айқын болмайды. Қазақтың қара өлеңі деген тіркес қаншалықты қарапайым болса, соншалықты ұлттық бояуға да бай. «Күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деген Мұқағалидың өлең жолын барлық қазақтың жатқа білетіндігі, ондағы ұлттық ұғымның барынша тереңдігінде. М.Мақатаевтың қаламгерлік табиғатына көңілге тез ұялайтын аталы сөз, құлпырған тіркес, құрай білетін ұтқырлықпен қатар, қарапайымдылыққа тән. Осы ретте оның поэзиясында мазмұн мен түр өзара кірігіп тұтас дүниеге, тұтас болмысқа айналып кетеді. Ақын мінезінің қайсарлығы өлеңінен көрінеді. Ешкім басын имес менмендік те кейде талантты ақындарға жараса кетеді. Басына түскенді қиналмай көтеретін биік рух М.Мақатаевтың поэзиясына тән. Ақын мінезіндегі қайсарлық, қиыншылық атаулымен мойымай қасқая қарап тұрып, күресе білу оның өлеңдерінде тайға таңба басқандай өріліп жатыр. Бірақ сол мұңын, сол қайғысын халық мұңына айналдыра білетін ақындар көп емес. Ақын да адам. Адамның тууы қандай заңдылық болса,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өлуі де сондай заңдылық. Ақын да осы екі заңдылықтың аралығында өмір сүре жүріп, өмір тіршіліктің қуанышын да, күйінішін де, азабын да бәрін бәрін жырға қосты. Әйтсе де өмірдің қас қағым сәттей ғана өткінші екендігін сөз құдіреті мен ой тереңдігімен жырлау ақын біткеннің барлығының қолынан келе бермесе керек. Алайда бұл ақын қолынан келді. Өлімді небәрі қырық бес жасында мойындап, өмірден баз кешкен ақын артына өлеңдерімен мәңгілік өшпес із қалдырды. М.Мақатаевты өмірдің өзі шынықтырды. Өмір ұсынған тауқыметтер ол үшін таусылмас тақырып болды. Сондықтан бар арманын, бар қасіретін жыр жолдарына айналдыра білді. Оның өз ортасына деген өкпе назы да сол тірі тіршілікке арналды. Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері тақырыптық жағынан кең, диапазоны ауқымды, ауан арнасы сан салалы. Ақынның қай жыр жинақтарындағы өлеңдерін алсақ та олардан жүрек махаббатының сыршыл сазы, азаматтық әуені, әлеуметтік сарын мен философиялық ойға құрылған өлеңдерін көптеп кездестіреміз. Ақын не айтқысы келсе де терең толғаныс, ішкі қозғалыс үстінде замана мінбесінде тұрып сөйлейді. Ақынның «Менің мақсатым» өлең жолдары осы ойымызды нақтылай түсетіндей. Мен жырламаймын, Сырласамын. Сыры бар замандаспен мұңдасамын. Асыққан уақытпен, Адымымды, Абайлап анда-санда бір басамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым. Бөгендеп бетонменен қоя алмаймын,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Өзінше емін-еркін туласа ағын. Ғайыптан пайда болған сайтандайын, Жыр туса, қайтармаймын. Улатып май таңдайын, Ащы тіл ақиқатын айтар дәйім. Ақын жыры тек қана ақиқатқа құрылған. Жалғандықты жаны сүймейтін ақын бар сырын өлең жолдарына айналдырады. Осы жолдарда ойды философиялық тұрғыдан түйіндеу басым. Мұқағали құрғақ уағыз айтудан, кеуекі фәлсафа соғудан о бастан бойын аулақ салған ақын. Ақын тағдыры өлеңмен өлшеніп, өлеңмен өрілген. Ақын өлеңдерін шебер мүсіншідей мінсіз салып соғуға тырысады. Сондықтан да оның өлең жолдарында басы артық оқшау сөз, сөйлем жоқ тек қарапайым ойға құрылған. Әсіресе ішкі ырғақ үйлесімдігі ақын жырларының келбетін келістіріп, сыртқы сұлулығын одан сайын ажарландырып жібереді. Оның өлеңдерінің суретті сөз болып, көз алдыңа тұра қалатынын, ондағы қою бояуларға өрнекті образдар қатысты. Образға айналған сөз құдіретін ақын өлең жолдарында түрлендіре, ойната бейнелеуі оның ақындық шеберлігін танытса керек. Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы кең жырланған тақырыптардың бірі – туған жер тақырыбы. Кез келген өлең жолдарынан ақынның туған жерге деген ыстық ықыласын танимыз. Ақынның «Бақ мекен» деп аталытын өлең жолдары да осы туған жердің әсем табиғаты оның қойнындағы байлығымен сабақтастырыла жырланған. Құт мекен, Ырыс мекен,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Асыл мекен, Ақ бидай ақтарылған шашу ма екен?! Бабаларым аңсаған бақыт деген Байқасам, бүгін менің қасымда екен. Немесе: Ақ жарқын қауым, Бірінің қамын бірі ойлап, Жараңдар, Неткен ынтымақты еді бұл аймақ! Тамаша ауыл, тап-таза көңіл, таза аспан. Тұрса екен өстіп, Кетпесе екен лайлап. Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн, Осынау жерге кіндігімменен байландым. Байырғы қазақ бастарыңа кеп бақ қонған, Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым. Ақын ата мекеннің құт мекенге айналғандығын адамдардың ынтымақты, тату-тәтті өмірі екендігін танытқысы келеді. Өлең жолдарында ой ұшқырлығы мен тапқырлық өзара тығыз ұштасқан. Мұндай татымы келіскен өлең жолдары ақынның барлық өлеңдеріне тән десек те болады. Әңгіме етілген өлеңдердің барлығында да әлем, тыныштық, достық, махаббат деп аталатын ұлы да, мәңгілік тақырыптар өзінің бар болмыс шыншылдығымен, шынайы шырайлылығымен суреттелген. Бұлардан ақынның ақындық қуаты айқын аңғарылады. Осы бір ғана шумақта сурет те, салмақты ой да, ұйқас та – нағыз өлеңге тән қасиеттің бәрі де бар. Өлеңнің аяқталуында түйіндеген ой – татулық, береке, бірлік екендігі даусыз. Қай дәуірде болса да өзектілігін жоймаған адамзат болмысының түйінді проблемасына Мұқағали Мақатаев осылай қарайды. Яғни бейбіт күннің
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық бітіспес күресі еңбектің жемісі екендігін ақын ойы таныта түседі. Адам санасындағы қайшылық кереғарлықтарды ақын әуелден-ақ контрасты көріністерде бейнелеген. Оның қаламына ұлттық реңктегі бояулар молырақ ілігеді. ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ лирикасының жаңашыл белгілерін сөз еткенде, Ақын Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы тың ізденістерге толы болғандығын айта кеткіміз келеді. Бұл дәуірді қазақ поэзиясының жаңару, сілкіну кезеңі десе де болады. Жаңа адам бойындағы тың саласын аша отырып лирика да рухани өсті, пафосын жетілдірді, өлең мәдениетін көтерді. Қазіргі қазақ поэзиясында ой айтудың жаңа тәсілдерін іздеу бағытындағы көркемдік ізденістерді сөз еткенде ақындар творчествосынан көп жаңалықтар табуға болады. Қазақ поэзиясы үздіксіз толығып, айқындала жетілу, өсу үстіндегі творчестволық процесс. Ең басты жауапкершілік сөзге деген жауапкершіліктен туған. Әдебиет алдындағы жауапкершілікке дейінгі өрге көтерілер – парасаттылық. Ең басты әдебиет өзін жас сезінбеу, ұшан теңіз фольклоры, тасқа жазып қалдырған дастандары, Шалкиіз, Абай, Мағжан, Қасым, Әбділдә, Мұқағали, Қадыр, Жұмекен бар әдебиеттің лайықты мұрагері деп ұғыну кесек ізденістерге ұмтылу. М.Мақатаев лирикасындағы туған жер мен табиғаттың әсем болмысы оның дала тақырыбындағы өлеңдерімен ұштаса жырланады. Ах далам, айхай далам, сағым далам, Бір бұлдыр жоқ-ау көзге шалынбаған; Бір ғаламат бойыңда сабыр бар-ау, Аспан құлап кетсе де тарынбаған. Ах далам, айхай далам, сағым далам!
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Төсінде атылмаған жанар таулар, Вулканын тұншықтырып, дамылдаған. Боз далам, күрең далам, жасыл далам, Кісі емес саған келіп, бас ұрмаған. Құныға құшырым бір қанбай қойды-ау, Қалай ғана құшармын, ғашық-далам?! [137.37 б.]. Лирикалық кейіпкерлердің сезіміне ерекше ден қою оның танымдылығын, не ұстамдылығын таныту емес. Әр ақынның өмірді өзгеше жүрекпен сезіне білуінің ерекшелігі әсерлі. Дала туралы жазылған өлеңдеріне мән берсек М.Мақатаев өлеңдерінде адам психологиясындағы өзгерістер бұлай жіктелмейді. Ақынның жырларында тек қазақ санасы, қазақ мінезі деген ғана ұғым бар. Ақын лирикасындағы «Мен» нәзіктігімен, сезімталдығымен, дүниеге әсерленгіш құбылмалылығымен де көзге түседі. Туған жердің табиғатын, боранның тілін, желдің үнін, құстың тілін білетін, мұңның тілін ұғатын ақын жаны күн-түн көз жасына тұншығып өксісе, күз жылылық іздеп сүйенеді. Қазақтың даласындағы әрбір өзгеріс, әрбір келген жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі ақын жүрегін толғанысқа толтырады. Сап-сары түске боялған күзгі жапырақтардың сарғайған сағынышқа айналуы ақынның жандүниесінің нәзіктігін танытса керек. Ақын поэзиясында адам жан дүниесін жаулап алар тазалықтан тұнған адалдықтың, адамдықтың үнін сыншыл сезіммен жырлай келген ақындар аз емес. Әдетте ақындардың бірін философ ақын, бірін лирик ақын, кейде тіпті оларды ақынның ақыны, сезімнің ақыны деп т.с.с атап жатамыз. Бұндай атауларды кезінде Мағжан туралы жазған мақаласында Жүсіпбек Аймауытов та қолданды. Әрине, талантты ақындардың барлығына ортақ сипаттар мұндай атаулармен шектел-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мейді. Ең алдымен олардың поэзиясын бір-біріне жақындатып тұратын басты пафосқа назар аударуымыз керек. Ол ақындардың туған халқын жан жүрегімен сүйетіндігі. ХХ ғасырда өмір сүрген ақындардың барлығы да кеңестік идеологияның қысымын көрді. Мұндай қиындықты Мұқағали Мақатаев та бастан кешірді. Заманның ырғағына үн қатып жазған тың игеру тақырыптарына арналған өлеңдерінің өзі қазақ жерінің байлығын мақтан тұтып, сол байлықты игеру жолындағы ерлердің ерен еңбегін дәріптеуге арналды. Яғни, ақын жүрегі үнемі қазақ деп соққандығын оның өлеңдері дәлелдеп берді. Әдебиетке алпысыншы жылдары келген талантты буынның ірі өкілдерінің бірі Ә. Кекілбаев ХХ ғасырдың жетпісінші жылдарында аға буын творчествосын емес, тікелей өзімен әріптес буынның шығармашылығы жайында әдебисын мақалалар жазып, жақсы бір әдеби дәстүр қалыптастырған еді. Бұған Ә. Кекілбаевтың «Дәуірмен бетпе-бет» әдеби-сын мақалалар жинағы мысал бола алады. Бұл жинақта қаламгер әдебиетке ақынның алдында келген және өзімен бір тұста қадам басқан М. Мақатаев, С. Жиенбаев, Қ. Мырзалиев, Т. Молдағалиев, Т. Айбергенов, Ж. Нәжімеденов секілді ақындардың поэзиясының жетістіктеріне кеңінен тоқталып, олардың өзіне тән ерекшеліктерін тап басып танып айтқан еді. Жалғыз аяқ соқпақ жатыр іргесінде үйімнің, Соған шығу қиын екен өмірдегі қиынның. Жалғыз аяқ соқпақ әкеп жолға салды шытырман, Шимай-шимай сызығындай жүрегім мен миымның. Бұл соқпақпен әкем менің қан майданға аттанған, Бұл соқпақпен әжемді де қабіріне ап барғам. Бұл соқпақпен баламды да ұзатып сап мезгілсіз,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Бәрісінің жүрген ізін ескерткіш қып ап қалғам. Сол соқпақпен жүріп келем бір жығылып, бір тұрып, Жол іздеймін, жол іздеймін алға қарай ұмтылып, Жол шіркіннің орының да, жарының да көбін-ай, Сүрінемін, жығыламын, қайта жүрем ынтығып [138. 367б.]. М.Мақатаев – лирик ақын. Лирик болғанда жай лирик емес. Өмірдің ащы шындықтарымен қоян-қолтық араласып, замана, уақытқа өз жан даусымен үн қосып, көкірегін кернеген улы запыранды аямай төге білген ақын. Ақынның жырлап отырған жолы өмір жолы, тағдыр жолы. Жай ғана соқпақ емес. Тағдыр соқпағы. Ақын өлеңдері терең философиялық ойға жетелейді. Мұқағали өлеңдеріндегі лирикалық қаһарман ешкімге ұқсамайды. Оның лирикалық кейіпкері өмірден көп ой түйе білген, салмақты, салихалы қаһарман. Оның өлеңдері оқырманын ешуақытта бей-жай қалыпта қалдырмайды. Қайта сол өлеңдеріндегі азаматтық позиция оларға ерекше жігер беріп ширықтыра түседі. Ширығу тек оқырманға ғана емес, Мұқағали қаһармандарына да тән. Ақын жаны нәзік. Сондықтан да өмірде болып жатқан әрбір әділетсіздік ақын назарынан тыс қалған емес. Оның жүрегі кінәмшіл, бірақ болмашыға әсерленіп, болмашыға бола қара аспанды суға алдырып отыратын ақын емес. Басқаша айтсақ, ақынның ақындық сезіміне жел беретін, қуат дарытатын өмірдің қым-қиғаш қайшылықтары. Сол қайшылықтардың қара қазанында қайнап шыққан өлеңдер болғандықтан да оқырман Мұқағалиды сүйіп оқиды. Оқырман оның өлеңдерінен өз бейнесін, өз өмірін танығандай сезімде болады. Ақын жырларын өлеңсүйер қауымның үлкені де, кішісі де
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сүйіп оқитыны сондықтан. Ақын өзі айтқандай «ХХІ ғасыр құрдасына» айналды. Сусыны жоқ жолаушыдай кезерген, Сусыным бір қанбай қойды ежелден. Ол – жүректің шөлдегені, сезем мен; Төрт аяғын тағалатып бурылдың, Бұрқыратып кең өлкемді кезер ме ем? [137.14б.] Ақын өлеңдеріндегі лирикалық қаһарманның басынан өткен жәйттерді өмірдің өзі тудырған. Шөлім неге, шөлім неге қанбайды? Тәтті де іштім, ащы да іштім, Нанбайды. Жүрек нені, жүрек нені талғайды? [137.14б.] Ақын тағдырдың ащы тартысын көрген, өмірдің бар ауыртпалығын сезінген, сезініп қана қоймай өз басының өмірдің ащысын да, тұщысын да өткерген. Сондықтан да ақын жүрегі тыныштыққа үйренбеген, керісінше аласұрып әділдік іздеп, қиюы қашқан мәнсіз, берекесіз, күйбең тіршілікте адамдық болмысының алдында есеп беруге үндейді. Қазақ поэзиясында үлкен бір белес боп саналатын Абай поэзиясын әр бір ақын өзіне үлгі тұтты. Абай мектебінен дәріс алды. Абайша ой айтуға, Абайша жазуға ұмтылды. Абай әлемін шарлады. Абайды оқи жүріп, қазақ поэзиясында өз қолтаңбасын қалыптасырған ақын қаншама. Әр ақынның өзіне тән стильдік ерекшелігі бар екені айқын. Абай жалпы адамзатты көркем ой әлеміне өзінің талантының арқасында ғана емес, өз бетінше көп ізденіп, өзіндік көркем әдіс табуымен жетті. Өлеңнің өрнегін құлпыртудың неше алуан тәсілдерін табу арқасында оның өлеңдері өлмей келеді. Абай айтқан әрбір ой бүгінде де өз құндылығын жойған жоқ Керісінше, уа-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық қыт алға жылжыған сайын Абай поэзиясының құны арта түсуде. Абайдың реформаторлығын қайталамағанымен Мұқағали оны өзін адастырмас жарық жұлдыз іспетті санады. М.Мақатаев – уақыт туғызған ақын. Уақыттың сөзін ғана айтып қоймай, сол уақыттан алған әсері көл көсір сезімге айналады. Бірақ ойсыз жалаң сезімді жырлау ақын өлеңдерінде мүлдем кездеспейді. Терең ой айтуға ұмтылу оның алдындағы аға буын ақындардың поэзиясында да болды. Осындай ортақ стильдік ерекшеліктердің бір мезгілде өмір сүрген ақындардың поэзиясында кездесіп отыратындығы жайында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Бақыт Кәрібаева былай дейді: «60-80 жылдар қазақ лирикасын түрлік, мазмұндық, көркемдік тұрғыдан ілгерілеткен лириктеріміз Т. Айбергенов, М. Мақатаев, С.Жиенбаев, М. Шаханов, Ж. Нәжімеденовтердің стильдік ерекшеліктері, ойлау арсеналдары дара-дара болғанымен, кейде уақыт ортақтығы кезеңнің суреткерлік тұтастығын құрайды. Сондықтан өнеріндегі дәстүр, өлеңнің жанрлық ішкі ерекшеліктеріндегі ізденістері кейде тіпті де бірбірімен жақындай түседі. Мәселен, Мұқағали, Төлеген, Мұхтардың он бір буынды қара өлең ұйқасына жазған сезімдік өлеңдері ішкі иірім, ырғақ, интонация жағынан бір бірімен тым үндес жатады» [6]. Кейбір ақындар өлеңдерінде өмір шындығын ашып көрсетудің орнына баяндалып отырған жағдайларды ешбір көркемдік електен өткізбей, құбылыстың сыртқы түрін қызықтап кететіндігі ақиқат. Өмір болмысының ішіне үңілмеу – ақын сезімінің жалаңдығы. Ал М.Мақатаев өлеңдерінде айтылған ойлар ешбір жанды енжар қалдыра алмайды. Осындай өмірдің ащы шындықта-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рымен үнемі беттесіп отыруы Мұқағалидың қоғамдық позициясын, идеалын анықтайды. Көркем шындық өмірді образды түрде суреттеп, озат идеал тұрғысынан эстетикалық биікке көтеріп жырлау, адам баласына маңызды саналатын құбылыстарды типтік деңгейге дейін көтеріп суреттеуде көрінеді. Осы тұрғыдан алғанда М.Мақатаев айтайын деген ойы өлеңдерде көркемдік образдық сипатта көрініс тауып отырады. Ойы өткір, ақиқатты айқын өлеңдерімен М.Мақатаев бүгін де қазақ поэзиясының төрінен ойып тұрып орын алды. Өмір құбылыстарын көркем шындыққа айналдырудағы ақынның біліктілігі, эстетикалық толғамы, ойлау дәрежесі қазақ поэзиясына көркемдік тәсілдердің жаңа арналарын қалыптастыруға ықпал етті. Өмірді көркем шындықпен суреттеудегі ақын қолтаңбасының күрделі құбылысқа айналып отырғандығының сыры да осында. Келгелі жиырма жыл мен өмірге, Қызығын жиырманың көремін бе? Кім білсін жасай алмай енді бес жыл Жабығып жайбарақат өлемін бе? Жиырма! Қуанамын келгеніме! Бірақ сен айналдырма ермегіңе. Аллама тәубе етейін әлде қалай... Ырзамын бұл өмірді бергеніңе. Жиырма! Тағы мені шиырласа, Қайтемін еш қуаныш бұйырмаса? Тез жойып оннан өткен қателікті,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Өмірді бастар ма екем жиырмаша... Тақырыптық тұрғыдан М.Мақатаев өлеңдері өмір мен көңілдің сан сауалдарын көтереді. Ақын небәрі жиырма жасында-ақ өмірге үлкен қарт кісіше қарайды. Жиырма жаса албырт жас. Алды артын ойламайтын албырттық. Алайда жиырма жастағы ақынның көзқарасы албырттық емес. Лирикалық кейіпкердің өмірге деген көзқарасы салмақты. Өмірдің аққарасын салмақтап, қателік жібермеуге тырысады. Өмірді түсіну, санаңмен сезіну, қателікке бой алдырмау – адам баласының өз қолында. Ақын оқырманына осы ойды айтқысы келеді. М. Мақатаев өзге де замандас ақындармен қарайлас, қанаттас келеді. Өз оңтайына орайлы, басымдау жырлайтын, парасат деңгейін молырақ көрсете алатын тұстары да байқалмай қалмайды. Соның бірі – адамгершілік, ар, қоғам алдындағы парыз мәселесі. Алуан ақын жырлап келген бұл мәңгілік тақырып әр заманда жаңғыра көтеріліп, жаңа қырынан ашылып отыратыны мәлім. Ол өмірдегі жақсылық атаулыны оқушыға үлгі етіп ұсынғысы келеді, ізгі өнегеден үйренудің өзін өмір мектебіне балады. Пендешілікпен адамдық қасиеттерді жоғалтып алатын кездер әр адам баласында кездеседі. Ақын жырларынан соның бәріне қарсы күресе отырып қоғамдық құбылысқа, адамның жан дүниесіне тән сипаттарға терең талдау бере білетін азаматтық үн табамыз. Шын ақын өз дәуірінің, өз замандасының сырына үңілмей тұра алмаған. Поэзия өзіңді, өз қағидаңды ашу, жария ету. Абай тілімен айтқанда «Сырыңды жұртқа жаю». Өз заманының алдыңғы қатарлы идеясымен қаруланған, әрқашан жаңалық пен жақсылықтың жаршысы, биік мұраты бар ақын – өз елінің азаматы да.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ендеше, оның батылдығы ақындық рух азаматпен, уақытпен сырласуы да, өзімен өзі кеңесетін шақтары да қоғам, ел мүддесімен, азаматтық көкейкесті арманымен ұштасып жатады. «Лирика арқылы ақын өзінің дүниеге көзқарасын білдіреді. Лирикада типтік адам характері емес, ақынның жеке типтік ой-сезімдері ғана суреттеледі» деудің мәнісі лириканың басты объектісі тек ақынның жан дүниесі, оның образы ғана дегенді білдірмейді [139]. Ақын жандүниесіндегі ішкі сезімдерін лирикалық кейіпкердің ішкі сезімі ретінде көрсете алады. Ақын халық адамы. Қарапайым халықтың жандүниесін түсіне, түйсіне, сезіне білу де екінің бірінің қолынан келе бермейді. Кез келген жанның қолынан келе бермейтін осы ішкі сезімді ақын жан тәнімен сезінеді. Бұл сезім ақын сезімімен ұштасып, жыр жолдарына айналады. Бұл – ақындық шеберлік. Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің басым бөлігі Отан, туған ел мен жер туралы толғаныстар. Поэзияда жиі сөз болып отыратын бұл мәселелерде ақынның өзіндік айтарлығы аз еместігіне ақын жырлары куә. Ол жер, ел, ер туралы сөйлегенде, тар ұғымның аясында қалып қоймайды, ірі ойлар ұсынады. Ей, Табиғат! Мен саған өкпелімін, (Жерде мұхит жатқанмен, көкте күнің). Бермей-ақ қой күніңнің бетке нұрын, Қимадың ғой толқынның өктем үнін. Алысар ем бұлтпенен, жауынменен. Неге туыс етпейсің дауылменен? Найзағайдан шашылған жасындарды Жалғап неге қоймайсың жанымменен?
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Оның қай өлеңін оқысақ та, өмірдің өз тамырынан да күштеп, зорлап тудырып жатпайды. Не жазса да ағынан ақтарылып, көңілінің көбесін түгел ашып жазады. Біз қашан да өзін айнала қоршаған, бірге өмір сүріп, бірлесе еңбек етіп жүрген адамдармен бірге қуанып, бірге қайғыратын, адамның ауырған жанын емдейтін, алдағы өмір отын мегзейтін ақынды көріп отырамыз. Ол әрдайым да өзінің лирик қалпынан танбай өткен, өзінің мөлдір сезімін, тұнық тұнбалығын айнытпай таза күйінде сақтап өткен ақын. Әрине, сезім отының тым лапыл атып, әсіре жалындаған да, әр жаққа бір құлай шалқып, шашырай жанған сәттері де бар болар. Сезім бірыңғай бел алып, өмір мен шындық ауқымы кең көрінбей, ойпарасат деңгейі аласа тартып қалған жәйттар да жоқ емес шығар. Бірақ бәрібір қандай жағдай болғанда да ақын нағыз ақын болып отырды, әлеуметтік қайырымдылық пен қассыздықтардың қайсысына болса да, адам тағдырына қалыс, самарқау қарай алған жоқ. Ұлы сыншы В. Г. Белинский айтқан: «Көңіл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар субъектінің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар нәрсенің бәрі де ақын лирикасына мән-мазмұн, арқау – өзек болып келеді» [139]. М.Мақатаев өлеңдері өмірдің қайшылықты сәттерінен туындаған дүние. Аумалы-төкпелі тағдырдың сындарлы сәттері ақын өлеңдерінің өзегіне айналған. Адам баласы да табиғаттың төл перзенті. Сондықтан ақынның лирикалық кейіпкері табиғат анаға мұңын шағып, табиғатпен сырласады, табиғатпен біте қайнасып, бір болмысқа айналып жатады. Аймалап жатса, ашынып барған баласын, Айығып, сергіп,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық басылып бір сәт қаласың. Ағытып қойып, адамгершілік жағасын, Ағасың тынбай, ағасың, Жайық ағасың. Аймалап жатса, айдының аппақ нұрс сеуіп, Сауығып қалам, сақалыңа анау бүркеніп, Айылымды алып пәнделік дейтін мәстектен, Жоғалтам көзін, бүйірден мықтап бір теуіп. Жалғызыңдай боп, Кешігіп көрген ененің, Қоқысты тастап, Қойныңа сосын енемін. Шалқамнан жатып, Шар аспаныңнан көрермін, Шарықтап жылар, Шаршаған бұлттар-өлеңім. Өлеңнің идеясы – өмірмен тартысқа құрылған. Ақынның лирикалық кейіпкері бір сәт өмір толқыны мен Жайықтың асау толқынын тағдырмен сабақтасыра жырлайды. Өмірдің қалың қыртысты қойнауына тереңдеп ену, әрбір сәт шапағын көңілге түйіп, шабыт қарауылына іліп қалу, адам баласының басынадағы проблемалар төңірегінде терең толғану ақынға тән қасиет. Поэзияның сезімдік қызуын, түйсік шапшаңдығын арттыруда, адам жанының сырларына үңілуде ақын
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өлеңдерінен алатын ғибратымыз мол десек қателеспейміз. Нағыз поэзия қай кезде болса да, өз уақытының мұң-мүддесін, мақсат-мұратын, жетістік-жемісін, кемкетігін ойлап, жырлап, шежіреге жазып келеді. Ол адам табиғатының барлық құбылыстарын, қалтарыс-бұлтарыстарын қалт жібермей таниды, дәл табады. Ақындар жырын оқығанда алдыңнан сан қырлы, алуан қырлы адамдар, қилы-қилы пішіндер мен мінездер өтіп жатады. Поэзия енді таразы болып өлшейді, төреші болып түйін айтады. Оны оқи түскен сайын күнде өзің көріп, араласып-құраласып, қолдасып, қауымдасып, қатарласып, қашықтасып жүрген таныстар мен бейтаныстар көз алдыңнан көлденеңдей, көлбеңдей өтіп жатады. Ендеше, М.Мақатаев поэзиясының да бар асылын заман талабын орындаудың жемісі деп қарау керек. Бүгінгі күннің, бүгінгі оқушының поэзияға қояр өз талабы, оған артар өз жүгі бар. Қазіргі дәуірде бізге саяси салмағы мол, салиқалы, ерлік пен күрес рухына толы, ақынның жан-жүрегін жарып шыққан, оқушының көңіліне ұялай кететін азаматтық поэзия айрықша қажет. Поэзия қоғамдық өмірдің мәнін, замандасымызға лайық моральдік, этикалық тұрғыларды ойлы да әсерлі етіп айтып беруге тиіс. Әрине, ақын бұл қасиеттердің сырын тереңнен тебірене ашпаса, көкейге қондырмаса, қан тамырға таратпаса, құр сырттай ғана сылдырата тізіп өтер болса, өз туындысының құнын жоғалтады. Мұндайда әсіре сезім де, салқын ақылгөйсу де септесе алмайды. Ынтық көңілдің ыстық сезіміне оранған өмір философиясының өз қапасын қақ жарып шыққан ойлы, парасатты жыр керек екендігін айтамыз. «Өлең – сезімнен туады» дегенді қайталап айтсақ, ақын сол сезімді шабытқа қосып, жүрек түбінен шыға-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ра білу қажет. Міне, ыстық жүректің ынтызар сөзі осындайда лапыл атқан жыр жолдарына айналмақ. Ақынның шапшаң әсерленгіш жүрегі сәбидің пәк жүзін, ананың ақ мейірін, жардың жарқын жанарын, қыздың күміс күлкісін көңілге түйіп қалады, нотаға түсіргендей дәл ұстайды. Ал енді осы әсерлердің бәрін айнытпай сақтай отырып, оқушының жүрегін лүпілдетіп, жанынан жарқын нұр құятын, оның өзі білмейтін әлде бір сырларды, мәнді жәйттерді ашатын лирика тудыру – қиынның қиыны, қымбаттың қымбаты. Өйткені, сезім әсерлерін сол қалпында өлең етіп қана қою – нағыз ақын үшін жеткіліксіз. Енді ол өз жан дүниесінің қабылдауы мен құбылысын өзгелер жүрегінің сезім, ақыл елегінен өткізуге бүгінгі заманымыздың күрделі де көлемді ағынымен астастыруға, заман проблемаларының қамқарекетін өзгелермен бірлесе ойлауға тиіс. Міне, осыдан кейін туған өлең құрғақ әсер ғана болып қалмайды. Енді ол бір ғана таңдана тамашалау да, үздіге үзілу де, көз жасын көл ғып төгу де болмай, ой-парасат биігін мегзеген, адам бақыты, адамның асыл қасиеттері үшін күрескер поэзияға айналады. Ел талабын ұғынатын, өз талантын қадірлейтін қаламгердің қайсысы болса да қазір поэзияның тақырыбы мен татымдылығы төңірегінде тебіренбей, толғанбай тұра алмайды. Ақын-жазушы алдында оқушы жүрегіне барар жолда екі түрлі асу бар. ХХ ғасырдың екінші жартысында оқырман поэзияға басқаша көзқараспен қарап, жоғары талап қоя бастады. Терең ойға құрылған, әлемдік әрекеттер мен мүдде биігінен арна тартқан, барлық еңбекші елдің прогресті арман тұтқан ақ ниетті адамзаттың тағдырын арқау еткен жырларды күтті. Бұл – бірінші де, басты асу. Екінші асу – осылардың бар-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық лығын жүрдім-бардым, жеңіл-желпі, шала-шұрпы айта салмай, салмақты да сараланған көркемдік шешіммен көзге әкелу, көңілге ұялату. М.Мақатаев поэзиясы осы екі талапқа да жауап бере алатын поэзия деп бағалай аламыз. Ақын қай тақырыпқа қалам тартса да өмірдің шындығын жырлады. Сол шындықты өмірдің өзінен ала отырып, оқырман көңілін дәл басатындай бейнелей білді. Ақын творчествосында сыршылдық пен ойлылық кіріге жымдасып, көркемдік кестесімен өрнектелген өлең-жырлар оқырман жүрегінен орын алды. Әлеуметтік әуен, азаматтық лирика ақын жүрегінің тынысын аңғартар, қалам қадамының қарымы мен бағытын ашар негізгі өлшем болды. Сондықтан ақын өлеңі әр дайым өз оқырманының көңілінен шыға білді. М.Мақатаевтың көп өлеңдері тартысқа құрылып, өмірдің өзін суреттеуге, адамдық қасиетті, адамгершілікті, сезім алуандығын көрсетуге арналған. Ақынның лирикалық кейіпкері күрескер. Ол өмірден опық жеп, өкініп, түңіліп жатпайды. Осының бәрінде де ол адам атын жоғары ұстап, адам күшінің сырын ашып, әрдайым жақсылыққа ғана нұсқап отырады. Бұлақтың күлкісінде де, жайқалған жапырақта да, толысып піскен дәнде де, жарқылдаған отта да адам қуаты бар. Дүние жүрегін соқтырып, тіршілік тамырына қан құйып, жан бітіріп тұрған да – адам қуаты. Сондықтан да тағдырдың қаншама ауыр сынына ұшырап жатса да қаһарман өз болмысын жоғары ұстайды. Алдағы күнге сеніммен қарайды. Бұл болмысты ақынның кез келген жырларынан кездестіре аламыз. Ақынның ақындық қуаты да осында. Жақсылыққа үндеген лирикалық кейіпкердің шынайы бейнесін шеберлікпен сомдай білуінде. Өмір жайлы, адамгершілік, достық, бақыт туралы әр алуан тақырыптағы жырларды ақынның кез келген жыр
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық жинақтарынан кездестіре аламыз. Ақынның көзі тірісіне жыл аралатып жарық көріп отырған жыр жинақтарындағы өлең жолдарынан оқырман өз болмысын танитындай. Өмірдің шындығын дәл басып жырлап отырған ақын жырлары оқырман талғамынан шыға білді. Ақын өз жүрегінің пернесін әр қырынан баса отырып, көп көңілінің сырларына үн қосады, уақыт күйін тебірене шертіп, толғана жырлайды. Ол сонау бір шақта шөлейт шөлде, қараша үйде туған күнін еске алса да, кер дөненмен бүлкілдеп сапарға шықса да өмір жайлы ой желісін бірде бойлай жүріп, бірде өз қиялымен алға соза тартып әкетіп отырады, туған жерге деген қызулы махаббат отын маздатады. Шын толқу, шын тебірену болмай, шынайы сезім қоламта тартқан кезде әке, ана, сүйген жар, достар туралы өлеңдердің де біразының божырап кететіндігі ақиқат. Әйтеуір, әкеміз өмірдегі қиындықтың бәрін көрді дегенді айту үшін бір өлеңде оны маскүнем сияқтандырып жіберуден, енді бір өлеңде соғысқа қатыстырудан, содан соң өкпе ауруына ұшыратудан ешбір ақын ешуақытта ештеме ұтқан жоқ. Ақын әйтеуір бір ой айту қамында ғана отырады да, қаламының ұшына іліккен сөзді талғамай, өлшемей жаза беретін кейбір әріптестерінің сүрлеуінен бойын аулақ ұстайды. Ақын жырлары адамгершіліктің асыл қазынасына барлау жасайды, оның ең қымбаттылары мен қасиеттерін паш етеді. Сонда ең бірінші кезекке, ең биік орынға қойылары – адамдар арасындағы достық. Кең дүниенің көркі – тірлік дәнін бөле жарып, бірге жүрген көп достар. Достық дертке дауа, жаныңды жадыратар шұғыла, мұздаған тәніңді жылытар тірлік оты, жүрегіңнің төріне ұялаған махаббат. Ендеше адам үшін ең қадірлісі де сол. Достық саған аяулы аға да, қимас
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық құрбы да, қылықты жеңге де, қара көз қарындас та, көктемнің жұпар исі де, жан тербетер жыры да болып келеді. Бұлардың қайсысын болса да маңдайға қақпай, қабағын шыттырмай, күліп келген бойымен күле қарсы ал, қадір-қасиетін қалтқысыз, қалтарыссыз ұға біл! Бірақ, достық тек күліп қана келе бермейді. Онда қаталдық та, қытымырлық та, ащылық та бар. Мұның бәрін ол сен үшін әдейі істейтін жақтар болады. Бәрібір, осы достық-азабыңа тосқауыл, ажалыңа арашашы, қайғыңды жеңілдетуші, қуанышыңды қуаттаушы. Ақын өз жанын жарқырата ашып, жыр дастарқаны үстінде жүрегін жайып салып отырса да, өздері күнде байқап, күнде көріп жүрген жарқын мінездер мен көлеңкелі, күңгіртті кеуделер, күйкі болмыстар, жылтырақ жылмаңкүстер туралы айтса да, адамгершілік пен мораль-этика биіктеріне мегзей толғанады. Ауыздықтап тұра алсын арманды кім, Жай таптырмас жаныңа жалған бүгін. Байыздамай өмірден біз де өтерміз, Болашаққа қалдырып қалған жүгін. Өмірдің еш уақытта бір орында тұрмайтыны секілді адам қиялындағы арманда еш уақытта толасатамасы анық. Анық сыр, айқын ой. Әркімнің де басында бар шындық. Ақын өзі туралы айта отырып, өзгелердің де көңілдегісін қозғайды. Ақын асқақ арман, биік мұрат жолында күресте қиналу, қажу, шаршау-шалдығу, тіпті таусылу да болатынын айта отырып, мейлі, солай-ақ болсын, бірақ өмірден оңай жол, жеңіл рахат іздеп жүріп, ізсіз өтпе, жұқарсаң жұқар, бірақ мұқалып жүзсіз қалма дейді. Ақын шығармаларының тақырыбы әр алуан екендігі талдау барысында айтылып кетті. Сан алуандығы-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мен қатар оның ерекшеліктері өзгеге ұқсамас сырлы сезімге баурай білуінде. Ақын творчествосын зерттеу барысында сан алуан тақырыпты қозғаса да оның шығармаларында бір тұтастық, бір-бірімен сабақтасып, байланысып жатқандығын байқауға болады. Қорыта атйқанда, Мұқағали қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын, дәстүрін ұстанды, түрлендіре байытты. Ақын қаламынан туған лирикалық өлеңдерінде де адам өмірінің мәні – әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғады. Мұқағали өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының даналыққа толы далалық ұлттық мектептері мен олардың дәстүрін жалғап қана қоймай, оны жанжақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда: ...Ақынмын деп қалай мен айта аламын, Халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, – деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы ұлға, Ұлы ақын. М.Мақатаев сияқты ұлы тұлғалардың қасиетін, шығармашылық шеберлігін, ұлттық құндылықтарға қосқан рухани мұрасын бір ғана еңбекке сыйғызу мүмкін емес. М.Мақатаев поэзиясының қыр-сырын, ақындық шеберлігін зерттеу болашақта әлі де жалғасын табары сөзсіз.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық
Ұ. Есдәулет поэзиясындағы ұлттық сарын Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік өлең өрнегімен сара жолын қалыптастырып, дарын даралығымен өзінен кейінгі іні буын ақындар қауымына үлгі болып, қалың оқырманын жалынды жырларымен тамсандырып жүрген талантты ақындардың бірі Ұлықбек Есдәулет. Ақын 1954-жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. Ақынның ең алғаш жарық көрген «Көздеріңе ғашықпын» жыр жинағынан бастап, қазақ поэзиясына үздіксіз қосып келе жатқан «Қанат қақты» (1974), «Жұлдыз жарығы» (1977), «Алтайдың алтын тамыры» (1970), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1996), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001), «Ынтық зар» (2009) атты өлең жинақтары жарық көрген. Ақын поэзиясына арқау болған тақырыптардың ауқымы кең. Әртүрлі тақырыпты өлеңінің негізгі темірқазығына айналдыра білген ақын, поэзия әлемінде поэтикалық қуаты мықты туындыларды дүниеге әкеліп, өлең өріміндегі шеберлік қасиеті шыңдалған ақын ретінде әлдеқашан қалыптасқан сөз өнерінің иесі. Шабыты шалқыған ақын мен оның қуатты шығармашылығы жайында белгілі ақын Т.Медетбек: «Ұлықбек Есдәулетов –
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық өз тұстастарынан әдебиетке әлдеқайда ерте келіп, жұрт көзіне ерте іліккен жігіт. Ол шәкірттік мектептен шұғыл түрде өтті де, өлеңдегі өз жолын, өз үнін бірден-ақ белгілеп алды. Үнемі ізденіс үстінде жүретін бұл ақын өлеңдері де бүгінде бұрынғыдан да ауқымын кеңейтіп, бұрынғыдан да тереңдей түсті. Оның өлеңдері енді қазіргі қазақ поэзиясының принциптері сәттіліктері мен перспективті тенденцияларына арналған еңбектерде сөз бола алатындай деңгейге көтерілді дей аламыз» [141, 22], – деп ғылыми мәні бар баға береді. Бұл күнде ақындық эволюциясы толысып, кемелденген Ұ.Есдәулет шығармашылығы қазақ әдеби процесінің дамуына өз үлесін қосып келе жатыр. Әдеби процестің өздігінен дамымайтыны белгілі. Оның дамуына, алға жылжуына қозғаушы фактор болатын да Ұ.Есдәулеттей қалам иелері. Өлеңді өмірінің кредосына айналдырған ақын жырлары бүгінде әдеби, ғылыми айналымға нысан болған рухани құндылықтар құбылысы. Ақын жырларының тақырыбы да аса ауқымды. Ақиқат өмірдің кішігірім шынайы көріністерінен бастап адам өміріндегі, қоғам өміріндегі, ұлт өміріндегі барлық мәселелер ақынның туындыларына арқау болған дүниелер. Тақырып мәселесіне келгенде де индуктивтік, дедуктивтік әдістерді қолдану барысында да шеберлігі шыңдалған ақынның танымдық биіктігін байқаймыз. Ақын тек мағыналы ойларды, сұлу сөзбен безендіріп, белгілі бір ұйқасқа құрып бере салатын өнер иесі ғана емес. Әдеби қарымы қуатты, тілдік, стилистикалық қуаты бай, философиялық танымы жоғары, психологиялық қабілеті биік, эстетикалық тынысы кең сөз өнеріндегі әлеуеті жан-жақты ой иесі. Бұл ойымызды белгілі әдебиеттанушы-ғалым, профессор Б.Майтанов ақынның туындысына қояр жоғары талабы жайында: «Ұ.Есдәу-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық лет асықпай жазады, талғаммен тыныстайды, саннан гөрі сапаны бағалайды» [142, 548 б.], – деп баға береді. Осы қасиеттерді ақындық қабілетімен ұштастыра білген Ұ.Есдәулет бүгінгі қазақ поэзиясының феноменіне айналып отыр. Әр шығармасына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ақын туындылары қоғам, адам өміріндегі қадау-қадау негізгі проблемаларды арқау етуімен, өміршең мұраттарды жырлаумен ерекшеленетін ақын шығармашылығы оқырман қауымына қашанда ыстық. Әрдайым ізденісте болатын қалам иесінің туындылары уақыт озған сайын иірімдері тереңдеп, шығармашылық шеберлікте дамыған ақындық эволюциямен бірге кемелдене түсуде. Талантын ізденіс еңбегімен байланыстырып, өмірлік тәжірибесін дарынымен сабақтастырған ақынның өзі де бүгінгі таңда бір мектепке айналып отырғандығын ешкім жоққа шығара алмас. Ақын жүрегі қашанда сезімтал, әсершіл келеді. Айналасында болып жатқан әртүрлі өмір құбылыстары ақын атаулының шабытына қанат бітірер, жүрегін жарып шығатын жырларына арқау болатын дүниелер. Әрбір өнер иесіне (ақын, жазушы, сазгер, суретші, т.б) өзіндік дарын дарытып, талант сыйлар өзі туып өскен туған жерінің топырағының әсер-ықпалы болады десек артық айтпаймыз. Қанатын қағып, түлеп ұшқан әз ұясы – туған жеріне өз туындыларын арнамаған өнер иесі кемде-кем. Ұ.Есдәулет те туған жеріне бірнеше лирикалық өлеңдерін арнаған. ...Боз талдай бүршік жардым бұл ауылда, Сан босап, сан ширықты бұрауым да. Сауырын тосты талай сайтан – өмір, Өрт мінез, өрім дене дырау ұлға, – дейді ақын «Ауыл баласы» атты өлеңінде. Әрбір қазақ баласының алдына қойған мұрат, мақсаттары туған жерінен, туған өлкесінен
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық бастау алатынын ақын тамаша өрнектей білген. «Боз талдай бүршік жардым бұл ауылда» деп ұлы өмір көшінің керуені туған жерінен басталып, ғұмырдың үлкен, сансалалы даңғылына ұласатындығын философиялық ойменен білдіреді. Бұл, өмір жолы өзі туып өскен өлкесінен қанаттанып, ұшып, өз жолын тапқан әрбір қазақ азаматына таныс сурет, жанына жақын, көңіліне ыстық көрініс. Туған жер топырағынан басталған азаматтық мұрат жолы жалғаса отырып ауқымы кең ұлттық мүдделерге, руханият құндылықтары, ел, жер тағдыры сынды үлкен ұғымдарға айналады. Мұны ақынның өзі айтқандай «Сан босап, сан ширыққан» ақындық эволюцияның дамығаны, сана танымының биіктегені, азаматтық үннің, азаматтық пікірдің қалыптасқаны дейміз. «Ертеңімді аңсаймын» атты өлеңінде ақын: Арманым асау артына мені бөктерді, Келсеңші мұнда көтеріп мәңгі көктемді. Ертеңім менің! Сені іздеп алға қарап ем, Кер бұрым дала көкірегіме кептелді, – деп ел болашағы жайында толғанысын өлеңіне арқау етеді. Елдің келешегі жайында үн қатқан ақынның азаматтық үні айқын аңғарылады. Ақын айшықтаулары өлең жолдарында айқын. Арманның асау толқыны лирикалық кейіпкердің армантілегіне құлақ асқандай кейіпте. Қиялдан туған арман шынайы сезімге оралғандай. Кез келген шығармада табиғаттың әсем бейнесі психологиялық паралелизмен сипатталады. Ақын жырында да жыл мезілдерінің бірі көктем жастық шақтың, махаббаттың символы ретінде жырланып отыр. Ақынның лирикалық кейіпкері ертеңгі күнге сенім артып, болашағынан үлкен үміт күтеді.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Ұ.Есдәулет шығармашылығы бір бағытта, белгілі бір тақырып аясында ғана шектеліп қалмайды. Ақынның творчествосы диапазоны кең руханият қазынасы. Ақын талантының ең негізгі ерекшелігі – заман, қоғам, адам болмысының иірімдерін уақыт тынысымен астастыра отырып түгел қамтуға бейімділігінде. Нағыз ақын әрдайым даму, жетілу, жаңару мен жаңғыру процесінде болады. Бұл жайттар өзінен-өзі пайда болмайды. Қазақ өлеңі мен өзіне дейінгі аға буын ақындардың дәстүрінен бағыт алған ақын осы сүрлеумен ғана қалып қоймай өзіндік жол, өзіндік бағыт, өзіндік қолтаңба, өзіндік үн мен стилін қалыптастыра отыра қазақ поэзиясының алтын қорына арналы, қуатты туындыларын қосып келеді. Ұ.Есдәулеттің шығармашылығы жайында толымды пікір білдірген белгілі ақын Ғ.Қайырбеков: «Ұлықбек ә дегеннен қазақ поэзиясының өзіне дейінгі жақсы үлгілерінен суарылып, енді сол дәстүрді жаңғырта жалғастыру міндетім деп келген ақын. Жай таланттың алғашқы өлеңдерден отын жылт еткізу емес, сол оттың салған жерден маздап жануын, өзгеше, ерекше жануын мақсат еткен» [143, 234], – деп ақынның шығармашылық, эволюциялық өсіп, жетілу жолындағы шеберлігі шыңдалған қазақ сөз өнерінің айтулы иелерінің бірі екендігі жайында айтылған үлкен мағынаға ие тұжырымы өз мәнін ешқашан жоғалтпақ емес. Әрбір өнер иесі толысып, кемелденген сайын оның танымдық өресі мен өрісі кеңейіп, шығармашылық шеберлігі шыңдала түседі. Ал, сол шеберлігінің жемісі болған өміршең туындылары шығармашылығының қайнар көзі болған талантымен ұштаса отыра дүниеге келеді. Таным мен ізденіс бір мақсатқа жұмылғанда ғана өнер иесінің мұраты жүзеге асады. Осы игілікті мұрат жолындағы еңбекқорлық өнер иесін биікке жеткізетін ең
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық басты қажетті құндылықтардың бірі. Дарынын ізденіске толы еңбекқорлықпен ұштастыра білген Ұ.Есдәулет осындай нысаналы биіктерді бағындырған қалам иесі. Бұл ойымызға дәлел ретінде әдебиет зерттеуші Р.Мұқашеваның: «Ұлықбек бүгінде ақындық орбитаның биік траекториясына еркін шығып алған қаламгердің қатарына жатады. Сондықтан ол өз халқымыздың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап қоюдан да әрі ұзай түсіп, адамзаттың маңызды бар проблемаларды көтеруге талпынады» [144.36б.], – деп кең кеңістікті жайлаған ақынның шығармашылық әлемі жайында айтылған тамаша тұжырымына тоқтала кеткенді жөн санап отырмыз. Ұ.Есдәулет поэзиясы өзінің поэтикалық қуаттылығымен қазіргі қазақ әдебиетінен өзіндік орнын алған шоқтығы биік руханият дүниесі. Ақындағы поэтикалық ойдың ерекшелігі, сөз ойнату иірімдерінің шымырлығы, тақырып пен идея бірлігі, көркемдік-эстетикалық құнары, құрылымдық, бунақ, буын, ұйқас өрнектеріндегі сонылық, жаңашылдық осының бәрі жинақтала келе Ұ.Есдәулеттің ақындық болмысы мен шығармашылығының тұтас бітімін танытатын ерекшеліктер. Бұл ойымыз ғылыми негізде дәлелді болуы үшін әдебиет теориясының білгір маманы, профессор Б.Майтановтың ақын Ұ.Есдәулеттің поэзиясы жайындағы: «Оның поэзиясы тақырып жағынан ғана емес, поэтикалық ойдың оқшаулығы, күтпеген бұрылыс, қия-шатқалының молдығымен, содан өткендегі шығармашылық шабыт шаттығымен дараланады» [142, 559 б.], – деген терең мәні бар тұжырымын тілге тиек еткенді жөн санап отырмыз. Ұ.Есдәулет – қазақ өлең сөз өнерін сонылық, өрнекті иірім, жүректі тербеп, оның ең нәзік қылын шертетін әуезді лирикамен байытқан талант иесі. Ақын туындыларынан
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық сөз өнері иесінің азаматтық үнін, ұстанымын ізденіс пен шеберлікке ұштастырған жаңашылдығын көреміз. Ұлттық діліміздің негізгі өзегі болып табылатын ұлттық құндылығымызды өз туындыларына арқау етпеген өнер иелері кемде-кем. Сөз өнерінің майталманы болған ақын Ұ.Есдәулет те осы болмыс құндылығын отты жырларының темірқазығына айналдыра білген. Ұлттық болмыстың көрінісі болып саналатын игі де ізгі дәстүрімізді өз поэзиясының алтын арқауына айналдыра білген ақын өзінің туған халқының игілігінің жаршысы, насихатшысы бола білген ұлт перзентіне айналады. Ұлт мұратын ұлықтаған ақынның негізгі мұраты да осы. Аталмыш мақсат жолында туған халқын биікке көтеріп, сонымен қатар бірлікке жұмылған ұлттың бағын байлап, мұратына кедергі болар мінез-құлқтарын, кемшіліктерін де отты өлеңінің нысанасына іледі. Ұ.Есдәулеттің қайсыбір шығармасын алып қарасақ та ұлт мәселесі, халық тағдыры сынды болмыстық сипатта жазылған туындылар. Ақын көңіл-күйі әрдайым өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның айнасы іспетті. Оның шалқыған қуанышынан, жабырқаулы толғанысынан қоғамдық өмірдің шындығы мен сырын аңғарамыз. Осы арқылы ақынның азаматтық үнін естіп, тұлғасын танимыз. Ал оның азаматтық тұлғасы туындыларындағы азаматтық үнімен әйгілі болады. Ақын Ұ.Есдәулет осы болмыстағы, бағыттағы қалам иесі. Қаламгер танымы толысып, кемелденген сайын оның шығармашылығының арнасы да айдынды бола түседі. Осындай кемелділік мұрат жолында қалам тербеп жүрген Ұ.Есдәулет ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық құндылықты шығармашылығына арқау еткен ұлт жүректі азамат ақын.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Н.Мәукенұлы лирикасындағы жалғыздық сарыны
Қазақ поэзиясы әр кезеңдерде жаңа қаламгерлермен толығып отыратындығы заңды құбылыс. Қаламгер шығармашылығымен бірге поэзияға жаңа құбылыс келетіндігі де айқын. Қазақ поэзиясына өзіндік үнімен танылып, аз ғұмырында мол қазына қалдырған ақындардың бірі Н.Мәукенұлы. Қазақ елінің тәуелсіз ел атануы қазақ әдебиетіне үлкен өзгеріс әкелгені белгілі. Соның бірі сөз бостандығы. Бұл кезеңде тәуелсіздікпен бірге әдебиетке қадам басқан ақындар поэзиясында болмыс-бітімі өзгеше өрілген жырлар дүниеге келіп жатты. Тақырып жағынан да жаңашылдығымен ерекшеленді. Атап айтқанда, поэзияда дәстүр жалғастығы (түркілік сарын, жыраулар дәстүрі), жалғыздық сарыны, жатсыну мәселесі, өлім мен өмір арпалысы т.б. көптеген тақырыптармен толығып жатты. Қазақ поэзиясындағы сондай тақырыптардың бірі жалғыздық сарыны. «Сарын» ұғымы бүгінгі таңда қазақ әдебиеті, әдебиеттану ғылымындағы зерттеуді қажет ететін әдебитеориялық мәселелердің бірі. «Сарын» сөзі әдебиеттану ғылымында мотив деп аталатыны белгілі. Сарын әуел баста музыканың бір термині ретінде қолданылған. Көне латын тілінен аударғанда «mations» қимыл-әрекет деген мағынаны білдіреді. Ислам дініне дейін бақсы-балгерлер, сарын, әуен сынды музыкалық дыбысты қимыл іс-әрекетпен ұштастырып, бақсылық функцияны орындауда қолданған. Яғни, әуен, сарын, қимыл іс әрекет синкретті өнер ретінде біріктіріліп, тұрмыс тіршілік жағдайында пайдаланылған.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Уақыт өте келе «сарын» ұғымы ауқымы кеңейіп, қазақ халқының мәдени, ғылыми, әлеуметтік салаларында әр түрлі мағынада кеңірек қолданыла бастады. Әдебиетімізде сарын ұғымының ауқымы кең. Контекстік қолданылу аясына қарай олардың бірнеше түрлерін кездестіреміз. Айтатын ойы, беретін мағынасына қарай философиялық, әлеуметтік, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын сабақтастығына қарай, дәстүрлік жалғастық сипатына қарай (түркілік сарын), кейіпкердің мінез-құлқын ашатын психологиялық бағыттарға бөліп қарастыруға болады. Солардың ішінде адамның (кейіпкердің) ішкі ойын, психологиялық толғанысын (қуанышы, сүйініші, күйініші, жабығуы, жалғызсырауы, т.б) жеткізуде қолданылатын сарынның бірі – жалғыздық сарыны. Жалғыздық (кейіпкер) адамның түрлі себептерге байланысты ортадан оқшауланып, өзімен-өзі болуы, бөлінуі. Жалғыздық сарыны – қазақ әдебиетінің негізгі үш тегінен тарайтын (проза, поэзия, драматургия) барлық жанрларында көрініс тауып отыр. Соның ішінде әр кезеңдердегі қазақ поэзиясында жалғыздық сарынымен жазылған жырларды кездестіруге болады. Жалғыздық сарыны еліміз тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қазақ әдебиетінде көрініс тапты деуге болмайды. Заманның ағымына қарай жалғыздық сарыны әр түрлі сипатта көрініс алып отырды. Кеңес дәуірі кезінде жалғыздық сарыны астарлы оймен яғни, аңсау сипатында, қазақы тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста сипат алып отырса, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі қазақ поэзиясында, әсіресе осы кезеңде келген ақын жырларында жалғыздық сарыны ашық көрініс ала бастады. Қазақ поэзиясындағы бұл көрініс оқырманды, әдебиетші қауымды әртүрлі ойға жетеледі. Жалғыздық са-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық рынына құрылған туындыларға әр қилы сын айтылып жатты. Писсемистік, күйректік деп сын тезіне алынған бұл туындылар бүгінгі күнде қазақ әдебиетінің бір бағыты яғни, тақырыптық жаңашылдық сипаты ретінде жалғасын тауып, дамып келеді. Жалғыздық сарыны адамның психологиялық табиғатын ашып, кейіпкердің белгілі бір кезеңдегі көңіл-күйін, толғанысын, өзіндік «менін» көрсететін бағыттың бірі ретінде қазақ әдебиетінде кеңінен қолданылып келеді. Пафосқа, әр түрлі ұрандарға құрылған туындылармен қатар кейіпкердің оқшауланған көңіл-күйінің көрінісін суреттейтін шығармалар да ақиқат өмірдің бір көрінісі. Адам баласының ғұмыры тіршілік ету барысында тек қана қуанышқа құрылмайтыны белгілі. Оның өмір өткелдерінде ақ пен қара, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен қиыншылық сияқты контрастқа құрылған жолдардан өтетіні ақиқат. Сол себепті шаттыққа толы қуанышын, қиыншылыққа толы арпалыстағы көңіл-күйін сипаттайтын туындылар осындай себептен дүниеге келеді. Жалғыздық сарынына құрылған шығармалар да өмір айнасы. Шынайы өмір көріністерін өлеңмен өрнектеген қазіргі қазақ лирикасынан жалғыздық сарынын көптеп кездестіреміз. Жас та болса жалынды жырларын қалдырып, поэзияда өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгерген ақын Н.Мәукенұлы жырларында жалғыздық сарыны төмендегідей өрілген: Мен жалғызбын. Ол жалғыз. Сен де жалғыз. Жағалаудан таппадық емге жалбыз. Біздің жалғыз жазымыз жалбыздайын Жоғалыпты жұлмалап келген әр күз. Жоғалады,
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Бәрі де жоғалады... Жанымыз да жоқтауды доғарады. Құс ұйқысы бұзылмай ұзақ таңға, Бұлақ байғұс бұйығы боп алады. Жалғыздық психологиясы, жан азабын қайғы мен қасіретті аза тұту арқылы емдеу процесі. Өлең жолдарындағы «жалғыздық» кейіпкердің көңіл-күйі арқылы адам жан дүниесінің жалғыздықтан жабырқауы өлең болып өрілген. Өлең жолдарында табиғат пен ортаның тартысы психологиялық паралеллизм арқылы берілген. Табиғат пен адам егіз. Әдетте табиғат мезгілі көркем әдебиетте адамның өмірімен байланыстыра суреттеледі. Абай поэзиясынан бастау алған табиғат мезгілінің адам өмірімен байланыстыра, жансыз дүниеге жан бітіре суреттеу қазақ поэзиясының әр кезеңдеріндегі ақындар жырларында кездесіп отырады. Сол үрдісті Нұрлан Мәукенұлы да өз өлең жолдарында қолданған. Жадыраған жаз адам өмірінің жайқалған жастық шағымен байланыстырыла суреттелсе, күз есейген шақтың белгісі. Бұл көрініс ақын жырында өтіп бара жатқан өмірді бейнелейді. Жазда жайқалып өскен жалбыздың күздің суық желінде тоңазып, түгі қалмай жұлмалануы да адамдар арасындағы тартысты бейнелейді. Күнделікті күйбең тіршіліктің тартысы – табиғат ананың әр мезгіліндегі көрініспен шебер бейнелеген. Жалбыз өсімдіктің бір түрі. Емдік қасиеті бар жалбыздың адам ағзасына дәрумендік көмегі мол. Жалбыздың осы қасиетін таныған ақын күйзеліске түскен кейіпкер болмысын ашуда жалбызды символ ретінде қолдануда шеберлік таныта білген. Көктемде бүр жарып, күзде солатын басқа да өсімдіктер секілді, күздегі дауылдан «жұлмаланып» түк қалмаған жалбыз бейнесі жалғыздықтың белгісі. Ақын поэзиясындағы жалбыз тапшылықтың ролін атқарып
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық тұр. Өлеңіндегі құндылық – ой тереңдігі. Жалбыздың болмыс-бітімін суреттеу арқылы жалғыздық сарынын терең суреттей білген. Ақын жырында жалғыздық сарыны мұнымен бітпейді. Ақын жырларында көрініс беретін жалғыздық сарыны Шәкәрім өміріндегідей (біраз уақытқа болса да) қоғамнан оқшауланып, бөлініп Саятқораға өзі жалғыз кететін жалғыздық емес. Қоғам ішінде, адамдар арасында жүріп-ақ жалғыздыққа бой алдыруы, өмірінде, ішкі жан дүниесінде болып жатқан жалғыздық мәселесі оның жырларына арқау болады. Бұл жағдайды «күйреуіктік» деп бір сөзбен қорыта салмай, ақын өміріндегі уақытша орын алған психологиялық жағдай екенін түсіне білу қажет. Ақын да адам, ол да психологиялық қасиеттерді бойына жинақтаған тіршілік иесі. Сол себепті оның өмірінде болып жатқан әртүрлі психологиялық жайттар оның туындыларына негіз болатыны сондықтан. Сол кезеңдерді басынан өткізіп жатқан ақынның ішкі жан дүниесіндегі құбылыстар оның өлеңдерімен өріліп сыртқа шығады. «Әдебиет өмір шындығының айнасы» деген қанатты сөз осындай тәжірибеден туындаса керек. Жалғыздық сарынын туындысына арқау еткен ақындар жырларындағы лирикалық қаһарманның басынан өткізіп жатқан жалғыздық сарынының кульминациясы түрлі шешімдермен аяқталады. Бұл көрініс Н.Мәукенұлының «Мен жалғызбын» деп басталатын өлеңінде «көктің тасы», «ай сияқтанып» сияқты көркемдік құралдармен берілу арқылы аяқталып лирикалық кейіпкер жүрегіндегі жалғыздық ғарышпен үндесу негізінде түйінделеді. Адам бойындағы қандай да болмасын ішкі қасиеттері оның сөзі, іс-әрекеттері арқылы сыртқы дүниеге мәлім болатыны белгілі. Адам болмысындағы сыртқы
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық әлем оның ішкі әлемнің көрінісі деп бекерге айтылмайтындығын өмірдегі тәжірибенің өзі дәлелдеп отыр. Сол себепті шығармашылық өнер иесінің ішкі әлеміндегі түрлі толғаныстар оның туындылары арқылы көрініп, мәлім болатыны ақиқат. Ақынның жан дүниесіндегі түрлі жағдайлар өлең болып өріліп, ішкі болмысының ахуалын жеткізуде түрлі көркемдік тәсілдерді қолданып, символдық ұғымдардың негізгі деталь ретінде қолданылатыны да сондықтан. Сонымен қатар ақын туындыларындағы жалғыздық сарын ұғымы макрокеңістік көкжиегінде тоқтаусыз жүгіріс (қозғалыс) арқылы оның өміріндегі қозғалыс процесімен сабақтастығын байқаймыз. Аталмыш пікірімізді Н.Мәукенұлының төмендегі жыр шумақтарымен дәлелдей аламыз. ...Мәңгірмей-ақ мәңгілік ұмытсам-ау, Кеудемді алған көріскіш қайғыны да, – деген жыр шумақтарынан жан тыныштығына ұмтылу қозғалысын көреміз. «Мәңгілік ұмыту» белгілі бір уақыт шеңберіне бағынған мөлшері, өлшемі бар белгілі бір кезеңде аяқталатын тыныштық емес, керісінше шетсіз, шексіз уақыт кеңістігімен ұштасқан процестің үздіксіз қозғалысы. Үздіксіз қозғалыс құбылысын өлең жолдарына арқау ету арқылы лирикалық кейіпкер жүрегіндегі жалғыздықтың орнын толтыруға әрекеттенген ұмтылысын байқаймыз. Жаңарып отыратын өмір заңдылықтарымен қатар халықтың әдеби өмірі де заман шындығын, көрінісін арқау ете отырып әртүрлі даму жолдарынан өтетіні белгілі. Даму заңдылықтармен қатар әдеби процесс мәселелері де заман талабы тудыратын жаңа көзқарастармен толығып, қамититын салаларының ауқымы да кеңейіп отырады.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ҚОРЫТЫНДЫ Қазақ поэзиясының тарихы ерте замандардан қалыптасып, ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқаны белгілі. Өнердің осы саласы ғасырлар бойы өзінің дәстүрлі сабақтастық жолымен өсіп-өркендеп, дамып дәуір тынысын, заман бейнесін өрнектеп келеді. Зерттеу жұмысымыздың негізгі нысанасына айналған 1960-70 жылдар поэзиясында ұлттық ғұрпымыздың ерекшелігі, қазақы дәстүр мен болмыс-бітіміміздің жырлануы тұрғысынан зерделенді. Осы жылдары өлең әлемінде қалам тербеген Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, Қ.Мырзалиев, С.Жиенбаев, Қ.Баянбаев, Ә.Абайділдановтің лирикалық шығармаларымен М.Мақатаев поэзиясының ұлттық ерекшелігі тұрғысынан салыстыра зерттеу жүргізілді. Әр ақын поэзиясындағы ұлттық салтдәстүрдің жырлануына, сипатталуына, әрбір ақынның өзіндік стиль ерекшелігіне, философиялық ойларының тереңдігіне, сөз саптау тәсілдеріне ғылыми тұрғыдан нақты тұжырымдар жасалынды. М.Мақатаев поэзиясының ұлттық әуезділігі, жыр жолдарын сиқырлы сөз өрнектерімен өрбіткен шеберлігі терең талқыланды. М.Мақатаев поэзиясының басты ерекшелігі – қазақ жырының қайнар көзі болып табылатын қара өлеңінен нәр алып, оны өзінше түрлендіріп, жаңаша мазмұнымен байытып, жетілдіре жырлауында. Ұлттық ерекшелігіміздің бірі болып табылатын қазақы кәсіпшілік – мал шаруашылығының қыр-сырын терең меңгерген шопан бейнесін ашудағы ақын сөздік қорының молдығы атап айтарлық. Мысалы, Қ.Мырзалиев «Ауа райын оқиды ол келер күннің, шыбын-шіркей, шымалдың қылығынан» деп шопан бейнесі арқылы қазақтың жорамалдық қасиетін ашып көрсетсе, М.Мақа-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық таев «Малмен бірге бағады ауа райын» деп шопан бейнесін екінші қырынан танытуда тапқырлық танытады. Бір топ ақын поэзияларындағы осындай ұлттық нақышты танытатын көріністер М.Мақатаев жырларымен салыстырыла отырып зерттеулер жүргізілді. Нәтижесінде жыр әлемінде әр ақынның ұлттық ерекшелік, қазақы салт-дәстүрді көрсетудегі өзіндік тәсілдерін, сөз қолданудағы шеберліктері ғылыми тұрғыда талданды. Жалпы әр дәуір поэзиясы өз кезегімен жалғасын тауып, үздіксіз даму үстінде. Осы дәстүр жалғастығы бүгінгі қазақ поэзиясында да өз жалғасын табуда. Ақындардың поэзияда сан қырлылығымен көрінуіне, шырқау биіктерге дейін көтерілуіне ауыз әдебиетінен бастап, қазақ поэзиясының асқар шыңы ұлы Абай, Мағжан, Ілияс, бері де, Қасым поэзияларының ықпалы мол болды. Поэзиядағы бұл ықпалдықты еліктеу деп немесе алдыңғы аға буынды қайталады деп түсінбеуіміз керек. Керісінше, алдыңғы поэзиядан үлгі ала отырып, сол үрдісті ақындар жаңаша жолмен дамытуда ақындық шеберліктерін паш етті.. Осы мақсатпен ақындар лирикасы қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарастырылды. Поэзиядағы дәстүр жалғастығын дамытқан әр ақын жырларының ұлттық нақыштарын бүгінгі күн тұрғысынан жаңартып бейнелеудегі өзіндік тапқырлығы баса көрсетілді. Ақын жырларының тақырыптық жүйесінің сан алуандығы, идея байлығы, лирикалық кейіпкердің поэзиядағы тұлғасы кеңінен зерделенді. Ұлттық ерекшеліктің бір айғағы – қазақ салт-дәстүрлері, ырымдар мен жорамалдар және халқымыздың мақал-мәтелдері екені айқын. Мұқағали Мақатаев жырларында қазақ салт-дәстүрлеріне байланысты осы мақалмәтелдер мен ырымдар біршама кездесіп отырады. «Ала жібін адамның, аттамап еді ардағым» жолдары адалдықтың, «Кебін киген өледі, кебенек киген келеді» үміт пен жақсылықтың, «Сабыр түбі сары алтын» сабырлықтың
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық нышаны тұрғысында өлең жолдарында шебер көрініс тапқандығы зерттеу нысанымыздың көзіне айналды. Қазақ поэзиясындағы күрделі тақырыптардың бірі – табиғат лирикасы. Бұл тұрғыда ақынның ұлы Абай поэзиясына соқпай өтуі тіпті, мүмкін емес. Қазақ поэзиясында табиғаттың әсемдігін жырға қосып, жансыз дүниеге жан бітіре жырлау Абай поэзиясынан бастау алады. Біздің зерттеу нысанымызға айналған 60-70 жылдар поэзиясында да табиғат лирикасы өте кең жырланған. Табиғат жаратылысы, сылдырлай аққан өзен суы, таудан соққан самал жел, жапырақтардың сыбдыры, бәрі де адам қимыл-әрекетімен байланыстыра суреттеледі. Табиғат құбылыстары да адам мінез-құлқымен астасып сипатталады. Жыл мезгілінің төрт құбылысы адам өмірінің кезеңдері арқылы суреттеледі. Көктем – балауса кезеңнің, жаз – жастық шақтың, күз – есейген уақыттың, қыс – қарттық кезеңнің бейнесін береді. Бұл кейіптеулер М.Мақатаев жырларының басты ерекшелігі. Әр кезеңді адам өмірімен тығыз байланыстыра бейнелеген шеберлігіне басқа да ақындармен салыстыра отырып, ғылыми тұрғыда жеке-жеке талдау, зерттеулер жүргізілді. Табиғаттың тылсым күші адам болмысымен байланысты. Табиғат жаратылысының адам бойындағы қазақы мінезділікпен ұқсастығы жыр жолдарындағы бейнеленген тармақтардан, ұлттық әуезділіктен айқын аңғарылады. Қ.Мырзалиевтің «Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, дархандықты қазаққа дала берген секілді» деген өлең жолдарында қазақы кең пейілділікті жомарт табиғатпен салыстыра бейнелеген. Ақын жырларында кейіптеу тәсілі арқылы бейнеленген кең даладай дархандық, таза көлдей мөлдірлік, самал желдей еркелік, күн нұрындай қуаныш, тіпті қайтпас қайсарлық та қазақ халқына тән қасиеттер. Табиғатпен сабақтастырыла бейнеленген осы қасиеттер ұлттық мінезбен байланыс-
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық тырыла қарастырылды. Әр ақын жырларын салыстыра отырып, ғылыми тұрғыдан зерттеулер жүргізілді. Табиғат құбылысымен өзектесіп, байланыса жырланатын тақырыптардың бірі – туған жер. Туған жер М.Мақатаев поэзиясында қазақы ауыл, олардың тұрмыс-тіршілігі тұрғысынан сипатталады. Поэзия сезімге құрылады. Кез келген жыр жолдарынан автордың көңіл-күй сезімін байқауға болады. Адам бойында жиі кездесіп отыратын сағыныш, аңсау, құмарту, сүйсіну, шаттану, қуану, ренжу, мұңаю, өкіну сияқты сезімдер жыр жолдарының астарынан, бейнелі сөздерден аңғарылады. Осы сезімдерді өлең бойына сіңіре, кіріктіре жырлау Мұқағали Мақатаев ақындығының ерекшелігінде жатыр. Мұндай сырлы сезімге толы жырлар ақын поэзиясында көптеп кездеседі. 1960-70 жылдар поэзиясында тақырып жағынан кең көлемде бейнеленген, ұлттық нақыш пен ұлттық бояуы қанық жырлар көптеп кездеседі. Сондықтан осы жылдар поэзиясының көркемдік болмыс-бітіміне ұлттық ерекшелігі жағынан терең зерттеуді мақсат еттік. Поэзиядағы сөз табиғатының сырын терең ұғыну, қыр-сырын меңгеру, кейіптеу, теңдестіру, эпитет, бейнелеу, көркемдеу тәсілдерін зерттеу барысына баса назар аударылады. Осы жылдар поэзия әлемінде бірге қалам тербеген бір топ ақын жырлары бір-бірімен салыстырыла, теориялық материалдар негізіне сүйене отырып, ұлттық ерекшелігі мен әуезділігі, және ұлттық идея арналары тұтас та жүйелі түрде бағаланып, жеке-жеке талқыланды. Сонымен қатар әдеби зерттеу еңбегінің тақырыбына сай белгілі ақындар поэзиясына зерттеу жүргізілген ғылыми мақалалар қоса берілді. Біз бұл енбегімізде 60-70 жылдар поэзиясының ұлттық болмыс-бітіміне ғылыми, эстетикалық тұрғыдан біршама талдаулар жүргізгенімізбен, әлі де болашақта көптеген зерттеулердің арқауына айналатындығына күмәніміз жоқ.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 1 Сүйіншәлиев Х. Ғасырлар поэзиясы. – Алматы: Жазушы, 1987. – 216 б. 2 Әуезов М. Жыл келгендей жаңалық сеземіз // Шығармалар: 20 т. – Алматы: Жазушы, 1985. – Т. 20. – 446-457 бб. 3 Белинский В.Г. Поэзияны тегіне және түріне қарай бөлу // Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1987. – 25-100 бб. 4 Базарбаев М. Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы. – Алматы: Жазушы, 1973. – 256 б. 5 Тәжібаев Ә. Өмір және поэзия. – Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 485 б. 6 Кәрібаева Б. Қара өлең және лирика. – Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 2001. – 250 б. 7 Тәжібаев Ә. Ақын // Уақыт және қаламгер. – Алматы: Жазушы, 1978. – 6-кітап. – 52-60 бб. 8 Дүйсенов М. Жанр сипаты. – Алматы: Ғылым, 1971. – 268 б. 9 Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Поэзия // 40-50 және 60 жылдардағы қазақ әдебиеті. – Алматы: Ғылым, 1998. – 2-кітап. – 16-37 бб. 10 Базарбаев М. Әдебиет және дәуір. – Алматы: Жазушы, 1966. – 272 б. 11 Сариев Ш. 60-70 жылдардағы қазақ лирикасы. Көркемдік ізденістер: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1993. – 185 б. 12 Кәрібозұлы Б. Қазақ өлеңінің ұлттық сипаты: Филол. ғыл. д-ры дис. – Алматы, 1997. – 303 б. 13 Қирабаев С. Шындық пен шығарма. – Алматы: Жалын, 1981. – 250 б. 14 Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. – Алматы: Білім, 2000. – 335 б. 15 Әбдірашев Ж. Парасат пен парыз. – Алматы: Жазушы, 1973. – 168 б. 16 Елікбаев С. 60-80 жылдардағы өлең құрылымы: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы. – 2000. – 111 б. 17 Мақатаев М. Шуағым менің. – Алматы: Жазушы, 1975. – 87 б. 18 Мақатаев М. Жырлайды жүрек. – Алматы: Жазушы, 1989. – 493 б. 19 Мақатаев М. Жылап қайттым өмірдің базарынан. – Алматы: Жалын, 1994. – 256 б.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 20 Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. – Алматы: Жазушы, 1989. – 192 б. 21 Нұрахметов С.Қ. Мырзалиевтің ақындық шеберлігі: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1994. – 165 б. 22 Мырзалиев Қ. Дала дидары. – Алматы: Жазушы, 1966. – 268 б. 23 Мырзалиев М. Жерұйық. – Алматы: Жалын, 1976. – 184 б. 24 Жақыпбекова М. Ерлікті бейнелеудің ұлттық өрнектері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2003. – 124 б. 25 Серікқалиев З., Серікқалиева Ә. Ақыл таразысы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 432 б. 26 Мұқышева Р. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық характерді бейнелеу жүйесі: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2000. – 139 б. 27 Оразбекова З.М. Байзақұлының ақындық мұрасы. – Алматы: Жазушы, 1976. – 301 б. 28 Әдібаев Х. Уақыт және суреткер. – Алматы: Жазушы, 1967. – 228 б. 29 Мырзалиев Қ. Алақан. – Алматы: Жазушы, 1977. – 159 б. 30 Мақатаев М. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1982. – 318 б. 31 Мақатаев М. Өмір – Өзен. – Алматы: Жазушы, 1982. – 318 б. 32 Кекілбаев Ә. Дәуірмен бетпе-бет. – Алматы: Жазушы, 1972. – 184 б. 33 Нәжімеденов Ж. Күй кітабы. – Алматы: Жазушы, 1967. – 92 б. 34 Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр. – Алматы: Қазығұрт, 2004. – 204 б. 35 Юсупов Қ. Ж. Нәжімеденов ақындығы. – Алматы: Ғылым, 1995. – 240 б. 36 Нәжімеденов Ж. Сыбызғы сыры. – Алматы: ҚМКӘБ, 1962. – 104 б. 37 Нәжімеденов Ж. Ұлым, саған айтам. – Алматы: Жазушы, 1970. – 112 б. 38 Қабдолов З. Көзқарас. – Алматы: Рауан, 1996. – 256 б. 39 Нәжімеденов Ж. Мезгіл әуендері. – Алматы: Жазушы, 1968. – 112 б. 40 Нәжімеденов Ж. Балауса. – Алматы: ҚМКӘБ, 1961. – 75 б. 41 Жәмішев Ә. Жыр жанары. – Алматы: Жазушы, 1970. – 166 б. 42 Нәжімеденов Ж. Мен туған күн. – Алматы: Жазушы, 1972. – 230 б. 43 Мырзалиев Қ. Көкейкесті. – Алматы. – Атамұра, 2003. – 280 б. 44 Жиенбаев С. Нан мен тұз. – Алматы: Жазушы, 1984. – 392 б. 45 Ержанова С. Сағи Жиенбаевтың ақындығы: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1997. – 174 б. 46 Мақатаев М. Аққудың қанатына жазылған жыр. – Алматы: Шартарап, 2001. – 352 б.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 47 Нарымбетов Ә. Дәуір және поэзия. – Алматы: Жазушы, 1970. – 151 б. 48 Мырзалиев Қ. Ақ отау. – Алматы: Жазушы, 1968. – 176 б. 49 Нәжімеденов Ж. Өз көзіммен. – Алматы: ҚМКӘБ, 1964. – 132 б. 50 Нәжімеденов Ж. Жарық пен жылу. – Алматы: Жазушы, 1966. – 160 б. 51 Нәжімеденов Ж. Темірқазық. – Алматы: Жазушы, 1982. – 344 б. 52 Егеубаев А. Құлабыз. – Алматы: Жазушы, 2001. – 216 б. 53 Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. – Алматы: Жазушы, 1983. – 245 б. 54 Мақатаев М. Соғады жүрек. – Алматы: Рауан, 1991. – Т. 2. – 144 б. 55 Баянбаев Қ. Құс сүті. – Алматы: Жалын, 1996. – 256 б. 56 Егеубаев А. Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 272 б. 57 Мақатаев М. Өмір дастан. – Алматы: Жазушы, 1976. – 231 б. 58 Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Астана. Фолиант, 2002. – 408 б. 59 Баянбай Қ. Жол. – Алматы: Жазушы, 1982. – 310 б. 60 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б. 61 Дүйсенов М. Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты. – Алматы: Ғылым, 1982. – 192 б. 62 Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973. – 211 б. 63 Күмісбаев Ө. Екі перне. – Алматы: Жазушы, 1980. – 156 б. 64 Мәжитұлы Б. “Мұқағали күнінен” туған ойлар” // Егемен Қазақстан. – 2003. – 22 наурыз. 65 Мақатаев М. Аманат. – Алматы: Атамұра, 2002. – 304 б. 66 Мақатаев М. Қарасаздан ұшқан қарлығаш. – Алматы: Жалын, 1999. – 220 б. 67 Кәрібаева Б. Қасым мен Мұқағали // Қазақ әдебиеті. – 1998. – 11 желтоқсан. 68 Тоқбергенов Т. Ай мүйіз. – Алматы: Жалын, 1990. – 336 б. 69 Қаратаев М. Көргенім мен көңілдегім. – Алматы: Жалын, 1982. – 280 б. 70 Ғабдуллин Н. Уақыт сыры. – Алматы: Жазушы, 1981. – 230 б. 71 Сыдықов Т. Жыр қайнары. – Алматы: Жазушы, 1966. – 230 б. 72 Шапаев Т. Қазақ поэзиясындағы лирикалық тұлға проблемасы: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1995. – 128 б. 73 Тілепов Ж. Қазақ поэзиясының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1994. – 168 б. 74 Күмісбаев Ө. Ортақ арна. – Алматы: Жазушы, 1985. – 375 б. 75 Хамидуллаев К. М. Мақатаевтың ақындық шеберлігі: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1995. – 187 б.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 76 Добролюбов Н. А. Әдебиет туралы сын мақалалар. – Алматы: ҚМКӘБ, 1955. – 146 б. 77 Базарбаев М. Көрікті ойдан көркем сөз. – Алматы: Рауан, 1994. – 367 б. 78 Юсупов Қ. Жыр жиһазы. – Алматы: Рауан, 1995. – 120 б. 79 Бердібаев Р. Ғасырлар толғауы. – Алматы: Жазушы, 1977. – 320 б. 80 Кемелбаева А. Мұқағали // Абай. – 2003. – № 3. – 56-59 бб. 81 Егеубаев А. Кісілік кітабы. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 318 б. 82 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 128 б. 83 Кекілбаев Ә. Жүректен жүрекке // Лениншіл жас. – 1968. – 26 қыркүйек. 84 Құнанбаев А. Қара сөз. – Семей: Международный клуб Абая, 2001. – 264 б. 85 Ахметжан Т. Жан азабы // Егемен Қазақстан. – 1998. – 7 ақпан. 86 Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001 – 447 б. 87 Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 309 б. 88 Әбдірахманова Т. Қ. Аманжолов поэтикасы. – Алматы: Ғылым, 1976. – 298 б. 89 Мырзабеков К. Жолға салдым көшімді. – Астана: Елорда, 2001. – 208 б. 90 Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978. – 296 б. 91 Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы: Жалын, 1997. – 365 б. 92 Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. – Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 б. 93 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналары. – Астана: Елорда, 2001. – 309 б. 94 Әбдезұлы Қ. Әдебиет және өнер. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 298 б. 95 Жәмішев Ә. Кезең кестелері. – Алматы: Жазушы, 1984. – 208 б. 96 Тәжібаев Ә. Өлең – біздің анамыз // Сөзстан. – Алматы: Жалын, 1990. – 1-кітап. – 92-103 бб. 97 Алпысбаев Қ. Поэма парасаты // Жұлдыз. – 1982. – № 12. – 8085 бб. 98 Күмісбаев Ө. Терең тамырлар. – Алматы: Ғылым, 1994. – 315 б. 99 Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. – Алматы: Ғылым, 2001.– 280 б. 100 Мағауин М., Байділдаев М. Бес ғасыр жырлайды: 2т. – Алматы: Жазушы, 1989. – Т. 1. – 382 б. 101 Сыдықов Қ. Көркемдік өрнектер. – Алматы: Рауан, 1992. – 80 б.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 102 Өтемісұлы М. Ереуіл атқа ер салмай. – Алматы: Жазушы, 2002. – 127 б. 103 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1997. – 927 б. 104 Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 10 т. – Алматы: Ғылым, 1978. – Т. 3. – 734 б. 105 Мәмбетов Ж. Ж. Молдағалиевтің ақындық шеберлігі: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1998. – 131 б. 106 Ысқақұлы Д. Әдебиет өрнектері. – Алматы: Мектеп, 1996. – 158 б. 107 Әбдірахманова Т. Ақын сыры. – Алматы: Жазушы, 1965. – 156 б. 108 Жүнісбекова К. Ә. Абайділданов поэзиясындағы көркемдік ізденістер: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2004. – 140 б. 109 Негимов С. Өлең өрімі. – Алматы: Ғылым, 1980. – 136 б. 110 Мырзалиев Қ. Домбыра. – Алматы: Жазушы, 1979. – 352 б. 111 Сыдықов Т. Мұрат пен міндет. – Алматы: Жазушы, 1987. – 316 б. 112 Мақатаев М. Соғады жүрек. – Алматы: Жазушы, 1982. – Т. 1. – 320 б. 113 Серікқалиев З. Ойлар, толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1967. – 186 б. 114 Әлімбаев М. Қалам қайраткері. – Алматы: Жазушы, 1976. – 224 б. 115 Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 1998. – 151 б. 116 Чернышевский Н.Г. Әдеби-сын мақалалары. – Алматы: ҚМКӘБ, 1950. – 346 б. 117 Сұлтанғалиева Ж. Қазіргі қазақ лирикасындағы мінез мәселелері: Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1998. – 134 б. 118 Мәуленов С. Өлең – өмір толқыны // Уақыт және қаламгер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 1-кітап. – 150-164 бб. 119 Мәуленов С. Телтолқын. – Алматы: Жазушы, 1989. – 464 б. 120 Мақатаев М. Қазақ жырының бір жылы // Жұлдыз. – 1972. – № 7. – 199–216 бб. 121 Қабдолов З. Сөз өнеріндегі тек пен түр // Таңдамалы шығармалар: 2 т. – Алматы: Жазушы, 1983. – Т. 2. – 456 б. 122 Ыбырайымов Б. Ой мен сөз. – Алматы: Жазушы, 1985. – 245 б. 123 Әбдірахманова Т. Ақындық шеберлік сыры // Көркемдік кілті – шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1985. – 275-303 бб. 124 Бекхожин Қ. Дәстүр мен жаңашылдық. – Алматы: Жазушы, 1969. – 245 б. 125 Дәуітов С. Көңіл сазы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 176 б.
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық 126 Елеукенов Ш. Замандас парасаты. – Алматы: Жазушы, 1977. – 300 б. 127 Дүйсенов М. Стиль сыры. – Алматы: Ғылым, 1974. – 335 б. 128 Сарбалаев Б. Қызыл алма. – Алматы: Жалын, 1981. – 184 б. 129 Әлімбаев М. Қара өлең // Қазақ әдебиеті. – 1989. – 4 тамыз. 130 Мақатаев М. Күнделік. – Алматы: Жалын, 1991. – 48 б. 131 Дүйсенов М. Ақын мұраты. – Алматы: Жазушы, 1967. – 179 б. 132 Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. – Алматы: Рауан, 1993. – 278 б. 133 Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз. – Алматы: Жазушы, 1990. – 334 б. 134 Ақатаев С. Сом құбылыс // Лениншіл жас. – 1984. – 12 қыркүйек. 135 Мұқағали шығармаларының төрт томдық жинағы. Т-3. Алматы: Жалын, 2002. – 432 б. 136 Байтұрсынов А., «Ақ жол». Алматы. 1991 ж. 137 Мұқағали шығармаларының төрт томдық жинағы. Т-2. Алматы: Жалын, 2001. – 320 б. 138 Мұқағали шығармаларының төрт томдық жинағы. Т-1. Алматы: Жалын, 2001. – 448 б. 139 Белинский В. Г. Собр. Соч. В 3-х т. –М., ГИХЛ, 1948 г. Т. 2 140. Ысмайылов Е. «Кемеңгер Абай». «Әдебиет және исскуство». 1940. №9. 141.Медетбек Т. Баба дәстүрдің мұрагері кім? Алматы: Өлке, 2001.-248 б. 142.Майтанов Б. ХХI ғасырдағы қазақ әдебиеті (2001-2011жж.). Алматы: «Арда», 2011. – 640 бет. 143.Қайырбеков Ғ. Уақыт және қаламгер. -Алматы: Жазушы, 1986. -316 б. 144.Мұқашева Р. Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұлттық характерді бейнелеу жүйесі. Автореферат /Р.Мұқашева. - Алматы, 2000. 25 б.
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ...........................................................................4
М.Мақатаев 1960-70 жылдар поэзиясындағы ұлттық көрініс................................................................................9 М.Мақатаев лирикасындағы тақырып және идея бірлігі......................................................................53 1960-70 жылдар лирикасындағы дәстүр жалғастығы.....................................................................95 М. Мақатаев лирикасындағы философиялық ой-түйіндер..........................................122 М.Мақатаевтың ақындық шеберлігі..........................182 Қазіргі қазақ лирикасындағы жаңашылдық Ұ. Есдәулет поэзиясындағы ұлттық сарын.................207 Н.Мәукенұлы лирикасындағы жалғыздық сарыны.......................................................214 ҚОРЫТЫНДЫ................………...……………...........220 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........224
Бибіжан БЕГМАНОВА М.Мақатаев және қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық Әдеби зерттеу (Қазақ тілінде) «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасының директоры – Қасымхан БЕГМАНОВ Редакторы: Асан Қарамырза Техникалық редакторы: Талғат Әлімжанұлы Безендірген: Мейрамбек Еңсепбай
Басуға 07.08. 2015ж.қол қойылды Қаріп түрі «Times New Roman». Офсетті басылым. Пішімі 84х1081\32. Шартты баспа табағы 12 Таралымы 2000+120дана. Тапсырыс № «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр» баспасы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143. офис 400 Тел.: +7(727)3944293, Ұялы тел.: 87772119934. Эл.пошта: dastur_09@mail.ru Тапсырыс берушінің дайын файлдарынан басылып шықты.
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру