TELEGEI

Home

Бабалар сөзі 44 том

Серікбай Қосан

Оқылуы: 0%

Жазылымсыз режим: 20-беттен кейін жазылым беті ашылады, әрі қарай әр 10 бет сайын (ең көбі 5 рет).

20 px
1.85
0.30 px
0.95 em

Бабалар сөзі 44 том

«Бабалар сөзі» сериясының 44-томына «Ер Тарғын» жырының үш нұсқасы, «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр», «Қисса-и Қарабек», «Қарабек батыр» атты батырлар жыры енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған.

Астана
«Мәдени мұра»
Мемлекеттік бағдарламасының
кітап сериялары

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасы бойынша шығарылды

Құл-Мұхаммед М., төраға
Досжан А., төрағаның орынбасары
Асқаров Ә., жауапты хатшы
Қоғамдық кеңестің мүшелері:

Абдрахманов С.
Аяған Б.
Әбусейітова М.
Әйтімова Б.

Әлімбай Н.
Әуезов М.
Базылхан Н.
Байпақов К.

Биекенов К.
Бурханов К.
Ертісбаев Е.
Кенжеғозин М.

Қасқабасов С.
Нысанбаев Ә.
Өмірбеков Б.
Салғара Қ.

Сариева Р.
Сейдімбек А.
Сұлтанов Қ.
Таймағамбетов Ж.

Тұяқбаева Б.
Хұсайынов К.
«Мәдени мұра»
мемлекеттік бағдарламасын

іске асыру жөніндегі
қоғамдық кеңестің құрамы

БАБАЛАР

СӨЗІ

жүз томдық
Батырлар жыры
44 том

ББК 82.3 (5 Каз) Б12 «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасының Фольклортану, әдебиеттану және өнертану секциясының мүшелері: Қасқабасов С. (төраға), Қорабай С. (төрағаның орынбасары), Жұмасейітова Г. (жауапты хатшы), Әзібаева Б., Күзембаева С., Қирабаев С., Мамыраев Б., Қосан С. Томды басуға М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ғылыми кеңесі ұсынған Томның редакция алқасы: Қосан С. (жауапты редактор), Қасқабасов С., Қирабаев С., Алпысбаева Қ., Әлбеков Т. Томды жүйелеп, ғылыми қосымшаларын дайындағандар: филология ғылымдарының кандидаттары: Алпысбаева Қ. (жауапты шығарушы), Қосан С., Тастанов Қ. Б12 Бабалар сөзі: Жүз томдық.—Астана: «Фолиант», 2007. Т. 44: Батырлар жыры.—2007.—496 бет. ІSBN 9965-35-436-7 «Бабалар сөзі» сериясының 44-томына «Ер Тарғын» жырының үш нұсқасы, «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр», «Қисса-и Қарабек», «Қарабек батыр» атты батырлар жыры енді. Жырдың сюжеті ноғайлы кезеңінің тарихи оқиғаларын баяндайтын қазақ аңыздарына құрылған. Б 00(05)—07

ББК 82.3 (5 Қаз)
ІSBN 9965-35-436-7 (т. 44)
© Әдебиет және өнер институты, 2007

ІSBN 9965-619-60-3

© «Фолиант» баспасы, көркемдеу, 2007

Құрастырушылардан
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Мемле­
кеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көретін
«Бабалар сөзі» сериясының жүз томдық ғылыми басылымын

әзірлеуді одан әрі жалғастырады.
Серияның бұған дейін жарияланған қырық үш томы
ұлттық фольклорымыздың аса бір көркем де көлемді саласы
болып саналатын эпостық шығармаларға арналды. Дәлірек

айтқанда, бүгінге дейін хикаялық дастандардың он үш томы,
діни дастандардың жеті томы, ғашықтық дастандардың сегіз
томы, тарихи жырлардың үш томы, батырлар жырының он бір
томы, сондай-ақ шежірелік дастандардың бір томы әзірленіп,

баспа бетін көрді. Бұл басылымдардың он томы Қытайдағы
қазақ фольклорына арналғаны мәлім. Қазақ халқының рухани
қазынасы—фольклор жинақтарының жоғары деңгейде безен­
дірілген жаңа басылымын оқырман қауым үлкен қуанышпен

қарсы алды. Алла қаласа, қазақ эпосының көркем үлгілерін
жариялау осымен шектелмейді.
Оқырман назарына ұсынылып отырған аталған серияның
кезекті 44-томы батырлар жырына арналды. Бұл томға «Ер

Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр» және
«Қарабек батыр» эпостары енгізілді.
«Ер Тарғын» жырының негізгі сюжетін қазақ халқының
ұлттық қалыптасу кезеңінен маңызды орын алатын ноғайлы

дәуірінің тарихи оқиғалары құрайды. Аталған эпостың бірне­
ше нұсқалары сақталған. Жырдың халық арасында кеңінен
таралған көркем үлгілерінің бірі—Марабай нұсқасы екендігі
мәлім. «Ер Тарғын» жырының осы вариантын орыс миссионе­

рі Н.Ильминский ХІХ ғасырдың 60-жылдарында жыршының
өз аузынан жазып алып, оны 1862 жылы Қазандағы «Универ­

батырлар  жыры ситет» баспасынан жарыққа шығарған. Сол уақыттан бері «Ер Тарғын» жыры 20-ға жуық рет қайта басылым көрді. Бұлардың арасында эпостың Ә.Диваев, Қ.Иманов, Н.Нұрғалиұлы, З.Бе­ карыстанов, Н.Саркин т.б. нұсқалары бар. Аталған кісілердің бірқатары Марабай жырлаған нұсқаның ел аузындағы үлгілерін жинап, жариялаған болса, енді біреулері эпосты жаңарта, жаңғырта жырлап, жырдың мазмұнын байыта, да­ мыта түскенін көреміз. Ұсынылып отырған томға Марабайдың Қазанда жарияланған вариантынан өзге Оспан Қисықұлы және Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқалары кірді. Жинаққа еніп отырған «Ер Көкше» жыры халық ара­ сында ертеден мәлім. Бұл—«Қырымның қырық батыры» тәрізді желілі, ұзақ жырлардың қатарын құрайтын эпикалық туындылардың бірі. Әдеби қорда В.Радлов нұсқасынан басқа Мұрын жырау, Мәшһүр Жүсіп, Б.Сарманов жинаған жыр үлгілері сақталған. «Бабалар сөзі» сериясының бұл томына «Ер Көкше» эпосының ең көне басылымы ретінде В.Радлов нұсқасы еніп отыр. Сондай-ақ осы томға Көкше батырдың ұлы Ер Қосай туралы жырдың Асайын Хангелдин жинаған вари­ анты ұсынылды. Мұның өзі—«Қырымның қырық батыры» цикліне кіретін жеке батырлардың «әулеттік» династиясын толықтыра түсетін көрнекті мысал. Эпостану тарихындағы Орақ—Қарасай, Шынтас—Төрехан, Едіге—Нұрадын, Қобыланды—Бөкенбай т.б. әкелі-балалы батырлар елдік, ер­ лік мұраты жалғастығының айқын айғағы. Кезінде бір нұсқасын алаш ұстазы А.Байтұрсынов Мәскеуде жариялаған «Ер Сайын» жыры да осы жинаққа енді. Ол да қазақ жырауларының репертуарынан тұрақты орын алған, байтақ сахара жұрты сүйіп тыңдаған батырлық эпостардың бі­ рінен саналады. Жырдың ел аузынан В.Радлов, А.Байтұрсынов, М.Көпеев, Р.Игнатьев, Қ.Иманов жинаған бірнеше нұсқалары ОҒК және ӘӨИ қолжазба қорларында сақталған. Осы жолы «Бабалар сөзі» сериясының 44-томына енгізіліп отырған «Ер Сайын» жырының мәтіні В.Радлов жинағы бойынша (1870 ж) әзірленді. Томға ұсынылып отырған тағы бір халықтық шығарма—«Қарабек батыр» жыры. Бұл да ноғайлы дәуірінде өткен тарихи кезеңдік оқиғаларды кең қамтитын көлемді эпостардың бірі. Жинаққа кірген эпостың екі нұсқасы да бұрын әлденеше рет жарық көрген, әйтсе де арнайы зерттеу нысанына

құрастырушылардан
ілінбеген. Олардың алғашқысы 1882 жылы Қазанда башқұрт
елінің азаматы Мәулекей Юмашев (Жұмашев) жариялаған
нұсқа болса, екіншісін 1940 жылғы «Арал экспедициясы» кезін­

де осы өңірдің тумасы Жаңаберген Бітімбайұлы атты жыраудан
фольклоршы Марат Ахметов жазып алғаны мәлім. «Қарабек
батырдың» соңғы нұсқасы—көлемді әрі көркем, кестелі тілі­
мен жырланған кәделі туынды. 6720 жолды құрайтын жырдың

бұл вариантын «безендіруге» белгілі бір дәрежеде жыршының
жақын туысы саналатын ірі эпик ақындарымыздың бірі—
Нұртуған Кенжеғұлұлы да қатысуы мүмкін. Ең бастысы 44-
томға еніп отырған «Қарабек батыр» жырының екі нұсқасы да

қолжазба материалдарымен салыстырылып, толықтырылып
берілді.
«Бабалар сөзі» сериясының негізгі ұстанымдарына сәйкес,
қырық төртінші том ғылыми қосымшалармен толықтырылды.

Ғылыми қосымшаларға томға енген мәтіндерге жазылған
түсініктемелер, сөздік, жер-су атаулары, мәтіндерде кездесе­
тін тарихи тұлғалар мен діни есімдерге арналған түсініктер,
эпостың жинаушылары мен оның жырлаушылары туралы де­

ректер, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, орыс және ағылшын
тілдерінде жазылған түйін кірді.
Томның көлемі—31 б.т.

1913 жылы Қазан қаласында басылған
«Ер Тарғын» атты кітаптың 2-беті.

Ерте заманда бір Тарғын деген батыр өзінің қазақ халқынан
кісі өлтіріп, ханына қылмысты болып қашыпты. Қашып келіп­
ті қырық сан Қырым жұртына. Ол уақытта Қырымда қырық
мың мешіт бар еді, қырық ханы бар еді. Сол ханының үлкені

Ақшахан деген еді. Сол ханның қол астына келіп кірді. Сонда
ел арасында жүрді. Бірталай заман болды, айдан айлар өтті,
һешбір кісі мұның батыр екенін білмеді, тек қонақ болды да
жүрді. Ол уақытта Қырым жұртының арғы жағында бір жауы

бар еді. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт деген ханның елі
еді. Олалай, Бұлалай деген ноғайда көп батырлар өтсе де, Ола­
лай, Бұлалайдың елін бұрын алғандары жоқ еді.
Бұл уақытта Ақшахан талап етіп аттанды, неше мың шерік

әскер болып, сол Тарғын аттанған әскерлеріменен бірге аттанып
кетті, һешбір кісі де оған жүр деп айтпай-ақ.
Ол Тарғынның ол әскердің ішінде екенін тағы да һешкім
білмеді. Бұл аттанған әскер Торғауытқа барып жетті. Бұлар

барып жеткен соң, Торғауыт халқынан шың қағылып, бара­
бан соғылып, неше мың көп әскер жиылып, соғыс қылды. Жер
жүзіне қан сел болды. Олай болса да, һешбір бұзып ала алма­
ды. Алмаған себебі, қамалдың ішіне кіре алмады, сыртында

тұрып ұрыс қылды. Ол уақытта Тарғын батыр ұрысқан жоқ еді,
һешбіреуі де мұны танып, «соғысқа бар» деп айтпаған соң, енді
Ақшахан көп кісілерін өлтіріп, Торғауытты ала алмай, кері
жұртына қайтпақ болды.

Ақшахан жұртына қайтпақ болып тұрғанда:
Тарғын сынды батырың
Қайтарын жұрттың біледі,
Алладан пәрмен тіледі.

Құйысқанын қысқартып,
Ер Тарғын
(Қазан басылымы, 1913)

батырлар  жыры
Екі айылын бек тартып,
Енді атына мінеді.
«Өлгенім жақсы, Құда деп,

Тоғыз сандай Торғауыт,
Он сандай Оймауыт
Барабан соғып, шың қағып,
Алдымнан әскер жүргізіп,

Бұйым болды бұ да» деп,
«Аллалап» батыр шабады.
«Жалғыздың жары—Құда» деп,
Сары ала туы салбырап,

Шапты батыр тебініп,
Жалмауыздай емініп.
Сырттағы жүрген әскерге
Қарамайды бұл батыр,

Ішкі қамалға кірді желігіп.
Бұл Тарғын қамалға кірген соң, Ақшаханның әскерлері
бұның
Тарғын

екенін
танымаса
да:—Е,
тәйірі

біздің
ноғайымыздың бір батыры ғой,—деп, соңынан олар да кірді.
Сонан соң бұлар қамалды бұзып алады, көңілдері ашылды.
Ақшахан қуанып еліне қайтты. Елге келген соң, таранып ты­

ныштанып көңілі қош болған соң, тағында отырып Ақшахан
үкім қылды:—Сол жауды бұзып алған батырды тауып маған
алып келіңіз,—деп. Онан соң ол Тарғын батырды тауып, хан
алдына алып келді. Хан оныменен көрісіп, жөнін сұрап:—Сен

кімсің?—дейді. Тарғын айтты:—Мен қазақпын,—деді. Хан
айтты:—Сен қазақ болсаң, біздің жұртымызға неге келдің,
не жұмысқа келдің?—деп. Онда Тарғын айтады:—Мен
ханымыздың бір жақсы бегін шаһид еттім, онан соң жұртым

тынышсызданды, сол себептен сіздің қоластыңызға қашып
келдім,—деді. Сонда хан айтты:—Сен кешегі жауды бұзған
қайратыңды сені тынышсыздаған жұртыңа көрсетпедің бе?—
дегенде, Тарғын айтады:—Нақақтан өз жұртымды жылатуға

шариғат қоспайды,—деді.
Онан соң Ақшахан үкім жүргізіп, Тарғын батырды
әскербасы қылды. Бұл батыр әскербасы болған соң, күні-түні
жарақтанып, сақтанып жүрді. Ол уақытта Ақшаханның бір

қызы бар еді.

ер  тарғын Шашын дәндерменен тараған, Бектер мінген бедеудей Бауырынан жараған. Бет ажарын қарасаң, Жазғы түскен сағымдай. Бет ажарын байқасаң, Терісінен айырған Жарма бидай ақ ұндай. Қасы сарыжадай керілген, Кірпігі оқтай тігілген, Бұралып белі бүгілген, Қараған кісі үңілген. Қолаң шашты, қой көзді, Әйелдегі бір сөзді— Ақжүніс атты ару еді. Бұ мәрттің мұндай батырлығын, ерлігін, қайратын қарауылшы құлдары, қарауылшы күңдері Ақжүніс аруға түсіндіріп айтты. Ол бозжігіттің асылын, қайратын есіткен соң, төзіп тұра алмады, бір құлын шақыртып алып, құлына мың ділдә беріп айтты:—Ділдәні беріп, сенің тіліңді кескенім,— деді,—осында бір қырғыз жұртынан келген Тарғын дейтұғын бір батыр жігіт бар деп есіттім. Сол жігітті һешкімге білдірмей, маған шақырып алып келіп жолықтыр, егерде өзіңнен басқа кісіге білдірсең, сенің неше жеріңнен кесіп өлтіргенімді көр,— деді. Егер де алып келсең, кісі жатпастан бұрын менің мынау ашпалы алтын тереземнің тұсына алып кел!—деді. Бұл құл Тарғынға барып жолығып, қыздың айтқан сәлемін айтып, алтын терезенің тұсына Тарғынды алып келді де, қызға хабар берді. Қыз терезеден Тарғынды үйіне кіргізіп алып, жөн-жосықтарын сұрасып, ас-су ішкізіп, ойнап-күлісіп алтыжеті сағаттай отырысты. Онан соң Тарғын қайтпақ болғанда, қыз Тарғынға айтты:—Осы жұртымызда сіздей ерлігі болмаса да, қырық сан Қырымның мырзасы бір Жалмамбет дейтұғын жігіт бар еді, мен сол жігітпенен ашына едім, сол жігітті өлтірдім. Өлтіргенімнің мәнісі—«бір бөтен жігіт екен» деп, білмей қате өлтірдім. Соның күйігінен ішер астан, ұйқыдан айрылып жатушы едім. Сол мырзаның қайғысы менен һәркез кетпес еді, бұл уақытта сізді естіп, біліп, шақыртып алып сіз­

батырлар  жыры
бенен сөйлесіп, ойнап-күліп отырдым. Сізден басқа һешбір кі­
сіменен Жалмамбет мырза өлгенінен бері сөйлескенім жоқ.
Енді сіз арқылы мырзаның қайғысы менен көтерілсін, менен

хабар болған уақытта менің жаныма келіп жүріңіз. Менің сіз­
ді шақырған лебізімді һәркез жерге тастамаңыз,—деді.—Бұ
айтқан жарлығыңызды қабыл алдық,—деді де, Тарғын батыр
қайтып кетті.

Һәр заман Ақжүніс бұ Тарғын батырды уақытыменен
шақыртып алып жүрді. Бір замандар болғанда, бұ қызды бір
ханның баласына айттыруға жаушы келді. Сонда Ақшахан
қызына кісі жіберіп сұратты:—Мына айттыруға жаушы келіп

жатыр, менен рұқсат, қызымның өзінің күйеуге барғысы келе
ме екен, келмей ме екен?—деп білмек үшін. Сонда қызы айт­
ты:—Әкем маған үш күн фұрсат берсін,—деді. Қыз бұл үш
күн ішінде Тарғын батырды шақыртып алды да, Тарғынға айт­

ты:—Мына мені бір хан баласына айттыруға жаушы келіп жа­
тыр екен. Әкем мені ол ханның баласына бермекші болып, ме­
нен рұқсат сұрай, маған кісі жіберіпті. Мен ондай хан баласына
таңсық емеспін, өзім де хан баласымын, сұлуға таңсық емеспін,

өзім де сұлумын. Мен сондай кісіге барамын, кімнің бақыты зор
болса,—дейді. Енді мені осындай кісіге қор қылғанша, егерде
батыр екенің рас болса, сен мені ал да қаш, мен саған тиемін,
сенен басқа һеш кісіге тимеймін, көңілім бек саған ауды. Егер

де маған келмесең, мен шыдап тұра алмай, сенің қайғыңнан
өлемін,—деді.
Онан Тарғын бұ қызды Ақшаханның «қанатты қара»
дейтұғын бір жорғасына мінгізді де, алды да қашты. Үш күн

кетті, үш күннен соң, хан қызының қарауылшы құлдары
Ақшаханның бір қазысына барып хабар берді:—Солай ханның
қызы Ақжүніс сұлу сарайында жоқ, қашып кетіпті. Білмейміз,
кімменен қашқанын,—дейді. Онан қазы барып Ақшаханға ха­

бар беріп еді. Хан айтты:—Ол жалғыз қашқан жоқ шығар, бір
жігітпенен қашқан-ды, жігіттерді түгендеңіз,—деді. Жігіттер­
ді түгендеп қараса, Тарғын батыр жоқ болды. Сонан соң ханға
хабар берді. «Солай, Тарғын батыр жоқ»,— деп. Сонда хан айт­

ты:—Мұнда оның ру-туғаны жоқ, өз жұртынан қашып келген
жігіт еді. Ол жоқ болса, алып қашып кеткен-ді,—деді. Онан соң
өзіне қараған бүтін ел-жұртын жиды да, һүкім айтты:—Мен
бұ қызымның ол қазақпен кеткеніне риза емеспін, ол қара кісі

ер  тарғын
еді, қызым кетсе керек еді хан баласыменен, сүйек қорлап қара
кісіменен кетті, сол қызымды кім қуып жетіп айырса, сол кісі
алсын!

Құй, бай болсын, құй, ол жарлы болсын, құй, жас болсын,
құй, қарт болсын, тек кім айырса, сол алсын, егерде қуып жетіп
өлтірсе, құны жоқ болсын. Тек Тарғыннан айырыңыз да, өзіңіз
алыңыз,—деді. Оның үшін қызыма бек қатты көңілім қалып

өкпеледім, соның үшін айтамын,—деді.
Хан солай деген соң, жұрт қуды, бір мырза екі атпенен, бір
мырза үш атпенен, тапқан кісі атын жетелей берді, бір атым бол­
дырса да, бір атпенен қуып жетермін деп, әскер былай далаға

шыққан соң жиылып кеңесті:—Біз мұны қусақ та, ол бізге
бермес, оны ала алмаспыз,—деп, егер де қаһары келсе, біздер­
ге қырғын таптырар,—деді де, жұрт қорқып, қумай үйлеріне
қайтты. Сол қуарға шыққан кісілердің ішінде алпыс беске кел­

ген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол қайтпай қалды:—Мен үйден
бір қуамын деп шыққан соң, қумай үйге қайтып барғаным да
өлім, қуып барып өлгенім де бір өлім, мен қайтпаймын, қуамын,
қазам жетсе өлермін, шамам келсе, ол қызды алармын,—деді де,

қуып кетті. Бұл қуып жетіп келе жатқанда, кетіп бара жатқан
Тарғынның астындағы Тарлан аты пысқырды. Ол ат артынан
бір жау келе жатқанда пысқыратын еді. Тарғын аты пысқырған
соң, артына қараса, артында бір жалғыз кісі келеді екен.

Сонда Тарғын сөйледі,
Сөйлегенде не дейді:

—Ақжүністей жолдасым,

Қыз да болсаң мұңдасым,
Қолаң шашты, қой көзді,
Әйелде ару сен едің.
Аш арыстан жүректі,

Палуан жолбарыс білекті,
Жігіттің мәрті мен едім.
Құдыреті күшті Құдайым,
Сындырмағай белімді,

Тарылтпағай жерімді.
Не дей заман білмеймін,
Арт жағыма қарасам,
Қайнаған қара ол бұлттай,

батырлар  жыры
Қайнап біткен болаттай,
Тұлғасына қарасам,
Сайдан шыққан құла аттай,

Қабағы тастай түйілген,
Лашын құстай шүйілген,
Жеңсіз берен киінген
Жалғыз қара көрінді.

Енді жүрсем, қашты дер,
Әруағым менің басты дер,
Менен қорқып састы дер.
Ажалым болса бұ жерден,

Жемей қоймас жебір жер,
Кіргізбей қоймас қазған көр.
Толғана мойнын бұрады,
Ақжүніспенен екеуі

Аз әңгіме құрады.
Жалғыз қара келгенше,
Қашатұғын қатын ба,
Қасқайып қарап тұрады.

Ертеңнен шапса, кешке озған,
Ылдидан салса, түске озған,
Томаға көзді қасқа азбан.
Біткен сүйек дулантып,

Саурысын бедеу сылантып,
Дауылдай жалы суылдап,
Құйрығы құйындайын шуылдап,
Теріскейден төмен желеді.

Ақжүніс пен Тарғынды
Көріп көңілін бөледі.
Алпыс бесте жасы бар,
Қорқатұғын ер емес,

Салып жетіп келеді.
Келді, Тарғын көреді,
Бұ да өзіндей ер еді.
Қарсы алдынан қараса,

Алпыстан асқан ағасы,
Ақ сақалды бабасы.
«Жасы үлкен ағам,—деп,
Ақ сақалды бабам»,—деп,

ер  тарғын
Тарғындайын еріңіз
Әлгі келген қартыңа
Иіліп сәлем береді.

Қарсы алдынан қараса,
Омырауы даладай.
Әлпетіне қараса,
Тамнан соққан моладай.

Ердің берген сәлемін
Жақсы құптап алады.
Енді Тарғын сөйлейді:

—Батыр, сынап жүрмісің,

Тамам таудың арасын?
Аруағыңды байқасам,
Қаптаған қардай борайсың.
Көк бүркіттей түйіліп,

Лашын құстай шүйіліп,
Қай сапарға барасың?
Сонда қартың сөйлейді:

—Аспандағы жұлдызым,

Маңдайдағы құндызым,
Ажары сұлу көркем-ді,
Қыз да болса серкем-ді,
Ақжүністей аруды

Алып қашып барасың!
Беліме семсер ілемін,
Жазығым қарттау болмаса,
Бір Тәңірден тілеген,

Қазам жетсе өлемін.
Егер қазам жетпесе,
Қасыңдағы Жүністі
Айырып ала кетемін.

Сонда Тарғын сөйлейді:

—Асу-асу бел едің,

Асудан соққан жел едің,
Жолдасымды бергендей
Қай батырдан кем едім?!
Менен қызды алғандай,

Өзің қандай, мен қандай,
Айтшы жөніңді, кім едің?!
2–252

батырлар  жыры
Сонда қартың сөйлейді:

—Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін.

Мен де өзіңдей кен-дүрмін.
Менің жөнім сұрасаң,
Қырық сан қырым елінде,
Асыл жауһар белінде

Арғы атам—Ер Күлік,
Өзімнің әкем—Қоянақ,
Мен—Қоянақ ұлы Қарт Қожақ.
Оза шауып олжа алған,

Таласты жерде жүлде алған,
Жасанған, жауға қол салған,
Ортадан ойып жол салған
Қарт Қожақ деген ер едім.

—Өзің үлкен данасың,

Өрттей қаулап жанасың.
Ерлігіңнен мінің жоқ,
Ер де болсаң бұл қызды
Нағылып менен аласың?!

Сонда Қожақ сөйледі:

—Алла тізгін оңдаса,

Көк сүңгіні салармын.
Балдағы алтын ақ берен
Қызыл қанға малармын.
Тәңірі тізгін оңдаса,

Не көрмеген бейбақпын,
Ер де болсаң алармын.
Жер жазығы төмен-ді,
Сені қорқақ демен-ді.

Әуелгі кезек менікі,
Соңғы кезек сенікі,
Қалаған жерден атамын.
Айтпай туған ер болсаң,

Кезегімді бер енді.
Сонда Тарғын сөйлейді,
Толғай мойнын бұрады,
Әңгіме-дүкен құрады.

Бұл жанынан қорқар ер емес,
«Кезегін баба алсын» деп,

ер  тарғын
Қарт қояндай қасқарып,
Қарсы қарай тұрады,
Шошынып тізгін жимады.

Буырқанды, бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Жау жағадан алған соң,
Беренге батыр симады.

Бұ сықылды батырды
Қарт Қожақтай еріңіз
Атарына қимады.
Әруақты туған ер дағы

Тарғынды Қожақ сыйлады.
Тарғын бұ Қарт Қожаққа кезек беріп, «атсаң ат» деп, қарсы
қарап тұрып еді, Қожақ мұны сыйлап атарға қимайды:—Не
үшін десеңіз, мен алпыс беске келген, сақалым қуарған бір қарт

шалмын. Қой, жас болса да қасындағы Ақжүністей сұлуды
қиып, һәм өзінің жанын қиып, маған қарсы тұрды, бұл бек ба­
тыр екен, мұның өзін де атпайын, атын да атпайын, тек мұның
қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын жалғыз доғал оқпенен атып

уатайын, соныменен өзімнің оны аяп атпағанымды білдірейін.
Сонан бұл ақылды болса, ойлап білер де, қызды маған тастар да
жүре берер,—деп, бір жалғыз доғал оқпенен салып қалғанда,
Тарғынның қорамсақтағы жүз алпыс кез оғын шіл пара қылып,

уатып кетті. Сонан соң Тарғын «кезегің болды ма?» деп,
қылышын суырып Қожаққа дүрсе қоя берді. Қожақ айтты:—
Тоқта! Менің кезегім біткен жоқ,—деді,—мен сені аяғаннан
өзіңді атпай оғыңды атып едім, өзімнің ерлігімді білдірмек

үшін. Егерде ақылы болса, менім аяғанымды білер де, қызды
тастар да, жүре берер,—деп. Сен менің аяғанымды білмедің, ен­
деше барып тұр! Жаңадан өзіңді тура атамын,—деді.
Сонда Тарғын ойлады: «Мұның мұнысы рас екен. Бұл ғой

менің өзімді байлап атса, таудай өзіме, таудай атыма тигізбей
ме? Аяғаны рас екен, мен мұның қадірін білейін»,—деді де,
қызды тастады да жүре берді. Сонан Қожақ қыздың қасына
келіп еді, қыз атынан түсіп, киімін басына бүркенді де жы­

лай берді. Сонда Қожақ айтты:—Сен неге жылайсың, сен мені
қарт деп жылаймысың, жә болмаса жаман деп жылаймысың?
Әкеңнің айтқан уәдесі бар. Кім қызымды қуып жетіп айырса,

батырлар  жыры
сол өзі алсын. Егерде өлтірсе де, құны жоқ деген, көп жылай
берсең, басыңды қылышпенен кесіп жүре берермін,—деді.
Қарт та болсам, мен жек көретұғын қарт емеспін, һешкімнен

де кем емеспін. Сен бүйтіп жылай бергенше, тұр, жылама!
Басыңдағы бүркенгенің [ді] ал, өзіңді маған көрсет. Басыңды
да, қасыңды да, бойыңды да, қабағыңды да, жарасаң аламын,
егер де бір жерің жарамаса да алмаймын,—деді. Сонда қыз

толғап айтады:

—Ей, қарт Қожақ, қарт Қожақ!

Атыңның басын тарт, Қожақ!
Менің немді сұрайсың?
Бұқар барсаң, қолаң бар,
Қолаңды көр де, шашым көр!

Зергер барсаң, қасында
Алтыннан соққан түйме бар,
Түймені көр де, басым көр.
Молдаға барсаң, қасында

Қиюлы жатқан қалам бар,
Қаламды көр де, қасым көр!
Емран барсаң, пісте бар,
Пістені көр де, мұрным көр!

Һәр шаһарға қарасаң,
Құрулы тұрған күзгі бар,
Күзгіні көр де, көзім көр.
Самарқан барсаң, сандал бар,

Сандалды көр де, тісім көр!
Ұсталарға барсаң, қасында
Тартулы жатқан сымдар бар,
Сымды көр де, қолым көр!

Тоғайға барсаң, тоғайда
Домаланған қоян бар,
Қоянды көр де, жоным көр!
Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр!
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де, бетім көр!
Мен Қырымның ішінде

Ақшаханың қызы едім,

ер  тарғын
Ата менен анамның
Асыранды қазы едім.
Қойда бағлан қозы едім,

Жылқыда шаңқан боз едім.
Қытай менен Қырымнан
Тамам жақсы жиылса,
Аузындағы сөзі едім,

Менің немді сұрайсың?
Бұл уақыт болғанда,
Бұ заманның шағында,
Жылап тұрған көзім бар,

Жалынып тұрған сөзім бар,
Өксіп тұрған жасым бар,
Әуре болған басым бар.
Алғанымнан айырма,

Мені өзіңе қайырма!
Батыр Қожақпын десең,
Біз сықылды бейшара
Жылап тілек еткен соң,

Тілекті бермес болар ма,
Сіз сықылды асылдар!
Бес жасыңда Қарт Қожақ
Жас шыбықтан жай тарттың,

Жалғыз шиден оқ аттың,
Атқан оғың жоғалттың,
Кәне шыққан мүйізің?!
Он жасқа келгенде,

Қызыл-жасыл киініп,
Қынай белің буынып,
Қызбалықты көрініп,
Бала болдың бір кезек,

Қане, шыққан мүйізің?!
Жиырма беске келгенде,
Ақ балтырың түрініп,
Оймақтай аузың бүріліп,

Қарт бурадай қамданып,
Қас батырдай шамданып,
Сыртыңнан дұшпан сөз айтса,
Шыныңменен арланып,

батырлар  жыры
Қызды бақтың бір кезек,
Қане, шыққан мүйізің?
Отыз беске келгенде,

Қоңыраулы найза қолға алдың,
Қоңыр салқын төске алдың,
Жауды көрсең, шүйілдің,
Жеңсіз берен киіндің,

Көк серек атты борбайлап,
Қамалды бұздың айғайлап,
Қане, шыққан мүйізің?!
Қырық бес жасқа келгенде,

Қырым деген шәһардың
Жел жағына қаласың,
Ық жағына панасың.
Қырдан қиқу төгілсе,

Елге таман үңілсе,
Мың кісіге бір өзің
Сұспай жалғыз барасың,
Қане, шыққан мүйізің?!

Елу беске келгенде,
Топқа бардың бой түзеп,
Дауға бардың тіл безеп,
Билік сұрадың бір кезек,

Қане, шыққан мүйізің?!
Алпыс беске келгенде,
Сақал-мұртың қуарып,
Бойға біткен тамырдың

Бәрі бірдей суалып,
Алайын деп тұрмысың,
Мені көріп қуанып?!
Өлтірсең де тимеймін,

Теңдік берсең, сүймеймін.
Бұрын батыр болсаң да,
Сенің басың бұ күнде
Жерде жатқан қу тезек!

Сонда Қожақ ойлады: «Бұ ғой менің бес жасымнан елу бес
жасыма келгенше, менің не қылғанымның бәрін де тапты. Енді
тап менің өзімнің қасымда жүргендей асылзада патшаның ба­

ер  тарғын
ласы тағы енді менің бұ елу бес жасыма шейін не қылғанымды
тапқанда, алпыс жасымдағымды таппай ма? Мұны мен ал­
сам, обалына қалады екенмін»,—деді. «Енді бұ асылзаданың

баласының тапқан сөзін таппады демейін, мұны өзінің сүйгеніне
қосайын!»,—деді де, Тарғын батырға қосты да қоя берді.—
Барыңыз, менен озған дәурен екеуіңізге құтты болсын!—деп.
Тарғын ол қызды алып, сол кеткеннен кетіп, Еділдегі

Орманбеттің он сан ноғайына барды. Он сан ноғайдың он ханы
бар еді, сол он ханның ішінде бір Ханзада деген ханы бар еді. Сол
ханның қол астына барып бір бидің үйіне қонып еді. Би мұнан
сұрады:—Сіздің асылыңыз кімнен?—деді. Тарғын айтты:—

Біздің асылымыз қазақтан,—деді. Әмә, бұ уақытта асылым
қазақтан болса да, Қырым жұртына жақынбыз,—деп.—Олай
болса сіздің атыңыз кім?—деді. Сонда Тарғын айтты:—Менім
атым—Тарғын,—деді. Ол би айтты:—Қасыңдағы жолдасың

кім?—деді. Тарғын айтты:—Жолдасым—Ақшаханның қызы
Ақжүніс сұлу,—деді. Бек айтты:—Ақшахан патшаның қызы
Ақжүніс сұлу бұ болса, сахараға шығып, жұрт асып жүргені
не себептен?—деді. Сонда Тарғын айтты:—Мен алып қашып

жүрмін,—деді. Онда бек айтты:—Ақжүністей сұлуды алып
қашып жүретұғын сен қай Тарғынсың?—деді. Онда Тарғын
айтты:—Олалай ханның Торғауыт деген жұртын харап еткен­
мін,—деді. Енді бек бұларды бегрек те сыйлады. Сыйлаған

себебі, мұның ерлігін есіткені бар еді, соның үшін сыйлады.
Онан соң бұл бек Ханзада ханға барып мағлұм қылды. Хан есіт­
кеннен соң, Тарғын менен Ақжүністі шақыртып алып, бір ал­
тын сарайдың ішіне кіргізді де, хан бекке айтты:—Бұл батыр

Ақжүністің қасында он күн, он бес күн отырған соң, жұртын,
тағы батырларын, мырзаларын, шораларын сағынар, онан соң бұ
дертті болар, іші шерлі болар. Бұл батырға менім қоластымдағы
батырларымды, шораларымды, аралатып көрсетіп, үйір қыл!

Сүйтіп аралатып болған соң, Ақжүністің қасына алып кел, со­
нан соң ол мұндағы жақсыларды көріп, таныс болған соң, өз
жұртын сағынбас,—деді. Сонан соң бұ бек ханның жарлығы
бойынша Тарғын батырды жұртын аралатып, жақсыларын

көрсетіп таныс қылып, ханға алып келді де, үйіне кіргізді. Бұ
Тарғын батыр жұртты аралап, қайтып келген соң, барша Хан­
зада ханның батырлары, мырзалары, жақсылары жиылып хан­
дарына келіп, ханменен мәслихаттасып, сөйлесіп, Тарғынның

батырлар  жыры
ерлігін, батырлығын ханнан сұрап білді. Сонда барша жиылып
отырған мырзалар, билер айтты:—Бұ Тарғын батыр болса,
біздер оны бек құрметтеп сыйладық, сіздің жарлығыңыз жер­

де қалмасын»,—деп. Тағы да ханнан өтінді:—Бұ Тарғын ба­
тыр болса, біз мұны Шаған деген судың бойындағы қалмаққа
жұмсалық, ол қалмақты Шағанның бойынан ығыстырып, бізге
жерін тартып алып берсін,—деді.

Сонда хан Тарғынды шақыртып алып айтты:—Сен өз
жұртыңнан қашып Қырым жұртына бардың. Ол Қырым
жұртының Олалай, Бұлалай деген жауын алып бердің. Һәм
сен біздің қоластымызға келген соң, мынау Еділден шыққан

Шаған дейтұғын судың бойындағы қыл жалаулы көп қалмақты
ығыстырып, солардың жерін біздерге тартып алып бер,—деді.
Сонда Тарғын:—Бәлі, бас тақсыр, жарар,—деді—Алла тіле­
се, бірақ менің қасыма үш кісі жолдас беріңіз!—деді. Хан айт­

ты:—Кімдерді аларсың?—деді. Тарғын айтты:—Бізге беріңіз
Қарасайұлы Көбенді, Алшағырұлы Тегенді, Өмірұлы Себен­
ді. Сол үшеуімен барып қарармыз, бізге айтқан жарлығыңыз
жерде қалмас,—деді де, үш кісі жолдасын алып, Тарғын батыр

қалмаққа барып жетіп, қалмақты Шағанның басына қарай бо­
стырды. Қалмақтың әруағы қашып, бұларменен босқын тау­
ып, ұрыса алмады. Қалмақты Шағанның басындағы белден
асырды, қонысы [н] адыра қалдырды, сонан соң бұ батырдың

көңілі бұзылып Шағанның басындағы белдің үстіне бір жалғыз
біткен емен бар еді, сол еменнің басына барып шықты, егерде
қалмақтың бізбенен ұрысарға ойлары болса, әскер жиғанда
соны қарайын деп. Сол еменнің басында бір жалғыз-ақ көлденең

біткен бұтағы бар еді, сол бұтағына атша мініп отырса, ол
бұтақтың түбі шіріген екен, бұтақ сынып жерге түсті, Һәм
Тарғын да бірге түсті. Тарғынның сонда бел омыртқасы буы­
нынан шығып кетті. Сонда қасындағы үш жолдасы өздерінің

найзаларын төрт бұрышты қылып қиындастырып, Тарғынның
найзасының төртбұрышына екі аяғын, екі қолын байлап алда­
рына өңгеріп, екі айда Ханзада ханға алып келді. Ханзада бұл
батырды неше кіре бақтырып қараса да, һешбір жазыла алма­

ды. Жатқан орнынан қозғала алмады. Ол уақытта бұ Ханзада
ханның елі Бұлғыр тау дейтұғын таудың ішін жайлайтұғын еді.
Бұл Бұлғыр таудың ішінде алты бұлағы бар еді. Бұ Бұлғыр та­
удан ханның елі көшті де, баяғы қалмақтың жайлауы Шағанға

ер  тарғын
барып қонды. «Тарғынды Шағанның бойына барып қонған соң,
қайтып келіп алармыз» деп, Ақжүніс сұлуды, Тарғынды Тар­
лан атыменен, атын арқандап жұртқа тастап кетті, алты-жеті

күндік азығыменен. Бұ тастап кеткен азығы таусылды. Хан­
зададан һешбір кісі келмей, Тарғын менен Ақжүністің азығы
жоқ, арқандаулы тұрған Тарлан атты бағатұғын кісі жоқ, бұлар
аштан өлмекші болып өлім халіне жетті. Сол уақытта Тарғынға

қайғы түсті. Мұның Қырым жұртында қырық құрдасы бар еді.
Һәм бірнеше мырзалары бар еді. «Олардың қасында болсам,
мұндай пәлеге ұшырамас едім,—деп,—менің бір қызға бола, өз
жұртымнан айрылып, бұл жұртта жатқаным қате екен»,—деп

сөйлеп жылайды, жылайды да толғайды:

—Бұлғыр, Бұлғыр, Бұлғыр тау,

Бұлдырап тұрған құрғыр тау.
Қаптай қонар елім жоқ,
Елім, күнім кәрі боз.
Сөйлесетұғын тілің жоқ,

Ел таптырар ма екенсің?
Арысаң да, жануар,
Көрсетер едің бір қара,
Саған мінер белім жоқ,

Белге қылар емім жоқ.
Бұ шамаға келгенде,
Ажалым аштан болды ма,
Ауызға жеуге жемім жоқ?

Егер өлсем бұ жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ!
Көк шалғынның үстінде
Көгеріп келіп жатырмын,

Үстіме киер кебін жоқ!
Еңіреп жүрген ер едім
Қаптаған қара борандай
Өткені ме дүние боқ?!

Ащылы тоғай Алабас,
Ақ сары алдым Бозағаш,
Алтынды сарай, қара шаш.
Алабастан боран бораса,

Бозағаштан борамас.

батырлар  жыры
Тұлпардан туған талаудың
Артынан телміріп қиқу таянса,
Қара терге боялса,

Алдынан найза бойы жар келсе,
Жабыдайын жалтаңдап,
Жануар түсер жерін қарамас.
Қапыда өткен дүние-ай,

Тұяғына айдай таға қақтырып,
Еділдің күзгі қатқан көкше мұзында
Шауып кетсем тая алмас.
Қарындасы кімнің бар болса,

Жамандық жер кез келсе,
Көкіректегі жанын аямас.
Жаттың жаман болмағы,
Жамандық жер кез келсе,

Ат саурысын бір берсе,
Қайырылуға жарамас.
Шағанның бойын шаңдатып,
Кешегі кеткен ит ноғай

Жұртына тірі тастап кеткені,
Есімнен қалмас бүйткені!
Ақжүністей аруым,
Болғаныма мұнан да

Ит тигендей арам ас.
Көк көгершін, көгершін,
Көк кептер ұшар жем үшін.
Баданамды баса бөктеріп,

Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн-түн қатып жортқанмын.
Атаңа некес қалмақтың
Жайлау, қыстау жері үшін,

Еділден шыққан ен Шаған
Қалмақтан ноғайға тартып әпердім,
Атамнан арыстан туған ер үшін.
Атаңа нәлет, ноғай-ай,

Елемеді өзімді,
Сыйламады сөзімді.
Жаудыратып көзімді,

ер  тарғын
Тастап кетті жұртына
Бір мертіккен бел үшін.
Қапыда өткен, дүние-ай,

«Тарғын, Тарғын» дейтұғын,
Қолынан сарқыт жейтұғын,
Жамандық жер кез келсе,
Қайрылмай кетпен дейтұғын

Қарасайұлы Көбенді,
Алшағырұлы Себенді,
Бірге жортқан жолдасым,
Бейілі жаман оңбасын!

Осындай қиын жерлерде
Келмей кетті не үшін?!
Аяукенің ауыр қол
Алты күндей атысып,

Қара қанға батысып,
Бәрін бірдей қырғанда,
Саяға шығып тұрғанда,
Балалы марал келгенде

Қоянақұлы Қарт Қожақ
Баласын байлай атқанда,
Атқанына жығылмай баласы,
Ақсай басып өткенде,

Біздің деңге жеткенде,
Тарғын созып тартқанда,
Атқан оғы маралдың
Атасының қос жауырынынан өткенде,

Иегін сүйей жатқанда,
Қасымдағы қырық жігіт
Суыра алмады оғымды—
Тасқа кірген тартқанда!

Қайда өткен, дүние-ай,
Басымнан дәулеттің құсы ұшты ма,
Фәлактің қайғысы мұндай қысты ма?!
Ішім оттай жанады,

Жалыны жүрегімді шалады,
Бұ істерді айтқанда.
Дін кәуірге болмаған,
Оған тиген оңбаған.

батырлар  жыры
Азау деген аз қала—
Алпыс атын бақтырған,
Үлкені һәр не қылса жақтырған.

Ақ Сыбанның баласы
Ақ айуанды жүһүттың
Алпыс атын алған мен едім!
Сол сапардан үйге қайтқанда,

Балтаға бардым тал үшін,
Талды кестім сал үшін.
Айналасы алты айшылық Еділге
Тарланды талай-талай салғанмын.

Еділдің арғы жағында
Атаңа нәлет қалмақтың
Сыңсып жатқан малы үшін,
Аттанбадым олжа үшін.

Аттанғанмын кәуірге
Атамның ежелден
Ескі кегі бар үшін.
Қолаң шашты, қой көзді,

Қастауыш қасты Ақжүніс,
Айттым сені Құдай жолына.
Кешегі ноғай жұртына
Тастап кеткенде,

Көкіректегі шыбындай жан үшін.
Айналайын, Тарланым,
Бектер мінген бедеуге
Сен тұрғанда бармадым!

Қырдан қиқу төгілсе,
Елге таман үңілсе,
Жалғыз-ақ сені қармадым!
Қиялай қиқу болғанда,

Қараңғы тұман толғанда,
Сеніменен еді дәрменім.
Мінбей, түспей қарыдың,
Арқанда тұрып арыдың.

Алдыңа келіп бітсейші,
Қамысты көлдің құрағы.
Суғаратұғын балам жоқ,
Алладан басқа панам жоқ,

ер  тарғын
Тәңірі қылды, шарам жоқ.
Маңдайыңнан ақсайшы
Құрғыр, Қаратаудың бұлағы!

Қаламдай қасы сүрілген,
Оймақтай аузы бүрілген
Ақжүністей арудың
Алғанынан айырып,

Сөнгені ме енді шырағы?!
Құдыреті күшті Құдайым,
Ақжүністей арудың
Көз алдында көлбектеп,

Ашыққаннан еңбектеп,
Көзіме менің көрсетпей,
Алдыма келіп өлсейші,
Киіктің жалғыз жетім лағы!

Менің бүйтіп жатқаным—
Өз шәһарымның жырағы!
Еңірей-еңірей кетейін,
Қырымда қалған ерлердің

Есіткей тағы құлағы!
Сол батырлар келмесе,
Жайымды солар білмесе,
Кеткен жақтан қайрылып,

Бір-бірінен айрылып,
Екеумізге кім келсін?!
Атам қалды дейтұғын
Өзімнен туған балам жоқ.

Балам қалды дейтұғын
Атам менен анам жоқ!
Бауырым қалды дейтұғын
Ағам менен інім жоқ!

Белімнен басқа жарам жоқ,
Ауызға жерге парам жоқ.
Бір қайрылып келмеді,
Не болғаным білмеді,

Ер Тарғынды көрмеді.
Атаңа нәлет, ақсүйек
Ойлай-ойлай қарасам,
Ханзада ханнан сараң жоқ!

батырлар  жыры
Асыл туған Ақжүніс,
Күнді бұлт қоршайды.
Күнді байқай қарасам,

Күн жауарға ұқсайды,
Айды бұлт қоршайды.
Айды байқай қарасам,
Түн жауарға ұқсайды!

Көгілдірін еріткен
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам,
Көктен сұңқар соғылғанға ұқсайды.

Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мұрным ісініп,
Алланың хақ бұйрығы

Маған таянғанға ұқсайды.
Көктен бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас не пайда?!
Көктегі жұлдыз сиресе,

Есептеп болмас не пайда?!
Көлденеңдеп тұрған тұлпарым,
Шабысыңнан маған не пайда?!
Көріп алған көрікті едің,

Таңдап алған текті едің,
Маған теңіңнен сенің не пайда?!
Алладан әмір болған соң,
Жас мезгілі толған соң,

Көрмеймісің жатқанын
Арыстаныңның бір сайда?!
Қолаң шашты, қой көзді,
Алшаңдаған аруым,

Ажарыңды салма көзіме!
Раушан нұрың көргенде,
Өлейін деп жатсам да,
Қай-қайдағым құрсайды!

Мінбей-түспей қарыдың,
Арқанда тұрып арыдың.
Айналайын, Тарланым,
Бектер мінген бедеудей

ер  тарғын
Безектей басқан аяғын.
Сен тұрғанда бармадым,
Сен құлында емдің, тайда емдің,

Құнан жаста арда емдің.
Дөнен жаста үйреттім,
Алты қабат ала арқан
Жібектен өріп сүйреттім!

Бес жасыңа келгенде,
«Белдің қызығын көрсін» деп,
Бес бедеуге салдырдым.
Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның танаттым.
Алшақтатып ойнаттым,
Арпа-бидай асаттым!
Жеті жасқа келгенде,

Жер төпелді желгенде,
Дұшпанның көзі қорықты
Көлденеңнен көргенде!
Қандай қатын қинайды

Таудан асқан, тұлпарым,
Иең Тарғын өлгенде?
От орнындай тұяқтым,
Омыртқаң бар отаудай.

Жаурыныңа қарасам,
Сыпыра шапқан тақтадай.
Құйрығыңа болайын,
Қынаптан шыққан қанжардай!

Жалыңа сенің болайын,
Күлтеленген жібектей!
Шықшытыңа болайын,
Оралып жатқан түбектей!

Құлағыңа болайын,
Көлге біткен құрақтай!
Қабағыңа болайын,
Қара албасты қабақтай!

Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сағақтай!
Екі көзіңе болайын,
Қорқыттан жанған шырақтай!

батырлар  жыры
Танауыңа болайын,
Тығынын алған шелектей!
Бауыздау жеріңе болайын,

Сарттың мақтадан соққан келептей!
Омырауыңа болайын,
Еділден шыққан аңғардай!
Телміріп қиқу келгенде,

Шұбар туды шұлғанып,
Қара терге бұлғанып,
Ақ сүңгіні қолға алып,
Мінер ме еді заңғарды?!

Сауырыңа болайын,
Зәнтекті қара көмірдей!
Сүбелік жеріңе болайын,
Тастан соққан қорғандай!

Жанбасыңа болайын,
Ұста соққан сандалдай!
Тұрпатыңа болайын,
Тұлпардан туған жорғадай!

Қартайғанша мінбедім,
Өлгеніңше дәурен сүрмедім!
Ойлап келіп қарасам,
Жігіттегі мен бейбақ

Болғаным тағы сор маңдай!
Енді Тарғын Ақжүніспенен, атыменен амандасып болды,
сонда Ақжүніс ойлайды: «Мен Қырымда болсам, асыл ханның
қызы едім, бұл ел-жұртынан, атасынан, анасынан айрылып,

мені осындай алыс жерге жолдас қылып алып келіп еді»,—деп,
бұл ғой өзі өлейін деп жатса да меніменен, атыменен толғауменен
амандасты. Енді мен де, толғап, мұныменен амандасайын! Егер
де дүниеден көше қалса, бұ батырдың маған көңілі қош бол­

сын!—деді. Сонда Ақжүніс толғайды:

—Арыстанымның барында,

Оқалы байпақ кигенмін,
Оқасын жерге төгілтіп.
Әлде, неден азғырдың,
Асыл туған арыстанды

ер  тарғын
Әзіз жаннан түңілтіп.
Атасы басқа жат ру
Жаман екен, дүние-ай!

Тастап кетті жұртына,
Екі бірдей асылды,
Асылдан шыққан нәсілді!
Екеумізді үңілтіп,

Қосаяқтай көшкенде,
Қатар-қатар қара нар
Көш болып қашан түзелер?
Қыл жалаулы қалмақтан

Дүркін-дүркін қуалап,
Келіп тұрған көп жылқы
Қашан келіп күзелер?
Байлауда қалған ақсұңқар

Бұрынғыдай бола алмас,
Көлден үйрек ала алмас.
Күндердің күні болғанда,
Құрағытып барып түленер.

Кетпек болсаң, алғаным,
Нағылғаным сенен қалғаным?!
Кетемін деп шыныңды айт,
Артыңда қалып не етемін?

Алдыңда сенің кетемін!
Арыстан кетіп мен қалсам,
Артыңда қалған бейбағың
Құрсаулы шелек қолға алып,

Қай шәһардан тіленер?!
Сүйіп мінген Тарланың
Басын көкке қаратып,
Бауырынан жаратып,

Тұяқтан ұшқан тозаңын
Жауырынан жауған қардай боратып!
Арқадан соққан борандай
Жер түбіне желген ер!

Атасы нәкес кәуірдің
Мәстегін айдап келген ер!
Бекіре ойнар ақ теңіз
Өңгеге терең болса да,

3–252

батырлар  жыры
Сіз өтейін дегенде,
Белгілі өткел болған ер!
Ит мінезің ұстаса,

Қайсардың қара тасына
Қарауыл салмай қонған ер!
Шыныңменен тілесең,
Қайда кетті тілегің,

Тәңірің тілек берген ер!
Баданаңды баса бөктіріп,
Жаттан жолдас ертіп,
Еділ, Жайық екі су

Ерінбей жорытып, дүние-ай,
Басы-аяғын көрген ер!
Ерлігіңде шама жоқ,
Ағаштан белің мертігіп,

Қызметші қара құлдарша
Қорлықпенен өлген ер!
Қай батырдан кем едің,
Өлерде болдың қара жер!

Бұ Тарғын ойлайды екен: «Мені жұрт ағаштан құлап өлді де­
мес, Шағанның бойындағы көп қалмақты асырамын деп жаудан
өлді дер»,—деп. Қатыным бұлай деген соң, басқа жұрт та мені
ағаштан жығылып өлді,—дер. Ойлап тұрсам, менің мұным бек

ұят екен»,—деп, бек қатты қорланды. Бұрын дәрігерлерге белін
қаратқан уақытта, белін бастырмайтұғын еді. Қаһары келген
соң, «бүйтіп жатқанша, біржолата өлейін» деп, белін қолыменен
басып қалғанда, бел омыртқасы сырт етіп, орнына түсіп кетті.

Алты құлаш белбеумен
Алып белін орады.
Алладан медет сұрады,
«Бабадан жәрдем болғай» деп,

Таяна барып тұрады.
Тұрмасына арланды,
Төңірегін қарманды,
Ақжүніске сөйледі:

—Берер болғай, Тәңірім, тілекті,

Қуантар болғай жүректі.

ер  тарғын
Алып кел, Жүніс, Тарланды!
Алып келді Ақжүніс
Шұбала басып Тарланды.

Арқада тұрған Тарлан да
Хайуан бұ да зарланды.
Алып келді, ер салды,
Оңалмаған енді не қалды?!

Атын ерттеп болған соң, Тарлан атқа екеуі мінгесті. Ақ­
жүніске барша қару-жарағын асындырды, алдына мінгізіп, өзі
артына отырып, Ақжүністен ұстатып:—Кеше жұртына тастап
кететұғын ноғайдың еліне қарай жүр,—деді. Ал енді жүрді.

Бір уақыт болғанда,
Бұл Тарланы пысқырды.
Пысқырғанменен қоймады,
Және жерді тебінді,

Хайуан бүйтіп не білді?
Сонда Тарғын Ақжүніске айтты:—Әй, Ақжүніс, бұ Тарлан
қашаннан бергі менің жолдасым, хайуан да болса мұның сыры
маған белгілі,—деді. Сонда Тарғын Ақжүніске айтты:—Бұл

Тарлан артынан бір нәрсе келе жатса пысқыратұғын еді, егерде
алқынып терге бұлғанып шабылатұғын болса, жер тебетұғын еді,
һәм бұл екі әдетін бірдей қылды, жан-жағыңа қарашы, бір кісі
келе жатпасын, менің бұрылып қарауға әлім келмейді,—деді,—

менің ауру науқас әлім бар, біз бүйтіп келе жатқанда бір-бір жау
болып беймаза етіп жүрмесін,—деді. Ақжүніс бұлай қарады
да:—Һешбір нәрсе көрінбейді, бірақ алдыңғы жағымызда бір-
екі қара көрінеді,—деді. Сонда Тарғын сөйлейді:

—Хақ Тағала Құдайым,

Ақ тарыдай ақтарып,
Шешіп жаздың белімді!
Белім түсіп орнына,
Тағы іздедім кешегі

Тастап кеткен елімді.
Елдің шеті бола ма,
Емескі екі қара көрінді?

батырлар  жыры
Сен, Тарланым, пысқырма,
Таудан үлкен күш қылма!
Көрінген қара ел болып,

Ең кірістен жау шапса да,
Бір шығарман теріңді!
Кім үшін сені қинайын,
Бел омыртқам мертігіп,

Жалғыздығым білінді!
Ару, саған ұнаса,
Кел, тапсам қайтер екен жөнімді.
Солай деді де, Тарғын аттың басын тартып тұрады. Сонда

Ақжүніс айтады:—Бұлай етпеңіз, беліңнің жазылғандығын
білдіріп, бұ тастап кеткен ноғайдың ішіне барып хан халқына
көрініп, жақсысына ой салып, жамандарын қорқытып, сүйтіп
қайтыңыз!—деді. Егерде бармай қайтып кетсеңіз, Қырым

халқынан Ақшаханның қоластынан бір Тарғын деген батыр ке­
ліп омыртқасы сынған соң, қайтып бұйымға аспай, қарға-құсқа
жем болып, Бұлғыр таудың бұлағында өліп қалды дер,—деді.
Тарғын айтты:—Ендеше жүр,—деді. Бұл екеуі ел шетіне келіп

түсті, елге бармады.
Бұл Тарғын менен Ақжүністің келіп түскенін қойшы, мал­
шы көріп таныды да, елге шауып барып хабар берді. «Тарғын
келді»,—деп, ел биге шапты, би ханға шапты.—Тарғын батыр

ел шетіне келіп түсіпті,—деп. Бұл уақытта ханның еліне кеше­
гі Шаған бойынан Тарғынның қуып жіберген көп қалмақ келіп
қамап жатыр екен, «шабамын» деп. Шабамын десе де, шаба
алмай жатыр екен. Шаба алмай жатқаны оның үшін Ханзада

ханның бір сұлу қызы бар екен, «сол қызыңды берсең, шап­
паймын, егерде қызыңды бермесең, шабамын» деп, сол қызды
тірі алайын деп шаппай жатыр екен. Әне, олар олай-бұлай деп
өтірікпенен жұбатып жатыр екен. Тарғынның келгенін есті­

ген соң, ханы, халқы, мырзасы, биі—баршасы жиылып барып
көрісті, отырысты.—Айыпқа бұйырмаңыз, сізге бара алмадық,
оның үстіне жұртымызға жау келіп жатыр еді,—деді. Бұл
уақытта өзіміз бек қатты қайғыдамыз. Өзіңіз аман-есен жазы­

лып келдіңіз бе?—деді. Батыр айтты:—Иншалла, шүкір, кел­
дім,—деді. Хан айтты:—Бұ қалмақты әуелгідей қырып, қуып
бізді бұ жаудан бостан қыл!—деді. Сонда Тарғын айтты:—

ер  тарғын
Менің аз жерде жауға шабатұғын қуатым жоқ,—деді. Бұ әскер-
ләшкердің қашатұғын айласын мен сіздерге үйретейін, өзіңіз
барыңыз сол үйреткен менің айламменен,—деді. Үйреткен ай­

ламды қылсаңыз, өздеріңізден де қашар,—деді. Онда хан айт­
ты:—Ондай шабуға әліңіз жоқ болса, үйретіңіз!—деді. Сонда
Тарғын үйретті. Үйретерде сөйледі:

—Ауан, ауан, ауан су,

Ауандап үлкен балық жүзген су.
Қараша Құбан—қанды су,
Ақ тоған бұдан жанды су,
Үш өзен Самар—даңды су.

Су болғалы екеуі,
Кәпір менен мұсылман
Ерлеріменен даулы су.
Даулы жерде тұрмаймын,

Мен кетемін, кетемін,
Кеткенменен айдалаға кетпеймін,
Айналып Еділді өтемін!
Қадір білмес сен итке

Қарашы болып нетемін?!
Иірімі жоқ суларға
Иірілген шабақ не табар?
Қайрымы жоқ сұлтанға

Ерген нөкер не табар?
Қатын қалса, бай табар,
Қарындас қалса, ер табар.
Талапты туған жігітке

Тәңірім қайғы бермесін!
Алтыннан соққан кеудесі,
Ат басындай шер табар.
Әй, жебір сұлтан, сен білмейсің,

Елден кеткен ер жігіт
Алғидың құба жонында
Тәңірім жөнін берген соң,
Тарланға мінгесіп жүріп, жөн табар!

Мінбей, түспей қарыған,
Арқанда тұрып арыған.
Тарлан жауға мінілмес,

батырлар  жыры
Мінілсе де бұ Тарлан
Бұрынғыдай жүгірмес.
Қалған белім үзіліп,

Балдағы алтын ақ болат
Енді белге ілінбес,
Ерлігім жауға білінбес.
Шығыршығы шираған,

Бадана көзді кіреуке
Шарайна бес қабат.
Жау қарысы жетпеген,
Жез айырдың оғы өтпеген.

Сатуға басын сұраған,
Сан ділдаға бітпеген.
Енді үстіме киілмес,
Батыр жауға шүйілмес.

Неге десең, сұлтаным,
Қатып қалған көнім бар,
Шілде түспей жібімес.
Қатты қалған көңілім бар,

Май құйсаң да ерімес.
Жебір сұлтан, сен білмейсің,
Мен бір аңқау туған бөрімін.
Көп екен деп саған иек сүйемен,

Нәсібімді бір Тәңірден көрермін.
Бұл барғаннан барармын,
Қырымға таман барармын.
Қырымда қалған қырық құрдас

Қырқын қасқа алармын!
Алда маған жол берсе,
Бері қарай сұлтаным,
Сапарланып салармын.

Есен барып, сау келсем,
Домалатып басыңды алармын,
Жұртыңа бүлік салармын!

Тарғын мұны айтты да:—Жаудың қашатұғын айласы осы,
кет, көзіме көрінбе,—деді. Тарғынның бұ сөзіне ханы, халқы
қорықты. Ханзада хан айтты:—Олай болса, райыңыздан
қайтыңыз?—деді. Бұл Бұлғыр тауға сені жалғыз тастап

ер  тарғын
кеткендігімнің ұятынан Ақжүніс сұлудың үстіне саған жалғыз
қызымды берейін,—деді. Және жұртымның саған бармаған
айыбы үшін қолыңды бер!—деп, қолын алды. Сонан соң бұ ба­

тыр райынан қайтты да, Ханзада ханның ордасына келді. Бір­
неше күнде белінің ауруы бітіп жазылды. Баяғы келіп жатқан
қалмақ Тарғынның келіп жатқанын білмеді. Қызын бермеген
соң, атқа мініп, ханның елін шаппақ болып, барабандарын

соғып, ханның үстіне келді.
Жау келгенін білген соң,
Бұл әскерді көрген соң,
Сары ала туы салбырап,

Сауытының шашағы
Тұс тұсына саудырап,
Қабағына қар жауып,
Кірпігіне мұз тоңып,

Жаурыны жазық, мойны ұзын,
Атарына қолы ұзын ,
Құланды қақтан қайырған,
Егескен ханды елінен

Алтын тақтан айырған.
Ертеңнен салса, түске озған,
Ылдидан салса, түске озған.
Оза-оза зырлаған,

Басын тартса, болмаған,
Көк айыл болып көпірсе,
Айшылықты алты аттауға ойлаған.
Артынан қиқу таянса,

Қара терге боялса,
Дамбауыл көрсе қарғыған,
Қарғи барып атылған,
Атыла барып тік түскен.

Аяғының даңымен
Қазандай тасқа жік түскен.
Томаға көзді Тарланды
Жауға қарай тебініп,

Жалмауыздай емініп,
Толып жатқан әскерге
Келді Тарғын желігіп.

батырлар  жыры
Алты құлаш ала атпен,
Үсті толған болатпен,
Сайдан шыққан құла атпен

Көңілін тоқсан бөледі.
Бұ да айтулы ер еді,
Келе жатқан Тарғынды
Сонда байқап көреді.

Қалмақ тағы болмаған,
Домбауыл деген бір жайсаң
Жекпе-жекке Тарғынға
Соғысуға келеді.

Келе қалмақ сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Алайын десем, оңайсың,

Алмайын десем, тоғайсың.
Айтшы маған жөніңді,
Нағылып жүрген ноғайсың?
Сонда Тарғын сөйлейді,

Сөйлегенде бүй де
йді:

—Асудан асу бел—дейді,

Аса соққан жел,—дейді.
Сұрасаң жөнімді айтайын,
Әкең Тарғын мен,—дейді,
Іздегенім сен,—дейді.

Еркек қара қарғадай,
Қоқаңдаған өлім құл,
Сен де бір жүрген ер,—деді,
Қағысалы [қ] кел,—дейді.

Домбауыл сонда сөйлейді:

—Асуда асу бел,—дейді,

Аса соққан жел,—дейді.
Қарсы алдыңнан қарасам,
Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер?—дейді.

Толғана мойнын бұрады,
Алдадан пәрмен сұрады.
Қашатұғын қатын ба,
Сасатұғын сарсаң ба?

Кезегім бер деген соң,

ер  тарғын
Қасқайып қарап тұрады.
Атаңа нәлет, ит қалмақ
Қорамсаққа қол салды.

Суырып алған қу жебе,
Көп оғына жол салды.
Кезегендей қалады,
Созағандай алады.

«Тарлан аттың басы,—деп,
Алтынды ердің қасы,—деп,
Қақ жүректің тұсы,—деп,
Өлер жерің осы,—деп,

Толғанып тұрған Тарғынды
Толғап атып салады.
Кірістен шығып кетеді,
Тарғынға таман жетеді.

Тоғыз қабат торғауыт
Сегізінен өтеді.
Жытыла жазды сауыттың
Қатарлатқан жағасы.

Қабыл еді Тарғынның
Ежелден бермен тобасы.
Өтер еді мұнан да,
Жібермеді бұл оқты

Сиынып жүрген Тарғынның
Бәтуаші бабасы.
Сонда Тарғын сөйлейді:

—Атаңа нәкес, ит Домбауыл,

Атың мінген күймелі,
Ақ сауытың түймелі,
Кесілмесем қарымнан,
Айрылмасам барымнан,

Қасқайып қарсы тұр солай.
Мен тартқан соң көрсетпен,
Бәлем, саған дүниені-ай!
Желігіп келген Ер Тарғын

«Алла», деді, ақырды,
Әруағын судай сапырды.
«Иә, бабам» дей берді,
Жарандар қамын жей берді.

батырлар  жыры
Қорамсаққа қол салды,
Бір салғанда-ақ мол салды.
Кезегендей қалады,

Созғандай алады.
«Алаша аттың жасы, деп,
Қалмақы ердің қасы, деп,
Қақ жүректің тұсы, деп,

Өлер жерің осы, деп,
Толысып келген қалмақты
Толғап Тарғын салады.
Зырқырай оғы кетеді,

Қалмаққа таман жетеді.
Көкірек қысқан көбеден,
Қалмады қабыл жебеден,
Зырлауменен өтеді,

Бұған тоқтар қайрат па,
Мұнан да өтіп кетеді.
Бір төбеге жетеді,
Төбені төңкере тастай кетеді.

Атқан оғын көрген соң,
Мықтылығын білген соң,
Аттанып келген әскердің
Көңіліне қайғы бітеді.

Оқ тоқтаған кезекте,
Домбауыл барып құлады,
Туы қолда тұрмады.
«Ла лай, Лама лух» деп,

Бәлем қалмақ сұлады.
Толып жатқан көп қалмақ
Атына өпшін жабады.
Ары-бері кеңесіп,

Ақыл-айла табады.
Тарғындайын батырды
Тұрған жерде қамады.
Қамағанын көрген соң,

Жалғыздығын білген соң,
Сонда Тарғын сөйледі:

—Олайым да бұлайым,

Көтере көр, Жаббар Құдайым!

ер  тарғын
Алты мыңдай ауыр қол,
Өзіңнен медет болмаса,
Бұған не амал қылайын?!

Жаман-жақсы болса да,
Алланың бұлай әмірі.
Қорлық берді басыма,
Жақындап келді қасыма,

Нағылып бұған шыдайын?!
Алты қырлы ақ мылтық
Ата алмасам, маған серт!
Мен атқанда ұсынып,

Ұта алмасаң, саған серт!
Қозы жауырын қу жебе,
Алтыннан ойған алпыс кез,
Тартатұғын шақ болды,

Жан-жағыма жау толды.
Қиғаш салып жауырыным,
Тарта алмасам, маған серт!
Талайдан бермен жұмсаған,

Қан көрмесең сусаған,
Қанға тойсаң жусаған,
Тауға салсам тас кеткен,
Кеудеге салсам бас кеткен,

Алты аршын ақ болат
Қынаптан алып суырып,
Шаба алмасам, маған серт!
Қанға тойсаң, саған серт!

Айдаһардың тіліндей,
Салсам кеткен білінбей,
Қарағайға самғатқан,
Шұбар туға шұлғаған,

Әруаққа көрсетіп,
Талай жауға мақтатқан,
Төрт қырлаған көк сүңгі
Жау ішінде жалданып

Толғамасам, маған серт!
Толғауыма шыдамай,
Толықсынсаң, саған серт!
Қысқа бақай, тар мықын,

батырлар  жыры
Кебеже қарын, кең құрсақ,
Құлжа мойын төгерек,
Ұмтыла шапқан Тарланым,

Алты мыңдай кісі екен,
Тіл жіберсең, саған серт!
Сен желігіп жүргенде,
Таяна шапса, маған серт!

Тауыса шапса, бұ жауды,
Сонда бітер Тарлан бәйгесі.
Осындай жауды көрген соң,
Жау екенін білген соң,

Керегелеп кірген соң,
Қаса қатын болмаса,
Бізге ұқсаған ерлердің
Көкірегінде болар ма

Қайран Тәңірім қайғысы?!
Алтыннан соққан кіселі,
Әжептәуір мүшелі.
Бұлайша толғап Ер Тарғын,

Енді атынан түседі.
Қысқартты келіп құйысқан,
Өзінде жоқ Тарғынның
Алладан басқа туысқан.

Мұндай, мұндай жауларға
Неше дүркін жуысқан.
Жуысқан жаудың жүрегі
Мұз құйғандай суысқан.

Тартты бекем айылын,
Жасынан көрген қайынын.
Білмесеңіз Тарғынның
Білдірейін зайырын.

Шабайын деп батыр тұр,
Қырылуға кәпір жүр,
Алла берсін қайырын.
Мінді батыр еріне,

Іздеген жауға көріне.
Келген қалмақ жолықты,
Тарғын сынды бөріге.
Кеудеден жаны кетпесе,

ер  тарғын
Әл-қуаты бітпесе,
Тарғын намыс берер ме?!
Ақыл-айла табады,

Келді қалмақ қамады.
Сарала туы салбырап,
Қабағы тастай түйіліп,
Аллалап Тарғын шабады.

Ай бетінен кіреді,
Күн бетінен шығады.
Қойға кірді бір бөрі,
Бүріктіре қырады.

Талай қалмақ құлады,
Ер қайратын сынады.
Атысқан жауы артық көп,
Қай уақытта тынады?

Сүйтіп мінген Тарланға
Басты келіп дойырды.
Тарлан салды мойынды,
Толып жатқан қалмаққа

Тарғын салды ойынды.
Талай қалмақ жиылды,
Қару қанға тойылды.
Бір уақыт болғанда,

Салды келіп қамшыны-ай.
Сауырынан тер кетті,
Көктен құйған тамшыдай.
Қысылды-ау батыр, қысылды,

Қысылмай батыр не қылсын,
Сауытын қанға малшыды.
Бір уақыт болғанда,
Толғады батыр найзаны,

Жалғыз жаумен ойнады,
Жауды еркіне қоймады.
Көтеріп салған көк сүңгі
Тіріде қанға тоймады.

Бір уақыт болғанда,
Суырды белден қанжарды.
Жауға таман ол барды,
Қалмақтың көбі шалбарлы.

батырлар  жыры
Шалбарлыны сермеді,
Іліндірді сағақтан,
Бауыздады тамақтан.

Қарсы алдынан қараса,
Адам шыдар ер емес,
Қар жаудырды қабақтан.
Бір уақыт болғанда,

Қынабынан суырды
Қиялай тартып қылышты,
Жалғыз жаумен ұрысты.
Жау қарасын көрген соң,

Ұмытылмай кетер ер ме еді?
Ет арқасы құрысты.
Ердің жаудан қашуы
Шариғатта дұрыс па?

Алты күн айғай салғанда,
Жетінші күн болғанда,
Тарлан сонда дүзеді,
Жылмия басып жүрісті.

Сегізінші күн болды,
Көп қалмақтың басына
Атайтұғын түн болды,
Ер жігітке сын болды.

Қорамсақтан суырды
Қуалай тартып садақты-ай.
Келген қалмақ көп еді,
Көп те болса қалмақтан

Алты күн айғай салғанда,
Азғантай қалды қадақтай.
Тоғызыншы күн болды,
Мойынынан алады

Атайын деп мылтықты-ай.
Неше батыр болса да,
Түтінін қосты түтінге.
Ынтықты-ай батыр, ынтықты-ай,

Санын садақ үзген көп қалмақ
Сынған санын сүйретіп,
Тарғынның күшін көрген соң,
Қашты сайға сылтықтай,

ер  тарғын
Тап он бір күн болғанда.
Ердің жүрген намыспен,
Күні-түні шабыспен,

Қиқу салған дабыспен
Ұмытыла шапқан Тарланның
Мойнынан жал кетті,
Аяғынан әл кетті.

Неше жүйрік болса да,
Бір тынымы болмады,
Болдыратұғын күн бітті.
Мойнын барлай қараса,

Өкпе-бауыр жалы бар.
Аяғын барлай қараса,
Болар-болмас әлі бар.
Он екі күн болғанда,

Болдырды дейді жануар.
Аруағы қашты кәпірдің,
Сұсы басты батырдың.
Болдырған соң Тарланға,

Қаһары келді бақырдың,
Басты келіп тепкені.
Сонда Тарлан ұмтылса,
Әлі де болса бедеудің

Үй жыққандай екпіні.
Жауды қоймас білемін,
Бұл батырың сықылды.
Нағылып қойсын бұ жауды,

Ежелден жауға әйгілі
Тарғын ердің ерлігі.
Бұл уақыт болғанда,
Қарайды да күн батты,

Сарғайды да таң атты,
Қызара келіп күн шықты.
Күн шыққанда қараса,
Болған екен тамаша.

Қырылып жауы батырдың,
Өзі қайтты оңаша.
Астына мінген Тарланның
Тұрпатына қараса,

батырлар  жыры
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Етектейін ернінің

Екі елісі қалыпты.
Қиған қамыс құлақтан
Бір тұтамы қалыпты.
Жалбыраған жалынан,

Жалғыз қарыс қалыпты.
Бір құшақтай құйрықтан
Бір уыстай қалыпты.
Тұла бойын қараса,

Он жеті жерден жаралы,
Сонда да Тәңірім алмайды,
Ол жараға болмайды,
Әлі де ойын салады,

Қос тізгінін созады.
Артынан қиқу таянса,
Ит арқасы қозады.
Қос тепкіні салған соң,

Қамшыны басып алған соң,
Шаршады Тарлан десек те,
Жер басқаннан озады.
Отырысы нән болып,

Тұла бойы қан болып,
Жүрген жері шаң болып,
Көргендерге таң болып,
Төскейден тұман желеді,

Көңілін жауға бөледі.
Ханзада сынды ханына,
Қара ноғай еліне
Аман-есен келеді,

Бірін-бірі көреді.
Ханы, биі, мырзасы
Иіліп сәлем береді.
Бұл Тарғын жаудың қырғанын қырып, қашырғанын

қашырып, аман-есен келіп, Ханзада ханға көріскен соң, мұның
қуанышына ат шаптырып той қылып, арап-шарап ішіп, тойдың
қызығымен таңның атқанын, күннің батқанын, халық білмеді.

ер  тарғын
Олай да болса хан қызын беремін деген уәдесіне тұрып, қызын
бермеді. Хан айтты:—Жеті атаңнан бергіңді сұрап келіп от­
ырсам, қожа менен төреге һешбір шатасқан жерің жоқ екен.

Соның үшін саған қызымды беруге аталарымның әруағынан
қорқамын,—деді. Енді бұл он сан Орманбеттің ішін қыдыр да,
һәр қандай сұлу қыз тапсаң да алып берейін,—дейді. Сонда
Тарғын айтты:—Биылғы Бұлғыр таудың ішіне жалғыз тастап

кеткеніңнің күнәсін кешіп едім, енді бұл қызды беремін деп
жауыңды қырдырып алып тұрып, қызыңды бермегендігіңді
кешпеспін,—деп, Ақжүністі алды да, Қырымға қарай жүре
берді. Сонан соң хан елі бек қатты қорықты. «Бұл кетіп, қайтып

келген соң, бізді жаман қылар» деп малын баға алмады, отын
жаға алмады, ас іше алмады. Ханы, халқы жақын болды, сонда
жұрты әбігер тартты. Ол уақытта жүзден асып жатқан бір Сыпы­
ра жырау деген бар еді. Ол Сыпыра жырау өз өмірінде қолынан

тоғыз ханды өткізіп, толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі
еді. Жұрт сасқан соң, ханы, халқы жиылып, Сыпыра жырауға
жиылып барды да, Сыпыра жыраудан сұрады:—Біз Тарғын ба­
тырды екі алдадық, әуелі «Бұлғыр тауға жалғыз тастап кетіп,

қайтып келеміз» деп, келмей кеттік, екінші «қызымды бере­
мін» деп жауымызды қырдырып алып, бермей қалдық, сонан
соң ол ашуланып, «Қырымдағы қырық құрдасымды алып ке­
ліп, жұртыңды қырамын» деп кетті. Ол өзі Қырымнан қыз алып

қашты, ханына қылмысты болып жүрген кісі еді, ол жұртына
барып мұнда қайтып келер ме, иә болмаса, ол бізге өтірік ай­
тып, алдап бізді қорқытып кетті ме? Соны болжап бізге айтшы,
көпті көрген көне едің, һәр не десең сіздің ақылыңызбен бола­

мыз,—деді. Сонда Сыпыра жырау айтты:

—Хан менен төрем келіпсің,

Би мен мырза отырсың.
Бізге ақыл салсаңыз,
Біздің тілді алсаңыз,
Тарғындайын батырға

Жиылып барып бәріңіз,
Қараң түгіл ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Батырды еске алыңыз,

Етегіне басың салыңыз!
4–252

батырлар  жыры
Егер кетсе еліне,
Тату болып қалыңыз!
Буырқанып, бұрсанса,

Мұздай темір құрсанса,
Жыртпай кетпес жағаңды,
Жаңылтар келсе тобаңды.
Шулатпай кетпес балаңды,

Қан етпей кетпес қалаңды.
Бір түбектей бір қылар
Жалпы жатқан далаңды.
Қырым деген ағаңды,

Ағаның ісі жаман-ды.
Сонда хан қызын бермек болып, Сыпыра жырауға айтады:—
Біздің шәһарымыздың ханының да, халқының да өтірігі шықты.
Біздің ішімізде тілімізге нанатұғын бір кісіміз қалмады. Оны

нағылып тоқтатамыз. Осы өз қоластыма қараған кісімнен сол
Тарғын тіліне нанатын бір кісі тауып бер,—деді. Сонда Сыпыра
жырау айтады:

—Батырдың жіберіңіз артынан

Қызметін қылған бүлініп,
Қара ноғай халқынан—
Қасына ерген баяғы
Қарасайұлы Көбенді,

Алшағырұлы Тегенді,
Өмірұлы Себенді.
Әруақты туған ерлердің
Аллаға берген уәдесі бар болар.

Қызмет жасаған қосшының
Тарлық жері тап келсе,
Тілегін бермей кетпен деген-ді.
Бұл үш кісі Тарғынның

Соңынан қуып кетті енді,
Батырға жуық жетті енді.
Етегіне басын салды енді,
Ашуын тілеп алды енді.

Елге қарай жүрді енді,
Ел ішіне кірді енді.

ер  тарғын
Ханы, халқы жиылып,
Хан ордаға кірісіп,
Бірін-бірі көрді енді.

Бұл Тарғын ханның үйіне келген соң, ханы, халқы жиылып
хан өзінің ұятынан һешбір сөз бастап айта алмады. Һәм Тарғын
да һешбір сөз бастамады. Сонда Сыпыра жырау сөйледі, Тарғын
батырға қарап тұрып:

—Ай, батырым, батырым!

Тауда Тарлан ақырса,
Тас інінен бөріні
Ару сұңқар шақырса,
Көгілдірін ертіп,

Көлден қулар ұшар ма?
Әділ туған хандары
Қара берен батырға
Беремін деп бермеді,

Өтірік сөзден өлмеді.
Бұл сықылды хандары
Бұл сықылды батырды
Жалған сөзбен қысар ма?!

Хан мен қара келген соң,
Сіз сықылды батырға
Ашуын бермей кетсе ұсар ма?!
Ай, батырым, батырым,

Сөз айтады алдыңда
Сыпыра жырау пақырың!
Ханы, халқың жиылып
Айтып отыр біздерге.

Құлақ салып тыңдасаң,
Біз айталық сіздерге.
Әруақты туған ер болсаң,
Нағыласың бұл қызды?!

Жас баладай жайдақтап,
Жас тайлақтай ойнақтап,
Шыға берме түздерге!
Мына отырған ханыңыз,

Қимылдаған жаныңыз,

батырлар  жыры
Сый қылады, алыңыз!
Қара лашын береді,
Көлден көлге салсайшы!

Қара арғымақ береді,
Елден елге мінсейші!
Ақ падиша жіберген
Балдағы алтын ақ берен

Мұны сізге береді,
Аш беліңе ілсейші!
Бадана көзді кіреуке
Мұны сізге береді,

Баса келіп кисейші!
Нағыласың бір қызды?
Бес жүз атан береді,
Шағаннан көшсең суытып.

Бес жүз бие береді,
Желпілеп мұны байлашы!
Нағыласың бір қызды?!
Бес жүз ауыл береді,

Өз алдыңа сұлтан боп,
Сүйген жерің жайлашы!
Неше батыр болсаң да,
Алмаймысың бұл сыйды?

Миың болса басыңда,
Айтып тұрмын қасыңда,
Осы жерін бір ойлашы!
Бұл батыр енді райынан қайтып, ханның, халықтың берген

сыйын алды. Қара ноғайдың ханы, халқыменен татуласып та­
бысты да, Жанарыстан үш Тарғын деген тауға барып жайлады,
һәм қыстады. Һәм су жерді мысыр етті. Сол елге Тарғынның
өзі хан болды және батыр болды. Сүйтіп жүргенде Тарғынның

өзі қартайды, ажал келіп дүниеден көшті. Бұ Ақжүністен бір
Ардаби деген ұл туды, бұ да бек ер болды, бек асыл би болды,
бұ Ардадан екі бала туды. Үлкені Әжікерей мырза. Әжікерей
мырза жиырма жасында дүниеден өтті. Енді жеті жасар кенже

баласы Айқожа қалды. Бұ Айқожа бес қалаға хан болды, сүйтіп
жұрт иесі болып, хан болып, таққа мініп, бес қаланы билеп,
мұратына жетті.

Баяғыда Тарғын деген бір батыр болыпты. Өз елінде кісі
өлтіріп, айыпты болып, жазадан қорқып, қашып Қырым
жұртына келіпті. Ол мезгілде Қырымда қырық хан бар екен.
Олардың ең үлкенінің аты Ақшахан екен. Тарғын Ақшахан

елінде тұрды. Ол мұнда тұрғанына көп мезгіл өтеді. Жұрт
оның батыр екенін білмепті. Көптен бері Қырым халқының
бір жауы бар екен. Он сан Оймауыт, тоғыз сан Торғауыт дей­
тін екі хан қол асты еді. Олалай, Бұлалай атты ноғай, татарда

батырлар болды. Олардан елін ала алмаған. Тарғын елге қонақ
боп жүргенде Ақшахан жауына шауып, оның елін қырмаққа
аттанды. Көп мың қол алды. Тарғын да жауды өз қамымен бір­
ге шаппаққа аттанды. «Жүр, аттан» деп оны хан шақырмапты

да. Тарғынның келе жатқанын өздерімен бірге, біреу де сезбеп­
ті. Ешкім оны ескермеген. Ақшаханның көп қолы жеткен соң,
Торғауыт елі шың қағып, барабан соғып, көп мың солдат жиып,
зор соғыс етті. Сахарада өлген кісі қаны «бұлақ боп ақты»

деп, қорғанды бұзып ала алмай, сыртынан қамап соғыс етті.
Тарғын батыр соғысқа кірмей, тек қана сырттан қарап тұрды.
Оған ешкім көз де салмаған. Ақшахан қолы көп қырылып, елі­
не қайтпақшы болды. Мұны Тарғын батыр көрді. Тарғын деген

сарбазың ханның қайтарын сезеді. Құдайдан күш сұрайды.
Сонда атына мінеді. «Қашқаннан өлген жақсы, Құдай» деп
оны аузына ап, батыр шабады. «Маған жәрдем, Тәңір!» деп
ұмтылды батыр атын қамшылап. Сыртта жүрген көп қолға көз

салмай, ер Тарғын ішкі қорғанға кірді шауып. Сырттағы тұрған
Ақшахан қолы оның ішкі қорғанға кіргенін көріп, қаптап
шәһарға шауып кірді. Қорғанды бұзды. Жауын жеңіп, еліне
қайтып келген соң, баяғы қорғанды бұзып, шәһарды алған ер

Тарғын батырды іздетіп алдына шақыртты. Тарғын өзінің руы
Ер Тарғын
(Оспан Қисықұлы нұсқасы)

батырлар  жыры
«қырғыз» екенін ханға баяндады. Хан өз еліне қырғыз келге­
ніне таң қалды. Тарғын:—Елімде кісі өлтіріп, айыпты болып,
жер ауып, қашып келдім,—деді. Хан батырдың қашқанына

сеніңкіремеді. Тарғын айтты:—Өз елімді қыруға аядым,—
деді. Мұнан соң хан Тарғынды әскербастыққа сайлады. Ол
мезгілде ханның бір қызы бар екен Ақжүніс атты. Өзі өте сұлу
болған. Сұлулығы Зылихадан да кем болмаған. Тарғынның

ерлігін күңдері ханшаға баян қып айтысыпты. Оған қыз сыр­
тынан көрмей-ақ ғашық болып, бір құлды мың теңгеге жал­
дап, Тарғынды шақыртты. Өзі жігітті күтіп, алтын терезеден
қарап тұрады. Біраздан соң Тарғын батыр терезе тұсына келіп,

қызға хабар салды. Қыз батырды көріп, терезеден үйіне кір­
гізіп, онымен танысып, алдына неше түрлі ас тартып, қонақ
етіп, алты-жеті сағаттай [отырды]. Қыз Тарғын қайтарда оған
сырын айтты:

—Елімізде бір Қалмамбет дейтін мырзаны мен байқамай

қатадан өлтірдім. Қалмамбеттен соң, көрген маған лайық ба­
тыр жігіт сенсің,—деді. Қай мезгілде шақырғанымда маған
келіп жүріңіз, сізбен бірге қайғы басайын,—деді. Сонан әрмен
Ер Тарғын жасырын Ақжүніс сұлуға келіп жүрді.

Бір уақытта Ақжүністі айттыруға хан жаушы салды.
Ақшахан қызынан сұрады:—Мына келген кісіге не деп жау­
ап береміз?—деп. Қыз жауабын үш күннен соң бермекші бол­
ды. Ақжүніс Тарғын батырмен ақылдасып, оған тимекші боп

әкесінен жасырынып, оны Тарғын алып қашпақшы болып­
ты. Сүйтіп, Ақшаханның бір жүйрік жорғасына қызды мін­
гізіп, Тарғын алып қашып жөнелді. Үш күннен соң күңдері
ханымға, ханым ханға қызы Ақжүніс сұлудың қашқанын

білдіртіпті. Хан мұны есітіп, «ол біреумен қашқан шығар»
деп еліндегі барлық жігітті түгендетіпті. Тарғыннан басқасы
үйінде болыпты. Хан ақсүйек қызының қара қырғыз, туған-
туысқаны жоқ, жалғыз жігітпен қашқанына өте көңілі қалып,

намыс етіп, қоластындағылардан кімде-кім оларды қуып же­
тіп, жігітті өлтіріп, қызын айырса, соған бермекші болды. Көп
жұрт қумақшы боп, атқа мінісіп аттанады. Жорыққа жүріп
шыдамай, арып-ашып қайта елге тарапты. Бірақ бір қарт

шал:—Бозбала ұялмай елге қайтса, мен Тарғын мен Ақжүністі
қуып, жолында не өлемін, не ар-намыс үшін ханшаны құл
Тарғыннан айырам,—деп артынан қуып кетті. Ол батырдан

ер  тарғын
қорықпады. Бір мезгілде Тарғынның Тарлан аты жер тебініп,
пысқырды. Тарлан дейтін батырдың аты тек қана жау көрсе,
не оған жақындаса пысқырып, кісінейді екен. Тарғын жан-

жағына қарап, артында алыстан өздерін қуып келе жатқан бір
жанды көрді.
Мына Тарғын айтыпты, айтқанында не депті:

—Ей, Ақжүніс, Ақжүніс!

Ақжүністей жан достым,
Қыз болсаң да жолдасым,
Өзіңменен бір айлас,
Осы жолда мұңдасым.

Мен артыма көз салсам,
Бір нәрсені көремін.
«Бұлай шапсақ, қашты дер,
Мені көріп састы дер,

Кісі қуып жетсін»,—деп,
Оған қарсы бұрылып қарап тұрды.
Томаға көзді қасқа азбан,
Желдей жалы суылдап,

Құйрығы оның желбіреп,
Қатты шауып келеді.
Алпыс-жетпіс жасы бар,
Тайсалатын жан емес,

Тарғынға қуып жетеді.
Мұны Тарғын көріпті,
Ер екенін біліпті.
«Алпыстан асқан жасы» деп,

Оған сәлем беріпті.
Қарсы алдына көз салса,
Көкірегі даладай.
Әлпетіне қараса,

Тастан салған моладай.
Одан Тарғын сұрайды,
Сұрағанда не дейді:

—Ей, қарт аға-ай, қарт аға-ай,

Қаршығаша ұмтылып,
Бүркіттерше түйіліп,
Мұншама сен асығып,

батырлар  жыры
Қай сапарға барасың?
Қартың оған жауап береді:

—Төбедегі жұлдыздай,

Бөріктегі құндыздай,
Беті сұлу көрікті,
Әйел де болса серкемді-ай,
Зылиқадай сұлуды

Алып қашып келесің.
Жаныма қылыш асамын,
Жасым қарттау болмаса,
Қаза жетіп өлмесем,

Жаныңдағы жолдасты
Тартып ала келемін.
Сонда Тарғын айтады,
Айтқанында не дейді:

—Қызды тартып алғандай,

Сен кім өзің боласың?!
Сонда қу шал құрғыр сөйлепті,
Сөйлегенде не депті:

—Мен, мен-дүрмін, мен-дүрмін

Мен де сендей батырмын.
Аты-жөнімді сұрасаң,
Көп ру Қырым жұртында
Түпкі бабам—Ер Күлік,

Менің әкем—Қоянақ,
Мен—Қоянақ баласы Қарт Қожақ.
Барымтада олжа алған,
Таласты жерде теңдік алған,

Тізесін жауға өткізген,
Торғауыт бұзып жол салған
Қарт Қожақ дейтін батырмын.
Тарғын да жауап береді:

—Жаққан оттай қаулайсың,

Батырлықтан мінсізсің.
Қасқыр да болсаң Жүністі
Қалай тартып аласың?
Онда шалың сөйлейді:

—Құдай маған бұйырса,

Көк семсермен шабармын,

ер  тарғын
Балдағын қанға боярмын.
Осылайша мен етіп,
Қызды тартып алармын.

Бұрынғы рет менікі,
Соңғы рет сенікі.
Шынымен туған ер болсаң,
Майданға, сен, шық енді!

Тарғын бұл шалға рет берсе де, шал қыршындай жас жігітті
атып өлтіруге көзі қимады. Оның қыршын жасын аяп, бір доғал
оқпен ғана атып, Тарғынның жанындағы жүз алпыс кез оғын
уатты. Тарғын кезегі жеткен соң, Қарт Қожаққа ұмтылды.

Қарт Қожақ айтты:—Тоқта, мен сені аяғаннан ғана оғыңды
уаттым, менің аяғаныма түсінбесең, қызды өз еркіңмен маған
бермесең, тағы қайтадан майданға барып тұр, мен саған ерлі­
гімді көрсетейін,—деді. Тарғын оның аяғанын түсініп, қызды

тастап, өз жөніне жүре берді. Ол тастап кеткен соң, қыз еңіреп
жылады. Қарт айтады:—Мені кемсінесің бе, не қартсынасың ба?
Әкеңнің еткен бұйрығы: «Кім Тарғыннан айырса, соған беремін
деген, өлтірсе құнсыз да» деген. Жылап мазамды кетірсең, осы

жерде басыңды қылышпен шабармын,—деді. Сен маған қара,
маған бір жерің жақпаса, мен сені алмаймын,—деді,
Сонда Ақжүніс айтады,
Айтқанында не дейді:

—Ей, қарт Қожақ, қарт Қожақ,

Атыңның басын тарт, Қожақ.
Қойда бағлан қозы едім,
Жылқыда шаңқан боз едім.
Қытай менен Қырымнан

Неше төре жиылса,
Мен олардың сөзі едім,
Менен не жай сұрайсың?
Мөлдіреп тұрған жасым бар,

Тілеп тұрған сөзім бар,
Еңіреген жасым бар,
Шатасып жүрген басым бар.
Қосағымнан айырма,

Мені әкеме қайырма.

батырлар  жыры
Қожақ батыр мен дейсің,
Біз жалынған—бейшара,
Тілекті бермес болар ма,

Сіз сияқты мырзалар?!
Бес жасыңда қарт Қожақ,
Жас шыбықтай иіліп,
Бір шиден оқ аттың,

Атқан оқты жоғалттың,
Кәне шыққан мүйізің?!
Он жасқа келгенде,
Қызыл мақпал киініп,

Күміс белбеу буынып,
Қыз секілді көрініп,
Бала болдың бір мезгіл,
Кәне, шыққан мүйізің?!

Жиырма бес жасыңда
Ақ балтырың түрініп,
Оймақтай аузың бүрініп,
Кәрі бурадай қамданып,

Қас батырдай шамданып,
Біреу қорлап сөз айтса,
Шыныменен арланып,
Қыздарды бақтың бір мезгіл,

Кәне, шыққан мүйізің?!
Отыз бестегі жасыңда
Қайраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төсті алып,

Жауды көрсең түйіліп,
Жеңсіз берен киініп,
Көксерек атты қамшылап,
Қорғанды бұздың айқайлап,

Кәне, шыққан мүйізің?!
Қырық бестегі жасыңда
Қырым деген қаланың
Жел жағына қаласың,

Ық жағына панасың.
Өз еліңе жау тисе,
Мың кісіге бір өзің
Қорықпай жалғыз барасың,

ер  тарғын
Кәне, шыққан мүйізің?!
Елу бестегі жасыңда
Жиылысқа бардың бой түзеп,

Дауға бардың тіл безеп,
Қызық көрдің бір уақыт,
Кәне, шыққан мүйізің?!
Алпыс бестегі жасыңда

Сақал-мұртың ағарып,
Денеңдегі тамырың
Барлығы да суалып,
Айырамын деймісің,

Сұлуды көріп қуанып?!
Өлтірсең де, саған бармаймын,
Ерік берсең, сүймеймін.
Бұрын батыр мырза болсаң да,

Сенің басың бұл күнде
Жердегі жатқан қу тезек.
Мұны есіткен соң, қарт Қожақ есіне түсіп, көп ойлап тұрды:
«Бұл ақсүйек ханша менің бес жасымнан бері не қылғанымды

тауып айтты, ендігі жасымдағы не қылатынымды да біліп
айтар, жас баланы алып, обалына қалмайын»—деп, оны
Тарғынға қосып жіберді.—Менен өткен дәурен сендерге құтты
болсын!—деді. Тарғын қызбен Еділдегі Ормамбеттің он сан

ноғайына келді. О мезгілде ноғайда он хан бар екен. Олардың
біреуінің аты Ханзада екен. Тарғын келіп, осы ханның бір
биінің үйіне қонды. Бай:—Кімсің?—деп сұрапты. Тарғын
шынын айтты. Ақшаханның Ақжүніс сұлу қызын алып

қашып келе жатқанын. Олалайдың Торғауыт деген жұртын
қырған Тарғын батыр екенін есітіп, оларды зор сыйлай ба­
стады. Біраздан соң би ханына келіп, оларды жария етті. Хан
Тарғынның батырлығына қызығып:—Ол өз елін ұмытсын,—

деп, оларды қоластындағы барлық мырза-төрелермен таны­
стырып:—Алтын сарайда Ақжүніс сұлумен тұрсын,—деп
биіне бұйрық етті. Жиналған жұрт:—Тарғынды Шаған бой­
ын жайлайтын қалмақ жұртын ығыстырып, бізге жерін тар­

тып әперсін,—деп ханынан өтінді. Тарғын жұрттың өтінішін
ханнан есітіп, өз жанына Қарасай баласы Көбенді, Алшағыр
баласы Тегенді, Өмір баласы Себенді алып, Шағанның бойын

батырлар  жыры
жайлаған қалмақты бөтен жаққа ығыстырды. Су жағасында
жалғыз ағаш басына шығып қалмақты қарайды. Ағаш
басындағы көлденең шыққан бұтаққа мініп отырғанда,

бұтақ сынып, батыр жерге жығылып, омыртқасы шығып
зор қиналды. Жанындағы жолдастары Тарғынды найзала­
рына керіп, алдарына өңгеріп, Ханзадаға алып келді. Хан­
зада қаншама емдетсе де, Тарғын жазыла алмады. Ханның

елі бұрынғы қалмақтың жайлауы Шаған бойына көшіп ба­
рып қонды. «Ақжүніс пен Тарғынды атымен соңыра келіп
алармыз» деп жұртқа тастап кетті. Онда Тарғын тамағы та­
усылып, ханнан еш кісі келмеген соң, өз елі есіне түсіп, сар­

нап жылап, атымен, Ақжүніспен арыздасып көп жыласты.
«Жауға барғанда ағаштан жығылып, не жаудан өлді дер»,—
деп Тарғын:—Текке өлгенше, біржола өлейін,—деп беліне
бұрын кісі қолын тигізбесе де, енді қатынына бастырған екен,

сырт етіп орнына түсіпті.
Алты құлаш белбеумен
Белін орап буады.
Құдайдан көмек тіледі,

«Әруақ, жәрдем болғай» деп,
Таяна барып тұрады.
Тұрмасына ар етіп,
Төңірегін қармалап,

Ақжүніске сөйледі:

—Берсін, Тәңірім, тілекті,

Қуантсын біздей жүректі,
Әкел, Жүніс, Тарланды.
Алып келді Ақжүніс
Арқанда тұрған Тарланды.

Арқасына ер салды,
Қуанбасқа не қалды?!
Тарлан атқа мінгесті,
Кеше жұртқа тастаған

Ноғайлыға қарай жүреді.
Бір мезгілдер болғанда,
Астарындағы аты пысқырды.
Жерді тағы тебінді,

Жануар бүйтіп не білді?!

ер  тарғын
Тарғын атының текке пысқырмайтын сырын білетін еді.
Ақжүніске:

—Жан-жағыңа қарашы, бірнәрсе көрінбей ме?—деді.

Ақжүніс қарап, алдыңғы жағында емескі бір-екі қара
көрінді,—[деді].—Е, Тарлан, текке пысқырма, мен сені енді
ешкім үшін терлетпеймін, омыртқам шығып жалғыздығым
білінді ғой, енді жөнімді табайын,—деді. Ақжүніс айт­

ты:—Сен құр өз жөніңді тапқанша, жұртына тастап кеткен
елге барып, жамандарын қорқытып, жақсыларына ақыл
сал,—деген соң, Тарғын Ақжүніспен Ханзада елінің шеті­
не келіп түсті. Ол мезгілде ол елді баяғы Тарғын ығыстырып

жіберген қалмақтар қайта Шаған бойына келіп, Ханзада елін
қамап жатыр екен. Қалмақ ханына Ханзаданың сұлу жалғыз
қызын айттырып жатыр екен. «Сұлуды бермесең, еліңді ша­
бамын»—деп. Тарғын мен Ақжүністің келгенін естіп, хан

барлық жақсыларын жиып, олармен амандасып:—Сіздерге
кісі жіберуге мына елімді қамап жатқан жаудан ешбір қол ти­
меді, айыпқа бұйыра көрмеңіз,—деді. Тарғын айтты:—Бұл
қалмақты баяғыдай тағы ығыстыруға менің әзір әлім жоқ,

оларды қалайша жеңуді мен сендерге үйретейін,—деді. Сонда
Тарғын былайша үйретті:

—Бұл барғаннан барармын,

Қырымға мен қайтармын.
Қырымдағы қырық құрдас
Жаныма мен ертермін.
Құдай маған бұйырса,

Қайта саған келермін.
Аман-есен сау келсем,
Басыңды шауып алармын,
Қоластыңа әлек салармын.

Жаудан құтылар айла, өз айыбы үшін жалғыз қызын
Ақжүністің үстіне бермек болды. Жұрт айыбы үшін оның қолын
алды. Тарғын ашуы кетіп, ханның еліне келіп қонақ боп жатты.
Белі де жазылыпты. Бұл елге Тарғынның келіп жатқанын есіт­

пей, хан қызын бермеген соң, баяғы қалмақ аттанып, барабан
соғып ханның үстіне келіпті. Жау келгенін есітіп, Тарғын батыр
атына мініп, толып жатқан қалмақтың әскеріне қарсы келеді.

батырлар  жыры
Ол жақтан Домбауыл деген бір батыр жекпе-жекке Тарғынға
қарсы шығып сөйлейді:

—Алайын десем, оңайсың,

Алмайын десем, тоғайсың.
Айтшы маған жөніңді,
Нағып жүрген ноғайсың?!
Сонда Тарғын сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Асудан асу бел,—деді,

Аса үрген жел,—деді.
Жөнімді мен айтайын,
Әкең Тарғын мен,—деді,
Іздегенім сен,—деді.

Домбауыл сонда сөйледі:

—Келбетіңе қарасам,

Жасың кіші жас ұлсың,
Кезегімді бер,—депті.
Тарғын сынды батыр кезегін беріп, жауға қасқайып қарап
тұрды. Домбауыл жанынан оғын суырып ап, қақ жүрегін көздеп

оқ тартқан екен, Тарғынның торғауытының сегіз қабатынан
өтіп, тоғызыншы қабатында тоқтады. Мұнан соң Домбауыл
Тарғынға кезек берді. Тарғын оқ тартып, Домбауылды аты­
нан сұлатып жықты. Қалмақтар батырының аттан жығылып,

өлгенін көрген соң, Тарғынды қамап ұстамақшы болыпты.
Тарғын мұнысын көріп, қолына қару-жарағын алып, жауға
қасқырша шапты. Он бір күн соғысып, он екінші күнде Тарғын
атының арып, қалмақтың қырылып, өзінің далада жалғыз

қалғанын көріпті. Жаудың қырылғанын қырып, қашырғанын
қашырып, есен-аман Ханзада ханға келіп, ат шаптырып той
етіпті. Жұрт көп күн мәжіліс етіпті, сүйтеді де хан айтты:—
Ақсүйек қызымды саған беруге аталарымның әруағынан

қорқамын,—деді. Он сан Орманбеттен таңдап бір сұлу қызды
ал,—депті. Тарғын бұл алдауына шыдамай, Ақжүністі алып,
зор ашуланып, өз еліне қайтып кетті. Ханзада онан зор қорқып,
малын баға алмады, отын жаға алмады. Жұртының барлық игі

жақсыларын, билерін шақырып, еліндегі бір ақылды қарт биге
ақылдаспаққа барыпты.

ер  тарғын
Сонда қартың сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Хан мен төрем келіпсің,

Би мен мырзам отырсың.
Бізге ақыл салсаңыз,
Біздің тілді алсаңыз,
Тарғын сынды батырға

Барлығың да барыңыз.
Қараң түгіл, ханыңыз,
Қимылдаған жаныңыз,
Батырды еске алыңыз,

Аяғына бас ұрыңыз.
Тоқтамай кетсе еліне,
Тату болып қалыңыз.
Ашуланса еліңе,

Жыртпай кетпес жағаңды,
Жаңылтар келсе тобаңды.
Шулатпай кетпес балаңды,
Қан етпей кетпес қалаңды.

Жұрт
ақылдасып,
айтысты:—Біздің
ішімізде

Тарғын
нанарлық енді бір кісі де жоқ, ханшаны береміз дегенге, енді ол
батыр нанар ма екен?—десті. Сонда ақылды ақсақал айтты:—
Оған ел ішінен таңдап, үш батыр жіберіңіз, олар бір-бірінің

сөзіне нанар,—деп, баяғы қасына ерген Қарасайұлы Көбен
баласына тағы екі батыр жолдас беріп, Тарғынның артынан
қудырып жіберді. Олар батырды қуып жетіп, аяғына бас ұрып
жалынды, ашуын кешірді. Сүйтіп, олар Тарғынмен Ханзада

еліне қайтып келіпті. Хан Тарғынға ұялып ештеме дей алмап­
ты. Сонда ел ішінен бір би сөйледі:

—Ей, батырым, батырым,

Сөз сөйлейді алдыңда
Сыпыра жырау бақырың.
Ханы, халқы жиылып,
«Айт» деп отыр біздерге.

Назар етіп тыңдасаң,
Біз айтамыз сіздерге.
Атақты туған ер болсаң,

батырлар  жыры
Не қыласың бір қызды,
Мына тұрған ханыңыз,
Бәріміз де жанымыз

Сый етеді, алыңыз.
Қара лашын береді,
Көлден-көлге салсайшы!
Қара тұлпар береді,

Жауыңа қарсы мінсейші!
Балдағы алтын ақ берен
Оны да хан береді.
Бұдан басқа көп қазын

Тағы сізге береді.
Не қыласың бір қызды,
Мың жылқысын береді.
Не қыласың бір қызды,

Бес жүз ауыл береді.
Өз алдыңа сұлтан бол,
Сүйген жерің жайлашы!
Қанша батыр болсаң да,

Тұра алмассың бұл сыйға.
Миың болса басыңда,
Осыған ой салсайшы!
Тарғын ашуынан қайтып, берген сыйларын алып, өз алдына

хан болып, мұратына жетіп, қартайып өліпті.

Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бірқатар заман болды қамдалғалы.
Жамағат, құлақ салып тыңдасаңыз,
Мінеки, Ер Тарғыннан сөз қозғалды.

Жамағат, мен сөйлейін талай кептен,
Бір үлкен патша өтіпті асыл тектен.
Ағалар, өздеріңнің естуің бар,
Астархан деген ертеде бір патша өткен.

Келіпті тоқсан беске соның жасы,
Артылған сан патшадан ғазиз басы.
Хисапсыз Тәңір берген дәулетінде
Толтырған неше түрлі асыл тасы.

Сол патша неше түрлі ойлайды ойды,
Қызығы жер жүзінің бәрін жиды.
Бар екен Ғұмар деген жалғыз ұлы,
Орнына өзі түсіп соны қойды.

Ақылы Ғұмардың да жұрттан асқан,
Үй салды неше түрлі асыл тастан.
Халқына ғаділетті патша болып,
Артықша атасынан өрнек шашқан.

Құданың не қылса да құдіретінде,
Жылайды бір өзіне кеп барша пенде.
Патша еді ақылы мол, инабатты
Астархан шәһарында сол бір күнде.

Тарғын батыр жыры
(Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқасы)
5–252

батырлар  жыры
Сол Ғұмар көп патшадан ғаділетті,
Мұлайым айтқан сөзі балдан тәтті.
Бар еді Ғұмардың да жалғыз ұлы

Хисапсыз асқан батыр Шорман атты.
Сол Шорман асып туған жаннан өзі,
Халқына ұнайды екен айтқан сөзі.
Атағы он бесінде жұртқа шығып,

Қамалды жалғыз бұзған талай өзі.
Арғымақ мойны құлаш жаратыпты,
Бір өзін мың кісіге балатыпты.
Келгенде он бес жасқа батыр Шорман,

Қалмақты жетпіс түрлі қаратыпты.
Жанында күміс сауыт, торғын шатыр,
Аямай бармақ етін садақ тартар.
Баласы падишаның батыр Шорман

Атақты заманында болды батыр.
Жанында ер-тұрманы, өткір алмас,
Жасында талаптанған ер құр қалмас.
Айтайын ер Шорманның қайсы сырын,

Ауызбен айтып, сөзбен сөйлеп болмас.
Сөйлейді есті кісі жолыменен,
Көрінер адам көркем тоныменен.
Алдынан ер Шорманның жан шыққан жоқ,

Жамағат, жата тұрсын соныменен.
Бұл Шорман бос жұмыспен жүрмес некен,
Жолдасы мың сегіз жүз қасына ерген.
Ғұмардың қол астында, жамағаттар,

Бір үлкен бай бар екен Һәман деген.
Һәманның дәулеті асқан жаннан өзі,
Айтуға байдың жайын келді кезі.
Жоқ еді ұл перзенті осы байдың,

Бар екен елде сұлу жалғыз қызы.

тарғын  батыр  жыры
Көп біткен Һәман байға осынша мал,
Жігіттер, осы сөзді жақсы ұғып ал.
Қырық қызбен бір бақшада жатады екен,

Аты екен сол сұлудың Ғайнижамал.
Жаралған жапан түзде жалғыз шынар,
Міні жоқ тал бойында адам сынар.
Ұқсайды қарап тұрсаң күн мен айға,

Қыз емес айта берсең көңіл тынар.
Һәманның жалғыз қызы болған үлфәт,
Бітпейді адамзатқа мұндай сипат.
«Жалғызым кімді сүйсе беремін» деп,

Әкесі өз аузынан берген рұқсат.
Нәп-нәзік сұлу белі бұраңдаған,
Көрген жан тағат етіп тұра алмаған.
Жамалды хор қызы деп айтар еді,

Егер де біреу көрсе сыр алмаған.
Ес қалмас Жамал десе бозбала да,
Жатады сауық құрып айдалада.
Бұл қыздың әңгімесін кейін айтам,

Бұл дағы тоқтай тұрсын осы арада.
Шорман жүр он бесінде жауға барып,
Қаратты жетпіс түрлі қалмақты алып.
Ғұмардың қол астында, жамағаттар,

Бір адам болған екен аты—Ғаріп.
Ғаріптің жалғыз ұлы батыр Тарғын,
Ішінде бозбаланың болды балғын.
«Мені алар бұл шәһарда адам жоқ» деп,

Бойына теңгермей жүр жанның бәрін.
Сол Ғаріп—адамзаттың әулиесі,
Адамның өтер мынау дүниесі.
Бейшара айыбында кедей екен,

Бар екен мал дегенде бір биесі.

батырлар  жыры
Әкесі жас күнінде мерген екен,
Тарғынды қартайғанда көрген екен.
Жасы бар әкесінің сексен бесте,

Бие де жиырма беске келген екен.
Биесін қысыр қылмас Құдай екен,
Нәсібін бір биеден салған екен.
Қымызын алты ай жаздай қорек қылып,

Құлынын қыс болғанда сояды екен.
Ер Тарғын қынай белін енді буды,
Сол жылы дәл тұлпар боп құлын туды.
Ат қылып мұны Тарғын мінемін деп,

Қымызына бір биенің жұртын жиды.

—Құр бұғып түк таппадым үйде жата,

Тарғын боп білінейін біржолата.
Қымызын жалғыз бие жиды дағы,
Мал сойып үлкендерден алды бата.
Той болды Тарлан құлын келер жылы,

Сол күнде-ақ көп жылқының шын дүлдүлі.
Көрерсіз ат болғанда қандайлығын,
Алты жақсы, жүз жамбы мұның пұлы!
Тұлпары тай өткен соң құнан шықты,

Жылқыға мұндай сүйек бітпес тіпті.
Қаз мойын, қамыс құлақ, белдемелі,
Келте құйрық, қыл түбі жуан түпті.
Дөнен шықты, зор болды арғымақтай,

Ержеткенше Тарғын жүр тыныш таппай.
Бес жасқа келгенінше үйреткен жоқ,
Жүреді айдап көріп жанға ұстатпай.
Келгенше алты жасқа үйретпеген,

Іні жоқ Ер Тарғында соңына ерген.
«Үйретіп жеті жаста мінейін» деп,
Ертіп ап жолдастарын атқа келген.

тарғын  батыр  жыры
Ер Тарғын ой ойлайды үйде отырып,
Тарланды үйретсем деп қызық қылып.
Ұстады алты жігіт бұғалықпен,

Әкетті тоқтата алмай бір-ақ жұлып.
Бұлардың қызығына Тарғын күлді,
Атымен өз сүйегі бір келісімді.
Ұстады құрықпенен батыр Тарғын,

Үйретіп, тай есепті өзі мінді.
Зырқырап тау мен тастан өтеді екен,
Берді ғой тілегімді Құдай-екем.
Үстінен қара тастың ырғытқанда,

Суырып топырағын кетеді екен.
Жігіттер, міне, осындай тыңда кепті,
Болса да қара сүйек Тарғын текті.
Тарғын ат тақымына ұнаған соң,

«Тәңірім-ай, абырой бер өзің!»—депті.
Ер Тарғын отырады үйде ой ойлап:
«Тарланды үйретсем,—деп,—жаздай жайлап.
Сол шәһарда Тарланнан озар ат жоқ,

Қояды түн болғанда үйге байлап.
Дүниеден кім өлмейді жетсе қаза,
Тұлпар боп Тарлан аты шыққан таза.
Жасы бар он жетіде батыр Тарғын,

Көңілі атына да болған риза.
Тарғынның сол шәһардан қайраты асты,
Өзі батыр, тұлпары құп жарасты.
Бір жазда атын сынап алды батыр,

Жүйрігін әбден біліп мауқын басты.
Күш кірді, қуат бітіп толған сайын,
Сайманы, қару-құрал бәрі дайын.
Ер Шорман жау қалмаққа бармақ болды,

Тарғынды осы араға тоқтатайын.

батырлар  жыры
Баласы падишаның батыр Шорман,
Сіздерге әңгімесін енді айтайын.
Мінеді Ғұмар патша алтын таққа,

Баласы қолы жеткен әр тарапқа.
Он мың ер батыр Шорман жинап алып,
Егескен жүрмек болды бір қалмаққа.
Батырлар шеру тартып жүріп кетті,

Арада бірнеше күн сайран етті .
Ергені қасындағы ылғи батыр,
Қалмаққа он бес күнде барып жетті.
Қалмақты келіп шапты жетім-жесір,

Ең азы жүз жылқыдан олжа үлесер.
Естуім рас болса, еріп барып,
Ішінде олжа алмаған Тарғын десер.
Ол кезде еш батыр жоқ Шорманға орай,

Берді ғой тілегенін патша Құдай.
Шорманның жан жолдасы батыр Кәрім
Келіпті падишадан сүйінші сұрай.
Падиша мынаны естіп қуанды енді,

«Берді ғой тілегімді Құдай» деді.
Сүйінші сұрап келген батырына
Үш тоғыз жетім бастап оған берді.
Тоқтамай қол да келді күндіз-түні,

Тыңдаңыз осы Шорман сөздің шыны.
Дұшпанын Шорман жеңіп келгеннен соң,
Падиша да той қылды қырық күні.
Той қылды, жұртын жиды, Ғұмар патша,

Тойынды жетім-жесір, кедей, аш та.
Қырық күндей сойған малдың есебі жоқ,
Боп жатыр бай баласы ішпей мас та.

тарғын  батыр  жыры
Білмейді тойынған соң кедей-байын,
Қырыпты олжа малдың бірталайын.
Ішкен мас, жеген тоқ боп жата тұрсын,

Сіздерге енді айтамын күрес жайын.
Қырық күндей жиналған жан ойнап күлді,
Батырлар қамал бұзған алар жолды.
Тойына падишаның жиналған жан

Ғұмардан рұқсат сұрап күрес қылды.
Шорманға қалай айтса жарасады,
Халайық тамаша ғып қарасады.

—Бәйгіні осы жолғы мен алам,—деп,

Осыған батыр Кәрім таласады.
Күші бар батыр Кәрім асқан мықты,
Күш кернеп жылдан-жылға құтырыпты.
Қосылған екі жақтан екі балуан

Екеуі күресуге енді шықты.
Білмейді күрес жайын бұрын Тарғын,
«Тәуекел, Тәңірім!» деп күресіпті.
Екеуі сілкілесті кезек-кезек,

Ауызбен айтып болмас, тілмен безеп.
Батырлар күрескен соң аянсын ба,
Жығуға бірін-бірі алды тежеп.
Кәрімнің жығыларын Тарғын білді,

Алаңдап жан-жағына мойнын бұрды .
«Халық көріп қайратымды сынасын» деп,
Көтеріп ер Кәрімді біраз жүрді.
Аздан соң бір-ақ ырғытып Кәрім ерді,

«Мінеки, палуаның!» деп жерге ұрды.
Тарғынның қайратына жұрт таң қалды,
Тігіпті бәйгеге хан сансыз малды.
Алғашқы палуанды жығып салып,

Елу жылқы, жүз қойды санап алды.

батырлар  жыры
Құдай берген баланың арқасында,
Әкесі бір-ақ жолда байып қалды.
«Сауатын жалғыз бие Тарғын ғой» деп,

Дұшпаны көре алмаған көп сандалды.
Той болды берекелі қатты қызық,
Қайраты Тарғын ердің болды үздік.
Кәрімнің жығылғанын көргеннен соң,

Ұмтылды шыдай алмай батыр Сыздық.
Күреске Тарғын жақтан Қарбай барды,
О дағы Тәңірім оңдап жығып салды.
Істері Алла оңғарып тұрған шақта,

Мың ділда, бір жамбы бұл дағы алды.
Екі кісі күресті, бұлар жеңді,

—Палуанды шығар,—дейді,—өзім теңді.

Отыз бесте жасы бар жан батпаған,
Ер Шорман алып келді Нәсерменді.
Тарғынның жолдастары бәрі текті,
Шорман жақ бәйгі ала алмай болды кекті.

Жиырма бірде жасы бар, жан батпаған
Тарғын да алып барды Абланбекті.
Тарғынның жолдасының бәрі мықты,
Шорман жақтың палуанын жерге тықты.

Қолын бұрап жамбастап жата тастап,
Мың ділда, бір шапанды бұ да ап шықты.
Падиша той қылыпты қырық күні,
Таусылмас қанша берсе мұның пұлы.

—Мынаны, батыр болсаң, жығып ал,—деп,

Әпкелді топқа салар Қожамқұлды.
Шорман жақ ыза боп тұр бәйге ала алмай,
Жиналған палуандардың бірі қалмай.
Әбілқасым дейтұғын біреу барды,

Екеуі иірілісті жығыса алмай.

тарғын  батыр  жыры
Сонда Тарғын:—Падиша көрсін,—дейді,
Мен жықсам палуан деп білсін,—дейді.
Қожамқұл мықты болса, маған шықсын,

Бәйгенің атын атап берсін,—дейді.
Ал жамағат жиылып,
Дария судай құйылып,
Үш мың ділда, бір жамбы

Патшадан келді бұйырылып.
Тарғын тұра ұмтылды,
«Берейін,—деп,—жүн қылып».
Екеуін жыққан бір жерде

Қорқатын емес тығылып.
Бәйгені Тарғын тағы алды,
Қожамқұл палуан жығылып.
Астында падишаның алтын тағы,

Ашылды Тәңірім оңдап Тарғын бағы.
Болса да бұрын кедей батыр Тарғын,
Жайылды алты алашқа әруағы.
Тарғынды палуан деп жұрт айтады,

«Мынау да күшті екен» деп көп байқады.
Бәйгені осы жолғы Тарғын алды,
Жамағат, қырық күннен соң той тарқады.
Бұл жолы Тарғын тапты бірталай мал,

Атақты, ер жігіттер, сұлу қыз ал.
Болыпты сұлу қызы Һәман байдың
Айтайын әңгімесін Ғайнижамал.
Шорманға үндемейді жан таласып,

Жүреді қайратымен жанды басып.
Бұрыннан ойына алып жүреді екен,
Жамалға батыр Шорман болып ғашық.
Ер Шорман бір хат жазып жіберіпті,

Бір елші ғаяр кемпір ап келіпті.

батырлар  жыры
Жазыпты өктемдікпен батыр Шорман,
Қағазын алмай Жамал қайырыпты.
Ер Шорман ашу келіп шыдамаған,

«Қалайша бұл қыз мені ұнатпаған?
Түн болсын, бар шашыңды күзеп алып,
Қорлықты көрсетейін, қаншық, саған!».
Біреудің қыз да болса сүттен ағы,

Белгілі піскен алма жеткен шағы.
Бұрыннан ойына алып жүруші еді,
Бұл қызға ғашық болып Тарғын дағы.
Ер Тарғын бір хат жазып жіберіпті,

Бір елші ол да кемпір ап келіпті.
Тарғынға қыз да ғашық боп жүр екен,
Қағазын көріп Жамал, «келсін» депті.
Жеріне уағда айтқан Тарғын келді,

Қыз Жамал ер Тарғынды қабыл көрді.
Көрген соң екі ғашық бірін-бірі,
Екеуі аз ғана күн сауық құрды.
Ер Тарғын құшақтайды бұраң белді,

Көреді қыз жанындай Тарғын ерді.
Еш ойда жоқ жатқанда таңға жақын
Қасына қырық кісі ертіп Шорман келді.
Көреді тыста тұрған Тарлан керді,

Тарғынның мұнда екенін бұлар білді.
Тарғынның мұнда екенін білгеннен соң,
Қырқына «тез өлтір» деп бұйрық қылды.
Қырық жігіт сол сөзбен үйге кірді,

Тарғынды қызбен жатқан көзі көрді.
Падиша батыр Шорман далада тұр,

—Қу кедей, мұнда ма ең?—деп бір-бір ұрды.

тарғын  батыр  жыры
Қырқына сонда Тарғын қарамайды,
Көңіліне жамандықты баламайды.
Жабылып қырық жігіт қанша ұрса да,

Ер Тарғын ашу қылып санамайды.
Бұралып тал шыбықтай қыз тұрады,

—Жігіттер, бұл қалай?—деп сөз сұрады.

Шорманды тыста тұрған арқа тұтып,
Тағы кеп қырық жігіт қырық ұрады.
Қырқы да өңшең ақымақ, қызға айтады:

—Қалайша ап жаттың,—деп,—бұл кедейді?

Ұрады кісі басы үш-үш қамшы,
Ер Тарғын сонда дағы үндемейді .
Қырық жігіт екі ұрғанда сексен болды,
Үш ұрғанда жүз жиырмаға анық толды.

Үндемей үшке дейін жатып еді,
Батырға төртіншіден ашу келді.
Біреуін біреуіне шоқпар қылды,
Қырықтың әлек болып бәрі де өлді.

Есіктен батыр Тарғын қарғып шықты,
Алдынан патша Шорман кездесіпті.
Қолында ырғай сапты балтасы бар,
Көтеріп өлтіруге ұмтылыпты.

Қолыңда балтасы бар ырғай сапты,
Өлтірмек боп ер Тарғынды салып қапты.
«Балтасы басқа тисе, өлтірер» деп,
Батыр Тарғын балтасын қолмен қақты.

Балтасы қайта айналып өзін шауып,
Сол жерде патша Шорман қаза тапты.
Көрген жоқ бұрын Тарғын мұндай істі,
Әмірі Құдіреттің қандай күшті.

«Жамалға қош айтысып кетейін» деп,
Атынан ырғып мінген қайта түсті.

батырлар  жыры
Жамал айтты:—Барасың қайсы жаққа?
Тілесең, медет берер жалғыз Хаққа.
Жар болған жарым түнге, ғашық жарым,

Кетсеңші жөніңді айтып мен бейбаққа?!

—Аман бол, ғашық Жамалым,

Қырық бір кісі өлтірдім,
Падишасын бас қылып,
Қандай да болар заманым?!
Алыста аз күн жүрейін,

Ойлап бір оның амалын.
Хабарым осы, ей, Жамал,
Алмалы тауға барайын.
Ғашық жарым, бері кел,

Төсіңе қолым салайын.
Жаны ашыр жақын менде жоқ,
Артыма не деп қарайын?!
Ашудан патша қайтпаса,

Қырармын елдің талайын.
Саған қысым көрсетсе,
Қырғынға сонда салайын,
Жаман-жақсы болса да,

Он бес күнде бір іздеп,
Хабарыңды алайын.
Осылай сүйіседі құшақтасып,
Бірі-бірін қысады мауқын басып.

Қыз айтты:—Жатқан жеріңді ешкімге айтпа,
Жүрмесін қайсыбіреу хабар тасып.

—Патшадан қазам жетсе, мен өлермін,

Болмаса Алмалыға жөнелермін.
Ажалдан менің жаным аман болса,
Айналып он бес күнде бір келермін.
Жамалға сүйгізеді мойнын бұрып,

Жылайды қыз бейшара дымы құрып.
«Бір келіп, он бес күнде табамын»,—деп,
Жамалмен қош айтысып кетті жүріп.

тарғын  батыр  жыры
Ер Тарғын сол шапқаннан тауға жетті,
Жамалдай тастап кетті алма бетті.
Жан жүрмес қиын жерді тауып алып,

Бекініп сол арада аз күнелтті.
Сол таудың алма деген жемісі көп,
Жүреді тамашалап әрбірін жеп.
Ер Тарғын тауда барып жата тұрсын,

Ертеңгі падишадан естіңіз кеп.
Бұл істі таң атқан соң білді халқы,
Ер Шорман бір енеден туған жалқы.
Бір түнде қырық бір кісі қырып кеткен

Тарғынның қылған ісі емес олқы.
«Патшаның құлады,—деп,—асқар белі»,
Артына иесіз тастап тамам елді.
Бар екен Қасым деген бас уәзірі,

Сол келді падишаға естіргелі.
Шорманды асыраған Қасым өзі,
Жас аққан қан аралас екі көзі.
Падиша уәзіріне қарап тұрып,

Сондағы мынау еді айтқан сөзі:

—Ей, Қасым, жылап келдің қалайшадан,

Соқтыққан әлін білмей қандай надан?
Сені мен жалғызымнан кем көрмеуші ем,
Жыламай, арызыңды айтшы маған.

—Ел билеген патшам-ай,

Дүние ісі қауіпті.
Дәулетіңе мас болып,
Бозбала құрған сауықты.
Кешегі кедей, ит Тарғын

Не деп сізге жауықты?
Һәман байдың қызына
Шорманменен таласып,
Балтаменен шауыпты.

батырлар  жыры
Сабыр ет, тақсыр патшам-ай!
Жолдасымен қырық бір
Жаны жәннәт тауыпты.

Аз ғана қорек біткен соң,
Арам қаны тасыпты.
Жалғыз балаң өткен соң,
Қаһарыңа шыдамай,

Сізден қорқып қашыпты.
Мың кісі келді таба алмай,
Жер-жерден қарап түсіпті.
«Падиша өліп кетер» деп,

Ел-жұртыңыз шошыпты.
Жыламаған адам жоқ,
Ендігі ақыл өзіңнен,
Бір іске Тәңірім қосыпты.

Жетпіс шәһар билеген
Падишам едің сезімді.
Қақсап тұрған алдыңда
Тыңдашы қабыл сөзімді,

Сабыр қыл, тақсыр патшам-ай,
Әлек те қылмай өзіңді!
Падиша мұны естіп күйіп-жанды,
Жығылып, басы айналып, есін танды.

Қасында уәзірі мен бектері бар,
Су бүркіп, тірілтіпті падишаны.
Падиша жалғызы үшін болды дертті,
Бұл Тарғын тамам елді қырып кетті.

Аздан соң есін жиып Ғұмар патша:

—Қайтейін, жалғызым!—деп зар еңірепті.

—Уәзірім болған, ей, Қасым,

Бірталайдан жолдасым!
Тәжі мен тақты көргенде,
Тыйылмас менің көз жасым.
Енді маған қызық жоқ,

Өтіп кетті-ау көп жасым.
Жалғызымнан айрылып,

тарғын  батыр  жыры
Қаңғырып қалды-ау қу басым.
Құдай-ау, әуелде
Падиша қылып жараттың.

Жалғыз қылып берсең де,
Мың кісіге балаттың.
Он бес жасқа келгенде,
Жетпіс шәһар қараттың.

Олжадан келген малыңды
Өз қолыңнан тараттың.
«Жарай ма деп бұл ісім?»
Үлкендерге сынаттың.

Бір сағат көрмей тұрмаушы ем,
Тәңірім-ай, қайтіп шыдаттың?!
Қартайғанда сорлы әкең
Артыңа тастап жылаттың.

Падиша жылап-жылап мауқын басты,
Ел-жұрты көңіл айтып амандасты.
Баласын таза арулап қойғаннан соң,
Отырып көп халайық ақылдасты.

—Бұл Тарғын қашып жүрер бір-екі жыл,

Бұл қызға бір айналар сүйіксіз құл.
«Ақылы қырық кісінің ханда» деген,
Тақсыр-ау, не қылсаң да енді өзің біл!
Патша айтады:—Шорманнан өтті заман,

Ол Тарғын қашып кетті бізден аман.
Жиналып осы отырған, жамағаттар,
Барыңдар атқа мініп қызға таман.
Шормандай өлтірді ғой асқар белді,

Артына иесіз тастап тамам елді.
Қорқытпай қыздан жауап жөн сұраңдар,
Не пайда өлтіргенмен бір әйелді.
Жиналып осы отырған қанша адамдар,

Сөзімді менің айтқан аңғарыңдар.

батырлар  жыры
Бұл іске Һәман байдың жазасы жоқ,
Оны да ашуменен қорқытпаңдар.
Ойлаңдар, көп жиналып ақыл-айла,

Көп адам ақылдасса, болар пайда.
Көп қыспай қыз сорлыдан сөз сұраңдар,
Тарғынның қолға түсер түбін ойла.
Ол Тарғын жау боп кетті тамам жанмен,

Кеткен жоқ қызық құрып сауық-сәнмен.
Көрінсе, Тарғынды да өлтірмеңдер,
Жарамас жуғанымыз қанды қанмен.
Халықтың Шорман өліп, кетті күйі,

Шорманның естен қалмақ қылған сыйы.
Сұрауға қыздан жауап келе жатыр,
Ғұмарға жақын екен Һәман үйі.
Қорқып жүр қыз бейшара түсі қашып,

«Не жауап беремін?» деп қайғы басып.
Басында әйел ғылып жаратты Алла,
Кететін еркек емес шыға қашып.
Ел-жұрты Шорман үшін аһ ұрады,

Көпшілік баққа келіп отырады.
«Тарғынның кеткен жағын сұраймын» деп,
Жамалды біреу барып шақырады.
Онда бар «өлтіре ме?» деген қауіп,

Жамал қорқып келеді ақылы ауып.
Амалсыз шақырған соң келе жатыр,
Бетіне ақ торғыннан перде жауып.

—Шошыма, қас қылмаймын саған, Жамал,

Адамзат иман табар қылып амал.
Басыңа азаттықты тілеп алдық,
Жылаған көз жасыңа патша қарар.
Сен түгіл Тарғынды да өлтірмейміз,

Тарғын өлсе, осы екі ел жесір қалар.

тарғын  батыр  жыры

—Патшамен дейсің, халқым, уағдаластық,

Қылған жоқ Шорман ерге Тарғын қастық.
Сабады қырық жігіт жатқан жерде,
Біреуі тоқтатпай ма, болса бастық!
Қырқының Тарғын жықты бірін қоймай,

Шорман болса өлтіред деп жаман састық.
Ол үйде Тарғын шыққан бәрін қырып,
Шықса Шорман тұр екен тыста күтіп.
Көрген соң падишаны ес қалсын ба,

Мініп ап, Тарлан атқа кетті зытып.
Қолында балтасы бар ырғай сапты,
Артынан «өлтірем» деп Шорман шапты.
Балтасын қолмен қағып жібергенде,

Қайырымсыз ажалдан қаза тапты.
Ағалар, алдарыңда мен сөйлейін,
Несіне сөйлеген соң бөгелейін.
Баршасы қыз сөзіне болды риза,

«Пәли, балам, өссін,—деп,—жас мерейің!»
Жамал айтты:—Ағалар,
Жақсы менен жаманды
Есті кісі шамалар.

Туысқан, бауыр менде жоқ,
Жаны ашып маған кім қарар?!
Сендерсіз де өлермін
Ішімде қайғы-дертім бар.

Тағы айтты:—Ағалар,
Менен жауап сұрама,
Мені өлтірсең осы жерде,
Көңілдерің тына ма?!

Осы күнде менде ес жоқ,
Айтқан сөзім сынама.
Қыз Жамал осылай деп зар қылады,
Халықты осы сөзге нандырады.

6–252

батырлар  жыры
Жалтарған биттей айла таба алмай,
Көпшілік «рас қой» деп тоқырады.
Бұл келген көпшілік те мыңға таяу,

Жақын жер жиналыпты атты-жаяу.
Баршасы қыз сөзіне риза болды,
Сөзінен таба алмайды ешбір қаяу.
Шығады батыр Тарғын тау басына,

Ойлайды жетем бе деп қыз қасына.
«Түсті екен қандай күйге сұлу Жамал,
Байғұстың мен қалдым-ау көз жасына».
Он төрт күн сол арада бұл шыдады,

Жемісі Алмалы тау ол да ұнады.
Шәһарға ертең ерте жүрмек болып,
Аллаға, пайғамбарға сыйынады:

—Кеш, Алла, қапылыспен қылсам жаза!

Дүниеден кім өлмейді, жетсе қаза?.
Мен ғаріп бір қыз үшін мұндай болдым,
Қолдай гөр, Шаһимардан, иә Мұртаза!
Тарғын еді Құдай сүйіп қойған атым,

Көп еді төрт шаһарда қолғанатың.
Мен сорлы бір қыз үшін мұндай болдым,
Бір өзің алып едің алпыс қатын.
Ер Тарғын кісі өлтіріп, тауға қашты,

Жамалдай аламын деп қолаң шашты.
Он төрт күн аунап-қунап жатқан жермен,
Тауымен Алмалының амандасты:

—Аман бол, мен келгенше Алмалы тау,

Шәһары Астарханның болды ғой жау.
Аю, қасқыр зияндас мекен еткен,
Жөнелттің, сонан қорғап, мені есен-сау.

тарғын  батыр  жыры
Алыстан тауды көріп болжаушы ем,
Ойлаушы ем «ішін барып көрсем бе екен?».
Әпкелген сол ниетіме мені Тәңірім,

Таусылмас жер екенсің, берекең кең.
Ер сасып, етек басып қысылғанда,
Тығылар жер екенсің, қылып мекен.
Мен ертең падишаға жөнелемін,

Ол жақтан қазам жетсе мен де өлемін.
Оңдаса сапарымды патша Құдай,
Қызық қып Алмалы тау бір келемін.
Жау болса қырамын ғой мың мен санды,

Әйтеуір, қинаймын ғой шыбын жанды.
Басында қылған ісім оңай емес,
Өлтіріп кетіп едім патша-ханды.

—Дөненінде жаратқан

Тарланды баптап мінем,—деп,
Алла сапар айласа,
Жармен ойнап күлем,—деп,
Уағда айтқан ғашықтың

Бір хабарын білем,—деп,
Пірлеріне сиынды.
«Ертең ерте жүрем»,—деп,
Тарлан атқа мінеді.

Бойына қайрат жиынып,
«Ата-бабам жар бол» деп,
Әруақтарға сиынып.
Алдына мың қол кездессе,

Ұрысам дейді Ер Тарғын.
Ықшамды киім киініп
Алмалы таудан құлады,
Дария судай құйылып.

Ер Тарғын сиынады жалғыз Хаққа,
Бір күнде жетемін деп мінеді атқа.
Ел жатып, түн ортасы болған кезде,
Келіпті уағдаласқан бау-шарбаққа.

батырлар  жыры
Қам қылды батыр Тарғын бармағына,
Сиынып ата-баба аруағына.
Жамал қыз бұрын келіп күтіп тұрған,

Жігіттер, таласпаңдар ер бағына.
Қызбен екеуі еш адамға білінбей екі-үш күн ойнап-күліп
жата берді. Үш күннен кейін Жамал айтты:

—Ей, Тарғын, сен патшаға бар, ол сені өлтірмейді, маған

уәзірлері арқылы айтқан уәдесі бар, хан екі айтпайды,—деді.
Олай болса деп Ер Тарғын Тарланды бір қалтарысқа байлап та­
стап, Жамалмен қоштасып, екі бүктемелі қанжарын жеңінің
ішіне оңайға ұстап ханға келеді...

В.В. Радлов 1870 жылы Санкт-Петербур қаласында басылған «Образцы
народной литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибирии
и Джунгарской степи» атты кітапта жарияланған «Сайын батыр»
жырының 168-169 беттері

Уақ ұлы Қамбар екен,
Қамбар ұлы Ер Көкше.
Ер Көкше жас екен,
Жас та болса бас екен.

Он сан ноғай бүлгенде,
Орманбет хан өлгенде,
Ол барып жатыпты
Манан деген суына,

Балқан деген тауына.
Үлесерге мал таппай,
Атысуға жау таппай,
Сол кісінің ішінен

Бөлініп шықты қырық кісі,
Қарауыл кеткен төрт кісі,
Шындауыл кеткен бес кісі.
Сан жылқыны алыпты

Мың кісі оны қуыпты.
Қайтпас қара болат іреңкі,
Бала батыр Жаңбыршы
Қуып жетті мың кісі.

—Менің мылтығыма мың кісі

Садағыма сан кісі,
Қылышыма қырық кісі!
Төсенерге төсек жоқ,
Жастанарға жастық жоқ,

Жастық болар бес кісі.
Мәмбеттің ұлы Тілеген
Азуын тасқа білеген.
Бал ішкенге мақтанған,

Ер Көкше
(В.В. Радлов нұсқасы. СПб., 1870)

ер  көкше
Бір өзін сан кісіге теңеген.
Оған да болсын екі сексен, жүз кісі,
Сенің жақсыңа дара бір кісі,

Жаманыңа екеуара бір кісі,
Енді де қалды не кісі?
Со кісінің ішінде
Төрт жігіт ағайынды бар екен,

Бір кісі бір атқанда,
Үш атады екен.
Сан жылқыны алыпты,
Мың кісі оны қуыпты.

Жан жолдасы Манаша
Аршын басты Аққұламен
Бөгей, бөгей келеді,
Әлі жетпей келеді.

Табаны жазық Тарлан бозға мініп,
Бір оғын аузына тістеп,
Бір оғын жағына кезеп,
Жауға еніп кетіпті.

Жаудың маңдайынан еніп,
Көтінен шығып кетіпті.
Оң бүйірінен еніп,
Сол бүйірінен шығып кетіпті.

Жүрген жері кезең болды,
Жеті түн соғысып,
Қырық кісі бәрі өліпті.
Қырық кісіден жалғыз—

Ер Көкше тірі қалыпты.
Мың кісі бәрі өліпті
Мың кісіден жалғыз—
Жаңбыршы батыр қалыпты.

Аттың қолаңсасынан қан келді. Жаңбыршы айтты:—Еке­
уміз соғыспайық. Көкше айтты:—Соғыспасақ, соғыспай-ақ
қояйық! Мың кісінің атын Жаңбыршы алды. Алып келген
жылқыны Ер Көкше алды. Қайтып кетті Жаңбыршы. Ер Көкше

кісілерін қарап, жүрсе, жан жолдасы Манашаның маңдайына
қасалы оқ кіріп, басын көтеріп соғып жатыр екен. Оғын суырып
алды. Қара дәріні құйып еді, түрегелді Манаша, өзінің қырық

батырлар  жыры
кісісі [нің] бәрі түрегелді. Манағы мың жылқысын айдады.
Жүріп келе жатыр. Ер Көкше жүре алмайды.

—Е, жігіттер, жігіттер!

Е, Манашам, Манашам!
Жаурын жағып қарашы,
Тезектің отын қалашы.
Омыртқамда он жара,

Оңғарыла алмай келемін.
Қабырғамда қырық жара,
Қимылдай алмай келемін.
Толарсақта тоқсан екі бар жара,

Толғана алмай келемін.
Қақ жауырында бір жара,
Сом жүректе бір жара,
Қарға жүнді қамыс оқ

Шаш етектен тиіпті,
Көк желкеден шығыпты—
Бәрінен де со жара.
Олар енді жүріп кетті. Қараса, Ер Көкше жоқ, Манаша да

жоқ. Манаша Ер Көкшеге айтты:—Ер Көкше, бүйтіп жатар ер
ме едің?—деді. Бар,—деді,—бұлай жау жетті деп шап!—деді.
Ер Көкше сонан «жау жетті» деп шапты. Бір оқты жағына кезеп,
атына жайдақ мініп, «жау қайда?» деп былай бір кетті, бұлай да

шапты, жау көрінбеді. Онан соң келіп жығылды. Жолдасы со­
нан соң айбалтамен жер қазып көмді. Қайтты. Сонан соң Мана­
ша манағы кісілерге қуып жетті. Олар «екеуі де өлді» деп, мал­
дарын үлесіп алып қойған. Манаша келгеннен соң, бірін-біріне

соғып, малды қайтып алды. Сонан соң Ер Көкшенің сыбағасын
бөлек алды, мылтығының сыбағасын алды, қылышының
сыбағасын алды, өзінің сыбағасын алды, сонан соң өзгелерге
берді.

Ер Көкшенің үйінде жалғыз баласы бар екен, аты Қосай
екен. Ол үйінде қырық құлаш саты қылған екен, соған шығып
көрді жорықшыны.
Қосай үйден шығыпты,

Келген кісіні көріпті.

ер  көкше

—Әкем Ер Көкше келсе,

Әкем жорға әпкелсе,
Әкем торқа әпкелсе,
Жорғаны мен мінемін,
Торқаны мен киемін,—[деп],

Алдынан шығып айтыпты.
Манаша енді келіпті,
Кісілерге айтыпты:

—Мынау Қосай сұраса,

Әкесінің халін сұраса,
Сендер жауап бермеңдер,
Ешбір сөз айтпаңдар,
Оған жауап мен берейін!

Бала алдынан шығыпты:

—Ассалаумағалайкум, ағалар,

Ақсақалды бабалар!
Менің әкемді көрдің бе?
Манаша сонда сөйледі:

—Жаным дейін, Ер Қосай,

Тәнім дейін, Ер Қосай,
Сенің атаңды мен көрдім.
Табаны жазық Тарлан боз
Табаны тиіп келеді,

Оны қаға келеді.
Садақ толған сар жебе
Жүні ұшып кетіпті,
Оны жөндей келеді.

Солқылдаған ақ найза
Қисайып кетіпті,
Оны түзетіп келеді.
Өңгеге өгіз олжа тигенде,

Әкеңе тана олжа тиді депті.

—Е, ағалар, ағалар,

Ақсақалды бабалар!
Табаны жазық Тарлан боз
Табаны таяр ат па еді?
Садақ толған сар жебе

Жүні ұшар оқ па еді?
Солқылдаған ақ найза

батырлар  жыры
Қисаяр ағаш па еді?
Өңгеге өгіз олжа тигенде,
Әкеме тана тиер ер ме еді?

Ай, ағалар, ағалар,
Ақсақалды бабалар,
Азаматтар-шоралар!
Олай демей, бұлай де,

Біздің әке өлді де,
Бізді Құдай ұрды де.
О кәуірге қылмасам,
Ағытқан қойдай маңыратып,

Аш күзендей шулатып,
Арқа ауылдың сары жон
Тізеден соқпақ салмасам,
Керегесін кертпесем,

Кертіп отқа жақпасам,
Қосай атым құрысын!
Бала үйіне қайтты. Манаша айтты:—Е, Қосай, мынадан
сауға алыңыз! Өзім кісіге сауға бергендей болғанда алармын,—

[деді Ер Қосай].
Қосай сонан үйіне қайтып келді:

—Е, шеше, шеше,

Біздің әке өліпті,
Бізді Құдай ұрыпты.
О кәуірге қылмасам,
Аш күзендей шулатып,

Ағытқан қойдай маңыратып,
Арқа ауылдың сары жон
Тізеден соқпақ салмасам,
Қосай атым құрысын!

Атамның сүйтіп кегін алармын!
Әкемнің елі бар ма?
Әкемнің жұрты бар ма?
Құдасы әкемнің бар ма?

Құрбысы әкемнің бар ма?
Досы бар ма, шешеке?

ер  көкше

—Жоқ,—деді шешесі.—Бойың өсіп, бұғанаң қатпай, балам,

жауда өлерсің,—деді. Бір Жепекбай деген құлы бар екен, соған
бала келді:—Мен мінгендей ат бар ма?—деп сұрады.

—Сен мінгендей ат жоқ,—деді. Айтпады Жепекбай.

—Сен шыныңды айт,—деді. Айтпады Жепекбай.—Сен

шыныңды айтпадың,—деп, жағасынан ұстап алып ұрды жерге.
Жепекбай:—Айтайын,—деді:

—Орай Қақтың басында

Ай маңдайлы Алаша ат
Күн маңдайлы Құлаша ат,
Салпаң құлақ Сарғылша ат,
Еменнің ең түбіне

Мінсең де сол жарар.
Әкесінің қалған қырық құлаш жібек арқаны бар екен, алып
келді. Оның су ішетұғын жеріне, өзін көрсетпей, жер қазып
жатты. Әуелі күн маңдайлы Құлаша ат келе жатыр, артында

ай маңдайлы Алаша ат келе жатыр. Күн маңдайлы Құлаша
ат су ішті, суды ішіп-ішіп тамсанып еді, маңдайы бүлкілдеді,
күндік өнері бар екен. Ай маңдайлы Алаша ат суға келді, су
ішті, маңдайы бүлк-бүлк етті, айлық өнері бар екен. Сары ат

су ішпей қайтып шығып кетті. Ертең келді, сары ат ертең ке­
ліп су ішті. Шалманың басын мойнына тастады, ұстап алды,
жүгендеп алды, мініп шешесіне келді. Шешесіне айтты:—
Менің ер-тоқымымды қыл!—деді.—Мен ханнан барып, қол

сұрайын,—деді. Ханға келді:—Е, хан,—деді,—тақсыр,— деді.
Хан есітпеді, хан тойда отыр екен. Сонан соң хан шыққаннан
соң сөйлесермін, депті. Бір төбенің астына барды, ұйықтап жа­
тыр. Хан асын жеген соң, тысқары шықты.—Манағы жарғағы

бар сары бала қайда?—деді.—Табыңдар оны,—деді. Бір бала
айтты:—Мына төбенің астында жатыр,— деді.

—Бір он жігіт, он найза алып, сол балаға барыңдар, жаман

болса, қорқар, жақсы болса, қорықпас,—деді. Он жігіт барды,
айғай салып:—Нағып жатырсың?—деді. Хан басыңды ала­
мын,—деді.

—Хан басымды алса, даярмын,—деді. Келді бала ханға.

Хан:—Бала, бері кел,—деп шақырды. Ханның қасына келіп
отырды бала.—Бала, кім баласысың?—деді.

батырлар  жыры

—Ер Көкшенің баласымын,—деді.

—Неге келдің, бала?

—Әкемді кәуір өлтірген, сізден қол сұрағалы келдім.

—Бұ бала, жас екенсің, бала, барма! Қыз айттырып бе­

рейін,—[деді].—Қосайға айттырғандай қыз бар ма?—деді.
Арғынның Ақсары биі айтты:—Менде қыз бар,—деді.—Аты—
Ботақыз,—деді. Қосай айтты:—Қалың малы не?—деді. Айтпа­
ды Ақсары би.

—Арғынның Ақсары биі,

Бермен бақ, Сары би!
Ботақыздың қалың малын
Айт, Сары би!
Қалың малын айтпасаң,

Арман қарап тұр, Сары би.

—Хан тақсыр! Қатын болса, жай алармыз әкемнің кегін

алған соң, маған қол бер, әуелі,—деді. Хан айтты:—Бұған
баратұғын ерлер бар ма? Арғынның Ақсары биінің алты ұлы бар
екен.—Барармыз,—деді. Онан соң жұрт:— Барамыз,—деді.
Үйіне келді алтауы, сонан соң:—Бармаймыз,—деді. Қосайдың

өзі аттанды. Жұртқа барған соң, бес асық дос баласы бар екен,
бесеуін ертіп жүрді.—Ботақыздың ауылын баса жүрейік,—
деді. Ботақыз сұлу жеңгесіне жүгіріп айтты:—Анағы кісіге
бар, сөйлесейік,—деді.

—Құда түспей, құйрық бауыр жемей, неге көрінесің оған.

Онан қыз жүгіріп, кіші жеңгесіне келді:—Анағы кісіге бар,
сөйлесейік,—деді.

—Қайтып барамыз оған?—деді.

—Қарға шелек ілейік, бие сауған болайық, сүйтіп

сөйлесейік. Қарына шелек ілді де, бие сауған боп барды.
Қосайды түсірді аттан. Ойын-күлкі қөп қылдылар. Бір
уақытта жеңгесі:—Қайтыңыз,—деді. Қосай атқа барды. Қыз
айтты.—Қайтпаңыз, мереке-ойын қылайық, қызық қызмет

бар мында. Қосай айтты:—Атқа мініп шыққан соң, еркек
қайтып түсер ме екен, ұрғашы қайтып түседі. Қосай аттанды,
қыз қолтығынан тартты, түсіруге болмады. Қолтығынан жігіт
жібек шапан ап берді. Қыз айтты:—Қашан келер екенсіз? Жі­

гіт айтты:—Шапанның жағасынан оймақтай қалғанда келер­

ер  көкше
мін. Жүріп кетті Қосай. Оныменен көп қол барды. Арғынның
Ақсары биінің ұлы:—Қосайдың ауыр қолы жорыққа бара жа­
тыр,—деп келемеж қылды.

Айдан ай өтіп кетіпті,
Жылдан жыл өтіп кетіпті.
Қосай алған қолменен
Барып-барып кетіпті.

Неше ай барған соң,
Неше жыл барған соң,
Қасындағы бес бала айтыпты:

—Жаным дейін, Ер Қосай

Шыным дейін, Ер Қосай,
Көп біз шөлдеп барамыз,
Көп біз пәле көреміз,
Оған амал не болады?

Қарнымыз ашып барады,
Судан шөлдеп барған соң,
Астан аш болған соң,
Қайдан амал табармыз?

Бес бала оны айтқан соң,
Қосай сөзін есіткен соң:

—Шөлдеп барған кісіге,

Қарны ашқан кісіге
Сусағанда су берейін,
Қарны ашқанда ас берейін!
Садағымның қорамсағында

Бес бауырсағым бар екен.
Салпаң құлақ Сары аттың
Бауырының астында
Жайдың тасы бар екен.

Садағының қорамсағында
Бес бауырсағын алды дейді,
Бесеуіне алып берді дейді.
Бесеуі өңгеріп жүріп,

Бес бауырсақты жеді дейді.
Салпаң құлақ Сары аттың
Бауырының астынан

батырлар  жыры
Жайдың тасын алыпты,
Бұлғап-бұлғап жерге қойыпты.
Әуеден жаңбыр жауыпты,

Мына судан ішіпті.
Ер Қосай атқа мініпті,
Қарауыл қарап кетіпті.
Жеті тауға шыққан соң,

Жеті таудан түскен соң,
Жеті қырды асқан соң,
Сары аты жүрмей қалады.

—Қамшыласам да, жүрмедің,

Қарбансам да, жүрмедің,
Тебінсем де, жүрмедің,
Тербелесем де, жүрмедің,
Маған неден көңілің қалды?!

—Ойбай, ием, Ер Қосай!

Жүгенімді алып құнатпадың,
Ерімді алып аунатпадың,
Саған неден разы болайын?!
Ер Қосай аттан түсе қалыпты,

Ерін тастап алыпты,
Арқа терісі бірге түсіпті.
Жүгенін енді алыпты,
Бас терісі бірге түсіпті.

Салпаң құлақ Сары ат арнаның ақ жусанынан алты аттап,
алты аунап түсті, құйрығын сыртына салып, үйден шыққан
қалыбына түсті. Құйрығын сыртына салып, құлашы бар құлан
болып күннің батысына таман кетті. Бала айтты:—«Ат аяған

жерге қарайды, құс аяған көкке қарайды» деген осы екен.
Бала жылап, жылап ер-тоқымын жастанып жатып қалды. О
Сары ат барып, баяғы батыр Жаңбыршының шәрін үш айна­
лып қашты. Қарға тұмсықты, қазық аяқты кемпір бар екен.

Сол кемпір айтты:—Бұ жарғағы бар екен, Сары бала бар екен,
бұ семіз сары ат бар екен. Бұ шәріңді үш айнала шабылып,
мұны ұстаңыз қуып. Шәрдің жігіттері қуды Сары атты, жетпе­
ді. Сары ат қайтып барды, жетсе Қосай ұйықтап жатыр екен.

Ат басқа тепті, оянды.—Неге жыладың?,—депті.

ер  көкше

—Сені кетіп қала ма,—деп жыладым.

—Мен неге кетейін, мен батыр Жаңбыршының шәрін үш ай­

налып қаштым, маған жетер ат жоқ екен. Мен сол ат сынарға бар­
дым. Бір соқыр қара бие не жетті, не жетпеді, ішіндегі құлыны
тұлпар екен, сол шәрде бір күрең арғымақ бар екен, бір Сары
бала бар екен, тоқсан сиырдың сүтін ішеді. Соны тастама, еке­

уін өлтір! Менің түгімнің түбі сайын бір оқ, мен жеті түн, жеті
күн шаба алмасам, маған серт, шабыса алмасаң, саған серт! Бір
өзімнің дүбірімді мың жылқының дүбіріндей қылайын, сауы­
рым ортасында екі бәйтерек орнатайын. Қосай айтты:—Мен бір

өзімнің даусымды мың кісінің даусындай қылайын, басымды
таудай қылайын, көзімді шаңырақтай қылайын, жеті түн, жеті
күн шаба алмасаң, саған серт, шабыса алмасам, маған серт!
Атына мінді, келді шәрге, жеті күн, жеті түн соғысты, аттың

тізесінен қан келді, бәрін қырды. Бір жүз кісі қалды. Баланың
алмасының сағағына май қатты, өзі шаршады. Сары ат айт­
ты:—Түсе қап, бауырыма ен! Түсе қап бауырына енді. Ат сіл­
кінді:—Тұр,—деді,—үстіме мін,—деді. Үстіне мінді, жүз кісі­

ні жесір-жебір қылып алып жөнелді, алып шықты. Жолай, екі
дөң артылып түсті, баяғы желмая мінген кемпір көтінен қуып
келді:—Е, Қосай!—деді,—мұның артынан жоқтайтұғын кісі
барар. Қосай айтты:—Е, кемпір, бір ел алып қал. Кемпір бір

тайпа ел алып қалды.
Онан соң Сары ат жүрмеді.—Неге жүрмейсің,—деді. Ат айт­
ты:—Ұмыттың,—деді.

—Нені?—депті.

—Темірлі үй қалды, күрең арғымақ қалды, Сары бала

қалды. Қосай қайта жүрді. Келді қайтып.—Енді оны қайтып
бұзамыз?—деді.

—Мені текпіле, өкпемді шығар, сауырымнан сабап сапты

аяқтай ет шығар, сүйтіп қоя бер! Сары ат айтты болды, жерге
барып қайтадан жүгірді, келіп үйді теуіп кеп кетті. Темір үйдің
екі қабаты үзілді. Тағы кетті жүгіріп. Қайтып айналып кеп теу­
іп кетті, темір үй ашылып кетті. Ішінде Сары бала жатыр екен,

күрең арғымақ тұрған екен, күрең арғымақтың аяғында темір
шідері бар, темірден ноқтасы бар. Сары баланың қолында бір
жағы бар екен, бір төбені атса, төбе аударылып түсер еді. Сары
бала айтты:—Е, Қосай, тірі болсам, елімнің кегін алармын се­

нен. Қосай басқа кеп шапты, ішін жарды, ішін қараса, тоқсан

батырлар  жыры
бөлек қарыны бар екен, тоқсан сиырдың сүтін ішеді екен. Бір
кемпір онда отырды:—Тәңірі көзің [ді] ашсын!—деді. Сары ат
айтты:—Қайтара кет! Сонан соң Қосай манағы көшіне келді,

көшке айтты:—Мен озып барайын, ұзын сызған жеріне жүр,
дөңгелек сызған жеріне қон. Сонан соң Ер Қосай озып барды
жеріне, бір төбенің басына шықты, күндік жерден есітеді екен,
түстік жерден болжайды екен.

Түстік жерде Жаңбыршы батыр кетіп бара жатыр екен,
қасында ұлы Темірбай алып бар екен, бір сәуегей бар екен.
Жаңбыршы айтты:—Е, сәуегейім, не көрдің бүгін? Сәуегей
айтты:—Бүгін біздің шәрді бір бала шапты, астында семіз Сары

ат бар еді, жеті қабат темір үйді бұзды, бұл Сары баланы өлтірді,
қасындағы күрең арғымақты өлтірді. Жаңбыршы айтты:—О
баланы біз көрдік, бізді о бала көрді, біз оған барсақ, ол бізді
өлтіреді. Ол бізге келсе, оны біз өлтіреміз.

Сонан соң Қосай жөніне жүріп кетті. Сары ат айтты:—Е,
Қосай, елің енді жақын еді, бір таудың ар жағында Ертістің суы
бар, оның ар жағында арғынның Ақсары биінің аулы бар, мына
тауға желіп шық, желіп түс, желіп мен ар жағына өтейін. Судың

ар жағында мен жығылайын, сен сонда атым өлді деп айғай сал,
сонан соң сол ауылдың кісісі келер, арғынның Ақсары биінің
алты ұлы құйрығымнан тартар, көтімді қозғалтпас, арғынның
Ақсары биі өзі тартар, сонан соң түрегелейін, көңілі тәуір боп

қалсын,—деді.
Қосай кетті тауға, желіп түсті, желіп өтті, судың жиегіне
келіп жығылды, айғай салды, ауылдан кісі келді. Қосай айт­
ты:—Жолаушы едім, менің атым жығылып жатыр. Арғынның

Ақсары биінің алты баласы кеп тартты, көтін қозғалтпады. О
тағы айғай салды, арғынның Ақсары биі өзі келді, келіп тартты,
ат түрегелді тартқан соң.—Е, балаларым,—деді,—қартайсам
да «бөрінің бір қойлық әлі бар екен» дегені осы,—деді.—Жа­

ным, кім едің?

—Қосайдың жолдасымын,—деді.

—Қосай әкесінің кегін алды ма?—деді.

—Кегін алды.

—Ойбай үйге жүр, сусын іш!

Үйге келді Қосай, сусын ішті, Ботақыз сұлу аяқшы болды.
Үйінде жатқан сартпен ойнар екен қыз, Қосай оны білді. Қосай
тұра аттанды:

ер  көкше

—Қолымдағы қарағай садақ

Қайыра тартқан бар ма екен?
Арқа ауылдың сары жон
Тізеден соқпақ салған бар ма екен?
Әкесінің кегін алған бар ма екен?

Әкеңе бердің толы аяқ,
Шешеңе бердің жарты аяқ,
Маған бердің орта аяқ.
Көңіліңді беріп қойыпсың

Телегей қара бөрікті
Жатыр екен үйіңде,
Қалай ойнасаң да ерікті—
Бір күнде басыңа тиер тал таяқ.

Сонан соң жұртына кетті. Арғынның Ақсары биінің балала­
рына айтты:—Ертең менің көшім өтеді, малдарыңа ие болмай
қалмаңдар.
Сүйтіп жүріп кетті. Жүріп қолына келді, судың арғы жи­

егінде қонды, ертең айдады, арғынның Ақсары биінің ауы­
лын бастыра айдады. Сиыры сиырына қосылып кетті, қойы
қойына қосылып кетті. Сары бидің алты баласы—алтауы
алты тайға мініп жайдақ шаңның ішінде қалды. Алтауы айт­

тылар:—Қосай мырзаға айтыңыз, малымызды бөліп алайық,
тоқтасын!—деді.

—Оған тоқтамаймын,—деді. Қойындай қойын бөліп та­

стады, жылқысындай жылқысын бөліп тастады, жүріп үйіне
келді.
Үйіне келді, қаршыға салды.—Ботақыз сұлуға үй тіксін,—
деді. Ботақыз сұлуды алып келді, кешке жаңа тіккен үйге ба­

рып жатты. Аты байлаулы екен. Аты үйді сындырып бара жа­
тыр. Ботақыз сұлу айтты:—Атыңыздың мінезі осылай ма еді?
Қосай айтты:—Күнде қаз, дуадақ қанжығасында жүруші еді,
соны көксеп тұр, шығып қара,—деді. Шығып қараса, жеті

қабат жау үйді құрсап алыпты. Қосай айтты:—Кейін тұр, аты­
ма мініп шығайын!
Атына мініп шықты, қолдан қарсы келді біреу. Манағы
желмаяға мінген кемпірдің баласы Темірбай алып екен. Найза­

мен шанышты Қосайды, жоғары көтерді.—Қосай қалайсың?—
деді.
7–252

батырлар  жыры

—Бұрын үстіңде едім, әлі де болса үстіңдемін. Қосайды жер­

ге тастап кетті, найзаның қарыстай жері ішінде қалды, Қосай
өліп қалды. Темірбай алып онан соң елін шапты, қатынын мін­
гіздіріп алайын деп еді, Темірбай алып алдырмады. «Шешеме
қылған жақсылығы бар» деп, манағы желмаяға мінген кемпірге

бір тайпа ел беріп кеткен еді, соның үшін қатынын алдырмады.
Сары атты ұстайын деп еді, ұстатпады, қырық кісіні өлтірді,
қашып кетті Сары ат. Сары ат Қосайға қайтып келді. Қайтып
келсе, Ботақыз сұлу өлгелі жатыр екен. Ат айтты:—Өлме,—

деді.—Мына өлген кісінің өтін алып, Қосайдың мұрнына
құй!—деді. Өлген кісілердің өтін қатын алды, мұрнына құйды.
Қосай:—Қатты ұйықтадым деп түрегелді.—Жау қайда кет­
ті?—деді.

—Қайтып құс—қатын айтты. Қосай қайтып құсты. Қатын

айтты:—Бүгін әкең түсіңе енер,—деді.
Ұйықтады Ер Қосай. Түсіне әкесі енді. Әкесі айтты:—
Ол кемпірдің ұлы— Темірбай алып, сырты—болат, іші—
құрыш,—деді атасы. [Оған] мылтық өтпейді, шапса қылыш

өтпейді. Түнде жатса, мойнына шайтан үйелеп жатады. Сонда
түнде барып шап.
Таң атты, ертең түнде Қосай барды, Темірбай алыптың басын
шапты. Таудың аржағына барып жатты. Таң атты, келіп қолға

араласты, бәрін қырды, ат-тонын бәрінің алып қайтты. Жеті жүз
ұста жидырды, жетпіс арба көмір алдырды, өзі көмірдің орта­
сына отырды. Ұсталарға бастырды, өзі қорғасындай балқыды,
көтінен найзаның сынығы түсіп қалды. Жазылып кетті өзі. Ма­

лын малданып, жанын жанданып еліне хан болып, сондай әділ
болып, барша мұратына жетті.

Бұрынғы ноғайлының заманында Ер Бөкше, Нар Бөкше,
Әділ Бөкше, Асқар Бөкше деген жеті ағайынды ерлер болған
екен. Алтауы қалмақтың Тақтаболат-Тасболат деген жау­
ынан өлген екен. Ең кішісі Ер Бөкше жалғыз қалған екен,

жасы алпысқа келгенде қатыны жүкті болып, бала табады.
Ат шаптырып, той қылып, баласының атын Қосай қояды. Бір
күні Ер Бөкше ноғайлыны жинап алып, бір-екі ауыз сөз ай­
тады:

—Қимылдаған тіл мен жақ,

Жетеуім тірі жүргенде
Қаптап еді кәрі әруақ.
Баладан кемдік көргенде
Жаңа туды шамшырақ.

Алты ағамның соңынан
Қанды сапар соғысқа
Аттанайын деп едім,
Мұның соңын ойлап бақ,—

дейді.
Сонда ноғайлар айтты:—А, батыр, бұл «қанды жол» деген
бір жаман жол еді, мына қартайғанда көрген жалғыз бала ер­
жетсін, сабыр ет,—дейді.

Ноғайлылардың сөзіменен Ер Бөкше алты жыл сабыр етеді.
Қосай алты жасқа келеді. Сонсын Ер Бөкше ноғайлылардан бес
мың қол алып, ол қолды жолға салып жібереді, өзі артынан же­
темін деп, Тобылғы меңді торы атты ерттеп жатыр еді, әкесінің

жауға кететінін біліп, алты жасар Қосай әкесінің сыртынан
жылап жүріп сөйлегені:
Ер Қосай
(А. Хангелдин нұсқасы)

батырлар  жыры

—Әркімдер мінеді бір атты,

Ат деген ерге қанат-ты.
«Ер шырағы сөнбес» деп,
Тілер болар зүрриятты.
Атадан жақсы ұл туса,

Қылар болар ер бапты.
Жасы алпысқа келгенде
Әкем қайда лақты?
Лаққаның ұят-ты,

Өзіме бер тор атты,
Мен қылайын қайратты.
Көбіңе қос та қоя бер
Тілеп алған шырақты.

Әкесі сонда сөйледі:

—Олай деме, сұм ұлым,

Бұлай деме, сұм ұлым.
Сенсіз болмас тынымым,
Мен қалмаққа аттансам,
Артымда сенсің тынымым.

Бала деген жас ұл-ды,
Өзің өліп, мен қалсам,
Тасқа ұрармын басымды.
Өзім өлсем, артымда

Сен берерсің асымды.
Өзің өліп, мен қалсам,
Көре алмаспын елімді.
Хақ жеткізсін кеміңді,

Шешкін бұған беліңді.
Алты жасар жалғызым,
Артымда қалып барасың,
Жеткізсін Алла кеміңді,—

деп жүре берді.
Қосай да қалмай жүгіре берді, артында келе жатқан баласын
көріп, қайтып қатынына ақырып сөйлейді:

—А, қатыным, қатыным,

Жалғыз ұлдың жоғында
Құп-қу еді жатуым,

ер  қосай
Жалғызыңа жете алмай,
Қырқылды ма тақымың?
Байының айтқан бұл сөзі

Бәйбішені қысады.
Ербеңдеген балаға
Бәйбіше де ұшады.
Бір төбеден асырмай,

Аяғын екі бастырмай,
Баланы бара ұстады.
«Жүр» деп еді, жүрмеді,
Кемпірге теңдік бермеді.

Алпамсадай кемпірді
Арқалап ала жөнелді,
Тұмақ құрлы көрмеді.
Сонда кемпірін арқалап келе жатқан Қосайды көріп Ер

Бөкше өзінің зайыбына былай дейді:

—А, қатыным, қатыным,

Жалғыз ұлдың даусынан
Он бөлінді ақылым!
Дүниесі құрысын,
Өбейінші алып бір,

Қосайжанды алдыма
Алып берші, сүйейін.
Жалғыз ұлдың лебімен
Қырық мың жауға тиейін.

Не келермін, келмеспін,
Не көрермін, көрмеспін,
Қосайды берші, сүйейін.
Жас алпысқа келгенде

Қайратымды түйейін.
Алты ағамның соңынан
Шаһит кебінін киейін.
Әуедегі жұлдыз-ды,

Суда ойнайды құндызы.
Бибі Фатима піріміз,
Қосайды саған тапсырдым.

батырлар  жыры
Жер астында оқ жонған—
Шаһизында жас бала,
Қосайды соған тапсырдым.

Жебелі найза қолында,
Бес мың қолдың соңында,
Омырауын аршындап,
Мінген атын қамшылап,

Торы аттан аққан қара тер
Жаңбырдай жерге тамшылап,
Жекенді көл, жерлі көл
Мұнан да өтіп жөнелді.

Қапсағайдың Қаратау—
Шегірлі көл, талды көл
Мұнан да өтіп жөнелді.
Қапсағайдың Қаратау

Мұнан да өтіп жөнелді.
Енділенің көлінен
Мұнан да өтіп жөнелді.
Мәдинаның шөлінен

Мұнан да өтіп жөнелді.
Ат арыды дегенде,
Ер мойыды дегенде,
Алты ағаның молаға

Кешке келді қонаға.
Сол жерде Ер Бөкше моланың басына түнейді. Алтауының
басына алты бие жетектеп барған екен, ағаларына дұға оқып,
бір күн сол жерде түнейді.

—Бұланайдың Қара тауы деген бір тау бар еді және

Бұлынның бұлағы деген таудың түбінде екі бұлағы бар еді, сол
бұлақты өзім барып көріп келейін,—деп, Ер Бөкше қасындағы
бес мың қолына айтқаны:

—А, бес мың қол, бес мың қол,

Кім өлмеген жаман жол!
Бұлынның қара бұлағын
Өзім барлап келейін.
Өзім тұрып сендерге

ер  қосай
Бара көр деп не дейін!
Жас алпысқа келгенде
Қайратымды шенейін.

Алты ағамның соңынан
Өлсем шаһит болайын!—
Деп Ер Бөкше жөнеді
Бұлын деген бұлаққа.

Ер Бөкше зулап келеді,
Көзін қадап жыраққа.
Ат сулығын алады,
Аты суға қанады.

Аты суға қанған соң,
«Айда!» деген бір дауыс,
«Қайда?» деген бір дауыс
Құлағын жарып барады.

Жасырынып жатқан бұлақта
Төрт қарауыл бар еді.
Шауып шығып төбеге,
Шалдың көзі түседі

Жалтылдаған жебеге.
Көкпен қасқа, көк қасқа,
Жоламан қасқа, жол қасқа,
Бұлар төртеу, шал жалғыз,

Қол сілтеді жамбасқа.
Жанындағы зұлпықар,
Сілтесе жан қалмас па?!
Суырып алды болатты,

Сілтеген жерін қанатты.
Бірін-бірі қуалап,
Айқасады тұра қап,
Ат сауырын қан жуды.

Шалды ортаға алады,
Батыр туған Ер Бөкше
Итмалтауға салады.
Шаруа көздер қонысты,

Шалға Құдай болысты.
Төртеуі де шала өлді,
Күн сәскеге келгенде

батырлар  жыры
Көбеңсінген төрт нарды
Бабай түсте қашырды.
Сол қашқаннан жоқ болды,

Тізе қосып жөнелді.
Еркін найза сала алмай,
Омырауға ала алмай,
Біреуін жетіп шала алмай,

Ер Бөкше қуып келеді.
Қашып келіп төртеуі,
Көп нөпірге енеді.
Қалың жауды көрген соң,

Шал қайқаңдап жөнелді.
Бұ да келген құмар-ды,
Жалғыз шалдың соңынан
Үш жүз әскер шығарды.

Қалмақ қуып, шал қашып,
Үсті-басын шаң басып,
Ер Бөкше сасып келеді.
Батыр сонда ойланды,

Ойланды да толғанды,
Теріге сыймай долданды:

–Табандап тұрып нетейін,

Ұзаңқырап кетейін.
Жүйрік атым озған соң,
Кәрі жыным қозған соң,
Қайтадан келіп орайын.

Құдай маған бақ берсе,
Шырылдатып қырайын.
Осылай деп Ер Бөкше
Лашын құстай шүйілді,

Ақсұңқардай түйілді.
Қуаты бойға жиылды,
Келе бабай килікті.
Оң келгенін оң атты,

Сол келгенін сол атты,
Қылышы тисе қан ақты.
Ту ішіне ту тастап,
Туын бұзып құлатты.

ер  қосай
Өзі тастап кеткен бес мың қолға түн ішінде келіп, Ер Бөкше
сөйлеп тұр:

—А, бес мың қол, бес мың қол,

Кім өлмеген жаман жол!
Қартайғанда ат шаптым,
Мен бір бөлек мал таптым.
Аламан тегін алсын,—деп,

Олжа болып қалсын,—деп,
Түн ішінде лақтым.
Мен секілді бабайға
Бес мың қабылан ересің.

Ертеңгі сәске болғанда,
Көп малдарды көресің.
Сөз нәсілін оңдағың,
Маңдайды түгел барлағын.

Кешеулеп бірің қалмағын,
Қапыда қалып қалмағың,
Шайнасын, бәлем, бармағын,
Деген соң Бөкше, бес мың қол,

Түн ішінде тартты жол.
Әскерін ертіп Ер Бөкше,
Жетіп барса бұлаққа
Топ дауысы жаңғырып,

Жетіп келді құлаққа.
Арбаға дүлдүл үйретіп,
Майлы арбасын сүйретіп,
Азығына нан алып,

Сусынына бал алып,
Зеңбірекке шоқ салып,
Ер Бөкшені көрген соң,
Қалған екен кәпірлер

Бұлақты алып қамалып.
Сонда бес мың қол айтады:—Бұл қашаннан қанды шелек
қатерлі жау бізді шөлдетіп қырайын деп тұр ғой,—деді. Сонда
Ер Бөкше айтады:

батырлар  жыры

—А, ноғайлым, ноғайлым,

Көкірексінген, ноғайлым,
Көбеңсінген, ноғайлым,
Қайрат қылып, қан татпай,
Тақасып жаумен оқ атпай,

Келгенін жайпап, қиратпай,
Кегіңді қалай аласың?!
Кек алмасаң жауыңнан,
Қапыда өзің қаласың.

Сендер қорықсаң тұра бер,
Жалғыз өзім болсам да,
Өзім-ақ жауға барайын,
Тобына ойран салайын.

Садағыма сан кісі,
Мылтығыма мың кісі,
Қылышыма қырық кісі,
Ешкінің жүні ербегім,

Еңіреп жүріп көргенім,
Елде қалған Қосайдың
Сыбағасына мың кісі.
Итке салса, ыңқ еткен,

Нарға салса, бүлк еткен,
Шүберектей қуарған
Айдаһардың қанына
Жан қалмас деп суарған.

Атамнан қалған зұлпықар,
Бабамнан қалған зұлпықар,
Қарыс қара жерінде
Қырық мың ердің құны бар.

Жау жағадан алғанда
Ердің айтар мұңы бар.
Айқасып жаумен қалайын,
Ерлердің кегін алайын.

Сілтемесем, маған серт,
Шапқаныма шыдамай,
Балдақтан кетсең, саған серт.
Алты қырлы ақ жебе,

Шыққан жері қу төбе.
Кесіп алған жерінде

ер  қосай
Қырық ай жатқан қуарып,
Қырық қара нар майына
Алып едім суарып.

Алты атқа алған адырна,
Он атқа алған бұхар жай,
Қуысына оқ салып,
Ата алмасам, маған серт!

Атқаныма шыдамай,
Кірістен кетсең, саған серт!
Үстімдегі ақ сауыт
Ақ кіреуке бек сауыт

Қылыштың қайқы жүзіне,
Зеңбіректің оғына,
Кейде қалың шоғына,
Кәпірдің қалың тобына

Сүңгімесем, маған серт,
Оқ дарытсаң, саған серт!
Айқайлап жауға тиеді,
Оң келгенін оң атты,

Сол келгенін сол атты.
Қылыш тисе, қан ақты,
Гуілдеген көп қалмақ
Алды-артына лақты.

Қашқан адам бұғады,
Бұлын деген екі су
Бірінен қуып шығады.
Жаудың алды тоқтады,

Бір төбеге топталды,
Мылтығын тегіс оқтады.
Жалғыз шалды көрген соң,
Самаладай қаптады.

Еңсейіп барған бабайдың
Аллаға ісі жақпады.
Сонда батыр артына қараса, бес мың қол жаудың тоқтауы-
ақ мұң екен,тым-тырақай қашып барады. Мұны көрген Бөкше

ызаланып, жауына дүрсе қояды:

батырлар  жыры
Қолына найза салдырмай,
Біреуін жауға қалдырмай,
Түске шейін қорғады.

Күн сәскеге келгенде
Шаба алмады Торыша ат.
Дулыға-сауыт ауырлап,
Ол жағынан жау өтті,

Бұ жағынан жау өтті,
Көз алдында ноғайды
Балықтай түйреп әуре етті.
Аты жаман майрылды,

Бес мың қолдан айрылды.
Өз басымен шал кетті,
Алты ағаның молаға
Ер Бөкше зулап келеді.

Сайға атын байлады,
Бір қиялды ойлады.
Қалмақ сансыз, бұл жалғыз
Болса да жаудан таймады.

Әр атқанда садағы
Жүз кісіден құлатты—
Бұл сықылды қайратты.
Таймады жаудың табаны,

Топ-топ болып, бір мыңнан
Құлайды келіп адамы.
Қолындағы садақтың
Санаулы оғы таусылды.

Атып тұрған мылтықтың
Өлшеулі оғы таусылды.
Өзіне келіп оқ тиді,
Ер Бөкше сонда сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Аз-ақ қалды қайратым,

Сиынғаным—болатым.
Үстіңе мініп, қармансам,
Жайың қалай, Торы атым?
Тұтасып жатқан қалмақтың

Ортасынан дәл тартты.

ер  қосай
Топ-топ бөлді, топ бөлді,
Қалмақтың аты боқ болды.
Ол қалмақтың алдында

Пәрмені кетіп шалдың да
Өзіне оқ тиіпті.
Сыздатты-ай келіп иықты,
Шақырым жер көп болды,

Шаба алмады Торы ат та.
Таусылып оғы жорықта,
Батыр сонда күйікті.
Ат үстінде сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

—Қарайып кетті иегім,

Үйден шықпад сүйегім.
Омыртқамда он жара,
Отыра алмай келемін.
Қабырғамда қырық жара,

Қақыра алмай келемін.
Жара қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты,
Шаба алмады Торы аты.

Алты ағамның барында
Биік біткен төбе едім,
Қанды ауызды жебе едім.
Осыдан тірі ел көрсем,

Ақсары байдың Алаукеш
Жалғыз балам Қосайға
Айттырармын деп едім!..
Шал дүниеден өтеді,

Астындағы кер Торы аты
Амандасып кетеді.
Әлқисса, сонда Қосай әкесінен алты жасында қалып еді.
Әкесі кеткелі екі жыл болған екен. Қосай сегіз жасқа кел­

ді. Қырық баламен әкесінің жолында асық ойнап жүр еді. Ер
Бөкшенің бес мың қолынан жүз кісі қайтып келе жатыр екен,
Қосай бала сол адамдардан әкесін сұрайын деп алдынан шықты.
Жүз адам:—Мына жетім бізге бір пәле қылайын деп келе жа­

батырлар  жыры
тыр,—деп, Қосайға қайрылмады. Сонда Қосайдың қасындағы
ойнап жатқан қырық балаға айтқаны:

—А, қырық бала, қырық бала,

Ойнаған жерің дап-дала.
Келе жатыр жүз адам,
Әлпеттері тым жаман.
Азығы жоқ, тоны жоқ,

Кеуілінің қошы жоқ,
Есен болса игі еді,
Былтырғы кеткен қарт бабам?!
Мойынымды бұрайын,

Мен әкемді сұрайын.
Түнеугіде түс көріп,
Жүр едім шегіп уайым.
Осы бүгін басымды

Қандай күйге салады
Бір жаратқан Құдайым?!
Сұрайын деп әкесін,
Жүз адамға барады.

Жүз адам сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Әкесіне ерген өледі,

Және пәле қылуға
Қу бас жетіп келеді.
Қанды шелек қу жетім,
Тіріде қоспан денемді.

Қосай сонда ақырды:

—Тоқта, тоқта, жүз қатын,

Қырқылған шығар қанатым,
Мұқалған шығар болатым.
Аузым толы қара қан,
Білдіретін қай қатын?

Біреуің маған қайрылмай,
Бетіңде бар ма ұятың?
Аққа мойным бұрайын,
Сендерді көзім көрген соң,

Сұрамай нағып тұрайын?

ер  қосай
Біреуің маған келмесең,
Елдігіңді ұрайын!
Екеу емес, үш емес,

Кіндіктен тудым жалғыз тақ,
Мырзаларға кеулім ақ.
Әруақ маған жар болса,
Ұялып жүрме, ей, байбақ.

Жүз кісі сонда кеңесті,
Кеңескенде не десті:
«Әкең өлді деп айт»,—деп,
Бір адамды жіберді.

Келген адам сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Әкең шығар сұрауың,

Әкең де аман, біз де аман,
Сау келеді қонағың.
Тобылғы меңді Торы атты
Әкең алған әлменен,

«Жеті тоғыз» малменен
Ат болдыртып келеді,
Өкпе-бауыр жалменен.
Алты қырлы ақ жебе

Сынып еді белінен,
Бадана көзді ақ сауыт
Сөгіліп еді жеңінен,
Септете кейін келеді.

Ертең сәске болғанда,
Әкең аман келеді.
Жұрт шабуылды салғанда,
Азғантай олжа алғанда,

Біздерге тай тиген-ді.
Тана тиіп әкеңе,
Жүргізе алмай келеді.
Ертең сәске болғанда,

Әкең аман келеді.
Сонда Қосай сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

батырлар  жыры

—Тобылғы меңді Торы атты

Әкем алған әлменен.
Жеті тоғыз малменен
Болдыратын мал ма еді?!
Әкең қалды десейші,

Қара қошқыл қанменен.
Алты қырлы ақ жебе,
Шыққан жері қу төбе
Қиып алған жерінде

Қырық ай жатқан қуарып,
Қырық қара нар майына
Алып еді суарып,
Сынатұғын мүлік пе еді,

Сайғақ болды десейші!
Жұрт шабуылды салғанда,
Азғана олжа алғанда,
Сендерге тай тигенде,

Тана тиіп әкеме,
Кейін қалар ер ме еді?!
Тана сой да әкеңе,
Ас бере бер десейші.

Келген адам сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Сенің әкең Ер Бөкше,

Қырық мың жаудан қорқа ма?!
Астындағы Керторы ат
Аяңдамай жорта ма?!
Не қылғанын білмеймін,

Қалыңда қалды ортада.
Сонда Қосай жылады,
Төбедегі қос айдар
Бірін қоймай жұлады.

Күн бесінге толғанша,
Бүркеніп басын жылады.
Күн бесінге толған соң,
Орнынан тұрып Ер Қосай,

Үйіне жүгіріп келеді,

ер  қосай
Шешесіне сөйлейді:

—Сүйінші, әже, сүйінші!

Үйіңнің ішін жинашы.
Атқышыл қара мергенің
Ата-енеңе қайрылмай,
Басыңды қосып ергенің,

Білмейсің нардың келгенін.
Алпысқа келген әкейім—
Қыз кіріпті қойнына,
Кәрілікті алма мойныңа.

Қызыл ки де, қара сал,
Сол лайқат бойыңа!
Шешесі сонда сөйлейді:

—Қаратауда бұлағым,

Байың келді дегенге,
Ербейіп еді құлағым.
Қызылың қызыл, қараң не,
Шошиын дедім, қарағым?

Сонда Қосай сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Қаратауда қос бұлақ,

Бауырында екі лақ.
Байың келді дегенге
Иландың ба, сен бейбақ?
Қолдан кеткен сұңқарың,

Есебін тауып жоқтап бақ!
«Байың өлді» деген соң,
Қыналы бармақ, жез тырнақ
Ақ бетіне салады.

Алды қанға толады,
Бүлік ойбай болады,
Қосай қашып жөнелді.
Үш күн жүріп далада,

Қосай келсе үйіне,
Жылап отыр шешесі,
Кеуілқосын айтады:
8–252

батырлар  жыры

—Қыналы бармақ, жез тырнақ,

Шығардың беттен майыңды.
Ойбайласаң, отқа түс,
Келтірмес сенің байыңды.
Келтірмесең байыңды,

Бүйтіп алма жайымды.
Күнде етегің толады
Көзіңнен аққан жасыңа.
Ойбайласаң, отқа түс,

Келмейді байың қасыңа.
«Әжем, әжем» деп келсем,
Әжелігің осы ма?!
Бұл ойбайды қоймасаң,

Мен де жауға кетемін,
Отырмаймын қасыңа!
Әлқисса, сонда кемпір жылағанын қойды, Қосайға айтты:—
Сенің атаң жеті қабыланның бірі еді. Көп малдардың ішінде ке­

сірлі малдар бар еді.
Қарын жазып біреуге бере алмады, я өзіне жұмсап рахатын
көре алмады. Саған билікті бердім,—деді.
Қосайдың шешесі Қодар деген құлын шақырып алып:—

Ақсарыбайдың қызы Алаукешті Қосайға айттырып кел,—деп
жібереді. Сондағы құда түсе барған Қодардың сөзі:

—Ай, Сарыбай, Сарыбай,

Елітпекке келгенмін.
Ер мен байдың баласын
Телітпекке келгенмін.
Ойыма алған сөзімді

Білдірмекке келгенмін.
Екі асылдың баласын
Күлдірмекке келгенмін.
Азды-көпті дәулетін

Бүлдірмекке келгенмін.
Піскен түйнек сенде бар,
Алтын кездік менде бар.
Әуестікке қолға алып,

Жардырмаққа келгенмін.

ер  қосай
Оң қолыңды алтынға
Малдырмаққа келгенмін.
Алаукешті Қосайға

Алдырмаққа келгенмін.
Сонда Ақсарыбай кейіді:

—Қарашы құлдың ниетіне,

Байлар қызын бере ме
Бір қарасыз жетімге?
Тоғыз ұлым, таяқ ұр,
Құлдың дүре көтіне!

Тоғыз ұлы тоғыз бақан алып шығады.
Бақанды көзі көрген соң,
Құл тайрақтап қашады.
Бір төбеден өткесін,

Қамшы есіне түседі.
Талтайып тұра қалады,
Алдыменен келгенін
Тас төбеге салады,

Ол жығылып қалады.
Онан соңғы келгенін
Тас төбеге салады,
О да жығылып қалады.

Тоғыз ұлын тоғыз жерде
Ұрып жығып барады.
Тоғыз ұлдың жатқанын
Байдың көзі көреді,

Үйіне қайта қашады.
Бай құлады үйіне,
Қашып келіп сабылып.
Қуып келді Қодар құл

Қарап тұрсын нағылып.
Қодар сонда сөйлейді:

—Мен мойнымды бұрайын

Және сенен сұрайын.
«Бердім» деп, жәй тұрайын

батырлар  жыры
«Бермеймін»—деп үндеші,
Сақалыңды жұлайын.
Тоғыз ұл бірдей қирап қалған соң, бай қызының ішігіне кі­

ріп кеткен. Сонда қыз әкесінің басын көтеріп сөйлейді:

—Ителгінің баласын

Ит алады демеңіз.
Қаршығаның баласын
Қарға алады демеңіз.
Жеті атасы нар болса,

Туғаннан Құдай жар болса,
Халық аузында бар болса,
Жерде қалар демеңіз.
Көбірек айтып сынаңыз,

Құлдан таяқ жемеңіз.
Сонда Ақсарыбай тұрады,
Қодарға қарап сөйледі:

—Дүние деген ғафіл-ді,

Қиямет жолы жақын-ды.
Қызым тапты ақылды,
Жек көрмеймін батырды.
Пұшығы жоқ, кемі жоқ,

Бір мың жетім оған бер,
Бір мың түйе және бер,
Бір мың жылқы және бер.
Үш мың берсең, көп пе ерге,

Оған жайың келмесе,
Діңкілдеме, жүре бер.
Қодар сонда сөйлейді:

—Сенің кеулің тай болса,

Тай алсаң, кеуілің жай болса,
Малыңды іздеп кетемін.
Таба алмасам малыңды,
Қызметіңді етемін.

Үш мың деген үш-ақ тай,
Үш тайдан қашар болар ма,
Мен секілді сор маңдай?

ер  қосай
Ақсарыбай берді, біз алдық,
Төсегіңді сал қораға-ай!
Қодар енді бәйбішеге келіп сөйлеп тұр:

—Халық біледі бұл күнде,

Сыйлады барған құлыңды.
Алмайды жалғыз тайыңды,
Киіндір, кемпір, балаңды.
Сонда бәйбіше:—Өзің не айтып жүрсің? Жұрт мал ал­

май қыз беретін бе еді?—деді. Сонда Қодар айтады:—Менің
қамшымнан қорқып береді, күйеуін аулына алып барамын,—
деді. Кемпірдің айтқанын қылмады. Қодар Қосайды киіндіріп,
арқалап Ақсарыбайдың аулына барады. Байдың Тасқұдық де­

ген құдығы бар еді, соның басына барып, Қодар сөйлеп тұр:

—Арқаласам, Ер Қосай,

Аттан жүйрік желемін.
Өзім кәпір, өзім құл,
Бір-ақ тұтам айыбым.
Қарның ашып, аш болсам,

Теңіздің қойман жайынын.
Мынау ел—сенің қайының,
Осы ауылда бар қатының.
Қойып кеткен жерімнен

Қашып кетпе, батырым!
Қосайды құдықтың басына тастап, өзі анадай жерге барып
жатады. Байдың екі келіні құдыққа суға келеді. Суреті аспан­
ды шалып отырған Қосайды көреді. Балаға зейіні ауып кетіп,

сөйлеп тұр:

—Біздің ноғай боқ,—жейді,

Біздің елдің ішінде
Сендей сурет жоқ,—дейді.
Ақ жеткізсін кеміңді,
Жөніңді айтып жата бер,

Таппай қалма теңіңді.

батырлар  жыры
Сонда Қосай сөйлейді:

—А, замандас, замандас,

Бір сөзім бар, зейініңді аш!
Не болғанын білмеймін,
Арқалап келді Қодар нас.
«Қодар келді» дегенін

Қатындар сонда есітті,
Қосай екен десіпті.

—Қосаймысың сен?—деді,

Сендей ерді кемсінген
Бикеште ақыл кем,—деді.
Көрсетейін көзіне,
Тоба қылсын өзіне!

Екі қатын сол жерде
Үйіне қайтып барады.
Ер Қосайдың келгенін
Алаукешке айтады.

—Тасқұдықтың басында,

Отыр екен қасында.
Ер Қосай сегіз жасында,
Қалмаржан бөркі басында.
Көремісің, шырағым,

Ер Қосайдың шырайын?
Сендей мұңды бейбаққа
Қосар ма екен Құдайым?!

Қосай келді деген соң,
Жамылған тоны сары алтын,
Кекілді қойған қара алтын,
Қалмаржан тормы басында,

Екі жеңге қасында,
Қыз бұлғаңдап жөнелді.
Тасқұдықта отырған
Ер Қосайға келеді.

Екі қатын қайтады,
Түн ортасы болғанша,
Қосайдан келер жауап жоқ.

ер  қосай
Алаукеш сонда сөйлейді:

—Қосай, саған не болды?

Етігім шешіп ал демей,
Белбеуім шешіп ал демей,
Төсегім қағып сал демей,
Не болды саған үндемей?

Сонда Қосай сөйлейді:

—А, замандас, замандас,

Бір сөзім бар, зейініңді аш!
Атамды құртқан қызылбас,
Не болғанын білмеймін,
Арқалап келді Қодар нас.

Әкем түзде кебінсіз,
Жеті адам қалды көмусіз,
Жата алмаймын мен қу бас.
Сеніменен жанассам,

Әруақ болмас хабарлас.
Әке-шешем зар қылып,
Тілеп алған Құдайдан.
Әкем түзде көмусіз,

Үмітім жоқ шырайдан.
Қаршығадай тарайын,
Он сегіз мың әлемнің
Бір жасаған Құдайға

Не бетіменен барайын?!
Түніменен жатады,
Ертеңгісін Алаукеш
Сонда үйіне қайтады.

Алаукеш қайтып кеткен соң,
Қодар келді қасына.
Келіп Қодар сөйлейді;

—Жараттың ба, шырағым,

Келінжанның келуін?
Арқалап алып шүйілсем,
Аттан жүйрік желуім.
Еңсейіп келген келіннің

Нешеу болды біреуің?

батырлар  жыры
Сонда Қосай ақырды,
Қу телпегін жапырды:

—Не деп жүрсің, қу Қодар?

Мен мінгендей бір ат тап,
Бәйгені алған қара аттай.
Сонда Қодар сөйледі:

—Сарқырап аққан бұлағым,

Ат мінемін дегенге
Ербиіп еді құлағым.
Ат табылмас деп пе едің,
Арқалап жүрген қонағым?

Жеті атаңның жеті аты,
Жау қолына айналмай,
Кіріптар болып байланбай,
Тасбұлақтың басында

Мекен қылып жүр еді.
Кісі атына асылма,
Кісі атына асылсаң,
Дұшпан шығар басыңа!

Ерін салды қойнына,
Қосайды салды мойнына.
Азығына нан алды,
«Шырағым шөлдеп қалар» деп,

Торсыққа құйып бал алды.
Арқалап алып жөнелді
Тасбұлақтың басына.
Арада он күн қонады,

Және бір күн болғанда,
Тасбұлаққа келеді.
Жеті атасының жеті аты Тасбұлақтың басында мекен қылып
жүреді екен, бір жолмен шұбырып су ішеді екен, жолы аттың

бауырынан қазылып қалған екен. Сонда Қодар айтты:—Мы­
нау аттың келетін жолы, мынау шығатын жолы,—деді. Осы
бұлақтың басына сені жасырып қоямын. Мен басқа жерге жа­
тамын. Аяқ тұзақ салып, біреуіне жабысып қал,—деді. Қодар

сүйтіп далаға кетті.

ер  қосай
Күн сәскеге келгенде,
Алты ат аңырап келеді.
Баланың исін алады,

Жолдан шығып кетеді.
«Бұлақ есіз қалады,
Жамандатқыр қалай» деп,
Қодар жалт-жалт қарады.

Алты ат кетіп қалған соң,
Бір сарғыш ат келеді
Жауған күндей сіркіреп,
Жарылған жердей күркіреп,

Бір ернімен жер тіреп,
Бір ернімен көк тіреп.
Үркер, қорқар мал емес,
Бұлаққа басын салады.

Жазды күнгі бұлаққа
Көзіне дейін малады.
Көзі суда жатқанда,
Арқан салып мойнына,

Бала күрмеп алады.
Сары ат шошып кетеді,
Аспанға көзін тігеді,
Төрт аяғын бүгеді,

Ат аспанға қарғиды.
Аспанға шыққан сары атты,
Қосай жұлқып жерге алады,
Абдыратты баланы.

—Қодар мұндар қайда?—деп,

Төңірекке қарады.
Төңірекке қараса,
Киімін тастап тайрақтап,
Төте жолмен ойнақтап,

Келеді Қодар алақтап.
Құл келді де қағысты,
Қыл құйрыққа жабысты.
Батыр болған ер жігіт

Қарағай найза таянды.
Таң намазға оянды,
Қодекеңнің екі қолы

батырлар  жыры
Қыл құйрыққа таянды.

—Қоя бер, Қосай, қоя бер,

Менен кетер қайда?—деп,
Бүгерлеп жата қалады.
Сонда Қодар сөйлейді:

—Ойбай, Сары ат, ай, Сары ат,

Мен деп үркіп жүрмісің,
Қосайдың түстің қолына.
Жеті ерден қалған ер Қосай
Қарамай мінер қоңыңа,

Желің тұрды оңыңа.
Аузы-басы қыбырлап,
Ат сөйледі сыбырлап:

—Арманым жоқ Құдайға,

Қосайдың түстім қолына.
Жасым келді он беске,
Қарамаймын қоңыма,
Мойынымда тұмар бар.

Нар Бөкше ердің аты едім,
Анау алты ат ішінде
Менен асар жылқы жоқ.
Аяғын екі басырмай,

Бір төбеден асырмай,
Бойын жазып қашырмай,
Алты атты бағып жүр едім.
Қосай қашан өсер,—деп,

Мені қашан мінер,—деп,
Мен қасқа соны әзірлеп,
Арық болып жүр едім.
Сонда Қосай сөйлейді:

—А, Қодеке, Қодеке,

Сарғыш атқа мініп ал,
Қайың құрық қолыңа ал.
Анау кеткен алты атты
О да біздің мал екен—

Біреуіне қолың сал!
Сонда Қодар сөйлейді:

ер  қосай

—Баға берсем болмай ма,

Ерден қалған жетімді?
«Маған билік тиді»,—деп,
Жаңылармын нетімді.
Күйелерім бетімді,

Ерлер мінген тұлпарға
Мен тигізбен етімді.
Енді екеуі Сары атты
Мінгесіп алып жүреді.

Отыз аршын Қодарды
Тұмақ құрлы көрмейді.
Заулай ұшып,
Ноғайлының шетіне келеді.

Бір адамды ұстап алып,
Ноғайлыға жіберді.

—Қосай Тақтаболат-Тасболаттың еліне аттанайын деп жа­

тыр. Соған жүрсін,—дейді. Сонда ел толығып қалған екен,
ноғайлыдан бес мың қол жиналып келді. Сонда Қодардың ойына
ат түсті, «анаукүнгі тұлпардың біреуін мінбегенім қата болған
екен» деп қапа болды. Сонда ойланып отырса, Ақсарыбайдың ау­

лында бір Сазаншұбар айғыр деген бар еді, Қодар соны сұрайын
деп, қамшысын қолына алып, жүгенін беліне қыстырып келе
жатыр. «Берсе, алайын, бермесе, аулына дырду салайын» деп,
Ақсарыбайға сөйлеп тұр:

—Ақсарыбай, қайдасың?

Түнеукүнгі көп малдың
Қодар тапты айласын.
Біз аттандық қалмаққа,
Алатұғын малыңды

Сол жақтан жүріп аласың.
Сен жүруге ерінсең,
Тілектес болып қаласың.
Сазаншұбар айғырды

Мен мінуге бересің.
Сонда Ақсарыбай сөйлейді:

—Қосай да жас, қыз да жас,

батырлар  жыры
Мал алмаймын баспа-бас.
Айғырды мін де, аулақ қаш,
Тынышымды алдың, Қодар нас.

Сонда бай айғырды әкеліп берді. Қодар айғырды жетек­
теп аулына қайтты. Алаукеш Қосайдың кететұғынын біліп
жеңгесіне келеді:—Қодарға айт, Қосай мұнда келіп кетсін,
амандасып қалайық. Ол «Қанды жол» деген бір жаман жол

еді. Қосай жауда өліп қалса, мен бұл жақта өліп қалсам,
амандаса алмай қалармыз,—деді. Сосын жеңгесі Қодарға
айтты:—Қосай мұнда келіп кетсін,—деді. Қодар айтты:—
Ақымды бермесең, айтпаймын,—деді. Сонда жеңгесі қызға

келіп сөйлеп тұр:

—А, бикешжан, бикешжан,

Әкелмейтін секілді
Қодар деген көрімің,
Қосай сынды жетімді.
Сонда Бикеш сөйледі:

—Ау, жеңеше, жеңеше,

Итке берсең кетейін,
Дүниеден кем болсаң,
Мақсатыма жетейін.
Осыдан қалған күніңе

Мен дұрыстық етейін.
Қосайды ептеп алдырсаң,
Жеңеше, құлдық етейін.
Сонда қатын жүреді,

Қодарға қарап ұялмай,
Қыздың сөзін қия алмай.
Қатынды ұстап алады,
Қодардың түсіп қолына,

Жолықты қатын пәлеге.
«Әкел,—деп,—Қосай баланы»,
«Әкелем,—деп,—күйеуді»,
Қодекең салды жаланы.

«Біреу келіп қалар»,—деп,

ер  қосай
Жан-жағына қарады.
«Шапшаңырақ жүгір»,—деп,
Қатынға кетіп барады.

Қодардың түсіп қолына,
Пәлеге қатын қалады.
Қара басы дал болды,
Көремін деп Қосайды,

Бұ не деген заң болды?

Сосын қатынға Қодар айтты:—Мен анау жерге қарақшы қы­
ла­мын, сол жерге Қосайды алып келемін,—деді, қатынды сүй­тіп
алдап кетті. Енді әскермен жатқан Қосайдың шатырына келді.
Сонда Қосай сөйледі,

Сөйлегенде не дейді:
Мұнда келген қай мұндар?
Қасыма келме шерменде!
Сонда Қодар сасады,

Оң етегін басады,
Шатырдан шыға қашады.
Сасқанының белгісі,
Төрт-бес қырдан асады.

Айыбын сезген Қодекең,
Шаңды-шаңға қосады.
Бұрқыраған далада
Айдаһарға ұсады.

Енді Қодар қашып барып:—Маған осы да болар,—деп, бір
сор жерге аунап жатып қалды.
Бағанағы қарақшыға қатын күнде келеді. Қосайды әкелетін
Қодар жоқ, Қодардың алдағанын келіп айтты. Бұл хабарды

естіп, қыз орнынан тұрады.
Қыз орнынан тұрады,
Қынай белін буады.
Сымдай жеңін сұғады,

Жеңгесіне көрсетпей,
Теріс қарап жылады.

батырлар  жыры
Қыздың іші күйеді,
Желке шашын түйеді.
Алып келді түйені,

Адымын салып мінеді.
Жиналып жатқан көп қолға
Қыз туралап келеді.
Түнде келіп көп қолға,

Әруақ болып сөйледі:

—А, бес мың қол, бес мың қол,

Кім өлмеген жаман жол.
Жеті атасын өлтіріп,
Жолы қатқан Ер Қосай
Ұстайын деп барғанда,

Қолы қатқан Ер Қосай.
Сапар шегіп жол жүрсе,
Қоңы қатқан Ер Қосай
Қанды шелек жетімге

Еремісің аңдамай?
Өзі өліп тұрмайды,
Сендерді құртар сор маңдай.

Қыздың айтқан бұл сөзін
Ат күзеткен есітті.

—Ау, ай қараңғыда кім жүрсін,

Піріміз шығар десіпті.
Топ-топ болды, топ болды,
Түн ішінде бес мың қол
Қосайды тастап жоқ болды.

Әлқисса, сонда бес мың қол кетіп қалған соң, Қодар келіп,
Қосайға сөйлеп тұр:

—А, Қосайжан, Қосайжан,

Кесір қылдым ниетіңе,
Күйе жақ, Қосай, бетіме.
Мен мойнымды бұрайын,
Ноғайлардан сұрайын,

Неге кетіп қалды екен,
Бас-басынан сұрайын.

ер  қосай
Кінә қойып кетпесе,
Бірін қоймай қырайын.
Қосай сонда тұрады,

Толғана мойнын бұрады.
«Ашуыңды бергін»,—деп,
Қодекеңнен сұрады:

—Сап Қодеке, сап-сап-сап,

Ақырына қарап бақ,
Бір Алла бізге бергей бақ.
Әркімдер мінер бір атты,
Ат деген ерге қанат-ты.

«Ермейсің» деп қараға
Ел бүлдірген ұят-ты.
Есен, жаным, сау болса,
Санатты көп сөйлеме.

Қодеке, маған алып кел,
Шапшаң барып Сары атты.
Әлқисса, сонда жұрттың бәрі қашып кеткесін, Қосайдың
өзінің асық ойнайтын қырық баласы қалған екен. Енді өзінің

сол қырық баласымен жүрейін деп жатыр.

Екеу еді, қырық болды,
Қырық жігіттің жүргені
Даңғырауын жол болды.
Ер Қосайдың қасына

Қырық баласы келген соң,
Қырық мың жиһан бір толды.
Тау басына қонса да,
Пірлер бұлақ қазады.

Тақыр жерге қонса да,
Аты көкке тояды.
Он екі құлаш торымен
Омырауын аршындап,

Астындағы Сары аттың
Аузынан аққан ақ көбік
Омырауға балшылдап,
Сауырдан аққан қара тер

батырлар  жыры
Жаңбырдай жерге тамшылап,
Оңды-солды қамшылап,
Ер Қосай заулап жөнелді

Лашын құстай қалшылдап.
Жеңсіз берен киінді,
Қабағын тастай түйінді,
Ақ сұңқардай шүйілді.

Астындағы Сары атқа
«Айт, жануар, шүу!»—деді.
Шүу дегенін білген соң,
Табаны жерге тимеді.

Табанына тиген тас,
Саз балшықтай иленді,
Соққан желдей гуледі,
Әр төбенің басында

Азар басын биледі.
«Айт, жануар» деп еді,
Құбылып ойнап жөнелді.
Ақ бөкендей орғытып,

Қалмаққа заулап келеді.
Жекендінің желді көл
Мұнан да өтіп жөнелді.
Күйкелекті Күйік көл

Мұнан да өтіп жөнелді.
Қапсағайлы Қаратау
Мұнан да өтіп жөнелді.
Шегірлі көл, Балды көл

Мұнан да өтіп жөнелді.
Қайыңды көл, Талды көл
Мұнан да өтіп жөнелді.
Адырдың қара белінен,

Енделінің көлінен,
Мәдинаның шөлінен,
Мұнан да өтіп жөнелді.
Өзінің байтақ елінен,

Адыртау деген жерінен
Мұнан да өтіп жөнелді.
Астындағы сарғыш ат
Қаршығадай қайқайып,

ер  қосай
Тұрымтайдай жайқалып,
Лашын құстай шүйіліп,
Ақ сұңқардай түйіліп,

Шабысын қойып, сарғыш ат
Ауық-ауық желеді.
Желгені де тұлпардың
Шабысындай болады.

Оны да тастап аяңдап,
Ақбөкендей орғытып,
Айқайын салып келеді.
Тақтаболат-Тасболат

Шынжырлы ердің бірі еді.
«Атамның кегін алам» деп,
Ішінен ойлап жүр еді.
Ат арыды дегенде,

Ер мойыды дегенде,
Алты ағаның молаға
Ер Қосай заулап келеді.

—А, қырық жігіт, қырық жігіт,

Басыңды көтер, қырық жігіт,
Бұлынның екі бұлағын
Өзім барлап келейін.
Өзім тұрып сендерге,

«Бара көр» деп не дейін?
Мен күлікті қуған жолбарыс,
Қайратымды шенейін.
Не салса да, Құдайым,

Талабымнан көрейін.
Енді ер Қосайдың өзі барып, бұлақты көріп қайтамын деп,
кетіп бара жатыр:
Батыр заулап жөнелді,

Ат құйрығын өреді,
Бұлаққа заулап келеді.
Сол уақыттар болғанда,
Астындағы Сары аттың

Астыңғы ерні қыбырлап,
9–252

батырлар  жыры
Үстіңгі ерні жыбырлап,
Ақырын-ақырын сыбырлап,
Ер Қосайға сөйледі:

—Қосай, саған не болды,

Ерімді алып аунатпай,
Жүгенімді алып қунатпай?
Пайғамбардай несіпті,
Бала оқиды мешітте.

Байдың қызы орайды
Шым жібектен есікті.
Соны Қосай есітті,
Аттан түсе қалады,

Төске қолын салады,
Төстен тартқан тартпасы
Бірге бітіп қалыпты.
Шапқа қолын салады,

Шаптан тартқан шап айыл
Бірге бітіп қалыпты.
Ерге қолын салады,
Жон терісін сыпырып,

Қосай жұлып алыпты.
Сонсын Сары ат барып жерге төрт аунағанда, арқасының
жүні заулап қайтадан шықты, тартпа кескен бауыры қайтадан
бітіп кетті, шөптің басын иіскеп, кісінеп тұрып, Сары аттың

Қосайға айтқан сөзі:

—А, ер Қосай, ер Қосай,

Атаңнан кеулім қалған жоқ,
Бабаңнан кеулім қалған жоқ,
Мұндай қайғы салған жоқ.
«Жата тұр,—деп,—жетімек»,

Сары ат заулап жөнелді.
Сол бұлақтың басында,
Адамы жоқ қасында,
Үш күн жерде жатады.

Ат жоқ, жаяу қалады,
Батырың естен танады.

ер  қосай
Ер-тоқымын жастанып,
Қу толағай бастанып,
Айналасын пышақтап,

Ер-тоқымын құшақтап,
Қосай шықты төбеге.
Шолпан жұлдыз батқанда,
Бәленің алды қайтқанда,

Ереуіл таңдар атқанда,
Қызара келе күн шықты.
Күн астына қараса,
Будақ-будақ шаң шықты.

Шаң астына қараса,
Қудай мойнын шайқаған,
Сары ат бұлғап бұл шықты.
Онан арман қараса,

Алаулаған ту шықты.
Ту астына қараса,
Ойшұбар ат астында,
Нөкерлері қасында

Тақтаболат-Тасболат,
Қалмақтың ханы бұл шықты.
Енді Сары ат келіп, Қосайға сөйлеп тұр:
Сонда Сары ат сөйледі:

—Аманбысың, жолбарысым,

Есенбісің, жолдасым?
«Атым тастап кетті»,—деп,
Кеулің бейғам болмасын.
Даулы судың бойынан

Мен бір бөлек жау таптым,
Алдымен қашып лақтым.
Мен жөнелдім домалап,
«Баяғы кеткен Сары ат» деп

Жұрт келатыр қуалап.
Жеті атаңды өлтірген,
Жаныңа қаза келтірген
Тақтаболат-Тасболат—

О да келді жалғыз тақ,

батырлар  жыры
Сен де жолық жалғыз тақ.
Менің мініп үстіме
Шапшаңырақ жетіп бақ.

Енді Қосай Сары атты мініп алып, жаудың алдынан шы­
ғайын деп жатыр.
Мініп алып Сары атқа,
Шауып шықса төбеге,

Қосайдың көзі түсіпті
Жылтылдаған жебеге.
Тақтаболат-Тасболат
Шаншайын деп келіпті

Ер Қосайды сүбеге.
Сонда қалмақ сөйлейді:

—Менің атым—Тасболат,

Тауда жайлап, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен,
Зұлпықарым тас кескен.
Сендер түгіл, қу жетім,

Жеті атаң маған бел шешкен.
Патша дейді затымды,
Құртар едім сен итті,
Дәнеме жоқ артыңда,

Өзіңнің басың сауғаға
Таста, Қосай, Сары атты.
Сонда Қосай сөйледі:

—Астымдағы Сарғыш ат,

Бір жаратқан Құдайға
Кеудеде жаным аманат.
Сен қашпасаң, мен қашпан,
Сонша жерден мен іздеп,

Саған келдім, Тасболат!
Меніменен қас болма,
Ат алам деп мас болма!
Жеті атамды өлтірген,

Жанына қаза келтірген,
Астыңа мінген шұбардың

ер  қосай
Жүректен салсам найзамен,
Тарқар менің құмарым.
Сен қашпасаң, мен қашпан,

Сонша жерден сені іздеп,
Келген менің құмарым.
Асқар тауға, Тасболат,
Меңзей берме өзіңді!

Әр немеге ұрынбай,
Дұрыстап айт сөзіңді.
Алыстан келген бұл жетім
Ояр екі көзіңді.

Осыны айтып ер Қосай,
Тартып-тартып жіберді
Сарғыш атты бауырға.
Ұмтыла түсіп шаншыпты,

Түсірем деп қалмақты.
О да найза салады,
Бұ да найза салады.
Екеуінің найзасы

Қармақ болып қалады.
Найза қанға майысты,
Қылыш қанға қайысты.
Ат тізесін бүгісті,

Бүге, бүге тұрысты.
О да салды шеңгелді,
Бұ да салды шеңгелді,
Екеуінің қайраты

Бір-біріне тең келді.
О да бұған ұмтылды,
Бұ да оған ұмтылды,
Екеуі киген ақ сауыт

Байрақтай дыр-дыр жыртылды.
Найзаларын сермеді,
Екеуінің назары
Ештемені көрмеді.

Үстіне киген ақ сауыт
Ілгегі сыймай кернеді.
«Мына жетім қалай?»—деп,
Найза салды жүректен,

батырлар  жыры
Күші кетті білектен.
Ырғай-ырғай ендірді,
Қалмақты аттан төндірді.

Шұбар аттың үстінен
Сауырсына міндірді.
Салған жерден переді,
Менменсінген төреңді

Сегіз жасар Ер Қосай
Балықтай түйреп түсірді.
Аттан түсе қалады,
Кеудеге мініп алады,

Қорқыратып шалады.
Әділ жанын күйретіп,
Ұйқыға көзін үйретіп,
Қамшысын атқа сүйретіп,

Қара бөрік қалқиған,
«Мен—батыр» деп далиған,
Қодар шауып келеді.
Қодар сонда сөйледі:

—Айналайын, Қосайжан,

Бабаңа тисін шалғаның,
Атаңа тисін шалғаның.
Әттең, көзім көрмеді-ау,
Қарағым, көзім көргенде,

Болмайтын еді арманым.
Жолығыпсың бір тауға,
Салаңдаған сары айғыр
Жеткізер мені қай жауға?

Патшадан алған шұбарды
Берсеңші маған сауғаға.
Сауғаға батыр береді,
Патшаның мінген тұлпарын

Астына мініп алады.
Патшаның буған алмасын
Беліне шалып алады.
Қалмаржан қара бөрігін

Шекесіне салады.
«Патшадан менің нем кем?»—деп,
Жан-жағына қарады.

ер  қосай
Сонда Қосай сөйлейді:

—А, Қодеке, Қодеке,

Атың болды лайық,
Киімің болды лайық,
Қылышың болды лайық,
Тұтасып жатқан қалмаққа

Кезек-кезек барайық,
Басына қайғы салайық.
Қарсы келген батырын
Қақ маңдайдан жарайық.

Атамыздың кегі үшін
Жанды құрбан қылайық.
Қалмақтың бұзып қаласын,
Сұлу қызын алайық!

Сонда Қодар сөйледі:

—Мен мойнымды бұрайын,

Қаршығадай тұрайын,
Жан-жағыма қарайын.
Бәрі маған қарап тұр,
Қорықпай неғып барайын?

Бетін әрмен бір қарат,
Қамшымен ұрып қырайын.
Сонда Қосай сөйледі:

—Әркім де атын мақтай ма,

Ажалдың оғы тап келсе,
Үйде жатсам алмай ма?
«Аллалаған» дауысым
Құдайыма жақпай ма?

Мұхамбет атты ер жалғыз,
Ажалдың оғын қақпай ма?
Тұтап жатқан қалмаққа
Баруға кеулің шаппай ма?

Осыны айтып Ер Қосай,
Жүгіріп атқа барады.
Атқа мініп Ер Қосай,
Айқай-сүрен салады.

Айқайлаған дауысы

батырлар  жыры
Айшылық жерді алады.
Күркіреген дауысы
Күншілік жолды алады.

—Шыбын жан мен Сарғыш ат

Бір Құдайға аманат.
Астымдағы Сарғыш ат,
Шаба алмасаң, саған серт!
Шабысыңа шыдамай,

Отыра алмасам, маған серт!
Қолымдағы зұлпықар
Қарыс қара жерінде
Қырық мың ердің құны бар.

Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ерлердің айтар мұңы бар.
Итке салса, ыңқ еткен,

Нарға салса, бүлк еткен,
Шекесі бос сылқ еткен.
Шүберектей қуарған,
Айдаһардың қанына

«Жан қалмас» деп суарған—
Атамнан қалған зұлпықар,
Бабамнан қалған зұлпықар,
Шаба алмасам, маған серт!

Шапқаныма шыдамай,
Балдақтан кетсең, саған серт!
Алты қырлы ақ жебе,
Шыққан жері қу төбе,

Кесіп алған жерінде
Қырық жыл жатқан қуарып,
Қырық қара нар майына
Алып едім суарып,

Шанша алмасам, маған серт!
Шанышқаныма шыдамай,
Ұңғыдан кетсең, саған серт!
Алты атқа алған адырна,

Он атқа алған бұқаржа,
Ата алмасам, маған серт!

ер  қосай
Ашуыма шыдамай,
Кірістен кетсең, саған серт!
Үстімдегі ақ сауыт,

Ақ кіреуке, бек сауыт,
Сені соққан ер Дәуіт!
Қылыштың қайқы жүзіне,
Зеңбіректің оғына,

Қайда қалың шоғына,
Кәпірдің қалың тобына
Сүңгімесем, маған серт!
Оқ дарытсаң, саған серт!

Осыны айтып ер Қосай,
Айқай-сүрен салады.
Бір өзінің дауысы
Мың кісідей болады.

Мың сан қарға жабылып,
Өлімтікке қонады.
Өлген қолды санаса,
Тоқсан мыңдай болады.

Ту ішіне топ тастап,
Туын бұзып құлатты.
Тастан соққан қаланы
Быт-шыт қылып қиратты.

Ер сықылды қайратты,
Әр атқанда садағы
Мың кісіден құлатты.
Ай бетінен кіреді,

Айқай-сүрен салады.
Күн бетінен кіреді,
Күндей сүрен салады.
Қойға тиді бір бөрі,

Бөріктіріп қырады.
Қолындағы баланың
Қырық кез болды қылышы.
Оңай болды бұл ісі,

Ұрмай-соқпай баланың
Бітетін болды жұмысы.
Қолындағы зұлпықар
Сексен екі бас кесті.

батырлар  жыры
Айра балқып келгенде,
Қазандай қара тас кесті.
Не жайсаңы кәпірдің

Қылышы тимей, бел шешті.
Кәпірдің аққан қанынан
Астындағы Сарғыш ат
Үзеңгіден қан кешті.

Әлқисса, сонда қалмақтың патшасына келіп, бір адам
сөйлеп тұр:

—А, хан аға, хан аға,

Қолың жеткен жеріңе
Патша болған, хан аға,
Не қылып оқ дарысын
Құдай баққан балаға!

Жолатпайды мылтықты,
Әруақ қолмен сабалап.
Болмасқа кеттің, хан бейбақ,
Ертеректе жөнің тап!

Осы сөзді айтқан соң,
Тақтаболат патшаның
Бір уыс болды заманы,
Ұлықтың ауды табаны.

Жалмаң көк атты сабалап,
Бір қурайды жағалап,
Терең жарды паналап,
Патшаң қашып жөнелді.

Батырдың көзі көреді,
Астындағы тұлпармен
Артынан қуып келеді.
Келе сөйлей береді,

Бұрынғы ердің жолымен
Үлкен деп сәлем береді.
Патшаны ұстап алады,
Мойнына шылбыр салады.

Көкпар қылған лақтай
Тақымынан сүйретіп,

ер  қосай
Төрең кетіп барады.
Ол патшаңды өлтірді,
Мәнісіне келтірді.

Ағаштан қылған арбасын,
Арбаға жеккен жорғасын,
Ақша салған дорбасын,
Бұзау, баспақ, танасын.

Қалдырмай айдап жөнелді
Қатын менен баласын.
Қосай менен ер Қодар
Быт-шыт қылып құлатты

Қалмақтың салған қаласын.
Дулыға өркеш нар алды,
Бір-бір сұлу жар алды,
Елу жеті қала алды,

Біріне-бірін байлатып,
Өзіне-өзін айдатып,
Елге қайта қонады.
Қосай мен Қодар қалмақтың малын айдап кетіп бара жатса,

артынан бір айқайлаған дауыс келеді:

—Қосай жетім, қайдасың,

Айдама менің малымды,
Шулатпа кемпір, шалымды?!
Менің балам Қараман
Теспей сорар қаныңды

Шырқыратып жаныңды,
Өлмей қалмас соңыңнан.
Сонда Қодар есітіп,
Көп қолдан барып сұраса,

«Қараманның шешесі—
Қоламбай кемпір»—десіпті.
Қодекең енді қуады,
Кемпір мінген желмая

Жоғала қалды зым-зия.
Қодекең қуып, ол қашты,
Қодекеңнің аузына

батырлар  жыры
Қос уыстап құм шашты.
Егер қолға түскенде,
Қылар еді бір қия.

Сонда ол Қараман отыз ауыл Орақты, алпыс ауыл Мамай­
ды жебір-жесір қылып шауып алып келе жатыр екен. Қосай
барғанда Қараман ауылында жоқ екен, сонда шешесі барып
Қараманға сөйлеп жатыр:

—А, Қараман, Қараман,

Бес мың қолмен сен кеттің,
Сен кеткен соң жау жетті.
Бұлаңдаған мырзаңды
Балықтай түйреп аунатты.

Қосай бұзды қалаңды,
Шулатты қатын, балаңды,
Қоймады баспақ, танаңды.
Өз-өзгесін кәйтейін,

Аламын деп ит Қодар
Артынан қуды-ау анаңды.
Шапшаңырақ жете көр,
Қойып басқа алаңды.

Қартайғанда тояр ем
Ер Қосайдың етіне,
Берсін Құдай ниетіңе.
Қорқыратып шалмасаң,

Қанын сорып алмасаң,
Риза емен Қараман ісіңе!
Тақтаболат, Тасболат,
Өлтірді екі батырды,

Мәнісіне келтірді.
Маңыраған қойдай шулатты
Жетім менен жесірді.
Сен де барып, Қараман,

Алдынан шығар кесірді.
Енді Қараман бес жүз кісімен қуайын деп жатыр. Сонда
Қосай өзінің қырық жігітіне айтқан сөзі:

ер  қосай

—А, қырық жігіт, қырық жігіт,

Басыңды көтер, тұр, жігіт,
Мен қалмақтан ер алдым,
Не бір сұлу жар алдым,
Дулыға өркеш нар алдым.

Орыныңнан тұрыңдар,
Таласпай бөліп алыңдар.
Жалғыз-ақ ар менікі,
Осының бәрі сенікі!

Сонда кейін ер Қосай Қодарға келіп сөйлейді. Сөйлегенде
бүй деді:

—А, Қодеке, Қодеке,

Келінің түсті есіме,
Артыңнан келіп Қараман
Қылар ма кесір күшіңе?
Қодекең сонда сөйледі:

—Жүре бер, Қосай, жүре бер,

Мен мойнымды бұрайын,
Алладан пәрмен сұрайын.
Өзімдей құлға мал берсем,
Қабыландығымды ұрайын!

Енді Қосай сол жерде
Аулына қарай озады.
Жеңсіз берен киінді,
Лашын құстай шүйілді,

Қабағын тастай түйінді.
Астындағы Сарғыш ат
«Айт, жануар!»—деп еді,
Құбылып ойнап жөнелді.

Ақ көбендей орғытып,
Желе аяңдап жорытып,
Сары ат заулап келеді.
Ақ бөкендей жосады,

О төбенің тозаңын
Бұ төбеге қосады.
Қарабай мен көкқұтан
Көтеріліп ұшқанша,

батырлар  жыры
Алдынан орап басады
Баяғы шабыс қалады.
Тер бойына тарады,

Мақтау атқа жарады.
Астындағы Сары аттың
Көкте екенін білмеді,
Жерде екенін білмеді,

Қос қанатын сермеді,
Пыр-пырлап ұшып жөнелді,
Әлде өтірік, әлде рас,
Мен жоқ едім қасында.

Айна бесін болғанда,
Батырың елге құлады.
Сонда Сары ат айтады:—Қосай, мен сені алты айшылық
жолдан бір күнде әкеліп тұрмын, сен енді қызды көрейін деп

келе жатырсың, қызды мен де көрейін. Мен бір қотыр тай
болып батпаққа батып жатайын, сен бір тазша бала болып
Ақсарыбайды тоғыз ұлымен алып кел, байдың тоғыз баласы
келіп тартса да, тұрмайын. Ал Алаукеш қыз келіп жалымнан

тартса, ұшып тұра келейін,—дейді. Сары аттың бұл сөзін мақұл
көріп, Қосай Ақсарыбайдың аулына келеді:

—Ассалаумағалайкүм,

Ақсарыбай байымыз!
Өзі жауыр, өзі арық
Мініп жүрген тайымыз.
Тай батпаққа жығылып,

Кетіп келді жайымыз.
Дүние деген ғафіл-ді,
Таба алмай келдім ақылды.
Арқан алып жүріңіз,

Анау жатыр жақында!
Ақсарыбай жөнелді,
Балалы қаздай байпаңдап,
Танадай көзі жайтаңдап.

Жығылып жатқан Сары атқа
Шал байпаңдап барады,
Арқан күрмеу салады,

ер  қосай
Әуп-әуп деп қалады.
Шығатұғын Сары ат жоқ,
Балшыққа батып барады.

«Жамандатқыр, қалай?» деп,
Алды-алдына тарады.
Олар кетіп қалған соң,
Таз ауылға барады.

Алаукеш он бір жасында,
Қалмаржан тормы басында,
Дым адам жоқ қасында,
Отыр еді сандалып,

Қамқа шаншып алданып,
«Қарағым қашан келер» деп,
Және екінші қамданып.
Сонда Қосайдың келіп қызға айтқан сөзі:

—Астыма мінген шұбарым,

Мойныңда алтын тұмарың,
Қосай сенің іңкәрің
Аман-есен бір келсе,
Тарқар еді құмарың.

Шығарып берсең тайымды,
Қосайдың айтам хабарын.
Алаукеш сонда сөйлейді:

—Әуеден ұшқан қоңыр қаз,

Сенің айтқан сөзіңе
Ішпей-жемей болдым мәз.
Осыны айтып Алаукеш
Қыз бұлғаңдап жөнелді.

Қасына еріп Қосайдың
Қотыр тайға келеді.
Алаукеш сұлу келді де,
Кекілінен сипады.

Тай суырылып барады,
Қыз Қосайға жарады,
Қосай қызға жарады.
Қотыр тай да жыртиып,

Сұлу қызға қарады.

батырлар  жыры

—Ол, ол болсын, ол болсын,

Аз дәулетің мол болсын,
Жеке басың қол болсын.
Тайыңды жығып батпаққа,
Қарағым, саған жол болсын?

Сонда Қосай сөйлейді:

—Атқа мініп желеміз,

Қалмақтан олжа аламыз,—деп,
Кешегі кеткен Ер Қосай
Өзі өліп тұрмады,
Біздерді құртты сор маңдай,

Сол жақтан қашып келеміз.
Кекілі құйған сары алтын,
Жамылған тоны бәрі алтын.
Иық ішік жамылып,

Беті оттай қабынып,
«Қарағым Қосай келед» деп,
Жүруші еді сағынып.
Қосай өлді деген соң,

Жыламай тұрсын не қылып?!
Өксіп-өксіп жылады,
Керегеге құлады.
Наурыздың ақша қарындай

Күлтілдеген ақ бетін
Кереге көгі жырады.
Сонда Ақсарыбай сөйледі:

—Жылама, балам, жылама,

Осы күнгі сұм бала
Жылама десе бола ма?
Қосайдан артық бай тапсам,
Қарағым, саған бола ма?

—Былшылдаған шұнақ шал,

Былшылдамай кет, жоғал,
Шулыған салмай балама!
Сонда бала сөйледі:

—Аңдамай айттым, нетейін,

Білмей айттым, нетейін.
Таңдайым кеуіп шөлдеп тұр,
Сусын берсең кетейін.

ер  қосай
Сорлы болған кемпірге
Ертерек барып жетейін.
Сонда Ақсарыбай ақырды,

Алаукешті шақырды.
Қыз орнынан тұрады,
Сабаға піспек ұрады.
Бір шыны аяқ алады,

Әкеге құйып береді.
Бір шыны аяқ алады,
Ағаға құйып береді.
Бір кірлі аяқ алады,

Балаға құйып береді.
Қанар-қанбас болады,
Бала өкпелеп жөнелді.

—Әкеңе бердің шыны аяқ,

Шыны аяғың толы аяқ.
Ағаңа бердің шыны аяқ,
Шыны аяғың толы аяқ.
Маған бердің кірлі аяқ,

Кірлі аяғың орта аяқ.
Асықпай тұр сен, тоқал,
Ертең Қосай келгенде
Басыңа тиер тал таяқ.

Былғары садақ бұқаржай
Бұлғай тартты Ер Қосай.
Сауыры жалпақ Сарғыш ат,
Салқа жортты Ер Қосай.

Жеті атасын өлтірген
Кегін алған Ер Қосай.
Сұлу-сұлу тектіні
Тегін алды Ер Қосай.

Қатын алды бірталай,
Тоқал болдың сор маңдай.
Сорлы тоқал тұр солай,
Сонда Алаукеш сөйледі:

—Сендер—дария, мен—дарға,

Сендер—сұңқар, мен—қарға.
Қосай өлді деген соң,
10–252

батырлар  жыры
Түсіп кеттім тар жолға.
Қатының он төрт, мен он бес,
Риза болдым сен нарға.

Қосай енді Алаукешті көрген соң, енді өзінің шешесіне ке­
лейін деп жатыр:
Жұрт жатса да ол жатпай,
Аңырап отыр анасы.

Ол сорлыға таң атпай,
Жасырынып отыр баласы,
Бір Құдай болсын панасы.
Екі көзі ілінді,

Өзі әулие—аналық,
Көзіне нысан білінді.

—Жасаған Жаппар Құдая,

Жаңағы келген бозамық
Лебі ме екен деп едім.
Көзім көрген бозамық
Беті ме екен деп едім.

Түсім шайтан болмаса,
Ұлы бесін болғанда,
Ел шетіне қарағым
Келер ме екен деп едім.

Осыны айтып болғанда,
Бұлаңдаған Ер Қосай
Орнынан тұрады,
Есікке қадам ұрады.

Үйіне жетіп келеді,
Шешесін көзі көреді.

—Сәлем бердік, ана!—деп,

Иіліп сәлем береді.
Екеуі сонда жолығып,
Қозыдай шулап маңырасты,
Тілекті Құдай берген соң.

Кеткені қолға тиеді,
Ақ жүзінен сүйеді.
Қатып қалған қу емшек
Қосай келіп емгенде,

ер  қосай
Еміреніп иеді.
Баласын алып қойнына,
Сол күні түнде жатады,

Бұйырған дәмін татады.
«Қарағым тоңып қалар» деп,
Үстіне көрпе тартады.
Енді кемпір баласын ертіп, Ақсарыбайдың аулына келе

жатыр.
Балалы қаздай байпаңдап,
Баласын ертіп жөнелді,
Ақсарыбайдың аулына

Құдағайға келеді.
«Оңаша үйде жатсын» деп,
Үстіне шатыр тігеді.
Ернекке отау тіктіріп,

Мал семізін сояды.
Келген-кеткен кісіге
Қостан табаяқ қояды.
Қазысына құр тайдың

Көршілері тояды.
Қосай менен сұлуды
Бір отауға қояды.
Қара бөркі қалқиып,

«Малыңды ал» деп далтиып,
Ақсарыбайдың аулына
Қодар малмен құлады.
Айттырған екен үш мыңға,

Соны санап береді.
Қодарды тәуір көреді,
Қомсынғанмен ол құл да
Айтулы ердің бірі еді.

Ендігі сөзді Қараманнан естіңіз:
Қараманның көп қолы
Арада неше қоныпты,
Жетемін деп зорықты,

батырлар  жыры
Жете алмайтын болыпты.
Қол жүруге дайын-ды,
Ақсарыбайдың көп малы—

Малдың шеті көрінді.
Қараманның қарауылы
Екі-екіден бөлінді.
Ақсарыбайдың мергенін

Қарауыл ұстап алады,
Тақым бұрау салады.

—Қосай батыр қайда?—деп,

Мергендерден сұрады.
Тақым бұрау өткен соң,
Мергендер зар-зар жылады.

—Қосай деген батыр,—деп,

Ақсарыбайдың аулында
Қызбенен бірге жатыр—деп,
Мергендер айтып салады.
Қараманның қарауылы

Түнде ауылға барады.
Қосай қыздың қойнында,
Дәнеме жоқ ойында.
Ұйықтап жатқан батырға

Түнде ойран салады.
Шатырлаған бір дауыс
Ұйықтап жатқан сұлудың
Құлағын жарып барады.

—Бұ не деген дауыс?—деп,

Жабықтан сұлу қарады.
Киімдері сымпиған,
Найзалары қылтиған,
Желкілдеген көп әскер

Үйді айнала қамады.
Бұлаңдаған Алаукеш
Қасындағы батырды
Тістеп келіп алады.

Оята алмай қор болды,
Алты ұйқылы қабыланды.
Ұйықтап жатқан батырдың
Мойнына белбеу салады,

ер  қосай
Сүйреп кетіп барады.
Бір желуан сайдың бойына
Апарып байын салады,

Бетін шөппен жабады.
Жасырынып бір жерден
Сығалап сұлу қарады.
Қараманның көп қолы

Қодарға жетіп барады,
Кеудеге мініп алады.
Кеудеге мініп алған соң,
Ол айғайды салады.

Қодар батыр бақырды,
«Мен—Қосай!» деп ақырды.
«Қосай мұнда» деген соң,
Отауға жеткен әскерлер

Бермен қарап жапырылды.
Қодарды ұстап айдады,
«Бұлқынып жазым қылар» деп,
Оны арбаға байлады,

Сақалынан алады.
Ат үстінде Қодарды
Тас төбеге салады.
Қодар кетіп қалған соң,

Алаукеш барады бойына,
Байын көмген сайына.
Байының басын құшақтап,
Көзінің жасы моншақтап,

Тиген жері жанады.
Көзін ашып Ер Қосай,
Жан-жағына қарады.

—Қайда жатырсың, батыр?—деп,

Алаукеш сұлу сұрады.

—Төсегің қайда, жолдасым,

Үйің қайда, жолбарысым?
Әттең, Қодар болмаса,
Кетіп еді-ау өз басың.
Қодар сенің қабағың—

Ауру болып аш болсаң,
Етіңмен бір тамағың.

батырлар  жыры
Сонда Қодарды Қараман байлап алып кетіп бара жатқанда,
Қодардың Қараманға айтқаны:

—Қараман өзім көрген баз баяғым,

Тарықпан байладың деп қол-аяғым.
Болғанда ертең сәске қызығын көр,
Тас төбеңе ойнар тал-таяғым.
Өзімнің Қаратауда бұлағым-ай,

Бере көр Құдай медет қарағыма-ай.
Дауысым бара ма екен құлағыңа-ай,
Таң ата қалай келмейді қонағына-ай.
Сары ат жауды көрсе шабынады,

Сабаса өкпем оттай қабынады.
Болғанда ертең сәске қызығын көр,
Іздеген жерік асың табылады.
Сонда Қодардың айтқан өлеңін естіп, Қосайдың айтқаны:

—Қодекем де аман, мен де аман,

Қодекемнің басына
Түскен екен бір заман.
Қодекем бүйтіп тұрғанда,
Таң атуға шыдаман!

Осыны айтып Ер Қосай,
Тартып-тартып жіберді
Сары атты бауырға.
Қарасын ба ер төре

Кейін қалған ауылға.
Түнде тиіп қалмаққа,
Ол айқайды салады.
Байлаулы тұрған Қодардың

Құлағын жарып барады.
Қосайдың дауысын есітіп,
Қалмады сабыр қарары,
Көзінің кірді жанары.

Енді Қодар бұлқынды,
«Сындырам,—деп,—арбаны.

ер  қосай
Қос қарының терісі
Байрақтай дыр-дыр жыртылды.
Суырып алды Ер Қодар

Арбадан бір арысты.
Жаяу тұрған әскермен
Келе Қодар салысты.
Тас төбеге салады,

Ұрғанына шыдамай,
Шырқырап қалмақ жылады.

—Қамшымды қайсың алдың?—деп,

Ұрған сайын ұрады.
Соғысып жүріп Ер Қосай,
Жолықты бөлек нұраға.

—Қосаймысың сен?—деді,

Нәсілсіз құлға қол ұрып,
Жазым да кеттім мен,—деді.
Қалмақтан шыққан батырдың
Ең кенжесі—мен,—деді.

Қазақтан шыққан батырдың,
Ең кенжесі—сен,—деді.
Кезегімді бер,—деді,
Қайратымды көр,—деді.

Ат басын Қосай бұрады,
«Кезегіңді ал»,—деді,
Қасқайып қарап тұрады.
Нәсілсіз туған Қараман

Қолындағы қамшымен
Тас төбеге салады.
Батыр туған Ер Қосай
Бит шаққандай көрмеді,

Ұрғанына шыдады.
Болмайтын оған болған соң,
Қорамсаққа қол салды,
Қозы жауырын оқ алды.

Шошып кетіп Ер Қосай,
Астындағы Сары аттың
Үстінде тұрып толғады:

—Атамнан қалған жануар,

батырлар  жыры
Бабамнан қалған жануар,
Мына келген бәлеге
Не қылғандай ойың бар?

Сонда Сары ат сөйледі:

—Батыр туған Ер Қосай,

Үстіңде арам ғұсыл бар,
Мен білемін қорықтың,
Астыңда Сары ат алаңдар.
Екі оқтан аман сақтайын,

Үшіншіге келгенде,
Сыртыңнан баққан бабаң бар.

Осыны айтып болғанша,
Шыдамады Қараман,
Толғап тартып қалады,
Зырқырап оғы барады.

Астындағы Сарғыш ат
Оққа көзін салады.
Оқ тиер деп налыды,
Оқ жақындап келгенде

Лыпа жата қалады.
Қарағай қырқып, тал жонып,
Оқ жөніне барады.
Бұл оқтан аман қалады,

Бойын түзеп алады.
Тағы тартып қалады,
Оқ зырқырап барады.
Ат аспанға қарғыды

Оқ жайына қалады.
Шауып келіп Қараман,
Безеу тісті, кер тартар.
Тас төбеге салады,

Төбеден шыққан от жалын
Аспанды барып шарпыды.
Батырың есін танады,
Көкпар қылған лақтай

Тақымына сүйретіп
Қараман кетіп барады.
Екі көзін жұмады,

ер  қосай
Түсемін деп Ер Қосай
Бұлқынып еді алдында,
Екі жағынан батырдың

Төрт қабырға сынады.
Артынан Қодар келеді,
Қайраты күшті Қодекең,
Санаулы ердің бірі еді.

Қодар сонда сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:

—Тумай кеткір, Ер Қосай,

Ақ қояндай қасқармай,
Қосай, саған не болды,
Қараманды бас салмай?
Қараман келді кезіме,

Салайын құлақ сөзіңе,
Не көрінді көзіңе?!
Әлің жетпесе, қоя бер,
Қодекеңнің өзіне!

Сонда Қосай сөйледі:

—Келме, Қодар, қасыма,

Бір кісіге бір кісі—
Мүнәсіп емес басыма!
Сонда бала жылады,
Қарайды менің жүрегім.

Жау қалмақтың қолында,
Қалар болды, Құдай-ай,
Қос уыс алтын сүйегім.
Үстіп зарлап тұрғанда,

Келмедің-ау біреуің!
Алла көмек берген соң,
Пірлер қолмен сүйеді,
Бала бойын түзейді.

«Ер кезегі—үш»,—деді,
Сонда Қосай сөйледі:

—Қараман, аттан түс,—деді.

Енді артыңды қыс,—деді.

батырлар  жыры
Ат үстінен Ер Қосай
Жағасынан алады.
Шалқадан жерге салады,

Кеудеге мініп алады.
Қараманның үстінде
Тау басында отырған
Лашын құстай көрінді.

Найза салды батпады,
Қылыш салды кеспеді.
Қодар келіп қасына:

—Бұл Қараман батырдың

Кеуде жағы тас болат,
Бөксе жағы бос болат.
Сол жерінен шапсаңыз,
Сонда көңілің қош болад.

Ер Қосайдай батырың
Қолына қылыш алады,
Қасына таман барады
Қақ ортадан шабады.

Бөкседен ұшып кеудесі,
Екі бөлініп қалады.
Қодарға беріп азаттық,
Алаукештей сұлуды

Өзіне неке қияды.
Отыз екі сұлуды
Қодарға неке қияды.
Ұлы жиын той қылып,

Елі-жұртын жияды.
Батыр туған ер Қодар
Қосайға аға болады.
Мұнан былай балаға

Бақыт орнап қонады-ай.
Жиналып келген халқым-ай,
Аз айтты деп жүрмеңдер,
Осылай болды тамам-ай.

ОҒК-нің қолжазба қорында (Ш. 670) сақтаулы «Қарабек батыр»
жырының 2-3 беттері.

Күн астынан шаң шықты,
Шаң астынан ту шықты.
Бұрынғы елдің барында,
Өткен елдің заңында,

Сол елдердің тұсында
Ноғайлы деген халық өтті,
Үш шарбақты кент өтті.
Ноғайлының үш кенті

Заманында жарлы өтті.
Ел дәулеті мал кетті,
Жарлылықтың зары өтті.
Халқы жарлы болған соң,

Әжептәуір жігіттің
Ақ бетінен қан кетті.
Жап-жалаңаш болған соң,
Әйелінен ар кетті.

Үш шарбақты ол кентте
Кірлі киім кимеген,
Жортақы атқа мінбеген,
Аллаға тілі тимеген,

Түстік жерге жүрмеген,
Бес уақытта ақ намаз
Біреуін қаза қоймаған,
Бір Құдайды ойлаған,

Ноғайлының халқында
Сондай бір бай болған,
Өз алдына шәр болған,
Қара басы хан болған,

Сайын батыр

сайын  батыр
Байлығы жұртқа даң болған.
Байлығының белгісі—
Малы алашқа таң болған.

Байлығының белгісі—
Тоқсан қара құлы бар,
Тоқсан тоғай малы бар.
Дүниеқор сол байдың

Дүниеден жалғыз мұңы бар.
Дүниеқор Бозмонай
Өз алдына шәр болған.
Алпыс жастан өткенше,

Құдай қосқан қосағы
Елу жастан өткенше,
Бір перзентке зар болған.
Әлі күнге келеді,

Өкшесі, сірә, қанамай,
Еміреніп сүймеді
Жаңа иісті баланы.
Елде тәуіп қоймады,

Тәуіптің бәрі жиылып,
Кең сарайда орнады,
Сөйтсе де, перзент болмады.
Бір уақыт болғанда,

Жылқыда жүрген тоқсан құл
Қымыз ішіп, мас болды.
Мастығыменен тек тұрмай,
Үйдегі баймен қас болды.

Мына құлдар кеңесті,
Төбеде тұрып сөйлесті,
Сөйлескенде не десті:

—Қызыл шапан кимедік,

Қырыншыл ат мінбедік.
Ноғайлының керме қас
Жігіттей дәурен сүрмедік,
Өтерін дүние білмедік.

Мына жүрген Бозмонай
Бізді ұлындай көрмеді.
Бөлініп жатқан малынан
Бізге қалың бермеді.

батырлар  жыры
Ертеменен бай келсе,
Екі қолын байлайық,
Кірерге көрін сайлалық.

Бозмонайды өлтірсек,
Біз сәтіне келтірсек,
Тоқсан тоғай жылқыны
Тоқсан бөліп алалық.

Бұ сықылды тегін мал
Қайдан іздеп табалық?!
Қарағай найза сықылды
Қарсы шабар ұлы жоқ.

Артынан іздеп келетін
Қатарланған халқы жоқ.
«Құл кеңесіп жатыр» деп,
Байға айтқан кісі жоқ,

Онымен байдың ісі жоқ.
Бір замандар болғанда,
Ертеменен бай тұрды,
Арқаннан атын алдыртты.

Алтын-ды ер-жүгенді
Тоқымынан салдыртты.
Қара тонын белсеніп,
Қас патшадай теңселіп,

Бозжорға атты найқалып,
Жылқының алдынан
Шықты шайқалып,
Қара басы хан болған,

Өз алдына шәр болған.
Тоқсан құлдың біреуі
Бүгіліп сәлем бермеді,
Байды көзі көрмеді.

Сонда бай тұрып бұрқанды,
Мұздай темір құрсанды.
Тоқсан құлдың бәрінің
Атын атап шақырды.

Ашуменен Бозмонай
«Қырармын!» деп ақырды.
Шетте жүрген бір құлын
Бай да ұстап алады.

сайын  батыр
Қолға түскен сол құлды
Ашумен бай сабады.
Біреуін сабап жатқанда,

Тоқсан құл байды қамады,
Жаңбырдай құрық жауады.
Басына таяқ тиген соң,
Жалғыздығын білген соң,

Өзінің қолы кірген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,
Сарайға қашты Аллалап.
Ойбай салған даусына

Жер күңіреніп барады.
Үйде тұрған бәйбіше
Құлағы естіп шалады.
Сарайдан шықса жүгіріп,

Келеді екен Бозмонай
Өз-өзінен бүлініп.
Атынан келіп Бозмонай,
Теріс жағынан құлады,

Жер бауырлап жылайды.
Қосағыменен екеуі
Ойбай салған даусына,
Үш шарбақты ноғайдың

Жамағаты жиналды.
Жұрт келсе де, тұрмады,
Көтеріп басын алмады,
Сол ойбайынан танбады,

Бозмонай бай жылайды,
Жад айтады Құдайды.
Жылағанда Бозмонай:

—Ашамайға мінгізіп,

Көш алдына жүргізіп,
Әжептәуір құрбының
Алдына алып сүйгізіп,
Алашқа атын білгізіп,

Ұл қызығын көрмедім.
Астына жорға мінгізіп,
Үстіне қамқа кигізіп,
Орынды жерге бергізіп,

батырлар  жыры
Алаштан бегзат келтіріп,
Қыз қызығын көрмедім.
Еркімен түскен дұшпаннан

Жау қорлығын көрмедім.
Алыстан келген сол жауға
Малым үшін өлмедім.
Құлдан қорлық көргенше,

Күнде бүйтіп өлгенше,
Сүймес пендең мен бе едім?!
Құлдан қорлық көргенше,
Тезінен өлім бермедің!

Кең сарайға бармады,
Көтеріп басын алмады,
Сол жылаудан танбады.
Жылауменен бай жатты,

Қызарып барып күн батты.
Түніменен бай жатты,
Сарғайып барып таң атты.
Алымдар азан айтқанда,

Бейнамаз ұйықтап жатқанда,
Ақ шалмалы бір адам
Жетіп келді қасына,
Таянып тұрды басына.

Екі қойны толыпты,
Бозмонайдың сол күнде
Көзінен аққан жасына.
«Ә, Бозмонай, Бозмонай,

Не тілегің бар?—деді,
Тілегің болса, ал»,—деді.
Сол уақытта Бозмонай
Ұшып тұра келеді,

Көзінен жасын төгеді:

—Ең дәулеттің тұсында

Қара басым хан болдым,
Бір перзентке зар болдым.
Сол перзенттің зарынан
Жиын-тойға кірмедім,

Өтерін дүние білмедім.

сайын  батыр
Құлдан көрдім қорлықты,
Жалшыдан көрдім зорлықты.
Өз малыма бара алмай,

Белден мамық сала алмай,
Тыныштық ұйқы ала алмай,
Өз жанымды қия алмай,
Өлейін десем өле алмай,

Сол құлдардың қорлығынан
Өз малымды көре алмай.
«Тілегенің ұл болса,
Бар тілегенің сол болса,

Бабай Омар бабасы—
Қабыл болған дұғасы.
Тілегенің ұл болса,
Бар тілегің сол болса,

От жағалай отырып,
Оттың басын толтырып,
Көп аламысың сен?—деді.
Бірін мыңға балайтын

Бірді аламысың сен?—деді.
Қалағанды ал!»—деді,
«Ер ортасы болғанда,
Пайғамбар жасқа толғанда,

Жігіттік күн озғанда,
Оттың басын боқ қылып,
Қырға шығар ішінде
Бір оңдасын жоқ қылып,

Мен нетейін көбіңді.
Бір де болса сол маған,
Бірін мыңға балай бер!
Өмір жасын ұзақ қып,

Берсең маған солай бер!»
«Бердім бірді мен,—деді,
Күтіп алсаң сен»,—деді.
Жатса Құдай демейтін,

Қылған ісін жөндеген,
11–252

батырлар  жыры
Өзге жұрттың тілегін
Бұл сықылды бермеген.
Мұның көрген қызығын

Еш пендесі көрмеген.
Белін шешіп жатпаған,
Аңсамай саумал ішпеген.
Ертең мінген атынан

Кешке дейін түспеген.
Сансыз дұшпан батпаған,
Бет алғаннан қайтпаған.
Дұшпаннан Алла сақтаған,

Жұрттың сөзін сөйлеген,
Алар жауын көздеген,
Батыр Сайын болсын!—деп,
Үстіне әруақ қонсын!—деп,

Көңілі разы болсын!»—деп,
Ала есегін қайқалап,
Ала қоржын арқалап,
Шер кітабы қойнында,

Аса таяқ қолында,
Жүрген Ақтың жолында,
Жаны Алланың қолында
Жөнеле берді бұ адам.

Екі етегін түрініп,
Бозмонай үйге жүгіріп.
Жатыр екен бәйбіше
Етбетінен бүгіліп.

—А, бәйбіше, тұр!—деді,

Беті-қолыңды жу!—деді.
Әулиең жарды жүректі,
Құдайың берді тілекті,
Арылтар болғай бейнетті.

Есен болсаң, көрерсің,
Сайын атты перзентті.
А, бәйбіше тұр!—деді,
Қойдан қошқар ал!—деді,

Құдай жолына шал!—деді.

—А, Бозмонай, Бозмонай,

сайын  батыр
Дәулетті берген бір Құдай,
Ертеменен кеткен ол қойға,
Жете алмаймын жүрсем де.

Сен алпысқа жеткенде,
Мен елуден өткенде,
Жігіттік күн кеткенде,
Кәрілік қарсы жеткенде,

Енді берсін не Құдай?!

—Бермесе Құдай қайтесің,

Қошқарды аяп не етесің?
Аяғаммен малдарды
Қай түбіне жетесің?
Бермесе де бар!—деді,

Қасқыр жеген бір қошқар
Алып келіп шал!—деді.
Сонда бәйбіше барады,
Алып келіп шалады,

Жұртын жиып алады.
Жұрты тарқап кеткен соң,
Бір-бірінен сұрады.
«Қашан болар екен» деп,

Екі міскін жылайды.
Бір күндері болғанда,
Елуге келген буаз кемпір
Қарыны шықты қампиып,

Құрсағы шықты шампиып.
Біраз заман өткенде,
Жаңа жылға толғанда,
Уәдесі болғанда,

Бейсенбінің күнінде,
Ұлы жұма түнінде
Буаз кемпір келіп толғатты.
Ноғайлының үш кентін

Түгеліменен оятты.
Бет біткенде сұлу жоқ
Ол сықылды сымбатты.
Таң сарғайып атқанда,

Сайын сынды қасқаның

батырлар  жыры
Желкесі жерге тақ етті,
Маңдайы күнге жарқ етті.
Дүниеқор Бозмонай

Екі етегін түрінді,
Өріске таман жүгірді.
«Оң қолымды жаярмын,
Мұнан немді аярмын.

Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа даярмын.
Төрт түлік саған қыламын,
Елі-жұртым жиямын».

Аямай малын қырады,
Ат жетерді жияды.
Жұрты жиылып болған соң,
Табақ тартып берген соң,

Алтын тақта хан отыр,
Қас жақсының ұлы отыр.

—Өлгенде көрген перзенттің

Атын жөндеп қойыңыз.
Түсімде қойған аты бар,
Соны тауып қойғаның
Тоқсан торқа киесің,

Тоғыз жорға мінесің.
Хан мен билер отырып,
Ақылменен ойлап білесің.
Хан менен билер отырып,

Жорға менен торқаға
Қоймай жатып таласты.
Қымыз ішіп мәз болып,
Билер есінен адасты.

Адасқанның белгісі—
Бір-бірінің отырып
Жағасына жармасты.
Жұдырықтасып жүргенде,

Мұрындары қанасты.
Хан мен билер ұрысты,
Сол заманда аз екен
Хан да, билер ұрысты.

Сонда келді Бозмонай:

сайын  батыр

—Хан мен билер ұрыспа,

Ұрысқаның дұрыс па?
Тәңірі өзіңе бермесе,
Маңдайыңа ырыс па?
Тоқсан торқа ки дедім,

Тоғыз жорға мін дедім,
Бұ айтқаным дұрыс па?
Екі күн жатсаң сақтаймын,
Біреуің де қайт деп айтпаймын.

Бар дәулеттің тұсында
Қалай тамақ таппаймын?!
Екі күн жатты, таппады,
Шұбырған кедей қайтпады.

Ондай-мұндай қойған ат
Бай көңіліне жақпады.
Соған дейін сол жұртты
Дәулетпенен сақтады.

Сонша адам жиылып,
Сайын атын таппады.
Со уақытта бір адам
Жүз отызға келіпті,

Талай мақұл көріпті.
Ноғайлының жұртында
Онан үлкен адам жоқ.
Өзі жарлы болған соң,

Оныменен жұрттың ісі жоқ.
Хан мен билер қасына
Шал байғұс келді таянып:

—Бәрекелді, хан мен би,

Жарасады жатқаның.
Байлығыңмен, Бозмонай,
Мыстан табақ тартқаның.
Қамалып жатып хан мен би,

Жаңа туған жас түлек,
Кәнеки, атын тапқаның?!
Хан мен билер отырып,
Шалға қарап ұрысты.

Таппаған соң хан мен би,

батырлар  жыры
Намысына тырысты:

—Егер атын таппасаң,

Он екі қақпа сарайға
Сені байлап қоймасам.
Шал да аңырап тұрмады,
Мұның атын сұрасаң,

Беліндегі бес қару
Тал бойына жарасқан,
Ерлік еткен алаштан
Батыр Сайын болмас па?!

Үстіне әруақ қонбас па?!
Хан мен билер қамалып,
Соны тауып қоймас па?!
Хандар қайтты томсарып,

Билер қайтты құмсарып.
Тоғыз жорға жетектеп,
Тоқсан торқа алысып,
Шал жөнелді заң салып.

Тойы тарқап кеткен соң,
Күмістен бесік ойдырды,
Алтыннан түбек құйдырды.
Қара кіске «қатты» деп,

Бала кіске «қатты» деп,
Бала кіске бөлетті.
Жаңа туған жас бала
Емшек берсе ембеді,

Етті берсе жемеді.
Анасының қарасын
Егіз екі көрмеді.
Бозмонай бай сасады,

Шәріне таман барады.
Үлкенінің құлағына салады:

—Кеше туған жас бала

Емшек берсе ембеді,
Ет берсе де жемеді.
Анасының қарасын
Егіз екі көрмеді.

Дағдардым, жұртым, мен,—деді,
Айласын тапшы сіз,—деді.

сайын  батыр
Ноғайлы жұрт кеңесіп,
Сайын сынды мырзаға
Үш күнде бір бие сойғызды.

Ортан жілік майымен
Үш күнде бір тойғызды.
Бір жасына келгенде,
Біліктіден би болды.

Екі жасқа келгенде,
Еліменен тең болды.
Үш жасына келгенде,
Ерттеп мінген атынан

Кешке дейін түспеді,
Шақыртпай асын ішпеді.
Төрт жасына келгенде,
Қарағай найза толғайды,

Жүрсем екен дейді екен.
Бес жасына келгенде,
Қадір түнін күзетті,
Ноғайлының үш кентін

Түгелімен түзетті.
Езу тартпай ол өтті,
Абыройлы қыздай ұл өтті.
Халқы жақсы болған соң,

Қарып пенен міскіндер
Сайынның арқасында күнелтті.
Алты жасқа келгенде,
Атын таңдап мінгенде,

Алты қырлы ақ сүңгі
Оң қолына алғанда,
Қындағы алтын ақ болат
Аш беліне шалғанда,

Момыннан сондай туғанда,
Алланың артық қылғаны.
Айбынды бала туған соң,
Қарабай қорқып қаз болды,

Қыйыршақ қорқып саз болды.
«Сайын келді» дегенде,
Тоқсандағы кемпірлер
Қысылғаннан қыз болды.

батырлар  жыры
Ақпандағы алты ай қыс
Атқа мінсе, жаз болды.
«Сайын келді» дегенде,

Тоқсандағы шалдардың
Қырық күн шілде болғанда,
Төсектен басын көтермей,
Төбесі жидіп таз болды.

Бір күндері болғанда,
Тоқсан құл тұрып кеңесті.

—Мына жүрген ер Сайын

Баяғыда әкесін
Алдымызға сап қуғанды,
Көптеп ұстап ұрғанды
Әлі күнге білген жоқ.

Бұ да бір күн білгенде,
Құлағына тигенде,
Бәрімізді қырады—
Бұған адам шыдар ма?

Жорға менен жүйрікті
Түн ішінде алалық!
Сусыз шөлге бас қосып,
Біз де қаша берейік.

Жорға менен жүйрікті
Сүйтіп олар алады.
Сусыз жерге бас қосып,
Құлдар қашып барады.

Ертең келді Ер Сайын
Қарала атты ойнатып.
Жылқыдағы құлдың бәрі жоқ,
«Қашты» деген көңілінде

Ер Сайынның кірі жоқ.
Құл кеткенін білген соң,
Батыр бала тұлданды:

—Тосқан құл, саған не қылдым?

Атама қылдың зорлықты,
Шешеме қылдың қорлықты,
Соны есіме алмадым.
Ат терлетіп келсең де,

Етіңе қамшы салмадым.

сайын  батыр
Өз обалың мойныңа,
Тобаң сені қойды ма?
Қарадан жаман түспесем,

Қарадай сенің ізіңе.
Азар болса қашқансың
Сусыз шөлдің дүзіне.
Келтірсе Құдай кезіме,

Болармын деп жүргенмін
Дұшпанның жалғыз мыңына.
«Шүу» деп еді Қарала ат
Қырдан асып қылт етті,

Жұлдыздай ағып жылт етті.
Шауып тоқтап, барлатып,
Ұлы сәске болғанда,
Аңырап шықты ер Сайын

Қара өбе басына.
Тоқсан құл кетіп барады
Аяғының астында,
Қосылып өлең айтысып,

Сырнай күйін тартысып.
Сол төбенің басында
Ер Сайын тұрып толғады,
Жалғыздығын ойлады:

«Ай, жаратқан жалғыз Құдайым,
Өлемін деп қалмаймын,
Бұған нағып шыдайын?!
Тоқсан құлмен тоғыссам,

Әбүйірді тауыссам,
Егер жазатайым іс болса,
Жалғызға түсер күн болса,
Қартайғанда атамнан

Енді зейнет туар ма?!
Сараң Ием болмаса,
Қанатсыз мені қылар ма?!
Тоқсан құлдан құр қайтсам,

«Құл кетті» деп елге айтсам,
Жиын-тойға кіре алман.
Бармасам да, барайын,
Бармай нағып қалайын?

батырлар  жыры
Қынынан шықпас ақ алмас,
Суырып қыннан алайын,
Көтерсе Құдай тілейін!

Екі тісі сақылдап,
Езуден көбік бұрқылдап,
Жау көрмеген жас бала
Құлға ұмтылды қалшылдап,

Ойын емес, шынынан.
«Шүу» деп еді Қарала ат
Жұмырланды қырынан.
Түнеріп бала келген соң,

Енді өлетұғынын білген соң,
Құл қорқысып барысты,
Аттан түсіп қалысты.
Жылағанға болмады,

Жалынғанға қоймады
Екпіні қатты жас бала.
Құлдарменен ойнады,
Өзгесін қырып салды да,

Отыздан жиып алды да,
Қаратөбе басына
Жаяу айдап барады.
Сол төбенің басында

Ту сыртынан жарады,
Қармап етін алады.
Қасқаның көңілі тынған соң,
Тоқсан құлды қырған соң,

Сәйгүлігін қуалап,
Қонарға шәрге келеді.
«Құл қырдым» деп айтпады,
Бұрынғыдай сол мырза

Шіреніп үйде жатпады,
Мал көтінен қалмады.
Мал баққаны құрысын,
Жақын жатқан жылқыны

Айшылыққа айдайды.
Айшылыққа барады,
Елдің шиір шетінде,
Дұшпанның жүрер бетінде

сайын  батыр
Қарауыл да салады.
Күні-түні Алладан
Жауды тілей береді.

Қайда кеткен алаштың
Найза ұстаған батыры?!
Тап менің тұсымда
Еркек мұнда таусылып,

Қалған ба жұрттың қатыны?!
Бір күндері болғанда,
Алысы менен жуықты
Ат үстінде барлаған.

Дүниенің төрт бұрышын
Ыңғай жүріп шарлаған.
Қамалды бұзып жылқы алған,
Күймені бұзып қыз алған.

Дұшпанды көрсе бір күнде
Отыз екі түрленген.
Он жасына келгенде,
Жау атысын үйренген.

Қара қыпшақ Қобыланды
Ноғайлардан ер туды.
«Ер Сайынға барайын,—деді,—
Сол батырды қолға алып,

Алыста жатқан қалмаққа
Бір соғысты салайын!».
Мың кісіні қолға алып,
Ер Сайынмен жолықпаққа ойланып.

Қарауылда жүрген Ер Сайын
Жау екен деп қашпады,
Жалғызбын деп саспады.
Ақ алмасын суырып,

Тасқа егеп қайрады.
Найзасының басына
Алтынды туын байлайды.
Қобыландының қасында

Найзагері қорқады,
Аттың басын тартады.
«Қашпасақ та, болмас» деп,
Тоқта десе тұрар ма,

батырлар  жыры
Аттың басын бұрар ма,
Қашпай адам шыдар ма?!
Сонда Қобыланды тұрып айтады:

—Жамандар, мұнан қашпаңыз,

Өлемін деп саспаңыз,
Өзім жауап берермін.
Ақбоз атпен аңқылдап,
Айыр қалпақ солқылдап

Батыр Сайын сен болсаң,
Қобыланды ағаң мен болам.
Ел шетінде кез болсаң,
Лоқылдатпа қылышың,

Мың кісілік тұсыңа.
Бұл дұшпанға, ер Сайын,
Қылышыңды суырсаң,
Кімге қайрат қыларсың?

Жаушылыққа келмеймін,
Сені көрерге келемін.
Атадан артық туған ерсің,
Қол тізгінін беремін.

Іздеп шыққан жауым бар,
Қызығыңды сонда көремін.

—Олай болса, Қобыланды,

Мына жатқан жылқымның
Кел, қарасын көрмей жүр!
Ұйықтап жатқан құлынның
Кел, ұйқысын бұзбай жүр.

Қонағасын беремін,
Жүретұғын жағыңа
Мен соңыңнан еремін,
Ерлігің жауда көремін.

Мың кісі алып келеді,
Қонағасын береді.
Тоқсан асау береді,
Қаруын түзей барады.

Әке-шеше жылайды:

—Өлгенде көрген жалғызым

Аттанып кетсе жорыққа,
Қалады басым қорлыққа!

сайын  батыр
Таянып келді Бозмонай
Қобыландының қасына:

—А, Қобыланды, Қобыланды,

Тентектігің қоймадың,
Жұрт тіліне болмадың!
Бұрынғылар алмаған,
Адам жүрмес бір жауға

Жүремін деп ойладың.
Мына жүрген Ер Сайын
Он жасына жеткен жоқ,
Жеті жастан өткен жоқ,

Үш наурызды берсеңші!
Сайын оған жеткенде,
Қызығын сонда көрсеңші,
Бұл тілегімді берсеңші!

—Құдай деген бай едің,

Өз алдына шәр едің,
Қарыңа сенің қалмаймын,
Сонда естен салмаймын.
Үш наурызды беремін,

Сол үшін наурыз өткен соң,
Уәдеге келемін.
Соған дейін Ер Сайын
Жау жарағын сайлансын,

Мінер атын байласын!
Біз келерміз сау болсақ,
Уәдеден таймасын!
Мың кісі дуылдай қайтады,

Тілегін алып қуанып,
Бай үйінде жатады
Белден төсек салған соң.
Бай ұйқысы қанған соң,

Бәйбіше тұрып толғайды,
Байды еркіне қоймайды:

—Толып жатқан малың бар,

Сарайыңның саны бар,
Осынша көп малың бар.
Бір Сайыннан тағы да,
Қанша ортақ жаның бар?

батырлар  жыры
Үш-ақ наурыз өткенде,
Жалғызың кетер жорыққа.
Есен қалған бұл малың

Кедейге түсер зорлыққа.
Толып жатқан малыңнан
Сұрап қалың берсеңші.
Үш шарбақты ноғайлы

Ылайық қыз көрсеңші,
Сөйтіп, келінді болсаңшы!
Соныменен Бозмонай
Бозжорға атқа ер салды,

Үш шәрлі ноғайлы
Қыздарына көз салды,
Ылайық қыз таппады.
Көрген қыздың бәрі де

Бай көңіліне жақпады.
Сайынның көрген қыздары
Шықты андап, таласып.
Үш шаһардың қызынан

Жиылған қыздың көптігі
Жол тимеді бір көпірге таласып.
Бай көңіліне жақпады,
Сонан соң сұлу таппады.

—Мен бармаған ел бар ма,

Есіткен жерге Сайынға
Ылайық туған қыз бар ма?
Ноғайлының халқы айтты:

—Өзің теңді адам да

Қырды жайлап шет қонған
Дұшпанына бет болған.
Айттырғанға бермеген,
Мұндай теңі келмеген.

Айтқаныңа ол берсе,
Сені адам ол десе,
Көбік байдың үйінде
Беті желге тимеген,

Езу тартып күлмеген,
Бөтен үйге енбеген
Аюбикеш сұлуы.

сайын  батыр
Қолаң қара шашы бар,
Қырғауылдай керілген,
Тамағынан ішкен асы көрінген.

Тақалып күнге қараса,
Бетінен күн сәулесі білінген,
Ылайық сұлу, сұра,—депті.
Қорықпай жүріп барсаңыз,

Шамаң келіп алсаңыз.
Соған кетті Бозмонай,
Судың бойын көбелеп.
Қартайғанша Бозжорға ат

Өзі мінген жебелеп.
Сарайдың келді қасына,
Шәрдің келді басына.
Он екі қақпа сарайы

Көтерілген талайы.
Есігінің қасында,
Қақпасының басында
Тұрады екен күзетіп

Екі қара малайы.
Екі тісі кетілген,
Оң танауы сетілген.
Құл да болса сол өзі,

Тілге шешен жетілген.

—Ноғайлыда, Бозмонай,

Сен де неге зар едің,
Ноғайлы жұрттың басы едің?!
Таң сәріден жүріпсің,
Ашулы болған кісідей,

Қабағыңды түйесің!
Жолың болсын, ә, байым,
Не есітіп білесің?!

—Байың есен-саулық па,

Қатты сөйлеп, мұндар құл,
Жүрегімді жарып даурықпа!
Көбік үйде бар болса,
Жетектеп шықпас қызын.

Ылайық болса балама,

батырлар  жыры
Енді айттырып беремін.
Айтқаныма бермесе,
Шақырғанға келмесе,

Елге таман қайтамын.
Тентек туған Сайынға
Бара сала айтамын.
Шетік құл келді иіліп

Көбік байдың қасына:

—Әй, Көбік, тұр,—деді,

Мұнан жаның қалар ма,
Ноғайлының Бозмонай
Сарайыңа келіп тұр.
Айттырса бермес адамға,

Келмес еді қасыңа,
Сарайың бүйтіп басына,
Ер Сайынға сеніп тұр.
Көбік жатып бұрқанды,

Мұздай темір құрсанды:

—Шауып алса мал да көп,

Үйден алса, қыз да көп,
Сайындай тентек ұл да көп.
Бүгін келсін сол Сайын,
Ұрысуға даярмын.

Жалғыз қыздың тұсында
Кімнен жаным аярмын.
Адам екен демеңіз,
Еңсеп келген Бозмонай

Үйден сусын бермеңіз.
Бозмонай естіп біледі,
Аттың басын бұрады.
Бай бір ашу қылады:

—Бұл барғаннан бармасам,

Үш шәрдің адамын
Мінгізіп атқа алмасам.
Бұл бермеген қызыңды
Ат көтіне салмасам,

Бозмонай болып жүрмейін,
Боз жорға атқа мінбейін!

сайын  батыр
Еркегіңді қырмасам,
Жұрт күлгендей қылмасам,
Шәріме есен кірмейін.

Бозмонай үйге қайтады,
Білген хабарын айтады.
Алтын тақты хан келді,
Жиылып түгел шәр келді:

—Көбік, неге қызың бермедің,

Сол сықылды Сайынды
Нағып күйеу көрмедің?
Бұл қызды егер бермесең,
Сайынды күйеу көрмесең,

Аттанып Сайын келген соң,
Оған елді бүлдіртіп,
Сенің қызың құрысын!
Залалын шәрге тигізіп,

Бұ қызыңды бермесең,
Сайынды күйеу көрмесең,
Ноғайлыға көшкенім
Шайқарсың сен ырысын.

—Бермесе де болмас-ты,

Еркіне Сайын қоймас-ты.
Бермегенмен бұл қызын,
Қанша маған жолдас-ты.
Шақырып кел, Шетік құл!

Мінейін десе о Құлға
Ерттеулі тұрған аты жоқ.
Тақа жаяу жүрерге
Шеттіктің жүйрік аты жоқ.

Қарт түйедей еңкілдеп,
Жалғыз танау желпілдеп,
Табан терісі түріліп,
Жөнелді Шетік жүгіріп.

Көз көрім жерден өткенде,
Бозмонай байды шақырды:

—Атыңның басын бұра тұр,

Ашуланбай тұра тұр.
Жұрт қауымға енді ғой,
12–252

батырлар  жыры
Өзі жаяу демесең,
Құл шақыра келді ғой,
Қалаған қызын берді ғой.

—Шақырса да бармаймын,

Малға берсе сол қызды,
Бір тоқтыға алмаймын.

—Сенен малды алмайды,

Саған кісі бермейді,
Тілеген қызды береді
Асы болар Аюбике
Деген қызды алмасаң,

Ұлық болар Аллаға,
Шақырған Көбікке бармасаң.
Қолды артыңа салады
Қайта кетіп барады.

Жетіп келсе Көбікке,
Келмей тойын қылады.
Төрге көрпе салғызды,
Шақыртып үйге алғызды.

Ашуланбай табысты,
Қалаған қызын алысты.
Еліне қайтып келді де,
Ноғайлының үш шәрін

Сегіз жерге орнатты.
Сайын сынды батырың
Ер-тоқымын оңдайды,
Үш шәһарлы ноғайлы

Қосшылыққа отыз кісі сайланды.
Отыз жігіт қолға алып,
Соған таман түн қатты.
Сайын келді деген соң,

Көремін деп сайланды.
Қимылдаған жан келді,
Мұнара басып шаң келді.
Көрген жұрттың бәрі де

Жас баланы таң көрді.
Көрмеген жанның бәрі де
Көрген жаннан сұрасты,

сайын  батыр
Көркіне жұрт таласты.
Сайын келді деген соң,
Қыз бен жігіт дуласып,

Сол сықылды батырға
Қылған тойы мұнасып.
Нақ отыз күн ойын қылып,
Тақ қырық күн тойын қылып,

Уәдесі болған соң,
Жұрт жақсысын жияды.
Ғалымдарды алғызып,
Ақ некесін қияды.

Ақ некесін қиғанда,
Ақ ордаға барғанда,
Ойнап ойыны қанғанда,
Қатты ұйықтап қалғанда,

Таң сарғайып атқанда,
Үйде, жүрген ағасы,
Бабай Омар бабасы
Тұсына жетіп келеді:

—Сайын батыр сен болсаң,

Некеңді қиғанда,
Сәтті күні кез болсаң,
Қолыңды жай, сен,—деді,
Берейін бата мен,—деді.

Ұшып тұра келеді,
Қолын жайып береді.

—Екі перзент көресің,

Ең үлкені—Бөкенбай,
Ең кішісі—Киікбай.
Сол Киікбай туғанда,
Дұшпанға салар бүлікті,

Аруағы соның биік-ті.
Ала есекке қайқалап,
Ала қоржын арқалап,
Жөнеле берді бір адам.

Бай сұлуды ұзатты,
Жазғы қудай ыңрантып,
Жарылған мұздай күңіретіп,
Тал шыбықтай бұралтып,

батырлар  жыры
Тоты құстай тарантып,
Қас патшадай найқалтып,
Қаса бидей шайқалтып,

Түйе артуға күң берді,
Ат ерттеуге құл берді.
Бәйшешектей түрлентіп,
Ұзатты сұлуды жөнелтіп.

Сұлуды алып кеткен соң,
Шәр тамаша көрген соң,
Жаңа түскен сол сұлу
«Қыздай жүкті келді» деп,

Ноғайлыға таң болды.
Ноғайлының шәһары
Өсек айтып күледі.
Бір Алланың бергенін

Жалғыз Сайын біледі.
Кәдесі болғанда,
Сәтке сұлу толғатты,
Қыз-келіншек те орын апты.

Бет біткенде сұлу жоқ
О сықылды сұлу-сымбатты.
Толғатып сұлу ұл тапты,
Өріске таман бай шапты.

—Оң қолымды жаярмын,

Мұнан немді аярмын.
Бүгін өліп кетсем де,
Аманатқа даярмын.
Аямай малым қырайын,

Ноғайлыны жияйын.
Есіркеген Құдайым,
Қызыққа неге тояйын?!
Ноғайлы жиылып келеді.

—Жиылып тұрған ноғайлы,

Мына тұрған перзентім,
Арылып тұр бейнетім.
Бірер аттан үлкенің мініңіз,
Кейінің бірер тоннан киіңіз,

Атын жөндеп қойыңыз.

сайын  батыр
Ат қоярға келгенде,
Айдалада түсе салып,
Жүрегі жүрген жарылып.

—Мына туған перзенттің

Қолында бар дәулетің,
Не қылсаң да жарасар.
Мынаның атын сұрасаң,
Мұның аты—Бөкенбай,

Ең кіші—Киікбай.
Бөкенбай қоя берді,
Бөкенбай да сол бала
Бір жасына толғанда,

Сонда келді Қобыланды.
Үш жылдың уәдесі толғанда
Ел шетіне келген соң,
Сайынға хабар берген соң,

Ақбозатқа ер салды.
Байлаулы тұрған Қара атқа
Қосын тартып алады.
Үш шарбақты ноғайлы

Қырық жігіт таңдап алады.
Қобыландыға қосылып,
Аттанып кетіп барады.
Құлан жүрмес жар қалды,

Адам ішпес шөл қалды.
Алтыншы ай өтеді,
Ат мойынан жал кетеді.
Олар сынды ер жоқ-ты,

Ерінбей жортқан келбеті.
Нақ он екі ай болғанда,
Қалмақтың ен шетіне қол жетті.
Аттың ерін алысады,

Түстенісе қалысады.
«Қалмақ жақын екен» деп,
Батырға хабар салысады.
Жағалбайлы атасы

Сөзінде болмас қатасы.
Жауырынмен сөйлескен,
Жауырын жағып қарады.

батырлар  жыры
Батыр Қобыланды сұрады:

—Бұ жауыңа бармаймын,

Жылқысы жолда тұрса, алмаймын.
Жылқы аламын,—деп,—бұ жолда,
Қасқа менен жайсаңның
Обалына қалмаймын,

Тілімді алған мұсылман,
Бәріңе де айтқаным.
Бәрің тілім алмасаң,
Алпыс кісі қосшымен

Өзім елге қайтамын.
Қобыланды батыр отырып,
Ер Сайынды шақырды:

—Сайын сынды батырым,

Бұзылмасын ақылың!
Екпінің күшті қыраным,
Маңдайың сұлу жарқыным,
Алар болсақ мал да көп,

Тоғысарға жан да көп.
Есендік пен саулықта,
Жұрт аманда барлық та
Жау тосқалы бар,—деді.

Бозбаладан айрылсақ,
Жұртқа не айталық?!
Қайт дегенде тұлданды:

—Аттанған жаудан қайта алмаймын,

Бұл көрген жаудан қорқынып,
Алғанымның қойнында
Күлкі болып жата алмаймын.
Бұ қамалға келген соң,

Жалғыз да болсам қайта алман.
Айғырдайын алыспай,
Қызыл қанға батыспай,
Сары жақтың кірісі

Үзілгенше тартыспай
Қобыландының мың кісі
Елге тіке тартады.
Ноғайлының қырық жігіті

Қалмаққа тіке тартады.

сайын  батыр
Қалмақ естіп біледі,
Құлағына тиеді.
«Қобыланды, Сайын келді» деп,

Берік жерге қамал тартады.
Келе жатыр қырық жігіт
Қамалдарды қақ жарып.
«Қалай жүрген батыр» деп,

Жолдастары таң қалып.
Ақ төбенің басына
Шығып келсе Ер Сайын,
Қалмақтың көрді сансызын,

Қаланы көріп таң қалды.
Қасындағы қырық жігіт
Жанынан қорқып сандалды,
Төмен қарап жыласты.

—А, қырық жігіт, жылама,

Сіздер кейін қалыңыз,
Таза жерге барыңыз!
Есен болса жаныңыз,
Жақсылығым бар болса,

Бұл заманда ұрыста!
Өзің теңдес жау болса,
Маңайыңа жуытпа!
Бұл кеткеннен келмесем,

Қазам жетсе өлермін.
Егер қазам жетпесе,
Басыма аман күн туса,
Бір уақытта келермін.

Қой, қош-аман болыңыз!
Мұсылманның ұлымын,
Бір шіріген жұмыртқамын.
Жөнелді Бозатпенен аңқылдап,

Айғай салған даусына
Қарағай жарылып барады.
Қалмақтың жатқан жерінде
Екі батыр бар екен

Бірінің аты—Жоламан,
Бірінің аты—Еламан.

батырлар  жыры

—Ер Сайын мен Қобыланды

Тоғыз сан басын жоямын.
Бір мезгілде Ер Сайын
Көрінген жылқы алады,
Қуалап кетіп барады.

Жылқыны қуып келгенше
Ақтөбенің қасына,
Қырық жігіттің орнына
Қуып келсе Ер Сайын,

Қырық жігіттің бірі жоқ.
Тұр деген жерде тұра алмай,
Айтқанын ердің қыла алмай,
Кеткен екен қашысып,

Кейін қарай асысып.
Қалмақ жатыр дуылдап,
Атын жаудың жиды шуылдап.
Тұсаулы атқа жармасып,

Мәстегіне тармасып.
Қашан қалған шашылып,
Ер-тоқымнан адасып,
Келе жатыр ит қалмақ

Жаман даусын салысып.
Жердің жүзі қайысып,
Көдедей шықты майысып.
Мәстектің шаңы бұрқылдап,

Қылыштары келеді
Өкпесіне сартылдап.
Ақ төбенің басында
Жалғыз Сайын қарап тұр

«Келгенменен бұл қалмақ,
Не қылады маған» деп,
Мазақ қылып жарқылдап.
Жауы әбден келген соң,

Бозаттың басын бұрмалап,
Тоғысты қасқа Аллалап.
Бөлек-бөлек қылып жүр,
Бөлінген қойдай қырып жүр.

Қалмаққа мүшкіл туып жүр,

сайын  батыр
Еламан мен Жоламан
Тау тасалап қашып жүр.
«Алады,—деп,—жұртымды,

Осы қалмақ сасып жүр.
Еламан мен Жоламан,
«Көрінер күнің бар ма» деп,
Аузын қатты басып жүр.

Көбін қырып болғанда,
Со сықылды Ер Сайын
Алланы еске алмады.
Қайратына мас болып,

Бабай Омар бабасына
Жалбарына жүрмеді.
Пірі үстіне қонбады,
Баяғы қайрат болмады.

Оймақ құрам сау жері
Тұла бойында қалмады.
Жарадан қасқа жауыр да,
Әр жарадан аққан қан

Су сықылды саулады.
Ерден медеу кеткен соң,
Жығыларға жеткен соң,
Аттың басын бұрмалап,

Жөнелді қасқа Аллалап.
Егесіп тұрған ит қалмақ
Соңына түсті тулап.
Тоғыз сан кісі қуса да,

Жеткізбей кетті құтылып.
Ертең кеткен қырық жігіт
Артынан жетті ұмтылып.
Бәрекелді, қырық жігіт,

Түге қасқа ерлігің.
Атыңның басын бұрылтып,
Қырық жігіт, шаппай тұра тұр!
Тоқпақ жалды Ақбозат

Тоқтата алмай келемін.
Қалмақ тоғыз сан, мен жалғыз,
Тонау бермей келіппін.
Тезірек көріп қалыңыз,

батырлар  жыры
Жарам нешеу санаңыз.
Омыртқада он жара,
Қабырғада қырық жара,

Қақ жанбаста бір жара.
Жалаңаяқ жүрмеген,
Бісмілләні білмеген
Салып еді бір қалмақ

Сырылдаған сары қайың оқпенен,
Қабырғаның түбінен,
Омыртқаның жігінен
Қан сарқырап тыйылмас.

Қырық жігіт, сізден болмаса,
Ноғайлының жұртынан
Топырақ маған бұйырмас.
Ай, қырық жігіт, қырық жігіт,

Қарағай түбі қара өлең,
Бәрің жақсы, саналым,
Шақпақ шақсам, от түспес.
Қарағайдың бұл күнде

Селбі болған қуынан.
Шықпаған-ақ екенмін
Жұлдызымның оңынан.
Мен дұшпанға мерт болдым,

Қара қыпшақ Қобыланды
Ердің жоғынан.
Мен шыққанда жаз еді,
Алла бізге жар еді.

Жауырынменен сөйлескен
Қара Қоныс бар еді.
Жан тіле деп нанбадық,
Қайт дегенде бармадық.

Қас әулие сол екен,
Тілін алмай жауладық.
Аттанған жерім сұрасаң,
Жылқы алған бұ жерім

Бүгін де мұнан шұқырлау.
Бейнетіме бұ қалмақ
Хабар тауып желеді.
Қырық жігіт, сен болмасаң,

сайын  батыр
Жұрт көрерім қиын-ды.
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?

Күйіме бұзып, қыз алып,
Қамалды бұзып, жылқы алып,
Қара арғымақ қатырып,
Қарсыласқан дұшпанға

Жүрегінен найза батырып,
Мына жатқан қалмаққа
Ат жүгіртер күн қайда?
А, қырық жігіт, азамат,

Маған бола өлмеңіз,
Сендер бейнет көрмеңіз,
Менің үшін өлмеңіз!
Қарағайдан табытым

Бекем қылып салыңыз!
Таңдап мінген көк атым
Басыма мықтап байлаңыз!
Шүберек киім кигізбе,

Қанды етіме тигізбе,
Жібекке орап қойыңыз!
Ел шетіне барғанда,
Әкем шығар елпілдеп,

Шешем шығар еңкілдеп.
Сайыным қайда дегенде,
Не деп жауап берерсіз?!
Ел шетіне жау келді,

Кірерге болды дегейсіз!
Қара арғымақ арыды,
Оттата қалды дегейсіз.
Бір күнде болса қуансын,

Ақырында бейшара
Есіткен күні суалсын!
Түптен таңдап алғаным
Ауыл үстінде жоқ еді.

Найзакерден арманым,
Дүниенің көрдім жалғанын.
Аюбике сұлуға
Дұғай сәлем дегейсіз!

батырлар  жыры
Таң сәріден тұрарсың,
Беті-қолың жуарсың!
Қынай белін буынсын,

Бүгілген бес бармақ
Бетіне жара салмасын!
Егіз екі сол сұлу
Дұшпанның тілін алмасын!

Өзімнен қалған жақсыны
Жат көрмесін, өз көрсін!
Құдай қосқан қосағым
Дұғай сәлем дегейсіз!

Ақиретте кезіксін.
Қара қыпшақ Қобыланды
Батыр ерге сәлем айт!
Мен кеткенде тумаған,

Оғы жасын қылмаған
Киікбай менен Бөкенбай
Айрылып сонан қалмасын.
Енді жауға бармасын!

Әкем өліп қалды деп,
Айрылып сонан қалмасын!
Өздері адам болғанша,
Қара қыпшақ Қобыланды

Көзінен таса қылмасын.
А, қырық жігіт, азамат,
Ашып кетші бетімді,
Салқын соқсын етімді!

Сіздер бұлай кеткен соң,
Мұсылманнан көре алман
Қыдырып жүрген жетімді-ай!
Қырық жігіт кетті қыр асып,

Қимай кетті жыласып.
Олар елге жетпестен,
Елі хабар білместен,
Аюбике сол сұлу

Түнде жатып түс көрді,
Түсінде талай іс көрді,
Өз басына күш көрді.
Таң сәріден тұрыпты,

сайын  батыр
Екі етегін түрініпті,
Енесіне келіпті:

—Мен бүгін бір түс көрдім,

Жауырыным тола қара шаш
Жайылыңқы көрінді.
Бедерлеген бес тырнақ
Қанға малыңқы көрінді.

Шешем берген боқшасы
Шашылыңқы көрінді.
Жауда жүрген балаңның
Астында жүрген Ақбозат

Құйрығы келте көрінді.
Қолына алған ақ сүңгі
Ортасынан, әй, ене,
Үзіліңкі көрінді.

Сонда енесі жорыды:

—Жауырынның толған қара шаш

Жайылыңқы көрінсе,
Ертеменен қой қыдыр,
Енеңнің сөзіне нан, балам!
О да соған көрінсін!

Бедерленген бес тырнақ
Қызыл қанға, ә, балам,
Малыныңқы көрінсе,
Таң да, тал түс болғанда,

Қызылменен боятсаң,
О да соған көрінсін!
Жауда жүрген баламның
Астындағы Ақбозат

Құйрығы келте көрінсе,
Жау қарасын көргенде,
Ақ құйрығын сүзген-ді.
Қасындағы жолдасы

Жау көрмеген жамандар,
Жаннан күдер үзген-ді.
Қолына алған ақ сүңгі
Ортасынан, ә, балам,

Үзіліңкі көрінсе,
Жүрген шығар жалғызым

батырлар  жыры
Қалмақтың белін сындырып.
Келеді екен жалғызым
Барған ісін тындырып

Жаманға қуғызып.
Келе жатыр қырық жігіт
Аяғына су өтіп,
Маңдайынан күн өтіп.

Қарағай найза сүйретіп,
Жылауменен күнелтіп,
Азар жетті жеріне.
Қырық жігіт келді деген соң,

Шәрі естіп білген соң,
Бозмонай келді алдынан:

—Қырық жігіт, келдің бе,

Есендік пен саулық па,
Азамат түгел барлық па?
Кәрілік мұндар ұрмаса,
Көзім жасқа толмаса,

Сайын сынды жалғызым
Көрінбеді көзіме.
Қырық жігіт сонда айтады:

—Бара сала ер Сайын

Қалмақтан ойып жылқы алды.
Күнде тиіп қалмаққа,
Сарайынан ұйқы алды.
Жау жерінен өткенде,

Мұсылманның жерінің
Шетіне жетіп келді.
Аттан медеу кеткенде,
Қалмақтар жетті салысып.

Ат бұрауға көнбеді,
Жалғыздың әлі келмеді.
Алған жылқы айрылдық,
Ел шетінде жау келді.

Қара арғымақ арыды,
Жетектей соны келеді.
Ақ кіреуке сөгілді,
Сия алмай келеді.

—Маған десе, сол балам,

сайын  батыр
Тағы талай жол жүрсін.
Есендікпен сау болса,
Дұшпаннан аман бар болса

Соны айтып бай кетті.
Сау дегенге қуанып,
Өтірік сөзге жұбанып.
Қайдан білсін Сайынның

Қалғанын оның суалып.
Үйде сұлу білген соң,
Сұлу шықты жүгіріп.
Қырық жігіт келді деген соң,

Алдынан келді жүгіріп:

—А, қырық жігіт, азамат,

Неге бұлай жаурайсың?
Ақ сақалды атамды
Өтірік айтып алдайсың?!
Айлалы айтқан сөзіңе,

Егіз екі нанбаймын.
Сайын өлді десең де,
Біріңді ұстап алмаймын.
Сонда қырық жігіт сасады,

Жылап тұрып айтады:

—Сайын сынды сол қасқа

Сан қалмақпен тоғысты.
Ерікпей қылды соғысты,
Қалмаққа Құдай болысты.
Оймақ құрам сау жері

Тал бойында қалмады.
Жарадан қасқа жауырды,
Қарағайдан табытын
Бекем қылып сайлатты.

Қалап мінген Бозатты
Көз алдына байлатты.
«Бас көтерер күн болса,
Еріктіріп мінермін.

Мінгендей бұған күн болса,
Күнінде бір күн көрермін».
Сайын сөйтіп қалған соң,
Оны сұлу білген соң,

батырлар  жыры
Екі бетін алады,
Қара шашын жаяды.
Үйге кетті жұлқынып,

Жын қаққандай құтырып.
Сарын салды отырып,
Батырды сұлу жоқтайды:

—Беліндегі бес қару

Тал бойына жарасқан.
Сендей теңім табылмас,
Жеті алашты қыдырсам.
Сендей теңім еш болмас,

Алашта мұңдық мен болдым.
Ханышадай күнімде,
Ер қасқамнан адасқан.
Қарағай найза өңгерген,

Өзінің жұртын меңгерген,
Азды көпке теңгерген.
Аттанған жаудан келмеген,
Алты қанат ақ орда

Қасқам ішіне келмеген.
Мендей мұңдық бар ма екен,
Ойнар-күлер шағымда
Еркін ойнап күлмеген.

Өзім тірі жүргенде
Кеудеме еркек мінгізбен.
Алмадай болған қызыл бет
Қиғаш ерінге сүйгізбен.

Берен төсек, құс жастық,
Маңайына бойдақ жүргізбен.
Маңдайың құлаш ер Сайын,
Қылығың еске түскенде,

Жанымды нағып күйгізбен?!
Ауызым тола қан болса,
Дұшпаныма білгізбен.
Сен кеткелі он бес жыл,

Бөтен үйге бармадым,
Езу тартып күлмедім.
Мен сарғайып жатқанда,
Неден көңілім қалдырдың?!

сайын  батыр
Бұ заманда жоқпын деп,
Түсіме нешік кірмедің?!
Ертең қылған даусымды

Түске келіп қоярмын.
Кешке қылған даусымды
Түн батқанда болармын.
Алмадай болған қызыл бет

Тырнақпенен соярмын.
Мөлдіреген екі көз
Жылауменен оярмын.
Ел шетіне жау келсе,

Қара қабылан қоярмын.
Жылап-жылап уанды,
Беті-қолын жуынды.
Киікбай менен Бөкенбай

Оқ атысып жүр екен.
Екеуі келді жүгіріп,
Анасы отыр бүлініп.
Екеуі есінен адасты,

Адаса тұрды екеуі,
Бір жүгенге таласты.

—Үйде жатқан әкемді

Неге әкеткен алысқа?
Сонша жерге бастасып,
Жау жеріне тастасып,
Бұл барғаннан бармасам,

Екі бірдей көк ала
Арғымаққа мінбесем,
Өңшең темір кимесем,
Қобыланды саған қылмасам,

Біткеніңді қырмасам,
Ер Сайыннан тумайын.
Жылқыға кетті жүгіріп,
Тұрмады үйде кідіріп.

Сұлу үйден барады
Енесінің қасына.
Енесі бейбақ жылайды,
Жад айтады Құдайды:

—Құдайың берген жаңғызы,

13–252

батырлар  жыры
Таласып емшек еміскен,
Құнан-тайдай тебіскен.
Беліндегі бес қару

Тал бойына келіскен.
Атаң қалды кеңестен,
Шешең қалды жіп ескен.
Жауға айғайлап кеткенде,

Оң иініңе қонбады
Төрт мүкрәр періштең.

—А, сорлы болған енем-ай,

Дауыстағанмен келмейді-ай!
Сайын сынды балаңды
Маңдайы құлаш ер,—деді,
Мен тұл үйіңде тұра алман,

Күнде дауыс қыла алман.
Жер жүзінде бар болса,
Өзім іздеп табармын,
Жаралы болса бағармын.

Дүниенің төрт бұрышын
Тексеріп мен кезермін.
Со сықылды батырды
Іздемей нағып тынармын.

Сайын сынды со батыр
Отыз екі ерден бата алған,
Бірде-бірі кем бе екен?
Шешем берген үйімде

Аюдың бар ақ дәрісі,
Жарасына ем бе екен!
Шешем берген үйімде
Сол дәрісі бар ма екен,

Іздеместей ер ме екен!
Жылқыдағы қос күрең
Жылқышыға алдыршы,
Жыламай тоқым салдыршы.

Бұрын дүзге жүрмеген,
Түстік жерге бармаған,
Қырға шыға алмаған,
Жөнелді бейбақ жыласып.

Кетіп барад қарасып,

сайын  батыр
Бет алдына жарасып.
Қос күреңнің басымен
Күні-түні барады.

Жылауменен күн өтіп,
Жол білмеген әйелді
Алланың өзі түзетіп.
Әр төбенің басына

Сұлу шығып қарайды,
Көрінер заман болмайды.
Бір күндері болғанда,
Ай мен күнге таласқан

Қара төбе көрінді.
Со төбені көргенде,
Сұлудың көңілі бөлінді:
«Ай мүскін болған екем-ай!

Қаратөбе қасында
Бәйтерек тұр басында.
Ала құла сауысқан
Қан көргендей болады.

Балаңның қалған жерлері
Сонау бір жер болады.
Мен тұсынан озамын,
Неге қарап тұрамын.

Енесі сұлуды оздырды,
Күреңше аттың мойынын
Жездей қылып создырды.
Оңды-солды қамшылап,

Бұлттай ұшты жамшылап,
Кекілден тері тамшылап.
Сұлу озып келген соң,
Аттан түсе қалады,

Түсе сала жылайды.
Бұрылып көрер күні жоқ,
Сөйлейтұғын тілі жоқ.
Тостағандай тола көз

Төңкере келіп салады.
Сұлу басын құша құлады,
Көтеріп келіп алады.
Суға арқалап барады,

батырлар  жыры
Қанын жуып алады.
Аюдың ақ дәрісін
Аударып сұлу жағады,

Тез тірілтіп алады.
Су басында екеуі
Ойнап ойыны қанады,
Ақ жарылқап қалады.

Келе жатыр кемпір сұм
Бауырына қамшы таянып.
Өлді деген баласы,
Аңсап келген анасы

Алдынан шықты алшаңдап.
Өлгені жүр тіріліп,
Елге тиген панасы.
Құшақтасып көрісті,

Бетінен сүйіп өбісті.
Қайтасынан жасады,
Алласы көзін ашады.
Аттың ерін алысты,

Үшеуі ұйықтай білмеді,
Үстіне келіп орнады.
«Жолдасы елге барды деп,
Жаралы Сайын қалды» деп,

Қалмақ естіп біледі.
Еламан мен Жоламан
Сансыз қалмақ қолға алып,
Сайынды іздеп жүреді.

Жатқан жерін көреді,
Үстіне келіп орнады,
Бірде-бірі тұрмады.
Бір мезгілде Ер Сайын

Көтеріп алса басын да,
Жеткен екен Жоламан
Шаншар жердің тұсына.
Сайын тұра сасады.

—Е, Құдайым, Құдайым,

Өлемін деп қылмаймын,
Бұйрық жетпей уайым.
Тарқамаған бола ма,

сайын  батыр
Жалбарынған Құдайым,
Баба Омар бабам-ай!
Жаңылдым ба тобам-ай?!

Ақыр жаудан бола ма,
Туғаннан менің қазам-ай?!
Алпыстағы анам-ай,
О да жауға бара ма?!

Құдай қосқан қосағым-ай,
Оны бір дұшпан ала ма?
Ноғайлының кең шәһарға
Сайын есен бара ма?

Жар бола көр, Аллам-ай?!
Ер-тоқымын арқалап,
Бозатқа келді Аллалап.
Ер-тоқымын салғанда,

Айылын тартып алғанда,
Ауыздығын Бозат шайнады,
Адамдай тұрып сайрады:

—Батыр Сайын, саспашы,

Көп екен деп қашпашы?!
Құдайдың берген қуатын
Осы жолы басташы?!
Қатарланған қамалды

Қақ жармасаң, саған серт!
Оқ жеткізсем, маған серт!
Жыландайын жыбырлап,
Қыздардайын сыбырлап,

Ақ сауыт сонда сөйледі:

—Батыр Сайын, қорықпашы,

Бөтен сөзді айтпашы!
Қатарланған қамалды
Бұза алмасаң, саған серт!
Тоқсан қабат оқ жетсе,

Оқ өткізсем, маған серт!
Сақтасын мықтап Құдірет!
Атыменен сөйлесіп,
Ақ сауытымен кеңесіп,

Кемпір менен сұлуға
Артымнан қалмай жүр,—десіп,

батырлар  жыры
Қамалап тұрған қалмақты
Қабандайын қақ жарып,
Сайын шықты құтылып.

Еламан мен Жоламан
Кемпір менен сұлуды
Ұстай алды ұмтылып.
Қалмақтар тұрып кеңесті:

—Қаптай қусақ Бозаттың

Қарасын жылқы көрмес-ті ,
Сайын да қолға бермес-ті.
Алғаны менен анасын
Қолаң шашын жұлдырып,

Ат үстіне салыңыз,
Тамам қалмақ алыңыз.
Төбе шашы жұлынса,
Даусы шығар шырқырап.

Анасына шыдамай,
Сайын шабар бұрқырап,
Қашпаңыз сонда тырқырап.
Ат үстіне салғанда,

Анасы сондай жылады,
Ұлынан өтіне сұрады:

—Маған бола келмеші,

Шырағым, жанымды көрмеші!
Мен жанымды не етейін,
Сенің үшін, шырағым,
Құрбандық болып кетейін!

Алғаны сонда жылайды:

—Е, Сайын атты ерім-ай,

Алланың қосқан теңім-ай,
Сенен ары айшылық
Менің шыққан жерім-ай!
Шыбықтай бойы ұзын,—деп,

Алмадай беті қызыл,—деп,
Әйел (дің) түбі дұшпан-ды.
Қызық көрме, Ер Сайын,
Біз кетті деп ұрысқан-ды.

Мен кетсем де, аларсың,
Тірі болсаң кегіңді,

сайын  батыр
Екі ұлыңды қасыңа ал!
Шаппасына болмады,
Бір еркіне қоймады.

Алпыс екі періште
Үстіне келіп орнады.
Бозаттың басын бұрмалап,
Ұмтылды қалмаққа туралап.

Арықтың суы тасқаны,
Қалмақтың қалай сасқаны.
Кемпір менен сұлуды
Қалай тастай қашқаны!

Қуа барып Ер Сайын
Қалмақпенен тоғысты,
Ерінбей қылды соғысты,
Он үш күн ұрысып тауысты.

Үстіне келген қалмақтың
Жан адамын қоймады,
Атын, тонын алды да,
Еліне таман айдады.

Батыр Сайын келгенше,
Ел хабарын білгенше,
Бөкенбай менен Киікбай
Қобыландыға барыпты,

Аттанып еліне келіпті.
Жасанғанда қайтпаған,
Сансыз дұшпан батпаған.
Со сықылды Қобыланды

Екеуінен қорқыпты.

—Ай, Қобыланды батыр, сен болсаң,

Топтың бетің көрмеген,
Көрген кісі әкемді
Маңдайы құлаш ер деген,
Қас ерменен тең деген.

Қалған жерден алып кел,
Өлтірген жауды тауып кел.
Үйде жатқан әкемді
Жау жеріне бастадың,

Қандай шөлде тастадың?
Бармасаң да барарсың,

батырлар  жыры
Бармай нағып қаларсың?!
Қобыланды сонда айтады:

—Алдыңа түсіп барайын,

Неге іздемей қалайын.
Қалмаққа бүлік салайын,
Сайынның кегін алайын!
Мың кісіні алады,

Аттанып кетіп барады.
Айшылық жатқан қалмаққа
Барып бір соғыс салады.
Қалмаққа барса, ор екен,

Оры терең зор екен.
Киікбай сонда айтады:

—Е, Қобыланды, Қобыланды,

Бүйтіп бұған тұрмалық,
Қорыққан кісі сықылды
Тұрып кеңес қылмалық.
Ордан арман өтелік,

Қалмаққа тегіс тиелік.
Бөкенбай мен Қобыланды,
Киікбаймен үшеуі
Ордан арман өтеді,

Қалмаққа кіріп кетеді.
Бөкенбай мен Қобыланды
Екі батыр қашады,
Ордан бермен асады.

Қобыландының мінген ат
Ордан өтті кідірмей.
Бөкенбайдың Көкала ат
Артқы аяғы ілінді.

Ер-тоқымын құшақтап,
Орға түсіп жүгірді.
Киікбай шапты қамалға,
Көкала атты борбайлап,

«Бауырым» деп ойбайлап.
Қалмақтың құрған қамалын
Бұл жағынан шапқаннан,
О жағына бір өтті.

Ар жағынан шапқаннан,

сайын  батыр
Бер жағына бір өтті.
Батырлары ақырды,
Палуандары шақырды:

—Тұс-тұсынан барыңыз,

Бірер арқан алыңыз!
Шабатұғын жағына
Керме ұстай қалыңыз,
Кермелеп ұстап алыңыз!

Көздеп тұрып Киікбай
Аласа қылған арқанның
Үстіменен кетеді,
Биік қылған арқанның

Астыменен кетеді.
Тап сегіз күн болғанда,
Бәрін қырып кетеді.
Ордан бір хан асады,

Дария судай тасады.
Орда жатқан Бөкенбай
Қанмен ағып барады.
Қобыланды со батыр

Сонда суырып алады.
Қалмақтың елін өрт қылып,
Топырақтай ұшырып,
Барлық малын көшіріп,

Жалғыз өзі Киікбай
Айдап шықты шәріден
Қалмақтың даң қарасын қоймай-ақ,
Қызығына тоймай-ақ.

Қасқаның көңілі тынған соң,
Қалмаққа қалағанын қылған соң,
Жылқыны түске салған соң,
Қалмақтан кегін алған соң,

Қол түстеніп жатқанда,
Келе жатыр бір адам.
Туырлықтай туы бар,
Мың кісінің шаңы бар,

Артында қанша жаны бар?
Қобыланды батыр айтады:

—Киікбай батыр, барыңыз,

батырлар  жыры
Қандай дұшпан болады,
Алды-артын шалыңыз!
Соныменен Киікбай

Тұрымтайдай түйіліп,
Қылармын деп кіжініп,
Қарсы шығып келеді.
Келе жатыр Ер Сайын

Өлген жерден тіріліп.
Жиылып жатқан қалмақтың
Тоғысы бар деп кезеніп.
Киікбай оны танымай,

Әкесі деп ойламай,
Әкесінен күшті жас бала:

—Қақ жүректің басы—деп,

Өлер жерің осы—деп,
Табандап найза салады.
Сайын сынды әкесін
Танымады со бала.

Сайын сонда айтады:

—Сайын әкең мен,—деді,

Көрісейік кел,—деді,
Есенбісің сен,—деді.
Аттан түсе қалады,
Суырып найза алады.

—Жазалы болды қолым-ай,

Ерлік қылған құрысын,
Мұнан былай жоламай!

—Құрымасын жолың,—деп,

Жазалы болмас қолың,—деп,
Атаң мұнан нағылсын?
Неше ердің көрмедім
Бұл сықылды найзасын.

Көріп жүрмін Жасаған
Бір Алланың пайдасын.
Атаң мұнан өлмеді,
Тек жүрегің қорықпасын!

Бар Киікбай, бар,—деді,
Қобыландыдай атаңнан
Барып сүйінші ал,—деді.

сайын  батыр
Тастап кеткен Ер Сайын
Жазылып келді сау,—деді.
Киікбай қолға шабады,

Ат аямай барады.
Тіке салып сонымен
Қобыландыға келеді.

—Болып тұрған бұл шақта

Қобыланды батыр күніңіз,
Жаралы болған келіпті
Сайын атты ініңіз.
Озып келдім мен сізге

Не бересіз, е, батыр?

—Қуантқан үшін сүйіншіге

Тартып піскен торсықтай
Өзі сұлу Тайбурыл
Рас болса келгені,
Ал, сыйладым мен сізге!

Сайын сонда келеді,
Келгенін қарап Қобыланды
Танып көрісіп біледі.
Атқа мініп желеді,

Көп шүкірлік қылады.
Атқа мініп қайтысты,
Шәріне таман тартысты.
Шәрге есен келген соң,

Ноғайлының көп жұртын
Көріп сәлем берген соң,
Бозмонай тұрып той қылды.
Аттанған жауын алысып,

Көңілдері тасысып,
Аман-есен қайтқанға
Аллаға шүкір көп қылды.
Той тарқап кеткен соң,

Батыр Сайын сөйледі:

—Енді дүзге жүрмелік,

Қолға найза алмалық,
Қалмаққа енді бармалық!
Киікбай мен Бөкенбай,
Қобыландыдай батыры-ай,

батырлар  жыры
Екі ұлыңа бата бер!
Жолымызды берелік,
Үйіңе бар да, жата бер!

Айтқанынша Сайынның
Қобыланды батыр береді:

—Алла ашсын жолыңды,

Ұзын қылсын қолыңды!
Танып жүргей, е, балам!
Оңың менен солыңды!
Сөйтіп бата берген соң,

Қобыланды батыр қайтады.
Еліне барып сол батыр,
Батырлық құрмай жатады.
Екі ұлының тұсында

Сайындайын батырдың
Іргесін дұшпан баспады,
Қолынан дәулет қашпады.
Ел шетіне жау келсе,

Сайын сынды батырдан
Киікбайдың ерлігі
Анағұрлым асады.
Екі ұлының тұсында

Бәрінің дайын болды тірлігі.
Үш алашқа жайылды
Екі ұлының ерлігі.
Өлген жерден тірілткен

Қалмаққа атын жүгірткен,
Сайын сынды батырдың
Сондай екен кеңесі,
Адамнан артық денесі.

Әуелі сөз айтайын «ағузу билла»,
Аз хикаят сөйлейін мұны тыңда.
«Маржум-мардуд малғұннан сақтай көр» деп,
Құдая сыйынамын бір өзіңе.

Тағы да сөз сөйлейін бисмилладан,
Өлмей қалмас анадан туған адам.
Ойлама «өтпейміз,—деп,—бұл дүниеден»,
Айрылар туған жан ата-анадан.

Тағы да сөз сөйлейін аттай желіп,
Тауфиқ сұра, мұсылмандар, иман біліп.
Қарабек пенен Қараман қиссасы-дүр,
Ағалар, мұны тыңда құлақ салып.

Жігіттер, құлағың сал сөздеріме,
Бір кеңес айтатұғын өздеріңе.
Жамағат, мойыныңды бұр, бермен қара,
Айтатұғын жаңа келді кездеріңе.

Түменде Қарабекті таба алмадым,
Түменнен соның үшін Омск бардым.
Сонда да Омскіде табылмады,
Қарабек табылмастай пәле болды.

Қошан деген қарауылға тағы келдім,
Шакабаңның үйін сұрап білдім.
Мұқыр деген өзеннің бойында екен,
Әлжан деген мырзаға мейман болдым.

Қисса – и Қарабек
(Қазан басылымы, 1882)

батырлар  жыры
Шакабаңның баласы Әлжан мырза,
Қуанып сондай тасыр қонақ келсе,
Пақыр-міскін сол жолдан байып қайтар,

Ат пен жая береді көңілі сүйсе.
Өзімді үш күнге дейін мейман қылды,
Меймандар қымыз, шай, майға тойды.
Қарабекті таппадым дегеннен соң,

Сол арада біреуден тауып алды.
Сол үйден Қарабекті тауып алдым,
Жол сұрап Қызылжарға бұра бердім.
Күні-түні тоқтамай жүріп едім,

Түменге он бес күнде келіп қалдым.
Мәулекей мұны жазған—менің атым,
Әр жерде толып жатыр жазған хатым.
Жамағат, құлақ салып тыңдай беріңіз,

Сөйлеймін бұрын өткен батырлардан.
Енді айтайын жігіттер,
Бұрынғы өткен батырды,
Он мың үйлі оятты,

Қырық мың үйлі қиятты,
Тоқсан мың үйлі қоңыратты.
Сонша жұрттың басы екен,
Қәдірхан деген хан екен.

Екі қыз бен бір ұлы—
Перзенттері бар екен.
Үлкен қызын сұрасаң,
Қолаңнан сұлу шашы бар,

Түймеден сұлу басы бар.
Кер маралдай керілген,
Бұралып белі өрілген.
Мұнараға шығарға,

Басарға аяқ ерінген.
Хор қызындай саналы,
Құдіретіменен берілген.
Ішкен асы шіркіннің

қисса-и  қарабек
Тамағынан көрінген.
Алпыстағы шалдардың
Тұла бойын идірген,

Дамбалынан сидірген.
Оны көрген жігіттер
Өлейін десе өле алмай,
Өз жанын қия алмай,

Қолына тіпті тигізбей,
Диуана қылып жүргізген,
Қылығыменен күйдірген,
Мінезіменен сүйдірген.

Осы қыздың атыны
Ханбике сұлу дегізген.
Кіші қызын сұрасаң,
Туған айдай балқыған,

Артық жұпар аңқыған.
Бұлбұлдай-ақ сөзі бар,
Дариядайын шалқыған,
Қорғасындай балқыған.

Қардай сұлу еті бар,
Қандай сұлу беті бар,
Ханша сұлу дегізген.
Он сегіз мың үйсіннен,

Тоқсан тоғыз қоңыраттан
Бұрынғы өткен заманда
Қазақ жұртының ханы екен,
Әділ туған патша екен,

Айтқан сөзі жыр екен.
Соның өзі жас бала,
Ойынменен мас бала
Кәдірханның Қарабек

Жалғыз туған ұлы екен,
Көркемдігі де таң екен.
Өзі хан болып тұрғанда,
Пейілі мұның тар ма екен.

Қарадан сүйдіріп хан қойған,
Өзіменен тең қойған.
Есенгелді тақылдақ
Бір уәзірі бар екен.

батырлар  жыры
Кем болмайды аруақтан,
Құдай берген салмақтан.
Ол заманда хан шықты

Қараман дейтін қалмақтан.
Қалмақ басы Қараман
Бір күні ұйықтап жатады,
Тек күнәға батады.

Айдай сұлу бір қызбен
Мерекеге батады.
Осылай қалмақ түс көрді,
Таңғажайып іс көрді.

Түсте көрген сұлуды
Қайдан іздеп табарын
Қиын-қыстау іс көрді.
Түсі де тура келеді,

Қәдірханның еліне
Келіп-кетіп жүреді.
Түсінде көрді бір сұлу
Он сегізде жасы бар,

Қиылған қара қасы бар,
Ішетұғын сұлудың
Алуа-шекер асы бар.
Қолаң шашты, қой көзді,

Түймедейін басы бар.
Інжу-маржан аралас
Мойнында алқа тасы бар.
Нұрдан туған заты бар,

Қолға ұстаған хаты бар.
Аты Бибі болса да,
Сүйіп қойған Кәдірдің
Ханбибі деген аты бар.

Түсінде қалмақ сүйеді,
Іші оттай күйеді.
Ояна келсе адам жоқ,
Жанына қатты тиеді.

Қараман менен Ханбибі,

Қалмақтың ханы Қараман
Бөтен жаққа бармайды,
Дүниеге көзін салмайды.

қисса-и  қарабек
Ертеңменен тұрған соң,
Беті-қолын жуған соң,
Көрмесіне сұлуды

Сабыр да, сірә, қалмайды.
Қараман бұл осы түсті көріп алды,
«Түсім нешік болар» деп қайран қалды.

—Өлсем де осы қызды іздеймін,—деп,

Қалмаққа «жиылсын» деп хабар салды.
Қалмаққа «жиылсын» деп жарлық салды,
Көп қалмақ хан жарлығын қабыл алды.
«Әлде нешік, жұмысқа жұмсар?» деп,

Жиылып шәһар халқы келіп қалды.
Құдайым бізге берген қайғы салмақ,
Қиын ғой Қараманға мұнан қалмақ.
«Өлсем де, Ханбибіні іздеймін» деп,

Қасына жиып алды он мың қалмақ.
Жөнелді өңкей қалмақ елдей көшіп,
«Берсе қызын, қолынан аламыз» деп.
Сайманын қаруыменен тегіс алды,

«Бермесе, еліне бүлік саламыз» деп.
Желігіп жау дегенде жөнеледі,
Басына ғашықтық кез келеді енді.
«Өлсем де, Ханбибіні іздеймін» деп,

Қараман, он мың қалмақ жөнелді енді.
Жөнелді он мың қалмақ желдей есіп,
«Қазақты қырамын» деп ерегісіп.
Ханбибіні аламын деген ойында жоқ,

Келеді өңкей қалмақ әзілдесіп.
Сол жақтан он мың қалмақ жақын келді,
Тілегін жау қалмақтың Құдай берді.
Қәдірхан үйде ұйықтап жатыр екен,

Қалмақты келе жатқан түсте көрді.
14–252

батырлар  жыры
Олардың көз жетпейді хисабына,
Қалмақтың қарап қойшы ғазабына.
«Қәдірхан ертең тұрып айтайын» деп,

«Жиыл» деп жар салады қазағына.

Адамдар қайтып келмес өлгеннен соң,
Шара жоқ Алла ісіне көнгеннен соң.
Қәдірхан ерте тұрып түсін айтты,
Жиылып шәһар халқы келгеннен соң.

Кәдір білмес адамдар
Тек күнәға батады,
Қолымнан тағам татады.
Шәһар халқы келген соң,

Ол Қәдірхан көрген соң,
Көрген түсін айтады:

—Қайран жұртым, хан жұртым,

Мен бір жаман түс көрдім.
Ол түсімнің ішінде
Бір ғажайып іс көрдім.
Керегем менің кертулі,

Кертіліп отқа жағулы.
Турылығым менің тілулі,
Тіліп тоқым қылулы.
Қәдірхан деген ханыңыз

Екі қолы байлаулы,
Алдына салып айдаулы.
Артқы өкшемді бастырып,
Жиылып келген қалмақтан

Сөзім де менің қайтулы.
Езу тартып күле алмай,
Хан қасына келе алмай,
Елін сонда сынайды.

Түс жоруын біле алмай,
Мыңдай ғана кісі екен,
Ешбір адам айта алмай,
Қәдірханға бата алмай,

Тұрды сонда сандалып.
Есенгелді тақылдақ

қисса-и  қарабек
Жүгіріп келді жақындап,
Азу-тісі сақылдап.
Ханның түсін көрген соң,

Жамандықты білген соң,
Хан қасына келеді
Сөзін айтқалы қақылдап:

—Әй, хан ием, хан ием,

Сіз хан болып тұрғанда
Бағусыз еді малымыз.
Сіз хандықтан түскен соң,
Шығар біздің жанымыз.

Бүгін жаман түс көрсең,
Он мың қалмақ келеді,
Тілегін Алла береді.
Қайраты көп жұртың

Бір қыз үшін өледі.
Айтқаным менің ақыл-ды,
Ұжмаққа иман жақын-ды.
Ей, тақсыр хан, өлгенше,

Бұл пәлені көргенше,
Айтқанымды ұнатсаң,
Мен айтайын ақылды.
Мінген атың Қаракөк,

Жалғыз сенің ұлың бар,
Оның аты—Қарабек.
Соның өзі жас бала,
Ойынменен мас бала,

Күш-қайраты әшкара.
Сірә, бір саған айталық
Жиылып келген қалмақты
Қырып та жойып салады,

Сол жас бала масқара!

—Әй, Тақылдақ, Тақылдақ,

Қасыма келші жақындап.
Өтірік айтсаң өлгенің,
Алты жасар жас бала
Қашан сынап білгенсің?

—Әй, тақсыр хан, айтайын,

батырлар  жыры
Айтпай енді қайтейін.
Белін де қынай буған-ды,
Жақсылық жолды қуған-ды.

Жалғызыңды сынап ем,
Хан туын ұстап тұрғанда.
Екісіне келгенде,
Бесікте жатып ойнаған.

Үш жасына келгенде,
Жай тасындай жайнаған.
Алты жасқа келгенде,
«Жауды қашан берер» деп,

Бармағын жатып шайнаған.
Тақылдақ бұл бір сөзді айтып салды,
Өлімге басын сонда байлап алды.
Асық ойнап жүрген ол жас балаға

Шақырған әкесінен хабар барды.
Уәзірі айтып салды гүл-гүл жайнап,
Өтірік болса, өлімге басын байлап.
Әке менен шешеде ісі бар ма,

Жалғыз ұл жүрген екен асық ойнап.
Жалғызды шақыр [деп] хабар етті,
Жарлығын әкесінің қабыл алды.
Жаратқан баршамызды жалғыз Алла,

Беріпті тілеген соң бір перзентті.

—Әй, әке, түсің сенің қашып кетті,

Ұйқың да бір күнгі күн саған не етті?

—Әй, балам, бүгін бір түс жаман көрдім,

Сол түстен қорыққаннан есім кетті.
Бар Құдай өз басыма қайғы салды,
Қайғыменен ішім күйіп, сыртым жанды.
Мен жыламай қайтейін, жалғыз балам,

Қараман қалмақбасы апаңды алды.

—Дүниеде ажал жетіп өлмесек те,

Жұлдызға қол жетпейді сермесек те.

қисса-и  қарабек
Апамды мұндар қалмақ қайтып алар,
Ол итке қолымыздан бермесек те.
Кейінгі балаларға жол салады,

Жалғызым, маған құрбан кім болады?!
Еліңде батыр туған тірі жан жоқ,
Алдынан қалмақ итінің кім барады?!

— Әй, әке, қалған елге жол салайын,

Жалғызың саған құрбан мен болайын.
Рұқсат пәтихаңды берсең маған,
Алдынан он мың қалмақ мен барайын.

—Бұл сөзді шын айттың ба, жалғыз балам?

Жаратқан жалғыз қылып Хақ Тағалам.
Мен сені елім үшін жіберер ем,
Жүреді қайтып шыдап ғаріп анаң?!

—Анам сорлы жылайды менің үшін,

Өзім құрбан болайын сенің үшін.
Алтын-күміс еліңді қор қылғанша,
Жалғыз мені құрбан қыл елің үшін.

—Мінезіңнен таба алмадым бұзығыңды,

Қаламменен хат таныған сызығыңды.
Қасыма бүгін ғана жатып кетші,
Көрейін таң атқанша қызығыңды.
Рұқсатты әкесі беріп салды,

Қой мойынды Құланы ұстап алды.
Шәрі батырлығын мұның білді,
«Қалмаққа соғысамын» деп жалғыз жүрді.
Ажал жетсе, сол жерде өлмек болды,

Соғысып, жау қалмақты көрмек болды.
Апасын міңгестіріп бармақ болды,
Сол жерде өліп кетсе, бермек болды.
Жылапты ата-анасы от боп жанып,

Бір сүйген жоқ шешесі мейірі қанып.

батырлар  жыры
«Қызығыңды бұл түнде көреміз» деп,
Жатыпты ата-анасы ортаға алып.
Екеуі алып жатты күн батқан соң,

Шешесі зар жылайды сөз қатқан соң.
«Барамын» деп енді жауға тұра келді,
Жас бала талаптанып таң атқан соң.
Жас бала тұра келді жауын ойлап,

Қалыпты ата-анасы бұған тоймай.
Жалғызы ертеңменен тұра келсе,
Жылапты ата-анасы қойдай шулап.

—Мен көрдім, әке-шеше, атқан таңды,

Қырармын бір қыз үшін біткен жанды.
Қызықты жас күнімде бір көрейін,
Бере көр маған, әке, пәтихаңды?!
Баласы мініп алды Құлаша атты,

Шешесі кете ме деп көзін сапты.
Қалдыруға шарасы жоқ бейшараның,
Беріпті жалғызына рұқсатты.
Қарабекті сұрасаң,

Ертеңменен тұрады,
Беті-қолын жуады,
Белін де қынай буады.
Әке менен шешеден

Рұқсатты сұрайды.
Рұқсатты берген соң,
Алла ісіне көнген соң,
Қой мойынды Құланы

Ерттегелі келеді.
Басына жүген киген соң,
Ер-тоқымын салған соң,
Төс айылын бос тартты,

Артқы айылын бек тартты,
Құйысқанын қысқартты,
Ер қаруын қоса артты.

қисса-и  қарабек
Өрге таман қарысты,
Ұшқан құспен жарысты.
Құлаша аттай тұлпардың

Бүйірі қызып кеткен соң,
Ауыздыққа күш бермей,
Тізгінменен алысты.
Жас баланың жоқ екен

Көп қатасы, кінәсі.
Сиынып шыққан бабасы—
Әкесінің батасы.
Мұнан басқа жоқ екен

Бұл баланың жолдасы.
Қарап тұрар көрген жан,
Қарабектің жотасын.
Міңгестіріп келеді

Ханбибі сынды апасын.
Мұнан былай шыққан соң,
Ащы да қамшы басады,
Аяғын топ-топ басады.

Ауызынан жануардың
Қанды көбік шығады.
Омырауы даладай,
Бір айшылық жол екен.

Қараша таудың басынан
Алты күнде асады,
Келіп сонда түседі.
«Қараша таудың басы деп,

Қалмақ ерінің жолы деп,
Тасбұлақтың басы» деп,
Түскеннен соң сол жерде
Саспай тағам асайды.

Соғыспай қайтуды күш көрді,
Алты жасар баланың
Сұрасаңыз айтайын,
Қас батырдай мысалы.

«Тас бұлақтың басы деп,
Қалмақ ердің жолы» деп,
Апасыменен тосады.
Жалғыздыққа қарамай,

батырлар  жыры
Жау алдынан барады.
«Жау да бір қашан келер» деп,
Жау алдынан қарайды.

Көрсе таниды деп ол жауға
Қара бір орды қазады,
Апасын оған салады.
Дәурен жоқ өткеннен соң, сірә, мұндай,

Тілеуін берсін ердің Жаббар Құдай.
Жау дегенде жас бала талаптанып,
Тұрыпты ұйықтамастан жеті күндей.
Ұжұмақта иманды қыл болар бастан,

Ғашықтарды әкеліп өзі қосқан.
Қайғысыз батыр ұйықтап жатып қалды,
Жігіттер, ойлап тұрсаң ұйқы дұшпан.
Сол шақта он мың қалмақ жақын келді,

Тау басында бір тұрған қара көрді.

—Не болса да осы жерге алып кел,—деп,

Қараман жеті кісі жұмсайды енді.

—Адам болса, соңынан қалмалық-ты,

Малы болса, атыспай қоймалық-ты.
Не болса да, әкел,—деп жарлық қылды,
Жол бойы мылтығымызды қандалық-ты.
Ол таудың қалың тоғай панасы бар,

Қайғылының көкірегінде санасы бар.
Жіберген жеті кісі жетіп келді,
Ішінде Сары сыншы баласы бар.
Жұмсаған Қарабекке жетеу келді,

Ұйықтаған жалғызды көзі көрді.
Шалқасынан ұйықтап бала жатыр,
Баланы өлтіруге беттемейді енді.
Мылтығыменен баланы атпайды енді,

Қолынан батып тағам татпайды енді.

қисса-и  қарабек
Баланың көркіменен ол келіпті,
Келді де Қараманға айтады енді:

—Ұйықтап жатыр екен бала ғаріп,

Ұйқыменен мас болған ол сандалып.
Жетеуі Қараманға сөзін айтты:
«Беттемейміз өлтіруге қайта барып».

—Әй, Қараман, Қараман,

Жарлығыңмен барамын.
Сенің тілің алсам мен,
Бір бәлеге қаламын.
Соғыспалық, қайталық

Жалғыз жүрген баламен.
Ерлігін соның сынасам,
Келбетіне қарасам,
Оқ жыландай түсі бар.

Оң қолына қарасам,
Мың кісінің күші бар.
Соныменен соғысар
Бізде қандай кісі бар?

Кеудесіне қарасам,
Құдай берген күші бар.
Топалаң тиген қойдайын
Қыратұғын ісі бар.

Мұрнына соның қарасам,
Шығып та жатқан түтін бар.
Көзіне соның қарасам,
Жалындай жанған оты бар.

Мінген аты Құлаша,
Ат иесін қарасам,
Қәдірханның баласы.
Оның аты—Қарабек

Соның өзі жас бала,
Ойынменен мас бала,
Күш-қайраты әшкара.
Тілімді алсаң тимелік,

Қалған елге қылады
Қырып та жойып масқара!

батырлар  жыры
Айтқаныма болмасаң,
Мұнан да көрме, бар,—дейді.
Өз бетіңменен қырылшы,

Ұрысар менің шамам жоқ,
Ер туған ондай адам жоқ.
Қараман, өзің барып көр,
Айтқан сөзге нанбасаң!

Қараман мына сөзді есітіп алды,
Сөзіне жетеуінің ашуланды.

—Өзім барып сол итті өлтірем,—деп,

Үстіне Телкүреңнің мініп алды.
Жөнелді мұндар қалмақ судай тасып,
«Қазақты қырайын,—деп,—басын кесіп».
Астына Телкүреңнің мініп алып,

Мұндарың келе жатыр маң-маң басып.
Жалғанда қорқар емес дені саудай,
Келеді қырайын деп қазақ жауды-ай.
Зор екен адамзаттан мұндар қалмақ,

Көрінді көлеңкесі қара таудай.
Адамзаттың өлгеннен соң келуі жоқ,
Тілекті имансызға беруі жоқ.
Құлаша ат басындағы зар жылайды,

Баланың онан басқа сырласы жоқ.
Жер болар өлген адам көмгеннен соң,
Тұрмайды көкірекке сенгеннен соң.
Құдайға зарлық қылып еңірейді енді,

Зорлығын қалмақтың көргеннен соң.
Пайғамбардың жақсы көрген үмбетімін,
Жаратып нұрдан қылған суретімін.
Құлаша атқа тіл берді сөйлеуге енді

Құдайым Жаббар Кәрім құдіретімен.
Шешілді аяғының байлағаны,
Жақсылық аясына ойлағаны.

қисса-и  қарабек
Баланы ұйықтап жатқан оятуға,
Құлаша ат тіл берген соң сайрағаны:

—Әй, Қарабек, Қарабек,

Сен кеткен соң дүниеде,
Мен сорлыда пайда жоқ.
Тұрғын бала, тұр-сана,
Мойныңды маған бұр-сана!

Жатар болсаң, бейшара,
Мұнан да басқа дала көп,
Тұр-сана, бала, тұр-сана!
Алладан әмір болған соң,

Қой мойынды Құлаша ат
Тіл бітіп сонда сөйлейді,
Сайрағанда бүй дейді:

—Әй, Қарабек батырым,

Мінген атың мен болсам,
Сенген ием сен болсаң,
Басыңа қысым келеді.
Зарланбасам болмайды,

Басың көтер, Қарабек.
Ат дегенде мінгенің,
Қарабек сенің Қаракөк.
Ұйқың келсе, тақсыр хан,

Мұнан да басқа дала көп.
Ақыл тапсаң қалмаққа,
Ержеткен соң келерсің.
Өліп кетсең бұл жерде,

Қайрылар сенің халқың жоқ,
Алдыңда сенің ағаң жоқ,
Артыңда сенің інің жоқ.
Басың көтер, Қарабек,

Менің жайым білуші ең,
Шаған ағаш ішінде
Жайылып жатқан жылқы едім.
Сол жылқының ішінде

Бес бедеуге тел едім,
Емер сүтке мол едім.
Тайымда мен тағы емдім,

батырлар  жыры
Құнанымда арда емдім.
Құнанымда үйреткен,
Жібектен арқан сүйреткен.

Бесімде мені алдырып,
Бес бедеуде салдырған.
Алтымда мені алдырып,
Алпыстан құлан қайырған.

Жетімде мені желдіріп,
Жетпіс те құлан қайырған.
Тоғызымда толғанмын,
Ат секілді болғанмын.

Онымда келген бір жауға,
Айқай салып, Қарабек,
Кел үстіме мін-сана,
Желігіп жауға жет-сана!

Қарабектей батырды
Құлаша сонда оятты.
Қарабек сонда оянды,
Аш бүйірін таянды,

Кер маралдай керілді.
Қалмақтың басы Қараман
Көзіне сонда көрінді.
Жас бала ұйқысынан тұра келді,

Қалмақты қара таудай көзі көрді.
Ұйқылы көзіменен ол сескеніп,
Алдынан жаяу тұрып сәлем берді.

—Мінгенің дайым сенің, ал, Қаракөк,

Өзіңе осы қылық бола ма еп?!
Апаңды бермеймін,—деп жатырмысың,
Алдымнан қарсы шығып-ай жүгірмек.

—Жаһанда атым шыққан жалғыз жеке,

Диуана қожасынған барған Мекке.
Алдыңнан қарсы шыққан балдызыңды
Басыңа көпсіндің бе, әй, жездеке?!

қисса-и  қарабек

—Жақсы еді сөзің қалай, әй, жас балам,

Болдың ба бұлай абзал асылзадам?
Сөзіңді «жезде» деген жақтырамын,
Аман ба үйіңдегі атаң-анаң?

—Басымда бақ, маңдайымда құндызым-ай

Қалмақ ит жақсы көрдің бұл сөзімді-ай.
Алдыңнан келіп жатқан қарсы шығып,
Қалмақ ит көпсіндің бе балдызыңды-ай?

—Құдая, не қылсаң да жарлық сенде,

Бәлеңнен рақмет беріп өзің сақта.
Сөзіңді «жезде» деген жақтырамын,
Аламын Ханбибіні қай уақытта?

—Тоқтай тұр, мұндар қалмақ, маған нансаң,

Жүре бер соғыс қылып ашулансаң.
Құдалыққа жіберші отыз кісі,
Болмай ма келер күзге апамды алсаң?
Алдаған жас баланың тілін алды,

Алдап енді Қараманды бала қалды.
«Құдалыққа отыз кісі жіберем» деп,
Жалбақтап ауыр қолға шауып барды.
Манағы Сары сыншы қарсы келді,

Тіліне Қараманның нанбайды енді.

—Құда түсіп, кит киіп, келіңдер,—деп,

Отыз қылып кісіні жібереді.
Ойлайды көкірегіне енді сен деп,
Құдайдан тілемейді «иман бер» деп.
Бір құрдасын жіберді тағы және

—Ханбибі сұлу ма екен көріп кел,—деп.

Сол қызды көрмей келме өлсең дағы,
Көрсетермін көрмей келсең дағы.
Ханбибі сұлу ма екен көріп келші,
Жүз қолды ат-тонменен берсең дағы.

батырлар  жыры
Қарашы алып қалған гөзәліне,
Қалмақ разы болды ғой бұл сөзіне.
Жіберді отыз кісі құдалыққа,

Көп қалмақ қайтып кетті өз еліне.
Қыл көпір қияметте жарды қылды,
Ауызы биік болғанда, түбі тар-ды.
«Құда болып, киітті киеміз» деп,

Отыз кісі құдалыққа жетіп барды.
Сонда батыр сиынды «бір Құдай» деп,
Ішімде әуелгі ойым осы ғой деп.
«Үйге апарып бұларды қырамын деп,

Жолға салып жіберді «ей, былай » деп.
Қарабек апасын алып кетті де,
Өзі сұлу апасын алдына алды.
«Бұларды үйге апарып қырамын» деп,

Тіктілер айдалаға ақ отауды.
Ханбибі сұлу отыр шашын тарап,
Бір өзінің көркін мыңға балап.
«Мас қылып ит қалмақты қырамын» деп,

Жидырды ақ отауға арақ-шарап.
Түс аумай жатып құда келді,
Тілеуін Қарабектің Құдай берді.
«Сені мен жақсы қылып күтемін» деп,

Қолтықтап жан-жағынан түсіреді.
Патша дер Қарабектің қара басын,
Дүниенің осы ма деп асыл тасын.
«Құдалар жүзін көріп қызықсын» деп,

Шақырды Ханбибідей өз апасын.
Тіліне Қарабектің нанады енді,
Қарабек құдаға сый қылады енді.
Бір соғыспай батырдың меһірі қанбас,

Құдалар Ханбибіні көреді енді.

қисса-и  қарабек
Ханбибі айдай балқып жетіп келеді,
Құданың бәрі бірдей көзі көрді.
Қолында Ханбибінің алтын аяқ,

—Ішің,—деп құдаларға аяқ берді.

Сонда ойлайды: «Сыртынан тие ме?! деп,
«Батырың біздің басты жояр ма?» деп.
Мас болып бәрі бірдей алжып жатыр,
Сұлу берді «ішіңіз, ойланба» деп.

Бәрі бірдей мас болып өліп қалды,
Жиырма жетісінің басын алды.
«Хабаршыға ханына жіберем» деп,
Төртеуінің құлақ-мұрнын кесіп алды.

—Киітім жағар ма екен жаныңызға,

Дәулет пен серік болсын малыңызға.
Уағдамыз Тасбұлақтың басы болсын,
Сәлем айт, есен барсаң, ханыңызға.

Батырдан киіт киді бұлар сұрап,
Көзіне көрінбеді шын ұшырап.
Жанының қалғанын сауға қылып,
Жөнелді жолға түсіп ол төрт пұшық.

Болғанда күзге таман елге келді,
Үйіне Қараманның кіріп келді.
Құлағы-мұрны да жоқ, өңкей пұшық,
Падиша тақ үстінде сескенеді.

—Ей, пұшығым, пұшығым,

Сөзіңді айт , пұшығым.
Жабылыпты қабағың,
Көрінеді тамағың.
Құлақ-мұрныңды алдырып,

Жүзіңе қара салдырып,
Танымаймын, пұшығым,
Таныта көр, пұшығым.

батырлар  жыры

—Мен пұшығың, пұшығың,

Сөзін айтар пұшығың
Құлақ-мұрным алдырдым,
Жүзіме қара салдырдым.
Мына мені барғыздың,

Бір бәлеге қалғыздың.
Киітіңді кигіздің,
Енеңді мен соғайын!
Бір пайдаңды тигіздің,

Арғы атаңды ұрайын!
Сүйтіп қалған пұшығың,
Арғы атаңды сұрасаң,
Қабан емес қасқыр-ды,

Қас албасты қабан-ды,
Тамам жаннан жаман-ды.
Өз әкеңді сұрасаң,
Жасына жетпей алжыған,

Жас балаға алданған
Жеті әкеңді ұрайын!
Мақтап жатыр сұлуды,
«Мынау бір хабар берсін деп.

Құлақ-мұрнын алсын деп,
Мұнан да жаман қылсын» деп.
Ханбибіні сұрасаң,
Ақ маралдай керілген.

Тамағынан шіркіннің
Ішкен асы көрінген.
Ақ маралдай аңқылдап,
Аққудайын саңқылдап,

Ханбибі қалды «келсін» деп,
«Тілегімді берсін» деп.
Ханбибі отыр төрінде,
Бармасаң, көзге көрінбе.

Сол есіңе түскенде,
Ішіңе жалын тұтансын.
Осы күнде сұрасаң,
Малың да жаның жатасың.

Ханбибі қалды «келсін» деп,
Тілегімді берсін деп.

қисса-и  қарабек
Ханбибіні сұрасаң,
Сом алтыннан басы бар,
Қарақаттай көзі бар.

Саф алтынға боялған
Он саусағы қолы бар.
Бұйра қара шашы бар,
Сырлы аяқта асы бар

Балдан құйған сақтаулы.

—Барам десең, тез баршы,

Алам деп жатқан кісі бар.
Сырт жағына қарасам,
Қоңыр қаздай бойы бар.
Қоңыр салқын жел ескен,

Жатсаң соның қойыны бар.
Бұрынғы өткен ғашықтан
Қылып жатқан ойы бар.
Бет алдына қарасам,

Шам-шырақтай көзі бар,
Бал шекердей сөзі бар.
Бармақ болсаң төсекте
Ханбибі қыздың өзі бар,

Маржандай болған тісі бар.
Он бармағы майысқан,
Қылып тұрған ісі бар.
Бармақ болсаң, тез баршы,

Аламын деген кісі бар.
Тартқан сымдай ұстаның
Он саусағы қолы бар.
Ақ күмбездің алдында

Алтыннан салған үйі бар.
Сен бармасаң, тақсыр хан,
Маңдайыңның соры бар.
Нәзіктігін сұрасаң,

Қылдан нәзік белі бар,
Мекен қылған жері бар.
Барамын десең, тақсыр хан,
Бірыңғай ғана елі бар.

Екі бірдей аяғы,
Алтын-күміс таяғы.
15–252

батырлар  жыры
Сенен басқа жоқ екен
Ханбибінің қарағы.
Омырауын сұрасаң,

Қос тобықтай анары,
Сүйгеніне меһірі бар.
Бізді өлтірмей жіберген
Ханбибі қыздың жарлығы

Көріпсің соны түсіңде.
Мойынын, сірә, бұрмайды
Сізден басқа кісіге.
Ханбибіні сұрасаң,

Алтын сарай ішінде
Ақсұңқардай Ханбибі
Тұрған шығар, тақсыр хан,
Тоты құстай сыланып.

Қатын болсаң бармай қал,
Барам десең шәһарға,
Хабар салғын жіберіп.
Қараман бұл бір сөзді естіп алды,

Бола алмай бұрынғыдай іші күйді.
«Өлсем де сол қызды іздеймін» деп,
Қалмаққа:—Жиылсын,—деп хабар берді.
Жиылды жастар менен тыңдастары,

Қылыш-найза қолында балуандары.
Хан жарлығын жігіттер екі етпей,
Жиылды шәһар халқы тегіс бәрі.
Халқына насихатты айтты мұнда:

—Жарлығымды, жігіттер, екі қылма!

Баласы Сары сыншы сөз сөйлейді.
Қарашы, ақылы асқан данышпанға.

—Батырды Қарабектей көзің көрмес,

Ажалсыз бұл жалғанда адам өлмес.
Мен көрген манағы батыр болса,
Соғыспай Ханбибіні, сірә, бермес.

қисса-и  қарабек
Ерлігін Қарабектің көзім көрді,
Батырлық, балуандықты Құдай берді.
Әй, тақсыр хан, айтайын, сөзім тыңда,

Соғыссаң, өлтіреді мың еріңді.
Падиша енді жұртқа қылды жарлық,
Бармай қалса, бойына болады арлық.
«Көңілін тамам жұрттың қайтардың» деп,

Қылыпты жас балаға өкпе тарлық.
Жас бала тұра келді ашуланып:

—Қалмаққа барамын,—деп қатуланып.

Сол жерде өліп кетсем, беремін,—деп,
Апасын бармақ болды бірге алып.
Қараман, он мың қалмақ жөнеледі,
Әзілдесіп әкелді өңкей ерді.

«Жігіттер, бізге басшы болыңдар» деп,
Манағы төрт пұшықты ертіп алды.
Келеді енді бұлар судай тасып,
Бірі-біріменен батырлар әзілдесіп.

Бір қонарға келгенде ол төрт пұшық,
Төртеуі төрт жаққа кетті қашып.
Келер күні қалмақтың болады енді,
Жүруге әзірленіп атқа мінді.

Апасын алдына алып жалғыз бала,
Қалмаққа мінгестіріп келеді енді.
Батырларға болады ұйқы дұшпан,
Болады батыр, сірә, енді пұшман.

«Бір жылша мұндар қалмақ адассын» деп,
Бір таудың етегіне келіп тосқан.
Жаныма жау қайғысы батар ма деп,
Қолымнан әкем тағам татар ма деп,

Бір таудың тоғайына келіп түсті,
Бір жылша бұғанамыз қатар ма» деп.

батырлар  жыры
Басына Құлаша атты тұсап салды,
Басында қалың тоғай ұйықтап қалды.
Қорқатұғын батырдың ойы бар ма,

Қараман сол арада келіп қалды.
Сонда қалмақ келеді желдей есіп,
«Батыр» деп Қарабекті күңкілдесіп.
«Баланы жалғыз жүрген өлтірем» деп,

Келеді өңшең батыр әзілдесіп.
Балаға жалғыз жүрген Тәңірі жар-ды,
Пәндеге жалғыз жүрген бейнет бар-ды.
Әзілдесіп батырлар келе жатса,

Кеткенін қайсы жөнге білмей қалды.
Баланың қарай қойшы қызығына,
Басына дәулет құсы қонбасына.
Адасып он мың қалмақ келе жатса,

Баланың келіп түсті дәл басына.
Қиналар ер жігіттің ғаріп жаны,
Құдая, кез келтірдің бір баланы.
Ұйықтап жатқан балаға жетіп барып,

Мінеки найзаменен оятқаны:

—Мінгенім дайым менің, ал Қаракөк,

Өзіңе осы қылық бола ма еп?!
Ойлаймысың апаңды бермеймін деп,
Қойдай шулап, қырылып өлмеймін деп.

—Қосады маған емес, саған салмақ,

Кем бе екенсің мұндардан біздің аруақ.
Уағдам Тасбұлақтың басы болсын,
Жүре бер ұйқымды ашпай, бәлем, қалмақ!

—Кеше мен кетіп едім келмеймін деп,

Жатырмысың апаңды бермеймін деп.
Бейшара, иманыңды үйіре бер,
Осы жерде жатырмысың өлмеймін деп.

қисса-и  қарабек

—Аллаға іс жақпаған хасыл болсын,

Жігіттің беті шомған назы болсын.
Жүре бер былшылдамай, бәлем, қалмақ,
Соғысым Тасбұлақтың басы болсын.

—Алтын-күміс таға бер тұрманыңды,

Кеңесті беремін деп құрғаныңды.
Осы жерде жатырмысың өлмеймін деп,
Үйіре бер тілің барда иманыңды!

—Әй, Қараман, Қараман,

Сен атсаң да мен атпан.
Сенен де бұрын мен тимен,
Жүре берші жау қалмақ.
Қараша таудың басына,

Тасбұлақтың тұсына
Ертеңгі күн барайын,
Тілегіңді берейін.
Азар болса он мыңсың,

Ерлігіңді көрейін.
Сабыр етіп тұра тұр,
Қырып та жойып алайын.
Құдай пана бермесе,

Он мыңдаған қалмаққа
Тапсырамын аруаққа.
Он мыңдаған ері бар,
Қаса батыр болсаң да,

Оңай емес алмаққа.
Ажалым жетсе өлейін,
Алла ісіне көнейін.
Сіздер—қойсың, мен—бөрі,

Соңыңа мен ерейін.
Сынайтұғын күшім бар,
Сабыр етіп тоқтай тұр,
Бәлем, қалмақ, көрейін!

Сонда қалмақ ойлайды:
«Ер екен деп бұл жасты,
Өзімнен кем емес» деп.
Қалмақ басы Қараман

батырлар  жыры
Ойлайды енді қайтуды.
«Сірә, ешкімнен кем емес,
Келбетін кемітер ер емес.

Қараса көз-ау алдына,
Ешкімнен қорқатын ер емес».
«Біздерге жалғыз бала не қылады» [деп],
Көп қалмақ тауға қарай жүре берді.

Кеткенін жау қалмақтың көргеннен соң,
Ұйықтап сол арада жатып қалды.
«Таңертең барамын» деп түсті есіне,
Жалғанның кім жетеді белесіне.

«Өліп кетсем, арманда боламын» деп,
Қайтып келіп амандасты апасына:

—Бұл жалғанның ішінде

Көп-дүр менің қатам-ай.
Қарабек сынды сұлтаның,
Қалмақтан өліп жата ма-ай!
Өліп кетсем, сәлем айт,

Атам менен анама-ай.
Өлсем сәлем дегейсің,
Тірі де болсам көремін
Қой, қош-аман бол енді,

Бауырлас туған апам-ай!
Әй, апеке, апеке,
Қадірімді білгейсің,
Ойнап та күліп жүргейсің.

Айтқан сөзге көндіріп,
Қадіріңді білдіріп,
Айламенен жүргізіп,
Жазатайым іс болса,

Өліп кетсем, апеке,
Кеткізгейсің көмдіріп!
Құлаша атқа мінеді,
Алла ісіне көнеді.

Қамшы басты қаһармен,

қисса-и  қарабек
Қой мойынды Құлаша ат
Бүкең-бүкең желеді.
Он мыңдаған қалмақты

Ұйықтап жатқан көреді.
Бәрін бірдей оятты
Батыр туған ер енді.
Қалмақ ұйқыдан тұрған соң,

Әзірленіп алады.
Қарабекті көрген соң,
Ерлігін соның білген соң,
Қараманның айтқаны:

—Мені де қабыл көрсеңші,

Айтқаныма көнсеңші.
Елімде мен патшамын,
Кәдірімді білсеңші?!
Сен—балдызсың, мен—жезде,

Аз ғана дәурен сүрсеңші?!
Ақылың болса, Қарабек,
Басыңа өлім іздемей,
Апаңды маған берсеңші?!

—Сен көрмесең еліңде

Жиылып келген еліңді.
Азар болса он мыңсың,
Ойламаймын өлімді.
Әл-қуатым болмаса,

Ажал-өлім жетпесе,
Көрсетермін көрімді.
Әлі де болса жиып кел
Қалған-құтқан еліңді.

Ажал жетпей өлмеймін,
Апамды саған бермеймін.
Соғысар болсаң, жау қалмақ,
Айта бер менің өзіме

Ұрсатұғын жеріңді?!
Ашуы келді Қараман
Қарабектің сөзіне,
Көңілі қалды өзіне.

Адам шыдар ер емес

батырлар  жыры
Қарабектің жүзіне,
Батырлардың кезіне.
Қой мойынды Құлаға

Ащы да қамшы басады,
Аяғын қаулап басады.
«Бүйірін қыздырып келем» деп,
Жеті таудан асады.

Қой мойынды Құланы
Сабалап сонда келеді,
Тілегін Алла береді.
Қарабек деген сұлтаның,

Батыр туған ер енді
Қой мойынды Құланы
Маңдайынан терлетіп,
Бауырынан қан кетіп,

Туын тіккен қалмақты
Сонда байқап көреді.
Қалмақ туын тіккен соң,
Қылыш кетті ұзарып,

Көзі кетті қызарып.
Қалмақты көріп сандалды,
Батырларын аңғарды.
Айқай дауыс салады,

Ай жағынан кіреді,
Күн жағынан шығады.
Он мыңдаған қалмақты
Алты күнде соғысып,

Алды-артына қарамай,
Бәрін де қырып алады.
Қой мойынды Құланы
Қара терге мінеді.

Бір өзінің дауысын
Аударып бәрін қырады.
«Қандай адам соғысар
Жалғыз жүрген баламен,

Ажал-өлім жеткенде,
Шаһит болып қаламын».
Аударып бәрін қырады,
Жасырынып ол жатыр

қисса-и  қарабек
Қалмақтың ханы Қараман.
Он мың қалмақ көрген соң,
Мынау істі білген соң,

Тұра алмайды жау қалмақ
Аяқ-қолы қалтырап,
Қарабекті көрген соң.
Көздері Қараманның жанады енді,

Артына екі қолын байлайды енді.
«Әкеме сауға қылып беремін» деп,
Алдына жаяу салып айдайды енді.
Келеді мынау қалмақ күн-түн қатып,

Қатырып талай жердің дәмін татып.
Қалмақ басы Қараман сөз сөйлейді,
Өзі жаяу, алдында Қарабектің:

—Құдай мені келтірді ме тентіретіп,

Хан да болсам кеудемнен ақыл кіріп.
Өлсем де, ей, Қарабек, арманым жоқ,
Дәуренің өтіп кетер бүйтіп жүріп.
Ей, Қарабек, апаңды көрсем,—дейді,

Бұл дүниеде армансыз өлсем,—дейді.
Патшаны өлтіруге көзі қимай,
Желкеге қамшыменен түртіп қойды.
Жамандар жата ма екен қара басып,

Жақсыменен кім жүрмес араласып.
Ханбибі алдынан қарсы шыға келді,
Інісінің келе жатқан жолын тосып.
Адамдар келуші емес өлгеннен соң,

Шара жоқ Алла ісіне көнгеннен соң.
Қалмақ басы Қараман сөз сөйлейді,
Алдынан сұлу қызды көргеннен соң:

—Ей, Ханбибі, Ханбибі,

Жатырмысың орныңда?

батырлар  жыры
Ешбір қайғың болмайды
Ханбибі сенің жолыңда.
Дүние-малым бермесем де,

Аларға күн болар ма?!
Тілім тартып тұрсам да,
Мені өлтірмей қояр ма?!
Ей, Ханбибі, Ханбибі,

Түсімде сені көргенмін,
Ажалым жетсе өлгенмін.
Алла ісіне шара жоқ,
Он мың қалмақ қырдырдым,

Бір сен үшін өлгенмін.
Түсімде кеңес құрғанмын,
Мойнымды саған бұрғанмын.
Он мың қалмақ қырдырдым,

Жалғыз өзім құрбанмын.
Сенің атың сұрасаң,
Ханбибі сұлу деседі.
Дауысың желдей еседі,

Асыл жанды кісі еді,
Шиелгенді шешеді.
Інісінен сауғаға
Бізді сұрап алмаса,

Құлды бір азат қылмаса,
Мұндар ғана ол күңді
Несін де сұлу деседі?!
Айтқан сөзі шын екен,

Жалған айтса мін екен.
Інісінен дүниеде
Бізді сұрап алмаса,
Құлды бір азат қылмаса,

Мынау тұрған ініңіз
Қанымды судай ағызып,
Басымды бір ақ кеседі.
Сөйлейді мұндар қалмақ еріп келіп,

Тілеуін жау қалмақтың Құдай беріп.
Қалмақтың әлгі сөзін есіткен соң,
Сұлудың тұла бойы кетті еріп.

қисса-и  қарабек

—Барыпсың, інікешім, қалмақ жауға,

Болмай ма қалмағыңнан бізге сауға.
Есен-сау келгеніңе қуанамын,
Апаңда енді қалған арман бар ма?!
Кімдер жақсы көрмейді қызыл гүлді,

Кімнің жақсы иманын Құдай білді.
«Қолыңа су құярға жарай ма?» деп,
Береді алдындағы қара құлды.
Қарашы, сауға берген гөзаліңе,

Шырағым, разы болдым бергеніңе.
Бір атқа арық болған мінгіз дағы,
Азат қылып қоя бер өз еліне!
Қараман арық мініп жүре берді,

Кеткен жөнін қалмақтың көзі көрді.
Қарасы Қараманның жоғалған соң,
Қарабек апасымен кеңесті енді:

—Қайталық бұрынғы өскен жерге таман,

Туып-өскен бұрынғы үлкен көлге таман.
Міңгесіп арықпенен жете алмаймыз,
Өзің барып біліп кел ел хабарын.
Қарабек апасына тілек берді,

Айтқанын апасының қабыл көрді.
Ақылын апасының алды дағы,
Мінді де Құлаша атымен жүре берді.
Апасы ой ойлайды мұнда қалып,

Жүрмейді інісіменен бірге барып.
Алды-артына қарамай ол Қарабек,
Мінді де Құлаша атпен кетті салып.
Сонан соң Ханбибі қыз тұрды дейді,

Беті-қолын опаменен жуды дейді.
Екі етегін беліне түріп алып,
Соңынан жау қалмақтың қуды дейді.

батырлар  жыры
Жаратқан баршамызды Құдірет-ті,
Асыр туған сұм дүние есім кетті.
Сәскеде кәпір қалмақ кетіп еді,

Артынан түс болмай-ақ қуып жетті.
Сонда қалмақ, жігіттер, састы дейді,
Қамшыны арық атқа басты дейді.
Қыз барып артынан жеткеннен соң,

Қараман «жау келді» деп қашты дейді.
Қараман жау келді деп қашты дейді,
Қамшыны арық атқа басты дейді.
Жаманы арық аттың сондай екен,

Алдынан қарсы барып түсті дейді.
Болат жасық жуғанда майрылмайды,
Қыз енді қолынан ұстап айырылмайды.
Жүрегі ұшып кеткен мұндар қалмақ

Алдынан қыз шықса да, қайырылмайды.
Қарашы қылып жүрген талайына,
Кәпірдің жолығар ма жаманына.
«Қалмақ басы Қараман қызықсың» деп,

Дамбалын шешіп салды аяғына.
Сонда қалмақ барды да, бас-ақ салды,
Жібермей қыз қолынан ұстап алды.
«Мен сені орға алып барамын» деп,

Манағы қазған орға алып жүрді.

—Ханбибі, Қәдірхан қызы сен едің,

Қалмақтың ханы мен едім.
Сен мені әрі апарып не қыласың,
Өлтірер, көзі көрсе, інің мені.

—Жүрейін шыныменен күліп-ойнап,

Ойнайын азғана күн гүл-гүл жайнап.
Сен өлмессің, інімді мен өлтіремін,
Беремін екі қолын саған байлап.

қисса-и  қарабек
Қарабек жауды қырып үйге барған,
Әкесі менен шешесі ортаға алған.
Апаң қайда қалды деп сұрамайды,

Келгенін қуаныш қылып жатып қалған.
Шешесі алып жатты күн батқан соң,
Әкесі зар жылайды сөз қатқан соң.

—Мен бір бүгін жаман түс көрдім,—деді,

Шешесі тұра келді таң атқан соң:

—Жаббар Құдай пана бер,

Жалғыз жүрген балаға,
Жалғызды Құдай ала ма?!
Мен бір жаман түс көрдім,
Ол түсімнің ішінде

Таңғажайып іс көрдім.
Әуелгі жолың жақсы еді,
Ақырын соның күш көрдім.
Көрген менің түсімде

Қайғы болды ішімде.
Жалғыз жүрген ер басың
Жолықтың жаман кісіге.
Екі көзің жайнатып,

Қайта келер күн бар ма,
Қалған елге ие боп?!
Мұнан да былай жөнелтіп,
Жолда дұшпан бөгелтіп,

Сен кешіксең кемпір-шал
Тұра алмаспыз күнелтіп.
Сенімен жүрер күн бар ма,
Жалғыз сені бір ертіп?

Алла ісіне шара жоқ,
Әкеңізді еңіретіп,
Апаңды әкетіп қалмасын,
Баршы, балам, тез жетіп.

Әлпештеп өскен жалғызым,
Жұмырықтай шайқасып,
Алдыңнан дұшпан шықпасын,
Ағаш оқтай айқасып.

батырлар  жыры
Жақыннан дұшпан шықпасын,
Сен жалғызды байқасып.
Жамандықты ойлап тұр,

Ғафыл болма, жан балам.
Алдыңнан дұшпан болмасын,
Түспегейсің сынамай.
Қайранды жұртым, хан жұртым,

Бүгін жаман түс көрдім.
Әуелгі жолы жақсы еді,
Ақырын соның күш көрдім.
Ақ бұлт келді оң жақтан,

Көк бұлт келді сол жақтан,
Сұр бұлт келді түскелден.
Сұр бұлтпенен таласты,
Ақ бұлтты өлтірді,

Бұйрығын сонда бітірді.
Жалғызым менің келмек жоқ,
Меніменен бірігіп,
Жалғызым енді жүрмек жоқ.

Жас бала ұйқысынан тұра келді,
Қой мойынды Құланы мінеді енді.
«Апамды қалмақ алып кетті ме?» деп,
Мінді де Құлаша атқа жүре берді.

Адамзаттың кетеді екен өмірі өтіп,
Астына Құлаша атпен келді жетіп.
Апасын орда жатқан сынаймын деп,
Келеді жамандыққа көңілі кетіп.

Қасына апасының жетіп барды,
Үйіне келе жатып бір нәрсе алды.
«Апамды орда жатқан сынаймын» деп,
«Ұрымды алып шық» деп айқай салды.

Қояды Құлаша атты байлап тастап,
Қыз бенен қалмақ жатыр орда ұйықтап.
Сол қыздың амалына қарай ғойшы,
Шығады оқ-сайманын бірге алып.

қисса-и  қарабек

—Әй, апеке, тоқтай тұр, мені десең,

«Жаман түс көрдім» деді үйде шешең.
Қайғы басып көкірегімді жетіп келдім,
Апеке, жатырмысың есен-аман?

—Мен жаттым осы жерде жалғыз орда,

Есім кетіп жатырмын текке-сорға.
Мәжіліс қылып отыралық бүгін мұнда,
Қарағым, жалғызбенен енді бірге.

—Апамның кім ұстайды қос анарын,

Кім білмейді көзіңнің жас тамарын.
Шешең бір күн жаман түс көріпті,
Білелік кел екеуміз ел хабарын.

—Қарағым, не боламын сенен қалып,

Өзім де мен ойлаймын бірге барып.
Білеміз ертең барып ел хабарын,
Міңгесіп жете алмаймыз, атың арық,
Жас бала апасының тілін алды,

Қой мойынды Құланы тұсап салды.
Екеуі аз ерігіп отырды да,
Екеуі қол тұзақ деген ойын салды.
Жаманнан кәдір білмес күдер үзді,

Есер туған сұм қызға ісі түсті.
Темірден қолға тұзақ салса дағы,
Қарабек шыдатпастан шырт-шырт үзді.

—Қайнаттың, інішегім, сорымызды,

Қуанып тамаша еттім күшіңізді.
Мені десең, жалғызым, шыныңды айт,
Дүниеде не бекітер қолыңызды?

—Кеудемде шыбын жаным көңіліме тоқ,

Өтерін енді білдім бұл дүние боқ.
Әй, апа, сұрамағын тілімді алсаң,
Қолымды бекітетін дәнеме жоқ.

батырлар  жыры

—Жалғызым, өзің мені ренжіткендей,

Дүниеде ренжуіме ес кеткендей.
Сырыңды еркек болсам айтар едің,
Құдайға амалым жоқ қыз еткендей.

—Дүниеге атым шыққан жалғыз жеке,

Диуана қожасынып барған Мекке.
Қолыңда бір жасымнан өсіп едім,
Тіліме сенбедің бе, әй, апеке.
Сол бала ақылы бар, ойлапты енді,

Жалғанның опасына тоймайды енді.
Үш қайта сұрады «бауырлас» деп,
Шіркінді қыз да болса қимайды енді.

—Әй, апа, осылай екен сөз келісі,

Құданың баста берген ол бір ісі.
Ажалым сенен болса, құтылмаспын,
Төрт қанжығам арысланның жон терісі.
Қасына Құлаша аттың жетіп барды,

Суырып төрт қанжыға тегіс алды.
Төртеуін тегіс қылып бұрап алып,
Баланы ол тозаққа енді салды.
Баланың екі қолын байлап алды,

Тас қылып түйді дағы да тұсап алды.
«Жүгірмек, екі қолың байладым» деп,
Орда жатқан қалмаққа айқай салды.
Жамандар жатады екен қара басып,

Қыз бенен қалмақ қалды араласып.
Қолында қайрап алған қылышы бар,
Қалмақ ит келе жатыр саудыратып.
Сонда бала дүниені ойлайды енді,

Жалғанның опасына тоймайды енді.
Екі қолы байлаулы, шамасы жоқ,
Қарабек аяғыменен тулайды енді.

қисса-и  қарабек
Адамзат келуші емес өткеннен соң,
Шара жоқ Алла ісіне көнгеннен соң.
Шақырып Құлаша атқа айтты сәлем,

Өлерін ер Қарабек білгеннен соң:

—Ғапылдықтан мен түстім мынау дертке,

Құлаша ат, бір мен үшін қайғы жұтпа.
Мінерге енді сені заманым жоқ,
Сәлем айтқын қалған біздің жұртқа.
Қарашы қыздан болған жолдасына,

Болған соң қыздан жолдас оңбасына.
Қолы байлаулы Қарабек тулағанда,
Қар терісі жиырылды қол басына.
Апасы екі қолын байлағаны,

Жамандық інісіне ойлағаны.
Өлерін ер Қарабек білгеннен соң,
Амандасып Құлаша атқа жылағаны:

—Бұл жалғанның ішінде

Қылған маған жаза ма?!
Жалғанменен өтеді,
Тартқан мынау азам ба?!
Қыз деген түпке жетеді,

Оған назың өтер ме?!
Қалмаққа байлап берген соң,
Тіріде естен кетер ме?!
Жалғыз өліп қалған соң,

Орнасы соның бітер ме?!
Көрмей қалдым жұртымды,
Арманда болып өтем бе-ай.
Артымда қалған сәлем айт,

Сорлы да болған атама-ай,
Жел жағында панам-ай,
Ық жағында қалам-ай.
Қалмақтан өлді деген соң,

Халқым менің нанама-ай?!
Жалғызымды өлтіріп,
16–252

батырлар  жыры
Сүйткенменен қалмақтан
Меһірің сенің қанар ма-ай?!
Манкүр-Нанкүр періште

Екеуімізді сұрамай,
Ұшып кеткен даулет құс
Басыма келіп қонар ма-ай?!
Апам байлап бермесе,

Басыма өлім келер ме-ай?!
Тас құрсақта көп жатқан,
Тас емшекті босатқан,
Тәтті асты жегізген,

Жалғыз балам дегізген,
Бір көрерге зар болдым,
Ақ сүтін анам кешер ме-ай?!
Сәлем айтқын анама-ай.

Опасыз ғана сұм жалған
Қайта айналып келер ме-ай?!
Артымда менің бауыр жоқ,
Қалмақ мені көмер ме-ай,

Сөйтіп заман өтер ме-ай?!
Тегіс пенде сіздерге,
Ажал бір келді біздерге.
Қалған жоқ сүйек іздерге,

Артымда менің інім жоқ.
Арманда болып өттім ғой,
Сәлемімді айта көр,
Артымда қалған еліме.

Не жазығым бар еді
Апам да болған жолдасқа?!
Ұрғашы дұшпан болған соң,
Еркек шіркін оңар ма-ай?!

Сәлемімді айта көр,
Құрбы менен құрдасқа.
Артымнан менің кім келер,
Тілегімді кім берер,

Жалғыз аттыны кім көрер,
Жалғыз туған қу басқа
Сайрағаным кім білер!
Тоты құспын, байғызбын,

қисса-и  қарабек
Көкте тұрған жұлдызбын,
Маңдайдағы құндызбын.
Артымнан менің кім келер,

Іздеп келер аға жоқ,
Ешбір жақсылық маған жоқ,
Артымда менің інім жоқ.
Әлпештеп сүйген ұлым жоқ,

Жақсылық көрер күнім жоқ.
Атадан жалғыз туғанмын,
Патшалардай көрінген
Осы күнде келбетім.

Көрген адам тойғандай,
Қарап тұрса суретім.
Бір жәдуге кез болдым,
Жасатқан Алла құдіретім,

Сонан басқа тілек жоқ,
Ия, Мұхаммед, шапағат,
Мен бір сорлы үмметің.
Апам итке жақпады

Қылып тұрған қызметім.
Тәңірінің жазуы,
Кімге артамын міндетім.
Ата-анамнан айрылып,

Далада қалдым мен жетім.
Артымда менің інім жоқ,
Құл қалмаққа жем болдым,
Тең құрбымнан кем болдым.

Артымда қалды дәулетім,
Дүниені енді ойладым.
Алты жасар шағымнан
Ерлігімді қоймадым.

«Асыл да туған еді деп,
Шәһарының ханы» деп,
Байланып қолда жүрсе де,
Қалмақтың ханы Қараман

Өлтіруге қимадым.
Қой мойынды Құланың
Жал-жаясы бітті енді.

батырлар  жыры
Қалмаққа байлап бергендей,
Менен де жақсы көргендей,
Жау тіліне ергендей,

Жүзі қара Ханбибі,
Неден болды жазығым?!
Байдың қызы кимей ме
Паршадан қылған желекті?

Кедейдің қызы кимей ме
Кенептен қылған көйлекті?
Ұрғашы деген кәпір жау,
Тұқымың сенің бөлек-ті.

Жүзі қара Ханбибі,
Беліңнен ғана бір шауып,
Қылар едім бөлек-ті.
Әй, Ханбибі, Ханбибі,

Басыңды мен жарармын,
Қаныңды ішіп тоярмын.
Өткір алмас қолға алып,
Оң табаның тілермін,

Қой көтіне салармын,
Сүйтіп кегім алармын.
Өлсем де естен жаңылман,
Жаһанда жауға таңылман.

Баста ерлік бар еді
Бір атаққа таңылған.
Басымды баудай кессең де,
Қараман менен Ханбибі,

Өлсем де саған жалынбан!
Қараман мынау сөзді ойлайды енді,
Баланың айтқанына қоймайды енді.
Батырды батыр шіркін қимайды екен,

Баланы өлтіруге қимайды енді.
Шырағы имандының өшпейді екен,
Кінәсін бейнамаздың кешпейді екен.
Батырды батыр шіркін қимайды екен,

Асылға асыл батып жетпейді екен.

қисса-и  қарабек
Мәулекей сенің көңілің тасып бітер,
Ұлыңды көп жазғаның сенің бекер.
Бір өлеңде күнә сөз толып жатыр,

Тәубе қылсаң, күнәсын сонда кешер.

—Басыма, сірә, менің сөз келтірер,

Өзім деген өзіме кез келтірер.
Елімде менен жақсы кісі жоқ,
Інісінен артықша мені өлтірер.
Өлім ақ бұрынғыдан қалған жора,

Өлтірсем болар едің жалғыз мола.
Баласы Қәдірханның, ер Қарабек,
Сен ерді өлтірмейін қызға бола.
Қараман Қарабекті жақсы көрді,

Бетінен үш қайтара сүйеді енді.

—Қыз үшін сені қайтып өлтірем,—деп,

Шешті де екі қолын қоя берді.
Қарабек сүйінеді бұл қызметке,
Жалынды тұрғаннан соң Құдіретке.
Баланың аяқ-қолы босанған соң,

Жақсылық бастайды енді бір ниетке.
Бар Құдайым әр іске көндірді енді,
Кадірін бұл қалмағың біледі енді.
Апасы менен баланың өзі жаяу,

Құлаша атқа қалмақты мінгізді енді.

—Ә, Қараман, сертіме жетем,—деді,

Өмірімде сеніменен өтем,—деді.
Өзі менен апасы жаяу жүріп,
Мінгізіп қалмақты атқа, жетелейді.
Болды ғой байлағанда бала пақыр,

Жігітке қайғы болды заман ақыр.
Құлаша аттың алты күн келген жері,
Бейшара талыңқырап шаршап қалды.

батырлар  жыры
Болмайды Қарабектей жұртының бәрі,
Сарғайып сәнамнен жүзі сары.
Байлаулы-матаулы жүрген байғұс

Жүруге жарап келді әзер хәлі.
Болғанда келер күзге елге келді,
Ел шетіне жақындап келіп кірді.
Бір қойшы тұр қой бағып жапан түзде,

Алдынан қарсы тұрып сәлем берді.
Қойшы сәлем берген соң, қабыл алды,
Елінен хабар тауып меһірі қанды.
Қарабек бұл қойшыны көргеннен соң,

Бір сөзді тамаша қылып айтып салды:

—Әй, қойшымсың, қойшымсың,

Ойлап жүрген ойшымсың.
Айдап жүрген қойың бар,
Көтені менен мойны бар.
Жаман да сұмдық ойың бар,

Аулыңнан түтін шығады,
Қандай қыздың тойы бар?

—Айтқан бір сөзің шын екен,

Жаман айтсаң мін екен.
Үйінің түтінін сұраған,
Жолаушы жаяу, кім едің?

—Менің өзім—бейшара,

Көкірегімде бар сәна.
Айтшы маған еліңді,
Аһ, мен бір келген диуана.

—Бұл айтқаның қасылың,

Көкке салған масылың.
Қайсы патша баласы,
Артық екен асылың?
Лақабыңды ашсаңшы,

Келбетіңді көремін.
Сырт жағыңнан қарасам,
Қарабек сынды нәсілің.

қисса-и  қарабек
Қойшыекең сол жерде танып салды,
Қарабегің қасына жүгіріп барды.
Әкесіндей көрінді қойшы байғұс,

Жүгіріп барды дағы құшаққа алды.
Қойшы менен Қарабек амандасты,
Құшақтасып екеуі көп жыласты.
«Сені көрмек, Қарабек, бар екен» деп,

Екеуі амандасып мауқын басты.

—Қарабек, жаудырайды екі көзің,

Жапанда жалғыз жүрдің сенің өзің.
Азырақ құлақ салып тыңдасаңыз,
Қайғы ішіме сыймайды, айтсам сөзім:

—Әй, Қарабек, Қарабек,

Мен қойшыңмын, қойшыңмын,
Ойлап жүрген ойшыңмын.
Айдап жүрген қойым бар,
Ойлап жүрген ойым бар.

Қәдірхан деген хан еді,
Әрбір іске дана еді.
Қарабек жалғыз ұлы еді,
Толған ай мен күн еді.

Ұлынан сол айрылды,
Қанаты сынып қайырылды.
Қамқадайын майырылды,
Құдай Тағалаға зар қылды,

Жалғызынан айырылды.
Қаныкей менен Тыныкей
Қас бір бағлан қозы еді.
Сары алтынға боялған

Асып кеткен ер еді.
Туған айдай балқыған
Көркемдікте жүзі еді.
Сұлулығын сұрасаң,

Бота көзді бура еді.
Қалқан деген құл еді,
Сатып алған бұл еді.

батырлар  жыры
Атаңа қойды бақтырып,
Көркенесін тақтырып
Шешеңе тезек тергізіп,

Соныменен күн көрді,
Ит қорлықпенен жүргізді.
«Шәһарға патша болам деп,
Қаныкей менен Тыныкей

Екеуін бірдей алам» деп,
«Қойнында кезек жатам деп,
Мен Қарабек болам деп,
Бір сөз айтса шәһарды

Тегіс бәрін қырам» деп,
Қалқан деген құлыңның
Қылып жатқан тойы бар.
Қарабек деген сұлтаның

Мынау бір сөзді аңғарды.
Қалқан құлды сұрасаң,
Қылып жатқан әр істі.
Не қыларын білмейді,

Батыр сонда сандалды.
Ақыл керек батырға,
Даналы ойды ойлауға.
Қаһарланып тұрады,

Құлдың басын қоймауға.
Батыр туған сері ғой,
Өзінің жанын қинауға.
Ойына батыр алады,

Өз апасын сынауға.
Қайраттанып Қарабек,
Ашу қылды Қалқанға.
Сиынады аруаққа,

Диуана болып ақтады.
Әпке-апасын сынауға
Әзірленді бармаққа.
(Қойшының айтқаны)

—Әй, Қарабек, Қарабек,

Қапы да сен қалмағын,

қисса-и  қарабек
Қайғыменен жанбағын.
Шешеңе сенің қойған-ды
Тезегін ғана тергізіп,

Сүйтіп күнін көргізіп.
Қасыңа сенің келеді,
Тілегін Алла бергізіп.
Егер сені таныса,

Қуанғаннан жүректің,
Қапыда жарылып өледі.
Көрсең, соған бармағын,
Егер сені көргенде,

Шешең де сенен кетер ме,
Жылағанда сенен өтер ме?!
Бір күнің, қарағым,
Тұтсаң қолың жетер ме?!

Жау қолының жағасы
Өлсең естен кетер ме?!
Жалғыз өліп қалған соң,
Орнасы соның бітер ме?!

Жолыңда тұрған сорлы әкең
Қойшы да болып қой бағып,
Осы күнде кетіпті
«Жалғызым» деп жын қағып.

Қәдірхан деген хан еді,
Әрбір іске дана еді.
Көрінгенге дал болып,
Атаң сенің жылайды,

Қасыңа сенің келеді.
Сен екеніңді білген соң,
Жүрегі жарылып өледі,
Өлсең де барма атаңа!

Қарабек бауырларын ойына алды,
Аспаннан бір аққуды атып салды.
Басына аққу кебін қиіп алды,
Қасына апасының келе қалды.

Жаратқан барша жанды Құдірет-ті,
Жылауға қара болып отырады.

батырлар  жыры
Жаманнан кәдір болмас, күдерің үз,
Елге таман Қарабек жөнеледі.
Қарабек диуана болып елге келді,

Елінің бәрі сары жүзі солды.
Апасының терезесі ашулы екен,
Түбіне диуана болып жетіп келді.
Түбіне терезенің жетіп барды,

Екі қыз диуананы көзі көрді.
Күңі бар қыз қасында қара табан,
«Жалғызға бал аштыр» деп жұмсап салды.
Диуана Құдай айдап кез келді де,

«Бал аштыр» деп беріпті жеті тіллә.

—Жалғызға тез барып бал аштыршы,

Тілегімді берер ме Жаббар Құда?
Қара күң жеті тіллә алып келді,
Мұндар күң үш жарымын пайда қылды.
Қарабек көргеннен соң айтпасын ба,

Күңнің алып қалғанын көріп қалды.
Бір диуана келіпті ауылды ықтап,
Диуананы күң келді қызға мақтап.
«Барып бал өзіміз аштырамыз» деп,

Әпке-апасы келеді сасқалақтап.
Қасына ол екеуі жетіп барды,
«Диуана аға, бал ашың» деп айтып салды.

—Диуана аға, бал ашып берші бізге,

Жолаушымыз алыс жерге кетіп қалды.

—Әй, балалар, балалар,

Көкірегіңде арың бар,
Жетелеген нарың бар.
Бал аштырар кісіңіз
Шыныңды айтшы, екеуің,

Алыс кеткен жарың ба?

қисса-и  қарабек
Әй, балалар, балалар,
Адастырар тапқызбай
Түсті ме құсың қалыңға?

Сүйгеніңнен айрылып,
Толды ма ішің жалынға?
Шыныңды айтшы, сен қыздар,
Айлар өтті, жыл өтті,

Сапар шегіп кім кетті?
Алыстан адам тосасың,
Ғашық болған жарың ба?

—Әй, диуана, диуана,

Аша берші балыңды,
Айта берші барыңды.
Бөтен кісі емес қой,
Қарабек сұлтан ханымды

Жүруші едік, оны келед деп.
Жасырмай айт, диуана,
Балыңа қалай шалынды?

—Балыңды сен аштырдың

Диуана жалған бейбаққа.
Шыныңды айтшы, екі қыз,
Қарабек сынды сұлтаның
Кетіп еді қай уақта?

—Жалғызым менің көрмейді

Бұл жалғанның қатасын.
Қабыл көріп жүр еді
Атасының батасын.
Қашан келіп жалғызым,

Қолымнан тағам татасың?
Жалғызымды ойласам,
Қан көзіме толады.
Буынымнан әл кетіп,

Қалтырап жүрек тоңады.
Құйыла-құйыла сел болып,
Көзден жасым солады.
Жалғызым еске түскенде,

Елестейді көзіме
Сөйлескендей өзіме

батырлар  жыры
«Жан апа» деп құшақтап,
Тұрғандай-ақ болады.
Әй диуана, диуана,

Жын-сайтанды қуала.
Айтшы білген барыңды,
Қинамашы жанымды.
Бауырымның соңғы жолына

Дәл екі жыл толады.

—Қаныкей менен Тыныкей,

Шын айтсаңыз мінеки,
Қарабек деген ініңіз,
Толған ай менен күніңіз
Қара да таудың қасында

Тасбұлақтың басында,
Қалмақпен ұрыс салыпты,
Жауын жеңіп алыпты,
Еліне қайтып барыпты.

Бір күндері болғанда,
Орда қалған апасын
Ойына алып батырың,
Білдірмей жылап қамықты.

Жалындаған жас батыр,
Қамал бұзған қас батыр
Шырадай көзі жаныпты.
Қараша тауға жүрмекке,

Апасын алып келмекке,
Рұқсат сұрап жас бала,
Атасына барыпты.
Ханның алып батасын,

Жүруге бет бұрады.
Анасы келіп зарланып,
Бұл сапардан тоқтауды
Баласынан сұрады.

Қарабек сынды батырың
Толғана мойын бұрады,
Алладан жәрдем сұрады.
Ата-ана, елменен

Амандасып болған соң,

қисса-и  қарабек
Атының басын алысқа
Шыныменен бұрады.
Борандатып даланы

Жалғыз шапты батырың.
Астында тұлпар атының
Екпініменен еңіретіп
Қаратаудағы апаға

Жетіпте батыр барады.
Орда жатқан апасы
Сұмдықты талай ойлапты,
Құмарлана, құлшына

Қараманмен ойнапты.
Құмарлана, құлшына
Қараманмен ойнапты.
Елден шыққан жауыз қыз

Қолына түскен қалмақтың
Қызығына тоймапты.
Енді келсе Қарабек
Айламенен батырдың

Көзін мүлде жоймақ-ты.
Айласын қыз асырып,
Қарабек қолын байлапты.
Қолдан келер дәрмен жоқ,

Шырадай көзі жайнапты.
Қарабек сынды жалғыздың
Соры да сүйтіп қайнапты.
Қарабекті өлтіріп,

Бұйрығына келтіріп,
Қалмақ басы Қараман,
Жалғызыңның жүрегін
Суырып алып шайнапты.

Алғанды құдай бермек жоқ,
Жалғызыңменен бірігіп
Сен сорлыға жүрмек жоқ.
Қыз да болсаң демейін

Аруағыммен жебейін.
Өлгенменен өлмек жоқ,
Жас тілегін алдыңда
Қызықпенен дәрен сүр дейін!

батырлар  жыры

—Мен Қалқанға тимеймін,

Қарабек қайғысы жетерлік
Тағы да отқа күймеймін.
Үстімдегі тонымды
Жерге таман тастайын,

Бір сұмдықты бастайын.
Жалғызыма жетейін,
Жалғызым өліп шын қалса,
Бұл дүниеден өтейін,

Бұл дүние маған тынышсыз,
Жанымды құрбан етейін!
Екі қыз мынау сөзді айтып салды,
Дүниенің опасына көңілі қалды.

Інің сенің өліпті дегеннен соң,
Тырнақпен ақша бетті жыртып салды.

—Бермейді тілегімді Хақ Тағала,

Айырылған бауырымнан мен бейшара.
Қор болып дүниеде жүргенімше,
Мұнда тұрмай өлейін біратала.
Екеуі үйге таман жөнеледі,

Қарабек ылажсыз бөгеледі.
«Апам өліп дүниеден кетеді» деп,
Жас бала келіп көрінеді.

—Бұл жалғанның ішінде

Көп-дүр менің қапам-ай.
Қарабек деген сұлтаның
Қалмақтан өліп жата ма-ай?!
Атам менен анама

Жалғызыңның қайғысы
Шынында қатты бата ма-ай?
Әдейі арнап келдім ғой,
Тілегіңді бердім ғой.

Хал-ахуал сұрай кет,
Мойныңды маған бұра кет
Қайран да бауыр, апам-ай!

қисса-и  қарабек
Ойлап тұрсам бауырсың,
Қарабектің білген жоқ
Ешбір адам дыбысын.

Жалт етіп арт жағына қарай салды,
Қарабектің дауысын тани салды.
«Сені көрер күніміз бар екен» деп,
Жүгіріп барды дағы құшаққа алды.

—Қайғы менен дерт бар ма,

Сірә да, өлер күн бар ма?!
Жалғыз басым дүниеде
Көрер де күнім бар екен!
Жалғызым қиылған жоқ-ты менім некем

Жеріңде сенің өлген мен де өлем.
Құл алып кетті ғой мүкам-малың,
Қайтейін қой бағып жүр Кәдір әкең.
Үзілді сен кеткен соң қанша елім,

Өзіңнің осы шәһар мекен жерің.
Айғырға жаңа салған байталдайын
Қайтейін тозғындап жүр қайран елің.
Ажал уақыты бола ма жаман жанға,

Қайғырып зар жылайды кемпір-шалға.
Меніменен көрісер адам да жоқ,
Қалқан құл түсіп отыр балуанға.
Қарашы, бейшараның айтқан датын,

Кем емес патшадан салтанатың.
Жігіттер, бір аяқ бал алып келші,
Бал алып жетіп келді бір жас қатын.

—Сабақтың басын сорсаң жем боласың,

Замана жылдан-жылға сұм боласың.
Бір аяқ бал алдымнан алып келдің,
Мен сені танымаймын, кім боласың?

батырлар  жыры

—Қарабек қалқам, сені жақсы көрдім,

Мен сені келген жерде танып едім.
Сен мені танымайсың, ей, Қарабек,
Есенкелді тақылдақ қатыны едім.
Бір аяқ соған балды беріп салды,

Қарабек бергеннен соң асап салды.
Өз үйінен жігіттер дәм татқан соң,
Бағанағы күшіне түсіп алды.
Құдайың кім таласар берген баққа,

Мынауы патша болған алтын таққа.
Бұның дағы баласы кім болады,
Жолдағы келе жатыр шеру жаққа.
Баласы сонда келді гүл-гүл жайнап,

Қалқанменен күресем деп сертті байлап.
Жанында қабы бар арқалаған,
Шешесі келді сонда бұзау айдап.
Тезекті әкеліп отқа төге салды,

Қолын отқа сол жерде көміп салды.
Қарны ашып келген кемпір байғұс
Еттің майын қолыменен шылап салды.
Ет пісірген қара табан күңі бар-ды,

Қарабек заманында сөйтіп жүрді.
«Рұқсат сұрамай майын жаладың» деп,
Кемпірді шөмішпенен салып қалды.
Қарабектің бұл іске қаһары келді,

Азырақ қоршылықпенен дәурен сүрді.
Көз алдында шешесін ұрғаннан соң,
Бейшара жыламапты, іші күйді.
Барды да, қара күңді ұстап алды,

Семсерменен ортасынан салып қалды.
«Сен мұндардың өзіңе тарттырам» деп,
Белінен екі бөліп отқа салды.

қисса-и  қарабек
Есіне қайғы менен дерт кіреді,
Сары жалын ішіне от кіреді.
Тағы да шешесіне танытады,

Зор қылып бөтен жерден ет береді.
Шара жоқ Алла ісіне көнгеннен соң,
Иман байлық адамға өлгеннен соң.
Зарланды сонда тұрып кемпір байғұс,

Кішіден қамқоршылық көргеннен соң.
Кемпірдің жырлағаны:

—Жерге бір тиген табаным,

Қара да басым аманым.
Жалғызым мұнда келетін
Болар да ма екен заманым?!
Тілекті Алла беретін,

Қайғыменен әкең өлетін,
Заманда, сірә, болар ма,
Жалғыз сені көретін?!
Бұл барғаннан келмесең,

Халқымды келіп білмесең,
Қартайған сорлы ата-анаң
Қайғымен болды өлетін.
Қаса батыр туғансың,

Жақсылық жолды қуғансың.
Үкімін елге жүргізген,
Ер екенін білгізген.
Қалмақтың қолын талқандап,

Алты жасар шағыңда
Ерлігін де білгізген.
Енді маған заман жоқ
Жалғызым мұнда келетін.

Қара шашым таратқан,
Мені де Құдай жылатқан.
Жалғызымды жоқ қылып,
Тәңірім сонда жаратқан.

Екеуі де болса болмай ма,
Бірі үйде қалмай ма?!
17–252

батырлар  жыры
Артында бір ұл болғанда,
Дұшпаннан кегін алмай ма?!
Қас бір жаман іс болса,

Тым болмаса жалғызды
Көтеріп көрге салмай ма?!
Тас емшегім босатқан,
Тар құрсағым жібіткен,

Батыр туған жалғызым
Көрер күнім болмай ма?!
Сыртыңда сұлу құба тал,
Жалғызым менің ақсұңқар.

Қайтіп те күнін көреді
Артта қалған кемпір-шал?!
Дәулетің мұнда тұл қалды,
Артыңда қалған апаңды

Жалғыз кетіп, құл алды.
Іздеп барған еліңді айт,
Мекен де қылған жеріңді айт?!
Көп сағындым, құлыным,

Бөгелмей енді үйге қайт!
Қара жермен тең болдым,
Тең құрбымнан кем болдым.
Күндіз-түні зарланып,

Іздегенім сен болдың.
Тірі болсаң жетер ең,
Кебінің жоқ, көрің жоқ,
Жалғыз қалып жапанда

Ит пен құсқа жем болдың.
Жалғызым келер заман жоқ,
Алла ісіне амал жоқ.
Саған деген Алланың

Маған тисін ажал-оқ!
Ана дауысын есітіп,
Сағынып келген анасын
Қарауға батыр тоймады.

«Мен Қарабек балаң» деп
Айтайын деп ойлады.
Жүрегі жарылып өлер деп,

қисса-и  қарабек
Әзір-ақ мені көрер деп,
Екі жыл күткен анасы
Әлі азырақ көнер деп,

Көз алдында шешесі
Жыласа да жалғыз ұл
Анасына сүйгізбей,
Жүре берді білгізбей.

Апаларымен амандасып болған соң, шешесін көргеннен
кейін енді Қалқан құлды өлтіріп, әкесі Қәдірханды қайтадан
тақытына мінгізбекші болып, шаһарды аралап шығады.
Шаһардың «хат алаңы» деген алаңына халық жиналып, той

асын әзірлеп жатады. Солардың ортасында жалаң аяқ, жалаң
бас Қалқан «менімен кім күреседі» деп отыр екен. Ол мына кел­
ген диуананы көріп:—Қайыр садақа болар, мына диуанаға бір
кәрі жілік әкеп бер,—деп бір ақсақалды адамды жұмсайды. Ол

адам Қалқанның бұйрығымен, кәріжілікті диуанаға әкеп беріп
қадала қарап, Қарабекті танып,—Мен Есенгелді тақылдақ деп
танытты.
Жігіттер, жамандықты қылмаңыздар,

Ханбибінің қылғанын ойлаңыздар.
Жамандық өз басыңа келіп қалса,
Байқамай қапылдықта қалмаңыздар.

—Ай, диуана, диуана,

Жын-сайтанды қуала,
Сені көріп қасыңа
Жетіп келдім қуана.
Біліп тұрмын сырыңды,

Айтпасаң да шыныңды,
Кім екенің таныдым
Ойыңа сақта мұнымды.
Есенгелді—мен—тақылдақ,

Сөйлеген бұрын тақылдап,
Топтап озған сапылдап,
Бұл күндерде, мінеки,
Сіңіріме сүрініп,

Өлуге жүрмін жақындап.
Баяғыда атаң әкелген

батырлар  жыры
Қалқан деген қара құл,
Асқан қайрат дара құл
Құртып та барад тақымдап.

Айналайын, Қарабек,
Сөз сөйлеуші ем жалындап.
Екіленіп бастасам,
Сөз бұлағы кететін

Арнаға сыймай арындап.
Құлан дала күздегі өрт
Жайылатын қабындап.
Көп қорлықпен күн өтіп,

Көрдің бе, сұлтан, мінеки,
Көзімнің алды мұнардай,
Сорасы шыққан тұмандай.
Екі көзім жалтырап,

Зорға тұрмын қалтырап.
Барлық жайды білесің,
Аралап өзің жүресің.
Тоқталма бекер, жан бала,

Өткен күндік қайта орнат,
Сұраған сенен бір ісім!

Қалқан құл отыр екен гүл-гүл жайнап,
«Қызықты мен көрсем» деп сертке байлап.
Жас бала Қалқан құлға жетіп келді,
Құты ұшты Қалқан құл оны көріп:

—Әй, бала, бұл майданға не келесің,

Көңіліңде жығамын деп ойлаймысың?
Жүзің ашық бейшара бала екенсің,
Әрмен кет, құлға тисең, тез өлерсің!
Қарабек Қалқан құлға жетіп барды,

Айтуына қарамай ұстап алды.
Оң қолынан Қалқанды ұстап алып,
Аспанға байғұс құлды атып қалды.
Жаратқан әр нәрсені Құдай күшті,

Құдай өзі жөндейді мұндай істі.

қисса-и  қарабек
Оң қолыменен ұстап алып атып еді,
Мұндар құлың аспанға құстай ұшты.
Жалғанда Қарабектің көңілі ақ-ты,

Жігіттер ақ дегеннің орны ұжмақ-ты.
Қайта түсіп Қалқан құл келе жатса,
Түсірмей алақанменен қайта қақты.
Қаққан соң мұндар құлың қайта кетті,

Қалмақ ит «қыз алам» деп түбіне жетті.
Сол құлды жерге, сірә, түсірмейді,
Аспанда жүзгізіпті Қалқан құлды.
Мінгені қой мойынды Құлаша ат-ты,

Адамның артығы екен шын бекзат-ты.
Тақылдақ Есенгелді келе жатыр:
«Бұл қалай Қарабектің күш, қайраты?!»
Тақылдақ өз апасына таң қалады,

Пердені басындағы жұлып алды.
Қарабек бұл екенін таныған соң,
Жиылып елі-жұрты келе қалды.
Қарабек ел-жұртыменен амандасты,

Құшақтасып бәріменен көп жыласты.
Заман жоқ ел көретін бейшараға,
Азырақ жылайды енді, мауқын басты.
Жиылып ел-жұрты басып келді,

Шешесі менен әкеге хабар берді.
Келетұғын олардың ойы бар ма,
Баруға тоғыз кісі әзірленді.
Жамандар елде ме екен қара басып,

Күн қайда бала сүйер араласып.
Жүруге екі сорлы қуаты жоқ,
Келеді екі сорлы қол ұстасып.

батырлар  жыры
Көргендер әкесіне сын тағады,
Ақылсыз ақымақтарды жын қағады.
Зар жылап Кәдірханың келе жатыр,

Көзінен жас орнына қан ағады.
Шешесі «жалғызым» деп зар жылайды,
Баласын көргеннен соң аһ ұрады.
Жас бала жүгіріп келіп құшқанында,

Емшектен тасбұлақтай сүт ағады.
Басында Пайғамбардың ақ дәстар,
Пайғамбар имандының сөзін қостар.
Екеуі жылағанда дауыспенен,

Қозғалды жер мен көк, тау мен тастар.
Қарабек заманында болды сері,
Жылайды көргеннен соң тамам елі.
Кемпір-шалдың зарланған дауысына

Жылайды жер жүзінде дию, пері.
Қарабек жалғыз бала ер жетеді,
Дүниеден ержеткенше ес кетеді.
«Қызығын жалғызымның көремін» деп,

Отыз күндей кемпір-шал той етеді.
Сол жерде Қараманды жақсы көрді,
Қылған ісін еліне айтады енді.
Қарабек үйде қалған екі апасын

Апарып Қараманға енді берді.
Қарашы, ғашық болған гөзәліне
Қалмақ разы болады бұл сөзіне.
Отыз кісі қасына тағы беріп,

Қараманды жіберді өз еліне.
Ханбибіні үйіне алып келді,
Өз кінәсін өзіне айтып салды.
«Жазаңды бұл дүниеде тарттырам» деп,

Бір көзін оң жағының ойып алды.

қисса-и  қарабек
Ісімнің кез келеді амалына,
Қарашы қылған істің жаманына.

—Тіл,—деді,—оң жағының табанына,

Әкеліп тұз салдырды жарасына.
Бұл кәпір жамандықтың жолын қуды,
Өз басын жамандыққа өзі қойды.
Қойшысына манағы алып барып,

Қас қылған Ханбибіні оған қосты.
Қойыпты ол шіркінді жын қақтырып,
Жүр еді көрінгенге сын тақтырып.
Әкеліп қойшысына қосты дағы,

Қойыпты Ханбибіні қой бақтырып.
Жігіттер, жамандықты қылмаңыздар,
Ханбибінің қылғанын ойлаңыздар.
Жамандық өз басыңа келіп,

Байқамай ғапылдықта қалмаңыздар.
Шамаң келсе, қылып қал жақсылықты,
Құдайым жақсылықты жидырыпты.
Ханбибіні есітіп ғибрат алың,

Жын қақтырып қойларды бақтырыпты.
Қарабек осылайша тамам болсын,
Жақсылар мұны көріп ғибрат алсын.
Мұны жазған күнәкар бейшараға

Оқыған аға-інім дұға қылсын!..

Ертедегі елдің шағында,
Бұрынғы ноғай тұсында,
Рас болса айтуы,
Орманбет би өтіпті,

Он сан ноғай бүліпті.
Тайы тулап талық болып,
Құрама жиылып халық болып,
Сарысуға қоныпты-ай,

Сасық қамал болыпты-ай.
Халық бола алмай сонда да,
Екінші тағы бүліпті-ай.
Ата ұлдан айрылып,

Ене қыздан айрылып,
Әркім бас ауған жаққа қайрылып,
Қосылғаны озыпты-ай,
Айрылғаны тозыпты-ай.

Көлігі жоқ мешеуі
Кеткенінің соңынан
Жете алмай мойнын созыпты-ай.
Созғанменен жете алмай,

Қатты жүдеп арыпты-ай,
Тәңірге жазыпты-ай.
Бер жағында сол елдің
Бөлелей өткен, бел өткен

Бөлекше ноғай ел өткен,
Қара ноғай халық өткен.
Тайбұғаның ауыр жұрт
Тайпалғысыз о да өткен.

Себіл ноғай ел өткен,
Қарабек  батыр
(Жаңаберген Бітімбайұлы нұсқасы)

қарабек  батыр
Сергелдең ноғай жұрт өткен.
Сол елдердің барында-ай,
Ағын судың бойында-ай

Қаласын биік салдырған,
Кәндегін терең қаздырған,
Болаттан найза создырған,
Ерегіскен дұшпанын

Тәңіріге жаздырған,
Аяғынан тоздырған,
Қайратын халықтан оздырған,
Ноғайлыны билеген,

Қамырдайын илеген,
Нелер жайсаң кеткен жоқ
Мына шолақ дүниеден.
Дұшпаны қорқып тимеген,

Кәдірхан деген хан өткен.
Бірақ кемі осы екен,
Перзент көріп сүймеген.
Сол уақытта жана да,

Кәпір аттың лөгіндей,
Мұсылман аттың теңіндей,
Мұсылманның ар жағы
Кәпірлердің қаушағы,

Екеуінің жау жағы
Қыл жалаулы қалмақтың
Ортасынан салынған
Азау деген қала екен.

Сол қаланы салдырған
Кәдірхан деген хан екен.
Қалмақ қалың болса да,
Қайраты асқан нар екен,

Әр нәрсесі сай екен.
Жас күнінде қайраты
Қап тауындай бар екен.
Көзінен гауһар кеткенше,

Белінен медет кеткенше,
Өзінен қуат кеткенше,
Жасы алпысқа жеткенше
Бір перзентке зар екен.

батырлар  жыры
Жегені қайғы-сәна екен,
Қайғымен дүзі сары екен.
Перзенті жоқ пенденің

Кең дүниесі тар екен.
Баласы жоқ кісінің
Жиғаны иесіз мал екен.
Өлген күні талайды,

Ең жаманы сол екен.
Құдай берсе пенденің
Жапырағы бала екен,
Бала адамның жаны екен.

Қанат құйрық аға-іні
Ол адамның сәні екен.
Малменен бас тілемек
Бұрыннан қалған жол екен.

Кәдірхандай патшаға
Қайрат пен бақыт орнайды-ай,
Өзінің болған шағында,
Ықпалы жүріп зорлайды-ай,

Көп дұшпанды қорлайды-ай.
Аламын деп Азауды
Талай қалмақ торлайды-ай.
Шегірткедей көп қалмақ

Қаптапты қара торғайдай
Сонда да патша болмайды-ай.
Азау деген қаланы
Қайратымен қорғайды-ай.

Азауға келген қалмақты
Мықтап Құдай қарғайды-ай.
Тізесі батып қалмаққа,
Енді екінші ойланып,

Атының ізін салмайды-ай,
Қайтып қалмақ бармайды-ай.
Кәдірхан есен-сау күнде
Азауды қалмақ алмайды-ай.

Бірақ сорлы Кәдірхан
Жасы алпысқа жеткенше,
Перзент көрмей сорлайды-ай.
Перзент сүймей пенденің,

қарабек  батыр
Жалғанда мейірі қанбайды-ай.
Бір перзенттің жоғынан,
Күні-түні зарлайды-ай.

Бір күні патша өзінің ордасында отырса, әрнәрсе көңіліне
келеді. Алдына қараса, оты көрінеді, артына қараса, керегесі
көрінеді. Жалғыз қатыннан басқа қасында ешкім жоқ. Еке­
уден-екеу қуарып отырған соң, перзенттің қайғысы зоратып

«Уа, дариғай, өлсем, қалаған тағым иесіз қалады-ау. Әркім ие­
леніп кетеді-ау» деген қайғыменен іші толып, басында отырып,
(әйелінің аты Зәуреней еді) Зәуренейге қарап толғап, жылап
сөйлеген сөзі екен:

—Жас күнімде, Зәуреней,

Азаудың болдым қорғаны-ай.
Шошынғаным жоқ еді,
Көп екен деп сескеніп,
Қырық мың жиын қолдан-ай.

Ерегіскен дұшпанды
Шығарып едім жолдан-ай.
Қаптап келген қалмақтың
Талайын қырып қашырып,

Асырып едім жолдан-ай
О күнгі өтті дәурен-ай.
Жас алпысқа таянып,
Кетер болды дәрмен-ай.

Әсіресе қартайтты
Көңіліме қайғы, арман-ай.
Перзент еске түскенде,
Орнымнан тұрамын

Жер таянып зордан-ай.
Баласы құрғыр тәтті екен,
Алуа, шекер балдан-ай.
Құдай бізге қимады

Жалғыз тұяқ қараны-ай.
Зәуреней, ойымды айтайын:
Азаудағы дуагөй
Шақырып үйге алайық

Қожа менен молданы-ай.

батырлар  жыры
Ниязға айтып берелік
Жүйрік пенен жорғаны-ай.
Дүние-малды сарп етіп,

Шашып Ақтың жолына-ай.
Шыныменен зар қылып,
Жад етелік Алланы-ай.
Бір күні өліп кеткенсін,

Не көреміз, Зәуреней,
Иесіз қалған малдан-ай!
Мұнда тілек бермесе,
Көздің жасын көрмесе,

Тақтың иесіз қалғаны-ай,
Күніміздің солғаны-ай.
Оныменен қоймайды,
Менен қуат кеткенсін,

Аңдып жүрген қалмақ-ай
Азауға салар ойран-ай.
Қалмақ бұзар, Зәуреней,
Үстіңдегі орданы-ай.

Бұл қорлықты көргенше,
Тілекті Құдай бермесе,
Баз кешелік жаннан-ай,
Ұшалық қия жардан-ай.

Тірілей қорлық көргенше,
Құдайдың жақсы алғаны-ай.
Мұны қалай көресің,
Менің ойлап табылған

Ақылымның болғаны-ай.
Құдай қосқан Зәуреней,
Бірімізге-біріміз
Қосылып едік ылайық.

Қайғыменен қартайдық,
Ақырында мұңайып,
Перзент көрмей шұнайып.
Уайымнан іс өнбес,

Уайым менен қайғыны
Оны былай қуайық,
Ертең ерте тұрайық,
Белді бекем буайық,

қарабек  батыр
Бір Құдайға жылайық,
Оныменен сұрайық,
Азаудың елін жияйық,

Қазынадан мал алып,
Ақ жолына қырайық.
Береді тілек деп еді,
Ақты сөйтіп сынайық.

Мұнда да тілек бермесе,
Көздің жасын көрмесе,
Жаны құрысын қияйық,
Ішке пышақ ұрайық.

Өзіклі жанға бір өлім,
Тірілей қорлық көргенше,
Бір жола-ақ өліп тынайық.

Сонда жылап тұрып Кәдірханға Зәуреней толғап былай дейді:

—Сен едің менің падишам,

Құдай қосқан жұбайым.
Сеніменен қосылып,
Дәурен сүріп жалғанда,
Шығып еді шырайым.

Берменірек келгенсін,
Бір барша еттің кемінен
Жедік қайғы-уайым.
Сенің айтқан сөзіңе

Мойнымды неге бұрмайын.
Өле-өлгенше бас тартпай,
Қызметіңде тұрайын.
Олай десең, алғаным,

Шыныменен жылайын,
Мен де Алладан сұрайын.
Ниетімді ойланған,
Қабыл қылғай, Құдайым.

Ондай атты күн болса,
Малың түгіл, падиша,
Жанымды құрбан қылайын.
Шыныменен айтсаң, падиша,

Ұзата көрме бұл істі-ай,

батырлар  жыры
Біткере көр жұмысты-ай.
Жұрт ертерек жиналсын,
Халқыңа бергіз дыбысты-ай.

Ақ жолына садаға,
Малың түгіл, падиша,
Қазынаға кірейік,
Шашайық алтын-күмісті-ай.

Үмітім менің көп еді
Ақ Тағала Құдайдан,
Айтқаным саған жоқ еді.
Жас күнімде, падиша,

Көріп едім бір түсті-ай.
Ұзап кетті не пайда,
Біраз жерге жас келіп,
Маңдай терім бүрісті-ай,

Құйғалы жерім тырысты-ай.
Зәуреней:—Жас күнімде бір түс көріп едім. Жастықтың
салдарынан саған айтқан жоқ едім. Жас алпысқа жетті, күш-
қуатымыз кетті. Әр нәрсенің уақыты бітті. Бірақ сонда да

түсімді айтайын,—деп толғап былай дейді:

—Жатыр едім бір күні

Патша сенің қойныңда-ай.
Ол уақытта жас күнім,
Еш нәрсе жоқ ойымда-ай.
Ұйықтап жатсам түсімде,

Жүр екенмін мен өзім
Бір ұзын жолдың бойында-ай.
Түсейін,—деп,—сол жолға,
Бұрдым соған мойнымды-ай.

Сол уақытта қарасам,
Асасы бар қолында-ай,
Өзі Ақтың жолында-ай,
Көк есегі астында-ай,

Ақ сәлдесі басында-ай
Сол пірадар келді де,
О да түсті, падиша,
Менің түскен жолыма-ай.

қарабек  батыр
Шақырып алып қасына-ай,
«Ер,—деп айтты,—соңыма-ай.
Менің ерсең соңыма-ай,

Орта жолдан асқансын,
Бір қаршыға, бір тұйғын
Қондырармын қолыңа-ай».
Сөйтіп бата берді де,

Ғайып болды пірадар.
Артынан келді бір адам,
Сол адамға айтыппын,
Әлгімді түсім қылып.

Сонда айтты ол адам:

—Сүй деп кетсе пірадар,

Орта жастан асқансын,
Бір ұрғашы, бір еркек
Екі бала көрерсің,—деп,
О да кетті жорып-ай.

Анық-ақ еді сол түсім,
Кетпесе жеңіп сорым-ай.
Ханым менен падиша
Мұңын айтып зарласып,

Көзінің жасын тыймады-ай.
Дүниясы құрғырды
Қысылған жерде болмаса,
Беруге қимады-ай.

Бүгінгі кеулі патшаның
Тілегін Құдай бермесе,
Хан ойлайды өлерге-ай,
Дүнияны жимайды-ай.

Таң атқансын падиша,
Жар шақыртып халқына
Азаудың елін жинайды-ай.
Халық жиналды қалмастан,

Көшеге адам сыймайды-ай.
«Дұғасы қабыл болар» деп,
Кәріп пен қасар әуелі
Мүсәпірді сыйлайды-ай.

Қәдірхандай падиша
Жасы алпысқа жеткенше,

батырлар  жыры
Перзент көрмей торықты-ай,
Қабарып кеулі жабықты-ай.
Бір күні көзі жұмылса,

Астындағы тағының
Қазына толы малының,
Жұрт сұраған бағаның
Қаларын иесіз таныпты-ай.

Сол себепті падиша
Құда жолы қылыпты-ай,
Қалмай ноғай барыпты-ай,
Бір-екі күн қоныпты-ай.

Қазынадан мал алып,
Күні-түні шалыпты-ай,
Аш-арығы жарыпты-ай.
Ханым менен падиша

Жаман қатты тарықты-ай,
Мойнына бұршақ салыпты-ай.
Бұл екеуін көргенсін,
Жалаң аяқ, жалаң бас

Бұршақ салып жүргенсін,
«Тілегін бергей Құдай» деп,
Халық мүсіркеп қамықты-ай.
Қожа, молда табыпты-ай,

Бейшара мен кәріпті-ай.
Шақырған екен реттеп,
Ордасы неше толыпты-ай.
Етегіне солардың

Табақтан ділла салыпты-ай.

—Бұ да Аққа садаға,

Үш жылға шейін падиша
Кәріп пенен қасырдан
Алмайын,—депті,—салықты-ай.
Сөйтіп жүріп еңіреп,

Пәтихасын алыпты-ай.
Аш-жалаңаш қаңырған,
Қайыр тілеп зар қылған
Бейшараны жібермей,

Ұдайына бағыпты-ай.
Сүйткеннен соң ақыры

қарабек  батыр
Дұғасы қабыл болыпты-ай.
Ханым менен падиша
Бата алмаққа сыбанды-ай.

Бір перзенттің зарынан
Малына тиді ылаңдай.
Қазынадан мал алып,
Көп расход шығарды-ай.

Әрбір қасқа кедейге
Алтын берді құмандай.
Былай тұрсын өлі зат,
Иіріп қойып мал берді-ай.

Жесір қатын, жетім ұл
Жетектеп кетіп барады
Тай менен тайлақ құнанды-ай.
Рас кеуілі біткенсін,

«Падишаның бер,—деп,—тілегін»
Кәріп пен қасыр еңіреп,
Көзінен аққан жаспенен
Отырған орнын су алды-ай.

Осылайша падиша
Қолын жайып дуа алды-ай.
Бейшаралар тарқады,
Қуанып қарғып құландай.

Осылай қылып падиша,
Құдайдан бала сұрады-ай.
Перзент пенен дәулеттің
Ерте-кеші жоқ екен,

Берейін десе бір Алла.
Неге десең себебі—
Жыл тәулігі болмай-ақ,
Бір күндері патшаның

Әйелі болды күмәнді-ай.
Бітетұғын баланың
Ишараты білініп,
Ханымның көңілі жұбанды-ай,

Жаман қатты қуанды-ай.
«Тілекті берді Құдай» деп,
Айтқан екен бір күні,
Қалған екен түңіліп.

18–252

батырлар  жыры
Сенбеді падиша бұған да
«Ондай атты күн қайда» деп,
Хан тарығып қамықты-ай.

Ханым айта бергенсін,
Нанар-нанбас болыпты-ай.
Сүйтіп жатып, жігіттер,
Падиша ұйықтап қалыпты-ай.

Ұйықтап кетіп түс көрді-ай,
Сүйінгендей іс көрді-ай.
Көрген түсі патшаның
Бір еңсесі биік ақ орда-ай.

Ақ ордаға кіріпті-ай,
Төр алдында құрулы
Бір алтын тақ тұр екен,
Соған барып мініпті-ай.

Отырған соң жайласып,
Бір жеті адам көлікті-ай
Ода сырттан келіпті-ай.
Тұсап тастап аттарын,

Сәлем беріп патшаға,
О да ордаға еніпті-ай.
Сәлемдесіп кідірмей,
Қол алысып болғансын,

«Қондыр,—деп,—патша қолыңа,
Аң кетпес,—деп ,—алдыңнан»,
Бір қыран бүркіт беріпті-ай.
Қондырғансын қолына,

Өзіне қарап талпынып,
Падишаға елікті-ай.
«Жалғыз да, падиша,
Қосармыз оған серікті-ай»,—

Пәтиха беріп, соны айтып,
Ғайып болды жетеуі.
Кәдірхандай падиша
Осындай түсті көріпті-ай.

Таң атқансын оянып,
«Ата жолдас өзімнің
Оянған соң ойлайды
Жеті пірім екен» деп.

қарабек  батыр
«Әркімнен артық айбатты,
Өзімнен артық қайратты
Береді перзент екен» деп,

Падиша бұған жорыпты-ай.
Жана тағы бөрінің
Падишаның ханымы
Жүрегіне бөрінің жерікті-ай.

Түндегі түсті көргенсін,
Зәуренейдің жерігі
Бұған тұтас келгенсін,
«Береді екен Құдай» деп,

Мұғайын кеулі сеніпті-ай.
Алтын тапқан кісідей
Көңілі тасып желікті-ай.
«Жүрегіне бөрінің

Жерідім, ханым», деп еді-ай,
Қуанып патша күледі-ай.
«Береді екен Құдай» деп,
Мұғайына кеулі сенеді-ай.

«Ұзағынан бергей» деп,
Осылайша түледі-ай,
Со күні үйге түнеді-ай.
Түн ортасы болғансын,

Падиша атқа мінеді-ай,
Беліне қару іледі-ай,
Сауыттарын киеді-ай.
Бар екен екі тазысы,

Шақырып алды қасына,
Оны ізіне ертеді-ай.
Азау ноғай елі еді-ай,
Бір ноғайға сездірмей,

Елден шығып жөнелді-ай.
Кендірлі тау төбе еді-ай,
Ар жағында сол таудың
Көлденең жатқан ел еді-ай.

Ар жағында сол белдің
Жапалақ ұшпас жапан дүз,
Құладын ұшпас құла дүз,
Адам жүрмес шөл еді-ай.

батырлар  жыры
Ар жағында сол шөлдің
Бір жыныс қопа көл еді-ай.
Іздегені бөрі еді-ай,

Сонда бөрі көп еді-ай
Оны патша біледі-ай
Жортар атқа арасы
Ара күндік жер еді-ай.

Соған қарап бет қойып,
Тізгінін аттың түзеді-ай.
Патша қысым қылғансын,
Шабысы аттың өнеді-ай.

Ағыны қатты айуан
Тиіп кетсе тұяғы,
Қазандай тасты бөледі-ай.
Жүрісін шама қылыңдар,

Ара күндік жер еді-ай.
Сәске мезгіл болғанда
Қарасын көлдің көреді-ай.
Бесінге шейін аулапты,

Бесін уақ болғанда
Бес бөрі алып падиша,
Қабырғасын сөгеді-ай.
Жүрегін жарып алады-ай,

Қоржынына салады-ай.
Бесіннен төмен түскенсін,
Елге қайтып жөнеді-ай.
Түн ортасы ауғансын,

Падиша үйге келеді-ай.
Зәуренейде ұйқы жоқ,
Алдын тосып жүреді-ай.
Аттан түсіп падиша,

Қоржынын қолға береді-ай.
Қолына алып Зәуреней,
Ас үйіне барады-ай,
Тайқазанға салады-ай.

Жүрегіне ас батпай,
Ауырып ханым жүр еді-ай.
Жерік асы әйелдің
Кеселіне ем еді-ай.

қарабек  батыр
Көптен бері ханымның
Ас ішуі кем еді-ай.
Жерік асын жеп еді-ай,

Қанаға ханым келеді-ай.
Жерік асын жеген соң,
Жайнап кетті Зәуреней
Шамшырақ гауһар тасындай.

Кеулінде қайғы болғасын,
Бұрын енді ханымның
Оныменен хошы жоқ еді.
Құр жатқаны болмаса

Патшаның қасына-ай,
Жерік асын жегенсін,
Мейірі қанып керіліп,
Қолын салып мойнына,

Падишаға асылды-ай.
Ханым менен падиша
Ойнап-күліп айқасып,
Сүйтіп мауқы басылды-ай.

Тілегін Құдай бергенсін,
Әрі ойнап күлгенсін,
Қайғысы кетті, шашылды-ай,
Зейілі қатты ашылды-ай.

Кәдірхандай падиша
Өзінің болған шағында
Қайратын халқына асырды-ай.
Жан екен-ді Зәуреней,

Хан баласы бұ дағы.
Екеуі де ақсүйек,
Шыншыр атай асылды-ай.
Құдай беріп тілегін,

Перзент туса бұлардан,
Болмасын ба нәсілді-ай.
«Тілекті Құдай берді» деп,
Бір адамға сездірмей,

Патша мұны жасырды-ай.
Падиша сонда ойлайды:
«Мұны біреу естісе,
Халыққа қалмас шашылмай.

батырлар  жыры
«Ел құлағы елу» деп,
Онан соң қалмақ есітер деп,
Бере қойса Құдайым

Жаңа өспірім жас ұлды-ай.
Өзімнің жасым таянды,
Есіте қойса қалмақтар,
Ержетпей тұрып баламды,

Өлтіріп кетер жасында-ай.
Ойламасам басында,
Іс болар деп осындай»
Кәдірхандай падиша

Осы арадан шошынды-ай.
Ауыр дәулет білсе де,
Ізіңе еріп кетпейді.
Бұ дүниеден өтердей

Тірі де тәтті дүние-ай.
Бал мен алуа, шекердей
Дүния тәтті болса да,
Жалғаншыға келгесін,

Құдай перзент бермесе,
Басқа нәрсе бекер-ай.
Қайғыменен қартайған
Ханым қайта жасарды-ай.

Ишаратын білгеннен
Осы бала бітердей,
Іші үлкейіп білінді-ай.
Бес ай өтіп, екінші,

Алтыншы айға жетерде-ай,
«Біреу біліп сезед» деп,
Көрсетпеді ханымға-ай.
Айламенен падиша

Төленгіт, төре, нөкерді-ай,
Құсбегі мен мергенді-ай
Сөйтіп жүріп жасырып,
Он ай, он күн көтерді-ай.

Он ай, он күн көтеріп,
Бір күні ханым толғатты-ай.
Қатаң болып толғағы,
Шыдай алмай зар қақты-ай.

қарабек  батыр
Отырған екен бесінде,
Зарлауменен күн батты-ай,
Онда да тумай ел жатты-ай.

Ел жатқан соң ұзамай,
Жиілетті толғақты-ай
Ісін Құдай оңдапты-ай.
Оңдағаны емес пе,

Шамшырақ тастан салмақты-ай,
Перизаттан сымбатты-ай,
Барқыратып дауысын,
Алтын айдар ұл тапты-ай.

Өзінен басқа адам жоқ,
Бала жерге түскен соң,
«Баланы ал» деп ханымы
Падишаға ым қақты-ай.

Сайланып тұрған падиша
«Тұншығып бала қалар» деп,
Қағып алды қармақтай.
Енді артынан ұзамай,

Хорларға мысал түсі бар
Тұлымы күміс қыз тапты.
Өзінен басқа адам жоқ,
Кіндігін өзі кеседі-ай.

Кіндік кесіп падиша,
Жақын жерден мал тапты-ай.
Шомылдырды тұз салып,
Баланы орап қояды,

Жібектен қылып құндақты-ай.
Екі бала тапқан соң,
Ханым енді патшаға
Болмасын ба ардақты-ай.

Шомылдырып, тазартып,
Қайта киім кигізіп,
Ханымды патша құрғатты-ай.
Әйелден артық епті екен,

Зейіні зерек падиша
Білмесін бе әр бапты-ай.
Шілдехана күзетіп,
Ұйқы көрмей түн қатты-ай.

батырлар  жыры
Отырып сүйтіп падиша
Қайғыланып зарлапты-ай.
Падишаның қайғысы:

«Бала ертең жылар деп,
Басқалар оны білер деп,
Жайылып халыққа кетер деп,
Жайылып халыққа кеткен соң,

Есітер деп қалмақтар.
Туғанын қалмақ естісе,
Қабырғасын қатырмай,
Омыртқасын өсірмей,

Балақ жүнін бітірмей,
Жау құралын бөктермей,
Өлтіріп кетіп жасында,
Шайнатар деп бармақты-ай».

Есілдерті патшаның
Жасырып жүріп баласын,
Ержеткізіп алмақты-ай.
Онан басқа ойы жоқ

Олай-бұлай жайласып
Болғанынша таң атты-ай.
Падиша сасып қалады,
Ойына түсті сол шақта-ай

Жерден қазып салдырған
Кілтті сарай бар екен,
Баланы соған қоймаққа-ай.
Базға барып шам жақты,

Алып барып баланы
Кешке шейін жылатпай,
Ханым енді ол бақты-ай.
Патша балалы болды. Жан-жағындағы қалмақтың көп­

тігінен уайым қылды. Бұған себеп патшаның қайратынан
қорқып, тиіп ала алмай жүр еді. Өзі қартайып өлер деген ойы
бар еді. Сол ойын біліп, «Өзім жасым үлкейді, балалы болды
дегенсін, естіп келіп баламды өлтіріп кетер ме» деп патшаға

қорқыныш туды. Баласын жасырып, ой ойлады.

қарабек  батыр
Кәдірхандай падишаға
Перзенттің зары өтіпті-ай.
Бергеніне Құдайдың

Көріп кеулі бітіпті-ай.
Тарығып перзент көргесін,
Мақсатына жетіпті-ай.
Түніменен отырған

Ұйықтайын деп падиша,
«Кіргізбе,—деп,—адамды»
Есік баққан күтуші
Басшапқа әмір етіпті-ай.

Падиша әмір еткесін,
Есікті барып бекітті-ай.
Бір адамды жуытпай,
Арызға келген қуады

Ақсақ пенен мертікті-ай.
Осылайша басшаптар
Есікті қатаң күтіпті-ай.
Ұйықтап кетсе Кәдірхан,

Жеті пір кеп қасына,
Отыра сала басына,
«Қайырлы болсын перзентің,
Атын қоя келдік деп,

Қызыңның аты —Ханбибі,
Ұлыңның аты—Қарабек,
Аттары осы болсын» деп,
Бата беріп, қол жайып,

Атын қойып кетіпті-ай.
Жатып еді ойланып,
Баланың атын қоя алмай.
Пірлер қойып кеткесін,

Қуанып патша оянды-ай.
Оянғасын падиша,
Қуантайын деді де,
Жүре берді аялдай.

Патша барып айтады:

—Баланың атын, Зәуреней,

Пірлер қойып кетті-ай,—деп.

батырлар  жыры
«Ұзағынан бергей» деп,
Иманды ханым ой ойлай,
Кеткен екен көп ұйықтап.

Сол уақытта шамасы
Күн батқанға таянды-ай.
Күн батқансын ас ішіп,
Тамақтанып болғансын,

Ішейін деп артынан
Қайнаттырып шай алды-ай.
Тамақтанып ойланды-ай,
Қанаға келіп жайланды-ай.

Болғансын жайланып,
Ханымменен кеңесіп,
Патша енді ойланды-ай.
Ойлап тапқан ақылын

Зәуренейге айтады:

—Бала барда болмас,—деп,

Базға сақтап баланы
Адамның көңілі тұрмас,—деп.
Көшеден әркім өтер,—деп,
Шырқырап бала жыласа,

Даусын біреу естісе,
Жайылып халыққа кетер,—деп.
Онан дағы, Зәуреней,
Кең сандыққа бір салып,

Құс ұшпаған сахараға,
Адам жүрмес далаға
Алып барып баланы,
Жасырып бақсақ не етер?—деп.

Сүйтіп жүріп жасырып,
Жасы онға жеткен соң,
Қашырармын алысқа.
Сонан қайтып келгенше,

Қабырғасы қатар,—деп,
Омыртқасы өсер,—деп,
Балақ жүні жетер,—деп,
Жау құралы бітер,—деп.

Жалғыз жүрмес онан соң,
Қасына ерер нөкер,—деп.

қарабек  батыр
Осыны мақұл көрді де,
Баланы салып сандыққа,
Жүрейін деп қозғалып,

Әмір қылды падиша:

—Сандықты, ханым, көтер,—деп.

Ата бір жауы қалмақтан
Қорыққанынан Кәдірхан,
Құдай берген баласын
Ұрлап кетіп барады-ай.

Жанды нәрсе жүрмеген,
Адам шығып көрмеген
Бір қия тау бар екен
Шәһарға жақын шамасы,

Біледі екен падиша.
Бауырынан сол таудың
Бір тас кеуек табады-ай.
Әйелі менен баласын

Түнде апарып падиша,
Сол кеуекке салады-ай.
Отырғанша жайланып,
Таң сарғайып жарады-ай.

«Таң атқан соң болмас деп,
Біреу біліп сезер» деп,
Падиша қайтып келеді.
Үйіне қайтып келгенсін,

Қашаннан бері падишам
Жегені қайғы, сәна еді-ай.
Қайғы үстіне қайтадан
Тағы қайғым жамады-ай.

Жамағанның себебі—
Бір адам жоқ қасында-ай,
Әйелі қалды далады-ай.
Тас кезекке қамады-ай,

Ханым жалғыз қалады-ай,
Осыны қайғы қылады-ай.
Не қыларын білмейді,
Падиша ойлап қарады-ай,

Ойлап ақыл табады-ай.
Ойлап тапқан ақылы

батырлар  жыры
Сағиден атты ақылды
Уәзірі бар екен
Көңілі жақын басқадан,

Шақырып оны алады-ай.
Оңашаға шығарып,
Бастан-аяқ мәнісін
Бұған баян қылады-ай.

«Рас па?» деп падишадан,
Уәзір қайта сұрады-ай.
Растығын білгенсін,
Қол қусырып уәзір,

Орнынан тұрады-ай.
«Шыныменен тілесе,
Береді екен пендеге» деп,
Құдайға шүкір қылады-ай.

«Қайырлы болсын, падиша» деп,
Тілектес екен қашаннан,
Қуанғаннан уәзір
Бұл қамығып жылады-ай.

Кәдірханның осы жолы
Бұл ақылы жарады-ай.
Патша түнде барады-ай,
Уәзірі күндіз барады-ай.

Осы ақылы көңіліне
Падишаның қатты қонады-ай.
Соныменен білдірмей,
Жасырып он жыл бағады-ай.

Он жылға шейін білдірмей,
Баласын халықтан ұрлайды-ай.
Он жасына келген соң,
Жасыруға болмайды-ай.

Қолды-аяққа тұрмайды-ай,
Далаға қашып зырлайды-ай.
«Кетпе» деген сөзіне
Жүдә құлақ бұрмайды-ай.

Зәуренейдің айтқанын
Күннен-күнге қылмайды-ай.
Тіл алмаса нағылсын,
Сағынып көрген баласын

қарабек  батыр
Оныменен ханым ұрмайды-ай.
Соныменен бір күні
Қалаға қашып келеді.

Бұрын шәһар көрмеген,
Еліріп бала жүреді-ай.
Көшедегі көп адам
Бәрі тегіс көреді-ай.

«Түрі басқа бір бала
Бұл қай жақтан келді» деп,
Тамаша қылып қалмайды,
Халық ізінен ереді-ай.

Ортаға алып жиылып,
Жөнін сұрап баланың,
«Кім боласың?» деп еді-ай,
Жасырмады онда ол:

—Әкемнің аты—Кәдірхан,

Мен —Қарабек,— деп еді-ай,
Оған адам сенбеді-ай.
«Пері шығар бұл? деді,
Кәдірханнан перзент жоқ,

Мұның өзі кім?» деді,
Жасырудан кеткесін,
Ханым да үйге келеді-ай.
Сол уақытта уәзірі

Баланың келіп қасына:

—Бұл падишаның баласы—

Қарабек төре осы,—деп,
Халыққа баян қылады-ай.
Сол жиналған ноғайлы
Айтқаннан соң уәзірі,

Азар сонда нанады-ай.
Халыққа анық болған соң,
Енді падиша қорқады-ай.
Аққұла ат деген тұлпарын

Алып келіп мінгізіп,
Алып қашып жөнелді-ай.
Қашаннан бері кеуілі
Алыстағы шәр еді-ай.

Екі арасы сол шәрдің

батырлар  жыры
Қырық күншілік жер еді-ай,
Он бес күндік шөл еді-ай.
Алып барып сол шәрдің

Бір молдасына береді-ай.
Бала онда жата берсін, ендігі сөзді елде қалған Ханбибі­
ден естіңіздер. Кәдірхан дұшпанның көптігінен баласын үйде
сақтап отыра алмай, бір тұлпар аты бар еді, соны мінгізіп бір

шәрге апарып молдаға берді оқу оқып, білім алсын деп, һәм та­
салап жүрді қабырғасы қатсын деп. Осыны ойлап апарып та­
стап қайтты.
Баласы онда кеткесін,

Қызы мұнда қалады-ай.
Ханым менен падишаның
Ермек қылып Ханбибі
Сүюіне жарады-ай.

Сүйтіп жүріп Ханбибі
Он екі жасқа келгенде,
Қанаға келіп толады-ай.
Бойжеткен қыздың біржола

Салтанатын құрады-ай.
Жаз болса мініп Ханбибі
Пәуескелі алтын арбаға,
Қыс айында мінгені

Күймелі күміс шана-ды-ай,
Кигені барқыт қамқа-ды-ай.
Салтанат түзеп мастықпен
Сейілге шығып жетіде,

Көше аралап алады-ай.
Көшеге шығып Ханбибі,
Жүрген күні сарайды-ай
Бұзылып кетіп базары,

Адам қалмай далада-ай,
Ханбибіге қарады-ай.
Мойыны алманың сабындай,
Беті гүл-гүл жайнады-ай.

Халық қараған себебі:
Ажарына исініп,

қарабек  батыр
Сүймей-құшпай әшейін,
Көргеннің мейірі қанады-ай.
Кәрі-құртаң болмаса,

Жігіттер көрсе есіріп,
Ауытқып естен танады-ай.
Ханның қызы болғансын,
Айтатұғын амал жоқ.

Дидарын көрген жігіттің
Талайы ғашық болады-ай.
Пар келмейді біреуі,
Талай сұлу бар еді-ай

Азау деген қалада.
Шәһар халық шулады-ай,
Шақ келмесе перизат
Жан тумас,—деп,—пендеден

Ханбибі атты баладай.
Сұлулығы артылып,
Жылдан-жылға үлгеріп,
Шашылып даңқы барады-ай.

Осы күнде падиша
Деп жүр еді бойыма
Ішкен асым тарады-ай.
Тарағаны құрысын,

Қыз осындай болған соң,
Тағы уайым қылады-ай.
Уайым қылмай ноғайын
Ханбибі атты арудың

Сұлулығы артылды.
Артылғаны емес пе,
Ту сыртына қарасаң,
Нардан туған үлектей.

Келбетіне қарасаң,
Келептеген жібектей.
Шама қылсаң ақылын,
Қойнау қара түбектей.

Шашын дәнданменен тараған,
Бектер мінген бедеудей
Бауырынан жараған,
Басына доланасын ораған.

батырлар  жыры
Бет-ажарын қарасаң,
Ертеңгі түскен сағымдай.
Ет ажарын байқасаң,

Қабығынан айырған
Жарма бір бидай ақ ұндай.
Көз жіберсең сыртынан,
Ақбөкеннің таңындай.

Мойыны алманың сабындай,
Ақ бетінің ажары
Қарды айдаған дауылдай.
Исі аңқыған бір сұлу

Піскен сары қауындай.
Беденіне қарасаң,
Бейне нұрдың тауындай.
Шашын мысал байқасаң,

Күлтеленіп бітіпті
Қызыл шекпен бауындай.
Түтікпенен су ішкен,
Түндікпенен күн көрген,

Аш маралдай керілген,
Бір басуға ерінген.
Ішкен асы бұлтылдап
Тамағынан көрінген.

Қасы саржадай керілген,
Кірпігі оқтай тігілген,
Бұралып белі бүгілген,
Қараған кісі үңілген.

Көрген жігіт беденін
«Болмады,—деп,—осындай»
Әйелінен түңілген.
Орта бойлы, нұр жүзді-ай,

Бидай өңді, қой көзді-ай,
Шекер, шырын, бал сөзді-ай.
Алма мойын, аршын төс,
Күйкеней көз, қалам қас.

Көрген кісі дидарын
Хор қызына балаған.
Айтатұғын орны бар,
Кеткен сұлу қанадан.

қарабек  батыр
Қанша сұлу болғанмен,
Пенде көрген зат емес,
Асып кеткен шамадан.

Ал беліне қарасаң,
Деңментпенен буғандай.
Ал бетіне қарасаң,
Бұлтпенен жуғандай.

Мойнына қарасаң,
Алтыннан соққан құмғандай.
Ал шашына қарасаң,
Бестен талдап буғандай.

Келбетіне қарасаң,
Алтайы қызыл түлкідей.
Шыңайт таудан көрінген
Ақсұңқар құс қуғандай.

Сұлулыққа бұл қызға
Халыққа тақпайды тұрманды-ай.
Осындай қызға қосылса,
Жігіттің жаны құрбан-ды-ай.

Ес кетеді жігіттен
Бетіне қарап тұрғандай.
Қызы сондай болғансын,
Қалмақтан тағы қорқады-ай

Кәдірхан қасқа сормаңдай.
Падиша қорқып ойлайды:
«Жылдан-жылға қызымның
Шашылып даңқы кетер деп.

Қызы артық сұлу деп,
Қалмаққа хабар жетер деп.
Қалмақ мұны естісе,
Ауыр әскер қолменен

Аламын деп қызымды,
Мұнда аттаныс етер деп.
Қол үстіне келгенсін,
«Бермеймін,—деп,—қалмаққа,

Балам ұрыс етер деп.
Ноғайдың жайы белгілі,
Көмек берер адам жоқ.
Күнім өтті өзімнің,

19–252

батырлар  жыры
Қабырғасы қатпаған,
Омыртқасы өспеген,
Балақ жүні жетпеген,

Жас баланың жығынға
Нағылып әлі жетер деп.
Кеселінен қызымның
Жалғызымды сорлатып,

Өлтіріп қалмақ кетер деп,
Қорлығы сүйіп өтер деп.
Жаудың келер бетіне,
Елдің қия шетіне

Алтын есік күймемен,
Кесте тігер инемен,
Ауыр әскер дүниемен
Жалғызым үшін қызыңды

Қондырып қойсам не етер деп.
Жау да болса мұны алсын,
Ел де болса мұны алсын,
Тілеп алған жалғызым

Есен-аман сау қалсын».
Мұны айтса да падиша
Ішінен шыққан баласы
Тағы қызын қимайды-ай.

«Қалмақ алсын келсе» деп,
Қондырғаны жолына
Жана тағы мұнысы
Падишалыққа сыймайды-ай.

Не қыларын біле алмай,
Пұшайман жеп тарығып,
Көзінің жасын тыймайды-ай.
Қайғыменен падиша

Өзін-өзі қинайды-ай.
«Қимағаным болмас» деп
Тағы мұны ойлайды-ай.
«Бұ секілді сұлудың

Дабысы қайда бармас деп.
Есіткенсін дабысын,
Кімдер ашық болмас деп.
Әркім ашық болған соң,

қарабек  батыр
Мұның арты оңбас деп.
Құдай нашар қылғансын,
Өмір серік ақыры

Өзіме жолдас болмас деп.
Үйге сақтап отырсам,
Ашық болған дұшпанмен
Өрелі отым жанбас деп.

Жалғызыма ақыры
Қырсық болмай қалмас деп.
Бала дағы бір өлген,
Мұныменен болмас деп.

Алған кісі алсын деп,
Ұрыспа десем бола ма,
Құлағына қанбас деп,
Балам тілімді алмас деп.

Жазым болар жасында
Тілеп алған жалғызым.
Қондырмасам болмас» деп,
Қайғыланды падиша.

«Түсем бе,—деп,—мен отқа,
Білдірмеді еш жұртқа.
Алтын есік күймемен,
Кесте тігер инемен,

Ауыр әскер дүниемен,
Қызметін қылсын деп,
Екі шора күңменен
Жаудың келер бетіне,

Елдің қиыр шетіне
Ханбибіні қондырды.
Азаудағы ноғайдан
Бір шіріген жұмыртқа.

Кәдірхан қызымның балама кесірі тиеді деп, елдің қия ше­
тіне, жаудың келер бетіне Ханбибіні қондырды қызметкер екі
күңіменен. Бұл қонып отыра берсін, ендігі сөзді молдада оқып
жатқан Қарабектен есітіңдер.

Сонымен бір күні
Қыз да он беске келеді.

батырлар  жыры
Оқып жатқан о жақта
Ұл да он беске келеді.
Он бес жасқа келген соң,

Ұйықтап жатып Қарабек,
Бір жаман түс көреді-ай.
Шошып кетіп Қарабек,
Молдасына жөнелді-ай.

Жүгірумен келеді,
Мешітке келіп енеді-ай.
Қол қусырып ибамен,
Молдаға сәлем береді-ай.

Сәлемін беріп болғансын,
Дізесін басып отырып,
Аузын сөзге толтырып,
Қарабек сөйлей береді-ай.

Сөйлегенде бүй дейді-ай:

—Молдеке, сізге айтайын,

Бүгін түнде түс көрдім,
Әжептәуір іс көрдім.
Ер басына күш көрдім,
Қанжығада бас көрдім.

Жан қиналып қысылып,
Ішілмей тұрған ас көрдім.
Кейінгі қалған халқымды
Бір дұшпанмен қас көрдім.

Ерте тұрып келгенім
Түсімнен қорқып не іс көрдім.
Көрген түсім, молдеке,
Сізге баян қылайын.

Құбыладан тұрды да,
Бір қызыл жел қаптады-ай.
«Жан қалмас,—деп,—бұл желден»,
Жұрттың бәрі қақсады-ай.

Қаптауменен барды да,
Біздің үйге тоқтады-ай.
Қиратып кетті шәрімді,
Қыдырып жүріп бұл балаң,

Сау шаңырақ таппады-ай.
Сүйтіп сүрен аттады-ай,

қарабек  батыр
Молдеке, маған жақпады-ай,
Жоры,—деді,—түсімді-ай
Балаң қатты қысылды-ай.

Осы түстен, молдеке,
Тартып тұрмын ішімді-ай.
Бірақ, енді, молдеке,
Жақсыға жоры түсімді-ай.

Қабыл болып дуаңыз,
Оңғарар ма екен ісімді-ай.
Сонда молда айтады:

—Алыстан келген төре едің

Бейне жылдың құсындай.
Көргенімде-ақ басында,
Бекер бала емес,—деп,
Тартып едім ішімді-ай.

Келбетің келіп тұрған соң,
Ерге лайық пішімді-ай,
Шамалап қуат-күшіңді-ай.
Онан бермен келген соң,

Сыртыңнан баққан жеті пір
Және көрдім кісіңді-ай.
Шыбын жаның сау күнде,
Ешкім қылмыс қысымды-ай,

Дұшпаның құртпас пысыңды-ай,
Алла оңғарса ісіңді-ай.
Қаптаған қызыл жел көрсең,
Аттанайық деп жүрген

Алыстағы дұшпанның
Сөзі шығар гулеген.
Шәрімді бұзып кетті,—деп,
Онан қорқып қысылма-ай,

Көкірегің желігіп,
Келген екен қайтуға,
Молдаң оған түсінді-ай.
Қайтамын десең ұлықсат

Барғаннан соң аулыңа,
Ата-ана жорыр түсің-ай.
Ұлысат қылды молдасы,
Қайтса жалғыз қайтады-ай,

батырлар  жыры
Қасында жоқ жолдасы-ай.
Қалғаннан жалғыз өз басы,
«Жалғыздың жары Құдай деп,

Жар болса Алласы-ай».
Түндегі түсті көргенсін,
Тимеді жерге жанбасы-ай.
Тоқтамады кеуілі,

Ауылға қайтып бармай-ай.

—Қайтсаң, балам, қайт—деді,

Ұлықсат қылды молда аға-ай.
Жүруге төре ойланды,
Сапарын Құдай оңғарса,
Бала қайтпай нағылсын.

Түсінде көрген қызыл жел
Азаудағы ноғайдың
Шаңырағын уаты-ай!
Қорыққаннан жорытып,

Молдаға келіп сынатты-ай.
«Алыстағы дұшпан» деп,
Молда кеулін жұбатты-ай.
Нағылса да Қарабек

Қайтқанды кеулі ұнатты-ай.
Жас болса да ер төре
Қатардан артық қуатты-ай.
Орнынан тұрып жөнелді,

«Іздейін,—деп,—Құла атты-ай.
Жүреді екен жануар
Жалғыз оттап бір тауда.
Қасына барып сол таудың,

Салып еді құрайтты-ай,
Естіп даусын жануар,
Таудан шауып құлапты-ай.
Ат деген ерге қанатты-ай,

Жан серігі жалғыз ат
Келіп еді қасына,
Түндегі түсті көрген ер,
Халық сағынып жүрген ер

Аршын басты Құла аттың
Құшақтап мойнын жылапты-ай.

қарабек  батыр
Аршын басты Құла аттың
Жылап болып Қарабек,
Басына жүген ұрады-ай.

Мініп алып үстіне,
Шәріге мойнын бұрады-ай.
Қайтып келіп мешітке,
Алып келген ауылдан

Расходтың қалғанын
Жартысын беріп молдаға,
Ендігі қалған жартысын
Кәріп пенен қасарға

Құда жолы қылады-ай.
Таныс болған адамның
Бәрі келіп жиылып,
Қатар келіп тұрады-ай.

Сол уақытта Қарабек
Қайтамын деп қоштасып,
Ұлықсат халықтан сұрады-ай.
Қайтамын деп айтқансын,

Қарабекті қия алмай,
Бірге оқыған замандас
Құрбылары жылады-ай.
«Қайтсаң, енді, сау бол»деп,

Халықтың бәрі төренің
Тілегінде болады-ай.
Соныменен кідіріп
Сәскеге шейін тұрады-ай.

Ұлы сәске болғанда,
Шәріден сонда шығады
Астындағы Құла да-ай.
Шыққан соң шәріден,

Жау малындай болады-ай.
Күн тимеген сауыр ғой,
Он алты өрме қамшымен
Үсті-үстіне ұрады-ай.

Тынық жүрген қашаннан
Ұрса да Құла ат шаппады-ай.
Толып жатқан шабысын
Тер шыққанша сақтады-ай.

батырлар  жыры
«Сүйегі қызсын аттың» деп,
Қырық күншілік жер еді,
Онбес күндік шөл еді,

«Азаудағы қалаға
Осы кешке жеткер» деп,
Астындағы Құланы
Жол-жөнекей мақтады-ай,

Мақтағанда бүй деді-ай:

—Аршын басты Аққұла-ай,

Сен құлында тай емдің,
Құнанында арда емдің.
Дөненіңде үйреттім,
Бес жасыңа келгенде,

Белің жуан болсын,—деп,
Бес бедеуге салдырып,
Жібектен арқан сүйреттім.
Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның танаттым.
Алшаңдатып ойнаттым,
Арпа, бидай асаттым.
Жеті жасқа келгенде,

Түнгі күнге күйер,—деп,
Тас қорғанда сақтаттым.
Ебейдей төсің салынып,
Жайқалып тұрған көк майса

Оттап жұлып алмадың,
Күн-түн қатса ылғадың.
Қудай мойның бұлғадың,
Қыдыра жал, қыл құйрық

Бір жылқыдан қалмадың.
Ауызыңа қарасам,
Ағып жатқан дариядай.
Танауыңа қарасам,

Тауға біткен жырадай.
Көзіңе сенің қарасам,
Толтырып көмген ұрадай.
Ысырапылдың қызыл жел

Қарсы алдыңнан тұрады-ай,
Таңлағың тарса бұрады-ай,

қарабек  батыр
Хан иең қысым қылады-ай.
Бастарына іс бітсе,
«Жалғызым қайда кетті деп,

Азар-қорлық жетті» деп,
Әр төбенің басында
Атамыз бен анамыз
Шығып қарап тұрады-ай.

Сол уақытта Құла аттың
Сүйегі қызып шамасы,
Айуан құлаш ұрады-ай.
Енді ат мақтауы жеткенсін,

Сүйегіне өткенсін,
Тау менен тасқа шатылды-ай,
Шыныменен қатылды-ай,
Төре қысты тақымды-ай.

Он алты өрме қамшыны
Толғап қолға алғанда-ай,
Орай санға салғанда-ай
Тұяқтан ұшқан тозаңы

Атылған мылтық оғындай.
«Шүу» дегенде атылды-ай,
Салғанда Құла ат құлашты-ай.
Секіргенде айуан

Жер танабы тартылды-ай.
Енді Азаудың қаласы
Алыс та болса жақынды-ай.
Қызғаннан соң Құла аттың

Басын жолға салады-ай,
Құбылып ойнап барады-ай,
Құбылып ойнап жер басты-ай.
Әуеде ұшқан қоңыр қаз

Тозаңынан адасты-ай.
Ауыздықпенен қарысты-ай,
Басыменен алысты-ай,
Айуан екен шабысты-ай.

Осындай жүйрік тұлпар ат
Қылады жуық алысты-ай.
Құлағы қиған қамыстай,
Үстіне мінген ер жігіт

батырлар  жыры
Берер ме жауға намысты-ай.
Қыза-қыза Құла ат
Бұлдырықтай пысылдап,

Басын салып қырындап,
Атқан оқтай зырылдап,
Жауған күндей күркіреп,
Құлақтан аққан қара тер

Жаңбырдай жерге сіркіреп,
Кекілімен көк тіреп,
Табанымен жер тіреп,
Құбы үйректей құнысып,

Аққан судай жылысып,
Ор текедей ойнайды-ай,
Бөрідей болып жайнайды-ай,
Ауыздығын шайнайды-ай.

Құлан мен киік қашса да,
Еркі алдына қоймайды-ай.
Азаудағы қалаға
Осы кешке қонаға

Жетермін деп ойлайды-ай.
Ойламай ақыр нағылсын,
Жол-жөнекей Қарабек
Қамшыменен ұрады-ай.

Қоңыр қаз бенен торғайдай
Аршын басты Құла ат
Әрбір жерде желпініп,
Шабысын қойып желеді-ай.

Желгені де Құла аттың
Шабыстан зият өнеді-ай.
Тұяғы қызып кеткенде,
Көлденең жатқан көк тасқа

Қашасынан енеді-ай.
Қарсақ жортпас қара ойдан
Қаптыра өтіп жөнелді-ай.
Түлкі жортпас түлейден

Мұнан да өтіп жөнелді-ай.
Қан сасыған қара ойдан,
Сазан шығар сары ойдан,
Мұнан да өтіп жөнелді-ай.

қарабек  батыр
Барлы-барлы барлы тау,
Басы биік қарлы тау,
Хан жайлаған қара тау,

Хан жайлаған биік тау,
Түйе мойнақ иір тау,
Қыз емшекті сүйір тау
Мұнан да өтіп жөнелді-ай.

Сыпсың біткен қарағай,
Текілікті терең сай,
Қақпақтылы қара сай
Екеуінен зырлатып

Бір сағатта өтеді-ай.
Жер торатқан күндік жер
Екі сайдың арасы-ай.
Рас бола осы сөз,

Сол уақытта Аққұла ат
Ұшқан шығар шамасы-ай.
Зырлатумен келеді
Биік таудың басынан,

Адырлы таудың қасынан.
Дұшпаннан қорқып Кәдірхан
Мұнша жерге асырған.
Қорыққанынан дұшпаннан

Молдаға берді жасынан.
Оқып жатқан Қарабек
Он бес жасқа шыққан соң,
Көрген түстен шошынған,

Бұ себепті қысылған.
Астындағы Аққұла ат
Төрт аяғын ұсынған.
Жермен шапса жетер ме

Қырық күншілік шәріге?
Жәрдем беріп Құла атқа
Періштелер ұшырған.
Ол төбе мен бұл төбе,

Бауыры шұбар гүл төбе
Мұнан да өтіп келеді-ай.
Тобылғы біткен құмайттан,
Бүйір құм біткен шыңайттан

батырлар  жыры
Мұнан да өтіп жөнеді-ай.
Әмпей-төмпей бес көлден,
Бекіре ойнар қос көлден

Онан да өтіп жөнелді-ай.
Қосшының Қоқи көлі еді,
Мұнан да өтіп жөнелді-ай.
Қияқтың қызыл құм

Қия басып келеді-ай.
Бөктергеннің Қара тау
Бөктергілеп жөнеді-ай.
Тобылғылы жыралар,

Биік біткен нұралар,
Бауырында бұлағы-ай
Кендірлінің тауы еді,
Мұнан да өтіп жөнелді-ай.

Кендірлінің ар жағы
Азау ноғай елі еді.
Кендірліден асқансын,
Ел қарасын көреді-ай.

Шыққан жері төренің
Қырық күншілік жер еді-ай,
Он бес күндей жер еді-ай.
Сонда дағы Аққұла ат

Босанбастан келеді-ай.
Түн ортасы болғанда,
Азаудағы қаланы
Айуан енді Аққұла ат

Тұмсығымен тіреді-ай.
Шәрге келіп жеткенін
Тоқтағанда біледі-ай.
Қапаланып жол шегіп,

Ертеде өткен ерлердің
Тарықсыған нешесі-ай.
Осылайша келеді-ай
Ескі сөздің көшесі-ай.

Өтірік-ырас болса да,
Осылайша айтады
Жыраулардың нешесі-ай.
Қарабек келген уақытта,

қарабек  батыр
Ханым менен падиша
Отыр екен шай ішіп,
Қолында алтын кесесі-ай.

Былайғы аттай болсын ба,
Дүбірі шығып тұлпардың,
Құлағы шалып есітіп,
«Жалғызым ба келген» деп,

Жүгіре шықты шешесі-ай.
Дүбіріменен атының
Жүгіре шықты атасы-ай.
Аттан түсіп тұр екен,

Қарсы жүрді баласы-ай.

—Жалғызым ба едің келген?—деп,

Жазылып кетті құлашы-ай.
Құлашын жазбай не қылсын,
Көрмегелі жалғызын
Бес жыл болды арасы-ай.

Қарағы есен-сау келіп,
Қабыл болды тобасы-ай.
Сағынғаннан Зәуреней,
Баласын сүйіп жылады-ай.

Жақында тұрған адамдар
Жылай жатқан дауысын
Есіткен, білем, шамасы-ай.
«Төре келген екен» деп,

Біріне барып бірі айтып,
Күңіреніп кетісті-ай,
Азаудың біліп қаласы-ай.
Ел басшысы бір жігіт,

Осы орын болмаса,
Ноғайдың жайы белгілі
Дұшпан келсе Қарабек
Ноғайдың қалың қорасы-ай,

Әуеден жауып бораса-ай.
Жел жағының панасы-ай,
Ық жағының қаласы-ай.
Қуанар халықтың орны боп,

Кеуілінде болса санасы-ай.
Жиналып адам толыпты,

батырлар  жыры
Қарабек төре қараса-ай.

—Қарағым, есен келдің бе,—деп,

Қуанғаннан жыласып,
Көзінен ағып сорасы-ай.
Қарабек есен келген соң,
Ноғайға болды тамаша-ай.

Шешесі сүйіп құшақтап,
Мауқын басып болғансын,
Қарабек халыққа айтады:

—Жандарың есен-сау ма?—деп,

Халықтарың тиыштық жай ма?—деп,
Осыны айтып болғансын,
Шешесінен сұрады-ай:

—Жұрттың бәрі келгенде,

Көрінбеді көзіме
Ханбибіжан қайда?—деп.
Сасып қалды Зәуреней,
Былайша жауап қайырды:

—Келгеніңді білген жоқ,

Бір ауылда, шырағым,
Отыр еді тойда деп.
Қарабек сонда айтады:

—Онда кісі жіберіп,

Шапсаң алдыр, шешеке,
Жалғыз сағат қойма,—деп.
Өзің қандай сағындың,
Егізімді бір туған

Мен де сондай сағындым,
Оны бір, шеше, ойла,—деп.
Сүйдеді де Қарабек,
Енді ордаға енеді.

Атасына Қарабек
Кіріп сәлем береді-ай.
Орнынан тұрып падиша,
Қарабекті құшақтап,

Бетінен жылап сүйеді-ай.
Құшақтап бетін сүйген соң,
Бойы балқып иеді-ай.
Сүйтіп тұрып айтады:

қарабек  батыр

—Құдайдан сұрап алғаным,

Аман-есен келдің бе?
Күш-қуатым, дәрменім,
Қартайғанда қорғаным,
Шыныменен бергенін

Жаңа білдім Алланың.
Сені есен көрген соң,
Әзір өліп кетсем де,
Болсын ба енді арманым?!

Халқың менен тағыңды,
Қазына толы малыңды,
Шырағым, енді қолыңа ал!
Енді менің болғаным,

Тірі көрсет,—деп едім,
Құдай тірі көрсетті.
Білмейсің бе әкеңнің
Қартайып істен қалғанын.

Амандасып халқымен
Болғаннан соң жайласып,
Отыруға Қарабек
От басына барады-ай,

Астына мамық салады-ай.
Әкесінің айтқаны
Қарабек атты төренің
Кеуіліне ұнады-ай.

Сол уақытта Зәуреней
Баласына қарады-ай,
Ажарын қарап сынады-ай.
Сынап еді баласын,

Реңі кеткен, түсі жоқ,
Қаны қашып кетіпті.
Шошып кетіп Зәуреней,
Қамығып тағы жылады-ай.

Айналайын, жалғызым,
Мұнша түсің қашқаны,
Ханнан қорлық көрдің бе,
Биден зорлық көрдің бе?

Би есігін сақтаған
Құлдан қорлық көрдің бе?

батырлар  жыры
Жалғыз өзің болған соң,
Елден қорлық көрдің бе?
Не болмаса бір теңдесің

Ерден қорлық көрдің бе?
Атың жүрмей жаяулап,
Шөлдеп қорлық көрдің бе?
Айтшы, балам, жасырмай,

Қорлық көріп келдің бе?
Ажарыңды байқадым,
Сен бір мықты іс көрдің,
Немесе жаман түс көрдің,

Біліп тұрмын мен дейді-ай,
Кідірмей айтшы сен дейді-ай.
Сүйтіп тұрып ханымның
Көзінің жасы көлдейді-ай.

Қарабек сонда айтады:

—Білдің, ана, айтасың,

Молдада жатып түс көрдім,
Әжептәір іс көрдім,
Ер басына күш көрдім.
Түсімнің қашып келгені

Түсімнен қорқып нұс көрдім.
Осы Азау шәрімді
Бір дұшпанмен қас көрдім.
Қас деп қорыққан себебім—

Ұйықтап жатқан жерімді
Бір қызыл жел қаптады-ай.
«Жан қалмас,—деп,—бұл желден»,
Тұрған адам мақтады-ай.

Қаптауменен келді де,
Тік шәріде тоқтады-ай.
Қиратып кетіп шәрімді,
Бүкіл ноғай елінен

Қыдырып жүріп бұл балаң
Бір сау шаңырақ таппады-ай,
Сонан соң маған жақпады-ай.
Орны құрып шәрімнің

Қалған шығар деп едім,
Есен көріп қауышып,

қарабек  батыр
Қайта Құдай сақтады-ай,
Осыған балаң қысылды-ай.
Жорышы, шеше, түсімді-ай,

Жақсыға жоры ішімді-ай?!
Қорыққанымнан бұл түстен
Тартып едім ісімді-ай.
Есендікпен сен,—деді-ай,

Жұдайымда жоқ еді-ай,
Көрермін деген осындай.
Сонда ханым айтады-ай:

—Жориын, балам, түсіңді-ай,

Түсіңде көрген ісіңді-ай.
Шошынғаның бұл болса,
Бұ түсіңнен шошынба-ай.
Енді айтайын, шырағым,

Мұнан қорқып қысылма-ай.
Күніменен айта алмай,
Отыр едім жасырып,
Сені бұлай, жалғызым,

Жіберген соң қашырып.
Тілімді алмай Ханбибім
Мастық құрып сал болды-ай,
Ақылым айран дал болды-ай.

«Падишаның қызы сондай» деп,
Дабысы кетті шашылып.
Жүдә бейбақ күйледі,
Көрінгенге асылып.

Сүйтіп жүріп дұшпанмен
Кеулі кетсе қосылып,
Балама зәбір қылар,—деп,
Әкең қасқа шошынып,

Жіберді қызын асырып,
Сен кеткен соң о жаққа-ай.
Тілімізді алмады-ай,
Кетті бейбақ еркіне-ай.

Осы шәрдің адамы
Еріп кетті көтіне-ай.
Сондай бейбақ болған соң,
Шыдамадық дертіне-ай.

20–252

батырлар  жыры
«Жалғызым күйіп кетер деп,
Мұның жаққан өртіне-ай.
Жау да болса, мұны алсын,

Ел де болса, мұны алсын,
Жалғызым сен-сау қалсын» деп,
Апарып әкең қондырды,
Қасында екі жетімі

Жаудың келер бетіне-ай,
Елдің қиыр шетінде-ай.
Қаптаған қызыл жел көрсең,
Дабысы жетіп қалмаққа-ай,

Қарындасыңды алмаққа-ай.
Қызыл желдей қаптаған
Қыл жалаулы қалмақтан
Ауыр әскер қол шығып,

Бермен қаптап жүргенді-ай,
Жақын жерде жүргенде-ай,
Бермен қаптап келгенді-ай.
Ұйықтап жатып түсіңде-ай,

Соны көзің көргенді-ай.
Шырағым, оған желденбе-ай,
Шошынған түсің осыма-ай?
Осы болса, шырағым,

Бұл түсіңнен шошыма-ай!
Сол жақтан алып кетсін,—деп,
Сенен қорқып қондырдық,
Жуи көрме қасына-ай.

Егерде барсаң қасына-ай,
Қырсық болар басыңа.
Қабырғаң қатып сен әлі
Жеткенің жоқ жасыңа-ай.

Біз білеміз, шырағым,
Көмегің жоқ екінші
Бұ ноғайдан бір адам
Ермейді, балам, қасыңа-ай.

Егер тілімді алмасаң,
Келмей қалмас осым-ай.
Сен ол жақта жүргенде,
Қарағым есен келді,—деп,

қарабек  батыр
Күні-түні қайғылап,
Ағарды тұлым шашым-ай.
Сені есен көрген соң,

Кеуліміз отыр тасып-ай.
Қуанып тасқан кеуілді
Тағы кетпе басып-ай.
Кетемін десең шыныңмен,

Ата-анаңды көміп кет,
Қолыңнан беріп асын-ай.
Есен-аман сау келсең,
Бата оқырсың басына-ай.

Белгі қылып үйіп кет,
Кендірлі таудың тасын-ай.
Қарабек сонда айтады:

—Айтқаныңа иланып,

Отыр едім күнімен.
Осы сөзді, ай, шеше,
Айтамысың шынымен?!
Шынымен айтсаң кетейін,

Егізіме жетейін,
Жүріп барып түнімен.
Осы екен ғой көргенім,
Осыдан қорқып келгенім.

Шыбын жаным сау күнде
Қарағымды жарамас
Қалмаққа ұстап бергенім.
Оны беріп кәпірге,

Жарамас тірі жүргенім,
Өйтіп дәурен сүргенім,
Мұнан да жақсы өлгенім.
Лайқат емес басыма

Қалмаққа беріп қаламды,
Тең құрбымен күлгенім.
Нағылайын, ата-анам,
Осы болса білгенің?!

Қанша бейбақ болса да,
Жаман екен түрлерің.
«Кесілсін,—деп,—тілеуің,
Ата-анашым қарғапты-ай.

батырлар  жыры
Жүрейін деп қозғалып,
Киюге киім қамдапты-ай.
Тоқтайтұғын ойы жоқ,

Есідерті-кеуілі
Ханбибіге бармақты-ай.
Өзінен бұрын алардай,
Қырып тастап қалмақты-ай.

Өлемін деген ойы жоқ,
Қарындасын алмақты-ай.
Жүрейін деп қозғалса,

—Іздеме,—деп,—бейбақты,

Ата-анасы зар қақты-ай.
Ойыншық екен әшейін
Бұрынғы қайғы-уайым.
Падиша менен ханымға

Осы болды салмақты-ай.
Тілін алмай баласы,
Ханым менен падиша
Кетерін енді біледі-ай.

Бір көруге зар болып,
Ата-анасы жүреді-ай.

—Айналайын, жалғызым,

Тым болмаса қонып кет,
Бүгін қонақ болып кет,—деп,
Баласынан тіледі-ай.
Тоқтайтұғын ойы жоқ,

Ата-анасын қия алмай,
Амалсыздан түнеді-ай.
Енді ханым бейшара
Түрлі тамақ береді-ай.

Араға қосқан бал берді-ай,
Қия кескен жал берді-ай,
Майға салған нан берді-ай,
Әрбір түрлі дәм берді-ай.

Тауысып бірін ішпеді-ай,
Тегі дәмін татады-ай.
Нағылып ішсін тауысып,
Үйректің жүні өтесі,

Қардың жүні қатасы,

қарабек  батыр
Бірге туған көтесі
Қызылалаң жерде түтбесі,
Тар құрсақта бір жатқан,

Бір аяқтан дәм татқан,
Тай құлындай тебіскен,
Таласып емшек еміскен
Бірге туған егізі

Жанына жаман батады-ай.
Со күні түнеп Қарабек,
Ата-анасын қия алмай,
Амалсыздан жатады-ай.

Жатар уақыт болғансын,
Ашылмаған боқшаның
Ханым бұрышын ашады-ай,
Мамықтан төсек жасады-ай.

Ханым менен падиша-ай
Сағынып көрген баласын
Кезегімен тартқылап,
Бауырына басады-ай,

Өкпесіне қысады-ай.
Қайғыменен қартайған
Ханым менен падиша
Қайтасынан жасады-ай,

Жас адамға ұқсады-ай.
Қарабек атты ер төре
Таң атқасын жанады-ай,
Ас іш десе, ішпейді-ай,

Қысылып бала терлейді-ай.
Атбасындай сом жүрек
Сарайында кернейді-ай.
Шын кетерін білген соң,

Жылап жүріп Зәуреней,
Аршын басты Құла атты-ай
Алып келіп ерлейді-ай.

—Ерлеп болдым, жалғызым,

Кел атыңа мін,—дейді-ай.
Тіл алмасаң ертерек
Амалым бар ма, жүр,—дейді-ай.
Сүйтіп тұрып еңірейді-ай,

батырлар  жыры
Көзінің жасы көлдейді-ай.
Ғайып ерен қырық шілтен,
Шылауында жүр,—дейді-ай,

Пірлер көмек бер,—дейді-ай.
Жалғызым үшін жанымды
Қылғаным құрбан мен,—дейді-ай.
Қабыл болып тілегім,

Қарағым, есен кел—дейді-ай.
Зәуреней баласын атқа мінгізіп, далаға шығып, қасында
тұрып, жылап толғап былай дейді:

—Ай мүйізді ақ қошқар

О да сенің жолыңа-ай.
Жылқыдағы қасқа айғыр
О да сенің жолыңа-ай.
Түйедегі көк бура,

Сиырдағы көк бура,
Егіз туған көк теке
О да сенің жолыңа-ай,
Желің шыққай оңыңа-ай,

Тимегей найза қоңыңа-ай.
Алмадың тілді, жалғызым,
Көмек берер адам жоқ
Еретұғын соңыңа-ай.

Қызды болдым деп жүрсем,
Тумай кеткір қу қаншық
Туған екен сорыма-ай.
Сағынып көрген жалғызым

Тілімді алмай барады.
О, Жасаған, Жасаған,
Өзің бақ та, өзің қақ,
Жалғыздың бабын өзің тап,

Тапсырғаным қолыңа.
Жер үстіндегі әулие,
Күн көзіндегі әулие,
Мағриптағы әулие,

Машриқтағы әулие,
Бас-басыңа бір жандық,

қарабек  батыр
Сендер жәрдем бермесең,
Артында жылап біз қалдық.
Жас күнімде сүйе алмай,

Қорыққаннан алысқа асырып,
Қызығынан құр қалдық.
Ержеткен соң тіл алмай,
Тағы жылап біз қалдық.

Көзіме есен көрсетсең,
Жалғызым үшін, жан Ие-ай,
Шыбын жаным құрбандық.
Бихуш болып зарланып,

Анасы жылап қалады-ай.
Тілін алмай аттанып,
Баласы кетіп барады-ай.
Атқа мініп Қарабек,

Сиынады Аллаға-ай.
Шариғатты біледі,
Көп оқыған молдаға-ай.
Жөнелді Қарабек

Ханбибіге бармаққа-ай.
Кетсе де алып қалмады-ай,
Соғыс қылып қалмақпен
Өз қолына алмаққа-ай.

Атқан оқтай зырылдап,
Бұлдырықтай зырылдап,
Сәске мезгіл болғанда
Қар араласқан секілді.

«Ханбибі жатқан ордаға
Сапарымды оң қыл» деп,
Тіледі жәрдем Алладан.
Зырғытумен келеді,

Астындағы Құла аттың
Ағыны қатты жорғадан.
Осындай желіп келгенде,
Қарындасы Ханбибі

Жүгіре шықты ордадан,
Дүбірін естіп Құла аттың.
«Болар ма,—деп,—ағекем»,
Тағаты құрттай болмаған.

батырлар  жыры
Далаға шығып Ханбибі,
Ағасына қарады-ай.
Таныды да ағасын,

Жүгірумен барады-ай.
Түсіріп аттан алады-ай,
Бетінен сүйіп құшақтап,
Бей-жай болып қалады-ай,

Ауытқып есін танады-ай.
«Не қылдың,—деп,—шырағым»,
Құшақтап басын Қарабек,
Еңірейді баладай.

Жарты сағат болғанда
Есін жинап алады-ай.
Енді ағасын құшақтап,
Ханбибі ойбай салады-ай.

Ойбай салмай не қылсын,
Ағайын жоқ, туған жоқ,
Қу мекені құла дүз
Отырған соң далада.

Жылап жатып жанада-ай,
Көрген азар-қорлығын
Ағасына шағады-ай.
Сонда айтады Ханбибі:

—Айналайын, ағеке,

Аққұла атқа міндің бе-ай,
Ақ кіреуке кидің бе-ай,
Беліңе қару ілдің бе-ай?
Жатқанымды мен бүйтіп

Ақылыңменен білдің бе-ай?
Ұйықтап жатып немесе,
Түсіңде, аға, көрдің бе,
Біліп, аға, келдің бе?

Айналайын, егізім,
Аман-есен жүрдің бе?
Өңім бе, Құдай, түсім бе,
Өтірік пе, рас па,

Ағеке, тірі көрдім бе?
Бүгін алсаң да разымын!
Жан беруші Жасаған,

қарабек  батыр
Тілегімді бердің бе-ай?
Және айтады Ханбибі:

—Жел жағыма панам-ай,

Ық жағыма қалам-ай.
Аман-есен келдің бе,
Өлмей тірі көрдім бе?!
Айналайын, ағам-ай,

Сені тірі көрген соң,
Келіп қалдың қонаға-ай,
Іште күйік дерт болған
Шықты қайғы-сәнам-ай.

Сені тірі көрсеткен
Қабыл екен тобам-ай.
Айтайын, аға, саған-ай,
Азар берді маған-ай.

Не жазғанымды білмедім,
Не себептен, ағеке,
Ата менен анама-ай?
Сондайсың деп біреумен

Дым болмаса қоспады
Мен бейбақты жалаға-ай.
Алып келіп тастады,
Құладан ұшпас далаға-ай.

Қасыма кетті жоламай,
Ит пен құсқа жем қылып,
Өлтіріп кетті ата-анам,
Тірілей қойып молаға-ай.

Сен кеткен соң симадым,
Азау деген қалаға-ай.
Халықтан қылды садаға-ай,
Бүйтіп қойды табаға-ай.

Сұрадың ба, ағеке,
Болыппын неден арам-ай?!
Қанша бейбақ болсам да,
Биһін қылса болмай ма,

Ішінен шыққан балаға-ай.
Атам нашар болған соң,
Амалым жоқ, ағеке,
Еркек болсам олайша,

батырлар  жыры
Бұ қорлыққа көнер ме едім-ай.
Ағеке, бүгін келмесең,
Таянып едім өлерге-ай.

Жазығым жоқ, жапам жоқ,
Мойныма қоймай күнәмді,
Осынша азар бере ме-ай?!
Әрнәрсеге осындай

Рәйімі келер ме-ай?!
Ішінен шыққан баласы
Мені мұндай еңіретіп,
Қияметте ата-анам

Құдайдың жүзін көрер ме-ай?!
Мауқын басып болған соң,
Қарабек мінген Құланың
Шылауынан алады-ай,

Атын байлап қалады-ай.
Атын байлап болғансын,
Төреге төсек салады-ай.
Қарабек үйге барады-ай,

Кешке сонда болады-ай,
Со күні сонда қонады-ай.
Бірге жатқан секілді
Ішкенсін тамақ-асын-ай,

Ханбибінің қасына-ай.
Кешегі көрген түсі бар,
Түсінде көрген ісі бар.
Көзі ілініп кеткенде,

Ояна берді шошып-ай.
Түн ортасы ауған соң,
Ұйқысы келмей батырдың,
Сәскелік жерде көрінген

Қарауыл қарай барады-ай.
Қараса таудың басына-ай,
Түн ортасы ауған соң,
Қарабек атқа мінеді-ай,

Қаптама тонын киеді-ай,
Беліне қару іледі-ай,
Піріден жәрдем тіледі-ай.
Олар тегін болсын ба,

қарабек  батыр
Қыл жалаулы қалмақпен
Соғысарын біледі-ай.
Өзіне-өзі сенеді-ай,

Қорықпайтұғын ер еді-ай.
Астындағы Құла атты
Зырғытумен жөнеді-ай.
Көрінген биік со таудың

Қақ басына келеді-ай.
Қарабек тауға шыққанда,
Таң сарғайып жарады-ай.
Көз жіберіп Қарабек

Ар жағына қарады-ай.
Қаптап шыққан бұлттай
Қалың қара көреді-ай.
Не екенін байқай алмай,

Байқай алмай Қарабек
Аттан түспей жүреді-ай.
Бір азырақ жүргенсін,
Қызарды да, күн шықты.

Күн астына қараса,
Мұнара болып бу шықты.
Бу астына қараса,
Түйдектеген шаң шықты-ай.

Шаң астына қараса,
Неше жерден көтерген
Желбіреген ту шықты-ай.
Ту астына қараса,

Алқалаған кол шықты-ай,
Азғантай емес, мол шықты-ай.
Қарап тұрса сол қолға,
Дәгіре ду-ду үйреткен,

Майланбасын сүйреткен
Түймелі тон кигендер,
Түрегеліп сигендер,
Мылтығына от басқан,

Қарамайы боқ сасқан,
Мінгені кілең жалды аттар,
Қатар-қатар әскерлер
Қалмақ екен қаптаған,

батырлар  жыры
Қарабек соны көреді.
Сол жығынның алдында
Бір ірі қалмақ келеді.

Ірілігі сондай бар,
Басқанынан жер қорыққан,
Қайратынан ер қорыққан,
Айбатынан ел қорыққан.

Асқар таудай айбаты,
Пенде шыдар жан емес.
Беденіне ылайық,
Толық болса қайраты.

Қарсы алдына қараса,
Екі көзі ұрадай,
Танауына қараса,
Тамға біткен жырадай.

Беденіне қараса,
Биік біткен нұрадай.
Қара арғымақ астында-ай,
Сонша қолдың алдынан

Жалғыз келіп құлады-ай.
Ерден ердің қаупі бар,
Қарабекті көрді де,
Кідіріп қарап тұрады-ай.

Сол қалмақты көрген соң,
Қарабек атты төреңіз
Қара құрттай толыпты-ай.
Бір өзінің айбаты

Мың кісідей болыпты-ай.
Қорқатұғын батыр ма,
Кідіріп қалған қалмаққа
Өзі барып жолықты-ай.

Діні қара болғансын,
О да сәлем бермейді-ай.
Өзі батыр болғансын,
Бұ да сәлем бермейді-ай.

Қашанғы тұрсын тілдеспей,
Сонда қалмақ сөйлейді.
Сөйлеп еді мазақтап
Қарабектей батырды,

қарабек  батыр
Ит санындай көрмеді-ай.

—Беденіңе қарасам,

Сен бір жүрген лашын,
Жетпеген жасың баласың,
Бас білмеген данасың.
Ер қаруы бес қару

Мұны асынып аласың.
Қарсы жүріп жығынға,
Байқайын деп тұрмысың
Қайратыңның шамасын?

Көпсінбей тұрсың қарасын,
Осы күнде кеуілің
Мың кісіге бір кісі
Жалғыз өзің боласың.

Бізбенен ұрыс саласың,
Осы қолды қырасың.
Бұ жығынды қырмасаң,
Алдымда неге тұрасың?

Менен басқа қалмақтың
Бірі де сөзге түспейді,
Бірінен өліп қаласың.
Тұсынан жығын өткенше,

Жасырынып қалуға
Сорлы таппай келдің бе
Биік таудың мирасын,
Терең сайдың жырасын?

Жөнің айтшы, жас бала,
Қай сапарға барасың?!
Жолаушы болсаң келеатқан,
Әлі де болса кейін қайт,

Менің айтқан расым!
Қарабек сонда айтады:

—Ақ кіреуке денемді-ай,

Алмасым бар белімде-ай,
Білдірейін кеулімді-ай.
Дұшпан көрмес деп жүрмін,
Есен болсам шенімді-ай,

Қорғармын мен елімді-ай!
Әй, қалмағым, тар айтпасам келімдай,

батырлар  жыры
Көрсетермін көріңді-ай,
Соймаққа тұрмын теріңді-ай!
Ит пен құсқа жем қылып,

Тастауға тұрмын денеңді-ай!
Осы арадан қайтпасаң,
Қырмаққа тұрмын ойланып,
Қоймай қалмақ біріңді-ай,

Қылармын тұтам күніңді-ай!
Тоғайыңды аралап,
Аяғымен атыңның
Жерімнің дүзін жаралап

Өзің қайда барасың,
Атаңа нәлет дінсіз құл,
Білдірші маған жөніңді-ай?!
Сонда қалмақ айтады:

—Қалмақтың халқын билеген,

Дұшпан қорқып тимеген,
Өмірде азар көрмеген
Қабылан атты төремін.
Ерегескен дұшпанды

Алмаспенен бөлемін.
Әлгі сөзді шын айтсаң,
Осы арада қозғалтпай,
Қазбай жерге көмемін.

Неге десең, себеп бұл—
Қайратыма сенемін,
Сөйтіп өлім беремін.
Менің жүрген себебім:

Азау ноғай қаласы,
Кәдірхан атты падишаның
Ұлы мен қызы бар,—дейді.
Қызы сондай сұлу,—деп,

Есіткен соң даңқын мен,
Қалың мал жоқ, той мал жоқ,
Орамал жоқ, жыртыс жоқ,
Үйге кірсе ілу жоқ,

Сегіз қатын үстіне
Тоқалдыққа алмаққа,
Іздеп соған бармаққа,

қарабек  батыр
Келемін соны алмаққа!
Қарабек сонда айтады:

—Мен де жөнімді айтайын,

Азау ноғай елі едім,
Ханнан туған төре едім.
Аз да болсам көп едім,
Жалғыз жүрген басымды

Мың сан қолға теңедім.
Он бес жасар күнімде
Өлтіруге тіледім.
Тілегенім себебі—

Жатсам-тұрсам Құдайдан
Жанжал еді тілегім.
Дұшпан іздеп жүр едім,
Тартқышыл еді білегім.

Қалмақ, айтқан сөзіңе
Сескенбейді жүрегім.
Кәдірханның баласы,
Іздеген қыздың ағасы

Қарабек сұлтан мен едім.
Өз әкесі өлгенде,
Шошқа сойып, ас берген,
Үлкеніне бас берген,

Атаңа нәлет дінсіз құл,
Қалай-қалай сөйлейсің,
Кімді алайын деп едің?!
Сонда қалмақ айтады:

—Үйдеме, бала, үйдеме,

Олайынан сөйлеме-ай!
Бұ сөзіңді жөндеме,
Бұлайша айтып боқ жеме-ай!
Кеуілің шығар, бейшара,

Мені өзіңмен тең деме!
Жап-жас қана басыңнан
Сен деме, сен, мені-ай!
Шыныменен айтсаң бұ сөзді,

Шыбын жаным сау күнде
Намысым кетпес пендеге-ай!
Біздің елді бұзарға

батырлар  жыры
Келтіріпті жасында
Сенің әкең Кәдірхан.
Мені әкеңнен кем деме,

Әкеңнің жасы жеткен-ді,
Күш-қуат кеткен-ді,
Желпітпеймін өңгені-ай.
Шынымды саған айтайын,

Мен қыл жалаулы қалмақпын.
Қайт десең де бармақпын,
Қарындасыңды алмақпын.
Ерегессең менімен,

Көз алдыңда қылмақпын.
Бермеймін деп тырыссаң,
Торғайдай мойның жұлмақпын,
Ноғайыңды қырмақпын!

Маған таман кел,—дейді,
Қайратымды көр,—дейді,
Қашаннан бері іздеген,
Жау тілеген бейбақпын.

Қарабек сонда айтады:

—Былшылдама, қалмағым,

Қиын-ды қызды алмағың,
Біздің елге бармағың!
Батпансыма, қалмағым,
Шыныменен ұмтылсам,

Қамшыдан жеңіл салмағың!
Аузыңды басқан жүнің бар,
Шошқадан жаман дінің бар,
Удан ащы тілің бар.

Сірә, қалмақ, өлерсің,
Жетіп тұрған демің бар,
Қайтпайтұғын түрің бар.
Сен сенесің жығынға,

Мен сенемін Аллаға.
Және екінші сиынған
Менің жеті пірім бар.
Ұрыспай қайт, қырылмай,

Астымдағы Аққұла ат
Шапқан сайын зырлайды-ай.

қарабек  батыр
Құдайдың берген қайратын
Бүгін біреу ұрламай.
Сен көптігіңе сенесің,

Бір көкжал бөрі кез келсе,
Қоралы қойды қырмай ма-ай?
Сонда Қаблан айтады:

—Бұ сөзіңнің, Қарабек,

Бәлеге мықтап қаларсың
Бекер отқа жанарсың.
Мен қамданып ұмтылсам,
Есіңді барша танарсың.

Бұрын-соңды көрмеген,
Бұл арадан жүрмеген
Адасармын деп едім,
Қайта дүзу келген қабарсың,

Аулыңды тура табарсың.
Жуықтаған кезгіде,
Аулыңа озып шабарсың.
Қарындасың Бибіні

Алып келіп қойныма
Өз қолыңнан саларсың.
Қайтқанымша ауылға
Қызметке тұрарсың.

Керегі жоқ қатынның
Өзің-ақ жеңге боларсың,
Қолыма суды құярсың.
Қылмаймын десең мұнымды,

Бейшара, өліп қаларсың.
Қарабек сонда айтады:

—Былшылдама, қалмақ-ай,

Басың менен бір түсер,
Домаланып саяңа-ай!
Өзі болған ер жігіт
Жасанған жаудан таяма-ай?!

Қайратың болса аямай,
Мықтылығың құр күмпиіп көтерген,
Көкірекке қарамай.
Мен айтамын жанада-ай,

Келеріңді сезіп-ай,
21–252

батырлар  жыры
Алдыңнан шықтым кезіп-ай.
Мен шыққанда алдыңнан,
Бәрекелді қалмағым,

Келуіңнің тезін-ай.
Қыз аламын деп жүріп,
Басыңа жетіп жүрмесін
Бұтыңдағы безің-ай.

Әлде болса қайт, доңыз,
Қайтсаң онда тимеймін,
Жаның сауға өзіңе-ай.
Сонда Қабылан күледі-ай,

Күле сөйлей береді-ай:

—Бұл сөзіңнің, Қарабек,

Білмей тұрмын қалайын?!
Жап-жас қана баласың,
Көмегің жоқ қасыңда,
Қырамын деген сөзіңе

Мен не қылып нанайын?
Шыныменен айтсаң онда сен,
Қолымдағы көк сүңгі
Көтеріле салайын.

Алты аршын ақ балдақ
Қара қанға малайын,
Бауыздап қойдай шалайын.
Сенен де ірі дұшпанның

Жайратқанмын талайын.
Қалжыңға айтсаң бұл сөзді,
Аулыңа ертіп барайын,
Мұнымды да айтып қарайын.

«Қалың мал жоқ, той мал жоқ,
Орамал жоқ, жыртыс жоқ,
Үйге кірсе ілу жоқ» деп,
Өкпемен айтсаң бұ сөзді,

Азаудағы ноғайды
Бағындырып алғансын,
Қалың малың сол болсын,
Беретұғын салығың,

Әкім қойып үстіңе
Өз қолыңнан алайын.

қарабек  батыр
Меніменен бас қосқан,
Қайырсыз болмас панайым.
Қор болмассың жалғанда,

Болсаң да менің малайым.
Бұл сөзіне Қарабек
Күйіп кетті сор қасқа-ай.
Он алты өрме қамшымен

Астындағы Аққұла ат
Тартып кетті жамбасқа-ай.
Қол қояды жанында
Қынапты ағытып,

Балдағы дәнден алмасқа-ай.
Шыныменен Қарабек
Қимыл қылған секілді-ай,
«Келсең, бәлем, кел» дейді-ақ.

Қабылан да бұған жұлқынды-ай,
Бір-біріне ұмтылды-ай.
Екеуі де ерлердің
Ет арқасы құрысты-ай.

Қарабек төре ұмтылды-ай,
«Алла, оңғар,—деп,—бұл істі-ай».
Екеуі де жанынан
Суырып алды қылышты-ай.

Бірін-бірі шапқылап,
Қылыштасып ұрысты-ай.
Үстіне киген сауытқа
Қылыштары өтпеді-ай,

Әрмен кесіп кетпеді-ай,
Сырғанап барып жылысты-ай.
Қайтасынан батырлар
Қынапқа салып қылышты-ай,

«Тайма, бәлем» деседі-ай,
Таймаласа қалады-ай.
Қашпа, бәлем, десе де,
Қашпаласа қалады-ай.

Жанындағы көк сүңгі
Толғап қолға алады-ай,
Қарсы шауып барады-ай.

батырлар  жыры
Бара найза салады-ай,
Екеуінің күшімен
Астындағы аттары

Шөге жата қалады-ай.
Және тағы найзасы
Ақ сауытқа өтпейді-ай,
Иіліп қармақ болады-ай.

Тастай беріп найзаны,
Алты атқа алған әңдірген
Керіп созып алады-ай.
Қарсыласып екеуі,

Тартып келіп салады-ай.
Екеуінің оғы да
Турасынан барады-ай.
Ақ сауытқа өтпеді-ай,

Қайта соғып оқтары,
Кейін қаңғып барады-ай.
Тастай беріп садақты,
Тарс еткен де қорс еткен,

Корс еткенде қан шыққан,
Қанға ере жан шыққан.
Жау талауы ақ өрме
Сыпырып бастан алады-ай.

Бірін-бірі көздесіп,
Басып келіп салады-ай.
Екеуінің оғы да
Қақ жүректен қонады-ай.

Қонғанменен өтпейді,
Құмалақтай қорғасын
Сауытқа тиіп тырс етіп,
Жаншылып түсіп қалады-ай.

Асынып жүрген қаруы
Тегіс мұқал болады-ай.
Асынып жүрген қаруы
Тегіс мұқал тауыпты-ай.

Сонда есіне түседі,
Тақымында тұр екен
Алтын сапты айбалта.
Айбалтасын алысты-ай,

қарабек  батыр
Шарадай басқа шабысты-ай.
Дулығаға өтпеді-ай,
Әрмен кесіп кетпеді-ай.

Сырттан киген, әшейін,
Жадағайға жабысты-ай.
Тастай беріп балтаны,
Жағаласа қалысты-ай.

Ат үстінен алысты-ай,
Бірін-бірі тартысты-ай.
Күштеріне шыдамай,
Екеуінің тұлпары

Лыпа жата қалысты-ай.
Найзаның ұшы қайрылды,
Масақтың ұшы майрылды-ай.
Жағасынан алғанда,

Жаға берен болғанда,
Бадана көзді көк сауыт
Жік-жігінен дырылдап,
Байрақтай жаман айрылды-ай.

Қылатұғын қайратын
Ат үстінен тауысты-ай.
Екеуі де ерлердің
Бермеймін деп намысты-ай,

Аттан түсе қалысты-ай.
Белге тұсау салысты-ай,
Жаяу түсіп алысты-ай.
Іштерінен шалысты-ай,

Бармақтары майысты-ай,
Қабырғасы қайысты-ай.
Ертең келген екеуі
Сәскеге шейін алысты-ай.

Ұлы сәске болғанда,
Қалмағыңнан әл кетті-ай,
Қабылан ердеп сән кетті-ай.
Бала да болса Қарабек

Жәрдем беріп жеті пір,
Сол уақытта ержетті-ай,
Әлсіретіп меңдетті-ай.
Меңдегені емес пе,

батырлар  жыры
Тұра қалып қысқанда,
Аузынан қан кетті-ай.
Қаһарланып қысқанда,

Шыңғырып даусы шығады-ай.
Дауыс шыққан себебі:
Иә, пірім, қысқанда,
Қабырғасы сынады-ай.

Сынғанын біліп Қарабек,
Сілтеген жоқ, шалған жоқ,
Қоя берсе босатып,
Бейне бөлек нұрадай

Қабылан сонда құлады-ай.
Үстіне төре шығады-ай,
Шығып кеулі тынады-ай.

—Енді жайың қалай?—деп,

Қалмақтан төре сұрады-ай,
Қабыланды Құдай ұрады-ай.
Өзің біл деп Қабылан ер
Астында жатып жылады-ай,

Ең ірісі тайланды-ай,
Қабылан тасқа байланды-ай.
Байлаған соң мықтысын,
Төренің кеулі жайланды-ай.

Қабылан атты қалмақтың
Ойбайлаған даусына
Бүкіл қалмақ жиналды-ай.
«Болмады» деп қиналды-ай,

Енді қалмақ жиналды-ай,
Жығыны кетпей айналды-ай.
Тегіс шауып бармаққа,
Босатып тірі алмаққа

Қалмақ мұны ойлапты-ай.
Ұрысарын білді де,
Ерлеп атын қайтадан,
Қаруын түзеп байланып,

Қарабек те сайланды-ай.
Қара тасқа байланып,
Қабыланның жаны қиналды-ай.
Қарабек енді өз басын

қарабек  батыр
Мың сан қолға шақтады-ай.
Көп екен деп сескеніп,
Атының басын тартпады-ай.

Жекелеп ерге шығуға
Жалғыз қалмақ батпады-ай.
Адамын жиып топтады-ай,
Мылтықтарын оқтады-ай.

Жалғыз жүрген балаға
Мың сан қалмақ қаптады-ай.
Түтеніп тұрған мылтықтан
Сонда да Құдай сақтады-ай.

Қарабек сонда айтады
Сиынғанмын, Алла деп,
Алла, ісімді оңда деп.
Түтенген мылтық ішінен,

Пірлер, өзің қорға деп,
Әруағым, зорла деп.
Жәрдем болып Жасаған,
Қалмақтарды қорла деп.

Пірден жәрдем тіледі-ай,
Аққұла атқа мінеді-ай,
Қаруын белге іледі-ай.
Зеңбіректің оғына,

Қалмақтың қалың шоғына
Қарсы алдынан барады-ай.
Со жығынды Қарабек
Ортасынан бөледі-ай.

Есік қылып жөнеді-ай,
Қарабек атты төре де-ай
Қайратына сенеді-ай.
Тілегін Құдай береді-ай,

Қайратын қалмақ көреді-ай.
Қарсы келген қалмақты
Қақ маңдайынан бөледі-ай.
Жөнеле қашқан қорқағын

Желкесінен бөледі-ай.
Қаптап тұрған қалмақты
Қайыққа шыққан сазандай
Түйреп тастап келеді-ай.

батырлар  жыры
Бастан шапқан белгісі-ай,
Шигідеден шапқан үлгісі-ай.
Бетте қалды мың кісі-ай,

Ойда қалды сан кісі-ай.
Жауды жеңген ұрысып,
Ол ерлердің жүлдісі-ай.
Қара қанға боянды

Қолындағы сүңгісі-ай.
Атайын деп қалмақтар
Зеңбірекпен топ алды-ай,
Ата алмай қорқып құр қалды-ай.

Қарабектің сүңгісі
Көбікті қанға былғанды-ай.
Қалмақтан келген ауыр қол
Әрмен-бермен ырғалды-ай,

Қалмақты төре қырғанды-ай.
Талай қалмақ қырылып,
Алғаны елде тұл қалды-ай.
Қарсы келген қалмақты

Турап кетіп барады-ай.
Жіліншіктен қан ағып,
Бір қара ылди толады-ай.
Өңкей қарға жиналып,

Өлімтікке қонады-ай.
Қыл жылаулы қалмаққа
Бір аласат болады-ай.
Қыл жылаулы қалмақтың

Қабырғасы сығылды-ай.
Бір баладан қорыққанынан,
Шыбын жаны шығады-ай.
Аттарын тастап көбісі,

Кезек тасқа тығылды-ай,
Көзінің оты ұрынды-ай.
Жеті туы бар екен,
Екі күнде жығылды-ай.

Рас болса айтуы,
Қанша қалмақ болса да,
Бес мезгілде қырылды-ай.
Ерлік деген осы ма-ай,

қарабек  батыр
Дұшанның кеулін басып-ай,
Өзінің кеулі тасыды-ай.
Қырық мың жығын қалмақтан

Қайраты кетті осылай.
Шыбын жаны сау болса,
Дұшпаннан қорықпас шошып-ай.
Қалмақты қырып болған соң,

Қайта шығып барады
Қараша таудың басына-ай,
Барайын деп жақындап
Қабылан ердің қасына-ай.

Тілегін Алла береді-ай,
Кеуілін бірлеп Қарабек
Тауға шығып жөнеді-ай.
Тауға шығып болғансын,

Енді артына Қарабек
Бұрылып қарай береді-ай.
Көзін салса артына,
Қайнаған қара бұлттай

Қалмақ қаптап келеді-ай.
Көптігінде есеп жоқ,
Артынан қаулап өнеді-ай.
Манағыдай екі бар,

Бұрынғы қол да көп еді-ай,
Қарабек мұны көреді-ай.
Мұның жөнін айтайын
Бұл ерік кеуде ер екен,

Ерінгенде би екен.
Өзі табынан озған нұр екен,
Қыл жалауы қалмақтың
Бір тәбия елі екен.

Осы қалмақ бастығы
Ақжан деген ер екен,
Келе жатқан сол екен.
Ханбибі қыз туғансын,

Есіткен екен дабысын.
Мен аламын десіпті-ай
Екеуі де сыртынан.
Қабылан менен Ақжан ер

батырлар  жыры
Талас қылып жүр екен,
Келе жатқан сол екен.
Кіреуке киіп демуі-ай,

Қаруын іліп беліне-ай,
Қан піседі екен деміне-ай.
Қорқады екен ақырса,
Дұшпан келмей о еніне-ай.

Онан бұрын алмаққа
Келген екен ер Қабылан,
Ол аттанып кеткенде
Бір дұшпанның еліне-ай.

Қалай екен шамасы
Түсінсіңдер жанын-ай.
Еліне дұшпанның кетеді екен,
Дабысы талай халыққа жетеді екен.

Соғысса, батырлардың бірі өледі,
Ұрыспай жүре берсе не етеді екен.
Қайраты әр қалмақтан артық екен,
Садағын Ақжан батыр тартқан екен,

Тоғыз қат қара тастан өткен екен.
Айбатты жайсаң екен кеулі желдей,
Тоқтамай қайратына бұ да сенді-ай.
Қырылған жығынды көзі көрді-ай,

«Қорықпа» деп әскеріне қайрат берді-ай.
Ақжан ер іркілмеді оныменен,
Төреге Қарабектей жалғыз келді-ай,
«Көрейік қағыстырып екі ерді-ай».

Ақжан ер дағы Қарабекке
Тоқтаусыз былайша деп қайбарды-ай.
Қабылан мен Ақжан екеуі екі қалмақ екен. Екеуі екі елді
сұрап отырған екен. Кәдірханның жасы алпысқа жетті. Әр

нәрсенің уақыты бітті. Бұрын патша болғанымен басынан
дәурен өтті деп, айналасындағы қалмақтар шауып алам деп
сырттан бағып отыр еді. Бір күндері есітті Кәдірханның ұлы,
қызы бар деп. Қызы артық сұлу деп даңқы қалмаққа жайылып,

Қабылан менен Ақжан екеуі бәсеке қылып, біреуінен-біреуі

қарабек  батыр
бұрын алмаққа даярланып жатқанда, Ақжанның сүрікпен аты­
сып жүрген жауы бар еді, соның жүрейін деп жатқанында сүрік
бітіп қалып, соған бармасқа лажы болмай, Қабыланға адам жі­

беріп еді.

—Мен жаудан қайтып келгенсін, бірдей аттанып Кәдір­

ханның қызын жеңгеніміз алайық. Елге келіп қатын, бала­
ны шулатып жатқанның реті болмас,—деп еді. Оны Қабылан
тыңдамай, аттанып кетіп қалып еді. Жауды жеңіп елге келсе,
Қабыланның кеткенін есітіп, елге қайрылмастан «әскерімен

қарсы соғармын» деп жүре беріп еді. Мұнда келсе Қабыланның
әскерінің қырылып қалғанын көрді. Өзінің тасқа байланып
жатқанын көрді. Қырылған әскерді көріп, Ақжанның әскері
кейін тұрып қалды. Қорыққанынан Ақжан іркілмеді, жүре

берді. Ақжан да бұрынғы ерлердің бірі еді. Оның ерлігі мынау
еді. Сол кезде қалмақта тастан оғы өтетін Қабартин қалмақ пен
Ақжанның оғы өтетін еді. Мұсылманда Едігенің оғы өтетін еді
дейді. Бұлар еш нәрседен қорықпайтын еді. Қарабектің ер жет­

кенін, Қабыланның әскерінің қырылғанын білді. Қайратын да
көзі көрді. «Неде болса Қабылан өлді деп, кейін қашқаным бол­
мас» деп, Қарабекке бұлай деп сөйлеп берді.
Ақжан сонда сөйлейді:

—Руың ноғай ел ме едің?

Азау ноғай қаласы,
Кәдірханның баласы
Қарабек төре сен бе едің?
Сен бала да болсаң ер едің,

Байқап тұрмын мен,—дейді-ай.
Намысты қолдан бермедің,
Мен жөнімді айтайын,
Қарындасың Бибіге

Ашық болған сыртынан
Ақжан қалмақ мен едім.
Сен жау ізденіп жүр ме едің,
Қаблан ердің жығынын

Тегіс қырып салыпсың.
Қайраты асқан жасынан
Сендей ерді көрмедім.
Байқап тұрмын түсіңді,

батырлар  жыры
Сен бір жүрген бидайық.
Ер екенсің, Қарабек,
Жолдасың жоқ қасыңда,

Жүріп жалғыз шұнайып,
Жана салсам көрімді,
Еш нәрседен шошынбай,
Тасып тұрсың сынайып.

Екеуміз де, Қарабек,
Пірден көмек сұрайық.
Қорқақ иттей мұңайып,
Қашанғы қарап тұрайық.

Ішіне жанның ұрайық,
Ұрыс-дүкен құрайық,
Күшімізді сынайық.
Қабылан өліп қалды,—деп,

Келіп қайтып қашқаным,
Басыма болмас лайық.
Есіктің алды жүлде өзек,
Өтуіңе өр өзек.

Жылқыда бар қу тезек,
Түйеде бар желбезек.
Келмей жатып, Қарабек,
Сөз сөйледім тіл безеп.

Қалмақ та болсам, шырағым,
Сақалымның ағы бар,
Үлкендігім тағы бар,
Құдайдың берген бағы бар.

Өліп кетсем осыдан,
Қалған халқым сағынар.
Ақылым тұрса басымда
Маған дұшпан не қылар?

Таймайтұғын ер болсаң,
Қарсы қарап тұр!—дейді.
Қалаған жерден атайын,
Менен болсын бұл кезек.

Ескен самал тынады-ай,
Сол уақытта Қарабек
Пірден жәрдем сұрады-ай.
Қашатұғын қатын ба-ай,

қарабек  батыр
Таятұғын батыр ма-ай.
Астындағы Құлада-ай,
Атының мойнын бұрады-ай.

«Кезегін Ақжан алсын» деп,
Қарабек қарап тұрады-ай.
Қарабек қарап тұрған соң,
Желігіп тұрған Ақжан ер

Қорамсаққа қол салды-ай,
Азғантай салмай, мол салды-ай.
Суырып алған қу жебе
Көп оғына жол салды-ай,

Шақыр-шұқыр еткізді-ай.
«Қақ жүректің басы деп,
Өлер жерің осы деп,
Өкпеліктің тұсы деп,

Құрысын иттің жасы деп,
Іздеп жүрген осы деп,
Дұшпан деген осы деп,
Аққұла аттың басы» деп,

Айқай салып қышқырып,
«Осы оғымнан шошы» деп,
Тартып келіп қалады-ай.
Зырлауменен барады-ай,

Қақ жүректен қонады-ай.
Тоғыз қабат торының
Сегізінен ағады-ай.
Біріне оғы жеткенде,

Сиынып жүрген пірлері
Қолыменен қағады-ай.
Егер пірлер болмаса,
Төре жазым болады-ай.

Қайратына Ақжанның
Сонда кеулі толады-ай.
Мың кісідей көрінді
Ақжан ердің қарасы-ай.

Жалғыз атқан оқпенен
Жыртыла жазды жағасы-ай.
Осындай-ақ оқ тартар
Бір пенденің баласы-ай.

батырлар  жыры
Ар жағына өтуге
Келмей қалды шамасы-ай.
Қайтып келсін шамасы-ай,

Қолыменен қаққан соң,
Қарабектің бабасы-ай.
Егер баба болмаса,
Қарабек атты төреге

Болып еді тамаша-ай,
Өлтірер еді ырысы-ай.
Қарабек сонда сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді:

—Атаңа нәлет, Ақжан ит,

Сен де жүрген ер,—дейді-ай,
Мен де бір жүрген ер,—дейді-ай,
Ерді өзіңдей көр,—дейді-ай.
Қалаған жерден атайын,

Кезегімді бер,—дейді-ай.
Ат басындай жүрегім
Сарайында-ай кернейді-ай,
Мені кісі жеңбейді-ай.

Неге десең себеп бұл—
Мен атқанда сен түгіл,
Бір қара тау көлбейді-ай.
Атқан оғын байқасам,

Шапқан аттай еңірейді-ай.
Мінген арбаң күймелі-ай,
Киген тоның түймелі-ай.
Мен атқан соң осыдан,

Қырылмасам қарымнан,
Айрылмасам барымнан,
Атаңа нәлет, қалмағым,
Көрсетпеспін дүниені-ай.

Хақ Тағала Құдайым,
Ерлерді артық жасады-ай,
Ерлер неден сасады-ай.
Ақжан да батыр ер екен,

Қарсы қарап төреге:

—Атсаң, бәлем, ат,—дейді.

Омырауын ашады-ай,

қарабек  батыр
Сол уақытта Қарабек
Қорамсаққа қол салды-ай,
Қозы жаурын оқ алды-ай.

Суырып алған қу жебе
Көп оғына жол салды-ай.
Шақұр-шұқыр еткізді-ай,
Қарына таман жеткізді-ай.

«Қалмақ ердің қасы деп,
Қақ жүректің басы деп,
Өлер жерің осы деп,
Өкпеліктің тұсы деп,

Құрысын иттің жасы деп,
Дұшпан деген осы деп,
Іздеп жүрген асы деп,
Дұшпан деген осы» деп,

Керіп-созып оқ атты-ай,
Құдай берді бір бақты-ай.
Толқысып тұрған Ақжанның
Қолтығынан оқ ақты-ай,

Және тастан жан ақты-ай.
Оған тоқтар қайрат па-ай,
Ар жағынан жел қақты-ай.
Қисық біткен қарағай

Бұтақтан қиып құлатты-ай.
Жолындағы теректің
Бірталайы құлапты-ай.
Тоқтамай оғы ұзапты-ай,

Біраз жерге ылақты-ай.
Оқ тоқтаған мезгілде,
«Лай лама лауһ» деп,
Ақжан батыр қалмағың

Астындағы Бозаттың
Теріс жағынан құлады-ай.
Түсе сала Қарабек
Кеудесіне қонады-ай,

Киімін жаудай тонады-ай.
Сақалынан бір ұстап,
Қорқыратып шалады-ай.
Себебі болды төреден,

батырлар  жыры
Жанын Құдай алады-ай,
Бір тамаша болады-ай.
Қыз іздеген Ақжан ер

Бір төбенің басында,
Құзғын, қарға қасында
Көмусіз жатып қалады-ай.
Осылайша қалмақты

Жайғастырып салады-ай.
Қасындағы әскері
«Қайда екен,—деп,—Қарабек»,
Соған тіктеп қарады-ай.

Көрінбейді қарасы-ай,
Түстік жердің шамасы-ай.
Сол арадан көрініп,
Шаңы шығып барады-ай,

Қабыл болып тобасы-ай.
Қырық мың жығын әскерге
Баланың келді шамасы-ай,
Жар болғансын бабасы-ай.

Өлемін деген ойда жоқ,
Соғысқанын қалмақпен
Көреді төре тамаша-ай.
Қасындағы Ақжанның

Қашқан екен әскері.
Көзін салса Қарабек,
Көрінбейді қарасы-ай.
Қуа түсіп қумады-ай,

Болғансын ұзақ арасы-ай.
Есіз еді Қарабек,
Пірі жәрдем болғанды-ай.
Ақжанның басын алған ғой,

Қырық мың жығын қалмақты
Жалғыз қырып салған ғой.
Іренжіп тұр кеуілі,
Әлгі кеткен қалмақпен

Ұрыса алмай қалған ғой.
Жуықта болса қуғандай,
Көрінбейді жұда ұзап,
Кеткен екен әрмен ғой.

қарабек  батыр
«Енді қуып болмас» деп,
Қарабек қайтып келеді-ай.
Байлап қойған Қабыланға

Келіп еді Қарабек,
Жайнап отыр ер Қабылан.
«Өлер емес,—деп,—жуырда-ай,
Шабайын деп Қарабек,

Жанындағы алмасын
Қия тартып суырды-ай.
Қабылан атты қалмақтың
Заманасын қуырды-ай.

Суырарын суырып,
Шабуға кеулі ұнатпай,
Суырып алған алмасын
Қайта салды қынапқа-ай.

Шабады деп жанынан
Тұр еді Қабылан безіп-ай.
Сол уақытта төренің
Ой түседі өзіне-ай.

Ойлап тапқан, қараңдар,
Қарабек ердің сөзін-ай:
«Жолдасым жоқ халқымнан,
Жалғыз шықтым кезіп-ай.

Осыншама қалмақты
Қырғанымды білмейді,
Жалғыз ноғай сезіп-ай.
Өлтірмей-ақ Қабыланды

Тірілей айдап барайын,
«Көп жығынды қырдым» деп,
Ерлігіме сендіріп.
Тарта жүрсін аяғын,

Азаудағы ноғайдың
Көрсетейін көзіне-ай.
Осылайша болмаса,
Жалғыз атты қасқаның

Кім нанады сөзіне-ай.
Қарабек сонда ойлайды-ай,
Құлдың көзі жайнайды-ай,
Бүйтіп соры қайнайды-ай.

22–252

батырлар  жыры
Айтарын біліп төренің
Бармағын барша шайнады-ай,
Қарабек онан таймайды-ай.

Қара атына қосақтап,
Шылбыр менен байлайды-ай.
Жалаң аяқ, жалаң бас,
Тау менен тасқа Қарабек

Ет асқан үйдің итіндей
Діңкілдетіп айдады-ай.
Жалаң аяқ, жалаңбас
Тау мен тасқа айдайды-ай,

Үстінде жоқ киім-ай.
Найзаменен шабақтап,
Қуаласа Қабылан ер
Сыдырады киіктей.

Көптен бері ас ішпей,
Түскен, білем, күйіне-ай.
Жүгіргені соншама,
Айдап еді бесінде,

Намаздігер болмай-ақ
Жетіп келген секілді
Манағы жолда отырған
Ханбибі апаң үйіне-ай.

Сол уақытта Ханбибі
Далаға шығып жүр еді-ай.
Келе жатқан ағасын
Анадайдан көреді-ай.

Алдындағы қалмақтың
Ірі екенін біледі-ай.
Со қалмақтан қорыққан,
Ағасына еңіреп ақыл айтып келеді-ай:

—Ағеке, сенің өзің баламысың,

Есіңді балалықпен танамысың,
Қалмақты аулаққа айдап барамысың?
Не пайда, айтқаныма нанамысың,
Өлтірмей, әлгі күнде, о доңызды,

Қызына қатынымен ноғайлының
Дуданнан айқас қылып саламысың?
Япырма-ау, ойлап тұрсам,

қарабек  батыр
Ағам жас па-ай?!
Немесе қайратына болған мас па-ай,
Ағеке, қайратыңа мұнша таспай,

Атадан сорлы туған жалғыз қасқа-ай,
Кімің бар ойлап қара, менен басқа-ай.
Саған, жоқ, атам ба нашар,
Әшейін ортақпын киер киім, ішкен асқа-ай,

Сен неге сенесің дінсіз насқа-ай?
Босанып жазым қылса өз басыңа,
Еңбегің, бұ қайратың кетер босқа-ай!
Қорқамын, тірі әкетпе тілімді алсаң,

Жүргізбей осы арадан қиып таста-ай.
Осыны айтып Ханбибі,
Қасына жақын келеді-ай.
Ханбибіні көрген соң,

Байлауда тұрған Қабылан ер
Толғап сөйлей береді-ай:

—Үйдеме, жаным, сабыр ет,

Ханбибі, жөнімді айтайын,
Ауыр әскер қол жинап,
Шықтым елдің шетінен,
Сенің жаққан өртіңнен,

Бәрі сенің дертіңнен.
Ет кесіп те алсаң етімнен,
Арызыңды айттың ,—деп,
Шығарсаң да кентімнен,

Сүйермін деп келіп ем
Албыраған бетіңнен.
О дегенге жетіп едім
Найзаменен шабақтап,

Ағаң қуып артымнан,
Кетіп келдім еркімнен.
Айрылдым ажар-көркімнен,
Сенің үшін осындай,

Жығынымды қырдырдым.
Бәрін қылған Қарабек,
Сенің ағаң нар,—дейді.
Сені көзім көрген соң,

батырлар  жыры
Хақ Тағала Құдайдан
Көп үмітім бар,—дейді.
Енді алсам арман жоқ,

Сен ақсүйектің баласы.
Атаң сенің хан,—дейді-ай,
Қысылып келді жан,—дейді-ай.
Асыл болсаң ақсүйек,

Бір қасық менің қанымды
Сауғаға тілеп ал,—дейді-ай.
Есігіне келген соң,
Ханбибі тіккен орданың

Өлі-тірі болсам да,
Болсын ба енді арманым.
Айналайын, Ханбибі-ай,
Етегіңнен алғаным,

Кесемін десең, өзің кес,
Мойнымды саған салғаным.
Сен бір қара бұтасың,
Қорғалап торғай болғаным.

Өзіңе жақсы ат емес пе,
Менің тірі қалғаным?
Бір қасық менің қанымды,
Ағаңнаң тілеп аларсың.

Тілеп алсаң қанымды,
Рахатын көргейсің
Жалғаншыда Алланың.
Сұрап ағаң бермесе,

Сені өзіндей көрмесе,
Онда атың шыға ма,
Әр нәрседен құр қалғаның,
Нәсілі жоқ болғаның.

Паналаған кісіге
Болмаған соң қорғаның,
Қайда сенің оңғаның?
Түсінбесең мұныма,

Атың әйел болған соң,
Нашарлыққа барғаның.
Дәлел таппай бұл сөзге,
Не дерін білмей Ханбибі,

қарабек  батыр
Түкірігін жұтынды-ай,
Қабыланнан сөзі ұтылды-ай.
Байлауда тұрған қалмақты

Шешемін деп ұмтылды-ай,
Ханбибі апаң жұлқынды-ай.
Ашықпын деп айтқан соң,
Кеулі кеткен сықылды-ай.

Айтатұғын нәрсе жоқ,
Бәлеге төре тұтылды-ай,
Ажалдан Қабылан құтылды-ай.
Ұстаған соң Ханбибі,

Шегініп тұрды тек.
Қарабек сонда айтады:

—Айналайын, Ханбибі,

Бірге туған егізім,
Сенен басқа інім жоқ,
Қалмақ та болса сөзінен
Жығылудан кемің жоқ.

Қорықпағанда менің жоқ,
Ұстайтұғын жөнім жоқ.
Бірақ енді, шырағым,
Бір басынып кеткен соң,

Бұл доңызға өлім жоқ.
Қалмақ деген қалың ел,
Не қыларын білесің,
Тірі кетсе, сенім жоқ.

Шырағым, сірә, босатпа,
Егер мұны босатсаң,
Өмірім өтер ұрыспен,
Онда маған тыным жоқ.

Сүйдеген соң Ханбибі:

—Ондай болса, ағеке-ау,

Босатып мұны не етейін.
Ағеке, онда қонып кет,
Бүгін қонақ болып кет,—
Деп, шылауынан алады-ай,

Атын байлай қалады-ай,
Төрге төсек салады-ай.

батырлар  жыры
Қарабек пен Қабыланды
Кіргізіп үйге алады-ай.
Отырған соң жайласып,

Қабылан атты қалмаққа
Қыздың кеулі толады-ай.
Әрбір ажар тұлғасы
Кеуліне қонады-ай.

Мұнартып көзі жасаурап,
Екі көзін Ханбибі
Айырмастан қарады-ай.
Есі кетіп біржола

Жаман ашық болады-ай,
Өртеніп іші жанады-ай.
Ашықтықтан кемі жоқ,
Сүйе алмайды құшақтап.

Қарабек жатыр арада-ай,
Сүйтіп жатып бүлініп,
Таң мезгілі болғанда,
Ханбибі ұйықтап қалады-ай.

Ол ұйықтаған кезінде,
Қаблан атты қалмақты
Қарабек айдап барады-ай.
Құйрығына қара аттың

Байлап алып жөнелді-ай.
Өзі ірі неме еді-ай,
Аяңына қара аттың
Төбетіндей байлардың

Қорбаң-қорбаң желеді-ай.
Бұл қорлыққа көнеді,
Халқына Қабылан төре еді.
Халқына төре болса да,

Мұнда қорлық көреді-ай.
Осылайша Қабыланға
Қатты азар береді-ай.
Тірі айдаған себебі,—

Азау ноғай елі еді-ай.
Алып барып ноғайға
Көрсетейін деп еді-ай.
Ноғай көрсе Қабыланды,

қарабек  батыр
Қарабек атты төренің
Ер екенін біледі-ай,
Қайратына сенеді-ай.

Кеуіліне Қарабек
Осылай болсын деп еді-ай.
Келе жатқан бағдары,
Бір боз бауыр төбе еді-ай.

Сол төбеге шыққанда,
Көзін салса артына,
Елпілдеген бір жаяу
Ізінен қуып келеді-ай.

Жігіттіктің салқынан
Қайраты қысып Қарабек,
Шығып жүр жалғыз халқынан.
Жуықтаған кезінде,

Қараны төре таныды-ай.
Жүгіріп қатты алқынған,
Ашықтықтың зарпынан,
Ханбибі екен соңынан

Жүгірген жаяу артынан.
Енді ағасын көреді-ай,
Басына жақын келеді-ай.
Қасына келіп Ханбибі,

Еңіреп жылай береді-ай.
Жылағанда бүй деді-ай:

—Сен кеткенсін, ағеке-ай,

Бір шығып үйге, бір кіріп,
Ой ойладым кезіп-ай.
Ойлап келіп қарасам,
Далада қиып тастамай,

Атаңа нәлет қалмақтың
Тірілей айдап әкеліп,
Көрсеткенің, ағеке-ай,
Жөн емес екен көзіме-ай.

Көрсеткен соң көзіме-ай,
Естіп тұрдың өзің-ай,
Мұның айтқан сөзін-ай.
Жығылған соң жауапты

Айтатұғын болмады.

батырлар  жыры
Бұған дәлел сөзі ма-ай,
Жығылған соң жауапты.
Босатпасам қалмақты,

Ойлап келіп қарасам,
Өлім екен өзіме-ай.
Ойыма түсіп осы жері,
Лағар болдым далаға-ай,

Үйден кетіп безіп-ай.
Жүгіре бердім ізіңнен
Отыра алмадым тағы да-ай.
Жөн емес екен басында-ақ,

Атаңа нәлет доңызды
Тірілей айдап келгенің.
Есітіп тұрдың келген соң,
Жауаптан мені жеңгенін,

Бір талай азар бергенін.
Өзің есен-сау күнде
Көнбеспін деп жүр едім.
Кемдігіне пенденің

Неғылғаның, сен,
Бұ кемдікке көнгенің?
Және екінші, ағеке,
Дүнияның мақсаты—

Шама келсе мақтанбақ.
Босата ғой сұм қалмақты,
Білгені менен көргенін,
Жалаң аяқ, жалаң бас

Тау менен тасқа айдалып,
Азап көріп жүргенін,
Мұнша жерге келгенін.
Және тағы айтпай ма

Ағамның маған бергенін.
Енді екінші өтініп,
Сұрамаймын, ағеке,
Мыңын айдап келсең де,

Мұнан басқа өңгенің,
Ендігісін өзің біл,
Осы еді менің келгенім.
Берсең, аға, бергенің,

қарабек  батыр
Егер мұны бермесең,
Құрысын тірі жүргенім,
Бүйтіп дәурен сүргенім.

Хош, алдияр, есен бол,
Онда бір менің өлгенім.
Айырып алып қалмаққа
Тиеді деп тұрмысың?

Өлмей енді кәйтейін,
Қайда маған сенгенің?
Қорқамын деген сөзіңе
Иланбаймын, ағеке,

Тағы келсе аттанып
Оны өзі біліп тұр,
Бәлеге басын шатады-ай.
Тағы сенен татады-ай,

Қолың жаман батады-ай.
Енді келсе айналып,
Мұны Құдай атады-ай.
Ажал оғы тигендей,

Қимылдамай жатады-ай.
Нендей көрген азарын
Халқына барып айтады-ай.
Осыменен, ағеке,

Көзі қорыққан бұ доңыз
Барғаннан соң еліне,
Қорыққаннан бір жола
Тамақты әзер татады-ай.

Әшейін-ақ, ағеке,
«Қорғаладым» деген соң,
Болмадым деп бұтадай,
Кеулім қалды қападай-ай.

Осыны айтып Ханбибі,
Еңіреп келіп жылады,
Бейне боздап ботадай.
Осылайша Ханбибі

Жаман қатты тарықты-ай.
Еңіреп жылап өтірік,
Баса алмайды солықты-ай.
Кебіні сүйтіп жаныпты-ай,

батырлар  жыры
Көрерме апаң жарықты-ай.
Ол еңіреп тұрған соң,
Қарабек ойға қалыпты-ай.

Кеуліменен жас төре
Әрбір ойға барыпты-ай.
Өзіне-өзі кеңесіп,
Ақылына салыпты-ай.

Ойлағаны құрысын,
«Жыламас,—деп,—өтірік»,
Ханбибіге наныпты-ай.
Кідіріп ойға қалған соң,

Аңғарып тұрып Қабылан ер,
Босанарын таныпты-ай.
Айтатұғын нәрсе жоқ,
Қазадан Қабылан қалыпты-ай,

Бәлеге төре жолықты-ай.
Қарабек мұны ойлайды:
«Ақыл айтсам бұ күнде,
Ханбибінің біржола

Құлағына қанбас» деп.
Жана ойлайды Қарабек:
«Бірге туған егізім
Өтірік сұрап алмас деп.

Кеуіл қосып қалмақпен
Ханбибі болмас жолдас деп.
Айтып тұрса өтірік,
Ханбибі онда оңбас деп.

Бірге туса қайтейін,
Онда менің мұнымен
Өрелі отым жанбас деп.
Өлтірмей мейрім қылуға

Ойлап-ойлап тұрды да,
Білмейінше кеуілін
Бермегенім болмас» деп.
Ойында жоқ Ханбибі

Қалмаққа кеуіл қосат деп.
Ханбибінің кеуілін
Жамандыққа қашат деп.
Қайта мұны ойлайды:

қарабек  батыр
«Бере қойсам Ханбибі
Қуанып кеуілі тасат» деп.
Осыны ойлап Қарабек

Ұлықсат қылды қалмаққа,
Ханбибіжан босат деп.
Болғаннан соң тілегі-ай,
Босат деген уақытта

Ханбибінің қуанып,
Жарыла жазды жүрегі-ай.
Шешейін деп қол ұрса,
Шылбыр қиып Қабыланның

Қанаған екен білегі-ай.
Ауырар деп Ханбибі,
Ақырындап шешіпті-ай.
Шиеленген қыл шылбыр

Шешіле алмай кешікті-ай.
Кешіккен соң Ханбибі,
Пышақ алып қолына,
Түйінін қиып кесіпті-ай.

Босанған соң қалмақтың
Қуанып кеулі өсіпті-ай.
Болмағанда Ханбибі,
Өліп еді бұл қалмақ.

Қазасы жоқ болған соң,
Себеппенен жалғаннан
Бұйырыпты Алла нәсіпті-ай.
Рұқсат сұрап Қабылан ер

Енді атына мінеді-ай.
Рас па деп артына
Қарай-қарай жөнеді-ай.
Қарабек аңқау төре еді-ай,

Ештеңемен ісі жоқ,
Еліне қайтып келеді-ай.
Қарабек елге қайтқан соң,
Ханбибінің шынымен

Тілегін Құдай береді-ай.
Әйтсе де қыз ақылды-ай,
Бірақ құрысын ақылы,
Дұшпан көрді жақынды-ай.

батырлар  жыры
Дос тұтынды кәпірді-ай,
Кәпірге кеулі сатылды-ай.
Құдай басқа салмасын

Осындай бейбақ қатынды-ай.
Алдап елге қайырып,
Қарабектей батырды-ай,
Қарабек қырдан асқан соң,

Орамалын қолға алып,
Кетіп қалған қалмақтың
Ізінен қуып шақырды-ай.
Ашықтың дертінен

Ханбибі кетті еркінен.
Өнемейін айқайлап,
Жүгіріп жаяу барады-ай
Қабылан ердің соңынан.

Терге ие болмады,
Шұбырып аққан терінен.
Қайтсе дағы Ханбибі
Желі шықты оңынан.

Орамалы түспейді,
Бұлғауменен қолынан.
Қабылан асқан уақта
Тасбұлақтың жолынан,

Өнемейін айқайлап
Қыз да жетті соңынан.
Ізінен жеткен уақытта-ай,
Ханбибінің дауысы

Құлағын жарып барады-ай.
Сонда естіп Қабылан,
Шошып кетіп қарады-ай.
Не себептен бұ қыздың

Келе жатқанын біле алмай,
Барша есінен танады-ай.
Қорыққаннан бейшара
Көзі оттай жанады-ай.

Енді қатты жүрмейді,
Жайыменен қалқыды-ай.
Қайрылмайын деп еді-ай,
Қыздан өліп барады-ай.

қарабек  батыр
Қайрылмайын деп еді-ай,
Жаман батқан тізесі
Қарабектен қорғады-ай.

Нағыларын біле алмай,
От ұрынды көзіне-ай.
Сүйтіп бара жатты да,
Ой түсіпті өзіне-ай.

Құлағыңды асыңдар,
Ойлап тапқан сөзін-ай:

—Ауыр әскер қолменен

Шығып едім халқымнан,
Көрейін деп басында
Осы қыздың мерейін.
Жығынымды қырдырып,

Еліме барып не дейін?
Түріне қарап сөзінің
Айтқанына сенейін.
Рас болса айтуы,

Ордасына енейін.
Шынымен берсе кеуілін
Емін-еркін көрейін,
Абыройын төгейін.

Осыны қылсам бұл қызға
Арманым бар демейін,
Уайым-қайғы жемейін.
Осының бәрін істесем,

Түгелденер дегенім.
Егер алдап шақырса,
Ханбибі жатқан ордаға
Бүгін-ай жатып берейін.

Сұм жүрегім, шошыма,
Осы қызбен кідіріп,
Жауаптасып көрейін.
Ізінен жетіп сондағы

Ханбибінің айтқаны:

—Сенің үшін бұл кісі

Жанын жалдап өтірік,
Алдап жүрсе ағасын,
Кеуіліңді білмей шамасын,

батырлар  жыры
Есіңді неден танасың?
Қарабектің асырдым
Алда-белге қарасын.

Алды-артыңа қарамай,
Кімнен қорқып барасың?
Менен артық олжаны
Қайдан барып табасың?

Менен артық сұлуды
Қайдан іздеп аласың?
Ашық болып өртеніп,
Күйіп жүрген мен сордың

Асып кетіп жеткізбей,
Құрта жаздың шарасын.
Қабылан қайда барасың,
Осыншама сасып-ай?

Алды-артыңа қарамай,
Менен неге қашып-ай?
Жетейін деп жан ұрып,
Жүгірдім шапшаң басып-ай.

Жай жүргенде жеткізбей,
Кетіп едің асып-ай.
Күйіп-жанып өртеніп,
Болдым саған ашық-ай.

Болмағанда ашық-ай,
Нағысын жаным ашып-ай?
Білмедің бе осыны-ай?
Егер кеулім кетпесе,

Сұрап алып ағамнан,
Ұрайын ба басыңа-ай.
Соны айтты да Қабыланды,
Ханбибі атты апаңыз

Жетелеп алып жөнелді-ай.
Табаны жерге тимей жүр,
Ақ киіктей жосып-ай.
Келе жатып алдында,

Жайқаң-жайқаң етеді-ай.
Бұралқы иттей еркелеп,
Аяғын басып келеді-ай.
Ұрыншақ аттай шекелеп,

қарабек  батыр
Соныменен ордаға
Алып келді жетелеп.
Жатпасын ба екеуі

Құшақтасып келген соң.
Ойласын ба адалдап,
Аламын деп некелеп.
Бәрің де біліп отырсың,

Не қыларын жатқансын.
Жата берсін осымен
Не қылайын төтелеп.
Ханбибіні көрдіңдер,

Бұл отырған әлаумет.
Өтірік пе, рас па,
Сеніп оған тұрмаңдар.
Бұрын да мұндай кәп болған,

Осы арасын шындаңдар.
Жағамын деп қалмаққа
Ханбибі атты апаңыз.
Ханбибі тұрсын мұнымен.

Ендігі сөзді, әлеумет,
Қарабектен тыңдаңдар.
Соныменен Қарабек
Есен-аман сау барып,

Ата-анаға жолықты-ай.
Қарабек келді деген соң,
Ірі адамы ноғайдың
Жиналысып барыпты-ай,

Халық ордаға толыпты-ай.
Дидарласып көрісіп,
Есендігін білісіп,
Амандасып болған соң,

Білгені мен көргенін,
Көп қалмақтың өлгенін,
Көрсетейін халыққа деп,
Қабыланды айдап жүргенін

Ханбибінің және де
Ізінен қуып келгенін,
Қабыланды соған бергенін

батырлар  жыры
Қарабек енді бұл сөзді
Бастан-аяқ ағытты-ай,
Халық сөзіне қаныпты-ай.

Өтірік айтты десін бе
Төреге халқы наныпты-ай.
Соныменен ас асып,
Мәжіліспен отырып,

Жатар уақыт болыпты-ай.
Жатар уақ болған соң,
Ұлықсат беріп таратты-ай
Үйде отырған халықты,

Халық ордадан шығыпты-ай.
Қолына алып Зәуреней
Жиып қойған мамықты-ай,
Мамықтан төсек салыпты-ай.

Сағынып көрген жалғызын
Ханым менен падиша
Ортасына алыпты-ай.
Кезек сүйіп тартқылап,

Мейірлері қаныпты-ай.
Қарабек жатыр ұйықтап,
Екеуінде ұйқы жоқ.
Соныменен, жақсылар,

Түн ортасы ауыпты-ай.
Түн ортасы ауған соң,
Ұйықтап жатқан Қарабек
Күрсініп демін алыпты-ай.

«Күрсінді бала неге» деп,
Маңдайын ханым сипаса,
Қысылып терлеп қалыпты-ай.
Сол шамада болмады,

Қырмызы қызыл ішіктің
Шалғайын серпіп жіберіп,
Қарабек енді төсектен
Шоршып түсті сынықтай,

Шошып кетіп оянып,
Ханым бір қылды жарықты-ай.
Ер қорыққандай түс көріп,
Ханым сонда оянып,

қарабек  батыр
Оянғанын таныпты-ай,
Ханым бір қатты тарықты-ай.
Қасына барып баланың,

Ханым бір сонда сөйледі,
Қырмызы қызыл ішіктің
Шалғайын қолмен ашқаны-ай.

—Осынша түсің қашқандай,

Соншама қорқып сасқандай,
Жаның неден жасқанды-ай?
Ояндың ба, жалғызым,
Түсіңде көріп дұшпанды,

Кеуліңді басқанды-ай.
Сен бір жаман түс көрдің,
Не бейнелі іс көрдің,
Біліп тұрмын мен,—дейді.

Қарабек сонда айтады:

—Білдің, неше, түс көрдім,

Ер қорыққандай іс көрдім,
Түсімде көрдім лаңды-ай.
Жорытқанша, шешеке,
Не екенін біле алмай,

Кеуілім отыр тына алмай.
Сондай жаман түс көрдім
Түсі суық жыланды-ай.
Түсімді, шеше, айтайын:

—Аң аулаппын түсімде,

Киік пен атып құланды.
Жүргенімде аң аулап,
Құбыла жақтан қаптапты
Үстімнен ала тұманды-ай.

Сол тұманның ішінен
Лағыппын мен далаға-ай.
Жөнімді тауып жүре алмай,
Ағайын, халықты көре алмай,

Сүйтіп балаң тарықты-ай.
Жүргенімде тарығып,
Бір адам келіп жолықты-ай.
«Баралық,—деп,—бір жаққа»,

Еркі алдыма қоймады-ай.
23–252

батырлар  жыры
Алып келіп бір жерге,
Мойындасып өзіммен,
Құшақтасып ойнады-ай.

Ойын қылып шылбырмен,
Қолымды мықтап байлады-ай.
Олай-бұлай жұлқынып,
Үзе алмай сорым қайнады-ай.

Отырғанда үзе алмай,
Келгенін қайдан білмедім,
Бір жолбарыс келді де,
Оң қарымды шайнады-ай,

Өлтіруге ойлады-ай.
Жатқанымда, шешеке,
Енді өлуге таянып,
Жаман қатты қысылып,

Қара терге боянып,
Кетіппін, шеше, оянып.
Қорыққаны осы ішімнің,
Енді, шеше, жори бер,

Ажары осы түсімнің.
Сонда ханым жылайды:

—О дариға, дүние-ай,

Өткізер болдым қайғымен
Мына да шолақ жалғанды-ай.
Көріп едім, жалғызым,
Сені өліп талғанда-ай.

Бір түн сүйіп құшақтап,
Жаңа мейірім қанған-ды.
Тағы түсті уайым,
Неден болдым сор маңдай?!

Білдім, балам, түсіңді,
Балалықтан, жалғызым,
Болып бір қалдың арманда-ай.
Өлтірмей неге жібердің

Атаңа нәлет Қабыланды-ай.
Тумай кеткір бейбақтың
Соған кеуілі толғанды-ай.
Сен ауылға қайтқасын

Соңынан айқай салған-ды,

қарабек  батыр
Шақырып үйге келген-ді.
Екеуі жатып қалған-ды,
Кеуілі жатып жанған-ды.

Қолыңды ойнап байласа,
Сол бейбақтан болғанды-ай.
Атаңа нәлет қалмаққа
Тумай кеткір сол бейбақ

Ықылас кеулін бергенді-ай,
Сенен артық көргенді-ай.
Қолыңды байлап амалдап,
Сол екеуі қосылып,

Өлтіруге жүргенді-ай.
Тауға біткен андызым,
Төбедегі жұлдызым,
Маңдайдағы құндызым,

Не қылайын, шырағым,
Тіл алмадың, жалғызым!
Отқа салар, жуыма,
Демедім бе, жалғызым.

Зәуреней атты шешесі
Жанынан қатты тарықты-ай.
Баланың көрген түсінен
Барша есінен таныпты-ай,

Іші оттай жаныпты-ай.
Қасына келіп баланың,
Былайша кеңес салыпты-ай:

—Жалғызым, енді кідірме,

Атқа тоқым салып кел,
Кідірмей шапшаң барып кел,
Жатқан болса сол үйде,
Басын қағып алып кел.

Өлтіре қойсаң қалмақты,
Соныңмен бірге қосақтап,
Тумай кеткір қаншықты
Бауыздап қойдай шалып кел.

Құдайым оңдап, қарағым,
Қанына құлдың боянғай.
Жаныңдағы алмасың
Жәрдем беріп және-ай,

батырлар  жыры
Пірлер болғай жолдасың.
«Жалғыздың жары—Алла» деп,
Алла ісіңді оңдасын.

Ісіңді Алла оңдаса,
Бұзып таста барғаннан
Қу қаншықтың ордасын.
Дүбірін аттың есітіп,

Жасырынып қалмасын.
Жасырып қойып о бейбақ
Өтірік айтып жүрмесін,
Оған кеулің нанбасын.

Оң қарыңды шайнаған
Қалмақ шығар, шырағым,
Түсіңде көрген жолбарыс.
Жанын берсе, сен сенбе,

Айтқан сөзі бейбақтың
Құлағыңа қонбасын,
Оған зейінің аумасын.
Тілімді алсаң, жалғызым,

Тумай кеткір бейбақтың
Әуелі кес өз басын.
«Бірге туған бауыр» деп,
Ұялып бетің оңбасын.

Және айтайын, қарағым,
Ақыл-айла таптырмай,
Алмасыңды шаптырмай,
Алыса кетсе сол қалмақ,

Байқағайсың осы жерге.
Тумай кеткір Ханбибі
Аяғыңнан алмасын,
Сыртыңнан пышақ салмасын.

Менің айтып болғаным,
Сенің үшін, жалғызым,
Жанымды құрбан қылғаным.
Аяйтұғын не жан бар,

Өлгенде көрген қарамсың.
Жалынамын, жан ие-ай,
Жалғызым жазым болмасын.
Ендігісін өзің біл,

қарабек  батыр
Осыншама адамды
Жарылқаушы Алласын.
Ханбибіден болғанды-ай,—

Деп айтқансын анасы-ай,
Қарабек есінен танады-ай.
Ақылы ойран дал болып,
Ойлап келіп қарады-ай.

Ойлап келіп отырса,
Шешесінің жоруы
Кеуіліне қонады-ай.
Бірге туса нағылсын

Ханбибіні мұғайын
Өлтіруге қарады-ай.
Осыны ойлап Қарабек,
Орнынан тұрады-ай.

Азбардағы Құлаға
Жүгірумен барады-ай.
Үстіне ерін салады-ай,
Басына жүген ұрады-ай,

Жұптап айыл салады-ай.
Ер жолдасы бес қару
Беліне байлап алады-ай.
Атқа мініп ер төре,

Пірден жәрдем сұрады-ай.
Қасына ерген жолдас жоқ,
Жалғыз кетіп барады-ай.
Жан серігі жалғыз ат

Астындағы Құланы-ай,
Атқа қамшы ұрады-ай.
Төрт аяғын ұсынып,
Айуан о да шабады-ай,

Дүбірі жерді жарады-ай.
Қысылғаннан Қарабек
Жалғыз шауып келеді,
Жын ұрғандай далада-ай.

Астындағы Аққұла ат
Қара терге боянды-ай.
Өршеленіп ұмтылып,
Құлағын жығып қояндай,

батырлар  жыры
Қарабек те келеді-ай.
Қолға берсе со құлды
Өлтірмей, сірә, қоя ма,

Қимылдауға аянбай.
Өлсе де құлда арман жоқ,
Ханбибі атты арудың
Ақ төсіне жай алды-ай.

Ханбибі мен Қабылан ер
Ашық болып қосылды
Қозы Көрпеш—Баяндай.
Қарабек те келеді,

«Жетейін,—деп,—күн шықпай.
Сол уақытта шамасы,
Таң да атуға таянды,
Көзі қыздың ілініп,

Дүбіріменен Құла аттың
Апаң шошып оянды-ай.
Ояна сала Ханбибі:

—Тұр, Қабылан ер, тұр,—дейді,

Бізді Құдай ұрыпты-ай,
Жол терістен тұрыпты-ай.
Дүбірі шықты бір аттың,
Жер солқылдап барады,

Дүбірі шығар Құла аттың.
Түс көрген-ді алжыған
Менің шешем шерменде-ай.
Баласы мен екеуі

Біреуі түс көргенді-ай,
Жатқаныңды білгенді-ай.
«Өлтіріп кел, бар болса» деп,
Алжыған ақыл бергенді-ай.

Азау жақтан және де
Қызыл мұнар жел соқты,
Тынысы шығар Құла аттың.
Қаһарланып, қаттанып,

Бермен қарай аттанып,
Төбесінен қан жауғыр,
Тумай кеткір Қарабек
Жақын жерге келгенді-ай.

қарабек  батыр
Шапшаңырақ қаша көр,
Атқа қамшы баса көр.
Көрінгенше қарасы,

Қарағым, таудан аса көр.
Атаңа нәлет қалмақтың
Қабыл болмай тобасы-ай,
Жыртыла жазды жағасы-ай.

Жар болмады бабасы-ай,
Қалмаққа болды тамаша-ай.
Неге десең себебі—
Келмей қалды қашуға

Қабылан ердің шамасы-ай,
Нағып келсін шамасы-ай.
Қарабек те сығалап
Қыздың жетті ағасы-ай.

Көрініп қалды арасы-ай,
Жуықтап қалды арасы-ай,
Үйге келді жанаса-ай.
Көрінгенсін қалмақтың,

Көбейіп қайғы, сәнасы-ай,
Кетерін қайда біле алмай,
Жылап қоя беріпті,
Отыра сала балаша-ай.

Құдай салды қарғап-ай,
Көзінің жасы парлап-ай,
Жылай берді зарлап-ай,
Қорыққаннан қалмақ-ай,

Не қыларын біле алмай,
Шайнаулы отыр бармағы-ай.
Ханбибі де қысылып,
Сиынды зарлап Аллаға-ай.

Қаша алмайтын болғасын,
Қыздың тапқан айласы—
Қарабекке көрсетпей,
Қабылан мінген Қара атты

Кіргізеді ордаға-ай.
Дүбірімен Қара аттың
«Кісінеп тұрмас үйде» деп,
Іліп жатыр басына

батырлар  жыры
Жем толтырып дорбаға-ай.
Ханбибі мұны ойлады-ай,
Ағасының алдынан

Өтірік жылап бармаққа-ай,
Дізгіннен алмаққа-ай,
Бөтен жолға салмаққа-ай.
Қарабекке көрсетпей,

Қабыланды алып қалмаққа-ай.
Алдынан төре тұрады,
Қорыққанынан Қабылан ер
«Амал қыл» деп еңіреп,

Ханбибіге жылады-ай,
Құлды құдай ұрады-ай.
Шын қорыққаны емес пе,
Далада емес о доңыз

Үйде отырып бұғады-ай.
Қорыққанынан Ханбибі
Енді айла қылады-ай.
«Көрмесін,—деп,—қара атты»,

Үйге әкеліп тығады-ай.
Ағасының алдынан
Өтірік жылап шығады-ай.
Алдынан жылап шыққансын,

Кідіріп төре тұрады-ай.
Келе жатқан мәнісін
Ханбибі енді сұрады-ай.

—Айналайын, ағеке,

Осыншама сасқандай,
Бармай жатып ауылға,
Бермен қарап қашқандай,
Көрдің қандай дұшпанды-ай,

Неден желдің пышпандай?
Нендей жаман түс көрдің,
Не сыпатты іс көрдің,
Не ойға түс көрдің

Біліп тұрмын мен,—деді-ай.
Тұла бойым қалтырап,
Қорқып тұрмын, ағеке,
Кідірмей айтшы сен?—дейді-ай.

қарабек  батыр
Қарабек кідірмей үйге кірмекші болып келе жатыр еді,
қарындасы алдынан жылап шыққан соң, тұла бойы балқып бы­
лай дейді:

Қарабек сонда айтады:

—Осыдан үйге барғансын,

Халық жиналып келгенсін,
Қауышып халықты көргенсін,
Есендігін білгенсін,
Келген халықпен сөйлесіп,

Мәжіліспен отырып,
Жатар уақыт болғансын,
Таратып халықты жатуға,
Салды шешем мамықты-ай.

Жатқаннан соң, Ханбибі-ай,
Ұйықтап кетіп түс көрдім,
Ер басына күш көрдім,
Оңай емес іс көрдім.

Түсімді баян етейін,
Кешегі қашқан қалмақтар
Қаласына барыпты-ай,
Еліне салық салыпты-ай,

Әскер жинап алыпты-ай,
Азғантай емес толықты-ай.
Бермен қарай аттанып,
Қалмақ қаптап келіпті-ай.

Басшысына алыпты
Әрбір жайсаң шонықты-ай.
Алдын тосып қалмақтың,
Жаттайын деп барамын.

Шамам келсе қалмақты,
Айтайын деп барамын.
Шапшаң жүр де алып бер,
Кешегі жатқан жерімде

Алпыс масақ қалыпты-ай.
Ханбибі сонда айтады:

—Ешнәрсе емес, бұл болса,

Айналайын, ағеке-ай.
Болып қалған іс пе,—деп,

батырлар  жыры
Келіп еді ішім күйіп-ай.
Түсте көрген іс болса,
Тілегіңді тілейін,

Кеулімді тыйып-ай.
Жәрдем болғай пірлерің
Құдайдың өзі иіп-ай.
Қарсыласқан дұшпаннан

Дәрежең болғай биік-ай.
Сенің үшін сау келсем,
Құдай жолың болғаным,
Жанымды, аға, қиып-ай.

Жанымды қимай қайтейін,
Сен болмасаң кім келер
Құла дүзде отырған
Қарсыласқан дұшпаннан

Мола құсап үйіме-ай.
Сен ауылға қайтқансын,
Қойып едім, ағеке,
Төсегіңді жиып-ай.

Жатыр екен масағың,
Жан қалтама салып ем,
Орамалға түйіп-ай.
Масақты тауып алып ем,

Жан қалтама салып ем.
Сүйдеді де қол ұрып,
Сипай берді жанын-ай,
Суырып берді қалтадан.

Қабылан атты қалмақтың
Жүргізбес болды маңына.
Қарабек атты төренің
Ханбибі есін тандырды-ай.

Не дерін білмей Қарабек,
Енді сөзін алдырды-ай.
Амалменен Ханбибі
Қабыланды есен қалдырып-ай.

Қарабек атты ер төре
Тоқтауға беті шыдамай,
Жүре берді далаға-ай.
Мықтап басы қаңғыра,

қарабек  батыр
Жөн алдына шабады-ай.
Бара жатып Қарабек
Ойлайды ақыл және де,

Ойлап ақыл табады-ай.
Ойлап тапқан ақылы
Бір жыраға келді де,
Атына шідер салады-ай.

Төбеге шығып Қарабек,
Қарауылдап қарады-ай.
«Үйден шықсаң, сен қалмақ,
Басыңды нағып алайын,

Сөйтіп ойран салайын».
Сырттан торып бағады-ай,
Ханбибі оны білмейді-ай.
Масаттанып бойына,

Толғап кетіп барады-ай.
Сонда айтқаны апаңның:

—Әй, Қабылан ер, Қабылан ер,

Қосылғаның шайырды-ай.
Шайырлығын айтайын,
Тура келген қаза еді-ай.
Қарабекті қайырды-ай,

Өлімнен сені айырды-ай.
Егер үйге кіргенде,
Кесер еді мойынды-ай,
Істер еді тойыңды-ай,

Көрсетер еді ойынды-ай,
Жаздырмас еді бойыңды-ай.
Сүйіншімді бер, Қабылан,
Қарабек асыл жойылды-ай.

Айтайын саған ойымды-ай,
Өліп кетсем де арман жоқ,
Тура келген қазадан
Айырып қалдым басыңды-ай.

Қарабек қырдан асқансын, қорыққаннан Қабылан:—Хан­
бибі шырағым, Қарабектен менің көкірегім суы­ғанымен, бұл
панайда жүре алмаспын,—деп қорқамын. Сенің кеуіліңді
қимай жүріп өліп кетем бе деп қорқамын. Бұл қалай болған?

батырлар  жыры
Маған тізесі батты. Ендігі айланы өзің тапсаң, менің өлмеген
нем қалды?! Қабыланға қарап отырып Ханбибі бір сөз айтты:

— Айтатұғын, Қабылан ер,

Енді менің сөзім бар.
Сен сарғайған таңдай ата бер,
Қызарған күндей бата бер,
Бұйырған дәмді тата бер,

Кідірмей енді қайта бер.
Жер ортасы Тасбұлақ,
Тасбұлаққа бар дағы,
Он айға шейін жата бер.

Азық қылып сау болсаң,
Құлан мен киікті ата бер,
Тамашаға бата бер.
Он айға шейін бармасам,

Онда еліңе қайта бер.
Көрмесек те еліңнің
Азаматы бар шығар,
Бәріне сәлем айта бар.

Мен талдап шашымды өрейін,
Ант арқылы саған мен
Уағдамды берейін.
Жатамын деп ант етіп,

Уағдаңды сен де бер.
Мен де саған сенейін,
Кеуіліңе келмейін.
Білсе қуып жетер,—деп,

Қорқып тұрмын ағамнан.
Алдап-сулап айламен
Есебін тауып бармасам,
Мұныма түсін, қарағым,

Нағылып саған ерейін.
Жатамын десең айтып кет,
Сен кеткенсін мен неге
Жайыма қарап жүрейін.

Ашықтықпен бас қосқан,
Жұбайым, сені көрмесем,
Басымнан кетпейді уайым.

қарабек  батыр
Ағам түгіл, сен үшін
Жанымды құрбан қылайын.
Бауырым екен демейін,

Талабымды оң қылса,
Алдап-сулап, айлалап,
Тасбұлаққа жөнейін.
Тасбұлаққа барған соң,

Амалын тауып өлтіріп,
Қарабекті көмейін.
Сеніменен қосылып,
Жалғанда дәурен сүрейін.

Жаман айтпай, жақсы жоқ,
Бұ дегенге жетпесем,
Қарағым, сенің ізіңде
Ер көрместен өлейін.

Қауысар күнім бар болса,
Қияметте көрейін.
Кідірмей енді жүре бер,
Қайта-қайта аман бол,

Қарағым, енді не дейін?!
Ханбибі осыны айтқансын, қалмақтың көңіліне мынандай
мысал кіріп: «Осы Ханбибі үшін жығынымды қырдырып не бі­
тіріп қайтамын. Бұл мұратқа жетпесем, қайтуым керек емес пе,

танауымды жырдырып» деген ойға түсіп, «Иә, қалай болғанмен
оның айтқанын қылып, ізінде жүріп өлейін» деген мысал кіріп,
Ханбибіге былай дейді:

—Онда менің, Ханбибі-ау,

Тасбұлақта жатқаным,
Он айға шейін баққаным,
Айтқаныңды ұққаным.
Он айға шейін жатпасам,

Мені тапсыр Құдайға.
Он айға шейін бармасам,
Біреуге кеуіл шатқаның,
Менен жақсы тапқаның.

Біліп алып онда мен
Сені Құдай атқанын,

батырлар  жыры
Енді аман бол, Ханбибі,
Онда еліме қайтқаным.
Осыны айтып болған соң,

Амандасып, қоштасып,
Қабылан атқа мінеді-ай.
«Көреді,—деп,—Қарабек»,
Енді қашып жөнеді-ай.

Үйден шықты бұ қалмақ
Қарабек қашан көреді-ай.
Шоқтеректі далдалап,
Жабындыны қуалап,

Қорыққаннан зандалап,
Қарабекке қарауды
Көрсетпе алдалап.
Қорыққанынан Қабылан ер

Бара жатыр бүлініп,
Жан көзіне көрініп.
Қабылан үйден шыққанда,
Бағып жатқан Қарабек

Көзі кетіп ілініп,
Көрмей қалды қалмақты.
Қабылан атты қалмақтың
Тілеуін Құдай беріпті-ай.

Тумай кеткір Ханбибі
Со қалмақты шығарып,
Біраз жерге еріпті-ай.
Таудан асып кеткен соң,

Ханбибі үйге қайтады-ай.
Кейін қарай жүріпті-ай,
Таудан құлап кетеді-ай.
Таудан құлай бергенде,

Ар жағынан үйінің,
Жырасында бір таудың
Қаңтарулы байлаған
Аққұла атты көріпті-ай.

Мұғайын біліп қалмақтың,
Қарабектің келгенін,
Сырттан торып баққанын,

қарабек  батыр
Өлтіруге жатқанын
Мұғайын апаң біліпті-ай.
Ханбибі Аққұла атты көрген соң, әр нәрсе көңіліне түсіп,

үйіне келіп киімдерін шешіп тастап, атты көрген жерге қарай
келе жатыр.
Үйге келіп Ханбибі,
Киімін шешіп тастады-ай.

Қабылан кетіп қалған соң,
Жатқанынан таспайды-ай.
Өтірік жылап алдауға
Тағы да айла бастады-ай.

Жалаң аяқ, жалаң бас,
Ханбибі кетіп барады-ай.
Көрген жерге келеді-ай,
Қарабекті қарады-ай.

Өзінен бұрын табады-ай,
Байлап қойған Құла атты-ай.
Аттың бергі қасында-ай,
Бір шоқының басында-ай

Ордаға қарап Қарабек,
Етпетінен құлапты-ай.
Балдағын ұстап қолына,
Суырылып азғантай

Алмасы жатыр қынапта-ай.
Сол алмасты көрген соң,
Ұйықтағанын білген соң,
Алмасын алып білдірмей,

Шабарға кеулі ұнатты-ай.
Және ойланып Ханбибі,
«Пірлер қағып өтпес, деп,
Шапқанмен кесіп кетпес» деп,

Бұ талапты қойды да,
Басын шайқап оятты-ай,
Оятып жатып жылапты-ай:

—Айналайын, ағеке-ай,

Көтерсеңші басыңды-ай.
Жатқаныңа бұл келіп,
Іші құрғыр шошынды-ай.

батырлар  жыры
Мен Құдайға не жаздым,
Қас қыла беріп досымды-ай.
Жазығым жоқ, жапам жоқ,

Жаңа өспірім жасымда-ай.
Ағайын, халықты көргізбей,
Ата-анам көзімді асырды-ай.
Енді өлуге таянып,

Еңіреп-жылап жүргенде,
Сені есен көрсетіп,
Кеулімді Құдай тасырды-ай.
Тасқаны құрысын, ағеке-ай,

Және кеулім басылды-ай.
Есімде жоқ, сен аға,
Ойлайды деген осындай,
Бүктің ғой бүйтіп насырды-ай.

Бірдеңені көрдің бе,
Кереметпен білдің бе?
Кіммен кеулім қосылар-ай,
Айтсайшы, аға, жасырмай.

Мойныма қойып кінәмді,
Жаудырсайшы тасыңды-ай,
Турасайшы шашымды-ай.
Іштемемді сезбесең,

Жөн деймісің осыңды-ай.
Жамандық саған ойласам,
Түсірмей ме төбемнен
Құдай менің жасымды-ай?!

Айналайын, ағеке-ай,
Жазығым жүда саған жоқ,
Бері аттанып шапқандай,
Сырттан торып баққандай.

Біліп тұрмын мен мұны,
Бәлеге сол шатқанды-ай,
Шешеңді Құдай атқанды-ай,
Ортаға отты жаққанды-ай,

Мені саған шаққанды-ай.
Бар дегенде тоқталмай,
Нақақтан бәле жапқанды-ай.
Неден болды шерменде-ай,

қарабек  батыр
Көрінде де тек жатпас
Ол алжыған өлгенде-ай.
Біліп тұрмын мен мұны

Саған шағым бергенді-ай,
Соған кеулің сенгенді-ай.
Жасымызда айырып
Екеуімізді жіберген,

Тағы сондай алжыған
Айыруға жүргенді-ай.
Тіліне оның ергенше,
Өкпелесең болмай ма,

Өзің сезіп білгендей,
Бірдеңені көргендей.
Мына қылған ісіңе
Іші-бауырым өртеніп,

Тұла бойым өртенді-ай.
Қарамды құрт сен менің
Тірілей көрге көмгендей,
Тіліне оның ергендей

Немді көрді онымен
Тіліне еріп келгендей.
Өзің есен келген соң,
Сенімен бірге жүрген соң,

Көптен бері жүр еді
Кеуілім болып шат,—дейді-ай,
Қылдың, шеше, қап!—дейді-ай.
Айналайын, ағеке,

Нансаң кеулім ақ дейді-ай.
Енді сенен тілеймін
Бір бес-алты ай қайтпастан
Менімен бірге жат,—дейді-ай,

Бұйырған дәмді тат,—дейді-ай.
Еріге қойсаң аң аулап,
Құлан мен киік ат,—дейді-ай,
Сыртымнан торып бақ,—дейді-ай.

Сүйтіп менің, ағеке,
Кінәм болса тап,—дейді-ай.
Мойныма қойып тап тағы
Найзаменен шаныш,—дейді-ай,

24–252

батырлар  жыры
Қылышпенен шап,—дейді-ай,
Бетіме күйе жақ,—дейді-ай,
Артыма қазық қақ,—дейді-ай.

Шабуға қолың бармаса,
Масқара қылып тірілей,
Сартқа апарып сат,—дейді-ай.
Қылмаймын десең осыны,

Осы арада өлейін,
Расыңды айт,—дейді-ай,
Қолыңнан көміп қайт,—дейді-ай.
Өтірік күліп және де-ай,

Отырып келіп далада-ай,
Өтірік ойбай салады-ай.
«Жарамын,—деп,—ішімді»
Қолына пышақ алады-ай.

Мекерлік пен өтірік
Өлуге апаң қылады-ай.
Соны айтса да Қарабек
Жасы жетіп ақылы

Толықтаған бала еді-ай.
Айтқанына иланып ,
«Түс—түлкінің боғы»,—деп,
Қызға тағы нанады-ай.

—Маңдайыңнан күн қағар,

Таңдайыңнан шөл қағар,
Табаныңнан тас қағар,
Жалаң аяқ, жалаң бас
Нағылып жаяу келдің,—деп,

Аққұла атқа мінгізіп,
Жетектеп кетіп барады-ай.
Бауырының сөзіне
Тұла бойы елжіреп,

Ашуы бойдан тарады-ай.
Мұныменен бұл тұрсын,
Ендігі сөзді естіңдер,
Қарындасы Ханбибі

Бірге туған бауырға
Қандай нәрсе қылады-ай.

қарабек  батыр
Қарабектің қараңдар,
Алдау сөзге ерісін.
Ақыры бір күн жайдырар

Бүйтіп жүріп терісін.
Өтірік жылап Ханбибі,
Ұзайтып алды өрісін.
Мұныменен бұл тұрсын,

Әлеумет, енді тыңдаңдар,
Екі күңнің мәнісін.
Қорыққаннан Ханбибі
«Айтад,—деп,—Қабыланды»

Киіндіріп шақтайды
Екі күңді күні үшін.
Шашбауының шашақтап
Моншақтайды желісін.

—Елде-кенде күңдер сол

Түге алмай жүрген кісіні
Айналдырып әкеліп,
Себеппенен қарашы,
Алланың бақыт бергенін.

Ханбибінің бүгінгі
Көрген күні құрысын,
Бұрынғы тастады ұрысын.
Қорыққанынан біржола

Шығармады дыбысын.
Екі күңге Ханбибі
Ішпегенін ішкізді-ай,
Кимегенін кигізді-ай,

Білмегенін білгізді-ай.
Тыңшы қып жүрген күңдерді
Бажаңдатып күлдірді-ай.
Күлкімен бетін арылтып,

Талдап шашын өргізді-ай,
Көрмегенін көргізді-ай,
Сараман дәуірін сүргізді-ай,
Өзімен қатар жүргізді-ай.

Уағында масығып
Қол ұзартып аспанға,
Әпер депті жұлдызды-ай.

батырлар  жыры
Жұлдыз емей немене
Азап салды бір жола
Кигіз деп бархыт құндызды-ай,

Қорқытты жаман бұл қызды-ай.
Қорыққаны емес пе,
Тұрмайды күңдер құндыздай.
Өздері жатып төсекте,

Ханбибіні тұрғызды-ай.
Қорыққанын біліп мұғайын,
Қыз амалын қылғызды-ай.
Дәмді тамақ ішірді,

Жақсы киім кигізді.
Күңнен қорқып Ханбибі,
Бүйтіп соры қайнады-ай.
Кердең кетті бұл күңдер,

«Кердең кетті бұл күң» деп,
Себебін тапса Ханбибі,
Өлтіруге ойлайды-ай.
«Өлтіремін қалай» деп,

Ханбибі ойлап қарады-ай.
Одан басқа амал жоқ,
Күннен-күнге екі күң
Кердең кетіп барады-ай.

Ханбибінің күңінен
Пәлеге басы қалады-ай.
«Айта ма,—деп,—қит етсе»,
Қорқып есін танады-ай,

Іші оттай жанады-ай.
Өлтірейін деп еді,
«Неге өлтірдің жазықсыз?»—
Деп айтар деп қорқады-ай.

Ханбибінің шарадай басы шақшадай болып, қорқып,
ағасына айтады деп, оларды өлтірудің жолын іздеп, әр түрлі
ойға кетеді.
Осыны ойлап Ханбибі,

Екі күңді шақырып,
Қасына жақын алады-ай.

қарабек  батыр
Шақырып алып алдайды
Екі күңді баладай,
Күңдер оған нанады-ай.

Ханбибінің кеуліне
Осы ақылы жарады-ай.
Алдап айтқан сөзіне
Екі күңі сенеді-ай.

—Күлсек бірге күлейік,

Жыласақ бірге жылайық.
Бірімізді-біріміз
Есен қыл деп сұрайық.
Осы күнгі шын кеулім

Бірге туған сендерді
Сіңілім құсап көремін.
Көруімнің себебі—
Мәгар сендер жоқ болсаң,

Жалғыз өзім бұл үйде
Отырар едім шұнайып.
Ойнап-күліп сендермен,
Мен отырмын сынайып.

Бұ себепті сендерге
Нағылсам да лайық.
Өзім есен-сау күнде
Еш нәрседен кем болып,

Тарықпассыз мұңайып.
Мен сендерге, күңдерім,
Айтатұғын сөзім бар.
Қарабек кешке келгенсін,

Жорта араз болайық,
Өтірік жанжал салайық,
Төбелесіп қалайық.
Недер екен Қарекем,

Кеулін байқап сыналық.
Ойын ойнап осындай,
Бір тамаша қылайық.
Ханбибі және айтады:

—Кешке таман болғанда,

Қарекемді көргенсін,
Үйге жақын келгенсін,

батырлар  жыры
Далаға шығып екеуің,
Ұрыс-жанжал салыңдар,
Қолыңа пышақ алыңдар.

Өп-өтірік сермесіп,
Біріңізді-бірің жарыңдар.
Екеуіңді түйгіштеп,
Өп-өтірік ұрармын,

Менімен де араз болыңдар.
Тұр десем де тұрмаңдар,
Екі жерде екеуің
Бүркеніп жатып қалыңдар.

Екі күңге жүреді
Ханбибі атты апаңыз.
Ұрыса алмай, тілі байланып,
Ханбибі енді табады

Осы ақылды ойланып.
Осы ақылды тапқансын,
Кеулі қалды жайланып.
Сорлы енді екі күң

Осы сөзге иланып,
Қарабек келгенсін,
Ұрысуға сайланды-ай.
Себеппен өлсе екеуі,

Кім қалады қиналып.
Қарабек кешке келгенсін,
Далаға шығып екі күң,
Айтқан сөзге иланып,

Төбелесіп қалады-ай,
Қолына пышақ алады-ай.
Өп-өтірік семсеріп,
Біріне-бірі салады-ай.

«Ойын ба деп, шын ба» деп,
Қарабек соған қарады-ай.
Қарап еді Қарабек
Екі күңді айырып

Ханбибі жүр арада-ай,
«Енді қойсаң нетті» деп.
Сол екеуін Ханбибі
Өп-өтірік сабады-ай.

қарабек  батыр
Сабап еді түйгілеп,
Екі жерде екеуі
Бүктісіп жатып қалады-ай.

Екі күң жатып қалғансын,
Мекерлікпен Ханбибі
Қарабекке жылады-ай,
Ханбибі сонда сөйледі:

—Осы екеуі болған соң,

Өзіме ермек қылуға
Киіндіріп, ас беріп,
Асырап едім баладай.
О қылғаным болмады,

Тойынғансын масығып,
Күнде бір ұрыс салады-ай.
Қой дегенге қоймайды,
Өшігіп кейіп барады-ай.

Ұрыса қалсам мәгарда,
Қолына пышақ алады-ай.
Бүйте берсе бір күні
Бірін-бірі жарады-ай,

Бір күн өліп қалады-ай.
Ұрыспа деп айтып қой,
Жаңғыз өзім бұл үйде
Отырамын нағылып,

Сен жүресің далада-ай?!
Кеулінде не болсын,
Екі күңге ақырып,
Қарабек соған нанады-ай.

«Өшігіп жүріп екі күң,
Бірін-бірі жарды,—деп,
Күңдер өліп қалды,—деп,
Қарабек атты ер төре

Істеткеніме нанады»,—деп
Айтайын деп Ханбибі,
Осылай айла қылады-ай.
Ашықтықтың дертіне

Шыдай алмай Ханбибі,
Дос тұтынды кәпірді-ай.
Өлтіруге ойлады

батырлар  жыры
Бірге тумыш жақынды-ай.
Екі күңді бұрыннан
Өлтіруге Ханбибі

Ойлап тапты ақылды-ай.
Нені білсін бейшара,
Ойын деп жатыр ойына.
Ажал оғы атылды-ай,

Күндер мықтап шатылды-ай.
Мекерлік пен өтірік
Нандырады Ханбибі
Қарабектей батырды-ай.

Бұл нанғаны емес пе,
Ашуланып Қарабек,
Екі күңге ақырды-ай.
Қарабектің ойында еш нәрсе жоқ. Қарындасы жылап егіліп

сөз айтқан соң, күңдердің істерін теріс көріп, күңге ақырып,
толғап мынадай дейді.

Қарабек сонда айтады:

—Тұрыңдар, күңдер тартыспа,

Енді екінші ұрыспай,
Ретіңмен құрыңдар,
Істейтұғын жұмысқа-ай.
Тұр десе тұрып Ханбибі,

Отыр десе тырс етіп,
Орыныңнан жылыспай.
Ханбибі ұрыспа дегенде,
Төбелесің дұрыспа-ай?

Жүдә құрлы көрмейін
Өліміңді құмырсқа-ай.
Мұнан былай екінші
Істеме, күңдер, бұл істі-ай.

Енді екінші ұрыссаң,
Атаңа нәлет шұнақ күң,
Тапсырармын қылышқа-ай.
Осыны айтып ер төре,

Енді ордаға барады-ай.
Мәслихатпен отырып,

қарабек  батыр
Тамақтанып жатады-ай.
Таң атқасын аттанып,
Далаға қарай тартады-ай.

Далаға кетпей қарауыл
Әне қарауыл қалады-ай.
Және екіншісі аң аулап,
Құлан мен киік атады-ай.

Далада жүріп Қарабек,
Кеш болғасын қайтады-ай.
Ханбибі атты апаңыз
Қарекемді өтірік

Нандырдық деп ыржаңдап,
Екі күңді күлдіріп,
Тамашаға батады-ай.
Ұмыттырып жіберіп,

Енді бір күн Ханбибі
«Барайық,—деп—отынға»,
Екі күңнің беліне
Отын жібін шалыпты-ай.

Алып барып аулаққа,
Келмесін бе қуаты.
Екі күңнің тас қылып
Қол-аяғын байлапты-ай.

Күңдер енді қорықты-ай,
«Апеке» деп жалынып,
Әбден жылап тарықты-ай,
«Төбелесіп өліпті-ай»,—

Деп айтсын деп Ханбибі
Шотпен бірін-бірін шауыпты,
Пышақпенен бірін жарыпты.
Екі күңді өлтіріп,

Айқастырып салыпты.
Енді кешке келгесін,
Ағасының алдына
Ханбибі жылап барыпты,

Өп-өтірік қамықты-ай.

—Айналайын, ағеке,

Кетіп еді отынға
Аспап алып екі күң.

батырлар  жыры
Кешіккесін барып ем,
Төбелесіп екеуі,
Бірін-бірі шауыпты,

Бірін-бірі жарыпты,
Екі күң өліп қалыпты.
Жалғыз қалдым, аға,—деп,
Өтірік жылап Ханбибі,

Баса алмапты жылауын.

—Қайдағыны шығарып,

Күңдер құрысын, жылама,
Өзіміз есен болайық,—деп,
Қарабек соған наныпты-ай.
Қарабек атты ағасын

Осылайша Ханбибі
Оңашалап алыпты-ай.
Енді қалмас төреңіз
Бір бәлеге жолықты-ай.

Соныменен, жігіттер,
Ойлап тұрса апаңыз,
Кешегі Қабылан кеткелі
Есептеп тұрса бір күні

Напа бес ай болыпты-ай.
Баратұғын жездеме
Уәдесі болыпты-ай.
Алдап-сулап ағасын,

Тасбұлақтың басына
Салмаққа отыр жорықты-ай.
Тумай кеткір бейбақтың
Кебіні отқа жаныпты-ай.

Бірдемесі бар болса,
Білермін деп Қарабек,
Бес айға шейін аңғарып,
Алып жүрді есіне-ай.

Тумай кеткір бейбақтың
Қайдан білсін ісін-ай.
Уәде байлап о қашан
Бітіріп қойды ісін-ай.

Келіп-кеткен адам жоқ,
Қарабек білсін несін-ай.

қарабек  батыр
Осынау деп Ханбибі,
Өп-өтірік айналып,
Асты-үсті түсіп-ай,

Бірге жатып, бір тұрып,
Қосылып тамақ ішіп-ай,
Құлынтайдай айқасып,
Кеуілдері өсіп-ай.

Кеуілі сеніп апаңа,
Ұмытып кетті Қарабек
Көрген жаман түсін-ай,
Түсінде көрген ісін-ай.

Ұмыттырып жіберіп
Тумай кеткір Ханбибі,
Тілеуін Құдай кесіп-ай.
Алдап-сулап ағасын,

Тасбұлақтың басына
Кетпек болды көшіп-ай.
Амалын тапса ылаждап,
Басын қоспақ кеуілі

Қабылан сынды досына-ай.
Қабылан атты қалмақты
Ойнатар болды түсіне-ай.
Енді ағасын Тасбұлаққа апару туралы сөзді Ханбибіден

есітсеңдер.
Қарабек пен Ханбибі
Екеуі қатар тең өсті-ай.
Оңаша жатып далада,

Кеуілдері тел өсті-ай.
Бір күні енді Ханбибі
Қарабекке айтады:

—Кәдірханның ұл мен қыз

Екеуі бірдей батыр,—деп.
Жаудың келер бетінде,
Елдің қиян шетінде,
Бері асырмай қалмақты

Табан тіреп жатыр,—деп.
Ел үстіне келтірмей,

батырлар  жыры
Бұл жатқаны ақыл,—деп.
Бірақ енді, Қареке,
Өз кеуліме келіп тұр

Жеріңізді бұ жатқан
Ауылға жуық-жақын,—деп.
Мұсылман мен кәпірдің
Шегіне барып қонайық,

Енді сонда болайық,
Ұната қойсаң мақұл,—деп,
Бұл арада жатқан соң,
Елге қайтып барған соң,

Кімнің аузын кім тияр,
«Алыс жерге бармады» деп,
Айта ма деп қорқамын
Қатар құрбы адамың.

«Мақтамаңдар, Қарабек
Батыр емес қатын»—деп.
Және айтады Ханбибі:

—Айналайын, ағеке-ай,

Жеткенің жоқ сен әлі
Жиырманың жасына-ай.
Мұсылман мен кәпірден
Қайратың тұр асып-ай,

Мені саған қосып-ай.
Халық айтып жүр, білемін,
Кәдірханның ұл мен қыз
Қыл жалаулы қалмақтың

Жатыр деп алдын тосып-ай.
Ақ Тағала Құдайым
Берді деген осы ма-ай.
Ұзағынан бергей,—деп,

Күнде тәубе қыламын,
Қуанып кеулім түсіп-ай!
Және айтайын, ағеке,
Көзі қорқып кешегі

Кеткен қалмақ қашып-ай,
Халқына барып айтқан-ды
Дабысыңды шашып-ай.
Дабысыңды есіткен,

қарабек  батыр
Қалмақ сенің, ағеке,
Талап қылмас келуге
Бермен қарай басып-ай.

Өзің есен-сау күнде
Еш нәрседен, ағеке,
Сескенбеймін шошып-ай.
Жақын жатып осынша,

Ауылдың жуық қасына-ай,
Жатырмыз неден жасып-ай.
Алыс жерге бармадық,
Қайратымыз осы ма-ай?

Мақұл десең ойласып,
Ағеке, барып қонайық
Тасбұлақтың басына-ай.
Және айтады Ханбибі:

—Құлағың салшы, жан аға-ай,

Мақұл десең ойласып,
Соған барып қонайық,
Бір бес-алты ай болайық.
Дұшпан келсе асып-ай,

Сол арада қырайық,
Пірден жәрдем сұрайық.
Егер дұшпан келмесе,
Аңдысын аңдып қарайық.

Жолықпаса еш нәрсе,
Қашанғы жата берейік,
Онда, ағеке, кідірмей,
Ауылға көшіп барайық.

Осылайша қылмасақ,
Жата берген бұл жерде
Басқа болмас лайық.
Қарабек «мақұл» деп айтып салды. Ендігі сөзді Ханбибіден

естіңіздер.
Ханбибіге Қарабек
Құстан жаман елікті-ай.
Еліккені емес пе,

Жалған айтты демеді-ай.

батырлар  жыры
Бұған кеулі сеніпті-ай,
Айтқанына еріпті-ай.
«Көшейік» деп бұл сөзін

Әбден мақұл көріпті-ай.
Атқа мініп сол күні
Іздеп кетті көлікті.
Рас болса айтуы,

Қарабек атты ер төре
Отарда жатқан малынан
Сексен нар алып келіпті-ай.
Ханбибінің шынымен

Тілегін Құдай беріпті-ай.
Көшетұғын болған соң,
Кеулі тасып өсіпті-ай,
Көтеріліп желіпті-ай.

Басын қосса қалмаққа,
Салмаққа жүр бүлікті-ай.
Жын ұрғандай жалма-жан
Үйдің бауын шешіпті-ай.

Қарабек пен Ханбибі
Көшетұғын болған соң,
Кідірмелік десіпті-ай.
Сексен нарға жүк артып,

Тасбұлақтың басына,
Қабылан ердің қасына
Алдап-сулап ағасын,
Ханбибі енді көшіпті-ай.

Тасбұлаққа көшкенсін,
Ханбибідей арудың
Кеуілінде арман қалмайды-ай.
Күні-түні бір етіп,

Ұйқыға көзін үйретіп,
Түйенің басын жетелеп,
Жол жуығын төтелеп,
Ханбибі жаяу зырлайды-ай,

Күн батырмай қонбайды-ай.
Қанша жаяу жүрсе де,
Арып-ашып талмайды-ай.
Жол-жөнекей Ханбибі

қарабек  батыр
Қалам ба деп кідіртіп,
Отын-суын қамдайды-ай.
Күн батырмай қоймайды-ай,

Түйенің қомын алмайды-ай.
Жетемін деп асығып,
Ханбибі атты апаңыз
Бір күн еру болмайды-ай.

Түсінсеңіз бұл сөзге
Қыз кебінін жалмайды-ай.
Қарабекті Ханбибі
Алдап жүріп айламен

Көшіріп алып кетеді
Бәрі себеп Құдайдан.
Сол бұлақтың басында
Тататұғын дәмі бар,

Аулайтұғын аңы бар.
Онан басқа Қарабек
Тілге ермесе не етеді?
Екі дария су кешіп,

Ылай судан су ішіп,
Қорлықпенен күн кешіп,
Қырық күн көшіп арада,
Тасбұлақтың басына,

Қабылан қалмақ қасына
Апаң азар жетеді-ай.
Оңдамай ма Құдайы
Әр пенденің тілегін,

Бере берсе осындай.
Қалмақ та болса Қабылан
Жайсаң екен нәсілді-ай.
Уағдаға жетпекке,

Жатыр екен кетпестен
Тасбұлақтың басында-ай.
Таң атқан соң аң аулап,
Жатады екен кеш болса,

Бұтадан соққан қосында-ай.
Ханбибіге қарайлап
Неше күн жатты далада.
Қабылан көшті көргенсін,

батырлар  жыры
Қарабектен қорыққанынан
«Көріп қалар төре» деп,
Астындағы қара атты

Жыраға тығып жасырды-ай.
Тасбұлақтың басына
Орда келіп қонады-ай.
Ханбибі мен Қабыланға

Бір тамаша болды-ай,
Бірін-бірі ұнады-ай.
Қабылан енді көрген соң,
Уәдеге жеткен соң,

Қызға кеуілі толады-ай.
Жүрегі симай аблығып,
Қуанғаннан батырдың
Көзінің жасы шығады-ай.

Соныменен Ханбибі
Енді орданы тігеді-ай.
Үйді тігіп болған соң,
Әм қарауыл аң аулап,

Келейін деп Қарабек
Аққұла атқа мінеді-ай,
Қаруын белге іледі-ай,
Үйден шығып жөнеді-ай.

Тауға шығып Қарабек
Жер райын көреді-ай.
Қарабектің кеткенін
Қабылан енді көреді-ай.

Қарабек асып кеткен соң,
Маң-маң басып Қабылан,
Үйге қарай жүреді-ай,
Үйге жақын келеді-ай,

Ордаға кіріп енеді-ай.
Ашық болып қосылып,
Ханбибі мен Қабыланның
Тілегін Құдай береді-ай.

Енді Ханбибі мен Қабылан басын қосты. Бас қосқаны болма­
са, көңілдегі мүддесі біткен жоқ. Көңілдегі мүддесі Қарабекті
өлтіріп, екеуі басын қосып, қалмақтың еліне барып, Қабылан

қарабек  батыр Ханбибіні көрсетіп, халқына ноғайлыны біткердім деп мақтанбақ еді. Ханбибінің еріп кетсе, Қарабек қуып өлтіреді дегені еді. Сол Қарабекті өлтіріп, алаңсыз кетемін деген мұдуға еді. Қарабек еш нәрсемен ісі жоқ, аңын аулап жүре берсін. Ен­ дігі әңгімені Ханбибіден естіңіз.

Қарабек енді аң аулап,
Кешке таман болған соң,
Ауылға қайтып барады-ай.
Ісі болғасын Ханбибі,

«Келіп қалар ағам» деп,
Ханбибі шығып қарады-ай.
Қарабекті көрді де,
Қайтып келіп Ханбибі,

Кеу сандық құлпын алады-ай.
Алып барып Қабыланды
Кеу сандыққа салады-ай.
Кеу сандықтың ішінде

Қабылан жатып қалады-ай.
Кеу сандық құлпы алынды-ай,
Ішіне Қабылан салынды-ай.
«Білдірме» деп Ханбибі,

Бір Құдайға жалынды-ай.
Қарабекті Ханбибі
Өлтіруге сағынды-ай.
Қарабекте жазық жоқ,

Не тобасын жаңылды-ай.
Бірге туған егізі
Сол бейбаққа нағылды-ай?
Ханбибі енді бір күні:

—Қабылан, бермен кел,—деді-ай

Өлтіруге ағамды
Ойлап тұрмын мен,—деді-ай.
Қалай қылса өледі,
Ақыл тауып бер,—деді-ай.

Ақыл тауып бер дағы
Қызығымды көр,—деді-ай.
Өлтіремін дегенге
Бұған Қабылан сенбейді-ай.

25–252

батырлар  жыры
Сенбегені емес пе,
Қайырып қызға сөйледі-ай.
Сөйлегенде бүй деді:

—Қарабек сенің, Ханбибі,

Үйректің жүні өттесің,
Қаздың жүні қаттасың,
Бірге туған тектессің,
Қысылған жерде түптессің.

Өлтіремін дегенге
Оған кеулім сенбейді-ай.
Шынтуайтқа келген соң,
Екі көзің көрген соң,

Қия алмассың сен,—дейді-ай.
Шынымен қисаң ағаңды,
Онда маған ант етіп,
Уағдаңды бер дейді-ай.

Ақыл тауып берейін
Кезіп жүріп мен,—дейді.
Ханбибі сонда сөйледі:

—Қабылан саған не дейін,

Өлтірмесем ағамды,
Балаша алдап мен неге,
Ертіп келдім мен неге,
Ертіп келдім соңыма?

Оңашалап әкеліп,
Тигіздім неге қолыңа?
Мұнан артық ант бар ма,
«Алла-билла ағамды

Өлтіремін мен»,—деймін,
Көп сөйлемей, Қабылан, сен
Ақыл тауып бер,—деймін.

—Олай болса Қарабек ертең далаға бармақ болсын, ат

ерттеп жатқанда қасына барып, мұңайып тұрып:—Ей,
аға, ғайыптан болған төресің, құлан менен бұланның сен
қызығын көресің. Қарсыласқан дұшпанға қозғалтпай азар
бересің. Мен ішім пысып жалғыз өзім үйде отыра алма­

дым, тілімді алсаң бүгін екеуміз ойнасақ қайтеді,—де. Сені
қимас, батыр аңқау, «ер көдек» деген, ойнаймын деп айтар.

қарабек  батыр
«Ойнаймын» деген сөз аузынан шықса, үйге ертіп келіп,
ақ киізді жайып жіберіп, хан асықты ойна. Сәске мезгіл
болғанда, бетіңнің қанын қашырып, қолыңдағы асықты от

басына шаш, мұңайып отырсаң, не болды деп сұрар, сосын
айт, «қол тұзақ деген ойын бар, соны ойнаймын» деп. Сенің
айтқаныңды қылар. Ойнай қалса, қол тұзақпен қолын бай­
ла. Үзілместей болса, мені сандықтан шығарғайсың. Менің

Қарабектен көкірегім суып қалған, қорқамын. Қолы шеші­
ліп кетсе, сен де өлесің, мен де өлемін, ендігісін өзің біл.
Сенің ерлігіңе сенемін,—деді.
Қалмақ сандықта жата берсін. Қарабек таңертең ат ерттеп

жатқанда, Ханбибі баяғы қалмақтың айтқан сөзімен ағасының
қасына келіп, мұңайып әңгімесін айтады.
Сонда Қарабек:—Ойбай, қарағым-ай, ондай болса, мен де
ішім пысып отыра алмаған соң, атқа мінетін едім. Сонда екеу­

міз асық ойналық,—деп, атын жіберіп, қарындасы екеуі үйге
келіп, ақ киізді жайып, хан асықты ойнап жатқаны.
Ақ киізді жаяды,
Ойнады ханнан асықты-ай.

Тумай кеткір Ханбибі
Сәске мезгіл болғанда,
Өп-өтірік томсарып,
Бетінің қаны қашыпты-ай.

Қолындағы асықты-ай
От басына шашыпты-ай.
Қарабек атты төрені
Өлтіруге асықты-ай.

Асықпай бейбақ не қылсын,
Жауға кеуіл қосыпты-ай.
Мекерлікпен мұңайды-ай,
Асықты шашып жіберіп,

Шалқасынан құлайды-ай.
Құлаған соң шошынып:

—Не болды?—деп Қарабек,

Ханбибіден сұрайды-ай.
Атаң менен анаңды,
Ағайын, туған еліңді,
Сағындың ба, шырағым,

батырлар  жыры
Құрбы-құрдас теңіңді?
Түсің қашып томсарып,
Кеулің неге бөлінді-ай?

Айналайын, егізім,
Айтшы, маған жөніңді-ай?
Ханбибі сонда сөйледі-ай,
Сөйлегенде бүй дейді-ай:

—Есен болса орнында

Отырған-ды ел,—дейді,
Өзің есен-сау жүрсең,
Халық ойыңа келмейді.
Өне бойы, ағеке,

Бір ойынды ойнасақ,
Одан жүдеп меңдейді-ай.
Әрбір түрлі ойналық,
Кешке шейін, әйтеуір,

Тілегімді бер,—дейді-ай.
Шын көңілімен ойналық,
Берменірек кел,—дейді-ай.
Қол тұзақты ойнаймын

Енді бір, аға, мен дейді-ай.
Есітіп, а, Құдайлап, осы сөзді,
Сандықта жатыр Қабылан жайнап көзі.
«Жар болып Құдай өзі сақтаса» деп,

Ойлайды өлтіретін келді кезі.

—Ойнаймын қол тұзақты, ағеке,—деп,

Өтініп Ханбибінің сұрады өзі.

—Қол тұзақ жаман ырым болады,—деп,

Бұл енді Қарабектің айтқан сөзі:

—Батырлар қайыңнан оқ жонатұғын,

Оқ жонса, қорамсағы толатұғын.
Бір күні кәрі келсе Құдіреттің,
Пендесін әрбір жолға салатұғын.
Алшаңдап жүрсе дағы ер жігіттің,

Бір күні өлсе кеулі солатұғын.

қарабек  батыр
Ойналық өзге ойынды, Ханбибіжан,
Қол тұзақ жаман ырым болатұғын.
Ханбибі және айтады Қарабекке:

—Отырмын ішім пысып босқа-текке.

Қазақтың жаман деген тіліне еріп,
Шығуға отырмысың жекпе-жекке.
Ағеке, болып тұрмыз рулы елдей,
Онан да отыр деп айт ойыным келмей.

Жамандық-жақсылық білмеймісің,
Отырсың тілегімді неге бермей?
Қолымды байлап алып өлтірер,—деп,
Ағеке, отырмысың маған сенбей.

Қарабек сонда айтады Ханбибіге
Ырымың айтуының себебі:

—Мен түнде қарындасым болдым дықты,

Айтайын дықты болып көргенімді-ай.
Қолымнан келді дағы біреу тұтты-ай,
Байлады жіберместен алып жіпті-ай.
Жұлқынып үземін деп үзе алмадым,

Білмедім жіп екенін неткен мықты-ай.
Қоймады оныменен және дағы,
Ішіме асып келіп пышақ тықты-ай.
Пышағы өтпеген соң және дағы,

Итеріп алып барып отқа жықты-ай.
Бетімді жалын шарпып күйер болдым,
Қарлығып көкірегім түтін жұтты-ай.
Сонан соң не болғаным біле алмадым,

Қорқытып қабырғамды жаман сықты.
Қараңғы көрінбестей тұман басты-ай,
Тұманда өзім қалып, атым шықты-ай.

батырлар  жыры
Қарабек көрген түсін айтты болып,
Мұңайып кеуіліне қайғы толып.
Ханбибі қуанады көрген түске,

Өтірік жақсылыққа жатыр жорып.

—Адамзат не көрмейді ұйықтап жатқан,

Қареке, бір жігітсің пірлер баққан.
Жар болып пірің шығар қолдан тұтқан,
Қалыпты бұрынғыдан түс жорытқан.
Ағеке, өмір жасың ұзақ болар,

Бұл түстен сенің ісің бекер қорыққан.
Ішіңе шайтан шығар пышақ тыққан,
Итеріп алып барып отқа жаққан.
Осындай жын-шайтанды көріп қаққан,

Ағеке, бабаң шығар тұмандатқан.
Жүдә, аға, қорқатұғын ешнәрсе жоқ,
Бәле жоқ саған келген дұшпан жақтан.

Қалмаса қазір түсіп шаңырақтан,
«Қолымды байлап алып өлтірер»,—деп,
Қорықпаса, бірақ, тегі мен бейбақтан
Ағеке, бір нәрсе сезсең, сақтан.

Атадан ойын-күлкі қалған мұра,
Ойыннан кімді көрдің бәле тапқан.
Көрмесең бір нәрсемді біліп-сезіп,
Ойнасаң ойнымды кеулім шапқан.

Ханбибі мекерлікпен кеулін айтты,
Былайша Қарабектен жауап қайтты:

—Ханбибі, жаман қиял ойламалық,

Біріміз-бірімізді байламалық.
«Демейін өлтіред», деп байлап алып,
Тіл алсаң, Ханбибіжан, ойнамалық.

—Ағеке, бір нәрсемді білгенің-ай,

Білмесең қайда маған сенгенің-ай.

қарабек  батыр
Құрысын бүйтіп тірі жүргендігім,
Осымен екі қорлық көргенім-ай.
Ханбибі осыны айтып құлайды екен,

Көзіне түкірік жағып жылайды екен.
Ақкөңіл, сұмдығы жоқ Қарабек те,
Не қылып егізіне шыдайды екен,
«Шырағым, қайдағыға жасыма,—деп,

Қарағым, түрегел»,—деп сұрайды екен.
Болған соң жаман ырым айтып едім,
Басымды жамандықтан тартып едім.
Ендеше түрегеліп ойна дейді-ай,

Әншейін түс көрген соң айтып едім.
Жігіттер, Ханбибіні Құдай ұрып,
Өтірік жатыр еді бекер қылып.
Байлауға жіп іздейді бұл антұрған,

Жалма-жан орнынан қарғып тұрып.
Енді ойнай бер деп Қарабектен рұқсат болған соң, қыздың
көңілі қош болып, ойнауға кірісті, сөзді Ханбибіден естіңдер.
«Ойнай бер» деп айтқан соң,

Қыздың іші жылыпты-ай.
Орнынан тұрыпты-ай,
Қынай белін буыпты-ай.
Төр алдына барады-ай,

Жүкті ақтарып қарады-ай.
Бұрын ескен жөке арқан,
Үзілместей берік арқан,
Соны тауып алады-ай,

Суға апарып салады-ай,
Қызыққа шалып таңады-ай.

—Тарт, ағеке, тарт,—деді-ай,

Тартып еді, тарс кетті-ай.
Темірден құрсау салады-ай,
Тарт, ағеке, тарт,—дейді-ай.
Үзіліп темір шарт кетті-ай,

батырлар  жыры
Бәрін де үзіп жоқ етті-ай.
Темірден құрсау салса да,
Жөке арқанмен шалса да,

Бәрін де талқан қылады-ай,
Жіп түгіл темір сынады-ай.
Қайраты ердің ұнады-ай,
Қызды Құдай ұрады-ай.

Не қыларын біле алмай,
Самсөз болып тұрады-ай.
Өйткенменен тұрмады-ай,
Қарабектен сұрады-ай:

—Айналайын, жан аға,

Тәңір ашқай жолыңды-ай.
Қыз да болсам мен едім
Іште ерген соңыңа-ай.
Темірден құрсау салсам да,

Жөке арқанмен шалсам да,
Бәрін де үзіп жоқ еттің,
Қайнаттың менің сорымды-ай.
Маған айтпай, ағеке,

Кімге айтасың сырыңды-ай.
Өзің айтшы, ағеке,
Не бекітер қолыңды-ай?
Сұрағанын көрмей жек,

Отырмады қарап тек.
Мұнша аңқау болар ма,
Ханбибіге жасырмай,
Сырын айтты Қарабек:

—Жорғадан артық, қарағым,

Аққұла аттың жүрісі-ай.
Қара тасты кеседі
Ағаңның алмас қылышы-ай.
Қалмақтарды атқанда,

Қаһарланып тартқанда,
Үзілмек түгіл біржола
Созылған жоқ, шырағым,
Сарыжамның кірісі-ай.

Ханбибі, саған айтайын,
Үзілмеген мәнісі:

қарабек  батыр
Бұрап таққан үш өрлеп,
Сарыжамның кірісі-ай
Бұғының қалың терісі-ай.

Бір бекітсе, қарағым,
Со бекітер қолымды-ай,
Сонымен байлап көр деймін.
Егер о да үзілсе,

Одан басқа нәрсені
Бекітер деп білмеймін.
Сүйдеген соң Ханбибі
Сарыжаның кірісін

Ағытып шапшаң алыпты-ай.
«Жібіп сазға келсін» деп,
Ыссы суға салыпты-ай,
Әбден жібіп болыпты-ай.

Ештеме жоқ ойында-ай,
Ойын деп біреу ойлады-ай.
Ханбибі енді төренің
Екі қолын байлады-ай.

Байлап болып шиелеп,
Тарт, ағеке, тарт,—деді-ай.
Тартайын деп ұмтылды-ай,
Олай-бұлай жұлқынды-ай.

Үземін деп зорланып,
Батыр енді алқынды-ай,
Үзе алмаған сықылды-ай.
Қарға біткен қалың ет

Қол басына сыпырылды-ай.
Дымы құрып үзе алмай,
Төре қарап отырды-ай.
Не қылып үзсін шиелеп

Қазықпен таңып шалғанды-ай.
Әрбір түрлі жұлқынып,
Үземін деп бағады-ай.
Зорлағаны сондай бар,

Түлкі ішіктің жеңінен
Шұбырып қан ағады-ай.
Жар болмаса пірлері,

батырлар  жыры
Өлімге төре жарады-ай.
Жұлқынған сайын үзе алмай,
Тумай кеткір Ханбибі

Жаны кіріп барады-ай.
Бекінбестен тұр еді
Күніменен Ханбибі,
Қаны қашып қуарып.

Бекінгенін білген соң,
Қаны тасып қуанып,
Ойға біткен шалғындай
Омырау жағы дем алып,

Дүрия кемзал етегі
Жерге түсіп шұбалып,
Ақ білегін сыбанып,
Құдайдан үзген үмітін

Бауырдан артық көріпті-ай
Бір қалмақтың жігітін.
Орнынан тұрып шапшаңдап,
Қолына алды кілтін.

Көнбесін бе пендесі
Алладан болған жарлыққа.
Кәпелімде төрені
Құдай салды тарлыққа-ай.

Жазылған іс болған соң,
Көнбесін бе қорлыққа-ай.
Тумай кеткір Ханбибі
Кілтін алып қолына,

Жүре берді сандыққа-ай.
Аяғын шапшаң басады-ай,
Қуанып бейбақ тасады-ай.
Қуанбай апаң не қылсын,

Жауға кеулін қосады-ай.
Қарабектей төрені
Өлтіруге ұқсады-ай.
Өзі қылды өзіне,

Қарабекті Құдайым
Аңқау қылып жасады-ай.
Кілтін алып қолына,
Сандығына барған соң,

қарабек  батыр
Сезіктеніп шошынып,
Бетінің қаны қашады-ай,
Төре мықтап сасады-ай.

Бара сала Ханбибі
Кеу сандықты ашады-ай.
Ашып еді сандықты-ай,
Қабылан тұрды діңкиіп,

Қырқылмаған қозыдай,
Төбе шашы үрпиіп.
Басын шайқап Қарабек,
Бармағын барша шайнады-ай.

Шайнағанмен не толсын,
Іс өткен соң пайда жоқ.
Қос бүйрегі солқылдап,
Көзінің жасы мөлтілдеп,

Қамығады тарығып.
Сандықтан Қабылан тұрған соң,
Өлмеймін деген ойда жоқ.
Қалмақты көріп Қарабек,

Айтады ол былай деп:

—Сөз айтамын, ер Қабылан,

Қасыма таман кел, Қабылан.
Күйеу болдың, сен Қабылан,
Қайнағаң болдым мен, Қабылан.
Намаз оқып екі рет,

Иманымды айтайын,
Осыған сабыр бер, Қабылан.
Және айтады Қарабек:

—Қарындасым, Ханбибі-ай,

Талдап шашыңды өргендей,
Қалмақтан төмен көргендей,
Атасы басқа қалмаққа
Қолымды байлап бергендей,

Не жазығым бар еді-ай?!
Тәңіріден тап дейді-ай,
Бүйтеріңді білмедім,
Кеулі құрғыр-ақ,—дейді-ай,

Алдап соқтың, қап,—дейді-ай.
Енді саған айтқанмен

батырлар  жыры
Сөзім келмес шақ,—дейді-ай.
Шапқанын көзім көрмесін,
Атқанын көзім көрмесін,

Киімімді әкеліп,
Басымды бүркеп жап,—дейді-ай.
Қабылан, сенен тілегім—
Адыра қалғыр алмасым

Өзіменен шап дейді-ай.
Шыбынымды қинамай
Басымды бірден қақ,—дейді-ай.
Сүйт деген соң, Қабылан ер

Өз алмасын суырды-ай.
Суырмай қалмақ не қылсын,
Қарындасы Ханбибі
Байлап беріп Қабыланға

«Шап» деп кейіп бұйырды-ай.
Жалғаншыда жан тәтті,
Өлу құрғыр қиынды-ай.
Қабырғасы сөгілді-ай,

Аш күзендей бүгілді-ай.
Көзінің жасы төгілді-ай,
Иманын айтып үйірді-ай.
Қолын байлап салғасын,

Тілегі қабыл болғасын,
Қыздың кеулі тынады-ай,
Төрені Құдай ұрады-ай.
Шынын айтып бауыр деп,

Өзіне-өзі қылады-ай.
Өлімге мойнын бұрады-ай,
Иманын айтып болады-ай.
Жігіттер енді және де-ай

Білмесін бе айуан,
Жан серігі жалғыз ат
Жібергелі ертеден
Оттамастан тұр еді-ай.

Дыбысын біліп төренің,
Ши тұтқан үйдің сыртынан
Іргеге келіп құлады-ай.
Оқыранып, күрсініп,

қарабек  батыр
Сөйлейін десе тілі жоқ,
Көзінен жасы төгіліп,
Қимай о да жылады-ай.

Өлі тиген немедей
Арман-бермен дөңбекшіп,
Аунап енді тұрыпты-ай.
Түрегеліп Аққұла ат

Тұмсығымен сүзіпті-ай.
Жабықтан мойнын салыпты-ай,
Аққұла ат та қамықты-ай.
Қарабекке кісінеп,

Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Адамнан жаман зарықты-ай.
Аққұла атты көрген соң,
Адамдай жылап келген соң,

Қарабек атты төренің
Іші өртеніп жаныпты-ай.
Қол байлаулы, аяқ бос,
Тағаты болмай көрген соң,

Қасына тұрып барыпты-ай.
Мойнын құшып Құла аттың,
Қайғы басып тарықты-ай.
Қабылан қалмақ ер екен,

Нәсілі қалмақ болса да,
Заты асыл төре екен.
Аты мен өзі төренің
Шұрқырасып жатқан соң,

Суырып алған қылышын
Қынабына салыпты-ай.
Және бейбақ Ханбибі:

—Жылдам шауып таста,—деп,

Қынабына салдырмай,
Алмасты ұстай алыпты-ай.
Оған Қабылан болмады-ай,
Қыздың тілін алмады-ай.

«Ішіндегі арманын
Айтып кетсін төре» деп,
Сүйеніп жүкке қалыпты-ай.
Сабыр қылмай нағылсын,

батырлар  жыры
Қайрат қылар қолы жоқ,
Өлтірерін таныпты-ай
Қарабек атты төренің.

Әмірі дағы Алланың,
Бірге туған бауырлас
Дұшпан болды жақыны-ай.
Кім көнбейді осындай

Жақынның жаққан отына-ай.
Байламай апаң нағылсын,
Патша қызы болса да,
Қалама-ай уәзір затына-ай.

Байлайды екен ағасын,
Не қылып қолы батып-ай?
Бейбақтығы емес пе,
Дұшпанға болды қатын-ай.

Мұнысымен бұл тұрсын,
Әлеумет, енді, тыңдаңдар,
Қарабектің сөзі бұл
Арыздасқан атына-ай.

Қарабек атты төре еді-ай,
Аршын басты Құла аттың
Қасына жақын келеді-ай.
Мойнын құшып Құла аттың,

Еңіреп сөлей береді-ай:

—Аршын басты Аққұла ат,

Сен құлында емдің, тайда емдің,
Құнаныңда арда емдің,
Дөненіңде үйреттім.
Бес жасыңа келгенде,

Белің жуан болсын деп,
Бес бедеуге салдырып,
Жібектен арқан сүйреттім.
Алты жаста ақтаттым,

Аттай мұрның қанаттым.
Алшаңдатып ойнаттым,
Арпа, бидай асаттым.
Жеті жасқа келгенде,

Жер топылды желгенде.
Көзі қорықты дұшпанның

қарабек  батыр
Көлденеңнен көргенде.
Қарындасым Ханбибі
Қолымды алдап байлады-ай,

Бауырым деп сенгенде-ай!
Болады екен дүние-ай,
Әйел деген шерменде-ай!
Өстер ме еді, не пайда,

Інім болып ергенде-ай?!
Жалғыздығым ойда жоқ,
Жүруші едім қайғысыз,
Аққұла ат, сені мінгенде-ай!

Қара май жағып арқаңа,
Шаруаға салар қалмақтар,
Қарабек иең өлгенде-ай!
Сегізіне келгенде,

Серкежан деген ат болдың.
Бір жақынның дертінен
Мен қалмаққа мат болдым.
Қайтармын деп жүргенде,

Бұл бәлеге тап болдым.
Тоғызыңда толыстың,
Жау қарасын көргенде,
Ауыздықпен қарыстың,

Ұшқан құспен жарыстың.
Тоқтата алмай сені мен,
Басыңменен алыстым.
Сен астымда жүргенде,

Қырық мың жығын қалмақпен
Жалғыз өзім алыстым.
Кеткен жері жоқ еді
Дұшпаныма намыстың.

Он жасыңа келгенде,
Ауыздығың кемірдің,
Жауды көрсең елірдің.
Жеті мінбей жіберсем,

Ет алып толып семірдің.
Арымасын саған деп,
Кішміштен жем ілдім.
Өлерімде Аққұла ат,

батырлар  жыры
Бауырым білмей, сен білдің.
Туғаным болған Аққұла ат,
Қорғаным болған Аққұла ат,

Қызығыңды көре алмай,
Күнім өтті не пайда,
Таусылғаны өмірдің.
Тар құрсақта бір жатқан,

Бір аяқтан дәм татқан,
Тай-құлындай тебіскен,
Таласып емшек еміскен,
Дұшпан болды өзіме

Бірге туған егізім.
Тым болмаса, дүния-ай,
Бір жасар да емес арамыз.
Құдайдан болып жазамыз,

Бауырдан болып жаламыз,
Алланың қылған ісіне
Бар ма айла-шарамыз.
Қозғалуға бұл күнде

Келмей отыр шамамыз.
Бұйрығыңа, Құдайым,
Қарсылығым жүдә жоқ.
Аяқ-қолым тас болып,

Ұрысып өлмей дұшпанмен
Өзімді-өзім байлаттым,
Осыған қапа боламыз.
Бір арманым, екінші,

«Ұл мен қызым келер деп,
Қауышып тірі көрдім» деп,
Екі көзі төрт болып,
Отырған шығар еңіреп

Атамыз бен анамыз.
Соларға сәлем бере алмай,
Халық аралап жүре алмай,
Ел қарасын көре алмай,

Арманда кетіп барамын.
Және арманым үшінші—
Иесіз қалып барады-ай
Дүние Азау қаламыз.

қарабек  батыр
Ие болар Азауға
Жоқ еді іні, ағамыз.
Алды-артын жалмаған

Бір әкеден дарамыз.
«Жалғыздың жары—Құдай» деп,
Айтушы еді үлкендер.
Не себептен, Құдайым,

Болмады қабыл тобамыз?
Қайда кеттің, келсеңші,
Көзімнің жасын көрсеңші,
Келіп жәрдем берсеңші,

Сиынған жеті бабамыз!
Болмасаң пірлер панамыз,
Қалар болды көмусіз
Арманда кетті балаңыз.

Мен молдадан келгенде-ай,
Қауышып халықты көргенде-ай,
Түспеген соң көзіме,
Егізім қайда дегенде-ай,

Білген екен қасқалар ,
«Қондырдық,—деп,—аулаққа»
Айтқан еді жұртым-ай.
Ханбибі, сені ата-анам

«Көрме,—деп айтты,—шеніңді-ай.
Егерде барсаң қасына,
Көрерсің,—деді,—көріңді-ай.
Береді,—деді,—өлімді-ай».

Мұныңды қайдан білейін,
Онда оларға кейіп ем,
Рақым етпей балаңа,
Айтқандарың рас па?

Рас болса оңбассың,
Шығарма деп үніңді,
Келтірме деп жынымды,
Егізімді көрмесем,

Таппас деп кеулім тынымды-ай.
Кетемін деп түнемей,
Орнымнан тұрып ем,
Барма деген сендердің

26–252

батырлар  жыры
Алмаймын деп тіліңді-ай.
Кетерімді білді де,
Қонып кет деп жабысып,

Екі қасқа бүлінді-ай.
Жіберместей болған соң,
Амалсыздан жатып ем.
Жатқанменен, Ханбибі-ау,

Сен есіме түскенде,
Ілінген көзім жоқ еді.
Құдайдың Кәдір түнінде,
Оны ойласам, сорлылар,

Білген екен жәйіңді.
Тілін алмай солардың
Мұсылманнан ақсүйек
Қосамын деп теңіңді-ай.

Бермеспін,—деп,—қалмаққа,
Соғыс қылып жүр едім,
Өлімге байлап басымды-ай
Көз болады маған деп,

Сен өлтірген екенсің,
Жазықсыз екі күңімді-ай.
Өлгеннен соң екі күң,
Бергенің маған жоқ еді-ай,

Көшейік деп тынымды-ай.
Еш нәрсе жоқ ойымда,
Білейін қайдан мұныңды-ай.
Жүр екенсің басыңда-ақ

Кәпірге беріп дініңді-ай.
Өсіп едік екеуміз
Айқасып тай мен құлындай.
Енді сенен тілегім—

Қалмағыңа ұстатпай,
Өзің кигіз кебіңді-ай,
Терең қаздыр көрімді-ай.
Тастап кетпе көмусіз,

Ит пен құсқа жем қылып,
Менің асыл денемді-ай.
Жан кеудеден шыққанша,
Тастамаймын ауыздан,

қарабек  батыр
Сиынған жеті пірім-ай.
Жау көзіме көрінді-ай,
Сиынған балаң сүрінді-ай.

Пірлерден жәрдем болмаса,
Шықпақ болды кеудеден
Тәтті жаным шырындай.
От жаға алмай барамын

Қарағай мен қайыңның
Қалың біткен тозынан.
Су іше алмай барамын
Тосын, Торғай, Тобылдың

Тұңғиықты суынан.
Отырғаным мен бүйтіп,
Алдымда ағам жоғынан,
Артымда інім жоғынан.

Алдымда ағам бар болса,
Артымда інім бар болса,
Бауырым неге кешікті,
Келем-ді деп ендігі,

Келмес пе еді соңымнан?!
Жалғыздықтың дертінен
Қабылан атты бұл қалмақ
Тау ет жер болды қоңымнан.

Желім шығып солымнан,
Жалғаншыдан барамын,
Желім шықпай оңымнан.
Құдіреті дағы Алланың,

Құтылсын ба пендесі
Атқан ажал оғынан.
Құданың ісі болса да,
Өлер едім армансыз,

Сен айырдың, Ханбибі-ай,
Қайрат қылар қолымнан.
Сені бағып қаңғырып,
Жүрдім қалып жолымнан.

Байлап қойып қолымды,
Кеу сандықтың ішінен-ай
Қалмағыңды шығарып,
«Шауып таста, шапшаң» деп,

батырлар  жыры
Отырғаның сыбанып.
Қайдан білсін мұныңды
Қасқа болған ата-анаң!

«Ұл мен қызым келер» деп,
Отырған шығар қуанып.
Бізден басқа перзент жоқ,
Отырар кімге жұбанып.

Екі бірдей қасқаның
Қалғандығы қуарып.
Жүргенін қайдан білейін,
Кеулі қалмаққа қозып-ай.

Көшейік [деп] айтқасын,
Қайғырғаным жоқ еді.
Қалмақтың қайдан білейін
Жатқанын қияда тосып-ай.

Қолымды байлап жатқан соң,
Үзілместей болған соң,
Сезіктендім осы жерде,
Кілт алып қолына,

Төрге қарап жүрген соң,
Аяғын шапшаң басып-ай.
Мұғайын білдім сандықты
Жібергенде ашып-ай.

Сандықтан Қабылан шыққан соң,
Не болғанын білмедім,
Сескеніп жаным шошып-ай.
Бүйтіп менің, Ханбибі-ау,

Обалыма қалғанша,
Кеуліңді қосқан қалмақпен
Кетсең нетті қашып-ай!
Соған деген ықылас

Артып еді-ау кеуілің.
Ұшырассаң қайтерсің
Сенің көзіңнің жасына-ай.
«Шапшаң шап» деп қайқайып,

Ата дұшпан секілді
Осы тұрған пиғылың.
Жуымайсың қасыма-ай,
Айтқаныңа ерем деп,

қарабек  батыр
Ата-ана, халқымнан
Көзім кетті асып-ай.
Әттең қалтық дүние-ай,

Дымым құрып осындай,
Отырғанда сасып-ай,
Азаудағы ноғайдан
Біреу келсе басыма-ай!

Халқымнан шығып қаңғырдым,
Тіршілікте көре алман
Әкемнің тіккен қосын-ай.
Айтушы еді үлкендер

«Жалғыздық, шіркін, осыны-ай».
Көтермеске айла жоқ
Алладан болған өкімді-ай.
Сеніменен, Ханбибі-ау,

Өсіп едік екеуіміз,
Егіз қозы секілді-ай.
Енді сенен тілегім
Ит пен құсқа жем қылмай,

Менің аппақ етімді-ай,
Жасырып кет бетімді-ай.
Қайрылмастай маған сен,
Байқап тұрмын ниетіңді-ай.

Өлмеймін деген ойда жоқ.
Осыны айтып Қарабек,
Ханбибіге өтінді-ай.
Ендігі сөзін айттырмай,

Ханбибі сонда сөйлейді-ай:

—Қабылан саған айтайын,

Осы отырған Қарабек
Бауырым еді-ау бір күнде-ай.
Саған кеуілім қосқан соң,
Өлімге қидым бұл күнде-ай.

Мен қиғанда төркінді-ай,
Кеулің неге іркілді-ай?
Шошитұғын нәрсе жоқ,
Байлап қолы беркінді-ай.

Көп сөйлетпей, Қабылан, сен,

батырлар  жыры
Шауып таста шіркінді-ай.
Бата алмасаң шабуға,
«Шабайын,—деп,—өзім-ақ,

Алмасқа апаң ұмтылды-ай,
Шыныменен жұлқынды-ай.
Тынышын ала берген соң,
Түрегеліп Қабылан ер,

Шабар болған сықылды-ай.
Қынаптағы алмасты
Суырып қолға алыпты-ай,
Қасына жақын барыпты-ай.

Таянып қалмақ барған соң,
Төренің есі ауыпты-ай.
Сонда қалмақ «Алла» деп,
Қарын әзер шауыпты-ай.

Тасбұлақтың басында-ай,
Қарабектің жеті пір
Жүреді екен қасында-ай.
Шабайын деп жатқанда,

Балаға алтын құс болып,
Темірден қақпақ жауыпты-ай,
Қылышы өтпей қалыпты-ай.
Өтпеген соң Ханбибі

Қолына пышақ алыпты-ай,
Қақ жүректен салыпты-ай.
Бабалары көрді де,
Қолыменен қағыпты-ай.

Бір қаққаннан өтсін бе,
Сырғанап пышақ тайыпты-ай.
Есіркеп Алла кәріпті-ай,
Қарабек атты төреңіз

Екі өлімнен қалыпты-ай.
«Үһ» деп демін алыпты-ай,
Ханбибі есін таныпты-ай.
Не қырларын біле алмай,

Өртеніп іші жаныпты-ай.
Қарап тұрмай және де,
Ханбибі айтты қалмаққа-ай:

—Қабылан атты ер,—деді-ай,

қарабек  батыр
Қысылып болды жан,—деді-ай,
Қарап тұрма, сен,—деді-ай,
Жағасынан ал,—деді-ай.

Сүйреп шапшаң бар,—деді-ай,
Тасбұлаққа сал,—деді-ай.
Салайық та, қашайық,
Қимылда шапшаң, бол!—деді-ай.

Қорқып тұрған бұл қалмақ
Айтқанына наныпты-ай,
Қасына жетіп барыпты-ай,
Мойнына шылбыр салыпты-ай.

Мойнына салып шылбырды,
Тартайын деп жатқанда-ай,
Пірлер келіп қасына,
Жабыла ұстай алыпты-ай.

Тартып еді зорланып,
Сонда дағы Қарабек
Жылжымастан қалыпты-ай.
Қарап тұрмай қалмаққа,

Және айтыпты Ханбибі:

—Қабылан, саған айтайын,

Қылышпенен шапсаң өтпеді-ай,
Сүйреп әлің жетпеді-ай.
Біліп тұрмын мен,—деді-ай,
Пірі болды жар,—деді-ай.

Енді қылар амалың—
Тасбұлаққа бар,—деді-ай.
Тасбұлақтың басында
Жиылған томар бар,—деді-ай.

Алып келіп арқалап,
Жығып тастап орданы
Үстіне үйе сал,—деді-ай.
Пір де Алланың пендесі,

Оттан қашпас жан болмас,
Томарменен өртеп көр,—деді-ай.
Онда да отқа күймесе,
Кідіре беріп не етейік,

Бастың қамын етейік,
Атқа мініп кетейік,

батырлар  жыры
Еліңе шапшаң жетейік.
Сүйдеген соң Қабылан ер
Беліне арқан шалады-ай.

Тоқсан түйе томарды
Екі арқалап барады-ай.
Жығып тастап орданы,
Үстіне қол салады-ай.

Жел жағынан от қойсаң,
Томар парлап жанады-ай.
Пір де Алланың пендесі,
Күйетұғын болады-ай.

Күйетұғын болған соң,
Пірлер тайып барады-ай.
Қарабек оттай жанады-ай,
Өлуге төре қарады-ай.

Осы тапқан айласы
Ханбибінің жарады-ай.
Жарағанмен болмады-ай,
Пірлер қайта қамады-ай,

Келіп ол да қалады-ай.
Жай бұлтын шығарып,
Қара нөсер жауады-ай.
Жанып тұрған томары

Көмір болып қалады-ай.
Сол уақытта Қарабек
Көзін ашып жіберіп,
Көтеріп басын алады-ай.

Қарабек атты төре еді,
Жанған томар сөнеді,
Тілегін Алла береді-ай.
Күймеген соң Ханбибі

Қашайын деп оңтайлап,
Жүген алып қолына,
Аққұла атқа жөнеді-ай.
Жібергелі оттамай

Аршын басты Аққұла ат,
Қасында үйдің жүр еді-ай.
Бара сала Ханбибі
Аршын басты Құла атты

қарабек  батыр
Ол ұстайын деп еді-ай.
Мініп алып қашарын
Айуан енді біледі-ай.

Ұстатпады жануар
Алдынан барса, тістеді-ай,
Артынан барса, тебеді-ай.
Тиіп кетсе тұяғы,

Жазымы жоқ өледі-ай.
Жуи алмай қасына,
Жануарым, «тәк-тәк» деп,
Айналдырып көреді-ай.

Ұстатпасын білген соң,
Не жаздым деп еңіреп,
Көзіңнің жасын төгеді-ай.
Ұстай алмай Құла атты,

Қабыланға қайтып келеді-ай.
Сол уақытта Қарабек
Қабыланға толғай береді-ай:

—Қабылан атты ер,—деді-ай,

Айтатұғын сөзім бар,
Қасыма жақын кел,—деді-ай.
Алмаспенен шапсаң да,
Мойныма арқан тақсаң да,

Томар үйіп үстіме,
Көрік басып жақсаң да,
Жәрдем болды пір,—дейді-ай.
Енді төре өлмейді-ай,

Мұны да ойлап біл,—деді-ай,
Қолымды босат, сен,—деді-ай.
Босата қойсаң қолымды,
Бұл дүниеде жиғаным,

Ол дүниеде иманым,
Құран қойып ортаға,
Дос болайын мен,—деді-ай.
Сүйдеп еді Қарабек,

Қабылан қалмақ ер екен,
Уәдеге иланып,
Ерлігімен жүр екен,
Дос боламын десіпті-ай.

батырлар  жыры
Дос боламын деген соң,
Қарабектің келді де,
Қабылан қолын шешіпті-ай.

Ханбибі атты арудың
Тілеуін Құдай кесіпті-ай.
Босанған соң ер төре,
Кеулі тасып өсіпті-ай.

Ұялғаннан кіруге
Ханбибі атты апаңыз
Таба алмай жүр тесікті-ай.
Қабылан батыр шешкен соң,

Төренің қолы бос болды-ай.
Себеппенен қауышып,
Екі батыр дос болды-ай,
Жалғаншыда хош болды-ай.

Құран қойып ортаға,
Қарабек пен Қабылан ер
Қияметтік дос болды-ай.
Иманы бар әйелде

Ақырында Құдайым
Бермей қоймас пендеге-ай.
Қабылан кеуіл қоймады,
Алаң болып өңгеге-ай.

Сабақ алып төреден
Оқу болды ермегі-ай.
Кеуіл қойды шынымен
Ақ дініме сенбекке-ай.

Қияметке барғанда,
Ол пейішке кірмекке-ай,
Пірлермен бірге жүрмекке-ай,
Құданың жүзін көрмекке-ай.

Со бұлақтың басында
Он жыл жатып оқыды.
Мұсылман болып ақиқат,
Келтіріп тілін келмеген-ай.

Шын мұсылман болған соң,
Қарабек енді ойлайды-ай
Ханбибіні некелеп,
Қабылан ерге бермекке-ай.

қарабек  батыр
Берейін деп айтқасын,
Қабылан сонда сөйлейді-ай:

—Қарабек, саған айтайын,

Сен тұрсаң, бірге тұрайын,
Жүрсең бірге, жүрейін.
Жаныңнан сенің қалмаймын,
Қатын бала, ата-ана,

Халқым бар,—деп,—артымда,
Мен қалмаққа бармайын.
Қалмаққа барсам және де,
Бұзылады бұ дінім.

Қияметке барғанда,
Онда тағы көр зада-ай.
Кебінімді жалмаймын,
Бұзылған соң қайтадан,

Тозаққа қайтіп жанбаймын.
Азғырмаса Құдайым,
Енді екінші тәубе еттім,
Аузыма алам салмаймын.

Дінім бұзық уақытта,
Сеніменен дос болдым,
Айта көрме, Қарабек,
Ханбибіні алмаймын.

Дос болған соң сенімен,
Енді мені өлтірмек,
Көкірегін аңдаймын.
Шошынғаннан осыдан,

Өтініп саған зарлаймын.
Тілімді алсаң, Қарабек,
Жуытпа мұны қасыңа.
Алмасыңмен бөліп кет,

Шабуға қолың бармаса,
Тірілей жерге көміп кет,
Әйтеуір, өлім беріп кет.
Немесе маған өлтір де,

Көтеріп жерге ұрайын.
Көйлегін кебін қылайын,
Бір шұқырға тығайын.
Дос болған соң сенімен,

батырлар  жыры
Енді мені өлтірмек,
Аңғарып жүрмін сыңайын.
Мен неғылып қорықпайын,

Атам басқа қалмақпын.
Қандай қылды өзіңді,
Бірге туған сыбайың.
Соны көзім көрген соң,

Тақ өтсем де жалғаннан,
Алдырмасын Құдайым.
Тірілей қойсаң өлтірмей,
Жалғаншының жүзінде, мырза-ай.

Осыдан шықпас шырайың.
Қарабек Қабыланға айтты:—Қалмақтың ортасында отыр­
ған бір шамалы ноғайлы едік. Балалықтың салдарынан ел­
ден шы­ғып кетіп, осындай жұмысқа ұшырадық. Тасбұлақтың

басында көп жаттық. Мұны өлтіруге болмай тұр. Үйткені
Кәдірхан­ның ұлы мен қызы екеуі бірдей батыр еді. Жаудың
келер бетінде, елдің қиыр шетінде бері қалмақты асырмай,
табан тіреп жатыр еді. Аяғында бірін-бірі өлтіріп келіпті де­

ген сөзге ұшыраймын ғой. Екінші, Ханбибіні алып барып
ата-анасының алдында, халқының алдында күнәсін мойны­
на қойып, сол арада өлтірмесе, жалғыз жүріп мұны өлтіру
қолымнан келмейді. Қабылан, мен саған әңгімемді айтып, ке­

уілім қош болғаннан бергі жерде елді ойлап шыққанымды есеп
қылып тұрсам, он жыл, он ай болған екен. Мен елден кеткен­
де, бес жасар қарындасым бар еді. Әке-шешем үшеуі еді. Елге
кімнің ие болып кеткенін білмеймін. Бірақ тоқсан құлым бар

еді. Тоқсанның бастығы Қодар деген бір құлым қайратты асқан
нар еді. Шеттен жау келсе, қолға ие болар деген де кеуілімде бар
еді. Соған арқа сүйеймін. Болмаса менде ешбір пана жоқ. Мен
осы елге қайтамын дегеннен, ежелгі жара көкірегім аблығып

сендермен бірге жүре алатын емеспін. Ханбибі мен екеуің екі
атпен артынан келерсіңдер,—деп, досы Қабыланнан ұлықсат
сұрап, көкірегін тоқтата алмай, Аққұла атқа қамшыны басып,
Қарабек елге қарай келе жатқан секілді.

Осыны айтып Қарабек,
Еліне озбақ болыпты-ай.

қарабек  батыр
Ханбибі мен Қабылан ер
Олар кейін қалыпты-ай.
Жатып-жатып Қарабек

Және іздеп халықты-ай
Жаңғыздық деген кәріпті-ай,
«Халқым не қылып қалды» деп,
Келе жатып тарықты-ай.

Жетейін деп еліне,
Атқа қамшы салыпты-ай.
Қара терге боялып,
Аққұла ат қатты шауыпты-ай.

Күн-түн қатып шапса да,
Шаршап Құла ат жалықпай,
Секіреді айуан
Сүтке тойған қодықтай.

Арада екі күн қоныпты-ай,
Үшеуі қонақ болыпты-ай.
Үшінші күні бесінде
Сақалы қылдай ұзарған,

Көзі құрдай қызарған,
Жұмыр торсық мойнында-ай,
Қарғы таяқ қолында-ай,
Азғантай қойдың соңында-ай,

Азып қалған Қарабек
Шал қойшыға жолықты-ай.
Сәлем берсе Қарабек,
Сәлемін құптап алыпты-ай.

Аңғарып тұрса Қарабек,
Шаруа өзінің қолы екен,
Түсінен байқап таныпты-ай.
Құлағың сал, әлеумет,

Осы шалдан Қарабек
Әңгімеге қанықты-ай.
Сәлемдесіп болған соң,
Шалың сонда сөйлейді-ай.

—А, жас жігіт, жол болсын,

Жеке басың қол болсын,
Азғантай болмай, мол болсын!
Қарсы алдыңа қарасам,

батырлар  жыры
Әзірейілдің түсі бар.
Білегіңе қарасам,
Әзіреттің күші бар.

Келбетіңе қарасам,
Беліңе алмас буғандай,
Қашқан жауды қуғандай,
Мұсылманды қорғанды-ай,

Меңземеймін қараға.
Сүйегің асыл сұлтансың,
Перизаттан туғандай.
Жөніңді өзің айтпасаң,

Танымайды бұл атаң
Қорлық көрген сор маңдай.
Ат құйрығын өресің,
Дүбір-дүбір желесің.

Жер қиырын көресің,
Кімнен туған төресің?
Жөніңді айтып берсеңші,
Қай жерлерден келесің?

Қарабек сонда айтады:

—Біліп тұрсың, қойшы ағай,

Кіреукем бар денемде-ай,
Алмасым бар белімде-ай,
Білдірейін кеулімді-ай.
Мына биік біткен нұралы-ай,

Тобылғылы жыралы-ай,
Бұл қандай жерлердің таулары?
Буал тартып, қаз қонған
Қай жерлердің көлдері-ай?

Көл жағалай отырған
Қай патшаның елдері-ай?
Әуелі ата, сен маған,
Өзің айтшы жөніңді-ай?

Сонда қойшы айтады-ай:

—Тобылғылы, жыралы-ай,

Биік біткен нұралы-ай,
Біткен тасы қыналы-ай
Кендірлінің тауы еді-ай.
Буал тартып, каз қонған

қарабек  батыр
Қоғалының көлі еді-ай.
Көл жағалай отырған
Заманның түзу шағында-ай,

Қарабек ердің барында-ай,
Азау ноғай ағасы
Кәдірханның елі еді-ай.
Бұл заманды билеген

Кәдірхан деген хан еді-ай.
Кәдірхан атты патшаның
Тоқсан құлы бар еді-ай.
Тоқсанының бастығы

Қодар деген бір құлы
Қайраты асқан нар еді-ай.
Құлды Құдай атты ғой,
Кәдірхандай падиша

Сол құлынан тапты ғой.
Келмеген соң баласы,
«Өлген-ді» деп ендігі
Ханның елін қорқытып,

Үш қайтара шапты ғой.
Азаудағы ноғайға
Тізесі жаман батты ғой.
Кәдірханды түсіріп,

Мінді Қодар тақты ғой.
Қодар билік салды ғой,
Ноғай есін танды ғой.
Не қыларын біле алмай,

Өртеніп іші жанды ғой.
Оныменен қойды ма,
Ермек қылған патшаның
Жалғыз қызы бар еді,

Қорқытып оны алды ғой.
Әкесі мен шешесі
Күнде қарап жылайды
Жалғызының жолына-ай,

Неге ере кетпедік,—деп,—соңына-ай.
Менің атым—Ажырық,
Және болған Қодар хан.
Жүз қаралы қойменен

батырлар  жыры
Кәдірхан атты қасқаның
Беріп еді қолына.
Мен солардың бүгінде

Суы болса, әкеліп,
Отыны болса, аламын,
Оты болса, жарамын,
Отын-судан босанып,

Алдымдағы қойымды
Оттықты жерге бағамын.
Сүт шықсын деп соларға
Күніне үш суғарып барамын.

Дұрыс болып Құдайға,
Кеудеден жаным шыққанша
Солардың бабын табамын.
Және айтады Ажырық:

—Кәдірхан түгіл Қарабек

Әркімге де керекті-ай.
Қарабектің тұсында
Қымыз ішіп, ет жеген
Құл да болса, қасқа едім,

Бие сауған көнекке-ай.
Қарабектің жоғынан
Қалып жүр басым кебекке-ай.
Кәрі қойдан сүт шықпай,

Осы күнде қор болдым,
Айналатын, шырағым,
Етпеген кебекке-ай.
Және айтады Ажырық,

Елдің жайы осылай.
Менің жайып жүргенім
Кәдірханның қойы еді-ай.
Тал шыбықтай бұралған

Ханыша қыздың тойы еді-ай.
Сол Ханышаның тойы еді,
Көзіңді сал, шырағым,
Ана жүрген көп кісі

Алтыннан қабақ аттырып,
Күмістен табақ тарттырып,
Аты болса, шаптырып,

қарабек  батыр
Дағарасын қақтырып,
Бір отауды әкеліп,
Кілең түбітпенен жаптырып,

Баулығына зер салып,
Өңкей барқыт тақтырып,
Маңдайша мен таяушын
Сары алтыннан соқтырып,

Шаңырақтың ортасына
Алтыннан күмбез қақтырып,
Отау болады түтінге деп,
Ішіне шамды жақтырып,

Ет салғыз деп және де,
Күні-түні бақтырып,
Аяққа суды құймаға,
Қожа-молда жимаға,

Ақ некесін қимаға,
Басына жаулық салмаға,
Қатын қылып алмаға.
Менен ішер қымыз жоқ

Қодар құлдың ойында.
Осылайша Қарабек
Әңгімеге қанықты-ай.
Осы сөзді есітіп,

Барша есінен таныпты-ай,
Өртеніп іші жаныпты-ай.
Күйіп кетіп Қарабек,
Ауылға қарай шауыпты-ай.

Келе жатып ер төре
Және де ақыл тауыпты-ай.
Түсе сала атынан,
Киімін шешіп алыпты-ай,

Қаруын шешіп алыпты-ай.
Аққұла аттың үстіне
Шылбырменен таңыпты-ай.
Бір тал қылын суырып,

Жан қалтаға салыпты-ай.
Пердесін бұзып киініп,
Қайқы таяқ қолға алып,
Қодар жатқан ордаға

27–252

батырлар  жыры
Бейшара болып барыпты-ай.
Бір уақытта Қарабек
Хан баласы төре еді-ай.

Құдайдың салған ісіне
Кім де болса көнеді-ай.
Хандар жатқан ордаға
Қарабек келіп енеді-ай,

Кіріп сәлем береді-ай.
Алты қатын басында-ай,
Алпыс қатын қасында-ай,
Орамалмен желпіген

Құс төсектің үстінде
Көтеріп алып кеудесін
Ақырып сөйлей береді-ай:

—Осыншама асқан кім?

Ұлықсатсыз, биліксіз
Есікті келіп ашқан кім,
Төрге күлді шашқан кім?
Сыпайының қатынын

Еңсесінен басқан кім,
Бұл үйге бар деп қосқан кім?
Танисың ба, қатындар,
Мына келген шошқаң кім?

Ит болмасаң біліксіз,
Үйге неге енесің?
Арызың болса, ай, шошқа,
Бүгіннен соң келерсің,

Келіп арыз берерсің.
Көп ұзамай шығып кет,
Енді қорлық көрерсің.
Осы сөзбен төренің

Жүнін жаман жығады-ай,
Қабырғасын сығады-ай.
«Бұл шұнақ құл таныр» деп,
Төре төмен бұғады-ай.

Әрбір-әрбір сөздерін
Кеуіліне ұғады-ай.
Ыза болды Қарабек,
Оны Қодар білсін бе?!

қарабек  батыр
Үстіне киген шекпеннен
Тұтам бір түгі шығады-ай.
Қарабек сонда айтады:

—Кіргенімді шам көрме,

Қодар, саған айтайын,
Мен ат құйрығын өріппін,
Дүбір-дүбір желіппін.
Бұл күнде арып тұрсам да,

Өзімнің болған шағымда
Өздеріңдей, ай, Қодар,
Патшаларменен шерік ем.
Елімді Қабылан шапқан соң,

Екі шешем бар еді,
Кезегімен жетелеп,
Бүгін ел шетіне келіп ем.
Алған екен өлтіріп

Қарабек мінген Аққұла ат.
Қабылан атты қалмақтың
Қосарында көріп ем,
Сол себептен бұл үйге

Биліксіз келіп кіріп ем.
Қуанғаннан, өзің біл, жезде,
Сүйінші сұрай келіп ем.
Сонда Қодар айтады:

—Осылай ма еді, балдызым,

Рас болса бұл сөзің,
Алайын деп жатырмын
Әлпештеген хан қызын.
Енді неден қорқайын,

Өлтірген болса Қабылан ер
Кәдірханның жалғызын.
Енді менің, балдызым,
Сөзіме құлақ сал,—дейді-ай.

Тірі ме деп Қарабек,
Сескенуші еді жан,—дейді-ай.
Рас болса бұл сөзің,
Кеулім болды шат,—дейді-ай.

Неден болсын арманым,
Таққа мініп бұл күнде,

батырлар  жыры
Халыққа болдым хан,—дейді-ай.
Балдызым, Құдай қуантсын,
Далаға шық кідірмей.

Майлы қазан бар толы,
Майын қалқып ал,—дейді-ай,
Сүйінші болсын сол,—дейді-ай.
Сүйдеген соң Қарабек

Далаға шығып аңқыды-ай.
Бір ошақтың қасында-ай,
Кірлі жаулық басында-ай,
Жақ терісі қалтадай,

Екі тісі балтадай,
Құрсауы кеткен шелектей,
Түбі түскен көнектей
Отыр екен бір кемпір.

Қарабек соған барды да,
Лақтырып жіберіп,
Қазанның майын қалқыды-ай.
Тобылғының түтіні

Омырауға шалқыды-ай.
Қазанның жерді тарпыды,
Кемпір салды ойбайды-ай.
Ойбайлаған дауысын

Кешке шейін қоймады-ай:

—Кәдірханның дәуірінде-ай

Мұнан қорлық бар ма еді-ай.
Телі мен тентек тыймастай
Бұл айбатсыз хан ба еді?
Қарабек сонда айтады-ай:

—Айналайын, шешеке-ай,

Не күндер бастан өтпеді-ай.
Бұрын қорлық көрмесең,
Осы айтқаның еп пе еді-ай?
Қасқа болған бұл балаң,

Деген күйде жетпеді-ай.
Той менікі, шешеке-ай,
Май менікі, шешеке-ай,
Сойып жатқан биліксіз

Қой менікі, шешеке-ай.

қарабек  батыр
Тым болмаса мен сорға
Қазанның майы көп пе еді-ай?
Қарабек атты төренің

Сөзіне кемпір түсінбей,
Ойбай салып ол кемпір,
Ханға кірді арызға-ай.
Қодарға барып айтады:

—Атан да емес нарлықты-ай,

Нар көтерер сандықтай
Отырсың Қодар төсеніп
Құс төсекті мамықтай.
Төреңді түзу бермесең,

Мықты менен асылдың
Бәрін тегіс көрмесең,
Жүре алмассың игеріп
Бүкіл ноғай халықты-ай.

Бір мықты адам келді де,
Көрсетті жана зорлықты-ай,
Көріп келдім қорлықты-ай.
Теңдігімді алып бер,

Патша болсаң орнықты-ай.
Шашымнан алып сабады-ай,
Құтырған иттей талады-ай.
Шақыртып алып ұзатпай,

Теңдігімді алып бер
Қорлығы өтіп барады-ай.
Осыны айтып мұңайып,
Кемпір жаман жылады-ай.

Сонда Қодар айтады-ай:

—Есіттіңдер ме, қатындар!

Кемпір неден зарланды-ай,
Болыпты неден арманы-ай?!
Осы күнде қараңдар,
Сонда айтады қатындар:

—Әлгі жігіт барғанды-ай,

Қазанын тартып алғанды-ай.
Қазанынан айрылып,
Кемпір сорлы қалғанды-ай.

—Айтсаңдаршы, қатындар,

батырлар  жыры
Енді кемпір кетпей ме?
Ақ шашымен таласып,
Өз басына еп дей ме,

Әркім мұны сөкпей ме?
Толып жатқан қазан көп,
Майы құрғыр жетпей ме?
Айтып Қодар кеңесіп,

Осылай берді төресін.
Қодар сүйтіп айтқасын,
Келіндері шығарды
Итеріп үйден енесін.

Кемпір шығып кеткесін,
Соныменен кеш болды-ай.
Кеш болған соң жиналып,
Ноғайлының бозбала

Қайыңдайын қайысып,
Емендейін сығылып,
Жүндері қатты сығылып,
Құл Қодардан қорыққанынан

Шыбын жаны шағынып,
Бір-біріне тығылып,
Ханышаға келеді-ай,
Келе жылай береді:

—Әй, Ханыша, Ханыша,

Қасқа болған Қарабек
Астына мінген [атының]
Құйрық жалын өрмеді-ай,
Дүбір-дүбір желмеді-ай,

Беліне қару ілмеді-ай,
Осындай тойға да келмеді-ай.
Бұл қызықты көрмеді-ай,
Талабың сорлы жүрмеді-ай.

Ағеке есен-сау келіп,
Батасын да бермеді-ай.
Малды баққан бір құлмен
Күнің өтіп барады-ай.

Не көрдім деп кетесің,
Жоқтасаңшы ағаңды-ай,
Көтерейік кеуілді-ай.

қарабек  батыр
Қасқа болған Қарекең
Жоқтаусыз тастар ер ме еді-ай!
Кәдірханның қызы Ханыша шешесі Зәуренейді шақырып

алып:

—Шеше, халықтың іші толды, біздің де ішіміз толды.

Өмірді босқа өткергендей болып, қапалықта отырмын, жі­
гіттерді алып келіп, өлең айтқыз, мен де солармен бірге
қосылып ән салып, ішімдегі дертімді шығарар едім,—деді.
Зәуреней жігіттерге келіп:—Шырақтарым-ау, халықтың да,

қыздың да іші толды. Қыздың тұсына барып, бір-екі ауыз өлең
айтсаңдаршы,—деп еді.

—Ой, әшейінде ауыз жаппас, той дегенде өлең таппас, недеп

жүр осы қақпас,—деп жігіттер мазақ етті.
Зәуреней еңіреп жылап жүріп, басында кемпірменен ке­
рісіп, аяғында келісіп, бір шелек майды бөлісіп жатқан
Қарабекке келеді.

—Ай, шырағым, сендей жалғыз балам бар еді, бір

қызымның себебінен елден кеткеніне он жыл, он ай болады.
Балам кеткен­де байым Кәдірхан тақта еді, жас үлкейіп жет­
кен соң, күш-қуаты біткен соң, әлсірегенін біліп, Қодар де­
ген құлым: «Осының баласы өлмей не қылды дейсің»,—деп,

елімді үш қайтара шауып алып, балам кеткенде ермек қылып
отырған бес-алты жасар қызымды ықтиярсыз алам деп той
істеп жатыр. «Кеуілімді көтергендей бір бозбалаларды алып
кел» деп жұмсап еді, бозбалалар: «Әшейінде ауыз жаппас,

той дегенде өлең таппас, не деп жүр осы қақпас»,—деп мазақ
қылып кетті.—Түрің басқа бала көрінесің, шырағым, сол
қыздың тұсына барып, бес-алты ауыз өлең айтсаңшы. Майы
құрысын, май керек болса, осы Қодардың берген жүз кәрі

саулығы бар, қойшысымен алдыңа салайын,—дейді.
Қарабек жылап тұрған шешесіне көзі түсіп:—Ойбай, шеше-
ай, құлдан бұрын сен байыттың ғой, жүз қой берсең, онда май
құрсын не етелік, сенің қызыметіңді етелік, бұл арадан кетелік,

шаршамай-ақ жетелік,—деп, майды қағып тастап, шешесіне
еріп жүре береді.
Зәуреней кім екенін қайдан білсін, ізіне еріп келді. Қыз
үйде отырып, шешесіне еріп келе жатқан жігіттің түрінің басқа

екенін біліп, қарап тұрып: «Бұл біздің Азау қаласындағы адам

батырлар  жыры
емес қой, түрі бөлек қой. Бұл кімде болса, өзінен бұрын бұған
жауап айтып, жөнін сұрайын» деген көңіліне келіп, жақындап
келгеннен айқайлап, бір ауыз өлеңмен қыз сөйлеп жатыр.

Ертті де осыны айтып жүре берді-ай,
Шешесі танымастан ертіп келді-ай.
Ішінде үйдің тұрып қыз да көрді-ай,
Келгенін айтысуға және білді-ай.

Тоқтаусыз қыз да өлеңді қоя берді-ай,
Сондағы Ханышаның айтқан сөзі-ай:

—Әй, жігіт, жақынырақ бермен келің,

Сенімен айтысайын болсаң теңім.
Артықпын деген сенен сөзім емес,
Пенденің Құдай білер артық-кемін.
Сенімен өлең айтып, шықса желім,

Отырмын кете ме деп қайғы-шерім.
Бір жігіт ел қорғаны болмас ерің,
Өзіңнен қай адамға кетсе кегің.
Бере ме тілегенмен оны қадап,

Жақсы екен онан дағы бұйрықты өлім.
Ағайын, халық-халайық ата-тегің,
Айтшы, аға, кім болады аты-жөнің?
Жөніңді біліп алып сөйлемесем,

Пендеге кім біледі бар ма сенім.
Қайғылы Ханышаның болған өзі-ай,
Мұны айтып жылауда отыр екі көзі-ай.
Есітіп қыздың сөзін болғаннан соң,

Сондағы Қарабектің айтқан сөзі-ай.

—Тау-таудан таза гүлді терген ермін,

Тұлпар мініп құйрығын өрген ермін.
Сөз айтсам, қарындасым, желденермін,
Шошынып, кімнен қорқып тебіренермін.

қарабек  батыр
Қалай айт, олай айтсаң, ар көрмеймін,
Әйтеуір, бір пендемін тең келермін.
Теңдіден қайткенімде кем келермін

Бәйгесі қызыл тілдің жел сөз болса,
Қаңбақтай ұшқан желге дөңгелермін,
Себеп бұл қатарымды жеңген ермін.
Кеулімді біліп алып шын сөйлесең,

Саған мен қисық келмей, жөн келермін.
Ойлаймын өлтіруге адамға да,
Жасырмай шынымды айтып берген ермін.
Кеулім ақ, дұшпаныма сенген ермін,

Себеппен халықтан шығып жүрген ермін.
Төрт бұрышын дүниенің кезіп келген
Жақсылық-жамандықты көрген ермін.
Шырағым, жөн сұрасаң, қарындасым,

Әйтеуір, затым ноғай мұсылманмын,
Алыстан шәһарым қашып келген ермін.
Айтысса екі кісі болады сын,
Жақсылар, жалған емес, мұнысы шын.

Қарабек сөзін айтып болғаннан соң,
Сондағы Ханышаның жауабы бұл:

—Тау-таудан таза гүлді тердің бе, аға-ай.

Құйрығын тұлпар мініп, өрдің бе, аға-ай?
Сөзіне мен кәпірдің сендіңіз бе, аға-ай,
Шының ба, алыс жерден келдің бе, аға-ай?
Шын айтсаң, мен де айтайын мұң-зарымды,

Бұл күнде ішім толған қайғы-сәна-ай.
Қасқамын ашылмаған мен бір бағы-ай,
Ортадан ері кетіп елге пана-ай.
Біржола иесіз қалып Азау қала-ай,

Мен түгіл көп халықтың кетіп сәні-ай.
Құр отыр кеудесінде шықпай жаны-ай,
Сәніңнің кеткені емес пе, аға-ай.
Үстіне кілең жібек киіп қалмай,

Қос жорға парлап жегіп, тағып таға-ай.

батырлар  жыры
Салдырып мойнына әсемдікке,
Жана да мың теңгелік алқа-ай.
Күймелі-пәуескелі мініп шана-ай,

Отырған орны әкемнің алтын тағы-ай.
Тұрғанда оны өзің біліп,
Ағеке, мұнан артық қорлық бар ма-ай?!
Әкемнің қасына ерген уәзірлері

Болып жүр қорыққанынан құлға малай.
Осындай азар қорлық көргеннен соң,
Дұшпанға осылайша болдық таба-ай.
Біз көрген бұл қорлықтың есебі жоқ,

Ағеке, жігіт болсаң ақылың дана-ай,
Қарашы өзің ойлап, қылып шама-ай.
Және де сөз айтайын, ағажан-ай,
Халқыңнан себебіне шықтың қалай?

Төрт бұрышын дүниенің кездің бе, аға-ай,
Халқыңнан кісі өлтіріп бездің бе, аға-ай?
Немесе жоқ жоғалтып
Жүрдің бе, аға-ай?

Кезгенің рас болса дүнияны,
Көп болды халық сұлтаны ғайып болды,
Төрені Қарабектей көрдің бе, аға-ай?
Болып тұр кеткеніне он жыл, он ай,

Хабарын біліп соның сездің бе, аға-ай.
Сүйінші қара, басым біліп шешең,
Өлісін-тірісін білдің бе, аға-ай.

—Халқымнан, қарындасым, безгенім жоқ,

Себеппен не жерлерді кезгенім жоқ.
Шығып ем әр шәһарды көрейін деп,
Халқыммен араз болып жүргенім жоқ.
Сонымен мен көрмеген елдерім жоқ,

Және де мен шықпаған белдерім жоқ.

қарабек  батыр
Сескеніп жақынымнан жалғыз жүрдім,
Басқаға бір Құдайдан сенгенім жоқ.
Шырағым, нелер жанып сөнгенім жоқ,

Сонда да бұйрық жетпей өлгенім жоқ.
Аралап сонша жерді жүргеніммен,
Ағаңды Қарабектей көргенім жоқ.

— Ағеке-ау, сөз айтамын сендей затқа,

Ұсайды тілің қалам, кеудең хатқа,
Барғаның рас па, аға-ау, әр халыққа,
Ермісің таныс болып жүрген жатқа?
Мұсылман болсаң, аға, дұрысыңды айт,

Қашырып жауап айтпа әрбір жаққа.
Ағеке, дұрыс айтсаң, бұрыс айтпай,
Көп жасып, бір Аллаға ісің жаққай.
Бұл күнде, аға, маған тұрман тақпа,

Кеудеден жаным отыр шықпай шаққа-ай,
Отырмын қорлықпенен жанып отқа-ай.
Ойлашы, жанбайтұғын орын бар ма,
Жұрт сұрап, құл мінген соң алтын таққа-ай.

Той қылып, ықтиярсыз халықты жинап,
Некелеп алмаққа отыр оқып құтпа-ай.
Жақпады не қылмысым Қадыр Хаққа-ай,
Қор қылды ақырында мұндай қылып,

Атама разы емен қонған баққа-ай.
Келеді жүре бергім құла дүзге
Біржола халықтан шығып, мініп атқа-ай.
Ұзамай жақсылығы бола ма,—деп,

Кетуге және тұрмын тағы батпай.
Жыламаймын көп ұзатпай тілек бер,—деп,
Әйелдің пірі болса Бибі Патима.
Бермесе тілегімді көп ұзатпай,

Жөн көріп отырмаспын бұл қорлыққа-ай.
Көп кезең ол жерлерге барып па едің,
Қонды деп есітіп ем Тасбұлаққа-ай.
Басында Тасбұлақтың жатыр деген

батырлар  жыры
Хабары тиіп еді бір құлаққа-ай.
Көрсең де, көрмесең де дұрысыңды айт,
Өтірік жауап айтпа мен бейбаққа-ай.

—Біржола айтқаныңа еріп кеттім,

Көп жерге мен де талай келіп кеттім.
Шынымды енді айтайын, қарындасым,
Жасымнан, бөтен шәһардың дәмін таттым.
Қызмет қылып пірдің отын жақтым,

Екінші жақынымның кеулін бақтым.
Мен қорғап жақынымды жауға шауып,
Дұшпанның ерегіскен басын қақтым.
Ешкімнің тілін алмай қорғаймын деп,

Бәлеге өз басымды өзім шаттым.
Тауында қорлық көрдім бейне Қаптың,
Дүнияда бұ жалғыздық қиын екен,
Көп жылап жалғыздықтың зарын тарттым.

Жақыным жат болды деп кімге айтайын,
Оны мен жылы қымтап мықтап жаптым.
Ашылар, шын жыласаң, сенің бақытың,
Құдайым шын тілесем, бермей қалмас,

Иесі келмей қалмас мүлік пен тақтың.
Білмейді халқым, жүдә, хабарымды,
Далада судай сіңіп, тастай баттым.
Шырағым, енді саған жалған айтпан,

Арқасы жауыр болып мінген аттың,
Сол айтқан бұлағыңда біраз жаттым,
Киікпен азық қылып құлан аттым.
Болмаса басқа жерде таса етіп,

Басын да көре алмадың Тасбұлақтың.

—Бұл күнде ішім жалын, сыртым түтін,

Басымнан арылмады қырсық бұлтың.
Зарлады күннен күнге іште дертім,
Бұ жаққан көріп тұрсың құлдың өртін.
Тас қылып халықты жинап бір күн, бір түн,

Таянды мені аларға енді, шіркін.
Өлісі-тірісінен мен ағамның
Отырмын біле алмай әлі еркін.

қарабек  батыр
Келмесе айтып жүрген менің сертім,
Мен көріп отырмаспын құлдың көркін.
Болмаса, жалғыз ағам өлген болса,

Қылайын құлға тиіп кімді төркін?
Кездім деп жер шәһарды айтқаннан соң,
Білер деп сұрап едім бар үмітім.
Ағеке, енді өзін көрмесең де,

Көрдің бе көшіп кеткен үйдің жұртын?

—Кеуліңді біліп тұрмын мен де ашып,

Ағаңа шын жыласаң болып ашық,
Күн туар Ақ жарылқап, қарындасым.
Көзімнің жасын көргей, бағыңды
Ағаңмен қауыштырғай Құдай қосып.

Не пайда ел шетіне қараласаң,
Бұл тойға келсе ағаң араласып,
Қуанып кетер едің қандай тасып,
Дұшпаның болар еді қандай пасық.

Жарты ырыс, жақсы лебіз деп айтамын,
Сау болса жүрген ер ме халықтан қашып.
Кеткелі он жыл, он ай болды десең,
Шырағым, осы арадан тұрмын шошып.

Ол жерде үйдің, жұртын көргенім жоқ,
Қалмаса жаңбыр жауып, шалғын басып.

—Күн қайда келетұғын, ағажаным,

Мұғайым келгендігі болып мәлім.
Арманым сонда менің болар ма еді,
Бауыздап, ішіп өлсем құлдың қанын.
Қорқытып үш қайтара елді шауып,

Әкемнің тартып алып мінді тағын.
Бетіне қарайтұғын біреуі жоқ,
Қорыққаннан бүкіл ноғай болды бағын.
Қуалап ата-анамды ел шетіне,

Даламда боздап отыр кемпір-шалым.
Қинады Құдай алмай бекер жанын,
Екеуі жалғызының тартып зарын.
Бірі хан болған шақта, бірі ханым,

Дәурені өтіп кетті болып сағым.

батырлар  жыры
Көмусіз құла дұзде қалар болды,
Осыған болмасын ба кеулім жарым.
Бұл күнде сыртым түтін, ішім жалын,

Ашпаған бейбақ болдым Құдай бағын.
Ағеке, көшкен жұрттан көрмесең де,
Көрдің бе үйдің сынған сағанағын?
Мұғайын ол арада қонған болсаң,

Қазылған көрдің бе, аға, жер ошағын?

—Айтайын, тыңда мұны, Ханышажан-ай,

Көп айттың құл деп қорлап басынып-ай.
Жүрмесін құлға жетіп осының-ай,
Қайратын жеңген болса асырып-ай.
Ойыңды істейтұғын ішке сақта-ай,

Айтқаның жұртқа кетер шашылып-ай.
Күн туып, ақ жарылар ағаң келіп,
Қауышсаң көп ұзамай қосылып-ай,
Ықпалдың, жүрер бағың ашылып-ай.

Еш нәрсе Тасбұлақта көргенім жоқ,
Шырағым, не қылайын жасырып-ай.

—Ағеке, ақылың артық дариядай,

Мүсіркеп ақыл айтсаң жарияды-ай.
Қорлыққа көрген азар айтпағанша,
Себепсіз бейбақ кәйтіп жыласын-ай.
Жаңылған қасқа болдым тобасына-ай,

Бар ма екен жер жүзінде мендей сорлы,
Тірілей алған Құдай ағасын-ай.
Азарды маған берген Ақ Тағала
Салмасын мұсылманның баласына-ай.

Сөзімнің енді айтайын расын-ай,
Бұ күнше өлмей тірі отырғаным,
Елдегі қожа, молда, бақсы, балшы
«Ағамды келед» деп тұр бал ашып-ай.

«Ұзамай көрісесің» деп айтып отыр,
Қуантып атасы мен анасын-ай.
Қалмас деп бүгін-ертең келеді деп,
Күн кесіп және де тұр шамасын-ай.

Келмесе бүгін-ертең осы кеуілім,

қарабек  батыр
Қасына жақын барып жанасып-ай,
Құлменен отыра алман жарасып-ай.
Қорлықты құлға тиіп көргенімше,

Өлемін құла дүзде адасып-ай.
Мен күліп отыра алман тірі болып,
Азаудың иесіз қалған қаласында-ай.
Ағеке-ау, сен айтпайсың, біліп тұрсың,

Мені сен әрбір жолға саласың-ай.
Ағеке, мен бейбақты алжастырмай,
Көрсең де айт, ең түбінде моласын-ай.

—Халқымда жоқ болған соң тұрағым-ай,

Көп жүрдім жаһан кезіп лағып-ай.
Кездім деп жер жаһанды айтқаннан соң,
Ағаңды, Ханышажан, сұрадың-ай,
Сағынып ағаңды айтып жыладың-ай,

Кеуліме бұл жылауың ұнады-ай,
Сонда да шынымды айтпай шыдадым-ай.
Жетерсің шын жыласаң мұратыңа,
Кеуліңді дұрыс екен сынадым-ай.

Енді мен білгенімді айтпай болмас,
Ертерек естіп едім бір хабарды
Бір жігіт, бір қызбен жатыр деген
Мекендеп Тасбұлақтың бұлағында-ай.

«Әкетті деп қалмақ ұстап екеуін» деп,
Және де тиіп еді құлағыма-ай.
Еш нәрсе мұнан басқа білгенім жоқ,
Білмеймін со болмаса, шырағым-ай,

—Келгеннен біліп едім білгеніңді,

Айтпадың күніменен көргеніңді.
Тірі деп үміт қылып жүргенімде,
Ағеке-ау, естірдің өлгенімді-ай.
Айтуы басқалардың жалған екен,

Дұп-дұрыс, жатуы рас Тасбұлақта.
Бір жігіт бір қызбенен жатыр деген
Дыбысы қалмақтарға барған екен.
Жатыр деп сұлу қыз есіткен соң,

Бір қалмақ ашық болып аламын деп,

батырлар  жыры
Қасына әскер жинап барған екен.
Көп қалмақ құмырсқадай талған екен,
«Қалмаққа бауырымды бермеймін» деп,

Ағекем жалғыз ұрыс салған екен.
Қасында көмегі жоқ жалғыз қу бас,
Шамасы келмей өліп қалған екен.
Қалмақтар Ханбибіні алған екен,

Өлуін ағекемнің енді білдім,
Себебі сол бейбақтан болған екен.
Дүние-ай, менің күнім солған екен,
Бақ құсы шұнақ қонған екен.

Ағамды отыр едім көремін,—деп,
Бақсының айтқанына сенемін,—деп,
Айқасып ағамменен жүремін,—деп,
Бір жайлы мен ендігі болар едім.

Бірталай көп отырдым қорлық көріп,
Тіліне бақсылардың сенемін,—деп.
Ханыша осыны айтып болды дағы,
«Мұғайын шыныменен өлемін» деп.

Өлмекке белін байлап қиды жанды-ай,
Қолына өлмек болып пышақ алды-ай.
Қолына пышақ алып ішке салды-ай,
Салдырмай тамам қатын ұстай алды-ай.

Қатындар қолын барып ұстаған соң,
Биһуш боп сол арада талып қалды-ай.
Қарабек Ханбибіден көрді азарды,
Қарабек боламын деп бұ да сондай.

Шыныменен өлетұғын болғаннан соң,
Қарабек Ханышаға сонда нанды-ай.
Мұғайып рас кеулін танып алып,
Қасына жақынырақ тұрды барып.

—Жоқ деген сол ағаңыз біз болмалық,

Қарашы, Ханышажан, жарық алып.
Ханыша көз алдында талып қалды-ай,
Болғансын өлетұғын сонда нанды-ай.
Қарабек «мен ағаңмын» деген сөзі

Ол қыздың құлағына тал-тал барды-ай.

қарабек  батыр
Талпынып тұрамын деп ет пісірім,
Сол шақта азар есін жиып алды-ай.
Ханыша есін жиып алғаннан соң,

Қолына шам көтеріп, жарық алды-ай,
Ағасын Қарабектей танып алды-ай,
Тәтті екен бауыр, шіркін, шырын-балдай.
Құшақтап Қарабекті таныған соң,

Ханыша түн ішінде ойбай салды-ай.
Топырлап жұрттың бәрі толып қалды-ай,
Ноғайға бір тамаша болып қалды-ай.
Ойбайын о да естіп Ханышаның,

Отауда Қодар кейіп айқай салды-ай.

Сонда Қодар ақырды-ай:

—Түнде салған ойбайға

Жүрегім қорқып шошынды-ай.
Менсінбей-ақ жүр екен
Мен секілді асылды-ай.
Онан басқа о бейбақ,

Неге ойбай салады-ай?
Маған бір басы қосылды-ай,
Бүктің бүйтіп насырды-ай.
Менсінбесең мені сен,

Ұмытпа, бәлем, осыңды-ай,
Қор қылармын басыңды-ай.
Басыңнан таяқ айырмай,
Жұлармын күнде шашыңды-ай.

Әлі күнге құм құймай
Сол бейбақтың аузына,
Қайда кетті қырылғыр,
Ноғайлар жоқ па қасында-ай?

Тілдеріңді алмаса,
Өзім жайын қылайын,
Әкеліңдер осында-ай.
Қойдырмасаң ойбайын,

Енді өзім барармын,
Шашынан алып сабармын,
28–252

батырлар  жыры
Жүдә өлтіріп салармын,
Қатынсыз-ақ қалармын.
Ханның қызы болмаса,

Қарадан-ақ алармын.
Енді қойдыр, ноғайлар,
Бәріңді де қырармын,
Тегіс ойран салармын.

Қодар сүйтіп жатқанда,
Бір-екі қатын бар еді-ай
Осы күнде Қодарды
Байынан артық көреді-ай.

Неге десең себебі—
Жеңгелікке жүреді-ай.
Алдап-сулап Қодардан
Көп дүние жеп еді-ай.

Қарабектің келгенін
Со қатындар біледі-ай,
Жүгірумен келеді-ай.
«Шошытайық құлды» деп,

Келе жатып екеуі,
Ыржың-ыржың күледі-ай.
Келіп бір үйге енеді-ай,
«Келіпті,—деп,—Қарабек»

Құлға хабар береді-ай.
Шошып кетіп құл Қодар,
«Уһ» десе ақырып,
Аузынан шыққан лебінен

Томар оты сөнеді-ай.
Сасқанынан құл Қодар:

—Тойы құрысын, кеткелік,

Бастың қамын етелік,
Жылқымызға жетелік,
Мұнда отырып не етелік.
Байлап қойған жүгіріп

Тайторы атқа келеді-ай.
Ер салуға асығып,
Жайдақ мініп ноқтамен
Түн ортасы болғанда,

Қодар қашып жөнеді-ай.

қарабек  батыр
Қарабек келді деген соң,
Қодар қашты деген соң,
Бүкіл ноғай аңдайды-ай,

Кемпір-шалы қалмайды-ай.
Келе жатып қуанып,
Көзінен жасы парлайды-ай.
Жетіп келсе жиылып,

Жаман тымақ басында-ай,
Біреу отыр жыбынып
Ханышаның қасында-ай.
Қарабек деген сөзіне

Бүкіл ноғай нанбайды-ай:

—Осында ма еді Қарабек,

Отқа салды қаншық,—деп,
Қодар келсе қырар,—деп,
Енемізді ұрар,—деп,
Бәрі бірдей зарлайды—ай.

Ханыша мен ноғайдың
Өрелі оты жанбайды-ай.
Құл Қодардан қорыққаннан
«Ашылмағыр бағы» деп,

Ханыша қызды қарғайды-ай.
Нанбай, шулап ел жатты-ай,
Бауырлас, шіркін, тым тәтті-ай.
Айқайлап сүйіп ағасын,

Қасқа болған Ханыша
Ұйқы көрмей түн қатты-ай.
Дүз жиырма төрт сағатта,
Бір уақытта таң атты-ай.

Таң атқан соң Қарабек,
Жер ошаққа барады-ай.
Алып келіп жылқының
Қу тезегін қалады-ай.

Шырпы бар ма о күнде,
Шақпақ шағып жағады-ай.
Шағып еді жанады-ай,
От қызыл шоқ болады-ай.

Аққұла аттың бір тал қыл
Жан қалтадан алады-ай,

батырлар  жыры
Қызыл шоққа салады-ай.
Қоңырсып еді тұтанып,
Аршын басты Аққұла ат

Айуан желіп барады-ай.
Келгеннен соң Аққұла ат,
Киімін киіп алады-ай,
Қаруын асып алады-ай.

Бүкіл ноғай баласы
Сонда барып нанады-ай.
Қарабекті айналып,
Бәрі тегіс қамады-ай.

«Өтірік пе, рас па?»
Ұзағынан бергей» деп,
Бозқасқалап қалады-ай.
Ақ күн туып ноғайға,

Қуанысып қалады-ай.
Қашқан жауға қатын ер,
Түнде қашқан Қодарды
Қарабек атты төреңіз

Сәскеде қуып барады-ай.
Бара жатып қу Қодар,
О да толғап барады-ай:

—Тайторыма жарасқан

Желе басқан текірек.
Қарабек сұлтан келген соң,
Ноғайдың жұрты көкірек.
Ай, Тайторым, жүріп бақ,

Мінер күнім бүгінді-ай,
Жүрер күнің бүгінді-ай,
Бүгіннен соң қиынды-ай.
Бір ерніңмен көк тіреп,

Бір ерніңмен жер тіреп,
Жол жуығын төтелеп,
Әшейінде құтырып,
Басушы едің шекелеп.

Қара басып келе ме,
Қояннан жаман сескендің.
Ханның қызы Ханыша
Бұта түбін баспай-ақ,

қарабек  батыр
Не қылғаным некелеп?
Ақырында келгенде,
Жетпесең басқа игі еді-ай.

Осыны айтып қашады,
Тайторы атты төбелеп.
Айтып ауыз жұмғанша-ай,
Құйындай шаңы бұрқырап,

Атқан оқтай зырқырап,
Аршын басты Құла атпен
Қарабек қуып келеді-ай.
Екі көзі артында-ай,

Бұрылып қарай береді-ай.
Қорықпасын ба бейшара,
Жетсе өлерін біледі-ай.
Бір төбеге шыққанда,

Көзін салса артына,
Қарабекті көреді-ай.
Сасқанынан құл Қодар
Бұрылып түсіп қашады-ай

Таспалының жолына-ай.
Қарабек атты төренің
Желі шығып оңынан,
Кәріп бір түсті соңына-ай.

Көргеннен соң ұзамай,
Тиіпті найза қоңына-ай.
Қан жылысып ағыпты
Құлдың қызыл тонына-ай.

Қасқа болған Қодардың,
Бәрекелде, сорына-ай.
Қарабек атты төренің
Түсіп қалды қолына-ай.

Найзаменен Қодарды
Аударып аттан алады-ай,
Мойнына шылбыр салады-ай.
Тайторыға қосақтап,

Өлтірмеді о жерде,
Тірілей айдап барады-ай.
Қуған екен сәскеде,
Қайта қуып Қодарды-ай,

батырлар  жыры
Бесін уағы болғанда,
Елден барып құлады-ай.
Бүкіл ноғай жиналып,

Қыз, қатыны қалмастан
Келе жатқан Қодарға
Тамаша етіп қарады-ай,
Жиналысып тұрады-ай.

Келгеннен соң құл Қодар
«Бір білместік болды» деп,
«Алыңдар,—деп,—айырып»,
Көп кісіге жылады-ай.

Сүйдегенде Ханыша,
«Маған бер» [деп] өтініп,
Ағасынан сұрады-ай,
Барып құлды тіледі-ай.

Сұраған соң Қарабек
Ханышаға береді-ай.
Қатындарға ұстатып,
Ханышаға алып жөнеді-ай.

Ол жиылған көп кісі
Сұрағансын Ханыша,
Өлтірерін біледі-ай.
«Шынымен тілеп алды» деп,

Қасқа бір Қодар сөйледі-ай.
«Құтылдым,—деп,—өлімнен»
Ыржың-ыржың күледі-ай.
Соныменен Ханыша

Бір оңаша үйге келеді-ай,
Қодарды алып енеді-ай.
Қасқа болған құл Қодар
Кірмеймін оған демеді-ай.

Үйге кіріп құл Қодар,
Отырған соң Ханыша,
Құс кездігін суырды-ай,
Қамамасын қуырдай,

Өлтіруге бұрылдай:

—Атаңа нәлет, шұнақ құл,

Көрмесімді көрдім,—деп,

қарабек  батыр
Талай азар бердің,—деп,
Тілекті беріп Құдайым,
Құтылып кетпей келдің,—деп,

Қатындарға ұстатып,
Отырғызып қарады-ай.
Әуелі бастап ханыша
Екі көзін алады-ай.

Көзінен аққан қара қан
Үсті-басын бояды-ай,
Тірілей құлды сояды-ай.
Қорлықпенен өлтіріп,

Құлдың басын жарады-ай.

—Ішпесіңді іштің,—деп,

Төменгі ернін теседі-ай.
Кимесіңді кидің,—деп,
Екі қарын кеседі-ай,
Қиналып жанын кешеді-ай.

Азап қылып өзіне,
Қодар сонда батырың
Жалғаншыдан көшеді-ай.

—Әкем киген тәжіні

Сен әкемнен алдың,—деп,
Осы басқа салдың,—деп,
Бас терісін жұлады-ай.
Жұртта қалған қаншықтың

Күшігіндей ұлиды.
Құлағын кесіп жымпитып,
Мұрнын кесіп сымпитып,
Осылайша Ханыша

Өлтіреді құлды тымпитып.
Ендігі сөзді тыңдаңыз,
Құл осылай өліпті-ай.
«Балаң аман келеді» деп,

Барып хабар беріпті-ай.
Енді әкесі Кәдірхан
Халқы қалмай еріпті-ай.
Көкірегі күрілдеп,

Көзінің алды іріңдеп,

батырлар  жыры
Буындары дірілдеп,
Азар жүріп келіпті-ай,
Қаласына келіп кіріпті-ай,

Көргенінен жылайды-ай:

—Әулие қоймай түнеген,

Бір Алладан тілеген,
Сенің әкең мен бе едім?!
Өлдім-талдым дегенде,
Өштім-жандым дегенде,

Кеттім-бардым дегенде,
Тілеп алған Құдайдан
Жалғыз балам сен бе едің?!
Келер күнде келмедің,

Көрер күнде көрмедің,
Тілеп алған бала едің,
Бір игілік көрмедім.
Сен туғалы мен қайта

Жасым жетпей қартайып,
Күйікпенен меңдедім.
Далаға кеттің лағып,
Өлі екенін білмедім,

Тірі екенін білмедім.
Көзімнің жасы көл дедім,
Не қорлықққа көнбедім.
Сен есіме түскенде,

Нелер жанып, сөнбедім.
Жалын шығып кеудемнен
Тірімін, бірақ өлмедім.
Кәйтіп сұрап алып ем,

Қайтпады сенен еңбегім.
Өмірім өтті жылаумен,
Жадырап дәурен сүрмедім.
Не қылайын сонда да,

Артымда тірі қал дағы.
Көрген мен-ақ көрейін,
Құрыған мен-ақ құриын.
Сағынып көрген, шырағым,

Жалғызым, есен жүр ме едің?!
Енді ізінен ұзамай,

қарабек  батыр
Шешесі еді Зәуреней
Келе жатыр ойбайлап.

—Тірі келген балаңа

Ойбайлама, ханым,—деп,
Өңкей қатын келеді,
Қолын ұстап қой-қойлап.
Келе жатып жылайды:

—Құланнан атқан қодығым,

Көлден тартқан борығым,
Сен барыңда, жалғызым,
Алтыннан екен бұрымым,
Күмістен екен тұлымым.

Сен кеткен соң, жалғызым,
Желге тозды бұрымым,
Күнге күйді тұлымым.
Күйдірді жаман қылығың,

Қодардың көрдім қорлығын.
Айтатұғын не сөз бар,
Көрген соң құлдың қорлығын.
Құрып қала жаздады-ай

Артында қалған орының.
Далаға кеттің лағып,
Болмады елде тыным-ай.
Не қылайын айтсам да,

Аман-есен келдің бе,
Өлгенде көрген, құлыным!
Мекендеп барып жаттың ба,
Адырлы таудың бұлағын?

Хабарыңды, жалғызым,
Есітпеді құлағым.
Далаға кеттің лағып,
Болмады елде тұрағың.

Екі мезгіл үн салып,
Сені жоқтап жыладым.
«Көрсетіп ал,—деп,—көзіңді»
Мен Алладан сұрадым.

Енді құрттай кідірсең,
Кетіп еді сияғың,
Бүлініп еді-ау бұяғың.

батырлар  жыры
Көрген біз-ақ көрейік,
Аман-есен келдің бе,
Өлгенде көрген тұяғым,

Сағынып көрген шырағым?!
Не қылғаның бейбақтың,
Айналайын, жалғызым,
Тіліне мұнша ергенің,

Далада қаңғып жүргенің?!
Осынша азар көрсетіп,
Бізге қорлық бергенің?!
Түспеді ме ойыңа

Иесіз қалған елдерің?!
Сені жоқтап үн салып,
Екі мезгіл еңіредім,
Күйікпенен меңдедім.

Сені сұрап алғалы
Қайда дәурен сүргенім.
Неден болды себебі,
Не қылғаның, жалғызым,

Кешігіп мұнша келгенің?!
Осының бәрін айтсам да,
Жүз мың шүкір Аллаға.
Жауды бүгін сөндірдің,

Тірілді бүгін өлгенім.
Өңім бе, Құдай, түсім бе,
Өтірік пе, рас па,
Жалғызым, сені көргенім?!

Осыны айтып анасы,
Қарабекті сүйеді,
Бетіне ауызы тиеді-ай.
Перзент деген құлын-ды,

Ана деген бие еді.
Биелігі емес пе,
Еміреніп сүйген соң,
Қатып қалған тас емшек

Өңірін жауып кетеді-ай,
Бойы балқып иеді-ай.
Анасы мен баласы
Шұрқырасып жатқан соң,

қарабек  батыр
Бүкіл ноғай жылады-ай.
Мауқын басып көрісіп,
Жылап-сықтап болған соң,

Ортаға алып төрені,
Халқы қатар тұрады-ай:

—Мұнша неге жүрдің?—деп,

Кешігіп неге келдің?—деп,
Не оқиға көрдің?—деп,
Халқы енді сұрады-ай.
Сұраған соң халқына,

Қарабек жауап қылады-ай.
Қысылған жерде Қарабек
Бір Аллаға асылды-ай.
Келмеген соң Қарабек

Өлді деп халқы шошынды-ай.
Келмесе де Қарабек,
Жәрдем болып пірлері,
Халқына есен қосылды-ай.

Айта алмады ұялып,
Бірге туған бауырын
Іс қылды деп осындай,
Зат болғаны нәсілді-ай.

Айтайын десе қылғанын
Бүйтер болды насырды-ай.
Ханбибінің қылғанын
Айта алмай халыққа сасады-ай.

Оны айта алмай халқына,
Өтірік жауап қашырды-ай.
Сонда берген жауабы:

—Жаттым,—депті бардым да,

Тасбұлақтың басына.
Жатуымның себебі—
Қалмақ келсе аттанып,
Соғысарға ойладым,

Елге қарап асырмай.
Себебі осы басында,
Тасбұлақта жаттым,—деп,
Қалмақтың жолын бақтым,—деп,

Келмеген соң аң аулап,

батырлар  жыры
Құлан мен киік аттым,—деп,
Тамашаға баттым,—деп,
Бұйырған дәмді таттым,—деп.

Бүгін-ертең ізімнен
Ханбибі де келед,—деп.
Осыны айтты Қарабек,

—Халықты сағынып қайттым,—деп.

Осыны айтып болады-ай,
Халық соған нанады-ай.
Аузын ашып-жұмғанша,
Көк есегі астында,

Ақ дәстәрі басында
Бір пірәдар тап болып,
Көп кісіні жарады-ай.
Қарабектің алдына

Қарама-қарсы барады-ай,
Бара заулап салады-ай.
Қарабек атты төренің
Өтірігін шығарып,

Ұялтуға қарады-ай.
Ұялғаннан Қарабек
Қатты есін танады-ай.
Сондағы пірдің айтқаны:

—Болып еді Қарабек

Тергенің таудың шиесі,
Қанша айтсаң да бола ма
Өтірік сөздің жүйесі?
Бұған, ноғай, нанбаңдар,

Қашаннан бері мен едім
Бағып жүрген иесі.
Қылғанымды жасырдың,
Қарабек, сенің бетіңе

Жағылсын қазан күйесі.
Қарындасың Ханбибі
Талдап шашын өргенде,
Бауырым деп сенгенде,

Қалмақтан төмен көргенде,
Қабылан атты қалмаққа
Қолыңды байлап бергенде,

қарабек  батыр
Өлтіруге ойланып,
Қасыңа қалмақ келгенде,
Суырып алып алмасын

Қаһарын жазып шапқан кім?
Шабайын деп жатқанда,
Темірден қақпақ жапқан кім?
Қарындасың Ханбибі

Құс кездікті алғанда,
Құрсағына салғанда,
Не болар едің, бейшара,
Жарылып өліп қалғанда

Қолыменен қаққан кім?
Қарындасың Ханбибі
Ақыл тауып бергенде,
Салайын деп құдыққа

Қасыңа қалмақ келгенде,
Шылбыр салып мойныңа,
Сүйрейін деп жатқанда,
Орыныңнан қозғалтпай,

Етегіңнен тартқан кім,
Ұмыттың ба осыны?
Томар үйіп үстіңе,
Корік басып жаққан кім,

Қарлығып түтін жұтқан кім,
Талпынып отта жатқан кім?
Өлейін деп жатқанда,
Жай бұлтын шығарып,

Қара нөсер жаудырып,
Жанған отты сөндіріп,
Осы айланы тапқан кім?
Неше өлімнен құтқарып

Басыңды қорғап баққан кім?
Көрген ісі осылай,
Енді, ноғай, нанбаңдар,
Екіншілей сөзіне!

Мен де енді екінші
Көріне қалмаң көзіне,
Көп ұзамай баланың
Азар жетер өзіне.

батырлар  жыры
Осыны айтып берді де,
Енді көзге түспеді.
Көзді ашып-жұмғанша,

Ғайып болып жөнелді-ай.
Қарабектің сөзіне
Бүкіл ноғай қаныпты-ай.
«Осылайша, Қарабектің, әйтеуір

Кешігуі жаман» деп,
Ноғай бұған наныпты-ай.
Ханбибінің Қарабек
Кесіріне жолықты-ай.

Пірсіз батыр кәріпті-ай,
Кесірінен қаншықтың
Айрылып пірден қалыпты-ай.
Кеткеннен соң пірінің,

Айналасын тауыпты-ай.
Не қыларын біле алмай,
Өртеніп іші жаныпты-ай.
Кейінменен бұл тұрсын,

Таң атқан соң, сәскеде
Кейін қалған Қабыланмен
Ханбибіге барыпты-ай.
Оңашалап үй тігіп,

Ішіне кілем жайдырып,
Үстіне көрпе салыпты-ай.
Барқытпенен тыстаған
Салдырып және мамықты-ай.

Қабылан атты достасын
6720Құрметке төре алыпты-ай.
Сағынып қалған атаны,
Ұялғаннан Ханбибі

Көре алмады халықты-ай.
Ұялғаннан келе алмай,
Ата-анасын көре алмай,
Қабылан ердің қасында-ай

Ханбибі де болыпты-ай.

Томға енген мәтіндерге түсініктеме Ер  Тарғын «Ер Тарғын»—ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын сурет­ тейтін жыр. Жыр қазақ халқының арасына кең таралған. «Ер тарғын» жырын алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, баспа жүзінде жариялаған—орыс миссионері, түркітанушы Н. Ильминский. Ғалым бұл нұсқаны табын руының атақты жыршысы Марабай ақыннан жазып алып, 1862 жылы Қазан қаласында бастырған1. Мұнан кейін жырдың осы нұсқасы өзгеріссіз 1892, 1893, 1909, 1913 жылдары жарық көрді. Бұл басылымдардан кейін, яғни Қазан төңкерісіне дейін және сонан кейінгі жерде «Ер Тарғын» жыры өзге де қазақ эпостарымен қатар сан рет қайта басылды2. 1939 жылғы басылымнан кейін көптеген қазақ фольклоры­ ның туындыларымен қатар, «Ер Тарғын» эпосын жариялауға тыйым салынды. Тек өткен ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап, «Ер Тарғынға» оралудың сәті түсті. 1957 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл және әдебиет ин­ ституты М.О.Әуезов пен Н.Смирнованың басқаруымен Қазақ ССР ғылым академиясының баспасынан «Ер Тарғын» жырын жеке кітап етіп шығарды (баспаға дайындаған Қ. Жұмалиев т.б.) 1958 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өтетін он күндігіне байланысты «Ер Тарғын» қазақ және орыс тілін­ де шыққан «Қазақ эпосы» жинақтарында жарияланды. Бұдан 1 Ер Тарғын.– Қазан: Қазан университетінің баспасы, 1862. 2 Радлов В. Ер Тарғын // Образцы народной литературы тюркских племен... 3-том. СПб, 1870. С. 119-166; Саркин Н. Ер Тарғын. – Оренбург, 1904; Ер Тарғын // Батырлар. / Бастырып шығарушы – Ә. Диваев. – Ташкент, 1922; Ер Тарғын. – Москва, 1923; Ер Тарғын // Батырлар жыры. – Қызылорда, 1933; Ер Тарғын // Батырлар. – Алматы, 1939. 29–252

батырлар  жыры кейін «Ер Тарғын» халық ауыз әдебиеті жинақтарында, хре­ стоматияларда жиі жарияланып тұрды3. Н. Ильминский ба­ стырып шығарған Марабай варианты «Ер Тарғын» жайындағы жырлардың негізгі нұсқасы болып есептеледі. Батырлар жырының жинақтарына, хрестоматияларға еніп, көпшіліктің пайдаланып жүргені осы нұсқа. Қазір ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында жырдың бірнеше нұсқасы сақтаулы. Олардың арасында Ә. Диваев, Қ. Иманов, Н. Нұрғалиұлы, З. Бекарыстанов, Н. Саркин т.б нұсқалары сақталған. Олардың әрқайсысына ғылыми сипаттама беріл­ ген.4 Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Жырдың сюжеттік нұсқалары қазақтан басқа башқұрт халқының ауыз әдебиетінде сақталған. Осы жырдың сюжеті бойынша Е. Г. Бру­ силовский «Ер Тарғын» атты опера жазды. Қазан төңкерісіне дейін «Ер Тарғын» жыры арнайы зерт­ телген жоқ. Аталған жыр туралы ғылыми пікірлер мен зерттеу еңбектер Кеңестік дәуірде ғана туа бастады. Бұл жөнінде алғаш рет зерттеу жазып, пікір айтқан—М. Әуезов болды.5 Мұнан кейін Қ. Жұмалиев, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев, М. Ғабдулин, Т. Сыдықов Р. Бердібаев, Ш. Ыбыраев сияқты ғалымдар жыр туралы өз пікірлерін білдіріп, жырдың шығу төркінін, тарихқа қатысын, идеялық мазмұнын, сюжетін, кей­ іпкерлерін образын, көркемдік ерекшеліктерін т.б сөз етті.6 3 Ер Тарғын // Батырлар жыры. 1том. / Баспаға дайындағандар: М. Ғұмарова, Б. Уахатов. – Алматы,1963; Ер Тарғын // Ақсауыт. 1том / Құрастырған – О. Нұрмағанбетова. – Алматы, 1977.-269-309-бб; Ер Тарғын // Батырлар жыры. 3-том / Баспаға әзірлеп, түсініктерін жазған – М. Ғұмарова. – Алма­ ты, 1987. – 17-143-бб.; Ер Тарғын // Ел қазынасы – ескі сөз / Құрастырып, түсініктерін жазғандар: С. Қасқабасов, К. Матыжанов. – Алматы, 1993. 4 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 61-73-бб. 5 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Ташкент, 1927. 6 Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті: Оқулық. – Алматы, 1949; Жұмалиев Қ. Эпо­ сы мен әдебиет тарихының мәселелері. – Алматы, 1958; Орлов А.О. Казахский героический эпос. – Москва, 1945; Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ халқының батырлық жыры. – Алматы, 1972; Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының та­ рихы. – Алматы, 1991; Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – Алматы, 1993; Ыбырай Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1993.

ғылыми  қосымшалар Қазан басылымында өлең мен қара сөз аралас келіп отыра­ ды. Эпоста Тарғынның кім екендігі бірден айтылмайды. Жыр Тарғынға қатысы жоқ жайды суреттеуден басталады. Яғни қалың қолмен торғауыт еліне аттанған Ақшахан жеңіліске ұшырайды. Әскерінің жан-жаққа қаша бастаған кезінде, Қырымның еліне барып, алғашқыда елеусіздеу болып жүрген Тарғын бір өзі жаудың әскерін жеңіп, осы ұрыста өзін таныта­ ды. Осыдан бастап Тарғын образы даралана бастайды. Жырдың композициясы: Тарғынның торғауыттармен соғысы; Ақжүністі алып қашуы; Қарт Қожақпен кездесуі; Тарғынның Домбауыл батырды жекпе-жекте жеңуі; жаудың қалың қолымен соғысып, оған тойтарыс беруі сияқты эпизодтардан құрылған. Жырдағы осы әңгімелер Тарғынның іс-әрекетімен тікелей бай­ ланысты өрбіп, шебер суреттелген. Сөйтіп, жырда сырт жауға қарсы ұрыс майданында ерлік жасаған Тарғынның бейнесі жасалған. Сол сияқты басқа да кейіпкерлердің мінез-құлқы, іс-әрекеті шебер суреттеледі. Жырда қысылған жерде қайрат беретін, қиын жерде ақыл табатын ел қамқоршысы батырдың сенімді сергі, сүйікті жары, ақылшысы Ақжүністің де образы үлкен шеберлікпен сомдалған. Әйелдер бейнесін суреттейтін мұндай көріністер қазақтың қаһармандық эпостарында ғана емес, сонымен қатар бурят7 халқының батырлық жырларында да кездеседі. Сол сияқты эпоста айрықша ықыласпен суреттел­ ген бейненің бірі—Тарлан тұлпары. Жырда батырға сын сағатта көмек беретін Тарлан жүйрік қана емес, қысылтаяң, тар кездегі алғашқы жәрдемшісі, ақылшысы ретінде суреттеледі. Жүйрік аттың осындай сипатта көрінетін тұстарын қазақтың «Алпа­ мыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қарабек батыр» сияқты қаһармандық эпостарынан және бурят халқының эпосы «Гэсэр­ ден;»тува халқының аңызы «Бокту—Кириш пен Бора Шэлли­ ден», башқұрттың «Заятөлек пен Сусұлу» аңызынан, қалмақтың қаһармандық эпосы «Жәңгірден» кездестіруге болады. Жинаққа еніп отырған нұсқаның бір ерекшелігі—жыр оқи­ ғасын дамытуда, адам образдарын жасауда жыршы көптеген айшықты теңеу, эпитет, метофора, әсірелеу, шендестіру т.б көркем тілдің әр алуан түрлерін мол пайдаланған. 7 Кузьмина Е. Н. Женские образы в героическом эпосе бурятского народа. – Новосибирск, 1980. – С. 146.

батырлар  жыры
Марабай жырлаған «Ер Тарғын» жырының нұсқасы
дәстүрлі эпикалық стилде халықтың бай да көркем тілмен
өрілген таңдаулы эпостардың қатарына жатады. Мәтінде басқа

тілден енген аздаған сөздер кездеседі. Олардың қазіргі қазақ
тіліндегі баламалары томның соңындағы арнайы сөздікке топ­
тастырылды. «Ер Тарғын» жырының 1870, 1922, 1933, 1939,
1958, 1977, 1987 т.б. жылдары басылған мәтіндерін Қазан

(1913) басылымымен салыстырып, текстологиялық жұмыс
жүргізу барысында мынандай мәселелер анықталды:
а) Жоғарыда аталған басылымдардың бәрі де Марабай
нұсқасын жариялаған.

ә) 1870, 1922, 1933 жылғы басылымдарда «бек» сөзін «би»
деп өзгерткені болмаса, мәтін ешбір өзгеріссіз жарияланған.
б) 1939, 1958, 1977, 1987 жылғы басылымдарда жырдың
қарасөзбен

баяндалатын
тұстарына
аздаған
редакция

жасалған.
в) 1958, 1987 жылдардағы басылымдарда кейбір өлең жол­
дары өзгертілген.
Мысалы: (түпнұсқа, 320-жол «Жаттың жаман болмағы») де­

ген өлең жолы «Жаудың жаман болмағы», (түпнұсқа, 484-жол.
«Маған теңіңнен сенің не пайда?») деп басылған жолы «Тегіңнен
сенің не пайда?», (түпнұсқа, 514-жол «Жер төпелді желгенде»)
деген жолы «Жер дүбірледі желгенде» болып өзгертілген.

г) Емлелік қателер көп кеткен.
Осындай кемшіліктерге қарамастан, жоғарыда аталған ба­
сылымдардың құрастырушылары фольклорлық шығарманың
мәтінін түпнұсқа күйінде беруге тырысқан. Мәтінді жинаққа

дайындау барысында осы сияқты олқылықтар түзетіліп,
түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді.
Томға ұсынылып отырған «Ер Тарғын» жырының мәтіні
1913 жылғы Қазан басылымы бойынша әзірленді.

Оспан Қисықұлы нұсқасы. «Ер Тарғын» жырының аталған
варианты 1904 жылы Орынбор қаласында жарияланған8
Жырдың қолжазбасы ҚР Білім және ғылым министрлі­
гі Орталық ғылыми кітапханасының қолжазбалар қорында

8 Ер Тарғын. Шығарушы: Н. Саркин. – Оренбург, 1904.

ғылыми  қосымшалар сақтаулы9 Жинаушысы—Н. Саркин. Ол «Ер Тарғын» жырын Қостанай уезі, Кеңарал болысы, 12-ауылдың тұрғыны Оспан Қисықұлынан жазып алған. Қолжазба қорға 1930 жылы түскен, бірақ кім тапсырғаны белгісіз. Шығарма бір жолды сары қағазға қара сиямен жазылған. Оспан Қисықұлы жырлаған «Ер Тарғын» нұсқасы туралы пікір айтқан ғалымдардың бірі—Қ. Жұмалиев.10 «Ер Тарғын» жырының бірнеше нұсқаларын салысты­ рып қарағанымызда, Оспан Қисықұлы жырлауында «Ер Тарғын» эпосының байырғы желісі барынша сақталып, жырдағы кейіпкерлердің есімдері, мінездемелері мен көптеген өлең шумақтары да ұқсас болып келгенімен, кей­ бір айырмашылықтары да бар екені байқалды. Мысалы, бұл нұсқада басқа варианттарда бар 1. Ақшаханның Ақжүніс атты қызын суреттейтін тұсы, Ханзаданың Тарғын мен Ақжүністі Бұлғыр тауындағы Шаған деген жайлауға тастап кеткенде, олардың азығы таусылып, Ханзададан ешбір адам келмей тарыққан кезде Тарғынның айтқан толғауы т.б эпизодтар кез­ деспейді. 2. Жырдың кейбір көріністері қысқартылып берілген. 3. Жалмағанбеттің есімін Қалмамбет деп атайды. 4. Оқиғаның көпшілігі қара сөзбен баяндалған. Қысқасы, жыршы Ильминский нұсқасымен жете таныс болған. «Ер Тарғын» жырының түпкі сюжетін жадында сақтай отырып, қысқартып, ықшамдап өзіндік стильмен жырлаған деп санаймыз. Аталған мәтінде араб, парсы, жергілікті сөздер барынша аз кездеседі. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздердің қазақ тіліндегі баламалары томның соңындағы арнайы сөздікке топтастырылды. Томға ұсынылып отырған «Ер Тарғын»жырының мәтіні ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы қолжазбадан (Ш. 373, 1-дәп) еш өзгертусіз дайындалды.

Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқасы. Бұл нұсқа алғаш рет «Тарғын батыр жыры» деген атпен 1987 жылы «Батырлар жырының» 3-томында жарияланған.11 Жырдың түпнұсқасы 9 Ер Тарғын. Ш. 373 (ОҒК). – Жинаушысы – Н. Саркин. 10 Қазақ әдебиетінің тарихы. 1том, бірінші кітап. – Алматы, 1960. – 385-б. 11 Тарғын батыр жыры // Батырлар жыры. 3-том. Баспаға әзірлеп түсініктерін жазған – М. Ғұмарова. – Алматы, 1987. – 143-161-бб.

батырлар  жыры Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы.12 Қолжазба «Батыр Тарғын» деп аталады. Ал папканың ішкі бетіне «Ер Тарғын батыр туралы поэма» және титульдік бетінде «Ер Тарғын» жыры деп жазған. Бұл шығарманы Әміре Ыспанұлы Нұрғали Нұрқасымұлы деген жыршыдан Семей обылысы, Шұбартау ауданында жа­ зып алған. Қорға 1939 жылы түскен. Мәтін сарғыш қағазға қарындашпен араб әрпінде жазылған. Нұрқасым нұсқасы Тарғынның Ақшаханға келуінен бұрынғы өмірін суреттеуден басталады. Яғни ерте заманда ноғайлы елінде Астархан деген хан болғаны; бұл елде Тарғынның да өсіп, ер жеткені, жалғыз аты Тарланды құлын күнінен бастап өсіргені; Тарғынның жігіт­ тік, батырлық құрған шағы т.б. баяндалады. Нұсқа «Ер Тарғын» жырының бұрынғы баспа бетін көрген және жарияланбаған нұсқаларының бастапқы тарауы сияқты. Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқасының тілі көркем, оқиғасы қызықты. Мәтінде араб, пар­ сы т.б тілдерден енген сөздер жоқтың қасы. 1987 жылы жарияланған «Тарғын батыр жыры» осы нұсқасының мәтінін түпнұсқамен (Ш. 424. ОҒК) салыстырғанда елеулі айырмашылықтар кездескен жоқ. Томға ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған қолжазбадан тікелей (Ш. 424. ОҒК) әзірленді. Қ. Алпысбаева Ер  Көкше «Ер Көкше» қазақ халқына кең тараған көне жырлардың бірі. Бұл шығарма (В.В. Радлов, Н. Потанин еңбектерінде) «Ер Көкше» не «Ер Қосай» деген атпен орыс халқына ертеден таныс, тіпті қырғыздардың «Манас» жырының ішінде Көкше есімі ба­ стан аяқ кездесіп отырады. «Ер Көкше» батырлық жырын алғаш қағаз бетіне түсірген В.В. Радлов 1870 жылы өзінің еңбегінде1 басып шығарады. 12 Ер Тарғын. 424 (ОҒК) Жыршысы – Нұрқасым Нұрғалиұлы. Жинаушысы – Әміре Ыспанұлы. 1 Радлов В.В. Ер Көкше // Образцы народной литературы тюркских племен... 3-том. – СПб., 1870. – 88-119 стр.

ғылыми  қосымшалар Еңбегінде Ақмола, Семей, Ташкентті мекендейтін елдерді ара­ лап, хат танымайтын адамдардың айтуынан жазып алғандығын айтады. Н. Потанин де өз еңбектерінде «Ер Көкше» туралы ғылыми зерттеулер2 жасағанын көреміз. Қазір ҰҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында Ер Көкшенің бірнеше нұсқалары сақтаулы тұр. Олардың арасында В. Радлов, Г. Потанин, Мұрын жырау, К. Көшкіншіұлы. А. Хангелдин, Б. Сарманов, Машһүр Жүсіп т.б. нұсқалары сақталған. Мұрын жырау мен Мәшһүр Жүсіп нұсқаларына ғылыми сипаттама берілген3. Жырлардың мазмұны ұқсас болғанымен, айырмашылықтары да жоқ емес. Ш.Уәлиханов пен Г. Потаниннің еңбектерінің оқиғасы бір бо­ лып келеді. Екеуінде де Қосай әкесінің кегін алуға кеткенде артында қалған елін қара қыпшақтан шыққан Қобыланды жа­ улап алады. Г. Потанин ел аралап жүріп кездестірген халық әдебиет үлгілерін орыс тілін білетін жастардың көмегімен аудар­ тып алып отырған. Аудармашыдан ба, әлде айтушыдан ба жырлардың сюжеттері кейде ауысып, алмасып кеткен сияқты. Қосай Қобыландыны азат етеді. Ал Қобыландының барлық вариантында Қосаймен соғысыпты деген оқиғалар кездеспейді. В. Радлов, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов айтуынша, бұл жырдың аты «Ер Көкше», ал А. Хангелдин, Мұрын жырау жырдың атын «Ер Қосай» деп атайды. В.Радлов жинаған «Ер Көкше» мен Мәшһүр Жүсіптің жинаған «Ер Көкшесінің» мазмұны, оқиға желісі, кісі аттары бір болғанымен, айырмашылығы да бар. В.Радлов вариантында Ер Көкше соғыс үстінде өлсе, Мәшһүр Жүсіпте соғыстан қайтып келе жатып жолда өледі. В. Радлов нұсқасы бойынша, Қосай батыр Жаңбыршыұлы Темірбайды, темір үй ішіндегі тоқсан сиырдың сүтін ішетін Сары баланы және Күрең арғымақты өлтіреді, Мәшһүр Жүсіпте темір үйдегі Сары баланы, Күреңді өлтіреді. 2 Потанин Г.Н. Ер Көкше және оның баласы Ер Қосай // Казахско-киргиз­ ские и алтайские легенды, предания и сказки. – М., 1947. 3 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. – Алматы: Ғылым, 1975. – 282-290-бб.

батырлар  жыры
«Ер Көкше» жыры қарасөзі мен өлең шумақтары аралас ке­
леді. Кімнен қашан жазып алғаны белгісіз. Бұл шығарманың
мазмұнына, стиліне келетін болсақ, батырлық эпостан гөрі

ертегіге жақын4. Мысалы Көкшенің жан жолдасы Манаша
соғысып жүріп, маңдайына оқ тиіп, өліп қалады. Соғыс біт­
кен соң өлген кісілерді аралап жүріп, Көкше Манашаны тауып
алып, маңдайынан оғын суырып алып, қара дәріні құйып еді,

жан бітіп, қырық кісісімен бірге тұрып кетті. Және алып күшті
Темірбай соғыста Қосайды өлтіріп қояды. Сары аттың айтуы­
мен сүйіктісі Ботақыз өлген кісілердің өтін жинап, Қосайдың
мұрнына құйғанда жан бітеді.

«Ер Көкше» жырын В.Радлов 1870 жылы, Г. Потанин
(Ер Көкше және баласы Ер Қосай) 1881, 1918 жылы, («Қазақ
әдебиетінің тарихы», 1 том, 1 кітап – тек ғылыми түсініктеме
берілген) 1960 жылы, «Батырлар жыры» 3 томда (49-62 бет)

1987 жылдары баспа бетін көрді.
Жырдың құрылымына келсек, бас-аяғы толық, 7-8 буында
жыр үлгісімен жазылған. Өлең жолдарының ұйқастары жақсы
үйлескен. Оқиға желісі өте қысқа, қызықты берілген. Кейбір

эпостық жырларда қас батырдың ақылшысы оның сүйікті
әйелі болса, бұл шығармада Сары атпен ақылдасады, аттың
айтуыменен Ботақыз өлген кісілердің өтін жиып, мұрнына
құю арқылы өлімнен алып қалады.

Жинаққа еніп отырған нұсқаның басқа эпостық жырлар­
дан айырмашылығы—мұнда теңеу, метофора, әсірелеу әдістері
өте әлсіз берілген, яғни өте аз орын береді. Араб, парсы сөздері
кездеспейді. Бұл жырға текстологиялық және орфографиялық

жұмыстар жүргізіліп, тыныс белгілері, емлелері бір жүйеге
келтірілді .
Томға ұсынылып отырған бұл жыр В. Радловтың 1870 жылғы
түпнұсқасынан алынып, еш өзгертусіз дайындалды.

Қ. Тастанов
4 Батырлар жыры. 3 том. – Алматы: Жазушы, 1987. – 49-62-беттер.

ғылыми  қосымшалар Ер  Қосай «Ер Қосай»—қазақ даласына кең танымал халықтық шығармалардың бірі. ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кітапханасында және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында «Ер Қосай» жырының бірнеше нұсқалары сақтаулы тұр. Олар: 1938 жылы А. Хангелдин тапсырған «Ер Қосай» нұсқасы, 1947 жылы Мұрын жыраудан баласы Дәулет жа­ зып алып, тапсырған «Қосай батыр» жыры, Мәшһүр Жүсіп жинаған «Ер Көкше» жыры, Құрбанбай жыраудан жазып алынған «Ер Қосай» жыры, 1947 жылы А. Шамшатова жа­ зып алған «Ер Қосай» ертегісі, 1948 жылы Маңғыстау экспе­ дициясы әкелген «Көкше батыр» жырының қолжазбасы т.б. нұсқалары. А. Хангелдин тапсырған нұсқа 1961 жылы «Батырлар жырының» 2-томында1, 1977 жылы «Ақсауыттың» 2-томында2, 1987 жылы «Батырлар жырының» 3-томында3 жарық көрді. «Ер Қосай» жырының 1961, 1977, 1987 жылдары шыққан мәтіндерін ОҒК-ның сирек қорында сақтаулы қолжазба нұсқасымен (Ш 664, 1-дәп.) салыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде мәтіндердің еш өзгертусіз алынғаны анықталды. Ал 1987 жылғы басылымды түпнұсқамен салыстырып көрсек, кітаптағы дінге байланысты кейбір өлең жолдарының түсіп қалғаны, мәшінкеге басқан кезде арасынан кейбір өлең жолдары қалып кеткен. Жырда 72-өлең жолынан бастап, 81өлең жолына дейін жоқ болып шықты. Мысалы: Алты ағамның соңынан Шаһит кебінін киейін. Әуедегі жұлдыз-ды, Суда ойнайды құндызы. Бибі Фатима піріміз, Қосайды соған тапсырдым. Жер астында оқ жонған, 1 Ер Қосай // Батырлар жыры. 2-том. – Алматы, 1961. – 15-74-беттер. 2 Ер Қосай // Ақсауыт. 2-том. – Алматы, 1977. – 5-56-беттер. 3 Ер Қосай // Батырлар жыры. 3-том. – Алматы: Жазушы, 1987. – 63-107беттер.

батырлар  жыры
Шаһизында жас бала,
Қосайды соған тапсырдым.
А. Хангелдин тапсырған «Ер Қосай қиссасы сарғыш қағазға

араб әрпімен жазылған, көлемі 54 бет. Бұл жырдың оқиғасы Ер
Көкшенің қалмақтардан алты ағасының кегін алудан бастала­
ды. Қосай әкесінің хабарын сұрайын деп қосынның алдынан
шығады. Осы кезде Қосай сегіз жаста болатын. Әкесінің өлгенін

біліп, қырық жолдасыменен жолға шығады. Жыр соңында
әкесінің кегін алып, олжалы болып, Ботаны алып қайтады.
Басқа эпостардағыдай батырлық сарын басымырақ кездеседі.
Ер Қосайға:

«Ер Қосай заулап жөнелді,
Лашын құстай қалшылдап.
Жеңсіз берен киінді,
Қабағын тастай түйінді,

немесе:
Ақ сұңқардай шүйілді.
Шу дегенін білген соң,
Табаны жерге тимеді.

Табанына тиген тас
Саз балшықтай иленді»,
деген сияқты дәстүрлі әрі тұрақты эпитет, теңеулер көптеп
қолданылған. Жыр 7-8 буынды өлең аралас қарасөзбен

баяндалған. Оқиға желісі қысқа, қызықты беріледі.
Бұл шығармада араб-парсы және қазақтың ескі (архаизм)
сөздері де кездеседі. Ондай сөздер қазіргі тілге бейімделіп,
томның соңындағы арнайы сөздікте топтастырылды. Жырға

текстологиялық және орфографиялық жұмыстар жүргізіліп,
мәтін емлесі бір жүйеге келтірілді.
Томға ұсынылып отырған «Ер Қосай» жырының мәтіні ОҒК
қорында сақтаулы қолжазба (Ш 664, 1-дәп) бойынша ешбір

өзгертусіз әзірленді.

Қ. Тастанов

ғылыми  қосымшалар Сайын  батыр «Ер Сайын»—қазақ арасында кең тараған, халық сүйіспеншілігіне бөленген жыр. «Ер Сайын» жыры жөнінде алғаш пікір білдірген—орыс ғалымы В.В.Стасов1. Ол өз еңбегінде түркі-монғол эпосын орыс былиналарымен салыстыра отырып, ондағы көптеген белгілердің орыс эпостарында жоқ екендігін көрсетеді. Осы пі­ кірін дәлелдеу барысында «Ер Сайын» жырынан мысалдар кел­ тіреді. «Ер Сайын» жыры алғаш рет академик В.В. Радловтың 1870 жылы шыққан «Образцы народной литературы тюркских пле­ мен, живущих в южной Сибири и в Джунгарских степях» атты кітабының 3-томында (СПб., 1870.—166-221-бб.) «Сайын ба­ тыр» деген атпен жарияланды2. Аталған эпос мәтіні кеңес дәуірінде Мәскеуде 1926 жылы жеке кітап болып шықты3. 1922 жылы Ташкентте4, 1933 жылы С. Сейфулин құрастырған «Батырлар жыры» жинағында5 жа­ рияланса, С. Мұқанов 1939 жылы «Батырлар» атты эпостар жинағына енгізген6. Кейін «Ер Сайын» жырының мәтіні 1992 жылы «Қазақтың батырлық эпосы», Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» атты кітапта, 1993 жылы «Ақ сандық», 1994 жылы «Ел қазынасы—ескі сөз» атты жинақтарда басылды7. Эпостың ықшамдалған нұсқасы А. Пенковскийдің аударуымен «Литературный Казахстан» (Алматы, 1935, №2, 3, 4; 1938 № 8, 9, 11) журналында орыс тілінде жарияланды. 1 Стасов В.В. Происхождение русских былин. Т.2. – Москва, 1868. 2 Сонда. – 316-б. 3 Ер Сайын (Жыршылар айтуынан алып, өңдеп өткерген Байтұрсынұлы Ах­ мет). – Мәскеу, 1926. 4 Ер Сайын. – Ташкент, 1922. 5 Сайын батыр // Батырлар жырының жинағы / Кітапты құрастырған – С. Сейфуллин – Алматы , 1933. – 185-226-бб. 6 Ер Сайын // Батырлар / Кітапты құрастырып, түсініктемелерін жазған – С. Мұқанов – Алматы, 1939. – 345-бб. Сайын батыр // Қазақтың батырлық эпосы / Құрастырып, түсініктемелерін жазған – С. Дәуітов. – Алматы, 1992. – 170-21-6-бб. Сайын батыр // М. Ж. Көпеев. Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері / Құрастырған – С. Дәуітов. – Алматы, 1992. – 170-216-бб; Сайын батыр // Ақ сандық / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазғандар: С. Қасқабасов, К.Матыжа­ нов. – Алматы, 1994. – 206-250-бб.

батырлар  жыры «Ер Сайын»жыры туралы М. Әуезов, А. Байтұрсынов, С. Сей­ фуллин, С. Мұқанов, Ә. Марғұлан, А.С. Орлов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, Ш. Ыбыраев т.б. ғалымдар әр түрлі еңбектерінде жазып зерттесе, зерттеуші Г. Абитова «Ер Сайын жырының поэтикасы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация жазды8. Аталған жырда архаикалық жырларға және классикалық қаһармандық эпостарға тән сарындар мол. Олар: Бозмонайдың баласыздық қайғысы, болашақ батырдың ғажайып туысы, же­ дел жетілуі, қолдаушы пірлердің аян беруі, түс көру мен түс жору, батырлық соғыстардың әсіреленіп берілуі, қаһарманды мінсіз етіп көрсетуі т.б. Жырдағы мұндай мотивтер «Алпа­ мыс», «Қобыланды», «Орақ—Мамай» т.б қазақ эпостарына тән ортақ, дәстүрлі сарындар. Мәселен, Сайынның әйелі жайсыз түс көріп, шошып оянады: —Мен бүгін бір түс көрдім, Жауырыным тола қара шаш Жайылыңқы көрінді. Бедерленген бес тырнақ Қанға малыңқы көрінді. Шешем берген боқшасы Шашылыңқы көрінді. Жауда жүрген балаңның Астында жүрген Ақбоз ат Құйрығы келте көрінді. Қолына алған ақ сүңгі Үзіліңкі көрінді... Бұл түсте Ер Сайынның басына бір қауіп-қатердің түскенін сездіреді. Батырдың әйелі Аюбике Сайынды іздеп келіп, өліп қалған батырды «аюдың майын» жағып тірілтіп алады. 8 Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Ташкент, 1927; Сейфоллаұлы С. Қазақ әдебиеті. 1-кітап. – Қызылорда, 1932; Марғұлан Ә. Халық жырын туғызудағы мотивтер // Халық мұғалімі. 1939, №2. – 119-132-бб.; Орлов А.С. Казахский героичес­ кий эпос. – Москва – Ленинград, 1945; Бердібаев Р. Эпос – ел қазынасы. – Ал­ маты, 1993; Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1993; Абитова Г. Ер Сайын жырының поэтикасы. Филол. ғылым. кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссерт. авторефераты. – Түркістан, 2007.

ғылыми  қосымшалар
Қаһарманның «өліп-тірілуі» сюжеті алтайлықтардың «Алта­
ин—Сайын Салам» атты ертегісінде кездеседі.
Қаһармандық жырларға тән белгілердің бірі—ел қамқор­

шысы батырдың сұлу жары, әрі ақылшы, көмекшісінің
бейнесінің жасалуы болса, аталған жырдан да Аюбике бейне­
сінен «мінсіз жардың» барлық қасиеттерін табуға болады. Со­
нымен қатар ол өлген жанды тірілте алатын қасиетке де ие.

Бұл бейнесімен «Қозы Көрпеш—Баян сұлудағы» Баянға, «Ер
Қосай» жырындағы Ботақызға т.б ұқсас.
Сөйтіп, жырда Сайынның ауруынан айығып, қалмақтың
Еламан, Жоламан атты батырларымен соғысы; Бөгенбай мен

Киікбайды ертіп Қобыландының келуі; олардың қамалды
бұзуы; Киікбайдың әкесін танымағандықтан, әкесіне найза
сілтеуі; әкесінің баласын тануы; олардың жеңіске жетуі т.б
әңгіме болады. Осылардың бәрі қаһарман есімімен байланы­

сты дамып отырады.
В.В. Радлов жариялаған нұсқаның тілі көркем. Мәтінде
аздаған араб, парсы, татар сөздері кездеседі. Эпос мәтінінде
ұшырайтын түсініксіз сөздер томның соңындағы арнайы

сөздікке топтастырылды.
«Ер Сайын» жырының 1933, 1939, 1992, 1994 жылдары
басылған мәтіндерін В.В. Радлов нұсқасымен (СПб, 1870) салы­
стырып, текстологиялық жұмыс жүргізу барысында:

1. Жоғарыда аталған басылымдардың бәрі В.В. Радлов

жариялаған мәтін екені анықталды. 2. 1939 жылғы басылымда 1300, 1301, 1342, 1343-ші өлең

жолдары түсіп қалған. Мәтінде кездесетін «алаш» сөзі «ел»,
«тайпа» деп өзгертілген.

3. 1992 жылғы басылымдарда жинаушының өз тара­

пынан қосқан өлең жолдары бар екені анықталды. Мы­
салы: 128-жолға «Әнін қосып жылайды», 148-жолға «Оң
жағыма кіргізіп», 461-жолға «Көрмейсің бе ыңғайын» т.б.
жаңадан енген. Ал 199-жолдағы «От жағалай отырып» де­

ген өлең жолы «Отының басын толтырып», 466-жолдағы
«Бәрімізді қырады» деген өлең жолы «Бізді тегіс қырады»
деп өзгертілген т.б.
Осындай кемшіліктерге қарамастан, құрастырушылар 1933,

1939 1992, 1994 жылдардағы басылымдарда фольклорлық
шығарманың мәтінін түпнұсқа күйінде беруге тырысқан.

батырлар  жыры Мәтінді жинаққа дайындау барысында осы секілді кемшіліктер түзетіліп, түпнұсқа қалпына келтірілді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Орталық ғылыми кі­ тапханасы мен М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында «Ер Тарғын» жырының Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Р. Игнатьев, Қ. Иманов т.б. жинаған қолжазбалары сақтаулы. Олардың арасында сюжеттік айырмашылықтар аз. Бәрі де В.В. Радлов бастырған мәтіннен алшақ кетпейді. Томға ұсынылып отырған «Сайын батыр» жырының мәтіні 1870 жылы Радлов шығарған «Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири и в Джунгарских степях» атты жинақтан (3-том, 166-221-бб.) еш өзгертусіз даяр­ ланды. Қисса-и  Қарабек  батыр Аталған эпос алғаш рет «Қисса-и Қарабек» деген атпен 1882 жылы Қазанда басылып шықты1. Жырды Омбы аймағы, Мұқыр өзенінің бойында тұратын Шоқаманұлы Әлжаннан жазып алып, баспаға дайындап берген—Мәулекей Жұмашев. «Қарабек ба­ тыр» жырының тағы бір көлемді нұсқасы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы2. «Қарабек ба­ тыр» шығармасы жайлы Б. Жақыбаев, М. Ғұмарова, С. Қорабай сынды зерттеушілердің еңбектерінде сөз болады3. Аталған жыр мәтіні одан кейін 1961 жылы шыққан «Батыр­ лар жырының» 2томында4, 1977 жылы шыққан «Ақсауыт» кітабының 2томында5 басылды. 1 Қисса-и-Қарабек / Бастырған – Ш. Хұсайынов балалары. Н.Н. Вячеслав бас­ паханасы. – Қазан, 1882. 2 Қарабек батыр. Ш. 670 (ОҒК). Жыршысы – Жаңаберген Бітімбайұлы. 3 Жақыбаев Б. Батырлар жыры. 2-том. Алматы, 1951. – 4-б.; Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар // Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. Бірінші кі­ тап. – Алматы, 1960. – 429-500-бб.; Қорабай С. Қарабек батыр // Қазақстан. Ұлттық энцклопедия. – Алматы, 2003. – 546-б. 4 Қарабек батыр // Батырлар жыры. 2том. / Құрастырғандар: М. Ғұмарова, О. Нұрмағанбетова, Б. Уахатов.– Алматы, 1961. – 77-142-бб. 5 Қарабек батыр // Ақсауыт. 2том. / Құрастырып, ғылыми түсініктемелерін жазған – О. Нұрмағанбетова. – Алматы, 1977. – 167-219-бб.

ғылыми  қосымшалар
Қазан басылымының мәтіні өлеңмен жазылған. Көлемі—
2030 жол. Әлжан нұсқасының оқиғасы Қарабектің қалмақ
ханы Қараманға аттануынан басталады. Жырдың құрылымы

төмендегідей эпизодтардан құрылған: Қарабектің қалмақтың
қалың қолын жеңуі; Қараманды қолға түсіруі; Ханбибінің
Қарабекке опасыздық жасауы; Қарабектің елін Қабылан құлдан
азат етуі; Қаныкей мен Тыныкейді құтқаруы; Ханбибіні жаза­

лауы т.б. Осы көріністердің бәрі жырда қызықты оқиғаға өзек
болған. Эпоста бас қаһармандардың ерлік істері әсерлі де шебер
суреттелген.
«Қисса-и Қарабек» жырының сюжеттік құрылымында әлем

халықтарының фольклорлық туындыларында жиі ұшырасатын
түс көру, бал ашу, киім ауыстыру, қорғаушы пірлер сияқты са­
рындар қамтылған.
Қазан нұсқасы көркем, шұрайлы тілмен жырланған. Мәтінде

аздаған араб, парсы, татар сөздері кездеседі. Эпос мәтінінде
ұшырасатын түсініксіз сөздер томның соңындағы арнайы
сөздікке топтастырылды. «Қарабек жырының» 1961, 1977 жыл­
дары басылған мәтіндерін Әлжан (Қазан, 1882) нұсқасымен са­

лыстырып, текстологиялық жұмыс жүргізгенде басылымдарда
төмендегідей кемшіліктер кеткені анықталды:

1. 1977 жылғы басылым 1961 жылы шыққан мәтінді

өзгеріссіз қайталайтыны анықталды. 2. Өлең жолдарының өзгертілген, түсіп қалған жерлері

кездесті.
Мысалы, Ханбибінің сұлулығын суреттейтін тұсы:

Қазан басылымы:

1961, 1977 ж.ж. басылым

(160-бет)

(77, 167-бб).
Хор қызындай саналы,

Хор қызындай саналы,
Құдіретімен берілген.

Құдыретімен берлген.
Ішкен асы шіркіннің

Ішкен асы шіркіннің
Тамағынан көрінген.

Тамағынан көрінген.
Алпыстағы шалдардың

Алпыстағы шалдарды
Тұла бойын идірген.

Өзегін өртеп күйдірген.
Оны көрген жігіттер

Ғашық болған жігіттер
Өлейін десе өле алмай,

Өлейін десе өле алмай,
Өз жанын қия алмай,

Өз жанын қия алмай,

батырлар  жыры
Қолына тіпті тигізбей,

Маңынан бірін жуытппай,
Диуана қылып жүргізген,

Диуана қылып жүргізген.
Қылығымен күйдірген,

....................................
Мінезімен сүйдірген.

....................................
Осы қыздың атыны....

Үшбу қыздың есімін...
Түпнұсқадағы асты сызылған өлең жолдары аталған басы­
лымдарда түсіп қалған және өзгертілген. Сол себепті, бірінші­
ден, өлең ұйқасы бұзылған, екіншіден, ішкі мазмұн көркемдігі

біртұтастығынан айрылған. 3. Кейбір өлең шумақтарын тұтастай өзгертуге жол берілген.

Дәлелді болу үшін төмендегі салыстыруды келтірейік:
Түпнұсқа: (838-841—жолдар):
«Біздерге жалғыз бала не қылады» деп,
Көп қалмақ тауға қарай жүре берді.

Кеткенін жау қалмақтың көргеннен соң,
Ұйықтап сол арада жатып қалды...
1961, 1977 басылымдардағы осы жолдар былай өзгертілген:
«Біздерге не қылмақшы жалғыз бала»—

Деп қалмақ бетін бұрды Қаратауға.
Кеткенін жаудың әбден сезді дағы,
Қарабек жатты шалқып маңғаздана...

4. Құрастырушылар көп жағдайда мәтінді көркемдеуге

тырысқан. Өз жандарынан сөз тіркестерін, өлең шумақтарын
қосқан т.б. 5. Емлелік қателер көп кездеседі. Мәтінді жинаққа
дайындау барысында осы сияқты кемшіліктер түзетіліп,
түпнұсқа мәтіні қалпына келтірілді.

Томға ұсынылып отырған «Қисса-и Қарабек» жырының
мәтіні түпнұсқа бойынша (Қазан, 1882) берілді.
Қ. Алпысбаева

ғылыми  қосымшалар Қарабек  батыр «Қарабек батыр» жырының ең көлемдісі, сюжеті толық әрі ел арасына кең таралғаны—Жаңаберген Бітімбайұлы жырлаған нұсқа. Эпосты Жаңаберген жырау әкесі Бітімбай­ дан үйреніп, ел арасында жырлап жүрген. «Қарабек батыр» жырының мәтінін 1940 жылы Жаңаберген Бітімбайұлының айтуынан қағазға түсірген фольклор экспедицияның мүшесі—Марат Ахметов. Қолжазба ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы1. Шығарма бір жолды дәптер қағаздарына екі түсті сиямен латын әріпінде жазылған. Көлемі—6720 жол. Жаңаберген жырлаған «Қарабек батыр» нұсқасы туралы ойпікірлер М. Ғұмарова, С. Қорабаев сынды зерттеушілердің зерттеулерінде кездеседі.2 Осы нұсқа алғаш рет 1987 жылы шыққан «Батырлар жырының» 3томында жарияланды3. Жырдың экспозициясы Қарабектің дүниеге келмей тұрып, он екі баулы ноғайда жасы алпысқа келген Қәдірхан хан мен оның Зәуреней атты әйелінің болғанын, қалмақ елінің ханы Қәдірханның байлығын өз қолдарына түсіруді көздегенін, халық қалмақ шабуылының әсерінен қонысынан айрылып жадап-жүдеген жағдайын суреттейтін мотив—сипаттамадан басталады. Қартайған ата-ананың басына басқыншылардың қауіп-қатері төнген жағдайда Қәдірхан мен Зәуреней Құдайдан бала тілеп, әулиелерге түнеп, дүние кезеді. Тілектері қабыл бо­ лып, Қарабек атты ұл мен Ханбибі атты қыз көреді. Болашақ батырдың ғажайып туу мотиві «Алпамыс» жырының барлық вер­ сияларында, «Мұңлық—Зарлық», «Шора батыр», «Қобыланды батыр», «Едіге батыр», жырларында, алтайлықтардың «Маа­ дай—Қара», қырғыздың «Манас» жыры, «Монғолдың құпия шежіресі» сияқты эпостық шығармаларда кездеседі. Міне, осылай жасы ұлғайған ата-аналардың бала тілеп, дүние кезуі кездейсоқ емес. Олардың арман-мақсаты—атадан қалған малмүлікке ие болатын, ұрпағын жалғастыратын мұрагер, сондайақ ел-жұртына қорған болатын батыр іздеу. Бұдан кейін жырда 1 Қарабек батыр. Ш. 670 (ОҒК) 2 Аталған еңбек. 3 Қарабек // Батырлар жыры. 3том / Құрастырып, ғылыми түсініктемесін жазған – М. Ғұмарова. – Алматы, 1987. 30–252

батырлар  жыры
батырдың, балалық шағы, тәрбиесі, ержеткеннен кейінгі үш
соғысын, яғни Қабылан бастаған «қыл жалаулы» қалмақты
бес мезгілде қыруы; Ақжан бастаған жаудың тас-талқанын

шығаруы; Қодар құл бастаған «тоқсан құлды» жеңуі т.б. баян­
далады.
Аталған жырдың сюжеттік құрылымында басқа да қазақ
эпостарындағы секілді, батырға лайық тұлпар, түс көру, бал

ашу, киім ауыстыру сияқты тұрақты мотивтер ұшырайды.
«Қарабек батыр» жырының Қазан басылымының (1882)
мәтіні мен Жаңаберген Бітімбайұлы нұсқасын салыстырып
қарағанымызда, олардың оқиға дамуында, өлең құрылысында

және көлемі жағынан біраз өзгешеліктері бар екенін көреміз: 1. Қазан басылымының көлемі 2030 жол болса, Жаңаберген

нұсқасының көлемі 6720 жолды құрайды. 2. Мәулекей нұсқасында оқиға Қарабектің Қараманға қарсы

аттануымен басталса, Жаңаберген нұсқасында Қадірханның
Құдайдан бала тілеуінен басталады.

3. Жаңаберген нұсқасында Қарабектің балалық шағы, ер­

ліктері түгел қамтылып т.б.эпизодтар ұзақ суреттеледі. 4. Қазан басылымында Қарабектің Қаныкей, Тыныкей де­

ген екі апасы болса, екінші нұсқада Ханыша деген қарындасы
болады.

5. Қазан басылымында қалмақ батырының есімі Қараман

болса, Жаңаберген нұсқасында—Қабылан ер. 6. Жаңаберген нұсқасында құлдың аты—Қодар. 7. Мәулекей нұсқасында Қарабек өзіне опасыздық жасаған

қарындасы Ханбибіні аяусыз жазаласа, Жаңаберген нұсқасында
қарындасына кешірім жасайды т.б.
Осы екі нұсқаны салыстыра зерттеу нәтижесінде Жаңаберген
ақын Мәулекей бастырған «Қарабек батыр» эпосын жетік біл­

ген. Сол нұсқаны негізге ала отырып, жырдың ұтымды жерле­
рін сақтап, эпостың кей жерлерінде бірқатар оқиғаларды және
эпизодтарды кеңейте, түрлендіре отырып, өзіндік стильмен
жырлаған деп санаймыз.

Жаңаберген нұсқасы тіл көркемдігі жағынан да шебер
жырланған. Мәтінде аздаған ғана араб, парсы және жергілік­
ті сөздер кездеседі. Жырдың өн бойында кездескен жат жер­
лік сөздер қазақ тіліне аударылып, томның соңындағы арнайы

сөздікке топтастырылды.

ғылыми  қосымшалар «Қарабек батыр» жырының жылы басылған мәтінін түпнұсқамен (Ш: 670. ОҒК) жолма-жол салысты­ рып, текстологиялық жұмыс жүргізу барысында, өкінішке орай, басылымда «Қарабек батыр» эпосы біраз қысқартумен, ал қарасөзбен баяндалған тұстарының редакцияланып жарияланғаны анықталды. Дәлірек айтқанда, 1987 жылы жарияланған «Қарабек ба­ тыр» жырының екі мыңға жуық өлең жолы кітапқа енбей қалған. Соған мына бір үзіндіден мысал келтірсек, Кәдірхан әйеліне дүние-малымызды сарп етіп, Алладан бала тілейік деп айтқан тұсында, Зәуренейдің жылап тұрып айтатын толғауы: Түпнұсқа:

1987 жылғы басылым

(7-бет)

(166-бет)

—Сен едің менің падишам,

—Сен едің менің падишам,

Құдай қосқан жұбайым.

Құдай қосқан жұбайым.
Дәурен сүріп жалғанда,

Дәурен сүріп жалғанда,
Шығып еді шырайым.

Шығып еді шырайым.
Берменірек келгенсін,

Берменірек келгенсін,
Бір барша еттің кемінен

Бір барша еттің кемінен
Жедің қайғы-уайым.

Жедің қайғы-уайым.
Сенің айтқан сөзіңе

…………………………..
Мойнымды неге бұрмайын.
…………………………..
Өле өлгенше бас тартпай,

…………………………..
Қызметіңде тұрайын.

…………………………..
Олай десең, алғаным,

Ойлай десең, алғаным,
Шыныменен жылайын,

…………………………..
Мен де Алладан сұрайын.

Мен де Алладан сұрайын.
Ниетімді ойланған

Ниетімді ойланған
Қабыл қылғай Құдайым.

Қабыл қылғай Құдайым.
Ондай атты күн болса,

Ондай атты күн болса,
Малың түгіл, падиша,

Малың түгіл, падиша,
Жанымды құрбан қылайын.
Жанымды құрбан қылайын.
Шыныменен айтсаң, падиша,

…………………………..
Ұзата көрме бұл жұмысты-ай.
…………………………..
Жұрт ертерек жиналсын,

…………………………..
Халқыңа бергіз дыбысты-ай.
…………………………..
Ақ жолына садаға—

…………………………..
Малың түгіл, падиша,

батырлар  жыры
Қазынаға кірейік,

…………………………..
Шашайық алтын-күмісті-ай...
…………………………..
Осы бір шамалы салыстырудың өзінен байқағанымыз—ба­

сылымда өлең жолдарының көп түсіп қалуы. Жырдың басынан
аяғына дейін созылған осы сынды кемшіліктер жинаушының
қолтаңбасын дұрыс түсінбегендіктен кеткен қателер деп ойлай­
мыз.

Мәтінді жинаққа даярлау барысында мұндай кемшіліктер
жөнделіп, түпнұсқа қалпына келтірілді.
Томға ұсынылып отырған «Қарабек батыр» жырының мәтіні
ОҒК-ның қолжазбалар қорында сақтаулы тұрған түпнұсқа (Ш.

670) бойынша әзірленді.

Қ. Алпысбаева

Мәтіндерде кездесетін тарихи және
діни есімдер
Алла (Аллаһ)—бүкіл ғарышты, тіршілік дүниесін және
қиямет қайымды жаратушы, ислам дінінде баршаға бірдей,

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі.
Құран Кәрімде айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла
мұңсыз (әр нәрсе Оған мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі
Оған ешкім тең емес»*.

Мұсылмандардың түсінігі бойынша, Алла Тағала әлемді,
жерді, өсімдіктерді, жануарларды және адамды жаратты. Ол
адамдардың тағдыры—жазмышты белгілейді. Қияметте Алла
барлық өлгендерді тірілтеді де, пәнидегі істерін таразылап,

біреулерін—жұмаққа,
енді
біреулерін—тозаққа
жібереді.

Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін Алла Тағала оларға мез­
гіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—
Алланың адамдарға жіберген соңғы Елшісі; оған Алланың
Құраны Жәбірейіл періштенің дәнекерлігімен жиырма үш

жылда толық түсті.
Алланың нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те
емес. Намаз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілген­
дікті білдіруге болады. Ал табынудың басты орны—Меккеде­

гі Қағба, онда аспаннан Алла жіберді деп есептелетін қасиетті
қара тас бар.
Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілігін, қайырым­
дылығын, т.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін оның тоқсан тоғыз

есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), Тағала (ең жоғары),
Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Рахым (рақымды), Халық
(жаратушы), Шәріп (қасиетті), Ахад (жалғыз), Самад (мәңгі),
Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірімді) т.б.

* Құран Кәрім. 112-«Ихлас» сүресі.

батырлар  жыры
Алланың атын зікір ету рәсімі Аллаһу акбар деген мадақ
сөзді отыз төрт рет, Әлхамдулилаһи, Сұбхан Алла сөздерін отыз
үш реттен айтып, тәсбих тастарын санамалау арқылы жүзеге

асады.
Аплатон—Платон Афиналық (б.д.д. 427-347)—ежелгі грек
[иунан] философы, идеализмнің негізін салушы. 407 жылы Со­
кратпен танысып, оның ең сүйікті шәкірттерінің бірі болды.

Өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізіп, көптеген еңбектер
жазып, лекция оқыған. Платон жөнінде оның өз шәкірттері мен
Аристотельдің атақты шәкірті Аристоксен көп жазған.
Қазақтар оны көбінесе «Аплатон» деп атаған.

Ахмет (Мыс., Түркістанда Ахмет) /а/—Түркістанда XІ-
XІІ ғ. өмір сүрген, сол жерде жерленген Ахмет Йасауиді айтып
отыр.
Әли—Оспаннан кейін билік басына келген төртінші әділетті

халифа. Хазірет Әли—Мұхаммед пайғамбардың немере інісі,
әрі оның Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман
елдерінің ауыз әдебиетінде Әли—орасан, алып күш иесі. Жа­
улары Әлидің айғайынан-ақ өліп, талып қалатын болыпты-

мыс. Фольклорлық туындыларда оның зұлпықар, қамқам,
самсам деген үш қылышы болғаны айтылады. Әлидің есімі
көптеген шығыс шығармаларында, оның ішінде діни дастан­
дарда жиі ұшырасады. Әдетте, хазірет Әли сол дастандардың

басты кейіпкері, жеңілмейтін батыр, халықтың қамқоршысы,
мұсылмандардың қорғаны, бетке ұстар қаһарманы ретінде
көрінеді. Дастандарда Әли өткен замандарда атақты Рүстемнің
өзі жеңе алмаған жауларды жеңген деп дәріптелген.

Хазірет Әлидің атына «Шаһимардан», «Қайдар», «Арыс­
лан», «Шері», «Мұртаза» сияқты бірнеше теңеу, эпитеттер тір­
кесіп отырады. Әлидің астындағы аты Дүлдүл де ауыз әдебиеті
үлгілерінде кең тараған ұшқыр, жүйрік, ақылды тұлпардың

нышанына айналған.
Әли ұрпақтары мен оның жақтаушылары кейін шииттік
ағымның көсемдеріне айналды. Олардың ұрпақтары қазіргі
Иран, Ирак және Орта Азияның кейбір аймақтарында өмір

сүреді.
Баба түкті Шашты Әзіз—қазақ эпостары мен ертегіле­
рінде кездесетін киелі кейіпкер. Бұл кісінің батасын алған
перзентсіз жандар Алланың құдіретімен ұлды, қызды бо­

ғылыми  қосымшалар
лып жатады. Аңыздардың бірінде оның есімі Баба Туклас деп
көрсетіледі. Әкесі—Керемет Әзіз. Мұсылмандар арасында
Әулие саналған. Меккеге қажылық сапармен барушылар, ең

алдымен Мұхаммедтің, онан кейін Әли Мұртаза Сейіттің, со­
дан соң Баба Тукластың қабіріне барып тәу еткен. Баба түкті
Шашты Әзіз—Қожа Ахмет Йасауидің арғы бабалары, ислам
діні Орталық Азияға тарай бастаған кезде өмір сүрген кісі деген

болжамдар бар.
Дәуіт—Құранда аталатын пайғамбарлардың бірі, Сүлеймен
пайғамбардың әкесі. Оның есіміне байланысты көптеген шығыс
аңыздары қазақ арасында кең тараған.

Ескендір Зұлқарнайын [б.д.д. 356-323]—Македонияның
атышулы патшасы Александр Македонский. Ол туралы ертегі,
аңыз, әңгімелер Шығыс пен Батыс халықтары фольклорында
кең тараған. Сондай-ақ оған біраз әдеби шығармалар арналған.

Солардың ішінде шығыстың классиктері [Низами, Фердоу­
си, Абай т.б.] поэмаларының орны ерекше. Солардың басым
көпшілігінде Ескендір Зұлқарнайын әрі батыр, әрі кемеңгер
қолбасшы, әділетшіл, құдіреті күшті, «аруағына» көптеген ел

табынған, аты өшпейтін қасиетті адам деп бейнеленеді.
Зұлқарнайын
(Зу-л
Қарнайн—«қосмүйізді»)—Құран

кейіпкерінің лақап аты. Дерекнамашылардың пікірі әрқилы,
біреулері Зұлқарнайын—Александр Македонский десе, екін­
шілері Йеменнің бір патшасы дейді. Оның лақап аты, Рұм мен
Парсыны билегендіктен, бейнелеп қойылған деп жорамалдана­

ды. Оның патшалармен жүргізген соғыстары туралы әр алуан
аңыз бар; ол мәңгі жасайтын қасиет дарытатын қайнар бұлақты
іздеп, Батысқа аттанған деседі. Араб аңыздарында осыған ұқсас
лақап аты бар әлденеше кейіпкерлер суреттелген. Солардың

бірі—Лахм патшасы әл-Мунзир, екіншісі Йемен патшасы әл-
Әкрам (ол да «мүйізді»). Алайда бұл атақ Александр Македон­
скийге байланысты көбірек тараған, өйткені ол мүйізді Құдай
Юпитер—Амонға ұқсастырыла бейнеленген. Құран әңгімесі

де дәл осы бейнеге, нақтырақ айтқанда «Александр туралы
романның» сириялық нұсқасының тұспалдарына меңзейді.
Құдіреттіліктің, молшылық пен биліктің бейнесі ретінде мүйіз
сарыны Ежелгі Шығыстың аңыз-әңгімелерінде өте көп тараған.

Александр туралы аңыздар желісі өзге әңгімелермен ұласа ке­
ліп, орта ғасырда түрлі халықтардың жырлары мен хикаяла­

батырлар  жыры
рына өзек болған. Низами мен Науаидың осы тақырыптағы да­
стандары айрықша кең танылды.
Қызыр, Қыдыр баба—көптеген шығыс халықтарының,

сондай-ақ қазақтардың да мифтерінде, фольклорында, діни
аңыздарында жиі кездесетін, аты аңызға айналған архаикалық
образ.
Лұқпан хакім—ол туралы исламға дейінгі араб хикая­

ларында біраз аңыздар сақталған. Құран Кәрімде Лұқпанға
31-сүре арналған. Мұнда Лұқпан «бір Құдайлық» бағытын
насихаттаған, Алла Тағалаға шын берілген данышпан адам ре­
тінде аталады. Лұқпанның арабша аты—Лұқман әл-Хаким,

яғни хәкім Лұқпан. Лұқпан—ақыл иесі, көріпкел, емші делі­
ніп, оның есімі көптеген Шығыс халықтарының ертегі, жыр,
аңыздарында құрметпен әңгімеленген. Қазақ арасында да
«Лұқпан хәкім айтыпты» дейтін бірсыпыра сөздер бар.

Мұхаммед [Мұхаммед ибн Абдулла Әбу-л Қасым]—ис­
лам дінінің және болашақ араб халифатының негізін салушы,
тарихи тұлға. Мұсылмандардың сенімі бойынша, ол—Алла
Тағаланың адамдарды тура жолға салу үшін жіберген Елшісі,

ең соңғы пайғамбар.
Хазіретші Расул алла 570* жылы Мекке қаласында дүниеге
келген. Пайғамбардың әкесі Абдулла Мұхаммед өмірге кел­
местен екі ай бұрын қайтыс болған. Ал анасы Әмина Расул

Алла алты жасқа толғанда дүниеден өтеді. Мұхаммед Мұстафа
(с.а.с.) алғашында сүт анасы Халиманың, онан соң атасы
Ғабдулмүтәліптің, ол қайтыс болған соң ағасы Әбутәліптің
тәрбиесінде болған.

Алла Тағаланың алғашқы бұйрық, жарлықтары [уахи] рама­
зан айында хазірет Мұхаммед Меккеден үш шақырым жердегі
Хира үңгірінде ғибадат етіп отырған түні таң алдында түскен.
Мұхаммед (с.а.с) Алланы, яғни бір Құдайға табынатын дін—ис­

ламды 610 жылы 40 жасында уағыздай бастайды.
Мұхаммед (с.а.с.) ислам дінін жария еткенде арабтардың ба­
сым көпшілігі пұтқа табынатын. Олар ислам дініне қарсылық
білдіріп, түрлі қастандық жасады. Сондықтан б.д. 622 жылы

Мұхаммед (с.а.с.) өзінің жақтастарымен бірге Меккеден Мәдине
қаласына қоныс аударады. Бұл жыл ислам жыл санауының басы
деп есептеледі. Оның арабша атауы—«хижра», яғни «қоныс ау­
дару» деген сөз.

ғылыми  қосымшалар Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) бин Абдулла 633 жылы Мәдине қаласында қайтыс болды. Мұхаммед пайғамбардың «Мұстафа» (таза, нұрлы, сипатты), «Расул» (елші), «Хабибулла» (Алланың сүйіктісі), «Сағидулла» (Алланың көмекшісі) т.б. эпитет есімдері бар. Мәңкүр-Нәңкүр—О дүниеде қабір ішінде адамнан сұрақжауап алатын періштелер. Омар—Әбубәкір өлгеннен кейін (634 ж.) мұсылман қауымына басшылық жасаған екінші әділетті халифа, ислам­ ның алғашқы кезеңіндегі ірі дін қайраткерлерінің бірі. Омар хазірет Мұхаммед пен Әбубәкір Сыдықтан соң мұсылмандықты одан әрі насихаттап, оны араб елдерінен тысқары өлкелерде таратуға көп күш жұмсады. Омар хазірет басшы болған он жыл ішінде ислам діні Ирак, Сирия, Египет және Ливия жерлеріне орнықты. Омар халифа тұсында араб-мұсылман иеліктерінде дінге негізделген әкімшілік хұқықтың тәртіптері және алым-салық жүйесі құрылды. Ол сондай-ақ мемлекеттегі шариғат жолының үлесін күшейту мақсатында өзінің халифа лауазымына «Әмір әл-му­ минин» дәрежесін қосты. 638 жылы хазірет Омардың сахабалары Иерусалимді тізе бүктіріп, қаладағы қасиетті Сүлеймен храмының орнына на­ маз оқыды. VІІ ғасырдың аяқ шенінде үмийа халифасы Әбд әлМәлік хазірет Омар намаз оқыған жерге «Куббат ас-сахара» деп аталатын күмбез тұрғызды. Рүстем—Иран, Тұран елдеріне ортақ жартылай мифтік әрі фольклорлық кейіпкер. Оның есімі Орта ғасырдан бер­ гі дәуірдегі мұсылмандық шығыс әдебиетінде тұрақты орын алған, былайша айтқанда, ертегі, аңыз, хикая-дастандарда ол—батырлық пен ерліктің ғажайып үлгісі. Рүстем деген сөз қаһармандық пен орасан зор күштіліктің мәніндегі эпитет­ ке айналған. Рүстем батырдың шығу тегі парсы елінде ертеде өткен Кианилер патшалығының әулеттерімен тығыз қатысты екенін аңғарамыз. Атасы Сам палуан мен әкесі Зал (Да­ стан) да ерен күштің иелері болған. Рүстемнің өзінен өрбіген Сүһрап, Дарап, Пәрамириз, Баһрам тағы басқа ұлдары да ше­ тінен жүрек жұтқан сайыпқыран батыр ретінде сипатталады. Парсының атақты шайыры Әбілқасым Фердауси ат-Тусидің

батырлар  жыры
«Шаһнамесіндегі» басты оқиғалардың бәріне дерлік Рүстем
мен оның ұрпақтары қатысады. Онда Иран мен Тұран елдері
арасындағы көп жылдық қырғи-қабақ соғыстардың шежіресі

баяндалған. Осы ұлы шығарманы қазақ тіліне толық, әрі көркем
тілмен көмкеріп аударушы—Тұрмағамбет Ізтілеуұлы. Дарын­
ды қазақ ақынының бұл еңбегі өзі өмірден қапыда озғаннан
соң, жиырма жылдан аса уақыттан кейін ғана жарық көрген.

1961 жылы «Шаһнаменің» Тұрмағамбет аударған нұсқасы бі­
раз бөлігі қысқартылып, «Рүстем-Дастан» деген атпен кітап
болып басылды. Тәжік, орыс режиссерлары парсы тіліндегі
туындының негізінде «Рүстем мен Сүһраб», «Сияуыш» т.б. ки­

нофильмдер түсірген.
Сүлеймен—Қасиетті Құран есімі аталған пайғамбар һәм екі
адам-хайуан, дүние падишашы, Дәуіт пайғамбардың баласы,
Інжілдегі Соломон. Шамамен б.д.д. 965-928 жылдары бұрынғы

Иудей патшалығын билеген деп есептеледі. Сүлеймен Иеруса­
лим қаласындағы Яхус храмын салдырған.
Аңыз бойынша, Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған.
Бір күні Алла Тағаланың әмірімен әлгі ұлдардың бәрі де бір­

дей қаза болыпты. Сонда Дәуіт еш абыржымай, сабыр сақтап,
Алла Тағалаға одан сайын ғибадат еткен. Осыған разы болған
Жаратқан Ие Дәуіт пайғамбарға «отыз ұлға татитын» бір ұлды,
яғни Сүлейменді береді. Сүлеймен мұсылман елдерінің ертегі,

дастандарында «аң мен құстың, пері мен жынның, жан-жану­
ар, құрт-құмырсқаның тілін білген» деп дәріптеледі.
Оның генезисі, тұлғалық сипаты өте күрделі, әлі толық
зерттеліп айқындалмаған. Бір ғалымдар Қызыр бейнесін көне

архаикалық түсінік, көзқарастармен байланыстырып зертте­
се, кейбір ғалымдар—тек ислам ықпалымен пайда болған деп
түсіндіреді. Қызыр туралы әрбір халықтың ғасырлар бойы
ұстанып келе жатқан түсінігі бар.

Қазақ фольклорында Қызыр баба [Қыдыр]—ел аралап
жүрген ақ киімді ақсақал кейпіндегі әулие, адамға қамқоршы,
бақыт, дәулет беруші, әр түрлі қиындықтардан қорғаушы.
Фатима, (Бибі-Бәтима) (635 жылы қайтыс болған)—

Мұхаммед пайғамбардың қызы, төртінші халифа Әлидің әйелі,
Хасен мен Хұсайынның анасы, мұсылман әлемінде ерекше қадір
тұтатын қасиетті әйел бейнесі. Фатимаға табыну, шамасы, Х-ХІІ
ғасырларда, содан тарайтын әл-фатимийун әулетінің ықпалы

ғылыми  қосымшалар
күшеюіне байланысты туып қалыптасса керек. Фатима—
шииттердің діни хикаяларының ең басты қаһармандарының
бірі. Көптеген мұсылман елдерінде алақанды белгілейтін ежел­

гі нысана «Фатиманың қолы» деген атақ алған. Оның небір
үмітсіз ауруларға да ем қондырып, дәру дарытатын қасиеті бар
деп саналған.
Шаһариар—[шаһар /п/—төрт, йар /т/—жар, серік]—та­

рихта «ал-хулафа ар-рашидун» деген атпен белгілі, араб мемле­
кетін бірінен соң бірі кезекпен билеген төрт әділетті халифа—
Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли.
Олар Мұхаммед пайғамбар уағыздаған жалғыз құдайлық

дінді ең бірінші болып қабылдап, оның ең жақын, шын берілген
сенімді серігі, жолдасы болды және ислам дінін тарату, нығайту
ісін ары қарай жалғастырды.
Ысрапыл—діни аңыздар бойынша, қиямет күнін хабарлау­

шы періште. Ол Иерусалим тауында тұрып, қиямет күнінің кел­
генін сырнай арқылы жеткізеді. Ысрапылдың негізгі қызметі—
Алланың талаптарын, әмірлерін басқа періштелерге хабарлау.

Ағузу билла /а/—Алла, қорғай гөр («Ықылас» сүресі, -аят) Адырна /к.с./—садаққа байлайтын, қайыстан өріп жасалған бау Азбан /ж/—бұрын үйірге, күйекке, келеге түсіп, кейіннен кестірілген еркек мал (айғыр, қошқар) Ақдәстәр—ақ матадан жасалатын орауыш, бас киім Алтын қабақ—той-мерекелерде биік ағаштың басына теңге қойып ату ойыны немесе «Жамбы» деп аталған Алты жақсы /көне/—қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық іс-әрекет кезінде өлген адамға берілетін құн (Мыс: алты жақсы—алты түйе) Арда емген /ж/—құлын күнінен құнанына дейін еміп, ақ жілік болған жылқы Аса таяқ—аңыз бойынша, Мұса пайғамбардың қасиетті таяғын солай деп атаған. «Аса» арабша «таяқ» деген сөз Асхаба /а/—көпшілік, Мұхаммед Пайғамбардың серікте­ рін айтады Атыны /т/—аты, есімі Аусаршы—есерсоқ, жеңіл ойлы адам Ашына /п/—көңілдес, тамыр, таныс Әлқисса /а/—әңгіме, қара сөз Баз кешу /п.т./—күдер үзу, тастап безіп кету Башап /п/—күзетші, жендет Бәден /п/—дене, шырай, көрік Бегрек /т/—бек, өте Бисмилла /а/—Алла атымен бастаймын Биһуш /п/—көңілсіз; ессіз болу, естен танып қалу Биһін /п./—жақсылық, аяушылық ету Бұқаржай /к.с./—Бұқара қаласында жасалған садақ Сөздік

ғылыми  қосымшалар
Біл—ерте кездегі қару түрі
Гөзәл /т/—1.көрікті, әдемі, сүйікті, 2.киік, қарақұйрық
Ғаусыл—ең таза су

Ғаусыл-Ғияс—ең таза түсіп тазаланған әулиелердің әулиесі
деген мағынада
Ғафыл /а /—аңыз болу, білмеу, аңқаулық
Ғаяр, аяр /а/—айлакер

Ғибрат /а/—үлгі, өнеге
Ғұсыл /а/ —бүтін денені жуу, яғни намаз оқу алдындағы та­
залану
Дәндер —піл сүйегінен жасалған тарақ

Дәруіш /п/—дін жолын дәріптеп, ел кезіп жүретін тақуа,
сопы адам
Диуана /д/—ризығын көктен тілеп кәсіпсіз жүретін адам.
Дойыр —өзегіне қорғасын салып өрілген сабы қысқа, жуан

өрмелі қамшы
Долана—таулы аймақтарда өсетін жеміс ағашы.
Дулыға—құрама болаттан жасалатын бас киім. Жаугерші­
лік кезінде киеді

Дүлдүл—діни аңыздарда Мұхаммед /с.а.с./ пайғамбардың
күйеу баласы Әзіреті Әлидің тұлпары. Кейін ерекше жүйрік ат­
тарды атаған
Дықты—қапалы ренжулі,

Ебей—шөптің аты
Жайшы—алдаушы, сиқыршы
Жамбы /көне/—әр түрлі формада құйылған, салмағы әр
қалай ақша орнына жүрген таза, сом күміс.

Жәуміт—1.Түркімен халқын құрайтын белгілі рулардың
бірі; 2.жексұрын, қарғыс сөз
Жеңсіз берен—болаттан торлап тоқылған сауыт
Жүһүд /а/—жөйіт, яхуди, еврей Мұса пайғамбарының

үмбеттері
Жығын /т/—жиын, топ
Жылауан /т/—өзекше, жылға
Зайыры /а/—анығы деген мағынада

Зарпы /а/—қайғы, мұң
Зияпат—рахаттану, жаны жай табу, артықша құрметке ие
болу
Зұлпы /т/—шаш, айдар

батырлар  жыры Зұлпықар—діни аңыздарда Әзіреті Әлидің қылышын солай атаған. Кейін асыл болаттан соққан қылышты осылай атап кет­ кен Зүррият /а/—жұрағат, тұқым Иман /а/—сенім Кәләм /а/ —Құран, Алланың сөзі Кәлима /а/—сөз Кәнәп—өте жұқа мата, бөз Кәтеп—нардың өркешіне жүк арту үшін ағаштан жасалған қом Кебек—кішкене құс Келеп—шумақ, оралған жіп Кеулік—таудың қуысы Көбең—құр жіберген жылқы Кандек (хандақ)—ор, терең шұңқыр бекініс Көр—оң мың солып білмейтін наданды айтады Күдері—иі қанған былғары, тері Күмәнді—ауыспалы мағынасында жүкті болуды айтып отыр Күпір болу—Құдайға сенбеу, имансыздық Күрзі /к.с./—басына қорғасын құйып жасалған сабы қысқа шоқпар Кіреуке /к.с./—оқтан, найзадан қорғану үшін жорыққа ки­ етін темір сауыт Қадір түні /д.с./—ораза айының соңғы күндерінде келетін қасиетті түн Қалжа—жас босанған әйелге арналып сойылған мал, қой еті Қалмаржан /ж.с./—бас киім, ертеде жас келіншектер киген Қамқа /к.с./—зер талшықтары қосылып тоқылған жібек мата Қар /т/—бұзық әйел, зинақор Қасам /т/—ант су ішу Қолаң /т/—қалың, тығыз өскен шаш Құй /ж.с./—мейлі, болса болсын Құлпы—Жібектің бір түрі (атлас) Құс кездік—басы құстың тұмсығына ұқсас пышақ, кездік Қымыз мұрын—бие байлағанда алғашқы ашыған қымызынан «қымыз мұрындық» деп жасайтын ел дәстүрі

ғылыми  қосымшалар
Қырпу /т/—дулығаның астынан киетін киіз қалпақ
Лыпа /т/—ішкиім, ыстан, жұқа жейде
Мағрип /а/—батыс

Мақшар /а/—қиямет күнінде болатын сот күні.
Малғұн /а/—шайтан, ібіліс
Мардуд /п/—жолы болмаған, қарғысқа ұшыраған жан
Мат /п/—жығылу, сүріну, жеңіліс табу

Машриқ /а/—шығыс
Мәдел алмау /п./т./—күдіктенбеу, күмәнданбау
Мәрт /п/—ерлік, жомарттық
Мөкесі /ж.с./—реті, жөні

Мөлде—діндар адамдар киетін ұзын шапан
Мұғайын /а/ —анық, айқын
Мұндар /т/—құл, бейшара
Мүнәсіп /а/—жарасымды, лайықты, жағдай, қызмет

Мысыр ету—жайлы мекен ету
Намазшам /п/—Исламдағы бес намаз уақытының бірі күн
батар сәтте оқылады
Насақ /а/—тәртіп, жүйе

Некен /т/—жеке, саяқ
Некес /п/—жат, бейтаныс
Нияз /п/—Құдай жолына берілетін садақа, салық
Нөпір /а/—қалың, көпшілік, қосын

Нұра—өзенді, салалы жер
Ораза /а/—Исламдағы бес парыздың бірі, отыз күн ауыз бе­
кітіп, жат қылықтардан аулақ болу
Өншік—қара жабу

Патиха /а/—Қасиетті Құранның бірінші сүресі («Фати­
ха»)
Пәс /п/—төмен, аласа.
Пейіш /п/—жұмақ. Діни ұғым бойынша, жәннатиқа күнәсіз

адамдарғана барады тұратын орны
Перғауын /а/—Ежелгі Мысыр патшалары, фараон
Пешене /п/—маңдай, тағдыр
Пұшайман—сор, қайғылы болу

Пір /п/—ақсақал, сопылардың ұстазы, қолдап, қорғаушы
әруақ
Пірдаршы—қамқоршы
Самсөз—дағдару, сөз таппай қалу

батырлар  жыры
Сандал—ақ сүйектен жасалған орындық, бағалы, қатты
ағаш
Сарыжа /к.с./—садақ түрі

Селбі /п/—1. ағаштың қу бұтағы, бері; 2. болат қылыш
Тауфиқ /а/—ынсап-қанағат, жәрдем, табыс, бақыт
Ұлфат /а/—жақсылық; жақын болу
Үмбет /а/—ел, қауым, жамағат, Мұхаммед пайғамбардың

үмбеттері, мұсылмандар.
Фәләк /а/—әлем, дөңгелек дүние
Фұрсат /а/—ыңғайлы уақыт, мерзім
Фұшты /а/—тарақ

Хадден /а/—шектен, шамадан тыс
Хадиса /а/—оқиға
Харап /а/—бұзылу, қирау, апат
Хасыл /а/—нәтиже, қорытынды; арманына, мақсатына

жету; хасыл болды—тілегі орындалды
Хикаят /а/—әңгіме баян, шытырман оқиға
Шаһдат (Шағдат)—жер бетіне жәннат жасаймын деп
күнәлі болған патша

Шаһит—дін жолындағы соғыста өлген адам. Отанын адал
қорғап өлген ер азамат
Шәһар, шәр /п/—қала, кент
Шеттік—1.кимешектің жағасына қадайтын әшекейлі

күміс; 2.ат әбзелі
Шың—қазақтың көне соқпалы музыкалық аспабы. Жау­
гершілік заманда дабыл, керней, сырнай сияқты аспаптарымен
бірге пайдаланылған

Жер-су атаулары Астрахан—Ресейдің облыс орталығы. Еділ өзенінің екі жағалауын ала Каспий теңізінен 150 км қашықтықта орналасқан. ІІІ ғасырда хазарлардың астанасы болған. Ортағасырларда ноғай, қазақ жандарының астанасы ретін­ де белгілі тарихи қала. 1556 жылдан Ресей империясының қоластына көшті. Азов (Азау теңізі) теңізі—Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстігіне орналасқан теңіз. Керч бұғазы арқылы Қара теңіз­ бен байланысады. Бұхара—(санскритше вихара—монастырь)—б. з. І ғасы­ рын­да іргесі қаланған, Зарафшан өзенінің төменгі ағысында орналасқан, Орта Азиядағы көне қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының осы аттас облысының орталығы. Ертіс—Солтүстік мұзды мұхит алабында жатқан өзен. Қазақстан жерінен Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы, бастауын Алтай (Қытай) сілемдерінен алады. Еділ (Итил)—Еуропадағы ең үлкен өзен. Ол өзеннің ба­ стауын Валдай қыратынан алып, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы 1330 шаршы шақырым. Еділге 200-ге жуық іріліұсақты өзендер құяды. Жайық—Каспий алабындағы өзен. Орал тауы, Башқұртстан, Орынбор, Батыс Қазақстан, Атырау облысы жерлерін басып, Каспий теңізіне құяды. Қырым түбегі—Еуропаның оңтүстігіндегі түбек. Қара теңіз, Азов теңіздерімен Перекоп мойнағы арқылы шығыс Еу­ ропа жазығымен ұштасады. солтүстік бөлігі жазық даламен, оңтүстік жағы Қырым тауларымен ұласады. Қап тауы—Құран аңыздары бойынша, жер жүзін қоршап тұрған тау тізбегі. Бұл таулар аспан түстес зүбәржаттан 31–252

батырлар  жыры
құралған, ал ең биік шыңында вулкан орналасқан. Жер бе­
тіндегі барлық таулар Қап тауымен байланысты. Алла Тағала
осы таулар тізбегіндегі шыңдардың біріне қолын тигізсе, жер

сілкінісі болады. Қап тауының ар жағын йәжүж бен мәжүж
деген қорқынышты халықтар мекендейді, олар әр түн сайын
тауды егеу сияқты тістерімен кеседі, бірақ күндіз тау бастапқы
қалпына қайта келеді, сөйтіп, бұл халықтар жер бетіне шыға

алмайды. Шығыс халықтарында Қап тауымен байланысты
көптеген аңыздар бар.
Мекке—мұсылмандардың ең қасиетті қаласы. Онда бас
мешіт әл-Мәсжид әл-Харам мен Қағба орналасқан. Исламның

негізін қалаушы Мұхаммед (с.а.с.) осы қалада дүниеге кел­
ген. Мұхаммед (с.а.с.) Меккеден кеткенімен Мәдинедегі жаңа
құлшылық үйін Қағбаға қарама-қарсы қойған жоқ, қайта оның
есігін соған қаратты (Құбыла). Мұсылмандардың Меккені 630 ж.

жаулап алуы оның діни орталық ретіндегі айрықша жағдайын
қалпына келтіріп қана қоймай, одан да жоғары дәрежеге көтере
түсті. Меккеге барып қажылық рәсімін өтеу—исламның бес
парызының бірі болып саналады.

Самарқан—ІV ғасырда Марақанда деген атпен белгілі болған,
Зеравшан өзенінің аңғарында орналасқан Орта Азиядағы көне
қалалардың бірі. Қазір Өзбекстан Республикасының осы аттас
облысының орталығы.

Томға енген дастандарды жырлаушы,
айтушы һәм жинаушылар туралы
мәлімет
Бітімбайұлы Жаңаберген—1886 жылы Қызылорда облы­

сына қарасты Арал ауданында туған. 1953 жылға дейін сол ау­
данда жұмыс істеп келген. «Қарабек батыр» жырын Жаңаберген
ақын әкесі Бітімбайдан үйреніп, ел арасында жырлап жүрген.
Жұмашұлы Мәулекей—ХІХ ғасырдың екінші жарты­

сында өмір сүрген қиссашыл ақындардың бірі, қазақ фоль­
клорын жинап, бастырушы. 1836 жылы Тобыл губерния­
сында туған. Ішкі Бөкей ордасында қазақ ауылдарында бала
оқытып, ағартушылық жұмыстар жүргізген. Өзінің баспагер­

лік қызметін «Қисса Тамимдер» (1866) атты діни дастанды кі­
тап етіп шығарудан бастаған. Ел арасынан қисса-дастандарды
жинап, Қазан қаласынан «Қисса Жұмжұма» (1881), «Дариға
қыз» (1879), «Қисса Салсал» (1879), «Қисса Сейітбаттал» (1879)

секілді фольклорлық шығармалардың жеке нұсқаларын басты­
рып шығарған.
Ильминский Н.И. (1822-1891)—Қазан университетінің
профессоры, түркі халықтарының тілімен әдебиетін зерттеуші

ғалым, ориенталист. Қазақ салт-санасы, тілі жөнінде «Древ­
ний обычай», (1860), «Материалы к изучению киргизского на­
речия» (1861) деген еңбектер жазған. Қазақтың ауыз әдебиеті
үлгілерін жинап бастырған. Соның бірі—«Ер Тарғын».

Құлбайұлы
Марабай
(1841-1898)—Марабай
Батыс

Қазақстан облысы, Теректі ауданы, «Жаңа қоныс» деп атала­
тын жерде туған. Бала кезінен өлең айтып, домбыра тартып,
асқан әнші, домбырашы атанады. Өз тұсындағы атақты ақын-
жыршылардың қасына көп еріп, сөз өнерін үйренеді. Кейінірек

өзі де айтысқа түседі. Марабайдың ақындық-жыршылық даңқы
оның халық сүйіп, құмарта тыңдайтын батырлық жырларын
айта бастаған кезінен бастап жайылады. «Қобыланды батыр»,

батырлар  жыры
«Ер Тарғын» жырларының ең толық, ең көркем нұсқалары осы
Марабайдан қалған мұра.
1860 жыдардың аяғында Марабайдан Ыбырай Алтынсарин

«Қобыланды батыр» жырын, ал Н.И.Ильминский «Ер Тарғын»
эпосын жазып алады.
Нұрғалиұлы Нұрқасым—1886 жылы бұрынғы Семей гу­
берниясы, Қарқаралы уезі, Дағанды болысы, 10-ауылда туған.

Руы—керей. Шұбартау елінде жыршы атанған соқыр Нұрқасым
қазақтың дастан, қисса, батырлық жырларын жатқа білген.
Репертуарында өлең, ертегілер, батырлық жыр-дастандар т.б;
бар. Ақын «Ағыбай батыр» «Алаша хан» жырларын Әкімжан

қажыдан (Семей облысы, Абай ауданы, Сарғалдақ ауылы, Есбо­
лат руынан), «Ер Тарғын» жырын Бейсенбай қызы Күлежаннан
(Күлежан—Тобықты Бейсенбай ақынның қызы) үйренген.
Радлов Василий Васильевич (1837-1918)—ірі шығыс­

танушы, түркі тілдері мен фольклорының үлкен білгірі. Ұлты—
неміс, Германияның Берлин қаласында дүниеге келген.
Берлин университетін бітіргеннен кейін болашақ ғалым
Ресейге келеді. Ұзамай, тіл үйрену мақсатымен Алтай өңіріне

барып, оқытушылық қызмет атқарады. Осы уақыттан ба­
стап түркі халықтарының ауыз әдебиетін зерттеумен бел­
сене шұғылданады. В.В.Радлов әр түрлі ғылыми сипаттағы
экспедицияларға қатысып, фольклорлық үлгілерді ұқыпты

түрде жинап, қағазға түсіреді.
1870 жылы В.В.Радлов «Түркі тайпалары халық әдебиетінің
нұсқалары»... деген көптомдық еңбегінің үшінші томында
қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жариялады.

Саркин Николай—ұлты қазақ, шын аты-жөні Хакімжан
Сәркеұлы. Оның туып-өскен жері—Қостанай уезі, Кеңарал
болысы. Шіркеу қызметін атқарған. Кейін Омбыға қызметке
(земское управоға) ауысады. Н. Саркин—өз қызметін атқара

жүріп, Қазан төңкерісіне дейінгі қазақтың ауыз әдебиет
үлгілерін жинауға үлкен еңбек сіңірген адам. Ол 1904 жылы
«Ер Тарғын» жырын Қисықов Оспанның айтуынан жазып
алып, орыс тіліне аударған. Сол сияқты орыс тіліне қазақтың

«Мақал-мәтелдерін», «Самұрық құс» ертегісін т.б. аударған.

Шартты  қысқартулар
ӘӨИ—М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
ОҒК—Орталық Ғылыми кітапхана
ҚҚ—Қолжазба қоры

Ш—шифр
дәп.—дәптер
/а/—араб
/о/—орыс

/п/—парсы
/тат/—татар
/т/—түркі
/ж/—жергілікті

/қ/—қытай
/к.с./—көнерген сөз

Пайдаланылған әдебиеттер
Қолжазбалар мен Қазан төңкерісіне дейін шыққан
кітаптар

1.  Ер Тарғын.—Қазан, 1913. 2.  Қисса—и—Қарабек батыр.—Қазан, 1882. 3.  Радлов В. Образцы народной литературы тюркских пле­

мен, живущих в Южной Сибири и... 3-том. – СПб., 1870. 4.  Ер Тарғын. ОҒК, Ш. 373. 5.  Тарғын батыр жыры. ОҒК. Ш. 424. 6.  Қарабек батыр. ОҒК, Ш. 670.

Зерттеулер мен энциклопедиялар, фольклорлық
жинақтар, сөздіктер

1.  Әуезов М. Қазақ әдебиеті. —Алматы, 1991. 2.  Бердібаев Р. Эпос—ел қазынасы.—Алматы, 1982. 3.  Гэсэр. Бурятский героический эпос.—М., 1973. 4.  Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. —Алматы,

1974. 5.  Жирмунский В. Тюркский героический эпос. —Москва,

1974. 6.  Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. 8 кл. —Алматы, 1943. 7.  Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том, 1-ші кітап. —Алматы,

1960. 8.  Қазақ кітаптары. Құрастырғандар: Е. Есова, Ү. Сұбхан­

бердина, Д. Сейфуллина.—Алматы, 1986. 9.  Қоңыратбаев Ә. Эпос және оның айтушылары.—Алма­

ты, 1975.

ғылыми  қосымшалар 10.  Қоңыратбаев Т. Эпос және этнос. —Алматы, 2000. 11.  Маадай—Кара. Алтайский героический эпос. —М.,

1973. 12.  Стасов В. В. Происхождение русских былин. Т.2. —Мо­

сква, 1868. 13.  Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. —Алматы, 1993. 14.  Арабско-русский словарь. Составитель Х.К. Баранов.

—М., 1968.

15.  Древнетюркский словарь.—Л.: Наука, 1969. 16.  Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Құрастырушы­

лар: Р. Сыздық, Н. Уәлиұлы, Қ. Жаманбаева, Қ. Күдеринова.

—Алматы: Дайк-Пресс, 2001.

17.  Қазақ тілінің сөздігі.—Алматы, 1999. 18.  Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Құрастырған

І.К.Кеңесбаев.—Алматы, 1977. 19.  Персидско-русский словарь/ Под ред. Ю. А. Рубинчика.

І-ІІ т. —М., 1970. 20.  Татарско-русский словарь. —М.: Советская энциклопе­

дия, 1966. 21.  Турецко-русский словарь. —М.: Русский язык медиа,

2005.

РЕЗЮМЕ

Институт литературы и искусства имени М.О. Ауэзова Ми­
нистерства образования и науки Республики Казахстан продол­
жает работу по подготовке и изданию очередных томов Свода
казахского фольклора «Бабалар сөзі», выполняемого в рамках

Государственной программы «Мәдени мұра» («Культурное на­
следие»). По состоянию на сегодняшний день Институтом под­
готовлено и издано сорок три тома фольклорных текстов, в том
числе тринадцать томов новеллистических дастанов, семь томов

дастанов религиозно-нравственного содержания, восемь томов
дастанов романического (любовного) содержания, три тома
исторических поэм, один том генеалогических дастанов, а так­
же одиннадцать томов героического эпоса. Десять томов из этих

изданий были посвящены фольклору казахов, проживающих
в Китае. Читатели с радостью восприняли красиво украшенное
новое издание фольклорных сборников. Публикация художест­
венных образцов этим не ограничится.

Очередной 44 том вышеназванной серии посвящен классичес­
ким героическим эпосам. Этот том включает в себя эпические
поэмы «Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Сайын батыр»
и «Қарабек батыр».

Основу содержания эпической поэмы «Ер Тарғын» состав­
ляют исторические события ногайлинского периода, который
занимает важное место в эпохе национального становления ка­
захского народа. Сохранилось несколько вариантов вышеназ­

ванного эпоса. Известно, что одним из широко распространен­
ных высокохудожественных образцов этой эпической поэмы
является вариант Марабая. Письменную фиксацию этого вари­
анта эпической поэмы «Ер Тарғын» собственного исполнения

певца осуществил русский миссионер Н. Ильминский в 60-х го­

ғылыми  қосымшалар
дах ХІХ века и опубликовал его в 1862 году в издательстве «Уни­
верситет» города Казани. Эпическая поэма «Ер Таргын» переиз­
давалась около двадцати раз (варианты А. Диваева, К. Иманова,

Н. Нургалиулы, З. Бекарыстанова, Н. Саркина и другие). Неко­
торые из них собрали образцы варианта Марабая из уст народа
и опубликовали, а другие воспевали эпос, внося в него обновле­
ния, обогащая и развивая его содержание. В предлагаемый том,

кроме варианта Марабая, который был опубликован в Казани,
вошли варианты Оспана Кисыкулы и Нуркасыма Нургалиулы.
Вошедшая в этот сборник эпическая поэма «Ер Көкше» из­
вестна среди народа с древних времен. Эта эпическая поэма отно­

сится к числу тех произведений, которые являются составными
частями знаменитого эпического цикла «Сорок Крымских бога­
тырей». В рукописном фонде хранятся варианты этого эпоса, за­
писанные в исполнении Мурын жырау, собранные В. Радловым,

М.Ж. Копеевым, Б. Саримановым. В этот том серии «Бабалар
сөзі» вошел тот из образцов этой эпической поэмы, который из­
давался первым. Также в этот том был включен вариант эпичес­
кой поэмы о сыне богатыря Кокше Ер Косай, собранный Асай­

ыном Хангелдиным. Этот образец классического героического
эпоса тоже пополняет ряд эпического цикла «Сорок Крымских
богатырей». Существование в истории казахского эпоса таких
циклов, какими являются «Аншыбай», «Парпария», «Кут­

тыкия», «Едиге», «Нурадин», «Муса хан», «Орак—Мамай»,
Карасай, Кази», «Шынтас—Торехан», «Кобыланды», «Бокен­
бай», где главный герой первого произведения является отцом
главного героя следующего произведения, свидетельствует о

том, что славная история наших предков порождала династию
потомственных богатырей.
Варианты эпической поэмы «Ер Сайын», которые были со­
браны А. Байтурсыновам, М.Ж. Копеевым, Р. Игнатьевым,

К. Имановым, сейчас хранятся в рукописных фондах ЦНБ и

ИЛИ.

В 44 том серии «Бабалар сөзі» мы включили вариант этой
эпической поэмы, который вошел в сборник «Образцов народ­
ной литературы тюркских племен», опубликованный В. Радло­
вым в 1870 году.

Еще одним образцом казахского классического героическо­
го эпоса, который был подготовлен для издания в 44 томе серии

батырлар  жыры
«Бабалар сөзі», является «Карабек батыр». Как и во всех осталь­
ных произведениях, вошедших в данный том, в эпической по­
эме «Карабек батыр» изображены исторические события но­

гайлинской эпохи. Два варианта эпической поэмы, вошедшие в
этот сборник, ранее были опубликованы, но не стали объектом
специального научного исследования. Один из них был напеча­
тан в 1882 году в городе Казань гражданином Башкирии Мауле­

кеем Юмашевым, а второй вариант записывал во время работы
Аральской научной экспедиции 1940 года уроженец Аральско­
го края Марат Ахметов в исполнении знаменитого жырау Жа­
набергена Битимбайулы. Из вышеуказанных вариантов эпоса

«Қарабек батыр» последний отличается и объемом, и высокими
художественными достоинствами. Вполне вероятно, что в деле
усовершенствовани этого варианта, который состоит из 6720
строк, участвовал близкий родственник вышеназванного пев­

ца-сказителя, выдающийся поэт, создатель и исполнитель сво­
еобразных вариантов многих замечательных эпических поэм—
Нуртуган Кенжегулулы. Самое главное то, что два варианта
эпоса »Карабек батыр», вошедшие в эту книгу, были сверены с

рукописными материалами, и в результате такой работы были
восстановлены те части этих вариантов, которые были упущены
в предыдущих публикациях.
В соответствии с принципами издания «Бабалар сөзі» том

снабжен научными приложениями, которые включают в себя
сведения о публикуемых текстах; краткий историко-фолькло­
ристический и текстологический анализ; данные об историче­
ских и религиозных деятелях, имена которых встречаются в

текстах; словарь древнетюркских, арабских и персидских слов,
терминов и понятий религиозного характера, а также географи­
ческих названий; сведения о сказителях, собирателях и публи­
каторах; список использованной литературы; резюме на рус­

ском и английском языках.
Объем тома—31 п.л.

Summary M.O. Auezov Іnstіtute of Lіterature and Arts, Mіnіstry of Ed­ ucatіon, Republіc of Kazakhstan іs contіnuіng actіvіtіes on pre­ paratіon and publіshіng of the volumes of hundred volume serіes «Babalar sozy» іn the frame of the State program «Madenі Mura» («Cultural herіtage»). At present the staff of the Іnstіtute has publіshed forty three volumes of folklore texts іncludіng thіrteen volumes of novelіstіc dastans, seven volumes of relіgіous-moral content, three volumes of hіstorіcal poems, one volume of genealogіc dastans and eleven volumes of heroіc epos. Ten volumes of those edіtіons were devoted to folklore of Kazakh people lіvіng іn Chіna. The readers were ple­ ased to accept new beautіful edіtіon of folklore collectіon. Publіca­ tіon of artіstіc patterns wіll be contіnued. Volume 44 of the above mentіoned serіes іs devoted to the clas­ sіcal heroіc eposes. Thіs volume іncludes epіc poems «Er Targyn», «Er Kokshe», «Sayіn batyr», «Karabek batyr». The content of the epіc poem «Er Targyn» іs based on hіstorіcal events that happened durіng Nogaіly perіod that plays іmportant role іn the epoch of natіonal development of Kazakh people. Seve­ ral versіons of the above mentіoned epos have been conserved. Іt іs known that one of the wіdely known hіghly artіstіc patterns of thіs epіc poem іs Marabaі’s versіon. Wrіtten record of thіs versіon of epіc poem «Er Targyn» performed by the sіnger hіmself was made by Russіan mіssіoner N.Іlmіnsky іn 60th of XІX century and іt was publіshed іn 1862 at publіshіng house «Unіversіty» іn Kazan. Epіc poem «Er Targyn» has been re-publіshed about twenty tіmes (versіons of A.Dіvaev, K.Іmanov, N.Nurgalіuly, Z.Bekarystanov, N.Sarkіn and others). Some of them have collected patterns of Ma­ rabaі’s versіons from people and have publіshed them, others have performed epos іnsertіng addіtіons and enrіchіng іts content. The

батырлар  жыры proposed volume іncludes versіons of Ospan Kіsykuly and Nurkas­ ym Nurgalіuly except for Marabaі’s versіon that was publіshed іn Kazan. Epіc poem «Er Kokshe» іncluded іnto thіs collectіon іs known sіnce ancіent perіod. Thіs epіc poem refers to those works that are the components of the famous cycle «Forty Crіmean warrіors». Ve­ rsіons of thіs epos recorded іn performance of Muryn zhyrau collec­ ted by V.Radlov, M.Z.Kopeev, B.Sarіmanov are kept at the manus­ crіpt foundatіon. Thіs volume of the serіes «Babalar sozі» іncludes the pattern of thіs versіon of epіc poem about Er Kosaі the son of warrіor Kokshe collected by Asaіyn Khangeldіn. Thіs pattern of classіcal heroіc epos also belongs to the epіc cycle «Forty Crіme­ an warrіors». The exіstence іn the hіstory of Kazakh epos of such cycles as «Anshybaі», «Parparіya», «Kuttіkіya», «Edіge», «Nur­ adyn», «Musa khan», «Orak-Mamaі», «Karasaі, Kazі», «ShyntasTorekhan», «Kobylandі», «Bokenbaі» where the maіn hero of the fіrst work іs the father of the maіn hero of the next work shows that there were dynastіes of heredіtary warrіors іn the glamour hіstory of our ancestors. Versіons of epіc poem «Er Sayіn» that were collected by A.Baі­ tursynov, M.Z.Kopeev, R.Іgnatіev, K.Іmanov are kept now at ma­ nuscrіpt foundatіons of Central Natіonal Lіbrary and Іnstіtute of Lіterature and Art. One more pattern of Kazakh classіcal heroіc epos that was pr­ epared for publіcatіon іn volume 44 іn the serіes «Babalar sozі» іs «Karabek batyr». As іn all other works іncluded іnto thіs volume, epіc poem «Karabek batyr» descrіbes hіstorіcal events of Nogaіly epoch. Two versіons of thіs epіc poem іncluded іnto thіs collectіon have been earlіer publіshed but were not іnvestіgated as a specіal research topіc. One of them was publіshed іn 1882 іn Kazan cіty by Maulekeі Umashev cіtіzen of Bashkіrіa and the second versіon was recorded іn 1940 by Marat Akhmetov resіdent of Aral regіon іn performance of the famous zhyrau Zhanabergen Bіtіmbaіuly. From the mentіoned versіons of the epos «Karabek batyr» the re­ cent one dіffers іn volume and hіgh artіstіc merіts. Possіbly the relatіve of the mentіoned sіnger-narrator, promіnent poet, creator and performer of the orіgіnal versіons of many remarkable epіc po­ ems Nurtugan Kenzhegululy, was іnvolved іnto the actіvіtіes on іmprovement of thіs versіon that іncludes 6720 lіnes. Maіn thіng

ғылыми  қосымшалар іs that two versіons of the epos «Karabek batyr» іncluded іnto thіs book have been compared wіth manuscrіpt materіals and as a result of such work, those parts of the versіons that were mіssіng іn the prevіous edіtіons have been restored. Accordіng to the prіncіples of the edіtіon «Babalar sozі» the vo­ lume has scіentіfіc supplements whіch іnclude the followіng: data on publіshed texts and theіr versіons; brіef hіstorіcfolklore and textologіc analysіs of the texts; data on hіstorіcal and relіgіous fіg­ ures whose names are mentіoned іn the texts; vocabulary of the old Turkіc , Arabіc and Persіan words, terms, notіons and geographіc names; data on narrators of folk tales, collectors and publіshers; lіst of used lіterature; summary іn Russіan and Englіsh. Volume іs 31 pp.

Мазмұны Құрастырушылардан ............................................................ 5 Мәтіндер Ер Тарғын (Қазан басылымы, 1913)................................... 11 Ер Тарғын (Оспан Қисықұлы нұсқасы) .............................. 53 Тарғын батыр жыры (Нұрқасым Нұрғалиұлы нұсқасы) ....... 65 Ер Көкше (В.В. Радлов нұсқасы. СПб., 1870)........................ 86 Ер Қосай (А. Хангелдин нұсқасы) ...................................... 99 Сайын батыр ....................................................................156 Қисса-и Қарабек (Қазан басылымы, 1882).........................205 Қарабек батыр (Жаңаберген Бітімбайұлы нұсқасы) ..........264 Ғылыми қосымшалар Томға енген мәтіндерге түсініктеме .....................................449 Мәтіндерде кездесетін тарихи және діни есімдер ...................469 Сөздік ..............................................................................476 Жер-су атаулары ...............................................................481 Томға енген дастандарды жырлаушы, айтушы һәм жинаушылар туралы мәлімет .......................................483 Шартты қысқартулар ........................................................485 Пайдаланылған әдебиеттер .................................................486 Резюме ............................................................................488 Summary ..........................................................................491

Научное издание БАБАЛАР СӨЗІ 44 том ГЕРОИЧЕСКИЕ ЭПОСЫ (на казахском языке) Утверждено к печати Ученым советом Института литературы и искусства им. М. О. Ауэзова Шығаруға жауапты Р. Қ. Тұрлынова Редакторы Ұ. С. Тілегенова Техникалық редакторы Г. Бектібаева Компьютерде терген М. Меңлібаева Компьютерде беттеген М. О. Ноғайбаева

Дизайнын әзірлеген «Баур» баспасы ИБ № 2245 Теруге 28.04.07 жіберілді. Басуға 19.05.07 қол қойылды. Пішіні 60х901/16 . Қаріп түрі «Мектептік». Офсеттік қағаз. Офсеттік басылыс. Шартты баспа табағы 31,0. Таралымы 3000 дана. Тапсырыс № 252. «Фолиант» баспасы 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1 «Фолиант» баспаханасында басылды 010000, Астана қаласы, Қазақ көшесі, 87/1

Пікірлер (0)

Әзірге пікір жоқ.
An error has occurred. This application may no longer respond until reloaded. Reload 🗙