Бабалар сөзі 59 том
Серікбай Қосан
Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).
«Бабалар сөзі» сериясының 59-томына «Ер Жасыбай», «Жидебай батыр», «Олжабай батыр», «Райымбек батыр», «Өтеген батыр», «Мырқы батыр», «Жәнібек батыр» тарихи жырлары (бірнеше варианттарымен) енді.
Әшімбаев М.С., кеңес төрағасы
Асқаров Ә.А., жауапты хатшы
Абдрахманов С.
Атабаев Қ.М.
Аяған Б.Ғ.
Әбусейітова М.Қ.
Әжіғали С.Е.
Әлімбай Н.
Әуезов М.М.
Байпақов К.М.
Балықбаев Т.О.
Дүйсембаев Е.С.
Есім Ғ.
Жақып Б.Ө.
Жұмағалиев А.Қ.
Қозыбаев І.М.
Қасқабасов С.А.
Қойгелдиев М.Қ.
Құл-Мұхаммед М.А.
Құрманбайұлы Ш.
Мәжитов С.Ф.
Мұхамедиұлы А.
Мыңбай Д.Қ.
Нысанбаев Ә.Н.
Өскенбаев Қ.А.
Салғара Қ.
Самашев З.
Сариева Р.Х.
Сұлтанов Қ.С.
Тұяқбаев Қ.Қ.
Түймебаев Ж.Қ.
«МӘДЕНИ МҰРА»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН
ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ
УДК 398
ББК 82.3 (5 Қаз)
Б 12
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының
Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері:
Қасқабасов С.A. (төраға), Қорабай С.C. (төрағаның орынбасары),
Жұмасейітова Г.Т. (жауапты хатшы), Әзібаева Б.У.,
Күзембаева С.A., Қирабаев С., Мамыраев Б.Б.
Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Томның редакция алқасы:
С. Қасқабасов, С. Қосан (жауапты редактор), Б. Әзібаева, Г. Орда
Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар:
филология ғылымдарының кандидаттары:
Т. Әлібек, С. Қосан, С. Сәкенов
Жауапты шығарушы: Салтақова Ж.
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. —Астана: «Фолиант», 2010. Т. 59: Тарихи жырлар. —400 бет. ІSBN 9965-35-856-7 «Бабалар сөзі» сериясының 59-томына «Ер Жасыбай», «Жидебай ба тыр», «Олжабай батыр», «Райымбек батыр», «Өтеген батыр», «Мырқы ба тыр», «Жәнібек батыр» тарихи жырлары (бірнеше варианттарымен) енді.
УДК 398 Б ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-856-7 (т. 59)
© Әдебиет және өнер институты, 2010
ІSBN 9965-619-60-3
© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2010
00(05)—09
Б 12
Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мем
лекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын
әзірлеуді одан әрі жалғастыруда.
Серияның бұған дейін жарияланған елу сегіз томы ұлттық
фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы болып
саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек айтқан
да, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы, діни
дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың он бір
томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының жи
ырма томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы
әзірленіп, баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы
Қытайдағы қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ хал
қының қымбат қазынасы—фольклор жинақтарының жоға
ры деңгейде безендірілген жаңа басылымы ел өміріндегі ерек
ше елеулі оқиға ретінде бағаланып отыр. Алдағы уақытта
да, қазақ фольклорының көркем үлгілерін жариялау осымен
шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған 59-том тарихи жыр
ларға арналды.
Бұған дейін аталған серия бойынша тарихи жырлардың
6 томы жарық көрсе, олардың алғашқы үшеуі—Қытай
қазақтары арасында кең тараған тарихи сюжеттерге негіз
делген фольклорлық туындылар болатын. Онда Алтай мен
Алатау, Ертіс пен Іле арасында ерте заманнан бері еркін
жайлаған көшпелі қазақтардың жатжерлік басқыншыларға
қарсы ХVІ-ХХ ғасыр көлемінде бостандық үшін жүргізген
ерлік шежіресі көркем тілмен кестеленген. Ал кейінгі үш
том қазақ мемлекетінің билеушілері Жәнібек, Есім, Абылай,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әбілқайыр т.б. хандар мен Төле би, Олжаш, Орақты, Бөгенбай,
Қабанбай, Сәтбек сынды би-батырлардың жоңғар және орыс
басқыншыларына қарсы азаттық күресінен сыр шертеді.
Ал ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы жоңғар шабуы
лына қарсы күрескен жасақтарды қазақ хандары Әбілқайыр,
Нұралы, Абылайлар мен ру басы—батырлары Қабанбай, Барақ,
Есет, Бөгенбай, Жәнібек, Жантай, Баян, Тайлақ, Саңырық т.б.
басқарған.
Қазақ халқының азаттығы үшін күресте олар зор еңбек
сіңірді және «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан кейінгі шабу
ылдарда да қазақ жасақтарына басшылық етті. Олар басқарған
топ 1729 жылы жоңғарларға үлкен тойтарыс берген. Қазақ
жасақтарының өз елін жаудан азат ету үшін күреске арналған
халықтың тарихи шығармалары ру басыларының атымен ата
луы олардың жасақтарды басқарғандығынан болса керек. Біз ол
эпостарды қалың көпшіліктің жауға тойтарыс берудегі еңбегі
деп бағалаймыз. Қабанбай, Бөгенбай, Абылай атына байла
нысты туған жырлардан еркіндік үшін күресте ерлік көрсет
кен Баян, Жасыбай (Баянауылдағы Жасыбай көлі соның аты
мен аталған), Бердіқожа, Қосдәулет, Есет, Шағала, Ақшабдар
сынды көптеген батырлардың аттарын кездестіреміз. Жырда
олардың ерлігі ешкімнен кем емес. Бұл батырлар—жаудың
басқыншылық әрекетіне қарсы, халықтың елдігін сақтап
қалу үшін ауыр шайқастарда ерекше көзге түскен халық
ұлдары. Олардың аттары қалмақтармен шайқастарда соғыс
болған «Қалмақ қырылған», «Аңырақай соғысы», «Шүршіт
қырылған», «Жасыбай асуы» деген жер-су атауына байланы
сты аталады. Мұндай жырлар кезінде елді жаудан азат ету
де айрықша ерлік етіп көзге түскен халық жасақтарының
батырлығы мен батылдығын көрсететін, жеке батырлардың
ерлігіне арналған шығармалар.
Тарихи жырлар тудыруда, халықтың өткен кезеңдерде бас
тан кешкен тарихын кейінгі ұрпақтарға жеткізуде ақындар
мен жырау-импровизаторлардың сіңірген еңбегі зор. Көптеген
жыраулардың өздері де әр кезде ұлт өмірінде, ел тұрмысында
болған тарихи жорықтарға қатысып, өз көзімен көрген оқиғаны
жырлаған. Бірақ мұндай жыр-дастандар бірнеше ұрпақтың ау
зында айтылып, уақыт тезінен өткен соң, бергі дәуірде (ХІХ—
ХХ ғғ.) ғана хатқа түсе бастағанын білеміз.
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРДАН
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті бұл томына сол дәуір
дің—қазақ елінің басына ауыр күн туған аласапыран жылдар
дың ұзақ уақыт халық аузында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткен маңызды оқиғалары мен тарихи-аңыздық сюжеттеріне
құрылған эпостық шығармалар еніп отыр. Бұлардың қатарын
да «Ер Жасыбай», «Жидебай батыр», «Олжабай батыр», «Ра
йымбек батыр», «Өтеген батыр», «Мырқы батыр», «Жәнібек
батыр» тарихи жырлары мен олардың бірнеше нұсқалары бар.
Аталған тарихи жырлардың басым көпшілігі бұрын-соңды
жарияланбаған. Бұл жырлар қолжазбаларының құжаттық
көрсеткіштері 1981 жылы «Қазақ қолжазбаларының ғылыми
сипаттамасына» (3-том) енгізілгені болмаса, арнайы зерттел
ген жоқ. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан соңғы жылдарда ғана
жекелеген тарихи-филологиялық зерттеулерде аттары аталып,
тиіп-қашты сөз болғаны мәлім.
Батырлар көбінесе Абылай ханның әйгілі «Шаңды жорық»
сапарына—Еділ қалмақтарының Жоңғарияға қайта көшу
кезеңіндегі түрлі шайқастарға қатысып, жеке ерліктерімен
көзге түседі. Кейде бір батырдың көрсеткен ерлігін екіншісі
қайталайтын тұстары да ұшырайды. Мысалы, Жидебай
мен Жәнібек батырлардың қалмақтың бас батырын жеңіп,
Абылайдың оң тізесінен орын беруін сұрайтын эпизод туралы
осыны айтуға болады. Жәнібектің алғаш ханның тапсырма
сымен сыннан өту үшін түнде бейіт басына жалғыз барғанда
оны екі батырдың аруақ кейпінде қорқытуы өзге бір жырдың
сюжетінде сәл өзгеріспен қайталанады. Соған қарамастан, әр
жырдың қазақ тарихы мен фольклорындағы маңызы өте зор,
өйткені тарихи жыр—сөз өнері болуымен бірге қазақ мәдениеті
мен өткен тарихымыздан мол мәлімет бере алатын бірден-бір
қымбат мұра. Онда ұлтымыздың тәуелсіздік үшін күрескен
санғасырлық тағдырының шерлі шежіресі асқақ жырмен әс
петтелген. Батыр ұландардың қанымен суарылған осынау асыл
жәдігерлердің бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке, ерлік пен бір
лікке тәрбиелеудегі орны да ерекше жоғары.
Том соңында берілген ғылыми қосымшаларда жинаққа ен
ген тарихи жырлардың мәтіндеріне жазылған түсініктемелер,
мәтіндерде кездесетін тарихи тұлғалар туралы түсініктер, жер-
су атауларына сипаттамалар, жырларды жинаушылар мен
жырлаушылар туралы мәліметтер, пайдаланылған әдебиеттер
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
тізімі, том туралы орыс және ағылшын тілдеріндегі қысқаша
мазмұндама қамтылған.
Томға енген мәтіндер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және
өнер институтының және ҚР білім және ғылым министрлігі
Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында
сақталған түпнұсқалар негізінде дайындалды.
Томның көлемі—25 б.т.
Жасыбай кәпірлерге салды ойран,
Топалаң жаман болды тиген қойдан.
Болыпты соғысқалы үш ай, он күн,
Талықсып адасыпты ақыл ойдан.
Сол күнде адасыпты ақыл, ойдан,
Қуаты жас баланың кетті бойдан.
Нешелік неше мың сан болса дағы,
Жандыдан түк қалдырмай бәрін қырған.
Бітірді жапандағы шыққан жанды,
Ағызып Ніл дария қызыл қанды.
Адасып ақылынан ер Жасыбай,
Жығылып қараша аттан естен танды.
Жығылды бір уақытта аттан түсіп,
Құшақтап құшағымен жерді құшып.
Кетіпті сол жатқалы айдан асып,
Өліктен шыға алмайды құстар ұшып.
Болғанда бір жарым ай жиды есін,
Білмейді өткен күннің ерте-кешін.
Айрылған атасынан жас балапан,
Мереке көрдік дейміз оның несін.
Жүр екен ерді күтіп қараша аты,
Хайуан мал да болса оның заты.
Атына есін жиып мініп алып,
Зар жылап жас баланың айтқан зары.
Ер Жасыбай
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Олай да бұлай көз салсам,
Құдіреттің жарлығы.
Шүкір, Алла! Кәпірдің
Қырылыпты барлығы.
Қарасам, сірә, атам жоқ,
Жалғыздың тасты зарлығы.
Құдай-а, атам қайда едің,
Жолымды неден байладың!?
Осы сапар мерт болса,
Тағы да сорым қайнады.
Кәпірді құмдай бастырып,
Қараша атын айдады.
Аяңдамай желеді,
Атасын іздеп келеді.
«Атекем» деп зар тұтты,
Жас та болса бейшара,
Қайыспайтын ер еді.
Өліп жатыр бір жерде,
Сонда жалғыз көреді.
Тәңірі осылай жазған соң
Шарасы жоқ, көнеді.
—Әй, атеке, атеке,
Жатырмысың ұйықтап,
Бас-аяғың тұйықтап.
Кеудеде жаның бар ма,—деп,
Қасына келді жуықтап.
—Әй, атеке, қарасам,
Шаң басыпты жүзіңді,
Қан басыпты көзіңді!
Өткен күннен не пайда,
Өмір зайығ болған соң,
Бәйшешектей солған соң.
Олай да бұлай ойландым,
Көкірекке шер толған соң.
Талай заман болыпты,
Өткен күнді санасам,
ер жасыбай
Кәпірмен шыққан таласа.
Күрең ат жүр қасында
Жан-жағына қараса.
Жақын келді жануар
Иесіне жанаса.
—Иең қайда, жүрмісің
Сау-саламат, жануар?!
Мұндай күйге салыпты
Айналайын Пәріуар.
Кеше жүрген атамды
Көре алмай қалып болдым зар.
Қолына қару алады,
Қасына жақын барады.
—Жау жетті, ата, жау жетті,
Айғайлап ұран салады.
—Жау жетті, ата, жау жетті,
Ата, жау жетті, жау жетті,
Басыңнан дәурен күн өтті.
Қиын жерде, тұрмасаң,
Жалғызың қайдан күнелтті.
Күрең ат келді қасына,
Иесіне жақындап,
Өне бойы жарқылдап.
Өліп жатқан тұяқтың
Дауысы шықты саңқылдап,
Қоңыр қаздай қаңқылдап.
Қуанғаннан Жасыбай
Біле алмайды қайтерін,
Алланың берген қуаты
Мінді тұяқ атына.
Жау қайда деп қарайды,
Алды менен артына.
Жау мұнда деп баласы,
Ақылына қарашы.
Қолтығынан сүйеп жүр
Әруақты бабасы.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көктөбеге барғанда
Тағы кетті шамасы.
Көктен жұлдыз сайраса,
Күтіп болмас, не пайда!
Басқа түскен қайран,
Істің бәрі Құдайда.
—Қош, күрең ат, аман бол,
Қалғаным ба бұл жайда!
Басынан бұлт айналды,
Тұяқтың тілі байланды.
Ажалға қолдап келер жоқ,
Өлуге жалғыз сайланды.
Әуеден ұшқан қарлығаш
Екі көзден аққан жас.
Адастырып жапанға,
Болдың ба маған қайрылмас.
Қайрылып көзін салатын
Қасымда жоқ қарындас.
Ал сонда тілге келді батыр тұяқ,
Жалбырап биік тауға бітер қияқ.
—Атыңды астыңдағы жасантайын,
Жақын кел, арызымды тыңла, шырақ!
Қайтейін бұл сөзімді тыңла, шырақ,
Жан жолдас қайран елім қалды жырақ.
Табалмай қалған елді адасарсың,
Алладан жүр, шырағым, жәрдем сұрап.
Табылар қай заманда қалған елің,
Шерменде анам қалды асқар белім.
Қарағым, жастықпенен адасарсың,
Болмаса баяғыдай жүрген жерің.
Жамандық туғаннан-ақ көргендерің,
Қалады-ау енді талай жүрген жерім.
Айта бар сұрағанға бізден сәлем,
Болады халі нешік қайран елім!
ер жасыбай
Сәлем айт, тірі жетсең анамызға,
Шырақ-ай, шын айрылып қаламыз ба?!
Жас күнде қапыда өткен қайран күн-ай,
Бір күнде жел кірмеген арамызға.
Қоштасып анам пақыр қалып еді,
Ақылдан мен кеткенде танып еді.
Бейшара қаза жетпей, тірі болса,
Қарағым, қуантарсың барып енді.
Анама жеткізерсің сәлемімді,
Солай жазды Тәңірім заманымды.
Айтарсың жетімдердің көңілін аулап,
Басына Көктөбенің аманымды.
Біздерге бақыл қылсын берген сүтін,
Ағзынан, а, дариға, шыққан түтін.
Күнінде қияметтің душар болсын,
Көңілін оған шейін қылсын бүтін.
Толғаннан мейірін салып қайран жарым,
Бұл жалған енді бізге болды қарама.
Бекітіп болмас іске белін бусын,
Иншалла, салған не дүр шара бар ма!
Екінші және сәлем алғаныма,
Жетпедім емін-еркін арманыма.
Басыма баса байла күрең атты,
Жатайын ренжімей қалғаныма.
Ризалық қылдым кешу жолдасыма,
Шырағым, берген сені көз жасыма.
Қылышпен, халің келсе, жерді қазып,
Қойып кет Көктөбенің дәл басына.
Байлап кет күрең атқа қылышымды,
Тарылды енді бала Ертісімді.
Кәпірмен Көктөбеде ойран салып,
Жатайын қыла сала ұрысымды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жатайын кәпір жауға ойран салып,
Жетпеген мұратына біздей ғаріп.
Дұшпаннан Көктөбеде кек алайын
Ақ найза сегіз қияқ қолыма алып.
Артыңда Темір атты інің қалған,
Көрмедің екіншілей, шіркін, жалған!
Ризалық ініңізге кешу айта көр,
Тоя алмай қызығына кеттің арман.
Шырағым, есен болсаң, барармысың,
Атаңды қайтып еске алармысың!
Жас еді мен кеткенде Темір інің
Жолықса тірі болып, танырмысың.
Танырсың Теміржанның көрсең халін,
От болды Жасыбайдың іші жалын.
Жер мен көк санасында балқығандай,
Адамзат аяғандай қылды зарын.
—Көп сәлем жесір-жетім қалғандарға,
Көңіліне бізді сұрап алғандарға.
Көрсетсең алып келіп Теміржанды,
Жалғаннан, а, дариға, арман бар ма?!
Алып кел, тірі көрсең Темірімді,
Байлап кет уағда қып келеріңді.
Кәпірмен, Темірімді әкеп, соғыс салсаң,
Шырағым, Алла білер жеңерімді.
Озып кел, Темір келсе, өзің бұрын,
Тәңір-ай, арманда өткен мен бір құлың!
Келед деп Теміржаннан хабар берсең,
Жасыбайжан, ашылсын жүрсең жолың!
Айналайын Жасыбай,
Көрсетші көзім тоймаған,
Ақылды жастан ойлаған.
Атадан жастай айрылып,
ер жасыбай
Ажалдың оғын қоймаған.
Бір қозыға зар болдым
Ор қояндай ойнаған.
Жүректе арман қалған жоқ,
Темірім келсе, тұрармын.
Сүйенішім Алла, көңіл тоқ,
Опа қылмай жаныма,
Өте шыққан дүние боқ.
Ер тұяқпен Жасыбай
Арыздасып қоштасып,
Білемдеп қолдан ұстасып,
Ажал жетті Алладан
Қызыл жүзден нұр қашып,
Бақиға кірді жол ашып.
Арманда өткен қолдарға
Ұжмақтан Алла қыл нәсіп.
Жалғыз қалды Жасыбай:
—Мехнат көрген басым-ай,
Жүрерге жолдан адастым,
Шын ғаріптік осы ма-ай!
Кетейін десем атам бар,
Кетпейін десем жолым тар.
Осындай тар жерлерде
Жаратушы Пәріуар,
Шапағат біздей жетімге
Әулиелер, пайғамбар.
Ақылынан адасып,
Ер Жасыбай қылды зар.
Қолға алды наркескенді екі жүзді,
Тұрмас деп атасынан күдер үзді.
Көрмеген дәнемені ер Жасыбай
Талқан қып Көктөбеден қабыр қазды.
Сел қылып ағызады көздің жасын,
Қаңбақтай ұшырады таудың тасын.
Үстіне ақ сауыттан торқа салып,
Осылай қойды жайлап, жуып атасын.
2-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Атасын қабыр қазып қойды жерге,
Кім жетер жас та болса сондай ерге.
Басына күрең атын байлап тастап,
Ойланды енді еліне жөнелерге.
Күреңге жау жарағын артты байлап,
Асықпай неше күн-түн барын жайлап.
Бақилық атасымен арыздасып,
Жөнелді қараша атпен «иә, Құдайлап».
Жүрерге қайда жөнін біле алмайды,
Елжіреп іші-бауыры жүре алмайды.
Жалғыз-ақ тау менен тас, көк пенен жер,
Еш нәрсе сонан басқа көре алмайды.
Көзіне көрінбейді жанды қара,
Жасында ұшыратты мұндай зарға.
Жапанның сары даласын кезіп кетті,
Жылайды жад етіп Пәріуарға.
Жетімдік түсті бастан арылмастай,
Қайрылар дін мұсылман қарындасқа-ай.
Адасқан елін таппай ер Жасыбай
Жолықты жалғыз ұшқан қарлығашқа-ай.
Ұшқан құсқа Жасыбай
Ел көргендей қуанды,
Шешілген белін буады.
Қарлығашқа ілесіп,
Үш күн ұдай қуады.
Көзінен аққан қанды жас
Ердің бетін жуады.
Ұстайын десе жете алмай,
Қалжырап шаршап тұрады.
Қара бұлт майрылды,
Атадан жастай айрылды.
Жасыбайға тілдес деп
Періштелер қайырды.
ер жасыбай
Алла бір хүкім қылады,
Қарлығашқа өкпелеп
Бір Тәңіріге жылады.
Жасаған Алла тіл бер деп,
Жалынып Хақтан сұрады.
Қарлығашқа тіл берді,
Жасаған Алла тілдес деп,
Адам мен құсты бірлес деп.
Адамзатша сөз сөйле,
Құстың тілін білмес деп.
Қарлығаш сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді.
—Жасыбай, сендей баласың,
Қуат боп жайнап жанасың.
Не болды саған, шырағым,
Адам баспас жапанға
Қайда шығып барасың?
Жасыбай айтты: «Қарлығаш,
Атасыз жетім, қарным аш.
Үш күн болды зар тұтып,
Маған болдың қайрылмас.
Адасқан елім тауып бер,
Дос болайық айрылмас.
Қысылғанда пендеге
Жалғыз Алла жар еді,
Жалғыздың жолы тар еді».
—Күнбатысқа барамын,
Балапаным бар еді.
Қарлығаштың қайғысы
Жасыбайдан ары еді.
—Ей, Жасыбай, түрегел,
Алдымыз биік асқар бел.
Балапаным сағынып,
Көз жасым дария болды сел.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Апарайын үйіңе,
Асықсаң, байғұс, жеріңе.
Атқа мінді қуанып,
Ер Жасыбай ереді,
Бауырлап ұшып келеді.
Жас та болса бейшара
Қалыспайтын ер еді.
Бес-алты күн болған соң,
Алдында биік өр келді.
Өрге таман шыққан соң,
Дария шалқар көл көрді.
Соққан желдей ысқыртып,
Дарияға тез келді.
Дариядан басын шығарып,
Суда жайын кез келді.
Құдіретімен тілдес деп,
Балыққа Аллам тіл берді,
Тәңірім жұмсап жіберді.
—Бұл дариядан, Жасыбай,
Арқамнан менің басып өт.
Көңіліңе алма уайым,
Жұмсады мені Құдайым.
Дарияға көлденең
Көпір болып тұрайын.
Жетімдіктің хақы үшін
Бір жақсылық қылайын.
Қарлығаш ұшып кетті амандасып,
Ұшқан құс, суда балық болды несіп.
Жайынның арқасымен келе жатыр,
Жүгіртіп қараша атпен жіберді басып.
Жүгіртіп өте шықты дариядан,
Жағалап дарияны басты қадам.
Бір шаһар көрінеді көз ұшында,
Айдап жүр көп түйені терең сайдан.
ер жасыбай
Дария қалың ағаш ел жайлаған,
Қол бұлғап ер Жасыбай айғайлаған.
Қорқып жүр жүрегі ұшып сол бейшара,
Кісі екен ақсақалды өңі қарайған.
Адамзат жасы үлкен аға екен деп,
Әдеппен сонда сәлем берді бала.
—Уағалайкүмассалам алайын Алла,—
Баланың тұлғасына қайран қалды.
«Баяғы батыр Тұяқ өткеннен соң,
Көргем жоқ,—деп ойлайды,—мұндай жанды».
—Кез қылды ей, ақсақал, Пәруадигар
Дария қалың ағаш не деген жер.
Еліңнің шаһарының адамы кім,
Білдіріп ел хабарын айтыңыздар.
—Айтайын ел хабарын тыңла, балам,
Сөзіме жалған болмас мұнда, балам.
Бұрыннан шаһар болып жаралғалы
Бас екен жалғыз жігіт мұнда, балам.
Тұқымы жалғыз жігіт батыр өткен,
Алладан жау жолында қаза жеткен.
Кәпірден атам кегін аламын деп,
Баласы батыр Тұяқ о да кеткен.
—Ақсақал, тұрсың елдің жайын айтып,
Сөзіңе мейірім қанды дәмін татып.
Артынан атасының іздеп кеткен
Келді ме батырларың елге қайтып?
—Кеткелі батырларға талай заман,
Көп болды келер еді, болса аман.
Еш хабар бар ма, жоқ па біле алмаймыз,—
Ақсақал сөйлей берді бәрін тамам.—
Қандай жау батырлардың ұрысқаны,
Сартылдап жауға шапса құйысқаны.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Артынан, өліп қалса, іздейтұғын
Бермеді қатын, бала, туысқанды.
Алланың достысы еді пайғамбарлар,
Анадан туған жанға бір өлім бар.
Өзімен еріп кеткен ер Жасыбай,
Кім қалар, өзі айдаса Пәруардигар.
Кенжесі Темір деген үйде қалған,
Қайғысын атасының ойына алған.
Анасы да бар еді қатынымен,
Оларға тағдыр жетіп өтті жалған.
Темірді асырады Қара деген,
Ұл мен қыз жоқ өзінде бала деген.
Атасын жетімдіктен іздемейді,
Бейшара жас күнінен қайғы жеген.
Көп еді атасына берген бағы,
Қолына пәрман қаққан болса тағы.
Темірді асыраған Қарабайдың
Мекені Қаратаудың арғы жағы.
Қаратау басы—биік, түбі—салқын,
Жігітсің жолың ашық жүзің жарқын.
Бұл сөзін ақсақалдың тыңдаған соң
Жасыбай ұғып алды сөздің қалпын.
Ішінен қайысады амалы жоқ,
Баяғы кектесетін заманы жоқ.
Ақсақалдың жауабы осы болды,
Тұяқтың бір кеткен соң хабары жоқ.
Ағайын қалған малын бөліп алды,
Темірге жетімдікті Құдай салды.
Бар сөзін бастан-аяқ тамам қылып,
Сол адам рұқсат алып кетіп қалды.
ер жасыбай
—Құдай-а, құдіретің қандай күшті,
Басыма қайғы қасірет тағы түсті.
Темірдің барлығына, шүкір, Алла,
Бір күнде қылдым жолдас ұшқан құсты!
Алайын іздеп тауып Теміржанды,—
Бар сөзін бастан-аяқ естіп қанды.
Атқа қамшы салады ашуланып,
Басына Қаратаудың қарай салды.
—Кетейін ата-ана жоқ елге барып,
Айрылған ата-ана жоқ болдым ғаріп.
Қаранған дүниенің ашуымен
Кетермін, елге барсам, бүлік салып.
Басына Қаратаудың қарай салды,
Бір Алла құр етпес деп біздей жасты.
Семсермен орта белден көсіп тастап,
Басынан Қаратаудың арман асты.
Қаратау алды—биік, арты—дала,
Жан-жағы аққан бұлақ неше сала.
Арқадан ат ойнатып шыға келсе,
Жүр екен асық ойнап алты бала.
Жүгіртіп ер Жасыбай сонда келді,
Балалар қол қусырып сәлем берді.
Бір бала заты басқа арасында
Сәлемін Жасыбайға бермейді енді.
—Уағалайкүмассалам, ей, балалар,
Әдепті жас та болса шаһзадалар.
Бесеуі жасы үлкен деп сәлем берді,
Ей, балам, сәлем бермес сенің нең бар?
Ойласаң әдеп қылмақ жанға пайда,
Кез болдым балаларға мұндай жайда.
Ежелден жасы үлкенге сәлем бермек,
Сүннеті пайғамбардың деген қайда?!
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Жарасар қылсам қызмет Құдайыма,
Көнбеймін, әй, жолаушы, бұлайыңа.
Үйіңнен мені тергей шығып па едің,
Жүре бер, көп тергемей өз жайыңа.
—Жүргенім Қаратаудың арасы еді,
Сіздің ел біздің елмен талас еді.
Сөзінің жас басынан бәрі тіркес
Ерке өскен мынау кімнің баласы еді?
—Жолаушы, жоқ нәрсені сөз қыласың,
Әкемді қаңғып жүріп не қыласың?
Жасынан кәпірлерге салған ойран
Белгілі бір батырдың баласымын.
—Жаратқан барша жанды Құдай күшті,
Әдепсіз таста, бала, мұндай істі.
Балаға шыр айналып көзін салса,
Меңі бар алақандай көзі түсті.
—Шырағым, түзу сөйле маған деген,
Не көрмес, тірі жүрсе, адам деген.
Осылай бұрынғыдан қалған сөз бар,
Жасырған ата тегін жаман деген.
Бала, сен дәнемені ойламағын,
Мұндай сөз жарамайды, шырақ, саған.
Ішінен ер Жасыбай соны ойлап тұр
«Темірмен бір көрісер болса заман».
«Құдайым сүйген құлын оңдайды екен,
Көңілге жолсыз айтқан қонбайды екен.
Атаның әруағына шет болармын,
Айтпасам атам атын болмайды екен».
—Ей, жолаушы, құлақ сал,
Енді қайттым райдан.
Жетімдік кешіп жасымнан
Айрылдым қызыл шырайдан.
ер жасыбай
Ата тегім айтайын,
Айтпасқа қорықтым Құдайдан.
Жалғыз жігіт аттанды
Кешіре гөр ылайым,
Пәруардигар, қатамды.
Өз атамды сұрасаң,
Айтарға тілім келмейді,
Дұшпанға туған ер еді.
Атасы жоқ жетімнің
Күші жермен тең еді.
Жаннан көңілі қайтпаған
Батыр Тұяқ ер еді.
Өзім жалғыз қалыппын,
Ата-анам жоқ туысқан.
Айрылыппын жасымда
Маңдайға біткен ырыстан.
Тағдырға себеп болыпты
Кәпірмен қылған ұрыстан.
Жасыбай деген бар екен,
Бар екен бір туысқан ағамыз,
Бір жаста қапты шамамыз.
Соларға болды көп заман,
Дариға қайдан табамыз.
Ойын ойнап жүрсек те,
Көкіректе толған сәнамыз.
Ойлансақ та, амал жоқ,
Жетімдіктен жаман жоқ.
Ата бірлән анамыз,
Жаудан келер заман жоқ.
Аттан түсті Жасыбай,
Ақылынан адасып.
—Жақын кел, шырақ, жақын кел,
Қасыма бермен жанасып.
Қасындағы көп бала
Қайран қалды қарасып.
Қарағым, Темір, бермен кел,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бауырыма басайын.
Қанатыңды жайып кел,
Құшағымды ашайын.
Жасыбай ағаң мен шырақ,
Енді бір сөзім шашайын.
Құшақтасты екеуі
Жез қармақтай майысып.
Жастығынан Темірдің
Қабырғасы қайысып.
—Қарағым, Темір інім, сен,
Туған айым, күнім сен!
Аузымдағы сөзімсің,
Жанған шырақ, қолқа, жүрек, тынысым!
Темірімді көрген соң
Тынысым менің ашылды,
Жанған отым басылды.
Сағындым сені, қалқам-ай,
Шын арыслан нәсілден
Мен ағаңмын туысқан,
Белі бекем буысқан.
Атаңа серік жолдас боп,
Кәпірлермен ұрысқан.
Темір айтты: «Рас па, туған айым,
Өңім бе, түсім бе екен, бар Құдайым!
Жас қалған ата-анадан сорлы жетім,
Рас па мен туысқаның, ағатайым.
Тәңірдің рас болса қалағаны,
Өтірік айтсаң, Темірдің шықты жаны.
Құдай-а, жақын екен жақсылығың,
Жұмылған екі көзім жетім едім.
Айрылған ата-анадан мен сұмырай,
Рас па көрсеткені сені Құдай!
Құдай-а, енді менің арманым не,
Көрем деп ойлап па едім сені мұндай!
Алтыным қолдан кеткен табылғаны,
Есімнен табылғанда жаңылғаным.
ер жасыбай
Қойныңа жас та болсам салып кетпей,
Зар қылып мені мұндай не қылғаның.
Көрдім бе сені тірі, бауырласым,
Ағады, ойлай берсем, көзден жасым.
Көп күйдім жетімдікке от пен жалын
Туған соң не көрмеді ғаріп басым.
Бауырлас бір туысқан жанға пайда,
Кез болдым балаларға мұндай жайда.
Қасыңда еш адам жоқ өзің жалғыз,
Кәпірге бірге кеткен атам қайда?
—Қаратау басын өрлеп шықтым тауға,
Теміржан айналайын, денің сау ма?
Бетім жоқ айтуға да, қарағым-ай,
Алдырдым атаңызды кәпір жауға!
—Атамды Жаппар Құдай алғанында
Кетпес дерт көкірекке салғаның ба?
Дидарын атекемнің бір көре алмай,
Ағеке, енді менің қалғаным ба?!
—Шырағым, Алла ісінің жалғаны жоқ,
Көктөбеде қалды атам дәрмені жоқ.
Қас батыр, қайран ердің бәрі де өтті,
Ажалдан тірі пенде қалғаны жоқ.
Шырағым, атаң саған айтты сәлем:
«Қалқамды жеткізе гөр, Хақ Тағалам!
Тірі боп Темірімді көре қалсаң,
Тапсырдым қасыңа ертіп әкел маған».
—Тәңірі алды қайтейін,
Ата бірлән анамды.
Жетімдік кешіп жасымнан
Көрдім талай заманды.
Сіз болмасаң, кім тыңдар
Осындай менің сәнамды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бірдей өтті екі ағам
Қарамады ағеке-ау,
Біздей жетім балаға.
Балалықпен сол күнде
Шыға алмадым далаға.
Түбі жақын ағайын
Елден опа көрмедім,
Ажал жетпей өлмедім.
Айрылған соң анамнан
Ешбір жанға көнбедім.
Мың бір тәуба Құдайым,
Қараңғы өткен күнімнің
Ақырын Алла жөндедің.
—Бауырым менің, Темірім,
Көлге біткен құрағым,
Сүйіріліп озған пырағым.
Апарамын атаңа,
Көшірлік қыл, шырағым!
«Әкел» деген сөзі бар
Естіген менің құлағым.
Атаңа иман жолдас қып,
Ұжмақтан жазсын тұрағын.
Қорлық қылған қараны
Ойран салып қырамын.
Мұндай болар ер ме едің,
Қараға болып қоршылық.
Жетімдікпен, қарағым,
Басыңа түсті мұңшылық.
Жастықпенен көп көрдің
Қарағым, Темір, қорлықты.
Кімнен көрдің, қарағым,
Айтшы маған зорлықты.
Атаң қалды, шырағым,
Көктөбенің басында.
Сауыт-сайман артулы
Күрең аты қасында.
«Темірімді тез көрсең,
Әкел деді осында».
ер жасыбай
Атаңның қабір мекені
Жанның сары даласы,
Көл дарияның саласы.
Соғыса-соғыса жатады
Өсіп-өнген жер өзен
Кәпір жаудың баласы.
Аюша деген бір жөйіт
Атаңмен болған таласы.
—Не қиын, Тәңірім жазса, Аллаға,
Зар болдық жетімдікпен ата-анаға.
Атамды Көктөбеге жалғыз тастап,
Сағынып бауырыңа келдің бе, аға.
Көктөбе қалған жері жалғыз биік
Өсірген балапандап бізді сүйеп.
Атамның хал-қадірін естіген соң,
Адастым ақылымнан оттай күйіп.
Жіберген атама біз сәлем хатын,
Айтпадым өз аузымнан әрбір датым.
Күнімді, қайғы көңілімді ашқан
Туғаннан көріп тұрған рахатым.
Мен көрдім Құдіреттің салған ісін,
Келеді құл болған соң неге күшім.
Өткіздім жетімдікпен өмірімді,
Ағеке-ау, мен жылаймын оның үшін.
Айтамын жетімдікпен көргенімді,
Ісіне құдіреттің көнгенімді.
Жас қалған Теміріңді бір көре алмай,
Қайтейін, Көктөбеде өлгеніңді.
Болыпты Көктөбеде мекен-жайың
Атеке-ау, ойлап тұрсам көңілім жарым.
Шүкірлік Қадір Алла пәрменіңе
Бере гөр иман, байлық, бар Құдайым.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұлардың себеп болды жаласына,
Темірдің жер балқыды сәнасынан.
Соғыспай кәпір жаумен көңілі тынбас,
Сақтасын дұшпан жаудың табасынан.
Бұларға көрген адам қайран қалған,
Балалар қасындағы үйге салған.
Бұлардың құшақтасып тұрған жайын
Қараға сақылдатып айтып барған.
Есітіп Қара байғұс жаман састы,
Қорыққаннан қызыл жүзден нұры қашты.
Сасқаны бейшараның осы емес пе,
Келгенін Жасыбайдың жұртқа шашты.
Қарабай шатыр тігіп бие сойды,
Даярлап әр нәрсенің бәрін қойды.
Темір мен ер Жасыбай елге келді,
Қараға әдеппенен сәлем берді.
Мейманын неше күндей құрмет етіп,
Темір мен Жасыбайды күтеді енді.
Бұлайша екеуіне құрмет етті,
Бірнеше арасында күндер өтті.
Жеріне Аюшаның жүреміз деп,
Тағы да екі бала талап етті.
Бұлайша талап етті жүрмек үшін
Жасыбай Темірменен екі мүсін.
Кек алмай кәпір жаудан неғып қашсын,
Қабірін атасының көрмек үшін.
Есітіп бұл хабарды Қара келді
Отырған екі бала шатырға енді.
—Берейін мал-мүлкімнің барын саған
Темірім, жан шырағым, балам,—дейді.
—Ей, ата, дүние-малың біз алмаймыз,
Берсең де алтын-күміс кір салмаймыз.
ер жасыбай
Мінеміз Шалқұйрықты кәпір жауға
Жаяулап ұзақ сапар жүре алмаймыз.
Мінді де, Шалқұйрықпен жүріп кетті,
Түбіне Қаратаудың барып жетті.
Сары Алып Омар деген өгей ұғылы
Бұларды Қаратауға іздеп келді.
Қаратау келген екен ар жағына,
Темірдің кім шыдасын әруағына.
Айрылып атасынан кекті болған
Ілінген мұсылманның қармағына.
Тас атты Қаратаудың ар жағына,
Тастардың жер дүңкілдеп салмағына.
Ұшырды жел қаңбақтай таудың тасын
Темірдің кім шыдаған әруағына.
Ұшырды жел қаңбақтай таудың тасын,
Сол күнде даусы келді кәпір жаудың.
—Баласы Аюшаның жеткен екен,
Қарағым, білдіңіз бе, Темір бауырым.
Ақыры Темір сонда айғай салып,
Жіберді үйдей тасты жұлып алып.
Қаратау арғы жағы сары дала,
Сыртынан атқан оқтай түсті барып.
Бір-бірін соғысады бірі көрмей,
Бұлардың көңілі тынбас біреуі өлмей.
Төртеуі төбелескен тастарынан
Қаратау болған екен жермен бірдей.
Төртеуі көрді сонда қараларын,
Ашумен байқамайды шамаларын.
Ақырысып жүгірді бір-біріне,
Жазғалы көкіректен жараларын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Алмады қолдарына найза қылыш,
Болмады мәсаласы бұдан бұрыш.
Ашумен қан төгіліп көздеріне,
Төртеуі жұдырықпен салды соғыс.
Төртеуі төбелесіп салды ойран,
Қалмады балалардың атасы ойдан.
Алысып аждаһадай төрт палуан,
Тау мен тас түтіліп жүндей болған.
Ұстады бірін-бірі белдерінен,
Айрылған төрт палуан елдерінен.
Сары Алып кеп ұстайды Жасыбайды
Ұстайды ма бірін-бірі теңдерімен.
Темірді Омар ұстап салды алыс,
Кәпірмен болған емес бұрын таныс.
Төртеуі жолбарыстай жұлысады,
Бұларға болды сонда үлкен намыс.
—Аюша—әкем аты, мен—Сары Алып
Сен енді құтыласың қайда барып?
Кәпір сонда қайратын жиып алып,
Бір Жасыбайды жықты барып.
Темірдің Жасыбайға көзі түсті,
Бойына ашуланып жиды күшті.
Жұлып ап Омарды лақтырды
Аспаннан жел қаңбақтай жерге түсті.
Астына табанының тұрды басып,
Ашуы толқып судай кетті тасып.
Темірге Құдай берген әруақтай
Құтылмас түскен кәпір мұнан қашып.
Ұмтылып Жасыбайға келді дейді,
Аударып Сары Алыпты берді дейді.
Ағасын бір ажалдан алып қалды
Қайратын Тәңірім берген көрді дейді.
ер жасыбай
Жасыбай Сары Алыпқа салды қылыш,
Қылады Темір бала үлкен намыс.
Аллаға Темір сонда шүкірлік қып,
Тарқады біраз ғана бойдан қорқыныш.
Өліпті екі кәпір қаза тауып,
Тастады быт-шыт қылып мұны шауып.
Болыпты топырақтай жермен-жексен
Жатыпты жаһаннамнан орын тауып.
Аллаға шүкір қылды екі бала,
Бұларға қуат берген Хақ Тағала.
«Шаһарын Аюшаның аламыз» деп,
Жөнелді соған қарай тағы және.
Екі бала оңаша,
Ел мен жұрттан ісі жоқ.
Құдай пана болмаса,
Туысқан кісі жоқ.
Жалғыздан жәрдем болмаса,
Пенденің қылар күші жоқ.
Екі тұлпар астында
Қояндай жерді басады.
Жүрісіне жын-пері
Құтыла алмай қашады.
Жүріп неше күн өтеді,
Айлардан айлар асады.
Бұл сапарда жүргенде
Неше-неше өтеді.
Жапанның сары даласын
Екеуі кезіп кетеді.
Бірнеше күн болғанда
Айнала біткен шалқар көл
Дарияға жетеді.
Далада өмірін өткізіп,
Бейшаралар нетеді.
Сол дарияның бойынан
Құлан-бұлан атады,
Мерекеге батады.
3-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қызығынан шаттанып,
Бірнеше күн жатады.
Неше түрлі жеміс бар
Әрқайсынан татады.
Жібермейді құланды
Қой секілді матады.
Мына сөздің келісін
Аспанда дәу мен перісін.
Алты қанат қамыстан
Қоныс қылды ерісін.
Артынан жауып алып жүр
Құлан-бұлан терісін.
Ай қараңғы түн болды,
Екі бала жапанда
Өліп кетсе кім болды.
Ойын ойнап, көл жайлап,
Әлденеше күн болды.
Бір күндерде ой ойлап,
Ағасы айтты Жасыбай:
—Қарағым, Темір, бермен кел,
Бір ой түсті есіме-ай.
Берер болсаң пендеге,
Толып жатыр насыбай.
Ойлап тұрсам тар екен
Жалғыздықтың есігі-ай.
Мен бір талдап ойладым,
Қарағым, саған ұнаса,
Алла жазса, шырағым,
Екеуміз де жұпты алайық.
Асығыстық қылмайын,
Кім шығар салған пәрманнан.
Бұрынғы жалғыз біз түгіл
Атаң да өткен жалғаннан.
Обал емес, қарағым,
Некаһлы қатын алғаннан.
Атаны ойлап артында
Біздер тірі қалғаннан.
ер жасыбай
Темір айтты: «Өзің біл,
Бұрын туған ағасың,
Алдымда таудай панасың.
Не десеңіз сен қазір
Ақылды туған данасыз».
—Ендеше, Темір шырағым,
Майысып өскен құрағым.
Бір қыз іздеп келейін,
Шаһардан шаһар кезейін.
Мен келгенше айналып,
Жата тұр, шырақ, жайланып,
Осы көл болсын тұрағың,
Бір оғымды берейін.
Қалқам, саған қолымнан,
Осы шығар жолымнан,
Бере көр, Алла, оңымнан.
Балғын оқтан май шықпас
Тәжірбие еді бұрыннан.
Әгар да қызыл қан шықса,
Іздегейсің соңымнан.
Осы сөзді тапсырып,
«Алла» деп атқа мінеді,
Алладан жәрдем тіледі.
Алтын сапты қамшыны
Қараша атқа беледі.
Жидебай батыр—орта жүз, арғын. Хан Абылайдың тұсында
шыққан. Мейрамның Қарқабат дейтін қатынынан туады.
Болатқожадан Түйте туған. Ақшадан Бошан туған. Түйтеден
Тымырсық пен Сары туған. Мұнан Танас пен Майқы туған.
Танас төрт болыс ел. Майқы екі болыс ел. Тұрағы—Қарғалы.
Майқыдан Әлтеке, Сарым туған. Әлтекенің Дос деген баласы
нан Жидебай туады. Хан Абылай заманында шығады. Жидебай
Абылай тұсында һәм би, билік айтып, һәм жұртына бас бола
ды. Сарыарқаға қазақ, қалмақ, жоңғар, торғауыт таласқанда,
еңбегін сіңірген ердің бірі болады.
Бақсылардың бақсысы әруақ шақырып, батырларды сы
нағанда айтатын ерлері мыналар болатын:
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Бәсентиін Бәрібай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Бәрің, Алла, қолдай көр!
Қызыл түлкі Жидебай,
Осылар сенің қолбасың,
Билік құрған жолдасың,
Төреден шыққан Абылай,—дейтін.
Осы Жидебай батырдың шешесі түрікпен қызы екен, жа
сында өліп, жетім қалған екен. Екінші шешесі Ажар деген
күн көрсетпей, кемдік көрсеткенде балалар: «Шешең сені күте
ме?»—деп сұрағанда:
—Шешем күтеді,
Өз баласына көбік береді,
Жидебай батыр
жидебай батыр
«Жалай берсін» деп.
Маған тезек береді,
«Отқа қалай берсін деп» деп.
Және де: «Шешең саған өгейлік қылғанда, әкең Қожаназар
болыспай ма?»—деп сұрағанда, мынаны айтады екен:
—Атадан қалған мақал бар,
Жыннан жаман долы бар,
Неше тарау жолы бар.
Жылауық мылжың кейбірі,
Кездескеннің соры бар.
Сөйлемесе құрты қозады,
Үндемесе тозады,
Саңқылдақ кәззап ұры бар.
«Қой» деп айтса құтырып,
Үйден үйге қыдырып,
Мазасыз көкбет пері бар.
Бейшара көніп, бетпақ жеңіп,
Лажсыз тұрған бірі бар.
Маза бермес ауылға
Жаумен бірдей қылады.
Бірге туған бауырға
Қиқу кетпес көршіңнен,
Сауысқанша шоқиды.
Маза бермей сауырға,
Өгейді көрсе өрлейді,
Пәле жауып сермейді.
Ар-ұятпен араз боп,
Салған сайын сермейді.
Алты ұлына мас болып,
Көрінгенмен қас болып,
Әкеме ерік бермейді,—дейді екен.
Қанша көтерсе де, өгейлік артып, 15 жасқа жеткен соң,
қашып, Абылайдың қолы аттанып кеткен екен. Әкесінің көк
бесті атына мініп, соның артынан қашып жөнелді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Біраз жүрген соң көзіне бірнеше нәрсе елестеп, мұңы-зары
ойына түсіп, басынан кешкен уақиғасы, өгейлік көріп, көрген
кемшілігін ойына алып, һәм қалмақ, қазақ, қырғыз, торғауыт,
жоңғардың шабысып, қазақ: «Сарыарқаға орнаймын», ер жігіт:
«Көк ала тудың астында сайран етіп, әйелдің алма бет артуын
сүйеміз,—деп,—шеру тартқан жортуылшы батырлармен бірге
жүріп, ханның оң тізесінен орын алып, билік сүрсем»,—деп,
зар айтып жылап жөнелді.
—Әлемге жалғыз өзің нұрың шаштың,
Қаны тамған қабыл әйла көзде жастың.
Қазақтың хан-қарасы аттанған қол,
Пендені үміт етіп, қадам бастың.
Болғанда талап бізден, бермек сенен,
Жасымда жетімдікте кемдік көрген,
Баласы мұңлы көңіл мен Алаштың.
Қараңғы түнде жым-жырт боп,
Кеттің неге салбырап.
Желсіз тынық, дел-сал боп,
Мұнарлы күндей маужырап.
Жерге жайған көрпесін,
Көші өзіңде еркесі,
Бір тозбайсың қалжырап.
Бозғыл тартып қабартып,
Алтын табақ секілді
Күн шығады жарқырап.
Таңғы салқын қоңыр жел,
Қара жартас, сары өзек,
Көгілдір тартқан қоңыр бел.
Шөлейіт тартқан шабыра,
Сусыз сенде жоқ қой ел.
Уақ тастақ, баялыш,
Шөлейіт жөнің бәрі алыс.
Қол сілтеген секілді,
Сағым өзің келсең кел.
Мылқау, меңіреу қара түн
Қабағың түйіп оңып,
жидебай батыр
Бермейсің жауап ешкімге оң.
Жұмысыңның бәрі ұрлық
Толып жатқан сенде көп.
Ұры да саған пайдалас,
Бөрі ту боп жайланар,
Бәріне жеткен сенің лажың.
Жасырын жұмыс сырымен,
Ойнас, ұрлық қарымен
Достан досты айырдың,
Қиянатшыл кәпірмен.
Бұ да сенен пайдаланар
Қараңғы сенен пері-жын.
Сыбдыраған ағашың,
Қара бұжыр тау-тасың,
Көрсетпейсің арасын.
Өткел бермей үгіттің,
Аққан судың саласын.
Қанша жүрсем жеткізбей,
Алыс қылдың Бетпақтың
Жайылып жатқан даласын.
Суық түспен қарысып,
Қабағыңды жабасың.
Жасырын істің бәріне
Ақылшы боп иемденіп,
Орындап сыйын табасың.
Мен де кірдім бауырыңа,
Шолпан, сені мінгіздім
Оң жақтағы жауырыныма.
Анамның құнын сұраймын
Қалың жатқан қалмақтан,
Жаман жолға баулыма.
Ақтабан боп шұбырдық,
Алқакөлді өрледік.
Сарыарқаны сағынып,
Атты-жаяу шұбырдық.
Кәпір шапты болдыртып,
Табан тиіп терледік.
«Шүршіт, қалмақ қырғынын
Құдай бізге бер» дедік.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ата қоныс Сарыарқа
Мехнатпен соны жерледік.
Құрбан қылып талайды,
Көздің жасын көлдедік.
Шүберекке түйіп шыбынды,
Жауға қолды сермедік.
Алатаудан асырып,
Ертісті өрлей қашырып,
Дұшпанға белді бермедік.
Іле менен Қорыстан
Сарыарқаны жондатып,
Шалқын деген қоныстан
Салған сайын өрледік.
Белді шешпей буынып,
Жеңсіз берен киініп,
Еженге қолды сермедік.
Қызын алдық қыдыртып,
Жылқысын алдық шұбыртып,
Дұшпанға теңдік бермедік.
Сол жобаны тұтынып,
Батырлар жауға тұтынып,
Молайтпаққа өрісті
Дұшпанның басын емдедік.
Осы қолдың ішінде
Батырлар бар өңшең ер.
Ұлтанды би үлгілі,
Ақылы бар кемеңгер.
Садақшылар бір бөлек
Толып жатқан кемеңгер.
Мен де іздеп келемін,
Өлі-тірі әруақ,
Қолдап мені жебеңдер.
Қазақтың ханы Абылай,
Батыры бар Бөгенбай,
Баян менен Байғозы,
Жәнібек пен Қабанбай,
Қараменде, Жарылғап,
жидебай батыр Іздеп жүрмін мен сені, Лағып жүрмін таба алмай. Көк бестінің жалы жоқ, Жалсыз аттың әлі жоқ, Қолға жетпей қалам ба-ай? Іштен ыза қуады, Сырттан қайрат қозады, Қайтамын ба, апырым-ау, Қамалға қарсы шаба алмай! —деп, бірнеше күн жол жүріп, аз ғана емес, мол жүріп, қалың дүлейдің ішіне кіріп, жұлындай жерден шыққан түтінге келді. Бір қараша үй екен. Ішінен бір сәлделі қарт адам шықты. Жи дебай сәлем берді. Сәлемін алып: «Әй, Жидем, келдің бе? Сары даланы күңіренткен даусыңды естіп, тосып отырмын, түс»,— деді. Жидебай түсіп, кірді. Қазанға су құйып, ет асты. —Балам, үш жылғы ту жайынның еті еді. Же,—деді. Тәтті, ләззаты дүниеде артық екен. Мен жөнін сұрауға қорықтым. Балам, қолың жай. Бата берейін,—деді. Мен не сұрауымды білмей: «Қолға барсам екен»,—дедім. Сонда қарт айтты: —Қолыңды жай, Жиде балам, берем бата, Сөз айтып, тілегенің атын ата. Кемшілік бастан кешкен бүгін кетіп, Қаяулы жүрегіңе Көңілің қолға ауып кеткен екен, Сұрамай, балам, тілек, қылдың қате. Түлкісін Қосақ мерген бердім саған, Көрмессің кемшілікті, бітпей шақа. Батырлар қамал бұзған бұрын сенен, Күндес боп жұмысыңа әркім қапа. Көрерсің өміріңде талай қызық, Қызықты өмірменен жүзге тақа. Жылаған көз жасыңа хабардар боп, Даруға мен бір келген балықшы ата,— деп, қоя берді. Жидебайдың алдынан екі түлкі жүре берді. ��� Ар тынан еріп, бірнеше күннен кейін Абылайдың қолын тапты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Алатаудың ішінде жоңғардың қолын аңдып, бірін-бірі алыса
алмай жатыр екен.
Жолдың шетіне келіп, бұ да түсті. Қолдың мұнымен жұмы
сы жоқ екен. Баланың келгенімен ісі жоқ, жоңғардың Сезен де
ген батыры қазақты бір кезеңнен асырмайды.
Жиде бала ойқастай жүріп, аңлушыға барды. Әдіс ойлап,
көйлегін ту қылып, боз аттың бір жағын қарайтып, бір тарауын
жерден шыр айналып ойға түсірді.
Айналғанда ақ жағын көрген кісі: «Ту ұстаған боз атпен
келді»,—деді. Қара жағын көргенде: «Қазанмен келді»,—деді.
Бес жүз боз атты тушылар бара берсе, мыңнан кісі болса ойлай
ды: «Мұның қолына он мың кісі қосылды». Тал түсте қараушы
хабар беріп, жоңғар жұрты бүлінді.
Абылайлап, жау қаштылап, Жиде бала соңына түсті.
Одан хабарланып, Абылай қолы шауып, Жидебай батыр көк
бестімен жауға жетіп, түре түсіргенде, жоңғардың батыры Се
зен кезігіпті. Жидебайдың алдынан қарсыласты дейді.
Сезен айтты: «Кімсің, жас ұл? Екенсің, жаным, шикі.
Қайт»,—дейді. Сонда Жиде батыр айтты:
—Сен—шүршіттің Сезені,
Таласымыз—Алатаудың кезеңі.
Сен қазақты үш шаптың,
Сонда да қазақта қалды
Сарыарқаның өзені.
Сен—шүршіттің жолбарысы, кәрісі,
Мен—қазақтың жас арыстан, бөрісі,
Көрсетем саған тізені.
Сонда Сезен айтты:
—Сен—қазақтың жас баласы,
Таласымыз—Алатаудың саласы.
Алатауда нең бар еді,
Жетпеді ме, сірә, Арқаның даласы,
Мен—шүршіттің шын арыстан панасы.
Қашқан жауға қатын—ер.
«Бөрісімін» деп сөйлейді
Қазақтың биттей баласы.
жидебай батыр
Көк сүңгімен түйрейін,
Бері таман жанашы,
Қаныңды ұрттап ішейін.
Бері таман жанашы, дегенде,
Жидебай батыр тап бергенде,
Көк сүңгіні сермегенде,
Айбалтамен қатты қағып, сындырып,
Сезен батырды өлтіріп,
Сол сапар бәйге алатын сапары.
Енді қашқан жау қашып, түсіргенін түсіріп, ханға келіп:
«Қандайлық олжа түсті. Мұны кім қашырды? Сезенді
кім өлтірді», деген сөз қарастырылып, әр батыр: «Мен
қашырдым. Мен түсірдім»,—деген дау туып, Жиде бала: «Мен
қашырдым»,������������������������������������������������
деп, бастан айтып, ханға кепті, таласыпты. Сон
да Бөгенбай, Қабанбай, Абылай үшеуіне Жиде былай депті:
—Ханның көркі—қараша
Аттанып келдік жоңғарға
Үш Алаштың баласы.
Сыймай жатқан көп шүршіт
Алатаудың саласы.
Көйлегімді ту қылдым,
Шүршіт қорқып, шу қылдым.
Достың жетім баласы,
Мақтау берсең, маған бер,
Қазақтың қорған данасы.
Әдіспенен қашырдым,
Алатаудан асырдым.
Қашқан жауға қатын—ер,
Пайдасын көрдің тәсілдің.
Басын кестім қолыммен
Сезен сынды асылдың.
Садақшы мен найзагер,
Айбатты батыр кемеңгер,
Бәйгесіне таласпа
Біз секілді жас ұлдың.
Қара бас туды хан беріп,
Жауды жүрдік меңгеріп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Пайдакүнем болмаңыз,
Еңбегін жеп асылдың,—деді.
Сонда Бөгенбай мынаны айтты хан мен халыққа:
—Не деп талас қыласың,
Абыройлы балаға!
Қара бас туды хан бермес
Өтірік даукес жалаға.
Ханнан сыйды алғандар,
Жас еңбегін талғандар,
Өтірікпен қанама.
Жортуыл басы болады,
Жорықта жолы болады.
Оң тізеңді беріңіз
Осы Жиде балаға.
Билік құрып, жөн берер,
Халықты билеп меңгерер.
Хан, қараша, батырлар,
Алайық сыйлап араға.
Еңбек қылған осы жас,
Кетпесін ісің далаға,
—деп, хан қолбасы қойып, торғауыт Нарынқұмынан ауып, Уса,
Серендерді жеңіп, Жидебай ақылымен әр жорықта бәйге алған
екен.
Халық ақыны хат жазуға қалам алған,
Ешкімнен өтпей тұрмас мына жалған.
Орта жүзде Сүйіндік ұранды ел,
Олжабай қатарында батыр болған.
Мәшһүр Жүсіп жазыпты кітабына,
Үшбу сөз тарих болып бізге қалған.
Сақау ақын белгілі асқан жырау
Мазмұнын көріп тұрып өлең қылған.
Халықтың қатарласқан заманында
Тағылым алып сөйлейін мен де содан.
Әз Тәуке—ақылдының даналары,
Үш жүздің бірге жүрген балалары.
Сыр бойын мекен етіп Арқаменен,
Өсіпті сондай болып саналары.
«Сырдың суы—деген,—мың нұрдың суы»,
Қызығын көрген екен солар дағы.
«Жері байдың елі бай» дегені рас,
Жайылған жер-жаһанға әруағы.
Мекен қып Ертіс, Алтай, Алатауды,
Құлын жүрмес оралып бие бауға.
Бірлігі бұл үш жүздің сондай артық,
Бермеген ынтымақпен елін жауға.
Жетісу, Алматыны қатар жайлап,
Сыңсытып сары қымыз, бие байлап.
Орта жүз
Олжабай батыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Балдырған, бүлдірген мен жүзім, алма,
Түрлі ағаш бұтағында бұлбұл сайрап.
Ағаштың арасында қызғалдақтай,
Жарасып қыз-бозбала жатыр ойнап.
«Мал баққан шалдар көріп қоя ма?» деп,
Қарайды жігіт ғаріп бойлап-бойлап.
Ойнаған асыр салып құлын-тайлар,
Бір тайпа ел, ол Асының тауын жайлар.
Асыдан қара торы шілік басып,
Шарыннан елі өтіп, қайтып айдар.
Іленің ар жағында тауы шолақ,
Жеріне Қарашоқы болған қонақ.
Алтынемел, Түлкілі, Күреңбел мен
Сарыноқай Шағанменен қайтқан орай.
Аралтөбе, Терісаққан, Көксу басып,
Қапалды, Талдықорған жатқан қамап.
Малдысары, Кербұлақ, Қаратал мен,
Ешқандай ада болмас жерді санап.
Баласы орта жүздің Сыр бойында,
Мал жұтар, жау шабар жоқ тіпті ойында.
Жаз жайлауы Арқа мен Баянауыл,
Сәні артық талай жерден Қарқаралың.
Көкшетау гүлі екен бозбаланың,
Кезеңнен аса соққан салқын самал,
Қызығын халық көрген ен даланың.
Көкшетау көк кезеңін аса көшіп,
Көш тартқан арманы жоқ қыз баланың.
Есіл менен Ертістің арасында
Семірген құр аттай боп құлын-тайың.
Қайдауыл—аққан өзен, жер анасы,
Айта берсем, таусылмас тамашасы.
Орта жүзде Сүйіндік аты шыққан,
Ал, енді ашылады сөз сарасы.
орта жүз олжабай батыр
Айдабол он үш жаста би болыпты.
Алтау екен өзінде бар баласы.
Бәйбішеден Жанқозы, Малқозы деп,
Кішісі—Кенжеқозы бір данасы.
Тайкелтір тоқалынан туған екен,
Бұларда үшеу екен—бір анасы.
Кенжесі Кенжеқозы жастай өлген,
Айтылар сөз жүйесі солай келген.
Үйсінде Қаратайдай ер болыпты,
Қызына Қаратайдың қалың берген.
Айдабол би болыпты сегіз қырлы,
Баласы өліп болыпты, іші кірлі.
Тоқалдың баласына—Тайкелтірге
«Әперем,—деп айтады,—осы қызды».
«Туғанымның жесірін бермеймін» деп,
Жанқозы осылайша намыс қылды.
«Малқозының баласы Толыбайға—
Осыған әперем» деп ниет бұрды.
Құдаға көп рақмет, құлдық етті,
Қасында азын-аулақ адам қалды,
Көп жолдасы өз еліне қайтып кетті.
Айдабол сол сапарда қыстап қалды,
Толыбай қызды құшып рақаттанды.
Есебике деп айтады қыздың атын,
Қыз болғанда қызықты сондай сәнді.
Болғанда шашы—сүмбіл, тісі—гауһар,
Көргенде балқытады шыбын жанды.
Толыбай қыстай жатып қызық көрді,
Мақтаулы Қаратай ер бұл да сері-ді.
Елінен шанышқылы бір қыз әкеп,
Күңдікке оны дағы жұмсап берді.
Бөктік деген қыз екен бұл да нұрлы,
Толыбайға некелеп тағы берді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жаз шығып, ел жадырап, қары кетіп,
Айдабол енді іздемек туған елді.
Ойлады Айдабол би жақсы талап,
Ат мінді жан басына еркін балап.
Екі қыз қыстай ойнап күйеуімен,
Болыпты қатарынан екіқабат.
Жаз шығып соныменен елге қайтты,
Қаратайға қанша етті зияпатты.
Арада бірнеше күн жүргеннен соң,
Екі қыз қатарымен туа қапты.
—Екеуі де ұл болды тапқандарың,—
Айдабол қуанады тіпті қатты.
«Түзден пайда болды,—деп,—бұл балалар»,
Біріне Олжабай деп қойды атты.
Қаратайдың қызынан Олжабай-ды,
Есебике шешесі де асылзатты.
Бөктіктің Шанышқылы—ата заты,
Кем емес еш адамнан салтанаты.
«Қоста жатып туды,—деп,—осы бала»,
Қошетер деп қойыпты оның атын.
Олжабай аман-есен жігіт болса,
Қошетер болады деген қолғанаты.
Айдабол немересін қолына алып,
Сондайлық түсіп тұрған ықыласы.
Баласын оқытыпты алдына алып,
Қарады порымына көзін салып.
Жайнаған жай тасындай түрі бөлек,
Отырды Айдабол би түрін танып.
—Бұл бала туған екен елге ырыс,
Бақытты ерге өтпейді жауда қылыш.
Қайырлы, аман болса бұл шырағым,
Қап түбінде жатпайтын асыл құрыш.
орта жүз олжабай батыр
Зұлым болса бұл бала, елдің соры,
Арамдықпен байланар оның жолы.
Өзі білмес, білгеннің тілін алмас,
Ондайды деп айтамыз «елдің қоры».
Жасықтың көп нәрсеге сәндігі жоқ,
Өлшеусіз деген екен білім жөні.
Балаға түсті сондай ықыласы,
Ұлғайды артықша боп бар тұлғасы.
Қақпақтай жауырынды, орта бойлы,
Шүйделі, қайқы құлақ, қара қасы.
Сабырлы, кішіпейіл, жанға жайлы,
Қатардан асып туған мәртебесі.
Он төртке жасы келді сол уақытта,
Болуға ыңғайланды ел ағасы.
Сүйіндік—Олжабайдың ата заты,
Жайылды жастайынан шаһараты.
Толыбайдың жастайынан мініп жүрген
Бар екен Тайкүреңдей жүйрік аты.
Бәйгесін орта жүздің алып жүрген,
Жақсы ат деген болады ер қанаты.
Толыбай Тайкүреңді жүрген бағып,
Бәйгені ерегескен келеді алып.
Бір түнде бұл Тайкүрең жауға түсіп,
Толыбай қалған екен жабырқанып.
Баласы Олжабайды сынамаққа
Отырды біреуіндей сөзге салып.
—Қарағым, бұған қандай ақылың бар,
Қартайып әкең отыр жаяу қалып.
Жоқтаусыз жібергенің тұлпарыңды,
Іздеп шықсаң қайтеді батамды алып.
Бұл сөзді естіп тұрды Олжабай ер:
—Атажан, мақұл,—деді,—батаңды бер.
Ажалды үйде-түзде ешкім білмес,
Жалмайды жан иесін сұм қара жер.
4-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бақытыңа Құдай берген перзентіңмін,
Талабым қалай екен, бір сынап көр.
«Ел сырын би танымас елде» деген,
Бақыты ашылмас жігіттің шықпаса тер.
«Жатқанға жан жуымас» деген сөз бар,
Толқын ұрмас дарияны, соқпаса жел.
Әкесі бұл сөзіне ризаланып,
Ақ қошқар қойымызды айтып шалып.
Ағытты бата беріп көздің жасын,
Кісесін мойынына тағы салып.
—Он сегіз мың ғаламды Жаратушы,
Баламды жамандықтан жүргін қағып.
Қырық шілтен, он екі имам, Ғайып Ерен,
Адасса, жар болыңыз, қолдан алып.
Бір күні сапар тартты бұл жас бала,
Қасында жолдасы жоқ, жеке дара.
—Бір атты іздеймін деп намыс үшін,
Болам ба әлде қалай мен бір нала!
—Балам, қайда барсаң, жолың болсын!
Айтамын сен келгенше Аққа сәна.
Он төртте Олжабайдың сонда жасы,
Құрбыдан артық туған мәртебесі.
Бір атын Құлынкөк деп айтушы еді,
Ой желке, құлан жалды, келген машы.
Құлынкөк—Олжабайдың арғымағы,
Басына бала жастан қонған бағы.
Қаламдай қия жонған екі құлақ,
Жалтырар екі көзі—жаққан шамы.
Қысқа бел, бауыры жазық, қабырғалы,
Түрілген електей боп оның таңы.
Қол еті қоржындай боп бөлек тұрған,
Орақ бас, жай тасындай түстің бәрі.
орта жүз олжабай батыр
Бата алып атасынан, кетті жүріп,
Сарыала қамшыменен садақ іліп.
Үстінде торлама көз сауыты бар,
Басына батыр және қалқан киіп.
Тайкөкті алған қырғыз батыры екен,
Хабары құлағына барған тиіп.
Арада бірнеше күн сапар етіп,
Олжекең бір тоғайға келді жетіп.
«Бұл жерге бүгін түнеп шығайын» деп,
Солайша аттан түсті көңіл етіп.
Тоғайда атын ұстап жатып қалды,
Тынығып біразырақ демін алды.
Жарым күн шамасында сол тоғайда,
Жалтырап бір-екі от тұтанды.
Олжекем «бұл қалай?» деп отырғанда,
Жанған от барған сайын жақындады.
«Қатерлі іс екен,—деп,—мұның өзі»,
Қамшысын екі бүктеп қолына алды.
Басында от көрінген тым алыста,
Бұл оттан пайда болды бір арыстан.
Жақын кеп жатып қалды жер бауырлап,
Кез болған Олжабайға бұл бір дұшпан.
Оттай боп жалтыраған екі көзі,
Батырдың бір осындай келді кезі.
Біріне-бірі батпай түніменен,
Жатты ғой о да байқап өзін-өзі.
Арыстан таң атқан соң кетті жүріп,
Олжекем: «Бұл қалай?» деп қалды тұрып.
Бар екен Олжекемнің жолбарысы,
Арыстан бата алмады соны біліп.
Таң атып, тамақ ішіп, мініп атын,
Амандыққа шүкірлік айтып батыр.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ер Олжабай далада келе жатса,
Бір жалғыз үй тұр екен, келді жақын.
Ол үйден шыға келді кемпір ана,
Деп айтты: «Қайдан келдің,—дейді,—бала?
Ел-жұртыңды жау шауып, жалғыз қалып,
Деп айтты,—боп жүрсіңбе жеке дара!»
Батыр айтты: «Елім аман, көңілім жаман,
Осындай бір қасірет бар-ды жана.
Жесірлік бір атымды жауға алдырып,
Себеппен келіп тұрмын бұл араға».
Кемпір айтты: «Ей, балам, енді нандым,
Сырыңды ішіңдегі сен шығардың.
Жау қолына қойғанша жайтаңдатып,
Бар болса, жер жүзінде тауып алғын.
«Ат—адамның қанаты» деген сөз бар,
Тірі болса, қолға алып, пайдаланғын.
Жайнаған жай тасындай жас баласың,
Боларсың жұрт ағасы талайлардың».
Олжабай сөз сөйлейді лебіз ашып:
—Анажан, сыр сұрастық ұшырасып.
Адамсыз көпті көріп, көп жасаған,
Қарашы талығымды бір бал ашып.
Балаға көңіл түсіп кемпір ана:
«Мақұл» деп құмалақты қойды жайып.
Сөйлейді құмалақта көргендігін:
—Туыпсың, әй, иә, балам, бақытың асып.
Бақытың зор, әй, иә, балам, дұшпаның қор,
Етпеген екенсің ғой бұрында жол.
Бағана бір топ адам кетіп еді,
Дұшпаның байқап қалдым екен ғой сол.
орта жүз олжабай батыр
Оңыңда қырық бірдің Қызыр сынды,
Бұл сапар, Құдай біледі, болады жол.
Мен-дағы тілеулеспін, жолың болсын,
Қайыр қош, иә, шырағым, қош-аман бол!
Олжабай кемпірменен амандасып,
Бұны естіп қабақат судай тасып:
Талас суын қыдырып Әулиеата,
Келіпті Тоқпақ, Піспек бәрін басып.
Атбасы тауын өрлеп, Ыстықкөл мен,
Кезеңді Әтеке келді асып.
Аулына Әтекенің келіп тұрса,
Тайкөк ат байлаулы тұр құп жарасып.
Олжабай атты көріп іші қайнап,
Садағын қолына алды енді ыңғайланып.
Ауылға бейғам жатқан салды бұлік,
Қолына алып жасыл туын «а, Құдайлап».
Қырғыздар бұл жұмыстан жаман сасып,
Бұлар да шығып жатыр тобын сайлап.
«Мың қарғаға бір кесек» дегендейін,
Ақыры қырғыздарды шықты айдап.
Әтеке өз көзімен мұны көрді,
Тоқтатып қырғыздарды, жауап берді:
—Мұнымен ұрыспаңдар, тілімді алсаң,
Бұл өзі күшін сынап, жалғыз келді.
Атын беріп, жөніне қайтаралық,
Біз-дағы бүлдірмелік бекер елді.
Әтеке қорыққанынан Олжабайдан,
Құрметті сөзін айтып бұған енді.
Әтеке сөз сөйлейді Олжабайға:
—Иә, балам, кез боп қалдың осы жайға.
Талабың таудан үлкен, бақытың асқан,
Мен де жолдас болып ем бірталайға.
Татулыққа, шырағым, дүние көп,
Таласпалық қырылып жалғыз тайға.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Достасып алысалық қолда барын,
Қоялық уағданы бір Құдайға.
Олжекем осы сөзге ризаланып,
Дос еткен Әтікенің тілін алып.
Құрметтеп Олжабайды қанша қырғыз,
Батырдың ордасына түсті барып.
Достасып Әтеке мен ер Олжабай,
Жатыпты бірнеше күн демін алып.
Бір тоғыз Тайкөк атқа және қосты,
Еліне қайтты батыр олжаланып.
Әтеке әрі досы, әрі аға,
Беріпті тоғыз кісі жолдас жана.
Кейінгі қолдан аман асып түсіп,
Барыпты аман-есен Тәшкен қала.
Қасында жолдасымен есендесіп,
Қайтарған қош айтысып сол арада.
Тәшкенде біраз күндей сайран етті,
Көрген жан Олжабайды қайран етті.
Олжабай сол бетімен төмен құлап,
Еліне Қарақалпақ келіп жетті
Кез болып бір қария осы жерде,
Жөн сұрап Олжабайдан жауап күтті.
—Руым орта жүзде Сырда жатқан,
Сүйіндік—елім, аты емес мақтан.
Қырғызда Әтекемен жекжат едім
Бұл сапар жолым солай келе жатқан.
Ол адам сөз сөйлейді жауап беріп:
—Иә, балам, сені тұрмын тәуір көріп.
«Бір жұрты ер жігіттің қайын» деген.
Бір атты қайтпаймысың бізге беріп.
Кел дағы жыл айналып, қызымды алғын
Уағдам тап осылай болсын берік.
Олжабай оған айтты: «Сөзіме бақ,
орта жүз олжабай батыр
Қызыр қонған жігітке қонады бақ.
Бұл атты бере алмаймын бұл сапарда,
Осы ат болып еді бізге аманат.
Қиянат аманатқа ете алмаймын,
Бұл сапар сізге беріп кете алмаймын.
Аман болса кеп қалар тағы кезім,
Мәнісін сұрасаңыз біздің жайдың».
Олжабай осы сөзбен жүре берген,
Аман-сау туып-өскен жерге келген.
Бөгенбай батыр кепті даңқын естіп,
Ерлігін Олжабайдың елі көрген.
Бөгенбай құтты болсын айта келді,
Жас бала аралапты талай жерді.
«Үш жүзде Олжабайдан асар жан жоқ»,
Бөгенбай осылайша баға берді.
Екі батыр дос болып құшақтасты,
Айбыны екі бағлан жұрттан асты.
Орта жүздің ұраны жұрт ұйыған,
Ерген жас екеуіне судай тасты.
Олжабай Бөгенбайға қатты салмақ,
Бар еді сол заманда құба қалмақ.
Бір жылы сол қалмақпен соғыс болып,
Сарысудың өзеніне түскен аңдап.
Олжекем шалқасынан ұйықтап жатса,
Барады бір мезгілде бой шымырлап.
«Олжабай шошыр ма екен жыланға» деп,
Бөгенбай қарап тұрды мұны барлап.
Бір жылан үстін басып, тіл шығарып,
Сол заман ауызына болды бармақ.
Олжабай білді мұны хабарланып,
Енуге жылан келді даярланып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Аузына жылан басы енгенінде,
Тіспен қырқып тастады басын алып.
Бөгенбай мынау іске қайран қалды,
Қасында Жанатайға айтты барып:
—Жанатай, саған сондай бір іс болса,
Қалайша құтылар ең амал тауып?
Жанатай сөз сөйлейді Бөгенбайға:
—Әруақ зор осы күні Олжабайда.
Ондайлық қатер іске кез боп қалсам,
Етпеспін қапелімде оған айла.
Тәуке хан Құба қалмақ алған жеңіп,
Бір-бірін қалмақ, қазақ тату көріп.
Тәукенің бұл күндері жасы жетіп,
Қартайып кәрілікпен жатқан шөгіп.
Торғауыт қалмақ шығып сол заманда,
Қазақты күннен күнге кетті жеңіп.
Абылай, Әбілмәмбет заманында,
Қалмақтар жер шыбындай кетті өріп.
Қоңтайшы ол қалмақтың болған ханы,
Қазаққа сол уақытта тиді зары.
«Ақтабан, шұбырынды» заманында,
Қазақтың жауда кетті көп мал-жаны.
Қоңтайшы бұл қазаққа зәрін шашып,
Қазақ елі туған жерден босып-қашып.
Сырдың бойын қуалап қалың қалмақ,
Түркістан, Ақмешітті қалған басып.
Қазақтың ол заманда батырлары:
Қабанбай, Бөгенбай мен Олжабайы,
Сырымда Малайсары, Жанатаймен,
Өмірлік жолдас болған Жасыбайы.
«Дос болған ту ұстасып екі батыр»
Деп айтар Олжабай мен Бөгенбайды.
орта жүз олжабай батыр
Бөгенбай ол уақытта асқан батыр,
Болыпты өз еліне алтын шатыр.
Соғысып бір жорықта Қоңтайшымен,
Қалмаққа салған екен заманақыр.
Қоңтайшы жеңіп жүрген одан бұрын,
Қазақта қастығы бар, ниет қырын.
Қалмақтың ортасына қырғын салып,
Алыпты Қоңтайшының екі қызын.
Қыз атын деп айтады: «Лағба, Лаба»,
Ұқсаған екі сұлу күн мен айға.
Таңдауға түскенінде екі қызды,
Бөгенбай былай деген Олжабайға.
—Олжабай, жасың кіші, ақылың дана,
Бұл күнде олжа болды бұл қыз бала.
Қайсысын көңілің қалар, сіз алыңыз,
Олжа алғын қалауыңша бұл арада.
Олжабай Бөгенбайға ырзаланып,
Лағбаны алған екен түрін танып.
Лаба қыз Бөгенбайға жар болыпты.
Өмірді өткізіпті рахаттанып.
Солардан туған бала кейін күнде
Жүріпті «қалмақ» деген атақ алып.
Бөгенбай ол баланы алғаннан соң,
Дүниеге Саққұлақ деп бір ұл келген.
Туыпты тағы бір ұл Саққұлақтан,
Бөгенбай «Олжабай» деп атақ берген,
«Болсын,—деп,—Олжабайдай ел ұраны»,
Солайша Олжабайды артық көрген.
Баласы орта жүздің арғын, найман,
Тәукеге заманында бақыт қонған.
Үш жүздің балалары бір қоныс боп
Барлығы Сырдың бойын мекен қылған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бас қосып арғын, найман бір қоныста,
Олжекем орта жүзге ұран болған.
Сарысу, Арқа есігі—Арғанаты,
Айдабол Төртуылды қоныс қылған.
Жайлауы—Нұра суы еді мұның,
Сала мен Домбыралы бетегелім.
Моншақты Құланөтпес, Шідерті өзен,
Сілеті, Қарасеңгір, Шалқар белім.
Сапырып сары қымыз қаздай қалқып,
Шарықтап тамашамен жатқан елім.
Батырдың Малайсары жөні басқа,
Қайраты қайтпас, салса да қара тасқа.
«Өлген жерде өлелік бәріміз» деп,
Бір-бірін жау қолына тастамасқа.
Сол уақытта құба қалмақ Қалдан Шерін
Қастасып қазақпенен мінген атқа.
Зорлығы Қалдан Шерін шектен асты,
Қырғындап қазақ елін асып-тасты.
«Бұл қалмаққа бір тыю салайын» деп,
Абылай хан батырлармен ақылдасты.
Сол уақытта батырлары Абылайдың
Уақ Баян батыр жауға айдын.
Балтакерей, Тұрсынбай, Бердіқожа,
Көкжарлы көкжал Барақ—бәрі дайын.
Сырымды Малайсары ескі батыр,
Барлығы басшы еткен Олжабайды.
Қаншалық көп ерлерін ертіп алып,
Абылай Қалдан ханға қанат жайды.
Бұларсыз жауға Абылай аттанбайды,
Олар жоқта көңілі шаттанбайды.
Еліне Қалдан Шерін келіп түсіп,
Бір жерден тауып алды жақсы жайды.
орта жүз олжабай батыр
Әскерін түсіріпті үшке бөліп,
Үш түрлі үшеуіне атақ беріп.
Айтады: «Кезеуілші—біріншісі,
Екінші—тосқауылшы тәуір, көріп.
Үшіншісі айтады салықшы»,—деп,
Олжабай жүреді екен соған еріп.
Келгенін Абылайдың Қалдан білді,
Ой ойлап: «Соғыссам,—деп,—неше түрлі».
Жасанып жан-жағының бәрін жиып,
Қазақпен қарсыласып бұлар тұрды.
Аттанып Абылайдың батырлары,
Екі жақ есебі жоқ қырылады.
«Қазақты бұл өнермен алмаспыз» деп,
Қалмақтар дарбазаның құлпын алды.
Кеш түсіп сол заманда уақыты болып,
Батырлар мекеніне қайта барды.
Қазақтың батырлары сондай мықты,
Ол күні қанша қалмақ қырылыпты.
Абылай сонда тұрып батырларға
Бір күні «іс еткін» деп бұйырыпты.
—Сөз тыңда,—деп айтады,—Малайсары,
Ел үшін құрбан,—деген,—ердің жаны.
Бердіқожа, Көкжарлы Көкжал Барақ,
Қақпаны қиратыңдар қаптап бәрің.
Бұл істі қабыл көріп тамам батыр,
Ұмтылды оқ жаудырып садақтардан.
Қалыпты Малайсары жараланып,
Белінен оқ тиіпті қаны ағып.
Олжабай Малайсары халін көріп,
Отыр еді жолдасына қапаланып.
Сонымен өз қосына алып барып,
Қойыпты дәрі жағып, белін таңып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Атына екі жақтан қамшы ұрып,
Бір қалмақ келді дағы жалғыз шауып:
—Олжабай, қамал бұзған батыр деуші еді,
Қатындай қашып жүрсің мұнда не қып?
Қалмақтың сөзін естіп,
Олжабай атқа мінеді.
«Әруақ, маған жар бол» деп,
Пірінен медет тіледі.
Тайкөкті тайдай ойнатып,
Тор көз сауыт жайнатып,
Қолына алды ыңғайлап
Алтынды садақ, жебені.
Артық туған Олжабай
Абылайға келеді.
«Туды маған бергін,—деп,—
Қайратымды көргін» деп,
Қолында алмас берені.
Бере салды Абылай,
Ешбір жауап демепті.
Мылтықтан түтін тұман боп,
Қақпаға жетіп келеді.
Абылайдың ақ туын
Қолына батыр алып тұр,
«Олжабайлап» оқ атып,
Ұранын айтып салып тұр.
Барлық қазақ жабылып,
Өкпелері қабынып,
Қалмақтарға оқ атып,
Қыран-топан салып тұр.
Қалмақ тұрған қалаға
Асырып атқан оқтары
Бұршақтайын жауып тұр.
Ақиқат сөз бұл өзі,
Ішінде жоқ мақтаны.
Басқасымен жұмыс жоқ,
орта жүз олжабай батыр
Келе салып Олжабай,
Бүкірмен шапты қақпаны.
Есі шығып қалмақтар,
Олжабайды атқаны.
Батыр туған Олжабай
Сонда дағы саспады.
Атқан оғы қалмақтың
Олжабайдың қолына
Тиіп, өтіп кетпеді.
«Қақпасын бұзып өтем,—деп,—
Мұратыма жетем» деп,
Қалмаққа сондай өшікті.
Оқ тигенін білген соң:
«Алды қалай болады,—деп,—
Туды маған бергін» деп,
Тұрсынбай батыр жетіпті.
Мақұл көріп Олжабай,
Тұрсынға туды беріпті.
Бір қақпаға таласып,
Қақпаның бұзып бір жағын,
Қалаға қазақ еніпті.
Қорған толған көп қалмақ,
Ашылып есік қалған соң,
Шыбындай өріп келіпті.
Қалмақ, қазақ қосылып,
Қызыл қаны жосылып,
Бір зор қырғын көріпті.
Аянбай соғыс етті атпен шауып,
Оқ тиер деп асылында етпес қауіп.
Қылыштасса, қырылмай жан оңа ма,
Талай қалмақ қалыпты қырғын тауып.
Екі күн соғыс болды бір күн тынбай.
Соғыста қарап тұрмас қылыш ұрмай.
Астында сары қасқа атқа садақ тиіп,
Сол жерде жаяу қалды хан Абылай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтар қаптап кетіп байлап алған,
Олжабай бір жақ шетте абайламай.
Қалмақтар Абылайды кетті алып,
Қазақтың басына бір қайғы салып.
Олжабай Абылайынан айрылғанға
Қапа боп тұра алмады қатуланып.
Қара Ертістің бойында қалмақтарға
Сол күні қырғын салды қайта барып.
Олжабай соғысады намыстанып,
Ақырып арыстандай ойран салып.
—Абылайдан айрылған қазаққа өлім,
Қалайша ел-жұрт болмақ, онан қалып?!
Абылай қолға түсті қайран ерім,
Ол кеткен соң сынады менің белім.
Жасымнан «Олжабай» деп атым шығып,
Қайтып көрем Арқаның енді жерін?!
Абылайдан аяған жан неге керек,
Не бүгін Абылай азат, не бізге өлім.
Қайырылды Абылайдай ағасына,
Қайраттың түсті Олжабай сабасына.
Қақ жарып қалың қолды сол уақытта
Барыпты Қалдан Шерін ордасына.
Оқ атып темір қақпа бұзса дағы,
Қалмақтар жібермеді арасына.
Олжабай жүрсе дағы қырғын салып,
Қалаға енгізбепті мың сан халық.
Қалмақтың бір батыры Шарыш деген
Бұрыннан атақ алған мағлұмданып.
Ұрыста Олжабайға тура келіп,
Шабыста қайтқан екен байлап алып.
Шарышты ер Олжабай байлап алды,
Онан соң өз қосына қайтып барды.
орта жүз олжабай батыр
Қайғырып Қалдан хан да батырына,
Сонымен Олжабайға кісі салды.
«Сәлем де Олжабайға, ерді берсін,
Сөзіме достық айтқан шындап сенсін.
Көнбесе бұл жауапқа батыр болса,
Жекпе-жек соғысамын, өзі келсін.
Қорықса ұрысуға меніменен,
Кісімді берсін дағы кете берсін».
Осылай келген кісі айтып отыр:
—Бұл сөзге, ей, Олжабай, сен не дерсің?
Олжабай күйінеді мына сырға,
Сөйлейді қаһарланып қалмақ сұмға:
—Қашатын қатын емен айтқан серттен,
Қалдан Шерін қалауынша келсін мұнда.
Ол қалмақ осы сөзбен кетті қайтып,
Көргенін Олжабайдан берді айтып.
Қалдан да қаруланып, қатуланды,
Көрмеген дұшпанынан беті қайтып.
Қалдан хан келді сонда майдан жерге,
Дұшпанын ерегескен көзі көрді.
Қалдан айтты: «Ей, Олжабай, қапы қалма,
Қолымнан сендейлердің талайы өлді».
Қалданның осы сөзін ұғып тұрды,
Садақтың жез айылын һәм суырды.
Олжабай шауып келіп атқанында,
Мылтығын Қалдан ханның талқан қылды.
«Өмірде мұндай атқыш бола ма?» деп,
Қалдан хан осылай бір айтты сырды.
—Олжабай, кеше сені көріп едім,
Ерлігіңе шын баға беріп едім.
Жан батпаған қақпаны бұзып-жарып,
Қатты ұрысып қалаға кетіп едің.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ойлап едім: «Қақпа бұзған қандай қазақ?»
Сындырып мылтығымды, салдың азап.
Қан төгіскен қырғынды біз қояйық,
Арамызда татулық жүрсін ұзақ.
Ат берді алтын жауып, бір арғымақ,
Достасып болмақ қылды жақсы талап.
Дүниеде татулықпен тұрмақ болып,
Серттесіп, ақ мылтықтың аузын жалап.
Олжабай қайтып алды Абылайын,
Қалдан Шерін біліпті батыр жайын.
Қалмақтың батырын да қайтып берді,
Ұзайтып басқа сөзбен не қылайын.
Олжабай олжалы боп қайтты еліне,
Жан көрінбес батырдың бір өзіне.
Жасыбай, бәсентиін, таз руы,
Жас батыр бірге жүрген өмірінде.
Осындай Олжабайға бақыт қонған,
Қошемет келіп жатыр оң мен солдан.
Атқан оқ Олжабайға тимеген соң,
Абылай «Қужарғақ» деп атын қойған.
«Бақыты асқанның басына таяқ тимес»,
Дұшпанға ерегескен салады ойран.
Олжабай өз еліне келгеннен соң,
Орта жүз «он сан» болып тойын қылған.
Орта жүздің қуанып барлық елі,
Қадірлеп алдырыпты Едігені.
Олжабай орта жүзге ұран болып,
Бастады осылайша әңгімені.
Барлық ел қойдай шулап бата қылып,
Сары ала туды беріп белгіледі.
Олжабай, Бұқар жырау, Едігемен,
Мұнан жоқ орта жүздің өтер ері.
орта жүз олжабай батыр
«Ақтабан, шұбырынды...» заманында
Айтайын бір хадиса әңгімені.
«Ақтабан шұбырынды...» заманында,
Қазақтың қоныс таппай қалғанында.
«Қазаққа қоныс тапсам,—деп айтады
Олжабай,—шыбын жаным аманында».
Арқаның барлық жонын аралады,
Еділ мен Жайық, Ертіс аралары.
Есіл мен Алтай тауы, Арғанаты,
Ұлытау, Сарысу мен шамалады.
Бұл жердің қыры—киік, ойы—балық,
Көргеннің сүйсінеді шыбын жаны.
Мың жылқы жатса дағы көрінбейді,
Жаз жайлау, қыс қыстауы, жалғыз сайы.
Күрең түс бетегеден ат жүрмейді,
Көрінген құр аттай боп құлын-тайы.
Аралап ер Олжабай бәрін көрді,
Тауына Баянаула тағы келді.
Бетегеден ат жүрмес сондай шүйгін,
Бұл жерді талай жерден тәуір көрді.
Көкшетау, Қарқаралы, Өлеңтімен
Шідерті ұзын аққан өзендері.
Бес ата қоныс етіп осы жерді,
Жанқозы, Малқозы мен Қоңырбелді.
Қыстауы болды сонда Баянтауы,
Қалмақ боп тұр қазақтың сонда жауы.
Жаз жайлауы Ерейменнің сырт жағында,
Құланөтпес, Қушоқы деген тауы.
Сән-салтанат, сәулеті сондай артық,
Бетеге, қарақияқ көздің жауы.
Көрінбес жатқан жылқы шыққан шөптен,
Оралған бір ыңғай боп бие бауы.
5-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Нұраның өзені аққан саласында,
Ұлытау, Ортатаудың арасында.
Өлеңті, Шідертінің өзендері
Алакөл құйылады сабасына.
Сапырып сары қымыз сансыз жылқы,
Орта жүз орда болған баласына.
Сол уақта құба қалмақ қайта жау боп,
Бір жанжал түскен екен арасына.
Әмірсана қалмақ қашып өз елінен,
Жүріпті Абылайдың панасында.
Олжабай Қоңтайшының қызын алған,
Туысқан жақын екен о басында.
Әмірсана жүрген екен қашып келіп,
«Олжабай—күйеуім» деп, жақын көріп.
Күңгірлек кезеңіне қол қаптады,
Сол жерде барлық ел де тұрды біліп.
Ішінен жеті кісі бөлек шығып,
Аулына Олжабайдың келді жүріп.
Қалмақтар сөз сөйлейді Олжабайға:
—Тыныштық сіз бен бізге болар пайда.
Сұратты Әмірсанды құба қалмақ,
Сонымен келіп тұрмыз осы жайға.
Достық етсең, бересің Әмірсанды,
Олжабай қай жақ пайда өзің ойла.
Бермесең, тірі болып кетер жан жоқ.
Бүгіннен соғысатын майдан сайла.
Олжекең бөгелген жоқ көп сөз ойлап,
Қызарып екі көзі оттай жайнап:
—Әмірсана—жар түбінде жетім тоқты,
Қолымнан бере алмаймын оны байлап.
Осындай бір-біріне қарсы келіп,
Батырдың ойларына түсті желік.
Қалмақтар өз қосына қайтып барып,
Жау сұрын бір-бірінің анық көріп.
орта жүз олжабай батыр
Сұрала туын алып ер Олжабай,
Шақыртты ел-жұртын, хабар беріп.
Атқа мінді Олжабай,
Қолына жасыл ту алып,
Жауатын күндей сұрланып,
Түсі қашып қуарып,
Алмастай соққан ақ семсер,
Заһарға салып суарып.
Қырық жігіт қырланып,
Жасыбай батыр ырғалып,
Асып туған Олжекең,
Алтынды садақ бәрі жай,
Тайкөк деген тұлпарға
Мінді сонда оңданып.
Батыр туған Олжабай
Сиынып жаппар Құдайға,
Жай тасындай жайнатып,
Уаң* тұлпарды ойнатып,
—Әмірсанды бергін,—деп,—
Қайратымды көргін,—деп,
Шықты қалмақ бір қырға.
Шідертінің басында,
Күңгірлектің тасында,
Арыстандай ақырып,
Олжабай барды сонымен
Қалмақтардың қасына.
Садақтың алды астына,
Шоқпар ұрды басына,
Қарсыласты қалың қол,
Дұшпандық деген осы да.
Бір-біріне қатыспай,
Ақты бір қандар жосыла.
Бақыты зор Олжабай,
Сондайлық тұрса оқ жауып,
Тимейді садақ басына.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қамданып келген қалмақтар
Қайтар емес соғыстан,
Бұлт орнаған таудай боп,
Біріне-бірі тоғысқан.
Өлгендердің саны жоқ,
Қызыл қанға шомылып,
Тамаққа тойған сауысқан.
Ат бауырын қағыпты
Қалмақ, қазақ хандары.
Бір-бірімен салысып,
Жараланған таңдары.
Он күндей ұдай ұрысып,
Аянбастан қырысып,
Көптігімен қалмақтың
Қазақтың кетті сәндері.
Жара түсіп тәніне,
Өзі сенбей әліне,
Қазақтың кетті әлдері.
Бұл қалмақты жеңе алмай,
Қызығын қашқан көре алмай.
Қанша қазақ қырылып,
Жолдасына сене алмай.
Жаратқанға жалынып
Жылады сонда Олжабай:
—Қор қылмағай дұшпанға-ай,
Жаратушы бір Құдай.
Нағашым едің үйсінде,
Қуат бергін, Қаратай.
Өмірде бетің қайтпаған
Жар бола гөр, Бөгенбай!
Орта жүзге ұран боп,
Абыройым кетті ме,
Қамдана гөр, Жасыбай!
Қашпаған соң қалмақтар,
Олжабай батыр сасыпты.
Шақырып әруақ сиынып,
орта жүз олжабай батыр
Көзінің жасын шашыпты.
Әптиек айтып Олжабай,
Мінәжат Хақтан сұрады.
Тайкөктің тартып тартпасын,
Толғап мойнын бұрады.
Жасыбайды қасына ап,
Енді қырғын салады.
Шідертінің басында
Қатты соғыс болады.
Олжабай тартты садақты,
Рүстемдей талапты.
Он бір күндей шабылып,
Тайкөк деген тұлпары
Жолбарыстай жарапты.
Қашты қалмақ сол кезде,
Ойдағы тастап талапты.
Көш жолымен шұбырып,
Есепсіз қалмақ қырылып,
Баян тауын жанапты.
Қалмақ енді бір сайға
Садақты қардай боратты.
Атысты сайға тығылып,
Оқтан жатыр қырылып,
Өзен өрлеп шапқанда,
Қайқайып садақ тартқанда,
Қалмақтың тиіп бір оғы
Жасыбай қалды жығылып.
Астындағы Қоянкөк,
Қайта тұрды, сүрініп.
Атының жалын құшақтап,
Кейін қайтты Жасыбай
Пірлеріне сиынып.
Жасыбайдан әл кетті,
Жалғыз жүріп Олжабай
Қалмақтарды дендепті.
Баян таудың ішінен
Қуып шықты қалмақты,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қашқан жаудың соңынан
Мылтық оғын зымыратты.
Қалың қазақ бір сергіп
Қалмақтан иығын босатты.
Шідертінің басынан
Қалмақ қашты құйылып.
Өлген қалды далада,
Қорым тастай үйіліп.
Бір сергіді қазақтар,
Дүние тауып сүйініп.
«Қалмаққырған» атанды
Сондағы жүрген жерлері.
Баянтаудың көлдері,
Қоңыр салқын белдері.
Қара Ертісті қаптатып,
Қалмақты атқа таптатып
Бір сын болды қалмаққа
Алтай таудың белдері.
Олжалы болып ұранды ел,
Орта жүздің ерлері.
Алтай таудан әрі асып,
Артын бағып қарасып,
Еліне қайтып жөнелді,
Қалмақтың сынып белдері.
Қалмақты таудан асырып,
Дұшпанын елден қашырып,
Өлігі қалды қалмақтың
Бір адырды жасырып.
Оқ жыландай орғытып,
Тайкөк атты Олжекең
Тобылғыдай қатырып.
Орта жүздің ұраны,
Олжабайдың әруағы
Жаһанға кетті шашылып.
Олжекең елге келді қайта айналып,
Ерлігі орта жүзге болған қанық.
орта жүз олжабай батыр
Ел қорыған ерлерге өлшеу бар ма,
Жатыпты соныменен бір дем алып.
Ал тағы бір әңгіме басталады,
Халайық, тыңдаңыздар құлақ салып.
Құба қалмақ тұсында тыным бар ма,
Ерлерді қобалжытқан неше айналып.
Сақау ақын айтады екен бұл сөздерді,
Солардан жеткен мирас бізге қалып.
Олжабай орта жүзде ту ұстаған,
Балапан тұйғын құстай құныстанған.
Қолының қоспасынан оқ тисе де,
Ту ұстаған жерінен жылыспаған.
Осындай дәурен кешкен ер Олжабай.
Дұшпанын ерегескен ала берген.
Арқаның айдын шалқар даласында
Олжабай ойнай-күліп қызық көрген.
Бітіріп дау-жанжалды жұрт ішінде,
Қарамай жақындыққа төре берген.
«Олжабай есен болса, ел аман» деп,
Абылай осылайша оған сенген.
Олжабай болған еді шарапатты,
Ел-жұртына көрсетті рахатты.
Жасанып отырады күндіз-түні,
Күрмелеп байлап қояр Тайкөк атты.
Жағалап Ертіс бойын қалың қалмақ,
Арқада қазақтарды тағы шапты.
Әбілмәмбет еліне қалмақтар кеп,
Бір күні байқаусызда қырғын тапты.
Бектері келген сайын елді шауып,
«Ел екен» деп етпепті биттей қауіп.
Сырын деген қалмақтың батыры бар,
Қазақтар қала берген қырғын тауып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ел болып ақылдасып, басты қосып,
Бір күні Олжабайға барған шауып.
Атқа мінді Арқадан
Орта жүздің баласы.
Қалмақтан келіп қалың қол,
Жыртылған соң жағасы.
Тоғыз күндей соғысып,
Келмеген соң шамасы:
«Олжабайға барсақ,—деп,—
Етекке басты салсақ,—деп,—
Келеді жұрттың ағасы.
Қалмақтан жеп таяқты,
Халқының кетіп мазасы.
Орта жүздің ұран ед,
Толыбайдың баласы».
Қос атпенен шапқыншы
Олжабайға келіп тұр.
Жайын айтып басынан,
Көздің жасын төгіп тұр.
—Бізге қалмақ жау болып,
Жазаны жұртқа беріп тұр.
Тілегенің, Олжеке,
Орта жүздің баласы.
Алдыңа келген туғанның
Арызын тыңдап қарашы.
Елімізді жау шауып,
Қызыл қанға бояды
Бұл Ертістің жағасын.
Сырын деген бір қалмақ
Бүлдірді келіп жұртыңды.
Сарыарқаны шаңдатып,
Жылқыға салды қиқуды.
Күнде келіп шабады,
Бұзып тұр сүйтіп ұйқыңды.
Ажыратқан ажалдай
Қалмақ деген көп халық
Кетіріп барады сиқымды.
орта жүз олжабай батыр
Олжекем бұл хабарды естіп қанды,
Орғытып Тайкөк атқа мініп алды.
Өмірлік жан жолдасы қырық жігіт,
«Дабыл» деген дауысын бір шығарды.
«Жау шапты елімізді» дегеннен соң,
Сауытын дулығамен киіп алды.
«Затсыз қалмақ қайда,—деп,—ел шабатын»,
Олжекең Ертісті өрлеп тұра салды.
Қалың найман соғысқан бұдан бұрын,
Жау алудың білмеген тіпті ебін.
Қалмақтар өз білгенін істеп жатқан,
Қазақтар көрген жаудан күнде шығын.
Бәсентиін Сырымбет Олжабайға
Баяндады қалмақтың ішкі сырын:
—Сырын деген батырға кез боп тұрмыз.
Қайратты бір антұрған екен зұлым.
Мен бұған таппай тұрмын ешбір айла,
Көрінсем деп ойлап ем осындайда.
Қалмақтың көптігі сол қарағайдай,
Бекініп бұл Ертісті жатыр сайда.
Естіп білді Олжекең
Қалың найман жауабын.
Дулығаның сыртынан
Баса киді телпегін.
«Қор етпе,—деп,—дұшпанға»,
Пірден медет сұрады.
Белде қылыш найзамен,
Жез айыл берен садақ-ты.
Қырық жігіт қырындап,
Етек-жеңін түрініп,
Қалмаққа қойды енді атты.
«Олжабай» деп ұрандап,
Ертістің бойын шаңдатты.
Қарсыласып қалмақпен,
Мылтық, садақ зырлатты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақ деген зәнталақ
Қырық жігітті көрген соң,
Жиылды бұл да анталап.
Екі ғасыр қосылып,
Қызыл қанға жосылып,
Бірін-бірі паршалап,
Қалмақ-қазақ екеуі
Араласып кетіпті.
Ажалдыға оқ тиіп,
Қазасы сол күні жетіпті.
Тайкөкпенен Олжабай
Суда жүзген жайындай,
Қақ жарып ішіне өтіпті.
Мылтықтан түтін тұман боп,
Бірі—айдаһар, біреуі—
Жылан болып кетіпті.
Шоқпарлары күрсілдеп,
Ат тұяғы дүрсілдеп,
Найза, қылыш үні жоқ,
Жарқ-жұрқ етіпті.
Олжабай мен Сырынның
Бір келмеді кездері,
Қызыл қанға толыпты,
Батырлардың көздері.
Сайдан ақты қызыл қан
Қалмақтың өлген жерлері.
Кешке шейін соғысып,
Бірін-бірі жеңбеді.
Күн батқан соң соғыстан
Барлығы да тарады.
Барабанын қағады—
Жаудағының жауабы.
Өз қосына барған соң,
Қазақтарды санады.
Екі жүздей қазақтан
Отыз бопты сол күні,
Соғыста өліп қалғаны.
Қалмақтан ешбір хабар жоқ,
орта жүз олжабай батыр
Тауып алып өлгенін,
Апарып отқа жағады.
Түніменен Олжабай
Қайғыланды қамығып,
Ішпепті тамақ терленіп,
Қалмақтың беті қайтпады.
«Жеңбедім,—деп,—не қылып?»
Сарғайып таң атқаннан,
Қалмақ бейқам жатқанда
Жөнелді ерің шабынып.
Қарамады Олжабай
Қазақтың қалған қолына.
Тайкөкпен тау асып,
Бір сайдың түсті жолына.
Қалмақтың артын айналып,
«Бір түссем,—деп,—соңына»,
Ертіс суын жағалап,
Көп ағашты паналап,
Шықты сүйтіп оңына
Сары ала туын жайнатып,
Бір кезеңнен Олжабай
Шыға келді тұйғындай
Тайкөк атты ойнатып.
Шақырлап сулық шайнатып,
Шашақты найза қолға алып,
Жұлдыздай көзін жайнатып,
Барабан соғып ұрысқа,
Шығамыз деп қалмақтар
Отырған асын қайнатып.
Олжабайлап ұрандап,
Қалмаққа тиді сонымен,
Садақ, мылтық зырлатып.
Жер астынан жау шығып,
Босатты қалмақ жосынын.
Сасқалақтап қалмақтар,
Етігін басына киеді,
Атқа теріс мінеді.
«Қылышым» деп садағын,
Салбырата іледі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сабыры кеткен қалмаққа
Олжабай сүйтіп кіреді.
Асып туған Олжабай
Ойлады сонда айланы.
Шіреніп тартып садақты,
Елді аузына қаратты.
Сансып жатқан қалмақты,
Жеке жүріп жайғады,
Түске шейін соғысып,
Қазақ та келді болысып.
Қалмақтың кетіп сәндері:
«Болмады,—деп,—жолымыз,
Олжабай болды сорымыз,
Қашып соғыс қылам» деп,
Бұзылды қалмақ ойлары.
Бір топ қарға ішінде
Бүркіттейін ойнады.
Бестау, Сырымтауынан
Қалмақты қуып асырды.
Бір өзі көпке төтеп боп
Түсірген соң жасылды.
Бір кезеңнен асқанда
Қиялап жартас, шатқалды,
Сонда көрді Олжабай
Сырын деген асылды.
Сырын менен Олжабай
Қарсыласып алысты,
Қарсы найза салысты.
Екеуі де атақты ер
Бірдей ойлар намысты.
Бір-бірінің басына
Шоқпар жатыр ұрылып,
Бір-бір салып өтеді,
Қайта айналар бұрылып.
Олжабай шапты қылышпен,
Сырын ердің сол кезде
орта жүз олжабай батыр
Бір қолы қалды жұлынып.
Қашты қалмақ сонан соң,
Атқа қамшы ұрылып.
Қия жол қалың шатқалда
Ылдилап төмен шапқанда,
Жан аямай қашқанда,
Бір тас қағып тізесін,
Қалды Сырын жығылып.
Құтылмасын білген соң,
Олжабайдан өтініп,
Қол қусырып Сырын ер
Құлдық етті иіліп.
—Жан сауға,—деді,—батырым,
Бар емес пе ақылың?
Қолға түстім қолыңмен
Байқайын істің ақырын.
Сол жерде Сырын ерді байлап алды,
Өзінің тұлпарына мықтап таңды.
Қырғыннан қалған қалмақ көп еңіреп,
Тоз-тоз боп еліне кетіп қалды.
Ер жігіт ел-жұртының ырысы ғой,
Жаудан қорғап және де олжа салды.
Басқа да елде батыр толып жатыр,
Арада жер мен көктей парқы бар-ды.
Ерлігін Олжабайдың көзі көріп,
Бәсентиін Сырым батыр сөз шығарды.
Көп алғыс айтып еді Олжабайға:
—Бақытты бала туса, елге пайда.
Он күндей біз соғыстық бұл қалмақпен,
Бітпедік олжаланып жалғыз тайға.
Олжабай екі күндей араласып,
Қалмақты қырып бітті жалғыз сайда.
Нағашың Қаратайға тартыпсың-ау,
Ол ер де сұмдық еді осындайда.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Олжабай сөз сөйлейді Сырымға:
—Оқ тимес ажалсызға жүрсе қайда.
Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз,
Сырым-ау, бұрынғының сөзі қайда?
Осыны Олжабай ер сыйға алғын
Сырыңды өз қолыма қайтып беріп,
Ашуды ойыңыздан һәм шығарғын.
Осылай Қалдан Шерін хатты берді,
Елшісі Олжабайға бір күн келді.
Сөздің жөнін бастан-аяқ естіген соң,
Олжекең барлығын да қабыл көрді.
Сырыңды байлауынан босатады,
«Біз дағы барамыз» деп қоштасады.
Босанып Сырын батыр кеткеннен соң,
Қуанып ел-жұртына жол тартады.
Олжабай қырық жігітпен шықты жолға,
Бармақ боп, шақырған соң Қоңтажыға.
Қанша жан қарсы шығып қарсы алдынан,
Қалдан хан сый көрсетті ер Олжаға.
Олжабай күйеу болып сонда жатты,
Өткізді ойын-сауық салтанатты.
Той тарқап, тамашасы біткеннен соң,
Ұзатты Тименсайын перизатты.
Қырық қыз, қырық жігіт пен тоқсан қара ат,
Тағы да тоқсан боз ат сыйға тартты.
Алты қанат ақ орда бір үйменен
Олжабай қуанышпен елге қайтты.
Сөйлейін біразырақ өткендерден,
Қазақтар Сыр бойында жүрген еді.
Қазақтан жиырма бір батыр шығып,
Хан көтерді Абылайды.
Абылай билеп тұрды дәл сол кезде,
Жауынгер болды қазақ көрер көзге.
Алмаққа Сарыарқаны даярланып,
Қырық батыр сол уақта жаһан кезді.
Соғысқа даярланды хан Абылай,
Қалмақтар Сарыарқаны бере ме жай!
Абылай батырларын жібереді,
Қалмақтан тартып алмақ Сарыарқаны-ай.
Жөнелді қырық батыр Сырдан өтіп,
Қалмақты қуалады дүркіретіп.
Қалмақтар қырық ерге шыдай алмай,
Орталық Ерейменге келді жетіп.
Ол кезде қалмақ ханы Қалдан Шерен,
Бермеске о да ойлады тұрған жерін.
Жинап ап барлық жайсаң батырларын
Айтады Қалдан Шерен іштің шерін.
Інісі Қалдан Шерен Сару батыр,
Жиналып батыр, билер келіп жатыр.
Қазақпен соғысуды ақылдасып,
Әрқайсысы өз білгенін айтып жатыр.
Олжабай және
қырық батыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айтады Қалдан Шерен: «Соғыспайық,
Қазақтар алып қойды Еділ-Жайық.
Екпіні қазақтардың аса жаман,
Кетейік Сарыарқадан біздер тайып».
Әй, халқым, мен айтамын сендерге ақыл,
Қазақтың қырық ері келді жақын.
Келеді бойға сеніп бұл қазақтар,
Халқым-ау, айырамын мұның парқын.
Келеді бойға сеніп бұл қазақтар,
Ал, біздің оған қылған не жазық бар.
Мақсаты—Сарыарқаны бізден алу,
Ішінде Олжабайдай батыры бар.
Ұрысты біз қояйық қазақтармен,
Біздің де күшіміз бар, неміз кем?
Қорқамын жалғыз жүрген қасқыр адам,
Жүреді сондай жалғыз бойға сенген.
Мінгені қазақтардың қара көк пе,
Соғысып, шамаң келмес, құр қан төкпе.
Онан да елшіменен бітісейік,
Шыдатпас ер Олжабай жекпе-жекте.
Ал сонда, Сару батыр сөз сөйлейді:
—Еш уақыт мұндай сөзге көнбен,—дейді.
Олжабай—жалғыз басты о да адам
Онан мен де батыр кем бе?—дейді.
Қартайдың туған ағам Қалдан Шерен,
Соғыспай бере алмаймын туған жерім.
Қазақтың қырық ерін жалғыз қырам,
Қазақтың қанша болса да көп әскерін.
Соғысқа өзім барам қолды бастап,
Алдымен Олжабайды алам ұстап.
Сегіз мың маған қазір қол жина,—деп,
Ағасын Қалдан Шеренді тұрды қинап.
олжабай және қырық батыр
—Тілімді ал осы жолы, інім Сару,
Күшің де мол, бәрі де сай барлық қару.
Болсаң да қандай күшті, шамаң келмес,
Қол сермеп оқ жетпеске ойды бұру.
Тілімді ал осы жолы, Сару, тоқта,
Бойға сен қарамайсың өзің жоқта.
Боласың осы жолы өзің жазым,
Сен босат Сарыарқаны, сөзді ұқ та.
Сол кезде Сару батыр ашуланды,
Сегіз мың өңкей батыр жинап алды.
Шат болып «Қазақтарды қырамыз» деп,
Тауына Шүршітқырған бұлар барды.
Жиналды Шүршітқырған қалмақ қолы,
Болжаусыз қазіргінің болмақ сөзі.
Көптікке Сару батыр мақтанады,
Сарудың ажал айдап келген жолы.
Сол кезде қазақ қолы тауда еді,
Қалмақтың қалың қолын бұлар көрді.
Көрген соң қара құрттай жер қайысқан,
Таңырқап қырық батыр қарап тұрды.
Алады қару-жарақ қазақ сайлап,
Әр батыр көп ойланды жанын ойлап.
Қан қашып, жүрек қорқып, сұп-сұр болып,
Қарайды тастан бұғып бойлап-бойлап.
Қырық ер таң қалады жауды көріп,
Бір-біріне жан қиятын болған серік.
Соғысқа жүрек тайқып бата алмай тұр,
Бұл жолы қыла алмай тұр жауға ерлік.
Бұл жолы бата алмады ерлер қазақ,
Жаулар көп, хан Абылай, біздер аз-ақ,—
Деп айтып, көп батырлар шаба алмай тұр,
«Боламыз құр текке,—деп,—жауға мазақ».
6-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Олжабай іші күйіп, ойлайды ойды,
Бір ауыз жолдастарға сөзді қойды.
Қылкөктен жерге түсіп, айыл тартты,
Бекініп мықтап буып өзі бойды.
Абылай білді ерлер қорыққанын,
Сұп-сұр боп, тартты ішке қызыл қанды.
—Тағдырдан адам қашып құтылмайды,
Қай адам ұстап қалар қолға жанды?
Ерлерім, бұл тұрыста қандай мән бар,
Сіздерге болып тұр ма дүние аз?
Әрқайсың он мың жаудан қорықпайтынсың,
Аламыз осы жауға қорықпай бар.
Қорықпа жаудан, ерлерім,
Жау болғанмен ері кім.
Баласы қазақ қамы үшін
Әр жаққа қолды сермедім.
Сендер ең менің қуатым,
Дұшпандық сіздерге термедім.
Беттемей жауға тұрсыздар,
Ондай іс бұрын көрмедім.
Соғыспай жаумен қайтқаннан
Артық менің өлгенім.
Жалғыз да болсам барамын,
Тізе ашпай бәрің шабыңдар.
Көтеріңкі көңілім,
Айныса жүрек, жау алар,
Айнымай, жауға шабыңдар.
Сіздерге берген сенімім
Осы жауды алыңдар.
Ақ бетті жаудан қайтармай,
Сіздер ғой менің сенгенім,
Сарыарқаны алайық,
Қынына қылыш салайық.
Қазақтарға қоныс қылып,
Қалмаққа қырғын салайық.
Мынау жатқан көп жауға
олжабай және қырық батыр
Сүргінді қазір салайық.
Әр қазақтың қамы үшін,
Қаһарман батыр ерлерім,
Осы жауға барайық.
Атты сулап, айыл тартып,
Бес сөткелік ұрысқа
Қажымай соған жарайық.
Осы жауды біз алсақ,
Артына қалмақ қарамас.
Жан-тән тәтті, ерлерім,
Бес сөткелік бұл жауға
Болады соғыс аралас.
Не қып жаның шыдап тұр,
Малайсары, Олжабай,
Тұрғаны ерлер жарамас.
Жанға себеп бола ма
Ереймен тауы қоршаған,
Бола ма қорған қара тас?!
Шығар мезгіл таянды
Ат пен ердің өнері.
Батыр жігіт жау жүрек
Жау болар ердің құмары.
Бұл сөзді айтып Абылай,
Олжабайлап артына
Айналып ерге қарайды.
Бұл сөзді естіп Олжабай атқа мінеді,
Бола ма жауға шаппай бұларға енді.
Желігіп Қылкөгіне мініп алып,
Ағызып таудан төмен ол жөнелді.
Биік тау бастан шапты ол күн шалған,
Қалмаққа түс кезінде келе жатыр,
Өз атын Олжабайлап етіп ұран,
Олжабай шауып кетті елден бұрын.
Кім білді Олжабайдың сонда сырын.
Қалмады қырық батырдың бірі шаппай,
Барлығы тізе қосып келді артынан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мінгені қырық батыр бәрі тұлпар,
Жазықта шауып, тауда бұлар жортар.
Салуға жауды ортаға келе жатыр,
Қырмаққа қалмақтарды өңкей сұңқар.
Қалмақтар көрді шапқан қазақ қолын,
Сару да біледі екен соғыс жолын.
Сегіз мың қолға Сару айқай салды:
Қайнат,—деп,—қазақтардың анық сорын.
Алдында Сару батыр қарап тұрған,
Қалмақтар салған екен тастан қорған.
Ішінде мұндай соғысты шүршіт қырған,
Келеді тізе қосып қырық көкжал
Қалмаққа салмақ үшін қолмен ажал.
Күркіреп жауған бұлттай келе жатыр,
Түстері жалғыз көзді нағыз батыр.
Келеді қарсы алдында ер Олжабай,
Сару да шапты көріп оған қарай.
Екеуі кез келеді сол арада,
Екі ер тұра қалды көз аудармай.
Қырық ер «Абылайлап» қолға кірді,
Сары, Баян, Малайсары қырып жүрді.
Абылай, Қаз дауысты Қазыбек пен
Қасқырдай қойға кірген көтті түрді.
Қуандық Қарашолақ, ол Қошқарбай,
Ақмырза, жүйрік атты ол Бөгенбай.
Қалмаққа қырық бөрі араласты,
Қырып жүр қорған толған тұрымтайдай.
Қап-қара шаңдақ басты қара тұман,
Қырық ер салды қалмаққа ақырзаман.
Қара қан судай ақты сол соғыста
Айрылды ерлерінен Абылай хан.
Соғысып көкжал ерлер тарап кетті,
Олжабай, Сару ерден аңда кепті.
олжабай және қырық батыр
Бір-бірін жеңісе алмай ұрысып жүр,
Сой еді екеуі де жекпе-жекте.
Кигені бұл екеуі болат сауыт,
Шақылдап қылыш шабар ауық-ауық.
Бір мезгіл тартысса да жағынан,
Бір-бірін жыға алмайды, табан ауып.
Ұрысты бұл екеуі дәл үш күндей,
Дамылсыз ұрысып жүр бойды бермей.
Екеуі түсе қалып күрес соқты,
Төрт сөтке жағаласты көзді алмай.
Бір мезгіл Олжабайдың халі кетті,
Қасына Малайсары келіп жетті.
—Аман ба, жан жолдасым Олжабай ер,
Қызыл қан өне бойым, мінеки, тән.
Қалмақтың бір ерімен соғыспадым,
Олжабай, бұл Саруды өзіме бер.
Қырғаным үш-төрт күндей жаман-жәутік
Жолдасым, бұл Саруды көрмейсіз бе?
Білмейтін сақау қалмақ сол секілді
Қамшымен бір-ақ ұрсаң, өледі тек.
Олжабай мұндай сөзді көрген жоқ-ты,
Сару да осал емес, ол да мықты.
Жинап ап барлық күшін екі қолға,
Олжабай көтеріп ап жерге соқты.
Олжабай ол Саруды алып ұрды,
Қасында Малайсары қарап тұрды.
Мініп ап Сару батыр кеудесіне,
Сауытын Сару ердің батыр түрді.
Жармаққа оңтайланды ер Олжабай,
Суырып бүкірді алды оң қолына-ай.
Сол жерде Сару батыр сөз сөйлейді,
Тізерлеп басып жатты ол тұрғызбай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Олжабай, енді менің жоқ арманым,
Мен-дағы төрт күндей қармандым.
Тілін алмай Қалдан Шерен келіп едім,
Төгілді осы арада менің қаным.
Қинамай шыбын жанды тез өлтірсең,
Олжабай, қуаты мол нағыз ерсің.
Сәлем айт Қалдан Шерен өз ағама
Соғыспай Сарыарқаны саған берсін.
Тұра ма қарап батыр ішін жарды,
Ат-тоны, сауыт-сайман бәрін алды.
Мініп ап Қылкөк атты ер Олжабай,
Соғысып жатқан жерге өзі барды.
Ат аяқ қызыл қаннан ала алмайды,
Бір-бірін сонда қазақ танымайды.
Кетіпті бұрын бірақ Малайсары,
Ортаға ап төрт мың қалмақ қамалайды.
Жете алмай Малайсары боз арғымақ,
Көп қалмақ Малайсарыны алған қамап.
«Олжабай жолдасым» деп шақырады,
Салып жүр жаяу соғыс «Абылайлап».
Көп қолға кіріп кетті ер Олжабай,
Дауысын естіген соң сабыр қылмай.
Жолдағы көп қалмақты басып-жаншып,
Мінгізді аман-есен ол атына-ай.
Сол жерде тізе қосып соғыс салды,
Олжабай бүкір қылыш қолына алды.
Шалғымен шапқан шөптей қырып жатыр,
«Абылай қайда екен» деп ойға алды.
Абылай Қазыбекпен о да келді,
Олжабай аман екен, бұлар көрді.
Сары, Баян, Жәнібек те аман-есен
Тағы да бұл соғысқа келіп кірді.
олжабай және қырық батыр
Аралас соғысқа кірген қызуы,
Тайкөкті мінді Олжабай,
Бүкірді алып қолына.
Қалмаққа кірді ашынып,
Қарамайды жолына.
Арыстандай ақырып,
Абылайлап шақырып,
Төрт мың қалмақ түк қылмас,
Түспесін құрған торына.
Қорғанға кірді Олжабай,
Ол жақ, бұ жақ ойнайды,
Алды-артына қайрылып,
Көз қызарып, домығып,
Соғысып жүр қылыш ұрғылай.
Қорғанға кірген мезгілде
Қалмақ қашты дүркірей.
Қанатты тұлпар—Тайкөк ат
Қорықпастан шауып жүр
Жал-құйрығы зуылдай.
Дәл бес күн болды көрген жоқ,
Қызыл қаннан іздеп жүр
Інісін-туысқаны Құлжабайды.
Келді сонда Құлжабай,
Бірге келді Қошқарбай.
Қызығын көріп батырдың,
Соққызды дабыл Абылай.
Дауысын танып дабылдың,
Жиналды сонда бірі қалмай.
Қырқын да аман көрген соң,
Тайкөктен түсті Олжабай.
Амандасты сол жерде,
Алдына келіп Абылай.
Жеті мыңы өліпті
Кәрі-құртаң жамандар,
Қашып кеткен бір мыңдай.
Қашып барып айтады
Қалдан Шерен ханына-ай.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Олжаға батты қазақтар,
Ерейменге үй тікті.
Ойын-сауық, қызықпен
Жатты біраз Абылай.
Қалдан Шереннің Саруды жоқтағаны.
—Амал бар ма, қайтемін,
Ішімді, Сару, күйдірдің.
Тағдырға дауа болмайды,
Жылауменен қан жұтып,
Ағаңның бойын идірдің.
Бір туысқан бауырым,
Еңіреп туған ер едің.
Түбіме жетті Сарыарқа,
Пайдасыз құрғыр қу жерің.
Айтып едім болмадың,
Қанша ойлап, толғандым.
Қорқып едім қазақтан,
Сен едің менің қорғаным.
Олжабайдан басқамен
Қан майданда соғыссаң,
Бәрін түгел қырар ең.
Олжабай екен ол күшті,
Әрі батыр, әрі есті.
Жамандауға жатпайды,
Егескен ердің бірі өлмек,
Өлмепті Сару ат үсті.
Талаптанып кім шығар
Қазақпенен күресіп,
Олжабай, Абылайды құртпаққа.
«Жалғыз қызым берем,—деп,—құлдан туған»,
Сарудың құнын мен алсам,
Сонда қоям егесті.
Қыз алмақ боп батырлар,
Түсті қалмақ кеңеске.
Мың батыр шықты іздеуге,
Жасырын шықты бір кеште.
олжабай және қырық батыр
Абылай көшіп, Қорықты Ащысуына орда тікті,
Алуға Сарыарқаны болды үмітті.
Олжабай қалмақтардың туын жықты,
Баянның арасында бір асу бар,
Жалғыз жол тас пен ағаш арасы тар.
Қалмақтың бір батыры бұғып жатып,
Сол жерде қаза тапты көп қазақтар.
Бір күні ер Олжабай шықты тауға,
«Табам,—деп,—дарақыны өзім сауда.
Қалмақтың таудағы ерін өлтірем» деп,
Олжабай бұғып кетті ол қарауға.
Олжабай қарағайды аралады,
Тас тастан, садақ қолда көп қарады.
Олжабай жатқан қалмақ бұрын көріп,
Садақпен қос өкпеден тартып қалды.
Жығылды тас басынан қалмақ мұрттай,
Қарыштай оқ өтіп кетті бір қан жұқпай.
Қашады Баянтаудан қалмақ қолы,
Баянды тастап қашты түнде оқтай.
Бетімен қалмақ қашты, болды босу,
«Бір тосқан мың асқанға,—деген,—тосу».
Көтеріп қалмақ ерін Баянды алып,
Ат қойды сол асуға Жасыбай асу.
Абылай Сабындыкөлге тікті үйін,
Баянды ап, барлық қазақ болды жиын.
Тауына Қалмаққырған қалмақ қашты,
Соғысқа қалмақтарға болды қиын.
Бір күні хан Абылай бұйрық берді,
Қырық ер қалмақтарға қарсы жүрді.
Тауына Қалмаққырған келген кезде
Қалмақтар қазақ қолын тағы көрді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтың жиналыпты он мың қолы,
Қазақтың тағы болды анық жолы.
Батыр аял қыла ма ертең таңға,
Аралас соғыс болды, кімнің соры.
Көп қалмақ тастан қорған соққан екен,
Қалмаққа Қалмаққырған ойлап мекен.
Тарамай қазақ қолы кіріп кетті,
Қорғанды бұзды Олжабай қалмақ сенген.
Қорғанда болды үлкен қан төбелес,
Екі жақ соғыс салды, болып егес.
Қазақтан Дербісәлі батыр өлді,
Болды ғой екі жақ та көп қан төгіс.
Үш күндей соғыс сондай басылмады,
Басылу қайда соғыс асқындады.
Қан ақты қорған іші тасқын судай,
Жер дағы аяп, түршігіп тұрған сынды.
Бір жақта Олжабай жүр қырып қалмақ,
Сары, Баян, Малайсары қырар таңдап.
Жәнібек, Қазыбек те салып қырғын,
Бөгенбай бұ да қырды парлап-парлап.
Тұрысып күнде соғыс, бетті алды қазақ,
Батырлар бұл соғыста көрді азап.
Қазақтан алты жүздей адам өлген,
Шығынын Абылай хан алды санап.
Қалмақтан өлген жанға сан жетпейді,
Қалмақ та өз өлігін есептейді.
Ор қазып екі жаққа көмді өлігін
«Тоғыз мың сонда қалмақ өлген» дейді.
Олжабай бұзды қамал, соққан қорған,
Сол жерді қазақ алып орнап тұрған.
Көп қырғын екі жақтан болғаннан соң
Ат қойған осы тауға Қалмаққырған.
—Айналайын, жан ана,
Рұқсат маған бер, ана.
Кеткен қолдың артынан
Мен де жетіп барайын.
Қалмақтан кекті алайын,
Қайтпасын менің талайым.
Жаратқан Ием жар болса,
Жауға ойран салайын.
Бір Құдайым жар болса,
Қалмақтан кекті алайын,
Көпке олжа салайын.
Осы жолдан тоқтатпа,
Қайтпасыншы талайым.
Артынан барып атама,
Араласып қалайын.
Сыртынан жүріп атамды
Жаудан қорғап қалайын.
Атаңа нағылет, ит қалмақ,
Жетісудан айырды.
Қыз бен ұлың құл болды,
Табанында жүн болды.
Бұл ызасы қалмақтың
Өтірік емес, шын болды.
Енді, ана, кетемін
Атам кеткен ізімен,
Әлі-ақ қуып жетемін.
Райымбек батыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ал сонда баласының кететініне көзі жеткен соң, анасының
батасын беріп тұрып айтқаны:
—Ей, балам, жай қолыңды,
Жәрдем болсын Құдайым.
Медет тілеп пірлерден,
Бір Құдайға жылайын.
Алла оңғарсын жолыңды,
Сенің үшін, ей, балам,
Мен құрбан деп жылайын.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Адасса, жолға салып жүр,
Сыртынан қорғап бағып жүр.
Су атасы Сүлеймен,
Жаратқан Құдай жар болып,
Әруақтар бағып жүр.
Алла оңғарсын талабын,
Ашсын Құдай талайын.
Шын тіледі шырағым,
Не деп алып қалайын?!
Қалмақтан кекті алдырып,
Көңілдің бітір жарасын.
Құл етер күн болар ма,
Ит қалмақтың баласын.
Сескенбей жүр, шырағым,
Атаңа жетіп барасың.
Жолбарыс болсын жолдасың,
Пірлер сені қолдасын.
Ал сонда Райымбек батыр анасының батасын алып, сауыт-
қалқанын киіп, жауға керекті құралдарын толық асынып,
атасы Ханкелді бастап кеткен көп сарбаздардың артынан ізіне
түсіп, Аллаға сыйынып, жолға түсті:
«Оңғар, Алла жолды!» деп,
Пірлеріне сыйынып,
Сауыт-сайман киініп,
райымбек батыр
Алла деп батыр жөнелді.
Кеткен қолдың соңымен,
Атасының жолымен,
Басына киген қалқаны
Жарастықты тонымен,
Бүкектетіп келеді,
Кейде аяңдап желеді.
Ойпаң жерден сырғытып,
Жарлау жерден қарғытып,
Аш бөрідей бүгіліп,
Сызып кетіп барады.
Астындағы Көкойнақ,
Бауырынан жарады.
Қолтығынан аққан тер
Тебінгіден сылпылдап.
Төрт тұяқтан шыққан от,
Шақпақ тастай жылтылдап.
Келе жатыр Көкойнақ
Ұршық еті бұлтылдап.
Құдай берген балаға
Айласы көп сананы,
Тауыса алмай кетіп барады,
Алыс жатқан даланы.
Жүрген жолын байқады,
Кеткен қолдың шамалап.
Бір тоғайға кіреді,
Іле өлкесін сағалап.
Жолбарыс шықты алдынан,
Жүрер жолын қамалап.
Айдаһардай ақырды,
Құйрығын жерге сабалап.
Жолбарысты көрген соң,
Садағын қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Батырдың тартқан садағы
Жолбарысқа жетеді,
Жүректен барып өтеді.
Сонда батыр қуанып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бас салып мұны өлтіріп,
Терісін сойып бітеудей,
Шөп жұлып тығып ішіне,
Тірі кейпіне келтіріп,
Мінгізіп ап артына,
Алға қарай кетеді.
Мұның аты жолбарыс,
Кейде жүні бір қарыс.
Бүкек-бүкек желеді,
Кейде шу деп жас батыр,
Кейде аяңдап келеді.
Алдына тұрған белеске,
Сыдырып шығып қараса,
Кеткен қолды көреді.
Қарасын елдің көрген соң,
Жетіп келді жас батыр
Кеткендердің қасына,
Жалаң құрал асына.
Сәлем беріп бұл тұрады
Үлкен-кіші жасына.
Алған киіп қалқанын,
Жарқыратып басына.
Алмас қылыш белінде,
Садағын алған асына.
Тақымына тұрмайды,
Көкойнағы секіріп.
Келген жерін байқаса,
Ілеге кеткен сең жүріп.
Жолын тауып өте алмай,
Сарбаздардың бәрі де
Жатқан екен бекініп.
Райымбек батыр бұл тұрды,
Іленің суын жағалап.
Түсуге суға ойланды,
Қанатын құстай сабалап.
Мінгескен жүр жолбарыс,
Жиналды халық қамалап.
«Қайдан мұны алдың?» деп,
райымбек батыр
Сұрады көп жұрт шамалап.
—Жолбарыс шығып алдымнан,
Арыстандай ақырды,
Атып алдым жүректен
Садағыммен батырды.
Жиналған сарбаздар Райымбек батырды көріп, қасына
келіп:
—Балам, руың қай ел, кімнің баласысың?—деп сұрады.
Сонда Райымбек батыр тұрып: «Әкелер және құрбылар, сіздер
менің кім екенімді қазір сұрамаңыздар. Мына сел жүріп жатқан
суға түсемін, Алла жол берсе, сіздерді өткіземін. Сонан кейін
танысалық. Сіздер маған баталарыңызды беріңіздер»,—деп
бата сұрады. «Бала ыңғайлы екен, бата берелік» деп көпшілік
шуылдап, батасын берді. Райымбек батыр көптің батасын алған
соң өз атын өзі шақырып: «Райымбек, Райымбек!» деп тасып
жатқан суға іркілместен түсіп, ар жаққа өтіп, ар жақты жағалап
көріп, қайта бері өтіп келеді, қалың сарбаздарға айқай салды.
—Сіздер енді дем алып жатыңыздар. Маған қырық кісі, сек
сен арқан беріңіздер және қолдарында айбалтасы болсын,—деді.
Айтқанын дайындай берді. Қырық жігітке қамыс, тал орды
рып, оны құшақ жетпес етіп байлатып ұзындығын Іле суының
еніне жететіндей етіп дайындап: «Бір басынан арқан байлап
мен тақымыма басып ар жаққа өтемін, сіздер артқы жағынан
итеріп суға түсіріп, дем беріп айдаңдар»,—деп, өзі Көкойнақпен
тақымына басып ала жөнелді. Аман-есен байланған қамыстың
басын ар жаққа алып өтіп, мықтап бір ағашқа байлап, қайта
өтіп келіп, екінші басын байлап қойды да, «дем аламыз» деп
тамақтанып, жатып қалды. Ертеңіне қараса, екі ат қатар
өтетіндей күзер болып байланып қалған. Сарбаздарға хабарлап,
барлығын жиып алып, аман-есен судан өткізіп алды. Судан
өткен соң жиылып тұрған сарбаздарға аттан түсіп, сәлем беріп
тұрып, айқайлап өзін таныстырды:
—Менің руым—албан, оның ішінде алжан, Ханкелдінің
немересі, Түкенің баласымын,—деді. Сонда жиналған халық
Ханкелдіге айтты:
—Мынау менің немерем деп кешеден бері бірден айтпадың
ба, қандай шыдамды едің,—деді. Ханкелді тұрып айтты:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Мынау менің немерем деп мақтаныш қылып айтудың
қажеті жоқ. Болар бала өзін ерлігімен танытсын. Мен бұл ба
ланы жас деп, айтпай, жылқы ішіне тастап кетіп едім. Міне,
артымыздан қуып жетіп, өте алмай, қамалып жатқан бізді
судан өткізді. Енді бала сіздердікі,—деді. Сонда топ басы ба
тырлар тұрып айтты: «Осы соғысқа Райымбек басшылық етсе
дейміз»,—деп, барлық сарбаздар бір ауыздан шуылдапты,
тілегін қауым қабыл алыпты.
—Жалпы, жаумен соғысқанда ұран біреу-ақ болсын. Бәріміз
Райымбектің атын шақырып «Райымбек, Райымбек!» деп
ұрысқа кірелік,—деді. Бұған да барлығы қосылып, солай бол
сын десті.
Сонда Райымбек батыр тұрып айтты: «Егер олай болса, сіздер
шын ықыластарыңызбен баталарыңызды беріңіздер»,—деді.
Рыскелді батыр бастап барлығы шуылдап, батасын берді. Сонда
Райымбек батыр тұрып айтты:
—Мен халқым үшін, осы батасын беріп тұрған сіздер үшін
бұл соғыста қасықтай қаным қалғанша, аянбай ерлік етуге уәде
берем,—деді.
—Алпыс кісі алып, мына Іле жағалап жатқан қалың
қалмақтан мінуге ат, ішуге азық дайындаймын,—деп Райым
бек батыр жүріп кетті.
Алла деп батыр ұмтылды,
Қалмақтың көріп қарасын.
«Төрт түлік малын айдалық,
Қалдырмастан танасын.
Дұшпаннан малды айырып,
Құрталық сөйтіп, шарасын».
Шеттен кіріп жылқысын
Бір-бір бастан айдатты.
Қарсы келген қалмақтың,
Екі көзін жайнатты.
Райымбек батыр көк атты
Қалмаққа келіп ойнатты,
Заманақыр қалмаққа,
Осы жерде ойлатты.
Құлдықта жүрген қазақты
Бір-бір бастан босатты.
райымбек батыр
Мінгізіп оған жақсы атты,
Жетелетіп тағы алды,
Кісі басы қос атты.
Жылап жүрген қазақты
Келе сала босатты.
Іледегі қалмаққа
Тағалы тай қоймайды.
Айдап жүріп малдарын,
Райымбек терең ойлады.
Осыменен батырың
Қайта келді қосына,
Заманақыр орнады
Тексіз иттің басына.
Қалмақ шыдап келмеді
Райымбектің қасына.
Найзасы бар қолында
Беліне қылыш асына.
Айдаған малды көрген соң,
Сарбаздары қазақтың
Жиылып келеді
Райымбектің қасына.
Райымбек сонда айтады:
—Қалмақ шауып сіздерді,
Кеткен малың осы ма?
Мен сиынып Құдайға,
Ақырзаман орнатам
Кәрісі мен жасына.
Жараулы атын ұстаңдар,
Кел, жиылып қасыма,
Алда жатыр көп жұмыс,
Ағалар, енді тасыма!
Ал, сонда, Қорын ханның жақсы атын бағатын Әжіке деген
бай қалмақ бар екен. Іледегі малының амандығын білейін деп
келсе, тағалы тай қоймай, қазақ сарбаздары шауып алып кет
кен. Бір Әжікенің малы емес, Іле өлкесіндегі қалмақтардың
малын тұтас сипаған және бір мұнша адамның өлігін көреді.
Әжіке мұны анықтап байқайын деп тоғай аралап келіп қараса,
жер қайысып жатқан сарбаздарды көреді.
7-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Бұл қазақтар қалай келіп кірді?—деп қалмақтардан
сұрады. Қалмақтар айтты: «Райымбек деген жас жігіт бар,
сиқыр екенін, шайтан екенін білмейміз. Қарсы шыққан атты
омырауымен соғып жығады. Қылыш шапқанда көз ілеспейді.
Астындағы аты да сағым сияқты. Өзі ат үстінде жүріп ойнайды.
Осындай бір пәле сияқты адам көрдік, өзі «Райымбек, Райым
бек!» деп айқайлайды».
Бұл қазақ сарбаздарын әбден көріп, Әжікенің Қорын ханға
жылап айтқаны:
—Айналайын, ханымыз,
Қиналды біздің жанымыз.
Қазақтан келіп сарбаздар,
Талауға түсті малымыз.
Ішінде бар жас жігіт,
Ат ойнатып келеді,
Ұшқан құстай атылып.
Тізесін бұл жіберді
Қалмақтарға батырып.
Жылқыдан түк қоймады,
Ұрса, шалма түседі,
Асауға барып атылып.
Төрт түлік малды айдады,
Шеттен сойып жеп жатыр,
Сонда дағы тоймады.
Райымбек деген жас батыр
Нажағайдың отындай,
Жарқыратып қылышын,
Ауылға келіп ойнады.
Қолға түскен қалмақты
Домалатып байлады.
Астына мінген Көкойнақ
Тақымын қысып қойғанда,
Ұшқан құстай кетеді,
Көзді жұмып, ашқанша,
Көз ұшына жетеді.
Бір мезгілде қарасаң,
Ат үстінде тік тұрып,
Соққандай жел өтеді.
райымбек батыр
Тік тұрып қылыш сілтесе,
Алмадай басты кеседі.
Жалғыз шауып келгенде,
Қанша кісі жабылса,
Қас қаққанша қоймайды.
Екі көзін қарасаң,
Жанған оттай жайнайды.
Қазақ жатыр, ей, ханым,
Шабуға бізді қамданып,
Ашуланба, ей, ханым!
Ал, сонда, Қорын хан Әжікеден бұл хабарды естіген соң, бас
уәзірі Серкені шақырып алып былай дейді:
—Мына Әжіке Іледегі малдарды аралап барса, қазақтан
қалың сарбаздарын бастап келіп, Райымбек деген біреу Іле
өлкесіндегі малдарды жиып алды дейді. Бір мұнша адамдарды
да өлтірген. Бұл рас болса, қазақты Құдай айдап, бізге құлдыққа
келген екен. Сен қасыңа үш адам алып, барып біліп кел,—деді.
Серке үш адамды ертіп алып, жүрген бойдан Іле жағасында
жатқан қазақ сарбаздарына келді. Сол уақытта Райымбек ба
тыр ат ойнатып, қылышпен тал шауып, ат қарғытып жатқан
кезі екен.
Серке мұны көріп қайран қалады. Мынау қалай әдіс. Тіпті
ат та сағым сияқты ғой деседі. Қалай болса да, тіл алады деп,
бір адамын жіберді. Мұның елші екенін білген соң, Райымбек
батыр қасына Бақай батыр мен Аралбай батырды ертіп, Серкеге
келді. Келіп жөн сұрағанда Серке былай деді:
—Мен Қорын ханның бас уәзірімін. Сіздерге келген себебім—
Қорын былай деп тапсырма берді: «Қазақтар бізбен шабысамыз
деп әуре болмасын. Қолындағы малдарын қайырып және кел
ген айыбын тартсын да, аманында қайтсын. Қайтпайтын болса,
бірі де тірі қалмайды»,—дейді.
Сонда Райымбек батыр айтты:
—Сен Қорын ханға барғын. Арманда қалмай үш күн ішінде
толық дайындалсын. Төртінші күні Қорын ханның ордасын
бұзып, талауға түсіремін, тез қайт,—деді. Серке келіп айтты:
—Қазақ сарбаздарының келгені рас екен. Райымбек деген
бір жас жігіт былай деді: «Арманда қалмай, үш күн ішінде
дайындалыңдар» деді. Бірақ та менің байқауымша, осы келісі
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
өте қауіпті. Райымбек деген жас жігіт, біз барсақ, кәдімгі
сиқыр сияқты ат ойнатып, қылышпен тал шауып жүр. Қылыш
шабуы мен атының ойнауы сағым сияқты көрінеді.
Сонда Қорын ашуланып: «Сен өлімге келген қазақты сон
ша мақтап»,—деп, Серкені зынданға жапты. «Үш күн ішінде
Түргеннің аяғындағы қара далаға құралдарымен дайындал
сын» деп қалмақтарға бұйрық берді. Қалмақтар үш күн бойы
жиылып, қара құрттай болып келіп жатыр. Қазақ сарбаздары
на таяп келіп қалды. Жақындап, таяу келгесін қазақ сарбазда
рына Райымбек батыр былай деді:
—Сіздер осы жерде дайындалып тұрыңыздар. Мен сонау
жиылып жатқан қалмақтың ішіне кіремін. Қорын қалай деп
бұйрық беріп жатыр екен? Сондықтан қалмақша киіндіріп,
қалмақша тіл білетін төрт жігіт аламын. Өзім сыртымнан
қалмақтың үлкен қара шапанын киемін. Мен сол жиылып
тұрған қалмақтың өз ішінен бастаймын соғысты. Алла қуат
берсе, Қорынның басын алып, анау желбіреп тұрған туды жерге
түсіргенде сіздер «Райымбек, Райымбек!» деп кірісіңіздер,—
деп, жүріп кетті. Сол жүрген бойдан құжылдап жатқан қалың
қалмақтың ішіне кірді. Біреудің біреу кім екенін біліп бол
майды. Келсе, Қорын хан қалың қалмақтың ортасында, тудың
түбінде тұрып, былай деп бұйрық беріп жатыр екен:
—Анау қаптаған қазақтарды ажал айдап, қырылғалы келе
ді. Көбін қырып, өлтіріп, қалғанын мал бағатын құл етіңдер.
Райымбек деген біреу бар дейді. Соны маған тірі ұстап беріңдер.
Оны мен зынданда шірітіп өлтірейін. Мақтаған Райымбекті
Серкенің қасына қосып зынданға жабайын.
Райымбек тұрып: «Не айтып тұр?»,—деп қасындағылардан
сұрады. Қасындағылар Қорынның не айтқанын толық айтып
береді. Сонда Райымбек батырды ашу кернеп, үстіндегі шапа
нын лақтырып жіберіп, Қорынға қарай ұмтылды.
Сөйлеп тұрған Қорынға
Көк атты құстай ұшырды.
Жетіп келіп қасына
Тастаған шешіп шапанын.
Қылышын алып қолына
Қорын ханның сол жерде
Алмадай басын ұшырды.
райымбек батыр
Тігіп қойған жалауын
Сындырып, жерге түсірді.
«Райымбек» деген шу шықты,
Қазақ та жетті аралас.
Екі жақ кеп айқасты,
Қара жер қанға тұншықты.
Кешке дейін шабысып,
Кей адамның қолдары
Көтере алмай қарысты.
Райымбек батыр түзеді,
Қалмаққа қылыш шабысты.
Қылышын шауып батырың,
Ай шетінен кіреді,
Күн шетінен шығады.
Қарсы келген қалмақты
Қылышпенен ұрып жығады.
Кез келгеннің басын ап,
Қара жерге тығады.
Өзінен-өзі кей қалмақ
Аттан ұшып құлады.
Көк аттың еті қызған соң,
Түзеді енді шабысты.
«Бағындық» деп кей қалмақ,
Шығарды оқыс дабысты.
Оған дағы қарамай,
Қанын судай шашады.
Шыдай алмай қалмақтар,
Тауға қарай қашады.
Қалмақ қашып жөнелді,
Тау бөктерлеп жабындап,
Қазақ шауып келеді,
Арт жағынан жабырлап.
Күн батқан соң қалмақтар,
Сай-салаға тығылды.
Жолда өліп қалмақтың,
Қаншасы аттан жығылды.
Тау таспен қашып жөнелді
Секер ханға бармаққа,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалың қалмақ жөнелді.
Келе жатқан қазақты
Көкпектен тосып алмаққа.
Райымбек батыр келеді,
Алатаудың бөктерін
Қалмақтардан тазалап.
Райымбек батыр хан қазынасын бір жерге жинатып, тінту
салып жүріп, зынданына кездесіп, есігін бұзып қараса, баяғы
елшілікке барған Серке екен. «Саған не болды?» деп сұрағанда,
Серке айтты:
—Мен өзіңе елші болып барып, сенің айтқаныңды айттым.
Екінші, сенің өнеріңді айтып мақтап едім, «сен өлімге келген
қазақты мақтадың» деп, осында әкеліп жапты. «Райымбекті
ұстап, екеуіңді бірге дарға тартып өлтіремін» деді.
—Бізді дарға тартатын Қорын ханның өзі де далада қалды,—
деді Райымбек. Сонда Серке тұрып айтты:
—Мен сізбен өмірлік жолдас болып, мұсылман дініне
кіремін,—деп, Райымбекке еріп жолдас болды. Және қалмақтың
байларының көмбесін тауып беретін болды. «Ханның ордасын
қайта тінту керек» деді.
Серкені алып қасына,
Қайта кірді ордаға,
Көкойнағын ойнатып.
Орданы бұзды батырың,
Қатын менен баланың
Екі көзін жайнатып.
Тағы қойды сол жерге,
Қызы менен ұлының
Екі қолын байлатып.
Қазақтарға жіберді,
Құл етуге айдатып.
Өстіп алға жөнелді,
Қалмақты шауып қазақтар.
Райымбек батыр келеді,
Қалмақтарға шығарып
Неше түрлі өнерді.
райымбек батыр
Көкойнағы астында
Алғандай түлкі келеді.
Сай саланы қақтырып,
Тыққан мүлкін қалмақтың
Серкеге алды таптырып.
Қалмақтардың басына
Қара тұман орнатты.
Қылышы қолда жарқылдап,
Қарсы келген қалмақты
Шауып кетіп барады.
Астындағы көк аты
Аш бөрідей жарады.
Шелекті басып келеді
Малыбайды бет алып.
Тынбай қашты қалмақтар,
Тоқтамастан ер салып.
Райымбек батыр тоқтады,
Малыбайға жеткен соң,
Пірлері қолдады,
Қарасудан жол алып,
Дариядан өткен соң.
Зәбірлеп еді қазақты,
Қалмақ қашып қырылды.
Алладан тағдыр жеткен соң,
Қазақ келіп қаптады.
Сарбаздары қазақтың
Қалмақтың берді жазасын.
Қазақты шауып қалмақтар,
Жылатып еді баласын.
Райымбек батыр қазақ сарбаздарын Малыбайға толық жи
нап алып былай деді:
—Біз Алатаудың бірсыпыра жерін қалмақтардан тазарттық.
Енді Көкпектегі қалмақтардың бас ханын Секер ханды қол
ға алу үшін соғыс ашамыз. Мен астыртын кісі жіберіп, Секер
ханнан хабар алдым. Ол Қарауылдағы Ағанас ханды шақырып
алып, «қазақты Көкпектен тосып, ұстаймыз деп дайындалып
жатыр» дейді. Қалмақтар арманда қалмай, дайындала берсін.
Біздің сарбаздар бес күн дем алсын және аттары нашарлағандар
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
ат жаңалап мінсін. Сонан кейін екінші соғысты Секер ханға
ашамыз.
Қорын ханның қарауындағы қалмақтардан қашып шық
қандары Секер ханға келіп, «қазақ сарбаздары енді сізге бет
алды» деп хабарлап, жылап айтқан екен:
—Айналайын, Секер-ау,
Айтпаймын сөзді бекер-ау.
Қазақ шауып малдарды,
Топ-тобымен айдады.
Қарсы келген қалмақты
Домалатып байлады.
Қорын ханды, ей, ханым,
Қылышпен ұрып жайпады.
Астында бар көк аты
Қалмақты қойдай айдады.
Тышқан алған мысықтай
Қалмақтарды жайлады.
Астындағы көк аты,
Бейне құстай ұшады,
Жетіп келіп қалмақты,
Тақымына қысады.
Ертерек қамдан, ей, ханым,
Қалмаққа келген нышаны
Қара дала қан болды,
Қалмақтың басы дал болды.
Райымбек келді де,
Қалмақтарды жүн қылды.
Солқылдаған Қорынның
Басын кесіп, ти қылды.
Қой жайып жүрген қазақты
Қалмақтарға би қылды.
Әжікенің айтқанын
Өтірік емес, шын қылды.
Малыбайға қазақ қаптады,
Енді жаса қимылды.
Ажыратар күн бола ма,
Қазақтардан ұл-қызды.
Сарбаздары қазақтың
райымбек батыр
Қалмақтарды қор қылды.
Қайтып кекті аламыз,
Қолында қалды қазақтың
Ардақтаған баламыз.
Қатын менен қыздарды
Айырып қалай аламыз.
Ішім күйіп барады,
Тым болмаса қалмады
Сойып жеуге танамыз.
Жан қалмақтан қалдырмай,
Кескілесіп өлелік,
Қайтып тірі қаламыз,
Жи қалмақты басқарып.
Райымбек келгенде
Ұсталық біз де бас салып.
Жылайды балаң аш қалып,
Қазынаңда жүрмесін,
Қамданбасаң, тас қалып.
«Құлдыққа қазақ келді» деп,
Қорын өлді мастанып.
Айдарлының басынан
Тастады жұлып шашты алып.
Секер хан қашып келе жатқан қалмақтардан Қорын хан
өліп, қалмақты қазақ сарбаздары шауып келе жатқанын анық
естіп, Ағанас хан мен Арыс ханды шақыртып алып, былай деп
тапсырма берді:
—Қазақ сарбаздарын Райымбек деген біреу бастап келіп,
Қорынды өлтіріп, елін шауып, енді бізге бет алып келе жатыр,—
дейді.—Сондықтан сен екеуің тез қайтып, жауға жарайтын
адамдарыңды екі күн ішінде жинап, менің қарауыма жібер.
Бұл соғысты өзім басқарамын,—деді.
Секер хан «Барлық сарбаздар Көкпектің қара даласындағы
Ойрантөбеге жиналсын. Сен екеуің сай-саладағы малдарды бір
жерге шоғырландырып, қарауыл қойыңдар. Қолдан мал кетсе,
елден күш кетеді. Қазақтың жырынды қулары келіп, малдан ай
ырып жүрмесін»,—деп тапсырма берді. Секер хан Ойрантөбеге
ту тігіп, Барақ деген батырын Ойрантөбені басқарып тұруға тап
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
сырады. Қалмақтар дайындалып тұра берсін. Ендігі сөзді қазақ
сарбаздарынан естіңіздер.
«Алла» деп қазақ жөнелді
Секер ханға баруға,
Барып ойран салуға,
Тізесі өткен қалмақтан
Сөйтіп кегін алмаққа,
Көкпекті өрлеп келеді.
Кез келсе қалмақ алдынан,
Алмадай басын алмаққа.
Райымбек батыр жөнеді
Мойнын созып жан-жаққа.
Шықса қалмақ алдынан,
Ұшқан құстай бармаққа.
Сарбаздарын қазақтың
Райымбек бастап келеді,
Кейде аяңдап желеді.
«Секер ханға барған соң,
Шығарам» деп өнерді.
Жайлаған соң Қорынды,
Олжаға қазақ кенелді.
Көкпектің жиылды даласына,
Қалмақтың көзі жетпей қарасына.
Топтасыпты құрттай боп қалың қалмақ,
Жылқының таңдап мініп аласына.
Көкпектің жаңа шықты жазығына,
Алланың кім көнбейді жазуына.
Қазақты зәбірлеген Секер ханның,
Найзаны ұрам ба деп азуына.
Құдайым көмек берсе осы жерде,
Қалмақты сыйғызар ем
Бір тарының қауызына.
Торайғырдың тауынан
Төгіліп қалмақ кеп жатыр,
Тіккен тудың жағдайын
Райымбек батыр сұрады:
—Секер ханың осы ма,
райымбек батыр
Пірлерім жар болса,
Заманақыр орнатам
Секер ханның басына.
Жиналды қалмақ төбеге,
Қаз-қатар боп тізіліп.
Қазақ та жақын кеп қалды,
Қалмақты көріп қызынып.
Райымбек батыр келеді,
Ұшқан құстай сүзіліп.
—Айналайын, ағалар,
Жиылсын қалмақ асықпа!
Барып ойран салайық
Кірін жумас сасыққа.
Дайындалып тұрыңдар,
Арамыз енді қашық па?
Жиылды ма қалмақ толық кеп,
Көкойнағын баптады,
Түйіліп тұр батырың,
Қалмақты барып шапқалы.
Сарбаздары дайын тұр,
Қалмаққа қанат қаққалы.
Ал, сонда, қазақ сарбаздарының қарасын көрген соң, Секер
хан Ойрантөбенің басына тіккен туының қасына шығып, айқай
салып, қалай соғысу жөнінде кеңес беріп, «қазақтарды қырып,
Райымбекті тірі ұста!» деп Барақ батырына бұйрық беріп тұрған
кезде, Райымбек қалмақ тілін білетін және қалмақ киімін әдейі
кигізген адамдарымен құжылдап жатқан қалмақтың ішіне
кіріп кетіпті. «Қазақты қырып, Райымбекті тірі ұста!» деген
бұйрығын естіген соң:
Ыза кернеп батырын,
Садағын қолға алады,
Толғап тартып қалады.
Сөйлеп тұрған Секерді
Садақпен атып, құлатты.
Барақ деген батырын
Қылышпен шауып, сұлатты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тігіп қойған туларын
Сындырып, жерге жайратты.
Қазақ та жетіп аралап,
Қылыш сілтеп шайқасты.
Қара жерден шаң шығып,
Бірін-бірі байқасты.
Қалмақтарды сол жерде
Шулатып қойдай, жылатты.
«Райымбек» деген шу шықты,
Кескілесіп екі жақ,
Қара жер қанға тұншықты.
Сарбаздары қазақтың
Аянбай кіріп майданға,
Қара жерден шаң шықты.
Салысып жатыр екі жақ,
Қанша адамнан жан шықты.
Райымбек батыр сол жерде
Көк атпен кірді ойнатып,
Сілтеп қылыш қалмаққа,
Жығып салды майданда,
Екі көзін жайнатып.
О шетінен кіріп майданға
Бұ шетінен бір шықты.
Қарсы келген қалмақты
Қылышпен ұрып жығады.
Айқайлап келген батырын
Қара жерге тығады.
Кешке жақын болғанда,
Қалмақ қашып жөнелді
Торайғырдың тауына.
Қуып жетіп қазақтар,
Ұрды қылыш жауына.
Көк ат кетті қызған соң,
Атқан оқтай атылып.
Түсті қалмақ қолына,
Қазақтардың бас ұрып.
Қалмақты қойдай шулатып,
Шапқандай қасқыр ақырып.
Сарбаздары қазақтың
райымбек батыр
Келе жатыр жапырып.
Ағызды қалмақ қандарын,
Қара судай сапырып.
Жеткендерін ұрады,
Қылышпен шауып жапырып.
Тықты тауға қалмақты,
Жолбарыстай ақырып.
Шапты қылыш қазақтар,
Шапқандай шөп жапырып.
Қалмақ келіп тығылды
Торайғырдың тасына.
Ақырзаман орнады
Қалмақтардың басына.
Шыдап қалмақ келмеді
Қазақтардың қасына.
Қазақты талап жеп еді,
Сондағы қалмақ осы ма.
—Серке аға, енді тарт,
Секер ханның ордасына.
Қазақ сарбаздары Секер ханның ордасына келіп, толық
жиылып тұрды. Райымбек батыр қазақ сарбаздарын үшке
бөлді. Бірінші, Бақай батыр Алатаудың оңтүстік жағын таза
лап шығып, Шөладырдан табысуға уәде жасады. Екінші, Сатай
батырды Бұғыты басып, Іле өлкесін қалмақтардан тазартып,
Көктас асып, Шөладырдан табысуға өз қарауындағы сарбаздар
мен жібереді. Атасы Ханкелді батырға айтты:
—Сіз жер жағдайын білесіз, бізді бастап Ағанас хан мен
Арыс ханға апарыңыз. Ақырында барлығымыз Шөладырдан
бас қосалық,—деді. Аралбай батырға айтты:
—Сіз мына қалмақтан түскен малға ие болып, тиісті жеріне
жайғап қоярсыз. Халайық, қалмақтан күш кетті, шеттеп-
шеттеп сай-салаға мал тығып жүргендері болса, малдан айы
рып, жер тазалауымыз керек,—деді.
Ағанас ханға Райымбек батыр бет алып жөнелді:
Райымбек батыр келеді,
Таң да қазір ағарды.
Көкпек қалды, Торайғыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтардан тазарды.
Енді батыр ұмтылды
Ағанасқа баруға.
Қалмақтардан бір жола,
Босатып жерді алуға.
Ағанас ханды өлтіріп,
Қалмақты шауып алуға.
Келсе жетіп ханына,
Қалмақ қашып кетіпті,
Үйі қапты жалаңаш.
Мұны көріп батырың,
Алға қарай ұмтылды
Қашқан қалмақ ізімен.
Ақтоғайдың суынан
Өте қашқан қалмақты
Райымбек батыр көреді.
Көре сала батырың,
Қамшы басты көк атқа,
Екпіндетіп жөнелді.
Екпіндетіп батырың,
Шыбышының тауына
Енді жетіп келеді.
Қаптап келген қазақты
Қашып жүрген қалмақтар
Артына қарап көреді.
«Қазақ қуып жетті» деп,
Малын тастап қалмақтар,
Алға қарай жөнеді.
Қалған малды қазақтар
Әрбір жерге топтады.
Ағанас хан мен Арысты
Шабуға қылыш саптады.
Жауынгері қазақтың
Шөладырдың тауына
Енді келіп тоқтады.
Жаңалай атты мінді де,
Суытып оны баптады.
Ашу кернеп кей адам,
райымбек батыр
Әгар қалмақ көрінсе,
Садақпен тура атқалы.
Құдайдан жетіп қалмаққа,
Қазаққа қалды тапқаны.
Таңдап мініп жақсы атын,
Басына салды ноқтаны.
Райымбек батырың
Алдын-артын жиюға,
Шөладырға тоқтады.
Райымбек батыр алды-артын жиюға жата берсін. Ендігі сөз
ді Бақай батырдан естіңіздер.
Бақай батыр жөнелді,
Түргенді басып Асыға.
Сарбаздары қазақтың
Келе жатыр сабылып,
Алмас қылыш асына.
Тінту салып келеді
Сай-саланың тасына.
Қолдарында найзасы
Таққан үкі басына.
Қазақ қуып жөнелді
Қашқан қалмақ соңынан.
Малын жиып тағы алды
Далашықтың жолынан.
Қалмақ тынбай жөнелді,
Таушелекті сағалап.
Қашып келед тоқтамай,
Үш Меркені жағалап.
Сарбаздары қазақтың
Түсірді малын қамалап.
Өте шықты Бақай да,
Қарқараны сағалап.
Тоқтамай қалмақ қашыпты,
Шұбарталды бұл басып,
Шөладырдың тауында
Бақай да кеп қосылды
Райымбекке ұласып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Амандасты қазақтар,
Бір-бірімен шуласып.
Енді Сатай батырдың сапарына келейік.
Сатай бастап бір топты,
«Қайда қалмақ қалды?» деп,
Бұғытыны бөктерлеп,
Қалмақтан жерді тазалап,
Сай-саланы тексермек.
Қорын мен Секер өлген соң,
Қалмақ қашып жөнелді,
Шарынға қарай бет алып.
Сартоғайға тоқтады,
Бір азырақ ес алып.
Қазақ қатты келеді,
Ізіне түсіп қалмақтың,
Қазақ та қуып жетеді.
Қалмақтың көріп қарасын,
Алға қарай кетеді.
Түсіріп қазақ тағы алды
Айдап қашқан малдарын,
Кемпір менен шалдарын.
Қарсы келіп қалмақтар,
Төкпей қашты қандарын.
Қалмақ қашып жөнелді,
Қалжатты басып Қытайға.
Тыныш жүрсе басында,
Қуғынға түсіп жұтай ма?!
Сарбаздары қазақтың
Қырғызсайды бет алып,
Өрге қарай басыпты.
Келсе жетіп Ақсуға,
Қойын тастап қалмақтар,
Ірі малмен қашыпты.
Қуалап жүріп айдады,
Кірін жумас сасықты.
Сарбаздары қазақтың
Іле жақтан тазартып,
райымбек батыр
Көктасқа қарай басыпты.
Көз жіберіп қараса,
Күнгейінде Көктастың
Қой жайып жүрген біреу жүр,
Енді оны көреді.
«Қалмақ тосып тұр ма?» деп,
Қазақ та көңіл бөледі.
Найзасын ұстап қолына,
Бұған жетіп келеді.
Қой шетінде бір шал жүр,
Анықтап мұны біледі.
Қазақ сарбаздары қой жайған шалдың қасына келіп жиыл
ды. Сонда шал алдынан шығып, бас қойып, жылап, өз жағ
дайын айтты:
—Менің атым Мөңке, өзім кедей, екі қызым, бір кемпірім
бар. Бір үйде төрт адам едік. Жылқы малдан—осы астымдағы
жалғыз ат. Басқа малым жоқ. Секер хан мен Қорын ханды қазақ
сарбаздары өлтіріп, «қалмақты қазақ шауып келе жатыр» деп
Көктастағы қалмақтар бірі қалмай қашып кетті. Осы Көктасты
асып қашуға атым болмай, жалғыз үй қалдым. Осы қашқан
елдің тастап кеткен бір отар қойына ие болып бағып, осы қойды
жеп жатырмын. Мен мұсылман дініне кіріп, қазақ болуға уәде
берем, осында Көктастың сай-саласында көп мал қалды,—деді.
Сонда Сатай батыр тұрып айтты:
—Бұл шалдың айтып тұрғаны рас. Сондықтан Көктастағы
қалған малды жиып, мына шалды көшіріп, Темірлікке ор
наластыр,—деп бір мұнша адамды тастап, жарлық беріп, сар
баздармен кетеді:
Көктастан шығып,
Сарбаздар Көміршіге басады.
Қашқан қалмақ жиылып,
Алдарынан тосады.
Тосқан қалмақ қазақпен
Енді ұмтылып шайқасты.
Бір азырақ қан төгіп,
Бірін-бірі байқасты.
Қалмақ қашып жөнелді
8-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қошқарға қарай сағалап.
Қалмақты қолға түсірді,
Шибұтқа жетпей қамалап.
Биеке батыр келеді,
Жүрген жерін тазалап.
Тірі түскен қалмақтың
Екі қолын байлатып.
Тастап қашқан малдарын,
Жиғызып алды айдатып.
Райымбек те қосылды,
Қарсы келген қалмақты
Бір-бір бастан жайратып.
Қазақ сарбаздарына Райымбек батыр айтты: «Біздің адамдар
өте сабылып кетті. Сондықтан бес күн дем алсын. Содан кейін
Текеске қашып барып отырған Ағанас пен Арыс хандарға бет
аламыз»,—деді.
Қазақ сарбаздары дем алып жата тұрсын. Енді Ағанас хан
нан естіңіздер. Қашқан қалмақтар Ағанас ханға келіп жылап
айтқаны екен:
—Айналайын ханым-ау,
Ойрантөбе ойылды,
Секер ханым жойылды.
Райымбек келді де,
Алмадай қақты мойынды.
Шауып алды малымды,
Шеттен қырып жеп жатыр
Айдап баққан қойымды.
Жалаңаш пен үш Мерке
Тағы бізден бұл қалды,
Райымбек тұрғанда,
Енді бізге жоқ,—деді,—
Әзір барсаң ол жатыр,
Шөладырға тоқтады.
Астында бар көк аты,
Райымбек деген сиқыршы
Қылышын сізге саптады.
Ұшқан құстай көк аты,
райымбек батыр
Оны әбден баптады.
Тезірек қамдан, ей, ханым,
Өтірік неге айтайын,
Сізге жала жапқандай.
Ұл мен қызды шулатып,
Малға қосып ап қалды-ай!
Айырылады сізден де
Құшағыңдағы ақ маңдай.
Қалмақты көрсе қазақтар,
Ұмтылады сақпандай.
Райымбек деген біреу бар,
Мініп алып көк атын,
Ұшқан құстай атылат.
Қарсы шықсаң алдынан,
Қаныңды судай сапырат.
Қанша қалмақ жиылса,
Қасқыр тиген қойдай ғып,
Бір шетінен жапырад.
Еңбекпен жиған мал қалды,
Кемпір менен шал қалды.
Екі қызым, бір ұлым,
Боз торғайдай шырылдап,
Жау қолында бұл қалды.
Талай жігіт қырылып,
Талай қатын тұл қалды.
Ал мына хабарды естіген соң Ағанас хан мен Арыс хан
ақылдасып былай дейді:
—Қазақ сарбаздары Шөладырға келіпті. Енді бізді шаба
ды. Мұнымен біздің шабысуға халіміз жетпейді. Сарбаздары
мызды Секер ханның қарауына беріп едік, Секер ханның өзі де
өлді. Біз бұрынғы Қытай жеріндегі ата-қонысымызға кетелік.
Барлық қалмақтарға хабарлап, қалған еліміз бен малымызды
айдап үш күн ішінде қашып Қытайға өтелі,—деп еліне хабар
лап, көше бастады. Қалмақ шекарадан өтіп қашатынын естіген
соң қалмақтың қолында малын бағып, құлдықта жүрген
қазақтар бір түнде баққан малдарын айдап қайта қашып, Ра
йымбек батырдың қарауына келді. Бұл босып келген адамдар
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
дан қалмақтың шекарадан өтіп қашып жатқанын естіп, қазақ
сарбаздарына Райымбек батыр былай дейді:
—Қалмақтар шекарадан өтіп кетіп жатыр дейді. Ағанас
өтіп кетіпті. Енді тез атқа мініңдер. Алла бұйырса, бір мұнша
сын түсіріп қалалық, - деп атқа мінді:
Райымбек батыр жол тартты
Текеске қарай бет алып,
Қашқан қалмақ соңынан.
Шапса қылыш өтпейтін,
Жасалған сауыт тонынан.
«Ағанас түссе қолыма,
Алсам,—деп,—шылбыр жонынан.
Сарбаздары қазақтың
Жұлдызы туып оңынан,
Олжаға батты қазақтар,
Кенеліп енді молынан.
Қылышы бар белінде
Найзасы түспей қолынан.
Тыныш жатқан қазақты
Талап еді қалмақтар,
Өз-өзінен қағынып
Құдайдан жетіп ақыры,
Қытайға қашты ағылып,
Қазақтарға шабылып.
Қолға түсті ақыры
Қазақтарға бағынып.
Ханкелді батыр тұрып айтты: «Мына еңіске қарай ағып
жатқан су—Сүмбенің суы. Бұл судың ар жағы—Қытай жері.
Бұдан өтуге болмайды». Райымбек батыр тұрып сұрады: «Сіздер
айтыңыздар, Шалкөде өрлеп тау асып, қалмақ қашты дедіңіз
дер. Ол тау қалай?»,—деді. Сонда Бақай батыр тұрып айтты:
—Осы жатқан Сүмбе суын өрлей берсе, нақ сол қалмақ
қашып жатқан Құмбел деген асудың дәл өзіне айқасады. Мұны
естіген соң, Райымбек батыр тұрып айтты:
—Олай болса, біз Аралбай батырдың тобын алып Құмбел
ге шығып, Шалкөде басып қайталық. Қалған сарбаздар
райымбек батыр
Бурадасынның Көлтұзына барып жатсын. Біз қайта оралып,
Көлтұзда бас қосалық.
Бәрі мақұл деп уәделесіп, екі жағы да жүріп кетті. Ра
йымбек батыр Сүмбе өрлеп, Құмбелге шықса, көшіп жатқан
қалмақтардың үстінен түседі. Қазақ сарбаздарын көрген соң,
қалмақтар малын тастап қаша жөнеледі. Қазақтар бұл мал
ды айдап, Шалкөденің басынан түсіп, Шалкөде суын жағалап
Шекарамбалға келеді.
Ханкелді батыр айтты:
—Енді соғыс аяқталды, Темірлік пен Жалаңаштан ары
қарай жұртты қоныстандырайық. Ұлы жүздің халқын туған
жеріне жайғастырып, сонан кейін жер ыңғайына қарай қанат
жаялық,—деді.
Барлығы бұл сөзді мақұлдап, елге тартты. Сонда Райымбек
батырдың елге қарай бет алғандағы сарбаздарының айтқаны:
«Қазақ қайтты еліне,
Қалмақты қырып шаттанып.
Қазақты қалмақ қуып ед,
Алдық деп жерін мақтанып.
Секер хан мен Қорын хан
Өлді деді тапталып.
Түсті малы қалмақтың
Әрбір жерге топталып.
Райымбек батырдың
Қайраты мен айласы,
Қазаққа тиді пайдасы.
Белінде бар қылышы,
Қолында бар найзасы.
Қалмақты қуып Қытайға,
Қазақ енді жайнашы».
Олжаға батты қазақтар,
Омырауы алқылдап,
Алатауды бөктерлеп
Жұртына қайтты жарқылдап.
Шүйінші сұрап елінен,
Кейбіреуі кетті сартылдап:
«Айналайын, ағалар,
Өсіп-өнген жеріне
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көшірелік елді енді.
Қалмақтан босап Жетісу,
Жағдайымыз жөнделді».
Райымбектің толғауы
—Енді, ағалар, айтарым,
Тенеп кеткен халқыңды
Жетісуға көшіргін.
Бәрін жинап бір жерге
Телқозыдай өсіргін!
Ел үшін өлді кей адам,
Қабағына қаралы,
Артта қалған жесірдің.
Сіздер кеттің аттанып,
Жеттім қуып артыңнан.
Рақымет алсам деп,
Жетісудың халқынан.
Ілеге кеп жатыпсыз,
Өте алмай судан шалқыған.
Түсуге суға ойландым,
Батасын алып халқымнан.
Титтей жерім болмады
Жаудан да, судан тартынған.
Кегін алып қалмақтан,
Жетісуды босатып,
Батасын алып мен қайттым
Ұлы жүздің халқынан.
Райымбегім, асылым,
Жауар күндей күркіреп,
Жауына түскен жасыным.
Қысылған кейбір шақтарда
Құтқарған елін, асылым.
Шұғыла шашып жанына,
Түсірген алысқа жарығын.
Жаның, міне, жай тапты,
Бақыл болғын, асылым.
Атадан асып туып ең,
Атаның жолын қуып ең,
Қасарысқан жауыңа
Қанменен кегіңді жуып ең.
Бала жасыңнан шыңдалып,
Ерлікке беліңді буып ең.
Есесі кеткен қазақтың
Елдігі үшін туып ең.
Ақмойнақ атыңды ойнатып,
Жауыңа сойқан салып ең,
Жігеріңді жанып ең.
Қазақтың намыс, кегі үшін,
Қысқа күнде сан рет,
Қалмаққа қарсы барып ең.
Тізесі батқан залымға
Сұрапыл сойқан салып ең.
Елің үшін қуанып,
Елің үшін налып ең.
Кейінгі өсер ұрпаққа
Өнеге, үлгі болып ең.
Райымбек
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақ бураң сенімді серік боп,
Алшандай басып жүріп ең.
Нарынқол мен Байынқол,
Шәкірамбал, Кеген арасын
Жайлаған қалың қалмақты
Қойға шапқан қасқырдай,
Бет-бетімен қуып ең.
Ағанас нояннан айлаңды
Артық ойлап, асырдың.
Жалаңаш, Торайғыр жағына
Қалың әскерді жасырдың.
Жайылып жатқан Көкпекте
Атой салып жауыңды,
Жекпе-жекке шақырдың.
Бірінші келген батырын
Тақымға басып сүйреттің.
Екінші келген батырын
Қабырғасын күйреттің.
Үшінші келген батырға
Найзаның тілін үйреттің.
Төртінші келген батырды
Қалпақтайын ұшырдың.
Бесінші келген жауыңның
Қап-қара қанын құстырдың.
Алтыншы келген батырды
Найзамен іліп түсірдің.
Жетінші келген батырды
Саз, балшықтай иледің.
Сегізінші келген батырдың
Басын шауып түсірдің.
Тоғызыншы келген дұшпанды
Қайың сапты шоқпармен
Бір-ақ ұрып ұшырдың.
Оныншы келген жауыңды
Төбеден ұрып құлаттың.
Он бірінші келген батырды
Кескен ағаштай сұлаттың.
Он екінші дұшпанды
Найзамен іліп тастадың.
райымбек
Он үшінші жауыңнан
Онша үркіп саспадың.
Оны дағы найзамен
Тулақтай тіліп тастадың.
Он төртінші батырдың
Дымын лезде өшірдің.
Он бесінші дөкейді
Кіндіктен сұғып найзаңды,
Ана дүниеге көшірдің.
Он алтыншы батырдың
Желкесін қиып тастадың.
Он жетінші залымнан
Жаңа күш деп қашпадың.
Ретін тауып, оны да
Найзаменен шаншыдың.
Ағанас ханның қыл мойны
Қылышыңа жем болды.
Батырым, сенің арқаңда
Қазақтың өсіп мерейі,
Өзгелермен тең болды.
Батырдың ерлік істерін
Келгенінше әлімнің
Мақамына салып әнімнің,
Біраз баян етейін.
Естігенім мен көргенді
Кейінгі жас толқынға
Жырменен нақыштап кетейін:
Кезекті бір ұрыста
Қалың қолы батырдың
Соғыса-соғыса қалмақпен,
Іле бойына сырғыды.
Садағын атып, қылышын
Кезене жау жылжыды.
Мезгіл маусым ортасы,
Шақырайған жаз еді.
Қазақтар сан жағынан
Қалмақтан мүлде аз еді.
Осы аздықты қалмақтар
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әп дегеннен біледі,
«Үріккен қойдай сорлы» деп,
Миығынан күледі.
Тоғытамыз деп Ілеге,
Білекке қанжар іледі.
Сәт сайын сиынып Сүлдеге,
Мол олжа, жеңіс тіледі.
Райымбек батыр жасағы
Ілеге әбден енгенде
Күлімдеп тұрған жаз күні
Қоңыр көлеңке оранып,
Күрсініп батып кетеді.
Қалмақтың ханы қағынып,
Мойнына алқа тағынып,
Қалың әскердің алдында
Құйындап сөйлеп отырды.
Дастарқан жайып молынан
Алуан асқа толтырды.
Екі-үш тостаған боза ішіп,
Екпіндеп келіп сөйледі.
Сөйлегенде бүй деді:
—Қазақтың хас батыры
Таусылып барлық амалы,
Тығырыққа тіреліп,
Жар басына қамалды.
Арғы жағында Іле бар,
Одан тегі өте алмас.
Бергі жағында біз бармыз,
Одан тегі өте алмас.
Ұшқан құс болса, амал жоқ,
Өзге болса, кете алмас.
Қабат-қабат қоршаңдар,
Жоңғардың тас қамалы
Қазақты тегіс құтқармас,
Оған алаң болмаңдар.
Дәл қазір түстеп қарасам,
Қазақтар тегі сормаңдай.
Бағы күйіп ақыры,
райымбек
Үзілген гүлдей солғандай.
Әруағы қолдап Сүлденің,
Жоңғарлар бүгін озғандай.
Таң атқанша той тойлап,
Ән салып, шалқып ойнаңдар.
Таң ағарып атқан соң,
Алтын сәулесін шашқан соң,
Қойдай шулаған қазақты
Апанда аш қалған көкжалдай
Қырамыз да, тастаймыз.
Бізге қызық, оларға
Қиямет күнді бастаймыз,
Осылайша ол көпірді,
Қызған сайын шарапқа
Қорқабы ұстап құтырды.
Нақақ, жазықсыз қан тілеп,
Жаралы жыртқыштай жұтынды.
Қазан-қазан ет асып,
Жалыны оның шалқыды.
Қызыққа батып көп қалмақ,
Буыны босап балқыды.
Бір топ бетке ұстар еріне
Жаңа атақтар сыйлады.
Ендігі бір тобына
Асыл заттарды тартады.
Сый көріп, атақ алғанның
Мәртебесі артады.
Дабыл қағып, хұрнаны
Тоқсан құбылтып тартады.
Топтасып кейде би билеп,
Толассыз әндерін айтады.
Осылайша, көп қалмақ
Өзінше мәз болып жатады.
Көптен күткен қызықтың
Тұңғиығына батады.
Қаша ығысып азайып,
Қалғанын қазақтар сезеді.
«Ілеге тіреліп өлдік» деп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Кейбірі босаңсып күйзелді.
Райымбектей бас батыр
Дәл осы кез сөйледі:
—Жағдай онша мәз емес,
Уайымдаған да жөн,—деді.
Тағдырдың салған тезіне
Тас түйін болып көн,—деді.
Әуелі бас құрап алайық,
Не істеуге боларын
Ақылдың үстіне салайық.
Одан кейінгі құқайды
Тағдырдан күтіп алайық.
Атаңа нәлет, ит қалмақ
Жеңдім деп шулап жатқандай.
Ботана судай былғанып,
Боздағы шығып аққандай.
Әйтсе де олар ұтқан жоқ,
Біз шығатын жолдар бар.
Ас ішіп, бәрің әлденіп,
Қуаттанып алыңдар.
Әруақтарға сиынып,
Мияттанып алыңдар.
Айыл-тартпаны бос тартып,
Атыңды мінер сайлаңдар.
Ақылмен іс істелік,
Қапыда тіптен қалмаңдар.
Әрбіреуің қос бау қып
Қамысты қиып, байлаңдар.
Ердің екі жағына
Тең қылып, түзеп артыңдар.
Тәуекел деп одан соң,
Соңымнан менің еріңдер.
Бәріміз қарсы жағаға
Шығамыз аман, сеніңдер.
Алла ақты қорғайды,
Осы сөзіме сеніңдер.
Сенімнің ұлы тізгінін
Қолыма менің беріңдер.
райымбек
Өстіп батыр толғанып,
Әулие-әнбиені ойға алып,
«Әумин!» деп Алладан
Ақ, адал жолды тілейді.
Қабыл болғандай тілегі
Атқақтай соқты жүрегі.
Батырдың айтқаны жөн болды,
Қалың әскер қозғалып,
Бетке алғандай оң белді.
Қамысты орып қиялап,
Аттарына тендеді.
«Ойлап қарасақ ақылмен,
Батырдікі, тегі, шын» дейді.
Ақмойнақ атты орғытып,
Ор қояндай сырғытып,
Батыр жетіп жағаға
Өз атын өзі айғайлап,
Іледен өткел сұрады.
Ақмойнақ атын емінтіп,
Сауырға қамшы ұрады.
Ақмойнақ сырғып сынаптай,
Су бетінде жүзеді.
Қарсы жақ, жазаң жағаға
Бағытын тура түзейді.
Бір шыны шай ішер мезетте
Іледен өтіп кетеді.
Құмдауыт, құба жағаға
Дін аман, мінсіз жетеді.
Қалың әскер шұбырып,
Жалғыз адам шет қалмай,
Бәрі өтіп кетеді.
Жағаға аман жеткен соң,
Іледен тегіс өткен соң,
Қалың жасақ қуанды.
Мың алғыс айтып Тәңірге,
Жаны жай тауып жұбанды.
Таң ағарып атқанда,
Шығар күннің сәулесі
Әлемге нұрын шашқанда,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақтың ханы ит болып,
Жер сипалап қалады.
Тиісерге жан таппай,
Көп байбалам салады.
Қабағынан қар жауып,
Жауар бұлттай түнерді.
Өзеннің арғы шетінде,
Лапылдатып от жаққан,
Еркіндік атты өңірде,
Сауық құрып, мәз болған
Қалың жасақты көреді.
Санын соғып, опық жеп,
Амалсыз кері қайтады.
Райымбектей хас батыр
Жиекке аман жеткен соң,
Жалғыз тал жас шыбықты
Құба жөннің үстіне,
Қос қарыс жерге қадайды.
Мерейі өсіп, жан-жаққа
Мейірін төгіп қарайды.
Екі күн қатар дем алып,
Қалың жасақ мәз болып,
Елді-еліне тарайды.
Арада жылдар өткен соң,
Өз мезеті жеткен соң,
Батыр қадаған жас шыбық
Мәуелеп өсіп ұзарды.
Құла құмның үстінде
Құдіретпен нәр алды.
Айтақыр құмның үстінде
Алып шынарға айналды.
Өзегін өрлеп су ағып,
Бұтақтарынан төгілді.
Иесі болып ақ жылан,
Баяу жүзіп, керілді.
Ниеті бұзық жан болса,
Жуытпайды ағашқа.
Құдай деген пендені
Саясына алады.
райымбек
Тілегін жеткізіп Тәңірге,
Алғысын арқалап қалады.
Батыр бөгелген осы ара
«Аяққалқан» болып атанды.
Қысы-жазы ел барып,
Емделіп, сиынып жатады.
Батыр от жаққан қара тас
Сипаған жанның көңілін
Күндей етіп ашады.
Бұтақтан төгілген суды ішкен
Адамдар айығып дертінен,
Қуанып еліне қайтады.
Ел тыныққан бұйрат құм
Іші толы ән болды.
Бұны естіген пенделер
Аузын ашып таң қалды.
Айтқан сөзі наз болған,
Райымбегім арысым,
Бақыл бол, мәңгі бақыл бол!
Ерлік пен елдікті тең ұстап,
Саналы ғұмыр өткердің.
Дүние қуған пендені
Жаратылысынан жек көрдің,
Ақбура болды серігің.
Елім деп алған бетіңде
Адастырмады сенімің.
Айналайын Ақбура
Айналақтап жаныңнан,
Алысқа ұзап шықпады.
Жорықта жүрсең түс қашып,
Қасыңа келіп ұйықтады.
Жанашыр болса серігің,
Тілеулес көзбен қарады.
Жау болса егер серігің,
Табанына салады.
Желкеден алып лақтырып,
Қорғағанына батырды,
Мерейі өсіп қалады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Айналайын, Ақбура,
Райымбектей еріме
Қорған болдың ұзақ жыл!
Ақыры, міне, батырдың
Тәнін жәннатқа ап жүрдің.
Талай күн бойы су ішпей,
Талай күн тұғырға шөкпедің.
Елшісіндей болып бақидың,
Апыр-ай, Ақбура, не білдің!
Қарасаздың жерінен,
Қаз қонған қалқып елінен
Қайыспай өттің, шөкпедің.
Айналасын даң қылған
Геген Тайшының қақпасын
Қайыра шауып, шаң қылған.
Ерлігіңді ел ән қылған
Кегеннен өттің, шөкпедің.
Қанды шайқас куәсі
Көкпектен өттің, шөкпедің.
Бұғытыдан өткенде,
Сөгетіге жеткенде
Қалың ел шықты алдыңнан,
Аял қып тұрдың бөгеліп,
Аяқ бүгіп шөкпедің.
Шелектен өттің тоқтамай,
Қалың қазақ жиылып,
Батырды айтып жоқтайды-ай!
Айналайын Ақбура
Бұл жерге де шөкпеді,
Апырай, бұнысы неткені?!
«Қызыл оба» қырғынын
Бүкіл Албан ән қылды.
Қып-қызыл тасы жалын боп,
Жанарымда жаңғырды.
Қабанбайға серік боп,
Жарқыл құйдың жанына.
Екеуің қатар жүргенде
Күн шыққандай ед маңына.
Екеуің қатар шапқанда
райымбек
Көмілді дұшпан шаңына.
Абылай ханға әрдайым
Ақыл қосып тұрып ең,
Ақ орданың ауласын
Алдаспанмен қорғап жүріп ең.
Қарасы көрінсе көп жаудың,
Қасқая қарап тұрып ең.
Отыз жасында атой сап,
Қалмақтың ордасын бұзып ең.
Қырыққа жасың жеткенде
Қыннан шығарған қылыштай,
Қайрауың жетіп, қылып ең.
Мұздаған елдің жүрегін
Шілденің нұры боп жылытып ең.
Елуге жасың жеткенде
Елің жайлы ойланып,
Күніне тоқсан толғанып,
Ертеңін шыңдап ойлап ең.
Екі қазақ біріксе,
Ел болар деп күліп ең.
Алпысқа жасың жеткенде
Асқар таудың шыңына
Айналдың дара тұлға боп.
Жетпіске жасың толғанда
Замананың дәулеті,
Кемеңгерліктің сәулеті
Басың бақ боп қонғанда,
Бүкіл қазақтың ары боп,
Арысы боп тоқтадың.
Сексенге жасың келгенде
Айналдың алып еменге.
Алтын шырақ боп нұр шаштың
Иісі қазақ көгіне.
Қайталанбас ерлігің
Шырақ боп жанды кеудемде.
Райымбектей ұл берген
Сүйсіндім дарқан еліме.
Жеңіс тойына желпінген,
Сүйсіндім байтақ жеріме.
9-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Дұшпанды қалай жеңудің
Көрсеттің небір үлгісін.
Сан жылдар бойына жаңғырар
Ғажайып сенің ұлы ісің.
Айналайын Ақбура,
Алатаудың етегі,
Амалы қыстаққа келгенде,
Жап-жасыл шағын тепсеңге,
Шайқала басып жеткенде,
Ақырың болып осы жер,
Ақыр осында тоқтадың.
Күндіз-түні зар илеп,
Өлеңмен өзіңді жоқтадым,
Райымбегім, арысым,
Жәнатта болсын мекенің!
Әруағыңа бас иіп,
Өзіңе мінәжат етемін.
Сенің ұлы ісіңді
Аңыз етіп ел айтар.
Сенің ұлы ісіңді,
Жекпе-жектегі күшіңді
Ызың етіп жел айтар.
Аққан бұлақтың тілімен
Айналайын жер айтар.
Көкірегі күрсініп,
Көбігін шашып көл айтар.
Қайталанбас ғасырда
Бір туар ұлым деп айтар.
Жәннатта болсын тұрағың,
Сарқылмас әнім, бұлағым,
Райымбегім, асылым,
Бақыл бол, мәңгі бақыл бол!
Бішкек қаласында қырғыздар мен қазақтардың үлкен то
бы бас қосыпты. Сол топта бір күні қырғыз манабы Шабден мен
қазақ биі Ноғайбай сөз таластырып қалыпты. Соның ертеңіне
Шабден: «Ноғайбай қазақтармен түстеніп кетсін» деп кісі
жіберіпті.
Шабден ақ үйлерді тіккізіп тастап, Бішкектің арғы сыр
тындағы Төтелдеш деген жерде жатқан екен. Ноғайбай
Алғадайды және тағы жиырма шақты кісі ертіп, Шабденнің
ауылына барыпты. Сөйтсе, Шабден оларды шақырып, қыр
ғыздың ерлігін, бектігін, манаптығын айтып, Ноғайбайды
мұқатайын деген екен.
Тамақ беріп болған соң жыршыларына қырғыздың Манас,
Семетейін, одан кейін Жаңғараш, Жантай, Қанай, Бәйтіктер
дің бектігін, манаптығын, ерлігін және олардың Кенесары хан
мен Наурызбай сұлтанды өлтіргендіктерін айтқызыпты.
Одан кейін Шабден мақтана сөйлеп:
—О, Ноғайбай, қазақтар «бізден көппіз» деп мақтанасың
дар, бірақ ауызға ілінер түктерің жоқ. Ерлік десең қырғызда,
манаптық десең қырғызда, сендерде осы не бар? Ертең мен
қырғыздарымды жинасам, нелеріңді айтар едіңдер?—депті.
Ноғайбай сөз таластырмай: «Ертең бірақ сөйлесерміз»,—
деп орнынан тұрып жүріп кетіпті. Манап аулынан шығысымен
қазақтар елге кісі шаптырып, ақындарын жинапты, Әулие
атадағы Майкөт ақынды алдырыпты, барлығы төрт-бес ақын
жиналыпты. Ішінде домбырашы Байсерке бар екен. Ақылдаса
келіп, өлеңді Майкөт бастамақ болыпты.
Содан ертеңіне түс ауа Шабденнің тіккізген үйлеріне қазақ
тан қырық-елу кісі келіп түсіпті. Қырғыздар да көп жиналған
екен. Біраздан кейін домбыраның құлағын ұзақ бұрап, Майкөт
ақын керіліп өлең бастапты.
Ер Өтеген
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Ассалаумағалейкүм, жиналған көп,
Келдік сәлем сіздерге берейін деп.
Жиналып қазақ-қырғыз бас қосқанда
Дидарын үлкен-кіші көрейік деп.
Ассалаумағалейкүм, қырғыз халық,
Енді айтпасам бола ма сөздің шарты.
Жантайың біз білетін қайтыс бопты,
Қайырлы болсын енді оның арты.
Ассалаумағалейкүм, манаптарым,
Жер жарған манап деген атақтарың.
Бас қосып қырғыз-қазақ отырғанда
Өлеңді біраз ғана мен айтармын.
Қазақпыз қалың жатқан сахарада,
Бұрыннан еркін өскен кең далада.
Келіп ем ұлы жүзден—ел дулаттан,
. . . . . . . . . . . .*
Ішінде ұлы жүздің дулат көбі,
Көптігін жақсы білер қырғыз тегі.
Көптігі ерлігіне сайма-сайын,
Біледі бұрыннан-ақ Шабден өзі.
Дулаттың кім білмейді Төле биін,
Кейінгі Тойшыбек пен Сыпатайын.
Ерлігі ел аузында ертек болған,
Қойкелді, Өтеген мен Малдыбайын.
Үшеуі бұл кейінгі ертеде өткен,
Кімдер бар заманында оған жеткен?!
Жоңғарды, торғауытты қатар қырған
Баласы Өтеғұлдың ер Өтеген!
Өтеген халқы үшін дүние кезген,
Басқаның зұлымдығын ерте сезген.
* Қолжазбаның осы тармағын оқу мүмкін болмады.
ер өтеген
Жантайың батырым деп мақтайтұғын
Басқаға дінін сатып, шекпен киген.
Өтеген халқы үшін дүние кезген
Жиделі Байсын жерінде аты өлген.
Ұнатпай сол жерді де көңіліне,
Жеріне туып-өскен қайта келген.
Ел үшін қайрат еткен ер Өтеген
«Арман жоқ елім үшін өлсем» деген.
Жерінде туып-өскен Жетісудың
Өтіпті жетпіс төртте дүниеден.
Біледі қырғыз-қазақ Өтегенді,
Ұмытса, ойына алар Шабден енді.
Берейін домбыраны Тілеміске,
Ал, Тіке, атаң жайлы айтып берші,—
деп домбыраны Тілеміске беріпті. (Тілемістің ол кезде жас кезі
екен). Домбыраны алысымен былай деп өлең бастапты:
—Домбыра екі шекті қолға алайын,
Азырақ тамаша етіп ән салайын.
Арғы атам аты шулы ер Өтеген,
Мен неге бұл арада қорғалайын.
Бабамның белгілі аты бар қазаққа
Ұлы жүз—қоңырат, үйсін, көп дулатқа.
Орта жүз—уақ, керей, арғын, найман,
Кіші жүз—алшын, жаппас кең аймаққа.
Бабамды құрметтейді барлық қазақ,
Әңгіме-жыр етеді есіне алып.
Ерлігін, батырлығын мақтан етіп,
Мың ақын Жетісуда жүрер жырлап.
Соның бірі Екейде,
Қырғыз білер Сүйінбай.
Қатағанды қатырған,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Төбеден ұрып өлеңмен,
Тал түсте соққан құйындай.
Қырғыз да бізге белгілі,
Бұдан да өткен бұрында-ай.
Ел сөзіне бастайын,
Басқа жаққа бұрылмай.
Батыр көп-ті қазақта
Қайрат еткен елі үшін,
Басын қиған өлімге
Сайлы сана, ен дала,
Адырлы қырқа белі үшін,
Мөлдір тұнық көлі үшін.
Биік таулы кең алқап,
Туып-өскен жері үшін.
Сахарада сайрандап,
Еркін өскен елі үшін.
Осындай ердің бірі еді,
Халқы аузына ілінген,
Еңбегі елге білінген,
Құрметті өткен бабамыз
Дулаттан шыққан Өтеген.
Аты-жөнін сұрасаң,
Дулаттан бастап тараған,
Жаныстан бастап санаған.
Жарылқамыс Бәйдібек,
Таралғанның Бұқардан
Біреуі еді Сырымбет.
Жетісудың көк орай
Айдынды сала алқабын
Өсті ұрпағы мекендеп.
Ел аузында мақал боп:
«Қамыс көп пе, болмаса
Жаныс көп пе» дегендей,
Сырымбеттің ұлдары
Жеке-жеке ауыл боп,
Өсіп еді желілеп.
Сырымбеттен таралған
Жылқыайдармен алтау еді.
ер өтеген
Барлығының ішінде
Өтеғұлдың ұлы көп.
Айтушы еді ағайын
«Мал мен басын бірдей қып
Құдай бұған берді» деп.
Ауыр іске жолығып,
Бір жетінің ішінде
Оба деген аурудан
Он екі ұлы қырылып,
Өтеғұл зарлап жылап еді.
Өткен іске өкінбе,
Туған адам өледі,
Жазуы көп Алланың.
Күйігіне шыдап ед.
Жүргенде солай зарығып,
Кең дүниені тарығып,
Келгенде жасы алпысқа
Уайымға салынып.
Қабыл болып тілегі,
Жарылғандай жүрегі.
Бір ұл көріп артынан,
Жайнады гүлдеп жер-көгі.
Елдің салты—ертегі
Келе жатқан ертеден.
Шақырды елді тойына,
Жылқы сойып үш тоғыз
Ылғи құла бөртеден,
«Өтелді,—деп,—өлгенің»,
Жиналған халық ұйғарып,
Атын қойған Өтеген.
Өтеген өсіп дүрілдеп,
Өмірге жайып құлашын,
Айрықша адам еді.
Сүйегі ірі шын асыл,
Тік қабақты үлкен көз,
Жанары өткір болаттан.
Төбесінде мүйізі
Көрсетер еді өзгеше
Ажарлы етіп нұсқасын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Он жасына келгенде,
Сырттан көрген адамдар
Балаға оны қоспайтын,
Қара торы, қыр мұрын,
Дейді халық сыйлайтын.
Оннан аттап асқанда,
Он бірге аяқ басқанда
Қаза болып әкесі,
Жас Өтеген айрылды
Мәпелеген әкеден.
Әкесінің інісі
Өтеп еді жанашыр,
Бірге туған шешеден,
Көрсетпеді жетімдік.
Өтегеннің ер Өтеп
Қабағына қарады,
«Жетім ісі қиын» деп.
Тел өсірді батырды
Жас ботадай мәпелеп.
Жігіт болды Өтеген,
Он алтыға жасы кеп.
Сауық етті ауылда,
Тамашалы сылқым боп.
Ертелі-кеш жүргенде
Жылқы жаққа барып кеп,
Аралаушы еді жылқыны,
Көңіліне жағар ат іздеп.
Қоя берді еркіне,
Үндеместен ер Өтеп.
«Атын өзі тапсын» деп,
Талабына разы,
Қуанады ішінен,
Ойында оның сынау тек.
Бауырының талабын
Қайтіп Өтеп көрсін жек.
Кездесті бір күн жылқыда
Бас жылқышы шал Күсеп.
Жақын келді Өтеген
«Көпті көрген ата» деп,
ер өтеген
Түсіндірді бар ойын.
Аралайтын жылқыны,
Жанына серік ат іздеп.
Қабыл алып тілегін,
Ертіп жүрді баланы,
Түсінген соң қарт Күсеп.
«Біраз саяқ Қараойда
Жайылушы еді» деп бөлек.
Ат жүргізбес оралып
Қараойдағы қалың шөп.
Жаны сүйер жылқының
Белесінде қыраттың
Бөріктей топ-топ ебелек.
Жайылып жүрген жылқыдан
«Берер атым мынау?» деп,
Көрсетті қартың бір тайды.
Беткейде жусап тұр екен,
Ұзын мойын, қысқа бел,
Марал құлақ, қара көк.
Байқап әбден көрген соң,
Жауап берді Өтеген
«Көңіліме ұнайды» деп.
Естіген соң ол сөзін,
Жылқыны топтап жинады,
Шошытпай, жайлап қарт Күсеп.
Өтеген салды бұғалық,
Қыл арқанды ілгектеп.
Сескенген бой асаудың
Секіргенде атыла,
Қос қолдап тартты Өтеген,
Үзеңгісін нық тіреп.
Қылқынған асау тоқтады,
Қақпанға түскен арқардай
Қолтық еті дірілдеп.
Арқанды орап білекке,
Тартып өзіне біртіндеп.
Долданған асау міз бақпай,
Жүгендеді Өтеген,
Төрт аяқтап тұрды тек,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Іздегенді таптым» деп.
Жалынды жүрек арыстан
Іздегенін тапқан соң,
Мініп алды ер ерттеп.
Астына аты тиген соң,
Райымбек досы қасында,
Қордайдың келіп басына,
Ұстатып атын досына.
Жаяу барып сыйынды
Үйілген мола тасына.
«Жауыңа мен барам» деп,
Жедел мінді атына.
Алатаудың ар жағы
Қалың жатқан қалмақтар.
Дулатқа көзін алартып,
Тиіпті батыр шетінен.
Күнде шауып мазалар,
Қырандай самғап түлкі алар.
Қасына ерді серік боп
Бір інісі—Тауасар,
Райымбек, Наурызбай,
Басқалары тағы бар.
Жаудың бетін қайырып,
Беттетпеді көп жылдар.
Тыныш жатты бұл кезде
Жалайыр, албан, наймандар.
Қорыққанын көрген соң,
Аттанды солай қалмақтар.
Қарғадай қалың көп екен,
Зеңбірегі тарсылдап,
Қаптады кәпір құрғырлар.
Көрген соң мұны орта жүз
Үйсінге қарай сырлықты.
Екі жүздің баласы
Төмен қарай бір ықты.
Елін қорғап өлімнен,
Жауға қарай қол шықты.
ер өтеген
Қолды бастап найза ұстап,
Өтеген батыр ол шықты.
Қалың қазақ жабылып
Жауға қарай оқ атты.
Талай жауды Өтеген
Садақпен атып құлатты.
Жаудың алдын кескестеп,
Көшкен елді ұзатты.
Қойкелді, Сәмен, Наурызбай,
Қасындағы батырлар—
Райымбек, Шінет, Тауасар,
Жасөспірім Малдыбай
Бір жағынан килікті.
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Ыстыдан шыққан ер Төлек,
Батырлар қайрат етсе де,
Ығыстырды аз қолды,
Қарақұрым жау қаптап.
Сонда да ерлер саспады,
Қорқып ешкім қашпады.
Қарсы шауып Өтеген,
Жауға жолды ашпады.
Қаратаудан өткенде
Жердің бетін шаң басты.
Қамауда қалып Тауасар,
Өтеген сонда бір састы,
Бауырдың ісі қиын-ды.
Қамшы басып атына,
Топты бұзып жол ашты.
Қайтіп жауға тастасын
Жасөспірім ол жасты?!
Қалың топта батырға
Қара күрең ат мінген,
Денесі зор өзгеден
Сыбан-Тайшық кездесті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Өлтірген бұрын Өтеген
Бірге туған ағасын,
Сондықтан Тайшық егесті.
Ойлағаны бар оның,
Алсам дейді сол кекті.
«Жекпе-жек, батыр, жекпе-жек!»
Келе сала сұранды
Алғашқы ұрыс кезекті.
Қорықсын ба Өтеген
—Жасың үлкен көрінед,—
Алғын,—деді,—кезекті.
Сол ақ екен екі қол
Жекеге шығу ерлерге
Ежелден бергі ескі жол.
Жұрт көзіне көрініп,
Сондайда қайрат етпесе,
Жауға шабар батыр мол.
Батырлықтың бағасы—
Жекпе-жекте алысып,
Жауды жеңсе, әне, сол!
Орындайтын алдында
Өтегенге міндет зор.
Жасынан жаумен алысты,
Сол парызды біліп ол.
Қара қазан, сары бала,
Артында дулат қалың ел.
Халқы үшін ат мініп,
Найза ұстап, буды бел.
Кез келген оның алдынан
Талай-талай әр жерде
Қиын-қыстау ауыр жол.
Тайшықпенен ұрысу—
Сондайлардың бірі еді ол.
Кезек алып қу Тайшық,
Кейін қарай шегінді.
Ұзап барып алысқа,
Қамшы басып күреңге,
ер өтеген
Найзасын алып тебінді.
Екпіндетіп тура кеп,
«Жүректің тұсы—осы» деп,
Өтегенге найза ұрды.
Ең алғашқы екпінмен
Қара көк аздап шегінді.
Сауыттан найза өте алмай,
Ортадан «порт» деп бөлінді.
Бойын жазып керілді,
Тұратұғын мезгілмен
Кезегіне бұрылды.
Күшін жинап бойына,
Бабасын алып ойына,
Айқасуға жұмылды.
Жұлдыздай ағып қара көк
Жауға қарай ұмтылды.
Қасқайып тұрған қу Тайшық,
Өкпеден найза тигенде,
Ұзынынан жығылды.
Жаныштап жерге аз тұрып,
Найзасын батыр суырды.
Сүйегін оның алуға
Қалың қалмақ жұмылды,
Бір жағынан ат қойып.
Қазақтар да лап қойды,
Батырлар қырып қалмақты,
Қаратауды қан қылды.
Кешке дейін ұрыс боп,
Жаудың бетін қайтарды.
Қоныстан ауған қалың ел
Тоқтамай көшіп жөнелді.
Олай етпей қайтеді?
Қарақұрым қалың жау
Артынан қуып келеді.
Үш күн, үш түн өткенде,
Көш бастаған Қарабек
Сырға әкеліп тіреді.
Сырдың бойы қапырық,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Суы лай кір еді.
Маса мен сона ызыңдап,
Малдың тұрған соры еді.
Тоқтай алмай баяндап,
Ары қарай ел өтеді.
Күні ыссы, жері құм,
Енді қайда кетеді?
Соңынан естіп бұл істі,
Өтеген батыр жетеді.
Салалы жері тұрғанда,
Құмды шөлді қыдырып,
Қазақ қайда кетеді?
Жетісу қалса алыста,
Қонысына дулаттың,
Сарысу бойы жетеді.
Тілін алып батырдың,
Халық қайта көшеді.
Басында солай беттесе,
Жүрер жолы төте еді.
Енді, міне, күз жетті,
Қынаптан қылыш суырып,
Жаумен бірге қыс жетті.
Қаңтардың қары басталып,
Қалың қарлы боранда
Судан халық зорға өтті.
Біресе сүйреп сал тартып,
Біресе жауға оқ атып,
Өтеген қайрат көрсетті.
Судан халық өткен соң,
Өтеген қолы шешілді.
Оңына беттеп кеткен соң,
Еркімен шауып қара көк,
Аяғын әбден көсілді.
Бүркіттей самғап тиген соң,
Шыдай алмай торғауыт,
Кейін қарай жосылды.
Қашып келіп Тәшкеннің
Қорғанына бекінді.
ер өтеген
Жусаған қойдай қырылып,
Келгеніне өкінді.
Қираған қалың өліктің
Құзғындар көзін шұқыды.
Келген екен көп кәпір
«Көрейін,—деп,—осыны».
Жау қашқан соң жосылып,
Қамалға кірді бекініп.
Кірмек болды Өтеген,
Тар есігін сындырып.
Сұрады келіп батырдан,
«Қойыңыз» деп өтініп.
Райымбек, Наурызбай,
Жолбарыс, Сәмен, Бөгенбай,
Ерсары мен Байсары—
Олар да келіп жиылып.
Сөз сөйледі батырға
Заманында кім жеткен
Бұлбұлдай шешен Төлеге?!
Айтқан сөзі үлгілі,
Әділдігі, ақылы
Жалпыға болған өнеге,
Атағын жайған бар жерге.
Халық үшін іс етіп,
Билігі жүрген үш жүзге.
—Әй, Өтеген, Өтеген,
Батыр едің ержүрек,
Озып туған өзгеден.
Тілін алып үлкеннің,
Залал жоқ сабыр етуден.
Әлі де алда талай бар,
Бармауыңды өтінем.
Елің кетті шұбырып,
Ақ қар, көк мұз суықта
Ақтабан болған алыс жол.
Бұл сапардан сескенем,
Аш-арыққа қараған
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бізге пайда өзгеден.
Атыңның басын кейін бұр,
Күтеді көмек ел сенен.
Сөзін естіп Төленің,
Өтеген кейін бұрылды.
Шұбырған елдің артынан
Батыр енді жөнелді.
Сыр менен таудың арасы
Құлазыған дала еді.
Түйе шалар түгі жоқ,
Жылқы тебер қыртыс жоқ,
Сусын болар суы жоқ,
Бет қаратпас желі бар,
Ұшан теңіз сала еді.
Сондықтан халық бұрыннан
«Бетпақ» деп оны атады.
Құдай басқа салған соң,
Қоныстан ауып көп дулат
Ақ қар, көк мұзда
Басқалармен қосылып,
Солай қарай шұбады.
Алыс жолға жүре алмай,
Қара боран суықта
Талайлар жолда құлады.
Орта жолға келгенде
Көл кездесіп кішкене,
Шаршаған халық қуанды.
Айнала көлді жағалап,
Алқа-қотан қонады.
Аз ғана күн аялдап,
Арттағыны жияды.
«Көшеміз ертең» дегенде,
Қатты боран соғады.
Қорғаларға пана жоқ,
Қайда барып бұғады?!
Арық мал мен аш адам
Сол жерде қатып сұлады.
ер өтеген
Артынан келген батырлар
Тірілерін жияды.
Басын жинап халықтың
Біраз сабыр қылады.
Осы жерде азғантай
Үш жүзден бүлік шығады.
Орта жүз кетіп Арқаға,
Кіші жүз кетіп Шалқарға,
Ұлы жүз ғана қалады.
Көшті бастап Өтеген,
Бораннан алып шығады.
Аман-есен ұлы жүз
Хан тауына келеді.
Өтегеннің бұл ара
Өзінің туған жері еді.
Кейін қалған үйсінді
Төле би құрап жинапты.
Білуші еді Бұлбұлың
Бетіне келер ұятты.
Жолбарысты хан сайлап,
Жұрттың басын құрапты.
Қаратау мен Хантауы
Саласына орнатты.
Дулаттың қолы күшейіп,
Қалмақты қайта айдапты.
Жауды қуып қаладан,
Ташкентті дулат қайта апты.
Қырғыздар оны көре алмай,
Іштері күйіп қайнапты.
Сарт пенен қырғыз бірігіп,
Абайсызда бір күні
Жолбарыс ерді өлтіріп,
Хан көтеріп қалаға,
Қоқым биін сайлапты.
Қатыннан қорқақ Қоқым би
Соғыспай жауға қарапты.
Кейінгі мына Қанайың,
Жанқараш, Бәйтік, Жантайың
10-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қоқым биден үлгі апты.
Түсінер өзі ер Шабден
Салыстыра ойланып,
Ар жақ пенен бер жақты,
Біле тұра осыны
Шабден қалай жамандар
Ежелден батыр қазақты.
Сол қазақтың баласы
Әйгілі аты әлемге
Менің атам—Өтеген!
Жолын қуған қазақтың
Келе жатқан ертеден,
Көрсе де талай азапты,
Қайтпаған батыр сертінен!
Абылаймен екеуі
Жауды қуған жерінен.
Хантауы мен Қаратау,
Адырлы қырқа белінен.
Туып-өскен кең алқап
Жетісудың төрінен.
Ары қарата асыра,
Алатаудың белінен.
Көрген соң мұны ар жақтан
Қытай, шүршіт патшасы,
Қаптатқан қалың көп әскер.
Ашылған соң құс ұшпас
Биік қорған қақпасы.
Шүршіттің қолын көрген соң
Қаулаған қара шыбындай,
Өтеген қарсы шауыпты,
Елден бұрын шыдамай.
Жаудың қарап алдына,
Бас иіп батыр тұра ма,
Бекерден бекер қарап жай.
Кіріскен жаудың бетінен,
Бас-көзіне қарамай,
Ығыстыра бір жағын,
Шүршітті қырған аямай.
ер өтеген
Абылай қорқып бұл кезде,
Тұрып қапты алыста,
Ілесуге жарамай.
Жалғыздығын көрген соң,
Шүршіттің бәрі жабылған,
Жан-жағынан қамалай.
Келіп серік болмаған
Қол бастаған Абылай.
Шүршіттерге бас иіп,
Бағыныпты кәпірге,
Оқ шығарып ұрыспай.
Көрген соң мұны Өтеген,
Ол жерде енді көп тұрмай,
Қамауды бұзып жол ашып,
Ауыл жаққа бет қойып,
Жүріп кеткен бұрылмай.
Өтеген батыр өкпелеп,
Абылайға келмеді.
Жалынса да өзі кеп,
Қасына да ермеді.
Бір кеткен соң бөлініп,
«Халық иесі—ханым» деп,
Бетін қайтып көрмеді.
Даярланып сапарға,
Іздеуге қоныс беттеді.
Қара қазан, сары бала
Қамын ойлап халықтың,
Ешбір тыным көрмеді.
Анталаған қалың жау
Батырға ұйқы бермеді,
Маңдайы шып-шып терледі.
Ақыл сұрап үлкеннен,
Төле биге келеді.
Келсе жетіп Төле би
Шөгіп қалған кезі еді,
Ыза қысып жүректі.
Кәрілігі болмаса,
Аузына үш жүз қараған
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ақылды ердің өзі еді.
Батырдың сөзін есітіп,
Қарт Төленің сондағы
Айтқан сөзі бұл еді.
—О, Өтеген, Өтеген,
Артық еді туысың
Өз қатарың ерлерден.
Шығар болсаң сапарға,
Жолың болсын, қарағым,
Еліңе қоныс іздесең.
Жоғарыда жерлердің
Жазы қысқа, қысы ұзақ.
Теріс болмас сонда да
Көзбен көріп байқасаң.
Төмен барсаң Қап тауы,
Қалай болар жан-жағы.
Ол болмаса, оң жақта
Жиделі Байсын—кең сала.
Істің байқап алды-артын,
Қимыл ет, ерім, ойлана.
Болмаса артық бұл жерден,
Елді орнынан қозғама.
Төленің алып батасын,
Жолға шықты Өтеген.
Асыл туған ер еді,
Артық болды өзгеден.
Айта берсем, таусылмас,
Тоқтайын осы жерден.
Ендігісін айтармын,
Керек болса, тағы ертең.
Білер енді хан Шабден,
Менің атам кім екен!
Ертеңінде Байсерке күй тартыпты. Қазақ-қырғызда ол
кісіден асқан домбырашы жоқ екен, бір күн тартса да, күйі
таусылмапты. Оның ертеңінде бір кеш өлеңді Майкөт ақын ай
тыпты. Сөйтіп, қазақ ақындары үш күн өлең айтып, Шабденді
сөзбен жеңіп қайтыпты.
Домбыра екі шекті қолға алайын,
Азырақ әнге салып толғанайын.
Білгенді, естігенді баянды етіп,
Ерлерден ертеде өткен сөз қозғайын.
Ертеде, ерте өткен бұрындағы,
Көз жетпес нысансыз Қырымдағы.
Ақындар талай-талай өлең еткен
Біздерден көп жыл өткен бұрындағы.
Өтіпті Асан қайғы, Бұқар жырау,
Олардың айтқанына кімде дау бар?
Құлмамбет Құланаян, Сүйінбайлар,
Барлығын хатқа тізіп болмас санау.
Солардан мына бізге қалған үлгі,
Ай өтіп ай артынан, қуып жылды.
Басына еш адамның тоқтамастан,
Опасыз өтіп жатыр дүние түлкі.
Дүние өтсе, дүниеден ер де өтеді,
Өткен іс көңіліңді тербетеді.
Әр адам өсіп-өніп, өмір сүріп,
Өзінің заманымен бір кетеді.
Бірақ та заман өтсе, із қалады,
Ер өтіп, ол туралы сөз қалады.
Өмірі ел мен жердің өте ұзақ,
Атағын өткендердің ел жаяды.
Жорықта
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарасақ арғы атамыз—үйсін қазақ,
Ұштасып таралуы өте ұзақ.
Ескендір Зұлқарнайын заманында
Алатау мекен еткен біздің дулат.
Патша Зұлқарнайын дүние салды,
Аңыз боп ел аузында аты қалды.
Алатау—көгал алқап, сары жазық,
Мекендеп сол араны дулат алды.
Алатау—алқабы кең асқар биік,
Мұз киіп, қар жамылып, бұлт жайылып.
Ар жағын мекендепті қорым қалмақ,
Дулатпен екі араны бөліп киіп.
Қалмақтар қазақпенен жау болыпты,
Арада үзілместей дау болыпты.
Шабысып бір-бірімен қысы-жазы,
Саласы Алатаудың қан болыпты.
Созылған жылдан-жылға соғыс ауып,
Адамдар отырмаған пана тауып.
Ит жығыс кезек-кезек біріменен,
Бірде ол, бірде мұнан қазақ шауып.
Мінгізген ол шабуыл атқа көпті,
Жорықта бастан-аяқ Төле бопты.
Өзі ер, өзі шешен, өзі батыр,
Кісі екен алмас құрыш, асыл текті.
Ерлік пен шешендікке әділдік сай,
Төле би атандырған осы жағдай.
Халыққа айтқан сөзі мақам болып,
Келеді осы күні, әлі тозбай.
Төле би жайшылықта билік еткен,
Соғыста найза ұстап, ерлік еткен.
Жорықта қол басқарып, іс атқарып,
Үйретіп жас ерлерге тәрбие еткен.
жорықта
Болыпты сол жорықта жас Өтеген,
Кезі екен он алтыға жаңа келген.
Тік иық, кең жауырынды, қарулы қол,
Кем емес көрінісі үлкендерден.
Қыр мұрын, қара торы, қабағы тік,
Денесі өз теңінен өткен биік.
Төбеге нысаналы мүйіз бітіп,
Жаралған адам екен өзгеше қып.
Төленің Өтегенге көзі түскен,
«Сынармын,—деген,—өзін алдағы істен».
Кеш болып, қас қарайып, күн батқанда,
Қалт келіп бір сапарда аттан түскен.
Ол жердің қасы ескі қорған екен,
Бұрынғы өлгендерді қойған екен.
Ойылып алқымдары түсіп-түсіп,
Бұзылып көп молалар қалған екен.
Төле би Өтегенді сынамақшы,
Ерлігін, жүректілігін байқамақшы.
Сылтаулап «от жағуға отын тап» деп,
Молаға қараңғыда жұмсамақшы.
Төле би шақыртқан соң келді Өтеген,
Жоқ еді бұдан бұрын алдын көрген.
Бұралған тал шыбықтай бала батыр
Алдына келіп тұрды әдеппенен.
Төле би жайыменен сәлем алып,
Батырға: «Әкел,—деді,—оттық тауып.
Қыдырып, молаларды көрсең барып,
Ағашы құлаған көр болушы еді».
Өтеген қараңғыда кетті жүріп,
Аспанды бұлт басып, тұр түнеріп.
Артынан үш-төрт жігіт жіберіпті:
«Байқа,—деп,—батырлығын көзбен көріп».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Олар да бір жағынан бұғып тұрып,
Бір аман ағашы бар көрге келіп.
Ішіне алқымының отырыпты,
Бытырап әр жеріне бұғып-бұғып.
Өткенде біраз уақыт батыр келіп,
Ол көрдің ағаштарын байқап көріп.
Ішіне шұқырының түсе қалып,
Ағашты көтеріпті жайыменен.
Әлгілер жабысыпты ағашына,
Өтеген үн қатыпты, тоқтап сонда:
—Өлі әруақ!... Тірі әруаққа ас пісірем,
Тыныш жат, жабыспай-ақ орыныңда.
Соны айтып жас Өтеген кеткен жүріп,
Саспаған, қорықпаған үрейленіп.
Төлеге сынаушылар баян етіп,
Разы болған Төле оны естіп.
Біздің қазақ халқы бұрын қалмақ, қырғыз, өзбек бо
лып, төрт ұлтқа бөлініп, бірін-бірі әлі келгенін шауып алып,
білегінің күші, найзасының ұшымен бірін-бірі езіп-жаншып
жүрген еді. Содан қалмақты жаулап, қазақ жерінен қытай
жеріне аударды. Содан қазақ бірбеткей болып, қазақ ішінде
ұлы жүздің баласы қырғызбен өте жауласып, шабысып, бірін-
бірі қуғын-сүргінге салып жүрді. Онан соң қазақ халқы үш
жүздің баласына бөлініп, ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз болып,
үш жікке бөлініп жүрді.
Ол уақыттағы билеушілер хандар болды. Ақсүйектің
тұқымынан хан көтерді. Хандардың қабырғалы билері бо
лып, олар өздерінің білгенін істеп жүрді. Хандардың мақсаты
әлі келгенін шауып алу, талау, қан төгу болды. Содан біздің
қазақ халқы орысқа қарамай тұрып өздері: «Орыс деген жұрт
бар. Әліміз келсе, орысқа қараймыз» деп жүрген еді. Сол кезде
қазақтың ұлы жүз руынан 1730 жылдар шамасында Өтеген де
ген батыр шыққан. Ол Өтеген ұлы жүз дулат нәсілінен, Сырым
бет деген атаның тұқымынан шықты.
Өтеген батыр есі кіріп, ат жалын тартып мінгеннен кейін
қоныс қарай бастаған. Ер жетіп, толық адам болғаннан кейін:
«Түбі осы Жетісу жеріміз бізге қонысқа жарамайды. Себебі
бұл жерді түбінде орыс деген халық алады. Оған қарсы тұра
алмаймыз. Себебі біздің қазақ халқы өте надан, айласы, күші
жоқ. Сондықтан оған еркіміз кетіп қарағанша, бір оңаша жер-
су тауып, әрісі қазақ халқын тегіс қоныстандыру, иә, болмаса,
тілімді алған қазақты құтқарамын»,—деп жар салған. Тегінде
«орысқа бағынбаймыз» деген Өтеген батырдың басқа қазаққа
пікір-санасы қосылмаған. Себебі қазақ халқының бәрін бірдей
көріп, қазақтың қамын жеген.
Өтеген батыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Қамалда қалдың-ау!» деп көп зарлаған. Және өзінің
кереметі—нақ төбесінде бір қарыстай екі мүйізі болған екен.
Бірақ қан төгуді қаламаған кісі. Жалғыз-ақ қоныс іздеуде
болған. Содан өзінің Аюса деген баласымен, елу кісімен
екі айғыр үйірлі жылқы айдап, қару-жарағын асынып,
ел-жұртымен қош айтысып, әуелі күн шығысқа қарай бет
алған. Сол жүргеннен жүріп Қытай тарапына барып, күннің
шығысына жеткен.
Әмударияны көріп, одан төмендеп, күннің батысын көзде
ген. Одан Ақтөбе беттеп, бір Қазан деген жерді басып, қырық
күншілік шөлден, қырық күншілік жолдан өтіп, Жиделі Бай
сын деген жерге барып қайтқан. Жеті қырғыздың Алатауын
тегісінен аралағанға ұқсайды. Оны толық ешкім білмейді.
Себебі Атбасы, Нарын деген жерлерде Өтегеннің тасқа басылған
мүйізді суретін көрген кісілер бар. Ақыры 17 жыл жер қарап
келген. Сондағы көріп білген ғажайып әңгімесін Жамбыл қарт
өлеңмен суреттеп айтады.
Жер танабын алғаннан,
Сөзім болмас жалғаннан.
Бұғыдай мүйіз көтерген,
Қасқараудан шыққан Өтеген.
Төрт жақтан жер қараған,
Асыл нұрдан жаралған.
Барып қайтты Өтеген
Күннің шыққан жеріне.
Тегісімен аралап,
Қытай, Бейжін еліне.
Одан қоныс таба алмай,
Орыстың кетті шебіне.
Орысты көріп тұра алмай,
Ішіне оның кіре алмай.
«Мұның жүзі құрысын» деп,
Одан қоныс таба алмай,
Қорқыттың түсті жолына.
Неше жылдай жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Сырттан жолды таба алмай,
Келіп түсті Өтеген,
өтеген батыр
Қарсықұзар жолына.
Жылқысы болса айдаулы,
Қымызы болса байлаулы.
Жау-жарағы тегіс сай,
Қылыш болса қайраулы.
Жетіп келді батырлар
Ақтөбенің өзіне.
Үстіне шығып шатырлар,
Жатты біраз сол жерде.
Сондықтан Өтеген батыр жерді шалып, біраз күн Ақтөбеде
жатады. Сол жерде бір айдаһарға кез болады. Енді сол айдаһар
дың әңгімесі сөйленеді.
Өтеген батыр өткен заманында,
Заманның біраз жүріп қамалында.
«Жақсы қоныс жер жүзінен табамын» деп,
Қыдырған жаһан кезіп аманынында.
Жан білмеген Өтегеннің ақылын-ай,
Кез болып замананың тақырына-ай.
Ат жалын тартып мініп ер Өтеген
Өткізді дүниені сапырып-ай.
Өтеген Ақтөбеде жатты дейді,
Ас құйып, түрлі тамақ татты дейді.
Ішіп-жеп болғаннан соң төсек салып,
Ұйықтап бейхабарсыз жатты дейді.
Ел көзі тегіс ұйқыға батқан кезде,
Шаршағандар демалып жатқан кезде
Жылқы үркіп, ел ұйықтаған жерге келді,
Тамаша бір іс болды көрер көзге.
Жылқылар үркіп келді қасына енді,
Оянып көтерді олар басын енді.
Бір жаман күлімсі иіс пайда болды,
Азыды қорқып қанды жасын енді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Бұл неткен жаман иіс, ой, тоба!» деп,
Шуылдап қалды бәрі сасып енді.
Бұрын мұндай қысылшаң көрмегендер
Сескеніп олар қалды жасып енді.
—Не пәле болды, Өтеген батырым-ай,
Бастан кетті қорыққаннан ақылым-ай.
Қарашы, жан-жаққа көзің салып,
Бір ажал келді білем, япырым-ай!
Өтеген өзі батыр, өзі мерген екен,
Мехнатты осы жерде көрген екен.
—Жолдастар, сабыр қылып, қорықпаңдар,
Бұл жерге бір айдаһар келген екен.
Байқаса бір айдаһар келген екен,
Келгенін Өтегеннің білген екен.
Зиянсыз айдаһардың келгендігін
Ақылмен ер Өтеген білген екен.
—Жолдастар, енді мұнан қорықпаңдар,
Тәуекел, не де болса сақ тұрыңдар.
Егер де зиян қылса қылар еді,
Бұл да бір мұқтажына келген шығар.
Таң атсын не де болса көрелік біз,
Мәнісін таң атқан соң білелік біз.
Құтылсақ аман-есен мақұлықтан,
Жол тартып жөнімізге жүрелік біз.
Бұл жерге бұл айдаһар бекер келмес,
Келгеннің жай-мәнісін білелік біз.
Егер де қастық қылса аямайды,
Сендердің ажарына қарамайды.
Күтелік сабырлықпен істің артын,
Қорықпайық бекер қорқу жарамайды.
Егер де қастық қылса көрген заман,
Ешқандай біздерге бермес аман.
өтеген батыр
Ендігі бізді қоймай жұтар еді,
Мұнымен күресуге келмес шамаң.
Өтеген ақыл айтып, тоқтау салды,
Сонда да аз тоқталып қайғыланды.
Ішінен қатты қорқып жолдастары,
Зар жылап түніменен күйіп-жанды.
Қорқысып бейшаралар жатты сонда,
Таң бозарып біразда атты сонда.
Қараса бір айдаһар қоршап алған
Жолдасы қатты қорқып састы сонда.
Достары буыны құрып тұра алмады,
Бейшаралар не қыларын біле алмады.
Қараса айдаһардың түсі суық,
Маңына ешкім батып келе алмады.
Қан сиіп жылқылар тұр жерді тарпып,
Жолдастары жылайды қайғы тартып.
«Батыр, енді күніміз не болды?» деп,
Көзінен қанды жасын сорғалатып.
Атына ер Өтеген мінеді енді,
Үстіне қару-жарақ іледі енді.
«Сабыр» деп жолдасына тоқтау айтып,
Аяңдап айдаһарға келеді енді.
Жақындап айдаһарға келді дейді,
Көрдің бе Өтегендей ерді дейді.
Бүктеліп, есіліп, жүз бұралып,
Жарқырап екі көзі жатыр дейді.
Боз шұбар айдаһардың түрі дейді,
Ала теңбіл үстінде түгі дейді.
Дуалдай Өтегенді қоршап алған,
Тыныш жатыр шықпайды үні дейді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Өтеген айдаһарға мынадай жауап айтады:
—Ей, мақұлық, сен бізді алдың қоршап,
Біз келдік алыс жолдан арып-шаршап.
Қыдырған жаһан кезген біз—жолаушы,
Таба алмай жайлы қоныс, жүрмін аңсап.
Қоршап бізді ортаңа алғаныңыз,
Қорқытып, қайғы басқа салғаныңыз.
Қоршадың не себепті біздерді енді,
Бар болса, білдіріңіз, арманыңыз.
Бір жүрген жаһан кезіп мен—бір сері,
Жүреді мұндай жерде ердің ері.
Мекен қып айдаланы еркін жүрген
Жаратқан бір Алланың сен бір шері.
Мен келдім жаһан кезіп соның үшін,
Қыдырып жүрген менің бұл жұмысым.
Халқыма жайлы жерден қоныс табам,
Жол ашып бізге рұқсат бергін енді,
Жылаған көздің жасын көргін енді.
Сен де шерлі болғанда, мен де шерлі,
Қамалтпай жолаушыны жүргіз енді.
Айтқанын Өтегеннің білген енді,
Жақындап Өтегенге келген енді.
Жиырылып бір уақытта тыржың етіп,
Бір-екі саржадай жол берген енді.
Қуанып, жол берген соң бейшаралар,
Босанып қамауынан жүрген енді.
Көңілден қорқыныш үрей кетті,
Қысылып қалған екен бейшаралар,
Қатты жүріп бірқатар жерге кетті.
Жолаушы жүре берді елбелеңдеп,
«Құдайдың салғанына бір көнем» деп.
Бес-алты шақырымдай жер барғанда,
Айдаһар ұшып түсті алдына кеп.
өтеген батыр
Айдаһар көлденеңдеп қалды жатып,
Қойды ғой жолаушыны таңырқатып.
«Құтылдық қой,—деген кезде,—бір бәледен»,
Көңілді тағы қойды жабырқатып.
Өтеген сонда батыр сөйлейді кеп:
—Не себептен жолды бізге бермедің?—деп.
Айтшы маған көңілдегі арманыңды,
Осынша қыр соңымнан қалмадың еріп.
Айдаһар сол уақыт ысқырды енді,
Жер сабап құйрығымен ышқынды енді.
Құйрығымен жіберді жерді ұрып,
Бұларға мұндай істі тұс қылды енді.
Қан сиіп сонда аттары жата қалды,
«Не мұқтажың бар?» деп Өтеген айта қалды.
Қара қазан, сары баланың қамы үшін
Өтеген бір басына шатақ алды.
Көзі тұр айдаһардың оттай жанып,
Айтуға тілі жоқ, тұр іші жанып.
Айдаһар жолға түсті ажағайлап,
Айдаһар жүріп берді тауға қарап,
Жарқырап екі көзі оттай жайнап.
Бес кісімен ер Өтеген келе жатыр,
Ойлайды «бұл қалай?» деп тамашалап.
Айдаһар келді таудың етегіне,
Өтеген қалмай, жүрді жетегіне.
Бес кісімен Өтегенді ертіп алып,
Өзінің келіп жетті мекеніне.
Таудан шығып екі айыр су ағып жатқан,
Мекені айдаһардың батыс жақтан.
Өзінше қазынасы болмақ керек
Отан ғып бұрыннан да бағып жатқан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Өтеген таң қалады ерің енді,
Үңгірді тамашалап көріп енді.
Жер екен шаңдақтаған ойнағы бар,
Бұрын мұндай нәрсені көрмеп еді.
Айдаһар үңгірге кеп тұра қалды,
Мойынын Өтегенге бұра қалды.
Өтеген ишарат қып «тартынба» деп,
Көңіліне айдаһардың қуаныш салды.
Айдаһар үңгіріне кетті кіріп,
Өтеген қарап тұрды келген еріп.
Біраздан соң әлгі айдаһар шыға келді,
Қараса үсті-басы қан боп кеткен.
—Тартынба, тағы қайта кіргін,—деді,
Алланың не салғанын көргін,—деді.
Алысқан сен жауыңды алып шыққын,
Сонан соң ерлігімді көргін,—деді.
Қайтадан таудың асты дүрсілдеді,
Өтеген «Не болды?» деп күрсінді енді.
Өтеген ыңғайланып күтіп тұрды,
Намысты қолдан бекер берсін бе енді!
Бір уақытта екі айдаһар шыға келді,
Шыққанын ер Өтеген көзі көрді.
Тіресіп бірін-бірі тістелесіп,
Беттесе қатарынан тіке тұрды.
Қып-қызыл, жылтыр шұбар бір айдаһар,
Аузынан отты жалын, шығады зәр.
Мекенін айдаһардың тартып алып,
Жатқан екен ие боп, пейілі тар.
Бір кез басы анадан озып тұрды,
Батырдың ашуы кеп, қозып тұрды.
Қараса жас айдаһар күші басым,
Кәріні көп алысып зорықтырды.
өтеген батыр
Мылтығын ер Өтеген қолына алып,
Бұрыннан қойған еді оғын салып.
Атуға айдаһарды ыңғайланып,
Мылтығын тұра қалды бетіне алып.
Сол жерде айдаһарды атып салды,
Оқ тиіп маңдайынан жатып қалды.
Соғысын екеуінің көргеннен соң,
Азамат қызығына батып қалды.
Айдаһар шалқасынан құлады енді,
Қимылдаған жерінің бәрін шайнап.
Көңілін кәрі айдаһар тындырды енді,
Ерлігін ер Өтеген білгізді енді,
Хош қылып жолдастарын күлгізді енді.
Айдаһар суға аунап тазаланып,
Қайтадан төмен қарай жүргізді енді.
Жолымен қайта жүрді төмен қарай,
Айдаһар бастап келе жатыр қалмай.
Кейінгі жолдасына алып келді,
Айдаһар тағы жүрді тыным алмай.
Артынан кешке шейін ерген енді,
Ақылға ер Өтеген зергер енді.
Ілесіп айдаһармен келе жатыр,
Бір үлкен ну тоғайды көрген енді.
Айдаһар сол тоғайға кіріп кетті,
Артына қарамастан жүріп кетті.
Жолдасын ертіп келген адастырып,
Бұларды таң-тамаша етіп кетті.
Сонда Өтеген батыр: «Бұл қалай?—деп қайран қалды да,—
бұл жерге тегін алып келген жоқ қой. Бір ғажайып нәрсе бар
ғой»,—деп жан-жағына көзін салып қарайды. Сонда қараса, бір
жалғыз ақ үй көрінеді.
Ер Өтеген ал сонда,
Атының басын бұрады,
11-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әңгіме-дүкен құрады.
«Бұл тоғайда не бар?» деп,
Олай-бұлай қарады.
Қарап тұрса тоғайдан
Бір үлкен ақ үй көрінді.
«Айдалада отырған
Үй екен,—деп,—не қылған?»
Үйге таман барады.
Үй артына жетіп кеп,
Сөйлес хабар қылады.
Сол уақытта бір адам
Үйден жауап қылады.
Үйдегі адам мынандай жауап береді:
—Ер Өтеген сенбісің,
Қосын тартып жүрісің,
Бейуақытта келіпсің.
Осынша жерге келгенде,
Қасыңдағы жолдасың
Тұра қалсын далада.
Өзің аттан түсіп кеп,
Жайыңды айтқын, жан балам.
Әдеппен жүріп ақырын,
Үйге кіріп, сәлем береді.
Жол болсын айтып танысып,
Жай-мәнісін біледі,
Ол үйде қожа отыр екен.
Сонда Өтеген сөйлейді.
Сөйлегенде бүй дейді:
—Мен ғаріп айтқан сөзіме,
Қожам, құлақ сал,—дейді.
Арып келген жолаушы
Өтеген деген мен едім,
Жаһан кезген ер едім.
Қатын-бала қамы үшін
Қоныс іздеп кеп едім.
өтеген батыр
Мекен қылып отырған
Жетісу деген жер еді,
Үш Алматы кері еді,
Қазақ деген ел еді.
Көнелердің айтуы
Осы Жетісуды
Орыс алар деп еді.
Сол себептен бұл жерге
Өтегендей ғарібің
Қоныс іздеп кеп еді.
Жақсы қоныс бар болса,
Айтып бер, қожа, сен,—дейді.
Сонда қожаның жауабы:
—Ей, Өтеген батыр-ау,
Ел тіліңді алмайды-ау.
Айтқаныңа бағынып,
Назар соған салмайды-ау.
Әуре болып ел үшін,
Еңбегің сенің жанбайды-ау.
Шөлдегенің ел үшін,
Сусының сенің қанбайды-ау.
Қамы үшін еліңнің
Құрбан қыпсың жаныңды.
Өтеген, сен ер едің,
Қоныс іздеп кеп едің.
Қамы үшін еліңнің
Еңіреп туған ер едің.
Іздеп кепсің алыстан
Елің үшін, батырым.
Елдің сиқы алты ауыз,
Болмады-ау сенің көмегің.
Елің үшін туыпсың,
Жұртың үшін күйіпсің.
Әуреге сап басыңды:
«Тие ме,—деп,—жұртыңа
Тіршілікте себебің».
Ер Өтеген батырым,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қырық шілтен біз қосылып,
Бағып енді жатырмын.
Ел күзетіп олар жүр,
Дүниені аралап,
Елдің біліп мәнісін.
Соныменен елсізді
Мекен қылып отырмын.
Ер Өтеген батырым,
Ауыр бейнет көріпсің.
Барсакелмес жолына
Құдай айдап түсіпсің.
Қауіп-қатер жолында
Толып жатыр көрерің.
Зияндасты көргенде,
Сонда, батыр, сезесің.
Сонда Өтегеннің жауабы:
—Ешкім бұзып жөндемес
Тағдырдың салған қармағын.
Не болса да, қайтпаймын,
Көңілімде көп алғаным,
Ішімде кетер арманым.
Өтеген едім елімде
Туғаннан-ақ жағымды.
Дұшпан менің сындырып
Көрген емес сағымды.
Жаһан кездім ел үшін.
Қонысқа жайлы жер үшін,
Осынша жерге келгенде
Бір сынайын бағымды.
Жатыр дейді дос қылып,
Көңілім әбден хош қылып.
Қожаның жауабы:
—Ей, Өтеген, құлақ сал,
Бір ақыл саған айтайын.
өтеген батыр
Сол ақылды ұғып ал,
Асылыңды байқайын.
Дегеніңе жеткізсін,
Орындалып талабың.
Алғыр бүркіт секілді
Көрінеді қабағың.
Түнде барма үйіңе,
Күндіз барғын, шырағым.
Айтқанымды ұғып ал,
Сөзімде екен құлағың.
Әр іске сабыр ет,
Ақылменен жалғанның.
Жандырарсың шырағым,
Осы сапар көрерсің
Бұл жалғанның қыспағын.
Ашуың келсе егер де,
Арашалап сол қолың,
Оң қолыңды ұстасын.
Қош айтысып қожамен
Өтеген батыр кетеді.
Сәскелікке озып жүретін
Өтегеннің әдеті.
Жолаушылар жол жүріп,
Мезгілінде жерге жетеді.
Бірқатар күн жол жүріп,
Аз ғана емес мол жүріп,
Шықты қоңыр беліне.
Адам жақын жүрмейді
Өтегеннің шеніне.
Мақсұты оның көңілінде
Қоныс тауып бермекке,
Іздеп жүріп еліне.
Аз дамылдап бұл жерде,
Тағы да атқа мінеді.
Қосын тартып ілгері,
Тәуекелмен жүреді.
Кент аралдың жолына
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Өтеген батыр түседі.
Кент аралды аралап,
Одан дағы өтеді.
Тас аралға тағы кеп,
Оған дағы тоқтамай,
Құм аралды аралап,
Байқап барып шамалап,
Кендірлінің тұмсығын,
Басып өтіп Өтеген,
Қасқа жолға жетеді.
Қасқадан да асады,
Бірқазан таудан аяңдап,
Жолын келіп басады.
Батыр туған Өтеген
Көңілі судай тасады.
Бірқазан құсты атып ап,
Қызыққа әбден батып ап,
Көз ұшында көрінген
Бір үлкен ну тоғайға
Соған қадам басады.
Тоғайға кіріп тынығып
Біраз сонда жатады.
Осы жолда Өтеген бейнетті көп көреді. Бір қалың тоғайдың
ішінде айдаһарды өлтірмек болып жатқан әбжыланды өлтіреді.
Сол тоғайға түнегенде, өлімнен құтқарған айдаһар бұларды
түнімен қорғап, күзетіп шығады. Таңертең айдаһардың
сыйлыққа тығып кеткен кесек алтынын тауып алады. Өтеген
одан ай жүріп, тағы қалың шеңгелді жерге келеді. «Тар жер»
деп ұнатпайды. Мұнда бір жезтырнаққа кездесіп, айласын тау
ып, оны өлтіреді. Бірақ тұрақтап дем алып жата алмайды.
Одан шығып Өтеген,
Қосын тартып жөнеді.
«Тәуекел,—деп,—Құдайға»
Жолға түсіп келеді.
Неше түрлі көрмеген
Жолын олар көреді.
өтеген батыр
Қырық күншілік бір көлге
Соған жетіп келеді.
Көлден жолды таба алмай,
Жағадай өрге жүреді.
Көлдің басын айналып,
Неше күндер болғанда,
Суы жоқ көлге келеді.
Ебін тауып Өтеген,
Қырық бес күндер болғанда
Шөлден әрең өтеді.
Шөлден шығып өткен соң,
Қалың қара шеңгелді,
Аспанменен сөйлескен
Тоғайға келіп жетеді.
Сол шеңгелдің қасында
Біраз күн тынығып
Өтеген батыр жатады.
Өтеген сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:
—Қалың қара шеңгелдің
Ар жағында көрмеген
Бір жақсы жер бар,—дейді.
Сол жерге енді баруға
Енді қайрат сал,—дейді.
Енді қарап тұрмалық,
Бұл шеңгелден кіл қалың
Көңілімізді алаң қып,
Басқа жаққа бұрмалық.
Қазірден бастап қиялық,
Күшімізді жиялық.
Аман болсақ, жігіттер,
Қырқып шығып шеңгелді,
Абиырды алайық.
Содан қырық күн болғанда қырқып шығып, ар жағындағы
Жиделі Байсын деген жерге барады. Бір жылдай аралап, тегіс
көріп қонысқа жаратпай қайтады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шеңгелді қырқып, жол салып,
Өтіп шықты Өтеген
Жиделі Байсын жеріне.
Кім шыдаған ол күнде
Өтегендей еріңе!
Құлақ құрышың қанбайды
Батырдың көрген кебіне.
Айтарлықтай не деген
Жиделі Байсын жер екен.
Өз әлінше Өтеген
Көзі ашық туған ер екен.
Заманында ер туған
Жүректі туған ер екен.
Жиделі Байсын жеріңіз
Ағашы қалың жер екен.
Жиде менен пістесі,
Жемісі оның көп екен.
Уылжып піскен жемістен
Дәмін татып, жесеңіз,
Алуан шекер, бал екен.
Неше түрлі, көрмеген
Хайуанат, құстар көп екен.
Топ-топ болып шіліктер,
Отан қылған жер екен.
Лақтай болып қояны,
Қарақұрт, шаян мысықтай,
Төл болып өскен жер екен.
Жылқыдай болып құланы,
Екі еседей бұланы.
Домбай деген тағы аң бар,
Төрт есе үлкен лағы.
Қарасақа деген бір киік
Пілдей болып тұрады.
Жайылған жылқы секілді
Аңдарының көптігі
Салбыраған бұғағы.
Жер шырайын қарасаң,
Түбімен біткен шөптері.
Жұпардай аңқып иісі,
өтеген батыр
Іштен шығар дерттері.
Таусылмайды бұл жердің
Айта берсек кептері.
Неше аралға бөлініп,
Жалпақ болып кеткені.
Жаңа дүние тапқандай
Өтегендей батырдың
Іштен шері кетті енді.
Алып келіп елімді,
«Қондырам,—деп,—бұл жерге»
Өтеген сонда серт берді.
Байсынның батыс жағында
Тұмандай болып көрінеді
Мана деген дариясы.
Дариядан бөлінген
Толып жатыр жылғасы.
Батысқа қарап бет алып
Дарияның ағысы.
«Әттең сені, дүние-ай,
Дариядан су алып,
Көшіп келсе елімнің
Жарасар еді қонысы.
Шаруасы көбейіп,
Өрлер еді табысы.
Екпей шыққан ол жерде
Жабайылап шыққан арпасы.
Сол арпаны көргенде,
Өтегендей батырдың
Іштен шықты-ау данасы.
Әттең сені, елім-ай,
Көшіп мұнда келмейді-ау,
Қадірімді білмейді-ау,
Айтқаныма көнбейді-ау.
Осы жердің қадірін
Біздің қазақ білмейді-ау.
Ақыл айтқан кісінің
Тілін ешкім алмайды-ау.
Жол бастаған ерлердің
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Соңынан елім ермейді-ау.
Ел тілімді алмаса,
Бұл жерге көшіп келмесе,
Қайтіп жүрем денім сау?!
Алып келсем елімді
Жиделі Байсын жеріне,
Қалмас еді-ау арманым-ау!
деп, Өтеген жұрттың қайғысын жеп, жылдай жатып, аңдарын
атып, қызыққа батып, бұдан оңаша жер таба алмай, қайта тар
тады. Содан неше айлар жүріп, еліне келеді.
Өтеген аман-есен келді дейді,
Аралап талай жерді көрді дейді.
Жер қарап, он жеті жыл өмір сүріп,
Ел-жұртын аман-есен көрді дейді.
Ешкімге бұрылмастан жүріп кепті,
Ауыр бейнет азапты көріп кепті.
Сағынып қатыны мен балаларын,
Үйіне күндіз келмей түнде кепті.
Ұйқыға елдің көзі кірген екен,
Малдары бырт күйіске кірген екен.
Кетерінде батырдың бір жас күшік
Еркелеп батыр алдына жеткен екен.
Сағынып сары далада қаңғып жүріп,
Үйіне батыр енді келді кіріп.
Ақырын төсегіне көзін салса,
Жанында бәйбішенің жатыр жігіт.
Жатқанын бір жігіттің көзі көрген,
Сазандай аппақ жігіт түрі келген.
«Мені тоспай, бұл байға тиіпті» деп,
Батырдың көңіліне ашу кірген.
Сапысын жанындағы суырып ап,
Ойланды кесуге енді оңтайланып.
өтеген батыр
Сапысын шабайын деп көтергенде,
Сабыр қып біраз тұрды ой ойланып.
Қожа айтқаны есіне кеп түсе қалды,
Сол қолы оң қолын кеп ұстай алды.
«Әттеген-ай, үйіме күндіз келмей!»
Деді дағы батырың теріс айналды.
Оянып бәйбіше де сезіп қалды,
«Бұл үйге ешкім батып кірмеуші еді,
Батырым келген екен,—деп оянды.
Мені сынап батыр үйге кірген екен,
Тарпаңды жанымдағы көрген екен.
Шамасы мені байға тиді ғой» деп,
Өкпелеп кейін қарай жүрген екен.
Деді дағы бәйбіше түрегелді,
Артынан Өтегеннің жүре берді.
Далаға бәйбішесі шыға келсе,
Батырды келіп тұрған көзі көрді.
Батырмен амандасып көріседі,
Хал-жайын бір-бірінің біліседі.
От жағып, үйдің ішін жарық қылып,
Батырды үйге алысып келіседі.
—Батыр-ай, көңіліңе бір іс келді-ау,
Сол ісің көңіліңе теріс келді-ау.
Шамасы, мені байға тиді деген
Көңіліңе осындай бір жұмыс келді-ау.
Жерік болып сен кеткенде қалмап па едім,
Уәде аузымнан алмап па едім.
Сондағы ішімдегі туған бала
Сақтаған жәрдем беріп Құдай пана.
Туған соң атын Тарпаң қойдым,
Ер жетіп жігіт болды, міне, қара.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мінеки, он жетіге жасы толды,
Айырды жақсы-жаман, оң мен солды.
Қайғымды қанша көрген ұмыт етіп,
Көрген соң аман-есен көңілім толды.
Есітіп батырдың да көңілі тынды,
Баласын жанына алып, бетін сүйді.
Жол бейнетін ұмытқандай болды батыр
Көрген соң баласын Тарпаң сынды.
Қаншама қауіп-қатер бәрін көріп,
Еліне қоныс тауып келген жерін.
Айтады, түк қалдырмай бастан-аяқ
—Ел үшін ауыр бейнет қатты көріп,
Жалғанның қыспағынан жедім таяқ.
Мен келдім сіздерге ел-қоныс тауып,
Көп көрдім жүрген жерден қатер-қауіп.
Жиделі Байсын деген жақсы жерге
Көшелік, тіл алсаңдар, жерден ауып.
Оңаша Жиделі Байсын жақсы қоныс,
Қазаққа қысылғанда болады тыныс.
Егер де айтқаныма көнбесеңдер,
Бұл жерді ақырында алар орыс.
Бір жұрт бар орыс деген көздері көк,
Бір жерде бекер қарап тұрмайды тек.
Келеді осы күнде жерді қаптап,
Өзінің қайрат-күші айласы көп.
Сол келіп шұрайлы жеріңді алар,
Қаратып тегісімен еліңді алар.
Көнбесең, басың түгіл, тілің кесіп,
Аузыңда сөйлеп тұрған сөзіңді алар.
Жайылған өрістегі малыңды алар,
Басың байлап, аяғыңа тұсау салар.
өтеген батыр
Егерде оныменен қарсы келсең,
Бір шыбындай тәніңдегі жаныңды алар.
Содан кейін Өтеген батыр көрген-білгенін айтып, жұртымен
тегіс ақылдасады. Жұрты: «Бұған баруға болады екен. Оған
қалай жетеміз?»—дейді. Сонда Өтеген айтады: «Оған бір жыл
да жетеді. Биеге айғыр салмай, ту сыртын семіз қыл. Қойға
қошқар салмай, сиырға бұқа салмай, түйеге бура салмай, тура
бір жылда жетеміз. Қырық күн шөлі бар. Одан қысты күні
өтеміз. Қалың қара шеңгелді қырық күнде қиып өтеміз. Со
дан соң жетеміз. Жері кең, бір айрығына бес мың үй сыяды.
Айырығы көп сол жерде емін-еркін жатамыз. Мен ел үшін он
жеті жыл жер қарадым. Сол көрген бейнетімнің арқасында осы
ны таптым. Ақылдасып, тілді алыңдар»,—дейді Өтеген. Содан
жұрт олай-бұлай ақылдасып, Өтегеннен: «Қандай малға жайлы
екен?»—деп сұрайды. Сонда Өтеген: «Малдың бәріне жайлы,
тек жылқыға жайсызырақ»,—дейді. Сонда Ерсары, Байсары
деген кісілер: «Ой, олай болса, жылқы—адамның қанаты, еті—
бал. Жылқыдан айрылып, адамның күн көруі кем болады. Оған
бара алмайды екенбіз»,—деп жұртқа ылаң сап, бұзған дейді.
Ақырында жұрт Өтегеннің тілін алмасқа шығады.
Сонда Өтеген елден күдер үзеді. Өтеген бармағын тістеп:
«Әй, әттеген-ай, «жылқыға да жақсы» деп айтпағаным-ай!—
деп өкініп қалады,—қайыр жұртым, менен кінә жоқ, кейінгі
қара қазан, сары баланың обалы Ерсары, Байсарыға болсын»,—
деп, Өтеген батыр Құдайға зарланып, жерімен амандасып,
Түркістанға кетеді.
—Жеті қыс, бес жыл дегенде,
Осы сенің жеріңе
Орыс келер деп еді.
Орыс келсе бұл жерге,
Ерік кетер деп еді.
Билік кетіп басыңнан,
Береке кетіп асыңнан,
Дұшпан шығып қасыңнан,
Сенімдік кетер деп еді.
Орыс келсе бұл жерге,
Түймелі шекпен кидірер,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түрегелтіп сидірер.
Аралда жатқан қамалып,
Қазақтың қара халқын
Бытыратып бүлдірер.
Орыс келсе бұл жерге,
Малға жұқпас деп еді
Қаратаудың шалғыны.
Сары алтындай сөзімнің
Келеді енді балғыны.
Елден шығып залымдар,
Тазыдай-ақ мойнына
Тағып алар қарғыны.
Орыс келсе еліңе,
Би-болыс шығып сол кезде,
Өтірікті шын қып жандырған.
Сөйлеп кетсе би-болыс,
Есіңді алып тандырған.
Ау, елім, елім, елім-ау,
Айтсам тілімді алмадың,
Дегеніме болмадың.
Аралда қалдың қамалып,
Көрерсің енді залалын.
Солдатқа беріп балаңды,
Міндеткер болдың, білдің бе,
Бәлеге басыңды ілдің бе!
Әжібектің жайлауы
Балды берік бас еді,
Өркештенген тас еді.
Қымызы бар арақтай,
Ішкен кісі мас еді.
Орыс келіп алады-ау,
Билік бастан қалады-ау,
Қайран жерім, қош енді!
Ой, Сарыағаш, Тәшкен-ай,
Елдер үшін жаралған.
Ортасында бұлардың
Келес деген су ағып.
өтеген батыр
Талай адам егін сап,
Сол дариядан таралған.
Әулиеата жерім-ай,
Әулиенің бірі едің!
Бектауата, Бекәлім,
Ықыласпен барған кісіге
Көрінеу шығып сөйлескен.
Одан бері келейін,
Аспара мен Меркім-ай,
Жатушы еді еркін-ай!
Аспара басы—Аршалы
Елім тілім алмады,
Айта-айта шаршадым.
Судың басы—Арша тау,
Шүкіршілік денім сау.
Қырғыз, қазақ елдерім
Кейде тату, кейде жау.
Бір жағым қырғыз болғанда,
Бір жағым, қазақ, сен едің.
Судың екі жағынан
Аппақ үйді тіккенде,
Жарасушы еді сәндерің.
Орыс алар бөлектеп
Ағып жатқан суыңды,
Құлатады туыңды,
Шығарар бастан буыңды.
Берекесін кетірер
Тоғай болған нуыңды.
Елім, тілім алмадың,
Айтқаныма болмадың.
Ата безер күн болар,
Ене безер күн болар.
Білімсіз келіп сөйлесе,
Үн шықпайтын күн болар.
Атаның тілін ұл алмас,
Ананың тілін қыз алмас,
Осындай заман кез болар.
Жазайын бісмілла деп қисса бастап,
Керейдің әруақты ерін мақтап.
Жасымнан үлкендерден көп естіген,
Бұл өзі хикая еді жазса жақсы-ақ.
Жәнтекей сүйіндіктен алды тарар,
Алтыдан туған сары ру болар.
Сарыдан Бақдәулет, Бердәулет боп,
Бердәулеттен туған бір батыр ұл бар.
Дейді екен оның атын ер Жәнібек,
Бұл жайлы кеңес жаздым бір тәуір деп.
Ол бұдан екі жүз жыл бұрын өткен,
Көз көрген ісім емес дәл қазір боп.
Жазғаным естігенім аңыз болған,
Сонша жыл ел керейге маңыз болған.
Сөкпеңдер мен пақырды әлдене деп,
Демеймін мұның бәрі табылды ойдан.
Бәрі де болған дейді білген қауым,
Білекпен, тілімен де ол түрген жауын.
Ат жалын тартқаннан-ақ көз жұмғанша
Есінен шығармаған елдің қамын.
Жәнекең он алтыға келген жасы,
Бұлшық етті, бура сан, зор тұлғасы.
Жауырынды, иықты, қас-қабақты,
Ер жүрек батырдың бар нышанасы.
Жәнібек батыр
жәнібек батыр
Денелі, еңгезердей сұңғақ бойлы,
Кеуделі, кеңнен толғар терең ойлы.
Кішіпейіл, кең мінезді, кешірімді,
Тарыққанда табар ер тура жолды.
Тілеген еліне ерек берекені,
Түсінген жаудан келер әрекені.
Желбуаз жесір сөзге жан семіртпес,
Танылған жасынан-ақ ер екені.
Танылып өзі туған ел-жұртына,
Көндіріп алғаннан соң елді ырқына.
Сары үйсін нағашысын іздеп шықты,
Бірі деп үш жұртымның шыдар сынға.
Нағашысы Досымбек, Әмір деген,
Үш жүзге танылған ер сенімменен.
Дулыға, сауыт киіп, қылыш асып,
Ел жауын бет қаратпай жерге илеген.
Бүкпеген сайыстарда ол тізесін,
Жан еді тектеп мәнді сөз білетін.
Жер шалғай жалғыз қыздан туған ұлды
Күтетін туар кезді бір көретін.
Сексенге келіп аттан түскен кезі,
Ауылдан аттап шығып түстенбейді.
Тарайды өз алдынан елдің ісі,
Тебір мен тентекке әлі күш бермейді.
Жәнекең осыларға бармақ болды,
Олардан бата, тәлім алмақ болды.
Күн туса ел басына зәуде ғалам,
Арқа тұтып салмағын салмақ болды.
Жанекең нағашымды көрейін деп,
Бір барып амандасып келейін деп.
Жүргенде жол жолдасқа Кебеш ерді,
«Жалғыз жүрме мен ертіп жүрейін» деп.
12-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жол алды екі сабаз дара аттанып,
Тобышақ тұлпар мініп қанаттанып.
Секілді Жанекеңнің түлеп ұшып,
Қырандай жүрген кезі аяқтанып.
Жанекең, Көбеш екеуі
Осылай жүріп кетеді.
Жүрер жолы тым алыс,
Уақыт зырлап өтеді.
Атын екі тағалап,
Киімді неше шешеді.
Сырмалы кепештен
Түгі тұтам өтеді.
Ат арықтап, өң тозып,
Тау асып, су кешеді.
Ай сегіз күн жол жүріп,
Сары үйсінге жетеді.
Нағашы тегі толымды
Досымбек пен Өмір-ді.
«Жиенім іздеп келді» деп,
Көңілі толып семірді.
Жиенін көріп қуанып,
Досымбек жылап егілді.
Нағашысын көрген соң
Жәнібек болды көңілді.
«Нағашы жұртың кім еді?» деп,
Сұрайтын заң бар тегіңді.
Бөгенбайлап білгіштер,
Ұқсаған байқар өңіңді.
Нағашы көңілі қуанды,
Жиенін байқап сынады.
«Ержүрек батыр болар» деп,
Жиенге көңлі тынады.
Ер тұлғалы келбеті
Досымбекке ұнады.
Аман-сәлем жауабы
Сары үйсінге ұнады.
Сары үйсіннің кісісі
жәнібек батыр
Сәлемге келіп шығады.
Аралатып ауылды,
Қадірлеп қонақ қылады.
Мұның бәрін сол ұлы ел
Досымбек пен Өмірдің
Құрметі деп ұғады.
Сондай шақта бір жұмыс
Елді қайран қылады.
Жәнібектен бір кәрі:
—Ұраның кім?—деп сұрады.
Жәнібек бұған сөз таппай,
Мүдіріп қалып тұрады.
—Абақ, керей елі,—деп,
Досымбек жауап қылады.
—Ұрансыз елде береке
Болмайды деп ұғады.
Ел басына күн туса,
Ұрандап жауға шығады.
Ұрансыз болса абақ ел,
Онан да бір туады.
Күні ертең соның есімін
Елі ұран қылады.
Сол ұран—бойдың тұмары,
Сол ұран—ойдың шырағы.
Сол ұран бүкіл халықты
Бір төбеге жияды.
Деп қария толғайды,
Толғауында бар қайғы.
Жәнібекке бұл кеңес
Жаймашуақ болмайды.
Жанын жердей бір жегі,
Ішкен ас бойға қонбайды.
Қайран елдің түңлігін
Қайтып қана оңдайды.
Торғай дағы шиқылдап,
Шақырады торғайды.
Атқа қонса айғайлап,
Аты ұран неге болмайды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Осыны ойлап тықыршып,
Түнде үйге қонбайды.
Далаға төсек салғызып,
Далада жатып толғайды.
Түні бойы көз ілмей,
Түске шейін тұрмайды.
Бір күні түнде Досымбек
Жиенін жайша барлайды.
Таңға жақын жанынан
Көреді екі арланды.
Бірі бас, бірі аяқтан
Жәнекеңді аңдайды.
Көкбөрі дарып жүргенін
Досымбек ұғып таңданды.
Жәнекеңнің тұлғасы
Онсыз да оған ұнаған.
Екеу болса бірі осы,
Бірі болса өзі деп,
Досымбек, Әмір сынаған.
Кеудесі асыл, бөксесі
Жасық па деп жылаған.
Ақылы асқан данышпан
Азулы кәрі арыстан,
Досымбекке жиеннің
Басқа ісі түгел ұнаған.
Жәнібек сол жаз серуендеп,
Нағашы жұртта тұрады.
«Күз басында қайтсам» деп,
Көк бестіні сұрады.
Көк бестіні беруге
Балалары қимады.
«Бермесең де алам» деп
Жәнібек жиен тулады.
—Бір тайға тұрмас жиенді,
Жиен деме нағашы,
Дос-дұшпаның демей ме,
жәнібек батыр
Тай құрлы жоқ бағасы.
Осы сөз жетсе құлаққа,
Жаулардың қанар табасы.
Деген кезде Досымбек
Ұлдарға кеңес салады.
—Сырты түк, іші боқ бір тай,
Жиенге шын жарады.
Бермесек мұндай бір тайды
Еліне не деп барады.
Көк бестідей жылқының
Желі де бар ғой бараны.
Соның бірі күні ертең,
Жақсы ат болып жарайды.
Жиен назы қиын-ды,
Түскен екен жанары.
Бермесеңдер қолыңнан,
Еліңді ертең шабады.
Көкбөрі дарып жүр екен,
Есесін елден алады.
Осындай ер мінгенге,
Көк бесті шын жараса,
Болмағаны арманы.
Деп Досымбек қария,
Шын көңлін шертеді.
Баласының кенжесі
Сөзге көнбес ерке еді.
Соған тиген бәсіре,
Жылқы ішінде серке еді.
Оны күшпен зорласа,
Ол да тулап кетеді.
Ашуланшақ туласа,
Шорт сынатын морт еді.
Сонда қатты қиналып,
Көңілін ой өртеді.
—Балаларым көнбеді,
Қолқаң бір тай бермеді.
Сары үйсінге тұлға боп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Досымбек қалай келген-ді.
Деп кінәлап, жиенім,
Сөге көрме сен мені.
Тұғырдан түсіп отырмын,
Құрметтейді ел мені.
Іштен шыққан ұлдарым
Қадірімді білмейді.
Ел шетіне жау келсе,
Ат ерттеп олар мінбейді.
Әкеге бала тартпаған
Бұл заман сондай күн,—дейді.
Аттан түсіп отырмын
Тағдырыма көнгелі.
Алпыс жылдық жолдасым
Сауытымды бергелі.
Қалқан, найза, қылышым
Есіңе салар шал мені.
«Ат тұяғын тай басар»
Ата сөзі бар ма еді.
Көкбестінің інісі
Көк құнанды ал енді.
Осы болды, қарағым,
Нағашыңның бергені.
Разы болып атқа мін,
Айтпайды теріп ел нені.
Келер жылы Абылай
Қол құрып жорық қылмақшы.
Жауына кеткен қазақтың
Кегін қайта қумақшы.
Жар салған барлық қазаққа,
Осында бір күн тумақшы.
Жарақтанып, жабдық қып,
Осыған барсаң тым жақсы.
Абақта жатқан жалпақ ел
Жауына жасақ құрмақшы.
жәнібек батыр
Он сегізге шығасың,
Батамды бердім мен саған,
Белдескенді жығарсың.
Бәлкім, осы шайқаста
Ел аузына шығарсың.
Армандаған мұратың
Қабыл болар ұғарсың!
Қазақты үш жыл бұрын жауы шапқан,
Қан төгіп, малды жаулап ықсыратқан.
Айналып Алатауды, Арқаны асып,
Дайындық соған Абылай құрып жатқан.
Досымбек ұқтырған соң осы жайды,
Бергенін нағашының қабыл алды.
—Нағашы, кәрің төкпей бата бер,—деп,
Жәнекең шарт жүгініп қолын жайды.
Бата алып суыт жүріп елге келді,
Ауылдан алмас шығып жер де көрді.
Керей ел жасап құрмет жатқан ел ед,
Көбі тайқып біразы жөнге келді.
Көк құнан қыс айналып шықты дөнен,
Қысырдың сүтін беріп күтті ерен.
Құндыздай жүні түлеп, шоқтығы өсіп,
Алды-арты дөңгеленген болды берен.
Абылай жарлық шашты батыр терең,
Жиылды төңірегіне көп пен көлем.
Үш жүздің атқа қонды бар саңлағы,
Белгісіз тынатыны арты немен.
Жосылған жарақты ерлер дүрмек құрды,
Бір толқып жүрген жерін сүрең қылды.
Керейден бар шыққаны он екі адам,
Жанекең солармен бір жүрмек болды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жанекең көк дөненді мініп алды,
Сауыт-сайман құралын іліп алды.
Сауыт киіп, сайланып жарақтанып,
Сыртына түгі шығып айбаттанды.
Абылай—бас қолбасы, әскер басы,
Мөлшері қырыққа келген оның жасы.
Хан болып таққа мініп, үкім сүрген,
Қазақтың сол тұстағы патшасы.
Жай жатқан елін жау кеп шауып кеткен,
Елін жаулап малдарын алып кеткен.
Сол үшін бұл жолы ол кек алмақшы,
Жасақтанып жауына болып өктем.
Қалың қол жүріп кетті Алатауға,
Олжа алып келеміз деп жұртқа сауға.
Көтеріп Абылайдың алтын туын,
Ұран сап батырлары кетті жауға.
Абылай көк атты бір бала көрді,
Анықтап байқап алмай, шала көрді.
Жанекең көлденеңдеп өтіп еді,
Абылай көзін салып қала берді.
Көк аты тұлпар текті жылқы ма екен,
Баланың көрінеді сұрқы бөтен.
Көк атты көкжал бөрі мінгендей-ақ,
Абылай ойға батты бұған төтен.
Бар екен қосынында нелер мықты,
Мінгені өңкей саңлақ, тым жүрісті.
Топ ішінде сыртынан байқап қалып,
Жанекең мен дөненге көзі түсті.
«Япыр-ау, мынау батыр болар ма екен,
Болмаса ат арытар томар ма екен.
Бір сынап бүгін кеште көрейінші,
Сыныма батыр болып толар ма екен».
жәнібек батыр
Деп ойлап екі батыр шақырыпты,
Оларға берді былай тапсырысты.
«Бүгін кеш қоналқамыз ағаш бейіт»,
Деп сонда сол екеуін жасырыпты.
—Баланы сол молаға жібертемін,
Моладан отын ал деп үйретемін.
Әруақ боп барғанда оны шошытыңдар,
Байқайық батыр ма, ез бе мұның тегін.
Ер болса, танытар ол ер екенін,
Талабы қамал бұзар зор екенін.
Жаудан олжа алмаққа бара жатса,
Бармай-ақ біліп өлсін қор екенін.
Олжа үшін балалықпен бара жатса,
Жау емес, өз қолыңмен жайқап таста.
Бірің ат, бірің сауыт олжа алыңдар,
Көзім түсіп қалып ед сол көк атқа.
Қос батыр елден озып кетіп қалды,
Барды да көрге кіріп жатып қалды.
Ақшам түсе қалың қол шеру тартқан,
Молаға таяу жерге қона қалды.
Қалың қол түсіп жатыр су бойына,
Жарлығы Абылайдың тұр ойында.
Қатыбас—көпті көрген отағасы
Жұмсады Жанекеңді бір қиынға.
—Ей, балам, сенен жасы көрінбейді,
Жұмса деп тұрғандайсың өзің мені.
Қылтанақсыз далаға түнемекпіз,
Ханға бір қызмет қылар кезің келді.
Жолдағы ағаш бейіт молаға бар,
Қолыңа мықтылау бір арқан ап ал.
Ханға арнап тамақ істер отын әкел,
Осылай қызмет қылсаң, сонда жарар.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жанекең сол молаға жетіп барды,
Түсе қап көк дөненді байлап салды.
Жүгініп отыра қап Құран оқып,
Тұрды дағы моланы талқандады.
Қабырдан екі батыр қарғып шықты,
Айғайлап, кең әлемді тар қып тіпті.
—Моламды неге бұзып жатырсың?—деп,
Ақ кебінмен ұмтылып салды күшті.
Жанекең ол екеуін ұстап енді,
—Хақыңды Құран оқып бергем,—деді.
Өлген әруақ сен түгіл, тірі Абылай
Өлгелі аштан онда жатыр,—деді.
Сөйтті де ол екеуін лақтырды,
Көрмеді тырбанғанын лақ құрлы.
Отынды теңдей қылып өңгеріп ап,
Қосқа әкеп аттың басын бір-ақ бұрды.
Осы алғаш Жанекеңнің байқалғаны,
Жүрегін қос батырдың қайтарғаны.
«Жас бала екеумізді лақтырды» деп,
Арланып Абылайға олар айта алмады.
Өздері Абылайдан тайсақтады,
Жуымай аулақ жүріп, жан сақтады.
Басқаға болған істі мәлімдеуден
Қорынды, қорғалады, ар сақтады.
Мол қосын Алатауды сағалады,
Тау асты ормандарын саялады.
Түн жүрді, күндіз жатып кей шақтарда
Ыстықта су бойына паналады.
Жанекең жатса, жалаң жататұғын,
Ұйқыға үш күн, үш түн бататұғын.
Қосының алды жүріп өткен жерден
Төрт күнде арты әрең асатұғын.
жәнібек батыр
Жанекең қатты ұйқыға батқан кезде,
Демалып бір түс көріп жатқан кезде.
Кеудесінен бір суық өрлеп келед,
Жылан көрді ол көзін ашқан кезде.
Қозғалса, жылан оны шағып алмақ,
Қозғалмаса, кім білер қайда бармақ.
Аузын ашып Жанекең жатады еді,
Жылан кірді ауызға ін деп барлап.
Дәл сол кезде басын ол қыршып алды,
Ирелеңдеп денесі шоршып қалды.
Жанекең оның басын шайнап бүркіп,
Жаңғыртып күліп кетті Алатауды.
Бұл қосын Алатауды барлай жүрді,
Алды-арты бір-бірінен қалмай жүрді.
Жақсы ат мінген жайтаңдап топ алдында,
Жабы мінген кейбірі жандай жүрді.
Жанекеңнің көк дөнені арындаған,
Аяңына желісті ат шалынбаған.
Сол үшін озып келіп бір түбекке,
Ер Жакең белін шешіп дамылдаған.
Бір жатса, үш күн, үш түн ұйықтар шағы,
Ол шақта сезінбейді ешбір жанды.
Жатады төрт борбайы төрт жағында,
Үстіне лыпа жаппай ұйықтайд тағы.
Таңғы шақ ұйқы тәтті мезгіл еді,
Бір күш көп Жанекеңді езгіледі.
Сасық дем қолқа жарып кетіп барады,
Илектеп, домалатып жез бүрленді.
Байқаса балпаңдаған аю екен,
Болғанда да ғажайып алып екен.
Тұрыстық бермей келіп, түрткілеп жүр,
Аң болса да, сұмырай залым екен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жанекең оны келіп сүйреп көрді,
Өңгеріп көк дөненге жүрмек болды.
Сол кезде артта жеткен бір тобына
«Сауға үшін қанжығаңа іл» деп берді.
Оларға айтты: «Мен мұны ұрғаным жоқ,
Терісінен тебендей жарғаным жоқ.
Бір ақырған үнімнен шошып өлді,
Одан басқа бұған қас қылғаным жоқ».
Деді де көк дөненмен жүріп кетті,
Жорықтың бағытына бұрып бетті.
Сойғандар қара аюдың ішін жарып,
«Айтқаны бұл баланың дұрыс» депті.
Аузына Алатаудың қосын келді,
Дабырсыз тау сағалап тосын келді.
Соғысты ертең сәрі бастамақ боп,
Жауына Абылай хан хабар берді.
Абылай хабар берді хан Суанға:
—Келіп тұр қазақ қолы кек алғанға.
Қайтарса бар шығынды айыбымен,
Тимейміз тыныш болар біткен жанға.
Болмаса тұрысатын жерге келсін,
Жөн айтпақ сауыт киген ерге жосын.
«Ысқырып атқан киік обал болмас»,
Суан хан екіден бір жөнге көнсін.
Дегенге Суан қатты ширығыпты,
Салам деп Абылайға қиғылықты.
Таң ата қалың қолмен қарсы шауып,
Аламын деп жарлапты бір биікті.
Түнімен жаудың қолы жиылыпты,
Кейі атты, кейі жаяу үйіліпті.
Кейбірі үйлерінде отыра алмай,
Орданың маңына кеп тығылыпты.
жәнібек батыр
Сайланған қазақ қолы атқа мінді,
Садақ тартып, найза ұрып, сапқа кірді.
Көк қуып, кезенген қол тисін бе оңай,
Таң ата жаудың қолын қойдай қырды.
Жаулары қамын жасап болмай жатып,
Қазақтар қырғын салды ойбайлатып.
Жауы қашып, орнын қазақ басып,
Өктем күтіп сәт-сағат тұрды аңдатып.
Күні бойы соғыс болды қиян кесті,
Шақ келді қосынға да тынар кешкі.
Жауынан қалың малды олжаға алып,
Тыныш күшті қазақ қолы шығар көшті.
Бозамықтап таң атты,
Таң астына қараса,
Будақ-будақ шаң шықты.
Шаң астына қараса,
Қисапсыз көп жау шықты.
Араласып екі жақ,
Қызыл қанға малшықты.
Садыр шықты бұрқырап,
Жосыды қан сырқырап.
Долан жирен астында
Оққа ілгізбейді сырқырап.
Он сегізде жасы бар,
Отау үйдей басы бар.
Қазақтан барған ерлерді
Жер қалмады жасырар.
Садыр шықты ақырып,
Әруағын судай сапырып.
Қазақтан барған батырдың
Айдады бәрін жапырып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Найзасын сілтеп ұрып жүр,
Жүрген жағын сырып жүр.
Қарсы келген батырды
Шырпыдай көрмей, қырып жүр.
Жаудың қолы басты ғой,
Қазақтың қолы қашты ғой.
Ақтаңгерге оқ тиіп,
Абылай хан жаман састы ғой.
Жанекең айтты: «Барайын,
Найзамды қолға алайын.
Садырменен кезігіп,
Бір шайқасып қалайын.
Садырды жер құштырып
Долан жирен алайын».
Көбеш:
—Тоқтай тұршы, ой, балам,
Емес мынау той, балам.
Өзің оқыс боласың,
Бар ма бұған, қой, балам.
Жәнібек:
—Садырменен алыспай,
Ақсүңгіні салыспай,
Іздеп келген жауменен
Бір шайқасып қалыспай,
Тұрғыны алып атыстай,
Тұрыстық бермес тақыстай,
Босқа қайтсам ұят қой,
Қызыл қанға батыспай!
Қылыш алды қынынан,
Ойын емес шынынан.
«Шу!» дегенде көк дөнен
Жұмырланды қырынан.
жәнібек батыр
Жанекеңнің мінгені
Бөктергілі көк дөнен.
Келе жатқан Садырға
Тұра қалды көлденең.
Ителгідей ілісті,
Түрікпендей түрісті.
Бурадайын шайнасты,
Бұқадайын тіресті.
Айғырдайын алысып,
Сарт-сұрт етіп қалысты.
Бірінші қару жұмсалып,
Шашақты найза салысты.
Дарытпай найза қағысып,
Аңдысты да алысты.
Жұлқысқан екі арыстан
Намысына қарасты.
Садыр сонда ілгізді,
Ерлігін елге білгізді.
Шауып келіп шанышқанда,
Көк дөненнің көтіне
Жәнібекті мінгізді.
Ерге мініп алады,
Ашумен қайраттанады.
Сұрқылтайың осы-ау деп,
Садырға найза салады.
Садырды жер құштырып,
Долан жиренді алады.
Айбаттанып аттанып,
Айғайлап ұран салады.
Өлтірдім деген Садырды
Дауысы жер жарады.
Долан жиренге мінген соң,
Қосынға таман қайтады.
Абылай жаяу жүргенін
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жәнекең көріп байқады.
Көк дөненді қосарлап,
Көлденең әкеп тартады.
Ханның алдын Жәнекең
Қосарымен орады.
Дөнен де болса мінің деп,
Ханға талап қояды.
Атынан түсіп құрметтеп,
Аттандырмақ болады.
Бірақ оған Абылай
Басын бір-ақ шайқайды.
Қараның атын мінбейтін,
Қараны теңі білмейтін
Төрені Жәкең байқайды.
Жол-жосын қуар шақ емес,
Елдің іші тағы емес.
Жау ішінде жүргенде
Бұлай кергу бап емес.
Мұны жауы сезгенде
Қаптап бәрі келмей ме.
Қазақтың ханы қолды боп,
Яки мерт боп өлді деп,
Қылмай ма елді шерменде.
Соны ойлаған Жәнекең,
Әмір қылды зәрі өктем
Абылай ханды жөндеуге.
—Мынау атқа мінбесең,
Менімен бірге жүрмесең,
Өлтіріп жауың кетед деп,
Қазақты сайқы өтед деп,
Мұндай қараң күн туса,
Сүйектен намыс өтед деп.
Бұл атаққа қалмайын,
Дауға сені салмаймын.
жәнібек батыр
Жауға сені бергенше,
Ондай қорлық көргенше,
Қылышымды қандаймын!
Деп Жәнібек шамданды,
Қылышына қамданды.
Сұрқын көрген батырдың
Ханда тақат қалмады.
«Сабыр, батыр, сабыр!» деп,
Дөненнің жалын тартты хан.
Астына ат тиген соң,
Қосқа таман тартты хан.
Жәнібек оны қорғаштап,
Жеткізіп салды қосына.
—Қауымың аман тұрғанда,
Деді ханға,—шошыма!
Соны айтып ер Жәнекең жүре берді,
Жауларын ысқыратып түре берді.
Аттан басқа олжадан оймақ алмай,
Қосқа кірді бел шешіп түнегелі.
Абылай қосқа келіп тыным алды,
Шақ қалды жан алуға мығым жауы.
Сол үшін өз адамы қылыш кезеп,
Қиюға да аз қалды шыбын жанды.
Әйтеуір, не болса да, болды амандық,
Сейілді басқа төнген бұл жамандық.
Ат беріп, арашалап алып шыққан
Ендігі кезек болды сол баланы ұқ.
Мінгені сол баланың Долан жирен,
Аты ғой ол кәдімгі Садыр мінген.
Садырды алып, өзімді құтқарған сол,
Оң болар сол баланың жөнін білген.
13-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Ей, шабарман, сен қазір атыңа мін,
Саған бір ерек жұмыс тапсырамын.
Көк дөненді майданда берген біреу,
Кез келді тапсыратын ат-тұрманын.
Жетектеп көк дөненді барып келші,
Иесі балаң жігіт тауып келші.
Атыңды хан қолынан алыңыз деп,
Шақырып оны осында алып келші.
Жетектеп көк дөненді ол аралады,
Жылқыда мұндай тұлпар санамалы.
Аралап қос біткенді жүргенінде
Жәнібек атын танып жағалады.
—Танысаң, ханға барып атыңды ал,
Бұл жайлы ханның саған айтары бар.
—Ханға несін барамын бір тай үшін,
Келмеді деп ханыңа бар да айта сал.
Бармаймын шақырсаң да, ханнан не алам,
Не айтпақ шақыртқанда ханың маған?!
Дегеннен соң бар деп ел айтып еді,
Деді ол: «Оң тізесін берсе барам.
Хан менің елім үшін тізе берсін,
Әз басым бір құрбандық түзде өлетін.
Елімнің терезесі елмен тең боп,
Түтіні кез туса екен түзелетін».
Деген соң шабарманы кетті қайтып,
Батырдың ханға арнаған сөзін айтып.
Қалдырмай тілегенін сөйлей берді,
Бұлжытпай айтқанының өзін айтып.
Хан айтты: «Неге ертпей келдің мұнда,
Ерлігін көрсеткен ол осы сында.
Батырға кішілік қып ертіп әкел,
Сұраған оң тіземді бердім шында.
жәнібек батыр
Әуелі ол Садырды алды жекпе-жекте,
Онан соң ел қорғады шығып шетке.
Оны десең қауіптен мені ап шықты,
Оғаштау сөйлегені тұрса да есте.
Сол үшін өзім барсам керек еді,
Демесін батыр мені елемеді.
Орданың ісі мені бұрылтпады,
Ертеңгі жұмыстары жеребелі».
Шабарман жетті қайта желдей ұшып,
Тізе бүгіп тәлім қып жерді құшып.
—Хан өзі сізді келіп көрмек еді,
Бұрылтпады орданың ісі қысып.
Өзің жүр жолың кіші, батыр бала,
Талабың орындалды сәтін сала.
Хан сізге оң тізесін бермек болды,
Кеп тұрмын сол хабарды айтуға да.
—Тілегім орындалса, барайын деп,
Хан берсе, оң тізесін алайын деп.
Атына мінді дағы жүрді солай,
Кездесіп хан сыйына қалайын деп.
Ордаға таяу келіп аттан түсіп,
Ибамен ханның келіп қолын қысып.
Қисайып оң тізеге жата кетті,
Келгендей дымы құрып мұрттай ұшып.
Жатып ап енді жөнін баяндады,
Абақтың бар жайына аялдады.
Бірі деп алты арыстың түлеп өскен,
Сол орнын әпер деп тамамдады.
Абылай бұл сөздерге мақұл деді,
Бердім бұл тілегімді ақыр деді.
—Керейді өзің жиып басқара бер,
Ордаға сүйеніш боп, батыр,—деді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сол кезде ханға ақылшы
Тіленші деген би еді.
Бұл жұмыстың жөн жайын
Елден естіп біледі.
—Жерден шыққан жетіген,
Мынау неткен қу еді.
Шыға сап алса оң тізе,
Ертең бәрін түреді.
Керей деген аз ғана ел
Көш соңында жүр еді,
Етектен орда тігеді.
Бір қулығы болмаса,
Басқа жоқ па тілегі.
Бүйте берсе кәрібоздың
Шайылмай ма жүрегі.
Уығы жоқ орданың
Шаңырағын не тірейді?—
Деп кәрленіп Тіленші,
Абылай ханға кеп еді.
Есіктен кіре елеуреп:
—Абылай! Абылай!—деп еді,
Сұлап жатқан тізеңде
Мынауың кім?—деп сөгеді.
Абылай оны аңғарды,
Айтқанында мән бар-ды.
Батырға қылған сыйымды
Қызғанды деп таң қалды.
—Мұның өзі серім ғой,
Қамал бұзған ерім ғой.
Тіленші би, нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой.
Қамал алған ерім ғой,
Мың кісілік перім ғой.
Тіленші би, нең кетті,
Еркелеткен өзім ғой.
Мұның өзі керейім,
жәнібек батыр
Жаңа туған мерейім.
Жас та болса бас болған
Жәнібек атты өренім.
Берерім бұған көп әлі,
Орны да мұның жоғары.
Бұзам деме, Тіленші,
Мен істеген жораны.
Тілегін бердім батырдың,
Майын берем атының.
Ақ ту бердім қолына
Елім деген қақыңның.
Өзіне бердім бес қару,
Дулыға, сауыт таңдап ал.
Адалдық үшін төс қағу,
Батырдың серті ханға адал.
Сыйларым бұған көп әлі,
Қызметі мұның жоғары,—
Деп Абылай батырды,
Ұшпаққа бір шығарды.
Сол кезде тұрып Жәнібек,
Көтеріп басын алады.
Сөйлеуге жылдам оқталып,
Назарын ханға салады.
Қанға толып кеткендей
Жалын атқан жанары:
—Рұқсат берсең, хан тақсыр,
Бір тіл қатып қалайын.
Сөз кезегі көп еді,
Кезегімді алайын.
Өзіңіз берген орынмен
Бағаңызға болайын.
Елім үшін, сіз үшін
Есейейін салайын.
Қорлығы шер боп кетпесін
Тіленші деген томардың.
Деп батыр тіленгенде Абылайдан,
Тұтанып кетті батыр қоз боп жанған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Ал,—деді хан Абылай,—тілегіңді
Батырым, алдыңа әркез бөгеу салман.
Жәнібек:
—Ей, Тіленші, қу аршам,
Қайдасың жауға ту алсаң?!
Ер болсаң осы шайқаста
Қайдасың қайрат шығарсаң?!
Жауын жеңіп елімнің,
Бодауына төрімнің,
Тізесіне ханымның,
Нең кетті сенің құласам!
Жөнімді менің сұрасаң,
Он екі керей арыспын,
Аузым кере қарыспын.
Тезге салсаң, түзелмес,
Ағаштан шыққан шалыспын.
Жылқыдан туған мүкіспін,
Неге көп маған бітістің?
Пендеде жоқ өштігім,
Қойда қоңыр тоқтымын.
Елім үшін айқасқа
Құрбандық үшін көп тұрмын.
Ел иесі ханымнан
Жеңілді деп жауыңыз,
Қорғалды деп тауыңыз,
Қайтты деп елге малыңыз,
Қуанды деп кәріңіз,
Үлкен-кіші бәріңіз,
Шүйінші сұрап кеп тұрмын.
Пышақ салма жетесіз,
Қансырап онда кетерсіз.
Хан сөзіне таласпа,
Туылған жансың некесіз.
Өз әкеңді сұрасаң,
Бекболат деген құл еді.
жәнібек батыр
Шешеңді менен сұрасаң,
Сары үйсіннің күңі еді.
Олжалап әкеп Досымбек,
Шу аяқ күң қып жүр еді.
Теңім деп танып Бекболат
Нағашымнан тіленді.
Сауғаға сонда берген-ді
Туылған содан сен деді.
Сен маған мұнда сұстанар,
Хан алды қайран жер ме еді.
Бердәулет пен Досымбек
Бекболатпен тең бе еді?!
Жаныңды сақтап, Тіленші,
Қыздырмастан сен мені
Жоғал мына ордадан,
Тұрмасаң қазір өлгелі.
Сақалыңды демесем,
Сыбағаңды отырмын
Сілейтіп мен бергелі.
Бұл жолғы соғыс солай тынып еді,
Кек қуған қазақ жеңіп шығып еді.
Қайтарып шабындыда кеткен кегін,
Қазақтар олжаға мал жиып еді.
Олжалы қосын қайта кешіп еді,
Олжа мал жерге сыймай жосып еді.
Жәнібек аулақ жүрді мына олжадан,
Жүрегі бір себеппен шошып еді.
Жағалай бір өзенді ел кеп қонды,
Бірер күн сол арада еру болды.
Жәнекең өзен өрлеп жуынбаққа
Түбіне бір бәйтерек келіп тұрды.
Отырды беті-қолын жуайын деп,
Шомылып бір тынығып шығайын деп.
Қаруын шешіп ағаш басына ілсе,
Бір қыз отыр суға енді құлайын деп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ол қызға жалт қарады батыр сонда:
—Япыр-ау, қалай түстің мұндай торға.
Перизат секілдісің күн тимеген,
Жолықтың, қалқатайым, нендей зорға?
—Жау шапты елімізді жақын күнде,
Болмады сонан бері тыным бізге.
Жан тәтті, жан сауғалап жалғыз өзім
Келіп ем осы араға кеше түнде.
Жөн білмей, жол айтуға болмас еді,
Ағат сөздің орны толмас еді.
Жөніңізді білген соң жөнімді айтам
«Жаушылықта әйел—ер олжасы» еді.
—Бәрекелді, перизат, сөзі өктем,
Айтқыздың-ау, атыңды не бір күшпен.
Менің атым—Жәнібек, ұлтым—қазақ,
Сырласайық, перизат, жерге түссең.
—Жәнібек болсаң, саған айтарым бар,
Қылыш үсті серт берер жай шағым бар.
Алдымен уәде берсең, сөйлесемін,
Болмаса кезім емес ер сағынар.
—Уа, бәле, перизатым, тілегіңді ал,
Екі айтса, ердің жүзі болмай ма қар.
Өкінбен, не тілесең бердім саған
Қалмасын көңіліңде зәредей зар.
—Ендеше ер деп ұғып сырымды айтам,
Имандай өмірдегі шынымды айтам.
Өлімге бекініп ем неше күндей
Тіршілік қымбат екен соны байқайым.
Сүйгенім Садыр еді өмірлігім,
Серт еткен бір көтермек өмір жүгін.
Ол кетті елі үшін болып құрбан,
Мен қалдым тепкісінде шегір күннің.
жәнібек батыр
Сол үшін мен тірліктен көшіп келгем,
Не таппақ талайсыз жан нәсіп көрген.
Кезіктің бақ пен сордың бірі боп сен,
Әуелі тілегіме жосық берсең.
Соғыста әйел олжа жеңген үшін,
Кім бұзбақ жеңімпаздың мұндай күшін.
Болар ем елге серік, сөзге ақылшы,
Замандас, жүрек сезіммен түсін.
Қор қылма қорға теліп жанымды ұқсаң,
Болайын мәңгі адал жар мені құшсаң.
Қадір білмес түскенше жан қолына,
Ризамын, қара жер, қазір жұтсаң.
Зорласа атағы зор әлде кімдер,
Тілемен маған сәтке жақсы күн бер.
Басымды сол заматта шауып таста,
Салмай-ақ өміріңде қырсық шідер.
Өкінбен өз жолыңа жанды берсем,
Жасаман енді тірі қанды көрсем.
Қылыш жүзі серт болсын осы айтылған
Тірліктің неге сәні арды берсем.
Серттесті осы сөзге екеуі де,
Ағаштан қыз толықсып түсті жерге.
Жәнекең алақанмен қағып алып,
Сұлуды құшырлана құшты белге.
Екеуі қолтықтасып қосқа келді,
Бұларды қосын көрді, дос та көрді.
Деген соң «ер Жәнібек қыз әкелді»
Абылай көрейін деп қосқа кірді.
Сұлуды көрген жерден көзі тұнды,
Болғандай сәт сағатта өзі жынды.
«Сауға батыр, сауға бер,—деп,—біздерге»
Хан, төре қызды сұрап көп өтінді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Хан тақсыр, мыңы сіздің, бірі біздің
Серті бар қызға берген ініңіздің.
Беріп ем қылыш үсті қиын бір серт
Жанына рақым қыл сорлы қыздың.
—Ей, батыр, бізге сауға бермедің бе,
Жаныңды қыздан абзал көрмедің бе?
Мен оған берген үшін баста бір серт
Айтылған албырттықпен арашамыз.
Дегенде «дат, тақсыр!» деп қыз жүгінді,
Сылдырап шолпылары тез бүгілді.
—Датыңды айт!—деп Абылай рұқсат берді,
Ел болмас қыздың сиқы тез білінді.
—Берсең айттым датымды,
Ел біліп қалсын затымды.
Олжа да болса әйел зат,
Додаға салма қатынды.
Суға да түсіп жоқ болмай,
Келіппін ер деп батырды.
Оның да күні дәл қазір
Қыз менен төмен пақыр-ды.
Сертінен тайып сағатта-ақ,
Салыны түсіп шатылды.
Мерт болып ерім сайыста,
Жеңіліп елім соғыста.
Басымнан бағым тайған соң
Барып ем бытқыл жынысқа.
Елімнен қалса бір тұғыр,
Қосылып саған бір ғұмыр.
Туайын бір ұл деп едім,
Әперер елдің кезегін.
Елімнің кегін алатын,
Табанға жауын салатын,
Бағайын деп ем бір ұлды
Садырдың жалғар санатын.
жәнібек батыр
Жеткізбей Құдай тілекке,
Қасірет салды жүрекке.
Қасірет табын байлатып
Жеткізді ғой сүйекке.
Тоғайға сонан кіргенмін,
Құтылмасымды білгенмін.
Жастығымды ала жатпаққа
Жанымды шытқа түйгенмін.
Сол кезде ерді Жәнібек,
Долан жирен танып ек.
Кек алар кезім келді деп,
Сол шақта ойлап тауып ек.
Батыр аңғал алдайын,
Кеш батқанша арбайын.
Түнгі тыныш төсекте
Қанжарымды қандайын.
Садырым үшін кек алсам,
Болмас еді арманым.
Деп түсіп ем сәтті кез,
Амалым қанша алдандым.
Берген өзің датымды,
Сөзімді айттым ақырғы.
Садыр ердің жоқтығын
Осындай ерлер ортасы
Жүрегіме батырды.
Елі үшін майданда
Жан берген Садыр батыр-ды.
Жоқтығың сенің осында
Кетірді-ау өзге хақыңды.
Найзаңның сабы сынбаса,
Жау мінер ме еді атыңды,
Құл қорлар ма еді затыңды?!
Деп зарланып тұрғанда
Абылай хан ақырды:
—Алдырып ердің бетінен
Қоймаңдар мына қатынды.
Сайысып жеңген Садырды
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қорлайсың неге батырды?!
Білетін болсаң ақылды,
Былғайсың неге атымды?!
Мынадай көңілі нәжіске
Былғатпаңдар шатырды.
Сұраған датын берер ем,
Сұрамады ақыры.
Қастыққа басып
Кек алам деп шатылды.
Кек алмақшы сылқымға
Ұрыңдар қырық қамшыны.
Дегенде ер Жәнібек қылыш алды,
Тереңнен қыз да ышқына тыныс алды.
Жарқ етті қылыш жай отындай
Қыз басы босағаға түсіп қалды.
—Қосайын Садырыңа бара бергін,
Келмеді қыз жанына жаза бергім.
Егер сен жер бетінде тірі жүрсең,
Жоқ екен ер мен елге маза бергің.
Сұлу қыз осылайша қаза тапты,
Батыр да, хан да оған жаза арнапты.
Жәнекең Абылайдың қосына әкеп
Сауғаға беріп кетті Долан атты.
Осы екен Жәнекеңнің сапары алғы,
Ерлігі егер тапқан шатағы әлгі.
Шығыпты он екі рет зор шайқаста,
Бәрін де жаудан кегін қайтарады.
Жазбадым мұның бәрін қазір мақтап,
Жазғаным тек біреуі қазір нақтап.
Ол кезде сырда жүрген керей елін
Келіпті Жәкең кейін Алтай бастап.
Жәнекең сексен жастан асқан екен,
Жауға жебір, болыпты досқа бекем.
жәнібек батыр
Ақ туы ұрпағына мұра боп жүр,
Тәуап қыл, елім онан нұсқа көрсең.
Атыңнан айналайын, әруақты ер,
Бір кеңес өзің жайлы жазып көрдім.
Күй болған дөненіңде көк тұлпарың
«Кәрібоз» боп келеді саңлап перім.
Қазаққа Қап тауындай қорған болдың,
Жауыңа жасыл түсер зордан болдың.
Шайқаста тізеңді имей, дауда бермей,
Еліңді Алтай бастап Ордан келді.
Бар қазақ қасиетіңді ұғар болды,
Атыңды атап жауға елің шығар болды.
Шешендігің, ерлігің сәйкес келіп,
Әруақты атың елге ұран болды.
Осымен тәмамдалды жазған хатым,
Қазаққа ұран болған ердің атын.
Дұға қыл мұны оқыған, жамағаттар,
Алтай керей ақыны—Ақыт атым.
Қолыма қалам алдым тербеткелі,
Бұл өзі бұрынғының өрнектері.
Осындай үлгі сөзді әңгіме ғып,
Ермектеп жүруші едім ер жеткелі.
Ұлы жүз—арғы нәсілім, үйсін—елім,
Төрт дулат атанады ата-тегім.
Дулаттың ішіндегі Ботпайымыз,
Көлемі Алматының—өскен жерім.
Нұрлыбай—әкем аты, атым—Әшім
Затыңды қалай қылып жасырасың!
Басыңда бақыт, дәулет тұрған кезде,
Желігіп, көтеріліп, ашынасың.
Бір күні бақыт—дәулет тая кетсе,
Еріксіз су сепкендей басыласың.
Бұрынғы теңдесетін ерлеріңе
Еріксіз күнің түсіп, бас ұрасың.
Басыңнан бақ тайған соң, әлің кетіп,
Лажсыз көрінгенге асыласың.
Өрнекті үлгілі сөз жан тербетер,
Сөзді айтып мұңлы зарлы қан тербетер.
Әр адам бас ғұмырын пайдаланып,
Болғанмен жақсы-жаман ғұмыр өтер.
Бұл сөздің бағытына қарағанда,
Ішінде бір нәрсе бар емес бекер.
Мырқы батыр
мырқы батыр
Бұрынғы өтіп кеткен замандарда
Бар еді не білімпаз адамдар да.
Адамға ата сөзі, ана тілі,
Тиындай ұғымсызға бағаң бар ма.
Бұл кеңес көптен бері жүрді ойымда,
Өсіпті қазақ халқы Сыр бойында.
Сонан соң бет-бетімен қоныс апты,
Бұрылмас қазақ халқы бір мойында.
Емеспін көзді құмар парлатуға,
Көңілім сөздің түбін аңлатуда.
Ұлы жүз орта жүзбен бірге көшіп,
Барыпты тау көбелеп Алматыға.
Сеніп жүр рабат жоқ құр малына,
Пайда етті малы қанша бір жанына.
Ұлы жүз Алатауды мекен етті
Бір мың үш жүз бесінші жылдарында.
Мың-мыңдап бие туған байларынан,
Кемшілік мүлде шығып ойларынан.
Соларға есіріктік мінез берген
Айтпақпын Алматының жайларынан.
Алатау қатар тұрған сегіз қабат,
Миуалы сөйлемекпін сайларынан.
Алатау басың биік көкке жеткен,
Басыңнан емес бір күн қарың кеткен.
Бауырың күннің ыстық нұрын тартып,
Басыңа өркеш-өркеш бұлт шөккен.
Өркеш тау, өркеш бұлт шымбаласып,
Секілді сөйлескендей бір құрметпен.
Сай-сала, жыраларың түрленген шөп,
Ғаламға жел арқылы жұпар сепкен.
Сол иісі түрленген шөп, ағашыңа
Сайрандап түрлі бұлбұл келер шеттен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түн болса, ай мен жұлдыз тамашалап,
Жарқырап жерге қарай нұрын төккен.
Сол жайды ұжмақтайын пайдаланып,
Ішінде талай мақлұқ ғұмыр еткен.
Сай-сала, жыраларың түрлі жеміс,
Табылар іздемей-ақ бекер тектен.
Сыңқылдап неше түрлі құстар сайрап,
Самал жел хор қызындай бетіңді өпкен.
Көк тұман бауырында бар шәрілерің
Ғаламға Алматы деп даңқы кеткен.
Дүниеге хор қызындай құшақ жайып,
Басып тұр Самарқанды сол жақ өкшең.
Бір барып ләззатыңды татқан адам,
Өзіңді шығарар ма өмірде естен!
Есіріп дәулет тепкен байлар болды
Сапырған сары қымыз саба-местен.
Алатау—басың биік, бауырың жазық,
Алманың кестесісің алтын қазық.
Сипатың ұжмақтайын толып жатыр,
Халім жоқ бітіруге бәрін жазып.
Көк тұман бауырында шәрілер бар,
Боп жатқан өндірісі ғаламға азық.
Тянь-Шань, Талғар менен Іле өзен
Кетеді Балқаш жаққа етек жазып.
Шығады Қарасаздан Ұзынағаш,
Қарғалы, Жиренайғыр оған жанас.
Қосылып үш-төрт өзен Күрті атанып,
Ілеге құмды жарып ұрады бас.
Бойында ол өзеннің шоқысы көп,
Ақеркек, изен, жусан шығады шөп.
Өтеген, Қазыбек пен Ханның тауы
Қиғаштап қосылады мол құмға кеп.
мырқы батыр
Өтеген, Қазыбектің жыралары—
Әлі бар атамыздың мұралары:
Терең сай, ұзын қамыс, құлпырған тал,
Жеріне Қызыр шалған ұнағаны.
Тастардың қызыл қия текшесінде
Көп болды сұлулардың жылағаны.
Ұзын тал, қалың қамыс, терең өзен,
Қыздардың осы емес пе сұрағаны?
Ол жердің аңдары көп: елік, арқар,
Шөптері күрең қызыл, түлкі жортар.
Көк бөрі, көкше қоян, күзен жорық,
Жолбарыс, қабыланы бар адам қорқар.
Бұрынғы ел жауынгер жылдарында,
Қыстаған Сарытаудың құмдарында.
Аққолтық, Қалбұлақты мекен етіп,
Сол жерде найман біраз тұрғанында.
Ол кезде үйсін түгел еді Шуда,
Қызулы қымыз ішкен қызық дуда.
Сұлутөр, Сұрат тауы, Іле өзені
Шыңжандай қалмақ еді Жетісуда.
Өкшелеп қалмақтарды найман барған,
Ойлары қалмақты әрі қашыруда.
Шуда еді сол уақытта үйсін түгел,
Найман да сол жерде еді үйсін түгіл.
Сұрат пен Сұлутөрдің күнгей жағын
Қызай да албан менен жағалап жүр.
Ар жағы қырғыз еді қатар жатқан,
Шабысып бірін-бірі, күнде шапқан.
Бауыры Талғар таудың Іле өзені,
Шыңжанда қалмақ еді бықып жатқан.
Жауласу бір-біріне болған кәсіп,
Жатпаған батырлары белін шешіп.
14-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалмақ сырғып, біресе қазақ жылжып,
Жүретін бір-біріне арттан тая көшіп.
Найман да көп халықтан іргелі еді,
Қалмаққа найман таяу жүрген еді.
Бір саяз Қапшағайдан өткен тауып,
Үйсіннің Итжонда бір бөлегі.
Кебекбай найман еді қоры бар,
Мінәсар халық сүйерлік қылығы бар.
Перзенті Кебекбайдың ұлдан-қыздан
Қолында айдай сұлу бір қызы бар.
Ол қыздан дүниеде адам өтпес,
Басында инабаттың жұлдызы бар.
Қорлыға—Кебекбайдың жалғыз қызы,
Байқаусыз бетінде бар зардың ізі.
Мөлдіреп қара көзді төмен салып,
Жадырап бір күлмейді ақша жүзі.
Маржандай отыз тісі тізіліп тұр,
Аш белі құмырсқадай үзіліп тұр.
Ақ тамақ, қызыл ерін, ұзын кірпік,
Гауһардай көзі төмен сүзіліп тұр.
Әні бар Қорлығаның құмар тарқар,
Еріксіз естігеннің ынтасы артар.
Қасынан көрген адам кетер емес,
Жүзінің сиқыры бар адам тартар.
Үйсінде бір бай болды, аты—Бошан,
Қызулы адам еді, көңілі босаң.
Бұрынғы ескі қордан үзілместен
Кісі еді келе жатқан әлдеқашан.
Бар еді бұл кісінің үш баласы,
Келмеген жамандықтың еш қарасы.
Болғанда біреу жақсы, біреу жаман,
Адамның айырма ғой шекарасы.
мырқы батыр
Қадірлі Бошан бай да Қызыр шалған,
Қадірлі жігіт еді, өзі бардан.
Алтындай бейшараның балалары,
Тәртібі халайыққа үлгі болған.
Аты еді үлкенінің Мырқы деген,
Өзінің жүруші еді ырқыменен.
Халық сыйлар шамасының келгенінше,
Жыр тыңдап, жұмысы жоқ күлкіменен.
Сол кезде жиырмаға келген Мырқы,
Тебіндеп жаңа шыққан қара мұрты.
Кең көкірек, орта бойлы, бұқа қабақ,
Жап-жалпақ мойны менен тұтас сырты.
«Бошанның бұрын туған баласы» деп,
Өзін де жек көрмейді елі-жұрты.
Баланы жұрт таң қалып қылады сөз,
Қызыл бет, қалың қабақ, тобылғы көз.
Найзагер, садақ тартқыш, өзі балуан,
Ат үсті соғысқа да амалы тез.
Астында көк тұлпары қатып жүрген,
Жастықтың қызығына батып жүрген.
Ол кезде қалмақ, қазақ жаугершілік
Кезі еді белді шешпей жатып жүрген.
Малы көп, кемпір—шеше, әкесі—шал,
Бір туған бір ұл, бір қыз бауыры бар.
Он үште қарындасы Биша деген,
Қарасаң келбетіне бір ұрымтал.
Он жаста кенже інісі Төлеу деген,
Сөйлесе, тілі тәтті шекер мен бал.
Солардың оқиғасын сөйлемекпін,
Бұл сөзге, көп жамағат, құлағың сал.
Міндеті тыңдаушының қалды сізде,
Аянба, қызыл тілім, қимылдап қал.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ол кезде үйсін түгел еді Шуда,
Жақсы адам Кебекбай шал еді бұ да.
Сөйлесіп Бошанбай мен Кебекбай шал,
Екеуі Құдай қосып болды құда.
Той қылып, малын беріп, қызын алды,
Дәметкен талай жігіт құры қалды.
Мал берген қыз жайына қарасын ба,
Талайдың көңіліне қайғы салды.
Осы қыз жүруші еді Сүренменен,
О да бір батыр еді білемдеген.
Кейде кез кеп, кейде кездеспейтін,
Жастықтың қызығы да үнемдеген.
Жасынан осы қызға ғашық болып,
Жалайыр Сүрен дағы сүмеңдеген.
Басқаның қызығына түскеннен соң,
Жігітті түрте берер түлен деген.
Мырқыға келіншек боп түскеннен соң,
Әртүрлі той ырымын істеген соң,
Жастыққа не айтарсың, амал бар ма,
Қан қызып, қызығына түскеннен соң.
Білдірмей келіп-кетіп жүруші еді,
Ішіне ғашық оты түскеннен соң.
Мырқы ойлар: «Келіп жүр-ау бұл Сүрен» деп,
Құлағын түріңкіреп жүрді елеңдеп.
Бір күні сырын тартып айтып еді,
Өзін сөкті «Бұл пәлең неменең?» деп.
Ауылы Бошан байдың Сарытау құмда,
Талай ел онан басқа бар тау-құмда
Бошан бай осы жылы көктеп еді,
Мал семіз, орта жолдың дәл аузында.
Жайлаған Бошан байың көшті бір күн,
Жайлайтын Өтегеннің арғы сыртын.
Онан басқа талай ел көшіп жатыр,
Көші өтіп, кетіп жатыр дүркін-дүркін.
мырқы батыр
Шаң басып, көштің алды малға толды,
Көш басты Қалбұлақтан шыққан жолды.
Айдарлы, Өтегеннің арасына
Ауылы Бошан байдың келіп қонды.
Көлтаудың ауыл қонды жағасына,
Көлеңке мал жайылды панасына.
Су ішіп Айдарлыдан отырмаққа
Үй тікті Қуыстыеменнің арасына.
Итжонға Мырқы бүгін жүрмек еді,
Ел жайын Итжондағы білмек еді.
Таласып қоныс алып жайлануға,
Елінің сол жерде еді бір бөлігі.
Кеш келіп ауыл сайға, кеше қонған,
Мал өріп кетіп жатыр оң мен солға.
Мырқы атын байлап қойып «жүремін» деп,
Ұйқысын бөліп жатып, ерте оянған.
Қызығы алған жардың басылмаған,
Таң атқан, жердің жүзі ашылмаған.
Жылқыны айдап келіп, бие байлап,
Айнала құлын қуып тасырлаған.
Манаурап орнынан тұрды Мырқы,
Дабырлап кеткеннен соң үйдің сырты.
Жаңа алған келіншегін жастық дәуір,
Түнімен болған шығар ойын-күлкі.
Көрсеткен бір күн ізін, бір күн жүзін,
Дүние ғой қылмаңдаған қызыл түлкі.
Тұра сап асығыспен атын ерттеп,
Итжонға не қылса да, бүгін жетпек.
Тұлпарын отауына байлап қойып,
Аяңдап үлкен үйге жүрді беттеп.
Келді де, үлкен үйден қымыз ішті,
Қорлыға бірге келіп, саба пісті.
Екеуі қол ұстасып қайта шығып,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құшақтап бір-бірінің мойнын құшты.
Қорлыға аттандырды, Мырқы аттанып,
Аяңдап енді Мырқы жолға түсті.
Қорлыға арт жағынан қарап тұрды,
Мырқы да неше артына мойын бұрды.
Сүйеніп ұзағанша қарап тұрып,
Қара үзіп кеткеннен соң, үйге кірді.
Қорлыға кіріп-шығып үлкен үйге,
Бишаны ертті ботаны іздесуге.
Шыққанша бұлар үйден, қоңыр бота
Тайраңдап кіріп еді қалың шиге.
—Қамысқа бота барып кірмесін, деп,
Қамыста ит-құс болып жүрмесін, деп.
Ботаны алып келіп ойға қойды,
Тастысай—үйдің жаны, іргесі, деп.
Тастысай—Іргеқамыс жайдақ жері,
Ботаға қамыс жақын тастан гөрі.
Тайраңдап аяқтарын шалыс басып,
Бақылдап ойнап жүрді әрі-бері.
Қорлыға екі көзін төмен тастап,
Отырды шынтағына тасты жастап.
Бар еді сұлулығы хор қызындай,
Тәкаппар адам еді мінезі асқақ.
Бишаның гүл төгілер қабағынан,
Көрінер ішкен асы тамағынан.
Бес тасты қақпа тас қып ойнап отыр,
Халқыңның хабары жоқ амалынан.
Бұлардың күткен бақыты алдында тұр,
Бақыттың атқан жаңа таңында тұр.
Он үшке қыз Бишаның жасы толған,
Талпынып бала құстай бағымда тұр.
мырқы батыр
Дүниеңмен бес тиындық жұмысы жоқ,
Көңілі қызыл-жасыл сағымда тұр.
Биша отыр қолындағы тасты санап,
Үздіксіз Қорлыға отыр төмен қарап.
Бір жағы тас, бір жағы қалың қамыс,
Ботаның жүрген жері үлкен алап.
Ығыстап төмен қарап жайылды інген,
Биша емес сұмдықтың жайын білген.
Қорлыға төмен қарап отыр еді,
Төменнен біреу шықты атқа мінген.
Қорлыға оны көріп атып тұрды,
Ол дағы аттың басын бері бұрды.
Кәдімгі бұрын таныс адамдардай,
Қорлыға тастан түсіп соған жүрді.
Күлді де бір-бірімен амандасты,
Қойған-ды бір-біріне ықыласты.
Бишаның бұларменен жұмысы жоқ,
Қолдағы ойнап отыр қақпа тасты.
Сөйлесіп әрі-бері тұрды дағы,
Екеуі беттен сүйіп ажырасты.
Биша ойлар: «Мұнысы кім жүрген орап,
Ауылдың аға жоқта сыртын торып?»
Көңіліне, білмесе де, сыймай отыр,
Бетінен сүйіскені айдай толып.
Аз ойлап, арамдықты қоя салды,
Деді де: «Ел қыдырған бұл бір қонақ».
Кеш батып, келді ауылға ботаны айдап,
Отырды абыр-сабыр малды жайлап.
Қараңғы әр ауылда от жылтылдап,
Қазанда құрт, ірімшік жатыр қайнап.
Ел жата жаңбыр жауды, күн бұлттанып,
Жатқан соң елдің бәрі тыныштанып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сай-сайдан сулар ағып, нөсер төгіп,
Жел соғып, боран болды, құрыстанып.
Жел соғып, дауылдап тұр, көрмей тыным,
Жортып жүр мал паналай үйдің ығын.
Ит үріп әрі-бері жүрді дағы,
Жатады паналап кеп отын түбін.
Боран пәсесі тартты, мал баяндап,
Соғады кейде қатты, кейде аяңдап.
Ел жатып, төсек салып жатқан кезде
Қорлыға үлкен үйге келді аяңдап.
Әдепті мінезі бар мұның тым-ақ,
Қайнысын енесінен келді сұрап.
Енесі: «Не қып тұрсың?»,—деген еді,
—Отауда енді, апа, жатсын шырақ.
Қорқамын, күнде-күнде жатып жүрсін,
Балаңыз келгенінше жолаушылап.
Деді де, Төлені ертіп алып барып,
Жатқызды төр алдына төсек салып.
Өзінің төсегіне өзі жатты,
Есікті бостау қылып қойды таңып.
Жас Төле бала бүркіт көзі жанған,
Сүйгенде ата-ананың мейірі қанған.
Шаршаған кешке шейін ойнап-ойнап,
Төсекке жатысымен ұйықтап қалған.
Қорлыға ұйықтамайды бар бір ісі,
Бардай-ақ көңілінде бір жұмысы.
Дөңбекшіп ұйықтай алмай жатыр еді,
Есіктен келгендей болды бір кісі.
Қорлыға төсегінен атып тұрды,
Қорлыға есік ашты, үйге кірді.
Киімін үстіндегі шешіндіріп,
Екеуі сыбырласып төрге жүрді.
мырқы батыр
Жігіттің сүйегінен тесіп өткен,
Суық қол Қорлығаны тітіреткен.
Сыбырлап, құшақтасып, беттен сүйіп,
Төсекке алып жүрді бір құрметпен.
Алып келіп төсегіне жатқызады,
Көрпесін «мұздадым» деп жапқызады.
Артынан Қорлыға да бірге кіріп,
Құшағы бір-біріне қақтығады.
Екеуі жата берді осы күйде,
Қолына еркін тиіп қызық дүние.
Істеген бұл жігіттің жазығы осы,
Болмаса ұрлаған жоқ сынық ине.
Адасқан бір жолаушы мінбей салт ат,
Жолының жүретұғын бәрі батпақ.
Келеді желге қарап қарсы жүріп,
Жығылып әрбір жерге тайғанақтап.
Мырқы еді келе жатқан бұл жолаушы,
Асығып жар қойнына келіп жатпақ.
Қызығы адал жардың басылмаған,
Бардай-ақ сыбағасын қойған сақтап.
Ауылға кезең асып келді жүріп,
Алдынан көк төбеті шығады үріп.
Пырдай боп жанның бәрі ұйықтап жатыр,
Жатқан жоқ бұл келгенді ешкім біліп.
Артына отауының келіп түсті,
«Қорлығам біле ме?» деп біраз күтті.
Жым-жырт боп жұрттың бәрі ұйықтап жатыр,
Адам жоқ бұл хабарды білген тіпті.
Асығып үйге кірді атын байлап,
Есікті өзі шешті қойған байлап.
Қараса төсегінде біреу жатыр,
Жарымен жаны сүйген күліп-ойнап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қасына жақын келді бір-бір басып,
Қалтырап тұла-бойы, қаны қашып.
Аузын аузына тиістіріп,
Қауіпсіз ұйықтап жатыр құшақтасып.
Сағынып түні бойы келіп еді,
Жарының қызығы осы болған ғашық.
Бұл жұмыс қайнатып тұр енді қанды,
Құтырған арыстандай көзі жанды.
Бұл қорлық, тірі қорлық деген осы,
Мұндай іс күйдірмей ме қан мен жанды!
Қанжарын беліндегі жұлып алды,
«Кім болсаң, ол болғын» деп періп қалды.
Басынан қақ жүректің тиген екен,
Тырп етіп қыбырламай, берді жанды.
Айланып жігітпенен жатқан шақта,
Қатынды шыға қашқан көзі шалды.
—Тозақы, қайда кетіп барасың?—деп,
Шашынан бұрап-бұрап ұстап алды.
Мырқыны шыдатпай тұр ашу кернеп,
Оны да өлтірмекші қанжар сермеп.
Мырқыға: «Ағатай»,—деп жалынады.
Оңай ма қапылыста жанын бермек.
Ойлады: «Жігіттің де құны жетер,
Бәрін де қыра бермейін құры бекер.
Екеуі қабат өліп қалғаннан соң,
Бір жанжал, ел егесіп, шығып кетер».
—Тозақы, қу жаныңа берді ме тыным,
Дұрыс па жолдастыққа сенің мұның?
Ертіп кеп төркініңді, өлтірермін,
Мықтаса, елу байтал—сенің құның,
Еңбегін қанжарымның қылмай шығын.
мырқы батыр
Деді де атқа мініп жүріп кетті,
Білген жоқ ешбір адам осы кепті.
Мырқы аттанып кеткен соң, әлгі қатын
Өлікті бір өзенге алып жетті.
Қараңғы өзен бойы, қамыс-шалшық
Томардың түбін қазды терең аршып.
Сүренді сол араға көмді дағы,
Томарды қалыбындай қойды шаншып.
Қорлыға дірілдеп жүр қорқып қатты,
Жығыла-сүріне кеп атты тапты.
Шылбырын тізгіні мен мықтап түріп,
Бір салып сауырына жіберді атты.
Ширыққан жауын жауып тірсегі ат,
Тұрсын ба, өрісіне тіке тартты.
Қорлыға толарсақтап үйге келіп,
Көңілі жарым боп тұр, Сүрен өліп.
Төлені төр алдында ұйықтап жатқан
Жатқызды төсегіне алып келіп.
Кетпеген жөргек иісі мұрынынан,
Бала ғой анасына жүрген сеніп.
Жұлмалап жүрсе дағы, оянған жоқ,
Шайқалған жұмыртқа ғой бір жас ұрық.
Сүреннің орнына жатқызды да,
Жүректен қанжарменен кетті періп.
Былқылдап пісіп тұрған қан жүректі
Кетіпті тиген қанжар екі бөліп.
Құданың тура берген қазасы да,
Бейшара тағдыр жетіп кетеді өліп.
Қорлыға үлкен үйге жетіп барып,
Баланы қанжарменен өзі жарып.
Есігін үлкен үйдің жұлмалады,
Барды да «Атбұйрат» деп ойбай салып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Балаңыз үйге жаңа келді ,—дейді,
Білмеймін, басқа адам деп ойлады ма?
Жүректен қанжарменен перді,—дейді,
Қайтейін, жеткіншегім, қайран шырақ
Қапылыста осылай боп өлді,—дейді.
«Тез барып, төркініңді шақырып кел,
Сені де өлтіремін енді»,—дейді.
Мұны естіп, қорқып кетті, ауыл шулап,
Зәре жоқ жүректері аттай тулап.
Үйіне Қорлығаның жетіп келіп,
Шам жағып, қарап жатыр ауыл дулап.
Қып-қызыл үйдің іші қан боп кеткен,
Төле өліп төсегінде жатыр сұлап.
Баланы жұлмалады жетіп барып,
Берілсін өлген бала бұған не қып.
Ісініп аппақ болып жатыр бала,
Жүректен өлтіріпті қанжар салып.
Баланың өлгендігін білгеннен соң,
Бишасы, ата-анасы кетті талып.
Жиналды дыбысынан жанның бәрі,
Жиналып келіп қалды жас пен кәрі.
Баланы көтеріп ап шиге салып,
Қандарын шашыраған тазалады.
Сүрініп Қорлыға жүр естен танып,
Төлені құшақтайды жетіп барып.
—Жұртым-ау, бұл не деген сұмдық еді,
Бауырын да өлтіре ме адам жарып?
Өндірім, жеткіншегім, қайран шырақ,
Өлейін сенің үшін қайда барып?!
Көзінің бір кез Бошан жасын тыйып,
Халқын өзі басты, сабыр қылып.
—Алланың өзі жазған мырадасын
Пендесі не қылмақшы, былай қылып?!
мырқы батыр
Алланың, әрне болса, ырадасы,
Тұрады әр нәрсені Құдай қылып.
Бошан бай халайыққа айтады сөз:
—Ашылмас, тағдыр жетіп, жұмылған көз.
Әлгі ит тағы сойқан сап жүрмесін,—
Деді де бір жігітті шаптырды тез.
Бір жігіт қос атпенен кетті шауып,
Шабады кезек мініп ауық-ауық.
Сұлутөбе үстінде бара жатқан
Мырқыны қуып жетіп алды тауып.
Айтады інісінің өлгендігін,
Мырқыны сайтан кеулеп желгендігін.
Осындай арт жағында оқиға боп,
Айтады соныменен келгендігін.
Айтқан жоқ әдемілеп сөзді сырлап,
Бұл сөзді Мырқы тоқтап тұрды тыңдап.
—Япыр-ай, сүйтіп Құдай ұрып па?—деп,
Мырқының тұла-бойы кетті мұздап.
Жалғыз-ақ Мырқы сөзден осыны айтты,
Атының басын бұрып кейін қайтты.
Бір салып омырауға көк тұлпарды,
Бауырымен Сұлутөрдің тіке тартты.
Зырғытып кейін қайтты Мырқы батыр,
Қарамай алды-артына келе жатыр.
Ел-жұрты, халайыққа не демекші,
Қысылып бір заманда боздады ақыр.
Сонымен үйге келді улап-шулап,
Жүрегі шуды естіп кетті сулап.
Кезек талып түседі Биша екеуі,
Жүрегі бауыры үшін аттай тулап.
Білмеймін, қанды көріп шошыған ба,
Қорлыға бас көтермей жатыр сұлап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жұрт келіп, көңіл айтып, жапырлады,
Қазаға ешбір айла табылмады.
Басына Айдарлының мүрде қазып,
Баланы, жаназа оқып арулады.
Сонымен ел жайлауға көшті бір күн,
Жайлау қып Өтегеннің арғы сыртын.
Қорлыға созалақтап науқас болды,
Оқиға ұмыт болды біртін-біртін.
Жақында елге суық хабар жетті.
Маңайға Торғауыттың қолы кепті.
Хабарды Мырқы сондай естіген соң,
Қол іздеп Мырқы Шудағы елге кетті.
Қалмақ пен ежелден-ақ қазақ жау-ды,
Бітпейтін өмірінде ескі дауы.
Сыртында Сарытауқұмның Бошан отыр,
Қауіпсіз еш нәрседен жалғыз аулы.
Үш күн болған Мырқы Шуға кеткен,
Қол жиып бара салып, думан еткен.
Тегіс жинап алып қаруланып Қосмойын,
Жау тосып жүр Көкөзектен.
Топардан топ болып шықты қалмақ,
Сайланған қаруланып қазаққа арнап.
Қойнында Теріскенді қазақ та тұр,
Кездессе бір-біріне, ойран салмақ.
Бастаған осы қолды Шерден батыр,
Жасынан талай соғыс көрген батыр.
Қазақтан қауіп қылып жасқанбайды,
Қолы көп, өз күшіне сенген батыр.
«Қазақты барып шауып келемін» деп,
Қол жиып Аягөзден келген батыр.
«Қазаққа екі жерден тиеміз» деп,
Әскерін екі сапқа бөлген батыр.
мырқы батыр
«Тауқұмға бар» деп бөлген әскерлері
Мырқының дәл үстіне келе жатыр.
Кездесті Құсмұрында қазақ, қалмақ,
Бір-бірін жау екенін біледі аңдап.
Ат қойды бір-біріне қарсы қарап,
Қап-қара Көкөзекті басты шаңдақ.
Қазақ жүз, олар төрт жүз-бес жүз болып,
Соғысқа кіріседі қолын қандап.
Сыбанып бір жағынан Мырқы кірді,
Бір жағын Шора батыр жайқап жүрді.
Қырылған адам қанша мәлім емес,
Төрт қалмақ бір қазаққа қылыш ұрды.
Мырқы жүр көк тұлпармен зырылдатып,
Талайдың басын кесті шырылдатып.
Басқалар бір ұрғанша, екі ұрды да,
Кетеді қиғаш тартып қырындатып.
Бояп жүр қызыл қанға найзаларын,
Басының ойлаған жоқ пайдаларын.
Соғысқа неше түрлі амалы тез,
Көрсетті Мырқы батыр айлаларын.
Аздан соң ызылдатып садақ тартты,
Талайын қырғауылдай домалатты.
Мырқының садағынан елу өліп,
Сонан соң қалмақтардың беті қайтты.
Сонан соң қалмақ қашты, қазақ қуды,
Найзасын Мырқы, Шора қанға жуды.
Қоярға шыбын жанын жер таба алмай
Өзенде паналады қалың нуды.
Тоз-тоз боп, қалмақ қалмай қашып кетті,
Қазақтың алапаты басып кетті.
Бөлініп топ-топ болып қашқан қалмақ
Іледен бірі қалмай ар жаққа өтті.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұл жерден бұлар бүйтіп жүре тұрсын,
Бошанның ауылынан тыңда кепті.
Бай Бошан Сарытауқұмда жалғыз ауыл,
Сабырлы адам еді мінез ауыр.
«Жау кепті Кекер» деген лақап,
Халыққа болып кетті ұлы дабыр.
Ешкім жоқ, жалғыз ауыл, қатын-бала,
Ауылда еркек адам екеу ғана.
Жүреді төңіректі қарауылдап,
«Көрініп қалмасын,—деп,—кісі қара».
Қаратіл шауып келіп хабар айтты:
—Келеді,—деп,—қалмақ шауып елу атты.
Сөзді айтып болғанынша, жау да келіп,
Соғыс боп қырғын-жырғын, ауыл шапты.
Ел шапты елу қалмақ келе сала,
Тұрсын ба жауды көріп босқа қарап.
Ұмтылды қатын-бала бақан ала,
Бошанның қылышынан алтауы өлді.
Қалмақ шапқыласып белді өрлеп,
Бошанды ұрып жығып байлап алып,
Қайратын жас баланың сонда көрді.
Бошанды ұрып жығып байлап алды,
Соғыста енді Биша жалғыз қалды.
Он төртін жаяу жүріп ұрып жықты,
Қалмақтар бұл қайратқа қайран қалды.
Қалмақтар енді аз болса енді қашпақ,
Жас Биша бақан алып жүр құлаштап.
Еріксіз Бишаны да байлап алды,
Мойнына байқаусызда арқан тастап.
Не қылсын жалғыз Биша мұнша қолға,
Әл кеткен талай сойыл тиіп жонға.
мырқы батыр
Бишаны Қорлығамен байлап алып,
Жау қайтып «тәуекел» деп түсті жолға.
Бошанды ұрып жығып тастап кетті,
Жалғыз шал не қылады сонша көпті!
Бишаны Қорлығамен байлап алып,
Жау келіп Тозғанталдан ар жаққа өтті,
Ар жаққа аман-есен бұлар өтті,
Биша мен Қорлығаны алып кетті.
Бір қатын бір қыз бенен олжасы бар,
Көп қолды Құландыда қуып жетті.
Бастығы көп әскердің Шерден ерге
Алып кеп қос сәруарды тарту етті.
Шерден қуанады жаман қатты,
Ырымдап жотасына жүкті қақты.
Оңаша қыз-қатынға шатыр беріп,
Алдына жігіт қойып қатты бақты.
Өзі бір олжасымен орда тігіп,
Құрады енді батыр салтанатты.
Аққұмақ, Майқұрақтың үстін басып,
Електің өткеліне тіке тартты.
Шерден ер орғытады оңды-солды,
Өткізді тамашалап осы жолды.
Аяғын Жетісудың қырқа жүріп,
Електің өткеліне келіп қонды.
«Осы жерге,—ойлап еді,—барайын деп,
Көрген соң ел шетінің маңайын деп.
Мөлдір көз айтатұғын сұлу екен,
Бишаны сол арада алайын» деп.
Жүреді Қорлығамен ойнап-күліп,
Биша жүр бұл хабардың бәрін біліп.
Бишаға Қорлыға кеп бір сөз айтты,
Жетелеп оңашаға алып шығып.
15-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Биша жүр күндіз-түні жылауменен,
Құдайдан істің түбін сұрауменен.
Ойына Қорлығаның кіріп шықпас
«Бейшара қамкүн болып тұр-ау» деген.
Қорлыға айтты Бишаға: «Сөзді тыңда.
Жылайтын уайым қылып не бар мұнда?!
Әркімді бет алдынан жарылқасын,
Біз енді өтіп кеттік зымнан зымға.
Біз енді қолға түскен бейшарамыз,
Жетпейді жылағанмен сөзің құнға.
Түсініксіз, жігері жоқ жаман ағаң
Сандалып жүрген шығар онда-мұнда.
Қазақтың қуған да жоқ бірде-бірі,
Қазаққа болғандай ма жаудың түрі.
Қайда жүр ағаң бізді қуып келсе,
Хабарсыздан сегіз күн болды, міне.
Ағаңның уағы болды келіп қайтар,
Ақылым сен секілді серікке айтар.
Енді жақсы келгеннен келмегені,
Келгенмен Шерден ерден өліп қайтар.
Отырмын енді бұл күн бір ой ойлап,
Тимекпін бір батырға белді байлап.
Біреуін сен де өзіңе ыңғайлай бер,
Шерденді мен өзіме тұрмын сайлап.
Менде емес, ердің көңлі өзіңде екен,
Сен тисең, қаламын мен сорым қайнап».
Жылады бұл сөзді естіп сорлы Биша,
Бауырға тең келер ме дүние жиса.
Бар сенген жолдасының айтқаны осы,
Әр іске шара бар ма Құдай қылса?
Деп айтты жылап Биша: «Жеңешежан,
Бұл сөзді айтып тұрсың не деп маған?!
мырқы батыр
Шынымен енді көрмей өлгенім бе,
Бауырым, атам-анам, жалғыз ағам?!
Жолдасым қасымдағы сенсің, жеңге,
Кімім бар сенетұғын сенен өзге?
Аға боп маған ақыл айтпақ түгіл,
Тұрсың ғой итергелі өзің селге.
Табалық басқа бір ой ақылдасып,
Қалмаққа бола ма екен қатын ғашық?!
Шерденнің өзі түгіл жүзі құрсын,
Өлсем де бара алмаспын жақындасып.
Шерденге бір күн түнде пышақ салып,
Кетермін ығын тауып ақыр қашып.
Құтылсам аман-есен, құтылармын,
Өлермін, құтылмасам, жанталасып.
Сені мен аға орнына аға деп ем,
Ұйықтасам жел жағыма пана деп ем.
Намысты адамзаттық ойламастан,
Басып тұр, жеңге, сені қара неден?
Басында ниетіңді бұзған сайтан,
Бұл іске болар дейсің шара неден?!
Сен едің «ағам ғой» деп сенген жеңгем,
Бір түсіп жау қолына келген жеңгем.
Бұзылып сегіз күннің арасында,
Қалыпсың күдер үзіп елден, жеңгем.
Сен болсаң сенген жеңгем рақмет,
Ағамның дәл өзіндей көрген жеңгем.
Тірі боп жау қолында жүргенімше,
Мұнан да жақсы болар өлген, жеңгем.
Жөн болды, ниетіңнен алдым хабар,
Сендерден жақсылық жоқ маған табар.
Әр жұмыс бір Алланың жазуында,
Пендеге әр жұмысты Құдай салар.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қаным қас өлгенімше қалмақпенен,
Ағам бар, өлсем, құнды бізден алар.
Ары жоқ, адамшылық ниеті жоқ,
Өзің-ақ бола бергін көңіл бағар.
Қорлыға, енді менен аулақ кеткін,
Қанымды қыздырмағын, сол да жарар.
Қорлыға мұны есітіп ашуланды:
—Қырам да, жоямын,—деп,—сендей қарды,
Батырға айтып, сені мен өлтіртемін.
Қасынан Қорлыға сұм кетіп қалды,
Шерденге сұм Қорлыға қайтып барды.
Тәсілін қыз сөзінің тартып барды,
Шақырды: «Сені өлтірмек боп жатыр»,—деп,
Шерденге шағыстырып алып барды,
«Қыз өлсе, Шерден маған қалады»,—деп,
Көңілі қызуланып шалқып барды.
Шерденге айтты барып сөзді бастап,
Өзі айтып, айтқан сөзін өзі растап.
Деді барып: «Бишаның құлқы жаман,
Боқтады ердің басын қатты ластап.
«Артымнан қуған адам тез тапсын» деп,
Келеді әрбір жерге белгі тастап.
Қойнында тығып жүрген қанжары бар,
Өзіңді өлтірудің ебін таппақ.
Өзіңе қапылыста қанжар салып,
Сонан соң, ебін тапса,—деді,—қашпақ.
«Шерден өлсе, жұмысым бітті,—дейді,—
Өлтірсе де ризамын жерге жаныштап».
Сұм Шерден мұны естіп ашуланды,
Қызарып екі көзі оттай жанды.
Ақырып түн ішінде от жақтырып,
Шақырып тамам жұртты жиып алды.
мырқы батыр
Бишаны алдырады көп қасына,
Төрт жігіт ұстап тұрды от басына.
—Тастадың қандай белгі, шыныңды айт,—деп,
Қинады басып тұрып шоқ басына.
—Біздерге қандай зиян келтірмек ең,
Отырды, «рас па, деп, өлтірмегің?»
Қыз басың қойылуды былай қойып,
Сен өзі алмақпысың жұрттың кегін?
Ұстап тұр алты жігіт шырылдатып,
Бетіне шоқ басады быжылдатып.
«Шыныңды айт» деп біреуге таяқ беріп,
Түрткізіп қойды тағы қыдыңдатып.
Бір қызды алты палуан керіп тұрды,
Бір жерін қозғалтпастан қыбырлатып.
Бишаның тұр көзінен жас төгіліп,
Денесін жиып алды бір шегініп.
Қызарып көзі жайнап ернін тістеп,
Ашумен отыз тісін тұр кеміріп.
Жабылып алты кісі тұрды басып,
Бір теуіп жіберіпті отты шашып.
Мөлдіреп қара көзден жас төгіліп,
Ақырып жібереді қаны қашып.
—Қаным қас өлгенімше, қалмақ, саған,
Өлсем де, бағынбаспын жанталасып.
Дінің жоқ, ит қалмақсың, қаның қара,
Қолыңа түскен екен жалғыз бала.
Тез өлтір, шамаң келсе, жанды қинап,
Бетіме таяқ ұрып, салма жара.
Ит Шерден, ыңғайыма келмейсің-ау,
Қылар ем өлген иттей пара-пара.
Жазаңды жабылмасаң берер едім,
Кездессең бірмен бірге жеке-дара.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қарауға көзіммен де жасқанамын,
Аулақ жүр маңайымнан, жүзіқара.
Жетіп тұр осы күні маған әлің,
Саған қас өлгенімше менің қаным.
Мен емес сендей итке бас иетін,
Үстінде айтқан серттің шықсын жаным.
Қанымды ағашым бар жоқтайтұғын,
Белгілі болар доңыз сонда халің».
Бұл сөзге қапа болып сонда Шерден,
Суырып ақ семсерді алды белден.
Құйқасын кесе-месе шашын кесіп,
Құйқасын тіліп қойды екі жерден.
Жабылып тамам қалмақ сүйтіп жатыр,
Пенденің жаны ашиды мұны көрген.
Көзінің Биша тұрды жасын іркіп,
Шама жоқ қарауға да қанын сүртіп.
Аузына аққан қанды тосып алып,
Шерденді жібереді бетке бүркіп.
Жұрт қашты бастан қанның ағуынан,
Баланың жасқанады қалыбынан.
Бұлқынып, талғандай боп еңкейді де,
Бір тепті Шерденнің кеп қарынынан.
Бар еді сонда бір шал Бүшір деген,
Қара қан қанжар тисе жосыр деген.
Тұр еді жүрегінен салайын деп,
Батырдың екі көзі соқыр деген.
Шерденнің Бүшір қолын ұстай алып:
—Сабыр қыл енді, батыр, отыр,—деген.
Отырды сонда Шерден демін алып,
Жетектеп отырғызды төрге апарып.
Бүшір шал Шерден ерге сөз сөйледі,
Отырды Шерден сонда құлақ салып.
мырқы батыр
Қып-қызыл үсті-басы қан боп кеткен
Ұстап тұр қызды керіп тамам халық.
Шерденге Бүшір қария: «Отыр, деген,
Ісің не сенің мұндай топырменен?
Әл жетер отырсақ та бір балаға,
Не таптың сабырсыздық осыңменен?!
Отырғын сабыр қылып сөзді тыңда,
Соншалық қылғандай не бар мұнда.
Итпенен ит болғаның келісе ме,
Жете ме қызбен ұрсысып сөзің құнға.
Отырып-ақ біреуге «Өлтір» десең,
Өлтіріп тыға салар біреу құмға.
Бұл сөзге Биша тұрды құлақ салып,
Болғандай көрініп тұр өлмегі анық.
Қансырап, басы айналып, қысылып тұр,
Басынан ыстық қаны тіке қарғып.
«Енді мені қазір-ақ өлтірер» деп,
Бала емес пе ауытқып кетті талып.
—Мен апарып бұл қызды жайғайын,—деп,
Жөнелді Бүшір қызды жұлып алып.
Қолтықтап Бүшір қызды шықты тысқа,
Адам жоқ қасына ерген мұнан басқа.
Бүшір шал осы қызды арқалап ап,
Ауылдан ұзақ шығып кетті алысқа.
Бүшір шал қызды арқалап кетті алысқа,
Кіреді ұзап кеп бір шоқ қамысқа.
Қол салып қыздың келіп өкпесіне,
Құлағын салып көрді дем алысқа.
Бетіне бұл баланың суды бүркіп,
Бетінің тазалады қанын сүртіп.
«Тұр, балам, енді өлмессің, қорықпағың»,—деп,
Оятты жатқан қызды Бүшір түртіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Байлады жарасына дәрі жағып,
Тыяды қанның бәрін жатқан ағып.
Аузына жұдырықтай май асатып,
—Қарағым, жұтқын,—деді,—дәмін алып.
Есін жиып Биша да түрегеліп,
Отырды шал сөзіне құлақ салып.
—Балам, сен енді өлмессің, жыламағын,
Уайым қып, көздің жасын бұламағын.
«Құры етсін тірі еткенді» деген Алла,
Табылар, тірі болсаң, бір амалың.
Жан балам, менің түбім—қазақ, деді,
Көргенім туғаннан-ақ азап, деді.
Қалмаққа он жасымда қолға түсіп,
Боп жүрмін сонан бері мазақ,—деді.
Балам, сен енді тұрғын орыныңнан,
«Ер ғой» деп ойлап едім порымыңнан.
Бел байлап тәуекелге жөнел, балам,
Пәленің құтыларсың жорығынан.
Жан балам, сонау тұрған әуе жолы,
Анықтап байқап алғын, балам, соны.
Осынау сары жұлдызды байқап алғын,
Қозғалмас,—дейді,—соның алтын нұры.
Алланың ырза бол дәулетіне,
Жастықта басқа берген нәубетіне.
Бет қойып сол жұлдызға жүре берсең,
Жетесің он бес күнде ел шетіне.
Балам, сен менің тілімді алғын,
Ішіңнен бұл қанжарды тығып алғын.
Байқастап алды-артыңды байқап жүргін,
Арасын Құдай білер жоқ пен бардың.
Еліңе аман-есен барсаң, балам,
Бошанға менен сәлем айта барғын.
мырқы батыр
Жасырсын жерің болса қара көрген,
Қол үзбе тақырламай таза жерден.
Талпынып, талаптанбай дәнеңе жоқ,
Жарамас жау маңында жата берген.
Күш болса, бұл қорлықты көрсетпес ем,
Қайратым осы, балам, қолдан келген.
Жылады бата беріп, бетін сүйіп,
Аталық мейірі түсіп, «емшегі» иіп.
Жанып тұр ыза болып екі көзі,
Қалмаққа қаны қайнап, іші күйіп.
—Тоқтамай кеткін, балам, осы жайдан,
Бір құрық кесіп алғын бұл тоғайдан.
Қош, балам, пешенеңді Құдай ашсын,
Тұрайын мен де тілеп бір Құдайдан.
Бүшір шал балаға өстіп ақыл айтты,
Балаға шал көмегі тиді қатты.
Баланы біраз жерге шығарып сап,
Қоштасып Бүшір байғұс кейін қайтты.
Бүшірдің мерзімдеген бетіменен
Тоқтамай сорлы Биша ызғи тартты.
Жөнелді енді Биша зырғи тартып,
Көзінің тастай жасын домалатып.
Қансырап екі көзі шырайланып,
Сіресіп аққан қаны қалған қатып.
Жөнелді Биша сөйтіп айдалаға,
Қырсық бір ілінген соң жай қала ма.
Елсізге жалғыз бала қаңғып кетті,
Жасаған осыдан да жан қала ма.
Жөнелді Биша зарланып,
Басы айналып сандалып.
Шалдың айтқан мерзімін,
Байқауынша аңғарып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шошынған құлан секілді
Қамыстың ішін қақ жарып.
Жығыла салып, тұрады,
Бар күшімен қарманып.
Екі көзі алақтап,
Көзінің үсті жарланып.
Есі ауытқып, елбіреп,
Көзінің жасы парланып.
Тұра қалып жасағанға зарланып:
—Жаратқан Патша Құдай-ау,
Сақтамасаң пазылыңмен,
Өлермін енді сандалып.
Жаратқан Патша Иллаһи,
Бошаннан туған балалар
Таусылатын болды ма,
Қанжарменен қанданып?!
Ағамды көрер күн бар ма,
Осыдан да жан қалып?!
Жоқтан бар қып жаратқан,
Жылайын саған жалбарып.
Жүрерім қайда белгісіз,
Бастаған өзім шам жағып.
Жастайымнан, Құдай-ай,
Бұл іске түстім зар қағып.
Жас басыммен, Иллаһи,
Бұл істі салдың басыма.
Рақымыңды салсаңшы
Көзімнің аққан жасына.
Ағашым үйде жоғында
Бұл іске түстім қапыда.
Мен өлсем, ағам зар болар
Бишатай деген атыма.
Жас жүрегім, Төлешім
Пәниден көшті бақиға.
Бишатайың бүйтіп жүр,
Қайда жүрсің, ағашым?
мырқы батыр
Келсеңші менің қасыма.
Зар боларсың, ағашым,
Ардақтаған Бишаңның
Аты түгіл, затына.
Таласып емшек еміскен,
Еркелікпен жетпеппін,
Ағашым, сенің парқыңа.
Ажалым жақын секілді,
Басқа түскен жұмыстың
Байқап тұрсам қалпына.
Іші-бауыры елжіреп,
Ағатайым мені іздеп,
Түспеді ме екен артыма.
Төлешім өлді, ағам жоқ,
Бұл күйге түсіп бұл кезде,
Ұқсап тұрмын жалқыға.
Үстім-басым қан болып,
Көзімнің алды жар болып,
Жас шыбыным қоштасып,
Шыққалы тұр алқымға.
Мендей болған бар ма екен,
Бұрынғы-соңғы адамның
Ілгергі өткен салтында.
Тірі көріп ағамды,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Шығар ма жүзім жарыққа?!
Далада өлсем қаңғырып,
Ит пенен құсқа жем болып,
Сүйегімнің ағашым
Таба алмайды-ау тарпын да.
«Бишатайың сүйтті» деп,
Хабар айтып баратын
Жолдасым жоқ қасымда
Аңдамай түстім бұл іске.
Қорлығаны «ағам» деп,
Сеніппін бекер басында.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Осыны айтып жас Биша,
Айдалада зарлады.
Үрейі жоқ, жаны жоқ,
Тап-тағаты қалмады.
Жолбарыс, қабылан онда көп,
Қанжармен тілген басы бар.
Денесінің қан бәрі
Сіресіп қатқан сауыс боп.
Басынан аққан қандары,
Таяқпен ұрып, шоқ басқан,
Көк ала жара сандары,
Бір жерінің сауы жоқ,
Жаралы түгел тәндері.
Екі өкпесі қабынып,
Қабынан шығып жүрегі,
Шығуға жақын жандары,
Ілгері аяқ басуға,
Келмей де тұр халдері.
«Осы көрген халімді
Көрсеші менің ағам» деп
Ойлар көңіліндегі арманы.
Қорлыға мен Шерденнен
Көріп қайтқан қорлықтың
Көңілінен кетпей зардабы.
Бір заманда сіресіп,
Қайрат кіріп бойына,
Қолына ұстап қанжарды,
Деп ойлады: «Бұл дағы
Тіршіліктің қамдары».
Кездеспей пенде қалар ма,
Табандары ойылып,
Үсті-басы сойылып,
Жалғыз өзі шырылдап,
мырқы батыр
Сегіз күн жүрді арада.
Екі көзі жұмылып,
Аш күзендей бүгіліп,
Шарасы жоқ, халі жоқ,
Кездесіп тұр қараға.
Демі құрып, шөлдеп тұр,
Ішетұғын су да жоқ,
Кез болды сондай жазаға.
Енді жылжып жүруге
Табанында тері жоқ,
Ажалдан қашар жері жоқ,
Келе алмай қалды шамаға.
Демі құрып жас Биша,
Отыра қалып еңіреді.
Енді басып жүруге
Екі көзі көрмеді.
Алды тоғай, қара орман,
Жүрерге жол бермеді.
Қанжар тиген сорлы бас,
Жел тиіп, ісіп кернеді.
Қолыменен сипалап
Жауқазын болды тергені.
Екі өкпесі қабынып,
Есалаңдау есі бар,
Мінезі болды делбелі.
Он үштегі жас Биша
Бұрын, сірә, бар ма еді
Мұндай істі көргені!
«Ғайып ерен қырық шілтен,
Қайда жүрсің, пірім?» деп,
Отыра қалып еңіреді.
—Фатима пірім, қайдасың,
Мен секілді ғаріптің
Бір жақсылық көре алмай,
Болды ма осы жер өлгені.
Нәсілім әйел демесең,
Мына жүрген жүрісім
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұрынғы өткен ерлердің
Жүрісінен кем бе еді?!
Фатима мен Дариға,
Қолыңның ұшын берсеңші,
Әйелдің пір қып сенгені.
Ыдырыс қызы Зағипа,
Алланың пір қып бергені.
Шәмсидің қызы Зылиха,
Жүсіп үшін қайғы жеп,
Аз ба еді менен көргені?!
Жүсіптің қызы Нұржамал,
Ағасы үшін құрбан боп,
Тастан ұшып өлгені.
Анамыз Хауа Нұрғайып,
Жетпіс жыл жылап қорлықтың
Бәрін көрдің жердегі.
Хауа анам, жәрдем етпесең,
Мұнан былай жүруге
Енді халім келмейді.
Алдымда жатыр құла түз,
Қан басқан Жүсіп қызыл жүз.
Жаратқан Алла, жәрдем бер,
Ел-жұртынан айрылып,
Қорлық көрген сорлымыз.
Енді ағамды көргенше,
Ағам келіп құшақтап:
«Бишатайым» дегенше,
Өлеміз ғой сорлы біз.
Сақтамасаң, Жасаған,
Көре алмаспын оңды біз.
Ғайып Ерен қолдаған,
Қастық қылған дұшпаннан
Қанатын жайып қорғаған
Мен секілді ғаріпті.
Қолдасаңшы Мұңлық қыз,
Құлазыған далада,
Ажал мен екі арада,
Үсті-басым жаралы,
Ғаріп болып тұрмыз біз.
мырқы батыр
Табанымда тері жоқ,
Баса алмай тұрмын жорғалап.
Сүйегі қапты, еті жоқ,
Жүрсем дағы зорлап-ақ.
Ағашым болса қасымда,
Отырар едім қорғалап.
Аштырмайды көзімді
Ісіп кеткен дөң қабақ.
Құла түзде қаңғырып,
Отырмын бүйтіп ғаріп боп,
Назарыңды салсаңшы,
Мақтымның қызы Домалақ.
Ел жөнін де білмеймін,
Жер жөнін де білмеймін.
Шалдың айтқан жөнімен
Келіп едім жобалап.
Ит пенен құсқа жем болып,
Өлмек болдым далада,
Ажал айдап осы жерге
Алып кепті туралап.
Атам мен анам не болды,
Ұрып жығып жау қалмақ
Кетіп еді олжалап.
Ағашым қайда жүр екен,
Мен отырмын бұл жерде
Көтеріп сорды жобалап.
Жаратқан Патша Құдай-а,
Пазылыңменен рақым қып,
Жіберсеңші оңдап-ақ.
Жаратқан Патша Құдай-а,
Пендеңнің құртпа айласын.
Он екі-он үш жасымда
Қайғының еттім пайдасын.
Жас қаныммен боядым,
Дұшпанның қамшы, найзасын.
Еш нәрсені көрместен
Өскен екен жай басым.
Үсті-басы жара боп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екі беті қара боп,
Бишатайың бүйтіп тұр,
Ағатайым қайдасың?!
Ғайып ерен қырық шілтен,
Қанатыңды жайғайсың.
Біз секілді ғаріпке
Назарыңды салғайсың.
Жігіттің пірі Рүстем,
Ағамды қолдан алғайсың.
Арыстаны Алланың
Шері құда ер Ғали,
Шапағатшы болғайсың.
Қазіреті Қызыр Ілияс,
Ғаріпті жолға салғайсың.
Ғаусы Ғиян әулие,
Қай уақытта қорғайсың?
Баба Түкті Шашты Әзіз,
Қарасақал әулие,
Қаратаудан қалықтап
Басыма неге қонбайсың?
Баһауаддин әулие,
Басқа келген пәлені
Қайтаруды рақым қып,
Қай уақытта ойлайсың?
Бақыттың құсы шарықтап,
Ғайып Ерен бастап кеп,
Басыма қашан орнайсың?
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар,
Біз секілді ғаріптің
Мұңын қашан ойлайсың?
Жаратқан Патша Құдай-а,
Жаратып едің жан қылып,
Жоқ едім, жоқтан бар қылып,
Бошаннан үшеу туғызып,
Дәулетке серік паң қылып,
Үш бала боп өсіп ек,
Оттың басын шаң қылып.
Ақырында, Құдай-а,
мырқы батыр
Тауысатын болдың ба,
Әлемдерге таң қылып,
Бошаннан туған баланы.
Аларыңды, Құдай-а,
Алатұғын болдың ба?!
Қанжарменен қан қылып,
Басын қоспай өлерде,
Ата-ана, бала-бауырды
Бір-біріне зар қылып.
Он үш жасқа келгенде
Оқ тиген құлан секілді
Далада өлдім қаңғырып.
Мендей бала өзінің
От басында ойнап жүр.
Мені, Құдай, қойыпсың,
Оқтан қашқан аң қылып.
Жолдасым жоқ қасымда,
Отырмын бүйтіп далада.
Маған, Құдай, қойыпсың
Кең дүниеңді тар қылып.
Баратұғын жерім жоқ,
Алды-артымды жар қылып.
Күнәһар пенде қисайтпас
Құдіретіңді кер қылып.
Бұл қорлықты басында
Көрсететін болған соң,
Жараттың, Алла, не қылып,
Осынша сорлы жан қылып.
Ағатайым, қайдасың,
Бишатайың зарықты,
Дұшпаннан көріп қорлықты.
Өзің үйде жоғыңда
Артыңнан ерген қарашың
Бұл пәлеге жолықты.
Толқын қағып шығарды
Судағы сүйрік борықты.
Жоғын біліп ағамның,
16-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жау қалмақ елді торыпты.
Бошаннан туған баланың
Ажалына, қайтейін,
Қорлыға сұм боп жолықты.
Қайдасың, аға, келсеңші,
Бишаныңа келмесең,
Қу дүниеден торықты.
Бишатайың бүйтіп тұр,
Қанжарменен жау қалмақ
Жон терісін жоныпты.
Адал жарың Қорлыға
Мені салып бұл күйге,
Қалмақпен тартты жорықты.
Кесіп алып шашымды,
Қанжармен тіліп басымды,
Отқа салып қыздырып,
Бетіме басты тобықты.
Қолыммен ашып көрсем де,
Екі көзім көрмейді.
Көрмейтұғын көзіме
Жаман бір сұмдық болыпты.
Қозғалуға шама жоқ,
Әл-дәрменім құрыпты.
Ағатай-ау, келсеңші,
Бишатайың қорлықпен
Өлімге мойынсұныпты.
Тіршіліктен үміт жоқ,
Үсті-басы қан болып,
Құлазыған далада
Шырылдап Бишаң тұрыпты.
Қозғайын десем, жаны жоқ,
Табанында тері жоқ,
Екі аяғым сыныпты.
Ағатайым, келсеңші,
Құшақтайын мойныңнан.
Қара болып бір туып,
мырқы батыр
Еріп едім соңыңнан.
«Биша, саған міне» деп,
Қалаға шығып келгенде,
Шекер мен өрік беруші ең,
Суырып алып қойныңнан.
Мен садаға кетейін,
Ағашым, сенің жолыңнан.
Сен жоқта түстім қалмаққа
Маңдайымның сорынан.
Қырсық келіп ілесіп,
Жас өмірді шолыған.
Әлі әзір Алла құтқарды
Шерденнің қанжар, оғынан.
Қашып шықтым қаңғырып,
Қалмақтың қалың тобынан.
Сегіз күн жүріп қаңғырып,
Үсті-басты қан қылып,
Құтыла алмай отырмын
Ажалдың жайған торынан.
Ажалға, сірә, амал жоқ,
Сүйегімді ағам кеп
Көмер ме екен қолынан.
Өлігімді, Алла, кездестір
Ағамның жүрер жолынан,
Сүйегіме кездестір.
Өлсем де келіп құшақтар,
«Бишатайым, жаным» деп,
Сапарын берсін оңынан.
Құла түзде қаңғырып,
Ит пенен құсқа жем болып,
Амалым бар ма, қайтейін,
Лажымның жоғынан.
Отырмын жалғыз далада,
Ағатайым, қайдасың,
Кімге айтамын сөзімді?!
Шалажансар жаным бар,
Біле алмай тұрмын өзімді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тұла денем күп болып,
Іші-бауыры езілген.
Ажалдың жақын екені
Ғаріп басқа сезілді.
«Бишатайым, жаным» деп,
Көтеріп жерден алар ең,
Келтірсе Құдай кезіңді.
Ағатайым, қайдасың,
Бишатайың егілді.
Ардақтаған Бишаңның,
Қорлық көріп қалмақтан,
Қабырғасы сөгілді.
Қанжармен қалмақ тілгілеп,
Қаныменен аралас
Көзімнің жасы төгілді.
Бірге туған бауырың
Бишатайың зар қағып
Көре алмай өлді өзіңді.
Ағашым, жаудан өшіңді ал,
Жас бауырың өрім-ді.
Бірге туған бауырыңды
Өз қолыңмен көмбедің,
Қолыңмен орап кебінді.
Жалғыз баурың жалтаңдап,
Бұл қайғыдан жеңілді.
Мен үшін бауырың езіліп,
Бетіме жасың төгіліп,
Қазбадың өзің көрімді.
Кебінім жоқ, көрім жоқ,
Бишатайың далада
Қалатұғын көрінді.
Ағашым сипап өсірген,
Шамшырақ үшін тесілген
Шұқиды-ау қарға көзімді.
Амалым бар ма қайтейін,
Маған түскен бұл істен
мырқы батыр
Ағатайым не білді.
Мына бір тұрған қуыс жар
Жататұғын жерім-ді.
Ең болмаса паналап,
Тартайын соған себімді,
Қош, ағатай, аман бол,
Ендігі досым өлім-ді!
Деді де Биша есі ауып,
Қасындағы үңгірге
Артымен жылжып шегінді.
Демі құрып шөлдеген
Ауыз-басын емінді.
Анық жаны шыққан жоқ,
Халі кетіп барады,
Дем алуға ерінді.
Есі ауытқып, жалындап,
Көзіне әр іс көрінді.
«Атқа мініп жүрмін» деп,
Екі аяғын тебінді.
Онан соң есін білмеді,
Сол үңгірге кіріп ап,
Жататұғын көрінді.
Сонымен Биша жатсын осы арада,
Ол емес өлген өлік босағада.
Биша өлді, қалмақ кетті қатынды алып,
Айтылмай қалды Мырқы екі арада.
Баяғы Мырқы, Шора жауға шапқан,
Жау қуған батырлар ғой, түспейді аттан.
Қашырып қалмақтарды жер тазалап,
Бір тарап жауды іздеп жүр әр тараптан.
Батырлар мінген тұлпар қазанаттан,
Ерлер ғой жаудан басын таза баққан.
Қасында екеуінің жүз кісі бар,
Бәрі де ел қорғайтын азаматтан.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Саспады жау кезінде қайрат күштеп,
Дұшпанның бәрі батыр қанын ішкен.
Солағай, Көкаралға Мырқы кетті,
Дегенге қалмақ сонда туын тіккен.
Бөлініп Шора батыр қырық кісімен,
Ізіне қашқан жаудың бұ да түскен.
Бұлар жүр: «Жұртқа зақым салмасын, деп,
Жау қалмақ ел шетіне бармасын», деп.
Қарап жүр арал, қамыс тоғайларды,
«Жау бұғып, жасырынып қалмасын», деп.
Ізімен қашқан жаудың Шора кетті,
Қалдырмай таса жерді шола кетті.
«Жау жоқ,—деп,—жасырынған бергі жақта»
Тұсынан Ақдаланың ар жаққа өтті.
Ар жақты аралады әрі-бері,
Белгілі жаудың қашып жүрген жері.
«Жау қалмай, бәрі қашып кетіпті» деп,
Шөлімен Құландының қайтты кері.
Келеді қайта жүріп елге қарай,
«Жау бар» деп таса жерді жүрер жанай.
Жау түгіл ол арада ұшқан құс жоқ,
Елсізде жау жаңылып жүрсін қалай.
Сонда да жер тастамай тазалап жүр,
Аралап тоғайларды талай-талай.
Алыста жау бар ма деп кездеседі,
Жүрісті қыр жортып, тездетеді.
Ұйытқып қыр арқылы келе жатса,
Бір ізге жалаңаяқ кездеседі.
Тоқтады Шора батыр ізді көріп,
Жиналды сол араға бәрі келіп.
Кішілеу жас баланың ізі жатыр,
Жүріпті қисалақтап жортып желіп.
мырқы батыр
Жеріне тұрып қалған қан жұғыпты,
Қадамы біреуінен бірі кеміп.
Ізінің қалпына қарағанда,
Қорлықты жан секілді жүрген көріп.
Аяңдап енді бұлар ізге түсті:
«Бейшара, көріпті-ау,—деп,—қорлық істі».
Із бастап Биша жатқан жерге алып келді,
Құданың құдіреті қандай күшті!
Із келіп бір үңгірге кірген екен,
Жабырлап жұрттың бәрі аттан түсті.
Үңгірге аттан түсіп көзін салды,
Еңбектеп арағырақ бірі барды.
Сүйретіп барған кісі бері тартып,
Біреуді шалажансар алды тауып,
Басына өлтіріпті қылыш шауып.
Жерінен қанжар тиген қан көп ағып,
Қансырап жығылыпты ақылы ауып.
«Өзінде бейшараның жан бар ма?» деп,
Тыңдады өкпесіне құлақ салып.
Қараса кеудесінде жан бар екен,
Бала екен халі кетіп жатқан талып.
Көнектей бет-аузы кеткен ісіп,
Бала екен қорлық көрген күйге түсіп.
Шашы бар, тәні ұқсайды қыз балаға,
Бұрымын құйқасымен алған кесіп.
Барбиып екі аяғы ісіп кеткен,
Табанын тауысыпты шөңге тесіп.
Айрылып адамзаттық порымынан,
Бейшара жатқан екен көрге түсіп.
Баланың көтеріп кеп жуды қанын,
Жұмсақтап тазалады барша тәнін.
Аузына су тамызып, дәрі жағып,
Шараның істеп жатыр қолда барын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екенін анық қазақ білген сайын
Қайнатты батырлардың жүрек қанын.
Кәпірдің жас балаға жаны ашымай,
Бұл істі істеді екен қандай зұлым!
Жағады жарасына қаздың майын,
Баланың анық қазақ білді жайын.
«Осыны қалмақ қылып кетті ғой» деп,
Көңіліне батырлардың болды уайым.
Балаға ес кіреді елге келіп,
Шора отыр алдына алып тамақ беріп.
Екені қандай бала мәлім емес,
Бала ғой тұлып болып қалған өліп.
Аузына азғаналап май салады,
Жұтады әрең зорға ернін еміп.
Бағады сол арада үш күн жатып,
Сөйледі бала азырақ тілге келіп.
Екенін анық Биша таныған соң,
Батырлар кеткелі тұр жауға төніп.
Қазақтың қаны қызып бауырласқа,
Бәрінің бара жатыр жүрегі еріп.
Ол ерлер Биша түгіл, қазақ үшін
Бәрі де шыққандар ғой басын беріп.
Халық үшін қара бас құрбан еткен,
Мырқының қарындасы жанға серік.
Аялап үш күннен соң алып жүрді,
Ес жиып бала азырақ әлге келді.
Арада бес күн жүріп қыз жайымен,
Шораның ауылына алып келді.
Алып келіп төсек салып жатқызады,
Бір таймен айландырып қақтырады.
Шораның тоқсан төртте шешесі бар,
Бұл қызды сол кісіге бақтырады.
мырқы батыр
«Баланың жарасына жел тиер» деп,
Бетіне масатыны жаптырады.
Әр түрлі кемпір қызға дәрі жасап,
Ісігін екі күнде сап қылады.
Бұл кемпір жата берсін қызды бағып,
Бұл сөздің енді ар жағын қыздыралық.
Сөйлейік енді біраз сол жағынан,
Жүр екен қыздың бауыры Мырқы не қып.
Шора мен Мырқы батыр бөлінгенде,
«Жау ма?» деп көз салады көрінгенге.
Аямай жанын жаудан шапқан адам
Бас тартып, сірә, жаудан жеңілген бе!
Бұл да жүр көк тұлпармен зырғи тартып,
Батырлар жау жолында ерінген бе!
Жортып жүр жерді жаудан тазартқалы,
Ерлердің ар бола ма азаптары.
«Олжа алып қашқан жаудан қалам» деген
Кездесті Аққолтықтың қазақтары.
Айтады Бошанды жау шапқандығын,
Жау іздеп аңдып жүріп соққандығын.
Бишаны Қорлыға мен байлап алып,
Еліне елу қалмақ қайтқандығын.
Айтады Бошанды ұрып жыққандығын,
Қазақты қалмақ шауып ұтқандығын.
«Ауылды байқаусызда шауып кеткен
Қалмақтың түсін,—деді,—дұшпандығын».
Бишаны байлап алып кеткендігін,
Бишаға бір жамандық жеткендігін.
Бишаға байқаусызда арқан тастап,
Айтады өктемшілік еткендігін.
Мұны естіп Мырқы батыр ашуланды,
Шыдамай қорлығына оттай жанды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Бауырың жауға кетті» деген қу сөз
Қайнатып жарғалы тұр жүрек қанды.
Мырқының тіке тұрды төбе шашы
Дегенге «жауға кетті бауырласы».
Дегенге «Биша сөйтіп қорлық көрді»
Домалап тоқтамады көзден жасы.
Жап-жасыл екі көзі, түкті көрмей,
Азудай тіке тұрды екі қасы.
Астында көк тұлпары қатып жүрген,
Боялып қара терге батып жүрген.
Бес қару—ер қаруы бәрі де сай,
Кезі ғой белін шешпей жатып жүрген.
Тұлпардың екі көзі тостағандай,
Жылқышы сауырына қой салғандай.
Ыза боп екі көзі жалындап тұр,
Қысылып сөйлесуге дос таба алмай.
Қызарып екі көзі тұрды жайнап.
Бойында бес қаруы алған сайлап.
Бір салып көк тұлпарды омырауға,
Жөнелді жау соңынан жалғыз айдап.
Тұлпардың басын бұрды жауға қарап,
Жөнелді алды-артына бір қарамай.
Адамға бауыр деген қандай қиын,
Қоя ма жүрегіңді тырмаламай!
Тұлпардың шақпақ еті бұлтылдайды,
Ызылдап желдің даусы сыңқылдайды.
Ақ көбік тостағандай жерге түсіп,
Аққан тер тебінгіде сылпылдайды.
Көк тұлпар қамшы ұрған соң құстай ұшты.
Санына ызалы қол тиді күшті,
... ... ...*
Ілеге Көкаралдан келіп түсті.
* Бір сөйлем оқылмады.
мырқы батыр
Су тасып, ағып жатыр лайланып,
Төңкеріп астын-үстін лайланып.
Келді де жеңілденіп түсе қалды,
Тұрған жоқ судан қорқып бір айланып.
Көк тұлпар түскен жерден төмен ықты,
Жігітті қолдаған пір қандай мықты!
Кеудесі көк тұлпардың батқан да жоқ
Ар жаққа аман-есен өте шықты.
Ар жаққа аман-есен өтіп алды,
Батыр ғой жаудан қайтпас кезі қанды.
Сәбилеп садағының оғын жөндеп,
Азырақ ат шалдырып, демін алды.
Тұлпардың терін үгіп, мініп алды,
Қиғаштап Жетісуды тіке салды.
Тік тұрған төбе шашы қап-қара боп,
Білмейді алдындағы сай мен жарды.
Шығады Құландының бөктеріне,
Қамшы ұрып көк тұлпардың бөксесіне.
Құтырған арыстандай көзі алақтап,
Тілестің келе жатыр өткеліне.
Қып-қызыл екі көзі қанға толып,
Алты күн Мырқы сапар еткеніне.
Бишаның сол арада басын тіліп,
Тоғыз күн жаудың көшіп кеткеніне.
Осы жер қара тоғай, қалың шілік,
Байқады жаудың жүрген ізін біліп.
«Осы жермен кәпірлер кетіпті» деп,
Ызғытып келе жатыр ізбен жүріп.
Көк тұлпар бір заманда кетеді үркіп,
Кәдімгі жібергендей біреу түртіп.
Қараса тал түбінде бір шаш жатыр
Бұрымын құйқасымен алған қырқып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шіліктің көрді шашты түбіндегі,
Денесі көрісімен дірілдейді.
Бишаның шашы екенін таныған соң,
Есі ауып, іші-бауыры елжірейді.
Ауытқып қолына алды шашты барып,
Аймалап иіскелейді қолына алып.
Көзінен от жалтылдап, басы айналып,
Сылқ етіп жығылыпты естен танып.
Көзінің домалаған ыстық жасы
Еріксіз бара жатыр бетін қарып.
Аузынан үрлегенде жалын шығып,
Отырды біраз есін жиып алып.
Аймалап қайта-қайта шашты сүйіп,
Иіскелеп қойынына қойды салып.
Шымырлап бар денесі, шаш тигенде,
Қара тер денесінен кетеді ағып.
Көзінен қызыл-жасыл оттар жанып,
Атына кете берді мініп алып.
Сүмбеталдан, Елбістен ар жаққа өтіп,
Бет қойды Аягөзге құмды жарып.
Тұлпары қара терге шомылған соң,
Ұйытқып әрі-бері қашады алып.
Шашты алып иіскелейді анда-санда
Жалаңаш қойнына қойған салып.
Елжіреп ішек-бауыры езіледі,
Көзінің ыстық жасы жерге тамып.
Құтырған жолбарыстай көзі алақтап,
Елсізде бара жатыр жалғыз ғаріп.
Аяғы анда-санда жерге тиіп,
Тұлпардың ізі жатыр андызданып.
Мырқы сүйтіп зарлады айдалада,
Бошаннан үшеу туып жалғыз қалып.
мырқы батыр
Шаш болды жолдан алған бар хабары,
Алланың басқа салып арнағаны.
Шашты сүйіп, аймалап ат үстінде
Мырқының мынау еді зарлағаны.
—Бір Жаратқан Құдайым,
Көзімнің жасын қабыл ет.
Мінәжат қылып жылайын,
Ақырын, Алла, бере көр.
Бұл істің артын сұрайын,
Шашыңды таптым, өзің жоқ.
Бишатайым, сәулем-ау,
Бұған қайтіп шыдайын?!
Таба алмай жүрмін қаңғырып,
Басымды қайда ұрайын?
Шашыңды кескен дұшпанды
Көрсетші маған, сәулем-ау,
Біреуін қоймай қырайын.
Жаның тірі бар болса,
Жау қолында тұрсаң да,
«Ала алмаймын сені» деп,
Қылмаймын, сірә, уайым.
Тасты бөлген садағым,
Басты бөлген садағым.
Жолыңа ағаң садаға,
Садағымды сынайын.
Атаңа нәлет қалмақты
Кездестірші, Құдайым.
Сыбағамен сыйлайын,
Ағашың сенен садаға,
Бишатайым, сәулем-ау,
Жолыңа жанды қияйын.
Артымнан ерген қарғашым
Бишамды тірі көрмесем,
Дүниеге қайтіп сияйын.
Кегіңді жаудан алмасам,
Артыңнан іздеп бармасам,
Өзіме қанжар тығайын.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жалғызымнан айрылып,
Несіне қорқып бұғайын?!
Жолыңа ағаң садаға,
Дүниенің қызын ұрайын!
Артымнан ерген қарғашым,
Бишатайым, бауырым,
Нұрлы туған тәуірім,
Ағашың іздеп безіп жүр,
Қалмақтың таппай ауылын.
Еркелеп өскен қарғашым,
Шашыңды кесіп қанжармен,
Атаңа нәлет ит қалмақ
Қайғының сапты ауырын.
Жалбыратып шашыңды,
Артымнан ерген қуаныш,
Жас балапан, тауығым.
Тірі болсам, табар ем,
Атаңа нәлет, ит қалмақ,
Өлтіріп тастап кетті ме,
Осы бір қылар қауібім.
Жолда өлсе, арман жоқ,
Айтқанда сөздің анығын,
Ағашың іздеп безіп жүр.
Қайда жүрсің, Бишатай,
Айналайын, жарығым!
Екі көзі жалтаңдап,
Қандай жерде жүр екен,
Дұшпанның көріп жәбірін?!
Жаратқан Патша Құдай-а,
Мұнша қорлық көрсетіп,
Артымнан ерген қарғаға
Бар еді қандай жазығым?!
Төлешім өлді ондай боп,
Биша өлсе мұндай боп,
Қайғының маған қағыпсың
Қақ төбемнен қазығын.
Жолыңа көкең байлады
Енді қалған жердегі
мырқы батыр
Өмірінің барлығын.
Екі көзі жалтақтап,
Қандай жерде жүр екен,
Дүниенің көріп тарлығын?!
Әлде қалмақ кесіп ап,
Лақтырып кетті ме
Басының қалған қалдығын?!
Енді қайда кетейін,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Бишамның тартып зарлығын?!
Жаратқан Патша Құдай-а,
Білдірсеңші пазылыңмен
Бишамның тірі, барлығын.
Аман, тірі көрсетіп,
Артымнан ерген қарғамды,
Десеңші Алла «ал, құлым!».
Мен садаға кетейін
Сөзіңнен деген «жан аға»,
«Ағашым» деген тіліңнен
Мендей көке садаға!
Белің шықпай бесіктен
Кездестің мұндай жалаға.
Жұрт тыныш та, ел аман,
Ерекше қырғын келді ме
Бошаннан туған балаға?
Кесір сөзді айтпап ең
Кіші іні, үлкен ағаға.
Әдепсіздік іс істеп,
Алмап ең қарғыс жана да.
Бауырымнан айрылып,
Қанатымнан қайрылып,
Кездестім мұндай жараға.
Көлденең бәле кездесті
Артымнан ерген қараға.
Қашып шығып қалмақтан
Әлде менің қарағым,
Жүр ме екен қаңғып далада?
Қашып шығып, қаңғырып,
Жол таба алмай отыр ма
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бүркіттей түскен тасаға?
Өткір туған бала еді,
Қанжар салып алдыма,
Ерегісіп қалмақпен,
Қарамай ұрсып шамаға.
Сыры өзіме белгілі,
Қорқып тілін тартпайды,
Ерегісіп, әлде жау
Тартты ма екен дараға.
Ғайып ерен, қырық шілтен,
Кәміл пірім, қайдасың?
Пәле шапса ғаріпке,
Түспеймісің араға?
Бұл іс түсті басыма,
Жаратқан Патша Құдай-а,
Шықпай жаным қала ма?!
Мен садаға кетейін,
Бишатай деген атыңнан!
Жалбыратып шашыңды
Еріп едің артымнан,
Жолыңа жаным құрбандық
Қайтпаймын айтқан антымнан!
Қорлықты әбден көріпсің
Жалғыздықтың зарпынан.
Бошаннан туған баланың
Айырдың бәрін халықтан.
Енді Бошан да айрылды-ау
Бұрынғы қызық салтынан.
Үшеу едім басында,
Екеу өліп, жалғыз қап,
Тана зарым тартылған.
Ұрысайын десем, жауым жоқ,
Қайтайын десем, бауырым жоқ.
Айдалада шабынып,
Айрылдым ерлік қарқыннан.
Жете алмай жауға келемін,
Көксерек атым астымда
Көбігі түсіп алқымнан.
Жеткізе көр, Құдайым,
мырқы батыр
«Бишамды аман көрсем,—деп,—
Жолына жанды берсем» деп,
Қу көңілім талпынған.
Мырқы батыр соны айтып,
Келе жатыр зар ұрып,
Қара терге шомылып.
Астындағы көк тұлпар
Қаңтардағы бурадай
Айдалада шабынып.
Тұлпардың тиген тұяғы
Ошақтай болып қазылып.
Таласып емшек еміскен,
Тай-құлындай тебіскен,
Қорлық көрген бауырын
Ашып жаны сағынып,
«Жолымды, Алла, оңғар» деп,
Жасағанға жалынып.
Төбе шашы тік тұрып,
Құтырған қасқыр секілді,
Түйіліп қабақ жабылып,
Лаққан киік секілді
Жан-жағына қарайды.
Қалмақтан көрген қорлыққа
Жүрегі шоқтай қарылып,
Бишасы сондай болғанға
Екі өкпесі қабынып,
Тас жүрегі жарылып.
Бауырының шашын кескенге
Қызып тұрған шоққа да
Өлгелі тұр қарылып.
Көзі түкті көрмейді,
Қызыл-жасыл жалындап,
Күйіктің буы жан ұрып.
Екі көзі алақтап,
Қап-қара боп түтігіп,
Келеді сабаз сабылып.
Өстіп жүрген жігіттің
17-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Тілегін Алла берер ме,
Бауыры аман табылып?!
Келеді Мырқы сүйтіп көшкен бұлттай,
Бет қойып Аягөзге жүрді сырттай.
Үстіне қара тастың шығып еді,
Үйтөбе көрінеді жалғыз құрттай.
Жер болжап олай-бұлай қарап тұрды,
Байқастап жан-жағына мойын бұрды.
Жыртқыш аң, көшкен таудың үстін басып,
Бет қойып Үйтөбеге тура жүрді.
Кеш болып күн батуға жақындаған,
Сабылып тебінгісі сартылдаған.
Қыдырып Мыңшоратты келе жатса,
Бір жерден түтін шықты жалпылдаған.
Ойға бір ақ үйді қойған тігіп,
От жақтан төрт-бес жерге түтін шығып.
Олардың кім екенін байқағанынша
Күн батып ұясына кетті кіріп.
Әлгі үйге жақын келіп байқастап жүр,
«Алсам,—деп,—шапақ барда жөнін біліп».
Әр жерде шідерленген ат көрінді
Атындай жортушының келген жүріп.
«Күн батсын, не де болса, көрермін» деп,
Бір жерге аттан түсті, сабыр қылып.
Бір жерге Көксеректі қойды байлап,
Қаруын ықтияттап алды сайлап.
Ағытып қылышының бәйенгісін,
Қанжарын тығып алды, өткір қайрап.
Садағы оқ-жағымен жотасында,
Зорға отыр шыдай алмай көзі жайнап.
Ауылдың төңірегі қалың қамыс,
Отырған жері ауылдан емес алыс.
мырқы батыр
Жел соғып, оттың бәрін үйге жаққан,
Сөйлескен шығып жатыр түрлі дыбыс.
Жиылып үлкен үйге жанның бәрі,
Күлісіп етіп отыр қалжың-қағыс.
Орнынан тұрды Мырқы қаны тасып,
Аяңдап үйге келді бір-бір басып.
Сол үйдің оң жағынан келді дағы,
Сығалап қарап тұрды жабықты ашып.
Қалмақтың еш нәрседен қауіпі жоқ,
Жиналып отыр екен дабырласып.
Құшақтап Қорлығаны Шерден отыр,
Бүшір шал отыр екен жауырын ашып.
Бүшірге күліп Шерден: «Шалым, дейді,
Жауырынды қолға дұрыс алың, дейді.
Шақырып кәрі жынды шадымандыққа
Бүкпей айт түскеннің бәрін, дейді.
Билердің мына отырған бағы қандай,
Қылыңыз оны бізге мәлім, дейді.
Билердің бәрі батыр тастан қайтпас,
Қай түрлі болар екен ағым»,—дейді.
Сөйлейді Бүшір сонда жауырын алып,
Сығалап отқа жақын көзін салып.
Сығалап әрі-бері отырды да,
Сілкінді: «Не дейді,—деп,—мына ғаріп?».
Батыр отыр: «Жауырыным, шын сөйле,—деп,
Сөзіңіз не де болса болсын анық».
—Сөйлейін мына балдың сөйлегенін,
Батырым, тыңдап отыр құлақ салып.
Сөйлеген мына балдың жағы жаман,
Жасырмай балдың сөзін айтсам саған.
Басыңа жөпшеңді қырсық жүрмес,
Ер едің қатарыңнан артық бағаң.
Батырым, ескерусіз бола көрме,
Бассаң да мұнан былай жалғыз қадам.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Түріне мына балдың қарағанда,
Болып тұр бәрімізге дүние тамам.
Ысқырған айдаһардай сұрша жігіт
Деп тұр ғой «қазір менен сенің қазаң».
Оң жақтағы жабықтан сығалап тұр
Қасында жолдасы жоқ жалғыз адам.
Қанжарын қайрап алған жалаңдатып,
Қылышын бәйенгісіз салаңдатып.
Одан енді жан қалмас, батыреке,
Қабағы қалған екен жаман қатып.
Осындай балгер Бүшір сөзін айтып,
Қорқытты қалмақтарды алаңдатып.
Бүшір шал балға түсіп отыр біліп,
Бүшірге жұрт қарады мойнын бұрып.
Бүшірді кекетіп сонда Шерден,
Біреуге: «Қара,—деді,—тысқа шығып».
Тұрсын ба бұлар шығып қарағанша,
Тасалап Мырқы арырақ кетті жүріп.
Қарады шыққан кісі әрі-бері,
Мырқының белгілі емес жүрген жері.
Әрі-бері жүрді де қайтып келді:
—Еш нәрсе, дәнеме жоқ көрінбейді.
Сол жағынан сығалады жабық ашып,
Әр түрлі қалжыңды айтып басқасы отыр.
Жауырынын Бүшір отыр тағы да алып,
Біреуі анау, біреуі мынаны айтып.
Баршасы күліп отыр жабырласып.
Кей адам шалдың сөзін жаратпайды,
Сонда да «бал ашқын» деп азаптайды.
Кекетіп «көргеніңді сөйлегін» деп,
Түрткілеп Бүшір шалды мазақтайды.
мырқы батыр
Бүшір айтты: «Бұл көрген сағым еді,
Жасымнан үйреніскен бағым еді.
Күлсең де ажалыңның аулы жақын,
Жабыққа сол жақтағы тағы келді.
Айтамын балға түсіп көрінгенін,
Біреуің тағы қара ерінбегін.
Күлсең де мазақ қылып айтқаным—сол,
Жетпейді ертең түске өмірлерің».
Біреуі тысқа шықты тағы қарап,
Ызғытып Мырқы кетті арағырақ.
Таба алмай қарап-қарап, қайтып барып,
Бүшірді күліп жатыр қылып мазақ.
Айтады: «Бұл жерге ешкім келмейді, деп,
Бұл жерде адам елі жүрмейді», деп.
Баршасы мазақ қылып күліседі:
—Дәнеме, шал сандалды, білмейді,—деп.
Ел тарап осыменен қалды жатып,
Мырқы отыр сол есікке көзін сатып.
Екенін Биша қайда біле алмастан,
Көңіліне қайғы ойлайды жабырқатып.
«Жолықсам, тысқа шықса, Қорлығаға,
Бір жауап алар едім сырын тартып.
Бишаның айтар ма еді қайда екенін,
Айтар-ақ қандай түрлі жайда екенін.
Осындай әдіспенен қыла алмасам,
Іздеймін қалмақтардың қай мекенін?»
Дейді де, сабыр қылып отырады,
«Не қылсам екен-ау,—деп,—осыларды.
Бишамнан ептеп жүріп тіл алмасам,
Жас бала қанды көріп шошынады.
Отырды сабыр қылып біраз ғана,
Шерденді төсек салып жатқызған соң,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қорлыға тысқа шықты түңлік жаба.
Дәретке ұзаңқырап келіп еді,
Қасына Мырқы барды тұра сала.
Селк етіп алға шықты, шошыса да.
Таныды Мырқы екенін Қорлыға да.
Қорлыға айтты Мырқыға: «Келдің неге?»
Ыңғайлы көнер емес әңгімеге.
—Қылышты жау кеткен соң боққа шапқын,
Сүмірейіп жаңа кепсің, жаман неме.
Енді жақсы келгеннен келмегенің,
Бетім жоқ баратұғын елге менің.
Тұр, қайтқын осы жерден, тілімді алсаң,
Басыңа үлкен олжа өлмегенің.
Достығым менің саған, әлі де болса,
Шаптығып өліп жатыр өрлегенің.
Кетпестен, енді осы жерде тұрсың не қып,
Жіберер Шерден білсе жерге қағып.
Батырға қарсы келіп, тіл тигізіп,
Өлтірген Бишаны да қанжар салып.
Батырға, әлін білмей, тіл тигізіп,
Өлтірген көп ішінде ішін жарып.
Тез кеткін, батыр ояу жатыр еді,
Басыңа жаның олжа сорлы ғаріп.
Таныды Қорлығаның бұл ниетін,
Кісідей мүсәпірсіп тірі жетім:
—Қайтейін, қош-аман бол, ендеше,—деп,
Қимаған кісідей боп сүйді бетін.
—Тіліңнен бір сүйгізші, шерім шықсын,
Жолдастық бар еді ғой қызметім.
Қорлыға емезгіді бұған нанып,
Мойнынан құшақтады жетіп барып.
Мырқыға тілін келіп шығарады,
—Тез кет,—деп,—сорлы байғұс,—сүйіп алып.
мырқы батыр
Қорлыға құшақтады мойнын құшып,
Мырқының аузына тілі түсіп.
Түбінен тілін тартып тістеді де,
Жөнелді көтеріп ап белден қысып.
Көтеріп алып келді ат қасына,
Бір салды қамшыменен қақ басына.
Мырқыға Шерден қалып кездескен соң,
Еріксіз енді қатын жатпасын ба?
Мінеді Көксерекке енді жайлап,
Қатынның қол-аяғын мықтап байлап.
—Жау қуып өзі артымнан келеді» деп,
Өңгеріп кейін қарай жолды айдап.
Түнімен Мырқы жүрді кейін қарай,
Алады шапқан тұлпар жерді талай.
Шомылған қара терге Көксерек ат,
Бір атқа екі кісі емес оңай.
Байлаулы Қорлығаның қол-аяғы,
Боп қалды дем сағатта халі солай.
Зырғытқан түні бойы Мырқы батыр,
Бір қызық істің арты болады ақыр.
«Жау тосып осы арадан аламын» деп,
Бір үлкен өзектіге келе жатыр.
Өзектен көлденең жол кесіп еткен,
Қисайып сайдың аузы кейін кеткен.
Берісі жолдың шыға тегіс жайпақ
Шерденді тоспақ болды осы беттен.
Тұлпарды жар астына қойды байлап,
Байлаулы Қорлыға отыр көзі жайнап.
Шерденмен күліп-ойнап жүрген жазған,
Бұл іске тап болды ғой соры қайнап.
Бұл жерді Мырқы көрген кеше жүріп,
Сол жерде тамақ ішкен, атып киік.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Отырып жол үстінде тамақ ішіп,
Сүйегін шала мүжіп қойған үйіп.
Ойлаған: «Осы жерге келеді деп,
Сүйекті үйіп қойған көреді деп,
Осы жерде жабырласып тұрған кезде,
Сол уақытта Құдай маған береді деп.
Құдайым ажалының сәтін салса,
Осы жерге келген қалмақ өледі» деп.
Түбінде бір жыраның өзі жатты:
«Асатын осы жер—жаудың кезеңі» деп.
Күн шығып найза бойы көтерілген,
Мырқының көңілі сергек кешегіден.
Көз салып Мырқы батыр қарап тұрса,
Шаң шықты Үйтөбенің етегінен.
Келеді отыз шақты қалмақ қаптап,
Шабады үздік-создық тапырақтап.
Бәрінің ең алдында Шерден батыр,
Аттары болдырыпты қалтырақтап.
Жау қуған ызаланып Шерден батыр,
Соғысты талай-талай көрген батыр.
Жолменен оза шапқан Шерден батыр,
Сүйектің дәл үстіне келе жатыр.
Сүйекке өте беріп көзі түсті,
Жолдағы көргеннен соң мұндай істі.
Аттың басын бұрып, айғай салып,
Бұл жерге тамам қалмақ жиылысты.
Барлығы түзге отырды, аттан түсіп,
«Жау жаңа кетіпті,—деп,—тамақ ішіп»
Бүшірге: «Ат үстінде бал аш»,—дейді,
Баршасы ортаға алып жиылысып.
Осы шал жауырын алып сөйлеп тұрып,
Тұрғандай сілкінеді жыны қысып.
мырқы батыр
—Япырым-ай, мына жерде жатқандай ғой,
Талабын іздеп жүрген тапқандай ғой.
Қайталық, тілімді алсаң, осы арадан,
Қатарлап тізіп қойып атқандай ғой.
Шықса да тап осы жер жер астынан,
Қылышпен мойнымызды шапқандай ғой.
Кідірмей жөнелейік осы арадан
Қанымыз судай болып аққандай ғой.
Бүшірдің қорқып басы қимылдаған,
—Япыр-ау,тез кетсек,—деп, қымыңдаған.
Аяқтап Бүшір сөзін бітіргенше,
Садақтың оғы шықты зырылдаған.
Біреуі біреуменен қақтығады,
Мырқының атылған оқ білегімен.
Бет бұрып, мойнын сүзіп қарағанша,
Шерденнің өтіп кетті жүрегінен.
Шерденмен қабаттасып тұрғандардың
Тағы өтті сол оқ барып біреуінен.
Өкіріп құлап жерге Шерден түсті,
Көрсетті қалмақтарға мұндай істі.
Қалмаққа оқты қардай боратады,
Оғының біреуінен бірі күшті.
Көңіліне Мырқы Алланы жад етеді,
Тартқанда бәйенегі сарт етеді.
Қалмақтың оны жерге түскен кезде
Бүшірге бір оқ барып сап етеді.
Оқ тиді Бүшір шалдың өкпесіне,
Өкпеден қояр ма күш өтпесіне.
Бөркі оқ тигенде Бүшір шалдың
Атының барып түсті бөксесіне.
Әулие көріпкелгіш Бүшір шалды,
Өшіккен қанды саусақ ептесін бе?
Қалмақтың он минутта жиырмасы өлсе,
Қалғаны қайта қашып кетпесін бе?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Құтылды тоғыз қалмақ қайта қашып,
Бейшара ажалы жоқ асып-сасып.
Бүшірге Мырқы тұрып келіп еді,
Өлгелі жатыр екен жанталасып.
Мырқы басын жаны ашып сүйеп еді,
Өлгелі жатыр екен жанталасып.
Жаны ашып Мырқы басын көтергенде,
Қарады шал Мырқыға көзін ашып.
—Қарағым, менің түбім—қазақ, деді,
Ажалға ауып тиді садақ, дейді.
Бетімді менің, балам, жасыра кет,
Тілегімді тілейтұғын сол-ақ,—дейді.
Сонан соң «сүйінші» деп қол сермеді,
Айтуға онан артық тіл келмеді.
Сөзіне Мырқы шалдың құлақ салды,
Қызыл көз сөз аңдар ма қолы қанды.
Мырқыдан екі көзін айырмастан,
Қыбырлап аузы-басы берді жанды.
«Мына шал,—Мырқы ойлады,—тегін емес,
Менің де шалды атқаным жеңіл емес.
Қол сермеп, Құбыла жаққа ымба қағып,
Сүйінші сұрағаны мұнысы нес?
Және де «аман-аман» деп айтады,
«Сүйінші» деген сөзді көп айтады.
Бір жерде әлде Бишам тірі ме екен,
Осы шал осы сөзді неге айтады?».
Шерденге сонда Мырқы келіп жетіп,
Ақтарды ішін жарып, басын кесіп.
Бүшірді өңгеріп алып келіп,
Тілестің өткеліне кетті көміп.
«Бишам да осы арада жатыр ма екен?»
Көңіліне зарланады қиял келіп.
Томпайған топырақты құшақтайды:
«Бауырым осы ма,—деп,—жанға серік».
мырқы батыр
Аралап қалмақтардың өліктерін,
Қайтадан бұл жұмысты тұрды көріп.
Босатып Қорлығаның қол-аяғын,
Шерденді көрсетеді алып келіп.
—Бейшара, ғашық жарың мұндай бопты,
Басылсын ғашықтығың көңілің сеніп,—
Деді де, атқа қарап жүріп кетті.
—Пайдалан керегіңді ала келіп.
Кеш батып қалған екен, күн кешкіріп,
Тұрған жоқ істі Құдай ойластырып.
Болғанда намаздыгер жүріп кетті,
Артына Қорлығаны мінгестіріп.
Сонымен Көксерекке алды мініп,
Сүмірейіп Қорлыға да барады жүріп.
Айрылып жалғыз бауыры Бишасынан,
Мырқының әлі тұр ма көңілі тынып.
Қалыпты алданумен күн кешкіріп,
Тұрған жоқ істі Құдай үйлестіріп.
Жұмысын бұл жердегі бітірген соң,
Жөнелді Қорлығаны мінгестіріп.
Жөнелді соныменен Мырқы батыр,
Қарамай алды-артына келе жатыр.
Аралап Майқұрақты келе жатса,
Аты үркіп жөнеледі апыр-топыр.
Қарғыды Көксерек ат құстай ұшып,
Қорлыға қалған екен жерге түсіп.
Тұлпары үріккен екен содан қашып,
Жатыпты бір жолбарыс аузын ашып.
«Не бар?» деп арт жағына жалт қараса,
Жолбарыс Қорлығаны жатыр басып.
Тақымынан айбалтаны жұлып алды,
Атының басын бұрып қайта барды.
Жолбарыс та Мырқыдан қауіп етіп,
Гүрілдеп, шабайын деп ыңғайланды.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шеңгелдеп Қорлығаны басып тұрды,
Ат үркіп жоламастан қашып тұрды.
Ат үркіп жоламайтын болғаннан соң,
Түсті де Мырқы атынан жаяу жүрді.
Мырқыға бұл жолбарыс тағы шапты,
Мырқы да айбалтасын ыңғайлапты.
Жолбарыс қарғып жақын келіп еді,
Бір салып алмадай-ақ домалатты.
Қорлыға орнынан түрегеліп,
Мырқыға ырза болды мұны көріп.
Дәл сермеп күшті қолы айбалтаны,
Алғанын ажыратып көңілі сүйіп.
Бір көзі Қорлығаның қанап қапты,
Барыстың тырнағының ұшы тиіп.
Көзінің тұра келді ағып қаны,
Мырқының бұған тұр ма ашып жаны.
Тағы да мінгестіріп жүріп кетті,
Олжаның осы болып қолда бары.
Қорлыға қанын сүртіп келе жатыр,
Айрылған тырнақ тиіп оң қабағы.
Жөнелді бұлар тағы осы жайдан,
Мшке шейін қыр басынан,
Бошанның төбе болды қарағаны.
Бошан бай зар жылайды, тамақ ішпей,
Төбеден кешке шейін ойға түспей.
«Құдай-а, тілегімді бере көр» деп,
Түн бойы тіке тұрды тізе бүкпей.
Малыңнан жау шапқанда жанды айырған,
Баланың ата айрылған таласынан.
Тілегін Бошан сөйтіп тілей берсін,
Сөйлейін енді біраз жалайырдан.
Жалайыр Сүрен батыр жеті ай болды,
Жоғалып көптен бері кетіп еді.
мырқы батыр
Қызылда жалайырдың бір кісісі,
Болған ба Айдарлыда бір жұмысы.
Жұртымен Бошан байдың келе жатса,
Көреді сайда жатқан өлген кісі.
Қарады айландырып көрген кісі,
Сүренге бейімдейді бар белгісін.
Қылыш, жабдық, баршасы Сүрендікі,
Бөлініп бөлек жатыр бел-бөксесі.
Басымен тұтас жатыр жота сырты,
Шашы мен жидіп қапты сақал-мұрты.
Байқастап жер көлемін қарағанда,
Бошанның көктемдегі көшкен жұрты.
Ол кісі сол арадан қайтып келді,
Көргенін бастан-аяқ айтып келді.
Сүреннің ағасы еді Сұртай деген,
Халыққа «жиылсын» деп тәртіп берді.
Шақыртты Қабылан мен Сүйінбекті,
«Жалайыр атқа мінген жиыл» депті.
«Бошаннан барып құнын аламыз» деп,
Жиылып үш жүз кісі туын тікті.
Үйіне хабар қылды «барамыз, деп,
Сүреннің барып құнын аламыз, деп.
Шынына келсе келді, шынын айтып,
Келмесе, кісі өлтіріп, шабамыз,—деп.
Келді де Құдайқұлды қамап алды,
Еріксіз ұстап алып, сойды малды.
—Сүренді өлтіріпсің, құнын бер,—деп,
Бошанға Сұртай батыр кісі салды.
Бошанның сондай болған халін көріп,
Қайтадан барған кісі айтып барды.
Бошанның жұмысы жоқ мұныменен,
Ісі жоқ даудың салмақ түріменен.
Кірмейді ешбір жауап құлағына,
Өзінің әуре болып күніменен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бошанды жалайыр кеп қамап жатыр,
Еріксіз сойған малын санап жатыр.
Үстіне жығылғанның жұдырықтап,
Қасқырдай айландырып талап жатыр.
Сүреннің құны соған бітетіндей,
Кездескен қойшыларды сабап жатыр.
Күн-түні Бошан отыр жылауменен,
Құдайдан істің артын сұрауменен.
Айрылып баласының баршасынан,
Қайғырып шыбын жанын қинауменен.
Тұрады кешке шейін қыр басында,
Бар қайғы дүниедегі бір басында.
Айрылып балапанның баршасынан,
Салған соң Құдай басқа тұрмасын ба.
Бошан бай бұған ақыл таба алмаған,
Жан-жаққа екі көзі алаңдаған.
Бесінде Сұршағылдың кезеңінде,
Бір нәрсе бұлдырайды қараңдаған.
Қобыға асып түсті кезеңменен,
Бұлғақтап жүрісі бар тежелдеген.
Жүрісі Көксеректің жүрісіндей
Кісідей көрінеді қозы өңгерген.
Таныды Мырқы екенін келе жатқан,
Өңгерген нәрсесі бар түзден тапқан.
Екенін анық Мырқы таныған соң,
Жүгірді қатын-бала әр тараптан.
Жиылып қатын-бала ортаға алып,
Қорлыға өңгергені таниды анық.
«Бишасы енді мұның қай жақта?» деп,
Қарайды арт жағына көзін салып.
Тастай сап Қорлығаны аттан түсті,
Биша жоқ болғаннан соң зәресі ұшты.
мырқы батыр
—Апатай, Бишатайдан айрылдым,—деп,
Құшақтап шешесінің мойнын құшты.
Шешесі мына сөзді естіген соң,
Айрылып ақылынан талып түсті.
Өкіріп Бошан келді ойбай салып,
Бошан шашты иіскеді қолына алып.
Шашты алып ата-анасы кезек-кезек,
Адасып ақылынан түсер талып.
Бұлардың осы көрген қайғысына
Жаны ашып жылап жатыр тамам халық.
Шуласып жылап жатыр азан-қазан,
Кім келсе соған түсер ақырзаман.
У-шу боп ауыл жылап жатыр еді,
Кезеңнен шыға келді жалғыз адам.
Кезеңнен шыға келді жалғыз атты,
Асығыс жүрісі бар тым-ақ қатты.
Көре сап шулап жатқан халайықты,
Атының басын ірікпей тіке тартты.
Ынтығып жетіп келіп сәлем берді,
Жылаған кемпір менен шалды көрді.
Атынан қарғып түсіп күлімдесіп,
Мырқымен жылап тұрған шалға келді.
—Бәрің де жыламаңдар, сүйінші!—деп,
Еңкейіп Бошан байға қолын берді.
Мырқының: «Сүйінші!»—деп бөркін алды,
Халайық бұл жұмысқа аң-таң қалды.
«Жылама, Биша тірі!» деген сөзге,
Халықтың бірі нанбай, бірі нанды.
Тоқтатып жылағанын тамашалап,
Жігітті жұрттың бәрі ортаға алды.
—Қане, батыр, сөйлеші, жөніңді айтып,—
Жігіттің сөзіне жұрт құлақ салды.
—Жылама,—жігіт айтты,—Биша тірі,
Келеді аман-есен бүгін күні.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Дегенге «Жыламаңдар, Бишаң аман»,
Жігіттің көрініп тұр сөзі жылы.
Қорықпаңдар, жыламаңдар, Бишаң аман,
Қуанып келе жатыр кейін таман.
Көп көріп қорлық-зарлық, машақатты,
Басынан өткен екен қиын заман.
Дені сау келе жатыр аман-есен,
«Қуантып барғын,—деді,—әке-шешем».
Наныңдар менің айтқан бұл сөзіме,
Қазір-ақ мәлім болар жалған десең.
Келеді аман-есен құлындарың,
Қанжармен кескен екен тұлымдарын.
Басының екі-үш жерде жарасы бар,
Көрмедім онан басқа шығындарын.
Қолына жау қалмақтың түскен екен,
Ашумен кесіп апты бұрымдарын.
Бір шал себеп болып қашып шығып,
Бір жерде біз кеп көрдік жығылғанын.
Ол кезде қыздың халі тіпті жаман,
Басынан өткен екен сондай заман.
Деп сөзін аяқтатып бітіргенше,
Кезеңнен шыға келді төрт-бес адам.
Алты адам келе жатыр шығыс жақтан,
Мініпті бәрі сұлу жүйрік аттан.
Алдында Шора батыр Сұржелекпен,
Ішінде біреуі бар басын тартқан.
Жігіттей қаруланған пешпен киіп,
Астында арғымақ ат мойнын иіп.
Батырдай жаудан қайтқан порымы бар,
Басына жара болған найза тиіп.
Биша екен ішіндегі басын тартқан,
Жеделдеп ұзаңқырап келді жүріп.
мырқы батыр
Таниды Биша екенін жанның бәрі,
Жабырлап жүгіреді жас пен кәрі.
Екенін анық Биша таныған соң,
Аяғын ата-анасы баса алмады.
Орнынан қарғып тұрып Мырқы батыр,
Көтеріп алады аттан апыр-топыр.
Құшақтап бір-бірінің мойнынан,
Көрісіп екі бауыр жылап жатыр.
Аузынан балапандай сүйіседі,
Көргеннің тұла бойы иіседі.
Көзінің ыстық жасы жерге тамып,
Беттері беттеріне тиіседі.
«Бишам-ау!», «Ағам!» деген дауыстарға
Жүрегі халайықтың күйіседі.
Домалап көздерінің ыстық жасы,
Сағынған қорлық көріп ғаріп басы.
Екеуін ажыратуға көзі қимай,
Айналып жүгіріп жүр ата-анасы.
Айтуға «қойыңдар» деп шамасы жоқ,
Үймелеп жиылған жұрт айналасы.
Бошан бай жүгіріп жүр асып-сасып,
Біле алмай не қыларын, көңілі тасып.
Бишаны Мырқыжан да берер емес,
Құшақтап бауырына отыр басып.
Қызы отыр құшақтасып ағасымен,
Атасы айланып жүр анасымен.
Таласып Бошан, кемпір басын иіскеп,
Екеуін құшақтайды қабатымен.
Айланып баласына жанасады,
Көріп тұр жиылған көп тамашаны.
Итеріп бірін-бірі Бошан, кемпір,
Омыраулап баласына таласады.
18-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Итеріп бірін-бірі «әрі тұр» деп,
Бетіне баласының қарасады.
Таласып шал-кемпірдің ұрысқаны,
Тамаша өз-өзінше жарасады.
Меймандар сөйлескен жоқ тілге келіп,
Біреуін жылап жатыр, бірі көріп.
Мырқыны Бишаменен ажыратты,
Орнынан Шора батыр түрегеліп.
Айтады «Сабыр қыл!» деп Бошан байға,
Тәуба қып, сабыр етіп, отыр жайға.
Құдайым істің артын бергеннен соң,
Қуаныш шүкір ет,—деп,—бір Құдайға.
Құдайым бергеннен соң істің артын,
Басады жылап-сықтап біраз қарқын.
Естіген жұрт көңілі құса болды,
—Қылыңыз бұған шүкір, Бошан қартым!
Басылды тегі барлық желігіміз,
Тірілді тәуба етіп өлігіміз.
Құдайдан әуес етіп тілеп едің,
Саламат, аман келді өрісіңіз.
Ол дағы тірі болса, келіп қалар
Зорлықпен жауға кеткен келініңіз.
Мырқы мен біздер де аман кеп отырмыз,
Мұрагер тілеп алған серігіңіз.
«Жылатқанды жұбатар Құдай» деген,
Шат болды қайғы басқан көңіліңіз.
Қуаныш үйге кіріп, той етелік,
Мырқы ғой жасағанға сеніміміз.
Деді де жұрт орнынан түрегеліп,
Халықтың бірі жылап, бірі күліп.
Бошан бай бозайғырды ұстап алып,
Шалады ай тұяқты алып келіп.
мырқы батыр
Меймандар Бишасымен үйге кірді,
Тағамдар дайындады неше түрлі.
Сойылып айтұяқ пен садақалар,
Қызмет қып қатын-бала зыр жүгірді.
Қорлыға бұл жұмыстың бәрін сезіп,
Ісінің оңбағанын енді білді.
Қуанды бұл жұмысқа жанның бәрі
Шат болып көңілденіп жас пен кәрі.
Бәрі де халайықтың болды шадымен,
Бошанның табылған соң балалары.
Отырды жанның бәрі қуанысып,
Болады қуанышпен тамақ ішіп.
Бошан бай тамақ ішіп болғаннан соң,
Айтады жалайырды жатқан қысып.
Бұл сөзді Мырқы, Шора тыңдап отыр,
Тұрған жоқ жалайырдан зәресі ұшып.
Айтады жалайырдың қамағанын,
Ауылға жиылып кеп талағанын.
Еріксіз жайлаудағы малды сойып,
Малшыны ұстап алып сабағанын.
Айтады сүйтіп даудың қағынғанын,
Бақыттың теріс айналып жаңылғанын.
Көктемде көшкен жұрттың сай жағынан
Сүреннің өлігінің табылғанын.
—Сүренді Мырқы өлтірді, құнын бер,—деп,
Жалайыр үлкен дауға салынғанын.
Сүреннің Сұртай келіп құнын даулап,
Бауыры үшін өкпесінің қабынғанын.
Айтады Жалайырдың келгендігін,
Құн даулап, елге келіп төнгендігін.
Тоқтатып халайыққа ақыл айтқан,
Айтады Қабылан бидің жөндемдігін.
Айтпай-ақ Мырқы, Шора біле қойды,
Сүреннің қалай болып өлгендігін.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ашылды айтпағанмен істің түбі,
Көрінді үлкейетін даудың түбі.
Айтпай-ақ өз аузымен мойнына алып,
Белгілі Қорлығаның бүккен сыры.
Қорлыға шеттегі үйде байлаулы тұр,
Мұнда жоқ бұрынғы күй, бұрынғы түр.
Төленің қалай болып өлгендігі,
Жұртқа анық айтпаса да, ашылды сыр.
Үш жерден бір әңгіме қозғалады,
Халайық, мына сөзге мойныңды бұр.
Бір кісі жалайырдан елші келді,
Халықтың шаттанысқан түрін көрді.
Баяу ел дауының жайын айтып,
Алдында халайықтың сөйледі енді.
—Бәрі аман, Шора, Мырқы кепті, дейді,
Бізбенен сөйлесуге келсін, дейді.
«Бітіріп елдің дауын қоялық» деп,
Мен едім Қабылан бидің жібергені.
Бұл өзі жұмыс емес танысатын,
Қан қызыл жамандыққа барысатын.
Еркіне тентектерді қоя берсе,
Қалғанша бірі тірі шабысатын.
Баяғы Санылар мен Қауарыптай
Қырқысып өлгенінше қалысатын.
Алладан болған қаза болған шығар.
Кек сақтап жұмыс емес қарысатын,
Бәріміз Бақтиярдың баласымыз.
Ту ұстап жұмыс емес жарысатын,
Бошан бай, Мырқы, Шора—бәрі келсін,
Төбейдің төрт ұлына хабар берсін.
Жоялық іштегі кек, жамандықты
Бірлесіп қазақ халқы жайға жүрсін.
мырқы батыр
Қалмақ тұр көтеріліп күнде шауып,
Заманның не боларын Құдай білсін!
Бошан бай мына сөзді дұрыс, деді,
Қабылан би сөз айтпайды бұрыс, деді.
Алланың тағдырына шарасы жоқ,
Пендесі ете алмайды бір іс, деді.
Тағдыры бәрі Хақтың істеп тұрған,
Тағдырсыз болған емес бір іс, деді.
Шоражаным, таста да қан қызуды,
Халықтың бірлігіне кіріс, деді.
Қайтарды «Төрт күннен соң барамыз, деп,
Хабарды төңірекке саламыз, деп.
Шуға да хабар айтып жібергеміз,
Ерлерді есті, басты аламыз, деп.
Халайық демін алып жата тұрсын,
Бұл даудан қашық болмас арамыз көп».
Уәде қып келген кісі кетті қайтып,
Жіберді Қабыландыға сәлем айтып.
Баласы Бақтиярдың Шудан бергі,
Олар да келген екен шеру тартып.
Ішінде келіп жатқан найман екен.
Іштері Кебекбайға қызу тартып.
—Ұлды-қызды дегеннің бәрі бала,—
Деседі,—Кімнің жаны кімнен артық?
Қорлыға Кебекбайдың жалғызы еді,
Қор бопты өз-өзінен Құдай атып.
Бұлар кеп түсіп жатыр Бошан байға,
Қанады сұрастырып болған жайға.
Босатып Қорлығаны қоя берді,
Кетеді, деп, мұнан қашып енді қайда.
Бір-екі күн болса да бос отырсын,
Өлтірмей мұны халық қоймас жайға.
Егер де өлмейтұғын ақыл тапса,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қыларын қылып алсын осындайда.
«Қорыққаннан бір қатынды байлады» деп,
Батырлар бетке салық мін қылмай ма.
Жатпайды мұндай жұмыс текті деуге,
Ерге ұят «қыз қорлығы өтті» деуге.
Халықтың аузына алып айтуға ұят
«Қатынымен осы жігіт кекті» деуге.
Дайын тұр халайықтың аузы ептеліп
«Шіркіннің қатынға әлі кепті» деуге.
Алып келмей өлтіріп тастап кетсем,
Жұрт дайын «бұл Мырқыға нетті?» деуге.
«Жігіт болып артынан бара алмастан
Қатынын жауға тастап кетті» деуге.
Сол үшін босқа жүрсін осы қатын,
Қасына жоламасын ешкім жақын.
Отырсын бетін сүртіп, ырза болып,
Шерденнің қасына қой кескен басын.
Тағамнан және тағы тарықтырмай,
Әр түрлі дайындап бер, ішсін асын.
Әйелдің көрсеқызар шермендесі,
Төгеді көрінгенге ықыласын.
Қатының дұшпаныңның зоры болса,
Онан сен қайтіп, сірә, құтыласың!
Құса боп өз-өзінен өліп кетсін,
Обал жоқ өз қанына ұшырасын.
Ата-ана, ата-ене ақысынан,
Осындай сабыр қылсаң құтыласың.
Қорлыға босқа жүрді кіріп-шығып,
«Бетсіз» деп қатын-бала жүрді күліп.
Осы түн Қорлыға қашып кетті,
Ерттеулі бір қонақтың атын мініп.
Зырғытып түніменен тынбай шауып,
Таңертең Қабыландыға келді жүріп.
Сұртайдың Қабыландымен алдына кеп,
мырқы батыр
Қорлыға сөйлеп жатыр тіке тұрып.
Уылжып жүз бұралып сөйлеп қатын,
Халайық тыңдай берді құлақ тігіп.
Көп болды халайықтың тыңдағаны,
Айлана сөз тыңдауға Қорлығаны.
Бұралып бір бүйірін таянып ап,
Бұл еді Қорлығаның жырлағаны.
Оқиға бастан кешкен шынын айтып,
Еңіреп тұрып сонда жылағаны.
—Қабыланды аға, құлақ сал,
Қазылы жұртқа ағасың,
Жеке туған дарасың,
Миуалы терек ағашым,
Әділдікпен тең қара
Адамзаттың баласын.
Менің айтқан сөзіме
Адамзат десең нанасың.
Өртеп жүрген бұзықпын
Жер мен көктің арасын.
Қозғалмаса намысың,
Ұмытсаң ердің дабысын,
Қылмысты сұмырай келіп тұр,
Қылышыңмен шабасың.
Жаңылсам тілден көремін,
Ашыққа басты беремін.
Сөйлеуге тілімді
Басымды сүйреп саласың.
Мен ойласам жайымды,
От болып бәрің жанасың.
Дауа етіп ешкім жаза алмас
Мен секілді сорлының
Көңіліндегі жарасын.
Жоқтайтұғын жан бар ма
Ардақты батыр кешегі
Дәулеттің Сүрен баласын?!
Ол күнім қайда жүр екен,
«Бар,—деп еді,—артымда
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сұртай деген қарашым».
Қу жүрегім, қайтесің,
Бүлініп неге жанасың?!
Өлмеген жаным тірі тұр,
Қорлықтың көріп жаласын.
Сұртай қарғам, бар болсаң,
Дұшпаның, міне, мен келдім,
Кегіңді қайтіп аласың?
Сүренді Мырқы өлтірді
Қайғының отын шалқытып,
Жүрекке басты шаласын.
«Мен де өлейін» дедім де,
Өле алмадым артынан,
Өлгенде қайда барасың!
Қарсыласып көруге
Ұйықтап жатқан жерінде
Келтірмеді шамасын.
Қылмыстың бәрі бізде тұр
Қайтіп бір кекті аласың?
Жасырын намыс, жабық кек,
Мен де өлтірдім сонан соң
Бошанның кіші баласын.
Сүрен менен Мырқының
Замандас жолы бір еді.
Қорлыға мен Сүреннің
Бір еді жастан тілегі.
Еріксіз беріп ата-анам,
Қайғы болды жегенім
Ас орнына үнемі.
Айтқан сертке жете алмай,
Көңіліміз жаман жүдеді.
Ғашықтық деген оңай ма,
Бірін-бірі көруге
Жүр еді жанып жүрегі,
Амалым бар ма, қайтейін,
Ебін тауып өлтірді.
Өлтіруге қам қылып
Бұрыннан Мырқы жүр еді.
мырқы батыр
Есіл-дертім Сүренде,
Мырқыны адам демедім
Көңілімнің болып күреңі.
Байқаусызда өлтірді
Қарсыласып алысса,
Кем бе еді содан білегі!
Сүйегін жоқтап баруға,
Жесірін іздеп алуға
Сол секілді күнімнің
Бар ма екен артта тірегі?!
Тірегін іздеп қаңғырып,
Өзі келді жесірі.
Біз сорлыға бейіш жоқ,
Дозақтың ашық есігі.
Сүренмен бірге жүруге
Болмады Ақтың нәсібі.
Мені өлтіріп, отқа жақ
Мен секілді сайқалдың
Тағы да тиді кесірі.
Елдің бетін көре алмай,
Сүреннен қалып жүргенше,
Кірейін десем жоқ екен
Қара жердің тесігі.
Талабына жетпеген
Сорлы болдым елдегі.
Ел аузына қарасам,
Кінәнің бәрі менде еді.
Өлтіргені Сүренді
Мырқынікі жөн деді.
Тышқандай құнсыз кететін
Мырқыдан Сүрен кем бе еді?!
Сүреннің қаны ойда жоқ,
Теріс боп тұр халыққа
Бошаннан бала өлгені.
Кебекбайдың қызы—мен
Дәулеттің ұлы Сүрен-ді.
Еркіне салса халықтың,
Өлген иттей көрмеді.
Өлгені құнсыз иттей-ақ,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қалғанына тағы отыр
Өліммен жаза бергелі.
Қорлыға мен Сүренді
Ит қатарлы ойлайды,
Қожайын Мырқы төрдегі.
«Сүрен деген немене,
Мырқы деген батырдың
Бар,—дейді,—жұртқа еңбегі».
Көресің теріс болады
Жалайырдың құн сұрап,
Қанын жоқтап келгені.
Сүрен бір қоян құмдағы
Оқтан басқа құны жоқ,
Алтайдың Мырқы мергені.
Қорлығаның кесірі
Сүреннің босқа өлгені.
Қорлығаның қолында
Тұрғандай-ақ дап-дайын
Ажалдың тағдыр шөлмегі.
Осы жайды айтқалы,
Бір шолып елді қайтқалы,
Мен секілді бетсіздің
Осы еді, жұртым, келгені.
Естіді мына сөзді жанның бәрі,
Жиналған қызуланды жас пен кәрі.
—Мырқыдан бәріміз де өлейік,—деп,
Дәулеттің түтеп кетті балалары.
Бітімге ыңғайланған халықтарды
Қорлыға әзәзіл боп аралады.
Қайтпайтын бәрі дағы батыр еді
Сүреннің алты-жеті ағалары.
«Төлені Сүрен үшін өлтірген» деп,
Мұны да қайтқан кек деп бағалады.
Қорлыға Сүрен үшін қорлық көрген
Жанашыр жолдасы деп шамалады.
мырқы батыр
Бұзылды жалайырдың алқаптары,
Намыс қып түтеп отыр саңлақтары.
«Қапыда, әттеген-ай, қалыпты-ау!» деп,
Тістелді талайының бармақтары.
—Қорлығамыз Сүреннің тұғыры,—деп,
Әлпештеп Қорлығаны ардақтады.
«Бітім жоқ, шабысамыз енді біз» деп,
Жиналды жалайырдың жан-жақтары.
Қабылан би қарап отыр құлақ салып,
Барады көтеріліп тамам халық.
Халықтың ниетінің бұзылғанын
Кемеңгер ақылменен отыр танып.
Мүлтік жоқ Қорлығаның айтқанында
Ол істің өтірік жоқ, болғаны анық.
Сүрен өліп жұртында жатқан қорлық
Тағы да бара жатыр ішті жарып.
Қорлыға жалайырдың жесірі еді,
Байлықпен Бошан кеткен сатып алып.
Бошанды Кебекбаймен сыйлағаннан
Қабылан би қойып еді бітім алып.
«Жұртым-ау» деп Қорлыға жылаған соң,
Ойына түсіп отыр сонда барып.
«Жас күнімде атасқан елім ғой» деп,
Ұмытпай жүріпті-ау деп сорлы ғаріп.
Халайық гулеп кетті дабырласып,
Сөзінен біреуінің біреуі асып.
«Осы жұрт қай жағына соғады» деп,
Қабылан би сөйлемейді бір сөз ашып.
Қабылан би бір жұмысты жақтырмаса,
Ешкім жоқ кететұғын бұдан асып.
Халайық көтеріліп кеткеннен соң,
Қабылан би ақырады отын басып.
Қабылан айтты халыққа: «Қылғын сабыр,
Жігіттер басылыңдар мінезі ауыр.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екі айғыр байтал үшін ащы болып,
Ақыры бір-біріне қылған зәбір.
Төленің он жастағы жазығы не,
Болып тұр Қорлығаның осы жері ауыр.
Сөзден де, қайраттан да жеңілеміз,
Бұл істің аяқ жағы болмас тәуір.
Тоқтаңдар келсін халық, сөйлесейік,
Жолымен адамдықтың теңдесейік.
Сөйлесіп, сөзге келсе, сөйлесейік,
Түйедей кейін тартса, көлбесейік.
Егер де ынтымақпен бірлік қылса,
Қазақтың баласымыз селбесейік».
Деп отыр Қабыланды би осыны айтып,
Халыққа болалық деп үлгі тартып.
—Ит аларда қорадан қой жоғалар,
Халықтың дұшпан көпте бірлігі артық.
Қалмақ, қырғыз қазақты күнде шауып,
Ерегіс заман өзі тұр ғой шалқып.
Қазақ өзі біреуін бірі өлтіріп,
Бастарын кесіп ап жүр домалатып.
Ерегісіп қатын үшін ерлер өліп,
Бұл қазақ жұрт болады енді қайтіп?!
Талқан қып бір шетінен шауып кетер,
Бір жақтан қалмақ келсе шеру тартып.
Ел қамын, жұрттың жайын ойламаса,
Жігітке тіріліктен өлген артық.
Қабылан би бұл жұмыстан қылды қауіп,
Сөздің де сөйлеуші еді ығын тауып.
Дәулеттің балалары желігіп тұр
«Мырқымен айқассақ» деп көңілі ауып.
Халайық осыны айтып отырғанда
Бір адам қызыл танау келді шауып.
Сөйледі келе салып аттан түсіп,
Өзінің кеткен екен зәресі ұшып.
мырқы батыр
Қабынып екі өкпесі ентігеді,
Кәдімгі отырғандай жыны қысып.
—Қабеке, жеттім,—деді,—Құдай сақтап,
Әйтеуір қашып жүріп тапырақтап.
Жазығы Күреңбелдің шаң боп кеткен,
Келеді жер-дүниені әскер қаптап.
Найманды Шолақтағы қырғыз шапты,
Келеді қалмақ-қырғыз екі жақтап.
Қабанбай аз кісімен соғысып жүр,
Көп әскер кететұғын тарпып таптап.
Қазақты қалмақ, қырғыз шауып жатса,
Сендерге лайық па мұнда жатпақ?!
Шуға да шапқыншыны жіберейік,
Егер де тез барудың ығын тапсақ.
Біреуге Мырқы деген елші салып,
Қалмақтар Қапшағайда жатыр тоқтап.
Төменгі Балғалыны алған шауып,
Бір қатер мұсылманға болған қауіп.
Қыбырлап жердің жүзі көрінбейді,
Дүниені қаптап кеткен көп торғауыт.
Деседі: «Зиянсыз боп жөнелеміз,
Мырқыны тірі байлап, берсе тауып».
Түк қоймай Балғалыны шауып алған,
Ертең кеп үйсіндерге түспек ауып.
Дейтұғын Байынжығал бір батыр бар,
Көкпеңбек үсті-басы темір сауыт.
Астында Көкжал деген тұлпары бар,
Торғыннан мінеді екен жабу жауып.
Түк қалмай торғауыттан келсе керек,
Есебін болар емес адам тауып».
Найманнан қашқан кісі тағы келді,
Олар да торғауытты тағы көрді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Түк қоймай суанды да шапты,—депті,—
Бұл өзі алса керек талай жерді.
Үстіне жығылғанның жұдырық деп,
Қырғыз да таудан асып тағы келді.
—Олжалап Аққасқыр кеп жатыр, дейді,
Түргенде қызылбөрік деген елді.
Шапқанда Балғалыны торғауыт,
Ұрандап деп шауыпты «Шерден өлді».
Қабылан би халық иесі жігіт едің,
Табасың қандай ақыл бұған енді?
Деп Жантай сөзін айтып бітіргенде,
Бір-екі-үш қырдан асып кісі келді.
Қараса төрт торғауыт келе жатыр,
Көкпеңбек темір киген кілең батыр.
Қолына елші туын ұстап алған,
«Елшіге өлім болмас» деген ақыр.
Келді де сәлемдесіп аттан түсті,
Адамдай жасқанбайды түбі күшті.
Алдында Қабылан бидің сыбанылған,
Сөйледі торғауыт та болған істі.
—Қазақтың сен бе Қабылан биі, дейді,
Кімің бар сенен тағы ірі? дейді.
Ханы кім қазағыңның, билері кім,
Жасырмай айтқын маған мұны, дейді.
Қорқып сен жасырғанмен, біз табамыз,
Қалмайды бір табылмай түбі, дейді.
Түк қалмай торғауыттан атқа міндік
Қазақтың көкке ұшады күлі, дейді.
Кеспекпіз Шерден үшін екі мың бас,
Айтқанда сөздің анық шыны, дейді.
Батырдың бір-екі мың басын кессек,
Бітпекші сонан кейін құны, дейді.
Шерденге қастық қылған Мырқы деген,
мырқы батыр
Тірідей керек бізге өзі, дейді.
Қылатын оған тағы ісіміз бар,
Өлтіріп бос қоймаймыз құры, дейді.
Мырқыны бізге байлап ап кеп берсе,
Қазақтың болады азат ұлы, дейді.
Егер де осы айтқанды істемесе,
Қалмақтың бүкіл қазақ құлы, дейді.
Бұл үшін Бұрқын бақшы ант етілген,
Қазақтың қалмақшы емес түгі, дейді.
Бұл сөзді батыр Сұртай отыр естіп,
Өкпесін ашу қысып, қаны көпсіп.
Тік тұрып төбе шашы, қаны қайнап,
Қалмақты бара жатыр көзі тесіп.
—Мә саған, Мырқы үшін бергенім, деп,
Бастарын бас салды да, алды кесіп.
Деуші еді «Елшілерді өлтірмейді»,
Аяғы бұл болмыстың болды нешік?
Ашумен Сұрмаралға алды мініп,
Найзасын, баста қалқан қолына іліп.
Дәулеттің бес қасқыры атқа мінді,
—Қайда,—деп,—бізге жауың?—кетті жүріп.
Жесір дау, құн дау—бәрі жайға қалды,
Халыққа түскеннен соң мұндай бүлік.
Бошанға Қабылан келді үш кісімен
Қалсын деп ісіміздің жөнін біліп.
Қабылан кеп Бошан байға айтты жайын
Кісі еді тамызатын сөздің майын.
Түсініп Шора, Мырқы бұл болмысқа,
Әртүрлі сарамжалды қылды дайын.
«Аш бақа, ала жылан халық едің»
Бұл істі Қабылан, Бошан қылды уайым.
Шудан да келген екен төрт жүз кісі,
Батырлар, кемеңгерлер толған іші.
Қалмақ, қырғыз қазақпен жауыққанын
Ерлердің пайым қылып байқады іші.
Егерде қазақ болып бірлік қылса,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Кем емес торғауыттан мұның күші.
«Қазақтың баласына хабарла» деп,
Шаптырды қос атпенен сегіз кісі.
Қырғызға Қабыландының өзі кетті,
Жауапқа адам еді өзі епті.
—Кәпір кеп, мұсылманды бүйтіп жатса,
Демекші дін мұсылман саған нетті?
Біріксек мұсылман боп, бірлік қылып,
Алмақпыз кәпірлерден сонда кекті.
Демекші Аққасқырға тауып алып,
—Исламдық ыждиһатың қайда кетті?
Қабылан би жалғыз кетті қырғыз жаққа,
Қазаққа болған істі сыр қылмаққа.
Негізгі болашақтың түбін айтып,
Ниетін мұсылманның бір қылмаққа.
Ниетін торғауыттың түсіндіріп,
Сүйегін мұсылманның қыздырмаққа.
Қамданып бұл кеткен соң Мырқы, Шора,
Қасабай, Көшектер де мінді атқа.
Енді бұлардың асығыспен бір күннің ішінде жиналған
қаруы бар соғысқа жарайтын адамдары небары алты-ақ жүз
адам болды. Мұның ішінде сенімді сауыты бар тоғыз батыр бар.
Басқасы сыналмаған қара бақаншылар еді. Былай шыққан соң
батырлар ақылдасып, Шораның айтуымен мынандай ақылға
келді: «Торғауыттың келе жатқан бағыты—үш беталыспен
келе жатқан көрінеді. Кейінгі халық хабарланып, артымыз
дан келгенше біз үш бөлініп торғауыттың алдына бөгет болу
ымыз керек. Сол үшін мен үш жүз кісімен біздің Балғалыны
алып, мәз боп жатқан жағынан килігейін. Көшек Маймақ,
сендер Қапшағай жағынан килігіп, бері асырмаңдар. Мырқы,
сен ысылған жігітсің, мінгенің тұлпар. Жалғыз өзің барып
Қабанбайға қосыл. Қабанбай мен екеуі найман жағын қорғай
алатын шығар» деп, бұлар үшке бөлінді. «Кейінгі келетін
әскерді жөнін айтып саралап тұр» деп, Қасабай мен Бәймен ба
тырды тастап кетті. Ендігі әңгіме Мырқыдан басталады.
мырқы батыр
Жауға қарап ер Мырқы,
Бет алып енді жөнелді.
Жалғыз өзі жау іздеп,
Талайы көкке теңелді.
Сүйегінде бар болса,
Бар өнерін көр енді.
Жалқын басын, байтағын,
Сақтамақ халық көлемді
Зуылдатып келеді.
Астындағы көк тұлпар
Көксерек деген дөнен-ді.
Ақ көбігі бұрқырап,
Астындағы тұлпары
Көз жұмғанша асады
Көлденең жатқан белеңді.
Бар өнерін көрсетер
Уақыты болды кезеңді.
Өте шықты қылт етіп
Шалшық су құрлы көрместен
Іле деген өзенді.
Бөктерлеп зытып келеді
Қарашоқы, Шеңгелді,
Қоянкөз, Маржан дегенді.
Ашуланып келеді:
—Оярмын,—деп,—торғауыт,
Құдықтай қазып төбеңді.
Батырлық, жастық—қос мастық
Желіктірген желең-ді.
Дұшпаннан көрген қорлығың
Ішіңе тікен шемен-ді.
Екі көзін тас байлап
Намысы айдап келеді
Сол секілді беренді.
Жек көрмес, сірә, Алла да
Жұрт үшін қайғы жеген-ді.
Қоянкөздің сыртында,
Көзін салып қараса,
Қашқан елді көреді.
Жалаң аяқ, жалаң бас,
19-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Көздерінен ағып жас,
Қазақтар қашып келеді.
Бұл қорлықты көрген соң,
Қаны қайнап батырға
Болмады жанның керегі.
Мырқының қашқан найман көрді сұрын,
Көрмеген сұрша жігіт бұдан бұрын.
«Қазақтың бір жауынгер батыры» деп,
Қалдырмай айтып жатыр барлық сырын.
Қалмақтар Қабанбайды байлап алып,
Найманның кетіп тұрған есі қырын.
Ұрысып алты күндей көп кісімен,
Талауға алып кеткен ұл мен қызын.
Қасқырдан қашып шыққан қойдай болып
Халайық келе жатыр ырым-жырым.
Баласы Мақтанбайдың үш бөлініп,
Тоз-тоз боп қашып жүрген аспан жерден.
Айрылып Түгелбай хан хандығынан,
Жұртқа бір болып тұрған жаман ырым.
Көп болды халық бұған айналғаны,
Қабанбай тіреу еді наймандағы.
Қазаққа ұлы намыс болып отыр
Қалмаққа Қабанбайдың байланғаны.
Найманның қарсы тұрмай қашқандығы,
Мырқыға мәлім болды бар жайлары,
Ішінен кіреукесі басып киген,
Мырқының түгел-ді [қару]-саймандары.
Қабанбай қолға түсті дегеннен соң,
Басқасын жан екен деп ойланбады.
Қаптаған қара құрым қашқан халық,
... ... ...*
Халықтың босқынына қарағанда,
* Бір сөйлем өшіріліп қалған.
мырқы батыр
Торғауыт қалың қолмен басқаны анық.
Жалаңаш, жаяу-жалпы жылаған ел,
Біреуді болар емес біреу танып.
Осындай жұрттың сорын көргеннен соң,
Мырқының бара жатыр іші жанып.
Ел қайда, жау қай жақта екендігін
Ешкімнен біле алмай жүр әлі қанып.
Жау менен елдің жөнін түсіндіріп,
Мырқыға айтып жатыр бір шал барып.
Шал сөзін түсіндіріп айтып жатыр,
Тыңдап тұр Мырқы бұған құлақ салып.
Шал айтты: «Жаным, балам, сөзім тыңда,
Ұқсап тұр порымдарың батыр ұлға.
Дүниеге кәпір қаптап келе жатса,
Сен не қып қодырайып жүрсің мұнда?
Қазақты қалмақ қаптап қырып жатыр,
Дейтұғын Шұбар шырыш деген құмда.
Естідік «Қабанбайды байлады» деп,
Сонан соң қазақ қашып шықты қырға.
Қазақтың еркек кіндік бәрі сонда,
Сен де бар, көп кешігіп тұрма мұнда.
Қазақты ысылмаған қырып алмай,
Басшысы бол барып, балам, қалың қолға».
Деді де, қолын жайып бата берді:
—Иә, Құда, мұсылманды өзің оңда.
Бетіне шал батасын қағып салып,
Бұрқырап Мырқы батыр түсті жолға.
Атына Мырқы батыр қамшы басты,
Тауынан Қызыласу келіп асты.
Бесіннен біраз төмен түскен кезде
Соғысып жүргендерге араласты.
Ұрысып жүр қазақ қашып, қалмақ қуып,
Қазақ та соғысып жүр белін буып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қыбырлап артқы жағы шаң боп кеткен,
Көрінді көптігінің түсі суық.
Қалмақтан жердің жүзі көрінбейді,
Көпшілік көргені осы өзі туып.
Ту тігіп, екі жаққа майдан жасап,
Ұрысып жатыр екен жеке шығып.
Қалмақтан Дуду деген біреу шығып,
Барғанды тұрған екен қойдай қырып.
Қазақтан қандай палуан барса дағы,
Шоқпармен жығады екен бір-ақ ұрып.
Қашпапты қандай батыр барса дағы,
Тұр екен бір-бір ұрып жерге жығып.
«Кәпірдің мына лағин қорлығы-ай!» деп,
Жүгіртіп Мырқы барды қаны қызып.
Сап етіп Көксерекпен жетіп барып,
Түсірді айбалтамен мойнын үзіп.
Майданда қалмақтарға айғай салды,
Мырқының мұнан әрі еті қызып.
—Қалмақтар, бір-екеуің тағы келші,
Қылайын мұнан гөрі оны қызық.
«Дудуды өлтірген бұл неткен жан?» деп,
Қалмақтар қарап тұрды көзін сүзіп.
Мырқыдан торғауыттар жасқанады,
«Мынаның екен-ау,—деп,—түрі бұзық».
Майданда Көксеректі ойнатады,
Қалмаққа үлкен қайғы ойлатады.
«Дуду өлді, бізді де өлтіреді» деп,
Қалмақтың қорқып-ақ тұр бір қатары.
«Осыны барып жайғап келіңіз» деп,
Қалмақтар шығарады Нарботаны.
Нарбота келе жатыр таудай биік,
Дудудың өлгеніне іші күйіп.
Ашумен кеуіп кеткен екі өкпесі,
Тырсылдап сауытына зорға сыйып.
мырқы батыр
Сауыты, дулығасы, қалқаны бар,
Көкпеңбек келе жатыр темір киіп.
Садақтың бәйенегі шаңырақтай,
Келтірген сұр мүйізден зордан иіп.
Ерауыз астындағы қоңыр бедеу,
Құйрығын, жалын өріп, қойған түйіп.
Қылышы үш құлаштай көрінеді,
Кеткендей шөккен нарды бір-ақ қиып.
Төңкерген тай қазандай бастары бар,
Қалыбы болар емес адам тиіп.
Жіңішкелеу қарағай найзасы бар,
Қабағын келе жатыр қатты түйіп.
Жасқанбай одан Мырқы тұрды қарап,
Мұнда да қылыш, мылтық, қолда садақ.
Мырқыны көргеннен соң дәу Нарбота
Найзасын тап береді жұлып алып.
Шабынып Нарботаны жын ұрады,
Найзамен неменемді тындырады?
Үйренген әдісі еді жас күнінен,
Найзасын қағып қалып сындырады.
Айрылып қолындағы найзасынан,
Бұл жерде дәу Нарбота былжырады.
—Бір шауып,—ашуланып,—тастайын, деп,
Қылышын кәпір лағин суырады.
Қылады Мырқы айла мұны көріп,
Сап етіп бұрылғанша қайтып келіп.
Қылышын ұстап жүрген ұңғыттың,
Қарынан айбалтамен кетті беріп.
Жүзімен айбалтаның ұрған екен,
Кетіпті қолдың қарын екі бөліп.
—Қыларың мұнан басқа қалды ма?—деп,
Ұстады жағасынан қайтып келіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Мырқыны о да ұстады жағасынан,
Тұрған жоқ бір қол үшін күші кеміп.
Екеуі ат үстінен жағаласып,
Ұстасты бірін-бірі күшпен керіп.
Екеуі жағаласып тартысқанда,
Аттары жата қалды жерге шөгіп.
Аттарын екеуі де тастай беріп,
Алысты жағаласа түрегеліп.
Орнынан қоңыр бедеу тұрмай қалды,
Тартқанда кеткен екен мойны үзіліп.
Қайысып Көксерек ат зорға тұрды,
Мойынын ішіне алып, тізе бүгіп.
Ғали мен Жанабілдің тартысындай,
Тамаша көргендерге болды қызық.
«Қайсысы екеуінің алады» деп,
Екі жақ қарап тұрды көзін сүзіп.
Үйіріп бірін-бірі сілтегенде,
Кетеді аяқтары жерді мыжып.
Алысты осы екеуі ет пісірім,
Алмақ боп бірін-бірі бойы қызып.
Бір қолы Нарботаның кемшіл боп жүр,
Әйтпесе сілтеуінің түрі бұзық.
Бас салып қанжарменен басын кесті,
Бір кезде Мырқы батыр алып ұрып.
Бүркіттей қасқыр алған қылмаң қағып,
Атына Мырқы тұрды мініп алып.
Атына ызғытып тұр мініп алып,
Дос-дұшпан қайран қалды тұрған халық.
Сүйекке он торғауыт ат қояды,
Өлгенін Нарботаның көре салып.
«Сүйегін алдырмаймыз қалмақтың» деп,
Ұрандап ат салдырды қазақ халық.
мырқы батыр
Қазақтың бұл қылығын көргеннен соң,
Қалмақты жын ұрып па қарап қалып?
Майданда қазақ, қалмақ араласып,
Ұмтылды найза, мылтық, садақ алып.
Қалмақтың түгі қалмай келіп еді,
«Қазақты аламыз» деп талаптанып.
Өлігін Нарботаның алдырмады,
Алдымен бұрын жетіп қазақ барып.
Майданда араласты қазақ-қалмақ,
Жеңісіп бірін-бірі болады алмақ.
Кескен бас, өлгендердің қисабы жоқ,
Қап-қара күннің көзін басты шаңлақ.
Бір жағын бірі қуып, қайта қашып,
Толқындай толықсып жүр алмақ-салмақ.
Көп екен батырлары жұрт болған соң,
Өлтірді бірін-бірі қолын қандап.
Бірі өлсе, бірі артынан келіп жатыр,
Таусылмас қырылғанмен он сан қалмақ.
Қасқырдайын қойға тиген жалаң қағып,
Майданды Мырқы батыр жүрді шарлап.
Ол жақтан Байынжығал, мұнан Мырқы,
Бір жерде кездеседі екі саңлақ.
Екеуі тұра қалып жөн сұрасып,
Өздері кім екенін білісті аңлап.
Сөйледі Байынжығал сонда тұрып:
—Ей, құрбы, сөзді тыңда, мойын бұрып.
Бәріміз бір тұқымдас бола тұрып,
Шабыспақ болып тұрмыз Құдай ұрып.
Мен жүрмін қалмақтардың шотын шауып,
Тұрады әр нәрсені Құдай қылып.
Сен болсаң анық Мырқы танысайық,
Сөйлесіп оңашарақ, жеке шығып.
«Бір қастық жеке шықса қыла ма?» деп,
Көңіліңіз ойламасын былай біліп.
Біріміз бірімізге оқ атармыз,
Сөйлеспей жөн сұрасып, сипай ұрып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қан төкпес қаны бірге қарсыласып,
Салмаса ажал айдап жүген-құрық.
Сөзімді сөйлескен соң «сендім» дерсің,
Иә, «аға», кіші болсаң «інім» дерсің.
Атамыз кешегі өлген Бүшір құсап
Өзің-ақ өліп кетсем кебіндейсің.
Оңаша шығып алып алыссам да,
Қалыбың сен де менен жеңілмейсің?
Жүр, батыр, оқшау шығып сөйлесейік,
Қорқатын бір кісіден көрінбейсің.
Соны айтып, Мырқыны ертіп шықты шетке,
Оңаша сөйлеспек боп бетпе-бетке.
Мырқы онан қорқатұғын қалыбы жоқ,
Болған соң «тәуекел» деп жекпе-жекке.
Екеуі былай шығып, аттан түсіп,
Сөйледі Байынжығал сөзді төте.
Деп айтты Байынжиғал қуыстанып:
—Қауіп қып отырмысың, батыреке,
Ал, батыр, мен сөйлейін, құлағың сал,
Елі еді ер жігіттің құйрық пен жал.
Бауырыңды өлтіретін салтың екен,
Ендеше мен де бауырың, қимылдап қал.
Сол менің әкем еді Бүшір дейтін
Өлтірген өз қолыңмен дәу шұбар шал.
Алжыған біз секілді азғындарды,
Егер сен жігіт болсаң, жөніне сал.
Бишаға қаны қызып жәрдем қылған,
Бүшірдің саған қандай жазығы бар?
Бүшірдің өлуінің жөнін айтшы,
Сенімен сөйлесуге едім құмар.
Бүшірдің өлігі жоқ табылмады,
Көңілім сол сырыңды айтсаң тынар.
Басы жоқ, ішін жарған Шерден жатыр,
Қырыпсың көп қалмақты ұмар-жұмар.
Жасырмай, Мырқы батыр, шыныңды айтшы,
Осы жерде жөні келді ерді сынар.
мырқы батыр
Әйтеуір күші келсе өлтіретін
Жігіттің бірімісің қанға құмар.
Сеніспей сыр жасырып, бүгіп қалған
Жігітті ер Ғалидың әруағы ұрар.
Қас қылмай, қанымызға жай жүрелік,
Егер де жігіт болсаң сөзге тұрар.
Менің кім екенімді байқа әуелі,
Қазақтың жігіт болсаң басын құрар.
Бас салып, әлі жетсе алатұғын,
Болмайды анық батыр көрсеқызар.
Жеріңнің қайрат қылар жөнін таппай,
Болғаның келісе ме қазанбұзар.
Бас кессін, бауыр кетсін, әкесі өлсін,
Жұмыстың ауырына ерлер шыдар.
Ал, батыр, мұныңды айтып, маған ұқтыр,
Әр істі істеп тұрған Құдай шығар.
Бұл сөзге Мырқы тұрды құлақ салып,
Жігіттің бар ниетін байқады анық.
Жігіттің бұл ниетін қарағанда,
Дұшпанға ұқсамайды мына қалып.
Бишаға Бүшір шалдың болысқаны
Көңіліне түсіп кетті сонда барып.
Өлгені қалмақтардың бәрі де рас,
Шерденнің өзі кеткен ішін жарып.
—Оқиға айтқаныңның бәрі де рас,
Бүшірді көмдім,—деді,—алып барып.
Білмеген у да ішеді, қаза шығар,
Сөйлесіп ол кісімен таныспадық.
Басына қайтып барып бата оқуға
Келмеді орайымыз шалыс қалып.
Мен емес ол кісіге қаза болды,
Сен бұған қызбай-ақ қой намыстанып.
Сөйлесіп ол кісімен жөн сұрауға
Арамыз шаркез болды, алыс қалып.
Достасып тұр екеуміз құшақтасып,
Көңілге мұндай істі алыспалық.
«Дос кешер орын кекті» деген сөз бар,
Қастыққа мұнан былай барыспалық.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Екеуі құшақтасты сонда тұрып,
Қастаспай келісуге уәде қылып.
Ақылға кіріспекші болды бұлар,
Екеуі бір-біріне көңілі тынып.
«Қазақтың қалмақпенен қан боп жатқан,
Соғысын тоқтатамыз қандай қылып?»
Айтады мына сөзді Байынжығал:
—Бір ақыл ойлайық,—деп,—енді бұған.
Далада хан Шерденнің өлгендігі,
Ойына қалмақтардың болған дықал.
Аттанған торғауыттың бірі қалмай,
Өлсе де, бас тартпайды енді бұған.
Тағы өлді қосымша боп Нарботасы,
Басып тұр торғауытты қара тұман.
Аттанған «енді қайтып келмейміз» деп,
Дейтұғын «Шерден өлді» айтып ұран.
Біреуі жүз кісіге татитұғын,
Бұлардың батыры көп сайыпқыран.
Мұны біз жөншілікпен қайтармаймыз,
Сөйлессе жүйеге сап, қайқаңдаймыз.
Тағы өлді Нарботасы қосымша боп,
Бұған біз жөнді жауап айта алмаймыз.
Саны жоқ адам өлді бұл соғыста,
Енді біз бұл жұмыстан қайта алмаймыз.
«Сегіз күн соғыспаймыз, дем аламыз»
Дейміз де жұрт алдына байпаңдаймыз.
Жиылсын оған дейін қазақ түгел,
Халыққа әр сөз айтып жалтаңдаймыз.
Тағы қандай бейқұт болар екен,
Хабар ап төңіректен аңыс аңлаймыз.
Мен барып «қазақ көп» деп үркітейін,
Қалмақпен қарсы тұрып шабыса алмаймыз.
Қазақты қамданған ел қырып кетер,
Қолма-қол көп жауменен қарыса алмаймыз.
Қай шетте қандай батыр жүргендігін,
Хабарсыз жүргеннен соң таныса алмаймыз.
Кімнің жау, кімнің дұшпан екендігін
Біле алмай екі ортада ырсылдаймыз.
мырқы батыр
Солай қып тоқтатамыз елді басып,
Сегіз күн дем аламыз тыңшы жатып.
Астыртын хабарласып тұрысамыз,
Жұмыстың болып жатқан жөнін айтып.
Екеуміз екі жақта хабар айтып,
Осы жерден жолығалық кешке қайтып.
Кешке кеп жолығайық оңашалап,
Халықты басқаннан соң арашалап.
Кешке кеп асығыссыз сөйлесейік,
Отырып, ала келіп ішіп тамақ.
Берейін достық үшін сауытымды,
Мырқыжан, көрші,—деді,—киіп қарап.
Сауытын тыр жалаңаш шешінеді,
Достыққа көңілі жұмсап есіледі.
Мырқы алып ақ сауытын киіп алып,
Ағарды екеуінің көкірегі.
Өзінің сауытынан тесік шығып,
Әр жері тозыңқырап кетіп еді.
Мұныкі алты қабат жаңа сауыт,
Кеудесін болаттаған күміс шауып.
Сауытын үстіндегі шешіп берді,
Бұл емес дүниеден қылған қауіп.
Алмасын беліндегі тағы берді.
—Мен тағы алармын,—деп,—бірін тауып.
Кешке кел осы араға,—деді дағы,
Мініп ап тұлпарына кетті шауып.
Мырқы да қазаққа кеп араласты,
Соғысты тоқтатпаққа көңілі ауып.
Адамның өліп жатқан қисабы жоқ,
Садақтың зырылдап тұр оғы жауып.
«Бітістік, соғысты енді қойыңдар» деп,
Сөйлесті батырлармен ығын тауып.
Халық жүр қан майданда араласып,
Өлтіріп бір-бірінің қанын шашып.
Ол жақты Байынжығал аралап жүр:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
—Соғысты қойыңдар,—деп,—жұртты басып.
Екеуі екі жақтан «қой» деген соң,
Бөлінді екі халық ажырасып.
Соғысты тоқтатады, туын жиып:
—Қойды,—деп,—соғыс не ғып Құдай иіп?
«Бір-бірін алдап жүріп алмасын» деп,
Жерлерге кісі қойды биік-биік.
Бір-бірлеп қазақ, қалмақ жабдықсыз кеп,
Танысып өліктерін алды жиып.
Тіпті көп іштерінде жаралы адам,
Қан болған үсті-басы найза тиіп.
Әр жерде шоғырланып жүрген әскер,
Найзасын басын тартып, қолына іліп.
Өлі ме келген әскер, тірі жүр ме,
Мәнісін болар емес адам біліп.
Кеш болып жұрт басылып, қалды жатып,
Ұқтырды Мырқы сөздің жөнін айтып.
—Келгенше жұрт жиылып, әдісі үшін,
Осындай ойладық,—деп,—үлгі тәртіп.
Сегіз күн қамсыз болмай, дем алыңдар,
Қарауыл қатты қойып, тыңшы жатып.
Баяғы уәделескен орнына
Кезінде түн ортасы келді қайтып.
Кеш келді алданумен Мырқы батыр,
Халықты зорға басып апыр-топыр.
Тұлпарын келіп көрсе байлап қойып,
Қауіпсіз Байынжығал ұйықтап жатыр.
Қасына түсіп жатыр бұл да келіп,
Ойлайды: «Қамсыз-ау,—деп,—мұны көріп.
Бұл қамсыз жатпас еді мұндай болып,
Жатқан ғой,—деп ойлады,—маған сеніп.
Азырақ сөйлескенше ұйықтасын» деп,
Екі атты қайтып келді қоя беріп.
—Тұрғын,—деп, келіп, түртіп оятса да,
Былқылдап оянбайды көңіл бөліп.
мырқы батыр
Қаттырақ «тұрсаңшы» деп жұлқып еді,
Жағадан ала кетті тұра келіп.
Айқайлап үсті-үстіне ақырады,
Білмеймін біткен екен қандай желік.
Әр жерден далбасалап бір ұстайды,
Тұрған жоқ ерегісіп күшке келіп.
Ойбайлап үсті-үстіне ақырады,
Мойны былқылдап жерге төніп.
Тас қылып екі көзін жұмып алған,
Аузынан ағып кеткен қанды көбік.
«Бар екен қояншығы» деп ойлады,
Ісінің қылып жүрген түрін көріп.
Мырқының қанжарына жабысып жүр:
—Маған бер, кетемін,—деп,—қазір өліп.
Өзіне далбасалап салатұғын,
Мырқыны жын ұрып па оған беріп?
Қанжарды тартып алып, ол лақтырды,
Өлетін қоя берсе өзіне ерік.
Белінен құшақтап ап айрылмайды,
Шашылып шапан, жабдық, қалды бөрік.
Болмайды «қой» десе де өкіріп жүр,
Кетеді онан әрі өрбіп-өрбіп.
Сонымен жағаласып жүрген кезде
Қырық кісі түсе қалды қалмақ келіп.
Қырық кісі білмей қапты жетіп келген,
Жабысып айрылмай жүр анау белден.
Мырқыны жабылып кеп байлап алды,
Қолына кісен салып екі жерден.
Тас байлап қол-аяғын алып кетті:
—Мінеки, тірілді,—деп,—өлген Шерден.
Артынан ең болмаса қуатұғын
Қазақтың бірі де жоқ мұны көрген.
Түсірген қолдарына батырлардың
Үстіне Мырқыны да алып келген.
Қараса Қабанбай мен сонда жатыр
Баяғы шепті бұзған Сұртай мерген.
Үшеуін Шәуешекке жіберді
Сенімді қажымайтын бес жүз ермен.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Байлаған бәрін дағы Байынжығал,
Алданып бәрі соның тіліне ерген.
Дәулеттің бес қасқыры барған екен,
Үш жүздей кісі жиып алған екен.
Кездесіп Кербұлақтың бауырында,
Бұлар да талай қырғын салған екен.
Дос болып Байынжығал бұған дағы
Алданып сұмырайға қалған екен.
«Шіркін-ай, асып күші алмады-ау» деп,
Мұның да іші толған арман екен.
Бұл өзі талайларды ұтқан екен,
Бір залым амалы көп дұшпан екен.
Ақылы қайраты мен бірдей келіп,
Мойны озып торғауыттан шыққан екен.
Адамды көз алдында алдайтұғын,
Кәдімгі жерді құртқан мыстан екен.
Ор қазып Қабанбайдың атын айтып,
Оны да қапылыста жыққан екен.
Қазақтың «туыспын» десе бас беретін,
Аңқаулық сыр мінезін ұққан екен.
Қалмақ тұр үш батырды байлап алып,
Кісендеп қолы-аяғын жайлап алып.
Әңгіме осы арада бес бөлініп,
Аяғы бара жатыр майдаланып.
Мырқының жалғыз өзін қуып кеттік,
Шорасы, Қабылан биі жайға алып.
Шолақ тіл сөздің басын құрай алмай,
Үш жерде дағдарып тұр ойға қалып.
Қайтсең де, осы сөзді жинақтайсың,
Сен мұнан құтыласың қайда барып?
Сен едің ежелден-ақ мылжың Әшім,
Сен енді қыз болмайсың байға барып.
Болмаса сөйлейтұғын жалғыз тілің,
Денеңде затың бар ма бір жарарлық?
Жақпасаң өстіп-өстіп әңгіме айтып,
Халыққа сұрың бар ма бір қарарлық?
мырқы батыр
Басқасы аман жүр ғой қоя тұрып,
Кеңесін үшеуінің аз қозғайық.
Алып әзір ердің бағын тайталаста,
Түбінде шығады ғой озғаны алып.
Бұларды алып жүрді Шәуешекке,
Апарып хандарына сый етпекке.
Батырлар «барсакелмес» жолға түсіп,
Сыйынып бара жатыр құдіретке.
Ала ауыз ел батыры қолға түсті,
Бірікпей бет-бетімен жүріп шетте.
Түйеге мінгізіп ап жетеледі,
Айдаған төрт-бес адам оны көтке.
Қылышын жалаңаштап қолына ұстап,
Басқасы айланып жүр төңіректе.
Сау болса, қол-аяғы кісендеусіз,
Бірі де келмес еді бетпе-бетке.
Бұларды осындай қып келеді айдап,
Кісендеп қол-аяғын мықтап байлап.
Үш елдің үшеуі де арыстаны,
Амалсыз келе жатыр көзі жайнап.
Ойында үшеуінің дәнеме жоқ,
Ақырып ән салады құстай сайрап.
Әртүрлі бұлар әнге сап келеді,
Қалмаққа, жақындаса, тап береді.
Кісіден кісендеулі сасып,
Қалмақтар қорыққанынан жалт береді.
Кіжінсе «тамақ бер» деп ашуланып,
Тамағын дайындаған ап береді.
Қалмайды айқайласа есі-түсі,
Әйтеуір үрейленіп ап келеді.
Батырлар не боп шығар келешекте,
Тұра алмас пенде қарсы келешекке.
Бастарын қазақ болып құрай алмай
Мінді теріс айланып кері есекке.
Бос болса үшеуінің қол-аяғы,
Мың қарға нетер еді бір кесекке.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сақтанып қоршалап бес жүз адам,
Бұларды алып келді Шәуешекке.
Алып кеп өткізеді хандарына,
Қамалап қалың әскер жан-жағына.
Тоқсан сан торғауыттың падишасы
Ап келді Мінсайынның алдарына.
Мінсайын көрді мұның порымдарын,
Құрметпен сыйлап жатыр құлдың бәрін.
Бұларды күші жетіп адам алмас,
Байқады алдауменен соғылғанын.
Мінсайын өлтіруге қимай отыр,
Бұлар да байқап отыр оның бәрін.
Бір түрме солақ деген жасаттырып,
Дайындап қойған екен орындарын.
Алғысты батырына көп айтады,
—Қалай қып ұстады,—деп,—оның бәрін?
Арыстан Байынжығал түлкі, дейді,
Дұшпанға болған емес күлкі, дейді.
Бұларды Байынжығал байлағанда,
Қазақтың қайда тұрды жұрты?—дейді.
Қалайша қара басып қолға түскен,
Бәрінің тұтас екен сырты, дейді.
Батырға Байынжығал жәрдем болып,
Қолма-қол болысқан ғой Мырқы, дейді.
Апарып жеке-жеке солаққа сап,
Аузына салыңыздар құлпы, дейді.
Өлтірген Нарбота мен ер Шерденді
Осының бар ма ішінде Мырқы,—дейді.
—Қайтесің?—Мырқы сонда,—Менмін,—дейді,
Әкеңе мен керек болсам келдім, дейді.
Өлтіріп екі албасты дәу басыңды,
Жазасын мына қолмен бердім, дейді.
Сені де тағы өлтіріп ойрандауға
Әдейі осылайша келдім, дейді.
Жатпасын асыл кездік қап бұрышында,
мырқы батыр
Асықпай тамашамды көргін, дейді.
Қалмаққа қандай сойқан саларымды
Жалғыз-ақ Құдай білер, ел білмейді.
«Қазақтың үш батырын ұстайын» деп,
Танауы сендей иттің желбірейді.
Танысқын әкең—Қабан мына отырған,
Дүниені Рүстемдей көзге ілмейді.
Атаған атын тура «Қабанбай» деп,
Дүниеде тірі болып көп жүрмейді.
Әкеңіз мына отырған Сұртай деген,
Бұл дағы «қалмақ» десе тек жүрмейді.
Тайланды осы өлтірген басын кесіп,
Байлаған қанжығаға ернін тесіп.
Орбалақ, Құлан, Шумай батырыңды
Киімін, басын кесіп алған шешіп.
Қалмақтар үшеуіне таң қалады,
«Қайтпайтын бұл не деген батыр» десіп.
Мінсайын риза болды мұны көріп,
Мырқының айтқанына ұрты кеуіп.
Риза боп ашуланып ақырады,
Өзінше қылмыстыға жаза беріп.
—Апарып қазір бәрін солаққа сал,
Үшеуін біріктірмей үшке бөліп.
Аш жатсын он бес күндей есеңгіреп,
Біреуің жүрмеңіздер тамақ беріп.
Аштыққа он бес күндік шыдамаса,
Қорлықпен өз-өзінен қалсын өліп.
Отырған адырайып мырзаларды,
Сонан соң сөйлесерміз алып келіп.
Бұларды салды алып барып солағына,
Айнала кұзет қойған торабына.
Шақырған тағдыр болып мехнаттың
Батырлар келіп отыр қонағына.
Әлі әзір дүние бір қолдан кетті,
Түбінде шығар екен қай жағына?
20-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қатарлап еткен екен бөлім-бөлім,
Тақтайдан есіктері сары желім.
Он бес күн аш жатқан соң дем алмай,
Кетеді келмей қайда бұған өлім?
Кісенде қол-аяғы және тағы,
Жайнатты батырлардың сүйтіп көзін.
Солай қып батырларды қоя тұрып,
Сөйлемек Әшім тағы басқа сөзін.
Бір жерге сөздің басын құрай алмай,
Құдайым сандалтты ғой мұның өзін.
Бұл сөзді менен бұрын жазған кісі
Кетіпті етіп тастап телім-телім.
Байсейіт жазған осылай деп,
Білмеймін оның менен артық-кемін.
Шегі жоқ бұл жұмыстың болғаны анық,
Байқасақ тарихтардан көріп жөнін.
Бос сөзді арасына кірістірмей,
Өзіне кірісейік әңгіменің.
Бос сөзді ішіндегі алып тастап,
Сөйлейік әңгіменің болған жерін.
Бұл істің жөні қашты ыңғайының,
Жігітке пайдасы жоқ уайымның.
Қалмаққа өлсе бұлар басын имес,
Қайтерін өзі білсін Құдайымның.
Есітті үш батырды мақтағанын,
Бар еді жалғыз қызы Мінсайынның.
Есітіп батырлардың порымдарын,
Ішіне түсік түсті Күлайымның.
Күлайым өзі сұлу, он жетіде,
Көрген жан таң қаларлық келбетіне.
Сарайда қырық қызбенен бағылады,
Падишалық атасының дәулетіне.
Жарқырап он төртінші туған айдай,
Сарайдың сайраңдап жүр сәулесінде.
Есітіп батырларды ғашық болып,
Бір басын ыңғайланды әуре етуге.
мырқы батыр
Есітті Сұртайды да, Мырқыны да,
Жүрегі жақындап тұр ынтығуға.
Әр ойды ханның қызы ойлап отыр,
Жақсылық қолдан келсе бір қылуға.
Бар еді бір қанжары тығып жүрген,
Кесетін кісенді де, құлпын да.
«Шығарсам бұл үшеуін,—тағы ойлайды,—
Зиян сап жүре ме,—деп,—жұртымызға?
Қасқырдың баласындай теріс айланып,
Көнбейді-ау жоғарақта ырқымызға».
Ойлайды: «Түнде барып көрейін, деп,
Сөйлесіп көрейін бір мерейін, деп.
Он бір күн бүгін тамақ ішпегелі,
Өзі де қалған шығар өлейін, деп.
Пісіріп қазы-қарта тағы, алып жүрді,
Апарып тамақтансын берейін, деп.
Апарып қанжарымды тағы беріп,
Ақысын ерлігінің төлейін»,—деп.
Келісті түнде барып қарауылмен,
«Ұстаған тұтқындарды көрейін», деп.
Деп айтты қарауылға: «Ешкімге айтпа,
Қарап тұр, есікті ашып, сыртты бақ та.
«Келді,—деп,—хан қызы тұтқындарға»
Аузыңнан шығармағын жақын-жатқа.
Азырақ көп сөйлессем кешігермін,
Шыққанша күтіп тұрғын мен қай уақытта.
Жүрем деп онда тірі ойламағын,
Қондырсаң сырды бүкпей жаманатқа.
Беремін саған ертең бес жүз тіллә,
Көңіліңе бұл уәдені мекем сақта.
Жіберсем тамақ беріп ептеп-ептеп,
Беріп тұр осындағы үш қазаққа.
Салқындат анда-санда есік ашып,
Адам-ды ол да сендей салма азапқа».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сүйтіп қыз үйге кірді есік ашып,
Көрмек боп батырларды көңлі тасып.
Есіктің сырт жағында тыңдап тұрса,
Ақырып Сұртай жатыр әнге басып.
Дауысын өлеңі мен естіген соң,
Көрмей-ақ Күлайым қыз болды ғашық.
Денесі Кұлән қыздың қалтырап тұр,
«Құдай-а, қыла көр,—деп,—маған нәсіп.
Он бір күн бүгін тамақ ішпегелі,
Мұндай боп жатпас еді болса жасық».
Өлеңнің ортасына келген кезде
Күлайым кіріп келді амандасып.
Ән салып шалқасынан сұлап жатыр,
Жігіт жоқ қауіп қылған қыздан сасып.
Қызбен де, дүниемен де жұмысы жоқ,
Сұртайдың сөзі мынау айтқан жатып.
Құбылтып, түрлендіріп ән салады,
Кісіні өліп жатқан таңырқатып.
Кісенде қол-аяғы, мойны бұғау,
Жатқан жоқ па бұған көңілін жабырқатып.
Өлең мен салған әнге бойы балқып,
Күлән қыз майысып тұр көзін сатып.
Тұрмыстың соққысына ыза боп тұр,
«Ерлердің қойғанын,—деп,—басын шатып.
Жолыңда мен де сенің өлермін»—деп,
Бұл сурет Күлән қызға кетті батып.
Салған жоқ әлі көзін осы қызға,
Ән салып, соғып жатыр өлең айтып.
Былқылдап қыздың босап тұла бойы,
Жылап тұр көзден жасын домалатып.
Тұрғанда осы қыз кеп осы араға,
Сұртай жатыр еді мынаны айтып:
—Құдай-а, жаратып ең жоқтан бар қып,
Адамша сурет беріп, тірі жан қып.
Ақылсыз ақымақ қып жаратқан соң,
Құдай-а, тірі қойдың несін жан қып?
мырқы батыр
Ақылсыз мен секілді ақымақты,
Мінеки, ұстап алды дұшпан аңлып.
Қалмаққа қалған жанды қарыштармын,
Барғанша елге қайтып иттей қаңғып.
Тоқтай тұр, бәлем, қалмақ, ойрандармын,
Қалаңның қақ ортасын тозаң-шаң қып.
Бауырыңды таспадай қып тілгілермін,
Қалаңа майдан құрып қызыл қан қып.
Күресіп, жағаласып, күш сынаспай,
Бір иттің алдауына түстім алжып.
Шабысып, жағаласып алған болса,
Дер едім: «Міне, жігіт, күші барлық!».
Бәріміз алдауменен қолға түсіп,
Бір қорлық жұмыс болды қысыларлық.
Осы жерден аман-есен тірі шығып,
Майданда күн болар ма күш сынарлық!
Егерде мен жасық туған жан болмасам,
Бір қайрат уақыт жетті іс қыларлық.
Бұл істің ер жігітке бәрі қызық,
Ән салмақ, өлең айтпақ, шаһыбаздық.
Келген қыз, жөніңді айт, ұқтырсаңшы,
Қалмаққа Құдайың мен неден жаздық?
Тоқтады да басын көтеріп, қызға қарады. Сонда қыз
Сұртайдың қасына келіп, Сұртайға бастан-аяқ өзінің жай
ын айтып, өзінің уақиғасын түсіндірді. Және көңіліндегі
мақсаттарын айтты да, қыз алып келген тамақтары мен арнаған
болат қанжарын берді. Сұртай да қыздың бұл арнап келген
мақсаттарын теріс көрген жоқ. Екеуінің де көздері көздеріне
түскенде, көз жанарлары алтынның буындай араласып, буы
жүректерін ұрып тұрды.
Жұмыс асығыс. Таң жақын қалды. Қыз үйіне қайтты.
Ыңғайын тапсам, бүрсігүні келермін. Сіздер менен ха
бар болғанша, бүлдірмей қоя тұрыңыздар. «Айласыз батыр
шошқаға шабады» деген ғой. Бұлар қанша айтқанмен падишалы
халық қой. Қанша сіздер батыр болғанмен, «сауыт-саймансыз,
жарақсыз, тұлпарсыз ердің бағы болмайды» деген ғой. Бұл
жайында жасырын бір-екі күн тірлік қылуымыз керек болады.
Бұл жайында тағы ақылдасып көрерміз»,—деп қыз үйіне кетіп
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
қалды. Аздан соң қасындағы қатар есік шарт етіп сынғандай
болды. Онымен тұрған жоқ. Айтып ауыз жиғанша Сұртайдың
есігінің құлпы бұзылып, есігі ашылып, Мырқы кіріп келді.
Екі қолы шиедей қан болып кеткен екен, терісі жалбырап тұр.
Қолындағы кісенін сындырамын дегенде, зор келіп, еттерін
буып кеткен екен. Сүйегі аман, бірақ етін жаман бүлдіріп та
стапты. Кісеннің кілтті басы бір қолында жүр екен. Жарымын
сындырып бөліп тастапты. Кіріп келіп: «Батыр, сен не ойлап
жатырсың? Байлап қойса, жата беретін біз қалмақтардың
бұзауымыз ба?»—деді.
Сұртай: «Әй, ағай, ашуың жаман-ау! Ойлағаным рас екен.
«Сүренге жаны ашымаған адам ашуы келсе, өзіне жаны ашы
мас» деп ойлаған едім. Шынында сол ой дұрыс екен. Қолыңды
бүлдіріп тастапсыз ғой. Ол қолдың мына дұшпандарға керегі
болмай ма?—деп, Сұртай айтқанда қолына қарап, сонда көріп:
«Ештеңе етпейді»,—деп жалбыраған терісін орнына жапсырып
қойды да, Сұртайға қарап күліп қойды. Сүйтіп тұрғанда үйдің
керегесінен бір кірпіш сүрілді. Қарап қалса, Қабекең тесіп
шыға келді. Ол кісінің де қол кісені сынып, бір басы қалған
екен. Бірақ бұл кісінің қолы ондай жара болған жоқ екен. Енді
бұлар бас қосып, баяғы тамақтарды жеп, кісеннің қалдықтарын
қыз берген қанжарменен кесіп тастап, қолдары босанып, енді
бұлар ақылға келе бастады, «ендігі жағдай қалай болар екен»
деп. Ызалы жұрттың бет алысы мынау еді.
Бастарын қосып бір жерге,
Отырды бұлар жиылып.
Тәуекелшіл қанды көз,
Бір Аллаға сыйынып.
Қазы мен қарта жеп отыр,
Қисынсыз жерден бұйырып.
Ашыққан бүркіт секілді,
Алыстан келген түйіліп.
Кісені мен түрмесін
Талқандады бүлдіріп,
Жүрмесе біреу түйініп.
Бір сұлу қыз кеп кетті,
Қасы-көзі қиылып.
«Сұлу қыз» екен деседі,
мырқы батыр
Жарап жүрген бурадай
Мұрындарын шиырып.
Қару менен ат тапса,
Торғауытты қырмақшы,
Тізе қосып иіріп.
Қыларында күмән жоқ,
Жабдық алып қолына,
Аттанып шықса киініп.
Жалғыз-жалғыз жүргенде,
Өлігі қалған қалмақтың
Айдалада үйіліп.
Қайтпайтын бәрі мұзбалақ,
Кесіліп басы қалса да,
Қалмаққа бармас иіліп.
Сауыттарын бермеген,
Ұстағанда қалмақтар,
Жағасын ішке жымырып.
Қылыш пен қанжар, найзасын
Үлесіп кеткен олжалап,
Тоқталмай-ақ кідіріп.
Ақыры мұның не болмақ,
Өзінен-өзі бір түнде
Солағы қалды бүлініп.
Бүлінгенін көрмей ме,
Күзетшінің байқастап,
Біреуі көрсе бір кіріп.
«Бүлінді сүйтіп солақ» деп,
Халқына хабар бермей ме,
Ойбайын салып жүгіріп?
Бақыты бастан қашқанда,
Қысылып жаудан сасқанда,
Жығылар тұлпар сүрініп.
Жазым боп, қаста жарар еді,
Жүрмесе бір пәлеге ілініп.
Қыздан хабар алмаққа,
Көзін салып жан-жаққа,
Тоқтады бүгін кідіріп.
Бүлінген жерін түрлетті,
Үшеуі қатар бір жүріп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Орнына салып сынығын,
Іліндіріп қояды,
«Жатыр,—деп,—мұны кім біліп».
Сонымен бұлар қосылып,
Кешке шейін жатады.
Қыз ап келген тамақтың
Бұйырғанын татады.
Ап келген екен мол қылып
Қазы менен қартаны.
Отырған соң ерігіп,
Енді бұлар бал ашып,
Келешекті байқады.
Құмалақ салып, бал тартып,
Қабанбай бүй деп айтады.
Қасиетті кісі екен,
Перісі бар арқалы.
—Бейшара қыз біз үшін,
Талай қорлық тартады.
Өзіне дұшпан болмақшы
Ағайын, туған алқабы.
Ел-жұртына қарамай,
Бізбенен бірге ерлік қып,
Қосыла жапа тартады.
Екі-үш күннің ішінде,
Жәрдем берсе Жасаған,
Бүлінеді хан тағы.
Тұлпар мінгің келе ме,
Сұртай батыр, бүлкілдеп,
Иығың неге тартады?
Тұлпар мініп, ту алып,
Кигің келіп отыр ма
Қырмызы қызыл қамқаны?
Таң болып Сұртай күледі:
—Етімнің менің тартқанын
Бұл кісі қайдан байқады?
Санасыз күліп отыр бұлар өзі,
Батырдың соқыр деген екі көзі.
мырқы батыр
Бұларды осы араға тастай беріп,
Араға кіргелі отыр қыздың сөзі.
Қыз кетті, тамақ беріп, үйге қайтып,
Сұртайдың байқады қыз сөзін тартып.
Сұртай да адамзаттың сұлуы еді,
Жігіттің талайынан порымы артық.
Сұртайды көргеннен соң ғашық болып,
Жылайды көзден жасын домалатып.
Осы қыз әрбір ойды ойлап отыр:
«Ұйықтайын үйге келіп, тыныш жатып».
Жігітті көремін деп ғашық болып,
Қайғыны өз басына үйді сатып.
Сәулесі жас өмірдің қыздырып тұр,
Бұл болды-ау көлге ғашық басын шатып.
Сұртайдың өлеңі мен түр-сипаты
Көңілінде сыналды таңырқатып.
«Жас өмір қызығы жоқ не керек?» деп,
Көңілін мұңайтады жабырқатып.
Ойлайды: «Бұған бір іс қылайын, деп,
Ақылды бытыратпай құрайын, деп.
Босатып сол батырдың үшеуін де,
Қайратын азаматтың сынайын, деп.
Соларға себеп болып жәрдемдесіп,
Көңілімді шамам келсе бұрайын, деп.
Менсіз де қапта жатпас асыл құрыш,
Өзі де тұрған көз ғой шығайын, деп.
Үш қылыш үшеуіне төрт ат беріп,
Артынан тілеулес боп тұрайын, деп.
Ойының осы ойлаған қамын қылды,
«Оңына келтіре көр, Құдайым»,—деп.
Төрт қылыш дайындады асыл алмас,
Қыздың бір талабы еді қылған алғаш.
«Нұр жауар талапты ерге» деген сөз бар,
Азамат талап қылған құры қалмас.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Төрт қанжар төртеуіне дайындады,
«Қару қып қояйын,—деп,—оған жалғас».
Толтырып төрт қоржынға ас пісірді,
Жал-жая, қазы-қарта, құйрық-жамбас.
Төрт атты ер-тоқымды дайындады,
Маңына бәрі тұлпар адам бармас.
Бәрі де бағудағы тұлпар аттар
Жортуыл, шабуылда биттей талмас.
Астына төртеуінің бұлар тисе,
Бұларды жуықарақта жау ала алмас.
Үш жібек шапан тағы дайындады,
«Тұтқында отыр ғой,—деп,—жап-жалаңаш».
«Қызылда қыздың көзі» деген сөз бар,
Әртүрлі алтын, гауһар алады тас.
«Қыз—дұшпан, кетесі жау» деген осы,
Өзінің халқыменен болады қас.
Өзінің өскен жерін қия алмастан,
Көзінен қан аралас төгеді жас.
«Солардан артықпын ба, бірге өлейін»
Дейді де тәуекелге байлады бас.
Байталдай өз баласын сататұғын
Қазаққа қалмақ пенен атамұрас.
Жабығып «қызбын ғой» деп отырғанмен,
Түбінде бір қайғының болуы рас.
Әркімнің өз заманы өзіне олжа,
Деген ғой «қатарыңмен бірге жылас».
Тиіп ап бір жаманға «бұйырды» деп,
Қалмайын бақытсыз мен тәнімді алас.
Не өлдім, не жетемін мұратыма,
Тәуекел құдіретіңе создым құлаш.
Қыз отыр сол пікірмен дайындалып,
Бітіріп бар жұмысын қайымдалып.
Төрт атты ер-тоқымды байлап қойып,
Білмекші батырлардың жайын барып.
Жиылып кеш батқан соң келді жүріп,
Еркекше киім киіп, шашын түйіп.
мырқы батыр
Өзі де адамзаттың сындарлысы,
Көргендер «екен,—дейтін,—бір кермиық».
Ішінен ақ семсерін байланып ап,
Жымиып батырларға келді кіріп.
Келді де Қабанбайға сәлем қылды,
Қусырып екі қолын, басын иіп.
—Келінжан, жоғары шық, рахмет,—деп,
Мұртынан Мырқы батыр тұрды күліп.
Төрт жендет қыз артынан кіріп келіп,
Ұстады кіріп жүрген қызды біліп.
Қолынан қыздың келіп ұстап еді,
Өлтірді өкпесінен қанжар сұғып.
Қозғалтпай ана үшеуін жайғастырды,
Орнынан Мырқы, Сұртай қарғып тұрып.
Артынан тағы он шақты қарауыл кеп,
Ішінде абақтының болды бүлік.
Кіргеннің баршасын да жайғастырып,
Төртеуі қол ұстасып кетті шығып.
Аттарға даяр қылып байлап қойған
Қыз бастап жіті басып келді жүріп.
Киініп абыр-сабыр сайманданып,
Атына төртеуі де алды мініп.
Қоржынды қанжығаға мықтап байлап,
Шаһардан бұлар сыртқа кетті шығып.
Қарауыл бұларды ұстап ала алмады,
Қалғаны есі шығып алаңдады.
«Солақты бұзып қашты қазақтар» деп,
Бір кісі Мінсайынға хабарлады.
Мінсайын мұны естіп, жаман сасып,
Шаптырды төңірекке шабарманды.
«Шаһардың сырт жағына күзет қой» деп,
Бұйырды шақырып ап Базарбайды.
Шақырып әскер басшы Құлияшты,
Бұйырды: «Жинағын,—деп,—тірі жанды».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Қызың жоқ, төрт тұлпар жоқ» деген хабар
Тағы да бір жағынан келіп қалды.
«Бұл жұмыс өз қызымнан болыпты» деп,
Ішінен Мінсайын хан сезік алды.
Мінсайын бұл жұмысқа ашуланды,
Жинады түн ішінде барша жанды.
Қаптатып құмырсқадай көп халықты,
Бұйырды: «Ұстаңдар,—деп,—қашқандарды».
Қашқандар ұстата ма, ұстатпай ма,
Бір Алла өзі білер жоқ пен барды.
«Қазақпен ханның қызы қашыпты» деген
Көңіліне ауыр көріп мынау арды.
Түрменің хан қызына кілтін берген
Дейтұғын батыр Самақ сорлы бар-ды.
«Кілт берген мені тірі қоймас-ты» деп,
Артынан төртеуінің бұ да барды.
Айтпай тұр ешкімге ашып білетұғын
Осындай оқиғаны болған халді.
Өнерпаз, ақылы көп батыр еді,
Есеп қып ескермейтін жоқ пен барды.
«Патшаның өз қызынан артықпын ба,
Көрмей-ақ қояйын,—деп,—мен де ханды».
Бұл келіп, енді бұлар бесеу болды,
Аттанып, жабдықтанып, көңілі толды.
Шәріден бұлар шығып, соған кірді,
Бар еді жақын жерде қалың орман.
Орманға бұлар кіріп, қарап тұрса,
Келеді әскер қаптап оң мен солдан.
Бұлар да дайындалып, қамданып тұр,
Ойы жоқ тартынатын осы жолдан.
Қабанбай деді сонда: «Екі бала,
Екеуің адыраймай маған қара.
Кірелік жау келгенде қатар тұрып,
Кетпеңдер бет-бетіңмен дара-дара.
Біріңді-бірің сақтап қорғамасаң,
Бетіңе жеке жүрсең түсер жара.
мырқы батыр
Күлән қыз Самақпенен ысылмаған,
Байқастап көбінесе соған қара.
Сіздерге Күлән қызды тапсырамын,
Бір міндет қызметім екеуара.
Ең алғаш қолдарыңа садақ түсір,
Сонан соң оңалармыз бара-бара.
Найзаға алданбаңдар жабдық емес,
Найзамен ете алмайды ешкім егес.
Найзалы айбалтамен кездескенде,
Найзалы айбалтаның ақын жемес.
Тигізгенде денесіне қылыш, найза,
Ол өзі жігіт те емес, батыр да емес.
Сөйлесіп соғысқанда біреуменен,
Мылжыңдап құрмаңыздар қатын кеңес.
Сонан сақтаңыздар аттарыңды,
Ат өлсе сындырады бақтарыңды.
Біріңе шапқан жауды бірің қағып,
Түзетіп жүріңіздер саптарыңды.
Дегендей «сен ананы, мен мынаны»
Ежелгі ұмытпаңдар шарттарыңды.
Біреуің біреуіңнен озып кетпей,
Түзетіп жүріңіздер саптарыңды.
Ерлік қып көпшілікке шыға шауып,
Бұзып ап жүрмеңіздер қалыптарыңды.
Жауменен алданам деп қызып жүріп,
Байқаусыз тастамаңдар арттарыңды.
Жының бар, Мырқы, сенің жеке кетер,
Қаупің жоқ жаудан қорқып секең етер.
Қаша ұрыс салу керек көпке,
Шаппай алғырлық жасай берме өте бекер.
Біреуге жылмаңдаған ыза болып,
Жының бар ерегісіп төте кетер.
Барыңды, Сұртай, сен де қарыштарсың,
Садақты уағың болды еселетер.
Сен дағы енді артыңа сақ болып жүр,
Мастанбай «пәлі, батыр» есе бекер.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жиырмаға сенің дағы жасың жетті,
Аз-көпті уағың болды есеп етер».
Деп бұлар осыны айтып,
Мырқыға өте беріп көзі түсіп,
Қарады тікірейіп бір айланып:
—Тоқтамай енді сендер, кеш батты ғой,
Мына бір жатыңыздар тауға барып.
Жігітке мұндай нәрсе нетер дейсің,
Барарсың ет қызумен деміңді алып.
Тоқтамай Мырқы кетті тауға қарап,
Сұртай жүр қуғандардың алдын орап.
Қабанбай бір бөлекті шаң қылып жүр,
Қасына бара алмайды адам жанап.
Жабылған Қабанбайға жүздей кісі,
Бір өзін соғысып жүр көпке балап.
Қыз да жүр Қабанбайға жәрдемдесіп,
Көңілінде бейшараның таудай талап.
Кеш батты сүйтіп жүріп ымырт болып,
Басылды абыр-дабыр жым-жырт болып.
Мырқының аман-жаман екендігі
Бұлардың көңіліне тұр күңгірт болып.
Қосылды Қабанбай мен Мырқы бала
Түсіпті қыз байғұста екі жара.
Аты өліп қыздың тағы жаяу қапты
Құданың құдіреті мұны қара.
Алдына қызды Сұртай мінгестірді,
Бір атқа мінгеседі екеуара.
Тау жаққа Мырқы кеткен келе жатыр,
«Көрініп қалмасын,—деп,—кісі қара».
Қабанбай деді: «Сұртай, Мырқы қайда,
Жүр екен ол екеуі қандай жайда?».
Сұртай айтты: «Олар көп ұзамайды,
Күтіп жүрген шығар мына сайда.
Самаққа жалғыз өзі шабамын деп,
мырқы батыр
Көрді ғой ерлігінен біраз пайда.
Самаққа еңбек қылған мал болмас-ты,
Кесір ғой жаман жолдас осындайда.
Бағана қалмақтардан бұлар қашқан,
Жабыла оған қалмақ садақ атқан.
Тұлпардың әрбір жерге қарны түсіп,
Салбырап ішек-қарны бара жатқан.
Көп болса, осы бетке келген шығар,
Ол тұлпар дәу де болса өлген шығар.
Тұлпардың дәлдеп атып ішін жарған,
Бәтшағар, қалмақтар да мерген шығар.
Ол аттың мәлім емес бары-жоғы,
Білінбес атты адамның ашы-тоғы.
Артына мінгестірген Самақтың да
Қадалып бара жатқан бес-алты оғы.
Қадалып алты-жеті оқ қалған екен,
Қандары әрбір жерге тамған екен.
Халіңді қанша екені мәлім емес,
Мырқыдан меккем ұстап алған екен»,
Деп бұлар сол жыраны өрлей жүрді,
Жер екен быдырқайлы, ойлы-қырлы.
Бір сайды бұлар өрлеп келе жатса,
Мырқының өліп жатқан атын көрді.
Оңаша аттан аулақ отыр екен,
Бұларды көргеннен соң бұ да келді.
Баршасы отырады аттан түсіп,
Байлаулы қоржындарғы асын ішіп.
Самақтың арқасында алты оқ қапты,
Ессіз боп сұлап жатыр жерді құшып.
Қабанбай жарасына дәрі жақты,
Деседі:—Кеселі онша емес қатты.
Оқ тиген арқасына төрт-бес жерден,
Бұл жара не қылмақшы азаматты?
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бес адам бір күн жаудан бес ат мініп,
Болып тұр ақырында екі-ақ атты.
Балалар бір-бірімен қалжыңдасып,
Деседі бір-біріне «жолың қатты».
Сонымен бұлар жатты осы тауда,
Еңбегі қатты болды бүгін жауда.
Дем ала үшеуі жата берді қарауылда
Қыз бен жігіт етіпті сауда.
Бұл жерде бұлар бүйтіп жата тұрсын,
Алайын сөздің артын омырауға.
Әшімнің ғаріп басы қалып отыр
«Бұл сөзді бітірмедім» деген дауға.
Баяғы Қабылан би не қылды екен,
Қырғыздан кетіп еді сұрап сауға.
Бытырап сөздің өзі тарап кетіп,
Қашып жүр балықтай-ақ түспей ауға.
Әлімнің келмейтұғын сөзін бастап,
Болып тұр, Кәрібоз мырза, басым қауға.
Қайтейін шолақ тілім жетпей отыр
Қыздырып әңгімені сөз құрауға.
Кәрібоз мырза жазып оқып берсе,
Халайық қажыр емес тыңдауға.
«Құр қасық ауыз жыртар» деген сөз бар,
Жылқыны үркітпей ме құры қауға?
Ақ көңіл Кәрібоз мырза бола бермес,
Өзіңнің тірлік қылып аңыңды аула.
Білімпаз азаматтар өзі-ақ білер
Қауындай пісіп тұрған анық науда.
Кетпелік сөзді бұрып нәпсіге еріп,
Бір талас азаматтар қалды жауда.
Айтпадық әңгімені дұрыс қылып,
Батырлар жатып қалды, Тәңір қылып.
Тастадық бес батырды бір тауға ап кеп,
Қалмақпен кешке шейін ұрыстырып.
мырқы батыр
—Сақидан ерден үміт қайырлық,—деп,
Тастадық ана сөзді кірістіріп.
Кәрібоздың жіпше тартар жөні келді,
Белгілі жатпаса да жұмыс қылып.
Қалың қол келе жатыр күні-түні,
Адасқан таба алмайды бірін-бірі.
Мұсылман-кәпір болып айқаспаққа
Айналды байқап тұрсаң істің түбі.
Сол мұсылманды біріктірген
Баяғы Қабылан бидің қызыл тілі.
Бұлар кеп жақындады жауға таман,
Кереді әрбір жерде өлген адам.
Көреді үркіп қашып жүргендерді
Қалды,—деп,—әлдеқайда бала-шағам?
Әскерлер келе жатыр дүрілдеп,
Жүздеп халықтың қашып жүрген жауын іздеп.
Шаң қылып даланы келе жатыр,
Топ-топ боп қопарылып тізбек-тізбек.
Жіберген алдыменен шапқыншыны,
«Жатқанын жаудың қайда жөнін біл» деп.
Артынан шапқыншының тосқыншы бар,
Гуілдеп келе жатыр өрмек-дүрмек.
Бұлардың ойлап жүрген мақсаттары
Шораның Мырқы менен жөнін білмек.
Сыртында Үржардың үш күн болды
Қоңыздай жатыр еді қалмақ гулеп.
Қазақтың әскерлері бекініс қып,
Бөлініп хабарланды «тауға жүр» деп.
Әйтеуір «қалмақ қашты» деген сөз бар,
Бұл істің оңай емес жөнін білмек.
Әйтеуір «қалмақ қашты» десіп жатыр,
Қу қалмақ алса керек өшін қырып.
—Қолына қалмақтардың түсті,—дейді,
Қазақтан сеніп жүрген екі батыр.
Атының кім екенін ұмытып қаппыз,
21-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Әйтеуір болса керек есіл батыр.
Ес бар ма үріккен елден не сұрайсың,
Сол сөзді құлағымыз естіп жатыр.
Аққасқыр мұны есітті Бөкейден,
Айып жоқ Бөкеңнің білісінен.
«Сол жайды жалғыз барып білейін» деп,
Жөнелді Қосқұлақтың жүрісімен.
Көбігі Қосқұлақтың жерге түсіп,
Бұрқырап келе жатыр түн ішімен.
Жақындап түн ортасы келген кезде
Кездесті таста тұрған бір кісімен.
Қасқырды жаяу кісі бұрын көріп,
Садағын дайындады қылышымен.
Кісі екен мекен еткен таста жатып,
Тұрған жоқ Аққасқыр бұл да қайтып.
Жалма-жан садағына оғын салып,
Өкпеден Қосқұлақты қалды тартып.
Тоқтамай тиген оғы өтіп кетіп,
Құлатты Қосқұлақты домалатып.
Аққасқыр апыр-топыр боп жатқанда,
Бір оқпен тағы қалды өзін де атып.
Осыдан Аққасқыр да қауіп қылды,
Дүмпуі атқан оқтың қатты батып.
Аққасқыр атты тастап тура ұмтылды,
Езуін арыстандай сақылдатып.
Жағадан ол да келіп ала кетті,
«Мұндайда кетеді,—деп,—қатын қашып».
Екеуі жағаласты апыр-тапыр,
Құлатып беттен тасты қашырлатып.
Үйіріп бірін-бірі лақтырды,
Тістеніп азуларын шақырлатып,
Екеуі алысады шақырлатып.
Екеуі алысады әрі-бері,
Шаң болды екеуінің жүрген жері.
Қайраты Аққасқырдан кейін емес,
мырқы батыр
Бұ дағы жігіт екен жаңа пері.
Алысып екі сабаз айдалада,
Күштесіп денесінен ақты тері.
Үйіріп бірін-бірі лақтырды
Ғали мен алысқандай Әли шері.
Жыртылды сауыттары талқан болып.
Біледі алысқан соң бұлар нені?!
Өлтірмек бірін-бірі мақсұттары,
Қойды да анау-мынау әңгімені.
Екеуі арыстандай алысады,
Бурадай бірін-бірі қағысады.
Жыртылып жұлысқанда сауыттары,
Екеуі тыр жалаңаш қалысады.
Шеңгелдеп еттерінен дым таба алмай,
Қолдары бүркіттей қарысады.
Екеуі бірін-бірі жеңісе алмай,
Болып жүр екі сабаз әрі-сәрі.
Ұстаған бірінен-бірі мықтап,
Біреуін ығын тауып, бірі жықпақ.
Ысқырған екі айдаһар жетіп келіп,
Екеуін қапылыста болды жұтпақ.
Кездесті екі айдаһар таудай болып,
Екеуін жұтатұғын жаудай болып.
Ауызын үңірейтіп тұр екеуі
Су жырған үңірейіп жардай болып.
Шайнасып бурадайын бұлар жатыр
Қырқысқан қиян -кескі нардай болып.
Айдаһар бұларға тұр заһар шашып,
Жұтпаққа дайындалып аузын ашып.
Бұлардың айдаһармен жұмысы жоқ,
Тістесіп бір-бірімен қалған қатып.
Көздері екеуінің түкті көрмей,
Шомылып қара терге алған батып.
Екеуін екі айдаһар тістеп алып,
Екеуін екі жаққа кетті тартып.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Соғып тұр бір самал жел қоңыр салқын,
Көктемнің келе жатыр таңы да атып.
Айдаһар емес, келген пірлері екен,
«Екеуін қояйын деп ажыратып».
Айдаһар Аққасқырды тістеп алып,
Ап шықты оңашаға күштеп алып.
Ышқынып дүр-дүр етіп сілкінді де,
Шал болды ақсақалды үш дем алып.
«Өлтірмей әлгі жауды кеткенім» деп,
Аққасқыр қапа боп жүр іштен налып.
Сауыты үстіндегі талқан болып,
Болыпты жарамайтын істен қалып.
Таң атып келе жатыр, түсіп жарық,
Аққасқыр бұл іске тұр қайран қалып.
Сөйледі: «Иә, балам,—деп пірі сонда,
Сөзімді тыңда,—деді,—құлақ салып.
Балаға атыңды атқан жәрдемдескін,
«Атымды өлтірді» деп тұрма налып.
Екеуің бір-біріңді танымастан,
Еттерің жара бопты тырмаланып.
Серігің осы жақтағы тоғызы да,
Тауып ал жолдасыңды тұрма барып.
Біреуің біреуіңе серік болып,
Жүріңдер ұзап кетпей құрмаланып.
Ішінде жаралының оғы жатыр,
Тастаңдар соны барып жылдам алып.
Біріңді жөн сұраспай бірің шауып,
Етпеңдер мұнан былай құр балалық.
Етіңді жараласа кімдер сайып,
Қайтарма жүрегіңді онан тайып.
Қорықпағын қылыш, найза, садағынан,
Жүремін өзім бағып, қанат жайып.
Атыңды-ай бүрсігүні ат беремін,
Тұрмағын «атым жоқ» деп құр мұңайып.
Жүрмеңдер «өлді ғой» деп тастап кетіп,
Жолдасы жолдасыңның болса майып.
мырқы батыр
Азырақ түбі қайыр, бейнет бар»,—деп,
Көзінен Аққасқырдың болды ғайып.
Аққасқыр аң-таң болып тұрды қарап,
Жалаңаш, қолында жоқ найза-садақ.
Көк ала үсті-басы жын ұрғандай,
Терісі жыртылыпты еті қанап.
Бір тасқа көтін қойып отыр еді,
Бір жаяу келе жатыр өрге қарап.
Кісіні жай отырған жаяу кісі
Садақтың астына алды көре сала-ақ.
Жалаңаш сауыты жоқ адамға кеп
Инедей қадалады атқан садақ.
Садағын келе жатыр қолына алып,
Бұл отыр қимылдамай бір қозғалып.
Бір-екі-үш келе жатып атқан оғын,
Қасына қағып алып қойды салып.
«Адам ба мұның өзі, немене?» деп,
Қасына бұ да келді қайран қалып,
Қараса Сұртай екен келе жатып.
«Жау ма?» деп бірі аңдыған садақ атқан,
Біледі Аққасқырды енді танып.
Оқтарды көргеннен соң жерде жатқан,
Түндегі алысқаны ойына түсіп.
—Япыр-ай,—деді,—мені Құдай атқан,
Атыппын, әттеген-ай, атын бекер,
Бізді іздеп келген екен ауыл жақтан.
Түнімен Сұртай екен алысқаны,
Аянбай барлық күшін салысқаны.
«Батырдың екі көзі соқыр» деген,
Бұрады өлтірмек боп қағысқаны.
Түнімен төбелесіп таң атқанша,
Бұлардың жаңа болды танысқаны.
Отырды бір-біріне жайын айтып
Қазақтың қырғыз бенен арыстаны.
Екеуі бірін-бірі жаңа көрді,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Еститін ерлер еді алыстағы.
Сұртай мен қыз қарауыл болған күні
Сұртай мен Аққасқырдың табысқаны.
Сыртынан осыларға билік қылған
Қазақтың Қабылан би данышпаны.
Аққасқыр, Мырқы менен Қабан батыр—
Бұлар ескерусіз жаман батыр.
Білісті қыздың жайын сұрастырып,
Тағы да бір жаралы адам жатыр.
Оның да Мырқы жайын айтып еді,
Сұрады: «Тәуір ме,—деп,—Самақ батыр?».
Алады демін зорға, шаншу құсап,
Самақтың жарасы да жаман жатыр.
Аққасқыр кеп қарады ер Самақты,
Жарасын тіліп қарап көп қанатты.
Көрінбес арқасына сіңіп кеткен,
Суырып ап тастады төрт садақты.
Сонан соң тұрды Самақ тәуір болып,
Сол тікен жатқан екен ауыр болып.
Қадалып шаншу құсап тұрған екен,
Көлденең дем алуға ауыр болып.
Жараны қатты қылып қойды таңып,
Шүкір қып отырады демін алып.
Алтауы басын қосып, шүкір қылып,
Бас қосып отырады тамақтанып.
Батырлар кеңес құрып отырады,
Сөзіне бірінің-бірі құлақ салып.
Күлісіп отырысты енді бұлар,
Бұл істі бұлар емес уайым қылар.
Ойда жоқ жауда жаяу отырғаны,
Бәрінің ортасында екі аты бар.
«Отырдық өңкей жаяу тотиып» деп,
Күлісіп бірін-бірі мазақ қылар.
—Екі атқа төртеуіміз мінгесеміз,
Сұртайдың мінетұғын байталы бар.
мырқы батыр
Қоржынды Сұртай салсын байталға,—деп,
Күледі қыран-топан санасыздар.
Қабанбай батырлардың ескісі еді,
Адамның шын әулие естісі еді.
Бір құлаш жауырынның жалпақтығы
Қайнына келінін Қабекеңнің көрістіріп,
Аламыз көрімдігін,—десіседі.
Сол жылы дәл Қабекең елу бірде,
Адамзат келген емес мұндай түрге.
Балуандық, батырлығы былай тұрсын,
Және де тіпті жүйрік сөйлер тілге.
Жел жаққа жау жіберіп бастырмастан,
Қазақтың баласына болған ірге.
Жиырманың Аққасқыр да алтауында,
Бәрінің Мырқы, Сұртай жасы бірге.
Мырқы мен Самақ түйдес жасты екен,
Сұрасып біліп еді сол күн түнде.
Күләнда ең кішісі он жетіде,
Кісіден қайтпайды ол да бірме-бірге.
Ұл болса бұл да олардан кейін емес,
Қыз деген атағы бар алтын сырға.
Ой да жоқ, осыларда сана да жоқ,
Күлісіп мәз боп отыр жиылып топ.
Қасына екі атты ап кеп байлап қойып,
Күлісіп отыр бәрі мәз-мәйрам боп.
Күлісіп бұлар бүйтіп отырғанда,
Үстіне қардай борап жауады оқ.
Қараса шыр айлана қамап апты,
Әскердің тауда-таста қисабы жоқ.
Мырқы мен Сұртай қарғып атқа мінді,
Алғанын жаудың қамап енді білді.
Садағын екеуі де қолына алып,
Ерінің қорамсақты қасына ілді.
Садақтың бәйенегін сартылдатып,
Екеуі тізе қосып қатар жүрді.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Қазақтың қатар жүрді сұңқарлары,
Қандыауыз қасқырдай-ақ жұлқарлары.
Шіреніп садақтарын тартқан уақытта
Қалады шөгіп жатып тұлпарлары.
Салусыз сауыттың ілгектері,
Жасқанып оқ тиер деп қымтанбады.
Екеуі тізе қосып кірді топқа,
Қайратын осы жерде бір салғалы.
«Осыны қамап жүріп ұсталық» деп,
Айнала қалмақтар да құрсаулады.
Мың қойға екі қасқыр шапқандай-ақ,
Қасқарып тура шапты бұлтармай-ақ.
Талай ел атып жатыр ол жақтан да,
Оң жақ пен оқ жауып тұр сол жақтан да.
Құлайды он шақтысы қатар тұрған,
Шіреніп Мырқы, Сұртай оқ атқанда.
Бұларға бұлар қасқыр өшігетін,
Сауытты садағына тестіретін.
Садақты екеуі де шындап тартса,
Кетпеннен жеті қабат өткізетін.
Аянбай осы күшті салды екеуі,
Қайрат қып уағы болды естіретін.
Садақтың қасалағын қанға көміп,
Көңілін мұсылманның өсіретін.
Аққан қан қара жерге болды бояу,
Шабады қылышпенен келсе таяу.
Ығытын қалмақтар да таба алмай жүр,
Көңілі жоқ, жөнін тапса, бұларда аяу.
Осымен бұл екеуі жүре тұрсын,
Білейік, не болды екен қалған жаяу.
Төрт жаяу қалып еді, біреуі қыз,
Осылар не болды екен, білелік біз.
«Жаяуды қалмақтар кеп құртты ма?» деп,
Бұларға сенбей отыр жүрегіміз.
мырқы батыр
Екі атқа ана екеуі кеткен мініп,
Ұмтылып басқасынан жылдам тұрып.
«Ассалаумағалейкум, жаяулық» деп,
Шоңқиып төртеуі де қалды отырып.
Бұларды жаяу қалған қалмақ көрді,
Жиылып қоршалап қамап келді,
Айлана ұстаймыз деп қамап келді.
Жиылып жүременен бұлар отыр,
Қалмақтар порымдарын қарап көрді.
«Қасына арқандарын тастаймыз» деп,
Шалмашы жылдамдарын тағы ап келді.
Бұлардың саны төртеу болса дағы,
Қаруын қырық кісіге балап келді.
Атынан мықтылары жаяу түсіп,
Жабыла жаппа түсіп тап-ақ берді.
Бұлар да қылыштарын алды қолға,
Сермеп жүр аянбастан оңды-солға.
Жүргенде «байлаймыз,—деп,—талай елді»
Түсетін көрінбейді оңай қолға.
Аттылар жабылып кеп найзалап жүр,
Сақырлап талай найза тиіп жонға.
Қайратты пір қолдаған жігіт екен,
Қайратын Аққасқырдың көрді сонда.
Бұлар жүр атты адаммен соғыс қылып,
Салып жүр талай сойқан жаяу жүріп.
Біреудің шауып тастап атын алып,
Қабанбай қалған екен атқа мініп.
Біреудің айбалтасын тартып алып,
Жүгіртіп ал, Қабанбай салды бүлік.
Алды кеп Қабанбайдың жотасынан,
Жүгіртіп қалмақтардан біреу келіп.
Екеуі жағаласып тартысқанда,
Аттары жата кетті жерге шөгіп.
Екеуі жағаласып алысады,
Бойымен жағаласқан тұра келіп.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Босанып екі ат бірдей қалғандығын
Ұмтылды Күлән қыз да мұны көріп.
Секіріп біреуіне қарғып мініп,
Жетелеп және бірін кетті желіп.
Ап келіп атты берді Аққасқырға,
Бір жерде отыр екен демі құрып.
—Бір іске, азаматым, жарадың,—деп,
Аққасқыр қарғып тұрып алды мініп.
Астына тұлпар тауып мінгеннен соң,
Қалмақты жан демеді көзіне іліп.
Келді де Қабанбаймен алысқанды
Түсірді қақ маңдайдан бір-ақ ұрып.
Дейтұғын Байынжығал батыр еді,
Мырқының Көксерегін жүрген мініп.
Ыза боп Қабанбай да жүруші еді,
Осы жерде сәті болды жөні келіп.
Алғаны Қабанбайдың соның аты,
Ыза боп шапқан екен соны көріп.
Көкжалды мініп жүрген інісі екен,
Қабанбай тастап еді екі бөліп.
Халықты лаңдаған Байынжығал,
Қу жаны сая тапты бүгін өліп.
Қазақтың батырлары әлденеді,
Барымта екі тұлпар қолға келіп.
Екеуі Қабан, Қасқыр тұлпар мініп,
Қылышты қалың жауға салды көміп.
Қасқырдай төрт арыстан қойға тиген
Қуып жүр қалмақтарды бөліп-бөліп.
Бұлардың қалмақ сұрын көргеннен соң,
Қалғаны қашып кетті өлгені өліп.
Қалмақтың қашып кетті талайы өліп,
Жатқан жоқ соныменен мұрты кеміп.
Бақтының кезеңінен асырып сап,
Демалды бұлар қосқа қайтып келіп.
Бұлардың алтауы да атты болды,
Тілегін батырлардың Құдай беріп.
мырқы батыр
Күлән да екі ат тауып алған екен,
Жығылған қалмақтарды аңдып жүріп.
Жарадан Самақ байғұс жүре алмайды,
Жүр екен Күлән сүйеп зорға мініп.
Жүре алмай Самақ байғұс сенделіп жүр,
Ала алмай демін жөндеп өлгелі жүр.
Жабдығын өлгендердің жиып алып,
Күлән қыз жіпке буып өңгеріп жүр.
«Жігітке мұндай жұмыс түк емес» деп,
Самаққа қайрат айтып дем беріп жүр.
Оқ салып садағына дайындалып,
Жүректен қылт еткенді пергелі жүр.
Қыз құсап бір нәрседен жасқанбайды,
Алланың не салғанын көргелі жүр.
Жолына ғашықтықтың жанын беріп,
Бір жанын Сұртай үшін бергелі жүр.
Жиналды бұлар бәрі басын қосып,
Күләнді тауып алды жүрген тосып.
Отырды бір бұлаққа жайланысып,
Бұлар ма қауіп қылатын жаннан шошып?
Қабанбай батырларға ақыл айтты:
—Бұл жұмыс көп жұмыстан болды қатты.
Тотиып қара жаяу қалып едік,
Мінеки, Құдай беріп болдық атты.
Самақтың науқас болып жүргендігі
Сол жұмыс қабырғама жаман батты.
Өлген соң Байынжығал інісімен,
Қалмақтың сонан соң-ақ беті қайтты.
Ер екен Байынжығал байқап көрдім,
Адамның баласынан қолы қатты.
Деген бар «екеуледі» атақ болды,
Аққасқыр балалықпен бекер шапты.
Өлсең де, өлтірсең де, дара кету,
Құдайым кез қылған соң азаматты.
Өлімге қия шабу керек емес,
Жаратқан Құдай артық ондай затты.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бұл сөзім сендерге бір ақыл болсын,
Тең ортақ дос-дұшпанға басың болсын.
Алысқан ерегісіп дұшпаныңның
Қайраты өз күшіңнен басым болсын.
Қайратпен қара тасты сындыратын
Жігерлі азаматтан қасың болсын.
Секілді Байынжығал азаматтар
Өзіңнің бауырыңнан жақын болсын.
Бекер-ақ екеуледік қайран ерді,
Мұндай іс мұнан былай нақыл болсын.
Арманда қайран сабаз өліп кетті,
Жаннатқа жаны барып бақыл болсын.
Арманда кетті сабаз балта тиіп,
Ер еді көз қимайтын бір кермиық.
Ерлерді тұлпарды атып қия шапқан,
Болмақшы батырлардың жолы сұйық.
Дұшпаны дұшпаныңның болса дағы,
Адамның қайтып шабар көзі қиып.
Көзіңнен ер мен тұлпар тірі кетсін,
Пайдасы бір кезеңде қалар тиіп.
Өлерде «кел, бауырым» деп қолын берді,
Көңілім сонысына кетті ұйып.
Көмелік соны ап келіп жүр, жігіттер,
Төбеге мына біреу басы биік.
Кетейік жазу жазып атын айтып,
Басына үлкен-үлкен тастар жиып.
Ерлердің сол секілді көңілі үшін
Өзгеден өлігі де болсын биік.
Істетіп сол жұмысты таң атқанша,
Басылды Қабанбайдың көңілі тынып.
Түнімен ерді көміп сонда болды,
Бәрінің бұл жұмысқа көңілі толды.
Үстіне биік тастың ыспа жасап,
Найзасын төбесіне шаншып қойды.
Сауытын қылышымен бірге көміп,
Істеді ойларына келген ойды.
мырқы батыр
Апарып Қосқұлақтың басын кесіп,
Жүгендеп найзасына байлап қойды.
Бітірді таң атқанша жұмыстарын,
Еткен жоқ демін алып тыныстарын.
«Таңертең тағы қандай болады?» деп,
Өткірлеп қайрап қойды қылыштарын.
Бір таудың жырасында отыр бұлар,
Білмейді қалай қарап шығыстарын.
Әйтеуір кеше кешке байқап қалған,
Қалмақтың шығыс жаққа ығысқанын.
Атына таң атқан соң мінді бұлар
Қанды көз қасқырдай-ақ қанға құмар.
—Қалмақпен жұмысымыз бітті,—деді,—
Батырын жайғастырдық қарсы тұрар.
Маңайда енді қалмақ тұра алмайды,
Өлген соң мұндай болып Байынжығал.
Таң ата алты берен мінеді атқа,
Жол тартты кейін қарап қазақ жаққа.
Батырдан жауға аттанған бір Шора жоқ,
Ілінді басқаның бәрі сапқа.
Үндемей Әшекеңді еркіне қой,
Шораны жоқтар екен қайсы уақта?
Бар шығар Шораның да әңгімесі,
Жасырып сақтай алмас тығып қапқа.
Бір жерге сөздің басын жинай алмай,
Шолақ тіл сандалып жүр әр тарапқа.
Атаның асыл сөзін ұрлап тығып,
Кете алмас ақиретке арқалап та.
Естіп сөздің арты не болғанын
Құмары тыңдаушының тарқамақ та.
Келеді бұлар жүріп тоқтамастан,
Қиғаштап бетін қойып Арқа жаққа.
«Қайда,—деп,—Қабылан би?—келе жатыр,
Басшы боп шығып еді алты алашқа».
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сарылып бұлар жүрді ұзын күндей,
Екенін қолдың қайда, сірә, білмей.
Ат тұсап, бір сайға кеп жата кетті,
Бұл жерде дұшпан бар деп көзіне ілмей.
Дем алып елсіз тауда жатты бұлар,
Ойына ой дегенің шығып кірмей.
Қараса таң атқан соң тұра келіп,
Алты аттың ұры алыпты бәрін бірдей.
Қауіпсіз бәрі дағы ұйықтап қалған,
Қалыпты кім алғанын жөнін білмей.
Отырды тотырайып тағы жаяу,
Жер емес ең болмаса елге таяу.
Күледі бірін-бірі мазақ қылып:
—Сен неге жатпадың,—деп,—ұйқылы-ояу?
Сеніп ек қыз-жігітке,—деп күледі,—
Ойлап ек «ұйықтатпас деп қызыл сояу».
Басқаның Қабанбайдан бәрі құрдас,
Бұл істі бұлар тіпті уайым қылмас.
Мылжыңдап, қалжыңдасып ойнап отыр,
«Атымыз жоғалды» деп жайға тұрмас.
Нәрседен сана деген дәнеме жоқ,
Есалаң батырлар ғой қайратқа мас.
Еліктей, жортып кетсе, секіреді,
Басқаның Қабанбайдан бәрі де жас.
Жасшылық батырлық пен мінезі асқақ,
Өрепкіп көңіл жаста судай таспақ.
Тек кісі атты алғандар көрінбейді,
Кетіпті кісендерін қиып тастап.
—Рахмет, жігіт екен, алсын,—деді,—
Бір тауға бәрімізді жиып тастап.
Жол тартты тағы жаяу елге қарай,
Сол жерге ер-тоқымды үйіп тастап.
Бұлардың ойында жоқ жаяулығы,
Жығады бірін-бірі кейін тастап.
Сонымен тағы екі күн кетті жүріп,
Уайымсыз келе жатыр ойнап-күліп.
мырқы батыр
Тамаққа келе жатып кек айтып,
Дем алды бір бұлаққа сабыр қылып.
Бұлақтың дем алады жағасына,
Көлеңке ағаштың панасына.
Шаршап кеп бәрі жатып ұйықтап қалды,
Шықпайды уайым кіріп санасына.
Күлән қыз отын теріп, ет пісіріп,
Ағаштың келе жатыр арасында.
Айтатын уайымсыздың біреуі осы,
Уайым қып жан-жағына қарасын ба?
Ақырып бір жолбарыс атылады,
Нысана тар жердің шамасында.
Тістеді сап етіп кеп қабырғадан,
Күләннің екі қолы жағасында.
Дауысын айқай салып шығаруға
Бұл қыздың келтірмеді шамасын да.
Күлән қыз бір томарды қолына алып,
Төпестеп ұра берді дәл басына.
Жолбарыс қабырғасын жұлып жатыр,
Қолтыққа басы кірген алғашында.
Сонда қыз далбасалап жолбарысты
Мінгізіп ұрды жерге жамбасына.
Құшақтап жолбарысқа міне түсіп,
Қорыққаннан айқайлады жолдасына.
Бұл қыздың ащы дауысын Самақ естіп,
Жүгіріп жетіп келді дәл қасына.
Кез болды осы жұмыс Самақ ерге,
Қып-қызыл қан шалған есік-төрге.
Оятып «қыз өлді» деп жөнін айтты
Жолдас боп өзіменен келгендерге.
Жиылып түрегеліп келді бәрі,
Әлсіреп кетіп қалған қыздың халі.
Өкпесі қып-қызыл боп көрініп тұр,
Тастапты жалбыратып қабырғаны.
Құшақтап Сұртай келіп қыздың басын,
Қалмады жаны күйіп сабырлары.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сұртайды қыз да жатып құшақтады:
—Өмірдің не болды,—деп,—ағымдары?
Көзіне екеуінің елестеп тұр
Өмірдің қызыл-жасыл сағымдары.
Ауызын-ауызына тиістіріп,
Бұрқырап шығып отыр жалындары.
Жараның Қабанбай кеп көрді түрін,
Жұлыпты қабырғаның жұлын түбін.
Қандарын әдемілеп жуып тастап,
Салады орнына бірін-бірін.
Күйдіріп құрқылтайдың ұясының
Жараның қоспасына септі күлін.
Тігеді жібекпенен терілерін,
Қисынсыз алып тастап кері жерін.
Аюдың ақ дәрісін септі дағы,
Байлады әдемілеп қыздың белін.
«Жараға ем болады» деп есітетін,
Бүркіттің тағы берді қалған жемін.
Ем қылып, жараларын қойды таңып,
Су бүркіп көлеңкеге қойды салып.
Жаны бар қыз байқұстың кеудесінде,
Мөлдіреп аппақ болып жатыр талып.
Сұртайға көзін ашып қарап қойып,
Қыз жатыр анда-санда демін алып.
Ауызын ауызына тиістіріп,
Көз жасы қыз бетіне кетер тамып.
Ғашықтық, жолдастығы, ерлігімен
Сұртайдың бара жатыр ішін жарып.
Мырқы мен Аққасқыр да кейіп отыр,
Бұлардың қылығына көзін салып.
Қабанбай қапа болып аулақ отыр,
Құданың құдіретіне қайран қалып.
Бұларға Күләнда қыз болды уайым,
Алланың құдіретіне бәрі дайын.
Ажалды мұғалақтан зақым келсе,
Болады адамзаттың жаны уайым.
мырқы батыр
Бұл жерде бұлар бүйтіп жата тұрсын,
Шиырға адастырып тағы ұрайын.
Аттанып жауға кеткен халықты қорғап
Шораның білмедік қой әлі-жайын.
Аттанып үш жүз кісі кетіп еді,
Сөйлейік соның біраз мәні-жайын.
Кездесер әңгіменің кезеңіне
Ыңғайлап сөздің басын бұрмалайын.
Әр жерге әңгімені буып тастап,
Сөйледік бірін тастап, бірін бастап.
Мәнісі бөліп тастап кетудегі
Біреуі біреуіне ұшыраспақ.
Басынан сөзді сүйтіп ұқтырмаған
Айта алмай әңгімені былжыратпақ.
Сап етіп қисынсыздан кездескенде,
Бұрынғы дәлелдейді сөзді растап.
Әшімнің Шора ойына жаңа түсті,
Кетіпті ұмытып тастап қалбырақтап.
Атақты бір батырды ұмытып кетіп,
Жүріпті әр сөзді айтып сандырақтап.
Бұрын да жарыместің біреуі еді,
Болған ғой қартайған соң алжып ақымақ.
Бөлініп Шора шықты Қабылан байдан,
Түсініп ең алғашқы болған жайдан.
Келеді қолды бастап қалың жауға,
Бір қырғи жасқана ма мың торғайдан.
Шығыпты Шора бастап үш жүз қолды,
Шораның шыққанына үш күн болды.
Қырына Бақанастың шыға келсе,
Кетіпті қалмақ қаптап құба жонды.
Ауылын дым шығармай шауып апты,
Қалмақтар шапқылап жүр оңды-солды.
Шораның ек көзі түкті көрмей,
Тік тұрып төбе шашы ыза болды.
22-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Үш жүзі мұны көріп қояды атты,
Қалмақпен бесін шенде араласты.
Екі қол бір-бірімен араласып,
Кеткенше сам жамырап найзаласты.
Әлсізді әлі келген найзалапты,
Айбалта ығын тапқан қылыш шапты.
Қазақтан жүз қаралы адам өліп,
Қызыл қан ат бауырынан судай ақты.
Жорығы қазақ-қалмақ жорығының
Еш соғыс болған емес мұндай қатты.
Қазақтың қайтпай-ақ жүр батырлары,
Түнімен айғай да шу, қым-қуыт боп,
Найзалар бір-біріне сақырлады.
Бауыздап әлсіздерді әлі келген,
Лақтай толып жатыр бақырғаны.
Қашып жүр жап-жалаңаш шу-шу етіп
Қазақтың баласы мен қатындары.
Шора жүр арыстандай айғай салып,
Белсеніп ақ найзасын қолына алып.
Мың қойға жалғыз қасқыр тигендей-ақ,
Қиратып жүрген жағын қырып салып.
Жау қашты таңға жақын тұра алмады,
Қазақтың қарқынына шыдамады.
Болғанда таңға жақын азаматтар
Ауылдан жауды қуып шығарады.
Жөнелді таңға жақын қалмақ қашып,
Қырып жүр жалғыз Шора араласып.
Адамнан жалғыз Шора екі жүздей,
Түк қалмай үрікті қалмақ қара басып.
Келеді қашқан жауды бес күн қуып,
Қиратып қалмақтардың туын жығып.
Өткізіп Ешкіөлместің етегінен,
Қазақтың маңайынан кетті шығып.
Қайталап қарсы тұрған қалмақтардың
мырқы батыр
Талайын қиратып жүр жерге тығып.
Күн-түні он күн болды шабылғалы,
Шаршаған ат пен адам демі құрып.
Асырды Мұзкезеңнің асуынан,
Түк қоймай қалған жаудың артын сырып.
Қуа алмай басқа қазақ бұл да қалды,
Тек қана алты кісі келген жүріп.
Қазақтың қанша екенін қуып жүрген,
Қалмақтар сезген екен мұны біліп.
Бұларға жүз қалмақ қарсы шапты,
Аузында Теректінің тосып тұрып.
Ат қойды үш жүз қалмақ қарсы қарап,
Болып өлтірмекші қылып талап.
«Көп кісі аз кісіні қоямыз ба,
Не қылмақ айналасын алсақ қамап.
Қайтпастан бұлар да атты қойып берді,
Ашыққан арыстандай бауыр жарап.
Жақындап бұлар жауға келген кезде
Алдынан оқ жауғызды қардай борап.
Өлтірді алтауының атын атып,
Бұлардың әлі кетті сонан соң-ақ.
Бұларға жақындамай қамап тұрып,
Садақтың қойып берді астына ала-ақ.
Оқ тиіп сол арада бесеуі өлді,
Шораға енді жалғыз кезек келді.
Өмірде Шора садақ атқан емес,
Етерсің жаяу жүріп бұған неңді?
Шораға атқан садақ кәр қылмайды,
Қалмақтар қасиетін көзбен көрді.
Өлтіріп, атын атып, жаяу тастап,
Қор қылып тастап кетті қайран ерді.
Сол жерде Шора жалғыз жаяу қалды,
Көрмейді маңайында тірі жанды.
Кетуге елге қайтып ақырында,
Ыза боп, намыс қылып, ойлады арды.
Естіген алдыңғы күн бір адамнан,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
«Сұртайды Мырқыменен байлап алды.
Байлап Шәуешекке жіберіпті,—деп
Айтқан,—тұлпарлары сонда қалды».
Соны ойлап жапа-жалғыз қайнап отыр,
Қалмаққа бермек болып қалған жанды.
«Артынан сол қалмақтың барайын» деп,
Етегін белге түріп, қадам салды.
Жүргелі бес күн болды Шора жаяу,
Тұрған жоқ қалмақ түгіл, жер де таяу.
Сұртайды Мырқыменен байлағаны
Көңіліне өзі жаяу болды қаяу.
Қазақтың батырларын қосақтап ап,
Қалмақтың жаққанын-ай бетке бояу.
Келеді бір жырамен өрлеп тауға,
«Құдай-ау, кез келтір,—деп,—кәпір жауға.
Егерде кез келтірсең кәпір жауға,
Етпес ем басымды аяп жанды сауға.
Пірлерім, астыма бір көлік берсең,
Алар ем кәпірлерді омырауға.
Келеді осыны ойлап, жыраны өрлеп,
Сабазды ашуы мен күші кернеп.
Дем алып он күн болды, нәр татқан жоқ,
Талаппен келе жатыр қолын сермеп.
Өзені құзар жартас, қалың ағаш,
Қарайды жан-жағына «қандай жер» деп.
Шамасы жарым түннің білгендерге,
Есеп пе күндіз-түнің жүрген ерге.
Тұрады қисынсыздан кез келтіріп,
Жігітті мехнат, дәулет ілмелерде.
Бес алты ат кісені бар жайылып жүр,
Қараса көзін салып бір кемерде.
Үшеуі ер-тоқымды, үші—жайдақ,
Келді де ұстап-ұстап алды байлап.
Бесеуін тізіп алып жетектеді,
Біріне мініп алды көзі жайнап.
мырқы батыр
«Оңаша барып біраз ойлайын» деп,
Қуалап бір жыраны жөнелді айдап.
«Басқасын бір жыраға бекітейін,
Ішінен бір жақсысын мініп сайлап.
Иесін қайтып келіп тауып алып,
Қалмақтың құртармын бәрін жайлап.
Мен барып атты жайлап келгенімше,
Ұйықтасын сорлы қалмақ соры қайнап.
Асықпай демімді алып келсем дағы,
Маңайдан жаяу кісі қайда бармақ.
Қайтып кеп бәрін дағы бауыздармын,
Қан басқан жата тұрсын сорлы қалмақ.
Бәрі де аттарының теріс емес,
Пірлерім ап келген ғой маған арнап.
Қазақты тосқауыл боп тосып жүрген,
Маңайды шалғыншы ғой жүрген шарлап.
Қарамай осыны ойлап кетті жүріп,
Қарамай жан-жағына мойын бұрып.
Бұрылмай таң атқанша тынбай жүріп,
Таң ата бір қуысқа келді жүріп.
Таниды таң атқан соң Көксеректі,
«Қалды,—деп,—мұны қайдан Құдай беріп».
Мырқының өзіндей-ақ қуанады:
—Енді бұл болады,—деп,—жанға серік.
Мырқыны байлап жүрген азаматтың
Болды ғой қалатұғын күшін көріп.
«Осы жерде кешке шейін дем алайын,
Қылайын жаяулардың несін уайым?
Демалып біразырақ тынғаннан соң,
Сөйлермін сонан кейін барып жайын».
Аттарды шідерледі әбден мықтап,
Мінем деп Көксеректі қойды жұптап.
Мұнда да сана түгіл дәнеме жоқ,
Қауіпсіз шешінді де қалды ұйықтап.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сабылған неше күндей жаяу жүріп,
Ат тауып ұйықтап жатыр, көңілі тынып.
Тырп етпей ұзақ күнге ұйықтап жатыр,
Ол емес жау шапса да жатқан біліп.
Күн батты, түніменен тағы да ұйықтап,
Сәскеде бас көтерді сонда тұрып.
Сәскеде бас көтерді, демін алып,
Аттарға қарап қойды көзін салып.
—Япыр-ай, бір сағат та ұйықтамаппын,
Сонда да қалғанын-ай ұйқы қанып.
Білген жоқ бір сәтке өтіп кеткендігін,
Баяғы жатқандағы уағы қалып.
Уайымсыз шаршап келіп ұйықтаған соң,
Кісідей дым білмеген жатқан талып.
«Кім екен ат иесі, көрейін» деп,
Жөнелді Көксерекке мініп алып.
Табады барып атты алған жерін,
Жайылып аттың оттап шалған жерін.
Бақылап қарап жүріп тауып алды,
Үйіліп ер-тоқымның қалған жерін.
Қарады ары-бері жатқан жерін,
Тағамды ас пісіріп татқан жерін.
Анықтап көзбен көріп, байқап көрді,
Жайылар атты тастап қашқан жерін.
Шыққаны қалай қарап мәлім емес.
Білмейді қалай қарап кеткендерін.
Қарады әрі-бері төңіректеп,
—Жақында біреу болса, көрер ед,—деп.
Қашқан ғой қорыққаннан бейшаралар,
Ойлады: «Қашқанды іздеу не керек?» деп.
—Қалмаққа,—бір ойлады,—барайын,—деп,
Ойранды бір шетінен салайын, деп.
Сұртайды Мырқыменен не қылды екен,
Бар болса егер тірі табайын, деп,
Барғанмен ақыр іздеп таппаймын, деп.
Әуелі кейін барып қазақты іздеп,
мырқы батыр
Бастарын біріктіріп топтайын, деп.
Қазаққа жау келместей кісі қойып,
Сонан соң кеткендерді жоқтайын,—деп.
Келді де тұлпарларды алды тізіп,
Көңілі өкініп жүр жауға қызып.
«Артымнан ат иесі қусайшы» деп,
Қарайды арт жағына көзін сүзіп.
Бет қойды ат жетелеп қазақ жаққа,
Маңайдан жау таба алмай, күдер үзіп.
Жетектеп бес тұлпарды жетегіне,
Қайқайып Шора еліне кетті сызып.
Бір жерге сөздің басын жинау үшін
Осы жер тағы кеттік сөзді бұзып.
Жиылып қазақ-қырғыз жүрді қаптай,
Дегені «мен еркекпін» үйде жатпай.
Адамнан жердің жүзі көрінбейді,
Қаптаған қазақ-қырғыз топырақтай.
Қалмақтың шалғыншысын көріп келсе,
Тұрар ма мұндай істе қалмақ қашпай.
Кіреді Ешкіөлместің етегіне
Іздеп жүр соғысатын жауын таппай.
Әр сайдан тау ішіне кірді халық,
Байқайды таса жерді жерді шалып.
Жайқалған жапырағы ағаштар көп,
Сылдырап мөлдір бұлақ жатыр ағып.
Әр жерге кезең асып көз салады,
Аңшыдай келе жатқан түлкі қағып.
Қабылан би бес батырға кездеседі
Отырған бір бұлақта қызды бағып.
Сұрады халық түсіп әңгімесін:
—Отыр,—деп,—бұл арада бұлар не қып?
Қабанбай болған істің жайын айтты,
Халайық тыңдай берді құлақ салып.
Басқасы бір Шорадан түгел болды
—Қалмақтар кетті,—деген,—байлап алып.
Қалдырмай жайын айтып күліседі:
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Солай деп отырмыз,—деп,—жаяу қалып.
Сөзді айтып бұлар жұртқа отырғанша,
Шора келді аттарды тізіп алып.
Отырды баршалары басын қосып,
Сол жерде бес күн жатты жауды тосып.
Бері қарай енді қайтып жау беттей ме,
Қалың жау жапырылған қаннан шошып.
Атақты батырлары өлгеннен соң,
Шошыған бөкендей-ақ кеткен жосып.
Сонымен елге қайтты қазақ-қырғыз,
Бес тұлпар атақты олжа, жалғыз бір қыз.
Көрнексіз түскен олжа толып жатыр,
Олжа деп оның бәрін нетелік біз.
Қалмақтың өліп қалған ат жабдығы,
Саны жоқ, болып жатыр неше мың жүз.
Ел тарап жай-жайына кетті қайтып,
Олжа алып жауын жеңіп, көңіл байытып.
Ап келді Күлән қызды найзаға сап,
Екі атты қабат ұстап, беліне артып.
Ем қылған жарасына Шора батыр,
Он жылғы тұл борсықтың майын тартып.
Жарасы Күлән қыздың тәуір болды,
Өрепкіп көтеріліп, көңілі тасып.
Салып ап қос найзаға ап келеді,
Жүргендей білінбейді суда қалқып.
Сұртайдың үйіне кеп жары болды
Адамның баласынан порымы артық.
Қыстырып осы сөздің аяғына
Кетейік батырлардың бәрін айтып.
Қорлыға, Бишаменен не боп шықты,
Кетпекпіз осы сөздің жайын айтып.
Қорлыға өлмей тірі қалып еді,
Жалынып Қабылан биге арыз айтып.
Қылжыңдап кәрібоз ұрсып мазамды алды,
Бармасам сол кеңеске тағы қайтып.
мырқы батыр
Қорлыға Қабылан биге зарлап еді,
Мақсаты—өлмей тірі қалмақ еді.
Халықтың бәрі жауға кеткеннен соң,
Дәулеттің ауылында болған еді.
Мырқының інісі мен Сүрен өліп,
Жоқтаусыз екеуі де қалған еді.
Халыққа ұқтырмадық бұл сөзді ашып,
Қырқарлап әуе болдық таудан асып.
Білейік соның біраз не болғанын,
Қорлыға құтыла ма жортып қашып.
Шерденнің басын алып келіп еді,
Кетпей ме, тұздамаса, о да сасып.
«Құн дауы бар, жесір дауы бар» деп жүргенде,
Ішінен кетіп еді өгіз басып.
Басқарып жауды біраз қайтып келдік,
Сөйлейік мұны біраз қасып-қасып.
Аяғын осы сөздің ұқтырмасаң,
Кәрібоз қалатұғын қамшыласып.
Судағы көн етікті қойшы құсап,
Келдім-ау мен де жақын балшыратып.
Білгіштер «ой тереңі қайда десін,
Сөйлейтін тілінен бал тамшылатып».
Қабылан би Аққасқырға қызын берді,
Білімді көргенсің бе мұндай ерді.
Қазақтың қырғызбенен кегін жойып,
Екі елді заманында тең биледі.
Қабыланды, Кебекбай шал Қабанбай мен
Дәулеттің аулына бір күні келді.
«Барамыз Бошан байдың ауылына
Келсін» деп Шораға да хабар салды.
Жиылып барлық қазақ Бошан байға,
Бітіріп қоймақ болды осыларды.
Өтеген мүйізі бар о да келді,
Қабылан би хабарлаған талай жерді.
«Қазақтың қасиетті ерісің» деп,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Жиылып Өтегенге сөзді берді.
Жұмыстың бастан-аяқ бәрі мәлім
Сондағы Өтегенің белгілі еді.
—Бұл жұмыс туралықпен оңай болсын,
Билігі ораздының жолы болсын.
Халықтың көңілінің кірі кетіп,
Атқан оқ өтпейтұғын тоғай болсын.
Шерденді Қорлыға мен отқа тастап,
Жазасы опасыздың солай болсын.
Дос болсын Мырқы, Сұртай құшақтасып,
Сүрен мен Төле екеуі орай болсын.
Халықтың бәрі бұған ырза болды,
Деп шулап: «Солай болса, солай болсын.
Батырлар бір-біріне жақын болсын,
Халыққа қарттың сөзі нақыл болсын.
«Өлгенге құн, дау» деген ауыр жұмыс,
Жаннаттан жайы, барып, бақыл болсын.
Бірлікті мұнан былай бұзғандардың
Қатыны талақ, өзі кәпір болсын».
Қол жайды тұра келіп, халық шулап,
«Мүбәрак қарттың сөзі мақұл болсын».
Нұр жауып халайыққа тұр мұңайып,
Жасырын бүгіп жүрген білінді айып.
Халыққа мына билік тоқтам болды,
Азғындап жүргендерге жолдан тайып.
«Халыққа осы билік салт болсын» деп,
Жұрт шулап бата қылды, қолын жайып.
Халайық ынтымақпен кетті тарап,
Көп сөздің айта алмадым бәрін санап.
Шораның қатыны өліп, жесір қалған,
Шапқанда аулын келіп қалмақ қамап.
Қосылды Биша, Шора жұпты болып,
Аулына қайтып келіп бара сала-ақ.
Осымен сөз аяғын тамамдадым,
Халайық оқып көрсін тамашалап.
мырқы батыр
Қалмақтан келген қызды Сұртай алды,
Айтусыз әлі жатыр батыр Самақ.
Самаққа қазақ халқы ерік беріп,
Дос болды Қабанбаймен өзі қалап.
Қабанбай екі қатын алып беріп,
Іні боп Қабанбайға жүрді жанап.
«Байғана қалмақ» деген ауыл болып,
Аузына бірталай ел тұрды қарап.
Он бестен екі қатын бала тауып,
Атанды «отыз ұлды батыр Самақ».
Халайық, мен ғаріпке бір дұға қыл,
Білгенім бұл жайында болды сол-ақ.
Кәрібоздың зорлығымен айттым зорға,
Мақаудың біреуі едім тілі шолақ.
Үш жүздің баласы боп басты қостық,
Алып кеп айландырып тұз-дәм орап.
Бұл қисса түгелімен жазылған жоқ
Баяғы Байсейіттен қалған сұрап.
Нұр жаусын сөзді ардақтап тыңдағанға,
Әжуа тыңдап, әліп қылмағанға.
Адамның пайымы бар жөні басқа
Жан қайда сөзді аңлайтын бұл заманда!
Сөзімнің айыптары толып жатыр,
Миға сап данышпандар сынағанда.
Қорғанып білген сөзін айтпаған соң,
Пешке шығып жатар өзін бұлдағанға.
«Кеңес қып болмас сөзді жазып жүрген
Кездестік,—демеңіздер,—жынды адамға».
Талай сөз тыңдаушылар көрген шығар,
Боп жүрсін бір әңгіме бұл да араңда.
Әрі елден, әрі еңбек қып, сөгіс естіп,
Қалмаса жарар еді күн қараңға.
Сөзіңді, Кәрібоз мырза, тамамдадым,
Бұл сөзден көп күнәға арандадым.
Өзіңіз кемшін жерін түзетерсіз,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Бар еді әрбір істен хабарларың.
Жігіттің көпті көрген біреуісің,
Жаңа емес жігіт болып саналғаның.
Әліңше төңірекке құлаш жайып,
Азамат атағыңды адалдадың.
Жүйріктің оза шапқан біреуісің,
Салған соң Құдай басқа шабандадың.
Қырағы жігіт едің қиядағы,
Бұл іске тағдырменен арандадық.
Бітірдім әңгімеңді бүгін жазып,
Толқыған мүсәпірмін жолдан азып.
Болады деп сені мұндай кім ойлаған,
Деген ғой «бақтың жолы қылдан нәзік».
«Ер менен ауыр жүкті нар көтерген,
Кәреке, жігіт едің алтын қарпық»,—
Деп сөзді бітірді Әшім.
Томға енген мәтіндерге түсініктеме
Ер Жасыбай
«Ер Жасыбай» жырының қолжазбасын академик Әлкей
Марғұлан Павлодар облысының Екібастұз қаласынан алып
келіп, Қазақ КСР Ғылым Академиясының қолжазба қорына
тапсырған. Қолжазба мәтінінің соңында ғалым бұл жырдың
қай жылы жазып алынғаны жөнінде мағлұмат бере келіп,
оны қағазға түсірушінің аты-жөнін өзінің еске түсіре алмаға
нын білдіреді. Қазіргі уақытта бұл туынды қолжазбасы
ның түпнұсқасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қо
рында, ал көшірмесі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының қолжазба қорында сақтаулы.
Жырдың бас қаһарманы—ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шап
қыншылығында айрықша ерлігімен, ерекше қолбасшылық
дарынымен танылған Жасыбай батыр. Жыр мәтінін оқи оты
рып, қолжазбаның басы да, аяғы да сақталмағандығына оңай
көз жеткізе аламыз. Жырдың осы уақытқа дейін сақталған
үзіндісі негізінде шығармада қазақ тарихының нақты қандай
оқиғасы
бейнеленетінін
кесіп-пішіп
айту
мүмкін
емес.
Өйткені жырда Жасыбайдан өзге үш-ақ кейіпкердің есімдері
кездеседі. Олардың өздері де танымал тұлғалар емес. Жыр
да ауызға алынатын жалғыз ғана «Көктөбе» деген топоним де
мәселеге анықтық бере алмасы анық. Өйткені мұндай жер атау
ын әрбір өлкеден ұшыратуға болатыны белгілі. Бір қызығы:
Жасыбайдың өзінің атасы—Тұяқтың, Тұяқтың ұлы—Темірдің
жаулары қандай этностың өкілдері болып табылатынын да біле
алмаймыз. Бұл айтқандарымызға сүйене отырып, жырдың бас
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
қаһарманы ХVІІІ ғасырдағы көрнекті тарихи тұлға екендігіне
күмәнданудың да реті жоқ.
Жырдың қолда бар үзіндісі оқушыны бірден кескілескен
қанды қақтығыстың куәсі етеді. Бұл шайқаста жалғыз өзі
қаптаған жаумен айқасқан Жасыбайдың бейнесі қазақ халқы
қаһармандық
эпосы
дәстүріне
лайық
мотивтер
арқылы
сомдалғанын айқын аңғарамыз.
Атасы Тұяқты арулап жерлеген соң елге келіп, інісі
Темірмен табысқан сәттегі екі батырдың диалогы да класcика
лық батырлар жырларындағы кейіпкерлердің ұзақ та ауыр са
пардан оралған сәттегі көңіл-күйлерін суреттеу үшін қолданы
латын машықты тәсілді еске түсіреді.
Шығармада кездесетін типологиялық мотивтердің бірі—
қарлығаштың бас қаһарманға көмектесуін суреттеу. Осы тұста
академик В.М.Жирмунскийдің «Қарасай-Қази» жырының
көптеген нұсқаларында қарлығаштың Әділ ханға көмектесуін
көне дәуірдегі тотемдік түсінікпен байланыстыра түсіндіргені
еске түседі. Түркі-монғол халықтарының көптеген құстарды
өздерінің тотемі ретінде қастерлегенін Соколова өзінің «Культ
животных в религии» атты монографиясында дәлелдеген.
Қазақ халқының аққуды, қасқалдақты, қарлығашты және
бірқатар құстарды киелі деп ұққанын қазақ фольклорының
көптеген үлгілері анық сездіреді. «Қарлығаштың құйрығы неге
айыр» атты этиологиялық ертегіде және өзге де ертегілерде,
жырларда, аңыздарда, ауызекі әңгімелерде баяндалатын
қарлығаштың адамға достығының көріністері де бұл құстың
ата-бабаларымыздың мифтік, тотемдік санасынан орын алға
нын байқатады.
Жыр нұсқасында архаикалық мотивтердің үлес салмағы
мол екенін онда тотемдік түсініктен хабар беретін эпизод кез
десуі ғана емес, Жасыбай мен Темірдің жауларымен соғысы су
реттелген тұстан да аңғарамыз. Бұл жырдағы кейіпкерлердің
соғыс барысында бертінгі дәуірдегі соғыс құралдары—бес
қарудың емес, көбінесе қол күшіне сенуі ойымыздың дұрыс
бағытта екеніне дәлел бола алады. Жырдағы:
«Ақыры Темір сонда айғай салып,
Жіберді үйдей тасты жұлып алып.
Қаратау арғы жағы сары дала
ғылыми қосымшалар
Сыртынан атқан оқтай түсті барып.
Бір-бірін соғысады бірі көрмей,
Бұлардың көңілі тынбас біреуі өлмей.
Төртеуі төбелескен тастарынан
Қаратау болған екен жермен бірдей.
Төртеуі көрді сонда қараларын,
Ашумен байқамайды шамаларын:
Ақырысып жүгірді бір-біріне
Жазғалы көкіректен жараларын.
Алмады қолдарына найза, қылыш»
деген өлең жолдары және шайқастың тағдырын түптің түбінде
қолма-қол алысу шешкені суреттелуі батырлық ертегілерде көп
кездесетін мынадай эпизодты еріксіз еске түсіреді.
Өйткені «Қараүйрек» ертегісіндегі мынадай эпизод өзге де
бірқатар ертегілерге ортақ:
«Қыздың ағасы айтады:
—Атыспақ керек пе, жоқ, алыспақ керек пе?
—Атыспақ арғы атамнан қалған. Алыспақ керек.
Екеуі үш күн, үш түн алысады. Ақырында Қараүйрек же
ңіп, өлтіреді»
Жырда жауының астына түсіп, дәрменсіз күйге түскен
Жасыбайға Темірдің болысуы—қаһармандық эпос поэтика
сына жат құбылыс. Оның есесіне ертегінің өзге де жанрлары
үлгілеріндегідей батырлық ертегілерде де бас кейіпкердің өзге
біреудің көмегі арқасында жеңіске жетуі жиі байқалады.
Томға еніп отырған мәтін қолжазбадан (ОҒК. Ш.353) еш
өзгертусіз дайындалды.
С. Сәкенов
Жидебай батыр
Тарихи жырдың бас кейіпкері Жидебай батыр—ХVІІІ ға
сырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерекше
ерлігімен тарихта өшпес із қалдырған, Абылай ханға сенімді
серік болған көрнекті тарихи тұлға. Оның қайталанбас ерліктері
халық аузында сақталып келген көптеген нұсқалы аңыздар
арқылы кейінгі ұрпаққа жақсы мәлім.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы
23-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
364-бумада сақталған «Жидебай батырдың тарихы» атты жыр
батыр туралы халықтық аңыздардың негізінде дүниеге келгені
айқын аңғарылады.
Жырдың басында қарасөз бен өлеңді араластыра отырып
берілген шежірелік мағлұматтарды қазақ халқы ауызша
тарихнамасының өзге де үлгілері қуаттап растайды. Одан ары
қарай Жидебайдың жас кезінде шешесі өліп, жетімдіктің за
рын тартып, ақырында өгей шешесі тарапынан көрген зәбірі
салдарынан он бес жасында елінен кетіп, Абылай бастаған қолға
барып қосылып, алғашқы ұрыстың өзінде-ақ топ жарғандығы
суреттелуі де—қазақ қаһармандық эпосының ұзақ уақыт бойғы
дамуы барысында қалыптасқан типологиялық мотивтер.
Академик С.Қасқабасов өзінің «Ертек пен эпостың сюжеттік
типологиясы» атты мақаласында болашақ қаһарман дүниеге
келерде бір ауыр жағдайдың орын алуы жалпы қаһармандық
эпос дәстүріндегі дағдылы мотив екеніне тоқталған. Мыса
лы, Шыңғыс хан туралы қазақ жырлары мен аңыздарында
да бас қаһарман тумай жатып әкесінен айрылады да, өзінің
туған бауырларының күндестік әрекеттерінің салдарынан
елінен қашып кетіп, қашан билікке қолы жеткенше тоғайда
аңшылықпен күнелтуге мәжбүр болады.
Батырлардың балалық шағы бітпей жатып алғашқы ер
лігімен танылуы да арысы—әлем, берісі—түркі-монғол ха
лықтары эпосына тән ортақ сарын. Қаһармандық эпос үлгі
лерінің көпшілігінде бас қаһарман алты-жеті, ары кеткенде он
жасында жорыққа аттанып, жалғыз өзі мыңдаған жауды жеңіп
жатса, халық жадынан өше қоймаған бертінгі дәуір оқиғалары
туралы тарихи жырларда бұл дәстүрге ептеп өзгеріс енгізілген.
Соның айқын көрінісі осы томға енген «Жидебай батыр» мен
«Олжабай батыр» жырының Е.Құлсариев жырлаған нұсқасында
бас кейіпкерлердің алғаш рет әскери қақтығысқа түсулері он
бес жасында орын алғаны баяндалады. Оның үстіне тарихи
жыр кейіпкерлерінің өзге қаһармандардан басты айырмашы
лығы—олардың қан майданда өзге батырлардың шамасы кел
меген қалмақ батырын өлтіріп, қазақ әскерінің рухын көтеру
арқылы бас батырға айналуы болып табылады. Ал мыңдаған
жауды жеңуде ол өзге де батыр серіктерімен тізе қоса отырып
ерлік көрсетеді. Соның бір жарқын мысалын баспаға ұсынылып
отырған осы жырдан да аңғарамыз.
ғылыми қосымшалар
Жыр 1927 жылы Семей облысында жазылып алынған.
Жинаушысы, айтушысы белгісіз. Мәтін Орталық Ғылыми кі
тапхананың қолжазба қорында сақтаулы түпнұсқадан (Ш.364)
еш өзгертусіз дайындалды.
С. Сәкенов
Орта жүз Олжабай батыр
Бұрын баспа бетінде жарияланбаған жыр. Алайда «Қазақ
әдебиетінің» 1-том, 1-кітабында жырдың осы нұсқасы жөнінде
ғылыми мәліметтер келтірілген. Орталық Ғылыми кітапхана мен
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының сирек
қорларында Молдажан Жадайұлының «Олжабай батыр туралы»
[ОҒК. 381-бума, 2-дәп, 1946.] жыры мен Жаяу Мұса Байжановтың
«Олжабай батыр» және өз қолтаңбасымен жазған «Олжабай ба
тырдың бір соғысы» [ӘӨИ. 609-бума, 1-2-дәп.] екі жырынан өзге,
баласы Салық Жаяумусин тапсырған «Олжабай, өмір тарихы»
[ОҒК. 381-бума, 1-дәп., 1940] атты аңыздар топтамасы сақталған.
М.Ж.Көпеев жинаған «Он сан орта жүзге ұран болған Олжабай
батыр» деп аталған аңыздар мен әңгімелерде де [ОҒК. 1177-бума,
2-дәп.] Олжабай батыр туралы мәліметтер аз емес.
Ал томға ұсынылып отырған Ертай Құлсариев жырлаған
«Орта жүз Олжабай батыр» деген жыр нұсқасы көркемдігі
мен де, толықтылығымен де ерекшеленеді. Алғашқы Молда
жан нұсқасында Олжабай батырдың дүниеге келуі, соғысқа
төселуі, айдаһарды өлтіруі бейнеленсе, Жаяу Мұсада Олжабай
батырдың қырғыздармен болған соғысы, ал тағы бір нұсқада
Абылай бастаған 40 батырдың Сарыарқаны қалмақтардан азат
етуі, бұл тарихи оқиғаның қазақтардың жеңісімен аяқталуына
Олжабайдың айрықша қайрат-жігер жұмсап, ерлік көрсетуі
баяндалады. Ертай нұсқасында Олжабайдың тууы, он төрт
жасар кезінде арыстанмен алысуы, қырғыз Әтекеден атын
қайтарып алып, жолай Бөгенбай батырмен достасуы, ұйқыда
жатқанда аузына кірмек болған жыланды қыршып тас
тауы, торғауыт қалмақтармен соғысы, Қалданнан Абылай
ды босатып алуы, Әмір Сананы қорғап қалуы, Қалдан Серенді
тұтқындауы, Абылайдан Жабай батырды босатып алуы сияқты
Олжабайдың ерлігі, қайсарлығы, адамгершілігі т.б. адами
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
қасиеттері толық ашылған. Жыршы шешуші шайқастарда
Олжабай бастаған қолдың жеткен жеңістері ғасырлар бойғы
қазақ-қалмақ қақтығысының қазақтардың пайдасына шешілуі
үшін бетбұрыстық мәні болғанын атап көрсетеді.
Қолжазба 1939 жылы Алматы облысы, Іле ауданында оқу
шы дәптеріне араб әрпімен, көк сиямен жазылған. Түпнұсқа ақ
қағазбен тысталып, түбі тігіліп, қалың бумаға салынған. Олжа
бай батыр туралы өзге де материалдар ОҒҚ қорының 801, 1661
бумалары мен ӘӨИ қорының 700-бумаларында жинақталған.
Ертай Құлсариев жырлаған «Орта жүз Олжабай батыр»
жырының томға ұсынылған мәтіні толықтай түпнұсқа негізінде
тұңғыш рет ұсынылып отыр.
Т. Әлібек
Олжабай және қырық батыр
ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте
ерекше ерлігімен және қолбасшылық дарынымен көзге түскен
тарихи тұлғалардың бірі—Олжабай батыр.
Тарихшылар ХVІІІ ғасырдың 40-жылдарынан кейінгі ше
шуші шайқастарда Олжабай бастаған қолдың жеткен жеңістері
ғасырлар бойғы қазақ-қалмақ қақтығысының қазақтар пай
дасына шешілуі барысында аса маңызды рөл атқарғанын атап
көрсетеді.
Қапылыста қалмақтардың тұтқынына түскен Абылай хан
ның аман-есен елге оралуына себепші тарихи тұлғалардың
қатарында Олжабай батырдың болуы шындықтан алшақ емес.
Олжабай батырдың ерлігі туралы жырлар мен аңыздар
қолжазба қорларында біршама көп сақталған. М.О.Әуезов
атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба орталығын
да белгілі ақын, сазгер Жаяу Мұса Байжановтың өз қолымен
жазылған «Олжабай батырдың бір соғысы» және ақынның ба
ласы Салықтың әкесінің қолжазбасынан көшіріп алған «Олжа
бай батыр» атты жыр мәтіні сақталған.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорында Молда
жан Жадайұлы жырлаған «Олжабай батыр туралы», Ертай
ғылыми қосымшалар
Құлсариев жырлаған «Олжабай батыр» эпосының қолжазбасы
сақталған.
«Бабалар сөзі» сериясына осы жырлардың ішіндегі ең кө
лемдісі болып табылатын Е.Құлсариев жырлаған нұсқа мен
Салық Жаяумусиннің қолжазбасындағы нұсқа ұсынылып
отыр.
Бұл нұсқаларды бір-бірімен шатыстырмас үшін соңғысын
«Олжабай және қырық батыр» деп атадық.
«Олжабай және қырық батыр» жыры Орталық Ғылыми кі
тапхананың қолжазба қорында сақтаулы түпнұсқадан (Ш.609)
еш өзгертусіз дайындалды.
С. Сәкенов
Райымбек батыр
«Райымбек батыр» жыры алғаш «Лениншіл жас» (1990)
газетінде жарияланып, кейін «Райымбек батыр» (құраст. ф.ғ.к.
С.Дәуітов, 1992.) деген атпен жеке жинақ ретінде жарық көрді.
Жырлаушы Мөкен Болысов өз қолымен тапсырған қолжаз
ба М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
қолжазба қорында сақтаулы (813-бума). Туынды осы қордың
814-бумасындағы белгілі халық әдебиеті үлгілерінің белгілі
жинаушысы С.Сауранбаев (1899-1987) жинаған Райымбек ба
тыр туралы аңыз, әңгімелердің желісіне құрылған.
Бұл аңыз, әңгімелерде Райымбек батырдың үш ірі әскери
жорығы баяндалады. Олар: 1. Жас батырдың алғаш «Райымбек, Райымбек!» деп өзінің
атын ұран етіп шақырып, бетпе-бет келіп қалған қалың жаудан
шегінген қазақ сарбаздарын Іле өзенінен өткізу амалы.
2. Райымбек батырдың Түрген өңірінің (Алматы облы
сы, Еңбекшіқазақ ауданы) билеушісі Қорынды жеңіп, оның
қоластында жүрген қазақтарды босатып, елдің қонысын
кеңейтуі, сондай-ақ Көкпектегі Секер ханды (Ойрантөбедегі
соғыс), Таушелек пен Торайғырды ұзақ жылдар мекен ет
кен жоңғардың Ақанас, Арыс хандарын қуып, Жетісуды жау
тырнағынан босатуы әңгіме болады.
3. Алтай аймағын билеген қалмақ ханы Төреханның
Тарбағатай, Шәуешектегі қазақтарды бір-бірімен қатыстыр
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
май қоюының салдарынан Шәуешекте орта жүздің найман,
қызай, қаракерей руларының қалып қоюы, сол Төреханға
қарсы Райымбек бастаған Жетісу, Қаракерей Қабанбай қол
басшылық еткен орта жүз батырларының ерен ерліктері баян
далады. Тарбағатайдың батыс беті қазақтарға, шығыс жағы
жоңғарларға тиесілі болып, соғыс аяқталады. Қазақ-жоңғар
арасында бейбіт бітім жасалып, тыныштық орнағаннан кейін
ұлы жүз руларының қоныстану, жер бөлісу мәселелерінің
шешілуімен жыр қорытылады.
М.Болысов осы Райымбек жорықтарының алғашқы екеуін
жырына өзек етіп, батырдың 17 жасқа дейінгі жауынгерлік
өмірін қамтиды. Жырдың басты кейіпкерлері Хангелді
(Райымбектің атасы), Рыскелді, Сатай, Бақай, Аралбай, Биеке
батырлар—Жетісуды жау тырнағынан босатуда ерлік көрсет
кен ірі тұлғалар. Шығармада көрсетілген жер-су атаулары да
тарихи шындықтан алшақ кетпейді. Мысалы, жоңғардың Ақа
нас, Арыс сияқты батырларына қатысты жер атаулары бүгінгі
күнге дейін сақталып қалған.
Жырда Райымбектің соғысқа мінген Көкойнақ аты тым
әсіреленіп беріледі. Көкойнақ батырдың айтқанын түсініп,
таңқаларлық іс-әрекеттер көрсетеді. Ол Қорын хан мен Әжіке
деген бай қалмақтың диалогында былайша сипатталады:
«Райымбек деген жас жігіт бар, сиқыр екенін, шайтан екенін
білмейміз. Қарсы шыққан атты омырауымен соғып жығады.
Қылыш шапқанда көз ілеспейді. Астындағы аты да сағым
сияқты...». Кейде жыршы Көкойнақ атты батырлық эпостағы
тұлпарлармен деңгейлес кейіптейді.
...Кейде аяңдап желеді,
Ойпаң жерден сырғытып,
Жарлау жерден қарғытып,
Аш бөрідей бүгіліп,
Сызып кетіп барады.
... Төрт аяқтан шыққан от,
Шақпақ тастай жылтылдап.
Келе жатыр Көкойнақ,
Ұршық еті бұлтылдап.
ғылыми қосымшалар
Жалпылай алғанда, жыршы бұл туындыда қазақ эпикалық
жырларының дәстүрлі тәсілдерін еркін пайдалана отырып,
бар өмірін елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін күрескен Рай
ымбек батырдың қаһармандық тұлғасын шындық шеңберінде
сомдауға талпыныс жасаған.
Томға ұсынылып отырған «Райымбек батыр» жырының жо
ғарыда көрсетілген басылымдары салыстырылып, мәтін түп
нұсқа (ӘӨИ, ҚҚ: Ш.813) бойынша әзірленді.
Т. Әлібек
Райымбек
Қытайдағы қазақ диаспорасының өкілі Қожабек жырау
орындаған «Райымбек» жыры алғаш 2005 жылы 15 маусымда
«Жетісу» газетінде жарияланды. Бұл туындыны М.Болысов
жырлаған жырмен салыстыра қарағанда, олардың мазмұны,
сюжеттік желісі бір-біріне мүлде ұқсамайтындығы байқала
ды. Кейінгі шығармада Райымбектің жоңғарлармен өткен со
ғыстардағы ерліктері мадақталып, Ойрантөбедегі жекпе-жекте
жаудың он жеті батырын қалай жеңгені бір-бірлеп баяндалып
шығады. Сондай бір соғыста қазақ қолы шегініп, Іле бойына
сырғиды. Мұнда Райымбектен өзге қол бастап жүрген қазақтың
да, жоңғардың да батырларының есімі аталмайды. Алдыңғы
жырда батырдың аты Көкойнақ аталса, соңғысында Ақмойнақ
деп аталады. М.Болысовта қамысты талмен қоса буып, Ілеге
өткел жасаса, Қожабек жырында әр сарбаз баулаған қамысты
атқа артып, соның көмегімен өзеннен жүзіп өтеді. Қожабек жы
рау Райымбектің әулиелігіне көп көңіл бөліп, Іле бойындағы
құмдауыт жерде оның тіккен ағашын, қылыш шаншыған жер
ден шыққан шипалы суды, ұзақ жыл қорған болып, кейін батыр
дүние салғанда тәнін Алматыға дейін алып келген Ақбураны
ерекше суреттейді. Оның Қарасаздан (Райымбек ауданы) бергі
Кегенде, Көкпекте, Сөгетіде, Шелекте алдынан қанша адам
шығып жоқтау айтса да тоқтамай, Алатаудың бөктеріндегі Ал
малы қыстағына тоқтап, сондағы бір тепсеңге шөккені баян
далады. Бұл аталған оқиғалар алғашқы жырда кездеспейді.
Жырдың тілі жатық, кестелі, дәстүрлі эпикалық стильде
құрылған.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Томға ұсынылып отырған «Райымбек батыр» жырының
мәтіні жоғарыда көрсетілген басылым негізінде әзірленді.
Т. Әлібек
Өтеген Өтеғұлұлы туралы жырлар
Өтеген
Өтеғұлұлы—жоңғар
шапқыншылығына
қарсы
күресте және одан кейінгі уақыттарда елінің тәуелсіздігіне
сіңірген орасан зор қызметімен халқының жадында мәңгі
сақталған тарихи тұлға. Оның ерлік істері «Өтеген батыр» атты
жырдың төрт түрлі версиясына арқау болған.
Оның екеуі белгілі ғалым, қазақ фольклоры мен ауыз
әдебиеті үлгілерін жинаушы, тарихшы—Әбілқасым Ділібаев
жазып алған, Тілеміс ақын жырлаған «Жорықта», «Ер Өтеген»
жырлары.
Тілеміс Есболовтың орындауындағы «Жорықта» атты
жырда Өтеген батыр ретінде алғаш таныла бастаған кез
де оның ерліктеріне тәнті болған Төле оны сынай түсу үшін
жақын маңдағы бейіттің ағаштарын отын қылу үшін алып
келуге жұмсағаны, Өтегеннің бидің алдын ала көрдің ішіне
отырғызып қойған адамдары қарсылық жасап, өлі әруаққа
қиянат жасағанын айтып қорқытқысы, ұялтқысы келгеніне на
зар аудармай: «Өлі әруақ, тыныш жат! Тірі әруаққа ас пісірем!»
деп бейіттің ағаштарын алып кеткені баяндалады.
Жоғарыда мазмұндалған сюжеттік мотив қазақ тарихи жыр
лары мен аңыздарында көптеген батырларға таңылу арқылы
формулалық сипатқа ие болған. Мысалы, Ақыт Үлімжіұлы
жырлаған жырда Абылай Жәнібекті осылайша сынаса, жырдың
өзге нұсқасында Абылайды Қабанбай алмастырады.
Ендігі бір жырда Қабанбай осылайша Шақшақ Жәнібекті
сынайды. Ағыбайдың, Сұраншының және өзге де батырлардың
осындай оқиғаны бастан кешіргені туралы аңыздар бар. Бұл
жыр мәтіні ОҒК Сирек қорында сақталған (Ш.833) қолжаз
ба бойынша ұсынылып отыр. Бұл жырдың қолжазбасын
Әбілқасым Ділібаев 1943 жылы Алматы қаласында Тілеміс
Есболовтың ұлы—Қасымхан Тілемісовтің қолжазбасынан
көшіріп алған. Қасымхан Тілемісов 1943 жылы Жамбыл
облысының Қордай ауданында 55 жасында қайтыс болған.
ғылыми қосымшалар Жырдың Тілеміс ақын айтқан «Ер Өтеген» жыры Өтегеннің ата-бабалар әруағының жәрдемімен ғайыптан пайда болуын су реттеуден басталады. Бұл нұсқа Қазақстан Республикасы ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазба қорындағы 833-бумада сақтаулы. Бұл нұсқаны Әбілқасым Ділібаев Қасымхан Тілемісовтің қолжазбасынан көшіріп алған. Жырдың композициялық құрылымы да, сюжеттік желісі де, образдар сомдау тәсілі де ескі заман жыршыларының көне сүрлеуінен адаспайды. Өткен өмірдің көріністерін ашып көрсету, сол арқылы халықтық мұраттарды насихаттау классикалық қаһармандық эпос үлгілеріндегідей, мұнда да бас кейіпкердің басынан өткен жағдайларды хронологиялық тәртіппен тізбектей баяндау арқылы жүзеге асқан. Соған орай, бас кейіпкердің бейнесінде оны батырлар жырының өзге де қаһармандарымен ұқсататын нышандар мол. Оның бір белгісі— Өтегеннің кереметтің күшімен туған айрықша тұлға екендігі бейнеленуі. С.Қасқабасов: «Енді кейіпкер—батыр дүниеге келерде, міндетті түрде бір төтенше оқиға болады; болашақ қаһарманның не әкесі, не шешесі қаза болады, я болмаса, олар қуғында жүреді. Немесе ол туар кезде елді жау шабады, т.т.»1,—деп атап көрсеткен қаһармандық эпосқа ортақ сипат Тілеміс айтқан нұсқада Өтегеннің оба індеті қарсаңында, әке-шешесі бір пер зентке зар болған заманда өмірге келуінен, оның сәби шағында Өтеғұлдың қайтыс болуынан аңғарылады. Халыққа Жерұйық қоныс іздеу—барлық халықтардың айрықша бір қиыншылыққа тап болған сәттерінде қылаң беретін әлеуметтік утопиялық сарын. Қазақ әпсаналарында Асан Қайғының, оның қызы Жұпардың Жерұйықты іздеуі баяндалады. «Өтеген батыр» жырының Жамбыл және бірқатар өзге де жыршылар жырлаған нұсқасының бас кейіпкері де осындай мақсатпен сапар шегеді. Бұл томға ұсынылып отырған «Өтеген батыр» жыры—осы жырдың Жамбыл ақынның айтуынан Жаманкеев Әбдіғаппар 1 Қасқабасов С. Ертек пен эпостың сюжеттік типологиясы // Қазақ фольк лорының типологиясы. — Алматы: Ғылым, 1981.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жазып алған нұсқасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
мұрағаты қорында сақталып, көп уақыт бойы ғылыми қауымға
беймәлім болып келген бұл нұсқаны М.О.Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Ра
фат Әбдіғұлов іздеп тауып, «Мүйізді Өтеген батыр» атты
мерейтойлық жинақта жариялаған болатын. Бұл нұсқа
жарыққа шыққанға дейін Жамбыл Жабаев шығармалары
ның әр жылдары баспадан шыққан жинақтарында Тайыр
Жароков жинаған нұсқа жарияланып келді. Соңғы аталған
нұсқаның 1957 жылғы жарияланымына ғылыми түсінік бер
ген Қ.Тұрғараевтың: «Поэманы 1937 жылы Тайыр Жароков
жазып алған. Жамбыл қайта жырлағанда, поэманың кіріспе
және қорытынды бөлімін совет шындығына байланыстыра
қосқан» деп жазуына қарағанда, бұл нұсқаның Тайыр Жа
роков жазып алған алғашқы нұсқасы мен оқырман қауымға
Жамбыл Жабаев шығармаларының жинақтары арқылы жақ
сы таныс нұсқасы арасында елеулі айырмашылықтар болғаны
байқалады. Өкінішке орай, бұл нұсқалардың алғашқылары
бізге жетпеген.
Жамбыл жырлаған «Өтеген батыр» жырының осы уақытқа
дейін әлденеше рет жарияланған нұсқасында ақынның өзі
айтып отырған жыр туралы: «Хикая емес, бұл өзі өз жаным
нан шығарған» дей келіп, бұл шығарманы қандай өнерпаздан
үйренгенін нақтылап айтудан тайқып, бұл жырды желден,
тағы құлжадан, бұлбұлдан, қыраннан, толқыннан, шөптен,
гүлден, жұлдыздан, сай-саладан естігенін айтып, ақыр соңында
ғана: «Бұл жырды мен естігем жыршыдан, ақын қауымнан»
деп мойындайды. Мұнда ақын қазақ жыршыларының дәстүрі
нен алшақтап, «Манас» жырын айтушылардың өздерінің
нақты ұстазы бар екенін мойындамай, репертуарларындағы
жырдың оларға аян арқылы дарығанын баяндау дағдысына
бойұрушылықты аңдатады. Қалай дегенде де, бұл тұста
Жамбылдың шындықты саналы түрде бүркемелегенін Сапар
ғали Бегалинге шапырашты руының қариялары бұл жыр
ды ертеректе Күсеп ақын, одан кейін Сүйінбай жырлағанын,
жаңа заманда елдің қонысы тарылған кезде Жамбылдың қайта
жаңғыртып жырлағанын айтуы дәлел.
Халық аңыздары мен жырларының көпшілігінде Өтегеннің
қос мүйізі болғандығы атап өтіледі. Жамбыл оны «батырлық
ғылыми қосымшалар
тың белгісі» ретінде түсіндіреді. Дегенмен, әлем халықтары
адамға біткен қос мүйізді барлық қасиеттері жағынан теңдесі
жоқтықтың нышаны деп есептегені екі дүниенің билеуші
сі саналған Ескендір Зұлқарнайынның да осындай белгісі
болғанынан аңғарылады. Жамбыл жырлаған нұсқада Өтеген
нің адамдармен қақтығысы суреттелмейтінінің, оның қарсы
ластары айдаһар, абжылан, жезтырнақ секілді мифологиялық
жануарлар екендігінің де сыры сонда жатқан тәрізді.
Жырдың Т.Жароков жазып алған нұсқасынан кейін жа
зылып алынған Ә.Жаманкеев нұсқасында алдыңғы аталған
нұсқадағы тағы да бірқатар мотивтер қайталанбайды. Мы
салы, соңғы нұсқада батырдың жезтырнақты өлтіргені бір
сөйлеммен ғана баяндалса, алдыңғы нұсқада ол кеңінен
суреттеледі. Соңғы нұсқада дүние жүзін кезген Өтеген ең
соңында Қорқыттың жолына түскені айтылса, алдыңғы
нұсқада бұл баяндаудың орнын Өтегеннің қорыққан кейпін
танытатын «Қобызындай Қорқыттың безілдеді қалтылдап»
деген сөйлем ғана кездеседі.
Сүйінбай жырлаған нұсқада2 Өтеген өз елінің Қоқаннан
зорлық көріп, ел қорғайтын батыр жоқтығының зарын тартқан
кезде, халқын көп күттіріп, асыға тостырып барып, дүниеге
келеді. Ақырында ақ сақалды сары тісті бір кәрі шал әлемдегі
жан біткеннің, тіпті аң-құстың, дию, пері, жындардың—
барлығының тілін білетін, солардың күллісіне әмірі жүретін,
ешқандай жаудан жеңілмейтін, дәл он екі жасында жау
дан кекті әперетін Өтеген атты батыр дүниеге келгенін бол
жап айтады. Сүйінбай жырлаған нұсқа басынан аяғына дейін
тұтастай фольклорлық мотивтерден құралған. Ол мотивтердің
көпшілігі көне дәуірден келе жатқанын ғайыптан пайда болу,
қаһарманның жан-жануардың барлығының тілін білуі секілді
алғашқы қауымдық құрылыс адамдары сана-сезімінің жемі
сі екенінен байқаймыз. Бұлардың соңғысы аңшылық дәуір
адамының тотем-баба туралы түсінігі мен наным-сенімдерінің
нәтижесі екені дәлелденген.
«Бабалар сөзінің» 59-томына Өтеген туралы жырлардың
Тілеміс Есболовтан жазылып алынған «Өтеген батыр», «Жо
рықта» деп аталатын екі нұсқасы және Жамбыл Жабаевтың ай
2 Сүйінбай. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1990. — 23-27-бб.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
туынан Жаманкеев Әбдіғаппар жазып алған, қазір Қазақстан
Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатында сақтаулы
нұсқасы енгізілді.
Томға ұсынылып отырған «Өтеген батыр» жырының мә
тіндері ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақталған түп
нұсқаларынан еш өзгертусіз дайындалды.
С. Сәкенов
Жәнібек батыр
Жырда ХVІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар соғыстары кезінде ел
басынан өткен дүрбелең оқиғалар және қазақ батырларының
Абылай хан айналасына топтасып қалмақтарға күйрете соққы
бергені әсерлі баяндалады.
«Жәнібек батыр» тарихи жырының бірнеше нұсқасы
бар. Олардың көпшілігі көршілес Қытай еліне қарасты Ал
тай аймағының қазақтары арасында аңыз-әңгіме түрінде ай
тылып келіп, ХХ ғасырдың бас кезінде өлең түрінде хатқа
түскен. Эпостың көлемді бір вариантын 1927 жылы Тарбағатай
өңірінің тумасы, өзінің айтуынша, Керей Жәнібек батырдың
бесінші ұрпағы болып саналатын Ыбырай деген кісі жазып та
ратса, екінші бір нұсқасын Алтай аймағының белгілі ақыны,
Қытай қазақтарының рухани көсемдерінің бірі—Ақыт қажы
Үлімжіұлы шығарғаны мәлім. Екі ақын жырлаған «Жәнібек
батыр»
нұсқаларының
ұқсастықтарымен
қатар,
өзіндік
ерекшеліктері де бар. Ыбырай да, Ақыт та алдымен жыр
кіріспесін керей руының шежіресін, оның ішінде Жәнібек ба
тырдың ататегін тарқатудан бастайды. Айырмасы—біріншісі
керейдің бел баласы Жаубасардан бергі ата-баба жалғастығын
үзбей, түптеп, тергей таратса, соңғысында керейдің сегізінші
ұрпағы Жантекейден—Сүйіндікті, одан Алтыны, одан Са
рыны, одан Бердәулетті, одан ер Жәнібекті өрбітеді. Яғни
Ыбырай ақын атасының Абылайдың ақ туы астында жоңғар
басқыншыларына қарсы күрескен ерлігін қысқаша ғана су
реттеп, есесіне Жәнібектің 12 ата абақ-керейлердің көсемі
әрі батыр, әрі би, әруақты батыр болғандығына көбірек назар
аударған.
ғылыми қосымшалар
Ақыт болса, Жәнібектің батырлық мінезін, ерекше жара
тылысы мен ерлік әрекеттеріне баса назар аударғанын көреміз.
Бұл жырда ақын Жәнібектің төрт ерлігіне тоқтап, сол арқылы
батырлық даңқын әсірелей сомдаған. Батыр он сегіз жасын
да қалмаққа қарсы қол жинап жатқан Абылайдың әскеріне
қосылады. Сол жолы сапарда Жәнібек ұйықтап жатса жалаңаш
кеудесіне улы жылан өрмелеп келеді екен. Батыр аузын аша
ды да, аузына кірген жыланның басын тістеп, жұлып ала
ды. Бұл—оның алғашқы ерлігі. Жәнібек тағы бірде демалып
жатса, жыртқыш аю келіп бас салады. Батыр қатты ақырып
жібергенде әлгі аю жүрегі жарылып өледі. Жәнібектің үшінші
ерлігі қалмақтың бас батыры Садырды жекпе-жекте өлтіруі
еді. Ал төртіншісі—соғыста Абылай ханның Ақтаңгер аты
өліп жаяу қалғанда Жәнібек көк дөненін көлденең тартады.
Хан қараның атына мінгісі келмейді. Сонда Жәнібек Абылайға
қылыш көтеріп, ханды қорқытып, атқа қондырыпты-мыс.
Тарихи жырда Жәнібектің образы батырлық эпосқа сай бей
неленген. Мәселен, оның батырға лайық ат таңдауы, ханның
сынынан өтуі, жекпе-жекте ерлік көрсетіп, жаудың бас баты
рын жеңуі, жауға қатал, елге қамқор болуы, керей тайпасының
басшы биі әрі көсемі қызметін атқаруы, аты ұранға шығуы
тәрізді мотивтер тайпалық эпос қаһармандарына тән қасиет
және қазақтың қас батырларының негізгі сипаты осы тектес бо
лып келеді.
Қазақ арасында керей Жәнібек батырдан басқа, тағы екі
Жәнібек батыр туралы тарихи жыр кең тараған. Оның бірінде
ХVІ ғасырдың екінші жартысында қазақ хандығының негізін
қалаушылардың бірі—Жәнібек ханның ерлік жорықтары аңыз
түрінде баяндалса, екінші бір нұсқада ХVІІІ ғасырда Әбілхайыр
ханның маңында болып, жоңғар шапқыншыларына қарсы
азаттық қозғалыстарына белсене қатысқан белгілі қолбасы,
мемлекет қайраткері—Шақшақ Жәнібек тархан жайындағы
тарихи оқиғалар эпостық сарында қызықты жырға айналған.
Ыбырай ақынның айтуына қарағанда, керей Бердәулетұлы
Жәнібек батырдың есімін осы аталған Шақшақ Қошқарұлы
Жәнібек тархан өзі ырымдап қойса керек. Соңғы екі Жәнібек
батыр туралы тарихи жырлардың қолжазбасы ҚР БҒМ ОҒК си
рек қорында (Ш.585, 1-дәп., Ш.778, 3-дәп.) сақталған. Оларды
ТАРИХИ ЖЫРЛАР жырлаушылар—халық ақындары Орынбай Тайманұлы мен Иманжан Жылқайдарұлы. «Бабалар сөзі» сериясының кезекті томына ұсынылып отыр ған «Жәнібек батыр» жыры ӘӨИ Қолжазба қорында сақтаулы түпнұсқадан (ҚҚ: Ш.330, 8-дәп.) еш өзгертусіз алынды. С. Қосан Мырқы батыр Жырдың бірнеше нұсқасы сақталған. Эпостық мұраны бүгінге жеткізушілердің бірі—халық ақыны Әшім Нұрлыбаев. Оның жазуынша, ақын «Мырқы батыр» эпосын Кәрібоз деген беделді кісінің өтінішімен, бұрынғы қиссаның ізімен қайта өңдеп, дамыта жырлағанға ұқсайды. Ақынның: Бұл қисса түгелімен жазылған жоқ, Баяғы Байсейіттен қалған сұрап, —деген мәліметіне қарап, аталған шығарманы Әшімнен бұрын да жырлаушы, орындаушы өнерпаздардың болғандығын аң ғару қиын емес. Ұзын саны 5000 жолға жуық «Мырқы батыр» жырының мұнан өзге Бөрі ақын жырлаған «Төрт батыр қиссасы» (1963) және «Төрт батыр» (1967) нұсқалары сақталған. Бірінші нұсқаны фольклоршы Б.Адамбаев Қарағанды экспедициясы кезінде ел арасынан жазып алса, екіншісін К.Есжанов жинап тапсырған3. Әшім Нұрлыбайұлы жырлаған «Мырқы батыр» жырының тағы бірнеше варианты бар. Олардың алғашқысын институтқа 1959 жылы жыршының өзі жіберген болса, екіншісін К.Ниетбаев тапсырған. Сондай-ақ қолжазба қорында «Мырқы батырдың» 1963 жылы Ә.Сағымбайұлы өткізген нұсқасы сақталған [Ш.525., 1,2-дәп.] Аталған жырдың Дүйсен Шопанұлы жинаған тағы бір варианты 2007 жылы жарыққа шықты4. «Мырқы батыр» эпосы—тарихи жыр жанрына жата тын фольклорлық шығармалардың арасындағы ең көлемді жырлардың бірі. Аталған жыр сюжеті Қазақстанның Жетісу 3 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. —Алматы: Ғылым, 1975. —305 б. 4 Шопанұлы Д. Жәдігер. —Алматы: «Информ-А», 2003. —80-190 бб.
ғылыми қосымшалар
өңірі мен оңтүстік аймақтарына қолжазба күйінде тараған.
Шығарма тақырыбына қазақ елінің жоңғар шапқыншылы
ғы тұсындағы (ХVІІІ ғ.) қасіретті жай-күйі, қазақ, қырғыз
халықтарының сыртқы жауларға қарсы бірлескен ерлік
күресі арқау болған. Жырда кездесетін Қабылан би, Мүйізді
Өтеген, Қабанбай батыр сынды тұлғалардың шынайы бейнесі
шығарманың тарихилығын бекіте түсетін негізгі айғақтар
дың бірі. Соған қоса Мырқы, Шора, Сұртай секілді қазақ
батырларының басынан өткен сұрапыл оқиғалар да тарихи
тұрғыдан нақты әрі нанымды баяндалады.
Жырдың сюжетінде тарихи оқиғаларды боямасыз сурет
теумен қатар, көне эпос мотивтерін де пайдаланылғанын
байқаймыз. Мәселен, Сұртай батыр мен Аққасқыр батыр со
ғысқанда пірлерінің айдаһар кейпінде келіп, екеуін татулас
тыратын тұсында осындай ескі сарындар белең алған. Шығар
мада бірде Күләйім, бірде Күләнда аталатын қыздың әрекеті
«Алпамыс» пен «Бозұғлан» жырларындағы Қаракөзайым
ның бейнесін еске түсіреді. Қалмақ аруы—ханның қызы зын
данда жатқан қазақ батырларына азық-түлік, қару-жарақ
пен тұлпар ат әзірлейді, ақырында Сұртай батырға ғашық бо
лып, оларға қол ұшын береді. Осы тектес мотивтер көптеген
классикалық эпостарға да («Қобыландыдағы»—Қарлыға,
«Алпамыстағы»—Қаракөзайым т.б.) тән.
Жалпы «Мырқы батыр» жырының нұсқалары қолжазба
арқылы көп тарағандықтан, эпос мәтіні біршама тұрақтанған.
Дегенмен аздаған ауытқулар, артық-кем шумақтар ұшырайды.
Мысалы, кіріспедегі 28-жолдан кейін «Атамыз оқымаған на
дан халық» деп басталатын 10 тармақ 1959 жылғы нұсқада
түсіп қалған. Керісінше, 2003 жылғы кітапта («Жәдігер». Құр.
Е.Дүйсенұлы, С.Қосан) Әшім Нұрлыбайұлы нұсқасының соңғы
38 тармақ мәтіні кем басылды.
«Бабалар сөзі» сериясының кезекті 59-томына ұсынылып
отырған «Мырқы батыр» эпосының мәтінін баспаға әзірлеу ба
рысында жоғарыда айтылған олқылықтар ескеріліп, жырдың
қолжазбалары жан-жақты салыстырылып, толықтырылды.
Мәтін М.Әуезов атындағы ӘӨИ Қолжазба қорында сақталған
түпнұсқадан (ӘӨИ. ҚҚ: Ш.337, 7-дәп.) еш өзгеріссіз әзірленді.
С. Қосан
Мәтіндерде кездесетін тарихи
және діни есімдер
Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және
қиямет-қайымды жаратушы, Ислам дінінің баршаға бірдей,
жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: Алла—жалғыз, Алла—мәң
гілік, ол тумайды да туылмаған, әрі оған ешкім тең емес.
Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәниде істеген қылықтарын та
разылап, біреулерін—жұмаққа, басқаларын тозаққа жібереді.
Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мезгіл-
мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Атап айтқанда, Мұса
(Моисей) мен Иса (Иисус) осындай өкілдер болды. Мұхаммед—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен 23 жылда толық
түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккедегі
Қағба болып саналады: онда аспаннан Алла жіберіпті деп
есептелетін қасиетті қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым
дылығын, т.с.с. басқа өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан
тоғыз тамаша есімдері көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық),
Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Ра
хым (рақымды), Халық (жаратушы), Шәріф (қасиетті), Ахад
(жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді)
т.б.
ғылыми қосымшалар
Алланың атын зікір ету рәсімі Әлхамдулиләһи, Сұбхан
Аллаһ, Аллаһу Акбар деген мадақ сөздерді отыз үш реттен іштей
күбірлеп, тасбих тастарын санамалау арқылы жүзеге асады.
Абылай хан, Әбілмәнсұр (1711-1781) — ұлы мемлекет
қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі—Жошы хан,
бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған әз-Жәнібек,
одан соң Еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Жәңгір
ханнан—Уәлибақы, одан—Қанішер Абылай, оның ұлы Көркем
Уәлиден Әбілмәнсұр туған. Қанішер Абылай (Әбілмәнсұр)
«Ақтабан шұбырындыда» жетім қалып, үйсін Төле бидің
қолында түйе бағады. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп
кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қояды.
Абылай 1730-33 ж.ж. аралығында болған бір ұрыста қалмақтың
бас батырын жекпе-жекте шаншып өлтіреді. Үлкен атасының
әруағын шақырып, жауға «Абылайлап» ат қойған жас жігіт
жеңісті соғыстардан кейін Абылай аталып, қазақ даласындағы
беделді билеушілердің біріне айналады. Мұнан кейінгі сана
лы өмірін қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуға арнап,
ат үстінен түспеген. Сүйегі Түркістан қаласындағы қожа
Ахмет Иасауи кесенесінің ішіндегі Қабырхана мен Ақсарай
арасындағы дәлізде жерленген.
Айдабол би Сүйіндікұлы — би, шешен. Тәшкен қаласы ма
ңында туып-өскен. Оның ғибратқа толы сөздері ел аузында на
қыл болып қалған. Әділдігі сондай—бір дауда «Төрелігім дұрыс
болмаса, ұлым Тайкелтірді ат құйрығына салып өлтіремін» деп
ант ішкені туралы аңыз сақталған. Арғын тайпасының ішіндегі
сүйіндік руының бір атасы Айдабол бидің есімімен аталады.
Көкшетау өңіріндегі Айдабол көлі, Айдабол кенті т.б. атаулар
би есімімен байланысты туған.
Аюса (шын аты—Аюке)—шежіре деректеріне сүйенсек,
Өтегеннің жалайыр руынан алған зайыбы—Айғаным Қосағал,
Қосдәулет, Бертіс, Асау, Ылау, Аюса, Тарпаң атты атты жеті
ұл табады. Батырдың кіші әйелі—Нұржаннан туған ұлының
аты—Базарбай. Белгілі тарихшы Ә. Ділібаевтың зерттеулеріне
қарағанда, Аюса—Өтегеннің асырап алған ұлы. Бірақ батыр
оны өзге ұлдарынан артық көрген және ең маңызды мәселелерді
шешуге Аюсаны жұмсап, қолқанат еткен. Аюса ер жүрек, туыс
тарына адал, жорықтарда әкесінің жанынан табылатын ел
24-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
гезек жан болыпты. Қазір оның ұрпақтары Жамбыл облысы,
Мойынқұм ауданы, Өтеген аулында тұрады.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті
халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі.
Жаулары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болған-
мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам,
самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі
көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан
дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың
басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.
Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер
тіркесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз
әдебиеті үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды
пырақ-аттың нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір
сүреді.
Баба Түкті Шашты Әзіз—қазақ ауыз әдебиетінде жиі
кездесетін бейне. Ол туралы аңыздардың бірінде есімі Баба Тук
лас деп көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар ара
сында әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар
ең алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба Түкті
Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген
болжамдар бар.
Бөгенбай батыр—арғынның қанжығалы деген тармағы
нан шыққан, жоңғар шапқыншылығына күресте асқан ерлі
гімен, тамаша қолбасшылық дарынымен танылған тарихи
тұлға. Тәуке ханның көзі тірісінде шақырылған құрылтайда
қазақ әскерінің қолбасшылығына тағайындалған Бөгенбай
1723 жылы қазақ жеріне тұтқиылдан баса-көктей енген жоң
ғылыми қосымшалар
ғар басқыншыларына Бұланты өзенінің жағасында Саурық,
Тайлақ, Малайсары батырлармен тізе қоса отырып, алғаш
рет тосқауыл қойып, жеңіске жеткен. Ақтабан-шұбырынды
оқиғасынан кейінгі барлық елеулі қақтығыстарға қатысқан
Бөгенбайдың Қабанбай батырмен бірлесе қайрат көрсету
арқылы Арқа менен Алтайды жаудан азат етіп, қазаққа қоныс
етіп қалдырғаны Үмбетей жыраудың атақты шығармасында
арнайы атап өтіледі.
Жанәбіл—қазақ халқының мифологиялық дастандарын
да («Зарқұм» т.б.) кездесетін мұсылмандарға қас кәпір пат
шасының баласы. Әлимен неше күндей ұрысып, соңында же
ңілісін мойындап, ислам дініне кіреді және кәпірлерге қарсы
күресетін кейіпкер ретінде суреттеледі.
Жасыбай батыр—ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының жоң
ғар шапқыншылығына қарсы күресінде айтулы батыр, дарын
ды қолбасшы ретінде айрықша танылған тарихи тұлға. Арғын
руынан шыққан. Ел арасында сақталған аңыздарда қапылыста
қалмақтардың қолынан қаза тапқаны баяндалады. Арқадағы
Жасыбай көлі батырдың құрметіне қойылған атау.
Жидебай батыр—арғын руынан шыққан атақты батыр,
айтулы қолбасшы. Ел аузында оның ержүрек әрі айлалы батыр
болғандығы туралы аңыздар көп сақталған.
Жүсіп—Жақып пайғамбардың кіші ұлы, пайғамбар, Құ
ранда оған көлемді сүре арналған. Сүреде оның тарихы толық
қамтылған. Інжілде ол Сұлу Жүсіп (Иосиф Прекрасный) деп
аталған.
Жүсіп пайғамбар туралы аңыз-әңгімелерді негізге ала оты
рып, Фердауси Тусиден бастап көптеген шығыс ақындары
жүзден астам дастан, жыр, поэма жазған. Қазақтарда да осы
тақырыпқа арналған ХІХ ғасырда баспа бетін көрген дастан
бар.
Зұлқарнайын—даңқты қолбасшы Александр Македонский
ді шығыс халықтары осылай атаған. Арабшадан аударғанда
«қос мүйізді» деген мағынаны білдіреді.
Қабанбай батыр Қожақұлұлы—1692 жылы қазіргі Шығыс
Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Барлық тауында дүниеге
келіп, 1770 жылы сонда қайтыс болған. Азан шақырып қойған
есімі—Ерасыл. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына
қарсы күресте ерекше көзге түсіп, талантты қолбасшы ретінде
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
аты шыққан. Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт ата
сынан.
Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының, сондай-ақ
қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни аңыздарында
жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық образ.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қыдыр бейнесін көне
архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте
се, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қыдыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.
Қазақ фольклорында Қыдыр баба [Хызыр]—ел аралап
жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әртүрлі қиындықтардан қорғаушы.
Қырық шілтен—Мифологиялық түсінік бойынша, адамды
қолдап жүретін, бірақ көзге көрінбейтін рух, Қыдыр.
Наурызбай батыр—шапырашты руынан шыққан атақты
батыр, талантты әскербасылардың бірі. Оның «Ақтабан—
шұбырынды» оқиғасынан кейінгі кезеңде елді азат ету ісіне
айрықша үлес қосқанын осы жинаққа енген «Ер Өтеген» жы
рымен қатар, Қаскелен, Шамалған секілді айтулы қалмақ ба
тырларын жекпе-жекте өлтіргендігі жөніндегі ел аңыздары да,
Бұқардың әйгілі толғауындағы:
«Қалданменен соғысып,
Жеті күндей сүрісіп,
Сондағы жолдас адамдар»,—деген тармақтардан
соң есімдері аталатын атақты батырлардың арасында сөз болуы
да айғақтайды.
Олжабай Төлебайұлы (т.ө.ж. белгісіз)—ХVІІІ ғасырда өмір
сүріп, қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған белгілі
батыр. Сүйегі Орта жүз арғын тайпасының сүйіндік руынан,
оның ішіңде айдабол аталығынан тарайды. Ол туралы тарихи
деректер сақталмаған. Бірақ ел жадында қалған жыр, аңыз
әңгімелерге қарағанда, Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Ма
лайсары батырлармен жақын болып, ірі шайқастарда қоян-
қолтық қимыл жасаған. Олжабай—Абылайдың ту ұстаған
батырларының бірі («Ала ту» деген лақап атқа ие болған). Оның
көптеген жорықтарына қатысып, хан жау қолына тұтқынға
түскенде құтқаруға елеулі еңбек еткен. Абылай оны «Қу жар
ғылыми қосымшалар
ғақ» (атқан оқ Олжабайға дари бермеген соң, солай атап кет
кен) деп те атап кеткен. Халық ауыз әдебиетінде Олжабай
бейнесі тым асыра суреттеледі. Дегенмен ол қазақ жерін жоңғар
шапқыншыларынан азат етуде елеулі еңбек сіңірген.
Өтеген батыр Өтеғұлұлы—1699 жылы Шу өзені бойын
дағы Изенді өңірінде дүниеге келіп, 1773 жылы Іле өзені
бойындағы Шолақтерек, Шеңгелді өңірінде қайтыс болған.
Жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр, қолбасшы.
Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет ба
тыр 1643 жылы қоңтайжының 50 мың әскеріне соққы берген
Салқам Жәңгірдің сапында болғаны айтылады.
Рүстем—Ежелгі Иран аңыздарының әйгілі батыры, «Шаһ-
наме» эпопеясының бас қаһарманы. Ол шығыс халықтарында
қаһармандық үлгісі ретінде дәріптеледі.
Төле би—ХVІІІ ғасырда қазақ халқын билеген әйгілі үш
бидің бірі. Тарихшылар Төле, Қаз дауысты Қазыбек және
Әйтеке билер Тәуке хан кезінде қабылданған «Жеті жарғы»
атты заңдар жинағының авторлары болған деп біледі. Бұл үш
бидің ХVІІІ ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы тұсында ұлтты
ұйыстырып, ұлт-азаттық күресте жеңіске жетуді қамтамасыз
етуге айрықша ықпал еткені даусыз.
Түкеұлы Райымбек (1730-1814)—жоңғар басқыншылы
ғына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. Сүйегі албан тайпа
сының алжан руынан тарайды. Атасы Хангелді батыр
1733 жылы ұлы жүздің беделді адамдары Төле би, Қодар би, Са
тай, Бөлек батырлармен бірге орыс патшасы Анна Иоановнаға
елші жіберіп, Ресейдің қоластына алуын өтінген. Райымбек
17 жасында жоңғар шапқыншыларымен болған ұрыстарда
ерлік көрсетіп, батыр атанған. Бейбіт кезеңде халық арасын
да әулие ретінде танылған, оның келешекті болжағаны тура
лы ел жадында көптеген аңыз, әңгімелер қалған. Райымбектің
есімімен аудан, ауыл, көптеген көшелер аталады. Соның бірі—
Алматыдағы өзінің зираты жатқан Райымбек даңғылы. Оның
ерлігі мен өнегелі өмірі жөнінде көркем, публицистикалық
шығармалар жазылған.
Фатима, Бибі-Бәтима (635 ж.ө.)—Мұхаммед пайғамбар
дың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі, Хасан мен Хұсайын
ның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір тұтатын қасиетті
әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ ғасырларда,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің ықпалы күшеюіне
байланысты туып қалыптасса керек. Фатима шииттердің діни
хикаяларының ең басты қаһармандарының бірі. Көптеген
мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежелгі нысана
«Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір үмітсіз
ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар деп
саналған.
Шабден—қырғыздың манабы, Жамбыл мен Құлмамбет
ақындардың тұстасы. Ол мырзалығымен аты шыққан қазақ-
қырғыз арасында беделді кісі болған.
Шора батыр—1. Шора Нәрікұлы батыр, тарихи тұлға. Кіші
жүздің жетіру тайпалық бірлестігінің тама руынан шыққан.
2. Шора ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген аты
әйгілі құсбегі. Жалайыр руынан шыққан. Ауыз әдебиеті жан
рында батырлар, тарихи тұлғалар жайлы қайталау, алмасу көп
болғандықтан, жырдағы Шора есімі анық емес. Дегенмен бұл
жырда дулаттар мен жалайыр руы көп сөз болғандықтан, Шора
батырды осы жалайыр Шорамен байланыстыруға болады.
Ілияс (Илияс, Илья)—көне иудей, христиан аңыздарында
Ілиястың есімі әулие ретінде аталады. Оның аты ежелгі иудей
құдайларының бірінен шыққан дейтін пікір де бар. Исламда
Ілияс пайғамбардан гөрі, әулиеге жақын.
Түркі халықтарында Ілиястың есімі Қыдыр әулиемен бай
ланыстырылып, «Қыдыр-Ілияс» деп те атала береді. Кейде
оны «Қызыр» деп атайды. Қазақ фольклорында Ілиястың есімі
жиі ұшырасады. Әдетте, ол адамдарға Қыдыр әулие (ақсақал)
түрінде көрініп, әртүрлі қиындықтардан қорғап жүреді. Кейде
Ілиястың жанында «шілтендері», яғни қырық көмекшісі еріп
жүреді. Олар ғайыптан пайда болып, фольклорлық шығарма
ның басты кейіпкеріне (әсіресе батырлық жырлар мен ертегі
лерде) қол ұшын береді. Қазақтар «Қыдыр дарып, бақ қонсын»
деп баталасады. «Қырықтың бірі—Қыдыр» деген мақал да бар.
СӨЗДІК* Берен /к.с./—1) қымбат асыл мата; 2) болаттан жасалған ба тырлар киетін сауыт; 3) ұңғысы ұзын шиті мылтық Ғаріп /а/—бейшара, мүсәпір, міскін Ғасыр—әскер, қосын деген мәнде Дара /к.с./—өлім жазасына бұйырылған адамды асып өл тіру үшін құрылған ағаш. Кей жерлерде ат тағалайтын ағашты да дара деп атайды. Жөпшенді /қ/—жарамды, толымды, тәп-тәуір Жұлқар /қ/—түйенің алдыңғы екі күрек тісі Зияфат /а/—көмек, жәрдем мағынасында Илаһи /а/—Құдай, Құдірет, Тәңір; иләһи—Құдайлық (іс) Күзер /к.с./—көпір, өткел Қорамсақ /к.с./—садақ, жай оқтарын (жебенің) салып жү руге арналған оқ салатын қалта. Қорқабы /к.с./—мас болып мінез көрсету деген мағынада Құрса /ж.с./—бір нәрсені тұтастырып басу, сірестіру Машы /ж.с./—көркі, кейпі Мүбәрак /а/—құтты, қайырлы, сәтті Мінәсар /а/—жарамды, үйлесімді Пазыл, базыл /а/—артық, ең жақсы; көргенді, өнегелі, аб зал; адам аты Памит /о/—жады, есте сақтау Рабат /к.с./—хан сарайы; ортағасырлық бектер мен патша лардың резиденциясы; қала шетіндегі (сыртындағы) қосымша елді мекен. * Басқа тілдерден енген сөздердің бірнеше мағынасы болуы мүмкін, сондықтан мәтін мазмұнына байланысты беріп тұрған мағынасын ғана сөз етеміз
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Сарамжал /к.с./—бәрін орын-орынға келтіріп тұратын
ысылған ұқыпты, бесаспап жан.
Солақ /к.с./—түрме, абақты, зындан
Сүлде—тас құдай деген ұғымда
Талығым /к.с./—бақытым, болашағым деген мәнде
Уаң /қыт./—ең жоғарғы, ардақты деген мағынада
Хұрнан /қал./—қалмақтардың жорыққа шақыратын му
зыкалық аспабы
Шалма /қ/—құрықтың ұшына байланған тұзақ
Жер-су атаулары
Ағанас—Алматы облысы, Райымбек ауданының аумағын
дағы Торыайғыр тауының түстік етегіндегі жазық жер. Халық
жадында сақталған аңыздарда аты бәйгеден озған шабандоз
жігіттің есімімен аталғандығы айтылса, «Райымбек батыр»
жырында қалмақ ханының аты делінеді.
Ақмешіт—қазіргі Қызылорда қаласының орнында бол
ған көне бекініс орны. Ол 1817 жылы салынған. А.И.Добро
смысловтың дәлелдеуі бойынша, бекіністі Қоқан ханы Омархан
салдырған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған елуге жуық
үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.
Бекініс орыс әскерлері келген кезден «Перовск форты» болып
аталған. Қазан төңкерісінен кейін Ақмешіт аты қайта берілді.
1925 жылы оған Қызылорда аты беріліп, 1929 жылға дейін
Қазақстанның астанасы болып тұрды.
Ақсай—Алматы облысының Райымбек ауданындағы ауыл
дың атауы. Мұндай елді мекендер мен жерлердің атауы Қазақ
станның ауқымында жиі кездеседі.
Ақшоқы—Райымбек ауданындағы Кеген өзенінің солтүстік
шығысындағы тықыр, алыстан ақ түсті болып көрінетін шоқы.
Алакөл—Алматы облысының Балқаш-Алакөл ойпатының
шығысындағы бұрынғы Семей облысымен екі арадағы тұзды
көл. Алабы 2650 кв/м., тереңдігі—45 м. Бұған Емел өзені,
Тарбағатай тауынан Қатынсу өзені құяды. Алакөл, Қошқаркөл
және Сасықкөл—жалпы атаумен Алакөл аталады. XІ ғ. Әл-
Идириси қазіргі Алакөлді Гаган деп жазған.
Алатау—басы Хантәңірінен басталып, Тәшкен қаласының
маңына барып аяқталатын үстіңгі жағын мәңгілік мұздықтар
мен қар басып жататын алып таулар тізбегі. Олар Жоңғар Ала
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
тауы, Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы т.б. деп аталып, Алма
ты, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Қырғызстан
Республикасының аумақтарын басып өтеді.
Алматы—республикалық мәртебесі бар ең ірі қала.
Қазақстанның оңтүстік шығысында Іле Алатауының солтүс
тік баурайында орналасқан. 1927 жылдан 1997 жылға дейін
Қазақстанның астанасы болды. Алматыда 1 млн.-нан астам
тұрғын бар.
Алтай—терістік жағы Ресей, шығысы—Қытай, оңтүстігі
Қазақстанмен шектесетін тау ауы. Ғалымдар көне түрік-алтай
тілдеріндегі мағынасы «бір-бірімен жалғасқан тау тізбектері,
қырат жоталар, тау сілемдері» деген үғымдарды аңғартатынын
дәлелдейді.
Арқа—Қазақстандағы аса ірі географиялық нысан. Бұл
Сарыарқа деп те аталып, тұтас алғанда Орталық Қазақтанды
білдіреді. Шындығында, Арқа—Орталық, Шығыс, Солтүстік
Қазақстанды қамтитын үлкен аймақ. Арқа туралы тарих
шы Құрбанғали Халидтің «Таварих-и Хамса-йи шархи» атты
еңбегінде көп деректер бар. Әбілғазы Бахадүр «Түрікмен
шежіресі» атты еңбегінде Арқа-Дешті-Қыпшақ деген үш сөзді
бір топонимдік атау ретінде пайдаланған.
Асы—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты
ауылдық әкімшілік округ орталығы, өзен атауы және Іле
Алатауының шығыс сілеміндегі теңіз деңгейінен 2380-2410 м
биіктіктегі жайлау.
Аягөз—бұрынғы Семей, Шығыс Қазақстан облысы аумағы
арқылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сілем
дерінен бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік шығыс бөлігі
не құяды.
Балқаш—Қазақстанның оңтүстік шығысындағы тұйық
көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңізінен кейінгі үшінші
орында тұрады.
Баянауыл—Павлодар облысындағы тау, аудан орталығы
және аудан аты. Жергілікті қазақтар тауды «Баянаула» деп те
атайды, ал оның шығыс биік жотасын «Жаманаула» деп атай
ды. Атаудың мағынасы «тау қыры көп, таулы жер» дегенді
білдіреді. Баянауылды кейде эпостағы Баян сұлу есімімен де
байланыстырады.
ғылыми қосымшалар
Бетпақдала—қазіргі Қарағанды және Жамбыл облысының
аралығында жатқан, табиғаты қатал, сусыз, шөлді, өсімдігі аз
далалық аймақ.
Бұғыты—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы
тау. Оның ұзындығы батыстан шығысқа қарай 70 шақырым,
кей жерлердегі ені 40 шақырымға жуық, биіктігі 1816 метрге
жуық.
Бұхара—Амудария мен Сырдария өзендерінің аралығында
ежелгі түркі халықтарының өзбек тармағы құрған хандық ата
уы, қала атауы. Ол 1920 жылға дейін жеке өмір сүріп, 1924 жы
лы аумағы Өзбекстан, Түркіменстан, Үндістан Республика
сының құрамына енген. Бұхараның бір бөлігі Пянди өзені
бассейніндегі (Амударияның басқа ағысы) таулы өңірімен,
екінші жағы Қашқадария, Зарафшан мен Амударияның
төменгі ағысында (Қызылқұм, Ұртаушул т.б.) құмды даласы
мен ұштасып жатады. Негізгі халықтары өзбектер, тәжіктер,
түркімендер және қазақтардан құралған. Қазір Өзбекстан
Республикасының орталық қалаларының бірі.
Еділ (Волга, ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил)—
Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзінің бастауын Валдай қыраты
нан алып, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы—1330 ш/ш.
Еділге 200-ге жуық ірілі-ұсақты өзендер қосылады. Еділ—
түркі-қыпшақ елдерінің мәдени-тарихи өмірінде өте маңызды
рөл атқарған, атауы ұранға айналған эпикалық мекен.
Еламан—Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының Асы
жайлауы ауқымындағы асу.
Ерейментау—Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы алқап.
Ақмола, Қарағанды облыстарында орналасқан. Таулы алқап
оңтүстік батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 шақырымға
созылып жатыр. Ол Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы
болып табылады. Осы өзендердің салалары—Жарық, Қарасу,
Олжабай, Тұрғынбай өзендері аталған тау беткейлерінен баста
лады.
Ертіс—өзен. Монғол Алтайының Хора-Улус-Нор көлінен
бастау алып, Қобдан өзеніне құяды да, Қара Ертіс (карта
да Черный Иртыш) аталып, Зайсан көліне кеп құяды. Одан
шығып Өскемен, Семей, Павлодар облыстары мен Омбы қа
ласын жанай өтіп, Тобыл өзеніне қосылады. Тобылдан әрмен
Ханты-Мансийск жағынан өтетін үлкен өзен Обьқа қосылады.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Ұзындығы—4248 км (Қазақстан шеңберінде 1700 км), бас
алабы—1643 мың ш/ш.
Есіл—Ақмола, Қарағанды облыстарының жерін басып
өтетін үлкен өзен. Қостанай облысындағы (бұрынғы Торғай)
1963 жылы салынған аудандық дәрежелі Есіл қаласының ата
уы да осы өзенмен байланысты қойылған.
Ешкіөлмес—Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортан
ды кентінен шығысқа қарай 45 км қашықтықта орналасқан
жер атауы.
Жайық—Оралдың оңтүстігін, яғни Батыс Қазақстан об
лысын басып өтіп, Атыраудан асып барып Каспий теңізіне
құятын арналы өзен. Башқұрт Республикасы, Ресейдің Челябі,
Орынбор облыстарын да қамтиды. Бастауын Орал тауынан ала
ды. Жергілікті түркі халықтары аса құрметтеп «Ақжайық»
атаған.
Жалаңаш—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы ауыл
дық әкімшілік округ орталығы. ХІХ ғасырдың аяғында казак-
орыстардың станицасы, өткен ғасырдың отызыншы жылдары
Қарқара ауданының орталығы болған.
Жаркент—Алматы облысы, Панфилов ауданының әкім
шілік орталығы. Алматы қаласының оңтүстік шығысына қа
рай 300 шақырымдай қашықтықта орналасқан бұл қаланың
тарихы әлемге көне замандардан бері танылған. Қазақстан мен
Қытай шекарасының өтінде орналасқандықтан, сауда-саттық
саласы жақсы өркендеген. Қарым-қатынас көздері автокөлік
және Іле су жолы арқылы жүзеге асады.
Жетісу—еліміздегі ең ірі өлкелердің бірі. Жері сулы,
нулы Жетісу туралы ғалымдар түрлі пікірде болып келгені
белгілі. Кей деректерде Жетісу құрамына Іле, Қаратал, Ақсу,
Бүйен, Лепсі, Басқан, Сарқант өзендері жатқызылса, танымал
зерттеуші Ә. Тұрлыбаев Бүйен, Басқан, Сарқант өзендерінің ор
нына Аякөзді, Талас пен Шуды кіргізеді. Жетісудың аумағында
1867 жылы Семиреченская облысы құрылып, ол 1922 жылы
Жетісу облысы, 1924 жылы Жетісу губерниясы болып аталып,
1932 жылы одан Алматы облысы бөлініп шықты.
Жиделібайсын—қазақ фольклорында жиі аталатын бере
келі, қасиетті, құтты мекен. Самарқаннан оңтүстікке және
Бұхарадан оңтүстік-батысқа қарай Гиссар жотасының оңтүстік-
батыс шеті. ХVІ ғасырда Мұхаммед Шәйбани бастаған Дешті
ғылыми қосымшалар
Қыпшақтың көшпелі түркі рулары Орта Азия жерін басып
алғанда Жиделі Байсын қазақ, қарақалпақ халықтарының
үлесіне тиген. Тарихи жағдайларға байланысты бұл өлке уақыт
өте аңызға, қазақ халқының аңсарлы мекені—Жерұйықтың
үлгісіне айналды.
Жылысай—Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қу
лық тауының теріскей беткейіне орналасқан ауыл.
Жіңішке—Райымбек ауданындағы шағын өзен және сол
маңға орын тепкен елді мекен.
Кеген—Алматы облысындағы өзен; Райымбек ауданының
орталығы.
Кербұлақ—Алматы облысы, Талғар ауданындағы жер ата
уы. Зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, түрік-монғол тілдерің
де «таудан, биік қырдан құлай аққан бұлақ» деген мағынаны
білдіретін сияқты.
Көкшетау—қала; тау; Солтүстік Қазақстандағы қала аты.
Көкшетау қаласының негізі 1824 жылы қаланған. Таудың
Көкшетау аталуы жер табиғатына, оның сұлу көркі мен бедеріне
байланысты, оның баурайының мәңгі жасыл, көгеріп, алыстан
көкшіл болып көрінетіне қарай қойылғаны анық.
Көлтау—Қостанай облысы, Арқалық аудандық әкімшілігі
не қарасты ауыл. Арқалық қаласынан оңтүстік батысқа қарай
30 км жерде орналасқан.
Қалмаққырған—Қазақстанның әр жерлерінде кездесетін
тарихи жер атаулары. Жоңғар-қазақ соғыстарында қазақтар
дың ойрат әскерлеріне қарсы тойтарыс беріп, жау ойсырай
жеңілген кейбір жерлер солай аталған.
Қапал—Алматы облысының Ақсу ауданындағы елді мекен.
Кезінде осы аттас ауданның орталығы болған. Маңайына тау
лы, шипалы емдік судың мол қоры жинақталған.
Қапшағай—Алматы облысындағы қала. Алматы қаласы
нан солтүстікке қарай 70 км жерде. Іле өзенінің сол жақ жаға
лауында орналасқан.
Қаратал—Алматы облысындағы өзен. Ол Балқаш көліне
құяды. Өзеннің атауына орай қойылған ауыл, аудан аты бар.
Қараталға Теректі, Сарыбұлақ, Көксу өзендері қосылады.
Қаратал атты өзендер еліміздің өзге өңірлерінде де кездеседі.
Қарқара—Алматы облысының Райымбек ауданындағы
өзен, тау, жайлау, ауыл атауы. Биік тау етегінен Шырғанақты
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
өзеніне дейін созылып жатқан кең алқапты және сол өзен
жағасындағы ауыл атын жергілікті халық Қарқара атайды.
Осы жер 1916 жылы Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс ошағы
ның бірі болғаны тарихтан белгілі.
Қоянкөз—Алматы облысы, Кербұлақ ауданындағы ауыл.
Құсмұрын—Қостанай
облысы,
Әулиеата
ауданындағы
кент.
Нарын—Қырғызстандағы
жер,
аймақ
атауы.
Нарын,
Нарынқол атаулары қазақ жерінде де жиі ұшырайды.
Өлеңті—Павлодар облысының бұрынғы Екібастұз ауда
нындағы өзен. Осы аттас өзен Қазақстанның батыс өңірінде де
бар.
Сабынды көл—Баянаула тауларындағы тұйық көл. Павло
дар облысы, Баянауыл ауданының маңында орналасқан.
Самарқан—Өзбекстан Республикасындағы ежелгі қала. Об
лыс орталығы.
Сарытау—Жетісу
(Жоңғар)
Алатауының
солтүстігіне
кіретін жекелеген тау жотасы. Алматы облысы, Ақсу ауданы
ның аумағында орналасқан.
Сарысу—Қарағанды, Қызылорда және Жамбыл облыс
тарының жерімен өтетін өзен. Кең даланы бойлай ағады да,
Бетпақдала шөлейтіне сіңіп кетеді. Жоғарғы және төменгі
ағыстары шілдеден қаңтарға дейін құрғап қалады. Негізінен
ауыз суға, жер суландыруға қолданылады.
Сұлутөр—Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы ауыл.
Сұрат (Сұрат тауы)—Жамбыл облысы, Мерке ауданын
дағы ауыл. Ауылдық округінің орталығы. Ал жырдағы Сұрат
тауы осы Сұрат ауылының жанындағы тау атауы болуы керек.
Сырдария—Қазақстанның Қызылорда облысының аума
ғымен ағып өтетін өзен.
Сілеті—өзен, Ақмола облысынан басталып, Солтүстік
Қазақстан облысының Сілеті теңіз көліне құятын өзен мен көл
аты.
Талас—Қырғызстаннан өтіп, қазақ жеріне келетін өзен.
Қырғыз Алатауынан бас алып, Талас жазығы арқылы аққан
өзен Мойынқұм құмына сіңіп кетеді. Жазба ескерткіштерде
Талас өзені V ғасырдан белгілі. Өзен бойынан қала салы
нып, VІ ғасырдан бастап Тараз деген атпен белгілі болған.
Зерттеушілер Тараз атауы Талас сөзінің дыбыстық тұрғыдан
ғылыми қосымшалар
өзгерген түрі екенін дәлелдеді. Бұл аттас өзен Алматы об
лысының Райымбек ауданында да бар.
Талғар—Алматы облысындағы қала. Талғар ауданының
орталығы. Алматы қаласынан 25 км жерде орналасқан.
Талдықорған—қала; Алматы облысының орталығы. Жер
атының мән-мағынасы атаудың шығу тегін айқындап тұрғаны
анық.
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хандығы
дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент
тің Тәуекел және Есім хандар тұсында қазақ билеушілері
нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылар
дың, бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің
ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға
нын ол жерде Төле бидің зираты бар екендігі де айғақтайды.
Теректі—Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданын
дағы ауыл. Боралдай ауылдық округінің құрамында. Аудан
орталығы Шаян ауданынан оңтүстік шығысқа қарай 52 км. Бо
ралдай өзенінің жағалауына орналасқан.
Ұзынағаш—қала. Алматы облысы, Жамбыл ауданының
орталығы.
Үржар—Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданындағы
ауыл. Аудан орталығы (1928 жылдан). Ауыл Тарбағатай
жотасының батыс сілемінің оңтүстік етегін ала Үржар өзені
бойында орналасқан. 17 мыңға жуық тұрғыны бар.
Шаған—1. Батыс Қазақстан облысының бұрынғы Зе
ленский ауданындағы өзен, ауыл атауы. Үлкен Шаған ата
лады. 2. Семейдің төменгі жағындағы Ертіске құятын өзен.
3. Мұғалжар тауының оңтүстігіндегі өзен аты. 4. Сары Шаған
—Іле өзенінің оң жақ құйылысындағы өзен. 5. Шағаноба—
Шығыс Қазақстандағы өзен атауы.
Шарын—Алматы облысының Ұйғыр ауданына қарасты
өзен, ауыл атауы. Шарын өзені Алатау сілемдерінен бастау
алып, Іле өзеніне қосылады. Төменгі ағысы орман-тоғайлы,
әлемде сирек кездесетін жоталы шатқалдар арқылы өтеді.
Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енген шетеннің ерекше түрі де
осында өседі.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Шу—1. Жамбыл облысы, Шу ауданындағы қала. Ірі темір
жол станциясы. 2. Жетісудағы сулы өзендердің бірі.
Шәуешек—ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауда
нына қарасты Тарбағатай аймағының орталығы. Шәуешек
солтүстік-батыста Қазақстан Республикасымен шектеседі.
Шыңжаң—Қытайдың солтүстік батысында орналасқан
аймақ. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Ауған
стан, Монғолия және Ресеймен шектеседі.
Шідерті—Солтүстік Қазақстандағы Шығанақ көліне құя
тын өзен. Ертістің сол жағындағы өзендердің ең ұзыны әрі ірісі.
Ұзындығы—502 шақырым.
Іле—Қазақстан (Алматы облысы) және Қытай жеріндегі
өзен. Шығыс Тянь-Шаннан басталып, Балқаш көліне құяды.
Басты салалары: Қаш, Қорғас (оң жақ), Шарын, Шелек, Талғар,
Қаскелең, Күрті (сол жақ).
РУ АТАУЛАРЫ
Албан—Бәйдібектің Домалақ ана (Нұрила) есімді кіші
әйелінен туған Жарықшақтың тұңғыш ұлынан тараған тай
па. Атамекені—оңтүстік-шығыс Жетісу. Кейбір ұрпақтары
Қазығұрт тауының (Оңтүстік Қазақстан) бөктерін мекендейді.
Арғын—қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре
бойынша, Орта жүздің құрамына енеді. Ежелгі қонысы—
Ертіс, Нұра, Есіл, Торғай өзендерінің бойлары мен Балқаш
көлінің солтүстігіндегі шөлейт өлке. Бұл тайпаның ежел
ден келе жатқанын Орхон жазба ескерткіштеріндегі, Қытай
жазбаларындағы мәліметтер мен М.Қашғари, орыс зерттеушісі
Н.Аристовтардың еңбектері айғақтай алады. Қазақ шежіре
сінде арғындар бәйбіше арғын, тоқал арғын болып екіге бөліне
ді. Бәйбішеден тарағандар «бес мейрам» аталып, қуандық,
сүйіндік, бегендік (қозған), шегендік (қақсал), қаракесек деген
аталарға бөлінсе, тоқалдан тарағандар «жеті момын» аталып
қанжығалы, тобықты, бәсентиін, қарауыл, атығай, сарыжетім,
шақшақ болып жіктеледі.
Атығай—қазақ халқының құрамындағы ру, шежіре бойын
ша, орта жүздегі арғын тайпасынан таратылады. Жеті Момын
ның бірі. Он екі ата атығай (Дәуіт), Атығай—қарауыл деп те
аталады. Шежірелерге қарағанда, Атығайдан—Құдайберді,
Бәйімбет, Баба, Моныс, Бабасын, Бағыс, Ақкиік, Құлансу,
Қойлы, Есеншаңырақ, Майлыбалта, Жауғаш аталары тарайды.
Бәсентин—арғын тайпасына жататын ру. Арғын тайпасы
ның жеті момын тармағынан таратылады.
Дулат—Бәйдібектің кіші әйелі Домалақ енеден туған ба
ласы. Жарықшақтан тараған тайпа. Дулат өз ішінде—Сиқым,
Жаныс, Ботбай, Шымыр болып бөлінеді.
Жайылмыс—Дулаттың Жаныс руынан тарайтын ата. Жа
ныстан—Жанту, одан—Жайылмыс, Ақберді, Өтеміс, Құжақ,
Қожамберді, Құдайберді.
25-205*
ТАРИХИ ЖЫРЛАР Қаракесек—арғыннан—Болатқожа; Болатқожадан—Қара кесек; одан—Майқы, Бошан, Тапас болып жіктеледі. Қарауыл—арғынның Момын деген бәйбішесінен Ақсопы, Қарасопы, Сарысопы; Қарасопыдан Бәсентиін, Қарауыл; Қа рауылдан Түнғатар, Қадды, Бошпан болып тарайды. Қуандық—Арғын атадан Қуандық, Сүйіндік, Бегендік, Шегендік; Бегендіктен Қозған, Тәңірберді, Сырық деген бала лар өрбиді. Найман—Ш.Құдайбердіұлы мен М.Тынышбайұлының шежірелеріне қарағанда, Орта жүздегі аса ірі тайпалардың бірі. Найманнан терістамғалы, сарыжомарт, телегетай, сүгір ші сияқты үлкен рулар тарайды. Суан—Жарықшақтың осы атты ортаншы баласынан өрбі ген тайпа. Суаннан—Байтүгел, Тақарыстан, Бағыс. Сүйіндік—Арғынның Мейрам деген баласынан тарайды. Сүйіндік өз ішінде Қаржас, Орманшы, Құлболды, Жанболды, Мәжік секілді аталарға бөлінеді. Таз—Кіші жүздің 12 ата Байұлы тайпасынан тарайды. Байұлының үшінші әйелінен Беріш, Таз, Есентемір; Таздан Аб дал, Келдібай, Жастабан, Шарғы, Ақсерке, Жантай, Жақабай, Құнбас, Асан, Сырлыбай, Байтемір, Жолым, Жиен деген аталықтар бөлінеді. Төртуыл—Найманнан—Төлегетай; Төлегетайдан Қара керей, Төртуыл, Матай, Садыр болып жіктеліп кетеді. Торғауыт—бұрын ойраттар құрамында болған этностық топ. Тәуекел хан кезінде қазақ хандығына бағынышты болған. 1627 жылы батыс Еділ бойына қоныс аударған. Монғол Халық Республикасы (Қобда аймағы), Қытай Халық Республикасы (Шыңжаң өлкесінде Ішкі Монғолияда) аймақтарында тұрады. Алтай тілдері тобындағы монғол тілдік құрамына жататын ой рат тілінде сөйлейді. Үйсін—Ақарыстан (жоғарыда аталған шежірелер бойын ша)—Ақарыстан Жұмабай, Ұзынсақал Ыбырайым; осылар дың бірінен Кейкі би; Кейкіден—Майқы би; одан—Бақтияр; Бақтиярдан—Үйсін, Ойсыл. Үйсін өз ішінде Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ) болып жіктеледі.
Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Ақыт Үлімжіұлы Қарымсақ—1868 жылы Шыңжаң-Алтай
аймағының қазіргі Көктоғай ауданы, Қайырлы жайлауында
дүниеге келген. Ол Алтайда, Шыңжаң өлкесінде және Моңғол
жерінде «Ақыт ақын, Ақыт қажы» деген атпен белгілі болған.
Ол төрт жасында сауатын ашып, жеті жасында Бұхарадан
жер аударылып келген Бақбу молдадан араб, парсы, шағатай
тілдерін үйренеді. Жастайынан өлең шығарып, айтыстарға
қатысып жүрген ол өсе келе Фердоуси, Низами, Қожа Хафиз,
Науаи сынды шығыс классиктерінің еңбектерімен танысқан.
1907 жылы қажылыққа барғанда сонда біраз уақыт тұрақтап
қалып, араб елдерінде білімін жетілдірген. 1910 жылы
еліне оралып, мектеп, медіресе салдырып, ағартушылықпен
шұғылданған
және
мемлекеттік
істермен
айналысқан.
1939 жылы Шыңжаңдағы өкімет тарапынан абақтыға қама
лып, 1940 жылы тамызда азаптап өлтірілген.
Соңғы уақыттарда Қытай мен Монғолияда Ақыт Үлімжі
ұлының жинақтары жарыққа шықты. Оның 1917 жылға дейін
Қазан қаласында жариялаған кітаптары ОҒК-нің Қолжазба
қорында сақтаулы.
Есболұлы Тілеміс (1860-1933)—Жамбыл облысы, Шу ау
даны, Ақққайнар деген жерде өмір сүрген, ақын әрі жыршы
ретінде артына елеулі рухани мұра қалдырған өнер иесі. Ескі
ше сауаты болған ол шығыстық сюжеттерге құрылған «Зар
құм», «Салсал», «Қаһарман», «Төрт жар», «Шахнаме», «Мың
бір түн», «Жүсіп—Зылиха», «Алтын балық» дастандарын,
«Нәрік ұлы Шора батыр», «Қыз Жібек» жырларын ел арасы
на таратқан. Талай рет айтыстарға да қатысқан, жөпелдемеде
суырып салып өлең айтатын өнерлі ақын болған. Қасына әнші
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
жігіттерді ертіп, қырғыз, өзбек жерлерін көп аралаған. Өтеген
батырға төртінші атадан қосылады.
Ділібаев Әбілқасым (1914-1948)—фольклор мұрасын жи
наушы. Жамбыл облысының Қордай ауданында туып-өскен.
Ол жинаған Өтеген батыр туралы фольклорлық және әдеби
туындылардың және тарихи мәліметтердің ғылыми құндылы
ғы Н.С.Смирнова, Е.Ысмайылов және өзге де фольклортану
шы ғалымдардың тарапынан жоғары бағасын алды. Ә.Ділібаев
өмірінің соңғы жылдарында Абай атындағы Қазақ педагогика
институтында тарих пәнінің оқытушысы болған.
Жабаев Жамбыл (1846-1945)—қазақтың ХХ ғасырдағы
ұлы жырауы. Жамбыл атақты импровизатор ақын болғанының
үстіне қазақтың көптеген жыр үлгілерін керемет шеберлікпен
орындай отырып, бізге жеткізген жыршы ретінде қазақ өнерінде
өшпес із қалдырған. Оның репертуарында болған «Көрұғлы»,
«Сұраншы», «Өтеген батыр» және өзге де жырлардың нұсқала
ры қазақ эпосының інжу-маржандары санатына жатады.
Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929)—әнші, ақын, саз
гер. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы Далба
тауының етегінде туып-өскен. Ол жасынан қазақтың ұлттық
аспаптары домбыра мен қобыздан өзге сырнай, скрипка ой
наумен машықтанған. 1854 жылы Омбы қаласындағы орыс
мектебіне түсіп, орысша сауаттанған. Ағайынды Мұса, Мұстафа
Шормановтардың жаласынан 1860 жылы Тобылға жер ауда
рылады. Араға екі жыл салып өз еркімен әскерге жіберіледі.
Г.Черняев отрядының сапында Шымкент, Әулиата, Верный
жорығына қатысады. Кейін өзінің жазықсыздығын дәлелдеу
үшін Санкт-Петербургке барады, онан қолдау таппай Латвия,
Польшаны аралап, Қазанға аялдайды. Ақынның саналы өмірі
әлеуметтік теңсіздіке қарсы күреспен өтеді. Оның әншілік,
сазгерлік өнері халық музыкасымен тікелей байланысты болды.
Жаяу Мұса—әнші, сазгерлігімен қоса, мысқыл өлеңдер жазған
ақын. Қазақ қоғамының әлеуметтік істеріне белсене араласып,
ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосты.
Жаяумусин Салық (1893-1969)—атақты әнші-сазгер, ақын
Жаяу Мұса Байжанұлының ұлы. Павлодар облысының Баян
ауыл ауданында туып-өсіп, өмір сүрген. Салық Жаяумусин
өз жанынан өлең шығарған және халықтың рухани мұрасы
үлгілерін көп жинаған.
ғылыми қосымшалар
Құлсариев Ертай (1886-1958)—жыршы, халықтың сөз мұ
расын жинаушы. Алматы облысының Іле ауданына қарасты
Әлі аулында туып-өскен. 1940 жылы Қазақстан Жазушылар
Одағына мүше болып қабылданған. Өлеңдері түрлі жинақ, га
зет, журналдарда жарияланған. Ол «Қисса Жәмшид», «Мың
бір түн», «Күлпан балуан» т.б. дастандар мен «Арқалық батыр»,
«Олжабай батыр» сияқты халықтың тарихи жырларын өзінше
жырлап, ел арасына таратты. Сондай-ақ ақынның Жетісу
өңірінің фольклор үлгілері мен ақындарының шығармаларын
жинаудағы еңбегі ерекше.
Марғұлан Әлкей—тарихшы әрі филолог ғалым, филология
ғылымдарының докторы, академик. Қазақ халқының өткен та
рихына арналған тарихи, археологиялық еңбектерімен қатар,
ол қазақ фольклоры мен әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеу ісіне
де өлшеусіз үлес қосты. Оның қазақ фольклорына арналған
докторлық диссертациясы, ғылыми мақалалары, «Шоқан және
Манас», «Ежелгі жыр, аңыздар» және басқа да еңбектері қазақ
сөз өнері, этнографиясы жөнінде мол мағлұмат алуға мүмкіндік
береді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)—көрнекті қазақ ақыны,
публицист, фольклоршы, этнограф, ағартушы. Қазіргі Пав
лодар облысы, Баянауыл ауданындағы Қызылтау аймағында
туып-өскен. Ол өзінің бүкіл саналы өмірін, қазақтың халық
әдебиетін, этнографиясын жинап, жариялауға арналған. Сол
мақсатта Қазақстан жері мен Орта Азия елдерін аралауға көп
күш жұмсады. Соған байланысты белгілі оқымыстылармен,
ақындармен кездесіп, түрколог-академик В.В.Радловпен таны
сады. Мәшһүр Жүсіптің Қазан төңкерісіне дейін шыққан қазақ
газет-журналдарының белсенді авторларының қатарындағы,
фольклорлық материалдарды жариялаудағы еңбегі ұшан-теңіз.
Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын халықты сауаттандыруға
жұмсады десек те болады.
Нұрлыбаев Әшім—қазақтың белгілі халық ақындарының
бірі. 1889 жылы қазіргі Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Октябрь колхозы орналасқан жерде дүниеге келіп, 1963 жы
лы сонда қайтыс болған. Ол жасынан ертегі, аңыз, қисса-
дастандарды көп білген. Ұлбай, Нәзипа тәрізді ақындармен
айтысқан. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жерлерін ара
лап өнер көрсетумен бірге, 1907-1917 жылдарда кілең әнші,
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
ақындардан тұратын «Сегіз сал» тобын ұйымдастырған. «Мыр
қы батыр», «Күзбембет—Садыр», «Рауан патша» жырларын
елге танытумен аты шыққан. Оның бірқатар өлеңдері «Перне
дегі термелер» (1965) жинағында басылды.
Ә.Нұрлыбаев «Мырқы батыр» жырын өзінен бұрын Байсейіт,
Кәрібоз көнекөз қарт шежірешілерден естіп, үйренген.
Шартты қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры
Ш—шифр
дәп—дәптер
/а/—араб
/к.с./—көнерген сөз
/қ/—қазақ
/қыт/—қытай
/о/—орыс
/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі, көне түркі
Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен 1917 жылға дейін араб әрпінде жарық
көрген кітаптар
1. Жидебай батыр. ОҒК: ҚҚ.Ш.364. 2. Орта жүз Олжабай батыр.—ӘӨИ: ҚҚ. Ш. 700. Жырлау
шысы—Ертай Құлсариев. 3. Райымбек батыр.—ӘӨИ: ҚҚ. Ш.813. Жырлаушысы—
Мөкен Болысов. 4. Өтеген батыр.—ОҒК: Ш.833. 5. Мырқы батыр.—ӘӨИ:ҚҚ. Ш.337, 7-дәп. Жырлаушы
сы—Әшім Нұрлыбаев. 6. Жәнібек батыр.—ӘӨИ:ҚҚ. Ш.330, 8-дәп. Жырлаушы
сы—Ақыт Үлімжіұлы.
Зерттеулер мен энциклопедиялар,
фольклорлық жинақтар, сөздіктер
1. Әуезов М. Әдебиет тарихы.—Алматы: Ана тілі, 1991. 2. Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. 3-том.
—Алматы: Ғылым, 1975.
3. Қазақ фольклорының типологиясы.—Алматы: Ғылым,
1981. 4. Қазақ фольклорының тарихилығы.—Алматы: Ғылым,
1993. 5. Қазақ халық әдебиеті: Тарихи жырлар. Т.1.—Алматы:
Білім, 1995.
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
6. Қазақ халық әдебиеті: Тарихи жырлар. Абылай хан.
І том. Құраст.: А. Сейдімбек, Б. Әзібаева, М. Шафиғи. — Алма
ты: Білім, 1995.—288 бет.
7. Қасқабасов С. Жаназық. Таңдамалы. — Астана: Аудар
ма, 2002. 8. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және оның айтушылары.
—Алматы, 1975.
9. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. — Алматы, 1985. 10. Сағатжанұлы С. Қазақ батырларының деректемесі. 1-т.
Үрімші: Шыңжаң халық баспасы, 2001. 11. Сүйінбай. Шығармалары. — Алматы: Жазушы, 1990. 12. Уәлиханов Ш. Ш. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.1.
— Алматы, 1961.
13. Түркістан халықаралық энциклопедиясы. —Алматы,
2000. 14. Шопанұлы Д. Жәдігер. —Алматы: «Информ-А», 2003. 15. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі.—Алматы, 1993. 16. Арабско-русский словарь. Составитель Х. К. Баранов.
—М., 1968.
17. Древнетюркский словарь.—Л., Наука, 1969. 18. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы
лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.
—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.
19. Қазақ тілінің сөздігі. — Алматы, 1999. 20. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған
І. К. Кеңесбаев. — Алматы, 1977. 21. Персидско-русский словарь / Под ред. Ю. А. Рубинчика.
І-ІІ т. —М., 1970. 22. Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе
дия, 1966. 23. Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,
2005.
РЕЗЮМЕ
Институт литературы и искусства им. М.О.Ауэзова продол
жает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках
Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное нас
ледие»).
Очередной 59-й том посвящается историческим эпосам.
До нынешнего времени образцы исторического эпоса были
опубликованы в шести томах настоящей серии, из них три тома
охватывали фольклорные произведения на исторические сюже
ты, бытовавшие среди казахской диаспоры, проживающей в
Китайской Народной Республике. Эти образцы духовного на
следия являются художественным воплощением героической
борьбы казахов, кочевавших с древнейших времен в окрестнос
тях Алтайских, Алатауских гор между реками Иртиш и Или,
против иноземного нашествия в ХVІ-ХХ веках. А в остальных
трех томах повествуется о борьбе казахского народа под предво
дительством ханов—Жанибека, Есима, Абылая, Абылхаира и
других, старейшин жузов—Толе, Казыбек, Айтеке, батыров—
Оракты, Олжаша, Сатбека, Богенбая, Кабанбая, Жанибека в
ХІV-ХVІІІ веках против агрессии Джунгарского ханства, Рос
сийской империи и других государств.
В данный том серии «Бабалар сөзі» вошли эпические про
изведения—«Ер Жасыбай», «Жидебай батыр», «Олжабай ба
тыр», «Райымбек батыр», «Отеген батыр», «Мыркы батыр»,
«Жанибек батыр», главными героями которых являются извест
ные батыры, организовавшие борьбу казахского народа против
иноземных захватчиков в ХVІІІ веке. В основу этих образцов на
родной литературы легли исторические предания о важнейших
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
событиях истории нашего народа, которые сохранились путем
передачи в устном виде из поколения в поколение. Некоторые
из этих произведений представлены здесь в двух-трех вариан
тах.
Многие образцы этих произведении публикуются впервые.
В произведениях, вошедших в этот том, изображены все основ
ные события истории казахского народа в ХVІІІ веке, начиная
с «Лихого бедствия» (Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама)
вплоть до «Пыльного похода» волжских калмыков в целях воз
вращения на историческую родину—Джунгарию, а в одном
из вариантов эпического произведения—«Отеген батыр», за
писанного с исполнения великого певца казахского народа—
Жамбыла Жабаева, главный герой поэмы ищет для своего на
рода землю обветованную.
В эпических произведениях «Ер Жасыбай», «Жидебай ба
тыр», «Олжабай батыр», «Жанибек батыр», «Жорыкта», в
одном из вариантов «Отеген батыра», записанного с исполнения
акына Тлемиса Есболова, описываются события после «Лихого
бедствия», которые закончились победой казахских войск.
Сюжетную основу эпического произведения «Мыркы батыр»
составляют последние битвы объединенных вооруженных сил
казахского и кыргызского народов, которых возглавляли казах
ские батыры—Мыркы, Кабанбай, Шора, кыргызские батыры—
Аккаскыр и другие. В вышеназванных произведениях истори
ческого эпоса наряду с известными историческими личностями
фигурируют многие видные деятели, имена которых невозмож
но найти в письменных исторических источниках. Это одно из
многочисленных преимуществ, которыми обладает устная исто
риография степи, т.е. исторический фольклор кочевников вели
кой степи, важным звеном которой является исторический эпос
казахского народа.
Все произведения, которые вошли в этот свод, являются ре
зультатами развития эпической традиции наших предков. В ка
честве наглядного доказательства правильности такого вывода
можно привести такие типологические мотивы, как мотив чу
десного рождения, героическое детство богатыря, выбор коня,
образы дракона, Жезтырнака, духов-покровителей, мусульман
ских святых, разнообразные приемы преувеличения, которые в
большей или меньшей мере встречаются в произведениях, под
ғылыми қосымшалар
готовленных к изданию. Несмотря на эти формульные мотивы,
данные образцы исторического эпоса вызывают огромный инте
рес со стороны исследователей, которые занимаются восстанов
лением истории нашего государства.
Пятьдесят девятый том серии «Бабалар сөзі», в соответ
ствии с основными принципами издания этого многотомни
ка, снабжен научными приложениями. Научные приложения
включают в себя сведения о публикуемых текстах; словарь гео
графических названий, сведения о��������������������������
������������������������
исторических и религиоз
ных деятелях, сведения о сказителях и собирателях; список
использованной литературы; резюме на русском и английском
языках.
Объем тома—25 п.л.
Summary The staff of the M.O.Auezov Іnstіtute of lіterature and art contіnues work on preparatіon and publіshіng of the volumes of the Collectіon of Kazakh folklore «Babalar sozі» carrіed out іn the frame of the State Program «Madenі mura» («Cultural herіtage»). Volume 59 іs devoted to hіstorіcal eposes. Tіll present perіod the samples of hіstorіcal epos have been publіshed іn sіx volumes of present serіes, from them three volumes іnclude folklore works on hіstorіcal plots whіch have exіsted among the Kazakh dіaspora who lіve іn the People’s Republіc of Chіna. These patterns of spіrіtual herіtage are the artіstіc realіsatіon of heroіc struggle of Kazakh people who have wandered durіng ancіent tіmes іn vіcіnіtіes of Altay and Alatau mountaіns between the rіvers Іrtіsh and Іlі and struggled agaіnst foreіgn іnvasіon іn ХVІ-ХХ centurіes. Other three volumes tell about the struggle of Kazakh people under the leadershіp of khans—Zhanіbek, Esіm, Abylaі, Abylhaіr and others, chіefs of zhuzes—Tole, Kazybek, Aіteke and batyrs—Orakty, Olzhash, Satbek, Bogenbaі, Kabanbaі, Zhanіbek іn ХІV-ХVІІІ centurіes agaіnst aggressіon of Zhungar khanates, Russіan kіngdom and other states. Thіs volume of the serіes «Babalar sozі» іncludes epіc works— «Er Zhasybaі», «Zhіdebaі batyr», «Olzhabaі batyr», «Raіmbek batyr», «Otegen batyr», «Myrky batyr», «Zhanіbek batyr» maіn heroes of whіch are the actіve partіcіpants and commanders of the struggle of Kazakh people for іndependence іn ХVІІІ century. These patterns of natіonal lіterature are based on hіstorіcal legends about maіn events of the hіstory of our people whіch have remaіned
ғылыми қосымшалар and were told orally from one generatіon to another. Some of these works are presented here іn two-three versіons. Most patterns of these works are publіshed for the fіrst tіme. Іn the works whіch are іncluded іnto thіs collectіon, all maіn events of the hіstory of Kazakh people іn ХVІІІ century have been descrіbed, begіnnіng wіth «Bіg dіsaster» (Aktaban shubіrіndі, Alkakol sulama) up to «Dusty trіp» of Volga Kalmyks aіmed at the returnіng back to the hіstorіcal natіve land—Zungarіa and іn one of the versіons of the epіc work—«Otegen batyr» wrіtten down from the great sіnger of Kazakh natіon—Zhambyl Zhabaev, the maіn hero of a poem searches the promіsed land for hіs people. Іn epіc works «Er Zhasybaі», «Zhіdebaі batyr», «Olzhabaі batyr», «Zhanіbek batyr», «Zhorykta», іn one of the versіons of «Otegen batyr», wrіtten down from akyn Tlemіs Esbolov, the events whіch happened after «Bіg dіsaster» and ended wіth vіctory of Kazakh armіes have been descrіbed. Plot basіs of epіc work «Myrky batyr» іs based on last fіghts of joіned armіes of Kazakh and Kyrgyz people whіch were headed by Kazakh batyrs—Myrky, Kabanbaі, Shora, Kyrgyz batyrs— Akkaskyr and others. Many outstandіng fіgures whose names cannot be found іn wrіtten hіstorіcal sources, are actіng іn the above mentіoned works of hіstorіcal epos along wіth the well known hіstorіcal persons. Thіs іs one of numerous advantages whіch has the oral hіstorіography of steppe, і.e. hіstorіcal folklore of nomads of the great steppe whіch іmportant lіnk іs the hіstorіcal folklore of nomads of the Great steppe іn whіch the hіstorіcal epos of Kazakh people іs the іmportant unіt. All works whіch were іncluded іnto thіs Collectіon are the results of development of epіc tradіtіon of our ancestors. As a vіvіd proof of correctness of such conclusіon the followіng typologіcal motіves can be presented as a motіve of wonderful bіrth, heroіc chіldhood of bogatyr, choіce of a horse, іmages of dragon, Zheztyrnak, spіrіtspatrons, Moslem sacred, varіous methods of exaggeratіon whіch іn certaіn extend exіst іn the works prepared for edіtіon. Despіte these formular motіves, these patterns of hіstorіcal epos cause huge іnterest from the researchers who are іnvolved іn restoratіon of the hіstory of our State. Accordіng to the maіn prіncіples of thіs multі volume edіtіon volume fіfty nіne of a serіes «Babalar sozі» іs supplіed by scіentіfіc
ТАРИХИ ЖЫРЛАР
Annexes. Scіentіfіc annexes іnclude data on publіshed texts;
dіctіonary of geographіc names, data on hіstorіcal and relіgіous
fіgures, data on storytellers and collectors; lіst of the used
lіterature; summary іn Russіan and Englіsh languages.
Volume sіze—25 pp.
Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Ер Жасыбай ...................................................................... 11 Жидебай батыр ................................................................. 36 Орта жүз Олжабай батыр ................................................... 45 Олжабай және қырық батыр .............................................. 79 Райымбек батыр ................................................................ 91 Райымбек ........................................................................119 Ер Өтеген ........................................................................131 Жорықта .........................................................................149 Өтеген батыр ....................................................................153 Жәнібек батыр .................................................................176 Мырқы батыр ..................................................................206 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................351 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................368 Сөздік ..............................................................................375 Жер-су атаулары ...............................................................377 Ру атаулары .....................................................................385 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................387 Шартты қысқартулар ........................................................390 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................391 Резюме ............................................................................393 Summary ..........................................................................396
Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 59 том ИСТОРИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М.О. Ауэзова Министерства образования и науки Республики Казахстан Шығаруға жауапты: Р.Қ. Тұрлынова Редакторы: Ұ.С. Тілегенова Техникалық редакторы: Э. Заманбек Компьютерге терген: Ж. Салтақова Компьютерде беттеген: М.О. Ноғайбаева Дизайнын әзірлеген «Бауыр» баспасы ИБ № 2436 Теруге 02.02.10 жіберілді. Басуға 17.03.10 қол қойылды. Пішіні 60х901/16. Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 25,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс №205*. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 13
Пікірлер (0)
Пікір жазу үшін аккаунтқа кіріңіз. Кіру