TELEGEI

Home

Әңгіме, очерк, фельетон, мақалалар

Сәбит Дөнентаев

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Әңгіме, очерк, фельетон, мақалалар

Сәбит Дөнентаев – поэзиясы терең мазмұнды ақын. Поэзиясы ойлылықпен қатар өзіне тән көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Ақын өлеңдері қандай көлемде жазылса да белгілі бір оқиғаға құрылған, айтар ойы мен типтік образдары бар.

КӨРКЕМТАЙ

Көркемтайдың шын аты — Көркемәлі кішкентай кезінде де балалармен ойнағанда тілі келмеген балалар « Көркемтай» деуші' еді. Шешесі де еркелетіп сүйгенде: «Көкемайым — Көркемтайым» деп әдеттеніп, содан «Көркемтай» атанып кеткен. Үлкен-кіші бәрі де Көркемтай дейді. Кейбіреулер шын аты Көркемәлі екенін де білмейді. Бөтен жұрт түгіл Көркемтайдың өзі де шын аты Көркемәлі екендігін бері келе білген. Оған дәлел: кішкене кезінде «Көркемәлі» деп атын атағанда жатсынып, «Көркемтай» десе, жалт қарайтын. Көркемтайдың әкесі ерте өлген. Оны асырап-тәрбиелеп отырған шешесі, байы өлген соң, баласы үшін бір жақын әмеңгеріне тиіп, орнын күтіп отырып қалып еді. Тиген әмеңгері Ысқақ деген кісі, мейірімсіз қатты адам болғандықтан, тек мен саған бай болдым деп қоқақтағаннан басқа қылар жақсылығы болмады. Жалғыз баласы болған соң, Көркемтайды шешесі жақсы тәрбиелеп қатарынан кем қылмай өсірді. Шешесінің аркасында Көркемтай жетімдіктің не екенін де білген жоқ. Бірақ бері келе бұрынғы малы тапшылана бастады. Тиген байы Ысқақ, мен сені асырап күтіп отырмын деп, азғана малынын, пұшпағынан тартып оған-бұған жұмсаумен құртуға айналды. Тіпті берірек келген соң тайынан мініп Көркемтайдың үйреткен көкбестісі мен бір екі бұзаулы сиыры ғана қалды. Сөйтсе де шешесі Көркемтайды жетімсіретпеді. Ысқақпен ұрысса да, таласса да, әйтеуір баласын жақтап қорғаумен болды. Өзін қазақша оқуға берді. Көркемтайдың өзіне де ақыл кіре бастап, жасы 11-12 ге жеткен кезде, бір түрлі жақсы қалыппен өсті. Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп кере алмайтын. Көркемтай үйіне барса, Ысқақтық үйінің ішімен жабыла ұрсып әлденемелер айтып, баланын. тауын шағып жіберетін:

— Сен, жалмауыз обыр, әкеңді жұтып, енді қарайған малыңды жұттың. Бүкіл бір үйдің малы сенің киімің мен тамағыңнан артылмайды. Шешен. мен екеуің әкеңнің дүниесін құрттыңдар,— деп балағаттап, Көркемтайды жылатып жіберетін. Оны шешесі есіткенде, Ысқақтың үйімен ұрсып:

— Менің жалғызымда нелерің бар!— деп, баласы үшін әлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған күндер де болған.

Осы хақында тиген әмеңгері Ысқақтың үйімен тіпті араз болды. Бұрынғыдай да емес, араларында қатынастары үзіліп, енді Ысқақтікімен араласулы да қойды. Үстіп жүргенде, бір күні Көркемтай Ысқақтың үйінен тағы да жылап келді. Бұрынғысындай да емес, көрген жәбірлігін айтып жылағанда, шешесі орнында отыра алмады. Баласымен қоса жылады. Баласын алдандырып отырып, шешесі нешетүрлі ойға кетті.

— Қарағым!.. Жалғызым!.. Менің арқамда жетімдіктің не екенін білмеуші ең. Әкеңнің тастап кеткен тұяғы ғой деп жанымнан артық көріп, ешкімнің баласынан кем қылғаным жоқ еді, ағайының біздің өстіп отырғанымызды көре алмайды. Жетім бала, жесір қатын болып, ешкімге міндетімізді артқанымыз жоқ, қайдан білейін, қарағым, малдың тұқымы бітіп барады, тек сенің бақытықа мен тірі болсам жарар еді. Қарағым... жаным...жалғызым...— деп сөзінің аяғын бітіре алмай өксіп-өксіп жіберді.

Бұрын қандай Ысқақтың үйіне ашуланса да шешесінің мұндай ренішті сөздер айтып жылағанын Көркемтай көрген жоқ еді. Соның үшін де ол өзің бақытты санап жетімдікті білмеуші еді. Нақ осы, сағатта Көркемтайға туғалы білінбеген үлкен қайғының шеті көрініп қалғандай болды. Шешесінің айтқан сөздері оған сондай аянышты көрінді. Келешекте өзіне кездесетін үлкен ауырмалықтарды көтере алмаймын-ау дегендей шешесінің тізесіне басын салып еңкілдеп құлай кетті.

* * * Күздікүнгі уақыт. Ел қыстаудың қасына көшіп келіп, азбарлар, қораларын түзеп жатыр. Өткен қыс-жұтқа ұрынып шыққандықтан, шаруаның малдары шағынданған. Биылғы жылы да жылдың ыңғайы тым тәуір емес. Астық тұқымы аз. Тек әр үйдің ауласында үйілген шөптің қарасыны болмаса, егін қарасыны көрінбейді. Бірен-саран шыққан астықтарын жұрт әлдеқашан жинап алған. Маңайында қара-құралар аз болған соң, ауыл бір түрлі көңілсіз. Жым-жырт... Ысқақтық үйі де бүгін ерте тұрып жұмысқа кіріскелі жатыр. Таңертең ертерек қамданыңдар, жұмыс көп деп түнде Ысқақ үй ішінің адамдарына айтып қойған. Сол сөзбен бәрі де күндегіден ерте оянып қыбырласып жатты. Олардың бүгінгі істейтін жұмысы Көркемтайдың азбар қораларының ағашын бұзып үйіне тасып алу еді. Шайларын ішіп, жайланбай-ақ, Ысқақ асықтырып, үйінін ішіндегі жұмысқа жарайтын адамдарын бірін қалдырмай жинап алып, Көркемтайдың ауласына жүре берді. Ысқақтың үйінде биыл түскен келіні Нағима мен төрт-бес балалары ғана қалды. Ысқақтың шешесі жататын керуеттің аяқ жағында ескі-көрпеге оранған, басын бүркеген, домаланып қана біреу жатыр. Онымен ешкімнің жұмысы жоқ. Оны шайға да оятқан жоқ. Ысқақтың келіні Нағима қасына жақындап оятқысы келсе де, Ысқақтардан бата алмай қойып еді. Енді әлгілердің қарасы үзілді-ау деген шамада, Нағима:

— Тысқа шығып кел, атамдар кетті,— деп оята бастады. Бала басын көтеріп алды да, әрі-бері қипақтап отырды. Басындағы жаман бешпетін алып қалтасына қолын салып қарау-ақ мұң екен жылап жіберді. Нағима аң-таң қалып, неге жылайсың, Шырақжан, деп сұрап еді, айтпады, жалынып сұраса да айтпады. Онан жаман өксіп-өксіп еңкілдеп жылай берді.

Бұл біздің Көркемтай еді. Шешесі өлгелі жылға жақындаған. Сонан бері Ысқақтың қолына кірген соң, жетімдік көріп, балаларынан қаққы жеп, бұрынғы тәрбие, бұрынғы тұрмыстарын өгейсіп шешесін уайымдап жылай беретін еді. Әзін өзі кем тұтып, уайымдаумен өте жүдеп кетті. Күндіз-түні ойлайтыны — шешесі. Бүкіл бір үйлі жанның ішінде Көркемтайдың бауыр басып жақын көретіні жалғыз-ақ Ысқақтың биыл түскен келіні Нағима болды. Тек онда да әлдеқалай шешесін ойынан шығарып жібергенде, анда-санда ғана көңілін жұбатып Нағиманың қасына еріп жүретін. Шешесі ойына түсіп, я бір нәрсеге ренжігенде, ешкімге де көңіл бөлмей күн бойы жылаған күндері болатын. Көркемтайдың Нағимаға бауыр басушылығының себебі Нағиманың өзі біртүрлі жұмсақ жүректі, жылы жүзді, кісіге жақындығы бар әйел еді. Біреудің зорлауымен Ысқақтың баласына тиген. Келгеннен-ақ Көркемтайды өзіне тартып аяушылыққа қалып, еліктіріп алып еді. Оңашада бетінен сүйіп, «жылама, әжеңді көп уайымдай берме, жүдеп кетесің»—деп ақыл айтып қоятын, бүгін де Көркемтайды оятып жұбатып отырғаны сол еді. Бірақ Көркемтайдың қайғысы бүгін бұрынғысының үстіне жамалып, күштірек болған себепті ол жұбанбады. Оның қайғысының күшеюіне үлкен бір себеп бар еді:ң шешесі тірі кезде тайынан мініп үйреткен көкбестісі әлі бар. Сол көкбестісін Ысқақтың үйі жұмысқа жегіп, балаларына мінгізіп дамыл бермей жүдететін болған. Шешесінен қалған, кезіне ыстық көрінген аты болған соң, Көркемтай оны қорғаштап шамасынан келгенше мінгізбеуге тырысып, соңғы кездерде аяғын кісендеп, кілтін өзі қалтасына салып алатын болған. Бүгін өзі ұйқтап жатқанда, қалтасынан кілтін ұрлап алыпты. «Жетім бала кекшіл» деп, өзі бұрын сіркесі су көтермейтін балаға мынау іс тағы да маңдайына соққан таяқтай болып тиген соқ, ықтыярсыз жыламас еркіне болмады. Манағы тұра салысымен қалтасына қолын салып жылағаннан, өзін-өзі тоқтата алмай .отырған себебі де осы еді. Нағима баланы қанша жұбатқысы келсе де, оның қатқан жүрегі жібімеді. Жылап-жылап әбден қаны тасып долданған соң, шыдай алмай киініп далаға шықты. Нағима да артынан ере шығып, шынымен жалынып көзіне жас алып:

— Шырақжан-ау, жыламашы,—деп үйге қарай қолынан жетектеп еді, бала көнбеді, онан жаман өршелене берді. Бүкіл денесіндегі мүшелерінің бәрі де қалтырап, дірілдеп, ашуланғандай болып баланың ықтыярын алып кетті. Өзін өзі нендей қалыпта екенін де білмеді.

Нақ сол сағатта қораларының, төбесін бұзып жатқан Ысқақ кезіне түсіп, бала не болғанын білмеді. Есалаң, адамша отыра кетті. Нағима шыдай алмай, өте аяғандығынан баланын даусын естімейін деген кісіше кетіп қалды. Әрі-беріден соң бала түрегеліп жан-жағына қарады да, кешегі кісендегі көкбестісі орнында тұрғандай көрініп, қырқаның астындағы шоқ шырпыға қарай жүре берді. Манағы кілтін жоғалтқаны есінен шығып кетті. Барса кісендеген жерінде көкбесті жоқ. Ысқақтың әкеткенін білді. Шырпының арасындағы көдеге баурын төсеп жата қалып тағы жылады. Әбден шаршаған соң, жылауды қойып түрегелді де, ауылдан шақырым жердегі шешесін көмген көк молаға қарай, көзі-басы көкпеңбек болып тәлтіректеп жүріп кетті. Бұдан бұрын да Ысқақтың үйіне ашуланғанда, жылап молаға қарай жүгіретін әдеті еді. Баларақ кезінде мола дегенді бір түрлі қорқынышты нәрсе көріп жүретін Көркемтай, енді басына мынадай іс түскен соң, қорықпақ түгіл тіпті сескенбей, молаға барса алдынан шешесі шыққандай керіп, ентелеп жетіп баратын болды. Бұрын еті үйреніп алған соң, бұл жолы да тоқтамастан кіріп барып, қалық зираттың ішіндегі шешесінің қабірін тауып алып:

— Мен мынадай болып келдім! Жетімдік көрдім!— деп, құшақтай жығылды. Көзінің жастары моншақтап домалана берді. Көркемтайдың мұндай бақытсыздыққа ұшырап келгендігін біліп, шешесі қарсы алғандай көрінді. Тірі кезіндегі «қарағым Көркемтай» деген аянышты дауыстары Көркемтайдың құлағына естілгендей болды. Көркемтай құлағын қабірге таяңқырап, не айтар екен, деп тыңдай берді. Көзінің алдында шешесінің келбеті елестеп тұрды. Нақ осы сағатта Көркемтай шешесінің бауырында жатқандай болып, манағы көріп келген қорлығының бәрін де есінен шығарып жіберді.

Шешесі барындағы көрген қызықтары, ойнаған ойындары, шешесінің бауырына қысып-қысып сүйгендері Көркемтайдың көзінің алдынан бір-бірлеп өтіп жатты. Көркемтай шешесінің бауырында жатқандағыдай тәтті ұйқыға кетті. Біраз уақыт өткен соң, тұр, қарағым! Ауылға қайта ғой... күн кеш болып кетер дегендей шешесінің даусын есіткен тәрізді болды. Жылы бауырынан суырып әкетіп бара жатқан шешесінің білегін ұстап алғысы келгендей қабірдің, топырағын уыстап алды. Көзін ашса қолында топырақ, өзі қабырдың сыртында. Тұра келгенде, тесігі болса моланың ішіне кіріп кеткендей еді. Жүгіріп зиратты бір айналды. Іштеме жоқ. Тып-тыныш. Тағы қара құн тағы туды. Баяғы бақытсыздық Көркемтайдың жан-жағын тағы қоршап алды. Бір нәрсесін алдырған кісіше аңқиып тұрды-тұрды да, қабірдің қасына тағы отыра кетті. Әрі-бері отырып тағы тұра келді. Бір күйді, бір жанды, ақырында болмас деген оймен сандалақтан зираттың сыртына қарай аяқтады. Тағы да баяғы көкбестісін кісендеген қырқаның астына қарай жүрді. Күн кешке жақын. Біріндеп елге кайтқан малдық арасымен сиырдың соқпағына түсіп келе жатты. Қарсы алдынан бір адам қараң ете қалды. Малдың арасынан еңкейіп қараса, қолында тезек терген қабы бар бір әйел. Көркемтай тұра қалды. Бұл Нағима еді. Көркемтай кешігіп келмеген соң, айдалаға қонып қалып, жазым болар ма екен деген оймен тезек терген болып, кеткен ізімен келе жатыр еді. Баланы көре сала танып қабын тастай жүгірді. Нағиманы таныған Көркемтай да шыдай алмады. Манағы таңертеңгі тілін алмай ренжіп кеткенін есіне алып қарсы жүрді. Нағиманы көрісімен жылап жіберді. Ойына тағы әлденелер түсіп кетті.

Нағиманың да көңілі бұзылып:

— Жылама, қарағым, көзіңнің жасы ағайынына болсын. Айдалаға сені тентіретіп қойғандығы үшін жазасын тартар,— деп, баланы алдандырып көңілін басып жұбатты.

Күн орнына қонып, қара көлеңке түсе бергенде, Көркемтайды қолынан жетектеп таса-таса жермен ауылға алып келді.

* * * * Май жұлдызының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей жап-жасыл, таң атып, күн шашырап шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысымен қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан, жіңішке өзеннің үстінен аппақ көтерілген тұмандар, шықпен буланып маңдайы терлеп темен қарап тұрған талдар, талдың арасынан сылдырап аққан өзеннің суы, анадайдан қарайып көрінген жар-жардың жағасында жағалай елдің қыстауы, кектің жүзі көкпеңбек теңіз секілді. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттық барлық нәрсеге ықлас кезбен, күліп қарап тұрған күні еді. Тоғайдың арасында созып-созып шақырған көкек құсының мұңды даусы. Шырылдап ұшқан бозторғайлар, кекте жүріп анда-санда тррууу... деп, айқайлаған ұзын сыйрақ тырналар, басқа құстардың да сайрағандары, тоғайдың іші ың-жың... Осының бәрі көлденең қараушыға үлкен ой түсіріп, жаратылыстың көркемдігі әрнәрсеге байлаулы екендігін көрсеткендей еді. Сәске түс болды. Жан-жануардың бәрі орнынан тұрып күндегі қызметтеріне тарай бастады. Қыстан қалған халықтың азғана малы бет-бетімен бытырап әр жерден бөлек-бөлек болып қырға қарай аяқ басты. Жүдеп шыққан көтерем арық-тұрақтар да шұбатылып мал соңынан ере алмаған соң қыстаудың арасынан ұзай алмай жүр. Аузына көк тиген соң, көтеріліп кетермін-ау, деген ойлары бар. Жан-жануар, адамзат — бәрі де жаратылыстық жақсылығына зар. Жалғыз-ақ біреу бар. Ол жаратылысқа разы емес. Жаратылыс оған разы емес. Екеуі бір біріне қырын қарайды. Бірін бірі сүймейді. Жаратылыстың жоғарғы айтылған неше түрлі көркем суреттері бүгінгі таңның жан-жануарға беріп тұрған мейрамы бәрі онан аулақ. Ол мұның бәрінен хабарсыз саңырау. Қара жерді жасартып, қара тасты жібіткен жаратылыстың күші қандай болса да, оның беріш қатқан кепкен жүрегін жібіте алмайды да, жасарта алмайды. Тек оның жаратылыстан алған еншісі кек моланың, бір бұрышы. Оған таңның атқаны, күннің батқаны, бүгінгі таңның әсері оның, ойына да кіріп шыққан жоқ. Оның ендігі күткені келешекте бақытты кісі болам деп өмірінің гүлін көксеу емес. Қандай бақытсыздық қиыншылық болады? Қашан, қай жерде өліп сүйегі қалады? Сол ғана, өлсе де, тірілсе де кек моланы тастағысы келмейді. Бүгін де осы көк молаға қонып шыққан.

Ол кім? Ол, осы қыста жүдеп шыққан көтермені бірі Көркемтай еді. Қыбырлаған жанның бәрі жаратылыс деңізіне жүзіп Жүргенде, біздің Көркемтай бүк түсіп көк моланың бір бұрышында жата берді. Оның барып халын біліп, көңілін жұбататын адам жоқ. Ол жалғыз, ол бақытсыз, ол қорғансыз, оған ешкімнің де жаны ашымайды. Аянышпен бе, әлде қуанышпен бе, білмеймін, Көркемтайдың қасында үймелеп жүрген жолдастары да бар еді. Олар мыналар: жауыр аттың аркасын шұқып жарасын қанатып дәндеген, қойдың жабағысын жұлып ұяға салған, моланың ішіндегі қарғалар, құзғындар, әбден ықтыярына көнген соң, маңайынан кетпейді. Анадайдан өткір көзімен қарап құйрығын қимылдатып, аштық жылы аштан өліп қалған адамдардың етін жеп дәндеген байғұтандар отыр. Анда-санда тырқыратып қарға құзғындар бір қуып тастайды. Бұл болып жатқан тойдан мүше дәме еткендей қан төбеде қалықтап қарақұс та жүр. Барлығы Көркемтайдың тойына жиналғандай моланың, бір бұрышы у-шу құзғын қарғалар. Көркемтайдың мұндай халдерге ұшырап жатқандығының ең зор себебі жетімдік. Шешесі өліп Ысқақтікіне кіргеннен бері жан адамға елікпей, көңіліне жақпас бір сөз естісе молаға қарай жүгіретіндігі жоғарыда айтылып өтті. Шешесінің қайғысынан ба? Әлде жеке үйренгендіктен бе біреуін адам екен деп көзге алмады. Енді бері келе, бала мұндай болған соқ, Ысқақтікі тіпті оған жақсылық қылуды қойды. Сынықтан сылтау таба алмай жүрген үйдің іші, Көркемтайдың ерлігін не қылсын? Қайта анаң жаман не болса'ол болсын деп еркіне қоя берді. Жалғыз-ақ Көркемтайдың бауыр басқаны жоғарғы айтылған Нағима еді. Мұның сорына о да болса ол үйде тұра алмады. Ысқақтың баласы жаман, оның, үстіне Ысқақтікі құн көрсетпейтін болған соң, көңілі сүйген біреумен кетіп қалды. Нағима кеткен соқ, баланың халі тіпті жаманға айналды. Ашуланғанда көңілін басып жұбатып алдандыратын еді. Енді ашуланбақ түгіл, отқа түсіп кетсе де оның алдынан шығар жан жоқ. Бүгінгі аянышты халдерінің себебі осы Нағиманың жоқтығы еді. Нағима кеткеннің артынан Көркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман қияли болды. Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. Қыстық қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ көңілді біреулері Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді. Сондағы Көркемтайдың көз алдынан елестеп шықпайтын — шешесі. Көк моланың іші осындай ауыртпалықтар басынан кешкен соң, осы қыстан Көркемтайдың, күр сүлдесі ғана шықты. Әрі бір жағынан қайғы үстіне қайғы жамалып, екінші жағынан талай суықтарға ұрынғаннан ауруға шалынып, ішінен жеген құрт аурудай күр сүйегі қалған, сондықтан ол езінің жаратылыстың, бір мүшесі екендігін де ұмытып, дүниеден қол көтерген. Бүгінгі атқан май айының ақ таңының оған эсер бермей, табиғаттың, жылы суреттерінің онымен араз болып тұрғаны да осы. Көк моланың бұрышына келіп жатқалы бір күнге жақындап келеді. Артынан іздеп келген жан жоқ. Іші, бауыры қатып, әбден әлі бітіп, қалжыраған соң, бүк түсіп қана жатыр еді. Бүгінгі атқан таң Көркемтайдың ақтық таны екендігін, бүгінгі күн ақтық өмірінің тыянағы екендігін оның қасындағы өлімтігін андып отырған жолдастары дәлелдейді. Әм Көркемтайдың өзі де жақындағы ақтық өмірінің белгісін көзімен көріп, ақырғы дем алысын ғана күтіп жата берді. Көз алдында елестеген өлім, келе ғой, қарағым, деп шақырған шешесінің даусы. «Қош, қарағым Шырақжан», деген Нағима даусы, тағы ағылар — осының бәрі Көркемтайдың көз алдында. Күн түстен ауып, кешке жақындады. Көркемтайдың халі тіптен төмен дәрежеге жетті. Ең ақырғы дем алысқа жақындаған кезде шаршаған нұрсыз көздерінің шарасын ақырын ғана әлсіз түрмен ашып алды да жарыққа бір қарады. Үймелеп маңайында жүрген қарғалар, ана жерде шоқып отырған байғұтан қақ маңдайының, алдында тұрған ай, қызарып батып бара жатқан күн, осының бәрі Көркемтайға қаһарлы көзбен қарап тұрғандай болды. Жер дүниенің бәрі қап-қараңғы болып кетіп, оны жаратпағандай болды. Жаратылыстан көңілі қайтып, Көркемтай басын бұрып, көзін жұма берді. Ернін қыбырлатып:

— Сен мені жаратпасаң, мен сенен де бездім,— дегендей болды. Ақтығында жас өмірінің қызығын көре алмай, жаратылыстық қаһарына кәне алмай, жана тұрмыстың гүлін, жемісін ора алмай, қорғансыз, бақытсыз, жоқтаусыз өскен Көркемтай айдаладағы көк моланың бір бұрышында қызарып-батқан күнмен бірге ақтық дем алысын бітіріп қайтпас сапарға кетті. Талайлардың; түбіне жетіп, көкейін кескен рақымсыз уын жас ағаштай тамырланып келе жатқан есіл жасқа да жіберіп, жауыз өлім көңілін тындырды.

Қош, арманда кеткен Көркемтай!

Кеңес өкіметі тамыр жайып таралып келе жатқанда, енді мұнан былай сен секілді жетімдерге көзін салар. Оларды жоқтаусыз тастамас, жылатпас!

КЕКЕСІНДІ ҚОЮ КЕРЕК

«Қазақ тілінің» 1-санында Ақсудың болысы Хамит Бимырза баласының маған жазған мақаласы басылып шықты. Мен езім Ақсу елінің жайын, әм болысының қандай екенін жақсы білемін. Сөзді басынан қозғайын: Бимырза ұлы газетке хабар қылып, өз еліндегі қолғабыс комитеті ашылғандығын жазады. Әм ол комитеттің бастығы Ш. Өмірбаев еді; мынадай ісінен жеміс берді деп мақтап келіп, Әріптің өзі шекесі шылқыған бай баласы бұдан қандай игілік іс шығады, кезінде көреміз деп сын беріп кетеді. Болыс еке! есінде бар ма? Шәріптің бітірген жұмысы белгілі еді ғой. Айында бір қабат кеңсенің, бетін көретін; сенің мақтайтын да, ақтайтын да орның бар, Ақсу елі екіге бөлініп партия дерті жабысқанда, сен де шапқылап жүрмеп пе едің? Сонда Өмірбайдың баласы сенін сойылыңды соққан болатын. Баймырзаның баласы Әріпті мен қорғамаймын, езің айтқандай шекесі шылқыған май, өзі бай болса, қызметке қосқан мен емес, «ерте оңбаған кеш оңбас» дегендей Әрібін, де, Шәрібін де бірдейсің. Екінші барымташыл мұғалімге келейік. Бұл сөзінде Ғаббас Әмір ұлын сиырдың мүйізіне іліп кетесің. Оның Ғазизаны алғанын Ақсу түгіл газет оқығандардың бәрі біледі. Біреудің сүттей ұйыған қатыны еді, зәлімдігімен азғырып алып отыр дейсің. Менің, пікірімше сүттей ұйып қатық болатын болса, бұрынғы күйеуі сот алдына барғанда аянып қалды ма? Ғазизаны зорлап тигізген адам жоқ та, өзінің теңі болған соң, тиген болатын. Сүймесіне зорлап беру, ауыздарыңды толтырып заң деген сөздің орнына кодекс деп айтып жүргендерің сыйымды ма екен?! Жә, енді Ғаббастық құлағын шулатайық: Ғаббас діншіл, Ғаббас сопы дейсің. Бірақ осы күнде сәлдесі боқтықта қалды. Өзің кімсің? Ішінде майың жоқ болса да, маңайың Қазанғап емес пе? Ағайының, туғанын солар. Солардың аркасымен болыс болып отырғаныңды Кереку уезінің халқы әбден біледі. Бұрын аузынан алласын тастамаған, басынан сәлдесін қалдырмаған адамдар да, замананың ағымы естерін кіргізген соң, шатасып жүргендерін біліп құранды лақтырып тастап, сәлдесін шұлғау қылғандар да аз емес. Гәп оқығандықта емес, гәп жүректе. Рас, ел ішінде болған соң саясат жағынан қараңғылау шығар. «Өз басыңда сәлдең болмаса, алдаң мығым» шығар. Енді өзіме келейін: менің жазған мақаламды мойнына алып келсең де, «езі сақ құлақ, ашық жүзді, ақ жарқын-ау» — деймін деп кекейсің. Құлағымның кереңдігі, я мүкісі болса, дәрігерге қаратқанымды көрген шығарсың. Я «ақ жарқынмын» деп ақ жүрексінбе?! дейсің, қара жүректігімді тауып бері Байшыл болсам, парашыл болсам, тағы аяма! Қазақ әдебиетінде «қойнына ал» деген сөз әдебиет шартына келімсіз, сөкет болса мен қазақ әдебиетшілерінің неше сездерін мысалға келтірейін: Мәшһүр Көпеевтің «Жасымда қожа бір сүндеттеген...» деген елеңін қара! Екінші Абай елеңдерін алсаң «Күйеу келді ай, жұлдыз қ... қысты» дегенін қара. Мұны сөкет көрсең, шаман келсе, «экспромт» тіліндей, қазаққа да тіл шығар және әдеби тіл болсын, қазақтың жалпақ сөлекет тілдерін түзет, шырағым! Таңданба, шамданба, кекесінді қою керек.

ХАТ ТАНЫМАҒАН ҚАТАРҒА КІРЕ АЛМАЙДЫ

Басқа мекемелердің расходы
қанша шегерілсе де оқу комиссариатының
расходың кемітпеу керек.
Ленин.

«Кеңес үкіметінің құрылғаннан бастап 10 жылдың ішінде оның жерінде хат танымайтын адам қалмасын» — деген сөзінен, жолдас Лениннің оқуға қандай көзбен қарайтындығы, қандай баға бергендігі, оқу жолында қайтып қимылдау керектігі айдан айқын байқалады. Оқудың адам баласына қандай керектігін, оқымаған кісі мен оқыған кісінің бірдей еместігін, оқусыз дүниеде тіршілік етіп жүрудің бекерлігін қақсамаған білгіш жоқ, көрсетпеген тәжрибе жоқ. Бесіктегі балаға шейін біледі десең де, ауыз барады. Енді кеп сол оқудың пайдасын білу, білмеуде емес, жалпының қалай пайдаланып тегіс көгеруінде. Совет үкіметінің алғашқы құрылысында, соғыстан бас бұра алмауы, онан босар-босамаста аштық қабаттап, онымен бірге қираған шаруаны түзету, оқу жұмысына бір ыңғай кірісуге мұрсатана бермей келді. Сонда да, алғашқы аттаған адымнан күн санап, ай санап түзелу, ширауды көріп келеміз. Бірақ әлі де болса, ынтада кемшілік, жүрісте ақсақтық бар. Өткен қыстағы әр жердегі оқытушылардың санын кеміту, Лениннің «Басқа мекемелердің расходы қанша шегерілсе де, оқу комиссариатының расходын кемітпеу керек» деген өсиеті орындалмай келе жатқанын көрсетеді. Бұл кемшіліктердің түзелуіне ертең болайын деп тұрған партияның XІІІ съезіндегі «Ауылдағы жұмыс туралы» деген мәселесі қам қылатын түрі бар көрінеді. Осы күндегі әр жерде ашылып жатқан «Бітсін сауатсыздық!» деген ұйымдар белсеніп іске кірісеміз деп отыр. Бұл беттен үкімет дағы қолдан келгенін істемекші (әм істеп те жатыр), халық та, ынтамен күшін аямай, қабыл алуы керек. Біздің Қазақстан да бұл туралы қарап отырмақ емес: о дағы «Автономия құрылғаннан бастап 10 жылдың ішінде 14 пен 30-дың арасында хат танымайтын қазақ қалмасын!» деп ұран салып, іске кірісіп отыр. Бір жұмыстық түзу бағытпен жүруі басшының нұсқауымен болса, ол жұмыстың өркендеп өңдеуі қосшының тартыншақтық қылмауынан болады. Сондай-ақ үкімет әлгі ұранды салып, бастап отырғанда, халық шегіншектеп «бір күнде мені жарылқай қоймады» деп кірекестене берсе, жұмысқа салқын қараса, бүгінгі тамағы тоқтықпен, ертеңгі қайғысы жоқтық қылса, әркім ез қамын ғана ойлаудан шыға алмайтын болса, жұмыс та өндімек емес, ұран да бос сөз болмақ. «Патша үкіметі бізді оқысын деген жоқ еді; әттең жас күніміз, оқи алмай қалғанымыз-ай!» деп екі сөздің бірінде уайым қылатын жігіттер ішінде «әшейінде ауыз жаппас, той дегенде бірін таппас» болып, жұмыс бастала жөнелгенде, қылжалақтап жүрмесін. Қазақ даласының бірсыпыра жерінде-ақ 20-жылдын жазында сауатсыздықпен күресу жұмысы жүрген болса да, онша жемісті болып шықты деуге келмейді. Себебі кебі 150 күндік, дүмше мұғалім сауатсыздықты жою орнына, ездерін жоюға себеп болды. Семейде 14 күн курста оқытып, елге үлкендер оқытуға жіберген біреу, елге барған соң, 15 күннен кейін кайтып келіпті. Неге келдің десе, өз оқығанымды оқытып келдім, енді оқыт десең өзімді оқыт депті. Бұл қайта шын айтқан жігіт екен. Болмаса, көбі сандалып ел бұлдіргеннен басқа бітіргені жоқ. Сөйтіп, халықтың оқудан ықласын қалдырғандай болды. Жұртқа ендігі айтатынымыз: әр нәрсе алғашқы тәжрибесіз беттегідей емес, бірте-бірте тәртіпті ізге түсіп, түзеліп келе жатқандығын көз көріп отыр. Енді басталған жұмысқа көлденен сыншы болып қарап отырмай, еңбекшіл жұрт ел болсын деген азамат ат салыспай отыру үлкен қорлық. Еңбекшіл кедейдің езілген елдің шын қамқоры кеңес үкіметі басшы болып отырғанда, қосшылыққа қолын беруге жарамаған еңбекшіл өзі де егіз — екі ел болмайды. Бітсін сауатсыздық! Көркейсін білім мен қазақ даласы! Қатарға кірсін езілген ел!

1924

БАСПАСӨЗ КҮШЕЙСІН

Асса барлық дүниеде, қалса өз мемлекетінде не болып жатқанынан хабар беретін, кімдер нені істеп жақсылыққа, нені істеп жамандыққа ұшырап жатыр; қай жерде қандай елігерлік қызық бар, қандай жеркенерлік бұзық бар — солардың бәрінен мағлұмат беретұғын баспасөз, газет, журналдар екені жұрттың бәріне мәлім. Пән, ғылым деген нәрсе өмірдің өркендеуі үшін керек болса, сол пәндерді, ғылымдарды көпке таратып, жалпының пайдалануына себепкер болатұғын да баспасөз екендігі талассыз. Халыққа пайдасы тиер бір зор пікірдің көпке тарауы керек болатын болса, оған себепші болатын нәрсе баспасөз болатын болса, сонан-ақ баспасөздің қадірі қандай екені, оған қандай көзбен қарау керектігі байқалуға болады. Желдің,, будың күшінен пайдаланатын, суда жүзіп, кекте ұшатын құралдарды шығарған — қысқасынан айтқанда барлық ғылымның жарыққа шығуына себепкер болып отырған көн қолды, көн терілі белді енбекші жұмыскерлер өздерінің не істеп, не қойғандарын да білмей, бейнеттеніп дүниеге шығарған қызығын көлденең біреу пайдаланып отырды. Сондықтан бұрынғы күнде (басқа мемлекеттерде осы күнде де) қандай пайдалы әңгіме, ғылым-білім туралы жазылған кітаптар жер жүзіндегі болып жатқан не түрлі оқиғалардан хабар беретін газет-журналдар бәрі де патшалардың байлардың, төрелердің, саудагерлердің, оқымыстылардың жайын жазушы еді. Қысқасын айтқанда баспасөз солардың ғана мүлкі еді. Олардың баспасөзінде жұмыскер дейтін халық бар, кедей бишара дейтін адамдар болады. Олардың өмірі сондай болады деген сөздер мәз керіне қоймайтұғын. Жұмыскер, кедейлердің де адам екенін, олардың рақатты сүйіп, бейнеттен жеркенетінін, қайта олардың дәрежесі басқа таптардан артық болуға лайық - екендігін енді сезіп келеміз, енді біліп келеміз. Сол енбекші жұмыскерлердің, сол бишара кедейлердің мерейін үстем қылып, билікті қолдарына алуға басшылық етіп, себепкер болған ұлы көсем Ленин жолдас екенін білмейтін кісі қалған жоқ. Сол Ленин жолдас бейнетқорларға басшылық ету жөнінде талай қасиетті пікірлерін баспасөз жөніне жасырын түрде болса да таратты, талай газет, журнал, кітаптар шығарды. Сөйтіп басында тамшыдан (бір кісінің басынан) басталған пікір кепке жайылды. Бұдан не байқалды? Дүниеде жасайтын адамға, дүниедегі оқиғалардан хабар беретін, ғылымдарды мүліктендіруге себепші болатын баспасөз, газет, журнал, кітапсыз жасау мүмкін еместігі байқалды. Оның үстіне бейнетқор жұмыскерлер табының баспасөзі, капиталшы байлар табының баспасөзіне қарама-қарсы жолменен жүретіндігін есте тұтсақ біздің совет үкіметінің баспасөзі жана тарих езіне лайықты дәуірмен жасайтындығы бар. Сондықтан еңбекшіл жұмыскерлер табына үздіксіз жолбасшылық қылып келе жатқан ортақшыл партияның өзегі Мәскеуде шығатын «Правда» (шындық) газетінің алғашқы шыға бастағанына міне биыл 12 жыл. «Правда» газеті 1912 жылы 5 майда, Петроградта (қазірде Ленинградта) Ленин жолдастың басшылығымен дүниеге шықты. Соның үшін еңбекшілер баспасөзінің орнықты тарихын «Правда» ның шыққан күнінен бастап әр жыл 5 майды баспасөздің мейрамы деп танып, ол үшін арнаулы күш жұмсап, баспасөзді өркендете тұруымыз керек болады.

Мемлекетіміздің әр жерінде майдың 5-нен бастап, баспасөз жетісі болып етті.
Семейде ол жеті 22 нен 27 майға дейін жасалмақ болды.

Осы жетінің сілемімен газет әңгіме, хабар ретінен, қаражат, қайрат ретінен ақсайтын болып, халыққа көбірек тарауға, еңбекшілердің мұңына жауап беруге жарайтын болсын. Ал, еңбекшіл шаруалар! Жалпақ жұмыскер табы! Сендер де жасай біліңдер, жазыңдар! Жазылыңдар! Күшейсін баспасөз!

ГАЗЕТ КӨПКЕ ТАРАСЫН

Газет жұрттың айнасы дейміз. Газет жұрттың керегіне жауап береді дейміз. Газеттен жұрт асса дүниеде, қалса айналасындағы елде, не болып жатқанын біледі дейміз. Жақсы хабарды есітіп қызығып, қолынан келгенше сондай іс істеуге тырысып, жаман хабарды есітсе, ондай жұмыстан бойын сақтап ұстайтын болады. Қысқасы адам қатарына кіріп, басқалардай өмір сүруге жарау үшін газет, журнал — баспасөзсіз мүмкін емес дейміз. Бұл сөзді жұрттың бірсыпырасы біледі де, таласушы да шыға қоймас. Бірақ жұмыс «дұрыс сөз, онысы рас!» деп бас изеп құптап қана қоюмен гүлденіп кетпек емес. Кім не нәрсені мақұл көріп, ұнататын болса, ол нәрсе туралы өз қолынан келерлік міндетін атқарып отырса ғана, шын ұнатқан болып табылмақ. Сондықтан газет керек деген сөзге қосыларлық кісі шын мағынасымен қосылу керек. Хат танитын кісі оқып, газетке хабар жазуға жараса, хат танымайтындар тыңдауға жарай ма? Бір газетті тұтас алдыруға бір кісінің шамасы келмесе 2—3 кісі бірігіп (біреуінің атына жаздырып) алдырып, біреуі оқып, бірі тыңдап, болмаса кезек оқып тұруға да болады. Тіпті шамасы келетіндердің өздері бірігіп, біреуі бір газет, екіншісі бір газет алдырып, ұйымдасып кезекпенен оқысып тұруларына болады. Сөйткенде ғана газет кепке тарамақ. Бұрын газетті ел қазағының көбі баяғы қыссалар секілді, еріккенде ермек үшін тыңдалатын нәрсе секілді қарайтын. «Па, шіркін-ай, қызық болған екен!» «Ай, қулар, келтіреді-ау!» деген құрғақ таңданулардан басқа, эсер ала

алмайтын. Газетті пайда табу үшін шығаратын бір базар нәрсесі көретін. Ол қарастарға себеп бірінші надандық болса, екінші патша үкіметінің баспасөзді жалпы шаруаның, жұмыскер-кедейдің жоғын жоқтап, ауруына ем іздеуге жол бермегендігі. Сондықтан жұрт газетті бір ертегі деп ұқты. Бұл күнде олай емес. Газетті шығаратын да, оқитын да көп, көптің тілегі жазылады (оны жазатын да көптің өзі), кептің жоғы жоқталады. Сол көбіміз ынта салып құмарланбаса: салақтық сараңдық қылса, әркім «менен басқа да жетері де» мен жата берсе, газет көптің мүлкі бола алмайды, көптің қышыған жерін таба алмайды. Хат танығандарың хабар жазыңдар, газет оқыңдар! Хат білмейтіндерің хал жайларыңды хат танитынға айтыңдар: олардың оқыған газетін тыңдауға әуестеніңдер!

Езілген еңбекшіл ел қатарға кірем десе, оның газеті кепке тарасын!

1924

ТІЛШІЛІККЕ НАЗАР САЛЫНСЫН

Газет елдің айнасы: елдегі жақсы-жаман оқиғалар газетте жарияланып отырса, бірінші, ол елдің жайы мәлімденіп ауруларына ем іздемек. Екінші, біреудің жақсылығына басқалар үлгі алып, жамандығынан сақтанып отыратын болмақ. Сондықтан газетке жазылатын хабарлар ел еңбекшілерінің мұңына жақындассын, жалпының жоғын жоқтасын, сойылын соқсын дейміз. Сол мақсатпен әр елден, әр бұрыштан жігерлі, адал азаматтарды тілші сайлаймыз, қолына мандат, сөзіне инабат береміз. Әр істің белгілі бір тәртібі, көшелі жолы болатыны сияқты тілшілікте де белгілі бір тәртіп болуға керек.

Газет ертегі болмайтын болса, тілшілер ертегіші болмауы керек. Газет айна болса, ол айнаны жасайтын тілшілер болса, айнаны дұрыс жасап шығу міндетін: «аузы қисық болса, болсын, айна қисық болмасын!» Осы күнде елдегі тілшілеріміздің жүзден бірі болмаса, көбі газетке не жазуын білмейді. Кейде кепке жанасы жоқ, жә біреудің жайын ертегілейді: кейде кезі жетпеген бір «қатын өсек» ті қойып қалады. Кейде біреумен араз болса, соны жамандап газет бетін босқа толтырады, болмаса, елдің партиясына кірісіп қарсы жағының қылп еткенін қойдай тоғытып, дүние пәлені орнатады: не жүрген жерінде «ұлтшылдық» түтін бықсытып түймедей нәрсені түйедей қылып «ел кешті, жау жетті!» леп аспанның астын жаңғырықтырады. Бұл сияқты тілшілер еңбекшіл елге газетті айна қылып көрсете алар ма? Әрине жоқ. Олай болса, тілшілердің әуелі міндетін білсін. Көрінген «өсек» ті газетке ала жүгірмесін, қалпынан асырып, біреуді мақтап, біреуді боқтамасын. Қысқасы болған оқиғаның дәл шынын жазсын. Жә, бұлай болғанның өзінде де әңгіме кеп: газетке шынды жазу деген қашанда болса арға міндетті нәрсе ғой. Шын болғанда да шын бар-ау! Құр шын екен деп көзге не көрініп, ауызға не түссе, соны жаза беруге бола ма? Қандай жолмен жүріп, нені біліп, не жазу керектігін тілші біткен біліп отыр ма? Әрине жоқ. Олай болса, тілшілер қалай ысылмақ? Нұсқауды қайдан алмақ? Ресейлік кіндік қалаларда мезгіл-мезгіл тілшілердің съезі болып тұрады. Кей жерде қысқа уақытты «тілшілік курсы» де бар. Тілшілер үшін арналып шығарылған жол басшы кітапша бар. Ал қазақ тілшілері бұл халдің біріне де жеткен жоқ. Бұл халді бұл қалыппен жібере беруге болмайды. Газет тілшілерге қарап жасайды. Соның үшін тілшілердің білімін толықтандыруға тілшілік міндетін ұқтыруға тырысуымыз керек. Ол үшін газеттерде нұсқаулар жазылып отырылсын. Тілшілердің міндеті туралы орыс тілінде жазылған кітаптар қазақтың тұрмысына қалыпталып перевод жасалсын. Тілшілердің кіндіктің аймақтың жиылыстары болып отырсын. Уезд сайын тілшілер ұйымы болсын. Міне біздің назар салатын жұмысымыздың бірі. Бұл туралы жұмысты қалай бастау керек? Қандай қолдан келетін шара бар? Қай жұмысқа қандай әдіс жұмсау керек? Бұл жөнде басшы азаматтарымыздың пікірлерін майданға салғандары жөн болар еді.

ӘУЕЛІ ШАРУА ОҢДАЛУ КЕРЕК

Қазақ партиясы мен саясат партиясы екеуі екі басқа. Жалпы қазақ партия дегенде, өз арасындағы ру партиясын ғана ұғады. Ал осы күнгі саясат тілдегі айтылып жүрген партия тап партиясы болғандықтан Коммунист партиясы да кедей еңбекшілер табының партиясы екенін жұрттың көбі білгендей болды. Коммунист партиясында пәлен атаның кедейі, түген атанын еңбекшілі болсын деген шарт жоқ. Оның шарты шын кедей, шын еңбекшіл болса болғаны. Осы күнде қазақ арасында «партия» дегенде ашып айтылмаса, қай партия екенін білмей қалуға болады. Мәселен: сот яки тергеу орны жауап алғанда «партияда бармысың?» деген сұрағына не шынын айтамын деп «мен Жақыптың партиясындамын» яки қорғанып: «тақсыр, мен партия қылмайтын адаммын!» дейтіндер көп болады. Сондықтан тап партиясын айтам десең коммунист дегенді қосасың. Ру партиясын айтқын, келсе, қазақ, дегенді қосасың. Ру партиясының зарарының көп, мақсатының қысқа екендігін: оны тоқтатпағанда, елдің мәдениетіне тиісінше пайдалана алмайтынын қазақтың қалам ұстаған азаматтарының айтпай келе жатқаны жоқ. Бірақ совет үкіметі орнаудан бұрын «партияны қою керек!» деген құрғақ ақылдан басқа жол-жоба көрсетпейтін еді. Ал, совет беті бұрынғыдан басқа екендігін әркім біледі. Білгенде өру партиясын тап партиясына айналдыру керек» деген ұран қолдануда: «пәлен атаның тұқымы көгерсін» деген тыңдалмай «еңбекшілдер көгерсін!» деген сөз мақсат етіп алынуда. Сөйтіп бүгінгі бет, адам баласын шын бақытты тұрмысқа жеткізуге себепші болатын бет қазақ арасында да тап партиясын жүргізу. Бұл жөнінде «кедей біріксін, кедей байлармен алыссын, сайлауға байларды жолатпасын!» деген насихаттан басқа, солай болғанда кедей 'бірігеді, сөйткенде кедей «байға қарсы тұруға болады» деген енегелі нұсқауды жалпы қазақ кедейлері тұтынарлық қып ешкім көрсете алмай келеді. Әр жердегі қазақ кедейінің халі әртүрлі. Бір жерде кедейлердің еңсесі едәуір көтеріңкі: қызмет басындағыларын өз араларынан сайлап алып, байдан тендігін алғанға жымыңдасып жүргенін көресің: бір жерде «кедейге тендік болды дегені қайда? іс басына сайланса бай сайланады. Қорлық керсе кедей көреді! Қай заман болса да, байдың үстемдігінен құтыла алмадық!» деп жылап жүрген кедейлерді көресің. Бұлай болулардың себебі: жергілікті жауапты қызметкерлердің ниетімен бетіне байлаулы: олар әділ іскер болса, ол жердің кедейлері есеге жетіп жүр! Ал, өңештің құлы яки ысылмаған болса, ол араның кедейлерін байлар бүктеп кетіп жүр. Тегінде кедейлердің өзара ұйымдары күшті болса, олар жауапты қызметкердің аузына қарамай, жауапты қызметкерлер «Тілектерімен қалайтындарың не? Орындай беретін?» деп жылмаң-жылмаң етер еді. Жүз кедейді шұбыртып бір байдың ертіп жүретін сұмдығы да қалар еді. Бірақ — амал бар ма? Әзір ол халге жетіңкіремей келеміз.

Оған жету үшін әрине шара іздемей болмайды.

Тұрмыс — күн көріс бұл хәлден өзгермей, жанармай кете берсе кедейлердің басы құралады. Олар баймен алысуға жарайды деуге аузы бармайды. Себебі: қазақ арасында кедей біткеннің басын қосқан кәсіп орны» (фабрик, завод секілді) жоқ; артель ашып, байға күн! түспейтін болып ұйымдасуға әлі қараңғы. Сондықтан не кыдырып келгенде «жұтып» шығатын саумалынан аса алмай, не баймен қарсыласуға өнері жетпей, оның арбауына түсіп кете барады. Бұлай болғанда, кедейдің басын қосу керек, оларды байға «қарсы тұруға жарайтын ғып шығару керек» деп қақсап жүрген азаматтар сол керектерін өмір жүзіне қалай асыра алады? Міне әңгіменің түйіні сонда, сол керектерді орындау үшін алдымен кедейлердің шаруа күнкөріс жағынан байға ісі түспейтін болулары керек, ол үшін ел арасындағы ел еңбекшілеріне жанасы бар мекемелерді (кооператив, қолқабыс комитеттері сияқты) үлгілі тәртіпке қою керек. Соларды жүргізе білетін кедейдің ынтасын, ықыласын аударып шаруасын бір қалыпқа салуға жарайтын қызметкерлер даярлаудың қамына кірісу керек. Ел кедейі қызметкердің адалдығын көріп қызметтің жемісін татпай, оның артынан ермек емес те, шаруа жағынан байға іс түспейтін бір ұйымға басы құралмай, байдың тырнағынан құтылмақ емес, әм оған қарсы тұра алмақ емес.

ҚОЛҒАБЫС КОМИТЕТІ

Осы күні қолғабыс комитеті қазақ болыстарының бір - сыпыраларында ашылғандығы болса да, әлі жөндеп іске кіріскені бар деп айтуға келмейді. Өйткені қыр қазағының кебі ол комитеттің атын болмаса, затының жұмысының не екендігінде хабары да жоқ. Сайлау кезінде «оның өзі де әжептәуір шен дейді, қолында қазынасы болады дейді; қалың малды да сот соған түсіреді дейді, елде болған игі ғой, өзіміздің жақтан сайлау керек!» дегеннен басқа, сайлау болғанда. жиылып барғаннан әм сол жиылғанда кімді сайлау әдісін ойлағаннан басқа, ол комитет не істейді? Кімге қолғабыс қылады? Ол туралы ойлана қоятын кісі елде некен саяқ болмаса, табылмайды деуге болады. Сайланған кісілерде бағына, беделіне сүйсінгендей мұртынан күліп «қайырлы болсындарға», «айтысыңнан» басқа бітіретіндері шамалы болады. Жалғыз қолғабыс комитеті туралы емес, басқа қызметтің бәріне сондай көзбен қарар еді, әттең еркіне жіберсе! Бұл ауру, бұл әдет бұрынғы болыстардан мұра болып, әлі соны жұрттың көбі тастай алмай келеді. Оның себебі де сайлаудың көбінде байлар, яки байдың көлеңкелері іс басына отыратындықтан. Бұл жөнмен қолғабыс комитетінін басына да бай сайланатын болса, өзге жұмыстан көрі, жоғарғы мекемелердің сұрағына жауап үшін болмаса, қағазы жылына бір қабат ақтарылмас та еді.

Қолғабыс комитеті кім үшін керек?

Оның қызметкерлері тамағы тоқ, туғалы мұқтаждық көрмеген байдан сайланса, біреудің мұқтаждық көріп жүргені оған қанша білінеді? Әрбір қызметке кірген адамдардың кедейден кіру керек, кедейдің жоғын жоқтап, халін қайғыратын қорғансыз, кедейлердің жанына не батса, оның жанына да сол бататындай болу керек деп, қанша қақсалып келсе, қолғабыс комитетіне келгенде ол қақсау он есе, жүз есе артылса да артығы жоқ. Қолғабыс комитеті көзге көрініп іс қылу керек. Істейтін іс, жинайтын қазына, жәрдем тигізетін орын — бәрі де ел ішінде. Сайланған кісілер, қызмет қылуға көңілім соқпайды, атына ие боп қана жүргім келеді демесе, білмегендігімнен басқара алмай отырмын, деуіне орын жоқ. Білмегенді білуге болмай ма екен? Жоғарғы орыннан жоба, нұсқау, жол сұрап қайсыларының еңсесі құрып отыр?

Өтірік жұбатумен елді алдамаса, жоғарғы мекемелерді алдай бере алмайды. Енді салақтықты қойып, ол жұмысты мойнына алған адамдар істі тәртіпке салуға міндетті. Халықтан міндетті, міндетсіз салық жинап, комитеттің қазына қорын нығайту; егіні апатқа, қорасы өртке ұшырап бишара болған шаруаларға жәрдемін тигізу, қолдағы барын қандай ретпен сақтап, қалайша өркендетіп ұстауға керектілігінен, белгілі бір тәртіп қолданып, ел ішінде кәдімгі мекемелердің ісіндей, үздіксіз істеп отыру ауылдық болыстық қолғабыс комитеттерінің жауапты міндеттері. Істі қалай жүргізу керектігіне жол-жобаны жоғары мекемелер берген. Соны қарастырып қолдана білу керек. Өз қолдарынан келмеген жәрдемді жоғарғы орыннан сұрап отыру керек. Мәселен ағаш әм егін саймандары секілді. Кедейлерді ұйымдастырып, көмектесіп істелуіне басшылық ету, кооператив ұйымдарын аштыруға себепкер болу; онан басқа да толып жатқан игілік іске қысқа аяқты нашарлардың қолын жеткізіп, жаңа тұрмыс орнату, байға танттыруды жою, қолғабыс комитетінің нысанасы әм түпкі мақсаттары. Сол нысана, сол мақсаттарды орындау жөнінде істелген іс — кірген кіріс, шыққан шығын секілділердің толық есебі болып отыру лайық. Есеп тәртіпке қойылмаса, ол комитеттің ісі өркендемек емес. Қысқасы қолғабыс комитетінің істеймін дегенде қолынан келетін ісі көп. Ол комитеттің кімге қандай керектігін байқаған кісіге атынан-ақ көрініп тұр, елде қолғабыс керек болмай тұратын жан аз. Осылай болса, қолғабыс керек кісіге комитет керектігі айдан жарық. Мұны кедейлер есте тұтып сайлау уақытында пәленше-екен бола салсын! деп қымызға сатылғанды қойып, ертең сорлаған күні толық жәрдем тигізуге себепші болатын өздерінің шын қамқорын сайлау керек.

ӘРКІМ ӨЗ ҚОТЫРЫН ӨЗІ ҚАСУ КЕРЕК

Оқудың керектігін білмейтін кісі жоқ, айтпайтын ауыз жоқ, деп айтылған сөздің өзін де естімеген адам аз деп айтуға болады. Бірақ айту мен істеу екеуі екі басқа екендігін де жұрттың көбі біледі. Сондай-ақ біздің қазақ, арасында оқу жұмысы айтылуына қарағанда, істелуі саран, келе жатқандығы кімге болса да қараңғы емес. Бұған себеп: осы күнге шейін жоғарғы мекемелердің еркін ойын бөлгізбей келе жатқан аштықпен алысу, шаруашылықты түзеу секілді жұмыстардың килігуі болды. Аштықтан құтылып ендігі жұмыстың екпіндісі шаруашылықпен қатар оқу жұмысы болайын деп отыр. Оқу жұмысына жоғарғы мекемелер ынталарын салар да, қолдарынан келгенін істер де, сонымен ғана жұмыс ілгері басып кете қоймақ емес. Жоғарыдан келген жобаларды, бұйрық жарлықтарды орындайтын жергілікті мекемелер, елдегі қызметкерлер ұнатқан нәрсесін қара бұқараның көкейіне қондыратын, орны келген жерде екпінмен болсын, еппен болсын майданға шығаруға себепкер болатын солар. Оқу жұмысына келгенде, оның қызметкері оқытушы мұғалімдер. Бұрынғы уақытта мұғалімдік оқушылардың еді. Қап тауынан аса алмай қалғандарының ғана сыбағасына тиетін еді. Оның себебі де оқу жұмысына үкіметтің ынтасы, халықтық мұқтаждығы жоқтығы еді. Сондықтан оқытушылардың күн керуі ауыр, қадірі кем болатын еді. Бұ күнде бұрынғыдай емес, үкімет ынталы, халық мұқтаж десең де, жоғарғы айтқан себептер арқылы оқу жұмысына әлі еркін кірісу болмай келе жатқандықтан, оқу қызметкерлерінің халдері бұрынғыдан ұзап кете алған жоқ. Ал біздің елдегі мұғалімдер болса, көбі білімінің кемдігінен нені қайғыртатындығын, қай ауруға қандай дәрінің керектігін білмейді. Білгендерінің қаламен қатынасы сирек, хабарласуы ыңғайсыз келіп отырады.

Қаладағы оқытушылардың қымызға, таза ауаға шығатын мезгілі болды! Бұл арада тағы бір айтылып кететін жұмыс: іске жарайтын мұғалімдердің кебі оқыту жұмысынан күні бүгінге дейін қашуда. Оның себебі де бағанағы тұрмыс ауырлығы. Тұрмыстың ауырлығын түзеуге, жеңілтуге болмағанда қашу керек еді. Осы күз Мәскеуде оқытушылар съезі шақырылмақ. Оянған елдің азаматтары сол съезге шейін қанша план құрмақ? Қанша пікірлерді қорытып салмақтап алып бармақ?! Бірсыпыраларымыз жайлауда жатып, білмей қалып жүрмейік! Кейбіреулеріміз тұрмысымызды түзеу жолында іс қылатын мезгіл тұрғанда бас құтқару, қашу әдісін қолданып уақытымыз бола алмай жүрмесін! Жыламаған балаға емшекті туған шешесі де бермек емес. Оқытушының халін оқытушылар ғана түземейді, әркім өз қотырын өзі қасу керек!

Осы күнде мемлекеттің қамсыздандыру мекемесі (Госстрах) әр жерде құрылды. Ол мекеменің атқаратын жұмысы халықтың шаруасын әртүрлі апаттар килігіп күйзелткендей күн туса, сондағы кемшіліктерді орнын толтырып, бағытын түзеп жіберуге кепілдік қылу. Соның үшін ол мекемелерге малын, мүлкін жаздырып отырған адамдар шаруам апатқа ұшыраса далада қалармын деген қауіптен, қайғыдан, қамнан бойы кең болмақ. Оның қамын әлгі мекемелер орындайтын секілді болып отырмақ. Сондықтан ол мекемелердің атын қамсыздандыратын мекеме деп, ал мал-мүлікті жаздырып қою жөнін қамсыздандыру деп атаймыз. Әр шаруаның өз ретінше қамсыздандыруы болмақ. Мәселен, егінді бұршақ соғу, шегіртке жеуден қамсыздандыру, малды індет, қора-сайманды өрттен қамсыздандыру секілді. Қамсыздандыратын мекемелер апатқа ұшырап қалған шаруаларға көмек беретін қазынаны қайдан алып тұрмақ? Әрине мал-мүлкін қамсыздандырушылардан алып тұрмақ. Соның үшін қамсыздандыру ретінде жаздырған нәрсенің сомасына қарай салық төлеп тұруға міндеттісін. Мәселен, егін қамсыздандырасың ба, мал-үй қамсыздандырасың ба? Қайсысы болса да белгілі бір баға қоясын да, сол бағаның бірнеше бөлігін (процентін) әлгі мекемеге бересің. Егер де қамсыздандырған нәрсең жоғарғы айтылғандай апатқа ұшыраса (егінің бұршақ, малың індет, қораң өртке деген сияқты) дереу әлгі мекемеге барсаң, баяғы жаздырған сомаңның түгел төлеуін аласың. Мәселен жазғытұры жалғыз атыңды жаздырып, кесілген басына қарай 105 сом төлеген болсаң ол атың жаздыгүні жамандатып өлсе, яки қасқыр жеп кетсе, жаздырған мекемеңнен атыңның кесілген құнын түгел аласың.

Қамсыздандыру жұмысы жыл сайын жаңаланып отырмақ.

Жеке-жеке қамсыздандырғаннан, топ болып тұтас жазылса, арзан түседі. Оның реті былайша: бір ауылдағы 10-20 үй жиналып барлық егінді, әм ірі қараларды жаздырып жергілікті мекемелерге куәләндіріп алып барса болғаны апарылмақ — қамсыздандырылған малдың түс-таңбасы, үй, қораның іші-сырты, ұзындық-кеңдігі жазылмақ.

Үй қамсыздандырылғанда бірігудің хажаты жоқ.

Қамсыздандыру жұмысы, бұл күнде қалалы жерде міндетті, елдегілерге әзірше ерікті. Бұл жұмыстың жалпыға мәнісін ұқтырып, жөн сілтеуге болыстық атқару комитеттері жолбасшылық қылып, жұмыстарына ие болуға кооператив ұйымдары мен қолғабыс комитеттері борышты. Тегінде «ашымнан аманым» дегендей, әзірге жаздырғандағы беретін аз шығыннан қашып, ертең тып-тыйпыл болған күні, «әттеген-ай!» деп жүргенше, қауіпсіз отырудың жолына түсу керек. Бұл нағыз есте болатын жұмыс.

ЕСТЕН ТАСТАМАУ КЕРЕК

Біздің, газетте әйел теңдігі деген бөлім бар. Ол бөлімге көп уақытта әңгіме түспей - бос қалып отырады. Бұл нені көрсетеді? Әрине қазақта асса жалпы әйелдің, қалса өз басының қайғысын білдіріп, шарасын іздеуге жарайтын әйелдің жоқтығын көрсетеді. Затында не нәрсенің майданға шығуы, ол нәрсені зерттеушінің кептігінен болғандығы бар. Кім не нәрсені зерттесе, асса өз табы, қалса қара басына керек болғандықтан, тарыққандықтан зерттейді. Әйел табы кемшілік көрмей отыр, тартпай отыр деп ешкім таласа қоймайды. Бірақ сол көрген кемшілігін қалай жоюдың, қайтып есеге жетудің жолын білмей отыр. Түбінде өз жоғын өзі іздеуге жарағанша, әйелдер әлемінің еркек қатарына кіруіне мүмкіндік жоқ. Оғам шейін ертелеу көзі ашылған еркек табы, оның ішінде адам баласын құлдықта ұстауға қарсы еңбекшіл табы екі сездің бірінде, әйелдің қамын ойлап сөйлеуге, екі жұмыстың бірін әйел пайдасына арнап істеуге міндетті. Міндет дегенді сөйлеген уақытта білмейтін кісі аз болып, атқаруға келгенде істейтін кісі аз болатын ауруды әйел тендігі жолындағы әңгімеде тастауға тырысу керек. Олай болмағанда біз жуырда (жуырда түгіл мәңгі) ел болмаймыз. Дәрігерге барған ауру .кісі жарты денемді оңдасаң болады, қалғаны не болса, сол болсын депті дегенді естіген кісінің күлмейтіні, әлгі ауруды ақмақ демейтіні қалар ма еді? Олай болса, бәріміздің де ақмақ атануымыздың жөні жоқ. Еліміздің жартысы болып отырған әйел табының тілегін бүркеп қойып, езіміз жетілуді ғана ойласақ, біздің де әлгі аурудан артық жеріміз қалмайды. Біз дағы тарих бетінен ақмақ деген орынды алуымыз айдан жарық. «Қатыныңды күң есебінде ұстасаң, балақ құл болып туады» деген үлгілі сөзді естен тастамау керек.

ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІН ҚАЛАЙ ҰҒУ КЕРЕК?

Кеңес үкіметінің әйелге еркекпен бірдей право бергендігін білмейтін кісі жоқ. Бірақ ол правоны көзі ашылыңқыраған елдің әйелдері болмаса, қазақ әйелдері пайдаланды деуге келмейді. Оған себеп — надандық. «Жаман өз сыбағасынан құр қалады» дейтін қазақтың мақалы, надан өз сыбағасынан құр қалады деген сөз ғой. (Бұрын жұрт надан-кісіні жаман деп жүретін). Бұрын бір тапты екінші тап, бір ұлтты екінші ұлт құлданса, барлық таптық, барлық ұлттың еркектерінің құлданғаны әйел табы болатын. Құлдану ғана емес, малданып отыратын. Сондықтан әйел еркектің мақсатын орындау үшін ғана жаратылған жәндік екенін жырламаған ән, қуаттамаған заң ұқпаған бас болмаған.

Ол заманның «ит үріп, керуен көшкен» заман екенін енді керіп отырмыз. Әйел Табының да адам баласы екенін, олардың ойласа ақылы, сөйлесе сөзі, істесе жұмысы еркектен кем болмайтындығын заман тәжрибесі мойындатып отыр. Жалғыз-ақ бұған мойындамаса, дүние оқиғасынан хабары жоқ, үйден шықпайтын, әйел дегенде көретіні өзінін жеңген жауы Қалампыр ғана болатын Қаржаубай ғана мойындамайды. Болмаса, әр жерден шығып жатқан әлеумет қызметкерінің, не секілді атақты көсем азаматтардың қатарында жүрген әйелдердің барлығы еркек табының әйелге бұрынғы көзқарасын өзгертуге жарады. Бірақ амал барма, қазақ әйелдері (әйелдері түгіл әйел қамын ойлайтын еркегінің бірсыпырасы) теңдік деген ұлы мәнді, кең бағытты, қасиетті сезді шолақ түсініп, «бай таңдау» деген ұғыныстан асыра алмай жүр. Ол ұғыныстың езін орнына келтіріп жүрсе, бір сай болар еді. Бүгін біреуге «сүйіп тидім» деп отырған әйел, ертең біреудің сөзіне еріп «сүйгенінен» бас тартып шыға келеді. Әрине, ол әйел надан болмаса, көрінген кісіні «сүйіп» тие бермес еді де, шын біреуді сүйіп тисе, басын кессе де айрылмас еді. Бұлай болғанда, тендік деген сөз жалғыз бай таңдауда емес. Ең әуелі білімге тырысуда. Сол жолдағы бөгеттермен күресуде. Сен сөйлер сөз, жүрер жүрісіңді білсең, көрінгеннің қақпалағанымен жүретін мал болмай, өз еркің өзіңдегі адам болуға жетсең, жақсы күйеу өз аяғынан келеді.

ҰЯЛЫП ЖҮРМЕЙІК

Осы июльдің 11-інде шыққан «Правда» газетінің «Барлық халықтың коммунист әйелдерінің ІІІ конференциям» деген бас мақаласын былай деп бастайды: «Бүгін барлық халықтың коммунист әйелдерінің ІІІ жиылысы ашылады. Жиыларлық кісінің әзіргі саны белгісіз, бірақ бұл күнге дейін болып келген съездерде мұндай «әр халықтың әйелі жиналған съезді тарих көрген жоқ». Бұл мақаланың ішінде коммунистер интернационалының сілтеген жолының таза әм маңыздылығын басқа партиялардағы «әйел тендігі» деген сездің құр әдемі сөзден аспайтұғын .алдау екендігін, жалпы әйел дүниесін алғанда күнбатыс. пен күншығыс елдерінің әйелдерінің арасында да зор бөлектік барлығын көрсеткен пікірлер бар. Сөйленген сөздің қорытындысынан әйелдер тендікке әлеуметшілік (социализм) жолымен ғана жететіндігі, болмаса, бүгінгі тұрмыс әйелдерді ілгері бастырмайтын қара тұман екендігі дәлелдер арқылы көрініп тұр. Және бұл сияқты әңгімелер, қазақ өміріне салыстырып қарасаң, ешкімнің құлағына еніп, ойына келмейтіндігі айдан жарық. Жұмыр жердің үстінде жасап жүрген адам балаларының ішінде еркек үшін ғана жаралған бір қуыршақ есебінде есептеліп келген әйел табының оянғалы бірсыпыра болған жерлері болса да, біздегі секілді ұлы төңкеріс, қолдарынан келмегендіктен «қыс ішінде бірер қаз келгенменен, қайда жаздың» кебін киіп келе жатқан. Әйелдердің еркекпен бір праволы жан болып жасауына коммунизмнен басқа сенімді тура жол жоқ та. Ол жолға еркіндік бет беретін әзірге совет үкіметінен басқа үкімет жоқ. Сондықтан әрбір кемдікте жүрген тап совет үкіметі арқасында еркін дем алып, келешектегі бақытты өмірдің сатысына алақсыз аяқ салудың қамында болу керек десек, ол «керекті» әйелдер үшін әлденеше арттыруға керектігі даусыз болып табылады. Дүние жүзінің коммунист әйелдері бір жерге басын қосып жиылыс жасаса, ол жиылыста әр халықтың әйелдерінің тұрмысымен танысып, кемшіліктерімен алысуға шаралар қолданатын болып байласа, сол жиылыс, сол байлаулардан қазақ секілді өмірдің ен төменгі сатысындағы елдің әйелдерінен қатынасушылар табылар ма екен? Екі талай. Бұл кәдік неден шығып отыр? Әрине қазақ елінің сонша қараңғы, сонша кенжелігінен туып отыр. Рас, қазақ еңбекшілерін бастаған азаматтардың бұл халге мойындамайтыны да жоқ; ол үшін шара іздемеймін дейтіні де жоқ. Бәрінің-жарғақ құлағы жастыққа тимей күндіз күлкі, түнгі ұйқысын бөлгендегі мақсаты еңбекшіл елді қайтсем ағартамын? деудің қамында екендігінде сөз жоқ. Бірақ солардың әр біреуінің аузынан «езілген тапты қатарға қосу керек!» деп көкірегі қарыс айрылғанда ойларында әйел табы да бола ма екен? Егер де болатын шығар десек, ол уақытта езілгендердің ішінде ең қорлықтағысы әйел табы екендігін әркім біледі, ол үшін қайсыларының ойында қандай план бар екен? Осы арасы қиын жұмбақтың бірі тегінде «кімге кеп берілсе сонан көп сұралады» деп орыстың мақалы айтқандайын әйел табы қашан өз қолы өз аузына жеткенін еркек жолдастарының басшылығына мұқтаж. Ол арасын естен шығармауымыз керек. Біз арымыздың алдында, тарих алдында құтыла алмайтын бұл міндетімізді кезекті істің біріндей есептемесек, келешек біздің бетімізге түкіруінде сөз жоқ, тек сонда ұялып жүрмейік.

ОҚУ ОЙЫНШЫҚ ЕМЕС

Осы күнде қазақ балаларының көбі оқуға сусап жүргені рас. Кіндік губерна, уезд қалаларында оқу мезгілі түгіл, қыс ортасына шейін оқуға деп келіп жатқан, орын таба алмай кетіп жатқан балаларды көресің. Алайда, үкімет адамдары шамасы келгенше көңіл бөліп, оқимын деп келген кедей балаларын мүмкінінше орналастырып отырудың қамында болатын әм бұдан былай да болмақ. Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдан жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес. Бірақ өкінішке қарай біздің оқуға сусап жүрген жастарымыздың арасында бір көңілсіз әдет бар; қанша жердей келіп қанша бейнетпен кірген мектебінде үзбей екі жыл оқып шығатын қазақ балалары шамалы болады. Мәселен, Семейдегі қазақ педтехникумынан оқушылардың биылғы оқу жылына 50-ақ процент келетін түрі бар. Былтырғы жылы ашылған сол педтехникумге даярлайтын қазыналық орындағы 100 баланың биыл келуі екі талай болып отыр. Былай болғанда, биылғы алатын бала да жаңа, ендігі жылғы да жаңа болып, өмірде екінші белімге бала шықпақ емес. Оқудың міндетті еместігі көрсеқызар, айнымалы, дағдарғандардың «нем кетеді» деп ашық тұрған орынға кіре салуы. Сондықтан оқу іздеген жастарға ұстанатын жол: қай мектепке кірмек болсаң, әуелі кірместен бұрын буыныңды бекітіп, ойланып ал, не қылсаң сол мектепті бітіріп шығуды мойныңа алып кір, болмаса биыл бір мектеп, ендігі жыл екінші мектептің ыңғай бірікшілерінде оқып, біріншіні бітіре алмай қажыған соң, оқудан атып шығып, оған бір ұрынып, бұған бір ұрынып, аяғында елдегі нағыз шаруа адамы бола алмай, не мекеме қызметін жарамай «жер ортасы кек тебе» шалапай болып босқа қалып жүруге болады. Бұл қалып оқушылардың оқудан бос қалдырғанның үстіне, оқу үшін еңбек сіңіріп, оқу орындарын ашып, жыл сайын мыңдаған расход шығартып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген басшы азаматтардың жігерлерін қайтармақ, оқу жұмысына үміт көзімен қарауын кемітпек, қардан қалаған қора секілді биылғы енбегі ендігі жылы жоққа шығып отырса, кім ынтамен жұмыс істемек, кімнің жұмысы өркендемек? Соның үшін бұл сияқты әдетпен әрбір ағарту орындары,„ оқумен қатынасы бар қызмет иелері шындап күресулері керек. Бұдан былай оқуға кірерлік балалар тесе тексеріліп, міндетті шартпен алыну керек. Оқуға алынатын бала, жолсоқты болмай, шын белсеніп кіріскен болсын. «Қарағым, қазынаның қадақтап берген тамағынан аштан өліп қала жаздайсың ғой, азғана мал аман тұрса, сенің ішіп-жеуіңе жетер, биыл бармай-ақ қой!» делінетін үлпілдек байдың еріккеннен (шынында төре болу үшін) келген еркесі болмай, нағыз тесік екпе, кедейдің баласы болсын. Онан соң әрбір мекеме әм қызмет адамдары сол баланың кірген мектебін бітіріп шығуына міндетті болатын болсын. Олай болмаған уақытта оқуға алынбайтын болсын. Толық себепсіз оқуға келмей қалған, яки не үшін келмегендігін хабарландырмаған оқушылар ширақ түрде зерттеліп, жиғызылып отыратын болсын. Мектепке кірген бала, оқуын бітірмей шықпасын. Аяқсыз шыққан бала зерттеусіз бетімен жіберілмейтін болсын.

Оқу ойыншық емес, міндетті болуға керек.

ЕЛ МЕКЕМЕЛЕРІ ЕҢСЕСІН КӨТЕРУ КЕРЕК

Елдің ілгері басуына жол басшы, кейін қалғандарына күзетші ел мекемелері (волисполком, ауылдық советтер) екендігі, олардың елдегі әрбір іске жауапты бақылаушы екендігі талай жазылып, талай сөйленіп келе жатқан әңгіме. Бірақ бұл уақытқа дейін өздерінің міндетін біліп атқарып келген ел мекемелері санаулы деуге болады. Ауылдық совет тұрсын, волисполком мүшелері қаладан келген милиционердің етігін салып, зыр жүгіріп жүретінін көресің. Болысқа келген қызметкердің кім екендігінде жұмыстары жоқ, мандатын да сұрамайды. Тек аузын ашса айтқанын істей беруді білетін де отыратын. Ал өздерінің ел ішінде қызмет атқару жағына келсек, кей жерде бет алды ұлықтық көрсетіп, қабағын түйіп, көрінгенді боқтап, ақырғанды әдет қылып, ылау болса, қосақтатып, салық болса, айдатып алдыруды закон қылып тұтынды. Кей жерде жалпақ шешей, жағымды жігіт боламын деп, заңды жұмысты өзінің бір керегіне жарататындай, көрінгенге жалбақпен күнін өткізді. Осынын, бәрі өз правосын білмегендіктен туып отыр. Өзі ештеңе білмеген соң, бір жерден жазалы болып қалам ба деп, жоғарғы орыннан келген қызметкердің көрінгенінің қобызына билейтіні сол. Қызмет жөнінде қатаң болған тәуір, болмаса, көрінген басынып кетеді дегенді есітіп, кез келгенді ақырып, боқтайтыны да сол, әм елге жаға білмесең, еліңді шошытпай, үркітпей қызмет қылмасаң болмайды. Біреуге ұлықтық көрсету совет өкіметінің заңында жоқ дегенді есітіп, көрінгенге жалбаңдап жүретін де сол. Тегінде өз міндетінің анық не екенін біліп тұрған қызметкер орынсыз қатты болып, халықты бездірмек емес те, орынсыз жалбақ болып өзін басындырмақ емес. Онан соң шеттен келген қызметкердің кебін жөніне қарай өз қобызына билетпек. Совет үкіметі орнағалы 5 жыл болғандықтан, ел мекемелерінің түгел есі кірмесе де, әр түрлі жоба-нұсқалардың елесін керіп жүр деуге болады. «Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болады» дегендей, бірсыпыра ысылып қалған орындар да бар шығар. Бірақ жалпы алғанда, баяғы шылықтан әлі шыға алғанымыз жоқ. Оның себебі білмегеніміздің үстіне білуге ынтамыздың жоқтығы. Ежелгі жасқаншақ, қорғаншақтығымыз. Жуырдағы газеттердің сөзіне қарағанда, волисполкомдар мен ауылдық совет туралы закон жобасы заң болып бекілмек. Ол жобаның көрсетілуінше жергілікті мекемелердің правосы бұрынғыдан зораймақ. Болыстар үлкейгендіктен, волисполкомдардың инабаты мен міндеті уезден аз-ақ төмен саналмақ. Ол жоба бойынша төменгі мекемелер бұрынғыдан көрі де ел керегіне лайықты болып құрылып, әрдайым ел мұңымен есептесетін болып отырмақ. Бір болыстың жерінде отырған қандай мекеме, нендей қызметкер болса да, жаңа жоба бойынша жергілікті" волисполкомдар алдында есеп беріп отыруға міндетті. Егер де толық себебі болған уақытта волисполкомдардың болыстағы қызмет адамдарын уезд әм губерна арқылы болыстан қудыруға да правосы болмақ. Жаңа жобада бұлардан басқа да әртүрлі өзгерістер бар. Мәселен қаулы, штраф әм басқалар. Бұған қарағанда ел мекемелерінің правосы бұрынғыдан да зорайып, міндеті бұрынғыдан да көбеймек. «Алаған қолым береген» деп олардың енді еңсесін көтеретін уақыты жетті.

БАҒАЙ ТОҒАНЫ

Қарқаралының Ақшатау елінде Жамшы деген өзен бойында Құлжамбек баласы Бағай деген ақсақал бар, жасы 60-қа келіп қалған. Бағай ақсақал өмірінде өзінің еңбегін ғана сүйген адам, қазақ ішінде отырып, өзі қазақ бола тұрып, шақырмай бұл жасында бір адамның есігін ашқан емес. Енді мен осы Бағайдың бір еңбегін айтайын. Жоғарғы айтылған «Жамшы»нық бас жағында бір Қояншоқы теген төбенің түбінде үлкен көзі бар қарасу болатын еді. Бұл судың алды, қатарымен боз, бетеге, тарлау, қалың шоқы тобылғы адам айтқысыз құйқалы манызды еді. Бағай ойлайтын: «әттең осы судан тоған шығарып мынау жерге егін салса, қандай астықтың астында қалар еді» деп. Бағай мұны көптен ойласа да, арзаншылық мойын бұрғызбайтын. Сөйтіп біздің Бағай бір қойға бір пұт бидайды зорға тауып алатын уақытқа кездескен соң, көп ойлайтын қарасуына бұрынғыдан да артық құмар болды. Ана айтылған қарасумен егін жайдың арасында қиын, мойны қашық 2-3 шақырымдай мейлінше биік дөң тастақ бар. Бағай осы араны екі баласымен екі жыл қазып (бір адамды да көмекке алмай) былтыр егін салған. Қазып жүргенде бір болыс ел Бағайды мазақ қылып күлген. Бағайды түртіп жүрген не сор екен, бұдан не шығады деп әуре болады екен деп. Былтыр салғанда, Бағай 4-5 пұттан бидай алыпты. Биыл байларға салдырмай алғы кедейлерден 30 үйді көрші қылып алып егінді (тұқымды) былтырғыдан 2-3 есе артық салып, биыл егіннің астында қалатын түрі бар. Енбегі жанып, егіні аттың қара қапталынан болып шыққан. Мазақ қылып күлетіндер Бағай тоғанына қойларын айдап жалынып, бидай сат деп жүрген көрінеді. .

Бағай айтады білем: «өздерің тоған қазып алыңдар, мен сатпаймын» деп. Бағай тоғанының кей жерлері, тереңдігі кісі бойы, қол ұсыным, Бағай ақсақалдық екі жылдай ерні кезеріп қазған тоғаны былтырдан бері алтын берді. «Телміріп алған теңгеден, тер сіңірген тыйын жұғымды» деген осы. Көп қазақ жаздай бос жүреді. Қыдырып ішкен қымызға мәз болып, қысқы өмірді ойламайды, ойласа қара суды теріс ағызып Бағайдай болу керек. Екі жыл екі баласымен қазған Бағайдың арығын осы «үні ел «Бағай тоғаны» деп жүр. 3 адамның еңбегі 30 үйлі жанға өмірлік азық болды. Бұл еңбек тарихтан, кішкене де болса, орын алу керек. Мынау 3 адамның бейнетімен азықтанып отырған 30 үй 50 жылдан кейін талай 30 үй болса, тұқым-тұқымы Бағайды ұмытар ма?

«Еңбек тойдырады, еріншек жойдырады» деген мақалға иман келтіру керек. Енді Бағайдан көріп осы күні талай адамдар су жағалап, жер сығалап жүрген көрінеді. Мұжықтың астығы артылмаған соң, қазақтық өзі еңбек қыла бастады. Түбінде, құдай бермейді, еңбек береді.

ҚЫТАЙДА ӘЛЕУМЕТ СОҒЫСЫ

Қытай 11-ші жылдан республика (жүмһурият) болатын. Біраздан соң республиканың аяғы бөлшектенуге айналып, Қытайдың әр өлкесін бір губернатор билеп, бара-бара олардың арасы таласқа айналған. Сөйтіп өзара талас-тартыс әлеумет соғысының басталғанына 10 жылдан асты.

Бүгінде Қытайда бір-біріне бағынбаған басты үкімет үшеу: 1) Солтүстік Манчжурияда, Япониямен тілектес Чзанзи-лин үкіметі; 2) Орталықта қытай байлары, патшашылдарының қолында Пекин үкіметі һәм 3) оңтүстіктегі халықшыл төңкерісші Сун-Ят-Сен үкіметі. Қытайдағы атақты қаланың бірі Шанхай бұлардың біреуінің қарауында да емес. Шанхайдың бір миллионға жақын жаны бар. Қытайда бірінші жер жүзіндегі қалалардың сауда жөнінен алдыңғы қатардағы ордаларынан саналады. Орталықтағы Пекин үкіметі сол Шанхайды қолына түсіріп, оңтүстіктегі Сун-Ят-Сен үкіметін әлсірету ниетінде болып, арада соғыс басталған (жуырда), қазірде оңтүстік пен солтүстік үкіметтері Пекин үкіметіне қарсы соғыс ашуда, олардың таласы — Шанхай. Жақын арада Шанхайды әм ондағы «өз кісілерін қорғау» дәлелімен шет патшалықтар ептеп әскер жіберіп жатыр: Шанхайға 360 жаяулы әскер, 400 Япон солдаты, 250 Америка солдаты әм 100 Италия солдаты түсірілген. Жаһангерлер үкіметінің (Япониядан басқаларының) қолдайтыны Пекин үкіметі (Япония әрине Манчжурияны қолдайды). Шет патшалықтар 10 жылдан бері Қытайдың жанжалына қатынаспай келіп, биыл ғана қимасы қалай қыши қойды? Оның себебі: қытай халқы (Сун-Ят-Сен үкіметі) Советпен татулық жасап отыр. Қытай Советпен жақындасып кететін болса, жаһангерлердің қармағынан мүлде құтылатын жолға түспек. Өз алдына ел болу қамын жемек. Қытайдың ондай халге келуін олар қиямет болғандай көреді. Өйткені Қытайдағы өнеркәсіп орындары бәрі дерлік шет патшалықтардың қолында. Олардың істеп шығарған нәрсесінің өткізетін орны — Қытай. Олар Қытайды тілесе сатып, тілесе соятын малы есебінде ұстамақ. Сондықтан олар Қытайды өз тырнақтарынан шығарғысы келмейді. Сондықтан бүлінбесең жарыл, «түрт шайтан түрт!» деп Қытайдағы әлеумет соғысына олар көлденеңнен күзетші есебінде ғана бақылап тұратын. Ондағы ойлары, Қытай неғұрлым бүліншілікке айналып берекесі кетсе, соғұрлым лайықты болар дегендік. Оның үстіне қазірде Қытаймен татулық жасап отырған Совет үкіметін өз арасынан соғыс шығарып та, шеттен жауды айдап салып та жеңуге болмады, енді Қытайды иемдендіріп күшейтіп алмайық деп жанталасқандығы деуге болады. Сол себепті Совет үкіметінің кәсіпшілер ұйымы «Қытайдан қолыңды тарт» деген ұйым ашып, барлық жер жүзінің кәсіпшілеріне ұран салып отыр. ІІІ интернационал басқармасы езілген Қытай еліне шабуыл жасатпау жөнінде қолдарыңнан келгенді аямаңдар деп бүтін дүние жұмысшыларына жарнама таратып отыр. Тегінде Совет үкіметінің тұтынған жолы: қайдағы езілген елді құлдықтан құтқарып, қатарға қосу екендігінің үстіне, өзі дос, езі көрші Қытай бұқарасының «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткеніне» риза еместігін білдіреді. Өйткені 400 миллион жаны бар Қытай секілді елдің бытырап берекесі кетсе, әр езілген елдердің үміті босқа «еткендей болмақ, жаһангерлер үкіметінің көздегені сол. Ал Қытайдың іргесі ашылмай олардың тырнағынан құтылса, өңештеріне құм құйылғандай болып, жолдары тараймақ. Соны біліп оларда Қытайдағы әлеумет соғысына астыртын болсын, көріне болсын көңілдерін бөлмей қалатын түрі бар. Соңғы хабарларға қарағанда, сырт патшалықтардың Қытай соғысына керіне кірісуін бәсеңдетпесін дегендігі байқалады. Бұл бәсеңдету әр патшалық өз қол астындағы жұмыскерлерінен именгендігінен болар, яки артын бастық дегендерінен болар. Қайсысы болса да жұмыс аласапыран суға айналып, кезіне келіп қалғандай болса, «аттан салмай» қарап отырайын деп отырған жаһангерлер үкіметі жоқ. Қалай да, Қытайдағы соғыстық зораймауына себепкер болу, зорая қалған күнде, байлар үкіметіне қарсы құрал көтеру жер жүзі еңбекшілерінің міндеті. «Қытайдан қолыңды тарт!» деген ұранды айтып, ұйымына кірмейтін езілген елдің азаматы болмас.

САЯСАТ ДҮНИЕСІНДЕ

Осы кезде саясат дүниесіндегі бір әңгіменің бірі — Англия оқиғасы. Октябрьдің бас кезінде Англияда парламент (мемлекет думасы) жиылысы болған. Ол жиылыста консерватор (ескішіл байшылдар) партиясының уәкілдері өздерінін үкіметке сөгіс жариялаған қарарларын парламенттің талқысына салуға ұсынған. Ол сөгістің себебі былайша: ағыстың бас кезіндегі шыққан Англиядағы коммунист газеттерінің біреуінде байлар соғысына қарсы пікір жазғандығын кіналап, Компебел дейтін басқарушысын полиция тұтқынға алып, жұмысын сотқа берген болатын. Сот заң жүзінен іліндірерлік кінә таба алмаған соң, Компебел ағарынан шыққан. Сол Компебелдің ағаруын үкіметтің қатынасуынан болды; үкіметтің мұнысы коммунистерді қолдағандығын деп қаралайды. Тегінде үкімет пен консерваторлар арасынан жанжал шыға қалса, парламенттің бұл жиылысы жабылып, қайтадан сайлау болатынын, өйткені күнде осы күнгі уәкіл сандарының түстеріне кірмей қалатынын болжаған либералдар (ұсақ өнершілері жақтаушы) әлгі қарарды көргенде қылп ете түсіп, бізше бұл былай түзейміз, деп жылп етті: бұл қарарды мұнда сөз қылып қайтеміз, ішімізден үш кісілік комиссия белгілейік, сол барып Компебелдің акталған жұмысына анықтама жасай жатар деді. Үкімет бастығы Макдональд: «біз мұның ешқайсысына да риза емеспіз, консерваторлардың қарары, либералдардың жайма шуағы — бәрі де үкімет үшін қорланарлық нәрсе; біз мұны жұмыскерлер үкіметіне байлардың ашып отырған соғысы деп түсінеміз»—деген. Сонымен, байшылдар партиясы дауыс бір жерден шықсын деген оймен, либералдардың жайма-шуағын дауысқа қойып көпшілікпен (198-і қарсы, 364 бен) өткізді: Парламенттегі уәкілдердің байлар жағынан болғандықтан мұндай жанжалдық шыққанын тілеп отырған үкімет ертеңіне (октябрьдің 9-ы күні) парламентті таратып, қайтадан декабрьдің 29-на сайлау шақырып отыр. Осы күнде Англия үкіметі жанталасып, жұмыскерлер мен оны жақтаушыларға үндеу үстіне үндеу таратып жатыр. Макдональд (бас министр) өзі жүріп әрбір жұмысшылар аудандарында сөз сөйлеп үкімет жұмыскерлердікі екендігін, олар үшін талай пайдалы жұмыстар істелгендігін, езілгендер тілектесі саналған Совет үкіметімен татулық жасағандығын, Англиядағы коммунистерден парламентке уәкілдер кіретіндігін айтып, жұмысшылар партиясына уәкіл көбейту әрекетінде. Байлар жағы да қарап жатқан жоқ: либералдардың көбі консерваторларға қосылып, олар да уәкіл көбейтудің талабында жүр. Сайлауда қай жағы жеңеді, оны уақыт көрсетер. Бірақ бұрынғыға қарағанда, ендігі сайлауда жұмысшылар партиясының уәкілдері әлденеше көбейетіндігі анық секілді. Сөйтіп Англияда байлар мен жұмысшылар партиясының арасында күрес мықтап ашылды. Енді Совет үкіметі менен басқа мемлекеттер арасына келсек, Англиямен татулықтың бекуі, әрине, сайлауына байлаулы екені көрінді. Ал, Францияда 4 айдан бергі «Совет үкіметімен татулық сөйлесуге керек» деген ойларын бір жерге тоқтату үшін, советтің хал-жайларымен танысуға белгілеген комиссияның бастығы Демунзидің Совет үкіметін тану пікіріндегі адам екендігін, ол жобасын дұрыстап тапсырғаннан кейін арада татулық әңгімесінің басталуы мүмкіндігін газеттер жазып отыр. Германияда кейбір байлар газеттері қожайындарына (Америка секілді) жағымсынғандай, «Совет үкіметін сыртқы сауда жөнінен бүйтіп күшейтіп жібермеу керек, оның керек-жарақтары шет мемлекеттердің өлшеп сатуларымен ғана табылып тұратындай болсын; темір жолдарды солардан құралған ұйымдардың қолында болсын» деп жазған жайлары болды. Бірақ басқа мемлекеттер совет үкіметін шаруа жөнінен енді қысымшылықпен ұстаудың уақыты кеткендігін көбінің әбден ұққан түрлері бар: көбінде-ақ «тану керек!» пен «танымаймыз!» деушілердің таласы бар. Мәселен: Совет үкіметі дегенде аза бойы тік тұратын Американың байлар табынан Бора дейтін бір көсемі советпен татулық жасау жөнінде халқына үгіт жасауға кірісетіндігін айтқан. Көптен бері Пекин қаласындағы (Қытайдың) сөйлесіп жүрген Совет-Япон татулығының әңгімесі тағы да тоқталып қалып еді. Бұл тоқталуға Япония газеттері наразылықтарын білдіріп отыр. Олар: «Сахалиндегі нефть (жер майы) кендерін қимаймын деп осы біздің, үкіметтікі не, осынша сіресіп Советтің қойған шарттарына көніп, қимайтын кенін алса болмай ма? Сөйтіп, татулық жасаса болмай ма?!» — деп жазады. Осы күнгі саясаттың қысқаша түрі осы. Бұдан басқа да: Германияда соғыс налогын төлеу жайында қымбатшылық кіріп, шаруаға қысымшылық келетіндігі «балтам таптың аяғы Бөрлібайда» дегендей барлық ауыртпалықтың кесірі жұмыскерлерге тиетіндігін Германиядағы коммунистер партиясы араны ашылған байлар үкіметіне қарсы мықты күрес ашуға айналғандығы бар. Онан басқа да Совет үкіметінің ұранын есітіп, атағын білген елдердің езілгендері жарыққа қарай тырмысып байлары, ақсүйектері оларды басуға айлаларын, күштерін жұмсаудың әрекетінде болып жатқан жерлер де аз емес.

1924

ЛEHИНГРАДТАҒЫ АПАТ

Газетіміздің өткен бір номерінде Ленинград (бұрынғы Петроград) қаласында Нева өзенінің суы көтеріліп, ондағы халықтың бірсыпыра апатқа ұшырағаны жазылған еді. Енді оның егжей-тегжейін жазбақпыз. Сентябрьдің 23-нде Ленинградтық ортасын қақ жарып ағатын Нева өзені күн батыстан болған дауылдың себебінен ағудан тоқтаған. Күндізгі сағат 12-нің шамасында өзеннің суы шарасынан шығып көшеге жайыла бастаған. Кешкі 8-де суы бұрынғы тереңдігінен 4 кез 15 ширек көтерілген. Содан кешке жақын жел бұрылғандықтан суы таусыла бастап, ертеңінде саясына түскен. Бұл кенеттен болған апат қала халқын қабағат састырды. Пәтерлердегі үй мүліктері үлкен залалға ұшырады. Су кейбір көшелердегі үйлердің үшінші қабатына шейін шыққан. Завод, фабриктерде іске жарамай қалған нәрсе.көп, Су зардабының үстіне дауылдың да бірсыпыра әрекеті болды. Бақшалардың ағашын тамырымен қопарып кеткен, вывескалардың (мекемелердің маңдайындағы жазу жазылған тақтайлардың) ұшып түскенінен мертіккендер де болды. Көшелердегі төселген тастар суменен бұзылып, бірсыпыра телеграф, телефон сымдары желден құлады. Көп жерде электр шыбықтарының соқтығуынан өрт те шыққан орын болды. Сөйтіп Ленинградтағы фабрик, заводтардың шығыны 10 миллион, коммуна шаруасынікі 29 миллион сомдай есептелді. Пәтердегілердің залалдары бұдан басқа. Ленинградта мұндай су тасу бұдан жүз жыл бұрын (1824 жылы 7-ноябрьде) бір болып, онда бұрынғы тереңдігінен 5 кез 4 вершок көтерілген еді. Шаһар қазір бұрынғы қалпына түсті. Қалада іске жарайтын еркектер үйді ондап, көшені тазалау жұмысына жегіліп тұрмысты реттеуге айналды. Осы күнде Советтер Одағының әр жерінде Ленинградтың бұл апатқа қабырғасы қайысып, шығындарына көмек көрсету әрекетінде болушылар көп. Жұмыскерлер союзы болсын, басқа мекеме қызметкерлері болсын бұл науқанға әркім көмек қолын созуда. Тегінде еңбекшілер үкіметінің арқа таяныш діңгегі есебіндегі Ленинград жұмысшыларының көрген зияндары барлық совет азаматтарының деуге болады. Сондықтан бұл апатқа үкіметтің жете кірісіп жатқан себебі де сол. Мұны әрбір санасы бар совет азаматы білуге міндетті; біліп дана қою емес бостандығына басшы болған, талап «тайғақ кешу тар жол» да қажымай қайрат көрсеткен Ленинград жұмысшыларының көрген... әр жердің жұмыскер, еңбекшілері көмек қолын созу керек.

ҚАЛЫҢМАЛ МЕН КӨП ҚАТЫН АЛУДЫҢ ТАРИХЫ

Қазақта қалыңмал алудың қазіргі түрін қазақ баласының бәрі біледі. Оның қысқаша бұрынғы түрі менен қайдан шыққанын жазбастан бұрын көп қатын алу жайынан сөз бастайық. Қазақта көп қатын алу әмеңгерліктен басталды деуге болады. Ал әмеңгерліктің қалай басталғандығына келгенде жосып жүрген жаугершілік заманда мезгілсіз мерт болған батырлардың орнын жоғалтпауға оның туысқандарының біреуін шаңырағына ие қылатын. Үлкен батырға кімнің туысы"жақынырақ болса, шаңыраққа сол ие болатындықтан, ол «әмеңгер» аталған. Ту басында әмеңгердің бойдақтан болуы қаралса да, әрі-беріден соң, бойдақтық та шарт болмайды. Оның үстіне «пәленшеке» атанған бір батырдың қатыны бала көтермегендіктен, тұяқсыз қалмасын деп шабыншылықтан келген күңге аяғын салуға бәйбішесінің өзі рұқсат ететін болған. Сонымен қазақтың өмір тарихында кеп қатын алудың басталған жері осылар. Сөйтіп әуелде санама орыннан басталған әменгерлік пен «тұяқ қалдыру» жалпыға әдет болып жайылды да, аздан соң әдетіміз міндетке айналды. Бұл әдетті міндет қылып, бекітуге зор көмегін тигізген дін менен қалыңмал. Дін «төртке шейін де алуға болады» деп отырғанда, «аға өлсе іні мұрасы... көнбесең айыбымен берілген малды өтеп кетесің!» деп отырарлық уақыт болғанда, байлардың «төсек жаңғыртуға» несі кетсін? Мал беріп қатын алуға айналған соң, «қазақ байыса қатын алады» деп шамасы келетіндер тоқал алуды дәулетті орнына жұмсаудың бір белгісі санаған. Әйелді мал төлеп алу тағылықтан мәдениетке жеткенше қай халықта болса да болған әдет. Өйткені тұрмыс жөнінен әйел еркектің қол астында болғандықтан, бір қызды алмақшы болған біреу ол қыздың әкесі, яки туысқандарын бірдеңемен риза - қылу керек болатын болған. Мінеки сөйтіп қазақ ортасындағы қалыңмалдың әлгі риза қылудың сарқыны екендігі байқалады. Ерте күнде қалыңмалды алу қандай ғұрып болып саналса, қызын жасап беру сондай ғұрып болғандықтан, қыз әкесі қалыңмалдан бәлендей пайда қыла алмайтын болған әм пайда қылуды қарастырмаған да. Бері келе қазақ жаугершіліктен тоқтап (санама батырлар болмаса), мал бағуға айналған дәуірде біреу орасан бай, біреу орасан кедейлікке айналған. Сонда байлар арасындағы қалыңмал салтанат саналып, кедейлер арасында қаражат есептелген. Құдалық салтанат, ғұрып болып алған соң, бас сүйіскен байлар балаларын бесіктен атастыратын болған. «Бас сүйісу» деген нәрсе күштілердің күштерін зорайта беру үшін бастарын біріктіруден шыққан әдіс. Мұнын аяғы ру партиясындағы құдалыққа соққан. Сонымен, совет құрылысына шейін қыз сатуды қазақтың байы мерейі үшін, кедейі көмейі үшін қолданып келді. Советтің орнаған бетінде қалыңмал қалады, әркім сүйгенімен кетеді деген лақаппен әйелдер қашуды,- бостандық сұрауды көбейтті де... қалыңмалға біраз дағдарыс болды. Бұл қазақ әйелінің өміріндегі төңкерістің алғашқы адымы деуге болады. Алғашқы адым көбінесе көңілдегі жерден шығып отыра бермек емес, бұл жолда талай еңбектің жұмсалуы шарт. Әлгі өңеш үшін әйел сатудың сарқыншағы болған қалыңмалдың қазіргі түрі жасырын алып-беріске айналды. Ұрлыққа айналған жұмыс қуғындыққа айналмақ. Қуғындыққа ұшыраған жұмыстың өмірі ұзақ болмақ емес. Оның үстіне әйелдің оқып, кеңес қызметіне араласып кезі ашылған сайын еркектің құлдығынан құтыла беруі анық.

Жоғалсын қазақ әйелінің өмірін жеген қалыңмал!

Жасасын қалыңмал қалуға алғашқы негіз салынған күн — бірінші ғынуар мейрамы!

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ ӘМ САУАТСЫЗДЫҚ

Қазақ әйелі әлі күнге малша сатылып жүрсе, әлі күнге бостандықтың қадірін біле алмай жүрсе, соның бәрі қараңғылықтың — надандықтың салдары. Қазақ әйелі оқып көзін ашпай бұл қиын қалыптан шыға алмақ емес деген сөзді айтушы қандай көп болса, білуші онан да көп. Бірақ айту, білу істеудей емес екендігі де талай сөйленген сөз. Қазақ әйелі надан екені рас. Оқымай қатарға кіре алмайтыны да рас. Бірақ солар қайткенде оқи алмақ? Қай жөнмен олардың арасына білім таратылмақ? Міне, осы арасына ой сарып қылған, тәжрибесін майданға салған азамат кем. Қазақ арасында келешегіміздің үміті болған бастауыш мектептердің өзі ретке салына алмай келе жатқандығы, оқу болған жерлерде әйел балалардың еркек балалармен бірдей оқи алмай жүргені кімге болса да жасырын емес. Бұл кейіпті көргенде, жас буынымыздың келешегі мынадай болғанда, үлкендерімізге не жорық деген үмітсіздік көлденеңдеуге де мүмкін. Сонда да жастар туралы «қос жүре түзелерді» малданып, казіргі барлық Советтер Одағындағы даусы жер жарып, сәулесі көк жарып келе жатқан «жоғалсын сауатсыздық!» ұранына қосылмай отырудың жөні жоқ. Бұдан 5 жыл бұрын салған Ленин жолдастың бұл ұраны жалпы еңбекшілердің қараңғылығына қапаланып, олардың тезірек қатарға кіруіне асығып салынған ұран болатын. Сол асыққан еңбекшілерінің бірі қазақ, кедейі болатын болса, қазақ ішінде ең қорлықтағы жүрген әйел болатын болса, сол әйелдің сауатсыздығын жою бұл жөндегі жұмыстың алдыңғысы болу керек. Ұранның салуы оңай болса да, істеуі қиын, іс кісі таңдайды, жұмыс әдіс таңдайды. Оның үстіне «айбар керек, әл керек; әлсіз айбар не керек?» деп жұмыстың көбі істеуге келгенде күшке тіреледі. Міне соның үшін қазақ арасында, әсіресе қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою жұмысына кіріскенде, жоғарғы орыннан ерекше күш жұмсалып, өтімді әдіс қолданылмаса, сөз іске айналмақ емес. Өйткені қазақ елінің көбі көшпелі болғандықтан, тұрмыстары әйел түгіл еркектерінің ілгерілеуіне көп бөгеттік жасап отырады. Ал, әйел тұрмысы онан қиын болғанда, тұрмыстан басқа еркінің біреуделігі жұмысты әлденеше ауырлатады. Ана ауылдағы жана түскен келінге шашу апару үшін байына үш күн жалынып, тор шолақ пен пішен шананы жарты күнге әзер сұрап алатын қазақ қатыны күндегі оқуға барып отыруына қанша жігер, қандай еркіндік керек болмақ! Қазақ әйелінің сауатсыздығын жою үшін әуелі еркегін мойындату керек. Ол мойындату үгіт жөнімен болар, орны келгенде заң жөнімен болар,— әйтеуір іске асарлық ретпен кірісу «жоғалсын сауатсыздық» ұранын қолдаушылардың жұмысы. Әйел ақсақ қалса, төңкерістің жемісі бойымызға сіңбейді, әйел надан отырса, келешегіміз оңалмайды.

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ ӘМ САУАТСЫЗДЫҚ

Қазақ әйелі әлі күнге малша сатылып жүрсе, әлі күнге бостандықтың қадірін біле алмай жүрсе, соның бәрі қараңғылықтың — надандықтың салдары. Қазақ әйелі оқып көзін ашпай бұл қиын қалыптан шыға алмақ емес деген сөзді айтушы қандай көп болса, білуші онан да көп. Бірақ айту, білу істеудей емес екендігі де талай сөйленген сөз. Қазақ әйелі надан екені рас. Оқымай қатарға кіре алмайтыны да рас. Бірақ солар қайткенде оқи алмақ? Қай жөнмен олардың арасына білім таратылмақ? Міне, осы арасына ой сарып қылған, тәжрибесін майданға салған азамат кем. Қазақ арасында келешегіміздің үміті болған бастауыш мектептердің өзі ретке салына алмай келе жатқандығы, оқу болған жерлерде әйел балалардың еркек балалармен бірдей оқи алмай жүргені кімге болса да жасырын емес. Бұл кейіпті көргенде, жас буынымыздың келешегі мынадай болғанда, үлкендерімізге де жорық деген үмітсіздік көлденеңдеуге де мүмкін. Сонда да жастар туралы «қос жүре түзелерді» малданып, казіргі барлық Советтер Одағындағы даусы жер жарып, сәулесі кек жарып келе жатқан «жоғалсын сауатсыздық!» ұранына қосылмай отырудың жөні жоқ. Бұдан 5 жыл бұрын салған Ленин жолдастың бұл ұраны жалпы еңбекшілердің қараңғылығына қапаланып, олардың тезірек қатарға кіруіне асығып салынған ұран болатын. Сол асыққан еңбекшілерінің бірі қазақ кедейі болатын болса, қазақ ішінде ен қорлықтағы жүрген әйел болатын болса, сол әйелдің сауатсыздығын жою бұл жөндегі жұмыстың алдыңғысы болу керек. Ұранның салуы оңай болса да, істеуі қиын, іс кісі таңдайды, жұмыс әдіс таңдайды. Оның үстіне «айбар керек, әл керек; әлсіз айбар не керек?» деп жұмыстың көбі істеуге келгенде күшке тіреледі. Міне соның үшін қазақ арасында, әсіресе қазақ әйелдерінің сауатсыздығын жою жұмысына кіріскенде, жоғарғы орыннан ерекше күш жұмсалып, өтімді әдіс қолданылмаса, сөз іске айналмақ емес. Өйткені қазақ елінің көбі көшпелі болғандықтан, тұрмыстары әйел түгіл еркектерінің ілгерілеуіне көп бөгеттік жасап отырады. Ал, әйел тұрмысы онан қиын болғанда, тұрмыстан басқа еркінін. біреуделігі жұмысты әлденеше ауырлатады. Ана ауылдағы жаңа түскен келінге шашу апару үшін байына үш күн жалынып, тор шолақ пен пішен шананы жарты күнге әзер сұрап алатын қазақ қатыны күндегі оқуға барып отыруына қанша жігер, қандай еркіндік керек болмақ! Қазақ әйелінің сауатсыздығын жою үшін әуелі еркегін мойындату керек. Ол мойындату үгіт жөнімен болар, орны келгенде заң жөнімен болар,— әйтеуір іске асарлық ретпен кірісу «жоғалсын сауатсыздық» ұранын қолдаушылардың жұмысы. Әйел ақсақ қалса, төңкерістің жемісі бойымызға сіңбейді, әйел надан отырса, келешегіміз оңалмайды.

КООПЕРАЦИЯ ТҰРМЫНАН

Өткен жылдық басында Қарқаралы қаласында ауыл шаруашылық кооперациясы айрықша «Береке» деген серіктік болып ашылған. Ресми түрде құқығы болмағанмен бұл «Береке» бірнеше ай аудандық ұйымының міндетін атқарып, Қарқаралы уезіндегі сол жылы ашыла бастаған ауыл шаруасы серіктіктеріне нұсқау беріп, оларға жолбасшы болған. Ағұс аяғынан бері қарай уездегі барлық серіктердің уәкілдерінің басы қосылып, «Береке»ні ресми түрде аудандық ауыл шаруашылық кооперациясына айналдырған. Қазіргі уақытта өз меншіктемесінде 151 кісі мүшесі бар. Бұлардан жарна ретіңде түскен ақша 240 сом. Кіріс түсім ретінде алынып отырған 30 сом 25 тыйын. «Береке» нің қоғамына кіретін ел арасында қазірде ашылып іске кірісіп отырған 15 серіктік бар. Олар мына елдерде: 1) Кент елінде «Бірлік», мұның 75 мүшесі бар. Бұлардан түскен мүшелік жарнасы 225 сом, кіріс салығы 31 сом 40 тыйын. 2) «Темірші» де (бұ да «Бірлік» атты ұйым), мұнын мүшелері 150. Салынған жарнасы 231 сом, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 3) Қотан-Балқашта, мұның мүшелері 84 адам. Салынған жарналары 174 сом, кіріс салығы 29 сом. 4) Қызылтау мен Ақбауыр поселкесінде «Кедей» ұйымы. Бұлардың мүшелері 45 адам. Салынған жарналары да, кіріс түсімі де алынбаған. 5) Меңдеш елінде «Бірлік», мұның мүшелері 55 адам болып, салынған жарналары 77 сом 50 тыйын, кіріс салығы 12 сом 50 тыйын. 6) Қарашөпский поселкесінде «Заря» (тан) дейтін, мүшелері 71, жарналары 229 сом 25 тыйын, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 7) Ақсары елінде «Игілік», мұның мүшелері 69 адам болып, мүшелік жарналары 96 сом, кіріс салығы 15 сом 15 тыйын. 8) Кедей болысында «Тоған», мұның мүшелері 28 адам болып, мүшелік жарнасы 63 сом, кіріс салығы 10 сом 50 тыйын. 9) Шұбартауда «Үлгі», мұның мүшелері 57 адам, мүшелік жарналары 159 сом, кіріс салығы 26 сом 50 тыйын. 10) Берікқарада «Таң» серіктігі, мұның мүшелері 30 адам, мүшелік жарнасы 131 сом 67 тыйын, кіріс салығы 21 сом, 95 т. 11) Ақшатауда «Өркен». Мұның мүшелері 22 адам, мұнда мүшелік жарна да, кіріс салық та жоқ. Октябрьден бері жаңа ашылған ұйымдар мынадай: 1) Тоқырауында «Тоқырауын» серіктігі, мұның мүшелері 106 адам болып, мүшелік жарналары 176 сом 30 тыйын, кіріс салығы 29 сом 80 тыйын. 2) Тағы да Қотан-Балқашта «Балықшы», мұның мүшелері 82 адам, мұның мүшелік жарнасы 120 сом, кіріс салығы 20 сом 12 тыйын. 3) .... қаласында «Еңбекшіл қазақ» ұйымы, мұның мүшелері 64 адам, мүшелік жарнасы 58 сом, кіріс салығы 15 сом 75 тыйын. 4) Ақмола, Қарқаралы арасында жұмысшылардан құрылған Ленин қаласында «Еңбек» серіктігі бар, мұның мүшелері 41 адам, мүшелік жарнасы да, кіріс салығы да әзір түскен жоқ. Жоғарыда аталып өткен шаруашылық серіктерін жүргізіп отырған адамдардың бірліжарымдары болмаса, елді жебе сауған қулар ұйымды алдап алған нәрселерді тиісті бағасымен, халыққа шаруашылық жолымен таратпай, алып-сатарлық қылып, жамбасына тығып, бұрынғы дәуірін көксеп жүр. Ондайлардың көзіне құм құйып, жұртты түсіндіріп, шаруашылық жайларын ғылым-білім жолымен жүргізіп, елді ағарту керек. Осы күнге дейін біздің елде кедейлерден ұйымдасқан батырақ жоқ болған себепті, қазақтың жұдырықтары әлі күш алып жүрген көрінеді. Бұл көріністі түбінен жоятын мезгіл жақындағанын олар әлі сезетін емес. Жуандар бастаған шаруашылық серіктерде ұялмастан бізге есепші керегі жоқ, бәрін де өзіміз істейміз дейтіндер де жоқ емес. Ондағы ойын айтпай-ақ білу оңай. Есеп болса қанша, қалай, қайтып жегенін білдірмеуге тұтынған арам ойы екенін кім біледі? Бұл енді осымен тұра тұрсын. Біздің Қарқаралыда әм басқа жерде болсын, шаруашылық ұйымдары жұртқа жалғыз арзан алып береміз деп кездеме, шайды, қантты ғана іздемей, ең деректі болған бұлғары, сабын, май, тон заттарын қатты іздеу керек. Егін салатын соқа мен шөп шабатын машинаға жұрт сондықтан Өткен жылдың басында Қарқаралы қаласында ауыл шаруашылық кооперациясы айрықша «Береке» деген серіктік болып ашылған. Ресми түрде құқығы болмағанмен бұл «Береке» бірнеше ай аудандық ұйымының міндетін атқарып, Қарқаралы уезіндегі сол жылы ашыла бастаған ауылшаруасы серіктіктеріне нұсқау беріп, оларға жолбасшы болған. Ағұс аяғынан бері қарай уездегі барлық серіктердің уәкілдерінің басы қосылып, «Береке»ні ресми түрде аудандық ауыл шаруашылық кооперациясына айналдырған. Қазіргі уақытта өз меншіктемесінде 151 кісі мүшесі бар. Бұлардан жарна ретінде түскен ақша 240 сом. Кіріс түсім ретінде алынып отырған 30 сом 25 тыйын. «Береке»нің қоғамына кіретін ел арасында қазірде ашылып іске кірісіп отырған 15 серіктік бар. Олар мына елдерде: 1) Кент елінде «Бірлік», мұның 75 мүшесі бар. Бұлардан түскен мүшелік жарнасы 225 сом, кіріс салығы 31 сом 40 тыйын. 2) «Темірші» де (бұ да «Бірлік» атты ұйым), мұның мүшелері 150. Салынған жарнасы 231 сом, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 3) Қотан-Балқашта, мұның мүшелері 84 адам. Салынған жарналары 174 сом, кіріс салығы 29 сом. 4) Қызылтау мен Ақбауыр поселкесінде «Кедей» ұйымы. Бұлардың мүшелері 45 адам. Салынған жарналары да, кіріс түсімі де алынбаған. 5) Меңдеш елінде «Бірлік», мұның мүшелері 55 адам болып, салынған жарналары 77 сом 50 тыйын, кіріс салығы 12 сом 50 тыйын. 6) Қарашөпский поселкесінде «Заря» (тан) дейтін, мүшелері 71, жарналары 229 сом 25 тыйын, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 7) Ақсары елінде «Игілік», мұнын мүшелері 69 адам болып, мүшелік жарналары 96 сом, кіріс салығы 15 сом 15 тыйын. 8) Кедей болысында «Тоған», мұның мүшелері 28 адам болып, мүшелік жарнасы 63 сом, кіріс салығы 10 сом 50 тыйын. 9) Шұбартауда «Үлгі»., мұның мүшелері 57 адам, мүшелік жарналары 159 сом, кіріс салығы 26 сом 50 тыйын. 10) Берікқарада «Таң» серіктігі, мұның мүшелері 30 адам, мүшелік жарнасы 131 сом 67 тыйын, кіріс салығы 21 сом, 95 т. 11) Ақшатауда «Өркен». Мұның мүшелері 22 адам, мұнда мүшелік жарна да, кіріс салық та жоқ. Октябрьден бері жаңа ашылған ұйымдар мынадай: 1) Тоқырауында «Тоқырауын» серіктігі, мұның мүшелері 106 адам болып, мүшелік жарналары 176 сом 30 тыйын, кіріс салығы 29 сом 80 тыйын. 2) Тағы да Қотан-Балқашта «Балықшы», мұның мүшелері 82 адам, мұның мүшелік жарнасы 120 сом, кіріс салығы 20 сом 12 тыйын. 3) .... қаласында «Еңбекшіл қазақ» ұйымы, мұның мүшелері 64 адам, мүшелік жарнасы 58 сом, кіріс салығы 15 сом 75 тыйын. 4) Ақмола, Қарқаралы арасында жұмысшылардан құрылған Ленин қаласында «Еңбек» серіктігі бар, мұның мүшелері 41 адам, мүшелік жарнасы да, кіріс салығы да әзір түскен жоқ. Жоғарыда аталып өткен шаруашылық серіктерін жүргізіп отырған адамдардың бірлі-жарымдары болмаса, елді жебесауған қулар ұйымды алдап алған нәрселерді тиісті бағасымен, халыққа шаруашылық жолымен таратпай, алып-сатарлық қылып, жамбасына тығып, бұрынғы дәуірін көксеп жүр. Ондайлардың көзіне құм құйып, жұртты түсіндіріп, шаруашылық жайларын ғылым-білім жолымен жүргізіп, елді ағарту керек. Осы күнге дейін біздің елде кедейлерден ұйымдасқан батырақ жоқ болған себепті, қазақтың жұдырықтары әлі күш алып жүрген көрінеді. Бұл көріністі түбінен жоятын мезгіл жақындағанын олар әлі сезетін емес. Жуандар бастаған шаруашылық серіктерде ұялмастан бізге есепші керегі жоқ, бәрін де өзіміз істейміз дейтіндер де жоқ емес. Ондағы ойын айтпай-ақ білу оңай. Есеп болса қанша, қалай, қайтып жегенін білдірмеуге тұтынған арам ойы екенін кім біледі? Бұл енді осымен тұра тұрсын. Біздің Қарқаралыда әм басқа жерде болсын, шаруашылық ұйымдары жұртқа жалғыз арзан алып береміз деп кездеме, шайды, қантты ғана іздемей, ен, керекті бол¬тан бұлғары, сабын, май, тон заттарын қатты іздеу керек. Егін салатын соқа мен шөп шабатын машинаға жұрт. Өткен жылдық басында Қарқаралы қаласында ауыл шаруашылық кооперациясы айрықша «Береке» деген серіктік болып ашылған. Ресми түрде құқығы болмағанмен бұл «Береке» бірнеше ай аудандық ұйымының міндетін атқарып, Қарқаралы уезіндегі сол жылы ашыла бастаған ауылшаруасы серіктіктеріне нұсқау беріп, оларға жолбасшы болған. Ағұс аяғынан бері қарай уездегі барлық серіктердің уәкілдерінің басы қосылып, «Береке»ні ресми түрде аудандық ауыл шаруашылық кооперациясына айналдырған. Қазіргі уақытта өз меншіктемесінде 151 кісі мүшесі бар. Бұлардан жарна ретіңде түскен ақша 240 сом. Кіріс түсім ретінде алынып отырған 30 сом 25 тыйын. «Береке»нің қоғамына кіретін ел арасында қазірде ашылып іске кірісіп отырған 15 серіктік бар. Олар мына елдерде: 1) Кент елінде «Бірлік», мұның 75 мүшесі бар. Бұлардан түскен мүшелік жарнасы 225 сом, кіріс салығы 31 сом 40 тыйын. 2) «Темірші» де (бұ да «Бірлік» атты ұйым), мұның мүшелері 150. Салынған жарнасы 231 сом, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 3) Қотан-Балқашта, мұның мүшелері 84 адам. Салынған жарналары 174 сом, кіріс салығы 29 сом. 4) Қызылтау мен Ақбауыр поселкесінде «Кедей» ұйымы. Бұлардың мүшелері 45 адам. Салынған жарналары да, кіріс түсімі де алынбаған. 5) Меңдеш елінде «Бірлік», мұның мүшелері 55 адам болып, салынған жарналары 77 сом 50 тыйын, кіріс салығы 12 сом 50 тыйын. 6) Қарашөпский поселкесінде «Заря» (тан) дейтін, мүшелері 71, жарналары 229 сом 25 тыйын, кіріс салығы 38 сом 50 тыйын. 7) Ақсары елінде «Игілік», мұнын мүшелері 69 адам болып, мүшелік жарналары 96 сом, кіріс салығы 15 сом 15 тыйын. 8) Кедей болысында «Тоған», мұның мүшелері 28 адам болып, мүшелік жарнасы 63 сом, кіріс салығы 10 сом 50 тыйын. 9) Шұбартауда «Үлгі», мұның мүшелері 57 адам, мүшелік жарналары 159 сом, кіріс салығы 26 сом 50 тыйын. 10) Берікқарада «Таң» серіктігі, мұның мүшелері 30 адам, мүшелік жарнасы 131 сом 67 тыйын, кіріс салығы 21 сом, 95 т. 11) Ақшатауда «Өркен». Мұның мүшелері 22 адам, мұнда мүшелік жарна да, кіріс салық та жоқ. Октябрьден бері жаңа ашылған ұйымдар мынадай: 1) Тоқырауында «Тоқырауын» серіктігі, мұның мүшелері 106 адам болып, мүшелік жарналары 176 сом 30 тыйын, кіріс салығы 29 сом 80 тыйын. 2) Тағы да Қотан-Балқашта «Балықшы», мұнын, мүшелері 82 адам, мұның мүшелік жарнасы 120 сом, кіріс салығы 20 сом 12 тыйын. 3) .... қаласында «Еңбекшіл қазақ» ұйымы, мұның мүшелері 64 адам, мүшелік жарнасы 58 сом, кіріс салығы 15 сом 75 тыйын. 4) Ақмола, Қарқаралы арасында жұмысшылардан құрылған Ленин қаласында «Еңбекші» серіктігі бар, мұның мүшелері 41 адам, мүшелік жарнасы да, кіріс салығы да әзір түскен жоқ. Жоғарыда аталып өткен шаруашылық серіктерін жүргізіп отырған адамдардың бірлі-жарымдары болмаса, елді жебесауған қулар ұйымды алдап алған нәрселерді тиісті бағасымен, халыққа шаруашылық жолымен таратпай, алып-сатарлық қылып, жамбасына тығып, бұрынғы дәуірін көксеп жүр. Ондайлардың көзіне құм құйып, жұртты түсіндіріп, шаруашылық жайларын ғылым-білім жолымен жүргізіп, елді ағарту керек. Осы күнге дейін біздің елде кедейлерден ұйымдасқан батырақ жоқ болған себепті, қазақтың жұдырықтары әлі күш алып жүрген көрінеді. Бұл көріністі түбінен жоятын мезгіл жақындағанын олар әлі сезетін емес. Жуандар бастаған шаруашылық серіктерде ұялмастан бізге есепші керегі жоқ, бәрін де өзіміз істейміз дейтіндер де жоқ емес. Ондағы ойын айтпай-ақ білу оңай. Есеп болса қанша, қалай, қайтып жегенін білдірмеуге тұтынған арам ойы екенін кім біледі? Бұл енді осымен тұра тұрсын. Біздің Қарқаралыда әм басқа жерде болсын, шаруашылық ұйымдары жұртқа жалғыз арзан алып береміз деп кездеме, шайды, қантты ғана іздемей, ең керекті болған бұлғары, сабын, май, тон заттарын қатты іздеу керек. Егін салатын соқа мен шөп шабатын машинаға жұрт сонша қажет. Қарқаралыда бұл айтылғандар жоқтың қасында. Ел бұрынғыдай емес. Егін кәсібіне жұмыла кірісіп қандай қиын-қыстаулардан тоған қазып, Англия, Америка көктен жауып жаудырса, қазақ қол" күшімен-ақ жер астынан жауын шығарып жатқанын ойлау керек. Биыл жазғытұрым шөлде Ақшатау елі Балта деген тап Қайратты, Қарағатты өлкесінен 80 үй қала боламыз деп жиналып, 4 зор тоған шығарған, осы тоғанды көзбен өлшеп қазып, үкімет ақша шығарса, бір миллион ақшасыз бітпесі еді. Мұны қазақтар айран-шалабымен 3-4 айда бітіріп отыр. Мінеки осы сияқты енбекті көгерту үшін құрал, сайман қажет. Соған көмектес болу әлеумет-шаруа ұйымдарының міндеті.

ГАЗЕТ ИЕСІНЕ БЕРІЛСІН

Елдегі газет алдырушылардың ішінде газетіміз уақытымен тимейді, яки мен пәлен номерден бері газет алғаным жоқ деп қыңқылдайтындарды әр жерде, әруақытта ұшыратуға тура келеді. Егер де газет көрсеткен адрес бойынша жаздырған жерге тура бармай қалса, ол уақытта жіберілу мен поштадан болған кемшілік деуге болады. Еңбекшілдер үкіметі өткен жылдық аяғында пошта конторларын газет тасу жұмысын өте құнтақты түрде орындап отыруға міндетті қылды. Күні бітіп яки адресі қисық жазылған газет болмаса, жіберілу жағынан да салақтық болады деп түсіндіруге орын жоқ.

Ал, енді әңгіменің кебі газет баратын орындарда.

Елдің волисполком арқылы болмаса, басқа газет алдыратын орны жоқ деуге болады. Ал, волисполкомдердің ішінде газетті жаздырған иесіне қолма-қол тиюін көздеп отыратындары да шамалы. Мекемелерін тәртіпке қойып, жұмыссыз кісі кіргізбей, кіргендерді, келе бұқжамасын астан-кестенін шығаратын кемпірдің ерке немересі құсатып кимелетпей отыратын қазақтық қай волисполкомы бар. Озды волисполком маңындағылардың өздері газет алдырмайтындықтарынан (тегін газет оқитын болған соң, не қылсын), қалды күндізгі келген еріккендердің еркелеп ала жөнелетіндіктерінен, «ертең беремін, оқып берейін» сияқты үмітті ой, жылы сөздермен кеңседен бір шыққан газет иесіне қош айтады дағы. Газеттің дұрыс тарауы туралы губисполкомның жергілікті мекемелерге талай нұсқау жарлықтары болған, әлі де болмақ. Бірақ қамшыламай жүрмейтін шабан ат сыяқтанып ылғи жоғарыдан бұйрық күтіп, соны ғана орындап отыруға үйреніп (жазалы болмайтын болса, онда да селсоқтау болып) отырғанына да, еңбекшілерге пайдасы бар жұмысты өз бетімен атқарып, еңбекшілердің қызметкері немен борышты екенін, не қылғанда ол атқарылатынын жақсы біліп отыру әрбір кеңес азаматтарының міндеті. Сондықтан, елдегі әрбір мекеме иелеріне жолдастық жөнінен беретін кеңесіміз: сіздер арқылы баратын газеттер жаздырған иелеріне тапсырылатын болмай, кеңседен шықпайтын болсын! Ол үшін тұрмыс жағдайларына қарай белгілі тәртіп қолданылып алуларыңа болады. Мәселен: газет алдырушылардың, бір қағазға тізімін жасап, газет келген сайын, қай номердің, қашан келгендігінен белгі қойылып, жақындағыларының не өзі, не тапсырған кісісі алғанша кілтке салынып сақталуы керек. Онан соң алыстағыларға тапсыру үшін ауылдық кеңес бастықтарын міндетті қылуға керек. Газетті иесіне түзу тапсыру туралы қандай шара қолданылатын болса да, иелерінің ұнатуымен болсын. Тегінде бір есте болатын жұмыс: газетті кім алатын болса да (тапсыруға болсын, иесі болсын) белгілі қағазға қол қойып алатын болсын. ' Міне осы сияқты мекеме иелері газет тапсыру жөнінде белгілі тәртіп қолданбаса, газетті де иелеріне жөндеп тапсыра алмақ емес, заң алдында да күнәдан құтыла алмақ емес. Ауылдық кеңес азаматтарының да газетті иесінің қолына беру жөнінде қатты сақ болуы шарт. Асса жанындағы борышын атқарып, қалса заң жолымен зерттелгенде кінәлы болмайын десе, газетті бергендігіне олардың қолын қойғызып алып отырулары керек болады. Газетті болыстық кеңседен әкеле жатып, шай ішкен жерінде: «Ауылнай! газетің бар ма?» — деген жуанға, киіз сумкадан бобыратып лақтырып тастауды қоймаған совет бастығы — советтің қызметкері емес. Осы күнге шейін газетті алдырушылардың көбеймеуінің бір себебі ел қызметкерінің салақтығынан. Біреудің газетін біреу ойық ен салып мініп алатын әдетті тастамағандығынан. Бұл қалып бұдан былай жойылу керек. Газет иесіне берілсін!

«ҰРЫНЫ ҚАРАҚШЫ ТОНАҒАН»

(Қарқаралы уезі).

Шет елінің атақты жортуыл басы. Боранқұл Сарбас баласы бірнеше жолдастарымен жасырынып ескі достарына амандаспақ болып, Берікқара елінде Ыбырай ауылына қонаққа келеді. Ыбаң бірнеше күн сыйлап, жолына бес түйелік жанат ішік, бір бәйгі ат беріп, Хасен ауылына қарай шығарып салады. Боранқұл жолшыбай қаладағы, бір жақыны Ақынжан Түйтебай баласының үйінде екі-үш күн болып, атақты Хасен мырзаның аулына келеді. Хасен күтуін Ыбырайдан да асырып, жолына қара жорғамен, сүйікті қонағын шығарып салады. Боранқұл бұл сапардан аман-есен милицияға да ілікпей, ырғап-жырғап еліне қайтып бара жатқанда, Нұра мен Тоқырауын арасында Ақмоланың қарақшылары тырдай қылып тонап кетіпті. «Ұрыны қарақшы тонады» деген осы болады. Сонда Боранқұл өмірімде тосылғаным осы. Енді менің бағым қайтар білем деп жыласа керек.

ТАҒЫ ДА ҚАРҚАРАЛЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖАЙЫНАН

Мінеки байлар, жуандар бастаған кооперация
(шаруашылық)

Қарқаралының елдерінде шаруашылық, ұйымдарын билеп, жеп отырғандар кімдер екендіктері талай жазылып өткен еді. Онда пәлендей деп аттары арналып жазылмай, жалпы айтылып кеткен болатын. Енді сол жазғандарымызды қуаттау үшін 1-2 кооператив бастықтарының, істеген жұмыстарын әлеумет алдына жарияламақ боламын. Қотан, Балқаш елінде екі шаруашылық ұйымы бар. Мұның бірі «Сәуле» атты, екіншісі «Балықшы» атты. Тоқырауын елінде «Тоған» деген ұйым бар. «Сәуле»нің бастықтары Жантоқа баласы Тұрымбек, Нармамбет баласы Мақсұт, бұл екеуі Николайдың старшины болған, Қарқаралының оңтүстігінде, Балқаш жағында ең атақты алаяқтар. Бұлар күзден бері «Береке» деген (Қарқаралыдағы кіндік ұйым), «Сәуле» ұйымы 3526 сом 86 тыйындық нәрсе алған, «Тоған» ұйымы 1629 сом 73 тыйындық нәрселер алған. «Балықшы» ұйымы 2721 сом 73 тыйындық нәрсе алған. Осылардың әсіресе «Сәуле» мен «Тоған» ұйымдарының жұмыстары құлаққа нашар естіліп, Қарқаралыдан «Береке» ұйымы арқылы мұнда қызметте тұратын Тоқтарбек ұлы мен Әзімбай ұлы Омар дегендер шығып, айтылған ұйымдардың жұмыстарын тексертіп (тексеру комиссияларымен) қолдарындағы даярланған заттарын тез қалаға жеткіздіруге қам қылмақ болған еді. Сонда «Тоған» ұйымының билеушісі атақты жалмауыз жуан-жұдырық, жеті атасынан ел билеген Қатар Ербекей ұлы, Тоқтарбек ұлының қаладан шыққанын есітіп, асығып-үсігіп табылмайтын болып, тексеру бермейтін амалымен қалаға қашып келіп, «Береке» ұйымынан даярланған заттарды ұйымға тапсырмай өз бетімен Қарқаралыда сауда қылып тұрған Қазақстан мемлекет сауда дүкеніне (Киргосторг) сатып, «Береке» ұйымына бір азғана (қылған пайдасынан) ақша беріп, басқа ақшаларына қалада бірнеше күн жатып, алып-сатарлық қылып, аяғында шашындай жай адамдардан кездеме алып, «Береке» көзіне кұм құйдым деп кетіп қалған. Бұл мұнымен тұра тұрсын. Екінші «Сәуле» ұйымына барған нұсқаушы Омар Азамбай жолдасқа жуандар жөнді есеп бермейтін болса да, Омар өзінің талапты жігерлерімен қоймастан есеп алғанда, қысқасынан айтқанда, барлық жұмыстары, ғылым жолы көрсеткен шаруашылық, ретімен болмай жай сауда-саттық жолымен болып, жұртты бұрынғы саудагерлерден де жаман жегендігі анықталған. Мәселен, бір жаздың ішінде барлық кіріс: 1908 сом 84 тыйындық, расход (шығыс) 1933 сом 49 тыйын болған. Сөйтіп кірістен (доходтан) расходы 125 сом 65 тыйындық артылып жіберген. Мұнда «Сәуле» бастығы Жантоқа ұлы Тұрсынбек өзінің үйін пәтер атына жазып қойып, онда түк істемесе де, құр атағына айына 25 сомнан алып отырған, Тұрсымбек баласы Ақжан ұйымның («Сәуле»нің) барлық жұмыстарын жүргізетін уәкілі болған. Бұл «мырза әкесінен бес есе артық — «Ұяда не көрсе соны қылмақ қой!» Әкесі Тұрсымбек ауылдағыны жей тұрсын, енді мына баласы Ақжайның өнерін жаза кетсем қызға айтып, келінге тыңдатармыз: Жоғарыда айтылған нұсқаушы Омар «Сәуле» жұмыстарын қарастырып, қолындағы даярланған заттарды қаладағы кіндік ұйым «Береке» басқармасына жеткізуге міндетті қылып, қолына законды тілхат алып өзі басқа бір ұйымдарға жүріп кетеді. Артынан көп кешікпей-ақ, Жантоқа ұлы баласы Ақжанды уәкіл қылып бір құлаш мандат 'беріп жөнелтеді. Осы жылдың февраль аяғында Ақжан қалаға заттарды алып келсе, «Береке» дүкенінде түк жоқ. Ақжан кеудесін шаптан кернейді. Алып келген заттарды «Береке»ге берсе, қазір алып қайтатын онда дәнеме жоқ. Сол себепті заттардың (аң терілердің) ылғи жамандарын «Береке»ге беріп, жақсыларын ұялмай тағы да Киргосторг конторына сатады. Қол хатын ұмытады. Киргосторгте нәрсе мол. Ақша да табылады. Ақжан көзі боялды оған сатқан нәрселерді езінің есепшісіне де білдірмей, ордерін өткізбей, жасырып сатып, екі жеп биге шықпақ ниетімен, 400 сомдықтай заттарды сатып жібергендігі «Береке» басқармасына мағлұм болады. «Береке» басқармасы Ақжанды қаладағы тиісті жаза орындарына тапсырып, олар Ақжанды күнбе-күн ұстап абақтыға жауып қояды. Сөйтіп Ақжан мырза «Береке»-ні ойыншық қыламын деп жүріп, тоқал .ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылғандай болып, бүгін таңда босанарлықтай болмай қалды білем. Мінеки ел шаруашылық ұйымдарын бастаған пысықтар! Тұрсымбек, Ақжандай болыңдар! Қарқаралыдағы уездік шаруашылық ұйымы қалай ілгері басады? Қырдағы ұйымдар бұдан алып шығып елге апарып бірді екіге сатып, елді бір жеп, «Берекені» екі жеп отырғанда, осындайдан осы күні «Береке» шаруашылық ұйымының елдегі, болыстардағы ұйымдарда алмай отырған 39,924 сом 37 тыйын аласылары бар. Оның үстіне еткен жазғытұрым «Береке» ұйымы, ұйымдар арқылы Әр жерлерге жалдама соқалар таратып, сатып алуға шамалары келмейтіндер егіндерін салып алсын деген еді. Бұлардан да бір нашар пайдаланбай, қолы жеткендердің ғана пайдасында болыпты. Жоғарғы сыйпырда көрсетілген көп ақшалар бұл күнде жалпы елдің мойнында көрінбейді. Сол бастап отырған доңыздардың ғана пайдасына — Қалтасында көрінеді. Кедейлерге күзді күні бір сомға несиеге нәрсе берсе, бір айдан кейін оған 2 қойдың терісін алатындар көп болады. Жұрт тұрмысына жетік адам шаруашылық (уездегі) жұмысының басында отырса: бір құшақ тізімді жазып алып болысты үйіне шақырып майға тойғызып отырып, қол қойдырып мөр бастырып алып ентігіп, халық қамын жегенсіп, қалаға шауып келіп ұйым аштым деп түйелеп нәрсе алып қайтпас еді. Түпкі законде кеңестер сайлауына сайлануына да жарамайтын адамдар шаруашылық ұйымдарын да былғайды. Қарқаралыда шаруашылық, ұйымдары ашылған басқарма мүшелерінің көбі ескі қаратаяқтар болған. Мінеки мынау жуандардың көбі сол кезде кіріп қалған көрінеді. Қысқасынан айтқанда, біздер Қарқаралы уезінде тәртіпті шаруашылық ұйымдары бар деп айтудан ұялсақ керек. Енді өткенді қойып, келешекті түзетіп, қамдану үшін жуан жұдырықтарды шаруашылық басынан қуып тастап, еңбекшілермен Тізе қосып, шаруашылықты күшейтуге мезгіл жетті. Қалаға жақын еңбекшілер қаласының ұйымынан басқаларын жылы жауып қоюға лайық болады. Қандай аты бар деп сенетін әжептәуір жігіттер де жынын құсып қалада метрі 37-38 тыйынға сатылып жатқан жұқа шөжімдерді қырға апарып метрін 65-70 тыйынға сатып жүргенін көрдік. Керосин қадағы қалада 8-9 тыйын болса, олар қырға 14-15 тыйыннан сатып жүрген көрінеді. Қалада он сомнан артық түлкіні қырда Союздың шаруашылық, ұйымдарының азаматтары 5-6 сомнан артық алмай жүрген. Өздерінің нәрселерін сонша қымбат сатып, қазақтың заттарын мейлінше кем алып жүргендері байқалады. Біздің ұйымдардың сатқан, алған нәрселерінің сомына 35-20 тыйын түгіл кез басына 30-40 тыйынды қанағат қылмайтыны байқалады. Түрлі осындай қатаң себептермен халықтың көпшілігі мұндай ұйымдарға нанбайтын кезбен қарап, мүшелікке кіру түгіл, кіргендерінің де көбі шығатынын айтады. Ел ортасында кооперация бір тыйындай көзге көрінерлік пайда көрсетпеген. Бар болғаны басындағылар өздерінің қалтасын ойлай берген керінді. Біздер осындай қалташыл сұмдардан кооперация істерін тазалап, олардың орнына таза, анық сенімді азаматтар жіберіп, қалташыларды сотқа тартып, әлеумет алдында жазаларын мойнына қойып, кеудесіне құрым байлап, жұрттан шығарып, кооперация олай емес, былай дегенді қауымның көзіне көрсететін қылсақ онда біздің ел нанар еді. Ел ішінде кооперация жайынан сөз айтылса, алдымен байлар, жуандар, пысықтар, дәндегендер, қуанып, жымыңдап, күлімсіп, тез түсініп тұрады. Мұндай адамдардың тез білетіндерін басшылардан есептегенмен қылатындары анау, бұлар пайданы кергендер яки пайда көргендерден пайда қылғандар болып табылады. Қазақ елі, оның ішінде біздің Қарқаралы кооперация деген нәрсенің атын естіп, оның пайдалары қандай екенін 18- 19 шы жылдардан бері қарай біле бастаған. Бірақ, алғашқы яғни 18-19-шы жылдардағы земство патшалығы қарамағындағы кооперациядан, соңғы орнықты мынау кооперациялар жалпы жұрттың алдында, оның ішінде енбекке сүйенген жұмыскер, шаруа баққан қара бұқаралардың пайдасында болмақ еді. Бұрынғыдан дәндеген қулар мына соңғы кооперацияларды да аузына салмақ болды.

Мұндай ауызға салыну аз уақыттың арасындағы тәжрибеден байқалып қалды. Кеңес қызметінен қуылған адамдар шаруашылық қызметінен де қуылмақ. Мұны ел бұрын білмесе, естімесе енді білу керек. Шаруаның мұңын көксеген әлеумет ұйымдарына да мемлекет орындары көмектерін көрсетпек. «Береке» елдегі несиесін ала алмай, амалсыздан соттасқалы отыр.

МАЙҚЫ ТОЙЫ

(Қарқаралы уезінен) «Бетті ауылға бұр» деген ұранды елдің сасық партиясы, қанына сіңген кәсібі кедейлерді жеу болып алған атқа мінер қулар, арам пейіл жуандар әлгі ұранды өз пайдаларына көп орында жұмсайтын көрінеді. Жана ұран бойынша қызметке бұдан былай елдің өзінен болады. «Кәне кімді сайлаймыз, кімді қоямыз» деп екі кісі бас қосса, сыбырлары партия, әңгімелері партия болып жүрген жерлер көп. Мәселен, қазірде бір болыс отырған бұрынғы Нұра, Тоқырауын, Ақшатау елдері, ата жөнінен екі жікке бөлінеді; бастапқы екеуі «Майқы», Ақшатау елі Бошан болып. Жуырда Майқы болып Ақжарық деген жерде Нұра мен Тоқырауыңның қулары жиылыс құрды. Басты адамдары Нұрадан атақты жуан Ақметжан Талпақ баласы, Сандыбай Төрлікбай баласы, Омар Жуаспай баласы, Сыздық Ахмет баласы; Тоқырауыннан Ербегейдің қатары мен Қоржынбайдың Қамамбеті және Машақтық ылғи ұры балалары тағы басқа жуандар. Топқа Тоқырауын, Нұрадан 200 деп кісі жиналды. Ақметжан Талпақ баласының ауылы сол Ақжарықта болушы еді. Бір қысырдың тайы, бір құнажын сиыр, алты қой сойып, қымыз бен еттен жұртты шығарып жіберді. Топ тарқардағы байланған сөз алдымыздағы сайлауда лайық келсе, Ақметжанның өзін, болмаса 15 тегі баласын болыс қоюға жұрт бір ауыздан бата қылысты. Тегінде Майқыдан болыстық шығару үшін алдымен Ақшатауға партия туғызып, берекесін кетіріп, ел тарта беру керек болады. Бұл арқылы бастап мал жұмсайтын Ақаң, ел тарту, сөз жүргізу жағын орнына келтіретін баяғы Махаң (Махамбет) болады. Махаңның айласы ешкімнен де кем емес. 100 жылқы, 200 қойлы қасындағы қатарды 10 қараға жаздырып, қымтап отырса да, соғымға өкпелеп Серік сияқтыларды мал жасырды деп көрсетіп, ақжүрек болып кететін де жайы бар. Майқының әлгі тойында жасырып жүрген жауыздықтарын жаза береді деп кейбір тілшінің де соңына түсіп, жайын табуға байласып тарқаса керек. Мінекей ел жуандарының бетіңді ауылға бүр деген ұранмен пайдаланып жүрген түрлері! Тегінде еңбекші ел өз пайдасын білмей қалмас. Байлардың бір күнгі ет пен қымызына әулігісіп, оларға тізгінді беріп жібермес және жуандар, естерінде болсын, ауыл деп сендерді айтпайды, сендер ауылдықтан шыққалы әлдеқашан.

Жалпы бұқараның тілегіне көлденеңдеуден тартыла жүрулерің керек.

КЕДЕЙ ТАЯНЫШЫ ҚОЛҒАБЫС КОМИТЕТІ

Қолғабыс комитеті құрылғалы көп болған жоқ, 4-ақ жыл. Ол осы күнгі мекемелердің көбінен жас. Жастығының үстіне жұмысының жаттығына қарап, әлі күнгі көзге түсерлік орын алған жоқ деуге келер еді, бірақ олай емес. Кеңестер Одағының көп жерінде қолғабыс комитетінің ілгері басып келе жатқандығын көреміз. Мәселен, бір Мәскеудің губернесінде уездік бар, болыстық аудандығы бар — үш мыңнан аса комитет құрылып отыр. Әрине ол комитеттердің жұмыстары бәрі бірдей тақадай болып кетпесе де, өнегелі басшы болуға жарарлық үлгілі іс атқарғандары да көп. Қолғабыс комитетінің көздейтіні не, қолғабыс қылатыны кімдер екендігі талай сөйленіп келеді. Біздің көздеген әлеуметшілік жолы енбекпен табылатын болса, енбексіз кісі ол қатарға енбек емес. Науетектік пен еңбек қылмағанның жаны шықсын дер едік, еңбек қылуға шын шамасы келмейтіндерді қайтеміз. Жарым жандар мен қазаға, апатқа ұшырағандарға, ауру қолқанатсыздарға да жаны шықсын дейміз бе? Жоқ, оларға сенімді жәрдем, толық сүйемелеу керек. Оның иесі, әрине, қолғабыс комитеті. Қолғабыс комитеті көрінбеген сордың алдын ала қам қылып, біреуі бір кемшілікке ұшырай қалғандары болса, үйіріліп тұра қалатын әкесі, еміреніп түсе қалатын енесі болу үшін кедей мен орташалардың басы аман, бауыры бүтін күндерінде өзара жинасқан қазынасы. Мінеки осы қазына төрт жылдан бері ұғынған я ұғынбаған еліне басшы болып, ұғындырарлық еміне қарап әр жерде әр түрлі жүріп келеді. Қолғабыс комитеттерінде өз жұмысынан артық белсене кірісіп, егін салдырып, өндірме орындарын жалға алып, әртүрлі кәсіп істеп, әжептәуір қор жинап. көзге көрінерлік жәрдем тигізіп отырғандары да бар. Жұмысты гүлдендіріп, табыс табатұғын кәсіптің көзін іздеу түгіл, мезгілімен қолға түсе қалған корды ездері ішіп-жеп қойып жүрген комитеттер де бар. Талабы таудай болса да, жұмысты неден бастап, корды қалай жинақтаудың ретін таба алмай, бар білгені елден қайыр жинап жүрген комитеттер де бар. Қолғабыс комитеттерінің жұмыстары бұл сияқты бытыранды болмауы үшін олардың қызметтері белгілі бір бетке қойылуы керек. Ондай бет істеліп жүрген жұмыстың тәжрибесінен тумақ. Бір елде бір комитет жұмысты көңілдегідей істеп шықса, оның жұмысы басқаларға үлгі болуға жарайды. Басқалардың жұмысы не себептен ақсап жүргендігі байқалады. Сол сияқты жұмыстары өнбей жүрген комитеттер де хәлдерін халық алдына мезгілімен баяндап отырулары керек. Көп сыншы, болмаса біреу қисығын түзейді. Ол үшін уездік, губерналық қолғабыс комитеттерінің жиылыстарындағы есепті баяндамаларынан көпшілік хабардар болып отырулары керек. Кім немен жақсы, не себепті жаман екендігі жұртқа белгілі болса, үлгі алуға сонда болады. Кедей байға жалынышты болмау үшін, шаруа жағынан оларға күні түспейтін болуы керек. Ондай болу үшін көмектесу, бірлесу керек. Оларды көмектестіретін, басын қосатын орын қолғабыс комитеті. Кедей адам боламын десе, қолғабыс комитетін күшейтсін. Олардың таянышы қолғабыс комитеті.

ЗАГСКЕ ТІРКЕТІП ҚОЙСА БОЛҒАНЫ

Оқшау сөз Болыстар Байуақтікінде түстеніп отыр. Осы ауылға келмек деген хабарды естігелі осы күн болған жиылғандар 20-ға тарта болса да, 15 биенің 3 күнгі қымызы жұртты қалжыратайын деді білем. Әлден-ақ көбінің аузынан «алыңдар», «көтеріліңдер» шыға бастады. Аяқшы Қалымбет желбауға сүйеніп тұрып:

— Тағы бір рет, қане, мырзалар, жолдастар, сабада әлі екі тегене қымыз бар, мына тегенені орталамай жатып бұларың не? Алып жіберіңдер, — дей бергенде есіктен біреу үйді басына көтере:

— Ассалаумағалайкім, — деп кіріп келді. Жұрт жалт қарасты. Кенеп сөмкесі тырсыйған Әмре шабарман екен.

— Бай-бай, осының даусы-ай,— деді кровать үстіндегі Байуақ.

— О, Әме, ат-көлік аман ба, тура келдің бе? Шешін де қымызға отыр, — деді председатель Шұғабай.

Байуақ:

— Тұр, әй, Әмекеңнің қиімін іл,—деді, сабаның бір жағында отырған Жұманға. Әмре шешті де, киімін ілді. Әмекең жан-жағынан:

— Қашан шықтың?

— Қала тыйыш па? — деген сұраулар мен.

— Мінеки, мінеки,— деген аяқтар есін шығарып жатыр. Қатшы Сейіт кенеп сөмкені алып ақтарып жатыр:

— Тілеуің бергір, осы жолы срочный бұйрық жоқ екен әйтеуір, — деді, істерді қарап болып Шұғабай:

— Срочныйдан бір мезгіл шаршамасын ба, қатшы:

— Кейде орынсыз жерде срочный деп қоятындары да бар, бірақ түнеукүні мұғалімді жібергендегісі,—Деп аяқтағы қымыздан бір жұтты да, бір газетті алып қарай бастады. Әрі-бері қарағаннан кейін газеттің бір жеріне көзі қадала қалды. Аузы кенет тәмпиіп кетті де, көлбеп барып Шұғабайдың санынан түртіп қалды. Шұғабай жалт қарағанда қолындағы газетін ұстата беріп бір жерін қолымен, көлденең сызып қойды. Шұғабай газетті оқыған сайын көзі ежірейе түсті. Біраздан кейін басын көтеріп жымыйыңқырап Байуаққа бір қарап, газетке парады да:

— Бай-еке-ау, газетке түсіп қалыпсыз,— деді. Байуақ шошып кетті ме:

— Сорлы, не туралы, — деп газетке қолын соза бастады. Қатшы отырып:

— Баяғы жана жеңгей дағы, — деді.

Шұғабай газетті берді. Жұртта ең жоқ. Аяқтарын жерге қойған, көздері Байекең жақта. Байуақ керекті жерін тасымалдап, екі қайтара оқып шықты да:

— Жаным-ау, бұл кедей ұлы кім екен? — деп басын көтерді.

Біреу:

— Біләл шығар.

Біреулер:

— Омар болмасын, — десті. Шұғабай жастыққа шынтақтаған бетімен керіліңкіреп басын сыйпады да:

— Өзіміздің елден Байекеңді ешкім жазбайды, түнеугі мұғалімдердің біреуі шығар, мені де өте жұмысына салақ деп газетке жазамыз деп айтады деп еді, өздері бір антұрғандар көрінеді. Бұл солардың қолынан келуге лайық, — деді.

Байуақ:

— Япырмай, мынау бір пәле екен, олардың менде не ақысы бар еді. Енді мұны қайттік, — деп Шұғабайға жапақ-жапақ етті.

Шұғабай:

— Ештеңе етпес, бір мәнісі табылар. Осы жұлдыздың 20-да қалаға барам, сонда соттан сұрай келейін,— деді.

Шұғабай айтқан күнде қалаға барды. Ортаға жеккені Байуақтың шабдар айғыры. Сотпен қатты үйір. Көріскенде арсалаңдасып қалады. Мекемеге бірер келгенде оңаша болмаған соң, іңірде пәтеріне барды. Темекі тартысты, әңгімелесті, шай да ішті. Қайтарында Байуақтың жәйін айтып, ақыл сұрады. Би көргігенсіп алғашқы кезде жөнді ақыл бермеді.

— Байдың шоқпары болайын деген екенсің, — деп Шұғабайды біраз қолға алыңқырап қойды.

Шұғабай асығып:

— Шын айтамын, дұрыс ақылыңды айт,—дей берген соң, Би-екең былай деп заңды ақылын үйретті:

— Газетке жазылған сөздің бәрінен қорқа беруге болмайды. Өйткені, мынаны тығыз қара деген губсотқа прокурордан айрықша бұйрық болмаса, құр газетке басылды екен деп қарай бермейміз. Онан соң бірсыпырадан бері жоғарғы орыннан ондай бұйрық болыңқырамай жүргендігі бар. Әйтсе де «сақтықта қорлық жоқ» деп, үлкен қатынын тастаған болып, болыстық ЗАГС-ке тіркетіп қойса болғаны.

1925

БҮРКІТ ТҮБІНЕ ЖЕТТІ

Налог малдарын жазатын хабар естіле бастаған кезде, болыстың егіні пісіп, оратын уақыты жақындағандай көңілі қуаныш шаттықта еді. Жексенбі күні Бөгембай байдың үйіне түстеніп құлын сойғызып отырғанда, болыстың құрметіне жиналғаны бар, жұмыспен келгені бар айналасы 15-20 шамалы адамдар үйді басына көтеріп жатыр еді. Болыстың қалаға кеткен почтовойы Жұмабай екі танауы езуінде шүйінші сұраған кісідей мойнында ақ кигіз сөмкесі бар, кіріп келді. Қымыздың қызуы бар, құлынның буы бар шуласып отырған жұрт су сепкен оттай басыла қалды. Бәрінің көзі Жұмaбaйдa, не хабар айтар екен дегендей көздері тесіліп, Жұмабайды жеп барады. Екі қолын төбесіне қойып кестелі ақ жастықтың үстінде шалқасынан жатып сөйлеп, сұрағанға шалқасынан жатып жауап беріп, анда-санда оң қолымен маңдай шашын артына қайырып салып, ешкімді бойына теңгермей жатқан мырза, почтовой кіріп келгенде, шошыған адамдай басын жұлып алды. Жиылып отырған жұрт Жұмабайдан сөз сұрауға аузы бара алмады. Сұрағанмен Жұмабайдың мінезі шадыр, анау-мынау оңайлықпен менсініп жауап бермейтіні өздеріне аян. Болыстың төр ағасының туған жиені болып ел оны болыстан кем көрмейтін Жұмабай жалғыз жүргенде, құлын сойғызбаса да, андай-мындай жаман тоқты, лақ-мылақ сойғандарына оңай болмайтын кіші болыс еді. Енді болыс басын көтеpіп, бүйірін таянып, шашын әрі-бері түзетіп шылымын тұтатып алды да Жұмабайға қарап:

— Кәне, Жұмаш (Жұмабайды Жұмаш деп еркелетіп айтқаны), не хабарың бар, айта бер жаңадан ауысқан - түйіскен үкімет бара ма екен? Почта әкелдің бе? — деп асығып үсті-үстіне керегін сұрап жатыр.

Жұмабай:

— Бөтен хабар жоқ, бұрынғы ауатком төр ағасы басқа жерге кететін болып, оның орнына басқа біреу келетін болыпты.

— Ол кім деген екен, жаңадан келетін?

— Атын айтып еді, ұмытып қалдым.

Болыс күрсініп «мынаның кететін болғаны маған ұнамайды екен, үлкен сырлас едік, мені бір түрлі жақсы көруші еді. Кей кезде айтпаған сыр болмайды. Былтырғы менің үстімнен жүргізген жаман тікіректің арыздарын осы кісінің беделімен сот қалдырды ғой» деп, әкесі жаңа өлгендей болып почтаны ашып оқуды тіпті ұмытты. Жарты сағат шамасынан кейін тілмаш (қатшысы):

— Енді қайтесіз, мына келетін кісі ықтимал онан да жақсы болар, мына почта көрейік — деп, тілмаш ашып оқи бастады.

Бірсыпыра қағаздарды ақтарып қарады да, ең артынан бір үлкен кек конвертті жыртып қараған кезде, болыстың орнынан түсіп, қызметін басқа біреуге, өзінің орынбасарына тапсырып, тез қалаға келуі көріне кетті. Бұрынғы қайғы қайғы ма, шықпаған жаны қалды. Почтовой (Жұмабай) болыстың түскенін, почта әкелсе де, білмейді екен. Даяр тұрған почтаны уездің кеңсесінен салып алған да жөнелген. Оның екі езуі екі құлағында болып қуанып жүргені налог жазатын қағазды алып келген. Мал жазғанда қу құлқынына бір нәрсе іліне ме деп қомағайланып, бар тілеуі сонда ғана. Жиналып отырғандар болыстың түскенін білісіп қалды. Олардың ішінде мұның түскеніне қуанатындар да бар, күйінетіндер де бар.

— Болыс пен тілмаштан басқаларын, шыға тұрыңдар, — деп, Жұмабай үйдегілерді айдап жіберді.

Жұмабай:

— Бұл не? Түсіп қалыпсың ба?

Болыс:

— Түсіп қалғаны құрысын, оңашалап неге алып келмедің, жұрттың бәрі біліп қалды.

Жұмабай:

— Мен қайдан білейін, қалада маған ешкім айтқан жоқ, өзім хат танымаймын.

Тілмаш:

— Әйтеуір осы бір қазақша жазу деген пәле болды ғой, почта оқытпайтын болды. Аша бастасаң-ақ қамалап, үңіліп, не жазылғанын біліп қоймай ма? Жана мен оқып отырғанда жанымда Төлеу мұғалімнің көзі түсіп отырды, оны мен артынан байқап қалдым. Енді тамақ ішіп тез атқа мініп ауылға барып, керек жұмысты бітіріп алайық та, жұмысты бермей тұрғанда 10 шақты табақ қағазға мөр басып алайық. Және старшындар хабарланбай тұрғанда, таза адал қызмет қылған нағыз кедейшіл дегізіп мөр бастырып приговор алайық десіп, сез байласты.

— Құлынның еті пісіпті. Дәм даяр болды,— деп бір кісі хабар қылды.

Болыс бұрынғыдай емес жалтақтап:

— Олай болса, даладағылардың бірін қалдырмай шақырыңдар, бірге жейік, — деп еді, үй иесі:

— Оларды басқа үйге кіргіздік, ездеріңіз оңаша отырыңыздар, — дегеніне болмай, бірсыпыра ақсақалдарды таңдап шақырып алды. Ақсақалдар болыстық түскен-түспегендігінен бір ауыз сез де сұраған жоқ. Іштері білді де қойды. Айтайын десе, көңіліне келеді ғой деп, мүсіркеп отыр.

Бұл болыс түстеніп отырған үйде сол елдің мұғалімі Телеу де бар еді. Ол әкесі тірілгендей мына болыстың түскеніне қатты қуанып отыр. Еңбек жанғандай болды. Себебі, қыстай школдың хал-жайына көзін салмай, отын-су жинатып бермей, балалар оқып алмай сандалып шыққаны кез алдына елестеп отыр. Қысты күні болыстық елден алған-салғандарын газетке жазып соттарға түсіріп жүретін. Сөйтіп, бұл түскенін сонан болды деп ойлап отыр. Оның арызының ішінде, әсіресе бір уезд елге мәлім болған Ахметжанның түйеге сатып алған бүркіті де бар еді. Бұл бес түйелік бүркітті осы болыс тамыр болып, алғашқы болыс болып барғанда, байғазың деп бар малый берсе де болмай, сол бүркітін алған.

Болыс пен тілмаш тамақтанып алып, екінді-ақшам арасында жүріп кетті.
Жиналғандар:

— Бүркіт түбіне жеткен екен,— деп күңкілдесіп, ауыл ауылдарына тарасып қайтты.

МЕН ӨЗІМ ЖЕРДІ ӘПЕРГЕНІНЕ РИЗАМЫН

Қадау мұғалім Б. болысына келгелі 10 шақты күн болып қалды. Мектеп әлі ашылған жоқ. Былтыр Темірбайдың үйі тар болған соң, биыл арнап үй салдырамыз деп бірсыпыра жүрсе де, волисполкомның уақыттары болмады ма, салақтық қылды ма, әйтеуір, жұрт жайлауға барғаннан кейін, айтып жүргендерін де қойып кеткен. Биыл қыс баланы қайда оқыту туралы дұрыстап бас қосып сөйлесуге сайлау даярлығы келіп қалды. «Әне-міне» мен қол тиіңкіремей жүр. Мұғалім: «мектепті қайтеміз» деп күнде барады. «Ертең келіңіз» бен 3-4 рет жіберсе де, мұғалім келуін қоймаған соң, жайды айтып, мектеп жабдығына өзін жұмсауға тура келді. 3-4 күндей қайта-қайта барып жүріп волисполкомның ұнатуымен айы бір тайынша, Қайрамбайдың екі бөлмелі үйін алмақшы болған. Кешеден бері әркімде кеткен саймандарын жинап жүр. Бүгін 8 шақырымдағы Қуатбек аулындағы парталарды алып келуге езің бармасаң бажылдай береді деген соң, Қадау мұғалім түйе сұрауға Тәшімдікіне келді. Бай үйінде қора түзетіп жүр екен. Амандасып, хал-жайды білгеннен кейін, мұғалім жұмысын айтты. Тәшекең төмен қарап біраз жерді шұқып тұрды да:

— Қап, енді сізге бермесе болмас, япырай басқа біреуге жіберсе болмай ма екен, түйемен тезекке кетіп еді, үйге түсіп шай ішкенше келер,— деп үйіне қарай аяндай бастады. Үйге келіп:

— Шай қойып жібер!—деп Ұлжанға бір айқайлады да, шешініп орнына отырды.

Атын байлап мұғалім де үйіне кірді. Отырысымен-ақ мұғалімнің қай ел, аты кім, жасы нешеде, әке-шеше, қатыны барлығы, қайда оқығандығы бірі артынан бірі сұралып жатыр. Біраз әңгімелескеннен кейін шай келді, құман, шіләпшін даярланды. Тәшім Қадауға қарап:

— Мұғалімі қол жуасыз ба, әлде коммунистер қол жумайтын шығар,— деп ырсиды. Ол екі арада мұғалім қолын жуып жатып «мен коммунист емеспін, бірақ коммунистер тазалықты неге жек көрсін?» — деп қолын сүртіп шайға отырды.

— Айтпақшы, осы коммунистер орнағалы неше жыл болды,— деді, Тәшім бір мезгілде. Қадау:

— Биыл жаңаша 7 ноябрьде 8 жыл толады.

Тәшім:

— Апырай, осыны алғашқыда әне кетеді, міне кетеді деп жүруші еді жұрт, ақыры-ақ орнығып қалды-ау.

— Ойбой, ақсақал, сіз орнығуды айтасыз, орнығу түгіл, совет өкіметі қазірде барлық дүниеге беделін жүргізуге қарай келе жатқан жоқ па? Жер жүзінде еңбекші жұмыскерден кеп жан жоқ. Мұның жоқтайтыны солардың мұны болған соң, соңынан ерушілердің саны күн санап көбейіп отырғандағысы сол. Бұдан сегіз жыл бұрын советті осы халге келеді дегенге кім нанар еді? Енді 8 жылда көрерсіз, қандай өзгеріс туғызып, шаруаға жана түр енгізгенін,— деп бір тоқтаған кезде, Тәшім:

— Рас, рас, бұларға өлім жоқ, өздері бір пәле көрінеді, жұрттың күдер үзуге айналған пұлын тауып берген соң-ақ, мен бұларға ден қоюды қойдым.

Қадау бұрынғыдан қызайын деді. Кеңес өкіметінің әр-бір келелі саясатын білгенінше бажайлап түсіндірмекші болды. Ішкі, сыртқы хәлдерің қысқаша шолып өтіп, жаңа үнем саясатын да жайғастырып береді. Ең аяғында ұлт әңгімесіне тіреліп, қазақтың бұрын өз алдына өкімет құру түгіл, өз тілінде бала оқытуға да ерік бермегендігін, қазақты ел бар деп есептеуші болмағандығын, осы күні елдігін теңеп жерге бірдей қылып ез билігін өзіне беріп отырған кешегі Октябрь төңкерісін жасаушы жұмысшылар екендігін — бастан-аяқ сөйледі. Тәшім басын шұлғып тыңдады да отырды. Мұғалім тоқтағаннан кейін:

— Я, я, бәрі рас, өзгеден бұрын мен езім советтің, орыстармен талай соттасып ығын-шығынына ұшырап, Heше рет айрылып қалып жүрген Сары-қопа деген жерімді өзіме әпергеніне қатты риза болдым,— деген кезде, әйнектен бақ еткен түйенің даусына мұғалім елен ете қалған соң Тәшім сөзін тоқтатты. Мұғалім шайын тезірек ішіп төңкерді де түйені алып жөнелудің қамын қарастыра бастады.

ЕКЕУІ ДЕ ДҰРЫС

Ноябрьдің 7-сі күні сағат 6 да октябрь мейрамын қошеметтеу мәжілісі болып әркімдер сөз сөйлеп жатыр. Бір мезгілде басында қайырып байлаған былғары түсті көк елтірі бөрік бар, қоңқақ мұрын, бадырақ көздеу, жасы 20 ның шамасында, арықтау қараша жігіт, ескілеу күрең тужуркесінің жоғарғы түймесінен біреуін ағытып қойды да, «Жолдастар!» деп жұртты бір шолып алды. Күбірлеп, дуылдап отырған жұрт бірін-бірі «тыс-тыс» деп тоқтатқанша, біздің шешен боратып сөздің бірнеше қырларынан асып кетіп еді. Жұрт тоқтады. Шешен жұлынып тұр: біресе еңкейеді, біресе шалқаяды; басын изеңдетіп, көзін ежіреңдетіп, жұдырығын түйіп, ұмтылып-ұмтылып қояды; кейде көзін ақшаңдатып аспанға қарап, қолын кезек-кезек сермейді. Әpі қатты сөйледі, әрі жылдам. Сонда да бір сағатқа талған жоқ. Бірақ аяқ кезінде даусы қарлығайын деді. Бір-екі рет су ішкені болмаса, шаршады деп айтуға сондада келмейді. Әлі де айтатын сөзі біткен жоқ. Біреу жиылыс басқармасына «сөз тоқталса екен!» деген жоба ұсына қойып, дауысқа салғаннан кейін, көпшілік тоқтауды мақұл керді де сөз жиналды. Бұл жігіттен бұрын да, кейін де 2-3 ден сөйлеушілер болды. Бірақ тыңдаушыларға бұдан әсерлі болғандары жоқ. Екеуден, үшеуден қайтқандардың әңгімелері осы жігіт болып қайтысты. Біреулер: — Шіркін, әлгі қараша баланын, шешені-ай, қалай қызу сөйлейді? Ысылып қалған-ай! — десе, екінші біреулер:

— Әлгінің сонша әбігерленгендегі сөйлегендерінің бірін ұқсам бұйырмасын! —дейді.

Тексере қарағанда жоғарғы екі түрлі сынаудың екеуі де дұрыс. Өйткені: ол сөз сөйлеген жігіт өзі жастар ұйымының мүшесі, жауапты қызметте отырғалы екі жыл: сөйлегенде бәйгі атындай қырындауға, нағыз төңкерісшілдердей жұлынуға әдеттеніп қалғаны да, сөз ішінде «жауыз Николайды, жуан байларды, Октябрь тендер ісі, қызыл әскер, жас жауынгер, жұмысшы, қара шекпен, белсенді қызметкер...» Ылғи айтылып жүрген сөздерге аузы үйреніп ысылып қалғаны да рас еді. Бірақ сол бір сағат сөйлегенде не сөйлеп шыққанын тыңдаушы ұғу түгіл, сөйлеуші өзі де білмейтін. Ол түгіл сөйлерде құр «Октябрь төнкерісі туралы сөйлеймін» дегені болмаса, оның неменесін сөйлейтіні жайлы өзінің жасап алған жоспары да болмаған. Сондықтан оның сөзі ұғымсыз шыққаны да рас еді.

БАЛҚАШҚА КӨҢІЛ БӨЛІНСІН

Семей мен Жетісу губернесінің аралығында әртүрлі кәсібі, табиғи байлығы мол Балқаш көлі жатыр. Бұл көлдің айналасында мыңдаған еңбекшілер бар. Балқаштың басынан Пішпек тұсына дейін күнбатыс жағын жағалап, таяқ тастам жер көше алмай жатқан ыңғай жаяу балықшылар. Мұндағы үйдің мөлшері 500 дей болады, Қарқаралы уезіне қарайды,Кедейлердің бар сүйеніп күн көріп отырған кәсібі — Балқаштың балығы. Балықты сол Балқаштық өз айнала¬сында шығатын жабайы кендірден ау тоқып, сонымен аулайды. Көшуге көлік жоқ. Жатақ болады. Қысы-жазы айналдыратыны — сол балық кәсібі. Міне, осы қалың кедейлердің Балқаштың ен байлығымен күн көріп отырғаны болмаса, олардың тұрмысы әлі нашар. Қаладан жырақ, шетте жатқан соң, олардың ішіне әлі ешбір жаңалық кірмеген. Кедейлер ұйымдаспаған соң, табысын әлі біреуге жегізіп отыр. Жергілікті үкімет орындары (Болатком, ауыл кеңестері) пәлен жылғы, түген жылғы налог және соның өсімі деп баяғыша кедейлерді сыпыра соғып жүрген көрінеді. Оның үстіне шет елінің атақты ұрылары да олардың малын ұрлап тыйыштық бермейді екен. Жалғыз көлігі — көк шолағынан айрылғандар да кеп көрінеді. Қысқаша айтқанда, жаңалық өзгеріс еңбекшілердің үстемдігі дегендер ондағы қалың кедейлерге рух беріп, көкірегіне орнамақ түгіл, құлағы да естіген жоқ. Екінші, Балқаштың байлығына келейік. Балқаштың аяғындағы Алакөлдің жер майын (керосин, кек май, бензин) Жетісу губернесінің жай адамдары, саудагерлері пайдаланып жүр. Мұнда қара және сүттей ақ екі түрлі тұз бар. Бұл тұздар мейлінше жақсы, сирек табылатын тұздар. Жері ыстық, әуесі құрғақ болған соң, тұздары сулы болмайды да, бидай сияқты сылдырлап тұрады. Бұл тұздардан шет елінің адамдары тасып алады да күзді күні бидайға баспа бас айырбастап жүреді. Балқаш маңында бұл айтылған май, кендір, балықтан басқа, тас көмір, қорғасын, күміс кендері тағы да көп. Сол үшін үкімет орындары бұл сияқты жаратылыс байлығы көп, кедейлердің басы қосылған жерді еске алғаны жөн. Кедейлерді ұйымдастырып, Балқаштың кеп байлығын өркендету керек. Жоғарғы айтылған жерлер Қарқаралыдан Пішпекке жақын. Пішпекке Тәшкеннің темір жолы келсе одан мынау жерге дейін жол салуға да қиын болмас еді. Тіпті Балқаштың байлығын әзір қолға алып, өркендету жұмысы қолдан келмейтін болса, біраз шығынға қарамай кәсіпшілдер ұйымы Балқаш маңын әдейі аралатып, анау қалың кедейлерді басқалардың жеуінен құтқарып, ұйымдастырған жөн болар еді.

«ҚАРНЫҢ ТОЯР ТІЛЕНБЕЙ» ДЕГЕН ОСЫ

Осы жаз Қарқаралы уезінде, Ақшатау елі, 11 ауылда Қабыл деген атаның балалары 70-80 үй бірігіп, осы үйлерден 50-60 іріктеліп шыққан жігіттер серіктесіп, Жемісті өзенінің бойында, «Ақша» деген жерден бір үлкен тоған шығарған. Бұл тоған ұзыны бір шақырымдай болып, ені 4-5 қадамдай. Тоғанның көмейі мен егін салатын жайлауының арасы мынау көрсетілген бір шақырымдай бел болады. Осы белді анау 50-60 жігіт 3 ай қазып, жердің астынан кеулеп шыққан тоғанның қазылған тәртібіне қарағанда, ішкі жерден оқып келген бір ғалым инженердің план жасап көрсетіп бергені сияқты. Жар астынан қазған табаны мылтықтың сүмбісіндей түзу, структеген тақтайдың бетіндей мінсіз тегіс. Тоғанның кей жерінің тереңдігі кісі бойы қолұсыннан артық. Тіпті кей жеріне найза да бойламайды. Мұны қазғанда ең әуелі арасын 10-15 қадамдай қылып, ылғи құдық қазып отырған. Содан кейін осы құдықтарды астынан кеулеп, бірін-біріне қосып отырып тұтастырған. Сөйтіп табанын тегістеп көмейден суды жібергенде су іркілместен бір-ақ заулаған. Сонда азаматтар еңбегіміз жанды десіп, мал сойып той қылып, құнан шаптырған. Қатын-балалары қуанғандарынан тоған басына барып шашу шашқан. Мынау ерлер бірлі-жарымды сиырлардың шала сүтімен, лағынын етімен, ірімшік жеп, су ішіп өмірлік азық тауып алды. «Енбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей,» деген осы.

ӨТІРІКТІ САТЫП АЛУШЫ ТАБЫЛСА, АЙТУШЫ ДА ТАБЫЛАДЫ Париж қаласында (Францияда) шығып тұратын орыс ақтарының «Күндер» деген газеті бар. Газеттің нені көксейтін газет екендігі айтпай-ақ атынан көрініп түр ғой. Бұл «күндерін» көксейді. Шалдар қартайғанда «ой, шіркін күндер-ай!» демеуші ме еді? Сондай-ақ ақтар да «күндер-ай!» деп газет шығарып отыр. Әңгіменің ең қызық жері олардың күндерін көксегендігінде емес-ау, талтүсте бадырайтып отырып өтірік айтқанында ғой. «Ақтар басқа патшалықта жүрсе де, жай жүрмей, совет өкіметі туралы айтпайтын өсегі болмайды. Қарақаттап жүреді» — деген сөзді талай естісек те, дәл өз губернеміз туралы ешнәрсе демеген соң, жауырды жаба тоқып жүре беруші едік. Сол «Күндер» газетінің осы сентябрьдің ішінде шыққан бір санында Семей туралы бір хабар басылыпты. Ол мынау: «Мемлекеттің бас прокурорының жарлығы бойынша, Семей исполкомының бастығы мен басқарма (президиум) мүшелері тұтқынға алынды. Олардың айыптары: өздерінің үстерінен шағым берушілерді өлтіргендік, пара алғандық, мекемелердегі әйелдерді күштегендік, үкіметтің беделін түсіргендік. Оларды жауапты қылмақ болған Семей прокурорын милиция тұтқынға алып қойыпты. Сондықтан оларды тұтқын қылу үшін Семейге саяси мекеменің арнаулы отряды келіп, 2 күннен кейін исполком басқармасы менен милиция бастықтарын абақтыға алыпты. Жуырда таң қалғандай сот болмақ!». Бұл хабарға қарағанда айтылған адамдар осы күні түрмеде болса керек еді. Бірақ олай емес, осы күні Семейдің исполком бастығы мен басқарма мүшелерінің кейбіреулері Қызылордада съезде, кейбіреулері Семейде қызметте жүр ғой! Бұл әңгіменің өтіріктігі өзге жерге құман болса да, Семейге аян емес пе? Сол үшін ғана Семей туралы жазғаны алынып отыр. «Шөлмек есебіне қарасаң, айдың бүгін 120 сы» деп Қожанасыридден айтқандай, «Коммунистер арасында» деген әңгімесінің ішіндегі басқа жердегі өтіріктерін ести берсең, құлағың сасыр. Оның үстіне сол хабарларды «тілшілерімізден» деп қойыпты! «Өтірікшінің куәсі жанында» деген-ді. «Тілшіден десек, сөзіміз бағалы болар» деді ме екен, болмаса, сол сияқты совет тілшілерінің бары рас па екен! Ондай тілшілердің болса болуы ғажап емес. Дұшпандығынан түймедейді түйедей қылып көптіріп жазуларына болар еді; тап мынадай орнасы жоқ өтірікті жазған болса, олар да сабаз ысылған-ақ екен! Ертерек уақытта бір қазақ байының ит болып үретін жігіті болып, бай ол жігітті жиын болғанда ертіп үргізіп жүріпті. Естігендерге жолыққан кәрілердің айтуынша, жігіттің үргендегі даусы иттен айырса танығысыз дейді. Бүгінде ойлап отырсақ сол жігітті сонша «өнерлі» қылып қойған, байдың ескі көйлегі менен дастарқанының шеті екендігі көрінеді. Сол сияқты мынау «Күндер» газетінің де «тілшілерін» осынша орны жоқ өтірікке шебер қылып қойған, сол күндерін сағынған «дегдарлардың» анда-санда жіберіп тұратын сәлемдемелері-ау! Өтірікті керек қылып, ақшаға алушы болып тұрғанда, айтушы табылмақ қой.

ҚАРҚАРАЛЫДА ҚЫСТЫҢ БЕТІ

Қарқаралыда жаздай әуе құрғақ болып, егін, шөптің шығымы нашар болған еді. Оның үстіне жаздай әр жерде өрт көбейіп, талай елдің жері, шабындығы, қыстаулары, шапқан шөптеріне дейін өртенгендері болып еді. Жаздың қалпы осындай болса да, малдың семіруі жаман емес еді. Енді қыстың келісіне қарағанда Қарқаралы елі уайымды көрінеді. Мәселен, осы ноябрьдің 12-сі күні күн бата қатты құйған нөсер таң атқанша жауыпты. Бірнеше жылдан беpі мұндай жаңбыр болмаған екен. Бұл жаңбырдың артынан күнбе-күн суық қар жауып қатты боран болып, ноябрьдің 18-не шейін ашылмастан борап тұрыпты. Жер сақиып қатып, шөпті мұз ұстап қалыпты. Жаздай өрт шалған жерлердің шөбі жоқ болғандықтан, мал жайылудан қалған көрінеді.

Қарқаралыда өмірінде арбасы 2 сомнан артылмайтын шөп 5-6 сомға барыпты.

БИЫЛ ШАРУА ТӘУІР

Қарқаралы уезінде биылғы жылы ел шаруалары жақсы деуге болады. Себебі налог жылдағыдан аз, ылау жоқ, қазақтық малы мен нәрселері қала заттарынан бағалы болмаса, төмен емес: жақсы ат — 200, қой — 20, ту сиыр—60 сомға дейін бар. Былтырғы жылы семіз жылқы 30, қой 5 сомнан асқан жоқ еді. Налог ауыр болып, жұрт ақша таба алмағандықтан бөгде саудагерлерге қатты жем болып еді. Ал, биыл олай емес, ел налогке ақшаны Қояндыдан бері дайындап алып, жеңіл құтылғандықтан, осы кезде базарға көп мал ұстамайды. Бірен-саран ұстағандары өз айтқандарына келтіреді. Сөйтіп, ел шаруаларының қыстың қалай өтуінен басқа ойлайтын уайымдары жоқ, көңілді-ақ. Елден ендігі дәме ететініміз: мынау сайлау науқанында бас пайдасынан шаруалардың пайдасын көбірек ойлайтындарды кеңес орындарына сайлап алудың қамын ойлау.

ОҚУ-АҒАРТУ ЖАБДЫҒЫ

Ел мұғалімдерінің міндеті күшейді. Мәскеуде кеңестер одағындағы оқытушылардың жалпы көптен күтілген зор съезі январьдің ішінде (13-17) болып өтті. Бұл съезд оқытушылардың түңғыш съезі. Съезге уәкілдер кеңестер топырағының әр.жерінен келді. Уәкілдердің жалпы саны 8 500-дей, кебі партиясыз. Бұл съезде ішкі-тысқы саясат жағынан, кәсіп өндірме, шаруа жайынан, оқушылар жөнінен тағы әртүрлі баяндамалар болып съезд көңілдегідей жақсы өтті. Бұл съезде еңбекшілер үкіметінің тарихында маңызы зор келешекке салынған негізі татымды. Патша тұсында біреу дінмен ноқталанып, біреу өлшеулі сызықпен қамалып, енді біреулер жоғарғы орындардың иегімен іс қылуға үйреніп қалған елдің қалың оқушыларға кешегі Октябрь төңкерісі тұсында көбі барлықтарын көрсете алмады. Жазаласа кейбіреулері байлар тілегінде болды, кеңес үкіметі орнағаннан кейін оның ұстаған бетімен таныс бола келе оқушылар көпшілігі 'бұрын түсіне алмай жүргендігін өкінішке кіргендей бұрынғы күнде қадірі аз, бейнеті кеп, еңбекшіл ел мұғалімдерінің шын қамқоры кеңес үкіметі екенін сезгендей болды. Съезде мұғалімдердің бұрынғы әм казіргі халы, оқуға патша мен кеңес үкіметінің көзқарастарын әрине салыстырып отыр. Бұл күнде оқу жұмысы 3-майдан атанып, оқу жұмысына шамадан келгенше күшті қазына көтергенше пұл жұмсалу керектігі сөйленіп өтті. Оқытушылардың тұрмысын көтеруге де байлау болды (еңбек ақылары 40 сомнан кем болмасын деген сияқты). Мұғалімдер міндетін жалғыз оқытуға ғана емес, коммунистер партиясы еңбекшілер үкіметінің елдегі қолқанаты болуға лайық қазіргі салынып «бетті ауылға» деген ұранның бірсыпырасы солардың танысуымен орындалатынын айтып өтті. Өйткені елдегі көзі ашық тап мұғалім. Олар жас буынды әлеуметшілік (социалистік) тұрмысқа лайықты қылып тәрбиелеуге қандай міндетті болса, ел мен үкіметтің арасына нөкер болуға, қара бұқараның білмегенін үйретуге, басшылық қылуға онан да үлкен міндеттерді атқару керек. Мұғалім деген сөз, үйретуші деген сөз болатын болса, жалғыз балаға ғана емес кім білмесе соны үйрететін болса, сонда мұғалімдіктің атын ақтай алады. Онан соң елдегі партия ұялары, Лениншіл жастар ұйымы бұдан былай мұғалімдермен қол ұстасып жұмыс қылулары керек. Елдегі үкімет мекемелері де оқытушыларға бұрынғы көз қарасты жоғалтулары шарт, мұғалімдерді сабақ алып «Әптиек» оқытатын «молдекеңдер» дәрежесінде көремін деуге енді орын жоқ. Олармен қатынасып іс әрекетіне кірісу керек. Онан соң мұғалімдердің де есінде болсын, бұрын олардың міндеті біреу болса, енді саясатқа қатысуы керек. Үкіметтің істерімен таныс болу керек, елдің шаруасына мидай араласу керек, қара бұқараға әр жайдан үйретуші болу керек. Сонда ғана мұғалімдер мойындарына түскен борышты өтей алады.

ЖАЛШЫЛАР ҰЙЫМЫНА КӨҢІЛ ҚОЙЫЛСЫН

Қеңес үкіметінің еңбекшілер үкіметі екендігін, жалшылар табының еңбекшілдік бір екенін ауыз аңғармайтын бас жоқ. Жұрттық көбі солай екенін айтып жүрсе де, біліп жүрсе де, ел ішіндегі жалшылардың әлі қараңғылықтарынан пайдаланып олардың ашылып отырған ұйымдарына баға беріп өркендету түгіл, десе келемеж, сықақ қылып, қаласа жалшы атынан келіп жалдаушылардың сайланып отырған жерлері бар. Бұлай істеушілер: не жалшы (батрак) атын жамылып кеңес сайлауына кіруді көксеушілер, не соның езін әлдеқандай шен көріп, онда жалшы жақтаушылар. Мұндай қылыққа жол беріп отырған жерде кеңестің шын азаматы отыр деуге болмайды. Ондай жерге ерте ме, кеш пе, әрине, көздің қыры салынбақ. Қазірге біздің қарап өтуге лайықты орындарымыз шын жалшылар ұйымын ашып, оларға басшылық қылудан аянатын жаны жоқ. Қай жолмен бастаудың ретін білмей отырған азамат бар жерлер, сондай жерлерге білген ақылымды аямауымыз керек. Жалшылар ұйымы волисполком арқылы қалалық кәсіпшілер (профсоюз) ұйымына ұласпақ. Сондықтан ел жалшыларының да негізгі беттері сол профсоюздың беті болмақ. Осы күнге шейін газеттер бетінде ара-тұра болса да профсоюздың мақсаты айтылып жүр. Сол мақсатқа ел жалшыларына жеткендей қылып тәрбиелеу елдегі көзі ашық азаматтардың әсіресе партия ұяларының, онымен қабат мұғалімдердің міндеті. Жалшылар ұйымына басшылық етуге олардың қамын жеп, кезін ашуға жоғарғы орындардың көрсетіп отыратын мезгілді, нұсқауларынан негізгі тірек таяныш қылып ұстанатын еңбек заңы кесіпшілер ұйымы туралы шыққан нұсқаулармен таныс болып отыру керек. Жалшылардың жиылыстары сайын ездерінің күнделік өміріне керекті нұсқауды құлақтарына сіңіріп отыруы керек. Жалшылардың оз праволарына ие болуда білмеулері қандай аянышты болса, олардың надандық себепті өз жолдастарынан асып кетпеулері сондай өрескел болмақ. Соның үшін оларға алдымен өз міндеттерін ұғындыру шарт. Менің бұл жердегі мақсатым, жалшылар ұйымын күнделік керегі бар әм ел жалшыларына жанасатын еңбек заңдарының кейбір жерлерін көрсетіп өту. Жалшылар мен жалдаушылардың арасында шарт екі түрлі болмақ. Ұйымдасқан (көп жалшылар бірігіп) шарт, жеке шарт (жалғыз жалшының жасаған). Қазіргі қазақ елдеріндегі жалшылардың көбінің жалдануы жеке шартқа келетіндіктен, сол туралы ғана сөйлеуді мақұл көрдім. Жеке шарт келісумен болып, әртүрлі мезгілге бөлінеді: 1. Бір жылдан аспайтын мерзімге. 2. Белгісіз мерзімге (мәселен мына малды пәлен қалаға айдап жеткізуге деген сияқты). Әм 3. Бір жұмысты бітіргенше. Жалданушы төмендегі себептермен мерзімді күні толмаса да жасасқан шартты бұзуға правосы бар. 1. Уәделі уақытта ақысын ала алмаса. 2. Шартты я еңбек заңын жалдаушы орындамаса. 3. Жалдаушы жақсы қарамаса. 4. Істейтін жұмысы денсаулыққа зарар келтіретін болса. 5. Заңда көрсетілген уақыттарда, егер де жалданушы жалдаушыларға көнбейтін болса, шатақты бағамен дау тексеретін комиссия РҚҚ қарайды.

Жалдаушының правосы. 1. Белгісіз уақытта жасалған шартты жалдаушы төмендегі орындарда бұза алады: Істеп тұрған ісі бітіп я тоқтап қалса. 2. Жұмыс бір айдан артық тоқтап тұрарлық болса. 3. Жалданушы іске жарамайтын болып табылғанда. 4. Жалданушы жасасқан шартқа себепсіз қарсы болып, міндетін атқара алмаса. 5. Жалданушы сотқа ілініп, екі айдан артық тұтқынға алынарлық болса. 6. Жалданушы толық себепсіз үш күн тұтасынан я айға 6 рет жұмысқа келмесе. 7. Жалданушы жарамдылығын жоғалтып қызметке екі ай келмесе.

Бұлардан басқа жеке шарттың бұзылатын жерлері: 1. Екі жақтың келісуімен. 2. Мерзімді күннің толуымен әм, 3 — екі жақтық бірінің қозғауымен. Ескерту: 1. Шартты күн толғанда бір жақтан да білдіру болмаса, шарт бұрынғы күйінде қалмақ. 2. Белгісіз уақытта жасалған шартты бұзам дегенде, жалданушы жалдаушыға күн ілгері білдіріп қоюы керек. Бұдан басқа да жалшылар ұйымының өмірінде кездесетін әңгімелер аз емес. Сондай әңгімелер туралы білгенін майданға салып отыру әрбір азаматтың борышы болуға лайық. Негізінде жалшылар ұйымына көңіл қойған жөн.

МІНДЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІҢІЗДІҢ ЕСКЕРУІ КЕРЕК

Газетіміздің өткен санында тілшілер ұйымдары туралы әм оларды құрудың қазіргі мезгілдегі қиын жақтары жазылып өтті. Қашан сол ұйымдардың құрылуын күтіп қаладағы, даладағы тілшілеріміз газетке хабар жазбай, әрине, қарап отырмақ емес. Сондықтан әр уезден хабар жазатын тілшілердің басын қосып, болмаса газеттен көріп (бірінің жазғанын бірі) мүмкін болғанша белгілі бір бағытқа түсіреді. Ол үшін уездердегі міндетті қызметкерлер тілші болулары керек, бірсыпыралары бұрыннан тілші). Олар газетке кеп жазса: бірінші жұмысының анығы айнаға түседі, екінші былайғы тілшілерге үлкен үлгі сабақ болады, өйткені жай тілшілер міндетті қызметтегі тілшілердің не кемшілігін толықтырып қана, не қисынын түзетіп қана отырады. Біздіңше әрбір міндетті қызметкерлердің тілші болуының керектілігі елге қандай зор болса өздеріне онан да зор деуге болады. Елге керектігі: пәлен мекеме қандай жұмыс атқарып отыр, қандай кедергілерге ұшырап отыр? Әлбетте мұндай мәселелерге ел құлағын түрмейді деуге болмайды. «Ел білмесе білмесін, білгеннен залал шықпаса пайда жоқ» дейтін мінезді ұстанатын уақыт еткен. Енді неғұрлым ел білсе, көпшілік ұғынса, жұмыс сонда ілгері баспақ. Әрбір қызметкер әлеуметтің алдында есеп беруге міндетті екенін жақсы білетін мезгіл жетті. Міндетті қызметкерлердің жиналыс сайын баяндама жасауы, есеп беруі, өздері үшін қандай борыш саналса, алып бара жатқан жұмыс, ұстанып отырған бағыты туралы баспасөз жөнінде жариялап отыруы сондай борыш болып саналарға керек. Өйткенде қызметкерлер іс-төрінен көпшілікке есеп беріп, міндеттерінен бір құтылса, жақсы ісінен басқаларға үлгі беруі азаматтық борыш. Оның үстіне шеше алмаған жұмбағын көптің талқысына салып, оңайлатып алуға мүмкін. Сондықтан қаладағы, даладағы міндетті қызметкерлеріміз әрқайсысы газетке тілші болулары керек әм жұмыстарының бет алыстарынан үзбей жазып тұрулары керек. Егер де бір себеппен өздері хабар жаза алмаған қызметкерлер маңайындағы газеттің арнаулы тілшілеріне толық мағлұмат беріп тұрулары керек. Көбінесе жай тілшілер елдегі мекемелермен шәлкем-шалыс келіп отырады. Оның себебі де тілшілердің көбірек жазатыны қызметкерлеріміздің міндеттері болғандықтан араларында қырын қабақтық туып қалып отырады. Бұндай жерде біз қызметкерлердікін теріс дейміз. Сондықтан оларға тапсыратынымыз міндетін атқарған тілшіге дұшпан болғанша бойындағы мініңді түзегенің жөн. Онан соң орынсыздан соқтыққан тілшінің жаласынан жолды тәртіппен ағарып шық. Тегінде біздің міндетті қызметкерлеріміз не ездері тілшілік қызметін атқармай, не тілшілерге жәрдемде болып отыратын болмай істеліп отырған. жұмыстардың анығы төтесінен айнаға түсіп отырады деуге мүмкіндігі жоқ. Мәдениетті марқа елдің тілшілері ұйымдастық түгіл, жиылыс құрып жатқанда, қазақ тілшілерінің көбі әлі күнге міндеттерін ұғына алмай жүргендігін біздің жауапты қызметкерлеріміз ескерулері керек. Тілшілік жұмысының өркендеуі де жоғарғы айтқандай солардың жәрдемдесуіне байлаулы. Әсіресе төменгі кеңес орындары ауыл тілшілеріне көмек көрсетуге міндетті екенін естерінен шығармаулары жөн.

ТІЛШІЛЕР ҰЙЫМЫ ТУРАЛЫ

Газетіміздің осы номерінде Қарқаралыдағы тілшілер ұйымы туралы хабар басылып отыр. Бұл хабардың түріне қарағанда уездік ұйым сияқты бірақ жиылыстың қашан болып әм қанша тілшілер қатынасқандығы туралы ешнәрсе айтылмайды. Жалпы жиналыстарының айға екі рет болатындығына қарағанда ел тілшілері туралы сөз қозғалған сияқты емес. Қарқаралының бұл жұмысы губернадағы тілшілер ұйымын жасау туралы қозғалған әңгіменің тұңғышы. Сондықтан бұл туралы азырақ сөз қозғап кетуге тура келеді. Осы күні қазақша шығып тұрған газеттердің әрқайсыларында белгілі тілшілер болса дағы губерна түгіл кіндіктегі газет тілшілерінің араларында қандай ұйым барлығынан мағлұматым жоқ. Рас, орыс газеттерінің көбінде кіндіктен губерна уездерге шейін жасалған тілшілер ұйымы бар. Оларға қай бұрыштан болса да тілшілер қатынасқан. Белгілі уақытта жиылыстары да болып тұрады. Тегінде тілшілер газеттің қолқанаты болғандықтан олардың басын құрау газеттің міндеті екендігінде дау жоқ. Олай болса біздің елден уезден құралған тілшілеріміз губерна арқылы кіндікке ұласулары керек болады. Ол үшін төменгіден ынта-жігер керек болса, жоғарыдан жол-жоба нұсқау керек. Біздің қазір белгілі сондай тілшілеріміз болса да, оларға анда-санда керекті нұсқаулар беріліп тұрса да, олар үшін ен керек болған тілшілер ұйымын жасап бастарын құрай алмай келеміз. Оның себебі: І. Тілшілердің губернелік ұйымын жасау үшін әуелі уезден ұйым керек, солар арқылы губернелік ұйым құрылмақ. Уездік ұйымдардың басын құрап, жиналыстарын белгілеп, олардың уәкілдерінен губернелік ұйым жасап, жиылыс құрып тұратын болу үшін арнаулы кісі, белгілі күш болмақ керек. Ол үшін бізде әзір арнаулы кісі, белгілі күш жоқ. ІІ. Тілшілерге нұсқау беру жөніндегі жалпы бетте орыс газеттерінен үлгі алуға болғанмен ұйымдастыру жөнінде тұрмыста шарттары басқа қазақ тілшілерінің бастарын қосу үшін белгілі бір тәртіп керек. Ондай тәртіпті кіндік газеттерінен күтеміз. Сөз аяғында айтатынымыз Қарқаралыға ұқсап әр уездің тілшілері өз беттерімен бастарын құрап ұйымдасып, өз қотырларын өздері қасу қамына кірісетін болса маңдайларынан сипап, білген ақылымызды беруге даярмыз. Әр уез осылай кіріссе, күштің жиналуы мүмкін. Күш жиналса, жол-жобаның жиналуы да мүмкін. Ендігі біздің күтетініміз кіндік газеттерден басшылық. Ендігі тілшілерден — жігер, қайрат.

КООПЕРАЦИЯ ӨЗІ АҒАРМАЙ, ЕЛДІ АҒАРТА АЛМАЙДЫ

Кедейді байға жалынышты қылмайтын кооперация, орта ауқаттыларды жем қылмайтын кооперация жалпының шаруасына қор мал болатын оны ілгері бастыруға басшылық қылатын кооперация дегенді бесіктегі баланың да аз болса 100 естімегені жоқ. Соның үшін «пәлен кооперация халыққа пайда орнына зиян келтірді» жеп қойды деген байбаламды қайда, қашан болса да естуге тура келеді. Бұл әрине жалпының коопер. деген қасиетті атқа қандай көзбен қарайтынын көрсетеді. Рас, осы күнгі ел коопер. көбінің басындағылар бас пайдасын ғана қарастыратындар екені, сол үшін «кеп жортқан түлкідей терісін алдырып» жүргендер де бар екендігі көпке мәлім. Бірақ 100 біреу болса да шын ынтасымен қызмет қылғысы келетіндер елдің бір тыйынын қиянат қылуды арам ет жегенмен бірдей керетіндер жоқ деп айтуға болмайды, ондайлар бар: болғанмен көзге көріне алмай жүргендерінің себебі коопер. жұмысымен таныс еместіктен, көбінесе пайда орнына зиян келтіреді. Жұмыстың жайын білмеген соң қыбыр етсе шатасат, аяқ басса адасады. «Қанша көп азар епті болса да, арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дегендей бастапқы айтқан жебір қулар күнілгері үкіметтің бақылауы, бұқараның қаралауымен бірте-бірте жоғалмақ. Ал енді жоғалту емес оңалтуды керек қылатын кооперация қызметкерлерінің соңғы түрлері арамдығы жоқ, надандығы барлар. Қай жұмысқа «надандық жақсы?» Әйтседе кооперация жұмысына надан болудың кеселі үлкен, өйткені бір кісінің надандығы бүкіл елдің шаруасын бүлдірмек. Соның үшін жақын арада партияның кіндік комитеті кооперацияға қызметкер дайындау, олардың білім көтеруге белсене кірісу керек деген қаулы шығарып отыр. Ол қаулы бойынша жоғарғы дәрежелі мектептерде кооперация білімдерін оқытатын бөлімдер болмақ, әр жерде арнаулы курстар ашылмақ, газет-журнал, кітапшалар шықпақ; қаладағы клубтарда кооперацияға арнаулы алқалар болмақ. Ел ішіндегі кооперациялар үшін үгіт-насихат жолы зорайтылып мәдениет ағарту ұйымдарымен араласын күшейтпек. Бұл әрине, бір кісінің жұмысы емес. Партияның басшылығы мен бұқараның қосшылығын керек қылады. Кооперацияны жақсы басқару білімге тірелетін болса, оның ісі жалғыз сауда ғана деп қоюға болмайды. Ол қай реттен болса да елдің қамқоры, жетекшісі болу керек. Кооперациясыз сауда қылып аштардың тамағын тойғызса жарыққа тартып қабағын да жадыратсын. Ел бесікте бала болса, коопер. ана есебінде болу керек. Бала кит еткенді шешесіне шақса, ел қия басса кооперацияны табатын болсын. Тегінде біліммен қоса түзетпесе, жеке шаруа өз бетімен түзелмек емес. Надан бір айтқанды ұқпайды, ертеңгі бір сомдық пайдасын бүгінгі бір тыйынға сатады. Сондықтан кооперация қалың бұқараға шаруа жағынан бір қамқор болса, білім жағынан екі қамқор болсын. Сонда ғана кооперация өркендейді, сонда ғана елмен табысады. Олай болса езі надан кооперация елді ағарта алмайды. Әуелі өзі ағаруға тырыссын. Өйтпеген кооперацияның өмірі саулық қойдың өміріндей-ақ.

ЛЕНА ОҚИҒАСЫ

17-апрель Лена оқиғасы біздің Русия жұмысшыларының тарихында зор орын алады. Лена оқиғасы жұмысшы біткеннің басына қараңғылық қаптап тұрған уақытта ашылған жұмысшылардың тілегінен туған. Лена уақиғасы жұмысшылар жүрегіне кезінде қандай ауыр жара болса, сондай қайрат-жігер берді. Жан-жақтағы жұмысшылардың ұраны қосылды, патша үкіметіне кектері артты. Бұл оқиғаның егжей-тегжейі жыл сайын сөйленіп жүр. Сондықтан бұл жерде қысқасынан түсіндіріп, ескеріп өтуге борыштымыз. 1912 жылы Сибирь тайгасында Лена дейтін алтын шығатын заводтың жұмысшылары халдерінің ауырлықтарынан кейбір бастықтардың қатаңдықтарынан шыдай алмай, завод әкімдеріне 30 шақты шарт пен тілектерін ұсынды. Ол шарттардың ішінде ұнамсыз бастықтарынан 27 кісіні шығару, жұмыс мезгілін суткеге 8 сағаттық ету бар еді. Әрине әкімдер жұмысшылардың бұл тілектерін орындау түгіл өздерін тып-тыйпыл ғып қырып салуға даяр еді. Бірақ ә дегенде олай ете ала алмауының себебі: Шойын жолға шалғай болғандықтан қолдарында жеткілікті күші бола алмады. Сондықтан жұмысшыларды «әне-міне» мен алдандырып тоқтатқан болып жүріп Үркітке хабар берді. Одан прокурор мен Терещенко деген жандарм бастығы бірнеше солдаттармен Ленаға келгеннен кейін жұмысшылардың басшылық қылып жүрген уәкілдерін тұтқынға алады. 17 апрель (ескіше 4) күні жұмысшылар тұтқындағылар туралы сөйлеуге Надеждинский заводқа барады. Сол сағатта жолшыбай тоғай ішінде жандарм бастығы Терещенко кездесіп жұмысшыларды атуға әмір қылады. Бұл атуда 270 жұмысшы өліп, 250 жаралы болады. Бұл хабар ертеңінде-ақ барлық Русияға тарайды. Үлкен қаладағы жұмысшылар аза тұтып ереуіл жасайтындары да болады. Мінекей, 1905 жылдан бері қара күннен қанды көріп тұншығып... жұмысшылар табы Лена оқиғасынан былай селк етіп оянғандай бастарын көтеріп жұмысқа ыза, қайратпен кірісе бастайды. Сондықтан Лена оқиғасы жұмысшылар қозғалысында аянышты, сонымен бірге олардың жігерін қоздыратын оқиға деп саналады.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ

Марттың 22 күні наурыз мейрамы (жана жыл) екенін қазақ баласынын, көбі біледі. Наурыз туралы кептен бері, жыл сайын газеттерде жазылып келеді. Бұл мейрам дін мейрамы емес, ұлт мейрамы. Қазақ елі ерте уақытта наурызды ұлы мейрам қылатындығы тарихи мән. Таныстығын балалардың көбі біледі. Бірақ соңғы кезде қазақ арасында дін мейрамдары (ораза, құрбан айттары сияқты) орын теуіп алғандықтан наурызды қадірлеп мейрамдаушылар кем. Тегінде наурыз ұлт мейрамы болғандығының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар. Ызғарлы қыстық кетіп, жан иесі өмір қуатын туғызған жыл, жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елі де қуанатын: «қыс бойы өлімнің есігін күзетіп үңгірде жатқан кәрі құйрық, мертік-шортықтар да қыбырлап дүниеде бар екендіктерін 'білгізе бастайтын аурулар сауығамын деп, аттар тойынамын деп, жалаңаштар киімсіз де күн көремін дегендей жұрттың бәрінде үміт, әркімде жылы шырай сезіле бастап бәріміз де табиғаттың бергеніне ортақпыз» дегендей сағынышты көрісулері, жалынды құшақтасуларымен жана жылды қарсы алатын; «бүгінгі күні Самарқанның көк тасы да жібіпті!» — десіп наурыз күні бейілін кеңітпеген адамды тастан да қатты қылып шығарғысы келіп, аңыз қылысатын. Сондықтан наурыз мейрамының кедейдің жалғыз тайыншасын қағып кеткеннен басқа, қазақтың не елдің белгісін көрсетпейтін не тұрмысынан байланысы жоқ «үлкен айт» тардан неше қабат бағалы екендігі әбден айқын. Енбекші қазақ елі шығынды тыртаңнан аттарының басын тарта ұстап, тарихи мейрамдардың наурызды жаңа тұрмысқа лайықты қиыстырып мейрамдап өткізудің жолына түсіңдер! Жана жылға жаңа тілек, игілік екпінді үмітпен шығуымыз керек.

БАЛА КӨТЕРМЕУДІҢ СЕБЕБІ НЕДЕН?

Қазақ арасында бала көтермеген әйелді «бедеу» дейді. Бала көтеретін болу үшін әулиеге түнеп, бақсыға қаратушылар коп болады. Екі қатын, үш қатын алудың, да бір себебі содан, (бедеу емес әйел кез келеме дегендік). Онда да баласы болмай жүретіндер көп. Ондай уақытта еркекті «бедеу» деп жүретіндер бар. Оның бер жағында кейбір әйелдер бала көтерсе де бойы бұзыла беретіні (бала тастай беретіні), тапқан баласының өле беретіні болады. Ондай әйелді көпшілік «қара құсы» бар, молдалар «зияндасы» бар деп жүреді. Оның мәнісі әйелдің ішіндегі, не туған баласына аңдып жүріп кеселдік тигізіп кететін «пері жын» сияқты үйреншікті бір нәрсесі барға ұқсайды. Сондықтан ол «қара құсты» (молдаларша айтқанда «зияндасты») емдегенде бақсыға бақтырады, молдаға үшкіртеді. Расы соңғы уақыттарда қазақ арасында баксы азайып, молдаларға да сенушілер санамалы болып келеді. Бірақ сондада бала көтермейтін әйелді дәрігерге қаратып жүрген қазақты сирегірек көруге болады. Қазақтың көпшілігі баланың тұрмауын белгілі аурудың себебінен деп ұқса да, бала көтермеуді де не еркек, не әйелдің (көбінесе әйелдің) «бедеу» лігінен деп сенеді. Ал бедеу болса-ақ ол жаратылыста болады, оған дауа жоқ, деп есептейді. Сондықтан «бедеулік» пенен бала тұрмаудың қысқаша себептерін айтып өтуді орынды кердім.

Бедеуліктің себебі:

Әйелдің бедеу болуына 3 түрлі себеп бар. Бірінші: бір кезде жіңішке ауру (трипер) болып лайықты іс істетпей кетсе. Екінші: бала жататын жер (жатыр) дың аузы қысыңқылау біткендіктен, еркектің ұрығы тиісті жерге жете алмай қалатыны болады. Үшінші: жатыр қисайған болады. Мұндай ауруларға душар болып бала көтермей жүрген әйелдерді дәрігерлер көбінесе бала көтеретін қылып шығарады. Әсіресе қысыңқы жатырды жеңіл кеңітеді. Еркектің бедеу болуы: жіңішке ауру болуы, я арақ, сыра сияқты спиртті ішімдіктерді көбірек ішу себепті (маскүнемдіктен) денесінде бала ұрығы қалмақ емес. Ондай еркектің қатыны сау болса да, бала көтермек емес.

Баланың тұрмауы, я ауру болуы.

Кейбір әйелдің екінші айдан 5 айға шейінгі (кейде онан да асқан) болса түсіп қалып отыратын әдеті болады. Я туса да өліп қалып отырады. Оның себебі көбінесе әкенің я шешенің жіңішке ауруы, я болмаса «сифилиске» (ноғай қотырға) ұшырап жөнді емденбегендіктен болмақ. Сифилис болған әйелдің бойы бұзылымпаз келеді, не тапқан баласы тұрмайды. Тұрған күнде, 15-20 дан аса есерсоқ, жарымжан болып келеді. Бұлай болуына жоғарғы айтқанымыздай әке де себепкер. Ондай әке-шешенің балалары туғанда аман туса да сифилистен сау болмайды. Ондай баланың ақыл, есі, жәйі қандай кем болса дене жағы да сондай нашар болмақ. Тума соқыр, саңырау, бір жағы жансыз болып қалу сияқты. Онан соң бала көтермеудің тағы бір себебі бұрын бір баланы әдейі түсірткендіктен, бала жататын жерге залал келуден де болады. Мұндай әңгімелер туралы дәрігерлеріміздің жазып тұрғандары жақсы болар еді.

«МОПР» ЖАЙЫНДА

Бірер жылдан бері газеттерде МОПР деген сөзді жиірек көрушілер болса да қазақ арасында дәл оның мәнісін түсініп, затын ұғушылар түгіл, не деген сөз екенін білушілер де сирегірек деуге болады. МОПР деген сөз: «Дүниедегі төңкерісшілерге жәрдем көрсететін ұйым» деген сөздердің қысқартылғаны. МОПР ұйымы ашылғалы екі жыл болды. Содан бері төңкерісінен қатынасы бар халықтың қайсысы болса да «МОПР»ды білгендей болды. Қазірде МОПР ұйымы қай мемлекетте болса да бар: ондағы мүшелердің саны 4 миллиондап бар. Оның 3 миллионы Советтер Одағында. МОПРға мүше болғандардың ай сайын өздерінің табыстарынан салып отыратын мүшелік жарналары болады. МОПРға берілген жәрдемнің 90 проценті (жүзден тоқсаны) Советтер Одағынан. Тегінде МОПРдың мәнісі мен мақсатына көз жібергенде, ете маңыздылық байқалады: «МОПР» кімге жәрдем қылмақ? Дүние жүзінің төңкерісшілеріне. Өйткені олар Маркстің ұранын орындап барлық еңбекшілердің басын қосу үшін, байлардың тырнағынан құтқару үшін жанын отқа салады, басын отқа байлайды. Советтер Одағынан басқа мемлекеттер төңкерісшілдермен бәрі қас: оларды атады, айдайды, тұтқынға алады; жолыңнан таймадың деп неше түрлі азап тартқызады.

Қазірде шет мемлекеттердің абақтысында 50 мыңнан аса төңкерісшілдер отыр. Төңкеріс жолында қазаға ұшыраған аштық пен адам көрмеген азаптың ата-бабасын тартып тұтқында отырған ерлердің үй іштеріне, өздеріне жәрдем көрсету әрбір еңбекшілдік борышы. Осы декабрьдің 7-нде МОПР жұмасы жүргізіліп өтті. Бұл жұмада МОПРдың әрбір ұйымдары жиылыстар, баяндамалар жасап, үндеулер таратып әрқайсысы ор мемлекеттегі мұқтаждық көруші төңкерісшілдерге қамқорлықтарын көрсетті. Біздің, қазақ, даласына келгенде ежелгі әр нәрседен кенже қалғаны сияқты бұл жолда Іс қылушылар сезілмеді. Рас, қазақ төңкеріс ісіне қатынасқан жоқ-ақ шығар, сондықтан басшылық қылатын а:іаматы кем-ақ шығар. Сонда да, бұл қалыппен бара беруге болмайды. Қазақ, еңбекшілері де дүниеде жасай білуі үшін дүние еңбекшілерінің кіріскен жұмысына атсалысуы керек.

Төңкеріс болмаса қазақ сияқты елге бұл теңдік тиер ме еді.

Дүниеде капиталшылар құрымай еңбекшілердің мойны босамайды. Капиталшыларды жоятын жалпы төңкерісті орнататын жалпы дүниенің төңкерісшілдері. Олай болса қазақ еңбекшілері де МОПРға жазылсын. Олар да төңкеріс жолындағы азап шеккен ерлерге қарлығаштығын көрсетсін.

ӘЙЕЛГЕ ЖАНЫ АШЫҒАН КІСІ ОҚЫТУ ЖАҒЫНА ЖӘРДЕМДЕС БОЛСЫН
Қалыңмал бұрынғы қалпында да емес, бірақ қала да қойған жоқ.

Қалыңмал алған қыз әкесі қашанда болса; «екі алып биге шықтым!» деп мақтанады (әрі өзі мал алып, әрі қызын «жыламайтын жеріне» беріп). Сол мақтануын ішінен болса да, әлі қойған жоқ. Қыздардың осы күнге әкесіне ең алдымен күйеу емес, мал ұнайды: мал алған соң, көзін шелей қаптайды да, күйеуді ұнамаса да «ұнайды» дей салады. «Тамағына тас тығылғыр!» болмаса, ішінен шыққан баласын жастай сөйтпес еді ғой. Әрине, бұлай істеушілер — айуандар. Қазақтың бәрін «айуан» деуіміздің жөні де жоқ. Шынында баласының. шын қамын ойлайтындары да бар шығар. Ондайларға айтатын ақылымыз: ең әуелі қызды да үлкен қатар оқуға беру керек. Қыз да адамның баласы. Оқыса, о да кісі болады. Оң мен терісті айыра біледі. Білген кісі, білгеннің ақылына да көнгіш болады, кім біледі, түбінде қызы оқып адам болғаннан кейін, әкесінің ұнатқан күйеуіне баруға, оқымаған надан қыздарға ұсап бүгежектемей кетер еді. Өйткені, әкесі қызын «жаман күйеуге тисін» демейді ғой. Шынында әйелдің оқып 'көзі ашылса, өз тізгінін өзі алып жүруге жараса, басқанын әурелігіне көнбейді ғой (маған десе, әкесі болма да); байсыз қалғанда, ешкімге масыл болмайды ғой. Оқымаған әйелдің бағы-байына байлаулы емес пе? «Бағы күйген» әйел (байы өліп, ие айрылысып) шырағы қайта жанғанша, әке-шеше, туысқандарына тірі масыл боп жүрмей ме: сондықтан, «қызым саналы болсын» десе, «түбінде бақсыз болып қалмасын десе, жаны - іші ашыған әкенің міндеті — жас қызын оқуға беру. Әйел оқымай саналы бола алмаса, санасыз әйел бостандығына ие болмаса, көрінгеннің қолында («қолжаулық») болса, оның теңдікке жеткені қайсы? Күнде «тегін мал?» деп аузын ашып отыратын еңбексіз, өз әкелерінің, екі күннің бірінде «жас қатын, жақсы қатын» іздеп жүрген шал мен ынтықтардың қайсыбірін қырып бітірерсің? Оман да, «мандымның басына ал» дегенге дейін қолдан келген шаруа әйелдерді (әсіресе, әйел балаларды) оқыту жағына жұмсалу керек. Жуырда Қызылтаң, болысынан екі-үш қыз әкелерінің азғыруымен сүйген жігіттерінен айнып шыққандығын қырағы» деген біреу жазып, әйелдердің осындай мінездеріне қынжылғандығын білдіріпті. Жалғыз «Қызылтаңдікі» емес, басқа жерлердің «қырағы» лары да ол сияқты әңгімелердің талайын көзімен көріп, қолымен ұстап жүр. Мұндай жалпы ауруға жалпы ем керек. Ол ем — оқу. Әйелге жаны ашыған кісі, оны оқыту жағына жәрдемдес болсын.

ӘЛЕУМЕТТІКТІҢ ОРНАУЫ КООПЕРАТИВТІҢ ДҰРЫСТАЛУЫНДА Бүгін 3 июль бүкіл дүниедегі кооперативтің мейрамдайтын күні. Нелер үлкен қалаларда талай салтанатты жиналыстар, көрнекті мәжілістер жасалып кооперативтің егжей-тегжейін кездеген нысанасын баяндайтын, істеген істерінен есеп беретін күн. Кооперативтің мәнісі бірлік. Біріккен елдің жететіні әлеуметтік."Біз бұл жерде кооператив ұйымының қашан басталып қай патшалықта қалай жүріп жатқанын айтпақшы емеспіз жалғыз-ақ басқалар мен біздегі (кеңестер Одағындағы) айырмасын көрсетіп қазақ арасындағы маңызынан ғана біраз сөйлеп етпекпіз. Көптеген «қонақ аттандырады», «коп түкірсе көл» дегендей көп біріккен ұйымының, (кооперативтің) қолынан келмейтін іс жоқ. Елдің керегін арзанға тауып нәрсесін бұлдап сату үшін кооперативтің жабайы ғана санайтын жұмысы. Оның істейтіні жеке мүшелерінің шаруасын түзеуден асып жалпыға пайдасы тиетін істі майданға шығару: мектеп, клуб салдыру, арық жүргізіп, трактор алу, электр орнату т.т. Өнерлі жұрттардағы кооператив ұйымының ішінде жоғарғы айтқандарды істеп отырғаны да бар (бірақ біздің қазаққа оның ісі ертегі сияқты) сөйтсе де әлі күнге капиталшы мемлекеттерде кооператив ісіне кедергілер көп болып отыратындықтан олардағы кооператив ұйымдарының дегендеріне толық жете алмай келе жатқандығы бар. Ал Біздің Кеңестер Одағының бетіне кооператив нысанасы дәл келетін болғандықтан біздегі кооперативке үкімет жәрдемші, жәрдемші ғана емес әлеуметтікке кооператив арқылы жетеміз деп отыр. Соның үшін бүгінгі мейрамды барлық дүние кооперативтері бір есе әспеттесе Кеңестер Одағы екі есе әспеттейді. Кеңес топырағындағы елдердің, правосы бірдей болғанмен әр елдің ол праводан пайдалануы шаруа мәдениет жүзіндегі тұрған сатысына қарай, мәселен, біздің қазақ арасында әлі күнге «ой пәле-ой» дерлік бір кооператив басында жүргендердің көбі кооперацияның таза мақсат ұйымын естіген жоқ шығар. Әлі күнге ел ішіндегі кооп. тын былғаумен келеді. Даладағы құлқынның құлы надан қазақты қояйық, қаладағы ақтан қара танығандардың өздері кооперативтің нысанасын орындай алмай жүр. Кооперативке кірсең бұлдап сатасың, арзан аласың десе іс жүзінде оған қарсы шығып отырған жерлер көп. Рас алғашқы кездегідей осы күнде аздап болса да жалмауыздар маймаңдап басуға (қаққы кере бастаған соң) айналып келеді. Дегенмен әлде болса, қазақ, кооперативінің маңайында ебін тапқан ептілер жүр. Оның үстіне қазақтық қандай жеріне кооперативтің қай түрлі қолайлы келетіндігі істеліп керу түгіл шешіліп те болған жоқ. Ендігі біздің мейрам жағдайыменен ететін үмітіміз қосшы ұйымы арқылы ел кедейі менен орташалар кооператив! жандандыруға кіріссін. Орынсыз шығынның неғұрлым аз болу жағын кездеп қалта қамқорымен аянбай алыссын. Жалпы бұқараның саңлауы ашылып санасы көтерілсе ғана, кооператив жұмысы дұрысталады.

Әлеуметтіктің орнауы кооперативтің дұрысталуында.
1924.
23- Сәбит Дөнентаев

ТІЛШІЛЕР ХАБАРЫН ШАРУА МҰҢЫНА ЖАҚЫНДАСТЫРСЫН

Тілшіліктің маңызы — көптен сөйленіп келе жатқан әңгіме. Төңкерістің бел баласының бірі—тілші. Төңкеріс рухын қалың бұқараға сіңдіретін солар. Осы күнге дейін «Қазақ тілі» газеті тілшілерге айрықша ынта сала алмай келді. Оған себеп басқармада қаражаттың, қызметкердің кемдігі. Онан соң тілшілеріміз де оянып бастарын құрап, жігерлері қайнап тұс-тұстан айғай салуға жете ал¬май келеді. Егерде олардың белсенділігі күшейсе, өздеріне керекті жұмысын еріксіз бастар еді. Алайда ылғи жоққа сүйеніп отыруға болмайды. Сондықтан осы жазға қарсы тілшілер жиылысын шақыруға басқарманың ниеті бар. Тілшілердің газетпен аралас жасауына келешектің планын бірігіп белгілеуге желі тартып беретін тілшілердің осы жиылысы болмақ. Бірақ қашан да болса оларға газет бетінде нұсқау беріліп отыру керек. Тілшілерге жолбасшылық ететін бір-ақ кісі болмақ емес, олардың өз-өздері үлгіні бірінен бірі алмақ. Газет басқармасының міндеті оларды кеңестіруге ғана себепкер болу. Соның үшін тілшінің мектебі — газет. Орыс тілінде тілшілерге арналып шығатын журналдар бар. Біз ондай халге әзір жеткеміз жоқ. Сондықтан қазақ газеттерінің бір бұрышы тілшілер кеңесіне ашық болып отыру керек. Бұдан былай шама келгенше тілшілерге білген нұсқауымызды беріп отыруға дайынбыз. Жоғарыда газет — тілшілер мектебі деп өттік. Оның мәнісі газетке шын ынтасын салып бақылап отырған тілші мектептегі баладай ілгері басады, санасы күн санап артады. Өйткені не жазуға, қалай жазуға керек екендігін басылған сөздерден аңғаруға болса, өз қатесін түзетуге

жіберген хабарларының қандайы жарамай қалғандығы себеп болады. Тілшілеріміздің ішінде осы күнге дейін, былтыр қандай халде болса, биылғы жылы сол қалыптан тапжылмағандары аз емес. Олай болу өз міндетіне салқын болушы туады. Тілшілікке ынтасымен көңіл қойғандардың әжептәуір ысылып қалғандары да жоқ емес. Біздің осы уақытқа дейінгі тілшілеріміздің дені мұғалімдер, онан қала берді жастар ұйымының мүшелері. Олар әлі күнгі өз істерінің айналасынан озған жоқ, мұғалімдер оқу мен мектеп жұмысын, жастар ұйымдарының халін көбірек жазады. Басқа әңгімелерді қозғай қалатындары болса, «ұзын құлақ» сияқты, «ат үсті» сиақтыдан ұзай алмайды. Өйткені басқа әңгімені өздері араласқандай біле алмайды. Тегінде мұғалімдер мен жастар ел ішіндегі жұмыстың бәріне араласу, бәріне басшылық етулері керек екендігіне Талас болмаса да, бейімделу, үйренумен болмаса, бірден олардың солай ете қалулары қиындау. Сол бейімделудің ішіне тілшілік жұмысы да кіреді. Соның үшін тілшілер хабарын шаруа мұңына жақындастыра жазулары лайық.

1926

ТІЛШІЛЕР ШАРУА МҰҢЫНА АЙТКЕНДЕ ЖАҚЫНДАСПАҚ?

Газетіміздің 28 санында «Тілшілер хабарын шаруа мұңына жақындастырсын» дедік. Бұл жолғымыз coның жайын кеңесу. Газеттің мүшелері тілші болса, тілшілердің хабары шаруа мұңынан ойқастап жүрсе, газет еш уақыттың шаруаныкі бола алмайды. Шаруа жөнінде жоғарыдан ғылым нұсқауын беріп отырарлық, қазақта әзір маман (адам мен мал дәрігерлері және агроном сияқты) жоқ болып, оның болғанын күтіп қарап отыруға заман көне ме? Соның үшін тілшілер қазақтың, осы күнгі шаруасына қоян-қолтық таныс болуы жөн. Ол үшін жазу танитын әрбір шаруа иесі газетке тілші болсын да, білгені мен білгісі келгенін көптің алдына салып отырсын. Өйткені оның біл» гені екінші .біреудің керегіне жарайды, білмегеніне басқа жерден жауап беруші табылуға мүмкін. Бұдан кейін өзінің шаруамен араласы аз болғанда тәжрибесі тереңдемеген тілшілер (мұғалімдер мен жастар мүшелерінің көбі) қайтпек деген сұрау тууға мүмкін. Оларға беретін кеңесіміз мүмкінінше сендер де шаруа істеуге, істеушілермен көп кеңесуге әдеттеніңіздер! Сол уақытта шаруаға көңіл қоясыңдар. Көңіл қойсаңыздар жақсы мен жаманды сынай біле білесіңдер. Әне, сол сындарыңызды газетке жазсаңдар өздеріңе де, өзгелерге де пайда. Мәселен, Момынбай ақсақалдың шаруақорлығын аңыз қылғанда, жұрттың аузының суы құриды. «Оның жылқысына, тайына шейін болдыруды білмейді, жаз болса, әйтеуір мал семіртудің әдісін біледі, шаруаға бір түрлі адам ғой,» деген сезді екінің бірінен естисің. Момынбай өзі хат білмейді, газет пен үйірлігі жоқ. Енді оның тәжрибесін бір тілші әбден ұғынуы керек те, іске жарайтынын газетке жазу керек. Шаруа жөніндегі кемшілікті жазғанда ол кемшіліктің неден ауып отырғанын, істеген, істемекші шаруаларын негізгі| түрде жаза білу — бұ да шаруаға жақындасқандық. Шаруа тілшісі болудың шарты: тілшінің өзі шаруа иесі болсын, шаруа істесін, не шаруа әңгімесіне араласа білсін нағыз істеушілердей көңіл қойсын. Сонда ғана тілдегілер шаруа мұңына жақындасқан болып есептеледі. Тоғам қазып жатқан Садуақастың газетке назарын аудару үшін, соның тоғамындай тоғамды қалай қазу керектігіне бір ауыз әңгіме қозғамаған газетті қандай мақтап көлденеңдетсең де, Садуақас оны тоғамын қалдырып оқыр ма, тыңдар ма? Қай шаруаны болса да, газетке ықыластандыру үшін, өзінің көңіл қойған жұмысына жол көрсете білу керек. Сонда ғана газет шаруаныкі болады, сонда ғана шаруа иелері газетке үйір болады. Ол халге келтірудің себепкері — тілші. Онан соң осы күнгі тілшілерін көбіндегі әдет: не керексіз сөзді көп жазып, хабарын ұғымсыз, ұзын қылып жіберуі, не қысқа жазамын көп керекті сөзді қалдырып кетеді. Бұл қалыпқа нұсқау беретін кеңесті ендігіде сөйлесерміз.

ТӘРБИЕ БЕРІЛСЕ, ӨЗ-ӨЗІНЕН ТЫЙЫЛАДЫ

Кеңес өкіметінің әйелге толық бостандықты беріп отырғаны кімге болса да қараңғы емес. Сол бостандықтан пайдаланып та, пайдалана алмай да, пайдаланудан асып кетіп, шатасып жүрген әйелдер п емес. Теңдікке қолы жеткен әйелге «құтты болсын» aлудан басқа сөз жоқ. Ал, енді сол тендікке әлі күнге ж алмай отырғандарды қандай аяп жанық ашыса, өз теңдігін өзі қолжаулық қылып жүрген әйелге сондай жаны ашиды. Өйткені екеуі де -—қазақ әйелінің қараңғы надандығы, қорлықта тәрбиеленіп, бишара болып өскендігі. Әйел тендігін жақтайтындар екеуін бірдей тәрбиелеу керек. Білім, тәрбие арқасында қорғаншақ әйел ерленіп бостандығын алса, тұрлаусыз әйел орнықты кісі болуында сөз жоқ. Кейбіреулер әйелдің байдан байға шыға беруін ұнат пайды. Рас, бай жаңалау матанды жұмыс емес. Бірақ оның залалы бір байда қорлықта отырғаннан артық емесі. Қай уақытта әйел халқының еріксіз байға тиюі тоқталса, сол уақытта кейбір әйелдердегі бай жаңалай беру әдепті де тоқталады. Себебі әйелге сана кірсе, басқанын қорлығына көнбейді, езі де тұрлаулы болады. Әйелді сондай халге жеткізуге көмегін тигізу — олардан көрі ерте оянған еркектердің міндеті. Өз міндетін орындамай тұрғанда, еркектердің әйелге кінә қоюы ұят, Кеңес заңында бай жаңалайтын әйел түгіл, қатын жаңалампаз еркекке де, пәлендей жаза болсын деген сөз жоқ. Мінезі үйлеспеген әйелді тастауға еркек қайда ерікті болса, қолайына жақпаған еркектен шығуға әйелде сондай ерікті. Егер де шектен асқандар болса, оны жазалау, қыспақтау жолымен емес, сана кіргізу жолымен тәрбиелеу керек. Жуырда ғана Қ. ұлы деген бір комсомол Бесқарағай болысынан «Тыю салынса екен» деген бір хабарында алуындағы Қамар Әбділда қызы деген бір әйелдің өткен майда үш жыл отасқан байынан шығып, бір-бір айдан екі байға тигенін, үшіншіде бәрінен өзің артық болдың деп бұрынғы байына қайтып барғанын, "ай жарымнан кейін тағы да төркініне барып, ноябрь ішінде алтыншы ауылдағы Тасболат Әбділ баласына малға сатылып кеткенін, сатылған малының тиісті орындарда зерттеліп,'әзір анықталмағанын жазып келіп, әйел бостандығының бағасын кемітіп отырған Қамар менен оны алған Әбділге тыю салынса екен деген ұсыныс жасайды. Бұл жердегі қалыңмал жұмысы өзі басқа, қосылу сүйіспеншіліктегі болғанда қатын мен жігіттің не айыбы бар? Әйелге шын жаны ашыған жігіттің, Қамарды енді бесінші байға тимеуіне үгіттеу керек қой. Үкіметтің жезөкше әйелдердің өзіне қолданатын саясаты — оларды сол жолға түсірген себепті зерттеп, оны жоғалтуға, әйелдің тұрмысын түзеп, түзу тәрбие беруге тырысу, мұны естен шығармау керек.

ТІЛШІЛЕР ХАБАРДЫ ҚАЛАЙ ЖАЗУЛАРЫ КЕРЕК

Газетке хабар жазып дағдыланып жүрген тілшілердегі өнегені өз хабарынан-ақ алуларына болады. Өйткені газетке келген хабардың ықшамдалып түзетілмей басылатыны кем де кем. Әуелгі жіберген хабарының қаншасы қысқартылып, қандай жері түзетілгенін бақылап отырған тілші, ендігі жазғанда бастапқы қателерін түзеумен отырса, үйрену, ысылу сол болмақ. Шама келгенше әрі қысқа, әрі ұғымды жазуға талап ету керек. Керексіз сезді коп араластырған хабар ұзын да, ұғымсыз да болады. Бір сөз екі айтылса, құрғақ кесте, бос айғай қыстырылса, біреуді мақтауға, болмаса әйтеуір жамандауға ынта салынса, керексіз сөз сондаймен көбейеді. Сөйтіп, керектіге орын аз қалған соң хабардың ұғымсыз шығатыны да сол. Екінші,— түрлі айтқанда асырып жазсаң хабар ұзын, жасырып жазсаң хабар қысқа, болғанды шынның өзін ғана жазсаң табылмайтын хабар сол. Бірақ шында да шын бар, «болды» екен деп шынның бәрін хабар қылып жазуға болмайды. Газетке қандай әңгіменің жайынан жазу керек екендігін газет оқып жүрген, әлеумет ісіне араласып жүрген азаматтардың, әсіресе тілшілер, білуіне керек. Көптің үлгі алатын пайдалы, кепке кесел тиетін зиянды болу жағын, хабарды қазбастан бұрын, салмақтау керек. Асса бір-ақ ауыл, қалса екі кісінің арасынан шығып маңызы да содан аспайтын болса, ондай әңгіме әлеуметтің үлгі алуына жарамайды. Оны хабар деп жазбау лайық. Тілші. шын мағынада тілші боламын десе, әлеуметшіл болсын. Әлеумет қайғысына жылап, қызығына күлмеген тілші әлеуметшіл де, тілші де емес, ондайлар кеңес өкіметінің кедергісі, жауы ғана. Ел ішінде жаңа тұрмыс орнатуға көмекші, жетекші болатын — тілші. Тілші хабарды азғантай болса да, бас пайдасына бұрып жазса, қалтасын ойлап халық атынан кооператив ашып, оны саудаға бұрған залымдардан бағасы артық емес. Бұл тілшіліктің ішкі шарты. Сыртқы шартқа келгенде, қандай хабар жазса да, тыянақты болу үшін, мынау алты сұрақ естеріңде болсын: 1) Қайда, 2) қашан, 3) кім, 4) не, 5) қалай және 6) неге. Бұл алты сұраудың бірі хабарсыз қалса, хабар — шала. Мәселен, бір мұғалім: «ноябрьдің 10 нан мектеп ашып...» дегенде, қай ауылда ашқандығын жазбаса, хабар толық бола ма? Екінші: бір тілші: «біздің елдегі кооператив басқармасына қайтадан сайлау болып, мүшелеріне...» деп аяқтатса да сайлаудың қашан болғанын айтпағаны хабарды ақсатып тұр. Осы күнгі жазып жүрген тілшілердің көбінде анау алты сұраудың біреуі түгіл үшеу-төртеуіне жауап бермей, сыдыртып өтетін әдет бар. Мәселен, «биылғы сайлау талассыз өтті, болатком, ауылаткомдердің баяндамаларын өкілдер ықыласпен тыңдап, бір ауыздан қабыл алды...» деген хабардан не ұғуға болады. Бұл сияқты хабарды екі тілшіміздің бірі жазып жүр. Бұдан былай өз хабарына өзі сыншы болып, анау алты сұраудың қайсысы жауапсыз қалды, соны түгендеп жазуға әдеттену, ашып айтқанда әңгіменің бетін, қабығын жазбай, дәнін, маңызын жазу керек.

ЖАСТАРДЫҢ ОЙЛАНАТЫН ЖӨНІ БАР

Кәриялар жастарға жасыңда өз бойыңды жақсы ұстай білсең, қартайғанда пайдасын көресің деген мағынада ақыл айтады. Бұл жолда білімділер не дер екен, соны тыңдайық: жуырда «Новая деревня» газетінде М-й деген доктор «Жастыққа ие болу керек пе?» деген мақаласында былай деп жазады: «Жастыққа не болу жай керек Түгіл, ұзару керек, бұл әсіресе ерте ер жеткен жастың есінде болсын. Анатомия (адамның денесінің жаралуымен таныстыратын) пәнінің айтуына қарағанда еркек 29-30; әйел 18 жаста толып нығаймақ. Кейбір оқымыстылар еркекке 23-24 жасқа келген соң-ақ ұрықсат берсе де, етек аралас көрсетілген жастардан ілгері басталмауы керек. Адам денесінің ішінде өмірге пайдалы әртүрлі бездер болады. Оның бірі — тұқым безі. Тұқым безінің қандай маңызы барын төмендегі оқиғадан байқауға мүмкін. Атақты Дуров деген цирк ойыншысының санауға, сөйлегенді ұғуға және басқа ойындарға үйреткен асыранды егеуқұйрық тышқандары бар екен. Олар кәртейе бастап, үйренгендерін ұмытуға айналыпты. Бұдан соң Дуров оқымыстыларға ақылдасып кәрі тышқандарға жас тышқандардың тұқым бездерін орнатыпты. Онда қайткен? Тышқандар жүні қоюланып жасара бастаған. Бастапқы үйренгендері есіне түскен. Бұл сияқты тұқым безін орнату осы уақытта адамдарға да жасалып жүргені бар. Мәскеуде қаусаған кәрі профессор Бектурге маймыл безін орнатқан екен, жасарып, ширап, қызмет қылуға жарапты. Мінеки, тұқым бездерінің маңызы. Олай болса, оған ие болу керек, дәнін ысырап қылмау керек. Жасында бойын ұстаған адамдар, көбінесе толған кезінде қоғамның қымбат азаматы, мыйлы, білімді қызметкері болмақ. Бойды тыйып ұстаудың еркекке болсын, әйелге болсын пайдадан басқа келтірері жоқ, қайта жас кезде етек жағынан шығындану, естің, ынтаның, жігердің, жан мен ақылдың және басқа тіршіліктерінің әлсізденуіне әсері тиеді. Оқып жүрген жастардың, үйленгеннен кейін сабаққа бұрынғысындай болмаған соң, дәрігерге ақылдасқанда, етек ысырапынан бойды тиынқырап ұстау керек екенін ұғынып, дәрігердің айтқанын істеген соң бұрынғы қалпына түскендері көп болған. Жас күнде етек ысырапы көп болса, келешек ұрпаққа — ондай кісілердің балаларына зарары тимек. Ондай адамның балалары әлсіз, ынжық ауру, не ауруға бейім болып тумақ. Жас толып, жастық күші қабындап келгенде, оны дене тәрбиесі сияқты пайдалы алданысқа, мағыналы енбекке бұрып жіберуге болады. Сақтану — саулық,! Жастардың бұл әңгіме туралы ойланатын жөні бар. Бұл сияқты ғылыми әңгімені қазақ тұрмысымен салыстырып көрейік. Қазақ жастай үйленгендерді «көк асық, көк жұлын ғой, «мойны қылқиып кетіпті, шеке тамыры көгеріп кетіпті» деп келемеждеп жүретін әдет бар емес пе? «Жақсының үйі түссе, күйі түседі...» деген мақал не үйленген жасты әрлендіруге алдап айтқан. Болмаса ат үстінде жүріп үйде көп тұрмай (бұрынғы «жақсы» жігіт сондай болатын), шынында да, күйі түсіп» жүрген. Осы мақаланың негізін құптайтын әлгі мақалдың соңғы жағы»... «...жаманның (үйден шықпайтын жастың) үйі түссе мыйы түседі» деген сөз. Мақалдың бұл бөлегі нағыз тұрмыстан, тәжрибеден' алынған. Жас қызды күйеуге беруді ұнатпаушылар, жас баланың қатын алуына екі бастан қарсы. Ендігі міндет: ғылым көрсеткен жоғарғы басқа жеткенше, жастар өз бойларына өзі қожа болсын.

МҰНДАЙ ӘДЕТТІ ҚОЙҒАН ЖӨН

Жуырда басқармаға Дағаданды болысынан «Әлі де ел арасында зорлық, қалған жоқ» және «Тілінен тартқан жаза» деген екі хабар келді. Екеуінің аяғына да «X. Сергей» деп қол қойылған. Екеуін де жазған бір қол, бірақ көрсеткен адрестері басқа. Бастапқы хабарда «Дағадандының 1-аулында Жұмабек Қордабай баласы» дейді; екіншісінде «5-ауылдағы Калел Бибол ұлы» дейді. Қалел Бибол ұлынан ауызша сұрағанымызда, ол хабарды жазбаған болып шықты, бұған қарағанда Қордабай ұлының да жазған болуы екі талай. Ол жазған болса да, Бибол баласының сыртынан жазуға қанша қақысы бар? Біреудің сыртынан хабар жазудың өзі бұзақылықтың зорынан саналады. Біреудің қатесін көрсетушінің өзі қатені жорта істейтін болса, жамандап отырған кісісінен артық жері бола ма?! Мұндай жұмыс не балалық, не ақымақтық. Балалықпен бүйте беретіндер, ақылы кіргенше, газетке сөз жазудан тоқтала тұруы керек. Онан соқ ақымақтар болсаңда естерінде болсын: «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам», қолға түскен күні «ақымаққа тоқымақ» болып қалып жүрмесін! Мұндай әдетті қойған жөн.

1926

АҒАЙЫНШЫЛЫҚТЫҢ ТҮБІ БЕДЕЛГЕ ТАРТАДЫ

Елде ақсақал соты көп болады. Жұмыстың көбі әлі де ақсақал аясынан шығып біткен жоқ. Бірақ ақсақал бітірген даудың астары көп, аудара кесуі мол. Сондықтан оның пайдасынан зияны күшті. Өкімет нашарды жақтаса, ақсақалдар әлдіні жақтап билік айтады. Ол қазақтың ақсақалының ата кәдесі. 91-статьянық шығуы сол қалыпты ескергендіктен болатын. Бұл статьяны естігеннен бері елдегі есі бар ақсақалдардың көбі-ақ биліктен бойларын тарта ұстауға айналды. Алайда, әлі күнге болмай жүрген көкжалдан ел арасы арылып жеткен жоқ. Оның себебі екі түрлі: 1. Аудан соттары ел кедейінің дауларын мезгілімен қарап отыруға әлі жарап жетпегендігі; 2. Әлі де болса, ру таласының қалмағандығынан. Кешегі күні «Қолыңды жеткіземін» деп артынан ерткен кедейдің, бүгін бір қабат болса да, жоғын жоқтап қалудың керектігі. Түбінде біздің соттарымыз көңілдегідей бола алса, ақсақалдардың айналмасына түсіп жүрген кедейлерді құтқаруында сөз жоқ. Ол үшін соттардың көңіл қоятын нәрсесі: 1. Шама келгенше кедей дауы тез қаралу керек. 2. Ақсақалдарға —«езіміз бітісеміз» ге жіберілмейтін болсын. Зауда, дау ақсақалдың аясына кетсе, кедейдің оңбауына сөз жоқ. Өйткені ақсақалдардың дау бітіруі «ағайыншылық» пен «береке»мен болмақ. Кім әлді болса, соның наразылығы «ағайыншылық» пен «берекеге» көбірек зарарын тигізбек. Соның үшін ақсақалдар билігінде бай кісі, әлді кісі, беделді кісінің мерейі үстем. Кедейлер «тай тулап үйірден шықпас» болып қала береді. Онан соң «әлі жетпеген кешірімді» болатынын да ел жайына қанық ақсақалдар бұлжытпаса керек. Жоғарғы сөздерге мысал үшін ғана мына бір хабарды келтіріп өтеміз: Кереку уезі, Алқакөл болысынан «Тікенек» деп қол қойған біреу 1-ауылда Омар Байғозы баласының өткен жазда бір өгізі жоғалып, оны 2-ауылдағы Ысмағұл Тоқан баласы ұрлап сатып жібергенін жазады. Ел ішінде Тоқан баласы теңдік бермеуге айналған соң, Омар Ертістегі 29-аудан сотына арыз береді. Ысмағұл соттан ығып, ел адамдарына шапқылайды. Олар сотқа жабысып, алып қалады. Бірақ әлі күнгі сөйлестірген олар жоқ. Тоқан баласы болыстық милиционер болып жүр дейді. Мінеки ел адамдарының дау бітіруі. Оларға әлдінің дауы түссе, ықтимал тез бітіруіне мүмкін. Өйткені «тәуір» кісінің беделі артық. Кедейдің арызы өмірінде ақсақал алдында түзу бітпейді. «Ағайыншылық» тың түбі беделге тартатындығын соттардың естен шығармағаны жөн.

АУЫЛДАҒЫ ШАРУАНЫҢ КҮЗЕТШІСІ - АУЫЛДЫҚ КЕҢЕС

Қазақта егін салу жұмысы әлі етек алған жоқ. Малдан қолын үзіп, егінге сеніп қана отырған қазақ жоқ десе де болады. Бірақ біріндеп болса да отырықшы болған, оңдап болса да, егіннің соңында жүрген қазақ әр жерден табылады. Сонда да әлі күнге егінші қазақ шыққан жоқ. Өйткені ғылым жолы түгіл, өз тәжрибесіне сүйеніп қолдан келмейтіні түгіл, оңайын істеп егін салу ісін тәртіпке салған қазақ жоқ. Көбі әлі күнге соқаға жарыған жоқ, боронаны (маланы) білмейді. Тұқым сұрыптау түсіне де кірмеген, кез келген жерге қалай болса солай жырта салып, біз егін салдық деп жүр. Егінші болу оңай жұмыс емес. Өзі туып, өзі есетін мал баласы да бағып-қағуды керек қылады. Егіншіліктің шартын орнына келтірмесең, бейнетің далаға кетеді. Қай кәсіпке еңбегін, неғұрлым көп сіңсе, соғұрлым пайдасын көрмексің. Егінді шаша салып, айғыздай салып, жүріп кету көп айналдырудан кері жеңілірек болса да, екеуінің беретін пайдасы бірдей емес қой! «...Ексең орарсың» дегенде, егу сияқты еккенді айтатын шығар, болмаса оңайлықпен пайда табыла беретін болғанда, тіпті екпей қоюдан оңай ма? Тұрмыс түртпеген қазақ егінді қолқа қылсаң да салмайды. Егінге айналған қазақтың шын егінші болуға жатпай-тұрмай ойлануы керек. Бізден әлденеше жыл бұрын егінмен көзі шыққан орыс мұжығы да ғылым жолына тегіс түсініп жетпегендіктен, бейнетті көріп жүр. Біз қазақтық егіншісіне бір к,үнде агроном болып шық! демесек те, хат танығаның, газет, журналға үйір болып, егін жайын жазған кітаптарды оқып, жылдан-жылға, жаңадан-жаңа түр табуға тырыс дей аламыз. Егінші талабына, тәжрибесіне қарай егін жұмысына мойын қояр-ақ. Бірақ әрбір егіншінің жеке ой, жеке талабының, кепке үлгі болатын, болмайтындығы бар. Егінді бетімен кез келген жерге салатын қазақтың бірі мен бірінің мұңы өмірі бір жерден шығар ма? Бірінен бірі үлгі алар ма? Сол үшін бір маңайдағы егіншілері айлас, істес, ақылдас болуы керек. Егіншілер бірі мен бірі түгіл көрші отырған мал бағушылармен ынтымақтасып отырғаны мақұл. Қазақ егіншілерінің көбі, қай жер болса сонда түкіретіні сияқты, егінді де көңілі соққан жерге бет-бетімен салып жүр. Бұл әдет — шаруа жүзінде зор кеселді әдет. Кейбір қазақ егінді жақын деп үйінін, маңайынан, жер қоримын деп жолдын аузынан, жер таңдаймын деп малдың өрісінен салады. Тәжрибе жүзінде сол есептердің бәрінің де пайдасынан зияны күшті болып шығады. Кез келген жерден егін салу көп жерді азайтады, аз жерді жоқ қылады. Егін жер таңдамайды, енбек таңдайды. Егінді ел болып бір ыңғай салса, мал өрісінің тарылмауына, күзетші қоюға, біреумен біреу жалғасуға, ең аяғы машина жалдауға себепші болады. Жыл сайын «егінімді пәленшенің малы жеді!» деп, «пәленше малымды даладан айдап алды!» деп зарлап жүретін даудың түп тамыры егінді бетімен салғандықтан шығып жүр. Ел болып егін салатын, мал бағатын жерлерін белгілеп, олардан қай мезгілде, қалай пайдаланудың жөнін күні бұрын байласып қойса, дау да, шар да болмақ емес, шаруа да күйзелмек емес. Бұл тәртіпті жеке шаруа өз беттерімен орната алмаса, елдің қамқоры ауылдық кеңестің, қалды болыстық атқару комитетінің назар салатын жөні бар. Жалпы жиылыста шаруа иелерінің келешекте не істемегіне жоспар жасалсын, ол жоспардан тентектік қылып ауа жайылғандар әкімшілік жолымен көндірілетін болсын, сонда барып шаруалардың бір-бірімен шатағы азаймақ.

Ауылдағы шаруаның күзетшісі — ауылдық кеңес.

МАЙ ҚОРЫТАТЫН ЖАҢА ЛАБОРАТОРИЯ (МАШИНА)

Өткен жылдан бері Семейде Кизилев деген машина жұмысына маман техник, сары май, тон, май қорытатын жана лаборатория (машина) жасап, бірсыпыра қазақ майын тазартып, 1,11 сортқа (көбінесе 1-ге) жаратыпты. Бұл туралы орыс газеттерінің бірсыпырасында («Известия», «Советская Сибирь», «Советская степь», «Степная Правда») қазақ, майының бассыздығынан арзан бағаланатынын (орыс майының жарты бағасында) жазылған болатын. Оған мынау жаңа шыққан лабораторияның үлкен маңызы барлығын жазып, мемлекет мекемелерінің бұл жұмысқа назар салуына кеңес беріліп өткен. Кизилевтің бұл лабораториясымен өткен жылы осы Семейде 5 мың бұттай қазақ сары майы, 3 жарым мың бұт тон май қорытылып, көбі І сортқа ілінген. Губернелік жоспар комиссиясы (губплан) Кизилев қорытқан майдың орыс майынан бір-ақ сомдық төмендігі бар деп тауыпты. Бұл машинамен қорытылғанда ақысына шығатын 65 тыйын. Орыс майының да іске жарап шығуына (шетке өтуге) айыру керек, ол үшін бұтына 40 тыйын расходы бар. Сөйтіп, күтімсіз, өтімсіз саналып жүрген қазақ майының орыс майынан 1 сом 36 тыйындық қана кемдігі болмақ. Кизилев губпланға жасаған баяндамасында жақсы майдың қандай болатынын, қазақ майының қандай екенін, өзі қорытқанда қалай боп шығатынын ғылым жолымен дәлелдеп өтіпті. Губплан тексертуі бойынша, Кизилев қорытқан майдың түсі І сорт, дәмі, исі ІІ сорт орыс майымен бірдей деп танылған. Бұдан кейін губплан арқылы қорытылған майдың үлгісі (пробасы) Сібірдегі сүт лабораториясының кіндік Академиясына (білім ордасына) біржола айырып тағайындап беру үшін жіберілген еді. Жуырда ғана Академияның басқарушысы профессор Кашергеннің қол қойған байлауы келді. Ол байлауға орыс майының жарты бағасында жүргенде қазақ майы Кизилев лабораториясында қорытылғаннан кейін, ІІ сорт орыс майымен бірдей болады екен депті. Былтырдан бері талай газетте жазылса да, 7-8 мың бұттай май қорытып шығарса да, бұл лабораторияға жергілікті шаруа мекемелер әлі күнге жұмыла кіріспеген сияқты. Жалғыз-ақ апрель басында Қазақстан жер комиссариаты Кизилевтен лабораториясының жайын сұраған екен. Жуырда соған Кизилевтің өзі барып баяндама жасамақшы. Осы күнгі, Кеңестер Одағындағы ауыл шаруасының ішінде маңыздысы — май. Неғұрлым жақсы таза май көп болса, соғұрлым шет патшалықтарға көбірек өтіп, сауданы күшейтеді. Қазақтың маңызды шаруасы — мал, оның майы аз емес (Семей губернесінің өзінде бір жазда 50 мың бұттан май алынады екен). Бірақ шетке өтуге әлі күнге жараған жоқ. Қазақта келелі жердің кемдігі, көпшілігі тегісінен май артелін ашуға,. машина алуға, майларын таза ұстауға аз уақыттың ішінде мүмкіндік беретін емес. Қазақтың құнсыз майы сол күйінде құнсыз болып қалсын деп ешкім айта алмас. Соның үшін губернеден бастап, Қазақстанға дейінгі шаруа мекемелері мынау Кизилев лабораториясын іске асырып, пайдасын көпке көрсетудің қамына кірісу керек. Кизилевтің өз бетімен ол лабораторияны жүргізіп тұруға шамасы келетін емес, өйткені Семейдегі тау жұмыскерлерінің аудандық комитетінен алған справкасы бойынша, 1909 жылдан 1925 жылға дейін Кизилев жұмысшы болыпты. Оның айтуына қарағанда, жұмысына жәрдемін тигізген губаткомде Щербаков, Губпланда Барлыбай ұлы көрінеді. Бұдан былай да солар сияқты азаматтардың көбеюіне тілектеспіз.

ҚАЗАҚТАН МАЙДАНFA ЖІГІТ АЛЫНҒАНЫНА 10 ЖЫЛ БОЛДЫ 1916 жылғы 25 июнь жарлығына 10 жыл толып қалды деген сөзге есептемей тұрғанда нанғың келмейді. Өйткені Сырдан, Сибирь, Қырымнан Қытайға созылған Сарарқаның даласында, басынан билік, жерінен ерік кеткенін. де елемей, біз кешегі ен жайлап, еркін өскен қазақтың баласымыз, не бар сасатұғын? Құдайға шүкір, ата бағымыздың бір күн де болса, сарқыны қолымызда! Кім біледі әлі де болса, түгелімен қайта айналып бір соқпасын деп қаперсіз маужырап жатқан қалық қазақтың басына құйын соққандай, бір-ақ күнде қиямет орнағаны қай қазақтың есінде емес?! Шашылған дүние, қонысынан ауған ел, көл болған көздің жасы, судай аққан қан — бәрі бүгінгідей кімнің кез алдында елестемейді? Жол бойында, заводта жұмыс іздеп құрттай қайнаған кей елде «өз жерімізде өлеміз!» деп, атын жаратып, сойылын байлаған жігіттер, ол талаптарының бәрі де іске аспай — аяғында қолға түскен бөлтіріктей тағдырға көніп, майданға қойдай шұбырғаны; жолшыбайғы ұйымдарымен ондағы көрген бейнеті, олардың елдегі күйігі — бәрі де кешегідей емес пе, соларға он жыл болды деп кім ойлар? 10 жыл деген көп уақыт болмаса да, есептеп отырсақ, сонан бәрі де көп оқиғалар етті. Бірақ қазақ тарихындағы көлденең, кепке дейін ұмытылмайтын оқиға осы 25-июнь жарлығы деуге болады. Бұл қалды қазақ бұқарасы басымызға келген бір селебе еді ғой деп ескеретін болса, саяси кезбен қарағанда, ол күннің маңызы әлдеқайда зор. Әлдеқайда терең. Сойыл, шоқпар, айбалта, ескі бытыраны қару кергізген далбасалық, топтанып тауға бекінген, аттанып жасақ жиған ашыну сияқтыларды надан елдің надандығынан шыққан ғой десең де, өлуіне кезі жеткен соқ, «өгіздің балтадан таймайды» дегені сияқты өзгені білмесе де, әлегінің білді ғой. Жаралғалы түсіне кірмеген майдан деген сөздің бір сағатта көктен түскендей болуы қазақ сияқты көрбала, жетім елге өлім емей немене? Қазақты патша үкіметі кем ұстамаған болса, сол қалпымен санаспас па еді — тұтқиылдан қойдай шулатып майданның қара жұмысына. алар ма еді? Егер де қазақ патша өкіметіне сенсе «ол бізге қастық ойлаушы ма еді» десе, «әйтеуір бір елім... өз жерімізде өлейік!» деген сөз аузынан шығар ма еді? Сөйтіп, патша өкіметінің қазақтан солдат алмауы бір кемге ұстағандық болса, қаперсіз жатқан елді, бір күнде ұйқы-тұйқы қылғандығы екі кемге ұстағандығы еді. Кемге ұстағандық қана емес, майдан қызметінің саяси мақсаты қазақты елдіктен шығару, құрту болатын. Өйткені қапыл ел бұл оқиғалардан шошынар да ашынар, көтеріліс жасар, сонан кейін қырамыз да, жоғалтармыз деп ойлаған. Соның үшін еттен өтіп, сүйекке жеткен қорлық ашынғанды батыр қылып, қазақтың көп жерінен майдан жұмысы тақырыпты наразылық көтеріліс туғызды. Босқан ел, қырылған ер, күйзелген шаруаның есебі жоқ. Мәселен, сонан ауғаннан Зайсан уезінде былтыр ғана қайтқан елдер бар. Ол оқиғаның, ол көтерілістің асса Қазақстан, қалса бір елдегі тарихын газет бетіне түсіруіміз қиын. Біздің, бұл жердегі қызметіміз он жылдығын ескеріп, сол сияқты тарихи оқиғаға көптің көңілін бүру. Осы он жылдықтың себебімен бұл жөннен тарихшыларымыз қарап қалмай, лайықты материалдарды жинар, майданға шығарар деген сенімдеміз.

«КЕРЕКТІҢ» СОҢЫНА ТҮСУ КЕРЕК

«Шаруасының маңызы мал болған соң, қазақтың өзінен шыққан агрономдар (шаруа мамандары) болуы керек. Сөйтіп мал шаруасын ғылым жолымен өркендету керек» деген сөзді әлденеше қақсап жүрміз. Бұл жолда істеліп жатқан қамды да (агрономдық мектебіндегі жүздеген оқушыларды да) көріп келеміз. Бұл қалыпты 4-5 жылдың ішінде қазақтың әрбір болыстарында-ақ агрономдардың жол бастауынан сезіл отырмыз. Агрономдар шығар-ақ, үлгілі шаруа бастауға кірісер-ақ, біз сонда да, «өзекті малда елім бар» деп, қашаннан бергі келе жатқан мал індеті, мал ауруынан арылып кете қоймаспыз. Өркендеткен малың, қимас малың, бүгін ауру, ертең өлу қаупінен құтыла алмас. Соның үшін бізге агроном қандай керек болса, мал дәрігері де сондай керек. Солай екенін жұрттық көбі білетін де шығар. Бірақ қамына анау агрономдыққа кіріскендей кірісіп отырғамыз жоқ, мал дәрігерлігін қазақтың бұрынғы оқығандары менсінбеді, сиырдық боғына қолын былғап жүруді ар көрді. Әрине, бүгінгі көзқарас бұрынғыдан өзгергенінде шегіміз жоқ. Алайда бұл жұмысқа қызу кіріскеніміз көрінбейді. Жуырда одақтық комиссарлар кеңесі мал дәрігерлеріне ерекше маңыз беріп, оны өркендету, тәртіпке салу (қалада болсын, далада болсын) жөнінде қаулы шығарып отыр. Ол үшін расход арналсын, болыс басы дәрігер болып, оған жәрдем жұмысы күшейтілсін деп ұсынып отыр. Жаз болса, мал өлімінен қазақ, даласы қан сасиды. Жалпы жұрт індеттен сақтанудың жолын білмейді. Келе қалған ауруға қарсы тұруға, шара қолдануға шамасы жоқ. Газетке түскен екі хабардың бірінде «мал ауырды, өліп жатыр» деген сөзден құлағың сасиды. Соның бәріне жалғыз шара — мал дәрігерін көбейту. Әрине олай ету бір күннің, бір жылдың жұмысы болмағанымен, аз жылдардың ішінде мақсатқа жеткендей болу керек. Мал түгіл, адам дәрігеріне жарымай отырғандығымыз бар. Бірақ оқитын жастарымыз жеткілікті, екеуінің де ділгерлігі бірдей. Соның үшін адам дәрігерін қандай іздесек, мал дәрігерін сондай іздеуіміз лайық. Бұл үшін арнаулы расход белгіленіп, асса губерна басы мал дәрігерінің техникумдері ашылып, қалса жоғарғы мектептеріне шәкірт жіберілу керек. Бұл жолда лайығына қарай іске кірісудің губерна мекемелерінің міндеті, олардың міндетін білуіне де, керек деп айтуына да күмәніміз жоқ. Алайда, «қышыған жердей қол кетпейді» деп, «керектің» соңына түсу керек деймін.

ҚАРАКҮЙЕДЕН ҚАШАН ДА БОЛСА САҚТАНУ КЕРЕК

Қаракүйенің кеселі егіншілердің бәріне белгілі. Бірақ әлі күнгі сақтану жолын білмейтіндер көп. Өйткені егіншілердің көбі хат танымайды, газет оқымайды, оқитындарының қолына кезінде керекті әңгімесін жазған газеттің сандары да түгел тиіп отырмайтын әдеті бар. Елде газетті тегіс оқып отыратындар (алдырып оқысын, ұрлап оқысын) шаруадан көрі, сөз баққандар. Соның үшін газетке жазылып жүрген шаруаға лайықты әңгімелер нағыз иесінің құлағына әзір тимей жүр. Оның үстіне, біздің қазақта бір әдет бар, бүгін бір нәрседен безер болса, мезгілі өткен соң, ертең оның қайта болмасына алдын ала қам қылуды ұмытып кетеді, ерінеді, «құдайға тапсырып»( о да ерінгендіктің салдары). Сөйтіп барып, екіншіде тағы өкінеді. Бұл кемшіліктерді біртелеп болса да, кезі келген сайын ескертіп отыратын сергек басшы керек. Ол басшы ел шаруаларына айтумен ғана емес, өзі істеумен үлгі көрсетсін: биыл егін қаракүйеге ұшыраса, ендігі жылы одан қалай құтылу керек екендігін ауыл даназа жыр қылсын да, езі сол айтқанын істесін. Алда-жалда жұрт биыл тіл алмаса, ендігі жылы опық жегенде, өзінің неге аман қалғандығын көлденеңдетіп өтсін. Сонда барып, жұрт еріксіз ереді, шаруаларға қажымай іспен басшылық көрсету деген сол болады. Ондай білімді адам ауыл біткеннен шығып отыруы да, шыға қалса білгенін жұртқа дуана болып, сарнап жүруі де қиын. Жұрттың білмегені болса, білдіретін, білгендерін өзгелерге үлгіге тартатын мекеме орындары, ұйымдар. Солар арқылы жұрт бастарын қосады, олар көптің қамын жейді. Шаруаға қоян қолтық ұйымның біреуі — кооператив (әсіресе шаруа кооперативі). Бірақ ол әзірге тегіс тамырын жайып, буынын бекіте алмай келеді. Ендігі бірі — қосшы (жарлы) ұйымы, ол да жана ғана ашылып жүр. Сондықтан айналып келіп табатынымыз — баяғы ауылдық советтер. Шынында да олар бір ауылдың әкімшілік жағын басқарып қана отыруға міндетті емес, барлық шаруашылық, мәдениет, ағарту сияқты керектерінің қай-қайсыларына болса да, қамқор болуға борышты. Бұйрық келсе, тұра шабу, налог келсе, бөліп салумен ғана міндетінен құтылмайды. Түгел шешілсе, сонда ғана міндет атқарылады. Ел егіншілерінің бір мұңы — қаракүйе. Онан қалай құтылудың жайы бұрын бірен-саран жазылған. Ол сездер құлағына тимей, тисе де орайы келмегендіктен биыл да егіні қаракүйеге ұшырап қалғандар келешек жылға тұқымдарын таза қып сақтаулары керек. Қазақтың көп салатын егіні — бидай, тары, сұлы. Бидай күйесі екі түрлі болады: 1) дымқос күйе, 2) шаңды күйе. Бұл екеуінің ең көтерлісі — дымқос күйе, мұны байқау да қиын. Ауырған бидай шыққанда түсі қоңырлау болып, өзі жеңіл келеді. Сондықтан басы иілмей, тіп-тік болып шығады. Өйткені дәннің орнын қап-қара шан алған соң бидайдың басы жеп-жеңіл болып қалады. Егер де осы, ауырған бидай қырманға салып басылса, барлық астықты былғайды. Бәріне қаракүйенің шаны жұғады да, сол астықтан келешек жылға тұқым сақталса, ендігі жылғы егіннің бәрін қаракүйе басады. Бұл шүбәден құтылу қиын болғандықтан, шашпас бұрын тұқымды аластап, жуып алу керек. Тары тұқымын аққан суға салып тазартуға болады. Бидай менен сұлыны бұрынғы айтылып жүргенше, аптектен фармалин деген дәріні алып, су толтырған күбіге салу керек те, тұқымды қапшығымен күбіге батырып алу керек. Бұл туралы жұрттың құлағына салу, істегенін бақылау, істемегендерінің күдікті астығынан тұқым алып, ұйым болса езі салдыратын егінге, болмаса ерінбейтін бір азаматқа жудырып салдырып керу керек.

ГАЗЕТКЕ ХАБАР ЖАЗУШЫ ЖАСТАРҒА

Газет жақсы болып шығуына толып жатқан себептер бар. Сол себептердің ең күштілері — жазылған хабардың шын болуымен бірге, оны жазғаннан халыққа өнеге шығарлық болуы. «Қазақ тілі» нің тілшілері алғашқы кездегісінен көп түзелді. Әсіресе жазғытұры съезге қатысқандарының көбі шын мағынасымен тілші болды. Тегінде тілшілікке ынта қойған кісі, тілшіліктің шарттарына өзінен-өзі үйренбек. Ол қалайша екені талай айтылып жүр. Бірақ, жұрттық көбі қолы босағанда жазады. Не біреуге ыза болғанда ғана қызады. Ол сияқты тілшілер өнемейін жалпы жақсылық-жамандықты салыстырғыш келмейді. Ондай тілшінің бастапқысынан пайда аз, (өйткені қашанғы қолын босатып отырамыз). Соңғысынан (біреуге ыза болғанда ғана жазатындардан) пайда орны¬на зарар шықпақ. Әрбір азамат ол сияқты тілшілікке қарсы болуы керек. Ел қызметімен қатынасы бар, газетке көптен жазып жүретін үйірлігі бар тілші атанып жүрген азаматтардың ішінен де сондай «мысы» шығып қалатындар болғанда, ел жұмысының маңайынан жүрмеген, газет дегенді естімесе көрмеген, хатты шала танитын жаңа оқып жүрген жастардың газетке қатынасуларында үлкен сақтық болу керек. Осы кезде қазақ жастарының іштерінен тілшілікке талабы барлар көбейіп келеді (көбінесе қысқа қарсы). Бірақ олар жас ұялар, комитеттер арқылы саяси беттерін түзеп тілшілікке азды-көпті даярлану керек (жалғыз тілшілерге емес-ау әр нәрсеге). Оның үшін қабырға газетіне көп қатынас жасасын. Сонда ғана баспа газетіне не жазу, қалай жазу керектігін біледі. Сөйтпегендіктен талапты жастардың көбінің ілгері баса алмай жүргендігі бар. Бірақ жас болғанмен, жастың бәрі бірдей емес. Бір жастық талабы таудай, ниеті түзу болып, тек білмегендігі ғана бөгет қылып жүрсе, кейбір жас білмегендігінің үстіне, былықтырғысы келгендіктен сау емес. Ондайларды екі күннің бірінде көзіміз көріп отыр. Әсіресе қысқа қарсы оқуға келген жастардың көбі газетке сөз бергіш болады (қолы биттей босап кетсе). Жазылған хабар өз тұрмыстарының жалпы халі болса жарар еді, тіпті газетке басылғанды әлдеқандай көріп, өлең сияқты бір нәрсені жазып беретіндерін де білген нұсқауыңды берудің өзі сабақ дер едік. Бірақ ен жаманы жастар елдің жаман әдетін қалаға әкеліп жүргені. Жастың көбі қалада жатып, елдегі хабарды жазады. Өзі түрін де анықтап танымайтын бір қызметкердің қылмыстарын «суреттейді». Соның бәрін әрине біреу арқылы біледі. Елден келген хатқа қарап, кезбен көргендей хабар жазады. Өзі анығын білмесе де, өз атынан жазғаны бір сәрі ғой, кейбіреуінде кісінің атынан жаза салатын бір әдет бар. Болмаса біреудің жазған хабарын беріп тұрып, өзі со бола кетуден тайынбайды. Былтыр бір баланың әкесі (Темірші болысында) пәленшемен келісе алмай жүрміз, соны сірә газетке беремісің қайтесің деп жазған хатын баласы бір себеппен бізге көрсеткені де бар еді. Елдегі жаман тәрбиеден алған жаман әдетін мәдениетті жерге (қалаға) келіп тастамақшы болып жүрген жастар езі мидай араласып біліп отырмаған әңгімесін жазудан сақ болмаса, біреудің атын жамылып өтірік айтуды әдет қылатын болса, ондай жас түбінде әлеумет қызметкері болып шыға алмайды, өзгелерді де өзінен тез бездіреді. Соның үшін жастардың естерінде болатын нәрсе, ең әуелі хат танып, саяси сауатын ашумен қатар, қабырға газетін шығарысып ысылуы, газетке не жазу керектігін танысуы. Бұ да кейін әрбір жазған хабарына өзінің жақыннан таныс болуы лайық. Ұшқары бірер хабарды жазу — жастардың әуес болмайтын нәрсесі. Ондай әдетті елдің ескілікті қайыс аяқтарынан қарызға алмай-ақ қояйық.

КООПЕРАТИВ ЕЛ ПАЙДАСЫН ОЙЛАҒАНДАР ҒАНА АШСЫН

Газетіміздің осы санында - ел кооперативтерінің бір түстілері басылып отыр. Байлардың, саудагерлердің қолында отырғандары да, кесектей жеп қойып жүргендері де, жұмысты қалай жүргізуін білмей отырғандар да біздің кооператив орындарының меншікті сипаттары. Осы күні ел ішіндегі ұйымдардың көбі аяқсуға айналып барады. Өйткені аяғын басса, зиян қылады, қит етсе сотты болады. Г.ондықтан кооперативтен жұрт қашуға айналып жүр (жұрт емес-ау, жұрттың ішінде кооператив ашуға құмарлар). Біздің кооператив басшылары ұйымдарын ашқаннан ұзамай-ақ кооперативтен жалпы бұқараны бездіріп еді (пайдасын көрсете алмай), оны елемей жүргенде «тез» келе бастаған соң енді өздері қашқалақтап отыр. Кооператив байдың қолында отырса, ертең кедейдің сайлануы мүмкін, жемқорларға құрулы тез — сот бар. Сөйтіп ол екеуінен құтылуға болар еді-ау, ұйым басындағылар жемесе де, кедейден болса да, кооперативтері елге пайдалы болып шыға алмай отырған жерлер коп. Кімнен көреміз? Олай болудың себебі: не жұмыс жүргізуді білмегендік, не жоғары орынның жөндеп нұсқау бермейтіндігінен. Білмейтін кісінің ісі қай уақытта жүрмек? Ондайларға «білу керек, үйрену керек» деген ақылдың үстіне, соларды білдіретін, үйрететін жоғарғы орындар. Әуелі солар беттерін түзесін. Құр қағазбен ғана «бұйрық» жазып отыратын төрешіл мінезді тастасын, ел кооперативтеріне жақыннан араласатын болсын, тұрмыстарына үйлесетін жобаны ғана ұсынып отырсын деген кооперативтердің жоғарғы кіндік кенесінен үндеу болып отыр.Онан соң ортақшылар партиясының кіндік комитеті осы августың ішінде қаулы шығарып, кооператив нәрсесін базар бағасынан арттырмайтын шараға кіріссін, ол үшін расход мөлшермен ұсталып, үнем ықтыяты қатты жүргізілсін деп отыр. Бұған қарағанда, үкіметтің ендігі ірі жұмысының бірі кооператив бағытын жөндеуге айналған сияқты. Бұл жөнде біздің, Қазақстан орталығы науқанға кіріскен сияқты. Түпкі ниеті ел жеу мен ойлағаны өз қалтасы болғандарға кооператив әлі де зиян (зиянды түгіл пәле). Кооперативті елдің пайдасын ойлағандар, қызметін еңбекшілерге сіңірем деушілер ғана ашсын!

ОСЫНДАЙ ҚАМҚОРЛЫҚ БОЛА МА ЕКЕН?

Октябрьдің 6 күні сағат 9 да басқармаға басында сырған қалпағы, үстінде ескілеу тоны бар, шалбары мен етігі жамаулы 7-8 жаста бір бала кіріп келді де, бір қағазды ұсына қойды. Жазылған сөзі: «Мен Баянауыл болысының ІІ ауылындағы бір жетім бала едім. Атым —Досым, Жабық баласы. Әкелген кісімнен айрылып қалдым, өзінің кім екенін де білмеуші ем. Жасым 8-де. Барар жерім жоқ, мені бір жерге оқуға балалар үйіне алдырсаңыз екен»—дейді (менің атыма арнап). Енді бір қағазын көрсем губернелік оқу бөліміне жазған арыз екен. Онда да сондай өтініш. Бұл жазудың екеуін де жазған бір кісі көрінеді. Кім жазып бердіге баланың жауабы — «білмеймін». Баланы әкелген кісі, өтініштерін жазған кісі не оймен жасырынып жүргенін өзі біледі. Неғылғанда осы жастағы баланы әке-шешесі болса сүйтіп қаңғыртып жібермес еді деген оймен баланың жайын басқарушымызға айтқан соң, ол оқу бөлімінің бастығына, орын болса алуын сұрап, қағаз жазып кісі қосып жіберіп еді. Ертеңіне тағы да сол уақытта, тағы да қолында қос уыс қағазы бар таныс балам сап ете түсті. Жаңадан маған өтініш жазады. Басқа қағаздары да губисполком, губком сияқты мекемеге жазған арыздар (бұларды да жазған кешегі қол). Кім жазып бергенін бала айтатын емес. «Біреу жазып берді, атын білмеймін» дейді де... Амал жоқ, атымды атаған ақысына оқу бөліміне бір апарып құтылайын деп ертіп бардым. Барсам бөлім бастығы: бұл баланы әкелушіні таптық (Дайырбай Әрін баласы деген мұғалім екен), беталды бір баланы алып кеп босқа қаңғыртқаны үшін сотқа берейік деп отырмыз деп күлді Рас, бала әкелуші сотқа да берілер, жазасын да уақытында тартар. Оған дейін анау баланың халі не болмақ? Біреуді бақты қылам деп сорлы қылу деген осы да. Баланы алып келуші жолдас осы хәлдің боларын әуелде бір қадар ойлады ма екен? Шынында бұл жұмыс — «әлін білмес әлектің», әуренің ісі. Елге барғанда өзін әлдеқандай ұстап жүреді де, қалаға келерінде «бала орналастыратын», «жетім жетілдіретін» жігіт болып, арбалап бала тасиды. Қалаға келген соң өз афойы тапшылық қылса, көрінгенге жалынады, ол жолда талай өтірікке де кіреді. Аяғында абыройы да жетпейтін, өтірігі де өтпейтін халге айналса, Әрін ұлы құсап бүркеніп жатып ақыл үйретеді (мына қағазды пәленге, мынаны түгенге апар, сөз сұраса — білмеймін деп жылай бер деген сияқты). Бұл түрлі «қамқорлық» кеңес қызметкеріне лайың емес. Қандай жетім қайткенде орналасады, оған жеткілікті орын бар ма? — соларды білген кісі мұндай іске кіріспейді. Сәті түсіп орын табылса, құба-құп. Табылмай көшеде қалғандай болса, бұрынғы күнін өзіне көп қылуға себепкер болған атаққұмар жігітке бала қанша алғыс айтар екен? Ол жерін де бір ойлау керек-ау!

САУАТСЫЗДЫҚТЫ ЖОЮ ЖӨНІНДЕ ҰЯЛМАЙТЫН БОЛЫҢДАР

Қанша кісінің сауатсыздығы жойылды және де сауатсыздығы жойылмаған қанша кісі қалды? Келесі күзге Октябрь төңкерісіне 10 жыл толады. Октябрь төңкерісінің он жылдығында «кеңестер Одағында сауатсыз адам қалмасын» деген Лениннің өсиеті бар. Мұны орындау әрекетінде болып келеміз. Сондықтан сауатсыздықты жою жұмысын екпінді жұмыстың бірі санап келеміз, әр жердің мәдениет күшіне қарай, ол өсиеттің орындалуға жақындап та, жартылап та келе жатқаны бар. Лениннің 10 жылды мөлшер қылуы хат танудың керек екендігін күшейтіп, асыққандығы, онан соң кеңес үкіметі, шамасынан келгенше, ақтамай келе жатқан, жоқ. Шашылған қазақ ауылдары мен шанжауланған мұжық, поселкелерінің қайсысында болса да сауатсыздықты жою мектебінің орнап жүргендігі бұл жұмысыңа қанша маңыз беріліп келгендігіне зор дәлел. Қаладағы әртүрлі мекемедегілердің өз арасынан сауатсыздық жоятын курстар, мезгілді мектептер ашылып, алабындағы қызметкерлердің хат тануына ынталарын салып отыр. Кәсіпшілер ұйымы мүшелерінің сауатсыздықтарын жоюға табанды бетпен кірісіп отыр. Губернеміздегі жалпы сауатсыздықты жоюдың шамасын байқату үшін, кәсіпшілер одағындағы мүшелердің сауатсыздықтарының қай шамада екенін көрсетейік. Өткен жылдың басында 3 мың 932 кәсіпшілер мүшесі бар екен. Мұнын 2 мың 304 оқуға кіріпті. Осы кезде оқуға кіргендердің мың 152-сі сауатсыздығын жойды деуге болады. 25 жылғыдан 26 жылдық 30 проценті асып отыр. Бұл өсу жұмыстың қандай бетпен келе жатқандығын көрсетуге жарайды. Бұрынғысынан сауатсыздықты жоятын мектептің саны көбейтіле қойған жоқ, бірақ сапасы арттырылуға қолдан келген әрекет істелді. Мәдениеті темен, елі бытыраңқы, өндірме орындары жоқ, қатынасуы нашар Семей сияқты губерненің кәсіпшілдерінен бір жылда 100-ден 30 адам сауатсыздығын жойып отырса, Ленин өсиетінің орындалуына бұ да бір белгі. Октябрь төңкерісінің 10 жылдығына дейін 10-ақ ай қалды. Мұны жөнді пайдаланып, ұялмастай қылып, сауатсыздықты жою жөнінде іс істейік.

ҚОСШЫНЫҢ БАСЫН ДА ҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАЙРАТТЫ БОЛУЛАРЫ КЕРЕК Жоғарғы айтылған, онан да басқа толып жатқан қараша үйлерді жоғалтып, істі қайтадан түзеп отыру жұмысы күшке — қаражатқа тіреледі. Қосшы одағы—қаражатсыз орыңның бірі. Партия мен кеңес орындарының бәрі де қосшыға көмек көрсетеді. Сонда да болса, өздеріне қарап жатпай, қаражат жағынан мықты болсын. Бұл арасын жоғарғы орындар ескермейді демеймін, шамасынан келгенше құралақан қоймас, оған дейін қосшы одағының басындағы азаматтар (әсіресе ел ішіндегі) өздерінің іскерлігін көрсетіп, басқаларға үлгі болулары керек. Өздері жұртшылық құруға кірісіп, бірігіп өлмес күнің көруге (егін салып, коопфатив ашып), байларға «көз сүзділіктен» құтылуға тырыссын. Мұны кедей біткеннің бәрі өз бетінен біле бермейді. Оларға білдіретін, басшы болып іс жүргізуге себепкер болатын, аз да болса үлгі боларлық іс істететін қосшының басындағы азаматтар. Сондықтан қосшының басындағы қызметкерлер қайратты болулары керек, олар қайратты, шын кедейдің досы болса, жұмыстарынан жеміс шығаруында сөз жоқ.

«ПРАВДА» ГАЗЕТІ ТАП ҚҰРАЛЫ БОЛДЫ

Майдың 5 — баспасөз күні. 1912 жыл, майдың бесі — коммунист партиясының бас газеті «Правда» ның шыға бастаған күні. «Правда» газеті шыққан күннен бастап, патша өкіметімен аянбай алысқан. Жұмысшы табының арасына коммунист партиясының пікірін таратқан, жұмысшы таптың жетекшісі болған, жұмысшы табын тәрбиелеген, әлі де сол бетінен танған жоқ. Төңкеріс жолында баспасөздің маңызы күшті 'болды. Көпшілікке төңкерістің мәнісін түсіндірді. Жұмысшы табын төңкеріс рухымен тәрбиелеп, коммунист партиясының соңынан ертті. Патша өкіметіне, байларға қарсы тұрғызды. Жұмысшы табының, еңбекшілердің қасы мен досын айырды. Жұмысшы табының сана-сезімін, көзін ашты, мынау сенің ежелгі жауың, мынау айрылмас досың деді. Досының соңынан ертіп, дұшпанына қарсы майданға шығарды. Баспасөздің басынан нелер ауыр күндер кешті. Патша өкіметінің тұсында төңкерісшіл газет, журналдар еркімен шыға алмады, жасырын шығып тұрды. Баспахана жасырын жерде болды. Патша өкіметінің тыңшысы білсе, баспахананы да, газет, журналды да жабатын болды. Шығарушыларын каторгаға жіберді, жер аударды. Ол күнде жұмысшы табының тілегі, мұны туралы газет-журналдарда жазылмайтын. «Правда» газетінде жұмысшы табының жай-күйі, тілегі, мұны туралы қаттырақ сөз жазылса, төңкеріс жайынан жазылса, шығарушыларын тұтқынға алатын, айып (штраф) салатын. Мына қысқаша айтқанда төңкеріс жолында баспасөз осындай еңбек сіңірді: сондай ауыр қалдерді кешірді. Сондықтан, біз баспасөз күнінде төңкерісшіл баспасөздің тарихымен танысып, басынан кешкен ауыр хәлдерін еске түсіруіміз керек.

ОКТЯБРЬДІҢ ОН ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР

Басқармаға Октябрь 10 жылдығын құттықтап жазған мына азаматтардың өлеңдері түсті: 1) Толғажан ұлы Бөпебай, 2) Әбіл ұлы Абдырахман, 3) Әйнебек ұлы Әлмен, 4) Ұлтарақ ұлы Сыдық, 5) Әмер ұлы Ғалиәкбер, 6) Қырқазағы, 7) Күпес ұлы, 8) Нұрылқан ұлы Қасен, 9) Молдабай ұлы Қошқарбек, 10) Машақ ұлы Садуақас, 11) Тәмен ұлы Аманғали және 12) Тықақ ұлы Мұқтызардың өлеңі. Біздің жолдастардың талабы мен қуаныштарына сүйсінгендіктен, аттарын әйгілеп отырмын. Бірақ өлеңдерінің басылмауы: 1) Газетте орынның жеткіліксіздігі бол¬са, 2) Өлең жазушылардың көбі әзір ысылып жетпеген жаңа бастаушылар көрінді. Өлеңдердің ішінде маңыз жағынан кейбір тәуір шыққаны да бар. Мәселен, Әбіл ұлы Абдырахмен Октябрь тойын тойлаушыларды — жарлы-жалшы, жұмыскер, жетім-жесірлерді санал еткеннен кейін, солардың ішінен бір қойшыға (Құлтанбайға) сөзінің бетін аударып: Ақылы толып Құлтанбай, Сөз сөйлесе сұр таңдай. Қызыл туы қолында, О дағы жүр той тойлай деп бастайды да, оның оқып, адам болғандығы, осы күні жаңа жұртшылыққа басшы боп жүргендігімен аяқтатады. Мұнын. маңыз жағы тәуір екен деп отырғанымыз тойды құрғақ мақтамай, нағыз тойлауға лайықтыларды санап өткендігі. Мұнысы өмірдің көріністерін елестетіп, тойды жанды мисалмен құттықтау болып шығады. Бұл өлеңдегі сәл кемшіліктер: І) Ұлтанбайдың жеткен жері — жалпы қойшыға әзір ауырлау екендігі, 2) өлеңнің кей жерінде ұйқасымның келіңкіремегендігі.

Онан соқ мына сияқты құрылыс жағы әдемі шыққандары да бар: 1) Жазасын шыйрықтырып қанның буын,- Ерлердің баурымдаған айғай-шуы. Астында осы күннің басын құрап, Әлемге көтерілді теңдік туы.

(Нұрылқан ұлы Қасеннің өлеңі). 2) Көгерді дүние гүлденді Жаңбырдан соңғы даладай; Жасарды, бөлең түрге енді, Жаңа өспірім баладай.

(Машақ ұлы Садуақастың өлеңі).

Егер де бұдан былай мисалды өмірден алып, сүгіретті еңбекшілер тұрмысынан шығарса, ұйқасымына жеткілікті көңіл қойғанда, жоғарғылардың ішінен әжептәуір өлеңшілер шығуға мүмкін.

АРЫЗДЫ ТӨМЕННЕН БАСТАП БЕРУГЕ ҮЙРЕНУ КЕРЕК

Жұрттың көбі арызды бере білсе де, қандай арызды қайда беруін түсіне алмай жүр. Ел қазағының арыз беру жөнінде көп білетін мекемелері: сот, тергеуші, милиция, бақылашуы орындары. Бірақ осылардың біріне беретін арызды біріне беріп бастарын қатырады. Оның үстіне тіпті басқа мекемеге берілетін арызды көбінесе соларға беретіндер бар. Өйткені оларды әйтеуір қисықты түзейтін мекеме ғой деп ұғады. Онан соң бір мекеменің бітіміне көнбегенде мұның үстінен жоғарғы орынға арыз беру керек деп келсе де, күр жоғарғы орын дегеннен басқа, арыз беретін срок пен қалай берудің тәртібін білмейтіндер көп. Әйтеуір «үстінен беру» дегенді ұстап ап, «пәленше жуан адам, жауыз адам, Некең тұсында пәлен болған адам...» деп келеді де, өзінің жұмысы жайындағы дәлелін тастап кетеді. Бір мекеменің ішінде біреумен араз болғанда, сол мекеменің маңынан жүрмей, «жоғарғы орынға» арыз беретіндер көп. Сөйтіп, бұл білместіктің бәрі жұмыстың өнбеуіне, былығуына себеп болады. Өзінің заңды жолымен берілмеген арыз Мәскеу барса да, анығына жету үшін қайта оралып төменгі мекемелерге түспек. Сондықтан, жолдама арыз төменге мекеме арқылы соның байлауымен жылауқордың дәлелі қосыла жіберілу керек. Сонда ғана жоғарғы орындар дұрыс билігін айта алады. Олай ету үшін арызды ең әуелі төменнен бастау керек. Төмендегілер тындырмағанда, олар жасаған бітіміне копия алып (сол мекеме арқылы), сонда ғана жоғарғы орынға жіберу керек. Қандай арызды қайда беру мен қалай беру туралы қазақ тұрмысына лайықталып, мезгіл-мезгіл газет бетінде нұсқау беріліп тұрса, жақсы болар еді. Бұл жерін заң мекемелеріндегі қазақ азаматтарының ішінен ескерушілер табылуына тілектеспіз.

БАСПАСӨЗ КҮНІНІҢ ҚАНДАЙ ӘСЕРІ ҚАЛУ КЕРЕК

Губерниямыздың әр жерінде қыстың ауырлығынан шаруашылық, қысалаңдығы болса да, байлардың ауыздықталуы егіс пен енбек шартының науқандары жарияланып кедей, батрак, орташаларға арнаулы жеңілдіктер істелініп, оларды ұйымдастыру сияқты күрделі жұмыстардың істеліп отырғандығы бар. Ауылдағы сол сияқты жеке жұмыстарға белсене қатынасатын, істелген істерді мезгілінде баспасөз бетіне жариялап үлгіге тарататын, ақыл сұрайтын тілшілер болмақ. Сондықтан тілшілер оқу үйлерімен бірігіп баспасөз көрмесін ашып, қабырға газеттеріне қатынасып, жиылыстар жасап, баспасөздің тарихын, маңызын түсіндірумен бірге еңбекшілер баспасөзінің елдегі істерін көзге көрсетіп отырмақ. Бұл істердің қай елде қалай өткендігі баспасөз күнінің (5 майдың) артынан мәлім болады. Мәлім болғанда «солай өткіздік деген хабарынан ғана емес, ел еңбекшілері қалдырған әсерінен мәлім болмақ. Мәселен баспасөзінің күнінен кейін бұрын газет кітапты марғау тыңдайтындар екіншіде құлшынып тұрғандай болсын. Қара танитындардың бәрі де газет оқуды міндет көрерлік халге келсін. Баспасөздің маңызын қалың еңбекшіге сондай ұғындырып, қызықтылықты, қадірлі қылып көрсету газет достары тілшілердің өнерлеріне байлаулы. Б-сөзіміз (әсіресе газеттеріміз) жылдан жылға оқушыларымызға бейімделіп, олардың керегін сөйлеуге, шаруасына дұрыс ақылын беруге тырысып келеді. Күн санап хабар жазушылар да көбеюде. Алайда нағыз шаруашылардың өз аузынан шыққан тілек пен ондай тілекке екінші бір шаруашының аузынан шыққаны еш айтылмай жүр. Оған себеп нағыз шаруашылардың сауатсыздығымен, тілшілердің көбі нағыз шаруашы еместігі қазақ арасында әзір шаруа ғылымына (шаруа түгіл басқа ғылымға да) жетілген кісі жоқ. Ондай адамдар шыққанға дейін басқалардан алған тәжрибе, үлгі бойынша ілгері қарай біз де тырыса беруіміз керек. Сондай тырысудың іс жүзіндегі мысалын ел шаруашылары істемек. Бір шаруашы бір елде істеймін деген жұмысына ақыл сұрап газетке хабар жазса, екінші елде біреу дәл сондай істі қалай жүргізіп жатқанынан жауап берерлік болсын. Мінеки, сонда ғана шын шаруашының өз тілегі мен оған айтылған өз емі болып табылмақ. Мұны қорытып айтқанда шаруашылардың хат танитындары баспасөз газет, кітапты қолдан тастамай оқырлық, хат танымайтындар құлағын айырмай тыңдап отырарлық халге жетуі керек. Оған себепкер болушылықты партия, жастар мүшесі, мұғалім, ағарту қызметкерлерінен, олардың ішінде тілшілерден күтеміз.

ЖӨНІМЕН ӨКПЕЛЕУ КЕРЕК

Әр халық езіне басқарушы білмірлерінен күтетін нәрсесін шын сөз толық ақыл болғаны секілді, біздің қазақ халқының да басшыларынан үміт ететін нәрсесі сол — деймін. Олай болғанда білмірлеріміздің борышы да сол болуға керек емес пе? Ал, енді өзіміздің күткен нәрсеміз басшымыздың қылша мойнын тұтам деп ұғатын болсақ, айнала келіп, бәрің бір ауыздан «жақсылық төбеңнен жауайын деп түр деп айтпайсыңдар деп өкпелеуіміздің жөні бола берер ме екен? Рас, біздің өкпелейтін орнымыз бар, егер де басшыларымыз бастан-аяқ жолдан т;айса, бағаналы шын сөз, толық ақыл сын айтуды қойса, болмаса өзінің керт қара басының ғана пайдасын ойлап кетсе, сол үшін қиямет етсе, сол үшін таласса, олай болмаған күнде құр «сөздерің екі айыр шықты, сендер бізді оңдырмассындар!» деп қортаңдаушыздың реті жоқ. Соз айыр шықса, шықсын! Онда не тұр? Әркім өз пікірін айтуға ерікті болатын болса, газет, журналға сөз жазушы мырзалардың әрқайсысы әр жерде болатын болса, сез айыр шықпай қайтеді? Съезд болған күнде де сөздің бір жерге жиналуы, бір сөздің дәлелінің қуатты болғандығынан емес пе? Олай болса «бір сөзді кім бұрын жазса соны құптай бер, өзгелерің ләм-мим деп пікірлеріңді айтпаңдар дегенше, не сөз жазсаңдар, не ақыл айтсаңдар дәлелін толымды қылып көрсетсеңдер екен деп өтінсек болмай ма? Таразының қай жағы басып тұрғандығы көзі бар адамға белгілі болмаушы ма еді, тіпті таразыны көрмейтін соқыр болсақ, онда кімге өкпелейміз? Газет, журналдың сезін күтетін мырзаларға, нағызының өзі (аллатағала) «...» ін ойламай, салыстырмай қабыл ет деген бе екен? Оның бергі жағында газет, журналға сөз жазушы білмірлеріміз аллатағаладай біреу ғана емес қой. Тағы да біреулер жазады: «Қазақ» пен «Айқап» тың келген номерлері сайын екі түрлі сөз, екі түрлі кеңес келеді, егер де бұл кеңес бітпесе бұларды алып оқушылар азая ма деп қорқамын» деп. Рас, бұлардың таластары не соз үшін, не дұшпандықтан болса, онда оқушылары азаймақ түгіл, өздері шығудан тоқтар деп қорқыныш көңілге келеді. Бірақ олай болмайынша әркім шын көңілмен білгенін айтқандықтан шығып тұрғаны басқалық болса, онда басшыларымызды тергемей, өзімізді тергеуіміз керек. Және бір соз: газет, журналдың не екенін біліп, оны алып оқуға құмар болған жаңа талап бір азамат пен бұрыннан да газет, журналмен таныстығы бар, оның қадірін білетұғын мырзалардың сөзі айыр шықты, керегі жоқ деп «Айқап» пен «Қазақ» қа жазыламын дегендері тоқтап, алдырып тұрғандары тастап жатыр деген соз газет, журналдың басқарушыларын қорқытпаса, көлденең кісіні нандырарлық сөз емес. Неге десеңіз газет, журналды алдырмаушылыққа әм жазылғаннан тоқтап қалуға себеп: үш-ақ нәрсе: 1) надандық, 2) сараңдық, 3) пұлсыздық. Міне, соның үшін надан менен сараңға «сез айыр шықты» да дәлел болуға жарайды. Аяғысында айтатынымыз: «Бірлік қылыңдар! Береке бірлікте», «Алтауың ала болсаң, ауыздағы кетеді» деп бүтіндік айтып, құрамалдық қылу теріс емес. Бірақ өздерінің жалқаулықтарына «шариғат сләмие» ні дәнекер қылып көрсететін атаның баласымыз ғой. Ата кәсібін ұмыту да қиын-ау!

ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІ ТУРАЛЫ

Дүниеде жұқанағы бар нәрсе, тәрбиесі болса, жасамақ, ұлғаймақ, тәрбие болмағанда нашарламақ, жоғалмақ. Адамда екі түрлі қуат бар: біреуі — ақыл қуаты. Ақыл қуатының тәрбиесі — ғылым, тәжрибе. Екінші — дене қуатының тәрбиесі — жүру-тұру, іске айналу (гимнастика). Осы екі тәрбиенің қапысыз болып орнына келуіне бір-ақ шарт бар, ол — еркіндік (свобода). Адам баласы екі түрлі заттан құралған да (біреуі еркек, біреуі әйел болып), туысы бірдей болғанымен, тұрмысы бірдей бола алмай, өмір қатарында әйелден еркек әлдеқайда үздік жүр. Мұның себебі: әлгі еркіндік дегеніміздің еркектерде күшті болып, әйел затында аз, яки болмауынан. Оған тұрмыс бір кінәлі болса, жаратылыс (табиғат) екі кінәлі. Мысалы, тұрмыстың кінәлі екендігі әркімге белгілі, әйелдің үй шаруасына айналып, соны тәрбиелеп тұруға міндеттілігі. Табиғаттың кінәлі болатын реті: ешбір шаруаға айналмай, еркімен жүрген әйелді алсаң да буаз болу, бала табу ықтиярсыз оның еркіндігіне тұсау болады. Сондықтан қай жұрттың, қандай еркін әйелін алсақ та, еркек қатарына жете қоймайды. Сонда да еркектегі ерік (табиғат тұсауынан басқа) әйел басында да болса, көбінің қалыспайтыны шексіз. Ал, қазақ әйелінде еркіндік бар ма? Өміріне риза ма? Өз арасында қандай әйелге теріс көзбен қарайды? Бұл сұрауларға жауапты төмендегі тұрмысынан шығаруға болады. Қазақ бұрын еркек балаларын оқытып, әйел балаларын оқытпай жүргендегі дәлелі әйел балаға оқу не керек, намаз сабағын білсе болады да, дәріс етіп молла болып отыр ма, кеп оқытса, бұзылып кетеді болатұғын. Бұл сөз «неге оқытпайсың?» дегенге дәлел үшін ғана айтылғаны болмаса, әйел балаларды оқытпағандағы нағыз себебі ол болмайтұғын. Адамның көбінде бір міне.і бар: бір Істі тұрмыстың қолайсыздығынан істей алмай тұрса, нағыз өз себебін көрсетпей, басқа бір дәлелмен құтылғысы келіп тұрады. Соның секілді әйел балаларды оқытпауға көлденең себеп, айтатын дәлелдерінен көрі, тұрмысының ыңғайсыздығы болатын. Сол тұрмыстық ыңғайсыздығының өзі де, әйел түгіл, еркек балаларды оқытуға ынтасыз надандығынан шығатын. Өйткенмен жұрт оқуға бет қойғаннан бері әлі күнге еркек баланың қамында. Сезге келгенде, рас, әйел баланың да оқығаны жақсы ғой дегені болмаса, еркек баламен қатар ұстап оқуға берген қазақ жоқ. Мысалы, еркек баласын қандай алыс жерге жіберіп оқытқан кісі әйел баласын ана ауылдағы мектепке жіберіп те оқытпайды. Ондағы айтатыны — әйел бала бөтен ауылға барып оқып жүре ала ма! Мұнын, мағынасы: баяғы «әйелге оқу не керектен» ұзамай жүргендікті білдіреді. Бұдан көрінеді: әйел баланы еркек баламен бірдей көрмеушілік. Сөйтіп тағдыры күштеп үйден шықпай, әйелдің еркек қатарынан қалуының бесмелласы осы. Ал әйел бала ер жетіп күйеуге баратын мезгілі келді: қарап тұрайық, кімге барар екен? Кімге барушы еді? Құдай кімге жазса, соған барады. Құдайдың жазған кісісі кім екен? Кім болушы еді? Әкесі кімге берсе, сол да. Әкесі қандай кісіге береді екен? Қандай кісі дерің бар ма? Кімді көңілі сүйсе, соған дағы. Көңілі сүйетін кісі қандай? Дүниеде жақсы кісі жоқ па? Беделді, біреу атақты; кейбіреудің көп берерлік малы бар «мал адамның бауыр еті», кейбіреудің сүйенерлік панасы бар, солардың біреуіне береді дағы. Зауда күйеу көңіліне ұнамай қалып, қыздың бармаймын деген қалпы білінсе, асса аймақтың атқамінерлері болып, қалса әке-шеше, аға-інілері болып, үнін өшіреді. Дәуірлеп бара жатса, байлап салып береді. Бірақ мұндай мінез жүз қыздың" бір қызынан ғана шығады. Қалған тоқсан тоғызы кеудесінде жаны, бетінде ары болса, ананы көріп тұрып, өздері де бүлк етпейді. Рас, бірен-саран қыздар үйде, не барғаннан кейін көңілі сүйген біреумен кетіп қалатыны да болады. Өйткенімен қолдан келсе, (қудалап жүріп жігіттен айырып алса) оған атар таң, шығар күн жоқ. Қолдан келмесе, өмірлік қағанатқа душар болып бұзылған арсыз атанып кете барғаны. Бұған батырлық ететін қыз қазақтан жүзден түгіл, мыңнан шықса қалай! Мұны керген қыздардың көпшілігі жағасын ұстап құдайына жалынады: «құдай-ай, пәлендей қыла көрме!» деп. Ол тілегі сондай рәсуа қылма деген тілек болса да, жоқ, соның ниетіндей ниет ойлата көрме деген тілек қылса да, әйтеуір ананың халін ұнатпаған тілек екенінде шүбә жоқ. Міне қазақ қызының күйеуге тиюінің жайы осы! Ал, енді қазақтың қатындары қандай халде болады, оны қарайық. Үй-ішінің барлық шаруасы қатынның мойнында: байының үсті кірлей ме, баласының үсті жыртыла ма, қайсысының қарны ашып қалады, неменеге көңілдері соғады? Солардың бәрін орындастыруға қатын міндетті. Қатын байына мынау қисық деуге правосы жоқ, не айтса, соны «құп» деуге борышты, не бұйырса, соны істеуге өлімді. Байы басын жарып, көзін шығарса да, кек тұтпайды. Қатын шет жерге шықпайды, үйден ұзап шығуға мұршасы да, билігі де жоқ. Қатын малға да ие емес, сезге де ие емес, «қатын қайраттанса, қазан пісіреді» дегендей, тек өзінің істейтін нәрсесін жинап ұстап, ұқсатып беруге ғана ие. Азырақ еркімен жүріп, еркін сөйлеңкіреген әйел болса, «ер қатынсып, байын билегенсіп, байсыз қатынға ұсап, айтқан жерден жырақ «Көрмеген көлге берсін!» деп қатын біткен жамандап өңір қылады. Қысқасы, қазақ әйелдері өздерін еркектің пайдасы үшін ғана жаратылған бір хайуан есебінде ұғады. Сондықтан өздерінде осы тұрмыстарына наразылық жоқ. Жалғыз-ақ олардың шырқын күндестік қана бұзады. Сөйтіп, олардың жігері тұрмыстың табанында езілген, мақсаты — «көйлегім көк, тамағым тоқ болса екен» ғана. Хат танитын әйел қазақ арасында жоққа есеп. Газет оқыған, заманның жайынан хабары бар әйелді қазақ арасында көзің де көрмейді. Бірақ соншама күн болып сезілсе де, соншама қараңғы надан болса да, басқа түрік әйелдеріне қарағанда артықшылық жерлері де жоқ емес. Мысалы, аса бір үлкен ақсақалды, яки бөтен бір кісі болмаса, жасырынып, қашқақ тұрмайды. Сөзге ашық, әзілге ұсталық, әдепті жайдарылық олардың, ілгері басуына ыңғайлылығын көрсетеді. Бостандық болғаннан бері әр жерде пәленнің қызы қашып кетіпті, түгеннің қатыны қашып кетіпті дегенді құлақ жиірек естеді. Бұл қазақ әйелдерінің бостандыққа қандай сусағандығын көрсетеді, жүрегінде сезімнің барлығын білдіреді. Мұнысы бостандыққа өздері ұмтылуда алғашқы адымы болғандығынан үлкен үміт туғызарлық іс. Бірақ адам қатарына жалғыз қашумен ғана жетпек емес. Егер де оларға осы бастан ғылым, білім, тәрбие кіргізіп көзін ашпаса, ылғи қашудың да аяғының неге соғарын құдай білсін! Біз әйелге тәрбие бергенде тұрмысқа, шежіреге сүйеніп бере аламыз. Және солардың ішіндегі татымды, тан,- даулысын өрнек қылып ұстауымыз керек болады. Бізге Европа еркекпен тең еркіндігінен, өнерлі-ғылымдығынан басқа жағы өрнек болуға жарамайды. Себебі әдеті, ғұрпы басқа — бір, тұрмысы үйлеспейді — екі. Діндес, қандас деп басқа түріктен алуымызға келмейді. Оның себебі оларда әрқайсысы әртүрлі тұрмыста және шариғатқа жала жауып әлі күнге жасырынбақ пердеден құтыла алмай келеді. Енді былай болғанда ғылым туралы ернекті кімде ғылым болса, сонан алып, тұрмыс жайында өзіміздегіні ендеп, еркіндікті мол кіргізуге құлаш ұруымыз керек. Бұл туралы өрнекті тұрмысы үйлесетін жұрттың еркін елінен алуға болады. Оның үшін өзіміз секілді көшпелі халыққа әм өзіміздің шеліреге көз салсақ, әйелдердің еркекпен қатар іске кірісіп отырғандығын жиі кереміз. Мысалы, түрікпенді аламысың бурятті аламысың қалмақты аламысың, ең аяғы шұбырып жүрген сығанды аламысың — солардың әрқайсыларының әйелдері еркектері не қылса, соны қылып араласып жүр. Қазақтық шежіресінде де, бабаларың өміріне көз салсаң жаугершілік заманда еркектің серігіне жарап батырлық көрсеткен әйел аз емес. Біз кереміз шежіре жүзінде де, тұрмыс жүзінде де еркін әйелден елеулі кісілердің шығуға мүмкін екендігін. Біз көреміз дін көзілдірігіменен қарағанда да, исламның нағыз аузынан жалыны шығып тұрған күндегі әйелдегі еріктің қандай екендігін. Бірақ берірек келген соң кәдімгі пайғамбардың мирасхорлары анау тарихтан да көз жұмды, мынау исламды да белшалғыға бұрды. Бұған себеп: әммә халифаларынан бастап ислам күшінің Иран қолына көшкендегі кейбір қара жүрек өмір әлмүминдердің өздерінін жауыз нәпістерінің қызығы үшін харам сарайы деп ат қойып ыңғай сұлуды үйірлеп оңаша бөлең ұстауларына исламды құрал қылғандықтарынан. Ислам әйелінің қорлыққа қалғаны туралы жүректің түкпірінен шығып, анықты айнадай көрсететін бір Иранның сөзі бар: суық сұрапылдық астында еркіндік ажалы күншығыстың желкілдеген жапырағын аспанға ұшырды. һималая тауының қош иісті гүлі, Шииранның байшешегі құрыйды, кебеді, онымен бірге мұсылманның әйелдері — ардақты қыршынның аналары олар да сондай қуарды. Сонан бері иесіз қораға қаптаған алабота, түйе қарындай құлдықпен азықтанып, қараңғы перденің астында барлық мұсылманның өмірі қалды деген. Осыған қарағанда мына көз алдымыздағы әйелді жазалы кісідей абақтыға жауып, сырға ыстағандай бет-аузын бүркеп қойып отырған халықтардың бұл әдетті қайдан алып-отырғандығы беп-белгілі. Осы әдет күншығыс мұсылмандарының (әсіресе шәһәрлі жердегісінің) көбінде бар. Сондықтан шәһәрлі жер, мәдениетті халық деп тұрмысқа үлгіні қала әйелінен алудың керегі жоқ, өйткені олардың оқығандары болмаса, оқымағандарының көбінің хұлқы дала әйелдерінен темен келеді, оған себеп надандығының үстіне кейбіреулерінің қамауда өсіп, ішінен бықсуы. Кейбіреулерінің еліктеп, көрсе қызарланып модаға өршігіштігі. Бұлардың мұндай болатындығы, әрине, жаралуда жамандығынан емес, тұрмыстың жаман шарттарынан пайда болып тұрғандығы айдан жарық. Әйел неғұрлым еркін болса (әйел түгіл, еркегінің өзі де) солғұрлым хұлқы түзу болмақ. Қазақ осы күнде бұрынғы тұрмыстың әрқайсысынан бірте-бірте айрылып келеді. Мысалы: бұрынғыдай айт пен той, ойын-сауық жоқ жерлерінде тіпті жоқ та, бар жерінде сүлдері ғана бар. Бұрынғы уақытта бұлардың қайсысында болса да әйел аралас болатұғын: құда. түскенде болсын, қыз ұзатқанда болсын, қазақ қатыңдарының күндіктері шағаладай болып, қаз-қатар отырып алып, құдалармен салғыласып жатқанын көретін едің. Шілдехана, қынаменделерде қыз-бозбалалар қарама-қарсы өлең айтысатын еді. Айттарда атқа мініп күйеулер қалыңдықтарын қуатын әдеттері бар еді. Ал бұ күнде бұлардың еркек-әйелден бірдей қалып отырған жеріне сөз де жоқ. Оған тұрмыс пенен заман кінәлі-ақ болсын, түгел қала қоймаған жерінде әйелдің араласуы бұрынғыдай емес. Оған себеп бұрынғылар надандығынан істеген. Шәһәрлі жердің әйелі еркекпен салғыласып, сөйлеспек түгіл көзіне көрінбей, көрінсе де маңайына жуымай қырындап, анадайдан «сіз, біз» деп тұрады. Біз дағы әйелдерімізді солардай әдепті, хұлықты, таза қылып ұстаймыз деп еліктейміз. Бұл еліктеу — дәнеңеге көзі жетпей соқыр еліктеу. Әдепті, көргенді болу ісі «біз» деген созбен ғана болмақ емес, хұлықты таза болуға көрінбей яки анадайдан ойқастап жүру шарт емес. Осы күнгі әйелді бұрынғы әйелдерден мінез-хұлқы тазарып асып кетті деп айта алмаймыз, қайта төмендеп кеміді десек дерміз. Адам баласы неғұрлым сырттан қысымшылық керсе, соғұрлым пейілі бұзылып, жүрегі қарая бермек. Бұл мінез адам баласы түгіл, ақылсыз айуанда да бар. Мысалы, кісіге ұмтылатын бура менен қабаған итті байлап отырсаң, бұрынғысынан жаман ызасы күшейіп, кісі алатын болып кетеді. Тегінде кімге болсын тәрбие бергенде кеңшілікпен берілмесе, еркіндігіне қарсы тұрып, қыспақпен жақсы мінезді қылып шығару мүмкін емес. Сөйтіп, біздің жоғарыдағы сөйлеп келе жатқан сөздерімізден не шықты? Үлгіні шежіреден алайық, басқа әйелі еркін жұрттан алайық, әйтеуір еркекте қандай еркіндік болса, әйелде де сондай еркіндіктің болуы — парыздығы. Еркек баланы қандай оқытып тәрбие беріп, түзеуге құмар болсақ, әйел бала туралы да сондай ұмтылуымыздың міндет екендігі. Егер де бұл жұмыс кеңескенде ғана ұнап, майданға шығуға сараңдығын қоймаса, ел боламыз деп кеңірдегімізді созуымыз бекер. Бір аяқ бір қолында жан жоқ кісінің батырлығы құрып қалсын!..

ЖАЗУШЫЛАРҒА

Газет, журнал екі-түрлі нәрсеменен жасамақ: 1) пұл, 2) жазушы. Мұны жұрттық бәрі біледі. Тегінде біздің бұл журналымыз шығарылғанда да көп үшін шығарылып отыр, пұлдан тарықпаса да, көптен тарықпайды. Жазатын нәрседен атсыраса да, көптен шыққан жазушылармен атсырамайды. Жазушы дегеніміз екі түрлі: бірі — әрі оқулы, газет, журналдың мәнісін білетін адамдар; екіншісі—көзі ашық қана, жазу танитын ел кісілері. Әуелгілерге біз жаз, жазба деп еш нәрсе айта алмаймыз. Өйткені, олар қолы тиіп, жазғысы келсе, біз айтпай-ақ жазар. Мысалы, доктор, фельдшерлер денсаулық жайын; учитель, мұғалімдер тәрбие жайын, агрономдар шаруашылық, жайын тағы сондай әркім өзінің жетелейтін нәрселері туралы жазып тұру ез борыштары, біз салғанда қолқаны елдегі жазу танитын ақсақалдар, жастарға саламыз. Олардың ішінде әдебиет, шежіре, шаруашылық, жайынан кеп қолғабыс тиетіндері бар. Мысалы, әр елдің атасын, хандардың ережесін, билердің мақал менен люрасын, ақындардың қайымын, батырлардың жорығын білетін кәрі құлақты ақсақалдар, неше түрлі ойын, қулық, жұмбақ жаңылтпаш білетін жастар, мал бағумен айналыс қылған байлар, аң аулау жайын білетін саятшы — құсбегілер, ат сынайтын сыншылар — қысқасы кімнің не білетіні бар. Хат білетіндер өзі жазып, білмейтіндерінен айтқызып отырып жазып алып, жіберіп отырушылар табылса, алғыс айтып құшақтай алар едің. Бұл туралы жазушылар сөзді келістіре алмаймын ғой, жазуым жаман ғой десіп қорғанып, болмаса өздері жібергенмен, кісінің сөзін баспайды, талай сөз жіберіп ем, біреуін баспаған соң, көңілім кайтыпты деп өкпелеп тоқталып қалулары лайық емес. Бірінші, адам өнебойы түзу сөйлеп бере алмайды. Екінші, басылуға лайықсызын бұрын жіберіп қоюға мүмкін (өзіне бәрі сірде көрінген соң), үшінші, сөз басылмай қалғандағы жарамсыздығынан қалып отырмақ емес, басқа да сөз Кінәлі болмайтын себеп толып жатыр. Сондықтан не сөз жіберілсе басылсын, басылмасын (басылатын болса нұр үстіне нұр ғой) пайдасы тимей қалмайды. Себебі, пікірге пікір қосылмақ; мағлұмат көбеймек. Ал жазушылар, біреуің ерініп, біреуің көрігіп, не қазақ, не өздеріңді менсінбеген кісіше мелшиіп қала бермей, барларыңа мырзалық қылыңдар!

1918

АҚЫННЫҢ ӨМІРІМЕН ШЫҒАРМАЛАРЫНА ҚОСЫМША ДЕРЕКТЕР, ТҮСІНІКТЕР

АҚЫН СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ

(Естелік)

І

Менің Сәбитпен ен алғашқы танысуым 1925-жылдың күзінде болды. Бұл уақытта Сәбиттің отызға жаңа аяқ басқан кезі еді. Одан бұрын Сәбитті Семейдің «Қазақ тілі» газетінде істейді деп еститінмін, бірлі-жарым өлеңдерін оқып та жүретінмін. Өзім Семейде тұрғын болсам да, «Комсомолға» деген тұңғыш өлеңімді басқа біреу арқылы Сәбитке жолдадым. Бірақ, оны газетке басыла қояр деп ойламадым. Екі күн еткен соң бұл өлең, Сәбиттің біраз түзетуімен газетте басылып шықты. Қай ада.м болса да жазған сөзі баспа бетінде тұңғыш рет басылғаның көргенде шексіз қуанышта болатыны көп азаматтардың, әсіресе жазушылардың бәріне мәлім. Осындай зор шаттық сезім маған да пайда болды. Мен Сәбитке өте риза болдым. Менше, ол өлең жазушылардың газетте отырған қамқоры сияқты көрінді. Сәбитті көруге, онымен сөйлесіп әңгімелесуге, одан ақыл-кеңес алуға асықтым.

Сәбит орта бойлы, толық денелі, қараторы, кең маңдайлы адам еді. Бірінші кездесуде оған «1905 жылғы революция туралы» өлеңімді көрсеттім. Ол асықпай жайлап оқыды, кейбір сөздердің астын сызып қойып отырды. Оқып шығып біраз ойланып отырды да:

— Өлең жазудың бірталай шарттары бар,— деп бастады ол,— жақсы елең шын тұрмыстан туады. Ақын тұрмысты жақсы білу керек. Ақын болу — білімді керек қылады. Білімсіз ақын — бейшара ақын деп Абай айтқан. Өлеңді жақсы жазу үшін: жігер, талап керек.

Осыны айтып маған қарап жымиып күлді де сұрақ қойды:

— Сен 1905 жылғы революциядан кейін тудың. Революцияны көрген жоқсың. Сонда...— дей берген кезде мен сасқалақтап не айтарымды білмей:

— Ол рас, солай екен ғой,— деп едім.

— Жоқ, тек керген нәрсені жазып, көрмегеніңді жазба десек, онымыз дұрыс та болмас. Өлең өмір тәжрибесінен, зерттеп, қанып, білген әңгімеден туса жақсы шығады,— деді.

Сәбит осы жолында көп ақыл-кеңес айтты. Тек өлең жайында ғана емес, тұрмыс, білім, жаңа құрылыс, жастар туралы көп нәрсе аңғартты. Екінші бір барғанымда әйелдер мейрамы — 8 март туралы сюжетке құрылған тағы бір елең аңғардым. Бірақ, менің сюжетті құру әдісім Сәбитке ұнамады. Ол өлеңнің сюжетін құру жөнінде өзінің кейбір тәжрибесін әңгіме етті. Сәбиттің өзіне ұнаған өлеңнің бірі «Бөшкенің зары» дейтін өлең. Бұл өлең 1924 жылы жазылған. Ол кезде а.уылда болыстыққа таласып, партия жасаушылар, үру таласын қоздырушылар аз емес-ті. «Бөшкенің зары» деген өлең осы сияқты партияқор, пысық, атқамінерлер тұрмысынан алынып жазылған. Осы өлеңнің құрылысы жөнінде Сәбит өзінің едәуір ізденіп, ойланғанын әңгіме еткені әлі есімде. Бұл өлең малын партияға шашып, қос қатын алған, кооператив мүлкін ішіп-жеген бай Бостанбай туралы жазылған екен.

— Партияшыл, жікшіл, оның үстіне қалыңмал төлеп, совет задына қайшы қылмыс істеп отырған бай, кулакты мысқылдап, келеке-сықақ ету үшін өлеңнің өзгеше түрін іздедік. Далада, есік алдында бос тұрған бөшкені жел күні сейіл еттім.

Бұл екі айдан бос тұратын бөшке еді,
Мұның заты
демесе ағаш — есті еді.
Шақты желге

Бостанбайдың зорлығын
(Кім біледі не себептен кешпеді?»)

Менің өз атымнан айтқаннан гөрі, жансыз бөшкеге сөйлетуім оқушы үшін әсерлі, қызықты әңгіме болар деп ұйғардым. Бостанбайдың партия жасап, елді өзіне тартып алу әрекетінде жүргенін, қылмысын, залымдығын бөшкеге сөйлету арқылы әшкереледім. Сондықтан осы түр жағынан да, мазмұн жөнінде де біркелкі тәуір шықты,— деді. «Сүлейменнің нануы» деген өлеңде Сәбит қос қатын алған Сүлейменді кекетіп, сөгіп шенейді. Сүлеймен дейтін бай тоқал алады. Оны бір тілші естіп газетке жазады. Бұрын газет сезін өтірік деп нанбайтын Сүлеймен бұл жолында әлгі хабар басылған газетті іздейді. Өйткені, хабар байдың езі туралы жазылған. Сәбит: «Сүке-ау, бұған қалай нандың?» деп байды сықақ етеді. Сәбит өлеңге өте сын көзімен қатты қарайтын. Өлеңнің әрбір сезіне ой жіберіп, салмақтап отыратын. Өлеңнің тақырыбын, жоспарын, оның ішінде келтірілетін жеке образдары, теңеу, салыстыруды күн бұрын ойластырып қойған дұрыс екенін үнемі ақыл-кеңес ретінде айтып отырушы еді.

ІІ

Сәбиттің өлеңге қоятын талабының күштілігін мынадан байқауға болады. 1924—25 жылдары, одан кейін де «Қазақ тілі» газеті осы күнгі Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көлеміне таралатын еді. Бұл айтылған жерлерде осыдан өзге қазақ тілінде шығатын газет жоқ еді. Сондықтан «Қазақ тілі» газетіне күніне ондаған хат түсетін. Ол хаттардың көпшілігі өлең болып шығатын. Редакцияда ол кезде 2-3 адам қызмет істейтін. Оның бірі — секретарь, екіншісі — аудармашы, немесе әдебиет қызметкері, үшіншісі — ауылшаруашылық, ағарту бөлімінің бастығы еді. Сәбитке тиісті ауыл шаруашылығы, өлең-әдебиет, мәдениет және әйелдер тұрмысы болатын. Бірақ, өлең газет бетінде оқта-текте болмаса, көп көріне бермейтін. Өлеңді өте сықтап, салмақтап, маңызына, көркемдік қасиетіне, актуальдығына қарап қана басатын. Газетке көбінесе, келешегінен үміт күтерлік адамдардың өлеңдерін жіберіп отыратын. Шынында да, Сәбиттің қоластында тәрбиеленіп өскен, оған борышты адамдар көп еді. Сәбиттен тәрбие алған, кейіннен совет үкіметі мен большевиктер партиясына адал істеген, көрнекті қызметте болған адамдардың, ақын, жазушы, газет қызметкерлерінің біразы ерте дүние салды. Мысалы, сондай адамдардан: Семей педагогика техникумын бітірген, кейіннен мұғалім болған Жұматай Забаев, ақын Самат Нұржанов, Семей губерниялық комсомол комитетінің секретари Жақыя Кенешев Сәбиттен төте тәрбие алған адамдар. Қазір Алматыда қызмет істейтін тарих ғылымдарының кандидаты Мұсатай Ақынжанов, жазушы Дихан Әбілев, Павлодар облысы Ертіс аудандық комитетінің секретары Мұхсын Қордабаев, Жамбыл облыстық газеті «Сталин жолы» ның редакторы Ғайса Сармұрзин, Қарағанды облысының газеті «Советтік Қарағанды»ның редакторы Бейсенғали Тайкіманов, Аягөз ауданындағы «Жаңа ауыл» газетінің редакторы Бейсенғали Кірбетов, осы сияқты ондаған адамдар Сәбиттен тек кеңес-ақыл алып қана коймай, оның ақындық, жазушылық шеберлігінен үлгі алып, одан көп нәрсе үйренді де. Сәбиттің жалпы білімі орта дәрежеге жуық еді. Ол белгілі бір мектеп бітірмесе де езінін, талабы, дарындылығы аркасында естіген, оқыған әңгімелерін бойына сақтай білген. Сәбиттің өзінің айтуынша әкесі Дөнентай кедей шаруа болған, Сәбитті өздігінен оқытуға шамасы келмеген. Сондықтан оның алғаш рет мұсылманша осул-жадит жолымен оқуына көмекші өзіне туыс ретінде жақын Сәния Ертісбаева болған екен. Мұнда екі-үш жылдай молдадан оқып, жақсы хат танып шыққан. Тек хат тану ғана емес, Сәбиттің өзінше айтсақ «дүние тануы басқаша, сол кездегі көзі ашық қазақ азаматының бірі» болған. Бұл Сәбиттің сол кездегі елеңдерінен де көрінеді. Сәбиттің 1915 жылы «Уақ-түйек» деген екі бөлең өлең, кітабы Уфа қаласында басылып шығады. Ол кезде кітап бастыру өте қиын екендігі сөзсіз. Бұл екі кітапты жоғарыда айтылған Сәния Ертісбаева бастырып шығарған екен. Сәбит осы екі кітабы шыққаннан кейін-ақ белгілі ақын бола бастаған тәрізді. Өйткені, «Қазақтарға қарап» дейтін әрбір сөзі ылғи «к» әрпімен басталатын 20 жол елеңі әркімнің аузында таралып кеткен. Өлеңнің әрбір сөзі 5-6 шумақ бойына осындай бір әріппен басталып отыратын өлең үлгісі әдебиетте өте сирек, тіпті кездеспейді десе де болар. Осы өлеңіне кейінгі кезде өзі де таң қалатын. Сәбит 1918 жылы Семейге келеді. Онда Семейде «Сарыарқа» газеті шығатын. Сәбит осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де («Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға») осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да Семейде болып Мұхтар Әуезовтен орыс тілі сабағын жеке (частный) оқиды. Сол жылы Сәбит Павлодарға, еліне қайтады. Енді ұлтшылдардан көңілі қала бастайды. Бұл ретте Сәбит езінін, ол кезде жастығын, басында ұлтшылдардың ықпалына ергенімен, кейін одан тайқып шыққандығын айтатын еді. Мұны сол уақытта жазылған «Қаулы» деген өлең едәуір дәлелдейтін тәрізді.

ІІІ

Совет өкіметі орнаған соң, 1923 жылға дейін Павлодар уезінде халық, соты болып қызмет атқарады. Бұл уақыттарда өлең жазуды мүлде дерлік тоқтатқан тәрізді. 1923 жылы «Қазақ тілі» газеті редакциясының және Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруы бойынша. Сәбит Семейге келеді. «Қазақ тілі» газетіне қызметке кіреді. Осы мезгілден былай Сәбит творчествосында жаңа дәуір басталады. Сәбит өлеңіндегі ірі өзгерістің бірі оның идеясының нағыз советтік бағытқа көшуі еді. Мысалы, 1924 жылы көктемде жазылған «Саудагер мен шошқа» деген өлеңінде Сәбит арамтамақтарды, жатып ішетіндерді, біреудің есесінен күн көретін қансорғыш саудагерлерді шошқадан да бетер, нәжіске үйір айуан түрінде суреттейді. Сәбиттің тілі сықақ-келеке, мысқылға икемді өткір еді. Тіпті жәй сөйлесіп отырғанның өзінде бір кемшілік, жолсыздық туралы айтса, оның жер-жебіріне жете, орнынан тұрмастай етіп ажуалап тастайтын. Алғашқы кездесіп сөйлескенде бірден-ақ Сәбиттің сезге шебер, шешен, ділмар екенін байқауға болатын. Оның ой елегінен екшеліп шыққан сөз естіліп, ширатылып, біріне бірі іркес-тіркес түйдектеліп, пікірін дәлелдей түсетіндей еді. Кей сөздері шешен, билердің сезіне де ұқсап қалатын. Ол жәй сөйлесіп отырғанның өзінде мақал-мәтел, елдің шешендерінің өткір, мағыналы, нақыл сөздерін орнымен қолданатын-ды. Сөйлеген сайын әңгі істеген, көрнекті қызметте болған адамдардың, ақын, жазушы, газет қызметкерлерінің біразы ерте дүние салды. Мысалы, сондай адамдардан: Семей педагогика техникумын бітірген, кейіннен мұғалім болған Жұматай Забаеб, ақын Самат Нұржанов, Семей губерниялық комсомол комитетінің секретари Жақыя Кенешев Сәбиттен төте тәрбие алған адамдар. Қазір Алматыда қызмет істейтін тарих ғылымдарының кандидаты Мұсатай Ақынжанов, жазушы Дихан Әбілев, Павлодар облысы Ертіс аудандық комитетінің секретары Мұхсын Қордабаев, Жамбыл облыстық газеті «Сталин жолы» ның редакторы Ғайса Сармұрзин, Қарағанды облысының газеті «Советтік Қарағанды»ның редакторы Бейсенғали Тайкіманов, Аягөз ауданындағы «Жаңа ауыл» газетінің редакторы Бейсенғали Кірбетов, осы сияқты ондаған адамдар Сәбиттен тек кеңес-ақыл алып қана қоймай, оның ақындық, жазушылық шеберлігінен үлгі алып, одан көп нәрсе үйренді де. Сәбиттің жалпы білімі орта дәрежеге жуық еді. Ол белгілі бір мектеп бітірмесе де өзінің талабы, дарындылығы арқасында естіген, оқыған әңгімелерін бойына сақтай білген. Сәбиттің езінін айтуынша әкесі Дөнентай кедей шаруа болған, Сәбитті өздігінен оқытуға шамасы келмеген. Сондықтан оның алғаш рет мұсылманша осул-жадит жолымен оқуына көмекші өзіне туыс ретінде жақын Сәния Ертісбаева болған екен. Мұнда екі-үш жылдай молдадан оқып, жақсы хат танып шыққан. Тек хат тану ғана емес, Сәбиттің өзінше айтсақ: «дүние тануы басқаша, сол кездегі көзі ашық, қазақ азаматының бірі» болған. Бұл Сәбиттің сол кездегі елеңдерінен де көрінеді. Сәбиттің 1915 жылы «Уақ-түйек» деген екі бөлек өлең кітабы Уфа қаласында басылып шығады. Ол кезде кітап бастыру ете қиын екендігі сөзсіз. Бұл екі кітапты жоғарыда айтылған Сәния Ертісбаева. бастырып шығарған екен. Сәбит ескі екі кітабы шыққаннан кейін-ақ белгілі ақын бола бастаған тәрізді. Өйткені, «Қазақтарға қарап» дейтін әрбір сөзі ылғи «к» әрпімен басталатын 20 жол өлеңі әркімнің аузында таралып кеткен. Өлеңнің әрбір сөзі 5-6 шумақ бойына осындай бір әріппен басталып отыратын өлең үлгісі әдебиетте өте сирек, тіпті кездеспейді десе де болар. Осы өлеңіне кейінгі кезде өзі де таң қалатын. Сәбит 1918 жылы Семейге келеді. Онда Семейде «Сарыарқа» газеті шығатын. Сәбит осы газетке экспедитор (газетті жөнелтіп тұрушы) болып 5 айдай қызмет істейді. Оның ұлтшылдық сарындағы өлеңдері де («Адаспаспыз», «Сарыарқа анамызға») осы кездерде жазылған. 1919 жылдары тағы да Семейде болып Мұхтар Әуезовтен орыс тілі сабағын жеке (частный) оқиды. Сол жылы Сәбит Павлодарға, еліне қайтады. Енді ұлтшылдардан көңілі қала бастайды. Бұл ретте Сәбит өзінің ол кезде жастығын, басында ұлтшылдардың ықпалына ергенімен, кейін одан тайқып шыққандығын айтатын еді. Мұны сол уақытта жазылған «Қаулы» деген елең едәуір дәлелдейтін тәрізді.

ІV

Совет өкіметі орнаған соң, 1923 жылға дейін Павлодар уезінде халық соты болып қызмет атқарады. Бұл уақыттарда өлең жазуды мүлде дерлік токтатқан тәрізді. 1923 жылы «Қазақ тілі» газеті редакциясының және Семей губерниялық атқару комитетінің шақыруы бойынша. Сәбит Семейге келеді. «Қазақ тілі» газетіне қызметке кіреді. Осы мезгілден былай Сәбит творчествосында жаңа дәуір басталады. Сәбит өлеңіндегі ірі өзгерістің бірі оның идеясының нағыз советтік бағытқа көшуі еді. Мысалы, 1924 жылы көктемде жазылған «Саудагер мен шошқа» деген өлеңінде Сәбит арамтамақтарды, жатып ішетіндерді, біреудің есесінен күн көретін қансорғыш саудагерлерді шошқадан да бетер, нәжіске үйір айуан түрінде суреттейді. Сәбиттің тілі сықақ-келеке, мысқылға икемді өткір еді. Тіпті жәй сөйлесіп отырғанның өзінде бір кемшілік, жолсыздық туралы айтса, оның жер-жебіріне жете, орнынан тұрмастай етіп ажуалап тастайтын. Алғашқы кездесіп сөйлескенде бірден-ақ Сәбиттің, сөзге шебер, шешен, ділмар екенін байқауға бол'атын. Оның ой елегінен екшеліп шыққан сөз естіліп, ширатылып, біріне бірі іркес-тіркес түйдектеліп, пікірін дәлелдей түсетіндей еді. Кей сөздері шешен, билердің сөзіне де ұқсап қалатын. Ол жәй сөйлесіп отырғанның өзінде мақал-мәтел, елдің шешендерінің өткір, мағыналы, нақыл сөздерін орнымен қолданатын-ды. Сөйлеген сайын әңгімені дәмдендіріп тың пікір, тың ойларды үздіксіз шығара беретін тәрізді еді. Ақынның мінезінде жиі өзгерушілік, тез, шапшаңдық қимыл байқалмайтын. Сәбиттің мінезі салмақты, орынсыз көп сөйлей бермейтін, кісіні сынағыш, болымсыз әрекеттен үлкен сөлекет, оғаш мінез таба білетін, кемшілікті ажуалап, мысқылдауға жетік еді. Бұл мінезі өлеңдерінде де кездеседі. Оның жазған өлеңінен Абайдан көп үлгі алғаны көрінеді. Сәбит адамды тез тани білетін психолог еді.

Осы ретте мына бір әңгімені еске түсіру артық емес.

Семейдің «Прииртышская правда» газетінде бір күні жаңа келген жас қызметкер пайда болды.

— Осы адам бұрын жақсы тұрған екен, алыстан келген болар,— деді Сәбит.

— Оны қалай білдіңіз,— дедім.

— Аяғындағы тозған хром етік, үстіндегі жүннен тігілген костюм талай жол жүріп шаң басып, күнге күйгені байқалып түр. Ұзақ жолдан келген болу керек.

Сұрастыра бастасақ, шынында, ол адам Қиыр шығыстан келген екен. Сәбиттің болжауы дұрыс шықты. Сәбиттің қалжыңға ұста, мысқылшыл, тапқыр екенін жоғарыда айтсам керек. Семейде 1926 жылдарға дейін қызмет істеген, Шанин дейтін адам Сәбит Дөнентаевты көргенде қалжыңдап:

— Дөнен Қаратаев, амансың ба? — дейді.

— Е, мен денең қаратай болсам, сен сияқты шаналарды онда бір, мұнда бір соғып, сүйретіп ала жөнелермін,— деп тоқтатады.

Сәбит қай әңгімені болса да, әсіресе әдебиет туралы әңгімелерді өте келістіріп бабына, нақышына келтіріп айтатын еді. Сөз арасында мысқыл, сықақ, өткір пікір жиі кездесетін. Әңгіме айтқанда көзін төңкеріп тастап, жүзі сұрланып, асықпай, саспай сабырмен сөйлейтін. Сөздері табанды, алымды, мағыналы келетін.

Осы ретте мына бір әңгімені айта кетейін.
* * *

Семейде (кейінгі жылдары Алматыда тұрды) Самат Нұржанов деген ақын болды. Оның ақындық дәрежесі жөнінде бұл жерде пікір айтпақшы емеспін. Азды күн болса да, Самат Сәбиттің тәрбиесінде болғандығын жоғарыда ескерткенмін. Саматтың да туып, өскен жері Павлодар маңы. Оның әкесі Әбіш ертеде Семинарияда оқыған. Самат жасында ерке, шолжың, оның үстіне жуас болған, 1914 жылы Самат үлкен шешесінен ақша сұрап алып, Абайдың 20 шақты өлеңін Казань қаласына жіберіп кітап етіп бастырады. 1915 жылы «Айқап» журналында оның түңғыш өлеңі басылады. Бертін, совет өкіметі орнаған жылдары Самат баспасөз бетінде өлеңді жиі жаза бастайды. Бірақ, сол кездегі сыншының бірі—«Ү» «Самат өлеңдеріне сын» деген тақырыпқа мақала жазып, оны жер-жебіріне жеткізе қатты сынайды. (1924 жылғы «Жас қазақ» журналында). Содан былай Самат өсудің орнына өше бастайды. Еңсесі түсіп, кері кетеді. Осы Самат 1932 жылы Семейде «Қызыл дала» газетінің редакторының орынбасары болып қызмет істеді. Сол жылдың күзінде ол Москвадағы журналистика, институтына оқуға жүрмекші болды. Мұны естіп Сәбит Саматтың пәтер үйіне келді. Ол хош айтуға, ақыл-кеңес беруге келгендігін Саматқа ескертті. Сәбит жай ғана әр нәрсенің жағдайын сұрап, көп сұрауға қысқа ғана жауап беріп отырды. Бірден-бірге өрлеп, сатылай отырып Сәбит көп әңгіме айтты. Бірақ, Саматқа айта.тын ақылын әлі бастаған жоқ. Қатаң айтар екен деп ынтыққан Самат Сәбиттің сөзін көңіл аудармай тыңдап отыр. Саматқа ұрсып та, ақырын да айтты. Ақыл да, кеңес те берді. Үш сағатқа жуық әңгіменің соңында Сәбит сөзін қорытты. Сәбит Самат өмірі туралы айта. келіп, оның жасында ерке, шолжың, бос болып өскенін, соның салдарынан өсе келе жігерсіз, қайратсыз, жасық адам болғандығын ыспаттады. Міне мұның трагедиясы осы деді. Саматқа айтқаны екі-ақ ауыз сөз: «Арақ ішуді тоқтат», «Көпшілікпен тығыз байланыс жаса». Бірақ, бұл екі сөз Саматтың өңменіңен етіп, зердесіне жеткендей болды, бұл сөз әбден ыңғайына, кезіне келгенде ғана айтылды. Сәбит сөзінің әсері сондай күшті болды — Самат та, оның қасындағы жолдастары да көздеріне жас алып, жыласты.

V

Сәбитті 1933 жылдарға дейін сыншылар түрлі саққа жүгіртіп, біреулері ұлтшыл, біреулер жолбике, енді біреулер кедей шаруа ақын деп ат қойып, айдар тағып жүрді. Сәбитке шын дұрыс баға тек соңғы жылдары ғана берілді. Оның алғашқы кейбір өлеңдерінде ұлтшылдық сарын болғанымен, кейін совет үкіметі мен большевиктер партиясының саясатын оның шын пейілімен қостағанын көреміз. Сәбиттің өзінің көзі тірісінде оның өлеңдері туралы баспасөзде екі-үш рет сын мақалалар шықты. Осы сын мақаланың екеуін Сәбит Мұқанов жазған еді. Мұның бірі Қазақстанның он жылдығы туралы жинақта қазақ, совет әдебиетіне шолу (обзор ретінде басылған). Бұл мақала қысқа жазылған, оның ішінде Сәбит Дөнентаев туралы айтылған пікір өте шағын. Осы мақалада Дөнентаевты кертартпа ақын деген қорытынды жасаған еді. С. Мұқановтың қазақ республикасының он жылдығына арналған мақаласында мұндай жағымсыз пікір айтуына Дөнентаев қатты наразы болды. Осы айтылған оқиғадан кейін бірнеше айдан соң Сәбит біздің үйге келді. Бұл 1932 жылы мартта еді. Шай ішіп отырып, дастархан үстінде Сәбит тағы бірсыпыра әңгіме айтты. Бұл айтқандары келте, қысқа әңгіме еді. Бірақ, оның жүрегінде сақталған әлдеқандай сыр, өзіне тән ерекше қуаныш бар тәрізді көрінді. Шынында осылай екен. Сәбит содан екі-үш күн бұрын өзінің көршісінің бірінен (Белағаш көшесінде тұрғанда) XX ғасырдағы қазақ әдебиеті туралы Сәбит Мұқановтың кітабын алып оқыпты.

— Сәбит Мұқанов бұл жолында мен туралы әділ, объективный пікір айтуға тырысыпты. Кітаптың қалыңдығы үш еліге жақын. Менің творчествома 23 бетін арнапты,— деді.

Ол осы жерде Мұқанов туралы соңғы кездегі көзқарасын айтты.

— Мұқанов қалай болып барады,— деген менің сұрағыма.

— Соңғы жылдары едәуір еңбектер жазыпты, өзі талантты адам болса керек. «Көмір — коммунизм» деген тағы бір өлең кітабы шығыпты. Өлеңнен қара сөзге шебер екені «Адасқандар» деген соңғы романынан да көрініп тұр,— деді. Сәбит ез творчествосы туралы Мұқановтың соңғы кітабындағы пікірге қосылатын сияқты еді. Өзінің кемшілігін, қателіктерін көрсеткен жеріне де мойын ұсынғандай болды. Екінші жағынан қазақ, әдебиетінен өзіне тиісті орнын алғанға іштей қуанып, оған қанағат еткендей еді.

Осыдан кейін Сәбитке ерекше бір өрлеу пайда болды. Оның ескілікті безгек ауруы қозғалып едәуір сырқаттанып жүрсе де жазуға құмарлығы басылмағанда.й. Екі сөзінің бірінде:

— Жас болса келіп қалды, күрделі бір еңбек жазсам деген ойым бар. Жастан жиған азын-аулақ білім мен тұрмыс тәжрибесін қосып келелі әңгіме жазып көрсем деймін. Кім біледі ол арманымды орындай аламын ба, жоқ па? — деуші еді.

Сәбит сол жылы жазғытұры өлеңдерін жинатып, баспаға толық жинақ, етіп бастырмақшы болды. Семейдегі ескіше оқыған мұғалімдердің бірінен «Уақ-түйекті» тауып алды. «Қазақ тілі», «Жаңа ауыл» газеттерінде, «Таң» журналында басылған өлеңдері де өз қолында бар еді. Осы соңғы өлеңдерін, совет тұсында жазылғандарын жеке кітап етіп басу үшін Қазақстан мемлекет баспасына. үш рет қолмен көшіріп жіберді. Бірақ, сол өлеңдер дер кезінде басылмай, жоғалып кетті.

V

Сәбиттің өз айтуына қарағанда 1918 жылдар шамасында ол Сибирьдің бір ақынының (фамилиясы Березовский болса керек) қазақ тұрмысынан жазылған поэмасын аударған. Бұл поэма түгелге жақын аударылып, бірақ баспа жүзінде жарияланбаған. Осы поэманың аудармасы елде Сәбиттің кітаптары арасында қалып, сол бойы табылмады. Сәбит өзінің көзі тірісінде Абдуллин Байқат деген туысына осы қолжазбаны ауызша тапсырған екен, ақырында ол поэма ұшты-күйлі жоқ болып шықты. Сәбит «Қазақ тілі» газетінде қызмет істеген кезінде (1926 жылы июнь-июль айлары кезінде) қазақ еңбекшілерінің 1916 жылы патшаға қарсы көтерілісі жайында арнаулы қабырға газеті шығарылды. Осы қабырға газетінде Сәбиттің бұрын ешқайда басылмаған 1916 жыл туралы 7-8 шумақ өлеңі басылды. Әрине, бұл сюжетке құрылмаған, жай ғана өлеңнің бірі болса да, бұл да Сәбит творчествосы ішіне қосылып, баспаға берілуіне әбден болатын өлең. Сәбиттің революдиядан кейінгі, әсіресе 1923 жылдан кейінгі өлеңдері: совет құрылысына, жетім, жалшылар өміріне, еңбекші әйелдерге, жұмысшыларға, комсомолға, Ленин мен Сталинге, Октябрь, Май мейрамдарына, «1905 жылғы революцияға», «Париж коммунасына» тағы басқаларға арналған. Оның Ленин қайтыс болған күнге, Ленин өлімінің бір жылдығына, бес жылдығына, Лениннің балалық шағына арналған өлеңдері де бар. 1929 жылы И. В. Сталиннің 50 жасқа толған күніне Сәбит екі өлең жазып, редакцияға әкеліп оқыды. Екі өлеңнің де жалпы сарыны, идеясы бір болғанмен, ырғағы, екпіні екі түрлі еді. Өлеңнің газетке басылған вариантын жақтаушылар үш адам еді. Олардың ішінде редактордың орынбасары бар. Ал, газетке басылмаған вариантын редакция қызметкері Мұхсын Қордабаев, Мұсатай Ақынжанов және Сәбиттің өзі қолдаған болатын. Ал, шын мәнісінде өлеңнің газетке басылған түрі еркін, әдемі, мазмұнды болып шыққан: Болаттан да қайраты артық Көпті бастап, көшті тартып, Оттан аман алып шыққан Отынан, солдан ескен шалқып... дей келіп, Сталиннің 50 жасқа толуын құттықтайды, оның әлі де ұзақ жасауын тілейді. Сәбиттің 1930 жылы «Жаңа ауылда» басылған «Пролетар жыршыларына» деген өлеңі оның өзінің совет поэзиясына көз қарасын толық бейнелейді. Сәбит өмірінің соңғы жылдарында, әсіресе, 1929 жылдан 1932 жылға дейін өлең жазуды сиретті. Ақын бұл жылдарда ұзаққа созылған безгек ауруының меңдетуі салдарынан жұмысқа жең сыбанып кірісе алмады. Бір жағынан ауруды уайымдап, содан хауіптенген сияқты.

— Елге барсам, қымыз ішіп, таза ауада еркін жүрсем, сырқаттан айығар ма едім,— деген арманды екі сөзінің бірінде аңғартып отыратын.

1930 жылдың май айында. Сәбит «Жаңа ауыл» газетінен біржола босанып елге, Павлодарға көшті. Сол жылдың күзінде Павлодар аудан орталығы болды. Сәбит Бесқарағай ауданындағы Беген дейтін ауылға (басында аудан орталығы) мұғалім болып орналасады. Үй-ішімен көшіп келеді. Бұл кезде әйелі Хорлығайынның да көкірек ауруы аздап қозғала бастайды. Сәбит сол жерде бірер жылдай қызмет істейді. 1932 жылы февраль айында Сәбиттен хат алдым. Ол кезде мен Семейдегі қалалық «Қызыл дала» газетінің секретары едім.

— Бұрынғы үйренген жерге, жақын жолдастарға барсам деймін. Редактормен, партия орындарымен сөйлесіп, хабарын жібер,— депті.

Семей — Шығыс Қазақстан облысының орталығы болу, облыстық газет шығару мәселесі қолға алына бастаған кез еді. Сәбитті шақыру керек деген пікірді айтып, редактор бұл жұмысты маған тапсырды. Сәбитке хат жаздым, дереу Семейге келу керектігін, сұраған адресін (біздің үйіміздің адресі Профинтерная көшесі, 16) көрсетам. Сәбит Семейге келісімен «Қызыл дала» газетіне қызметке алынды. Пәтер мәселесі де біртіндеп шешілді. Белағаш көшесінде № 40 үйден бір бөлме берілді. Сәбит газет материалын даярлауға араласа бастады. Ол өзі жазса да, басқа біреудің жазғанын түзетсе де көп ойланып, ақылға салып, сараптан еткізетін. Бір хабарды өң деп, түзеп баспаханаға жіберу үшін бір-екі сағат уақытын жұмсайтын. Ақырында, 100 жол материалды қорыта келгенде 20-30 жолдан асырмайтын еді. Материалды жазуға да, қорытуға. да жалықпайтын. 1923 жылдан 1930 жылға дейінгі кезеңде Сәбит редакцияда нелер қиын жұмысты атқарған. Сол кездегі редакторлар (Зәбиров т. б.) Сәбиттің сонша өнімді жұмыс істегеніне таң қалып жүреді екен. Кейде Сәбит редакцияда жалғыз қалатын кездер де болып жүрген. Ол кей жылдары демалыс та алмаған.

Оның денсаулығының нашарла.уына басты себеп осылар болса керек. Соңғы кезде Сәбиттің елеңді онша көп жаза алмағандығын айттым. Оның Семейге кейінгі келген жолында ең соңғы жазғаны «Біздің колхоз бәйге алады» деген өлең. Бұл өлең облыс жазушыларының күшімен шыққан «Егіс жыры» деген жинақта басылды. Осыдан кейін Сәбит өлең жаза алған жоқ. Тек болғаны бұрын-соңды жазған өлеңдерін жинастырып «Уақ-түйек» тегі кейбір өлеңдерін үстінен түзетіп, Алматыға алып барды. Бұл өлерінің алдында 1933 жылы апрель айында еді. Партия мен үкіметтің күнделікті саясатының бағытын дұрыс түсіне білу, күнделікті тұрмыстың қарқынынан қалып қоймауды кездеу Сәбиттен әрқашан байқалып отыратын. 1929 жылы колхоздасудың алғашқы кезеңінде редакцияға жаңа ұйымдасқан колхозда.р туралы хат-хабар үнемі түсіп тұратын. Бір күні Аягөзде жаңа колхоз ұйымдасқаны туралы тілшінің хаты келді. Ол хатта коммуна ұйымдастыру мәселесі де қозғалған екен. Редакция қызметкері Мұхсын Қордабаев (партия мүшесі) қазір коммуна құру өте дұрыс, деді.

— Жоқ, бірден коммуна болу қиынға соғар, әуелі артель болғаны дұрыс, содан бірте-бірте жоғарылап өсуі керек,— деді Сәбит.

Осы әңгіменің өзінде Сәбит колхозға. шаруаларды біртіндеп еркімен ұйымдастыру партияның колхоздастыру ұранын дұрыс жүзеге асыруға болатынын айтып, кеп дәлел келтірді. Колхоз құрылысын әуел бастан құттықтап қарсы алған Сәбит жаппай колхоздасу дәуірінде көрнекті шығарма бере алған жоқ. Бұдан көрі ол ірі байларды конфискелеу тақырыбын жақсы қамтыды. Бұл жөнде екі өлең жазды, оның бірі: «Ескі өмір күйреді», екіншісі «Бай мен комсомол», мұның екеуі де кезінде Семей газетінде («Жаңа ауылда») басылған.

VІ

Сәбит орыс тілін еркін түсініп, орысша газет, журнал, кітап оқуға шамасы келген кезінде Россияда, соның ішінде Қазақстанда совет үкіметі орнаған болатын. Ол Пушкиннің, Лермонтовтың, Гогольдің, Белинскийдің шығармаларына таныс еді. Сонымен қатар совет жазушыларының шығармаларын да, М. Горькийдің, Д. Бедныйдің, В. Маяковскийдің және басқаларының шығармаларын оқығандығын білдіріп отыратын-ды. Сәбит ескіше әжептәуір оқыған адам. Түрікше кітаптарды өздігінен оқып түсіне білетін. Қазақтың революциядан бұрынғы көркем әдебиет байлығы өте шамалы болғандықтан, орысша тілді жете білмегендіктен Сәбит жас кезінде татар әдебиетін көп оқыған. Әсіресе, «Уақыт» газетін, «Таң», «Шора» журналдарын үзбей оқып тұрған. Сәбит творчествосына татар әдебиетінің тигізген әсері болмай қалмаған тәрізді. Татардың халық, ақыны Ғабдолла Тоқай өлеңдерінің кейбірін Сәбит жатқа білетін. «Рамазан (ораза) айында шайтандардың азғыруы» деген Тоқайдың өлеңін Сәбит қазақ тіліне аударып, оны «Уақ-түйекке», одан кейінгі жинағында да енгізген. Татар ақындарының ішінен Тақташты, Дәрдмәнді (Закир Рамеевті) көбірек оқитын. Шайхзада Бабичтің өлеңін аса сүйсініп оқығаны әлі есімде. «Терең тамырлар» романын (татар тілінде) екі күндей бас алмай оқығанын өз көзіммен кердім. Әрі татар тілінде, әрі жаңа, латынша әріппен басылған бұл кітапты тез оқып шығу тым қиынға соқты,- Сонда да, бастаған ісін аяқтамай тынбайтын Сәбит кітапты ақтық бетіне дейін оқып бітіріп шықты. Алдында одан бұрын оқып едім, мен сондықтан: «қалай екен» деп сұрау қойдым, Сәбиттің пікірін, әділ сынын естігім келді. Ол оқып болысымен: «Уһ» деп демін алды да: — «Ішінде бірге жүргендей болдым ғой», деді. Басқа сөз айтпады...

VІІ

. Сәбит редакция маңында жүрген кезінде жастарға көп үлгі-өнеге берді. Өлең жазатын жастар ақыл-кеңес алу үшін Сәбитке жиі келетін. Ауылдардан Сәбиттің атына кеп хаттар түсетін. Осы кезде Сәбит жастардың өлеңдеріне газет бетінде үнемі обзор (шолу сын) жазып, немесе, ауызша кеңес беруші еді. 1927 жылы Октябрь мерекесінің 10 жылдығы қарсаңында «Қазақ тілі» газетінің редакциясына көптеген өлеңдер келіп түсті. Оның ішінде: Дихан Әбілевтің, Б. Толғажановтың, Т. Хасановтың, Нұрлыбек Баймұратовтың, осыны жазып отырған адамның да елеңдері бар еді. Бірақ, бұлардың ешқайсысы да газетке басылған жоқ. Сәбиттің өзінің «10 жылдың жемісі» деген өлеңі ғана басылды. Ал, басылмаған өлеңдер жөнінде газеттің келесі номерінде Сәбит обзор (сын) жазды. Бірнеше еленді жеке мысал ретінде алып, олардың тәуір, көркем жақтарын айтты. Сонымен бірге бұл өлеңдердің тұтас алғанда газетке басуға жарамсыз екенін көрсетті. Сәбит редакцияға түскен елеңдерге осылайша обзор жасап, кейде «Басқармадан жауап» деген белімде жауап қайтаратын. Сәбит жас жазушыларға үнемі көмек көрсетіп, ақыл айтып отырды. Елге барғанда ауыл ішінде талапты жігіттерді сұрастырып жүретін. Бір жылы (1928 жылы бол¬са керек) Баянауылға демалысқа барғанда Дихан Әбілевті әдейі іздегенін айтты. Сәбиттің 1924 жылы, редакцияға алғашқы келген кезінде Семей педагогика техникумында оқушылардың ішінде өлең, әңгіме, пьеса жазуға талаптанып жүргендері де аз болмады. Ондайлардың ішіндегі үміт күтетіндерінің өлең, фельетондарын газетке басу жөнінде Сәбит көмек көрсетіп отырған. Бұл жылдары көркем сауықшылар үйірмелері Семейде ете кеп болатын. Олар шағын пьесаларға зәру еді. Пьеса жазушылар Сәбитке жазғандарын көрсетіп, ақыл-кеңес алып тұратын. Бірақ, олардың ішінде екі-үш адамның атын тізіп, оларды кезекпе-кезек сөйлестіріп, бір түнде бір пьеса жазып шығатын мылжың дарынсыздар да болған.

Сәбиттің «Драмашыға» деген елеңіндегі:

Сендей тауық балапанын Бір-ақ күнде шығара ма? Ағаң менен жеңгең сөзі Барлық жаңға тұра ала ма?

деуі осыдан...

Сәбиттің 1924 жылы басылған «Жалдама сандуғашқа» деген өлеңі өзінің айтуынша мынадай жағдайда жазылған: Сәбит әйелі Хорлығайын екеуі Павлодар қаласында жүрген кезінде атақты скрипка тартушы (фамилиясы ойымда жоқ) адаммен бір мәжілісте болады. Бірақ, скрипка тартушы адам ақша дәметкен болса керек, түрлі сылтау айтып скрипканы тартпайды. Сәбит езі де, әйелі де жалынып, құштар болса да, ақыры одан ешнәрсе шықпапты. «Жалдама сандуғашқа» елеңі сол скрипкашыға ыза болудан туып еді, деді. Кейін Сәбиттің осы өлеңі газетке басылған соң Мәжит Дәулетпаев деген (1934 жылдары «Қызылжар» деген роман жазған) біреу бұған елеңмен жауып қайтарды. Оның себебі «Жалдама сандуғаш» өлеңі Мәжиттің езіне арналып айтылған деп қате ұқса керек. Сәбит газетте оншақты жыл қызмет істеді. Ол газетке өлең ғана емес, нешетүрлі қызық өткір фельетон, саяси мақалалар да жазған адам. «Өтірікті айтушы болса, сатып алушы да табылады» деген фельетон (1925 жылы) күні бүгін маңызын жоймаған саяси өткір сықақ. Жастарға ақыл, денсаулық сақтау жөнінде кеңес, әйел теңдігі жөніндегі мақалалар — бәрі де Сәбитке жүктелетін.. Мұндай мақалалар газетте номер сайын «С. Д.», «Жанас», «Жетім» сияқты жасырын атпен шығып отыратын. Осы мақала, фельетондарының өзінде де Сәбиттің тіл ерекшелігі, аз сөзбен көп мағына бере алатындығы үнемі көрініп тұрады. Сәбит Дөнентаев 1933 жылы көктемде «Социалистік шығыс» газетінен босап, Алматыға барды. Ондағы мақсаты өлең жинағын бастыру еді. 20 май күні Сәбит келді деген хабарды естіп үйіне бардым. Сәбит төсекте жатыр екен. Едәуір шаршап келгендігі байқалды. Сонда да Алматыда көргендерін көп әңгіме етіп айтты. «Аул» курортына 2 путевка алған екен (оның бірі өзіне, бірі әйеліне). 23 майда курортқа жүргелі отырмын, деді. Бірақ, Сәбиттің ол ойлағаны болмады. Титығына жеткен ұзақ ауру 23 май күні кешкі сағат 5-те Сәбитті арамыздан алып кетті.

Сәбит 24 май күні Семей қаласында жерленді.

Сәбиттің алғашқы өлең жазуыма жол көрсетіп, әрі аға, әрі ұстаз болғанын ескеріп, сол күні төмендегі өлеңді жазған едім. Көз жұмып ақын жатыр алдымызда Артында терең сырлы қалды муза. Әрі ұстаз, әрі ағадай ақыл беріп, Тар жерде сөз салатын аузымызға.

Далада өткен талай ақын ұл, қыз.
Көгінде көркем сөздің бейне жұлдыз.
Ішінен самсап тұрған көп жұлдыздың
Жайнаған бірін танып қарап тұрмыз.

Жасыңнан әуес болмай жарқырауға
Үңіліп ой тоқтаттың әр сұрауға.
Аз сөзін мағынасы көп, әрі терең
Бекірмес мың қайтара айтылғанға.

С. Машақов.

СӘБИТ ДӨНЕНТАЕВ ӨМІРІНЕН ЕСТЕ ҚАЛҒАНДАР

Сәбит Дөнентаевтың әкесі Дөнентай ескіше оқығандығы бар, көзі ашық адам болған. Октябрь революциясына дейін қазақ ауылында жөнді мектеп болмағаны, орысша оқуға кедей балаларының қолы жетпегені жұртқа түсінікті. Соның бірі Сәбит еді. Әкесі Дөнентай Сәбитті ауылдағы молдаларға ескіше оқуға берді. Ал Сәбит өзінің зеректігімен ескіше хат танып, араб, түрік, парсы тілдеріндегі кітаптарды оқуға шамасы келген кезде, оның сана-сезімі оянып, дүниеге көзқарасы да өзгере түсті. Ілгері оқуды ойлады. «Пәленнің медресесі жаңаша оқытады дейді, оған пәлендей мұғалім келіпті» — дегенді естуші едік. Соның бірі Павлодар қаласының солтүстігінде 18 шақырым жерде ашылған Қасым қажы Ертісбаев деген ескіше оқыған, ауқатты адамның жаңа медресесі болатын. Міне Сәбит 1910-1915 жылдары өз ауылынан осында келіп жәдитше оқыды. Сәбит негізгі білімді осы медреседен алған еді. Бұл жерде бір айта кететін нәрсе, Сәбиттің бұрынғы жинақтарында оның оқыған Ертісбаевтың медресесі Павлодар қаласында делінген. Мұнда аздап жаңсақтық бар. Расында Сәбиттің оқыған медресесі Павлодардан 18 шақырым «Құлатай қыпшақ» ауылында болатын. Сәбит Дөнентаев өте кішіпейіл, қарапайым адамның бірі еді. Ол қалжыңқой, сөзге шебер, әсіресе мысқыл-сықақты жақсы керетін адам болатын. Ол езінің замандастарымен жай сөйлесіп отырғанның өзінде, әрбір сөзін салмақтап, ой елегінен еткізбей, аузынан ешбір оғаш сез шығармайтын. Сөйлесіп отырғанда, сенің аузыңнан мүлт шығып кеткен жай сөздің өзін іліп алып, оның артық-кемдігін өзіңе сездіріп отыратын еді. Ақырын күліп қойып байқаусыз шымшып алғандай өткір тілмен түйреп тастап отыратын. Сәбит 1921-1922 жылдары денсаулығын түзету мақсатымен өзінің туған аулына келіп отырады. «Онда жүрдік, мұнда жүрдік, енді тіпті бір жерге күл төкті болмай жөні келмейтін сияқты» деп түсіндіруші еді ол, езінің елге не үшін келіп отырғандығын. Ақсудың (Ертіс айырығы жіңішке өзенше) батыс жақ тоғай ішінде Сәбиттің шымнан салған шағын екі бөлмелі үйі болды. Бір жексенбі күні Сәбитпен әңгімелесу үшін (ауыл арасы 7-8 шақырым болатын) оның үйіне келдім. Әңгімелесіп отырдық. Әлі есімде, Сәбиттің Сәулет деген жалғыз қыз баласы болды (осы күні де бар). Соның бір жасқа жетпей жаңа талпынып отырған кезі. Бір мезгілде Сәбиттің әйелі Хорлығайын төр алдында құндақта ораулы отырған баланы көтеріп алып жатып: «ей ақмақ, неге отырып қойдың» деді. Сонда Сәбит мырс етіп күлді де: бізге қалжыңдай қарап: Егер мына бала,— «түзге отырған адамның бәрі ақмақ болатын болса, өзің неге отырасың» десе не дер еді осы, деп әйелін ажуалады. Сәбит ауылға келіп отырған кезде ол ел ішінің анау-мынау сөзіне араласқан жоқ. Ол кезде ауылда тап күресінің шиеленісіп тұрған кезі болатын. Ру партиясы деген әлі де бар еді. Сәбит өзінің тұстастары арасында өлеңімен ғана емес, байсалды, ұстамдылығы, ақылгөйлігімен де танылған еді. 1920 жылы ауылда мәдени-ағарту ұйымын ашу жөнінде мәселе көтерілді. Бұл ұйымды ел ішінің атқа мінерлері әкімшілік орынның бірі деп танып, сол ұйымды қай ауылдан ашу жөнінде үлкен талас жасады. Осы мәселе жөнінде бір жиналыста Әлі деген кісі Сәбитке «Сәбит шырағым, біздің де жастарымыз бар, бұл ұйымды өзіміздің ауылдан да ашқымыз келеді», деді. Сонда Сәбит тұрып: «Әлі-еке, мұныңыздың жөні келмейді-ау деймін. Әуелі . болыстың орталығынан бір жерден ашқан жөн. Содан кейін бірте-бірте ауылдарға да жаюға болады. Ал сіздің қазіргі айтып отырғаныңыз баяғыда біреу қойын үйтіпті деп естіп, енді ол үйіне келген соң қойы жоқ болған соң күшігін үйткен екен. Сіздікі сол сияқты болып жүрмесін» ' деді. Сәбит Дөнентаев ауызша суырып салма ақын емес, ол ұсақ-түйек ойын-сауық, шілдехана сияқты кештерде сол кезде өзімен бірге жүретін өлеңші Тоқтасынов Жұмәділ деген болды. Осы Жұмәділге ол қалжың, мысқыл өлеңдерді жазып беріп, домбырамен айттыратын. Сәбиттің аталасы осы Тоқтасынов Жұмәділ осы күні Каганович ауданы Потанин совхозында тұрады. Мысалы, мынадай бір жайды еске түсіруге болады. 1920 жылы Сәбит ауылда еді. Өз ауылының ішінде Ботбайдың Бәйтені деген адамның әйелі Шери көп жылға дейін бала көтермей жүріп, ер бала табады. Оның атын Жақия қояды. Бәйтен егде тартып қалған адам. Оның замандастары шілдеханаға жиналып ойын-сауық жасамақ болады. Міне Сәбит бастаған бір топ жас жігіттер осы шілдеханаға келдік. Ойынға жиналғандардың бәрі Бәйтеннің замандастары егде адамдар екен. Олар қалжыңдап: Шитекпен (аздап ән салып, өлең айтатын адам) өлең айтысып жеңіңдер де, шілдеханаға отырыңдар, болмаса біз үйді босатпаймыз деді. Осыдан кейін жастар далаға шықтық. Сәбит бір үйге барған соң үш ауыз өлең жазып, Жұмәділдің қолына берді. Сен осыны домбырамен айт деді оған.

Сондағы өлеңі мынау еді:
Ассалаумағалайкүм, ақсақалдар,
Қалған бағад қауымынан мұнша шалдар...
Сасытып үйдің ішін жіберіпті,

Қайқайған тірсектері қатқан шабдар.
(Шитектің тері шалбары болатын)
Осы үйге жиналыпты жанның бәрі
Ішінде жасы азғантай өңшең кәрі.

Әрқашан жастың ойны болушы еді,
Мұндайға көктекенің несі дәрі.
Аталар, сақалыңмен сыймайсыңдар,
Шығуға мәжілісті қимайсыңдар.

Айтқан соң құтты болсын үйге кайтпай,
Несіне шыбын жанды қинайсыңдар.
Айтпасақ шықпайсыздар мәжілістен,
Көптен бір талап шығар еске түскен.

Теңдерін кемпірменен ойнамасаң,
Қыздардың зәресі ұшып үрпейіскен.

Міне осы өлеңді айтқаннан кейін, үйде отырғандар мәз-мәйрам болып күліп, бұған орай қайыра өлең айта алмайтын болған соң, ойынды жастарға берген еді. 1916 жылы патша үкіметінің июнь жарлығы деп аталатын майдандағы қара жұмысқа адам алу жөнінде жарлығы бойынша 18 бен 45 жастың арасындағы қазақтардың да ілінгені мәлім. Міне осы кезде Сәбит те, онымен бірге өзінің жарымжан ағасы Уәли де тізімге ілінді. Павлодар уезінің барлық болыстарының көптеген жігіттері «жұмысқа түскен қалады» деген лақаппен Екібастұз өндірісіне қарай ағылды. Жігіттермен еріп Сәбит те осы Екібастұзда біраз уақыт болады. Бірақ Сәбиттің ағасы Уәли бір топ жігіттермен бұдан бөлініп майданға бұрын кетеді. Сәбит әзірше мұнда қала тұруға мүмкіндігі болса да, оны былай қойып, ағасының соңынан бірге кетеді. Ол Рига қаласында майданға жақын жерде окоп қазу жұмысында болып, ағасына көмектеседі. Екі баласы бірдей майданға кеткен, және әйелі қайтыс болған Дөнентай үйінде жалғыз қалады. Осы кезде ол қатты сырқаттанып өлім халіне келеді. Сонда саналы әке өзінің сүйікті баласына хат жазып, езінің өлім халінде жатқандығын хабарлайды. Міне сонда Сәбит әкесіне «Қайран атам» атты хат өлеңін жазған екен.

Сөйтіп Сәбит майданнан келуден алты ай бұрын әкесі Дөнентай қайтыс болады. 1916 жылы Екібастұзда жатқанда Сәбиттің жолдастары осында не жоқ, соны өлеңмен суреттеші дейді. Сонда Сәбит «Екібастұзда» деген өлеңін жазады.

Не көрдік, не естідің не білдің деп,
Сұрап жүр бір-бірінен аңырғандар.

Сәбит бұдан кейін 1916 жылы июнь жарлығы бойынша жігіттердің комиссияға түсіп, майдан жұмысына алынғандығын, бұл жұмысқа елдің атқа мінер болыс, билерінің қорқаулықпен, патша чиновниктері мен болыс, билердің парақорлығын өзінің «Қиямет — қайым» деген өлеңінде айқын бейнелейді.

Жайлауға елдің көшіп барған шағы,
Қымызға жұрттың ішіп қанған шағы.
Көгалға көл жағалап қонған үйді,
Алыстан аққудай көз шалған шағы.

Күнде той, күнде ерулік, құрмалдықпен
Думанмен бөтен ойдың қалған шағы.
Күнәсіз жұрттың бәрі «періште» боп,
Десе де «өгіз туды» нанған шағы,

Шілденің шілгеріне таңдай кеуіп,
Жүректің жылдай күнге талған шағы.
Халыққа қамсыз жатқан қарнын сипап,
Құрығын ораза көп салған шағы.

* * *
Түс көрдім тан алдында ұйықтап жатып,
Қарным шәй, қымызға мықтап жатып.
Бір адам шұбар шолақ тұлпар мінген,

Келді де тұра қалды сипаңдатып.

— Келемін ғарасадтың майданынан,

Халық көп солай жаман айдалынған.
Деген соң шылбырынан ұстай аппын,

— Сөйле деп, майданының жайларынан.

— Қиямет мен сөйлесем болып жатыр,

Сауалын мәңкүр-нәнкүр сорып жатыр,
Сұрапыл сұрағалы әлдеқашан!
Талай кеп мұнан басқа болып жатыр.
Деген соң бармақ боппын мен де топқа,

Сенген соң күмән таудай тәубем жоқ па.
Шапағат дариясынан қалсам махұрым,
Көнуге беріппін бас байлап оққа.
Көп тұрмай ол жерден де жөнеліппін,

Ішіне қалын топтың мен келіппін.
Сыйрадтың мәні-жайын білейін деп,
Бақсы мен балгер коймай ізденіппін.

— Сабыр қыл бір баксы айтты барма дейді,

Ойланбай өкінішке қалма дейді.

— Бармасаң жаһаннамға кетесің деп,

ІІІуылдап бір топ балгер зарлайды енді.
Көп қой деп мынау соңғы ақылды алдым,
Жағалап сыйрад жаққа ақыр бардым.
Бір топты үйме-жүйме көрдім дағы,

Жиын деп бұ не қылған жақын бардым.
Жер екен әлет тиген жемтік жатыр.
Ит пен құс айналасын кемтіп жатыр
Осы көп біздің тойға жиналған деп,

Қанатын қара карға серпіп жатыр.
Бір кезде көзім түсті сауысқанға,
Айласын ақыл іздеп тауысқанға.
Жанында жанасалап қарлығаш жүр,

Ұқсайды о да достық ауысқанға.
Дос еді көңілімізді суытпайтын,
Аузына себелеуге су ұрттайтын,
Қосылып сауысқанмен бізге таман,

Жайы бар от шашуға жуықтайтын.
Көпірге жөнеліппін аяқ салып.
Айдап жүр «періштелер» таяқ салып.
Түсімнің соңғы жағын ұмытыппын,

Жүргенде қарлығашқа кейіп-налып.

Сәбиттің бұл өлеңінде қарлығаш деп отырғаны өз ауылындағы атқа мінер байлар. Олар жігіттерді комиссияға алатын жерде патша үкіметінің уәкілдерімен бірлесіп алып, кедей балаларын пара берсе босатып, ал пара беруге шамасы келмегендерді майданға айдап қоя беріп отырған. Міне ол осы арада солардың бұрын жалған дос болып жүргендігін, мынада.й кезеңде бетін сыртқа салғандығын әшкерелейді.

МАЙ АЙЫНДА БОЛҒАН АҚ БОРАН

(1918 жылы)
Жарқырап жаз шықты,
Күркіреп күні де.
Төрт түлік мәз шықты

Түлеген жүні де.
Туам деп май келді,
Ойладық жай келді.
Қанам деп қымызға

Байладық биені.
Кетер деп жел құзға,
Жүндедік түйені.
Жатқалы жұрт отыр,

Жеп алып қатқанын.
Ысқырып дауыл тұр,
Күзетіп жатқанын.
Жылаған баладай,

Шыңғырған терезе-ай.
Шулаған арамай,
Шорт знаит немене.
Мал-жанды жұрт жатты,

Тапсырып құдайға,
Бір кезде таң атты,
Ойбай шық тұр айда.
Eh, Немене, не қылды,

Мал кетті қырылды.
Онда бар, мұнда кел,
Ал аттан, ал шабыс.
Бәрі алақ — жан қалмай

Айдала жер тезек,
Ұшпаған арық жоқ.
Жылқыма не керек,
Сиырыма парық жоқ.

Көл толған өзендер,
Зырқырап ағып жүр.
Иесі көргенде,
Жарылмай неғып жүр.

Шырқырап құлын жүр,
Арқырап биелер.
Ұжымақта бұрын жүр,
Жүндеген түйелер.

Сәбиттің бұл өлеңі 1918 жылы ел қырға көшіп шыққаннан кейін май айының аяқ кезінде қатты боран соғып мал қырылған кезде жазылған болатын. Күн жылынып жаз шығып кеткеннен кейін ол кезде бағусыз жүрген жұрттың малы түн ішінде бораннан ығып кетіп Ертіс өзеніне барып қырылған. Міне Сәбит осы көріністі жоғарыдағы өзінің кішкене өлеңімен суреттейді. Сәбит Дөнентаевтың осы жоғарыда айтылған төрт-бес өлеңі оның бұрын жарыққа шыққалы екі жинағында жоқ болатын. Сондықтан егер басқа жерден сіздердің қолдарыңызға түспесе бұл өлеңдердің де қажеті болар деп ойладық.

Ғ. Әміров.

КОММЕНТАРИЙЛЕР

«Қаламға» — бұл өлең Сәбиттің 1915 жылы Уфада шыққан «Уақ-түйек» атты өлеңдер. жинағында, кейін 1935 жылғы жинағында басылды. Бұл өлеңін Сәбит «Уақ-түйек»ке кіріспе ретінде жазған сияқты. «Замандастар» — бұл да «Уақ-түйек»те, кейін 1935 жылғы өлеңдер жинағында басылды. Екі баспасында да өлең, текстінде еш айырма жоқ. «Қазақтың білгендеріне» — бұл да әуелі «Уақ-түйек»те, кейін 1935 жылғы жинақта басылды.

«Бұлбұлға» — әуелі «Уақ-түйек»те, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. «Биік тау» — алғаш. 1914 жылы «Айқап» журналының 12-санын- да жарияланды. Өлеңнің аяғына: С. Жаналин деп қол қойылған. Бұл өлең кейін «Уақ-түйек» те де, 1935 жылғы өлеңдер жинағында да басылды. 1935 жылғы жинақта өлеңнің соңғы жолы: «От болып есіл жүрек жанасын ба!» деп басылған екен, бұл жол «Уақ-түйек»тегі текстке сүйеніліп: «От болып есіл жүрек жанасың да!» деп қабылданды. «Қайда кеткен?» — «Уақ-түйек» пен 1935 жылғы өлеңдер жинағының екеуінде де басылды. «Жер» — бұл өлең 1915, 1935, 1950 жылғы өлеңдер жинағының бәрінде де басылған.

1935 жылғы жинақта өлеңнің 8-жолы: «Ежат етіп кесіп істеп күнін көрген» делінген, бұл жол «Уақ-түйек»те басылуына қарап: «Еждиһат етіп кәсіп күнін көрген» болып алынды. «Жастықта» — бұл да «Уақ-түйек» пен 1935 жылғы өлеңдер жинағының екеуінде де басылды. 1935 жылғы жинақта еленнің: І-жолы: «Өй дүние! Жас уақытта ойнап күлсек» ІІ-жолы: «Қақырам болған келіп маңғаз жігіт» 17-жолы: «Әрине, соңғысынан жұмсар едік» болып басылған екен, бұл жолдар «Уақ-түйек»ке сүйеніліп: І-жолы: «Уай дүние, жас уақытта ойнап-күлсек», ІІ-жолы: «Қақырам болғым келіп маңғаз жігіт» 17-жолы: «Әрине, соңғысына жұмсар едік» делініп қабылданды.

«Ақыл» —бұл да 1915, 1935 жылдарғы жинақтардың екеуінде де басылған. ч Өлеңнің 10-жолы 1935 жылғы жинақтағыдай: «Аз және көп болуым соған қарап» болып қабылданды. Бұл жол «Уақ-түйек»те: «Аз да әм көп болуым соған қарай» болып басылған екен. «Ой» —бұл да 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде де бар. 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің «Уақ-түйек»те бар: «Талапсызды өткізбей» деген 5-жолы түсіп қалған да, 6-жолы: «Шынды қылған құрғыр-ау», 7-жолы: «Сенім қуған кісі әуре» болып басылған екен, бұл жолдар «Уақ-түйек»ке сүйеніліп:

6- жолы: «Жынды қылған, құрғыр-ау»,
7- жолы: «Сені қуған кісі әуре» болып қабылданып және5-жолы қосылды.

«Көңіл мен тіл»—бұл өлең де 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде де басылған, Бұл баспалардағы өлең текстерінде бір-бірінен алшақтық жоқ.

«Бірлік» — бұл да 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде бар. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 3-жолы: «Жеке тап үнің шықпас, ісін бітпес». 5-жолы: «Деген бар бұрыннан-ақ көп қорықтар», 8-жолы:«Есіңнің өзің дағы кетуін тос», болып басылған, «Уақ-түйек»ке сүйеніліп бұл жолдар: 3-жолы: «Жеке дақ үнің шықпас, ісін бітпес», 5-жолы: «Деген бар бұрыннан-ақ көп қорқытар», 8-жолы: «Асыңның аузындағы кетуін тос», делініп қабылданды. «Талап»— 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде де бар. 1935 жылғы жинақта елеңнің: 8-жолы: «Дүниеде нелер өнер керсен санап», 10-жолы: «Қалайша күн көресің ұрттап шалап», болып басылған. Бұл жолдар «Уақ-түйек»ке сүйеніліп: 8-жолы: «Дүниеде неше өнерлі көрсең санап», 10-жолы: «Қалайша күн көресің ұрттап, жалап?» болып жіберіліп отыр.

«Жұмыскердің өкініші»— 1915, 1935 жылғы жинақтың екеуінде де басылған. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 11-жолы: «Жүрген күн бәрі бірдей кетті «KQІH» деп», 13-жолы: «Мал бітер, бак кетер деп санамадым». 42-жолы: «Жүре бер бойына сүт ләм-мим деме» болып басылған. бұл жолдар «Уақ-түйек»ке сүйеніліп: 11-жолы: «Жүрген күн бәрі бірден кетті «қош» деп», 13-жолы: «Мал бітер, бақ кетер деп санамадым». 42-жолы: «Жүре бер бойыңа күт ләм-мим деме!» болып қабылданды. Өлеңнің 25-жолы «Уақ-түйек»те: «Мырзаның дән қалмады қалтасында» делінген екен, бұл жол 1935 жылғы жинақтағы басылуы бойынша: «Мырзаның» тиыны да жоқ қалтасында» болып қабылданды. «Рамазан айында іблістің шайтандарына айтатыны» —1915, 1935 жылғы өлеңдер жинағының екеуінде де басылды. Бұл елең татар әдебиетінің классигі Ғабдолла Тоқайдың «Рамазан айында іблісінен шайтандарына хнтабы» деген өлеңінің еркін аудармасы. Сәбит өлеңнің мазмұнын ғана аудара отырып, оны қазақ өмірімен жанастырады. Мысалы Тоқайда өлең:

«Кире татар, иң әлек
Вожданың берлән киләш!»
дегенмен бітсе Сәбит:
...Сайтанның саған қылар зорлығы кем,

Қазекем, өз ләпсіңмен келісіп бақ...
дейді.

Тоқайдың бұл өлеңі алғаш 1911 жылы «Ялт-йолт» деген татар журналының 27-санында: «Иблиснең гайде фитыр тантанасы» деген атпен басылып, 1912-жылы «Жан азықлары» деген жинаққа: «Рамазан гаетендә нблиснен шайтандарына хитабы» деген атпен кірді. Өлеңнің татарша тексті мынадай:

Инде динне ташлыйлар,
Уразада ашыйлар,
Оялмыйча алладан
Ничек гает ясыйлар?"

Барсы қачын ашады,
«Көндез сәхәр» — ясады,
Тәкьва, суфый байларның
Чиктән узды фасады.

Без шайтаннар богауда
Гомер цттек бу айда,
Кодрәт бавын өзәргә
Без шайтанды көч қайда?!

Без тик тордық богауда.
Ник аздылар бу айда?
Гөнаһ эшне юк файда
Инде безгә сылтауда.

«Шайтан аздырған», имеші
«Юлдан яздырған», нмеш!
Кире татар, иң әлек
Вожданың берлән киләш!

1935 жылғы өлеңдер жинағының екеуінде де басылды. 1935 жылғы өлеңдер жинағында өлеңнің: 4-жолы: «Бұл айда адам таппас бізден апшып», болып басылған екен. «Уақ-түйек»ке сүйеніліп бұл жол: «Бұл айда адам саспас бізден апшып» болып қабылданды. Өлеңнің 10-жолы «Уақ-түйек»те: «Қалайша болар лайық ғайдшыласпақ?» болып басылған екен, мына жинақта 1935 жылғы жинақ бойынша: «Қалайша болады екен айтшыласпақ» болып жіберіліп отыр. «Ұры мен баласы» — бұл мысал да 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде бар. Осы және «Қожа», «Ауырған арыстан» өлеңдерінің сюжеті бірталай халықтарға ортақ әдебиет үлгілерінен алынды деушілер бар. Бірақ қандай үлгіден алынғаны әзір бізге мәлім емес. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: ^ 5-жолы: «Ұрлықтың жақсы емесін сезді бала», 10-жолы: «Кәрі айтты баласына тұра қала», 33-жолы: «Бұл емес жаңа шыққан бұл жат хабар», болып басылған екен, бұл жолдар «Уақ-түйек»тегі жазылуы бойынша: 5-жолы:«Ұрлықтың жақсы емесін білер бала» 10-жолы: «Ұры айтты баласына тура қала:»

33-жолы: «Бұл емес жаңа шыққан бір жат хабар» болып түзетілді. Ал, өлеңнің 19-жолы 1915 жылғы жинақта: «Айтады ақырында хабар беріп» болып басылған екен, баспаға дайындалып отырған жинақта 1935 жылғы баспасындағыдай «Айтады ақырындау дыбыс беріп» деген-түрі алынды.

«Қожа» — бұл да 1915, 1935, 1950 жылғы жинақтардың бәрінде басылды. 1935 жылғы өлеңдер жинағында өлеңнің: 16-жолы: «Ақ бұлт көлеңкеде тұрып еді», 18-жолы: «Бір белгі бұдан артық болар ма - енді» 24-жолы: «Табарсың қожасыз да талай елді» болып басылған, баспара дайындалып отырған жинақта «Уақ-түйек» тегісі бойынша: 16-жолы: «Ақ бұлт көлеңкелеп тұрып еді», 18-жолы: «Бір белгі будан артық болар ма енді?!» 24-жолы: «Табарсың қожа сынды талай ерді» делініп қабылданды. «Ауырған арыстан» — бұл да 1915, 1935, 1950 жылғы жинақтардың бәрінде басылды.

1935 жылғы баспасында өлеңнің:
6-жолы: «Көңілін арыстанның сұрай барған».
8-жолы: «Жалғыз-ақ түлкі байғұс бармай қалған».
12-жолы: «Қасекең: «Түлкі жоқ деп хабарлады»,

25-жолы: «Мен болдым сіз сықылды қатты ауру»,
30-жолы: «Кеше еді сізден жаман ауырғаным»,
43-жолы: «Сөзі өтіп шағыстырған қасекеңдер», делінген.
Бұл жолдар «Уақ-түйек» бойынша:

6-жолы:«Қөңілін арыстанның сұрай барған».
8-жолы: «Жалғыз-ақ түлкі байғұс бара алмаған»,
12-жолы: «Қасекең: .«түлкі жоқ» — деп хабар берді»,
25- жолы: «Мен болдым сіз секілді қатты ауру»,

30-жолы: «Кеше еді сізден жаман ауыр халім»,
43-жолы: «Сөз жүртіп, шағыстырған қасекеңдер», болып қабылданды.

«Көзі тоймайтын ит»—1915, 1935, 1950 жылғы жинақтардың бәрінде де бар. «Уақ-түйек»те бұл өлең «Аш көзді ит» деген атпен басылған-ды, дайындалып отырған жинақта өлеңнің 1935 жылғы баспасындағы аты қалдырылып отыр. 1935 жылғы баспасында өлеңнің 2-жолы:

«Ойы бар көпірінен дария кешпек» делінген, бұл жол «Уақ-түйек» бойынша:
«Ойы бар көпірменен дария кешпек» болып жіберіліп отыр. «Уақ-түйек»тегі:
«Әм қайда ашкөздінің олжасы осы» деген жол 1935 жылғы баспасындағыдай:

«Әр қайда «ашкөздінің» олжасы осы» болып қабылданды. «Екі теке» —1915, 1935, 1950 жылғы жинақтардың бәрінде де бар.

1935 жылғы жинақта өлеңнің:
5-жолы: «Шайқасып бас, бірінің тілін бірі алмай.»,
7-жолы:«Тар көпірдің секірісті үстінен».

12-жолы: «Ерегістің нәтижесі осыдан...» делінген екен, «Уақ-түйек»ке сүйеніліп бұл жолдар мына жинақта:

5-жолы: «Шайқасып басын, бірінің тілін бірі алмай.»
7-жолы: «Тар көпірдің секіріссе үстінде.»
12-жолы: «Ерегестің нәтижесі осы да», болып жіберіліп отыр.

«Соңғы сөз» — баспаға дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. Бұл өлең «Уақ-түйек» жинағының 1 бөліміне кірген өлеңдердің ақырында берілген «Қаламға» деген өлеңі жинаққа кіріспе болса, «Уақ-түйек»тегі өлеңдердің ен ақырында келген «Соңғы сөз» жинақтың қорытындысы ретінде жазылған сияқты. Осыған қарағанда Сәбит баспаға жинағын екі бөлең және екі мезгілде ұсынған болу керек, әйтпегенде бұл өлең жинақтың екінші бөлімінін ақырында болуға тиіс еді. 1935 жылғы баспасына «Соңғы сөз» кірмей қалған. «Қиялым» — алғаш рет 1913 жылы «Әдеби» журналының 22-23-сандарында басылды. Өлең аяғына «Сәбит Жаналин» деп қол қойылған. Біздің әзіргі мәліметіміз бойынша бұл Сәбиттің алғаш жарияланған өлеңі. Кейін бұл өлең «Уақ-түйек»тің екінші бөліміне және 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. 1913 жылы жарияланып, 1915 жылғы жинақтың екінші бөліміне кірген бұл өлең бірінші бөлімдегі өлеңдерден кейінірек жазылған болу керек. Сонда бірінші белімдегі өлеңдер «Қиялым»нан бұрын жазылып; бұрын баспаға ұсынылғаны даусыз. «Қиялым» елеңінің журналда басылуы мен жинақтардағы нұсқасында аздап айырма бар. Өлеңнің журналдағы:

«Бұл істі ұнатсам да бір жағынан Қаршыға, тұрымтай бар сонан қорқам»
деген жолдары «Уақ-түйек»те:
«Бұл істі ұнатсам да бір жағымда,
Қаршыға, тұзақшы бар сонан қорқам»

болып, 1935 жылғы жинақта:
«Бұл істі ұнатсам да бір жағыма
Қаршыға, тұзақшы бар сонан қорқам»
болып басылған.

Сәулет Дөнентаева қолындағы Сәбиттің 1935 жылғы елеңдер жинағын баспаға дайындарда өз қолымен түзеген қолжазбасының көшірмесінде де «Уақ-түйек»тегідей:

«Бұл істі ұнатсам да бір жағымда,
Қаршыға, тұзақшы бар сонан қорқам»
делінген.

Баспаға дайындалып отырған жинақта С. Дөнентаева қолжазбасы мен «Уақ-түйек» негізге алынды. Ақынның 1915, 1935 жылғы жинақтары мен Сәулет Дөнентаеваның қолжазбасында өлеңнің 14-жолынан кейін «Айқап» журналындағы тексте жоқ мынадай:

«Бос оймен бірде олай боп, бірде бұлай,
Өзімше құрмақшымын бір түрлі заң»,—
деген екі жол қосылған.

Ал, осы екі жолдың өзінде де соңғы жолындағы бір сөз «Уақ-түйек»те — «тізбекшімін», 1935 жылғы жинақта — «құрмақшымын».

Сәулет Дөнентаева қолжазбасында: «қумақшымын» болып келеді.

Баспаға дайындалып отырған жинақта бұл екі жол қоса алынып және соңғы жол С. Дөнентаева қолжазбасы бойынша: «Өзімше қумақшымын бір түрлі заң» болып жіберіліп отыр. «Балалықты сағыну» — алғаш 1914 жылы «Айқап» журналының 21-санында басылды. Аяғына «С. Д.» деп қол қойылған. Бұл өлең 1915, 1935, 1950 жылғы жинақтарының бәрінде бар. Өлеңнің бастапқы екі жолы «Айқап», «Уақ-түйек» және Сәулет Дөнентаева қолжазбасында: «Уай, заманым, балалық, Әр ісің бір бадалық» болып, ал, 1935, 1950 жылғы жинақтарында:

«Ой, заманым, балалық
Әр ісің бір даналық»
болып өзгертілген.

Баспаға дайындалып отырған жинақта алғашқы текст алынды. Өлеңнің 10-жолы «Айқап» журналында:

«Тақырланып таралып»,
1950 жылғы баспасында:
«Қалмайтұғын таралып»

болып басылған екен. Бұл жол «Уақ-түйек», 1935 жылғы жинақ, Сәулет Дөнентаева қолжазбасындағыдай.

«Қалмай жұғын таралып»
болып алынды.
Өлеңнің 26-жолы «Айқап»та:
«Гүл-гүл жанып өқі енген»,

1935-жылғы жинақта:
«Гүл-гүл ойнап өңі енген»
болып басылған. Бұл жол «Уақ-түйек» бойынша:
«Гүл-гүл жайнап, өңі енген»

болып қабылданды.
Өлеңнің 30-жолы «Айқап»та:
«Өң дауыстап дем берген»,
1935 жылғы жинақта:

«Ән дауыстап дем берген»
1950' жылғы жинақта:
«Дауыстап тағы дем берген»

болып басылған екен, «Уақ-түйек» пен С. Дөнентаева қолжазбасына сүйеніліп бұл жол:

«Өзің дауыстап дем берген»
болып алынды.

«Үміт» — алғаш «Уақ-түйек»те басылып, кейін 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. өлеңнің 7-жолы: «Уақ-түйек»те: «Жолдассыз, азық-түлік әм қарусыз», 1935 жылғы жинақта: «Жолдасың азық-түлік қаруы жоқ», Сәулет Дөнентаева қозжазбасында: «Жолдасы, азық-түлік, қаруы жоқ» делінген. Ал, өлеңнің 14-жолы 1935 жылғы өлеңдер жинағында: «Ере алмай тәлтіректеп шалған үміт», «Уақ-түйек» пен С. Дөнентаева тапсырған қолжазбада:

«Ере алмай тентіректеп шолған үміт»,
делінген.
Дайындалып отырған жинаққа бұл жолдар
С. Дөнентаева қолжазбасы бойынша:

«...Жолдасы, азық-түлік, қаруы жоқ...»
«...Ере алмай тентіректеп шолған үміт...»
болып жіберілді.

«Досқа» — алғаш рет «Уақ-түйек»те басылып, кейін ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. 1935 жылғы жинақта еленнің: 4-жолы: «Өзін мен жүрегімді аққа бердім» 6-жолы: «Әйтеуір сені құдай деп сендім» 12-жолы: «Жан болса езу тартқан дос деп едім» делінген.

«Уақ-түйек» пен С. Дөнентаевадағы қолжазба нұсқасында бұл жолдар: 4-жолы: «Өзің мен жүрегіңді хаққа бердім», 6-жолы: «Әйтеуір «сені құдай» дедім, сендім». 12-жолы: «Жан болса езу тартқан дос дей бердім» деп жазылған, мына жинақта соңғы екі нұсқа негізге алынды. «Жүрекке» — алғаш «Уақ-түйек»те басылып, кейін 1935 жылғы жинаққа кірді. Өлеңнің: «Қайда барсаң, Ойына алсаң қор болмассың жұртыңды» — деген шумақтағы «болмассың» деген сез 1935 жылғы жинақта «қылмассың» болып басылған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»тегі бойынша: «Қор болмассың» делініп жіберіліп отыр. 1935 жылғы жинақта: «Бар түрлі іс Істейді күш» болып басылған жол, «Уақ-түйекке» сүйеніліп: «Бар түрлі іс Істеуі күш» болып жіберіліп отыр. «Заман кімдікі» — алғаш «Әдеби» (1914, № 13) журналында басылды. Өлеңнің аяғына: «Сәбит Дөнентай ұлы Жаналин» деп қол қойылған. Кейін бұл елең ақынның 1915, 1935 жылғы жинақтарына да енгізілді.

Журналда өлеңнің 7-8-жолдары:
«Құр қалу, әр орында қырсық шалу
Еріншек, жалқау қарабасқырдыкі»
делінген екен, бұл жолдар «Уақ-түйек», 1935 жылғы жинақ бойынша:

«Құр қалмақ, әр орында қырсық шалмақ,
Тартыншақ, жалқау қарабасқырдікі»
болып алынды.
Өлеңнің «Уақ-түйек»тегі:

«Даулы мал жігін тапқан шешендікі,
Пыш-пышке бағы ашылған көсемдікі»
деген жолдары 1935 жылғы жинақта:

«Даулы мал — ебін тапқан шешендікі, Пыш-пышқа бағы ашылған көсемдікі» делінген екен. Дайындалып отырған жинақта осы соңғысы қабылданды.

Өлеңнің 17-жолы 1935 жылғы жинақта: «Жаным — ақ, қара басым — патшанікі» болып басылған екен, ол-жол «Уақ-түйек»тегі нұсқасындағыдай: «Жаным — хақ, қара басым — патшанікі» деп қабылданды. «Менің жәйім» — әуелі «Уақ-түйек»те басылып, кейін бұл өлең «Менің халім» деген атпен 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 2-жолы: «Таң болдым қу түлкінің алдауына», 13-жолы: «От салып біреуі кеп, бірі үрлеп тұр», 20-жолы: «Қаңғыртып қалма басым қарғауыма», 25-жолы: «Қорғаным дертім ұзап кете ме деп», 27-жолы: «Қалайша берсең маған ерік өзіңде» болып басылған. Бұл жолдар «Уақ-түйек»тегі жазылуы бойынша былай берілді: 2-жолы: «Тап болдым қу түлкінің алдауына», 13-жолы: «От салып біреуі әкеп, бірі үрлеп түр», 20-жолы: «Қаңғыртып қалма, басшым, қарғауыма», 25-жолы: «Қорқамын дертім ұзап кете ме деп», 27-жолы: «Қалайша берсең мағына ерік өзінде» «Атамыз бен өзіміз»— 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуін де де басылды.

1935 жылғы жинақта өлеңнің 1—2-жолы:
Талай білгіш өтті аса Талай қызық өтті ата.
15—16-жолы: «Ас та бітті тойдағы,

Жолмен болар ойдағы», болып басылғанда және «Уақ-түйек»те бар мына жолдар жоқ:

«Ата аруағы қонбай тұр,
Қонуға да болмай тұр.
Енді қайда барамыз?
Сол күндегі тап бітіп,

Адал бітіп, ақ бітіп
Молайып тұр қарамыз.
Мұны көрген көзің жоқ,
Көзін болса, сөзін жоқ.

Жалғап, құрап әр нені,
Алдап сұрап дүниені
Я қорқытып тіленіп.
Еш міні жоқ өзінің,

Кіршігі жоқ сөзінің
Басшымыз жүр шіреніп.
Неше сомдық арын бар,
Базар қымбат барыңдар!»

Бұл жолдар «Уақ-түйек»ке сүйеніліп:
«Талай білгіш өтті, ата,
Талай қызық етті, ата
Ас та бітті, тойдағы

Жоқ олармен ой дағы...»
болып қабылданылып және өлеңнің жоғарғы келтірілген жолдары қосылды.
«Өз-өзіме» — 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде де басылды.
Өлеңнің 4-жолы 1915 жылғы баспасында:

«Қалды жүрек опар-топар ойранда»
делінген екен, бұл жол
1935 жылғы жинақтағыдай:
«Қалды жүрек опыр-топыр ойранда»

болып қалдырылды.
Ал, өлеңнің 12, 19-жолдары 1915 жылғы баспасындағыдай.
«Қолың жетпей өксір өмір құр бекер»
«Өзіңді-өзің жырмен аулап жайланбай»

болып қабылданды.
«Жан мен тән» — 1915, 1935 жылғы жинақтың екеуінде де бар.
Өлеңнің 1, 6, 11-жолдары
«Уақ-түйек»те жазылуынша:

«Бір күні тәнге өкпесін жан айтады».
«Тән тұрып жанға көзін алайтады».
«Япырым-ай, мынау жанын күтеді-ау деп».
болып жіберіліп отыр.

Және өлең аяғына 1935 жылғы жинақта жоқ, «Уақ-түйек»те бар мына 20 жол қосылды:

«Мен көндім не қылсаң да қина дедім,
Мал, өнер мені қинап жина дедім.
Шамаңша керектіңді баурап алып,
Сонан соң күтсең күтіп, сыйла дедім.

Ішіп-жеп, құрсақ сипап, жан күткен боп,
Мен сылтау, өз басыңды сыйлап едің
Басында жастық болды, астың — көрпе,
Бай-патша, болдың мырза дегдар ерге

Етті жеп, қымызды ішіп бөртіп алып,
Әңгіме соқтың қолды серпе-серпе.
Болса да кімнің сыйы ақыр жаттың
Жер болса қиын-қыстау мені саттың,

Осы ма сыйлағаның, есер жолдас!
Досыңды өзің жатып дұзаққа аттың.
Көзінен тән жылады ағызып жас:
«Жолдасым! Сен айтқан сөз бәрі де рас,

Бұрынғы ізбен кеттім айып етпе,
Жалқаулық ата-анадан қалған мирас.
Қолымнан келсе де тук, келмесе де,
Бола алмас бұдан бұлай ішкенін. ас.»

«Әр жан әр түрде» — алғаш «Қазақ» газетінің 1914 жылғы 80-санында басылды. 1915, 1935, 1950 жылғы жинақтың бәрінде де бар.

1935 жылғы жинақта өлеңнің «Қазақ» пен «Уақ-түйек»те бар алғашқы:
«Талай кәрі жорға жүр,
Ақаулы боп зорға жүр.
Іліне алмай жарысқа

Кейбір жүйрік орда жүр.
Кейбір сұңқар тауда жүр;
Томағасы жауда жүр;
Дұшпандары аңдыған

Тұзақ құрып ауда жүр»
деген 8 жолы жоқ.
Бұл жолдар баспаға дайындалып отырған жинақта қосылып алынды.

«Қазақ» пен «Уақ-түйек»те өлеңнің 19-жолы: «Ін таба алмай саршолақ» болып басылған екен, бұл жол 1935 жылғы баспасындағы қалпынша: «Ін таба алмай саршұнақ» болып алынды. Ал өлеңнің соңғы жолы «Қазақ»та: «Мінін айтқан кісіге» болып басылған, бұл жолдар «Уақ-түйек» пен 1935 жылғы баспасындағыдай:

«Сен солайсың» дегенге
Тырс-тырс етіп тертіп жүр»

деп жіберіліп отыр. Соңғы жолдағы «тертіп» деген сөз 1935 жылғы жинақта «дертіп» делінген. «Қайтып қарғыс алмайсың» — 1915, 1935 жылғы жинақтардың екеуінде де бар. Олардан бұрын баспаға шыққан-шықпағаны белгісіз.

Өлеңнің 20-жолы:
«Уақ-түйек»те: «Ашуға жүз жанбайсың...»

1935 жылғы жинақта: «Ашуға жүз қанбайсың...» болып басылған екен, дайындалып отырған жинақта: «Ашуға жүз жанбайсың...» деген түрі алынды.

Өлеңнің 23—24-жолдары:
«Уақ-түйек»те:
«Жат мінезін, жәй сөзің —
«А, құдайшыл» жандайсың.»

1935 жылғы жинақта: «Жат мінезін, жат сөзін Ақ құдайшыл жандайсың» делінген екен, дайындалып отырған жинақта «Уақ-түйек» бойынша қалдырылды. «Сыр» — бұл өлең 1935 жылғы баспасында жоқ, баспаға дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»-тен алынып жіберіліп отыр. «Ерегіс» — бұл да дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»-тен алынып жіберіліп отыр. «Ұлтшылға» — алғаш 1915 жылғы «Қазақ» газетінің 93-санында жарияланып, кейін 1915, 1935 жылғы жинақтарда басылды.

Газетте өлеңнің:
3-жолы: «Жұртына жайшылықта ақыл айтып»
6-жолы: «Ұлтыңның қызметіне ерінбейсің»
12-жолы: «Бас салып сол ұлтыңды өзің жейсің»

18-жолы: «Ұялмай елдің қамын жедім дейсің», 24-жолы: «Шын жылап жұртым-ай деп егілгейсің» болса, бұл жолдар «Уақ-түйек», 1935 жылғы жинақ пен Сәулет қолжазбасындағы қалпынша:

3-жолы: «Халқына жайшылықта ақыл айтып»
6-жолы: «Мәлімәттің қызметіне ерінбейсің»
12-жолы: «Бас салып сол мелләтті өзін жейсің»
18-жолы: «Ұялмай жұрттың қамын жедім дейсің»

24-жолы: «Шын жылап мелләтім деп егілгейсің» болып алынып отыр.
«Көркем қызға»— 1915, 1935 жылғы жинақтың екеуінде де бар. Өлеңнің:

6-жолы «Уақ-түйек»те: «...Шырағым, сипатыңнан қалің басқа...» ал, 1935 жылғы жинақта: «Шырағың сынатыннан халің басқа...» болып басылған екен, баспаға дайындалып отырған жинақта «Уақ-түйек» тегі түрі жіберіліп отыр. Және өлең-аяғына 1935 жылғы жинақта жоқ, бірақ «Уақ-түйек»те бар:

«Өзің де сырт түзеген болсаң бітеу
Жүре бер көңілің сүйген бұлғақ басқа»
деген екі жол қосылды.

«Қазақтарға қарап» — алғаш бұл өлең «Әдеби»та (1914 ж., № 20) жарияланып, кейін «Уақ-түйек»те басылды. 1935 жылғы жинақта бұл жоқ. Баспаға дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Әдеби»тағы өлең мазмұны жағынан «Уақ-түйек»тегімен бір болғанмен, өлең жолдарының тәртібінде бірталай айырма бар. «Әдеби»та өлең жолдары мына тәртіппен берілген:

Қамалған қараңғыда, қалың қазақ
Қарулан қуатсызды қуаттандыр
Қулардың құлқынына кұм құйылсын!
Қайтеді қайрылыссақ қарындасқа,

Құннан да, қыдырдан да қалдың құр қол
Қайғырып, қатып қабақ қамықпай құр:
Қақпанға қысапылыста қақтығарсың
Қауым ең қорқақ қоян қара қазақ

Қайратсыз, қамсыз құрып, қалың қазақ!
Құрдан құр қампайтқанша карын, қазақ
Қайдағы құлдың қайғырт қамын, қазақ
Қасармай, қақырайып қырын қарап

Құнт қылмай, қуып құлқын құлды қанап.
Қимылдап құныңды қу қадағалап
Қадамда қақаңдамай қадақ-қадақ
Қиының қисынар ма қыдырт қалап.

«Көк төбетке»— 1935 жылғы баспасында жоқ, мына жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Дал болу»— 1935 жылғы баспасында жоқ, дайындалып отырған жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Досыма жазғаным» — 1935 жылғы баспасында жоқ, жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Бит пен бүрге»—1935 жылғы баспасында жоқ, жинаққа «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Уақ-түйек»те бұл өлеңнің басында жақша ішінде «Қалила және Димна» көрсетілген. «Қалила және Димна» шығыс халықтарының ғана емес, бүкіл дүние жүзіне тараған мысал әңгімелер. Негізі үнді халқының әдебиетінен алынған. «Қалила және Димна» арап, парсы, түрік тағы басқа шығыс елдерінің тіліне көп аударылған шығарма. XІІІ ғасырдан бастап Европа елдерінің тіліне аударыла бастаған. «Қалила және Димна» ның дүние жүзі әдебиетіне тарауына әсіресе VІІІ ғасырда өмір сүрген жазушы Абдулла Ибн Мукаффа аударған арапша нұсқасы көп себеп болған. «Қалила және Димна» араб тілінде бірнеше рет басылды. Сол араб тіліндегі нұсқасының бірінен толық академиялық бір аудармасы — орыс тілінде («Қалила и Димна», перевода с арабското И. Ю. Крачковского и В. П. Кузьмина, Ленинград-Москва, 1934 г.) шықты. «Қалила және Димна»ның аудармасы толық түрінде де, жеке үзінді ретінде де татар, өзбек, азербайжан сияқты елдердің арасында кен таралған. Қазақ тілінде де мұның жеке үзінділері әңгіме, өлең болып кейбір ақын жазушылардың шығармаларында кездеседі (Нұржан, Мәшһүр, Жүсіп т. б.). Патша мен ғалымның өзара әңгімесі жайындағы бұл кітап бірнеше тараулардан тұрады. Әуелі кітаптың табылуы, жазылуы жайында айтылып, негізгі тарауларында, хайуанат, құс, жәндіктер туралы мысалдарға көшеді. Мысалдар сырттай хайуанат, құс жайында болғанмен, оларға адамға тән хасиет, құлық, іс-әрекет таңылып отырады. Кітаптық аты Қалила, Димна деген екі қорқау қасқырдың атынан алынған. С. Дөнентаев «Қалила және Димнаның» көптеген бөлімдерінің ішінен «Арыстан. мен өгіз» жайлы тарауындағы бит пен бүрге мен үш балық туралы екі мысалын алған. «Қалила және Димна» бастан аяқ қара сөзбен жазылса, Дөнентаев алған мысалының сюжетін өлеңмен берген. Және елеңнің қорытындысында да әңгіменің түп нұсқасынан онша алыс кетпейді. «Бір көлдегі үш балық»— 1935 жылғы баспасында жоқ, «Уақ-түйек»тен алынып жіберіліп отыр. «Бір көлдегі үш балық» «Қалила және Димна»ның «Арыстан мен өгіз» деген тарауының үш балық туралы мысалының аудармасы. Бұл мысалды да Сәбит түп нұсқасынан көп өзгертпей алған. «Жаңа жыл құтты болсын»—алғаш «Қазақ»та (1915 ж. № 110) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинаққа енгізілді.

«Қазақ»та өлеңнің 4-жолы: «Беріп жұрттың толықтырсын шаласын» делінген екен, бұл жол 1935 жылғысындай:

«Беріп жұрттың толықтырсын шарасына
болып қалдырылды.

Баспаға дайындалып отырған жинақта бұл еленнің 1935 жылғы баспасында жоқ, «Қазақ»та бар мына шумағы қосылды:

«...Тоқшылықпен, тұнықтықпен, саулықпен
Шаттандырсын үлкен, бала-шағасын.
Өрттен, жұттан аман сақтап шаруасын,
Төрт түлікпен бықырлатсын даласын.

«Уай, жаным» — алғаш «Жанға» деген атпен, «Қазақ» газетінде (1915 ж, № 103) жарияланды. Кейін 1935 жылғы жинаққа кірді.

«Қазақ»та өлеңнің:
1-жолы: «Уай жаным, сен дүниеде аз күн қонақ»
3-жолы: «Жас мезгіл екі айналмас, мойнын бұрмас...» делінген.
Және «Қазақ»тағы тексте 10-жолдан кейін:

«Сен қайда бір кеткен соң сол құдайда
Әйтеуір талап, топшы мәңгі жоқ-ақ...»
деген екі жолмен «Алғасын алды-артыңды жылан орап» деген жолдан кейінгі:
«... Бұлт емес ежелден-ақ жауған бұйрық

Кез келсін жүз улы ара тоқсан толғап...»
деген жолдар бар.

Баспаға дайындалып отырған жинаққа бұл өлең 1935 жылғы баспасы бойынша жіберіліп отыр. «Жаз» — алғаш «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 122-санында жарияланды. Кейін ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді.

Тек 6-жолдан кейін «Қазақ»та бар:
«...Қаз қаңқыл, үйрек сымпыл, аққу сұңқыл
Еткенге құлақ түріп салайық та»
деген екі жолы қосылды.

Ал, «Қазақ»та бар мына жолдар қосылған жоқ:
...Ие боп бергеніне қалайық та
Асқан бай, өткен мырза, озған шебер,
Иесін тан боп еске алайық та.

Шолақ тіл бастан-аяқ бәрін түгел
Кестелеп келтіре алмас қояйық та.

«Шілде— ақынның 1935 жылғы жинағында бұл өлеңнің 1915 жылы «Қазақ» газетінде басылғаны айтылған. Бірақ қай санында екені белгісіз.

Өлеңнің 8-жолы жинақта:
«Кім шеттетер ерулік елді»

делінген екен, С. Дөнентаева қолындағы нұсқаға сүйеніліп ол жол: «Кім шеттетер іргелі елді» делініп жіберіліп отыр. «Жәмила қыз»— бұдан бұрын қайда, қашан жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта бұл өлеңге берілген қосымшада: «1915 жылы Павлодар уезі, Ұрық болысында қызын бір бай шалға тоқалдыққа берген кедейге жақын бір орта шаруаның мінезінен алып жазылды» делінген. «Балалық» — бұл өлең алғаш қайда, қашан басылғаны белгісіз. Ақынның 1935 жылы шыққан өлеңдер жинағында өлең аяғына «1915 жыл» деп көрсетілген екен, соған сүйеніп біз 1915 жылды қалдырып отырмыз. «Сұңқар мен қарғалар» — Алғаш қайда, қашан жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы өлеңдер жинағында елен соңында берілген комментарийде: бұл өлеңнің «Медіресе Ғалия» шәкірттерінің елге келгенде елге тазалық, мәдениет таратамыз деп келіп, кейін өздері сол қалыпқа түсіп кететін жайларынан алынып жазылғандығы айтылады.

«Боз торғай»— 1935 жылғы жинақта өлеңнің соңында берілген қосымшада: «1915 жылы патша үкіметінің жергілікті әкімшіліктерінен бастап арыз жүргізушілердің қалпынан алынған. Бүркіт — Николайдың өзі» делінген.

Ал, өлең алғаш 1918 жылы «Абай» журналының 4-санында жарияланды. «Абай» журналында өлеңнің: 2-жолы: «Баспана таба алмапты қырдан, ойдан», 7-жолы: «Тілеген көздің жасы қабыл болып», 35-жолы: «Білмеймін әлі күнге екі талай», 61-жолы: «Далғырды осыны айтып торғай сорлы» болып басылған екен, бұл жолдар 1935 жылғы баспасына сүйеніліп: 2-жолы: «Таяныш таба алмапты қырдан, ойдан», 7-жолы: «Тілегі, көздің жасы қабыл болып», 35-жолы: «Білмеймін әлі күнім екі талай», 61-жолы: «Дағдарды осыны айтып торғай сорлы» болып қабылданды. Ал, елеңнің 12-жолы «Қазақ»тағы қалпынша «Орнында қозғалмастан нығып отыр» болып қабылданды. «Ескі болыстың тәубесі — бұрын басылған-басылмағаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта: «1915 жылдың жазында елде мұғалім болып жүргенде, ескіше Павлодар уезі. Ұрық болысындағы Хусан дейтін ескі болыстың тәубесінен алынып жазылған» делінген. «У жеген қасқырға» — бұрын баспаға шыққан-шықпағаны мәлім емес — 1935, 1950 жылғы жинақта бұл өлең бар. 1935 жылғы жинақта өлеңге берілген қосымшада: «1915 жылы Семей уезі, Сейтен болысындағы атақты жуан тұқым Темірғали бірнеше жыл болыс болып, жемқорлықпен аты шыққан Хусайын дейтін баласы шегінен асқан қылмыстары туралы абақтыға түскен. Соған арнап жазылған» делініпті. ,

«Тотыға» — алғаш «Қазақ» газетінің 1915 жылғы 152-санында жарияланды.
Кейін бұл өлең ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағына да кірді.
Өлеңнің 23-жолы 1915 жылғы жинақта:

«Күн көрсетсе мініңді...» делінген екен, бұл жолдағы «күн» деген сөз «кім» болып түзетілді. «Өгей ұл» — 1916 жылы жазылған, бұрын қайда басылғанын анықтай алмадық. Бізге мәлімі 1924 жылғы «Қазақ тілі» газетінде (70-санында) жарияланды. Өлең аяғына: «С. Д.» деп қол қойылған. 1940 жылғы қазақ әдебиетінің антологиясында («Песни степей»де) орыс тілінде жарияланған.

1935 жылғы жинақта өлеңнің:
19—20-жолы: «Жаз болады, күз алым көп,
Я жыл шықсын мәлім деп...»
37—38-жолы: «Жатып-жатып тұруға,

Ауылға ойланса шығуға...»,
40-жолы: «Сол қабырға жонында...»,
42—43-жолы: «Сіресіп кеткен денесі..., Сонан былай оңалмай...»,
46-жолы: «Апшымай-ақ, таспай-ақ...», болып басылған екен.

Бұл жолдар газеттегі текстке сай: 19—20-жолы:
«Жаз өседі, күз алым көп,
«Я жыл шықсын малым деп...»,
37—38-жолы:

«Оянған соң тұруға»,
«Ойласа малға шығуға...»
«Сол қабырға жоны да...»
«Сіресіп кеткен о несі?»

«Сонан былай оңалмай...»
«Апшымай-ақ, саспай-ақ...»
болып қабылданды.

«Екібаста» — бұл өлең ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағында бар. Осы жинақтағы комментарийде өлеңнің жазылуы туралы: «—1916 жылы 25 июнь жарлығы тақырыпты майдан жұмысынан қалу үшін маңайындағы елдердің жастары Екібаста жұмыс істеп жатқанда жазылған» делінген. Сәбиттің өзі де 1916 жылғы жарлық бойынша тізімге ілініп, майданның Қара жұмысынан қалу мақсатымен Екібастұз кен ошағына келіп қара жұмыс істейді. Бірақ, майданнан құтыла алмайды. Жинақта өлеңнің: 1-жолы: «Күн ашық таңдай бұлт аспанда жоқ...», 22-жолы. «Әзелде ақ жазғанын бенде көрмек...», 27-жолы: «Жұмысқа ылайқы кетіп жатыр...», болып басылған бұл жолдар С. Дөнентаева тапсырған материалдарға сүйеніліп:

1-жолы: «KВH ашық танадай бұлт аспанда жоқ...»,
22-жолы: «Әзелде хақ жазғанын бенде көрмек...»,
27-жолы: «Жұмысқа ылайығы кетіп жатыр...», болып қабылданды.

«Қайран атам» — бұл өлеңді Семейдегі Абай музейіне ақынның туысы Жұмаділ Тоқтасынов тапсырған. Бізге сол музейдегі тексті көшіріп алып тапсырушы Б. Исхаков пен Ғ. Әміров. Сәбит Дөнентаев 1916 жылы майданның қара жұмысына алынып, Рига қаласында турады. Сонда тұрған кезінде елінен әкесі қатты ауру деген хат алып, бұл «Қайран атам» деген өлеңін ауру атасына жауап ретінде жазған. «Бостандық» — февраль революциясына арналып жазылған елен. Алғаш «Азаттық күні» деген атпен 1917 жылы «Қазақ» газетінің апрель айындағы 225-санында жарияланды.

Газетте өлеңнің 6-жолы: «Тыраңдап тайша-торпақ өрген күні», делінген. Мына жинақта 1935 жылғы баспасына сүйеніліп:

«Тырбаңдап тайынша-торпақ ерген күні» болып "қабылданды.

Өлеңнің 3-шумағы газетте бір түрлі, 1935 жылғы баспасында екінші түрлі - берілген екен, мына жинақта газеттегісі қабылданды. _

Газетте өлеңнің:
40-жолы: 46-жолы:

17-жолы: «Бостандық өмір сүріп, өлсін құлдық», болып басылған. Баспаға дайындалып отырған жинақта 1935 жылғы баспасындағы:

17-жолы: «Бостандық өмір сүріп, өшсін құлдық», деген түрі қабылданды. «Кіді досқа» — алғаш қашан, қайда жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы баспасында өлең аяғында 17 жыл көрсетілген екен, соған сүйеніп бұл өлең 17 жылғы шығармалар қатарында беріліп отыр. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 12-жолы: «Ішің кеше оюлы.» 15-жолы: «Жау жағынан жылт етіп.» болып басылған екен, Сәулет Дөнентаеваның нұсқасына сүйеніліп бұл жолдар: 12-жолы: «Ішін кесте оюлы.» 15-жолы: «Жау жағынан жылт етіп.» болып жіберіліп отыр. «Кемшілікте» — алғаш қайда және қашан жарияланғаны белгісіз. Мазмұнына қарағанда, революцияның алғашқы жылдарында жазылған сияқты. 1935 жылғы өлеңдер жинағындағы комментарийде бұл өлеңнің казіргі Павлодар, бұрынғы Кереку уезі Баянауыл ауданының атақты бандиты, ұрылар бастығы Бәшерден Бейсенов тұтқынға алынғанда, соны мысқылдап жазылғандығы айтылады. «Өлімге»— бұрын жарияланған-жарияланбағаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта өлеңге берілген қосымшада: «1918 жылы күз айларының бірінде Абайдың «Ақыл — мен, жан — өзім, тән — менікі» деген өлеңінің бағытымен жазылған» делінген. «Кәрі батырға» — бұл өлең әуелі 1918 жылы «Жас азамат» газетінде басылды. Кейін 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. 1935 жылғы жинақта өлеңнің бірінші жолы: «Айналдырды-ау құдайым»... делінген., Бұл жол Сәулет Дөнентаева тапсырған материалға сүйеніліп:

«Айналдырып қараймын» болып
жіберіліп отыр.

«Абайға» — алғаш «Абай» журналында (1918 ж. № 1) жарияланды. Баспаға дайындалып отырған жинаққа бұл өлең бірінші рет «Абай» журналынан алынып жіберіліп отыр. «Қаулы»— Алғаш «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 25-санында жарияланған. Кейін ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағына кірді. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 8-жолы: «Керек деп дос-жаранға қақсап отыр...», 21-жолы: «Мына бай алалық жоқ, анау кедей...», 32-жолы:«Ет бар ма табақ-табақ тұрған пісіп...», боп басылған екен, Сәулет Дөнентаева материалдарына сүйеніліп бұл жолдар: 8-жолы: «Кел, ер» «деп» дос-жаранға қақсап отыр»... 21-жолы: «Мынау бай, айыру жоқ, анау кедей...», 32-жолы: «Ет қайда қазан-қазан тұрған пісіп...» болып қабылданды. «Жарық ағаш» — алғаш қайда, қашан жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы баспасында бұл өлеңнің 8-шумағы:

«Құл шыққан алуан түрлі көлеміме,
Ән салған не сияқты жыршы құстың
Ойлаушы патшамын ба, төремін бе?»,
болып, ал 9-шумағы:

«Мәз болған бұтағымды ап адам досым
Бүгінде неғып отыр көресің бе?»
болып басылған.
Бұл шумақтар С. Дөнентаева тапсырған материалдарға сүйеніліп 8-шумағы:

«Гүл шыққан алуан түрлі көлеміме, Ойлаушы ем патшамын ба, төремін бе? Ән салған не сияқты жыршы құстық

Нешелер қосылып ем өлеңіне»
делініп, ал 9-шумағының алдына:
«Болған жоқ жанға қылар зарар менде
Тынығып әлденеше көлеңкемде

Мәз болған бұтағымды ап адам досым»
деп алынды.

«Лениннің суретіне» — ақынның бұрынғы жинақтарында жоқ, баспаға дайындалып отырған жинаққа С. Дөнентаева материалдарынан алынып бірінші рет кіргізіліп отыр. Бұл өлең Николай Гаврилович Полетаев деген орыс ақынының: «Портретов Ленина не видно» деп басталатын өлеңінің аудармасы. Н. Г. Полетаев 1918 жылдардан бастап жаза бастаған ақын. Ол әсіресе революция тақырыбын кеп жырлаған. Ал, Полетаевтың С. Дөнентаев аударған мына елеңі алғаш 1924 жылы «Прожектор» журналында басылды. Бұл сол кездегі Ленин туралы өлеңдердің ішіндегі тәуірлерінің бірі саналады. Полетаевтың бұл өлеңі әсіресе Ленин өлгеннен кейінгі жылдары кеп айтылып жүрді.

Өлеңнің орысшасы төмендегідей: «Портретов Ленина не видно: Похожих не было и нет. Века уж дорисуют, видно, Недорисованный портрет. Перо, резең и кисть не в силах Весь мир огромный охватить, Который бьется в этих жилах И в этой голове кипит. Глаза и мысль нерасторжимы, А кто так мыслью богат, Чтоб передать непостижимый, Века пронизывающий взгляд?». «Ұмытылмас»—алғаш аяғына: «Жетім» деп қол қойылып 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 43-санында жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта елеңнің: 2-жолы: «Аузым жарып ақ көкірегін ембеген» 8-жолы: «Маған еді, «айналайын, кел», деген» 16-жолы: «Жетіліпті билігінде түрдеген...» болып басылған еді,газетке сүйеніліп дайындалып отырған жинақта бұл жолдар:

2-жолы: «Аузым жарық ақ көкірегін кермеген...» 8-жолы:«Бірдей еді: «айналайын, кел» менен», 16-жолы: «Жетіліпті билігінде төр деген...»

болып жіберіліп отыр. «Көсемге»—алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж, № 47 (446) жарияланды. Өлең аяғына: С. Д. деп қол қойылған. Кейін 1935 жылғы жинаққа енгізілді. «Атылғандарға» — алғаш бұл өлең 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 45-санында жарияланды, кейін 1935 жылғы жинаққа енгізілді.

1935 жылғы жинақта өлеңнің:
14—15-жолы:
«Тізбектелер, алға нар...,
Күндер, құлдар, жетім құлдар...»—

делінген, бұл жолдар газеттегі текстке сүйеніліп:
«Тізбектелер, жалғанар...
Күндер, құлдар,
Жетім, тұлдар»,—

болып түзетілді. «Бір коммунистін қабыр тасына» — бұрын жарияланған-жарияланбағаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің жазылуы туралы: «1924 ж. өлген Затон жұмысшысы киратком мүшесі Омар ұлының қабыр басына арнап» делінген. Және өлең: «Бір коммунистің қабыр басына» деп аталған. Жинақта өлеңнің бірінші: «Жолдастарым» деген сөзі өлең текстінен бөлініп жазылып, өлеңнің екінші аты сияқты болып берілген. Бұл сөз өлеңде өз орнына қойылды. «Бірінші май» — бұл өлең аяғына «С. Д.» деп қол қойылып, алғаш 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 50-санында жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта өлеңнің: 2-жолы: «Отансыздың шаруа саны қиралған» 7-жолы: «Әлсін құлдық, тусын тендік, әйде істе!..»

9-жолы:«Неше ұлы ілек қаққы көріп жүр еді», 10-жолы:
«Кім күдерін оған мойын үзеді?..»
14-жолы: «Не дер, не дер жүгеу көрер кешеулер».
16-жолы: «Құр тұрмыстың қоламтасын көсеулер»

болып басылған-ды, бұл жолдар баспаға дайындалып отырған жинаққа газетке сүйеніліп:

2-жолы: «Отансыздың шаруа сәні қираған»
7-жолы: «Өлсін құлдық, тұсын теңдік, үйде, істе»
9-жолы: «Кейде ол тілек қаққы көріп жүр еді»
10-жолы:«Кім күдерін оған мойып үзеді»

14-жолы: «Бейнеттенер, бөгет керер, кешеулер»
16-жолы: «Қор тұрмыстың қоламтасын көсеулер»
болып түзетілді.

«Кім не ойлайды» — алғаш 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінде (4 марттағы) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинаққа енгізілген. 1935 жылғы жинақта өлеңнің 18-жолы: «Тас мектепте сабақ ойлайды». болып басылған еді, газеттегі текстке сүйеніліп бұл жол:

«Жас мектепте сабақ ойлайды» болып қабылданды. «Төртінші октябрь» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1924, № 109) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинаққа кірді. 1920 жылы 4-октябрьде Қазақстанның тұңғыш советтер съезінде қазақтың советтік автономиялы республикасы құрылғандығы туралы заң қабылданды. Осы тарихи күнді яғни 4-октябрьді Қазақстан жұртшылығы жыл сайын республиканың құрылу күні есебінде мерекелеп келеді. Д. Сәбит өлеңі осы мерекелі күнге арналып жазылған. «Алты жылда» — алғаш 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 116- санында жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Осы жинақта өлеңнің басында жақша ішінде мынадай: «Ортақшыл жастардың бірінші тобына 29 октябрьде 6 жыл толады» деген комментарий берілген. Демек өлең Бүкілодақтық Лениншіл коммунист жастар одағы құрылуының алты жылдығына арналған.

Жинақта өлеңнің:
1—2-жолы: «Жараланып жүректер, Жалбарынып тілектер»,
8-жолы:«Қайда балға, күректер.»
9-жолы:«ІІІыдамай ақыр жұлқынып.»

делінген, Сәулет Дөнентаева материалдарына сүйеніліп:
1—2-жолы: «Жараланған жүректер, Жалбарынған тілектер»,
8-жолы:«Қайла, балға, күректер».
9-жолы:«Шыдамай ақыр бұлқынып.» болып қабылданды.

Өлеңнің 5—6 шумақтары жинақта: «Шын азаттық азат жас, Орнатуға қосып бас Октябрьдің жылында Мезгілде катер жауталас Міне саған алты жыл»,—болып басылған еді, бұл да Сәулет Дөнентаева материалдарына сүйеніліп: «Шын азаттық азат жас, Орнатуға қосып бас. (Жалшылар жылдық билігі Кезінде катер — жанталас). Міне, октябрь, алты жыл»,—болып жіберіліп отыр. «Тарих таны» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 118) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта өлеңнің: 7-жолы: «Илажсыз адам түгіл, айуан сүйгіш» 12-жолы: «Қайғыға қан жұтуға күр көбейді» болып басылған-ды, газетке сүйеніліп бұл жолдар: 7-жолы: «Идеалист адам түгіл, айуан сүйгіш»

12-жолы: «Қайғыға қан жұтуға қор көбейді» делініп жіберіліп отыр. «Комсомолдың айты» — бұл өлең алғаш «Қазақ тілі» газетінде «Азалы» деген бүркеншік (псевдоним) ат қойылып (1924 жылы

№ 51 (450) жарияланды. Кейін ақынның 1935 жылғы жинағына енді.
Жинақта өлеңнің: 6—7-жолы:
«Ораза, намаз, тарауықты
Жинаймыз байларға бергелі»,

9-жолы: «Он демек, бағынбақ, шұлғынбақ»,
11-жолы: «Кедей шайнамай қылғымақ»,
16-жолы: «Аузынан ағарған - жындарын»
19—20-жолы: «Еш уақыт алдамайды, жолдамайды,

Бізге енді бір молда, бір дін ед». болып басылған екен, бұл жолдар газетке сүйеніліп: 6—7-жолы:«Ораза, намазды — тарауық Жинадық байларға бергелі» 9-жолы: «Дін демек, бағынбақ, шұлғымақ» 11-жолы: «Кедейді шайнамай қылғымақ» 16-жолы: «Аузынан ағызған жындарын»

19—20-жолы:«Еш уақыт алдамайт, жоламайд
Бізге енді бір молда, бір дін де»,—
болып қабылданды.

«Бақ кұсына» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 59) аяғына «Жанас» деп қол қойылып жарияланды да, кейін 1935 жылғы жинаққа кірді.

1935 жылғы жинақта өлеңнің: 2-жолы: «Көлеңкең түссін басына...»
7-жолы:«Ықлас берем» 16-жолы: «Дабысыңа, дауысына»

20-жолы:«Қалмасын аңғарма» 23-жолы: «Сенді сендім мен мәңгі» 26—27-жолы: «Дабысыңнан... Дән татпаған е.ң мәңгі» — болып басылған екен. бұл жолдар газетке сүйеніліп: 2-жолы: «Көлеңкең түссін басыма» 7-жолы: «Ықлас бердім» 16-жолы: «Табысыңа, дауысыңа» 20-жолы: «Қалғымасын аңғармай» 23-жолы: «Сендім, сендім мен мәңгі» 26—27-жолы: «Табысыңнан Дән татпаған ек мәңгі» — болып түзетілді. «Тілші» газетіне»—алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 жыл, 94) «Тілші»ге деген атпен жарияланып, кейін 1935 жылғы жинағына енді. Өлең «Тілші» газетінің шыға бастағанына 2 жыл толуына арналып жазылған. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 8-жолы: «Алдыңнан тәубе етеміз», делінген екен, дайындалып отырған жинақта газеттегі бойынша «тәубе» деген сөздің орнына «тәуе» болып жіберіліп отыр. «Ауыл»дың жылдығына» — «Ауыл» газетінің бір жылдығына арналып сол газеттің езінде (1924 ж., № 95) жарияланды. Жинаққа бірінші рет кіргізіліп отыр. «Қазақ тілі»не — бұл өлең «Қазақ тілі» газетінің 5 жылдығына арналып жазылған. Алғаш «Қазақ тілі» газетінің 1924 жылғы 5 декабрьдегі санында жарияланып, кейін 1935 жылғы өлеңдер жинағына енгізілді. 1935 жылғы жинақтағы бірінші шумақтың соңғы жолы: «Зарладың дәуірінде сен осы жылдың»— делінген екен, бұл жол С. Дөнентаева қолжазбасына сүйеніліп: «Зарладың дәуірінде сен бес жылдың»,— деп беріліп отыр. «Жазғытұры жар басында» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 48) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинаққа енді. Жинақта өлеңнің: 2-жолы: «Күн бүгін мейрімді езі, әуелі жат» 5-жолы: «Шұбырған ерсіл-қарсыл аяқшылдар»

14-жолы: «Жарасты үстінде де ағылған жұрт»
19-жолы:«Андатты, міне жаяу түйе, арбалы»

20-жолы:«Деп тан боп суға қарап аңғарған жұрт» делінген, газетке сүйеніліп бұл жолдар: 2-жолы: «Күн бүгін мейрімді өзі, әуесі шат» 5-жолы: «Шұбырған ерсіл-қарсыл аяңшылар»

14-жолы:«Жар асты, үстінде де ағылған жұрт»
жолы: «Әне атты, міне жаяу, түйе, арбалы»
жолы: «Деп тан боп суға қарап аңырған жұрт...» болып қабылданды.

«Темірге» — алғаш 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 53-санында жарияланып, кейін'1935 жылғы жинақта басылды.

Жинақта өлеңнің:
13-жолы: «Ұйқы жүзіп, рахат, қызық» —
15—16-жолы:«Ауру аш боп, қарамас боп, Бір сен үшін елуге»
болып басылған-ды, дайындалып отырған жинақта газеттегі текст бойынша:

Ұйқы бұзып,
Ауру, аштық
Қарамастық
Бір сен үшін өлімге»,—

болып қабылданылды. «Сүлейменнің нануы» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 жыл, № 127) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Баспаға дайындалып отырған жинаққа 1935 жылғы баспасынан алынып жіберілді. «Елшілге» — алғаш 1924 жылы «Қазақ тілі» газетінің 82-санын- да жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Өлең сол кездегі сөз жүзінде «елім» деп, іс жүзінде елге, халыққа пайдалы түк істемей босқа лаққан адамдарды шенейді.

Жинақта өлеңнің:
12-жолы: «Мұңы мені сыныпты».

19-жолы: «Бақылған бенде емес...» болып басылған-ды, Сәулет Дөнентаева қолжазбасы нұсқасына сүйеніліп:

12-жолы: «Не бір мұңды сын ба еді?..»
19-жолы: «Бақылаған мен де емес.» болып түзетілді.
«Жалдама сандуғаш»— алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж.,

№ 27) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Сәбит туралы естелігінде осы өлеңнің жазылу тарихы жөнінде Машақов Сәду: «Сәбиттің 1924 жылы басылған «Жалдама сандуғаш» деген өлеңі езінін (Сәбиттің) айтуынша мынадай жағдайда жазылған: Сәбит әйелі Хорлығайын екеуі Павлодар қаласында жүрген кезінде атақты скрипка тартушы (фамилиясы ойымда жоқ) адаммен бір мәжілісте болады. Бірақ, скрипка тартушы адам ақша дәметкен болса керек, түрлі сылтау айтып скрипканы тартпайды. Сәбит өзі де, әйелі де құштар болса да, ақыры одан ешнәрсе шықпапты. «Жалдама сандуғаш» өлеңі сол скрипкашыға ыза болудан туып еді», деп жазады.

1935 жылғы баспасында өлеңнің:
3-жолы: «Қатыбасты илемес»
5-жолы: «Тас жүректі жібіткен»
12-жолы: «Болмаса шын жын қаққан»

17-жолы: «Айрылып ашуда»
23-жолы: «Бір қақиқат шын үшін»
26—27-жолы: «Көбінен бірақ құрысын
Сен өңештің құлысың» болып басылған-ды, бұл жолдар газеттегі қалпынша:

3-жолы: «Қатыбасты иілмес»
5-жолы: «Тас жүректі жібімес»
12-жолы: «Болмаса қас жын қаққан»
17-жолы: «Айрылыппын ашудан»

23-жолы: «Бір ақиқат шын үшін»
26—27-жолы: «Сенің де күнің құрысын
Сен де өңештің құлысың» делініп жіберіліп отыр.

«Шошқа мен саудагер» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1924 ж., № 42) басылды. Бұл 1935 жылғы жинағына кірмей қалған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа газеттен алынып енгізіліп отыр. «Бөшкенің зары»— 1935 жылғы жинақта: «Жана ауыл»дың бір санында» делінген. Формасы, мазмұны жағынан қызықты бұл күшті сатиралы мысал өлең туралы Сәду Машаков: «Сәбиттің өзіне ұнаған өлеңінің бірі «Бөшкенің зары» дейтін елен. Бұл өлең 1924 жылы жазылған. Ол кезде ауылда болыстыққа таласып, партия жасаушылар, үру таласын қоздырушылар аз емес-ті. «Бөшкенің зары» деген өлең осы сияқты партияқор, пысық атқамінерлер тұрмысынан алынып жазылған. Осы өлеңнің құрылысы жөнінде Сәбит езінің едәуір ізденіп, ойланғанын әңгіме еткені әлі есімде. «Бұл өлең малын партияға шашып, қос қатын алған, кооператив мүлкін ішіп-жеген бай Бостанбай туралы жазылған екен» деп жазады. «Драмашыға» — бұл өлең 1935 жылғы жинақта бар, одан бұрын жарияланған-жарияланбағаны мәлім емес. Сәду Машаков ақын туралы естелігінде: «Сәбиттің 1924 ж., редакцияға алғашқы келген кезінде Семей педагогика техникумында оқушылардың ішінде өлең, әңгіме, пьеса жазуға талаптанып жүргендері аз болмаған. Ондайлардың ішіндегі үміт күтетіндерінің өлең, фельетондарын газетке басу жөнінде Сәбит көмек көрсетіп отырған. Бұл жылдары көркем сауықшылар үйірмелері Семейде ете көп болатын. Олар шағын пьесаларға зәру еді. Пьеса жазушылар Сәбитке жазғандарын көрсетіп, ақыл-кеңес алып тұратын. Бірақ, олардың ішінде екі-үш адамның атын тізіп, оларды кезекпе-кезек сөйлестіріп, бір түнде бір пьеса жазып шығатын мылжың дарынсыздар да болған.

Сәбиттің «Драмашыға» деген өлеңіндегі:
«Сендей тауық балапанын
Бір-ақ күнде шығара ма?
Ағаң менен жеңген сөзі

Барлық жанға тұра ала ма?»
деуі осыдан» деп жазады.

«Күздің сыры» — 1935 жылғы жинақта өлең аяғында жақша ішінде: «1924 ж., «Қазақ тілі»нің 102-санында» делініпті. Газеттің бұл сапы табылмады. Баспаға дайындалып отырған жинаққа 1935 жылғы баспасынан алынып жіберілді. «Бір жыл өтті»—алғаш рет 1925 жылы «Қазақ тілі» газетінің 6-санында жарияланды. Өлең аяғына: «Еңбекшіл» деп қол қойылған, өлең 1935, 1950 жылғы жинақтарда басылған. «Әйелдер мейрамына» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж. № 1) аяғына: «С. Дөнентай» деп қол қойылып жарияланды. Кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта өлеңнің: 1-жолы: «Жаны бұлсыз, қаны құлсыз кім еді?» делінген екен, газетке сүйеніліп бұл жол

1-жолы: «Жаны бұлсыз, қаны құнсыз кім еді?» болып қабылданды. «1905 жылғы төңкерістің 20 жылдығына» — алғаш 1925 жылы «Қазақ тілі» газетінің 120-санында жарияланды. Өлең аяғына: «Еңбекші» деп қойылған. Кейін бұл өлең 1935 жылғы өлеңдер жинағында басылды. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 3—4-жолы: «Құдайдың күр жаратқан мен құлдар, Тажы мен жүруші еді табанында»

7-жолы: «Жарлы ғып жасағаны жасын иіп»
33-жолы: «Ал бірден алғашқы адым, тұңғыш дүбір»

35-жолы: «Артында бұл сияқты зор өpіc қалған» болып басылған. Газеттегі текстке сүйеніліп бұл жолдар: 3—4-жолы: «Құдайдың қор жаратқан күң мен құлдар,

Тәжіммен жүруші еді табанында»
7-жолы: «Жарылғап жасағаны жасын иіп»
33-жолы: «Ол бізден алғашқы қадым, тұңғыш дүбір»
35-жолы: «Артында бұл сияқты зор іс қалған» болып қабылданды.

«Париж коммунасына»—алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 жыл, № 24) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. «Дәуітбек»—1935 жылғы жинақта өлең соңындағы жақшада: «1925 жыл март айында шыққан «Тан» журналының 1-санында басылған» делінген. Жинақта өлеңнің: 6-жолы: «Өштессе жоқтан піле салушы еді,» 12-жолы: «Несі бар жүрмесіне пәлен деспей» 18-жолы: «Бусаңда етегінен ұстамасаң» болып басылған екен, бұл жолдар. С. Дөнентаева материалына сүйеніліп:

6-жолы: «Өштессе жоқтан бәле салушы еді... 12-жолы:«Несі бар жүрсе түге пәлен деспей» 18-жолы: «Қысқанда етегінен ұстамасаң»

болып қабылданды. «Құсайынның арманы»— 1935 жылғы жинақта басылды, одан бұрын қайда жарияланғаны белгісіз. Жинақта өлеңнің:

34—35-жолы: «Салақты тікпей қандай қылғанымды.

Өзіңде болыс анау бетің шіркін.» 64—65-жолы: «Оларды басып кеткен ақыр бақ па? Сәлем мен бай мен әлде тілмашты алып» 142-жолы: «Шыққанша қыр басына дүріктірді...» болып басылған екен, бұл жолдар С. Дөнентаева материалына сүйеніліп:

34-35-жолы: «Салақтық тікпей қандай қылғанымды!

Өзіңдей болыс анау, бетім шіркін» 64—65-жолы: «Оларды басып кеткен ауыр бақ па? Сәлім мен Бәймен әлде тілмашты алып», 142-жолы: «Шыққанша қыр басына дүрліктірді». болып қабылданды . «Бәжейдің даярлығы»—алғаш 1935 жылғы жинақта өлеңнің айтқа қарсы жазылып, 1925 жылы «Қазақ тілі»нің 40-санында басылғаны айтылады. «Ой, жалған-ай!» — алғаш 1925 жылы «Қазақ тілі» газетінің 61- санында жарияланып, кейін «Әй, жалған-ай» деген атпен ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағына енгізілді. 1935 жылғы жинақта өлеңнің: 8-жолы: «Пар ат Жектім, ала ат жектім...» делінген, газеттегі текстке сүйеніліп бұл жолдар:

8-жолы: «Пар ат жеттім, дара ат жектім»... болып қолданылды. «Ақ жорға шығыпты» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж., № 98) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинаққа енді. Жинақта өлеңнің: 20-жолы: «Кеше толған әншіл жұрт» -22-жолы: «Әр нақысқа басып жүр», делінген екен, бұл жолдар Сәулет Дөнентаева материалдарына сүйеніліп: 20-жолы: «Кеше толған әншіл жұрт» 22-жолы: «Әр нақысқа басып жүр», болып жіберіліп отыр. «Қаржаубайдың ашуы»— 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің 1925 жылы «Қазақ тілі» газетінде (№ 98) басылғаны көрсетілді. Жинақта өлеңнің: 7-жолы: «Жарайды мен Айырбек жүр»

13-жолы:«Сен антұрған құл өсекші..» 20-жолы: «Қолған» дей ме, «әукем» дей ме?» болып басылған еді, Сәулет Дөнентаева қолжазбасының нұсқасына сүйеніліп бұл жолдар: 7-жолы: «Жарайдымен Қайырбек жүр» 13-жолы: «Сен антұрған құл ең кеше» 20-жолы: «Қолғап» дейме, «әукем» дей ме?» болып жіберіліп отыр. «Нағиманың екпесі» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 жыл, № 100) жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта өлеңнің:

16-жолы: «Шарапты алдырмас па ед әлденешеу» делінген, бұл жол: «Шәріпден алдырмас па ед әлденешеу» болып жіберілді, өйткені шараптың өлең сюжетіне ешбір жанасымы жоқ, әңгіме Нағиманың сәнді киімдері туралы. «Мұқан мен Серік»— 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж., № 112) жарияланғаны көрсетіледі. Жинақта өлеңнің:

19-жолы: «Жолдас ашарсыз дейім» 40-жолы: «Ол межеуге батым-ақ қой» басылған екен, Сәулет Дөнентаева қолжазбасына сүйеніліп:

19-жолы: «Жолды ашарсыз дейім» деді?
20-жолы: 0л ма? жеуге батым-ақ қой». Еркі беріліп отыр

Өткен мен кеткен мен Ұмсындық»—өлең аяғына: «С. Д.» деп қол қойылған. Кейін «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж„ № 119) жарияланды. 1935 жылғы жииақта басылды. 6 жолы баспасында еленнің:

40-жолы: «сыласқан бәнесі бар. 45-жолы- «жылғы жыл осы отауды» Тек жолы заман қой шашуын жеп болмай қажы, (Оған керек жылғы азы) Қала емеріп алғы ақ ед» деген жолдары түсіп қалған-ды. Газетке Әйелінің бұл жолдар:

6-жолы: «Үн сыласқан Бәтеспен». 40-жолы: «Биылғы жыл бұл отауды».
45- жолы:«Тек біз мәз ғой шешуің жеп».
46-жолы:«Қажы ұрсады тайша жи»

деп болып түзетіліп және жоғарғы үш жолы қосылды. «Партпел» — алғаш қайда жарияланғаны белгісіз. 19 жолы: жылғы өлеңдер жинағында бар. Сәулет Дөнентаева қолжазбасында ең аяғына 1925 жыл көрсетілген. «Бір адвокаттың мінезінен» — алғаш қайда жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта: «Семен қаласында Шынжы Керейбай ұлы деген бір адвокат болған, соның мінездерінен алынып жазылды» делініп және 19x5 жылы жазылғандығы көрсетіледі. «Қазақстанның 6 жылдығына» — алғаш «Қазақ тілінде» (1926 ж. № 62) жарияланды. 1935 жылғы жинағына бұл өлең кірмей қалған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа газеттен алынып жіберіліп отыр. «Азат жетті, енді жетіледі де» — 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің соңында: «1926 жылы «Қазақ тілі»нің. 64-санында» деп көрсетілген.

Жинақта өлеңнін: 5-жолы: «Қыз боп көрмеген».
11-жолы: »Ер түгіл, ер түгіл».
15-жолы: «Жылқышы, биеші»
38—39-жолы: «Асырар Азат, кеп Деп қалды 9 жыл».

44-жолы- «Басқадай ол қор ма?». 60-жолы: «Айтыпты ата ма» — болып басылған екен, Сәулет Дөнентаева материалдарына сүйеніліп бұл жолдар:

5-жолы: «Қыз болып көрмеген».
11-жолы: «Ер түгіл, үй түгіл».
15 - жолы: «Жылқышы, пішенші»
38—39-жолы:«Асырар Азат деп,

Көп қалды 9 жыл».
44-жолы: «Басқадан ол қор ма?»

60-жолы: «Айтпа да, атама» болып қабылданды «Капиталшының сорына жасаймыз» — 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің соңында «1924 жылы, 22/1, № 7» делініпті. Қай газет екені жазылмаған, сірә «Қазақ тілі» болуы керек «Ерікті Айша» — 1935 жылғы жинақта: «Қалыңмалды қалған заңның шыққандығына 3 жыл толғанда «Жаңа ауыл» - санында» делінген. Жинақта өлеңнің:

5-жолы: «Қайғы баста»
17-жолы: «Депті пісіп»
35 – жолы : «Құрғағанын»
39-жолы:«Жүр ең сурет ішінде

56 - жолы: «Толған Айша» «...болып басылған екен, Сәулет Дөнентаева жазбасына сүйшілш бұл жолдар:

5-жолы: «Қайғы басқа»
17 - жолы: «Депті пысық»
35-жолы: «Қарғағаның»
39-жолы: «Жүр ең сүр" пішінде»

56-жолы: «Толған» делініп жіберіліп «Бейсеннің алғаш Қазақ тілі» газетінде (1926 ж., № 6) жарияланды. кейін 1935 жылғы жинақта басылды. Жинақта өлеңнің 20-жолы: «Болсын жоқ бұл жалмауыз бұзықтарға, делінген-ді, Сәулет Дөнентаева қолжазбасына сүйеніліп бұл жол:

«Болсын шок бұл жалмауыз бұзықтарға» делініп түзетілді. «Жәкең молда» — алғаш, 1935 жылғы жинақта: «Жана ауыл»-дық бір санында» делініп және шығарманың аты «Жекен молда» деп аталыпты. Баспаға дайындалып отырған жинақта Сәулет Дөнентаева қолжазбасындағы қалпынша: «Жәкең молда» болып жіберіліп отыр. «Май туды»— 1927 жылы «Қазақ тілі» газетінде (1927 ж., № 17 (744) жарияланды. Өлең аяғына: Д. С. деп қол қойылған. «Май туды-1935 жылғы жинағына кірмей қалған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа газеттен алынып жіберіліп отыр. «Ризамыз» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1927 жыл, № 10) жарияланды, өлеңнің аяғына: Д. С. деп қол қойылған. Бұл өлең февраль төңкерісінің 10 жылдығына арналып жазылған. Жинаққа газеттен алынып бірінші рет қосылып отыр. «Он жылдың жемісі» — алғаш қайда, қашан жарияланғаны белгісіз. 1935 жылғы жинақта өлеңнің Октябрь революциясына арналып жазылғаны айтылған. «Мен зынданда» — ертеректе жазылған өлең, алғаш қашан, қайда басылғаны табылмады, 1935 жылғы жинақта: «Қазақ тілінің 26 яки 27 жылдардағы бір санында» делінген. Бірақ өлең газеттің ол сандарынан табылмады. Баспаға дайындалып отырған жинақта сол 1935 жылғы баспасындағы жорамал бойынша шамамен 1927 жыл белгіленді. «Байдәулеттің тамағынан неге ас жүрмейді» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1927 ж., № 7) жарияланып, аяғына: Д. С. деп қол қойылды. Жинаққа газеттен алынып бірінші рет енгізіліп отыр. «Жана ауыл болайық, жанаруға қарауыл болайық»—1935 жылғы жинақта жоқ және басылған газеті де табылмады. С. Дөнентаева қолжазбасында өлең аяғына: «1928 жыл, «Жаңа ауыл» газеті № 1» деп көрсетілген. Баспаға дайындалып отырған жинаққа С. Дөнентаева қолжазбасынан алынып қосылып отыр. «Қызыл әскердің он жылдығына шашу»— бұл да 1935 жылғы жинақта жоқ, баспаға дайындалып отырған жинаққа С. Дөнентаева қолжазбасынан алынып енгізіліп отыр. Қолжазбада өлең аяғына: 1928 жыл, февраль айы көрсетілген. «Әйелдердің он жылдық тойына» — алғаш «Жаңа ауыл» газетінде (1928 ж., № 71 (862) жарияланды. Ақынның 1935 жылғы жинағында бұл жоқ. Баспаға дайын¬далып отырған жинаққа газеттен алынып енгізілді. «Арап әрпі барып түр»— 1935, 1950 жылғы жинақтарда бұл өлең жоқ. Баспаға дайындалып отырған жинаққа Сәулет Дөнентаева материалдарынан алынып жіберіліп отыр. С. Дөнентаева бұны газеттен қиып алып сақтаған да, бірақ қай газетте, қашан басылғанын жазып алмай, тек өлең соңында 1928 жылды көрсеткен. Біз қараған газеттерден бұл өлең басылған газет саны табылмады, сірә жыртылып қалса керек. «Бай мен комсомол» — бұл өлең 1928 жылдары жазылған. Алғаш қанда, қашан басылғаны табылмады, 1935 жылғы жинақта бар. Осы жинақта өлеңнің 22-жолы: «Құдай бізді марқұм етіп» делінген, бұл жол С. Дөнентаева тапсырған шығармалар текстіне сүйеніліп:

«Құдай бізді махрұм етпес»
болып қабылданды.

«Ленин өлімінің 5 жылдығына»— 1935 жылғы жинақта бұл өлеңнің 1929 жылы «Жаңа ауыл» газетінде жарияланғаны айтылған. Жинақта еленнің:

8-жолы: «Бірнеше дос пен керік»
14-жолы: «Нешелеп өткелден қиын». 19—20—21-жолы: «Өркендеп өріледі кеңес

Күннен-күн жаңалап құрып. Өткізіп фабрик, завод» 25-жолы: «Тас бұзып, тауларды қашап» 39-жолы: «Қосшы, жалшы ұйымдарына жөн». делінген, Сәулет Дөнентаева қолжазбасына сүйеніліп бұл жолдар: 8-жолы: «Бірнеше досымен серік». 14-жолы: «Нешелер өткелден қиын» 19—20—21-жолы: «Өркендеп өрледі Совет

Күнен-күн жаңалық құрып.
Өкімет, фабрик, завод» 25-жолы: «Тау бұзып, тастарды қашап»
39-жолы: «Қосшы, жалшы ұйымдарын ашып», делініп түзетілді.

«Кеңес сайлауының біту қарсаңына» — алғаш қайда, қашан жарияланғаны белгісіз, Сәулет Дөнентаева қолжазбасында 1929 жыл көрсетілген. Баспаға дайындалып отырған жинаққа сол қолжазбадан алынып жіберіліп отыр.

1935 жылғы жинақта өлеңнің: 9—10-жолы: «Қаражаты кем, кенесі де болмай, Кексе орнатуға кеңесі де болмай», делінген, бұл жолдар қолжазба бойынша: «Қаражаты кем, кеңсесі де болмай, Кексе орнатуға еңсесі де болмай», болып жіберіліп отыр. «Ескі дәуір күйреді» — бұрынғы баспаларына бұл өлең кірмей қалған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа С. Дөнентаева қолжазбасынан алынып енгізіліп отыр. «Жалғыз құлық басындағы әйелдер мектебінде» 1935 жылғы жинақта өлең соңында: «1929 жылы «Жаңа ауыл»дың бір санында басылған» делінген. Жинақта өлеңнің ақырғы жолы: «...Демейміз күтусіз жастар». делінген, Сәулет Дөнентаева қолжазбасына сүйеніп: «Демейміз күтусіз тастар» болып қабылданды. «Тоғыз жылғы олжамыз» — бұл да Қазақстанның автономиялық республика болғанына 9 жыл толуына арналып жазылған. Алғаш 1929 жылы «Жаңа ауыл» газетінің 74-санында жарияланып, кейін 1935 жылғы жинақта басылды. «Өсек қадірі азаюда» — алға 1929 жылы «Жана ауыл» газетінің 92-санында жарияланды. Әлек аяғына: Д. С. деп қол қойылды. Кейін 1935 жылғы өлеңдер жинағына енді. Жинақта өлеңнің: 10-жолы:«Шатқан та төккен күндерін» болып басылған, бұл жол С. Дөнентаева материалдарына сүйеніліп, «Шайқап та төккен күндерін» деп қабылданды. «Пролетариат жыршыларына» — бұл өлең алғаш «Жана ауыл» газетінде (1930 ж., № 34) жарияланды. Бірақ бұрынғы баспаларына кірмей қалған. Баспаға дайындалып отырған жинаққа газеттен алынып енгізіліп отыр. «Жаңа ауыл»дың он жылдығына» — алғаш 1930 жыл «Жаңа ауыл» газетінің 8-санында жарияланды. Кейін ақынның 1935 жылғы өлеңдер жинағында басылды. Жинақта өлеңнің 8-жолы:

«Қандай айла мен ақыл көп»,
делінген, бұл жол:
«Ханда айла мен ақыл көп»,
деп түзетілді.

«Біздің колхоз бәйгі алады»—1935 жылғы жинақтағы өлең аяғына берілген комментарийде: «1930 жылы егіс науқаны тұсында жазылған» делінген. «Көркемтай» — алғаш Орынбор қаласында шығып тұрған өлкелік комсомол комитетінің тілі «Жас қазақ» журналында (1924 ж., № 4. 5, 6) басылды. Әңгіме аяғына: «Жетім» деп қол қойылған. Жинаққа журналдан алынып кіргізіліп отыр. Біздің әзіргі мәліметіміз бойынша Сәбиттің. «Көркемтай» дан басқа көркем әңгімесі жоқ сияқты. «Көркемтай»дан бастап, Сәбиттің басқа мақала, фельетондарының бәрі де алғаш басылған газет-журналдан алынып, жинаққа бірінші рет енгізіліп отыр. «Кекесінді қою керек» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж., № 27) жарияланды. Аяғына: «Бегіндік» деп қол қойылған. «Хат танымаған қатарға кіре алмайды» - алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 56) жарияланды. Бұның да аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Баспасөз күшейсін»— алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 58) жарияланды. Мақаланың аяғына: С. Дөнентай деп қол қойылған. «Газет көпке тарасын» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 59) жарияланды. Мақала аяғына С. Д. деп қол қойылған. «Тілшілікке назар салынсын» — «Қазақ тілі»нде (1924 ж. 18 октябрь) басылды, мақаланың соңына: Д. С. деп қол қойылған. Бұл да С. Дөнентаева материалдарынан алынып жібері"отыр. «Әуелі шаруа оңалу керек» — «Қазақ тілі»нде (1924 ж. 14 сентябрь) басылып. аяғына С. Д. деп қол қойылған. Бұл мақала да С. Дөнентаева материалдарынан алынып жіберіліп отыр. «Қолғабыс комитеті» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде №924 ж. № 61) жарияланды. Аяғына: С. Дөнентай деп қол қойылған. «Әркім өз қотырын өзі қасу керек» — бұл да «Қазақ тіл!» газетінде (1924 ж. № 64) жарияланды. Аяғына: «Жанас» деп қол қойылған. «Есте болатын іс» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 64) жарияланды. Әңгіменің аяғына: С. Дөнентай деп қол қойылған. «Естен тастамау керек» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 65) жарияланды. Мақаланың аяғына: «Жанас» деген псевдоним қойылған. «Әйел тендігін қалай ұғу керек» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 66) жарияланды. Мақаланың аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Ұялып жүрмейік» — бұл да алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 89) жарияланды. Аяғына: «Жанас» деген псевдоним ат қойылған. «Оқу ойыншық емес» — бұл да алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. Л1» 97) жарияланды. Мақаланың аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Ел мекемелері еңсесін көтеру керек» — бұл мақала аяғына «Жанас» деп қол қойылып, алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 981 жарияланды. «Бағай тоғаны» — бұл мақала аяғына: «Жетім» деп қол қойылып. алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1924 ж. № 1081 жарияланды. «Қытайда әлеумет соғысы» — алғаш соңына «Жанас» деген псевдоним ат қойылып «Қазақ тілі»нде (1924 ж. № 108) жарияланды. «Саясат дүниесінде» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1924 ж. № 115) жарияланды. Мақаланың аяғына: С. Д. деп қойылған. «Ленинградтағы апат» — «Қазақ тілі»нде (1924 ж. № 111) соңына «Жанас» деп қол қойылып басылды, жинаққа С. Дөнентаева материалдарынан алынып енгізілді. «Қалыңмал мен көп қатын алудың тарихы» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 1) жарияланды. «Қазақ әйелдері әм сауатсыздық» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 1) жарияланды. Аяғына: «Жанас» деп қол қойылған. «Кооперация тұрмысынан» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж. № 5) жарияланды. Мақаланың аяғына: «Жетім» деп қол қойылған. «Газет иесіне берілсін»— бұл да алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 5) жарияланды. Аяғына: «Жанас» деген псевдоним қойылған. «Ұрыны қарақшы тонаған» — бұл да алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1925 ж. № 31) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним ат қойылған. «Тағыда Қарқаралының шаруашылық жайынан» — бұл да, «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 35) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним ат қойылған. «Майкы тойы» — бұл да алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 69) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деп қол қойылған. «Кедей таянышы қолғабыс комитеті» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 79) жарияланды, аяғына: «Жанас» деген псевдоним қойылған. «Загске тіркетіп қойса болғаны» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. 20 октябрь) жарияланды. Мақала соңына: «Жанас» деп қол қойылған. Жинаққа С. Дөнентаева қолжазбасынан алынып енгізіліп отыр. «Бүркіт түбіне жеткен екен» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 10) жарияланды. Мақаланың соңына: «Жетім» деген псевдоним қойылған. «Мен өзім жерді әпергеніне ризамын» — алғаш «Қазақ тілі»-нде (1925 ж. № 103) жарияланды. Мақала аяғына: «Жанас» деп қол қойылған. «Екеуі де дұрыс» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 107) аяғына «Жанас» деген псевдоним қойылып, жарияланды. «Балқашқа көңіл бөлінсін»—алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 114) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним қойылған. «Қарнын тояр тіленбей» деген осы» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 114) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним қойылған. «Өтірікті сатып алушы табылса, айтушы да табылады» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 115) жарияланды. Аяғына: «Жанас» леген псевдоним қойылған. «Қарқаралыда қыстың беті» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 115) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним қойылған. «Биыл шаруа тәуір»— алғаш «Қазақ тілі»иде (1925 ж. № 120) жарияланды. Аяғына: «Жетім» деген псевдоним қойылған. . «Оқу ағарту жабдығы»— алғаш «Қазақ тілінде (1925 ж. 17-февраль) жарияланып, мақаланың соңына: «Жанас» деп қол қойылған. Жинаққа С. Дөнентаева материалдарынан алынып жіберіліп отыр. «Жалшылар ұйымына көңіл бөлінсін» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 14) басылды, аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Міндетті қызметкерлеріміздің ескерулері керек» — алғаш «Қазақ тілі»нде (1925 ж. № 14) жарияланды, жинаққа С. Дөнентаева материалдарынан алынып енгізілді. «Сауатсыздықты жою ретінде ұялмайтын болыңдар» — алғаш «Қазақ тілінде» (1927 ж. № Т) жарияланып, аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Қосшының басындағы қызмет жөнінде қайратты болулары керек»— алғаш «Қазақ тілі» газетінде 1927 ж. № 10) жарияланып, мақаланың соңына; Д. С. деп қол қойылған. «Правда» газеті тап құралы болды» — алғаш «Қазақ тілінде» (1927 ж. № 17) жарияланып, аяғына: С. Д. леп қол қойылған. «Октябрьдің 10 жылдығына арналған өлеңдер» — алғаш «Қазақ тілінде» (1927 ж. № 45) жарияланып, мақаланың аяғына: С. Д. деп қол қойылған. «Арызды төменнен бастап беруге үйрену керек» — алғаш «Қазақ тілі» газетінде (1927 ж. № 47) жарияланып, мақаланың аяғына: Д. С. деп қол қойылған. «Баспасөз күшінің қандай әсері қалу керек» — бұл мақала «Қазақ тілі»нде (1928 ж. № 10) жарияланып, аяғына С. Д. деп қол қойылған. Жинаққа С. Дөнентаева қолжазбасы нұсқасынан алынып жіберіліп отыр. «Жөнімен екпелеу керек» — алғаш «Айқап» журналында (1914 ж. № 11) жарияланды. «Қазақ әйелдері туралы» — алғаш «Абай» журналында (1918 жыл, № 2, № 3) жарияланды. «Жазушыларға» — алғаш «Абай» журналында (1918 ж. № 1) жарияланып, мақаланың аяғына «Байымбет» деген псевдоним қойылған.

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙