Қазақстан табиғаты 4 том М-С (4)
ISBN: 9965-893-84-5 Беттер саны: 27 Жанр:
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
Авторы: ISBN: 9965-893-84-5 Беттер саны: 27 Жанр:
ПАВЛОДАР АУДАНЫ – Павлодар обл-ның солт.-шығысында орналасқан əкімш.-аумақтық бөлініс. 1928 ж. құрылған. Жер аум. 6,1 мың км2. Тұрғыны 29,2 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 4,7 адамнан келеді (2011). Аудандағы 62 елді мекен 29 ауылдық округке біріктірілген. Əкімш. орт. – Павлодар қ. Ауданның жер бедері – Құлынды даласының оңт-н алып жатқан көлді-аллювийлі тегіс жазық. Ол теңіз деңгейінен орта есеппен 130 м жоғары орналасқан. Ертіс өз-нің жайылмасында жəне ауданның солт. бөлігінде шағын көл қазаншұңқырлары кездеседі. Ең биік жері – оңт-ндегі Жамбыоба төбесі (абс. биікт. 157 м). Ертіс өз-нің бойында орман шоқтары кездеседі. Жер қойнауында құрылысқа қажетті материалдар барланған. Ауданның климаты тым континенттік. Қысы суық ызғарлы, жазы жылы, құрғақ. Қаңтар айының жылдық орташа темп-расы -17–19°С, шілдеде 21°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлш. 270 мм. Желдің басым бөлігі оңт.-батыстан жəне солттен соғады, жаз кезінде аңызақ желдер жиі болады. Агроклиматтық тұрғыдан П. а. қоңыржай қуаң белдемде жатыр. Оның геотерм. көрсеткіші 0,35–0,30. Ауданның батыс шекарасын бойлай Ертіс өз. ағып жатыр. Көлдері көп жəне олардың барлығы дерлік тұзды. Ең ірі көлдері: Маралды, Коряковка, Мойылды, т.б. Жер асты сулары тұщы, 87 м-ге дейінгі тереңдікте орналасқан, минералд. 0,2– 0,5 г/л-ден 18 – 20 г/л-ге дейін. Жері карбонатты қызғылт қоңыр, қара топырақты келеді. Онда жусан аралас бетеге, боз, селеу, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер, Ертіс өз-нің жайылмасында шілікті орман өседі. Солт.- шығысында шетен, қайың, теректен тұратын орман қалыптасқан. Ауданда қасқыр, түлкі, қарсақ, сарышұнақ кездеседі, суында үйрек, қаз, аққу мекендейді. Аудан аумағында шипалы балшықпен емдейтін Мойылды көлі орналасқан. Ірі елді мекендері: Красноармейка, Жетекші, Луганск, Чернорецк, Шақат, т.б. А. ш-на жарамды жер аум. 543,6 мың га, оның ішінде жыртылған жер аум. 136,6 мың га, шабындық 87,9 мың га (2010), жайылым 275,0 мың га. Аудан жерімен Оңт. Сібір т. ж., Екібастұз – Павлодар, Семей – Омбы (Ресей), Павлодар – Қарасуық (Ресей) автомоб. жолы өтеді. Ауданда «Мойылды» санаторийі жұмыс істейді. ПАВЛОДАР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ, 1993 ж. құрылған. Құрамында егіншілік; селекц. жəне тұқым өсіру; танаптық мал азығын өндіру; шалғындық шөп өсіру; Ертіс аумақтық бөлімдері жəне радиоизотоптық лаб. бар. Ин-ттың ғыл.-зерт. жұмыстарының негізгі бағыттары: республиканың солт.-шығысындағы дала жəне қуаң дала жағдайындағы аймақтарда а. ш. дақылдарын егіп-өсірудің озық технологиясын жасау жəне өндіріске енгізу; пішендік жер мен жайылымдарды жақсарту жəне қалпына келтіру технологиялары; егіншіліктің экол. теңгерілген агроландшафтық тоАуданның табиғи жайылымы Ертіс жағалауының қойнауындағы орман Павлодар
пырақ қорғау жүйесін жасау; қоршаған ортаның қолайсыз жағдайына, аурулар мен зиянкестерге төзімді, жоғары өнім беретін а. ш. дақылдарының жаңа сорттарын шығару; тұқым өсіруді ұйымдастыру. Зерттеу жұмыстарының нəтижесінде жаздық жұмсақ бидайдың 3 сорты жəне еркекшөптің «Толағай» сорты шығарылды. Селекц. жұмыстар нəтижесінде алынған бидайдың Ертіс-97, Павлодар-93 сорттары облыстың өзінде жəне Ақтөбе обл-нда аудандастырылған. Ин-т Қазақстанда бірінші рет аңыздық ықтырма жасау немесе дəнді дақылдардың шалғындарын тарау арқылы біртұтас таралған аңыздың негізінде қысқы ылғал жинау жөнінде зерттеу жүргізген. Ин-т Қазақстанның жəне Ресейдің бірқатар селекц. мекемелерімен, жүгері мен бидайды жақсартудың халықар. «СИММИТ» орт-мен (Мексика) тығыз байланыс орнатқан. Соның арқасында ин-т генофонды жаңартылып, жергілікті селекц. өнімдер əр түрлі климат жағдайларында сынақтан өткізіліп, экол. бағасы беріледі. ПАВЛОДАРЛЫҚ ЕРТІС МАҢЫ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ертіс өз-нің оң жəне сол жағалаулық аңғарында, Ертіс артезиан алабында орналасқан. Павлодар обл-ның солт. жəне оңт. шекарасына дейінгі аумақты қамтып жатыр. Əр жылдары (1984–92) барланған 33 телімнен тұрады. Облыстағы елді мекендердің егістіктерін суғаруға жəне суландыруға байланысты барланған. Болашағы бар жер асты сулары бор кезеңінің сулы кешенінде шоғырланған жəне олар барлық жерде біркелкі дерлік таралған. Су сыйыстырушы тау жыныстары қалыңд. 25–125 м болатын түрлі түйіршікті кварцты-глауконитті құмдардан тұрады. Суы жоғары арынды, пьезометриялық деңгейі жер бетінен 15–40 м жоғарыда белгіленген. Су деңгейі 40–60 м төмендегенде ұңғымалардың дебиті 20–40-тан 45–80 л/сқа дейін өзгереді. Суы тұщы жəне сəл минералданған, минералд. 0,2–0,4 г/лден 1,5–2,0 г/л-ге дейін. Батыс жəне солт.-батысқа қарай минералдылығы жоғарылайды. Хим. құрамы бойынша суы гидрокарбонатты жəне гидрокарбонатты-сульфатты натрийлі. Сутірек сұлбасы əр телімде аралығы 300 м болатын ұңғымалардан тұрады. Пайдаланатын ұңғымалардың орташа тереңд. 800 м. Бекітілген жер асты суларының барлық телімдер бойынша тəулігіне 2969 мың м3, оның ішінде А+В қоры тəулігіне 1983,2 мың м3. Барланған 33 телімнің бесеуі пайдаланылмаған. ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ – Қазақстан Республикасының солт.-шығысындағы əкімш.-аумақтық бөлініс. Ертіс өзнің орт. алабында орналасқан. 1938 ж. құрылған. Жер аум. 124,7 мың км2. Тұрғыны 746,8 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 6 адамнан келеді (2011). Облыста 10 аудан, 3 қала, 7 кент, 160-тан астам ауылдық округ, 493 елді мекен бар. П. о-ның жер бедері екі бөлікке бөлінген. Солт-нің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңт.-шығыс бөлігін Сарыарқаның солт.-шығыс сілемі, солт.-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті теңіз деңгейінен 120–150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100–110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Əулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м), Семізбұлақ, т.б. таулар орналасқан. Облыс аумағы Батыс Сібір плитасының палеозойға дейінгі магмалық жəне метаморфтық, ал оңт.-батысының негізі – Қазақ қалқанында орналасқан Сарыарқа аймағы қазіргі тау жасалу кезеңінің тау жыныстарынан тұрады. Мезозой мен кайнозой шөгінділерінің қалыңд. 2500–3000 м. Негізгі мезозойкайнозой тысына триас шөгінділері жатса, одан жоғары жатқан континенттік шөгінділер орта жəне жоғ. триас жəне төм. юраға жатады. Бор кезеңінде облыс аумағы төмен шөгіп, оған теңіз трансгрессиясы жақындаЕртіс жағалауындағы Павлодар қаласы Көрікті Баянаула таулары Павлодар
ды. Теңіз жағалауларын глауконитті құмтасты шөгінділер жапты. Қазақ қалқаны кейбір жерлерде грабен-мульдамен көтеріліп, кең аумақты алып жатқан герцен фундаменті түрінде кездеседі. Оның жазық келген бетін неоген жəне төрттік жүйенің шөгінділері жапқан. П. о-ның жер қойнауы кен байлықтарына бай. Облыстың негізгі байлығы – дүние жүзіне белгілі Екібастұз қоңыр көмір алабы (тереңд. 900–1500 м). Ол құрамында бірнеше кендері бар Екібастұз жəне Майкөбен көмір кен орындарынан тұрады. Полиметалл кендері Майқайың кендері тобында тараған. Олардың құрамында алтын, күміс, қорғасын, мыс, мырыш жəне күкірт колчеданы бар. Облыстың оңт-ндегі Баянауыл ауд-нда Бозшакөл мыс кен орны орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағында темірдің, никельдің, хромиттің, т.б. металдардың кендері шоғырланған. Темірдің ірі кен орны Шідерті өз-нің төм. ағысындағы Қызылқақ көлі маңында. Кеннің құрамы Қостанай облндағы Лисаков пен Əйет темір кендерінің құрамына ұқсас. Өнеркəсіптік маңызы бар ас тұзының қоры Үлкен Қалқаман, Коряков, Үлкен жəне Кіші Тобылжан көлдерінде, ал Əжболат, Асқар, Құлыпты көлдерінде глаубер тұзы, Маралды көлінде магний тұзы шоғырланған. П. о-ның климаты тым континенттік жəне құрғақ. Қыста ашық жəне аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны əсер етсе, жазда құрғақ жəне ыстық ауа, қуаңшылық пен қарадауыл əкелетін Тұран ауа массасының əсері күшті. Қаңтар айының орташа темп-расы 17–19,4°C, кей жылдары ол 48°С-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа темп-расы солттен оңт-ке қарай 19°С-тан 22,2°С-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41°Сқа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солт-тен оңт-ке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңт.-батыс бағытта, жылы мезгілде солт.-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылд. 4,0–4,5 м/с. Көктем мен күзде жылд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. П. о-нда көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ жəне желді келеді. Күзі қысқа, салқын жəне жаңбырлы. Ертіс өз. облыс жерін шығыстан солт.-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұз. 420 км жəне оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Облыс жеріндегі ұз. 147 км болатын Ертіс-Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен Өлеңті жəне Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210). Баянаула тауларында көлдер тектоник. ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта аумағы əр түрлі қазаншұңқырларда орналасқан. Ірі көлдері: Сілетітеңіз, Жалаулы, Қызылқақ, Үлкен Əжболат, Маралды. Тұщы көлдер көбінесе Ертіс жағалауы мен облыстың солт. бөлігінде тараған. Одан оңт-ке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы əр түрлі. Сарыарқа аймағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне əр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тəулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералд. 4,4–5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералд. 8,0 г/л. Облыс жері түгелдей дерлік қызғылт қоңыр топырақ белдемінде орналасқан. Ертістің шығыс жағының жер қыртысы негізінен құм, құмдауыт жəне саздақ топырақтан, ал сол жағалаулық аңғары сортаңданған бозғылт топырақ пен ауыр саздақты топырақтан түзілген. Сарыарқа шоқыларында көбінесе тастақты-қиыршықтасты қоңыр топырақ, ал шоқыаралық жазықтарда сортаңды қоңыр, саздақ топырақтар дамыған. Облыстың өсімдік жамылғысы қызғылт қоңыр топырақ белдеміне тəн селеулі-бетегелі астық тұқымдас өсімдіктерден тұрады. Облыстың қиыр солт-н қайың мен теректен тұратын ормандар алып жатыр. Олар 44,0 мың га жерді қамтиды. Оңт-ке қарай даланың сұр, қызғылт қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала қалыптасқан. Оңт.-шығысындағы құмды өңірде қарағай ормандары, Ертіс өз-нің жайылмасында шалғындар мен шілікті тоғайлар тараған. Облыстың кең даласында қоян, сарышұнақ, суыр, қосаяқ, аламан, т.б. мекендейді. Бесқарағай мен Баянаула қарағайлы ормандарында тиіндер жиі кездеседі. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен, құндыз сияқты жануарлар таралған. Оңт.-шығысындағы қарағай ормандарында еуропалық құндыз, Ертістің жағалаулық ормандары мен қайың шоқтарында елік, Баянаула тауларында арқар кездеседі. Облыста құстардан дала бүркіті, кезқұйрық, күйкентай, қырғи, жапалақ, қарағайлы орманда құр, шіл, саңырау құр, тоқылдақ мекендейді. Жазда өзендер мен көлдерден аққу, қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала, көл жағаларында қызғыш, тауқұдырет, жылқышы, т.б. құстарды кездестіруге болады. Ертіс өз-нде ақ балық, бекіре, нəлім, шортан, алабұға, шабақ көптеп кездеседі. 2-дүниежүз. соғыс кезінде КСРО-ның батыс аймағынан көшіріліп келген з-т, ф-ка, т.б. кəсіпорындар облыс экономикасының жедел дамуына ықпалын тигізді. А. ш-на пайдаланылған жер аум. 267 мың га, оның ішінде егістік 123,5 мың га, шабындық 112,7 мың га, жайылым 1,974 мың га (2008). Облыс жерін солт-нде батыстан шығысқа қарай Орта Сібір, орт. бөлігінде Оңт. Сібір (Маралды – Тұз, Спутник – Ақсу, Коряковка – Сольветка) т. ж. басып өтеді. 2002 ж. Ақсу – Конечная т. ж. Шығыс Қазақстан обл-ндағы Шар қ-на дейін ұзартылды. Т. ж-дың ұз. 800 км-ден астам. Өзен көлік қатынасы (420 км) Ертіс өз. бойынша іске асырылады. Автомоб. жолының ұз. 5150 км. Облыс аумағында бірнеше санаторийпрофилакторийлер, шипажайлар мен курорттар орналасқан. ПАВЛОДАР СУ ҚҰБЫРЫ, Павлодар, Солт. Қазақстан облыстары жерінде. Ертіс өз-нен (Ертіс а. тұсынан) басталады. Жалпы ұз. 903 км. Құбыр аптасына өзеннен 26,32 мың м3 су алады. Павлодар обл-ның Ертіс, Ақтоғай аудандарын жəне Ақсу қалалық мəслихатына қарасты аумақты, сондай-ақ Солт. Қазақстан обл-ның Ш.Уəлиханов ауд-на қарасты 70-ке жуық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етеді. ПАЙЫЗ (Stubendorffi a) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық, сирек екі жылдық өсімдіктер. Қазақстанда 3 түрі (шығыс П-ы, Липский П-ы, жіңішке П.) өседі. Жиі кездесетіні – ш ы ғ ы с П-ы (S.orientalis) Мойынқұм құмды алқабында, Балқаш–Алакөл ойысында, Жетісу жəне Іле Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Қаратау, Батыс Тянь-Шань жоталарында кездеседі. Биікт. 1–1,5 м, ортасынан бастап бұтақтанған. Ұзын сағақты созылыңқы жұмыртқа тəрізді тамыр жапырақтары өте үлкен, ұз. 70 см-ге, ені 17,5 см-ге дейін жетеді. Павлодар
Сағақсыз сабақ жапырақтары жүрек тəрізді, ұшына қарай жіңішкерген, төбе жапырақтары ұсақ. Жапырақтарының астыңғы бөлігінде тор тəрізді өзектері болады, жиектері бүтін немесе ара тісті. Гүлдері жалпақ сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Қызғылт түсті тостаған жапырақтары жалпақ жұмыртқа тəрізді, шетінде ақ түсті жарғақты жиегі болады. Ақ түсті күлтесі түбіне қарай топтасып жіңішке гүлсидамға жалғасады. Аналық мойны болмайды. Домалақ келген бұршаққыншасының айдаршасы бар. Қара қоңыр түсті тұқымы ірі. Мамыр– маусым айларында гүлдеп, маусым– шілдеде жеміс береді. Далалы жерлерде, төбешіктердің оңт. беткейлерінде өседі. Тамыр сабағы крахмалға бай, сондықтан кейде суға пісіріп тағам ретінде пайдаланады. Гүлдеген кезінде көп бал алуға болады. Ж ің і ш к е П. (S.gracilis) – Қаратау мен Батыс Тянь-Шань жоталарында сирек кездесетін түр, жойылып кету қаупі бар. ПАЙЫЗТОРҒАЙ (Carduelіs) – торғайтəрізділер отрядының құнақ тұқымдасына жататын құс. Қазақстанда 2 түрі бар: к ə д і м г і П. (C. carduelіs) Көкшетау қыраты мен Алтай тауларында; а қ б а с П. (C. canіceps) республиканың оңт. мен шығысында кездеседі. Орманды, шабындықты жерлерді мекендейді. Олардың денесінің ұз. 12–15 см, қанатының ұз. 80–85 мм, жайған кезде 25–28 см, салм. 20 гдай. Кəдімгі П-дың маңдайы мен алқымы қызыл, төбесі қара, қанатының түсі қара əрі сары жолағы болады, жоны қоңыр. Тұмсығының айналасында сақина тəрізді қызыл жолағы бар. Қара түсті құйрығының ұшында ақ дақтары болады. Ақбас П-дың кəдімгі Пдан айырмашылығы төбесінде қара қауырсыны болмайды, денесі ақ түсті, аздап ірілеу келеді. Мекиендері қоразынан тұмсығының түбіндегі қызыл жалпақ жолағының көз үстіне дейін ұласуы арқылы ажыратылады. Ұясын ағаш басына салады. Көкшіл не жасыл түсті 4–6 жұмыртқа салып, оларды мекиені 12–13 күндей басады. Балапандары ұяда жарты айдай болады. Бір жазда 2 рет балапан өргізуі мүмкін. Өсімдік дəнімен, жəндіктермен қоректенеді. П-лар арамшөптердің тұқымдарын, зиянкес жəндіктерді құртып, а. ш-на пайда келтіреді. ПАЛЕОГЕН, п а л е о г е н к е з ең і – кайнозой дəуірінің алғашқы кезеңі жəне осы кезеңде жаралған тау жыныстары қабатының жиынтығы. П. 65,5 млн. жыл бұрын басталып, 23,0 млн. жыл бұрын аяқталған. Оны ағылшын ғалымы Ч.Лайельдің (1797– 1875) ұсынуымен 1834 ж. Халықар. геол. конгресте қазіргі палеоген мен неогенді біріктіріп, үштік жүйе деп атады. Алғаш ғылымға неміс геологы К.Науман енгізді (1866). П-ді зерттеу Г.П.Паллас, Н.А.Соколов, А.П.Павловтың есімдерімен байланысты. Қазақстанда П-ді зерттеуге Н.Н.Костенко елеулі еңбек сіңірді. П. палеоцен, эоцен, олигоцен бөлімдеріне бөлінеді, ал ярустық жіктелуі əр елде əр түрлі. Мезозой мен кайнозой тоғысында бұрынғы теңіз жəне жер беті жануарлары қырылып, мезозой жорғалаушыларының бірқатар тобы толығымен жойылды. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басты. Теңіз алаптарын жайлаған алғашқы сүтқоректілер – киттер, сиреналар, дельфиндер. Рептилиялардан – қолтырауындар, кесірткелер, тасбақалар мен жыландар; приматтардың ең қарапайым түрі – лемурлар, ірі ұзын тұмсықтылар (хоботтылар) мен қалталылар да пайда болды. Су жəндіктерінен қос жақтаулы жəне бауыр аяқты моллюскілер, фораминиферлер, теңіз кірпілері, мшанкалар, губкалар, құрттар, диатомдық балдырлар көп тарады. Сонымен қатар өсімдіктің жабық тұқымдылар тобы дамыды. Тропиктік жəне субтропиктік ормандарында пальма, магнолия, мирта, фукус, алып секвойя, араукария мен кипаристер, ал қоңыржай климат алқаптарында үлкен жапырақтылар мен ұсақ жапырақтылар (емен, шамшат, талшын, терек, қайың) өсті. Палеоценде теңіз жағдайлары Шығыс Еуропаның оңт-нде сақталды, қалған ауд. (Тынық мұхит белдемін қоспағанда) құрлық болып қалды. Палеоценнің соңында трансгрессия басталып, эоценде кемеліне жетті. Эоценнің соңында Гондвананың Индостан сынығы Еуразияның оңт. шетіне жетіп соқтықты. Бұл жерлерде теңіз алабы жабылып, Гималай, Кіші Азия, Кавказ, Карпат, Балқан, Альпі тау жоталары көтеріле бастады. Тау етектерінде бөктерлік жəне тауаралық ойпаңдар түзілді. Олар қалың моласса шөгінділерімен толды. Тетис біртұтас мұхит алабы ретінде өмір сүруін тоқтатып, Атлант жəне Үнді мұхиттарымен жалғасқан бөлігі Жерорта т. мен Паратетис алаптарына бөлініп кетті. Паратетис шығысында Каспий мен Аралға дейін созылды. Орт. Қазақстан, Орта жəне Оңт. Сібір, Моңғолия, Верхоянск – Чукотка алабы осы заман басында аласа денудац. жазықтар болса, ал соңында көтеріле бастады. Тау көтерілуіне байланысты олигоценде мұхиттар мен құрлықтар біртіндеп қазіргі пішінге келді. Қара т., Каспий т., Жапон т-нің терең шаралары қалыптасты. Тектоник. қозғалыстардың құрлыққа ауысуынан көне тау жұрнақтары жаңғырды. Аса ірі жарылыстар жанартау атқылауының көзі болды. Таулардың биіктеп, теңіздердің шегінуінен климат қуаң тартты. П. боксит (Австралия, Африка, Оңт. Орал, Солт. Қазақстан платформаларында, т.б.), марга1 – бозбас пайызторғай; 2 – кəдімгі пайызторғай Палеоген Шығыс пайызының гүлі
нец (Батыс Африка, Никополь, т.б.), оолитті темір (Батыс Сібір, Солт. Қазақстан), тас көмір (Сахалин, Жапония, Қытай), қоңыр көмір (Германия, АҚШ, Украина), фосфорит (Алжир, Тунис), алтын жəне күміс (Чукотка), қорғасын-мырыш (Дальнегорск – Қиыр Шығыс), графит (Сонора – Мексика) қорларына бай. Ірі мұнай кен орындары Иран, Ирак, Кавказ, Қазақстан (Маңғыстау, Үстірт), т.б. жерлерде кездеседі. ПАЛЕОЗООЛОГИЯ – геол. өткен дəуірлерде тіршілік етіп, өліп біткен қазба жануарлардың құрылысын, таралуын, өзара жəне осы кездегі жануарлармен туыстық қатынасын зерттейтін ғылым; палеонтология мен зоология саласы. Қазақстанда қазба жануарлардың жекелеген қалдықтары 18 ғ-дың 2-жартысында табылды. П. саласындағы жүйелі зерттеулер кеңес дəуірінде басталды. Қазақстан ҒАның Зоология ин-ты (омыртқалы жануарлар бойынша), Геология ин-ты (омыртқасыз жануарлар бойынша), т.б. ғыл. орт-қа айналды. Республикада антропоген сүтқоректілерінің атласы жасалып, гиппарион жəне антропоген фаунасы, еттұмсықтылар туралы деректер жүйеге келтірілді; көне дəуірде Қазақстанда тіршілік еткен тасбақалар табылған жерлер жөнінде мəліметтер жиналды. Трилобиттер, брахиоподтар, басаяқты моллюскілер жөніндегі зерттеулер қорытылды. «Қазақстан фаунасы мен флорасының тарихы жөніндегі материалдар» атты көп томдық жинақ жарық көрді. П. жетістіктері корреляц., стратигр. сұлбалар мен геол. карталар жасау үшін пайдаланылады. ПАЛЕОКЛИМАТОЛОГИЯ – Жердің өткен дəуірлердегі климаты жəне климаттық тарихы туралы ғылым. П. – палеогеография ғылымының маңызды бір саласы. Ол палеозойдан бергі уақыттың ғана климаттық жағдайын сипаттай алады. Климат жағдайы шөгінді тау жыныстарының заттық құрылымы мен текстуралық ерекшеліктері бойынша жəне құрып біткен организмдер қалдықтарының сипатына қарай анықталады. Жер атмосферасының геол. дəуір өткен сайын құрамы өзгерді; су буы мен көмір қышқыл газының мөлшері кеміп, оттектің үлесі арта түсті. Палеогеограф. зерттеулер нəтижесінде Жер бетінде ұзаққа созылған жылы жəне суық кезеңдер болғаны анықталды. П. стратиграфия, палеонтология жəне геоморфологиямен тығыз байланысты; геохимияның, геофизиканың жəне палеомагниттіліктің тəсілдерін пайдаланады. П. жер климатының даму тарихын зерттеумен қатар болашақтағы климаттың өзгеруіне болжамдар жасайды. ПАЛЕОНТОЛОГИЯ – жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар жəне олардың тарихи даму заңдылықтары туралы ғылым. Геологиямен тығыз байланысты. П. палеоботаника жəне палеозоология болып бөлінеді. Қазақстанда П. саласы бойынша жүйелі зерттеулер Қ.И.Сəтбаев жəне В.С.Бажановтың жетекшілігімен Қазақстан ҒА-ның Зоология ин-тында палеобиология лаб. ашылғаннан кейін, 1946 ж. басталды. Қазақстанның палеонтолог ғалымдары Ақеспе (Арал т-нің солт.), Шынтұзсай, Қараторғай, Шалқартеңіз, Күшік (Торғай ойпатында), Мыңескісүйек, Қызылқия, Шах-шах, Жəйрем, Асқазансор (Орт. Қазақстанда), «Қаздар қонысы», Зайсан қазаншұңқырынан 50-ден астам палеонтол. қазба орындарын тауып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нəтижесінде 750-ден астам өсімдіктер мен 600-ден астам жануарлардың қалдықтары табылып, оларға ғыл. сипаттама берілді. Бұрын белгісіз 150-дей жануардың жəне 200-ден астам өсімдіктің жаңа түрлері анықталды. Қазба өсімдіктер мен жануарлар коллекциялары Қазақстан ҒА-ның Геол. мұражайында жəне Қазақстан ҒА-ның Зоология ин-ты жанындағы Табиғат мұражайында сақтаулы. ПАЛЛАДИЙ, Pd – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 46, ат. м. 106,4; платиналық металдарға жатады. Оны алғаш 1803 ж. ағылшын ғалымы У.Х.Волластон ашқан (1766–1828). Элемент Паллада астероидының құрметіне аталған. Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 1·10-6%. Табиғатта тұрақты 6 изотопы бар. П. саф жəне хим. қосылыстар түрінде кездеседі. Маңызды минералдары: станнопалладенит (Pd3Sn2), плюмбопалладенит (Pd3Pb2), бреггит (Pt, Pd, Nі) S, т.б. Батыс Қазақстанда кездеседі. Кесек П. ақшыл күміс түсті, таза күйінде жұмсақ, иілгіш, оңай өңделеді, қиын балқитын ауыр металл; тығызд. 12,02 г/см3, балқу t 1552°С, қайнау t 2940°С, ерекше қасиеті – 1 көлем П. 900 көлем сутекті сіңіреді. Өз тобындағы басқа металдарға қарағанда белсенділігі жоғары. Тотығу дəрежелері +2, кейде +4. 600–800°С-та ауамен күңгірт оксид пленкасын (PdO) түзеді. Ыстық, концентрлі H2SO4 пен HNO3-те жəне патша арағында ериді. П. платинамен бірге өндіріледі де, көбіне никель өндірісінде қосымша өнім ретінде алынады. П. электртехникада, тіс салуда, алтын, күміс, платинамен қорытпалары дəл аспаптар жасауда, газ сіңіруде жəне катализатор ретінде қолданылады. ПАЛУАНКӨЛ – Майлы Қарашаадыр шоқысының батысындағы қоныс. Талдыбұйрат жəне Терісаққан өзендерінің аралығында орналасқан. Ақмола обл. Жарқайың ауд. Бірсуат а-ның солт.-шығысында 28 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен шамамен 270 м биіктікте жатыр. Солт-тен оңт-ке қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км. Жер бедері сайлы төмпешікті келген. Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, селеу, т.б. астық тұқымдас өсімдіктер өседі. ПАЛЬГОВ МҰЗДЫҒЫ – Іле Алатауының солт. беткейіндегі аңғарлық Палеозоология Пальгов мұздығы
мұздық. Алматы обл. жерінде орналасқан. Мұздықты 1936 ж. өлкетанушы В.Горбунов ашып, оған белгілі кеңес гляциологы Н.Пальговтың есімі берілген. Іле алабындағы Есік өзнің саласы – Көкбұлақ, Үлкен Түрген өзендерінің бастауында. Мұздық солтке қарай созылып жатыр. Ұз. 4,1 км, ауд. 6,2 км2, көл. 0,32 км3. Мұзқар (фирн) сызығы 3850 м биіктікте. Тік, құлама келген үш цирктің суларымен толығады. Ашық жатқан мұздық тілімі 3600 м биіктікте аяқталады. Солт-нде Кассин, батысында Григорьев, шығысында Таулы ин-т атынд. мұздықтарымен жалғасады. П. м. шамамен жылына 5–10 м шегінуде. ПАНДЕРМИТ – бораттар класының сулы бораттар тобындағы минерал. Хим. формуласы: Са2[В4ВО7(ОН5]·Н2О. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдық агрегаттары бұрыс не дөңгелек пішінді жалбырлар, тығыз жəне жасырын кристалды, ұсақ масса құрайды, аса ұсақ кристалдары ұнтақ түрінде келеді. Ақ түсті. Моос шкаласы бойынша қатт. 3,5, тығызд. 2430 кг/м3. Басқа бораттармен бірге тұзды, гипсті жыныстарда ұшырайды. П. климаты құрғақ аймақтардың көлдерінде əр түрлі тұздар мен бор қосылыстарының тұнып шоғырлануынан түзіледі. Қазақстанда Индерборат кенінде кездеседі. П-тен бор жəне оның қосылыстары алынады. ПАНФИЛОВ АУДАНЫ – Алматы обл-ның оңт.-шығысындағы əкімш.- аумақтық бөлініс. 1923–42 ж. Жаркент ауд., 1942 жылдан И.В.Панфиловтың есімімен аталды. Жер аум. 10,6 мың км2. Тұрғыны 117,5 мың адам, орташа тығызд. 1 км2-ге шаққанда 11 адамнан келеді (2011). Аудандағы 40 елді мекен 1 қалалық жəне 13 ауылдық округке біріктірілген. Орт. – Жаркент қ. Аудан солт. жəне батыс жағында Кербұлақ ауд-мен, шығысында Қытаймен (ҚХР) жəне оңт-нде Іле өз. арқылы Ұйғыр аудмен шектеседі. Солт.-батысында Жетісу (Жоңғар) Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, солт.-батысында Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері – Мұзтау тауы (4370 м). Оңт.-шығыста аласа таулы Ақтау тауы (883 м) жайласқан. Мұнда палеоген кезеңінде (шамамен бұдан 50 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтол. қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық саябағының қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га). Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) жəне Жаркент артезиан алабында термальды су көздері бар. Климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық, қуаң. Қаңтардағы жылдық орташа темп-ра 8–10°С, шілдеде 20–24°С. Жауыншашынның жылдық орташа мөлш. мм-ден (жазық өңірде) 500– 700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады. Аудан жерінен Іле жəне оның салалары: Қорғас, Тышқан, Өсек (Үсек), Бұрған, Көктал, Бурақожыр (Борохудзир) өзендері ағып өтеді. Бірнеше шағын көлдер (Жидекөл, Дүншінкөл, Алтынкөл, Құркөл, т.б.) бар. Топырағы сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан. Ауданда өсімдіктердің 100-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркек шөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр; құстардан қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі. Жалпы, П. а-ндағы 50-ден аса аң-құс түрлерінің 30-дан астамы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Ірі елді мекендері: Жаркент қ., КөкАудандағы Іле өзені Панфилов ауданындағы таулы аймақ Панфилов
тал, Пенжім, Елтай, Үшарал, Үлкеншыған, Алтыүй, Қоңырөлең, Алмалы. А. ш-на жарамды жер аум. 648,0 мың га, оның ішінде егістігі 41 мың га, жайылым 594,7 мың га, шабындық 19,3 мың га (2008). Аудан аумағынан халықар. бағыныстағы жолдарға Қорғас – Жаркент – Көктал – Сарыөзек жəне Қорғас – Көктал – Шонжы – Алматы автомоб. жолы қарайды. П. андағы автомоб. жолының ұз. 437 км. ПАПОРОТНИКТƏРІЗДІЛЕР, қ. Қырыққұлақтəрізділер. ПАРАЗИТОЛОГИЯ – бір организмнің екінші организм есебінен қоректенуін; паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым-қатынасын, олардың қоршаған ортаға тəуелділігін, дене құрылысын, тіршілігін, дамуын, жан-жаққа таралуын, сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым; биология саласы. П. өзінің зерттейтін нысанына қарай: медициналық П. (адамның паразитін зерттейді); малдəрігерлік П. (үй жəне кəсіптік маңызы бар жануарлардың паразитін); агрономиялық П. не фито П. (өсімдіктер паразитін) жəне гельминтология болып бөлінеді. Микроскоптың шығуына байланысты 19 ғдың 2-жартысынан паразит организмдер туралы ғыл. мəліметтер пайда бола бастады. П. Қазақстанда 1930 жылдардан бері, яғни Қазақ малдəрігерлік ғыл.-зерт. ин-ты мен КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесінде арнайы бөлімдер ашылғаннан кейін дами бастады. Бұл саладағы зерттеулер Қазақстан ҒА-ның Зоология ин-ты құрылуымен қатар (1943) өрістей түсті. 20 ғ-дың 2-жартысында И.Г.Галузо, С.Н.Боев, Е.Г.Гвоздевтің жетекшілігімен Қазақстанда паразиттердің кең таралған, аса зиянды түрлерінің тіршілік сатыларын зерттеп ашу жұмыстары жүргізілді. Фитогельминтол. зерттеулер нəтижесінде бидайдың, темекінің, бақша өсімдіктерінің гельминтозды қоздырғыштары анықталды. Паразитті қарапайымдылар тудыратын: токсоплазмоз, безноитиоз, гемоспоридиоз, лейшманиоз, тейлероз, пироплазмоз, саркоспоридоз ауруларының патогенезі мен организмде дамуы зерттелді. Сарып, кене энцефалиті, оба, құс спирохетозы, туляремия, кейбір гельминтоз ауруларының табиғи ошағы анықталып, ол туралы зерттеулер одан əрі дамытылды. Иксод жəне гамаз кенелердің, бүргелердің, масалар мен шіркейлердің, қансорғыш шыбындар мен соналардың фаунасы, биологиясы, зияндылығы зерттелді. Қазір паразитті организмдердің экожүйелердегі орны мен олардың қоршаған орта экологиясына байланысты өзгеруін жəне ерекшеліктерін зерттеу, антропогендік қысым жағдайында зооноздардың эпидемиол. жəне эпизоотол. механизмдерінің өзгеруін анықтау, қауіпті індет тарататын паразиттерді жоюдың биол. əдістері іздестірілуде. ПАТШАҚҰДЫҚ – Маңғыстау обл. Түпқараған ауд. Форт-Шевченко қның солт. шетінде орналасқан терең құдық. Қамал құрылысынан кейін шамамен 1840 ж. қамалдың ауыз су қажеттілігін өтеу үшін қазылған. Қамалдағы патша əскерлерінің болуы себепті құдық П. аталған. Суы мол, сəл тұздылау. П-тан 20 ғ-дың 70-жылдарына дейін су алынып келді. Кейін күтімсіздіктен көзі бітеліп, көміліп қалды. Қазір қаладағы тарихи көне жəдігерлердің бірі саналады. ПАШЕНСКИЙ – Ертіс өз-ндегі арал. Павлодар обл. Павлодар ауд. Жаңақала а-ның жанында орналасқан. Солт.- шығыстан оңт.-батысқа қарай 5,5 кмге созылған, енді жері 2,5 км. Теңіз деңгейінен шамамен 110 м биіктікте жатыр. Қоршап жатқан Ертіс өз-нің арнасының ені 700–800 м-ге жетеді. Жер бедері негізінен тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Шалғынды топырақ жамылғысында дала белдемінің өсімдіктері өседі. Батысынан Ертістің Тентек тармағы ағады. ПƏСІМБАЙ – Қызылқұм құмының солт-нде, Жаңадария аңғарындағы төбе. Қызылорда обл. Жалағаш ауд. Сəтбай а-ның оңт-нде 38 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 131 м. Солттен оңт-ке қарай бойлық бағытта 4 кмге созылған, енді жері 0,5 км. Жер бедері тізбектелген, ұялы төбешіктерден тұрады. Солт-нде Белқұрал артезиандық құдығы, солт.-шығысында Балапанқыз төбесі, оңт.-шығысында Мортық қыстауы бар. Сұр, құмды топырақ жамылғысында жусан, сексеуіл, еркек шөп, т.б. өсімдіктер өседі. ПЕГМАТИТ – ірі түйірлі магмалық гипабиссал тау жынысы. П. желі, ұя, шток, линза тəріздес денелерді құрайды. «П.» терминін ғылымға француз ғалымы Р.Аюи (1743–1822) енгізген (1801). П-тер ұшпалы құраушыларға бай қалдық магманың ұзақ уақыт кристалдануынан немесе пневматолитті-гидротермалық ерітінділердің тереңнен жасаған əсерінен (тау жыныстарының қайта кристалдануынан) қалыптасады. П-тің ішіндегі кең тарағаны қышқыл (гранит, диорит, т.б.), сілтілі (сиенит, нефелинді сиенит, т.б.) түрлері жиі кездеседі. Бұлардың бəріне ірі түйір, кейде еврей жазуына ұқсас бітесе өскен құрылым тəн; құрылысы белдемді, ішкі жағы кең, əр түрлі көлемдегі кристалдардан тұрады, шетіне қарай түйірлері ұсақталып кетеді. Қышқыл П-тер денесінде 300-ден астам əр түрлі минерал түрі кездеседі. Қалыптасу тереңдігіне қарай олардың құрамы да өзгереді: 6 км-ден астам тереңдікте слюдалы, 4–6 км-де сирек металды, 3–4 км-де хрустальды болады. Қышқыл П. құрамына мусковит, биотит, турмалин, апатит, сподумен, топаз, т.б. минералдар кіреді. Сілтілі П. нефелин, микроклин, эгирин, натролит, сілтілі қоңыр амфибол, содалиттерден тұрады, аз бөлігін циркон, малакон, пирохлор, сфен, т.б. минералдар құрайды. Қышқыл П. керамика өндірісінде пайдаланылады. П. Қазақстанда Мұғалжар, Сарыарқа, Алтай тауларында кең тараған. ПЕДИПЛЕН – қатты түп жыныстардан қалыптасқан бірнеше педименттен құралатын тау етегіндегі жазық. П. құрлықтың шұғыл климат жағдайында физ. үгілу (опырылым, сусыманың қалыптасуы) жəне нөсер жаңбырдың ағын суы, т.б. эроз. процестер нəтижесінде тау жыныстары беткейден етекке қарай ысырылып, таралуынан қалыптасады. Беті борпылдақ жыныстар қабатымен жабылған түп жыныстар жер бетіне шығып жатады; кейде мүжілген тау жұрнақтары түрінде болады. П. Қазақстанда Мұғалжар, Доңызтау таулары мен Торғай қолатында кездеседі. ПЕНЕПЛЕН – таулы аймақтың ұзақ уақыт үгілуге жəне денудацияға ұшыПегматит минералы Папоротник
рауынан қалыптасқан құрлықтың тегістелген жазықтау бөлігі. П. платформалардағы эндогендік жəне экзогендік күштердің динамик. теңесуі кезіндегі тектоник. режим жағдайында түзіледі. «П.» терминін ғылымға 19 ғдың аяғында америкалық географ У.Дейвис (1850–1934) енгізді. Ол П-ді эроз. циклдің (Жер бетінің көтерілуі, таулардың пайда болуы, мүжілуі, шайылуы, тегістелуі, т.б.) соңғы сатысы деп санады. Қазақстанда П. Сарыарқа тауларының батысында, Мұғалжар мен Маңғыстау тауларында, Торғай үстіртінде кең тараған. ПЕНТЛАНДИТ – сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы: (Fe, Nі)9S8. Кубтық сингонияда кристалданып, сеппе, тұтас түйірлі масса түзеді. Түсі қоладай сары, металдай жылтыр, сынымы шытынақ, жымдастығы октаэдр бойынша; Моос шкаласы бойынша қатт. 3–4, тығызд. 4,5– 5,1 г/см3, морт, электр тогын жақсы өткізеді. П. ультранегізді тау жыныстармен (габбро-норит, пироксенит) генетик. байланыста келетін сульфидті мыс-никель кентастарының кендерінде пирротинмен, магнетитпен, т.б. бірге кездеседі. П. – никель кентасының басты минералы. Қазақстанда Ақтөбе обл-нда кездеседі. ПЕРВОМАЙ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Ертіс алабында, Шығыс Қазақстан обл. Өскемен қ-нан солт.-батысқа қарай 48 км, Барашки а-ның шығысында орналасқан. Первомай кенті мен Ертіс хим.-металлургия комб-тын шаруашылық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Жер асты су кені Ертіс өз. аңғарындағы төрттік кезеңінің аллювийлі шөгінділерінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары қиыршықтастан, малтатастан тұрады. Қалыңд. 4–13 м болатын құмтаспен толған қабаттың жарықшақтары палеозой тау жыныстарында жатыр. Шөгінді жабындар (саздақтар мен құмдақтар) аумақ бойынша бірқалыпты таралмаған жəне оның қалыңд. 1 м-ден аспайды. Грунт суы 2,4–4,1 м аралығында. Жер асты жəне жер үсті сулары бірімен-бірі байланысты. Жер асты суының деңгейі 0,6–5,9 м болғанда ұңғымалардың дебиті 4-тен 29,9 л/с-қа дейін өзгереді. Сулары тұщы, гидрокарбонатты кальцийлі, минералд. 0,1–0,3 г/л. Шаруашылық жəне ауыз суға пайдалану үшін фторлау қажет. Кен орнының пайдаланылатын су қоры гидродинамик. тəсілмен орындалған. Пайдалануға болатын 37 ұңғымадан тұратын инфильтрациялық сутірек 1ден 4-ке дейін топ құрайтын 18 шоғырға бөлінген. Бір ұңғымаға түсетін жүктеме 5–40 л/с, жиынтығы – 310 л/с. Ұңғымалардың орташа тереңд. 25 м. Кен орны игерілмеген. ПЕРВОМАЙ КАНАЛЫ – ЖайықКөшім суғару-суландыру жүйесіне кіретін арна. Батыс Қазақстан обл. Ақжайық ауд. жерінде орналасқан. 1967 ж. іске қосылды. Бастауын Киров бөгенінен алып, Бітік а-ның егістігіне дейін жетеді. Ұз. 98 км. Секундына 21 м3 су өткізеді. Ақжайық, Казталов аудандарының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз етіп, егістіктерін суландырады. ПЕРИДОТИТ – ультранегізділер тобына жататын интрузивтік тау жыныстарының жалпы атауы. Олар негізінен оливин мен пироксендерден (40%-дан аспайды) тұрады. Пироксеннің құрамына қарай П. гарцбургит (оливин мен ромбылық пироксен), верлит (оливин мен моноклиндік пироксен), лерцолит (оливин мен қос пироксен) деген түрлерге бөлінеді. Құрамындағы пироксен мөлш. 10%- дан аспаса, ол дунит деп аталады. П. қосымша жəне акцессор минералдары бойынша горнблендті, шпинельді, хромитті, гранатты, слюдалы деп те ажыратылады. П-тің түсі қара, ашық жасыл; құрылымы орташа, ірі түйірлі, бітімі шомбал, кейде шлирлі, жолақты болады, үгілгенде серпентенитке айналады. П. жарылым белдемдерінде басқа ультрабазиттермен бірігіп, тік құлама пласт немесе тізбектелген кішігірім денелер құрайды. П-термен хром, никель, темір, титан, алмас, тальк, асбест кендері байланысқан. Қазақстанда П-тер Мұғалжар, Ұлытау, Шар, т.б. ультранегізді тау жыныстары белдеулерінде кездеседі. ПЕРЛИТ – жанартаулық шыныдан тұратын қышқыл эффузивтік тау жынысы. Хим. құрамында: SіO2 – 65– 75%, Al2O3 – 10–15%, аз мөлшерде Fe2O3, CaO, MgO, SO2, т.б. қоспалар, 3–6%-дай байланысқан су болады. Бітімі перлиттік, сынығы домалақ пішінді қабықшаға, шарға бөлінеді, жылтырлығы эмаль, інжу, жібек, балауыз, шыны тəрізді. Түсі сұр, сарғылт, көгілдір, меруертке ұқсас; тығызд. 1,3– 1,6 г/см3. П-ті 850–1200°С-қа дейін қыздырғанда құрамындағы су буланып ісінеді, қуыстар пайда болады. Көл. 10–20 есе ұлғайып, кеуекті жеңіл материалға айналады. Осы қасиетіне байланысты П-ті бетонға жеңіл толтырмалар ретінде, отқа төзімді цементтерге, бояуларға, пластмассаларға, асфальтқа қосады; жылу өткізбейтін бұйымдар жасауда, химия, мұнай өңдеу, тамақ, дəрі-дəрмек, шыны өндірісінде қолданады. Қазақстанда Шығыс Қазақстан обл-ндағы Семейтау тауларының қышқыл эффузивтерінде кездеседі. ПЕРНЕБЕК, П а р н е б е к – Қызылқұм құмының солт. бөлігіндегі құдық. Қызылорда обл. Шиелі ауд. Ботабай а-ның оңт.-батысында 38 км жерде орналасқан. Тереңд. 9 м, су шығымы 1000 л/сағ. Батысында Қызыл, оңт.-шығысында 1-Қамысты құдықтары бар. Құдық мал суаруға пайдаланылады. ПЕРІТІС, р и т и с п е р м у м (Rhytіspermum) – айлауықтар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдіктер. Қазақстанның батыс, орт. жəне оңт. аймақтарындағы таулы жерлерде, далалық алқаптарда, өзен жағалауларында, тың жəне тыңайған жерлерде, жол жиектері мен үй маңында өсетін 2 түрі: ж ұ қ а г ү л д і П. (Rh. tenuіfolіrum) жəне е г і с т і к П. (Rh. arvense) бар. Олардың биікт. 5 (10)–20 (40) смдей. Дара сабағының жоғ. жағы бұтақтанып келеді, сыртын аздаған түк жапқан. Жапырақтары ұзынша (ені 4–8 мм, ұз. 1–3 см). Қысқа сағақты төм. жапырақтары қалақша тəрізді, сағақсыз ортаңғы жəне төбе жапырақтары үшкір. Бұйра гүлдері сабақ жəне бұтақ ұшында орналасқан. Гүл тостағаншасының ұз. 4 мм, жемістенген кезде ұз. 10 мм-ге дейін жетеді, гүлсағағы жуан əрі өте қысқа. Күлтесінің ұз. 4–6 мм, ол ақ, ақшыл сары, күлгін немесе көк түсті. Түтігі тостағаншасынан ұзындау жəне қоңыраулы алақанының қалақшасы болады. Тозаңдығының жоғ. бөлігінде өзінен 4–5 есе қысқа өсіндісі бар. СəПентландит минералы Перітіс
уір–маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – сарғыш сұр не қоңыр түсті жылтыр əрі бұдырлы жаңғақша, шамамен ұз. 3–5 мм-дей, ұшына қарай екі бүйірінен қысыңқы келеді. ПЕСТИЦИДТЕР – зиянды деп танылатын микроорганизмдермен күресте қолданылатын хим. заттар. Насекомдарға қарсы күресте қолданылатын П. – инсектицидтер, кенелерге қарсы – акорацидтер, жоғары сатыдағы өсімдіктерге қарсы – гербицидтер, саңырауқұлақтарға қарсы – фуницидтер, бактерияларға қарсы – бактерицидтер, ұлулар мен шырыш денелілерге қарсы – моллюскоцидтер, омыртқалы зиянкестерге қарсы – зооцидтер деп аталады. П. тобына зиянды организмдерді үркітетін – репелленттерді, бейметалдан жасалған материалдарды сақтауға қажетті – антисептиктерді, дақылдардың оруын жеңілдететін – дефолианттарды, өсімдіктерді тез кептіретін – десиканттарды, өсімдік өсуін реттейтін – ауксиндер мен ретарданттарды, т.б. жатқызады. П-ді пайдаланылуына қарай контактылы (жанасқан жеріне ғана əсер етеді) жəне жүйелі (зиянкестің бойына сіңіп, таралып əсер етеді) деп бөледі. П. – синтетик. немесе табиғи заттар; олар таза түрінде қолданылмайды. Ұнтақ, түйір, эмульсия, аэрозольдық препараттар, т.б. күйінде шығарылады. П. қатаң жəне белгілі ереже мен мерзімге сəйкес құзырлы органдардың рұқсатымен а. ш-нда да қолданылады. ПЕСЧАНОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Б а қ а н а с – Аягөз депрессиясының батыс кемерінде, Шығыс Қазақстан обл. Аягөз ауд. Ақтоғай т. ж. ст-нан батысқа қарай 20–28 км жерде орналасқан. Жер асты суы Бақанас өз-нің батыс аңғарындағы аллювий шөгінділерінде шоғырланған. Су сыйыстырушы қабат құмдақтармен толған, аралықтарын саздақ қабатшалары бөліп тұрған қиыршықтасты-малтатасты жыныстардан түзілген. Деңгейі 1,8–3,3 м тереңдікте жатқан жер асты суы арынсыз. Сулы қабаттың қалыңд. 30–46 м. Сулы қабат суының молдылығымен ерекшеленеді. Ұңғымалардың дебиті 3–10 л/с. Су деңгейі 10–15 м төмендегенде ұңғыма дебиті 10 л/с-қа жетеді. Минералд. 4,5 г/л-ге дейін жететін ашқылтым суы тұщы су «шоқтығында» шоғырланған. Ені 2–5 км-ге жететін тұщы судың минералд. 0,8–1,0 г/л. Сулы қабаттың қалыңд. 43,3 м, тиімді қалыңд. 39,6 м, сүзілу коэффициенті тəулігіне 40 м3. Есептік сутірек пайдаланудағы бір ұңғымадан тұрады. Оның тереңд. 50 м, өнімд. 32 л/с. Пайдаланылатын кен орнындағы су А категориясы бойынша тəулігіне 2,8 мың м3. Кен орны игерілмеген. ПЕСЧАНЫЙ – Ащысор ойысының оңт.-батысында, А.Бекович-Черкасский шығанағының батысындағы мүйіс. Маңғыстау обл. Қарақия ауд. Құрық а-ның батысында 33 км жерде орналасқан. Пішіні доғаша иілген, теңізге 1,5–2 км сұғына еніп жатыр. Жағалауының тереңд. 7 м-ге дейін жетеді. Мүйіске таяу жерлерінде бірнеше артезиан құдықтары бар. Жағалауы демалыс орны ретінде пайдалануға қолайлы. ПЕТРОГРАФИЯ – геология ғылымының тау жыныстарын зерттейтін саласы. П. жеке сала болып 19 ғдың 30-жылдары қалыптаса бастады. Оның қарқынды дамуы 1849 ж. Г.К.Сорбидің (1826–1908) П-лық микроскопты тау жыныстарының минералдық құрамын зерттеуге қолдануымен тығыз байланысты. Осы əдіс көмегімен неміс, француз, ресей ғалымдары минералдар жүйесін жасады; тау жыныстарын құраушы минералдардың оптик. қасиеттерін зерттеудің жаңа тəсілдерін шығарды. 20 ғ-дың басында ресей ғалымдары тау жыныстарының жасын анықтаудың əр түрлі əдістерін тауып, геохронол. шкала жасады. П. тау жыныстарының минералдық, хим. құрамын, құрылымы мен бітімін, таралуы мен жатыс жағдайын, шығу тегі мен жіктемесін зерттейді. П-лық зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізіледі: 1) магмалық тау жыныстар П-сы, 2) шөгінді тау жыныстар П-сы, 3) метаморфтық тау жыныстар П-сы. Олардан басқа П-ның жасанды материалдарды (қож, фарфор, цемент, шыны, керамика, тасқұйма, т.б.) зерттейтін саласы тех. П. ғылымының негізі – минералдар, ал П-ның негізінде кен геологиясы, петрология, литология, инж. геология, геол.-геофиз. іздеу, барлау, картаға түсіру, аймақтық геология, мұнай-газ геологиясы, геотектоника, петрофизика, т.б. геология салалары бөлініп шықты. Қазақстанда П-лық зерттеулер 20 ғ-дың 20-жылдары басталды. Оның дамуына Ə.Нұрлыбаев, Н.Сергиев, І.Əбдірахманов, А.Телғозиев, О.Бейсеев, т.б. ғалымдар үлес қосты. ПЕТРОЛОГИЯ – эндогендік (магмалық жəне метаморфтық) тау жыныстарының құрамын, құрылысын, геол. ерекшеліктерін жəне жаратылысын зерттейтін ғылым. П-лық зерттеулердің негізі – тау жыныстарының минералдық, хим. құрамы, бітімі, құрылымы, жатыс пішіні, жасы, басқа тау жыныстарымен қарым-қатынасы болып табылады. П. кен байлықтары туралы іліммен, тектоникамен, минералогиямен тығыз байланысты. Пның петрофизика, петрохимия, петротектоника, физ. жəне тəжірибелік П., тех. П., ғарыштық П. сияқты тараулары бар. П-да тау жыныстарына құрылымдық, петрохим., физ.-хим., термодинамик., т.б. талдаулар жасалады. Осындай жан-жақты зерттеу нəтижесінде магмалардың қалыптасуы, эволюциясы, басқа тау жыныстарына əсері, эндогендік жыныстардың қалыптасуының термодинамик. жағдайы, флюидтердің рөлі, олармен хим. элементтердің тасымалдануы жəне бастапқы тау жыныстарының құрамы анықталады. П. магматизм Пестицидтер 1 – Егістік перітіс; 2 – жұқа гүлді перітіс
мен метаморфизм процестеріндегі жеке аймақтардың геол. даму тарихын, жер қыртысының қалыптасу заңдылықтарын, басқа геол. процестермен өзара байланысын анықтауға мүмкіндік туғызады. ПЕТРОПАВЛ БӨГЕНІ, Есіл өз-нде орналасқан. Солт. Қазақстан обл. жерінде Петропавл бөгетінен Қарғалы аралына дейін 30 км-ге созылып жатыр, енді жері 170 м-ге жетеді. Су айдынының аум. 5 км2. Ең терең жері – 6 м. Бөгеннің аум. 19,2 км2. Пішіні Есілдің аңғарымен сəйкес келеді жəне онымен бірнеше ескі арналар байланысқан. Бөген Петропавловск қ-н жəне оның кəсіпорындарын сумен қамтамасыз етеді. Су жіберетін құбырдың диам. 600 мм. Жағалауында жағажай орналасқан. ПЕТРОФИЗИКА – петрология ғылымының тау жыныстарының физ. қасиеттерін, құрамын, құрылымын зерттейтін саласы. «П.» терминін ғылымға 1953 ж. неміс геофизигі Ф.Фрелих енгізген. П. қатты денелер физикасы, эксперименттік петрография, эксперименттік минералогия, инж. геология, тектоника, кен байлықтары ілімдерімен тығыз байланысты. Зерттеу нəтижесінде алынған П-лық мəліметтер, жасалған карталар тау жыныстарының түзілу кезі мен кейінгі өзгерістерін жəне кен орындарының орналасу заңдылықтарын анықтап, инж.-геол. міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. П. сейсмологияда тереңдегі сейсмик. өзгерістерді танып-білуге де қолданылады. ПИНГВИНТƏРІЗДІЛЕР, қ. Каспий итбалығы. ПИОНЕР ГАЗ КЕНІ – Оңт. Маңғыстау ойпатының Өзен–Жетібай антиклинальдық ойысында, Маңғыстау обл. Жаңаөзен қ-ның батысында 30 км жерде орналасқан. Газ кені 1985 ж. ашылған. Құрылым өлшемі 7×2 км, солт.-батысқа қарай созылған, солтнен қимамен шектелген брахиантиклиналь. Газ иірімі доломиттерден, туфқұмтастары бар доломиттенген əктастардан құралған ортаңғы триас шөгінділерінен тұрады. Иірім қабаттық тектоник. жəне литол. қалқаланған. Жарықшақты коллектордың ашық кеуект. 0,8%, газға қаныққандығы 85%. Өнімді қабаттардың жатыс тереңд. 4074 м, су-мұнай жапсарының абсолют белгісі 4088 м. Иірімнің биікт. 170 м. Қабаттың жалпы жəне тиімді қалыңд. 30 м, газға қаныққан қалыңд. 24,7 м, қысымы 50,4 МПа. 15 мм-лік штуцердегі газдың шығымы 38 мың м3/тəулік, конденсаттығы 11 м3/тəулік. Газ құрамында 83,6% метан, 16,2%-ға дейін ауыр көмір сутектері, 0,2% азот, 0,2% көмір қышқыл газы бар. Тұрақты конденсаттың бастапқы мөлш. 22,76 г/м3, оның тығызд. 762 кг/м3. Конденсат құрамында 11,3% парафин бар. Сульфат-натрий типті қабат суының тығызд. 1012 кг/м3, минералд. 24,84 г/л, аз мөлшерде йод бор, бром, стронций кездеседі. Кен 1987 жылдан доғарылған. ПИОНЕР ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Кіші Қаратау жотасының солт.-шығысында, Көктал өз-нің аңғарында орналасқан. Əкімш. тұрғыдан Жамбыл обл. Талас ауд. жерінде. Кен орнының жер асты суы төм. тас көмірдің карбонатты тау жыныстарындағы жарықшақтар мен карстталған белдемінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары əктастан, доломиттелген əктастан, əктасталған жəне аркоздалған құмтастардан тұрады. Олар брахииілімдерде жиырылған. Суы ең мол қабат визе əктастарында жəне əктасталған құмтастарда. Олар антиклинальды жəне брахиантиклинальды беткей бөліктерінде кездеседі. Жарықшақты белдем Көктал өз-нің аңғары бойымен 2,5 км-ге созылған. Жер асты суы грунтты, кейде арынды келеді. Арна маңындағы су деңгейі 1–2 м тереңдікте, көтеріңкі келген телімде 15–20 м тереңдікте. Жарықшақ белдемінің қалыңд. 120 м. Су деңгейі 1,7–11,9 м төмендегендегі ұңғымалар дебиті 8–16 л/с-ты құрайды. Хим. құрамы бойынша суы гидрокарбонатсульфатты кальций-магнийлі, минералд. 0,2–0,9 г/л. рН мөлшері бойынша нейтралды сəл сілтілі (рН – 6,7–8,4). Жалпы кермектілігі 2,3–9,1 ммоль/л. Кен орны игерілмеген. ПИРАРГИРИТ – сульфотұздар класының минералы. Хим. формуласы: Аg3SbS3, құрамында 59,76% Аg, 22,48%, Sb бар. П. тригондық сингонияда кристалданады, жеке кристалдары гексагондық призма, тригондық жəне дитригондық пирамида, минералдық агрегаттары түйірлі масса түрінде келеді, түсі қанық қызыл, алмастай жылтыр, Моос шкаласы бойынша қатт. 2,5; мортты, тығызд. 5770–5860 кг/м3. П. гидротермальдық жолмен жаралған төм. темп-рада түзілген қорғасын-күміс желілерінде өңсіз кентастар, галенит, сап күміс, т.б. минералдармен бірге кездеседі. ПИРИТ – сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы: FeS2 (Fe – 46,6%, S – 53,4%). Минералдың құПетропавл бөгені Пираргирит минералы Пирит
рамына қоспа түрінде Cu, Au, As, Te, Se, т.б. кіреді. Кубтық сингонияда кристалданып, куб, октаэдр, куб-октаэдр, т.б. кристалдар түзеді. Түсі қоладай сары, жылтырлығы металл типтес, сызығы қара көк, жымдастығы нашар жетілген; қатт. 6–6,5, тығызд. 5 г/см3, морт. П. – жер қыртысында ең көп таралған минералдардың бірі, жаратылысы эндогенді, экзогенді, метаморфты; электр тогын нашар өткізеді. Магмалық жыныстарда, скарндарда, гидротермальдық желілерде халькопирит, ал колчедандық жəне полиметалл кендерінде галенит, сфалерит, арсенопирит, солғын кентастармен бірге шоғырланады. П. күкірт қышқылын (H2SO4) алуда қолданылады. Қазақстанда Бозшакөл, Ешкіөлмес, Жəйрем, Зырянов, Қоңырат, Ырғыз, т.б. кен орындарында кездеседі. ПИРОКСЕНДЕР – силикаттар класының тізбекті тармағына жататын, тау жыныстарын құраушы темірлімагнийлі минералдар тобы. Жалпы хим. формуласы: M`M[Sі2O6], мұндағы M` – Mg, Fe2+, Na, Ca, Lі; M – Mg, Fe2+, Fe3+, Al, Mn2+, Nі2+, Tі4+, Tі3+, Cr3+, V3+. Кейбір П-де Sі4+ бөлігі изоморфты түрде Al3+-пен алмасады. Пдің кристалдық құрылымы – тізбекті, негізінен, [SіO4]-тетраэдрлерінің жай (пироксендік) тізбектері. П. ромбылық (ортопироксендер) жəне моноклиндік (клинопироксендер) сингонияларда кристалданады. Ромбылық П-ге жататын энстатит (Mg2[Sі2O6]) пен ферросилит (Fe2[Sі2O6]) үздіксіз изоморфтық қатар түзеді. Ферросилит таза түрінде жер қыртысында өте сирек кездеседі. Моноклиндік П. сілтілік жəне жер сілтілік болып бөлінеді. Біріншісіне диопсид Ca(MgFe)[Sі2O6], геденберит CaFe[Sі2O6], кейінгісіне жадеит NaAl[Sі2O6], сподумен LіAl [Sі2O6], эгирин NaFe[S2O6] жатады. Пдің жеке кристалдары қысқа призма, минералдық агрегаттары тұтас, түйірлі масса түрінде келеді, жымдастығы 87–93° бұрыштармен қиылысатын призма бойынша жақсы байқалады; қатт. 5–6,5, тығызд. 3,1–3,6 г/см3. Түсі ақ, сұр, сарғылт, қара қоңыр, қоңыр жасыл, жасыл. Гидротермальды ерітінділер мен экзогендік процестерден П. уралитке, хлоритке, монтмориллонитке, т.б. тау жыныстарына айналады. Ромбылық П-дегі Са шамасы кристалдану темп-расының төмендеуіне байланысты азаятындықтан, оларды геол. термометр ретінде, жадеитті əшекей тас ретінде, ал сподуменді литий өндіруде қолданады. Қазақстанның таулы аймақтарында негізді, ультранегізді, метасоматик. тау жыныстарында кездеседі. ПИРОКСЕНИТ – құрамының 60%- дан астамы пироксендерден тұратын ультранегізді интрузивтік тау жынысы. Пироксеннен басқа дала шпаттары, оливин, қоңыр амфибол, магнезит, ильменит, хромит қоспалары болады. Пироксеннің құрамына қарай П-тер: энстатитит, бронзитит, гиперстенит, диаллагит; ромбылық пен моноклиндік пироксендерден тұратын вебстерит құрамында магнетиті көп – косьвит болып бөлінеді. Қосымша минералдар ретінде биотит, плагиоклаз, т.б. кездеседі. П-тің түсі қара, қара сұр, жасыл қара, қара қоңыр, бітімі шомбал, кейде жолақты, бағдарлы, құрылымы ірі түйірлі. П-тер басқа ультранегізді магматиттермен бірге құрылысы күрделі жеке массивтер жəне габброидтармен лополиттер, лакколиттер, шток, сығылма тəрізді денелер түзеді. П-пен темір, хром, мыс, кобальт, титан, асбест кендері байланысты болып келеді. Құрамында титаны мол П-ті титанды темір кентасы ретінде пайдаланады. Қазақстанның Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Шар, т.б. ультранегізді тау жынысты аймақтарында таралған. ПИРОЛЮЗИТ, п о л и а н и т – тотықтар класының минералы. Хим. формуласы: MnO2 (Mn мөлш. 55–63%). Қоспалары: SіO2, BaO, H2O, т.б. П. тетрагондық сингонияда кристалданып, ине, таяқша типтес кристалдар түзеді. Түсі қара, сұр, жартылай металдық жылтыры бар, жымдастығы бір бағытта жақсы жетілген; қатт. 6–6,5; тығызд. 4,7–4,8 г/см3, морт, жартылай өткізгіш. Жаратылысы шөгінділік. П. таяз сулардың хим. шөгіндісінен, марганецті минералдар мен тау жыныстарының хим. үгілуінен түзіледі. Қазақстанда Найзатас, Жезді, Мыржық, Жақсы, т.б. кен орындарында өндіріледі. ПИРОП – анартастар тобының минералы. Хим. формуласы: Mg3Al2[SіO4]3. Минералдың құрамына қоспа ретінде Mn, V, Tі, Cr3+, Fe2+, Fe3+, т.б. кіреді. Ең ірі П. (салм. 633 карат) Богемияда (Чехияда) табылған. Сингониясы – кубтық, кристалдары – ромбдодекаэдр пішінді, агрегаттары сеппе күйінде кездеседі. Түсі қою қызыл, жылтырлығы шыны типтес, жымдастығы жоқ; қатт. 7–7,5. П. ультранегізді тау жыныстарында (кимберлит, перидотит) жəне экологиттерде кездеседі. Мөлдір П. зергерлік істе қолданылады. ПИРОФИЛЛИТ – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы: Al2[Si4O10](OH)2. Құрамында МgO, FeO жəне Ғ2О3 қоспалары кездеседі. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Сұр, көк, сары не ақ түсті болады. Моос шкаласы бойынша қатт. 1–1,5; тығызд. 2840 кг/м3. П. кені негізінен метаморфтық тау жыныстарымен байланысты. Кейде гидротермальдық кендерде кварц пен кентас желілерінде ұшырайды. Отқа жəне қышқыл əсеріне төзімді; сондықтан П. отқа жəне хим. əрекеттерге берік жабдықтар мен бұйымдар жасауға қолданылады. ПИРРОТИН – сульфидтер класының минералы. Хим. формуласы: Fe1-xS. Хим. құрамы ауыспалы: х= 0,0–0,11. Қоспалары Nі, Co, Cu, Pb, Mo, As. Одан басқа қатты ерітінділері – халькопиротиндер (FeS – CuFeS2) белгілі. Құрамындағы темірдің мөлшеріне байланысты гексагондық жəне моноклиндік сингонияларда кристалданып, тұтас масса, бұрыс пішінді сеппе, түйірлі, жалпақ кристалдар Пироп минералы Пирофиллит минералы Пироксендер
түзіп, кейде радиалды бағаналы жəне талшықты агрегаттар күйінде кездеседі. Табиғатта гексагонды троилит (FeS) жəне моноклинді клинопирротин (Fe7S8), т.б. минералдары кездеседі. П. эндогендік геол. процестерде жаралады. Түсі қола түстес сары, металл сияқты жылтыр күңгірт, морт; қатт. 3,5–4,5, тығызд. 4,5–4,7 г/см3, электр тогын жақсы өткізеді. Күкірті мол моноклиндік П-нің ферромагн., ал күкірті аз гексагонды П-нің 348°Ста жойылатын парамагн. қасиеттері бар. Қазақстанда Шығыс жəне Батыс Ұлытау (Қараторғай, Тойғыл), Шар мен Горностаев (Мақсұт) ультрамафиттерінде, мыс-полиметалды кен орындарында (Ақбастау, Құсмұрын, Ертіс) кездеседі. П. күкірт қышқылы жəне күкірт өндірілетін шикізат ретінде қолданылады. ПИСКИ – Алакөл көлінің солт. бөлігіндегі арал. Шығыс Қазақстан обл. Үржар жəне Алматы обл. Алакөл аудандары аралығында орналасқан. Теңіз деңгейінен ең биік жері 356 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 10 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Жер бедері құмды-төбелі жазық. Оңт. беткейі тіктеу келген. Топырағында жусан, изен, т.б. сортаңды өсімдіктер өседі. ПИТНОЕ – Солт. Қазақстан обл. М.Жұмабаев ауд-ндағы көл. Полудино а-ның оңт-нде орналасқан. Теңіз деңгейінен 120,6 м биіктікте. Аум. 9,7 км2, ұз. 4,8 км, енді жері 2,9 км, ең терең жері 2,5 м. П. Есіл өз-нің ежелгі тармағы Қамыстысай арнасы бойында жатыр. Шығыс жағалауы тіктеу жəне биік (1,5–9,0 м), басқа жағалаулары жайпақ (1,5–2 м), аздап шыммен көмкерілген. Көл түбі тегіс, сазбалшық шөгінділерінің қалыңд. 0,15–0,25 м. Судың минералд. 1,4– 6,0 г/л, біршама кермекті (8–15 мг/экв), суының хлоридті сипаты анық байқалады. Қамыс қопасы батыс жағалау аймағының 21%-ын алып жатыр (ені 60–150 м). Су негізінен оңт-тен ежелгі Қамыстысай өз. жағынан келеді, солт.-шығысқа қарай 5 км жерде. Көлден Полынный көліне ағып шығады. Көлде балық бар. ПИТЬЕВОЙ АРЫК – Тарбағатай жотасының шығыс бөлігіндегі асу. Шығыс Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. жəне Қытаймен шекаралас жерде орналасқан. Абс. биіктігі шамамен 2300 м-ден жоғары. Асудан маусым– қазан айлары аралығында салт атты адам өте алады. П. а. асуының солтнен Терісайрық өз-нің салалары, оңт. беткейінен Белшер (Вельчер) өзендері таудың биік жоталарынан бастау алады. Беткейлері өзен аңғарымен тілімденіп, жоғарыда құлама жарқабақтарға ұласады. Батысында Құзғынтас, шығысында Қосты асулары бар. П. а. жəне Құзғынтас асуларын байланыстыратын жолда Сұлушат қыстауы орналасқан. ПИЯЗ (Allіum cepa) – жуа туысының ең көп тараған түрі. Шыққан жері – Орт. Азия жəне Ауғанстан. П. өсіріп алынатын бадана сырты жылтыр, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан жəне оған жабыса тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, құрғақ жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. П-дың көкшіл жасыл жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкір, ұз. 20–50 см. Гүлшоғыры – шар тəрізді шатырша, гүлдері қос жынысты, ұзын гүлсағаққа бекіген. Ұз. 1 см-дей болатын 6 гүлжапырағы, 6 аталығы болады, аналық гүлі – үш ұяшықты, жоғары түйінді. Жемісі – ішінде шамамен 6 тұқым болатын қауашақ. Тұқымы – пирамида пішіндес қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5–4,0 г), 2–4ºС-та өне бастайды. Қабығы тығыз жəне ұзақ бөртетін болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қара шірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта 18–20ºС-та жақсы өседі, 13ºС-тан төмен темп-рада өсуі баяулап, ауруға төзімділігі төПитное көлінің жарлауытты жағалауы Пияз Пирротин минералы Пияз
мендейді. Құрғақ əрі ыстық ауа райында жапырағының дəмі бұзылады. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемісе, толық піскендері 3ºС суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді. Бадананың құрамында (сортына қарай) 2,4–14% қант, 2–13,9 мг% С витамині, 18% құрғақ зат, 2%-дың шамасында белок, эфир майы; жапырағында – 25–47,7 мг% С витамині жəне 1,3–5,9% А провитамині бар. Құрамындағы ерекше иіс беретін эфир майының мөлшеріне, дəмінің ащылығына қарай П-дың сорттарын 3 топқа – ащы, жартылай ащы жəне тəтті деп бөледі. Ащы сорттарында құрғақ заттың, қанттың жəне эфир майының мөлшері көбірек болады. П-ды ауыспалы егісте көкөніс жəне егіс танабынан кейін отырғызып, жапырақтары сарғайған кезде жинайды. Шабындықта жəне жайылымдарда П. отырғызбаған абзал, өйткені П. мал сүтінің дəмін өзгертіп, жағымсыз дəм береді. П. ежелден бағалы дəрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар, ол ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат. Сонымен қатар П. – маңызды көкөніс дақылдарының бірі. Баданасы мен жапырағын əр түрлі жемістер мен көкөністерді консервілеуде, тағамға жəне де шикі П-ды дəм беруші қоспа ретінде қолданады. Оның шырынын косметикада шаштың түбін бекіту, бетке маска жасау үшін пайдаланады. ПИЯЗДЫҚСАЙ, П и я з д ы с а й – Іле алабындағы өзен. Алматы обл. Ұйғыр ауд. жерімен ағады. Ұз. 40 км. Бастауын Ұзынқара (Кетпен) асуының солт. беткейіндегі тау массивінен алып, Қайшы а-ның шығысында 11 км жерде құмға сіңіп кетеді. Жоғ. ағысында тауаралық шатқалмен ағады, төм. ағысы жаз айларында тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Орта ағысында қос жағалауы тік жарқабақты келетін бөліктер кездеседі. Көктемде мал суаруға пайдаланылады. ПИЯЗШӨП (Allіarіa) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Алтай тауларының, Іле Алатауы, Қаратау, Батыс Тянь-Шань жоталарының төм. бөктеріндегі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштардың арасында 1 түрі – д ə р і л і к П. (А. offіcіnalіs) өседі. Оның биікт. 20– 100 см. Сабағы тік, тықыр, тек төм. бөлігі қылтанды. Сабақ жапырақтары сопақша келген, жиегі ара тісті, ал ұзын сағақты төм. жəне тамыр жапырақтары бүйрек тəрізді, ойық жиекті. Ақ түсті ұсақ гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Ашық жасыл түсті тостаған жапырақшалары ұзынша келген. Сəуір–мамыр айларында гүлдеп, мамыр–маусымда жеміс салады. Жемісі – төрт қырлы бұршаққын, сырты тықыр. П-тің жапырағында ащы аллил майын түзетін гликозид бар болғандықтан, өсімдіктен пияздың иісі шығып тұрады. Құрамында аскорбин қышқылы, каротин, флавоноид бар, тұқымында май көп, сондықтан оны езіп, тамаққа дəм беру үшін қыша жəне сарымсақ орнына пайдаланады. П-ті медицинада тер шығаратын, қақырық түсіретін, т.б. емдік шөп ретінде қолданады. ПЛАГИОКЛАЗДАР – қаңқалы құрылымды силикаттардың дала шпаттарына жататын минералдар тобы. П. табиғатта өте көп тараған, көптеген тау жыныстарын түзеді. Хим. құрамына қарай дала шпаттары натрийкальцийлі (П.) жəне калийлі (ортоклаз, микроклин) деп аталатын екі түрге бөлінеді. П. алюмосиликаттардың Na[AlSі3O8] – Ca[Al2Sі2O8] үздіксіз изоморфты қатары болып саналады. Қоспалары: K2O, BaO, SrO, FeO, Fe2O3, т.б. Бұл қатар альбит, олигоклаз, андезин, лабрадор, битовнит, анортит минералдарынан тұрады. Натрийлі альбиттен кальцийлі анортитке қарай жылжыған сайын минерал құрамындағы натрий азайып, кальций арта түседі. П. құрамындағы анортитті молекуланың пайыздық мөлшеріне қарай белгілейді. Мыс., №72-плагиоклаз лабрадорға сəйкес, яғни 72% анортит, 28% альбиттен тұрады. П-да анортит мөлшері жоғарылауына байланысты кремний қышқылы: қышқыл (№0–30), орташа (№30–50), негізді (№60–100) деп бөлінеді. П. тринклиндік сингонияда кристалданып, көбіне бұрыс пішінді тығыздау кестеленген, түйірлі массалар түзеді. Түсі ақ, сұрғылт ақ, кейде жасыл, көгілдір, қызғылт реңді, шыныдай жылтыр, жымдастығы екі бағытта жетілген, сынымы бұдырлы болады. Тығызд. 2,6 г/см3-ден (альбит) 2,7 г/см3-ге (анортит) дейін, қатт. 6–6,5, балқу t 1100°С (альбит) – 1550°С (анортит), жарықты сындыруы 1,53–1,58. П-дың басым бөлігі магмалық тау жыныстарының кристалдануынан, біразы жапсарлық-метаморфтық, гидротермальдық процестер кезінде түзіледі. Өндірісте П-дың көкшіл түрлері қаптама тас ретінде қолданылады. ПЛАТИНА, Pt – элементтердің периодтық жүйесінің VІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 78, ат. м. 195,09; асыл металдар тобына жатады. Табиғатта орнықты 6 изотопы: екі радиоактивті 190Pt, 192Pt, жəне төрт тұрақты 194Pt, 195Pt, 196Pt, 198Pt, бар. Таза күйінде алғаш рет 1803 ж. ағылшын ғалымы У.Х.Волластон (1766 – 1828) алған. П-ның жер қыртысындағы салмақ мөлш. 5·10-7%. Табиғатта саф П. мен оның маңызды қосылыстары: поликсен, ферроплатина, сперрилит (PtAs), куперит (PtS), бреггит (Pt,Pd,Nі)S кездеседі. П. күмістей ақ түсті металл, тығызд. 21,45г/см3 (25°С-та), балқу t 1872°С, қайнау t 3872±100°С; жұмсақ, жайылғыш, созылғыш. Тотығу дəрежелері +2, +4 кейде +1, +3, +5, +6. Ауада тұрақты, хим. инертті, бөлме темп-расында патша арағы жəне броммен əрекеттеседі. Қатты қыздырғанда концентрлі HNO3 пен H2SO4те еріп, 400–500°С-та галогендермен, P, S, C, Sі, Se, т.б. əрекеттеседі. П-ны Дəрілік пиязшөп Плагиоклаздар Пияздықсай
алу үшін алдымен кентасты құмнан тазартып, патша сұйықтығында ерітеді. Ерітіндіні NH4Cl-мен (NH4)2 [PtCl6]-ға тұндырып, осы тұзды таза сутек ағынында алдымен 600°С темпрада тотықсыздандырады. П. электродтар, термометр, коррозияға тұрақты ыдыстар, хим. аппараттар жасауда, катализатор ретінде, тұздарды хим. талдауда қолданылады. ПЛАТИНА КЕНТАСТАРЫ – платиналық металдар – платиноидтар (Pt, Pd, Іr, Rh, Os, Ru) шоғырланған табиғи түзілімдер. Жаралуы жағынан П. к-ның кендері түпкі жəне қорымды, ал заттық құрамы платиналық, кешендік болып бөлінеді. Оларда платиноидтардың мөлшері: платиналықта 2–5 г/т-дан бірнеше кг/тға, кешенді түпкіде 0,1 г/т-дан жүздеген г/т-ға, қорымдыда ондаған мг/м3тан жүздеген г/м3-қа дейін жетеді. Түпкі кентастар – платина металдарының ең негізгі көзі. Пластик. металдардың 98,5%-ы осы кентастардан өндіріледі. Олардың басты өндірістік жəне минералдық типтерінің кен орындары тек қана қат-қабатты мафитультрамафиттік магмалық тау жыныстары кешендерімен байланысты. Платиноидтардың 100-ден аса минералының ішінен көп тарағандары: поликсен, иридийлі палладий, палладийлі платина, осмийлі иридий, сперрилит, ферроплатина, невьянскит, қалайылы платина, т.б. П. к-ның түп кендері платформалы жəне қатпарлы аймақтардағы жер қыртысының терең жарылыстарын бойлай орналасқан ультранегізді интрузивтермен байланысты. Олар 0,5–1,0 км-ден 3–5 кмге дейінгі тереңдікте жаралады. Кентастың басты минералдары пирротин, халькопирит, пентландит, кубанит. Кентастардағы басты металдар – платина мен палладий. П. к-ның ашық жəне көмілген күйде кездесетін, ультранегізді интрузивтерінің үгілуінен жаралған қорымды кендері мезозой мен кайнозойдағы аллювийлік, элювийлі-аллювийлі тау жыныстарында шоғырланған. Ірі қорымдардың ұзындығы ондаған км-ге, ені жүздеген м-ге, металы бар құнарлы қабаттардың қалыңдығы бірнеше м-ге жетеді. П. к. шахта, ашық, драга əдістерімен өндіріледі. Байытылған концентратта 70–90%-ға дейін платиноидтар минералдары болады. Алынған концентраттан платиноидтар пирометаллург., электрхим., хим., гравитац. жəне магн. сепарация əдісі, т.б. өңдеу жолдарымен бөлініп алынады. Қазақстанда П. к-ның минералдары аз мөлшерде Бетпақдаланың, Солт. Балқаштың, Солт. Ұлытау, Кемпірсай (Ақтөбе обл.), Шар (Шығыс Қазақстан обл.) ультранегізді тау жыныстарынан, Қалбаның кейбір қорымдарынан табылды. П. к-ның дүниежүз. ірі қорымдары: Тунамин, Лак-дез-Иль (Канада), Гуд-Ньюс-Бей, Лейк Оуэн (АҚШ), Орал платиналық белдеулері, Генеральское (Ресей), Чако жəне Нариньо (Колумбия), т.б. елдерде орналасқан. ПЛАТФОРМА – баяу тектоник. режиммен сипатталатын литосфераның негізгі құрылымдық элементінің бірі. П-лар жылжымалы жəне тұрақты болып бөлінеді. П-ның ауд. миллиондаған км2, пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. «П.» терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879–1940) қолданған. П-лар тысының қалыптасуы кезінде төм. протерозой мен палеозойдың басында режим басым болды, карбонаттық шөгінділер жиылды, негізді жəне ультранегізді интрузивтер дамыды. Мезозойдың соңы мен кайнозойдың басында П-ларда шөгінді жиылу аймақтары күрт қысқарып, күшті тектоник. қозғалыстар болуының салдарынан ірі көтерілімдер мен терең ойыстар (Каспий маңы, Вилюй, т.б.) жаралды. Іргетастың жасына байланысты П-лар көне жəне жас деп бөлінеді. Көне П-лардың (Шығыс Еуропа, Сібір, Солт. Америка, Оңт. Қытай, Үндістан, Австралия, Африка-Арабия, т.б.) іргетасы кембрийге дейінгі тау жыныстардан, ал жас П-лар (Батыс Сібір, Солт. Қазақстан, Торғай ойпаңы, Кавказ алды, Батыс Еуропа) жарылыстары мен гранит интрузивтері аз, метаморфизмі баяу палеозой, кейде жоғ. кембрий тау жыныстарынан құралған. П. екі құрылымдық қабаттан: метаморфтанған шөгінді жəне жанартаутекті формациялар құратын іргетас пен П. тысы деп аталатын жоғ. құрылымдық қабаттан (орташа қалыңд. 3–4 км) тұрады. Мұндағы тау жыныстары жайпақ тасты жəне өлшемдері əр түрлі көптеген П-лық құрылымдармен күрделіленген. Кей жерлерде жас П-ларда кең таралатын территекті жəне жанартаутекті тау жыныстары дамыған, іргетас пен тыс аралығында болатын өтпелі құрылымдық қабат кездеседі. П-ларда магмалық əрекет геосинклиндерге қарағанда нашар, магматизм өнімдері біркелкі, негізінен базальт магмасының туындыларынан тұрады. П-лар ауқымындағы гравитац. аномалиялардың амплитудасы мен градиенті аз мөлшерде болады. П-лардың сейсмик. белсенділігі төмен, тек ірі жарылымдар мен геосинклиндерге жақын жерде жоғарылау болады. П. қалқандар мен тақталардан тұрады, ал олардың құрамында бірқатар ұсақ құрылымдар болады. Бұл элементтер жер қыртысының қалың қабатты (30–40 км) жəне гранитті қабаты бар П-ға тəн. Оны «көтерілген кратон», құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5–7 кмдей мұхиттық П-ларды «төмен батқан кратон» немесе «талассократон» деп атайды. Геоморфол. тұрғыдан оларға ойпаттар, қайраңдар, шамалы көтерілген жазықтар мен шоқылы алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа П-сының оңт. шеті (Каспий маңы синеклизасы), Тұран плитасының біраз бөлігі, Батыс Сібір плитасының оңт. бөлігі жатыр. ПЛАУН (Lycopodіum) – плаунтəрізділер тұқымдасына жататын мəңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар. Олардың ішінде жиі кездесетіні – ш о қ п а р б а с П. (L. clavatum). Биікт. 30–50 см болатын төсел мелі Платина кентастары Шоқпарбас плаун Плаун
сабағы көп бұтақты, ұз. 150 см-дей, олардың ұшында споралары жетіледі. Жатаған өскіндерінде 2–5 жыл өмір сүретін бүйір тамырлары пайда болады. Жіңішке таспа немесе қандауыр тəрізді жапырақтары сабаққа тығыз орналасқан, ұшында ұзын ақ түсті жіпшесі болады. Көлденең бұтақтарында спорофиллалары бар. Спорангийлері споралы 2–5 масаққа жиналған. Споралары арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. Сары сұр түсті ұсақ споралары көп. Олар шілде–тамыз айларында пісіп жетіледі. П. спорасының құрамында 50%-ға дейін кеппейтін май (олеин, стеарин, пальмитин, арахин), қышқылдар, алкалоидтар, клаветин, клаватоксин, никотин бар. П-дар – улы өсімдіктер, олардың спораларын (ликоподийларын) медицинада, ветеринарияда дəрілік препараттар алу үшін пайдаланады. П-ның споралары тез лаулап жанатындықтан, театрда жəне бенгаль оттарын дайындауда қолданылады. Алтай таулары мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін, өте сирек кездесетін – т а ң д а м ал ы П. (L. selago) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. ПЛЕШИНА – Атырау обл. Құрманғазы ауд-ның теңіз жағалауындағы арал. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 12 км-ге созылған, енді жері 3 км. Жер бедері тегіс келген. Оның бетін төрттік кезеңнің саздақты-құмайтты аллювийлі шөгінділері жапқан. Жағалауында қамыс, құрақ өседі. Арал жағалаудан 27 км алшақ жатыр. Солт-нде Коневский Осередок, шығысынан Үтері (Өтер), батысынан балықшылардың теңізге шығатын Иголкинский, т.б. каналдары өтеді. Суында балық көп. ПЛЕЩИВАЯ – Қызылқарағай (Листвяга) жотасының солт.-батысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Зырянов ауд. Большая Речка а-ның солт.-шығысында 14 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 1967 м. Солт.-шығыстан оңт-ке қарай 11 км-ге созылған, енді жері 5 км шамасында. Оңт., оңт.-шығыс, оңт.-батысы тік беткейлі келген. Солт. бөлігіндегі тау аңғары өзен арналарымен тілімденген. Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. Тау беткейлерінен Шихалиха, Мансиха өзендерінің салалары бастау алады. Тауалдының шалғынды топырағында майқарағай орманы өседі. ПЛИТА, т а қ т а – платформа аумағындағы жер қыртысының ірі, бұрыс тектоник. құрылымы. «П». терминін 1885 ж. австриялық геолог Э.Зюсс (1831–1914) ұсынған. П. іргетастан, аралық қабат жəне тыстан, екі ярустан: өте қатпарланған, аздап метаморфтанған, əр түрлі интрузивтер кептелген құрылым түзетін төм. қабат (щит), жазық жатқан, саяз теңіздік немесе құрлықтық шөгінділерден түзілген жоғ. қабаттан тұрады (чехол). Жер қабығы литосфер. жəне мұхиттық П-лар болып бөлінеді. Литосфера П-лары құрлықпен жапсарлас құрлықтық қайраңдарды біріктіреді; екеуі бүтін П-лар құрап, бірге жылжиды. Жердің қатты, бірақ осал орналасқан литосфера қабығы бірнеше П-ға жіктеліп, ары-бері жылжып отырады. Жер сілкіну ошақтары осы қимыл шиеленіскен жапсарда орын алады. П-лар жылжымалы, тұрақты болып бөлінеді. Жылжымалы П-ларда тектоника құбылыстары айқын бүркеніш жабуының қалыңд. 8– 10 км болады. Тұрақты П-ларда тектоник. қозғалыстар баяу байқалады. Тұран П-сының едəуір бөлігі, Батыс Сібір П-сының оңт. бөлігінің көпшілігі Қазақстан жерінде жатыр. ПЛОСКОЕ – Солт. Қазақстан обл. Қызылжар ауд-ндағы көл. Плоское а. маңында, Петропавл қ-нан оңт.-шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Көл теңіз деңгейінен 128,1 м биіктікте жатыр. Аум. 8,5 км2, ұз. 4 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұз. 12 км, ең терең жері 1,5 м-ге жуық. Көл терең қазаншұңқырда орналасқан. Оңт.-батыс жағалауы биік əрі тік құламалы. Құрғақ бөлігінің батысы су айдынына тереңдей енген, орақ пішінді келген. Түбі тегіс, сазбалшықты шөгіндісінің қалыңд. 0,5–0,6 м. Жағалау бойында қамыс, қоға, құрақ, т.б. өсімдіктер өседі. ПЛОТИНА, б ө г е т – өзен арнасындағы судың деңгейін көтеру, су ағынын арттыру, бөген жасау, т.б. үшін ағынды суды кесе көлденеңдеп қоршай салынған гидротех. құрылыс. Ол ағынды суды бөгеуге арналған бітеу П. жəне өзен арнасына жиналған артық суды (су қашыртқыны) реттеуге арналған П. болып бөлінеді. Материалына қарай грунтты (топырақты) П., тас П., бетон П. жəне темір-бетон П. болып ажыратылады. Ығысу күшіне қарсылық көрсетуіне қарай гравитациялық П., аркалық П., контрфорстық П.; биіктігіне қарай төм. арынды (10 м-ге дейін), орта арынды (10 м-ден 50 м-ге дейін) жəне жоғ. арынды (50 м-ден биік) болып жіктеледі. ПЛЯЖНЫЙ – Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі мүйіс. Жамбыл обл. Мойынқұм ауд. Қашқантеңіз т. ж. стнан солт.-шығысқа қарай 21 км жерде орналасқан. Жағалауы жазық, көлге сұғына енген мүйістің ұз. 2 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Оңт.-шығыс, оңт-нде Қашқантеңіз шығанағы, Атарал аралы, Қаратүбек мүйісі бар. ПОВЕЛЛИТ – молибдаттар класына жататын минерал, кальций молибдаты – Са[МоО4]. Хим. құрамы: СаО – 28,48%, МоО3 – 71,52%, кейбір П-те Плещивая тауы Плешина
10,3%-ға дейін WO3 қоспасы болады. Кристалдары тетрагондық сингонияда қалыптасады да, пластинка, дипирамида, жұлдызша тəрізді, минералдық агрегаттары жасырын кристалды, ұсақ түрлі масса түрінде түзіледі. Түсі ақ, қанық жасыл, қоңыр, сарғыш жасыл, көк жасыл, қызғылт жасыл. Алмастай жылтыр, қабыршақ агрегаты құбылмалы, топырақта күңгірт, жіктілігі жетілмеген немесе болмайды. Моос шкаласы бойынша қатт. 3,5; тығызд. 4,25–4,52 г/см3. Ультракүлгін сəуле түскенде сары түсті жарқыл шығарады. Табиғатта молибден кентастарының тотығу аймағында түзіледі. П. молибден алуда қолданылады. ПОГОДАЕВ КЕРАМЗИТ САЗ КЕНІ – Батыс Қазақстан обл. Зеленов ауд-ндағы Погодаев а-нан оңт.-батысқа қарай 1,5–2 км жерде (Орал қ-нан 48 км) орналасқан. Сазы күңгірт сұр, қара түсті, қатпарлы болып келеді. Кен қабатының пайдалы қалыңд. 2,5– 25 м, орташа қалыңд. 16,5 м. Кен орнының ауд. 0,55 км2. Сазды 112°– 113°С темп-рада күйдіре отырып, керамзит қиыршығын алуға болатындығы дəлелденді. Ал керамзит қиыршығы əр түрлі құрылыс материалдарын (мыс., бетон) өндіруге пайдаланылады. Кеніш 1971 ж. іске қосылған. ПОГРАНИЧНЫЙ – Жетісу Алатауындағы Қандарақ жотасы мен Көкжота тауы аралығындағы асу. Алматы обл. Сарқант ауд. Баянбай а-ның оңт.-шығысында 33 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 3333 м. Мамыр– қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Асудың батысынан ағып өтетін Ағынықатты өз. таудың биік жоталарындағы мұздықтардан бастау алады. Беткейлері өзен аңғарларымен тілімденген. Шатқалдары тар, құлама беткейлі. ПОДГОРНЕНСКОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қырғыз Алатауының солт. беткейінен басталатын Қайыңдысай, Шабынды, Шалсу жəне Талдысу өзендерінің ысырынды конусында орналасқан. Əкімш. тұрғыдан Жамбыл обл. Т.Рысқұлов ауд. жерінде. Облыстың Байзақ жəне Рысқұлов аудандарының суғармалы жерлерін жəне елді мекендерді шаруашылықтық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны орта-жоғ. төрттік кезеңінің аллювийлі-пролювийлі шөгінділерінің сулы кешенінде шоғырланған. Шөгінділер алмасып отыратын сулы жəне сутіректі қабаттардан түзілген. Су сыйыстырушы тау жыныстары құммен толыққан қойтасты-малтатасты қабаттардан түзілген. Оның жиынтық қалыңд. 80–140 м. Шөгінділерде су мол. Су деңгейі 6–12 м төмендегенде ұңғымалардың дебиті 30-дан 70 л/сқа дейін өзгереді. Жер асты суы тұщы, минералд. 0,2–0,8 г/л, хим. құрамы бойынша гидрокарбонатты кальцийлі, сирек жағдайда сульфат-гидрокарбонатты-магний-кальцийлі. Сутірек ұз. 52,5 км болатын, қатар түзеген ұңғымалардан тұрады. Су өткізгіштігіне қарай кен орны 2 телімге бөлінген. Біріншісі (батыс) – сутірегі 15,5 км, су өткізгіштігі тəулігіне 1125 м2, екіншісі (шығыс) – сутірек ұз. 37 км, тəуліктік су өткізгіштігі 1500 м2. Ұңғымалардың жалпы саны 90, арақашықтығы 570–620 м, тереңд. 150–250 м. Сутіректің өнімд. 4000 л/с. Кен орны 1980 жылдан пайдаланылуда. ПОДГОРНЫЙ – Каспий т-нің солт.- шығыс бөлігіндегі арал. Маңғыстау обл. Түпқараған ауд. жерінде. Түлендер (Итбалықтар) аралдарының құрамында. Каспийдің шығыс жағалауындағы Жығылған мүйісінің солт.- батысында 24 км жерде орналасқан. Ауд. 207 км2, ұз. 9 км, енді жері 5,5 км. Аралдың жер бедері жазық келген, жағалауы құм қайырлы. Өсімдігі сирек. ПОДСТЕПНОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Батыс Қазақстан обл-нда, Орал қ-нан оңт-ке қарай 18 км жерде, Жайық өз-нің аңғарында орналасқан. Батыс Қазақстан геол. экспед. барлап анықтаған. Лебяжье, Подстепной жəне Покатиловка күмбездері аралығындағы кеңістікте шоғырланған. Күмбез кеңістіктері аралығы 4,5–8 км. Келешегі бар сулы қабат маастрихт шөгіндісінде жатыр. Одан жоғарыдағы ақшағыл шөгінділерінде сулы телімдер ала-құла кездеседі. Су сыйыстырушы тау жыныстары қалыңд. 15–32 м болатын ұсақ түйіршікті құмдардан тұрады. Мұнда су 15–20 м тереңдікте кездеседі. Суының арыны əлсіз, оның мөлш. 10–13 м. Төменде жатқан сулы қабаттан су өткізбейтін саздақ сутірек бөліп жатыр. Маастрихт шөгінділеріндегі су сыйыстырушы тау жыныстары бор кезеңінің борлы жарықшақтарымен көрініс тапқан, оның орташа қалыңд. 72,8 м. Су деңгейі 9,6–16,5 м төмендегенде қабаттың жоғ. бөлігіндегі ұғымадағы су дебиті 4,5–10,7 л/с. Жер асты суы сəл ашқылтым, минералд. 1,2–1,5 г/л. Хим. құрамы бойынша гидрокарбонатхлоридті, магний-натрийлі. Пайдаланылатын жер асты су қорын бағалауға байланысты №3 ұңғымадан (54– 80 м тереңдіктен) алынған су минералды екендігі анықталды. Оның минералд. 1,5 г/л. ГОСТ-қа сəйкес жер асты суы минералды, ауыз суға емдік ауыз суға емдік-асханалық суға жарамды. Кен орны игерілмеген. ПОКОРНЕНСКОЕ (БАЙМЫРЗА) ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қарағанды обл. Бұқар жырау ауд. Баймырза анан 1 км жерде орналасқан. Баймырза а-н жəне сондағы құс фабрикасын сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны саздақтармен толған бетін қалыңд. 3–5 м болатын делювий шөгінділері жапқан протерозой, кембрий-ордовик жəне девон шөгінділерінің жарықшақты белдемінде шоғырланған. Жер асты суы арынсыз, жер астындағы деңгейі 3,4–11 м. Сулы белдемнің қалыңд. 26–37 м. Жарылым белдеміне жақын орналасқан ұңғымалардың дебиті жер асты суының деңгейі 12–18 м төмендегенде 2–4,5 л/с-ты құрайды. Суы тұщы, гидрокарбонат-хлоридті натрий-магнийлі, минералд. 0,2– 0,4 г/л. Жобалық сутірек тереңд. 70– 80 м болатын 4 ұңғымадан тұрады. Ұңғымалардың жиынтық өнімд. 12 л/с. Кен орны 1987 жылдан игерілуде. ПОКРОВКА (ӨТЕГЕН БАТЫР) ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Алматы обл. Іле ауд. Өтеген батыр кентінде орналасқан. Кен орны Алматы ГРЭСін жəне Өтеген батыр кентін тех. жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Іле тауаралық депрессиясында жəне тауалды аккумуляттық жазықта орналасқан. Барланған нысан суды нашар өткізетін құмдақ пен саздақ, сондай-ақ құммен толған құм жəне малтатас қабатшаларынан тұратын орта-төм. төртПовеллит минералы Покровка
тіктің аллювийлі-пролювийлі жəне неоген жаралымдарының шөгінділерінен тұрады. Жаралымның жалпы қалыңд. 480–700 м, су өткізгіш жыныстарда 170–235 м. Жер асты суы арынды. Су деңгейі 35,2 жəне 30,2 м төмендегенде барланған ұңғымалардың дебиті сəйкесінше 57 жəне 65 л/с. Жобалық сутірек қатар түзген 6 тораптық ярустан тұрады. Есептік тораптардың арақашықтығы 575-тен 700 м-ге дейін. Оларда тереңд. 200, 350 жəне 500 м, жүктемелігі сəйкесінше 50, 50 жəне 60 л/с болатын 3 ұңғымадан тұрады. Олардан басқа істеп тұрған сутіректе топтық жəне жеке ұңғымалар орналасқан. Олардың тереңд. 150 жəне 350 м, жиынтық өнімд. 590–650 л/с. Кен орны игерілуде. Қазіргі алынатын су мөлшері тəулігіне 19,03 мың м3. ПОКРОВКА ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қостанай обл. Денисов жəне Қамысты аудандары жерінде орналасқан. Краснооктябрь боксит кенішін жəне елді мекендерді шаруашылықтық жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орнының Солт.-Батыс (1967–72 ж.) жəне Шығыс (1973–75) телімдері барланған. Солт.- Батыс теліміндегі су кені палеоген шөгіндісінде жəне палеозойдың ашық жарықшақтарында шоғырланса, Шығыс телімінің жер асты суы палеогеннің сулы қабатында шоғырланған. Палеогеннің су сыйыстырушы жыныстары қалыңд. 2,5–30 м палеозойдың үгілу қабатының үстін жапқан құмды-саздақты шөгінділерінен тұрады. Солт.-Батыс телімдегі сулы қабаттың орташа қалыңд. 12 м болса, Шығыс телімде – 18 м. Жер асты суы арынсыз (6,9 м, көбінесе 4–6 м). Тау жыныстарының суы мол, жер асты суы 6,4–45 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 3,5–5,9 л/с-тан 40 л/сқа дейін өзгереді. Суы тұщы, гидрокарбонат-натрийлі жəне сəл ашқылтым хлорид-натрийлі, минералд. 0,2– 0,5 г/л-ден (Солт.-Батыста) 1,5 г/л-ге дейін (Шығыс телімде). Палеозойдың жарықшақты ашық белдеміндегі жер асты суы жартасты жыныстардың жарықшақты жоғ. белдемінде жатыр. Белсенді жарықшақ белдемінде қалыңд. 40–50 м. Суы арынды, арын мөлш. 40 м-ге жетеді. Жер асты су деңгейі 5–22–40 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 2–4 л/с-тан 47 л/с-қа дейін өзгереді. Ашқылтым суы хлорид-натрийлі. Солт.-Батыс телімінің палеоген жəне палеозой шөгінділеріндегі жер асты сулары гидравл. тұрғыдан бір-бірімен байланысты, Шығыс телімде байланыс жоқ. Кен орны игерілуде. ПОЛИБАЗИТ – сульфотұздар класының минералы. Хим. формуласы: (Ag, Cu)16[Sb2S4]S7, хим. құрамы: Ag – 62,1–74,9%, Cu – 3–10%. Моноклиндік сингонияда кристалданады, жеке кристалдары пластинка, қысқа призма, минералдық агрегаттары түйірлі масса түрінде болады. П-тің түсі сұрғылт қара, металдай жылтыр, Моос шкаласы бойынша қатт. 2–3, тығызд. 6270–6330 кг/м3. П. төмен темп-ралы гидротермальдық полиметалл, күміс кендері желілерінде стефанит, аргентит, сап күміс, галенит, т.б.минералдармен бірге кездеседі. Птен күміс алынады. ПОЛИГАЛИТ – сульфаттар класына жататын минерал, сулы сульфат. Хим. формуласы – K2Ca2Mg[SO4]4· 2H2O. Хим. құрамы: K2O – 15,62%; CaO – 18,60%; MgO – 6,69%; SO3 – 53,11%; H2O – 5,98%. Триклиндік сингонияда кристалданады. Жеке кристалдары жапырақша, таяқша, ұзынша пластинка тəрізденіп, минералды агрегаттары тарамдалған талшық, түйірлі тығыз масса түрінде болады. Түсі сұрғылт, сарғыш реңді ақ, алқызыл, кірпіштей қызыл, шыныдай жылтыр, морт. Моос шкаласы бойынша қатт. 2,5–3,5, тығызд. 2,72–2,78 г/см3. Түзілуі шөгінді, хемогенді. П. – теңіз суқоймасындағы сульфаттық галогенездің өнімі. Қазақстанда Ақтөбе обл-ндағы Жылан калий тұзы кендерінен, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының тұз күмбездерінен табылды. П-тен калийлі минералдық тыңайтқышы дайындалады. ПОЛИГАЛАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Polygalaceae) – қос жарнақтылар тобына жататын ағаштар, бұталар, көп жылдық шөптесін немесе шырмалып өсетін өсімдіктер. Шығу тегі жағынан қазтамақ тұқымдасына жақын. Жер бетінде 20-ға жуық туысы, 1 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда 1 туысы полигала (Polygala), оның 2 түрі (Сібір полигаласы, Будан полигаласы) кездеседі. Жапырақтары кезектесе, сирек жағдайда қарамақарсы орналасады, кейде сағағында безі болады. Гүлдері қос жынысты, олар шашақ гүлшоғырына топталған. 5 (кейде 4) тостағанша жапырақтары бос не бірігіп кеткен, оның бүйіріндегі екеуі басқаларына қарағанда ірі, қанат тəрізді болып өседі. Ол гүлі мен піскен жемісін қорғайды. 5 күлте желектерінің екеуі бүйірлік, жетілмеген немесе толығымен түсіп қалады; аталығы – 8, олардың жіпшелері де жартысына дейін бірігіп кеткен, қалақша тəрізді аналығы – екеу, жоғары түйінді, екі ұяшықты. Жемісі – екі ұяшықты қорапша, сүйекті жеміс немесе жаңғақша, кейде айдаршасы, жаңғақшаларының ұшуына мүмкіндік беретін қанатшасы болады. Тұқымының сыртын түк басқан, жануарлар жəне жел арқылы таралады. Піскен жемісін құстар жейді. Аздаған түрінің шаруашылық маңызы бар, кейбір түрінің құрамында май болатындықтан тағамға, сабын мен майшам жасауға жəне медицинада қолданылады, киім тоқуға, арқан жасауға пайдаланылатын жіп алынады. Кей түрлерін сəндік үшін өсіреді. Ежелгі Грекияда полигаланы жеген сиырдың сүті көбейеді деп санаған, тұқымдастың аты соған байланысты (рoly – көп, gala – сүт) қойылған. П. т-на жататын өсімдіктер тастақты-құрғақ, сазды, құмды, қиыршықтасты топырақтарда, шалғынды далада, тасты беткейлерде өседі. Алтай тауларында, Тарбағатай жотасында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Теріскей Алатауларында, Қаратау мен Полибазит минералы Полигалит минералы Покровка
Батыс Тянь-Шань жоталарында, Ертіс өз-нің бойында кең тараған. ПОЛЛУЦИТ – силикаттар класындағы сулы алюмосиликаттарға жататын минерал. Хим. формуласы (Cs, Na) [AlSi2O6]·nH2O, құрамы (%-бен): Cs2О – 26–32; Na2О – 2,8; Al2О3 – 16,3; SiО2 – 46,4; Н2О – 2,5; аз мөлшердегі қоспалар: Rb2O, К2О, Тl2О. П. SiО4 мен АlО4 тетраэдрлерінен біріккен каркастан құралады, каркас қуыстарын Cs, Na жəне неолиттік су толтырады. П. кубтық сингонияда кристалданады, шыныға ұқсас тұтас массалы түйірлі шоғырлар, желішелер түрінде болады. Моос шкаласы бойынша қатт. 6,5, тығызд. 2860– 2900 кг/м3, ақ, ал қызыл, түссіз, мөлдір. Кварц, литий минералдарымен бірге граниттерде, олардың пегматиттеріндегі миаролиттік қуыстарда жəне жіңішке желішелер түрінде кездеседі. П. – металл күйдегі цезий, оның тұздары алынатын негізгі кентас. ПОЛОВИННОЕ – 1) Есіл алабындағы тұзды тұйық көл. Солт. Қазақстан обл. М.Жұмабаев ауд. жəне Ресеймен шекаралас Лебяжье а-ның солт.-шығысында 7 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 109 м биіктікте жатыр. Аум. 11,9 км2, ұз. 6,1 км, енді жері 3 км, жағалау бойының ұз. 16,3 км. Жағалауының биіктігі əр түрлі деңгейде. Түбі тегіс. Негізгі шөгінділері ұсақ құм мен қара сұр сазбалшықтан тұрады. Суы өте тұзды. Көктемгі еріген қар жəне жер асты суларымен толысады. Қараша айының аяғында суы қатып, сəуір айында ериді. Жағалау бойында қамыс, құрақ өседі. Ашық айдынды шылаң басқан. Алабы – егістік, шабындық; 2) Лебяжье а-нан 5 км жерде, теңіз деңгейінен 114,3 м биіктікте орналасқан. Аум. 8 км2, ұз. 4,3 км, енді жері 2,5 км, жағалау бойының ұз. 11,6 км. Суы минералданған; 3) Ескі Қамысты аңғарында, Полудино а-нан шығысқа қарай 6 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 121,6 м биіктікте жатыр. Аум. 7 км2, ұз. 3,3 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұз. 10,8 км. Орташа тереңд. 1,8 м. Түбі тегіс. Негізгі шөгінділері ұсақ құм, қара сұр сазбалшықтан тұрады, оның қалыңд. 0,15–0,3 м. Суы тұзды, хлоридті сипаты анық байқалады. Минералдануы көктемде 4,4 г/л-ден қыста 9,25 г/л-ге дейін ауытқиды. Жағалау бойында қамыс, құрақ өседі. Ашық айдынын шалан басқан. Мұнда гүлді өсімдіктің 7 түрі жəне балдырдың 35 түрі бар. Жергілікті ихтиофаунада алтын, күміс табан мен көл гольяны кездеседі. ПОЛОГАЯ – Үшқара тауының оңтндегі тау. Қарағанды обл. Шет ауд. Мойынты кентінің оңт.-батысында 125 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 498 м. Беткейі көлбеу төбесі жайпақ келген. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солт-нде Оңт. Үшқара тауы, оңт.-шығысында Сынтас төбесі бар. Сұр, сортаңды, қиыршықтасты топырақ жамылғысында шөл жəне шөлейт белдемдеріне тəн өсімдіктері өседі. ПОЛОНИЙ, Po – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы алғаш ашылған радиоактивті хим. элемент, ат. н. 84, ат. м. 208,98. 1898 ж. француз ғалымдары П.Кюри мен Складовская-Кюри ашып, оны М.Складовская-Кюридің отаны – Польшаның (лат. Polonіa) құрметіне атаған. Массалық сандары 210–218 болатын 9 изотопы белгілі, тұрақтысы жасанды жолмен алынған 209Po изотопы (жартылай ыдырау периоды Т1/2=103 жыл, α-сəуле шығарғыш). Жер қыртысындағы салмақ мөлш. 2·1014%. Бос түрінде П. жұмсақ, күмістей ақ металл; тығызд. 9,4 г/см3, балқу t 254°С, қайнау t 962°С, өте улы. Екі аллотроп. түр өзгерістері бар: куб торлы α формасы, ромбоэдр торлы β формасы. Тотығу дəрежелері –2, +2, +4 жəне +6, тұрақтысы +4. Ауада тотығады, қышқыл ерітінділерімен, сутекпен, ал қыздырғанда оттек, галогендермен əрекеттеседі. Белгілі оксидтері PoO, PoO2, PoO3. П-дің тетрахлориді, тетрабромиді, тетраиодиді жақсы зерттелген. П-ді металдық Bі-ты нейтрондармен сəулелендіру арқылы жəне уран кентастарын өңдеу кезіндегі қалдықтардан алады. П-дің α-сəулелері энергия көзі, ал оның берилиймен қорытпасы нейтрон көздері ретінде қолданылады. ПОПЕРЕЧНАЯ – Оба жотасының солт.-батысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Шемонаиха ауд. жəне Ресеймен шекарада орналасқан. Абс. биікт. 1019 м. Батыстан оңт.-шығысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 4 км. Беткейі тіктеу, оңт-ндегі бұлақтардан Булочный Алей өз. бастау алады. Тау бөктерін толықтай жалпақ жəне қылқан жапырақты орман басқан. Тау етегінен көрші елмен байланыстарын қара жол өтеді. ПОПОВ – Тобыл алабындағы тұзды тұйық көл. Қостанай обл. Ұзынкөл ауд. Пресногорьковка а-ның оңт.-баПоллуцит минералы Половинное көлінің айдыны Попов
тысында 10 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 160 м биіктікте жатыр. Аум. 4,1 км2, ұз. 5,8 км, енді жері 1,2 км, жағалау бойының ұз. 13,4 км. Жағалауы жазық, қамыс, құрақ өскен. Көктемгі еріген қар жəне жер асты суларымен толысады. Жазда айдыны тартылып, жағалауы батпаққа айналады. Суы қараша айының аяғында қатып, сəуірде ериді. ПОПУЛЯЦИЯ – белгілі бір кеңістікте генетик. жүйе түзетін, бір түрге жататын жəне көбею арқылы өзінөзі жаңғыртып отыратын организмдер тобы немесе түрдің құрылымдық бірлігі. Осы топтың П. болып есептелуі үшін: тарихи қалыптасқан ареалы жəне үздіксіз өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайында өзінің саны мен құрылымын сақтауға қабілетті болуы; сол түрдің өзге топтарынан қандай да бір табиғи кедергілермен ажыратылып тұруы; бір немесе бірнеше экожүйенің құрамына кіріп, олардағы зат алмасу, энергия тасымалдау процестеріне қатысуы тиіс. Əр П. өзіне ғана тəн статик. сипаттамалары (саны, тығыздығы, ареалы, орналасуы, жас ерекшелігі, жыныстық құрамы) жəне динамик. сипаттамалары (саны мен тығыздығының уақытқа қатысты өзгеруі) бойынша ерекшеленеді. П. санының динамикасы белгілі бір уақыт аралығындағы тірі организмдердің өмірге келуі мен өлім көрсеткіштерінің ара салмағы бойынша анықталады. Сондай-ақ П. санының өзгеруіне иммиграция жəне эмиграция процестері де əсер етеді. П. саны өсуінің біртіндеп тежелуі логистик. теңдеу арқылы өрнектеледі. Əдетте, жануарлар мен өсімдіктер П-сының саны біршама тұрақты болғанымен, олар əлсін-əлсін күрт өзгеріп отырады (мыс., тоқалтіс тышқандар, леммингтер, т.б.). Кейбір жануарлардың (шегіртке, бөкендер, т.б.) санының немесе тығыздығының қауырт өсуі олардың қоныс аударуына əкеледі. Жануарлар П-ларының саны мен тығыздығы күрделі мінез-құлықтық (аумағын белгілеу, қору, көші-қон), физиол. механизмдер арқылы (гормондар қызметі, стресс) жəне П-ның генетик. құрылымының өзгеруі арқылы реттеліп отырады. «П.» терминін 1903 ж. даниялық биолог В.Иогансен (1857–1927) енгізді. Эволюция заңдылықтарын, түрлердің пайда болуын зерттейтін ғалымдар П-ны микроэвол. процестің ең шағын бірлігі ретінде қарастырса, ал экологтар Пны түр аралық əсерлесу мен өнімділік тұрғысынан зерттейді. Жойылып кету қаупі төнген түрлерді сақтап қалу, зиянды түрлердің санын тежеу, экожүйе құрамына жаңа түрлерді енгізуде (интродукция) П-ны зерттеудің маңызы зор. ПОРОЖНАЯ – Оба өз. аңғары мен Черный жотасының батысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Шемонаиха ауд. Большая Речка а-ның солт.- шығысында 50 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 1232 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 3 км. Беткейі тік жарқабақты, оңт-не қарай еңістеніп жондықырқалы шоқыларға ұласады. П. беткейлерін түгелдей дерлік қалың орман басқан. ПОРТ-АРТУР (АҚПƏТЕР) ГАЗ КЕН ОРНЫ, Батыс Қазақстан обл. Казталов ауд. Ақпəтер а-ның маңында, Орал қ-нан оңт.-батысқа қарай 215 км, Жалпақтал а-нан солт.-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан. Кен орны 1961 ж. құрылымдық іздестіру-бұрғылау нəтижесінде толық анықталған. Газға қаныққан қабатында коллекторлары құмайттармен цементтелген. Қаныққан газ 213–223 м тереңдікте, кеуект. 35–40%. Газдың дебиті тəулігіне 220 мың м3/тəулік болды. Бастапқы қабаттық қысымы 2,56 МПа, қабаттың темп-расы 19°С. Газ метаннан (93,7–95,9%), азоттан (4–5,9%) жəне көмір қышқыл газдың екі тотығынан (0,1–0,4%) құралған. Табан суы хлорид-кальцийлі, минералд. 110 г/л, тығызд. 1020 кг/м3. ПРАЗЕОДИМ, Pr – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 59, ат. м. 140,908; лантаноидтар тобына жатады. Жерде сирек кездесетін металл, жер қыртысындағы салмақ мөлш. 9,5·10-4%. Тұрақты бір изотопы 141Pr бар, қалған изотоптары жасанды жолмен алынған. П-ді австриялық химик К.Ауэр фон Вельсбах ашқан (1885). Минералдары: монацит, бастнезит, лопарит. Кесек П. ақшыл, күміс түсті, таза күйінде иілгіш, оңай өңделеді; тығызд. 6,78 г/см3, балқу t 931°С, қайнау t 3510°С. Тотығу дəрежесі +3, кейде +2, +4, 400°С-та оттекте жанады (Pr2O3), қыздырғанда азотпен нитрид (PrN) түзеді. Бөлме темп-расында сутекті сіңіріп əр түрлі гидридтер (Pr(H)x) түзіп, HCl, HNO3, H2SO4-пен қыздырғанда галогендермен əрекеттеседі. Таза П. хлоридін (PrCl3) электролиздеу арқылы алады. П. жəне оның қосылыстары парамагнитті. Оларды шыны, фарфор бояуда, болаттың арнайы сорттарын алуда, т.б. қолданады. ПРЕДПЕСКОВОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Шу – Талас ойысы мен Мойынқұм құмды алқабы аралығында жатыр. Əкімш. тұрғыдан Жамбыл обл. Байзақ, Талас аудандары жерінде орналасқан. Кен орны 2 телімнен тұрады. Біріншісі – Талас өзнің оң жағалаулық аңғарында, екіншісі – Дəулет қонысынан солт-ке қарай 27 км жерде. Кен орнына жақын жердегі елді мекендердің 6 мың га егістігін суғаруға жəне ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Жер асты суы гидравл. тұрғыдан бір-бірімен байланысқан төселмесі плиоцен шөгінділерінен тұратын төрттік кезеңнің аллювийлі шөгіндіПорожная тауы Популяция
лерінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары саздақ, құмдақ жəне құмтас қабатшалары бар құм, құмды-қиыршықтасты жəне қиыршықтасты-малтатасты шөгінділерден тұрады. Грунт сулары жер бетіне жақын жатыр. Арна маңы жолағында 1-телімде 3,8–7,6 м, 2-телімде 2,3– 6,4 м тереңдікте. Суы біршама мол шөгінді қабат 1-телімнің орта тұсында орналасқан. Мұндағы ұңғымалардағы дебит су деңгейі 5,9–7,5 м төмендегенде 56–69,4 л/с, екінші телімде жер асты су деңгейі 8–10 м төмендегенде 25–30 л/с болады. Төрттік кезеңнің жер асты суы тұщы, минералд. 0,4–0,5 г/л, сирек жағдайда 0,8 г/л. Хим. құрамы бойынша гидрокарбонатты жəне гидрокарбонатсульфатты кальцийлі жəне кальциймагнийлі. Плиоцен шөгіндісінің сулы қабаты төрттік кезеңнің аллювийлі шөгінділерінің астында жатыр. Бұл телімнің жер асты суы 50–65 м тереңдікте. Су сыйыстырушы тау жыныстары қиыршықтас араласқан құм, қиыршықтасты-малтатасты, сондайақ əктасты құмтастан жəне кесектелген карбонатты саздақ пен алевролиттен түзілген əктастардан тұрады. Плиоцен шөгіндісінің қалыңд. 200 мге жетеді. Жер асты суының деңгейі 2,5–12,7 м төмендегенде (1-телімде) ұңғымалардағы дебит 30–48 л/с болды; 2-телімде 20–53,1 л/с болды. Кешенінің суы тұщы, минералд. 0,3– 0,5 г/л. Хим. құрамы бойынша гидрокарбонатты гидрокарбонат-сульфатты жəне сульфат-гидрокарбонатты кальцийлі жəне кальций-натрийлі. Бірінші телімдегі сутірек қатар түзеген жəне бір-бірімен тығыз байланысқан 45 ұңғымадан тұрады. Олар Талас өзне параллель болып 7,8 км жерде орналасқан. Ұңғымалардың арақашықтығы 320–480 м, тереңд. 230–150 м. Екінші телімдегі сутірек біріменбірі тығыз байланысқан 39 ұңғымадан тұрады. Су алынатын орт. Талас өз-нен 15,5 км жерде орналасқан. Ұңғымалардың тереңд. 180 м, арақашықтығы 520–530 м. ПРЕКОС ҚОЙЫ (франц. precoce – ерте, тез жетілетін) – тез жетілгіш, етті-биязы жүнді қой тұқымы. 19 ғдың аяғында Францияда рамбулье саулығын ағылшынның ұзын жүнді лейстер қошқарымен будандастыру арқылы шығарылған. Кеңес одағына 1926–31 ж. Германиядан əкелінген. П. қ. ірі, дене бітімі берік, шоқтығының биікт. қошқарда 70–80, саулықта 65–70 см болады. Қошқары 100– 110, таңдаулысы 150 кг-ға дейін, саулылығы 55–60, таңдаулысы 115 кг-ға дейін салмақ тартады. Ересек қойдың таза еті 50–54%, қошқардікі 8–10 кг, ең ірісінен 14 кг-ға дейін, саулықтан 3,8–4,2 кг, ең ірісінен 10 кг-ға дейін жүн қырқылады. Таза жүн шығымдылығы 45–50%, талшығының ұз. 7,0–10 см, жіңішкелігі 58–64 сапада (20,6–27,0 мкм). Саулықтарының төлшеңдігі 140–150%. 6 айлық қозыларының салм. 40–45 кг-ға дейін жетеді. П. қ. биязы жүнді қой тұқымдары арасында ет өнімділігі, тез жетілгіштігі жəне төлшеңдігінің жоғарылығымен, ал жүн өнімділігі мен сапасының салыстырмалы түрде төмендігімен ерекшеленеді. Қазақстанда П. қ. тұқымы қазақтың биязы жүнді қойы мен қазақтың арқар-мериносы тұқымдарын шығаруда пайдаланылған. ПРИБРЕЖНОЕ МҰНАЙ КЕНІ – Каспий ойпатының оңт.-шығысында, Атырау обл. Жылыой ауд. жерінде орналасқан. 1973 ж. ашылған. Тектоник. тұрғыда кен сыйыстырушы көтерілім екі қанатты тұз күмбезді құрылымнан тұрады. Қос қанаттағы жоғ. бордың сеноман шөгінділері мұнайлы. Иірім 397 м тереңдікте, биікт. 47 м. Су-мұнай жапсары 450 м-лік белгіде байланысқан. Түрі қаптық шоғыр, тектоник. қалқаланған. Өнімді қабат терригендік жыныстардан құралған, ашық кеуект. 29%, өткізгіштігі 2,39 мкм2. Мұнайға қаныққан қалыңд. 30 м, мұнайға қанығу коэфф. 0,8. Мұнайдың бастапқы шығымы 3,7 м3/тəулік, тығызд. 955 кг/м3. Мұнай мол күкіртті 2,6%, аз парафинді 0,15%. Иірімнің жұмыс режимі суарынды. Хлоркальцийлі қабат суларының тығызд. 1081 кг/м3, минералд. 408,3 г/л. Кенде жұмыс жүргізу 1976 жылдан доғарылған. ПРИГОННАЯ – Оба өз-нің аңғарындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Шемонаиха ауд. Шемонаиха қ-ның солт.-батысында 14 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 627 м. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км шамасында. Беткейі тіктеу, оңт.-батыс бөктерінен Вавилонка өз. ағып өтеді. Күлгінді қара топырақ жамылғысында майқарағай, қайың, терек, мойыл, қарақат, итмұрын, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымына пайдаланылады. ПРИГРАНИЧНОЕ МҰНАЙ КЕН ОРНЫ – Батыс Қазақстан обл. Зеленов ауд. Орал қ-нан солт.-батысқа қарай 90 км жерде орналасқан. Кен орны 1993 ж. ашылған. Төм. франк ярусының шөгінді қабатын зерттеу кезінде анықталған. Газ қоры Паший горизонтының құмдақты қабатында табылған. Құрылымның аум. 4,7×6,7 км-ден кем емес. Оңт-тен солт-ке қарай құрылым қабаты өзгеріп, 4×8 кмді құрайды. Газды шөгіндісінің қабаты 4444 м-де (абс. -4259 м) байқалған, табаны 4454 м тереңдікте. Шоғыр қабаты 10 м, тиімді мұнай қабаты 8,4 м-ді құрайды. Кен орны іздестіру-барлау сатысында. ПРИДОРОЖНОЕ ГАЗ КЕНІ – 1) Шу-Сарысу шөгінді алабының Қақпансор ішкі ойысында, Қарағанды обл. Жезқазған қ-ның оңт-нде 260 км жерде орналасқан. 1972 ж. ашылған. Кен ендікке жуық бағыттағы жарылысқа таяу брахиантиклинальдық қатпардан орын алған. Фаменнің шұбар жəне қызыл түсті терригендік шөгінділерінің мүжіліп-шайылған беткі құрылымның өлшемдері (-2300 м-лік изогипс) 9×2,5 км, амплитудасы 210 м. Кен фамен ярусының құмтастары мен алевролиттерінен жəне серпухов ярусының жарықшақты əктастарынан орын алған қабаттықкүмбездік тектоник. қалқаланған екі иірімнен тұрады. Фамен иірімнің күмбездегі тереңд. 2400 м. Газ-су жапсары 2285 м, иірімнің биікт. 140 м. Өнімді қабаттардың жалпы қалыңд. 129 м, тиімді қалыңд. 37,5 м. Коллекторлары жарықшақты, кеуекті, кеуект. 7%, өткізгіштігі 0,038 мкм2. Газға қаныққандық коэфф. 0,7. Қабаттық қысым 25,8 МПа, темп-расы 86°С. 4,9 мм-лік штуцерде газдың шығымы 74,4 мың м3/тəулік. Қалыңд. 450 м-ге дейінгі галогендік шөгінділер иірімнің жаппасын құрайды. Төм. серпухов иірімі 1178 м тереңдікте. Газ-су жапсарының -1101 м-лік қабылданған белгісі бойынша Прекос қойы Придорожное
иірімнің биікт. 107,5 м. Газ қабатының жалпы қалыңд. 102 м, тиімді қалыңд. 71,4 м. Коллекторлары тығыз, жарықшақты ұсақ жəне орта кристалды əктастардан құралған, бұлардың матрицалық кеуектілігі төмен (3,78%). 22,6 мм-лік штуцердегі газдың бастапқы шығымы мың м3/тəулік. Бастапқы қабаттық қысым 15,1 МПа, темп-расы 59°С. Иірімнің жаппасы қызметін онымен ғұмырлас, қалыңд. 298 м-ге дейінгі сульфаттықтерригендік шөгінділер атқарады. Фамен иірімі газдарының құрамы мен мөлш.: 62,2–78,4% метан, 1,2–1,76% этан, 0,11–0,12% пропан, 0,022% изобутан, т.б. Төм. серпухов иірімдері газдарының құрамында 75,4–90,0% метан, 0,51–2,06% этан, 0,14–0,36% пропан, 0,02% изобутан т.б. бар. Фамен қабатының хлоридті-натрийлі хлоркальцийлі суларының минералд. 109–415 г/л. Төм. серпухов шөгінділерінің хлорид типті суларының минералд. 155–165 г/л. Иірімдердің режимі серпімді газсуарынды. ПРИДОРОЖНОЕ МҰНАЙ-ГАЗКОНДЕНСАТ КЕНІ, Оңт. Маңғыстау иінді ойысының Өзен – Жетібай антиклинальдық кертпешті белдемінде шоғырланған. Əкімш. тұрғыдан Маңғыстау обл. Қарақия ауд. жерінде. Кен орны 1991 ж. ашылған. Шағылыстырылған сейсмик. горизонты бойынша (орта триас) антиклинальды қатпар ендік бағытқа жуық созылған. Өнімді екі қабат анықталған. Олар жоғ. триастық мұнай жəне газконденсатты орта триас. Мұнайлы қабаттың коллекторы кеуекті, терригенді. Ол ұсақ түйірлі құмтастардан түзілген. Кеуектің ашықтылығы 13%, өтімділігі 0,00184 мкм2. Газконденсатты қабаттың коллекторы аралас, карбонатты, кеуект. 13% жəне өтімділігі 0,008 мкм2. Жабындары қалыңд. 100–110 м сазды тау жынысынан тұрады. Шоғыры қатты, күмбез тəрізді, тектоник. тұрғыдан экрандалған. Су-мұнай жапсары 3387 м тереңдікте, газ иірімдегі жапсары 3844 м тереңдікте. Жоғ. триас қабатының мұнайға қаныққан коэфф. 0,7% орта триас қабатының газға қаныққан қабатының коэфф. 0,64. Шоғырдың мұнайлы бөлігінің ауд. 2 км2, газдікі 3,8 км2, биіктіктері сəйкесінше 16 жəне 60 м. Күмбез көтеріліміндегі мұнай қабатының тереңд. 3501 м, газдікі 3915,8 м. Мұнайлы қабаттың жалпы қалыңд. 6,5 м, тиімді қалыңд. 4,6 м, мұнайға қаныққан қабаты 2,7 м. Мұнай газынікі сəйкесінше жалпы қалыңд. 50,5 м, 5,6 м жəне 3,3 м. Мұнай шоғырының қаттық қысымы 36,6 МПа, темп-расы 135°С. Мұнайдың дебиті мм-лік штуцерде 9 м3/тəулік. Мұнайы жеңіл, тығызд. 827 кг/м3. Құрамында 15% парафин, 7,2% шайыр мен асфальтен бар. 300°С-та шыққан фракцияның мөлш. 40%. Газконденсатты шоғырдың қат қысымы 43,96 МПа, 6 мм-лік штуцердегі еркін газдың дебиті 63 мың м3/тəулік. Ауадағы қысымы 0,866 г/см3. Құрамы (%): метан 85,47, 1,6 изобутан. Күкіртті 0,0015%, парафині 2,8%. Сондай-ақ азот (3%) жəне көмір қышқыл газы (3,42%) бар. Қаттың суы өте тұзды, хлоркальций типті. Кен орны 1992 жылдан пайдаланылуда. ПРИИШИМ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Солт. Қазақстан обл. Ғ.Мүсірепов ауд-нда орналасқан. Геоморфол. тұрғыдан Сарыарқа таулы аймағының Торғай жазығымен түйісер жерінде, Целинный кен-химия комб-тын шаруашылықтық-тех. сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны Есіл аңғарының қалыңдығы шамалы қазіргі аллювийлі шөгінділерінің тысында жатқан орта жəне жоғ. тас көмір шөгінділерінің владимир шоғырының ашық жарықшақты белдемінде шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары құмтас, алевролит жəне аргиллиттерден түзілген. Белсенді жарықшақты белдемінің қалыңд. 50 м-ге жетеді. Жер асты суы арынсыз, оның жату тереңд. 6–13 м. Тау жыныстарында су біркелкі таралмаған. Жер асты суының деңгейі сəйкесінше 23,8–7 м төмендегенде ұңғымалардағы дебит 0,1-ден 10 л/сқа дейін өзгереді. Есіл өз-нің су деңгейі төмендегенде жер асты суының минералдылығы өзгеріп 1,5 г/л-ге дейін) суы кермектеледі (13,2 мг·экв/л). Құрамы бойынша суы гидрокарбонат-хлоридті натрий-кальцийлі. Есептік сутірек Есіл өз-нің оң (3 ұңғыма) жəне сол (2 ұңғыма) жағалауларында. Ұңғымалардың арақашықтығы 300–360 м, тереңд. 51–58 м, өзенге дейінгі қашықтық 70–200 м. Ұңғымалардың жиынтық өнімд. 31,9 л/с. Кен орны игерілмеген. ПРИМУЛА, н а у р ы з ш е ш е к, (Prіmula) – примулалар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Балқаш – Алакөл алабында, Жетісу (Жоңғар), Күнгей, Іле, Қырғыз Алатауларында, Алтай тауларында, Батыс Тянь-Шань жотасында, Сарыарқа жерінде кездеседі. Биік тау басындағы мұздықтардың маңында, жартастарда, шалғынды тау беткейлерінде, ормандарда бұта арасында, өзен, көл жағалауларында өсетін 12 түрі бар. Бұлардың биікт. 15–30 см-дей, сабағы тік, сағақты немесе сағақсыз жапырақтары сабақ түбінде шоқтанып жертағандап өседі. Қысқа тамыр сабағы тез өседі жəне одан көптеген гүлді өскіндер тарайды. Тостағанша жапырақшалары түтікшелі қоңырау тəрізді, күлтелері ұзын, желбір қалақшалары бүтін не екіге бөлінген. Қызыл, күлгін, сары, ақ, көк, т.б. түсті дара гүлдері шатырша гүлшоғырына топталған. Аралар жəне көбелектер арқылы тозаңданады. Аталығы – бесеу, өте қысқа жіпшелермен күлтенің түтікшесіне бекіген. Жемісі – қорапша, тұқымы – ұсақ, қара. Гүлдері əдемі болғандықтан əсемдік үшін өсіріледі, осы мақсатта П-ның жоғары бағаланатын қасиеті – ерте көктемде гүлдейді жəне гүлі ұзақ сақталады. П-лар жарық сүйгіш, бірақ күн көзінде ұзақ тұрса (15ºС-тан жоғары темп-рада) солып қалады, гүлі ұзақ уақыт сақталу үшін гүлдеген кезде көлеңкелі жерге қою керек. Тұқымынан жəне гүлдегеннен кейін түбін бөліп отырғызу арқылы көбейтеді. Тостағанша П-ның (P. macrocalya) жапырағы С витаминіне бай жəне тамырында сапониндер, эфир майы, гликозид бар, қақырық түсіретін қасиеті болғандықтан емдік мақсатта қолданылады. Көптеген түрінен жақсы бал жиналады. П-ның 1 түрі – М и н к в и ц П-сы (P. mіnkwіtzіae) қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Минквиц примуласы Придорожное
ПРИМУЛАЛАР ТҰҚЫМДАСЫ (Prіmulacea) – қос жарнақтылар класына жататын бір жəне көп жылдық шөптесін өсімдіктер мен кейбір аласа ағаштар, бұталар, шырмауықтар. Жер шарында кең тараған 30 туысы, 1 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 10 туысқа бірігетін 33 түрі бар. Бұлардың жапырақтары сабақ түбінде шоғырланып орналасқан, бүтін жиекті, кейде етті келеді. Сабақтары жай немесе бұтақтанған, тік, кейде жертағандап өседі. Дара гүлі қос жынысты, шашақ немесе сыпыртқы, кейде шоғырбас не шатырша тəрізді гүлшоғырына топталған. Ашық түсті гүлдері аса ірі емес, бес буынды (кейде 7, 9 буынды). Тостағаншасы түтікті, құйғы немесе қоңырау тəрізді, үстіңгі жағы тісшелі немесе терең ойықты. Күлтесінің түтігі жəне домалақ, құйғы немесе тостаған тəрізді алақаны болады. Кей түрінде күлтесі мүлде болмайды, оны тостағаны алмастырады. Аталығы – 5, күлтенің түтігінде орналасқан, аталық жіпшелері қысқа əрі бос, төм. жағында жалпақ, дөңгелек немесе түтік сияқты болып тұрады. Жатын түйіні жоғары, бір ұяшықты. Негізінен жəндіктермен (өздігінен сирек) тозаңданады. Жемісі – қорапша, əдетте ұшындағы тісшелерінен немесе бүйірінен ашылады, тұқымы ұсақ. П. т-ның көптеген түрі ерте көктемде, кейде қар ерімей, ал кей түрлері күзде гүлдейді. Талқурай туысының тамыр сабағы сапонинге, табиғи бояуға бай. Көздəрі туысы – улы өсімдіктер. Бұл тұқымдастың ең маңызды туысы – примула. Əдемі гүлдері əсемдік үшін қолдан, көгалда, саябақтарда өсіріледі. ПРИОЗЕРНОЕ ҚОҢЫР КӨМІР КЕН ОРНЫ, Қостанай обл. Əулиекөл ауд-нда орналасқан. 1950 ж. ашылған. Кен орнының аум. 12×2–4 км, көмірі 200 м тереңдіктегі төм. юраның құмтас, алевролит, аргиллит шөгінділерінде. Бір қабатын жанғыш тақтатас құрайды. Көмір қабаты бұзылған брахисинклинді қатпарда көлбеуленіп жатыр. Оның үстінде бор бокситі жəне қалыңд. 25–100 м болатын бор жəне төрттік кезеңнің тау жыныстары жапқан. Кен орнында 16 көмір қабаты анықталған, олардың 10-ы Құсмұрын шоғырына жатады. Шоғырдың төм. қабатында Төм. Қуатты (орташа қалыңд. 8 м) жəне Жоғ. Қуатты (орташа қалыңд. 19,5 м) көмірлі қабаттар орналасқан. Бұл қабаттарда бүкіл кен орнындағы көмірдің 88%-ы шоғырланған. Көмірі Б маркалы, жылу бергіштігі 3162 ккал/кг. Көмір құрамында германий элементі бар. Баланстық қоры А+В+С1 бойынша 360 млн. т. Қазіргі кезде кен орны игеріле бастады. ПРИРЕЧНОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Қостанай обл. Қостанай ауд. Затобол кентінен шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан. Аудан орт. – Затобол кентін сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны төселмесі эонның ұсақ түйіршікті құмдары жапқан жоғ. төрттік жəне қазіргі аллювийлік шөгінділерінің қабатында шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жыныстары қалыңд. 4–13 м болатын түрлі түйіршікті құм аралас қиыршықтастардан тұрады. Жергілікті арын суы желек қабатында жұқа қабатты саздың əсерінен болады. Грунтты суы сəл ашқылтым. Жер асты суының деңгейі 4 м төмендегенде ұңғымалардың дебиті 1,6–13 л/с. Суы тұщы (жайылма бөлігінде) жəне сəл ашқылтым, минералд. 1–3,4 г/л. Затобол кентінің батысындағы жер асты суы нитраттармен ластанған. Кен орнының орта тұсындағы судың минералд. 1 г/л-ге дейін, құрамы бойынша хлоридті жəне сульфат-гидрокарбонатты, натрий-кальцийлі. Есептік сутірек сұлбасы қатар түзеген 11 ұңғымадан тұрады. Олардың тереңд. 10–16 м. Сутіректің жалпы өнімд. 66 л/с. Кен орны 1974 жылдан игерілуде. ПРИТОБОЛ МИНЕРАЛДЫ СУ КЕНІ, Қостанай обл. Таран ауд. Новоильиновка а. маңында орналасқан. 1989 ж. Т.А.Евстигнеева ашқан, кейіннен (1989–91) С.В.Скворцов барлаған. Жарықшақты-желілі минералды суы 50–150 м тереңдікте, төм. тас көмір дəуірінің туф жəне əктастарының үстін мел-эоцен кезеңінің құмы жапқан. Суының минералд. 5 г/л-ге дейін, құрамы бойынша сульфат-хлоридті магний-натрийлі. Ұңғымалардың дебиті 6 л/с. Жер асты суы 10 м тереңдікте жатыр. Пайдаланылатын қоры В категориясы бойынша тəулігіне 216 м3. Суы асханалық емдік суы ретінде пайдаланылады. Оны «Арай» АҚ (Лисаковск қ.) асханалық-емдік «Хрустальная» суы ретінде арнайы құйылып таратылады. ПРОЛЮВИЙ, п р о л ю в и й л і к ш ө г і н д і л е р – маусымдық су ағындарымен (нөсер жауын, сел, қар, мұздың еруі) бірге тау етектеріне түсетін тау жыныстарының бұзылуынан (үгілу, мүжілу) пайда болған өнімдер. П. мұнда ысырынды конус түріндегі борпылдақ жамылғы түзейді. Конустар бір-бірімен тұтасып, пролювийлік шлейф құрайды. «П.» терминін орыс геологы А.П.Павлов ұсынды (1914). П. құрамы бас жағында құммен, сазбен, цементтелген қиыршықтас пен малтатас (фангломераттар) болып, жазыққа қарай реттеле түсіп, ағын баяулаған сайын конус шетінде лесс кейіптес шөгінді жиылады (көбіне гипсті, тұзды келетін алеврит-сазды шөгінділер). Көшу жолы қысқа болғандықтан, П-ді құраушы кесектер қырлы жəне іріктелмеген болады. Онымен көптеген бейкентастық құрылыс материалдары байланысады. ПРОМЕЖУТОЧНОЕ ЖЕР АСТЫ СУ КЕНІ, Атасу өз-нің аңғарында, Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд-нда Ұзынбұлақ кен байыту комб-тының оңт.-шығысында 6 км жерде орналасқан. Ұзынбұлақ кен байыту комбтын өндірістік-тех. сумен қамтамасыз етуге байланысты барланған. Кен орны төм.-ортаңғы ордовиктің карбонатты тау жыныстарынан түзілген. Ақбастау синклинорийінің ядросында шоғырланған. Су сыйыстырушы тау жынысы əктастардан түзілген. Жарықшақтар мен карстталған жарықшақтар 100 м тереңдікке дейін таралған. Жер асты суы арынсыз, оның деңгейі 0,4–1,2 м тереңдікте. Жер асты суының деңгейі 6,9–2,2 м төмендегенде ұңғымалардың деңгейі сəйкесінше 6,4–24,5 л/с болады. Суы тұщы, минералд. 0,35–0,5 г/л. Хим. құрамы бойынша суы гидрокарбонат-сульфатты натрий-кальцийлі жəне сульфат-гидрокарбонатты натрийкальцийлі. Үш ұңғымадан тұратын сутіректің жиынтық өнімд. 33,5 л/с. ұңғымалардың тереңд. 70–120 м. Жер асты суының пайдаланылатын қоры В категориясы бойынша тəулігіне 2,9 мың м3. Кен орны игерілмеген. ПРОРВА МҰНАЙ КЕНІ, Маңғыстау обл. Бейнеу ауд-нда, Атырау қнан оңт.-шығысқа қарай 170 км, Қаратонның оңт.-батысында 70 км жерде орналасқан. Оңт. Ембі мұнай алабы аумағындағы кен орны 1955 ж. ашылды. 1965 жылдан үзіліссіз мұнай өндіріліп келеді. П. м. к. палеозойлық Оңт. Ембі көтерілімінің солт. беткейінен орын алған. Бұл қатпар бойлама лықсу арқылы солт. (төмендеген) жəне оңт. (көтерілген) қанаттарға бөлінеді. Кен алаңын жалпы қалыңд. м-дей пермь-триас, юра, бор, палеогендік, антропогендік тау жыныстары құраған. Өндіруге Прорва
тұрарлық мұнай мен газ жоғ. жəне ортаңғы юралық тау жыныстардың төрт (І–ІV) құнарлы горизонтында шоғырланған. Қабат, күмбез, тектоник. қалқан түрінде келген мұнай иірімдерінен кенді су арынының күшімен шығарылады. Мұнай коллекторы тығыз құмнан тұрады. Мұнайда күкірт (0,13–1,87), парафин (0,95–2,14), күкірт қышқылды шайыр (8–20%) бар. Кен суының минералд. жоғары, құрамы хлорлы-кальцийлі. П. м. к. ірі кен орны, мұнайы Атырау мұнай айыру з-тына, газы Орта Азия – Орт. газ құбырына жіберіледі. ПРОХОДНОЙ БЕЛОК – Иванов жотасының батыс бөлігіндегі тау массиві. Шығыс Қазақстан обл. Риддер қалалық əкімдігі жəне Зырянов ауд. аралығында орналасқан. Ең биік жері батысында 1727 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 10 км шамасында. Жер қыртысы құмтас, əктас, кристалдық тау жыныстарынан түзілген. Тауаралық аңғарлар жəне өзен арналарымен тілімденген. Тау беткейіндегі бұлақтардан Громотуха, Марчиха өзендерінің салалары бастау алады. Солт-нде Сигнал, оңт-нде Щебнюха таулары, батысында Сержинский Белок, шығысында Россыпной Белок тауларымен жалғасады. П. б-тың төм. беткейіндегі күңгірт қоңыр жəне қара топырақ жамылғысында шырша, қарағай, қайың, көктерек аралас сирек орман өседі. Атырабы шабындық, жайылым. ПРУСТИТ – сульфотұздар класының минералы. Хим. формуласы: Ag3AsS3, құрамы: Ag – 65,4%, As – 15,2%, S – 19,4%. Тригондық сингонияда кристалданады, құрылымдық негізін AsS3-тің үш қырлы пирамидалық топтары мен Ag2S-тің спиральдық тізбектері құрайды. П-тің жеке кристалдары пирамида, гексагондық призма, минералдық агрегаттары түйірлі, тұтас масса түрінде келеді. Түсі шымқай қызыл, алмастай жылтыр, жарық өткізеді, Моос шкаласы бойынша қатт. 2–2,5; мортты, тығызд. 5570–5670 кг/м3. П. төмен темп-ралы қорғасын-мырыш-күміс кендерінде өңсіз кентастар, галенит, сап күміс, пираргирит, кобальт пен никельдің күшəла қосылыстарымен бірге кездеседі. ПСИЛОМЕЛАН – тотықтар класына жататын минерал; марганецтің күрделі гидрототығы. Хим. формуласы – BaMn2+Mn4 4+O10·2H2O. Моноклиндік сингонияда кристалданып, қабыршақты, ұнтақты, таспалы дендрит пішінді агрегаттар түзеді. Кристалдық құрылымы [MnO6] октаэдр тобымен, цилиндрге ұқсас ірі арналар (онда Ba2+ жəне т.б. орналасады) тізбегінен тұрады. Барий Ca, K, Pb, Zn, Co, Nі, Cu, U, Sr; ал марганец W, Fe, Al, V иондарымен алмасуы мүмкін. Түсі қара, қара сұр кейде қоңырқай қара, жіктілігі болмайды. Жылтыры жартылай металдық, борпылдақтарында күңгірт, мөлдір емес. Моос шкаласы бойынша қатт. Прорва мұнай кен орны Проходной белок тауының орманды алқабы Прустит минералы Псиломелан минералы Проходной
5–6, борпылдағында 1–3-ке дейін, морт, тығызд. 4–4,71 г/см3. Тұнба жəне гидротермальдық марганец кендерінің тотық, силикат, карбонат құрамды кентастарының тотығу белдемдерінде түзіледі. Қазақстанда Атасу жəне Жезқазған өңірлеріндегі кендерде кездеседі. Ферромарганец қорытуда, шойын балқытуда шикіқұрам ретінде қолданылады. ПУСТЫННОЕ – Өліқолтық сорының солт.-батысындағы қоныс. Маңғыстау обл. Бейнеу ауд. Есет а-ның батысында 130 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 20 м төмен жатыр. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 10 км-ге созылған, енді жері 3–4 км. Қоныс бойында мұнай бұрғылары кездеседі. Құмды, сортаңды сор топырақтарда шөлге тəн өсімдіктер өседі. ПУТЕШНЫЙ – Сарымсақты жотасының орта тұсында, Бүркітауыл тауының солт.-батысындағы асу. Шығыс Қазақстан обл. Қатонқарағай ауд. Өрнек а-ның оңт.-шығысында 10 км жерде орналасқан. Ең биік жері 2750 м шамасында. Шілде–қыркүйек айларында салт атты адам өте алады. Асу бойындағы өзен арналары тік жарқабақты, құлама беткейлі шатқалды келген. П. асуы жаз айларында Белқарағай жəне Сарытау ауылдарын жол қатынасымен байланыстырады. Асудың ең биік белдеуі альпілік жəне субальпілік шабындықтармен, таудың 2000 м-ден төм. солт. беткейі орман ағаштарымен көмкерілген. ПҰШЫҚ – Күршім жотасы жəне Зайсан көлінің аралығындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Күршім ауд. Жолнұсқау а-ның солт.-шығысында 15 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 469 м. Батыстан шығысқа қарай 3– 4 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу, бірте-бірте тауаралық аңғарға ұласады. Солт-нде Ашудасты, оңт.-шығысында Шаңкелмес таулары, шығысында Рыскелтұма қонысы бар. Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, бидайық, көкпек, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі. ПҰШЫҚ – Көкентау тауының солт.- батысындағы тау. Шығыс Қазақстан обл. Семей қалалық əкімдігі, Қызыл үй (Красная Юрта) а-ның солт.-батысында 15 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 370 м. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Көлбеу келген беткейінің карбонатты қиыршықтасты қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында дала жəне шөлейт белдемдерінің өсімдіктері өседі. Етегінде мал қыстағының қонысы бар. ПЫСТАН – Сарыарқаның оңт-ндегі тау. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. жерінде, Жамбыл кентінен оңт.-батысқа қарай 60 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 642 м, ұзындығы мен ені 4 км. Бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Ордовик жүйесінің жоғ. бөлім жыныстарынан түзілген. Солт.-батысында қорымтастың мол үйінділері бар. Нашар дамыған қиыршықтасты бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, көкпек, бұйырғын, солтнде бұта шоғырлары өседі. Оңт.-шығыс етегінен 5 км жерде тұщы сулы Ұзынтас құдығы орналасқан (тереңд. 2 м, су шығымы 700 л/сағ). Солт. етегінде бұлақ бар. ПЫШАН (Lotus) – бұршақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық өсімдік. Қазақстанда сортаң топырақты құмды жерлерде, құрғақ сортаңды шалғындарда, өзен жағалауында, жазық далада өсетін 5 түрі бар. Тек Каспий маңында өсетін түрі – м ү й і з д і П. (L. corniculatus) басқа бұршақ тұқымдастарға қарағанда ерте гүлдейді жəне күздің соңына дейін өсіп-өнеді. Биікт. 10–40 см, сабағы жатаған, көп бұтақты. Тамыр жүйесі өзекті, негізгі тамыры 2 мге дейін топыраққа енеді. Сағақсыз үшқұлақ жапырақтары қандауыр тəрізді. Төм. қос жапырағы жапырақтарының түбінде орналасып, бөбешік жапырақтарын алмастырады. 2, 8 гүлден тұратын шатыршагүлі сыпыртқы гүлшоғырына топтасқан. Гүлі қысқа гүлсағаққа бекіген, сары түсті күлтесінің ұз. 10–18 мм. Аталығы 10, оның 9-ы бірігіп кеткен, біреуі ғана бос, бесеуі қалғандарынан қысқа. Көп тұқымды бұршағы (əрбіреуінде 10–50 тұқым) таспа тəрізді, аздап дөңестенген. Шар тəрізді немесе қабысыңқы тұқымы ұсақ (1000 тұқымы 1,2–2 г), қара қоңыр немесе бурыл түсті. Тұқымынан көбейеді. Əдетте екінші жылы гүлдейді, гүлдеу кезеңі мамыр айынан бастап күзге дейін. Жəндіктер арқылы, кейде өздігінен айқас тозаңданады. Топырақ талғамайды жəне өзі өскен топырақтың құрылымын жақсартады. П. орып алғаннан кейін жақсы өсетіндіктен, бір маусымда 4 рет оруға болады. Құнарлы жайылымдық мал азықтық дақыл, оны пішенге де қосады. Жасыл шөбінде 22% протеин, 20–30% клетчатка бар. Ұзақ уақыт гүлдейтіндігімен омарташылар П-ды жоғары бағалайды жəне гүлінен мол бал жиналады. Гүлі маталарды сары түске бояу үшін пайдаланылған. ПІЛЛƏ – бунақденелілердің қуыршақтарын сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғайтын зат. Көптеген көбелектердің, қоңыздардың, т.б. дернəсілдері қуыршақтану кезінде денесінен бөлінетін сұйық заттан П. жасайды. Олар жұмсақ немесе қатты, тығыз немесе тез сынып кететін, түсі де əр түрлі, сонымен қатар бірнеше қабаттан тұратындары да болады. Жауын құрттары, сүлікшелер, өрмекшілер жəне кейбір былқылдақ денелілер жасаған П-сінің ішінде жұмыртқа өсіп-өнеді. Олардың П-сі көбіне екі қабаттан тұрады, ішіне шамамен 1000-ға дейін жұмыртқа салады. Кейбір көбелек құрттары жыртқыштардан қорғау үшін П-нің сыртына тыңайтқыш қалдықтардан домалақ шар тəрізді етіп қорғаныш жасайды, кейде П. жасайтын сұйықтыққа құм қосады. Алынуы қиын жерлерге – жапырақ астына, ағаш қабықтарының жарылған қуыстарына салады. Жібек П. – тұт жібек көбелегінің, емен жібек көбелегінің, т.б. дернəсілдері қуыршақтанар алдында жібек бездерінен бөлетін сұйық заттардан, жібек жіптерден тоқылатын қорғаныш; таза жібек талшығы алынатын шикізат. Тұт жібек көбелегінің П-сі əдетте ақ, сұр, сары, қызғылт немесе жасылдау, сфера, сопақша ұршық тəрізді немесе цилиндр пішіндес, сырты түйіршіктелген, бүдірлі болып келеді. Қуыршағы бар П-нің салм. 1,3–1,5 г, қуыршақсыз 0,9–1,2 г. Аталық құрттың П-сі аналық құрттың П-сінен үлкен болады. Жібек орайтын ф-каларда П-ні орау алдында үлкен бөлігін П. кептіргіштерде өңдейді. Кептірілген П-нің 45–50%-ы жібек, 50–55%-ы дернəсіл қуыршақтар болады. П. түріне жəне сапасына қарай жібек жібінің меншікті шығыны (1 кг оралған жібек жібін алу үшін жұмсалатын құрғақ П. жиынтығы) 2,5-тен 4-ке дейін жетеді. 4-тен жоМүйізді пышан Піллə
ғары болса, сапасы нашар болып есептеледі; қ. Жібек көбелегі. ПІЛЛƏИІРГІШТЕР, түн көбелектері тұқымдасына жатады. Денесін қалың түк басқан, қанаттарының өрісі 90 мм-ге дейін жететін, шомбал денелі ірі көбелектер (ұрғашылары еркек көбелектерден ірілеу келеді). Еркек көбелектерінің қимылы жылдам, көп түрлері күндіз жақсы ұшады, ал ұрғашылары нашар ұшады. Жұмыртқаларын топтап ағаш бұталарына немесе өсімдік жапырақтарына салады. Жұлдызқұрттары да ірі, денесін қалың түк басқан, сопақша келген тығыз піллə үйшіктерінде қуыршақтанады. Көбіне ағаш жəне бұта жапырақтарында, аздаған түрі шөп тектес өсімдік жапырақтарында топталып, торлы ұяларда қоректенеді. Ересек көбелектері қоректенбейді, тұмсығы дамымаған. Олардың 1–2 жастағы жұлдызқұрттары немесе жұмыртқалары қыстап шығады. Қылқан жапырақты ағаштарға көп зиян келтіретін қарағай жəне сібірлік П., сақиналы П. кеңінен танымал. ПІРНАЗАР – Қосмұрын жəне Жақсытағылы тауларының аралығындағы тау. Қарағанды обл. Шет ауд. Ақадыр кентінің солт.-батысында 14 км жерде орналасқан. Абс. биікт. 829 м. Солт-тен оңт-ке қарай бойлық бағытта 4 км-ге созылған, енді жері 2,5–3 км. Беткейлері тіктеу келген бірнеше шоқылардан тұрады. Солт. етегінде қорымтастың мол үйінділері шоғырланған. Сортаңды қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, сұлыбас, боз аралас бұталар өседі. Бұлақтарға бай, атырабында жайылымдық жерлер мен қыстаулар бар. Шығысынан Петропавл – Шу т. ж. ст. өтеді. ПІСТЕ (Pіstacіa) – анакардиа тұқымдасына жататын жаңғақ жемісті дақыл. Субтропиктік, тропиктік жерлерде өсетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанның оңт-нде, таудың тастақты беткейлерінде 1 түрі – к əд і м г і П. (P. vera) өседі. Биікт. 40–80 см, көбіне қалың өскен бөрік басы жарты шар тəрізді. Көп жылдық П-нің қабығы ашық сұр, ақшыл, ал бір жылдық ағаштарда сұр жəне қызыл қоңыр түсті. Тамыры 10–12 м тереңдікке еніп, 20–25 м-ге дейін жайылады. Үшқұлақ жапырағы бүтін жиекті, гүлшоғыры сыпыртқы тəрізді. Аталық гүлдері қалың, жалпақ сыпыртқы гүлге топтасқан. Сағақсыз 5–6 аталығының ұз. 2–3 мм болатын тозаңдығы бар. Аналық гүлдері қысқа əрі жіңішке сыпыртқыгүлге біріккен. Жемісі ірі, бір тұқымды, сүйекті, ұз. 1–2 см, ені 0,5–1 см. Жеміс серігі жемісінен оңай ажырайды, ақшыл сары, қызғылт, қара қызыл, қара күлгін түсті, дəні ақшыл жасыл, жеуге жарамды, майлы. Сəуір–мамыр айларында гүлдеп, шілде–қыркүйекте жеміс береді. Кəдімгі П. өте сирек кездесетін өсімдік болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Дəнінде май (68%), белок (22%-ға дейін), көмірсутек (7%), В витамині, А провитамині бар. Тағамға табиғи жəне қуырылған, кептірілген күйінде, кондитер өндірісінде май алу үшін қолданылады. П-ден алынатын май жоғары сапалы кеппейтін майдың қатарына жатады. Сүрегі ағаш өндірісінде жоғары бағаланады. Сөлін ағызып, сапасы жоғары қара шайыр алады. Жапырағында пайда болатын беріштің құрамында бояғыш заттар, т.б. бар. Дəнінен көбейтілген П. ағаштары 8–15 жылда, ал ұластырылған тікпе көшеттері 3–4 жылда жеміс бере бастайды жəне өте ұзақ өмір сүреді. Жабайы ағаштары 300–500 жылға дейін тіршілік етеді. Əрбір П. ағашынан орташа 40–45 кг жеміс алуға болады. ПІТІН (Bienertia) – алабұталар тұқымдасына жататын бір жылдық өсімдік. Гүлдері қос жынысты, жарғақты гүлжапырағы болады. Гүлсерігі бес буынды, етті. Аталығы 5, тозаңдығының қосымша өскіні болмайды. 2–3 шоқпарбас тəрізді қысқа аналығы болады. Қазақстанда 1 ғана түрі – д о м а л а қ қ а н а т т ы П. (B.cycloptera) Каспий жəне Арал маңында, Жем өз. алабында, Торғай өңірінде, Бетпақдала шөлінде, Балқаш – Алакөл ойысында өседі. Биікт. 10–40 см, сабағының сырты тегіс, түбінен бастап бұтақтанған. Жапырағы таспа тəрізді. Қос жынысты аналық гүлдері жапырақ қолтығынан шығып, кейіннен гүлсағағы пайда болады. Аталығы көзге байқалмайды. Тұқымы домалақ, ерте піскендері дөңестеу, əрі қатты, қара əрі жылтыр қабығы болады. Күзде піскен тұқымының сырты тегіс, бурыл түсті келеді. Маусым–қыркүйек айларында гүлдейді. Гипсті сортаң топырақты жерлерде өседі. ПIШЕН – шабылғаннан кейiн ылғалдылығы 15 – 17% не одан да құрғақ етiп кептiрiлген шөп. П. – қолда ұсталатын малдың негiзгi азығы. Малдың қысқы азығының 40–45% азықтық өлшемi жəне 50% қорытылатын протеинi П-нiң үлесiне тиеді. П-нiң азықтық құндылығы ботан. құрамына, шөптiң өскен жерiне, жинау уақыты мен тəсiлiне, сақтау ұзақтығы мен жағдайына байланысты. П. ботан. құрамына байланысты дəндi дақылды, iрi бұршақ дақылды жəне түрлi шөптi деген топтарға бөлiнедi. Қоректiлiгi осы топтардағы шөптердiң қаншалықты қосылғандығына, ал нəрлiлiгi өскен жағдайына – климатына, топырағына, агротехникасына байланысты. Азықтық құндылығы ең жоғары П. бұршақ дақылдылардан – жоңышқа, беде, ала бұршақ, т.б., құндылығы сəл төмен – түйе жоңышқа, эспарцет, шытыр, т.б., дəндi дақылдылардан – қоңырбас, су бетеге, жауқияқ, үйбидайық, т.б. қосылып дайындалады. Құндылығы өте төмен немесе жеуге жарамайтын П-нiң құрамында қияқөлең, қымыздық, шайқурай, қырыққұлақ, қырықбуын, т.б. болады. П-нiң құрамындағы улы шөптерге дəрiлiк авран, меңдуана, сүттiген, т.б. жатады. Сапалық көрсеткiштерiне қарай стандартты немесе стандартқа жатпайтын болып бөлiнедi. Жалпы сорты төмен П-нiң сабаннан айырмашылығы болмайды, ал жоғ. сортты П. – құрама жемге жақын. Далалы жерде өскен шөптiң П-i бiршама құнарлы, күнгейде өскен шөптен дайындалған П-нiң протеинi терiскейде өскен шөптiң П-iне қарағанда көбiрек. 100 кг бұршақ дақылды П-де 50 азықтық бiрлiк, 9,2 кг сiңiмдi протеин, 1000–1500 г кальций, 200–220 г фосфор, каротин, В1, В2, D витаминдерi болады. Себiлген қоңырбас шөптерiнен жасалған П-де протеин мен кальций азырақ. 100 кг шалғындық шөптерден жасалған П-де 45,8 азықтық бiрлiк, 4,9 сiңiмдi протеин, 600 г кальций, 210 г фосфор болады. П-дi бағалағанда түсiне, иiсiне, шаңданғандығына, жұмсақтығына үлкен мəн берiледi. Жақсы жиналған П-нен жаңа шабылған Піллəиіргіштер Кəдімгі пісте
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру