Əйел – Əлем
Таңсұлу Алдабергенқызы
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында орын алған азапты жолда рында ер-азаматтармен бірдей білек сыбана күресе білген асыл аналарымыз аз болмаған. Қолдарыңызға тигелі отырған танымал журналист Таңсұлу Алдабергенқызының алғашқы жинағының аты айтып тұрғанындай , сол аналарымыздың бүгінгі жалғасы – Т ə уелсіздік тұсында да м ə дениетіміз бен ə дебиетімізде , қоғамның түрлі салаларында қызмет жасаған аза маттар мен қыз-келі
Таңсұлу Алдабергенқызы
УДК 329 (574)
ББК 66. 74 (5 Қаз)
А 40
Қазақстан Республикасы
Мəдениет жəне ақпарат министрлігі
Ақпарат жəне мұрағат комитеті
«Əдебиеттің əлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
Алдабергенқызы Таңсұлу
А 40 Əйел – Əлем / Таңсұлу Алдабергенқызы. – Алматы: «Қазы-
ғұрт» бас пасы, 2012. – 304 бет.
ІSBN 9965-22-385-8
Халқымыздың сан ғасырлық тарихында орын алған азапты жолдарында ер-азаматтармен бірдей білек сыбана күресе білген асыл аналарымыз аз болмаған.
Қолдарыңызға тигелі отырған танымал журналист Таңсұлу Алдабергенқызының алғашқы жинағының аты айтып тұрғанындай, сол аналарымыздың бүгінгі жалғасы – Тəуелсіздік тұсында да мəдениетіміз бен əдебиетімізде, қоғамның түрлі салаларында қызмет жасаған азаматтар мен қыз-келіншектер өмірі жайлы болмақ.
УДК 329 (574)
ББК 66.74 (5 Қаз)
ІSBN 9965-22-385-8
© Алдабергенқызы Т., 2012
© «Қазығұрт» баспасы», 2012
ҚАЛАМЫНДА ЖЫЛУ, ЖАЗУЫНДА ШУАҚ БАР
Журналистикаға
мөлдір
лиризммен
келген
Таңсұлу
Алдабергенқызының əр мақаласын оқыған сайын бейжай
қалмайтыным рас. Нысанасына алған тақырыбы сан алу-
ан болғанмен өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның кескін-
келбетін көреміз оның жазғандарынан. Сырласу, сұхбат, тал-
дау ма, қалайда көркемдіктің бір нышаны жатады астарында.
Бұған ішкі сарайының тазалығы, сұлулық атаулыға іңкəрлігі,
сезімталдығы əсер ететін тəрізді. «Мынау асығыстау, ұятсыздау
ғасырға сіз секілді қазақтың ұяңдығы мен қарапайымдылығын
сақтаған қараторы қыздары керек-ақ» деп қолтаңба бер-
ген Оралхан Бөкейдің мұны дереу түсінгені қандай ғажап!
Міне, осындай ізеттік, ұяңдық, ізгілік Таңсұлу таңдаған
жанр түрлерінің салмағын арттырып тұр. Назарларыңызға
ұсынылған кітап «Əйел – Əлем» деп бекер аталмаса ке-
рек, өйткені оның аясына сыймайтын жайт кемде-кем. Əйел
– ұлы ұғым, тұнған тылсым екенін жинақтың өн бойынан
аңғарасың. Автор кейіпкерлерінің əрекетінен заман – қоғам –
адам атты үштіктің толыққанды бейнесі айқындалып, тіршілік
соқпағының тарам-тарам ізіне ұласады. Жер, көкте жоқты
іздемейді, өресі жетпегенге қол созбайды, Оралхан ағасы
айтқандай қарапайымдылығы, яғни өмір көріністерін бүкпесіз,
шынайы беруге талпынысы оқырман көкейін дөп басады.
Бірінші бөлімде қазақтың белгілі əйелдерімен жүргізген
сұхбаттары топтастырылған. Шетінен жақсы, жайсаңдар.
Аса көрнекті сөз зергерлері Сəбит Мұқанов, Ғабиден
Мұстафин шаңырағындағы Мəриям, Зейнел апаларымыз-
бен сөйлесіп қалғаны қандай сəттілік деп ойлайсың. Уақыт
өткен сайын мұндай сұхбаттардың бағасы биіктей беретіні
өз-өзінен түсінікті ғой. Фарида Бекжанқызының Қалтай
Мұхамеджанов, Нəсіп апайдың Жұмекен Нəжімеденов
туралы үзік сырларын жеткізуі көп жайттан хабар бер-
гендей. Лəйлə Ғалымжанова, Хабиба Елебекова, Шолпан
Жандарбекова, Гүлфайрус Исмайлова, Зəмзəгүл Шəріпова,
Бижамал Рамазанова, Ғайникен Бибатырова, Əлия Бейсенова,
Кəмила Құдабаева, Сауық Жақан, Майра Ілиясова, Гүлмəрия
Барманбекова, Зəуреш Есбергенқызы, Ғазиза Əбдінəбиева,
Тойған Ізімова жəне басқаларының өмір жолдары тұтастай
тарихи кезеңнің мазмұнын құрағандай. Белгілі тұлғалардың
белгісіз қырларымен таныстырады, емін-еркін сырласады.
Бір-біріне ұқсамайтын түрлі тағдыр арқылы қазақ əйелінің,
əсіресе өнердегі жанкештілігін нəзіктікпен жеткізіп, сұхбат
иелерін толғандырған жайттар оқырманын да түрлі ойға
жетелейді.
Кітаптың екінші бөлімінің кейіпкерлері Кəукен Кенжетаев,
Еркеғали Рахмадиев, Қалмұқан Исабаев, Дулат Исабеков,
Бақытжан Момышұлы, Қасым Жəкібаев, Мұзафар Əлімбаев,
Сейіт Кенжеахметов, Үмбетбай Уайдин, несін айтасыз, мұндай
кісілермен əңгімелесудің өзі ғанибет емес пе?! Тыңдай қалсаң,
ақтарылған шежіре, тосын мəлімет, қызық дерек. «...Баяғы
Отырардағы жоғалып кеткен кітапханадағыдай қыруар еңбекті –
Қалтайдың кітапханасынан табуға болар ма еді» – деп сүйсінеді
əйгілі композитор Е. Рахмадиев досы Қалтай Мұхамеджанов
туралы. «Театрға келмей тұрған кезде біз сияқты жастарға
Күлəшті көру – арман болатын» дейді Кəукен Кенжетаев.
Ертіс-Қарағанды каналы құрылысы басталмай тұрып, болашақ
арна бойымен 500 шақырымды жаяу жүріп өткен, Абай есімін
Берлин көшесіне бергізуге атсалысқан Қалмұқан Исабаев,
аңызға айналған əкесінің əрбір сөзіне, сөйлемінің түп-төркініне
зерттеу жүргізуге кіріскен Бақытжан Момышұлы, ұнтақ жеп
өскен ұрпақтың өкілі, театр, кино саңлағы Қасым Жəкібаев, сөз
маржанын тереңнен теріп, тас падай өрген Мұзафар Əлімбаев,
ұлттық салт-дəстүріміздің энциклопедиясын жасаған Сейіт
Кенжеахметов, қас-қабағы да, қаламы да əдепке, имандылық,
адамгершілікке тұнған сатирик жазушы, ұстаз Үмбетбай
Уайдиннің қадір-қасиеті автор сауалдарына берген жауап-
тары арқылы одан əрі арта түскен. Титтей жалықтырмайды,
қызығушылық тудырып, тұңғиығына тарта баулиды. Бұл мате-
риалдары еліміздің рухани байлығын еселеген ерен тұлғаларға
арналуымен аса құнды, өмірі – өнеге жандардың ой-пікірлері
дəл мезгілінде тасқа басылып қалғанына не жетсін. Таңсұлу
Алдабергенқызының сыр-сұхбаттарының осы тұрғыда бүгінгі
күннің ғана емес, келешектің сұранысын да ақтайтыны анық.
Тілші көзі əрдайым қырағы. Айналасындағы жамандық,
жақсылықтың ешқайсысы назарынан тыс қалмайды. Ірілі-
ұсақты өзекжарды мəселелер де кітаптың екінші бөліміне
арқау болыпты.
Жинақтың көркемдік жүгін еселеп тұрған соңғы бөлімінде
Таңсұлудың əңгімелері мен мөлтек сырлары топтастырылыпты.
Мұнда автор қолтаңбасы айшықты, тілі жатық, сезімі сергек.
Боямасыз өмір шындығы еріксіз баурайды. Үлкен проблема-
лар қамтылған шағын əңгімелерін тебіренбей оқу мүмкін емес.
Адам тағдырының сан алуан қыры автордың сезінуі, түйсінуі
арқылы жетеді жүрекке. Артық тəптіштеу де, ұзақ-ырғау оқиға
да жоқ, бірақ өзгенің мұң, өкініш, қуаныш, сағыныштарына
малтыққан кейіпкерлерінің үнсіз əрекеттері соңына шейін
қызықтыра жетелейді. Туындыларының көркемдігін міне,
осы тұстан дəлірек айқындайсың, үнсіздіктегі үндерді мег-
зеп отырып, күнделіктен ақтарылған сырлар осы ойымды
толықтырып тұрғандай. Қым-қуыт тірліктің саналы жан ке-
шер мұндай көріністері бəрімізге ортақ, ішкі дүниеңді байыта
сергілтеді, сергітеді. «Шараптың қызуы», «Ағатай, анамды...
алдап əкетіңізші!», «Сергелдең сезім», «Көгілдір махаббат»,
«Асылым ең...», «Үш тал гүл», «Мен, сен жəне жаңбыр...»,
«Əйел махаббаты», «Саудагер келіншектің сыры» Емеурін,
ишара штрихтар ана мен қызының, күйеуі мен əйелінің
арақатынасын соншалықты нанымды жеткізеді тартымды
оқылады.
Талай жылғы еңбегін жүйелеп, оқырманға ұсынып отырған
Таңсұлу Алдабергенқызының бұл кітабын ертерек күткен
едім. Қаламында жылу, жазуында шуақ бар, кез келген туын-
дысы жанға жайлы əсер етеді. Қазақ əйелінің болмысын өз
мүмкіндігінің деңгейінде мейлінше табиғи бейнелеуге бейім.
Мұңы, соры, қуанышы, үміті, күдігі, өкініші, рахаты, бақыты
қатар жарысқан ару, ана, əжелер, ата, ағалар, іні, қарындастар
– Таңсұлудың кейіпкерлері өзімізге жақын, əбден таныс,
күнде көріп жүрген жандар. Сондықтан да «Əйел – əлемнің»
оқырманы көп болатынына сенеміз.
Мағира ҚОЖАХМЕТОВА
жазушы, Халықаралық «Алаш»
əдеби сыйлығының лауреаты,
«Балбұлақ», «Дертке дауа»
басылымдарының
бас редакторы,
түрлі жобалар авторы
І БӨЛІМ
Жұмақ – ананың
аяғының астында
ҰЛАҒАТҚА ҰЛАСҚАН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ
Жазушы Ғабиден Мұстафин кім еді? Оның азаматтық бол-
мысын, рухани келбетін бүгінгі ұрпақ қалай таниды? Қазір
көзқарастар заманы. Өзімізге мұрнымызды шүйіріп қарайтын
психология басым сипат алып тұрған тұста, əсіресе, осы
қасиетпен ауыра бастаған ендігі толқын жастардың алабұртқан
көңілін өзімізге тарту үшін оларға Ғабиден Мұстафин туралы
не айтуымыз керек? Жазушының шығармашылығына қайта
үңілу, қайта таныту – əдебиетшілердің қасиетті міндеті бол-
са, біз қаламгердің адами қасиеттеріне, өмірдегі қарапайым
тірлігіне оның отбасы мүшелерінің көзімен үңілген едік.
Сонымен, алғашқы сұрағымызды жазушының 90-нан асып
отырған бəйбішесі Зейнел апайға бағыттадық.
– Ғабиден ағаның сүйікті асы, Сізге жиі қайталайтын
сөзі қандай еді?
– Жарты ғасырдан астам жұбымыз жазылмай, жарасты
ғұмыр кешкен Ғабемнің аяулы бейнесі көзден кетсе де, көңілден
əсте ұмытылмақ емес. Мінезі салмақты, болмысы бөлек, са-
бырдан жаралғандай жан еді. Оған Октябрь революциясынан
кейінгі талайлы тағдыры, соғыс зардабынан келген алапат
кесір ең алдымен денсаулығына қаншалықты нұқсан келтірсе
де, соның бəрін сабыры, төзімі жеңгендей еді. 60 жыл бойы бір
ғана бүйрегімен ғұмыр кешкен Ғабеңнің қастерлейтіні ұлттық
тағам болды. Бүйрегіне байланысты ащы тұзды тамақты көп
қаламайтын. Сондықтан да, үнемі оның ұнаған тамағын дайын-
дайтынбыз. Өте жақсы көретіндіктен жаз бойы үйден қауын-
қарбыз, жыл бойы алма-алмұрт үзілмейтін. Бəкене бəкісімен
алманың сыртын тазалап жегенді жақсы көруші еді.
Ол өте балажан, кісіге қайырымды, қамқор болды. Көзге
көрінген үш баласын жанындай жақсы көрді. Баласынбай
олардың айтқан пікірлерін тыңдап, санасып отыратын. Əсіресе,
Жанарға «мына тамақта қандай витаминдер бар, жесем бе, же-
месем бе екен» дейтін күліп. Жөніне қарай тəкаппар да, та-
лапшыл болды. Ең жақсы көріп, қатты риза болған сəттерінде
«біздің Зейне, бəйбіше, біздің академик», – деп нұрланып сала
беретін. Осы сөзді еш жасандылықсыз шын көңілімен айтатын. Көңілі кіршіксіз, жүрегі баладай таза еді. – Киімді Сіз таңдаушы ма едіңіз? – Қымбат киімге аса əуес емес еді. Бірақ əдемі жүріп, таза киінуді ұнатты. Əсіресе, киімнің ыңғайлы, жүріп-тұрғанға қолайлы болуын көп айтатын. Шетелдік емес, өзіміздің дүниелерді бағалаушы еді. Жібек көйлек, тік жаға, кейде жағасы кестеленген киім кисе, өзінше тəкаппарланып, мəзмайрам болып қалатыны да есімде. Көзге оқшау көрінгенді, елден ерекшеленгенді жаны сүймейтін. Галстук дегенді жиналыс, ресми орындарға барғанда болмаса, таға бермейтін. Кез келген нəрсенің қымбат-арзанына қарамай, жарасамды болғанын айтып, балаларды да қарапайымдылыққа тəрбиеледі. Өз талғамымен киінді. Жазды күндері айналасы ашық аяқкиім мен төбесі ашық баскиім киетін. – Шығармаларын жазғанда күй таңдаушы ма еді? Бос уақытында немен шұғылданады? – Ғабең халық əуендерін қатты құрметтеді. Құрманғазы, Тəттімбет, Мұхит, Динаның шығармаларын, Күлəш, Құрманбек, Ришат пен Мүсілім, Бибігүлдер салған əннің өте құмар тыңдаушысы болды. Үйде сол күйтабақтар əлі де сақтаулы. Ал, бір дүние жазар алдында əлденеге мазасызданған адам сияқты екі иығын қозғап қойып, шапанын қайта-қайта қымтап, көп ойланып, көп толғанады. Ол кейде тамақ ішіп отырғанда да, ол өз кейіпкерлерімен бірге «жүретінін» байқайтынбыз. Балалары: «папам бізді ұмытты» деп күлетін. Сондықтан да көшеде келе жатып, ойға шомғаны сонша ешкімді көрмей, көзге ілмейтін. Көптеген таныстары бұл мінезін түсінбей ренжіп те жүрді. Кездескенде айтып, түсінісіп жататын. Бос уақыты, тіпті де болған емес. Арагідік жазудан тыныс алған сəттерінде Абайдың əндерін жаймен қойып, өзі есік алдында артық-ауыс дүниелерді жинап, талдарды кесіп, күтіп, алма жинаумен шұғылданатын. – Қандай адамдармен араласқанды ұнатушы еді? Кісінің қандай қасиетін жоғары бағалады? – Соңғы 20-25 жыл бойына біз Қарғалыда тұрдық қой. Сонда «Алматы» санаторийінде республикамыздың əр түкпі-
рінен келіп демалып жатқандар сəлем беруге жиі келетін-ді.
Тіпті танымайтындар да. Ал, өзіне жақын, əңгіме-қалжыңы
жарасқан – Мұқаң, Ғабең, Əбділда, Ілияс, Еркеғали, Жұбан,
Сапарғали, Серік жəне Əлия Қирабаевтар үйіміздің жиі қонағы
болып, аралас-құралас болған жандар. Жас жазушы-ақындар
да үйге жиі келетін. Асқар Сүлейменов, Мұхтар Шаханов, Ахат
Жақсыбаевтар үнемі жағдайын сұрасып, келіп-кетіп жүрді.
Жас болса тоқсаннан асты. Кейбірінің аты аталмай жат-
са, ренжімес деп ойлаймын. Көп нəрсені ұмытып та қалдым,
қарағым.
– Көзге ыстық көрінетін тұтынған заттары бар ма?
– Əрине, бар. Өз қолымен жасаған сүйеніш таяқтары,
орындығы, ойнаған картасы, кішкентай радиоқабылдағышы,
əдемі қыран құстың бейнесі сол күйі тұр ғой. Жатқан орны,
жұмыс үстелі, отырған орындығы, өзі таңдап алған жиһаздары,
бəрі-бəрі Ғабемнің көзіндей ыстық. Қазір дүкен сөрелерінде
самсап тұрған əдемі шетелдік үй жиһаздары қызықтырса да,
балаларына əкесінің көзіндей болған əлгі дүниелерден артық
мүлік жоқ.
Аяулы анамызға алтынға да бергісіз, ештеңеге де айыр-
бастай алмайтын нұрлы күндерін сағындырып, одан сайын
елжіреткісі келді ме, əңгімені қызы Жанар жалғастырды.
– Əкеңіздің ерекше қасиетін айтыңызшы?
– Мен əкемнің өте қарапайым, мейірімді, əділ де кең-
пейілділігін ерекше айтар едім.
Көпшіл, елдің қызметіне, жас ерекшелігіне қарамайтын.
– Бала тəрбиесіне қалай қараушы еді? Мамандық таң да-
уыңызға көмегі болды ма?
– Ол бізді еңбекке баулыды. Еңбекқор адамдарға құрметпен
қарауға үйретті. Тек білімді, еңбекқор адам ғана өз деңгейінде
бақытты, салтанатты ғұмыр кешетінін құлағымызға құйып
өсірді. Анам екеуінің бір-біріне деген құрметі, асыл сезімдері,
аялай білуі – біз үшін бұдан артық өмір мектебі болған
жоқ. Біреудің сыртынан бірдеңе айтып не болмаса біреуге
ренжігенін көрген емеспін. Ешқашан өрескел мінез, оғаш
қылық байқатпайтын.
Бір сəт есімнен кетпейді. Мұхтар аға Əуезов, мамам үшеуі
ұзақ уақыт ақылдасты. Сонда медицина, жалпы жаратылыстану
ғылымы жөнінде маған көп əңгімелер айтқан. Осы бір əңгіменің
аса қызықты əрі маңызды болғаны соншалық, қазір ойлап отыр-
сам, сол күні менің болашақ тағдырымды да шешкен екен. Мен
қазір сол əңгіменің жемісін көріп жүрген жанмын. Бүгін де өмірде
адасып, жолы болмай жүрген жандарды көрсем, соларға менің
əкемдей бір қамқоршы болмаған ғой деп ойлаймын.
Осы сəт əңгімеге жазушының ұлы Қайрат Мұстафин ара-
ласты.
– Əкеңіздің мұражайы туралы не айтасыз? Егер жасақ-
талып жатса, мұрағаттары жетер ме еді?
– Əкемнің бізге қалдырған мол мұрасы – өмірінің соңғы жыл-
дарын өткізген Қарғалы поселкесіндегі мекен-жайы. Онда өзі
жинаған сан алуан кітаптары, дос-жарандарымен жазысқан хат-
тары, оқырман көңілінен шыққан шығармалары, алақанының
табы қалған заттары тұр. Өзімнің жеке қорымда атамнан бастап,
əкемнің мың жарымнан астам əр жылдары түскен суреттері,
яғни отбасылық бес-алты альбомы бар. Əсіресе, əкемнің сексен
жылдығы мен ақтық сапарға аттандырар сəттегі суреттерінің
өзі бірнеше альбомнан тұрады. Ол альбомдар əкемнің айтуымен
тек менде ғана емес, он бестен асатын немере-шөберелеріне де
арнап, бөлек-бөлек жасалынған. Бұл суреттер əкеміздің жарқын
бейнесінің көшірмесі сияқты қымбат дүниелер. Егер қаладан
қашық демесе, осы үйдің мұражай болуына біз қарсы болмас
едік. Бұл іске елеп-ескеріп, Жазушылар одағы мұрындық болып,
үкімет тарапынан көмек жасалынып жатса, неге құптамасқа?!
ТҮЙІН: Жазушы жөніндегі əріптесінің, отбасы мүшелерінің
не қарапайым оқырманының қайсысының да болсын əңгі-
месіне байыппен зер салып, тобықтай түйін түйер болсақ,
қарапайымдылық деген ұғымға табан тірер едіңіз. Оның өмірі
қарапайымдылықтан тұрған екен. Шынында да оның өнер мен
өмірдегі қарапайым тіршілігі тал бойыңызға бір қоңыр əуен,
қоңыр саз құйғандай əсер қалдырады. Ол сəт сайын Сізге,
бəрімізге қарапайымдылық қағидасынан дəріс оқыған данаға
ұқсап бара жатқандай көрінер еді.
Мəриям МҰҚАНКЕЛІНІ:
ТАҒДЫРЫМА РИЗАМЫН
Біраздан ойда жүрген шаруа – Мəриям апайымның
көңіл күйін, денсаулығын сұрап қайту еді. Оның сəті өзінің
туған күні түсті. Мəриям Мұқанкеліні –халқымыздың
біртуар саңлақ жазушысы, сөз зергері Сəбит Мұқановтың
қара шаңырағының қазіргі иесі, біраз жылдардан бері өзім
білетін, жақсы көретін сыйлас апайларымның бірі еді.
Қарап отырсам, бақытты ұрпақ екенмін. Кешегі
өмірден өткен сырбаз-сыршыл Сырағаңның (Сырбай
Мəуленов) бəйбішесі Күлжамал, СССР жəне Қазақстан
Республикасының Халық артисі, профессор Шолпан апай-
лармен (Жандарбекова) он бес-жиырма жылдай сыйлас,
сырлас араласыппын. Сол Күлжамал апамыз арқылы
Мəриям апаймен танысып, талай əңгімелерін тыңдап, ба-
тасын алғаныма да қаншама жыл өтті десеңші!
Əкеміз Сəбиттің үйіне музей қызметкері, тағы бір сый-
лас келіншек Гүлнəр Құдабаевамен бардым. Кіре берістегі
кең жарық бөлме – залда аппақ болып Ақ анам – Мəриям
күліп қарсы алды. Жүзіне қарап, бүгінгі күннің сəтті
басталғанына қуандым.
– Ой, айналайын, сарықарын бəйбіше бол деп бата беріп
едім талдырмаш келіншек кезіңде. Тура бəйбіше боп қалыпсың,
жақсылықтарың ұзағынан сүйіндірсін,– деп бетімнен сүйді.
Біраз жыл көріспедік, жасы болса жүзге таяп қалды, ұмытып
та қалған болар деген күдігімнің тас-талқанын шығарды.
Өзімнен-өзім əлгі ойыма ыңғайсыздана бастадым, апайдың
күтімі, жарасымды киімі, ширақ сөздері көңілімді көншітіп та-
стады.–Өзіңді көріп қайран Күлекем есіме түсті ғой. Ол кеткелі
көңілден қуаныш көшті, қатарластарыңның аман болғаны да
адамға күш екен,– деп бетін бір сипап өтті.
– Күлжамалдың барында ылғи ақын-жазушылардың
жесірлері, басы мен болып жиі бас қосушы едік. Өзіңнің бір
жазғаның да бар ғой, «Жесірлер шəйі» деп, ішке жиналған
мұң-шерімізді бір күліп, бір жылап отырып, ұзақ сырласушы
едік. Оның менен көп кішілігі болса да, үнемі хабарласып,
ақылдасып жүретін. «Əй, Мəке, бүгін театрға барамыз, жи-
нал немесе пəленшенің туған күні, келіп алып кетемін» деп
бір жаққа баратын болсақ таңертеңнен ескертіп қоятын-ды.
Жаратқанның мұнысына да шүкір, дегенмен ел мен елді, ауыл
мен ауылды байланыстырып, хат-хабар алып тұратын осын-
дай ақылман бəйбішелердің де соңы сол Күлекеңдер екен ғой.
Сонымен кетті қызық біткеннің бəрі...
Дайындап келген сұрақтар жайына қалып, біз əңгіменің
көңіл сергітетін жағына көштік.
– Мəриям апай, ертең туған күніңіз, Сəбит аға не сыйлық
жасаушы еді?
– Туған күн дегенді де қолдан жасадық қой, біз туған кез
солай болды ма, құжатқа өте салақ бопты ғой халқымыз.
Кейін метркесіз-ақ жаздырып алдық. Ол кісі жетім өскендікі
ме, үнемі балаларымен, қыздарымен ақылдасып отыратын.
Қыздар кішкентай кездерінде əкесінің менен жасырып алған
сыйлықтарын айтып қойып, қыран күлкіге батушы едік.
Сондағысы гауһар тастары бар алтын сақина-білезіктер. Сəбең
əу бастан əйелдің жақсы киініп, жарқыратып алқа, жүзіктерін
тағып əдемі болып жүргенін жақсы көруші еді. Əсіресе, ашық-
шашықтан гөрі етек-жеңі ұзын, киімдерді ұнататын. Өзі де
кеңқолтық мол пішілген дүниелер киетін. Дүкен аралауға
жаны қас еді. Бəрін өзің білесің ғой деп отыратын, сондықтан
дайын киім алуға өзім баратынмын. Ол кезде үкіметтің ар-
найы дүкендеріне бекітіліп қойғанбыз. Ал кейде тапсырыспен
киім тіктіре қалсам, айналып-толғанып, бетінен сүйіп балаша
өбектеп: «Міне, дайын көлікпен барасың да қайтасың, өлшеп
қана алады» деп, жалынып-жалбарынып апарушы едім. Одан
гөрі қалам мен қағазды шимайлауды жақсы көрді. Еңбекқор
еді, жарықтық. Балажан еді, мейрімді болатын. Екеуміз бір
шəй деспей ғұмыр кештік. Өзіме сатып алған көйлектерді де
қонаққа бармай тұрып, өзі бірінші көретін. «О, қандай мол
жарасамды, түсі де жақсы екен, өңі де жақсы екен», – деп ба-
лаша мəз болатын-ды. «Əйелдерде сəнді киімдер мол болғаны
жақсы. Еркектерге бір-екі костюм-шалбар болса, бес-алты
жейдесі болса жарайды» дейді.
– Немене жалаңаш жүресіңдер ме?–деп күлуші едім. – Мен
де кием, сен де киінесің, – деп сатып əкелген киімдерді қарап
шығып:
– Əй, Мəке, сен осы менің размерімді қалай білесің, дəп-дəл
ғой мынауың, – дейтін кəдімгідей таңырқап.
– Осы уақытқа дейін сенің талғам-талабыңды, дене-бітіміңді
білмей не бітіріп жүрмін,–дейтінмін. – Өте еңбекқор еді. Қағаз-
қаламын қасынан тастаған емес. Осы жетпіске толғанда ғой
деймін, демалысқа кететін болдық та:
– Сəбе, сен енді береріңді берген адамсың, өзің үшін бір де-
малыс болсын, мен сөмкеңе қағаз-қалам салмаймын,– дедім.
Қиналыңқырап барып басын изеді. Содан ұшып кеттік, Мəскеу
түбінде жазушылардың демалыс орны бар. Орналастық.
Серуендеп, кино-концерт көріп бір жұмадай уақыт өтті.
Байқаймын, тықыршып əрең жүр. Аузы жыбырлап, күбірлеп
қояды. Бір күні түнде оянып кеткен екенмін. Бөлмеге болар-
болмас шамның жарығы түсіп тұр. Ұйқылы-ояу жатып аса
мəн бере қоймадым. Бірақ сергек едім, көзімді ашып қарасам,
төсегінде Сəбең жоқ. Дыбысымды білдірмей, жан-жағыма
жайлап қарай бастадым. Сөйтсем... жұқа шəлім бар еді, соны
көлегейлеп үстел үстіндегі шамның жарығымен жазып отыр.
Ойын бұзғым келмеді. Ертеңіне түк болмағандай таңертеңгі
астан соң, серуендеп жүрміз.
– Кеше жаңадан кісілер түсті ғой деймін, біраз уақытқа
дейін шамның сəулесі түсіп тұрды. Түскі аста көрерміз, кімдер
екен, – деп алаңсыз əңгіме бастадым.
Сəбең алғашында үндемей қалды да, артынан селкілдей
күлді.
– Əй, Мəке, нағыз қусың-ау, – дейді. Балаша мəз.
– Ой-бүй, жазған-ау, қу боп неғылдым, көргенімді айтқаным ғой..
– Əй-əй-əй, қусың, сен бəрін білгенсің. Мен ғой түнде
қолым қышып жұмыс істеген,– дейді жаутаң-жаутаң қарап,
Сол жолы «Төрт тағанды» жазып қайтты. Осындай да
жағдайлар болған.
– Өте сыйластықта ғұмыр кештік дедіңіз, жазушылар
елдің, халықтың адамы деп жатамыз. Қызғанған кезіңіз
болды ма?
– Ойбай, қызғанбағанда. Неге қызғанбайын, маңдайы
жарқыраған ондай кісіні қызғанбағанда кімді қызғанамын.
Ол өзі менің қызғаншақ екенімді білетін. Білетін де ешкімге
жоламай, менің көңіліме күдік ұялатпауға тырысатын-ды.
Қайда барса да қасынан қалдырмайтын. Сəбемнің арқасында
көрмеген жерім, бармаған елім жоқ. Мені қайдан қызғансын,
жанып тұрған кезім, ешкімге қарайтын шамам да жоқ, Сəбеңдей
азаматтың жарымын, ешкімді менсінбеймін. Дүниеде қол
жетпейтін тек қана өзімнің Сəбитім. Ол өзі əзіл-қалжыңға, бос
сөзге аса үйір емес, томаға-тұйықтау, адал, əділ жан болды.
Сосын Ғабит, Ғабидендер мені қылжақ қылатын.
– Ой, малбағар, жайыңа жүр, тып-тыныш қана, беті жыл-
тырағандардың соңынан сұқтанбай, – деймін ғой.
– Ойбай, мынаған жолауға болмайды,ей, бұл бірдеңені
бүлдірер, – деп күлетін мырс-мырс етіп.
Аппақ ақ көбікті жұмсақ қар жауып тұрған бір күні бəріміз
қонаққа бара жаттық. Қар қалың-ақ түскен екен. Əңгімелері
мен, Сəбеңнің болса да қыңқ демейтін əдетін біледі де, мені
жағалайды ғой баяғы. Сосын жанына жəймен бардым да,
аяғынан шалып қалып едім, бейқам келе жатқан əлгілер
етпеттерінен түскені. Ал кеп күл... «Ойбай, Сəбе, Мəкең қандай
күшті-ей, екеумізді екі жаққа сұлатты ғой» деп ер-азаматтар
əбден күлсін. Мендегі қайдағы күш, ондай қимылды күтпеген
өздері ғой.
Шынында да сол кез бір қимас дəурен екен ғой, жыл өткен,
уақыт өткен сайын есіңе түседі. Сəбеңнің арқасында тұстас
ақын-жазушылардың еркесіне айналған сол бір жылдар көзден
кетсе де, көкіректе сайрап тұр. Əуезовтен, қадірлі Мұқаңнан
бастап сыйлап тұрушы еді. Сəкен қандай еді, бет біткеннің
сұлуы, ол кісінің де алдынан өтіп, не жүзіне тура қарамай, «сіз-
біз» десіп өттік. Қандай сырбаз, сұлу, шешен еді. Ақбоз аты-
на мініп шыға келгенде, баяғы сал-серілерден бірде кем емес,
сымбатты. Талай дəмдес болдық. Сəбең сол кісінің үйінде
тұрып, рабфакті бітірді, əкеміздей қабылдадық. Сыйладық.
Гүлбаһраммен сырлас, дос болдық. Сəбеңнің қасында жатыр.
Барған сайын тəтті, сəтті күндер еске түседі.
– Əшекей бұйымдарыңыз көп бола тұра, құлағыңызды
теспегеніңіз қалай?
– Əкемнің тілегі солай болыпты. Төрт жасымда əкеден
жетім қалдым. Əкемнің анасы Зейнептің тəрбиесінің арқасында
адам қатарына қосылдық қой. Жалғыздың жалғызы болдым
ғой, қайтсін, барын аузыма тосып, əкесіз, анасыз дегізбей,
қатарымнан кем етпей өсірді. Содан екі-үш жасым болар,
құлағыма сырға салайын деп, уқалап жұқартып отырғанын
көрген əкем:
– Апа, қайдағы пəлені қайдан шығардың, баланың жанын
ауыртып, салмай-ақ қойшы, сол сырғаңды, апа, теспеші,– деп
шырылдап қоя беріпті. Əжем жарықтық жалғыз баласының сол
тілегін бертін келе құлағыма құйып қойған болуы керек, мен де
сол тілекті аттап кете алмадым, қарағым. Тіпті сырға туралы,
əшекей-бұйым туралы ойлай қалсам, əкемнің бейнесі көлбеңдейді
де тұрады көз алдымда. Есімді біліп келе жатқанда анам тұрмысқа
шығып кетті де, Зейнептің құшағында қала бердім...
Зейнеп əжем келбетті, əдемі, тау халқына ұқсайтын қыр
мұрынды, ұзын бойлы келісті кісі еді. Сəбең керемет жақсы
көрді, өзі де жетім өскен адам ғой, ананың мейіріміне қанбай
өскендікі ме, қасымыздан бір елі қалдырмай, қайда көшсек
те бірге жүрді. «Шеше, шеше» деп бəйек боп жататын-ды.
1936 жылы қайтыс болғанда да өз қолымен жерледі, осы
«Саяхаттың» орнында зират болатын, соған қойған. Кейін сол
зираттар бұзылып, орнына автобекет салынатынын естігенде,
үйге қатты күйзеліп келді.
– Мəриям, ана шешейдің сүйегін алуымыз керек, зират
бұзылады екен, – деді.
– Ой-бүй-ау, оған бере ме екен?–дедім мен де есім шығып.
Содан горкомға барып, рұқсат алып, əлгі кісінің сүйегін
қаздырып, арнайы адамдармен бірге қазіргі Райымбек
бабамыздың бойына жатқызды. Кейін əжемнің басына белгі
қойдырып, үлкен сауапты іс жасап еді. Аяғым жүрген кез-
ге дейін Зейнептің басына барып құран оқып тұрдым, қазір
қыздарым барып тұрады. Сол кісінің аялы алақанының
арқасында, жоқты-барды сездірмей тоқшылықта өсіргенінің
арқасында Сəбеңе қосылып едім, одан жаман болғам жоқ.
Сəбеңді маған, мені Сəбеңе жолықтырған тағдырыма мың сан
тəубе жасап отырамын...
Мəриям апайдың аппақ жүзіне болар-болмас діріл пайда
болды. Алқынбай екі сағаттан астам сөйлеп отырған ол кісіні
шаршатып алмайын деген оймен, əңгіме арасында əзілдесіп те
аламыз. Бірнеше рет суретке түсіріп алдық. Сонда апай «тұра
тұр, қарағым, бет-жүзімді жөндеп алайын, менде қайбір келбет
қалды дейсің» дегені.
– Бет-жүз демекші, əдемі қалпыңызды қалай сақтап
қал дыңыз? Ұзақ жасауға астың да көмегі болуы керек,
əйел ретінде сүйсініп дайындайтын асыңыз не? – деп
сұрадық.
– Ей, айналайын-ай, сұлулықтың, көркемдіктің ауылы алыс
қалды ғой. Сол жастық дегеннің өзі сұлулық деген емес пе,
жас келген сайын қайдағы сақтап қалу, əйтеуір қыртыс-қыртыс
боп отырмайын деймін де, анда-санда бетімді əлі де күтетінім
бар. Бұл енді бір жағы өзім үшін, сосын төңірегіңдегілерге
құбыжықтай көрінбеу үшін жасалатын тірлік қой.
– Əкемізбен шетелдерде көп болдыңыз, жас кезіңізде қай
елдің бояуын қолданушы едіңіз?
– Сəбеңнің арқасында көрмеген ел-жерім қалмады. Онда
да бетіме ұнамды, теріме ұқсас, үйлесетін бояу ғана алатын-
мын. Көбіне құрбыларыма сыйлыққа таратып жіберемін де,
əжемнің үйреткен баяғы өзімнің айналайын ақ айранымнан
артығын көре алмаушы едім. Шашым қандай еді, сол шаш қой
Сəбеңнің көзіне түскен. Қап-қалың, жібектей ұзын бұрымды
қазір көзге түсіре бермейсің. Шашымды да сол ақпен жуып,
беті-қолымды да бір мезгіл айранға шылап, терімді нəрлендіру
осы күнге дейін қалмай келе жатқан əдет. Ал, енді анда-мұнда
болмаса бетіме опа, ерніме бояу жаққан əйел емеспін. Біздің
кезімізде судың да таза, ауаның да таза кезі ғой, таза ауамен
серуендегенді жаным қалайтын.
Сүйген асымды ғана уақыт талғамай сүйсіне пісіріп,
асықпай-аптықпай жəймен бабымен ішкенді ұнаттым. Əйел бо-
лып ет бүлдіріп алған кезім жоқ. Жылқының етін кейбіреулер
қап-қара қатырып алады ғой, мен сақтаған ет үнемі сол күйінде
тұратын. Соғымнан соғымға дейін бүлдірмей сақтаушы едім.
Жолға көп шығамыз. Сəбеңнің бір əдеті жолаушылап жүріп
сырттан тамақ ішпеуші еді. Сондықтан қазы-қарта, жал-
жаямды молдау пісіріп, тоңазытып, тіпті шайға қосатын
кілегейімді де бірге ала жүретінмін. Есімнен кетпейтін сондай
жолсапардың бірі Азияда теңіз үстінде теплоходта Сəбеңнің 60
жылдығын тойлағанымыз. Құдай-ау, үш жүздей адам бар ғой
деймін, сонда дастарқанды үйден əзірлеп əкеткен аспен-ақ тол-
тырып, елдің əбден риза болғаны бар.
Жаңа айттым ғой, арманы жоқ Сəбитімнің, оны маған, мені
оған жолықтырған тағдырға ризамын. Екі жетім боп қосылып
едік, Құдайға шүкір өстік-өндік. Бермеді емес, Жаратқан ием
төрт ұл, екі қыз берді. Амал жоқ, ұлдарым да кетті. Немере
қызым мен үш қызым бағып-қағып отырған жай бар. Тағдырыма
өкпем жоқ. Сəбит көрмеген жүзді көрсеткелі отырған, бұл
ұзақ жас деген де Жаратқанның пендесіне қиған дəулеті екен.
Аяулы Сəбитім, алтын Сəбитімнен осылай ажырасқаным бол-
маса, осы балалардың алдында қасына барсам деген ғана тілек.
Əңгіме ауанын тағы да өзгертуге тура келді. Жасы болса
жүзге таяп, жақсыға жақсы жар болған, көпті де көрген, көп
те жасаған анамызды біз де көбіне көңілді əңгімеге тартып
отырғанымыз да түсінікті болар.
– Мəриям апай, осы қазақтың батыр ұлы Баукең Сізден
қаймығыпты дейді, рас па?
Ақ апамның жүзіне күлкі үйіріліп сала берді.
– Е, ол қаймыққаны емес, сыйлағаны ғой. Баукең қандай еді,
кездейсоқ кісі жанына жолай бермейтін сұсты, қатал көретін.
Сері еді өзі. Қонаққа барсақ біздің қасымызға жайғасатын-ды.
Сонда ұнатпайтын кісі отырса, мұрты жыбырлап, тынышы
кететін. Соны байқаймын да, «Əй, тыныш отыр, немене жы-
бырлап кеттің?» десем, «Мəке, қойдым, қойдым» дейді. Өте
жақсы сыйластықта болдық. Бірауыз артық не қарсы сөйлеп
көрген емес. «Құдайдан қорықпаймын, Мəриямнан қорқамын»
дейтін.
– Тек, Алла сақтай гөр, айта көрме, – дейтінмін. Солай
қарағым,
сыйласқан
сыйлылардың
бəрі
кетті.
Мықты
денсаулық болса, жақсылықтың бəрін көреді екен кісі, Алла
тағалам денсаулық берсін деп тіле.
– Сіз өзіңіз айтқандай, жаныңыз қалағандай, Сəбиттей
қазақтың жары болып тарихта қаласыз. Ол кісінің атын-
да көше, мектеп, музей бар. Кітаптары жаңарып шығып
жатыр, артында мына шаруасы қалды-ау дегендей
бұйымтайыңыз жоқ па?
– Айтар сыным, өкпем де жоқ. Қанағат дегенді өз басым өте
жақсы көретін кісімін. Жасым болса келіп қалды, уақыт деген
өз дегенін жасайды, бойдан күш-қуат кете бастады, сонда осы
жасқа келіп «маған, маған» деп сұрайтындай не басыма күн ту-
сын?! Сұраншақтық, сұғанақтық табиғатыма жат нəрсе еді, со-
лай боп өмірден өтсем арман жоқ. Даңғарадай үйім бар, əрине,
Сəбитімнің ошағы. Жақында қала басшысының тапсырмасы-
мен орынбасары телефон шалып, жағдайымды сұратыпты.
Риза болып қалдым. Жоқтықты көрдік, аш-жалаңаш болдық...
барды да, байлықты да көрген, тойған адаммын. Ел сияқты
бұйымтай айтсам, осы ел азаматтары қолымды қақпас еді, де-
генмен бес-он сом үшін абыройымды төгер жайым жоқ. Алла
риза болсын, хал-жайымды сұрағандарға менен дұғай сəлем
дерсің. Аман екен, балапандарының қамқорлығымен Құдай
қаласа төбесі көрінген жүзге жетсем деген бір бұйымтайы бар
екен дерсің, – деп езу тартып қойды апай.
– Сəбең жақсы кісілердің шапағатын көп көрді дедіңіз,
өзі де талайға жақсылықтың жарығын түсірді емес пе?..
– Дұрыс айтасың. Əсіресе, алғаш үй болып қалыптаса
бастаған шағымызда біздің үйге студент жастар көп келетін.
Дастарқанымды енді жинай бастасам, тағы біреуі кіріп келе
жататын. Бəйек болып дəм əзірлеп, шығарып салуға əрең
үлгеретінмін. Олар келген күн біз үшін мейрамнан кем емес
тəрізді. Сол тұстағы студенттер арасында «қарындарың
ашса Сəбеңдікіне барыңдар, тамаққа тойғызып, ақшасын са-
лып береді» деген əзіл болса да шындыққа айналған сөз бар.
Əсіресе... бір күні осындай жастарды шығарып салып, енді
түскі асқа келетін Сəбеңе ас дайындап жатқанмын. Есіктің
қоңырауы қайта сыңғырлай жөнелді. Сағатқа қарасам, əлі ерте,
Сəбең емес. Ашсам, қолтығында қыстырып алған дəптері бар
бір қара бала тұр.
– Сəбит Мұқановтың үйі ме? – деп сұрайды.
– Иə, иə, кіре ғой, – деп ішке енгіздім. Сəбең келді.
Таныстық. Ғабдолла деген қарапайым шаруаның баласы –
Мəлік екен. Қазақ фольклорының тұңғыш өкілдерінің бірегейі,
ғалым. Кеңестер Одағының Батыры Мəлік Ғабдуллинмен осы-
лай басталған таныстық, кейін туған баламыздай болып, əкелі-
балалыдай ғұмыр кештік.
Мүмкін, Мəлік өлмегенде Сəбең де өлмес пе еді деп ойлай-
мын кейде, кім білсін? Өйткені, Мəліктің қазасынан кейін ес
жия алмай қойды Сəбең. Күндіз-түні егілетін-ді. Қабырғасы
қайысып кетті, белі бүгіліп кетті. Не керек, содан кейін көп
ұзамай, үш айдан соң өзі де кетті ғой ізінен. Артынан ерген
ініге, бірге тумаса да туғандай қабылдаған Мəлікке деген,
оның жазғандарына, атқарған тірлігіне көңілі өсіп жүретін де,
«əй, осы баланың отбасындағы көңіл-күйі дұрыс болса, бұдан
да жақсы дүниелер жасар еді-ау», – деп сырттай өкініп, жаны
ашып отыратын...
Талайларға инабатты келін, жақсы жеңге, жетімдерге
көзқарасы мен қабағы түзу, асылдың сынығы Ақ апам–
Мəрияммен болған əңгіме, тағы да көңілсіздеу аяқталды. Өмір
болған соң, оның үстіне көппен сыйлас, тығыз аралас болған
соң, онсыз тірлік те болмайтынын ол кісі де, біз де амалсыз
мойындағандаймыз. Қазақ əдебиеті мен мəдениетінің ауыр
жүгін сүйреген қазақтың қайыспас қара шалына адал жар, ба-
лапандарына мейірімді ана болған осынау Ақ апаммен əңгіме
шынымды айтсам, өте əсерлі болды. Қағаз бетіне түспегені,
түсіре алмайтын кейбір жақтары қаншама... Мүмкін кезінде
олар да айтылар...
Қоғамның бүгінгі келбеті, адамзаттың болашағы жөніндегі
керемет пəлсафаға толы ойлары мені керемет толғандырды.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсақ, бетімен
кеткен бойжеткен мен бозбалаға ата-ананың салқынқандылығы,
тіршілік қамы деп ақшаның соңында кеткен ата-аналардың
балаға бөлер уақытын көңіл көтеруге аямауы, уақтында асын
дайындап, жатқызып-тұрғызып отырған ананың мейірімін
толық сезінбеген ұрпақтың болашағына алаңдауы ақылман ана-
мызбен болған əңгімеде тыс қала алмады. «Əйтеуір, артының
қайырын берсін, осыншама бай қазақ əдебиеті, соны маңдай
тер, саналы ойымен жасаған əкелердің еңбегі қайтар кез алыс
еместігін, қазақтың май тамызар майда қоңыр тілі өлмесе
керек-ті» деген əдемі сөзімен əдемі əңгімемізді аяқтадық.
«БҰЛ БОСАҒАҒА КЕЛГЕНІМЕ
74 ЖЫЛ БОЛДЫ», – ДЕЙДІ КӨКЕН АНАМЫЗ
ЫСҚАҚБАЙҚЫЗЫ ҮМБЕТОВА
Алматы – Ташкент күрежолынан Ұзынағаш селосына қарай
бұрылғанымызда, күн де ұясына қызара бөртіп еніп бара жат-
ты. Шыңына көз ілеспейтін Алатау сілемдерін бетке алып біз
мінген көлік Аққайнар ауылына беттеді. Қаланың шуынан
қашып демалатын-ақ жер екен. Таудан ескен қоңыр жел ептеп
бойды алып, денеміз сəл-пəл тоңазығандай болды. Қаракестек
ауылының тұсынан өте бергенімізде бір топ сəйгүлік мінген
ауыл жігіттері қатарласа шауып өтті. Айнала тым-тырыс.
Көкпеңбек. Тал-теректің басы ғана баяу тербеліп əдемі бір
əуенге елітіп тұрғандай. Əлгіндегі көрініс көз алдымыздан
бұл-бұл ұшып артта қала берді.
– Əй, Данияр, əлгі жерден жылдамдықты басыңқырап,
аялдаңқырап өтпедің бе, əдемі бір əлемді лезде жоғалтып
жібердің-ау...
Менің ойымды көліктің алдыңғы қатарында отырған
Нұрланның даусы бөліп-ақ жібергені.
– Иə, қап-ай болды біздің де сөзіміз.
Шіркін, табиғаттың кеңдігі ғой, еліміздің қай түкпіріне барсақ
та өзіндік ерекшелігі, сұлулығы көз тартады. Дегенмен, Алматы
облысының шын мəнінде Жер жəннаты екенін, сол бір тылсым
сұлулықты күнде көріп, сезініп жүргенімізге іштей тəубамызды
айтып, əркім өз ойымен болып кеттік білем, үнсіздік орнады.
Жанымдағы «Ерке-Нұр» журналының редакторы Фарида
ханым да тəтті бір сезім құшағына енгендей. Оның не ойлап,
нендей мұңға батып кеткенін де жаныммен түсінетіндеймін.
«Қайран, Айекем, артта қалғандарды біраз уақыт мұңға бөлеп
кете бардың-ау» деп ойладым мен де кеше ғана жол апатынан
қаза болған осы басылымның басшысы Айсұлу Сарбозқызын
тағы да еске алып. Анасының соңынан бір елі қалмай бойжет-
се де жас балаша еріп жүретін көзінің ағы мен қарасы қызы
мен күйеубаласын да бірге ала кеткені жанымызды жұмбақ бір
əлемге сүйрегендей күй кешіп біз қалдық.
Тағдыр ғой...
Иə, тағдыр-талайы солай болғаны да, ана құрсағында
жатқанда-ақ маңдайымызға жазылғаннан қашып құтыла
алмайтынымызға тағы да көз жеткізгендей, өмір бар жерде
өлімнің қатар жүретініне мойынсұнғандаймыз.
Ананың құрсағы демекші, осы сапарымыз жайлы Фаридадан
естігенімде, іштей бір жақсы ырымға балап, қуанғаным да
рас. Қоғам жəне мемлекет қайраткері, өзіміз сырттай тілеулес
болып жүретін облыс басшысы Серік ағатай Əбікенұлының
анасы жайлы мақала жазып беруімізді өтініп, жолға шыққан
бетіміз еді.
Жері, елі үшін аттан түспей қызмет етіп келе жатқан азамат-
ты өмірге əкелген шүйкедей кемпір есік алдында бізді еркелей
қарсы алды.
– Қараң қалғыр бүгін күні бойы ішім бүріп ауырып,
есеңгіреп отырғаным,– деді көзіндегі көзілдірігінің үстінен
бізге елжірей қарап. Осы бір отырысы пəленбай жыл бұрын о
дүниеге аттанып кеткен біздің де шүйкедей кемпірімізді есімізге
салғандай, жүрегіміз жылып сала бердік. Аппақ жаулығына
малынып отырған мейірімді кемпірдің құшағына бас қойып
ағыл-тегіл жылағым келгені... Тұла-бойымызға тарап бара
жатқан сағыныш атты селді сабырға шақырып, еңкейіп барып
шешеміздің маңдайынан сүйдік. Ол кісі де құшағына қысып
барып емірене сүйді де, əлгі сөзін қайталады.
– Апа, əкімнің анасы болған соң ба, жоқ əлде жасыңыздан
осындай ерке болдыңыз ба?– деп күлдім маңдайына түскен
жаулығын жөндеп жатып.
– Е, жоға да, жасымнан осындай «қағынған» кемпірмін,–
деп балаша күлді де, ол кісі бізді үйге бастады.
– Апа, батыр да, ақын да Анадан туады. Қанша құрсақ
көтердіңіз?
– Қарағым, Құдайдың бергені болар, шалым он тоғыз, мен
он алты жаста бас қостық. Қырық жасыма дейін он төрт перзент
сүйдік. Үш ұлым шалыммен бірге кетіп қалды. Аллаға шүкір,
қалғандарына қанағат, солардың амандығын тілеп отырған
жайым бар. Солардан тараған қырық шақты немерем бар, алды
қырыққа келіп қалды. Шөберелерім бар. Осылардың алдында
тілеуін тілеп қарайып отырмын ғой. Мынаған жақсам болды,
əйтеуір,– деп қарсы отырған келіні Гүлнəрді көрсетіп қойды.
– Апа, келініңіз жақсы ма, жоқ келініңіздің шайы жақсы
ма?– дедік ол кісінің əңгіме ыңғайына жығылып.
– Өзі де, шайы де жақсы. Жалпы, естеріңде болсын, ұлдан
гөрі келінмен дұрыс болған жақсы. Құрсағыңнан шыққан
немең ешқайда кетпейді, ал үрім-бұтағыңды өсіріп отырған
келіннің қабағы дұрыс болғаны жақсы тегінде. – Үшінші
ұлым Ғабитімнің келіншегі Гүлнəр осы, жиырма бес жыл-
дан асып барады, осының қолындамын. Шүкіршілік, 74
жыл болды осы босағаға келгеніме, ыстық-суығым өткен
ошағым ғой. Қай қызға, қай ұлдың үйіне барсам да, осыған,
осы шаңыраққа асығып тұрамын. Қара шалымнан қалған
қара шаңырақтың иесі Аяным бар. Атасының кенжесі.
Екеуінің рұқсатымен шалымыз екеуміздің атымызға көшіріп
алғанбыз.
Əңгімеге келіні Гүлнəр араласты.
– Атам керемет сауатты, биік, ірі кісі болды. Балажан-тын.
Ұлымыз дүниеге келгенде: «Қанша ұл-қыз өмірге əкелсек те,
бірде-біреуі менің атыма жазылмапты-ау, осы Аянды өзімнің
көзім тірісінде өз атыма аударып алайын» – деп ықыласы ауды.
Қалай қарсы боларсың, келістік. Сөйтіп, басқа қайын əпке,
қайнағаларымнан жолы үлкен болып, осы əулеттің кенжесі са-
налады. Міне, өзі де келді, – деді есік жаққа қарап.
Шынында да бой десе бой, түрі-басы келіскен бозбала
сəлемдесе енді. Аянды айналып-толғанып отырған шешемізге
қайта бұрылдық.
– Апа, бір балаңыздың қоғам, мемлекет қайраткері
екенін білеміз. Көпшілікпен, қара халықпен жұмыс істеу
оңай шаруа емес, біреуге ұнасы, біреулері қызметіне сын ай-
тып жатыр. Ұлыңызды сондай сəттерде қалай қолдайсыз,
қорғайсыз?
– Балама «Көп тілеуі көл» деген, қарағым, еліңнің, халқыңның
үддесінен шыға біл, таза бол , адал бол, асып-таспа бірқалыпта
бол, сонда ғана жағасың,– деп үнемі құлағына құйып отыра-
мын. Байдың да, кедейдің де, бастықтың да, қарапайым кісінің
де кеудесіндегісі бір шыбын жан. Барар жері де бір. Тегі момын,
кісі ақысына сүзілмейтін, қанағатшыл. Төбесін аман көргеніме
қуанамын. Аман болсын қарақтарым. Балаларыма ризамын,
бірде біреуі əбес қылықтарын көрсетпейді, теріс мінезден ада.
Шылым шекпейді, ішімдікке жандары қас. Серігім кішкентай
кезінен ерекше болды. Əскерден келгенде əжептəуір бойшаңдау
еді, қызмет деген де жанды жеп қояды ғой деймін, шөгіп кетті.
Ешкімнің ала жібін аттама, мүмкіндігің болса елге бер деп
тəрбиеледік. Кешегі Қызылағаш оқиғасы тұсында баламмен
бірге қайғырып, қабырғам қайысты. Табиғаттың тылсым мінезі
жетерлік, апат айтып келмейді деген осы да. Құдайға шүкір, ар-
тынан дұрысталды ғой. Қашан да сабырлылық, қанағатшылдық
адам баласын қандай қиындықтан болса да алып шығады.
Халыққа сабыр берсін!
Шалым да ақылды, сабырлы кісі болды. Екеуміз 55 жыл
бірге тұрдық. Көпшіл, балажан. Ол да, мен де ата-анадан
жалғыз болдық. Ата-енем тау-тасты аралап жүріп, Құдайдан
сұрап алған жалғызы. Менің жалғыз бауырым болып еді.
Əкем марқұм: «Ұлым көкте жүреді, ал жерде қызымның ба-
ласын бағып біз отырамыз» деп армандап жүріп, əскери
ұшқыш болыпты да, 1944 жылы қаза болып кетті. Нұрман
Туғанбаев деген қазақтан шыққан тұңғыш əскери ұшқыш бо-
латын. Артында ұрпақ та қалмады, қайран бауырым із-түссіз
жоғалды. Балаларым жүгріп жүріп қай қалада жерленгенін
тапты-ау, амал не, жер қашық, сыртынан атын атап Құран
бағыштағаным болмаса қолымнан не келеді. Жалғыздық де-
ген адам баласының басына бермесін, айналайындар, өте қиын
жағдай ғой. Сондықтан болар, осы бр үрейлі сөзден қорықтық
па, шалымыз екеуміз баладан қашпадық. Өз төбесіне барып
жатқанына 15 жыл толды. Ұрпағына бас-көз болып артында
мен қалдым.
Шалым қызметкер болды. Совхоз директоры, партия
ұйымының жетекшісі, бас зоотехник болды. Сөзшең, əңгімешіл,
зор адам болатын-ды. Тату-тəтті ғұмыр кештік. Амандық бол-
са, биыл желтоқсан айында 90-ға толамын.
– Апа, өте жас көрінесіз. Жақсы жасаудың сыры неде,
тамақ талғап жейсіз бе?
– Өскен-өнген əулетпіз. Қыз ұзатып, келін түсірген деген-
дей, жалпы адам баласының айнымалы мінезін жақтырмаймын.
Кімге болса да бірдей болу керек, төрт келінім бар, құдаларым
да текті азаматтар.Күйеу бала, келін деп бөлмей, бірдей ықылас-
пейіл танытып, көпшіл болсаң, Жаратқан да адамның пейіліне
береді дейді ғой. Артық ішкен астың да сұрауы бар. Обал-
сауапты білген де жөн, тамақты қалауымша ішемін, артық емес,
əрине. Ал, көп жасау дегеніңіз, бір Алланың қолындағы тірлік,
тəубə, ұрпағым аман болсын. Осы жасыма дейін бір адаммен
бет жыртысып, ұрысып көрген кісі емеспін. Ер-азаматтың да
кірген-шыққанын аңдып, қайда барды, қайдан келді дегенді
білмеппін. «Ер-азамат түздің адамы» деген қағиданы берік,
биік ұстанған ұрпақпыз ғой.
– Төрт келін деп қалдыңыз, өзіңіз таңдап, құда түсіп
алған келініңіз бар ма?
– Мұхиттың əйелі – Анарды балам əскерден келерінде алты
ай бұрын үйге түсіріп алдым. «Апа, балаңыз ұнатпаса қайтеміз»
дейді, «əй, əдрем қалғыр, менен асып қайда барады» дегем, жа-
ман болған жоқ. Мына жағы Андреевка, ар жағы Махамбетке
дейін құдалыққа барып келдім ғой. Серіктің келіншегін де он
алты жасында түсіргем, өсті-өнді. Жекжат болған жерлерім де
өскен-өнген адамдар.
Байлық ешкімге серік болған емес. Жер басып тірі жүргенге
ештеңе жетпейді.
– Шалыңыздың құрдастары бар ма, келіп тұратын шы-
ғар?
– Балам əкесінің атынан мешіт салдырған. Көзі тірілері келіп
бата жасап, əңгіме-дүкен құрып тұрады. Одан артық қолдан не
келер. Төбедей болған төрем беткейде ұрпағының амандығын
тілеп, мəңгілік ұйқыда. «Мен де келермін, бұйыртқан бір күні»
деп басына барған сайын қалжыңдасам. Ондай кезде Серіктен
бастап балаларым қорқып кетеді. «Əлі рұқсат жоқ сізге» дейді
зəрелері қалмай... Бұйрық келсе, алды-артыңа қарамайтыныңды
іштей сезінсе де, қимайды ғой...
Аппақ Ана сəл-пəл мұң басқандай үнсіз қалды. Пер-
зент терінің жанын жаралап айтқан сөзін салмақтап отыр-
ғаны байқалады. Ананың жүрегіндей нəзік, Ананың ма-
хаббатындай таза, мейіріміндей сезім жоқ шығар бұл
пə ниде, қатыгездік пен қаталдыққа жол бермейтін, дүниені
əдемі əуенімен əлдилеп келе жатқан осындай кейуана
Аналарымыздың арамызда аман жүргені қандай күш, қуат
береді десеңізші?!
Қазақ, əдетте, ата тегіне, қанына қарап мақтанса да, ана
құрсағын, ана жатырын да үнемі ескеріп отырған. Əсіресе,
тектілікті ана құрсағынан іздеген. Қазақтың қанына сіңген
осындай қағидаға сүйенер болсақ, осынау шүйкедей ғана
қазақтың қара кемпірінің құрсағы, шын мəнінде, алтын екенін
мойындамауға болмас. Алтын асықтай ұл-қыздарының алды
бүгінде бір əулеттің ғана емес, бүкіл бір қазақ қоғамының
кəдесіне қызмет етіп келе жатса, неге ғана ол ананың
мейірімінен, махаббатынан айналмасқа?!
Айналайын Əз-Ана, ақ жаулығың Алатаудың аппақ
шыңдарын елестетіп, алдымызда жүре бер деген перзенттік
тілек жүрегімізді жаулап Алматыны бетке алдық...
АҚТОҚТЫДАН – БҮБІХАНҒА ДЕЙІН...
Бірнеше күн жүріп, Шолпан апайдың рұқсатын алдым-ау.
Онда да спектакльден кейін кездесуге келістік. «Отыз ұлың
болғанша» пьесасындағы сақау да ерке Бүбіхан-Шолпанның
журналистерге қоятын талабы да осы екен – ең бірінші
спектакльді көріп, сахнадағы бейнесімен танысу.
«Іштен шыққан шұбар жылан» демекші, жан-тəніңмен
орындайтын бейнеңді кез келген пенде тоқмейілсіп қабылдауы
мүмкін: жақсы шығардым деп. Сондықтан да өз көзіңмен
көргенге ештеңе жетпейді», – деді ол кісі.
Спектакль де бітті. Мəдина-Мадоннаны еске алу кешінен
кейінгі көңіл-күйіміз, сахнадағы өнердің тағы бір кешінен аз-
дап сергігендей. Кездесу ертеңге қалды. Дегенмен, əңгімеміздің
тақырыбын есіне салып үлгердік.
Айтылған мекен-жайға жетіп, есік алдында ептеп дем
алғандай сəл кідірдім. Жүрегі құрғыр дүрс-дүрс. Енді ше,
қазақ өнеріндегі аты аңызға айналған, алғаш опера жəне ба-
лет театрының ірге тасын қалаушылардың бірі де бірегейі
Құрманбек Жандарбековтің қара шаңырағының босағасында
тұрсам. «Денсаулығы құрғыр да болмай жүр» деген Шолпан
апайдың даусы құлағыма тұрып алды. Мүмкін, бүгін де сəті
түспесе ше, деген үрей де жоқ емес.
Есікті баласы ашты. Ішкі бөлмеден «кіре бер» дегенді
естідім. Сөйткенше қолында бір бума қағазы бар өзі де шықты.
– Əңгімеміз қазақ əйелдері жөнінде болса дегеннен кейін,
ұйқым бөлініп, қайдағы-жайдағы еске түскені, – деді ол кісі.
Шаршап тұрса да даусынан реніш байқалмайды. – Өмірде
де, өнерде өзім араласқан, шығармашылық, жеке отбасылық
қарым-қатынаста болған қыз-келіншектер еске түскені, – деп
бір қайырды Шолпан апай.
– Иə, əуелгі ойымызда осы болатын. «Қаракөзден» басқа
əдебиеттегі қыз-келіншектердің бəрінің образын жасаған, бір
ғана Мұхтар Əуезовтің 14 персонажын бейнелеген, өнерде
өзіндік қолтаңбасы бар Шолпан апайды елі, театр сүйер қауым
онсыз да біледі. Ақылман ана, адал жар, бүгінде елге айтар
өзіндік өрнегі бар Жандарбекованы АНА, ƏЙЕЛ ретіндегі ой-
толғанысын бөлісу еді. Құрманбектей біртуар талант иесінің
аяулысы болған кісінің көргені мен білгені, өзі кейіпкер боп ен-
ген аналар бейнесіндегі байқаған-түйгені – бізді қызықтырған
дүниеде де осы.
– Шынында да «Қаракөзден» басқа əдебиеттегі қыз-
келіншектердің образын жасадым. Қаракөзді ойнамаған себебім
де болды. Өзімнің актриса ретіндегі көтерген, көгерген бейнем
– Ақтоқтының тағдыры, басынан өткізген азабы мен тозағы
ұқсас трагедиялық бейне болғандықтан, ауырлау соғатын бол-
ды. Өзім де, Құрекең де аса ынталана қоймадық. Бір Мұхаңның
өзінен 14 бейнені ойнадым. Ол бірі жақсы уақыт еді ғой. Жақсы
болатыны – жас едік. Албырт, таза едік. Қазір заман өзгерді.
Адам да өзгерді. Көрермен де, қойылатын шығарма да жаңарды.
Əсіресе, соңғы алты-жеті жылда театр репертуары жаңаша си-
пат алып, классикалық дүниелер азая бастап еді. Енді жаңа
басшылық қайта қолға алып жатыр. Əдебиеттің жаңарып, өсіп
отыруы заңдылық. Дегенмен, классикалық шығармалардың
орны тым бөлек қой. Онда ұлттық болмыс-бітім, бояуы қанық
тəрбие-тəлім жатады. Мəселен, көркем шығармаларда бұрын
қыздың кең маңдайы, аппақ білегі, саусақтары, шиедей қып-
қызыл ерні, жүріс-тұрысын суреттеу арқылы тəрбиенің
қалыптасқан бір үрдісі қоса жүретін. Біз де, театр сахнасына
тұңғыш шыққандар сол сұлуды, ақылды аруларды бейнелеу
арқылы образға кіруге, солар сияқты жүріп-тұруға ұмтылу
арқылы бой түзейтінбіз. Образға ғана еніп қоймай, солардың
бойындағы қасиеттерге бой үйрететінбіз. Он сегіз жастағы
кезім. Еліктеп, үйренуге құштар кез. Алғаш «Ақтоқтыны»
шығарарда тамаққа тəбетті тежеп, дене бітімімізді қалыпта
ұстау үшін, сахнаға шығар алдында бір шикі жұмыртқа, жар-
ты сухари мен бір стакан жылы суды ішуді əдетке айналдыр-
дым. Сондықтан да Хадиша екеуміз сахнада жиырма жылдай
жас қыздардың рөлін ұстап тұрдық. Қырықтан асқанда ғана
келіншктерді, елуге жақындағанда əйел, аналар бейнесіне
ауы са бастадық. Біздің кезіміздегі драматургтер мен қоюшы
режиссерлер ұлттық болмысты, сананы, əдет-ғұрыпты жақсы
білетін-ді. Сол кездегі кез-келген қойылымда қыздарымз ер-
кектермен қалай сөйлеу керек, ер-азаматар алдында өзін қалай
ұстау керек екенін, бақырайып бетке тіке қарамай, биязы бо-
луды үйрететін бірден-бір құрал болғаны тарихтан да белгілі
құбылыс. Əрине, əр заманның оқиғасы да əрқилы.
– Сіз сахнада тек қазақ əйелі ғана емес, батыстың, оның
ішінде орыс жазушыларының да шығармаларын сомдап
жүрсіз. Сахнадағы əйелдердің бойындағы айырмашылық
туралы айта кетсеңіз?
– Əрине, айырмашылық болады. Батыстың, мысалы, Шек-
спирдің, орыс классиктері – Чеховтың, Гогольдің, Грибое-
довтың, Островскийдің кейіпкерлері – қазақ əйелдеріне
мүлдем ұқсамайды. Оларда еркіндік басым, өздерін ерлермен
тең дəрежеде ұстауда өте еркін.
– Ондай еркіндік қазақ қыздары бізде де болған. Бірақ
ол еркіндікті олардың басына түскен тағдыр ауыртпалығы
əкелген. Яғни, сол қоғамдағы салмақ мəжбүр етеді. «Ақан
серідегі» жаны нəзік, биязы Ақтоқтылар кейін Хазірет Ақанды
елден қуып, сүймеген Жармұханға күйеуге береміз деп шеш-
кенде, Ақтоқты ашынғаннан Хазіретке қарсы шығып, өз
тағдыры үшін ашық күреседі. Батылданады. Бойдағы ұятты ке-
неген ашу-ызаға жеңдіреді. Жанына батса, арына кір келтірер
жағдайда өз ары, тəні, жеке басы үшін бел буған қайратты
қыздар, əрине баршылық. Бірақ, соған жеткенге дейінгі жағдай
əбден шаршатып, қалжыратып, барып жеңіске жеткені үлкен
ақылдықпен қоса төзімділікті де паш етеді. Бəріне бірдей
бұқпантайламай, өз басына түскен тағдыр тəлкегінен шығатын
да жол таба білген.
– Сахнада бір-біріне қарама-қайшы рөлдер болды ма?
– Болды. Қалтай Мұхамеджановтың «Жат еліндегі» Еваброер
деген неміс əйелін айтуға болады. Сондай-ақ «Бөлтірік бөрік
астында» Марфұға сол кездегі жаңаша киінетін, орысша-
қазақша сөйлейтін, өмірге деген көзқарасы жеңілдеу, жүріс-
тұрысы да бұрынғыларға ұқсамайтын, тағдыры да бөлек қыз.
Мұхамеджанов шығармаларында жалпы, трагедия мен сатира
қатар өрілген. Бірінен ойындағысын бүкпесіз ашық айта ала-
тын, неміс əйеліне тəн өткірлік байқалса, бірінен болмысын
еркелік арқылы жеткізетін еркіндік көрінеді. Ал Гогольдің
«Ревизорындағы» Анна Андреевна да мінезді еркін əйел.
Қаланы басқаратын күйеуіне сенген, молшылықты сүйетін,
өзінше толған, тойған əйел. Бұл да мен сомдаған кейіпкерлеріме
қарама-қайшы образдардың бірі. Сахнадағы жүріс-тұрысы,
сөйлеуі мəнері бөлек, өмірге көзқарастары əртүрлі əйелдер
бұлар.
– Өнердегі емес, өмірдегі құрбыларыңызға бұрылсақ...
Əйелдердің өнердегі тағдырынан гөрі, өзім біраз араласқан
қазақтың маңдайалды қызметкер əйелдері туралы айтайын.
Көбі о дүниелік боп кетті. Сəбираны, Рахияны, Раушанды,
кешегі қимас құрбы, өнерге бірге келген Бикендердің орны
əрине бөлек. Солардың, солар сияқты алып өнер адамдарының
арқасында, мүмкін біз, қатарға қосылған шығармыз. Адам
анасын, сосын ұстазын ұмытпау керек. Жақсылық жасаған
адамды ұмытпау керек. Жастың ұлғаюына байланысты бо-
лар, кейде ауруханаға жиі жататын кездер болады. Сондай
бір кезде қазақтың маңдайына біткен ғалым қыздарының бірі
ғалым, академик, профессор Лəйлə Базановамен бір палатаға
түсіп қалдым. Кез-келген сырқаттың жанға бататыны шындық.
Дегенмен, емдеуші дəрігермен бірге бөлмелестердің ықыласы
да шипа ондайда. Екеуміз мəдениет, өнер, театр хақында
пікірлестік. Ауруханада кездесуімізді ыңғайсыз қабылдасақ та,
іштей екеуміз де қуандық.
Шолпан-ау, екеуміз де тезірек жазылатын болдық. Білемін
ғой сені, білемін. Сонау Ақтоқтыңнан кешегі «Шығыстағы бір
бейбақ» деген жапон пьесасын жақсы шығардың ғой, – деп
риза боп қалды.
Қазақ əйелдерінің ішіндегі ғылымға, мемлекеттік қызмет-
шілердің бірі де бірегейі Лəйлə ханыммен таныстық осы-
лай басталған еді. Тек қызмет емес, тұрмыста да аяулы ана
екенін ұл-қыздарының бойынан көріп мен де ол кісіні жылы
қабылдадым. Интелигенцияның театрға өте аз келетін кезі,
Лəйлəнің бойынан байқағаным: өнер тақырыбындағы сауат-
ты əңгімелері, классикалық шығармалар төңірегіндегі ашық
пікірі қызықтырды. «Ақан сері-Ақтоқты», «Қозы-Көрпеш-
Баян сұлу» «Қобыланды», «Еңлік-Кебекті» бірнеше қайтара
көргенін айтты. Əсіресе, «Шығыстағы бір бейбақтағы» он
жасар қыздың алпысқа дейінгі өмірін бейнелеуім қатты əсер
еткенін сүйсіне айтты. «Бүкіл бір ғұмыр ғой бұл» деді тамса-
нып. Мені ғана емес, Қалибек, Серке, Елубай, Шəкеңді, Сəбира
мен Рахияны, Хадиша мен Хабибаларды аузынан тастамай,
үнемі айтып отыратын.
Балжан Бөлтірікова да зиялы ортадан шыққан қазақ
қыздарының бірі. Совминнің мəдениет жөніндегі орынба-
сары болғандықтан, əңгімеміз тіпті жарасымды еді. Көбіне
опера, балет төңірегінде сыр қозғаймыз. Заң бойынша,
Станиславскийдің заңы бойынша, артист залға, көрерменге
қарамауы керек. Дегенмен, залдың бірінші қатарынан мен
Балжанды жиі көретінмін. Қазақи болмысқа жақын таза ойнай-
ды деп ол да жоғарыда аттары аталғандарды үнемі айтатын.
Біздің Құрекең ол кезде опера жəне балет театрының көркемдік
жетекшісі еді. Ол кісі қойған «Біржан-Сара», «Қыз-Жібек»
Сталиндік сыйлықтың лауреаты болғанын, оған Құрекеңнің
еңбегі сіңгенін айтып өтті. Арасында əзілдеп қоямыз.
– Шолпан, Құрекеңе неше жасыңда тұрмысқа шықтың,
– деп сұрады бірде.
– Он сегізімде, – дедім.
Ой-бұй, жиырма жас үлкен екен ғой, – деді күліп.
Білмеймін. Қап-қара қою шашты артқа қайырған, мойнында
көбелек галстук, қара костюм, аяқта лакталған қара туфли. Аса
таяғы тық-тық деп келіп жүріп, əйтеуір қолына түсірді ғой деп
қоямын. Екеуміз күлеміз.
Зəуре Омарова – театрдағы кəсіподақ ұйымын басқарған
кезімде, қызмет бабымен танысып, ұзақ сыйластыққа ұласқан
тағы бір аяулы жан. Үйдің қат кезі. Демалуға жолдаманың тапшы
кезі. Зəуре ол кезде халықты əлеуметтік қорғау министрлігінде
істейтін. Мені көргеннен: – Иə, Шолпан, тағы не сұрап келдің
дейді амандықтан соң. Шаруамды айта жөнелемін. Келсе
қолынан, келмесе кімге, қайда бару керек екенін айтады. Осы
күнгі Ленин даңғылының бойындағы артистер тұратын үй сол
кезде Зəуренің сілтемесімен барып, Балжанның арқасында
жеткен олжа.
Лəйла Ғалымжанова да шығармашылық байланыс жасау
арқылы танысқан қазақтың оқымысты, қайраткер қыздарының
бірі. Киностудияның председателі болып тұрған кезінде
көптеген ақыл-кеңесін тыңдадық. Сол жолмен жүрдік те. Ол
кісімен əр əңгімеден кейін маған «осы өнер туралы Тоқпанов көп
біле ме, əлде Ғалымжанова көп біле ме екен» деген ой келетін-
ді. Өте білгір, шешен əйел. Əрбір қойылымдағы кейіпкерден
бастап, ойнаған актерлерге баға беріп қана қоймай, сын
пікірлерін ортаға салып отыратын. Ыдырысты, Нұрмаханды
көп айтып, ерекше бағалайтын. Кейіннен Мəдениет министрі
болды. Өнерге терең түсінетін, өзін өте қарапайым ұстайтын
ақылман, ұлтжанды, өнержанды басшы керек екеніне көз
жеткізген жылдар еді ол.
Ғазиза Жұбанова – менің өнердегі үлкен ұстазым сияқты.
Асқар Тоқпанов пен Рəбиға Қалабаева деген профессор апайы-
мыз консерваторияда сабақ беруге шақырып болған соң,
көмекші болуға келістім. Екі жыл үйреніп, үшінші жылы жеке
класс алғанмын. Бірінші жылы – Асанəлілер, екінші жылы –
Торғындарды Асекеңе ассистент боп жүріп шығардық. Содан
бір күні Ғазиза Ахметқызы:
– Əй, Шолпан, сенің жоғары білімің жоқ екен ғой. Мұның
болмайды. Студенттерді жинап үйреткенше, өзіңді-өзің
қинайтын уақыт жетті. Оқы, сырттай болса да оқы, – деді.
Консерваториядағы танылып қалған əртіс-ұстаздарды атақ-
сыйлыққа ұсынатын кезде, менің қағаздарымды көрген ғой.
Сөйтіп, өзім алғаш класс алған жылы, ректорымның айтқаны
бар, Құрекеңмен ақылдасып, сырттай ұлттық бөлімге түстім.
Ойламаған жерден жанашыр басшы, ақылшы дос тапқандай
есім шығып жүріп, төрт жылдың қалай өткенін де білмей
қалдым. Өзіммен қатар бітірген класымдағы 18 студентімді
ертіп, тұңғыш Талдықорған облыстық театрын ашып едік.
Бикен Римова атындағы сол театрда Алмахандар əлі сахнада
жүр. Сонда деймін-ау Ғазизаның басшы ретіндегі адалдығы,
ақылдылығы есіме түссе, ішім жылиды.
Шабал Бейсекова – өнерде де, өмірде де жақын болған
құрбым, сырласым еді. Он сегіз жасымызда өнерге қатар келдік.
Көрші тұрдық. Жастықтың қызығы, өнердің қызуын қатар жүріп
сезіндік. Ол операда, мен акемтеатрда сахнаның ыстық-суығын
таттық. Оның даусы ерекше болатын. Өте əдемі дауыс, Шабалдың
даусын қазіргі Нұржамалдың даусына ұқсатып, кейде керемет күй
кешемін. Халқымыздың өнеріне еңбек сіңірген азамат Кəукенге
жақсы жар, қыздарына аяулы ана бола білген. Əйел, Ана ретіндегі
тəлім-тəрбиесіне Қəукеннің қуыршақтай таза жүретіні куə.
Қыздары əкелерін аялап-ақ отыр. Осының бəрі ананың ақ сүтімен
тараған, үйренген өнеге емес деп кім айтар?!
Құрекең кетіп қалған қиын кездерде де жаныма желеу
болған, балаларыма əкесі кетсе де, көзкөрген қимас жан болған
сыйластығымыз əлі де үзіле қойған жоқ. Құрекең өте жақсы
көруші еді. Əсіресе, Күлəш «кішкентайым» деп еркелететін-
ді. Қараторы, орта бойлы сүйкімді Шабал-Жібек тыңдаушы
жүрегінде мəңгі қалған бейне ғой. Менің бір өкінішім –
Шабалды соңғы сапарға шығаратын сəтте, өмірдегі қимас жан-
мен қоштасу ауырлығынан жүрек сыздап, жедел жəрдеммен
ауруханаға түсіп қалдым.
Шолпан апай жүрек түсін бір сипап өтті де, терең күрсінді.
Өзінен ғөрі жоғарыдағы жақсыларды көбірек сөз етіп отырып,
кештің қалай батқанын білмей қалыппыз.
– Өмірімдегі, шығармашылық ғұмырымдағы қимас та аяу-
лы жандарды тағы бір еске алып, əсіресе, жастық шаққа сая-
хат жасағандай жеңілдеп қалдым. Тіпті ауырып жүргенім де
ұмытылғандай. Рақмет, айналайын, – деді жүзінен ризашылық
байқатқан Шолпан апай шығарып салып тұрып.
КСРО халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының
лауреаты, профессор, бүгінде сексенге келіп, оның бақандай ал-
пыс екі жылын өнерге жұмсаған, əлі де театр шымылдығынан
шықпай, хал-қадірінше халыққа қызмет етіп келе жатқан
көркем тұлғаның аузынан шыққан сөзге біз де мəз болыстық.
Алматының, əсем Алматының əсем көшелерінің – өнердегі
алпауыттардың бірі Төлебаев көшесінің бойымен жаяу тартып
келеміз. Дала көктемнің күніндей жып-жылы. Шолпан апаймен
болған əңгіме де жып-жылы қалпында көкірегімізде күмбірлеп
жатыр. Сахнадағы, қасиетті акемтеатрының сахнасындағы
даусы мен отбасындағы мейірімді үнін ойша салыстырамыз.
Мұңды Ақтоқтыдан басталған думанды өнер жарысы сақау
да ерке Бүбіханға («Отыз ұлың болғанша») дейінгі əйелдер
бейнесі көз алдымызда көлбеңдейді. Күн жып-жылы...
ХАБИБА ЕЛЕБЕКОВА
Кез-келген нəрсеге қанағатшыл көңілмен, бар ынта-
ықыласымен бейім келетін қарапайым халқымыздың көнекөз
қарияларына қарап тəубаға келесің! Бұрындары тау халықтары
ғана ұзақ жасайды деген қалыптасқан ұғымға біздің халықтың
да ептеп енуі біртүрлі қанымызды тасытып, бойға қуаныш сый-
ласа, ойға да жетелейтіні анық. Сексен мен жүздің арасындағы
талай аналарымызбен дəмдес болып жүріп, солардың
бойындағы қазақи əдет-ғұрыпты, ер-азаматына деген шексіз
құрмет пен балаларына деген мөлдір махаббат таңдандырып,
мүмкін Алла тағаланың ұзақ ғұмыр сыйлауы да осы бір
адалдықтың, тазалықтың жемісі шығар деген ойға жетелегені
де рас.
Өнер мен өмірді, тіршіліктің сан жетпейтін қилы
қиындығына мойымай, ер-азаматымен бірдей тарих беттерінде
қалып бара жатқан осындай аяулы аналарымыздың бірі –
Хабиба апайға қарап отырып, бір əдемі ойдың жетегінде
кеткенімді несіне жасырайын.
Хабиба ЕЛЕБЕКОВА! Иə, қазақтың біртуар жезтаңдай
əнші Жүсіпбек Елебековке адал жар болған, балапандарына
мейірімді ана болған осынау кейуананың жүзіне қарап оты-
рып, өткен өмірдің, азды-көпті сахналаған бейнелерінің аппақ
жүзіне салып кеткен қым-қиғаш іздеріне қызығып қарайсың.
Қай қазақтың əйелі ерінің алдына түсіп қызмет қуып не бол-
маса атақ-даңққа қызыққан? Ж-оқ, мейлі ол керемет да-
рынды, елден асқан қабілетті болсын, бірақ отбасы, ошақ
қасында бəрінен де ерінің, ұрпағының алдында қарапайым
ғана мейірімді ана екенін естен шығарушы ма еді?! Танымал
актрисаның əңгімесінен де осыны ұқтық, аңғардық... Өнер, те-
атр жайлы емес, осы уақытқа дейін өмірден көргені, тұрмысқа
жақынырақ, тіршіліктен алыстап кетпейтіндей ашық-жарқын
əңгімеге қарай бет бұрғанды тəуір көрген сияқтымыз...
– Театр сахнасында – 73 жыл! Ал Мұхтар Əуезов театры-
на – 80, сонда осы өнер шаңырағының тарихы менің тарихым
десем артық кетпейтін сияқтымын. Олай деуге, мүмкін хақым
да жоқ, өйткені менің алдымда да қандай марқасқалар болған,
халыққа қызмет еткен, сосын... тағдырдың жазуымен өмірден
өткен. Жалпы, мен Жаратқаннан кейін əруақтарға қатты та-
бынатын жанмын. “Өлі риза болмай тірі байымайды”. Оның
үстіне мен олардың көзін көрдім. Көріп қана қойғам жоқ, етене
араластым. Мұхаң (Əуезов), Ғабеңдер, Шəкен, Қаллекилермен
пікірлес, сырлас болдық. Міне, өнердің күші, өнердің құдіреті
осы! Аннан-мыннан шарқ ұрып іздейтін бақыт дегеннің өзі де
мен үшін осы. Біреуге бақыт, бəлкім, қызмет, бақ-дəулет болар.
Менің бақытым– өнерде үлкен төңкеріс жасамасам да, сахна-
да жүрген кездерім, сол қазақ өнерін жер-көкке сыйғызбай,
аласұра жанкешті ғұмыр кешкен, қазақтың өнерін би бола ма,
əн мен күйі бола ма, көкіректеріне сыйғыза алмай өмірден
кеткен кешегі Серағаңдардың табанының ізі қалған сахнада
жүргенімнің өзі мен үшін керемет атақ, бақ. Серағаң демекші,
осы театрдың майталманы, қара нары Серке Қожамқұловты
ойға алған сайын бір келеңсіз оқиға есіме түсе береді.
Серағаңның 110 жылдығына орай қыздары келіп театр бас-
шыларымен ақылдасса керек, “театрдың 80 жылдығымен қоса
атап өтеміз” деген жауаппен қайтады. Бірақ той кезінде ауызға
да алынбады, атаусыз қалды... Марқұм Шолпан Құрманбектің
100 жылдығына алаңдап өмірден өтті. Оңтүстік өңірі Шымкент
қаласында əжептəуір аталып өтті-ақ. Астана қаласында өтіп
жатқан жиынға екі қызы да шақырылып барыпты-ақ, бірақ
сахнаға жас бала жетектеген бір əйел мен немере болып келетін
оңтүстікте бір əртіс бар еді сол, тағы бір жігіт шығыпты.
“Құрманбектің ет жақындары” деген ғой, ал кіндігінен тараған
екі қызы далада қалса керек!.. Немере деп отырғандары жалғыз
ұлы Болаттың өзбек қызынан туған баласы, орынды шығар...
Мен мұны неге айтып отырмын, қазақ өнері деп, ешқандай
білімсіз, табиғи дарынмен болашаққа жеткізген, өлтіріп-өшіріп
алмай ұрпағына аманат етіп тапсырып кеткен сол шалдардың
ұрпағын біреу білсе, біреу танымайды да. Біз сияқты, мен
сияқты көзкөргендер кетсе, тіпті ұмытылады ғой... Осындай
əділетсіздіктерді көріп жүрегім қан жылап қалатын сəттер де
болады.
Бізде бар-жоғы 7 шал, сол қасиетті жеті санының қадір-
қасиетін əлі де біле алмай келеміз-ау, əдемі əсем қаламыздан
соларға бір мұражай бұйырмады-ау деп ойлаймын жатып алып.
Хабиба апайдың жанарына келіп қалған жасты көріп, біз
де үнсіз қалдық. Жүріс-тұрысына, əңгімесіне қарап тоқсаннан
асқан деуге қимасақ та, көңіл ауанын көңілді оқиғаларға бұрмақ
оймен, жас кезінде, Жүсекеңмен алғаш жүздескен шағы тура-
лы сұрауға тура келді.
Актриса емес пе, ол кісі де лезде көңілденіп сала берді.
Болса гүлсіз,
Бұлбұл үнсіз
Үнсіз бұлбұл жəй бір құс,
Үнсіз өмір.
Сөнген көмір
Үнсіз жүрек бос қуыс...
Мағжан ақын осылай демей ме, ақынның бұлбұл құсы сай-
рауы үшін гүл болуы, əдемі нулы тоғайы болуы керек. Ондай
əдемілік, сұлулық болмаса құсыңыз сайрамайды. Сосын
Əбділда ақынның:
Келші, сəулем бір болайық,
Егіз гүлдей ырғалайық.
Қос жұлдыздай бір жанайық,
Бірге ұшайық қанат жайып...
Өтсін жылдар, мейлі өтсін,
Бір қартаяр мезгіл жетсін,
Тек жүректен от кетпесін,
Махаббатын кемітпесін,– дегені сияқты, егер махаббатың
таза болса, біріңді-бірің шын сүйіп, шын құрметтесең адамның
жолындағы қиыншылықтар түк те емес. Артыңда таза махаб-
бат тұр сенің. Байлыққа да пендеңіз солай қараса, байлық де-
ген сүйіспеншіліктің қасында не тəйірі?! Бір-біріңді шексіз
сүю, ұнату адам жанын, тəнін ғана рахатқа бөлемей, ғұмырын
мəнді-сəнді етеді. Жеке бастың лəззатын, қуанышын ойлау
жақсылыққа апармайтын жол. Адам бір отбасы болғаннан
кейін жолдасыңның жайын сен ойлап, сенің жайыңды ол
ойлауы керек! Жай ойлап қана қоймай таза махаббатпен ой-
лау, жанашырлық көзбен қарау қажет. Сондықтан шығар,
əкең екеуміз бала тəрбиесіне де, үй шаруасында да бəлендей
қиындық көрген жоқпыз.
– Жүсекең керемет əнші, сымбатты кісі болды, қызғанған
тұстарыңыз болды ма?
– Ондай нəрселер, əрине, болмады емес, болды ғой. Бірақ
құпия болып қала бергені дұрыс шығар. Бəрібір ол менікі, мен
сонікі болып өмірден өтіп барамыз, жүректе жатқан сыр сол
үңгірінде жата бергені де дұрыс шығар. Сен еріңнің жолын-
да ғұмырыңды сарп етіп, соның қас-қабағына қарап, өлердей
жақсы көріп, одан басқа жер бетінде еркек жоқтай алаңдамай
өмір сүрсең, ол да дəл солай болуы керек. Ерің ондай болмаса,
əйелге одан өткен ауырлық, тіпті бақытсыздық жоқ.
... Тек жүректен от кетпесін,
Махаббатын кемітпесін,– деп Əбекең айтпақшы, махаб-
бат адалдығы, тазалығы, ерлі-зайыптының ынтызар-ықыласы
бірдей болғанда ғана ол отбасы бақытты. Ал əйел, тіпті,
бақытты!
Ер-азаматтар көбіне көрсеқызар, шыдамсыз халық. Ал,
əйелдер ондайда шыдамды келеді. Тұрмыстағы қиындық
болсын, тіпті ұят та болса айтайық, төсек мəселесі болсын
əйелдер ( бəрі деп айтуға болмас) бірақ көпшілігі шыдам-
ды, төзімділік танытады. Біз, əйелдер еріміздің абыройын,
оның жанының ауырмауын, жанына жара салмауды ойлап
отырамыз. Ал, ер-азаматтар ол жағына көбіне көз жұмып
қарайды. Сол сияқты, Жүсекең екеуміз де қолтықтасып
барған талай той-домалақта: “неге əйелімен келді екенді”
көздерімен ұқтырған сылаң келіншектер кездеспеді емес,
кездесті. Өзара күбір-күбір... жалтақ-жалтақ етіп көздерімен
ішіп-жеп, реті келсе əзіл-қалжыңмен түйреп өткен кештер
болды-ау! Домбырасының үкісі үлбіреп,кеңірдектен шыққан
əдемі əуенмен бірге тербеліп отырған сəттері талайлардың
көзқуанышына, ал мен көзқұртына айналғанымызды кейіннен
біліп жүрміз ғой. Ол кезде жаспыз, анандай жезкөмей əншінің
жарымыз, балаларының анасымыз... тіпті қызғануды да
білмеппіз ғой.
– Дегенмен, қазақ əйелдері ұстамды, сабырлы келеді
емес пе?..
– Ол жағы тағы бар, осы өмірімде аз көргенім, аз түйгенім
жоқ. Оның үстіне, екі бірдей өнер адамы бір ошақтың басында,
бір шаңырақтың астында ғұмыр кешсе, тіпті оңай дүние емес.
...Əйелің сені сүйсе,
Сен де оны сүй...
Мұндай тазалық, сүйіспеншілік ердің ерінде ғана болады.
Ал, өзін-өзі еркегінің жолында құрбан етуге дайын əйелдер
болған, бар. Мысалы, Ғабеңнің Хусниі қалай сүйді, қалай
жағдайын жасады, жас балаша мəпеледі, солай өмірден өтті.
Өзін-өзі ұмытып, соның ойлағаны оңынан болса екен деп
өмірден озды... Сол сияқты Кəукеннің Шабалы, Асанəлінің
Майрасы да сондай ақылды, сабырлы, өз азаматын өз
ғұмырынан биік көрген, көріп қана қоймай оны Жаратқанның
алдында дəлелдеп кеткен жарлар...
Ой, несін айтасың, қарағым, не бір керемет кездер өтті ғой
бастан, өнер адамы сонысымен де бақытты, сонысымен де
қымбат, сонысымен де ерекше! Тоқсанның екеуіндемін, осы
ғұмырымда талай қуаныштардың, өнер қуанышының, сол
сахнаға деген кəусар махаббаттардың куəсі болдым. Бірді ай-
тып бірге кетіп жатсам айып етпе, бүгін өзі керемет толқып
отырмын. Көптен бері дəл осылай ашылып сөйлемеп едім, сен
мені бір толқытып, бір күлдіріп, бір жылатып отырсың...
Хабиба апай аппақ ақ жібек орамалымен көзін əлсіз
дірілдеген саусақтарының ұшымен сүртіп қойды.
– Жақында “Əн қанатында” деген ертеректе түскен кино-
фильмді көрдім. Сонда Майра болып – Торғын, Исаны – Əнуар
Молдабеков ойнапты. Бұрын да көргем, бірақ дəл осы жол-
ғыдай қабылдай алмаппын. Ойпырмай, Əнуардай əнші жоқ
екен-ау, көзі қандай, от-ау, от! Көзінің жанарында фильмнің
тарихы, нені айтқысы келгені, бəрі-бəрі ... Сайрап тұр-ау, сай-
рап тұр. Не деген қабілет, не деген талант! Əнуардай сүйкімді,
талантты əртіс жоқ шығар.
Кешегі əке-аналарының ізінен ерген, бойындағы барын
халқына сарп етіп бере алмаған шексіз талант иесі осын-
дай жас əртістер де кетті-ау арамыздан! Тағдырдың жа-
зуы солай, бірақ Алла тағала қанша ғұмыр берсе соның
бəрін халықтың игілігіне, өнеріне жанын сала еңбек еткен
Əнуардай азаматтар аз емес... Қартайған сайын көз жасың
дайын тұрады екен, көңілшек болып барамын. Қимайсың!
Қимайтын сəттер көп...
Хабиба апаймен əңгіме əр салада өрбігенімен, сахнаға ай-
налып соқпасқа тағы болмайды. Көбіне ана образын сомдаған
актрисаға қандай арманы барын сұрадық.
– Арман дегенде, Жүсекеңнің артында қалған Дариғасы,
Ахан, Біржан, Естайлардың əулетінен жалғыз еркек кіндік
Шəкенім өсіп келеді. Білімді азамат, білдей қызметкер, сол
жалғыз болмаса екен, үрім-бұтағы көп болса екен деп тілеймін.
Бір барғанымда жұмыс үстелінің үстінен “Қазақ халқының 100
шешені” деген кітапты көзім шалып, іштей керемет қуандым.
Немере қыздарым, Құдайға шүкір баршылық, бірақ осы бір
жұдырықтай жүректің орны тіпті бөлек болып тұр. Соның
үйленгені, үбірлі-шүбірлі болғанын көрсем...
Содан кейінгі бір арман, осы уақытқа дейін жүзден астам
рөлде ойнадым, үш кітабым жарық көрді. Тəуба, дегенмен
“Ғасыр қасіреті” деген бір дүнием бар, соны өзім əңгімелеп
отырып, тыңдарманға ұсынсам деген ниетпен “Қазақстан”
телеарнасына беріп едім, кешігіңкіреп жатыр. Онда кешегі
ашаршылық, соғыс қасіреті, полигон тұсы, одан қала берді
желтоқсан оқиғасы, бəрі-бəрін қамтыған өзімше тебіреніп оты-
рып шыққан дүние еді, сол оқырманға жетсе...
Иə, адамда арман таусылған ба?! Болған үстінен бола түссе,
байыған үстіне баий түссем дейтін бүгінгі қомағай заманда ала
бергенше бойымдағыны болашаққа беріп кетсем дейтін мұндай
арманның дəл бүгін болмаса де орындалатынына сенімді ой-
мен актрисамен қоштасуға тура келді. Қолымды сипап тұрып:
“Қалтайдың ізінен ергендерге сəлем айт, бақытты болсын”
дегенін əріптестерге жеткізгенше асықтық...
ЛƏЙЛƏ ҒАЛЫМЖАНОВА
Есікті сұңғақ бойлы аққұба əйел ашып, жылы амандасты.
Іздегеніміз де осы кісі еді. Мəдениетті. Көркем. Қазақ əйелінің,
оның ішінде қоғамға, елімізге еңбегі сіңген білімді де байып-
ты басшы қазақ əйелінің өте ақылды, көрген-білгені, оқыған-
тоқығаны, жоғары мəртебелі орындарда қызмет атқарғаны
жəне аса ұқыпты болғаны тəкаппар жүріс-тұрысынан-ақ көзге
ұрып тұрғандай.
Енді болмаса, қайта шығып кетердей жанталасқан біз
өзімізді
асығыс
таныстырып
өттік.
Асығып-аптығудың
да өзіндік себебі бар еді. Лəйлə Ғалиқызы алғаш телефон
шалғанымызда:
– Қарағым, дайын сұрақпен келмесең, сексен бес жылғы
ғұмырнамамды тəптіштеп айтып отыратын уақтым да,
жағдайым да жоқ. Жағдайды көңіл-күй, ал көңіл-күйді ауа
райы билейді біздің жасымызда, – дегені бар.
Ол телефондағы əңгіме. Бүгін мүлдем басқаша. Көңілді.
Алматының не қыс, не көктем екені белгісіз жаймашуақ бір
жылы күні де жымысқы сығырайып төбеден болар-болмас
жылжи бастаған кезі.
– Өзіңді даусыңа қарап жас журналистердің бірі ме десем,
салмақты тəжірибең бар сияқты. Əй, бəрібір баласыңдар ғой...
Үнің жылы екен, – деп күле жүріп жазу үстеліне бастады.
... Ата-анадан ертерек қалған, мейіріміне қана алмай арман-
да өскен ұрпақтың бірімін. Əкем бұрынырақ кетсе керек. Ал
он үш жасымда анам көз жұмыпты. Бірақ сол жасқа дейінгі
анамның үні əлі күнге құлағымда десем сенерсіз. Əсіресе, сол
кездегі аналардың аузынан шығатын “ұят боладысы” менің
шешемнің керемет сөзі еді. “Айналаңды жинап, шашыңды
тарап қой, əкең келе жатыр, ұят болады” дейтін марқұм. Осы
бір-ақ ауыз сөз, “ұят боладысымен-ақ” өмірбақилық тəрбиені
қаныма, жаныма сіңіре алған анам, мен ойлаймын өте ақылды
жан болуы керек. Одан кейінгі жылы сөздер, қызмет бабындағы
мақтаулар, биліктің буы, шынымды айтсам, тіршіліктің бүкіл
қызығы мен шыжығы осы бір-ақ ауыз сөзге татымайды да!
Сондықтан əке-шешеден көрген бір мүшел жасқа жетер-жет-
пес тəрбием менің ғұмырыма жалау болды, туым болды десем
де қателеспеймін жəне артық айтқандық емес. Кейін өз балала-
рым мен немерелерімді де осы сөзді айтып тəрбиеледім. Ұяты
жоқ адам, ол – енді адам емес қой.
Олардан кейінгі тəлім-тəрбием анамның сіңлісінің мой-
нына жүктелді. Ол заманның талабы солай болды, орысша
оқыдық, орысша тəрбиеге ұрындық. Оған өкінуге де болмай-
ды. Еліміздің тəуелсіздігінің, егемендігінің орны, əрине, бөлек.
Тарихи өрлеу, жаңару десек те, кеңес дəуірін мүлдем тарихтан
сызып тастайтындай да жөніміз жоқ. Ең бастысы халықтың
тегін
білім
алуы,
бүлдіршіндеріміздің
балабақшаларда
тəрбиеленуі, тіпті жоғары оқу орындарында стипендия алып
қабілетті жастарымыздың білімділігін арттыруы, тіпті кеңестің
құзырында болғанымыз болмаса, мəдениетіміз бен өнеріміздің
дамуы... Мен мұның бəріне топырақ шаша алмас едім.
– Лəйлə Ғалиқызы, Сіз мемлекет жəне қоғам қай-
раткерісіз. Республикамыздың өсіп-өркендеуіне, əсіресе,
мəдениетіне сіңірген еңбегіңіз ел есінде. Мəдениет пен өнерді
айтып қалдыңыз. Өзіңіз іргесін қалаған, қалыптастырған,
басқарған мəдениетке бүгінгі көзқарасыңыз? Егер салы-
стырмалы түрде қарасақ, бүгінгі тəуелсіздік, бүгінгі өнер,
мəдениетті қалай бағалар едіңіз?
– Ол кездегі тарихшы, əдебиетшілер туралы білсем де
айтпай-ақ қояйын. Ал, мəдениет төңірегіндегілер туралы
əңгіме басқа. Жазушы, əртістер мен əнші-күйшілер жайлы неге
айтпасқа, мен сол ортадан шықтым, өстім, өндім. Қазақтың та-
рихын, əдебиет, саясатын да оқыдық, білдік. Бірақ мəдениетімен
өстік. Халық əндері мен күйлерін естіп, құлағының құрышы
қанып, бесікте тербелмеген бірде-бір ұрпақ өкілі жоқ. Бəріміз
бесік жырымен өстік. Жыладық. Жұбандық. Жаттап өстік. Бұл
анық! Ал, сол халық əн-күйлерін насихаттаушылар, яғни орын-
даушылар өте-мөте сыйлы болды. Оларға деген тыңдарманның
ықылас-пейілі де ерекше, құмарта, еліте тыңдадық. Халықтың
өз салт-дəстүрін, ынта-инабатын, тəлім-тəрбиесін біз солардан
көрдік, үлгі тұттық. Сахнадағы ғана емес, өмірдегі, қарапайым
тіршілігіндегі жүріс-тұрысы, сөйлеу мəнері, өздеріне табыну-
шылар, қолдаушылар арасындағы өздерін ұстаулары, бəрі-бəрі
маңғаз, тəкаппар, тазалықтың символындай көрінетін-ді.
Драма, опера театрлары болсын, əртістер сонысымен сыйлы
еді. Əсіресе, ұлттық бояуы басым əн-күйлерге деген сұраныс
тіпті, ерекше-тін. Ал, бүгінде... Шыны керек, қарын аштыратын
тұстары көп. Айтылып та, жазылып та жатыр, дегенмен тағы
да айту керек, мына жөн-жосықсыз батыстың арсын-гүрсін му-
зыкасы, одан қала берді не эстрада емес, не басқа емес, өзге
түгіл өздері де ұқпайтын жеңіл əуендер... Тіпті қай арнаны
ашып қалсаң да, кешіріңіз, жартылай жалаңаш... анайы қимыл-
қозғалыс. Құдай-ау, кешегі Қаллекилер іргесін қалыптастырған
қазақи əзіл-қалжың да бүгінде терісі айналып жеңіл мазақ-
күлкіге бой алдырды. Арасында бірен-саран ғана болмаса,
кішігірім əзіл отаулары да анайы сөз тіркестеріне, жеңіл күлкіге
əуес. Кейбіреулер тіпті оның орындап жатқан комедиясына,
сөзіне емес, түп-төркініне тереңдемей, көрерменге жеткізіп
тұрған сыйықтарына күліп отырғандарымен де шаруалары
жоқ. Ұлттық бояу, үрдіс атымен жоқ. Кемшілігін мысқылдай
көрсетіп қана, елін тəрбиелеген кешегі сатириктердің бүгінгі
ізбасарлары да көрермен санасының, талғамының өзгергендігін
сылтауратып, келсін-келмесін, қабылдасын қабылдамасын ел
алдына ұсына беретін болды. Сосын жазғыштар көбейді. Жеңіл.
Тым жеңіл. Бір сөзбен айтар болсақ, арзан, арсыз күлкілер де-
сек, бəзбіреулердің көңіліне тиері сөзсіз. Бірақ “айтылған сөз
атылған оқ”, қайтып алар жағдай да жоқ.
Жаңа сіз талай мəдениеттің маңайында жүргендерді
атадыңыз. Шын мəнінде, олар өз еңбектерімен, қабілеті мен та-
ланттарымен қоғам талабына, көрермен талғамына дөп келген
өнер адамдары еді. Зейнеткерлікке шыққаныма да отыз жылға
таяп қалды, бəлкім кейінгілерді білмейтін шығармын. Бірақ
көпшілік жерлерде көп бола қоймасам да, күнделікті жаңалық-
хабарларды үзбей оқып, теледидар көруге уақыт жетеді ғой.
Өнерде төңкеріс жасап жатқандар,əй, қайдам жоқ-ау, жоқ.
Қызметтің əсері, тəрбиенің күштілігі ме, менің тұстастарым
кітапқұмар болдық. Оқып қана қоймадық, оны жинадық та.
Сондай бай кітапханамды керегімді алып қалдым да, неме-
реме сыйладым. Ал қазір кітап оқылмайды. Баяғыда менің
ұлым 5-6 сыныпта оқып жүргенде Əуезовтің “Абай жолын”
оқып шықты. Сондағы əкесі екеуміздің қуанғанымызды
көрсеңіз. Жақын-жуықтың, жолдастардың бəріне телефон ша-
лып, сүйінші сұрап, мақтанып дегендей мəре-сəре болғанбыз.
Ол кезде, империяның тұсында бізге барлық сала бойын-
ша орыс халқы үлгі болды ғой. Орыстың əдебиеті, орыстың
мəдениеті, орыстың саясаты үстемдік құрды. Соның өзінде
біз қазақ мəдениеті үшін, фольклорымыз бен музыкамызды
сақтап қалдық. Ал, қазір еліміз тəуелсіздікке қол жеткен тұста,
керісінше, ұлттық бояудан ауытқып, басқаға еліктеу, əрине
жаныңды ауыртатын мəселе. Өз ұлтымызды өзіміз бөтенсіп,
өзіміздің тегімізді айтуға қорқып жүріп те, халқымыздың
өнерін сақтап қалдық. Қазір мен қазақпын деп, қазақ екенімізге
мақтана алатын жағдайда отырып көп мəселелерде бұқпайлап
жатамыз. Қай салада болсын, бүгінде мүмкіндік мол, еркіндік
берілді. Бірақ əлі де күш-қуатымызды өзге елдің болар болмас
дүниесіне қызығып, еліктеп жүрген тірлігімізге жүрек сыздай-
ды. Бүкіл мүмкіндік қолда бола тұра, əлі жайбарақаттық басым.
Неге кино саласы дамымады, кенже қалды деп жатамыз.
Дұрыс кино түсіру үшін сценарий авторы, режиссері шындықты
бейнелеу керек қой, ал айтуға болмады. Бірен-саран тарихи
киноленталар баршылық, сол қоғамға сай жаңашыл болуы
үшін міндетті түрде сценарист не болмаса басты рөл ұлы орыс
халқының өкілі болуы керек болды. Оларсыз, олар араласпаған
бірде-бір көркем шығарма жарыққа шықпаушы еді. Қазақта
небір білікті, біртуар кинорежиссерлер болды, бірақ біреуге
тəуелді, соның айтқанын ғана жасауға ішкі ерік-жігерлері
жібермеді ғой деп ойлаймын. Шəкен Аймановтың бірен-
саран дүниелері шығып жатты, өйткені ол басқа ұлттардың
өкілдерімен өте тығыз байланыста болды. Сол сияқты Абдолла
Қарсақбаев кімнен кем еді! Оның таланты, көрегендігі артық
болмаса, ешкімнен кем емес-тін. Дегенмен, қай қоғамда, қай
мемлекетте болсын, үкіметтік тұрғыдан демеу болмай, кез кел-
ген ұлттың өнері дамымайтынын баса айту да керек.
– Лəйлə Ғалиқызы, сөзіңізді бөлгеніме айып етпеңіз, сол
тұстағы мəдениетке Қонаевтың көзқарасы туралы сұрақ
бар еді. Жалпы, қазақ мəдениетінің жанашырлары Ілияс
Омаров, Жұмабек Тəшенов, Өзбекəлі Жəнібеков сынды
азаматтар жайлы не айтасыз?
– Міне, осы жағына ауысқалы жатыр едім өзім де. Өнерге,
қазақ өнеріне, мəдениетіне ерекше көңіл бөлген кісі, ол –
Дінмұхамед Ахметұлы еді. Өзі де аса мəдениетті, парасатты еді
ғой. “Біз келеміз, кетеміз. Ал өнер, мəдениет қайраткерлерінің
аты өшпейді, өлмейді. Өйткені ол өнер – халықтың қазынасы
ғой. Зауыт-фабриканы екі жылда, зəулім қаланы төрт-бес жылда
тұрғызуға болады. Ал өнер, халықтық өнер жылдар, ғасырлар
бойы қалыптасады, өседі, өркендейді, дамиды” дейтін.
Қолдады, үнемі назарда ұстады деген не сөз, ол, əрине
материалдық жағдайды түзеу деген сөз ғой. Өздеріңіз
білесіздер, ол кезде кеңестік дəуір, бəрін Мəскеу шешеді.
Кімді қызметке алу керек, алынса оған қаншалықты дəрежеде
айлық тағайындалуы керек, мұның бəрі Мəскеуде, мемлекеттік
жоспарлау комитетінде шешіледі. Одақтық болғандықтан
республикалық кірістің үстінен түскен қаржының бір бөлшегі
елде қалатын-ды. Оның үстіне Мəдениет министрлігінің көмек
қоры деген болды да, кейбір жағдайларда соны жасырын бөліп
қоятынбыз. Сонда Димаш аға Ахметұлы айтатын: “Өзің дербес
ақша жаза бер, сенің үстіңнен арыз түседі, бірақ бірдеңе етіп
қорғармыз” дейтін. Ол кісінің Орталық Комитетте абырой-
беделі мықты болды. Айтқанындай-ақ тексерістен-тексеріс,
кейде айқай-шуға ұласып жататын. Əсіресе, Мəскеуде оқып
жатқан қазақтың жастарына сондай ақшалардан аямаушы
едім.Сол сияқты, өнер адамдарына да сылтауратып көбірек
сыйақылар беріп отыруды да қыруар шаруасы бола тұра
бақылап отырушы еді. Өз халқын риясыз шексіз сүйгені сон-
ша осындай шаруаларға келгенде аса қағілез танытатын. Ал
жоғарыдан қабақ түзу болған соң, біз де ебін тауып, əсіресе
өнер адамдарына қатты көңіл бөлінді.
Біздің қаржы министрі Ким деген азамат болды, соның ал-
дына барып шығу, қабылдауына кіру, бұл енді , мен үшін өте
ауыр азап еді. Бөлінген қаржы неге жетсін, ақша сұраймыз
баяғы, театр, кинотеатрлардан басқа клубтар мен кітапханалар,
бəрі министрлікке қарайды ғой. Сонда “ балабақшада ботқа
жетпей жатқанда автоклубқа қайдағы ақша”, – деп үнемі
қарсылық танытады. Сөйтіп жүргенде, кəріс театрының
жағдайы туралы əңгіме естісе керек, бір барғанда “білесіз бе,
кəріс театрының жағдайы мəз емес екен ғой, Одақ бойынша
жалғыз театр, соған көңіл бөліңізші”, – деп аяқ астынан əңгіме
қозғасын. Маған да керегі осы сөз. Ол кезде кəріс, ұйғыр те-
атрлары көшпелі болған. Орынбасарларыммен ақылдаса оты-
рып, оларға не қажеттің бəрін тізіп, екі-үш күннен кейін-ақ
алдына апарып тастадым. Көзі тас төбесіне шыққан Ким мыр-
за “тек кəрістерге ғана жағдай жасайық” дей алмады, екі те-
атрды да тұрақты орын тауып, орналастыруға рұқсат алдық.
Республикалық музыкалы драма театры болып топтасып,
штаттарын, жалақыларын белгілеп, айлап-жылдап үй көрмей,
көшіп-қонып жүретін артистердің үлкен проблемасын біз осы-
лай шешіп бергенбіз. Қыста қыстауда, жаз жайлауда алты-жеті
айлап жүретін шопан-малшыларға кино, концерт көрсететін
жылжымалы автоклубтар да сол жылдары ұйымдастырылды.
Оның ішінде арнайы киноқондырғылар, шағын кітапханасы
болады. Аудан орталықтарында мəдени-ағарту училищелер де ашылып жатты. Кейін бізге қарап, сауда министрлігі де автодүкендер шығара бастады. Қырғыздар да ұйымдастырып еді, ұзаққа созылмады. Өйткені, біздің қолдаушы, арқа сүйеушіміз мықты еді. Қонаевтың ішке де, сыртқы əлемге де беделі керемет болды. Өзі СССР Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі. Сондықтан да болар, басқа республикалармен салыстырғанда бізде СССР Халық əртістері жəне сол сияқты мəртебелі сыйлықтар көп берілетін-ді. Соның бəрінде де басы-қасында, əрине, Дінмұхамед Қонаев тұрды. Ал, Ілияс Омаров өте мəдениетті, біртоға кісі еді. Менен кейін Мəдениет министрі болды. Екі жыл орынбасар, алты жыл министр болған мен, Министрлер Советінің мəдениет бөліміне бастық болып келдім. Əрине, мен үшін ол қызметтен кету жоғарылау емес еді, дегенмен менің орныма Омаровтай азаматтың барғанына іштей қуандым. Бірақ денсаулығына байланысты екі жылдай ғана отырды. Жұмабай Тəшеновті Совминнің председателі болғанын білгенмен, жақсы тани қоймаймын. Бірақ ол кісімен тығыз байланыста болған адамдардың аузынан естігенім, осы оңтүстік облыстардың аймақтық бөлініске түсер тұсында көп еңбегі сіңген жалғыз қазақ деп еститінмін. Шыншыл, турашыл, бірбеткей, тəкаппар, намысқой. Ол кезде ішкі-сыртқы саясат жасырын, жария бола бермейді. Дегенмен осындай “ерлігінің” арқасында көп ұзамай-ақ қызметпен қоштасқан көрінеді. Өзбекəлі, Жəнібековтің өнер үшін жасаған біраз еңбегі ел есінде ғой. Ол үнемі айтылып та, жазылып та жатыр. Ерекше, жаратылысы бөлек жан еді. – Сіз қызмет атқарған тұста мемлекеттік билікте қызкеліншектер санаулы-ақ болды. Ал қазір мүлдем басқаша, министр, департамент басшыларын былай қойғанда, халық қалаулылары арасында да қазақ қыздары жеткілікті. Бұл қоғамға əлде əйелдерге деген көзқарастың өзгеруі ме? Гендерлік саясатқа қалай қарайсыз? Жалпы, белсенді əйел кім? – Өз басым теледидарда бас режиссер болып жүрген же-
рімнен министрлікке келдім. Сол өзі біздің ғана емес, Орталық
Комитеттің өзінде іскер əйелдерге көңіл бөлініп, Бүкілодақтық
қозғалыстың басталған тұсы болатын. Сол лекпен қызметке
тағайындалдық та кеттік. Алғашында əжептəуір жазумен айна-
лысып жүрген кезім, басында қарсылық танытып-ақ бақтым.
Марқұм Мұхтар аға Əуезов менің əке-шешемнің көзін көрген,
жазғандарыма қабағы түзу сыйлас азамат еді. “Қызметтен бас
тартпа, əлі жассың, жазуға үлгересің, саған министрлікті тек
қана ер-азаматтар басқарады деп кім айтты”, – деп салған жер-
ден қолдау көрсетті. Затым əйел екенін, үй шаруасы, күйеу,
екі бала бар, күнделікті шаруамды тындырып жүре бергім
келген. Жолдасыммен ақылдаса келе, орынбасары болып
келістім ғой. Содан екі жылдай отырып, 1959-1967 жылдар
аралығында министр болдым. Одан кейін Совминде бөлім
бастығы, одан Мемлекеттік кино комитетіне орынбасар бо-
лып бір жарым жыл отырдым да, төрт жыл председателі болып
жүріп, сол жерден зейнеткерлікке шықтым. Мұны неге айтып
отырмын, осы жылдар ішінде түйгенім, əйел қанша мықты,
көреген, ұйымдастырушылығы сұмдық болса да, ол – ана, ол
– жар. Қайта жолдасымның ауыл шаруашылығы институтында
сабақ бергені, оның балаларға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі
болғаны, мені алаңсыз қызмет атқаруыма көп септігін тигізді.
Сол жылдарда қолымнан келіп тұрса да, бірде-бір рет шетелге
барып демалып, қыдыру дегенді білмеппін. Білмедім емес-ау,
жылына бір-ақ рет берілетін еңбек демалысымды балаларым-
мен өткізіп, солардың жанында болғанды қалайтынмын. Ары
кетсе, мына Ыстықкөлге ғана баратынбыз. Сексеннен асқан жа-
сымда менің түйгенім де, ұққаным да, əйел кез келген мəселені
эмоциямен тез шешуге тырысамыз да, ал ер-азаматтар көбіне
ұзағырақ толғанып, байыптап, əбден иін қандырып барып,
салқынқанды түрде шешетіні. Менің ақылшым болған меди-
цина институтында сабақ беретін əпкем айтушы еді: кез келген
жоғары оқу орындарында қыздар өте жақсы оқиды, ұқыпты,
лекцияларда да қалмай қатысып алғырлық танытқанымен,
бітіргеннен кейін бəрібір жігіттер мықты маман болып
қалыптасатынын тəжірибеден көріп те, біліп те жүрмін. Бұл
жерде қыздардың тұрмысқа шығатыны, сəбилі болатынын, со-
сын қызмет атқарған күнде де тек қана сол шеңберде қалып
қоятынын айтса керек. Ал ер-азаматтар жан-жақты. Ол сая-
саткер. Ол əдебиетші, ол тарихшы да. Министр де жəне отба-
сын асыраушы да. Сөйтіп жүріп, өзін-өзі күтуге де, демалуға
да уақыт табады. Сондықтан да, қазіргі əйел басшыға, əйел
депутатқа, əйел министрге ешқандай қарсылық жоқ. Бірақ, біз
əйелдер қызметпен емес, өзімізден тараған əулетпен, ұрпақпен
ғана əйел екенімізді естен шығаруға болмас...
Сол сияқты, гендерлік саясат та өте күрделі мəселе. Ер-
азаматтар тұрғанда бəрібір əйелдің жолы жіңішке, нəзік.
Өкінішке орай, көбіне солармен жағаласамыз деп дөрекілікке
де ұрынып жататынымыз өкінішті.
– Үй қызметшісі дегенге қалай қарайсыз?
– Əлгіндей қызметте жүргенде өз басымда да қызметшім
болды. Жиі ауыстырмадым. Бүгінгілер туралы мынаны айтқым
келеді: жаңа қазақтар үй шаруасына араластыратын қызметшіні
де бейшара пенде сияқты қабылдамаса екен. Бір танысымның
үйінде жасы егде тартқан бір əйел бар. Үйіне қарайды, бала
тəрбиесіне көмектеседі. Сол үйдің төрт жасар баласы əлгіге
күн көрсетпейді екен. “Мама, ол кеше сен жоқта сөйтті, мына
жерде сүртпеді, тамақты дұрыс құймады” сияқтылар, сонда
деймін-ау, ол ұрпақтың санасында “ол біздің үйдің құлы, қалай
болса солай жұмсау керек” деген ұғым тұр ғой. Бұл не деген
сұмдық! Мұндай жағдайда əлеуетті ұрпақ тəрбиелеу мүмкін
емес, кім болса ол болсын, үлкенді үлкен, кішіні кіші деп
білмейтін мейірімсіз буын осылай тəрбиеленеді.
– Бос уақтыңызда немен шұғылданасыз? Отбасыңыз
туралы айтсаңыз...
– Жеті жыл болды, жолдасым қайтыс болды. Екі баладан бес
немере, төрт шөбере сүйіп отырмын. Оларға үнемі қайталаудан
жалықпайтын бір ғана сөзім бар: қанша шалдығып, жұмыстан
шаршап келсең де он-он бес минут болса да балаңды
бауырыңа қысып, құшақтап жат. Ол көкірегіңнің ыстығын,
жүрегіңнің дүрсілін сезініп өссін! Ата-ана мейірімін сезініп
өскен, көкірегінің иісін бойына сіңіріп өскен ұрпақ мейірімді,
қайырымды болады! Мың жерден бастық болсаң да, сен ең
бірінші əкесің, анасың!
Үнемі немерелеріме телефон шалғанда: “шөберелеріме
үлкен əжеден сəлем айт, ол сендерді сағыныпты, шақырып
жатыр, келіп кетіңдер дегенді айтыңдар”, – деймін. Тілдері
тəтті, қылықты. Сөйлегенде əдемі бір əуен естіп тұрғандай
əсерге бөленемін. Сөйтем де терең ойға берілемін. Ойпырмай,
қазақтың тіліндей, екі тістің арасынан сызылып шыққандағы
үніндей керемет əуен жоқ шығар. Не деген əсем, кербез,
құлаққа сондай жағымды дыбысты тек қазақтан ғана табуға бо-
лады. Былдырлаған тілдері сүйсіндіреді. Немереден де шөбере,
тіпті, тəтті болады екен, соларға қарап іштей тағдырыма тəубе
жасаймын. Бұлар барда, ұрпақ барда қазақтың тілі, қазақтың
əн-күйі, қазақтың əдемі салт-дəстүрінің ғұмыры жалғаса
беретініне өз басым кəміл сенемін...
Өткен ғасырдың мəдениет министрі Лəйлə Ғалымжановадан
қандай арманы барын сұрағанымызда, “ең бастысы елдің,
халқымның, ұрпағымның тыныштығы. Мейірімінен гөрі
қатыгездігі басымдау мына заманда жанның тыныштығына
ештеңе жетпейді. Сондақтан да ел аман, жұрт тыныш болсын.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың жүректі, адал, əділ болғанын қалар
едім” деген жауап алдық. Ойға батқан аппақ жүзіне қарап
отырып, біз ол кісінің əлі де айтар ойлары мен толғаныстары,
өз қатарластары жайлы қызықты оқиғалар мен деректердің
барлығына шүбə келтірмедік. Əңгімені аса байыпты айта-
тын, өзіне ғана жарасатын əдемі бір күлкісімен жанымызды
баураған ақ жаулықты анамыздың алдынан мейірлене шықтық.
“Жаратқан ғұмыр беріп жатса, тағы да жолығармыз, аман
болыңдар” дегенін аппақ көңілден шыққан ақ батасындай
қабылдадық...
ЗƏМЗƏГҮЛ ШƏРІПОВА:
ӨМІРІМДІ САХНАСЫЗ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫН
Ол бала болып қуыршақпен ойнамады. Əткеншек теуіп,
сары даланың сарғалдақтарын термеді. Ол,тіпті, ата-
ананың аялы алақанында еркелеп, көл-көсір мейіріміне
шөлі де қанбаған, бақытты балалық шағы сұрапыл
соғыспен қатар келген ұрпақтың бірі. Бірақ...
Ол ес біліп, етек жапқалы Жаратқанның бағасыз сыйы
– келбетті, ажарлы, қазақи қоңыр үнге бай көркем боп өсті.
Өте зерек, салмақты. Оның бойындағы осы ерекше қабілеті
тарих беттерінде қалдырды. Əсіресе, сонау соғыстан кейінгі
жылдардағы радиоинцинировка, радиоəңгімелер, жалпы сол
кездердегі қазақ радиосынан тарайтын кез келген хабарда
сыңғырлаған үні көпшілікке етене таныс. Оқу, тыңдаушыға
жеткізу мəнері кез-келген жазушының қолынан шыққан
шала, бір қайнауы жетпеген дүние болса да, шиыршық атып,
таза үнмен оқылған сəтте түрленіп сала беретін.
Ол өнерге өлердей ғашық болған, əлі де сол қалпы.
Сексенге иек артып отырса да, «сырлы аяқтың сыры кет-
се де, сыны кетпеген» орнықты сөзі, сонау алыста қалған
жастық шаққа деген сағынышы тостағандай көздеріне
мөлдір тамшылар іркіп, дауысындағы болар-болмас діріл
бəрі жарасып-ақ тұр.
Біз əңгіме еткелі отырған Қазақстанның Халық əртісі
Зəмзəгүл апай ШƏРІПОВА:
– Сенімен əңгімені, «Жастық шақты сағыну, жастық шақта
ойнаған рөлдерімді сағыну» деп атайық, – деді жарқылдай.
Біз бас изеп келістік.
Бірде қазаққа мəшһүр Асағаң (Асанəлі Əшімов) «Өнер
дегеннің құдіреті шеккіз ғой. Сол шексіздіктің құдіреті болар,
акемтеатрындағы өлермен өнерсүйгіштер ұзақ жасайды» – дегені
бар-тын. Зəмзəгүл апайдың орындығынан ұшып кете жаздаған
отырысына қарап, ол кісіні сексенге келіп қалдыға қимадық.
«... өнерді сүйдім алдымен»,
Кейін сүйдім жарды мен, – деп өзі жазғандай, бүкіл
ғұмырын өнерсіз, сахнасыз елестету қиын екенін əр сөзі сайын
қайталап отырған ол кісіге іштей сүйсіндік. Өнердің буы əлі
басылмаған, сахнаны отбасы, ошақ қасынан биік ұстаған осы-
нау жылдарға деген сағынышы кеудесіне өксік боп келіп-кетіп
отырған қалпына қарап қызықтық. Кез келген шығармадан
үзінді, арагідік өз жүрегін жарып шыққан өлеңдерін оқып, бір
əдемі күй кештік.
– Мен өзі соңғы жылдары осындай əңгіме-кездесулерден
қашып жүретін болдым. Өйткені, денсаулық та жарамайды, –
деп алды арасында.
Актрисаның жүзін болмашы мұң торлағандай, тамағын да
қайта-қайта жұтынып қояды.
– О, не дегеніңіз, əңгіме əлі бастала қойған жоқ қой, – деп
күлдік біз де.
– Балалық шағым қиындау тұспен қатар келді. Ол енді жалғыз
менің қайғым, жалғыз менің тағдырыма жазылған талайым
емес еді, менің тұстастарымның бəрі де ол ауыртпашылықтан
қашып кете алмадық. Оның үстіне мен анасыз өстім. Əкем
де көп ұзамай сол ауылдағы жесір əйелмен көңіл қосты да,
мені Үкімет тəрбиесіне өткізді. Интернаттың қайбір жетіскен
тамағы бар дейсің, бірде тоқ, бірде аш. Ең бастысы жалаңаш
емеспіз. Өзім осы бір жоқшылыққа, таршылыққа ерегіскендей
аса алғыр, зерек болыппын.
Сол кездері елдің еңсесін көтеріп, рухани күш беруге насихат
жұмыстары аса белсенді жүргізілетін-ді. Көшпелі спектакльдер-
мен дала театрлары ел-елді, ауыл-ауылды аралап, көңіл көтеруге,
халықтың рухани өресін өсіруге қызмет ететін. Осындай бір са-
парда Күлəш, атақты қазақтың бұлбұл əншісі «Қыз Жібекпен»
келді. Тыңдауға құлақ керек, түйсік керек. Бала жүрегіміз
лүпілдеп, əншінің алды-артына шығып, əбден есіміз кетті.
Əсіресе, менде мүлде ес жоқ. Əні қандай, сəні қандай, əншіге
ғашық болып қалдым. Сол арқылы өнерге, сахнаға құмарлығым
оянды. Мектептегі көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысамын,
əн айтам, өлең оқимын, концерттер жүргізе бастадым. Сөйтіп
жүргенде Əуезовтің «Сын сағатта» пьесасындағы Рəшті сах-
наладым. Керемет қошемет көрсетіліп жатыр. Қуанышымда
шек жоқ, бітті, актриса болдым деп жүрмін ғой баяғы. Қазір
ойлап отырсам, менің өнердегі өмірім Мұқаң шығармаларынан
басталған екен.
– Алматыға, мəдени ортаға қай жылдары келдіңіз?
– Жеті жылдықты бітіріп, мүмкіндігі барлар аудан орта-
лығынан оқуын жалғастыруды ойлап жүргенде, менің есіл-
дертім Алматы болды да тұрды. Осы бір арман жетелеп
келіп, байланыс техникумынан бір-ақ шықтық. Бір күні кино
актерлерін дайындайтын оқу орны туралы естідік. Ұмытып
барады екенмін, қасымда ағайындас құрбым бар. Салып ұрып
сонда келдік. Мəскеулік аты-шулы мұғалімдер дəріс береді
екен. Жетекшілерінің бірі – Асқар Тоқпанов болып шықты.
Сұрастыра келе, біздің он жылдықты бітірмегеніміз, жасымыз
толмағаны кедергі болды. Ол кезде 13-14-тер шамасындамын.
– Қайдағы өнер, қайдағы театр... Барыңдар, оқуларыңды
оқыңдар,– деп есіктен кіргізбейді де.
– Ағатай, бізді бірінші тыңдап көріңізші,– деп мен етім тірі,
пысықтау болдым, дігерлеп қоймаймын. Есікті қайта ашты да:
– Ал, келе қойшы, тыңдасақ тыңдап көрейік,– деді. Үзіліс
кезінде іші пысып отырса керек.
Мен бар өнерімді салып жатырмын, əн де айттым, өлең де
оқыдым. Өзім жаттап алған шығармалардан үзінді де оқыдым.
Əйтеуір, аузымда тыным жоқ. Тоқтамадым. Тоқтасам, қуып
жіберетіндей, осы есіктен шыққым жоқ. Сəл саябырсыған сəтте
көзім түсіп кетіп еді, күлімсіреген қалыпта риза болып отыр екен.
– Жарайды, сен қал, сені əртіс ғып шығарамыз, –деп мені
алып қалды.
Сонымен кино-актриса деген диплом алып шықтым да,
киностудияға қалдырды. Дубляж жасағанымыз болмаса, жыл
бойы кино түспеді. Барып-келіп жүрдік. Күлпан Ахметованың
күйеуі Сатыбалдин деген ақын болатын, сол кісі: «Сенің даусың
жақсы, филармонияға түсіп оқып алсаңшы» деп үгіттеп,
Бақытжан Байқадамовқа жіберді.
Филармонияға түсіп, Байқадамовтың хорында тағы бір жы-
лым өтті. Жеке əн айтып, концерттер де жүргізбедім. Осылай
жүргенде радиодан диктор болуға ұсыныс түсті де, сонда ор-
наластым.
– Сонымен... театрға əлі жақындар емеспін дейсіз ғой...
– Иə, радиода төрт-бес жыл жұмыс істедім. Бірақ, өнерге
жолымды ашқан осы радиодағы жылдар еді. Өйткені, ол кез-
де эфирден жазушылар, ақындар келіп өз шығармаларын
оқитын не болмаса оқытатын Бірде Рахия апай келді. Осылай
басталған таныстық, жетелеп жүріп мені сахнаға жеткізді-
ау əйтеуір. Театрда Əсімжанов деген режиссер болды, ол
кісі де мені қолдап жүретін. «Ғалиябануды» қойды да, мен
– Ғалияны, Қуат Əбусейітов – Халелді ойнады. Осы спек-
такльмен Татарстанға барып қайттық. Сөйтіп 1952 жылдан
бастап спектакльдерге қатыса бастадым да, басыңды қатырып
қайтейін, небір кедергілерге соқтығып жүріп, «Порт Артур»
драмасындағы жапон қызын, Əбішевтің «Күншілдіктесінде»
тағдыры қиындау жас келіншектің рөлдерін ойнадым. Ол кезде
пьесаны қабылдауға Əуезовтен бастап жазушы-драматургі бар,
көркемдік совет қабылдап алатын.
Зəмзəгүл апайдың жүзі əлдебір қуанышты жағдайды еске
түсіргендей, бал-бұл жайнап, қозғалақтап кетті.
– Есіңізге жағымды бір сəт түсті-ау, – деп біз де ынтыға түстік.
– Жағымды болғанда қандай. Сол бір сəт əлі кезге дейін көз ал-
дымда қалды. Қуансам да, көңіл күйім түссе де сол бір минуттық
сəт жебейді, көтереді. «Бұл Зəмзəм емес, Кəусар болды». Бұл –
ұлы жазушы Мұқаңның, иə, Мұхтар Əуезовтің аузынан шыққан
сөз. Сөз емес, мақтау, риясыз ризашылық. Мен арқылы, менің
шығарған рөлім арқылы қазақ өнеріне ризашылығы, қазақтың
қара сөзіне, қазақтың қоңыр үнімен əрленген əңгімесіне, пье-
сасына ризашылығы. Төбем көкке бір-ақ елі жетпеді. Ұштым,
көкке самғадым. Осы бір ауыз жылы сөз мені өмір бойы көтеріп
келеді. Əлі күнге дейін театр босағасын аттағанда, театр сах-
насымен əр кеш сайын қоштасқанда менің жадымда тұрады.
Өнердегі бағымды ашқан да осы жалғыз ауыз сөз болды.
«Айман-Шолпанда» – Айманды, «Абайда» – Қарлығашты, кейін
Құрманбек Жандарбеков «Қаракөзді» қоятын болды да, Рахия
апай Бөріжанды ойнады. Сахнаға, елдің назарына жібермей
тұрып үстел басындағы тыңдау аса тартыс ты, қызықты өтеді ол
кезде. Əрқайсымыз өзімізге бекітілген рөлді оқып жатырмыз.
Біткеннен кейін олар өзара талдайды да, бізді сыртқа шығарып
жібереді. Осындай бір сəтте Рахия апай:
– Əй, сен Əуезовке қатты ұнадың, қара да тұр Қаракөз
боласың – деді мені құшақтап.
Бірақ белгісіз себептермен осы пьеса қойылмады да, кейін
1963 жылы ғана сахналанды. Ол кезде, əрине, Мұқаң көрмеді.
Одан киностудиялар шақыра бастады, танымал бола бастаған
кезім. Шəкеннің бірнеше киносына түстім. «Дала қызына»
түсуім де қызық. Бұл рөлге басында Хадиша апай бекітіліп
қойыпты да, біз жай эпизодтық көріністерде жүрдік. Бір күні
мені басты рөлге таңдапты. Хадиша апай анау-мынау артық
сөзі жоқ, баладай аңқау кісі ғой. Үндемей жүріп киімдерін дай-
ындап қойыпты. Кейін айтады: «Мен киім тіктіріп, қашан кино-
ны бастаймыз, қашан шақырады деп күтіп жүрсем, «Зəмзəгүл
Шəріпова түсетін болды» деп отыр» – деп күледі. Қызғану де-
ген атымен жоқ, басқа біреу болса, «басында неге айтасыңдар,
əуре ғып» деп біраз шулатар еді. Таза өнерге жаны ауыратын,
жаны ашитындар арасында қызғаныш деген болмаса керек-ті.
Содан Мəскеуге онкүндікке баратын болдық. Кинодағы
рөлдерім де баршылық. Бірақ Ақтоқтының орны бөлек. Шолпан
апай мен Шəкен, екінші тобында – Ыдырыс екеуміз-тін. Кейін
Қалекең, Ыдырыс мылқауды ойнады да, мен Мусинмен пар-
тнер болдым. Киноға үлкен баға берілді. Мəскеулік бұқаралық
ақпарат құралдарында тыным жоқ, мақтауға кенде емеспін.
Содан Ақтоқтының да кезегі келді, бірінші күнгі Шолпан апайға
ел риза, құшақ-құшақ гүл... Мен шығатын күні əлгі апайым
киетін киімімді бермейді. Ал кеп жыла, жалын... жоқ, ешкімге
көнер емес. «Екі күнде де өзім ойнаймын, бермеймін» – дейді.
Дəл сол күнгідей көз жасым төгілмеген шығар, күңіреніп
кеттім, күйіп кеттім. Өмірімдегі, өнерімдегі ең асыл бейне сол
– Ақтоқты, кішкентай кезімнен арман болған Ақтоқты осылай
жер соқтырып кетті. Содан ары қарай «Дала қызымен» Ригага
кинофестивальға кеттік. Осы сапардан келгенімде, Республикаға
еңбек сіңірген артист атағы күтіп алды. Одан кейін Құрмет белгісі
орденін алдым, Шолпан апайым да елмен бірге елпілдеп келіп
құттықтап жатыр. Алғаш өнер сыйлығын алып жатқанда кімге
өкпе артарсың, құшақтасып, сүйісіп жатырмын. Кейін марқұм
Шолпан апаймен сырлас, сыйлас, пікірлес болып кеттім...
«Біз осы жерде тұрамыз», «Өмір жолы» кинокартиналарын-
да, одан кейін Болат Шəріповтің «Заман-ай» (Сəкен Жүнісов)
фильміне түстім. Театрда бүкіл классикалық шығармаларда,
əсіресе өзім жан-тəніммен жақын көретін «Қаракөзді» он
жылдай жалғыз ойнадым. Осы рөлім үшін «Халық артисі»
атағын алдым. Жүзден аса рөлдерде ізім бар, қазір «Отыз ұлың
болғаншада» ылғи кəрі артистер ойнаймыз. Жас ұлғайған соң
жастарға орын беру өмірдің заңы.
... Өмірдің əсемдігін біле алмаппын жасымда,
Жақсы достар болып еді қасымда.
Жалғыз қалдың, қартайдың да,
Кəрілік
сен де басынба.
Басынып жатыр денсаулық
Тыныштық жоқ бірауық.
Қимасақ та өмірді,
Кетеміз ғой , сол қауіп, – деп көңілдің бір сəттегі күйзелістерін
қағазға түсіріп, ермек етемін.
... Қартайған соң сахна қашты менен,
Шамаңның жеткен жері осы деген...
Сыртында сахнаның қалдым-ау деп,
Күйініп, қапаланып, қайғы шегем...–деп бірде күліп, бір
жылап ғұмыр кешіп жатырмын. Алла тағаламның мұнысына
да мың тəубе.
... Жүзден астам рөл жасап, сахнаға өмір бердім,
Қайғы-қасірет, махаббат сезімдерін.
Көп іздедім, тынбастан ерінбедім,
Образын түрлі адамның жасаймын деп,
Қатыгез, қиындықтың бəрін көрдім.
Бітті бəрі,
Болдым кəрі,
Кəріліктен кетті ғой беттің əрі...
– Беттің əрі демекші, Зəмзəгүл апай əлі де көркемсіз.
Осы қалпыңызды қалай сақтадыңыз?
– Негізі беттің жаратылысы түзу. Жас кезде адам, тіпті, түзу
болмаса да əдемі ғой. Үйренген əдет бойынша сылап-сипап
жүреміз, дегенмен əжім деген...
– Өз уақтымен түскен əжім де əдемі көрінеді емес пе?
– Əрине, ол міндетті түрде. Қанша күтімде болғанмен уақыт
өз дегенін алады. Жетпістің ортасынан асып бара жатқан
ғұмырымда қимылдың, дене қимылының, үзбей жасайтын
дене шынықтыру жаттығуларының пайдасы керемет екенін
айтқым келеді.
Осы жерде тағы да өлең дəптерін ақтара бастады.
– Адам баласы өмір бойы ғашық болуға, біреуге сүйкімді
болуға тырысып бағады ғой. Осы бір сезім өлмесін, ол өлген
жерде пендеңіз де қуарып, керексіз бір əлемге айналып кетеді.
Енді ғашықтық туралы жазған бір өлеңімді тыңда:
Сырттай сүйем бір адамды,
Өзі еңбекқор, өзі ақылды.
«Жасыл баққа барайық» деп,
Бүгін мені шақырды.
– Бардыңыз ба?
– Жоқ, бармадым, сырымды да жаймадым.
– Ол кісі бар ма? Бұл өлең құпия болмаса қай шамада
жазылды?
–Бар, əрине, тірі. Елуге келіп қалған кез ғой деймін.
– Ал, өзіңізге ғашық болғандар да жететін шығар?
– Е-е, қарағым, «ғашықпын, сүйіп қалдым» деушілер көп
болды ғой. Бірақ ол кезде өзі əдемі, өнер десе өлермен мен
байғұстың оларға бөлер уақытым да тапшы еді. Көңіл де,
уақыт та жетпеді ғой деймін. Оның үстіне оларға да менің ма-
хаббатым емес, атақ-абыройым қажет болғанын іштей болса да
сезетінмін. Сосын да қашқақтадым, үріктім.
Өтті сонау жақсы бір кезім менің,
Ғашық болып аһ ұрып көз ілмедім,
Көз ілмедім, тағы да сені іздедім,
Сені іздеді лаулаған сезімдерім...
Біз театр үйінен шығып, Абай даңғылының бойымен біраз
серуендеп, қимай қоштастық. Біраз жер жүріп барып, артыма
бұрылғанда көргенім: басында аппақ қалпағы, үстінде аппақ
тығыз тоқылған жамылғысының етегі желбіреп, қолындағы аппақ
сөмкесін қолтығына қыса ұстаған қазақтың аппақ қызы бүгінгі
аппақ анасы – Зəмзəгүл аяғын тəкаппар басып кетіп бара жатты.
Қонышы ұзын, сəнді етігінің өкшесі жерге тық-тық етіп, алыстаған
сайын өнердегі ізім де осындай, көрерменімнің көңілінде өшпес
із қалдырған дегенді ұқтырғандай əсерде болдық.
Өнердің, қазақ өнерінің, қазақ театры сахнасының сəніне
айналған осындай аналар керуені көтерген жүгінің ауырлығына
мойымай, алысқа, со-нау алысқа кетсе деген жақсы бір тілек
көкейде қалып қойды...
БИЖАМАЛ РАМАЗАНОВА
Газетіміздің жаңа жылдық жаңалықтарының – «Ардагер»
атты жаңа айдардың ашылуы. Аты айтып тұрғандай-ақ,
қоғамдағы өзіндік орны бар, еліміздің экономикалық жəне
əлеуметтік өмірінде есімдері ерекше аталатын еңбегі сіңген
қайраткер ер-азаматтар мен қазақ қыздарының өмір жолда-
ры, қызмет еткен жылдары, жалпы қоғамдағы алар орнын
сөз етпекпіз. Ал, қазақтың қайраткер ұлдарымен бірдей еңбек
етіп, еліне елеулі қазақ қыздары да аз еместігін өздеріңіз де
жақсы білесіздер, оқырман.
Олай болса, осындай біртуар асыл қыздарымыздың бірі
– Бижамал Рамазанова жайлы айдардың алғашқы сыр-
сұхбатын ұсынғанды жөн көрдік.
Бижамал Рамазанова! Осы бір есім бала кезімізден жадымыз-
да жатталып қалған, сонау жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Советі
президиумының республикалық басылымдарда жарияланып
жататын қаулы-қарарлары арқылы етене таныс. Үкіметтің
құнды қағаздарының бəрінде осы бір қазақтың қайраткер
қызының қолтаңбасы мəңгілік тарих беттерінде қалды. Сонау
алпысыншы жылдардың ортасына дейінгі уақыт аралығында
тапжылмай қызмет еткен Жоғарғы Советі президиумының хатшысы талай ел ағаларымен қызметтес болған, ел тағдырына, жер тағдырына байланысты көкейкесті мəселелер төңірегінде қаншама тер төгіп, аса қажетті құжаттардың өз қолынан өткені жайлы бір сəт ой жүгіртіп алды да, əңгімені өз отбасы, ата-анасы жөнінде бастап кетті... «Əкем марқұм ең аяғы шеге қақса да, ат ерттесе де қалдырмаушы еді. Соның бəрі еңбекке ерте араласса, жалғыз тұяғының бір қажеттілікке жараса деген ниетінен туған болар, сірə. Бірақ, одан мен жаман болған жоқ сияқтымын». Өзі туралы аса мақтау сөзді жақтыра бермейтін сабырлы да салмақты кешегі Жоғарғы Советтің хатшысы қызметін атқарған қайраткер қазақ қызының бойында қызметпен бірге қалыптасқан байсалдылықты көру онша қиын емес тəрізді. Адам бойында туа бітті қасиеттермен қатар, бертін ел қоғам, қызмет бабымен бірге қалыптасатын өсу, есею жылдарындағы санаға таралатын жақсы жоралғы, қасиеттер болады дегенге бəлкім, біреу сенеп, біреу сенбес. Бижамал апайдың бойында осындай бір бекзаттық, тəкаппарлықты байқасақ та, осындай тектілік бар жерде аса мейірбан, қайырымдылықтың да қатар сіңгенін көру де қиынға соқпас еді. Біз оны көпшілікпен тығыз жұмыс істеген талай жылғы озық тəжірибесінен, əйел-аналық мейірімінен, кез келген шаруаны қайырымды шешуге тырысатын бірбеткейлігінен деп түсіндік. Қайда барсам да ата-анам бірге көшті. – Балалық шақ дейтіндей, бізде бақытты, алаңсыз балалық шақ болған жоқ, – деп бастады ол кісі əңгімесін. Біздер – əрине, ХХ ғасырдың бастапқы кезіндегі ұрпақтардың біріміз. Сондықтан да басымыздан кешкен қиыншылықтар да аз болмады. Ең бірінші көзімізді ашқаннан ашаршылық жылдарын көрдік. Есімізді емісеміс біле бір жерден бір жерге көшіп-қонып, босып жүрген елдің нəпақа соңында жүргенін ептеп ішіміз сезетін. Бала болсақ та таудың жабайы жуасын тамақ еткен, содан жан сақтаған талай жұртты көз көрді, құлақ естіді. Одан кейінгі менің тұстастарым отыз жетінің нəубəтін көрген ұрпақпыз. Өз отбасымызға түлен ти-
ген жоқ, бірақ «бүгін анадай болып жатыр, ертең мынадай болады екен», «бір түнде алып кетіпті» дегенге де құлағымыз үйренді. Ол да өтіп енді ес жиып,бас көтере бастағанда Ұлы Отан соғысы бұрқ ете қалды. Онда мен небəрі он төрт жаста едім. Сонда балалық шақ, жастық шақ дегеннің бəрі біз үшін қайнаған өмір, тынымсыз еңбек деген сөз. Əкем Есіркепұлы Рамазан орысша, арабша сауатты, көзі ашық кісі болды. Көп балалы отбасында дүниеге келсе де, ақ пен қызылдың соғысында 1922-26 жылдары Ақсу ауданының Қызылағаш өңірінде бауырларынан айырылып, тұл болып қалады. Өзінің айтуынша, Қапалда қызметте жүріп, аман қалса керек. Өзі ата-анадан жалғыз болды, мен де оның жалғыз тұяғы едім. Қасынан бір елі қалдырмайтын-ды. Шалғы да шалдым, орақ та ордым, шеге де қағып, ат та ерттедім. Аттың құлағында ойнайтын-ды марқұм, мен де ат жалында өстім десем артық емес. Өздері жасы ұлғайған кездерінде өмірге келсем керек, содан да болар, өмір бақи елім-жұртым, ата-бабам қалды демеді, мен қайда барсам да бірге көшіп жүрді. 1942 жылы Түрген педучилищесінің қысқа мерзімді мұғалімдік курсын оқып, бітірдім де, қызметті Шанқанай орта мектебінен бастадым. Он бес, он алтыдағы кезім, жолдамамен Қоғалы аудандық оқу бөлімі Қаракемерге жіберді. Сонда мен аттылы, əке-шешем жаяу-жалпылай, жүктерін көк есекке тиеп алып алғаш менімен бірге көшіп келдік. Өзі жалғыз, оның үстіне ер балада емес, нəзік қыз болған соң ба, аса мейірімді, балажан еді. Екеуі де тоқсанға жетер-жетпес шағында қолымнан мəңгілік сапарға жол тартты ғой. Өмір бақи ата-анамнан, əсіресе əкемнен дарыған еңбексүйгіштік, табандылық, қолға алған істі дегеніне жеткізбей қоймайтын қайсарлылық мінезіме өзім де іштей сүйсінемін. Бетіне қарап отырған жалғызым деп ештеңе істетпей, бейімдемей барын аузыма тығып отырса не болар едім. Осы өмірімде нендей жақсылық қолымнан келді, кімге қандай көмегім тиді, не болмаса тілім тиді дегенде, жерге қарайтын жағдай кездеспепті. Соған шүкіршілік жасаймын да, əкем алдында мəңгі перзенттік борышымды ақтағандай жеңілдеп қаламын.
Қызметке келер жолдар...
Содан Қаракемер мектебінде мұғалім болып жүріп,
қоғамдық жұмыстарға белсене араластым. Комсомолға өттім.
Газет шығарамыз, үгіт-насихат жұмыстарымен ел-елді ара-
лаймыз. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тек қана
бір қиял, бір арман, ол – Женіс. Электр желісі жоқ, шамға құяр
майдың өзі тапшы, ондайда адамнан қулық артылған ба, қойдың
құйрық майын пайдаланамыз. Қыста қар тоқтатамыз, көктемде
əр соқаның соңында бір-бір баладан, олардың соңынан бір-
бір мұғалім жүргеніміз тырбаңдап. Əжелер жүн түтіп, жіп
иіреді, біз оқушылармен бірге шұлық, көбіне соғыстағы май-
дангерлерге қолғап тоқимыз. Оның арасында еңсесі түскен
елдің көңіл күйін, демалысын бақылап, түрлі концерттер мен
көркемөнерпаздар үйірмелерімен жұмыс тағы бар.
Сөйтіп жүріп комсомол ұйымының хатшысы болдым, тек
мектеп оқушылары ғана емес, колхоз жəне оқытушылары бар,
70-80 мүшесі бар үлкен ұйымды басқардым. Аудандық комсомол
комитетінің мүшесімін. Сөйтіп жүргенде 1945 жылы облыстық
оқу бөлімі мен облыстық комсомол комитетінен телеграмма
келді. Содан баяғы көк есекке жүкті артып алып, «Талдықорған
қайдасың» деп тартып отырдық. Ол кезде тəртіп өте күшті, со-
сын шақырған қызметтен бас тарту деген тіпті өліммен тең.
Обком комсомолға ревкомиссияның мүшесі етіп сайлады да,
мектеп бөліміне нұсқаушы етіп қабылдады. Ол кез алыс аудан-
дармен телеграмма-хаттармен жұмыс жүргізілетін кез ғой, маған
осындай бір құжат дайындау тапсырылды. Өзімше орысша да
білетін сияқты едім, əлгі жерде абдырадым да қалдым. Сол кез-
ден бастап, менің өмірлік тəжірибеме республикамыздың екі ата
газеты «Казправда» мен «Социалистік Қазақстанды» салысты-
рып отырып оқу айнымайтын əдісіме айналды. Алғаш қолыма
алған кітабым «Похождение Насреддина» болды. Түсініп оқуға
тырыстым, аудармашыдан сұрайтынмын. Əйтпесе, жаттап
алатынмын. Бірер жылдан кейін Қаратал аудандық комсомол
комитетінің хатшысы етіп сайлады. Ат басын, көш басын солай
қарай бұрдық. Сонда жүргенде мен алғаш рет үкімет награда-
сын алдым. Небəрі жиырма бір жаста кеудеме «Еңбек Қызыл
Ту» орденін тақтым. Бұл Ленин орденінен кейінгі аса үлкен ор-
ден саналатын. Тағуға ұялып жүрдім. Партия мен комсомол егіз,
біртұтас салаға ғой. Аудандық партия комитетімен тығыз байла-
ныстамыз, секретары тəжірибесі мол, мейірімді Сейтім Қаскеев
деген кісі болды, өзі депутат. Сол кісіден үйренгенім көп болды.
Өмір мектебі деген осы. Жалғыз өскен, кəрі ата-анасы,
ақыл-кеңес сұрайтын не əпке не аға-бауыры жоқ менің өмір
мектебім осылай қалыптасты. Өмір мені сондықтан да екі
қарап, бір шұқуға, аса сақ болуға, тиянақты болуға үйретті.
Оған ата-анамнан дарыған қабілеттілігім мол болса да, менің
тағы бір сүйенерім, ол – АБАЙ болды. Қай сəтте де, қандай
көңіл күй əуенінен де үнемі мені АБАЙ құтқарып келеді. Сонау
1948 жылдағы алғашқы кітабынан бастап, күніне болмаса да,
аптасына парақтап, өзіме күш-қуат аламын, есеп беремін.
Соғыстан кейін халықтың əл-ауқаты, тұрмысы жақсара бас-
тады. Əйелдерді де көпшілік-қоғамдық қызметке тарта баста-
ды. Жер-жерлерде əйелдер кеңестері құрылды. Талдықорған
облыстық атқару комитеті мен қалалық кеңесте жұмыс атқарып
жүрдім де, Алматы облысына обком хатшы болып сайландым.
Партия мен комсомол комитеттерінде, жергілікті атқару орган-
дарында жүріп жинақтаған тəжірибем мені ҚССР-нің Жоғарғы
Советтен бір-ақ шығарды. Бір ғана аудан, қала облыс емес, рес-
публика деңгейінде жұмыс жауапкершілігі де күшейе түсті, əрине.
Жоғарғы Советте хатшы болып ұзақ жылдар қызмет
атқардым. Ол жердің бір ерекшелігі – қағаздардың бəрі екі тілде
жүрді де, менің қазақ тілін таза білетінім көп пайдасын тигізді.
Əңгімені үзгіміз келмесе де, тіл мəселесі аузы бітпеген
жараға айналғаны сонша, осы жерде бір сұрақтың ыңғайы
келіп қалды.
– Қазақ тілін бе, жоқ əлде орыс тілін білгеніңіз көп пайда
болды ма? Өйткені, сен жауап бересің. Ең бірінші жауапты
хатшының қолы, сондықтан қанша парақ, қанша баспа табақ
болса да, оқуын тексеруің қажет. Қадағалап оқисың, əсіресе
заң терминдері өте ауыр, қиын. Бір сөздің өзінде бірнеше си-
ноним бар. Ондай сəттерде Кеңесбаев ағамыз бен Рабиға апай
сияқты тіл мамандарымен ақылдасып, кеңесіп отыратынмын.
Жоғарғы Советтің ұжымында жетпіс-сексен адам ғана бол-
ды, бірақ 350 депутаты бар, республика бойынша көпбалалы
аналардың наградалары сол жерден тарайтын болғандықтан,
осыған қатысты мекемелердің бəрі Жоғарғы Советтің
құзырында. Дайындалған құжаттар Мəскеуден сүзгіден өтетін.
Қазақтың менталитетіне қатысты кейбір құжаттар тіпті өтпей
қалып та жататын-ды. Мəселен, бүкіл Советтер одағы бойын-
ша кəмелетке толғаннан кейін ғана тұрмыс құру керек деген-
ге, шығыстың халқына аса келіңкіремейтіні айтылды, бірақ
өтпеді. Айтыс-тартыс тудырып жататын осындай тірліктерге
келгенде де, елдің мүддесі, болашағы үшін ақылдасып, келісіп
қызмет атқаруға тура келді.
Ал тіл саясатына келетін болсақ, бұл жерде мынаған аса
мұқият болғанымыз жөн. Ол – ұрпақтар ауысуымен тығыз байла-
нысты құбылыс дер едім. Мəселен, біз тұстардың барлығы дерлік
таза қазақи тəлім-тəрбиенің шекпенінен шыққандар. Ал біздің
балаларымыз орыс мектебін бітіргендер, яғни тілдері орысша
шыққандар. Неге дейсіз ғой, менің замандастарым өз ана тілін
таза білсе де, орысшаға шорқақ болды да, қызмет барысында,
жоғары оқу орындарында көп кедергілерге кезікті. Сондықтан өз
балаларымызды осы саясатты ұстанып, орыс мектебінде оқыттық.
Ол жасырын емес,кез келген қазақ отбасында құрығанда бір бала
орыс тілді болып өсті. Сол біздің ұрпақтан тараған ата-аналардың
қазір өз ұлтына, өз тіліне жат болып, өгейсіп қалуы, міне, осы
ұрпақтар ауысуында жатыр. Бəрі намысшыл, елін-жерін сүйеді-
ақ, бірақ сезімдерін жеткізуге дүрдəмал тіл жетпей жатады. Ал
одан кейінгі немере ұрпақ қайтадан ана тіліндегі мектептерге
бара бастады. Бірақ, бір өкініштісі, үйінде ата-анасы оқу-сызуына
жəрдемдесе алмайды. Өйткені ойлау орысша, тіл жоқ, əдеби-
көркем тіл жоқ. Сөйтіп, балаларының жағдайына, ата-анасының
жағдайларына қарап көптеген азаматтар немерелерін қайтадан
орыс мектебіне беруге мəжбүр.
Қазақ тілі ешқашан өлмейді. Өсіп келе жатқан жаңа толқын
тілді өлтірмейді, өшірмейді. Оның үстіне сырттан келіп жатқан
қандастарымыз да ұлттық сана-сезімі, бояуы, салт-дəстүрін
жоғалтпай шоғыр-шоғыр болып көшіп келіп жатыр. Қытай,
Монғолиядағы айтпағанның өзінде, Ресейдегі отандастары-
мыз ұлттық менталитетін қатаң ұстанғанын көзіміз көріп отыр.
Сондықтан да уақыт бір орында тоқтап қалмайтыны сияқты, өте
келе бəрі орнын толтырады. Ұрпақ алмасу, жалғасу деген, міне,
осы.
Бұл мəселеде менің келіспейтін бір ғана жайым бар.
Бізден əлдеқайда мəдениетті деп айтамыз ғой, бірақ біздің
мəдениетіміз басқалардан кем емес, дегенмен өркениетке
ұмтылу деген жалпы ұғымға келісе қоймаймын. Жапонияны
алыңыз, неге олар 12 жасқа дейін балаларын тек өз тіліде
оқытады. Неге, өз тілінде, міне, барлық гəп осында. Сондықтан
қазір үш тіл деп жатырмыз, орыс тілін көшеде онсыз да
үйренеді, үйдегі тіл де орысша, өйткені олардың ата-анасының
өзі əлі толық үйреніп болған жоқ. Осы жағын қатаңдау ойласа,
шығыс халықтарынан үлгі-өнеге алсақ артық болмас еді.
Өз басым ағылшын тіліне де талпыныс жасадым. Өйткені,
он үш жыл Қазақтың Азия-Африка елдерімен ынтымақтастық
комитетін басқардым. Менің алдыма бұл қоғамды Мұхтар Əуезов,
ол кісіден кейін Төлеген Тəжібаев деген азаматтар басқарған. Он
бес республика ішіндегі жалғыз əйел мен болдым.
– Сондықтан қажеттілік болған жерде адам бəріне де
үйренеді дейсіз ғой?..
– Əлбетте.
– Қазақ əйелдері қызметтен гөрі үйдегі тірлікті бірінші
орынға қояды ғой. Бұл ретте не айтар едіңіз?
– Ол біздің өзімізді Жаратушы алдындағы міндет, парызы-
мыз іспетті. Жолдасым Шапағат Отан соғысының майдангері,
бұрынғы комсомол, партия қызметкері. Екеуімізге тағдыр өмір
бақи бір есіктен кіріп, бір есіктен шығуды жазыпты. Өмір
жолымыз, еңбек жолымыз бірге қалыптасты, сондықтан бір-
бірімізді түсіну қиы емес. Ал түсіністік, сыйластық, адалдық
бар жерде, тірлік кешу де аса қиын болмас. Екінші жағынан,
ата-анам қолымызда болды дедім ғой, ас-су əзірлеу, балалардың
тəрбиесі де шешем марқұмның мойнында болды.
Жалпы өз басым əйелге тəн тірлікке де бейіммін. Қонақ та
шақырып, қонаққа да барып, жас болдық бəріне де үлгеріп жа-
татынмын. Əсіресе, киім-кешек тігуге əуес болдым. Сенсеңіз,
осы күнге дейін төсек жабдықтарын сатып алмаймын. Метрлеп
алып қоямын да, шетінен жаңалап тігіп отырамын. Ал əйел
тігінші болса, киім-кешек те кір болмайды. Қарны тоқ, кимідері
таза еркек те тыныш қой.
– Қызметші, бала тəрбиелеуші ұстайтындарға көз қара-
сыңыз...
– Қолдамаймын. Бала күтуші, үй шаруасындағы қызметкер,
ас дайындаушы дегенге мүлдем қарсымын. Бала қашанда ата-
ананың сөйлеу мəнері түгілі, жүріс-тұрысымен де тəрбиеленеді.
Қарап өседі, көріп өседі. Ал біреу тəрбиелеген бала – бөтен
бала. Ол əке-шешесінің ықыласын, тіпті реніш-күйінішін,
қуанышын көрмеген бала қолғабыс етуге ниеттеніп тұрады
емес пе?! Сондықтан, баланың өз ата-анасының тəрбиесінде
болғаны абзал.
Өз басым Салиқа Оңғарбаева деген озат сауыншы болды,
сол кісіні пір тұттым. Сол кісінің сөйлеу мəнері, жүрген жүрісі,
маңайындағыларға қарым-қатынасы, отағасына деген ілтипаты
– бəрі-бəрі күні бүгінге дейін көз алдымда. Анамнан кейінгі
жақсы қасиеттерім сол кісінің көлбеңдеген көлеңкесінен
дарыған тəрізді.
– Бұрымды қыз болған сияқтысыз…
– Иə, бұрымды қыз болғаным рас. Шашымды екі өрім етіп
қатты өріп тастайтынмын. Табиғатынан бұйралау болды да,
ол жағынан қиындық тудырған жоқ. Ал, айнаға қарамайтын
əйел болмас. Бірақ əйел болып сырға тағып, сақина салуға
да əуестенбеппін ғой. Бір қызық жағдай болды, Индияға де-
легация басқарып баратын болдым да, сонда «мұныңыз қалай
Шығысқа бара жатырсыз, сізді де Шығыс əйелі деп қарайды
ғой, не қолыңызда, не мойныңызда жоқ» деген соң, тіпті бір
таныс əйелден сұрап жүзіктерін тағып кеткенім бар.
Ол бір енді жоқтықтан емес, табиғатымнан сырттың ша-
руасына бейім болып өскендіктен, тіпті мəн бермегендіктен
де болар. Ал, жалпы сұлулықты, тазалықты жаным жақсы
көреді. Өзімді-өзім күтуге шама бар. Қазір, өзің көріп
отырғандай, қалалық Ардагерлер кеңесінде қызметтемін.
FАЙНИКЕН БИБАТЫРОВА Ол кісіге қарап отырып, қазақтың қыздарының əдемі, көркемдігімен қоса өте қарапайымдылығына тағы да таң ғаласың. Елжіреп тұратын бауырмалдығын айтсаңызшы. Еліміздің мəдениеті мен ғылымына зор еңбегі сіңген қазақ қызының аппақ жүзін торлаған мұңның сыры көп кешікпейақ ашылды... Ауыр қазаға ұшыраған бір жолдастарының асына қатысып, небір нұрлы күндердегі бірге болған шақтарды өткен уақытпен еске алудың қаншалықты қиын, жан ауыртар сəт екенін сезінген сайын адам бойы ауыр тартып, көңілсіздік билейтін пендəуи көңіл күйін біз де терең түсіндік. Түсіндік те кешірім сұрап, мүмкін болса келесі күнге келуді өтіне сұрап едік, ол кісі: «Қайта сенімен əңгімеден кейін серпілетін сияқтымын» – деді, болмашы жымиып. Қазақ қоғамына елеулі үлес қосып Өзіміз қатарлылардың мұң-мұқтажын, бар-жоғын түгендеуге тырысып, қолымыздан келгенше əлі де қоғамға пайдамыз тисе екен деп жүрген жай бар. Бижамал апайдың «біз қатарластар көп емес, тегін демалыс орындары мен санаторийлерге жолдамалар ұйымдастырылса, өйткені жастары егде тартқанда қай жолсапарға шыға қояды дейсің, бармайды да ғой, бірақ көңілдері өсіп қалар еді» деген пікірі көкейде сайрап біз кеттік. Есіктен шықпай жатып шырылдап қоя берген қара телефонның ар жағындағы қарлығыңқы дауыс біздің де санамызда жаңғырып қалған қарт ата-аналарымызды есімізге бір түсіріп өткендей. Қайран, ардақты елдің ардагер ұлдары! Бір кездері сылаңдаған бойжеткен, сері көңілді бозбала болды дегенге бір түрлі сенгің келмейді-ақ. Бірақ, өмір өз дегенін, тағдыр өз аларын алған соң, бейшара күй кешіп қаларымызды, қолда барда жақсылықты соларға жасасақ өзіміз де ертең сондай сыйды талап етер едік деген бір жымысқы ой санамызды орап, көктемнің алғашқы жаңбырына бетімізді тосып жүріп кеттік.
келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тарих
ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Білім
жəне ғылым министрлігі Ғалымдар үйінің директоры Ғайникен
Айдарханқызымен əңгіме осылай өрбіді... Əңгімелескен сай-
ын өзіміз сырттай қайратты да жігерлі, бірбеткей іскер қазақ
қызы деп қабылдайтын осы бір сұлу да кербез əйелдің жара-
тылысы тым нəзік, сағыныш пен мұңға, қуаныш пен қайғыға
қабырғасы қайысатын қарапайым ғана пенде екені одан сайын
ынтықтыра түскендей.
Сөз басы
– Біздің қазақ өзіндік педагогикасы, пəлсафасы, этнотəрбиесі
ерекше халық қой, – деп бастады апай əңгімесін. – Мен мұны
жаңалық аштым деп айтып отырған жоқпын. Бұл пікірім
кез келген таза қазақи үрдіспен тірлік кешіп келе жатқан
əрбір отбасындағы тəрбиеден көрінетін көрініс. Əсіресе, ана
сүтімен дарыған жақсы бір қасиетіміздің бірі мейірімділік,
бауырмалдық қой. Өз басым осы бір қасиеті үшін халқымды,
елімді шексіз жақсы көремін. Талай қырғын-сүргіннен, тағдыр-
талайынан аман алып келе жатқан да осы қасиетіміз.
Мен қазақтың көпбалалы қарапайым ғана отбасында
дүниеге келіппін. Əке-шешемнің тұңғышы болдым. Ал қазақ
отбасында тұңғыштың жауапкершілігі, жүгі өте ауыр екені
аян. Қазір ғой «тұңғыш» дегендеріңіз – жалқау, ерке шолжаң.
Біздің замандастар, артынан ерген көштің бəрін құтты орны-
на қондырғанша, сол өзіңнің соңыңнан ерген көштің қайда,
қалай орналасуына əке-шешеден гөрі біз жауапты болып
өскенімізді менің тұстастарымның кез келгені мойындайды.
Біз – мейірімді ұрпақпыз! Өз бауырларына ерекше қарым-
қатынаспен қарап, тəрбиесіне алаңдаған жауапты ұрпақпыз!
Жүрегіндегі мейірім жүзіне шығып тұрған иманды ұрпақпыз!
Біз – қоғамдық жұмыстағы қатаң тəртіпті отбасындағы қатал
тəрбиемен ұштастыра қабылдаған ұрпақпыз!
Бүгінгі ас мені қатты толқытты. Жүректегі сағынышты
қозғаған, қанды толқытқан бір күн болды. Өзімнен кейінгі
сіңлім күйеуінен кейін қыршындай баласынан айырылып
қалып еді, кезектен тыс демалыс алып сонда баруға, қасында
болып əбден мауқымды басып келуге кетіп барамын.
Қазақ – данышпан халық қой: «қайғы қайғыны қозғайды»
дегенді қалай тап басып айтқан десеңші!
Қазақтың тəлім-тəрбиесі
ешкімге ұқсамайды
Сынаптай сырғанап өтіп жатқан уақыт емес пе «жастықтың
мініп тұлпарын» деп жүргенде бір күні зейнеткер бола қалдық.
Əр уақыттың өзіндік əдемілігі, өзіндік қызығы бар. Егер
орныңды дұрыс тапсаң, ойыңды ашық айтып, өзіңді лайықты
ұстай білсең қызметтен де, өмірден де сыйсыз өтпейсің,
ешкімнен кем болмайсың.
Менің ең үлкен бақытым – екі ғасырдың да куəсі болғаным.
ХХ ғасырда өсіп-өніп, тоғыз жыл комсомолда, одан қалған
ғұмырымның бəрін партиялық, қоғамдық жұмыстарда бол-
дым. Сондықтан да ХХ ғасырды мақтан етемін де, ХХІ
ғасырға рақмет айтамын. Сөйтемін де, екі ғасырдың куəсі бо-
луды маңдайыма жазған тағдырыма мың шүкір, тəубе деймін.
Еткен еңбегіміз де жоқ емес. Оның бағасын, əрине, ел береді.
Біз қоғам алдындағы міндетімізді атқара білдік, сол қызмет
арқылы халқымызға перзенттік борышымызды ақтадық десем,
əбден болады. Өйткені, жетпістен асқан шағымда əлде де сол
халықтың жоғын жоқтап, барын түгендеп отырған жайым бар.
Ал сол екі ғасырда екі қоғам болды ғой. Өз басым, «ойбай,
партия мынадай еді, комсомол мұндай болған» деген пікірді жиі
құлағым шалады, бірақ мен келіспеймін. Мұқан Төлебаев өгіз
арбамен пианино апарып, «Біржан-Сараны» жазған кішкентай
ғана ауылда туыппын. Жетісудың жеті өзенінің бірі – Лепсінің
бойында. «Көкжие» деген ауыл, осы өзен бойы қалың тоғай.
Жиделі тоғай болатын. Балалық шағымыз соғыс жылдарын-
да, яғни таршылық пен жоқшылықтан қашып құтыла алмай-
тын кезеңде өтті. Күні бойы жиде тереміз, етегімізге толтырып
əкелген жидені анамыз марқұм біресе суға қайнатып, кептіріп
қақ жасайды, жартысын сағыз ғып шайнаймыз. Құмның ішінде
кішкентай ғана тайымызға мініп, мал бағып, тірлік еттік.
Əкем Айдархан мен шешем Ажархан ауыл сыйлаған, қадірлі
кісілер болды. Соғысқа бармады, өйткені соғыс басталғанда
елдегі еркеккіндік əскерге алынып жатқанда «Сен коммуниссің,
елдің тыныштығын сақта, бас-көз бол» деген тапсырма алған
біраз азамат милиция формасын киіп, ауыл-аймақта еңбекті
ұйымдастыруға қалған ғой. Содан милицияның қызы, балала-
ры болдық та, тəрбие де, талап та қатал болды. Оның үстіне
анам көргенді, көкірегі ояу, шала сауатты кісі болса да, бізді
мүмкіндігінше білімге баулуды ерте мақсат еткен жан еді. «Қыз
Жібек», «Қамар сұлу», «Қобыланды батыр» сияқты этнотари-
хи жырларды үнемі оқып беретін. Оқығандағы мақамы, əуезді
үні керемет болғаны сонша, əлі күнге құлағымның түбінен сол
бір аяулы қарлығыңқы үн кетпейді... Ал, əкем өте мəдениетті,
парасатты кісі болды. «Үлкен кісілердің алдынан кесекөлденең
өтпе, танысаң да танымасаң да, амандас, сұраса жөніңді айт»
деп отыратын-ды. Қазақтың ешкімге ұқсамайтын этнопеда-
гогикасын қатаң ұстанушы еді. Одан бері талай ел аралап,
жұртпен араласып келе жатсам да, дəл сондай тəрбие желісін
ешкімнен көрмедім десем артық айтқандық емес.
Қонаев ұлттың ұлы перзенті ғой
СОНЫМЕН, отбасындағы тəлім-тəрбие, ілімге, білімге де-
ген құштарлық ауылда қалуға мұрша бермеді. Оның үстіне
өзім де еті тірі, пысықай болсам керек. Ауылда, ауданда комсо-
мол жұмысын атқарып жүрген ұйымдастырушылық қабілетім
орталықтан бір-ақ шығарды. Көк тіреп тұрған көке жоқ, ши-
еттей бала-шаға, əке-шешеде қауқар жоқ. Осының бəрін ой-
лай келе, жоқ, тіршілікті бастау керек, бастау үшін білім керек
екенін іштей түйсіндік те, ауылдан аттанып кете бардық қой.
Қойшы, əйтеуір, сатылап-сатылап жүріп, еліміздің бір туар
перзенті Димекеңнің алдынан бір-ақ шықтық. Ол тұста қыз-
келіншектердің билікке араласпаған кезі. Ақмолада Фарида
Хамитова деген хатшыны ғана естимін.
«Өзіңді комсомолдан жақсы білемін, меніңше сенен үлкен
қоғам қайраткері шығады» деп, Жамбыл облыстық партия
комитетіне хатшылыққа бекітті де жіберді. Қабылдауына
Мəскеуде Орталық комитет жанындағы академияда оқып
жүрген жерімнен шақырылдым. Кең, жарық кабинетінің ана
басы мен мына басына жету қандай қиын еді, оның үстіне
есіктен төрге дейін үндемей жүру тағы ыңғайсыз. Өзім нəп-
нəзік, аяқта біз өкше туфли. Сасқанымнан, «Димаш Ахметұлы,
кабинетіңіз қандай үлкен, Сізге жете алар емеспін», – деппін.
Ондай қарапайым, кішіпейіл, ондай парасатты адамды өз басым
көрмедім. Сонда орнынан күлімсіреп тұрып маған қарсы жүрді.
«Мен онда Статенин жолдасқа айтайын (іс жүргізушісі болған),
Галя Бибатыроваға менің кабинетім ұнамады, не кішірейт,
не басқаша жаса дейін», – деп күлді. Толқып, абыржып келе
жатқанымның бəрі ұмытылды. «Ұлы адамдар өте қарапайым
болады» дегенге қалай сенбессің!
Одан кейін де талай рет кездестік, кездескен сайын «ком-
сомолкам менің» деп арқамнан қағып қоятын. Елуге толған
кезімде ғой, «Димаш Ахметұлы, қашанғы комсомол болып
жүре беремін, елуге келдім ғой», – дедім. Сонда ашыла бір
күліп, баяғы өзінің «сен əлі өсетін баласың» дегенін есіне
алып, талай рет ұсыныс жасаса да, Жамбыл облысының обком
секретары Бектұрғановтың: «Ойбай, ондай идеолог қайдан та-
бамын» деп жібермей қойғанын айтты. Басқалардың еңбегін
жоққа шығарып, даттамаймын, қоғамда əркімнің өз орны, өз
төрі бар, əрине. Дегенмен, ол кісідей қазаққа еңбегі сіңген
қайраткерді кездестірмедім. Осы жасыма дейін көрмедім, бірақ
қазақ деген ұлы халық қой, мүмкін бір замандарда туылар.
Бірақ ХХ ғасырда мен білетін Қонаевтай қазақ жоқ! Шынын
айту керек, таза патриот, елін, жерін шексіз сүйген, бүкіл сана-
сезімін, ақыл-парасатын аямаған ұлы кемеңгер, қайраткер
екенін іштей бəріміз де мойындаймыз.
Сол отырғаннан обком хатшысы болып табаны күректей он
үш жыл отырдым. Жетісуда туып-өскенім болмаса, Жамбыл
облысы маған өте ыстық болатыны да содан шығар. Елімде
қазір ет жақыннан ешкім қалмады десем де болады. Бірақ əкем
атында көше бар, сол көшенің тұрғындары үшін жылда барып,
сый-сияпат жасап, Құран бағыштап қайтамын. Ел іші береке
ғой, барын дастарқанға салып жайыла күтіп жатады. Əйтеуір
əкем марқұмның аруағы риза болса екен деп мен де барымды
арқалап, əр үйге сыйлық жасаймын. Оларға бір ғана бұйымтай
айтып кетемін, əкем атындағы көше таза болса екен, күл-
қоқысқа батпаса екен дегенді қайта-қайта айта бергім келеді...
Ал Жамбыл облысы жаныма жақынырақ, осы өңірде өстім,
жетілдім, қызметте төселдім, тəжірибе жинадым. Адалдықтан
аттаған жоқпын, ешкімге жасаған қиянатым да жоқ. Кеңес
дəуірінің дəуірлеп тұрған кезі, мен де дəуірледім. Сол заман-
дарда дүниеге келген Ғайникендердің саны оннан асады, алды
тұрмысқа шығып та үлгерді. Жақсылықтарынан əлі күнге дейін
қалмаймын, хабар жетсе баруға, батамды беруге, аянбаймын.
Қонақжайлылығына көңілім де, көзім де тойып қайтамын...
Бүгінде ел қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері деп
қабылдап жатса, ол да Қонаевтай ел басшысының арқасы дер
едім. Бірақ, кедергілерге қарамай, елінің мəдениетін, экономи-
касы, ғылым-білімін жетілдіруде, кадр дайындауда ол кісідей
көреген, талғамы мен талабы күшті қайраткерлер аз-ау, аз.
Михаил Есеналиев, Өзбекəлі
Жəнібековтер нағыз азаматтар еді
Еліміздің тарихына, мəдени тарихына үңілер болсам,
Димекеңдей адал қызмет еткен тағы бір тұлғалардың келбеті
санада көлбеңдері сөзсіз. Əсіресе, қазақ халқының мəдени
мұралары, тарихи ескерткіштері, мəдени ошақтары – театрлар
туралы əңгіме бола қалса, осы бір қос азаматтың есімдері еске
оралады. Халқымыздың алғыр перзенті, алғашқы комсомол Ғани
Мұратбаевтың ескерткішін жасатқан да, атын тарихқа қайта
жаңғырта алып келген азамат та осы – Өзбекəлі. Қаны қазақ бо-
лып қайнаған жан. Шынын айту керек, еліміздің оңтүстік аймағы
қаншыл, қазақтың салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын терең сезінетін,
санада үнемі жаңғыртып отыратын өлке. Оңтүстік андай-мын-
дай дегенді жиі айтамыз, қазекең бірін бірі жамандамаса іші жа-
рылып кетуі əбден мүмкін. Жақсылық жағымызды айтып қанша
мақтансақ та, осындай кемшін тұстарымыз да жетерлік.
Үнемі ой үстінде, қолынан қаламсабы түспейтін. Сырт
көзге суық, сұсты, қатал көрінгенімен, жан дүниесі өте нəзік
жаратылған азамат еді. Тағдырыма риза болатыным, қазақтың
маңдайына бақ болып туылған осындай жұлдызды азаматта-
рымен қызметтес болғаным. Есенəлиев те, Жəнібеков те орта
бойлы болғанымен, ойы, сана-сезімі аса жоғары, жаратылысы
бөлек еді. Ресейде туып-өссе де, қанына тартып туған Михаил
дарынды, қабілетті, сауатты, ал Өзбекəлі сонысымен қоса
ұйымдастырушылық қабілеті ерекше басшы болды. Айтқанынан
қайтпайтын, бірбеткей, өжет. Наурыз мерекесін тірілту үшін
қаншама есіктен беті қайтса да, діни ұғымдағы мейрам деген
сансыз қарсылықтарға төтеп беру тек Өзбекəлінің ғана қолынан
келетін тірлік. Орталық комитетке жазып жүріп, əйтеуір қазақ
күнтізбесіне енгізіп кетті, жарықтық! Ал, қазіргі Қостанай об-
лысы, бұрынғы Торғайға сіңірген еңбегі, төккен тері ауызбен ай-
тып жеткізе алмайтын тірлік. Сол өңірде өмірге келген тұңғыш
музыка театры, əн-би ансамбльдері, ондағы ұлттық бояуға
тұнып тұрған ұлттық киімдер, əшекейлерді былай қойғанда,
тарихи мұражайлардың қайта жабдықталып, жаңаруы, жасаған
баға жетпес еңбегі əлі күнге ел есінде. Көзі тірі сол кездегі об-
лыс басшылары кездес кен сайын оның талапшылдығын,
талғампаздығын жыр ғып айтады. Тіпті қолына қазық-балғасын
ұстап, жерді қадамдап өлшеп, қай жерде театр үйі, қай жерде
бақ отырғызылуы керектігіне дейін белгілеп өзінің жүруі қазіргі
креслода отырып, телефонмен шаруа шешетін басшыларға үлгі-
өнеге дер едім. Ондайлар шаруаны шешсе жақсы ғой, бірі-біріне
сілтеп, кісіні таусылмайтын əуреге салады емес пе?! Солар осын-
дай азаматтардың тірлігінен тəлім алса, бүгінгідей молшылық
заманда нені болса да жарып шығуға болар еді. Бірақ... қайдан
болсын, əркім өз басын күйттеген, қарнының тойғанын ғана ой-
лайтын заманға тап болдық қой. «Қазақреставрация» деген ұйым
ашып, қалай болса солай жұмыс істеп келген, əбден тозығы
жеткен мұражайлар мен кітапханаларға өз қолынан жан бітіріп
еді. Кім не десе де, соны көрген, азаматтың маңдай тер, еңбегін
көрген біз, міне, тіріміз, сондықтан оны айту парызымыз. Орасан
сол еңбектің атағына жармасып жүргендер де көп, бірақ таза
еңбек Өзбекəлінікі дер едім. Сөйткен, қазақ мəдени тарихына
орасан зор еңбек сіңірген Өзекеңдердің аты айтыла бермейтіні,
мерейтойлары үнсіз ғана өткені тарихымызға қара күйе жағу екенін бүгіндері ешкім санасына сыйғыза алмай келеді... Қайран, Ғабеңдер... Осы бір кезеңде, əсіресе, Жамбыл облысында жүргенде қазақтың талай сыйлы азаматтарымен дəмдес, табақтас болдым. Олардың ішінде суретші, өнер, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылармен де етене араластым. Өйткені, сол тұстар да Жамбылда атақты «Алатау» триосының дүрілдеп тұрған кезі. Мен қызметке келгенде киімдері де, мекемелері де жұ пыны ғана топ екен. Осы күні атағы жер жарып тұрған Алтын бекті шақырып, жаңадан ғана отбасын құрған кезі екен, облыс орталығынан екі бөлмелі пəтер бергізіп, осы ансамбльге жетек ші етіп қойдым. Алғашында жетекші болғысы келмей, біраз қиқаңдап жүрген, ол кезде пəтер мəселесінің күйіп тұрған кезі, содан тез келісті. Ол ансамбльмен шетелдердің біразында бол дық. Сонда Қазақстандай алып елдің кішкентай ғана бір облысында осындай талантты, қабілетті, дарынды əншілер бар еке ніне қайран қалып, қол соқпаған ел жоқ шығар. Шіркін, өнер адам дарымен қызметтес болған, аралас-құралас болған қандай қызық, көңілді. Əсіресе, Ғабеңнің (Ғабит Мүсіреповтың) «Ғайникеш, Мойынқұмға қарақұйрық келді ме?» – деп телефон шалатыны, содан сəн-салтанатымен келіп, дем алып, серуен құрып қайтатын кездері əлі күнге ұмытылмайды. Соңғы кездері жанары талып, көзі онша көрмей жүрді. Соған қарамай ол кісіге шай құятын келіншектің де əдемі болғанын қарастырамыз. Əйтпесе, ашуланып кетіп қалуы мүмкін. Кезекті сапарында əдемі бір кеш ұйымдастырылды, Мойынқұмның кербез бишілері би билеп, əншілері таңға дейін əн салды. Сонда: «Ай, Ғайникеш, осындай бірінен бірі өткен сұлуларды қайдан жинағансың?» – деді. «Ойбай, Ғабе, көзім көрмейді дейсіз, алыстан олардың сұлу екенін қайдан біліп қойдыңыз?», деп əзіл-шыны аралас қалжыңдаймын ғой. «Сұлулықты көру үшін көз емес, түйсік керек қой», – деді ол кісі ағынан жарылып. – Алыстан көрмесем де, олардың мың бұралып, мына бір əуенге елітіп, елжіреп билеп жүргенін сезіп отырмын». Жанарына келіп қалған мөп-мөлдір
тамшылар аппақ жүзін жуып кеткені. Өз халқының өнерін, биі
мен күйін шексіз сүйген, адамның жаны елжіреп тыңдағаны
қандай ғажап! Мойнын болмашы ғана бұрып, маңайына көз та-
стауы өзіне керемет жарасушы еді. Аппақ қол орамалынан əдемі
бір əтірдің иісі танау жарып, қалтасынан алып қайта-қайта жана-
рын сүрткілейді. Қандай тəкаппар, кербез, келісті кісі десеңізші!
Үсті-басы мұнтаздай тап-таза, шалбарының қыры ұзақ тұру
үшін одеколонмен үтіктетеді екен. Не деген серілік десеңші?!
Əлденеге əсерленген кезінде көзіне кəдімгідей мөлт-мөлт етіп
жас келетін. Не деген нəзіктік, тазалық, сұлулық деп таңғалушы
едік. Туған халқының əдебиетіне қомақты үлес қосып қана
қоймай, оны жанымен сүюі, құштар болуы, өнеріне елжіреп,
көзіне жас алуы қандай тосын құбылыс, көрініс. Осындай ұлы
адамдары бар, əдебиетіне, өнеріне жаны ашитын, жүрегі ауы-
ратын қайраткерлері болған, əлі де бар халқымыз бір кездері
Ғалымдар үйін құртып жіберуді, қалталыларға сатып жіберуді
де ойластырғанын ойласам, төбе шашым тік тұрады.
Партия қызметінен кейін «уһ» деп бір дем алуды ойлап
жүргенімде, осы Ғалымдар үйіне қызметке шақырылдым.
Таласқа түсіп, көкпардай ары тарт та бері тарт болып тұрған кезі,
қып-қызыл тартысқа келіп түстім. Менің алдымда Сұлтанғазин
директор болған. Бұл 24 ақпан 1991жыл болатын. Алғашқы
жылдары аяқтан тік тұрып кету оңай болмады. Бюджеттен
бөлінген шамалы қаржысымен қабылдап алдым, бірақ əбден
тозығы жеткен ғимарат, сықырлаған еден, есік-терезелер...
Оның бəрін ретке келтіріп, енді жұмыс бастай бергенде
нарық келді... «Өз күндеріңді өздерің көріңдердің» құрбанына
айналдық та кеттік. Бес қабатты үлкен ғимараттың үлкен, кіші
залы, жоғарыда қыстық бағы тағы бар. Қаражат жоқ, сондай
керемет үлкен ғимаратты ұстап тұру қиынға соққан кезде, осы
əлсіздігімізді пайдаланып əлдебір қалталы біреулер сатып алуға
ұмтылып жатты. Бармаған есік пен тесік қалмады десем болады.
Димекеңнің көзі ғой, қазақтың академиктері, ғалымдары бар,
неге Ғалымдар үйі болмауы керек? Қай мемлекетке барсаңыз
да делегацияның міндетті түрде Ғалымдар үйіне бас сұғудан ба-
стайды. «Құдай-ау, ол жерде Сəтбаевтан бастап небір қазақтың
зиялыларының ізі жатыр, аруақтан қорықсақ нетті» деймін ғой
баяғы. Өмірі естімеген небір ғайбат сөздерді де естідім. Бір ми-
нистр сіңлімнің: «Апай, причем здесь аруаки, продадим, там бу-
дут республиканский финансовый центр», – деген сөзінен соң
жүрегім тоқтап қала жаздады. Мен де қатты кеттім, сол айқастың
соңы Ғалымдар үйінің аман қалуымен шешілді. Содан бері де он
жеті жыл болыпты, демалысқа кеткім-ақ келеді. Бірақ соншама
күрестен қалған жер, көңілге қимас, көзге ыстық, əйтеуір білекте
күш, жүректе қан жүріп тұрғанда елдің бір жағына ықтасын бо-
лып отырған жайымыз бар.
Иə, əрине, Ғалымдар үйі керек! Қаншама əдебиет, өнер қай-
раткерлері кешегі нарықтың алқымнан алып тұрған күнде рінің
өзінде өз оқырмандарымен, тыңдаушыларымен осы бір ғимаратта
бас қосып тұрды. Небір шығармашылық кештер мен жылы
жүздесулер ұйымдастырылды. Əлі күнге халықтың игілігіне ай-
налып отырған бұл отау кешегі өмірден өткен ұлылардың тұяғы
– бүгінгі ардақты ардагерлеріміздің жиі кездесіп, сұхбат құратын
бірден-бір ұлық орын десе де сыйымды.
Ал осы əсем де салтанатты ғимараттың шашауына шаң жу-
ытпай, берекесін кіргізіп отырған қазақтың маңдайы жар қыраған
Ғайникендей асыл қызы десек те орынды мақтау болары сөзсіз.
Халқымыздың ардагер аруларының көш басында келе
жатқан қарапайым да бауырмал басшының жүзіне сүйсіне
қарап, отбасына, өзіне іштей ұзақ ғұмыр тілеп қоштастық.
ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ «БОТАКӨЗІ»
Қазақстанның халық суретшісі
Гүлфайрус Исмайыловамен əңгіме
Əдетте Жаңа жылды, тіпті, қарсыз қарсы алып жата-
тын əсем қала Алматы биыл желтоқсан айының алғашқы
күнінен-ақ аппақ ақ мамық көрпеге оранып алды. Қалың-ақ.
Оңтүстіктің жылымық ауарайына қалыптасып қалған қала
жұртшылығы əу баста əбіржіп-ақ қалғаны да рас. Дегенмен,
жыл мезгілдерінің қай-қайсысы да өз атына заты лайық,
қалыпты болғанына не жетсін?!
Күннің лезде «жоғалып» көк аспанды тұтастай бір түске
бөлеген ауа райының бұлыңғыр кейпі Гүлфайрус апайдың да
өмірінің көлеңкелі жақтарын есіне салып өткендей əлі де əдемі
жанары суланып барып басылды.
– Кеше ғана екінші көзіме операция жасатып шықтым. Адам
деген өте-мөте сезімталмыз ғой, дəрігердің алдынан аман шыға
қоймаспын деген қорқыныш бойымды билеп, аласапыран
күй кешіп едім. Құдайға шүкір, отбасыма аман-есен оралдым,
қарағым. Соңғы жылдары жақындарымнан көп айырылдым.
Оның үстіне ажал деген де жасарып кетті, кім білсін, адамдардың
пəндəуи пиғылдары өзгерді ме деп те қорқамын,– деді ол кісі те-
резеден Алатаудың ақбас шыңдарына алыстан көз тастап.
– Жо-жоқ, ажарыңыз баяғы бала күніміздегі көріністі
қай талағандай əсердеміз, – дедік біз қазақтың талантты
қызының көңіл ауанына жығылып.
Иə, қазақта талантты қыздар аса көп болмаған, қазір де со-
лай. Елбасымыздың билік басына қыз-келіншектерді көптеп
тартып, ұлтымыздың анасына деген құрметіне көңіл бөліп
келе жатқаны көңілге демеу. Талантты қыздар, дарынды қазақ
қыздарының ішінде шоқтығы биік, қазақ өнерінде өзіндік
қолтаңбасы бар, əсіресе, қылқалам мен қазақ мəдениетінің те-
атр саласына да ерен еңбек сіңірген Гүлфайрус Исмайловамен
əңгіме дəл осылай басталды.
– Қандай дерт болса да уайымсыз, жайбарақат өтпейді ғой.
Көптеген таныстарым мақтауын жеткізген соң, қазақстандық
украин қызы, қалалық орталық емхананың білгір дəрігері
Лариса Николайчукті іздеп барып едім. «Уақытын өткізіп
алыпсыз» деп басын шайқағанда қорқып кеттім. «Жастау
кезіңізде жасату керек еді» деді тағы да. Шыны керек, басым-
ды «өлімге» байлағандай болып келістім. Операцияға кеткен
15 минут жылжымай-ақ қойғаны... Ішімнен Жаратқанға жалба-
рынып, дұға оқи бердім, оқи бердім...
Операция біткеннен кейін дəрігер Лариса Николаевна
«қалайсыз, екінші көзге жасаймыз ба, жоқ əлде ойланып қалдыңыз
ба?» дегенде ойланбастан «жасайсыз» деппін. Шынында да, бір
Алладан болатын бұйрық екенін сезініп тұрсаң да, дəрігерлердің
алды кез келген пендеге қорқыныш ұялататыны анық. Қолы жеңіл,
мейірімді дəрігерге түссең жақсы, кім біледі, адамға адамның
сенімі жоғалып бара жатқандай ма?
Өмір бойғы қағазға үңілу дегеніңіздің зардабы енді шығып
жатыр ғой. Көзімді ашқаннан еңбек етіп келемін. Туған
əкем қыз тудың деп тастап кеткеннен кейін анам екінші рет
тұрмысқа шыққан. Өгей əкемнен бес бала туды, үлкені мен
болған соң, отбасындағы ауыртпалықтан қашып құтыла
алмайсың. Оның үстіне, өгей əкем Мансұр керемет ақылды,
мейірімді əке бола білді. Соңымнан ерген бауырларыма мен де
сондай қарым-қатынас жасадым. Əлі күнге дейін солардың ба-
рына да, жоғына да алаңдап отырамын. Əкем марқұм дəрігер
боласың дейтін, ал мен суретке жақындау болдым. Біздің
балалық шағымыз соғыспен қатар келді де, балалықтың бал
дəмін басқаларға қарағанда аз таттық. Одан гөрі төңірегіміздегі
жақындарымыздың көз жасының кермек дəмін тереңірек
сезініп, қабағын бағып өскен ұрпақпыз. Соғыстағы əкеме
хат жазып, үйдегі, елдегі амандық-жаңалық дегеніңізді хат
соңына сурет арқылы жеткіземін. Бала қиял десек те, логи-
кам мықты болса керек, қағаз бетіне өрнектелген көріністерді
көріп, өзіме өзім риза болатынмын. Əкем қазақтың батыр ұлы
Бауыржанмен бір полкта болған адам. Тіпті парторгы болған.
Бір күні менің жазған хаттарыма, ондағы суреттерге назары
ауған батыр: «Біздің қазақ қыздарына жұмбақ əлем ғой, жақсы
суретші шығады екен қызыңыздан», – деп ойланып қалыпты.
Бірақ өнердегі жолым кинодан басталды. Арман қуып
Мəскеуге аттандық. Сонда жүргенде Донской «Аласталған
Алитет» атты көркем фильмге түсуге шақырды. Шынымды
айтсам, тағдырыма да, өмірімдегі сəттіліктердің бəрі осы
кинодан басталды десем де болады. Суретші болсам деген
бала қиялға енді киноөнері келіп қосылғаны, шын мəнінде,
мықты бетбұрыс болды. Аты-жөні құлағыма əкем арқылы
сіңіп қалған қазақтың батыр ұлы Бауыржанмен сол жылдары
жолықтым. «Кинода не бар, сен суретші болуға тиіссің» деген-
де, суретшіге керек құрал-саймандарға ақша жетпегендіктен
киноға түсіп жүргенімді айттым. Ойланып қалған Баукең кейін
Петербордағы Репин атындағы көркемөнер институтында
оқып жүргенімде үзбей ақша салып тұрды. Сол қамқорлығын
əлі күнге ішім жылып еске алып отырамын.
– Момышұлы ғана емес, сіздің шығармашылық
ғұмы рыңызда қазақтың талай игі жақсыларының əсері
болғанын білеміз...
– Əсіресе, «Қыз Жібек» көркемфильмін түсірер кезде де ол
кісінің көмегі тигенін қалай ұмытармын. Режиссері Сұлтан аға
Қожықов фильмнің бас суретшісіне ұсыныс білдірген кезде та-
лай азаматтар қарсы болды. «Немене бір қазақтың жігіті жоқ па»
деген əңгімелерге де нүкте қойған Момышұлы. «Гулфайрустың
шығармашылығын кішкентайынан білемін, декорациясы түгілі
киімдерін де сеніп тапсыруға əбден лайық», – деп есікті тарс
жауып шығып кеткенде, іштегілер демдерін ала алмай отырып
қалғаны əлі көз алдымда. Жатқан жері жайлы, иманды болғыр,
бір кездері ешкімге, тіпті туған əкесіне керек болмай қалған мен
сияқты қарапайым ғана қазақ қызына көзқарасы ерекше болғаны
əлі күнге жаныма жылылық ұялатады. «Қазір керек болмасаң
да болашақта талайлар сені іздейтін болады», – деп арқамнан
қаққаны қанат бітіргендей жігерлендіретін-ді. Сөйтіп əжемнің
аузынан естіген, құлағыма сіңіп қалған ғашықтық жыры арман-
нан шындыққа айналып сала берді. Фильмнің бас суретшісі ғана
емес, тіпті Жібектің анасы Айкөзді ойнап шықтым ғой. Сұлтанға
суретін ғана жасап берейін дегем, ойлана келіп Жібектің анасын
ұсынды. Қарсы болдым. Өйткені, «он жасар балам бар, ауыр
тиеді, шаршаймын» дедім. «Онсыз да күндіз-түні түсіру алаңында
жүресің, шаршамайсың, үлгересің» деді. Тəп-тəуір образ. Бірақ
фильм біткенге дейін өзіміздің де сау-тамтығымыз қалмаған
шығар. Əр көштегі қыз-келіншектердің киімінен басқа көштің
сəн-салтанатын жасау дегеніңіз, түйе дегеннің өзі ебедейсіз жа-
нуар ғой, құрал-саймандарымызды өлшеп-жіктегенше орнынан
атып тұрып, тіпті кейде айдалаға қаша жөнеледі. Қолымызда
ине-жіп қала береміз. Отыра қалып жылаймыз. Қасымда жал-
дап алған көмекші бірен-саран жас қыздар, олардың да амал-
дары таусылады. Тіпті шөл далада бір жұтым суға зар болған
күндеріміз де болды. Көш деген шұбалаңқы, қаншама түйеге
артылған дүние-мүлікке соншама көз майымызды құрттық.
Дегенмен, жасаған істің қорытындысы нəтижелі болса, кез кел-
ген қиындықты ұмыттыратыны ақиқат. Кейіннен Тбилисиде
өткен фестивальде «Қыз Жібек» ерекше безендірілуі жағынан
бас жүлдені иеленді. Бүгінде қазақ өнерінің көшбасында «Қыз
Жібек» те өз орны бар, көрерменін жалықтырмайтын ғұмырлы
туындылардың біріне айналды. Қазақи салт-дəстүрге бай,
халқымыздың елдігі мен ерлігін қатар насихаттайтын, ұрпақтан
ұрпаққа берер тəлім-тəрбиесі, өнегесі мол шығарма. Жарты
ғасырға жуық экраннан түспей келе жатқан бұл шығарманың əлі
де талай ұрпақ сүйсіне тамашалайтын болады.
Одан кейінгі бүкіл ғұмырым Абай атындағы Опера жəне ба-
лет театрында бас суретші болып қызмет атқарған жылдарым,
шын мəнінде, қазақ өнерінің марқасқаларының арасында өтті.
Əсіресе, шешемнің жақын құрбысы, қазақтың күміс көмей
əншісі, сұлу да кербез Күлəш Байсейітовадан алған тағылым-
тəрбием тіпті басқа əңгіме. Анам Қайырнесе Күлəшпен бірге
оқыған, тұрмысқа шығып балалы болды да, əнші бола ал-
мады. Əнді əдемі салатын, сымбатты, сұлу болған. Шараны,
əсіресе Күлəшті мен де, нағашы əжем де керемет жақсы көруші
едік. Жиі көреміз ғой, үйге келеді, анам екеуінің əңгімелері
бітпейді-ау. Сылқылдап күліп, əзілдері жарасып, сырласып-
сыйласып өтті өмірден. Арасында мені əңгіме етіп қоятын,
«суретші емес, əнші болсаң қайтеді» дейтін анам да өзінің ар-
маны болған сахнада мені жүрсе екен дей ме, əйтеуір күн ұзақ
сыбырласып жүргені. Оның орындауындағы спектакльдерде
мені қасына ертіп алып əжем театрдан шықпайтын. Билет те
алмаймыз, қызметкерлер кіретін жақтан кіріп-шығып жүре
беретін. Ол кісілердің сахнадағы жүріс-тұрысы, сөйлеу мəнері,
қызметтестерімен қарым-қатынасы, əсіресе, əн салған тұстағы
балбұл жанған жүздері неткен керемет десеңші?! Нағыз өнер деп
туып, өнер деп кеткен таланттар ғой. Маған Күлəштің еңбегі аз
сіңген жоқ. Ақыл-кеңесін, өнер, сахна мəдениеті жөнінде небір
тəрбиелік мəні зор əңгімелер айтып беретін-ді. Менің шашым
ұзын, бұрымым білектей еді. Сонда гастрольге шыққан сайын
небір əдемі шашқа тағатын қызылды-жасылды ленталар əкеліп
беретін. Мен мəзбін. Мəскеуде талай опера театрына да ертіп
барды. Орыстың Барысова деген атақты опера əншісіне ертіп
апарып, даусымды да тыңдатты. Сонда ол: «Мына суретшілер
училищесін бітіргеннен кейін маған кел, сенің даусың жақсы,
əнші боласың» деді. Ол мені Күлəштің қызы екен деп қалса ке-
рек. «Жоқ, менің жақын құрбымның қызы, менің де қызым ғой»
деп əдемі бір жымиып, маған елжірей қарағаны əлі де көз ал-
дымнан кете қойған жоқ. Біз «Ботакөзге» түсіп жүргенде қайтыс
болды ғой. Итбайды Қанабек ағамыз ойнайтын-ды, өте ауыр
қайғыны бастан кешірдік. Күлəш дүниеден өткендегі Қанабектің
күйзелісі, көз жасы...
Қазақтың танымал суретшісі, аңыз суретшісі Əбілхан
Қастеевпен əкем Жаркентте балалар үйінде бірге өскен. Екеуі
керемет дос-жолдас болды. Əкем майданда болған жылда-
ры ол кісінің де қамқорлығын көп көрдік. Туған қызындай
жақсы көруші еді. Кейіннен бойжетіп, оқу бітірген кезде де
Сидоркинге тұрмысқа шығамын дегенде де жалғыз қолдаған
адам сол кісі болған. «Орыс болсын, орман болсын, ең бастысы
азамат болсын, жақсы жігіт сияқты» деген.
– Ол кісіні еркелетіп Жанатай деп атағанын да құлағымыз
шалған? Алғашқы танысқан кездеріңіз, тұрмыс құруға
ниет білдірген кезін есіңізге түсіріп көрелікші?
– Рас, менен бір курс төмен оқыған Евгений Қазақстанға
соңымнан іздеп келіп үйлендік. Студенттік кездің бір қызығы –
өнер ошақтарын аралау, ондағы жүріп жатқан спектакльдерден
құр қалмау еді ғой. Алғашқы кездері Ленинградты аралау, ондағы
аттары аңызға айналған мұражайларды, тіпті оның ғажайып Ақ
түнін қызықтау деген қаншалықта арман болғанын бүгінде айта
алмаймын да. Сабақтан босай қалсақ қаланың сондай тарихи
жерлеріне саяхат жасауға ұмтылатынбыз. Жанымдағы қыздар
көбі жергілікті ұлт өкілдері болды да, оларға аса таңсық дүние
емес еді. Ал жалғыз аралауға қорқамын. Бөтен, үлкен қалада
жалғыздан жалғыз жүрексінесің. Осындай бір сəтте асханада
ұзын бойлы орыс жігіті өзінен-өзі келіп: «Сіз бүгін кешке бос-
сыз ба, ол кезде Исаакиев соборы əлі ашылмаған-тын, соған бір
таныстарым арқылы кірейін деп едім, бірге барасыз ба?» деген-
де, шынымды айтсам, қуанып кеттім. Ол кезде мен екінші, ал ол
бірінші курсқа енді түскен беті екен. Бардық. Оның танысы бізге
шай қойып, сый-сияпат көрсетіп жатты. Ал менің қуанышым
тіпті бөлек. Содан бірге аралайтын болдық. Балмұздақ жейміз,
кофе ішеміз. Көрген-білгендеріміз жайлы пікірлесеміз, таласа-
мыз. Осы бір жігітпен тағдыр қосамын деп мүлдем ойламаған
едім. Курстаспыз, доспыз. Бөтен ой жоқ. Қаладағы көптеген
музей-үйлерді, кинотеатрларды көрдік. Ой-өрісі өте биік,
талғамы бөлек жігіт екен, аса мəдениетті. Əсіресе, діни дəстүрлі
мерекелер кезінде опера əншілерінің біріккен концерттерін та-
машалау керемет! Ал мен əнші боламын деп екі жыл дайындық
курсын, одан кейін екі жыл консерваторияда оқығаным бар, əн
салғанды ұнататынмын. Солай жүріп мені ұнатып қалса керек,
төртінші курста жүргенде «сенсіз тұра алмаймын, оқуыңды
бітір де, Ленинградта қал, келесі жылы мен бітіремін» деді. Мен
келіспедім. «Елге барамын, бауырларым жас, анама көмектесуім
керек» дегенді сылтау етемін ғой баяғы. Қарсылық білдіріп
алып, ол кеткен соң ұйықтай алсамшы?! Дос деп жүріп өзімнің
де жақсы көре бастағанымды сонда сездім. Соңымнан жүгіріп,
сөз айтқан бірде-бір жігітке дəл осылай жаным ауырмаған
сияқты. Біраз уақыт өткен соң ол тағы да: «Мен Мəскеуден
бітіретін шығармын, сені көріп жүріп, бұлай жүре алмаймын,
əсіресе, сенің амандаспай өте шығатының жүрегіме ауыр тиеді»
дейді. Сонымен мен бітіріп кеттім де, ол соңымнан Қазақстанға
іздеп келді ғой. Əке-шешесі де жақсы кісілер еді. Əсіресе, май-
данда болған, соғысқа қатысқан əкесі менің əкеммен сыйлас
жолдас болып кетті. Алғашында қарсы болған əкем кейіннен
«Махаббаттың ұлты болмайды екен ғой» деп риза болатын.
«Маған тимесең Неваға батып өлемін», – деп өлердей ғашық
болған ол өле-өлгенше қазақ халқына адал қызмет етті ғой деп
ойлаймын. Қазақтың қасиетті қара шалдарының бірі Əбілхан аға
Қастеев: «Қазақ қызын ғана емес, менің ұлтымды жан-тəнімен
сүйген «Жанатай» ғой бұл», – деп жақсы көргені де, оның
суретші ретінде шығармашылығын да ерекше қадір тұтқаны рас.
Басқа ұлтқа тұрмысқа шығу деген, қазақ қызына, оның ішінде
мен сияқты қарапайым ғана қызына бетке түскен шіркеудей
болғаны да рас еді. Бірақ, Женясыз өткен ғұмырымды көз ал-
дыма елестетер болсам, егер мен оған тұрмысқа шықпасам, дəл
осындай атақ-абыройға жетер ме едім, əлде жетпес пе едім де-
ген де ой қылаң береді. Неге дейсіз ғой, өйткені, қазақ əйелінің
таңның атысы, күннің батысы қолынан қазан емес, қаламы
түспей ғұмыр кешу дегеніңізді елестетіп көріңізші? Бұл жер-
де қазаны оттан түспеген, бауырында баласы, отағасының
қас-қабағын бақылап, ағайын-туыс, келімді-кетімді қонағын
аялай білетін қазақ əйелінен өзімді алшақпын дей алмай-
мын. Дегенмен, Жаратқан Ием табиғатымды сəл-пəл дарын-
қабілеті ерекше тағдыр сыйлаған екен, оны бойда сақтамай
қазақ өнеріне бейімдеген екен, жазмыштан озмыш жоқ! Ал,
менің осындай өзгешелігімді бағалап-танып, соған мүмкіндік
жасау Женяның ғана қолынан келді. Үйдегі тірлікке ер-əйел
демедік, театрдан кейін шеберхана күтіп тұрды. Оның тірлігіне
мен, менің шығармашылығыма ол кедергі жасамадық. Əбілхан
ағамыздан
бастап
талайлардың
кітаптарында
Женяның
қолтаңбасы қалды. Тиянақты, ойлы суретші еді. Елу үш жа-
сында өмірден өтті. Əкесі екеуміздің жолымызды қуған жалғыз
ұлымыз бар. Ол да өз ортасы, өз көрермені бар жақсы суретші.
Қазақтың жезтаңдай бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы жақсы
құрбым. Түйдей жастымыз. Өмір бақи көрші тұрдық. Сырымыз
да, жырымыз да бір. Балалардың бəрі көз алдымызда өсті.
Мейрамкүл үйде де, театрда да өз қызымдай болып өсіп еді,
ғұмыры қысқа болды. Бибіге ғана емес, қыздың қазасы маған
да оңай тиген жоқ. Талантты еді. Қазақ опера өнері ойсырап
қалды. Менің талай спектакльдерімде ауырып қалған əншілерді
ауыстырып, орындап жүрді.
– Əуезовпен де жақсы сыйластықта болдыңыз...
– Əуезовтің қызы Лəйламен таныс болдым да, Женя оқуын
бітіріп келген соң ол кісіге бардық. Əлде өзі шақырды ма,
қазір есімде жоқ, жұмыс орнында бізді қабылдап, салған
суреттерімізбен танысып, «бірге жұмыс істейміз» деп шығарып
салды. Отбасын жаңа құрған жас семья үшін ол кезде тұрақты
жұмыс табу дегеніңіз жарты байлықпен тең. Оның үстіне, қазақ
əдебиетінің ақсақалдары саналатын Мұхаңмен шығармашылық
байланыста болу тіпті абырой еді. Қамқорлығын аяған жоқ.
Талай кітаптарының көркемдік жағын безендіруде, суреттеріне
Женяның көмегі болды.
Ал, Сəбеңнің шығармашылығы мен үшін бір төбе. «Мен
кітабымды жақсы көрмеймін, Ботакөзімді жақсы көремін»
деп қалжыңдайтын. «Ботакөзді» ойнағанымда, шын мəнінде,
мақтанғаным емес, көпшілік бұл туындыны менің жанарыма
арнап жазылғандай қабылдады. Сəбеңнің өзі де «саған, сенің
көзіңе арнап тағы бір шығарма жазып жатырмын, оны да сен
ойнайсың» дейтін-ді.
– Театрда бас суретші болып жүріп талай актрисалардың
суретін де салғаныңызды білеміз?
– Иə, суретші болу өмірлік мақсатым болған соң, мен өмір
бақи, тіпті əлі күнге дейін қылқаламымды қолымнан тастаған
емеспін. Отбасылық шаруа болсын, театр болсын күніне бір
рет шеберханамда рахаттанып отырып қағаз бетін шимайлау
ес білгеннен əдетке айналған дағды ғой. Шеберханам мен үшін
жұмақтың төрі десем, артық айтқандық болар ма, дегенмен,
анадайдан бояуы танауыңды қытықтайтын, небір сиқырды иісі
мен мұндалайтын кішкентай ғана құстың ұясындай шеберхана
кез келген қалам ұстаған суретшінің құтты мекені.
Рас, айтасыз, мен көптеген актрисаның суретін салдым.
К үлəш тің, Шараның, əсіресе, Ғабеңнің Ақтоқтысы – Шолпан
Жан дарбекованың портреті өзімнің ғана емес, тамашалаған
та лайлардың көзқуанышына айналғаны ақиқат. Айналайын
Шол пан екеуміз тату-тəтті көрші болдық. Қандай əдемі! Қайта-
ланбайтын актриса! Дина Нұрпейісованың портреті де өзім жақсы
бағалайтын дүниелерім, бұлар көптеген шетелдерді де аралады.
– Екі бірдей өнер адамының, оның ішінде суретшінің бір
отбасында ғұмыр кешкені қалай екен?
– Женя жайлы сөз болғанда айттым ғой, ол менің
шығармашылығыма менен де ғөрі жаны ауырған, жанашырлық
білдірген азамат. Кейде сырттан келгенде: « Гульфайрус, бүгін
бір қазақтың қызын көрдім, керемет сұлу екен! Нағыз саған ке-
рек фигура!», – деп қуанып келуші еді. Кейде: « Қазақ қызы
сен ғана ма десем, Қазақстанда сұлулар өте көп екен ғой»
деп əзілдеп отыратын. Сөйтіп, мен оған, ол маған кейіпкер
таңдаушы едік... Женяның «Алдар Көсесін» көргенде Кəукен
«мені де дəл осылай қашан полотноға түсірер екенсің» деп
қатты қызыққан. Көп дүниелері жасалынбай қалды...
Кішкентай кезімде нағашы əжемнің тəрбиесінде өстім дедім
ғой. Бала болып ойнамайды екенмін, бір бұрышта отырып алып
қағаздан көз алмаймын. «Əй, мынаның көзінен көз қалмайтын
болды ғой» деп əжем менің оң қолымды байлап қояды екен.
Сонда бұлқынып-бұлқынып шешіп аламын, ал шеше алмасам сол
қолыммен де сурет сыза береді екенмін. Сурет – менің бесіктен
ана сүтімен бойыма сіңген арман! Сондықтан, ғұмырыма өте ри-
замын. Сөзімнің басында Баукеңнің əкем керек қылмай тастап
кеткенін айтып жылағанымда: «Қазір ешкімге керек болмасаң,
өскенде керек боласың» деп жұбатқанын жиі есіме аламын.
Аламын да іштей тəубе деймін, бүгінде халқым, туған қазақ
халқым аты-затымды жақсы біледі. Сыйлайды, құрметтейді!
Еңбегімді бағалайды. Одан артық қандай бақыт керек?! Ал,
қазір сол жылдардың қалай жылжып өте шыққанын да байқамай
қалыппыз. Жас болса сексеннен асып барады. Жанардың жайын
жаңа айттым, екі көзіме де операция жасаттым. Құдайға шүкір,
табанымның астын көріп, жер басып жүргеніміз де бір бақыт.
Одан кейінгі бақыт Бибімен ыстық бауырсақ, қоңыр шай үстінде
шертілетін əңгіме-дүкен...
Қазақтың маңдайына біткен көркемөнер иесі суретші қазақ
қызының – бүгінде ел анасы ретінде аса сыйлы Гулфайрус
апайдың көзі тағы да сонау Алатаудың ақбас шыңдарына ба-
рып шағылысқан сəтінен тез арылтқымыз келгендей əзілге
сүйене тағы да сұрақ қойдық.
– «Сыры кетсе де сыны кетпеген» дегенді айтқан
қазақ халқының талантты да сұлу қызысыз. Сізге ғашық
болғандар көп болған шығар деп ойлаймын?
– Ой, несін айтасың. Студент кезімде де талай қазақ
жігіттері ғашық болды ғой. Əсіресе, басқа ұлттың жігітіне
тұрмысқа шыққаныма талайлар «тісін қайрап» жолыққанда
қыршаңқы сөздерімен іліп, өздерінің ғашықтық сезімдерінің
басқа бір жек көрушілікке айналып кеткенін ептеп сездіріп
те жүрді. Небір талантты, бүгінде есімдері ел есінде жүрген
азаматтар да сөз салған. Бірақ менің көңілім ешқайсысына
бұрылмады.
– Сіз екі қоғамда өмір сүріп келесіз. Тəуелсіз елдің
көркем өнеріне көңіліңіз тола ма?
– Тəубе! Балалық шақта көрген жоқшылық пен қиын-
шылықтың орны толған бүгінгі күнімізге іштей шүкіршілік жа-
сап отырамын. Ал, өнер қай қоғамда да өз жүгін арқалап келеді.
Өйткені, ол ешкімге тəуелді емес. Жеке меншік. Елімізде
экономикалық дағдарыс дедік, қайта құру дедік, десек те
небір көркем туындыларымыз шетелдерде жеке авторлық бол-
сын, біріккен-ұйымдасқан болсын суретшілер өз көрмелерін
ұйымдастырып келеді. Дүниежүзі мойындаған қазақстандық
суретшілер санаулы болса да бар. Олардың түсін түстеп, атап
жатпай-ақ қояйын, бірі аталып бірі аталмай қалса, көңілдері
қалып жүрер, қартайғанның белгісі болар, есіме түсіре алар
емеспін. Дегенмен, қазақ бар жерде оның тілі, діні бар жер-
де сөз өнері, көркемөнері өлмек емес. Ұрпақтан ұрпаққа жетіп
отыратынына, жалғасып отыратынына өз басым кəміл сенемін!
Иə, ол кісінің қолынан шыққан қабырғадағы автопортрет-
терге көз сала отырып, қылқалам шеберінің түрлі бояу сіңген
əдемі саусақтарына қызыға қарадық. Кезінде «тал бойында
бір мін жоқ» деп ақындар жырлайтын сұлу да сымбатты қазақ
қызының сексеннің сеңгіріне шықса да көркемдіктің қалпын
бұзбай, өзі де сөзі де салмақты мына кейпіне неге қызықпасқа?!
Қоштасарда айтқан мына сөзі: «Айналайын, сенімен əңгіме
жүрегімдегі талайлар салған жараның аузын тырнап өткендей
өмірдегі өкініштер мен сағынышқа айналып кеткен жақсы
сəттерге саяхат жасап əдемі бір күй кештім. Келіп тұр, бізге
амандасу міндеттерің ғой», – деп маңдайымыздан иіскеп
шығарып салғаны жанымызды тербетіп кете бардық. Мұрныма
бояудан да күшті, адам айтып жеткізгіссіз бір əлем иіс келді.
Ол ақ жаулығы желмен жарысып желбіреген Əз-Ананың
мейірімге толы жұпары екенін толқи отырып мойындайсың...
ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІНІҢ ОРНЫ – ӨНЕРДЕ
Жазушы-журналист Мағира ҚОЖАХМЕТОВАМЕН сырласу
Осы бір жазушыны көрген сайын, əңгімелескен сай-
ын ол кісінің мына өмірге құштарлығы, ғашықтығы,
адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығы
туралы талғам-толғаныстары үнемі қайран қалдырады. Өз
халқының болашағына жанымен, бүкіл болмыс-бітімімен
алаңдаушылық білдіре отырып, елінің болашағы – жастар
туралы, олардың əбес қылықтарына жаны ауыратыны
соншалық, оларға тəлім-тəрбие берудегі тындырып жүрген
азапты жолы таңдандырады. Не деген күш-қуат, не деген ер-
азаматтарға ғана тəн қажырлылық шүйкедей ғана жазушы
əйелдің қай жерінен ағылып жатыр екен?! Үнемі асығыс,
үнемі жұмысбасты осы бір сезімтал қазақ қызын бұл жолы
тағы бір қырынан танығандай болдым. Ол жақсы əнші де
екен. Қазақтың халық əні «Қарғашты» үзілдіре шырқағанда
еріксіз көңілге мұң ұялайды. Бəсе, дейсің сондайда, бəсе
соншалықты жаны неге нəзік, секемшіл, таза десең, осындай
да өнері бар екен ғой...
Біздің қолымызға түскен жазушының «Жападан-жалғыз»
өткен ғасырдың əр жылдарында жазылған кітабын көзімізге
жас алып отырып оқып шықтық.
Мағира Қожахметованың соңғы жылдары шығармаларын
оқып, зерттеу үстіндемін десем, мүмкін біреу күлер, біреу
сүйсінер. Ал сол сүйсінгендер «жоқтау-жылауды» да, бəлкім,
дұрыс қабылдар. Өйткені, қазіргідей қатыгездеу қоғамның
қаталдау оқырманы кітап оқуды, ғашықтық, махаббат туралы
жыр-дастан оқуды ұмытқалы қашан!.. Осындайда өзімді бақытты,
шексіз бақытты ұрпақпын деуге, тіпті ауыз толтырып айқайлауға
құқым бар. Біздер кезінде Мағира, Шəрбану, Камилаларды,
Төлен, Сайын, Дулаттарды, Фариза мен Шахановтың «Танакөзін»
оқып, жаттап өстік қой. Сол шығармалардағы кейіпкерлерді
өзіміздей қабылдадық. Өзіміз де солай ғашық болып, солай сүюге
тырыстық. Жігіттер Ербол болуға, біз, қыздар Меңтай болуды
армандадық. Арамыздан талай Төлеген мен Жібектер шықты.
Осы бір əдемі ойдың желісімен жазушы-журналист Мағира
Қожахметованың да сол албырт жастығы іспеттес, жиырма мен
қырық бестің арасында жазылып, тіпті ешбір жерде жарық та
көрмеген дүниелеріне бірге саяхат жасайық, оқушым!
– Мереке құтты болсын, Мағира апай. Əңгімеміз
Аналар мейрамы күні, оның үстіне жастық дəуренге саяхат
болғандықтан қызықты болуға тиіс...
– Əрине, қыз-келіншектердің мейрамы – көктемнің алғашқы
мейрамы. Қыстың ызғары əлі кете қоймаса да, елдің жүзінен
бір жылылық сезілгендей бүгін.
Қазір республика бойынша журналист қазақ қыздарының
аса талантты құрамы қалыптасқан, соның ең мықты көрінісі
«Түркістан»
газетінде.
Мұндағы
əрбір
тілші
қыздың
қайталанбас орны бар. Бір-біріне ұқсамайтын қолтаңбасына,
тапқырлықпен
ұштасып
жатқан
жаңалықтарына
іштей
қуанамын. Жалпы, менің өзім де түсінбейтін бір қасиетім,
ол – өзім жасамаған, тіпті жасай да алмайтын кейбір тірлікке
тəуекел етіп барып жататындарға таниын,танымайын іштей
шексіз қуанып жүремін. Проза жазатын қазақ қыздары өлгені,
тірісі бар, саусақпен санаса, оннан аспайды екен. Əрбір жазу-
шы (ақын, журналистер емес) қазақ əйеліне ұлттық сирек тұлға
ретінде қараймын. Қалам ұстаған қыз-келіншектердің қай кезде
де тағдыры оңай болмаған ғой. Сондықтан журналистиканың
ауыр жүгін мойымай, нəп-нəзік мойындарымен сүйреп келе
жатқан сіңлілерімді газетті пайдаланып құттықтау жолдаймын.
Жазу барысында бір мезгілде əрі аң, əрі аңшысың... Қақпан
құрғаның мен қақпанға түскенің бірдей.
– Мағира апай, алдымда жатқан «Жападан-жалғыз»
кітабыңыз ертеде жазылған дүниелер екен. Неге жария-
ланбады, мүмкіндік болмады ма?
– Мүмкіндік болды ғой, бірақ сол дүниелерге қайта соғуды
ойламаппын. Ал соңғы жылдары Мəриям Хакімжанованың үш
томдық жинағы жарық көрмейінше, өзімнің шығармашылығыма
құлқым да болған жоқ. Өйткені ол Мəриям апайдың өзіме ама-
наты еді. Қазақ қашанда аманат жолында құрбан болған халық.
Біраз жылдарым осы үш томдықпен кетті. Оның үстіне дарынды,
дарынсызы бар замандас əріптестерімнің он бес-жиырма томдық
шығармалар жинақтарын көргенімде, біртүрлі ыңғайсызданамын.
Қазіргі көп қабатты салынып жатқан сапасыз құрылыс, сырты
жылт-жылт, бірақ адамды ішіне тартпайтын толып кеткен супер-
маркеттердей əсер етеді мұндай кітаптар.
Əу бастан қаламым мораль-адамгершілік тақырыбына
бейім болды. Ол кезде очерк-мақаланың өзін əңгіме сияқты
жазатынбыз, Тұңғыш жарияланған əңгімем Оралхан Бөкейдің
көмегімен
«Шамның
жарығы»
«Жұлдыз»
журналына
шықты. Ал мына кітапқа енген шығармаларым да сол жыл-
дары жазылған. Заман ағымы солай болды ма, əйтеуір сол
кезеңдерде ауыл жігіттерінің көбі қыз алып қашып сотталып
жататын-ды. Өз басым талай тəлкекке түскен тағдырлармен
бетпе-бет келдім. Сонда ойлайтынмын, Құдай-ау, адамдарға
не боп кеткен, бір-біріне ішкі сезімдерін жеткізіп, аңсарын
білдіріп, сөзбен жеткізе алмаған сезімін дүлей күшке салатыны
несі? Неге ғана қатыгездікке барады екен, қазақтың əп-əдемі
қыз-жігіттері өз тағдырларына неге немқұрайды қарайды де-
ген сан сұрақтар мазалайтын. Жалпы қарым-қатынастың ішкі
мəдениеті деген қай қоғамда да болсын артық етпейді. Осы бір
үндестік жетпеген жерде дөрекілік, адам жанын ауыртатын
анайы қылықтар осыдан келіп шығатыны менің қалам ұстаған
алғашқы жылдарымнан-ақ көңіліме мықтап орнықты.
Қазір өзімнің шығармашылығыма көз тастасам, мен негізінен
көркем шығарманы қырыққа дейін ғана жазыппын да, одан
кейін тек танымдық-зерттеушілік жағына көп қалам тербеппін.
Жоғарыдағы мазалаған ойларды ескерсек, бұл да менің саналы
түрде барған тақырыбым. Жазушы өзінің өмір сүрген ортасының
демін сезінуі қажет деген қағида да осындайда айтылған,бəлкім.
Қазір мен ойлаймын, баяғы қырыққа дейінгі дүниелерді жазбас
едім. Неге? Жазуға шындап кіріссем, керемет повесть, роман жа-
зар едім. Бірақ, қазіргі заманғы оқырманға ол мүлдем керек емес.
Бұрынғыдай бес жүз беттік романды ешкім де оқымайды. Ал бізде
сол баяғы қатып қалған үрдіс, сүреңсіз, жаттанды. Сондықтан
мен, жалпы өзіміздің бүгінгі оқырман талғамына əсер етейін деп,
сол өзіме дейінгі жоқ нəрсені жасағым келеді. Ол əдебиетте бола
ма, жоқ өнерде бола ма, бүгінгі қоғамға не керек? Неге мұқтаж,
интеллектуальды деңгейде не əсер етуі мүмкін? Адамның
құпиясы, адамдар өзіне-өзі көмектессе, егер ерік-жігерің мықты
болса, нендей шиеленісті болсын шеше алатынына адамдардың
саналы түрде сенуі, неге бейшара тірлік кешуіміз керек деген-
дей адам баласының түсініп болмайтын əрқилы тағдырлары
соңғы жылдардағы шығармаларымның арқауы. Осы ретте «Түс-
саяхаттар» деген екі том дайын тұр. «Жападан-жалғыздың»
жалғасы ретінде «Жұлдыздарды қалай шақырасыз?» деп атала-
тын екінші кітабым да баспаға дайын. Бұл да ертеде жазылған
дүниелер. Жалпы, мен өз кейіпкерлеріммен бала жастан бірге
келемін. Мəселен, Аяны он үш жасымнан жаза бастадым. Əрине,
күнделіктеріме.
Ая – мылқау қыз. Бірақ тұла бойы тұнған музыка, əуен.
Негізі қоғамдағы таланттың орны ғой. Адамның, талантты
адамның ішкі сезімі, арпалысы, ішкі күш-қуаттың тағдыры бұл.
Қазақтың қай заманда да қасіретіне айналған ер-азаматтардың
ішімдікке үйірлігі, құмарлығы, жігерсіздігі қаршадай қыздың
неке суда туып, суда өлетін, жойқын күштің,озбырлықтың
құрбанына айналған тағдыры жалғыз Аяның ғана емес, бүкіл
қазақ қызының тағдыры деп қарасақ та болар.
Қай заманда да адам неғұрлым терең, талантты бол-
са, солғұрлым өмір сүруі де қиын ғой. Сосын қазақтың
қыздарының ішкі сезім иірімдерінің байлығы, ұстамдылығы,
абыройы аяққа тапталып жатса да, сол азаматтың тепкісіне
шыдас берер төзімділігі кейде мифологиялық, мүлдем жайдақ
сияқты. Бірақ өзіме ұнайды. Қазіргі көзқараспен зерделесем,
бұл дүниелердің кез келгенінен кемшілік табар едім. Соны
көруге құлықты да болмадым.
– Жаңа бір сөзіңізде күнделік деп қалдыңыз...
– Күнделік жазу бір жақсы əдет. Ол бір көңіл күйге байла-
нысты жазылатын құпия сырлар ғой.
– Оларды жинақтауға қалайсыз?
– Əзірге ойда жоқ. Жаңа айттым ғой, əркездегі көңіл күйге
байланысты деп. Мүмкін əлдекімдер туралы қатты айтылған,
ойлаған тұстарым болуы əбден мүмкін. Біздің бүгінгі мен-
талитет оны ұға, түсіне бермейді. Өкпелейді, реніш туады.
Сондықтан асығыс жоқ. Артық жерлері өте көп.
– Біз неге осы жасқаншақтықты, көңілге қарауды
қоймаймыз? Егер ол əріптестеріңіз жөнінде айтылған
артық пікірлер болса, түсіністікпен қарауға болмас па, неге
о дүниелік болғаннан кейін айтылуы керек?
– Ойыңды түсіндім. Тіпті мен ойлағандай бəлендей өкпе-
лейтін тұстары болмауы да мүмкін. Бірақ, əдебиет пен өнердегі
бақталастық, көреалмаушылық, озғандардың аяғынан шалу-
шылық деген нəрсе өмір бақи ілесіп келе жатқанын жас та болса
білесіңдер. Менің əріптестерімнің жеке шығармашылық тұрғыдан
айтар уəждері жоқ. Бірақ, соңғы кездері «патриот» атанайын деп
емес, өз бетімше газет-журнал шығарып, өз бетімше егер тынды-
ра алып жатсам,əрине, балалармен жұмыс істеуім əлдекімдерге
жай бір белсенділік сияқты көрінетін тəрізді. Осындай қаңқу
сөздер естіген тұстағы өкпе-наз қаттырақ айтылып кетуі мүмкін
ғой. Кейде өмірден түңіліп кетер сəттерде ондай əңгімені анам да
айтып қояды. «Осы шаруаларға басыңды қатырып қайтесің, таза
шығармашылықпен айналыссаңшы» дейтіні бар кейде. Ал мен
қол қусырып отыра алмаймын. Үнемі уақыт жетпей жүреді. Осы
отырғанда да сенімен сөйлесіп отырып, бүгінгі жоспарларым
ойымды сан бұзып отыр. Осыны айтсам, кейбір қатарластарым
«қияли» деп күледі. Қатарластар дейтін бүгінде қатарымыз да си-
реп барады. Бір-бірімізді жоғалту арамызды жақындата түсе ме
десем, одан сайын алшақтап бара жатқан сияқты. Сондықтан да,
балалар үшін жұмыс істеу менің ең жаным қалайтын шаруа.
– Шынында да, жазғандарыңызды оқып отырып, құпия,
жұмбақ əлемдер жөнінде көп толғанады екен адам. Əсіресе,
түс туралы, егер алыстан сыйласатын біреулердің кейде
қатарынан үш-төрт күн түсіңнен шықпайтыны болады...
– Түс көріп, жору – адамның өзіне-өзі көмектесу деп ұғыну
керек. Кез келген түсте бір ескерту болады. Түс көру дегеннің
өзі Жаратқанмен жалғыз байланыс. Бүкіл сүрелердің өзі түс
арқылы, аян арқылы енген ғой. Сондықтан ол Жаратушы мен
пенденің арасындағы жалғыз талшық. Егер бір кісі жиі енсе,
оған сенің қажеттілігің, көмегіңе мұқтаждық. Авторы өзің болғандықтан, түсті жори да білу керек. Қазір мен балалардың көрген түстерін қағаз бетіне түсіруге үйретіп жүрмін. Журналдың жас оқырмандарынан хат та көп келеді, оларға осындай адам жаратылысының құпияларын түсіне түсу үшін осындай тапсырмалар беріп жатамын. Яғни психологиялық тəрбиелеуге ұмтылудамын. Өйткені, қазір масқара болғанда, жаһандану жүріп жатыр ғой. Теледидар, кино арқылы бізге мықтап еніп алды. Енді біздің қазақ сол жаһанданудан адамзатқа тəн емес қасиеттер мен əдеттерді сіңіре бастадық. Кейде қазақшаға аударылған киноларды арагідік болса да қараймын. Сонда не көрсетеді дейсіз ғой, бірбіріне ессіз ғашық болған еркектер, не болмаса шешесіне өлердей ғашық болған жас жігіттің кейін оның қызына құмарлығы, əйтпесе əкесі мен баласының бір қызға ғашық болуы... Небір керемет кинолар аудармаға зəру, ал əлгіндей арзанқол дүниелердің жолы болғыш. Неге? Түк тəрбиелік мəні жоқ, арзан ойды, сезімді насихаттайтын кинолар неге қазаққа тез жетеді? Өйткені, біздің жастардың психологиясы да соларды тез қабылдауға бейім. Қазақта əженің немереге, атаның қызына емірене елжіреп жақсы көретінін жеткізетін əдемі емеурін, ыммен ұғысқан жақсы дəстүрі қайда барады? Жақсы көруді жеткізе білудің өзі үлкен тəрбиелік құрал болған емес пе?! Ендігі арман қазақтың үлкенді сыйлау, ата-ананы қадірлеу, бала мен келінге қалай қарым-қатынас жасау, міне, осыны біз басқалардың əдетімен айырбастамауымыз керек. Осы салтдəстүрімізді мейлі ғылыми түрде болсын, тəжірибесімен келістіре отырып жазайық, əйтеуір гуманистік талап-талғамымызды өзімізге қайтаруымыз қажет. Салт-дəстүрімізге этнографиялық түрде қарамау керек. Оны қайтадан қанымызға сіңіруіміз керек. Əйтпесе, енді бір он-он бес жылда ұлдарымыз қыз, қыздарымыз жаратылысқа қарсы тұрмасына кім кепіл?! Ол үшін əлгіндей киноларды құрту керек. Қазақтың миы на кірмейттін, сіңбейтін мұндай дүниелер əу бастағы нəзіктік, ұлттық менталитетіміздің көзге көрінбейтін сыпайы сыйластығын, имандылығын тірілтуіміз бəріміздің міндетіміз болуы шарт. Дүниежүзілік мəдениет пен өнерден мұнсыз мақұрым қаламыз десек, корей, жапон, тіпті
қытай өнерінде алар тəрбие басым. Олардың мəдениетінде,
өнерінде, музыкасында бізге жақын бір ибалық бар.
Жазудағы мақсат та сол – жастарды жаманнан жиреніп,
жақсыдан өнеге алуға бүгінгі тірліктің шамасы жетсе дейміз
ғой. Əйтпесе жазудың, əдебиеттің де күні кетіп бара жатыр.
Жазушының күні күн емес, сыртымыздан ел күледі; ана жазу-
шы үй сұрапты, мына жазушы мəшине сұрап мініпті, ананың
облыс мерейтойын өткізбей қойыпты деген сыпсың сөз
жаныңды жегідей жейді-ақ. Жаңағы саусақпен санарлық про-
заик қыздардың да сұғанақтығы жоқ, ешкімнен ештеңе сұрап
жатқанын иə естіп, иə көрмеппін. Атаққұмарлықтары жоқ,
сыйлықтан да дəметпейді екен. Өз басым осы уақытқа дейін
мерейтой түгілі, туған күн тойлап көрмеппін.
– Осы əңгімені сыртыңыздан жиі естиміз...
– Егер өз басымды ойласам, талай шаруа тындыруға болады
екен. Шынымды айтсам, кейде шаршап кетемін. Бірақ үйреніп
қалған тірлік, қол қусырып отыруға дəт жібермейді. Биыл
жүгіріп жүріп журнамен тендерге қатыстық, шамалы қаржы
бөлінді. Əйтпесе, осы уақытқа дейін өз күшімізбен, кішкентай
оқырмандарымның желеуімен шығып келдік. Құдайға шүкір
дейміз, қазақтың қара домалақ балалары үшін істеп жатқан
тірлігіме өкінерім жоқ. Қазақтың əрбір баласы менің де ба-
лам тəрізді. Өйткені, мен өмір бақи ішкі қырсық-қыңырлық,
жалқаулық, енжарлық, қарама-қайшылығымнан азаттық алуға
жанталасып келе жатқан адаммын. Осы адами, əйели қасиетімнен
ұрпаққа сəл-пəл болса да тəрбие бере алсам, өмірден босқа
өтпегенім де. Ішім сезеді, тірлігім жас жеткіншектерге ұнайтынын
күн сайын келіп жатқан хаттарынан-ақ байқаймын, жеміссіз емес.
«Құрметті Мағира апай! Журналды дайындап-жасайтын өздерің
сияқты балалар» деген сөздеріңіз əрбір баланы белсенді болуға
шақырып тұрғандай əсер етеді» деген сияқты жып-жылы хаттар
жиі аламын. Бұдан артық жұмыстың нəтижесі бола ма, айтшы?
Ал əйелдердің, қазақ əйелдерінің орны – өнерде. Өнер
деп отырғаным да, отбасы, ошақ қасындағы бала тəрбиесіне
қатысты өнер. Қазақ əйелінің өзі тəрбиенің ордасы, ошағы
емес пе?! Мінбеге құштар, құмар болмау керек.
ҚАЗАҚ РАДИОСЫ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҮНІ, – ДЕЙДІ ДИКТОР-ДОЦЕНТ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ƏРТІСІ САУЫҚ ЖАҚАН Қазақ халқының сан мыңдаған тарихы, мəдениеті мен өнерінің бір саласы – Қазақ радиосы да ғасырлық мол асыл мұраға ие. Дəлірегінде, ие ғана емес, ұлтымыздың тəлімтəрбиесінде, ұлағатты əдет-ғұрпында да тəрбие құралына айналған мəдени сала. Тəуелсіздігіміздің мерейлі тойынан кейін іле-шала қазақ үні – Қазақ радиосының торқалы тойы аталып өтті. Құпияға толы сыр сандықтың Алтын қорының сырлы да шерлі шежіресі де мол. Құпиялылығы да сонда, атам заманнан қазақ өнерінің алғашқы қарлығаштарының үнін естігіңіз келсе, сыр сандықтың кілтін бұрай салыңыз, ар жағынан мəдениетіміздің мəңгілік музыкасын, дəстүрлі өнеріміздің салиқалы да сапалы тарихы алдыңыздан ашылары сөзсіз. Сон-нау тарихқа терең бойламай-ақ, сол саңлақтардың жүзін көріп, сөзін естіп өскен, бүгінде Қазақ радиосының асыл ардагерлеріне айналған, есімін естіген ел елең ете түсетін сүйкімді де сүйікті қазақ қыздарының бірі – Сауық ЖАҚАНОВАНЫ торқалы той алдында əңгімеге тартуды жөн санадық. – Əңгімемізді ертеректе бірге қызмет атқарған, радионың ыстық-суығында бірге болған əріптестерімнен бастайын. Өйткені, ғасырлық ғұмыр кешкен осынау жылдардың өзі тарих қойнауына жақындаған сайын сағымға айналып, сағыныш болып қалатыны бар ғой. Біразы мəңгілікке о дүниелік болып кетсе де, бейнелері тұстастарының көңілінен кете қойған жоқ. Ал, Қазақ радиосы арқылы нəзік те сырлы үндері мыңдаған тыңдармандарының жадында сақталуы, тіпті, бақыт емес пе?! Тек Қазақ радиосында ғана емес, еңбек жолын жергілікті аудан, облыс төңірегінен бастап келген, телерадионың тілін, мəдениетін жақсы меңгерген Қазақ радиосының құрдасы
Сара Омарқожаева, Жаңыл Аяпбергенова-Біржанова, Асыл
Рахымжанова, Раиса Аманбаева, Зияда Бекетова, Гүлжан
Қайыржанова, Шолпан Байғабылова, Аманжан Серіков,
Болат Біжібаев, Шолпан Ахметова, Бүркіт Бекмағамбетов,
Ұлжан Сағындықова, Мұрат Оспанов, Құрманғазы Дінасылов
халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп, бүгінде ардагерлердің көш
басында келе жатқандар. Олардың қатарында Мина Сейітова,
Шəрипа Бейсекеева, Мəмбет Сержанов, Хатира Əзімбаева,
Мырзабек Қуатбеков, Жəнел Асқарова, Марат Тоғатаев,
Болат Масин, Айман Ақшалова, Омархан Қалмұрзаев, Əмір
Жұмабековтер ортамызда орны ойсырап тұрған керім азамат-
тар. Кейінгі толқын ішінде Аманжан Серіков, Болат Жұбаев,
Райса Аманбаева, Нұргүл Қайыржановалар сол ұзын-сонар
көшті жалғастырып келе жатқан қыз-жігіттер. Мен тек дик-
торларды ғана айтып отырмын. Ал, Əнуарбек Байжанбаевпен
бірге қатар отырып, эфирге шығу дегеніңіз бақыттың бақыты.
Ол кісі жайлы əңгіме мəңгілік дастанға айналғалы қашан?!
– Сауық Мəсіғұтқызы, өткенді еске алу да бір ғанибет.
Дегенмен, ақпарат құралдары ішінде радионың өзіне тəн
ерекшелігі бар ғой, əңгімені осы жағына қарай бұрсақ?
– Дұрыс айтасың. Радио – дыбыстау, сөйлеу арқылы хабар
тарататын құдіретті, тіпті сиқырлы құрал деуге болады. Ол
– жаңалық жаршысы, ол – өмір тынысының жүрек соғысы,
мəдениет-тұрмыс, ол – əдебиет, өнер, əн-музыка, ол – өнеркəсіп,
ауыл шаруашылығы, ол – ғылым, білім, тіпті саясат, ең алды-
мен ол – мемлекет. Міне, радио осылардың бəрін ауа арқылы
дүние жүзіне сенімді шыншыл дауыспен таратушы Алла
тағаланың адамзат баласына берген бірден-бір өлшеусіз сыйы.
Осыншалық жүкті 90 жыл бойы Қазақ радиосы ойдағыдай
атқарып келеді.
Менің радиодағы қызметімнің басталуы 1966 жылдан,
Мина Сеитова апамыздың қамқорлығынан басталды. Пысық,
қайсар қазақ қызы ұзақ жылдар дикторлар бөлімін басқарды.
Тəулік бойы 17 диктор – 9 қазақ, 8 орыс жəне бір-бірден кəріс,
ұйғыр, неміс дикторы болатын. Түрлі жанрдағы мəтіндерді
оқытып,
дауыс
ерекшелігі,
дикциясына
қарап,
үнінің
ашықтығына, дыбыстың анық шығуына қарап таңдайтын. Ал,
Əнуардек Байжанбаевтың дауыс ырғағы кез келген қазақтың
жүрегінде күмбірлеуші еді. Онымен қатар отырып хабар оқу
дикторлық мектептің ең бір шыңы болды. Талант – Алладан
дейміз, ол рас. Əнекең табиғатынан өте сезімтал, жан дүниесі
рухани бай, мінезі мен ақыл-парасаты келіскен, дарыны мен
қабілеті үйлескен ерекше жаратылған жан еді. Бүгінгі тілмен
айтар болсақ, радионың жұлдызы еді. Радио тыңдаушы халық
Байжанбаев оқыған хабарлардың авторы барлығын білгісі де
келмейтін. «Əнуарбек Байжанбаевтың өзі солай деп жатыр
ғой» деп имандай иланып отыратын-ды. Боямасыз адал, шын
көңілден шыққан əуез, жағымды үн, ішкі сезім байлығы, бəрі-
бəрі жиналып келіп, радиодан əуезді саз бөлініп тұратынын
бəріміз мойындаушы едік, тəнті болушы едік. Менің де
біп бақытым – Əнекеңе еліктеп, тілдің мағынасына қарай
қандай ырғақ, дауысты көтеру мен төмендету, баяулату мен
шапшаңдатуды, кідірістер мен тыныс белгілерін сездіруді дау-
ыспен, дыбыспен меңгеруді үйрендім.
Қазіргідей емес, ол кездері дикторлар күні-түні, сенбі-
жексенбі, тіпті мереке күндерінде де жұмыста жүретінбіз.
Алаңнан парадтар кезінде репортаждар жүргізу, үкімет қаулы-
қарарларын, басшылардың баяндамаларын, ұрандар оқу да
дикторлардың құзырында, тіпті тікелей эфир студиясы тек
дикторлар кіре алатын жабық есік еді. Ал, бүгін ше? Бүгін дик-
тор мамандығы жоқ, радиожурналистердің жұмысы күрделене
түсті. Журналистер мəтінін жазады, оны компьютерде тереді,
өздері монтаждайды, музыканы да өздері таңдап, өздері
оқиды. Техника алға шыққан заманда журналистер де жаңаша
жұмыс үлгісіне көшті. Бұл жаңалануды кейде құп көрмейтін
жағдайлар да кездесіп қалатыны жасырын емес. Радиохабарды
таратушы хабарды оқып қана шықпай, маржан тіліміздің
əуезділігін, əдемілігін, олардың артикулияциясы, дикциясы, да-
уыс тембрі, ауызекі тілінің заңдылықтарын сақтап оқу, ырғақ-
интонациясы, дауыс эмоциясы, актерлік шеберлікті меңгеру,
хабар оқу барысындағы дем алысы, психологиялық, логикалық
кідірістер сияқты толып жатқан өзіне ғана тəн ерекшеліктерді
сақтау керек. Яғни, бір өзі бірнеше мамандықты қатар алып оты-
ру деген жүк жүктеледі. Бүгінгі ақпарат құралдары маман-кадр
дайындауда осындай қасиеттеріне байланысты Қазақ Ұлттық
университеті журналистика факультетінде жаңадан «Сөйлеу тех-
никасы» атты пəн қосып, мен сол сабақтан лекция оқимын.
Радиоэфирінің жұмысы оңай емес. Əсіресе, бүгінгі
Тəуелсіз Қазақстанның эфирі сапалы, салиқалы, тəрбиелік
мəні зор, айтқанына сендіре алатын, жауапкершілігі үлкен на-
сихат құралы екенін ұмытпауымыз керек. Еңбегі көзге көріне
бермейтін жұмбақ сандықтың атқарар қызметі, жүгі ауыр-ақ.
– «Көзге көрінбейтін» демекші, Қазақ радиосының та-
рихымен есімдері бірге аталатын талай марқасқа диктор-
лар үйіп-төгіп сыйлыққа батып жатпаса да, халық жадын-
да қалатыны бір бақыт деп өзіңіз жиі айтасыз?
– Жақында «Қазақстаннан» Мəдениет бағдарламасында 55
минуттық «Жүздесу» хабарына шақырылдым. Өте əдемі бір
кездесу болды. Жалпы, өмір сүру, жақсы өмір сүру үшін адам
баласының алдында үлкен бағдаршам болуы қажет. Мен де
өмірге келген соң оң-солымды танып, есейе бастағанда осы
Қазақ радиосынан Зəмзəгүл апамыздың даусына ғашық бол-
дым. Теледидардың енді шығып жатқан кезі. Ал, радиоңыз
республикамыздың кез келген ауыл селоларында саңғырлап
тұратын-ды. Мейлі, ол совхоз орталығы не болмаса он шақты ғана
отбасы тұратын кішкентай ауыл болсын, үйдің бір бұрышынан
əуезді əн мен көркем шығармалардан үзінділер, тіпті балаларға
арналған түрлі хабарларды тыңдай алатынсың. Сонда түннің бір
уағына дейін əдемі əуезге толы бірінен-бірі өткен қоңыр дауысты
дикторларды көз алдымызға елестетіп, армандап өстік. Əсіресе,
менің Зəмзəгүл Шəріповаға деген сүйіспеншілігім ерекше бол-
ды. Бала болсам да дауыс мəнерінен-ақ ол кісінің хабар оқыған
кездегі отырысы, қимылы санамда сайрап тұратын. Хабарды
жеткізушінің мықтылығы да сонда ғой, тыңдап отырып өзің де
сол ырғаққа тербеліп, əсем бір əуенге елтіп билеп отырғандай
сезінесің. Үнінен бет-бейнесіндегі құбылысты танып, кішкентай
ғана қобдишадан шығып жатқан жанға жайлы дыбыс ырғағына
мен де қосылып отыратынды шығардым.
Осындай арман жетелеп Алматыға келдім ғой. Одан
кейінгі жылдарым тіпті, керемет. Қазақ радиосының патша-
лары – Байжанбаевтармен қоян-қолтық жүріп қызмет жасау,
тау тұлғалы Мұқағалилардың жүріс-тұрыстары қандай ғажап!
Əсіресе, олардың аузынан өзің жайлы жақсы пікір есту деген
сұмдық қой!?
Осынау тоқсан жылдың ішінде əйгілі диктор Əнуарбек
Байжанбаев, осы биыл редактор Алтын Иманбаева ғана,
бірі Халық артисі, бірі Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер
атағын алыпты. Таяуда ақын, телерадио журналист Дүйсенбек
Қанатбаевтың қайтыс болғанына жыл толып, үлкен дастарқан
басында қарапайым ғана бір зейнеткер: ес білгелі Қазақ радио-
сы серігі болғанын, көп тыңдайтынын, бұрынғыларды былай
қойғанда Дүйсенбектің хабарларын тұщына тыңдайтынын
айта келіп, «Алтын қорда» сақталған осындай құнды радиоха-
барларды неге мемлекеттік сыйлықтарға ұсынбайтынымызды
жеткізді. Ал, шын мəнінде осындай дүниелер жоқ емес қой. Өз
басымды айтып отырғаным жоқ, мен Халық артисі болмасам да,
қайраткер болмасам да, радио тыңдайтын қарапайым халық на-
зарында жүрген азаматшамын. Оның ішінде 1995 жылы «Еңбек
сіңірген артист» деген атақты радиодан мен, ал теледидардан
Ласкер Сейітов пен Рабиға Аманжолова үшеуміз алғанбыз.
Мəселе, тіпті атақта да емес, дегенмен, жасап жатқан, өзіңнің
халқың үшін жасап жатқан тірлігін ешкім де міндетсінбесе ке-
рек, дегенмен, сол қым-қуат тірліктің нəтижесін де көргені жа-
ман болмас еді ғой.
Жалғыз мерейтойда ғана емес, мемлекетіміздің басқа да
айтулы күндерінде радио, теледидар еңбектерлерін, əсіресе,
оның ардагерлерін ұмытпай елеп-ескеріп жүрсе, нұр үстіне
нұр емес пе?! Бұл пікірімді торқалы тойы дүрілдеп өткен
Қазақ үні – Қазақ радиосының мерейтойы үстіндегі назы деп
қабылдарсыздар.
Иə, шын мəнінде Қазақ үні – Қазақ радиосының қазақ халқы
үшін жасап келе жатқан қызметі бір ғана əңгімемен бітпек
емес. Олай болса, əріптестерімізді тойларымен құттықтап,
шығармашылық табыс тілейміз.
ТЕЛЕДИДАРҒА ЖАН-ЖYРЕГІМДІ БЕРДІМ, – ДЕЙДІ Белгілі тележурналист Гүлмəрия Барманбекова ОЛ – мергендік спортымен айналысқан тұңғыш қазақ қыздарының бірі. ОЛ – қазақ тілінде спорт тақырыбында эфирге шыққан тұңғыш қазақ қызы. ОЛ – тұтынушы тақырыбын тұңғыш қозғаған республикадағы «САПА» телебағдарламасының авторы əрі жүргізушісі. ОЛ – ең алдымен шығармашылықты қоса алып, тыңдарман мен көрермен көңілінде жүрген журналист қана емес, əдемі əже, аяулы жар, АНА... Иə, біз əңгіме еткелі отырған Гүлмəрия осындай жан. Осы бір шынашақтай ғана жанның сөйлеу мəдениеті мен кербез жүріс-тұрысына қарап іштей қызықтық. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін шығармашылық топтағы кез келген əйел-журналистердің қолынан қаламы мен ожауы түспей жүріп-ақ қыруар шаруа тындырумен бірге өз болмысын да салауатты өмір салтына бейімдеп сақтай алатынына өз басым, шынымды айтсам, қуандым, құптадым да. Сырттай тілектес болып жүрген онымен əңгімені қызмет хикаяларынан бастағанды жөн көрдім. Өйткені, ғұмырының саналы жылдарын қазақ тележурналистикасына арнап келе жатқан замандасымыздың бұл тақырыпта айтары да мол екенін ішіміз сезеді. Сондықтан да көптен көңілде жүрген кейіпкерəріптеспен əңгіме оның шығармашылығынан басталып кетті. – Əңгімені өзіңіз ұзақ жылдар қызмет атқарған «Қазақстан» телеарнасы жайлы, жалпы журналистика жайынан бастасақ? – Алпысыншы жылдардың аяғында Жамбылдағы педагогикалық училищені үздік бітіріп, Қазақ университетінің журналистика факультетіне жолдамамен келіп түстім. Белгілі телекомментатор Совет Мазғұтов бірінші курстан бастап-ақ, қабілетімді байқады ма, жүргізушілікке бейімдеді. Университет
бітірген соң, бір жылдай Қазақ радиосында жүрдім де, 1980
жылдан бастап Қазақ теледидарының спорт редакциясына спорт
жүргізушісі болып қызметке орналастым. Спорт комментато-
ры бола жүріп, талай бүкілодақтық чемпионаттардан тікелей
репортаждар дайындап, гимнастшылар Сəуле Барлыбаева,
Қарлығаш Қалиева, альпинист Зəуреш Айтмұқанова сияқты
қазақтың спортшы қыздары жайлы «Жарыс жолында» атты
очерктер жинағымды жарыққа шығардым.
– Əсіресе, өзіңіз жүргізген авторлық «Сапа» теле-
бағдарламасы əлі күнге ел аузында...
– Қазақ теледидарында қызмет ете жүріп, денсаулық,
қоғамдық-саяси, əлеуметтік тақырыптарға қомақты хабар-
лар əзірледім. 1995 жылы тұтынушы тақырыбын қозғаған
республикадағы тұңғыш «Сапа» авторлық бағдарлама дүниеге
келді. Тұтынушы деген ұғымның өзі ел санасына енді-енді
сіңе бастаған кез. Теледидар үшін мүлдем тың тақырып еді.
Телеэкрандағы «Тамаша», «Айтыс», «Қымызхана» бағдар-
ламалары сияқты «Сапаның» да ғұмыры ұзақ болды. Он жыл
бойына көрерменнің көзайымына айналды.
Бағдарламаның дүниеге келуінің өзі бір қызық. Сол жылы
(1995 ж) Стамбұлда өткен «Əлем жəне нарықтық эконо-
мика» деген тақырыптағы семинарға іссапармен бардым.
Телеоператор екеуміз түрік базарының көріністерін түсіріп
келе жатқанбыз. Кенет бір сөздерді тоқтаусыз қайталаған жас
баланың шырылдаған даусы естілді. Құжынаған халықтан
көрінбейді. Бірақ даусы құлақ жаратындай. Солай қарай
ұмтылдық. Шамамен 6-7 жасар ер бала екі көзін тарс жұмып
алған, қолында ерлердің іш киімі... «Мынандай ішкиім
жалғанда жоқ. Киген де арманда, кимеген де арманда. Бағасы
су тегін», – деп отыр деп аударды тілмаш.
Мен жағамды ұстадым. Ол кезде біздің елде бірен-саран
«жанынан түңілгендер» болмаса, сауда дегеннің не екені қалың
көпшіліктің қаперіне кіріп шықпайтын. «Спекуляция» деп на-
мыс көретін.
– Түк таппағандай балаға дамбал сатқызғаны несі екен?
– дедім тілмашқа.
– «Ходовой» тауар! Пайдалы, күніне кем дегенде 50 доллар
табады,– деді ол орысша-қазақша араластырып.
Мен дереу есептей қойдым, он күнде 500, ал отыз күнде
1500 доллар!
Елге оралғаннан кейін де əлгі баланың дауысы көпке
дейін құлағымнан кетпей қойды. Көп кешікпей маған да
ел аузына іліге қоймаған, «қаны жерге тимейтін» өзекті əрі
көрермендерге «ходовой», бəсекелестерді жер қаптыратындай,
тақырып өзгешелігімен «шыңғыра айқайлап тұрған» хабар ой-
лап табуға тура келді. Жаңа келген басшылар редакторларды
«арқаларынан басып» іріктеп, циклды хабарларға тендер жари-
ялап жатқан. Əріптестерімнің арасынан менің идеямды түсініп,
қолдау көрсететін редактор таппай, біраз бұрын зейнетке
шыққан, маман ретінде өзім пір тұтатын Фируза Перзадаеваға
барып ақылдастым. Ол ризашылығын білдіріп, жиған-терген
мол тəжірибесін ортаға салып, бағыт-бағдар берді.
Нарықты да, бəсекелестікті де қалыптастыратын, экономика-
ны қозғалысқа түсіретін күш тұтынушы екендігін қоғамның өзі
мойындап үлгермеген шақ. Ал, «тұтынушы құқы» деген аты-
мен жат құбылыс болатын. Аталмыш тақырып басқа бұқаралық
ақпарат құралдарының бірінің қаперіне кіріп-шыққан емес.
Міне, осы тақырыпқа жоба жасап, тендерге тапсырдым.
Есімде, 12 адамнан құралған комиссия бір ауыз сұрақ қоймастан,
жобаны қабылдап, қала берді, бір аптадан соң, 1995 жылдың 19
қарашасы күні жаңа жоба эфирге шықты. Алты жылдан кейін
«САПА» менімен бірге «Алматы» телеарнасына ауысты. Өкінішке
қарай, он жыл эфирден түспей келген хабар жаңа басшылар
келіп, оның форматының өзгертілуіне байланысты тоқтатылды.
Құрылым жаңарып, арна концепциясы түбегейлі өзгергесін, ірі
көлемді хабарлардың бəрі жаңа стандартқа сай болмай қалған еді.
Ал, тақырып өзектілігін əлі жоғалтқан жоқ. Мысалы, осы күні
«Қазақстан» телеарнасында дайындалатын «Халық бақылауы»
хабары «САПА» -ның заңды жалғасы деп айтуға əбден болады.
Мазмұны сол қалпы да формасы ғана аздап өзгертілген. Əттең,
дəп бүгінгідей техника сол кездері қолымызға түссе ғой... Тау
төңкерер ме едік... Көп идеялар басқа келеді...
«Алматы» телеарнасында бес жылдай қызмет істедім. Сол
жерде жүргенімде еліміздегі іскер əйелдер қауымдастығының
төрайымы Раушан Сəрсенбаева «Busіnesswomen.kz» деген
журналдың қазақша нұсқасына редактор болуға ұсыныс жа-
сап, телеарнамен қоштасуға тура келді. Сосын «Сұлтан» де-
ген журнал шығардық та, сол жерден зейнеткерлікке шықтым.
Қазір үйде, немерелеріме бас-көз болып, арасында жеке
шығармашылығыммен айналысып дегендей, демалу дегеннің
не екенін жаныммен сезініп, тірлік кешіп жатқан жайым бар.
Шүкіршілік, ( тіл-аузым тасқа, ғұмырлы болсын) жалғыз ұлым
бар, жағдайымды жасап отырған сол. Қызымыз – Рауанамыздың
ғұмыры қысқа болды, Алла тағалам өзі берді, өзі алды. Бірақ
бір өкініштісі, артында тұяқ қалмады. Екі бірдей немерем
анасымен бірге жол апатынан қаза тапты... Ауыр қасіретті
көтере алмай иіліп кетер жағдайымды сезген ұлым: «Өмір
бақи қызмет істедіңіз, зейнетке шыққан күннен бастап əкем
екеуіңнің жағдайыңды өзім жасаймын, демал, сергі, жазмышқа
амал жоқ» деп жұбатты. Содан барып еңсе көтерілгендей.
– Өмірден ерте озған танымал тележурналист Бейбіт
Құсанбековтің Сізді «Қазақ теледидарының Еңлікгүлі» деп
бағалағанын өзіңізді танитындар жақсы біледі...
– Қазақ теледидарының өзі 1958 жылы өмірге келді ғой. Соның
алғашқы 30-40 жылдық дəуірінде тележурналистердің тұрақты
толқыны қалыптасып келді. Осы күнгідей бірі келіп, бірі кетіп са-
пырылысып жатқан емес. Мысалы, біздер өзіміздің алдымыздағы
Сұлтан Оразалин, Қажы Қорғанов, Ғұсман Игісінов сынды ше-
шен де шебер телекомментаторларды пір тұтып өстік. Лəскер
Сейітов пен Мəриям Айымбетова экранға шыққанда аузымыз-
ды ашып, көзімізді жұмып тыңдайтынбыз. Солардан үлгі алуға
тырысатынбыз. Ал, Бейбіт мен қатарлы толқынға қарап түзелді,
шыңдалды. Содан болар осындай баға бергені. Біздің заманымыз-
да бағаны көрерменнің өзі қалыптастыратын.
– 30 жылға тарта уақыт теледидар саласында қызмет
еттіңіз. Теледидар сізге не берді, сіз оған не бердіңіз?
– Мен теледидарға жан-жүрегімді бердім. Риясыз сүйдім.
Ал оның маған бергені одан да мол. Биік мінберден парасатты
ой толғауға үйретті. Қоғамға иненің жасуындай болса да пай-
дасын тигізетін, елін, жерін, ұлтын, тілін, ділін құрметтейтін
тұлға қатарына тəрбиеледі. Өмір сүру мəдениетіне баулыды.
Қоғамның қай саласында, қандай тірлік атқарып жүрсек
те, əйел-қайраткерлердің отбасы, ошақ қасындағы, бала
тəрбиесіндегі міндеті ұшан-теңіз екенін тағы бір еске түсіре
отырып, əңгіме əуенін де осы жаққа бұрдық.
– Жолдасыңыз, отбасыңыз жайлы айтсаңыз...
– Кенжебек те шығармашылық жолда жүрген елге танымал
суретші. Өнер адамы, бір-біріміздің алғашқы сыншымыз да
өзіміз... Менің жазғанымды ол, оның салғанын мен жаратпай
жататынбыз. Ұл мен келін жеке кəсіпкерлікпен айналысады.
Алуа деген немерем өсіп келеді. Сенбі, жексенбі күндері атасы
екеуміздің құзырымызда болады. Тақпақ жаттап, əн саламыз,
ертегі айтамыз, əйтеуір демалыс күндеріміздің қызығына ай-
налады.
– Ал, қалған бес күнде ше?
– Қалған уақытта белгілі бір күн тəртібі қалыптасқан.
Əр сағатымды жүйелеу – ата қанымен, ана сүтімен дарыған
қасиет. Теледидарда өткен жылдарым көркем дүниелерден
алшақтатып жіберді десем, өкпе артқандық емес шығар.
Бұл сала жылдамдықты, жедел ұйымдастырушылықты та-
лап ететін орын ғой. Көркем шығарма жазуға уақыт болмай-
ды. Өткенде белгілі жазушы Мағира Қожахметова бір жазған
дүниелерімді оқып көріп: «Сенің ішіңде білдей бір жазушы
тұншығып жатыр. Өзіңе-өзің обал жасама, енді сен прозамен
айналыс» деп нұсқау бергенде ойланып қалғаным бар. Өмірде
жан сарайыңды риясыз шарлап, жол сілтейтін адамның бар
болғаны қандай бақыт десеңізші!
Таңертең міндетті түрде жеті-сегіз шақырым жаяу жүру
– бұрыннан қалыптасқан əдетім. Достық даңғылымен
қатарласа таудан құлап ағатын кіші Алматы өзенінің бойымен
Айнабұлаққа дейін барып қайтамын. Мені əсем Алатаудың
қарлы шыңдары қатты қызықтырады. Мергендіктен гөрі
альпинистік спортты таңдауым керек еді. Ауылда өскен қыз
ол кезде альпинизм дегеннің не екенін білді ғой деймісіз.
Соның есесін осы күні қайтарғандаймын. Өзім секілді «го-
рамандармен» бірге тау кезіп, сонау Көкжайлауға дейін се-
руендеп қайтатын да əдетіміз бар. Мұндай демалыстың ра-
хатын ешбір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бір жасап
қаласың. Кенжекең шығармашылық адамы болғандықтан ба,
жаны тым нəзік. Бабын табу керек. Отбасының жанға жай-
лы аураға бөленгенін қалаймын. Сəл босасам компьютерге
отырып, ойға келген жақсы бір дүниелерді теріп қоямын.
Одан қала берсе, қазір ақсақалдық жасқа да келіп қалдық,
той-томалақ, туған-туыс, дос-жарандардың арасында жиі
болуға тырысамыз. Əнге құмармын. Керемет талантым бол-
маса да, өзімше жақын-жуықтың тойларында əн шырқайтын
да əдетім бар.
– Мергендік спортты таңдадым деп қалдыңыз...
– Иə, спортқа кішкентайымнан жақын болдым. Он бес жа-
сымнан бастап түпкілікті айналыстым. Мылтық атудан СССР
спорт шеберлігіне кандидаттыққа дейін жеттім. Тұрмысқа
шыққан соң қалды ғой.
– Сізге қарап отырып, белгілі бір ақын ағамыздың əдемі
бір келіншекке ұзақ қарап отырып: «Осы сұлу келіншектер
неге баланы аз табады екен» деп өкінгеніне куə болғаным
есіме түсіп отырғаны...
– Ойыңды түсіндім. Заман солай болды ма, əйтеуір, менің
тұстастарымның басым көпшілігінде бір ұл, бір қыз туып қоя
салу стандартқа айналып еді ғой. Жұмысбасты болдық, пəтерде
жүрдік дегендей. Осының өзі жай сылтау ма деп те ойлаймын
кейде. 70-80 жылдардың басты «сыздауығы» басқада болған
сияқты. Кеңес дəуірінің жымысқы саясатының салқыны ма
екен, сол кездегі естияр деген үлкендеріміздің өзі «үйсіз-күйсіз
жүріп, жылда бала туу неңді алған» дегендей əңгімелер айтып
жататын. Үлкен қаладағы күнкөрістің азабынан өз балаларын
жеңілдеткен түрі болса керек... Жас болдық, қызметтің қызығы
болды, бала тəрбиелеуден гөрі, қызу тірліктің буы жеңді, кейін
өкінетінімізді ойлап та жатпадық. Жалпы, баланы көп табудың
денсаулыққа да пайдалы екені ол кезде бүгінгідей ашық-
жарқын айтылмайтын-ды. Тіпті көп бала түгілі, полигамия
мəселесі де жоғары жақтағылардың пікір таласын тудырған
жоқ па? Қырғызстанда көп əйел алу туралы заң қабылданып
кете жаздап барып, бір дауыс жетпей тоқтап қалды. Бізде де
əңгіме қозғалып, «онда біз де көп күйеуге шығатын боламыз»
деп əйел жолдастар өре түрегелгесін, ер-азаматтарымыз тырп
ете алмай қалды. Алайда əңгіме бұл мəселеге қай қырынан
келуде болып тұрған жоқ па. Əйел мен еркектің о бастағы
жаратылысы қайсысына қандай міндет жүктейді, соны жете
ұғынсақ қой. Африкада əлі күнге дейін бір жабайы тайпа бар
көрінеді, бес-алты ағайынды еркек бір əйел алады. Осы жайды
бізге көшіріңіз де, не боларын көзіңізге елестетіп көріңізші...
Мұндағыларды Африка тайпасымен салыстыруға болмайды.
Қай баласын қай күйеуінен туғанын біле алмай анасы дал, тегі
белгісіз балалардың да берекесі бес бидай болмасына кепілдік
жоқ. Отбасынан береке кеткесін, қоғам қай оңып жариды.
– Əңгімеміз енді қызып келе жатқан сияқты?!
– Көп əйел алу туралы сөз болса, Мұхаммед (ғ.а.с.) Пай-
ғамбарымыз жайлы айтылып жатады. Тоғыз, енді бір де-
ректерде алты əйел алған деседі. Ол, енді əйелқұмарлықтан
емес екенін түйсігі бар пендеңіз жақсы білуі керек. Мысалы,
Айшаны ғана қыздай алған, қалғандарын жесірліктен,
ауыртпашылықтан құтқару үшін, асыраушысы ниетінде ғана
алған. Өзінің махаббатын осылай бөлісу арқылы ізгіліктің,
қамқорлықтың, мейрімділіктің қандай болатынын ұқтырған.
Қазіргі заман азаматтарының бұған ой-өрісі, сана-сезімі, пай-
ым-парасаты дайын емес. Əлеуметтік тұрмыстық жағдайы да
көтермейді. «Бір тоқты жаратсам, бір тал жусанды артық жа-
ратамын» деген Алла Тағаланың бұйрығына кім сенеді дерсіз.
Əрі-беріден кейін миығынан мырс етеді.
– Өзіңіз бұл мəселені журналист ретінде көтеріп көр-
геніңіз бар ма?
– Осыдан бірнеше күн бұрын Сұлтан Сартаев ағамызбен
кездесіп қалдым. Амандық-саулықтан соң ол кісі бірден:
«Гүлмəрия, үйдегі інішекке ұрпақ өрбітуге рұқсат бердің бе?»
– деп сұрады. Алғашында сұрақтың мəнін түсініңкіремей
сасыңқырап қалдым да, лезде осыдан үш-төрт жыл бұрын
болған əңгіме-сұхбатым есіме түсті. Сонда мен: «Аға, ұрпақ
өрбіту мəселесіне келгенде бейберекет өмір сүріп жатқан аза-
маттар мен азаматшалар баршылық. Қоғамның осы дертін
көрсек те көрмегендей болып отырғаннан гөрі, осы бір
мəселені неге заңдастырмасқа. Мəселен өзіңіз секілді асыл
ағаларымыздан неге көптеп ұрпақ өрбітпеске?», – деп сұрақ
қойғанмын. «Айналайын, мына сөзіңді біздің үйдегі жеңгең
естімесін. Оған мен де, ол да, қоғам да дайын емес. Маған
жеңгеңнен басқа ешкімнің керегі де жоқ», – деді де ағамыз: «
Өзің қалай, үйдегі інішекке рұқсат етер ме едің», – деп қарсы
сұрақ қойған. Енді міне, заманымыздың өресі биік заңгері арада
біраз уақыт өткеніне қарамай, осы бір əңгімені еске салып тұр.
Кезінде мəселені қысқа қайырып қана тоқтатып тастағанымен,
жанды жараның бетін тырнаған дəп сол сауалдың бірнеше жыл
өтсе де, көкейінен кетпей жүргені ғой. Кейіпкерін ұзақ уақыт
толғандырып жүретіндей сұрақтар қоя білу де журналистік
шеберліктің бір қыры болар-ау. Сонда мен заңгер ағамыздың
жауабынан құдай қосқан қосағына деген махаббатын ешкіммен
бөліскісі келмейтіндігін, сезімге, қарым-қатынасқа адалдығын
аңғарғам. Бұл енді бүгінгі күннің заңдылығы! Шынайы махаб-
баты мен пəк сезімін ізгілікке, парасаттылыққа жеңдіріп бəріне
бірдей қарау, бəріне бірдей қамқор болу тек пайғамбарымыздың
ғана қолынан келетінін ұғынғандай болғам. Ал елдің бəрі
пайғамбар емес қой.
– Көп əкеден туған балалар тегін ажырата алмай əлекке
түседі деп өзіңіз айтып отырсыз. Ал бəйбіше мен тоқалдан
туған балалардың балдай тəтті өмір сүреріне кепілдігіңіз
бар ма? Əлде тəрбиеге аса көңіл бөлінген жағдайда бұл
мəселені реттеуге бола ма?
– Əрине. Ол үшін əу бастағы тəрбие ер балалар ұрпақ өрбіту,
ал қыздарымыздың тікелей міндеті бала туу, оны тəрбиелеу
екенін кішкентайынан құлақтарына құйып, сіңіру керек. Тегі
бір балалардың қарым-қатынасын табиғаттың өзі реттейді. Бұл
енді əйелдің сана-сезіміне, ер-азаматтың парасатына да байла-
нысты. Менің Сырғатай деген жеңгем перзент көтере алмай-
тынына көзі жеткеннен кейін балалар үйінен он үш жастағы
қызды тəрбиелеп, кəмелеттік жасқа жеткен соң күйеуіне қосқан.
Күлтаннан дүниеге келген 7-8 балалардың бəрі үлкен шешенің
тəрбиесінде болды да, сол кісіні «ана» деп өсті. Соғыстан
кейінгі жылдар елдің бірде тоқ, бірде аш заманы. Соның өзінде
менікі-сенікі деп бөлмей, қанағатшылдықпен қарын тойғызып,
кеңпейілділік танытып, ұрпақ қамын бəрінен де биік қоя білген
ақылман аналарымыз баршылық. Ер-азаматтың əлеуметтік
жағдайы көтермесе де, «Жаманнан жарты қасық ас қалғанша,
жақсыдан тұқым қалсын» деген халықтық сананы қастерлеп,
пендешіліктен жоғары тұрған. Қызғаншақтық, іштарлық,
күншілдікке жол бермеуге тырысқан. Артында қалар саналы
ұрпақ үшін «Кең болсаң, кем болмайсың» деген даналықты
ғұмырлық ұстанымына ұран еткен.
– Сонымен, Сұлтан Сартаев ағамыздың кейінгі кезде-
суінде өзіңізге қойған сауалына не деп жауап бергеніңізді
айтпадыңыз ғой.
– Не дейін. Қоғамдағы шындықты бүкпесіз жеткізіп
əдеттенген мінезіме басып: «Інішегіңізге баяғыда рұқсатымды
бергенмін. Бірақ өзі мені сенен басқа ешкім асырай алмайды
деп жүр ғой» дедім. Осы айтқандарымның дəп біздің үйдегі
інішегіне қатысы болмаса да, ағамыз менің нені меңзеп
тұрғанымды түсінді, лəм-мим деп аузын ашқан жоқ.
Біраз уақытқа созылған əңгіме-сұхбаттың соңында Гү-
лекеңе Қазақ теледидары қайтадан қызметке шақырса, не
дер едіңіз деген сұрақты қойдық.
– Жо-о-қ,– деді Гүлмəрия басын шайқап. – Бармас едім.
Біріншіден, мүмкін болса, демалғанға ештеңе жетпейді екен.
Екіншіден, креативтік көзқарастағы жас мамандар жаңа техно-
логияны жақсы меңгергенімен, тəжірибелі ұрпақтың өмірден
жиған-тергенін ұтымды пайдалана алу даналығын меңгере
алған жоқ. Үлкенді сыйлап қастерлеу дегеннің не екенін өздері
қартайғанда бір-ақ сезінері өкінішті-ақ. Теолог ғалымдардың
айтуынша, космостық өлшеммен алғанда адамның ғұмыры
көбелектің ғұмырындай өте қысқа көрінеді. «Масатыдай
құлпырған қайран жастық, қазан ұрмай, қар жаумай солады
екен» деп жырлаған халқымыз не деген ақылды еді десеңізші.
Жалғанды жалпағынан басып, төрткүл дүниенің түгел түңдігін
түруге тырысқанымен, осы бір адами пəлсапаның тереңіне
бойлауды міндет санамайтындарға қарап отырып қарның
ашады. Бұл тенденция тек тележурналистикаға ғана емес,
қоғамның кез келген саласына тəн. «Қарнымның ашқанына
емес, қадірімнің қашқанына қиналамын» демей ме. Жастарға
өкпе артайын деп отырған жоқпын. Жалпы бүгінгі қоғамда
менменшілдік, бойкөкіректік, өзімшілдік көбірек көрініс тауып
бара жатқанынан сескенемін. Үлкеннің ақыл-кеңесін керек етпе-
ген жерде, қадіріңді қашырмай ғана жөніңді тапқаның əлдеқайда
абыройлы тірлік дер едім. Оның үстіне, сүрініп-қабынып тіршілік
кешетіндей, бір күндік нəпақа үшін бір жылдық ғұмырыңды сарп
етіп, жастармен жағаласып-жармасатындай менде қажеттілік те
жоқ. Құдайға шүкір, көйлек көк, қарын тоқ. Ұлым айтпақшы,
ендігі жерде тек өзім үшін, өзімнің жан рахатым үшін ғана өмір
сүруім керек деп шештім.
«ЕҢ СҰЛУ ƏЙЕЛМЕН» СҰХБАТ
немесе қызыл көйлек киген қызды
іздеген күндерге шегініс
Пендеңіздің қиялының жүйріктігі... шексіз-ау, шексіз.
Қуаныштан, тіпті сағыныштан... кейде тіпті мұңға ба-
тар кездеріңізде де ойдың тұңғиығынан шыға алмай, ай,
арпалысасың-ау.
Ала-құйын
тербеген
жаныңды
қайда
қоярыңды білмей, сағыныш, əлде мұң ұялаған тұла-бойыңдағы
осынау бір сезімдітізгіндей алмай, жаныңды жұбатар жақсы
бір əуеннің ырғағымен əудем жер жүріп-ақ кетесің. Осындай
бір сəттерден арыла сала жүрегіңе жақын, аурасы əдемі жан-
дарды іздейтін сəттерің де жиі болады.
Өскен, балалық бал дəуренің өткен қасиетті Сарыарқаны,
оның ішінде көмірлі өңірді ойға алған сайын, топырақтары
торқа болғыр əке-шешем, олардың көздерін көргендер де азай-
ып бара жатқаны жаныңа батса да, көз алдыңнан көлбеңдеп,
кəдімгі кинолентасындай зырылдай жөнеледі... Одан қала бер-
се бауырлар... тіпті жастығыңның қызығы мен шыжығы бірге
өткен құрбылар, бүгінде алды елуді еңсеріп қалған қариялар
ауылына бет түзеген керуен-көш көз алдымнан қимас бір із
қалдырғандай күй кешесің.
Сарыарқа! Еліміздің орталық аумағында орналасқан осынау
көрікті Арқа төсінде Ақсу-Аюлы деген қиялымнан кетпейтін
қасиетті ауыл бар. Бозала таңнан ел-жұртымды жергілікті ради-
одан сыңғырлаған даусыммен оятып, бүгінде сексеннен асып,
данагөй ақылмандар жасына жетіп отырған аудандық газетте
тілші қыз атанған дəурен, ол енді, əрине, көкіректен кетер ме?!
Тілші демекші, осы бір қиял-ғажайып шығармашылық ор-
таны шексіз сүйіп, журналист болсам деген арман да сол Арқа
төсінде танылған əдемі бір жазушының дүниелерін оқыған сай-
ын өзіне тартып, іздеп жүріп оқитын, арман арқалап Алматыға
келген жылдарымда да қызыл көйлек киген қыз көрсем, жан
дүниемде əлгі жазушыға деген махаббат одан сайын лаулай
түсетін-ді.
Оқуға да түстік. Журналист те атандық. Арада біраз жыл-
дар отбасы, ошақ қасында өтіп жатты. Бірде... Төле би мен
Бейбітшілік көшесінің қиылысынан өзіме таныс бейне жарқ
ете қалды!
Қазақта алты жүзден аса жазушы болса, солардың
ішінде прозаик қазақ қыздары саусақпен санаулы ғана.
Аттарын атап, түстерін түстемей-ақ, өз оқырмандары бар
сол əдемі келіншектердің бірі – біз əңгіме еткелі отырған
Кəмила Құдабаева, шын мəнінде жаны қалай сұлу бол-
са, шығармашылығы да сондай сұлу, əдемі,көркем. Бүгінде
арамызда шығармашылық байланыс орнап, сыйлас-сырлас
құрбыдай болып жарасқалы біздің байқағанымыз, ол əдемі
жар, ақылман ана, батағөй əже. Өзің айрықша сыйлайтын,
жақсы көретін осы бір жазушымен бүгін сыр-сұхбат жүргізудің
сəті түскендей. Олай болса, жазушы, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі, Валентин Пикуль атындағы Халықаралық
əдеби сыйлықтың лауреаты, республикалық «Аружан» атты
қоғамдық əйелдер журналы бас редакторының орынбасары –
Кəмкеңнің өзін тыңдасақ.
«Қызыл көйлекті қыз» повесі қалай жазылды?
– Кəмке, кез-келген шығармашылық адамының туған
жер, өскен ортасы жайлы əңгіме қозғау дəстүрімен мен
де сізді Сарыарқаға жетелегім келеді. Сіз жер жəннаты
Жетісудың тумасы болғаныңызбен, көп жылдарының,
шығармашылық жылдарыңыз Арқа жерінде қалыптасты
десек, келісетін боларсыз?
– Ол рас, « келіннің бетін кім ашса, сол ыстық» дегендей,
Арқа төріндегі көмірлі Қарағанды облысында аттай он алты
еңбек етіппін. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң,
біздің кезіміздегі тəртіп бойынша, Орталық Комитеттің жолда-
масымен Қарағанды облыстық газетіне келдім. Газеттің редак-
торы Бейсек Исабеков аға жылы қабылдады, əдеби қызметкер
етіп тағайындады, кейін де өз баласындай қамқор болып
отырды. «Жақсы үйге түскен келін – келін, жаман үйге түскен
келін – келсап» демей ме, мен жақсы ортаға түстім, редакци-
яда тəжірибесі мол журналистер: Масхұд Халиоллин, Ораз
Сағынаев, Рымқұл Сүлейменов, Сайлаухан Нəкенов сынды аза-
маттар бар екен. Мен олардан көп нəрсе үйрендім, журналистік
шеберлікті шыңдау мектебінен өттім деуге болады.
Одан кейін Жезқазған облыстық «Жезқазған туы» газетінде
бірнеше жыл насихат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс
істегенде редакция басшылары Ұзақбай Төлеуов, Сабыр
Сауытбаев сынды мамандардан үлкен тəлім-тəрбие алдым.
Ұзекең сыйлағаны болар, маған «үлкен қыз» деп сөйлейтін.
Бір жолы газеттің түнгі кезегінде отырғанмын. Облыстық
баспаханалардың қуаты қазіргідей емес, компьютер деген де
түске кірмеген уақыт, беттерді көз майың тауысып түні бойы
оқимыз, техника бұзылып, не сынып қалса, таңға дейін жүреміз.
Сөйтіп түнде жұмыс істеп отырғанда Ұзекең редакцияға келіп,
мені жəне қасымда отырған балаларымды көріп:
– Қап, үлкен қызды түнгі кезекке қоймаңдар деп айтып едім,
бұл қалай болғаны,– деп маған жаны ашып жатыр.
– Бір адамымыз – іссапарда, екіншісінің баласы ауырып
қалыпты, амалсыздан осы аптада Кəмкеңді екінші рет кезекке
қойдық,– деп жауапты хатшы ақтала сөйледі..
Қызметте, өмірде өзіме жасалған мұндай қамқорлықтарды
қалай ұмытарсың?!
– «Қызыл көйлекті қыз» повесі қалай жазылды?
Сондағы кейіпкерлер ойдан шығарылған ба, əлде өмірде
бар адамдар ма?
– Жастық шақ ұмытылмайды дейтін болсақ, біздің жастық
шағымыз – студенттік кездеріміз ғой. Шынын айтсам, «Қызыл
көйлек киген қызды» ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың
əңгімелері мен повестері қатты ұнағандықтан, сол ұлы су-
реткерге сəл болса да еліктеп жаздым, атын да Шықаңның
«Қызыл орамалды шырайлым» деген шығармасының атына
ұқсастырып қойған едім. Бұл повесімде ойдан шығарылған
бірде-бір кейіпкер жоқ, бəрі өмірден алынған қыз-жігттер. Біздің
студенттік жатақханада үйден келген посылкаларын ешкіммен
бөліспей, шабаданын кереуетінің астына тығып қойып, тəтті
тағамдарын біз ұйықтаған кезде жейтін қыз болған. Болашақ
мамандығы жайлы ойланудан гөрі, ертелі-кеш жігіттерге
қайтсек ұнаймыз деген мəселемен ми қатыратын құрбылар да
бар-ды... Бір кезде солар туралы жазғым келді. Əрине, жастық
пен махаббат – егіз дүние. Жастық шақта қыздар да, жігіттер
де тек махаббат іздеумен болады. Бірақ алдымен мамандық
алуды, білімді кекеңйтуді, ғылымға ұмтылуды, пайым-пара-
сат іздеуді көбіміз ойлай бермейміз. Көздеген мақсатым – осы
мəселені оқушыға жеткізу еді. Орыс халқында: «сокол гибнет
от печали, куры гибнут от любви» деген сөз бар. Бұл қыздарға
махаббаттың керегі жоқ деген нəрсе емес. Бірақ өмір тек қана
күйіп-жанудан тұра ма? Махаббат дегенің де өмір бойы лапыл-
дап тұратын, қолдан жағып қойған «мəңгілік алау» сияқты де-
уге де келмейді... Қыздар осы тұрғыдан ойланса деген əркетім
ғой. Бұл бүгінгі жастарға да керек мəселе тəрізді.
Адамның аты көп жазғанымен шықпайды
– Алматыға оралған сəтіңіз, жалпы алғаш қалаға кел-
ген сəт сізге қалай əсер етті?
– Алматыны алғаш рет оқуға түсуге келгенде көрді.
Армандаымның тоғысқан жері болғандықтан өзіме ерек-
ше ыстық. Басқа бірде-бір қалаға айырбастағың келмейтін
əсер бұл. Арықтарын бойлап сылдырап аққан сулары, алма
ағаштарының шешек атып алалулаған гүлдері, таудан соққан
самалы, аппақ қардан сəлде ораған шыңдары ұмытылмайтын
сурет, қайталанбайтын сұлулық. Қазір қаламыз бұрынғыдан да
ажарлана түсті.
Əсіресе жаңа жол айрықтарын түнде тамашалағанды жақсы
көремін. Аспандағы жарық жұлдыздардың бəрі жанымызға
көшіп келгендей, нұрын шашып жақыннан жарқырап
тұрғандары қандай керемет десеңізші. Жалпы, түнгі Алматы
– ғажап дүние.
Алматының есте қаларлығы тағы бір үлкен оқиғамен бай-
ланысты. Өмірлік жар таңдау, отбасын құру осы жерден ба-
сталды. Біздің үйдегі Тұрымжан ағаңыз да Қазақ мемлекеттік
университетінің түлегі. Заң факультетін үздік бітірді. Балқаш,
Қаражал қалаларында судья, Теміртауда прокурор қызметін
атқарды. Алматыға оралғанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде
15 жыл құқық қорғау органдарында заңдылықтың сақталуына
жауап беретін заң бөлімінде тиянақты жұмыс істеді, одан
ары Тəуелсіз еліміздің Бас прокурорының аға кеңесшісі бол-
ды. Юстиция полковнигі. Кейінгі тоғыз жылда университет
студенттеріне сабақ беріп келеді.
Екеуміздің отбасын құрғанымызға да елу жылға таяп
қалыпты. Үйленерден бұрын қыз бен жігіт болып кездесіп,
алысырақ кетсек хат жазысып тұрдық. Сондағы оның бір хаты
əлі есімде: сен жай ғана қабілетті емессің, сен таланттысың,
деп маған ең бірінші қатты сенген адамның бірі де ағаң еді...
Осыдан бірер күн бұрын, таңғы шай үстінде, Алматыға алғаш
келгеніміз жайлы əңгіме шығып қалды. Мен əзілдеп:
– Мен Алматыға келмесем, сен басқа біреуге үйленіп,
бүгінгідей менің мерейтойымды өткізуге дайындаламын деп
шала бүлінбей, тып-тыныш отыруың мүмкін еді!.– деймін.
Ағаң бұл сөздерге рахаттанып, екеуміз əбден күлдік. «Бұл енді
тағыр» деп сəлден соң сабамызға түстік. Ағаң шайын ішіп,
біраз уақыт үнсіз ойланып отырды да:
– Сен қайда болсаң да, кімге шықсаң да – бəрібір жақсы
əйел болар едің!..– деп мен мүлде күтпеген сөздерді айтқанын
қайтерсің!
– Шын айтасың ба? Кім білсін, бірақ мұның қызық нəрсе
болды,– деп қайта күлейін. «Ұялған тек тұрмас» деп жатады
ғой, бірақ ішімнен, əрине, ағаңа қатты риза болдым. Бүйтіп
мойындау да əркімнің қолынан келе бермейді ғой.
Ұлы адамдардың өмірін көбірек оқуға ұмтыламын
– Сіз аз жазасыз, бірақ өте терең, тіпті жазушыға тəн
қиял қуып, оқиға қуып кетпей, дүниелеріңіз философиялық
талғаммен жазылады. Себеп?
– Бұл өте жақсы сұрақ əрі менің шығармашылығыма өз
тарапыңнан берілген жоғары баға деп қабылдаймын. Кітапты
көп оқитын адам ретіндегі жеке пікіріңе қуанып та қалдым. Рас,
мен аз жазамын. Бəлкім, ол көп ойланатынымнан да шығар.
Газетте жүргенде де мақала дегендердің өзін де сұрыптап, си-
рек жазатынмын. Өзіме əсер еткен, ұнаған жəне білетін дүниені
жазғым келеді. Əр оқыған адамға пайдасы болу жағын да естен
шығармаймын. Əйтеуір, атым шықсын деп жаза бермеймін.
Адамның аты көп жазғанымен шықпайды емес пе...
Жəне өзім ұлы адамдардың өмірін көбірек оқуға ұмтыламын.
Сондай-ақ философтардың, дала данышпандарының өмірлерін
біліп, айтқан өсиеттерін ұққым келеді. Поэзияны ұнатамын.
Таяуда ескі дəптерлерімнің бірін ақтарып отырсам, 1973 жылы
қараша айында «Мəдениет жəне тұрмыс» журналында жарық
көрген ақын Мендекеш Сатыбалдиевтің бр өлеңін жазып алып-
пын. Төрт шумақ өлең. Соның екі шумағын келтіре кетейін:
... Аш қарынның тоқ болмағы – сəл нəрсе,
Қорғасынның оқ болмағы – сəл нəрсе.
Қақпан жатыр қамсыздықтың түбінде,
Адамның да жоқ болмағы – сəл нəрсе...
Ой, адамдар, ой жүгіртіп осыған,
Қамықсаңдар,
Қамығуға қосылам!
Күллі əлемнің ойлағанда тағдырын,
Сəл нəрседен жаңылудан шошынам!– деп жырлайды ақын.
Қазір ол журнал да жоқ. Ақын да дүниеден озып кетті. Бірақ
сөзі қалды. Терең философиясы қалды. Қамсыз жүрме, ойлана-
тын бол, жер бетіндегі бүкіл адамзаттың тағдыры бір ғой деп
отыр емес пе... «Сынықтан басқаның бəрі жұғады, сынықтың
да сыздағаны жұғады» дегендей, маған да мықтылардан бір
əсерлер жұғысты болған шығар. Лайым солай болғай.
– Əдемісіз, сіздің кітапханаңыздан белгілі қаламгер
ағамыздың қолтаңбасындағы: «Əдемілігіңізден айни көр-
меңіз!» деген пікір өте дəл жазылған екен...
– Сен «Ағалардың алақаны» кітабына қолтаңба жазып
қал дырған Сафуан аға туралы айтып тұрсың ғой. Бұл бір
өзгеше кездесу болды. Менің «Ең сұлу əйел» атты кітабым
енді шыққан 1990 жыл болатын. Бізді «Алматы» санаториіне
оқушы жұртшылықпен кездесуге шақырды. Баспадан бірнеше
адам бардық, сол арада кітабымызды сату ұйымдастырылған
екен. Ол кезде əдебиетті насихаттаудың, кітапты сатудың осын-
дай түрлері бар болатын. Санаториде Сафуан аға да демалып
жатыр екен. Ол кісі менің кітабымды алды, маған өз кітабын
қолтаңбасымен сыйға тартты. Аз сөзге көп мағына сыйғызатын
сырбаз жазушылардың бірі еді ғой Сафуан аға. Университетке
алғаш оқуға түскен жылдары қолымызға тиген Сафуан ағаның
Инеш қыз туралы кітабы, сол сұлу, ерке студент қызының
бейнесі күні бүгінге дейін кө алдымда...
Қала Əкіміне ризашылығымды білдіремін
– Бос уақытта немен шұғылданасыз?
– Қол босаса, кітап оқимын, газет-журналдарды үзбей
қараймын. Əйелдерге байланысты жаңалықтарды іздеймін,
себебі өзім əйелдер журналында қызмет етіп отырмын ғой.
Үлкен немерем Əлішер Мəскеудің Ломоносов атындағы
университетінің магистратурасын бітіріп жатыр. Күні кеше
диплом жұмысымды үздік бағаға қорғадым деп бізді қуантты.
Оның өміріне де, тынығуына, денсаулығына көңіл бөліп оты-
ру қажет. Ал кішкене немерем Айдана – Ілияс Есенберлин
атындағы гимназияның 10 сыныбында оқиды. Соның мектебіне
барам, олар өткізетін əртүрлі кештерге қатысамын. Айданам
биыл француз тілінен өткен қалалық олимпиадада бірінші
орын алып, республикалық олимпиадаға жолдама алған-ды.
Содан Ақтауда өткен бүкіл республиканың озат оқушылары
іріктелген, əртүрлі пəндерді қамтыған Олимпиадаға қатысып,
қола медальға ие болып қайтты. Таяуда оларды Республика
Сарайында қаламыздың əкімі Есімов мырза құттықтап,
омырауға тағатын алтын белгімен марапаттады... Осы сəтті пай-
даланып, жас ұрпақтың жақсы білім алуына, жалпы ғылым-біім,
денсаулық, қаланың экономикасы мен əлеуметтік мəселелеріне
зор көңіл бөліп, өзі бас болып көптеген қалалық шараларға
қатысып жүрген үшін айдай Алматымыздың əкімі Ахметжан
Смағұлұлына шын жүректен ризалығымды білдіремін. Себебі
менің Айданам сол кездесуден қанша əсер алып, қуанып
келді десеңізші! Ал бала қуанса, біздер – аналар бақытқа
бөленеміз деген сөз емес пе. Шынында жұмыс істеген адамда
бос уақыт деген бола бермейді. Қызметтен сəл қол тисе, қонақ
шақыратынымыз да бар. Құдайға шүкір, үлкендеріміз бар, абы-
сын-ажындарымыз, келін-кепшіктеріміз, құда-құдағиларымыз
дегендей... Бəріне лайықты сый-сияпат көрсету, салт-дəстүрді
жалғастыру лəзім. Балаларымызға, келіндерімізге мұның бəрін
эстафета ұсынғандай ғып «өткізіп» беруіміз керек. Тəрбие де-
ген – құр сөз емес, ол кəдімгі тіршілік, күнбе-күнгі тəуір еңбек,
«қазанға салмағанды – қасықпен іздеме» деп жатады емес пе.
– Адам бойындағы қандай қасиетті бағалайсыз?
– Меніңше, ең күшті қасиет – намысты болу. Ата-
бабаларымыз намысының күштілігімен елін қорғап, жерін
қорғап қалған. «Ақыреттің азабынан дүниенің намысы күшті»
деген сөзді естідім. Бұл тегін айтылмаса керек...
Кəмкеңмен əңгіме таусылар емес. Əншейінде тұра қалып, ұзақ-сонар əңгіменің қызығына түсетін біз, бүгін тіпті, əдемі бір қызық та ұзақ жолсапарға шыққандай, еске алар жақсы сəттерді ойша сүзіп өткендейміз... – Əйел – сұлулық! Сұлулық – сезім! Ал, сезім, əрине, – Махаббат! Олай болса, сұлу əйелдің аузынан күні бойы осы бір құдіретті сезім жайлы естмедік қой,– деп күлдім əңгіме соңында. – Əрине,– деп күлді Кəмкең де. – Махаббаттың құдірет екені ақиқат! Дегенмен, сол сұрақты жылы жауып қойып, бала-шағаның амандығын тілеп, тыныш қана отырмаймыз ба, бізге сол жарасар... Махаббатта неміз бар?!– дегенде, екеуміз қосыла күлдік. « ...МҮМКІН «ƏНШІ МАЙРА АУЫЛЫ» БОЛАР, БІРАҚ ЖЕТІМДЕР ҮЙІ ДЕП АТАМАЙМЫН... – дейді дəстүрлі əндердің орындаушысы, Қазақстанға еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова тағы бір қайырымдылық шараны қолға алар тұста. Шынымды айтсам, Майраның соңғы кездері демалыс концерттерімен бірге талай қайырымдылық шараларды қатар жүргізіп келе жатқанына сырттай қуанып жүруші едім. Қазақ қыздарының қайсарлығы туралы ойға ала қалсақ, өнер емес қоғамның басқа бір саласында қызмет етіп жүргендер ауызға бірінші алынары сөзсіз. Ал, өнер, қазақ өнерінің тарихында мəңгілік өзінің көркем көшін бастап келе жатқан осынау əншімен əңгіме барысында табиғатынан алғыр, қайсарлығына да көз жеткізіп, тіпті қуандық. Оның бойындағы кісіге деген мейірімділік, бауырмалдық, əріптестеріне деген тілектері, жас əншілерге,
таланттыларға деген шексіз ілтипаты, тіпті өзінің талан-
ты мен қабілетін бүгінде сирек кездесетін осындай ада-
ми қасиеттері одан сайын ажарландырып тұрғандай күй
кештік.
– Майра, сіз белгілі əншісіз. Бірақ соңғы кездері сізді
өзгеше қырыңыздан көріп жүрміз. Мұның сыры неде бол-
ды екен?
– Сахнада жүргеніме отыз жылдай болып қалды ғой. Оның
үстіне ұстаздықты қатар алып келе жатырмын, «Майра» баста-
уыш əн айту продюсерлік орталығы бар. Ал адам есейе келе
өмірден түйгендерін артынан ергендерге үйретуге саналы түрде
барып, ұрпақтар жалғастығын жолға қойып отыруы заңдылық.
Осындай ойлардан бірнеше бағдарлама-жоспар қатар келді де,
əуелі «Жан анам» жобасын қолға алдым.
«Жан анам» дегенде, мен ана мейірімін аз көрген қыздардың
бірімін. Үш жасымда анам қайтыс болыпты. Менің есімде
еміс-еміс қана бейнесі қалғаны болмаса, өзін де, даусын да
білмеймін. Бірақ сұңғақ бойлы қараторы, керемет əн салады
екен. Оны өзімнен үлкен əпкемнен еститінмін. «Түрі де саған
ұқсайтын, əдемі əн салушы еді» деп үнемі айтып отыратын.
Аса шебер, ісмер кісі болса керек. Асты да дəмді дайындайтын,
сабырлы, ақылды болған деседі. Үшінші мүшелінде өмірден
қайтады, бірақ жеті-сегіз баланы өмірге əкелген. Менен кейін
де екі перзент өмірге келген екен, шетінеп кетіпті. Сол ұрпақтан
қалған төртеудің кенжесі менмін. Есейе келе, жетінші сыныпта
жүргенде əкемізден айырылдық. Əкем марқұм «менің Майрам
керемет əнші болады» деп үнемі мақтаныш сезіммен, үмітпен
айтып отыратын. Расында да бес жасымнан əн салдым. Тыңдап
отырғандар түгел көрсін дей ме екенмін, аяғымның астына
орындық қойып алады екенмін. Ата-ананың мейірімі мен ма-
хаббатына тоймай қалған соң, олардың алдындағы перзенттік
борышымды қалай, қайтіп өтесем екен деген ой қай кезде
де көңіл түкпірінен кеткен емес. Дəл бүгінге дейін осы бір
балалық арман-мақсат осындай бір жобалардың өмірге келуіне
түрткі болғандай. Өзімнің анамның ғана емес, бүкіл Жер бетіне
тіршілік нəрін сеуіп келе жатқан аналарға арнап «Жан анамды»
тыңдармандарға ұсындым. Биыл алтыншы рет Республика са-
райында əн сүйер қауыммен қауышты. Нəтижесі жаман емес,
халық жақсы қабылдады.
– Не көп концерт көп. Сол көптің ортасында өз
жобаларыңыздың өзгеше болуы үшін не істейсіз?
– Жоқ, əр кезеңнің əндері, оны халыққа жеткізуші орын-
даушылары болады. Жəне олар əннің табиғатына, тарихына,
орындалу шеберлігіне қарай əртүрлі болып келеді. Сол сияқты
тыңдаушылары да əрқилы. Қазақта ақын көп. Сол көп ақынның
жырларының бəрі демей-ақ қояйық, көбісі аналарымызға
арналған. Ақынның адуынды өткір жырларына сазды əсерлі
əуен жазған сазгерлеріміз де, Құдайға шүкір, баршылық. Олай
болса, жобалар бір-бірін қайталаудан алыс.
– «Жан анам» жобаңызда қоларбаға таңылған мүгедек
баланың тағдырына араша болғаныңызды көрдік. Ананың
көзінен тамған жасқа сарай теңселіп кетті десек, əсірелеу
болып шығар, дегенмен жанымыз күйзелді. Ананың жа-
нын Ана түсінеді. Дегенмен, осындай қайырымдылық
шара концерт барысында ғана ойыңызға келді ме, əлде...
– Бірде, «Жан анамның» үшінші концертіне дайындалып
жүріп, теледидарда «Аялы алақан» бағдарламасынан жиыр-
ма жасар, он саусағы жоқ баланың анасының көмегіне ғана
сүйенген шарасыз халін көріп, жүрегім сыздады. Дəретханаға
да сүйемелдеп бара жатқан анасының жанарындағы мұңды
көріп одан сайын жандүнием күйзелді. «Менің баламның əр
саусағы екі жарым евро тұрады, көмектесіңіздер, егер екі-үш
саусақ болса, алпамсадай азаматым құрығанда шалбарының
түймесін сала алатын жағдайға жетер еді. Өзім де денсаулығым
жоқ, өліп қалсам балама кім қарайды»,– деп экраннан бота-
дай боздаған анасының даусы көпке дейін құлағымнан кетпей
қойды. Телеарнаға хабарласып: «Маған осы баланы беріңдер,
өзім көмектесейін», – деп мекен-жайын сұрап алдым. Кезекті
концертке анасы екеуін шақырдым. Арасында əлгі теледидар-
дан өзім көрген сюжет көрсетілді. Залдағыларға «Егер мына
жандарыңызда отырған балаға көмек көрсеткілеріңіз келсе,
мына жəшіктерге мүмкіндіктеріңізге қарай қаражат жинайық»,
– дедім де, залға үш жерге жəшік қойдым. Сонда біздің
қандастарымыздың мейірімділігіне таңқалдым, жəшікке қарай
ағылған халық... 5 мың доллар жиналыпты, мен өз қалтамнан 2
мың, Мақпал 500 доллар берді де, 7500 доллар ақшаны баланың
анасына тапсырдық. Бір жылдан кейін əлгі Қуандық баламыз
қолына операция жасатып қана қоймай, астында су жаңа мəшине,
əп-əдемі келіншегімен бірге концертке келіп, келесі бір балаға
жəшікке ақша тастап жатқанын көріп, біздің де мерейіміз өсіп
қалды. Бұл жолы екі бүйрегі семіп, Қытайда екі жарым жыл төсек
тартып жатып қалған он жасар кішкентай қызға көмектескіміз
келген, 6 мың доллар жинап бердік. Кəсіпкерлерге үміт арттық,
50 мың доллар керек екен, аннан-мыннан қаржы жиналды-ау,
бірақ үлгере алмадық, бүлдіршін қайтыс болып кетті. Одан кейін
семейлік бүлдіршін– күнделікті уыс-уыс дəрімен ғана қалт-
құлт етіп отырған Мақсат деген балаға көмектестік. Осы жолғы
«Жан анамда» шөп жинап жүрген комбайнға екі аяғын шайна-
тып алған Нұргелді деген балаға жəрдемдестік. Көзінің оты бар,
болашақта тіс дəрігері болғысы келетінін айтып, жанып тұрған
бала. Протез салса да аяғының сүйегі өсе береді. Сондықтан
жиырма бес жасқа дейін екі-үш ай сайын сүйекке операция жа-
сап отыру керек екен, ол дегеніңіз қыруар ақша ғой. Бұл жолы
4 мың доллар жинап бердік. Өз басым компьютер сыйлағым
келіп еді, бар екен. Алғыр ойлы, компьютердің құлағында ой-
найды. Жасып отырған жоқ,өмірге құштарлығында шек жоқ,
қайсар.Содан бері осындай қайырымдық шараға көп көңіл бөле
бастадым. Төрт сəбиге көмек көрсеттік. «Жан анамның» негізгі
мақсаты да осы.
– Қазақ эстрадасындағы жас жігіттердің қайғылы
жағдайлардан көз жұмуына да бейжай қарай алмадыңыз.
Бауыржанның, Нəбидің, Русланның аналарының көзіндегі
мұңды бүкіл қазақ еліне көрсете білгеніңізге де куə болдық...
– Иə, бұл бір қайғылы жағдай болды. Қазақ эстрадасының
нағыз жұлдыздары болатын-ақ жігіттер еді. Жасындай болып
келді де, жарқ етіп жоқ болды. Руслан мені туған анасындай
сыйлайтын, мен де туған баламдай керемет жақсы көрдім.
Алматыдағы мамамсыз дейтін-ді. Жап-жас азаматтарды өткен
шақпен еске алудың өзі сондай ауыр маған, қыршын кетті ғой.
Үнемі жанымда болды, «Сағындырған əндер-айдың» бірінші
концертін өзі жүргізді, сценарийін де өзі жасады. Қуанғанда да,
ренжіген сəттерінде де маған жүгіріп келетін. «Қазақстанның»
бас продюсері Алтынбек (Рахметов) екеуі керемет дос болды.
Қайтқандарына бір жыл толып қалды ғой. Ананың қайғысы
орны толмас қайғы. Сол балапандарын жоқтап, көз жастары
көл болған аналарға: «Е, балаларымыз аз ғұмыр кешсе де ел
есінде қалатындай саналы ғұмыр сүрген екен ғой, ұмытпайтын
халқы бар екен» деген демеу болсын деген мақсаттан туған шара
болды... Концертке шақырып, тыңдармандарға орындарынан
тұрғызып көрсетіп, сый-сияпат жасап, көңілдерін сəл-пəл бол-
са да көтерейік деген ниет. Қазақ айтады ғой: «Көңіл көңілден
су ішеді» деп, ол қасірет бізді де бей-жай қалдырмағанын
білдірейік деген ой ғой. Нəби мен Бауыржан да қандай аза-
маттар еді?! «Жазмыштан озмыш жоқ» дегенді де сол қазекең
айтқан. Өнерде де, өмірде де туған анасындай жанына жақын
тартқандықтан, өнер десе жанып тұрған Русландай азаматтарды
еске алу, тіпті менің ғана емес, кез келген қазақ өнерін сүйген
азаматтың парызы десе де артық болмас. Бүгінде қатыгездеу
қоғам болып тұр ғой, қалтасындағы қаржысына мастанып, жеке
бір барлықтың-байлықтың қызығынан басқа қызық жоқ деп са-
найтын мейірімсіз ұрпақ көбейген заман. Өзіңіз де білесіз, ата-
анасын қарттар үйіне тапсырған, анасы мен қызы, ағасы мен
қарындасы араласпай қалған жағдайлар айналамызда көп-ақ.
Қарттар үйі мен балалар үйінің тұрақты тұрғындарының 80 пай-
ызы өзіміздің бауырларымыз екенін көріп те, біліп те жүрміз. Ал,
мұндай қайырымдылық шаралары өмір мен өлімнің арасының
тым-тым жақын екенін еске түсіріп қана қоймай, бір-бірімізді
тірлігімізде сыйлай білуге, қанымызда бар бауырмалдықты
қандай жағдайда да сақтауға тырысайық дегенді меңзейді.
Өйткені, өмірдің өзі қуаныш пен қайғыдан тұратынын түйсігі
бар пеңде жанымен түсінуге тиіс.
– «Сағындырған əндер» жобасы да «Сағыныштан» ерек-
шелеу шығыпты. Əншілерді топтау арқылы халықтың ру-
хани дүниесіне жаңаша қарағыңыз келе ме?
– «Жан анамға» бес жыл толған кезде мен ретро əндерге
көштім. Алғашында əртүрлі «Сағынтқан əндер», «Сағынтқан
əнің», «Қазағымның əндері-ай», «Халық əні– халық қазынасы»
сияқты айдар таққымыз келіп, содан «Сағындырған əндерге»
тоқтадым. Мұның бəріне ой салып, ойтүрткі болған «Ел»
продюсерлік орталығының жақсы төрт жобасы бар: «Əн мен
əнші», «Інжу-маржан», «Сағыныш» атты əн кештеріне арналған.
Өте жақсы жоба. Бұл екі жобаның аттары ұқсас болғанмен,
екеуі екі бөлек дүние. Бірақ, мақсат ортақ: екеуі де еңкейген
қарттан еңбектеген балаға дейін уілдеп, гуілдеп, сызылта сала-
тын, ел есінде мəңгі сақталған, ұрпақтан ұрпаққа сол күйі еш
өзгеріссіз жетіп, жалғасып келе жатқан шығармалар. Кезекті
кеш ұйымдастырылды. Кеш өте жақсы өтті. Бірақ, белгілі бір
топ қана əндер орындайды. Белгілі танымал əншілер, бас-аяғы
жиырмаға жуық. Көбі жастар. Өз басым сол ретро əндерден
сусындап қана қоймай, мөлдір бұлағынан қанып су ішкен
адаммын. Ата-анам да сол əндермен өсті. Қай композитордың
кез келген əнін айта аламын. Қазақ əндерінің күміс көмей
əншілері Бибігүл апамыздан бастап, киелі сахнаға енді ғана
шығып жүрген жас толқынмен бірігіп неге əн орындамасқа де-
ген ой санаға кіріп алған соң, оны жүзеге асырмауға болмады.
Əн өнеріне бейімі бар, талаптанып жүрген кез келген жас əнші
өздерінің алдындағы танымал əншілермен бірігіп əн айтуды
армандамаушы ма еді?! Алғашқы екі жарым сағатқа созылған
кеште 65 əнші қатысып, 32 əн орындалып, кештің көшін
Бибігүл Ахметқызы өзінің шəкірті Толқынмен əн айтып баста-
ды. Нұрғали ағамен бірге əн салсам деп армандаған бірнеше
тенор балаларды сахнаға шығардық, Розамен, Мақпалмен
бірге сахнада əн айтуды армандайтын жас əншілер көп қой,
ұрпақтар жалғастығы деген де осы. Оның үстіне аға буын,
орта, кіші буын өкілдерімен бірігіп əн айтудың пайдасы да көп.
Бүгінгі жастардың көбі əн текстерін, əуенін бұзып айтатыны
жасырын емес. Жаңа заманның ағымымен əндерді орындай-
мыз деп əуенді батыстық бір сарынға бұрмалап жатады. Оның
үстіне қалай, қайтіп орындаумен қатар сахна мəдениетіне
де үйренеді. Бұл жобаны халық жақсы қабылдады. Біздің де
белгілі тыңдармандарымыз қалыптасты, қатары көбейді. Тіпті,
бір жоба аздық ететін болды да, кейінгі екі жоба тіпті, халықтың
сұранысымен жүзеге асты десек те болғандай. Содан кейін
біз мүмкіндігінше сапалы дүние жасауға тырыстық. Тапқан-
таянғанымызды сол жобаның келесі концертіне дайындыққа
жұмсаймыз. Сондықтан да «Сағындырған əндер-ай» алдыңғы
орындағы, халық өте жақсы қабылдаған жоба болды. Ал,
үшінші жоба ретінде «Жұлдызға 77 сұрақ» деп шағын
бағдарлама алып едім, əлі шикілеу көрінді. Мүмкін, басқаша
бір қырынан келу, əлде телешоу сияқты ұйымдастыру керек пе
еді, ойланып қалдым. Уақыт көрсетеді. Ал, енді «Алтын дом-
быра» атты ауқымды жоба дəстүрлі əндерге арналған. Осындай
ниеттен «Алтын домбыра» дүниеге келді. Сөйтіп, өнер кешіне
құрметпен шақырылған Астанадан Қайрат Байбосынов,
Оралдан
Хатимолла,Түркістаннан
Қажыбек
Бекбосынов,
қызылордалық Алмас Алматов, семейлік Гүлдана Ноғайбаева,
атыраулық Қайрат Кəкімов, алматылық Сəуле Жанпейісова,
Айгүл Қосанова, Ерлан Рысқалилар қатысып, тыңдарманның
көз қуанышына айналды. Тірі дауыспен айтар əнді, оның үстіне
домбыраны сағынған халық екі жарым сағатқа жуық тапжыл-
май отырып, риза болып тарасты. Залда инешаншыр орын
қалмады десем, мақтанғандық емес. Біраз уақытқа дейін жер-
жерден ризашылығын білдіріп, рахмет айтқан халықтың са-
нында шек болмады. Тек, бір қиналғаным, ұйымдастырушылық
шара дегеніңіз жаныңызды жеп қоятын тірлік. Сондықтан
шаршағаным білінді. Майраның əні «Майраны» айтқанда тіпті
тамағым кеуіп, даусым жөндеп шықпады ғой деймін, өзіме
ұнамадым. Ең басты мəселе – залды толтыру, билет сатылуын
қадағалау. Бұл орындалмады ма, еңбегіңнің бəрі құмға сіңгені
дей бер. Менің жобаларымды ел мақтайды, ал шын мəнінде
оның бəрі маған оңайға соғып жатқан жоқ. Бұл ретте, маған
үлкен демеу болып, көмек көрсетіп келе жатқан «Қазақстан»
телерадио корпорациясына рақметім шексіз. Менің барлық
бағдарламам бойынша жүрген концерттерімді тегін түсіріп,
телеэкраннан республикамызға көрсетіп келе жатыр. Осы
жолы он күн қатарынан «Алтын домбыраны» тегін жарна-
малап берді. Қазақ радиосы да тегін жарнамалады. Осындай
ірі ақпарат құралдары үнемі бір жағымнан демеп жатқанына
қуанамын. Қалалық əкімдік, сондай-ақ, депутат-кəсіпкер
Нұртай Сабильянов мырзаның көмегін де айтпасқа болмас.
«Жалғыздың үні шықпас» дегендей, əрине, менің жалғыз өзім
бұларсыз не тындыра алар едім, Алладан қайтсын. Ешкім де
біреу үшін емес, ортақ қазына, қазақтың ортақ мəдениеті мен
өнеріне қызмет етіп жатқанымызды түсінетін осындай ұжым,
азаматтардың арқасында аяғымыздан тік тұрып келеміз. Егер
Өнер академиясын бітірмегенде не режиссер, не журналист бо-
лар едім деп қиялдап қоятын кездерім де болады.
Мен кез келген тірлікке ойланып-толғанып кірісетін, əбден
толғағы жеткен соң ғана жүзеге асыратын, шынымды айтсам
ұзақ «толғататын» адаммын. Ойды жүзеге асырғаннан кейін де,
ұзақ уақыт келесі дүниелерге ойша сапар шегіп жүремін деп біраз
идея ларымнан айырылып та қалатын жағдайларым бар.
Бес ай болды «Сақ» этнотобын құрып жұмыс жасап жатыр-
мын. Жалпы, ойға алған мақсатты дер кезінде ештеңеге қарамай,
алаңдамай өз бетіңше тірлік жасап, жүзеге асырып жіберу ке-
рек екен. Сəл кешіктің бе, қайталау сияқты қабылданады. Аты
тарихи ат болған соң, тіпті киімдерімізден де сол заманғы сəн
үлгілерін көрсетуге тырыстық. Сəнгерлермен де жұмыс жақсы
жүріп жатыр. Тұмар ханшайымның киім үлгілерін көрсетіп,
жалпы сақ заманына сапар шекпекпіз. Сосын жоғарыда
айтқанымдай, жеке студия аштым, бұл да ұзақ жылдардан ар-
ман болған тірлік еді. Бірақ мұның бəрі қиындықсыз болмайтын
дүние, өйткені қыруар қаржы қажет. Ал қаржы табу, үнемдеп
жеткізу дегеніңіздің əбден қажытатыны тағы бар. Мұның
бəрін жинап қойғанда, өзіміздің ұлттық бояуы қанық, мəңгі
өлмейтін қазақ əндерін насихаттауға деген махаббат бəрін де
жеңіп тұр. Республикалық байқауларда жүлделі орындар алған
жастарды шақырдық. Өйткені, облыс көлемінен аса алмай, на-
сихатталуы жетпей жатқан таланттар қаншама? «Алтын дом-
бырада» да Жүсіпбек Елебеков, Əміре Қашаубаев, Ғарифолла
Құрманғалиев, Кенен Əзірбаев, Дəнеш Рақышов атындағы
байқауларда бас жүлдеге ие болған əншілерді көпшілік жақсы
біле бермейді ғой, өйткені, ол концерттер теледидардан
толық көрсетілмейді де. Міне, соларды көпшілікпен бір-екілі
табыстырдық. Болашақта бəрін де қамтысақ па деген ой бар.
– Осы шаралардың бəріне, құпия болмаса, қаржыны
қайдан тауып жатырсыз? Əнші Майра байып кетіпті
дегенді жиі естиміз...
– «Сағындырған əндер-айға» белгілі бір азамат көмектескен,
алғашқы концерт болған соң елдің көңілінен шықсын, дұрыс
болсын деп залға да, жарыққа да жоғары деңгейде қаржы
төлегенбіз. Ал, негізгі демеушілерім – халықтың өзі. Қазақта
байшыкеш жігіттер көп болғанымен, өнерге, қазақ сахнасы-
на, мəдениетіне жаны ашитындар жоқтың қасы. «Алтын дом-
быраны» қоятын шығармын, шаршадым, басқа-басқа емес,
қаржы мəселесі шаршатты деп ойлағанмын. Қазақтың ме-
ценат жігіттерінің бірі Нұртай Сабильянов уəде беріп отыр,
сондықтан «Алтын домбырамен» қоштаспайтын сияқтымыз.
«Жақсы сөз жарым ырыс» демекші, əлгі «байып кетіпті»
деген сыбыс болса да жүрекке жылы естіледі екен. Мүмкін,
концертті жиі өткізіп тұрғандықтан айтылған болар, ал кон-
церт өткізіп байиды деген тіпті бос сөз. Оны ұйымдастырып
жүргендер жақсы біледі. Мен үшін ең бастысы, ұйымдастырған
шараның өзін-өзі ақтауы ғана. Ал енді артылып жатқан жағдайда
киім үлгілері мен сапа жағына жұмсар едім. Сондықтан тағы
да айтқым келеді, менің демеушілерім – тыңдармандарым.
Қолдаушым да, жебеушім де – халық! Халық аман болса, қазақ
əндері де өміршең!
– Осы күні билетті қолдан үстемелеп сатушыларды
тоқтауға болмай ма?
– Ол енді айтыла-айтыла жауыр болған мəселе. Тоқтамайды,
оны тоқтатса тек сарай əкімшілігі ғана тоқтатуы мүмкін. Менің
ойымша, бұл «жең ұшынан жалғасқан» тірлік. Ең сорақысы
өткізе алмағандарын концерт басталатын кезде қайтадан
кассаға өткізіп тастайды екен.
Бұрын теміржол бойында да осындай тəртіпсіздіктер болды
да, қазір тыйылды ғой. Қолға алса нендей жағдайды да рет-
теуге болады, тек құнттамаймыз. Мамыр айында Республика
сарайында күрделі жөндеу жұмыстары жүреді де, екі жылға
жабылады. Осы аралықта басқа залдарға ауысамыз, мүмкін
жағдай басқаша болатын шығар.
– Қазіргі қазақ эстрадасында ортақ бір байланыс жоқ
сияқты, əншілерге ортақ ұйым, ортақ мекеме керек-ау.
Бұған қалай қарайсыз?
– Шын мəнінде, біртұтастық, бірауыздылық, ұйымшылдық
жоқ. Бізде театр қоғамы бар, композиторлар қоғамы бар, жазу-
шылар одағы бар, неге əншілер қоғамын құрмаймыз деп айтып
жүрміз.Зейнетке шығып кеткендерге қамқорлық жасап, аға
буын əншілерге өзімізге ішінара көмек көрсетіп, бір жағынан
сауапты іс жасап, қажетін өтеп отырсақ болмас па? Біздің
елімізде тек спортшыларға ғана аса көңіл бөлінеді де, жүлделі
орын алып келсе тіпті, бір-екі бөлмелі пəтер беріп жатады да,
өнер адамдары үнемі сырт қалып қояды. Қаламыздың түкпір-
түкпірінде пəтер жалдап жүрген жас əншілеріміз қаншама?
Егер əншілер қоғамы болса, солардың жоғын жоқтап, барын
қадағалап отырар едік. Тағы бір жаныңды ауыртатын мəселе,
«Ұлытаудай» əлемге əйгілі топты өмірге əкелген, қазақтың
термесін алғаш эстрадамен орындаған Қыдырəлі Болмановтың
ешқандай атағы жоқ. Талайдан елді тамсандырып келе жатқан
Сəуле Жанпейісованың өзі осы таяуда ғана алды. Ал осылар-
дан кейін, қаншама жыл кейін сахнаға шыққандар атақ алып,
еңбек сіңірген əншілер атануда. Егер əншілер қоғамы болса,
өз рет-ретімен ұсынылып, бағаларына қарай сый-сияпатын,
атағын алып жатар еді ғой. Біздің алдымыздағы толқын, кейінгі
буын, одан жас буынның басын біріктіріп ақылдастар алқасын
құрып, тиянақты жұмыс жасауға болады, əрине.
Ал қазірше шашырап жүргеніміз рас. Қазақ эстрадасы мен
Қазақстан эстрадасы болып жүргеніміз де рас. Одан да « шала»
қазақ эстрадасы мен «таза» қазақ эстрадасы деген жөн болар
еді. Қазақша таза əн айта алмайтын, шала қазақтар өздеріне
Қазақстан эстрадасы деп айдар тағып алған тəрізді. Оның
ішінде аты-жөні белгілі, танымал бірен-саран əншілеріміз де
бар, сол «шалалықты» мəдениеттің асқан түрі санап, өздеріне
риза. «Сағындырған əндер-айда» осындай бөліну болма-
сын деп, «Перцы», «Кеш–Ю», «Мечта», «Орда», «Ринго»,
«ВиаНегри» топтары шақырылды. Сондықтан одақ құру ту-
ралы ойды жүзеге асыру керек, бір бастасақ біраз шаруа
тындыруға болар еді.
– Майра, сіздің бос уақтыңыздың жоқ екенін жақсы
білеміз. Дегенмен, босай қалсаңыз немен шұғылданасыз?
– Бір жасқа толып қалған Сұлтан-Əлі атты немерем бар.
Аптаның жексенбісі қандай кезек күттірмес тірлік болса да
тоқтайды. Балапаныммен қала аралаймын, қызым мен күйеу
баламды ертіп тауға серуендеймін. Бүкіл шаршағанымды сол
ғана ұмыттыра алады. Сосын кітапқұмармын.
– Сізді əнші ретінде, продюсер ретінде жақсы таныл-
дыңыз. Ұстаздығыңыз тағы бар. «Жан анам» атты
қоғамдық-қайырымдылық қор да құрыпсыз. Дегенмен,
неге жалғыз бала тудыңыз?
– Жанды ауыртатын сұрақ. Осы сұрақ алдымнан жиі
шығады. Бірақ мен сұраққа ашық жауап беремін. Өмірімдегі
үлкен бір қателігім де осы болды. Ол кезде пəтер мəселесі
қиын, өзім студентпін, жолдасымның жалақысы аз. Балалар
бақшасына орналастыру қиямет. Жетектеп жүріп сабаққа апа-
ратынмын. Осының бəрі жүрекке тиіп қалды ма, пəтер алған
соң деп жүргенде, менің атағым да біраз жерге барып қалды. Ел
біле бастаған кезде шетелден-шетел асқан өнерсапарлары бас-
талып кетті. Танымал бола бастаған соң, шақыру да көбейеді.
Қойшы əйтеуір, қартаймайтындай жүре беріппіз ғой. Араға он
үш жыл салып көтерген сəбиім шетінеп кетті.
Қазір өзімнің əнші қыздарыма жиі айтатын болдым. Қыз
баланың өмірге келгеннен кейінгі ең негізгі мақсат-мүддесі, ол
– асыл жар, ардақты ана болу, дүниеге ұрпақ əкелу. Ол мейлі
кім болса да, əнші бола ма, қандай мамандық иесі болса да,
алдында осы бір мақсатты жүзеге асыру міндеті тұру керек.
Қызым бойжетіп, бойтүзей бастағаннан осындай бір
қағидаларды құлағына құйып келемін. Тұрмысқа шыққаннан
соң жұмыстан да шықты. Құдай бергенінше, нəрестелі
болғанын қалаймын. Менің қателігімді қайталамаса екен деп
тілеймін. Барым-байлығым Тоғжаным аман болсын!
Осы бір олқылықтың орнын толтыру мақсатымен «Жан
анам» деген қор аштым. Қордың тірлігі жақсы жүріп, жолға
қойылса, көздері мөлдіреп жетімханада өсіп жатқан 15 бала-
ны үкіметтің рұқсатымен алып, асырап, соларға мейірімді
ана болғым келеді. Оны балалар үйі немесе жетімдер үйі деп
атағым келмейді. Ол мүмкін «Қуаныш» үйі не болмаса «Əнші
Майра ауылы» бола ма, қалай атайтынымды білмеймін, бірақ
балалардың жүрегіне, көңіліне кірбің ұялатпайтын əдемі бір
отау құрмақпын. Жазда гастрольдік жоспарланған жолсапарла-
рым бар, күзге салым осы бір шараны қолға алсам деген үлкен
ниет үстіндемін. Менің ол балаларым əрі өнерлі, білімді, шы-
мыр да мықты болып шығатындай салауатты өмір сүретін бо-
лады. Саны бар, сапасы жоқ балалар үйі емес, төрт құбыласы
түгел, бар отбасында өсіп жатқан сəбилермен бірдей өмір
сүретін балалар үйін құрып, кəмелеттік жасқа жеткізгім келеді.
ҒАЗИЗА ƏБДІНƏБИЕВА:
ӨНЕРГЕ КЕЛСЕҢ, ЖАРҚ ЕТІП ЖАНА БІЛ
Кейде дидарласқың келген кейбір кісімен əңгімелесудің
сəті түспей, ұзағырақ жүріп алатының бар. Ғазиза апай да
біраздан бері ойда жүрген. Əсіресе, тоқсаныншы жылда-
ры өнер əлеміне жақсы жол сала келген телесериалдарда
Əбдінəбиеваның ерекше қолтаңбасы бар екенін өнер сүйер
қауым ешқашан ұмытпас. Актрисаны жақсы білетіндер
əлі күнге «тетя Роза» деп атайтынын да талай құлағымыз
шалып қалғаны бар.
Ол кісінің бізге ұнаған айрықша бір қасиеті – өзінен
гөрі өзгелер: əріптестері, қатарлас-сахналастары жайлы
көбірек айтқанды жақсы көретіні еріксіз тəнті етті. Жаны
жақсы адамдар əрқашан осындай ғой.
Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің
иегері Ғазиза Əбдінəбиеваны сырттай жақсы білгенімізбен,
бұрын-соңды шүйіркелесіп көрмеген актрисамыз еді.
Кабинетіне кіргенімізде диванның үстінде жатқан юбканы
қолына алып иіскелеп қойды да:
– Білесің бе, мына юбка Сəбира апамның юбкасы, қасиетіңнен
айналайын, өзіне ұқсап мол пішілгенінің де пайдасын тигізіп
жатыр, – деп риясыз күліп алды да əңгімесін жалғастырып
кетті. – Академиялық театрға ауысып келгендегі менің бір
ұтқаным да осы болды-ау деп ойлаймын. Сəбира апам ойнаған
спектакльдерде ойнай бастағаным, сол шығармаларда ол кісі
киген мына киімдерінің менің қолыма түскені, бəрі де тегін
емес. Сəбира апамның юбкасы театрда менен басқа ешкімге
шақ келмейді. Əлі күнге құлағымыздан даусы кетпейтін ерекше
дарын иесі. Сəбира Майқанованы еске алуға арналған биылғы
«Театр көктемінде» сол кісі ойнаған спектакльдер арасынан
бас жүлдені жеңіп алып, жазда Анталияда дем алып келдім.
Бұл да болса «Жақсының шарапаты» болар.
Ал, қазір ұлттық бояуы қанық «Айналайын, немерем» атты
телесериалға түсіп жүр едім. Көрермен жақсы қабылдаған
«Ағайындылардан» есімі жақсы таныс Ақан Сатаевтың
басшылығымен түсіріліп жатыр. Иманжүзді, білімді əрі өте
қарапайым жігіт. Олай дейтінім, рөлде ойнап жүрген кез келген
артистің жағдайына қарай жұмыс жоспарлайды екен. Сосын,
шығармадағы кейіпкердің қысқа да нұсқа характерін бір жапырақ
қағазға жазып қолыңа береді, сол талаптан шығуың керек. Бұл
жұмысты ұйымдастыра білудегі жақсы үлгі ғой, өзіме ұнады.
Жалпы, өз басым қаншама киноға түсіп жүрсем де, театрдағы
жұмысыма кедергі келген, не болмаса сұранып көрген жан
емеспін. «Перекресток» не «Саранчада» да бірде-бір рет
театрдағы репетициядан қалып көрмеппін. Киноға шақырған
топқа осындай міндеттеме қоямын. Келіседі. Қашанда театр
сахнасы мен үшін бəрінен биік.Осы жолы да жұмыс солай
жүріп жатыр. Түсірілім таңғы сегізден басталады.
Жастар театрында жиырма бес жылдай еңбек еттім. Содан
кейін төрінде талай марқасқалардың ізі қалған, киелі шаңырақ
– Əуезов театрына келдім. «Жыртық үйдің құдайы бар» деген-
дей, əсіресе, Майқановадай ерекше дарын иесінің мол пішілген
киімдері менің алдымнан құт болып шықты. Сəбира апай-
ды киіндірген Əсия деген қыз бар. Жылына бір рет апайдың
киімдерін маған беріп қояды. Тозыңқырап қалған бір етігін
жөндетіп қойдым. Бір етігін киіп жүрмін. Мына юбканы да та-
залатып, жыртылған жерлерін өңдетіп, арасында маңдайыма
басып тəбəріктей тəу етіп қоямын. Толғанай-Сəбираның
киімдері маған ғана шақ етіп тігілгендей. Соған бақыттымын.
Жазушы Дулат Исабеков Сəбира апама арнап пьеса жазған. Сол
«Мұрагері» 1978 жылдары жазылған дүние ғой, ол кісі өмірден
өткен соң тоқтап қалған екен, мен келгеннен кейін сахнаға
қайта шықты. Оразхан Кенебаев қайта қойды. Қазақстанның
еңбек сіңірген артисі Бақыт Жанғалиева екеуміз ойнадық.
Сəбира апайға ұқсамасақ та кейбір тұстарда дауыс мəнеріне,
сахнадағы жүріс-тұрысына еліктеп қоямыз.
Содан кейін спектакльде режиссердің, қатар ойнайтын
актерлердің көзқарастары, жылы қарым-қатынастарына көп
нəрсе байланысты.
– Жастар театрында ұзақ жыл еңбек еттім дедіңіз.
Өнердегі сол алғашқы қадамыңыз жайлы əңгіме өрбітсек...
– Ол енді тарихы тереңде жатқан, екінші курста оқып
жүргеннен-ақ табанымның ыстығы қалған сахна – жастар те-
атры ғой. Өнер деген өзі адамға күш беретін, желпіндіретін,
көңіліңді көтеретін қасиетті сала емес пе? Студенттердің бəрі
массовкаға қатысамыз. Əрі мамандығымызға бейімделеміз,
əрі бір сомнан ақша төлейді, соған мəзбіз. Сахнада əрі-бері
жүгіреміз де жүреміз. Бір күні «неге мен жүгіре беруім ке-
рек» деп, жүгіріп өткен топтан бөлініп, сахнада жан-жағыма
жалтақтап қарап қалып қойдым да, сəлден кейін соңдарынан
тұра жүгірдім. Залда қарап отырған режиссер: «мына қыз кім,
маған шақырыңдаршы»,– деді орысша. Өзім бірауыз орысша
білмеймін, түсінбеймін де. Қасымдағылар да аң-таң. Сөйтсем,
əлгі қимылым ұнаса керек, «репетициядан қалмай, келіп
жүрсін» депті. Содан театрдан шықпайтын болдым. Сөйтіп
жүріп спектакльдегі жанама рөлдермен қатар, жеке бейнелерге
қол жетті. Үшінші курста жүргенде «Махаббат неге оянбады?»
деген спектакльде ойнадым. Бұл менің алғашқы жасаған жеке
образым.
80-ші жылдары Арал жаққа гастрольде жүріп, қиырдағы
бір ауылда бір үйге тоқтадық. Мұғалімдер отбасы екен. Сонда
əлгі үй иелері сол спектакльде танысқанын айтып, мыжылып
қалған ескі билеттерін көрсетіп, мəре-сəре болып қалдық.
Менің де жастау кезім, əлгі билетті, спектакльдің программа-
сын не болмаса əлгі жас жұбайлардың аты-жөндерін жазып
алмағаныма қазір қатты өкінемін.
Жастар театры болғаннан кейін жас қыз-келіншектердің
рөлін ойнап жүріп, алғаш Əкім Таразидің «Жақсы кісі»
спектаклінде Балзия деген ананың рөлін ойнадым. Жанат
Хаджиев қойды. «Алдымызда апаларымыз бар ғой» десем,
«қашанғы қыз болып жүре бересің, саған бетбұрыс жасау ке-
рек» деді.
Талай режиссерлармен қызметтес болдым. Болат Атабаев-
тың қаталдығы, Əубəкір Рахимовтың іскерлігі риза етсе,
ондағы қызметтес, сахналас болған актер-актрисалардың
өнеріне қалай сүйсінбессің!? Күлəй Мұратəлиева деген ак-
трисамыз болды, қос жанары шарасынан шығып кете жаздап
сахнаның төрінде отырғанда бір керемет! Бибіза Құланбаева
ше, аңыраған үнін сол бойы қолдана алмадық та. Мəкіл
Құланбаевтардың отбасы ғой, сондықтан да сахналастарымның
əрқайсысының шығармашылық ғұмырымдағы əсері мейлінше
мол. Мариям Жақсымбетова деген күн дидарлы актриса болды.
Оның қайталанбайтын сұлулығы əлі күнге оны білетіндердің
жүрегінде. Ақмаңдайлының өзі, сахнаға шыға келгенде
төңірегіне сəуле шашып, зал нұрланып кетер еді. Кейде ойлай-
мын, солар жайлы қағазға түсірейінші деп, бірақ қол тимейді.
Солардың жалғыз көзі Қасым аға қалды, бүгінде ол да елеусіз.
Сексен жылдығын атап өте ме, өтпей ме, белгісіз...
Жастар театры – менің жастық шағым, өмірімдегі ең бір
қимас кезеңдерім өткен жер. Ұлылардың ізі – Жəкібаев Қасым
ағамнан басқа ешкім қалмады, жүректі ауыртпайын деп көп
бас сұға бермеймін. «Гамлетті» Алтынбектей ойнаған ешкім
жоқ шығар. Əмина апам қандай керемет! Осылар жайлы тіпті
кейде ауызға да алынбай жатады, ішің ашиды-ақ. Өмірімнің
ең бір қимас шақтары, бақытты кезеңдері сол театрда өтті.
Гүлжамал Қазақбаеваның бір жақсы қасиеті бар, ол үнемі
қойын дəптеріне жазып жүреді.
– Сізден бір байқағаным, өзіңізден гөрі өзгелер жайында
айтқанды ұнатады екенсіз. Бұл жақсы қасиет-ау...
– Қазақ айтады ғой, «Илегенің бір терінің пұшпағы»
деп. Өнер деген үлкен бір қасиетті шаңырақтың астында,
көрермендердің қуанышына бөленіп жүргеннен кейін, сол
талғамы терең көпшілікке ұсынатын ортақ дүниелер үшін
тер төккен қайран аға-апаларымыздың жүріп өткен бүкіл
ғұмырлары үлгі-өнеге ғой. Ал өзімнен кейінгілердің бəрі сый-
лап тұрса, өнеріңді бағалап тұрса, білмегенін сұрап тұрса,
əрине, ақыл-кеңесің жетіп жатса, бірлесе жұмыс істегенге не
жетсін. Театрда бір бөлмеде «тұратын» Данагүл, Гүлшаттар
маған дейін де көрермені қалыптасқан актрисалар. Біздің
алдымыздағы толқын, тіпті керемет. Марқұм Шолпан апай
Жандарбекова, Хадиша Бөкеева, Елебекова Хабиба апайлар
ше? Шəріпова Фарида апамның өнері түгілі, сахнадағы жүріс-
тұрыстарына əлі күнге ғашық болып келеміз. Сөйлеу мəнері,
дауысы, құлаққа жағымды үні, кербез жүрісінен əлі күнге
таймаған сұлу! Кейіпкерлерімен бірігіп, тұтасып кететін рөлдері
қандай! Əлгі кейіпкерлерінің образына кірігіп кеткендері сон-
ша, сөздерін жаттап алғандары сонша, өз сөздерімен толығып-
толысып əдемі бір иірімге түсіп алған. Өнердегі қара шалдар-
ды айтпағанның өзінде Сəбира, Бикен, Əмина апайлар, шын
мəнінде қайталанбайтын тұлғалар ғой.
«Біржан салдың» түсірілімі кезінде Хабиба апаймен
Бурабайда он екі күнді бірге өткіздім. Əңгімешіл-ақ. Таңды
таңға ұрып əңгіме-дүкен құрамыз. Жігіттерге əн салғызады.
Сонда біз кəдімгідей шаршап қаламыз, ал ол кісі өзін
соншалықты сергек ұстайды. Тіпті қай жылы, қай күні қандай
спектакльдің премьерасы қалай жүрді, бəрін жатқа айтады.
Есте сақтау қабілетіне таңғалдық.
Сонау, тоқсаныншы жылдардың басында, тоқырауға
ұшыраған заманда біраз талантты азаматтарымыз театрмен
қоштасып, күнкөріс қамымен қызмет ауыстырып жатты.
Бертінде де біраз қыз-жігіттер, əсіресе, жігіттер кетіп қалды.
Дегенмен де, бүгінде театрда əр толқынның өзінше жас шама-
ларына қарай қалыптасқан шығармашылық топтары бар. Қазақ
өнерін қалыптастырған, іргесін қалаған небір дарынды актер-
лер жайлы күн-түн əңгімелеуге болар еді, əрине...
Біз актрисаның əлденеге алаңдап, «Қазақфильмге» түсі-
рілімге асығып отырғанын сездік те, сұрағымызды теле-
сериалдарға бұрдық.
– Өзіңіз тоқырау деп қалдыңыз, ал сол жылдары
еліміздің төл туындылар қатары ұзын-сонар телесериал-
дармен толықты. Бұл таза өнерге жата ма, əлде өмірімізге
күнкөріс қамымен енген жаңалық па?
– Əрине, өнер! Бұл тоқырау жылдарындағы халықтың əл-
ауқатының төмендеп, еліміздің экономикасы ақсап тұрған
өліара кезеңде, халықтың көңіл күйін басқа бір жақсы
нышандарға бөлу мақсатында ұйымдастырылған шаралар.
«Перекресток» орыс тілінде болғанымен, менталитеті таза
қазақша жоба. Қазақи тəрбие, ата-əже, немере, келін, күйеу
бала орыс тілдерінде «сайрағанымен» тірліктері, тек қалада
өтіп жатқан оқиғалар дегеніңіз болмаса, таза қазақи тіршілік.
«Ағайындыларды» қалай төл туындымыз демеске, өйткені,
қазақтың ұлттық тəлім-тəрбиесі, үрдісі аңқып жатқан жоқ
па?! Қазақтың қаны тасып жатыр, ағайындылардың бір-біріне
мейірімі, бауырмалдығы былай тұрсын, көршілеріне дейін
қазақи ауылдың ғана емес, қалалықтардың да тірлігіне жақын
əрі таза төл туындыларымыздан бірде кем емес. Əңгімелері
былай тұрсын, үй-жай, қора-қопсықтарына дейін қазақтың
тірлігі емес деп көріңізші? Экранға көз салғаннан жүрегің жы-
лып сала береді. Теледидардың да мүмкіндігі мол.
Қазір «Айналайын, немерем» түсіріліп жатыр. Гүлжамал
Қазақбаева, Бекжан Тұрыс, Кəдірбек Елеусізов жəне мен.
– Бүгінде актер-əншілер тойшыл деген пікірге қалай
қарайсыз?
– Қай заманда да əнші-актерлер сал-сері болған. Оның үстіне,
тойхана ма, театр ма, халықтың алдының бəрі сахна ғой. Той
иелерінің өзі соны мəртебе санайтын жағдайға жетті, «пəленшенің
тойында анау əнші болыпты» дегеннің өзіне марқаятын қазақтар
баршылық. Сондықтан мен үшін əбестігі жоқ.
– Сізді комедияда да, трагедияда көріп жүрміз. Жа-
ныңызға қай жанр жақын?
– Мен негізі трагикомедияны жақын көремін. Жылап отырып
күліп, күліп отырып ағыл-тегіл жылау дегеніңіз, жан дүниеңіздің
жаңаруы ғой. Бірақ, өкінішке қарай, бұл жанр көп жазыла бермейді,
шығармалар жоқ болған соң қойылмайды. Өте сирек. Əрине,
«Ана-Жер-Ана», «Қаракөздің» орны бөлек. Əркім өзінің жаны-
на жақын шығарма жазады ғой, өмірге əкелген əр перзентіңнің
тағдыры да əрқилы болатыны сияқты, шығармашылық ғұмыр да
дəл солай. Өз басым Сұлтанəлінің көркем дүниелерін, əсіресе,
арнау шығармаларын жақсы көремін, жаныммен қабылдаймын.
Таза сезімге құрылған шығарма қай заманда да шынайы болмақ.
Балғабаев сияқты драматургтер театрмен байланысын үзбесе, те-
атр репертуарына жаны ашып, атсалысып тұрса, артистердің де
шабытына шабыт қосылар еді. Қазақ əдебиетінде құнды дүниелер
жеткілікті-ақ. Дегенмен, тіршіліктен алыстап кетпейтін сезім,
шынайы бауырмалдық, махаббат, өмір жайлы туындылардың
халыққа көптеп ұсынылуы қажет-ақ. Жалпы, өнер адамдары қос
тағдырлы ғой, өз ғұмырың, сахнадағы ғұмырың. Тіпті, кейде екі
жүрек бар сияқты деп ойлаймын.
– Əңгімеңізге қарағанда, театрда да, өмірде де бақытты
сияқтысыз. Өнер адамының бақыты неде?
– Əрине, қыз баланың өмірге келгеннен кейінгі негізгі міндеті
– тұрмыс құрып, сəби сүю ғой. Тіршіліктегі сəттіліктердің бəрі
отбасынан бастау алатыны белгілі. Өз ошағында бақытты адам
қызметте де жолы болғыш, айы оңынан туып тұрады. Бұл
жағынан менің маңдайымның бағы бар актрисамын. Жолдасым
да, ата-енем де өнерге жандары ауырып тұратын, түсінетін
жандар болып кездесті. Ал балаларымды өзімнің кəсібіме
баулуға жүрексіндім. Тіпті, сенсеңіз, бірде-бір рет театрға алып
келмеппін. Кейде бұл қылығыма өкінемін де, өйткені, бойында
өнерге деген ынта-ықыласы бар адам өте əсершіл, адам жанын
тез ұғатын, мейірімді болып өседі. Ер балалар болған соң солай
ұстанған болуым керек, кəсіптері жаман емес. Дегенмен, кей-
де бойларынан жылт ете қалған жасудай əсерлі қылық көрсем,
«əй, осыдан актер шығар ма еді» деп қалатыным бар. Өнердің
жолы өте ауыр екенін сезінгендіктен де, өнерге келдің екен
жарқ етіп, жарық жұлдыздай жануың керек деп ойлаймын. Ал
жолың болмады екен, басқа кəсіп ізде. Ер-азаматтың отбасының
тірегі, асыраушысы екенін ескеріп кейде ұлдарымның басқа
мамандықты қалағандарына тəубе деймін. Актер танымал бо-
луы керек, барған, жүрген жерлерінде біреулердің танып-біліп
жатқанын жаның қалап тұрады...
Өнер адамдарын ел біліп, халық танып жатқанымен де,
еңбектің еленіп жатқаны да жаныңа жылылық сыйлай-
тыны ақиқат екеніне көз жеткізгендей болдық. Өнердің
үш тармағында да өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан
актрисаны Алматының жоғары жағында орналасқан
«Қазақфильм» ғимаратына дейін шығарып салып тұрып,
өнердегі өмірінің ұзақ болуын тіледік...
СЕН МЕНІҢ ӨМІР ГҮЛІМСІҢ...
«...Ол маған бар асылын сыйлады. Керемет сұлулығын
қиды. Ғажап əнін тəрк етті. Өз ғұмырын арнады. Жанұяма
алтын босаға болып бекіді. Бақыттың, барлықтың қазынасы
болды. Ырыздығымның молдығын, байлығын тасытты.
Мақтан тұтар – ұл, көзге көрік – қыз əкелді дүниеге. Балдай
тəтті немерелер өрбітті маңайыма. Бағымды, сағымды
көтерді. Мерей-беделімді өсірді. Асқақ етті. Шамама лайық
аспандатты. Адамдық адал қасиетімді тəрбиелеуге тырысты.
Парасатымды биіктетуге күш салды. Жамандығымды жа-
сырды. Жақсылығымды асырды...»
Бұл, қазақ сөз өнері, қазақ журналистика саласын-
да жүрген кез келген əріптестер ұлағатты ұстаз деп
қабылдайтын, сүрген ғұмыры, жасаған игі тірліктеріне
көз тоятын асыл ағамыз Əбілфайыз Ыдырысовтың
«Таңшолпан» романының алғысөзінен алынған тіркестер.
Ер-азаматтың бақыты да сол əйелге, тағдыры жұптасқан
қосағына байланысты екені көп ретте айтыла бермейтіні
тағы бар. Дегенмен, сол ер-азаматымыздың тасының өр-
ге өрлеуі, өмірде де, қызметте де жолының болуы осы
отбасындағы, ошақ қасындағы жарына байланысты екені
айдан анық. Əбілфайыз аға мен ол кісінің жұбайы Заря
тəтейді білетіндер «Бүгінгі күннің қыз Жібек пен Төлегені»
деседі. Бір-бірінің қадір-қасиетін білетін, білген үстіне сүйе
түсетін, сыйлай түсетін бақытты жұптар, міне, соңынан ерген
жас ұрпаққа осындай тəлім-тəрбиеге ұмсындыратын əдемі
сөздер қалдырса керек. Өз əулетіне ғана емес, осындай ойлы,
ұстамды махаббаттары арқылы төңірегіне де шуақ шашып
келе жатқан осы бір келісті көркем жұппен əңгіме-сұхбат
құру, əрине, əсерлі болары сөзсіз. Алматының əсем кештерінің
бірінде, Əбілфайыз ағаның жарты ғасырдан артық қосағы
болған сұлу да кербез Заря тəтеміздің құрт қосқан ыстық сор-
пасын ішіп отырып əңгіме, тіпті, қыза түсті.
– 1993 жылдың сəуір айы менің бақытты ғұмырымдағы
көлеңкесі қалың, көлегей жағы басымдау күндер болып енді.
Əбекең төсек тартып жатып қалды. Мен: «Ей, тағдыр, өте
бақытты ғұмыр сыйлап едің, енді жарты жолда не болғаным,
азаматымнан айыра көрме» ,– деп егілдім күндіз-түні...
Заря апайдың əдемі жүзіне лезде мұң ұялап шыға келді.
Жанарына келіп қалған мөлдір тамшыларды көрген
Əбілфайыз аға əңгіме арнасын лезде бұрып жіберді.
– Шынымды айтсам, таңылып жатқан төсектен осы
тəтелеріңнің сызылта салған əні тұрғызды. Оны естіп-біліп
жүрген де шығарсыңдар, бұл кісі керемет əнші ғой... Əн сұрасақ
қайтеді, – деп бізге жымия қараған ол кісінің жүзінен жарын
сол бір жанына батқан ауыр күндердің елесінен арылтқысы
келіп отырғанын аңғару қиын емес еді.
Мейірімді, жүрегі де жаны да нəзік Заря тəтей де тез жина-
ла қойды да:
– Мен онда үнтаспаға жазылған, Ерланым жаздырып бер-
ген əндерді жаймен қосып қояйын, – деп орнынан сырбаз
көтерілді.
Əн! Қазақтың махаббат, қиссаларындағы аңызға
бергісіз ессіз ғашықтық! Тұла бойыңды елжіретіп, алпыс
екі тамырыңа қан жүгірткен осындай құдіретті сезімге толы
қазақтың халық əндері-ай, шіркін! Əн бар да оны орындау-
шы бар, əрине. Бұл ретте, үнтаспаға əлсіз ғана ыңылдап
қосылып отырған осы бір сүйікті жардың аппақ жүзіне
қарап, əлі де əлгі бір əңгіме-естелік əсерінен арыла алмай
отырғанын сезіндік. «Еңліктің қоштасу əні» бізді əдемі бір
күйге бөледі. Халық əні «Жалғыз арша» ше? Тыңдайтын
құлақ қана емес, үлкен жүрек керек əндер ғой бұлар. Ақан
серінің «Қараторғайы» ше! Ойпырмай дейсің, сөзі қандай,
əуені қандай! Жаныңды рахат бір сезімге бөлейді...
Біздің де əнге тербеліп, əлдебір сағыныш-сезімге алда-
нып қалғанымызды байқаған Заря тəтей əңгімесін қайта
жалғастырып əкетті:
– Емханада жатқанда аяқ жағына қосымша төсек қойдырып,
қасында жаттым. Дəрігерлер: «Өзіңіздің де қан қысымыңыз
көтеріліп тұр, үйіңізге барып, дем алыңыз» дейді, бармай-
мын. Сол жатқаннан екі ай жатып, аман-есен үйге де келдік-ау.
Отбасына келген соң тіпті көңілденіп, бала-шағасының ортасына
қайта түсіп, өмірге қайта келгендей көңіл орнына түсті-ау!
Қуанышы мен қайғысы қатар жүретін ғұмырға не өкпе
айтарсың?! Құдайға шүкір, бұл күнде бəрі де артта қалды.
Сабағын беріп, əлі күнге университетте қызметін жалғастырып
отыр. Қолынан қаламы түскен жоқ.
1997 жылы ұлы Мұхтар Əуезовтің 100 жылдығы қар-
саңында ауырып жатып, түсінде ғұлама жазушыны көріпті.
«Елдің бəрі мен жайлы жазып жатыр, сен неге үнсізсің.
Жанымда жүрген шəкіртім едің, жаныңдағы жолдастарың
да жақсы еді» депті.
Түсін айтқан сəтте ішімнен тəубе жасап, қатты қуандым.
Қазақтың Мұхтары «тұр орныңнан, қаламыңды ал қолыңа» деп
тұр ғой, жазылып кетеді екен, қолына қаламын қайта ұстайды
екен деп қуанып, білдірмей егіліп жылап жүрмін. Есікке
алаңдап, менің көңіл күйімді бақылап қана жататын Əбекеңе
білдіргім-ақ келмейді. Ыңылдап əн айтамын. Ағаларыңның
жаңа айтып жатқаны сол ғой...
Əлгі түстен кейін-ақ Əбекең ширай түсті. Қолынан қаламы
түспеді. Жүзіне де шырай кіріп, сырқатын ұмыта бастады. Оған,
əрине, мен де шексіз қуандым. Сол шабытпен «Таңшолпан»
шықты. «Сыр мен шындық» жазылды. «Мұхтар Əуезовке
іңкəрлік» деп аталатын 9 новелладан тұратын кітабы шықты.
Əбекеңнің шəкірттерінің бəрі жақсы, дегенмен айналайын
Мұхтар балам (Құл-Мұхамед)ағаларың ауырып жатқан жылда-
ры көп демеу жасады. Дүниеде жаның қиналған кездегі жылы
лебіздер, қарым-қатынастан асқан ештеңе жоқ. Мұхтардың сол
тұстағы əрбір шалған қоңырауы, амандық сұрап елпілдеген
бала көңілі мерейімізді өсірді.
– Ағамыздың сізді қалай жақсы көретінін, сыйлайтынын
білеміз. Ал, Ерлан балаңыз анасын қалай еркелетеді екен?
– Балам сұлулықты жаны жақсы көреді. Сондықтан бо-
лар, менің үнемі жақсы киініп, əдемі, жинақы жүргеніме көзі
үйренеген.
– Анасы дегенде Ерланның құрметі шексіз. Көңілінен де,
көзінен де таса еткісі келмейді, – деп əңгімеге Əбілфайыз
ағаның өзі араласты.
– Сізді ұстаз ретінде жақсы көреміз, сыйлаймыз. Бүгінгі
əңгіме тізгінін махаббат, отбасы жайына ауыстырсақ...
Біздің сұрағымызды Заря тəтей:
– О, маған ағаларың бір көргеннен ғашық болған, – деп
бөліп жіберді. – Маған алғашқы жазған открыткасында «мы-
нау дала гүлі, сен менің өмір гүлімсің» деген сөздері мені де
бейжай қалдыра алмады. Ол кезде жастар бір-біріне открытка
сыйлаушы еді ғой. Сол ғұмыр бойы бойтұмарым болды.
– Иə, онысы рас! Бұл 1953-54 жылдар болатын. Таяуда сол
бойтұмарын жоғалтып алып, үйде кішігірім « азамат соғысы» бас-
талып кете жаздады, – деп күлді Əбекең жарқылдай. – Абырой
болғанда, тез табылды. Біздің осы уақытқа дейінгі жұптасқан
ғұмырымыз талай айтылып та, жазылып та жүр. «Таңшолпанда»
да бүге-шігесіне дейін айтылған. Төрт томдық жинақтың бірінші
томы қалай танысқанымызға, қалай қосылған жылдарымыз,
екінші томда жас жұбайлық ғұмырымыз айтылған..
Университетті бітірген жылымыз, пəтерде тұрамыз. Ізтай
Мəмбетов деген ақынмен бірге тұрдым. Жігітпіз, жар сүйгіміз
келеді. Ахметбек Дəуренбеков деген кластас, өзі журналист
жолдасым болды. Топтасып жүреміз. Ол кезде жастар театрға
көп баратын. Газет-журналға бұрқыратып мақала жазамыз,
қаламақы қалтада. Балалар үйінің тəрбиесін көрген, аштық пен
тоқтықтың, барлық пен жоқтықтың қадірін біліп өскендіктен,
қаражат үнемдеуді де білемін. Қызға аса жоламай, қашқақтай
жүрген кезіміз. Сондықтан, өз басым алғаш ұнатқан, алғаш
сүйген қызым да осы тəтелерің деп сендіре аламын.
«Қыз Жібек» операсы жүріп жатқан. Қанша көрсең де
көргің келе береді. Тəтелеріңді де алғаш театрда көрдім.
Қап-қара шашы төгілген, көзі мойылдай əдемі қыз жүректі
дір еткізді. Ылғи бұрымды қыздар. Сол көргеннен бір жылға
дейін жоғалтып алып, бір тойда қайта тауып алдым. Сондағы
қуанғаным-ай, міне, содан бері біргеміз. Сол кеште сызылтып
əн салды, мен де құралақан емеспін.
– Жалпы, əйел махаббаты, əйел сезімінен асқан құдіретті
сезім жоқ шығар...
– Жастық шақта болмады емес, сөз айтқан жігіттер бол-
ды. Дегенмен, Əбекең өте салмақты, сабырлылығымен мені
өзіне ғашық етті. Бізді танитындардың Қыз Жібек пен Төлеген
дейтіні рас. Немерелеріміз де Қыз Жібек деп, Төлеген деп келе-
междеп еркелетеді, – деп күлді Заря тəтей. Жаратқан сезімнің
суығанынан сақтасын! Ерлі-зайыптылардың арасында сезім
шынайы болғанда, сыйластық таза болғанда, адалдық болғанда
ғана ғұмырлы, тұрмысы сəнді болмақ. Ер-азаматтың мойнын-
да отбасының салмағынан басқа, қызметтегі жауапкершілік
жүгі ауырлау болады. Ол жүкті жеңілдетуге, табысты болуы-
на үйдегі отанасының да үлес-салмағы бірдей болуы керек.
Бала тəрбиесі сияқты ер-азаматыңыз да үнемі қамқорлықты,
мейірімді тілеп отырады. Азаматын перзентіндей мəпелеген
асыл аналарымыз аз болмаған ғой. Бір-бірін қолдап-қолпаштап
өмір кешкеннен артық қандай бақыт керек. Бұл жағынан,
Құдайға шүкір, ағаларыңыз екеуміз бақыттымыз! Отбасының
берекесі де, мерекесі де – əйелде!
Əйел махаббатынан, əйел сүйіспеншілігінен, оның ессіз
ғашықтығынан асқан сезім де, сыр да жоқ. Ал, ол сырды, сол
бір жұмбақ та құпия сезіміңді, өзіңді сүйгенге арнауың, ол енді
бақыттың бақыты дер едім. Ерлі-зайыптылардың арасындағы
тазалық,сүйіспеншілік, ол енді, тəлім-тəрбиенің бастауы.
Ұрпағың ата-ананың арасындағы қарым-қатынасқа қарап бой
түзейді, ой түзейді. Сондықтан үлкен махаббаттан алар үлгі-
өнеге де мықты, күшті болмақ!
Иə, əйелдің жанын əйел ғана түсінеді, оның жан дүниесіндегі
буырқанған тəтті сезімді сезіну, ғашықтығын сезіну, оның
сағынышын, мұңын түсіну, бірге қуанып, бірге мұңаю үшін
де парасатты азаматқа жолығу кез келген пендеңізге бұйыра
бермейтін тағдыр екенін де мойындауымыз керек. Қолда барда
қадірін білмей, бір сəттік сезім шарапатына бөленіп, жарының
жанын жаралап, əрі-сəрі күй кешіп адасып жүрген жандарға
үлгі боларлық əңгіме нүктесін қойғымыз келмей, біз де əдемі
бір сезіммен сыртқа шықтық..
ТАЛАНТ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
Қазақтың алғашқы кəсіби режиссерлерінің бірі
Зəуреш Есбергенқызы жайлы эссе
Шынымды айтсам, мен Сіз туралы тіпті білмейді
екем. Керісінше, Сізді сыйлайтын, өнеріңізді бағалайтын
осы бір жазушыны керемет жақсы білемін жəне риясыз
жақсы көремін. Осынау заманды қаншалықты қатыгез,
мейірімсіз деп қабылдасақ та, қалың топтың арасынан дəл осы кісідей біреуге шын жаны ашитын, қолынан келсе жақсылығын аямайтын, тіпті тағдырдың қандай соқпағына түсіп кеткен пендеңіз болса да іздеп жүретін, ол жайлы дұрыс пікірлер қалыптастыруға ұмтылатын осындай, дəл Мағира апайдай адамды осы уақытқа дейінгі ғұмырымда кездестірмеппін. Иə, мен білетін жазушы Мағира Қожахметова үнемі адамзатқа ізгілік ойлап жүретін, əсіресе, қазақ қыздарының қоғамдағы орны мен қызметіне аса жаны ауырып, солардың жоғын жоқтап, барын асыра көрсеткісі келіп тұратын жан. Жан апа, мен де Сізді сол кісі арқылы бұрыннан білетін, танитын сияқты əсерде жүрмін. Өзіңіздің өнерге, қазақ өнеріне, оның ішінде театр өнеріне қосып келе жатқан қыруар еңбегіңізді сол кісі арқылы саралап, қабылдағандай болдым. Сахна деген киелі де қасиетті өнер төрінің əдемі ханшайымы болғаныңызды да жазушы аузынан естіп, еліміздің екі қиырында тірлік кешіп келе жатқан қос құрбының бір-біріне деген сыйластығы, жанашырлығы, тіпті, жарасымды қарымқатынастарыңызға іштей риза болдым. Егер мынау жұмыр жердің бетіндегі тіршілік иелерінің бəрі дəл сіздердей ағынан жарыла тілеулес бола алар болса, білмеймін, онда дүние тек жақсылықтан тербеліп тұрар ма еді?! «Ол мықты əнші, талғамды режиссер, кербез актриса еді, бірақ тым-тым қарапайымдылығы жеңіп кетеді». Бұл жазушы құрбыңыздың сөзі. Егер Сіздің М.Əуезовтің «Түнгі сарынын», С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үйін», Ə.Əбішевтің «Белгісіз батыр», З.Қабдоловтың «Сөнбейтін от», М.Горькийдің «Соңғылар», Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер», бурят драматургы Қ.Шагжиннің «Сандықтан шыққан шайтан», башқұрт драматургы М.Кəрімнің «Тау қызы» сияқты мазмұнды да күрделі спектакльдерді сахналағаныңызды білмесем, бұл пікірге қосылар едім. Егер Сіздің «Қара қыпшақ Қобыландыда» – Қарлығаны, «Айман-Шолпанда» – Теңгені, «Оптимистік трагедия-
да» – комиссарды, «Жекпе-жекте» – əйел бейнелерін шебер
сомдағаныңызды білмесем, бұл пікірге қосылар едім.
Егер Сіздің батыстың əн-серілерінің əндерін, əсіресе,
Досаттың «Жамалын», Жылгелді, Əділ, Шолтаман, Өскінбай
секілді маңғыстаулық сал-серілердің, негізінен халық жəне
халық композиторларының əндерін орындаушы, насихаттаушы
ретінде білмесем, «Жадау көк», «Еркем-ай», «Қара қаншық»,
«Жылой», К.Күмісбековтің «Менің далам», Ш.Қалдыаяқовтың
«Сыған серенадасын», Е.Хасанғалиевтің «Асыл арманын»
құлақ құрышын қандыра орындайтыныңызды сезбесем, тағы
да құрбы пікірімен келіспеуге болар ма еді?!
Жоқ, Сіз қарапайым ғана тірлік кешпепсіз. Жаратқанның
бойыңызға ата күші, ана сүтімен берген мол қасиеттерді Сіз тек
бір ғана өнер саласына сарқып келесіз. Ал, бұл қарапайымдылық
па екен? Жо-жоқ, бұл жерде Сіздің барға қанағатшылдығыңыз,
жоқты іздеп сарылып таусылмайтыныңыз, нені болса да
өнерден күтіп, бойыңыздағыны өнердің осы үш тармағына
да қалай болса солай жұмсап келе жатқаныңыз, əрине, үлкен
ерлікпен тең дер едік. Дегенмен, жазушы Мағираның осы-
нау қиын да қызық өнер жолындағы Сіз секілді талант-
ты, қабілетті, тума дарын иесінің осы күнге дейін жарқ етіп
жұлдыздай жарқырамай, еліміздің батыс өңірінен аса алмай,
өзінің лайықты бағасына жете алмай келе жатқан ұзақ жылғы
ғұмырыңызды аяған түрі, жаны ауырғаны екенін де жанымыз-
бен түсініп, жүрегімізбен қабылдадық.
Əйтпесе, Құрманғазы атындағы консерваторияның режиссу-
ра факультетін, республикалық эстрада студиясының əн-вокаль
факультетін бітіріп, сонау 1964 жылдан тапжылмай осы салада
еңбек ету, ол еңбекті бəлсінбей, міндетсінбей халыққа қызмет
ету деп санау тек Сіз сияқты қайсар қыздардың ғана қолынан
келетін тірлік. Режиссерлік дипломды Жамбыл облыстық теа-
трында М.Байжиевтің «Əке тағдыры» спектаклінен қорғаған,
бүгінде еліміздегі акемтеатрының директоры болып отырған
бірге оқыған курстасыңыз Есмұқан аға Обаевпен А.П.Чеховтың
«Ваня ағайында» серіктес болып, сахнаға шығу, сол тұстағы,
яғни алпысыншы жылдардың басындағы көрермен есінде
əлі сақтаулы. Одан бері қарай жетпісінші жылдардың басын-
да қазақ мəдениеті мен өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалған
мемлекет жəне қоғам қайраткері марқұм Өзбекəлі ағамыз
Жəнібековпен бірге Торғайдағы облыстық музыкалық драма
театрының негізін қалаушылар қатарында да Сіздің есіміңіз ел
есінде, əлі ұмытыла қойған жоқ. Ұмытылмайды да! Өйткені,
бұл өнер ошақтарының бəрі тарих қойнауына сіңіп кеткелі қай
заман, ал тарихты ешкім де, ешқашан сызып тастай алмайды
емес пе?!
Жан апа, бəлкім менің бұл пікірлеріммен келіспессіз, мүмкін
менің қаламым асыра сілтеп жіберді деп те сөгерсіз. Бірақ...
Ақтау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық
музыкалық драма театрында ұзақ жылдағы қызметіңізді,
Маңғыстау топырағынан шыққан тұңғыш кəсіби режиссер,
актриса, əнші Зəуреш ЕСБЕРГЕНДІ, шын мəнінде, өнерсүйер
қауым бізден де жақсы білетінін, біліп қана қоймай Сіздің
өнердегі жолыңыздың əрбір сəтті де сəтсіз кезеңдеріне жанда-
ры ауыратындардың қатарына мені де қосып қойыңыз дегенді
ғана айтқымыз келеді.
БАЛАДАН «БАҚСЫҒА» ДЕЙІН...
Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы
Несіпкүл ОМАРБЕКОВАМЕН əңгіме-сұхбат
Сізді ойлаған сайын мені бір сағыныш керуені сонау,
сексенінші жылдарға сүйрейді...
Иə, алғаш студент атанған 79 жылдың күзі. Алматыдай əсем
қаланың белді де беделді жоғары оқу орнының студентіміз.
Сабақтан қол босай қалса, театрдан шықпаймыз.
Бірде сүйкімді құрбым Шырай Жамбыл облыстық қазақ
драма театры келіп жатқанын, онда туған əпкесі Сіздің де бар
екеніңізді айтып, жинала бастадық.
Дүниежүзі мойындаған Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-
бет« спектаклінде Сіз аңғал да періште сəби рөлін ойнадыңыз.
Алған əсеріміз керемет.
Сонымен...
Өзіңіз жақсы білесіз, Сіздің туған сіңліңіз Шырай екеуміз
өте жақын құрбы болдық. Одан кейін де талай Сіз қатысқан
спектакльдерді, тіпті, Таразға барып та көріп жүрдік. Сіздің теп-
тегіс аппақ маңдайыңызға əрең-əрең сыйып тұрған тостағандай
көзіңіз, əдемі танауыңыз, тіпті шабыттанып сөйлеген сөйлеу
мəнеріңіз де, сылқылдай күлген күлкіңіз, сахнадағы кербез де
керім жүрісіңіз сол сəттерде мені болашаққа сапар шектіріп,
жанымдағы жан құрбымның толысқан шағын көз алдыма
əкелетінмін. Өйткені, ол жылдарда Сіз небəрі отызда ғанасыз.
Ал біз тіпті жиырмаға жетер-жетпес жастамыз. Одан кейінгі
тағдыр жолы бізді азапты да қайғылы кездерде жолықтырды.
Сіз мейірімді сіңліңізден, ал біз сүйкімді құрбымызды жоқтап
қала бердік...
Содан кейінгі ұзақ жылдардан соң Сізбен екінші рет кездесіп
отырмын. Əрине, көз алдымда мүлдем басқа көрініс, шексіз
сағыныш кеулеген кеудемді бір мазасыздық басып отырғандай
күй кештім. Сіздің мойныңыздан қыса құшақтап ағыл-тегіл
жылаған он-он бес минут уақыт ғасырларға жетелеп кеткендей
көз алдымнан жылдар жылжып, күндер зуылдағандай. Сосын
бір күлдік, қайтадан көз жасымызға ерік бердік...
Əдемі кездесудің соңы осынау мақалаға жол салды. Ұзақ
жылдар көріспесек те, Сіздің сахнадағы өміріңіз, өнердегі
ғұмырыңыздан шет қала алмағанымды білемін. Сондықтан да,
осынау сағынышқа толы кездесу қағаз бетіне дəл сол күйінде
түскенін қаладым. Өйткені, Сіз қазақ өнерін насихаттап қана
қоймай, бүгінде еліміз түгілі, шетелдерге де қазақтың ұлттық
өнерін, сол өнерді жасаушыларды мойындата алған кемелді
шағыңыздасыз.
Бүгінгі əңгіме арқауына айналып отырған Жамбыл облыстық
қазақ драма театрының актрисасы, Қазақстан Мəдениет
қайраткері Несіпкүл ОМАРБЕКОВА маған осындай жағынан
да аса қадірлі əпке саналады.
– Иə, сендер онда баласыңдар. Сонда да менің қуанышым-
ды, сахнадағы қуанышымды бөлісе алатын сезімталсыңдар.
Бір-біріңе өте мейірімді болдыңдар. Сол мейірім, тіпті екі
жақтың да бауырларын бауырындай сыйласып, араласып ке-
туге жетеледі ғой. Ол жылдар да артта қалды. «Орнында бар
оңалар» дегендей, артынан ерген балаларының амандығын
сырттай тілеп, тілеулес болудан басқа не амал бар?
Бала демекші, өз басым қырықтың бел ортасынан асқанға
дейін тек балалар бейнесін жасадым ғой. Есіңде шығар,
сахнада өмір бақи бала болып кеткен өнер саңлақтары
да жоқ емес тарихымызда. Ал, қазақтың өте бай əдеби
шығармаларында аңғал да аңқау, арамдықты білмейтін
таза балалар бейнесі міндетті түрде кездеседі. Зорлық пен
зомбылық, мейірім мен қатыгездік қатар жүретін қай заманда
да жазылған көркем шығармалардағы балалар бейнесін сом-
дау оңайға соқпайтынын біреу білсе, біреу білмес. Өйткені,
сол ересектер секілді олар да болып жатқан оқиғалардан тыс
қала алмайды ғой.
1971 жылдың қаңтар айының 5- жұлдызында қазақ өнерінің
ақсақалы Асқар Тоқпанов қызметке қабылдады. «Мына бала
бізге керек бала» деп аса жылы ілтипат-ықылас білдірген-ді.
Сөйтсем, жалпы өнерде жасөспірімдерді бейнелейтін актерлар
қажет дегені екен ғой. Бір жылдан соң ол кісі Алматыға ауы-
сып кетіп қалды. Басында Абай атындағы облыстық драма те-
атры еді, кейін облыстық қазақ драма театры болып аталамыз.
Қырық жылдан астам уақыт осы театр қабырғасында, сахна-
сында келе жатырмын. Бір кезеңдер болды, театр залын толты-
ра алмаған, тіпті актер-актрисалардың басқа бір кəсіптермен
айналысып кеткен кездері болды. Басшылар да жиі ауысып
жатқан күндер де болды. Ал ондай аласапыран сəттерде, əрине,
тоқырау сөзсіз болады. Көппен бірге менің де қабырғама қатта
батты. Өйткені, сахнада сені ғана бақылап, қадағалап отырған
ешкім болмады. Əркім өз бетінше əзірленуге тырысты. Біреуге
өкпе айтып, ренжуге де болмайтын тірлік кештік. Қазір қалыпта
түстік. Дегенмен, бүгінде де театр репертуарында «Ана- Жер-
Ана», «Бетпе-бет» секілді дүниелер жоқ. Мұндай серпіліс
болмаған соң, мен армандайтындай бейне де есіңе оралмайды
екен. Қолдағы барымен базар болдық.
Осы уақытқа дейінгі мен сомдаған жасөспірімдер кішкентай
болса да жүректеріне мұң ұялаған, мына тіршіліктің ішкі
психологиялық иірімдерінен шыға алмайтындай күйлері де бол-
ды. Тіпті трагедиялық образды балалар да баршылық. Қандай
жағдайдағы бала болса да менің оң жамбасыма келіп тұрған
кейіпкерлер еді. Ал, өмірде өте кірпияз, талғампаз адаммын.
– Атап өтсеңіз?
– Шыңғыс Айтматовтың «Бетпе-бетінде» Кішкентай де-
ген баланы, Дулат Исабековтың «Кішкентай ауылында» он
төрт жасар Перизатты ойнадым. Əсіресе, осы екі бала-об-
раз менің жан дүниеме өте жақын, сезімталдығы, өмірге
көзқарастары жағынан өз бойымдағыны көргендей əсермен
ойнап шықтым. Басқа көптеген кейіпкерлерімнен гөрі осы
екеуі өте ыстық. Одан кейін Бақтияр Əбілдаевтың «Айша-
Бибісінде» Мəни ханымды ойнадым. Қытай ханшайымы, бір
ай Мəскеуде білімін жетілдіретін институтта оқып, тəжірибе
алмасып келдік те, Шекспирдің «Корол Лирін» бір институтқа
барып қойдық та, мен Лирдің кенже қызы Корделияны ой-
надым. Мен ол кезде қырықтан асқан кезім. Сонда Ресейдегі
біздің кураторымыз,мəскеулік режиссер Михаил Ежевейцин
маған ұзақ қарап: мына кісінің ойнау қабілетінің шеберлігіне
лайықтап, шама-шарқына қарап ол кенже қызды он үш жасар
етіп шығарамын,– деді. Лайықты бағамды берді.
Өнерді сүймесек, өнермен ауырмасақ ғұмырымызды арна-
мас едік қой. Қазақ өнерінің бір пұшпағын илеп жүріп жатқан
жайымыз бар. Сахнадан кетсек тірлік тоқтап қалатын сияқты...
Ал қанша қабілетті, дарынды болсаң да сенің ар жағыңда
отағасы, отбасы, бала-шаға тұратыны тағы бар. Солардың
тірлігіне араласа жүріп, уақыттың қалай өте шыққанын да
аңғармай қалыппыз.
– Сіздің «Бақсы« атты көркемфильмге түскеніңізден де ха-
бардармыз. Уақыт демекші, шын мəнінде киноға кеш келдіңіз
ғой.
– Сөйтіп , сахнадағы «балалығым» алпысқа қараған шағымда
«Бақсыға» ұласты да кетті. Рас айтасың, тым кеш, ал кеш болса
да сол фильм менің өміріме үлкен өзгеріс, тіпті бетбұрыс жа-
сады десем, сенер ме едің. Өнердегі ғана емес, шын мəнінде
өміріме, ішкі жан дүниеме əдемі бір бұлқыныс енді. Облыстың
шап-шағын əдемі бір сахнасынан Айға, аспанға–көкжиекке
лақтырып жібергендей əсерде жүрмін десем, артық айтқандық
емес. Мүмкін, бұл кинотуынды əлдебіреулерге ұнар, ұнамас,
халық өзі қалай қабылдаса да өз еркі ғой. Дегенмен, режиссер
Гүлшат Омарова мен сценарийін бірге жазған əрі продюсері
Сергей Бодров түсірген «Бақсының», яғни Айдайдың өміріме
жақсы өзгеріс ала келгенін жасырмауға қақым бар шығар.
Фильм Алматы облысы Үңгіртас ауылында тұратын протатип
Би-Фатима əжеміздің қасында үш күн, үш түн түнеп жатып,
одан төрт ай бойы түсірілім алаңдарында кеткен уақытыма
өкінбеймін. Ал, жалпы бақсылық қазақ халқының дəстүрінде
бар ырым-жырымдар атауларының бірі болған. Қанымызда бар
қасиеттің бірі деп те айтуға болар.
Өнерде байқау болғанмен, бəсекелестік, бақастық болмауы ке-
рек деп ойлаушы едім. Мұндай қақтығыстар да болды. Дегенмен,
өзімді өте салқынқандылыққа жеңдіріп, осы уақытқа дейін ішімде
томаға тұйық қалыппен ғұмыр кешіп келе жатырмын. Өз басым
əлдебіреулерге көзтүрткі болатындай керемет басты рөлдерде
ойнауға талаптанған да, ұмтылған да жоқпын. Сондықтан өнердің
алдында, сахналастарым алдында арым таза.
Киноға шақырған да мəскеулік «Еурази» жасөспірімдер
компаниясы. Оның алдында Əмина Өмірзақова жайлы деректі
фильм түсіреміз деп, театрға келіп кеткен-ді. Өзіме сенімсіздеу
болдым, өйткені, өнердің серілері шоғырланған Алматыдан
таба алмай қалып па екен деп ойладым да қойдым. Ал, киноға
түсуді армандамайтын актер-актриса болмайтын шығар. Жас
та кетіп бара жатыр. Сонда түсіріп жүрген жігіт: «Сіз құдай
бұйыртса осы күзде жұлдыз болғалы тұрсыз« дегені. «Жақсы
сөз – жарым ырыс» деген күліп алдық та, мəз болып қала бердік.
Бұл жылдың басы болатын. Бірнеше ай өткен соң «тезірек
театрға жетіңіз, кинодан кісілер келіп тұр», – деп хабарласты.
Шынымды айтсам, аяғым тартпай əрең ұялғаннан бардым.
Менен басқаларды түсіріп болып, далада күтіп тұр екен. Өнер
институтында сабақ беретін Əнуар Райбаев деген жігіт екен.
Басында Əмина апайға түседі екенмін деп қалдым. Сөйтсем,
жоқ, сіз басқа «Бақсы« деген киноға түсесіз дейді.
– Ой бай, бақсы кемпір түгілі мен əлі күнге дейін сахнада
кемпір болып көрмеген адаммын, – деп без-без етіппін.
– Ештеңе етпейді, мына бір-екі көріністі қағаздан оқып
беріңізші, – деп ол тұр.
Театрдың алдындағы көкте отыра қалдық та оқып шықтық.
Бір апта өтті ме, жоқ па, шақыру келіп тұр. Үйдегілермен,
əріптестеріммен ақылдасып едім, олар «бар, бар» деп қоймады.
Солай келіскенмін. Студияға жүрексініп кірсем, небір
бақсылар толып жүр. Əлем-жəлем киінген,бірінің қолында
домбыра, қобыз, баян ұстаған түрлі-түрлі бақсылар... Көптеген
түсірілімдерден кейін маған тоқтап, бекітті.
Маған киноға түскендегі ең қиналған кезім шашымды
кесетін тұс болды. Елуден кейін, сахнадағы «бала кейіптен»
«əйел-ана» кейіпке көшіп шаш өсіріп жүргенмін, əжептəуір
өсіп қалған шашым үшін күрес басталды да кетті. Тырысып
отырып алдым. Бірақ келісімшартқа қол қойылып кеткеннен
кейін түсірілім алаңында бəрібір олармен келіспеске бол-
мады. Қан қысымым көтеріліп кетті. Топтағылардың естері
шығып кетті. Шаштың кесірінен қасымда дəрігеріміз бірге
жүрді ғой. Түстен кейін «Əулиеағаш« деген қасиетті жерге ба-
рып, шырақшы кісінің батасын алып, Құран оқытып, түсірілу
рəсімін жасадық. Кейіннен бəрі естеріне алып күліп, менің таза
қазақи қылығымды айтып мəз болып жүрді.
Шыны керек, маған киноға түсу оңай болған жоқ. Қиналдым.
Актриса ретінде емес, жарқылдаған камераның алдында бəрібір
бір беймазалық бойыңды билейді екен. Кейбір жай көріністердің
өзінен шатасып, дегбірім қашқан сəттер де болды. Бірақ тез
бейімделіп, образға тез ендім. Оның үстіне Гүлшат Голландияда
тұрады екен, көптеген көріністерде қазақи ұғымдарға өзім де
түсінік беруіме тура келді. Ол ұсыныстарым продюсер мен
режиссердің көңілінен шықты. Өйткені, мүмкіндігінше халыққа
түсінікті болуы үшін менің де үлесім бар ғой, сондықтан да кейбір
тұстарда жылап та алған кездерім болды. Бірақ келісімге тез келудің, бəріміздің көздегеніміз бір мақсат болғандықтан келісіп пішілген дүние жарыққа шықты. Ал дайын дүниені көрген кезде қатты қуандым. – Өкініш-реніш ұмытылды дейсіз ғой... – Негізі бұл кино Түркістан қаласында Иассауиде түсірілмекші болған. Бірақ жөндеу жұмыстары жүріп жатты да, Бұқараға барып түсірілген ғой. Соған ғана өкіндім, өзімізде түсірілгенде мүлдем басқаша болар ма еді деген бір ой көңілде қалып қойды. «Əттеген-айым» осы болды. Ал, актриса, басты кейіпкерді ойнаудағы қабілет-қарымыма, жеткізе алғаныма кинодан кейінгі мақтау сөздер, жылы пікірлер қуантты. «Ең үздік əйел образы», «Ең үздік образ» үшін Ресей, Чехословакия жəне Австралия сияқты ірі мемлекеттерден сыйлықтар алдым. Кейін 1998 жылдың желтоқсан айында Дубайда өткен халықаралық кинофестиваліне барған сапарымда да өте риза болып қайттым. Ондағы кездесулерден алған əсерім ерекше болды. Елге оралған кезде көптеген таныстарыма «Қырық жыл театрдан көрмеген жақсылықты қырық күнде кинодан көрдім» деп айттым. Пендешілікке салынып артық кетсем, Жаратушым кешірсін, ал шын мəнінде солай болғаны ақиқат! Сол шетел сапарларындағы маған көрсетілген құрмет, біздің халықтық өнерге, елімізге деген көзқарас, ілтипатты көргенде қуаныштан көзіме жас келді. Алматыдағы көрсетілімде де жақсы қабылданды. Киногер Сергей Əзімовті бірінші көруім, сол кісінің өзі: «Білесіз бе, сіз қазақ өнеріндегі əйелдер галереясына жаңа бір əйел образын енгіздіңіз» деп құттықтады. Кинода талап та қатал екен. Əрбір минуттың есептеулі. Уақыттың қадірін сезіндім. Тіпті режиссер Гүлшат Омарованың қазақ мəдениеті мен өнерінің жанашыры болған Ілияс Омаровтың немересі екенін білгенде, «алтынның сынығымен» бірге жұмыс істегеніме шексіз қуандым. Тектінің ұрпағы екенін, өзінің туған халқының өнеріне атсалысып жүрген қаршадай ғана қазақтың қара қызының қайсарлығына таңғалдым. Риза болдым. Қазақ қыздарының қабілетті, сауатты, талантты екенінде дау жоқ, əрине.
– Биыл Тəуелсіздігіміздің жиырма жылдығы аталып
өтпекші. Тəуелсіз елдің тəуелсіз өнеріне көзқарасыңыз?
– Өнерде бəсекелестік болғанмен, тəуелділік болмауға тиіс.
Өнер халықтыкі. Өнер, ол – менің тағдырым! Ал тағдыр де-
ген бір пендеңіздің бүкіл бір ғұмыры дейтін болсақ, ол жолда
қуаныш пен қайғы, бірде жарық, бірде көлеңкесі қалың болуы
əбден мүмкін.
Көркем өнерде, бəлкім ескі көзқарас деушілер табылар, де-
генмен, жүректі селт еткізер дүниелер жоқ. Атыс-шабыс, қан-
жоса, əкесі баласын, баласы анасын өлтіріп, «рахат« өмір кешіп
жатқан шетелдік туындылар басым. Бұл менің жеке пікірім деп
қабылдарсыз, Ар жағына бармай-ақ, Əзағаңдар, Əзірбайжан
Мəмбетов, Маман Байсеркенов сияқты мықты режиссерлер
жетпей жатқан тəрізді.
– Сонда сіздіңше, əдеби көркем дүниелер бар, театрлан-
дырылуға шама жетпей жатыр деп ойлайсыз ба?
– Əрине, қазақ əдебиеті өте бай, құнды да шежірелі ту-
ындылар баршылық. Ал мықтылар азайып бара жатыр.
Мұқағали, Төлегендер, Əуезов пен Мүсіреповтер бүгінде
көздері жоқ болғанмен, басқаны қайдам, өз басым қиналған
сəттерімде солардың шығармаларын оқимын. Оқимын да,
қайта «тірілгендей« боламын. Аттары аталмай қалса айып ет-
пес, дəл осындай қаламгерлердің сахнаға сұранып тұрғандары
қаншама?! Дегенмен, үміт үзуге тағы болмайды.
– Соңғы жылдарда сахнаға аз шығасыз-ау деймін...
– Иə, сол кинодан кейін Сəкен Жүнісовтің «Қысылғаннан
қыз болдым» туындысында Сəбира деген рөл тиді. Сахнаға көп
шықпасам да, бос уақытым тек қана өнерге, өнер туындылары-
на арналады.
– Əйел затына өнердің көшінде жүру аса оңай шаруа
емес. Дегенмен, жолдасыңыз Асан мен қызыңыз Перизат
та осы салада жүр емес пе?
– Иə, жолдасым Асанмен талай жылдарым бір сахнада өтті.
Перизат болса да биші, «Қазақконцерт« бірлестігінің беделді
бишісі. Басында қарсы болмап едім, қазір жылдар өткен сайын
өкінген кездерім де болады. Өйткені, биші болу үшін үнемі бір
қалыпта, түзу де сымбатты болу заңдылық. Қызымды өнерге
байлап қойғандай сезінемін. Бірақ мың бұралып билейтін
«Алтынайын», «Айша Бибісін» көргенде масаттанып-ақ қаламыз.
Өнер жолы қаншалықты қиын болса, соншалықты қызық та!
«ТІРЕГІМ – НАРҚОБЫЗЫМ» , –
дейді Қазақ кинематографистерінің
«Құлагер-2009» байқауында
«Келін» киносындағы ене рөлі үшін «Жылдың ең үздік
əйел рөлі» сыйлығының иегері Тұрахан Садықова
Биылғы қыс ақбас Алатау түгілі, əсем Алматының өзін аппақ
қалың көрпеге орап тастады. Сарыарқаның қытымыр аязы
солтүстіктен оңтүстікке баяу көшкендей. Қала тұрғындарын
əжептəуір əбігерге түсірген ақпанның ызғары менің есіме
балалық шағымды түсіргендей, əдемі бір күй кешіп келе жатып
барар жерімізге де жетіп қалыппыз.
Талғар ауданының Тұздыбастау кентінен өткеннен кейін
жолдың сол жағында орналасқан шағын ауыл тым-тырыс, ал-
дымыздан шəуілдей шыққан күшіктерден басқа жөн сұрайтын
тірі пенде көрінбейді. Мүмкін, жұмыста болар. Іздегеніміз –
Құрманғазы көшесінде тұратын актриса Тұрахан Садықова
апайымыз. Ақпан айының 27 жұлдызында қаламыздағы «Кино
үйінде» 70 жылдығын атап өткелі отырған актриса тым ширақ,
тың көрінді бізге.
– Қаланың у-шуынан қашып, өзімнің туып-өскен жерім
Қарасазға табиғаты қатты ұқсас осы жерге қоныстанып жа-
тырмыз,– деп есік алдынан жайраңдай қарсы алған актри-
са Талғар тауының жоталарына алыстан аңсары ауа қарады.
Шамалы күнде жетпіске толатын ана-актрисаның ойына қимас
сағымға айналған балалық шағы, өскен ортасы түскені анық.
Жасаураған көзін əдемі барқыт халатының жеңімен жеңіл си-
пап өткен ол бізді үйге бастады.
Қоңыр ғана тірлік кешіп отырған қоңырқай үйдің
табалдырығын аттай бере біздің де санамыздан туған
босағаға деген сағыныш жылт етіп барып, жүрегімізді сыз-
датып өтті. Пеш түбінде пысылдап жатқан ала мысыққа
дейін ауылдағы берекелі де бейғам тірлікті көз алдымыздан
өткізе төр бөлмеге жайғастық. Жайғастық та жан-жағымызға
көз сала бастадық. Төрде орналасқан күй сандықтың
үстіндегі қоңыр қобыз əлгі əсерімізді одан сайын лапыл-
датып жібергендей денемізді жып-жылы леп шарпып өтті.
Жоғары жағында актрисаның үлкейтілген портреті, түрлі
кездесулердегі белгілі шетел актерлерімен түскен суреттері
қатар-қатар ілініпті.
– Иə, қайран Қалекеңнің іргесін мықтап қалап кеткен
газетіненбіз деңдер. Сондай саңлақтарды қара жер қайыспай
көтеріп жатыр-ау, жарықтықтар, қазақ өнері үшін өмірге келіп,
сол өнерді насихаттау жолында шейіт болғандар... Имандары
салауат болсын, – деген кейіпкеріміз біздің қасымызға
жайғасты да, жүзімізге ұзақ қарады. Сонда ғана байқадық, бір
кездері мөлдіреп тұратын тостағандай қос жанарының оты əлі
де сөне қоймапты. Тіпті тіке қарауға батылымыз жетпеді.
– Тұрахан апай, алғаш хабарласқанымызда, менен де
танымал актрисалар бар ғой деп едіңіз, шын мəнінде Сізді
«Келінге» дейін білмегеніміз рас. Өнерге қалай келдіңіз,
əңгімені осыдан бастасақ?
– Оның рас. Осы уақытқа дейін белгісіздеу, елеусіздеу бо-
лып келгенім жасырын емес. Мені танытқан жаңа өзің айтқан
кино болды. Ол туралы əңгіме кейінірек. Ал өнерге келуім, ол
бір ғажап əрекет.
Балалық шағында адам еліктегіш, қиялшыл, арманшыл
болады ғой. Мен де кішкентайымнан əн-жырға құмар бо-
лып өстім. Нарынқол ауданының табиғаты керім Қарасазда
өмірге келіп, көзді ашқаннан таудың көз тартар шыңдарына,
оның етегіндегі ағыл-тегіл мөлдір суына құмар болып
өстім. Қасиетіңнен айналайын Райымбек бабамның тікелей
шөбересімін. Əкем еңгезердей алып кісі болды. Анам марқұм
да келбетті, жүзінен күлкі емес, əн төгілген кісі еді. Қыз бо-
лып бой түзегенге дейін ат арқасынан түскен емеспін. Атқа
жайдақ мініп, аң аулағанды жаным жақсы көрді. Көз алдыңда
көлбеңдеген көкала, сарыжазық далада əн салмай көріңіз?!..
Желмен жарысқан астыңда жүйрік ат, делебеңді қоздырып,
тіпті жүрегің əн салады.
Аудандық халық театрын басқара жүріп қазақ халқының
əдеби шығармаларының талайын сахналадық. Ол спектакль-
дермен ауыл-ауылды аралап, қалалық-облыстық өнер бай қау-
ларына қатыстық. Жеңімпаз атандық. Осындай өнерсапар-
ларының бірінде көзге ерекше түссем керек, сол кездегі
мəдениет министрі Лəйла Ғалымжанованың қолынан об-
лыс тық байқаудың лауреаты деген бірінші диплом алдым.
Аудандық атқару комитетінде екі жыл қатарынан депу-
тат болып, қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрдім.
Бірақ өнерге деген құштарлығым қайта жетелеп келген мен
Алматы өнер студиясына оқуға түсе алмадым. Бірақ бойдағы
батылдық министрдің қабылдауына кіргізіп, басталғанына
жарты жыл өтіп кетсе де оқуға қабылдандым. Актерлікті өте
жақсы бітіргеніммен, өнерде көптеген тосқауылдар сахнаға
шығуға жібермей жүрді. Жамбыл облысында бірнеше жыл,
одан Алматыға қайтып келу... Кез келген маманның өз діттеген
мақсат-мұраты бар екенін ескерсек, біздің саланың да шығар
биігі – Əуезов атындағы акедемтеатры ғой. Осы театрдың
сахнасына жету мен үшін қиямет-қайым болды. Алғашында
Əмина Өмірзақова апам сияқты бəзбіреулерге менің де тана-
уым ұнамады. Қойшы, əйтеуір батылдығыммен Дінмұхамед
Ахметұлына дейін бардым...
Содан бері қырық жыл болды, Құдайға шүкір, талай өнер
саңлақтарының көзін көріп, өнерлеріне тəнті болып жүріп,
біреулерге үйретіп, біреулерден үйреніп келе жатқан жайым бар.
– Өнер жолы өте ауыр жол дейтініміз де сондықтан бо-
лар, дегенмен неге, кім кедергі болғанын айта аласыз ба?
– Қазір ойлап отырсам, бірбеткейлігімнен көп таяқ жеген
сияқтымын. Ана сүтімен дарыған адалдық, шыншылдық əркез
алдымды орап, кейбіреулерге ұнамаса керек. Сол жылдары
қазақ сахна өнерінің төлтуындыларының бірі де бірегейі –
«Ана-Жер-Ананың» сахналанып жатқан кезі. Толғанайдың мо-
нологын керемет дайындадым. Сəбира Майқанова мен Фарида
Шəріповалар сахналайтын-ды. Менің ерекше дайындалғаным
ұнамай қалды да, шеттетілдім. Кейін қайта емтихан
тапсырғанымда, сахна өнерінің дүлділі Серке Қожамқұловтың:
«Міне, қандай дауыс, қазақи дауыс, таза ұлттық үн, қоспасыз
осындай тазалық керек сахнаға. Театрда таза қазақ тілі жоқ.
Мойындаңдар», – деп риза болғаны бар.
– Сіз сомдаған кейіпкерлерге тоқталсақ?
– Иə, қырық жылдан астам өмірімді театр сахнасына
бердім. Керемет басты рөлдер болмаса да, біраз шығармаларда
қолтаңбам қалды. «Кетбұғыдағы» қобызшы шалды сомдадым.
«Қарагөздегі» Ақбаланы ойнадым. Сахнаға аз шығатыным
– жалғыз «Қамар сұлуда» ғана ойнаймын. Соңғы он жылда
ешқандай рөл берілмеді. Жастарды көтеру керек дейтін шығар,
дегенмен біздің де жастығымыз осы сахнада өткенін кейде елеп,
ескере бермейміз. Мен ойнаған кез келген спектакльде небір
таланттыларыңыз екінші составқа түсіп қалатын-ды. Өмір бақи
өнеріне ғашық болған, жаныма жақын тұтқан бір ғана актри-
са болды. Ол – Рахима Қойшыбаева. Жақсы көрдім. Еліктедім.
Асқар Тоқпанов маған «Əлішер Новаида» Энега деген Əлішердің
дос əйелін бергенде: «Мынау, Рахия ғой, Рахия Қойшыбаева
ғой» дегені бар. Ол өтірік айта алмайтын азамат еді ғой. Соған
сондай бақытты сезініп жүрдім. Өйткені, алғаш Алматыға кел-
генде Рахия апайдың «Менің əкем кім?» деген спектакльдегі
рөлін көргенім бар. Содан сол кісіге ғашық болдым. Сосын
Əмина Өмірзақованы керемет жақсы көрдім. Кешегі Серағалар,
Өмірзақтар, Жантөриндер, Шолпан кеткен соң, Фарида кеткен
соң Зəмзəгүл апайдың өзі анда-санда төбе көрсеткені болмаса,
келмейді. Сендер жассыңдар, баяғыда Раушан Əуезбаева деген
актриса болған, о, шіркін дүние-ай, өмірден бір атақ та ала ал-
май кетті, солар кеткен соң, Ыдырыс аға кеткен соң, Тоқпанов
кеткен соң театр ұсақталып кеткендей көрінеді маған. Бұл
менің жеке пікірім, аяқ-қолым сау, денсаулығым мықты, дəл
қазір қандай рөл берсе де алып шығар едім. Бірақ, амал не, он-
дай мүмкіндік жоқ. Ашпын, бүгінде өнерге ашпын... Мені ұстап
тұрған – кино. Францияның мықты Шлендер деген режиссерінің
бір киносына түстім. «Оскар» сыйлығының лауреаты. Шалқып
ойнадым. Экрандағы еркіндік дегенді жаныммен сезіндім.
Германияның Кельмер деген талантты режиссерінің бір киносы-
на шақырылдым. Көрсетіле басталды. Ресейдің бірнеше кино-
сында қобызбен шықтым. Ал, сахнада жоқпын. Болат Атабаевтың
көптеген шығармаларында ойнадым. Режиссер ретінде керемет
азамат. Оның жолында да көптеген тосқауылдар болды. Кетіп
тынды. Шаршамайтын, ешкімді алаламайтын адами қасиеттерін
сыйлаймын. Одан кейін қобызды сахнада алғаш рет Асанəлі
Əшімов «Амангелдіні» қойғанда пайдаланды. Өнердің майын
тамыздым дегендердің көбі қобыздың қадір-қасиетін əлі күнге
сезіне алмай келеді. Ал қазақ театрының сахнасын қобызсыз,
домбырасыз көзге елестетіп көріңізші?!
– Əңгімемізді киноға қарай бұрсақ?.. Бұқаралық ақпа-
рат құралдарында қызу пікірталас тудырған «Келінде» сіз
енесі болдыңыз?
Өнерге «мылқау» көзбен қарадыңыз...
– Бұл қазақ өнерінде бұрын-соңды болмаған мылқау ки-
нолента. Көз алдыңда өтіп жатқан оқиғаларға тек көзбен,
жүрекпен қарап, қабылдайсың. Осы үнсіздікті мен Болат
Атабаевтың «Шағала» спектаклінде екі сағат бойы үнсіз ойнап
шықтым. Сахнада үнсіз отырып жан дүниемдегі болып жатқан
оқиғаларды сырттағы көрермендермен үнсіз ғана сырласамын.
Əр орнымнан тұрған эпизодта халықтың қол шапалақтап құрмет
көрсеткені үлкен түсінушілік емей немене?! Сондықтан ол
қасиет менің бойымда ертеректе болды. Əр актердің көтеретін
жүгі болуы керек екенін жан жүрегіммен сезінсем де, өзімде
соншалықты ауыр жүктің барын сезбеппін. Сөзбен жеткізе ал-
майтын иірімдерін жүректен жүрекке жеткіздім деп ойлаймын.
Əрине, қоғамдық пікірмен санаспауға болмас. Дегенмен, ада-
ми қоғамнан алыс, пəндəуи пиғылдардан ада, шабандық айла-
тəсілдердің заманы – VІІ-VІІІ ғасырдағы тірлік қой. Бұл жерде
жезөкшелік, бүгінгі жаһандану дəуіріндегі арсыздық, ұятсыздық
көзқарас түкке де қажет емес. Яғни, ислам дəуіріне дейінгі кезең.
Егер фильмнің басынан көрген болсаңыздар «Алтай, біздің
дəуіріміздің ІІ ғасыры» деген жазуы бар. Киноның режиссері
Ермек Тұрсынов өте талантты бала. Аңшымен кемпірдің тай-
таласатын тұсы бар. Сонда «сен менімен тайталасатындай кім
едің» дегенді көз жанарымен, сұсты жүзімен білдіреді. Осы
тұсты ұстап қалған Ермек: «Апа, қазақша, түрікше демей-ақ,
осы тұсты үнсіз жасау керек сияқты» деген пікірінен соң, кино-
мыз түгелдей сөзсіз, тілсіз, ымырамен берілді. Менің ғана емес,
бүкіл артистердің қабілеті жетті, төзімі жетті.
Бұл – ұрпақ мəселесімен тығыз байланысты. Ененің
бүкіл арманы ұрпақ өлтірмеу ғана. Бақташы өлгеннен кейін
қаршадай балаға телуі немесе аңшының əрекеті, бəрі айна-
лып келгенде бір шарананы аңсаудан туып жатқан оқиғалар.
Жалпы, «Келіндегі» келінді жезөкше көрудің керегі жоқ. Ол
сол замандағы əрбір əйелдің басынан өткен оқиға. Өзі сүйген
аңшы жігітімен бақытты ғұмыр кешуге мүмкіндігі болмаған.
Біреулер қазақтың салт-дəстүріне жат қылықтарды суреттеген
масқара фильм десе де, бұл менің жаныма жақын кейіпкер бол-
ды. Жанымды салып ойнағаным да сондықтан болар, мен де
бір перзентке зар болып жүріп, жалғыз тұяққа əрең жеткем...
Тұрахан апай əлдене есіне түскендей орнынан жыл-
дам тұрды да есікке беттеді. Біз осынау шүйкедей ғана сары
кемпірдің соңынан қарап ойға баттық. Мəселе, ол дүниенің
жағымды-жағымсыздығында емес, жаныңды жаралар ауыр
да ыңғайсыз қимылдарды тілсіз, ыммен қалай ғана жарылып
кетпей бейнеледі екен. Бұл кісінің де тағдырдан ала алмаған
сыбағасы болды ғой деген бір ойлардың жетегінде отырғанда
актрисаның өзі де қайта кірді.
– Əлгінде жалғыз тұяқ дедім ғой , жалғыз құлыным Азама-
тым таңғы асын ішпей кетіп қалды ма деп шықсам, көлігін
шұқылап жатыр екен, – деді болар-болмас жымиып. Өнерде
де, өмірде де тағдырым оңай болмады. Қазақ азаматтарының
түбіне жеткен маскүнемдік бір кездері біздің де отбасымыздың
ойранын шығарған. Сол күйіктен ұлым Жомартты жоғалттым
да, біраз жылдар жалғыздықтан жапа шектім. Сөйтіп, бір
кешіріп, бір өкпелеп жүргенде тағдыр маған осы бір жапырақ
шарананы тарту етті. Соның қабағына кірбің түспесін деген
ниетпен ғұмыр кешіп келемін, қарағым, – деген діріл аралас
үні тамағынан жас аралас ырғақпен шыққандай болды бізге.
– Жаныма жақындығы бар дегеніңіз сондықтан екен ғой...
– Қоғамдық пікір əртүрлі болғанмен, дүниежүзі өнер сын-
шыларының көзқарасы бірдей екенін де жасыруға болмай-
ды. Өйткені, осы фильм 14 мемлекетте көрсетілді. Қаншама
кинофестивальдеріне қатысты. 400 кинодан 40 киноға өттік те,
одан тоғыз фильмге түстік. Одан бестікке өтейін деп тұрғанда
осындай жаңсақ пікірлердің кесірінен,тіпті «Оскар» сыйлығына
ұсынылып барып тұрып, табалдырығынан қайттық. Өйткені,
сол тұста Қанат Саудабаев бастаған делегация сонда жүрді. Мен
ойлаймын, осылардан бір шикілік шықты ма деп. Өйткені, осы
рөлім үшін Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанымда мені хатшы
Саудабаев тізімнен сызып тастапты. Шындықты айтпасам тұра
алмайтын мінезім бар, оны бір кездескенде өзіне де айтқанмын.
Дегенмен, бұл фильммен талай елге жолым түсті. Сонда
байқағаным, американдықтар болсын, Канада, Солтүстік Корея
жұртшылығы болсын өте жақсы қабылдады. Жүздесулерде
«бұл біздің де тарихымызға, тағдырымызға жақын екен» деген
пікірлерді жиі естідік. Басқасын айтпағанның өзінде əмеңгерліктің
тұсауынан шыға алмай қалған шығыс халқының қаншама ару-
лары жайлы аңыз-дастандар бар. Ал осы аңыздарыңыздың өзі
болған оқиға, нанымды тағдырлар. Сол сияқты «Келіннің» де бір
замандарда күні оңынан туып, жақсы жақтары да айтылар. Ол
өлмейтін туынды. Ондағы ене – Ұмай ана. Ол аспанға табынған,
Бөрі анаға табынған. Кімнен болса одан болсын, бірақ ұрпақ
керек. Бақсылық дəуірдің көрінісі, аңшыны жүздеген жылдар
жатқан таудағы қалың қардың астында өлтіруі, одан кейін қатал
ене келінін де өлтірейін деп жатқанда құрсағындағының бүлк ете
қалғанын көріп, райынан қайтатыны... Халықтық тəрбиеден де
жоғары тұрған ұрпақ мəселесі деп қабылдау керек. Көкке, отқа
табынған, қолдан жасап алған кеш келген нəрсеге табынған за-
манда қайдағы жезөкшелік, дін атаулының жоқ кезі. Сондықтан
да осындай көзқараспен қарау қажет.
– Тұрахан апай, күй сандықта ойнап, қобыз тартады
екенсіз...
– Қобыздың атасы – Қорқыт жарықтық қой. Бұрын əуелетіп
əн салғаныммен, осы бір қасиет бертін қонды маған. Содан
бері жалғыз мұңдасым, сырласым болды. Көңіл күйдің ауанын
өзгертетін де осы қобызым. Бірде құлағыма мұңлы бір əуенмен
бірге «ұста қолыңа, тарт қобызды» деген үн келді. Таңғалып оян-
дым. Содан бір ой маза бермей жүрді де, ақыры қолыма қобыз
ұстадым ғой. Сейілхан Құсанов деген сазгердің жұбайы Раушан
Нұрпейісова деген ұстазыма айттым. «Əй, сен елуге келдің ғой,
қайдағы оқу» деп əбден күлсін. Бетімнен қайтпадым. Содан
қобызшы бір қызды қосып Ахмет Жұбановтың вальсін прима
қобызбен үйретті. Содан емтихан тапсырғанда консерваторияның
Мұхитов деген профессоры таң ғалып, басын шайқады. Сөйтіп,
елуден асқанда Чайковский атындағы музыка училищесіне түсіп,
он алты бала түсіп едік, домбырадан біреу, ал қобыз класын мен
ғана бітіріп шықтым. Қылқобыз, прима қобыз жəне нарқобыз де-
ген түрлері бар. Менің қолымдағы нарқобыз. Қазір Қорқыттың
еш жерде орындалмаған «Тəңір» күйін нотаға түсіріп жатырмын.
«Өлмейтін өнер» деген пьеса жаздым, қаражат қолбайлау болып
жатып қалды. Қайда барса Қорқыттың көрі деген аңызда ажал-
дан қашып жүрген Қорқытты ұстазы Арыстан-баб: «Қайт, Сырға
қайт, қобызыңды тарт!». Сонда қобызын тартқанда артынан
қуған ажал да, қорқыныш та ғайып болып: «Е,е, бұл өмірде тек
өнер ғана өлмейді екен ғой», – деп мойындаған күй атасы Қорқыт
жайлы əңгіме əлі күнге ел арасында жиі айтылады. Сол сияқты
менің де сүйенерім – Азаматым болса, тірегім нарқобызым. Бұл
екеуінсіз ғұмырымды елестете алмаймын...
Иə, Тұрахан апайдың əңгімесі біздің де көңілімізге талай
ой салды. Өнердің құдіреті, əсіресе қазақтың қоңыр домбы-
расы мен сырлы да мұңлы қобызы ел тарихынан талай-талай
аңыз-жырларды ғасырлардан ғасырға жеткізіп келе жатқаны,
тұтас қазақ халқының тарихымен бірге жасап келе жатқаны да
сондықтан болар деп түйдік.
Біз əуезді бір əңгіменің əсерінен актриса апамыздың басқа
да адам психологиясын, психикасын зерттеп келе жатқаны,
халқымыздың қанында бар бақсылық, яғни тəуіптік-емшілік
қасиеті жайлы əңгімені кейінге қалдыруды жөн санадық.
Газеттің фототілшісі Еркін екеуміз жаяулатып Алматы-Талғар
күрежолының бойына жеткенде аппақ қар қайта ұшқындай
бас тады...
ӨЗ ҰЛТЫНА ӨЗГЕНІ ҒАШЫҚ ЕТКЕН ӨЗАҒАҢ...
Алпысыншы-жетпісінші жылдардағы сахна
саңлақтарының бірі де бірегейі болған танымал биші Тойған
Ізімова осылай дейді.
– Тойған Оспанқызы, бізде ұлттық би өнеріне жүйелі
түрде дайындайтын мектеп бар ма?
– Сахнаға кəсіпқойлық деңгейде дайындайтын мектеп екеу-ақ.
Оның бірі А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесі
– 10 жастан бастап сегіз жыл оқытады. Олардың оқуы негізінен
əлемдік классикалық биге бағытталған, яғни классикалық би
əртістерін дайындайды. Екіншісі – біздің Ж.Елеубеков атындағы
колледж. Өздеріңіз білетін боларсыздар, алпыс бесінші жыл-
дары Ілияс Омаров деген үлкен ағамыз мəдениетті басқарып
отырған кезде, көркемөнер жанрынан дəріс беретін Гүлжаһан
Ғалиева деген халық əртісі апамыз болған. Осы кісілердің
тікелей басшылығымен «Қазақконцерт» жанынан екі жылдық
студия болып ашылған-ды. Ол кезде мұндай студия бүкіл
Одақта – Мəскеуде, сосын Рига қаласында ғана болатын. Үшінші
эстрадалық цирк колледжі болып осы Алматыда ашылды. Ал,
бəріміздің жастық шағымыз өткен «Гүлдер» тұңғыш эстрада
ансамблі еді. Мəдениетті басқарып отырған кісілердің ықпалы
зор болды ма, ол идеологияның керемет кезі еді ғой. Сондықтан
да қазіргі астанамызда «Армандастар», Торғай облысы құрылған
кезде «Торғай əуендері», «Шертер», Қарағандыда «Гəкку»сияқты
əр облыс орталығында ашыла бас тады. Жоғарыдағы училище-
де классикалық үлгіде дайындайтын болса, колледж ұлттық,
халықтық үлгіде, яғни қазақ биіне көбірек көңіл бөлеміз. Себебі,
3 жылда өзіміздің балаларды кəдімгі кəсіпқойлық деңгейде
үлкен-үлкен ансамбльдерге дайындауымыз керек қой.
– Алматы хореография училищесінің атын иеленген
Селезнев кім? Көршілес өзбек ағайындардың Тамара хану-
мы сияқты, біздің Шара апамыздың аты неге берілмеген?
– Бұл оқу орны алғаш өнер мектебі болып ашылғанда, басы-
қасында Александр Селезнев болған деседі. Еңбегі сіңген бо-
луы керек. Солай аталады ғой. Кезінде біраз даулы мəселеге де
айналған. Бірте-бірте ұмытылды. Ал, Шара апамыз 1991 жылы
қайтыс болғаннан кейін келесі жылы алғаш рет осы училище
Қазақ биінің Ш.Жиенқұлова атындағы республикалық байқауын
өткіздік. 1992 жылдың сəуір айы болатын. Ұйымдастырған
бишінің шəкірті, оқушысы Ғайникамал Бейсенова апамыз. Сол
байқау кезінде жоғары жақтан келгендер, бұл өнер жарысын
екі жылда бір өткізіп тұруды айтқан. Содан жұртқа белгілі
нарықтық экономика басталды да, қаржыға келіп тірелген соң
бəрі қалды. Соны, енді биыл Батыс Қазақстан университетін
басқарып отырған Дəмитов деген ағамыз қайта жаңғыртты.
Универсиеттің
хореография
кафедрасының
меңгерушісі
Айгүл Құлбекованың ұйымдастыруымен байқау Оралда өтті.
Республикамыздың түкпір-түкпірінен 400-дей адам қатысып,
104 би қойылды. Комиссияның төрағасы, елге танымал аза-
мат Болат Аюханов бастап, көптеген талантарымыздың биін
тамашаладық. Əсіресе, кафедраның «Назерке» ансамблі ерек-
ше көзге түсті. Олар «Қара жорға» күйіне қойылған би əртүрлі:
шапшаң, желе жортыс, қатты шабыстан қайта жай ырғаққа
көшетін құбылмалы биді қойды. Сондай-ақ, Тойбекова деген
қыздың биі көз алдымызға операдағы «Половецкие пляскиді»
алып келді. Киімі, өзін-өзі басқаруы – қазақтың кең даласын
елестетті. Топтық жəне жеке орындаушылар байқауында қазақ
биін оқудың, оқыту əдісін жаңаша, басқаша сипат алғанын
көрдік. Көрдік те қуандық. Бұрын əр жерде əрқалай қойылып
жүрген би қазір əдістемелік бағдарлама бойынша үйретілетініне
сүйсіндік. Қазақ биінің деңгейі өте жоғары екенін, жүйелі түрде
оқытылатынын осы байқау дəлелдеп-ақ берді.
– Қазақ мəдениеті мен өнері туралы сөз қозғала қалса,
өнер жанашырларының есіне марқұм Өзбекəлі ағамыз
Жəнібековтің есімі түсетіні несі екен?
– Иə, ол рас. Өзағаңның еңбегі ерекше. Біздің алдымыздағы
өнер өкілдерінің айтуы бойынша, Ілияс аға Омаров та осын-
дай кісі болған екен. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын,
жүрегі ауырып, жаны сыздайтын кісі болыпты. Өзағаң – менің
өнердегі ең қимас дос, жанашыр аға, тіпті сахналас серігім бол-
ды десем артық айтқандық емес. Өйткені, қызмет басты екеніне
қарамай, əр бидің дайындығына өзі қатысатын. Жиырма жыл-
дан астам уақыт қызметтес болдым. Мəскеулік Голушкевич пен
Өзағаңның тығыз шығармашылық байланысының арқасында
«Алтынай» би ансамблі дүниеге келген. Ол екі жылдан кейін
мемлекеттік мəртебе алды. Бұл атақ кез келген өнер ұжымына
оңайлықпен беріле бермейтін-ді. Орталықтың билігі үстем кездің
өзінде жаңағы Голушкевичтермен иық тіресіп, қатарласа жүріп,
қазақтың тарихын, өнерін сонау «Қобыландыдан» бастап, Жыр-
Жырауға дейін өзінің ықыласы арқылы басқа жұртқа үйретті. Өз
халқын, өнерін сүю арқылы, өзге ұлт өкілін сол өнерге ғашық
етті. «Бақсы ойыны», «Қазақ биінің грамматикасы», «Қазақтың
5 биі» атты кітаптар жазған Ольга Всеволодовна қайтыс
болғанда, Өзағаң қатты өкінді. «Əттеген-ай, бес-он жыл өмір
сүргенде, қазақ биі туралы тағы да бірнеше кітап шығарар еді»
деп өкінді. Біз таңғалғанбыз. Енді Өзағаң еске түскенде, бізді де
осы өкініш билейді. Жалпы, қазақ биі емес, қазақ өнеріне, оның
ішінде ұлттық өнерге жаны ерекше ауыратын ол кісі де ерте-
рек кетіп қалды. Өмірі ешкімге жекіп, ашуланып сөйлемейтін.
Қимылымызды түзеу арқылы, өзімізді тəртіпке салып отыратын.
Биді ғана қойып қоймай, бишінің киіміне де өзі араласу-
шы еді. Ұлттық киімге ерекше көңіл бөлетін. Киім үлгілерін
мұражайлардан іздейтін. «Алтынайды» толық киіндірген,
киім үлгілерін сызып, тіккізгенде де өзі басы-қасында жүрді.
Əйтеуір, ол кісінің көлігінде не тақия, не сəукеле, не шапан
қоса жүретін. Сол киімдерді бидің құрылысына, би үстіндегі
көңіл күйге байланысты таңдағанда қуанатынбыз. Сондықтан
да «Бастау», «Сайыс», «Киіз басу», «Шалқыма» билерінің киім
үлгісі қазақтың бекзат болмысын елестетпейді деп көрші?!
–Училищені бітірген кəсіпқой биші ғана қазақтың
ұлттық биін билеуге тиіс деген пікір де бар...
– Бұл қате болжам. Сондай пікір естігенде, қарным ашып
қалады. Ол да орыстілді өзіміздің азаматтардың қалып-
тастырғаны, олардың ойынша, тек Мəскеуде ғана жоғары
деңгейде білім алуға болатын сияқты. Қазақтың биін, шаш-
бауын, сырғасы мен алқасын, жалпы ұлттық биін шетел бізге
дейін-ақ таныған. Талантты адамға Мəскеу ешқашан өлшем
бола алмайды. Халқымыз тойшыл, жыршы халық бола тұра биі
болмаған дегенді ақылға сыйдырып көріңіз.
– «Гүлдердің» гүлі болған Гүлжан (Талпақова) заман-
дасыңыз қайда?
– Жаңа айттым ғой, біздің бүкіл жастық шағымыз «Гүлдерде»
өтті. Сол жылдары Гүлжанмен біраз қызметтес болдым. Ол бір
тұла бойы тұнған дарын еді. Табиғаттың берген сұлулығы оны
би əлемінде тіпті құлпыртып жіберетін. Сахнада қалықтап жүрісі
керемет сəнді еді. Кейде ойлаймын, сол кісі сахнадан тым ерте-
рек кетіп қалды-ау. Тағы да Өзағаң еске түседі, «мүмкіндіктерің
болса, денсаулық көтерсе елуге дейін сахнадан түспеңдер»
дейтін-ді. Заман өзгерді. Кейде зорлықпен шығарылады, сахнаға
шығармай қойса, кетпегенде қайтесің. Бидің өзі өте нəзік, бір
сəтте қателесуді көтермейді. Сондықтан да болар, Шара апамыз-
дан кейін сахнада ұзақ жүрген жан болмады.
– Өзіңіздің соңыңыздан ергендер туралы не пікір айтар
едіңіз? Өнердегі бақталастық дегенді қалай түсінесіз?
– Өнерде алалық болмайды. Өнердегі бақталастық – та-
лантты, талантсыздар аралас жерде, топтасқан ортада болатын
дүние. Ал мен бапкері мықты, ақылшысы көреген өкілмін. Жеке
шықтым. Жеке өстім. Өз еңбегімнің арқасында жеттім, егер
бір жақсылыққа жеткен болсам. Ал, шəкірт дайындауға келсек,
өте жаспын деп ойлаймын. (Күледі). Биді бір балаға қою үшін
қаншама педагог тер төгеді. Классикалық би, сахналық би,
тарихи-тұрмыстық би, шығыс биі, жаңа ырғақты би үлгілері,
бəрі бөлек-бөлек сабақ. Өнерде дайындық, қалыптасу бірдей
жағдайда өтеді. Ол бір киелі де ортақ дүние. Оған кім қалай ба-
рады, қандай бедел жинайды, ол əркімнің өз бағы. Сондықтан
да «Алтынай», «Салтанат», «Гүлдердің» бишілері осы оқу
орнының түлектері болғандықтан, шəкірттерім де солар деп ой-
лаймын. Халықаралық «Шабыт» байқауының жүлдегері Диана
Қасымжанованы жеке айтуыма да болады. Мен барымды үйретіп
жатырмын. Ал, қайсысы жұлқынып шығып, дара шабады, ол
əр шəкірттің өзіне байланысты. Дегенмен, кейінгі кездері сах-
на да, өнер де саудаға түсіп кетті ме деп қорқамын. Даңғазалық
басым. Небір талантты қыздар үлкен концерттерден көріне
бермейді. Өнер адамдарының арасында да басқаша бір психоло-
гия қалыптасты. Мəселен, Шұғыла өзіндік мектебі бар, талантты
қыз. Алғаш осы бала шыға бастағанда ел арасында бұрын-соңды
қазақ биі қойылмағандай, тарихы болмағандай сыңар пікірлер
айтылып жатты. Ондай жансақ пікірлерді абайлап айтқан жөн.
Сауатты айтылуы керек. Əйтпесе, сандалудың қажеті жоқ. Қандай
халық болмасын өлең-жыры, биі қатар дамыған. Қазақ халқында
тіпті бірнеше түрі болған. Тарихтан хабары жоқ адамның өзі де
той-томалақта ырғақсыз əн салып отырған бірде-бір жан болмай-
тынын түсінер. Ал би дегеніміз қимыл ғой. Олай болса, əн сал-
майтын, сол əннің ырғағы тербемейтін сезімсіз жан көрдіңіз бе?!
Қазақты əнсіз, жырсыз елестету мүмкін емес, тіпті де.
Сол сияқты, Перизат Омарбекова деген жас талантты қыз
бар. Сол қызды неге сахнадан көрмейміз? Неге концерттерге
қатыспайды! Перизат қандай сұлу, сымбатты қыз. Бой да, ой
да келіскен. Сахнаның көркі-ақ. Бірақ, концерттер онсыз өтеді.
Өйткені, олардың сүйреушісі жоқ. Кез келген қазақ биін қойса,
алып-ақ кетер таланттар аз емес. Іздеушілер жоқ. Сахнадан
алыстап, бойдағы барды жалпылама шəкірттер дайындауға
жұмсап жүрген бізде не көмек болсын!? Таланттар баршылық,
жағдайлары жоқ. Мен айтар едім, өнерді уақытқа, қаржыға
тəуелділіктен сақтауға ұмтылу керек. Əйтпесе, өкініш өзекті
өртер кезге тап болармыз...
– Əңгімеңізге рақмет!
АҚЫННЫҢ ҒАШЫҚТЫҚ ХАТЫ
Əдебиет майданындағы, оның ішінде жыр сүйер
қауымға есімі таныс Жұмекен ақын Нəжімеденов тірі болса
65 жасқа толар еді.
«Орнында бар оңалар» демекші, сол қара шаңырақтың
киесі, иесі боп отырған Нəсіп апаймен əңгімелесудің сəті
түскендей. Жаңа басылымның табиғаты, бағыт- бағдарын
айтып, мүмкін болса ақынның бозбала шағы туралы
білгіміз келетінін айттық.
– Бар ғой, алғашқы өлеңдері, маған жазған хаттары түгел
сақтаулы. Бірақ оны жариялауға бере бермеймін, өзім де
естелік –сыр жазсам ба деген ойым бар, денсаулық көтеріп
шашам келсе,– деді ол кісі көзіне жас алып. Мен одан сайын
қызыға түстім. Екі сағатқа созылған қызықты əңгімеден кейін
ғана ақын жары келіскен сыңай танытты.
– Алғаш көрген кезіңіз?
– Ол кезде Гурьев облысы, Теңіз ауданында Қаржау деген
ауыл бар-тын. Бастауыш класты өз ауылымызда оқимыз да,
жоғары класты Қошалақ деген жерге əр ауылдан оқушылар
жиналады. Ел арасыела жоғарғы, төменгі ауыл деп аталаып
кеткен кішігірім ауылдар көп-ақ. Жұмкекен Қыр балаларымен
бізден бір жыл бұрын келіп осы мектепте оқып жүр екен.
Алғашқы қоңырау деген атымен жоқ, оқушыларды аулаға
жиып алып, тізім бойынша түгендейді д, кім түске дейін, кім
түстен кейін оқиды, соны айтады. Осы жиында қап-қара қалың
шашты, ол кезде солдаттардың киетін матадан костюм кию–
сəнге айналған, жылтыр түймеден омырауы көрінбейтін, жуан
галстук байлаған ақын жігітті тұңғыш көрдім. Бірақ ауыл арасы
жақын болғандықтан, оның үстіне көрші тұрған Жібек деген
құрбым Жұмекеннің немере қарындасы боп келеді. Сырттай
бір-бірімізге мақтап жүреді екен, сондықтан атына қанықпын.
Оқушылар саны қазіргідей көп емес. Сондықтан ба, əйтеуір
өте татумыз. Көркемөнерпаздар үйірмесінен, əдеби кештердің
белсенді мүшесіміз, радиоузелден оқушылардың концерттері
беріліп тұрады үзіліс сайын.
Жұмекен – өте өнерпаз еді. Өлең оқитын, домбырамен əн
салатын, күй тартқанда ерекше боп кететін. Əсіресе, скрипкамен
«Бұлбұл» күйін тартқанда оқушылар түгіл, мұғалімдеріміз
ұйып тыңдаушы еді. Мен мəнермен өлең оқитынмын. Бақыт,
Назым деген сырлас құрбыларым болды. Бірде Нəбидолла
деген бала Бақыттың құлағына сыбырлап, маған қарағыштай
береді. Ол Жұмекеннің класында оқиды. Сөйтсем Жұмекеннің
хаты екен, алғашқы ғашықтық хаты. Бұрын-соңды ондай хат
алмағам, оның үстіне өзі өлең жазатын ақын жігіттен алғаным...
Қайта-қайта оқимын, көріп қалатын сияқты. Содан бастап
небір жырға, сырға толы хаттар ағылды. Үшеуміз жабылып
оқимыз, Назымның қара сырмен сырланған кішкентай сандығы
бар, хаттарды соған жасырамыз.
– Қай жылдары?
– Бұл 1953-54 оқу жылдары. Мына суретке сол жылы
түскенбіз.
– Қай жылы үйлендіңіздер?
– 1957 жылы қосылдық. Құдайға шүкір, жаман ғұмыр
кешпедік. Ұлдары мен қыздары, немерелері өсіп келеді. Өзі
өлердей жақсы көретін қазақ халқына мұра – өлеңдері қалды
артында. Ертерек кетіп қалғаны болмаса...
Ақын жары сүйген жарға деген махаббаты, сағынышын
көз жасы арқылы шғарып, босаңсып алды.
– Кейде күнделікті тірліктен шаршаңқырап қажыңқыраған
сəттерде осы ғұмыр-намаға уақыт бөлемін.
– Ғашық-намаға деген дұрысырақ болар,– дедік біз ол
кісіні көңілдендіре түскіміз келіп.
– Иə,– деді ол кісі болмас жымиған күйі. – Мына бір хатын
оқып, өткенде ағыл-тегіл жылап алдым. Махаббаттан есіміз
шығып жүріп, ол кезде нендей жауап жазғаным, əрине, есте
жоқ. Дегенмен, бір хатымда «жазысқан хаттарды сақтауға
тырысайық, керек болады, ойлан» деп жазған болуым керек.
Мүмкін, ағаларыңның ертерек кететінін, аз ғана ғұмырында
осындай бағасыз байлығын – өлеңдерінің, жырларының,
хаттарының ғана ғұмыры ұзақ болатынын құрғыр жүрек
сезді ме екен.. Маған онсыз өмір сүру өте қиын болды. Үлкен
жүректі, сыршыл жүректі ақын-жарды жоғалту жеңіл болған
жоқ. Ал балаларыма, оқырмандарына, яғни іздеушілеріне
қарап шүкіршілік етемін.
– «Қыз бен Жігітке» алғысөз, тілегіңіз болсын,
бұйымтайымыз – ақынның бір жыры мен хатын
жариялауға рұқсат берсеңіз?
– Қайдам, бір жағынан ыңғайсыздау сияқты, мейлі жастарға
пəлендей ой түйгізіп жатса, қажетіне жарар болса берейін.
Рахметімізді айтып, редакцияға жеткенше асықтық...
СҮЙЕРІМ!
Аруым! Сізге деген махаббат жалыны күннен күнге
өршуде... Абай айтады: «Махаббатсыз дүние бос,
Хайуанға оны қосыңдар»,– дейді. Қысқасы, махаббатсыз,
сүйіспеншілігі жоқ жəне ешқандай жылы жүректілік жоқ
адамды, адам деп қараудан гөрі айуан қатарына қосу–
орындырақ екенін қазақ халқының кемеңгері көре білді,
өсиет етіп айта білді. Олай болса, біздің жүректерге кінə
артуға болмайды. Аздап ертерек тыпырлағаны үшін шамалап
өкпелеуге болар да еді...
«Игіліктің ерте,кеші жоқ»– дейді қазақ. Бұған қарағанда
жақсылыққа, бақытқа, өмірге талпынған адамды ешкім
айыптамайтын тəрізді. (Оқушылық тұрғыдан қарағанда:
«Сүйіспеншілікті оқып жүрген кезден бастап қамдауға болады»
– деп айтпайды).
Сүйіктім! Сіздің көрген түстеріңіз мен туралы өзіңіздің
ой қорытындыңыздан шұғыл ғажап емес. Үйткені түс –
адамның көңіл-күйінен аулақ кетпек емес. Мысалы: біз
қайғыланып жатқанда даман түс, ал шаттанып жатсаң жақсы
түс көріп, оны келешегімізге жорып оңып қаламыз. Бірақ
Сіздің түсіңізге мəн бермеуге, «əншейін ғой» деп қарауға
болмайды. Мүмкін, менің бақытты, қызғылықты өмір
сүруіме кім шек қоя алады?!
Бұдан былай кейбір туысқандарыңа, шын дос құрбы, құрдас
жеңгелеріңе білдіре беруіңе менің қарсылығым жоқ. ( Менің
алдамшы емес екенімді таныған шығарсың). Осы сырды
А.Бақыт біле ме? Қашықтан хабарласу туралы не ойлайсыз?
Сіздің хаттарыңызды мен алғашында сақтықпен жыртып
жүр едім. Соңғы кезде өзім сақтауға ұйғардым.(Көпшілігі
қолымда).
Ж.К.
Басқа айтар сыр болса айтарсыз.
27.Ү. 53 ж.
Сіз маған «Жазылған хаттың керегі болады, ойлан!» депсіз
ғой. Мен оның керегін білмеймін.
Ескерткіш ретінде хатты тұтасымен, өлеңдерді блокнотқа
жазып сақтап жүрмін .Керегі туралы өзің айт».
РЕДАКЦИЯДАН:
қараша
айының
соңғы
сенбісі
ақынның туған күні. Бүгінгі қыз-ұлдары – оқырмандарына
еш жерде жарияланбаған, тек Нəсіп апайға жолданған
ғашықтық хатын жариялай отырып, ақын аруағының
алдында басымызды иеміз.
ФАРИДА БЕКЖАНҚЫЗЫ: ҚАЛЕКЕҢ ҚАЛЖЫҢ СЫЙЛАЙТЫН – Қалағаңсыз да бір жылды артта тастадыңыз. Осы ғұмырыңызда өмір туралы жиған-тергеніңізді мереке күні сыр ғып ашпас па екенсіз? – Өмірдің өзі шындықтан ғана туады. Əсіресе, сүйіспеншілік, махаббат мəселесіне келгенде бұл ойымыз ажарлана түссе керек. Шынайы сезім– көлгірсуді қажет етпейді. Өтірік, сыпсың сөздерге бой алдырмайды. Адалдық пен мейірімділік махаббаттың мықты мірегі қашанда. Қалекеңмен қалай танысып, қалай отау құрғанымыз жөнінде, осыдан біраз жыл бұрын республикалық газеттердің бірінде көлемді мақала шықты. Оны қайталамай-ақ қояйын. Қайталанған сөз, пікір қайта-қайта ысытылған тамақ сияқты нəрін де, дəмін де жоғалтады. Өмір бар да өлім бар. Осы бір қағиданы қатал болса да мойындайсың. Жаныңда жүрген жақсы кісілерді жоғалтқанда жаның ауырып, жүрегің езіледі. Көз жасыңды көл етіп отырып та тағдырға мойынсұнасың. Басқа түскен кез-келген ауыртпалықты, оның ішінде қазаны шүкіршілікпен көтеру керек екені шариғатта да қадап айтылған ғой. Дегенмен, жер ортасы жасқа келгенде азаматыңнан айырылу кімге болса да жеңіл болмаса керек-ті. Міне, мен де Қалағаңсыз өткен 300таңымды қарсы алып отырмын. Оны жоғалту қаншалықты ауыр болса да, менімен бірге қайғырып, бірге езілген елін көріп, жақын-жуық, жоражолдасты көріп, шүкір еттім. Əрине, өзі жазушы, драматург болса, жазғандары əлдекімдерге түрпідей тиіп жатса, ол жазудың азабы да болмай қойған жоқ-ты. Оны көзі қарақты оқырман өзі де біледі, мен қайталамайын. – Қалағаң бұл мерекеде Сізге не сыйлаушы еді? – Қалекең – өте көпшіл, қолы да, көңілі де ашық кісі болды. Тіпті ешкімнің көңілін қалдырған, тілі тиген емес десем,
күпірлік болмас. Балапанша бабын тауып, келімді-кетімді кісілеріне үнемі ашық қабақ танытып, мен де мəпелелуші едім. Мереке күндері бала-шағасын жинап алып, мол дастарханның басында емен-жарқын əңгімесін айтып, қалжыңымен мəресəре болып отыратынбыз. Балалардың айқайы– маған əдемі əуен, музыка ғой деп отырушы еді жарықтық. Əйел қанша ақылды, көрікті болғанымен, ер-азаматсыз ондай сұлулық түкке тұрғысыз дер едім. Көктемнің əдемі мейрамында қыз-келіндерімді құттықтай отырып, еразаматтың қадірін біліңдер, біз солармен бүтін, сол кісілермен бақыттымыз дегім келеді. Дүниенің тұтқасын ұстап тұрған небір азаматтар үйдегі берекесіз, отбасындағы ынтымақсыз ешқашан елге сыйлы болмақ емес. Осыны ескерген ана, əйел азаматтың қалқасында отырып-ақ, өзінің дегенін істете алады. Ал керісінше небір салиқалы азаматтардың шайпау əйелдің мінезінен берекесі кетіп, отбасында да, қызметінде де абыройын айрандай төккен жағдайлар да болған. Құдайға шүкір, басқа басқа Қалекеңнің орны тым бөлек екен. Осынау өзі де, тілі де өткір, бірақ отбасында өте мейірімді, адал Қалтайға қосқан тағдырыма мың мəрте шүкіршілік етемін. Өзімнің шыққан тегімнің тектілігі мен Қалекеңнің парасаттылығы қосылғанда, тіпті бақытты өмір сүрдім. Ол менің айнам еді. Адал жар, тірегім болды. Кейде пендешілікке, əйелдікке бой алдырған кездерімде сабырға шақырып, сөзімді, өзімді жөнге салып отыратын сəттері де аз болмайтын. Бір сəт ашуланайын десең, ондайға жібермейтін. Ашуды ақылға жеңдіріп, əйтпесе күлкіге айналдырып отырушы еді, оғланым! Не сыйлаушы еді Қалекең?! Күлкінің көмбесі, қазынасына айналған Қалекеңнің қашанда қалжыңы дайын еді ғой. Қалжың сыйлайтын-ды...
ІІ БӨЛІМ
Ер - әйелдің пірі
ҰНТАҚ ЖЕП ӨСКЕН ҰРПАҚ ӨКІЛІМІЗ, –
ДЕЙДІ ҚАСЫМ АҒА ЖƏКІБАЕВ
Осынау қазақтың шынашақтай ғана сары шалымен
əңгімелесу біраздан ойда бар-тын. Көргені мен түйгені
мол, қазақ мəдениеті мен өнерінің ауыр жүгін бір кісідей-
ақ иығына артып келе жатқан Қасым ақсақалдың, шы-
нында да, айтары аз емес. Бауырмал ақсақал ақжарылқап
əңгімені бірден бастап-ақ кеткені.
– Əрине, екеуі де қиын өнер болғандықтан кино мен
сахнаны бөле-жарған емеспін. Бөле алмаймын да. Екеуінің
де өзіндік артықшылығы, ерекшелігі бар, тіпті, əдіс-тəсілі
де мүлдем бөлек болғанымен, айналып келгенде қазақтың
қасиетті қазынасы ғой.
Сахнада жүрген өнер адамына, артистерге Белинский
баяғыда айтқан екен: « венцом исскуство является драма» деп.
Бұл дегеніңіз, меніңше, ұлы кинолардың бəрін артистер жа-
сайды, өнердің кез келген түрін жасайтын драманың артистері
ғана деген ұғымды білдіреді.Сол – дұрыс пікір. Мəселен, ұлы
кинолардың бəрі артистердің еңбегіне байланысты ғой.
– Сахнаны сағынасыз ба?
– Əрине, сағынамын! Мен он сегіз жасымда, 1948 жылы төрт
жылдық театр-көркем сурет училищесін бітіргенмін. Актер, ре-
жиссер жəне суретшілер дайындайтын училище болатын, кейін
суретшілер Гоголь атындағы өнер ордасы болып бөлініп кетті.
Желтоқсанның 12 жұлдызында, Құдай бұйыртса, 81-ге тола-
мын. Осы жылдарымның ең қымбат елу жылын театрда өткіздім.
Он жылдай «Қазақфильмде» жұмыс істеп, басты рөлі, жанама
рөлдері бар біраз киноларға түстім. 1984-94 жылдары Досқан
Жолжақсынов директор болып келгенде, өзінің шақыруымен
Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар театрына келдім. Өнердегі, əсіресе,
кино өнеріндегі қызметімнің бағаланбай жүргені жанына батса
керек, жағдайымды жасауға тырысты. Еткен еңбегімнің жемісі
шығар, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі едім, Қазақстанның
Халық артисі деген құрметті атаққа ие болдым.
– 2005 жылдан бері денсаулығыма байланысты жұмысқа
жарамай қалдым. Əсіресе, жүрекпен ойнауға болмайды ғой,
екінші жүрек талмасы ауырлау болды. Таетрға Досқаннан
кейін Теменов деген жігіт келді. Отты жігіт екен, сөзден сөз
туады ғой, айтып кетейін, талантты əрі пысық жігіт екен. Жас
артистерге театр маңынан жатақхана салдырды, спорт залы,
бильярд залы бар, аз уақыттың өзінде əжептəуір жұмыс тын-
дырды.
– Сізді үнемі жастардың рөлінде көреміз...
– Иə, ол баяғыда ғой. Мен сізге айтайын, қырық жасқа дейін
жасөспірімдердің рөлін ойнадым. Менің тұстастарымның
маңдайына жазылған ауырлықтар, əсіресе балалық шақтары
соғыс жылдарына тұспа-тұс келген сормаңдайлардың бірімін
ғой. Наталья Сац Қарағандыдағы лагерьде екен. Қазір
орыстың балалар театры сол кісінің атымен аталады. Менің
шығармашылық ғұмырымда ол кісінің алар орны ерекше,
сондықтан марқұм орнынан бір аунап түссін, айтуға тура
келіп тұр. «Чио-Чио сан» операсын қоятын болды да, басты
рөлді қазақтың Күлəші (Бəйсейітова) ойнамақшы болады.
Екінші құрамында Ольга Ким деген кəріс келіншек бар. Сонда
Күлəшті тұңғыш көрдім, тұңғыш рет тыңдадым. Керемет!
Кім қояды дегенде, əйтеуір, Натальяға тоқталады. Оның əкесі
Мəскеуде МХАТ театрында музыка бөлімінің меңгерушісі
болған, Ақ патшаның уағында большевиктер төңкеріске дай-
ындалып жатқанда Бауманды үйіне жасырған, большевиктер-
ге болысқан кісілігі бар азамат екен. Содан Орталық комитет
Мəскеуден Сацты шақыртып алады. Ол кезде бəрі Мəскеу
арқылы шешілетін заман ғой. Сөйтіп «Чио-Чио санды» қояды,
бір ариясын, əлгі оркестр ямасы дейді ғой, басын салбыра-
тып жатып орындайтын жері бар. «Чио-Чио сан» операсының
бас кейіпкері аяғы ауыр болғандықтан, жаттығу кезінде
бес-алты жасар баланы арқасына байлап қойып жаттыққан
деседі. Екіқабат əйелдің ішіндегі баласын осылай қорғаған,
қандай əдіс десеңізші! Опера керемет сəтті шығады. Сацтың
күйеуі Рязанов деген 37-ші жылдары министр болған екен,
ұсталып кетіп қайтпай қалған. Осы операдан кейін Натальяға
Ресейге еңбек сіңірген актриса деген атағын қайтарып беріп, ол Қазақстанға келеді де, 1945 жылы 7 қараша күні Алматыда Жасөспірімдер мен балалар театрын, ал келесі жылы, яғни 1946 жылы қазақ труппасын ашады.Ол кезде бір кеңсе, бір бастық дегендей орталықтандырылған театр деп аталады. Бірін айтып біріне кетіп отырмын ғой, айналып келгенде, Алланың берген дарыны болмаса болмайды ғой. Қабілетқарымымен қатар, қандай да шығармашылық адамының қолында мықты қаруы болуы керек. Суретшінің қолында қылқаламы бар, натурасы бар, яғни аң-құс болсын, тірі пенде болсын салатын дүниесі бар, соны салады. Ал композитордың музыкалық аспабы бар, нотасы бар, сонымен жазады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, мүсіншінің де өз өнімі өзінде, ал бізде, драманың артистерінде өзі ғана. Бұл – жеке пікірім. Режиссердің көмегімен сахналанған шығарма арқылы сіз бен біздің рухани араласуымыз, сахна мен залдың арасындағы қарым-қатынас, үйлесімділік қалыптастыруға ұмтылыс жүреді. Содан кейін «сквазной действие» деген болады. Спектакльдегі автордың айтайын деген идеясы. Пьесаңыз əдеби шығарма ғой, ал спектакль мүлдем басқа.Оның үстіне, əдеби тіл шұбарланған заман болды. Шынын айту керек, қазір артистерге құрал –оқитын кітап жоқ! Қазақта талай режиссерлар болды, Маман Байсеркенов, марқұм Асқар Тоқпанов, солардың өзі мен сияқты орысша-қазақша оқитын. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының өзінде орысша-қазақша.Тіл шұбарланған жерде сөз-сөйлем құрылысының да бұзылуы заңдылық. Күнделікті қолданыстағы емес, көркем əдебиеттің, көркем дүниенің бүлінуі,ол сахнаның ғана емес, қалың қазақтың соры. Маман Байсеркеновтың жазған бір кітабы қолыма түсті, оқыдым. Жарыққа шыққан кітаптың соңында қандай оқулықтар пайдаланылған тізімдегі өнертанушылардың бірдебіреуін танымаймын. Өзім кітапқұмармын, көп оқыдым, əлі де оқимын. Тіпті пікірлерін қолданған адамдар түгілі, əлгі кітапты түсінсем бұйырмасын. Сахнада 40-50 жыл жүріп мен ұқпаған шығарманы, бүгінгі ұрпақ қайдан ұқсын?! Бұл мəселені көп болып ойлануымыз керек.
Мектепті бітірерде, сегізінші сыныптан кейін онжылдықты
бітірумен қатар, кəсіби сала бойынша мамандық алып
шықтық... Сонда бір жолдасым осы өнер жолын таңдайық деді,
жатақханасы бар, стипендиясы бар екен, соған қызықтық. Маған
сонда мұғалімдер таңғалыпты, біреуі ғана қазақ, Сыдықов де-
ген драма театрдан.Қалғандарының бəрі орыстар, «образно»
сөйле, суреттеп сөйле дейді. Шаляпин деген орыс халқының
дарынды артисі болды. Сол Михайл Александрович Чеховтың
«Гамлет», «Хлестаковты» да, тіпті комедия-драма, кез кел-
ген жанрда ойнағандарын көріп, таңғалған екен. Ол Антон
Павлович Чеховтың туған немересі болған. Тілсіз, сөйлемсіз,
мылқау кинолардың уағында Еуропаға барып киноға түскен.
Кезінде ол туралы Моров деген жазушы «Трагедия художника»
деген кітап та жазды.
– Əлгінде Күлəштің көзін көрдім, операсын тыңдадым
дедіңіз. Жақсылармен жүрген күндер еске жиі түсетін
шығар?
– Қазақтың талай режиссерлерімен жұмыс істедім. Оның
арасында еврейдің Барн деген жақсы режиссері болды, Барукаев
деген осетин де болды. Асқар Тоқпанов біріккен театрдың
көркемдік жағын басқарды. Орыстың мықты режиссерлерін
бағындыратын.
Шəкен Аймановтың киноларына түскенім жоқ, шығар-
маларын бағалайтын режиссерім. Театрға жиі келеді,
үнемі жалғыз емес, шұбырып нөкерлерімен жүретін-ді.
Амандасып жүреміз. Талантты. Жүріс-тұрысының өзі
бөлекше. Жаратылы сы бөлек адамдар ғой. Бір күні келгенде
«Сценарий жаздым» деді. Мұхтар Əуезовтің «Абай» рома-
нынан. Жас Абайды Алтынбек Кенжеков өте жақсы ойна-
ды. Құнанбайды Бəйділда Қалтаев деген артист жандырды.
Оның Абайды ойнағысы келіп еді, бірақ Шəкен аға осылай
шешті. Маған Дəркенбайды берді. Ой бүй, талайдың қолы
жете алмаған, Өмірзақтар қанжығасына байлаған Дəркенбай
əділдікпен алысып жүрген жалғыз кедей, төңірегімнің бəрі
бай-шонжарлармен алысып, жағаласып жүретін сом рөлді
бергеніне əуелде тосылыңқырап қалсам да, Шəкеннің сенімі
үлкен күш-қуат бергендей, бойымды əлдебір шабыт кернеп
шыға келдім.
– Сенің əртістігің жаман емес, даусың да мықты, ал
енді Абайдың əкесін ойнайтын актердің даусы күшті екен,
басасың ба? – деді.
– Басамын, – дедім. Оның даусында, орысша айтқанда,
металл жоқ, мүлдем аз.Менің даусым зор, күшті-ақ. Оның
үстіне соғыс жылдарында оқыдым дедім ғой, сонда еврейлер-
ден сабақ алдым. Ол кездері операның əншілері сияқты драма
артистеріне де дауыс қоятын-ды. Сонда кəдімгідей аптасы-
на үш рет театрдан келіп, дауыс ырғағын қалыптастыратын
тұрақты сабақ жүретін. Жоғары, орта жəне төменгі немесе
кеңірдектен шығатын бөлік деп бөлінеді. Мен мақтанғаным
емес, осы үш буында да өте жоғары деңгейде сөйлей алатын-
мын. Ал қазір сахна артистері түгіл əншілерге де ондай талап
қойыла бермейді. Тынысымның кеңдігі сондай, менің бір алған
демім қағаздың жарты беттік сөзі, демде оқып немесе дем ал-
май айтып шыға аламын. Тағы сыдыртып емес, бабымен таза,
ашық, анық айтып шығатынмын. Даусым зор, диапозоны кең
болғанымен, бойым аласа, қазақша айтқанда қортық дейді ғой.
Сондықтан да қырық жасқа дейін жасөспірімдерді ойнадым.
Сөйтіп, Шəкен ағай сенім білдіріп, тіпті Дəркенбай-мені өзі
киіндірді. Спектакль біткен соң:
– Қасым жаман ойнаған жоқ, маған ұнады,– деді. Ол кісінің
аузынан мұндай мақтау сөз есту дегеніңіз, сұмдық мəртебе ғой.
– Сізге қол жетпес арман болған рөліңіз бар ма?
– Актер болған соң, əрине, неге болмасын?! Менің қабілетім
де, дарыным да жететін образдар болды ғой. Орта біліммен-ақ
шамам да жетер еді. Ойымда талайлары болды, қазір айтсам
біреулер миығынан күліп жүрер, атамай-ақ қояйын. Бір ғана
кемшілігім, ой озық болғанымен бойымның қысқалығы, шыны
керек, көп кедергі болды.
– Сізге арнап жазылған шығармалар да бар. Əсіресе,
«Түркістанның» іргесін қалаған жазушы-драматург Қала-
ғаң, Қалтай Мұхамеджановтың өзіңізге арнаған пьесала-
рын білеміз...
– Иə, жазушы Сəкен Жүніс қазақтың біртуар режиссері
Əзірбайжан Мəмбетов екеуміздің балалық шағымызға ар-
нап «Жаралы күндер» деген соғыс жылдарындағы балалар
тағдырын сахналады. Ал Қалтай жазушылығымен қатар
азаматтығы да жоғары қаламгер еді. «Қуырдақ дайын», «Өзіме
де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында» деген шығармаларын
арнады.Өзі де үнемі келіп қатысып отыратын-ды. Сонда əр
спектакльден кейін:
– Сахнаға Жəкібаев шыққанда менің қаным көтеріледі, –
дейтін. Сонда менімен қоса «ойнап шыққандай» болады ғой
деймін, риза көңілін білдіргені, əр спектакль сайын жалықпай
сол сөзін қайталайтын.
Қасым аға əлдебір қимас күндердің шуағына шомылып
отырып, «басшыларыңа айта бар, газетке қызметке келіп-кетіп
жатқан жаңа толқын журналистерге Қалтайдың шығармаларын
насихаттап отырсын» деген сəлемді айтуды тапсырды.
– Сізді көрермендеріңіз «Жансебіл», «Қан мен тер»,
«Қыз ғыш құс» кинолары арқылы да жақсы біледі. Əсіресе,
«Жан себілдегі» «тағдырыңыз» өте аянышты. Аяқ-қолы
сау адамның мүгедек арбасына таңылып отыруы деген
сұмдық шығар...
Қасым аға кеңкілдеп күліп алды. Киноны түсіру бары-
сындағы қызықты оқиғалар есіне түссе керек. Көз алдымыз-
да бір шөкімдей болып отырған қазақ өнерінің қара жорғасы
əңгіме сайын биіктеп бара жатқандай. Сəлден соң əңгімесін əрі
қарай жалғастырды.
– Негізі киноға кешірек түстім. Ұсыныстар болып жатты,
ең алғашқы кинолардың бірі «Біз Жетісуданбыз» деген киноға
да шақырылып едім, жолым болмады. Сағатбек деген жас бала
түсті. Ал, киноның нанымды, жақсы шығуы көбіне операторға
байланысты ғой. Əбділда Қастеев түсірді, атақты Қастеевтің
баласы. Арбаның астына екі аяғымды тығып байлап тастаған.
Арбадан шалқалап құлайтын жерім бар, сұмдық көрініс.
Жазушы Жүсіпбек Қорғасбек пен режиссері марқұм Аяған
Шəжімбай та талантты жігіттер ғой. Аяған қаншыл, намыс-
шыл азамат еді. Ол кеңес дəуірінің өзінде «халық жаулары»
жайлы деректі фильмдер түсірген, көркем фильмнің де бағына
туған дарынды режиссер еді. Жазушының шығармасында
кейіпкер тап-таза шолақ емес, жартылай мүгедек болса керек.
Бірақ маған қойылған талап əлгіндей, екі қол, екі аяғы да жоқ.
Театрда болса таласып-тартысуға, ақыл-кеңес айтуға, пікір
қосуға болады. Ал кинода тек қоюшы режиссердің айтқанына
бағынуың керек.
Талай əңгіме болып жүрсе де қайталап айтайын, Аяған
сценарийді ресейлік талантты киноактрисаны іздеп барып
береді, ал Нина Мордюкова өзіне ұнаса да, белорустық құрбысы
Галина Макарованы ұсынады. Сол кездің өзінде жетпіске таяп
қалған кезі, бұл қалай болар екен деп іштей ойланып та қалдым.
Содан дайындық, түсіру басталды да кетті.
Бірде түсіру алаңында ары-бері өткен пойыздың артынан
жүгіре-жүгіре шаршап, дем алдық. Күннің қайнаған ыстығы,
ары-бері жүгіргеннен ол да, мен де діңкелеп отырмыз. Терлеп
кеттім де, басымдағы тақиямды алшы деп едім, ол тақияны
алдыма қоя салды. Бір кезде жанымыздан өтіп бара жатқан
жеті-сегіз жасар қызы бар келіншек тақияма тиын тастады.
Сөйтсем, бас киімім шалқалап қалған екен. Содан жетегіндегі
қызы анасының құлағына бірдеңе деп сыбырлап, кері бұрылды
да, қайтадан 3 сом тастап жөніне кетті. Сонда ойладым, менің
мына кейпім таза қайыршыға ұқсағаны, шын мəнінде образдың
шынайы шығып жатқан ғой деген ой келді. Содан сенімдірек
болғаны киноның сəтті түсірілімімен аяқталды ғой...
– Қасым аға, сіздің ғұмырыңыз бізге аңыз сияқты.
Тағдырыңыз жайлы кітап жазу ойда жоқ па?
Балконнан сыртқа көз салып отырған қарияның
көңіліне сəл-пəл кірбің түсіріп алғанымызды іштей ұқсақ
та, көңілдегі сұрақ ауыздан шығып кетті...
«Е,е, қарағым, менің тағдырымды адам баласына
бермей-ақ қойсын, ешкімге тілемейтін, аса ауыр ғұмыр
кештім мен» деп барып қайтадан үнсіз қалған дана
ақсақалдың жанарына келіп қалған мөп-мөлдір тамшы-
ны көрмесек те, жанымызбен сезіндік. Жүрегіміз сыз-
дап қоя берді. Тəуелсіздікке қол жеткізер тұстағы қазақ
халқының тарихындағы Желтоқсан оқиғасының зардабы
бұл отбасын да айналып өтпегенінен хабардар басымыз,
əдемі бір əсерін мұңға айналдырып жібергенімізге тағы да
қиналдық. Дегенмен, көпті көрген, жақсылармен табақтас,
дəмдес болған, өнердің қызық-шыжығын татқан ақылман
қарияның сабасына тез түскені бізді де ауыр ойдан алып
шықты.
– Менің тағдырымды дос түгіл дұшпаныма бермесе екен
деп өмірден өтемін, қарағым. Алла тағаланың маңдайыңа
жазылғанынан көрмей кетпейді екенсің. Тағдыр қатал жазала-
ды мені, оны тəптіштеп айтып, жазып жанды ауыртқаннан не
пайда?!
Кітапты шабан оқысам да, көп оқимын, əсіресе тари-
хи дүниелер ұнайды.Ал, кітап жазу деген сəнге айналған за-
ман болды ғой, біраз танымал жазушылар ұсыныс та жасап
еді, келіспедім. Кезінде Оспанхан Əубəкіров та ұсыныс жа-
сап еді, көрші болдық. Өнердегі ғұмырымды көрермендерім
жақсы біледі, ал жеке өмірім, ол менің жеке қазынам. Мүмкін
жақсылығынан, қуанышынан көрген қиындық-азабым көп те
болар, дегенмен, ол жеке тағдыр ғой, адам тағдыры! Жаманды-
жақсылы өнер адамының тағдыры! Көзім тірі кезімде ол
бағасыз қазынаға ешкімді жолатпаймын, ал... күнделікті
күйбең тірліктен туған ойларды қағазға түсіріп жүру деген де
жақсы қасиет. Газеттерден Асанəлінің күнделігін оқып отыра-
мын. Ол азамат та қазақ халқының тəңірі берген мақтанышы
ғой. Пікірлері көңілге қонады.
– Бір сұрақты қойсам, көңіл күйіңіз бұзылып қалар
ма екен, дегенмен сексен жылдығыңыз неге республика
көлемінде аталып өтпеді?
– Өйткені, мен жоғарыда айтқанымдай, ұлы актер де, да-
нышпан актер де емеспін. Мен тек қана өз кəсібімнің, өз
қабілет-қарымымның, өз ісімнің маманымын. Оны ешкім тар-
тып ала алмайды.
Өнердегі еңбегімді өзінше бағалап, сыйлап, «осы шалдың
еңбегі зор еді-ау, бағаланбай қалды-ау», – деп жанұшырып атақ
əперген Досқан балама рақмет. Республика көлемінде шалқып
аталып өтпесе де, ұжымымен бірге келіп құттықтап, азын-
аулақ сый-сияпат жасаған театрдың қазіргі басшылығына да
ризамын. Жастар хал-жағдайымды телефоннан болса да сұрап,
хабарласып тұрады. Одан артық не бақыт, қандай тағдыр керек
дейсің?..
81-ге толамын деп отырмын ғой, мына жарық дүниеде
көрген-білгенің бір күнгідей болмайды. Осы киноның
арқасында Таймувский Моловод деген бар, Солтүстік мұзды
мұхит, сонда болдым. Талай киносаңлақтарымен бірге киноға
түстім...
– Ұзақ жасаудың, əдемі қартаюдың сыры неде деп ойлай-
сыз? Сіз сексеннен астым десеңіз де, біз баяғы сахнадағы
өзіміз көрген Қасым ағатаймен əңгімелескендейміз...
– О-о, ол алысқа кеткен заманмен тең.Əйтпесе, ұнтақ жеп
өскен ұрпақ өкіліміз.Ашаршылықтан соғысқа ұласқан балалық
шақ... Əр ұлттың өзіндік ерекшелігі бар, ас-тағамдары бар.
Осы қырғыздар «қазақтар жылына бір центнер қыл жейді»
дейді екен. Шіркін-ай, сонда ет жегіштер өздері болғаны ғой!
Сонда немене қазақ соқыр ма екен, соқыр екеш соқыр да қыл-
қыбырды аузынан алып тастап жейді ғой. Өз басым тəбетім
тартқан дəмнен қалыс қалмаймын. Дегенмен, жас ұлғайған
сайын əр нəрсенің де шегі, шеті болатыны ақиқат.
Мəдениеттің майын ішіп, өнердің əдемі өрісін кеңейткен,
кино мен сахна өнерін қыздың қос бұрымындай көркем
өрген қазақтың қайсар шалы – Қасым аға Жəкібаевпен
арадағы əңгіме осылай өрбіді...
КƏУКЕН КЕНЖЕТАЕВ:
КҮЛƏШТІ САҒЫНУ
Күлəш, Шара, Қанабек, Құрманбек, Манарбектердің өмірі
– қазақ театр өнерінің тарихы десе болады. Талай айтылып
та, жазылып та жүр. Əлі де таусылар емес. Айтқанымыздан
айтпағанымыз, жазғаннан жазбағанымыз көп. Кезінде айта да,
жаза да алмадық. Тарихтағы ақтаңдақтар «бұл қазақтың кере-
мет қызы» деуден шошындырды да, үріктік. Дегенмен, уақыт
өте келе тарихтың шындыққа толы беттері де айқара ашылды.
Олар жыл өткен сайын жаңғыра беретін, ұрпақтар өзгерген
сайын жаңара беретін өнердің ақиқаттары деуге болады.
Əйтпесе, кəсіби мамандығы жоқ, қолында дипломы жоқ бола
тұра, табиғаттың берген сыйы – тұла бойлары тұнған өнер, та-
лант ананың ақ сүтімен, туған елдің қасиетті топырағымен да-
рымады деуге келмес.
Осы бір қасиет, өнерге деген алабөтен құштарлық –Күлəшті
(ол кезде кез келгенге бұйыра бермейтін) Кеңестер одағының
Халық əртісі деген абыройлы атаққа жеткізді. Сахнадағы
Күлəш, актриса Күлəш көркем-ақ еді. Оның көркемдігі
бойындағы асқан таланты мен көрерменге деген, көрерменнің
оған деген ықылас- пейілі болатын. Жаны сұлу. Өнері сұлу. Ал,
қазақи ажар, көріктілігінен Шара əпкеміз тіпті бөлек-тін. Ол
Күлəштан да сұлу еді. Екеуі де сахнаның көркі болды. Еркесі
болды. Бірінсіз-бірі аталмайтын. Қатар жүрді. Киім киістері,
сəн үлгілері де бірдей, бір шебердің қолынан шыққандай жа-
расымды киінетін.
Театрға келмей тұрған кезде, біз сияқты жастарға Күлəшті
көру – арман болатын. Сыртынан көріп мəзбіз. Елуінші жыл-
дары театрға келгеннен кейін, менің бағыма қарай Күлəшпен
бүкіл Кеңестер одағын түгел араладым. Бибігүлмен де көп са-
парлас болдым. Кейде екеуін ойша салыстырамын. Күлəштің
өнердегі бақыты Бибігүлде де бар. Алла тағаланың үйіп-төгіп
бере салған сұлулығы сахнаға шығып, аппақ тістерін көрсете
жымиып, тізерлеп иілгені – залдағы елдің көз қуанышына ай-
налып, ду еткізеді. Тіпті, одан кейін əн салмай-ақ келіп, қайта
шығып кетсе де риза жұрт.
Əнші көп. Қазақ əу бастан өнерліге бай халық. Бірақ, əр
əншіні қабылдау əрқилы. Күлəшта адамды өзіне тартып
тұратын өнерден де бөлек бір қасиет болды. Көп сапарлас
болдым дедім ғой. Бірде Қарағандыда тұратын əпкем мен жез-
дем шақырған соң, Күлəшті ертіп бардым. Сондағы жиналған
халықты көрсеңіз, жездемнің кішкентай ғана қараша үйі түгіл,
ауласына сыймай кетті. Күлекеңді көру үшін. Соғыстан кейінгі
тозығы жеткен, жұпыны киінген ауыл адамдарының ортасында
өзі де, киімі де келіскен Күлəш. Марқұм Байғали ( Досымжанов)
екеуміз анадайдан сырттан бақылап тұрмыз. Киімдері жұпыны
болса да, өзіне деген, өнерге деген жыртық, көнетоз киімнің ар
жағынан бетке ұрып тұрған ықылас-пейілді танып, риза болған
əнші, кербез Күлəш қызу əңгімеден бал-бұл жанып отырды.
– Əй, Кəукен, – дейді Байғали, – қарашы Күлəшті, сен
екеуміз ғой, олай отыра алмас едік.
– Иə, иə, сұрақтарына ғана жауап беріп, олай емен-жарқын
отыра алмаймыз-ау, – деп мен де іштей мақұлдап қоямын.
Біз қанша күн болсақ, бүкіл ауыл-аймақ сонша күн Күлəшқа
тыныштық бермеді.
Міне, Күлəштің сүйкімділігімен қоса, көрерменге, өз
тыңдаушысына деген дипломатиялық қарым-қатынасы да
ерекше еді. Оның бойындағы қарапайымдылыққа таңдана
қарайтынбыз. Көрген кісіні өзіне тартып тұратын.
Күлəшті іздеу, Күлəшті жазу – өте игілікті іс. «Күлəш неге
ары қарай оқымады» дейсің. Оның оқуға қабілеті де, мүмкіндігі
де болған. Өнерде басқа ел сезіне бермейтін бір өтпелі,
көшкінді кезең болады. Онсыз да тамылжып тұрған табиғи да-
уысты ар-бері ретке келтіріп,бұрап жатуды қолайсыз санады
ма, жасы да кедергі болған болар, бəлкім, Қанабек қарсы бол-
маса да, онша оқуға ынталана қоймады. Еуропалық ретке кел-
ген дауыспен əн салатындар аз болмаған ол кезде де. Мүмкін,
оқымағаны да дұрыс болған шығар деп те ойлаймын кейде.
Өйткені, қалтадағы дипломнан да құдіретті көмейден шыққан
өзіндік уыз үні бар ғой. Консерваторияға түсіп, оны бітіремін
дегенше, ол дауысты сақтай алар ма еді, алмас па еді?! Қазіргі
əншілерді сол кездегі Күлəштің даусымен салыстырсаңыз,
əрине, оқып, ысылған, орындаудың неше түрлі технологиясы
жағынан əлдеқайда биік əншілер аз емес. Тіпті, даусы жағынан
Күлəштан да керемет болуы мүмкін. Ал, оқу-тоқусыз, ананың
ақ сүтімен дарыған, үйретіп-тəрбиелеуді қажетсінбейтін, тұла
бойы тұнған талант ешкімнің жетелеуіне бағындырмайтын
алпауыт күш сияқты. Осындай қасиет Шарада да болған.
Балеттің не екенін білмей-ақ, сахнада бидің классикалық түрін
қалыптастырды емес пе?! Бұл да дəл Күлəш сықылды. Оны да
билетіп тұрған бап. Ол өнер құдіреті! Өнерге деген құштарлық,
ынтық көңілдің құдіреті!
АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК:
ҰЛТТЫҢ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ –
МƏДЕНИ МҰРАСЫНАН
“...Егер, əрбір халықтың тарихтағы орны жалпы
адамзат мəдениетінің дамуына қосқан рухани үлесімен
өлшенер болса, онда қазақ халқының ұялмай бетке ұстары
музыкалық мұрасы болса керек...”
Белгілі жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбектің осы сөзі ұлт-
тық музыка өнеріміздің асыл мұратын айқындап бергендей.
Ұлттық өнердің қыр-сырын дүниəуи ілімдермен сабақ-
тастыра сөйлегенде абыз күйшідей тебіреніс күйін кешетін
Ахаң бүгінгі ой-толғаныстарында сан салалы өнеріміздің
əр тұсын көктей шола келе, музыкамыздың байтақ əлемі
турасында байыпты əңгімелеген еді.
– Əңгімені ұлттық өнердің табиғатынан бастар болсақ,
нағыз өнер қашан да, қай кезде де тек қана ұлттық болып
дүниеге келеді.Əсіресе, ұлттық төл тумаларды айтқанда, қазақ
халқының музыкалық мəдениеті өзінің терең тарихымен,
философиялық бай мазмұнымен айрықша, айқын көрініс таба-
ды. Бұл тұрғыдан келгенде, руханияттың: сөз өнері, қол өнері,
өзіміз сөз еткелі отырған саз өнері бар. Өз басым осылардан
саз өнерін (музыка) ерекше бөле-жара бағалаймын. Бізден кем
түспейтін сөз өнерін тудырған елдерді жоққа шығаруға болмас.
Бірақ əлемде эпикалық туындылар тудырған елдер санаулы-
ақ. Байырғы батыстағы, шығысымыздағы елдердің музыка
мəдениеті тарихына үңілер болсаңыз, эпикалық шығармалар
тудырған, поэзияны тудырған сол санаулы елдердің бірі
қазақ болғанына көз жеткізу қиын емес. Мүйізі қарағайдай
көршілеріміздің көбінде эпос атымен жоқ. Шығысымыздағы
Қытайда, оңтүстігіміздегі араб-парсы елдерінде қол өнерінің
ғажайып үлгілері бар, əрине. Дегенмен, əдемі иірімдері мен
нəзік өрнектерінің жұмбаққа толы сырларын ешкім де қайталай
алмайтын қазақ өнеріне тең келмес.
Қазақ халқының музыкалық мəдениетіне қатысты ең бір
байырғы дерек көздері археологиялық айғақтар болып та-
былса, сол əлемге əйгілі рухты археологиялық олжалардың
ішінде бүгінде қазақтар тұтынып жүрген, сахнаға алып шығып
жүрген қобыз, домбыра, сазсырнай, үскірік, қоңырау сын-
ды аспаптардың болуы, қазақ руханият əлемінің тым арыдан
бас талатынын көрсетеді.Олардың алғашқы нұсқалары біздің
жыл санауымызға салсақ, ІV-V ғасырлармен тұспа-тұс келеді.
Бір ғажабы, сол кезде жасалған алғашқы нұсқалары қанша
уақыт өтсе де, көп өзгерместен сақталғаны. Бұл деген сөз, ұлы
дала көшпенділерінің мыңдаған жылдар аясында шыңдалған
ғажайып мəдениетінің кіндік жұрттағы мұрагері – қазақтар
болғанын көрсетеді. Тарихи тамырластығын тарих қойнауында
жоғалтып алмауы түбі бір түркі жұртына аян.
Сондай үлкен мұралардың бірі – Аттилаға байланысты
жыр. Қазақ даласындағы Батысқа қарай жол бастаған атақты
қолбасшы ғой. Жорық шептерінде үнемі қобыз тыңдайтын
болған. Жорықтан оралғанда екі қатар болып сəнді киінген
қыздар қарсы алып, шығарып салып отырған. Демалыс
кештерінде
ерекше
эпикалық
жырлардың
айтылатыны,
сол жырды тыңдаушылардың бірі қайғырып, өткен өміріне
қимастықпен қараса, екіншісі ерекше тебіреніс күй кешкен.
Сол сияқты қыпшақтардың “Кодекс Куманикус” (1303) атты
кітабы негізінен қыпшақ тілін насихаттауға арналған. Бірақ,
музыка зерттеушісі Б.Г. Ерзакович осы еңбектегі əннің түп-
тамырын зерттей келе, қазақтардың музыкалық тілінің кейбір
элементтерін тауып, байырғы “Ақсақ құлан» күйінің жəне
кейінгі “Елім-ай” тарихи əнінің əуендік құлақкүйімен астасып
жатқанын айтады.
Мұны айтып отырған себебіміз, сол əуенде де біздің
музыкалық аспаптарымызға табиғаты жағынан ұқсас аспап-
тарының болуы. Өйткені, мұның себебін қазақ халқының
бірыңғай өзімен тектес түркі халықтарымен шекараласып,
түркі əлемінің кіндік мекенінде болуынан да, көшпелі өмір
салтының тұрақтылығынан да іздеу керек.
Енді осы музыкалық мəдениетімізде ерекше орын алатын
əн-күй өнерінің өзіндік жанрлық ерекшеліктеріне тоқталсақ,
мынаны айтуға болады. Күй дегеніміз – шексіз музыкалық
дүние. Тағы да ғылыми деректерге зер салар болсақ, қазақ
даласындағы мəдени-рухани дəстүріндегі күйдің алар орны
тым ерекше екенін мойындайсың.
Қазіргі түркі халықтарының біразына ортақ Қорқыт (ІХ ғ.),
Кетбұғы (ХІІ-Х ғ.ғ.), Сары Салтық (ХІІІ-ХІV ғ. ғ.), Қазтуған
(ХҮ ғ.) сияқты тарихи тұлғалардың музыкалық мұрасын
бүгінге жеткізе алған бірден-бір халық – қазақтар болып отыр.
Мəселен, Қорқыттың күйлері қазақтан басқа бірде-бір ұлтта
сақталмаған. Қорқыттың бүгінге жеткен 10-нан астам күйі бар.
Олар нотаға түсіп, үнтаспаларға жазылып, қобызшылардың
репертуарларынан берік орын алған. Қорқыт күйлерінің тек
қазақ арасында сақталып қалуының өзіндік тарихи себептері
бар. Біріншіден, Қорқыт шыққан оғыздардың кіндік жұрты
қазақ даласы еді. Екіншіден, қазақтардың ХХ ғасырға дейін
көшпелі өмір салтта болуы иісі түркілік дəстүр мен ділдің
(менталитеттің) таза сақталуына себепші болды. Үшіншіден,
көшпелі өмір салты ислам дінінің дендеп орнығуына дес
бермеді, ХІХ-ХХ ғасырларға дейін бұрынғы Тəңірлік наным-
сенім үстем болып, Тəңірдің жердегі өкілі деп есептелетін
бақсылардың ел ішіндегі беделі елеулі болды. Ал, бақсыны
Тəңірмен тілдестіретін аспабы – қобыз еді. Сөз жоқ, қобыз
шалған кез келген бақсы тек қана бақсы сарындарын сарнату-
мен шектелмей, олар өздеріне ұлы ұстаз санаған Қорқыттың
күйлерін де аңыратып тартқан. Сонымен қатар, дəстүрлі му-
зыканы сақтап қалуға, біздегі авторлық музыканың молдығы
да əсер еткендігімен де мақтануымызға болады. Мысалы,
ҮІІІ ғасырдан 20-ға тарта қобызға арналған күй болса, ХІ-
ХІІ ғасырдан жеткен «Ақсақ құлан» күйінің қазір онға тар-
та варианты бар. Асанқайғыдан, Қазтуғаннан, тіпті берідегі
Байжігіттен 30-ға тарта күй жетті. Ол күйлерді өзінің ата-ба-
баларынан үйреніп, бүгінге жеткізген Талас Əсемқұлов деген
азамат. Тіпті, Абылай ханның онға тарта күйлері ел құлағында.
Ұлы хандарымыздың кезінде мол мұрасын дəріптемек түгілі,
аттарын атауға тыйым салған кезеңді де бастан кештік...
Қазақ халқы өзінің əуендік интонациясын ғана, қасиетін
ғана даралап қойған жоқ, сонымен қатар көркем өнер ретінде
де дамыды, өсті. Оған айғақ – Құрманғазы, Дəулеткерей,
Қазанғап, Тəттімбет, Дайрабай сынды айтып тауыса алмайтын
асыл мұралар. Əн өнерімізден Ақан, Біржан, Естай сияқты ірі
тұлғалар жарып шықты. ХХ ғасырдың екінші жартысында
академик Ахмет Жұбановтың көрегендігінің арқасында қазақ
мəдениетін өркендету жолында, өнер ошақтарын ашуда мол
еңбек сіңірді. Ол қазақтың 10 мыңға тарта əн-күйлерін жи-
нап, нотаға түсірді. Соның нəтижесінде, күй жанрынан мол
мұра қалыптасты. Осыншалық бай мұрамыздың ең көп қоры
домбырамен, қобыз, сыбызғы, сазсырнай, жетіген, шаңқобыз,
месқобыздарда орындалады. Əн де сол аспаптарға қосыла
береді. Кеңес үкіметінің кезінде еуропалық əуендік-саздық
ерекшеліктері сəнге айналды да, бізде күй фольклорлық жанр
болып қалды. Ал, таза ғылыми-зерттеу əдістемелік тұрғысынан
келсек, нағыз мəдениет, əсіресе, рухани мəдениет тек қана
ұлттық-этникалық төлтумалықта көрініс табады. Жəне сол
төлтума қасиетін тұғыр ете отырып қана дамиды, шыңдалады.
Əңгімелеп отырған ұлттық өнеріміздің тарихын сөз ет-
кенде, міндетті түрде бүгіні назардан тыс қалмауы керек-
ті. Осы ретте көңілге кірбің түсірер жайттар баршылық.
Баршылық емес-ау, толып жатыр. Басқа елдің мəдени-рухани
құндылықтарына жалаң еліктеу өзінен-өзі қайталау болып
шығады дедік. Өкінішке орай, бізде БАҚ-тың, əсіресе радио-
теледидардағы бейбастақтық қазақ музыкасын шала-жансар
күйге түсіріп келеді. Соңғы бес-алты жылда қазақ əн өнерінің
классиктері Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Ғарифолла
Құрманғалиевтардың дидарын көрмейтін болдық. Оларды
көрмеген, естімеген, санасына сіңірмеген қаулап өсіп келе
жатқан ұрпақ тағдыры ешкімді ойландырар түрі жоқ. Демек,
қазақ радио-теледидары біздің ұлттың жадын өшіруге көбірек
қызмет етіп келеді. Түн ортасынан ауғанда ғана ұлттық музыка-
дан концерт беруден асқан қорлық бар ма? Бұл қорлыққа қалай
шыдарсың, төріңде тұрған теледидарыңды сындыра алмайсың.
Мұндай қорлыққа ара түсетін үкіметіміз, біздің министрлігіміз
болуы керек! Ал, олардың «сен тимесең мен тимен бадырақ
көз» деп үн-түнсіз отыруы айналып келгенде, астындағы крес-
лосынан айрылып қалмаудың амалы сияқты.
Ұлттың ұлттық мəдениеті ұрпақтың жадынан өшіп барады.
Қазақ музыкасы Қазақстандағы телеарналардың 80-90 пайызын
қамтуы қажет. Ал, қалған 10 пайызы əлем музыкасын таныс-
тыру деңгейінде ғана көрсетілуі керек. Əлем музыкасы, оның
ішінде американдық жеңіл ырғаққа құралған шоу-бизнес зама-
ны өршіп тұр. Өз ата-бабасын түгендей алмайтын ұрпағымыз
сол өнер жұлдыздарының аты-жөндері мен шығармаларын
жақсы біледі.
Осы орайда, айрықша қадап айтатын нəрсе, мынау
коммерциялық «КТК», «Рахат», «Шаһар» сынды арналардағы
журналистер, əсіресе музыкалық бағдарламаларды ұйым-
дастырушылар əлгі музыкаға соншалықты ынтық болса, өз
ата-анасына, балаларына тыңдатсын. Бірақ қазақ халқының
ұрпағына, рухани тамырына балта шаппасын! Бұл – қиянаттың
қиянаты. Бұл – біздің адамдық құқымызға қол сұғу, біздің
үкіметіміздің, Парламентіміздің, тиісті билік орындарының
біздің соншалықты тапталған рухымызға немкетті қарауы.
Бұдан артық не айтуға болады. Қайнайды қаның...
Журналист ретінде, халқымның рухани-мəдениетінің жа-
нашыры ретінде жан-жүрегім шырылдап айтарым осы. Қазақ
музыкасының өткені мен бүгінгі туралы айтарымыз осы.
Айта беретін, таусылмайтын, шегі жоқ тақырып дер болсақ,
күн тəртібінен бір сəт түспейтін маңызды мəселе де осы.
Өйткені, онда халықтың болашағы, үміт-сенімі жатыр. Ұлтты
қалыптастыруда, ұлтты ұлт етуде, ұлттың ұлттық рухын
көрсетуде музыкалық мəдениетіміздің, киелі мəдениетіміздің
ықпалы ерекше екенін естен шығармасақ керек. Осы проблемаға
назар аударып, газет бұрышынан орын беріп, шырылдап жазып
жүргендеріңізді көзім шалып қалады, соған ризашылығымды
білдіремін.
СЕЙІТ КЕНЖЕАХМЕТОВ
Со-нау Торғайда жатқан сатирик-жазушы Сейіт аға-
мен телефон арқылы хабарласқанымызда, көңіл күйі-
нің əлденеге алаңдаулы екенін аңғардық. Ол кісі от-
басында жайлы, шығармашылығында мол мүмкіндік
жасаған əулет анасының ептеп сырқаттанып қалғанын,
соған көңіл алаң, жүрек күпті болып жүргенін айтты.
Сырбаз сатирикке асыл жар, балаларына ақылман
ана болған тəтемізге амандық тілеп, дайындаған
сұрақтарымызға жазбаша болса да асықпай жауап
беруін өтінген едік. Əңгіме, əрине, əдебиет, тіл, тəрбие
жайлы болған соң, қаламы жүйрік жазушы оқырман,
əсіресе,«Түркістанның» оқырмандарымен жүздесуге тез
келісті. Олай болса, жазушыны тыңдасақ...
– Сейіт аға, əңгімемізді бүгінгі əдебиет, мəдениет жайы-
нан бастасақ... Тəуелсіздік алғалы да жиырма жылға
жуықтапты, осы жылдар ішіндегі тəуелсіз елдің тəуелсіз
əдебиеті туралы ойыңыз?
– Бүгінгі əдебиет пен мəдениет туралы тек жазушылар ғана
емес, бүкіл зиялы қауым мен оқырмандар да үлкен ой үстінде.
Неге десеңіз, өз тізгінін өзі ұстаған ел есебінде біздің аталған
саламыз əсіресе, алғашқы 6-7 жыл ішінде бəрі де құлдырады.
Жүздеген кітапхана жабылды. Ондағы кітаптар далада ша-
шылып жатты. Сол əдебиетті жасайтын жазушыларымыз
тек өзінің ғана емес, қажетсіз, құнсыз дүние есебінде қалған
əлемдік классикалық шығармаларын көргенде мүлдем абды-
рап қалды. Сөйтіп кітаптың құны, жазушының беделі əбден
төмендеді. Мұндай жағдайда не жазылушы еді, əйтеуір жеңіл
– желпі бірдемелер жазылған болды. Оның өзі басылмайды.
Бірсыпыра жазушылар ақшалы біреулердің естелігін немесе
солардың өздерін көтермелеп, көлемін қалыңдатып кітап жа-
зып беріп, күнін көрді. Турасын айтқанда, жазушылар ешкімге
керексіз болып қалды. Жазушылар одағы да, баспалар да
бұрынғы абырой – беделінен айырылып, қаражатсыз отырды.
Қысқасы жазушылар үшін қиын кезең туды. Жазу емес, қалай өмір сүру жайлы ғана ойлайтын болды. – Осы кезде өзіңіз қандай күйде болдыңыз? Қалай күн көрдіңіз? – Мен жасымнан қиындықпен, еңбекпен өскен адаммын. Мəдениетке де, əдебиетке де, қол өнеріне де, суретші, құрылыс ісіне де бейім едім. Алғашқы қиындық кезінде жоғары оқу орнында əдебиет, мəдениет тарихынан лекция оқыдым. Ол кезде ұлттық мəдениет пен этнография мəселесі аз зерттелген еді. Ал мен бұл істі ерте қолға алып, жинақтағанмын. 1993 жылдан бастап менің этнографиялық бірнеше жинақтарым: “Жеті қазына”, “Қазақ халқының əдет-ғұрыптары” атты кітаптарым жыл сайын басылып тұрды. Жəне оған қаламақы да алып тұрдым. – Сөз басындағы əдебиет жайына қайта оралсақ. – Сол тұралаған əдебиет əлі де оңып тұрған жоқ. Рас, аздап қаламақы бөлінді, кітаптарымыз да шыға бастады. Бірақ оның бəрі мардымсыз. Жазушы еңбегін алып тоймайды. Оқырман оқып тоймайды. Бұрын, осыдан 30-40 жыл бұрын бір кітабымыз шықса, ол бізді бірнеше жыл асырауға жететін еді. Рас, қазір белгілі қаламгерлеріміздің 5-10 томдық таңдамалары шығарылып жатыр. Бірақ тиражы əрі кетсе 1-2 мың дана ғана. Бұл басқаны қойғанда кітапханаларға жетпейді, не оқырмандарға жетпейді. Оқырмандар қолына тимеген кітапты бар деп айту қиын. Мен өз басым əдебиет жоқ деп айта алмаймын. Халық бар жерде əдебиет бар. Оқырман қауым бар. Бірақ оқырман қауымның негізі – əлі де сол аға буын өкілдерімізде тұр. Əдебиетті іздейтін де, пікір айтатын да солар. Қазір көпшілік: “жастар кітап оқымайды” дегенді көп айтады. Халық жай айтпайды, мен оған толық қосыламын. Жастардың көбі кітапқа қарамайды. Бұл жазушы, ақын жоқ деген сөз емес. Е.Ашықбаев, Иран-Ғайып, С.Ақсұңқарұлы, Т.Ахметжан, Адай Сабыр, М.Қожахметова, С.Тұрғынбеков шығармалары қандай. Кəкімбек, Ғаббастар əлі сілтеп келеді. М.Мағауин, Г.Бельгер шығармаларын жұрт іздеп оқиды. Осы жерде тағы да ашына айтатын бір сөздің реті келіп
тұр. Жазушылардың еңбегі еленіп, мемлекет қамқорлыққа
алып жатыр ма? Биліктің 5-6 жазушыны жарылқағаны жазушы
қауымын көтеріп тастағаны емес. Керісінше, біздің мемлекетіміз
өткен жылы əдебиетімізді тұқыртып, жазушылардың беделін
тағы да қатты түсірді. Н.Айтұлы, С.Ақсұңқарұлы сияқты
бəйгеден озып келген тамаша ақындарымызды тобықтан қағып
құлатты. Оларға Мемлекеттік сыйлық берілмеді. Жазушылар
қауымы жерге қарап қалды. Өздеріңіз айтыңыздаршы, қазақ
əдебиетінің тарихында Мемлекеттік сыйлық берілмей қалған
кез болды ма? Болған жоқ. Тіпті біздің қаламгерлер Лениндік,
Мемлекеттік, əлемдік беделді сыйлықтар алған жоқ па?! Қазақ
əдебиетінің беделі жоғары емес пе еді!
Ал, егемендік алған кезде мынадай ұялатын жайға тап
болдық. Бұл аталған 1- 2 ақын ғана емес, М.Əуезов, С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов бастаған салиқалы қазақ əдебиетінің шекесіне
тиген соққы болды. Бұл сөзім билікке жақпас, бірақ ақиқатты
айту менің азаматтық парызым. Бəрін айт та бірін айт, ең қиыны
кітаптардың жетіспеушілігі жазушыларымыздың еңбегінің
бағаланбауы
халқымызды
рухани
аштыққа
ұшыратуда.
Тағы да айтамын əдебиетімізге мемлекеттік қамқорлық бол-
май, кітаптар мен газет-журналдарымыздың тиражы өспей,
арамшөптей қаптап кеткен зиянды-зиянсыз орыс əдебиеттері
азаймай, өз тіліміз өркендемей, ілгері баса алмаймыз.
– Дегенмен, соңғы 5-6 жыл ішінде сіздің “Қазақ
халқының салт-түрлері”, “Қазақ халқының тұрмысы
мен мəдениеті”, “Қазақтың дархан дастарқаны” деген аса
құнды кітаптарыңыз 5-10 мың данамен жəне бірнеше рет
қайта басылды ғой.
– Бұл кітаптардың жөні басқа. Өйткені бұл тағылымы
мен танымдық еңбектерім халықтың талабы мен талғамына
сəйкес келді. Ең бастысы шетелдерге қазақ мəдениетін та-
нытатын бірден-бір танымдық еңбек болып, қазақ, ағылшын,
орыс тілдерінде басылды. Мəртебелі жерлерде сый-сияпат
есебінде тарады. Қазір əлемнің 50-ге жуық еліне тарап кетсе
де, өз елімнің мектептері мен кітапханаларына əлі де жетпей
отырғанына қиналамын.
– Сізді сонау Кеңес дəуірінің өзінде қазақ тілі, өз ана тілі
үшін аз ғана белсенді топтың бел ортасында жүріп, қазақ
мектептерінің тағдырына да атсалысқаныңыз, бүгінде
аңызға, тарихқа айналғандай...
– Кеңес дəуірі тұсында біздің халқымыздың тілі ғана емес,
мəдениеті де барынша тоқырады халықтың рухы төмендеп,
ұлттық болмысы да өзгеріске ұшырады. 1989 жылдан бастап
тіліміз туралы сөз қозғала бастады. Сəтін салғанда тəуелсіздік
алып, жер-жерде, облыс, республикада “Қазақ тілі” қоғамдары
құрылып, олар белсенді жұмыс істеді. Мен 1991 жылы Торғай
облыстық “Қазақ тілі” қоғамының төрағасы болып сайлан-
дым. 1992 жылы Алматыда қоғамның Халықаралық құрылтай
съезінде Ахаң мен Жахаңның əруағы қолдап, мені сөзге бірінші
шығарды. Мен, барлық шын сөзімді, ащы пікірлерімді осында
ашық сөйлеп, ашына айттым. “Бас кеспек болса да, тіл кеспек
жоқ” дедім. Съезд делегаттары маған қатты қолдау көрсетіп,
дүркірете қол соғып, дем беріп отырды. Үзілісте Республика
Президенті Н.Назарбаев əдейі келіп, қолымды алып, маған зор
ризалық сезімін білдірді.
Қоғам барлық жерде жақсы жұмыс істеді. Торғай облысының,
Арқалық қаласында көптеген жаңа қазақ мектептері ашылды.
Оларға лайықтап сөздіктер, кітапшалар шығардық. Арқалық
педагогикалық институтында қазақ тілі мамандарын даярлай-
тын 2 жылдық курс ашылды. Өз басым Арқалық қаласынан ұлт
мəдениеті мен тілін тереңдетіп оқытатын арнайы жеке мектеп,
ашып онда он шақты мұғалім жұмыс істеп, жалақы алды. Бұл
кез – жұмыс жоқ, еңбекақы жоқ ауыр кезең болатын. Тіл мəселесі
өте ауыр əрі қиын еді. Арқалық қалалық кеңесінің сессиясында
“Восточный” деген көшенің атын – А.Байтұрсыновтың атына
өзгерту қанша дау болды десеңізші! Əсіресе, осында өніп- өсіп
тойынған басқа ұлттардың ана тілімізге деген табанды əрі ар-
сыз қарсылығы жүректі сыздатты. Біз бұл жерде өз тіліміздің
күші арқылы ғана жеңіп жүрдік. Ақыры сол жылдары ашылған
орта мектептер, бала-бақшалардың көпшілігі жабылып, халық
іргесі сөгіліп, еңбек далаға кетті. Сол кездегі ашылған ғажайып
мектептер мен балабақшалардың қазір орны да қалмаған.
– Бүгінде зиялы қауымды “зиянды қауым” санайтын-
дар, жалпы сын айтушылар көбейді. Ақын-жазушыларды
пір тұтқан халық едік, əсіресе, бүгінгі əдебиетші – жастар,
оқырман болсын, Кеңес дəуіріне шошына, сыни көзқарас
қалыптастырған. Бұл пікірге қалай қарайсыз?
– Мұның себебі де жоқ емес. Біздің зиялы қауым өкілдері
басылып қалған. Күресте жалтақ. Мен Астана қаласында
6 жылдан астам уақыт тұрғанымда кейбір ғалымдар мен
ақын-жазушылардың жалтақтығын, өз басы мен өз жайын
ғана күйттейтін күйкі тірлігін көріп, таңғалдым. Мен олар-
мен бұрын сырттай ғана араласқаным болмаса, іштей көрген
емес едім. Өзім білетін зиялы қауым өкілдерінің кейбірі атақ,
мансап, сыйлық үшін барын салатын пенде болып шықты.
Зиялы қауымның сөзінің билікке өтпеуі, еңбектерінің жарық
көрмеуі, тұрмыстық жағдайының төмендеуі де жасырын емес.
Халықтың да зиялы қауымды ұмыта бастағаны сол себепті бо-
лар. Дегенмен, аталған қауым мұндай жағдайда рухы мен намы-
сын төмендетпей Желтоқсандағы Жұбан мен Сафуан ағалардай
атой салуы керек-ақ еді! Кешегі Ахмет, Əлихан, Міржақып
əкелеріміз жеңілсе де, жеңіске бергісіз із қалдырып кетті ғой.
Қайсыбірін айтасың, басшылықтан қолдау таппайтындығын
сезген жандар тілін тістеп қалды.
Иə, мен Кеңес дəуірінде өстім. Шын сөзім, біз сияқты
соғыста өлген əкесіз жетімдерді жеткізді, оқытты, тəрбие
берді. Соның арқасында мен көптің бірі ғана емес жазушы бол-
дым. Жəне өзіме лайық жұмыс істедім. Халықтың əл-ауқаты да
жақсы болды. Ең бастысы əр адамға жұмыс болды бұл Кеңес
кезеңінің жақсы жағы. Бірақ коммунистік саясаттың біздің
халықтың діні мен болмысына үнемі жоспарлы түрде балта
шауып отырды. Жүрсе аяғына, сөйлесе тіліне тұсау салды.
Қазақтық рух, салт-дəстүр, ұлттық ерекшелік мүлде жойылып
бара жатты. Тіліміз тəлкекке түсті. Қазақ азаматтарының өресі
қанша биік болса да, өз биігіне көтеріле алмады, көпшілігі
əдейі қуғындалды. Былайша айтқанда бағы да, тілі де бай-
ланды. 1928 жылғы тəркілеу, 1931-1933 алапат аштық, 1937
жылғы жаппай жəне жазықсыз репрессия, тағы басқа зорлық,
зомбылық табы əлі де ел есінде. Осындай қырғында менің ата-
бабам да қырғын тапты. 1922 жылғы жұт пен аштықта бабам
өлді. 1932 жылы атам өлді. 1942 жылғы қырғында өз əкем өлді.
Бұл бір менің ғана қасіретім емес
Демек, Кеңес кезеңіне шошып қараудың толық дəлелі бар.
Сондықтан ол заманды аңсаудың қажеті жоқ. Оның басқа да
зиянды əрекеттері жеткілікті. Ол кез əлеуметтік-тұрмыстық
жағдайы жақсы болғанмен қазақ сияқты халықтарды түбі
құрдымға жіберетін қоғам болатын. Белгілі қазақ ғалымы
М.Арын: “Кеңестік дəуірдің ғұмыры ұзақ болғанда, қаскөйлік
əрекет жүзеге асып, дəстүрдің мүлдем жоқ болып кетуі де
ықтимал еді. Онда тіл де жоқ болатын еді. Ал тіл мен дəстүрдің
жоқ болуы дегенің ұлттың жоқ болуына əкеліп соқтырады”, –
деп жазды. Шын сөз.
– Сізді, əсіресе, жазушылықпен қатар, қазақтың тұр-
мыстық
салт-дəстүріне
деген
көзқарасыңыз,
тіпті
жанашырлығыңыз дегеніміз дұрысырақ болар, ерек-
ше қаламгер деп танимыз. Бүгінде тиіп-қашып болса да,
той-томалақтарда болмаса, əлі де бұл тақырыпта ауыз
толтырып мақтана алар жағдай қалыптасқан жоқ. Сол
салт-дəстүрдің өзін тəрбие тəрізді отбасы, ошақ қасынан
бастаған жөн-ау ...
– Халқын сүйген адам, салтын да сүюге тиіс. Мен халық-
шыл жəне өз халқымды барынша сүйетін адаммын. Мені
кейбіреулер “ұлтшыл” дейді. Мені Кеңес кезінде де солай
дейтін. Мен оған ренжімеймін. Халқын сүйген адам ұлтшыл
болмай тұра алмайды. “Ұлтшыл” деген сөз анығына келген-
де “халқын сүйетін адам” деген сөз. Мен де солардың бірімін.
Таза қазақы ауылда, таза халық тəрбиесін алып өстім. Əке
көрмесем де əкемді көргендер мен қазыналы қарттар кеңесін
алып, үлгісін көрдім. Есейген соң халық тəрбиесі мен оның
əдеп, əдет, салт -дəстүрлерінің жəне оның үлгілерін, тəлімдерін
жазып отыруды əдетке айналдырдым. Ұзын сөздің қысқасы
бір өзім салт-дəстүрлердің 430-дан астам түрін жаздым. Оның
сыртында ырым, тыйым, қағида, жөн-жосықтарын жəне
жинақтадым. Не керек қазақ тұрмысы мен мəдениетіне, ұлттық
болмысына қатысы бар дүниелерді жастай жинай бердім.
Бұған мəлімет берген көпшіліктің де, өзімнің араб, латын жа-
зуларын білгенімнің де өте зор пайдасы тиді. Алғашында бұл
дүниелерім басылмады. Оған жасыған, мойыған жоқпын.
1990 жылдан бастап газет-журнал беттеріне үздіксіз жария-
лана бастады. Оны алғаш “Ана тілі” газеті жариялады. Қазір
Республикалық газет-журналдарға менің осы еңбектерімді
жарияламаған баспасөз жоқ шығар. Жақау Дəуренбеков, Серік
Əбдірайымовтар жеке кітабымды шығарып берді.
Көп сөз не керек, 2004 жылдан бастап жоғарыда аталған
3 кітабым “Алматыкітап” баспасынан (Э.Баталова) жыл сай-
ын жарық көрді. Оның сыртында “Ана тілі” баспасынан
(Ж.Дəуренбеков) “Жеті қазына” атты 3 кітаптан тұратын
еңбегім 6-7 рет қайта басылды. Мұның бəрі менің аз еңбегімнің
жанғаны деп есептеймін. Əңгіме, өлеңдерім, ғылыми-
танымдық жинақтарымды қосқанда 27 жинақ шығардым.
Қазір, “Елімізде тарихымыз, тіліміз, салт-дəстүрімізді
өркендетейік!” деген ұранды сөздер көп-ақ. Бірақ сол салт-
дəстүрімізді қалай жетілдіреміз, кейінгі жастарға қалай
үйретеміз. Бұл жөнінде нəтижелі іс жоқ, тек көпірме сөз. Наурыз
мерекесінде ұлттық киім киіп, киіз үй тігеміз, дастарқанға
қойдың басы мен арақ қоямыз. Мұны ұйымдастырушылар
өздерінше ұлт дəстүрін насихаттадық деп бөседі. Қазір ұлт
мəдениеті туралы сөйлейтін “білгіштер” тіпті көп. Олардың
қымыздың 40 түрі бар деп соғатындары да бар. Авторы да
жоқ, қай баспадан шыққаны да белгісіз “Қазақ ырымдары”,
“Түс көру”, “Салт-дəстүр” сияқты дүмбілез, сауатсыз кітаптар
көбейіп кетті.
Салт-дəстүрімізді балабақшада, мектептерде, оқу орын-
дарында оқыту ешкімнің ойына келмейді. Мен бұрын осы
істерге бағдарлама жасап мектепте, жоғары оқу орында-
рында (Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында,
Астана гуманитарлық колледжінде т.б) оқытқан болатын-
мын. Дегенмен жалғыз қаздың да, жалғыз қазақтың да үні
шықпайтыны белгілі ғой. Бір қуанатыным мұғалімдер, ата-ана-
лар, тəрбиешілер, жастар менің кітаптарымды іздеп жүріп ала-
ды, өзіме де жолығады, алыстағылар хат жазады, шақырады.
Бұл менің еңбегімнің халық қажетіне толық жарағаны ғой.
Демек мен бақытты жазушымын. Түбінде менің салт-дəстүр
жөніндегі еңбектерімді туған халқым тəрбие ісінде жүзеге асы-
ратынына менің еш күмəнім жоқ. Олай болса, тəрбие отбасы,
ошақ қасынан бастау алуы қажет. Мен де, менің замандаста-
рым да тəрбиені солай алған.
Əр халықтың өзінде, тарихында ұлт салт-дəстүрінің
ортасы мен қызметінің орны өте жоғары. Оны ештеңемен
теңеуге де айырбастауға да болмайды. “Өз ұлтын сыйламау,
оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі”, – дейде ба-
тыр Бауыржан Момышұлы. Не істейсің қазір өз ұлтын сый-
ламайтын, салт-дəстүрден ада қазақтар өте көп, иə, өте көп.
Маскүнем еркек, əйел, жартылай жалаңаш қыз-келіншек,
бетімен кеткен жас.... өзің қорқасың. Астанада “Отырар
кітапханасының” бір қызметкер əйелі өз баласының сынып-
тасынан жоғарғы қабаттан ұлын шақырып беруді өтінгенде,
анау бала ақысына 20 теңге ақша сұраған. Ең сорақысы
Парламентте ерлер екі əйел алу туралы мəселе көтергенде,
депутат əйел: “Егер еркек екі əйел, алатын болса, онда
мен де бірнеше күйеуге тиемін” депті. Бұл бойында қазақ
ұяты, қазақ қаны жоқ адамның сөзі ғой. Осындайлар қалай
Парламентте отырады? Е, біз не істемей, не көрмей жүрміз.
“Өлімнен ұят күшті” дейтін еді. Шамасы сол ұят та кетіп
барады-ау деймін кейбір адамдар бойынан.
– Əдебиеттегі, өнердегі “жиендікпен” (плагиаттық)
жүздескен, кездескен кезіңіз болды ма?
– Менің “жанды” жерімнен тиді бұл сұрақ. 2008 жылы
менің шығармаларымды ұрлағандардың саны 44-ке жет-
кен еді. Жақында Ж. Серікбай деген 45-ші “жиенім” табыл-
ды. Ол менің “Халық ауа райын қалай болжаған?” деген
еңбегімді сол қалпымен республикалық газетке көшіріпті.
Мұндай “жиендерімнің” ішінде мектеп мұғалімдерінен бас-
тап профессорларға дейін бар. Өкініштісі сол, олар еш
шімірікпестен, анығы ұялмастан менің салт-дəстүрлер туралы
үтір, нүктесіне дейін еш өзгеріссіз көшіріп еңбектерімді өз аты-
мен жариялаған. Тағы да айтамын, менің дүниелерімді қанша
рет пайдаланса да, авторын көрсетсе оларға алғыстан басқа
айтарым болмас еді. Өйткені мен бұл дүниелерді халық үшін
жаздым. Бір қуанатыным менің осы жазғандарым халыққа ке-
рек екен, пайдалы екен. Мен соған сүйсінемін.
Осы іс жөнінде авторлар қоғамы (М.Сқақбаев) көптеген
ұрыларды сотқа берді. Жеңіп те шықтық, бірақ осы істі қарайтын
соттар бірнеше рет əділетсіздік көрсетті. Соның бір мысалын
ғана айтайын, менің 48 еңбегімді өз кітабына пайдаланған,
ғалымсымақ ісін қараған Астана қаласының Алматы аудандық
соты Диқанбаев өз шешімінде: “С.Кенжеахметұлының 1
шығармасын 48 рет пайдаланған” деп үкім шығарып, 1 ғана
еңбегіме өтемақы алып берді. “Мұныңыз қалай?” дегенімде,
ол: “Мен сотпын, үкімді шығардым, жоғары жаққа арыздана
беріңіз” деді. Мұны Астана қалалық соты да бекітіп жіберді.
Ау, қанша білімсіз болса да бір кітапқа бір шығарманы 48 рет
пайдаланды дегенге бала да сенбейді ғой. Бірақ егеменді ел
соттары соған сенетін көрінеді.
“Ұрылар” мен “жиендерім” əлі де жеткілікті. Олармен алды-
мен соттасып, сот соңынан боқтасып, боқтасып болған соң боқ
басып жүруден енді шаршадым əрі жиіркендім. Осының бəрі
ар-ұяттың азайғандығы, білім мен ғылымның арзандағаны,
заңды əділеттің кеткендігі ме деп қорқамын-ау, қорқамын.
– Сіздің əйгілі Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов,
Амангелді, Əліби туған жерде туып-өскеніңізді білеміз.
Торғайдағы сол жердің қазіргі жайы қалай?
– Рас, ұлылар туған өлкенің ұланымын. Торғайым – менің
пірім. Міржақып əкемізбен бір ауылда, бір Қызбелде, бір
Сарықопада тудым. Оған мақтанамын. 70 жылдық өмірімнің
60 жылы осы Торғай даласында өтті. Туған жерімнің өскені де,
өркендеуі де, құлағаны да, құлдырағаны да көз алдымда өтті
ғой. Барлық шығармаларым осы Торғай жерінде жазылды.
Торғай облысы екінші жабылған кезде 3 ай қыс жылусыз, отын-
сыз, жарықсыз, сусыз тас үйде отырдым. Амалымның жоғынан
балаларым арнайы үй салып, 2002 жылы Астанаға қоныс аудар-
дым. Еуразия Ұлттық университетінің “Отырар кітапханасы”
ғылыми-зерттеу орталығында жұмыс істедім. Сол кездегі уни-
верситет ректоры М.Жолдасбеков пен кітапхана директоры жа-
зушы Т.Жұртбай маған айрықша қамқорлық жасады. Ондағы
бірге істеген 7-тен астам қыз-жігіттерге шексіз ризамын.
Торғайға жылына 4-5 рет келемін. Алғашқы жылдары
жағдай өте ауыр болғанын бүкіл Қазақстан біледі. Бір емес
үш микроаудан ұлпатанымен құлап, қирап жоқ болды. Жұрт
жұмыссыз, мыңдаған халық еріксіз қоныс аударды. Еткен
еңбек, төккен тер көз алдымда бордай тозып жатты. Қаладағы
75 мың адамның жартысынан астамы көшіп кетті. Дайын үйді
құлатып, құрылыс материалдарын Астана, Қостанай, басқа да
қалаларға əкетіп, ептілер үй салып алды.
Бұл үрдіс 10 жылға созылды. Уақыт өтті. Бірақ 1916 жылы
Санкт-Петербургтағы ақ патшаға қарсы найзамен шыққан
халықтың өр рухы сөнбепті. 1844 жылы Кенесары хан арқа
тұтқан елдің жігері жасымапты. Абылай ханның айбарлы
серігі Шақшақ Жəнібектің қайраты қайтпаған екен. Жастардың
жалыны сөнбеген екен. Дүние түгенделер, құлаған үй
тұрғызылар, жоғалған мал табылар. Бəрінен де өшпеген жігер,
сөнбеген жүрек оты бар елге ештеңе жетпейді. Мен соңғы бір-
екі жылда осыны көрдім. Достарым мен замандастарым, қимас
жерлестерім мені елге шақырды. Осы жылдың мамыр айында
елге оралдым. Өзім он төрт жыл жұмыс істеген Арқалық ин-
ституты, оның ректоры профессор Ж.Шаймарданов бастаған
бұрынғы əріптестерім, достарым құшағын айқара ашты. Кең
пейіл, жайлы орын, жақсы жұмыс ұсынды. Бір сөзбен айтқанда
туған Торғайыма оралдым. Астанадағы əсем үйімді балалары-
ма, жақсы жұмысымды да қалдырдым. Маған үй де, жұмыс та
табылады. Торғай елі менсіз өмір сүре алады. Ал мен Торғайсыз
өмір сүре алмайтынымды бұрын да айтқанмын.
– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшін жазылады
деп ойлайсыз?
– Қазіргі жастарда патриоттық сезім мүлде аз. Бəрі де басқа
ұлттың, анығы орыстың тəрбиесі, үлгісімен өсіп қалыптасқан.
Өз халқына, тіліне, дəстүріне менсінбей қарайды. Өз ұрпағың
өз елін, жұртын сүймесе бұдан артық қасірет жоқ! Ондай
ұлтта болашақ та жоқ. Олай болса, бізге патриоттық, елді сүйе
білуге баулитын көркем дүниелер керек. Біз аға буын батыр-
лар жырын, ертегілерді, ерлік дастандарды көп оқыдық жəне
Қобыланды, Ер Тарғындай батыр болсақ деп өстік қой. Қазір
қарап тұрсақ халық батырларының ерлігін өзіне үлгі ететін
жас ұрпақ ауылдарда əлі аздап бар, қалада жоқ. Қазіргі та-
рихи тақырыптарда жазылған оқулықтар мен əдебиеттердің
өзі жүзге, руға бөлінетін болыпты. Өткен тарихтағы ерлік
оқиғаларда, Отан қорғау ісінде жүз, ру, тайпа дегендер
болмаған. Еліміз дұшпандарын солай жеңген.
– Өзіңіз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан
ой толғасам, қалам тербесем деген дүниелер бар ма?
Алдағы шығармашылық жоспарыңыз жайлы бірер ауыз
əңгімелесеңіз?
– Өкінішке орай бізде адам рухын түсіріп, жігерін жасы-
татын оқиғалар көп. Бұл əсіресе халық айтып жүргеніндей
полиция, қаржы полициясы жағында көп орын алады. Мұны
кез келген газет бетінен, əр ауданнан кездестіріп жүрміз.
Қостанай облысының Арқалық қаласының қаржы полициясы
(бастығы А. Əлмағанбетов) өздері заңсыз іс қозғаған Ж.К де-
ген азаматтың туысы А.Əуезханов уақытша пайдалануға бер-
ген жеңіл машинасын тəркілеп алып кетіп, 4 айдан бері иесіне
қайтармай отыр. Машинаның заңды иесінің құжаты да бар.
Заңды бетке түкірген бұл əділетсіз əрекет қазақтың “Күштінің
к-і. диірмен тартады” деген ерсі мақалына толық сəйкес
келеді. Мұндай жолсыз істерді сол қазақ “ит те сүйекті к– не
қарап жұтады” деп сөзбен сойған. Заңды белден басқандар
қазақтың мақалына түкіргені бар ма?! Бұл əрекет баяғы 1937
жылғы қуғын-сүргінді қайта əкелгендей əсер етеді. “Шаш ал
десе, бас алатындардың” дəл осындай “белсенділігі” əр жер-
де күн сайын кездесіп отырғанын баспасөздер жиі жазып жүр.
Құдайдан қорықпайтын, елден ұялмайтын, заңды күлкіге
айналдырған күш құрылымдарының жеке адамдарының күні
мен өмірі ұзаққа бара қоймас. “Қиянат қияметке кетпейді” де-
ген аталарымыздың аталы сөзі бар. Қазір, осы тақырып мені
қатты толғандырып жүр.
Иə, өзім ойлаған, Құдай қуат берсе, қалам тербесем деген ой
əр қаламгерде болады ғой. Əдебиет ақсақалы Ғабит: “Əдебиет
кəсіп емес, өнер” деген. Мен негізінен сықақшы жазушымын
ғой. 2008 жылы таңдамалы сықақ өлеңдерім мен мысалдарым-
ды шығардым. (Нұр-Астана баспасы). Енді таңдамалы əзіл,
сықақ əңгімелерімді (30 баспа табақтай) əзірледім. Қазір жаңа
əңгімелер жазып жатырмын. Этнографиялық əңгімелерім тағы
бар. Қазақтың тəрбиелік салт-дəстүрлерін мектептер мен оқу
орындары, балабақшалар үшін методикалық нұсқау ретінде
шығармақпын. Ал, ұлт болмысы жөнінде, оның қағидалары
мен жөн-жосықтарын əлі де толықтыра, жалғастыра беремін.
Ол таусылмайтын қазына деп есептеймін.
Маған қазақтың салт энциклопедиясын жазу тапсырылды.
Мұны аяқтап та қалдым. Сəті келсе Қытай елінен де кітаптарым
басылып келіп қалар.
– Аға, сөз соңында “демократияға” қатысты бірер ауыз
ой қозғай кетсеңіз?
– Демократия туралы елімізде əртүрлі пікір бар. Бірақ
бізде ол əлі пісіп-жетілмеген. Əркім аузына келгенді айтып:
“Бұл демократия”, – дейді, енді біреулер ойына келгенді
істеп “бұл да демократия”, – деп жүр. Демократия негізінен
мемлекетіміз əбден нығайып, заң əбден күш алғанда, халық
осы жол мен тəртіпті толық игергенде ғана толық орнайды.
МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ
Алпыс жылдан астам сөз маржанын тереңнен теріп, тас-
падай өріп, сан ұрпақты рухани кəусармен сусындата білген
қабырғалы қаламгер, ақын, жазушы, қоғам қайраткері
қазақтың Мұзағасы атанған Мұзафар Əлімбаев ағамыз да
бүгінде баба жасына жеткен халқымыздың ардақты ақсақалы
болып отыр.
Осы аяулы ақсақалымыздың 87 жасқа толар мерейтойы
қарсаңында (29 қазан) «Түркістан» газетінің тілшісі мен «Ел-
шежіре» қоғамдық қорының операторы ол кісінің отбасында бо-
лып əңгімелесіп, жеке мұрағат қорымен танысып қайтқан еді.
– Мұзаға, əңгімемізді бүгінгі əдебиет, мəдениет жайынан
бастасақ. Тəуелсіздік алғалы жиырма жылға жуықтапты,
осы жылдар ішіндегі тəуелсіз елдің тəуелсіз əдебиеті тура-
лы ойыңыз. Қазақтың тілі, əдеби тілі жайлы пікіріңіз?
– Бүгінгі əдебиетіміз жайлы салиқалы, салмақты пі-
кір айту маған бүгін аса қиын, себебі көптен жүрек дім-
кəсіне ұшырағандықтан замандас қаламгерлердің қалам
қайратын қалтқысыз қадағалап отыруға дəрменім жетпейді.
Бұрынырақтағыдай елеулі деген туындыларды босатпай бас са-
лып, қолма-қол оқу, саралау қайда?! Шамам жеткенше қолыма
түскенінен ынтыға сүзетінім, əрине, поэзиялық шығармалар.
Поэзиямыз, иншалла, абыройсыз емес, туған халқымыздың
бүгінгі арман-аңсарын, көңіл күйін əжептəуір əдемі жырлап
келе жатқан сияқты. Прозада тарихи тақырыпты зерттей зерде-
леу басымдау көрінеді.
Кеңес дəуіріне кекірейе қарайтындармен келісу қиын. Сол
кезеңде де қазақ халқы тарих төрінен ойып тұрып орын алар
орасан табыстарға ие болды емес пе?! Бұл шындықты ешкім де
мансұқтай алмас. Рас, өз тізгініміз өзімізге тимеген, бодандық
заман кештік... Мəдениеттен, ғылым-білімнен жұрдай едік,
бəрін де аға халықтан үйрендік деп шімірікпестен шындықты
бұрмалаған «сабаздар» да табылды. «Орыс тілін білмесең, өмір
сүруің қияметтей қиын болады», – деп балаларымызды жап-
пай дерлік орыс мектебіне бердік. 700-дей қазақ мектебіміз
жабылып қалды... Балаңды орыс мектебіне бермесең, ұлтшыл
атанып, коммунист партиясы қатарынан шығу – дағдыға ай-
налды. Мен де балаларымды амалсыздан ана тілі мектебінде
оқыта алмадым... Үйде үйбике екеуміз бас болып ана тілінде
сөйлегендіктен үш ұлым да қазақ тілін жаман білмейді,
немерелерім де аталар тілінде сөйлеуге ынталы. Немерелер
қате сөйлесе, белгілі атауды түсінбей қолданса, ересектер та-
бан астында түсіндіріп отыруға тиіс.
Қазақы салт-дəстүр, əдет-ғұрып жаппай үрдіске айналмаса
да, көбінесе сақталуда деп есептеймін. Ұлттық тəрбиені сөз
етсек, үйінде бірыңғай орысша шүлдірлейтін «жаңа қазақтар»
тосқауыл боп отырғанын несін жасырамыз. Ал, жалпы алғанда
қазақ тіліне деген ықылас күшейіп келеді деп ойлауға бола-
ды. Бұл мəселе жөнінде баспасөз бетінде беделді тұлғалар
аз сөйлеп жатқан жоқ. Ана тіліміздің көркемдік қасиеттерін,
əуезділігін, бейнелілігін, өрнектілігін жан-жақты зерттей,
аша түсіп, үгіт-насихатымызды үдете түсуге тиістіміз. Мұны
оқымыстылар да, журналистер де, жазушылар да жігерлене
үздіксіз көтеруге борышты. Бұл насихатқа радио да, теледи-
дар да толассыз, білек сыбана біліктілікпен атсалысса құба-
құп, нұр үстіне нұр! Кітаптардағы, газет-журнал беттеріндегі
сөздерді жаңсақ қолданыстарды батыл сынау тəжірибесі
тереңдей түссе екен. Өзге түгілі тіпті тіл мамандарының өздері
де жазғандарында сөздерді бұрып қолданатыны қынжылтады-
ақ. Басқаларға не жорық, «Ана тілі» газеті, ондағы қаламгерлер
тілдегі салақтықты қырағы сақшыдай қалт жібермей, əділ сы-
нап отырса екен деген тілек айтқымыз келеді. Қазақ тілі жа-
нашырлары осыған жаппай белсене кіріссе, лексика тазалығы
кіршіксіз болар еді. Баспасөз беттерінде бүкіл халықтық
мүдделерді ерлерше қорғауға, еліміздің ақсақалдарынан бас-
тап, жасөспірімдеріне дейін тарта білейік, осыған жасы-
нан қызықтыра үйретейік. Ұлттық намысты ту ғып көтеру
қандастарымызға тəн қасиет болуға тиіс! Соған баршаның
көзін жеткізе білсек, ғанибет.
Оқысақ та, қызмет атқарсақ та, түрлі жарыстарға қатыссақ
та, тек ұлттық намыс тұрғысынан қарайық. Бұл ұлтшылдық
емес, ұлтжандылық! Ұлтшылдық өзге ұлттың намысын аяққа
таптасам дегендік. Шындап келгенде, ұлтшылдық – бұл
делқұлылық, тентектік, озбырлық. Ұлтшылдықтың жолын
кесу, тосқауыл қою – бəріміздің интернационалдық парызы-
мыз. Орысқа да, қазаққа да, ұйғырға, татарға да... Баршаға осы-
лай деуден талмайық.
– Əдебиеттегі, өнердегі «жиендікпен» (плагиаттық)
жүздескен кезіңіз болды ма? Көптеген жырларыңызға
əндер жазылды, бүгінгі əн текстерінде қазақшылықтан
басқашалау үрдіс басым дегенге қалай қарайсыз?
– Əдебиетте, өнерде «жиендік» деген əрқашан бой көрсететін
мінез. Маған жас талапкер кезімнің өзінде де жиендік жасаушы-
лар болды. Мен қазақ радиосынан жаңа өлеңдерімді оқыдым.
Сол туындыда «долларыңнан» , «долбарыңнан» деген ұйқастар
бар еді. Арада алты күн өтпей жатып-ақ бір ақынсымақ солар-
ды пайдасына асырып, қажетіне жаратып, өлең жаза қойыпты,
сонысын газетке бастырды да. Бұл жылдарда менің жаңа
афоризмдерімді бітеудей немесе «өңдеп» өзінікі деп жариялау-
шылар да аз ұшыраспады. Солармен соттасып жатуға арым
шыдамайды, мұршам да жоқ. Дегенмен де баспасөз беттерінде
де, радио мен теледидарда насихаттауды аяусыз əшкерелеуді
үздіксіз үрдіске айналдырса ізгілік деп танылары хақ.
Əн-өлеңдер жайында кезінде мен талай-талай зерттемелер
жаздым. Бүгін де жазғым келіп кетеді. Оған құлық болғанмен
қуат қайда?!
«Ақмаңдайлым», «Ақсұңқарым», «Маралдым» сияқты
шынайы халықтық əн боп шырқалған əн-өлеңдердей туын-
дыларды тап бүгін жазу қолымнан келмес еді. Əн-өлеңдерді
мен екі жолмен жаздым. Бірде дайын əнге сазгердің тап-
сырмасымен, бірде өзімнің құштарлығыммен өлең туды-
рып, сазгерге əн жаздырдым. Олардың ырғақтамасы мен
ұйқаснамасы əр алуан. Мəселен, «Ақсұңқарым» əнінің
қайырмасы 15 тармақ яғни 15 жолдық өлең. Əн-өлеңдерімді
жеке жинақ етіп бастырудың сəті түскен екен. Басылым
«Ақмаңдайлым» деп аталып, 1984 жылы «Өнер» баспасы-
нан шықты. Одан кейін жаңалаған жоқпын.
Алғашқы тырнақалды өлеңімді он төрт жасымда анамды
жоқтап, 1937 жылдың көктемінде шығарған екенмін.
«... Өкінем ерте өмірден өткеніңе,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!» – деп көзіме жас толып
отырып, ауызша айтқан ащы зарым осы болыпты. Жалпы,
аналардың асыл тағылымына арналған өлең-жырларым
бірқыдыру шығар-ау...
Ал, қазір ше?..Əнін де, өлеңін де өзі жазып, өзі шырқайтын
«əмбебаптар» төбе көрсетеді. Біржан салдар көбейсе құба-құп
қой... Əттең олай емес! Солардың əн-өлеңдері газет-журнал-
дарда жарияланғанын оқып, қарның ашады... Редактордың
талғамсыздығына қайран қаласың. Өлең мəтінінде елді
елең еткізер ерекшелік, жамағатқа «Па, шіркін!» дегізерлік
жаңалығы жоқ, тым құрыса ежелден-ақ белгілі ойды өзінше
бейнелеп жатса бір сəрі-ау. О да қарасын көрсетпеген.
Көкжасық, көпірме сөздер ғана. Аты бар əншілеріміздің сондай
сөлсіз сөзді əндерді қалай ғана таңдап алғанына түсінбейсің.
Жастардың талғамын бұзатынын ескермегендері қалай?! Қай
газеттен ұшыратқаным қазір есімде жоқ, əйтеуір мынандай əн-
өлең мəтінін оқығаным бар:
«... Қанша жылдар өтті,
Өзіңді көрмегелі
Өзгермепті сол нəзік үнің
Сағымнан нұр жамылған,
Басыма қонған құсым менің,
Қадірлім, қиналасың
Несіне ойланасың
Көңілің құздай күңіреніп
Жолымыз екі тарау
Тағдырға бар ма амал
Тіршілігім өзгерер өмір...»
Иə, сіз осынау сөздер үйіндісінен не ұқтыңыз? Мəн-мазмұны
мынау екен деп тəптіштей аласыз ба? Өлеңде ұйқас деген бо-
лушы еді ғой. «Көңілің құздай күңіреніп» сияқты метафора-
лы теңеуі қандай əдемі?! Əттең, бүкіл мəтін осындай өрнектен
құралса ғой. Бұл сырын айтып отырған бұрынғы ғашығы ма,
əлде бейтарап біреу ме?
Жұмбақтай бұлдыр,
Тұмандай күңгірт...
Сазына қанша елтісе де, санасы самалалы пенде ынтызар
көңілмен осы əнді шырқар ма еді? Əй, қайдам?! Əн мəтіні
тыңдарманды бейжай қалдырмай, сезіміне от беруі керек емес
пе?! Іңкəрлік ғашықтар лебізінің өзегі болушы еді ғой. Əттең,
оны таппадым-ау. Өкінтетін əн мəтіндері тым көбейіп кетті.
Жасық өлеңдердің жолын кесуді көп болып, қол ұстаса ойла-
суымыз қажет-ау!
Біреулердің есептеуінше, менің əн-өлеңдерімнің саны үш
жүз елудей екен. Ұлы композитор, талайлы талант Ахмет
Жұбановтан бастап, Латиф Хамиди, Нұрғиса Тілендиев,
Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов, Əбілахат
Еспаев,
Əсет
Бейсеуов,
Шəмші
Қалдаяқов,
Ескендір
Хасанғалиев, Садық Кəрімбаев, Құдыс Қожамьяров, Ибрагим
Нүсіпбаев, Өмірбек Байділдаев, Ғалымжан Тамендаров,
Дəнеш Рақышев, Мыңжасар Маңғытаев, Қапан Мусин,
Борис Ерзакович, Ғазиза Жұбанова, Дүнгенбай Ботбаев, Ілия
Жақанов, Тілеубай Ыбыраев, Жоламан Тұрсынбаев, Мəкəлім
Қойшыбаев, Ақан Қасымов, Кенжебек Күмісбеков, Ғарифолла
Құрманғалиев,
Рахпан
Байқоңыровтардың
əніне
алуан
тақырыпта əн-өлеңдер жазыппын... Үлкендер, ата-аналар,
əсіресе, мұғалімдер мен тəрбиешілер жас баланың – қыздың,
ұлдың қабілетін, нендей еңбекке, өнерге бейім екенін анықтап
білу шарт. Палуан, күресуші баланы əнші боласың деп күштеу
қиянат жасаумен бірдей, болашақ азаматтың бақ-талайын бай-
лау боп шығады. Бүлдіршінді түрлі мамандарға, өнерпаздарға,
психологтарға көрсетіп алу керектігін естен шығармаған абзал.
Жас жеткіншекті жақсы, дұрыс жолға салуды ересектер бейнет,
машақат санай көрмесін. Бұлай іздену – халық болашағының
қамы екенін ұмытпайық.
Бала тəрбиелеудегі басты тұлға – ата-ана. Екеуі неғұрлым
білікті, парасатты болса, ұл-қыздары, ұрпағы соғұрлым
тапқыр ойлы, талапты да талантты болады. Бала тəрбиесін
балабақшаға, мектепке, институтқа итере салып, ырду-думанға
бой ұру – күнəһарлықпен тең.
– Бала тəрбиесі демекші, Мұзаға, балалық шағыңызға
сапарлап көрсек...
– Қайран балалық – ессіз даналық десе дегендей-ақ. Əкемнің
үйі екі қабатты үш бөлме болатын. Бөренеден қиылған.
Үстіңгі қабаты екі бөлме, асты жертөле. Сол үй Шарбақты
ауданындағы Маралды теміржол станциясында əлі тұр. Сол ая-
дай үйде сығысып жатамыз. Əкем, шешем, үш ұл бала. Қонақ
келсе, төріміз сонікі. Төсекке жатқан соң мен ылғи да қонаққа
қолқа салып, ертегі айтқызатынмын. Ол кездегі қазақтың ауыз
əдебиеті қазынасына бəрі мəттақам, əңгіме айтқыш. Бұрын
естігенімнен бастаса, «басқасын айтыңызшы» деп қонақтың
ішкі қазынасын ақтартқызатынмын. Ал осы күнгі үлкендер
кішкентайларға көсілтіп аңыз-əңгіме, ертегілер айта ала ма?
ай, аз-ау, аз!
Соғыс майданынан соң басым аман оралып едім, таңдап
жар сүйіп, үш ұл өсірдім, алты немере қызығын көріп келемін.
Таяуда ғана шөбере көрдім. Осының бəрі бақыт деп аталса ке-
рек! Тағдырыма тəнтімін дейтінім содан.
Мен мағзұммын яғни молданың-мұғалімнің баласымын.
Əкем Айтмағамбет Əлімбайұлы Жұманов Уфа қаласында
жоғары дəрежелі діни мектепті-ғалияны бітірген. Содан Ма-
рал дыға келіп мектеп ашып, мұғалім болған. Баянаул қазағы
Маралдыға кірме. Кірме бола тұра атырапқа білімдарлығымен,
əділдігімен аты жайылған, Айтеке деп аталған сыйлы кісі.
Мұса, Зұфар атты екі ұлдың əкесі. Мұса Керекудегі орыс
мектебін үздік бітірген жылы он сегіз жасында өкпе ауруы-
нан (туберкулезден) қайтыс болды. Зұфар Айтмағамбетов
республикаға белгілі журналист, аға газет «Социалистік
Қазақстан» редакциясында бөлім меңгерушісі болып қызмет
істеген. «Ауыл шаруашылығы» баспасында бас редактор
қызметтерін атқарған.
Мен екі ағамның арқасында төрт жасымда арабша
əліппені үйреніп, төте жазуды танып, кітап оқыған бала-
мын. Ғұмыр бойы кітап құмарлығымның бастауы сонда
жатыр. Сегіз жасымда əкемнен, он төрт жасымда анадан
жетім қалдым. Таршылық таяғы астында өстім. Жоқшылық
дегеннің де жұғымсыз дəмін таттым. Бірақ тағдырыма
риза болатыным, Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов, Ғабит
Мүсірепов сияқты ұлылардың бауырында, жүрек жылуына
бөленіп, өнерпаздық мектебінен өттім. Қасіретін қаптатқан,
тақсіретін тасқындатқан болмысымның есесіне өнер атты
(творчество) қуанышқа кенелтті.
– Кітапханаңызда қанша кітап қоры бар?
– Он мыңдай кітап бар. Соның ішінде дүниежүзі əдебиетінің
200 томдық кітапхана, 100 томдық балалар кітапханасы бар.
Əсіресе, мұрағат сөздіктер көп. Анықтама қажет болғанда,
қалалық кітапханаға барғыштап уақытымды кетірмейтінмін,
бəрі үйден табылады.
Құдайға шүкір, ұлдар өз алдына отау болып, шаңырақ
көтергенде де, мол етіп кітапқорын сыйладым. Үшеуіне
еншілегеннен қалғандары ғой, мыналар...
Жалпы, ертеден санамызға сіңген əдет, кітап көп оқимын.
Қолым боста құмарта парақтайтыным – «Кыргыз тилинин
түшүндүрмə сөздүгу». Өз тіліміздің өресін көтеруге себі тиеді.
Көкектің ұрғашысын қырғыз тілінде «сейнек» дейді екен. Осы
атауды ана тілімізде неге пайдаланбасқа? Бір-біріне ешқандай
жақындығы жоқ жандарды бауырластарымыз «қайнаса қаны
қосылмаған» дейді. Тапқырлықтың нағыз өзі. «Қараңғы
халыққа кəпір де молда». Дөп айтылған ғой. Қалмақтар сонау
жаугершілік заманды «Бұрыт» деп атаған. «Тіліңе тісің куə
болсын» (Мақал). «Қапалы» дегенді «қападар» деуі де құлаққа
жағымды. Түркітілдес əдебиетін тынымсыз оқып тұрудың
қыруар пайдасы бар.
– Алдағы жұмыс жоспарыңыз жайлы да естігіміз келеді.
Мұзаға, соңғы кездері немен айналысасыз?
– Эпикалық полотно тудыру қарияның қолы емес екен.
Қабырғасы қаланып, күмбезі көтерілген бір дүнием бар. Ол
«Зерденің зері» деп аталатын ғұмырнамалық поэма. Соны
кемелдендіре беру – ендігі ермегім, қолайлы төсекте жатып
алып ауызша афоризмдер шығару. Бұған күндіз де, түнде де толас болмаса керек. Осыдан екі-үш күн бұрын қазақтың сұңғыла мақтаны академигі Ісмет Кеңесбаевтың «Қазақ фразеологиясының түсіндірме сөздігін» бір айдан астам асықпай қарап шыққанымды күнделігіме жазып қойыппын. Ана тіліміздің ырғын байлығына кенелгісі келген ынтызардың қолынан түспес рухани қазынасы дерлік кітап! Бір томдық 1977 жылы жарық көріпті. Сол құнды кітап қайталанып басылса, кідіріссіз əрі мол таралыммен баспадан шықса, қазақ тілі жанашырлары қандай қанағаттанар еді. Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құлағына алтын сырға... Түркология əлеміндегі шоқтықты ғұламаның асқан кішіпейілдігін айқындай түсетін қолтаңбасын ( əсте өзімнің бір мақтанып қалуым үшін емес) осы сұхбат ішінде келтіре кетсек артық болмас: «Ардақты ана тіліміздің құнарлы да шүйгін саласы – тиянақты сөз тіркестерін тірнектеп жинап, инемен құдық қазған есебі, қырық жыл бойы істелген еңбегімнің нəтижесі – осы Сөздігімді мəшһүр ақын, үлкен журналист, əйгілі публицист, сөз көркі мен парқын жете білген даңқты, жақсы дос інім Мұзафардың əділ сынына арнаймын. Автор Ісмет Кеңесбаев (қолы) 22.06. 77.» Азанда оянып, төсектен тұрарда мен: – «Туған жер! Сенің нəрің – Менің қаным. Дүниеде сенің барың Менің бағым!» – деймін. Күнде қайталаймын. Ата-бабалар дəстүрі шырағын шың басына шығарып, əспеттеп жүрген ақсақалдарды көргенде, ескі сөздерін естігенде бір жасап қаласың... Алайда жасамыстың бəрі сұңғыла емес. Алпыстан асса да, профессор басымен дастарқан төрінде жиналғандар көзінше бата бере алмаған бозымдарды көріп, талай рет жерге қарадым. Содан мен əр тұста бата өлеңдер жазып, оқырмандарға ұсынып жүремін. Бір мəрте баталар кітапшасын да бастырып шығардым.
Өлең-баталарымнан:
Еңбегің жана берсін,
Ел əділ баға берсін!
Көш көлікті болсын,
Дос серікті болсын.
Жан ерікті болсын,
Жар көрікті болсын.
Ер беделді болсын,
Зер бедерлі болсын.
Жер құнарлы болсын,
Дөң шынарлы болсын.
Ас кенеулі болсын,
Жас елеулі болсын.
Тау өрісті болсын,
Бау жемісті болсын.
Жыр намысты болсын,
Жыл табысты болсын.
Əулет түбірлі болсын,
Ұрпақ ғұмырлы болсын.
Ұлың ұғымды болсын,
Қызың жұғымды болсын.
Жастар қанатты болсын,
Қарттар санатты болсын.
Əз арманмен ағыңдар,
Жылдарыңыз көп болғай.
Махаббатпен жалындар,
Думаныңыз көп болғай.
Атасына тартатын,
Ұлдарыңыз көп болғай.
Шешесінен артатын,
Қыздарыңыз көп болғай.
Абыройлы, арлы бол,
Алғырлардың алды бол.
Туған елден аяма,
Қолыңдағы барды бөл, Əумин!
– Жазған-сызғандарыңызды көшіріп, көмектесетін
хат шыңыз бар ма? Немереңіз Ая жөнінде жиі айтып
қалдыңыз?
– Мен қалам ұстағалы бері газет пен журналдардың қай-
қайсысына да жаңа шығармамды ұсынып, жариялатып
келемін. Редакция қызметкерлері құрақ ұшып амандасып,
қол алысып жатады. Құдайға шүкір, жазған-сызғандарымның
жарияланбағаны жоқ шығар. Дегенмен, соңғы кездері
жазылған афоризмдерім əжептəуір жиналып қалды. Мұндайда
айтпай кетпесем болмас, əсіресе, газет-журналдардың ішінен
«Алматы Ақшамы» осы туындыларымды үзбей жариялап
келеді. Бұл газет басшылығы да, қызметкерлері де авторлармен
қалай жұмыс істеуді жақсы жолға қойып алған.
Ал Ая туралы, тұңғыш немере ғой, жөні де, өзі де, сөзі де
бөлек бала ғой. Бұл сұрағыңа өлеңмен жауап берсем, қайтеді.
Мың ұлға ауыспайтын асыл балам,
Бір өзің секілдісің жасыл ғалам.
Ата деп алғаш мені атандырған,
Сол күні жаңарғандай жаһан нұрдан.
Алдыңнан ақ күн тусын қашанда да,
Өнерің өрлей түссін ашар алда.
Тілейміз ұзақ ғұмыр, шалқар бақыт,
Анаңдай мейірленсін дархан уақыт.
Ая қазір Алматыдағы анимация студиясында сценарист боп
қызмет істейді.
Ал, хатшым жоқ, жазғандарымды үстел басында қақшиып
отырып, күні бойы қағазға қадалудан қалғалы қашан дедім
ғой. Төсегімде жатып-ақ, ойға оралғандарды түртіп қоя
беремін. Уақыттың қай мезгіліне де қарайтын, күй таңдайтын
шама жоқтықтан, қағазға түскен дүние бір керекке жарар деп,
тігіндісін жинаймын. Əр мүшелдің өзінің айтулы оңтайлы,
үйреншікті дағдысы болады екен. Бұл сезім де жылдардың
ұқтырғаны!
– Мұзаға, бүгінгі Қазақ мемлекеті, Қазақ елі, Қазақ
қоғамының болашағы жайлы сөзіңізбен əңгіме-дүкенімізді
аяқтасақ...
– Елбасының елге жасаған ерен жақсылықтарының ең
игіліктілерінің бірі – «Болашақ» бағдарламасы. Бұл туған
Қазақстанның, қазақ елінің өз түлектеріне арнаған шы-
найы қамқорлығы. Талабы таудай жасөспірімдерге Жердің
озық жоғары оқу орындарында білім алуға жол ашылды.
Жастарымыз дүниежүзінің 30 елінің 630-дан астам жетекші
жоғары оқу орындарында білім алуларына мүмкіндіктері
бар. Бұл деген, əрине, қазақ баласының болашағының қандай
екеніне айтпаса да көз жеткізу деген сөз.
Қазақстан деп аталатын дербес ел, тəуелсіз мемлекет
атанғанымызға жиырма жылдай болыпты. Соның куəгері
жасаған тағдырыма шын жүректен тəнтімін. Осындай алып
елдің тұтастығын сақтауда, əлемдегі абыройын арттыру-
да көреген басшының біліктілігін айтпасқа тағы болмайды.
Қазақ жері мен елі, тілі мен діні, салмақтылығы мен татулығы
біртұтас қалыпқа құйылғанына сене отырып, болашағымыздың
бағдары адастырмасын деп тілейік.
Иə, тағдырыма демекші, осынау данышпан қариялармен
əңгіме-сұхбат құрып, дəмдес-сырлас болуды бұйыртқаны
үшін біздің де болмысымызға дəн риза ұрпақ екеніміз еске
тағы да түсті. Бірнеше сағаттар жалықтырмай əңгіме айтқан
Мұзағаңа қарап отырып, қолымызға қалам ұстатқан тағдыр
сыйына іштей шүкіршілік жасадық. Қазақтың мəдениеті мен
əдебиетіне маңдай терлерін сіңірген небір жақсылар мен
жайсаңдардың өздерінен, өздері болмаса оларға адал жар бола
білген ақылманды бəйбішелерінен алған сыр-сұхбаттарым
көңіліме тоқтық ұялатып, марқайған күйде қала көшелерімен
жүріп келеміз...
ҚАЛМҰҚАН ИСАБАЕВ
Шынашақтай ғана қазақтың осы бір қара шалы
көп сөйлей бермейтін, үнемі ой үстінде жүретін, жай
ғана жүріп қана қоймай, үндемей-ақ талай шаруаның
басын қайырғанын үнемі сырт көз сөз етіп отырады.
Қазақ əдебиеті мен мəдениетіне қалдырып келе жатқан,
тек сол саланың ғана емес, қазақ деген ұлттың ұлы
дүниелерінде де қолтаңбасы барлығын бүгінгі көзіқарақты
жұрты біледі де. Біліп қана қоймай сырттай сүйсіне
əңгімелейді. Менің бір ағам Қалағаңның қазақилығын,
отбасындағы тəрбиелілігін, өзінің инабатты тірлігінде
қонақжайлылығын, ол қонақты жұбайы екеуі ғана құрақ
ұшпай перзенттерінің де құшақ жайып қарсы алуы,
айта берсек керемет үлгі-өнегесі бөлек отбасы екендігін
үнемі айтып отырады. Осындай жақсы ағалары туралы
соңынан ерген ұрпақ өкілдері бағалап жатса, əрине, ол
мына тіршілікте пендеңіздің бақытты ғұмыр кешкені де.
Тағы бір танымал жазушы ағамыз Ахат Жақсыбай Қалағаң
жайлы айтқан мына бір əңгімесін де сұхбат арасында дəл сол
күйінде оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Олай болса,
ағалар жайлы ағаларымызды тыңдасақ...
– Қалекең – Қалмұқан Исабаев жоқты іздеп, үнемі жаңалық
ашып жүретін секілді. Адамның ойына келмейтін əлдебір то-
сын əрекеттерді ойлап тауып, соны жүзеге асырғанша тыным
көрмейтініне талай рет куə болғанымыз бар. Ертіс-Қарағанды ка-
налы құрылысы басталмай тұрып, болашақ канал арнасы бойы-
мен 500 шақырым жерді жаяу жүріп өткенін білеміз. Жазушылар
қауымы үшін бұл өзінше бір жаңалық болды. Кейін ол Ертіс-
Қарағанды каналы туралы трилогия жазғанда өмірлік деректерді
іріктеп, мол дайындықпен кіріскен еді. Көз көрген, құлақ естіген
оқиға-тартыстарды шығармаға арқау еткенде сондағы 500
шақырымдық жаяу жүрістің пайдасы тиген болар.
Өткенді тірілтіп, лайықты орнын əйгілеу Қалекеңе бұйырған,
табиғатына тəн қасиет тəрізді. Өзі ойға алып, өзі соның ізіне
түсіп, қашан бір іс шығарғанша өзіне де, өзгеге де маза бер-
мей, ұзақ жылдар бойына тынымсыз ізденетінін қайтерсіз. Бір
ғана мысал. Екібастұз көмір кенін Қосым Пішенбаев деген
баянауылдық қазақ ашты деген сөз бар. Ал бұған дəлел қайсы?
“Екібастұз көмір кенін Қосым Пішенбаев ашты” деген-
ге күманданушылар көп болды. Осы мəселенің шындығын
дəлелдеуге Қалекең бел шешіп кірісіп, нақты дəлелдер табуға
тырысты. Нəтижесінде Верхотурлық 1 гильдиялық көпес-тау-
кен кəсіпкері Александр Бенардакидің 1867 жылдың 21 мау-
сымында жазған хатында (заявка) сол жылдың 12 маусым
күні Екібастұз көлінің шығысындағы “Қарабидайық” деген
жерде Қосым Пішенбаев бастаған баянауылдық 5 қазақ көмір
кенін ашқаны баяндалған. Осы бұлтартпас дəлелді Қалекең
Киевтен тауып, жария етіп, елге жайды. Баспасөз бетінде
Қосым Пішенбаетың Екібастұз кеніне тікелей қатысты екеніне
көз жеткізу үшін əлденеше мақалалар жазды. Қоғамдық пікір
қалыптастырып, Екібастұз кенін Пішенбаев ашқанын күмəн
келтірушілерге мойындатып, талассыз пікірге айналдырды.
Қалекең мұнымен тынбады. Енді Екібастұз қаласында Қосым
Пішенбаевқа ескерткіш қою керек деген мəселені көтеріп, та-
лай есікті ашып, талай басшының алдына дəлелдерін жайып са-
лып, дегенінен қайтпай, ойлағаны орындалғанша айтумен, жа-
зумен болды. Ақырында, қуанышқа орай, Екібастұз қаласының
орталық көшелерінің бірінде биік тұғырдың үстінде қазақы
шапан, бөркімен, ұзына бойымен тұрған Қосым Пішенбаевтың
биік ескерткіші орнатылды. Бұған қоса осы қаладағы ұзын
көшелердің бірі – Пішенбаев көшесі аталды.
“Бұл да бір біткен іс болды” дегендей, Қалекең ескерткіштің
ашылу салтанатында сөз сөйлеп, елдің алғысына бөленді. Ұмыт
бола жаздаған Қосым Пішенбаевты биік тұғырға тұрғызып,
қазақ ұлтының мəртебесін көтерді.
Осындай мəселелерде Қалекеңде тыным жоқ. Кезекті бір
істі ойлап тауып, жүзеге асырудың жолдарын іздеп, тағы да
жүзеге асыруға кіріседі. Соның бірі – Германиядағы бір кездері
– соғыстан кейін өзі комендант болған Ильменау қаласынан
төрт шақырым жердегі Габелбахта немістің ұлы ақыны
Гетенің мұражайына 1979 жылы Абайдың “Қараңғы түнде тау
қалқып” аудармасын табыс етеді. Гетеден Лермонтов, одан
Абай аударған осы бір екі шумақ өлеңді гранит тасқа жазды-
рып, өзі көтеріп апарып, мұражайдың қабырғасына ілгізіп,
Абайға арналған шағын мүйіс аштырып, қазақтың домбыра-
сын қойғызып қайтқанда Қалекең тағы да “Бұл да бір біткен іс
болды” деп, іштей масайраған шығар.
Қалекеңнің қозғауымен, кірісуімен Алматыда, Астанада,
Семейде жəне Қарағанды облысындағы Абай қаласында
Гетеге көшенің аты берілді. Мұнда арғы бір есеп бар еді.
Гетеге Қазақстанда төрт қалада көше атауы берілді. Қазақтың
ұлы Абайына Германияның Берлин қаласында неге көше
аты берілмеске?! Қалекең осы мəселені көтеріп, жоғарғы
орындарға қозғау салып, ақылдасып-кеңесу, ұйымдастыру
шаралары нəтижесінде, 2000 жылы Берлинде Абайдың аты-
на көше берілді. Көшенің ашылу салтанатына қатынасу үшін
Қалекең Берлинге барып қайтты.
Қалекеңнің елдікті танытатын, жоғалғанды тауып, жария
ететін мұндай бастамалары жетерлік. Қайсыбірін айтсақ та
ұзақ əңгіменің тақырыбы сияқты.
Жақында Қалекеңнің үйіне барып əңгімелесіп отырып, сөз
арасында;
– Қалеке, қазіргі күнде Сізді нендей мəселе мазалап жүр?–
деп сұрадым.
Қалекең ойланып қалды. Күрсініп қойды. Өзімше ой-
лаймын, қашанда ойлаған істі жүзеге асыру, бірден қолдай
кету оңайға түспесе керек. Мұндайда кедергілер көп бола-
ды. Біреулерге барасың, біреулерге хат жазасың, біреулерден
өтінесің. Сарылып жауап күтесің. Болмаған соң қайтадан маза-
лап, еске салып, дəлелдейсің. Бұның бəрі Қалекең үшін таңсық
нəрсе емес, талай бастан кешкен, төзімін тауыспай, сан рет
қайтадан кіріскен.
Міне, осындай жанашыр қаламгер інілерінің ыстық
ықыласынан кейін біз де Қалмұқан аға Исабаевтың көңіл күйін,
жағдайын білу мақсатымен, бүгінде үлкен бір əулетке айналған
отбасына ат басын тіредік.
– Үлкен рақмет! Жағдай осы. Уақытымен серуен, мезгілімен
ас ішіп, тостақ босату, жаман емеспіз,– деп күле қарсы алған
жазушы ағамыз іркілместен əңгімесін жалғай берді. – Не болса
да көппен көрген ұлы той болады. Қазақта жақсы мəтел бар
осындай, ол өзі кез келгенді тізгіндей алатын, тоқтата алатын
мəтел. Қазекең ондайға шебер ғой. Жұрт көргеннің бəрін біз
де көріп жүрміз.Аш емеспіз, ол енді бір ғана шаңырақтың
астындағы тірлік. Əлемді алатын болсақ, азаттық, егемендік
алып тыныс кеңіді. Ауа жұту еркіндігі пайда болғандай болды.
Мұның бəрі сырттан сенің өміріңді жасап, бақылап отыратын
сырт көздің жоқтығын көрсетеді.
Өз басыма келсем, сексеннің бел ортасына да жетіп
қалыппын. Табиғат та қызық құрылған ғой, сенің күндеріңнің
аяқталып келе жатқанын аса уайым-қайғыға салындырмау
үшін соңыңнан ұрпақты өсіріп келе жатыр. Соларға қарап
тұрып, тəубə дейсің, шүкіршілік жасайсың. Ақырын ермек
қылып бірдеңелерді жазған, сызған боласың.Күнделікті ойды
қағазға түсіріп үйренген əдет қалатын емес. Қарап отырсам,
осы жасымның жартысынан көбі қағаз ақтарып, архивтерде
өтіпті. Сол табаны күректей қырық жыл – 40 баспа табақ роман
болып алдымнан шықты. Бұған өкінуге бола ма?! Əрине, жоқ!
Егер өмірге қайта келіп, қайта тірлік кеше бастауға мүмкіндік
туар болса, тағы да дəл осы жолды қалар едім. Өйткені, мен
не нəрсені жазсам да, сол оқиғаның бел ортасында жүріп,
түн демей, күн демей араласып, көзбен көріп, қолмен ұстап
жазған адаммын. Бүгінгі дүниелерге кейде көңіл толмай жата-
ды, неге? Өйткені, кейіпкердің бəрі ауылдан шығады, қалаға
келеді... Оқиды, қолдан келсін-келмесін қызметте қалады.
Одан кейінгісінің бəрі қияли дүниеге айналып жүре береді.
Ол да керек шығар. Дегенмен, ақиқатсыз дүние толыққанды
шығарма емес. Бүгінгі оқырман да басқаша, талғам-таразыға
көңіл бөле бермейді. Сондықтан кітапқұмарлар азайып кетті.
Менің бұл ойыммен келіспейтіндер баршылық. Жазу бар да,
еңбектену, іздену бар. Осы екеуі қиылысқан жағдайда ғана
дұрыс дүние туады. Тілі бұралаң, жаһандануға жақындаймыз
деп жүріп, тілді де, шығарманы да сүрең жолға салып алғандар
жетеді. Мен кезінде, Германияда жүрген кезімнен “Комендант”
деген роман жаздым. Бірақ сол дүние оқырман қолына жетпеді.
1964 жылдың көктемінде өртеп жіберді. Көз көрді, баспаға
бермеймін, жарияламаймын деген акт жасалды, қол қойылды.
Демократия, жариялылық деп жатамыз, қоғамдағы өзгерістер,
заңсыздықтар сол кезде-ақ қағазға түскен екен.Амал жоқ,
өртелді.
– Қолжазбалар қалған болар?
– Қалыпты. Бертін келе 1998 жылы қайтадан шықты. Сол аты-
мен жарияланды. Қазір ондай органдар жоқ, шығармашылық
еркіндік пайда болды. Бірақ белгілі бір тақырыптан ауытқымау
керек. Қалай да жазар дүниең ой елегінен, сүзгіден өтіп, əбден
иі қанып барып жарыққа шығуы керек қой! Өз басым бұл
жағынан мақтана аламын. Тағы бір мысал, ауыл шаруашылығы
жөнінде дүние жазғым келіп жүрді де, ойланбастан комбайншы-
лар курсында оқып, екі жаз қатарынан егін орағына қатысып,
шөпшілер мен пішеншілердің тыныс-тіршілігін бақылап жүріп,
“Комбайн” деген пьеса жазып шықтым. 1982 жылы жазылды.
Қойылды. Тіпті, Мəдениет министрлігінің сыйлығын алды. Сол
сияқты, қырық жыл бойы архив ақтарғанымның жемісі, “Шоң
би” деген романым да осындай еңбектің жемісі. Наполеонды
жеңген Александр-1 патша 1822 жылы қазақ үшін ең соңғы
уставын жазған. Қазақ өмірін белгілеп отыратын, қазақ өмірін
жылжытып отыратын. Соны бұздырған Шоң би қазақтан
шыққан тұңғыш хан болған. Бізде, əдебиетте Құнанбай жай-
лы “қарадан шыққан хан” деген сөз бар ғой. Яғни, Шыңғыс
хан ұрпақтарынан ғана емес, нағыз сұлтан осы кісі болғанын
ізденіп жүріп, деректі дəлелдермен жазып шықтым. Қасқайып
отырып уставты бұздырған Шоң би жайлауын күтуге Сібір
губернаторынан əскер шақыртып алады екен. Он-он бес ка-
зак орыстар, оларды бір сотник офицер басқарып келеді екен.
Губернатордың əлгі сотникке “əр он күн сайын сұлтанның
төңірегіндегі оқиғалар жайлы хабарлап, рапорт жазып тұр!”
деген жасырын бұйрығы да бар екен. Фамилиясы əртүрлі,
Давыдов, Махонин, Лебедов, Усов дейді, толып жатқан рапорт-
тар архивте əлі күнге сақтаулы. Бір қызығы, биді əрқайсысы
əртүрлі сипаттаған. Бірі: “сары, көзі қысыңқы” деп жазса, енді
бірі: “толық, бірнеше жігіт атқа көтеріп отырғызатын-ды” деп
сипаттайды. Осыларды оқи, зерттей отырып, мен романыма
Шоң бидің портретін өзім салдым.
Қазір ше?
Жақында бір жас жазушымен əңгімелесіп отырып, осы
ойымды айттым. Ол, əрине, келіспеді. Мен айтам ғой: “Əй,
сен еңбекқор жазушысың, қабілет-қарымын мықты, бірақ не
жазарыңды білмейсің. Бар ана түрмедегі өзің сияқты жап-жас
жігіттердің арасында бірер ай болып, олардың психологиясын
зерттеп, тірлігін бақылап, жан дүниесіне үңіліп келші, сенен
қандай шығарма туар екен” деймін. Сондағы əлгінің жауабын
тыңдаңыз: “Ой, аға, ол жақтағы, тордың ар жағындағы тірлік
белгілі емес пе, фантазияң мықты болса, бармай-ақ жазып
шығуға болар еді”. Бұған не дейсің, дауласа алмайсың, өз ойы-
нан қайтпайды. Ал, бұл əдісте менен озған, мендей еңбек еткен
жазушы, əй, қайдам, жоқ-ау. Жаңа жоғарыда айтқан екі жазу-
шы інім айтқандай, шын мəнінде шығармашылыққа да, көркем
дүниеге де, шырайлы қазақ тіліне де мендей жанын салған
қазағыңыз көп емес.
– Тіл демекші, шынында да тəрбие отбасынан бастала-
ды дейміз, сонау тілге, дінге қарсылық жүріп жатқан Кеңес
дəуірінің өзінде Сіздің қазақ тіліне, қазақ мектептеріне
жасаған еңбектеріңіз де ел аузында...
– Оның дұрыс, бұл орайда көптеген ағаларым мен тұс-
тастарыма өкпелі қазақпын. Адам өзі не нəрсені бағалы, құнды
десе, соны ұрпаққа, өзінің тікелей ұрпағына қалдыруға ты-
рысады ғой. Ал, менің ағаларымның көбі балаларына өз ана
тілдерінде тəрбие бермегені белгілі. Сол кездегі қазақ зиялы-
лары аса көп болмаса да, белгілі бір топтың тіл мəселесіне
келгенде кібіртік танытқаны қаншама ұрпаққа залалын тигізді.
Соның салдарынан кезінде қаламызда қазақ мектептері жабы-
лып қалды.
Тұңғыш қызымыз Баян жетіге толғанда мектепке, қазақ
мектебіне берейік десек, бүкіл қалада бірде-бір мектеп жоқ.
Амалсыздан орыс мектебіне тапсырдық та, осы мəселені
қозғауға ниеттендік. Содан біраз азаматтар, 1967 жылы бір-бір
баладан жетелеп жүріп, Əбу ақсақал немересін, Қадыр Мырза
Əлі, Бəкір Тəжібаев, Мырзатай Жолдасбеков, тағы біраз азамат-
тар бар, №40-ші мектептен қазақ сыныбын аштырдық. Сөйтіп
жылдан жылға қазақша сыныптың балалары көбейді де, енді
мектеп ғимараты тарлық жасады да, жаңа мектептің құрылысы
жүре бастады. Осы күнгі № 12-ші мектептің тарихы осылай
қалыптасты. Одан кейінгі бір шаруа – кадр мəселесі болды. Сол
кездегі республикалық, облыстық, аудандық оқу жүйесіндегі
орыстілді қазақтар кезінде мектеп ашуға қарсы болса да, кейін
тамыр-таныстықпен орналасқан мұғалімдер ұжымымен күрес
басталды да кетті. Біреуінің əйелі, біреудің қарындасы не қызы
– бірауыз қазақша білмейтіндер балаларымызға қалай білім
бермек? Халқымыздың баға жетпес ұлттық үрдіске толы салт-
дəстүрін, өнегесін қалай қалыптастырмақ? Үзіліс кезіндегі
əңгіме түгіл, оқу орнында жиналыстар əлгілердің ықпалымен
орыс тілінде өтетін болыпты. Осы Мырзатай бастап (ата-
аналарға олармен ұстасу қиын болса да) кейбір мұғалімдерді
қызметінен қуып та шықтық. Тіпті қазақ мектебінде сабақ
береміз деп құлшынып жүргендердің өз балалары орыс
мектебінде оқиды екен. Байқасақ, балаларымызға қазақи
тəрбие береміз деп емес, нан табу үшін ғана жүргендер. Осы
бір қиын кезеңде Рабиқа Нұртазина директор болып келді.
Ұйымдастырушылық қабілеті күшті, білімді. Өз шаруасына өте
қабілетті, іскер əйел жұмысын дөңгелетіп-ақ əкетті де, көзіміз
ашылды. Дау-дамай да тынды. Сөйтіп, өмірге əкелген бес бала-
мыз да осы мектепті бітірді. Қазір ешкімнен де кем емес.
– Сіз қызмет бабымен, анығырағында, əскери қызметпен
біраз жылдарыңызды шетелдерде өткіздіңіз. Сөйте жүре
туған тіліңізге жанашырлығыңыз ерекше, мүмкін осы
жылдардың да əсері бар ма?
– Бүгінде біраз азаматтар өздерін шетелде тұрып
келгендіктен тілдері шорқақ, шұбалаңқы болып кеткенін айтып
қалады. Мен айтар едім, көп нəрсе керенаулықтан. Ар жағында
жігері жоқ, ұлттық үрдіске тəрбиелейін деген ниеті жоқтар ғана
солай дейді. Бірде белгілі бір азаматтың үйі қонаққа шақырды.
Бардық. Қалалықтарда дастарқанға отырмас бұрын бөлмелерін
аралатып, не болмаса жұмыс бөлмесін көрсететін үрдіс бар
ғой. Кітапханасы өте бай екен. Бірақ бірде-бір қазақша кітап
қанша іздесем де көзіме шалынбады. Қаным басыма шауып,
кетуге асықтым.
– Ой, Қалеке, қайда барасыз? – деп жатыр үй иелері.
– Қазақтың рухы жоқ үйде отыра алмаушы едім,– дедім де
шығып жүре бердім...
Кейде тілге байланысты орта, қоршаған ортасының əсері де-
ген сөзді жиі естіп қаламын. Ол – далбаса сөз. Қаның, жаның,
жүрегің қазақпын деп соғып тұрса ешкімнің қауқары жет-
пес. Өзіңнің тіліңді, діліңді, салт-дəстүріңді ұмыту – тек қана
сыртқы ортаның əсері емес. Өз басым белгілі бір дəрежеде
араласатын ортамыз басқа тілділер деген сынық сылтаумен өз
ана тіліне мəн бергісі келмейтіндерге қарсымын. Менің талай
жылым, өзің айтпақшы, шетелдерде өтті. Он екі жыл əскерде
болдым. Əскери тіл – орыс тілі екеніне қарамай, өз ана тілімді
ұмытпақ түгілі, шығармаларымның барлығы дерлік таза қазақ
тілінде жазылды. Қазақ тілінде жазылған екен деп ешкім
кітабымды баспай қойған жоқ. Тіпті, бірнеше елдің тіліне ау-
дарылды да.
Жалпы, тіл мəселесінде дəрменсіздік танытуға болмай-
ды. Даңғаза айқайға ілесіп, мінберлерде қазақ тілінің жырты-
сын жыртып, ал отбасында сықпыты əлгіндей болса, одан не
қайыр, не үміт?! Ана тілі, қазақи тəрбие отбасынан басталуға
тиіс. “Өз ана тіліңнің алдына басқа тілдерді шығарма!” – деп
балаларымның, немерелерімнің де құлақтарына əлі күнге
құйып отырамыз.
Ұлттың бірінші белгісі өз тілі болуы керек. Өз жері, өз
мемлекеті, осы үшеуі болған халық қана біртұтас ел екенін, ұлт
екенін айғақтайды. Мен қазақ тілінен ешқашан ақау жібермеген
адаммын.
– Екібастұз хикаясы туралы өз аузыңыздан естісек...
– 1960-70 жылдары Екібастұздың аты керемет шыға баста-
ды. Өзіміз түгіл, Сібірдің жарты қаласына электр, отын энер-
гиясын таратып, сол сұмдық құбылысты Павлодар облысының
сол кездегі секретарлары мұндай байлықты,яғни кен орнын
қарапайым қазақ ашты деуге ауыздары бармады. Қимады. Ал,
Қосым Пішенбаев деген геолог туралы еміс-еміс əңгімелер
құлаққа жетіп жатыр. Содан білек сыбана кірістім де кеттім.
Обкомның насихат жөніндегі секретары Екібастұз көмірін
Бородин деген айдауда жүрген бір инженер тапты дегенді
мақұлдап, сол кісінің атына көше бергізіп те қойыпты. Содан,
қазақша айтқанда, ізіне шам алып түстім ғой. Сонау Киевтің
орталық архивінен барып, деректі мəліметтер жинадым. Тіпті,
Қосым жүрген жерлер, бағыттар, ашқан кен орнын бұлжытпай
көрсеткен картаға дейін табылды. Соның бəрін жинап, реттеп
əкеліп секретардың алдына тастадым ғой.
– Что ты хочешь теперь? – дейді.
– Бородиннің көшесінен тақтасын алып, Қосымның ескерт-
кішін қоясыз, – деймін мен де тықақтап.
– Жо-жоқ, ол көше де, тақта да алынбайды, композитор
Бородин болып қала береді, – деп бажырайды.
– Георгий Алексеевич, егер сіздің осы сөзіңізді осы қалпында
“Крокодилге” жазып жіберсем, не болады? – дедім.
Жынданып кете жаздады. Содан не керек, жағаласып, тар-
тысып жүріп Бородинді жібердік те, көшенің аты да, тақтасы
да алынды. Содан кейін-ақ Қосым жайлы аудандық, облыстық
газеттерге батылдау жаза бастадық. Не керек, 1994 жылы
Қосымның 150 жылдығына орай Екібастұз қаласынан ойып
тұрып биік ескерткіші орнатылды.
– Ол кезде, Кеңес дəуірінде ондай мəселелер халықтар
ұлтараздығына, татулығына кері əсері тиеді деп қорық-
падыңыз ба?
– Шындық үшін қашан да, қай заманда да, қай ортада да
күресуге болады. Менде нақты дəлелді деректер болды, несіне
қорқайын. Архивте 14-ші қор бар, осы кен іздеушілердің фон-
ды. Көп көмектесті, орыс көпестері келеді екен де, ақша беріп
Қосымға кен іздетеді екен, ол табады. Ал нəтижесінде атағы
солардікі болып шыға келеді. Осындай деректер алдымнан
шыға берді, шыға берді. Тіпті Қосымның кен іздеген жолдары,
кен бұрылыстары, тіпті Қосымның шахтасы деп белгіленген
ескі карта сызбасына дейін таптым ғой. Бұл ол кездегі
ұлтшыл шенеуніктердің бұлжытпас дəлелі, дəйегі болды да,
қарсыласуға мүмкіндіктері де қалмаған еді.
– Еуропаны қорғаған он қазақ жайлы да өзіңізден
естісек...
– Иə, ол да ұзақ əңгіме енді. Берлинді қорғауға бара жатқан
Италия жерінде фашистің бір топ ротасы, шамамен 150 сол-
дат бір көпірдің бойында он қазақтан құралған барлаушы-
лар отрядына кездескен ғой. Сөйтіп, Берлинге көмекке бара
жатқандардың жолын бөгеп, бірнеше күн бойы қырғын шайқас
болған. Соңында, он-ақ қазақ жауынгері бəрін жайратып, өздері
де опат болған. Бұл, енді сұмдық қой, 150 адамға он қазақ!
Маған жолыққанда бірде-бірінің фамилиясы қазақ емес
екен, соларды төрт-бес жылдың ішінде қазақша аты-жөндерін
тауып, сол көпірдің бойына соларға мəңгі ескерткіш орна-
ту туралы мəселе тағы да алдымнан шыға келді. Қазақтар
Еуропаны жаудан азат етуде тек көптің бірі ғана емес, нағыз
ерлік көрсеткен жауынгер халық болғанын дəлелдеу, əрине,
оңай болған жоқ. Тағы да жол, тағы да архив, тағы да айтыс-
тартыс... қарсылық.. қойшы əйтеуір, аты-жөндері тасқа жазы-
лып, үлкен жолдың бойына ескерткіш қойдырып тындым.
– Аты-жөндері неге орыс болып кетті екен?
– 1941-42 жылдары тұтқынға түскенде, бəрін орыс əскер-
лері деп солай толтырып жіберген ғой. Қашқаны қашып барып
қайтадан қосылып, жете алмағандары қалған. Бір шаруаны
тындырдым деп елге жетсем, біраз қарсылықтар алдымнан
тағы да шықты. Орталық Комитеттен неге жоғары жақ арала-
спай, жеке тындырып жүрсіз дегендей əңгімелер де шықты,
егер үкімет жағы араласса, біреу біреуге сілтеп ол нəтиже бе-
рер ме еді, бермес пе еді, кім білсін?
Бұл мəселенің соңына түсіп жүргенім, Еуропада ұзақ жыл
қызмет істеген адаммын. Соғысқа бардым,соғыс психоло-
гиясын білемін, тіпті əр елдің əскерлерінің психологиясын,
тəртіп-талабын білемін, құрылымын білемін. Сосын Еуропа
елдерімен, мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасын білемін.
Осындай мүмкіндігім бола тұра, қалай қарап отырайын.
Əйтеуір, кеудеңде жаның, ар-намысың болғандықтан жоқтан
бар жасауға емес, ар жағында ақиқаттың ауылы алыс емес
екеніне көз жеткен соң несіне алаңдайын.
– Ертіс-Қарағанды каналының Сəтбаевтың атымен
аталуына да Сіздің ықпалыңыз бар деп естідік. Жалпы,
Қаныш ағаға туысқандық жақындығыңыз ба, əлде...
– Оның рас, Сəтбайдың қызынан туғанбыз, Сəтбаевтарға
жиен болып келемін, анам жағынан. Туыстық, қандық жағын
былай қойғанда, Қаныш үлкен ғалым Алашқа ортақ азамат. Ал,
каналға келсек, онда мен табаны күректей он бес жыл жұмыс
істедім. Кəдімгі жұмысшылардың бел ортасында жүрдім,
қара жұмыстың, қарапайым жұмысшының образына кірейін,
шығарма жазу ойда болған, сондай мақсатпен барып, біраз
жылым ен далада, каналдың жағасында өтті. Арқаның аязына
қарамай, пана тұтар ағашы да жоқ Сарыарқаның ми қайнатар
ыстығына қарамай, күндіз-түні еңбек еттім. Қызық қой, өңім
түгіл түсіме енбеген гидрология, геология деген салаларды
тез түсініп, меңгеру мен үшін түкке тұрмады. Инженерлермен
айқаса жүріп, жəй ғана олардың өмірін зерттеу үшін ғана емес,
жанымды салып еңбектендім. Ол кезде Мəскеуге қараймыз,
құрылысты да солар жүргізген.
1970 жылы Лениннің 100 жылдығы болды ғой. Сонда
Қарағанды обкомының бір секретары каналға куратор бол-
ды. Наурыз айының бас жағында “Молодежный” деген жер-
ге келіп, активтің жиналысын өткізді. Қаныш Сəтбаевтың
Орталық Қазақстанды суландыру жөніндегі барлық еңбектерін
жинап кітап шығарғанмын, бұл канал мəселесі де Сəтбаевтың
идеясынан туған шаруа, сондықтан канал сол кісінің атымен
аталуы керек, сұранып-ақ тұр. Менің де бар арманым осы.
Жиналыс ауаны басқа жаққа бұрылды да кетті, зал жым-жырт.
Бітті, ешкім сөйлейтін түрі жоқ. Не болса да, ойымды жеткізіп
қалайын дедім де, мінберге көтерілдім. “О, каналский писа-
тель” деп таныстырды.
– Белогор каналы Ленин атында, Москва каналы Ленин
атында, Волга-Дон, 1930 жылы салынған Үлкен Фергана ка-
налы, Кіші Фергана, Қарақұм каналы Ленин атында, деп тізіп-
тізіп келдім де, ал енді біз мына каналды да ұлы көсем атына
берсек, мұнымыз мазақ болмай ма?– дедім жан-жағыма батыл
қарай бастап.
Жұрт тым-тырыс. Үнсіздікті куратордың өзі бұзды: əлі
каналдың 20 проценті біткен жоқ, уақыт бар, ойлануға деп
тарасты. Жұмсақ біткен жиналыстың соңғы нəтижесі, ғалым
атымен аталуымен тынды ғой.
Роман да жазылды. Құрылысты жүргізген Бас басқарма
құрылысшылардың қатарында еңбегімді бағалап, “Еңбек
Қызыл Ту” орденімен марапаттады. Мұның да хикаясы осы-
лай, қарағым.
Қалмұқан ағамен болған əңгімеден түйгенім: қазақтың
біреуге сүйсінсе “шынашақтай болып” деген əдемі сөзі дəл
осы бір қазақтың шынашақтай ғана болып, үндемей-ақ тынды-
рымды ғұмыр кешіп келе жатқан қара шалдарына бағытталған
болар. Кейінгі бір кездері Алматының құбылмалы ауа рай-
ына байланысты мазасы болыңқырамай жүрген қайраткер
жазушының шаршаңқы жүзіне қарап, айтып шығуға, жазып
шығуға оп-онай қаншама шаруалары салған əжім сызықтарына
қарап іштей сүйсіндік. Еліне, халқына саналы, туған тілін пір
тұтар ұрпақ ғана емес, не болмаса қалың оқырманына тек
қана ақиқатты оқиғаларға құрылған роман-кітаптар ғана емес,
осындай сырт көзге елене бермейтін, тіпті “көрмес түйені де
көрмес” дегендей, кейбір даңғаза ойлылар ойға да алғысы
келмейтін жоғарыдағы тірліктері бүгінгі өзіне демеу, жаны-
на рухани азық болып келе жатқанын ашып айтпаса да, жан-
дүниемізбен ұғындық. Ал, шынашақтай ғана қазақтың қара
шалынан өрбіген ұрпақтың тындырар шаруасы, халқына етер
қызметі, ол енді, тіпті бөлек əңгіме...
ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВ:
ҚАЛТАЙДЫҢ КІТАПХАНАСЫ
Бұрынғы Совминнің ауруханасына наурыздың 8-нен кейін,
кезекті ем алу үшін барсам, Қалекең де жатыр екен. Өмірінің
соңғы жылдарында жамбасы сынып, аяғынан біраз қиналды
ғой. Бір-екі жас кішілігім болса да, қалжыңдаса беретінбіз.
Əдеттегіндей, аурухана төсегінде де біраз əңгіменің басын
шалдық.
Мен 26 наурыз күні шығатын болдым да, қоштасып
шығуға Қалекеңнің палатасына бардым. Екеуміз тағы да біраз
қауқылдастық. Əрине, ара-тұра əзіл-қалжыңға да бой алдырып
қоямыз. «Сəті түссе, Мəскеуге жүргелі жатырмын» деді. Сол
баяғы жамандыққа қимайтын патша көңіл-ай десеңші! Осы
бір ыстық сəттің аяулы ағамен болған соңғы жүздесу екенін
сезсемші деймін-ау. Бірақ «Мəскеуге барған қазақ зиялыла-
ры аман қайтпаушы еді» деген сұмдық ой санамнан жүгіріп
өткенін несіне жасырайын. Əйтсе де Қалекеңмен жақсы
тілеумен қоштасқан едік.
Қалекеңді дəл қай күні, қай жылдан білетінімді есіме түсіре
алмай отырмын. Бірге жүргенде ондай жағдайларды, мына
орыс халқы сияқты күнделік жазбаған соң, біле бермейміз.
Қазақ көбіне зердесіне-жадысына сенген халық, ондайға
əдеттенбеген ғой. Барлығын көкірегіне тоқып, есте сақтау
қабілетіне сенген.
Қателеспесем, онымен «Бөлтірік бөрік астында» комедия-
сы алғаш қойылғанда, Əуезов театрында кездестік қой деймін.
Тəшкеннен оқуын бітіріп келген кезі ме екен, əлде оқып, бітіріп
жұмыс істеп жүрді ме, ол жағы нақты есімде жоқ. Əйтеуір,
қазақ драматургиясына жаңаша бір серпіліс ала келгені есімде.
Ол – театр сахнасында эпостық туындылардан басқа дүние
жоққа тəн кезең еді.
«Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды», жалпы, ауыз əдебиетіндегі
батырлар жыры негізінде дайындалған туындылар болмаса,
авторлық шығармалар аз қойылатын-ды. Сондай тапшылық
тұсында өркениетті елдердің драматургиясына тəн сипатпен,
тілі қазақша, айтар ойы, мысқыл-мазағы, қалжыңы қазақша,
өзінше ізденістен туған тұңғыш дүние еді бұл. Біздің де өнерге
енді талпынып, анда-санда атымыз аталғанына балаша қуанып
жүрген кезіміз болатын.
Қалекеңді ең бір жақсы біліп, жақын жүрген тұсымыз – 1959
жылдың аяғы. Мен ол кезде Жамбыл атындағы филармонияда
көркемдік жетекші едім. Мəскеуден консерватория бітіріп кел-
ген бетім. Мұқан Төлебаев осы қызметке шақырды. Мен атто-
нымды ала қаштым.
– Мұқан аға, қалай жетекші болам, онда қазақтың ылғи өнер
жұлдыздары – Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев,
Жамал Омарова, Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, дом-
бырашылар – Қали Жантілеу, Лұқпан Мұхитов, қобызшылар
– Жаппас Қаламбаев, Дəулет Мықтыбаевтар сияқты танымал
əртістерге жетекшілік жасауға, шынында да, жүрегім дауала-
майды. 400 адамдай үлкен өнер ұжымын қалай басқармақпын,
– дедім. Жаспын деймін ғой баяғы.
Ол кезде қазақ музыка өнерінің опера жəне филармония
секілді екі-ақ өнер ошағы бар. Əйтеуір, Мұқан аға көндірді.\
– Министрдің Қосынов Бектембай деген орынбасары бар.
Соған барып кел, – деді. Ол шымыр ғана келген, сөзі жинақы,
ширақ кісі екен. Амандық-саулық жоқ:
– Əй, сен немене қаршадай боп филармонияға жетекші
болғың келе ме? – деп дүрсе қоя берді.
– Ондай ойым жоқ! Мұқан аға сізге бар деген соң келдім,
онда кетейін, – деп бұрыла беріп едім, күлді. Сосын «мінезің
шалт қой, сірə, сенен бірдеңе шығар»,– деді.
Мен Қалтайды айтайын деп, өзімді айтып отырған жоқпын.
Қалтай сол уақытта Мəдениет министрлігінде репертуарлық
коллегияның Бас редакторы еді. Аралас-құраласымыз осылай
қызмет арқылы басталған-тын.
Министр Əмір Канафин деген азамат болатын. Қазіргідей
емес, ол кезде жалға алсаң да, сатып алам десең де пəтер беруді
партия шешіп, партияның дегені болатын заман ғой. Енді отау
құрғанбыз. Тұңғышымыз бар. Əр үйдің босағасында жүреміз.
Пəтер жалдайын десең, қожайындар балалы отбасыларға жолай
бермейді. Жақындатпайды. Оның үстіне бір немересін ертіп,
елден шешем келіп жатқан. Отбасында 4-5 жанбыз. Содан
бəйбішеміз екеуміз филармонияның ауласында келіп-кетіп
жататын əртістерге деп салынған қонақүй сияқты үш бөлмелі
үйге орналасып алдық. Суық, ызғарлы, сыз болса да сонда
тұрдық. Сөйтіп жүргенде, үй салынып жатыр екен деген сыбыс
естілді. Қалтай екеуміз де тізімде бар болып шықтық. Пəтер
мəселесі ұшынып тұрған кез дедім ғой. Ашынған ел бітіңкіреп
қалған үй болса, бұзып-жарып кіріп алатын əдет тағы бар. Ол
кездегі заң бойынша жұма күні кіріп алып, сенбі, жексебі екі
күн түнеп қалса, прокурор шығара алмайды. Содан біз де шо-
шынып қалғанбыз, əлгі үйімізді күзетеміз. Кешкі тамақты ішіп
аламыз да, Қалекең екеуміз түнгі «күзетке» кетеміз. Жаспыз.
Əңгімеміз жарасып, кейде бəйбішелер пісіріп берген анау-
мынауға қоса бір жартымызды ала шығамыз. Түн соншалықты
ұзақ болса да, əңгімеміз бітпейтін. Сөйтіп жүріп, 60-жылдың
ақпанында пəтер алдық.
1961 жылы Мəдениет министрлігінің Өнер істері жөніндегі
(қазіргі департамент) бас басқармасының бастығы болып
бекітілдім. Бұл жылдары бір-бірімізбен тіпті жақын араласып
кеттік. Жұмысқа бірге барамыз, бірге қайтамыз. Менің астым-
да бір жаман көк «Победа» бар.
Қалекең:
– Əй, Ереке, үйге мінгесе кетейік, – дейді.
– Қалеке, қожалығың ұстап тұр-ау, əйтпесе мынау тұрған
жерге жаяу да барар едің ғой. Амал жоқ, енді, көлік болған
соң мінбеске болмайды, – деп күлемін. Қалжыңсыз жүрмейтін
едік. Бірде ертеңгілік жұмысқа шығар кезде мен:
– Қалеке, тұра тұрыңызшы, мен кофе ішіп алайын, – деппін.
– Жарайды, кофеңді іше бер, – деген де қойған.
Көзіме айтпайды, жаманды-жақсылы бастық деген атым
бар. Артынан естідім, мені қылжақ ететін көрінеді. «Ерекеңдікі
дұрыс қой. Өмір бақи Балқаштың бойында қамыстың үлпек
басын үгітіп кофе ғып ішіп өскен емес пе, қайтсін» – деп
күлдіреді екен жұртты. Орнымен, өз жайымен айтылған мұндай қалжыңды қалай қабылдамассың! 1978-80-жылдары Қалекеңмен бірігіп, опера жаза бастадым. 1981 жылы театрда «Тың тынысы» операсы қойылды. «СССРдің құрылғанына 60 жыл» деп аталатын Бүкілодақтық байқауда опера бірінші сыйлық алып, бұл жеңіс Қалтай екеуімізді тіпті жақындастырып жіберді. Қомақты ақшалай сыйлық та алдық. Бұл операның жазылу тарихы да қызық. Мəскеуде Малеевка деген жазушылардың, Руза атты композиторлардың жеке-жеке салынған көп бөлмелі шығармашылық саяжай іспетті үйі болды. Сонда жаттым. Бір айдан соң Қалтайды шақырдым. Келді. Күтіп алдым. Орналасты. Сазды мəнерлеп, үзілдіріп жазу үшін шыдамдылық, төзім керек. Ырғағы келсе, сөзі артық көрініп, сөзі ретке келсе, музыканың мəнері бұзылып, əбден қиналасың. Екеулейміз. Мен таңғы 6-да тұрамын да, сағат 9-да берілетін ертеңгі асқа дейін, тапжылмай жұмыс істеймін. Ал, Қалекеңді сол кезде, қазақша айтқанда «тепкілеп» жүріп, əрең оятып аламын. Тамақтан соң ақылдасамыз да, тапсырмаларымызды алып, бөлмемізге тараймыз. Кейде, «əй, арыстаным-ау, миыңды тынықтырсаңшы бір сəт», – дейді есіктен сығалап. Серуенге шығамыз. Баяғы əдемі əңгіме, əдемі əзіл. – Өлғаири, теғаири, өтежаири, ғаирифул, – деп бастайды көңілді сəттерінде. Мен де қосыламын. Ол біліп, мағынасын түсініп айтады. Ал, мен жай ыңылдаймын. Сөйтсем, ол Құранның бір аяттары екен. Талай рет айтты, тілім икемге келмейді, түсіне де алмай қойдым. Екі ай жатып, елге бірге қайттық. Опера сəтсіз болмады. Жоғарыда айттым ғой, сыйлық та алдық. Бірде Қалекең: – Əй, Ереке, осыған бірдеңе жетпей тұр, – деді ойланып. Елең ете қалдым. Операда Қалтайдың кинода істейтінін пайдаланып, кинохроника əзірледік. 1954 жылы Қазақстанға тың игеру үшін бүкіл Кеңестер одағынан комсомол-жастар ағылып келген-ді. Сол көріністі енгізіп, комбайнмен астық тасып жатқан кезді, қоймаға құйып жатқан жерін (кинода – колцова-
ние дейді) яғни, бір көріністі қайталау арқылы астықты миллион пұтқа жеткізуге болады екен. Əртістердің бірін Сібірден, Ленинградтан, Оралдан, Мəскеуденбіз деген ұрандар ұстатып, сахнаны айналдырып өткіземіз. Брежнев пен Қонаевтың тыңгерлерді театрдан шығарып салғанын басты план етіп, не керек, операны экранға да дайындап, керемет бір дүние жинақтадық. Қалтайдың шығармашылық жолда да ешкімге жоламай, идеясын алып қашатын əлдебіреулер сияқты емес, өнердегі, өмірдегі адалдығын баса айтқым келіп отыр. Халықтық өнерді өз дүниесіндей, ортақ деп ұғынатын тамаша қасиетінің бір ғана мысалы еді бұл. Тіпті, Шыңғыс Төрекұлының (Айтматов) жазушылық қабілетіне дау жоқ, əрине. Ал, оны драматургияға, үлкен өнерге, сахна өнеріне алып келген де осы – Қалекең-тін. Қайран, Қалтай! Өрелі азамат, адал дос! Қалекеңнің қазақ əдебиеті мен мəдениетіне бергені көп, еңбегі орасан. Дегенмен, берері де əлі аз емес еді. Тəуелсіздігіміз енді қолға тигенде, осындай тұлғалардың өмірден өтіп кеткені өкінішті-ақ. Қалтай керемет кітапқұмар болды. Таңғалатыным – екі қатар етіп жиналған кітап сөресіндегі қай кітап қай қатарда, кімнің кітабы екеніне дейін жатқа білетін. Пəленінші қатардағы түгенінші кітап деп отыратын. Бірнеше мың кітап: арабша, парысша, орысша, қазақшаның араб əрпіндегі, латын əрпіндегі кітаптар – оның өмір бақи жинаған мол байлығына, қазынасына айналды. Үйімді де осы кітаптарым үшін кеңейттім, əйтпесе, бəйбішеміз екеумізге бəрібір емес пе» деп күлетін-ді. Менің ойым айтады: бір қазақтың қолында қалса, баяғы Отырардағы жоғалып кеткен кітапханадағыдай қыруар еңбекті – Қалтайдың кітапханасынан табуға болар ма еді? Сондай-ақ, Мысырдағы Александровка кітапханасындағы отқа оранған мол дүниені Қалтайдың жұмыс бөлмесіндегі кітаптар есіме түсіретін. Ол кітапты жинап, əдемі дүние етіп қою үшін емес, əр қатардағы əрбір кітапты алыстан атап, дəл табатын жəне сол дүниелердің бəрінің түгел санасына сақтап,есінде қалуы мені
қайран қалдыратын. Оның осы қасиетіне өмір бойы сүйсініп
келемін.
Қалекең биыл 75-ке келер еді. Құдайға шүкір деп, 80 жа-
сын, 90 жасын тойлап, одан кейін 100-ге келмей өлмеймін деп
жүргендер де бар. Бірақ, Аллатағала пендесін шыр етіп жарық
дүниеге əкелерде, кетер уақытын да маңдайына жазады дейді
ғой.
Тағдырдың жазуына не шара?! Үлкен оқымысты, асқан дана
Қалтайдың əзіл айтқысы кеп тұратын жайдары, жайсаң жүзін
көрмегелі де бір жыл?!...
Уақыт дегенді қойсаңшы, ұшқыр-ақ!
YМБЕТБАЙ УАЙДИН
Біз кітап оқып өскен, сол тұстағы ақын-жазушылардың кез
келген шығармаларынан тіпті жатқа оқып, санамызға түйіп,
өзімізді-өзіміз сол өмірден алынған шынайы дүниелердегі
кейіпкерлерге
қарап
тəрбиеленген
ұрпақ
екенімізді
мақтан етуге толық құқылымыз. Қазіргідей ақпараттық
технологияның əбден жетілген заманында ой-жүйемізді, са-
намызды жаһанданудың шектеуіне жеңдірген, мəдениет пен
əдебиеттің шежірелі бір топ өкілдерінің бүгінгі момақан тірлігі
үнемі ойдан да, көңілден де кетпейді. Сондықтан да, жылдың
басынан бері газетімізде “Ардагер” айдарымен қоғамның əр
саласындағы, оның ішінде мəдениет пен əдебиетке ерінбей
тер төккен, шығармашылықтың азабы мен шыжығына
шыжғырылған қайраткерлер жайлы ай сайын үзбей беріп
келеміз.
Шығармашылығында əдептілікке баулып, тəрбиелік
тəлім қалыптастырып, мораль-адамгершілік жайлы, əсі-
ресе əдеп əлемін кеңінен насихаттайттын белгілі қалам-
гер-ұстаз, сатирик-жазушы Үмбетбай Уайдинмен болған
əңгіме де осы бағытта болмақ.
– Үмбетбай аға, əңгімемізді бүгінгі əдебиет, мəдениет
жайынан бастасақ... Тəуелсіздік алғалы да жиырма жылға
жуықтапты, осы жылдар ішінде тəуелсіз елдің тəуелсіз
əдебиеті туралы ойыңыз?
– Бұл сауал-сұраққа, бұл қаратпа сөзге мен оқта-текте
қайырылып кетіп жүрмін. Тағы да алдымнан шықты. Өзімді де,
өзгені де қайталамай, дұрысы бұрынғы айтқан, жазғандарымды
толықтырайын. Барды көрмейтін, барды бағаламайтын,
“жоқты” жоқтауға айналдырып, зарлай беретін бір жаман əдет
тауып алған сияқтымыз. Олай деуіме себеп, қазір көптеген
ауыз: “жоққа” толып кетті. “Сатира жоқ”, “сын жоқ”, “драма-
тург жоқ”, “драматургия жоқ”... Солай ма? Бұған жұрт не дейді,
баспасөз не дейді?
Бұл не қараң қалған əдебиет, мəдениет сонда? Бар мен
жоқтың дəлелі қайда? Дүниені елең еткізетіндей, жалт
қарататындай əдебиет, мəдениет өнімі жоқ десек бір сəрі, тып-
типыл ету не сұмдық!
Мəдениет! Сіздердің газетте Жанұзақ Əкімнің “Қазіргі
қазақ мəдениеті қандай?” (16.07.2009) деп аталатын кө-
лемді мақаласын сүйсініп оқыдым. Мақалада мəдениет
жайы теориялық тұрғыдан жақсы талданған. Көп мəселе
қамтылған. Жаңағы “тып-типылға” жап-жақсы жауап берген.
Ой-көзқарасымызда ұқсастық байқалды. Қайталамау үшін
мақаланың кішкене практикалық жағынан келейін.
Мəдениет – екібастан, жалпы есім. Оның ең кішкентай
əңгімесі – əр жағдайда аузымыздан жиі шығатын кəдімгі
театрдағы “киім ілгіш”. Ең үлкен əңгімесі – “Мəдени мұра”
бағдарламасы. Бұл бағдарламаны Уақыт, Тəуелсіздік алып келді.
Айта берсек, ауа жайылып кетеміз, бірер дерекке кідірейін.
Уақыттың қолымен, адамның қолымен бабаларымыздың
қаншама мазар-кесенелері бүліншілікке ұшырады. Естуімізше,
адамдар мазар-кесенелерді бұзып, кесегінен монша салыпты,
құлыптастарды құлатып алып диірмен жасапты. Əне, сондай
заман болған. Ұшақ қонатын алаңқай жасау үшін қорымның
үстімен трактор, бульдозер жүргізгенді 1985 жылы көзімізбен
көрдік. Тəуелсіздік немесе “Мəдени мұра” бағдарламасы сол
сұмдықтарды түзетіп жатыр. Бұл бардың əңгімесі ме, жоқтың
əңгімесі ме?
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданының Жаңақұрылыс елді
мекенінде “Жаныс тамы” деп аталатын мавзолей бар (Бұл
елді мекен қазір “Жаныс би ауылы” деп аталады). Мавзолей
Х1Х ғасырдың белгісі. “Қабырғасының төменгі бөлігі 8
қырлы, жоғары бөлігі сағанаға ұқсас. 8 жəне 41 қырлы барабан
шеңбері түрінде қаланған. Күмбезі пирамида тəріздес сатылап
қаланып аяқталған” (“Ақтөбе энциклопедиясы”). Сол мавзолей
құлаудың аз-ақ алдында. Оны қалпына келтіру жайында əңгіме
болғалы қай заман?! Одан бері қаншама уақыт өтті. Менің өзім
де баспасөз бетінде бірнеше рет сөйледім. Дегенмен, ақыр
түбі қайыр, биыл қолға алына бастады. Тəуелсіздіктің арқасы.
Бардың əңгімесі.
Мəдениет! Жүріс-тұрыс мəдениеті, сөз мəдениеті, дастарқан
мəдениеті, айта берсек əлі қаншама? Сөз мəдениеті демекші,
той дастарқаны басындағы сөз боранын еске түсіріп көрейікші.
“Екі жас бақытты болсын!”, “Ата-анасына мейірімді болсын!”,
“Дендері сау болып, еңбекте табысты, жора-жолдастарының
арасында абыройлы болсын!”. Осылай кете береді, кете береді.
Шын қуаныштың сөзі, шын қуаныштың көз жасы қайда?
Бақыт үлкен сөз. “Бақытты болыңдар!” – жақсы тілек. Алайда,
бақыт-бақыт деп айта бергеннен адам бақытты бола қала ма?
Балалар мен жастардың тілек сөздері де жаттанды: “Ашық
аспан, мөлдір махаббат, зор денсаулық тілеймін!”.
Кешірім сұрай білеміз бе? Аяққа жығылу дегенді қалай
түсінеміз? Сəлем ете білеміз бе? Сəлем демекші, екі жастың
үйлену тойындағы жаңа түскен келінге сəлем еткізу ерсіліктері
де барған сайын өршіп барады. Жақында ауылдық жерде болған
бір үйлену тойына қатыстық, Той басқарушы жас келінге
аруақтардан бастап, бесіктегі балаға шейін сəлем еткізді. Сəлем
сайын кемі екі жүз, бес жүз теңгеден ақша. Үзіліс кезінде той
басқарушыға:
– Інім, сəлемнен құр қалған тағы кім бар? – деп едім. Ол
қып-қызыл боп кетті.
– Ой, аға, осы қиын болды. Той иелері тізім береді. Біреуі
ұмыт қалса болды, шаң-шұң дауыс, қап-қара өкпе.
– Түсіндім, айналайын.
Мəдениетке байланысты “бар” мен “жоқтың” бір əңгімесі
осы.
Мəдениет – əдеп атаулының жиынтығы. Өткен жылы “Ана
тілі” баспасынан менің “Əдеп əлемі” деп аталатын кітабым
жарық көрді. Əдебиет, мəдениеттегі “бар” мен “жоқты” шама-
шарқымша сол еңбегімде біршама қамтыған болдым. Жəне
əдеп əлемін сана, парасат, ізет, тəрбие, инабат, Отаншылдық
сезім, намыс тұрғысынан дəлелдеуге тырыстым.
– Сізді сонау Кеңес дəуірінің өзінде қазақ тілі, өз ана тілі
үшін аз ғана белсенді топтың бел ортасында жүріп, қазақ
мектептерінің тағдырына да атсалысқаныңыз бүгінде
аңызға, тарихқа айналғандай...
– Тіл, ана тілі əр ұлт өкілінің жанды жері. Бұл мəселе
қазақ халқының перзенті – менің де жанды жерім. “Мұндай
қоғамды қорғамай, мұндай қоғамды қолдамай болмайды” деп,
кезінде өткен қоғамды мақтап өшіргеннің бірі өзім. Өйткені,
ол қоғамда да жақсы сөз,жақсы заң, жақсы идеялар болды.
Ал, енді ана тілі жайына келсем, халыққа, халықтың тіліне
адалдық принципін ұстандым. Балаларым қазақ мектебінде
оқыды. Немерелерім де қазақ мектебіне барды. Əрине, бала-
ларды қазақша оқыту мақтаныш емес, парыз! Өткен қоғамда
да қазақ тілін қорғадым, сөйледім, жаздым. Оқта-текте Шона
ағамыздың қасынан табылдым. Онда тұрған пəлендей аңыз
ештеме жоқ. “Із” деп аталатын кітапта (Көпен Əмір-Бек) менің
“Ұрпақтан ұрпаққа ұласқан мұра” деп аталатын мақалама орын
берілген. Кеңес қоғамы тұсында сол мақала баспа бетінде көп
шырғалаңмен жарық көрді. Шыбын жан шыңғырды.
Бұл мəселеге келгенде қазірде де үрейлі үрейім жоқ емес.
Бас тақырыбы татар ғұламасы Шагабуддин Маржанидың
сөзімен басталатын мақала ( “Өзіңнің ана тілін ұқпай барып,
орыс тілін үйренген адамдардан жақсылық күтіп пе едіңіздер?
Жақсылық күтпеңіздер”) өмірдегі түрлі жағдайлардан туған
үрейім жайында еді. Соны айтайын.
“Самал” мөлтекаудандарын қақ жарып, əл-Фараби даңғылын
кесіп өтіп, Қажымұқан атындағы көшеге барып тірелетін бір
рахат көше бар. Адамдардың тынығып, жүріп-тұруына онда
жақсы жағдай жасалған. Кейде жалғыз, кейде үй-ішіммен мен
де, көбіне кешке қарай сол маңда демаламын. Құданың құдіреті,
сонда аңғарғаным, олай-былай қаншама қазақтар өтеді – ілу де
біреуі болмаса, барлығы дерлік орысша сөйлеп бара жатады.
Бала-шағаларымен жүрген, бесік-арба итергендердің ауызда-
рынан құлағымызға тиетін сөздері: “аташка”, “Даулет”, “деду-
ля”, “бабуля”, “маа-а-мм”, Анара, Жанара, Айдоса, Муратик,
Булатик, Мариаша, Саулеша, айналашка т.б. Қарап отырып
күйінесің, құлазисың, күбірлейсің: “бұ не боп кеткенбіз?”, “бұ
қайда барамыз?”
Қала мектептерінің аулаларында да шүлдір-шүлдір... Бұл
сауал-сұрақтар аяғында үрейге барып тіреледі.
Тіл дегеніміз – ұлт, ұлт дегеніміз – тіл. Тілге қауіп, екібастан,
ұлтқа қауіп қой. Ендеше, біздің ұлтымыздың жойылып кетуіне
қауіп бар ма? Жаңағы шүлдір-шүлдір асқына берсе, əрине, бар!
Дəлеліміз:
“... 1926 жылы халық санағы бойынша Кеңестер одағында
194 ұлт болса, соңғы санақта тек 101-і қалғаны белгілі. Басқаша
айтқанда жыл сайын 1-2 ұлттың көзі жойылып, аты өшіп
отырған” ( Ғарай Сағымбай: “Қазақтың тілі неліктен құлдырап
барады?”. “Түркістан”, 14-20 шілде, 1999 ж.).
Глобализация келе жатыр. Тілдің бір тажалы сол дегендей де
əңгіме бар. Ғалым Сапарғалиевтің жазуына, айтуына қарағанда,
қазіргі уақытта дүниежүзінде 4 мың тіл бар көрінеді. Ал, əр екі
жылда 4 тіл жоғалып отыратынға ұқсайды. Сарапшылардың
болжамына сенсек, осы ғасырда 5-ақ тіл қалады екен. Ал, ке-
рек болса! Үрей-қаупімізге негіз бар ма? Бар! Бұл тығырықтан
шығар жол қайсы? Мəжбүрлік! Халықты демократия аясында
мəжбүрлікке даярлау. Халықтың бойын, ой-санасын бірте-бірте
мəжбүрлікке үйрету. Кеңес қоғамы тұсында орысша білмесең,
орысша оқымасаң нан тауып жей алмайсың дегеннен орыс-
ша оқуға мəжбүрлік туындады. Əдемі сөз, қызыл сөз насиха-
тынан нəтиже шамалы, көбісі жалған. Қазақ тілін қорғайтын
немесе глобализацияны ішке көп өткізбейтін бізде бір “қытай
қақпасы” бар. Ол біздің Ұлы даламыз, ауыл, ұлттың саны!
Соңғы кезде ауылға көңіл бөлініп жатқанға ұқсайды. Иншалла,
ұзағынан болғай!
– Бүгінде зиялы қауымды “зиянды қауым” санайтын-
дар, жалпы сын айтушылар көбейді. Ақын-жазушыларды
пір тұтқан халық едік, əсіресе бүгінгі əдебиетші-жастар,
оқырман болсын Кеңес дəуіріне шошына, сыни көзқарас
қалыптасқан. Бұл пікірге қалай қарайсыз?
– Əлгінде кішкене кідірдім ғой: Кеңес қоғамына бай-
ланысты бір жақты пікірге немесе бəріне қап-қара күйе
жағуға қосылмаймын. Ол қоғамда да тəуір үйде, жаман үйде
тұрдық. Ол қоғамда да болмашы нəрсеге мəз болып қуандық,
күлдік, күрсіндік, жыладық. Ол қоғамда да əн салдық. Еңбек
бағаланды, əдебиет бағаланды, бағаланбады. Ашаршылық,
жаппай қуғын-сүргін (репрессия) сол қоғамда болған апат, қасірет. Ана тілі тағдырына да осы апат тұрғысынан қараған əділдік болар. Шошынса шошынатындай сұмдықтар. Бүгінгі əдебиетші-жастар, жас оқырман ол қоғамда өмір сүрген жоқ. Мойындарына қызыл галстук тағып октябрят, пионер болған жоқ. Комсомолға, партияға өткен жоқ. “Əкеміз де – Ленин, анамыз да – Ленин” деп тақылдап өлең айтқан жоқ. Сондықтан өткен қоғамға осқырынып қарайтын, барлық сұмдықтарға сендер кінəлісіңдер дегендей зиялы қауымға “зиянды қауым” деп келемеждейтіндерге бір жағынан білместік деп түсіністікпен қарасақ, екінші жағынан уəж айтатын да реттер бар. Бетке айту бар да, бет жырту, сақалдан алу бар. Айтпағымыз, айта білейік, əдептен озбайық деген ғана. Əйтпесе, бұл ауаға тез тарайтын құс тұмауы, шошқа тұмауынан да қауіпті вирус! Зиялы демекші, зиялы сөзі не мағына береді, зиялы адам қандай адам? Бұл мəселелер қазір көп айтылып, жазылып та жүр. Зиялылар жоқ дейтіндер де бар. Болмай қайда кетсін?! – Салт-дəстүрдің өзін тəрбие тəрізді отбасы-ошақ қасынан бастаған жөн-ау... – Солай, не нəрсе де əуелі əркімнің өзінен, өз отбасынан. Отбасы ойраны ше, ол да. Біздің халқымызда бұрын ерлі-зайыптылар ажырасу, неке бұзу дегенді білген бе? Бүгінде екінің бірі... Екінің бірі болмаса да қазір ажырасу тым көбейіп кетті. “Аяқтанды ма, тұрмысқа шықты ма?” – деп бала-шағасын сұрай бастасақ, қазір біраз жора-жолдастың назары төмен. Ол үшін оларды кінəлауға, əңгіме қылуға, айыптауға болмайды. Ондай жағдайда басты себеп ұлттық-халықтық салт-дəстүр заңының əлсіреуінен “Дүниеде не жаман?” деген сауал-сұраққа халық даналығы қалай жауап берген? “Қайтып келген қыз жаман, қайта шапқан жау жаман”! Демек, дəстүр заңы қыздың төркініне қайтып келуін өлім санаған. Қазір ол өкінішке орай үйреншікті жағдайға айналып кетті. Ерсі болмай қалды. Ұрпақ тəрбиесіне, əсіресе қыз бала тəрбиесіне бұрын халқымыз, екібастан аса қатты мəн берген. “Қызға қырық
үйден –тыю, бір үйден – жыю” десе, бұл ұлтттық-халықтық
салт-дəстүр мен тəлім-тəрбие ережесінің ішінде қыз бала
тəрбиесіне деген қаншалықты жауапкершіліктің мықтылығын
ұстанғандық! Үрдіс-өнеге! Қыз ұзатыларда: “барған жеріңе
сыйлы бол, не көрсең де Құдай қосқан қосағыңмен, жан-
жарыңмен, жан-жағыңмен бірге көр. Тастай бат, судай сің!”
– деп баянды өмір сүруді қатты ескертіп, қадап айтса мұның
арғы жағында не жатыр? Намыс, төркін жұрттың намысы!
Ерлі-зайыптылардың ажырасуы, некенің бұзылуы не-
месе талақ ету бұрында да болған. Бірақ, ол некен-саяқ, си-
рек кездесетін-ді. Қазіргі отбасы ойранының себебі көп. Бір
себебі, мінез қайшылығынан, əркім өздерінікін дəлелдеп,
бірінің білместігін бірі кешірмей ерегісіп, өрши түседі. Дулат
Исабековше айтқанда: “жұп құрғанға дейінгі екі жастың
əңгімелері: “я тебя люблю!” Жұп құрғаннан кейінгі əңгімелері:
“я тебя убью!” Одан қала берсе, “мои родители”, немесе “твои
родители...”
Кеңес қоғамы əйелдердің мəртебесін көтерді. Сол мəртебенің
екінші жағы: партия ұйымының жиналыстарында, бюрода əйел
хатшылар енгезердей ер-азаматтарды қақшитып түрегелтіп
қойып, сұқ саусағын шошайтып мəселесін қарады. Ал, қай за-
манда қай əйел ер-азаматтың мəселесін қараған? Мейлі ол кім
болса да, əйел қашанда ер-азаматының ар-намысын өзінен биік
ұстауға тырысқан, ұстаған да. Қазіргі кейбір отбасы ойранының
бір себебін де осыдан іздеу қажет-ақ. Ұлттық-халықтық дəстүр
заңының моралі қалай дейді? “Əйел- əйбат, əке-айбат”. Ұлттық
психологиялық, салт-дəстүр заңы тұрғысынан ата-ана бала
үшін идеал! Қазір ше? Бала əкеден қаймықпайды. Əкесінен
темекі сұрап тартқан баланы да көрдік! Сондықтан да, бүгінгі
жастар тəрбиесі, əсіресе қыз бала тəрбиесі ұшығып, жарасы
алынуға жақын тұрған мəселе. Ол кез келген пендеңіздің жан-
ды жүрегіне тиетін, үнемі, күнделікті көңіл аударып отыратын
ұшықты мəселе.
Ұлттың тілін, дінін, салт-дəстүрін біз тілімізді сақтап
қалумен ғана шектеп жатамыз, ал сол тіліміздің, ана тіліміздің
болашағы, тағдыры біздің қаракөз қыз-қарындастарымызға
тікелей байланысты екенін сезінуіміз керек. Бүгінгі аш-
жалаңаш қоғамда иманды, ибалы əйел-аналардың тағдыры
ұлттың келешегіне кесірі мол батпан екенін, ол сордан айыры-
лу тіпті қиынға соғарын əлі де жан дүниемізбен сезіне алмай
келе жатырмыз ба деген де қорқыныш жоқ емес...
– Əдебиеттегі, өнердегі “жиендікпен” (плагиаттық)
жүздескен кезіңіз болды ма? Бүгінде сатиралық əзілкеш
отаулар көбейді, анайы қалжыңбастар саны да артып
тұрған мынау “ұятсыздау” қоғамдағы сатираға көңіліңіз
тола ма?
– Адам адамды, халық халықты қайталайды. Қайталау
атаулының бəрін ұрлық (плагиат) санау – қате пікір. “Ит үреді,
керуен көшеді” яғни “Собака лает, караван идет”. Қазақта да
бар, орыста да бар. Ананы да, мынаны да ұрлықшы санап, кей-
де біреулер біреулердің обалына қалып жатады.
Ұрлық, ұрлықшы жоқ емес, бар. Өзіме келсем, тоналған
кездерім де бар. Ұстап бергендер де болды. Өтті. Кетті.
Олардың аты-жөндерін айтуды ыңғайсыз санаймын. Бір жаны-
ма бататыны бірлі-жарым өлең жолдарымды, афоризмдерімді
бірнеше жерде біраз адамның аузынан құлағым шалды.
Авторы қасында отыр, айтпайды. Бір басылымда “Терминнің
бəрі – сөз, сөздің бəрі – термин емес” деген тақырыпқа көзім
түсті. Менікі! Ондайда “менікі” деуім де дұрыс емес шығар
деп қаласың, өйткені əңгіменің басында айтқанымыздай, адам-
ды адам қайталайды ғой.
Ал, сатира – тəрбие құралы. Сатирада, əсіресе, сахналық
сатирада сіз айтқан ұятсыз сөздер жиі ұшырасады. Менің
хатпен сөйлесетін əдетім бар. Құлаққа ерсі, тұрпайы
естілетін сөздерден тазару жайын бірер сахнагер іні-
қарындастарыма хатпен ескертіп қоямын. Рақмет, бəрі де
бас изеді. Бір сахнагер сахнада “ кəрі қыз”, “отырып қалған
қыздар”, – деп тұрып алды. Қатты ашуым келді. “Екеу болу
бақытын күткен қыздарымыз, аруларымыз” десе болмай ма?
Əркімнің жұқа жері бар. “Кəрі қыз”, отырып қалған қыз” да
олардың жұқа жері емес пе? Тағдыры! Халық, “отырған қыз
орнын табар” деп жұмсартпай ма, неге ойланбай сөйлейміз?
Екеу болу, жұп құру бақытын алдан күткен аруларымызды
сайқымазаққа айналдыруға қандай қақымыз бар? “Ұятсыз
күлкіден” шығып кетті ғой, сондықтан да орнымен айтылған
əзіл-қалжың тек қана көңіл көтеру емес, жан сергітетін ем-
шара болса игі!
– Əдебиетте қай сала, қай тақырып кемшін жазылады
деп ойлайсыз?
– Қазіргі заман, қазіргі уақыт мінезін, проблемаларын
көтерген, ел тамсанып айтып жүретіндей кесек туындыларды
еске түсіре алмаймын. Қателессем қаламдас-əріптестерімнен
кешірім сұраймын. Фантастика көзге аз түседі. Журналистикада
очерк, фельетон, памфлет жанрлары “почти” көрінбей кетті.
– Өзініз ойлаған, Құдай қуат берсе осы жағынан
ой толғасам, қалам тербесем деген дүниелер бар ма?
Алдағы шығармашылық жоспарыңыз жайлы бірер ауыз
əңгімелесеңіз?
– Том-том болмаса да кітаптарым там-тұмдап шығып жатыр.
Шығармашылық ой-жоспар баршылық. Сатирасы, ғылымы,
басқасы бар – уақытын, сəтін күтіп үйде біраз қолжазба үюлі
тұр. Жан дүниесі таза, адамға адал, көп қитұрқыны білмейтін,
бірақ жалғандыққа, өтірік сөзге, өтірік күлкіге шыдамай-
тын, бет-аузын бұзып, барған жерін кейде астан-кестен етіп
қайтатын бір сатиралық образды қашағаныма көп уақыт бол-
ды. Көлденең көп шаруа киіп-жарып кетіп, соны ұзатып алдым.
– Аға, сөз соңында демократияға қатысты бірер ауыз
ой қозғай кетсеңіз. Жалпы, бүгінгі қазақ мемлекеті, қазақ
қоғамы туралы көзқарасыңыз?
– Авторының аты-жөні жадымда қалмады: адамзат ойлап
тапқан бір құндылық – демократия, бірақ оның өзі шала деген-
ге ұқсас жолдар бір əдебиеттен көзіме түсіп еді. Осы пікірдің
жағындамын. Демократияны жоғары билікпен ғана шектей
береміз. Демократияны бостандық, еркіндік мағынасында
түсінсек, бетімен кету, ауа жайылып кету, ауызға келгенді ата-
лау демократия ма? Елді қазір сектанттар жайлап, басқа шығып
барады. Бұл не? Демократия! “Құдықтың сыртындағының бəрі
ақылды”. Бұл да демократияның əңгімесі.
Қазақ мемлекеті, қазақ қоғамы жайлы əңгіме де, айна-
лып келгенде, халқымыздың салт-дəстүр, тəлім-тəрбие, тілі
мен дінінен айналып кете алмайтын түйіні жоқ ұзақ-сонар
əңгіме болса керек. Бүгінгі əңгімеде оның бəрін қамти алдық,
алмадық оны бір түйіндеп қойсақ. Оқырманға айтарымыз да,
жеткізерлеріңіз де көп болсын.
Иə, қай заманда, қай қоғамда болсын, ұлттың жоғын жоқтап,
барын жұртшылыққа жария ететін қолына қалам ұстағандар
екенін мойындар болсақ, онда бұл тақырыптың нүктесі
қойылмасы ақиқат. Халқымыздың тағдыры, болашағы бей-
жай қалдырмайтын, үнемі жазғандарынан өз туған халқының
жазу мəдениеті ғана емес, сөйлеу мəдениетіне аса көңіл бөліп,
əдептен əдемі иірім іздеп жүретін бүгінгі əңгіменің кейіпкері
Умбетбай ағаға қарап, шын мəніндегі аса мəдениетті қазақты
тағы бір көргендей шаттандық. Кəріге де, жасқа да аса ізетпен
қарайтын, сабырлы-байыпты жүріс-тұрысының өзі үлгі
ұстаздың бойынан қазақи тəрбиенің тəлімі аңқып тұрғандай.
Көптеген жылдар бойы ғылым мен жазушылықты қатар алып
келе жатқан ұлағатты ұстаздың журналистикаға бейімі бар
қабілетті жастарды тəрбиелеу жолында шығармашылық табыс
тілей отырып, қоштастық...
НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ
Ол кісіні біз білгелі қашан! Сонау балалық шағымызда
əні əлдилеп өсірген əнші ағамыздың бізді таңғалдыратыны,
қашан көрсең де өзгермейтін, үнемі бір қалыптағы жүріс-
тұрысы, тіпті ептеп сызылған маңдайдағы əжім сызықтары
болмаса қартаймайтындығы. Бойын тік ұстайтын, аяғын
тəкаппарлана басатын кəдігі əншінің осы бір сырын білмек
ой біраздан мазалаған-ды. Қазіргі қорлық-зорлықпен нан
табатын, байитын қайырымсыздау қоғамда, байиыған
үстіне байи түссем екен дейтін тойымсыздау қоғамда үнемі
өзінің сабырлы кейпінен айнымайтын ол кісіге қарап
қызығасың,
қуанасың.
Қазақстан
Республикасының
Халық əртісі, Мемлекеттік жəне Қазақстан Ленин ком-
сомолы сыйлықтарының лауреаты, Қырғыздың Абылас
Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлықтың ла-
уреаты, Өзбекстанның өнерге еңбек сіңірген мəдениет
қызметкері Нұрғали НҮСІПЖАНҰЛЫМЕН əңгіме де осы-
лай басталды.
– Нұрғали аға, Сіздің шығармашылық өміріңіз, жетіс-
тіктеріңіз тыңдарман, көрермендеріңіздің көз алдында.
Осынша құрметке бөлене жүріп, сахнада да, өмірде де бір
өзгермейсіз, шынында да біз білгелі осы бір қалыптасыз,
бет-əлпетте, тіпті жүріс-тұрыста да бір өзгеріс жоқ сияқты...
– Рақмет! Дегенмен, уақыттың еншісіндегі нəрсе ғой, қанша
қартаймаймын десең де уақыт өз дегенін істейді, керегін алады
емес пе?! Сосын ел алдындағы жауапкершілікке де байланыс-
ты. Халықтың көз алдында жүрген соң, қампиған қарын мен
іркілдеген семіздікті емес, өнеріңмен қоса өзіңді көрсетуің
тағы керек шығар. Тамақты талғап жеп, үнемі қозғалыста
жүрген кісіге де артық салмақ жабыспаса керек. Бұл бір ғана
жағы. Ол менің түсінігімде қанымызға сіңген сабырлылық,
ұстамдылық, тіпті үлкендердің ақ батасы болар. Өйткені біз
қатарластар үлкенді үлкендей, кішіні кішідей сыйлай білетін,
иманы жүзінен төгіліп тұратын тəрбиелі ортаның түлектеріміз,
Бұл бізден кейінгілерге топырақ шашу немесе арына тию емес,
əр ұрпақтың өзіндік бір ерекшелігі, ұстанымы бөлек болатынын
өмірдің өзі-ақ көрсетіп келеді емес пе?! Одан кейін адамның
тегіне, қанына, табиғатына да көп байланысты. Атақ даңққа
мастанып, елдің қошеметін көрмей жатып, еңбегі сіңбей жа-
тып, жалына жал байлап шыға келетіндер арамызда жоқ емес.
Өз буына өздері семіріп, кісі танымастай жағдайға жететіндер
де баршылық. Осы жасымызға дейін ешкімнің көмегіне зəру
болмай, өз еңбегіммен келе жатқаныма тəубе деймін. Біреуден
бірнəрсе сұрап, не қызмет бабын отбасымның қажетіне бұрып
ешбір басшының мазасын алып көрмеппін. Ал бүгінде заман
тіпті бөлек, ондай сұранымпаздарды билік басындағылар да,
қызмет бабындағы басшылар да жарата бермейді. Ешкімнің
алдын орамай, сыбағасына ұмтылмай бір жолмен, таза жол-
мен жүргенге не жетсін! Біз осыны ұстандық. Той-томалаққа
бармай-ақ, əлдебіреулердің жекеменшік əншісіне айналмай-ақ,
халықпен, халық өнерімен өстік, өркендедік!
– Нұраға, осы жерде Сіз орындайтын əндер табиғаты
халықтық сарынға бай, бүгінгі арсын-гүрсін той əуендеріне
келмейді ғой деген пікір туындауы əбден мүмкін, кейбір
əнші іні-қарындастарыңызды ренжітіп алмайық...
– Жоқ! Əн, өнер қашанда халық игілігі, өзінің төл туындысы.
Рас, менің шығармашылығым халыққа жақынырақ. Дегенмен
эстрадалық əуендер де баршылық қой. Тойға бармайды емеспіз,
барамыз, бірақ той үстінде əн салу, біз үшін, əсіресе, өзім үшін
үйренбеген, үйрене алмайтын, құптай алмайтын жағдай. Бұл,
енді менің жеке пікірім, өмірлік ұстанымым. Ол үшін мені
ешкім де сөге алмаса керек. Əнші ғана, өнер адамы ғана емес,
жалпы кез келген пендеңіз өзінің жаратылысына сай, көзге де,
құлаққа да оғаш əрекеттен таза болғаны абзал дер едім. Ал бұл
қасиет шығармашылық адамдар үшін тіпті қатаңдай ұстанатын
ұстаным болса деймін. Əншілердің тойға қатысуы бүгінгі жаңа
қазақтар үшін бəсекеге айналғалы қашан! Кейінгі жастардың
арасынан небір көмейлі əншілерді көп іздемей-ақ табуға бо-
лады. Небір талантты жастар бар, сахнада елдің құлағының
құрышын қандырып, елдің сүйкіміне айналғандарды əлгіндей
бəсекенің қазанына апарып шыжғырып жүрген де өзіміздің қазекем. “Пəленшенің тойында пəлен əнші əн салдының” мақтанышқа айналғаны сонша, өзімізді қойып, шетелден шақырушылар да осы қазақи мақтаншақтықтың кесірі екені дау сыз. Абай айтпақшы, бекер мал шашпақтың кері, осы! Ақша жүрген жер қашанда бəсеке, сосын таза еместігі тағы бар. Таңдауын, талғамын халық өзі-ақ талғап алар. Осы уақытқа дейін, сонау алпысыншы жылдардан бері қарай Қазақ радиосының “Алтын қорында” ІО6 автордың З50-ден астам əндерін орындаппын. Олардың ішінде халық əндерімен қатар орыс, украин, ауған, монғол, шведтің халық əндері бар. “Алқоңыр”, “Япурай”, “Дедімай-ау” сияқты қазақтың халық əндері мерейіңді өсіретін, шабытыңа шалқар шабыт беретін, əуеніне сөзі сай керемет дүниелер ғой. Жаңа Қазақ радиосында жазылған дедім ғой, сол бір замандарда шығармашылықтың таза болуына көркемдік кеңестің тигізер пайдасы мол болды. Бірнеше адамнан тұратын онда сазгер де, əнші мен ақыныңыз да болды, керемет бір топ жаңа туынды болсын, бұрын жазылған дүние болсын, эфирге жіберер алдында сұрыптап, саралап, əбден иі қанғанда ғана халық игілігіне ұсынылып жататын. Сол бір əдемі дəстүр қалғалы қашан, əркім өзінше тірлік кешіп кеткен тұсаусыз бір заман болды. Қоғамның басқа салалары сияқты емес, мəдениетті, əдебиетті, өнерді бетімен жіберуге болмайды. Мəдениет пен өнер жүгенсіз жерде дұрыс қоғам да қалыптаспаса керек. “Өнер алды қызыл тілді” айтқан қазақ, өнерсіз ұрпақ тілсіз, ділсіз,тіпті дінсіз болып қалыптасуы мүмкін екенін анау заманда-ақ зарлап айтып кеткен жоқ па? Бүгінде қоғамда қып-қызыл тартысқа, былайша айтқанда көкпарға айналып отырған ана тіліміздің ақсауын да осы бір кемшілігімізден іздеу қажет. Басқа басқа, теледидардан балаларға арналған қазақша мультфильмдерді бақылаңызшы, шынын айту керек, жүйесіз, мақсатсыз. Қазақтың мінген көлігі не ат екені, не есек екені белгісіз, сүмірейген бір құбыжық дерсің. Кейіпкеріңіздің өзі не сөзі, не жүрісі қиқыжиқы бірдеңе. Балаларға ұсынылған басқа ұлттардың ит-құсы да, тышқан-мысығы да атылып тұр. Ширақ. Балаларымызға
тұшымды фильм түгіл, əлгінің экрандағы сөзі мен ісіне ере-
сек өзің түсінбейсің... Қазақи тəлім-тəрбиесі анық, көруге
көз ұялмайтын туындылар бірен саран ғана. Ал, концерттік
бағдарламаларды айтудың өзі ұят. Бүгінде кез келген əнді
табиғатына келсін келмесін бір топ жалаңаш бишілерсіз көзге
елестете алмайсыз. Айналайындар-ау, сахнаның киесінен
қорықсақ нетті, көпшіліктің көзінен қаймықсақ қайтеді?!
Жартылай жалаңаштық, сахнадағы ұятсыздық қайдан енді?!
Əжептəуір əннің сиқын бұзу, тайраңдау бүгінде үйреншікті
өнерге айналды, қол шапалақтап отыра беретін безбүйрек
көрермен қалыптасты. Халықтық дəстүрлі əндер орындап
жүрген, салт-дəстүрлік қалыптан ұзамаған, бүгінгі эстрадаға
бой ұрған, дендеген заманда да өзіндік қолтаңбасы бар кейбір
топтардың да кейде əдептен асқанын көргенде көңілді кірбің
шалады. Дегенмен, қанша батыстың əумесер əуеніне еліктесек
те, халық өнерін, дəстүрлі өнерін жойып жібере алмаймыз ғой,
оның бəрі уақытша жын ойнақ. Бірақ бір жүйелілік жетіспейді.
Біз тыңдаушыларымыздың көңілінде жатталып, өзіміздің ша-
мамызды белгілеп алған, қалыптасқан əншіміз.
– Заманына қарай адамы, талғампаз қанағатшыл
қазақтың орнын жаңа қазақтар басты ғой... Ал өнер де
ортаға, қоғамға қарай бейімделген тəрізді ме, қалай?
– Əңгімеміздің басында айтқанымыздай, бүгінде əрбір
шенеуніктің бір-бір сері, əншілері қоса жүретіні жасырын
емес. Белгілі бір топқа ғана қызмет ететіндерді де шыққыр
көзіміз көріп жүр. Дегенмен, өнердің құдіреті, өнердің қасиеті
ешқашан бəсеңдемейді, жоғалмайды. Халық өзі-ақ іздеп та-
бады өнерпазын, сарайда болсын, сахнада болсын, жоқ, той-
ханаларда болсын, бірақ тыңдарманы, қол соғарлары сол
қарабайыр халық қой. Былай қарап отырсаңыз, жеке шақырып
əн салдырса да, тойда билетсе де, өнер халықтыкі. Мəселе,
бұл жерде əншіде де емес, сол халыққа ұсынылып отырған
əннің мазмұнында, өнегесінде дер едім. Əнін де, сөзін де, тіпті
орындаушысы да өзі талғамсыз шығармалар көбеймесе деген
тілек қой. Атам заманнан өзінің тумысын өзгертпей, ұрпақтан
ұрпаққа сəн салтанатымен жеткен əн өнерімізді ақсатпай, біз
де болашаққа жеткізсек, бізден кейінгілер де боямасыз, табиғи
қалпында ұстанса деген тілек қана біздікі. Заман өзгерсін,
жаңарсын, тұрмыс өзгеріп, жақсарсын, пендеңіздің де жан
дүниесі заманына қарай сана-сезімі тұрақтанса, оған тек
қана халықтық өнердің əсері ерекше болатынын сезінсе де-
ген ниет. Заманына қарай адамы дегеннен шығады, баяғының
байлары сияқты бір қауым елді асырап, ауыл-аймақтың
берекесін келтіре отырып сал-серілерімен, əнші-күйшілерімен
қосарлана жүрсе бүгінгі жаңа қазақтарға, жаңа байларға неге
мақтанбасқа! Қазақтың бір байы бүкіл бір ауылды асыраған,
жетім жесірін жылатпаған, жұмыссыздық болмаған ғой. Бір
жағында соғыс жүріп жатса да, жесір деген болмаған, бала
тəрбиесіз қалмаған. Егер жаңағы жаңа қазақтар осылай бір-
біріне мейіріммен қарап, қамқор бола білсе, бүгінгідей қарттар
мен балалар үйі көбеймес еді ғой дейсің. Əйтпесе, жекеменшік
əншілері барларға бұлай сұқтана қарамас едік, “байдың малын
байғұс қызғаныпты” танытпас едік,
– Нұраға, бұл пікірлеріңіз талайлардың ойында жүрген
сауал десе де болар. Айдарымыз “АРДАГЕР” болғандықтан,
өзіңіз пір тұтқан, ерекше сыйлайтын азаматтардың ішінен
Димаш əкемізді (Қонаевты) жиі айтасыз. Сыйлас аға-іні
болып араласа жүре, Сізден той-томалақта əн сұраған кезі
болды ма?
– Жоқ, Димекеңмен өнер адамы, əнші ретінде емес, бір ет
жақын аға-іні сияқты араластық. Əрине, түрлі жағдайдағы
кездесулер болды, бірақ “ал енді əніңді айт, айт та қайт” деген
өтініш те, бұйрық та болған емес. Елдің, жердің тарихы, ауыл
адамдарының тағдыры, жастар болашағы жайлы тағылымы
мол əңгімелер ғана айтылатын.
Ол кісімен алғаш рет Құрманғазы оркестрінде партия
ұйымының жететкшісі болып жүргенде жолықтым. “Ойпырмай,
Нұрғали өнермен бірге мынандай партиялық жұмыстың басын
қалай біріктіріп жүрсің? Шығармашылығыңа кедергі емес пе,
қалай үлгересің?” – деп сүйсініп, қамқорлық танытқаны бар.
Ол кісінің іші-бауырыма кіріп, өзіне тарта сөйлегені бізді
қаншама жыл аға іні болып сыйласуымызға жол ашты. Менің
өнердегі өміріме алаңдаушылық білдіріп, шығармашылығыма
жаны ауырғаны, кез келген пендені толқытары сөзсіз. Оның
үстіне мемлекеттік қаншама шаруалары бола тұра, қарапайым
ғана əншіге көңіл бөлуі, соған уақыт тауып əңгіме-дүкен
құруы, қандай қарапайымдылық, көрегендік десеңізші!
Маған ғана емес, жалпы өнер ұжымдарына көзқарасы ерекше
еді. Ол кезде шетелдерге, облыс орталықтарына концерттік
бағдарламалармен жиі шығу, қазіргідей қаржыға байланысты
тұсауланған жоқ. Оны айту парыз! Сондай іссапарлар кезінде
шетелдік ағайындар Димаш ағамызды жиі сұрап, сəлем жолдап
жатады. Тіпті ізімізден іздеп келіп, ол кісіге жолықтыруымды
өтінген талай қандастарымызды өз басым ертіп те барғанмын.
Сонда кең дастарқан басындағы жолығысуларда тарихи зерделі
əңгімелерге құлақ құрышын қандырушы едік...
Бірде екеуміз оңаша қалған сəтте маған таңғалып жүргенін
айтты. Мен қай кезде не істеп қойғанымды, нендей əбестік
жасағанымды ойлап сасып қалайын. “Сені білгелі біраз уақыт
болыпты, бірақ өз басыңның не болмаса отбасыңның шаруа-
сын айтып бұйымтайлап көрмепсің”, – деді сəл жымиған
қалпы. “Көке, Қазақстанның болашағы үшін, экономикасын
көтеріп, қаншама қала салынды. Ауылдың өзі қаламен тең
дəрежеге жетіп қалған жағдайы бар. Ал сол игіліктің ертеңгі
күні ұрпақтарымыз қызығын көреді, игілігіне пайдаланады,
оның ішінде менің де əулетім бар емес пе, сол жетеді” – дедім.
Ол ойланып қалды. Қалың қою қастарының арасы сəл пəл
дірілдеп, жанарын алысқа, сонау қар басқан Алатауға елжірей
қарап тұрып қалды. Ал мен болсам, сондай үлкен басымен,
республикадан тыс қаншама қыруар тірлігі бола тұра, сондай
ойға келіп жүргеніне таңғалдым, сүйсіндім.
– Нұраға, тағы бір азамат туралы айтпай кетсек бол-
мас...
– Əрине, Нұрағамыз, Нұрғиса Тілендиевтей азаматтар жүз
жылда бір туылады ғой. “Саржайлау”, “Елім менің”, “Ақ əже”
сияқты əндерін орындай жүріп, шығармашылық тығыз бай-
ланыста болдық. Ол заман шын мəнінде, өнерді құрметтеген,
пір тұтқан заман болды. Қазір жеке өнер адамдарының
гастрольдік шығындары шырқаған заманда сол тұстардағы
өнер ұжымдары іргесі сөгілмей, іссапарларға топ тобымен
шығуы соның айғағы. Жеке концерт беру үшін сарайдың, егер
теледидарға түсу керек болса, оның шығыны, билет өткізу
сияқты толып жатқан ұсақ-түйек болып көрінгенімен, қаншама
жүйкеңді тоздыратын тірлік. Ал ол кезде ондай шаруаға бас
қатырмайтынбыз. Ұсыныстар, сұраныстар түсіп жататын.
“Отырар сазын” Нұрғисасыз елестету мүмкін емес сияқты
еді, амал жоқ, оған да құлақ пен көз үйренді. Өнер дегеннің
баламасы тəрізді көрінеді маған. Қалақтай ғана қара шалдың
бойындағы құдірет... өнерге деген құштарлық, ғашықтықты
көрген біз де бақыттымыз. Əсіресе, бір орнында тұра алмай
теңселіп қазақтың күйін бүкіл оркестрмен дирижерлік жасап
тұрған бейнесі талай тыңдарманының жүрегінде болса керек.
Сондай дарынды, халқының өнеріне барын салып, төгілдіріп
кеткен ағалар ізін басып біз де келеміз...
Нұрғали Нүсіпжанұлымен болған əңгіме осылай ардагер
ағалары туралы естелігімен жалғаса берді, жалғаса берді. Өзі
жаңа ғана қалақтай деп отырған Нұрағаларының ізін басып,
өнерде өшпес қолтаңбасы бар əншіге қарап отырып, біз де
«шынашақтай болған тұлғадан ұлы дауыстар, əуендер қалай
ғана жарып жібермей ұстап тұрады екен, не деген қоңыр үн...»
деп іштей тамсандық.
Жер жəннаты Жетісу топырағында дүниеге келіп, Алматы
Мемлекеттік консерваториясының əн факультетінде жеті жыл
оқып, Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық Опера
жəне балет театрында шығармашылық қызмет атқарған күміс
көмей əншінің одан кейінгі жиырма жылдан астам уақыты
атақты Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық
ұлт-аспаптар оркестрінде жалғасады. Қазақ телевизиясы
мен радио хабарларын тарататын Мемлекеттік комитетіндегі
(1966-1976) жылдарын нағыз шығармашылығының өрлеу,
өркендеу жылдары деп санайды əншінің өзі де риза көңілмен.
Ал, “Қазақконцерт” жанынан ашқан “Жазира” аспаптық
ансамблінде жүріп, талай жастарды тəрбиелеп шыққанын да
оқырман қауым өзі-ақ іші сезер деп ойлаймыз.
БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫ: ƏЛІ КҮНГЕ БАУКЕҢНІҢ БАЛАСЫ БОП ЖҮРМІН... Аты аңызға айналған батырларға қазақ халқы кенде болмағаны тарихтан белгілі. Дегенмен, қазақтың Бауыржаны біреу ғана. Бүгінде батырдың 100 жылдығына байланысты шаралар еліміздің əр облыс, аудан көлемінде басталып та кетті. Біз батыр Бауыржан Момышұлына туған баласы Бақытжан Момышұлының тұрғысынан үңілуді жөн көрдік. Қара шаңырағына жүрексіне кіріп, ондағы мамыражай қоңыр қазақи тірлікке көңіліміз толып, батыр ұрпағы өсіп-өніп отырған ошақтан марқайып шықтық. – Бақытжан аға, Қазақстанда биылғы жыл – Момышұлының 100 жылдығы, яғни Сіздің əулеттің жылы ғой. Үкімет не деп жатыр? – Əңгімені сəлемнен бастайық. Газет оқырмандарын тарихқа еніп жатқан Барыс жылымен құттықтаймын. Əр қазақтың отбасына береке-бірлік, елімізге тыныштық тілейік. Біз үшін, əрине, бұл жыл ерекше жыл, əкеміздің жүзжылдығы аталып өтетін жыл. Дайындық бұдан үштөрт жыл бұрын-ақ бас талып кеткен. Сол кездегі əкім Серік Үмбетовтің қолдауымен Жамбыл облыстық əкімшілігі жанынан ғылыми орталық құрылды. Оны басқарған өзіміздің ағамыз, академик Мекемтас Мырзахметов деген азамат. Солар əкеміздің шығармаларын, хаттарын, лекцияларын, 30 томдық энциклопедиялық анықтама кітабын шығармақшы. Содан кейін «Өнер» баспасы фотосурет альбом шығарды, 15 томдық шығармалары да оқырман қолына тиіп қалар деп отырмыз. Үкімет тарапынан да біраз қозғалыстар болып жатыр. Өкінішке орай, анық бекітілген жоқ қой деймін, өйткені қағазға түсірілген жоба-жоспарын əкеліп көрсеткен, бірақ көңілге онша қонбады. Ой-ұсыныстарымызды қостық, оны қабылдай ма, қабылдамай ма, жоғары жақ өздері біледі. Бірақ əке аруағы алдында қарыз болып қалмайық деген оймен ептеп ұсыныстар енгіздік, кім білсін, бекітіліп қалар. Ал, жалпы
ондағы іс-шаралар мектептердегі кездесулер сияқты, жоғары
оқу орындарындағы жүздесулер, айтыс, мерекелік концерт-
тер ғана екен. Республика көлемінде өтетіндей ауыз толтырып
айтарлық ештеңе де көре алмадым.
Əкем – əскери адам. Ол кісі артына өшпейтін, өлмейтін
əскери ғылым қалдырған кісі. Жасалған жоба-сценарийден
əскери ештеңе көзге түспеді.
Көп жылдан бері қарай елдің де, қоғамдық ұйымдардың да
өтініп сұрап жүргені əкемнің атында офицерлік орден жасал-
са деген ұсынысын қостық. Өйткені, егемендік алғалы 18 жыл
болды, осы он сегіз жылдың ішінде əкем тəуелсіз Қазақстанның
бір жапырақ қағазына не наградасына ие болған жоқ. Көпшілік
қателеседі, кейде «Халық қаһарманы» деп жазып жатады.
Ол атақты əкем алған жоқ. Тіпті, кешегі үкімет басшысына
ұсынылатын мерекелік шараның жобасында да осылай ата-
лыпты. Біз қаһармандық сұрамаймыз да, тіпті қазіргі кезде бұл
атақ дəрігер, саудагер, кəсіпкер, əртістерге де беріліп жатыр.
Кейде, бұл атақтың əкеме керегі де жоқ деп ойлаймын.
Мен əскери шендегілерге офицерлік орден тағайындалса
дегенді сұрадым. Сосын біреу білсе, біреу білмейді, əкемнің
алғашқы мамандығы финансист-банкир болған. Бұл кісі
Ленинградтың финакадемиясын бітірген. Қазіргі «ТұранƏлем»
банкісі ол кезде «Промстрой» деп аталған. Осы банктің
негізінде «ТұранƏлемнің» 80 жылдық мерейтойындағы
«Алғашқы қазақ банкирлері» деген тізімде əкем екінші болып
тұр. Академияны бітіріп келгеннен кейін осы банкте жұмыс
істеп, аз уақытта қызметі жоғарылап, алған мақтау қағаздары
мен сыйақыларының түбіртектеріне дейін банк архивінде
сақталыпты.
Осыдан кейін маған тағы бір ой түсті: “неге ескерткіш мо-
нета шығармасқа деген?”. Əкемнің жүз жылдығы қайталана
бермейді ғой, осы бір ұрымтал тұста осы тірлік те жүзеге асып
кетсе деп ойлаймын. Содан кейін тағы бір таңғалдырғаны,
мынау Шымкент, Алматы қалаларындағы өткізілетін ша-
ралар тіпті жоқтың қасы. Ал шын мəнінде, əкем – Жамбыл
мен Шымкентке ортақ перзент. Əкемнің туған ауылы ол кез-
де Жамбыл облысына қараған. Түлкібас, Сайрам Жуалыға
қараған. Кейін облыс аумағы қағазға түскенде Жуалы Жамбыл
облысына кетті де, əкемнің ата-бабаларының, туыстарының 11
ауылы Түлкібаста қалып қояды да, ал 5 ауыл бергі Жуалыда
қалады. Сондықтан туған жер дегенде екі облысқа ортақ
перзент деп тұрғаным сол. Көнекөз қариялар бұл туралы
жақсы біледі, əкемді өз тумасы деп есептейді. Бірақ жобада
Шымкент, яғни Оңтүстік Қазақстан облысы мүлдем жоқ. Ең
бір сорақысы, Үкімет басшысы Кəрім Мəсімовке дайындалған
жобада “Кеңес Одағының батыры”, “Қазақстанның Халық
қаһарманы” деп тұр. Айналайындар-ау, сонда Президент аппа-
ратында отырғандар, жобаны жасағандар əкемнің бұл атақты
ресми түрде алмағанынан бейхабар болғаны ма?!
Əн айтып, мерекелік концерт, айтыс, кездесулермен шек-
телмей, ғылыми конференциялар өтсін, жыл бойы əскери
бөлімдерде əкемнің жазып кеткен, артына қалдырған үлгі-
өнегесінен үздіксіз оқулар неге өткізбеске?!
Əкемнің атындағы №131 мектеп мұндай шараларды үнемі
ұйымдастырып жатады. Жақында №17 мектептегі өткен жиынға
Зейнеп апаларың қатысып келді. Ал, жоғары оқу орындарының
көпшілігі ақылы болғандықтан, əйтеуір ақшасын төлеп, диплом
алса ғана болды, əлгіндей шаралар ұйымдастырыла бермейді.
Оқу орындарындағы əскери оқулардың барлығында əкемнің
отансүйгіштігі, əскери патриоттық үрдісі тереңдеп жүргізілсе,
əншейін даңғазалықтың түк те қажеті жоқ. Елдің, қазақтың
елдігіне сын, өйткені, қазақ үшін, сол қазақтың ұлан-ғайыр кең
даласын, жерін сүйіп өткен əкемдей қазақ батырлары жоқ емес,
тарихтан оларды сызып тастауға болмас, дегенмен, соңғы жүз
жылда туған қазақтың Бауыржаны біреу ғана.
Бауыржан мен қазақ – егіз ұғым деп қабылдау керек!
Өйткені, қазақ əкемді бөлген жоқ, ал əкем қазақты бөлген жоқ.
Сондықтан да біздің шаңырақтың ғана емес, бұл елдің, бүтін
қазақтың тойы болуға тиіс. Елдің рухын, жастарымыздың
патриоттық сезімін оятатын той болуы керек.
Тағы айта кететін нəрсе, 1991 жылы Қарамановтың
премьер-министр кезінде, сол кісінің қолы қойылған
қаулыда Алматы қаласында əкеме ескерткіш орнатуға қаулы шығарған. Сол қаулы əлі күнге жүзеге асқан жоқ. Өткен жолы Панфилов паркіне қоямыз деді де, комиссия құрылып, бізді шақырып, макетін қарағанбыз. Көңілім толмады, образ жоқ, жансыз. Содан кейін Момышұлы көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысқан жеріне аллея ашып, тағы бір орын дайындалды. Əуезов ауданының сол кездегі əкімі Əділ Несіпбаев деген азамат бауырымыз дайындады. Бірақ ескерткіш қойылмады. Бұл жер қаланың сырты деп кейбіреулер рұқсат етпеген бе, түсініксіз жағдайда қалып қойды. Қайта қалаға кіреберістегі, əдемі-ақ жер еді. Бірақ біздің пікірімізбен санасып, шынын айту керек, сұрап жатқан адам жоқ. Мені тыңдар құлақ болса, мына паркке қоюға қарсымыз. Біріншіден, бұл паркте Отан қорғағандарға арналған Мəңгілік алау бар, монумент тұр. Екіншіден, бір жағында ауған соғысының батырларына арналған ескерткіш, үшіншіден, батыр қалаларға арналған тас ескерткіштер тұр. Əр мемлекеттің президенттеріне арналған ескерткіштер тағы тұр. Содан кейін 28-панфиловшыларға арналған ескерткіштер де тұр, бір жағында Панфиловтың ескерткіші жəне бар. Қысылып-қымтырылып тұрған үш зеңбірек, оның бəрін былай қойғанда шіркеу тұр. Содан кейін ол жерде қазақтың керемет азаматтары Кəріпжанов, Бөрібаевтың зираттары бар. Ал əкемнің ескерткішін екі зеңбіректің ортасына қоймақшы екен. Төменгі жағы көкбазар. Ескерткішке гүл қоямыз дейтіндердің көлігі түгіл, өздері де сыймайтын алақандай жер, тіпті қисынсыз. Комиссияға шақырылғанымда осы ойларымды айттым. Өкінішке орай, менсіз де шешіліп қойған мəселе екен, көзбояу үшін шақырылғандай болып қалдым. Ескерткіштің өзі де қолапайсыз, тек шошайған папахасынан танымасаң, тіпті келмейді. Əкемнің бас киім киюінде де аңғарған адамға, сырт көзге білінбейтін бір ерекшелік бар. Ол кісі бас киімінің төбесі əдемі болып тұруы үшін төбесін жіппен жиырып киетін. Образ жоқ. Осы жүзжылдық ұрымтал тұс, мұнан қалып қойса, Бауыржанға ескерткіш мүлдем қойылмай кететін де шығар де-
ген қорқыныш та жоқ емес. Өйткені, сонау 1991 жылдан бері
қанша рет қаулы шықса да орындалмай, жүзеге аспай бедер-
ленген қағаздар бедірейген күйі қалып келеді. «Халық бармай-
ды» деген сылтау ғана. Қаланың шетіндегі аудан тұрғындары
халық емес пе? Əкеме бас иіп, гүл қойғысы келгендер, қаланың
қай шеті болса да тауып барады.
Қала қонақтары болсын, жергілікті халық болсын бала-
немерелерімен барып серуендеп тұратын орнықты кең жерге
қойылса деген ой ғой. Панфиловты ұстазы деп екеуін парктің
екі жағына қоямыз деген ойлары дұрыс та шығар. Дегенмен,
əкемнің де ешкімге қыстырылмай-қысылмай өзі-өз болып
жарқырап тұратын орны бар ғой.
Бауыржан жеке тұлға болуға тиіс. Астанадағы ескерткішті
орнатқанда Бөрібай Жексембин өзі бірге жүріп, мені жиі-
жиі шақырып, тынымсыз еңбек етті. Нəтиже жаман болған
жоқ. Ақылдасып-кеңесіп шешкен дүние қашанда ұнамды
болады. Кез келген пендеңіздің ата-анасының бет-бейнесін,
оның жүзіндегі əрбір ерекшелікке дейін елестете алатыны
сияқты, мен де əкемнің мінез-құлқының өзгерісіне дейін
оның жүзінен, көзінен аңғаратынмын. Қабағындағы, əсіресе
екі қастың арасындағы сызығына дейін көз алдымда. Тіпті,
əлгі ескерткіштің тым табиғи, жанды шығуы да осы менің
көз алдымдағы суретпен, əке суретімен сəйкес келгенінен
болар. Сондықтан да болар, ескерткіш көңілімнен шықты.
Əкемнің өзіндік ерекшеліктері көп-ақ. Бас киімнің өзін
ерекше киетінін айттым ғой. Ал енді адамгершілік жағынан,
заң жағынан да мен жалғыз мұрагерімін, ұрпағымын.
Сондықтан ол кісіге байланысты кез келген тірлік менсіз
бітпеуі керек. Ел-жұрттың білетініндей, мұны растайтын,
тіпті, қағазым да бар. Содан кейінгі бір ескеретін мəселе, ол
– орнатылатын ескерткішке ұзын-сонар сөз жазбай, қысқа да
нұсқа болуы шарт. Мəселен «Даңқты қолбасшы Б.Момышұлы»
деп жоғары жағынан жұлдызын орнатса. Ал Жуалыдағы
ескерткіште Қазақстанның Халық қаһарманы деп жазулы тұр.
Əлдебіреулердің сауатсыздығынан бүткіл елді шатастыруға
бола ма? Қайталап айтуға тура келеді, республикамызда
Елбасының ғана жарлығымен тағайындалатын бұл жоғары
атақ ол кісіде жоқ, болған емес. Саяси қате ғой, кейбір ақпарат
құралдарында да осылай жазылып жатады.
Менің ойымша, қазақтың Бауыржаны қандай құрметке,
қандай атаққа болса да əбден лайық. Бірақ солай екен деп он-
дай жауапты атақты жапсыра беруге тағы болмайды ғой.
– Момышұлы туралы естелік жазушылар көп. Өзіңіз
жаңа ғана айтқандай, баспасөз беттерінде əкеңіздің бүкіл
архиві Мекемтас Мырзахметовтың қолында екен де-
ген сыбыс та бар... Осы жарияланымдарда қаншалықты
шындық бар?
– Уақыт жылжып, жылдар өткен сайын əкемнің көзін
көргендер қатары да сиреп барады. Сондықтан естелік
айтушылардың өзі де азайды. Ал азды-көпті сырлас, сыйлас
болғандар, бірге қатар жүргендердің естелік айтуы заңдылық!
Қазақтың батыр ұлының жанында жүріп, көзбе-көз əңгімесін
тыңдап сырласқандар, мүмкін кейде əсірелеп артық-ауыс ай-
тылып та, жазылуы да даусыз. Ондай кезде пəлендей сын, өкпе
айтуға жоқпын.
Əкем қайтып оралса, бəлкім, олардың бет-жүзіне қарамас
еді. Амал жоқ, өлгендер қайтып келмейді. Ондай сəттерде
Зейнеп жеңгелерің екеуміз өзара сырласамыз да қоямыз.
Біз бір қалыпқа түсіп қалған адамбыз. Өйткені, сол кісінің
қара шаңырағын ұстап отырған адамбыз, таза қазақша айтқанда
– шырақшымыз. Сондықтан бізге қадалатын көз де, сөз де көп
екенін де білеміз. Əкем айтатын: «Атақты адамдар үнемі ныса-
нада тұрады. Былайғы адамдарға сол қажет пе, қажет емес пе,
нысанаға оқ атуға дайын тұрады. Өйткені, атақпен бірге азап
жүреді» дейтін. Соны біз қазір басымыздан өткізіп жүрміз. Енді,
мына 100 жылдыққа байланысты, мерейтойға байланысты ша-
раларды жүзеге асыруда ұйымдастырушылар көбейіп жатыр.
Оған,əрине, өздеріңіз білесіздер, қыруар қаржы жұмсалатыны
бар ғой. Ал ақша жүрген жер қашанда даулы-дамайлы. Талай
рет осындай жағдайлардан бармақ тістеген кезіміз де болған.
Кейінгі кезде, соңғы екі-үш жылдың ішінде баспасөз
беттерінде, радиодан Мекем аға (Мекемтас Мырзахметов)
əкемнің бүкіл архивін өмір бойы жинап-терген, енді сол кісінің
қолындағы дүниелер 45 том болып жинақталып жатыр екен
дегенді мен де естідім.
Рас, Мекем ағамен əкем өте жақын, қандас əрі рухани бау-
ыры болған. Өзгеге айтпаған сырларын сол кісімен бөліскен.
Сырлас інісі. Өз басым да ол кісіні өте қадірлеймін, сыйлай-
мын. Əкем кеткелі менің де мұңдасым, сырласым, құрдасымдай
іздеп тұрамын. Бұл Мекем ағаның аузынан шыққан сөз емес, ал
журналистердің мұндай деректі қайдан алатынын білмеймін.
Жалпы, кез келген дүниені жазу үшін əбден зерттеп, зерделеп,
байыптап жазу керек шығар.
Əкем көзінің тірісінде-ақ архивінің бір бөлігін Орталық
мұрағатқа тапсырған. Ал оның да шын мəніндегі иесі мен.
Өйткені, артында қалған бүкіл жазбаның иесі заңды түрде
менмін ғой. Сол мұрағаттан əкем жайлы білгісі келетіндер ал-
дымен менің рұқсатымды алады. Тəртіп солай.
Одан кейінгі əкем сенім артып кеткені – Зейнеп. Келінінің
əу бастан қағазға, қаламға бейімділігін сезген болар,
жарыққа шыққан, шықпаған, кеңес дəуіріндегі тілге, ұлттық
құндылықтарға байланысты ашық айтуға болмайтын көп
дүниелерінің иесі, осы жеңгелерің.
Облыс əкімі Серік Үмбетовтің қолдауымен əкімшілік жа-
нынан ашылған орталық осы дүниелердің басын біріктіріп,
жинақтап отыз томдық шығаруы керек еді, материалдардың
көптігі сонша, 45 том дайындалды.
Академиялық томдарын шығару үшін көп жұмыс атқарып
жатқан Мекем аға. Сөйтіп, біз қолдағы барымызды бердік. Аға
жоспарын жасап, Секең қолдап, мəслихат депутаттары бекітіп,
жоғары жақтан рұқсат алынды. Бұл тек кітап шығару үшін
емес, əкемнің барлық жазған-сызғанын жинап, ғылыми жүйеге
келтіру үшін үкімет бес жылға 25 миллион ақша бөліпті.
Бір-екі жыл Зейнеп пен Ержан да осы орталық үшін жұмыс
істеді. Орысшасын ұлымыз Ержан, арабшасы мен қазақшасын
Зейнеп дайындап беріп отырды. Ал ол орталық қызметкерлері
кəдімгідей жалақы алып жұмыс істеді. Оларға əкемнің аруағы
риза болсын дегеннен артық не айтуға болады.
Əкемнің бүкіл архивін біз тегін бердік. Ал, енді сол орталық
əкемнің Мəскеудегі лекция оқыған генштабтағы лекцияларын
сұрағанда, олар бір бөлігін пəленбай миллион қаржыға сатты.
Қалғанын берген жоқ, ол əлі құпиясы шешілмеген деген сыл-
таумен бермепті.
Осы жерде ойлап қараңызшы, егер біз, əкемнің атын-
даңқын пайдаланғымыз келсе, даңққұмар, байлыққұмар
болсақ, үн-түнсіз саудаласып отырар едік. Бізге ең басты-
сы, əкеміздің архиві қымбат, оның əр жерде шашылмай бір
орталыққа жинақталғаны ғана керек. Мекем аға да, ол кісінің
қарамағындағы қызметкерлер де бізден алған дайын өніммен
жұмыс істеді. Бірен-саран кісілердің «жан-жақтан тірнектеп
жинадық» дегенін өз құлағыммен естідім де, олардың біреуінің
аузынан деректерді қара шаңырағынан алдық деген сөз
шықпағанына іштей ренжіп те қалдым...
– Осындай кереғар пікірлерге Мекемтас аға неге қарсы
пікірін білдірмейді?
– Оны білмеймін, айтса айтып жүрген шығар. Өз басы-
ма, сөзден гөрі əкемнің жазған-сызғаны əр жерде шашылмай
тезірек жинақталғаны керек. Басында 30 томдық дегені 45
томдық болып шығайын деп жатқаны көңілге демеу. Дегенмен,
олардың еңбегін де жоққа шығаруға болмас, қыруар жұмыс
атқарды. Рас, Мекемтас ағаға да əкем біраз шежіресін, əкесінің
Құранын, тағы біраз қолжазбаларын беріп кеткен. Ал Зейнепке
табыстағаны үйде сақтаулы. Қайткен күнде де үйдегі жағдайда
мұндай құнды дүниелерді өз қалпында сақтау өте қиын екен.
Бірқалыпты ауа емес қой, бірде жылы, ыстық, бірде суық деген-
дей, ал мұрағатта басқаша ғой. Оның үстіне мезгілімен дəріленіп
тұрады. Көптен бері өзекті өртеп жүрген бір мəселе бар. Ол айты-
ла-айтыла əбден жауыр болды десе де болады, осы дүниелерді
ұқыптап біріктіретін əкемнің жеке мұражайы туралы. Ол
кісінің пайдаланған кітаптары, қолжазбалары, тіпті күнделікті
тірлікте қолданған заттарына дейін сақтаулы. Мүштігінен ба-
стап жастық, жамылған көрпесіне дейін мына жеңгелерің
көзінің қарашығындай сақтап отыр. Алғаш Зейнеп келін болып
түскенде сыйлаған кір жуатын мəшинасына дейін тұр.
Біз Зейнеп екеуміз де жас емеспіз, денсаулық деген де мəз емес. Бізден кейін балалар ұқсата ала ма, алмай ма деген күдік те жан ауыртып қояды. Сондықтан осылардың бəрін бір жерге орналастырып, мүмкін болса Орталық мұрағаттан үлкен бір бөлме бұйырса деп ойлаймыз. Кім білсін, əлі тыныштық. Жуалы ауданында 100 жылдыққа байланысты музей жабдықталмақшы болған. Ол кезде Жексембин əкім болатын, біз ақылдасып, «Егер үлкенірек ғимарат болса, қолдағы əрбір заттың тарихын жазып, көрнекті етіп тапсырсақ» дегенбіз. Бірақ бұл мемлекеттік каталогқа енуі керек те, туристер мен арнайы іздейтіндей əрі демалыс орны болуы керек деп ойлағанбыз. Өйткені, қазір ауданда музей бар, оның 80 пайызын Зейнеп өз қолымен жасақтап берген. Шағын ғана, оның үстіне ауылдың шетіне орналасқандықтан кіріп-шығып жатқандар жоқтың қасы. Есігі үнемі жабық. Ал, мұрағат деген өлі болмауы керек, ол үнемі жұмыс істеп тұратын, кездесулер, ғылыми конференциялар ұйымдастырылып жататын көпшілік орын болуы керек қой. Əсіресе, жастар үлгі-өнеге алатын мəдени-ағарту жұмыстары жүргізілетін орын болуы шарт. Əкемнің ғұмырының көп уақыты Алматыда өтті. Көпшіліктің ойында, “өзінің тұрған үйі ше?” деген сұрақ тууы мүмкін. Əкемнің кейінгі əйелімен тұрған үй мына моншаның жанында еді, ол сатылып кетті. Мен туылған үй бұзылып кетті. Ал мына үйде əкем тұрған жоқ. Көзімізді жұмып кірісіп кетейік десек, осындай қолайсыздықтар қолбайлау болуда. Панфиловшыларға арналған музейде, №131 мектепте, Жуалыда, Тараздағы музейлерде бір-бір бұрыштары бар ғой. Осылардың бəрін біріктірсе, əжептəуір көрме-музейге көпшілік жиі бас сұғар еді. Жеке мұрағатқа, əрине, қаржы да көп кетері сөзсіз. Дегенмен, бір жүйеге келтіру тек əулеттің ғана емес, болашақтың бағыт-бағдарламасы болар еді, келешекке керек болар еді деген үміт қана. Ал, Жуалыдағы музей дағдарысқа байланысты тоқтап тұр, салынбайтын болды. Азға қанағат етіп, қарапайым ғана тірлік кешу, бұл – біздің отбасымыздың позициясы. Адалдық, кісіге қиянат жасамау, сұғанақ болмау, кісіге алақан жаймау, бұл – əкемнен қалған
мұра. Сондықтан осы уақытқа дейін əке атын пайдаланып,
есік қағып көрмеппін. Ендігі жерде де салым суға кетпегенін
қалаймын.
– Əңгіме отбасына қарай бұрылды ғой, аға, немересі
Момышұлы-3 жайлы сұрағымыз келіп отыр. Мамандығы
кім, батырдың ұрпақтары немен шұғылданады?
– Ержан Ұлттық университеттің журналистика факультетін
бітірген. «Лениншіл жаста», «Ұланда» біраз жылдар қызмет
істеді. Қайта құру басталған тұста «Кəусар бұлақ» деген
бас па ашып, кəсіпкерлікпен айналыса бастап еді. Өкінішке
орай, бұл бала жаңа заманға лайық нарыққа еніп кете ал-
мады. Кейбір бірге жүрген азаматтарынан беті қайтып,
басы тасқа тигендей болған соң, екінші жоғары оқу орнына
түсті де, қазір сол Алматы Энергетика университетінде аға
оқытушы. Шығармашылық адамға, əсіресе Ержан сияқты
екі тілде еркін жазатын адамға бизнес-кəсіпкерлік деген қол
емес екенін дер кезінде түсінді-ау деймін. «Қазақша жазсам
шешесі, орысша жазсам əкесі жазып берді» дейтін болды-ау
деп қысылып жүріп, жазғандарын аса жариялата бермейді,
əрі аудармамен де айналысты.
Екі немереміз бар. Үлкені Нұрсұлтан 5-сыныпта, Құдайдың
құдіреті, əкемнен аумайды. Атжақтылығы, тіпті екі қасының
ортасындағы екі сызығына дейін, қабағын түйгені, кісінің
бетіне тік қарағанда көзіңді тайдырып əкетесің. Көп сөзге жоқ,
тұйықтау болып өсіп келеді. Бабасына ұқсаған тағы бір қасиеті,
есепке жүйрік, шапшаң. Физика-математика мектебінде оқып
жатыр. Сабағы өте жақсы. Əкемнің туған күнінен екі күн бұрын
өмірге келді де, Зейнеп ырымдап бабасының туған күнінде
шілдехана жасады. Мінезі де бабасынан аумайды. Бес жасар
Мадиярымыз əжесі Зейнептен аумайды. Күлуі де, жылауы да
тез. Тез сөйлейді. Құдайға шүкір, отбасымызбен қазақшамыз,
басқадай болуы мүмкін де емес.
(Бақытжан аға күліп алды да, көзінің екі ұясына келіп қалған
мөп-мөлдір тамшыларды бізге көрсеткісі келмей, орамалымен
сүргіштей берді... Ұрпақтар жалғастығы, əулет қуанышы сөз
болған тұста кез келген пендеңіздің жаны толқитыны даусыз.
Немерелеріне байланысты бір əңгіменің ұшы шығып тұрғанын
сезіп, біз де үнсіз қалдық.)
– Бірде екі-үш күн көрмей, балаларды сағынып Ержандыкіне
бардық, – деп əңгімесін қайта жалғастырды. – Олар да
жаңалықтарын айтып қауқылдасып жатырмыз. Тағы да аса са-
бырлы, бала болса да өзін байыпты ұстап отырған Сұлтанға
қарап:
– Алтыным менің, жаным, өте ақылды азамат болады, – деп
еміреніп жатсам, əкесіне қарап иегімен мені меңзеп: – Папа,
папаңның не айтқанын естіп ал! – дейді. Əлгі жерде Зейнеп
екеуміз əбден мəз болайық.
– Бақытжан аға, қазақта «Батыр жүз жылда туады» де-
ген жақсы сөз бар. Міне, жүз жыл да өтті. Батыр туатын орта
қандай болмақ? Қанына, тегіне байланысты болар, бəлкім.
Əсіресе, тəуелсіздікке қол жеткелі кез келген пендеңіз ата-
бабаларынан батыр, көсем іздеу дағдыға айналғандай. Бұл
қазақи дарақылық, даңғазалық емес пе?
– Бұл, шын мəнінде үрдіс болып кетті. Бір аңыз есіме түсіп
отырғаны: кішкентай мысық жолбарыстың суретін көрсетіп
«Мынау менің атам» депті. Осының кері келген заман бол-
ды. Құдайға шүкір, қазақта батыр да, ақын да жетеді. Бірақ
кез келген жерден батыр іздеп, оны жекешелендіріп «мы-
нау біздікі» деп бөліп алу, бұл халықты біріктіре қоймайды.
Пəленше атасына ескерткіш қойыпты, шежіре жазыпты, мен
неге бəйгеге ат қоспаймын деген бəсекелестік ішінара болса
да жүріп жатыр. Тіпті жасырын да емес, белең алып кетті.
Жалған намыстың жетегінде жүру жақсылықтың нышаны
емес. Шындап келгенде, қазақ деген халық, қазақтың батыр-
лары тұтас қазақтың қамын ойлап, мұң-мұқтажын көксеген,
сондықтан
білегінің
күшімен,
найзасының
ұшымен,
қылышының жүзімен ортақ жерді, елді қорғаған. Ондай
ортақ батырлар Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай, Райымбектер
ішкі емес, сыртқы жаумен жауласқан. Бөлінбеген, халықтың
біртұтастығы үшін күрескен, қан төккен. Сондықтан да
ұрпақтан-ұрпаққа даңқтары жетіп жатыр. Бүгінгі ұрпақ со-
лар салған сара жолмен жүруі, ерліктерімен сусындауы,
ұлтжандылығынан тəрбие-өнеге алуға тиіспіз. «Бөлінгенді
бөрі жейдінің» кері келіп жатыр ғой...
Ал менің əкемнен қолға мықтап ұстап қалатын əскери ғылым
қалып отыр. Тіпті Кеңес Одағы Батырларының арасында əкем
сияқты мұндай мол əскери ғылым қалдырған кісі кемде-кем.
Ал біздің елімізде тіпті жоқ. Əкемнің артында қалған əскери
ғылымы біздің бүкіл əскерилерді тəрбиелеуге жетеді. Өкінішке
орай, əлгі қазақ айтады ғой,
“Артқы айылдың батқанын,
Иесі емес, ат білер.
Азаматтың қадірін,
Ағайын емес, жат білер”, – дегендей, неге Израильде,
Кубада, Түркиядағы кадеттерде əкемнің əскери ережелерінен
лекциялар жүріп, емтихандар тапсырады. Бұл, шындық! Ал
бізде ше?!
Ал бізде əкемнің соғыс тактикаларын, Отан қорғау техно-
логиясынан лекция жүрген əскери бөлімшелерді білмеймін,
осы уақытқа дейін естіген де жоқпын. Дайын тұрған ғылыми
лекциялар болса да, əскери тəртіп пен мақсат-мүддесін
қалыптастыратын тəрбие құралы, оқу құралы бола тұра,
ешкімге қажет емес.
Қазақстанның Халық қаһарманы, ауған соғысының баты-
ры Бақытжан Ертаев екі сөзінің бірінде Момышұлына еліктеп
ержеткенін, осы уақытқа дейін əскери жолда қандай жетістікке
жетсе, соның бəрі менің əкемнің арқасы екенін жалықпай ай-
тып отырады. Қай жақтан келсе де ең алдымен əкемнің зираты-
на барып мінəжат етіп, сосын үйге, қара шаңыраққа келіп Құран
оқып шығады. Ал қазіргі жастарымызда осындай пір тұтатын,
еліктеп, үлгі-өнеге алатын батыр тұлға бар деп айта алмас
едім. Қазіргі жастардың бəрі кəсіпкер, қаржыгер болсам дейді.
Олай болса, ортаның өзі, қоғамның өзі ұрпақты тəрбиелеп жа-
тыр. Əлде жанбағыстың жарапазаны десек те дұрыс болар.
Бір көңіл бөлетін нəрсе, жастардың көбі кітапқа қарай, рухани
дүниеге, имандылыққа қарай көш басын бұрғанын да жасыр-
мауымыз керек, қолдауымыз керек. Рухани дүниесіз мүмкін
емес екенін түсінген жайымыз бар. Дегенмен, бірінші орында
бай болу тенденциясы өршіп тұрғаны да жасырын емес. Ешкім де жақсы тұрмыс, жайлы қызмет, барлық-байлыққа қарсы емес. Бірақ тек осы мақсатты ғана көздеу, ол енді жақсылыққа апармайды... Сондықтан да батырды да, қаржыгерді де, шын мəнінде қоғам, орта тəрбиелеуі мүмкін. Ал əу бастағы қандағы намысшылдық, ерлік, білімділік, ол енді атаның күші, ананың сүтімен даритынын түйсігі бар пендеңіз мойындауы керек. – Жастар тəрбиесі жайлы дегенде, еске Момышұлы атындағы əскери училище түседі, олармен қарымқатынастарыңыз қалай? – Бұрын Ким Серікбаев, Əбірев деген азаматтар басқарып тұрған кезде ол мектеп біздің екінші үйіміз секілді еді. Өйткені, олар бізбен үнемі қарым-қатынаста болды. Əкемнің туған күнінде, балалар ант қабылдап оқуға түскенде, бітірген кездерінде біз отбасымызбен шақырылатынбыз. Неге екенін білмеймін, кейінгі директор бізге осы күнге дейін тіпті сəлем берген азамат емес. Ал өз басым бала емеспін, батырдың баласы екенмін деп тірліктеріне қалай араласасың. Өркөкірек те емеспін, бірақ жасы кіші əрі əкем атындағы оқу орнын басқарып отыр, мен қара шаңырақты ұстап отырмын, кішілік көрсету оның ісі еді деп ойлап қоямын. – Əке мен бала арасындағы қарым-қатынас оңай емес. Бауыржан атамызбен араларыңызда келіспеушілік əлде түсіністік басым болды ма? Əдебиетте өз орныңыз бар қаламгерсіз, əке тасасында қалып қойдым деп ойламайсыз ба? – Мен Алматының асфальтында туғанмын. Кеңес үкіметі кезінде елдегі идеология солай болды, қалада жалғыз қазақ мектебі бар, оның өзіне алыс-жақын аудан-ауылдардан келген малшы-шопандардың балалары қабылданады. Сөйтіп орыс мектебінде оқыдық. Сонда əкем демалысқа келгенде тек қана қазақ тілінде сөйлейді. Шала-пұла жауап беремін. Бірде шешеме: – Өзің «Лениншіл жаста» жұмыс істейсің. Мынау орыс болып кетпеу үшін сондағы ауылдан келіп оқып, жұмыс істеп жатқан жас тілшілерді, пəтерде жүрген журналистерді қасыңда
тұрғыз! – дейді ғой. Содан біздің үйден кісі арылмайтын бол-
ды. Əсіресе, Кəкімжан Қазыбаев, Қайдолла Тілемісов, Саттар
Бөлтекбаев сынды ағаларым, одан кейін Камал аға Смайыловтар
менің таза қазақи тəрбие алуыма септігі тиген азаматтар.
Менің өмірімдегі үш жұлдызым, осы үш ағам, жоғарыда атта-
ры аталған азаматтар, олар менің əкемнің пагонындағы жұлдыз
емес, менің өмірімдегі жұлдыздарым болғанын мақтанышпен
айтып отырамын. Олар үйде жүрген соң, қазақтың тілі, əуені
құлағыма сіңеді ғой. Тілімді қазақшаға бұрған осы кісілер.
Ал мектепте жүргенде жазғы демалыс сайын менің жолдас-
тарым (Əбділда Тəжібаевтың, Ғабит Мүсіреповтың, Ғабиден
Мұстафиннің, Қаныш Сəтбаевтың т.б. балалары) Балтық,
Қара теңізге кетіп жатқанда, мені жай пласкард вагонмен əкем
ауылға қуады. Жеткенше жылап барамын. Əкеме ызам келеді,
батырдың баласы, жалғыз ұлы бола тұра жүрісімді қарашы,
деймін ғой ызаланып. Намыстанамын, үш ай ауылда шаң-шаң
болып, сабақ басталар кезде қалаға келемін. Қазір көзі тірі
жеңгелерім қошқарға мініп шабатынымды, қойлардың ара-
сында шаршап ұйықтап қалатынымды əлі күнге еске салып,
қалжыңдап отырады.
Ауылдың аты – ауыл, берекелі, ауасы қандай, сонда əкем
туған жерінен тамыры үзілмесін, топырағына аунап өссін,
жердің қадір-қасиетін сезінсін деген оймен жібереді екен ғой.
Ақсудың мөлдір суынан ішіп, шомылып санасына ұлттық күш-
жігер құйып өссін деген, ағайынмен ара жібі үзілмесін деген
екен ғой. Оны кейін жас ұлғайған сайын түсіне түседі екенсің.
Жасыратын не бар, арагідік сəл кесілді, бірақ əлі үзілген жоқ.
Ол кісіге бекер-ақ өкпелейді екенмін. Сол бала күннен
қалған əдетім, əлі күнге қарынға салған қолдың майын, ып-
ыстық табаға пісірілген нанын жақсы көремін, аңсап тұрамын.
Соның арқасында өзім тұстастарымның, жолдастарымның
ішінде ең қарапайым, қазақи болып қалған мен ғана. Шы-
ғармаларымды орыс тілінде жазамын, ал бірақ кейіп керлерім
– қазақтар, шығармаларымда қазақтың салт-дəстүрі, қазақтың
қоңырқай тірлігі, бəрі өзіміздің қазақи ортадан алынған
кейіпкерлер, ойдан емес, өмірде барлар ғана, айталық қоғам-
дағы қолдан жасалған пікірлерге онша көңіл бөлмеймін.
Қағазға басқа тілде түссе де, түпкі мақсат өз ана тілімде сай-
райды. Оның үстіне мен қала баласы бола тұра, Зейнептей дала
қызына үйленгенім, қосақ болғаным да шығармашылығымда
көп көмегін тигізді.
Əкем содан кейін болар, Ержанды қазақ балабақшасына ор-
наластыруда бұрын-соңды ешкімнің алдына бармаған, басын
имеген кісі жанын салып-ақ бақты. Одан кейін қазақ мектебін
алтын медальмен бітіріп, университетті де қазақша оқыды.
Ал əкемнің көлеңкесінде қалғанның өзі үлкен бақыт қой.
Əкем: «Я приговорен к славе, ты обречен быть сыном» дегені
əлі құлағымда қалғаны сонша, міне 70-ке келіп қалсам да,
Құдайға шүкір, əлі Баукеңнің баласы болып жүрмін. Əңгіме
барысында айтып кеткенімдей, ешқашан əкеміздің атын пай-
даланып, қазақтың батыр ұлы, қазақтың Бауыржаны деген атқа
өз тарапымыздан кір жұқтырмай, шаң жуытпай, қолымыздан
келгенше əке аруағын сыйлауға, қанымызға сіңген тəрбиелік
өнеге-өсиетін өзімізден өрбігендерге ұран етіп табыстауға бар-
мыз.
Менің əкем жайлы үш кітабым шықты. «Восхождение к
отцу» деген алғашқы кітапты жазып шықтым да, қолжазбам
ұнамады. Қайта-қайта қарадым, тіпті басқаша жазып шықтым.
Бұл кез кеңестік идеологияның тұсы, сонда да көңілім толма-
ды. Қайта жазылған дүниені қарағанымда, бұл тіпті əкеге та-
быну емес, баспалдақ, шағын ғана қадам екен. Бұл тақырыпқа
əлі дайын емес екенімді ұқтым. Бірақ жиырмадан астам кітап,
одан да көп аудармаларым бар. Кітаптарымның ішінде міндетті
түрде əкем жүреді. Əлі күнге дейін жазып отырғанымда жел-
кемде қарап тұрған сияқты сезінемін. Редакторым тəрізді,
артық-ауыс кеткен жерлерімде түзеп: «əй, мына жерде іріленіп
барасың, саябырсы немесе ұсақталып кеттің ғой» деп тұратын
сияқты.
«Во имя отцада» тек əкем жайлы емес, əкемнің тұстастары,
қарым-қатынаста болған сыйластары, қатарластары арқылы
əке образын жасауға тырыстым. Одан кейін «Сыновья вели-
кого волканың» кейіпкерлері де қазақтың марғасқа ұлдары.
Əкемді көбіне өте қатал, сұсты, бірбеткей, алдына келген кісіге
дөрекілеу, мінезді деп көбірек айтылып жатады, ол кісінің
айтқан əрбір сөзінің астарында өсиет, өнеге жатқанына мəн
берілмейтін сияқты. Мəселен, «Дарвин маймылдан, ал мен
бөріден жаралдым» дейді. Көрдіңіз бе, Дарвин ғылымын түкке
алғыссыз етіп тастайды. Мұндай афоризмдер ол кісіде көп
кездеседі. Сондықтан кейінгі кездері əкемнің сыртқы келбеті,
мінез қайшылықтарына емес, əрбір сөзіне, сөйлемінің түп-
төркініне зерттеу жүргізіп жүрмін. Əсіресе, рухани, тəн, жан,
мəңгілік, рух жайлы жазғандары, əкемнің тіршілік, табиғат,
бақи туралы көзқарастарын-пікірлерін зерделеп, зерттеп жа-
тырмын.
Əкем жайлы қанша жазсам да, зерттесем де, ұшы-қиырына
жетер емеспін. Ол кісінің əке ретінде, азамат ретінде əлі
ашылмаған беттері баршылық.
Ал ес біліп, етек жапқалы ондай түсініспеушілік болмады
емес, болды. Өмір-тіршілік болған соң, бір-бірімізге қырын
қараған кездеріміз де болған. «Батыр аңғал, аңқау келеді»
дейді, мүмкін əкемнің батырлығына, батылдығына қызыққан
болар, жігітшілік жасаған кездері де болды. Ондай да, əрине,
ренжідім. Бірақ жылдар өте санам сабасына түскендей, əкемнің
қазақ деген халықтың алақанында жүрген кездері, ерлік пен
елдіктің туын көтеріп жүріп ондай «еркелік» жасағаны да
өмірдің заңдылығы болар деген тоқтамға келемін...
Иə, Бақытжан ағаның өзі айтпақшы, жетпіске келіп
қалса да “əлі күнге əкемнің, Баукеңнің баласы бо-
лып келемін” дегеніндей, ол кісінің балалар əлемі,
жас жеткіншектерге арналған керемет дүниелері де
шығармашылығының бір ауыр жүгін көтеріп тұрғандай.
Орыс тілінде жазса да, кез келген шығармасынан
қазақтың ұлылығы, даналығы салтанат құрып тұратын
жазушы Момышұлы-2: «Мен əлі баламын» («Я еще ребе-
нок») деп бізді əдемі қалжыңмен шығарып салды...
ƏЙЕЛ – ƏДЕБИЕТТЕ ДЕ ƏЙЕЛ
Белгілі жазушы Қуандық Түменбай мырзамен осы
тақырыптағы ой-сырын бөлістік.
– Қуаңдық аға, біздің əдебиетіміз бай. Оның ішінде
əсіресе, əйел-аналардың образын жасауда əдебиетіміздің
көкжиегі ешкімнен кем емес, кейде асып түсіп те жатады.
Əйел образын сомдауда Ғабит Мүсіреповтің орны ерекше.
Осы туралы ой өрбітсек...
– Əйел образы дегенде, əрине Ғабең еске түседі.
Хрестоматияға енген ана туралы əңгімелері мен «Үлпан» ро-
маны оң бүйірімізде. Əңгімені сəл əріден бастасақ деймін.
Кызыл сұңқар жазушы Максим Горькийде «Макар Чудра»
деген əңгіме бар. Классика. Махаббаттың биік шың екендігі,
өрлік пен тəкаппарлықтың трагедияға ұласқан көрінісі. Осы
«Макар Чудраны» біздің бір курстас жігіт жатқа айтатын.
ЖенПИ-дің қыздарының алдында қара сөзді төгілдіргенде
түсінген қыздың бəрі толқитын. Кейіннен таңқала жүріп,
оның тəрбиелік мəніне терең бойлайтын. Мəселен, Раданың
Забарды сүйіп тұрып «Аяғыма жығыл» деуі – тəкаппарлық,
ал Забардың оған қанжар жұмсап, махаббатты жұлдыздай
жыпырлаған қан түйіршіктеріне айналдыруы – еркектік мінез-
құлық. Біздің кыздар өмірде тəкаппарлықты басқаша түсінеді,
Институт бітіру өзімен терезесі тең жігіт табу, тең жігіттің өзін
астамшылықпен арзанға жұмсау, «сенің аулыңа барып тұра ал-
маймын» деп асқақтау, сөйтіп жүріп жігітінен айрылып қалған
талай қыздарды көрдік. Солар арзан ақыл, таяз тəкаппарлыққа
салынбаса, бүгінде маздап жанған ошағы, Отанын қорғаған
перзенті болар еді. Жақында елуге толған бір кəрі сұлу
жалғызбасты боп мерейтойын өткізіп тұрып: «Осының
бəріне өзім кінəлімін», – деді. Мойындағанға не жетсін. Ораз
төгілдірген «Макар Чудрадан» кейін өмірге деген көзқарасын
өзгерткен талай қыздарды көрдік.
– Десек те, Ғабеңнің əйел туралы əнгімелерінің орны
бөлек қой...
– Ғабең Ғабең ғой. Əйел – сезімнің құлы. «Əйел дегеніміз
– əйел» деп Антон Чехов біліп айтқан болар. Əуелі Əуезовтің
«Каралы сұлуы» мен «Кінəмшіл бойжеткеніне» тоқталайыкшы.
Əйел жанының жыланша ыскырынған ыстық сезіміне осы
əңгімелерді оқи отырып терең бойлайсыз.
Əуезов əйелдің ең мықты да ең осал нəсіл екенін ұлы
шеберлікпен суреттейді. Қаралы алты жылды бастан өткерген
Каракөз əйел басындағы ағаштай катты, жібектей жұмсақ
жесірлік дегеннің не екенін өз көңіл-күйімен паш етеді. «Сол
жылдардың ішінде көлденең қараған көз қаншалық қадалса да,
Қаракөздің сыртына шыққан не əлсіздік, не кобалжуды көре
алған жоқ. Бірақ, сол уақыттарда Қаракөз көрген азапты білсе
еді жұрт!..» деген жолдарды окығанда «Қайран біздің аналар
арды ойлаған» деген Мүқағали жыры қабат еске түседі. 1925
жылы жазылған əңгімені оқи отырып, 41-жылғы келіншектерді
– қазіргі таяқ сүйенген аналарымыздың бел буынған келіншек
кезін көз алдымызға əкелер едік.
Əйел жеңіп шықты, ол сарғайып жол күтіп жүріп жеңіске
жетті. Əуезовтің «Қаралы сұлуы» 25-жылы жазылғанмен жас
жесірлердің қазақ əдебиетіндегі полотносы секілді. «Кінəмшіл
бойжеткенде» де əйел жанының сірілігі көзге ұрады. Тіршілік
күндерінің көбін кінəлаумен өткізген əйел өзіндік «менін»
нəпсіден биік қояды, ол өзінің тіршілікке қажеттігін сауыттағы
уды колына ұстап тұрып түсінеді. Удың алдында Адам қайраты
жеңіске жетеді. «Сөніп-жану», «Ескілік» көлеңкесінде, жал-
пы ұлы Əуезовтің 20-30-жылдардағы жазған дүниелерінде
дала қасіреті көзге оттай басылады. Оқығандардың белгісіз
болашағы, жылкы баққаңдардың бас жарылған барымта
трагедиясы, осылардың бəрінде де əйел бейнесі суырылып
алда жүреді. Бұлардың ең басында күні бір Құдайға караған
он үштегі қорғансыз Ғазиза бастаған үш мұңлық – үш əйел.
Олар да даладағы Адам-тағылардың жемтігіне айналады. Дала
трагедиясының астарын əйел тағдырымен əдіптеген ұлы туын-
ды осы «Қорғансыздың күні».
– Ұлы Əуезовтен кейін?
– Сəбит Мұқановтың «Ботагөзін» оқыған бала күнімізде
мұз үстінде жігіттің қолынан ұстап конькимен зыр қағып
сырғанаған қызды көз алдымызға əкеліп, ішіміз шымырлап
жақсы көрдік.
– Осы заман əйелдерінің бейнесіне келсек...
– Кəмшат Дөненбаева, Ұлбала Алтайбаевалардың еңбектегі
коммунистік биік бейнелері бесенеден белгілі. Енді сөз ба-
сында айткан Ғабеңе токталайық. Өмірде болған айтулы
əйел-аналарды көркем шығармаға арқау ету – əдебиет үрдісі.
Мəселен, Сəкенді ұстап алып кеткен сəтте жұбайы Гүлбаһрам
тірсегіне түскен қара шашын қиып алып, отқа тастапты. Осыны
«Сəкен сүйген сүлулар» сериясына көркем дүние етіп кіргізсе.
Ал,Ғабеңнің Ұлпаны өмірде болған тұлға. Ғабең осы тұрғыда
əлгі үрдістің үдесінен шығып тұр. «Ұлпан» – бүгін үлкеннің
де, кішінің де жүрегінде. Ұлтуған еркекшоралау өскен, сүйіп
тұрып өзгенің бақыты үшін өз бақытын тəрк еткен əйел. Бұл
бүгінгі «тəуелсіз тоқал» боп жүрген келіншектерге сабақ.
Өзгенің шаңырағын ортасына түсіру үшін емес, өзі сүйген
адамының шанырақ бақыты үшін ет жүрегі езіле күйзелген
Ұлтуған – нағыз əйелдің «еркегі». Оның жүрегі де Ұлпанның
жүрегіндей үлкен, өзі үшін емес, өзге үшін көбірек лүпідейді.
Ал, Салтанат пəк те нəзік, дойыр боп жаратылған пендеге
деген махаббатын сол нəзік жүрекке сыйғыза білген. Бұлар –
қатыгез махаббаттың кейіпкерлері. Шұғаның тағдыры да көз
алдыңа көлеңдейді. Екі бейне де жетпісінші жылдардағы соц-
реализм əдебиетінің үлкен табысы. Екі əңгіме бойынша ки-
нофильм түсірілді. Екі шығарма да саясатқа карай бұрмалан-
ды. «Ұлтуған» арқылы Арал тағдыры, жүдеп-жадаған теңіз
жағалауы көрсетілсе, «Гауһартаста» – атаның ақ таяғына ие бо-
лып қалу дəстүрі, шұбартаулықтардың бастамасын колдау бар.
Ол шынайылығымен жұрттын жүрегін баурады. «Бота-
гөзді» 50-60-жылдары құдалықта қоржын басына салатын
болыпты. Кітапты бір-біріне қимаған құдалар реніші де
осы «Ботагөзден» басталған дейді. Əдебиетке деген ыкылас
осындай-ак болар...
Сосын Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» бəріміздің
жүрегімізді жаулады. «Макар Чудрада» қос ғашық бірін-бірі
көріп тұрып, тəкаппарлықпен өлімге қиса, бұлар бір-бірімен
көрісе алмай амалсыз ажалға мойынсұнады. Ғашықтық дерті
ажал боп жеткен Шұғаның бейнесінде жасандылық жоқ.
«Шұға десе Шұға еді-ау!» деп аһ ұрған əңгімені баяндаушы
да, шығармаға қатысушы кейіпкерлер де қаламгер шеберлігін
үнсіз бас изеп мойындап тұрғандай. Ал уақыт сахнасына əйел
белсенді боп шыға бастаған кездердегі Биағаң шеберлігіне
тағы да тəнтіміз. «Раушан коммунист» пен «Күлтай болыс» –
осындай шығармалар. Дос пен қасты басына таяқ тигенде ғана
айырған коммунист Раушанның күйеуі тектестер қазір де ара-
мызда жүр. Бірақ, ол кездің белсенділері Раушан мен Күлтай
барлық уақытта күйеуінің көңіліне қарап, қанша белсенді
болғанмен, осы шығармаларда біздің ұлттық менталитетіміз
көзге ұрып тұрады. Ал осы екеуіне қарама-қарсы бейшара бей-
не – Күлпаш. 20-жылдардағы жұттың трагедиялық панорама-
сы əдебиетімізде тағы да əйел тағдыры арқылы бейнеленеді.
Баласы мен ерін аштықтан құтқару үшін саналы түрде екінші
ерге шықкан Күлпаш: «Əттең кедейлік, əттең аштык, – деп
опынады.
Қоғамымыздың басынан не өтпеді, əйел не көрмеді.
«Мақтым ренжімесе, басқа байға тидің деп ашуланбаса, ескі
тұрмысқа кайта қайту да ойында жоқ емес» еді. Аштық тура-
лы қаншама деректі, көркем шығармалар жазылды, бірақ осы
алты бет əңгіме алапат аштықпен тапталған ер намысын қабат
көз алдыңа тартады. Шаңырағын сақтау үшін неке салтынан
аттаған Күлпаш ескі үйіне қайтып келе жатып: «Қарағым-ай,
етті көргенде не дер
«Əйел тұрмай, еркек оянбайды» деген халық даналығы эпи-
граф етіп қойылыпты. Демек, əйел – қозғаушы күш екендігі
шығарманың лейтмотивіне айналған. Ұлпан «бет-аузына кісі
тура қарай алмайтын қара шұбар Есенейдің Мона-Лизасы бол-
ды. Сүйіктісіне, ақылгөйіне айналды. Ұлпанның ақылымен
малды боп қалған кедей-кепшік оны «екінші Есеней» десе, сөз
зергері Ғабит Мүсірепов: «Ұлпан байғұстың бұдан кейінгі он
жыл өмірі еркек шыдай алмас, əйел ғана шыдар азапта өтіп
жатыр» деп суреттесе, əйел қайткенде де еркек шіркіндерден
төзімді екендігіне көзіміз жеткендей. Ұлпан да Ғабеңнің өлімді
жеңген əйел-аналарының санатынан орын алып тұр. Жазушы
Адам Мекебаев «Өкпек желдің пəрмені» («ҚƏ», 45) атты
мақаласында бір көмескі көріністің жаркыратып бетін ашады:
«Осы бір қазақ прозасында алғаш экзистенциализмнің ны-
шанын байқататын ғажайып шығарманы («Ұлпан» романын
айтып отыр) сыншыларымыз дұрыс талдап түсіндіріп берген-
де əлем əдебиетінің қатарына қосу үшін көтермелеуге əбден
жарайтын-ды. Бірақ шындығы былай тұрсын «Ғабит Мүсірепов
тағы бір тамаша туындысымен əйелдер образының галереясын
толықтырды» деген сияқты жаттанды пікірден əрі аса алған
жоқ» дейді. Ғабеңді қандай сырбаз деп естісек, шау тартқан
шағында да əйел жанының мөлдірлігін майдан қыл суырғандай
етіп суреттеуі кімді де болса таңғалдырады. Мүсіреповтің
шығармашылық биік эстетикасы жаны қартаймай өткен да-
рын дегенді ауызға салады. Ол – əйел жанының қалтарысын
түк қалдырмай көрсете білетін шебер ұста. Мұндай ұсталар тек
туа бітеді.
– Басқа да сақа қаламгерлер шығармаларындағы
əйелдер образы туралы не айтар едіңіз?
– Кемелденген социализм қоғамында «мен əйелмін!» деп
суырылып шыққан екі əйел бейнесін білемін. Бұның бірі –
Сайын Мұратбековтің Ұлтуғаны да, бірі – Дулат Исабековтің
Салтанаты. Екеуін де оқырман жақсы қабылдады, екеуі де есте
қалды.
– Қуандық аға, өзіңіз де əңгіме, хикаяттарынызда əйел
«мəселесіне» көп қалам тартқаныныз белгілі. «Біздің
мекемедегі махаббат маусымы» хикаятыңызды жастар
аузынан тастамай айтып жүреді. «Інген жетелеген шал»
əңгіменізді оқыған бір келіншектің «соғыстың кезіндегі
сорлы əйелдер-ай!» – деп күрсінгенін көрдім...
– Бұл хикаятка негізінен шенеуніктік кеңседегі өмір ар-
қау болды. Такырыбы – саясат, махаббат – саясаттың
қапталындағы «фон» ғана. Карамзиннің ашық теңізде бəрін
өлімнен құткарған бір кішкентай қызы секілді қатып-семген
кеңсенің өңіне қан жүгірткен кейіпкер сол Гүлбаршын еді.
Дулат ағамның «Мынау қазақтың «Служебный романы» ғой»
деген жымиысының астарыңда біраз сыр жатыр-ау деп ойла-
дым. Ал «Інген жетелеген шалда» күйеуі соғысқа кеткен жеңгесі
мен əбден бойжетіп отырған қайын сіңлісінің ілінісіп қала бер-
ген көңіл-күйін байқаған ақсақал-əкенің екі ұрғашыны ауыл
шетіне шығарып, түйеге мінгізіп қыдыртуы – көргенділік əрі
өмір тəжірибесі, біреудің жан-жарасын жеңілдету үшін өзінің
ар-ұятын белге түю секілді көрінеді. Қиын сəттердің бəрінде
де көргенді ата-аналар жас əйел жанының бабын ақылмен таба
білген. Əсіресе, соғыс жылдарында.
Оқырманға «Егемен Қазакстанға» шықкан «Диуананың
қызы» көбірек ұнаса, өзіме «Əйелдің арманы мен мұңы»
атты əңгіме ұнайды. Некесіз туған ұлының тексіздігін жүрек
калтасына жасырып, жанұшырған Ана бəріне шыдап, бетіне
күйе жаққандардың ешкайсысынан айылын жыймаса, өзінің
өмірдегі басты айыбын Отан қорғап, теңін табар ұлының бетіне
шіркеу ғып түсірмеу – Ананың бар арманы. Мұңы – адамдардың
еншісінде. Жалпы, əдебиеттегі əйел мен махаббат туралы
айтқанда «Теңізден соққан дымқыл жел теңіз толқындары мен
жағалаудағы жапырақтарды алысқа алып кетіп жатыр» деп
басталған «Макар Чудраның» алғашқы жолы, курстас Ораздың
тебірене шыққан қоңыр даусы құлағыма естіледі.
– Əңгімеңізге рахмет!
«ҚҰС ҚАЙТАРУДАН»
СОҢ...
Қазақтың дəстүрлі өнері – күйшілік туралы əңгіме
қозғағанда Əбдулхамит РАЙЫМБЕРГЕНОВ есімі де
ерекше аталады.
Күні кеше ғана М.Əуезов атындағы академиялық дра-
ма театрында Қазанғаптың «Құс қайтару» күйімен аттас
шығармашылық кеші өткен күйшіні осы кеш соңында
бірауыз əңгіме тартқан едік.
– Əбеке, біздің естуімізше, өнерсүйер қауым өзіңізбен
осындай сахнада он тоғыз жылдан кейін қауышып
отырған көрінеді. Мерейтой үстіндегі осы қуанышыңыз
құтты болсын!
– Рақмет! Алла тағаланың бойыма осындай күш-қуат
беріп, оны өнер деген қасиетті салаға жұмсауыма мүмкіндік
жасап, тіршілік сыйлағанына мың да бір тəубе деймін.
Өнер деген де бір бақыт құсы сияқты, қонатын адамға ғана
қонады. Əу бастан өнер қонған қазақтың баласы болғаныма
шексіз бақыттымын. Ауыл баласы – дала баласы ғой. Сайын
даланы гуілге ызылдаған желдің өтінде, сол сиқырлы желдің
ыңылынан бір ғажайып əуенді іздеп өскен дала баласымын.
Үйдің қай бұрышынан шықсаң да алдыңды орай жөнелетін
аңызақ желдің əуені құлағымыздың құрышын қандырып
өскен ұрпақпыз ғой. Бойымдағы барымды ана сүтімен
дарыған қасиет десем де, əлгіндей дала сыбызғыларының
үні кішкентайымнан тербеп ержеттім. Сондықтан болар,
Құрманғазы, Тəттімбет, Қазанғап, Диналар ойнаған қасиетті
қара домбыраның тиегіне саусағым тигенде ерекше шабыт-
танамын. Күйдің сиқыры əлі жұмбақ маған. Осы салада
небір тынымсыз еңбек етіп келе жатсам да, кез келген күйді
орындау барысында ұшы-қиыры жоқ шексіздік жолығады
да тұрады. Одан бетер өзіне ынтықтырып, санамды
қызығушылық билейді. Күйді орындау бар да, оны түйсіну
бір бөлек əңгіме ғой. Қарап отырсаңыз, əрбір күй – аңыз,
дастан... шертеріде айтары да сан тарау.
Алғаш рет консерваторияны бітірер жылы осындай өнерге
деген ынтызарлық мені беймəлім бір əлемге сүйреді де тұрады.
Жаспыз, баста идея жетеді. Тек қана іске асыра білу керек.
Онсыз да қала тіршілігіне еніп кете алмай келе жатқан қазақ
мектептерінің жоқ кезі. Бірен-саран, тіпті дəлірегінде екеу-ақ
болды. Консерваторияны бітіріп, институтта жүрген кезім.
1984-85 жылдар. Жалпы білім беретін мектепте таза өнер
класы неге ашпасқа деген ой келді. Сөйтіп жүргенде əйгілі
86-шы жыл келіп қалды да, өнерге, өзіңнің тума өнеріңе таза
жанашырлық көрер көзге бұрмаланып, ұлтшыл деген атпен
мектептен қуылдым. Бұрын мектеп жасындағы балаларға
өнердің тарихынан хабардар болсын деген ниетім, осыдан
кейін шын мəнінде ұлттық патриотизмге айналып шыға келді.
Халқымыздың шынайы өнері неге ұрпаққа үйретілмеуі тиіс,
неге ата-баба өсиетінен тыс қалуы керек, қойшы əйтеуір, сана-
ны мазалаған талай сұрақтар күніз-түні есімді алды. Осылай
бас қатып жүргенде №159-мектепке Аягүл Төреқызы қызметке
шақырды. Қазақ мəдениеті мен өнеріне деген қамқорлық, тіпті
қазақ тіліне деген сұраныстың мүлдем ойға алынбақ түгілі,
аздаған бас көтерер азаматтардың қудалауға түсуі ол кісінің
де жанын ауыртып жүрсе керек. Қазақ мектептері жоқтың
қас. Дегенмен ел балаларын қазақша оқытуға көше бастаған
кез. Əр сыныпта 35-40 баладан. Өнерге қабілеті бар ма жоқ
па бөлмей жаппай домбыра үйрету алғашқыда өте қиын бол-
ды. Өйткені, оң мен солын енді-енді танып келе жатқан жас
бала домбыраға қаламын салып, не болмаса тиегін үзіп де-
гендей ойнап отырытын-ды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің
сабағына қатысып, ақылдасып, кеңесіп жүргізуге тура келді.
Психологияны, балалар психологиясын, педагогиканы қайта
қарауға тура келді. Шетел тəжирибелеріне сүйендім. Сол
үшін Прибалтикаға барып, жүздеген бала қатысатын хорла-
рын тыңдап, үйрендім.
Қай жерде қандай дəстүр бар, үйрететін əдістемелер
жинақтаумен, зерттеумен болдым. Аяғымыз жеткен елдердің
дəстүрлі музыкаларын тыңдап, үйреніп, зерделеп біраз жыл-
дар өтті. Сөйтіп «Мұрагер» атты тұрақты бағдарлама дүниеге
келді, оқулықтар шықты, методикалық əдістемелер жарық
көрді де, министрліктен бекіді. Тек домбыра үйрену емес,
сонымен қатар көне аңыз-күйлерден бастадым. «Қасқыр»,
«Ақсақ құлан», «Нар мінген», «Ботасын іздеген боз інген»,
«Қос мүйізді Ескендір» сияқты аңыз-күйлерді тарта бастадық.
Бұл – домбыраны сөйлете отырып, үйрену əдісі. Содан кейін
Құрманғазы, Тəттімбет, Диналар, Ақан сері, Біржан салдарға
түсіп, оның өзінде қиындатпай, тұмыс-салт жырларын лекция
сияқты емес, қызықтыра отырып оқу-əдістемелік тəсілмен
үйрендік. Айтыс дəстүрін өздігінен өлең шығаруға пайдалану
арқылы он бір буында өлең құрайтын жыраулық дəстүрлерге
көше бастадық. Біртіндеп Еуропа музыкаларын тыңдаймыз,
үйренеміз. Жалпы, ойым өзінің дəстүрін, мəдениетін, қара
домбырасын, терме жырларын, əнін білу, біліп өсу кез келген
пенденің міндеті. Мейлі, ол музыкант болмай-ақ қойсын, сол
өнер арқылы өз тарихын, мəдениетін біліп, түйсініп өссе де-
ген ой мақсатқа айналған. Өнерді сүйген адамның қай салада
жүрсе де, көкірегі ояу, ашық болады.
– «Өнер алды – қызыл тіл» демекші, осындай мақсат
қойған сексенінші жылдардың өзінде, Сізді болашаққа тіл
мəселесі қатты ойландырған-ау, өйткені, өнердің өзі – тіл
ғой...
– Өз басым өнерді, əсіресе музыканы тілден бөле алмай-
мын. Өйткені, музыка тілі – ортақ тіл. Қанша ортақ дегенмен
де, сол халықтың өзіне, өзінің туған тіліне тəн екені тағы да
жасырын емес. Мəселен, біз неге тағы да қытайдың, жапонның
музыкасын қызығып тыңдағанмен, өз ұлттық əуендердей ра-
хат сезімге бөлене алмаймыз. Əуені құлаққа қанша қонымды,
жағымды болғанмен, мəселе түйсінуде, түйсінуде екені анық.
Ал домбыраңыз «Аман бол шешем», «Қайран шешем» деп
безілдей жөнелгенде сөйлеп тұрған сияқты əсер аламыз,
түсінеміз. Сондықтан да тіл мен музыканы егіз ұғым десек
те, əр халықтың түйсіну, ұғыну үшін тілі бірінші орында
тұратыны белгілі шарт.
Қазір ойлап отырсам, ұлттық тəрбиенің жоғалып, ұлттық
үрдістеріміздің тарихтан мүлдем сызылып қала жаздаған,
ұлттық патриотизмнің жарасынан қан тамған бір қиын жыл
екен. Əркімнің ішінде өнерге, тілге деген жанашырлығы бол-
ды, бірақ ашықтан-ашық əңгімеге зауқы жоқ. Туған халқыңа
деген алаңдаушылығын арандатушылық сияқты кері əсер,
кері пікір сияқты. Амал жоқ, үнсіз ғана, тып-тыныш іс жүргізе
беруге тура келді. Жылдар жылжып тоқсаныншы жыл да
тарих қойнауына енді. Бабалар аңсаған тəуелсіздік туы да
алыс тан желбіреп, белгі бергендей. Елдің еңсесі де көтеріліп
қалғандай. Кеудені кернеген ашу-ызаны жиып қойып, осы
бір мақсатқа таза бетбұрыс жасауға бел будым. Мектептегі
жұмысқа қосымша теледидар арқылы республикамыздың
түкпір-түкпіріндегі балаларға домбыра үйрететін кезеңге
де жеттік. Менің қуанғаным, Ақтөбе, Көкшетау өңірлерінде
түсіруге барған сапарларымызда 700-800, тіпті кейбір аудан-
дарда мың балаға дейін эфир арқылы ғана домбыра үйренген
болып шықты. Студиядағы жиырма бала ғана емес, экран ал-
дында мыңдаған қазақтың қара домалақтары ұлттық аспабы-
мызды үйренгені одан сайын жігерлендіріп, желпінтіп таста-
ды. Өйткені қазақтың қара домбырасын үйренген баланың
санасында өзінің туған халқының тіліне, діліне деген де ма-
хаббаты ерекше болып өсетіні белгілі.
– Шынында да, сол жылдары тілге насихаттың керегі де
жоқ болды емес пе? Қазақ тілінің, қазақтың айтыс өнерінің
майын тамызған Надежда апамызды айтпағанның өзінде,
өнердегі орыстың үш Татьянасы халық əндерін қалай
орындаушы еді?..
– Өнер мəселесінде, əсіресе, тіл мəселесінде қажеттілік,
міндетті түрде қажеттілік туғызу керек. Қарапайым ғана
мысал, неге қазір «ағылшын тілін үйрен» демей-ақ көбіміз
ағылшын тілін үйреніп жатырмыз. Əуелі ақша төлеп,
іздеп жүріп, тіпті үйге шақырып үйренеміз. Өйткені, оған
қоғамда қажеттілік бар. Сол сияқты қазақ тіліне де осын-
дай мəжбүрлік енгізу қажет. Егер кез келген билік орнына,
яғни мемлекеттік басшылық орынға қазақ тілін білмейтін
адам отырса, ол орынды босатуға тиіс деген бұйрық бол-
са, мемлекеттік тілге сұраныс көбейер еді Оған пəлендей
каржының да керегі жоқ, тек заң жүзінде белгіленсе, ешкім
ешкімге жалынбай-ақ шаруа реттелер еді. Міндеттесе ғана
орындалар еді. Қазақ тілін білмесең болашағың бұлыңғыр
деген психологияны мықтап үстанғанда ғана елдің санасы-
на сілкініс тудыра аламыз.
Бізде қазақ мектептері туралы сұраншақ, ақша жинағыш
деген жансақ біржақты пікір қалыптасқан. Ал негізінен
қалай болғанда да, қазақ мектептерінің оқушылары өзге
ұлт өкілдеріндей емес, кішіге мейірімді, үлкеннің алдын
кеспейтін ұлттық тəрбиенің нышаны бар орта. Қайткенде
де айырмашылық көзге ұрып тұрады. Əрине, көретін көз
болса ғана, кемшілікті тізе бергеннен гөрі жақсы жақтарды
көп əңгіме ету керек сиякты. Адам құқығын қорғауға көп
мəн берілуі керек. Бізде адамнан гөрі көне ескерткіштерге
қамқорлық ерекше. Ол, əрине, тарихи шежіре, оны қорғау
қажет, келешек ұрпаққа жеткізу керек. Ал мына жапон елінде
керемет бір саясат бар, ол – адамды қорғау. Ескерткіш ретінде
үстеріндегі түтынып жүрген киімдерін, үстанып жүрген
қалам-қағаздарын, колөнер, жазу, сурет салатын, ұлттық
дəстүрлеріне қатысты адамдарды мемлекет өз қарауына ала-
ды. Яғни, сол адамның қай салаға бейімділігіне қарай, баска
проблемаларға мойын бұрғызбай, тек сол салаға күш-жігерін
жұмсауына, соны өсіріп, өркендетуге жағдай жасалынған.
Оның қолынан шыққан өнім тек сол мемлекеттің ғана тұтыну
үшін өздері ғана сатып алу дəстүрі бар. Бізде мүлдем басқаша,
əркім нарықтық экономика деп, əр саланың басын бір ша-
лып, ақының да, мүсіншінің де асаба болған, екінің бірі əнші
болған заман туды. Олай етуге болмайды ғой, ұстазсың ба,
шəкіртіңді дайында, барыңды оқушыға жұмса. Дұрыс, қазақ
халқы əу бастан ақынжанды, əнші-күйші болған. Бірақ дəл
бүгінгідей былық ешқандай қоғамда болмаған. Кəсіпкерің
де, өнер адамы да қаржыға зəру. Қай салада бол сын, қай
тірлігің болсын келіп қаржыға тіреледі.
Франция, Испания, Америка, Жапонияға болсын, əйтеуір
жылына бір-екі мемлекетке барып, концерт беріп қайтамыз.
Олар менің Алматыдан, үйімнен шыққаннан бастап, қайтып
үйге оралғанға дейінгі аралықтағы бүкіл қажеттілігімді
өтейді. Тіпті қаражат түгілі, барғанда зал тола ма, жоқ па –
ештеңеге бас қатырудың керегі жоқ. Менің дискілерімнің өзі
осы шетелдерде шықты. Ал бізде ше? Мен кешегі концертімді,
19 жылдан соң, сонау 1988 жылдан кейін өткізіп отырғаным.
Өйткені бізде жарнамадан бастап, жалға алу, билет өткізу,
ең аяғы бұқаралық ақпарат көздеріне-теледидарға жазудың
өзі қиямет-қайым. Шығын шаш тектен екенін айтпағанның
өзінде, қаншама жүйке тамырларыңды қиясың. Шаршайсың.
Өнерден лəззат алудың орнына көрерменің де, өзің де баз
кешіп кететіндей жағдай. Ал, шетелдіктер біздің өнерімізді
зерделеп, зерттеп, келешекте сол ұлттық мұраларымызды
өзімізге пəленбай қаржыға қайта сататын кез туады десең,
сенерсіз. Олардың қазақ өнеріне, қазақтың қара домбырасына
ықыластары ерекше.
– Шетелге көп шығасыз, қазақтың ұлттық өнеріне,
таби ғатына ұқсас елдер бар ма?
– Шынымды айтсам, салыстырып көрмеппін. Бірақ
Фран цияға барғанымда, залдың толып отырғанын көріп, бір
жарым-екі сағат бойы тапжылмай күй тыңдағандары қатты
таңғалдырғаны бар. Бұл құбылыстың сырын сұрағанымда,
«Сіздердің музыкаларыңызда архаизм бар, шындық бар,
концерттен шыққанда соншалықты тазарып шығамыз» де-
ген жауап алдым. Францияның Париж қаласында Дүниежүзі
халықтарының музыкалық аспаптарын сақтайтын орталық
бар.Онда адам түгіл қай музыканың жан-жануарларға, аң-
құстарға қандай əсер ететініне дейін тексеріп, зерттейді.
Əр музыканы ойнатады да, сосын тоңазытқышқа салып,
қандай композитордың шығармасынан қандай тазалық,
христаль шығатынын тексереді. Адамның 70-80 пайызы
судан тұрады десек, сол музыканың адам ағзасына тигізер
психикалық əсерін осындай жолмен анықтайды. Шынында
да кейбір рок концерттерден кейін байқасаңыз, у да шу
халық, темекі түгіл нашақорлыққа салынып, не істеп не
қойғанын байқамай жатады. Оны теледидар арқылы күнде
көріп те жүрміз.
– Музыка тілі – ортақ дедік, дегенмен шетелдіктердің
қабылдауы қалай?
– Олар біріншіден, барар алдында бүкіл бағдарламаны
өздері жасап шығады. Ол концертте орындалатын əрбір
күйдің, əрбір шығарманың тарихын, нендей сыр айтқысы
келетінін, бүге-шүігесіне дейін сұрап, сол арқылы үлкен
бағдарлама жасайды. Концерт жүріп жатқанда залда элек-
тронды титр арқылы да біліп, оқып отырады.
– Мектептің бүгінгі жағдайы туралы да бірер сөз айтып
кетсеңіз?
– Бұрын Ə.Қашаубаев атындағы «Көкіл» музыка мектебі
болсақ, соңғы екі жылда жалпы білім беретін мектеп-
ке айналдық. Бірақ міндетті түрде домбыра тереңдетіліп
оқытылады. Сонымен қатар, ағылшын, парсы тілдері,
дүниежүзілік би сабағы дейсіз бе, əйтеуір бала жан-жақты
болып өседі. Бір қызығы, оқушылардың өнерге соншалықты
жақын бола тұра, математикаға қабілеттері өте керемет. Соған
орай математика-физика мектебіне айналдық.
Құдайға шүкір, республикамыздың жоғары оку орын-
дарының бəрінде біздің шəкірттеріміз баршылық. «Көкіл-
дің» ыкпалымен ашылған республика бойынша 51 мектебіміз
тағы бар. Балқаш, Талдықорған, Павлодар, Арал, Қызылорда,
Ақтөбе, Орал облыстарының аудан, ауылдарында 3000-нан
астам қазақтың қара домалақ балалары домбыраға, қазақ
өнеріне ден қойған. Бұл ретте айта кету керек, біздің тыныс-
тіршілігімізге бір кісідей атсалысып келе жатқан дүниежүзілік
«Аға Хан» қорының көмегін, қолпаштауын айтпай кетуге
болмас. Өз елімізде жүріп көре алмаған қамқорлықты жа-
сап отырғанын жасыра алмаймыз. Əлгі мектептерден жылда
мүғалімдер Алматыда бас қосып, тəжірибе алмасып, пікір
алысып, кездесулер ұйымдастырып тұрамыз. Өзім де жиі ба-
рып, бақылау жүргізіп қайтамын.
Менің мақсатым, əу бастан бала тəрбиесіне бесіктен белі
шықпай жатып ұлттық көзқараспен қарауға, сол арқылы төл
өнерімізді, туған тілімізді бойына дарытуға, өнер дегеніміз
тазалық, адалдық дейтін болсақ, сол қасиетпен баланы жастан
сусындатуға бір тамшы болса да үлес қосу еді. Сол жолда пе-
дагогика мен психологияны, одан қала берсе өзімнің қалаған
өнер жолымды қатар алып жүрсем, сол жолда еңбек етсем де-
ген мақсат...
ІІІ БӨЛІМ
Қыз – сағыныш
ШАРАПТЫҢ ҚЫЗУЫ
Өз ойынан өзі шошып кетті. Қайда, неге асығып келеді? Оны
ойлап та жатпады. Жан дүниесін əлем-жəлем күйге түсірген
телефондағы таныс дауыс əлі құлағында тұрғандай.
Осы бір жүрегін шырмауықша шырмап алған арам ойдың
қалай басталғанын есіне түсіргісі келді. «Анадан ала да
туады,құла да туады» дегендей, туған қайынағасына деген
кекшіл көңілден басталып еді-ау...
Иə... Ішкені алдында, ішпегені артында молшылық жерден
осы шаңыраққа келін боп түскенде он сегізден сəл-ақ асқан
шағы еді. Ата-енесі төңірегіне ақылдылығымен қоса байлығы
да асып тұрған кісілер екен. «Кенжем қолымда болады» демеді,
дүрілдеген тойдан соң қалаға аттандырды. Сұлу да сымбатты
Бекен өнер институтының соңғы курсында болатын.
Тұңғыштары мектепке барар жылы араға жыл салып атасы
мен енесі қайтыс болды да, тірнектеп жинаған мал-мүлкін са-
тып, қайынағасы да қалаға көшіп келді.
Жастықтың, махаббаттың қызығымен жүрген бұлар ол кезде
пəтер түгіл, күнделікті жолдастарымен бөліп ішкен сүтсіз қара
шайларына мəз болатын. Дипломдары қолдарына тиген жылы
екінші ұлдары дүниеге келді. Оның қызығымен жүріп тағы
да бірнеше ай өтті. Қазақтың танымал өнер жұлдызы диплом
жетекшісі болған Бекен бұл кезде театрға бекітіліп, жұмыс істей
бастаған. Республикадағы қазақтілді басылымдар оның талантты
өнері, болашағы туралы мақалаларды үзбей жариялап жатты.
Күнде жиын, күнде той... Оған пəтер иесі орыс кемпірі
Галина Владимировнаның да еті үйренген.
Осындай қонақтан кейін дастарқан жинаумен жүріп, үйге
қайынағасы Мəкеннің кіргенін де байқамай қалыпты. Қасында
ылғи екі елі қалмай жүретін бизнесмен жолдасы.
– Немене, тағы да кісі күткенсіңдер ме? – деді қайынағасы
кекесін үнмен. – Өздері тойшыл-ақ, одан да ақшаларыңды жи-
нап үй алу жағын ойламайсыңдар ма?
«Қайдағы ақша, жұмысқа енді тұрып жатыр ғой» дегісі
келді, демеді.
Қаталдау болғанмен, қайынағасы жиі келіп, хабарласып тұратын. Қасында үнемі əлгісі. Аты – Сағит екен. – Келінің келісті келіншек, – деген сөзін құлағы шалды бірде. – Ұл туғыш өзі жұдырықтай болып,– деген қайынағасының сөзі төбесінен қос қолдап қойып қалғандай əсер етті. – Бірақ əйелді байлық пен барлық қана көріктендіреді, – дегенін түсіне алмады. Шай құйып отырып олар жаққа қарамауға тырысты. Қараса болды жылап жіберетіндей қорықты. Шынында да ештеме ойламайды екенбіз ғой. Əйелі, екі қызымен кең сарайдай екі қабатты үйде тұрып жатқан қайынағасы неге көмектеспейді екен? Он жыл пəтерден пəтерге көшіп келе жатқан өзінің күйеуін тұңғыш рет жек көрді. Соңынан ерген жалғыз бауырына, ел біліп, халқы танып қалған інісіне мейірленбейтін қатыгез қайынағасын да біртүрлі жек көре бастады. Кешке спектакльден шаршап келіп, аһылап-уһілеп жататын күйеуін ойлады. Əйелін қойшы, екі ұлы үшін неге тірлік жасамасқа? Ынжық дейін десе келмейді, еті тірі, пысық-ақ сияқты. Сөйтіп жүріп қайынағасына қас қылғандай үшінші ұлы дүниеге келді. Неге екенін кім білсін, əйтеуір абысыны мен қайынағасы құтты болсын айтып та келмеді... *** Үлкендерін мектепке шығарып салып, кішкене демалайын деп жата бергені сол еді, есік қоңырауы безілдей жөнелгені. – Бұл кім? – Мен ғой, ағаң Сағит. Қасында қайынағасы да бар шығар деп көңілсіз есік ашты. Жалғыз екен. Қолында бір бума гүлі бар. – Өй, өзің қандай əдемі боп кеткенсің, – деп бетінен сүйді. Өзінің асығыс екенін, мүмкін болса суық су ішіп кететінін айтты. Жүгіріп барып су əкеп берді. Осы кезде бесіктегі нəресте шар ете қалды. Есі шыққан келіншек баласына жүгірді.
– Мынау кішкентайға көрімдігім–деді үстел үстіне ақша тастаған Сағит шығып бара жатып. Баласын уатып, есік жабуға шыққанда үстел үстінде жатқан шетелдің екі көк қағазын көріп шошып кетті. Біресе төсектің астына, біресе киімдердің арасына тыққыштап, есі кеткен. Аядай бөлмеде екі жапырақ қағаз тығар жер табылар-ау, мына кеудесіне сыймай дүрсілдеген жүрегін қайда қояр?! Бірнеше күннен кейін телефон шалған Сағитқа: – Ағатай, ақшаңызды алып кетіңіз, ондай көп ақша ала алмаймын, – деді. – Ол саған емес, ана танауы пысылдап жатқан жаманға, – деді ағасы. – Жоқ, сонда да. Бекенге не деймін, ол ренжиді. – Қызық екенсің, оған айтпай, өзің жұмсауға болмай ма? Ыза болған бұл телефонды тастай салды. Пəленбай жыл тұрып не киіп, не қойып жүрсің, мына жатақты қашан үйге ауыстырамыз деген ой келмейтін алаңсыз Бекенді осылай тұңғыш рет алдады. Бір күндік ішіп-жемге мəз болған ойсыз бір пендеге санап, аяп та кетті. Осылай-осылай басталған қатынас шынында да келіншекті белгісіз бір бағытқа жетелеп бара жатқандай. Енді,міне сол кісімен кездесуге асығып келеді. Орталық дүкен алдында күтіп тұрған оны көргенде жүрегі алқымына тірелді. – Сенің жұмысқа тұрғаныңды атап өтейікші деп едім,–болды оның сөзі. *** Екеуі үстелді жайнатып жіберді. Қуырылған балық, тауық дейсің бе, əртүрлі жеміс шырындары. Үстеліне жайған аппақ скатерть пен жиегі алтындалған фужерге шампан құйылды. Осы уақытқа дейін талай қуаныштар, өксікке толы талай қиындықтар өткенін еске түсіріп өтті. – Осы күнді қанша жыл күттім десеңші, – деді қасына жақындап отырған Сағит. Саусағындағы алтын жүзігі жарқ етіп, қолын тізесіне қойды. Келіншектің тұла бойы дірілдеп кетті.
– Ой, Бағилаш-ау, сен тоңып отырсың ғой, күштірегінен ішейікші. Бүгін күн де салқындау екен. Шынында да далада жауын құйып тұр екен. «Не істегелі отырсың?» дегендей, тұнжыр аспан көз жасын төгіп тұр. Мұның да жылағысы келді... *** Ертеңінде телефон даусынан шошып оянды. – Бəке,– деген дауысты естіп қоя салды. Ұяттан өртеніп бара жатқан өз денесіне ие бола алар емес. Жүгіріп барып суық сумен шайынды. Телефон қайта безілдей жөнелді. – Кешегі адресте жолығайық.. Оның даусы да жарықшықтанып шыққандай. – Жо-жоқ, бармаймын. Бітті, ешкімді көргім келмейді. Телефонды қоя сала диванға сылқ етіп отыра кетті. Қанша уақыт отырғаны есінде жоқ. Бірақ уақыт өтер емес, өзі мазасызданып, əлдекімді күтіп жүргендей күй кешті. Үнсіз тұрған телефонға əлсін-əлсін қарай береді. – Мен осында отырмын,– болды ар жақтағы дауыс. – Бармай-ақ қояйын, керегі жоқ,– деді бұл. – Келші, əңгімелесейік... *** Төртінші қабаттағы таныс есіктің қоңырауын басқалы жатқанда іштен кілттің сылдыры естілді. – Алақандай көзім есіктің кішкентай əйнегіне жабысып қала жаздады,– деп күле қарсы алды ол. Неге екенін өзі де білмейді, əлдене айтып еркелеп құшақтағысы келді. Бірақ өз ойынан өзі ұялып, беті ду ете қалғаны. – Аяғыңды шешпе,– деп туфлиін қайта кигізді. – Тоңып қалыпсың ғой, бүгін де ауа райы салқындау. Қолын үнсіз қысып, көзінен, шашынан иіскеп қойды. – Бірдеңе сұрайын ба, – деді сосын жалынғандай кейіпте. Үп-үлкен кісінің бұлай момақан бола қалғаны күлкісін келтірді.
– Кешегі туралы не ойладың? – Ештеңе, бəрі де шараптың қызуы ғой. Тұңғыш рет ішкенім, тұңғыш рет... – Білем, білем, інішекті де... тұңғыш рет... демексің ғой. – Иə. – Бүгін шарап араластырмай, түнді өз еркімізбен өткізсек қайтеді? – Болмаймын. Бола алмаймын! – Боласың! Боламыз! Екеуі бірдей күліп жіберді. *** Өң мен түстің, əлде аспан мен жердің ортасында жүр. Жаны ғана емес, бүкіл болмысы, тəні аңсап жатты сол сəтті. Қайтадан өмірге келіп, осынау құпия əлемнің есігін енді ғана ашқалы жатқан бейкүнə бойжеткен сияқты. Қайтсем көңілінен шығамын деп жатқан оның əдемі сөздері, аймалауы есінен тандырғандай. Тұрмысқа шыққалы мұндай сəт бастан кешпедім десе, күпірлік болар. Дегенмен, біраз жылдар төсек лəззатын міндеті ғана санайтын күйеуіне деген реніш бас көтерді. Ешкім айтып та, жазып та жеткізе алмайтын, тек өзі ғана басынан кешер рахат дүние өз тылсымына тартып бара жатты... *** – Төлқұжатыңды алып шық, – деді ертеңіне телефон шалған ол. – Мен саған үлкен сыйлық жасағым келіп тұр. Мəшинеге отырып Орталық тұрғын үй жөніндегі мекеменің ауласына келгенде де ештеме түсіне қоймаған. Сөйтсе... өздерін ыстық табыстырған қала ортасындағы екі бөлмелі пəтерін сыйлағалы жүр екен. Ат-тонын ала қашты. – Білесің бе, егде тартып, ел ағасы елуден асқанда жан дүниемді жасартып, ішкі жан сарайымды өзіңнің тəтті қылығыңмен толтырған саған сыйламағанда кімге сыйлайын. Тек қолымды қақпай, қалай, немен өтер екенмін деп бас қатырмашы. Байлығы ашылып-шашылып, кім көрінгенге сый-сияпат
жасап жүретін жан дегенде жалғыз бауыры жасамаған жақсылық... Тек қана арамдыққа ғана апарар шайтанның ісі деп өзін кінəлап жүрген тосын жағдайдың соңы осылай болар деп əсте ойламаған-ды. Жоқ бұлай ете алмайды. Есеңгіреп қалғаны сонша, қайда кетіп бара жатқаны да есіне кіріп шықпады. Есін жиғанда ғана өзіне таныс үйдің алдына келіп тоқтапты. – Міне, кілт. Өз қолыңмен ашшы, – деп қиылды ол. Қолын қалай созғаны,есік ашып қалай кіргені тағы да есінен адастырғандай. Мұның бəрі тəтті бір түс секілді. – Бұл біздің алғашқы офисіміз, – деді тоңазытқышты ашып жатып. Сонда ғана есін жиып үлгерген, өзі айтпақшы не үшін, қалай деп бас қатырғысы келмеген келіншек сыртынан келіп мойнына асылған күйі солқылдап жылап жіберді. Адам баласының, оның ішінде əйел затының көңілі бұзылса, жан дүниесі езіліп, қайдағы-жайдағы есіне түсіп, берекесі кететіні несі екен? Əке-шешесінің өзіне арнап жиған мүлкінен түк татырмай қойған адуын жеңгенің қылығы, жолдас дейтін жолдасы да жоқ кісікиік жалғыз қайынағасына, үндемес күйеуіне өкпесі, əйелдік намысы саудаланғандай болған қазіргі күйі, бəрі-бəрі өксікпен шығып, тазаратындай ұзақ жылады. – Болдың ба, болсаң мені тыңда. Қызық қусам, тек бір ғана сəттік нəпсіге тояттайтын болсам, маған қыз-келіншек табылар еді. Бірақ сен мен үшін ерекше жансың. Мəселе, сенің баспанаң жоқтықта емес, шалқып, толып-тасып отырсаң да осындай бір сыйлық жасар едім. Қаласаң енді кездеспей-ақ қоялық, өзіңе қамқоршы бола алатын, кез келген еркелігіңді, назыңды көтере алатын мені ұмытпасаң болғаны. Ол темекі тұтатып, үнсіз отырып қалды. *** Бір аптадан соң көшіп алды. «Ол неғылған үй, неге тегін тұрамыз, документі дұрыс үй ме?», – деп бір ауыз сұрамаған Бекенге бір жағы аңқаулығына қынжылса, екінші жағына қуанды. Қызмет бабымен шетелге жиі кететін Сағит ағасының үйі деген соң, мүмкін сұрамаған да болар. Орны-орнымен қойылған арзандау болса да дүниелері кəдімгідей-ақ жара-
сып қалды. Мұның асықпай ойлануын күтті ме, жоқ, жұмысы
солай болды ма, Сағит ағасы түрік еліне ұзақ іссапарға кетіп
қалыпты.
... Қызыл телефон безілдей жөнелгенде еріне келіп трубка-
сын көтерген келіншекке «Бүгін түнде Алматыда боламыз» де-
ген «ағасының» даусы анық естілді.
– Ертең түсте үйде күтемін. Сағындық қой, əбден,– деді
келіншек қуанышын жасыра алмай.
Үйге сыймай барады. Алып-ұшқан жүрегі, бір ысып,
бір тоңған балғын денесі əлдекімнің алақанын сағынатын
сықылды...
ҮШ ТАЛ ГҮЛ
НЕМЕСЕ МЫЛҚАУ ЖІГІТТІҢ МАХАББАТЫ
Ауылға барамыз дегелі балалар көңілді-ақ. Күйеуінің де
көңілі көтеріңкі. Олай болмай қайтсін,туған ауылға, өскен
жерге деген ыстық махаббаты бойын шарпып, өңіне күлкі ара-
лас қуаныш нышаны қызғылтым бояумен лезде жүгіріп өтті.
Əсіресе, мидай даланың қып-қызыл шоқтай боп жанып жата-
тын қызғалдақтарын айтқанда кішкентайынан гүлқұмар қызы
елең ете қалды.
– Папа, – дейді ол, – барғаннан кейін дəу атамның
мəшинасымен даладан гүл теруге шығамыз ба?
– Əрине, көлге де барамыз, гүлге де барамыз.
Жолдасымның осы сəттегі тұла бойын шарпып өткен үлкен
сағыныш менің есіме мүлде басқа оқиғаны салғандай еді.
Неге екенін қайдам, əйтеуір ауыл жақ туралы ойласам, сол бір
бейкүнə жан көз алдымнан көлбең қағып, ұзақ уақыт жаным-
ды қоярға жер таппай қиналамын. Жүрегімде аяныш сезім бой
көтеріп, балаң жігітті мүшкіл халге түсірген тағдырына талай
рет жылап отырып қарғыс айттым.
Бұл жігіттің кезінде ауылдас жақсы ағамыздың жақсы бір
шығармасына мықты кейіпкер болғанын да кейін естідім.
Жан-жаққа жүгіріп жүріп, сол кітапты тапқанымда шексіз
қуансам да, оқи отырып, мың сан жұлдыздар сияқты мына
тірлікте мыңдаған тағдырлар болатынына күйіне, жанарыма
жас толғаны да бар.
... Келін болып басқа босағаны аттаған алғашқы жылым.
Бөтен жер, бөгде кісілер. Табиғатынан сөзшең келетін ауылдық
жердің тұрғындарынан қаймыққаным ба, əйтеуір есік ал-
дынан бір қадам ұзап шықпаймын.Жер ошақтағы қазанға
бабына келе пісірілген бауырсақты да, сексеуілдің шоғына
бұрқылдай қайнаған жез самаурынның түйенің қою сүтін
қатқан күрең шайға да еркін қол соза алмай, сызылып жүрген
кезім. Туғалы ондай тірлік кешпеген біздей келіндердің тез
арада от тұтатып, шай қайнатуының өзі ақыр заман көрінеді.
Бірде есік алдындағы самаурынның көк ала түтініне тұншыға
көзім жасқа толып, от тұтата алмай əуре-сарсаңға түсейін. Не
істерімді білмей, сасқалақтап тұрсам үй бұрышынан біреу
сығалап тұрған сияқты көрінеді. Алғашында ойнап жүрген ба-
лалар болар деп мəн бере қоймадым. Сөйткенімше болған жоқ
басында малақайы, үстіне қыстық тон киген, аяғына үлкен бір
гəлош іле салған бір бала дəл қасыма келіп қалғанда шошып
кеттім.Өзінің жүрісі де қызық көрінді. Төбеден шақырайып
күн тесіп тұрғанда «мынасы несі» деп ойладым. Қолымдағы
шымшуырды жұлып алды да, самаурынның ішінде бықсып
жатқан сексеуілдерді алып-алып тастады. Сосын түбін түртіп
жіберді де, əлгілерге ыдыста тұрған майдан сеуіп, от тұтатты.
Ағашты бір-бірлеп самаурынғасалды. Кернейін жапты. Өз ісіне
риза болған кейіппен менің бетіме ыржия бір күліп, екі аяғын
аттарша тепсініп алды да, шаңдатып жүгіре жөнелді. Аң-таң
боп мен қалдым. Кешке жақын аузынан айналайыны түспейтін
апама айтып едім:
– Е, айналайын-ай, ол бір пақыр бала ғой. Кішкентайында
көзінен от ұшқындап тұратын, əуелден-ақ дала баласы еді ғой,
байғұс.Шешесі екі кештің арасында айқайлап іздепжүруші
еді, марқұм.Сөйтсе үсті-басы шаң-тозаң, топырақ болып өзі
бір кезде оралатын-ды. Қойнын алқызыл гүлдерге толтырып
қайтатын. Анасы марқұм:
– Абысын-ау, осы баламды қайтсем екен, кезбе боп барады.
Тіпті осының кейде үйде қонып шыққанын да білмей қалам.
Далаға құмар-ақ,– дейтін-ді.
– Е-е, ойын баласы емес пе, тəйірі, – деуші едім мен. Марқұм
шеше жүрегі əлденені сезгендей, ақыры мынадай аянышты
халге душар болды. Сол баяғы əдетімен гүл теріп кетіп, оны
іздеген бір адам болмаған. Үшінші күні əрең дегенде тапты
ғой. Сонда маңайының бəрі қызыл ала гүлдер... ұйықтап жатыр
дейді сабазың. Екі түн далада қонған жасы онға тола қоймаған
жасөспірімде не зəре болсын, тілі байланды да қалды. Емші-
домшылар үстінен құйын өткен, бірдеңе-сірдеңе деп қойды ғой
ақыры.
Апамның осы сөзінен кейін көпке дейін ұйықтай
алмағанмын.
– Мама, естідің ғой, папам бізді гүл теруге, көлге шомылуға
алып барамыз деді,– деп қызым жұлқыламаса, білмеймін
қанша уақыт отыратынымды.
Сонымен, ертеңіне оңтүстікті бетке алып, жүрдеу пойыздың
ішінде кетіп бара жаттық. Жүзімде қуаныш, көңілімде тағы да
сол бейне. «Далаға, гүлге жаны жастайынан құмар-тын» де-
ген ене сөзі құлағымнан кетпей қойды. Мына жұмыр жерде
талай тағдыр соқпағына түсіп, шаршаса да, қажыса да ғашық
жүректің лүпілі бір сəт басылар ма, шіркін?! Өмірге ғашық
жандардың жүрегі не деген үлкен, мықты еді. Бəлкім, сол
Сəнімнің жүрегінде де осындай төзімділік, осындай өмірге
деген құштарлық, сүйіспеншілік болмаса... ол əлі күнге дейін
далада гүл теріп жүрер ме еді?!
Жамбыл қаласына келгеннен кейін ауылға қарай тағы да
автобусқа отырдық. Шіркін, даланың сол сəттегі кейпін тіл ай-
тып жеткізе алмас еді. Көк майса қызғалдақ дегендеріңіз жел-
мен тербеліп, сонадайдан көз тартады. Сайын даланың төсіне
көз жібере отырып, мен тағы да Сəнімді ойладым.Біз бұл жаққа
келмегелі бес жылдай болып қалыпты. Содан бері қаншама
өзгеріс жаңалық болған шығар. Биыл, ұмытпасам, ол он сегіз-
он тоғызда болар. Өйткені мен осы ауылға келін боп түскенде
ол он екі-он үштегі бала-тұғын.
Құдайым-ау, – деп ойладым іштей, неткен азапты жыл-
дар, бақытсыз күндер еді. Жан-жүрегін сыздатып уыз жа-
рар алғашқы махаббат дəуірі екен-ау. Мүмкін, жүрекжарды
сезімін сол бір бейкүнə бойжеткенге жеткізе алмай жүрген бо-
луы да. Жоқ... əлде мына тірліктен адамдар арасындағы əдемі
сүйіспеншіліктен мүлдем бейхабар ма екен?! Ұзыннан-ұзын
созылып жатқан үлкен жолдың үстінде келе жатып, тұңғыш
рет кең де жомарт далаға кінəлай қарадым.Өзін өлердей сүйген,
шүйгін шөбіне аунап, гүлдерін аймалаған сол бір баласына
неге ғана мейірімділік танытпады екен, неге?..
Жолаушылар автобусы Байқадам селосына келіп тоқтап,
енді шамалы уақытта үйге жететінімізді ойлағанда, жүрегім
кеудемнен шығып кетердей дүрсілдеп қоя берді.Ауылға
кіреберіс жол бұрылысында Тəкі тал деп аталатын ұзындығы
бес-алты шақырымдай көкпеңбек талдар шоғыры бар. Ертеде
Тəкі деген кісінің қолынан егілген бір топ тал бүгінде тамаша
жансаяға айналған деседі.Кішкентай ғана ауылға ерекше сəн
беріп тұрғандай.Сол жерден өте бергенде жолдасым еңкейіп
құлағыма сыбырлады:
– Əне, Сəнім кетіп барады.
– Кəне, – дедім, даусым тым қатты шығып кетіпті. Адам
бойымен пара-пар жүгері алқабының арасынан малақайлы бір
адам кетіп барады.
Үйге жетіп мəре-сəре боп қалдық. Көптен немерелерін
көрмеген ата-енем айналып-толғанып жатыр. Жолдасымның
кенже қарындасы Жазираға қарап отырып, уақыт шіркіннің
жүйріктігіне қайран қалдым. Бой түзеп қыз болып қалыпты.
Үй ішінен де қыз баланың бойжетіп қалғанын аңғаруға бола-
ды. Бəрі өз орнында, жып-жинақы. Қолымды жууға сыртқа
шыққанымда шаңдатып келе жатқан Сəнімді көрдім. Қолында
бір құшақ қызғалдақ. Əкелері базардан келгендей көшенің
бүкіл баласы соның алдынан жүгіріп шықты. Мен дереу төргі
бөлмеге кірдім де, терезенің пердесін түріп қарадым. Ойы да,
өзі де ересектеніп қалыпты. Бергі қапталындағы балаға бұрыла
бергенде жүзіне көзім түсті.Дөңгелек жүзді, қыр мұрын, жазық
маңдай, қазақтың бір баласы осындай-ақ болар деп ойладым
мен.
Бөлмеге кірген жолдасыма :
– Қыз балаларға бір-бір талдан берді де, ұлдарға бермей тұр,
– дедім.
– Жігіт қой, – деді ол салмақты.Содан кейін:
– Сен өзің əбден қияли болып кетерсің, ондайды қой. Əркімге
олай езіле берсең, ауылда талай-талай қиын тағдырларға
жолығасың. Əлі қайда, бір айға дейін Сəнімнің неше түрлі
қылықтарын көрерсің, – деді.
–Жылағым келіп тұр... Даусым дірілдеп шықты.
Ауылда күнде той, күнде қонақ. Алматыдан демалысқа
келді деп бір күні көкеміз, бір күні тəтеміз, əйтеуір бүгін
жолдастарымызға да жеттік-ау. Сыныптастарының көбісін сту-
дент кезімізден білемін.
Бір күні кешке бір жолдасымыздың үйінен қайтып келе
жатып, жолда Сəнімге кездестік. Жүгіріп келіп қолымыздан
алды.Үстінде ескі солдат киімі.Төс қалтасында əдеттегіндей
үш тал гүл. Қатарласып біраз жүрді де, бір кез екі қолын екі
жаққа кезек сермеп-сермеп қалды да, шаңдата жөнелді. Сол
бойы көшенің оң жағындағы ең шеткі көк қақпалы биік үйдің
қасына келіп бір-ақ тоқтады.Ол үй совхоздың белді кісілерінің
бірінен-бірі өткен əдемі қыздары бар кісінің үйі екен.
Ертеңінде тағы да терезе алдында тұр едім, бір құшақ гүл
көтеріп өтті.Есік алдына жүгіріп шықтым да, артынан қарап
тұрдым.Шаңдатқан күйі көк қақпаға барып тірелді.Біраз
тұрды да жолға шықты.Сосын қолындағы гүлдерін шашып
тастап, аяғындағы керзі етігімен жанышты-ай кеп.Сөйтті де
əлдеқандай бір əуенді ыңылдап, бері қарай жүрді. Сəл жүріп
келіп тоқтап, кейін қарай жүгірді.Жүгіріп барып жерден
əлдебір гүлін қолына алып, кеудесіне қысты.Бағанадан қарап
тұрған менің шамам осыған ғана жеткендей, солқылдап жы-
лап жібердім.Ал Сəнім болса, қалтасына салған гүлін қолымен
сыртынан ұстап, жерде жатқан гүлдерге мөлие қарап қалыпты.
Не ойлап тұр екен дедім мен. Қаншама шақырым жер жүріп,
даланың хош иіс гүлдерінтеріп келгенде көк қақпадан күлімдеп
жүгіре шықпаған жас аруды, мүмкін оған өмір бақи сыйлай
алмайтынын сезініп,жазықсыз жұлынғанымен тұрмай, жа-
ныштап тепкілеген гүлдерді аяды ма, екен?! Əйтеуір, сол сəт
есін жинапалғаны анық. Əйтпесе ол неге сол кеткеннен кетіп
қалмай, гүлдерге қайтып оралды?Қайткенмен де жүрек жылы-
тар көрініс...
Бүгін ауылда тағы да той.Жастар тойы. Межелі уақытта той
да басталып кетті.Асаба да сөзі өткір,тілі жақсы жігіт екен.
Шарапсыз тойдың сəнін кіргізіп, əн мен күйге жүрек тербетіп
ала жөнелді.Бір уақ жастар жағы би билей бастады. Орамал
тас тау ойыны басталған кезде тəртібі бойынша дөңгеленіп
тұра қалдық. Менің алдымдағы қатарда тұрған орта бой-
лы, аққұбажас қыздың тасаланып, əлдекімненжасырынған
сыңайын байқап қалдым. Арт жаққа қайта-қайта қарайлай
берген соң, мен де жаймен бұрылыпқарадым. О, тоба, дəл
желке тұсымда Сəнім тұр.Қолында əдеттегіндей тағы да гүл.
Үш тал қызғалдақ шам жарығымен алқызылданып, батар
күнніңалқызыл жалынындай болып көрінді.Бойым тітіркеніп
кетті.Жақыннан қарағандыкі ме,оның көзі қараңғылықта
жанған бір шоқ тəрізді. Қып-қызыл ма, əйтеуір от екені анық.
Менің де оған қарағанымды байқаған бойжеткен қызарып кетті
білем, бетінің екі ұшындапайда болған кішкене шұңқырын
анық көрдім. Жоқ, күлгендей ме,иə күліп тұр екен. «Неге
алмайсың» –дедім мен өзімсіне.
«Сосын, ізімнен қалмай қоя ма деп қорқамын». Үні нəзік
болса да, даусы дірілдей шықты.Қасымда тұрған Гүлжан
Сендер айтып жүрген көк қақпалы үйдің қызы» деп сыбырла-
ды. Қуанып кеттім.Тағы да сөйлескім келді.
– Сенің үйіңнің жанына күнде бір құшақ гүл апарып та-
стайды.
– Білемін
– Атың кім?
– Гүлден
– Айналайын, Гүлден, енді ұсынса қолын қайтарма, алшы,–
дедім. Даусым жалынышты шықты білем, ол менің бетіме
жылы жымия қарады.– Онсыз да жарымжан адамды... жарай
ма, ал,– дедім мен тағы да.
Одан кейін біз өз жолдастарымызбен болып кеттік
те, мен ол туралы ұмыта бастадым. Неше түрлі ойындар
ұйымдастырылып, той таң алдында тарқады. Біз үйге қайтып
келе жаттық. Алдымызда бір топ қыз-жігіткетіп бара жатыр
екен.Көзім алдыңғы топқа түсті. Гүлден, қасындаұзын бойлы
жігіт. Қыздың қолындағы үш тал гүл көзіме оттай басылды.
Сəнімнің гүлі. Ақыры алған екен ғой. Ауыл балаларының ара-
сынан Сəнімді көре алмадым. Мүмкін, көптен бері бере алмай
жүрген гүлін сыйлаған соң, жаны жай тауып барып қалың
ұйқыға кеткен болар... Алғаны қандай жақсы болды, айналай-
ын, мейірімді бала екен. Он сегіз жастағы балаң жігіттің
арманы орындалды-ау, көп қызы бар көк қақпалы үйдің бір
аңсаған күні де бүгін болар, бəлкім.... қызына көңілі құлаған
жігіттің көңілі жайланған болар-ау.
Менің де бойым жеңілдеп сала берді. Бəлкім, сол бір сəттік
қуанышқа өзімнің түрткі болғаныма, тіл-аузы байланып
жүрегінің жылылығын да, ренішін де, қуанышын да алақандай
бадырайған көзінен ұғындыруға тырысатын бозбала көңілін
дөп басқаныма қуанатын сияқтымын.
Содан кейін Сəнім көпке дейін гүл теруге бармай қойды.
Үйінің сыртында көк қақпаны бақылап отырады да қояды.
Мен де одан көз алмаймын. Тағдырдың осындай талқысына
түскен жандардың сезімдері де, жан тебіренісі де бөлекше
болатыны рас-ау деймін. «Ізімнен қалмай қоя мадеп
қорқамын» деген қыз қорқынышын да балажүрек сезбейді
ғой деймісің. «Ондай əдепсізің мен емес, маған сенің бір ғана
рет қолымды қақпай, гүл сыйлауға мүмкіндік жасағаның,
гүлімді алғаның да өмір бақи жетеді». Оның момақан оты-
рысы осыны аңғартқандай болды.
Кетуге жақындаған сайын Сəнім тағдыры қиялымды сан
орап,бір əдемі əсерде жүрдім. Əйтеуір, содан бері ол маған
көңілді сияқты көрінді.
Ауыл-елмен қош айтысып, біз де жолға шықтық.
Ауылдың ажары – Тəкітал маңынан өте бергенімізде, шоқ
талдың арасынанбіреу жүгіріп шықты. Қолындағы үш тал
қызғалдағынан-ақ Сəнім екенін таныдым. Үш тал гүлін
кеудесіне қысқан күйі жымиып күліп тұр. Осы тұрысына
сүйсінген қалыппен, жан-жүрегім езіле өксідім. Ақыл-есі
дұрыс кейбір замандастардың сана-сезіміне құрт түсіп,
арамзалықпен күн кешіп жүргенінен сенің мына таза қалпың
мың сан рет бақыттырақ шығар, бəлкім... Əйтеуір мылқау тірлік
кешіп жүрсең де, сенің жаның таза, арамдық дегенді білмейсің.
Гүлді де, қызды да шексіз шынайы сүйесің, алдамайсың,
арбамайсың...
Көзімнен ыстық моншақтар еріксіз төгілді...
МЕН. СЕН ЖƏНЕ ЖАҢБЫР...
( Келіншек күнделігіндегі мұңлы сырлар )
Жаңбыр əлі жауып тұр.Ақ жауын. Терезеге тырс-тырс тама-
ды да, лезде жайылып кетеді. Менің есіме тағы да сен түстің.
Неге екенін қайдам соңғы күндері есімнен мүлде шықпай
қойдың. Көргім келеді...
Сағыныш дегеннің өзі елес боп көрінетін сияқты маған. Кім
білген?! Кейде өзіңді сол сағымданған елес арасынан көргендей
болам. Өзіңмен бірге өткізген қызықты сəттерімді сағынам. Ол
кезде өзіңе деген сағынышым мына себелеген ақ жауын тамшыла-
рындай көздерімнен ып-ыстық жас болып төгіледі. Мұндай сəтте
еріксіз бір ғажап қиялдың құндағында тербелемін.
Есіңде болар, екеуміз дəл осындай ақ жауын астында та-
нысып едік қой. Аялдамада өзге ешкім жоқ. Мен бейне сенен
пана іздегендей қасыңа келіп отыра кеттім. Сіркірей жауған
ақ жаңбырдың соңы нөсерге ұласты. Мен үнсіз əлі отырмын.
Жаңбыр басылар емес. Сағатыма əлсін-əлсін қарап қоямын.
Осы кезде иығыңдағы сөмкеңнен қап-қара қолшатырды алдың
да маған:
– Жүріңіз, мен сізді шығарып салайын, – дедің сыпайы ғана.
Қолшатырың бола тұра неге отырғаныңды түсінбедім.
– Жо-жоқ, рахмет, – дедім басымды шайқап.
– Уақыт ұтқыңыз келмей ме?– дедің тағы да жымиып.
Сонда ғана жүзіңе тіке қарадым. Жүрегім шым ете түсті.
– Ренжімесеңіз, таныс болайық, – деп қолыңды ұсынып,
атыңды атадың. Мен де есімімді атап қолымды ілгері соза
бердім.
Сен осыдан кейін-ақ маған жиі кездесе бердің. Тып-тыныш
жүрген жан дүнием сені көргенде аласапыран күйге түсетін.
Бірде ұзақ қыдырдық. Тағы да көк аспан көгеріп, көк жүзін
тілгілей найзағай ойнай бастады. Бағанадан үнсіз келе жатқан
сенің бір сəтте жүзіңде қуаныш ойнап, көңілденіп кеттің.
– Міне, бір тамшы жаңбыр, тағы да жаңбыр, – дедің дауыс-
тап.
– Мен жаңбырдан, əсіресе найзағайдан қорқамын, – дедім.
Сен күлдің-ай кеп. Күлгенің қандай жарасымды еді.
– Білесің бе, жаңбыр – нұр! Нұр ғой бұл, нұр! Біздің бала
махаббатымызға шашу!
Осыны айттың да мені өзіңе қыса түстің.
– Танысқанымызға небəрі... мүмкін емес... əлі...
Аузымды алақаныңмен баса қойдың. Көз алдыма сенімен
танысқаннан кейінгі кездерім, өзіңді аласұра іздеген күндерім
келді. Сенің сөйлеген сөздерің, жүріс-тұрысың, бəрі-бəрі
үйлесімді көрінеді. Мені ұнатып қалғаныңды алғашқы ақ жа-
уын астында-ақ сезсем де, өзімді салмақты ұстауға тырыс-
тым. Егер ұшқалақ болсаң жарты жыл емес, жарты күнде-ақ
ойыңды ақтарып сап қарап тұратын едің-ау. Ішкі ойым осы-
лай дейді. Бірақ тілім байланып қалғандай ештеңе дей алар
емеспін. Саған қарасам, көзіңнен əлдебір жалынышты жалын
шашырап телміре қарап қалыпсың. Осы бір тұрысыңнан-ақ
шынайлықты, адалдықты сезінгендей болдым. Несін жасырайын, сен де маған ұнайтынсың. Көңіліме ұялаған əлдеқандай белгісіз бейнеге ұқсатқандай болам сені... Далада жаңбыр жауып тұр... *** Есіңде ме, сол бір көктем. Көгілдір көктемнің сол бір тамылжыған түні. Жұлдыздары, мыңдаған шоқ жұлдыздары төбеде күлімдей қарап, қараңғылыққа мүлгіген жұмыр жерге аппақ сəулесін шашқан айлы түні есіңде ме?.. Əрине, есіңде! Сол бір күн, сол бір сəт тіпті екеуміздің жүрегімізден өшпек емес. Естисің бе, мен де, сен де ұмыта алмаймыз. Неге дейсің ғой, сұрамашы!Таңданған кейіпте тесіле ұзақ қарауың мүмкін, бірақ сен олай сұрауға тиіс емессің. Көктемнің махаббат қуанышына толы ұзақ та қысқа түндері, оның күн көзін ала бере тамшылай жауатын ақ жаңбыры ше?! Сезесің, бəрін де сезінесің!Тек осынау ақ жаңбырдың астында суға малшынып, жапырақтарынан мөлдір тамшылар аяусыз сорғалаған биік тəкаппар бəйтеректі паналай тұрып қалған екі бейне елес беріп өтері анық. Көктемім-ау менің, сен менің тұп-тұнық сезімдерімді əдемі жыр жолдарында əсерлі шумақтармен өрмесем де, керемет жырларды сүйіп оқитынымды білесің ғой. Міне, қазір де қолымда белгілі ақынның жыр кітабы. Ақтарып отырып, мына бір шумақтарға қайта-қайта көңілім бұзыла бергені несі? Жоқ, шынымен еке, мен шынымен-ақ сон-нау оралмасқа кеткен балғын балалығымды, тұңғыш рет жүрек дір еткізер алғашқы тұп-тұнық мөлдір махаббатымды сағынғаным ба, жоқ əлде...Қаншама жылдар, қаншама көктем өтсе де, менің сол бір алаңсыз қалпымды ұмыттыра алмағаны ғой. Алаңсыз қалпымды емес-ау, сені, естисің бе, СЕНІ. *** Жаңбыр жауып тұр. Тағы да жауын. – Сен неге жаңбырдан, найзағайдан қорқасың, бірақ жаңбырлы күнді асыға күтетінің қалай? – дедің бірде.
– Қорқатыным рас, бірақ жаңбырдың жиі жауғаны керемет
емес пе. Өзің ойлашы, адамның күйбең тірлік шаршатқан көңілі
түгіл, мына шаң-шаңы шығып, кебірсіп, ағараңдап жатқан не
болмаса енді ғана қылтиып шығып келе жатқан көкмай саларға
да су керек қой, керек. Олар да шөлдейді емес пе?! Ал жау-
ын жауса бəрі-бəрі, барлық тірлік жаңарады. Тынығады.
– Десең де, сен аспан бұлттанған сайын көздерің күліп, аса
бір қуанышты сəт кешетінің, кейде жаныңда мен отырсам да
əлдебір ой құшағына еніп, мүлдем есссіз қиялға шомуың мені
қатты ойландырады. Сені қайдам,мен сені алғаш көргеннен
бастап-ақ құлай сүйдім. Ақыры арманыма жеттім де...
– Мен де бақыттымын, – дедім. Бірақ көңілімнен шықпайтын
сол бір жапырақ хат жолдары көз алдымнан тізбектеліп өтіп
жатты.
«Сенің бетіңнен қайтпайтыныңды білгеннен кейін, менің
бар арманым – сенің бақытты болуың еді. Менсіз өміріңді
күйбең тірлікке санасам да (өзімше ғой), еріксіз егіле оты-
рып бақыт тіледім саған. Бірақ, сен, есіңде болсын, мына
көгілдір көктем, оның себелеген тынымсыз жаңбыры тұрғанда
ешуақытта да, ешқашан да ұмытуға тиісті емессің... Ұйқысыз
түндеріңде, жағдайсыз түстеріңде мені кездестіріп, мазаң кетсе
де мойындамауға тырысып бағасың-ау. Ол сенің қаныңа сіңген
əдетің еді ғой. Сен менің ерке қырсығым едің. Мені сүймесең
де, сенің бұлтты күнді асыға күтіп, долы аспанның көз жасына
шомылғанды жақсы көретініңе қуанам... Өйткені, онда менің
саған деген алғашқы тұнық махаббатымның мөлдір тамшыла-
ры да бар екенін сезсең ғой...»
Иə, жаңбыр жауып тұр.Осынау көктем сайын өзіңді
іздемесем де, есіме жиі аламын... Онсыз да қиындау мына
тірлікте өзіңе тілеулес жер бетінде бір жанның өмір сүріп
жатқанына не жетсін!?
Қызықпыз-ау, əйтеуір. Жаңбырлы күнді сағынам. Тезірек ақ
жауын жауса екен...
ЕРТЕГІМ МЕНІҢ... 1.ҚЫЗ-САҒЫНЫШ Онымен танысқаныма шамалы-ақ уақыт өтті. Бірақ бұрыннан, тіпті өмір бақи танитын адамдай қабылдадым. Көргім келіп тұрады. Жақсы көріп қалған сияқтымын. Ессіз десем күлерсіз. Бірақ мен оны таза, əдемі қалпынан ойша болса да бұзғым келмейді. Өзіңнің көңіліңе ұнайтын нəрсенің ешқандай кемшілігі болмайтыны сияқты күй кешем. Оның бойында кемшілік түгіл, ұнамсыз қасиеттері де болуы əбден мүмкін ғой. Ал мен оны көргім келмейді. Тіпті іздемек түгілі ойлағым да жоқ. Ғашық боп, сүйіп қалдым деп те айтпай-ақ қояйын, бірақ жақсы көріп кеттім. Оның қолымды ыстық алақанымен жылытып, ұзақ сипалағанын қалаймын. Қысып-қысып сүйсе екен деймін... Сөйтем де, оның да, өзімнің де төзімділігіме қызығам. Осыншама екеуара сүйіспеншілік бола тұра, əлі күнге адалдықтан аттаған емеспіз. Алматының қысқа таңын қол ұстасып жүріп атырсам деймін. Түн қаншалықты суық болса да, онымен қыдырудан қашпас едім. Жүре берсем, жүре берсем... Өзімді-өзім түсінбей қалдым. Ерекше күйге түсем ойласам. Керемет қиял-ғажайып ертегінің кейіпкері секілдімін. Ертегімнің əдемі аяқталғанын қалаймын.Тіпті, бітпесе екен... *** Мен ОНЫ ұзақ күттім. Уақыттан ұтылсам да көрмей кеткім жоқ. Неге? Неге екенін өзім де білмеймін, тіпті сұраудың өзі де ыңғайсыздау. Жыладым. Ұзақ жыладым.Менің көз жасыма тұрмайтын пенде болса да, əйтеуір онымен əдемі кештерім өткенін ойласам, ет жүрегім елжіреп кетеді. Əдемі кеш дегенімді түсінбей қаларсыз, небəрі бірер сағат қол ұстасып қыдырғаным. Оның əдемі қалжыңы, күлкісі, анда-санда байқамағансып өзіне
қысып қоюы. Басқа түк те емес, шын сөзім. Жарасымды ортақ
əңгіме тапқан екеуміз əрнені айтып уақыттың қалай кеш
болғанын білмей қалыппыз. Бірақ кеткім жоқ, сөйлесіп тұра
бергім келеді.
Оралмасқа кеткен жастық шағымдай кетуге қимай тұрмын.
Со-нау он жеті мен он сегіздің арасында ой-қиялмен шарлап
кеткен көңілімді бұзғым келмейді. Көңіл көкжиегіне тұнып
қалған сол бір қимас сəттерім қиялыма қанат бітіргендей.
«Қайран жиырма бестің» де қадірін сездірген, арманымды,
ақ арман-аққуымды ұшырып алып қондыра алмай баз кешіп
жүргенде қайта кездескен ОҒАН неге риза болмайын. Қол
бұлғап қалған жастығыма қайта оралғандай əдемі қалпымнан
айнығым келмейді.
ОНЫмен қоштасып кетіп қалсам, мына əдемі əсерден
де ажырап қалатындаймын. Балалығымды, біресе жас-
тығымды еске түсіріп, ойша сапарлас болған ОҒАН, ҚЫЗ-
САҒЫНЫШҚА деген алғысымда шек жоқ.Жабыққан,
тарыққан сəттерімде үнемі сапарлас болуға шақырамын
СЕНІ, ҚЫЗ-САҒЫНЫШ!..
2. АҚСУДЫ АҢСАУ
Айнала аппақ мамық. Жұп-жұмсақ болғанымен де, Жер-Ана
бойын суық шалмасын дегендей қымтап, түгел оранып алған
сыңайлы. Бағана басына ілінген электр шамдары əудем жерге
дейін күміс қармен шағылысып, жарық сəуле түсіріп тұр.
Аяқ астында ақ моншақтай шашылып жатқан мөлдір
сəтті басуға қимайсың. Шіркін-ай, Арқаның қысына ештеңе
жетпейді ғой. Ақ бораны ысқырып, уһілей бораған қарын кере-
мет сағынып қалыппын. Үй-үй арасында сүрмесі бар тракторлар
үйіп тастаған омбы қарға көміліп, ішек-сілеміз қатқанша күліп
рахаттана сырғанаушы едік-ау. Қос атқа жегілген шанамен екі
ауылдың арасында дамыл таппаушы едік. Кейде қабыршақтана
қатып жататын Ақсудың мұз астында жылымықтана ағып
жатқан жеріне сирағымыз да түсіп кетуші еді.
Бала кезім. Алғырт та аңғал бала кезім. Наурыз айының
орта шені. Бірде класс жетекшіміз:
– Балалар, екі-үш күнге сабақтан боссыңдар, қатты жау-
ын-шашын болатын көрінеді. Тоқсан басынан бері өткендерді
қайталаңдар, – деп үйге қайтарып жіберді.
Үйге жеткенше жүгірдім. Анда-санда ауыл сыртындағы
асау Ақсуға құлақ түремін. Əншейінде ұзақ-сонар əнге басып
гүрілдеп жататын ол үнсіз.Ақсу əлгіндегі апай айтқан дүлейден
қорқып жатқандай сезілді маған. Қазір мен барып анамның
құшағына тығылам, ал «оны кім қорғайды екен» деген бала
қиял жүрегімді шымырлатып қоя берді.
Қора маңында мал жайғап жүрген əкеме:
– Көке, көке, – дедім де жылап жібердім. Қапелімде не
болғанын ұқпай қалған ол аңырап тұрып қалды.
– Құлыным-ау, не болды? Əкесі-ау, неғып тұрсың, – деген
анамның даусын естіп одан сайын өрши түстім.
– Жүре ғой, ботам, ауырып келдің бе, неге ерте келдің
сабақтан? Əкем ет жүрегі елжіреп, сөйлеп келеді.
Мен мектептен не үшін ерте кеткенімді айттым.
– Енді неге жылайсың?
– Найзағай ойнап, қатты жауын болса, Ақсу қалай...Тағы да
кемсеңдей бастадым.
– Ой, қоңыр қозым-ау, қайта сенің тентек өзеніңнің арнасы
кеңейіп жақсы боп қалады, балам, – деді əке-шешем қосыла
күліп.
Қатты қобалжығаннан болар, біраздан соң ұйықтап кетіппін.
Бір кезде көзімді ашсам бөлмеде жарық жоқ. Нөсер басылған
болса керек, сыртта тырс-тырс дыбыс қана естіледі. Терезені
тоқылдақ сияқты анда-санда ұрғылай жөнеледі.
Сол түні Ақсу өзені қандай күй кешсе, мен де сондай күйде
болғаным анық. Күндіз-түні күркірей жауған нөсер екі-үш күн
емес, бір жетіге созылды...
Күздің орта шенінен басталып,сонау көктеміне дейін созы-
лып жататын Арқаның қысын да сағындым. Балалық шағыма
ойша саяхат жасасам бітті, осы бір оқиға көз алдыма келеді де
тұрады.
ЖЕТІМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ
У-шу, азан-қазан боп жататын ауыл бүгінде тып-тыныш.
Жылан жалағандай. Атам заманнан үй қорып дағдыланған,
бөтен дауысқа үре көтерілер ауыл иттерінде де үн жоқ. Мұңлы
ауыл.
* * *
Анда-санда ысқырып кеп қалған ызғырық аптап, ыстық жел
шеткі үйдегі жетім баланың зарлы дауысын үзбей жеткізеді.
Екінші мүшелден енді ғана асқанда ажалдың қақпанына абай-
сыз түскен қойшының жалғыз баласының үйі бұл. Өмір бақи
жиған малын жалғызым екеу болды деп шашқан бұл бейбақ
қай пиғылынан тапқанын бір құдайым ғана білер. Жылға то-
лар-толмас уақытта екі жасар баласын еңіреп қалған енесіне
тастап, келін кетті төркінге. Молынан кетті. Тіпті, күйеуге
шығып кетті деп естиді.
Мынау сол жалғыздың жалғызы. Күні-түні жағы бір
сембейді. Осы ауылдағы тіршілік осы бір жапырақ жетім
баланың даусымен оянып, түн ауа тыншығандай болады...
Менің жаным ауырды. Біздің үйдің жел өтінде тұрғанына
өкіндім. Ызғырық жел. Жетім баланың зарлы даусы...
* * *
Адамның көз жасы. Əсіресе, жаратылысынан жаны нəзік
қыз баланың көз жасын керу қандай ауыр еді. Жанары мөлдір
моншақтарға толы шарасынан шығып кетуге аз-ақ қалған
қарақаттай қара көзді елестетіңізші. «Əйел жылаған сайын
сүлулана түседі» дейді біреулер. Əрине, іштегі қасіреттің ащы
жаспен сыртқа шыққаны дұрыс-ау. Бірақ, онсыз да қиындық
пен ауырлықтың əйел-аналар иығына молырақ түсіп тұрған
осынау заманда қөз жасқа азырақ шомылсақ дейміз де. Əй,
қайдам, қай заманда, қай қоғамда болсын, бəрібір аналар қөз
жасынсыз қасірет те, тіпті, қуаныш та аз болмаған.
Ал, қыздың көз жасы...
Жастықтың қызығы енді басталар он бес-он алты жастағы
бұла бой жеткеннің көз жасы... Айналасындағылардың
сұқтана қараған көзінен сескене үріккен, тұла бойын белгісіз
бір дүлей сезім буған əдемі бойжеткеннің көз жасы... Ешкімге
айта бермейтін, айта алмайтын, айтқысы келетін, анасымен
ғана түсінісетін, бірақ тағдырдың жазуымен анасыз өсіп келе
жатқан соры бес елі жетім бойжеткеннің көз жасы...
* * *
Анасы мəңгілік тастап кетті. Ол кезде бұл əлі он екіге толмаған
ессіз бала-тұғын. Ауыл болып, улап-шулап шығарып салған жан-
сыз денені қара жер өз қойнына алғанда ғана жазықсыз жүрегі
дір етіп, бойын əлдебір мыңдаған ине сұғып алғандай сəл-пəл
қорқыныш билегені болмаса, пəлендей жамандықты сезінген
жоқ-тын. Артынан ерген екі бауырына тұра жүгірген. Олардың
да ойында ештеңе жоқ. Аула шінде ойнап жүр, Əкесінің сүйген
жарынан айырылып, бейбақ күй кешіп қалғанын түйсінсе де, дəл
осы кездегіндей жан ауруына ұласарын
Күндер өте берді жыл артынан жыл өткен сайын, анасының
шарасынан шыққан əдемі кездері, күлкісі айқындала ба-
стады. Ойласа-ақ болды, құлағына өзін шақырған ана дау-
сы келетіндей. Тіпті, əн жолдарында айтылатындай, қазан-
ошақтың басында қалып қойған іздерін де іздейтін əдет пайда
болды. Көрші ауылдан велосипедпен келіп тұратын бозбала
жайлы анасымен сырласқысы-ақ келеді.
«...Мама, – дейді шешесінің суретіне қарап, — білесің бе,
мен ғашықпын! Ол да мені ұнатады. Бірақ... Сенсіз, сенің
батаңсыз қалай бақытты боламын?! Қорқамын. Ол туралы ой-
арманымды осы бір сұрқия қорқыныш бұзады. Ең болмаса мен
он сегізге келгенше жүре тұрмағаныңды қарашы. Ерте болса
да тұрмысқа шығып кетер едім... Сен көзің жасаурап шығарып
салар едің... Мама, сен не жылап тұрмысың?!..»
Шешесінің студент кезінде үлкейтілген портретіне үңіле
түседі. Жо-жоқ, шешесі емес, өзі екен жылап тұрған. Үзақ жы-
лады. Жан дүниесін өртеген өрт тұла бойын жандырып бара
жатқандай. Тоқтай алар емес. Тоқтата алмас. Əлден уақытта
барып, өзінен-өзі селк ете түсті.
«Мен де сол іштен тынып, ішқұсалықтан тапқам дертті. Жи,
есіңді. Сенің болашағың алда. Серпіл, көз жаспен ештеңе тын-
дыра алмайсың» деген шешесінің даусын анық естіді. О, тоба,
мен жынданған шығармын. Дəл өзі. Анасы. Жылама дейді. О
дүниелік болғанына алты жыл толып қалған əз-анасының рухы
желеп жүреді екен ғой. Көзіне көрінбегені болмаса, даусын
анық естіді. Дəл сол аяулы əуезді үн... Жетім деген атты жамап
кеткен сұлу да сымбатты аяулы жан көз алдына тағы да келді.
Жан жүрегін елжіреткен тəтті сезім ұлы сағынышқа ұласып,
тағы да көз жасына ерік берді...
Жетім қыздың көз жасы, сірə да таусылған ба?!..
* * *
У-шу, азан-қазан боп жататын ауыл бүгінде тып-тыныш.
Жылан жалағандай. Анда-санда ысқырып кеп қалған ызғырық
аптап, ыстық жел шеткі үйдегі жетім баланың зарлы даусын
үзбей жеткізеді...
Бұдан алты жыл бұрын мамырдың 17-і күні аяулы жа-
зушы Оралхан БӨКЕЙ алыстағы үнді жерінде мəңгілік көз
жұмған еді.
ҒАШЫҚ ЕДІМ...
(Аға рухымен сырласу )
Иə, мен Сізге ғашық едім, аға!
Арманшыл əсерге емес, пəлсафалық сана-сезімге толы
шығармаларыңызды əрі түсініп, əрі түсінбей оқып жүріп, мен
Сізге ғашық боп қалдым. Жо-жоқ, – бұл ер-азаматқа деген
əйелдік махаббат емес. Басқаша, мүлдем басқаша. Əйтеуір,
əрбір шығармаңызды сүйіп оқу былай тұрсын, кейбір шағын
үзінділерінің өзін жаттап өскен маған өзіңізбен тілдесу орын-
далмас арман сияқты еді. Сырттай қатал, тəкаппар кейпіңізге
қарап бұл арманның тіпті де орындалатыны мүмкін емес
сияқты көрінетін. Сөйтсем, қателесіппін. Жазған дүниелеріңіз
қаншалықты ұза-ақ, күрделі де қызық болса, өзіңіздің жаныңыз
да əрі таза, əрі жұмсақ екен.
Иə, бірде менің Сізге жолығуға батылым барды. Онда да Сіз
қызмет істейтін «Қазақ əдебиетіндегі» бөлмеңіздің алдынан
жайлап басып ары өттім, жайлап басып бері өттім. Үстелден
бас алмаған күйі жазуға беріліп-ақ кеткен екенсіз. Көңілім ба-
сылып қалды. Аяқ дыбысына да елең етпегеніңіз қызық еді.
Өзіңді білмейтін, бірақ өзің өлердей ғашық адамның бір ауыз
сөзін есту қандай бақыт еді десеңізші?! Коридорда біраз жүріп
тағы алдыңыздан өткім келді. Бұл жолы сəл демалғыңыз келді
ме, жоқ шынымен аяқ дыбысына қарайладыңыз ба, көзіңіз
есікте екен.
– Аға, мен қолтаңба алайын деп едім,– деп сəл кідірсем,
сөйлеспей қоятындай, асығыс қасыңызға жетіп келіппін.
– О, жоғары шық, айналайын, қане, əкел кітапты, – дедіңіз.
Сосын орныңыздан тұрып орындық ұсындыңыз. Менің аяғым
ауыр еді.
– Тұңғышың ба? – деп жымидыңыз.
– Жоқ. Мөлдір атты қызымыз бар.
Қазір сол сəтті ойласам, көзіме жас толады. Егер Сіздің
жүрегіңіздегі сол кездегі қасіретіңізді білсем, алдыңызға бар-
мас та едім. Сол жолы ұзақ-ұзақ əңгімеңізден есімде қалғаны
– өзіңіздің əрбір шығармаңызды, əрбір кейіпкеріңізді жақсы
білетін маған риза болғаныңыз.
«Мынау асығыстау, ұятсыздау ғасырға Сіз секілді қазақтың
ұяңдығы мен қарапайымдылығын сақтаған қараторы қыздары
керек-ақ. Ағаң Оралхан» деп жазған қолтаңбаңызды оқыған
сайын сол бір ең бірінші, ең соңғы кездесу есіме түседі.
Сіз мəңгілік көз жұмды дегенде де жүгіріп келіп осы
сөздерді оқыдым. Мені жұбатқан да осы сөздеріңіз болды.
Содан бері ,міне, 6 жыл өтті. Мен Сізге əлі де ғашықпын.
Сізге деген сезімім – əйелдік-пенделік пиғылдан емес. Өзіңізге
деген зор құрметтен туғанын уақыт озған сайын түсініп
жүрмін. Жан дегенде жалғыз қарындастың жалғыз бауырына
деген бауырмалдық, қарапайым ғана тəтті сезім.
Жылдан жылға көңілімде қордаланып қалған ағаға деген
өшпес сағынышты осылай сыр ғып жазуға бекініп едім. Жаза
алдым ба, жаза алмадым ба, білмеймін, бірақ жүрегімнен ауыр
жүк түскендей жеңілдеп қалдым...
АНАНЫҢ АЙНАЛАЙЫНЫ
Аруағыңнан айналайын, Жан АНАМ!
Көгілдір көктемнің алғашқы мейрамымен қосарлана келетін
туған күніңде өзіңе деген сағынышым жұдырықтай жүрегіме
сыймай, өзіңнің аппақ көңілің сияқты ақ қағазға түсті. Жып-
жылы көкірегіңнің əдемі жұпар иісі таңалакеуімнен танауымды
қыттықтап, ессіз бір күй кешіп ояндым. «Айналайын, қоңыр
тентегім» деген аяулы сөзің жан-дүниемді кеулеп, бүкіл
болмысымдағы сансыз да шексіз Сағыныш көз жасыма
айналды. Өксіп-өксіп жыладым... Ұзақ егілдім...
Көз алдымда шүйкедей ғана қара кемпір бейнесі тұлғаланып,
іріленіп сала берді.
Дүниедегі ең тəтті сөз ананың айналайыны екенін əрбір
саналы азамат түсінер. Қазақтай данышпан халық жоқ шығар.
«Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің». Шынында да
балаларыңа қарап отырып, өзіңнің жіберіп алған қателіктеріңді
түзеуге тырысасың. Тентектікпен жасамасам да, өзіңнің ақ
сүтіңмен сіңген бойымдағы еркелік, ойлап отырсам, талай рет
əбестік жасатқан екен...
Жер бетіне тіршілік нəрін себезгілеп келе жатқан Ананың
қадірі, Ана алдындағы борыш, парыз еш нəрсемен де
өтелмейтіні ақиқат. Ендеше, бүкіл адамзат баласының əруақты
киесі – Аналар мейрамы құтты болсын!..
МАЗМҰНЫ ҚАЛАМЫНДА ЖЫЛУ, ЖАЗУЫНДА ШУАҚ БАР..............................3 І БӨЛІМ ЖҰМАҚ – АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА..........................................................................7 ҰЛАҒАТҚА ҰЛАСҚАН ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ................................8 МƏРИЯМ МҰҚАНКЕЛІНІ: ТАҒДЫРЫМА РИЗАМЫН..................12 «БҰЛ БОСАҒАҒА КЕЛГЕНІМЕ 74 ЖЫЛ БОЛДЫ», – ДЕЙДІ КӨКЕН АНАМЫЗ ЫСҚАҚБАЙҚЫЗЫ ҮМБЕТОВА..........................................................21 АҚТОҚТЫДАН – БҮБІХАНҒА ДЕЙІН...............................................27 ХАБИБА ЕЛЕБЕКОВА..........................................................................34 ЛƏЙЛƏ ҒАЛЫМЖАНОВА.................................................................40 ЗƏМЗƏГҮЛ ШƏРІПОВА: ӨМІРІМДІ САХНАСЫЗ ЕЛЕСТЕТЕ АЛМАЙМЫН....................................................................50 БИЖАМАЛ РАМАЗАНОВА................................................................57 FАЙНИКЕН БИБАТЫРОВА................................................................65 ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ «БОТАКӨЗІ».......................................................74 ҚАЗАҚ ƏЙЕЛІНІҢ ОРНЫ – ӨНЕРДЕ.................................................85
ҚАЗАҚ РАДИОСЫ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҮНІ, –ДЕЙДІ ДИКТОР-ДОЦЕНТ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ƏРТІСІ САУЫҚ ЖАҚАН..............................92 ТЕЛЕДИДАРҒА ЖАН-ЖYРЕГІМДІ БЕРДІМ.................................97 «ЕҢ СҰЛУ ƏЙЕЛМЕН» СҰХБАТ..................................................106 « ...МҮМКІН «ƏНШІ МАЙРА АУЫЛЫ» БОЛАР, БІРАҚ ЖЕТІМДЕР ҮЙІ ДЕП АТАМАЙМЫН... ...........................114 ҒАЗИЗА ƏБДІНƏБИЕВА: ӨНЕРГЕ КЕЛСЕҢ, ЖАРҚ ЕТІП ЖАНА БІЛ....................................................................125 СЕН МЕНІҢ ӨМІР ГҮЛІМСІҢ... ....................................................132 ТАЛАНТ ПЕН ТАҒЫЛЫМ ..............................................................137 БАЛАДАН «БАҚСЫҒА» ДЕЙІН... ................................................140 «ТІРЕГІМ – НАРҚОБЫЗЫМ» ........................................................148 ӨЗ ҰЛТЫНА ӨЗГЕНІ ҒАШЫҚ ЕТКЕН ӨЗАҒАҢ... ......................156 АҚЫННЫҢ ҒАШЫҚТЫҚ ХАТЫ.....................................................161 ФАРИДА БЕКЖАНҚЫЗЫ: ҚАЛЕКЕҢ ҚАЛЖЫҢ СЫЙЛАЙТЫН ................................................................165 ІІ БӨЛІМ ЕР - ƏЙЕЛДІҢ ПІРІ ҰНТАҚ ЖЕП ӨСКЕН ҰРПАҚ ӨКІЛІМІЗ, – ДЕЙДІ ҚАСЫМ АҒА ЖƏКІБАЕВ.....................................................168 КƏУКЕН КЕНЖЕТАЕВ: КҮЛƏШТІ САҒЫНУ.............................177 АҚСЕЛЕУ СЕЙДІМБЕК: ҰЛТТЫҢ ҰЛТ БОЛЫП ҚАЛЫПТАСУЫ – МƏДЕНИ МҰРАСЫНАН...................................180 СЕЙІТ КЕНЖЕАХМЕТОВ.................................................................185 МҰЗАФАР ƏЛІМБАЕВ......................................................................197 ҚАЛМҰҚАН ИСАБАЕВ....................................................................208 ЕРКЕҒАЛИ РАХМАДИЕВ: ҚАЛТАЙДЫҢ КІТАПХАНАСЫ.......................................................220
YМБЕТБАЙ УАЙДИН........................................................................226 НҰРҒАЛИ НҮСІПЖАНОВ...............................................................236 БАҚЫТЖАН МОМЫШҰЛЫ: ƏЛІ КҮНГЕ БАУКЕҢНІҢ БАЛАСЫ БОП ЖҮРМІН.. ....................243 ƏЙЕЛ – ƏДЕБИЕТТЕ ДЕ ƏЙЕЛ......................................................259 «ҚҰС ҚАЙТАРУДАН» СОҢ... ........................................................265 ІІІ БӨЛІМ ҚЫЗ – САҒЫНЫШ ШАРАПТЫҢ ҚЫЗУЫ.......................................................................274 ҮШ ТАЛ ГҮЛ НЕМЕСЕ МЫЛҚАУ ЖІГІТТІҢ МАХАББАТЫ..................................................................280 МЕН. СЕН ЖƏНЕ ЖАҢБЫР... .........................................................287 ЕРТЕГІМ МЕНІҢ... ............................................................................291 ЖЕТІМНІҢ КӨЗ ЖАСЫ.....................................................................294 ҒАШЫҚ ЕДІМ... .................................................................................297 АНАНЫҢ АЙНАЛАЙЫНЫ .............................................................299
Кітапты шығаруға жауапты –
«Қазығұрт» баспасының директоры
Темірғали КӨПБАЕВ
Таңсұлу АЛДАБЕРГЕНҚЫЗЫ
Редакторы Күнімжан ЕРЛЕПЕС
Суретшісі Жамила АЙДОС
Техникалық редакторы Дарико ОМАРҒАЛИЕВА
Беттеген Айнагүл Ауанова
ИБ № 320
Басуға 7.06.2012 ж. қол қойылды.
Қалыбы 84×1081/32. Офсеттік басылым.
Қаріп түрі Tіmes New Roman.
Шартты баспа табағы 16,0.
Таралымы 2000 дана. Тапсырыс №
«Қазығұрт» баспасының
компьютер орталығында теріліп, беттелді.
«Қазығұрт» баспасы, 050009, Алматы қаласы,
Абай даңғылы 143, 522-офис.
Телефон (факс): 8(727) 394-42-86
e-maіl: kazygurt@lіst.ru
http://www.kazygurt.kz
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру